text
stringlengths 3
252k
|
---|
Құлын (қыр. Кулун) — Қырғызстанның Ош облысындағы бірінші ірі тау көлі. Құлыната мемлекеттік қорығының аумағында Ферғана жотасының батыс беткейінде орналасқан. Көл үйінділерден шыққан су қоймасы болып табылады. Көлге Құлын өзені құяды. Үйінділер арқылы ағып жатқан су шағын Құлын көлін құрайды.
Судың көлемі — 0,118 км³. Ауданы — 3,25 км². Теңiз деңгейiнен биіктігі — 2856 м.
## Әдебиет
* Кулун көлү // Қырғызстанның географиясы. Энциклопедиялық оқу кітабы / бас. ред. Ү. Асанов — Қырғыз ұлттық энциклопедиясының басты редакциясы. — Бішкек, 2004. — Б. 218. — 718 б. — ISBN 9967-14-006-2. |
Қарасу (қыр. Кара-Суу) — Тәңір тауында, Қырғызстанның тау үйінді көлі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылған. Теңіз деңгейінен биіктігі 2022 (1998) метр. Ферғана жотасына жатады. Жалалабат облысы, Тоқтағұл ауданында, Тақталық (солтүстік-шығысында) және Кеңкөл (оңтүстік-батысында) жоталарының арасында орналасқан. 2303 метр биіктікте орналасқан Қапқатас көліне қосылады. Көлге Шібе өзені құяды. Көлден Қаракөлде Нарынға құятын Нарынның (Сырдария алабының) сол жақ саласы аттас өзен ағып шығады. Көл Қаракөлден 60 шақырым жерде орналасқан.
Әсем көлдің жағасында құрылысы 1962 жылы басталған Тоқтағұл су электр станциясының құрылысшылары мен операторларына арналған демалыс үйі салынған болатын.
Қарасу мен Қапқатас көлдері жер сілкінісі кезінде үйінділерден пайда болды.
Қарасу көлі балық шаруашылығында маңызды.
## Әдебиет
* Карасуу көлү // Қырғызстанның географиясы. Энциклопедиялық оқу кітабы / бас. ред. Ү. Асанов — Қырғыз ұлттық энциклопедиясының басты редакциясы. — Бішкек, 2004. — Б. 217. — 718 б. — ISBN 9967-14-006-2.
## Дереккөздер |
Хаасан Айюб (араб.: حسن أيوب; 4 сәуір 1967) — ливандық футболшы, жартылай қорғаушы.
## Жүлделері
Сафа
* Ливан кубогы: 1986–87; финалист: 1989–90, 1990–91, 1994–95
Саджессе
* Ливан 2-дивизионының жеңімпазы: 1998–99
* Ливан чемпионатының күміс жүлдегері: 2001–02
Олимпик Бейрут
* Ливан чемпионы: 2002–03
* Ливан кубогы: 2002–03
Ахаа Ахли Алей
* Ливан 2-дивизионының жеңімпазы: 2002–03 |
Махсуд Суфи (араб.: محمود صوفي; 20 қазан 1971, Могадишо, Сомали — 2 маусым 2019, Қатар) — қатарлық футболшы, шабуылшы. 1988, 1992 жылы Азия кубогына, 1992 жылы Жазғы Олимпиадаға қатысты.
## Жүлделері
### Командалық
Әл-Иттихад
* Қатар чемпионатының қола жүлдегері: 1999/2000
Катар
* Парсы шығанағы ұлттары турнирінің жеңімпазы: 1992
## Дереккөздер |
Махсуд Суфи (араб.: محمود صوفي; 20 қазан 1971, Могадишо, Сомали — 2 маусым 2019, Қатар) — қатарлық футболшы, шабуылшы. 1988, 1992 жылы Азия кубогына, 1992 жылы Жазғы Олимпиадаға қатысты.
## Жүлделері
### Командалық
Әл-Иттихад
* Қатар чемпионатының қола жүлдегері: 1999/2000
Катар
* Парсы шығанағы ұлттары турнирінің жеңімпазы: 1992
## Дереккөздер |
QazBioPharm — биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, биофармацевтикалық нарықтың инфрақұрылымын орнықты дамыту және жетілдіру, биофармацевтикалық ғылым мен өнеркәсіпті дамытуды ынталандыру мақсатымен құрылған ұлттық холдинг.
Холдингтің жалғыз акционері ҚР Денсаулық сақтау министрлігі болса, құрылтайшысы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
## Тарихы
«Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2021 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев елдің биологиялық қауіпсіздігін болжаудың және отандық биофармацевтиканы дамытудың ұлттық жүйесін құру қажеттігін атап өтті.
Соған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 910 қаулысымен Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "QazBioPharm" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы құрылды.
Холдингтің жарғылық капиталы «Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығы» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін беру есебінен қалыптастырылды. Холдинг акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі алды.
## Бас директорлары
* Күнсұлу Дальтонқызы Закария (2022-2023)
* Ерғали Орынбасарұлы Абдураимов (2023-)
## Еншілес ұйымдары
## Дереккөздер |
Абай атындағы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы - Қазақстан Республикасының әдебиет саласындағы үздік шығармаларына екі жыл сайын берілетін мемлекеттік марапат.
Сыйлық жалпы жұртшылық таныған, халыққа саналы тәрбие беруге жәрдемдесетін, неғұрлым талантты, жоғары идеялы, аса көрнекті әдеби туындыларға беріледі. Мемлекеттік сыйлық әдебиетті одан әрі дамыту, көрнекті шығармаларды кетермелеп отыру мақсатымен 1966 жылдан бастап жыл сайын беріліп келеді.
Кейін 1971 жылғы 14 сәуірдегі қаулыға сәйкес бұған кейбір өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, әдебиет, енер және архитектура салалары бойынша мемлекеттік сыйлық екі жылда бір рет берілетін болды. Мемлекеттік сыйлық алған адамдарға «Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты» деген атақ беріліп, диплом және омырауға тағатын құрметті белгі қоса тапсырылады.
## Тарихы
Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы Қазақстан КП ОК мен ҚазКСР Министрлігі Кеңесінің каулысымен 1965 жылғы 15 наурыздан беріліп келеді.
## Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары (1968 - 2004)
* Тахауи Ахтанов - "Дала сыры" (Боран") повесі үшін,
* Хамит Есенжанов "Ақ жайық" трилогиясы үшін,
* Сәбит Мұқанов "Өмір мектебі" трилогиясы үшін,
* Әнуар Әлімжанов - "Көгілдір таулар" кітабы үшін,
* Ілияс Есенберлин - "Айкас" романы үшін,
* Н.Анов (Иванов) - "Выборг жағы" романы мен "Кашир аңызы" кітабы үшін,
* Ғабит Мүсірепов - "Кездеспей кеткен бір бейне" кітабы үшін,
* Сырбай Мәуленов "Апрель жауыны" және "Қызыл арша" өлеңдер жинақтары үшін,
* Жұбан Молдағалиев - "Кісен ашқан" өлеңдер кітабы үшін,
* Олжас Сүлейменов - "Эскиздер", "Сөз сарасы", "Когілдір аралдар" олеңдер жинағы үшін,
* Мұхамеджан Қаратаев - "Асулар алда" монографиясы үшін,
* Әбділда Тәжібаев - "Көне қоңырау" өлеңдер кітабы үшін,
* Бауыржан Момышұлы - "Үшқан үя" кітабы үшін,
* И.Шухов - "Преснов хикаялары" кітабы үшін,
* Ғабиден Мұстафин - "Ой әуендері" мака- лалар жинағы үшін,
* Қалижан Бекхожин - "Менің құрдастарым" өлеңдер жинағы үшін,
* Шерхан Мұртаза "Қара маржан" романы үшін,
* Е. Қайырбеков - "Бақыт жүлдызы" өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін,
* Қадыр Мырза Әлі - "Құдіретті жер" өлеңдер жинағы үшін,
* Әзілхан Нұршайықов - "Ақиқат пен аңыз" роман дилогиясы үшін,
* Хамит Ерғалиевтің "Алтын зерең" өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін,
* М.Зверев - "Ормандағы қыстау", "Бетпақ дала бөлтірігі" кітаптары үшін,
* Тұманбай Молдағалиев - "Жүректегі жазулар" өлеңдер жинағы үшін,
* Мұзафар Әлімбаев - "Аснандағы әпке" өлеңдер, ертегілер, жүмбақ-жаңылтпаштар жинағы үшін,
* Мұхтар Мағауин - "Аласапыран" тарихи роман дилогиясы үшін,
* Фариза Оңғарсынова - "Үйім менің - отаным", "Революция және мен" өлеңдер циклі үшін,
* Әбіш Кекілбаев - " Үркер" және "Елең-алаң" романдары үшін,
* Марис Симашко - І.Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогясын және Ғ. Мүсіреповтің "Оянған өлке" дилогиясының екінші кітабын аударғаны үшін,
* Сәкен Жүнісов "Өлара" пьесасы үшін,
* Рымғали Нұрғали "Айдын", "Телағыс", "Қазақтың революциялық поэзиясы" атгы әдеби -сын трилогиясы үшін,
* С.Шәймерденов - "Әдеби толқындар" және "Ағалардың алақаны" атты повестер, әңгімелер жә не эсселер жинақтары үшін,
* Қабдеш Жұмаділов "Тағдыр" романы үшін,
* Дулат Исабеков - "Ай-Петри ақиқаты" повестер мен оңгімелер жинағы үшін,
* Сейіт Қасқабасов - "Ертегіден тыс қазақ прозасы" монографиясы үшін,
* Қалихан Ысқақов - "Ақсу - жер жәннаты" романы үшін,
* Әнес Сарай - "Еділ - Жайық" романы үшін,
* З.Ахметов, С.Қирабаев, Ж.Ысмгүлов, ҚМүхамедханов, М.Құл -мұхаммед, М.Мырзахметов - Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу және бастырып шығару жоніндегі жүмыстары үшін,
* Зейнолла Қабдолов - "Әуезов" эссе-кітабы үшін,
* Ш.Елеукенов - "Мағжан" зерттеуі үшін,
* Дүкенбай Досжан - "Қүм кітабы" хикаят- тар мен әңгімелер жинағы үшін,
* Сатыбалды Нарымбетов "Көзімнің карасы" көркем фильмнің сценарийі үшін,
* Асқар Сүлейменов - М.Әуезов атындағы академиялык драма театрында қойылған "Жетінші палата", "Қыздай-жесір - ІИтат қысқарту", "Төрт тақта - жайнамаз" пьесалары үшін,
* Мұқағали Мақатаев - "Аманат" өлеңдер жинағы үшін,
* Темірхан Медетбек - "Тағдырлы жылдар жырлары" өлеңдер жинағы үшін,
* Баққожа Мұқай - "Омірзая" ро- маны үшін,
* Оразбек Сәрсенбаев - "Шеңбер" романы үшін,
* Рамазан Тоқтаров - "Абайдың жүмбағы" ро- маны үшін,
* Марфуға Ғалиқызы Айтхожа - "Аңсау" өлеңдер жинағы үшін,
* Әкім Тарази - "Жаза" романы үшін,
* Ұлықбек Есдәулет - "Киіз кітап" өлендер жинағы үшін,
* Нұрлан Оразалин - "Ғасырмен қоштасу" өлендер жинағы үшін,
* И.Оразбаев- "Қорқыттың көрі" балладалар жинағы үшін,
* З.Серікқалиүлы - "Алтын жамбы" кітабы үшін.
## Дереккөздер |
ҚазАвтоЖол — халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын басқару жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық операторы.
Ұлттық операторға халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу, күтіп ұстау және автомобиль жолдары бойындағы қызмет көрсету нысандарын дамытуды бақылау функциялары жүктелген. Сонымен қатар «ҚазАвтоЖол» – ақылы жолды ұйымдастырушы компания.
Қоғамның құрылтайшысы – Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті атынан).2023 жылдан бастап Қоғамның 100% мемлекеттік акцияларының пакетін иеленуші және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (Жалғыз акционер).
Қоғам қызметін қаржыландырудың негізгі көздері республикалық бюджет қаражаты және мемлекеттік кепілдікпен тартылатын және республикалық бюджет қаражаты есебінен толық көлемде өтелетін мемлекеттік емес қарыздар, сондай-ақ автомобиль жолдарының ақылы учаскелерінің алымдары болып табылады.
## Тарихы
ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 9 желтоқсандағы № 1266 Қаулысымен Облыстық автомобиль жолдары қазыналық кәсіпорындары мен "Инжирингавтожол" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны біріктіріліп, "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылды.
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 1 ақпандағы № 79 Қаулысымен Көлiк және коммуникация министрлiгi Автомобиль жолдары комитетiнiң «Қазақавтожол» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының «Қазақавтожол-Көкшетау» еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны қайта ұйымдастырылып, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы болып құрылды.
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 30 шілдедегі № 744 қаулысымен "ҚазАвтоЖол" акционерлік қоғамы Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор болып белгіленді.
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 21 тамыздағы № 822 қаулысымен «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып қайта аталды.
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 393 қаулысымен Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Қазақавтожол" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталында мемлекеттің 100% қатысу үлесі бар "Қазақавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта ұйымдастырылды.
Президент 2022 жылы шілдедегі үкіметтің кеңейтілген отырысында жол бойындағы сервисті қалыптастыру жұмысын сынға алып, «ҚазАвтоЖол» мен «Қазақавтожол» компанияларын біріктіруді тапсырды. Осыған орай ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 670 қаулысымен "Қазақавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 100% мемлекеттік қатысу үлесі "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беріліп, біртұтас автожол компаниясы құрылды.
## Басқарма төрағалары
* Ерік Хамзаұлы Сұлтанов (2013-2014)
* Берік Сайлауұлы Камалиев (2014-2015)
* Ермек Әнуарбекұлы Қизатов (2015-2019)
* Ұлан Тоқтарбайұлы Әліпов (2019-2021)
* Асқар Мұратұлы (2021-2022)
* Мейірхат Мейрамханұлы Қасымбаев (2022-2023)
* Дархан Серікұлы Иманашев (2023-)
## Дереккөздер |
Мақсат Мәлікұлы Толықбаев (11 сәуір 1988 жыл, Күршім, Күршім ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) — қазақстандық саясаткер, журналист, 2023 жылдан бері Қазақстан Парламенті Мәжілісінің 8-сайланым депутаты.
## Өмірбаяны
1988 жылғы 11 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылында дүниеге келген. Найман тайпасындағы Қаракерей руынан шыққан. Жастайынан оның тәрбиесіне әжесі араласты. Әкесі Мәлік – еңбек мұғалімі, ағаш шебері, анасы Алмагүл – дәрігер.[дереккөзі?]
2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2016 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде магистратураны аяқтап, әлеуметтану ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.
2020 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірді.
Жастайынан спортқа құмар болып, жүгіру мен жеңіл атлетикадан спорт шебері атанды.
## Мансабы
2009–2010 жылдар аралығында 31 телеарнадағы «Замандастар» бағдарламасында жүргізуші және редактор болып жұмыс істеген.
2011–2019 жылдар аралығында Алматы қаласындағы 31 телеарнасының «Информбюро» жаңалықтар қызметінде тілші, диктор және редактор қызметтерін атқарған.
2019–2020 жылдары ол «Еуразия» бірінші арнасының «Басты бағдарлама» апталық-сараптамалық хабарламаның жүргізушісі, редакторы болды.
2020–2022 жылдары Толықбаев «Qazaqstan» телеарнасындағы «Ашық алаң» саяси-қоғамдық ток-шоуының жүргізушісі-продюсері болып істеді.
2022 жылдан бастап «Хабар» Агенттігі» АҚ-да «Біздің мақсат» саяси-қоғамдық ток-шоуының жүргізушісі болды.
## Депутаттық қызметі
2023 жылғы 28 наурыздан бастап — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты. «Аманат» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланды. 29 наурызда Мәжіліс Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болып тағайындалды.
## Марапаттары
* Құрмет ордені (2021)
* Қазақстан Президентінің БАҚ саласындағы грантының иегері (2021).
* «Үздік тележүргізуші-2016», «Халық сүйіктісі-2020», «Адал тұлға-2021» номинацияларының жеңімпазы.
## Дереккөздер |
Торайғыров университеті – Павлодар қаласында орналасқан жоғары оқу орны, Қазақстанның үлкен университеттерінің бірі.
## Тарихы
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 1960 жылы 20 қыркүйекте КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысы негізінде, 1996 жылы мамыр айында Индустриалды институт негізінде құрылған. Институт бұрынғы 24-ші әскери мектептің бір қабатты 10 барағында және екі ғимаратта орналасқан. Үш факультетте – машина жасау, инженерлік-құрылыс және энергетикалық – 400 студент оқыған. Дәрісті 16 оқытушы жүргізген, оның біреуінде ғана доцент атағы болған.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті – ұзақ жылғы өз тарихы және даңқы бар жоғары оқу орны: жарты ғасырдан астам уақытта жоғары білікті мамандарды даярлады. Қазіргі кезде бұл инновациялық типтегі көп салалы университет, аймақтың басты жоғары оқу орны, орасан зор ғылыми орталық, Қазақстан Республикасы және оның аймақтарында өз жаңалықтарымен және жетістіктерімен кең танымал болып отыр.
С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері саны жағынан және сапалы білім беру қызметі бойынша Павлодар облысының жоғары оқу орындары арасында сөзсіз көшбасшы болып табылады. ЖОО 66 бакалавриат, 46 магистратура, 4 PhD докторантура мамандықтары бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде әртүрлі бағытта жоғары кәсіби мамандарды дайындайды. Дайындықты 567 оқытушы, соның ішінде 47 ғылым докторы, профессор, 227 ғылым кандидаты, доценттер жүзеге асырады. Университетте ғылыми-зерттеу жұмыстары 41 кафедрада және 13 ғылыми-тәжірибелік орталығында, «Ертіс» ғылыми-технологиялық паркінде, аймақтық инновация және трансферттік технологиялар орталығында және студенттік ғылыми орталығы базасында жүргізіледі.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті әлемдік білім беру кеңістігінде бірігу үрдісі бойынша халықаралық танымалдыққа жетті, еуропалық білім беру үрдісінің толық құқылы қатысушысы болып табылады. С. Торайғыров атындағы ПМУ бизнес, ғылым және өнер көшбасшыларының Оксфордтық Саммит аясында «Еуропалық сапа» халықаралық сыйлығымен марапатталды.
Жыл сайын өтетін басты рейтингке сәйкес, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қазақстанның таңдаулы көп салалы жоғары оқу орындары арасында көшбасшылар қатарының бесіншісі орынға енді.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті - әлемдегі классикалық университеттердің Болондық хартиясының, LAESTE студенттік машықтану бойынша алмасу халықаралық қауымдастығының, Сібірлік ашық университет қауымдастығының, Қазақстан жоғары оқу орындар қауымдастығының және Шанхай серіктестік ұйымының мүшесі. Университет аймақтағы үш сатылы кадрларды дайындау бойынша: бакалавриат, магистратура және PhD докторантура білім беруді жүргізетін бірден-бір беделді жоғары оқу орны.
2011 және 2012 жылдары С. Торайғыров атындағы ПМУ білім беру бағдарламаларының Халықаралық аккредитациясын сәтті өткізді: университеттің қызметі Германияның ACQUIN халықаралық аккредитациялық агенттігінің және білім беру сапасын қоғамдық бақылау және АККОРК мансапты дамыту бойынша ресейлік агенттіктерінің жоғары бағасын алды.
## Ректорат
1. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры — Арын Амангелдіұлы Өрсариев;
2. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректоры — Нұрлан Телманұлы Ержанов;
3. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры — Ақышев Арман Айтмұхаметұлы.
4. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Академиялық жұмыс жөніндегі проректоры — Ахметова Гаухар Ғалымқызы.
## Университет факультеттері
«Физика, математика және ақпараттық технологиялар», «Металлургия», «Машинажасау және көлік», «Cәулет–құрылыс», «Қаржы-экономика», «Энергетика», «Гуманитарлық-педагогикалық», «Химиялық технологиялар және жаратылыстану», «Құқық және тарих», «Агротехнологиялық» факультеттері бар.
Гуманитарлық-педагогикалық факультетінде 9 кафедра жұмыс істейді. Олар:— Психология және педагогика кафедрасы — меңгерушісі п.ғ.д., профессор Е. И. Бурдина;— Қазақ филология кафедрасы — меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Н. Қ. Жүсіп;— Журналистика кафедрасы — меңгерушісі т.ғ.д., профессор Қ. М. Алдабергенов;— Қазақ тілі кафедрасы — меңгерушісі ф.ғ.к., профессор А. Ф. Зейнуллина;— Орындаушылық өнер кафедрасы — меңгерушісі Д. М. Мерғалиев;— Орыс филология кафедрасы — меңгерушісі ф.ғ.к., Г. Н. Кенжебалина;— Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы — меңгерушісі ф.ғ.к., Г. Х. Демесінова;— Шетел филологиясы кафедрасы — меңгерушісі п.ғ.к., А. Қ. Қайырбаева;— Шет тілдер кафедрасы — меңгерушісі Б. К. Жұмабекова.
1998 жылдан' магистратура және аспирантура, мектеп-лицей мен колледж жұмыс істейді.
Университеттің материалдық-техникалық базасы 7 оқу корпусынан, ғылыми кітапханадан (6 оқу залы, 900 мың дана кітап), лабораториядан тұрады.
## Жатақхана
Торайғыров атындағы ПМУ 500 орындық жатақханасы, Ақ. Шокин көшесі, 139/1 үй, 2015 жылдың қазан айында пайдалануға берілді.
Ғимарат 5 қабатты, 3 корпустан тұратын сызықты-арқалық жоспарлау жүйесі бар.
Бірінші ғимаратта зал, 36 орындық бар, компьютер сыныбы, мәжіліс залы бар.
Екінші және үшінші корпустар жатын бөлмелері болып табылады, мұнда 220 екі орынды және 20 үш орынды бөлмелер бар.
Әрбір бөлме раковинасы бар ас үй шкапымен, жұмыс алаңымен, екі көзді электр плитасымен жабдықталған, бөлмеде екі бір кісілік кереует, екі тумбочка, екі орынды оқу үстелі, екі орындық бар.
Дәлізде гардероб, жуынатын бөлме дәретхана, душқа арналған науалар, ыстық және суық су құбыры бар қолжуғышпен жабдықталған, балкон бар.
Кір жуу орталықтандырылған, бөлме ақысы бір айға 3142 теңге (2016 жылғы жағдай бойынша), жатақханада тазалаушылар бар.
## Спорттық база
С. Торайғыров атындағы ПМУ университеті мынадай спорт кешендері бар Ломов көшесі 64, және Р. Люксембург көшесі 138:
720 орындық стадион трибунасымен және футбол алаңы бар.
1. Спорт ядро, 4 жүгіретін 400 қашықтық жолы бар.
2. Ойын алаңдары бар:
3. — баскетбол — 1;
— волейбол — 2;
— бадминтон — 1;
— шағын-футбол — 3.
4. гранат, диск, лақтыратын секторлары бар.
5. Ұзындыққа секретін шұңқыры бар.
Спорт залы:
36 м х 18 м — түрлі ойын ойнайтын залы бар (волейбол, баскетбол, бадминтон)
Стандартқа сай емес залдар бар:
— бокс-залы;
— үстел теннис залы;
— қүрес залы;
— тренажёр залы.
Қыс айларында сырғанақ бар (60 пар коньки).
Шаңғы базасы бар трассаның ұзындығы — 1,5 км, 120 пар шаңғы.
## Университет ректорлары
## Университет кітапханасы
## Дереккөздер |
## Дереккөздер
## Дереккөздер |
Нұрлан Серікұлы Байбазаров (10 қазан 1975 жыл) — қазақстандық саясаткер, экономист және 2024 жылғы 6 ақпаннан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары және Ұлттық экономика министрі.
## Білімі
1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Банк ісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген.
## Еңбек жолы
Еңбек жолын 1997 жылы Қаржы министрлігінің Бюджет департаментінде бастаған.
2004–2011 жылдары Байбазаров «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-да басқарма бастығынан бастап басқарушы директорға дейін әртүрлі лауазымдарды атқарды.
2013–2016 жылдары ол Ұлттық экономика министрлігінде Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.
Бұдан басқа, әр жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз Консалтинг» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жұмыс істеді.
2016 жылдан 2022 жылғы қарашаға дейін ол «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және Басқарма төрағасы болды.
2022 жылғы 16 қарашада Байбазаров «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
2023 жылғы 5 қазанда «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ холдингі басшысы болып тағайындалды.
2024 жылғы 6 ақпанда президент Тоқаев жарлығымен Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
## Марапаттары
* «Ерен еңбегі үшін» медалі.
## Дереккөздер |
Светлана Қабыкенқызы Жақыпова (16 қаңтар 1968 жыл, Қарағанды) — қазақстандық саясаткер, 2023 жылғы 2 қыркүйектен бері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
## Білімі
1991 жылы Целиноград Мемлекеттік педагогикалық институтын, 2006 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын аяқтаған.
## Еңбек жолы
1984 – 1986 жылдары Қарой бастауыш мектебінде ұзартылған күн тобының тәрбиешісі, бастауыш сыныптардың мұғалімі болып жұмыс істеді.
1991 – 1995 жылдары - № 16 орта мектебінде, № 36 бастауыш орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болды.
1997 – 1998 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола қалалық бөлімшесі операциялық есеп жүргізу бөлімінің аға маманы, бас маманы болды.
1998 – 2001 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола (Астана) қалалық филиалының экономикалық талдау бөлімінің бас маманы, бастығы, филиал директорының орынбасары болды.
2001 – 2008 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола облыстық филиалының директоры болды.
2008 – 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры болды.
2011 – 2013 жылдары – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Жобалау офисі бағдарламалар басшысы болып қызмет атқарды.
2013 жылғы 19 тамыздан бастап 2014 жылғы тамызға дейін - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2014 жылғы тамыздан бастап - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып тағайындалды.
2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2023 жылғы 12 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл.
2023 жылғы 2 қыркүйекте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.
2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып қайта тағайындалды.
## Марапаты
* «Құрмет» ордені (2007)
* «Парасат» ордені (2018)
## Дереккөздер |
Шыңғыс Сайранұлы Әрінов (29 қазан 1983 жыл) — қазақстандық саясаткер, 2024 жылғы 6 ақпаннан Төтенше жағдайлар министрі.
## Білімі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген. Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында «Құқықтану», Азаматтық авиация академиясында «Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» бойынша білім алған.
## Еңбек жолы
2006-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдарда қызмет атқарды.
2022 жылы ҚР Президентінің Өкімімен ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — Президент күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.
2024 жылы 6 ақпанда Қазақстан республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.
## Марапаттары
ІІ, ІІІ дәрежелі «Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін» медалімен және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ ҚР Президентінің атынан алғыс хаттармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Уткир Давлатбекович Юсупов (қаз. Өткір Дәулетбекұлы Жүсіпов; 4 қаңтар 1991, Сайрам, Шымкент облысы, Қазақ КСР) — өзбекстандық футболшы, қақпашы.
2019, 2023 жылдары Азия кубогына қатысты.
## Дереккөздер |
Мәди Төкешұлы Такиев (кейде Тәкиев, 1 сәуір 1978 жыл, Балқаш ауданы, Алматы облысы) — қазақстандық саясаткер, заңгер және 2024 жылғы ақпаннан елдің Қаржы министрі. Бұрын Такиев Мәжілістің VIII сайланым депутаты (2023–2024) және Қаржы вице-министрі (2019–2020) сияқты лауазымдар иесі еді.
## Жастық шағы және білімі
Мәди Төкешұлы Такиев 1978 жылғы 1 сәуірде, Алматы облысының Балқаш ауданындағы Бақанас ауылында дүниеге келген.
Такиев 1998 жылы бухгалтерлік есеп және аудит мамандығына Қазақ мемлекеттік басқару академиясында, 2005 жылы заңгер мамандығына Дінмұхамед Қонаев атындағы гуманитарлық университетінде білім алды да, 2011 жылы Халықаралық бизнес университетін бітіріп, іскерлік әкімшілдендіру магистрі болды.
## Мансабы
Өз еңбек жолын Мәди Такиев 1998 жылы, Ғылым министрлігі – Ғылым Академиясының мемлекет және құқық институтының бас есепшісі болып бастаған.
Кейін, 2000–2008 жылдары ол Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің инспекторы, жетекші, бас салық инспекторы, ШКС жұмыс, аудит жөніндегі бөлімдердің басшысы болса, 2008–2009 ол Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы болды.
2009 жылдан 2012 жылға дейін ол Алматы қаласы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды. Бұдан кейін, 2013 жылға дейін ол Қаржы министрлігінің Салық департаментінде басқарма басшысы болды.
2013 жылдан 2014 жылға дейін Такиев Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры болып тағайындалған. 2014 жылы ол қысқа уақытқа Премьер-Министр Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас консультанты болған.
2014–2017 жылдары аралығында ол Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы еді. 2017–2019 жылдары ол Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Салықтық бақылау департаментінің директоры қызметінде болды.
Такиев 2019 жылғы 12 наурызда Қаржы министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл қызметте ол 2020 жылғы 24 қыркүйекке дейін болды.
2020 жылғы 24 қыркүйекте Такиев президент Тоқаев өкімімен Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл қызметін ол 2023 жылғы наурызда аяқтады.
2023 жылғы 15 ақпанда Такиев Аманат партиялық тізімі бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидат болды. 28 наурызда ол партия атынан VIII сайланым депутаты болып сайланды.
2024 жылғы 5 ақпанда Екінші Әлихан Смайылов үкіметі қызметінен босатылды. Жаңа премьер Олжас Бектенов болды да, жаңа үкіметтің Қаржы министрі болып Мәди Такиев тағайындалды.
## Жеке өмірі
Мәди Такиев үйленген, оның үш ұл баласы бар.
## Марапаттары
Такиевтің марапаттар тізімі:
* Ерен еңбегі үшін медалі (2014);
* Құрмет ордені (2021);
* Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі;
* Салық қызметінің үздігі.
* Қаржы қызметінің үздігі.
## Дереккөздер |
Динара Рустамқызы Наумова (8 қыркүйек 1997, Ақмола, Қазақстан) — қазақстандық қоғам қайраткері. Қазақстан Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты.
## Өмірбаяны
Динара БМС диагнозымен дүниеге келді. Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылындағы №41 мектептің 9-сыныбын бітірген. 2017 жылы Технология және бизнес колледжін «Мұнай және газды өңдеу технологы» мамандығы бойынша, 2021 жылы — Қазақ технология және бизнес университетінде «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.
2018 жылы «Startup Bolashak: Менің арманым» республикалық бизнес жобалар конкурсының жеңімпазы болды. 2018 жылы – Алматы қаласындағы «Professionalize Kazakhstan» бизнес мектебінің түлегі.
2021 жылдың желтоқсанында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Динараға ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған емдік дене шынықтыру-сауықтыру орталығын салу идеясын жүзеге асыру үшін «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыс етті.
2022 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі болды.
2022 жылдан бастап — ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі қоғамдық кеңесінің мүшесі болды.
2022 жылдың шілдесінде Қабанбай батыр ауылында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған Қазақстандағы бірінші инклюзивті фитнес орталығын ашты.
2023 жылдың 29 наурызынан бастап — «Respublica» партиясының партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты болды.
## Марапаттары
* «Ерен еңбегі үшін» медалі (2023)
## Дереккөздер |
Уткир Давлатбекович Юсупов (қаз. Өткір Дәулетбекұлы Жүсіпов; 4 қаңтар 1991, Сайрам, Шымкент облысы, Қазақ КСР) — өзбекстандық футболшы, қақпашы.
2019, 2023 жылдары Азия кубогына қатысты.
## Дереккөздер |
Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова (16 ақпан 1971 жыл, Қызылорда) — қазақстандық саясаткер, 2024 жылғы 6 ақпаннан Денсаулық сақтау министрі.
## Білімі
* Алматы мемлекеттік медицина институты (1994)«Педиатрия» мамандығы
* Қорқыт ата университеті (2006)«Экономист» мамандығы, Экономика бакалавры
* Қазақстанда да, шетелде де қосымша оқудан өтті
* Жоғары санатты ұйымдастырушы-дәрігер-гигиенист, жоғары санатты дәрігер-педиатр
## Еңбек жолы
* Қызылорда қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігері
* Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Қызылорда филиалының кіші ғылыми қызметкері (1997-1999)
* Бөлім бастығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары (1999-2001)
* Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері (2001-2003)
* Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы (2003-2004)
* ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің облыстық басқармасының бастығы (2005-2007)
* Қызылорда медициналық колледжінің директоры (2007-2013)
* Қызылорда облысы әкімінің орынбасары (02.2013-12.2014)
* Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы (12.2014-11.2015)
* Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (11.2015-04.2019)
* «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (04.2019-06.2020)
* Қызылорда облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (13.08.2020-06.02.2024)
* Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі (06.02.2024 бастап)
## Отбасылық жағдайы
Тұрмыста, үш баласы бар.
## Партиясы
«Аманат» партиясының мүшесі (2007 жылдан бастап)
## Марапаттары
* «Парасат» ордені
* «Құрмет» ордені
* Медальдері: «Шапағат», «Астанаға - 10 жыл»
* «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі
* «Nur Otan» партиясы Қызылорда филиалы төрағасының Алғыс хаты (06.2020)
## Дереккөздер |
Олжас Абайұлы Бектенов (13 желтоқсан 1980, Алматы, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық саясаткер, заңгер және 2024 жылғы 6 ақпаннан Қазақстан премьер-министрі.
Бұрын Бектенов Президент Әкімшілігінің басшысы (2023–2024), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикор) төрағасы (2022–2023) сияқты лауазымдар иесі болған.
## Білімі
2001 жылы Олжас Бектенов Қазақ мемлекеттік заң академиясындағы заңгер мамандығы бойынша оқуын бітірді.
2005 жылы Бектенов заң ғылымдарының кандидаты болды. Оның орысша диссертациясының тақырыбы «Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың әкімшілік құқық бұзушылықтарының алдын алудың ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелері» болған.
## Еңбек жолы
Өз еңбек жолын Бектенов 2002 жылы Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы ретінде бастады. Бұл қызметте ол 2005 жылға дейін болды.
2005–2006 жылдары ол Премьер-министр кеңсесінің заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы болды. Одан кейін ол 2009 жылға дейін Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді.
2009 жылдан 2012 жылға дейін ол Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары болды.
2012 жылы ол — Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы. Бұл қызметі 2014 жылы аяқталды.
2015–2016 жылдары ол Астана әкімі аппаратының басшысы, Президент Әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі болса, 2016–2017 жылдары ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Антикор) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы болған.
2017 жылдан 2018 жылға дейін ол — Ақмола облысы әкімінің орынбасары және 2018 жылдан 2019 жылға дейін ол Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары еді.
2019–2022 жылдары Бектенов Антикор төрағасының бірінші орынбасары болса, 2022–2023 жылдары ол бұл агенттіктің төрағасы болған.
2023 жылғы 3 сәуірден бастап ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарды.
### Премьер-министр (2024–)
2024 жылғы 5 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер Әлихан Смайылов басқарған үкіметті қызметінен босатты да, 6 ақпанда Олжас Бектеновті елдің жаңа премьер-министрі болып тағайындады. Бектеновтің кандидатурасын Мәжілістің 69 депутаты қолдаса, 7 депутат дауыс беруден қалыс қалды.
## Марапаттары және атақтары
Олжас Бектенов 2-дәрежелі "Айбын" (2014), 2-дәрежелі "Даңқ" (2021) ордендерімен марапатталған.
Оған қоса Бектенов — Жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-лейтенанты.
## Жеке өмірі
Олжас Бектенов үйленген және оның үш баласы бар. Бірнеше болжам мен теория бойынша, Бектеновтің қайын атасы — Президент Әкімшілігінің бұрынғы басшысы, Астананың бұрынғы әкімі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков. Бұл теория екі тұлға мансаптарының ұқсастығынан және Бектеновтің қысқа еңбек жолы мен жұмбақ болған жеке өмірінен шыққан.
## Дереккөздер |
Константин Иванович Ерофеев (7 қазан 1969, Ленинабад, Тәжік КСР, КСРО) — КСРО-лық және тәжікстандық футболшы. Тәжікстан Ұлттық футбол құрамасы сапында 1994 жылы 4 ойын өткізді
## Жүлделері
### Клубтық
* Тәжікстан кубогы: 1998
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Константин Иванович Ерофеев (7 қазан 1969, Ленинабад, Тәжік КСР, КСРО) — КСРО-лық және тәжікстандық футболшы. Тәжікстан Ұлттық футбол құрамасы сапында 1994 жылы 4 ойын өткізді
## Жүлделері
### Клубтық
* Тәжікстан кубогы: 1998
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Ораз Шарифович Назаров (3 ақпан 1970 жыл) — КСРО-лық және тәжікстандық футболшы, жартылай қорғаушы.
## Жүлделері
### Командалық
* Тәжікстан чемпионы 1992
* Тәжікстан Кубогы 1992
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Ораз Шарифович Назаров (3 ақпан 1970 жыл) — КСРО-лық және тәжікстандық футболшы, жартылай қорғаушы.
## Жүлделері
### Командалық
* Тәжікстан чемпионы 1992
* Тәжікстан Кубогы 1992
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Шәріпова
* Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы Шәріпова — көрнекті театр актрисасы. Қазақ КСРнің xалық артисі (1966)
* Нәдия Әбдірахменқызы Шәріпова - әнші, педагог, Қазақстанның халық артисі (1997)
* Фарида Шәріпова — актриса, Қазақ КСР-інің (1976) және КСРО-ның (1980) халық артісі, Қырғызстан Респупбликаның еңб. сің. мәдениет қайраткері (1996) |
2017 жылғы Қысқы Универсиада аясында сноуборд жарыстары 30 қаңтар мен 7 ақпан аралығында Алматы қаласындағы "Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты және "Табаған"спорттық-ойын-сауық кешенінде өтті. 10 алтын жиынтығы ойналды.
## Медалистер
### Ерлер
### Әйелдер
## Медаль есебі
## Дереккөздер |
2017 жылғы Қысқы Универсиада конькимен жүгіру спортынан жарыс 2017 жылғы 29 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Қазақстанның Алматы қаласындағы "Медеу" биік таулы мұз айдынында өтті. 14 медаль ойнатылды.
## Медалистер
### Ерлер
### Әйелдер
## Медаль есебі
## Дереккөздер |
2017 жылғы Қысқы Универсиадада фристайл бойынша жарыстар 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Қазақстанның Алматы қаласында өтті. 9 марапаттар жиынтығы ойналды
## Медалистер
### Ерлер
### Әйелдер
### Микст
## Медаль есебі
## Дереккөздер |
Вандалдар мен аландар мемлекетінің флоты — 5-6 ғасырлардағы Вандал мемлекетінің флоты.
Тіпті 5 ғасырдың басында Испанияда болған кезде вандалдар Жерорта теңізін айналып өтуге қызығушылық танытты. Осы кезеңде, шамамен 425 жылдан бастап, олар римдіктерден теңіз дағдыларын үйрене бастады. айтуынша, Э. Ф. Готье, ал кейіннен кемелердің экипаждары негізінен басқа ұлт өкілдерінен – пуниктер мен маврлардан тұрды, ал вандалдардың өздері тек командалық құрамды құрады. Бас қолбасшы әдетте патша болды.
Әскери-теңіз флотын 435 жылы астық тасымалдайтын карфагендік кемелерді басып алғаннан кейін Гейзерих құрды. Осылайша, А. И. Корсунский мен Р. Гюнтер атап өткендей, бұл патша Батыс және Орталық Жерорта теңізі бойынша үстемдікке ие болды. 440-441 жылдары вандалдар оңтүстік Италия мен Сицилия жағалауларын тонап, содан кейін 442 жылы бүкіл аралды басып алды. 455 жылы Тибрдің сағасына келіп, Гейзерик Римді басып алып, оны екі апталық қапқа салды. Император Майорианның тұсында вандалдар Картахенадағы римдік кемелердің бір бөлігін басып алды, содан кейін Италияның жағалау аймақтарын қирату жалғасты. Олар Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде де пайда болды. 468 жылы Вандал флоты Василисктен жеңілді, бірақ Гейзерих бес күндік бітімге қол жеткізіп, содан кейін жау кемелерін жоя алды.
