text
stringlengths 3
252k
|
---|
Жүкешев Қанағат (Жүкешев Қанат Мұратбекұлы) – тарихшы, философ, әлеуметтанушы, лингвист. Философия ғылымдарының кандидаты (1997 ж.), қауымдастырылған профессор ҚазСТА (2017 ж.).
## Өмірбаяндық мәліметтер:
1946 жылы 27 желтоқсанда ауқатты жекеменшік иесі, жаз жайлауы Тарбағатай мен қыс қыстауы Майлы-Жәйірді мекендеген, Жүкеш немересі Мұратбек Қанапияұлы мен Жаметай Мәткәрімқызының отбасында, Барлық тауының асуында, көш үстінде дүниеге келген.
Қазақ. Орта жүз, Найман – Қаракерей – Байжігіттен тарайтын Арыс (Қарақұрсақ) руынан. Қалтай батырдың ұрпағы. Ата-бабалары: Арыс-Қарақұрсақ (қалмақтар қырып кеткен Арыс руының жұртында, төңкерілген қазан астынан табылған бала. Содан Қаракұрсак аталып кеткен.) – Қалтай – Ырсымбет – Найман – Жүкеш – Қанапия – Мұратбек – Қанағат.
Шешесінің тегі: Орта жүз, Найман – Қаракерей – Байжігіттен тарайтын Тоғас руынан. Ата-бабалары: Қызыл би, Мыңбай би – Сасан би – Темірбек – Бәжікен – Мәткәрім – Жаметай (Гүлжәмила).
1962 жылы Мұратбектің отбасы Кеңестер Одағына – Семей облысының Новопокров ауданына қоныс аударды.
1964-1967 жылдары Семей қаласында М.Әуезов атындағы педагогикалық училищеде оқыды.
1967-1969 жылдары Кеңес армиясында қызмет етті.
1969-1971 жылдары Абай атындағы Семей облыстық драма театрында актерлық қызмет атқарды.
## Педагогикалық-оқытушылық қызметі:
1972-1977 жылдары Н.К.Крупская атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетін сырттай бітіріп, тарих және қоғамтану мамандығын алып шықты.
1972-1995 ж.ж. Семей облысы мен Семей қаласының оқу орындарында мамандығы бойынша жұмыс істеді.
1996-2007 ж.ж. Алматыда Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында аға ғылыми қызметкер – жетекші ғылыми қызметкер міндеттерін атқарды.
2008 жылдан бері Қазақ спорт және туризм академиясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында аға оқытушы, қауымдастырылған профессор сапасында философия пәнінен сабақ береді.
## Ғылыми-шығармашылық қызметі:
Қ.Жүкешев 200-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монографияның, 5 оқулықтың, 14 оқу-әдістемелік құралдарының авторы. Ғылыми жұмыстары негізінен төрт бағытта жүзеге асырылып келеді.
### Біріншісіне әлеуметтік-психологиялық бағыттағы зерттеулері жатады.
1997 жылы ҚР Білім беру министрлігі-Ғылым академиясының Философия институтында «Қазақстан қоғамы трансформациясы жағдайында ұлттық психологияның даму тенденциялары» тақырыбында 09.00.11 – «әлеуметтік философия» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.
Ұлттық психология мен менталитетті зерттеген еңбектерінде олардың ұқсастықтары мен нақты айырмаларын ажыратып берді.
1984 жылы қаңтарда «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған «Қалаға неге қырын қараймыз» атты сыни мақаласы Қ.Жүкешевтің Республикалық баспасөзде бірінші көрінуі болып табылады. Мақала «қазақ ауылда тұрып, мал бағумен айналысуы керек. Қалаға қоныстана бастаса, ұлт ретінде жойылып кетеді» деп есептейтін жазушы қауымды дүр сілкіндірді. Осы жыл бойы жазушы қауым автордың басына әңгіртаяқ ойнатумен айналысты.
### Екінші бағыт: Қ.Жүкешевтің орта мектепке арнап дайындаған оқулықтары мен ОӘК қамтиды.
Ол тәуелсіз Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріндегі 9-11 сыныптарға арналған екі жаңа пәннің – «Қоғамдық білім негіздері» мен «Құқықтанудың» негізін қалады. Аталған пәндердің білім құрамы мен мазмұнын анықтап, жүйелеп, білім беру стандарттары мен бағдарламаларын жасады. Авторлар ұжымын ұйымдастырды. Негізгі мектептің 9-сыныбына арналған «Қазақстан тарихын» жазуға белгілі академиктер Манаш Қабашұлы Қозыбаев пен Кеңес Нұрпейіс, «Адам. Қоғам. Құқық» оқулығын жазуға академик Ғ.Сапаргалиев пен әдіскер Г.Асанбекова тартылды. Оқулықтармен қоса, пәннің оқу-әдістемелік кешендері қатар дайындалды.
Ол өзі құрған авторлар ұжымымен бірге, 9-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Адам. Қоғам. Құқық» оқулықтары мен ОӘК дайындады.
### Үшінші бағыт - философия:
«Заманауи өркениеттер дамуының рухани негіздері» – 2007 жылы философия ғылымдарының докторы дәрежесін алуға Қ.Жүкешев дайындаған диссертация тақырыбы осылай аталды.
Қоғамды прогресс жолына түсіру амалдарын табу қиын емес. Бұл мәселе Батыс философиясында жеткілікті зерттелген. Диссертант еңбегінде қоғамның адамгершілік-моральдық бейнесіне баса зер салады. Платонның руханиятын, И.Канттың максималарын, Г.Спенсердің «адамша өмір сүру» қағидаларын бетке ұстай отырып, автор Қазақстан қоғамының рухани ахуалына дүниежүзілік тенденциялар астарында талдау жасады. Содан, қоғамды билеушілердің адамгершілік-моральдық абрисі өз деңгейінде болуы, соның нәтижесі ретінде, қоғамда қабылданған заңдылықтардың қатал сақталуы прогрес кепілі бола алады деген қорытынды шығарды.
Барлық процедуралардан өтіп, қорғауға шығатын күннің алдында қазақ филологтарының үлкен тобы жоғары инстанцияларға шағымданып, шу көтерді. Диссертацияда қазақ тілін мемлекеттік мәртебесіне лайықты қызметін атқаруға дайындау қажеттігі айтылған тарау болатын. Қазақ тілі кезінде экономикалық айналыстан шеттетіліп, стихиялы ағысқа жіберілген, ғылым тарапынан бақылаудан тыс қалған, соның салдарынан, синтаксистік құрылымы бұзылып, терминдері мен ұғымдары тұлғалық жағынан да, мағыналық жағынан да былыққан, қателерге малшынған күйге түскен болатын. Аграрлы қоғамның түкпірінде жойылуға бет алған тілді, бірден индустриялы қоғамда ресми ақпаратты жеткізуге жұмсауға болмайтын еді. Қазақ тілі заманауи өркениетті қоғамның қойнауларында болып жатқан құбылыстар мен үдерістерді жеткізуге дайын емес болатын.
