text
stringlengths
3
252k
Амантай Акрамұлы Әубәкіров (27 ақпан 1963, Алматы) — қазақстандық әскери қайраткер, полиция генерал-майоры (2010). ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының бірінші орынбасары. ## Өмірбаяны Амантай Акрамұлы Әубәкіров 1963 жылы 27 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1984 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін құқықтанушы-заңгер мамандығы бойынша бітірген. ## Еңбек жолы Еңбек жолын 1980 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің тыңдаушысы болып бастаған. 1984-1991 жылдары — Алматы қалалық атқару комитеті ішкі істер басқармасының қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі, аға жедел уәкілі, аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі болды. 1991-1995 жылдары — Алматы қаласы Алатау аудандық ішкі істер басқармасының бөлім басшысы, бөлім басшысының орынбасары, қылмыстық милиция бөлімінің басшысы болды. 1995 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін — Алматы қаласы Алатау аудандық ішкі істер басқармасы басшысының бірінші орынбасары болды. 1995 жылдың желтоқсанынан 1997 жылға дейін — Алматы қаласы бойынша БСА Бас басқармасының Медеу ауданы бойынша БСА бөлімінің басшысы болды. 1997-2000 жылдары — Алматы қаласы Бостандық аудандық ішкі істер басқармасының басшысы болды. 2000-2001 жылдары — Алматы қаласы Медеу аудандық ішкі істер басқармасының басшысы болды. 2001-2003 жылдары — Алматы қаласы Ішкі істер Бас басқармасы қылмыстық полиция басқармасы басшысының орынбасары болды. 2003-2007 жылдары — Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Қылмыстық полиция басқармасының басшысы болды. 2007-2009 жылдары — Алматы қаласы Ішкі істер департаменті басшысының бірінші орынбасары болды. 2009 жылдың қыркүйегінен 2011 жылдың шілдесіне дейін — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болды. 2011-2017 жылдары — Астана қаласы Ішкі істер департаментінің басшысы болды. 2017 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың 3 қарашасына дейін — Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің басшысы болды. 2019 жылдың 4 қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарады. ## Марапаттары мен атақтары * 1 дәрежелі «Даңқ» ордені * 2 дәрежелі «Даңқ» ордені * 2 дәрежелі «Айбын» ордені * «Ерлігі үшін» медалі * «Әскери қарудан атудан» Қазақстан Республикасының спорт шебері * Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері * Қазақстан Республикасы, ТМД елдері және КСРО Ішкі істер министрлігінің мекемелік марапаттары. ## Отбасы Үйленген, үш баласы, жеті немересі бар. ## Дереккөздер
«Шекараны үздік күзеткені үшін» медалі — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мекемелік марапаты. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының рәміздері мен мекемелік марапаттарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 27 мамырдағы № 882 Жарлығының негізінде белгіленді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығымен медаль сипаттамасына өзгерістер енгізілді. ## Ережесі Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері, сондай-ақ азаматтар (оның ішінде шетелдіктер) мыналар үшін марапатталады: * Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын бұзушыларды ұстау кезiнде диверсиялы-барлау топтарымен ұрыс iс-әрекеттерiнде көрсетiлген батылдық пен жанқиярлық; * Қазақстан Республикасы шекарасының мызғымастығын қорғау кезінде шекара жасағының жауынгерлік іс-әрекетін шебер басқару; * жоғары қырағылық пен белсенді іс-әрекеттер, нәтижесінде мемлекеттік шекараны бұзушылар ұсталды; * шекара қызметін шебер ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын нығайтудағы үлгілі жұмысы; * Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын нығайтуға үлес қосқаны; * Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзетудегі қызметтін мінсіз орындауы; * Шекара қызметінің құрамалары мен бөлімшелеріне олардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғау жөніндегі қызметтік және жауынгерлік қызметінде белсенді көмек көрсету. ## Белгінің сипаттамасы ### 2002-2011 жылдары «Шекараны үздiк күзеткенi үшiн» естелiк медалi күмiс түстес, көне күмiс реңiмен көмескiленген диаметрi 32 мм металл шеңбер болып табылады. Медалдiң диаметрi бойынша екi жағында биiктiгі 1 мм және енi 0,5 мм шығыңқы ернеу бар. Медалдiң бет жағында айшықты шаңырақ суретi аясында орта өсi бойынша тiгінен Қазақстан Республикасының елтаңбасы бар шекара бағанының суретi орналасқан. Қазақстан Республикасы елтаңбасының көлемi 3,2 х 3 мм, шекара бағаны 27 х 5 мм, шаңырақ суретiнiң диаметрi 24 мм. Медал ернеуi мен шаңырақ арасында оң және сол жақтарында бiрдей тең орналасқан екi бұтақтан тұратын таспамен оралған алқагүл түрiндегi ою орналасқан. Таспаның енi 2 мм. Медалдiң арт жағында, оның жоғарғы бөлiгiнде төрт жолға «Шекараны үздiк күзеткенi үшiн» деген жазу жазылған. Әрiптердiң биiктiгі 2 мм. Жазу астында қалықтап ұшқан қыран бейнесi орналасқан. Оның қанаттарының аралығы 24 мм. Барлық кескiндер мен жазулар шығыңқы. Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жоғары жағы жiбек қатқыл таспасымен қапталған бесбұрышты тағанға бекiтiледi. Тағанның көлемi 28 х 18 мм, таспаның енi 24 мм. Тағанның төменгi бөлiгi ұлттық ою-өрнекпен безендiрiлген. Таспаның оң және сол жақ қапталын бойлай тiгiнен ұзына бойына көгiлдiр жиек, содан кейiн кезектесiп жасыл, сары, жасыл, сары, ортасында — аспанкөк жолақтар орналасқан. Көгілдір жиектің, жасыл және сары жолақтардың ені 1,5 мм, аспанкөк жолақтың ені 9 мм. Тағанның сыртқы жағында марапатталушының киіміне қадауға арналған тиісті бекіткіш бар. ### 2011 жылдан бастап «Шекараны үздiк күзеткенi үшiн» естелiк медалi күмiс түстес диаметрi 34 мм металл шеңбер болып табылады. Медалдiң диаметрi бойынша екi жағында биiктiгі 1 мм және енi 0,5 мм шығыңқы ернеу бар. Медалдiң бет жағында диаметрi 24 мм айшықты шаңырақ суретi аясында орта өсi бойынша тiгінен өлшемі 3,2 х 3 мм Қазақстан Республикасының елтаңбасы бар 27 х 5 мм шекара бағанының суретi орналасқан. Медал ернеуi мен шаңырақ арасында оң және сол жақтарында бiрдей тең орналасқан екi бұтақтан тұратын таспамен оралған алқагүл түрiндегi ою орналасқан. Таспаның енi 2 мм. Медалдың бедері жылтыр келеді. Медалдiң арт жағында, оның жоғарғы бөлiгiнде төрт жолға «Шекараны үздiк күзеткенi үшiн» деген жазу жазылған. Әрiптердiң биiктiгі 2 мм. Жазу астында қалықтап ұшқан қыран бейнесi орналасқан. Оның қанаттарының аралығы 24 мм. Барлық кескiндер мен жазулар шығыңқы. Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жоғары жағы жiбек қатқыл таспасымен қапталған көлемi 50 х 33 мм алтыбұрышты тағанға бекiтiледi. Тағанның төменгi бөлiгi ұлттық ою-өрнекпен безендiрiлген. Таспаның оң және сол жақ қапталын бойлай тiгiнен ұзына бойына көгiлдiр жиек, содан кейiн кезектесiп жасыл, сары, жасыл, сары, ортасында — аспанкөк жолақтар орналасқан. Көгілдір жиектің ені 1,8 мм, жасыл және сары жолақтардың ені 1,5 мм, аспанкөк жолақтың ені 17,4 мм. Медал киімге қалқалы бекітпесі бар түйреуіш арқылы тағылады. ## Дереккөздер * Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 27 мамырдағы №882 Жарлығы.
Ежелгі Түркістан қалашығы – Түркістан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші. Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандар тізбесі қатарында. ## Орналасқан жері Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы, 70. ## Кезеңі XV–ХІХ ғасырлар. ## Тарихи деректер Ұлы Жібек жолында орналасқан қазақстандық көне қалалардың біріне жатады. Орта ғасырдағы қаланың белсенді экономикалық өмірі оның өңірдің саяси және мәдени орталығы ретінде қалыптасуына ықпал етті. Бүгінде қаланың тарихи орталығының қорғау аймағы 88,7 га құрайды. Қалашықтың цитаделі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен солтүстік-шығысқа қарай орналасқан.Цитадельден батысқа және оңтүстік-шығысқа қарай шахристан орналасқан. Жоспарда шахристан 350x670 мм өлшемді дұрыс емес төртбұрышты құрылыс болып табылады. Бүгінгі күні рабад қабырғаларының қалдықтары сақталған, олардың қалыңдығы 1,2-ден 1,4 м-ге дейін жетті.XVI–XVI11 ғасырларды қала Қазақ хандығының астанасы болды. Мұнда көптеген белгілі қазақ хандарының резиденциясы орналасқан. ## Зерттелуі Түркістанды алғаш рет П.И. Рычков зерттеді. 1867 жылы Түркістан қалашығын орыс археологиялық қоғамының тапсырмасы бойынша П.И. Лерх зерттеді. Ол ежелгі Яссы қаласының қазіргі Түркістан жерінде орналасуын ғылыми негіздеді. Қаланың зерттелуіне В.В. Бартольд және А.И. Добромыслов қатысты. Алғашқы археологиялық қазбалар 1928 жылы М.Е. Массонның басшылығымен жүргізілді. Қалаға байланысты көптеген аңыз-әңгімелер бар. Олардың бірі Түркістан қаласында қасиетті құдық тұр, одан суды тек күнәсіз адам ала алады. Бұрын қала тұрғындары алдында шын мәнінде таза адам немесе жалған атты адам тұрғанын осылай тексерген.Бүгін Түркістан, ғасырлар бұрын сияқты, Қазақстанның негізгі мәдени-туристік және қажылық орталықтарының бірі болып табылады. ## Дереккөздер
Шағырай батыр Жәдікұлы (1750–1815) — қазақ батыры. Байұлы тайпасы, Шеркеш руынан шыққан. Шағырай Жәдікұлы Жайық өзенінің шығыс бетінде шамамен 1750 жылдары дүниеге келген. Ол Ұлы пір Бекет Мырзағұлұлымен замандас болған. Аңыздық деректерде оның қапсағай, шымыр денелі, түр-түсі айбарлы батыл адам болғаны айтылады. Жайық өзені үшін соғысқан батырлардың, билердің бірі, Шеркеш тайпасының ұраны болған - Шағырай батыр. Есімі ұранға айналған, Шағырай батыр орта бойлы, шымыр денелі, еш нәрседен сескенбейтін, өте батыл және жөн-жосықты жақсы білетін парасатты адам болған. ## Оқиға 1805–1815 жылдар шамасында Шағырай батыр елін, өз әулеттерін бастап Жайық өзенінен Самар бетке (Еуропа жаққа) Бөкей хандығына өткізіпті. Өзі бұрыңғы атақонысына қайтып оралған көрінеді. Осы күнгі Тасқала аймағында өмір сүріп жатқан қазақтар орыс казактарынан көп зәбір көрген. Сол кездегі патша үкіметінің заңдары бойынша Жайық өзенінен өткен әрбір қазақтың бәрі түгелдей қаруларын қылыш, пышақ түгелі қамшы, таяғына дейін тапсыруға тиіс және де жанұясына, мал басына ақшалай төлем төлеуге міндетті болды. Жайықтан өткен әрбір рудан төрт немесе одан да көп адам орыс-казактарына аманатқа ұсталып, Орал казак әскерлерінің жерінде тұтқын ретінде жүрген. Мал жайылатын қоныстарын, жайлымдарын тартып алады. Одан қала берді малдарын өзен, көлге жуытпайды. Сол аймақтағы орыс билеушісінің зорлық-зомбылық әрекеттеріне шыдай алмаған адамдар Шағырай батырдан қорғауды сұрайды. Сонда Шағырай өз нөкерлерін ертіп алып, Тасқалаға аттанады. Аз адаммен Каменка станицасының атаманына барады. Келген бетте Тасқаладағы патша ағзамның жергілікті билеушісіне кірейін десе, қарауылдар кіргізбейді. Содан ызаланып шыққан Шағырай орыстың шіркеуіне басып кіріп, төбесіне шығады. Шыққан бетте мұнаралы күмбезін айбалтасымен оңды-солды шапқылайды, шіркеу төбесіндегі православ кресін шауып сындырған. Станица казактары Шағырайды құс мылтықпен атқылайды. Сауыты мықты болған ба, әлде атаның қасиеті бар ма, әйтеуір оқ атамызға дарымапты. Ақыры амалы құрыған казактар Шағырай батырды атаманға кіргізуге рұқсат етеді. Содан Шағырай батыр атаманнан елге істеген озбырлықтарын тоқтаруды талап еткен. Атаман Шағырайдың айбынынан ығып, тоқтатуға келісім берген. ## Жыры Халық арасында танымал болған Ыбырай ахун Құлбайұлының "Алтын орда қонған жер" кітабында мынадай жолдары бар: Ысық пенен шеркеште, Қатарынан ерте өсті, Ұл-қыздары ерке өсті. Шеркештегі Шағырай, Барса жаудың аты өшті. ## Дереккөздер
Мұхтар Сұлтанбекұлы Сәбидолданов (23 маусым 1967, Зайсан, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — Қазақстан Республикасы ҰҚК қолбасшылығының өкілі, генерал-майор, Қазақстан Республикасы Шекара қызметі директорының орынбасары (2013 жылдан бастап). ## Өмірбаяны 1967 жылы 23 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында дүниеге келген. 1991 жылы М.В. Фрунзе атындағы Омбы жоғары жалпыәскери қолбасшылық училищесін, 2005 жылы — Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті бітірген. Взвод командирі, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі басшысының орынбасары, автомобиль және құрышты танк қызметі басшысы, жасақ басшысының орынбасары, басқарма басшысының орынбасары, Аймақтық басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2013 жылдың мамырынан бастап — Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары қызметін атқарады. ## Марапаттары * «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011) * Мерейтойлық медалдар * Ұзақ қызметіне орай медалдар * «Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесіне 20 жыл» мерекелік медалі (ТМД) ## Сілтеме * Параграф  (орыс.) ## Дереккөздер
Бақытжан Ордабаев (12 қараша 1952 Шәуілдір, Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, елші.
2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шаралары (немесе Қанды қаңтар, Қаңтар оқиғасы, Қаңтар трагедиясы) — сұйытылған газдың кенеттен қымбаттауына байланысты Қазақстанда басталған наразылық шаралары. 2 қаңтарда бастау алған бұл оқиғалар тәуелсіз Қазақстанның 30-жылдық тарихындағы ең қарқынды әрі қатал қақтығысқа айналды. Алғашында Жаңаөзен қаласында басталған шеру артынан Қазақстанның басқа қалаларына да таралды. Халық Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Астана, Шымкент, Көкшетау, Орал және т. б. қалалардың көшелеріне шығып, экономикалық талаптармен қоса саяси өзгерістерді талап ете бастады. Бастапқыда бейбіт басталған наразылық шаралары артынан қарулы қақтығыстар мен тонаушылыққа ұласты (негізінен Алматы қаласында). 5 қаңтарда басталған тәртіпсіздіктер ресми деңгейде мемлекеттік төңкеріс деп аталды. 2022 жылдың 2 қаңтарында Жаңаөзен қаласының наразы тұрғындары сұйытылған табиғи газдың бағасын төмендетуді талап етіп, автокөлік жолын бөгеп тастады. Халық қала және облыс әкімдерінен бағаны тұрақтатуды және көгілдір отынның тапшылығын жоюды талап етті. Бұл талаптар орындалмағасын наразылық шаралары келесі күні де жалғасын тапты. 4 қаңтар күні Қазақстан үкіметі Маңғыстау облысындағы сұйытылған газдың бағасы литріне 50 теңгеге дейін төмендетілгенін мәлімдеді, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялап, заңсыздықты болдырмауды сұрады. Жаңаөзенде бастау алған наразылық шараларын Қазақстанның басқа ірі қалаларының тұрғындары қолдап, көшеге шеруге шықты. Алматы қаласында шерушілер полиция көліктерін қиратып, олар өртке оранды. Жүздеген адам қамауға алынып, 4 қаңтар күні түнде ел аймағында Интернет байланысы өшірілді. Маңғыстау облысы мен Алматы қаласының аумағында төтенше жағдай енгізілді. 5 қаңтар күні таңертең Қазақстан үкіметінің отставкаға кеткені белгілі болды. Елдегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты, 5 қаңтарда төтенше жағдай Қазақстанның барлық аумағында енгізілді. Шерушілер маңызды нысандарға шабуыл жасап, Алматы, Талдықорған қалаларындағы әкімдік ғимараттары, Алматы әуежайы наразы халықтың қолына өтті. Артынша Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) басшыларынан көмек сұрағанын мәлімдеді. 10 қаңтарда ҰҚК тәртіпсіздіктер кезінде басып алынған барлық әкімшілік нысандардың қайтарылғанын, елдегі жағдайдың тұрақталғанын мәлімдеді. 11 қаңтарға дейін тәртіпсіздікке қатысып, қамауға алынған адамдардың саны 10 мыңға жуықтады. Тонаушылық пен бұзақылықтың салдарынан кәсіпкерлерге келтірілген шығынның мөлшері 100 миллиард теңгеден асты. Оқиға бойынша жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. ## Алғышарттары Тағы қараңыз: Жаңаөзен оқиғасы (1989 жыл) және Жаңаөзен оқиғасы (2011 жыл) Мұнай мен газға бай Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласы бұрынғы кездері де наразы халық пен билік өкілдері арасындағы қақтығыстың алаңына айналған еді. 1989 жылы жергілікті халық пен Кавказдан қоныс аударғандар арасындағы кикілжіңнің арты қақтығысқа ұласты. Қақтығыс құқық қорғау органдарының араласуымен басылды. 2011 жылдың желтоқсанында ереуілге шыққан жаңаөзендік жұмысшылар мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында қақтығыс орын алды. Еңбек дауына байланысты жеті ай бойы ереуілдеген «Өзенмұнайгаз» мекемесінің бұрынғы қызметкерлеріне қарсы полиция қызметкерлері қару қолданылып, оқ атты. Бұның салдарынан ереуілшілердің тарапынан 15 адам қаза тапқан болатын (ресми дерекке сәйкес). 2022 жылдың 2 қаңтарында басталған наразылық шараларына қатысқан адамдардың басты талабы сұйытылған газдың бағасын төмендету болды. 1 қаңтардан бастап газдың сауда-саттығы толығымен тауар биржалары арқылы іске асырылатын жүйеге ауыстырылған болатын, және соның артынан отынның бұл түрі екі есе қымбаттады. Бұрын 60 теңге шамасында саудаланған сұйытылған газ, 2022 жылдан бастап тұтынушыларға 120 теңгеден сатыла бастады. ҚР Энергетика министрлігінің пайымдауынша, облыста газ өндірумен айналысатын тек қана бір кәсіпорын — «Қазақ газ өңдеу зауыты» айналысады. Айына 14,5 мың тонна сұйытылған газ өндіретін бұл зауыттың тұтынушыларды газбен толық қамтамасыз етуге қауқары жетпейді, сондықтан сырттан қосымша газ көлемін сатып алу қажеттілігі туындаған. Оған қоса 1973 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл кәсіпорын жабдықтарының тозу деңгейі 90 % жеткен. Электронды сауда-саттыққа көшіп, газды нарықтық бағамен сата бастағаннан кейін бұл мәселені жаңа зауыт ашу арқылы шешу жоспарланған болатын. Бұл оқиғалардан 2 жыл бұрын, 2020 жылдың қаңтарында жаңаөзендіктер сұйытылған газдың 55 теңгеден 65 теңгеге дейін қымбаттағанына наразылық танытып, жергілікті әкімдікке жиналған еді. Ол кезде газ бағасының өсуі Қазақстанның Кедендік одаққа кіруі және «Қазақ газ өңдеу зауытындағы» жөндеу жұмыстарымен байланыстырылды. Халық наразылық танытқаннан кейін қала басшылығы газдың бұрынғы бағамен сатылатынын мәлімдеген болатын. 2022 жылғы наразылық шаралары басталғаннан кейін сұйытылған газдың бағасы тек қана Жаңаөзенде емес, елдің барлық аймағында төмендетілетін болып шешілді. Бірақ бұл мәлімдемеден кейін шерушілер үйлеріне тарқауға асыққан жоқ, халықтың наразылығын тудырған тек қана бағаның қымбаттауы емес екені анық болды. Көшеге шыққан халық Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаевқа көңілдері толмайтынын білдірді. Наразы халықты шеруге шығуға итермелеген себептердің қатарында үкіметтегі жемқорлық, әлеуметтік және экономикалық теңсіздік (әсіресе ол COVID-19 пандемиясының кесірінен ушығып кеткен болатын), елдегі демократия деңгейінің төмендігі аталды. Шерушілер саяси ырықтандыруды (либерализация), әкімдерді сайлауды енгізуді (қазір оларды президент тағайындайды), мемлекетті 1991 жылдан бері басқарып келе жатқан адамдардың биліктен шеттетілуін талап етті. ## Наразылық шаралары өткен елді мекендер ### Ірі қалалар ### Басқа елді мекендер ## 5 қаңтарда басталған тәртіпсіздіктер 5 қаңтар күні Алматы қаласында жағдай шиеленісіп, тәртіпсіздіктер күшейді. Белгісіз адамдар әкім ғимараты мен Алматы әуежайын басып алды. Қала әкімдігі өртке оранды. Алматыдағы ондаған сауда орындары, дүкендер, банктер тоналғаны хабарланды. Келесі күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің жиынында бұл шабуылды «террористік топтар» ұйымдастырғанын айтты. Оның мәлімдемесіне сәйкес, елге саны 20 мыңға жететін «қаруланған әрі дайындықтан өткен жергілікті және шетелдік содырлар» шабуыл жасаған екен. Президент бұл адамдарға қарсы ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін жариялады. Аты аталмаған бұзақы топтармен болған қақтығыстың салдарынан Алматы, Тараз, Шымкент, Қызылорда қалаларында әскерилер мен бейбіт тұрғындар қаза тапты. 7 қаңтарда Алматыдағы әкімдік ғимараты, президент резиденциясы және Республика алаңы бақылауға алынғаны белгілі болды. Сол күні жалпы Қазақстанның барлық аймағында конституциялық тәртіп қалпына келтірілгені белгілі болды, бірақ Тоқаев терроризме қарсы шаралар содырлар толық жойылғанша жүргізілетінін мәлімдеді. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың сөзіне сәйкес, 4 қаңтарда Қазақстанның көптеген қалаларында 500–4000 адам шамасында шерушілер тобы жиналған. Атырау, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Тараз қалаларындағы облыс әкімдіктерінің ғимараттарын және Семейдегі қала әкімдігін наразы адамдар басып алған. Басқа облыстарда әкімдік ғимараттарына шабуыл жасалған. Алматыда 7 қару-жарақ дүкені тоналып, наразылар қару-жарақ пен оқ-дәріні иемденген. Тұрғымбаевтың айтуынша, бұзақылар автокөліктер мен коммуналдық техниканы тартып алып, тәртіп сақшыларының көліктерін соққан, қызметкерлерге «Молотов коктейлдерін» лақтырған, оқ атқан. Полиция автокөліктері өртке оранып, өрт сөндіру көліктеріне шабуыл ұйымдастырылған. Жарақаттандарға көмек көрсетуге келген жедел жәрдем көліктеріне өтуге кедергі жасалған. Қазақстан билігі 5 қаңтарға дейін болған наразылық шараларын «бейбіт митинг», одан кейін орын алған оқиғаларды «мемлекеттік төңкеріс» және «террорлық шабуыл» ретінде қарастыра бастады. Тоқаев «содырлар» елдің 11 аймағына шабуылдағанын, негізгі соққы Алматы қаласына жасалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Ақорданы басып алуды жоспарлаған адамдар бұл мақсатынан Астанаға әскери ұшақтар келіп қонғаннан кейін айныған. Ресей президенті Владимир Путин де бұл көзқарасты қолдап, Қазақстанда «майдан технологиясы» қолданылғанын айтты. «Мемлекеттік төңкерісті» нақты кім ұйымдастырғаны, билікті басып алғысы келгендер кімдер екені ресми түрде айтылған жоқ. Алматы мен бірқатар басқа өңірлердегі тәртіпсіздік басталған сәтте ҰҚК төрағасы қызметінен босатылған Кәрім Мәсімовтың «мемлекетке опасыздық жасады» деген айыппен қамауға алынғаны туралы 8 қаңтарда белгілі болды. Кейінірек Мәсімовқа «билікті басып алу» бабы бойынша да қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болды. Онымен қоса ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары, «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д.Ерғожин да ұсталды. Бұдан кейін ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш пен Қайрат Сатыбалдының (екеуі де Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інілері) ұсталғаны туралы ресми түрде расталмаған ақпарат тарады (кейін Самат Әбіш лауазымынан босатылды). Жаңаөзен қаласында басталған бейбіт шерудің мыңдаған километр қашықтықта жатқан Алматыда орын алған қанды оқиғаларға қалай алып келгені жұмбақ болып қалды. Қазақстанның ең ірі қаласындағы қақтығыстар тек президентті ғана емес, бұрыннан мемлекетті сынап жүрген адамдарды да таң қалдырды. Бұл дағдарыс ел ішіндегі билік үшін талас-тартыспен тұспа-тұс келгендіктен, көше қақтығыстарына саяси элитаның өкілетті адамдары қатысқаны туралы қауесет тарады. Осы жағдайға Кремльдің қатысы болуы мүмкін деген пікірлер де айтылды. Елдегі дағдарыс жай ғана наразылық білдірген халық пен авторитарлық режимнің озбыр қауіпсіздік органдары арасындағы қақтығыс емес екені анық болды. Ресейлік сарапшы, «Ферғана» ақпараттық агенттігінің басшысы Даниил Кисловтың пікірінше, Қазақстанда Тоқаев пен Назарбаев жақтастарының арасында билік үшін кескілескен талас-тартыс орын алған. Кисловтың айтуынша, Алматыдағы тәртіпсіздіктерді Назарбаевтың мүдделестері өз орындарын сақтап қалу үшін әдейі ұйымдастырған. * * * * ## Тәртіпсіздіктердің салдары ҚР Бас прокуратурасы мен Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес (2021 жылдың 15 қаңтары), елде тәртіпсіздіктер кезінде: * 225 адам қаза тапқан, оның ішінде 19 полиция қызметкері мен әскери бар; * Қаза тапқандардың 175-і медициналық ұйымдарға жеткізілгеннен кейін қайтыс болған; * 265 адам ауруханаға жатқызылған, оның 67-і ауыр халде; * 4553 адам жарақаттанған, оның ішінде 3393 құқық қорғау органдарының қызметкері. ІІМ Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділовтың ақпараты бойынша (2022 жылдың 25 қаңтары): * ғимараттарға шабуыл Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Ақтөбе, Атырау және Семей қалаларында орын алған; * 1466 түрлі ғимараттар мен құрылыстарға шабуыл ұйымдастырылған, оның ішінде 71 мемлекеттік мекеме, 12 әкімдік ғимарат және 27 полиция нысаны бар; * 1395 бизнес нысаны тонаушылыққа ұшыраған; * 700 астам автокөлік қиратылған немесе бүлінген, оның көп бөлігі мемлекеттік органдарға тиесілі қызметтік көліктер, 116-сы бейбіт тұрғындарға тиесілі. Прокуратура мәліметіне сәйкес (2022 жылдың 25 қаңтары): * сотта 9257 әкімшілік іс қаралған; * 4584 адамға сот ескерту жасаған; * прокурорлардың ұсынысы бойынша 1149 адам қамаудан босатылған; * 577 айыппұл ескертуге ауыстырылған; * 393 әкімшілік іс құрамының болмауына байланысты қысқартылған; * сот шешімімен әкімшілік қамауға 3314 адам алынған, оның 63-і қамауда отыр; * тергеу-жедел топтардың өндірісінде 2044 қылмыстық іс бар, олар бойынша 898 күдікті қамауға алынған; * қамауға алынғандардың 802-сі соттың рұқсатымен қамалған, 50-і үйқамаққа алынған, 21-і кепілге, 12-сі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен, 13-і әлі де қаралып жатыр. ### Алматыдағы тәртіпсіздіктер салдары Алматы Полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, тәртіпсіздіктер кезінде қалада құқық қорғау органдарының 11 қызметкері және 149 тұрғын қаза тапқан. 