Г.-И. Диснер, вандал флотының күші сәйкес келмейтін сияқты. Гейзерих патшасы 477 жылы қайтыс болғаннан кейін ол төмендеді, дегенмен бұл билеушінің өзі теңізде жеткілікті сақтықпен әскери операциялар жүргізді. Вандалдардың қатысуымен белгілі ірі теңіз шайқастары жоқ; дереккөздер әртүрлі әскери айла-тәсілдерді қолдану туралы көбірек хабарлайды. Мысалы, 468 жылы отты кемелердің шабуылы.
Ең көп тарағандары әдетте 40-50 адамды тасымалдай алатын шағын кемелер болды, дегенмен вандалдарда да үлкен кемелер болды.
Негізгі теңіз базасы Карфаген мемлекетінің астанасы болды, онда кеме жасау зауыттары мен арсеналдар болды. Диснердің болжамы бойынша, Корсикада кемелердің құрылысы да жүргізілген.
Диснер атап өткендей, жалпы вандал флоты өзінің жауынгерлік тиімділігі бойынша құрлықтағы күштерден жоғары болды, дегенмен зерттеуші Вандал патшалығының теңіз күштерін жалпы асыра бағалаудан сақтанды.
## Әдебиеттер
Зерттеу
* Диснер Г.-И. Вандал патшалығы: көтерілу және құлдырау / онымен бірге аударылған. Санина В. Л. және Иванова С. В. — Санкт-Петербург., 2002. ISBN 5-8071-0062-X. 150-151 беттер.
* Корсунский А. Р., Гюнтер Р. Батыс Рим империясының құлдырауы мен өлуі және неміс патшалықтарының пайда болуы: (6 ғ. ортасына дейін) / одан аударған. М. И. Левина. — М., 1984 ж. 75, 78-79 беттер. |
2017 жылғы қысқы Универсиада аясында керлинг бойынша жарыс 30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Алматы қаласында, "Алматы Арена" мұз сарайында өтті. 2 алтын ойнатылды.
## Медалистер
## Ерлер
### Құрама
(Скиптер қалың қаріппен жазылған)
### Турнир
Басталу уақыты UTC+6.
Іріктеу кезеңі
Турнир кестесі
плей-оффқа
### Плей-офф
### Қорытынды классификация
## Әйелдер
### Құрама
(Скиптер қалың қаріппен жазылған)
### Турнир
Басталу уақыты UTC+6.
Іріктеу кезеңі
Турнир кестесі
плей-оффқа тікелей плей-оффқа тай-брейк арқылы
### Плей-офф
### Қорытынды классификация
## Дереккөздер |
Шорт-трек 2017 Жылғы Қысқы Универсиадада 5-7 ақпан аралығында Қазақстанның Алматы қаласындағы "Балуан Шолақ" Спорт сарайында өтті
## Медалистер
### Ерлер
### Әйелдер
## Дереккөздер |
Бақыт Жалғасбайұлы Қызылбаев (26 желтоқсан 1976, Бестамақ, Алға ауданы, Ақтөбе облысы) — қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы.
Кейін төреші болды. Бірнеше жыл Қазақстан чемпионаты ойындарына қазылық жасады.
## Жүлделері:
### Командалық
* Қазақстан кубогының финалисі: 1994
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* https://prosports.kz/kz/news/280631 |
2017 жылғы Қысқы Универсиадада хоккей турнирі Қазақстанның Алматы қаласында 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтті. Хоккейшілер Универсиада наградаларын тарихта 24-ші рет, ал әйел хоккейшілер бесінші рет ойнады. Турнирдің барлық матчтары "Халық Арена" сарайында және Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайында өтті.
## Медалдар
### Медаль есебі
### Медалистер
## Ерлер
### Іріктеу кезеңі
12 команда қатысты
A группасы
В группасы
С группасы
3-ші орын алған командаларды салыстыру
### Плей-офф
## Әйелдер
### Іріктеу кезеңі
7 команда қатысты
А группасы
В группасы
### Плей-офф
## Дереккөздер |
Бақыт Жалғасбайұлы Қызылбаев (26 желтоқсан 1976, Бестамақ, Алға ауданы, Ақтөбе облысы) — қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы.
Кейін төреші болды. Бірнеше жыл Қазақстан чемпионаты ойындарына қазылық жасады.
## Жүлделері:
### Командалық
* Қазақстан кубогының финалисі: 1994
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* https://prosports.kz/kz/news/280631 |
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті — 1943 жылы құрылған Қазақстан Республикасының Шымкент қаласындағы 76 техникалық мамандықтар және гуманитарлық мамандықтар бойынша білім беретін көпсалалы жоғары оқу орны.
## Тарихы
Сонау сұрапыл соғыстың нағыз қайнап тұрған кезінде, 1943 жылдың 19 маусымында КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің №679 қаулысымен Құрылыс материалдары технологиялық институтын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Осы жылдың 29 маусымында КСРО Халкомы жанындағы жоғары мектеп істері жөніндегі Бүкілодақтық Комитет пен КСРО құрылыс материалдары өнеркәсібі комисарының «Қазақ КСР-і Шымкент қаласында Құрылыс материалдары технологиялық институтын ұйымдастыру туралы» білескен бұйрығы шықты. Бұл ел басына күн туған сол бір ауыр кезде ертеңгі жеңіске деген нық сенімнің көрінісі еді. Қирап қалған мыңдаған қалалар мен елді мекендерді қалпына келтіру үшін құрылыс ісінің инженер мамандарын даярлау қажеттігін ел басшылары күні бұрын ойластырған болатын.
Ал 1958 жылы оқу орнынның басшылығына Қ. Біләлов келді. Ол басшылық еткен аз уақыт ішінде институтта республика экономикасының дамуына аса қажетті салалар бойынша мамандар даярлауға ерекше көңіл бөлініп, Қазақ технология институты болып қайта құрылған институт еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының біріне айналды. Институттың материалдық-техникалық базасын нығайтуға мол еңбек сіңіріп, оқу ғимараттар кешенін салу үшін қаржы бөлуге көп ықпал етті.
КСРО Жоғары білім министірлігінің бұйрығымен 1958 жылы Жамбыл қаласында Қазақ технологиялық институтының кешкі филиалы ашылып, ол 1959 жылы күндізгі факультет құрылды. Осының негізінде кейінірек Жамбыл жеңіл және тамақ өндірісі технологиялық институты ашылды.
1963 жылы Қазақ КСР Жоғары және орта арнаулы білім министірлігінің бұйрығымен Семей қаласында Қазақ технологиялық институтының филиалы ашылып, соңынан Тамақ өнеркәсібі технологиялық институтына айналды. Осылайша Шымкенттегі Қазақ технологиялық институты екі дербес жоғары оқу орнына өмірге жолдама берді, олар кейінірек ірі білім ошақтарына айналды.
1993 жылы Қазақ химия-технология институты Оңтүстік Қазақстан Техникалық университеті болып қайта құрылып, оқу орны еліміздегі жетекші техникалық оқу орнының бірі болды.
1996 жылы ҚР Үкіметінің №573 қаулысымен оқу орны Қазақ химия-технологиялық университеті болып аталды, ал 1998 жылы Үкіметтің №256 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан техникалық университеті мен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің бірігуі негізінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті болып қайта құрылды. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті Шымкент педагогикалық мәдениет институты мен Шымкент дене тәрбиесі институтының қосылуы нәтижесінде пайда болған еді.
## Құрылымы
* Ректорат
* Ғылыми Кеңес
* Оқу-әдістемелік Кеңес
* Оқу-әдістемелік басқарма
* Тіркеу кеңсесі
* Тәрбие ісі жөніндегі басқарма
* Орталықтар
* Кәсіподақ
* Бітіруші түлектер Ассоциациясы
## Университет құрамындағы факультеттер
Университеттің құрамында – 14 факультет:
* Агроөнеркәсіп факультеті
* Ақпараттық технологиялар факультеті
* Заң факультеті
* Жаратылыстану-педогогикалық факультеті
* Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті
* Құрылыс және көлік факультеті
* Механика және мұнайгаз ісі факультеті
* Педагогика және мәдениет факультеті
* Дене шынықтыру және спорт факультеті
* Кешкі және қашықтықтан оқыту факультеті
* Филология факультеті
* Химия-технологиялық факультеті
* Экономика және қаржы факультеті
* Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу жөніндегі факультеті
* Әскери кафедра
## Оқу процесі
Шет ел студенттерімен жұмыс жасау факультеті және колледж бар. Университет білім берудің халықаралық стандарттарына ауысқан, бакалавриатта, магистратурада, phD докторантурада мамандарды дайындау барысында оқытудың кредиттік технологиясы мен үш деңгейлі жүйесі жұмыс истейді. Университет жоғары кәсіптік білімі бар кадрларды дайындау бойынша білім беру қызметтеріне ИСО 9001:2000 сәйкес халықаралық сертификациядан өткен. Университетте елге танымал ғалымдар мен мамандар, білім беруге, мәдениетке және спортқа еңбегі сіңген қызметкерлер жұмыс атқарады: 120 – ғылым докторы, 604 – ғылым кандидаты, 4 ҚР ҰҒА академигі, 4 ҚР ҰИҒА академигі, 1 Қазақ білім беру академиясының академигі, 1 педагогикалық білім беру Халықаралық ғылым акадмиясының академигі. Білім беру үрдісіне практикалық тәжірибесі бар ең үздік ғалымдар мен мамандар, жақын және алыс шетелдерден, оның ішінде АҚШ, Германия, Испания, Бельгия, Ресейдің ғалымдары шақырылған.
## Материалдық-техникалық базасы
Университеттің материалдық-техникалық базасы қазіргі үлгідегі он оқу ғимараттарынан, алты студенттер жатаханасынан және екі спорт кешенінен тұрады. Университет барлығы 457 оқу, 130 лабораториялық аудиториялармен және 46 компьютерлік класстармен жабдықталған. Оқу процессінде 1700 компьютер, олардың жартысынан көбі – жаңа үлгідегі компьютерлер, 1200 Интернет желісіне қосылған компьютерлер қолданылады.Университетте 87 мамандық бойынша 31 мыңнан астам студенттер оқиды. Олардың ішінде 8873 студент – мемелекеттік грант бойынша оқиды. Жүзеге асырылған шаралар нәтижесінде инженерлік мамандық студенттері контингентінің артуының тұрақты тенденциясы қалыптасты. Соңғы екі жыл көлемінде біздің университет ұтып алған грант нәтижесінде республикадағы 2-ші орынды иеленіп келеді. ОҚУ Германиялық ASIIN агенттігінде білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредитациялаудан өткізу арқылы техникалық сала мамандарын даярлаудың жоғары сапасын дәлелдеген қазақстандық ЖОО-лардың алғашқысы болды. Университет ректорының бастамасымен кәсіпорындармен, ұйымдармен тығыз байланыс жасау негізінде университет бітірушілерінің жұмысқа орналасуына ат салысу, еңбек және білім нарығындағы қызмет көрсету және маркетингтік зерттеулер жүргізумен айналысатын мансап және маркетинг орталығы ашылды. М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры – ҚР ҰҒА академигі,
## Студенттік өмір
ОҚУ – бұл, Қазақстанның 50 дамыған елдің қатарына қосылу мақсатында, республиканың өсіп-өркендеуіне әрдайым жаңа идеялар шығаратын белсенді студент жастар ордасы. Университеттегі тәрбиелік және әлеуметтік жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Студент жастардың құқығын, еркіндігі мен көзқарасын сақтау, жастар мәселесіне қатысты 2002 жылдан бастап университетте өзінің Жарғысы мен құрылымы бар студенттік Кеңес қызмет атқарады. Университетте жалпы ЖОО басқарудың ажырамас бөлігі, студенттік өмірдің маңызды қызметі ретінде студенттік өзін-өзі басқару болып табылады. Студенттік Кеңестің іс-әрекетіне ректорат тарапынан қолдау жоғары деңгейде көрсетіледі. Университет ректоры жүйелі түрде студенттермен кездесіп, әр ай сайын студент белсенділері мәжілістерінде оқу мәселелерін, студенттердің қоғамдық өмірінің ұйымдастырылуы мен дамуын, олардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық потенциалдарын талқылап отырады. Студент белсенділері университеттегі оқу Кеңесімен ректораттың мүшелері болып табылады. Әр айда университетте студенттік өзін-өзі басқару күні өтіп тұрады. Бұл күні университеттің оқу тәрбиелік және ғылыми үрдісті жақсарту мәселелері шешімге алынады. Әр сессия соңында тәуелсіз студенттік анкеталау жүргізіледі, студенттік «Сенім поштасы» қызмет көрсетеді. Студенттер мен ректор арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Студенттер Интернет желісі мен ректор e-mail поштасына жалпы білім беру үрдісін ұйымдастырудағы ұсыныстарын, ескертулері мен идеяларын жазып жібере алады. Студенттердің әр ұлттың мәдениетіне әрекеттесуімен өзара толысу үшін, университет ректоры У.Қ.Бишімбаевтың бастамасымен университетте студент белсенділерінің базасымен, құрамында 29 ұлт өкілдерінен тұратын ОҚУ-да Кіші халықтар Ассамблеясы құрылған. Университет базасында 2005 жылдан бастап, жалпы ОҚУ-дың 450 студенттерінен құралған 20 облыстық студенттік құрылыс отряды (СҚО) штабы жұмыс жасайды. Университетте барлығы 250 студенттен 10 отрядтан тұратын «Жасыл ел» штабы құрылған. Отряд бағдарламасының мақсаты ОҚО-ның табиғатын қорғау заңдарын, қалалар мен аудандардағы табиғатты қорғаудағы экологиялық және оны көгалдандыру мәселелерін қамту болып табылады. Университет студенттері арасында жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында, студенттердің түрлі сала бойынша қызмет көрсете білуі үшін Жастар ісі жөніндегі Комитет (ЖІК) жұмыс жасайды. Университет факультеттерінде дебаттар, дөңгелек үтелдер, нашақорлықтың алдын алу, жемқорлық пен құқықбұзушылық жөніндегі семинарлар, Еңбек және ҰОС ардагерлерімен, интернационал әскерлерімен, ғылым және мәдениет қайраткерлерімен, ҰҚК, СІД, наркодиспансер, СПИД, СӨС насихаттау орталықта-рының қызметкерлерімен жүйелі түрде кездесулер өткізіп тұратын 20 клуб қызмет атқарады.Университет студенттерінің көркем-шығармашылық қабілеттерін, таным іс-әрекеттерін, рухани, өнегелі және физикалық потенциалын телінуі үшін қоғамдық мамандықтар факультеті (ҚМФ) жұмыс істейді.Бүгінгі таңда университеттің студент жастары республикалық және жергілікті ұйымдардың мүшелері ретінде, Қазақстанның өзін көрсете білу үрдісіндегі мемлекеттік жастар саясатына белсенді қатысады. 6500 студент жастар «Жастар Рухы», 3200 студент «Қазақстан студенттерінің Альянсы» атты жастар қозғалысының мүшелері болып табылады.Университетте университет әкімшілігімен, ішкі саясат бөлімімен, қоғамдық мамандықтар факультетімен, университеттің ақпарат орталығымен (газет, телестудия), студенттік кеңеспен, жатақханалармен, спорт кешендерімен, университет қызметкерлерінің кәсіподақтық комитетімен тығыз қарым-қатынас жасайтын «М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттік кәсіподақ комитеті» қызмет атқарады. Студенттік кәсіподақ комитеті жаппай мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мен қаржыландыруға белсенді түрде қатысады.Спорт, университет қызметінде ерекше орынға ие. Университетте жыл сайын күздік және көктемгі студенттік спартакиада, «Президенттік миля» атты денсаулық фестивалі, институтаралық түрлі спорт түрлерінен жарыстар, профессор-оқытушылардан құралған спартакиада, сонымен қатар Президенттік тест нормативтерін тапсыру өткізіледі. Студенттер үшін гимнастика, шейпинг, күрес, бокс, жеңіл атлетика және волейбол, баскетбол, үстел теннисі мен шұғылдануға арналған тренажерлық залдармен қамтылған арнайы «Денсаулық» және «Буревестник» спорт кешендері қызмет атқарады. Университетте жыл бойы жүзу бассейні жұмыс істейді. Студенттер мен ПОҚ абонементінің бассейнге түсу ақысы 50%-ға төмендетілген. Жазғы демалыста «Машат» және «Біргөлік» шатқалдарында орналасқан университеттік спорттық-шипалы лагерьлер жұмыс істейді.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Университеттің ресми сайты Мұрағатталған 7 қарашаның 2023 жылы. |
2017 жылғы Қысқы Универсиада шаңғы жарыстары 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында "Алатау" шаңғы-биатлон кешенінде өтті. 11 алтын ойнатылды.
## Медалистер
### Ерлер
### Әйелдер
### Микст
## Медаль есебі
## Дереккөздер |
2017 жылғы Қысқы Универсиада шаңғы қоссайысынан жарыстар 30 қаңтар мен 5 ақпан аралығында Алматыдағы Халықаралық "Сұңқар" шаңғы трамплиндерінің кешені, "Алатау"шаңғы-биатлон кешенінде өтті.
## Медалистер
## Медаль есебі
## Дереккөздер |
Олжас Бектенов үкіметі — Қазақстан үкіметінің 15-құрылымы, басшылығында премьер-министр Олжас Бектенов. Үкімет 2024 жылғы 6 ақпанда, Екінші Смайылов үкіметінің отставкасынан кейін құрылған еді. 6 ақпан күні, Мәжіліс депутаттарының 69–7 дауыс бергенінен кейін Бектенов премьер болып тағайындалған еді.
## Құрылуы
2024 жылғы 5 ақпанда президент Тоқаев премьер Әлихан Смайылов пен оның үкіметін қызметінен босатқан еді. Үкімет отставкасынан кейін Премьердің Бірінші орынбасары Роман Скляр премьер-министрдің міндетін атқарушысы болып тағайындалды.
Әдеттегідей, Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысы ұсынған жаңа үкімет басшысының кандидатурасына дауыс берді. Бектенов кандидатурасын Тоқаев та, биліктегі Аманат партиясы да қолдады. Мәжіліс дауыс беруі бойынша депутаттың 69 қолдаса, 7 дауыс беруден бас тартты. Дауыс беруден қалыс қалған депутаттар ЖСДП және ҚХП партиялардан болған.
Бектеновтің Бірінші орынбасары болып Роман Скляр тағайындалды. Үкімет құрылғанынан кейін премьердің басқа тағы 4 орынбасары тағайындалды: Ғалымжан Қойшыбаев, Тамара Дүйсенова, Серік Жұманғарин және Нұрлан Байбазаров. Бектенов министрлер кабинетінің көпшілігі өзгермеген; Екінші Смайылов үкіметінен салыстырғанда ол тек 4 жаңа министрмен ерекшеленді: Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Қаржы министрі Мәди Такиев және Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов.
2024 жылғы наурыз–сәуір аралығында Қазақстанның он облысын су басты. Сол себептен 31 наурызда Тоқаев жарлығы бойынша Қанат Бозымбаев Бектеновтің жетінші орынбасары болып тағайындалды; Бектеновтің өзі Бозымбаевтың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және су ресурстары саласындағы өңірлік саясатты, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелерін қадағалайтын болатынын айтты.
## Құрылымы
## Қосымша ақпарат
## Дереккөздер |
Муса Сулиман әл-Тамари (араб.: موسى سليمان التعمري; 10 маусым 1997 жыл, Амман) — иорданиялық футболшы, жартылай қорғаушы. 2023 жылғы Азия кубогының финалисі. 2019 жылғы Кипр чемпионы.
## Дереккөздер |
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті — Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде өзіндік тарихы мен тәжірибесі бар халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының бірі. Университет 1950 жылы 14 маусымда мұғалімдер институты ретінде ашылды. Алғашқы оқу жылында институтта 3 бөлім ашылып, әр бөлімде қазақ және орыс тілдерінде оқитын 50 студенттен 150 адам қабылданды.1955 жылы мұғалімдер институты педагогикалық институтқа айналды. 1994 жылы педагогика институты Атырау университеті болып құрылды. Осы жылы оқу орнына көрнекті қайраткер, ғұлама ғалым Халел Досмұхамедовтың есімі берілді. Жоғары оқу орны мемлекеттік аттестаттаудан өтіп, Қазақстанның батыс аймағында алғашқы аймақтық университет дәрежесіне ие болды. 2005 жылы оқу орнының білім берудегі бәсекеге қабілеттілігімен және әлемдік білім беру саласындағы талаптарды қамтамасыз етуге бағытталған Сапа менеджменті жүйесі енгізілді. Оқу орны «Mody International ertification» ұйымының «ИСО 9001-2000» және «Эксперттеу және сертификаттау ұлттық орталығы» АҚ-ның Батыс Қазақстандық филиалының сертификатына ие болды.
2007 жылы Университет ғалымдары Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жеткен жетістіктері үшін» сыйлығының жеңімпаздарын анықтау мақсатында болған «Алтын сапа» көрме байқауына қатысып, белсене қатысушы мекеме ретінде Алғыс хатқа ие болды. 2009 жылдың 18 қыркүйегінде (Болонья) университеттер Ұлы Хартиясына қол қойды, бұның өзі – университеттің қабілеттілігі мен мол дәстүрінің белгісі. 2010 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Ұлы Хартиясына біріккен 600 әлемдік университеттер қатарына енді.
Соның нәтижесінде университет Болон процесінің толық қатысушысы болып есептілді. Болон үдерісі талаптарына сәйкес білім алушылардың қос диплом алуларына, оқу орнын қысқа мерзімде бітіруге салалы университеттердің ішінде алтыншы орынға ие.
Түлектерді жұмысқа орналасу деңгейін арттыру және білікті мамандарға тапсырыстарды қанағаттандыру үшін жыл сайын жұмысқа орналасу жәрмеңкесі өтеді, оған аймақтағы отандық және шетелдік компаниялар, түрлі деңгейдегі банк өкілдері, облыстық білім беру департаментінің жауапты адамдары қатысады. «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыстар атқарылып келеді.2020 жылы маусым айында университет «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналды.
## Құрылымы
Университеттің 6 факультеті бар:
* Инновациялық білім беру факультеті
* Жаратылыстану ғылымдары факультеті
* Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті
* Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті
* Экономика және құқық факультеті
* Көптілді білім беру факультеті
Оларда 34 мамандық бойынша 7937 студент оқиды, (4542-сі күндізгі, ал 3395-і сырттай оқу бөлімдерінде). 43 кафедрада 560 оқытушы жұмыс істейді, оның 20-сы ғылым докторы, өздерін-өздері толық қаржыландыру (коммерциялық) топтарында 3222 студент оқиды. Университетте — Ресей, Түркия, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстаннан т.б. шет елдерден 50-ден астам студент білім алады. КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ә. Тұяқов, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Фариза Оңғарсынова, т.б. осы университеттің түлектері.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Ресми торабы
* Atyrau State University ...
* Күнделік порталы
* Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 60 ... |
Одил Сохибджонович Хамробеков (өзб. Odil Soxibjonovich Hamrobekov, Odiljon Soxibjon o'g'li Xamrobekov; 13 ақпан 1996, Шоркоргон, Наманган облысы) — өзбекстандық футболшы, Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Пахтакор" клубының жартылай қорғаушысы.
2019, 2023 жылдары Азия кубогына қатысты.
## Жүлделері
### Клубтық
Насаф
* Өзбекстан чемпионатының күміс жүлдегері (1): 2017
* Өзбекстан кубогы (1): 2015
* Өзбекстан кубогының финалисі (2): 2013, 2016
* Өзбекстан суперкубогы (1): 2016
Пахтакор
Өзбекстан чемпионы: 2019, 2020, 2021, 2022
Шабаб әл-Ахли
* БАӘ чемпионы: 2020–21
* БАӘ президенті кубогы: 2020–21
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Одил Сохибджонович Хамробеков (өзб. Odil Soxibjonovich Hamrobekov, Odiljon Soxibjon o'g'li Xamrobekov; 13 ақпан 1996, Шоркоргон, Наманган облысы) — өзбекстандық футболшы, Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Пахтакор" клубының жартылай қорғаушысы.
2019, 2023 жылдары Азия кубогына қатысты.
## Жүлделері
### Клубтық
Насаф
* Өзбекстан чемпионатының күміс жүлдегері (1): 2017
* Өзбекстан кубогы (1): 2015
* Өзбекстан кубогының финалисі (2): 2013, 2016
* Өзбекстан суперкубогы (1): 2016
Пахтакор
Өзбекстан чемпионы: 2019, 2020, 2021, 2022
Шабаб әл-Ахли
* БАӘ чемпионы: 2020–21
* БАӘ президенті кубогы: 2020–21
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Джассим Габер Абдулсалам (араб.: جاسم جابر عبد السلام; 20 ақпан 2002) — қатарлық футболшы, қорғаушы. 2023 жылғы Азия чемпионы.
## Дереккөздер |
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті (қысқаша Аманжолов университеті, ШҚУ не АУ) – көп жылдық тарихы бар Қазақстанның ескі университеттер қатарына кіретін, сондай-ақ, жаратылыстану және гуманитарлық бағытта білім беретін жоғары оқу орны.
* 1952 ж. Өскемен педагогикалық институты ретінде құрылған.
* 1991 ж. университет мәртебесі берілді.
* 2003 жылдан С.Аманжолов есімімен аталады.
Университетте бакалавриатта – 40, магистратурада – 18 мамандық бойынша кадр даярлау жүзеге асырылады. 2 ғылыми мамандық бойынша доктарантура, 12 ғылыми мамандықта аспирантура жұмыс істейді. Университет 1952 жылдан бері Қазақстанның шығыс өңірлері үшін 50 мыңнан аса маман даярлап шығарды. Қазіргі күні 8 факультеті мен көпсалалы колледжінде 11 мыңнан астам студент оқиды. 34 кафедрада 800-ден астам оқытушы еңбек етуде. Университеттің ғылыми және оқытушылық ұжымын қалыптастыруда елімізге белгілі ғалымдар: Е. Мәмбетқазиев, Ж.Уәлиев, А. Темірбеков, т.б. үлкен еңбек етті. Университеттің Моңғолияда шетелдік бөлімшесі жұмыс істейді. Университетте Н.Ә. Назарбаев атындағы Жоғары инновациялық білім беру технологиялар орталығы (ЖИБТО) ашылған. Оның негізгі мақсаты электронды оқу материалдарын, электронды кітапханалар, мультимедиалы зал, оқу бағдарламаларын, электронды оқыту құралдарын, т.б. дайындау болып табылады. Жалпы университеттік электронды ақпараттық желі және білім беру порталы жұмыс істейді. Университеттің 5 ғылыми-зертеу институтында, 4 ғылыми-зерттеу зертханасында, Түркітану орталығында негізгі және қолданбалы зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Университет бастамасымен жыл сайын облыстық “Мамандарды даярлау мен қайта даярлаудың өзекті мәселелері” атты ғылыми-практикалық семинарлар өткізіліп тұрады. Мемлекеттік тілді үйренудің тиімді тәсілдеріне арналған арнайы компьютерлік бағдарламалар енгізілген.
## Бүгінгі университет құрылымы
Құрамына 4 факультет кіреді:
* Экономика және құқық факультеті
* Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті
* Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті
* Психология, педагогика және мәдениет факультеті
### Университет бүгін
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті – еліміздің Шығыс аймағындағы алдыңғы қатарлы, ғылыми, әдістемелік жоғарғы оқу орындарының бірі. Университет білім берудің жаңа технологияларын пайдалана отырып, кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу базасын кеңейтіп, жоғары сапалы білім беру қызметтерін жүзеге асырады. Университет түлектері жұмыс нарығында бәсекеге сай және Қазақстанда, шетелдердің түрлі экономикалық салаларында қызмет етуде.
### Университет құрылымы
Университет құрылымы (2015 жылдан бастап): 4 факультет (жаратылыстану ғылымы, математика, физика және технологиялар; экономика және құқық факультеті; психология, педагогика және мәдениет факультеті, тарих, филология және халықаралық қатынас факультеті) және 19 кафедра. 4 факультетте 45 бакалавриат мамандығы бойынша, 30 магистратура және 3 докторантура мамандығында білім алуда. Университетте 400-ден астам жоғары білікті оқытушы қызмет етуде, оның 19-ы ғылым докторлары және 150-ден астамы ғылым кандидаттары мен Phd докторлары.Білім беруді интеграциялау мақсатында университетте жаңа ғылыми-зерттеу және ғылыми-білім беру құрылымдары ашылған. 2013-2014 оқу жылы «Алтайтану» ҒЗО; «Назарбаевтану»ҒБО; Ресей ғылымы мен мәдениеті орталығы; студенттер бастамалары орталығы; академик Зәки Ахметов атындағы шығармашылық зертхана ашылды. 2014-2015 оқу жылы Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының филиалы; сот отырысы залы; қылмыстық-атқару қызметі кабинеті; «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығы, ШҚО құрылуының мұражайы, G-Global халықаралық жобаларды іске асыру орталығы ашылды. 2015-2016 оқу жылы «Шығыс Қазақстанның өсімдіктерін эфир майларын идентификациялау» ғылыми жобасын іске асыру шеңберінде фитохимия зертханасы,студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталықтары ашылды.
### Университет құрылымдарының жұмысы
Университет құрылымдарының жұмысы 2014 жылдың 13 қарашасында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми кеңесі мен ЖОО-ның оқу және әкімшілік құрылымдарының жұмыс жоспарына сәйкес бекітілген «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 2015-2020 жж арналған даму стратегиясы» жоспары негізінде іске асырылуда. Университеттің міндеті: халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігінде университет ролін алдыңғы қатарлардан көрсету, Қазақстанның инновациялық дамуы үшін бәсекеге сай мамандарды даярлау.Университетте 2014 жылы SMART-университет енгізу және дайындық жұмыстары жүргізілуде. Университеттің техникалық регламентінің құжаттары бекітілген; университет ішінде электронды құжат айналымы жүргізілуде, ақпараттық-білім беру порталының жүйесі, қашықтықтан оқыту технологиясы қосылды; электронды форматқа көші білім беру бағдарламарын құру бойынша факультет декандарының, кафедра меңгерушілерінің қатысуымен семинарлар, коучингтер жүргізілді; Университетте 2014 жылы автономияға көші және корпоративтік басқару принциптерін енгізуге көшу Жоспары құрылды. Университете алыс және жақын шетел студенттері білім алуда.(Моңғолия, ҚХР, РФ, Өзбекстан және т.б.)
## Ғылыми және инновациялық жұмыстың негізгі бағыттары
ШҚМУ-да ғылыми-зерттеу жұмысы (Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхана, «Экология» ғылыми-зерттеу орталығы) «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы, «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталығы, біліктілікті растау орталығы, «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығы және университет кафедралары негіздерінде жүзеге асырылуда. Университеттің негізгі ғылыми бағыттары: Физика, нанотехнология,табиғи және технологиялық және әлеуметтік-экономикалық процесстерді математикалық үлгілеу аймағындағы фундаменталды зерттеулер.Шығыс Қазақстанның генетикалық ресурстарын пайдалану және толықтыру үшін дәнді дақылдар биотехнологиясын құру.
Шығыс Қазақстанның флорасы мен фаунасының мәселелерін зерттеу және аймақтың био әртүрлілігін сақтау. Алтай, Шығыс Қазақстанның және жалпы аймақтың әдеби мұрасының тарихы мен мәдениетін зерттеу.Университеттің ғылыми-зерттеу жұмысы фундаменталды, ғылыми зерттеу және инновациялық, ғылыми-техникалық жұмысты дамытуға бағытталған.Жылдан жылға университет студенттері әр түрлі деңгейдегі сайыстар, олимпиадалар мен конференциялардың лауреаттары және жеңімпаздары атануда.
## Халықаралық байланыс
Университеттегі халықаралық байланыс белді мемлекетаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға, алыс және жақын шетелдердің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен қатынас орнатуға бағытталған. 2015-2016 оқу жылы университет 71 Халықаралық келісімге қол қойған.ШҚМУ серіктестері арасында Ресей, Қырғызстан, Беларусия, Түркия, Германия, Поляк Республикасы, Чехия, Франция, Швейцария, Қытай, БАӘ, Оңтүстік Корея, Моңғолия және АҚШ бар. Халықаралық байланыстың негізгі бағыты біріккен білім беру бағдарламаларын іске асыру, шетел мемлекеттеріндегі оқу орындарында тәжірибеден өтіп, 2 диплом алу мүмкіндігін беру. Бүгінде университетекі дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша Оңтүстік Кореяның университеттерімен (Джиогсанг Ұлттық университеті, Ченгджу Университеті), Қытай, Польша (Адам Мицкевич атындағы Университет, Вроцлав университеті), және Ресей Федерациясы (Ползунов атындағы Алтай университеті, Алтай мемлекеттік университеті және т.б.)Университет бес халықаралық Ассоцияцияның мүшесі болып табылады: Еуразиялық университеттер Ассоцияциясы, Халықаралық Жоғарғы Академиялық мектеп, университеттер Ұлы хартиясы, «Алтай – біздің ортақ үйіміз» Халықаралық координациялық кеңесі, Азиялық Университеттер Ассоцияциясы.
## Кәсіптік бағдар жұмысы
Кәсіптік бағдар жұмысы – университеттің студенттерді сапалы контингентпен қамтуды ұйымдастырудағы негізгі бағыттарының бірі. Маркетинг және оқу орнына дейінгі дайындық Орталығы факультет декандарымен, кафедралармен және профессорлық-оқытушылық құраммен бірлесіп университете кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастырады. 2014 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен ШҚО Білім басқармасы арасында ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. ШҚО Білім мекемелерімен серіктестік және іс-қимылдың жаңа формалары дамуда: Университеттің базалық мектептерінде «Шығыстың алтын қоры» кәсіби бағдар орталықтары жүйесін құру;Униеверситеттің профессорлық-оқытушылар құрамының дайындауымен түлектер ҰБТ-ға дайындалатын «Өсу орталығы» құрылуы;Мектептегі туризмнің дамуы, университете білім беру турларын өткізу;Оқушылар үшін қосымша білім беру жобаларын іске асыру; ШҚО ББ-мен тығыз байланыс орнату мақсатында мектеп оқушылары үшін олимпиадалар өткізілуде. Мектеп аралық пәндер арасында аймақтық және облыстық олимпиадалар химия, қаза тілі, ағылшын тілі, биология, математика және физика пәндері бойынша өткізіледі.
### Тәрбие жұмысы
Университетте дәстүрлі түрде «ШҚМУ аруы», «Студенттік көктем», «Бірінші курс таланттары», «Би сайысы», «Counter-strike» компьютерлік ойыны форматындағы киберспорттан университет чемпионаты және т.б.Студенттер «Жас Отан» ЖҚ, «Жастар лигасы» АҚ ұйымдастыратын «Жастар Отанға!», «Болашақ - біздің қолымызда», «Жастар салауатты өмір салты үшін», «Жемқорлыққа жол жоқ», «Қан тапсырып, адам өмірін сақта», «Дипломмен ауылға!», «Жасыл ел» және т.б. сынды әлеуметтік-маңызды жобаларға қатысады.
Университет студенттері спорттада жоғары көрсеткіштер көрсетуде. Бүгінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де 21 спорт секциясы жұмыс істеп тұр. Олар: футбол, волейбол, қол күресі, бадминтон, қысқы және жазғы президенттік күрсе, жеңіл атлетика, спорттық бағдар, баскетбол, гір көтеру және т.б. алаңдары бар.
## Дереккөздер
* Университеттің ресми сайты Мұрағатталған 26 мамырдың 2016 жылы. |
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (ҚазАТЗУ) — ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын Астана қаласындағы жоғары оқу орны. Орталық және Солтүстік Қазақстан өңіріндегі ірі аграрлық білім ордасы, астанамыздың алғашқы жоғары оқу орны - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті 1957 жылы Ақмола ауылшаруашылық институты ретінде құрылды (КСРО Министрліктер Кеңесінің 3.10.1957 жылғы №1176 Қаулысы). Бүгінде университет агротехникалық деп аталғанымен, тар бағытты емес, керісінше, көп бейінді білім ордасы болып табылады: ауылшаруашылық және техникалық бағыттағы мамандықтардан басқа білім беру, өнер, қызмет көрсету, әлеуметтік игілік және бизнес бағытындағы мамандар даярланады. Университеттің астананың ежелгі оқу орны ретінде өзіндік ғылыми мектебі бар, сол мектептің негізінде қазіргі профессорлық-оқытушылар құрамы қалыптасқан.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті – біртұтас еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға негіз болатын Университеттердің Ұлы Хартиясының тең мүшесі. Жарты ғасырдан астам уақытта еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің түрлі саласына 50 мыңға жуық жоғары білікті мамандар даярланды. Олар табанды еңбектерімен мемлекет экономикасын дамытуға лайықты үлес қосты және қосып келеді. Университет өз түлектерін мақтан етеді. Олардың арасында ҚР Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, елшілер, көрнекі ғалымдар, ғылым докторлары мен кандидаттары, облыс, қала, аудан әкімдері, ірі кәсіпорындар мен агроқұрылымдардың басшылары, халық шаруашылығы салаларының мамандары бар.
Оқу орны еліміздің білім-ғылым саласында ғана емес, шетелдік білім кеңістігінде жоғары беделге ие. Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Түркия, Италия, Израил, Қытай, Моңғолия, Малайзия т.б. елдердің бірқатар білім және ғылым орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Университет бүгінде көптеген көрсеткіштер бойынша елорданың ғана емес, жалпы еліміздің білім ордалары арасында көшбасшы болып табылады, ол еліміздің отыз техникалық оқу орындарының арасында үздік үштік қатарында.
9 факультетте 6000-нан аса студент оқиды, университетте 20 ғылым доктор, проффесор, 150 ғылым кандидаттар мен доцент дәріс береді (1998). Өсімдік шаруашылығында өнім өндірудің интенсивті технологиясы агротәсілдерін жасау, мал басын аман сақтау және олардың өнімділігін арттыру жолдары, агроөнеркәсіп кешенінің экономика-ұйымдастыру және әлеуметтік мәселелері, ауыл шаруашылық өндірісін инженер-техника жағынан қамтамасыз ету, жеке тұлғаның ойлау жүйесін қалыптастыру бағыттарында ғылыми-зертттеу жұмыстарын жүргізеді.
Университетте 3 диссертация кеңес және 20 мамандық бойынша аспирантура жұмыс істейді. АҚШ, Германия, Англия, Италия оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен байланыс орнатылған.