Құбылыстың мәнін түсінбеген филолог атаулы, «қазақ тілінің байлығы кез келген ақпаратты жеткізуге жетеді, тек шенеуніктер ана тілінде сөйлеп, басқаға үлгі көрсетсін. Президент оларды қазақша сөйлеуге мәжбүрлесін» деген «қағиданың» соңынан түсіп алып, 30 жыл бойы дүйім жұртты құр дүрліктіріп келді.
Ол кезде формациялар ауысуы тудырып отырған тілдік проблемаларды тереңінен түсіне алатын маман филологтарды қойып, философтар арасынан да шыққан жоқ. Тіл проблемасы ғылымдар интеграциясында шешілуі керек, тілді индустриялы қоғамда әмбебап қолдануға дайындау қажет болатын. Мұндай ұсыныстарды қабылдай алмаған отандық филологтар, академик Ә.Қайдаровтың ұйымдастыруымен, диссертантқа қарсы шабуылға шықты. Тұжырымды конструктивті талқылауды кейін ысырып қойып, олар бірден Парламентке дейін барып, саяси шешім шығаруды – Қ.Жүкешевті отаннан қууді талап етті.
Диссертация қорғалмай қалды. ҚазСТА-ның баспасы "Заманауи өркениеттердің дамуының рухани негіздері" деген бұрынғы атауымен студенттер мен магистранттарға арналған оқу құралы ретінде басып шығарды (2024).
### Төртінші бағыт мемлекеттік тілді дамыту мәселелерін қамтиды.
Базалық мамандығы тарих, диссертациялық зерттеу бағыты философия бола тұра, Қ.Жүкешев, 2007 жылдан кейінгі кезеңде, ойластырып қойған жоспарларын кейін ысырып тастап, мемлекеттік тіл мәселесін зерттеуге ауысты. Оның өзіндік себептері болды.
Ы.Алтынсарин атындағы Білім беру академиясында оқулықтармен айналысып жүргенде, ол қазақ тілінің мейілінше мүшкіл күйінің куәсі болды: тіл контентінің тұрмыстық стильде ғана беріліп, аномалияға малшынған күйін көрді. Оқулықтар мен ОӘК, авторлық жазбалар да синтаксистік қателерге тұнып тұрды. Аударма үдерісі (оқулықтар екі тілде дайындалатын) қазақ тілі сөздіктерінің сапасы саналы адам төзгісіз күйде екендігін әшкерелеп берді. Қ.Жүкешевтің тілді түзеп алмай, ұлттың руханиятын алға бастыру мүмкін емес екендігіне көзі жетті. Ол мұндайға шыдап жүре беруге болмайды деген қорытындыға келді.
Формациялар ауысып, қоғам тарихи бетбұрыс жасап жатқан, өтпелі кезеңде тығырықтың себебін, тілді ғылыми амалдармен дамыту жолдарын көре алатын күш елде болмады (қазір де жоқ). Тілді индустриялы қоғамда әмбебап қолдануға дайындау қажеттігін түсінуге ешкімнің зердесі жетпеді. Отандық филологтар аграрлы қоғамда экономикалық айналыстан шеттетіліп, ауылда, тұрмыс шеңберінде қамалып қалған, синтаксистік жүйесі әбден бұзылған тілді бірден индустриялы қоғамда ресми ақпарат жүргізуге пайдалану мүмкін болмайтынын ескермеді. Кеңес кезінде қазақ тілін жою шараларына атсалысқан, оны айналыстан ығыстырып шығару амалдарын зерттеген, тапқан, жүзеге асырып келген қазақ филологтары, тәуелсіздіктен кейінгі кезеңде де, теріс бағыттарынан қайтқан жоқ. Кеңестік тілдерді жою саясатын айыптамады, одан біржола бас тартатындықтарын мәлімдемеді. Бұрынғыша, тілдің түпкілікті мүддесіне қайшы әрекеттерін жалғастыра берді.
Қазақ баласы ұлттық аурасы тұнып тұр деп саналатын, туған үйінен тіл біліп шықпайды. Балабақша сәбиге тіл үйрете алмайды. Мектеп арнайы бағдарламамен, оқулықпен, әдістеме қолданатын мұғалімнің күшімен, бағамен ынталандырып, регламенттеп оқытып бағдарламалық мәтінді меңгерте алмайды. Ауыл мектебін, сонан кейін, ЖОО-ны қазақша бітіріп, өндіріске келген маман бірден орысшаға ауысып кетеді. Сөздіктер қателерге тұнып тұр. Оқулықтың оңғаны болмады, қазір де жоқ. Қазақтілді филологияда мектеп оқулықтарын түзей алатын күш жоқ. Толыққанды қазақтілді орта жоқ. Қазақ тілінде заманауи азаматтың талғамына татитын, оның тілін үйренуге ұмтылысын жебейтін контент жоқ. Мұның салдары Қ.Жүкешевке іс жүзінде қазақтілді филология деген ғылым жоқ, филологияның атын жамылған паранаука бар деген қорытынды шығаруға итермелеген болатын.
Паранауканы жасап отырған псевдоғалымдармен кездесіп, өзекті тақырып талқылау мүмкін емес. Өйткені, олар озық лингвистикаларда қолданылатын ғылыми аппаратпен таныс емес. Олар әдеби тіл, оның критерийлері; тілдің стандартталуы; жалпыхалықтық тіл; тілдің семантикалық жүйесі; тілдің индустриялы қоғам өмірін репрезентациялау мүмкіндігі; тіл контентінің сапасы және оның тіл үйренуге мұқтаждық тудыру қабілеті; ареалды лингвистика, корпустық лингвистика, когнитивтік лингвистика, т.б. тақырыптарда талқылау жүргізуге дайын емес. Терминдердің мағынасын түсінбейді. Тіл стилистикасы сонау кеңестік оқулықтардың өзінде теріс түсіндіріліп келген болатын. Қазір де тіл стильдерінің ажыратылуы ғылымилықтан аулақ, үстірт тәпсірленген, мысалдармен, жаттығулармен тәптіштелмеген. Сондықтан, тіл қолдану кеңістігінде ешкім ресми стиль талаптарын сақтап сөйлей алмайды.