249 адам қамауға алынып, 405 қылмыстық іс бойынша тергеу басталған. Ресми дерекке сәйкес, Алматыдағы мәйітханаларға 7 шабуыл жасалып, олардан 41 мәйіт ұрланған. Алматыда бір мезетте 7 қару-жарақ дүкені тоналған. Жалпы саны 1347 қару ұрланған (оның ішінде 501 ойық, 807 тегіс ұңғылы, 39 газтравматикалық қару). Кейін таратылған ақпаратқа сәйкес, ұрланған қарудың саны 1564-ке жетті. 25 қаңтарға дейін терроризм қарсы операцияның барысында ұрланған қару-жарақтың 515 данасы қайтарылған (75 автомат, 133 тапанша, 2 пулемет, 47 винтовка, 103 тегіс ұңғылы қару, 100-ден астам граната және 9 мың патрон). Қару ұрлаған 98 адам және оларды заңсыз сақтаған 61 адам ұсталып, қамауға алынған. Жалпы тоналған сауда нысандарының саны 1600-ден асады. 356 автокөлік бүлінген немесе жойылған, оның ішінде 163-і полицияға тиесілі автокөлік. Алматы қаласына келтірілген шығынның сомасы 112 миллиард теңгеге жетті. Орта және шағын бизнес өкілдері 42 миллиард теңгеге, ірі бизнес 25 миллиард теңгеге шығындалған. * * * * ### Қаза тапқандардың тізімі Билік өкілдері ресми түрде қаңтар оқиғалары кезінде 225 адам қаза тапты деген ақпарат таратқанымен, олардың есімдері жарияланған жоқ. Қазақстандық белсенділер мемлекеттен бұл тізімді жариялауды талап етіп, петиция астында қол жинай бастады. Оған қоса qantar2022.org сайты ашылып, онда қаңтар оқиғалары кезінде зардап шеккен, ұсталған, жараланған және қаза тапқан адамдар туралы ақпарат жинала басталды. Қаңтардың соңында жарияланған Азаттық радиосының тізімінде қаза тапқан 184 адамның аты-жөні жазылған. Бұл ақпаратты жинаумен Бақытжан Төреғожина басқаратын «Ар. Рух. Хақ» қоры мен азаматтық белсенділер айналысқан. ## Наразылық басталғаннан кейін мемлекет қолға алған шаралар Наразылық шаралары басталған алғашқы күндері шерушілермен Жаңаөзен әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ғалым Байжанов келіссөздер жүргізді (әкім Мақсат Ибағаров кезекті еңбек демалысына шығып кеткен болатын). 3 қаңтарда Асқар Маминның бастауымен өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыратын комиссия құрылғаны белгілі болды. Сол күні шерушілермен келіссөз жүргізуге облыс әкімі Нұрлан Ноғаев келді. Наразылық шаралары Қазақстанның басқа өңірлерінде де басталғаннан кейін, 4 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев «ел тұтастығы мен бірлігіне сызат түсіруді көздейтін деструктивті топтардың үндеуіне құлақ аспауға» шақырды. 5 қаңтар күні таңертең Қазақстан Республикасының Үкіметі отставкаға кетті, Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің басшылығын өз қолына алды. Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай енгізілді. Сол күні төтенше жағдай режимі бірінші Алматы облысында, содан кейін Астана қаласында, ақыр соңында елдің барлық аймағында енгізілгені белгілі болды. Қазақстан бойынша Интернет байланысы өшірілді, телефон байланысы нашарлады. ### ҰҚШҰ әскерлерінің Қазақстан аумағына енгізілуі 6 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қауіпсіздік кеңесінің жиынын өткізіп, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) басшыларынан көмек сұрағанын мәлімдеді. Сол күні ҰҚШҰ төрағасы Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қазақстанға әскер жіберетінін ресми түрде растады. ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің негізгі миссиясы — Қазақстандағы стратегиялық нысандарды күзету деп жарияланды. 9 қаңтардан бастап Ресей, Армения, Беларусь, Қырғыстан және Тәжікстан әскерлері (2030 сарбаз, 250 техника) маңызды нысандарды күзету жұмысына кірісті. Байқоңыр ғарыш айлағы, Сарышаған полигоны, ғарышты бақылау станциялары мен басқа да маңызды әскери нысандарды ҰҚШҰ әскерлері бақылауға алды. 13 қаңтардан бастап бітімгерлік күштер күзетке алған нысандарын қазақстандық құқық қорғаушыларға тапсыра бастады, ҰҚШҰ әскерлерін елдеріне қайтаруға дайындық басталып кетті. 19 қаңтарда ҚР Қорғаныс министрлігі ел аумағында шет мемлекеттердің әскерилері қалмағанын мәлімдеді. Қазақстандағы ҰҚШҰ әскерінің құрамы (2022 жылдың 10 қаңтары): * Ресей, 1480 сарбаз:45-ші арнайы мақсаттағы дербес гвардиялық бригада;98-ші гвардиялық әуе-десант дивизиясы;31-ші десант-шабуылдаушы дербес гвардиялық бригада; * 45-ші арнайы мақсаттағы дербес гвардиялық бригада; * 98-ші гвардиялық әуе-десант дивизиясы; * 31-ші десант-шабуылдаушы дербес гвардиялық бригада; * Тәжікстан, 200 сарбаз:Қарулы күштердің бітімгерлік бөлімшесі; * Қарулы күштердің бітімгерлік бөлімшесі; * Қырғызстан, 150 сарбаз:25-ші арнайы мақсаттағы «Скорпион» бригадасы * 25-ші арнайы мақсаттағы «Скорпион» бригадасы * Беларусь, 100 сарбаз:103-ші гвардиялық әуе-десант дербес гвардиялық бригада; * 103-ші гвардиялық әуе-десант дербес гвардиялық бригада; * Армения, 100 сарбаз:Қарулы күштердің бітімгерлік бөлімшесі. * Қарулы күштердің бітімгерлік бөлімшесі. ### Әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту шаралары 5 қаңтар күні өткен жиында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін бірқатар тапсырма берді: * Мұнай өнімдерінің (бензин, дизель, сұйытылған газ) бағасына мемлекеттік реттеуді 180 күнге енгізу; * Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бойынша мемлекеттік реттеуді енгізу; * «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» Заңды әзірлеуге кірісу; * Халық үшін 180 күнге коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий енгізу қажеттігін қарастыру; * Халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтары үшін нарықтағы баспананы жалға алу құнын субсидиялау мәселесін қарастыру; * Денсаулық сақтау және балалар мәселелерін шешу үшін «Қазақстан халқына» деп аталатын қоғамдық қор құру, оны мемлекеттік және жеке көздер арқылы қаржыландыру. «Қазақстан халқына» қорының міндеттері: * денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қосымша қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан халқына қайырымдылық көмек көрсету; * төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимі енгізілгенде зардап шеккен халыққа көмек көрсету; * халықтың әлеуметтік осал топтарынан мұқтаж балалар мен балалар үшін спорттық инфрақұрылымның дамуына және оның қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу; * Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары, арнайы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау; * қор қызметінің өзге басым бағыттары бойынша қайырымдылық көмек көрсету. Қордың басшысы болып Болат Жәмішев тағайындалды. Оны қаржыландыру үшін жеке тұлғалардан, халықаралық қайырымдылық ұйымдардан, монополистердің міндетті аударымдарынан, ірі бизнес тарапынан түскен қаражат пайдаланылатын болды. 16—27 қаңтар аралығында қордың шотына 52 миллиард теңгеден астам түскен: Kaspi Bank-тің негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе 10 миллиард теңге, «Халық» қайырымдылық қоры 2 миллиард теңге, «Степногорск тау-кен химия комбинаты» 350 миллион теңге, KAZ Minerals Aktogay 6,2 миллиард теңге, KAZ Minerals Bolzshakol 6,2 миллиард теңге, Kazakhmys Smelting 5 миллиард теңге, «Востокцветмет» 3,1 миллиард теңге, «Сәби» жеке қайырымдылық қоры 1 миллиард теңге, «Астана-Моторс» компаниясы 550 миллион теңге, BI-Development 300 миллион теңге, «Сарыарқаавтопром» 250 миллион теңге, NAK Development 100 миллион теңге аударған. ### Кадрлық ауысымдар 5 қаңтарда ҚР Үкіметі отставкаға кеткеннен кейін бірқатар министрлікке жаңа басшылар тағайындалды. * Әлихан Асханұлы Смайылов премьер-министр қызметіне тағайындалды. 2019 жылдан бері ол премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарып келген болатын. * Бұрынғы ҚР Президенті Іс басқармасының Медицина орталығы басшысының орынбасары Ажар Ғиният денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. * Бұрынғы Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды. * Бұрынғы «ҚазАқпарат» басқармасының төрағасы Асқар Қуанышұлы Омаров ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды. * Бұрын ҚР Тұңғыш Президенті кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Әлібек Қуантыров Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. * Қайырбек Өскенбаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды. * Бұрынғы «KAZENERGY» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры Болат Ақшолақов энергетика министрі қызметіне тағайындалды. * Аида Балаева (бұрынғы ақпарат және қоғамдық даму министрі) мен Ержан Қазыхан (Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкіл) Президент Әкімшілігі басшысының орынбасарлары болып тағайындалды. * Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылған Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы лауазымына тағайындалды. * Бұрынғы Мәжіліс депутаты Қанат Мусин әділет министрі қызметіне тағайындалды. * Айбек Дәдебаев ҚР Президенті Іс басқарушысы лауазымына тағайындалды. * Қарлығаш Әбдіжаббарова Алматының жаңа бас санитария дәрігері болып тағайындалды. * Бұған дейін Алматы қаласы бойынша ҰҚК бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған полковник Марат Ирменов ҰҚК-ның Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды. * Президенттің бұрынғы кеңесшісі Тимур Сүлейменов Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. * Бұрынғы энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Президент кеңесшісі лауазымына тағайындалды. * ҚР Президентінің Парламенттегі Өкілдігінің басшысы лауазымынан босатылған Бейбіт Исабаев Сенат депутаты болып тағайындалды. * Сенат депутаты Сәуле Айтпаеваның өкілеттігі тоқтатылды. * Бұрынғы ҚР Президентінің іс басқарушысы Ерлан Баттақов сауда және интеграция бірінші вице-министрі болып тағайындалды. * Stopfake.kz жобасының жетекшісі болған Александр Данилов ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. * Бұрынғы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Абзал Әбдікәрімов ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды. * Бұрынғы ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Жаслан Мәдиев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. * Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев премьер-министр Әлихан Смайыловтың кеңесшісі болып тағайындалды. * Бұрынғы ішкі істер министрінің орынбасары, ҚР Ұлттық ұланының бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, премьер-министр кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев (кейін ол қызметінен кетіп, президент кеңесшісі болып тағайындалды), сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, төтенше жағдай министрі Юрий Ильин, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов өз лауазымдарын сақтап қалды. ### Қаңтар оқиғалары үшін жауапкершілікке тарту * ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов 5 қаңтарда қызметінен босатылып, кейін «мемлекетке опасыздық жасады» деген айыппен қамауға алынды. Кейінірек оған «билікті басып алу» бабы бойынша да қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болды. Онымен қоса ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары А. Садықұлов пен Д. Ерғожин да ұсталды. * 15 қаңтарда энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевтың қызметінен босатылып, қамауға алынғаны белгілі болды. Онымен қоса электрондық сауда алаңдарының басшылары мен Маңғыстау облысындағы сұйытылған газдың бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар тұлғалар ұсталған. * 19 қаңтарда қызметінен босатылған бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың 20 ақпанда уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы белгілі болды. «Командирлік қабілетін көрсете алмады» деп Тоқаев сынға алған Бектановқа ҚР Қылмыстық кодексінің 452-бабы бойынша («Биліктің әрекетсіздігі») айып тағылған. ### Төтенше жағдайды кезең-кезеңімен жою Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті 13 қаңтарда Астана, Шымкент қалаларының, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының аумақтарында терроризмге қарсы операцияның аяқталғаны және террористік қауіптіліктің шекті «қызыл» деңгейінің жойылғаны туралы жариялады. Террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі және терроризмге қарсы операция режимі Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында сақталады. Төтенше жағдайдың күшін жою уақыты: * 2022 жылғы 13 қаңтарда сағат 7:00-ден бастап Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында; * 14 қаңтар сағат 18:00-ден бастап Шымкент қаласында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстарында; * 15 қаңтар сағат 7:00-ден бастап Ақмола және Қостанай облыстарында; * 16 қаңтар сағат 7:00-ден бастап Ақтөбе облысында. * 19 қаңтар сағат 00:00-ден бастап Астана және Алматы қалаларында және Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында төтенше жағдайдың күші жойылды, яғни Қазақстанның барлық өңірі қалыпты өмірге оралып, шектеу шаралары тоқтатылды. ### ӨКМ Операторы қызметінің тоқтатылуы 2015 жылы құрылған «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері Операторы» (орыс. Оператор РОП) жинаған утилизациялық алымға елдегі автокөлік иелері жылдар бойы наразылық білдіріп, 2021 жылы әлеуметтік желілерде #НетУтильСбору қозғалысы пайда болды. Әлия Назарбаеваға қатысы болуы мүмкін бұл компания соңғы бес жылдың ішінде қазақстандықтардан 691,9 миллиард теңге қаражат жинаған. 2022 жылдың қаңтарындағы наразылық шараларынан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев уитилизациялық алымды жинаумен жеке компания айналыспауы керек деген мәлімдеме жасады. Президенттің тапсырмасымен ҚР Үкіметі 2022 жылдың 18 қаңтарында «ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады. Оған сәйкес, «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің утилизациялық алымды жинау қызметі тоқтатылып, оның есебінен құрылған активтер мемлекетке берілетін болды. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін (ӨКМ) әкімшілендіру функциялары «Жасыл даму» АҚ мемлекеттік ұйымына тапсырылды. 26 қаңтарда бұрынғы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы төрағасы Медет Құмарғалиев 2 ай мерзімге қамауға алынғаны белгілі болды. Сол күні Астана қаласында өз-өзіне қол жұмсаған «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарушы директоры Руслан Шәмшиевтің мүрдесі табылды. ## Назарбаев пен оның отбасының тағдыры Тағы қараңыз: Назарбаевтың жеке басына табыну Ондаған жылдар бойы билікті өз қолында ұстаған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы оған жақын деп саналатын Қасым-Жомарт Тоқаевқа билік тізгінін тапсырған болатын, бірақ бұрынғы президент елдің саяси өміріне өз ықпалын сақтап қалды. 2022 жылдың қаңтарындағы оқиғалар кезінде Назарбаевтың жұрттың алдына шықпауы нағыз жұмбаққа айналды. Түрлі қауесеттерге сәйкес, ол Женева көлінің жағалауында, Қытайда немесе Дубайда бас сауғалауы мүмкін. «Назарбаев қайтыс болды» деген де күдік туды. Бірақ көбісінің болжамы бойынша, бұрынғы президент өз атымен аталған Қазақстанның астанасында қалған. Назарбаевтың баспасөз хатшысы 28 желтоқсаннан бері көзден таса болған бұрынғы президенттің Астана қаласында екенін мәлімдеді. Кейін белгілі болғандай, Назарбаев ҚР Қауіпсіздік кеңесі төрағасы лауазымын Тоқаевқа тапсырған. Халық арасында түрлі қауесет тарағаннан кейін Елбасының хатшысы бұны ол өз еркімен істеді деп сендірді. Оған қоса бұрынғы президенттің маңызды одақтастары өз лауазымдарынан айырыла бастады, Үкімет отставкаға жіберілді. Назарбаевтың тұсында Үкіметті басқарған ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов «мемлекетке опасыздық жасады» деп қамауға алынып, Тоқаев тағайындаған адаммен ауыстырылды. Бұның барлығы Қазақстанда билік үшін астыртын күрес жүріп жатыр ма деген сұрақтың туындауына әкеп соқтырды. Кейбір бақылаушылардың пікірінше, Тоқаев халық арасында жаман атақты болған Назарбаевтан (шерушілер «Шал, кет!» деп ұрандаған болатын) өзін әрі ұстау үшін осы қадамдарға барған. Наразылық шаралары басталғаннан кейін сөйлеген сөздерінде Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевтың атын атап, тікелей сынамағанымен, Қазақстанда бұрынғы президенттің жеке басына табыну аяқталғанының белгілері байқалды. Талдықорғандағы тәртіпсіздіктер кезінде құлатылған Назарбаевтың ескерткіші орнына қойылған жоқ, шерушілер алып тастаған Алматыдағы Назарбаев даңғылындағы көше белгілері қайта ілінген жоқ. Осы жағдайда елдің бетке ұстар азаматтары өздерінің Тоқаевқа адал екенін білдіруге асықты. «Назарбаевтың дәуірі аяқталғаны анық», — деп мәлімдеді көп жылдар бойы бұрынғы президенттің кеңесшісі болған Ермұхамет Ертісбаев өзінің The Guardian-ға берген сұхбатында. 18 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеуін жариялады. Өз сөзінде ол елде орын алған тәртіпсіздер үшін «экстремистік топтар» мен «террористерді» кінәлады, бұл оқиғалар кезінде қаза тапқандарға көңіл айтты. Тоқаевты қолдауға шақырып, оның «шұғыл шешімдерінің арқасында ел іргесі сөгілген жоқ» деді. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған түрлі ақпаратқа жауап ретінде Назарбаев 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевқа билік тізгінін тапсырғанын еске салды, сол кезден бері зейнеткер екенін, қазір Қазақстан астанасында демалып жатқанын айтты. 19 қаңтарда белгілі болғандай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан халықтары ассамблеясы», «Тұңғыш президент — Елбасы», «ҚР Қауіпсіздік кеңесі» туралы заңдарға арнайы түзету енгізуді қолдап, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесіне өмір бойы төраға болу құқығынан айыратын заң жобасын Сенатқа жолдаған. Енді бұл органдарға Қазақстан президенті төрағалық ететін болып шешілді. 2021 жылдың қарашасында «Нұр Отан»-ның төрағасы Назарбаев партияны ел президенті басқаруы тиіс деген мәлімдеме жасаған болатын. 2022 жылдың 28 қаңтарында өткен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XXI Съезінде Қасым-Жомарт Тоқаев бірауыздан партия төрағасы болып сайланды. Съезде сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы: «Тұңғыш Президенттің тарихи еңбегіне құрмет көрсетейік, оның жетістіктері мен қадір-қасиеттерін бірінші орынға қояйық, ал есептерді еліміздің болашақ басшыларына қалдырайық», — деді. ### Лауазымдарынан айырылған Назарбаев отбасының мүшелері * Димаш Досанов (Әлия Назарбаеваның күйеуі) — «ҚазТрансОйл» бас директоры ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. * Қайрат Шәріпбаев (Дариға Назарбаеваның бейресми күйеуі) — «Қазақгаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. * Тимур Құлыбаев (Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаеваның күйеуі) — «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының төрағасы ретіндегі өкілеттігін доғарды. * Самат Әбіш (Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі) — ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды. * Дариға Назарбаева — Мәжіліс депутаты болған Назарбаевтың қызы қаңтар айының басынан бері Парламентте көрінген жоқ. Ресми мәлімет бойынша, ол коронавирус індетіне шалдығып, өз үйінде демалған. Кейін Дариға Нұрсұлтанқызының қаңтар айының аяғына дейін жалақысы сақталмайтын демалыста болатыны белгілі болды. Айдың аяғында өткен «Нұр Отан»-ның кезектен тыс Съезінде ол партияның саяси кеңесінің құрамынан шығарылды. 25 ақпанда Дариға Назарбаева Мәжіліс депутаты өкілеттігін тоқтатқаны туралы үндеу жариялады. * Берік Имашев — 25 қаңтарда Дариға Назарбаеваның құдасы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен босатылды. ## Оқиғалар хроникасы ### 2 қаңтар * Жаңаөзенде наразы тұрғындар сұйытылған табиғи газдың бағасын төмендетуді талап етіп, автокөлік жолын бөгеп тастады. * Маңғыстау өңіріндегі шерушілерге газ бағасы бұрынғы деңгейге түспейтіні айтылды. ### 3 қаңтар * Астана қаласында полиция Жаңаөзендегі шерушілерге қолдау көрсетіп, көшеге шыққан бір топ адамды ұстады. Алматыдағы Республика және Астана алаңы жабылды. * Премьер-министр Асқар Маминның бастауымен Маңғыстаудағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыратын комиссия құрылды. * Шымкенттегі орталық алаңдардың күзеті күшейтілді. * Жаңаөзенде наразылық шарасына жиналған адамдардың саны 3 мыңға жетті. Келіссөз жүргізуге келген облыс әкімі Ноғаевты шерушілер қуып жіберді. * Ақтөбенің орталық алаңында жүзге жуық адам жиналды. * Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев сұйытылған газ бағасының өсу себебінің халыққа дұрыс түсіндірілмегенін айтты. Бағаның бұрынғы қалпына қайтып келмейтіні тағы да қайталанды. Сұйытылған газдың бағасы 85—90 теңгеге дейін төмендетілетін болды. ### 4 қаңтар * Жаңаөзен мен Ақтау қалаларының алаңдарында сұйытылған газ бағасын төмендетуді талап еткен жұрт тарқамай, шеруін жалғастырды. * Жаңаөзенде бастау алған шерулерді қолдамақ болған алматылық белсенділер жауапқа тартылып, қамауға алынды. * Теңіз мұнай кен орнының жүздеген жұмысшылары маңғыстаулықтарды қолдап, митингіге шықты. * Алматы, Астана, Шымкент және Ақтөбе қалаларында ондаған адам қамауға алынды. * Үкімет комиссиясы Маңғыстау облысындағы наразы халықпен келіссөз жүргізе бастағаны белгілі болды. * Ақтөбелік шерушілер полиция шебін бұзып, облыстық әкімдікке қарай бет алды. * Таразда көшеге шыққан наразы адамдар журналистермен қоса қамауға алынды. Сол күні облыс әкімдігінің ғимараты мен қала орталығындағы бір банктың ғимараты бүлінді, 10-нан аса полиция көлігінің қиратылғаны мәлім болды. * Ақтауда премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов сұйытылған газдың бір литрі 50 теңге болатынын мәлімдеді, бірақ наразы халық одан кейін тарқамады. * Алматыда 150 жуық адам қамауға алынды. * «Нұр Отан» депутаты Берік Әбдіғалиұлы үкіметтің отставкасын талап етті. * Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де «ел тұтастығы мен бірлігіне сызат түсіруді көздейтін деструктивті топтардың үндеуіне құлақ аспауға» шақырды. * Атырауда 5 мыңнан астам тұрғын Исатай мен Махамбет орталық алаңына жиналып, олар жаңаөзендіктерге қолдау білдірді. * Шымкентте бірнеше мың адам жиналып, жаңаөзендіктерге қолдау көрсетті. * 4 қаңтардан 5-іне ауған түні полицияның арнайы жасақтары Астана қаласындағы шерушілердің кейбірін ұстап, қамауға алды. ### 5 қаңтар * 5 қаңтар күні таңертең Қазақстан президенті Үкімет отставкасын қабылдағаны туралы белгілі болды. * Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық өзгерістер жасады. Мұрат Нұртілеу ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары етіп тағайындалды. Ерлан Қарин мемлекеттік хатшы атанды (Қырымбек Көшербаевтың орнына). Премьер-министр міндетін уақытша Әлихан Смайылов атқаратын болды. * Алматыдағы «Алтын Орда» базарының маңында қымбатшылыққа қарсы шеруге шыққан адамдарға арнайы жасақ наразыларға шулы граната қолданып, резеңке оқ атты. * 5 қаңтардан бастап 19 қаңтарға дейін Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында төтенше жағдай енгізілгені белгілі болды. * Ішкі істер министрлігі Қазақстан бойынша «қоғамдық тәртіпті бұзған» 200-ден астам адамның ұсталғанын хабарлады. * Төтенше жағдай Алматы облысында да жарияланды. * Ақтөбеде әкімдік алдында жиналған наразы халық әкімдік ғимаратын басып алуға талпынды. Полиция шерушілерге қарсы көз жасаурататын газ қолданды. * Алматыдағы «Сайран» автовокзалына жақын орналасқан «Нұр Отан» партиясының ғимараты өртке оранды. * Сағат 16:00-де Астана қаласында төтенше жағдай жариялады. Коменданттық сағат 23:00—07:00 аралығында болатын болды. * Қазақстан аумағында Интернет желісі өшіріліп, телефон байланысы нашарлап кетті. * Бір топ адам Халықаралық Алматы әуежайын басып алғаны белгілі болды. Шерушілер Алматы қаласының әкімдігін басып алуға талаптанғаннан кейін оның ғимараты өртке оранды. * Қасым-Жомарт Тоқаев осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев басқарып келген Қауіпсіздік кеңесінің басшылығын өз қолына алды. * Алматыда 120-дан астам автокөлік өртелгені белгілі болды. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл сәтке дейін 120 дүкен мен сауда нысандары, 180 қоғамдық тамақтану орындары, 100-ге жуық шағын және орта бизнес кеңселері қиратылған. * Қазақстанның барлық аймағында 5—19 қаңтар аралығында төтенше жағдай енгізілді. ### 6 қаңтар * Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қауіпсіздік кеңесінің жиынын өткізіп, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) басшыларынан көмек сұрағанын мәлімдеді. * Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының төрағасы Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қазақстанға әскер жіберетінін ресми түрде растады. * Ақтөбедегі шерушілер жергілікті билікпен келіссөз барысында өздерін «террорист» деп атауға қарсы екенін мәлімдеді. * 6 қаңтарға қараған түні Шымкентте бір топ адам әкімдікті басып алғысы келіп, атыс дауысы естілген. Сауда үйі, банкоматтар тоналған. * Талдықорғанда әкімдік пен полиция басқармасы наразылық шарасына қатысқандардың қолына өтті, қалада тонаушылық басталды. * Ақтау көшелеріне шыққан наразы халық тарамай, шетелдік әскерилердің келуіне қарсы екенін жариялады. Жаңаөзендік шерушілер де тарқаған жоқ. * Алматыдағы Республика алаңында шерушілерге қарсы оқ атылғаны мәлім болды, бір адам қаза тапты. Арнайы операцияның нәтижесінде тәртіп сақшылары Алматы әуежайын қайтарды. ### 7 қаңтар * 7 қаңтар күні таңертең Қасым-Жомарт Тоқаев лаңкестікке қарсы штабтың жиынын өткізді, оған президент әкімшілігінің, Қауіпсіздік кеңесінің және күш құрылымдарының басшылары қатысқан. * Ақтөбе қаласындағы шерушілерге қарсы күш қолданылып, облыстық әкімдік маңындағы митинг таратылды. Жезқазғандағы наразы халық өз еркімен тарағаны мәлім болды. * Тоқаев теледидар арқылы үндеуінде Алматыға шабуыл жасаған содырларға «ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін» айтты. * Беларусь басшысы Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы Қазақстандағы жағдайды талқылағаны белгілі болды. * Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара жабылып, қазақстандықтарды көрші елге өткізу тоқтатылды. ### 8 қаңтар * Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін «ескертусіз ату» бұйрығынан бас тартуға шақырды. * Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің 6 қаңтар күні ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалғаны белгілі болды. * Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай 28 желтоқсаннан бері жұрт алдына шықпаған бұрынғы президенттің Астана қаласында екенін мәлімдеді. * Ақтауда шеруге шыққандардың басым бөлігінің үйлеріне тарап, Ынтымақ алаңы босағаны белгілі болды. * АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға ҰҚШҰ әскерлерінің кіргізілгенін байланысты мәлімдеме жасады. * Жаңаөзеннің орталық алаңына наразылық білдіруге шыққан жұрттың көпшілік тарап кетті. Бес күнге созылған наразылық шарасының барысында тәртіпсіздік орын алмаған, мүлкі тоналмаған. * Еуропа одағының сыртқы саясат қызметінің басшысы Жозел Боррель Қазақстандағы жағдайға қатысты пікір айтып, ЕО мәселені бейбіт жолмен шешуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді. * Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні болатынын жариялады. * 8 қаңтарға дейін Қазақстан бойынша тәртіпсіздікке қатысқан 4404 адам ұсталғаны белгілі болды. ### 9 қаңтар * Ресми дереккөздерде жарияланған 164 адамның қаза тапқаны туралы ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды. * Мемлекеттік телеарналарда Қырғыстаннан «ақша үшін митингіге қатысуға келген жұмыссыз» деп көрсетілген адам негізінде Алматыға концерт қоюға келген қырғыстандық музыкант Викрам Рузахунов екені белгілі болды. * 9 қаңтарға дейін ел бойынша тәртіпсіздікке қатысып, қамауға алынған адамдардың саны 5 мыңнан асты. * Президент Тоқаев тәріпсіздіктер кезінде қаза болған полиция қызметкерлері мен әскерилерді (жалпы 16 адам) мемлекеттік наградалармен марапаттады. ### 10 қаңтар * 10 қаңтар — Жалпыұлттық аза тұту күні. * Қазақстандық тәртіп сақшылары қамауға алған адамдардың саны 7939 жетті. * Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың тыныс-тіршілігін қалыпқа келтіру жұмыстары басталғанын хабарлады. * Алматы қаласының комендатурасы Сайын — Райымбек — Карьерная — Жандосов көшелерінің аумағы және Абай — Достық — Әл-Фараби — Желтоқсан көшелерінің аумағы қылмыскерлерден тазартылғанын мәлімдеді. Әуезов, Алатау және Медеу аудандарын тазарту жұмыстары жалғасын тапты. * 10 қаңтарға дейін Қазақстан бойынша тәртіпсіздікке қатысқан 7939 адам ұсталғаны белгілі болды. * Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің өкілі елдегі ахуалдың тұрақтанғанын және бақылауға алынғанын мәлімдеді. Алматы, Қызылорда, Талдықорған және Тараз қалаларындағы басып алынған барлық әкімшілік нысандар босатылғаны, аса маңызды стратегиялық нысандар мен қару және оқ-дәрілер сақталатын жерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілгені юелгілі болды. * Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Беларусь президенттері, Армения премьер-министрі, Қырғызстанның Президент әкімшілігінің басшысы және ҰҚШҰ бас хатшысы қатысқан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының онлайн-сессиясы басталды. * Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа кеңесінің төрағасы Шарль Мишельмен келіссөз жүргізді. ### 11 қаңтар * 11 қаңтарға дейін тәртіпсіздікке қатысқан 9900 адам ұсталғаны белгілі болды. * «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметіне сәйкес, тәртіпсіздіктер кезінде бизнеске келтірілген шығынның жалпы сомасы 95,3 миллиард теңгені құраған. * Алматы комендатурасы Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы, «Өжет» ықшамауданы мен Алматы халықаралық әуежайына шекаралас аумақ қылмыскерлерден тазартылғанын мәлімдеді. * Мәжіліс отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ сарбаздары екі күннен кейін елдеріне қайтарыла бастайтынын мәлімдеді. ## Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың реакциясы ### АҚШ 7 қаңтарда АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанда орын алған тәртіпсіздіктерден кейін елге ҰҚШҰ әскерлерінің енгізілуін құптамайтыны туралы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Қазақстан билігінің сырттан көмек сұрамай және бейбіт шерушілердің құқықтарын бұзбай елдегі тәртіпті сақтап қалуға мүмкіндігі болған. 25 қаңтарда АҚШ-ның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) жанындағы тұрақты өкілі Майкл Карпентер қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты. Ол Қазақстан билігін тергеудің ашықтығын және қажетті заңды рәсімдердің сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ бейбіт наразылық білдірген адамдарды зорлық-зомбылық пен тонауға қатысушылардан ажыратуға, ұсталғандардың барлық санаттары үшін тиісті процесті қамтамасыз етуге шақырды. ### Еуропа одағы 19 қаңтар күні Еуропа парламентінде Қазақстанда орын алған наразылық шаралары талқыға салынды. Сөз сөйлеген еуродепутаттардың көбісі бұл оқиғаларға байланысты тәуелсіз халықаралық тергеу жүргізуді талап етті, Қазақстан билігі жариялаған тұжырымдарға сенбейтінін мәлімдеді. Бірқатар депутаттар адам құқықтарының бұзылуына қатысы бар қазақстандық шенеуніктерге қарсы санкция енгізуге шақырды. Еврокомиссар Стелла Кириакидес Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформалар өткізіп, елді демократияландыру керек деп мәлімдеді. 20 қаңтарда Еуропа парламенті қаңтар оқиғасына қатысты қарарды қабылдады. Оны 671 депутаттың 589-ы қолдап, 35-і қарсы шығып, 47-сі қалыс қалды. Қарарда 27 тармақтан тұратын мәлімдеме жасалған. Оның ішінде құқық қорғау ұйымдарын саяси себеппен қудаламау, адамдардың бейбіт жиналуына кедергі келтірмеу, жосықсыз ұстау мен азаптауды доғару, адам құқығына қарсы қылмыстарға жауаптыларға жеке санкция салу секілді талаптар бар. Тоқаев бұл қарардың «әділетсіз» екендігін, оған «жайбарақат» қарайтынын айтты, қаңтар оқиғаларына халықаралық тергеу жүргізуді қажет деп санамайтынын мәлімдеді. ### Ұлыбритания Ұлыбританияның ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілі Нил Буш Қазақстанда орын алған оқиғаларға қатты алаңдайтынын жеткізіп, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Ол зорлық-зомбылық пен мүлікті жоюды айыптап, Қазақстандағы реформаларды, қауіпсіздік пен өркендеуді қамтамасыз ету шараларын қолдауға Ұлыбритания дайын екенін мәлімдеді. ### ЕҚЫҰ 5 қаңтар күні тәртіпсіздіктер басталғаннан кейін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Збигнев Рау Қазақстандағы жағдайға алаңдайтыны туралы мәлімдеме жасап, қақтығысты тоқтатып, келіссөздер өткізуге шақырды. 10 қаңтарда Збигнев Рау ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен телефон арқылы сөйлесіп, ЕҚЫҰ міндеттемелерін, оның ішінде адам құқықтарына байланысты міндеттемелерді сақтауды өтінді. ### Human Rights Watch 7 қаңтарда Human Rights Watch ұйымы Қазақстан билігін ескертусіз оқ атуға берілген бұйрықтан дереу бас тартуға шақырды. 26 қаңтарда жарияланған HRW мақаласына сәкес, 4—6 қаңтар аралығында Қазақстан қауіпсіздік күштері кем дегенде 4 жағдайда адамның өліміне әкелуі мүмкін күш қолданған. Мысалға, Алматыдағы президент резиденциясының маңында түсірілген бейнежазбалардан жарақаттанған 19 адам және қаза тапқан болуы мүмкін 10 адам анықталған. Осыған байланысты HRW Біріккен Ұлттар Ұйымынан, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан және Еуропа одағынан қаңтар оқиғаларына байланысты тәуелсіз және бәйтарап тергеу жүргізу мақсатында Қазақстан үкіметіне қысым жасауды талап етті. ## Сондай-ақ қараңыз * Желтоқсан көтерілісі * Жаңаөзен оқиғасы (1989 жыл) * Жаңаөзен оқиғасы (2011 жыл) ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Қайыртайұлы М., Жаңқатов А. Қаңтар көтерілісі. Арнайы репортаж. Азаттық Радиосы, 20 қаңтар 2022 жыл. * «Қасіретті қаңтар. Оқиға қалай өрбіді?» деректі фильмі. Хабар, 27 қаңтар 2022 жыл. * Көпжасар Е. Атылған оқ, төгілген қан, қираған қала. Қаңтарда бүлік салған кімдер? 31 арна, 30 қаңтар 2022 жыл. * Мазоренко Д., Қайсар А.. Наразылықтан дүрбелеңге дейін: Қазақстанның әділдік пен жақсы өмір үшін күресі. Vласть, 27 қаңтар 2022 жыл. * Пивоваров А. Почему взорвался Казахстан?. Редакция, 7 қаңтар 2022 жыл. (орыс.) * Пивоваров А. Бои в Казахстане и их последствия глазами обычного горожанина. Редакция, 13 қаңтар 2022 жыл. (орыс.) * Казахстан: Зачистки — Погромы в Алматы / Репортаж с места событий. The Люди, 15 қаңтар 2022 жыл. (орыс.)
Каинит (ежелгі грек тілінен. καινός — "жаңа") - минерал, магний мен калийдің қос тұзы KCl·MgSO4·3H2O. Түсі — сұр, сары, қызыл. Калий тыңайтқыштарын, металл магнийін алу үшін қолданылады.
Тәуелсіз үміткер (өзін-өзі ұсынушы) — кез-келген саяси партияға қарамастан сайлауға қатысатын саяси қайраткер. ## Артықшылықтары Саясаткердің тәуелсіз үміткер ретінде сайлауға түсуінің бірнеше себептері бар: * Тәуелсіздер басқа үміткерлер-ірі саяси партиялардың өкілдері арасында центристік көзқарас таныта алады. Кейде, керісінше, олар кез-келген үлкен партияға қарағанда экстремалды көзқарасқа ие. Олардың идеологиясында саяси спектрдің екі жағындағы идеялар болуы мүмкін немесе байыпты саяси ойыншылар қолдамайтын мәселелерге негізделген өзіндік ерекше көзқарасы болуы мүмкін. * Тәуелсіз саясаткер саяси партиямен байланысты болуы мүмкін, оның бұрынғы мүшесі болуы мүмкін, сол сенімдерді ұстануы мүмкін, бірақ өзіңізді осы күштің брендімен байланыстырмаңыз. Басқалары саяси партияға тиесілі болуы немесе оны қолдауы мүмкін, бірақ олар партияның ресми өкілі болмауы керек және осылайша оның саясатына бағынбауы керек деп санайды. * Кейбір елдерде (мысалы, Кувейт) Саяси партиялар заңсыз және барлық үміткерлер тәуелсіз ретінде әрекет етеді. Кейбір жағдайларда тәуелсіз саясаткерлер саяси партиялар болып табылмайтын «тәуелсіздердің» арнайы топтарына біріктіріледі. Басқа жағдайларда мұндай саясаткерлер саяси партияға біріктіріледі, оның атауында «тәуелсіз» сөзі жиі қолданылуы мүмкін. ## Тағы қараңыз * Партиясыз * Тәуелсіз сайлаушы * Ауытқымалы дауыс ## Дереккөздер
Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев (13 шілде 1977 жыл, Батыс Қазақстан облысы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2023 жылдан бастап «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы. 2016-2017 жылдары «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы, 2020-2022 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымдарын атқарған. ## Білімі 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы Geneva Business School (Швейцария) MBA дәрежесін алды. ## Еңбек жолы 1998-1999 жж. – «Столичное обозрение» газетінің тілшісі; 1999-2000 жж. – Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің (ҚР Мемлекеттік стандарты) баспасөз хатшысы; 2000-2001 жж. – «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігі» ЖШС тілшісі; 2001-2007 – «Қазақтелеком» АҚ «Корпоративтік сату дирекциясы» Президентінің кеңесшісі, Атқарушы директоры, Бас директоры; 2007-2011 жж. – «TNS-Plus» ЖШС бас директоры ; 2011-2014 жж. – «Altyntau Resources» АҚ Басқарушы директоры; 2014-2016 жж. – «Қазмедиаорталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС стратегиялық және коммерциялық қызмет бойынша бас директорының орынбасары, бас директорының бірінші орынбасары; 07.2016-09.2016 жж. – «Орталық коммуникациялар қызметі» РМК директоры; 09.2016-02.2017 жж. – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасы; 2017-2019 жж. – «Smartway Systems» ЖШС Байқау кеңесінің Төрағасы; 2019-2020 жж. – «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма Төрағасы; 2020-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі. 2022 жылдың наурыз айында «Ұлттық медиа қауымдастығы» ЗТБ Төрағасы болып сайланды; 2023 жылғы 13 қыркүйекте «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. ## Марапаттары «Құрмет» ордені – 2021 ж. ## Дереккөздер
«Тақтар таласы» телесериалының кейіпкерлері Джордж Мартиннің «Алау мен мұз жыры» романдар циклының сәйкес кейіпкерлеріне негізделген. Романда фэнтэзи әлемдегі әртүрлі кейіпкерлердің Темір Тақ үшін таластағы азаматтық соғысы сипатталады. ## Кейіпкерлерге шолу = Маусымдағы басты кейіпкер     = Маусымдағы қосалқы кейіпкер     = Маусымдағы қонақты рөл     = Сондай-ақ басты рөлде     = Басқа актермен ойналған қосалқы рөл     = Маусымда жоқ ### Басты кейіпкерлер ### Қосалқы кейіпкерлер ### Қонақтық құрам ## Сілтемелер * "Тақтар ойыны" Киностан сайтында Мұрағатталған 5 тамыздың 2016 жылы. * Making Game of Thrones Мұрағатталған 2 маусымның 2016 жылы., Сериалдың өндірілісі туралы ресми сайт (ағыл.)Дотраки тіліне арналған ресми сайтМұрағатталған 15 шілденің 2015 жылы. (ағыл.) * Making Game of Thrones Мұрағатталған 2 маусымның 2016 жылы., Сериалдың өндірілісі туралы ресми сайт (ағыл.) * Дотраки тіліне арналған ресми сайтМұрағатталған 15 шілденің 2015 жылы. (ағыл.)
Қалақ батыр (XVII ғасыр) — қазақ батыры. Арғын - Қарауыл - Қылды руыннан шыққан. Қазіргі Ақмола облысы, Зеренді ауданының жерде туып өскен. Құсеп ауылда жерленген. Қалақ батыр 17 ғасырдың басында өз отанның қорғайтын жоңғарға қарсы шайқаста өзін көрсеткен ержүрек жауынгер. Ол жоңғарға қарсы бірінші шайқасқа қатысқан. Жаудың көптілігіне қарамастан, Қалак батырдың келісілген әскериіс-әрекеттеріарқасында оның әскері жауға қарсы тұра алды. Осы шайқастан кейін Қалақ батырдың есімі бүкілқазақ даласына белгілі болды. Оның батылдығы туралы әңгімелер ауыздан ауызға тарап, жас ұрпақ Қалақ батырға ұқсағысы келді. ## Тарих XVII ғасырдың 30-жылдарындағы бытыраңқы ойрат тайпалары біртұтас мемлекетке бірігіп, Жоңғар хандығының негізін қалады. Қазақстан мен Орта Азия турасында ойраттар ұстанған сыртқы саясаттың күшейуі қазақ-жоңғар қарым-қатынасын шиеленістіріп, жиі-жиі әскери қақтығыстарға әкеліп соқтырды. Жоңғарларға қарсы күресті Есім ханның ұлы Салқам Жәңгір хан (1629–1680) басқарды. 1635 жылы шайқастардың бірінде Жәңгір хан жеңіліс тауып, тұтқынға түседі. Бірнеше жыл тұтқында болған Жәңгір өзара бітімнен кейін босап, қазақ даласына оралды. Осыдан кейін Жәңгір жоңғарлармен бітіспес жауға айналады. Жауынгер қалмақтар ежелден қазақтарды өздерінің жаулары деп санаған. Олар ерте көктемде қазақтарға шабуыл жасауды әдетке айналдырған, олар әлі жайлауға шықпаған, бірікпеген. Бұл туралы білген Жәңгір хан алғашқы еруімен Қалақ батыр бастаған тоғыз жігитті жау еліне барлауға жібереді. Бірнеше күн жолда болғаннан кейін, жауынгерлер айсыз түнде қалмақтар лагеріне жетеді-олар жау қолбасшыларының бірін (мыңбасы) ұрлап кетеді. Қазіргі тілмен айтқанда, олар "тілді" алады. Ханның жеңіл қолымен жасалған бұл операциядан кейін топ "Қалақтың темір тоғызы" деп аталады. Тұтқыннан жаудың дизайнын, оның жүру жолын білген хан Жәңгір және оның серіктері оны туған жеріне жақындағанда қарсы алып, көшпенділер үшін ерекше сраж тактикасын қолдануға шешім қабылдады. Осылай болды: 1643 жылдың көктемінде жоңғар хунтайшы Ердени Батур үлкен әскермен Қазақ жерлеріне жорыққа шықты. Жәңгір хан жауынгерлерімен бірге Жоңғар Алатауының Орбұлақ өзенінің шатқалын терең қазып, қазақтардың негізгі күштері келгенге дейін буктурмада күтті. Жауынгерлердің жартысы жолда үйінді ұйымдастырды, ал қалғандары жартастарға тарады, осылайша жоңғарларға буктурма дайындады. Шатқалға ешнәрсе білмеген жоңғарлар кірген кезде, олар алдымен таспен лақтырылды, содан кейін пайда болған дүрбелеңді пайдаланып, оларды артқы жағынан мылтықпен ұрды. Бұл шайқаста қазақтар алғаш рет атыс қаруын (мылтық) қолданды. Мұндай оқиғаларды күткен жоңғарлар қарсылық көрсете алмады. Осы шайқас барысында жоңғарлар 10 мыңға жуық жауынгерінен айырылып, Самарқандтан келген Жалаңтөс батыр әскерлерінің шабуылымен 20 мың адамдық күшпен шегінуге мәжбүр болды. ## Қалақ батыр туралы естелік Бүгінде оның қабірі Көкшетаудың солтүстігіндегі қалақ Тауында, Айғыржал жерінде орналасқан. Бұл қасиетті орын қазақтардың көптеген ұрпақтары үшін батырлық өткенді және өз мәдениеті мен дәстүрлерін қорғаудың маңыздылығын еске сала отырып, күш пен қарсылықтың символына айналды. Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Құсеп ауылында қалақ батырды жерлеу тек еске алу орнына ғана емес, сонымен бірге болашақ ұрпақты өз жерін одан әрі қорғауға және қорғауға шабыттандырып, өткенмен қасиетті байланыстың символына айналды. ## Дереккөздер
Кәрім Нәсбекұлы Көкірекбаев (28 шілде 1957, Шу ауданы, Жамбыл облысы, Қазақ КСР) – қазақстандық мемлекеттік қайраткер, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары (2009-2013) және әкімі (2013-2018). Экономика ғылымдарының кандидаты және құрметті теміржолшы. ## Дереккөздер
Партиялық ішкі сайлау (сонымен қатар «праймериз» ағылш. primaries, кт. — бастапқылар ← ағылш. primary elections — алдын ала сайлау, алдын ала дауыс беру) — саяси партиядан бірыңғай үміткерні сайлау, «жалпы праймериз» жағдайында — көптеген партиялардан бірыңғай үміткер. Содан кейін партиялық ішкі сайлаудың жеңімпазы негізгі сайлау кезінде басқа партиялардың үміткерлерімен бәсекелеседі. Партиялық ішкі сайлаудың мәні-бір партияның үміткерлері негізгі сайлауда бір-бірінен «дауыс алмауы» керек, өйткені олардың сайлаушылары әдетте жақын. Жеңілгендер кейде негізгі сайлауға қатысады, бірақ тәуелсіз үміткерлер ретінде өз партиясының қолдауынсыз. Партиялық ішкі сайлау кез келген адам дауыс бере алатын кезде ашық, ал праймеризді өткізетін партия мүшелері ғана дауыс беруге құқылы болған кезде жабық болады. Сонымен қатар, көптеген аралық нұсқалар бар. Кейде сайлауда ең көп дауыс жинаған екі үміткер екінші турға қатысады. Партиялық ішкі сайлау көбінесе АҚШ-та, сирек басқа мемлекеттерде өткізіледі. ## АҚШ Тағы қараңыз: АҚШ-тағы президенттік праймериз Ең алғаш партиялық ішкі сайлау 1842 жылы АҚШ-та өтті. 1901 жылы Флорида штаты тұңғыш праймериз өткізіп, сол жылы бұл ұғым заңды түрде қабылданды. Бұған дейін үміткерлер партиялардың кеңестері мен съездерінде іріктеліп алынған болатын. Көбінесе кулуарлық келіссөздер нәтижесінде. Алайда, Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін алдын — ала дауыс беру тәжірибесі қысқарды — А. Варенің бағалауы бойынша 1936 жылға қарай алдын ала дауыс беру тек тоғыз штатта өткізілді. Кейіннен алдын-ала дауыс беру көптеген штаттарда өткізіле бастады. Дауыстарды санау кезінде әр түрлі дауыс беру жүйелері мен көп сатылы схемалар қолданылады. АҚШ-тың 11 штатында алдын ала дауыс беру емес, партиялық конференциялар немесе партиялық референдумдар — кокустар өткізіледі. ## Басқа елдер Алдын ала дауыс беру Латын Америкасы мен Еуропаның кейбір елдерінде өткізіледі. Аргентина мен Уругвайда алдын ала дауыс беру барлық саяси партиялар үшін міндетті болып табылады[1]. Бұл ретте Аргентинада сайлаушылар алдын ала дауыс беруге қатысуға міндетті, әйтпесе оларға (2016 жылғы жағдай бойынша) айыппұл салынады. 2010 жылдары партиясыз қатысқан алдын ала дауыс беруді Ұлыбритания, Канада және Францияның кейбір саяси партиялары да өткізді. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * ПАРТИЯЛЫҚ ІШКІ САЙЛАУ
Ақмола сөзі келесі мағыналарды білдіруі мүмкін: * Ақмола — аққайрақ тастан жасалған ескерткіш белгілер. * Ақмола — Қазақстан елордасы Астананың 1992—1998 жылдардағы атауы. * Ақмола — Астана қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Әуежайының 1992—1998 жылдардағы атауы. * Ақмола — Астана қаласындағы Астана темір жол станциясының 1994—2001 жылдардағы атауы. * Ақмола — Ақмола облысына арналған энциклопедиялық басылым. * Ақмола — Степногорск қаласындағы футбол клубының бұрынғы атауы. * Ақмола — Көкшетау қаласындағы футбол клубының бұрынғы атауы. * Ақмола — Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы қыстау. ## Тағы қараңыз * Ақмола облысы * Ақмола губерниясы * Ақмола уезі * Ақмола бокситті ауданы * Ақмола облысы (Ресей империясы)
Ермағанбет Қабдулаұлы Бөлекпаев (2 қыркүйек 1975 жыл, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Өспен ауылы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2022 жылғы 8 желтоқсаннан бастап Қарағанды облысының әкімі. 2020-2022 жылдары Қарағанды қаласының әкімі болған. ## Білімі 1996 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген. ## Еңбек жолы Еңбек жолын 1996 жылы «Казкоммерцбанк» ААҚ Теміртау филиалында экономист қызметінен бастаған. 1998 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Индустрия, энергетика және сауда министрлігінде экспорттық бақылау және лицензиялау департаментінің бас маманы лауазымында жұмыс істеді. 2002 жылы осы ведомство бастығының орынбасары болды. 2006 жылы Павлодар облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары. 2006 жылдан 2008 жылға дейін Павлодар облысы Павлодар ауданының әкімі болды. 2008 жылдан 2009 жылға дейін Павлодар облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын басқарды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Нұр - Сұлтан қаласы бойынша аумақтық басқармасының бастығы-тәртіптік кеңес төрағасы лауазымын атқарды. 2013 жылдан 2018 жылға дейін Астанадағы Сарыарқа, Алматы және Есіл аудандарының әкімі болды. 2018 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды. 2018 жыл мен 2020 жыл аралығында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылдың қыркүйегінен бастап 2022 жылдың желтоқсанына дейін Қарағанды қаласының әкімі болып қызмет етті. 2022 жылғы 8 желтоқсаннан бастап Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды. ## Марапаттары «Құрмет» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. ## Дереккөздер
С. Сейфуллин атындағы саябақ — Алматы қаласындағы саябақ. Ауданы 18 гектар құрайды. Мұнда фонтан, скейт-дром, балалар ойнайтын алаңдар бар. Саябақ Сейфуллин даңғылы бойында емес, бірақ оған өте жақын орналасқан.