## Университет тарихы
Орталық және Солтүстік Қазақстан өңіріндегі ірі аграрлық білім ордасы, астанамыздың алғашқы жәңе ең ежелгі жоғары оқу орны - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті 1957 жылы Ақмола ауылшаруашылық институты ретінде құрылды (КСРО Министрліктер Кеңесінің 3.10.1957 жылғы №1176 Қаулысы). Бүгінде университет агротехникалық деп аталғанымен, тар бағытты емес, керісінше, көп бейінді білім ордасы болып табылады: ауылшаруашылық және техникалық бағыттағы мамандықтардан басқа білім беру, өнер, қызмет көрсету, әлеуметтік игілік және бизнес бағытындағы мамандар даярланады. Университеттің астананың ежелгі оқу орны ретінде өзіндік ғылыми мектебі бар, сол мектептің негізінде қазіргі профессорлық-оқытушылар құрамы қалыптасқан. Университет бүгінде жоғарғы оқу орнында және жоғарғы оқу орнынан кейінгі дайындық жүйесі бар біртұтас оқу – ғылыми – әдістемелік кешенді құрайды. Қазіргі кезде университетте 43 кафедра бар. Қазіргі кезде университеттің сегіз факультететінде 10000-ға жуық студент жаратылыс ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар және бизнес, гуманитарлық, техникалық, ауылшаруашылық, білім беру ғылымдары болып жіктелетін мамандықтар тобы бойынша 37 бакалавриат, 24 магистратура, 6 PhD докторантура мамандықтары бойынша білім алуда. Сонымен қатар 5 бакалавриат, 3 магистратура мамандықтары бойынша көптілді оқу үрдісі жүзеге асырылуда. Білім бері үдерісін 650 оқытушы, оның ішінде 353 ғылым докторы мен кандидаты жүргізеді. Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми әлеуеті 35,8% құрайды, олар оқытудың жаңа прогрессивтік формаларын дамыту мақсатында қызмет жасауда. Университет ғалымдары аймақтық, республикалық салалық және сала аралық ғылыми бағдарламаларға қатысады. Ғылыми жобалар саны 30-дан 45-ке жетті, ғылымды қаржыландыру 3 есеге артып, 251 млн теңгеден асты. Thomson Reuters агенттігімен «ҚАТУ Ғылым жаршысы» журналы индексі нөлден жоғары ғылыми басылым ретінде танылған.Жарты ғасырдан астам уақытта еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің түрлі саласына 55 мыңға жуық жоғары білікті мамандар даярланды. Олар табанды еңбектерімен мемлекет экономикасын дамытуға лайықты үлес қосты және қосып келеді. Университет өз түлектерін мақтан етеді. Олардың арасында ҚР Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, елшілер, көрнекі ғалымдар, ғылым докторлары мен кандидаттары, облыс, қала, аудан әкімдері, ірі кәсіпорындар мен агроқұрылымдардың басшылары, халық шаруашылығы салаларының мамандары бар. Университет білім беруде келесі бағыттарға басымдық береді: экономиканың аграрлық саласына сапалы мамандар дайындау, оқу орнының рейтингі мен бәсекеге қабілеттілігін Республика деңгейінде, сонымен қатар халықаралық деңгейде арттыру, әлемдік білім және ғылым кеңістігіне ойдағыдай қауымдасу. Оларды жүзеге асыру үшін университет қазіргі заманғы басқару жүйесін, оқытудың жаңа технологияларын енгізуде, материалдық-техникалық базасын нығайтты, өндіріс орындармен, жұмыс берушілермен, ғылыми зерттеу институттары және орталықтармен өзара ынтымақтастықтың тиімді жүйесін қалыптастырды, ғылыми базасын нығайтуда. ҚазАТЗУ халықаралық стандарттар бойынша институционалдық аккредитация мен мемлекеттік аттестаттаудан ойдағыдай өтті, қазіргі уақытта халықаралық аккредитациядан өтуге дайындалуда.Университет бүгінде көптеген көрсеткіштер бойынша елорданың ғана емес, жалпы еліміздің білім ордалары арасында көшбасшы болып табылады, ол еліміздің отыз техникалық оқу орындарының арасында үздік үштік қатарында.Оқу орны еліміздің білім-ғылым саласында ғана емес, шетелдік білім кеңістігінде жоғары беделге ие. Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Түркия, Италия, Израил, Қытай, Моңғолия, Малайзия, Чехия, Польша т.б. елдердің бірқатар білім және ғылым орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті – біртұтас еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға негіз болатын Университеттердің Ұлы Хартиясының тең мүшесі. Университеттің барлық құрылымдарын компьютерлендірумен байланысты алдыңғы қатарлы оқыту технологиялары енгізілуде. Осының бәрі әлемдік білім беру жүйесіне нәтижелі қауымдасуымызға мүмкіндік жасайды.Университеттің материалдық – техникалық базасы, әдістемелік қамтамасыз етілуі және ғылыми – педагогикалық потенциалы өлшеусіз өсті. Алғашқы рет жұмыс берушілердің белсенді қатысуымен 60 мамандық бойынша модульді білім берудің оқу бағдарламалары дайындалды. Университеттің материалдық – техникалық базасын одан әрі кеңейту мақсатында 8 инвестициялық жоба дайындалған. QS агенттігінің зерттеулері бойынша ҚазАТЗУ 601+ әлем университеттерінің рейтингіне 8 қазақстандық университеттің бірі болып енді.
## Факултеттер
* Агрономия факультеті
1957 жылы ашылған.Факультет 5В080100 - «Агрономия», 5В080700 - «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», 5В080800 - «Топырақтану және агрохимия», 5В0608 - «Экология», 5В081100 - «Өсімдік қорғау және карантині» мамандықтары бойынша бакалавр мамандарын даярлайды. Факультетте 6М080100 - «Агрономия», 6М080700 - «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», 6М080800 - «Топырақтану және агрохимия», 6М070100 - «Биотехнология» мамандықтары бойынша магистрлер дайындалады. 6D080100 - «Агрономия» мамандығы бойынша PhD докторлар дайындайды.Факультеттегі «Топырақ мұражайы» солтүстік және орталық аймақтардағы бірегей мұражай болып табылады.Факультетте дән сапасын бағалау; тұқымтану; биотехнология; агрохимия; диагностика және өсімдіктердің микроклональдық көбеюі; мал азығын өндіру; ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері мен аурулары коллекциясы; өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу технологияларының ғылыми зертханалары бар.
* Сәулет өнері факультеті
1965 жылы құрылған.1992 жылы сәулет өнері факультеті әлемнің танымал болған сәулет өнері мектептерінің каталогына енгізілді.Мамандарды дайындау мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына негізделіп, 5В042000 – «Сәулет»; 5В042100 – «Дизайн» мамандықтары бойынша күндізгі оқыту бөлімдерінде жүргізіледі. 6М042000 - «Сәулет» мамандығы бойынша магистрлер дайындалады.
* Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті
1964 жылы негізі қаланған.Факультет 5В120100 - «Ветеринарлық медицина», 5В120200 - «Ветеринарлық санитария» мамандықтары бойынша маман және 5В070100 - «Биотехнология», 5В080200 - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», 5В080300 - «Аңшылықтану және аң шаруашылығы», 5В080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», 5В072700 - «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандықтары бойынша бакалаврлар даярлайды. Факультетте 6М080200 - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», 6М080300 - «Аңшылықтану және аң шаруашылығы», 6М080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», 6М120100 - «Ветеринарлық медицина», 6М120200 - «Ветеринарлық санитария» мамандықтары бойынша магистрлер дайындалады. 6D080200 - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», 6D120100 - «Ветеринарлық медицина», 6D120200 - «Ветеринарлық санитария» мамандықтары бойынша PhD докторлар дайындайды.Факультетте паразитология, акушерлік және хирургия мұражайлары, биотехнология, мал азықтандыру, сүт өңдеу, токсидермия, ветеринарлық сараптау зертханалары, балық өсіру цехы жұмыс істейді.
* Жерге орналастыру факультеті
1957 жылы ұйымдастырылған.Факультет 5В090300 - «Жерге орналастыру», 5В090700 - «Кадастр», 5В090800 – «Бағалау», 5В071100 «Геодезия және картография» мамандықтары бойынша бакалаврлар даярлайды. Факультетте 6М090300 - «Жерге орналастыру», 6М090700 - «Кадастр».мамандықтары бойынша магистратура ашылған. Факультетте университетіміздің бірінші ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор М.А.Гендельман атындағы мұражай бар.
* Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті
Факультет 1985 жылдан бастап жеке факультет ретінде жұмыс істейді.Факультет 5В012000 - «Кәсіптік білім», 5В070300 - «Ақпараттық жүйелер», 5В070400 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша бакалаврлар дайындайды.Факультетте 6М0120 - «Кәсіптік білім», 6М070300 - «Ақпараттық жүйелер», 6М070400 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»мамандықтары бойынша магистрлер дайындалады.
* Техникалық факультет
1957 жылы құрылған.Факультетте 5В080600 - «Аграрлық техника және технологиялар», 5В073200 - «Стандарттау, сертификаттау және метрология», 5В071300 - «Көлік, көлік техникасы және технологиялары», 5В072400 - «Технологиялық машиналар мен жабдықтар», 5В090100 - «Көлікті пайдалану және жол қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», 5В072800 - «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандықтары бойынша бакалаврлар дайындалады.Факультет 6М080600 – «Аграрлық техника және технологиялар», 6М073200 - «Стандарттау және сертификаттау» мамандықтары бойынша магистрлер дайындайды. 6D080600 - «Аграрлық техника және технологиялар» мамандығы бойынша PhD докторлар дайындайды.Оқу үрдісінде лабораториялық қондырғылармен жабдықталған аудиториялар және жаңа үлгідегі ауыл шаруашылық техникалары қолданылады.
* Энергетикалық факультет
1965 жылы ұйымдастырылған.Факультет 5В071800 – «Электр энергетикасы», 5В071700 – «Жылу энергетикасы», 5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», 5В081200 - «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша бакалаврлар даярлайды. Факультет 6М071800 – «Электр энергетикасы», 6М071700 – «Жылу энергетикасы», 6М071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандықтары бойынша магистрлер дайындайды.2008 жылдан бастап факультет базасында энергия үнемдеу технологиялары орталығы ашылған, телекоммуникациялар саласындағы жаңа технологиялар бойынша заманауи ғылыми-зерттеу зертханалары жұмыс істейді.
* Экономика факультеті
1960 жылы негізі қаланған.Факультет 5В050600 - «Экономика», 5В050700 - «Менеджмент», 5В050800 - «Есеп және аудит», 5В050900 - «Қаржы», 5В051100 - «Маркетинг», 5В090400 - «Әлеуметтік – мәдени сервис» мамандықтары бойынша бакалаврлар дайындайды.Факультетте 6М050600 - «Экономика», 6М050700 - «Менеджмент», мамандануы «Аграрлық менеджмент», 6М050900 - «Қаржы», 6М051100 - «Маркетинг» мамандықтары бойынша магистратура жұмыс істейді. 6D050600 - «Экономика» мамандығы бойынша PhD докторлар дайындайды.Факультетте интерактивті тақтасы бар кабинет және әдістемелік кабинет жұмыс істейді.
* Сырттай оқу факультеті
1959 жылы құрылған. Қазіргі уақытта факультетте жаңа үлгідегі ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдануға негізделген қашықтықтан (дистанциялық) оқыту үрдісі енгізілуде. Мамандандырудың барлық бағыттары бойынша кейстік технологиялардың оқу-әдістемелік кешендері әзірленген.
* Әскери кафедра
Әскери кафедра 1965 жылдан бастап тұрақты жұмыс істеп келеді. Университет студенттері жоғары білім алумен қатар, әскери дайындықтан өтіп, мотоатқыш және әскери автомобиль түрлері бойынша лейтенант атағын алып шығады
## Оқу орнын әр жылдарда басқарған тұлғалар
* директор Т.Г.Духов (1958 ж. ақпан - 1961 ж. мамыр) – техника ғылымдарының кандидаты, доцент;
ректорлар:
* М.А.Гендельман (1961 ж. мамыр - 1982 ж. қараша) – экономика ғылымдарының докторы, профессор;
* К.Ә.Сағадиев (1982 ж. желтоқсан – 1990 ж. қараша) - экономика ғылымдарының докторы, профессор;
* Я.Я.Мауль (1991 ж. ақпан – 1993 ж. қазан) - экономика ғылымдарының докторы, профессор;
* Б.Ө.Әлімжанов (1993 ж. қазан – 2004 ж. қазан) – ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор;
* А.Қ.Бұлашев (2004 ж. қараша – 2011 ж. қараша) – ветеринария ғылымдарының докторы, профессор.
* А.Қ. Күрішбаев (2011 жылдың қараша айынан бері) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ауыл шаруашылығы ғылымы академиясының академигі.
## Тарих беттеріне қысқаша шолу
* 1957 ж. – Ақмола ауылшаруашылық институты құрылды (КСРО Министрлер Кеңесінің 3.10.1957 ж. №1176 Қаулысы);
* 1996 ж. – институт Ақмола аграрлық университеті болып қайта құрылып, оған Сәкен Сейфуллин есімі берілді (ҚР Үкіметінің 7.05.1996 ж. №573 Қаулысы);
* 2001 ж. – университет С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеті мәртебесіне ие болды (ҚР Үкіметінің 15.06.2001 ж. №821 Қаулысы);
* 2004 ж. – университет «С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды (ҚР Үкіметінің 03.08.2004 ж. №829 Қаулысы).
* 2007 ж. – университет ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қарамағына беріліп, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды (ҚР Үкіметінің 22.05.2007 ж. №409 Қаулысы).
* ҚазАТУ Республиканың жоғары оқу орындары арасында ең алғашқылардың бірі болып «Русский Регистр» және IQNet (Сертификаттау бойынша Халықаралық желі) сертификаттау жүйесіндегі ИСО 9001:2000 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес аудит тексерісінен өтіп, 2005 жылғы 18 сәуірде № 000340 куәлігіне ие болды.
## Еншілес ұйымдары
* Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты (Ақмола облысы, Щучинск қаласы)
* А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы (Ақмола облысы, Научный кенті)
* Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы (Солтүстік Қазақстан облысы, Шағалалы ауылы)
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Аграрлық университет бестігі сайлауда дауыс береді | Астана ..(қолжетпейтін сілтеме) |
Сандистер Тей — Ганалық БАҚ маманы, 2020 жылдың қазан айында Уикипедия негізін қалаушы Джимми Уэйлс "Жыл Уикимедиашысы" деп атады. Ол Wikimedia Ghana пайдаланушылар тобының негізін қалаушы және белсенді волонтер болып табылады.
## Ерте өмірі және білімі
Тей Гананың Аккра қаласында дүниеге келген. Ол Ахимота мектебіне, кейінірек Гана университетіне барды, онда география мамандығы бойынша білім алды және 2013 жылы Кардифф университетінде халықаралық журналистика магистрі дәрежесін алу үшін Tullow Group стипендиясына ие болды.
## Басқа жұмыстары
Уэльсте болған кезде оған депрессия диагнозы қойылды және оның кейінгі емі оның көңіл-күйін де, бағаларын да жақсартуға көмектесті; содан кейін депрессиямен күрескен жылдардан кейін көңіл-күйі бұзылған адамдарға арналған Purple People, психикалық денсаулықты қолдау тобын (қазір белсенді емес) құрды.
## Уикимедиадағы белсенділігі
Тей 2012 жылы құрылған Гана Уикимедиашылары қауымдастығының Ганалық уикимедиашылардың қатысушылар тобы (ағылш. Wikimedia Ghana User Group) негізін қалаушы болып табылады. Оның ондағы ерікті жұмысы Уикипедия қатысушыларды жалдау және басқа да ақпараттандыру шараларын қамтыды. Ол сонымен қатар 2018 жылы re:publica Accra сайтында Ганадағы Панорама еркіндігі туралы петицияны бастау науқанын бастауға көмектесті.
Ол Уикипедиядағы африкалық мазмұнды көбейту жолдары туралы 2012 Wikimania ұйымдастырушыларымен кеңесу үшін Вашингтондағы Уикимедиа Гана қатысуушылар тобының өкілі болды. Келесі жылы ол африкалық редакторлардың ресми кездесуінің бөлігі ретінде Гонконгтағы Wikimania-ға қатысып, Ганадағы мұндай кездесуге қатысқан алғашқы әйел болды. Ол Берлиндегі Wikimedia Summit 2019-қа қатысып, Уикимедиа жобаларында африкалық тақырыптарды қамтуды ұлғайтуға ықпал етті. Оның басты мақсаттарының бірі «қайтадан сәйкес келу» және «әртүрлі перспективаларды бастан кешіру» болды.
Оны 2020 жылдың 15 қазанында Уикипедия негізін қалаушы Джимми Уэйлс YouTube және Facebook желісінде тікелей эфирде «Жыл Уикимедиашысы» деп атады. Тей Уикимедиа жобаларының Ганадағы COVID-19 пандемиясын көрсетуге қосқан үлесі үшін, ол жердегі пандемияның салдарын тұрақты түрде есепке алуға көмектескені үшін жоғары бағаланды. Саяхатқа қойылған шектеулерге байланысты Уэльс сыйлықты Тейге стандартты тәжірибеге сәйкес жеткізе алмады, оның орнына онымен таңқаларлық Zoom қоңырауында сөйлесті.
## Мансапы
Кардифф университетінде магистратурадан кейін Тей 2014 жылы Al Jazeera сандық арнасының AJ+ арнасына қосылды. Кейінірек Joy FM-де әлеуметтік медиа менеджері ретінде қысқаша жұмыс істеді және Citi FM-ге мультимедиялық журналист ретінде ауысты.
Тей кейінірек Трафик даңғылы шоуына Джессика Опаре-Сафороға көмекші ретінде қосылды. Сонымен қатар марапатқа ие болған Citi таңғы ас шоуында Техникалық және әлеуметтік медиа трендтерінің жүргізушісі болды.
Citi-ден кеткенге дейін Citi FM және Citi TV бағдарламалар менеджерінің орынбасары болды.
Телерадио хабарларындағы рөлдерден басқа, Тей сонымен қатар жас африкалық көшбасшылар бастамасы, Америка дауысы, Аккра мэрінің кеңсесі үшін оқытуға көмектескен цифрлық медиа жаттықтырушысы болды.
Тей Уикимедиа қорында 2021 жылдан бері жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті (қысқаша Аманжолов университеті, ШҚУ не АУ) – көп жылдық тарихы бар Қазақстанның ескі университеттер қатарына кіретін, сондай-ақ, жаратылыстану және гуманитарлық бағытта білім беретін жоғары оқу орны.
* 1952 ж. Өскемен педагогикалық институты ретінде құрылған.
* 1991 ж. университет мәртебесі берілді.
* 2003 жылдан С.Аманжолов есімімен аталады.
Университетте бакалавриатта – 40, магистратурада – 18 мамандық бойынша кадр даярлау жүзеге асырылады. 2 ғылыми мамандық бойынша доктарантура, 12 ғылыми мамандықта аспирантура жұмыс істейді. Университет 1952 жылдан бері Қазақстанның шығыс өңірлері үшін 50 мыңнан аса маман даярлап шығарды. Қазіргі күні 8 факультеті мен көпсалалы колледжінде 11 мыңнан астам студент оқиды. 34 кафедрада 800-ден астам оқытушы еңбек етуде. Университеттің ғылыми және оқытушылық ұжымын қалыптастыруда елімізге белгілі ғалымдар: Е. Мәмбетқазиев, Ж.Уәлиев, А. Темірбеков, т.б. үлкен еңбек етті. Университеттің Моңғолияда шетелдік бөлімшесі жұмыс істейді. Университетте Н.Ә. Назарбаев атындағы Жоғары инновациялық білім беру технологиялар орталығы (ЖИБТО) ашылған. Оның негізгі мақсаты электронды оқу материалдарын, электронды кітапханалар, мультимедиалы зал, оқу бағдарламаларын, электронды оқыту құралдарын, т.б. дайындау болып табылады. Жалпы университеттік электронды ақпараттық желі және білім беру порталы жұмыс істейді. Университеттің 5 ғылыми-зертеу институтында, 4 ғылыми-зерттеу зертханасында, Түркітану орталығында негізгі және қолданбалы зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Университет бастамасымен жыл сайын облыстық “Мамандарды даярлау мен қайта даярлаудың өзекті мәселелері” атты ғылыми-практикалық семинарлар өткізіліп тұрады. Мемлекеттік тілді үйренудің тиімді тәсілдеріне арналған арнайы компьютерлік бағдарламалар енгізілген.
## Бүгінгі университет құрылымы
Құрамына 4 факультет кіреді:
* Экономика және құқық факультеті
* Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті
* Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті
* Психология, педагогика және мәдениет факультеті
### Университет бүгін
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті – еліміздің Шығыс аймағындағы алдыңғы қатарлы, ғылыми, әдістемелік жоғарғы оқу орындарының бірі. Университет білім берудің жаңа технологияларын пайдалана отырып, кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу базасын кеңейтіп, жоғары сапалы білім беру қызметтерін жүзеге асырады. Университет түлектері жұмыс нарығында бәсекеге сай және Қазақстанда, шетелдердің түрлі экономикалық салаларында қызмет етуде.
### Университет құрылымы
Университет құрылымы (2015 жылдан бастап): 4 факультет (жаратылыстану ғылымы, математика, физика және технологиялар; экономика және құқық факультеті; психология, педагогика және мәдениет факультеті, тарих, филология және халықаралық қатынас факультеті) және 19 кафедра. 4 факультетте 45 бакалавриат мамандығы бойынша, 30 магистратура және 3 докторантура мамандығында білім алуда. Университетте 400-ден астам жоғары білікті оқытушы қызмет етуде, оның 19-ы ғылым докторлары және 150-ден астамы ғылым кандидаттары мен Phd докторлары.Білім беруді интеграциялау мақсатында университетте жаңа ғылыми-зерттеу және ғылыми-білім беру құрылымдары ашылған. 2013-2014 оқу жылы «Алтайтану» ҒЗО; «Назарбаевтану»ҒБО; Ресей ғылымы мен мәдениеті орталығы; студенттер бастамалары орталығы; академик Зәки Ахметов атындағы шығармашылық зертхана ашылды. 2014-2015 оқу жылы Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының филиалы; сот отырысы залы; қылмыстық-атқару қызметі кабинеті; «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығы, ШҚО құрылуының мұражайы, G-Global халықаралық жобаларды іске асыру орталығы ашылды. 2015-2016 оқу жылы «Шығыс Қазақстанның өсімдіктерін эфир майларын идентификациялау» ғылыми жобасын іске асыру шеңберінде фитохимия зертханасы,студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталықтары ашылды.
### Университет құрылымдарының жұмысы
Университет құрылымдарының жұмысы 2014 жылдың 13 қарашасында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми кеңесі мен ЖОО-ның оқу және әкімшілік құрылымдарының жұмыс жоспарына сәйкес бекітілген «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 2015-2020 жж арналған даму стратегиясы» жоспары негізінде іске асырылуда. Университеттің міндеті: халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігінде университет ролін алдыңғы қатарлардан көрсету, Қазақстанның инновациялық дамуы үшін бәсекеге сай мамандарды даярлау.Университетте 2014 жылы SMART-университет енгізу және дайындық жұмыстары жүргізілуде. Университеттің техникалық регламентінің құжаттары бекітілген; университет ішінде электронды құжат айналымы жүргізілуде, ақпараттық-білім беру порталының жүйесі, қашықтықтан оқыту технологиясы қосылды; электронды форматқа көші білім беру бағдарламарын құру бойынша факультет декандарының, кафедра меңгерушілерінің қатысуымен семинарлар, коучингтер жүргізілді; Университетте 2014 жылы автономияға көші және корпоративтік басқару принциптерін енгізуге көшу Жоспары құрылды. Университете алыс және жақын шетел студенттері білім алуда.(Моңғолия, ҚХР, РФ, Өзбекстан және т.б.)
## Ғылыми және инновациялық жұмыстың негізгі бағыттары
ШҚМУ-да ғылыми-зерттеу жұмысы (Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхана, «Экология» ғылыми-зерттеу орталығы) «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы, «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталығы, біліктілікті растау орталығы, «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығы және университет кафедралары негіздерінде жүзеге асырылуда. Университеттің негізгі ғылыми бағыттары: Физика, нанотехнология,табиғи және технологиялық және әлеуметтік-экономикалық процесстерді математикалық үлгілеу аймағындағы фундаменталды зерттеулер.Шығыс Қазақстанның генетикалық ресурстарын пайдалану және толықтыру үшін дәнді дақылдар биотехнологиясын құру.
Шығыс Қазақстанның флорасы мен фаунасының мәселелерін зерттеу және аймақтың био әртүрлілігін сақтау. Алтай, Шығыс Қазақстанның және жалпы аймақтың әдеби мұрасының тарихы мен мәдениетін зерттеу.Университеттің ғылыми-зерттеу жұмысы фундаменталды, ғылыми зерттеу және инновациялық, ғылыми-техникалық жұмысты дамытуға бағытталған.Жылдан жылға университет студенттері әр түрлі деңгейдегі сайыстар, олимпиадалар мен конференциялардың лауреаттары және жеңімпаздары атануда.
## Халықаралық байланыс
Университеттегі халықаралық байланыс белді мемлекетаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға, алыс және жақын шетелдердің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен қатынас орнатуға бағытталған. 2015-2016 оқу жылы университет 71 Халықаралық келісімге қол қойған.ШҚМУ серіктестері арасында Ресей, Қырғызстан, Беларусия, Түркия, Германия, Поляк Республикасы, Чехия, Франция, Швейцария, Қытай, БАӘ, Оңтүстік Корея, Моңғолия және АҚШ бар. Халықаралық байланыстың негізгі бағыты біріккен білім беру бағдарламаларын іске асыру, шетел мемлекеттеріндегі оқу орындарында тәжірибеден өтіп, 2 диплом алу мүмкіндігін беру. Бүгінде университетекі дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша Оңтүстік Кореяның университеттерімен (Джиогсанг Ұлттық университеті, Ченгджу Университеті), Қытай, Польша (Адам Мицкевич атындағы Университет, Вроцлав университеті), және Ресей Федерациясы (Ползунов атындағы Алтай университеті, Алтай мемлекеттік университеті және т.б.)Университет бес халықаралық Ассоцияцияның мүшесі болып табылады: Еуразиялық университеттер Ассоцияциясы, Халықаралық Жоғарғы Академиялық мектеп, университеттер Ұлы хартиясы, «Алтай – біздің ортақ үйіміз» Халықаралық координациялық кеңесі, Азиялық Университеттер Ассоцияциясы.
## Кәсіптік бағдар жұмысы
Кәсіптік бағдар жұмысы – университеттің студенттерді сапалы контингентпен қамтуды ұйымдастырудағы негізгі бағыттарының бірі. Маркетинг және оқу орнына дейінгі дайындық Орталығы факультет декандарымен, кафедралармен және профессорлық-оқытушылық құраммен бірлесіп университете кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастырады. 2014 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен ШҚО Білім басқармасы арасында ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. ШҚО Білім мекемелерімен серіктестік және іс-қимылдың жаңа формалары дамуда: Университеттің базалық мектептерінде «Шығыстың алтын қоры» кәсіби бағдар орталықтары жүйесін құру;Униеверситеттің профессорлық-оқытушылар құрамының дайындауымен түлектер ҰБТ-ға дайындалатын «Өсу орталығы» құрылуы;Мектептегі туризмнің дамуы, университете білім беру турларын өткізу;Оқушылар үшін қосымша білім беру жобаларын іске асыру; ШҚО ББ-мен тығыз байланыс орнату мақсатында мектеп оқушылары үшін олимпиадалар өткізілуде. Мектеп аралық пәндер арасында аймақтық және облыстық олимпиадалар химия, қаза тілі, ағылшын тілі, биология, математика және физика пәндері бойынша өткізіледі.
### Тәрбие жұмысы
Университетте дәстүрлі түрде «ШҚМУ аруы», «Студенттік көктем», «Бірінші курс таланттары», «Би сайысы», «Counter-strike» компьютерлік ойыны форматындағы киберспорттан университет чемпионаты және т.б.Студенттер «Жас Отан» ЖҚ, «Жастар лигасы» АҚ ұйымдастыратын «Жастар Отанға!», «Болашақ - біздің қолымызда», «Жастар салауатты өмір салты үшін», «Жемқорлыққа жол жоқ», «Қан тапсырып, адам өмірін сақта», «Дипломмен ауылға!», «Жасыл ел» және т.б. сынды әлеуметтік-маңызды жобаларға қатысады.
Университет студенттері спорттада жоғары көрсеткіштер көрсетуде. Бүгінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де 21 спорт секциясы жұмыс істеп тұр. Олар: футбол, волейбол, қол күресі, бадминтон, қысқы және жазғы президенттік күрсе, жеңіл атлетика, спорттық бағдар, баскетбол, гір көтеру және т.б. алаңдары бар.
## Дереккөздер
* Университеттің ресми сайты Мұрағатталған 26 мамырдың 2016 жылы. |
М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті – ҚР жоғары оқу орны. Дулати университетінің білім беру қызметінде қазіргі кезеңде бакалавриатта – 103, магистратурада – 61, докторантурада – 9, барлығы 173 білім бағдарламасы бар. Университетте әскери кафедра жұмыс істейді. Сонымен қатар, 6 факультет, 1 институт, колледж және 3 студенттік жатақханасы бар.
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма төрағасы-ректоры – физика-математика ғылымдарының кандидаты, доктор PhD, қауымдастырылған профессор Байжұманов Мұхтар Қазбекұлы. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жұмысы – оқу, ғылыми-инновациялық, тәрбие беру, өңірдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени тіршілігімен тығыз байланысты. Себебі, университет көптеген мамандықтар бойынша мамандарды үш сатылы даярлауды іске асыратын және аймақтың жоғары білікті мамандарға қажеттілігін қамтамасыз ететін бірден-бір өңірлік жоғары оқу орны. Университте 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің (РХТУ) филиалы ашылады деп жоспарлануда. Дулати университеті Әлем бойынша 3000-ға жуық жоғары оқу орындарының арасында рейтингте 1201-1400 орынға жайғасты. Times Higher Education World University Rankings 2024 жалпы рейтингіне «репортер» мәртебесімен енді. 2024 жылдың 18 наурызында Дулати университеті жалпы есепте QS Stars «3 жұлдыз» артықшылығына ие болды. QS Asia University Rankings рейтингінде 857 университет арасында 601-650 және Орталық Азия рейтингінде 30-орынға ие болды. Қазақстандағы 95 жоғары оқу орнының рейтингінде Дулати университеті сегізінші орынға ие болып, «А+» мәртебесін алды. 2023 жылғы тәуелсіз халықаралық қазақ ұлттық h-index рейтингінде Дулати университеті 151 ұйымның ішінде 31-орынға ие болды.«Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік» рейтингінде Қазақстан университеттері арасында 8-орынға ие.
## Бүгінгі жағдайы
Университетте бір мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 320- ғылым докторы мен кандидаты және философия докторы бар. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әлем бойынша 3000-ға жуық жоғары оқу орындарының арасында рейтингте 1201-1400 орында.
## Тарихы
Дулати университетінің тарихы 1958 жылдан бастау алады. Алғашында Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институты болып құрылған. 1962 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ауылшаруашылық институтының гидромелиоративтік факультеті негізінде Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты ашылды. 1963 жылы – Қазақ химия-технологиялық институты филиалының негізінде Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты құрылды. 1996 жылы – Жамбыл педагогикалық институты негізінде Жамбыл университеті құрылды. 1997 жылы Жамбыл университетіне Мұхаммед Хайдар Дулатидің есімі берілді. 1998 жылы – Жамбыл университеті, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты және Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты бірігуі негізінде М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті құрылды.
## Факультеттер
* Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультеті
* Жаратылыстану ғылымдары факультеті
* Экономика және құқық факультеті
* Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті
* Технологиялық факультет
* Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті
## Институттар
* Су шаруашылығы, экология және құрылыс институты
## Колледж
* Қаратау тау-технологиялық колледжі
## Университет ректорлары
* 1958-1972 – Сейітов Хамза Сейітұлы
* 1962 ж – Жулаев Рахмет Жанғазыұлы
* 1972-1987 - Мұхаметқалиев Тасболат Марденұлы
* 1987-1991 – Владимир Миллер Иосифович
* 1991-1998 – Мәдиев Өскенбай Қабылбекұлы
* 1973-1992 – Үркімбаев Марс Фазылұлы
* 1992-1998 – Сүлейменов Жүсіпбек Тәшірбайұлы
* 1996 ж – Бишимбаев Қуандық Уәлиханұлы
* 1998—2001 - Бишимбаев Қуандық Уәлиханұлы
* 2001-2008 - Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы
* 2008-2012 – Әшімжан Сүлейменұлы Ахметов
* 2012-2020 – Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков
* 2021 жылы – Ержан Әмірбекұлы
* 2021-2022 – Ешенқұлов Талғат Ілияұлы
* 2022 ж 1-желтоқсаннан Байжұманов Мұхтар Қазбекұлы
## Ғылым және коммерцияландыру
Дулати университетінде «Ғылым және коммерцияландыру» департаменті жұмыс істейді. Елдің және Жамбыл өңірінің өзекті, басым проблемалары бойынша, оның ішінде нанотехнологиялық және биотехнологиялық бағыттар бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ олардың нәтижелерін өндіріске енгізуге жәрдемдеседі. Инновациялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды жандандырып, Жамбыл өңірінде жаңа инновациялық өндірістерді құруға атсалысады. Ғылыми зерттеулердің оқу-тәрбие процесімен байланысын оқытушыларды, студенттерді, магистранттарды, аспиранттарды ҒЗЖ-ға кеңінен тартып, білім беру процесінде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін белсенді пайдалану жолын нығайтады.
## Халықаралық қызмет
2023-2024 Оку жылыӨзара тиімді, бірлескен келісім-шарттар мен меморандумдар жасауБілім беруді интернационалдандыру университет қызметінің маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады. Интернационалдандыру стратегиясын іске асыру және академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту үшін университет бүкіл әлем бойынша серіктес жоғары оқу орындарымен 185 шартқа қол қойды. Оның ішінде: алыс шетелде – 60 ЖОО, ТМД елдерінде – 68 ЖОО, Қазақстан бойынша - 57 ЖОО.Шетелдік ғалымдарды тарту келесі бағдарламалар бойынша жүзеге асырылуда: Erasmus+, DAAD,Fulbright (АҚШ елшігінің қаржыландыруымен), Оңтүстік Корея елшілігінің қаржыландыруы, республикалық бюджет есебінен.
## Серіктес университеттер
* Гангнам Ұлттық Ғылым және технологиялар университеті, Корея
* Томаша Бата университеті, Чехия
* Анталья туризм академиясы, Түркия
* Еге Университеті, Түркия
* Скандинавия Академиялық ұтқырлық институты, Финляндия
* «Неофит Рильски» Оңтүстік –батыс университеті, Болгария
* Сегед университеті, Мәжірстан
* Хайльбронн университеті, Германия
* Гданьск технологиялық университеті, Польша
* Пшасныш лингвистикалық -техникалық университеті, Польша
* Лодз университеті, Польша
* Браганса политехникалық институты, Португалия
* Малага университеті, Испания
* Витаутас Магнус университеті|, Литва
* Вайнштефан Триздорф университеті, Германия
* Гливице қаласындағы Силезиялық технология университеті, Польша
* Острава техникалық университеті, Чехия
* Бельгиялық білім беру кеңесі Брюссель, Бельгия
* Султан Сюриф Касим Риу мемлекеттік ислам университеті, Индонезия
* Варна экономика университеті, Болгария
* Сельчук Университеті, Түркия
* Мугла Сыткы Кочман Университеті, Түркия
* Афина Ұлттық техникалық университетінің теориялық және есептеу физикасы зертханасы, Греция
* Небраска университеті, АҚШ
* Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов ұлттық зерттеу мемлекеттік университеті, Ресей
* А. Н. Косыгин атындағы Ресей мемлекеттік университеті (Технологии. Дизайн. Искусство), Ресей
* Иванов мемлекеттік политехникалық университеті, Ресей
* Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті, Ресей
* Томск мемлекеттік педагогикалық университеті, Ресей
* Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университеті, Беларусь Республикасы
* Беларусь мемлекеттік өнер академиясы, Беларусь Республикасы
* И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Кыргызстан
* Украина державск химия-технологиялық университеті, Украина
* Джизақ политехникалық институты, Өзбекстан
* Армения ұлттық сәулет және құрылыс университеті, Армения
* Баку еуразиялық университеті, Әзербайджан
* Шота Руставели атындағы Батуми мемлекеттік университеті, Грузия
* Акакия Церетели Университеті, Грузия
* Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты, Қарақалпақстан Республикасы
* Альфраганус университеті, Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы
## Университет құрылымы
Академиялық жұмыс жөніндегі департамент
Маркетинг және кәсіптік бағдарлау департаменті
Стратегиялық даму басқармасы
Жобалық басқару және цифрландыру орталығы
Халықаралық ынтымақтастық басқармасы
Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы
Кітапханалық-ақпараттық орталық
Ғылым және коммерцияландыру департаменті
«Бауыржантану» ҒЗО
«Дулатитану және өңір тарихы» ҒЗО
«А.С. Ахметов атындағы наноинженерлік зерттеу әдістері» инженерлік бейіндегі ғылыми-зерттеу зертханасы
«Гидравлика және гидротехникалық құрылыстар»
«Спектрофотометрия зертханасы»
«Инфрақызыл спектроскопия зертханасы»
«Хроматографиялық зертхана»
«Атом-эмиссиялық спектрометрия зертханасы»
«Тампонаждық материалдар мен бұрғылау ерітінділерінің қасиеттерін зерттеу»
«Суды тазарту және материалдар»
Техникалық қолдау және IT қолдау орталығы
Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім
Әлеуметтік жұмыс басқармасы
Ақпарат және медиакоммуниция орталығы
Мұражай
Әкімшілік-шаруашылық басқармасы
«Dulaty university» баспасы
Студенттерді есепке алу бөлімі
Білім алушыларға қызмет көрсету бөлімі
Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу орталығы
Дінтану орталығы
Студенттердің шығармашылығын дамыту орталығы
Сұңқар спорт клубы
DU UNION жастар орталығы
Қоғамдық қабылдау бөлімі |
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті — Қарағанды қаласындағы мемлекеттік жоғары оқу орны.
## Құрылымы
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қазақстан тарихындағы екінші жоғары оқу орны және еліміздің бұрыннан келе жатқан ірі университеттерінің бірі болып табылады. Қазіргі қоғамның дамуы, экономикалық гүлденуі, өмір сапасы, ұлттық қауіпсіздігі білім беру саласының жағдайымен, ғылымның өрістеуімен, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тәжірибе жүзінде пайдалану тиімділігімен айқындалады. Қазіргі заманда білім беру мен ғылымның құндылығы көпшілікке танылуымен қатар, жалпы адамзаттың рухани қазыналарының қатарына кіреді. Университеттің ерекше миссиясы қоғамның динамикалық дамуының негізі болатын ғылым мен білімнің кірігуімен жүзеге асады. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті сияқты классикалық университеттер маңызды қоғамдық және мәдени міндетті орындауда. Олар білім беру және ғылым мен ағарту ісінің мұраттарына қызмет етудің, интеллектуалдық еркіндікті іске асырудың, мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуына салмақты үлес қосудың, жас ұрпақты тәрбиелеудің үлгілері ретінде қарастырылады. Біздің университет классикалық университеттер дәстүрлерін жалғастыра отырып, университеттік білім берудің тұрақты жоғары деңгейі мен іргелілігін сақтайды. ҚарМУ Қазақстанның ағарту, ғылым мен мәдениет көшбасшыла рының бірі болып табылады. Демек, бұл жоғары білікті мамандардың тұрақты жоғары деңгейін, ұдайы ғылыми ізденісті, еркіндік, қайырымдылық пен әділдіктің адамгершілік мұраттарына бағыт алуды білдіреді. ҚарМУ бүгінгі күні — қарқынды дамып келе жатқан университеттердің бірі. Біз заң, экономика, гуманитарлық, жаратылыстану, педагогикалық және инженерлік бағыттағы 101 мамандық бойынша күндізгі, сырттай, қысқартылған және қашықтықтан оқу түрлері бойынша дайындықты жүзеге асырамыз. Қазіргі кезде 14 факультетте 20 мыңнан астам студент білім алуда. Қазіргі қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес біз жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықты жүзеге асырудамыз. Бакалавриаттан кейін түлектер білім алуды магистратурада және аспирантурада мен докторантурада жалғастыра алады. Жоғары білікті профессорлық-оқытушылар құрамы университеттің негізгі игілігі болып саналады. Оқытушы корпусының 41 %-і ғылыми дәреже мен атаққа ие. Жыл сайын университет қызметкерлері ғылым кандидаты мен докторы ғылыми дәрежесін алу үшін 30-дан аса жұмыс қорғайды. ҚарМУ-де Кандидаттық және докторлық диссертация қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер ойдағыдай жұмыс жасауда. ҚарМУ-дің мәртебесі белсенді халықаралық ынтымақтастықпен дәлелденеді. Әр түрлі қоғамдық және мемлекеттік институттар, республиканың, алыс және жақын шетелдің жоғары оқу орындары біздің университеттің серіктестері болып табылады. Олардың кейбіреулерін ғана атап өтейік: Орталық Азия менеджментті дамыту қоры (CAMAN) , ИНТАС, ТАСИС, Білім беру және тілдерді меңгеру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі американ кеңесі (АКСЕЛС), ДААД академиялық айырбас жөніндегі неміс қызметі, Британ Кеңесі, Қазақстандағы Франция, Италия, Түркия, Корея елшіліктері, АҚШ-тің Бейбітшілік корпусы, Гете атындағы институт (Германия), Мериленд штатынын, университеті (АҚШ), Экстер университеті (Ұлыбритания), Ионсей университеті (Оңтүстік Корея), М. В. Ломоносов атындағы ММУ, Новосибирск мемлекеттік университеті, Қазан мемлекеттік университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚХЭҚИ т. б. Бұл студенттік жинақылықты дамытудың кең өрісі. ҚарМУ-дің еліміздің мемлекеттік жоғары оқу орындарының арасынан бірінші болып халықаралық аккредиттеуден өтіп, Еуропалық менеджментті дамыту қорының (EFMD) сертификатын алғандығы біз үшін үлкен мақтаныш. Бұл — университетімізде берілетін білім са-пасын халықаралық деңгейде мойын-даудың дәлелі. 2005 жылдың мамыр айында ҚарМУ жоғары білім саласын-да беделді халықаралық ұйымдардың бірі болып саналатын Университеттер-дің Ұлы Хартиясына мүше болып енді. Бұл ұйымның штаб-пәтері Италияның Болонья қаласында, Еуропаның ежелгі университетінде орналасқан. ҚарМУ-де тек біздің елдің жастары ғана білім алмайды. Университет қа-бырғасында Қытай, Оңтүстік Корея, Италия, Ресей, Монғолия, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстаннан келген 200-ден аса шетелдік оқушы білім алуда. ҚарМУ-дің дамыған инфрақұрылымы оның бәскелестік қабілетіне қолдау көрсетеді. ҚарМУ құрамында 12 оқу ғимараты, кітап қоры 1,5 млн. дананы құрайтын 16 оқу залы бар ғылыми кі-тапхана, жабдықталған 6 жатақхана, санаторий-профилакторий, студенттік тұрмыстық кешені, 19 кәсіпорынды қо-ғамдық тамақтандыру комбинаты, «Шаңырақ» жастар орталығы, кондитерлік цех, «Аюлы» спорттық-сауықтыру кешені, «Кент» бос уақытты өткізуорталығы, Балқаш, Топар көлдеріндегі демалыс аймақтары, Қарқаралыдағы оқу-сауықтыру базасы, 3 стадион,11 спорттық зал, «Интернет» телекоммуникациялық орталығы, компьютерлік орталық, медиатека, баспахана,оқу теледидары бар. Біздің әрі қарай дамуымыз болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Біздің болашағымыз бұл классикалық университеттің дәстүрлерін жалғастыру, үздіксіз және іргелі білім беруді қамтамасыз ету, халықаралық сапа стандарттарын қолдану, жаңа білім беру технологияларын енгізу, еңбек нарығында өз бәсекелестік қабілетін сақтау, Елбасы Жолдауы ережелеріне негізделген әлеуметтік саясатты жүзеге асыру болып табылады.[дереккөзі?]