«Тіл философиясы» (2021 ж. 4 қарашада) республикалық онлайн-семинарда талқыланды. Оған қатысқан 38 дәрежеленген филологтар толық құрамымен, бір ауыздан кітапта келтірілген идеялар мен тұжырымдарға қарсы шықты. Жазбаша пікір бергендердің ешқайсысы конструктивті пікір айта алмады. Өйткені, олардың өздері ғылымнан аулақ, сөйлемін синтаксистік талаптар тұрғысынан дұрыс құрып, ойын жеткізе алмайтын адамдар болып шықты. Бір профессор 3 беттік ғылыми сараптамасында 48 қате жіберген еді. Тұтас салада ахуалдың осылай өрбіп отырғанын түсінетін ешкім жоқ. Бір ескерерлігі, автордың осы айыптауларына қарсы шығып, ғылымды, ғалымдық аттарын, намысын қорғауға шығатын ешкім тағы болмады.
Отандық филологтар қазіргі таңдағы қазақ тілін дамытудың бірден бір ғылыми, перспективалы жолын көрсетіп берген Президенттің нұсқауын орындамай отыр. Қ.-Ж. Тоқаев «тіл мәселесіне «ғылыми тұрғыдан келу,.. қазақ тіліне реформа жасау,.. тілімізді модернизациялау керектігін» ескерте келіп, бұл трендті жүзеге асыру үшін «еуропа елдерінің тәжірибелеріне сүйену керектігін» айтқан болатын.Алайда, содан бері бұл бағытта ешқандай жылжу болған жоқ. Мұны ел Президенті ұсынған бағыттарға қарсы ұйымдасқан ұжымдық саботаж ретінде бағалауға болады.
«Тіл философиясы» кітабында дүниежүзінің алдыңғы қатарлы лингвистикаларының тәжірибелеріне сүйене отырып, автор қазақ тілін индустриялы қоғамда әмбебап қолданылатын тіл ретінде дамытудың ғылыми жолдары ұсынады. Ол мынадай негізгі бағыттарды қамтиды:
* - қазақ тілін стандарттау үдерісінен өткізу;
* - стандарт арқылы тілді әдеби нормаға түсіру (әдеби нормаланған корпус, бірінші кезекте, жиі қолданылатын 12000 тілдік бірлікті қамтуы керек);
* - қазақ тілінде кең таралатын ресми ақпаратты осы корпусқа енген лексика негізінде құру;
* - ресми стилистиканы орнықтыру (бірінші кезекте, ғылыми, саяси-публицистикалық және педагогикалық әдебиеттерде);
* - тілдің индустриялы қоғам өмірін репрезентациялау мүмкіндігін арттыру;
* - тіл контентінің сапасын тіл үйренуге мұқтаждық тудыратын деңгейге көтеру;.. т.б.
«Тіл философиясы» рухы мен идеологиясы тұрғысынан Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының мемлекеттік тілді дамыту парадигмасының мазмұнымен толық үндестік табады.
## Жарияланған еңбектерінің іріктелген тізімі
* Жүкешев Қ.М. Ауылшылдықты асқындырып алмайық // Жұлдыз, 1988, № 9, 176-184 б.б.
* Жүкешев Қ.М. Әлеуметтiк-психологиялық адаптация: бейiмделу және образ шынайылығы // Уақыт және қаламгер, А.: Жазушы, 1990, 107-124 б.б.
* Жүкешев Қ.М. Ұлттық психологияның сипаты // ҚР Бiлiм министрлiгiнiң республикалық баспа кабинетi, 1993., 196 б.
* Жукешев Қ.М. Қазақстан қоғамының қазiргi жағдайында ұлттық психологияның даму тенденциялары. Диссертация философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесiн алу үшiн. 09.00.11 //ҚР ҒМ-ҒА Философия институты. Алматы, 1997.- 161 бет. № 4590.
* Қазақстан Республикасының жалпы бiлiм беретiн мектептерiнде қоғамдық бiлiм негiздерiн оқыту тұжырымдамасы. Жалпы бiлiм беретiн негiзгi мектепке арналған “Адам. Қоғам. Құқық” пәнiнiң бағдарламасы: /9-сынып/, Республикалық баспа кабинетi,- Алматы, 1997.- 56 б.
* Тұрлығлов Т.Т., Жүкешев Қ.М., Бекiшева Р.М., Налаева Р.Б. Қоғамдық бiлiм негiздерi // Қазақстан Республикасы орта бiлiм стандарты 1-кiтап. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер.– Алматы, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм академиясының Республикалық баспа кабинетi. 1998, – 330 б. (170-187 б.б.).
* Познание мира: Учебник для 4-класса общеобразовательной школы. К.Жунусова, А.Бирмагамбетов, К.Аймагамбетова, И.Нугуманов, К.Жукешев. – Алматы: Атамура, 1999, – 176 с.
* Жүкешев Қ және басқалар. Қоғамдық бiлiм негiздерiнен бағдарламалар жинағы /9-11 сыныптар/. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың бiлiм академиясының Республикалық баспа кабинетi, – Алматы. 2000, – 74 б.
* Жукешев К.М. и др. Программа. Введение в правоведение (программа в четырех вариантах), – Алматы: Республиканский издательский кабинет Казахской академии образования им. И.Алтынсарина, 2000, – 48 с.
* Жукешев К.М. Методическое пособие по курсу “История и культура малочисленных народов Казахстана”.– Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 58 с.
* Козыбаев М.К., Байпаков К.М., Нурпеис К., Мажитов С.Ф., Жукешев К. История // Республика Казахстан. Энциклопедический справочник. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2001. – 584 б. (39-110 б.б.).
* Жүкешев Қ., Лактионова О, Бейсебекова Г. “Адам. Қоғам. Құқық”. Дидактикалық материалдар. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 9-сыныбына арналған байқау құралы. – Алматы: “Мектеп” 2002. – 60 б.
* Жүкешев Қ. және басқалар. Қазақстан тарихы. Әдiстемелiк нұсқау: Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 9-сынып мұғалiмдерiне арналған байқау құралы. –Алматы: “Мектеп баспасы” ЖАҚ, 2002. – 116 б.
* Жүкешев Қ. Егемендiк пен тәуелсiздiк - бiр тарихи оқиғаның екi кезеңi // Саясат, № 6, 2002. – 44-45 б.б.
* Авторлар ұжымы. Педагогикалық-психологиялық терминдер сөздiгi. // Алматы, “Мектеп баспасы” ЖАҚ, 2002.
* Жүкешев Қ. Адам және қоғам. Жалпы білім беретін орта мектептің 11 сыныбына арналған оқулық. Алматы: “Глобус” баспа үйі, 2003, 2004.– 352 бет.