Мұсабек Тұрғынбекұлы Әлімбеков (4 қаңтар 1954, Жамбыл облысы, Меркен ауданы, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық және кеңестік мемлекетік қайраткері. Қазақстан Жоғарғы Сотының төрағасы (2009–2011) және жүргізушісі (2011). Аға әділет кеңесшісі. ## Дереккөздер
Басқарма — Қазақстандағы республикалық маңызы бар қалалар (Астана, Алматы, Шымкент) мен облыс әкімдіктері құратын мемлекеттік мекеме. Олар жергілікті бюджеттен қаржыландырылып, облыс аумағында әкімдік өкілеттік берген жекелеген мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асырады. ## Алматы қаласы * Білім басқармасы * Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы * Дін істері жөніндегі басқарма * Еңбек инспекциясы басқармасы * Жастар саясаты басқармасы * Жер қатынастары басқармасы * Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы * Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы * Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы * Қала құрылысын бақылау басқармасы * Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы * Қалалық мобильділік басқармасы * Қаржы басқармасы * Қоғамдық даму басқармасы * Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы * Құрылыс басқармасы * Мәдениет басқармасы * Мемлекеттік активтер басқармасы * Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы * Спорт басқармасы * Туризм басқармасы * Цифрландыру басқармасы * Экология және қоршаған орта басқармасы * Экономика басқармасы * Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы ## Астана қаласы * Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы * Білім басқармасы * Дене шынықтыру және спорт басқармасы * Дін істері жөніндегі басқарма * Жастар саясаты мәселелері басқармасы * Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс басқармасы * Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы * Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы * Коммуналдық шаруашылық басқармасы * Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы * Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы * Қаржы басқармасы * Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы * Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы * Құрылыс басқармасы * Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы * Мәдениет басқармасы * Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы * Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы * Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы * Ішкі саясат басқармасы * Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы * Энергетика басқармасы ## Шымкент қаласы * Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы * Білім басқармасы * Дене шынықтыру және спорт басқармасы * Денсаулық сақтау басқармасы * Дін істері басқармасы * Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы * Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы * Жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы * Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы * Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы * Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы * Қаржы басқармасы * Құрылыс басқармасы * Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы * Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы * Мемлекеттік сатып алу басқармасы * Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы * Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы * Тұрғын үй басқармасы * Цифрландыру басқармасы * Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма * Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы * Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы ## Абай облысы * Ауыл шаруашылығы басқармасы * Бақылау басқармасы * Білім басқармасы * Ветеринария басқармасы * Дене шынықтыру және спорт басқармасы * Денсаулық сақтау басқармасы * Дін істері басқармасы * Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы * Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы * Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасы * Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы * Қаржы басқармасы * Құрылыс басқармасы * Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы * Мемлекеттік сатып алу басқармасы * Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы * Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы * Цифрлық технологиялар басқармасы * Ішкі саясат басқармасы * Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы * Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ## Ақмола облысы * Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы * Білім басқармасы * Ветеринария басқармасы * Дене шынықтыру және спорт басқармасы * Денсаулық сақтау басқармасы * Дін істері басқармасы * Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма * Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы * Жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасы * Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы * Қаржы басқармасы * Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы * Мәдениет басқармасы * Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы * Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы * Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы * Туризм басқармасы * Цифрландыру және архивтер басқармасы * Ішкі саясат басқармасы * Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы * Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ## Ақтөбе облысы * Ауыл шаруашылығы басқармасы * Білім басқармасы * Ветеринария басқармасы * Дене шынықтыру және спорт басқармасы * Денсаулық сақтау басқармасы * Дін істері басқармасы * Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма * Жастар саясаты мәселелері басқармасы * Жер қатынастары басқармасы * Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы * Жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы * Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы * Индустриялық-инновациялық даму басқармасы * Кәсіпкерлік басқармасы * Қаржы басқармасы * Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы * Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы * Мемлекеттік сатып алулар басқармасы * Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы * Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы * Тілдерді дамыту басқармасы * Цифрлық технологиялар басқармасы * Ішкі саясат басқармасы * Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы * Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ## Алматы облысы * Ауыл шаруашылығы басқармасы * Білім басқармасы * Ветеринария басқармасы * Дене шынықтыру және спорт басқармасы * Денсаулық сақтау басқармасы * Дін істері басқармасы * Еңбек инспекциясы бойынша басқарма * Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма * Жер қатынастары басқармасы * Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы * Жұмылдыру дайындығы басқармасы * Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы * Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы * Қаржы басқармасы * Құрылыс басқармасы * Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы * Мемлекеттік сатып алу басқармасы * Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы * Сәулет және қала құрылысы басқармасы * Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы * Туризм басқармасы * Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма * Цифрлық технологиялар басқармасы * Ішкі саясат басқармасы * Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы * Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ## Атырау облысы * Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы * Балық шаруашылығы басқармасы * Білім беру басқармасы * Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы * Денсаулық сақтау басқармасы * Дін істері басқармасы * Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы * Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы * Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы * Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы * Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы * Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы * Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы * Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы * Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы * Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы * Цифрландыру және архивтер басқармасы * Ішкі саясат басқармасы * Экономика және қаржы басқармасы * Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ## Батыс Қазақстан облысы * Ауыл шаруашылығы басқармасы * Білім басқармасы * Ветеринария басқармасы * Дене шынықтыру және спорт басқармасы * Денсаулық сақтау басқармасы * Дін істері басқармасы * Еңбек инспекциясы бойынша басқарма * Жер қатынастары басқармасы * Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы * Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы * Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы * Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы * Қаржы басқармасы * Қоғамдық даму басқармасы * Құрылыс басқармасы * Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы * Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы * Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы * Стратегия және экономикалық даму басқармасы * Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы * Цифрлық технологиялар басқармасы * Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ## Жамбыл облысы * Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы * Ауыл шаруашылығы басқармасы * Білім басқармасы * Ветеринария басқармасы * Дене шынықтыру және спорт басқармасы * Денсаулық сақтау басқармасы * Дін істері басқармасы * Еңбек инспекциясы басқармасы * Жер қатынастары басқармасы * Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы * Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы * Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы * Қаржы басқармасы * Құрылыс басқармасы * Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы * Мемлекеттік сатып алу басқармасы * Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы * Сәулет және қала құрылысы басқармасы * Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы * Цифрландыру және архивтер басқармасы * Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы * Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ## Жетісу облысы * Ауыл шаруашылығы басқармасы * Білім басқармасы * Ветеринария басқармасы * Дене шынықтыру және спорт басқармасы * Денсаулық сақтау басқармасы * Дін істері басқармасы * Еңбек инспекциясы бойынша басқарма * Жер қатынастары басқармасы * Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы * Жұмылдыру дайындығы басқармасы * Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы * Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы * Қаржы басқармасы * Қоғамдық даму басқармасы * Құрылыс басқармасы * Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы * Мемлекеттік сатып алу басқармасы * Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы * Сәулет және қалақұрылыс басқармасы * Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы * Цифрлық технологиялар басқармасы * Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы * Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ## Қарағанды облысы * Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы * Ауыл шаруашылығы басқармасы * Білім басқармасы * Ветеринария басқармасы * Дене шынықтыру және спорт басқармасы * Денсаулық сақтау басқармасы * Дін істері басқармасы * Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма * Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма * Жер қатынастары басқармасы * Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы * Жұмылдыру дайындығы басқармасы * Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы * Кәсіпкерлік басқармасы * Қаржы басқармасы * Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы * Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы * Мемлекеттік сатып алу басқармасы * Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы * Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы * Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы * Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма * Ішкі саясат басқармасы * Экономика басқармасы * Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ## Қостанай облысы * Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы * Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы * Білім басқармасы * Ветеринария басқармасы * Дене шынықтыру және спорт басқармасы * Денсаулық сақтау басқармасы * Дін істері жөніндегі басқарма * Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма * Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы * Жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы * Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы * Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы * Қаржы басқармасы * Қоғамдық даму басқармасы * Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы * Мәдениет басқармасы * Мемлекеттік сатып алу басқармасы * Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы * Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы * Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы * Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ## Қызылорда облысы * Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы * Бақылау жөніндегі басқарма * Білім басқармасы * Ветеринария басқармасы * Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы * Денсаулық сақтау басқармасы * Дін істері басқармасы * Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы * Жұмылдыру дайындығы басқармасы * Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы * Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы * Қаржы басқармасы * Қоғамдық даму басқармасы * Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы * Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы * Мемлекеттік сатып алу басқармасы * Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы * Экономика және қаржы басқармасы * Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ## Маңғыстау облысы * Ауыл шаруашылығы басқармасы * Балық шаруашылығы басқармасы * Білім басқармасы * Дене шынықтыру және спорт басқармасы * Денсаулық сақтау басқармасы * Дін істері басқармасы * Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма * Жер қатынастары басқармасы * Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы * Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы * Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы * Индустриалдық-инновациялық даму басқармасы * Кәсіпкерлік және сауда басқармасы * Қаржы басқармасы * Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы * Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы * Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы * Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы * Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы * Туризм басқармасы * Цифрлық технологиялар басқармасы * Ішкі саясат басқармасы * Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы * Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ## Павлодар облысы * Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы * Ауыл шаруашылығы басқармасы * Білім басқармасы * Ветеринария басқармасы * Дене шынықтыру және спорт басқармасы * Денсаулық сақтау басқармасы * Дін істері басқармасы * Еңбек басқармасы * Жер қатынастары басқармасы * Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы * Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы * Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау басқармасы * Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы * Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы * Қаржы басқармасы * Құрылыс басқармасы * Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы * Мемлекеттік сатып алу басқармасы * Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы * Сәулет және қала құрылысы басқармасы * Цифрлық технологиялар басқармасы * Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы * Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ## Солтүстік Қазақстан облысы * Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы * Білім басқармасы * Ветеринария басқармасы * Дене шынықтыру және спорт басқармасы * Денсаулық сақтау басқармасы * Дін істері басқармасы * Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы * Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы * Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы * Қаржы басқармасы * Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы * Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы * Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы * Мемлекеттік сатып алу басқармасы * Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы * Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы * Цифрлық технологиялар басқармасы * Ішкі саясат басқармасы * Экономика басқармасы * Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ## Түркістан облысы * Ауыл шаруашылығы басқармасы * Ветеринария басқармасы * Бақылау жөніндегі басқарма * Білім басқармасы * Дене шынықтыру және спорт басқармасы * Денсаулық сақтау басқармасы * Дін істері басқармасы * Жер қатынастары басқармасы * Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы * Жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы * Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы * Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы * Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы * Қоғамдық даму басқармасы * Құрылыс басқармасы * Мәдениет басқармасы * Мемлекеттік сатып алу басқармасы * Сәулет және қала құрылысы басқармасы * Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы * Туризм басқармасы * Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы * Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы * Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ## Ұлытау облысы * Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы * Ветеринария басқармасы * Білім басқармасы * Дене шынықтыру және спорт басқармасы * Денсаулық сақтау басқармасы * Дін істері басқармасы * Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма * Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы * Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы * Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы * Қаржы басқармасы * Қоғамдық даму басқармасы * Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы * Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы * Мемлекеттік сатып алу басқармасы * Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы * Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы * Цифрлық технологиялар басқармасы * Экономика басқармасы * Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ## Шығыс Қазақстан облысы * Ауыл шаруашылығы басқармасы * Білім басқармасы * Дене шынықтыру және спорт басқармасы * Денсаулық сақтау басқармасы * Дін істері басқармасы * Жер қатынастары басқармасы * Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы * Жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы * Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасы * Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы * Қаржы басқармасы * Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы * Мәдениет басқармасы * Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы * Мемлекеттік сатып алу басқармасы * Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы * Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы * Цифрландыру және архивтер басқармасы * Ішкі саясат басқармасы * Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы * Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ## Бөлімдер Бөлім — Қазақстандағы облыстық маңызы бар қалалар мен аудан әкімдіктері құратын мемлекеттік мекеме. Олар жергілікті бюджеттен қаржыландырылып, аудан (қала) аумағында әкімдік өкілеттік берген жекелеген мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асырады. Аудандық (қалалық) білім бөлімдері 2021 жылдан бастап облыстық білім басқармаларына бағынады. Тізімдегі бөлімдердің көбі Қазақстанның әр жерінде басқа бөлімдермен біріктірілген: * Ауыл шаруашылығы бөлімі * Білім бөлімі * Дене шынықтыру және спорт бөлімі * Жер қатынастары бөлімі * Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі * Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі * Кәсіпкерлік бөлімі * Қаржы бөлімі * Құрылыс бөлімі * Мәдениет бөлімі * Сәулет және қала құрылысы бөлімі * Тұрғын үй инспекциясы бөлімі * Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі * Тілдерді дамыту бөлімі * Ішкі саясат бөлімі * Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі * Ветеринария бөлімі (тек Солтүстік Қазақстан облысы аумағында) * Қоғамдық даму бөлімі (тек Қызылорда облысы аумағында) * Мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі (Мемлекеттік сатып алу бөлімі) * Өнеркәсіп бөлімі * Туризм бөлімі * Тұрғын үй қатынастары бөлімі ## Тағы қараңыз * Әкім * Қазақстан Республикасының Үкіметі * Қазақстан комитеттері ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті — мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейлерінде, қосымша білім беру, балалар мен педагогтердің құқықтарын қорғау саласында, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі қызметіне қатысты іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ведомствосы. ## Тарихы ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 16 қаңтардағы қаулысымен ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комиссиясының қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Бiлiм және ғылым министрлігінiң Жоғары аттестациялау (аттестаттау) комитетi 2004 жылы Бiлiм және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетi, 2007 жылы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, 2019 жылы Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті болып өзгертілді. 2022 жылы комитет ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне бөлінді. ## Міндеттері * мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу * білім беру жүйесінің сапасын сырттай бағалау, мемлекеттік бақылау жүргізу жолымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында білім беру саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру ## Құрылымы ## Қарамағындағы мекемелер * Облыстық және Алматы, Астана, Шымкент қалалық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері * «Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы» ШЖҚ РМК ## Дереккөздер
Өтепберген Әлімгерейұлы (1949–2024) ― қазақстандық публицист-жазушы, журналист, өлкетанушы, шежіреші. 1949 жылдың 26 мамырында Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Жиделі елді мекенінде дүниеге келген. 1972 жылы Абай атындағы қазақ педагогика институтының филология факультетін бітірген соң, еңбек жолын Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында мектеп мұғалімі болып бастады. 1973–1990 жылдар аралығында Атырау облыстық «Коммунистік еңбек» («Атырау») газетінде еңбек етті. Алматы жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін бітірген (1987). Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында (1999–2001) директор, Атырау облыстық телерадиокомпаниясында (1998–2008) бас редактор-төрағаның орынбасары, Атырау облыстық «Атырау» республикалық «Алтын Орда» газеттерінде (2008–2012) бас редактордың орынбасары қызметтерінде болды. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде (2000–2011), доцент (2007), Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының профессоры (2009), 2004 жылдан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Атырау филиалының жетекшісі. Әдеби туындылары 1966 жылдан түрлі газет-журналдарда жарияланып келеді. «Мақаш әкім» (1991, 2000, 2005, 2010), «Сарайшық» (2000), «Құныскерей» (2002), «Еділ жайлаған қазақтар» (2012), «Алаш аңсаған азаттық» (2011), «Құрманғазы» (2013), «Жадымыздағы жұлдыздар» (2013), басқа да жиырмадан астам әдеби, ғылыми-танымдық, публицистикалық кітаптардың авторы. Оның сценариі бойынша (А. Баетовамен бірге) түсірілген «Тағдыр» атты деректі телефильм Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы халықаралық телефестивальде 2-орынға ие болған. Махамбет, Асан Қайғы, Жиренше шешен, Бала Ораз, Мақаш әкім туралы зерттеулер жазған. «Егемен Қазақстан» газеті (1987) мен «Ара» журналы (1980, 1981) байқауларының жүлдегері. «Сарайшық», «Ақ Жайық ұлы», «Түлік төресі», «Ұзақ жол», «Тағдырмен тайталас», «Бәйтерек» атты кітаптары мен көлемді очерктері жарық көрді. Қазақстан журналистер одағы мен Орталық табиғат қорғау қоғамы сыйлығының үш дүркін (1980, 1982, 1994), Атырау облысы әкімінің Т. Амандосов атындағы (2012), Республикалық «Алаш – Рух» (2009), сондай-ақ Махамбет атындағы (1996) сыйлықтардың иегері. Қазақстанның Құрметті журналисі (2009). БЛКЖО, Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитеттері, облыстық ұйымның, Республика Мәдениет және Ақпарат министрлігі, Атырау облысы әкімі мен облыстық Мәслихаттың Құрмет грамоталарын иеленген. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мерейтойлық медалімен және Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медальдарымен марапатталған. «Құрмет» орденінің иегері. ## Дереккөздер
Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов (11 шілде 1968 жыл, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Майское ауылы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Солтүстік Қазақстан облысының әкімі. Оған дейін бірнеше ай бойы Қостанай облысының атынан Сенат депутаты болған. ## Білімі 1992 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «ғалым агроном» мамандығы бойынша, 2002 жылы – Челябі мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша, 2008 жылы – Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «экономика бакалавры» мамандығы бойынша тамамдады. Экономика ғылымдарының кандидаты. ## Еңбек жолы Еңбек жолын 1985 жылы Қостанай облысы Комсомол ауданы «Магнайский» совхозының № 1 бригадасының механизаторы болып бастады. 1992-1994 жылдары Торғай облысы Октябрьский ауданы Вильямс атындағы совхоздың бас агрономы. 1994-1996 жылдары – Қостанай облысы Қостанай ауданы «Московский» совхозының бас агрономы. 1996-1997 жылдары – Қостанай облысы Комсомольский ауданы «Боскольское» КК директоры. 1997-2002 жылдары – Қостанай облысы Таран ауданының әкімі. 2002-2008 жылдары – Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімі. 2008-2009 жылдары – Қостанай облысы Қостанай қаласының әкімі. 2009 жылдан 2011 жылға дейін - Қостанай қаласы «Содружество» ЖШС бас директорының орынбасары. 2011-2012 жылдары – Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі. 2012 жылдан 2014 жылға дейін – Қостанай қаласының әкімі. 2014 жылдан 2015 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2015 жылдан 2023 жылға дейін – Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары. 2023 жылғы қаңтардан бастап 2023 жылғы қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. 2023 жылғы 23 қыркүйектен бастап Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. ## Марапаттары «Парасат» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медальмен, «Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Тыңға 50 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен, «Құрметті құрылысшы» төс белгісімен марапатталған. ## Дереккөздер
Саверн (фр. Saverne) — Франциядағы округ, Гранд-Эст аймағындағы округтердің бірі. Округ департаменті — Төменгі Рейн. Супрефектурасы — Саверн. 2006 жылы округтегі халық саны 91 771 адам құрады. Халық тығыздығы 91 адам/км². Округтің ауданы небәрі 1003 км². ## Кантондар * Буксвиллер (центральное бюро — Буксвиллер) * Ингвиллер (центральное бюро — Ингвиллер) До 2015 года: * Буксвиллер (центральное бюро — Буксвиллер) * Дрюлинген (центральное бюро — Дрюлинген) * Ла-Птит-Пьер (центральное бюро — Ла-Птит-Пьер) * Мармутье (центральное бюро — Мармутье) * Саверн (центральное бюро — Саверн) * Сар-Юньон (центральное бюро — Сар-Юньон) ## Сілтемелер * Национальный институт статистики — округ Саверн  (фран.)