## Факультеттері
* Биология-география факультеті
ботаника кафедрасызоология кафедрасыфизиология кафедрасыгеография кафедрасы
* ботаника кафедрасы
* зоология кафедрасы
* физиология кафедрасы
* география кафедрасы
* Шет тілдер факультеті
гуманитарлық факультеттер шет тілі Кафедрасыжаратылыстану факультеттер шет тілі Кафедрасыағылшын тілі методикасы кафедрасыағылшын тілі теориясы кафедрасынеміс және француз тілі теориясы және практикасы Кафедрасы
* гуманитарлық факультеттер шет тілі Кафедрасы
* жаратылыстану факультеттер шет тілі Кафедрасы
* ағылшын тілі методикасы кафедрасы
* ағылшын тілі теориясы кафедрасы
* неміс және француз тілі теориясы және практикасы Кафедрасы
* Тарих факультеті
археология, этнология және отан тарихы кафедрасыәлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасыҚазақстан тарихы кафедрасы
* археология, этнология және отан тарихы кафедрасы
* әлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасы
* Қазақстан тарихы кафедрасы
* Математика факультеті
проф.Т.Ғ.Мұстафин атындағы алгебра, математикалық логика және геометрия Кафедрасыматематикалық анализ және дифференциалды теңдеулер Кафедрасықолданбалы математика және информатика Кафедрасымеханика кафедрасыматематика және информатикадан сабақ беру методикасы кафедрасы
* проф.Т.Ғ.Мұстафин атындағы алгебра, математикалық логика және геометрия Кафедрасы
* математикалық анализ және дифференциалды теңдеулер Кафедрасы
* қолданбалы математика және информатика Кафедрасы
* механика кафедрасы
* математика және информатикадан сабақ беру методикасы кафедрасы
* Әлеуметтік-педагогикалық факультет
педагогика Кафедрасыпедагогика және бастауыш білім методикасы кафедрасыәлеуметтік адаптация және педагогикалық коррекция кафедрасыәлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасымектепке дейінгі және психология-педагогикалық дайындық теориясы және методикасы кафедрасы
* педагогика Кафедрасы
* педагогика және бастауыш білім методикасы кафедрасы
* әлеуметтік адаптация және педагогикалық коррекция кафедрасы
* әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасы
* мектепке дейінгі және психология-педагогикалық дайындық теориясы және методикасы кафедрасы
* Кәсіби-көркем факультет
машинатану кафедрасыжалпытехникалық пәндер және еңбектік оқыту әдістемесі кафедрасыбейнелеу өнері және дизайн кафедрасы
* машинатану кафедрасы
* жалпытехникалық пәндер және еңбектік оқыту әдістемесі кафедрасы
* бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы
* Физика факультеті
жылуфизика кафедрасыжалпы және теоретикалық физика кафедрасырадиофизика және злектроника Кафедрасыконденсированного күйдің спектроскопиясы Кафедрасы
* жылуфизика кафедрасы
* жалпы және теоретикалық физика кафедрасы
* радиофизика және злектроника Кафедрасы
* конденсированного күйдің спектроскопиясы Кафедрасы
* Филология факультеті
журналистика кафедрасықазақ тіл білімі кафедрасықазақ әдебиеті кафедрасыклассикалық және орыс филологиясы кафедрасыГ.А. Мейрамов атындағы орыс тілі және әдебиетің оқыту методикасы және практикасы. кафедрасықазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы
* журналистика кафедрасы
* қазақ тіл білімі кафедрасы
* қазақ әдебиеті кафедрасы
* классикалық және орыс филологиясы кафедрасы
* Г.А. Мейрамов атындағы орыс тілі және әдебиетің оқыту методикасы және практикасы. кафедрасы
* қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы
* Философия және психология факультеті
философия және мәдениет теориясы кафедрасыпсихология Кафедрасысаясаттану және әлеуметтану кафедрасы
* философия және мәдениет теориясы кафедрасы
* психология Кафедрасы
* саясаттану және әлеуметтану кафедрасы
* Химия факультеті
органикалық химия және полимерлер кафедрасыфизикалық химия Кафедрасыбейорганикалық және техникалық химия кафедрасыхимиялық технология және экология кафедрасы
* органикалық химия және полимерлер кафедрасы
* физикалық химия Кафедрасы
* бейорганикалық және техникалық химия кафедрасы
* химиялық технология және экология кафедрасы
* Экономика факультеті
менеджмент кафедрасыбухгалтерлік есеп және аудит кафедрасымаркетинг кафедрасықаржы кафедрасыэкономика және халықаралық бизнес кафедрасыэкономикалық теория кафедрасы
* менеджмент кафедрасы
* бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы
* маркетинг кафедрасы
* қаржы кафедрасы
* экономика және халықаралық бизнес кафедрасы
* экономикалық теория кафедрасы
* Заң факультеті
азаматтық және еңбек құқығы кафедрасықылмыстық құқық және криминология кафедрасықылмыстық процес және криминалистика Кафедрасыконституциялық және халықаралық құқық Кафедрасымемлекет тарихы және теориясы Кафедрасы
* азаматтық және еңбек құқығы кафедрасы
* қылмыстық құқық және криминология кафедрасы
* қылмыстық процес және криминалистика Кафедрасы
* конституциялық және халықаралық құқық Кафедрасы
* мемлекет тарихы және теориясы Кафедрасы
* Дене тәрбиесі және спорт факультеті
Дене тәрбиесі Кафедрасыалғашқы әскери дайындық Кафедрасыдене тәрбиесі және спорттық медицина теориясы және методикасы Кафедрасыспорттың циклдық түрлері және спорттық ойындар Кафедрасы
* Дене тәрбиесі Кафедрасы
* алғашқы әскери дайындық Кафедрасы
* дене тәрбиесі және спорттық медицина теориясы және методикасы Кафедрасы
* спорттың циклдық түрлері және спорттық ойындар Кафедрасы
## Халықаралық білім-ғылым ұйымдарына мүшелігі
* Университеттер Президенттерінің Халықаралық Ассоциациясы (IAUP);
* Жоғарғы мектеп ғылымдарының халықаралық академиясы (IHEAS, МАН ВШ);
* Менеджментті дамыту Орталық Азия Фонды (CAMAN);
* Университеттердің Ұлы Хартиясы (Magna Charta Universitatum);
* Экономикалық зерттеулер және білім консорциумы (EERC);
* Экономикалық білім бойынша халықаралық проект(B&EE).
* Университеттердің Еуразиялық Ассоциациясы/EAU;
* Университеттер ректорларының халықаралық ассоциациясы/IAUP;
* Халықаралық Университеттер Ассоциациясы/IAU;
* ТЕМПУС білім және өнер бойынша еуропалық комиссиясы/TEMPUS;
* ЭРАСМУС МУНДУС білім және өнер бойынша еуропалық комиссиясы/ERASMUS MUNDUS;
* «Сібір ашық университеті» халықаралық ассоциациясы;
* Дистанциялық оқыту бойынша жаһандық университеттер ассоциациясы Association of Global Universities In Distance Education/GUIDE;
* Қазақстандағы Британдық Кеңес(British Council);
* KOICA/Корея Республикасы елшілігі негізінде халықаралық ынтымақтастық бойынша корей агенттігі;
* Ынтымақтастық және ауысу бойынша халықаралық кеңес (IREX, АҚШ Мемдепартаменті);
* Сапа менеджменті жүйесін сертификациялау бойынша SGS халықаралық агенттігі, (Қазақстан-Швейцария);
* «Education Network» оқу орындары ассоциациясы, Қазақстан-Қырғызстан;
* Білім беру және тіл үйрену салаларында ынтымақтастық бойынша америкалық кеңес (ACCELS);
* Регенсбург Университеті (Германия);
* Аризона Университеті (АҚШ);
* Тренто Университеті (Италия);
* Йонсе Университеті (Корея Республикасы);
* Орталық-еуропалық университет (CEU, Мажарстан);
* Кембридж университеті (Англия);
* Эксетер география, археология және жер ресурстары институты (Англия);
* Сент-Иштван Университеті (Мажарстан);
* Чукур Университеті (Түркия);
* М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей);
* Томск мемлекеттік университеті (Ресей);
* Мәскеу экономика мен құқық академиясы (Ресей);
* Томск политехникалық университеті (Ресей);
* Мәскеу мемлекеттік құқық академиясы;
* «Білім – Орталық Азия» консультация-білім беру орталығы;
* Қарағанды облысының сауда-саттық-өндірістік палатасы.
## Кітапхана қоры
1,7 миллион қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз, корей және басқа тілдерде кітап түрінде және электрондық баспалары бар.[дереккөзі?]
## Дереккөздер |
Умар Диаките (фр. Oumar Diakité; 20 желтоқсан 2003) — ивуарлық футболшы, Кот-д’Ивуар Ұлттық футбол құрамасы мен "Реймс" клубының шабуылшысы.
## Жүлделері
### Халықаралық
* 2023 жылғы Африка чемпионы.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті (СҚУ) — Солтүстік Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі.
## Тарихы
1937 жылы аймақтағы білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерінің алғышарты болып табылған Қазақ КСР кеңестік халық комиссариятының 1937 жылдың 19 наурызындағы жарлығы негізінде Петропавл мұғалімдер институты ашылды. Қазақ КСР Халық ағарту комиссариятының 1937 жылдың 25 шілдесіндегі № 835 бұйрығына сәйкес, 1937 жылдың 1 қыркүйегінде төмендегідей екі факультетте оқу басталды: жаратылыстану-жағрапия және тарих.
1939 жылы Петропавл мұғалімдер институтына мемлекеттік мәртебе берілді.
1945 жылы Петропавл мемлекеттік институтына ХІХ ғасырдың ұлы ұстазы К.Д. Ушинскийдің аты берілді.
1955 жылы Петропавл мемлекеттік мұғалімдер институты Петропавл педагогикалық институты болып қайта құрылды.
1982 жылы Қарағанды политехникалық институтының Петропавл филиалы ашылды. Петропавл филиалында төмендегідей екі факультет құрылды: машина жасау және жалпы техникалық.
1994 жылы Қарағанды политехникалық институтының Петропавл филиалы негізінде Жоғары Техникалық колледж ашылды.
1994 жылы Петропавл педагогикалық институты негізінде Солтүстік Қазақстан университеті ашылды.
1996 жылы Солтүстік Қазақстан университеті мен Жоғары Техникалық колледж Солтүстік Қазақстан университеті ретінде біртұтас жоғары оқу орны болып қосылды.
2001 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 31 қаңтардағы № 163 жарлығымен Солтүстік Қазақстан университетіне мемлекеттік жоғары оқу орны мәртебесі берілді.
2003 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылы 30 мамырындағы № 497 жарлығымен Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне академик Манаш Қозыбаевтың аты берілді.
2012 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды.
2020 жылғы 1 шілдеден бастап «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылды (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік комитеті Төрағасының 2020 жылдың 25 мамырдағы №315 бұйрығы негізінде).
## Факультеттер
Білім беру 8 факультетте жүргізіледі:
* Медицина факультеті
* Агротехнологиялық факультет
* Тіл және әдебиет институты
* Педагогикалық факультет
* Инженерлік және сандық технологиялар факультеті
* Тарих, экономика және құқық факультеті
* Математика және жаратылыстану ғылымдары факультеті
* "Foundation" факультеті
## Тарихи мұражай
2006 жылы университетке Петропавл қаласының Абай көшесі 16 мекенжайында орналасқан тарих және сәулет ескерткіш-ғимараты берілді. 2010 жылдан бастап бұл нысанда жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта университет мұражайының жөндеуден өткен залдарында экспозициялық құрал-жабдықтар орнатылған.
СҚМУ мұражайының ашылуы 2011 жылдың наурызында ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығын мерекелеудің кешенді іс-шараларына сәйкес орайластырылды.
Бірінші қабатта демонстрациялық зал, М. Қозыбаев залы, археология және этнология залы. Екінші қабатта мұғалімдер институты, педагогикалық және политехникалық институттар, Солтүстік Қазақстан университеті, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ залдары және қор сақтау, материалдарды жинақтау мен қызметкерлер кабинеті орналасқан.
## Дереккөздер |
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті — Ақтөбе қаласында орналасқан жоғары оқу орны.
## Тарихы
Негізі 1935 жылы қыздар мұғалімдер институты ретінде қаланды. 1954 жылы ол Н. Байғанин атындағы Ақтөбе педагогика институты деп аталды. 1958 жылы институт таратылып, 1966 жылы қайта ашылды.Қазақ КСР - і Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 23 ақпандағы № 72 қаулысымен Ақтөбе педагогикалық институтына қазақ тіл білімінің тұңғыш профессоры, лингвист-ғалым Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың есімі берілді.Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1996 жылғы 7 мамырдағы № 573 қаулысымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институты Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті болып қайта құрылды.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 163 қаулысымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетіне мемлекеттік мәртебе берілді.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы №128 қаулысы бойынша құрамынан Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының бөлініп шығуына байланысты Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті қайта құрылды.
## Факультеттер
* Физика-математикалық факультеті
* Жаратылыстану факультеті
* Филология факультеті
* Техникалық факультет
* Тарих факультеті
* Экономика және құқық факультеті
* Шет тілдер факультеті
* Кәсіби-шығармашылық факультеті
* Педагогика және білім берудегі менеджмент факультеті
* Heriot-Watt халықаралық факультеті
## Дереккөздер |
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті – Батыс Қазақстан облысындағы жоғары оқу орны әрі ірі ғылыми-оқу орталығы.
## Тарихы
Алғашында Орал педагогикалық институты болып педагог кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны болды. 1932 жылы Орынбор қаласынан көшірілген Халық ағарту институтының негізінде ашылды. 1937-ші жылдан бастап институт А. Пушкин атын алды. 1996 жылы Пушкин атындағы Батыс Қазақстан Гуманитарлық Университеті болып өзгерген. 2000 жылы Университет Орал қаласындағы Батыс Қазақстан агротехника академиясын және Мәдениет институтымен біріктіріліп Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университет болып қайта құрылды. 2002 жылы БҚАУ құрамынан шығып, 2003 жылы Университет Махамбет Өтемісұлы атын алды.
## Құрылымы
Оқу орнының құрамында 6 факультет бар:
* Педагогикалық факультет
* Мәдениет және өнер факультеті
* Физика-математика факультеті
* Жаратылыстану-география факультеті
* Тарих, экономика және құқық факультеті
* Филология факультеті
Университетте 20 мамандық бойынша аспирантура, екі канд. дисс. қорғау жөніндегі ғыл. кеңес бар. Сондай-ақ университеттің редакциялық-баспагерлік бөлімі дербес баспаханамен жарақтандырылған, мұнда «Вестник ЗКГУ» жинағы шығады. Университет кітапханасында 1 млн-нан астам кітап қоры жинақталған, онда электронды каталог пен жергілікті компьютерлік желі іске қосылған.Университеттің 5 оқу ғимараты, 7 жатақхана, 600 мың кітап қоры жинақталған кітапханасы бар. Мұнда зоология мұражайы, биохимия лабораториясы, жаңа ақпараттар лабораториялары жұмыс істейді. Университет кадрлар даярлаудың көп сатылы жүйесіне көшіріліп, әмбебап мамандарды даярлауға бағытталған. Университетте 2,5 мыңнан аса студенттер дәріс алады. Ағылшын, неміс және араб тілдері оқытылады. Мұнда 4 ғылым докторы, 85 ғылым кандидаты, 17 профессор және жүзден астам доцент еңбек етеді.
## Дереккөздер |
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті — Қазақстан Республикасының Алматы қаласында орналасқан техникалық білім беретін жоғары оқу орны.
Кеңес Одағы кезінде Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институты деп аталды. 1994 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты Қазақ ұлттық техникалық университеті болып қайта құрылды. Белгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдығына орай, ҚР Үкіметінің 1999 жылы 22 қыркүйектегі №1436 қаулысы бойынша Қазақ техникалық университетіне Қаныш Сәтбаев есімі берілді. Қазірге Қазақстандағы ең көп студент тәлім алатын университет атануда (19 000 студент).
## Тарихы
1933 жылы 20 қазанда КСРО Халық комиссариаты Алматы қаласында құрамында тау-кен және түсті металдар факультеттері бар Қазақ тау-кен металлургия институтын құру жөнінде қаулы қабылдады.
## Институттар
* Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты
* Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институты
* Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты
* Ә. Бүркітбаев атындағы Энергетика және машина жасау институты
* Т. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты
* М. Тынышбаев атындағы Көлік инженериясы және логистика мектебі
* Е. Түркебаев атындағы Жобаларды басқару институты
* Цифрлы технологиялар және кәсіптік даму институты
* Әскери институт
## Білім беру бағдарламаларының тізімі
* 6B07111 Робототехника және мехатроника
* 6В05201 Геология және пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау
* 6В07110 Химиялық және биохимиялық инженерия
* 6В04101 Математикалық экономика және деректерді талдау
* 6В06101 Математикалық экономика және деректерді талдау
* 6В05205 Химиялық және биохимиялық инженерия
* 6В07501 Өнеркәсіптік машина жасау
* 6В07207 Инженерлік физика және материалтану
* 6B07304 Геокеңістіктік цифрлық инженерия
* 6В07206 Өнеркәсіптік машина жасау
* 6В05202 Гидрогеология және инженерлік геология
* 6B02102 Дизайн
* 6В07112 Электрондық және электрлік техника
* 6В07104 Электрондық және электрлік техника
* 6В07301 Сәулет және дизайн
* 6В02101 Сәулет және дизайн
* 6В07113 Робототехника және мехатроника
* 6В07106 Инженерлік механика
* 6В05101 Химиялық және биохимиялық инженерия
* 6В07219 Түсті металдар металлургиясы
* 6В05206 Инженерлік экология
* 6В07217 Сирек және радиоактивті элементтер технологиясы
* 6В07116 Негізгі өндіріс және жаңа материалдар технологиясы
* 6B07307 Архитектура
* 6В07130 Инженерлік механика және модельдеу
* 6В07131 Машина жасаудағы дизайн және технология
* 6В07105 Өнеркәсіптік машина жасау
* 6В07220 Жаңа материалдарды өңдеуге арналған машиналар мен технологиялар
* 6В07502 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)
* 6В07203 Металлургия және минералды өңдеу
* 6В07213 Пайдалы қазбаларды өңдеу
* 6В07212 Металлургиядағы қайта өңдеу
* 6В07219 Түсті металдар металлургиясы
* 6В07125 Органикалық заттардың химиялық технологиясы
* 6В05105 Биотехнология
* 6В07117 Мұнай-химия өнімдерінің химиялық технологиясы
* 6B07303 Геокеңістіктік цифрлық инженерия
* 6В07310 Жерге орналастыру және кадастр
* 6В07216 Полимерлерді өндіру және өңдеу технологиясы
* 6B07101 Энергия
* 6В07205 Тау-кен инженериясы
* 6В11201 Жұмыстағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік
* 6В07306 Инженерлік жүйелер мен желілер
* 6В05203 Қолданбалы геология
* 6B06106 Ақпараттық жүйелер
* 6В06103 Математикалық және компьютерлік модельдеу
* 6В06102 Информатика
* 6В05204 Гидрогеология және геоэкология
* 6В08601 Су ресурстары және суды пайдалану
* 6В07211 Гидрогеология және инженерлік геология
* 6В07115 Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша)
* 6В07214 Бұрғылау техникасы
* 6В07204 Мұнай техникасы
* 6B07126 Магистральдық желілер және инфрақұрылым
* 6В07124 Локомотивтерді өндіру, жөндеу және пайдалану технологиясы
* 6В07123 Автомобильдерді өндіру, жөндеу және пайдалану технологиясы
* 6В07108 Көлік техникасы
* 6В07107 Пайдалану және сервистік инженерия
* 6В07132 Болжамдық технологиялар және машина диагностикасы
* 6В07114 Биомедициналық инженерия
* 6B11310 Сандық логистика
* 6B11301 Көлік қызметтері
* 6В07129 Ядролық энергия
* 6В07109 Инженерлік физика және материалтану
* 6В04104 Стартап бакалавры
* 6В07121 Ғарыштық технологиялар және технологиялар
* 6В06201 Телекоммуникациялар
## Атақты түлектер
* Талғат Бигелдинов
* Асқар Құлыбаев
* Ебней Бөкетов
* Қырымбек Көшербаев
* Ғалым Оразбақов
* Ахметжан Сәлімбаев
* Владимир Божко
* Заманбек Нұрқаділов
* Нартай Дұтбаев
* Серікбек Дәукеев
* Алик Айдарбаев
* Бекболат Тілеухан
* Иран Ғайып
* Ілияс Есенберлин
* Медеу Сәрсеке
* Тайыр Мансұров
## Дереккөздер |
Низар әл-Рашдан (23 наурыз 1999 жыл) — иорданиялық футболшы, жартылай қорғаушы. 2023 жылғы Азия кубогының финалисі.
## Жүлделері
* Иордания чемпионы: 2022
* Иордания кубогы: 2021
## Дереккөздер |
Сәтей Нұртазаұлы (28 ақпан 1938 жыл, Баян-Өлгей аймағы, Моңғолия – 15 маусым 2010 жыл, Алматы, Қазақстан) — қазақ ақыны, жазушысы, қоғам қайраткері.
## Өмірбаяны
Керей тайпасының ноқта ағасы Ителі руынан шыққан.
Азан шақырып қойған есімі – Ғабдусаттар. Бес айлық сәби кезінде, аласапыран заманда әкесі Нұртаза Шудабайұлы мен атасы Шудабай Майлыбайұлы репрессияның құрбаны болып, 1938 жылғы тамыздың 19-жұлдызында халық жауы деген жаламен Қобда түрмесінде атылған.
Үкілі қызыл қарындашын қойнына алып жатып жүріп, газет шетіне, тақтайшаға жазып, мұғалімі, ағасы Қ. Қабдылдан хат танып, С. Қалиағзамнан сан үйренген. Он жасында екінші сыныпқа түсіп, үштен төртінші сыныпқа аттап оқып, мектепте озат оқушы атанып, Ұланбатырға офицер мектебіне аттанып бара жатып, арттағы ауыл-үйдің мәселесіне байланысты жолдан қайтады. 1953 жылға дейін үй ішіндегі тірліктермен үйде болады. Кейіннен 1953 жылы Делуінге бесінші сыныпқа барады. Бірде тарихтың мұғалімі Б. Нұрахмет сабаққа дұрыс жауап бергені үшін «Молодец, Сәтей!» (орысшадан «Жарайсың, Сәтей!») деп қалғанынан болып, «Молодец, Сәтей» деген лақап есімді болып шыға келеді. Кейде "Сәтіш" деген де лақап атымен айтылады. 6-сыныпта оқып жүрген қыста аймақ орталығы – Баян-Өлгейде өтетін сайлау жиынына Делуін жастарының өкілі болып қатысады.
Өлгейдің онжылдық №1 орта мектебін 1959 жылы үздік бітіріп, Ресейдің Ленинград қаласына оқуға жолдама алады. Институтты “қызыл дипломмен” таусады. Оқыған мамандығы – инженер-механик. Кейіннен өз саласының майталманы болды.
Өлгейге бас инженерлік қызметке 1964 жылғы күзде тағайындалады. 1967 жылғы күзде Ноғоннұрда ауыл шаруашылық машина станциясына бастық, 1968 жылы аймақта ұйымдастыру бөлімінің бастығы, 1969 жылдан сұмын, бірлестік бастығы болып бастағаннан 1996 жылға дейін басқару қызмет атқарады. Еңбек жолының ең сүбелі кезеңдері Ноғоннұрда, Бұлғын, Ғалтыда (Көбсгөл аймағының сұмыны) және Ұланбатыр құс фабрикасында өтеді. Қорыта айтқанда бірлекстіктің кірісі 4 млн төгрөгке, мал басы 100 мыңнан асып, жоспарлы міндетін 103–113% артық орындады. Соңғы үшеуі «мемлекеттік озат шаруашылық» атағын (1973, 1980, 1987 жылдары) алды, ал біріншісі нығайған ұжымға айналды.
Осы аралықта үш жоғарғы оқу орнын өте жақсымен тәмәмдап, Темірқазық ордені, «Ауыл шаруашылық озаты», «Онц хилчин» атағымен марапатталып, құлаған төрт шаруашылықты «Озат шаруашылыққа» жеткізудің нәтижесінде 8 рет аймақтық, 1 рет мемлекет депутаты, 4 рет үлкен құрылтай делегаты сияқты т.б мәртебеге жетті.
Нұртазаұлы Сәтей еңбегін Үкіметтік дәрежедегі насихат плакатындағы мына бір жолдар дәлелдей түседі. «…Сәтей жолдас қазір аймақты пленум мүшесі, аймақтық және сұмындық депутат; Ол МХРП XVI съезіне делегат болды. Сәтей Нұртазаұлы тамаша таланты мен қажырлы еңбегімен елге танылған аймағымыздың таңдаулы зиялыларының бірі…
МХР Халық Ұлы Хуралының жетінші реткі сайлауының Халық Ұлы Құрылының депутаттығына Нұртазаұлы Сәтейдің есімін ұсынған (1973).
1979 жылғы күзде Ұланбатыр қалалық ауыл шаруашылығының орынбасарына тағайындалады. Ал 1982 жылдан Моңғолияның бүкіл құс фабрикалары қарайтын Ұланбатыр құс фабрикасының бастығы болады.
1991 жылғы 29 тамызда атажұртқа қоныс аударды. Онда «Талдықорған құс фабрикасы» бастығының орынбасары болып 1996 жылға дейін қызмет етеді. 2007 жылы қажылық сапарын өтеді.
Сәтей Нұртазаұлы Көркем әдебиет саласында да елеулі еңбек еткен қаламгер. Оның әңгіме, повестері моңғол, қазақ баспа сөзінде жарияланды. Б. Моңғолханмен бірлесіп Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романын моңғол тіліне аударды. Өз шығармашылығы «Келін» (1986) және «Таразы» (2008) кітаптарымен толықты.
2010 жылғы 15 тамызда, 73 жасына қараған шағында Алматы қаласында дүние салды.
## Марапаттары
Сәтей Нұртазаұлының марапаттары және атақтары:
* Темірқазық ордені (Моңғолия);
* «Ауыл шаруашылық озаты» атағы;
* «Онц хилчин».
## Дереккөздер |
Зайду Сануси (ағылш. Zaidu Sanusi; 13 маусым 1997 жыл, Кебби, Нигерия) — нигериялық футболшы, қорғаушы. 2021, 2023 жылдары Африка Ұлттары кубогына қатысты.
## Жүлделері
### Клубтық
«Порту»
* Португалия чемпионы: 2021/22
* Португалия Кубогы: 2021/22, 2022/23
* Португалия Суперкубогы: 2020
### Халықаралық
Африка Ұлттары кубогының финалисі: 2023
## Дереккөздер |
Торайғыров университеті – Павлодар қаласында орналасқан жоғары оқу орны, Қазақстанның үлкен университеттерінің бірі.
## Тарихы
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 1960 жылы 20 қыркүйекте КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысы негізінде, 1996 жылы мамыр айында Индустриалды институт негізінде құрылған. Институт бұрынғы 24-ші әскери мектептің бір қабатты 10 барағында және екі ғимаратта орналасқан. Үш факультетте – машина жасау, инженерлік-құрылыс және энергетикалық – 400 студент оқыған. Дәрісті 16 оқытушы жүргізген, оның біреуінде ғана доцент атағы болған.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті – ұзақ жылғы өз тарихы және даңқы бар жоғары оқу орны: жарты ғасырдан астам уақытта жоғары білікті мамандарды даярлады. Қазіргі кезде бұл инновациялық типтегі көп салалы университет, аймақтың басты жоғары оқу орны, орасан зор ғылыми орталық, Қазақстан Республикасы және оның аймақтарында өз жаңалықтарымен және жетістіктерімен кең танымал болып отыр.
С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері саны жағынан және сапалы білім беру қызметі бойынша Павлодар облысының жоғары оқу орындары арасында сөзсіз көшбасшы болып табылады. ЖОО 66 бакалавриат, 46 магистратура, 4 PhD докторантура мамандықтары бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде әртүрлі бағытта жоғары кәсіби мамандарды дайындайды. Дайындықты 567 оқытушы, соның ішінде 47 ғылым докторы, профессор, 227 ғылым кандидаты, доценттер жүзеге асырады. Университетте ғылыми-зерттеу жұмыстары 41 кафедрада және 13 ғылыми-тәжірибелік орталығында, «Ертіс» ғылыми-технологиялық паркінде, аймақтық инновация және трансферттік технологиялар орталығында және студенттік ғылыми орталығы базасында жүргізіледі.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті әлемдік білім беру кеңістігінде бірігу үрдісі бойынша халықаралық танымалдыққа жетті, еуропалық білім беру үрдісінің толық құқылы қатысушысы болып табылады. С. Торайғыров атындағы ПМУ бизнес, ғылым және өнер көшбасшыларының Оксфордтық Саммит аясында «Еуропалық сапа» халықаралық сыйлығымен марапатталды.
Жыл сайын өтетін басты рейтингке сәйкес, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қазақстанның таңдаулы көп салалы жоғары оқу орындары арасында көшбасшылар қатарының бесіншісі орынға енді.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті - әлемдегі классикалық университеттердің Болондық хартиясының, LAESTE студенттік машықтану бойынша алмасу халықаралық қауымдастығының, Сібірлік ашық университет қауымдастығының, Қазақстан жоғары оқу орындар қауымдастығының және Шанхай серіктестік ұйымының мүшесі. Университет аймақтағы үш сатылы кадрларды дайындау бойынша: бакалавриат, магистратура және PhD докторантура білім беруді жүргізетін бірден-бір беделді жоғары оқу орны.
2011 және 2012 жылдары С. Торайғыров атындағы ПМУ білім беру бағдарламаларының Халықаралық аккредитациясын сәтті өткізді: университеттің қызметі Германияның ACQUIN халықаралық аккредитациялық агенттігінің және білім беру сапасын қоғамдық бақылау және АККОРК мансапты дамыту бойынша ресейлік агенттіктерінің жоғары бағасын алды.
## Ректорат
1. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры — Арын Амангелдіұлы Өрсариев;
2. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректоры — Нұрлан Телманұлы Ержанов;
3. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры — Ақышев Арман Айтмұхаметұлы.
4. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Академиялық жұмыс жөніндегі проректоры — Ахметова Гаухар Ғалымқызы.
## Университет факультеттері
«Физика, математика және ақпараттық технологиялар», «Металлургия», «Машинажасау және көлік», «Cәулет–құрылыс», «Қаржы-экономика», «Энергетика», «Гуманитарлық-педагогикалық», «Химиялық технологиялар және жаратылыстану», «Құқық және тарих», «Агротехнологиялық» факультеттері бар.
Гуманитарлық-педагогикалық факультетінде 9 кафедра жұмыс істейді. Олар:— Психология және педагогика кафедрасы — меңгерушісі п.ғ.д., профессор Е. И. Бурдина;— Қазақ филология кафедрасы — меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Н. Қ. Жүсіп;— Журналистика кафедрасы — меңгерушісі т.ғ.д., профессор Қ. М. Алдабергенов;— Қазақ тілі кафедрасы — меңгерушісі ф.ғ.к., профессор А. Ф. Зейнуллина;— Орындаушылық өнер кафедрасы — меңгерушісі Д. М. Мерғалиев;— Орыс филология кафедрасы — меңгерушісі ф.ғ.к., Г. Н. Кенжебалина;— Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы — меңгерушісі ф.ғ.к., Г. Х. Демесінова;— Шетел филологиясы кафедрасы — меңгерушісі п.ғ.к., А. Қ. Қайырбаева;— Шет тілдер кафедрасы — меңгерушісі Б. К. Жұмабекова.
1998 жылдан' магистратура және аспирантура, мектеп-лицей мен колледж жұмыс істейді.
Университеттің материалдық-техникалық базасы 7 оқу корпусынан, ғылыми кітапханадан (6 оқу залы, 900 мың дана кітап), лабораториядан тұрады.
## Жатақхана
Торайғыров атындағы ПМУ 500 орындық жатақханасы, Ақ. Шокин көшесі, 139/1 үй, 2015 жылдың қазан айында пайдалануға берілді.
Ғимарат 5 қабатты, 3 корпустан тұратын сызықты-арқалық жоспарлау жүйесі бар.
Бірінші ғимаратта зал, 36 орындық бар, компьютер сыныбы, мәжіліс залы бар.
Екінші және үшінші корпустар жатын бөлмелері болып табылады, мұнда 220 екі орынды және 20 үш орынды бөлмелер бар.
Әрбір бөлме раковинасы бар ас үй шкапымен, жұмыс алаңымен, екі көзді электр плитасымен жабдықталған, бөлмеде екі бір кісілік кереует, екі тумбочка, екі орынды оқу үстелі, екі орындық бар.
Дәлізде гардероб, жуынатын бөлме дәретхана, душқа арналған науалар, ыстық және суық су құбыры бар қолжуғышпен жабдықталған, балкон бар.
Кір жуу орталықтандырылған, бөлме ақысы бір айға 3142 теңге (2016 жылғы жағдай бойынша), жатақханада тазалаушылар бар.
## Спорттық база
С. Торайғыров атындағы ПМУ университеті мынадай спорт кешендері бар Ломов көшесі 64, және Р. Люксембург көшесі 138:
720 орындық стадион трибунасымен және футбол алаңы бар.
1. Спорт ядро, 4 жүгіретін 400 қашықтық жолы бар.
2. Ойын алаңдары бар:
3. — баскетбол — 1;
— волейбол — 2;
— бадминтон — 1;
— шағын-футбол — 3.
4. гранат, диск, лақтыратын секторлары бар.
5. Ұзындыққа секретін шұңқыры бар.
Спорт залы:
36 м х 18 м — түрлі ойын ойнайтын залы бар (волейбол, баскетбол, бадминтон)
Стандартқа сай емес залдар бар:
— бокс-залы;
— үстел теннис залы;
— қүрес залы;
— тренажёр залы.
Қыс айларында сырғанақ бар (60 пар коньки).
Шаңғы базасы бар трассаның ұзындығы — 1,5 км, 120 пар шаңғы.
## Университет ректорлары
## Университет кітапханасы
## Дереккөздер |
Egov.Press (егов пресс) – 2020 жылы ашылған қазақстандық үкіметтік емес петиция сайты. Жобаны мемлекеттегі петиция институтын дамыту мақсатында Қазақстанның бес азаматы өз қаражатына жасаған. Олар қауіпсіздік мақсатында жеке басын жариялағысы келмейді. Қазақстанда egov.press сайтындағы петициялар қоғамда наразылық туғызу үшін қолданылады, өйткені көтерілген бастамалардың заңды күші жоқ. Сайттағы алғашқы петиция 2021 жылғы қазанда жарияланған. 2022 жылғы 25 шілде мен 8 қараша аралығында сайтқа 539,7 мыңнан астам адам кірген. Осы уақыт ішінде билік сайтта жарияланған әлеуметтік маңызы бар он петицияның бесеуін ішінара қанағаттандырды.
egov.press және alash.online сайттарында Қазақстанның ҰҚШҰ-дан шығуы, нашақорларды «Метадон» препаратымен емдеуге қарсы, мүгедектерге берілетін жәрдемақы көлемін ұлғайту, қазақ тілі орталықтарын ашу туралы петициялар әлі де журналдар мен кітаптарда талқылануда.
2022 жылы петиция сайты Қазақстанның аумағында сот шешімімен бұғатталды, содан кейін egov.press сайты alash.online жаңа доменіне көшті.
alash.online сайтында жарияланған петициялар Massaget.kz редакциясының нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең танымал бестікке енді. 2022 жылғы 22 қаңтарда сайтта Қазақстандағы оқушы қыздарға орамал тағуға рұқсат беруді талап еткен петиция пайда болды. Бір күнде бастамаға 20 250 қол жиналып, 2 күннен кейін белгісіз себептермен сайттан жойылды.
## Петициялар
### Қазақстан астанасы туралы
Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтанды Астана деп өзгерту туралы петицияға 223 101 адам қол қойды. Петициядан кейін 2022 жылғы 15 қыркүйекте бұл ұсынысты қалалық мәслихат қолдап, депутаттар атауды өзгертуге дауыс берді. 2022 жылғы 17 қыркүйекте президент астананың атын өзгерту туралы заң жобасына қол қойды. Өтініш толығымен қанағаттандырылды.
### Әйелдердің зейнеткерлік жасы туралы
2021 жылғы 30 қазанда Қазақстан азаматтары әйелдердің зейнеткерлік жасын 55-58 жасқа дейін төмендету туралы петиция көтерді. Бастама 863 мыңнан астам қол жинап, зейнетақы реформасын талап ету үшін бірнеше рет митингіге шыққан әйелдер қозғалысы құрылды. Петициядан кейін 2022 жылғы 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2028 жылға дейін әйелдердің зейнетке шығу жасы 61 жас болып белгіленетінін мәлімдеді.
### Экс-президенттің иммунитеті
2022 жылғы 18 қаңтарда egov.press сайтында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты иммунитеттен айыруды талап еткен петиция жарияланды. Петициядан кейін 2023 жылғы 15 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның тұңғыш президентінің иммунитетінен айыру туралы Конституциялық заңға қол қойды.
### Алматы қаласы әкімінің қызметінен кетуі туралы
2023 жылғы 6 шілдеде сайтта Ерболат Досаевты қала тұрғындары сынға алып, қызметінен кетуге шақырған петиция жариялады. Петицияны 12 556 адам қолдаса, 9 947 адам қарсы болды. Бір минут ішінде отставкаға кетуді қолдағандар саны азайып, 10 017 адам қарсы қол қойды. egov.press авторлары Ресейден арнайы бот шабуылы туралы хабарлады. Қазақстандық саясаттанушы Антон Морозов петицияға қолдаған адамдарды бот деп атады. Оның айтуынша, екі адам он мыңдаған пайдаланушылардың белсенділік көрінісін оңай жасай алады.
### Мүгедектерге арналған жәрдемақы туралы
47 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны egov.press сайтында Қазақстан Президентіне мүгедектік бойынша жәрдемақыны 100 пайызға көтеруді сұрап петиция жариялады. Петиция 7 мыңға жуық қол жинады. Біраз уақыттан кейін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап ерекше қажеттіліктері бар адамдарға берілетін жәрдемақыны 14,5 пайызға арттыруды тапсырды.
### Утиль алым туралы
2021 жылғы 31 қазанда басталған утиль алым ақысын толығымен алып тастау туралы петицияға 130 000 қол жиналды. Петициядан кейін 2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Президенті «Оператор РОП» компаниясын сынға алды. 2022 жылғы қазанда Парламент «Оператор РОП» утиль алымға ақы алу құқығын алып тастайтын заң қабылдады.