* Жукешев К.М. и др. Человек. Общество. Право: Учебник для 9 класса общеобразовательных школ // Жукешев К.М., Сапаргалиев Г.С., Асанбекова Г.С.– Алматы: Издательство “Мектеп”, 2005, 2009, 2013.– 256 с. (на казахском, русском языках).
* Человек. Общество. Право: Хрестоматия. Учебное пособие для 9 классов общеобразоваиельных школ // Сост.: К.М.Жукешев, Г.С.Асанбекова.– Алматы: Издательство “Мектеп”, 2005, 2009, 2013.– 240 с. (на казахском, русском языках).
* Жукешев К.М. и др. Человек. Общество. Право: Методическое руководство. Пособие для учителей 9 классов общеобразоваиельных школ // К.Жукешев Г.Асанбекова, Г.Бейсебекова.– Алматы: Издательство “Мектеп”, 2005, 2009, 2013.– 256 с. (На казахском, русском языках).
* Жукешев К.М. и др. Человек. Общество. Право: Дидактические материалы. Пособие для 9 классов общеобразоваиельных школ // К.Жукешев Г.Асанбекова, О.Лактионова.– Алматы: Издательство “Мектеп”, 2005, 2009, 2013.– 256 с. (На казахском, русском языках).
* Қазақстан тарихы (1914-2004 жж.): Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 9-сыныбына арналған оқулық // М.Қозыбаев, К.Нұрпейiс, Қ.Жүкешев.– Алматы: “Мектеп” баспасы, 2005, 2009, 2013.– 248 бет (қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде).
* История Казахстана: Хрестоматия. Учебное пособие для 9 классов общеобразоваиельных школ // Сост.: К.Нұрпейiс, И.Қозыбаев, К.Жукешев. – Алматы: Издательство “Мектеп”, 2005, 2009, 2013.– 176 с. (на казахском, русском, уйгурском языках).
* Жукешев К.М. и др. История Казахстана: Методическое руководство. Пособие для учителей 9 классов общеобразоваиельных школ // Т.Турлыгул, К.Жукешев К.Адамбосынов и др.– Алматы: Издательство “Мектеп”, 2005, 2009, 2013. (На казахском, русском, уйгурском языках).
* Жукешев К. Менталитет и национальная психология // Мысль, 2006, № 6. С. 17-21.
* Жукешев К. Система ценностей и развитие цивилизации // Мысль, 2006, № 7. С. 8-12.
* Основы обществознания: Учебник для 10 класса общеобразовательных школ / Нысанбаев А., Изотов М.З., Есим Г., Адамбосынов К.Ж., Жукешев К.М..– Алматы: Издательство “Мектеп”, 2006.– 320 с. (на казахском, русском языках).
* Основы обществознания: Хрестоматия. Учебное пособие для 10 классов общеобразоваиельных школ / Сост.: Нысанбаев А., Изотов М.З., Адамбосынов К.Ж., Жукешев К.М..– Алматы: Издательство “Мектеп”, 2006.– 180 с. (на казахском, русском языках).
* Ценности как субстанциональная причина развития цивилизации. // Евразийское сообщество, 2006, № 2. С. 107-115.
* Жүкешев Қ.М. Қоғам дамуы және адамның рухани әлемi // Әл Фараби ат. ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы, 2006, № 1(25). – 116-119 б.б.
* Нысанбаев А., Абишев К., Жукешев К., Изотов М., Кажимурат К., Сабит М., Татимов М. Основы обществознания: Учебник для 11 кл. общественно-гуманитарных направлений общеобразовательных школ. – А.: Издательство «Мектеп», 2007. – 272 с. (На казахском, русском языках).
* Нысанбаев А., Абишев К., Жукешев К., Изотов М., Кажимурат К., Сабит М., Татимов М. Основы обществознания: Хрестоматия. Учебное пособие для 11 кл. общественно-гуманитарных направлений общеобразовательных школ. – А.: Издательство «Мектеп», 2007. – 208 с. (На казахском, русском языках).
* Нысанбаев Ә., Жукешев К., Изотов М., Қажымұрат К., Сәбит М., Тәтімов М. Адам және қоғам: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныпқа арналған оқулық. – А.: «Мектеп» баспасы, 2007. – 288 бет.
* Жукешев Қ.М. Мемлекеттік тіл: қазіргі күйі және даму философиясы. – Алматы, 2008. – 240 б.
* Жукешев К.М. Правовое образование как средство воспитания менталитета // Философия права, № 1, 2009. С. 25-28.
* Жукешев К.М. Нужна новая парадигма // Наука и современность – 2010. Сборник материалов I Международной научно-практической конференции. В 3-х частях. Часть 2. – Новосибирск: Издательство «СИБПРИНТ», 2010. – 262 с. 213-218 б.б.
* Жукешев К. Образование в преддверии гражданского общества // Материалы международной научно-практической конференции «Инновационное развитие образования и науки: проблемы и перспективы посвященной 70-летию Иссык-кульского государственного университета». Вестник Иссык-кульского университета, № 26-2010. ІІ часть. Каракол, 2010. С. 193-197.
* Жукешев К.М. “Государственный язык: концептуальные идеи развития” // «Қазақ альманағы», № 3, 2009 г. 0,6 б.т.
* Жукешев К.М. Философия языка Монография Алматы: Издательский дом «Библиотека Олжаса», 2017. 25,7 п.л.
* Жүкешев Қ.М. Философия: Философиялық емес факультеттердің студенттеріне арналған оқулық. Алматы: ҚазСТА, 2017. 10 б.т.
* Жүкешев Қ.М. Саналы ұрпаққа – сапалы білім. Шолу мақала. Алматы, «Жұлдыз», 2017, № 9. 2 б.т.
* Жүкешев Қанағат. «Заманауи қазақ әдеби тілінің тұжырымдамасы». ADYRNA порталы. 24.08.2023. (https://adyrna.kz/post/167209).
* Жүкешев Қанағат. «Толғауы тоқұсан қызыл тіл: сұрақ күрделі, жауап ұзақ». Қазақ әдебиеті, 10. 07. 2023.(https://qazaqadebieti.kz/38691/tol-auy-to-san-yzyl-til-s-ra-k-rdeli-zhauap-za)
Ескерту: ғылыми еңбектер Википедияда жариялау үшін іріктеліп алынған. Тізімге 200-ден астам мерзімді басылымдарда, әлеуметтік желіде жариланған мақалалар мен посттар енген жоқ.