Әлихан Асханұлы Смайылов (18 желтоқсан 1972 жыл, Алматы) — қазақстандық саясаткер, мемлекеттік қайраткер, 2024 жылғы 1 сәуірден Жоғары аудиторлық палата төрағасы. 11 қаңтар 2022 жылы орын алған Асқар Маминнің отставкасынан 2024 жылғы ақпанға дейін Қазақстан премьер-министрі және 2023 жылғы қаңтардан Самұрық-Қазына АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы. ## Өмірбаяны Әлихан Смайылов 1972 жылы дүниеге келген. Қаңлы тайпасының Қара қаңлы Танта руының Сертек бөлімінен шыққан. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды. 1993–1999 жылдары — «А-Инвест» инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; Қазақстан Республикасының Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған; 1999–2003 жылдары — Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің төрағасы; 2003–2006 жылдары — Қазақстан Республикасының сыртқы істер вице-министрі, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы; 2006–2009 жылдары — Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі, «ҚазАгро» ҰХ президенті; 2009–2014 жылдары — Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің төрағасы; 2014–2015 жылдары — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы; 2015–2018 жылдары — Қазақстан Республикасының Президентінің көмекшісі; 2018–2022 жылдары — Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; 2022 жылдың 11 қаңтарынан — Қазақстан Республикасының Премьер-министрі. ## Марапаттары * Ерен еңбегі үшін медалі * Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі (2001) * Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі (2005) * Астанаға 10 жыл медалі (2008) * Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін II дәрежелі медалі (2015) * «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» (29.05.2019ж) * «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі (12.2019 ж.) * «Парасат» ордені (2020) ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Үкімет құрамы Үлгі:Асқар Маминның министрлер кабинеті
Асайын Қуандықұлы Байханов (6 желтоқсан 1977 жыл, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2022 жылдан бастап Павлодар облысының әкімі. ## Білімі 2000 жылы Павлодар университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2005-2006 жылдары European Bank for Reconstruction and Development (EBRD) және «ProCredit Holding AG» неміс халықаралық банк холдингінің Корпоративтік квалификация арттыру Орталығында білімін жетілдірген. 2017 жылы М.В. Ломоносов ат. Мәскеу мемлекеттік университетінде «Стратегиялық менеджмент және кәсіпкерлік» бойынша МВА дәрежесін алды. ## Еңбек жолы Еңбек жолын 2000 жылы банк секторында Еуропа қайта құру және даму банкінің (EBRD) офисі Қазақстанда жүзеге асырған Қазақстанның шағын бизнесі бағдарламасы бойынша бастаған. Асаин Байханов Екібастұз қаласындағы кредит сарапшысы ретінді тағылымдамадан бастап, EBRD Бағдарламасының Алматы қаласындағы бас офисінің жаңа банк продуктілерін енгізу бөлімінің басшысына дейін қызмет атқарды. Осы аралықта Еуропа қайта құру және даму банкінің Қазақстанда және шетелде ұйымдастырылған түрлі оқыту семинарлары мен көпдеңгейлі білім беру бағдарламаларынан өткен. 2003 жылдан 2007 жылға дейін «ProCredit Holding AG» неміс халықаралық банк холдингінде бірқатар басшылық лауазымдарында қызмет атқарған. Киев қаласындағы «ПроКредит Украина» ЖАО-ның атқарушы директоры болған. 2007 жылы А. Байханов Қазақстанға «Нұрбанк» АҚ Басқарма басшысы орынбасары қызметіне оралып, банктің филиалдық желісін кеңейту, аграрлы сала мен шағын және орта бизнесті несиелеу бағыттары бойынша жұмыс жасаған. 2009-2015 жылдар аралығында жеке секторға ауысып, ауылшаруашылығы саласында кәсіпкерлікпен айналысқан. Мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, Алматы және Алматы облысында логистика мен жүк тасымалы бойынша бірқатар нәтижелі бизнес-жобаларды іске асырған. 2015-2020 жылдар «КазАгро» Ұлттық басқарма холдингі» АҚ тобындағы «КазАгроӨнім» АҚ квазимемлекеттік компаниясының Басқарма басшысының орынбасары болды. Бұл аралықта ауылшаруышылығындағы түрлі мемлекеттік бағдарламаларды өзгерту және ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттау бойынша мақсатты индикаторларға қол жеткізу бойынша жұмыс топтарында жұмыс істеп, оларды басқарды. 2020 жылғы наурыздан бастап 2021 жылғы шілдеге дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етті. Ауыл шаруашылығы, ауылдық аймақтарды дамыту, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта мен су ресурстары, жер қатынастары, әлеуметтік қорғау және спорт мәселелеріне жетекшілік етті. 2021-2022 жылдары Павлодар қаласының әкімі қызметін атқарды. 2022 жылы 7 желтоқсанда Павлодар облысының әкімі лауазымына тағайындалды. ## Дереккөздер
Жанна Сәбитқызы Сартбаева (16 тамыз 1973 Алматы, Қазақ КСР) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, елші. ## Дереккөздер
«Құрметтi шекарашы» төсбелгісі — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мекемелік марапаты. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының рәміздері мен мекемелік марапаттарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 27 мамырдағы № 882 Жарлығының негізінде белгіленді. ## Ережесі * Шекара қызметінде күнтізбелік есепте 20 жылдан кем емес қызмет атқарған әскери қызметшілерге мемлекеттік шекараны қорғаудағы, жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудегі, жауынгерлік әзірлікті нығайтудағы қызметі үшін; * Қызмет өтіліне қарамастан, аға офицерлік құрамның әскери атағын шекара қызметінің офицерлеріне беру кезінде; * Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетуге және қорғауға ерекше жеке үлесi үшiн Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының басқа да әскери қызметшiлерi және тұлғалар марапатталады. ## Белгінің сипаттамасы «Құрметі шекарашы» төсбелгісі ені 1 мм қырлы жиегімен көмкерілген, алтын түсті дөңес, көлемді қалқан пішінді келеді. Белгінің жоғарғы бөлігі ортасының оң және сол жағына симметриялы түрде 4 жапырақтан тұратын лавр бұтақтарымен безендірілген. Белгінің алдыңғы жағы қою көк түсті эмальмен қапталған. Тік өсі бойымен қалқанға көк түсті, биіктігі 40 мм және ені 6 мм Қазақстан Республикасының шекаралық бағанасының суреті орналастырылған. Шекара бағанасы бейнесінің жоғарғы бөлігі алтын түсті. Бағана кескінінің жоғарғы ұшынан көк түске өту сызығына дейінгі қашықтық 6 мм. Шекара қызметінің танымбелгісі бағанаға жасыл түсті шеңбер түрінде және оның үстінде қою көк түсте бесбұрышты жұлдыз бейнеленген. Шеңбер мен жұлдыз ені 0,5 мм алтын жолақпен шектеседі. Жұлдыздың ортасында диаметрі 3 мм болатын алтын түсті күннің бейнесі орналасқан. Шеңбердің диаметрі 12 мм, жұлдыз сәулелерінің ұзындығы 6 мм, жұлдыздың жоғарғы сәулесінен белгінің жоғарғы ұшына дейінгі қашықтық 8 мм. Танымбелгінің астында қалықтаған бүркіт бейнеленген. Оның қанаттарының ұштары арасындағы максималды қашықтық — 16 мм. Белгінің астында қара көк түспен екі жолдан тұратын «Құрметі шекарашы» деген жазуы бар алтын түсті таспамен қапталған. Таспаның ені 5 мм, әріп биіктігі 1,6 мм. Белгінің артқы жағында стильдендірілген түрде қиылысатын таспаның ұштары таспаның астындағы алдыңғы жағына қарай, оң және сол жақта әрқайсысы 2 мм болып келеді. Белгінің артқы жағында оның реттік нөмірі мен оны марапатталушының киіміне бекітуге арналған сәйкес құрылғы бар. Белгі өлшемдері: биіктігі 40 мм, ені 23 мм. ## Сілтеме * ҚР ҰҚК органдарының мекемелік марапаттары * «УНИФОРМИУС» сайтындағы ҚР ҰҚК марапаттары
Ұлттық атлас — елдің табиғаты мен ресурстары, халқы, тарихы, мәдениеті, экономикасы және экологиялық жағдайының жан-жақты сипаттамаларын қамтитын іргелі туынды атлас. Ұлттық атласты мемлекеттің картографиялық мекемелері құрастырады, ол ресми және нормативтік сипатқа ие. Атлас елдің экономикалық даму деңгейін, оның ғылыми білімі мен картографиялық өндіріс деңгейін көрсетеді - бір сөзбен айтқанда, бұл беделді ұлттық басылым, мемлекеттің визиттік карточкасы болып табылады. Атластар арнайы мәтіндермен, анықтамалық деректермен, көрсеткіштермен толықтырылады. Оны жақсылап рәсімдеуге және мүмкіндігінше ең жақсы түрде жариялауға тырысады, әдетте ұлттық атлас - үлкен көлемді немесе тіпті бірнеше томдық, үстел үстілік форматы болып келеді. Олар көбінесе мезгіл-мезгіл толықтырылып, жаңартылып жарияланып отырылады. ## Алғашқы ұлттық атлас Алғашқы ұлттық атласы Финляндияның географиялық қоғамы, 1899 жылы Финляндияда, содан кейін Мысырда, Чехословакияда және басқа да бірқатар елдерде жарияланды. Бірақ атластық картографияның нақты өркендеуі Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде, яғни ондаған елдер өздерінің ұлттық атластарын құра бастаған кезге сәйкес келеді. Ұлттық атластарды құруда 1956 жылы Халықаралық географиялық одақта құрылған Ұлттық атластар комиссиясының қызметі үлкен рөл атқарды. Сол Ұлттық атластарды құру Комиссиясын бірнеше жыл басқарған, көрнекті кеңестік картограф К.А. Салищев ұлттық атластарды құру бойынша бірыңғай бағдарлама мен ұсыныс әзірледі. Сонымен қатар, бір жағынан, атластар мазмұнын біріктірудің мүмкіндіктері ескерілді, ал екінші жағынан - әр елдің ұлттық ерекшеліктерін көрсету қажеттілігін алдыңғы қатарға қойды. ## Ұлттық атластарды құру Ұлттық атластарды құру - география мен картографияның ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан қомақты үлесі деп білеміз. Ұлттық атластарды құруға әр елдің үздік ғалымдары мен картографтары тартылды. Көптеген елдерде Ұлттық Атластардың арнайы институттары құрылды. Ол Институттар үнемі ғылыми деректерді, соңғы статистикалық материалдарды бір жерге шоғырландырып, ғарыштық мәліметтерді өңдеп, жинақтап, сақтаумен айналысты. Осындай ауқымды жұмыстардың негізінде, компьютерлік деректер базасын үнемі толықтырып, жекелеген карталарды және бүкіл атласы жаңартып отыратын болды. Іс жүзінде осындай институттар мемлекеттің геоақпараттық орталық болып табылады. Картографиялық тұрғыда дамыған елдер (АҚШ, Канада, КСРО, Германия, Австралия, Венгрия және тағы да басқалары) ұлттық атластан басқа мемлекеттердің, облыстардың, республикалардың, жерлердің және тағы да басқа күрделі өңірлік атластарды дайындады. Атластық картография саласында бірқатар жетістіктері бар Ресей өз ұлттық атласын құруды тек 1996 жылы ғана бастады. Ресейдің Ұлттық Атласы (РҰА) бірнеше томнан тұрады. Оның әр томы белгілі бір тақырыпқа арналған, мәселен жалпыгеографиялық, ресурстар, халық және экономика, экология, тарих және мәдениетті қамтиды. Мұнда атластың әр томы дара шығарма болып келген.Ресей Ұлттық Атласының карталары бес деңгейді қамтиды: 1) әлемдік - Ресей жаһандық проблемалар аясында;2) жалпыресейлік елдің картографиялануының негізгі деңгейі;3) аймақтық - Ресей Федерациясының жекелеген өңірлері мен Федерация субъектілері;4) жергілікті - қалалар, агломерациялар, индустриялық тораптар, табиғи, демографиялық, экономикалық жағынан қызықты аймақтар; 5) арнайы жекелеген нысандардың карталары, пландары мен сызбалары.Карталардың негізгі масштабтары 1:15 000 000, Ресейдің басқа карталары ұсақтау болып келген, яғни 1:20 000 000-нан 1:60 000 000-ға дейін, ал Федерация субъектілері мен аймақтары карталарының масштабтары - 1:1 000 000-нан 1:5 000 000 аралығында болып келеді. Ұлттық атластың дәстүрлі қағаз атластан басқа, электронды нұскасы және CD-ROM-да жасалынады, сонда компьютері бар тұлғалар үшін атлас қол жетімді болады. Ресейдің Ұлттық Атласын құру ең ірі ғылыми жоба болды және оны жүзеге асыру көптеген жылдарға созылды. Осы жылдар аралығында, барлық қажетті кеңістіктік ақпарат шоғырланатын және тұрақты түрде жаңартылып отыратын Ресейдің Ұлттық акпараттық-картографиялық орталығы да құрылды.Ресейдің ұлттық атласы төрт томнан тұрады:1-том – Аумақтың жалпы сипаттамасы2-том – Табиғат. Экология3-том – Халық. Экономика4-том – Тарих. Мәдениет ## Қазақстан Республикасының Ұлттық Атласы Ресейдің ұлттық атласын жасауға оның Ұлттық ақпараттық-картография орталығы мұрындық болса, Қазақстанда картографиялық жұмыстарды уақыттың жасаудың бай әрі мол тәжірибесінің бар География институты аз уақыттың ішінде "Қазақстан Республикасының Ұлттық Атласы", "Маңғыстау облысының аймақтық Атласы" және салалық "Табиғи және техногендік қауіптер мен төтенше жағдайлар Атласын" дайындап жарыққа шығарды.Еліміздің мемлекеттілігін карта түрінде айқындайтын Ұлттық атластын жарық көруі тек егемендік алғаннан кейін ғана мүмкін болды. Қазақстанның ұлттық атласы – шоқтығы биік туындылар қатарына жатады, теңдессіз іргелі және қолданбалы маңызы бар, әлемдік қоғамдастықтың мемлекеттер жүйесіндегі еліміздің атаулы уақиғасы болып саналатындығы сөзсіз.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық Атлас тұтынушыларына арнаған сөзінде: "Сіздер қысқаша бейнеленген картографиялық нұсқадан жүзден астам халықтар өкілдерінің бейбітшілік және татулықта өмір сүріп жатқан еліміздің табиғаты, халқы, экономикасы және экологиясы туралы жан-жақты ақпараттар таба аласыздар" - деп атап өтуі жай емес. Шындығында, осы бір сөз, табиғаттану мен қоғамның түрлі салаларында еңбектеніп жүрген Қазақстан ғалымдары мен зерттеушілерінің көп жылдық еңбектерінің мән-мазмұнын айқындап тұр. География институты құрастырған 3 томнан тұратын "Қазақстан Республикасының Ұлттық Атласында" еліміздің табиғаты, халқы, экономикасы, саяси-әкімшілік құрылымы мен экологиялық жағдайы жан-жақты сипатталған. Ол карталар, диаграммалар, графиктер, ғарыштық түсірілімдер мен фотосуреттер сияқты картографиялық материалдарды түгелдей қамтыған заманауи картографиялық ақпарат. Бұл атластарда ұлттық (мемлекеттік), аймақтық және салалық деңгейде болмыс құбылыстарының кеңістіктік орналасуы, касиеттері, байланыстары мен уақыттық өзгерістері графикалык түрде бейнеленген. 1. Табиғи жағдайлары мен ресурстары(1 том - 117 карта)2. Әлеуметтік-экономикалық дамуы(2 том - 142 карта)3. Қоршаған ортасы және экологиясы(3 том - 125 карта) ## 1-том. Табиғи жағдайлары мен ресурстары Бөлімдері: 1. Кіріспе (4 карта)2. Геофизикалық жағдайлары, тектоника, сейсмика (14 карта)3. Геологиялық құрылысы, минералдық ресурстары (5 карта)4. Гидрогеологиялық жағдайлары, жерасты суларының ресурстары (9 карта)5. Жер бедері (3 карта)6. Климат, агроклиматтық ресурстар (27 карта)7. Гидрологиялық жағдайлары мен жерүсті су ресурстары (17 карта)8. Мұзбасу, геокриология (2 карта)9. Топырақ жамылғысы (3 карта)10. Жануарлар дүниесі (9 карта)11. Өсімдіктері, орман қоры (7 карта)12. Ландшафтылар, физикалық-географиялық аудандау (17 карта) ## 2-том. Әлеуметтік-экономикалық дамуы Бөлімдері: 1. Кіріспе бөлім (1 карта)2. Халқы (13 карта)3. Әлеуметтік сала (15 карта)4. Индустрия (15 карта)5. Ауыл шаруашылығы (33 карта)6. Көлік (7 карта)7. Туризм (3 карта)8. Тарих, археология (36 карта)9. Облыстардың экономикалық және әлеуметтік саласы (15 карта)10. Сыртқы экономикалық байланыстар (4 карта) ## 3-том. Қоршаған ортасы және экологиясы Бөлімдері: 1. Кіріспе бөлім (1 карта)2. Табиғи ортаға жасалатын антропогендік әсердің факторлары (7 карта)3. Табиғи жүйелердің экологиялық жағдайы (35 карта)4. Қауіпті табиғи үдерістер және төтенше жағдайлар (20 карта)5. Шөлдену және жердің азып-тозуы э (13 карта)6. Адам экологиясы (11 карта)7. Аймақтардың экологиялық жағдайы (15 карта)8. Табиғатты қорғау (14 карта)9. Экологиялық қауіпсіздік (9 карта) ## Дереккөздер
Тимур Маратұлы Қайырбеков (10 маусым 1969, Шонжы ауылы, Ұйғыр ауданы, Алматы облысы, Қазақ КСР) — Қазақстан Республикасы ҰҚК қолбасшылығының өкілі, генерал-майор, Қазақстан Республикасы Шекара қызметінің «Батыс» өңірлік басқармасының бастығы (2015 жылдан бастап). ## Өмірбаяны 1969 жылы 10 маусымда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Калининград жоғары әскери-теңіз училищесін бітірген. 1993 жылы ҚР ҰҚК Әскери институтының экстернат курсын, 2001 жылы — РФ Федералдық шекара қызметінің академиясын бітірген. Шекара заставасы басшысының орынбасары, жеке бақылау-өткізу орынжайының басшысы, шекара жасағының командирі, штаб басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2015 жылдың шілдесінен бастап — Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің «Батыс» өңірлік басқармасының басшысы болып келеді. ## Марапаттары * «Шекараны үздік күзеткені үшін» медалі * «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі * Ұзақ қызметті үшін медалдар берілген ## Сілтеме * ҚР ҰҚК Шекара қызметінің сайтындағы жеке парақшасы
Дәурен Құнанбайұлы Бекжанов (18 шілде 1968, Омбы, РКФСР) — Қазақстан Республикасы ҰҚК қолбасшылығының өкілі, полковник, Қазақстан Республикасы Шекара қызметінің «Шығыс» өңірлік басқармасының басшысы (2014 жылдан бастап). ## Өмірбаяны 1968 жылы 18 шілдеде Омбы қаласында дүниеге келген. 1989 жылы Фрунзе атындағы Омбы жоғары жалпыәскери қолбасшылық училищесін, 2000 жылы — РФ Федералдық шекара қызметінің академиясын, 2018 жылы — Беларусь Республикасының Әскери академиясын бітірген. Мотоатқыштар взводының командирі, шекаралық бақылау бөлімі басшысының орынбасары, басшысы, жеке бақылау-өткізу орынжайының басшысы, Өңірлік басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2014 жылдың наурызынан 2020 жылдың сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің «Шығыс» өңірлік басқармасының басшысы болды. 2020 жылдың сәуірінен бастап — Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары жұмысын атқарады. ## Марапаттары * «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001) * «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011) * «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» медалі * «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» медалі (2015) * «Шекараны үздік күзеткені үшін» медалі * «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шекарасын нығайтқаны үшін» медалі * Ұзақ жылдардағы қызметі үшін берілген медалдар ## Сілтеме * Параграф ## Дереккөздер
Болат Қабдылхамитұлы Нұрғалиев (25 шілде 1951, Олжабай батыр ауылы, Ерейментау ауданы, Ақмола облысы, Көкшетау, Қазақ КСР, КСРО) - қазақстандық мемлекеттік қайраткер, елші.
Қайрат Ермекұлы Умаров (  ; 1963 жылы 12 қаңтар, Ферғана, Өзбек КСР, КСРО ) - қазақ мемлекет қайраткері, дипломат.
Василий Абрамович Каруцкий  — КСРО ЧК -ОГПУ- НКВД- ның көрнекті қайраткері, 3-дәрежелі Мемлекеттік қауіпсіздік комиссары .
Юрий Алексеевич Клочков (3 қараша 1938, Винница облысы, Украина КСР, КСРО - 6 қаңтар 2012, Белгород, Ресей ) - кеңестік партия және мемлекет қайраткері, Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы (1988-1990).
Мадина Бинешқызы Жарбусынова (10.11.1954) – мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, 2-сыныпты Төтенше және Өкілетті Елші, филология ғылымдарының кандидаты.
«Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісі — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мекемелік марапаты. ## Ережесі «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде кемінде 5 және 10 жыл жұмыс істеген мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер мінсіз қызметі, қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, елеулі еңбек сіңіргені, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қызмет нәтижелері мен бетбеделін жақсартуға қосқан үлесі үшін марапатталады. ## Сипаттамасы «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісі үш элементтен (негіз және екі бастырма) тұрады, жезден жасалып, сегізбұрышты стильдендірілген жұлдыз пішініне ие. Белгінің диаметрі 45 мм. Негіздің сәулелерінде, жұлдыздың ортасында сегіз қырлы бастырма бар. Көгілдір түсті, сегіз қырлы бастырманың аясында сәндік алтын өріммен жиектелген сақина орналасқан. Сақинаның ішінде қою көк түстің аясында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ӘКІМШІЛІГІ» деген жазу жазылған. Сегіз қырлы бастырманың ішкі бұрыштарында сегіз түссіз қырлап мәнерленген фианит бекітілген. Екінші бастырмасы — дөңгелек, оның ақ түсті аясында лавр жапырақтары гүлшоқтарымен жиектелуінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» Резиденциясы ғимаратының бедерлі бейнесі орналасқан. Арт жағында ортада «МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН» деген жазу жазылған. Белгі құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл таспамен тысталған, ені 32 мм бір көк, екі көгілдір, екі қызыл, екі жасыл және төрт ақ жолақшасы бар биіктігі 50 мм жезден жасалған алтыбұрышты тағанға жалғанады. Белгі киімге қалқалы бекітпесі бар түйреуіш арқылы тағылады. ## Дереккөздер * «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мекемелік марапаттары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 30 қыркүйектегі №155 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Хасанпаша газ зауыты (түр. Hasanpaşa Gazhanesi, сонымен қатар Kadıköy Gazhanesi немесе Kurbağalıdere Gazhanesi ретінде белгілі, қазіргі Мұражай газ зауыты, Müze Gazhane) — Түркияның Ыстанбұл қаласындағы көмір газ зауыты. Ғимарат 1892 жылы салынып, 2021 жылы өнер және мәдениет орталығына және технология мұражайына айналды. ## Тарихы Ғимарат Түркия, Ыстамбұл қаласындағы Кадыкёй ауданы, Хасанпаса, Курбагалыдере 125 мекенжайында орналасқан. 1892 жылы Осман империясы кезінде Ыстанбұлдың Анадолы бөлігінің көмір газы мен электр энергиясына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін салынған. Ол кезде Ыстанбұлдағы төрт газ зауытының бірі болды, қалғандары Долмабахче, Едикуле және Кузгунчукете болды. Ыстамбұлдың Анадолы жағын жарықтандыру 1860 жылдардан бері Кузгюнук газ зауытынан жеткізілген газ арқылы қамтамасыз етілген. Газ жеткіліксіз болғандықтан, жаңа газ зауыты жоспарланған. 1891 жылы 28 шілдеде Османлы Газ және Электрлік Жарықтандыру Біріккен Компаниясы Кадыкой, Ускюдар және Анадолы аймақтарын көмір газын пайдаланып жарықтандыру және жылытумен қамтамасыз ету үшін 50 жылдық концессияға ие болды. Келісімге Париждегі темір өндіруші Чарльз Жорж атынан инженер Анатолий Барсил мен Османлы мемлекетінің өкілі мэр Ридван Паша қол қойды. Сәулетші-мердігер Гуглиелмо Семприни газ зауытының құрылысын 1891 жылы 1 тамызда бастады. Газ зауыты 1892 жылы «Üsküdar-Kadıköy Gaz Şirket-i Tenviriyesi» компаниясының басқаруымен іске қосылды. Кадикойдағы Құрбағалыдере маңында орналасқан көмір алдымен сумен, содан кейін теміржол арқылы зауытқа тасымалданып, көмір газына өңделді. «Курбагалыдере газ зауыты» немесе «Кадыкөй газ зауыты» деп аталған газ зауыты кейінірек орналасқан жеріне байланысты «Хасанпаша газ зауыты» деп аталды. Газ зауыттары Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін үздіксіз жұмыс істеді. Соғыс кезінде және одан кейін газ өндіру тоқтатылды. Көмір тапшылығы кезінде мұнда газдың үзілуіне жол бермеу үшін зәйтүн шұңқырлары жылытылды. Зауыт Республика дәуірінде де жұмысын жалғастырды. 1924 жылы қазанда республика құрылғаннан кейін бір жыл өткен соң түрік үкіметі Ускюдар-Кадыкёй газ компаниясымен концессияны тағы 50 жылға ұзартты. Келісімге үкімет атынан мэр Эмин мен компанияның басқарма мүшесі Ариф Хилмет қол қойды. Едикуле газ зауытын басқаратын компания 1926 жылы Үскүдар-Кадыкөй газ компаниясын сатып алды және «Istanbul Havagazı ve Elektrik Teşebbüsatı Sanaiye Türk Anonim Şirketi» ретінде жұмысын жалғастырды. Газ зауыты 1993 жылы 13 маусымда табиғи газды енгізуден кейін газға сұраныстың төмендеуіне байланысты жұмысын тоқтатты. ## Қайта құру жобасы Газ зауыттары жабылғаннан кейін оның жерін ИЕТТ қойма, гараж, қоқыс алаңы, қоқыс және көмір қоймасы ретінде пайдаланды. 1994 жылы құрылымның қалған бөліктерін бөлшектеу туралы шешім қабылданды. Тұрғындардың қарсылығы мен үкіметтік емес ұйымдардың қолдауы нәтижесінде бұзуға тосқауыл қойылды. Газ зауыты қорғалатын аумақ деп жарияланды. «Gazhane Çevre Gönüllüleri» коммерциялық емес ұйымы 1996 жылы жұмысын бастап, 1998 жылы кооперативке айналды. Еріктілер газ зауытын мәдени орталыққа айналдыруды сұрады. 2009 жылға дейін бұл жерде сегіз фестиваль өткізілді. Тегін фестивальдер көрмелерден, музыкалық концерттерден, би және театр шоуларынан тұрды. 1998 және 2001 жылдар аралығында Ыстанбұл Техникалық Университетімен (ЫТУ) қалпына келтіру жобасы дайындалды. 2014 жылы Қорғау кеңесі жобаны мақұлдағаннан кейін Стамбул қалалық әкімшілігі сол жылдың 8 қаңтарында тендерге шақырулар берді. Жобаның жетекшілігі мен басшылығына ИТУ сәулет факультетінің Сәулет тарихы және қалпына келтіру бөлімі жауапты болды. Жөндеу жұмыстары 2014 жылдың 7 наурызында басталып, 2021 жылы екі жылға кешіктіріліп аяқталды. ## Мұражай газ жұмыстары Ғимарат Ыстанбұлдың жаңа мәдениет және өнер орталығы ретінде 2021 жылдың 9 шілдесінде «Газхана мұражайы» («Мұражай газ жұмыстары») атауымен ашылды. Бұл мультфильмдер көрмесі бөлімі бар ғылыми-техникалық мұражай. Мұражай {\displaystyle 30,000m^{2}} (320 000 шаршы фут) аумақты алып жатыр. Ол қалпына келтіру жобасының жетекшісі, профессор Афифе Батурдың атымен аталатын 10 000-ға жуық кітап қоры бар кітапханадан, біреуі 300 орындық, екіншісі 130 орындық екі театр залынан, асхана, мейрамхана және әлеуметтік аймақтардан тұрады. ## Галерея * * * * * ## Дереккөздер
Сарымерген би Қосжанұлы (1877, Сенек маңында – 1933) — Байұлы тайпасы Адай руының Сүйіндік бөлімінен шыққан қазақ биі. Маңғыстау ойын қыстап, көктем шыға Шопан ата, Тышқан құм, Сеңгір құм, Бекет Ата, Оғыланды, Уәлі-Қатша арқылы Жем бойына дейін барып, кейбір жылдары Елек, Қобда өзендері бойын жайлап, салқын түссе қыстауына қайтады екен. Ауыл көшті Елекке, Көже ашыттым шелекке, – деп айтылатын өлең шумақтары сол заманда туса керек. Қазақтың жүз биінің бірі - айтқан сөзі мірдің оғындай, сөз мергені атанған Сарымерген атамыз болған екен. Сол кезде жаманадай ағайындар қожа, медет руларының ауылдарымен көрші отырғандықтан, Сарымерген атамыз екі әйелі – Көрпеш пен Ақбибіні медет руынан алып, өз қыздарын қоныстас отырған қожаларға берген. Төсекте басы біріккен, төскейде малы араласқан екі ел сыйластықта болуға тырысқан екен. ## Өмірбаяны Есімдері қата аталатын бұл ел ағалары қазақтың атақты 100 биінің бірінен саналатын Мәтжан бимен замандас. Қатар жүріп, иықтаса ел қамын ойлаған жандар. Замандас, қатар адамдардың әзіл-шыны аралас зілсіз қалжыңдары да қатар жүреді ғой. Мәтекең Сарымерген туралы жаман адайдың сарысынан сескенем, ол отырған жерде сөз бастау қиын десе, Нұрбергенді «нән ауыз» «үлкен ауыз» деп атап, ырысы артық, қиыннан қиыстырар сөзі артық,– деп есептесе керек. Әрі әрі болыс атанған Құдас бидің өзі үлкен жиында қатар отырған да сөзді Сарымергеннің бастауын қалайды екен. Ел арасында сөз қадірін білмес, әңгімелері жоғалған түйе, төбелескен баланың жағдайы төңірегінен аса алмайтын ағайындарға Сарымерген: «Тыңдалмаған әңгіме, аңға салған құсымның, аңды көрмей далаға лағып ұшқаны, одан не қайыр. Лебізі жақсының сөзі, жатқан ауруға ем болар, жақсы ділмәр сөйлесе естіген жанға шәрбат суындай дем болар. Жай жорытқанда аттың бәрі ат, жүйрігі шапқанда сыналар» – деген екен. Сарымерген атамыз оқу білімнің қадірін білген, ерте түсінген адам. Сондықтан да болар: «Біздің халқымыз оқу - білімнен кенжелеу қалып, тауға шыға алмай жүр. Бізден басқа білімнің дәмін ерте татқандар биікке бізден бұрын шықты. Білім іздегенге табылады, қиындығы мен салмағының ауырлығы қорғасындай. Оқыған білімді жандарға қай жерде де орын табылады» – деген екен.Сарымерген атамыз «байырғы қонысым» деп көзі тірісінде Шопан ата қауымынан өзіне арнап қима там салдырған. «Замана соққан жел, адамның басы алланың добы» демекші, өткен ғасырдағы жиырмасыншы жылдардың соңы, отызыншы жалдардың басындағы зауал-бай, құлактарды тәркілеу, ұжымдастыру халыққа ауыр тиді. Осы тұста Сарымерген атамыз қуғынға ұшырады. 1930 жылы елге келіп, тумаластарына: «Мен кетпесем, сіздерге тыныштық болмас» – деп түрікмен бетіне қоныс аудармақшы болады. Төңірекшіңнің ойындағы Көшпайбұлақ, Бірқарын суынан түнделетіп өтіп, суыт жүрген көш кіндік қаны тамған атамекеннен қашықтай береді. Оларды шығарып салған қимас туыс, жекжаттар да Шағала сордың маңына дейін бірге барады. «Бірге тумақ болса да, бірге жүрмек жоқ» екендігін дәлелдеп, көңілдері босап, көздеріне жас алған туыстар тобы елге қайтып, көзден таса болады. Көш соңында жалғыз қалған Сарыекең ғана қол орамалын көзіне жиі-жиі апара береді. Артында туған ел қалды, алды беймәлім дүние, ашық теңіз айдынында қалған ескексіз қайықтай ақжал замана толқындары қай жағаға шығарып тастары белгісіз алмағайып уақыт еді ғой ол кез. Ығыса-ығыса түрікмен жеріндегі Қазанжық деп аталатын елді мекенге табан тіреп, қоныстанады. Танымайтын ел, өзінің сыйлы ортасынан жырақтап кеткен азаматқа онша жайлы бола қоймайды. 1933 жылдың жаз айында елу алты жасында науқастанып, жаппа жолым үйде қайтыс болады. Ақша құймадағы Қарағайлы молаға жерленеді. Әйелінің жағдайы да беймәлім, ауруханада қайтыс болған оны ақ жуып, арулап көметіндей жағдай да болмайды. Басы көтерілмегендіктен қабірінің қай жерде екені белгісіз. ## Сүйіндіктің Жаманадай атануы Қазақта «жер дауы, жесір дауы» қашан да жалғасын тауып отырған. Қыс Маңғыстауды қыстаған, жаз Арқаны жайлаған елдің 1000–1500 шақырымдық көшу бағытында дау-дамай жиі болғанымен, олардың басым көпшілігі мырза Досымұлы Құдас, жанғабыл Көбешұлы Нұрберген, қараменде Қосжанұлы Сарымерген сияқты ел ағаларының алдында шешіліп, ел бірлігі сақталып қалатын. Ағайындардың барлығы бірдей тек көшпелі ғұмыр кешпей, отырықшылыққа ден қойғандары да болыпты. Отырықшы туыстардың атына «жаман» сөзі қосақталып, Жаманадай (Сүйіндік) атанса керек. Отырықшылықтың арқасы болар, жаманадай ағайындар елдің айлап қала шығып, Бесқаладан, Арқадан тасыған астығын үй іргесі Жусанды, Шүкірәлі сияқты орпаларға егін егіп, өнім алып, жақыннан жинаған. ## Екі ауылдың дауы Бірде қатар отырған екі ауыл арасында кездейсоқ кісі өлімі болады. Оқтаулы мылтықтың шүріппесі жазының ағашына тиіп, атылған оқтан көрші ауылдың бір адамы қайтыс болып, қатар отырған екі ауыл арасында дау туындайды. Қаралы әйел: «Біздің ауыл қатын болды, Сүйіндік батыр болды» деп жылауын тоқтатпаса керек. Содан екі ел анттасатын болады. Дәл осы тұста Сүйіндік ауылының үш биі де жол жүріп кетсе керек. Құдас Арқаға, Нұрберген Бозашыға, Сарымерген Шағадамға кеткен екен. Сапардан оралған Сарымерген осы анттасу рәсімінің үстінен түседі. Ел тыныштығының бұзылғанын сезген ол қамшының сабына ақ орамал байлап алып, шауып жеткен бетінде сөз бастап кетеді: Бұл не деген дүрбелең, бұл не айқай? Екі ауыл ертеден-ақ аралас-құралас қатар көшіп, қатар қоныстас болды емес пе? Адам өлсе қойысқан, малы өлсе сойысқан, арын бірге арласып, жоғын бірге жоқтасқан ауыл емес пе едік? Су ішсек құдығымыз бір, мал жайылса өрісіміз бір ел емес пе едік? Мен ауылда жоқта теңдігіңді алып қалмақ болдыңдар ма? Тоқтат, мынау ақымақ істеріңді. Оясызды тезге келтіріп, оялыны жалпақ елге танытатын – ақыл. Ақылдының ажары жарқыраған көлге тең, Ақылсыздың ажары бұлт пенен буға тең, Ақылсызға айтқан сөз құмға сіңген суға тең, Ақылдыға айтқан сөз Алаш ұстар туға тең, – деп қолындағы ақ туын жоғары көтерген екен. Шыққан күннің шырқын бұлт бұзады, Жақсы адамның сұрқын кек бұзады, – дейді тағы да. Айбынды ақыл, жүйелі сөздің арқасында қан төгілмей, ел амандығы, жұрт тыныштығы сақталып қалған екен. Екі ел арасы тынышталып, бітімге келеді. ## Дереккөздер
Сабытай батыр (туған-өлген жылы белгісіз) – батыр. Кіші жүз Адай руынан шыққан. Кіші жүз қазақтарының “Сауран айналған” оқиғасы тұсында Ер Жәнібектің жоңғарларға қарсы қимылын белсене қолдады. Бұдан кейінгі кезеңде Бұланты-Білеуті, Сарысу, Шорға, Қандысу, Аңырақай, Шар, Баянауыл, т.б. соғыстарға қатысып, Әбілқайыр ханның сыртқы саясатын қолдады. Бірақ, 1740–1750 жылдары Кіші жүз хандығының іргесіне Орынбор бекінісі салына бастағанда оған алаңдаушылықпен қарады. Қазақ жерлерінің тұтастығы жолында түрікмен жасақтарымен болған бірнеше шайқастарда қазақ қолына басшылық жасаған. ## Сілтемелер * Ер Жәнібек * Сауран айналған * Кіші жүз ## Дереккөздер
Серік Достанұлы Пірімбетов (17 қыркүйек 1948, Қазақ КСР, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Аққұм ауылы ) — қазақ мемлекет қайраткері және дипломат.
Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин (31 қазан 1971 жыл, Ақтөбе) - қазақстандық мемлекеттік қайраткер, Ақмола облысының бұрынғы әкімі (2017-2019), Грузиядағы елші (2022 жылдан бастап). ## Дереккөздер
Умиджан Астанов (түрікм. Umidjan Astanow; 11 тамыз 1990 жыл, Мары, Түрікмен КСР) — түрікменстандық футболшы, жартылай қорғаушы. 2010 жылы Азия ойындарына қатысты. ## Жетістіктері ### Ұлттық * Түрікменстан суперкубогы: 2015 * Түрікменстан чемпионы: 2015 ### Халықаралық * АФК кубогының финалисі: 2018 ## Сілтемелер * Спортбокс.ру * Гуанчжоу 2010
Ибрахим Байеш (1 мамыр 2000, Бағдат, Ирак) — ирактық футболшы, жартылай қорғаушы. 2023 жылы Азия кубогына, 2024 жылы Жазғы Олимпиадаға қатысты. ## Жетістіктері Әл-Зааура * Ирак чемпионы: 2017–18 * Ирак суперкубогы: 2017 Әл-Кува * Ирак чемпионы: 2020–21 * Ирак кубогы: 2020–21, 2022–23 * АФК кубогы: 2018 ## Сілтемелер * https://www.espn.com/soccer/player/_/id/266496
Қапан Оржанов (1898 Мақат ауданы Гурьев облысы – 1985 Атырау) — мұнай бұрғылау қызметкері. ## Өмірбаян Қапан Оржанов 1898 жылы желтоқсанда Мақат маңындағы Ракушиде Атырау облысында дүниеге келген. Руы Шеркеш, Қойыс, Кіші жүз. 1929-1931 жылдары Доссордан мұнай кендерінен мұнайды арбамен, түйемен Каспий жағасындағы Ракуша портына тасымалдау жөніндегі тасымалдаушы. 1931-1939 жылдары ФЗО-ны (кейін ГПТУ) бітіріп "Ембімұнай" трестінің геологиялық барлау кеңсесінде бұрғылаушының көмекшісі, сосын бұрғылаушы. Бұрғышылар бригадасында істеп, геологтар мен барлаушылармен бірге «Байшонас» (1931), «Мұнайлы», «Қожағали» кенорнын мұнай қазуға қатысқан. Бұдан кейін, «Ескене» (1934), «Қосшағыл» (1935), «Алтынкөл» (1936), «Шұбарқұдық» (1937), «Құлсары» (1939), «Төлестен» мұнай кенінде бұрғышы болды. Бұрғылап, мұнай өндіруге дайындады. 1939-1946 жылдары "Ембімұнай" тресінің "Доссор" НПУ бұрғылау бөлімінің бұрғылаушы жұмысшысы, крелиус барлау бұрғылаушысы. «Нармонданақ» (1942) мұнай ұңғысын бұрғылауға қатысты. «Қожағали», «Жолдыбай», «Жұмабай» мұнай кәсіпшілігінде бұрғышылыкты атқарды. 1946-1949 жылдары "Қошқар" НПУ бұрғылау цехының бұрғылаушысының көмекшісі. 1949-1956 жылдары "Қаратон" НПУ бұрғылау цехының бұрғылаушысының көмекшісі. ## Отбасы Әкесі Оржан, анасы Айкүміс. 1935 жылы әкесі Оржан қайтыс болған. Жубайы Зияда. Отбасында төрт баласы: Әбуғали - геолог барлаушы, Жамал, Табын - мұнайшы, Сәлімгерей - байланысшы. ## Марапаттары Адал және жанқиярлық еңбегі үшін мұнайшы алдымен бірнеше медальдармен, содан кейін Еңбек Қызыл Ту орденімен, ал зейнеткерлікке шыққанға дейін Ленин орденімен марапатталды. ## Жарияланымдар Гүлсім Оразалықызы, Қазақ Мұнайының Ардақтылары, Оржановтар Әулеті, Алматы 2009, «Мұнайшы» қоғамдық қоры. ISBN 9965-816-28-Х ## Дереккөздер
Роман Юрьевич Василенко (14 тамыз 1972, Шымкент, Қазақ КСР, КСРО ) — қазақстандық дипломат, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары (2016-2019, 2022 жылдан бастап), Словакиядағы елші (2019-2022). І дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші. ## Дереккөз
Николай Евгеньевич Сигневич (белар. Мікалай Яўгенавіч Сігневіч; 20 ақпан 1992) — беларустік футолшы, шабуылшы. ## Жетістіктері ### Командалық БАТЭ * Белаурсь чемпионы (5): 2014, 2015, 2016, 2017, 2018 * Беларусь кубогы (2): 2015, 2021 * Беларусь суперкубогы (1): 2014 «Ференцварош» * Мажарстан чемпионы (2): 2018/19, 2019/20 ## Дереккөздер
Әділхан Ерланұлы Таңжарықов (25 қараша 1996, Ақтөбе) — қазақстандық футболшы, "Ақтөбе" клубының жартылай қорғаушысы. ## Жетістіктері «Жетісу» * 1 лига жеңімпазы: 2017 «Ақтөбе» * Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2022 * Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2023 * 1 лига жеңімпазы: 2020 * Қазақстан кубогы: 2024
Әділхан Ерланұлы Таңжарықов (25 қараша 1996, Ақтөбе) — қазақстандық футболшы, "Ақтөбе" клубының жартылай қорғаушысы. ## Жетістіктері «Жетісу» * 1 лига жеңімпазы: 2017 «Ақтөбе» * Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2022 * Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2023 * 1 лига жеңімпазы: 2020 * Қазақстан кубогы: 2024
Наурызбек Жагоров (1 наурыз 1998, Атырау) — қазақстандық футболшы, "Атырау" клубының жартылай қорғаушысы. Қазақстанның бірнеше жастағы құрамаларында ойнаған. ## Жетістіктері * 1 лига жеңімпазы: 2018 * 1 лига қола жүлдегері: 2019 * Қазақстан кубогының финалисі: 2024 ## Сілтемелер * https://www.footballdatabase.eu/en/player/details/293077
Әділбек Қалабайұлы Жұмаханов (27 ақпан 2002, Атырау, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, "Атырау" клубының қорғаушысы. ## Жетістіктері ### Командалық * 1 лига жеңімпазы: 2020 * Қазақстан кубогының финалисі: 2024 ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Аслан Әділ (13 қаңтар 1999 жыл, Ұйғыр ауданы, Алматы облысы) — қазақстандық футболшы, "Атырау" клубының шабуылшысы. Қазақстанның 19 жасқа дейінгі құрамасында ойнаған. ## Жетістіктері * 1 лига жеңімпазы: 2017 ## Дереккөздер
Сослан Русланович Такулов (28 сәуір 1995 жыл, Владикавказ, Ресей) — реселік футболшы, қорғаушы. ## Жетістіктері * Қазақстан кубогының финалисі: 2024
Жайро Эстефано Жан (фр. Jairo Hestefano Jean; род. 22 маусым 1998, Порт-о-Пренс) — гаитилің футболшы, жартылай қорғаушы. 2023 жылы КОНКАКАФ Алтын Кубогына қатысты. ## Жетістіктері * Қазақстан кубогы: 2024
Табын Қапанұлы Оржанов (15 қараша 1929 Доссор ауылы Мақат ауданы Гурьев облысы – 6 сәуір 2024 Атырау) — мұнай қызметкері. ## Өмірбаян Оржанов Табын Қапанұлы 1929 жылы 15 қарашада Қазақ КСР Гурьев облысы Доссор ауылында дүниеге келген. Руы Шеркеш, Қойыс, Кіші жүз. 1952 жылы Губкин атындағы Мәскеу мұнай институтын үздік бітірген, мұнай және газ кен орындарын игеру бойынша тау-кен инженері мамандығын алды. 1952 жылы Табын еңбек жолын «Қаратон» мұнай кәсіпшілігінен, оператор болудан бастады. Қаратон Мұнай кәсіпшілігі басқармасы учаскесі бастығының орынбасары, "Казахстаннефть" бірлестігінің Байшонас Мұнай кәсіпшілігі басқармасының өндірістік бөлімінің бастығы. 1958 ж. - "Казахстаннефть" бірлестігінің "Доссор" ірілендірілген Мұнай кәсіпшілігінің бас инженері, бастығы. «Ембімұнай» бірлестігінің бұйрығымен 1958 жылдың апрелінде «Доссор» (НПУ) ұлгайтылған мұнай кәсіпшілігіне Бас инженер болып барды. 1962 ж. - "Ембімұнай" бірлестігінің "Қаратон" НПУ бас инженері. 1964 ж. - "Маңғышлақмұнай" ӨБ техникалық бөлімінің бастығы. 1969 ж. - "Ембімұнай" ӨБ бас инженер. 1972 ж. - "Маңғышлақмұнай" ӨБ бас инженері. 1982 ж. – "Маңғышлақмұнай" ӨБ "Жетібайнефть" МГӨБ бастығы. 1984 ж. - "Маңғышлақмұнай" ӨБ мұнай және газ өндіру бөлімі бастығының орынбасары, бастығы. 1992 ж. – коммерция бөлімінің бастығы, "Теңізмұнайгаз" ӨБ ЦИТС бастығы. 1994-1995 «Теңізмұнайгаз» инженерлік техникалық қызмет көрсету орталығында. 1995-2002 жылдары «Оңтүстікмұнайкұбыр» тасмалдау бөлімінің инженері, сосын «Казтрансойлда» еңбек етті. 2002 жылдан зейнеткер. ## Қоғамдық қызметі 1977 -1983 жылдың аралығында Маңғыстау облыстық Кеңеске депутат болып сайланды. ## Отбасы Әкесі Қапан мен анасы Зияда. Жұбайы Жұбанышева Оңай Бисенқызы - зейнеткер, мұнай енеркәсібі саласында бухгалтер. Отбасында төрт баласы: Есенжан, Гүлайша, Гүлжан, Сабыржан. ## Марапаттары Көпжылдық адал еңбегі мемлекеттік наградалармен марапатталды: 2022 жылы ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен . 2009 жылы "Құрмет" орденімен. Медальдармен: "КСРО Мұнай өнеркәсібі министрлігінің үздігі" (1967 ж.), "В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай Ерен еңбегі үшін" (1970 ж.), "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс 60 жыл" (2005 ж.), "Мұнайгаз саласының еңбек сіңірген қызметі" (2014ж. Мұнай және газ Министрі), Еңбек ардагері. Грамоталармен: Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің грамоталармен (1961, 1962 ж.) және Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1971 ж.). Орындарды игеру мен пайдаланудағы еңбектегі жетістіктері үшін Гурьев облыстық совхозының Құрмет грамотасымен, Өзен (1965 ж.). Төсбелгілермен: Қазақстан мұнайына 100 жыл (2001 ж.), Доссор мұнайына кен орнына 100 жыл, Прорва - 50 жыл, Мақат-90 жыл, Қосшағыл-70 жыл, Өзен-40 жыл, Қазақстанның құбырына 70 жыл, Маңғыстау мұнайына 50 жыл, Маңғыстау облысына 35 жыл, 40 жыл еңбек майданының қатысушысы. ## Жарияланымдар Гүлсім Оразалықызы, Қазақ Мұнайының Ардақтылары, Оржановтар Әулеті, Алматы 2009, «Мұнайшы» қоғамдық қоры. ISBN 9965-816-28-Х ## Дереккөздер
«МК Оран» (араб.: نادي مولودية وهران‎, фр. Mouloudia Club d'Oran) — Алжирдің Оран қаласындағы футбол клубы. 1946 жылы құрылған. ## Жетістіктері ### Ұлттық * Алжир чемпионаты (4)Жеңімпаз: (1971, 1988, 1992, 1993) * Жеңімпаз: (1971, 1988, 1992, 1993) * Алжир кубогы (4)Жеңімпаз: (1975, 1984, 1985, 1996) * Жеңімпаз: (1975, 1984, 1985, 1996) * Лига кубогы (1)Жеңімпаз: (1996) * Жеңімпаз: (1996) ### Халықаралық * Чемпиондар кубогыВице Чампион: 1989 * Вице Чампион: 1989 ## Атақты ойыншылары * Лахдар Беллуми ## Атақты жаттықтырушылары * Борис Подкорытов ## Сілтемелер Ресми сайты
Әл-Карама (араб.: نادي الكرامة الرياضي‎) — Сирияның Хомс қаласындағы футбол клубы. 1928 жылы құрылған. ## Жетістіктері ### Сирия чемпионаты * 1-орын (8) — 1974-75, 1982-83, 1983-84, 1995-96, 2005-06, 2006-07, 2007-08, 2008-09 * 2-орын (12) — 1977, 1985, 1987, 1990, 1993, 1998, 1999, 2001, 2004, 2005, 2010, 2011 ### Сирия кубогы * Жеңімпаз (8) — 1982-83, 1986-87, 1994-95, 1995-96, 2006-07, 2007-08, 2008-09, 2009-10 * Финалист (2) — 1990, 1998 * Сирия суперкубогы (2) — 1985, 2008 ### Чемпиондар лигасы * Финалист 2006 ## Сілтемелер * sda al-karameh * al-karameh online * al-karameh NEWS