### Украинаның Қазақстандағы елшісі туралы
2022 жылы 22 тамызда жарияланған Украина елшісі Петр Врублевскийді жанжалды мәлімдемелеріне байланысты депортациялау туралы петиция 42 мың қол жинады. Өтініштен кейін Украина тарапымен келісім бойынша Петр Врублевский Украинаның Қазақстандағы Елшісі қызметін тоқтата отырып, Қазақстаннан өз еркімен шақыртылды.
### Бала күтімі бойынша жәрдемақы туралы
2022 жылғы 18 қаңтарда бала күтімі бойынша жәрдемақыны үш жылға дейін ұзарту туралы петицияға 125 мың қол жиналды. Петициядан кейін 2022 жылғы 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі бойынша жәрдемақы бір жарым жылға дейін ұзартылатынын мәлімдеді.
## Сын және цензура
Astana TV телеарнасы egov.press сайтында жарияланған «жалған петициялар» туралы айтып, отандық платформа құруға шақырған репортаж түсірді.
2022 жылы қазақстандық журналист Юрий Масанов egov.press петиция сайтын жалған деп мақала жазды. Журналист мақала жарияланғаннан кейін egov.press сайты 2022 жылғы 20 маусымда Қазақстанда сот шешімімен бұғатталды. Бұғаттаудан кейін egov.press петиция сайты alash.online жаңа доменіне көшті.
2023 жылғы маусымда «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры egov.press сайтын Қазақстандағы сөз бостандығының бұзылуы туралы есеп тізіміне енгізді.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми сайты
* Telegram арнасы
* Instagram парақшасы
* TikTok парақшасы |
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті (ППУ) — Павлодар қаласындағы мұғалімдерді дайындайтын жоғары оқу орны.
## Тарихы
Павлодар педагогикалық институты (ППИ) 1962 жылдың 1 желтоқсанында ашылды. Қарамағында төрт аудиториясы болды, бір жылдай №3 мектептің төртінші қабатында сабақ жүргізді. Тарих-филология және физика-математика факультеттерінде 150 адам оқыды. Сабақты 14 оқытушы жүргізді. Қабылданған студенттердің 50 пайызында екі жылдан астам еңбек өтілі болды. Басқа жерлерден келген студенттер жеке пәтерлерде, №3 мектептің ескі ғимаратында тұрды. 1964 жылдың жазында алғашқы жатақхана салынды.
1964-1965 оқу жылында «Орыс тілі мен әдебиеті», «Математика» және «Жаратылыстану» мамандықтары бойынша студенттер қабылданды. Сол жылы студенттердің саны 284 адамға дейін өсті, 23 оқытушы оқытты. Бос лауазымдарға өткізілген бірінші конкурстан 6 ғылым кандидаты өтті, оның бесеуі доцент еді. Атап айтсақ, олар: ф.ғ.к., доцент И. П. Белоусов, вет. ғ.к., доцент А. Т. Шиянов, фил. ғ.к., доцент А. Г. Митрошкина, т.ғ.к., доцент М. И. Блох.
1963 жылы физика-математика факультетінің биология және химия бөлімінің базасында (студенттер контингентінің көбеюіне байланысты) дене тәрбиесі бөлімі бар химия-биология факультеті ашылды.
Даярланған жастарды тарту мақсатында ППИ жанында дайындық курстары ашылып, оған 137 тыңдаушы жиналды. Олардың көбі машина жасау зауытының, ҚБ-2, ҚБ-2 жұмысшы жастары, балабақшалардың, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері болатын.
Оқу үдерісінің маңызды бөлігі студенттердің педагогикалық және далалық тәжірибе жұмыстары болды. Педагогикалық тәжірибе қаланың № 3, 7, 11, 18, 23 мектептерінде өткізілді. Әр оқытушыға кеңес беру, бақылау және басшылық жасау үшін бірнеше академиялық топ бекітілді. Сондай-ақ студенттер мектептерде пионер вожатыйлары, сынып жетекшілерінің көмекшілері, әртүрлі үйірмелердің жетекшілері болып практикадан өтті. Сонымен қатар, студенттер практикадан Павлодар облысының пионер лагерлерінде де өтті.
Химия-биология факультеті студенттерінің оқу-далалық практикадан облыс кеңшарларындағы егіншілік жұмыстарымен және еңбек сауықтыру лагеріндегі жұмыстар ұйымдастырылды. Дала практикасы Алтай, Баянауыл секілді әртүрлі климатты зоналарда 42 күнге дейін жалғасты.
ППИ қызметінің басты басымдылығы студенттер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары болды. Мәселен, ҒЗЖ және СҒЗЖ жаңа нысандары белсенді түрде енгізілді, бірқатар кешендік және шартты-шарушылық жұмыстары жүргізілді, институттың профессор-оқытушылар құрамы ғылым докторы және ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмыстарын жоспарға сай қорғады. (О.З.Зикрин, З.П.Щербинко, А.М.Даткаев және т.б.).
ППИ ғылыми-зерттеу жұмысының жандануы Ертіс өңірінің өзекті проблемаларымен айналысқан химия-биология факультетінде ғалымдардың паразитология мектебінің қалыптасуымен байланысты болды. Олар: «Гельминты домашних животных Павлодарской области», «Циркуляция возбудителей описторхоза, трихинеллеза и многокамерного эхинококкоза в Среднем Прииртышье» (И. И. Гуславский, З. И. Обухова, С. П. Хавкин, А. И. Батькаев және т.б.) мектептері болатын. Сондай-ақ мектеп мұғалімдері, эпидемиологтар, медик-паразитологтар үшін гельминтоздарды сақтандыру бойынша практикалық ұсынымдар жасалды.
Математика кафедрасындағы ғылыми жұмыс «Единство обучения и воспитания в процессе преподавания математики» тақырыбы бойынша жұмыс жасаған Г. М. Мұқанов, Т. Қ. Шаяхметов, Л. И. Турчинский, М. И. Шаталина сияқты аға оқытушылардың қызметтерімен тығыз байланысты болды. Элементарлық математика кафедрасының аға оқытушысы М. И. Шаталина «О математическом активе класса» мәселесін зерттеумен айналысты. Осы мақсатпен №3 орта мектептің 9 сыныбында математикалық топ құрылды. Жұмыс математика пәні бойынша сабақта және сабақтан тыс дайындықтың байланысын айқындады. Сонымен, 1968 жылы М. И. Шаталинаның «Развитие интереса, самостоятельного творческого мышления и инициативы при обучении математике в средней школе» атты оқу-әдістемелік құралы жарық көрді.
Орыс және шетел әдебиеті кафедрасы оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары салыстырмалы талдаудың, көркем шеберліктің, әдеби шығармалардың тарихи маңыздылығының, оларды зерттеу әдістемесінің проблемаларын зерттеумен тікелей байланыста өріс алды.
Павлодар облысы мен Павлодар қаласының мектептерінде бағдарламалық оқытуды енгізу ППИ кафедралары мен аймақ мұғалімдерінің кәсіби ынтымақтастығын нығайтты. Ғылыми қалыптасу өз жалғасын тапты. Зерттеу ғылыми-педагогикалық, ғылыми-қолданбалы және әдістемелік сипаттағы тақырыптарда дайындалды. Оның 40-қа жуық пайызын оқытушылар құрамы еңбек еткен топ 41 ғылыми тақырыпты зерттеді. Кафедралар жанында ғылыми зерттеу үйірмелері ұйымдастырылды, отырыстарда баяндамалар, таңдаулы тақырыптар бойынша рефераттар тыңдалды, проблемалық мәселелер бойынша әдебиеттер жаңалықтары зерттелді. Ғылыми-зерттеу жұмысының 42% дейін студент жастар қамтылды.
Жоғары оқу орнында ішкі ғылыми конференциялар өткізілді. Ең алғашқы ғылыми конференция «Социализмнен коммунизмге өту жағдайындағы ұлттық қарым-қатынастың дамуына» арналды. Конференцияда т.ғ.к. Г. И. Боранқұлов, аға оқытушы А. Н. Грицков, оқытушы В. И. Лобанов және Р. М. Гейгер баяндамалар жасап, сөз сөйледі.
Сонымен қатар, кадр мәселелері де уақытында шешімін тауып отырды. Ғылыми жұмыстың нәтижесінде ППИ-де алғашқы даярлықтан өткен жас мамандармен оқытушылар қатары толықтырыла бастады. Осы үдеріске республикалық және одақтық министрліктермен біріге отырып өткізілген жоғары оқу орнының оқытушыларын арнаулы аспирантураға оқытуға басым бағыт беру саясаты көмектесті.
«Мектеп пен өмірдің байланысын нығайту және КСРО-да халыққа білім беру жүйесінің бұдан әрі қарай дамуы» Заңының жүзеге асуы ППИ ұжымын «Педагогикалық білім университетін» ұйымдастыруға көмектесті, бұл арқылы педагогиалық білім таратылды, оқу пәндерін оқыту әдістемесі бойынша өзара тәжірибемен алмасу қамтамасыз етілді.
Жоғары оқу орнының қалыптасуы кезінде студенттерді тәрбиелеу жұмысының әдістері мен тиімді нысандарын белсенді іздестіру жүргізілді, тәрбие үдерісін басқарудың негізі қаланды.
Ректораттың, деканаттардың, кафедралардың, сонымен қатар партия, кәсіподақ, комсомол ұйымдарының жұмыстары негізінен ұйымдастыру мәселелерін шешуге және оқу мен тәрбие үдерістерін жүзеге асыруға бағытталды. Тәрбие жұмысы институттың партия бюросымен бекітілген жоспар негізінде жүргізілді. Әсіресе тәрбиенің негізгі бағыттары маркстік-лениндік теорияны зерттеу, саяси-тәрбие мен мәдени-көпшілік жұмысы, әскери-патриоттық тәрбие беру, студенттерге арнап өткізілген спорттық-бұқаралық ғылыми жұмыстар жатақханалардағы ұйымдастырылған әртүрлі жұмыстар институттың облыспен және қала ұйымдарымен байланысын қалыптастыруға әсерін тигізді.
Жалпы институттық жоспардың негізінде факультеттердегі, кафедралардағы, академиялық топтардағы тәрбие жұмысы жүргізілді. Оған оқытушылар мен институт қызметкерлерінің саяси оқулары енгізілді. Дәрістік-насихат жұмысы, мәдени-бұқаралық шаралар, баспа және радио жұмысы, бұқаралық-саяси және спорттық-бұқаралық жұмыстар, қала тұрғындары мен оқушыларының арасындағы үгіт-бұқаралық іс-шаралар қолға алынды.
Оқытушыларды, қызметкерлер мен студенттерді тәрбиелеудің маңызды бөлігі саяси ағарту жұмысы болып есептелді. Студенттік топтардың саяси хабарламашылары үшін марксизм-ленинизм кафедрасының оқытушылары (Г.И.Боранқұлов, Е.П.Дерягин, К.Р.Рахымбердинов, М.В.Вальянов) жүргізген консультациялар өз нәтижесін берді. Оған Еуропа, Латын Америкасы, Қытай Халық Республикасының саяси жағдайының проблемалары жөніндегі тақырыптар енгізілді.
Оқытушылардың саяси білімін жетілдіру үшін теориялық семинарлар өткізілді. Марксизм-ленинизмді зерттеу бойынша семинарды марксизм-ленинизм кафедрасының оқытушысы В.И.Грошев, Кеңес Одағы Коммунистік Партиясының (КОКП) тарихын зерттеу жұмысын А.А.Рояк басқарды. Сондай-ақ ППИ-дің комсомол комитетімен Бүкілодақтық Лениндік Коммунистік Жастар Одағының (БЛКЖО) тарихын зерттеу ұйымдастырылды.
Құрамы 17 оқытушы мен 21 студенттен тұратын лекторлық топ қала кәсіпорындары мен облыс аудандарында жұмыс істеді. Халықаралық жағдай, КСРО және коммунистік партияның тарихы, сөйлеу мәдениеті туралы, жас кеңес адамының бейнесі, Олимпиадалық ойындардың тарихы жөнінде дәрістер оқылды. Сондай-ақ «Мәдениет университеті» жұмыс істеді. (жетекшісі Ю. А. Адаменко), оның негізгі мақсаты студентердің тереңдету, болашақ мұғалімдердің ой-өрісін кеңейту, эстетикалық дағдыларын қалыптастыру болды. Бүкілодақтық радионың радиокоментаторы М. Горбулинмен, Павлодар ақындары О.Афанасьевпен, В. Семерьяновпен, С. Музалевскиймен, М. Динерштейнмен, композитор В. Ширинкинмен кездесулер ұйымдастырылды. Университеттің тұрақты тыңдаушыларының саны жыл сайын 300-ден астам адамды құрады.
Өз күштерімен ұйымдастырылған көркемөнерпаздар үйірмесі таныла бастады. Студенттердің көпшілігінің қатысуымен хор, драма, вокал үйірмелері жұмыс істеді. Үйірменің дамуына көркемдік жетекшісі ретінде педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Р. Н. Сафонов сүбелі үлес қосты. Институттың өз күшімен ұйымдастырылған көркемөнерінің қалыптасып дамуына оқытушылар Ю. А. Адаменко, О. Қ. Жармакин, Г. И. Кирш, Э. Н. Неверова, Е. Е. Солтан, С. М. Хавкин, студенттер Н. Маркин, М. Барац және т.б. көмек қолын созды.
Көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшелері факультеттерде конкурстарды, кештерді өткізді, үгіт-мәдени бригадаларын жинақтады, үйірмелердің жұмысын бақылады. Олар облыстық және қалалық кәсіпорындарға, кеңшарлар мен ұжымшарларға барып, концерт ұйымдастырды. Институттың эстрадалық квартеті Павлодар телестудиясының жастар бағдарламасында ән шырқады, филология факультетінің деканы Г.И.Кирштің жетекшілігімен қойылған «Юность отцов» пьесасы С.М.Киров атындағы ұжымшарда өзеншілер клубында қойылды.
Үгіт-мәдени бригадасы «Педагог бол!» ұраны аясында Павлодар-Қашыр аралығында үш күндік веломарафонын өткізді. Ол егін егі науқаны кезінде «Для тех, кто в поле» атты концерттік бағдарламамен Краснокутск ауданы тұрғындарының алдында концерт қойды.
ППИ-дің көркемөнерпаздар үйірмесінің шеберлігі күн санап арта түсті. Ұжымдардың қалалық байқауында институт 1- орынға және «Нам 48, будет 50, затем исполнится нам 200 лет и 300, но, как маяк, останется в веках великая Держава коммунистов!» (1966) монтажы үшін ауыспалы кубокқа ие болды. Келесі жылында да «Широка страна моя родная» монтажы үшін кубок институтта қалды, би және эстрада ұжымдары конкурс лауреаттары атанды, басқа жанрларда орындалған 10 нөмір жеке орындарға ие болды.
Қалаған мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыру, оған деген оң көзқарасын қалыптастыру және озат педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында студенттер мен елімізге еңбегі сіңген ұстаздар Е.М.Кассацкая, А.А.Овсянникова, О.Ф.Семенова, Т.И.Васильева және тағы басқалармен кездесулер өткізілді. Студенттер үлгерімі нашар балалармен, пионер вожатыйларымен, сынып жетекшілерімен, көмекшілерімен, сондай-ақ милицияның балалар бөлмелерінде, мектептердегі пионер және комсомол ұйымының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қалалық комсомол комитетінің штаттан тыс нұсқаушыларымен, аула клубтарындағы, спорт нұсқаушыларымен жұмыс жасады.
Қоғамдық жұмысты атқару дағдысы мен тиімділігіне ие болуға қоғамдық мамандықтар факультеті көмектесті (ҚМФ), әр жылдарда ҚМФ декандары болып С. Я. Улицкий, А. Г. Гайнанов, Ю. А. Адаменко қызмет етті. ҚМФ-да қоғамдық мамандықты 1226 студент (1970) алды. Сонымен қатар «Педагогикалық білім университеті» жұмыс істеді (жетекшісі педагогика кафедрасының меңгерушісі В. П. Харитонов), ал тыңдаушылары — қала мектептерінің ата-аналары.
Дәстүрлі шараларды өткізу бір арнаға түсе бастады. Мысалы, «Бірінші курс студенттеріне» арналған факультет кештері, мерейтойларға және еске алу күндеріне орай тақырыптық кештер өткізілді. Жазушылар мен композиторлардың (В.Шекспир, Т.Шевченко, М.Лермонтов, П.Васильев, Вс.Иванов, С.Есенин, композитор Л.Ван Бетховен) өмірі мен шығармашылықтарына, Павлодар қаласы ақындарына арналған кештер де жиі ұйымдастырылды. Топтарда мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің проблемалары және жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттері бойынша пікірталастар, әңгімелер жүргізілді.
Институт өмірі қабырға газеттерінің беттерінде көрсетілді. «Педагог» атты жалпы институттық, факультеттік – «Филолог», «РИЛЛОТ», «Крылатая юность» атты қабырға газеттері шықты. Факультеттерде, жатақханада «найзағайлар», «әскери парақтар» шығарылды.
Жоғары оқу орны туралы хабарлар радиогазетте тұрақты шықты, радиоклуб жұмыс істеді (жетекшілері оқытушы — А. В. Михеев, студент Ю. Куготенко). Сол кездегі факультеттердің өмірін баяндайтын фотовитриналар, фотомонтаждар, «бір сағаттық фоторепортаждар» танымал хабарларға айналды.
Жатақхана төрағалары А.Прокопенко, Д.Альтергот студенттердің өзін-өзі басқару органы - студенттер кеңесін құрды. Студенттер кеңесі үздік жатақхананы анықтау мақсатында байқау жариялады, жатақханада тұру ережелерін дайындады. Апта сайын сұрақ-жауап ретіндегі тақырыптық кештер, пікірталастар, дәрістер, атақты адамдармен кездесулер, «кафедралар апталары», әңгімелер, адамгершілік-этикалық тақырыптарға арналған баяндамалар мен музыкалық, поэзиялық және КТК кештері өткізілді. Павлодар облысы студенттер жатақханаларының байқауы қорытындысы бойынша №2 жатақхана жеңімпаз атанып, Қазақстан ЛКЖО облыстық комитетінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
Студенттердің дене шынықтыруын жетілдіру үшін спорт секциялары құрылды, спорт клубтары ұйымдастырылды, олимпиадалар, спартакиадалар өткізілді. Бір жылда 45 спортшы-разрядшы даярланды. Институт командалары «Молодой целинник» газетінің жүлдесіне арналған қалалық эстафетада, қалалық шаңғы жарысынжа жүлделі орындарға ие болды. Студенттердің 25 пайызы спорт секцияларында шұғылданды.
Агробиологиялық станса жанында (Черноярка аулы) еңбек спорт-сауықтыру лагері құрылды. Мұнда дене тәрбиесі факультетінің студенттері оқу-жаттықтыру жиындарына тартылды, дала практикасына химия-биология және басқа факультеттердің студенттері қатысты.
Негізгі жұмысты дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары А.С.Куц, В.А.Бородихин, В.А.Лыткин, И.З.Калугин жүргізді. Олар спорт секцияларының жұмысын ұйымдастырды, жүзуге үйрету бойынша сабақтарын өткізді, спартакиадаларды басқарды, бір күндік және көп күндік туристік саяхаттарға қатысты. Қамқорлық көмек көрсету шегінде студенттер мен оқытушылар «Чернояр» совхоздағы мектеп үшін футбол алаңы, жеңілатлетикалық секторлары, баскетбол және волейбол алаңдары бар спорт кешенін салды. Спорттық-бұқаралық жұмыстың спорттық, туристік секцияларына балық аулау және аңшылық, денсаулық топтарына институт оқытушылары да қатысты. Институт біріншілігіне тұрақты қатысу мақсатында волейбол, баскетбол, шахмат, бадминтон бойынша оқытушылар командалары құрылды.
Қысқы спорт ойындары түрлері бойынша қалалық, облыстық және республикалық жарыстарда көрсеткен жоғары нәтижелері үшін ППИ спортклубы Павлодар аткомының және қала дене тәрбиесі және спорт комитетінің ауыспалы Қызыл туымен марапатталды. ППИ-дің шаңғышылар командасы жоғары оқу орындарының арасында Қазақстанның 3 жүлдегері атанды. «Буревестник» республикалық жарыстарында ППИ спортұжымы волейболдан 1-ші орынды, шаңғыдан 3-ші орынды, жеңіл атлетикадан 5-ші орынды, қол добы бойынша 6-ші орынды иеленді. Студенттік жастар арасындағы республикалық ойындарда Чекмарева (шаңғы), А.Ни (гимнастика), Барабаш, В.Барганников (коньки), В.Пономарев В., В.Попов В (жеңіл атлетика), Ю.Яковлев, К.Түйлықбеков (классикалық күрес) жүлделі орындардан көрінді. Студент В.Барганников юниорлар арасындағы КСРО біріншілігінде жүлдегер атанды және халықаралық жарыстарға Қазақстан атынан қатысты.
Еңбек тәрбиесі студенттік құрылыс отрядтары (СҚО), пионер вожатыйы жұмыстары арқылы, пионер лагерлеріндегі спорт нұсқаушыларымен, оқу-жаттықтыру жиындарында жүзеге асырылды. ППИ студенттері Павлодар облысының совхоздарында мал қораларын, тұрғын үйлерді, жатақханаларды, жылыжайларды, кірпіш зауыттарын, механикалық токтарды, моншаларды, балабақшаларын салуда жұмыс жасады. Жұмыстағы жақсы көрсеткіштері үшін көптеген студенттер сыйлықақылар, мақтау қағаздарын, аудандық комсомол комитеттерінің алғысхаттарын алды. «Қоскөл» совхозында орналасқан ППИ отряды әртүрлі оқу орындарының 14 отряды арасындағы жарысда 1-ші орынға ие болып, ауданның ауыспалы туын жеңіп алды.
Ауыл мектебіне көмек көрсету айлықтарында барлық совхоздарда мектеп шеберханалары салынды, мектептерді жөндеу жұмыстары жүргізілді, спорт алаңдары жаңадан жабдықталды. СҚО-ның жұмыс істеген кезеңінде барлық совхоздарда демалыс кештері, футбол, волейбол бойынша жолдастық кездесулер өткізілді, жергілікті жерлерде тұрғындарға дәрістер оқылды. СҚО отрядтарына «тәрбиеленуі қиын» оқушылар мен жасөспірімдер қатысты.
## Әнұраны
Сөзін жазған: Мұхит ЖақсылықұлыӘнін жазған: Қайырбек Сәтиев
## Факультеттері
* Филология факультетіҚазақстан және шетелдер тарихы кафедрасыЭкономика, құқық және философия кафедрасыОрыс тілі және әдебиеті кафедрасыҚазақ тілі және әдебиеті кафедрасыШет тілдері кафедрасы
* Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы
* Экономика, құқық және философия кафедрасы
* Орыс тілі және әдебиеті кафедрасы
* Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы
* Шет тілдері кафедрасы
* Жаратылыстану және математика факультетіЖалпы биология кафедрасыАнатомия, физиология және дефектология кафедрасыГеография және химия кафедрасыИнформатика кафедрасыМатематика және физика кафедрасыКәсіптік оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасыДене тәрбиесі кафедрасы
* Жалпы биология кафедрасы
* Анатомия, физиология және дефектология кафедрасы
* География және химия кафедрасы
* Информатика кафедрасы
* Математика және физика кафедрасы
* Кәсіптік оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасы
* Дене тәрбиесі кафедрасы
* Педагогика және спорт факультетіМектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасыПедагогика кафедрасыПсихология кафедрасыМузыкалық білім берудің теориясы мен әдістемесі кафедрасыАлғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы
* Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы
* Педагогика кафедрасы
* Психология кафедрасы
* Музыкалық білім берудің теориясы мен әдістемесі кафедрасы
* Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы
## Тағы қараңыз
* Павлодар
* Педагогика
* Институт
## Дереккөздер |
Али Ассадалла Таймн Гамбар (араб.: علي أسد الله ثايمن قمبر; 19 қаңтар 1993, Манама) — катарлық футболшы, жартылай қорғаушы. 2023 жылғы Азия чемпионы.
2022 жылғы әлем чемпионатына қатысты.
## Жүлделері
«Әл-Садд»
* Қатар чемпионы (2): 2012/13, 2018/19
* Катар әмірі кубогы (3): 2014, 2015, 2017
Қатар құрамасы
* Азия чемпионы: 2023 |
Мешал Эсса Баршим (араб.: مشعل عيسى برشم; 14 ақпан 1998 жыл, Доһа) — қатарлық футболшы, жартылай қорғаушы, тегі судандық. Ағасы Муртаз Баршим жеңілатлет, 2020 жылғы Олимпиада чемпионы.
Мешаал Баршим 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысты.
## Жүлделері
### Командалық
«Әл-Садд»
* Катар чемпионы (3): 2018/2019, 2020/2021, 2021/2022
* Қатар Кубогы (2): 2020, 2021
### Халықаралық
* Азия чемпионы: 2023
## Дереккөздер |
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (КТжИУ) - Ақтау қаласында орналасқан жоғары оқу орны. Университеттің бес факультетінде төрт мыңнан астам студент 22 мамандық бойынша білім алады. Олардың үштен екісі күндізгі бөлімдерде оқиды. Мұнай-химия; инженерлік; тарих-филология; физика-математика; атом-энергетикасы факультеттері жұмыс істейді. Студенттерге Қазақстан ғылым академиясының бес толық мүшесі мен мүше-корреспонденті, 10 профессор, елуден астам ғылыми кандидат, бес жүзге жуық оқытушы дәріс береді. Университеттің бес оқу корпусы, шеберханасы, жатақханасы, оқу залдары мен екі спорт кешені бар.
## Тарихы
Қазақ ССР Жоғары және арнайы орта білім министрінің 1976 жылғы 5 наурыздағы бұйрығымен 1976 жылы Шевченко (қазіргі – Ақтау) қаласында В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының (В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ) жалпытехникалық факультеті ретінде университеттің ашылуы. Жалпытехникалық факультеттің алғашқы деканы болып Кеңесбай Табылдыұлы Табылдиев тағайындалды.
1983 жылы жалпытехникалық факультеттің деканы болып Табылдиевтің орнына Есберген Тоқшылықұлы Божанов тағайындалды.
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 18 қыркүйектегі № 384 қаулысымен 1990 жылы жалпытехникалық факультет В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ-дің Маңғыстау филиалы ретінде қайта құрылды. Филиалдың алғашқы директоры болып Есберген Тоқшылықұлы Божанов тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 7 маусымдағы № 472 қаулысымен 1993 жылы В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ-дің Маңғыстау филиалы базасында Ақтау политехникалық институтының ашылды. Институттың алғашқы ректоры болып Есберген Тоқшылықұлы Божанов тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 1 шілдедегі № 767 қаулысымен 1995 жылы Ақтау политехникалық институтына Шаһмардан Есеновтың есімі берілді.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1996 жылғы 7 мамырдағы № 573 қаулысымен 1996 жылы Ақтау политехникалық институты мен Атырау педагогикалық университеті Ақтау филиалының негізінде Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің құрылды.Университет ректоры болып Есберген Тоқшылықұлы Божанов тағайындалды.
2001 жылы Божановтың орнына университет ректоры болып Әшімжан Сүлейменұлы Ахметов тағайындалды.
2005 жылы Ахметовтың орнына университет ректоры болып Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы Әбжаппаров тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 мамырдағы № 502 қаулысымен 2008 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті атауы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті болып өзгерді.
2013 жылы университет ректоры болып Әділбек Қожабекұлы Ботабеков тағайындалды.
## Факультеттері
* Қазақстан-Неміс тұрақты ғылымдар институты
* Туризм және тілдер факультеті
* Бизнес және құқық факультеті
* Инжиниринг факультеті
* Білім беру факультеті
* Ғылым және технологиялар факультеті
* Теңіз академиясы
* Әскери кафедра
* Колледж
## Қоғамдық ұйымдары
* Кәсіподақ комитеті
* «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасы
* Cтуденттік парламент
## Кафедралары
### «Жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық дайындық» факультетінің кафедралары
* «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы.
* «Информатика және жаратылыстану-ғылыми пәндер» кафедрасы.
* «Тілдік пәндер» кафедрасы.
### «Мұнай және газ» факультетінің кафедралары
* «Мұнай-газ ісі және геология» кафедрасы.
* «Мұнайгаз машиналарын жасау» кафедрасы.
* «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасы.
### «Педагогика» факультетінің кафедралары
* «Биология және география» кафедрасы.
* «Шет тілдері» кафедрасы
* «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы
* «Физика және математика» кафедрасы
* «Педагогика және психология» кафедрасы
* «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы
### «Көлік және құрылыс» факультетінің кафедралары
* «Ақпараттық жүйелер және энергетика» кафедрасы
* «Құрылыс» кафедрасы
* «Теңіз және жерүсті көлігі» кафедрасы
### «Экономика және құқық» факультетінің кафедралары
* «Экономика» кафедрасы
* «Менеджмент» кафедрасы
* «Қаржылық есеп және аудит» кафедрасы
* «Құқықтану» кафедрасы
## Оқу нысандары мен жатақханалар
1. Бас ғимарат (БҒ)Алты павильоннан тұрады, ғимараттың дәрісханалары мен кабинеттерінің нөмірленуі бір әріптен және төрт белгіден тұрады:әріп – павильонның белгісі;бірінші және екінші сан – қабат нөмірі;үшінші және төртінші сан – дәрісхана мен кабинеттердің нөмірлері.Орналасқан жері: Ақтау қаласы, 32 ықшам аудан.
2. № 2 оқу ғимараты (№ 2 ОҒ)Үш павильоннан тұрады, ғимараттың нөмірленуі үшсанды:бірінші саны – қабат нөмірі;екінші және үшінші сан – дәрісхана мен кабинеттердің нөмірлері.Орналасқан жері: Ақтау қаласы, 24 ықшам аудан, 2 үй.
3. № 3 Оқу ғимараты (№ 3 ОҒ)Жеті секциядан тұрады, ғимараттың нөмірленуі үш санды:бірінші саны – қабат нөмірі;екінші және үшінші сан – дәрісхана мен кабинеттердің нөмірлері.Орналасқан жері: Ақтау қаласы, 11 ықшам аудан, 3 үй.
4. № 1 студенттер жатақханасы (№ 1 СЖ)Тұрғын-жай секциялары, оқу залы, асханасы бар төрт қабатты ғимарат.Орналасқан жері: Ақтау қаласы, 3Б ықшам аудан, 10 үй.
5. № 2 студенттер жатақханасы (№ 2 СЖ)Тұрғын-жай секциялары, оқу залы бар бес қабатты ғимаратОрналасқан жері: Ақтау қаласы, 27 ықшам аудан, 7 үй.
6. № 3 студенттер жатақханасы (№ 3 СЖ).Тұрғын-жай секциялары, оқу залы, спорт алаңы, асханасы бар бес қабатты ғимарат.Орналасқан жері: Ақтау қаласы, 32 ықшам аудан.
7. Спорт кешені (СК)Құрамында спорт залы (баскетбол, футбол, волейбол), жүзу бассейні, жаттығу залы, бокс залы, күрес залы, шейпинг залы бар екі қабатты ғимарат.Орналасқан жері: Ақтау қаласы, 32 ықшам аудан.
## Ректорлары
* 1976-1983 - Кеңесбай Табылдыұлы Табылдиев
* 1983-2001 - Есберген Тоқшылықұлы Божанов
* 2001-2005 - Әшімхан Сүлейменұлы Ахметов
* 2005-2013 - Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы Әбжаппаров
* 2013-2017 - Әділбек Қожабекұлы Ботабеков
* 2017 жылдан бастап - Берік Бақытжанұлы Ахметов
## Дереккөздер |
Салем әл-Аджалин (араб.: سالم العجالين; 18 ақпан 1988) — иорданиялық футболшы, жартылай қорғаушы. 2015 жылдан бері ұлттық құрамада доп тебеді. 2019, 2023 жылдары Азия кубогына қатысты.
## Жетістіктері
### Халықаралық
* Азия кубогының финалисі: 2023
## Сілтемелер
* https://www.goalzz.com/main.aspx?player=54160 |
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Республикамызда ғана емес, бұрынғы КСРО, қазіргі ТМД елдері арасында тек аруларға арналған баламасыз бірден-бір жалғыз жоғары білім ордасы. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің символы – тұмар.Қыздар институты құрылғаннан бастап 70 жыл ішінде оқу ордасын 60 мыңнан астам түлек бітіріп, республикамыздың түкпір-түкпірінде ұстаздық және қоғамдық жұмыстарда, өнер мен мәдениет салаларында жемісті еңбек етуде. Қыздар университеті қазақ аруларының шамшырағына айналған, қазақ халқы сеніп тапсырған мыңдаған жандардың үкілі үміті. Университеттің студенттері жақсы оқумен қатар, әндері және билерімен үлкен сахналарды әуелетіп, спорттық жетістіктерімен әлемді таңғалдыруда. Білікті маман, мықты педагог, ұлт тәрбиелеуші жастар осы парасат мектебінен түлеп ұшады.
## Университет тарихы
### Құрылуы
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты және М.Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесі 1944 жылдың сәуір айында СОКП Орталық Комитеті бюросының қабылдаған “Қазақ жастарынан жоғары дәрежелі педагог-мамандар дайындау” туралы қаулысы негізінде ҚазКСР Халық Комиссарлар кеңесінің №457 қаулысымен Алматы қаласында ашылды.
Қабырғасы жаңа қаланған институттың құрамындағы физика-математика, тарих, тіл және әдебиет факультеттерінің әрқайсысына 30-дан студент қабылдауға және 2 жылдық дайындық курсын ашу, оған 60 талапкер қабылдау және олардың тамағы, киімі, кітап т.б. керек-жарағын мемлекет тарапынан қаржыландыру туралы шешім шығарылды. Инсти-тутқа Гоголь көшесіндегі 119 үйді оқу ғимараты, Лесная көшесіндегі 86 үй жатақхана ретінде пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Алматы құрылыс тресіне оқу орнын қажетті құралдармен қамтамасыз ету, ал ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау комитетіне 300 адамды жиһаз, төсек-орынмен жабдықтау тапсырылды.
Институт ашылуын Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Омаров бастаған еліміздің күллі зиялы қауымы, өнер-білім саласындағы қайраткерлері қызу қолдап, ақжолтай тілектерін білдірді.
### Алғашқы құрылысы
Оқу жылының бірінші жартысында 9 кафедрадан тұратын 3 факультетте 20 ұстаз, оның ішінде 5 ғылым кандидаты, 8 аға оқытушы, 7 оқытушы дәріс берді. Институттың директоры болып Қ.Оспанов тағайындалды.
Ал 1945 жылдың 11 қыркүйегінде институттың алғашқы ректоры болып Тұрсын Мырзабекова тағайындалды. Соғыстан кейінгі кезеңнің ауыртпашылығына қарамай, ұйымдастыру, қалыптастыру сияқты қыруар жұмыстарға көп күш салған алғашқы ректор-дың ерен еңбегін ерекше атаған жөн.
### Алғашқы оқытушылар
Білім алуға келген қыздарға М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ғ.Құрманғалиев, Т.Тәжібаев, К.П.Персидский, А.Жұбанов, Ш.Батталова, О.А.Жәутіков, Н.Сауранбаев, Ә.С.Тұрсынбаев, В.А.Есенғалиева, Х.Х.Махмутов, С.Т.Толыбеков, Х.Жұманов, К.Қармысов, К.Айманов, М.Балақаев, Е.Косюхин, Ө.Байділдаев, К.Барманқұлов, И.Маманов, А.А.Федулова, Д.Т.Тұрсынов, З.Ахметов сынды көптеген көрнекті ғалымдар дәріс берді.
### Институттың толығуы
Жылдар өткен сайын институтта оқытушылар құрамы ғылыми атақтары бар ұла-ғатты ұстаздармен толығып, материалдық-техникалық және оқыту-әдістемелік мүмкін-діктері арта түсті, осылайша білім ордасының бұғанасы бекіп, ауқымы кеңейе бастады.
Соғыс біткен соң республикада оқу орындары, мәдени орталықтар, кітапханалар санының өсуіне байланысты жоғары білімді мамандар керек болды да, институтта педагогикалық мамандықтарға қоса кітапханатану, ән-музыка кафедралары ашылып, кейін олар жеке факультетке айналды.
Музыка факультетінің аяқтан тік тұруына белгілі композитор Б.Байқадамовтың ат-қарған еңбегі зор болды. Кафедра құрамында пианист-концертмейстер В.С.Пирогова, музыка теориясының мамандары Б.М.Жүсіпалиев, Ә.Әбдікәрімов, Қазақстан компози-торлар одағының мүшесі Ө.Бәйділдаев, Д.Б.Ботпаев, И.К.Кереев, А.Ф.Славопицкая, Ә.Бапи, З.А.Попова т.б. жұмыс істеді.
1968 жылы Е.Хасанғалиевтың ұйымдастыруымен құрылған “Айгүл” квартеті Марат Балтабаевтың басқаруымен вокальды-аспаптық ансамбль жетпісінші, сексенінші жылда-ры Бүкілодақтық жастар сыйлығының лауреаты, Халықаралық, Республикалық байқау-лардың жүлдегері атанды.
Оның құрамында – Г.Қарамолдаева, А.Исағұлова, Д.Ерғалиева, М.Жүнісова, С.Ұзақбаева, А.Арықова, Қ.Омарова, Р.Әлисова, М.Ысқақова, З.Әлібековалар өнерімен қалың жұртшылыққа ертеден-ақ танымал болды.
### Түлектерінің арасында елімізге танымал тұлғалар
Аты аңызға айналған Социалистік Еңбек Ерлері Рафиқа Нұртазина, Рыскүл Мақатова, ҰҒА академигі осы оқу орнын 16 жыл басқарған Күләш Құнантаева, “Даңқ белгісі” орденімен, “Қажырлы еңбегі үшін” медалінің иегері, институттың үшінші ректоры болған Ажар Ыбраева, Жоғарғы Кеңестің депутаты Ж.Күленова, қоғам қайраткерлері — Халықты әлеуметтік қорғау министрі болған, Парламент Мәжілісінің үш шақырылымының депутаты З.Қадырова, "Мемлекеттік тілге құрмет" бірлестігінің төрайымы, филология ғылымдарының кандидаты А.Османова, белгілі қоғам қайраткерлері Ж.Әмірханова, О.Асангазиева, ғалымдар Ү.Сұбханбердина, С.Ұзақбаева, З.Жәкішева, көрнекті ақындар Ә.Беркенова, А.Бақтыгереева, белгілі әдебиет сыншысы Ә.Бөпежанова, әншілер М.Ералиева, Ұ.Айнақұлова, Д.Хамзина, Т.Асар, Г.Өмірбаева, Ұ.Белғозиевалар – университет мақтаны-шы, халықтың алдында шоқтығы биік аяулы қыздары.
Институт ашыларда заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің “Тәңір жазса, бұл институт қазіргі және болашақтағы қазақ қыздарының шамшырағына айна-лады. Осы шамшырақтың жарық сәулесі ешқашан сөнбесін дейік” деген ақ тілегі қабыл болып, бүгінде бұл оқу орнының қоғамдағы мәртебесі биікке көтерілді.
### Қазіргі жағдайы
Қыздар ғана білім алатын ЖОО-на Елбасының қамқорлығы өлшеусіз. Қазіргі таңда барлық оқу корпустары, жатақханалар, асхана, спортзал күр-делі жөндеуден өтті. Дағдарысқа қарамай, «Студенттер үйі» салынды. Университет мәртебесі берілуі 2008 жылы 11 қыркүйекте Үкімет қаулысымен рәсімделді.
Білім беру жүйесі
Бүгінде магистратурадан 22 мамандық ашылып, қазірде 19 мамандық бойынша ғылыми-педагогикалық кадр дайындалуда. Сонымен қатар 12 мамандық бойынша мемлекеттік білім беру стандартын және басқа жоғары оқу орындарымен 6 мамандық бойынша оқу стандартын жасауы – біздің ғалымдардың ғылыми әлеуетінің үнемі артуының дәлелі. Соңғы бес жылда 17 ғылыми-теориялық халықаралық және республикалық конференциялар өтті.Ғылыми зерттеу жұмысы 33 кафедра, әлеуметтік және гендерлік институты, іргелі ғылыми-зерттеу орталығы, 3 дербес зертханалар арқылы жүргізіледі. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы жоғары педагогикалық оқу орында-рының студенттеріне арналған “Педагогика тарихы” оқулығын, «Педагогика» термино-логиялық сөздігін, “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы аясында 10 томдық “Адам-зат ақыл-ойының қазынасы” және “Қазақтың тәлімдік ойлар Антологиясын”'' құрастырды. Осы факторлар білім сапасының жақсаруына тікелей әсер етуде. Университет алғаш-қылардың бірі болып кредиттік оқу жүйесіне көшіп, бакалавриат-магистратура нәтижелі жұмыс жасауда. Жуырда 4 мамандық бойынша докторантура (PҺD) ашылды.