## Дереккөздер |
Қашаған би Әуелұлы (1820, қазіргі Алматы облысы, Шелек ауданы – 1905) — Ұлы жүз Бәйдібек бабаның Албан, оның ішінде Қызылбөрік аталығынан шыққан атақты шешен, би.
## Әңгімелер
Жас кезінде бір құрдасы Қашағанға:
– Өзіңе атың сай келмейді-ау - дегенде Қашаған: – Тіл көзден құдай сақтасын, - деп атымды тергеп қойған болар, - деген екен.
Қызылбөрік Мақсұт Қашағаннан:
– Елдің билігі неден бұзылады? - деп сұрайды. – Өсек пен көре алмаушылықтан, - деп жауап беріпті би.
Орманбек батыр бірде Қашағаннан:
– Қарадан хан туа ма? - деп сұрайды. – Ешкім анадан хан болып тумайды. Хан болу адамның даналығында - деп жауап беріпті Қашаған би.
Бірде бір атақты бай:
– Қашекем, армандамайтын адам бола ма? - дегенде: – Армандамайтын адам жоқ. Қолы жетпейтінді армандағанша, еңбегіңмен жететінді армандап, зейнетін көрген жақсы - депті.
Орман шешен Қашаған биден:
– Қашекем, кімді пір тұтасыз? - деп сұрағанда, – Анам мен әкемді, елім мен жерімді пір - деген екен.
Қашағанның содырлау бір құрдасы:
– Сені ел көрген дейді, сол рас па? - депті. – Халқым көргенді мен де көрем, - дейді Қашаған.
Бірде Сырлыбай датқа Қашаған биде қонақта отырып:
– Дүниеде не жаман? — деп сұраған екен. Қашаған би: – Ынтымағы жоқ ел жаман. Бәрінен де халыққа қадірсіз болған сол жаман - дейді Қашаған.
Қашағанның қартайған шағында Солтанбек болыс биден:
– Еліңізге болашақта не тілер едіңіз? — дегенде би: – Абылайдан бірлігі болса, Райымбектей қорғаны болса, Төле бидей ғұламасы болса, бейбіт өмір тірлігі болса, құдайдан осыны тілер едім — депті.
## Дереккөздер |
Сарыбай би Айдосұлы (1821, қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қайназар өзенінің бойында – 1890) — қазақ биі. Сарыбайдың әкесі Айдос, оның әкесі Пірімқұл да, Ыстыбай да (Жамбылдың арғы бабасы) бәрі шетінен ел қорғаған батыр, әрі шешен, би болып өткен.
## Оқиға
Жаздың бір күндері қазақ, қырғыз Сусамыр жайлауын жайлап отырғанда Шәбден манап қасында отырған Сарыбай биге қарап:
– Қартайған адамның неше түрі болады? - деп, төтеннен сұрақ қойыпты. Сарыбай ойланбастан: – Қартайған адамның үш түрі болады - депді. Шәбден манап: – Қане, ол үш түрің қандай? - дегенде, Сарыбай: – Қарт адам не дана, не бала, не шала болады, - дейді – Қане, оны өлеңдетіп айтып берші?
Сонда Сары би өлеңдетіп:
Еліне қадірі болса,
Дана емей немене?
Өсек-аяң тасыса,
Шала емей немене?
Алжып елден қашса,
Бала емей немене?
Бұл жауапқа Шәбден риза болыпты да:
– Сарыеке, сізді дуалы ауызды көсем, төтеннен сөз табатын шешен деуші еді жұрт, рас екен ғой. Кешелі бері бұған көзім жетті. Әй, жігіттер, қайдасыңдар! Мына Сарыбайға ат, шапан сыйлаңдар, алдына бір үйір жылқы салып беріңдер! - деген екен дейді.
## Сарыбай бидің нақылдары
Мұңайғанға мұң бар, Жылағанда сыр бар.
Түйеден жығылсаң шудасын төсейді, Есіктен жығылсаң тұяғын төсейді.
Күндес қатын-керіс, Мұңдас жақын-өріс.
Алты бала тапқан ананы, Алпамса деңіз.
Екі сөйлеген қарияның қадірі кетеді, Жетімді жетім деп қорлама, Ол да бір күні жетілер. Бай бай деп бұлдама, Ол да бір күн өкінер...
## Дереккөздер |
Науша Қаржауұлы (шамамен 19 ғасырдың 1-жартысы) — қазақ батыры. Байұлы тайпасының Байбақты руынан. Ол інісі Наурызәлімен бірге руластарын басқарып, 1827 жылы көктемде Бөкей ордасын шарпыған толқуға қатысады. Олар Қаратоғай батыр Мәметұлы бастаған алаша руының көтерілісшілеріне қосылып, Жәңгір ханға Астрахан және Орал казак орыстарының озбырлықтарынан қорғап, таласты жер мәселесін шешуді — Қараөзеннің шығыс жағалауы мен Сарыөзеннің бойын қазақтарға қайтаруды, алым-салықтар мөлшерін азайтуды, т.б. талап етеді. Көтерілісшілердің сесінен қаймыққан Жәңгір хан Еділ бойындағы Владимировка кентін паналап, әскери көмек сұрайды. Толкушынарды басуға шыққан Орал казак-орыс отряды тікелей шабуылға шығуға бата алмайды, ал оларға қарсы күш көрсетуге бел байлаған Науша және Қаратоғай батырларға көтерілісшілер тобындағы шеркеш руының беделді азаматы Жақсыбаев басу айтып, тоқтады. Уақиға қантөгіссіз аяқталып, бейбіт түрде тарқағанымен халықтың патшалық және жергілікті билікке наразылығы тоқгамайды. Архив кұжаттарында баяндалған мұндай толқулардың басында Науша батырдың есімі тұрады. Бөкей өрдасыңдағы халық наразылығы туралы хабар Санкт-Петербург әкімшілігіне дейін жетіп, Орал казак-орыстары мен қазақ рулары арасындағы жер дауын тексеру үшін 1928 жылы Жайық өңіріне сенат өкілі М.Энгель келеді. Ол арнайы тексеру барысыңда қазақтардьщ талабының дұрыстығын, казак-орыс әскерлерінің озбырлығын ашып көрсетеді. Әсіресе шекара сызығын Тасқалаға шейін кері шегіндіріп, Нәбиуллин Қараөзен, Сарыөзен алабын шынайы иелері — қазақ руларына босатып беруді ұсынады. Бірақ Орынбор, Орал әкімшіліктерінің басшылары сенат уәкілінің ұсыныс-пікірін ескерусіз қалдырады. Сөйтіп, Науша батыр және Қаратоғай басқарған толқу 1829 жылы көктемінде Ішкі Ордадағы алаша, байбақты, тана, беріш және т.б. руларды қамтиды. Олар Шолан-Шығыр деген жерге жиналады. Жәңгір хан да өз жақтастарынан қол жиып әрі Орынбор әкімшілігінен әскери көмек сұратып, толқуды басуға кіріседі. Екі жақтың жасақтары Масқар құмы деген жерде бетпе-бет келеді. Дәстүр бойынша әуелі екі жақ батырларының жекпе-жегі болады. Хан жағынан еңгезердей Седібек батыр мен көтерілісшілер басшысы, ықшам денелі Науша ортаға шығып, айқасады. Қимылына көз ілеспейтін епті де әбжіл Науша батыр Сәдібектің денесіне, найза сүңгітіп, атынан түсіреді. Мысы басылған хан жасағы қарсы қимыл жасай алмай, кері шегінеді. Осы жолы Науша батыр бастаған топ Жайық бойына беттеп, жолдарын торыған Орал казак-орыс әскерлеріне де күйрете соққы берген. Архив құжаттарында «Науша жасақтары казак-орыс әскерлеріне бой бермей, өзеннен мал-жанымен өтіп кетті» деген бірер сөйлемдік мәлімдеу бар. Жалпы Наушаның өмірі мен ерлік істері туралы қазақтар арасында да, казак-орыстар арасында да аңыз-әңгімелер көп болған. Жайық ойындағы шайқасқа қатысқан Назаров деген казак-орыс өздерінің жеңілу себебіне байланысты «бізге қарай атойлап шапқанда Наушаның бір өзі жүз кісі сияқты болып көрінді» деп куәлік берген. Ел аузында Науша Ақбұлақ шайқасына да қатысып, Исатай батырдың мүрдесін жау қолына түсірмей, өзі жасырып жерлегенміс деген де әңгіме бар. Соңғы жылдары белгілі тарихшы- ғалым И.Кенжалиев Науша батырдың ғұмырнамалық деректерін жинақтады.