Нұрлан Жанайдарұлы Кәрбенов (24 мамыр 1972, Рудный, Қостанай облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық әскери ұшқыш, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы басшысының бірінші орынбасары (2022 жылдан бастап), авиация генерал-лейтенанты (06.05.2022). ## Өмірбаяны 1972 жылы 24 мамырда Қостанай облысы, Рудный қаласында дүниеге келген. 1989 жылы Екатеринбургтегі Суворов әскери училищесін бітірген. 1994 жылы Қашы жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін бітірген. 2001 жылы Ю.А.Гагарин атындағы РФ Қорғаныс министрлігінің Әскери-әуе күштері академиясын бітірген. 2001 жылдың шілдесінде академияны бітірген соң авиабазаның авиациялық эскадрильясының командирі болып тағайындалды, содан соң штаб басшысы — авиабаза командирінің орынбасары, кейін авиабаза командирі қызметтерін атқарды. 2011 жылы РФ Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген. 2011 жылдың желтоқсанында Әскери-әуе күштері қолбасшысының бірінші орынбасары — ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің Әскери-әуе күштері штабының басшысы болып тағайындалды. 2013 жылдың қараша айынан бастап Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының орынбасары (жауынгерлік даярлық бойынша) — ҚР Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшы басқармасының жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығы басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2016 жылдың қаңтарында ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас штабының басшысы — бас қолбасшының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы басшысының орынбасары қызметін атқарады. 2017 жылдың 2 қазанынан 2020 жылдың 16 наурызына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметін атқарды. 2022 жылдың ақпанында ҚР Қарулы Күштері Бас штабы басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. ## Дереккөздер
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) — Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды. QS World University Rankings Results 2023 жылы былтырғы жылмен салыстырғанда 80 орынға құлдырап 230-шы орынға жайғасты. 2012 жылғы әлемдік үздік 390-шы университет. Сонымен қатар, 72 ірі компания жетекшілері мен кадр бөлімі мамандары арасында жүргізген сауалнама негізінде жасалған «Рейтинг.kz» зерттеу орталығы жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 41,7 пайыз жинап, 5-орында тұр . 2022 жылы QS World University Rankings Results бойынша 150-ші орын алды. 2023 жылы 80 орынға құлдырап 230-шы орынға жайғасты. ## Тарихы Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау – көзі болды.. 1937 жылы қыркүйекте төрт жылдық оқу жүйесіне негізделген тұңғыш гуманитарлық шет тілдері факультеті ашылды. Бір жылдан кейін 120 студенті және құрамында орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және француз тілі тәрізді үш кафедра бар филология факультеті (оқу мерзімі 5 жылдық) ашылды. Кейіннен шет тілдері факультеті де осы құрылымға қосылды. Университетте соғыс қарсаңы және соғыстан соңғы жылдары 23 кафедрасы бар үш жаратылыстану (биология, физика-математика, химия) және екі гуманитарлық (филология мен журналистика факультеті) факультет жұмыс істеді. Университет 1942 жылы 257 физик, химик, математик, биолог, журналист, филолог, сондай-ақ Батыс Еуропа тілдерінің мамандарын даярлап шығарды. 1954 – 1955 оқу жылы университетте 3778 студент оқыды, 386 оқытушы – профессор еңбек етті. 1970 жылы университет құрамында 16 мамандық бойынша жас кадрлар дайындайтын 10 факультет, 65 кафедра болды. 1980 жылы 89 кафедрада 869 оқытушы, оның ішінде 79 профессор мен 540 доцент, ғылым кандидаттары қызмет атқарды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға КСРО-ның Еуропалық бөлігінен: Мәскеу, Ленинград, Киев, Минск және т.б. ғылыми орталықтардан ірі ғылыми ұжымдар мен лабораториялар көшірілді. Бұл жылдары университетте КСРО Ғылым Академиясы (КСРО ҒА) академиктері И.Мещанинов, Н.Акулов, кореспондент–мүшелер В.Догель, А.Думанский, профессорлар А.Михлин, М.Розенберг, Н.Пакуль сияқты көптеген ғалымдар еңбек ете бастады. 1930-1940 жылдары университеттің қалыптасуы кезінде М.О.Әуезов, Т.Т.Тәжібаев, М. Т. Козловский, К.П.Парсы, Б.А.Домбровский, Е.Б.Бекмаханов, С.Я.Болатов, С.А.Нейстат, Е.Ысмайылов сияқты сол кездегі маңызды ғалымдардың педагогикалық қызметі ҚазМУ-мен байланысты болды. С. Хусаинова және басқа да танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлері осы оқу орнында студенттерге сабақ берді. 1941 жылы Қазақ коммунистік журналистика институтының базасында филология факультетінің журналистика бөлімі құрылды. Соғыстың қиын жылдарынан кейін жаңа факультеттер ашыла бастады. 1948 жылы тарихи, геологиялық-географиялық, содан кейін экономикалық факультеттер ашылды. 1955 жылы заң институтының базасында заң факультеті ашылды, ал физика-математика факультетінен 2 Факультет-физика және математика құрылды. 1963 жылы ҚазМУ экономика факультетінің базасында "Нархоз" университеті деп аталатын "Алматы халық шаруашылығы институты"(АИНХ) құрылды. 1968 жылы университетте журналистика және философиялық-экономикалық факультеттер ұйымдастырылды. 1971 жылы университет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1991 жылы жоғары оқу орнына Әл-Фараби есімі берілді. 1993 жылғы 9 қаңтарда ЖОО-ға мемлекеттік ұлттық жоғары оқу орны мәртебесі берілді. 1999 жылдан бастап университет "ҚАЗҰУ хабаршысы" атты журнал шығарады. 2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті "Таймс" университеттерінің беделді рейтингі бойынша әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының тізіміне енді. Қатысушылардың жалпы санынан 600 үздік жоғары оқу орындарының тізіміне кірді, олардың 16000-нан. Университетте рейтингке енген кезде жақын және алыс шет елдерден 20 мыңнан астам студент оқыды. 2014 жылы "Эксперт РА" агенттігі ЖОО-ға түлектерді даярлаудың "жоғары деңгейі" дегенді білдіретін "С" рейтингтік сыныбын берді. КазҰУ-дың қабырғасында Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Ермұхан Бекмаханұлы, Әлкей Марғұлан, Д. Сокольский тәрізді аса көрнекті ғылым мен мәдениет қайраткерлері дәріс оқыды. ### 30-жылдар 1933 жылдың 20 қазанында КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік университетін құру жөнінде арнайы қаулы қабылдады. 1934 жылдың 15 қаңтарында университеттің ресми ашылу салтанаты өтіп, 19 қаңтарда бұрынғы Верней гимназиясының ғимаратында биология және физика-математика факультетінде 54 студент оқытыла бастады. Оқудан бос уақытта студенттер қала тұрғындары арасында саяси және мәдени жұмыстар жүргізді. 1935 жылы университет студенттерді егістік жинауға қатыстыру туралы «Қазақстан» колхозымен келісімге отырды. Олар колхозда ағарту жұмыстарын жүзеге асырды: сауатсыздықты жою мақсатында газет пен әдебиеттерді бұқара арасында дауыстап оқып, қабырға газеттерін шығарды. Кейіннен студенттер колхоз жұмысына жыл сайын қатысып отыратын болды.Университет жастары қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысып отырды. Соның ішінде студенттердің Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің сайлау кампаниясына белсенділік танытып, қатысқандарын ерекше атап өтуге болады. Үгіт жұмыстарын жүргізген ұжымның құрамына 139 студент қатысты. Олар 4 аумақта қызмет етті. Көркемөнерпаздар үйірмесінің қатысушылары тұрғындарға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды.1937 жылы халықтық Бүкілодақтық санағын жүргізу үшін арнайы дайындалған 130 студент бөлінді. Кезекті санақта университет 3 аумақта қызмет етті. Сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындары арасында сауатсыздықты жою жұмыстарын кеңінен насихаттады.1939 жылы республиканың мәдени өмірінде маңызды оқиға болды. Университеттің биология, химия, физика, математика факультеттерінің ең алғаш түлектері дайындалып шығарылды. 87 жоғары білікті маман КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесіне, ғылыми және педагогикалық жұмыстары бойынша республиканың түкпір-түкпіріндегі жоғары оқу орындары мен мектептеріне жіберілді.Осылайша, ҚазМУ құрылғаннан кейін көп ұзамай қазақ жастарының арасында үздік дәстүрлер қалыптаса бастады. ### Бүгінгі жағдайы Қазіргі кезде университет 37 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университетте екі мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен елу философия докторы бар. Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің жапсырмасыз ашықтығы, білім алушылардың академиялық ілкімділігі, «бакалавр – магистр – PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Университеттің жаңа даму кезеңінде әл–Фараби атындағы ҚазҰУ–дың жаңа Академиялық саясаты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі жолға қойылды. ## Халықаралық қызмет Жыл сайын ҚазҰУ-дың 2000-нан астам студенті шетелдік ғылым және білім беру мекемелерінде тілдік тағылымдамадан, сондай-ақ ғылыми тағылымдамадан өтеді. Университет жыл сайын университеттің 600-ден астам оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлері үшін халықаралық конференцияларға, шетелдік жоғары оқу орындары мен ұйымдардың ТМД, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс елдеріне шақырулары бойынша кездесулер ұйымдастырады. ҚазҰУ Қазақстанның шетелдегі оң имиджін арттыруға белсенді ықпал етеді. Орталықтар, кафедралар университеттің белсенді қолдауымен шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында құрылады. Сондай-ақ, қазақ тілі курстары ұйымдастырылды, онда студенттер қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, өнерімен, өмірімен танысады, олардың арасында Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті (Ресей) мен Адам Мицкевич университеті (Польша) бар. ҚазҰУ. Әл-Фараби халықаралық серіктестермен бірлесе отырып, диалог алаңы бар "Ұрпақтар арқылы өтетін Жасыл көпір" сияқты бірқатар ірі халықаралық ғылыми және білім беру жобаларын жүзеге асырады. "Ұрпақтар арқылы жасыл көпір" платформасы Қазақстан Президентінің "ХХІ ғасырдағы орнықты дамудың жаһандық энергетикалық экологиялық стратегиясы" және "Жасыл" идеяларын іске асыру үшін құрылған көпір". ҚазҰУ Орталық Азия жоғары оқу орындары арасында бірінші болып RIO + 20 конференциясында платформа ұсынды: БҰҰ-ның RIO-20 орнықты даму жөніндегі декларациясына қосылды, RIO + 20 конференциясының секциясын басқарды. 2014 жылғы қаңтарда ҚазҰУ. Әл-Фарабиге БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы жаһандық Академиялық ықпал ету орталығын (БҰҰ-ның Академиялық ықпалы) басқару тапсырылды. ЮНЕСКО-ның Орнықты даму жөніндегі Орталық Азия өңірлік орталығы ЮНЕСКО ұсынған UNITWIN бағдарламасына сәйкес ҚазҰУ базасында құрылды. "Еуразиялық әртүрлілік және университеттердің орнықты дамудағы рөлі" III Азия университеттерінің форумы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде, сондай-ақ 2014 жылы Астана мен Алматыда өткен VII Астана экономикалық форумы аясында университеттің орнықты даму жөніндегі іс-шараларын ілгерілету шеңберінде өтті. ҚазҰУ "Тұрақты адам дамуының жаңа парадигмасы" тақырыбында халықаралық конференция өткізу үшін негізгі ұйым ретінде таңдалды. G — Global-дүниежүзілік өнер және ғылым академиясымен (WAAS) және Дүниежүзілік университеттер консорциумымен (WUC) бірлесіп, жетекші халықаралық ұйымдар өкілдерінің, әлемге әйгілі ғалымдардың, көрнекті қоғам қайраткерлерінің қатысуымен" Жаһандық диалог форматы". ## Ғылым және инновация ҚазҰУ құрамында университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын ҚазҰУ ғылым және инновациялық қызмет департаменті ашылды. Ғылым және инновациялық қызмет департаменті университетте жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ), сондай-ақ жоғары білікті кадрларды даярлауды жүзеге асырады және үйлестіреді. Департамент факультеттерді, ғылыми-зерттеу институттарын (ҒЗИ), ғылыми орталықтарды (ҒО), технопаркті және т.б. қоса алғанда, университеттің барлық ғылыми-зерттеу бөлімшелерін біріктіретін бірыңғай ғылыми құрылым болып табылады. Департамент ғылыми және инновациялық қызметті Университеттің даму стратегиясы, ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің шешімдері негізінде айқындайды. әл - Фараби және ғылыми-техникалық кеңес. Департамент қызметінің мақсаты ҚазҰУ-дың ғылыми және зияткерлік әлеуетін барынша толық пайдалануға жәрдемдесу болып табылады. әл-Фараби, ҒЗТКЖ нәтижелерінің тиімділігін және оқыту сапасын арттыру, инновациялық қызметті ұйымдастыру, білім беру бағдарламаларын іске асыру және ғалымдар мен мамандардың халықаралық ынтымақтастығын нығайту үшін ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік қызметті кешенді дамыту. ## Университетте жұмыс істейді * Болон процесі бойынша студенттер бюросы * "Сұңқар" студенттік кәсіподағы / "Сұңқар" * Ғылыми кітапхана * ҚазҰУ жанындағы бейіндік мектеп. әл-Фараби * ҚазҰУ колледжі. әл-Фараби * ҚазҰУ тарих мұражайы. әл-Фараби * ҚазҰУ мұрағаты. әл-Фараби * Биология мұражайы * Археология және этнология мұражайы * Палеолит мұражайы * "ҚазГУ Град" КВН командасы * "Бақыт" би ансамблі * ҚазҰУ студенттік драма театры. әл-Фараби"БІЗ" * ҚазҰУ Хабаршысы * "Қазақ университеті" газеті, халықаралық бюллетень (екі тілде) * ҚазҰУ Студенттер сенаты * "Парасат" қызметкерлер кәсіподағы * Түлектер қауымдастығы * Әскери кафедра * Біліктілікті арттыру институты * Жұмыс берушілер Кеңесі * Қалалық деңгейде тіркелген "Эйдос" театр клубы * "Қазақ университеті"баспасы * ҚазҰУ пікірсайыс клубы * ҚазҰУ зияткерлік клубы * "Саясаттанушы" студенттік пікірталас клубы * Халықаралық қатынастар факультеті жанындағы "Талейран" дипломатиялық клубы * Кіші әл-Фараби Академиясы * Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы жанындағы әлеуметтік зерттеулер және инжиниринг орталығы * Саясаттану кітапханасы. Т.Т.Мұстафин саясаттану және саяси технологиялар кафедрасында ## Институттары * Мемлекет және құқық институты * Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты (ЭТФ ҒЗИ) * Жаңа химиялық технологиялар және материалдар ғылыми-зерттеу институты (ҒҒТМ ҒЗИ) * Зерттеу және талдаудың физика-химиялық әдістері орталығы (ЦФХМА) * Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты (ПББ ҒЗИ) * Біліктілікті арттыру институты (БАИ) * Конфуций Институты * Ғылыми-технологиялық парк (Технопарк) * Ашық типтегі ұлттық нанотехнологиялық зертхана (NNLOT) ## Университет қалашығы 90 га университет кешені шығысында Есентай (Весновка) өзені, батысында Ботаникалық бақ, солтүстігінде Тимирязев көшесінен оңтүстігінде Әл-Фараби даңғылына дейін орналасқан. Кешеннің құрылысы 1971 жылы басталды. Жобаны "Гипровуз" жоғары оқу орындарын жобалау институтының авторлық ұжымы әзірледі (сәулетшілер В.П.Бондаренко-жетекші, В.М.Егоров, Ю.С.Зимин, инженер Л.П.Самарцев). Бастапқыда 2 кезектегі құрылысты жүзеге асыру жоспарланған болатын: бірінші кезек (1986 жылға дейін) гуманитарлық және жаратылыстану факультеттерінің оқу корпустарын, ректорат және ғылыми-зерттеу ғимараттарын, акт залын, жатақханаларды, спорт кешенін, емхананы, шаруашылық құрылыстарды салуды көздеді; екінші кезек (1995 жылға дейін жүзеге асырылуы жоспарланған)  нақты ғылымдардың оқу корпустары, ғылыми-зерттеу институттарының, зертханалар мен кітапханалардың 2,5 млн томдық корпустары, жатақханалар және т.б. Университет кешенінің жоспарында 4 функционалды аймақ бөлінеді — оқу-өндірістік, спорттық, тұрғын үй және шаруашылық. Бұл аймақтарды байланыстыратын негізгі өзек-эспланад. Ректораттың биік ғимараты (биіктігі 75 м) басым позицияны алады, бұл бүкіл кешеннің архитектуралық және композициялық маңыздылығын көрсетеді. 2004 жылғы жағдай бойынша университеттің Студенттер қалашығында 10 оқу ғимараты, 17 жатақхана, студенттер сарайы болды. У.Жолдасбекова, спорт кешені, "Қазақ университеті" баспасы, газет, "Сана" телерадиостудиясы. 2005 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев мақұлдаған университеттің даму жоспарына сәйкес ғылыми кітапхана ғимаратынан университет кешені құрылысының екінші кезеңі басталды. ## Университет құрылымы Қазақ ұлттық университетінің 17 факультеті бар: ## Университет басшылары * 1934—1940 — Олихов Фёдор Трофимұлы * 1940—1947 — Лукьянец Иван Куприянұлы * 1948—1953 — Төлеген Тәжібайұлы Тәжібаев * 1953—1955 — Асқар Закарұлы Закарин * 1955—1961 — Темірбай Байбосынұлы Дарқанбаев * 1961—1970 — Асқар Закарұлы Закарин * 1970—1986 — Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков * 1986—1988 — Еділ Ерғожаұлы Ерғожин * 1988—1991 — Мейірхан Мүбәрәкұлы Әбділдин * 1991—2001 — Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаев * 2001—2008 — Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұлов * 2008—2010 — Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов * 2010 – 2021  — Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов * 2021 – жылдан бастап Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев ## Атақты түлектер * Зейнолла Қабдолов * Әбіш Кекілбаев * Мұхтар Мағауин * Дулат Исабеков * Қадыр Мырза Әлі * Тұманбай Молдағалиев * Тұрсын Жұртбай * Жүрсін Ерман * Нұрлан Оразалин * Олжас Сүлейменов * Әзілхан Нұршайықов * Рахман Алшанов * Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова * Өмірзақ Айтбайұлы Айтбаев * Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов * Мырзатай Жолдасбеков * Игорь Иванович Рогов * Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов * Қайрат Мәми * Тауман Төреханов ## Серіктес университеттер * Hankuk University of Foreign Studies, Корея Республикасы * Pusan University of Foreign Studies, Корея Республикасы * Soongsil University, Корея Республикасы * Ching Yun University, Тайвань ## Тағы қараңыз * әл-Фараби * QS Әлем Университеттері Ранкингі ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * mkm.kz Мұрағатталған 20 ақпанның 2013 жылы. * ҚазҰУ электронды кітапханасы Мұрағатталған 17 желтоқсанның 2008 жылы. * ҚазҰУ-дың ресми сайты Мұрағатталған 16 маусымның 2011 жылы.
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ, БАҚ және мерекелік іс-шараларда «Бірінші медициналық» (орыс. Первый медицинский) ) — 1930 жылы негізі қаланған Қазақстандағы тұңғыш және жетекші медициналық жоғары оқу орындарының бірі. ЮНЕСКО-ның Университеттердің Халықаралық анықтама кітабына (ағылш. International Handbook of Universities (IHU)) енгізілген жоғары оқу орындарының бірі. С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Қазақстанның атақты ғалым-оқытушылары, ҚР Ұлттық ғылым академиясының, Ресей медицина ғылымдарының академиясы, Халықаралық академиялардың академиктері жұмыс істейді. Университеттің академиялық штатында 1712 мамандандырылған оқытушы, оның ішінде ҚР Ұлттық Ғылым академиясының 6 академигі, 3 мүше-корреспонденті, 2 Ресей Ғылым академиясының академигі, 167 медицина ғылымдарының докторы, 454 ғылым кандидаты және доцент, 7 «ҚР Үздік оқытушысы» бар. ## ҚазҰМУ миссиясы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті – бұл шетелдік және отандық ғалымдарды кеңінен тартумен қоса әрдайым ғылыми әлеуетін арттыра отырып, медициналық және фармациялық білім беру біліктілік-бағыттау моделін жүзеге асыру арқылы фармация және денсаулық сақтау саласында бәсекеге қабілетті мамандарды көпсалалы дайындау бойынша Орта Азияда көшбасшы, инновациялы-бағытталған және әлеуметтік – жауапты университет ## Университет құндылықтары С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың барлық деңгейдегі білім алушыларының, қызметкерлерінің және оқытушыларының мінез-құлқын анықтайтын жеті негізгі құндылықтары (2014 жылы 28 қаңтарда ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген): * Елге қызмет (лат. Servire) * Кәсіпке адалдық (лат. Officium) * Шаңырақ мәртебесі (лат. Honor) * Ұстаздарға ізет (лат. Veneratio) * Шәкіртке ілтипат (лат. Respectus) * Ұрпаққа ұлағат (лат. Successio) * Болашаққа ұмтылыс (лат. Objectare) ## Тарихы Алматыда медицина институтын ашу жайлы шешім РКФСР ХКК 1930 жылы 10 маусым күнгі «РКФСР қарамағындағы жоғары оқу орындарына 1930-1931 оқу жылына арналған қабылдау желісі, құрылымы мен контингенті» атты Қаулысымен қабылданды. Бұл қаулының қосымшасында «...Алматы. Медицина институты. Емдеу ісі. Қабылдау: 1930/1931 қыс – 100 адам» деген аса маңызды жазу жолдары болды. Бұл қаулы Қазақстанда медициналық институт ашу туралы алғашқы құжат болды. Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариатының 30 қараша 1930 жылғы № 260 бұйрығымен медициналық институттың директоры болып 1912 жылы Петербургтегі Әскери-медициналық академиясын бітіріп келген Санжар Жапарұлы Аспандияров тағайындалды. 1931 жылы институт штаты 5 профессор, 4 доцент, 13 ассистент және 2 оқытушыдан құралды. Профессорлар: С. Ж. Асфендияров (қоғамдық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі), В. В. Авербург (гистология кафедрасының меңгерушісі), В. А. Захваткин (биология кафедрасының меңгерушісі), П. О. Исаев (морфология, кейіннен қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі), Н. Н. Литвинова (химия кафедрасының меңгерушісі). 1936 жылы институтты 66 түлек бітіріп шықты.. Балалар дәрігерінің жетіспеушілігі 1938 жылы педиатрия факультетінің ашылуына себепші болды. Факультеттің алғашқы деканы және ұйымдастырушысы Саратов университетінің медицина факультетінің түлегі А. И. Малинин болды. ### Соғыс жылдары Соғыс жылдары институтты 2000 дәрігер аяқтады, солардың ішінде 75% (84 оқытушы және 262 студент) фронтқа аттандырылды. Қаһарман қазақ қызы Кеңес Одағының Батыры – Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова және артиллерия полкының командирі Владимир Семёнович Иванилов (қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген) осы институттың түлектері. Университет оқытушыларының арасында 4 «Жауынгерлік Қызыл ту» орденінің, 59 «Қызыл жұлдыз» орденінің, 1 «III дәрежелі Даңқ» орденінің (Елжан Құсайынұлы Мұхамеджанов) иегерлері бар. Соғыс жылдары эпидемиялық қауіптің артуына байланысты 1943 жылы институттың үшінші факультеті – санитарлық-гигиеналық факультеті ашылды. ### XX ғасыр Кейін студенттер саны артып, сәйкесінше факультеттер саны да арта бастады, мәселен 1951 жылы фармация факультеті, ал 1959 жылы стоматология факультеті ашылды. 1981 жылы мамандарды дайындау ісіндегі және ғылымға қосқан үлестері үшін медициналық институт Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 11 қаңтар 1989 жылғы №17 Қаулысымен институтқа С. Ж. Асфендияров есімі берілді. XXI ғасыр ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің 5 шілде 2001 жылғы № 648 «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Жарлығымен институт Қазақ ұлттық медицина университеті статусына ие болды. 2011 жылы С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылыми Кеңесінің шешіміне сәйкес, ректордың бұйрығымен 10 мамыр 2011 жылғы №291 бұйрығы негізінде, бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан «Симуляция орталығы» ТМД-да теңдесі жоқ «Тәжірибелік дағдылар орталығы» болып қайта құрылды. 2011 жылдың 16 қыркүйегінде салтанатты түрде ашылып, орталыққа атақты балалар хирургі, профессор, АМК академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚазҰМУ түлегі — Қасен Қожақанұлы Қожақанов есімі берілді. Тәжірибелік дағдылар орталығының құрылымына төмендегі бөлімшелер қарайды. * Медициналық симуляция орталығы * Коммуникативті дағдылар орталығы * Фармацевтикалық дағдылар орталығы * Тіс емдеу дағдылар орталығы * Білімдер мен дағдыларды тәуелсіз бағалау орталығы. * Апат медицинасы орталығы. * Компьютерлік сынып ## Халықаралық ынтымақтастығы ҚазҰМУ таяу және қиыр шетелдермен әріптестік келісім шарт орнатқан, солардың ішінде: Нагасаки Университеті (Нагасаки, Жапония), Азия-Тынық мұхиты университеті (Жапония), Parkway College (Сингапур), Перуджи Университеті (Перуджа, Италия), Оңтүстік Дунай Университеті (Кремс, Аустрия); Қырғыз Мемлекеттік медицина Академиясы (Бішкек, Қырғыз Республикасы), А. Богомольц атындағы Ұлттық медицина университеті (Киев, Украина), Ұлттық фармация университеті (Харьков, Украина), И. Сеченов атындағы Мәскеу медициналық академиясы (Мәскеу, Ресей) және т.б. Жалпы алғанда университеті 27 мемлекеттің 102 жоғары оқу орындарымен және Жапония, Германия, Ресей Федерациясы және АҚШ сияқты мемлекеттердің ғылыми және медициналық орталықтарымен байланыс орнатқан. Халықаралық университеттер бірлестігі (ағылш. International Association of Universities, IAU), Университеттердің Еуропалық Ассоциациясы (ағылш. European University Association (EUA)) сияқты 9 халықаралық бірлестіктердің мүшесі. 