Сапа
Оқу сапасы және білім берудегі қызметті көтеру мақсатында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде сапа менеджменті жүйесінің элементтері негізінде автоматтандырылған басқару жүйесі жасалынып, оқу үдерісіне енгізілді. Сол арқылы әр студенттің оқуға түскеннен бітіргенше оқу сапасын қадағалап отыруға болады. Егер ата-ананың интернетке шығатын мүмкіндігі болса әр кезде өз баласы туралы мәлімет алуына болады.
Білім беру сапасын жоғарылату мақсатында “Сапа менеджменті” жүйесі 2004 жылдан бері университетте ресми мақұлданып, халықаралық, отандық стандарт талаптарына сәйкес білім беру нәтижелері мен білім беру сапасын жоспарлау, басқару, бағалау рәсімдерін іске асыруға қатысты ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылды. Білім сапасы менеджментін енгізудегі басты мақсат - педагогикалық білім беру саласындағы озық технологияларды басшылыққа ала отырып, университеттің тиімді қызмет етуін үнемі жетілдіру арқылы студенттердің білім сапасын жоғарылату мен білім берудегі алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнату болып табылады. Атқарылған іргелі жұмыстар барысында 2008-2009 оқу жылының басында ЖШС “ІnterCert” Сертификаттау Орталығының университеттегі жоғары кәсіби мамандар даярлаудың деңгейіне жоспарлы аудит өткізіп, нәтижесінде бакалавриат және магист-ратура бағдарламасы бойынша жоғары мамандандырылған білім беру сапасының ҚР СТ ИСО 9001:2001 стандартының базалық талаптарына сай екендігін растады. Бұны аталған сертификаттау ұйымының 2008 жылдың 4 желтоқсанында университетке берген №04185 (тіркеу нөмірі №01915) Сәйкестік сертификаты дәлелдейді.
Оқу үдерісін жетілдіру барысындағы үздіксіз жүргізілетін мақсатты жұмыстардың айқын нәтижесі – жыл сайын 2 курс студенттерінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан өткізілетін мемлекетік аралық бақылауда (МАБ) жоғары көрсеткішке қол жеткізуі болып табылады. Мәселен, 2008-2009 оқу жылында МАБ нәти-жесі 92 пайызға өсіп, білім сапасының артып отырғанын аңғартты.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық Акредиттеу Орталығының басшылығымен 2006 жылдан бері жоспарлы түрде жүргізіліп келе жатқан рейтингте университетіміз педагогикалық оқу орындары ішінде абыройлы екінші орынға ие болып келеді.
Рухани іс-шаралар
Білім, ғылыммен қатар рухани-мәдени тәрбиеге аса мән беретін арулардың ақ ордасында “Қазақ аруы” атты жаңа инновациялық оқу бағдарламасы енгізілген. Халық-аралық “Бөбек” балалар қорының президенті, қыздарымыздың жанашыр анасы, “Өзін-өзі тану” адамгершілік-рухани білім инновациялық жобасының авторы Сара Назарбаеваның эксперименттік бағдарламасы да біздің университет қабырғасында бастау алған.
Рухани маңызы зор іс-шаралардың ұйытқысы саналатын, қазақ қыздарына тәрбие берудің өзіндік ерекше тұжырымдамасын жүзеге асырып отырған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті республика деңгейінде тәрбие мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік орталық болып есептеледі.
Біздің қыздар өте өнерлі, мұнда үлкен ұлт аспаптар оркестрі, хор, «Айгүл», «Ұлар», «Томирис» ансамбльдері, «Өнер-жастан» опера студиясы бар. Университет студенттері көптеген халықаралық, республикалық байқаулардан жүлделі орындарды иеленді. Спорт-тағы жетістіктеріміз қуантады. Соңғы универсиададан 89 ЖОО ішінде 7 орынға шықты.
## Университет құрылымы
### Ректор
Педагогика ғылымдарының докторы,профессор
Гаухар Төремұратқызы Алдамбергенова
## Факультеттер
### Мақсаты
Дүниежүзілік білім нарығы мен бәсекелестікке қабілетті терең білімді, жоғары кәсіби деңгейдегі ұлт мамандарын, тілшілер мен әдебиетшілерді, аудармашыларды даярлауға лайықты үлес қосу.
Кафедралар
* Қазақ тіл білімі,
* Қазақ әдебиеті,
* Тіл теориясы және оқыту әдістемесі,
* Орыс тілі мен әдебиеті,
* Шет тілін оқыту әдістемесі,
* Базалық негізгі және екінші шетел тілдері,
* Практикалық шетел тілдері кафедрасы.
Mамандықтар
* Жоғары кәсіптік білім (бакалавриат):
«5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті»
«5В050205 – Филология»
«5В011800 – Орыс тілі мен әдебиеті»
«5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»
«5В012200 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті»
«5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі»
«5В020700 - Аударма ісі»
* Жоғары ғылыми-педагогикалық білім (магистратура):
«6М020500 - Филология: қазақ филологиясы»
«6М011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті»
«6М012200 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті»
«6M011900 – Шет тілі: екі шетел тіл»
* Докторантура:
«6Д020500 - Филология: қазақ филологиясы»
«6Д011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті»
Оқу мерзімі:
* Бакалавриат (4 жыл)
* Магистратура (2 жыл)
Профессор-оқытушылар құрамы
Ғылым докторлары - 14
Ғылым кандидаттары - 38
Академ.доцент – 1
Аға оқытушылар – 49
Магистрлер – 20
Оқытушылар –28
Ғылыми атағы және ғылыми дәрежесі бар ПОҚ-ы 48,6% құрайды
Факультет деканы
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Сатбекова Айгүл Амантайқызы27 мамыр 1967 жыл.
1989 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтын бітірді
Факультет тарихы
Филология факультеті университет қабырғасы қаланған 1944 жылы құрылды. 67 жылдық тарихы бар филология факультеті жоғары білімді ұлттық кадрларды даярлауға зор үлес қосып келеді.
Факультет декандары
* К.Барманқұлов (1944-1946жж; 1947-1951 жж.),
* Г.Акабова (1946-1947жж.),
* Х.У.Ишанов (1951ж; 1952-1959жж.),
* Н.А.Еремина (1952ж),
* Б.Искаков (1959-1967жж.),
* Г.Искакова (1967-1968 жж. ),
* З.Ахметов (1969-1975жж.),
* С.И.Исаев (1975-1987жж.),
* Қ.Түліков (1987-1988жж.),
* Х.Садыков (1989-1990жж.)
Бөліну кезеңі
Факультет 1992 жылы қазақ филологиясы және орыс филологиясы болып екіге бөлінді. Орыс филологиясын К.Ж.Мыңжасарова (1990-1992 жж.), Б.Х.Исмағұлова (1994-2000 жж.) басқарса, қазақ филологиясына Б.Ш.Абылқасымов (1992–2000 жж.), Б.Ө.Сманов (2000-2004 жж.), А.Сәтбекова (2004-2008 жж.), Г.Ж.Пірәлиева (2008-2010) жетекшілік етті. Қазіргі уақытта факультетке п.ғ.д., профессор А.А.Сатбекова басшылық жасайды.
Қайта құрылу кезеңі
2001 жылы тарих-филология факультеті болып қайта құрылған кезде 7 кафедра жұмыс істеді. 2007 жылдан бастап тарих пен шетел тілдері өз алдына жеке факультет болып бөлініп шығып, таза филология факультеті деп аталды.2011 жылдың 14 қазанындағы Университет ректорының №160 бұйрығына сәйкес кредиттік оқыту жүйесі негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру және оңтайландыру мақсатында Шетел тілдері факультеті Филология факультетінің құрамына енгізілді.
Оқытушы қызметін атқарған танымал ғалымдар
* М.Ә.Сүлейменова,
* И.Е.Маманов,
* М.Балақаев,
* Ж.Жулаева,
* Д.Нұрқанова,
* М.Дүйсебаева,
* Х.Ишанов,
* Қ.Құттыбаев,
* Т.Р.Қордабаев,
* К.Барманқұлов,
* З.Ахметов,
* Х.Садықов,
* Б.Балапанова,
* С.Нұғманова,
* Б.Әбілқасымов т.б.
Танымал түлектер
Бұрынғы университет ректоры, профессор Ш.Беркімбаева,профессор К.Құнантаева, Еңбек ері Р.Нұртазина, Парламент депутаттары М.М.Жүйріктаева мен З.Қадырова, ғалым Ү. Субханбердина, ақын А.Бақтыгереева, ғалым, қоғам қайраткері А.Ә.Осман.
Оқу-әдістемелік кабинеттер
* Факультетте әр жылдары өнімді еңбек еткен әлемге танымал әдебиетші, тілші ғалым академик З.Ахметов атындағы,
* Әлемге танымал әдебиетші, тілші ғалымА.Байтұрсынов атындағы,
* Профессор С.Исаев атындағы,
* Профессор Ә.Құрышжанұлы атындағы ,
* Профессор А.Аблақов атындағы ,
* әйгілі ұстаз, Еңбек ері Р.Нұртазина атындағы .
Үйірмелер
«Назқоңыр», «Ізденіс», «Інжу-маржан», «Үміт», «Пегас», «Жас әдіскер», «Лингва».
### Жаратылыстану факультеті
Кафедралар
* Химия,
* Биология,
* География,
* Экология
Профессор-оқытушылар құрамы
10 ғылым докторы, профессор, 1 профессор міндетін атқарушы, 8 ғылым кандидаттары доцент, 17 ғылым кандидаттары, доцент міндетін атқарушы,22 аға оқытушы, 25 оқытушы. Орташа жас көрсеткіші 50 жас шамасында.
Mамандықтар
* Бакалавриатура
«5В011300-Биология»
«5В060700-Биология»
«5В060900-География»
«5В011600-География»
«5В011200-Химия»
«5В060800-Экология»
* Магистратура
«6М060900 – география»
«6М011200-химия»
«6М011300-Биология»
* (PhD) докторантура
6D060600-химия,6D011300-биология
Факультет тарихы
1944 жылы ұйымдастырылған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының құрамында алғашқы ашылған факультеттердің бірі – жаратылыстану факультеті болды. Іргесі университетпен бірге қаланып, еліміз мектептерін жарты ғасырдан аса жоғары білімді химия, биология жғне география пәні мұғалімдерімен қамтамасыз етіп келе жатқан іргелі факультет – жаратылыстану-география.
Факультет декандары
* Н.Баяндин,
* Т.Т.Таубаев,
* C.Д.Дүймағамбетова,
* К.С.Сахибзадаев,
* Р.Ғ.Хамитов,
* Ғ.Б.Бірмағамбетов,
* М.Ғ.Тартенова,
* А.Ү.Үмбеталина,
* Б.Ю.Юсупов,
* Ж.Ж.Қожантаева
Факультеттің аса көрнекті ұстаздары
ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Т.Н.Досжанов, елімізге және басқа да шет елдерге белгілі ғалымдар ҚР ҰҒА академигі Л.К.Клышев, академик М.К.Гильманов, биология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Ж.Қожантаева.
Бірігу кезеңі
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы студенттер контингентінің күрт қысқарған экономикалық қиыншылық кезінде физика-математика факультетімен біріксе, 2006 жылдың тамыз айының 2-ші жұлдызындағы №100 бұйрықпен жаратылыстану факультеті «Жаратылыстану-география» факультеті болып ашылды. 2011 жылы қазанның 5 жұлдызындағы №154 бұйрығымен «Жаратылыстану-география» факультеті «Жаратылыстану» болып өзгертілді. Алғашында факультет құрамында химия және тіршілік қауіпсіздігінің негіздері, биология және география кафедралары болды.
Бөлініп шығу кезеңі
Студенттер контингентінің артуына байланысты 2007 жылы биология кафедрасының құрамынан экология кафедрасы жеке бөлініп шықты.Экология кафедрасы 2007 жылдан ашылып, жұмыс істеп келеді.
### Өнер және мәдениет факультеті
Бағыты
Жоғары дәрежелі кәсіби білім беруді қамтамасыз ету, халықаралық сапа менеджменті, білім берудің жаңа технологияларын қолдану, бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлайтын ғылыми және кәсіби-біліми ортаны; 2011-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары негізінде жоғары оқу орнын басқару жүйесін, ғылыми кадрлар әлеуетін, оқу-тәрбие үдерісін және материалдық базаны қалыптастыру.
Кафедралар
* Музыкалық білім берудің теориясы мен әдістемесі (кафедра меңгерушісі ф.ғ.д.,профессор Т.Ә.Қоңыратбай)
* Музыкалық аспаптар (кафедра меңгерушісінің м.а. доцент м.а. Д.С.Жанайдарова)
* Хорды дирижерлау және ән (кафедра меңгерушісі профессор М.М.Бурунчин);
* Хореография (кафедра меңгерушісінің м.а. аға оқытушы Р.Б.Сабдалиева)
* Мәдени-бұқаралық жұмыстардың теориясы мен әдістемесі (кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Д.О.Қарамолдаева)
* Кітапханатану және библиография (кафедра меңгерушісі п.ғ.к., аға оқытушы Г.И.Нұржанова);
* Кәсіптік білім (кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Р.А.Дәрменова)
Мамандықтар
* Бакалавриат:
5В010600 – «Музыкалық білім»
5В040400 – «Дәстүрлі музыка өнері»
5В040900 – «Хореография»
5В091000 – «Кітапхана ісі»
05041800 – «Кітапханатану және библиография»
5В090600 – «Мәдени-тынығу жұмысы»
5В012000 – «Кәсіптік білім»
5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу»
* Магистратура:
• 6N0106 – «Музыкалық білім» (магистратура)
• 6М012000 – «Кәсіптік білім» (магистратура)
Факультет тарихы
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ең жетекші факультеттерінің бірі.Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетінде 1961-1962 оқу жылында музыкалық бөлім болып ашылып, 1967-1968 оқу жылы өз алдына жеке факультет болып құрылды. Бұл - музыка мамандығы бойынша мектеп мұғалімдерін дайындайтын тұңғыш ұйымдастырылған бірден-бір факультет болатын.
Факультеттің ашылуына және оған білікті мамандар жинап ұйымдастыру ісіне ат салысқан белгілі композитор, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Бақытжан Байқадамов.
Факультет декандары
* Искакова Бәкібала,
* Байділдаев Өмірбек,
* Ботбаев Дүнгенбай,
* Балтабаев Марат,
* Есназаров Өмірзақ,
* Жуйкова Людмила,
* Меңдіаяқова Қуанышкүл,
* Тульков Қансейіт,
* Амирова Әмина,
* Бекмұхамедов Бекен,
* Момбек Әлия.
Факультет өзгерістері
1991 жылы факультетте 13.00.02-оқыту және тәрбие теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі музыка) мамандығы бойынша аспирантура ашылды.
2001 жылы факультет 050106-музыкалық білім мамандығы бойынша Республикада тұңғыш болып кредиттік оқыту жүйесіне көшті, еліміздегі 15 ЖОО-да қолданылып отырған жаңа стандарттар, типтік бағдарламаларды құрастырды.
2002 жылы магистратура бойынша лицензияға ие болды.
2009 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде тұңғыш рет І Республикалық “Үздік музыка мұғалімі” конкурс-фестивалі өткізілді, оған ЖОО-ы студенттері мен профессор-оқытушы құрамы қатысты. Қазіргі уақытта бұл конкурс-фестиваль Қазақстанның басқа ЖОО-да жалғасын тауып келеді.
### Әлеуметтік - гуманитарлық факультеті
Факультетінің миссиясы
Үздіксіз және іргелі білім беруді қамтамасыз ету, халықаралық сапа стандарттарын қолдану, жаңа білім технологияларын енгізу, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу, ойластырылған әлеуметтік саясатты жүзеге асыру негізінде ғылымның, білім берудің және инновацияның тығыз байланысқан түрдегі жаһандану ұстанымы негізінде жоғары біліктілікті кадрларды дайындауды жүргізетін заманауи ғылыми-білім беру ортаны қалыптастыру.
Стратегиялық мақсаты
«Факультеттің 2011-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары» жоғары білім беру жүйесіндегі кешенді өзара байланысқан бағыттарды қамти отырып, жоғары оқу орнын басқару жүйесі, кадрлық потенциал, білім беру үрдісі, ғылыми қызмет, тәрбие үрдісі, ақпаратты-коммуникациялық жүйелер және материалдық база қалыптастыру.Факультеттің стратегиялық бағытары мынадай:
* инновациялық технологиялар негізінде білім беру жүйесін және ғылыми зерттеулерді модернизациялау арқылы экономикалық кеңістікте Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
* әрбір студентке оқытудың мазмұнын, түрін және әдістерін таңдауда барынша мүмкіндіктерді беру арқылы білім берудің еуропалық стандарттарын ендіру;
* ғылымның, жоғары технологиялардың және экономикадағы инновациялық сектордың басым бағыттарына бет-бұрыс жасау;
* ақпараттық айқындылықтың жоғары дәрежелілігі және халықаралық білім беру кеңістігіне және ғылыми зерттеулерге жаһандану;
* университетте ерекше интеллектуальды ортаны, инновациялық бөлімдермен инфрақұрылымды құрайтын арнайы ғылыми-техникалық және білім беру кеңістігін қалыптастыру;
* еліміздің барлық кеңістігінде алдыңғы қатарда болуға ұмтылу, сондай-ақ әлемдік және білім беру кеңестігінде университеттің мақұлдануын және имиджінің жақсаруына қол жеткізу.
Факультет мақсаты
Жоғары біліктілікті, алдыңғы қатарлы білімдерді жинақтай білетін, креативті ойлау қабілеті бар кадрларды дайындау үшін факультет базасы негізінде бірегей ғылыми-білім беру және инновациялық кешен ретіндегі инновациялық университетке айналу, еліміздің инновациялық экономикасы үшін үнемі өзін-өзі жетілдіру және интеллектуальды капиталды жинақтап көбейту.
Оқыту жүйесін модернизациялау арқылы қойылатын мүдде – жоғары кәсіби және интеллектуалды деңгейдегі мамандарды дайындаумен қажеттілігі артып жатқан еңбек нарығын қанағаттандыру.
Кафедралар
* «Дүниежүзі тарихы»;
* «Құқық және басқару негіздері»;
* «Қазақстан тарихы»;
* «Экономика, есеп және туризм»
* «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер».
Мамандықтар
* Бакалавриат:
5В011400 – Тарих
5В011500 – Құқық және экономика негіздері
5В020300 – Тарих
5В050100 – Әлеуметтану
5В050600 – Экономика
5В050700 – Менеджмент
5В050800 – Есеп және аудит
5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару
5В090200 – Туризм
5В090500 – Әлеуметтік жұмыс
* Магистратура:
6М020300 – Тарих
6М050100 – Әлеуметтану
6М090500 – Әлеуметтік жұмыс
* Оқу мерзімі:
Орта біліммен – 4 жыл (кїндізгі)
Орта біліммен – 5 жыл (сырттай)
Орта кәсіптік біліммен – 3 жыл
Жоғары кәсіби біліммен – 2 жыл
Оқытушылар құрамы
Факультетте 9 ғылым докторы, 35 ғылым кандидатын, профессор қызмет атқарады.
### Физика-математика факультеті
Кафедралар
* Физика
* Математика
* Информатика және қолданбалы математика
* Ақпараттық жүйелерді оқыту
Мамандықтар
5В010900 - Математика
5В011000 - Физика
5В011100 - Информатика
5В060200 - Информатика
5В070300 - Ақпараттық жүйелерді оқыту
* Магистратура
6М010900 - Математика
6М011000 - Физика
6М011100 - Информатика
6М060200 - Информатика
* Оқу мерзімі:
Орта біліммен – 4 жыл (күндізгі)
Орта кәсіптік біліммен– 3 жыл
Жоғары кәсіби біліммен–2 жыл
Профессор-оқытушылар құрамы
Факультетте барлығы 86 профессор-оқытушылар қызмет атқарады. Оның ішінде тәжірибесі мол 11 - ғылым докторы, 26 - ғылым кандидаты, доценттер, 22 - аға оқытушы, 27 - оқытушылар.
### Педагогика-психология факультеті
Кафедралар
* Мектепке дейінгі және бастауыш білім:
* Теориялық және практикалық психология:
* Дене тәрбиесі және валеология:
* Арнайы және әлеуметтік педагогика:
* Жалпы педагогика.
Мамандықтар
* Бакалавриатура
5В010100 - “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу”
5В010200 - “Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі”
5В010300 - “Педагогика және психология”
5В050300 - “Психология”
5В010800 – “Денешынықтыру және спорт”
5В010500 – “Дефектология”
5В012300 - “Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану”
* Магистратура
6М0101 - “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу”
6М0503 - “Психология”
6М0105 – «Дефектология»
6М0103 - “Педагогика және психология”
## Дереккөздер |
Жан Микаэль Сери (фр. Jean Michaël Seri; 19 шілде 1991) — ивуарлық футболшы, жартылай қорғаушы. 2014 жылдан бері ұлттық құрамада ойнайды. 2017, 2019, 2021, 2023 жылдары Африка Ұлттары Кубогына қатысты.
## Жүлделері
### Клубтық
«АСЕК Мимозас»
* Кот-д’Ивуар чемпионы: 2010
* Кот-д’Ивуар кубогы: 2011
«Галатасарай»
* Түркия Суперкубогы: 2019
«Фулхэм»
* Чемпионшип жеңімпазы: 2021/22
### Халықаралық
* Африка чемпионы: 2023
## Сілтемелер |
Али Олуан (араб.: علي إياد علي علوان; 26 наурыз 2000 жыл) — иорданиялық футболшы, шабуылшы. 2020 жылдан бері ұлттық құрамада доп тебеді. 2023 жылы Азия кубогына қатысты.
## Жетістіктері
### Халықаралық
* Азия кубогының финалисі: 2023 |
Куаку Одилон Доржлесс Коссуну (фр. Kouakou Odilon Dorgeless Kossounou; 4 қаңтар 2002) — ивуарлық футболшы, жартылай қорғаушы. 2020 жылдан бері ұлттық құрамада ойнайды. 2021, 2023 жылдары Африка Ұлттары Кубогына қатысты.
## Жүлделері
### Клубтық
* Бельгия чемпионы: 2019/20, 2020/21
* Бельгия суперкубогы: 2021
### Халықаралық
* Африка чемпионы: 2023
## Сілтемелер |
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті — Көкшетау қаласында орналасқан жоғары оқу орны.
1996 жылы 7 мамырда Қарағанды политехникалық институтының бөлімшесі, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институты және С.Сәдуақасов атындағы ауыл-шаруашылық институты негізінде ұйымдастырылды. Қарағанды политехникалық институтының бөлімшесі Қарағанды политехникалық институтының құрамына 1972 жылы берілген Павлодар индустриалды институтының жалпы техникалық факультеті негізінде 1993 жылы құрылған. Институт Өндірістік және азаматтық құрылыс, Құрылысты басқару және экономика, Машина жасау технологиясы, т.б. салалар бойынша мамандар даярлады. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институты 1962 жылы құрылған. Оның құрамында физика-математика, филология, жаратылыстану, шет тілдер, химия және биология факультеттері болды. 1965 жылы институтқа Ш.Уәлиханов есімі берілді. С.Сәдуақасов атындағы ауыл-шаруашылық институты 1991 жылы Целиноград ауыл-шаруашылық институты негізінде құрылған. Құрамында агрономия, зооинженерия, ауыл-шаруашылығын механикаландыру және экономика факультеттері болды. 3 жоғары оқу орны біріктірілгеннен кейін, құрамындағы (күндізгі және сырттай бөлімдерде) филология, экономика, шет тілдер және тарих, инженер-педагог және ауыл-шаруашылығы факультеттерінде 32 мамандық бойынша 5000-нан астам студент білім алады. Университеттің материалдық және ғылыми-техникалық базасы қалыптасқан. Электрондық баспа техникасы, машина-трактор оқу паркі, дәнекерлеу және жөндеу шеберханалары, жастар орталығы, студенттердің жаздық спорттық-сауықтыру кешені, кітапхана, дәрігерлік орталық, “Арасан” сауықтыру кешені жұмыс істейді. Униветситет жанында гимназия және лицей, магистратура, аспирантура, кәсіптік мамандық бойынша оқытуға маманданған оқу орталығы жұмыс істейді. Университетте оқулықтар, ғылыми еңбектер, монографиялар, “Алау” газеті шығарылады, республикалық және халықаралық конференциялар, “Уәлиханов оқулары” өткізіледі. Ресей, Египет, Польша, АҚШ, Канада, Германия ғылыми орталықтарымен байланыстар орнатылған. Агро-техникалық және экономикалық мамандықтар бойынша Еуропалық Одақ ұйымының “Тасис” және “Темпус” бағдарламаларына қатысады. Университетте спорттық үйірмелер, көркемөнерпаздар шығармашылық ұйымы жұмыс істейді. Университет спортшылары боксшы Р.Б. Мусинов 2-Азия ойындарының күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы; жеңіл атлет А.В. Князев – Қазақстан Республикасының чемпионы.
## Университет туралы
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті - Ақмола облысының жоғары білім беру жүйесінде 60 жыл көшбасшы. Осы жылдар ішінде университет өңір мен жалпы ел үшін мыңдаған маман даярлады. Оқыту бакалавриаттың 58 білім беру бағдарламасы, магистратураның 42 бағдарламасы, докторантураның 10 бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Университет халықаралық және республикалық бағдарламалар шеңберінде бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды үйлестірумен, әзірлеумен және іске асырумен айналысады: Erasmus+ KA1 ICM, Erasmus+ KA2 CBHE, UniCen, ғылыми зерттеулерге арналған мемлекеттік гранттар. ЖОО 2022 жылғы THE Impact Ranking рейтингісіне сәйкес жекелеген көрсеткіштер бойынша әлемнің 200 университеттердің қатарында және QS Central Asia-2023 халықаралық рейтингісінің 29-шы орнында. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің HAAP рейтингі—9; QS Asia рейтингі—550. Университеттегі кафедралар саны—19; студенттер саны—7418,оның 414—шетелдік студенттер.
## Университет тарихы
1962 жыл, 25 шілде— Көкшетау педагогикалық институтының ашылуы. Ректор—тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Горохводатский Иван Степанович.
1963 жыл—дербес физика-математика және филология факультеттерінің ашылуы. Павлодар индустриялық институтының жалпы техникалық факультетінің ашылуы. Бірінші директор—инженер Михаил Федорович Рысиков.
1965 жыл, 29 наурыз—институтқа тұңғыш қазақ ғалым-ағартушысы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың есімі берілді.
1966 жыл—шет тілдері факультетінің ашылуы.
1972 жыл—ЖОО ректоры қызметіне филология ғылымдарының кандидаты, доцент Боярский Евгений Иванович тағайындалды. Факультет Қарағанды политехникалық институтының құрамына ауыстырылды.
1979 жыл—директорлардың біліктілігін арттыру факультеті ұйымдастырылды.1979 Целиноград ауыл шаруашылығы институтының "Агрономия", "Зоотехния" мамандықтары бойынша филиалы ашылды. Филиалдың бірінші директоры ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Исатай Ғалиұлы Темрешев.
1980 жыл—"Ауыл шаруашылығын механикаландыру" жаңа мамандығы ашылды.
1982 жыл—"Қазақ тілі мен әдебиеті" жаңа мамандығы ашылды.
1984 жыл—"Химия, биология" жаңа мамандығы ашылды. 2000 білім алушыға арналған жаңа оқу-зертханалық корпус ашылды. Студенттер саны 400 ден 2500 ге өсті.
1985 жыл—химия-биология факультеті ұйымдастырылды. "Бейнелеу өнері және сызу", "Информатика" мамандықтары ашылды.
1987 жыл—1000 орындық жаңа оқу корпусы пайдалануға берілді. "Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс", "Машина жасау технологиясы", "Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы" мамандықтары бойынша кешкі нысандағы оқыту пайда болды.
1988 жыл—"Радиотехника" мамандығы ашылды.
1990 жыл—ректор болып философия ғылымдарының кандидаты, доцент Қуандық Досмағанбетұлы Жуламанов сайланды. Факультетте сырттай бөлім ашылды.
1991 жыл, 9 қаңтар—филиал Көкшетау ауылшаруашылығы институты болып қайта құрылды, ректор болып Б.Ғ.Жүнісов тағайындалды.
1991 жыл—Кұрылыстағы экономика және басқару" және "Машина жасау технологиясы" мамандықтары бойынша күндізгі оқу бөліміне алғашқы қабылдау. Өндіруші кәсіпорындардың қолдауымен "Пайдалы қазбаларды ашық игеру" мамандығы ашылды.
1992—ректор болып физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Абай Ахметғалиұлы Айтмұхамбетов тағайындалды.
1993 жыл—Қарағанды политехникалық институтынының Көкшетау филиалы ұйымдастырылды.
1996 жыл, 23 мамыр—Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 1996 жылғы 23 мамырдағы №143 бүйрығымен Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының базасында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті құрылды, оның құрамында С. Сәдуақасов атындағы ауыл шаруашылығы институты және Қарағанды политехникалық институтының филиалы. Университеттің бірінші ректоры - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Абай Ахметғалиұлы Айтмұхамбетов.
1998 жыл—үш деңгейлі оқыту жүйесі енгізіліп, магистратура ашылды.
2000 жыл—оқу-әдістемелік жұмыстың тиімділігін бағалаудың рейтингтік жүйесіне көшу. Білімді бақылау үшін тест тапсырмаларының базасы әзірленді.
2001 жыл—университет "Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.
2003 жыл—кредиттік технология бойынша оқыту басталды.
2005 жыл—сапа менеджменті жүйесі енгізілді. ИСО 9001-2000 халықаралық стандарттарына сәйкестігін сертификаттады.
2007 жыл—университет ректоры болып филология ғылымдарының докторы, профессор Шакимашрип Ибраевич Ибраев тағайындалды.
2010 жыл—ректор болып техника ғылымдарының докторы, профессор Найман Бубеевич Қалабаев тағайындалды.
2012 жыл—Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын болып қайта ұйымдастырылды.
2012 жыл, желтоқсан - ректор болып ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Сағынтай Зекенұлы Елубаев тағайындалды.
2014 жыл, шілде - университет ректоры болып техника ғылымдарының докторы, профессор Абдумуталип Абжаппарович Абжаппаров тағайындалды.
2018 жыл—университетті экономика ғылымдарының кандидаты Марат Қадірұлы Сырлыбаев басқарып бастады.
2020 жыл—университет "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
## С.Сәдуақасов атындағы Агротехникалық институты
КеАҚ «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» құрамында С.Сәдуақасов атындағы Агротехникалық институтының профессорлармен ғылым докторларын, доценттер мен ғылым кандидаттарын қамтитын жоғары білікті ғылыми-педагогикалық ұжым құрылды. Бакалаврлар мен магистранттарды даярлауда 84-тен астам штаттық оқытушылар жүзеге асырады, оның ішінде 8 ғылым докторы, 22 ғылым кандидаты, 6 PhD докторы, 49 магистр.
Институтта 31 білім беру бағдарламасы бойынша оқыту жүзеге асырылады – 20 ББ (бакалавриат), 8 ББ (магистратура), 3 ББ (докторантура). Бүгінгі таңда институтта 1411 студент, 27 магистрант, 11 докторант оқиды. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Оқу процесін жоғары деңгейде ұстап тұру үшін институтта тиісті материалдық-техникалық база құрылды. Оқу ғимараттарында заманауи зертханалар мен компьютерлік сыныптар жұмыс істейді. Оқыту процесінде оқытушылар заманауи білім беру технологияларын пайдаланады. Кітапхана студенттерге ғылыми-ақпараттық қызмет көрсетеді. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені, акт залы мен асханасы бар.
Институттың білім беру бағдарламалары бойынша «Еуразия Групп Казахстан» ЖШС, «Тыныс» АҚ, «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ, «AGRIMER-ASTYK» ЖШС, «Гормолзавод» ЖШС, «Көкшетау» МҰТП, «Көкшетаугорселпроект» ЖШС сияқты Көкшетау қаласының ірі кәсіпорындарының базасында кафедра филиалдары жұмыс істейді. Ақмола облысы Зеренді ауданы Васильковка ауылында оқу-демонстрациялық мақсатта «Элит» Тәжірибелік оқу-ғылыми-өндірістік кешені құрылды. Институт түлектері - аграрлық және техникалық өнеркәсіптің көптеген салаларында, IT-технологиялар саласында сұранысқа ие мамандар.
Институт ғалымдарының ғылыми-зерттеу қызметі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық, бағдарламалық – нысаналы қаржыландыру бойынша, «Тыныс» АҚ, «Kazrost Engineering» АҚ, «Altyntau Kokshetau» АҚ, «Обуховский КБК» ЖШС сияқты қала кәсіпорындары мен шаруашылық шарттық тақырыптар бойынша жобаларды орындау арқылы жүргізіледі.
## Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Тарих, география және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы
Тарих, география және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы – Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Педагогикалық институтының кафедрасы.
Қазіргі уақытта тарих, география және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы білім беру және ғылыми мекемелер үшін тарих, теология, география, тарих магистрлері мен докторларын (Phd) даярлау міндеттерін орындайды.
Кафедра алғашқыда 1975 жылы құрылған болатын. 1991 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан кейін КОКП тарихы кафедрасы Қазақстан тарихы кафедрасы болып өзгертілді. Кафедраның қалыптасуы мен дамуына кафедраның тұңғыш меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадыржан Қабиденұлы Әбуев сүбелі үлес қосты.
2015 жылы Қазақстан тарихы кафедрасы Отан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы болып өзгертілді. 2018 жылдан бастап Отан тарихы және «Рухани жаңғыру» кафедрасы болып атауын өзгертті. 2021 жылы Отан тарихы және «Рухани жаңғыру» кафедрасы Жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасымен біріктіріліп, Қазақстан тарихы және «Рухани жаңғыру» кафедрасы деген жаңа атауға ие болды. 2022 жылы бұл атау Тарих, география және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы болып өзгертілді.
Кафедра университеттің барлық институттары мен мектептерінде Қазақстан тарихы, философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану пәндерін оқытады, сонымен қатар тарих мамандығы бойынша бакалаврларды, магистранттар мен докторанттарды, теология бакалаврларын дайындауға қатысады.
Кафедра ұжымы ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарын жүргізеді. «ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы Солтүстік Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы» атты жалпы ведомстволық ғылыми тақырып бойынша жұмыс жүргізілуде.
Кафедра оқытушыларының ғылыми қызметінің нәтижелері халықаралық конференция материалдарының жинақтарында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Білім және ғылым комитеті ұсынған басылымдарда, «Sсopus», «Web of Science» деректер базасында орналасқан басылымдарда жарияланып келеді.
Кафедраның Ақмола облысының мемлекеттік мұрағатында, № 6 Көкшетау орта мектебінде өз филиалдары бар. Кафедра оқытушылары Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі аясында үнемі іс-шаралар өткізеді. Кафедра оқытушыларының ішінде ҚХА-ның төрағасы – М.З.Өтегенов, ал А.А.Шарипов, М.М.Шуматова Ақмола облысы ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық кеңестің мүшелері болып табылады.
Кафедра ғалымдары мен оқытушылары Ақмола облысы бойынша ХХ ғасырдың 20–50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жобасында жұмыс істейді.
2024 жылдың 26 қаңтарында кафедра оқытушылары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбуев Қадыржан Қабиденұлының 85 жылдығына арналған «Әбуев оқулары – I» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды.
### Кафедра жүзеге асыратын білім беру бағдарламалары
Бакалаврларды даярлау бағыты
6В01601 – Тарих және дінтану – педагогикалық білім бакалаврында ҚР білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында кәсіби қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тарихи-дінтану және психологиялық-педагогикалық білім жүйесін қалыптастыру.
Білім алушыларды жалпыадамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм, діни төзімділік, толеранттылық рухында тәрбиелеу.
Тарихи және дінтану білімінің әртүрлі салаларында ғылыми-зерттеу, жобалау, практикалық қызметке қатысу арқылы студенттің жеке басын зияткерлік дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру; заманауи білім беру технологияларын, оның ішінде мектеп стандарттарының талаптарын іске асыруды қамтамасыз ететін ақпараттық технологияларды меңгеру.
Болашақ мұғалімдерді заманауи білім беру ортасына тиімді интеграциялау үшін кәсіби-тұлғалық әлеуметтену дағдыларын жетілдіру (көшбасшылық, қарым-қатынастарды басқару, топпен жұмыс істеу және т.б.).
6В01502-География-тарих – жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру негізінде география және тарих бағыты бойынша білім беру саласында кең білімі, іскерлігі мен дағдылары бар география және тарих мұғалімдерін даярлау.
6В02202-Теология – дін және тарихи-гуманитарлық ғылымдар негіздерін терең меңгерген зайырлы мемлекет пен қоғамның заманауи, перспективалық талаптарына жауап беретін теология бағыты бойынша Қазақстанда діни-гуманитарлық сала мамандарын даярлау.
6В02201-Ғылыми тарих – ғылыми-педагогикалық, қолданбалы және кәсіпкерлік қызметте қолдану мақсатында тарихи-гуманитарлық ғылымдар бойынша теориялық білім жүйесін дамыту негізінде гуманитарлық білім бакалаврының ғылыми-зерттеу кадрларын даярлау.
Магистрлерді даярлау бағыты
7М02201-Тарих және әлеуметтік-дінтану ғылымдары – Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын, осы саладағы соңғы теориялық және әдіснамалық жетістіктер деңгейінде тарихи және әлеуметтік-дінтану ғылымдарының ғылыми білім жүйесін, теориясы мен практикасын меңгерген гуманитарлық ғылымдар магистрін даярлау. Білім алушылардың ғылыми-шығармашылық құзыреттілігін арттыру.
7М01501-География – магистранттардың жеке қасиеттерін дамыту, жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру, оларды ел заңнамасының талаптарына сәйкес жобалау, ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық-басқарушылық, сараптамалық, педагогикалық жұмыс шеңберінде практикалық қызметте іске асыру дағдыларын дамыту.
Докторантура
8D02201-Тарих – іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу даярлығы бар, ғылыми ақпаратты алу, өңдеу және сақтау әдістерін қоса алғанда, заманауи ақпараттық технологияларды меңгерген, тарих ғылымы бойынша ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыра және жүргізе алатын жоғары білікті ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау.
Кафедраның ғылыми бағыттары:
* ҚР МСМ «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында» РМҚК ғылыми-зерттеу бағдарламасы.
* Солтүстік Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар.
* ХХ ғасырдың 40–50 жылдарындағы Қазақстан халқының күнделікті тарихы.
* «1920–1950 жылдардағы қуғын-сүргінге байланысты ғылыми-зерттеу жұмысы және архивтік басқа да құжаттарды саяси-құқықтық бағалау».
## Ағылшын тілі және оқыту әдістемесі кафедрасы
Ағылшын тілі және оқыту әдістемесі кафедрасы педагог кадрлар мен аудармашыларды даярлауда бай тәжірибесі мен дәстүрі бар Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жетекші құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады.
Көкшетау педагогикалық институты құрылғаннан бері филология факультетінде шет тілдері кафедрасы құрылды, оның бірінші меңгерушісі аға оқытушы О.А.Пальгов, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери аудармашы болып қызмет атқарған тіл білімі және неміс тілі саласының кәнігі, білгір маманы.
Кафедра 1965 жылы қайта құрылды. Қазақ КСР Білім Министрінің 1965 жылғы 20 мамырдағы бұйрығымен филология факультетінде неміс және ағылшын тілдері кафедралары құрылды. Ағылшын тілі кафедрасының негізін қалаушы және бірінші меңгерушісі болып ғылым кандидаты, А.А.Жданов атындағы Ленингранд мемлекеттік университетінің түлегі, Георгий Исаевич Богин тағайындалды, ол кафедраның қалыптасуына қомақты үлес қосты.
1963 жылы «ағылшын тілі, неміс тілі, неміс тілі және әдебиеті мұғалімі» мамандығына алғашқы қабылдау жүзеге асырылды.