## Дереккөздер |
Зуха батыр, Зауха Сәбитұлы (1869 жыл не 1867 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Кендірлік ауылы -1929) - Алаш қайраткері, діни ғұлама, батыр. Керей тайпасы Абақ руының Ителі бөлімінен шыққан.
Зуқа батыр Сәбитұлы – ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында ел-жерімен бөтен жұрттың бодандық езгісінде қалып қойған қазақтарды аумалы-төкпелі заманның алуан түрлі апатынан қорғап, басшысыз, биліксіз, қорғансыз, қарусыз халқын жан-жағынан талап, тонап, басымшылық көрсетіп қанаған үстем өкіметтің өктемдігінен қызғыштай қорып, қажет кезінде қарсы тұрып, әлеуметтік теңсіздіктермен өмірінің соңына дейін бел шешпей, аттан түспей аяусыз күрескен қайраткер, қолбасшы тұлға, қайсар батыр.
Тарихи деректерге сүйенсек, XX ғасырдың 20-жылдарының аяқ шеніне келгенде Алтай өңірінің қоғамдық жағдайы тіпті де асқына түсті. 1928 жылы жазда Алтайдың дау иыңы (қосымша қорғаныс елшісі) болып Ви Жыңго дейтін біреу келді. Ол келе сала Алтай халқына қанды шеңгелін салды. Халықты қан қақсатты. Әскери күшпен озбырлық жүргізіп, алман-салықты шектен тыс ауырлатып, елді ерекше қатты күйзелтті. Ви Жыңгоның бұл зұлымдығына шыдамай қарсы күрескендердің бірі – Зуха Сәбитұлы болды.
Әкесі Сәбит Қазан мен Бұхарада білім алған оқымысты адам болған. Зұқа да әкесінің жолын қуып, 1883 жылдан бастап Сауырдағы Жеңісхан төренің ауылында екі жыл ауыл мектебінде мұғалім болады, кейін Өр Алтайға, Қара Ертіс бойына қоныс аударады. 1904 – 1905 жылдары Меккеге қажылыққа барып қайтады. Алтайдағы қытай ұлықтары мен кейбір билерден қысым көрген адамдар Зұқадан пана іздеп, оның маңына топтасады. Мұны Алтайды билеген Мәми бейсі жергілікті әкімшімшілік үстемдігіне қарсы пайдалануды көздеп, Зұқаға әскери жасақ құруға көмектеседі. 1921 жылы Кеңес өкіметінің қызыл әскерлерінен жеңіліп, Қытай асқан ақ гвардия генералы Бакич бастаған топ Ертіс бойына жетіп, ондағы халыққа лаң салған кезде Зұқа жасағы Бакич әскерлерін Өрмегейті асуынан асырып, Моңғолияға дейін ығыстырып тастайды. Кейін осы қарулы жасақ Сарсүмбе мен Өр Алтай арасында жергілікті әкімшіліктің қарулы жасақтарына қарсы тұрып, жергілікті қазақтарды қытай ұлықтарының қыспағынан қорғауға күш салды. 1928 жылы күзде жергілікті әкімшілік өкілдері 200 әскермен түн ортасында Зұқа ауылын басып кіреді. Қытай әскерлерінің қолынан қапыда Зұқа батыр мен оның серіктерінен 28 адам қаза табады. Қытай ұлығы “өкіметке қарсы шыққандардың көретіні осы” деп жергілікті қазақтарды үрейлендіру мақсатымен Сарсүмбе қаласындағы көпірге Зұқа батырдың басын іліп қояды. Батырдың ерлігін құрметтейтін халық кейін оны Белқұдыққа жерлеп, басына үлкен қорған тұрғызды.