2013-2014 оқу жылы бойынша әлемнің 14 мемлекетінен университетте 88 визитинг-профессор өз дәрісін берді. Университетте әлемнің 15 мемлекетінен студенттер білім алуда: ## ҚазҰМУ символдары ### Логотипі Логотиптің ортасында «Ұ» әрібі (университеттің ұлттық мәртебесін айқындап, оның терең тарихын шертеді) орналасқан. Әріптің аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы бейнеленген, бұл университеттің ҚР мемлекеттік рәміздеріне деген құрметін білдіреді. Әріптің төменгі жағында «1930» саны, яғни ең алғашқы университеттің құрылған жылы бейнеленген. Осының бұл композицияны даңқтың, гүлденудің және мәңгіліктің белігісі ретінде лавр ағашының бұтақтары көмкеріп тұр. «Ұ» әрібін орала көмкеріп тұрған жылан мен әріптің жазылуынан пайда болатын крест – медицинаның дәстүрлі символы. ### Туы Ақ матаның үстінде университет логотипі бейнеленген. Ақ түс – тазалықтың, үміттің символы, сондай-ақ медицинаның кәсіби түсі – ақ халат. ### Гимн Гимнің авторы – стомотология факультетінің 1966 жылғы түлегі – Төрехан Әбіш. Гимнің толық нұсқасын университеттің ресми сайтынан көруге болады. ### Университет атауы Осы кезге дейін университеттің ресми атауы 4 мәрте өзгертілді: * 1930 – 1963 жылдары — Қазақ мемлекеттік медицина институты * 1963 – 1995 жылдары — Алматы мемлекеттік медицина институты * 1996 – 2001 жылдары — С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университеті * 2001 жылдан бастап — С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті ## Факультеттер мен кафедралар Университетте 8 факультет, 106 кафедра мен модуль бар, солардың ішінде 62 клиникалық кафедра. * Жалпы медицина мектебі 1 * Жалпы медицина мектебі 2 * Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі * Фармация мектебі * Стоматология мектебі * Педиатрия мектебі * Халықаралық факультет * Дипломнан кейінгі білім беру факультеті (Резидентура) Университетте білім беру қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде келесі мамандықтар бойынша өтеді: ### Жалпы медицина факультеті Университет 2007 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Жалпы медицина» мамандығы бойынша мамандарды дайындауда. Жалпы медицина факультетінде 2015-2016 оқу жылы бойынша 7107 студент оқиды, соның ішінде 948 шетел азаматтары. Факультетте 13 мемлекеттен 26 ұлт өкілдері оқуда, олардың басым бөлігі, шамамен 67 % Үндістан азаматтары. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқу құрылымы келесідей. ## Инфрақұрылым Университеттің жалпы ауданы - 47 068 м². Инфрақұрылымы: 7 оқу корпусы, 1604 орынды 7 жатақхана, 6 институт, 3 клиника және 3 клиникалық база, 11 орталық, 3 мектеп, Халық денсаулығына қауіп-қатерді бағалау зертханасы, Ұжымдық пайдаланудағы Геномдық зертхана, Республикалық ғылыми-медициналық кітапханасы, Республикалық медицина тарихы мұражайы, «Concordia» театры, 102 орынды тест орталығы, спорт залы және спорт алаңы бар. ### Институттар * Б.А. Атшабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институты (ІжҚМҒЗИ) * Стомотология институты Мұрағатталған 6 мамырдың 2016 жылы. * Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институты Мұрағатталған 21 маусымның 2016 жылы. * Мейірбике ісі институты Мұрағатталған 25 сәуірдің 2016 жылы. * Клиникалық фармакология институты Мұрағатталған 26 сәуірдің 2016 жылы. ### Клиникалар Қазіргі таңда ҚазҰМУ құрамында заманауи құралдармен жабдықталған, көптеген ауруларға кешенді диагностика мен амбулаториялық емдеу жүргізуге мүмкіндік беретін 3 университеттік клиника жұмыс істейді. * Клиникалық-білім беру орталығы (профессорлық клиника) Мұрағатталған 10 маусымның 2016 жылы. * ҚазҰМУ ішкі ағзалар аурулары клиникасы Мұрағатталған 6 мамырдың 2016 жылы. * Тіс емдеу клиникасы Мұрағатталған 10 тамыздың 2016 жылы. ## Ректорлары мен директорлары Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Денсаулық сақтау халық коммисариатының 30 қараша 1930 жылғы № 260 Бұйрығымен медициналық институттың директоры болып 1912 жылы Петербургтегі Әскери-медициналық академиясын бітіріп келген Санжар Жапарұлы Аспандияров тағайындалды. ҚазҰМУ ректорының қызметінде осы университеттің 4 түлегі — Самарин Р. И. (1960–1963) Мәскеев Қ. М. (1975 – 1986), Момынов Т. Ә. (1995 – 2008), Ақанов А. А. (2008 жылдан бастап) болған. ## Әйгілі түлектері және қызметкерлері Уиверситетте 44 Қазақ КСР Еңбек сіңірген дәрігерлері (Қарынбаев С.Р., Зюзин В.И. және т.б.), 16 Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаттары (Алдашев А.А., Әлиев М.Ә., Ормантаев К.С. және т.б.) жұмыс істеген. Сибуғатулла Қарынбаев, Александр Сызғанов және тағыда 13 университет оқытушылары КСРО жоғары наградасы – «Ленин» орденінің иегері.Қазіргі таңда университеттің түлектері Қазақстан Республикасында, Ресей Федерациясында және басқа да әлем елдерінде, сондай-ақ университеттің өзінде де жұмыс істеуде: * Қасен Қожақанұлы Қожақанов — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1994), профессор (1994). * Александра Александровна Буванова — Социалистік еңбек ері, Шымкент қаласындағы № 1 перзентханадағы дәрігер-акушер. * Ысқақ Әлібекұлы Әлібеков — Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері (1961). * Дарья Владимировна Клебанова — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Республикасының Парламентінің мәжіліс депутаты. * Раиса Степановна Боронина — Социалистік еңбек ері. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. * Бахия Атшабарұлы Атшабаров — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1967), профессор (1969), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1975), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1961). * Төрегелді Шарманұлы Шарманов' — Медицина ғылымының докторы, профессор, Ресей медицина ғылымдары академиясының және Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының және Профилактикалық медицина академиясының негізін қалаушысы және оның президенті, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тағамтану жөніндегі эксперттер комитетінің мүшесі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Л.Бернард атындағы сыйлығының (2005) иегері. * Камал Сәруарұлы Ормантаев — дәрігер-педиатр, Қазақстандағы балалар хирургиясының, педиатриясының, травматологиясының және анестезиологиясының негізін салушы. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (1994 жылдан бастап). * Қуаныш Мүбәракұлы Мәскеев — фтизиатр, медицина ғылымдарының докторы (1972), профессор (1974), ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер (1981), академик (1995). 1955 жылғы ҚазҰМУ түлегі. 1975 жылы университет ректоры қызметіне тағайындалды, осы қызметті 1987 жылдың сәуір айына дейін атқарды. * Мұхтар Әлиұлы Әлиев — хирург, медицина ғылымдарының докторы (1974), профессор (1976) Қазақстан Республикасының ғылым академиясының академигі (1989), Қазақстан Республикасының медицина ғылымдары академиясының президенті және негізін салушы (1995), Халық қаһарманы (1995), Халықаралық медицина ғылымдары академиясының президенті және негізін салушы (Брюссель, Бельгия) * Кеңесбай Үшбайұлы Үшбаев — ғылым қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, әлемдегі алғашқы қазақ фармацевтика ғылымдарының докторы. * Алшынбай Рақышұлы Рақышев — Нейроморфолог, медицина ғылымдарының докторы (1968), профессор (1969), Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003). ## Дереккөздер
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) — Қазақстан Республикасының ең алғашқы Жоғарғы оқу орны. ## Тарихы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) – 1928 жылы 1 қыркүйекте қазақ мемлекеттік университеті атты бірінші қазақ жоғары оқу орны ашылады.. Онда бір ғана педагогика факультеті болады, ол үш бөлімнен тұрды: физика-математика; жаратылыстану; лингвистика-педагогика. Үш факультетті жаңадан қалыптастыру жоспарланды: педагогика, ауыл шаруашылығы, медицина. Олар өз қызметін 1932-33 оқу жылында бастауға міндетті еді. Халыққа білім беруді қарқынды дамыту үшін қайта ашылған ЖОО жеке педагогикалық институт ретінде жетілдіру қажет болды. Сондықтан 1930 жылы университет қазақ мемлекеттік педагогикалық институты (ҚазПИ) болып аталды, ал 1935 жылы оған ұлы Абайдың есімі берілді. ҚазПИ бұрынғы Верный әйелдер гимназиясының бір қабатты ғимаратында орналасқан. Оқуға түсушілерге арнайы 5 айлық курстар жұмыс істей бастады, сонымен қатар педагогика техникум, педогогикалық училище және жұмысшыларға арналған факультет ашылды. Жоғарыда көрсетілген оқу орындарына көбінесе жетім балалар үйінің тәрбиеленушілері, жалшылардың және орта шаруалар мен қызметкерлердің балаларының шектеулі саны қабылданатын болған. Республиканың халық ағарту ісінің оқу орындарын аймақтық бөлу 1928 жылы өтті. Институтқа қабылдау екі бөліктен тұрды: қыркүйек және қазан айларында. Нәтижесінде 124 адам қабылданды, оның 28-і әйел адам. Студенттер құрамы көпұлтты болды. Олардың ішінде қазақтар саны 76, орыстар саны 42, басқа ұлттар өкілдерінің саны 6 болды. 75%-ға жуық студенттер шәкіртақымен қамтамасыз етілді. Мұқтаж болғандарға жатақханадан орын берілді. Студенттердің төмен деңгейдегі дайындығына байланысты оларға жалпы ғылыми пәндер бойынша атап айтатын болсақ, орыс тілі, қазақ тілі, математика, физикадан косымша сабақтар өткізілетін болған. 1 курста 9 оқытушы сабақ берген, оның үшеуі профессор, бесеуі доцент, біреуі ассистент. Институт халық арасында ғылыми-ағарту жұмыстарын жүргізген. ҚазПИ жанында 190 тындаушысы бар жексенбілік институт қалыптасқан. Оқытушылар еңбекшілерге дәрістер оқып, ғылыми баяндамалар жасады, институттың жанында сауатсыздықты жою мақсатымен мектеп ашылды. Қала тұрғындары арасында тақырыптық кештер, пікірталастар, конференциялар және басқа да мәдени-ағарту іс-шаралары жиі өткізілетін болған. Кәсіби мамандандырылған ғылыми-педагогикалық кадрларды жинақтау ҚазПИ-дің сол уақыттағы маңызды мәселесінің бірі болды. Бұл мәселе екі жолмен шешілді: мамандардың жартысы орталық ЖОО шақырылды, ал қалғандары жергілікті кадрлардан дайындалды. Институттың қалыптасуы мен дамуына туыс республикалардың көптеген оқу орындары, атап айтсақ, Мәскеу мен Ленинградтың ЖОО үлкен үлесін қосты. Олар өз кітапханалары және кабинеттерге арналған құралдарымен бөлісті. Сол жылдары ҚазПИ-ге жұмыс істеуге атақты ғалымдар, мысалы: әдебиеттанушы Н.Фатов, математик Б.Кругляк, физик В. Литвинов, биолог С.Логинов, эмбриолог А.Захваткин және т.б. келген. Институтта қазақ халқының көрнекті өкілдері Ораз Жандосов, Сәкен Сейфуллин, Баймен Алманов, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмүхамедов, Ілияс Қабылов, Темірбек Жүргенов және т.б. жұмыс істеді. Соғыс жылдарына дейінгі уақыт ЖОО үшін қызметтің қалыптасуы мен дамуындағы ең маңызды кезең болды. Институт қабырғасында дайындалған мұғалімдер санынын өсуі байқалды, қадрларды дайындау сапасы жақсартылды, студент жастарды тәрбиелеу мен оқыту дэстүрі қалыптастырылды. Институт ғылыми ой орталығының бірі болып табылды. Бұл жерде қазақстан тарихының дамуы мен қазақ тілі және әдебиетінің мәселелері қарастырылды, жаратылыстану ғылымдары саласында алғашқы зерттеу жұмыстары басталды. Институт үшін Ұлы Отан соғысы жылдары қиын жылдар болды. Соғыс жылдарының қиындығына қарамастан студенттер қайсарлықпен білім алды. Көптеген оқу пәндері бойынша ғылыми және әдістемелік оқытудың деңгейі көтерілді, оған себеп соғысқа байланысты Алматыға көшірілген КСРО-ның әртүрлі қалаларынан шақыртылған ғалымдар еді. Олардың кұрамында ақадемиктер И.Мещанинов, В.Чернышев, В.Фесенко, профессорлар А.Глаголов, М.Рубинштейн, И.Палунск, Р.Фридман және т.б. болды. Соғыс жылдары енбектегі ерліктері үшін институттын онға жуық оқытушылары, қызметкерлері, студенттері Отанның жоғары жүлдесі Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды: Мәлік Ғабдуллин, Лесбек Жолдасов, Қанаш Камзин, Рахымжан Тоқтаев, Ахмедияр Хұсайнов, Саду Шакирим. Соғыс жылдарынан кейін Абай атындағы ҚазПИ-дің қызметінің барлық салалары сапалы өзгерістерге ұшырады, ол Қазақстанның экономика және мәдениетінің дамуы жаңа кезенінің белгілі мақсаттарына байланысты. Осыған сәйкес оқу-тәрбие қызметінің әдістері мен тұлғалары, ғылыми мәселелер және институттың құрылымы белгіленді. Профессор-оқытушылар құрамының мақсаты, тандаған мамандықтары бойынша терең ғылыми білімді меңгеру, кәсіби қасиетті және мұғалімдік мамандыққа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Мектептегі кәсіби мұғалімдерге сұраныстың өсуіне байланысты институтқа студенттерді қабылдау кеңейтілді. Егер соғыстан кейінгі 1946 жылы 1 курстың күндізгі бөліміне 362 студент қабылданса, ал 1956 жылы оның саны 567-ге өсті. Мәселені шешу үшін университет мамандарды дайындауды халықаралық стандарттарға сәйкестендірді. Жоғары оқу орны 1993/94 оқу жылынан бастап кадрларды дайындау үшін көп деңгейлі жүйеге, сондай-ак, екі кезеңдік білім берудің "4+2" моделі бойынша өтеді. 1 кезең бакалаврлық атаққа иелік ету үшін 4 жыл дайындық, 2 кезең болашақта аспирантураға түсу мақсатымен магистр атағына ие болу 2 жыл дайындықты қажет етеді. Сонымен қатар мамандарды дайындау құрылымы қайта қаралады. Соңғы жылдары "Банк ісі", "Салық салу", "Маркетинг және сауда", "Шығыстану", "Араб тілі", "Мүсін", "Информатика және ағылшын тілі", "Биология психология", "Халықаралық туризм", "Халықаралық кұқық", "Психология" сияқты жаңа мамандықтар ашылды. Факультеттер мен кафедралар да құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Екі факультет құрылды: халықаралық қатынастар және қаржы-экономика. Оқу процесін қамтамасыз ету үшін жаңа мамандықтар бойынша қажетті кафедралар құрылды. Университет дамуының қысқаша тарихы: 1928 жылы 1 қыркүйек Алматы қаласында қазақ мемлекеттік университеті жұмыс істей бастады. 1930 жылы қазақ мемлекеттік университеті қазақ мемлекеттік педагогикалық институты (ҚазПИ) болып өзгертілді. 1935 жылы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына ұлы қазақ ағартушысы Абайдың есімі берілді. 1990 жылы Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогикалық институты Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті болып өзгертілді.1992 жылы 24 қарашасында ҚР Министрлер Кабинетінің Қаулысымен Абай атындағы ҚазМПУ Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті болып өзгертілді. 1993 жылы екі кезеңдік білім беру "4+2" моделі бойынша кадрларды дайындау үшін университет көп денгейлі жүйеге өтті.1996 жылы "ТАСИС" бағыты бойынша оқу және ғылым қызметінің халықаралық аудитін Қазақстанда сәтті жүзеге асырғандардың бірі Абай атындағы АлМУ. 1998 жылы орнатылған кесте бойынша Абай атындағы АлМУ қызметі мемлекеттік аттестациялаудан сәтті өтті. 2000 жылы тамыз айында КР Үкіметінің Қаулысымен Абай атындағы АлМУ "Абай атындағы Алматы университеті" ЖАҚ болып өзгертілді. 2001 жылы мемлекеттік аккредитациядан, 2003 жылы мемлекеттік аттестациядан сәтті өтті. 2003 жылы желтоқсан айында ҚР Үкіметінің Қаулысымен ЖАҚ "Абай атындағы Алматы университеті" Білім және ғылым министірлігінің шаруашылықты жүргізу құқығы бойынша "Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті" Республикадағы мемлекеттік кәсіпорны болып өзгертілді. 2005 жылы МС ИСО 9001:2000 сапа саласындағы халықаралық стандарттарға университеттің сапа менеджмент жүйесінің сәйкестігін (СМЖ) сыртқы сертификациялық аудит анықтайды, оған IQNet халықаралық Сертификат және "Русский Регистр" Сертификаты (тіркеу номірі RU05.334.026) 2005 жылы 10 қарашада дәлел болады. 2006 жылы ҚР БҒМ өткізген оқытудың несие жүйесі бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ эксперимент базасы болып табылады. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) Қазақстандағы ең ірі жоғары оқу орындарының бірі. Жоғары оқу орнында үздік білім беру жүйесі қалыптасты және жүзеге асты. ## Ректорлар тізімі Университет ашылғалы бірнеше ректор болды, олар: * Санжар Жапарұлы Аспандияров (медицина) Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры1928-1931 жж. * Алманов Баймен Алманович Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры1931 - 1934 жж.(қуғын-сүргін құрбаны) * Сакаев Ш Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1934 - 1935 жж.(қуғын-сүргін құрбаны) * Бекжанов Шаихислам Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры1935 - 1937 жж. * Толыбеков Серғали Еспембетұлы (экономика)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1937 -1941 жж.1946 - 1950 жж.1963 - 1974 жж. * Әділгереев Халел Мұхамеджанұлы (тарих)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1941 - 1942 жж. * Ахмеди Ысқақұлы Ысқақов (қазақ филологиясы)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1942 - 1946 жж. * Закарин Асқар (математика)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1950 - 1953 жж. * Мәлік Ғабдуллин (қазақ филологиясы)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1953 - 1963 жж * Жүнісбек Жұмабеков (тарих)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1974 - 1980 жж. * Қасымов Құлжабай Әбдіхалықұлы (математика)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1980 - 1987 жж. * Тоқмұхамед Сәлменұлы Садықов (тарих) Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1987 - 2008 жж. ## Проректорлар * Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Ермағанбетов Мүбарак Ермағанбетұлы * Oқу ісі жөніндегі проректоры Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы * Ғылыми ісі жөніндегі проректоры Косов Владимир Николаевич * Халықаралық байланыс ісі жөніндегі проректоры Медеуова Дана Темиртайқызы * Тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ішпекбаев Жанатбек Ешенқожаұлы * Экономика және өндіріс мәселелері бойынша проректоры Кулжабаев Бауржан Джамалбекович * Аппарат жетекшісі Сманов Бақтияр Өрісбайұлы ## Факультеттері Қазіргі таңда университет құрамындағы 8 факультет, 1 институт және әскери кафедра бойынша білім беріледі: * Математика, физика және информатика факультеті * Педагогика және психология факультеті * Филология факультеті * Жаратылыстану және география факультеті * Өнер факультеті * Тарих және құқық факультеті * Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті * Foundation факультеті * Сорбонна-Қазақстан институты * Әскери кафедра ## Университет кафедралары * Мемлекеттік тіл кафедрасы * Философия және ғылымдар әдіснамасы кафедрасы * Педагогика кафедрасы * Ұлттық тәрбие кафедрасы * Академик С.Т. Садыков атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы * Шет тілдер кафедрасы * Әскери кафедрасы Мамандарды дайындау 60 кафедрада 54 мамандық бойынша жүргізіледі. Университетте күндізгі, кешкі, сырттай және қашықтан оқыту формалары бойынша 25 мыннан астам студенттер білім алуда. Сонымен қатар жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті бар (1,5 мың тындаушы). ҚазҰПУ Ұлы Еуропалық университеттер одағына косылды (Magna Charta Universitatum). Magna Charta косылу Келісімшарттың қатысушысы ғылым және білім беру саласындағы халықаралық стандарттарға жауап беретін унивеситеттердің және әлемнің алдыңғы қатарлы білім беру және ғылыми орталықтарының қатарына кіретіндігін білдіреді. ## Кітапхана Университеттің ғылыми кітапханасы 1928 жылы ашылады. Кітапхана құрылған кезде оның қорында 40 000-ға жуық кітап болады. Оның негізін Верный гимназияның кітапханасы мен жеке коллекциядағы кітаптардан құралған. Алғаш рет кітапханада 1-ақ кітапханашы қызмет істейді. Кітапхана қазіргі таңда Республика бойынша жоғары оқу орындарының ірі ғылыми кітапханаларының біріне айналды. Дәл қазіргі таңда кітапхана - 1-категорияға ие. Кітапхана қорында 2 520 722 дана кітап бар, ал оған тағы басқа басылымдарды қоссақ, әлдеқалай арта түседі. Кітап қоры - әр түрлі ғылым салаларының әдебиеттеріне бай. Кітапхана қорында ХYIII –XX ғасырларда түрлі білім саласы бойынша жарық көрген сирек кітаптар да кездеседі. Алматы және Алматы облысының жоғарғы және орта оқу орындарының кітапханалары үшін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасы 1997 жылғы 31 қантардың ҚР білім және ғылым Министрінің №33 бұйрығы бойынша оқу-әдістемелік орталығы болып саналады. Кітапхана - Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының Ассоциация мүшесі болып саналады. Материалдық-техникалық база. Кітапханада 56 компьютер бар. Оның барлығы қазіргі заманға сай лиценцияланған Windows XP операциялық жүйемен, офистік және вирусқа қарсы бағдарламамен қамтамасыз етілген. Офистік техникасының жалпы саны: 9 принтер, 4 сканер, 2 ксерокс. 56 компьютердің – 45-і студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне арналған. Қосымша электрондық ресурс залы бар. Барлық компьютерлер Интернет жүйесіне қосылған және қосымша 2 локалдық жүйесі бар. Бірінші жүйесі - кітапхана бөлімдерінің автоматтандырылған жұмыс орындарын біріктіреді, ал екіншісі - электронды ресурс залы үшін қосылған. Қазіргі таңда кітапхана автоматтандырылған «РАБИС-АБАЙ» бағдарламасы бойынша жұмыс істелінеді. Оқырмандарға қызмет көрсету тиімділігін арттыру мақсатында жаңа «ИРБИС» жобасы пайдаланады. Күнделікті қызмет. Кітапханада оқырмандарға қызмет көрсету үшін үш абонемент, 12 оқу залы ашылған. Кітапхана бөлімшесінің оқу залында диссертация және авторефераттар қоры бар. Олармен университеттің аспиранттары, бітіруші студенттері, ізденушілері пайдаланылады. Электрондық зал ашылғанына байланысты оқырмандар электрондық баспаларды осы залда пайдаланады және де басқа оқулықтар мен оқу құралдарын осы залдан табуға болады. Кітапханада «Юрист» электрондық-құқық жүйесі бар, онда зандар, қаулылар, министрдің бұйрықтары, ережелері және тағы басқа да заңдар бар. Бұл залда оқырмандарға ерекше жағдай жасалынған. Жаңа «ИРБИС» бағдарламасы бойынша оқырманға қызмет көрсету бөлімі «кітап беру» модулімен жүзеге асырады. Кітапхана университет кафедраларымен тығыз байланыста бола отырып, тапсырыс алып, үнемі ізденісте жүреді. Әсіресе, анықтамалық-библиографиялық бөлімнің еңбектері көрініп-ақ тұрады. Олар оқу залына түскен жаңа әдебиеттерге көрме ұйымдастырады, оқырмандарға жолдама береді, әдебиеттер тізімін жаңартып отырады. Тіпті, студенттерге анықтама-библиографиялық сабақ өткізеді, және де дипломдық жұмыстың орындалуына анықтама-библиографиялық және ақпараттық басшылық жасайды. Кітапхана қызметкерлері университеттің оқу және ғылыми процесін қамтамасыз етуге қатысып қана қоймай, студенттер арасында мәдени-көпшілік жұмыстар жүргізеді. Атап айтқанда, конференциялар ұйымдастырады, факультеттермен біріге отырып ақын-жазушылар мен кездесулер ұйымдастырып, көрмелер қояды. Бөлімшелердің құрылысы Кітапханада 7 бөлім бар: * 1.Қызмет көрсету бөлімі * Барлық факультеттерге арналған жалпы абонемент * 1-ші курс студенттеріне арналған абонемент * 1) физика-математика факультетінің оқу залы * 2) география-экология факультетінің оқу залы * 3) заң факультетінің оқу залы * 4) тарих факультетінің оқу залы * 5) психология-педагогика және филология факультеттерінің оқу залдары * 6) көркем-сурет факультетінің оқу залы * 7) қаржы-экономика факультетінің оқу залы * 8) халықаралық қатынас факультетінің оқу залы * 9) қазақ филология факультетінің оқу залы * 10)электрондық ресурс залы * 11) жатақханада 2 оқу залы 2)Әдебиеттерді жинақтау бөлімі 3) Әдебиеттерді ғылыми өңдеу және каталогизациялау бөлімі 4) Кітап қорын сақтау бөлімі 5) Анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық бөлімі 6) Кітапхана процесінің автоматтандыру және компьютерлендіру бөлімі 7) Жаратылыстану-география факультетіндегі филиал Электрондық каталог Кітапханада электронды каталогта 15 мың жазбалар құрайды –кітапхана бөлімінің www.Kaznpu.kz сайте орналасқан. 1997 жылдан бастап әдебиеттер ұсынылған ## Сыртқы сілтеме http://www.kaznpu.kz/kz/?lnk=jhj ## Дереккөздер