1966 жылы неміс тілі, неміс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі бөлімдерінен тұратын шет тілдері факультеті құрылды.
1970 жылы Шет тілдер факультетінің ағылшын бөлімі студенттерінің алғашқы бітіруі болды. Осы жылдары ағылшын тілі кафедрасы мен ағылшын филологиясы кафедрасы құрылды.
1990–2000 жылдары кафедра меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты Н.Ф. Немченко бастамасымен жаңа «Аударма ісі» мамандығы ашылды.
1993 жылы қазақ тілінде оқитын студенттерге арналған «Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын, неміс)» мамандығына қабылдау басталды.
Оқытушылар қарқынды оқу мен жазбаша сөйлеуді дамытудың дәстүрлі әдістерін сақтай отырып, оқыту әдістемесін белсенді түрде қайта қарастырады.
1999 жылы Шет тілдері факультетінде «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша қайта сырттай оқу бөлімі ашылады.
2001 жылы «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша магистратура, кейін 2016 жылы докторантура ашылды.
2017 жылдан бастап кафедрада үшінші шет тілі ретінде қытай тілі оқытыла бастады.
Кафедра ұжымында 29 штаттық қызметкер бар, оның ішінде 2 PhD докторы, 6 ғылым кандидаты, 21 магистр құрайды.
Сонымен қатар ағылшын тілі және ОӘ кафедрасы филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Л.Еремия және доцент Н.Ф.Немченко құрған ғылыми лингвистикалық мектептерімен де танымал.
### Кафедра меңгерушілері:
Немченко Наталья Федоровна (1990–1997, 2002–2011).
Красникова Любовь Николаевна (1997–2000).
Черепанова Лариса Владимировна (2000–2002).
Исмагулова Айнагуль Ерболатовна (2011–2018).
Рыспаева Динара Сарсембаевна (2018 жылдан бастап)
Ағылшын тілі және оқыту әдістемесі кафедрасының білім беру бағдарламалары Қазақстандағы шет тілдерін оқыту саласындағы үрдістерді және жоғары кәсіби білім беруді ұйымдастырудағы өзгерістерді белсенді түрде ескеріп отырады.
### Кафедраның білім беру бағдарламалары:
6В01701 – Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын, неміс / қытай).
6B02302 – Аударма ісі (ағылшын, неміс/қытай).
7М01703 – Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын, неміс).
8D01701 – Шет тілі: екі шет тілі.
8D02303 – Филология: шетел филологиясы.
## Дереккөздер |
Альхассан Юсуф Абдуллахи (ағылш. Alhassan Yusuf Abdullahi; 18 шілде 2000, Кано, Нигерия) — нигериялық футболшы, жартылай қорғаушы. 2024 жылдан бері ұлттық құрамада ойнайды. 2024 жылғы Африка Ұлттары кубогына қатысты.
## Жүлделері
### Халықаралық
* Африка Ұлттары кубогының финалисі: 2023
## Дереккөздер |
Y ұрпағы («Y» ұрпағы) немесе мыңжылдық буыны, сонымен қатар «келесі» ұрпақ, желілік ұрпақ шамамен 1981 жылдан 1996 жылға дейін туған адамдар ұрпағы . Ұрпақ өкілдері мыңжылдықтар немесе мыңжылдықтар, эхо бумерлер деп аталады. Олар жаңа мыңжылдықты бала кездерінен бастап, және ең алдымен цифрлық технологияларға терең араласуымен ерекшеленеді.
Y ұрпағы туралы ұғым алдыңғы демографиялық буынға сәйкес келетін X ұрпағына қарама-қарсы қойылды. Yllo (Young Liberty Love) термині қолданылады.
## Туған жылының диапазоны
Американдық Pew зерттеу орталығы мыңжылдықтарды 1981 және 1996 жылдар аралығында туылғандар деп анықтады .
Австралиялық McCrindle зерттеу орталығының мәліметтері бойынша, Y ұрпағы 1980-1994 жылдары дүниеге келген .
Нил Хоу мыңжылдықтар 1982-2004 жылдар аралығында дүниеге келген деп есептейді .
Вадим Радаев ұрпақтарды Ресейдің саяси және экономикалық кезеңдері бойынша бөледі. Оның Y ұрпағы 1982-2000 жылдар аралығында туғандар .
Rugenerations зерттеу орталығы мыңжылдықтарды 1985 және 2002 жылдар аралығында туылғандар деп есептейді. .
## Терминология
1993 жылы тамызда Advertising Age журналының редакторларының бірі 11 жастағы немесе одан кіші жастағы адамдарды сипаттау үшін « Х ұрпағы » деген сөз тіркесін ойлап тапты
1987 жазушылар Уильям Стросс пен Нил Хау «Мыңжылдықтар » терминін енгіздіағылш. Millennials ) . Олар бұл терминді 1981 жылы туылған, 2000 жылы орта мектепті бітіретін түлектерді сипаттау үшін пайдаланды. Олар бұл ұрпақ туралы өздерінің «Ұрпақтар: Американың болашағының тарихы, 1584-тен 2069-ға дейін» (1991) және мыңжылдықтардың көтерілуі: келесі ұлы ұрпақ (2000) кітаптарында жазды.
Журналист Брюс Хоровицтің айтуынша, 2012 жылы Advertising Age «Millennials» «Y ұрпағынан» жақсырақ атау екенін мойындады .
## Демография
Ұрпақ ерекшеліктері әр елде саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Америка Құрама Штаттарында 1981-1996 жылдары туылғандар әдетте «грек» ұрпағы болып саналады, алайда әлеуметтанушылар бұл ұрпақтың нақты қашан пайда болғанын белгілемейді.
Америка Құрама Штаттарында Y ұрпағы 1981 жылы басталған туу деңгейінің өсуімен байланысты, «жаңғырық бум» деп аталады. Бұл негізінен « беби бум » ұрпақтарының балалары, сондықтан «жаңғырық бумерлер» деп атады. Дегенмен, дамыған елдерде отбасылардағы балалар санының азаю үрдісі жалғасуда, сондықтан «жаңғырық бум» құбылысы «беби бум» сияқты кеңінен танымал емес.
2006 жылы АҚШ-та жүргізілген зерттеулер «жаңғырық бумерлерінің» 48%-ы сенуші, 20%-ы атеист, 32%-ы агностиктер екенін көрсетті. Буддизм мен карма, неопаганизм, философиялық және монотеистік көзқарастарды кесіп өту, жерден тыс өркениеттерге сену және эзотеризм идеяларымен танымал.
Y буынында дін, саясат, өнер және т.б. салаларда айқын ағымдар байқалмайды, керісінше «басқалардан ерекшелену» және сонымен бірге, «тобырдың өзін» принципті түрде қалдыру арқылы, мүмкіндігінше «көпшіліктен ерекшелену» тенденциясы айқын байқалады. әлеуметтік оқшаулану, мысалы, хикикомори . Нәтижесінде, алдыңғы ұрпақтардың өкілдері жиі қателеседі, олардың назарын «Y» буынының өкілдерінің кез келген нақты көзқарастарға деген болжамды артықшылығына аударады («көзге түскен нәрсеге»). Шындығында, «православиелік антагонизмге» тенденцияны болжауға болады, яғни белгілі бір сән бойынша емес, соған қарамастан қалыптасатын белгілі бір халықтық қозғалысқа басымдық беру.
## Питер Пан ұрпағы
«Х» ұрпағы сонымен қатар «бумеранг буыны» немесе « Питер Пан ұрпағы» деп аталатын ұрпақпен байланысты, өйткені оның өкілдері ересек өмірге өтуді алдыңғы ұрпақтағы құрдастарына қарағанда ұзағырақ уақытқа созылады және сондай-ақ ата-анасымен ұзақ тұрады. Әлеуметтанушы Кэтлин Чапутис бұл құбылысты «толық ұя синдромы» деп атады
Бұл ұрпақ үшін өзін-өзі көрсету өте маңызды. Мысалы, миллиардтан астам халқы бар Қытайда өзгелерден ерекшеленуге, дара болуға ұмтылу қытай жастарының мәдениетінің түп қазығына айналды. Дүние жүзіндегі елдерде тек ғаламторға қол жеткізудің арқасында адамдар MMORPG жанрындағы онлайн рөлдік ойындарда және World of Warcraft және Second Life сияқты виртуалды әлемдерде өздерін көрсетеді. Y буынының ең өкілдері онлайн қауымдастықтарды ұйымдастыру, интернет-мемдерді іске қосу немесе флешмобтар ұйымдастыру арқылы танылды. Басқа, әлеуметтік жағынан ұялшақ адамдар анонимді желідегі қарым-қатынасты әлдеқайда еркін деп тапты.
## Поп мәдениет
Y ұрпағы Интернет дәстүрлі медиада жаһандық сілкініс тудырған уақытта пайда болды. Алдыңғы буындармен салыстырғанда бұл кез келген ақпараттың, музыканың, киноның әмбебап қолжетімділігімен сипатталады, бұл телеарналардың, дыбыс жазу студияларының және тұтастай алғанда ойын-сауық индустриясының бизнесіне әсер етпеуі мүмкін емес еді. Елдердегі заңның қатаңдығы лицензиясыз контентті желіде тарату проблемаға айналды, авторлық құқықты мемлекет пен уәкілетті органдар қамтамасыз етеді. Дегенмен, торрент трекерлері авторлық құқық иелерінің нарықтарын жеңіп жатыр, енді музыка әуесқойлары енді жаңа дискілерді іздемейді, бірақ оларды (заңды немесе заңсыз) ғаламтордан тікелей қалтасының сандық аудио ойнатқышына немесе смартфонына оңай жүктей алады.
## Қарым-қатынас және интеграция
Мыңжылдық ұрпақ, басқа ұрпақтар сияқты, өз уақытының оқиғалары, көшбасшылары және өнертабыстары арқылы қалыптасты. Алайда, кейбір ресейлік комментаторлар оның өз батырлары жоқ екенін алға тартады. Y - батырлары жоқ, бірақ табынушылары бар бірінші ұрпақ. Олардың батырлары болмайды деп есептейміз. Олар әрқашан батыр болғысы келмейтініне қарамастан, басқа ұрпақтар үшін оларға айналады. — «Ресейдегі ұрпақтар теориясы-Рюгенерация» жобасының үйлестірушісі Евгения Шамис[14] Оған электрондық пошта, қысқа хабарламалар қызметі, лезде хабар алмасу сияқты желілік коммуникациялық технологиялардың дамуы және YouTube видеохостингі және әлеуметтік желілер (Livejournal, MySpace, Facebook, Twitter және т.б.) сияқты басқа да жаңа медиа ресурстары әсер етті. «Эхо-бумерлердің» коммуникациялық психологиясының маңызды ерекшеліктерінің бірі олардың коммуникациялық құралдарды пайдаланудағы көп тапсырмалылығы болып табылады: олар бір уақытта бірнеше адаммен сөйлесе алады, басқа тақырыптағы веб-сайтты оқи алады, Twitter-дегі жаңартуларды қадағалай алады және блогтар. Олардың ішінде телерадио сияқты БАҚ түрлерін қолдану он есеге азайды[15]. Бұл ұрпақ үшін өзін-өзі көрсету өте маңызды. Мысалы, миллиардтан астам халқы бар Қытайда өзгелерден ерекшеленуге, дара болуға ұмтылу қытай жастарының мәдениетінің түп қазығына айналды. Дүние жүзіндегі елдерде тек Интернетке қол жеткізудің арқасында адамдар MMORPG жанрындағы онлайн рөлдік ойындарда және World of Warcraft және Second Life сияқты виртуалды әлемдерде өздерін көрсетеді. Y буынының ең мәнерлі өкілдері онлайн қауымдастықтарды ұйымдастыру, интернет-мемдерді іске қосу немесе флешмобтар ұйымдастыру арқылы танылды. Басқа, әлеуметтік жағынан ұяң адамдар анонимді желідегі қарым-қатынаста әлдеқайда еркіндік тапты.
## Жұмыс
Millennials экономикалық болашағы 2008-2009 жылдардағы экономикалық құлдырау кезінде айтарлықтай нашарлады. Кейбір штаттар әлеуметтік шиеленістерге байланысты жастарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы шаралар қабылдауға мәжбүр болды, мысалы, 2008 жылы Грекиядағы жұмыссыздықтың өсуінен туындаған ұзаққа созылған толқулар. Еуропадағы жастар арасындағы жұмыссыздық 2009 жылдың ортасына қарай жоғары деңгейде қалды (Испанияда 40%, Балтық елдерінде 35%, Ұлыбританияда 19,1% және көптеген басқа елдерде 20% астам). Басқа аймақтарда да жұмыссыздық жоғары, атап айтқанда, АҚШ-та жастарды жұмыспен қамту статистикасы 1948 жылдан бері жүргізіліп келеді және осы халық тобындағы жұмыссыздық 2009 жылдың шілдесінде рекордтық көрсеткішке жетіп, 18,5% құрады. Азияда және басқа аймақтарда жағдай біршама басқаша, бірақ жұмыссыздық мәселесі де өзекті болып тұр.
«Грек» буынының тағы бір атауы «трофей ұрпақ». Бұл термин бәсекеге қабілетті спорттағы, сондай-ақ өмірдің басқа салаларында жеңімпаз бен жеңіліс жоқ, «достық жеңеді» және әркім «жарысқа қатысқаны үшін алғыс» алатын үрдісті көрсетеді. Жұмыс берушілер арасында жүргізілген сауалнама «гректердің» жас ұрпағы корпоративтік мәдениетте дәл осылай көрінетінін растады. Кейбір жұмыс берушілер жастардың жұмысқа орналасудан тым үлкен үміт күтетініне алаңдайды, олар еңбек жағдайларын өз өмірлеріне бейімдеуді жөн көреді. Дегенмен, олар еңбекке қабілетті, жұмысынан қайтарым алуды және шешім қабылдауға көбірек қатысуды қалайды және икемді жұмыс уақытын пайдалануды қалайды.
Бұл ұрпақ иерархиялық құрылымдар мен шешімдер қабылдаудың бюрократиялық тәсілдеріне оңай бейімделмейді. Олар өз дағдыларының кәсіби дамуын күтеді және бір орында ұзақ уақыт қалғысы келмейді. Қазірдің өзінде және болашақта, сарапшылардың болжамдары бойынша, Y буынының өкілдері жұмыс орындарын жиі ауыстырады. Кейбір ірі ұйымдардың кадр бөлімдері бұл психологиялық қақтығысты біледі және аға буын басшыларына жастарды түсінуге және кейінгілерге қолайлы жағдай жасауға көмектесу арқылы оны жоюға тырысады.
## Ескертпелер
*
*
## Сілтемелер
* Наталья Соколова. Поколение Игрек // Профиль. — 20 сентября 2010. — № 34 (685). (недоступная ссылка — история, копия) Проверено 15 февраля 2023.
* Евгения Шатилова. Поколение Y: управление со многими неизвестными. — 11 января 2012. (недоступная ссылка — история, копия) Проверено 15 февраля 2023.
* Людмила Пушкина. Люди Игрек. — 13 марта 2012. (недоступная ссылка — история, копия) Проверено 15 февраля 2023.
* Joel Stein Millennials: The Me Me Me Generation (ағыл.). Magazine. TIME (20 May 2013). Басты дереккөзінен мұрағатталған 29 тамыз 2013.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 23 тамыз 2013.
* Поколение ЯЯЯ. Вдохновление. AdMe.ru (21 тамыз 2013). Басты дереккөзінен мұрағатталған 21 ақпан 2014.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 15 ақпан 2023.
* Расхотелось. Почему молодежь перестает заниматься сексом Архивная копия от 28 января 2018 на Wayback Machine // Лента. Ру, 28 января 2018
* Малкольм Харрис — первый миллениал, написавший бестселлер о своем поколении: «Kids these days» Архивная копия от 9 сентября 2018 на Wayback Machine // Мослента, 7 сентября 2018
* В. В. Радаев. Поколение миллениалов YouTube сайтында |
Аала Наджар (араб.: علاء نجار) — дәрігер, уикипедияшы және интернет белсендісі, оны 2021 жылдың тамызында Уикипедияның негізін қалаушы Джимми Уэйлс араб және медициналық қауымдастықтың дамуындағы ізашарлық рөлі үшін Уикиманияда «Жыл Уикимедиашысы» деп атады. Сондай-ақ оның COVID-19 тақырыптарын әзірлеудегі рөлі үшін.
Уикипедия қатысушысы аты علاء (ʿAlāʾ) Наджар — WikiProject Medicine бағдарламасының белсенді қатысушысы және арабша Уикипедиядағы ерікті әкімші. Ол Levant пайдаланушылар тобының Уикимедиашылар кеңесінің мүшесі және WikiJournal of Medicine редакциялық кеңесінің мүшесі.
## Білім және мансап
Наджар 2021 жылдың қаңтарында Александрия университетінің медицина факультетін медицина бакалавры, хирургия бакалавры (MB Bch) дәрежесімен бітірді. Ол қазір «өте бос емес мемлекеттік ауруханада» жұмыс істейді», - деді ол 2021 жылы The National басылымына.
## Уикипедия және Уикимедиадағы белсенділігі
Наджар 2014 жылдан бері белсенді автор болып табылады және оның өңдеулерінің көпшілігі медицинаға қатысты мақалаларға бағытталған. Ол сондай-ақ араб тіліндегі Уикипедияда әкімші және Уикимедиа қорының түрлі жобаларында бірнеше басқа рөлдерде қызмет етеді. Сондай-ақ Леванттағы Уикимедиа тобының басқарма мүшесі және 2018 жылдың желтоқсанынан бастап WikiJournal of Medicine редакциялық кеңесінің мүшесі. Қазірде арабша Уикипедия ресми әлеуметтік желі тобының мүшесі.
Ол араб энциклопедиясындағы COVID-19 жобасын басқарды және WikiProject Medicine-ге үлкен үлес қосады. Наджардың жұмысы медициналық жалған ақпаратпен күресуге және пандемияға сенімді, тексерілген ақпаратпен қарсы тұруға көмектеседі.
Оны 2021 жылдың 15 тамызында Уикипедия негізін қалаушы Джимми Уэйлс «Жыл Уикимедиашысы» деп атады. Наджар араб және медициналық қауымдастықтың дамуындағы ізашар рөлі, сондай-ақ COVID-19 тақырыптарын әзірлеудегі рөлі үшін жоғары бағаланды. Саяхаттағы шектеулерге байланысты Уэльс Наджарға сыйлықты стандартты тәжірибеге сәйкес жеке өзі жеткізе алмады, оның орнына онымен Google Meet арқылы тосын қоңырау арқылы сөйлесті.
## Жарияланымдар
* "Sellar Xanthogranulomatosis in a Two-Year-Old Girl: A Case Report. Cureus, 2023.
## Тағыда қараңыз
* Уикипедия тұлғаларының тізімі
## Дереккөздер |
Абдаллах Насиб (араб.: عبدالله نصيب; 25 ақпан 1994) — иорданиялық футболшы, қорғаушы. 2021 жылдан бері Ұлттық құрамада ойнайды.
## Жетістіктері
### Командалық
* Иордания чемпионы: 2020
* Иордания суперкубогы; 2021
### Халықаралық
* Азия кубогының финалисі: 2023 |
Темірхан Мыңайдарұлы Досмұханбетов (8 наурыз, 1949 жыл, Қостанай облысы Денисов ауданы, Мениславка ауылы - 1 қараша 2021 жыл) — Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы, педагогика ғылымдарының кандидаты.
## Қысқаша өмірбаяны
* Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын (1972) жаттықтырушы мамандығы бойынша бітірген.
* Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (1993) құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген.
* 1972 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
* 1973 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы, 1975 жылдан - ассистенті, 1976 жылдан - аға оқытушысы.
* 1982 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарына техникалық
қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі.
* 1983 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы.
* 1985 жылдан - Бүкілодақтық ерікті «Еңбек резервтері» спорт қоғамының Қазақ республикалық кеңесі төрағасының
орынбасары, 1988 жылдан - төрағасы.
* 1991 жылдан - Шетел туризмі бойынша «Интурист-Қазақстан» ұлттық компаниясының президенті.
* 1994 жылдан - Мемлекеттік «Иассауи» акционерлік компаниясының президенті.
* 1996 жылдан - ҚР Жастар, туризм және спорт істері министрі.
* 1997 жылдың наурызынан - ҚР Білім беру және мәдениет министрлігінің Туризм және спорт департаментінің директоры.
* 1997 жылдың қарашасынан - ҚР Білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Туризм және спорт комитетінің төрағасы.
* 1998 жылдан - ҚР Президентінің іс басқарушысы.
* 2003 жылдың маусымынан - Астана қаласының әкімі.
* 2004 жылдың наурызынан - ҚР Президентінің іс басқарушысы.
* 2006 жылдың наурызынан бері - ҚР туризм және спорт министрі.
* ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеттің президенті (2006 жылдан).
## Ғылыми еңбектері
Педагогика ғылымдарының кандидаты (1996). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Денешынықтыруға бағытталмаған ЖОО спортта жоғары жетістіктерге жетудің педагогикалық және ұйымдастырушылық негіздері».
## Қоғамдық қызметі
* ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі 12-ші шақырылымының депутаты.
## Қосымша лауазымдары
* Халықаралық самбо федерациясының вице-президенті.
* Туризм бойынша Еуразиялық ассоциацияның вице-президенті.
* БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының (UNWTO) вице-президенті.
* Азияның Олимпиадалық комитетінің вице-президенті.
* ТМД Туризм жөніндегі кеңесі төрағасының орынбасары.
* ҚР Спорттың су түрлері жөніндегі федерациясының президенті (2008 жылдан).
## Марапаттары
* II дәрежелі «Барыс» (2003)
* РФ Достастығы (2004) ордендерімен;
* «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001)
* «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005)
* «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006)
* «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен;
* ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамоталарымен (1983, 1985) марапатталған.
* КСРО Еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
* ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
* Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.
* Астана қаласының Құрметті азаматы (2009)
## Отбасы
* Әкесі - Досмухамбетов Мыңайдар (1924-1985), жұмысшы болған.
* Анасы - Оразбаева Орындық (1928 жылы туған).
* Үйленген. Жұбайы - Жұмабекова Сәуле Әмірқызы (1949 жылы туған), дәрігер.
* Қызы - Әлия (1975 жылы туған).
* Ұлы - Шыңғыс (1982 жылы туған).
## Дереккөздер |
Юсуф Абдурисаг (араб.: يوسف عبد الرزاق; 6 тамыз 1999 жыл, Сомали) — қатарлық және сомалилік футболшы, шабуылшы. 2023 жылғы Азия чемпионы, және 2020 жылы КОНКАКАФ Алтын Кубогына, 2021 жылғы Азия кубогына қатысты. 2019 жылдан бері ұлттық құрамада ойнайды.
## Жүлделері
* Қатар чемпионы: 2020/21, 2021/22
* Қатар кубогы: 2021
* Азия чемпионы: 2023
## Дереккөздер |
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (ҚарТУ) – Қазақстандағы жоғары білікті мамандарды дайындайтын жетекші жоғары оқу орындарының бірі.
1953 жылы құрылған, алғашында Қарағанды тау-кен институты, 1958 жылы Қарағанды политехникалық институты болды. 1996 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне айналды. Оқу процесі 12 факультетивте 57 мамандық бойынша жүргізіледі, оның 30-ы мемлекеттік тілде.
Университеттің ең маңызды ғылыми жұмыс – әрекеті 16 мамандық бойынша магистратура, 14 мамандық бойынша аспирантура, 4 мамандық бойынша доктарантура арқылы жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандар даярлау болып табылады.
Университет Қазақстан өнеркәсібі үшін мамандарды жоғары сапада даярлағаны үшін өнеркәсіпке көмек беруқоғамдастығы атынан Алтын белгімен (Франция, Париж қ., 2003 ж.) және іскерлік тәжірибесінінің жоғары сапалығы үшін халықаралық қор атынан Алтын белгімен (Швейцария, Женева қ., 2005 ж.) марапатталды.
2003 жылы ҚарМТУ СМЖ-н жасау және енгізуге кірісті және де ҚР жоғары оқу орындарының арасынан бірінші рет 32 дамыған елдерде танымал IQ NET (халықаралық куәландыру желісі) және «Русский регистр» куәландырулар жүйесінің ИСО 9001:2000 халықаралық стандарты талаптарының сапа менеджменті жүйесіне сайлығы негізінде куәландыратын тыңдаудан табысты етті.
ҚарМТУ ішінде дәрісханалар, арнаулы жұмыс бөлмелері мен зертханалар, INTERNET жүйесіне қосылған 45 компьютер сыныптары бар, қазіргі заманға сай бағдарламалар, құрылғылармен қамтамасыз етілген ақпараттық есептеу орталығы жалпы көлемі 72,2 мың шаршы метрді құрайтын 7 оқу ғимаратында орын тепкен. Жақсы жабдықталған жатақханасы мен асханасы бар. ҚарМТУ-да 1,6 млн. дана кітапқоры бар. Республикадағы ең үлкен кітапханалардың біріне ие.
Университеттің әскери кафедрасы – Қарағандағы 4 әскери мамандық бойынша запастағы офицерлер дайындайтын бірден-бір кафедра. Түлектер офицер атағын алғаннан кейін ҰҚК, ІІМ органдарында, кеден қызметі бөлімшелерінде, төтенше жағдайлар жөніндегі министірлікте және т.б.жерлерде жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Университеттің спорт кешені Қарағанды қаласындағы ең үлкен кешендердің бірі. 7 арнаулы залдар мен шағын стадиондардан құралған. Қарқаралы қаласындағы ұлттық паркте оқытушылар, қызметкерлер және студенттер үшін демалыс орындары, сонымен бірге тау-кен, геология, экология және геофизика мамандықтарын үйренуші студенттердің тәжірибе базасы орналасқан.
ҚарМТУ жоғары мектеп халықаралық ғылым академиясының ұжымдық мүшесі (ХҒА, ЖМ) автоматтандырылған анализ саласында инженер-аналитиктер халықаралық Ассоциациясының NAF EMS Ұлыбритания), Геотехниқалық ассоциация мүшесі болып саналады. ҚарМТУ Қазақстан жоғары оқу орындарының Ассоциациясын Орта Азия, Орал мен Сібірдің техникалық оқу орындарының ұйымдастырушысы болып табылады. Оның құрамына 15 техникалық жоғары оқу орындары кіреді.
Қазақстандағы ANSYS (АҚШ) және CADFEM(Германия) автоматтандырылған анализқұралын өңдейтін мамандандырылған фирмалардың ресми өкілі болып табылады.
Университет базасында ҚР Инженерлік Академиясының Қарағандыдағы бөлімі, ҚР жаратылыстану ғылымының Академиясы, Халықаралық информатизациялау академиясының Орталық Қазақстандағы бөлімі, Қазақстан дәнекерлеушілері Ассоциациялары құрылған.
ҚарМТУ келесі білім беру Құрылымынқұрайды:
Жоғарғы оқу орнына дейінгі – «Байт» балалардың компьютерлік мектебі, техникалық лицей, ақпараттық технология мен бизнес колледжі; орта мектепті, лицейді, колледжі, гимназияны бітірушілер үшін дайындық факультеті; 11 сынып оқушыларына арналған бастауыш инженерлер мектебі және дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебі бар.
Жоғары оқу орнында дайындық жұмыстары 9 басты факультеттерде (тау-кен, электромеханика, геоэкологиялық, машина жасау, инженерлік-құрылыс, ақпараттық технология, кәсіпкерлік және басқару, экономика және менеджмент, жол-көлік) жүргізіледі.
Жоғары оқу орнынан кейін актуальды білім беру және біліктілікті көтеру факультеттерінде жоғары білімді мамандарды даярлау және қайта даярлаудықамтиды.
## Дереккөздер |
Аннас әл-Авадат (араб.: انس العوضات; 29 мамыр 1998, Иордания) — иорданиялық футболшы, шабуылшы. 2020 жылдан бері ұлттық құрамада доп тебеді. 2023 жылы Азия кубогына қатысты.
## Жүлделері
### Клубтық
* Иордания чемпионы: 2017–18, 2020
* Иордания кубогы: 2022
* Иордания суперкубогы: 2018, 2021
### Халықаралық
* Азия кубогының финалисі: 2023
## Сілтемелер |
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты — Арқалық қаласында орналасқан мемлекеттік жоғары оқу орны.
## Тарихы
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің және ҚазКСР Министрлер Кеңесінің 1972 жылдың 12 сәуіріндегі №220 қаулысына сәйкес Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты құрылды. 1977 жылы Ыбырай Алтынсарин есімі берілді.
1976 жылы Қазақстандағы білім-ғылым бағытындағы алғашқы Ы.Алтынсариннің ғылыми-педагогикалық мұражайы ашылды. «Ы.Алтынсарин мұражайының» ашылу салтанатына ақын, жазушы, Ы.Алтынсариннің ұрпағы М.Хәкімжанова қатысты.
## Факультеттер
* Педагогика және филология факультеті
* Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті
* Тарих және өнер факультеті
## Дереккөздер |
Нур әл-Равабдех (араб.: نُور الدِّيْن مَحمُود عَلِيّ الرَّوَّابدَة; 24 ақпан 1997) — иорданиялық футболшы, жартылай қорғаушы. 2019 жылдан бері ұлттық құрамада доп тебеді. 2023 жылы Азия кубогына қатысты.
## Жүлделері
### Клубтық
* Иордания кубогы: 2017/18
* АФК кубогы: 2021
* Бахрейн кубогы: 2021
### Халықаралық
* Азия кубогының финалисі: 2023
## Сілтемелер |
Рудный индустриялық университеті — Рудный қаласында орналасқан мемлекеттік жоғары оқу орны.
## Тарихы
1959 жылы 25 маусымда Рудный қаласында Соколов-Сарыбай КБК дерегінде Қазақ Мемлекеттік Металлургия институының (ҚазММИ) кешкі факультеті ашылды.
1962 жылғы 22 тамызда ҚазКСР ЖАОБ министірлігінің № 802 бұйрығымен кешкі факультет ҚазММИ индустриалдық факультеті болып қайта құрылды.
1964 жылғы 5 наурызда ҚазКСР ЖАОБМ № 175 бұйрығымен ҚазММИ индустриалдық факультеті Қазақ политехникалық институтының (ҚазПИТ) филиалы болып өзгерді.
1978 жылғы 1 қаңтарда КСР Министрлер Кеңесінің № 765 қаулысымен ҚазПТИ филиалы Қазақстандағы елу үшінші еркін жоғары оқу орны Рудный Индустриалдық Институты болды.
## Факультеттері
Университетте 3 факультет (тау-кен металлургия факультеті, энергетика және ақпараттық жүйелер факультеті, экономика және құрылыс факультеті) және 7 кафедра бар.
## Дереккөздер |
Ұлытау техникалық университеті (ҰТУ) — Ұлытау облысында ашылған жалғыз мемлекеттік жоғары оқу орны.
## Тарихы
"Ұлытау техникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын ретінде Үкіметтің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 702 қаулысына сәйкес құрылды. Университет құрамына Сәтбаев қаласындағы "Қазақмыс" корпорациясының технологиялық колледжі мен Жезқазғандағы жоғары политехникалық және тау-кен металлургиялық колледждері кіреді деп жоспарлануда.
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі (2022 жылға дейін ҚР Мемлекеттік хатшысы) — Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғасы.
Мемлекеттік кеңесші өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей басшылығымен жүзеге асырады, оған есеп береді және бақылауында болады.
Мемлекеттік кеңесші қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де актілері құрайды.
## Мемлекеттік кеңесші өкілеттігі
Қазақстан Республикасының Президентіне ішкі саясат саласы бойынша стратегиялық ұсыныстарды тұжырымдайды;Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша:Қазақстан Республикасының Парламентімен және оның палаталарымен, басқа да мемлекеттік органдармен, саяси партиялармен және өзге де қоғамдық бірлестіктерімен қарым-қатынастарда; халықаралық қатынастарда оның мүдделерін білдіреді;
* Қазақстан Республикасының Президентіне ішкі саясат саласы бойынша стратегиялық ұсыныстарды тұжырымдайды;
* Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша:
Қазақстан Республикасының Парламентімен және оның палаталарымен, басқа да мемлекеттік органдармен, саяси партиялармен және өзге де қоғамдық бірлестіктерімен қарым-қатынастарда; халықаралық қатынастарда оның мүдделерін білдіреді;
Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың:Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның,Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның,Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның,Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы жөніндегі республикалық комиссияның,Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның,Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның,Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның,Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның,Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның,Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді;
Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың:Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның,Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның,Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның,Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы жөніндегі республикалық комиссияның,Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның,Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның,Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның,Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның,Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның,Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның,Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның,Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның,Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы жөніндегі республикалық комиссияның,Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның,Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның,Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның,Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның,Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның,Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді;
* Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның,
* Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның,
* Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның,
* Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы жөніндегі республикалық комиссияның,
* Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның,
* Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның,
* Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның,
* Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның,
* Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның,
* Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді;
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қызметіне жетекшілік етеді, қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдамалық құрылымдардың жұмысын үйлестіреді;
* Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қызметіне жетекшілік етеді, қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдамалық құрылымдардың жұмысын үйлестіреді;
"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
* "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
* Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
## Өкілеттігін іске асыру
өкімдер шығаруға;өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар беруге;Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына қатысуға;өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен басқа да материалдарды сұратуға және алуға;өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ Мемлекет басшысы алға қойған өзге де міндеттерді шешу үшін ведомствоаралық жұмыс топтарын құруға құқылы.
* өкімдер шығаруға;
* өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар беруге;
* Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына қатысуға;
* өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен басқа да материалдарды сұратуға және алуға;
* өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ Мемлекет басшысы алға қойған өзге де міндеттерді шешу үшін ведомствоаралық жұмыс топтарын құруға құқылы.
Мемлекеттік хатшының қызметін ұйымдық-құқықтық, ақпараттық-талдау және өзгедей қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады.
## Мемлекеттік хатшылар
*
## Cілтеме
* Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ, 2007 жылғы 13 тамыз N 379
## Дереккөздер
* http://www.akorda.kz/kz/secretary_of_state/on_the_status_and_authorities_of_secretary_of_state/decree_of_the_president_of_the_republic_of_kazakhstan Мұрағатталған 24 маусымның 2010 жылы. |
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті — Шымкент қаласында орналасқан мемлекеттік жоғары оқу орны.
## Тарихы
1937 жылдың 19 наурызында Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысымен Шымкентте Мұғалімдер институты ашылған. 1954 жылы КСРО Министрлер кеңесінің өкімімен педагогикалық институт болып қайта құрылды. 1987 жылы институттың 50 жылдық мерейтойына орай оқу орнына М.Әуезов есімі берілді. 1975 жылы КСРО оқу министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 1977 жылы Қазан төңкерісінің 60 жылдығына арналған социалистік жарыста Қазақстандағы педагогикалық институттар арасында бірінші орын алды. 1985 жылдың қорытындысы бойынша мұғалім кадрларын даярлаудағы жетістіктері үшін КСРО Оқу министрлігінің Ауыспалы Қызыл Туын жеңіп алды. 1988 жылы Кеңестер Одағындағы 220 педагогикалық институттың арасында өткен социалистік жарыста ІІІ орынды иеленді. 1993 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен Түркістан қаласында жаңадан ашылған Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті профессор-оқытушыларының ғылыми әлеуетін көтеру мақсатында М.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институты сол оқу орнының құрамына қосылды. 1995 жылдың 9 наурызында институт өз атынан айырылып, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент бөліміне ауысты. 2003 жылдың 7 наурызында ХҚТУ-дың Шымкент филиалы, 4 қыркүйекте ХҚТУ-дың Шымкент институты болды. 2011 жылғы 28 маусымдағы №722 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты болып қайта ашылды. 2017 жылдың 17 қарашасында ҚР Үкіметінің №753 Қаулысымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтына университет мәртебесі берілді. 2018 жылдың 16 қазанында Үкіметтің №649 Қаулысымен «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғам болды. 2019 жылдың 12 сәуір күні Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының Әділет басқармасында заңды түрде мемлекеттік тіркеуден өтті. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023 жылғы 3 қазандағы №512 бұйрығымен университетке рух сардары, мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің атауы берілді.
## Факультеттер
* Жаратылыстану факультеті
* Филология факультеті
* Физика-математика факультеті
* Тарих және педагогика факультеті
* Өнер және білім факультеті
* Дене шынықтыру және спорт факультеті
## Дереккөздер |
Сүлеев
* Біләл Сүлеев — қоғам қайраткері, ақын, ағартушы, журналист, драматург
* Болат Қалиұлы Сүлеев — кинооператор, сценарийші
* Досым Қасымұлы Сүлеев — кеңестік және қазақстандық ғалым, техника ғылымдарының докторы (2003), профессор (1992), Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі (2004), ХИА академигі (2003) және ҚР ЖМ (2004 жылдан)
* Дүйсен Тоқбергенұлы Сүлеев — театр суретшісі, педагог
* Әубәкір Қалиұлы Сүлеев — продюсер, оператор |
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті — Қостанай қаласында орналасқан жоғары оқу орны.
1993 ж. тамызда бұрынғы Қостанай педагогика институты негізінде құрылған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылығы 3 сәуірдегі № 384 Қаулысы негізінде университетке Ахмет Байтұрсынұлы есімі берілді. 1998 жылы 25 қыркүйекте А. Байтұрсынұлы мұражайы ашылды. 2000 жылығы ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен университетке Қостанай ауыл шаруашылығы институты қосылды. "Жекелеген республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 128 Қаулысы негізінде университет құрамынан Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты бөлініп шықты.
## Әр жылдардағы университет басшылары:
Хусаин Хасенұлы Валиев техника ғылымдарының докторы, профессор,Еуропа Кеңесі Халықаралық академиясының академигі (ЮНЕСКО),Қазақстан Республикасы Жоғары мектебі Академиясының толық мүшесі. 2001-2008 жылдары Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры. 2008 жылы Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына депутат болып сайланды 2015 жылғы 25 қарашадан ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры болып қайта тағайындалды.
Асқар Мырзахметұлы Наметов ветеринария ғылымдарының докторы, профессор.2009 жылдың 19 қаңтарында А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректоры қызметіне тағайындалды. 2015 жылғы 14 қыркүйекте ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басшысы лауазымына тағайындалды.
Алма Иригибаевна Дощанова ҚР экономика ғылымдарының кандидаты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы №ЖҚ – 16 бұйрығымен ШЖҚ РМК А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректоры лауазымына тағайындалды.
Сеитбек Бекенович Куанышбаев география ғылымдарының докторы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 22 шілдедегі ЖҚ №106 бұйрығына сәйкес Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - ректоры лауазымына тағайындалды.
## Университет құрылымы
Университет құрылымында Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық, Үздіксіз білім беру институттары, Ауыл шаруашылығы ғылымдары, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдары факультеті, Машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар, Құқық және экономика факультеттері бар. 15 факультетте 47 мамандық бойынша мамандар даярланады. 7,5 мың студент оқиды. Оқу жүйесін 57 кафедра ұйымдастырады. Құрамында Физика және ақпараттық технология, Стратегиялық басқару, Агроөнеркәсіп кешенінің жаңа технологиялары, Лингвистикалық ғылыми зерттеу институттары бар. 9 мамандық бойынша аспирантура, бірқатар факульттерде магистратуралар бар. Университеттің ғылыми кітапханасының қорында 708107 дана кітап бар. Ауыл шаруашылығы саласының студенттері үшін өндірістік тәжірибені ұйымдастыру мақсатында оқу және ғылыми өндірістік бөлімшелер құрылған. 4 спорт залы, ашық спорт алаңдары, “Жастар” студенттік драма театры, қазақ халық аспаптары, орыс халық аспаптары оркестрлері, фольклорлық ансамбль, т.б. студенттік шығармашылық ұжымдар жұмыс істейді.
## Дереккөздер. |
Сүлеева
* Бағдад Омарқызы Сүлеева - ғалым, медицина ғылымының докторы(1995)
* Әсия Қалиқызы Сүлеева - кинорежиссер |
Жандосов
* Ақмет Жандосов - инженер-геолог, жетекші геолог
* Жұманбек Кенжебайұлы Жандосов - философия ғылым доктары, профессор, Қаныш Сәтбаев білім алған Теңдік мектебінің түлегі
* Ораз Әлиұлы Жандосов - мемлекет және қоғам қайраткері. Ұлы жүздің Шапырашты руынан
* Оразәлі Кәкімұлы Жандосов — алғашқы қазақ геологтарының бірі
* Ораз Қыйқымұлы Жандосов — мемлекет қайраткері
* Санжар Оразұлы Жандосов - қоғам және мемлекеттік қайраткері, ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты (1967), Қазақстанның еңбек сіңірген экономисті |
Күзембаев тегінде адамдар:
* Валерий Әлібекұлы Күзембаев - музыкант, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
* Қабылхан Күзембаев - ақын.