## Өмірбаяны
1866 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданының Кендірлік деген жерінде дүниеге келген. Зуқаның әкесі шығыс өңіріне аса танымал – Сәбит молла. Арғы атасы Нұрмұхаммед абыз. Сәбитті жеті жасында Үпі қаласындағы Уәлдан хазіретке жетектеп апарып аманат етеді. Ол он тоғыз жыл оқып, Бұқара, Қазан, Самарқанды аралайды. Сәбит жиырма бес жасқа толғанда оның ақыл-ойына дән ыразы, пәтуа-пайымына тәнті болған хазірет Уәлдан немере қызы Бәтиманы жары етіп, ақ батасын беріп, ақ жолын тілеп, аса таяғын қолына ұстатып: «Мынау сырлы таяқ, жеті пірдің қолынан өткен, шаршағанға дем болады, ауруға ем болады, жаныңнан тастама», – деп атамекеніне аттандырыпты. Сәбит Марқакөл, Маңыраққа мол біліммен оралды. Туған топырағы Қалба тауындай қормал, жүзген көлі Жайсаң көліндей жайсаң азамат болыпты. Ол атасы Нұрмұхаммед құсап Құдайдың құдыретімен қыранша қалықтап ұшып, аспан-көкті шарлап, Абылай ханның ақ туын жебеп аңызға айналмаса да халқына қалтқысыз қызмет қылады. Ел үмітін ақтар, ертеңгі жер иесі жас ұрпақтың жадына білім нұрын төгеді. Ел-жұртына әспеттеліп, әйдік мәртебе Дамолда атанды. Ласты, Тасты, Буыршын, Тарбағатайға төрт бірдей медресе ашып, бар ғұмырын бала оқытуға сарп етеді. Осы мешіт-медреселерде бес жүзден астам бала оқып, қара танып, діни білім алса керек. Жас Зуқа да қаршадайынан мол діни білімді әкеден, сондай-ақ, осы өлкеге дін тарату үшін жіберілген Мұхаммед Мумин ишаннан сабақ алады.
Жасынан зерек, қимыл-қарымы бөлек, қабылеті ерекше, діни білімі зор, шариғатқа жүйрік, хат біліп, қара таныған, есеп-шотқа жүйрік, алғыр бала Зуқа ел көзіне ерте түседі. Енді ғана жетіліп, ат жалын тартып мініп, ел ісіне араласа бастаған шағында Майқапшағайда әкесі қайтыс болып, тағдырдың тауқыметін тартады. Төрт баламен жесір қалған ана, бұғанасы қатпаған інілерінің ендігі өмір-тағдыры өзіне тікелей тәуелді екенін түсінеді. Қалбадағы болыс болмақ және әмеңгерлікке үміткер ағайыны оларды қасына көшіріп әкеледі. Зуқа байдың жылқысын баға жүріп, жетім мен жесірге, кедей мен кепшікке бай-төрелердің батқан тырнағын ерте сезінеді. Кеше өзі табынып өскен ел ағаларының атақ-даңқ, шен-шекпенге таласын көргенде олардың ит жыртыс тірлігінен түңіліп кетеді. Әлсіздерге әлімжеттік көрсеткендерге қарсы келіп, ылғи да жоқ-жітіктердің жанынан табылады. Әлдекімнен зорлық, қорлық көріп тауаны шағылғандар жас та болса қара бұқараның қамын жеп жүрген бозжігіт Зуқаға келіп, арыз-арманын айтып, шағымданатындар саны молаяды. Ал Зуқа болса, оларға шамасы келгенше қол ұшын беріп, көмектесуге тырысып бағады. Сонымен қатар Зуқаның тез арада ес жиып, ел ісіне араласуына іргесі тиіп тұрған, төбеге шықса төбесі көрінетін Жидебай жерінен, Шыңғыс тау баурайынан қалықтай ұшып, қағып алғаны ауыздан ауызға лезде тарап, құйма құлаққа құйыла кететін, зейіндінің жадында жатталып қалатын, ұйқыдағыны оятып, ояуды сергітіп, көзі ашықты серпілткен Абай өлеңдері еді деуге әбден болады. Кейінгі көз көргендердің айтуында, Зуқа әлдебір мәселеге шешім айтарда Құран аяттары, Пайғамбар хадистерімен қатар Абай өлеңдерін қатарластыра атап өтеді екен. Осының барлығы Зуқаның халықшыл болып қалыптасуына әсер етсе керек. Ондай көкірегі ояу, көреген «бұзық» ақ патша ұлықтары мен өзара шен үшін итше ырылдасқан ел басшыларына ұнамайды. Осындай заман зардабына төзбеген Зуқа өзіне қарасты және тілеулес ағайын-жұртты ертіп, Сайқыннан орыстың бодандығынан аулақ Сауырға барып қоныстанады. Бұнда да қой үстіне бозторғай жұмыртқалап тұрмағаны белгілі. Сөйтсе де, ата-баба жолымен шәкірт тәрбиелеп, бала оқытып, айналасына ғылым-білім нәрін құя жүріп, әділдікке жетсем деп ойлайды.
Діни білімі мол, шешен тілді, шариғатқа жүйрік, атақты дамолла Сәбиттің мирасқары Зуқаны сол аймақтың ең үлкен лауазым иесі, Әбілпейіс хан баласы Көгедайдың немересі Жеңісхан гүң өзіне шақырып, медресе молласы етіп тағайындап, кейін дау-шарға да араластырып отырады. Зуқа молла алдына келген «айыптыға» үкім шарапатты шариғат сөзін сөйлеп, біреудің ақысын алып берсе, енді біреудің кеткен есесін қайтарып берді. Бай-шонжарлардың көтензорлық қылып алған алымдарын әшкере етеді. Оның бұл қылығы әлсізді жәбірлеушілерге жақпайды. Осындай қоғамдық теңсіздікке жаны қас Зуқаға мешіт бағып, медресе ұстап, тамағын асырап, бала оқытқан өмірі зая кетіп жатқандай көрінеді. Бес шәкірттің алдында сопы болып сопайып отырған жылдары ерлік жігерін жасытып, қайрат күшін қапаста қамап қалғандай болды. Жасықтығы меңдеп, жалғызсырап, заманы азаматтық арына лайықсыз өтіп жатқандай сезінді. Ол жалғыз күнде шешім қабылдап, моллалықты тастап, елі ішіне көшіп кетеді. Осы күннен бастап ұстаздық емес, жалпы ұлтқа қызмет ету жолына біржола түседі. Осы жолдан өле-өлгенше тайған жоқ.