* Меңдіхан Темірғалиұлы Күзембаев – полиграфист.
* Нұрдәулет Күзембайұлы Күзембаев – мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, экономика ғылымдарының докторы (1974 ж.).
* Талғат Пердебекұлы Күзембаев — опера әншісі (драмалық баритон). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының ресми тұңғыш орындаушысы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2006). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017).
* Түсіп Күзембаев - шахтер, Социалистік Еңбек Ері (1948 ж.). |
Ағұлдар (агул. агъулар) — лезгиндер тобына жататын дағыстан халықтарының бірі, Дағыстанның оңтүстік-шығысының орталық бөлігінде тұратын Кавказдың байырғы халықтарының бірі.
Ағұлдар, лезгиндер тобының басқа халықтары сияқты, Дағыстанның басқа халықтарымен этномәдени жақын. Бұл халықтардың ата-бабалары тарихи тұрғыдан көп тайпалы мемлекеттік бірлестік – Кавказ Албаниясының құрамында болды және «лекс», «албандар (агвандар)» деген жалпы атаумен белгілі болды.
2020 жылғы халық санағы бойынша Ресейде – 34 576 ағұлдар тұрады.
## Автоэтнонимі (өз аты)
(өз атауы: Агъулар — көпше, Агъул, Агъул-шуй — жекеше)
## Субэтникалық топтары
Ағұлдар төрт топқа бөлінеді (олар төрт шатқалда тұрады): агулдер, курахдер, хушандер және хлюкдер.
## Этнонимы
Бұрынғы кезде агулдардың біріккен этнонимі болмаған, тарихи отанынан тыс жерде лезгиндер деген атпен белгілі болған.«Ағұлдар» этнонимі Агулдере аймағының географиялық атауынан шыққан. Алайда, бұрын агулдердің барлығы өздерін агъулар деп атамаған. Мысалы, Кошандере тұрғындары өздерін — къушанар, Керендере тұрғындары — кIеренар деп атаған.Тек кеңес заманында ғана үш қоғамның (Агулдере, Кушандере, Керендере) барлық тұрғындары ресми түрде ағұлдар деп атала бастады.
## Нәсілі
Олар үлкен европеоид нәсілінің балқан-кавказдық кіші нәсіліне жатады.
## Сырт келбеті
Ағұлдардың сыртқы келбеті Кавказдың басқа халықтарынан онша ерекшеленбейді. Ағұлдардың бойы орташа, шаштары, көздері және терісі қара болып келеді.
## Тілі
Ағұл тілі - ивер-кавказ тілдер тобы нах-дағыстан бұтағының лезгин бұтақшасына жатады. Диалектілері: тпиг (агул), керси (ричин), кошан, буркихан, фитиндік болып бөлінеді. Жазуы орыс графикасына негізделген. Көпшілігі орыс тілінде сөйлейді. 1952 жылға дейін мектептерде оқу лезгин тілінде, кейін орыс тілінде жүргізілді. 1990 жылы орыс әліпбиі негізінде Агул жазу жүйесі жасалды. 1992 жылдан бастап мектептерде оқу ана тілінде жүргізілді.
## Жазуы
Ағұл әліпбиінің қазіргі таңда қабылданып жатқан нұсқасы аса көлемді, күрделі әрі ағұл тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкес келмейді. Ол 53 әріптен тұрады және тіпті басқа көлемді Дағыстан әліпбилерінің арасында ең күрделілерінің бірі болып табылады. Фонетика және орфография тұрғысынан, яғни ғылыми тұрғыдан алғанда өте терең қарама-қайшылықтарды қамтиды.
## Діні
Ағұлдардың көпшілігі мұсылмандар және сунниттік исламды ұстанады. Исламды халық XIV ғасырда қабылдап, олардың мәдениеті мен өмір салтына айналды. Ағұлдар ислам дінінің қағидаларын ұстануға және оның парызын орындауға, соның ішінде намаз, ораза, қажылыққа ұмтылады.Мешіт – ағұлдардардың киелі жері. Олар намаз оқитын, мүміндердің бас қосатын жері.
## Негізгі қоныстану аймағы
2010 жылғы халық санағы бойынша Ресейде 34,2 мың ағұл өмір сүрді, оның ішінде Дағыстанда — 28,1 мың (оның 10 мыңнан астамы — Ағұл ауданында), Ставрополь өлкесінде — 1,7 мың. Олар Оңтүстік-Шығыс Дағыстанның орталық бөлігіндегі Ағұл және Курах аудандарының шатқалдарында, сондай-ақ қалаларда тұрады. 2010 жылғы санақ бойынша Ағұл ауданы халқының 92,6% құрайды.1960 жылдардағы қоныс аударушылар Дербент ауданы мен Каякент ауданындағы Дружба ауылында тұрады.
Сонымен қатар ағұлдар Табасаран ауданында Гелинбатан (Ново-Фите) ауылында тұрады. Шырахчай мен Құрах өзендерінің жоғарғы ағысында орналасқан 21 тарихи ауылда ағұлдардың 67%-ы тұрады. Қалалық ағұлдар Шамхал (Махачкала қаласы округі), Түбе Құмторқала ауданында, Махачқала, Дербент және Дағыстан Жарықтары қалаларында тұрады.
## Тарихы
Ағұлдар туралы ең алғашқы мәліметтер VII ғасырдағы армян деректерінде, олар Агутакани деп аталады, VIII—IX ғасырлардағы Кушан-дер шатқалының тұрғындары туралы араб деректерінде айтылады.XIII ғасырда ағұлдар татар-моңғол жаулап алушыларына ерлікпен қарсылық көрсетті. Бұған татар-моңғолдардың Дағыстан тауларында болғаны туралы жазбаша жаңалықтар дәлел бола алады. Ағұлдар территориясы Темір әскерлерінің жойқын шабуылдарына ұшырады. Ағұлда Темір әскерлерінің болуы туралы аңыздар бар. Аңыз бойынша, Тимур әскерлері Рича, Тпиг, Хутхул және басқа ауылдарды толығымен қиратты.
XVIII ғасырда ағұлдар Надир шахтың шабуылын бастан өткерді. Магудере өткелдері арқылы Надир шахтың жүру жолында бірнеше ағұл ауылдары қирады.Аварияда жеңіліске ұшыраған парсылар таулықтардың отрядтары қуып, Кумух - Хосре - Чираг - Рич - Курах - Дербент жолымен кездейсоқ шегінді. Ағұлдар бұл жолы шегініп бара жатқан парсылардың шабуылына тойтарыс берді.
XIX ғасырдың 2-жартысында Дағыстан Ресейге қосылғаннан кейін ағұлдар тауар-ақша қатынастары жүйесіне араласты. 1921 жылдан бастап агулдар Дағыстан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының (1991 жылдан Дағыстан Республикасы) құрамында болды.
## Кәсібі
Халықтың негізгі кәсібі – мал шаруашылығы. Олар негізінен қой, ірі қара, жылқы өсіреді. Жазда малды таудың баурайында биіктеп жайып, қыста алыстағы жайлауларға айдаған.Қазіргі ағұлдардың тағы бір негізгі кәсібі – егіншілік, бұрын жер бедері қолайсыз болғандықтан нашар дамыған. Халық таудағы ұсақ жерлерді өңдеп, топырақтың тозып кетпеуін үнемі қадағалап отырды, бірақ көбінесе егінді аяз бен жауын-шашын зиянын тигізген. Негізгі өнімдері - қара бидай, арпа, қабықсыз арпа, бидай, бұршақ, бұршақ, 19 ғасырдың 2-жартысынан – картоп, сәбіз, пияз, сарымсақ.Жалпы Дағыстан типіндегі ауылшаруашылық құралдары: жеңіл соқа (дуруц), орақтар, бір қолға арналған қысқа орақ, ағаш тырма, айыр, күрек, елеуіш. Егістікте әйелдер арамшөптерді жұлып, егін тасыды, жүнді үйіп, өңдеп, одан түрлі бұйымдар жасады. Ер адамдар жер өңдеп, қой баққан, сауған, баққан, жүн қырқылған, сүт өңдеген, жылқы баққан, ет, жүн, ірімшік, май саудасымен айналысқан. Бастыру мен шөп шабу ұжымдық жұмыс болды.
Қазіргі шаруашылық әртараптандырылған. Жазыққа қоныс аударғандар жүзім, бау-бақша, көкөніс шаруашылығын дамытқан.
Қолөнерден ұсталық, тері, қой терісін, жүн өңдеу (иіру, мата, кілем, түксіз кілем тоқу, т.б.), ағаш және тас ою өнері дамыды.Ағұлдар тоқыма бұйымдарын, әсіресе жібек пен мақта жасаудың шеберлері. Олардың маталары бірнеше ұрпақ бойы шеберлердің қолынан шыққан кестелер мен шілтерлермен безендірілген. Ауылдар тері өңдеумен, кілем, керамика жасаумен де айналысады.
## Тұрмыс салты
Қоғамдық қатынастардың дәстүрлері феодалдық патриархтың қалдықтарымен тоғысқан. Ауыл қауымы дербес шаруашылық-аумақтық бірлік болды. Сот ісін жүргізу әдеттегі құқықтық ережелерге (адат) және ислам құқығының нормаларына (шариғат) негізделді. Қауымдастықтың ең жоғарғы органы – ауыл жиналысы, 19 ғасырдың 2-жартысынан старшын сайланады. Сотты қазы басқарады. Патриарх, қандас туыстар және негізінен эндогамдық бірлестіктер — тухумдар сақталды. Басым отбасы формасы шағын, бөлінбеген жанұялардың әртүрлі түрлері (15–20 адам) 20 ғасырдың басына дейін сақталды.Отбасы бірлігі барлық ересек мүшелердің ұжымдық меншігі мен еңбегіне негізделген, қарым-қатынастар патриархат пен нормалармен айқындалды. Қыздары тұрмысқа шыққанда жер үлесінің жартысы мен жылжымалы мүліктің бір бөлігін алды. Әйелдер отбасылық мәселелерде үлкен еркіндікке ие болды.
### Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары
Дәстүрлі қоныстарында 60 үйге жуық болған. Қамал қабырғалар, әскери мұнаралар, жол бойына күзет орындарын орнатқан.Ауылдары өзен жағасында, салыстырмалы түрде жазық жерде, екі-үш жағынан тік жартаспен шектелген, яғни тау баурайында, шыңдарда орналасқан. Ауылдар ішіндегі мұнаралар жерасты өткелдері арқылы жалғасқан. Ауыл (селолық қауым) тухум (мирас) кварталдарынан тұрды. Ауылдардың орналасуы: беткейлерде – сатылы-террассалы немесе ретсіз сатылы, тегіс жерде, тау жотасында – шоғырланған, әртүрлі типке тән. Көшелері тар, бұралған, тік, көбінесе баспалдақ түрінде.
Ауыл орталығында мешіт және оның алдындағы алаң (годекан) бар.
Қазіргі құрылыста жеке учаскелері бар ғимараттарды еркін орналастыру үрдісі басым. Жазықтағы қоныстандыру ауылдарында көшелер мен бірнеше көшелерді біріктіретін кварталдар схемасы болып табылады.Тұрғын үй тастан жасалған, жоспары төртбұрышты, төбесі жалпақ топырақты. Бір кіреберісі және төменгі қабаттарындағы саңылаулар сияқты тар жарық саңылаулары бар 2-3 қабатты тұрғын үй кешені (бекініс үйі) басым. Қабаттар арасында ішкі тас баспалдақ бар. Төменгі қабаттарда еңістің әртүрлі деңгейлерінде жеке кіреберістері бар, ал жоғарғы қабаттарға баспалдақ арқылы кіруге болады. Төменгі қабаттардың төбесі толығымен арка тәрізді құрылымнан немесе тас тіректерге тірелген тас тақталардан тұрды. Тұрғын үй екі немесе үш бөлмелі, бөлменің көлемі 30 м2. Отбасылық өмір бір бөлмеде (ошақта) өтті.Биік төбенің (3–3,5 м) астында қалың жапқышы бар шағын терезе болды, жиһазы аласа орындықтардан, ұзын орындық-диваннан тұрды, еденге түксіз кілем төселген, адамдар арнайы дөңгелек жастықтарға отырды.Екінші бөлме қонақ бөлмесі болды, ол мүмкіндігінше бай жиһаздалған, тағамдар арнайы сөрелерге орналастырылған, қабырғалық каминнің дизайнына ерекше назар аударылған.19 ғасырдың 2-жартысынан бастап ашық лоджиялар мен балкондар пайда болды, коммуналдық бөлмелер дербес ғимараттар ретінде бөлінді.Қазіргі заманғы тұрғын үй тастан салынған екі қабатты көп бөлмелі, шатырлы (темір, шифер), әйнектелген веранда, үлкен терезелер және ағаш едендер, интерьері дәстүрлі зауыт жиһаздарымен және техникалық жабдықтармен біріктіреді.
### Дәстүрлі киімдері
Ағұл ерлер киімі Дағыстанның басқа халықтарының киімдерімен бірдей. Киімі «бергьам» көйлегі мен шалбардан «шалвар» тұрды. ХХ ғасырдың басынан бастап 50-ші жылдарға дейін галифе шалбары ағұлаларда кеңінен қолданылады. Олардың кең танымалдылығын сыртқы түрі бойынша дәстүрлі шалбарға ұқсайтындығымен түсіндіруге болады және оларды аяқ киім мен етікке салу ыңғайлы болды.Ағұлдардың сыртқы киімдері бешмет — «валжагъ» және черкеска — «чохай» болды. Валжагъ күнделікті және дәстүрлі киімдері болды. Ол қара немесе қою көк, қою жасыл және басқа түсті маталардан тігілді. Ағұл валжагы тізеге дейін немесе сәл жоғарырақ болатын қаусырмалы киім.
Қысқы, сондай-ақ қарт адамдарға арналған валжаг, мақта немесе жүннің жұқа қабатымен қапталған. Күнделікті киімдерді әр отбасында әйелдер тіккен, оларды жастайынан үйреткен. Черкеска, сондай-ақ вальжаг, күміс жиынтығы бар былғары «чил» белбеуімен киілген. Жылы сырт киімі мал терісінен иігілген тон «кул» болды.Таулы Дағыстанның барлық халықтары сияқты, ағұлдардың негізгі сыртқы киімдері жергілікті жерде тігілген бурка «лит» болды.Ең жақсы сапалы буркаларды андийліктерден сатып алды. Оларды әдетте салт аттылар киетін. Агулдардың дәстүрлі аяқ киімдері шикі теріден жасалған «поршни», дәстүрлі бас киімі папаха - «бармак» болды. Оның екі түрі болды: «чиачиах бармак» және «бұхар бармак».Папаха ер адамның қадір-қасиетінің ажырамас аксессуары және символы болды. Папахасыз қоғам алдында ерлер шықпаған. Ағұлдардың шаш үлгісі қарапайым болды: барлық жастағы ер адамдар шаштарын қырып алып тастайды.Ағұл әйелдерінің дәстүрлі киімі де «бергьам» көйлегі мен шалбардан «шалвар» тұрды. Бергьам көбінесе қара түсті, көк, қара, жасыл түсті мақта матадан тігілген.Жас әйелдер мен қыздарда ол ақ түсті матадан тігілдің. Жейде туника тәрізді болды. Көйлектің үстіне киетін сырт киімі бешмет «валжаг» болды.Күнделікті киетін валжаг үшін ашық түсті қарапайым маталар пайдаланылды, көбінесе қыздар мен жас әйелдер үшін қызыл, ал егде әйелдер үшін қара түсті. Мерекелік валжаг жібек, барқыт сияқты қымбат маталардан тігілген. Дәстүрлі аяқ киімдері тоқылған - «гивянар», былғары аяқ киім - «таприс». Бұл аяқ киім табаны былғары бауларды тоқу арқылы былғарыдан жасалған. Ауылшаруашылық жұмыстары кезінде әйелдер шикі теріден тігілген «чурукьяр» атты шарық тәрізді аяқ киім киген. Бас киімі «къуч» деп аталды, ол екі бөліктен тұрды. Бұл бас киімнің барлық құрамдас бөліктері түрлі түсті маталардан тігілген.
### Дәстүрлі тағамдары
Ағұлдардың дәстүрлі тағамы өсімдік, сүт өнімдері және еттен тұрады. Күнделікті тағамдарға қара бидай мен бидай ұнынан жасалған хинкали, жарма ботқасы, бидай ұны, кеспе жатады. Бұршақ дақылдары дәнді дақылдармен араластырылып, ұн дайындалады. Нан – қара бидай, бидай, арпа, ашытқы, ашытқысыз пісірілген. Мереке күндері сүт пен жұмыртқа қосылған қатпарлы нан, түрлі салмасы бар пирогтар жасалады. Жабайы шөптерді тұтынып, кептіріп, қыста сақтайды. Ағұлдардың сүйікті тағамы - дәмдеуіштермен ет сорпасында пісірілген жұқа хинкал. Етпен толтырылған тұшпараларды сарымсақ соусы, қаймақ, май қосып жейді. Сұлы жармасынан ботқа жасап, нанның орнына ірімшік пен май қосып жейді. Бұрын басқа тамақ болмаған соң, қуырылған дәнді жейтін. Қыста бидай дәндерін бұршақпен және кептірілген етпен қайнататын. Сүттен ірімшіктің екі түрі, сүзбе, май, айран, сарысу жасалды. Сұлы жармасы мен уыттан төмен алкогольді сусын жасалды. Тәттілер халва ұннан, майдан, жаңғақ қосылған балдан және кендір дәнінен жасалады. Бірте-бірте ағұл асханасына еуропалық және шығыс асханасының тағамдары, консервілеу әдістері еніп, өнім түрлері кеңейді.
### Фольклоры
Ағұл фольклоры - этнос мәдениетінің ең қызықты және ерекше қырларының бірі. Ағұл фольклоры әр алуан жанрлар мен мәнерлеу формаларын қамтиды. Оларға ән, би, халық ертегілері, ырым-тыйымдар, халық музыкасы жатады. Бұл жанрлардың әрқайсысының этностың тарихын, дәстүрін, менталитетін көрсететін өзіндік ерекшеліктері мен ерекшеліктері бар.Ағұл фольклорының кең тараған жанрларының бірі – халық әндері. Олар әуезділігімен, бай ырғақтарымен, мәтіннің тереңдігімен ерекшеленеді. Ағұл жырларында махаббат, табиғат, өмірлік құндылықтар, тарихи оқиғалар туралы айтылады. Олар көбінесе мерекелерде, үйлену тойларында және басқа да ерекше іс-шараларда орындалады.Ағұл фольклорында би өнері де маңызды орын алады. Би композициялары энергиямен, пластиктен және жарықтықпен ерекшеленеді. Олар көбінесе ұлттық киімнің өзіне тән элементтерін және музыкалық сүйемелдеуді пайдаланады.Халық ертегілері мен аңыздар – ағұл фольклорының мәңгілік қазынасы. Олар ұрпақтан ұрпаққа беріліп, тарихи-мәдени ақпараттың маңызды көзі болып табылады. Ертегілерде ғұламалардың мінез-құлқы мен ой-өрісі, жақсылық пен жамандық, әділдік пен шындыққа қарсы күрес туралы түсініктері бейнеленген.Ағұл фольклорында ырым-тыйымдар да маңызды орын алады. Олар өмірлік мерекелермен, үйлену тойларымен, жерлеу рәсімдерімен және басқа да маңызды оқиғалармен байланысты.Ағұлдардың ең көне және кең тараған музыкалық аспабы – қойшы сыбызғысы. Ол қамыстан жасалған. Басқа кең таралған аспаптар - зурна және барабан.
## Ағұл халқының қазіргі жағдайы
90-жылдардың басында ағұл жазуы пайда болды. Бірақ соңғы жиырма жыл ішінде, басқа әдебиеттерді айтпағанда, әліппеден басқа бірде-бір оқулық немесе басқа оқу құралы жарық көрген жоқ.Мектептерде ағұл тілінің орнына кез келген нәрсені үйретеді, бірақ ағұл тілінің өзін емес. Ал бұл таңқаларлық емес, өйткені мектептерде ағұл тілін оқытудың материалдық-техникалық базасы жоқ.
Ағұл аймағындағы демографиялық жағдай Дағыстанның өнеркәсіптік және мемлекеттік нысандары, сондай-ақ ірі шаруашылықтары жоқ таулы аймақтарына өте тән.Ағұл елді мекендеріндері бос қалуда, ауданда тұрудың негізгі қолайсыздықтары мыналар болып табылады: газдың толық болмауы; төмен электр кернеуі, әсіресе қыста; облыстағы елді мекендердің тіпті облыс орталығына дейін қолжетімсіздігі, салыстырмалы түрде әлсіз жол инфрақұрылымы және қиын көлік байланыстары.Жергілікті жастар жұмысқа немесе оқуға кетеді, мүмкіндігі барлар ауылға қайтып оралмайды.
Ағұл тұрғындарының негізгі күнкөріс көзі – егін шаруашылығы мен бюджеттік жұмыстар, сондай-ақ мемлекет тарапынан берілетін түрлі жеңілдіктер мен субсидиялар.
## Қазақстандағы ағұлдар
Қазақстанда ағұл диаспорасының пайда болуы соғыс алдындағы және соғыс жылдарындағы халықтарды күштеп қоныс аударумен байланысты. Қазақстанда жүргізілген санақ мәліметтері бойынша ағұлдардың саны:
* 1970 ж. - 7 адам;
* 1979 ж. - 142 адам;
* 1989 ж. - 235 адам;
* 1999 ж. - 126 адам;
* 2009 ж. - 94 адам.
## Танымал ағұлдар
* Хидир Хидирович Рамазанов – тарих ғылымдарының докторы, профессор, РСФСР және Дағыстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері;
* Шабан Абдулқадырұлы Мазанаев – профессор, Дағыстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ағұл жазба тілін жасаушылардың бірі;
* Мұса Салихұлы Мұсаев – суретші, Ресей Суретшілер одағының мүшесі;
* Такибат Алаутдиновна Махмудова - Дағыстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы;
## Бейнероликтер
* https://yandex.kz/video/preview/14568401126329673405
* https://yandex.kz/video/preview/14461885450868013830
* https://yandex.kz/video/preview/10575853256719303758
* https://yandex.kz/video/preview/11176923144910364358
* https://yandex.kz/video/preview/7539032135196978863
## Дереккөздер |
Сәбитов
* Бақдәулет Маратұлы Сәбитов — Qazaq kuresi Ассоциациясының спортты дамыту жөніндегі директоры
* Нығмет Сәбитұлы Сәбитов — шығыс тілдері мен қазақ этнографиясын зерттеуші ғалым, филология ғылымының кандидаты (1944) |
Сәбитова
* Гүлнәфис Сәбитова — қобызшы, Қазақстанның халық артисі (1959)
* Злиқа Нығметқызы Сәбитова — инженер-металлург
* Марияш Титешқызы Сәбитова — тіл білімі маманы, филология ғылым кандидаты (1976), доцент(1979)
* Пәтигүл Сәбитова — ақын, филология ғылымының кандидаты (1965) |
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (БҚАТУ) — Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы, техника, экономика және педагогика саласынан мамандар даярлайтын жоғары оқу орны.
## Тарихы
1963 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институты болып ашылған. 1996 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университеті болып өзгертілді. 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрамына кіріп, 2002 жылы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті болып қайта құрылды. 2003 жылы университетке Жәңгір хан есімі берілді.
## Құрылым
Университетте «Политехникалық», «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіптік білім беру», «Индустриалды-технологиялық», «Агротехнология», «Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институттары жұмыс істейді. Университеттің 17 жоғары және 19 жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары, оның ішінде 14 магистратура және 5 докторантура бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүргізуге лицензиялары бар. Білім беру бағдарламаларының тізілімінде 48 жоғары және 45 жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары тіркелген. Бүгінгі таңда университетте 344 профессор-оқытушы жұмыс атқаруда, оның ішінде: 12 профессор, 15 ғылым докторы, 25 доцент, 70 ғылым кандидаты, 47 PhD және 400-ге жуық қызметкер бар. 2011 жылы жаңа үлгідегі тоғыз қабатты Студенттер үйі пайдалануға берілді. Университет аумағында 2140 орындық төрт студенттік үй, алты оқу ғимараты, «Жәңгір хан» спорт кешені, мәжіліс залы, «Ихтиология және аквакультура» зертханасы, «Парасат» ақпараттық білім беру орталығы, оқу-әдістемелік құралдар шығаратын баспа бөлімі жұмыс істейді.
## Институт және орталықтар
* Агротехнология институты
* «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру» институты
* Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институты
* Индустриалды-технологиялық институты
* Политехникалық институты
* Тілдерді дамыту орталығы
* «Рухани жаңғыру» орталығы
* Әскери кафедра
## Білім беру бағдарламалары
## Сілтеме
* https://wkau.edu.kz/
## Дереккөздер мен сілтемелер тізімі: |
Таксиладан шыққан аты белгісіз меридарх — біздің дәуірімізге дейінгі 1 ғасырдың екінші жартысында Солтүстік-Батыс Үндістандағы меридарх.
Таксиладан келген белгісіз меридарх табылған жазудан белгілі, онда оның әйелі екеуі анасы мен әкесінің құрметіне ступа тұрғызғаны жазылған. Бұл құрылым Таксила қаласында орналасқан Ступа Дхармараджика діни кешенінің бөлігі болды.
А.А.Поповтың пікірінше, μερίδοφχες термині Солтүстік-Батыс Үндістанның эпиграфикалық деректерінде біздің эрамызға дейінгі 1 ғасырда пайда болған. e. Бактриядағы грек билігі құлағаннан кейін . Бұл «бірлік губернаторлары» сатраптардың әкімшілік бөліктері болып табылатын аумақтарды басқарды. С. Конов бұл меридархтың билігін б. з. б. 1 ғасырдың екінші жартысына жатқызады. В. Тарнның айтуынша, аталған губернатор өз өкілеттіктерін Үндістандағы сақ билігінің алғашқы кезеңінде пайдаланған көрінеді. Ол буддизмді ұстанатын үнді болғаны сөзсіз, өйткені жазуда ана әкесінің алдында көрсетілген, бұл үнді жазбаларына тән, бірақ грекше емес.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
Зерттеу
* Попов А. А. Грек-Бактрия патшалығы. — Санкт Петербург., 2008. ISBN 978-5-288-04618-6. 106 б.
* Tarn W. W. Бактрия мен Үндістандағы гректер – Кембридж, 1951 ж. P. 242, 358. |
Теміртай Рымтайұлы Ізбастин (10 қыркүйек 1957, Баянауыл, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы) – қазақстандық дипломат, Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы бұрынғы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
## Өмірбаяны
Арғын-Сүйіндік тайпасының қаржас руынан шыққан. 1957 жылдың 10 қыркүйегінде Павлодар облысының Баянауыл ауылында дүниеге келген.
1980 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітірген. 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. 2015 жылы Болгарияның София университетін Ph.D дәрежесімен бітірді. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.
### Еңбек қызметі
1994-1997 жылдары - Қазақстанның Мажарстандағы және Қытай Халық Республикасындағы елшіліктерінде қызмет етті.
1997-2001 жылдары - Германияның Дюссельдорф қаласындағы Қазақстан Республикасының консулы.
2002-2005 жылдары - Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшілігінің консулы, кеңесшісі.
2005-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің бөлім жетекшісі, департамент директорының орынбасары, директор міндетін атқарушы.
2009-2019 жылдары - Қазақстанның Болгария Республикасындағы Дипломатиялық миссиясының басшысы.
2019 жылдың 1 қарашасынан 2022 жылдың 9 желтоқсанына дейін – Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
## Отбасы
* Үйленген, төрт баласы бар.
* Жұбайы, Қарлыға Кемелқызы Ізбастина (Тоқаева) (19.09.1956 жылы туған) — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әпкесі.
* Ұлдары: Қаныш, Мұхамед, Бекет.
* Қызы: Дана.
## Дереккөздер |
Аниково табағы немесе Аниково ыдысы — Иерихон қоршауында бекініске шабуыл жасаған броньды атты әскерлерді бейнелейтін және Орталық Азиядағы Жетісуда 9-10 ғасырларда жасалған деп есептелетін құйылған күміс ыдыс. 1909 жылы Пермь губерниясының Чердын ауданы, Үлкен Аникова ауылының маңынан табылған. Ол қазір Мемлекеттік Эрмитаж мұражайында, Санкт-Петербург (S-46).
## Несториандық библиялық көрініс
Бұл тақтадағы көрініс Ешуаның інжіл кітабынан Иерихонды қоршауға қатысты эпизодтар сериясы ретінде анықталды. Төменнен жоғары оқи отырып, жезөкше Рахаб есіктің үстіндегі терезеге қарап, Ешуаның тыңшыларын қанахандық Иерихон қаласына жібереді. Жоғарыда, тақтайшаның ортасында діни қызметкерлер израилдіктердің Келісім сандығы биікте тұрған кезде керней тартып жатыр (Ешуа 2 және 6), ал одан әрі қарай басқа Қанахандық қала алынды. Жоғарғы жағында Ешуаның (табақшаның жоғарғы оң жағындағы ат үстіндегі жауынгер) көкте тоқтап қалған күн мен ай орналасқан (Ешуа 10:12–13).
Бұл тақтадағы көрініс Ешуа кітабының библиялық эпизодтарынан алынған. Төменгі жағында жезөкше Рахаб терезеден сыртқа қарап, Ешуаның тыңшыларын Иерихон қаласына жібереді. Тілімнің ортасында израильдіктердің Келісім сандығы көтеріліп тұр, ал діни қызметкер оның айналасында кернейлер естіледі. Тілімнің жоғарғы жартысында тағы бір қанахандық қала басып алынды. Жоғарғы жағында күн мен ай Ешуаның бұйрығымен тұр.
Бұл тақта негізінен 722 жылы мұсылмандардың Соғды басып алуынан қашып, қазір қарлұқтардың билігінде болған Жетісудағы несториандық христиан соғды отарлары құрған деп сипатталады. Бірдей тағам, бірақ егжей-тегжейлері қытырлақ, «Нильдин табағы» Верхне-Нильдинодан табылды, ол қазір Ресей ғылым академиясының Сібір филиалының Новосибирскідегі археология және этнография институтының мұражайының қорында сақтаулы. Ол 8-9 ғасырдың басына жатады. Аниково ыдысы балшық немесе гипс құймаларын қалып ретінде пайдалану арқылы құйылған болуы мүмкін, сондықтан 8-ғасырдың түпнұсқа үлгісі болып табылатын «Нілдин ыдысынан» құйылған болуы мүмкін, сондықтан дизайны осы кезеңге жатады (шамамен 800 ж.).
Тағы бір заманауи тағам, сол жерде және сол шеберханада сириялық христиан көріністері мен сириялық жазуларды көрсетеді. Осыған ұқсас бірнеше тақталар да табылды. Сирия тілі шамамен б.з. 775-800 жылдары қарлұқ түріктерін қабылдаған Шығыс шіркеуінің («несториандар») тілі болды. Қашғарда және Суябтың Карлул астанасына жақын Навакетта Шығыс Митрополит шіркеуі құрылды. Аймақта 9-10 ғасырларға жататын бірнеше шіркеулер де табылды. Қарлұқтар 840 жылдан бастап қуатты Қараханид хандығына бірігеді.
## Бекініс
Тілімде көрсетілген құлып 8 ғасырдағы соғдылық үлгілерге тән деп саналады. Ол Мервтегі Ұлы Қыз Қалаға әбден ұқсайды.
*
*
*
## Параллельдер
Параллельдерді Шыңжаңдағы Қызыл үңгірлер немесе Шорчук броньды серілерінің («Будда күлінің таралуы» көріністері) немесе ұқсас элементтері бар Пенжикент қабырғаларының суреттерімен көруге болады.
*
*
*
*
## Дереккөздер
## Қайнар көз
* Marshak Boris. History of Oriental Toreutics of the 3rd–13th Centuries and Problems of Cultural Continuity — St. Petersburg: Academy of Culture’s Research. — P. 333–335. — ISBN 978-5-9905898-8-9.
Marshak Boris. History of Oriental Toreutics of the 3rd–13th Centuries and Problems of Cultural Continuity — St. Petersburg: Academy of Culture’s Research. — P. 333–335. — ISBN 978-5-9905898-8-9.
## Сілтемелер
* Нилдин табағы
* Аниково табағы |
«QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ — геологиялық барлау мен өндіруден бастап түпкілікті өнімді өткізуге дейінгі барлық тізбек бойынша қызметті жүзеге асыратын тігінен интеграцияланған ұлттық газ компаниясы.
"QazaqGaz" ҰК" АҚ "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ портфельдік компаниясы болып табылады. Компания тауарлық газды магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілері арқылы тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық транзитті қамтамасыз етеді және ішкі және сыртқы нарықтарда газ сатумен айналысады, құбырлар мен газ қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады.
"QazaqGaz" ҰК" АҚ компаниялар тобы жалпы ұзындығы шамамен 76 мың км газ құбырларын, оның ішінде жылдық өткізу қабілеті 267,8 млрд м³ дейінгі 20 мың км магистральдық газ құбырларын және ұзындығы шамамен 56 мың км газ тарату желілерін пайдаланады.
Қазіргі уақытта "QazaqGaz" компаниялар тобы Қазақстанның 11 облысында және республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейді.
## Тарихы
"ҚазТрансГаз" ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 5 ақпандағы №173 Қаулысымен Жарғылық қорына мемлекет 100% қатысатын жабық акционерлік қоғам ретінде құрылды.
2002 жылдың ақпан айынан бастап «ҚазТрансГаз» «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ құрамына кірді.
2004 жылғы 9 маусымда "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-II Заңына сәйкес "ҚазТрансГаз" жабық акционерлік қоғамы "ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамы болып қайта аталды.
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 852 қаулысымен "ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамына Ұлттық компания мәртебесі берілді.
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №982 қаулысымен "ҚазТрансГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының атауы "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" АҚ болып өзгертілді.
## Компаниялар тобының құрамы
«QazaqGaz» 2024 жылғы ақпан айындағы ақпарат бойынша төмендегідей компаниялардың 10%-дан артық акциясына иелік етеді:
Барлау және өндіру
* «QazaqGaz» барлау және өндіру» ЖШС (100%)
* «Otan Gas» ЖШС (50%)
* «Маңғышлақ Мұнай» ЖШС (100%)
* «Тегіс Мұнай» ЖШС (100%)
Магистральдық тасымалдау
* «Интергаз Орталық Азия» АҚ (100%)
* «Азиялық Газқұбыры» ЖШС (50%)
* «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС (50%)
Өңдеу және сату
* «QazaqGaz Aimaq» АҚ (100%)
* «QazaqGaz Onimderi» ЖШС (100%)
* «GPC Investment» ЖШС (100%)
Сервистік компаниялар
* «ҚазМұнайГаз-Сервис NS» АҚ (100%)
* «Qazaq Gas Qurylys» ЖШС (100%)
Шетелдегі компаниялар
* «ҚазТрансГаз Бішкек» ЖШҚ (100%)
* KTG Finance B.V. (100%)
## Басшылары
* Ұзақбай Қарабалин (2000—2001)
* Нұрғали Әшім (2001—2002)
* Абай Садықов (2002—2005)
* Серік Сұлтанғали (2005—2007)
* Есенәлі Үсенов (2007—2009)
* Серік Сұлтанғали (2009—2011)
* Данияр Берлібаев (2011)
* Нұрбол Сұлтан (2011—2012)
* Серік Сұлтанғали (2012—2014)
* Қайрат Шәріпбаев (2014—2015)
* Рустам Сүлейманов (2015—2020)
* Қайрат Шәріпбаев (2020—2022)
* Санжар Жаркешов (2022—)
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* ҚазТрансГаз Мұрағатталған 11 қазанның 2007 жылы. |
A-31 — ұзындығы 213 километр болатын Қазақстан аумағындағы автомобиль жолы. E38 Еуропалық маршруты мен AH61 Азиялық маршрутының құрамдас бөлігі. Тас жол Чапаев ауылын Батыс Қазақстан облысының шалғай жатқан Казталов, Жәнібек аудандарымен байланыстырады.
## Маршруты
## Сипаттамасы
A-31 трассасы Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылының тұсынан басталып, Қазақстан-Ресей шекарасында аяқталады. «Жәнібек» автомобиль өткізу бекеті арқылы Ресей Федерациясының Волгоград, Саратов қалаларына қатынауға мүмкіндік бар.
## Дереккөздер |
Абзал Темірғалиұлы Құспан (23 ақпан 1978 жыл, Батыс Қазақстан облысы) — қазақстандық заңгер, қоғам қайраткері, 2023 жылдан бері Қазақстан Мәжілісінің депутаты.
## Өмірбаяны
1995 жылы Абзал Құспан дарынды балаларға арналған Орал лицей-интернатын бітірген. 2000 жылы ол Қазақ мемлекеттік заң академиясының сот-прокурорлық факультетіндегі оқуын бітірді.
Еңбек жолын Құспан 2000 жылғы тамызда Қазақ мемлекеттік заң академиясының Орал қаласындағы филиалындағы оқытушы ретінде бастады. Бұл қызметте ол тек 3 ай бойы болды да, Батыс Қазақстан облысының прокуратура органдарындағы жұмысын бастады. Бұл жерде ол 2006 жылға дейін жұмыс істеді.
2006–2009 жылдары азаматтық-Экономикалық істер бойынша жеке практикамен айналысатын заңгер болып жұмыс істеді. 2009 жылдан 2023 жылға дейін ол Батыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасының мүшесі болған.
Прокуратурадан кеткеннен кейін қоғамдық жұмыстарға белсене араласа бастады, пікірлестері Лұқпан Ахмедьяров пен Исатай Өтеповпен бірге «Абырой» қоғамдық бірлестігін құрып, зияндылық туралы алғашқылардың бірі болып дабыл қаққан.
2012 жылы Құспан «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорын құрды. 2023 жылғы наурызда ол Мәжілістің VIII шақырылымының депутаты болып сайланды.
## Саяси ұстанымы
2024 жылғы мамырда Құспан Астана паркінде серуендеген кезінде жариялаған әлеуметтік желідегі жазбасында астаналық жастардың орыстілдігіне қарсы шығып, оларды «өңшең намыссыз, арсыз қазақтар» деп атады.
## Марапаттары
* Құрмет ордені (18 наурыз 2022 жыл);
* "Адвокаттың алтын белгісі" медалінің иегері.
## Дереккөздер |
«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ — Қазақстандық туризмді дамыту мақсатында құрылған ұлттық компания.
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның жалғыз акционері - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті болып табылады.
## Тарихы
"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" Үкіметтің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 428 қаулысымен Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам ретінде құрылды. Компания қызметінің негізгі нысанасы болып халықаралық көрмелерді ұйымдастыру және өткізу, балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту, келу туризмінің ағысын көбейту, медициналық туризмді дамыту, жәрмеңкелер, аукциондар, ел имиджін ілгерілетуге бағытталған іскерлік және ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру, ҚР заңнамасына сәйкес сыртқы экономикалық және инвестициялық қызмет және басқа да қызмет түрлері айқындалды.
## Басқарма төрағалары
* Рашид Талапұлы Күзембаев (2017-2019)
* Ержан Мәлікұлы Еркінбаев (2019-2021)
* Талғат Жолдымұратұлы Аманбаев (2021-2023)
* Қайрат Серікұлы Сәдуақасов (2023 жылдан бастап)
## Дереккөздер |
Қазақстанның ең дәулетті 50 адамы – 2023 – Forbes журналының қазақстандық нұсқасы жариялаған Қазақстанның ең дәулетті 50 адамының он бірінші тізімі. Басылым көп жағдайда мемлекеттік емес компанияларды бағалау қажет болғанын, сондықтан капиталдың мөлшері «кем емес» деген консервативті принцип бойынша қабылданғанын атап көрсетеді. Активтердің нақты құны рейтингтік көрсеткіштерден өзгеше болуы мүмкін.
Қазақстандық миллиардерлердің байлығының жалпы құны Forbes мәліметтері бойынша 2023 жылы ? млрд доллардан астамды құрады.
## 50 ең дәулетті адам
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Қазақстанның ең дәулетті 50 кәсіпкері - 2023 |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.