## Зуқа батыр әдебиет әлемінде
Зуқа батырдың ел қорғап, жерін сырт басқыншылардан азат еткен ерлігі үшін қазіргі қытай билігі де елдің шекарасын кеңейткен белді тұлға ретінде Зуқа батырға іш тарта қарайды. Оның жатқан қорығын жөндеп, басын қарайтуға, басына ескерткіш-белгілер қойып, ас беріп, атақ-даңқын әспеттеуге шек қоймай отыр.Соның басты бір куәсы Зуқа батыр жайлы қытайда соңғы жылдарда екі тарихи роман дүниеге келді. Оның бірі – Батырхан Құсбегиннің «Зуқа батыр» романы болса, екіншісі, қырық бес жыл түрмеде отырған Қажығұмар Шабданұлының «Пана» романы. Сондай-ақ, Зуқа батырдың кейінгі ұрпақтары туралы жазылған Бай-ахмет Жұмабайұлының «Сағыныш» романын да осы қатарға жатқызуға болады. Оның сыртында Зуқа батыр туралы жырланған жыр-толғаулар, айтылған арнау-жоқтау, аңыз-әңгімелер, жазылған хикаяттар да бірнеше кітапқа жүк боларлық. Зуқа батыр туралы Моңғолия, Түркия, АҚШ, сондай-ақ Еуропаның бір шама елдерінде тарихи зерттеулер мен әдеби шығармалар жарық көрген. Ал биылғы жылы Зуқа батырдың 150 жылдығы Еуропаның 11 елінде аталып өтілді. Елімізде осы жолдардың авторының «Зуқа батыр» (1999 ж) поэмасынан басқа көлемді, арнайы көркем шығармалар жарық көрмесе де зерттеу еңбектер, шет елдерде тұратын қазақтар арасынан шыққан қазақтың ұлт-азаттық жолында күрескен көрнекті тұлғалар жайлы бұған дейін айтылмай келген құнды деректердің көзі тәуелсіз ел болуымыздың арқасында енді-енді ашылып көзайым болып жатырмыз. Әрине, бұл елім деген ер жайлы айтылар сөздің алды ғана, көшелі кесек сөздің кезегі келешек еншісінде болса керек.Зуқа батыр туралы әдеби-көркем шығармалардың өзі арнайы зерттеуді талап етеді. Осы тұрғыдан келгенде академик С.Қирабаев айтқандай: «Қазақ халқының рухани мұрасы тек бүгінгі Қазақстан жеріндегі ұлт өкілдері еңбектерімен шектелмейді. Тағдырдың тәлкегімен шет елдерге және бұрынғы КСРО көлеміндегі мемлекеттерге ыдырап кеткен қазақтардың әдебиеті мен мәдениеті де біздің ұлттық байлығымыздың бөлінбес бөлігі». «Қазақ халқы оқшау этнос болып тарих сахнасына шыққаннан бергі кезеңде белгілі тұлғалардың жоқтаусыз қалғаны жоқ деуге болады» (Ақселеу Сейдімбек) дегеніндей Зуқа батыр соңынан айтылған жоқтау-өлеңдер мол. Батырдың тағылымдық болмысын, қадір-қасиетін көркем сөзбен өшпестей өрнектеген осы бір өлең-сөздердің бір парасын парақтап, пайымдар болсақ батырдың өмір сүрген кезеңіндегі қоғамның сиқын, замана ахуалын, халықтың тіршілік-тынысын, арпаласты аласапыран жылдардың ұсқын-кейпін тануға көп мүмкіндік береді. Мәселен, ел басына күн туған заманда Зуқа батырдың ұлы Солтаншәріппен бірге ауа көшіп, Такламакан шөлін кесіп өтіп, Гималай асып, 1979 жыл Түркияда дүние салған, кезінде Зуқа батырдың шабарманы болған әрі ақын Рамазан Бұтақбайұлы жоқтауында:
Көрсеткен аят хадистен,
Терең сөйлеп жарысқан.
Пәту, дәлел беретін,
Ақылға жүйрік данышпан.
………………………………….
Кәпір десе қарысып,
Өле өлгенше алысқан.
Қайратын бабам білген соң,Қарсы болған қу дұшпан.Тізгін бермей жауына,
Ақырып өткен арыстан… – деп толғаса, 1912 жылы Ақ аралдан (Шығыс Қазақстан) көшіп өр Алтайға тұрақтанған ақын Арғынбек Апашбайұлы «Абақтың ардагерлері» атты көлемді толғауында:Сөйлесе қажы Зуқа сөзіқандай,
Толымды қарағанда
көзге маңдай.
Молдалық һәм жомарттық,
адамшылық,
Табылар бір өзінен
ойлағандай.
Пәлен деп айтатұғын
мінезі жоқ,
Бір басына мін тауыпқоймағандай.
Мүбада қолына алып
жұрт ұстаса,
Қай жерге делегат бопсайлағандай.
Бір хикымет бар шығаройлағанда,
Кісі ғой адам қарап тоймағандай… – деп Зуқа батырдың кісілік келбетін, адамгершілігін аша жырлайды. А.Апашбайұлы Зуқа батырдың қайғылы қазасын естігендеАрғынбек аға шайыр
өзім атым,
Дөртуыл сүйегіміз,
найман затым.
Абақтың қажы Зуқа
бұлбұл еді,
Алыстан тілеулес боп
жазған хатым.
Бес қонып үйіңізге
Талдысайда,
Көріп ем ауылыңыздың рахатын… – деп бастап, ұзақ жыр-жоқтау жазып хат жолдайды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* зуқа сәбит ұлы Мұрағатталған 19 ақпанның 2015 жылы.
* Түркістан газеті Мұрағатталған 20 маусымның 2016 жылы. |
Баян Керімқызы Тленшина (15 тамыз 1949 жыл, Шымкент қаласы) — ақын, жазушы, Түркі әлемі жазушылары одағының төрағасы.
## Өмірбаяны
1972 жылы Шымкентте педагогикалық институттың физика-математика факультетін бітірді. Студенттік шағында психолог-ғалым Қ.Б.Жарықбаевтың жетекшілігімен "Қазақ ертегілеріндегі психология", "Таным мен тағылым", "Ұстаз беделі неде?" атты ғылыми зерттеулік еңбектер жазды.
Еңбек жолын 1972 жылы Сайрам ауданы, 29-шы Керім Тленшин атындағы орта мектепте мұғалімдіктен бастаған Баян ұстаздық пен қаламгерлікті қатар алып жүрді.
* 1972-86 жж мектепте ұстаз.
* 1986-89 жж ОҚО Атқару комитетінде саяси қызметкер.
* 1989-93 одақтық СВЦМС тресінде "Рауан" қазақ балабақшасын ашып, басқарды.
* 1993-98 жж ҚР ОҚО Жазушылар одағында әдеби кеңесші.
* 1998-2009 жж ОҚО, Сайрам ауданы, әкесі Керім Тленшин атындағы 29-шы қазақ-орыс тілді орта мектептің директорлығы қызметтерін атқарды.
1986 жылы ОҚО Атқару Комитетіне Председатель С.О.Жандосов орналастырған алғашқы компьютерлік жүйеге облыстық басқаруды бақылаудың схемалық нұсқасын жасады.
Қазақ тілді балабақша ашып, Қазақстанда тұңғыш рет қазақша "Хош бол, балабақша" әнін жазды. Ұлттық 42 әріпті дамыта оқытатын "ӘРІП -ӘЛІП" атты әдістемелік түсті суретті кітап шығарды.
Қазір ҚР педагогика Академиясының профессоры.
## Шығармалары
"Қиямет-қайым", "Ғибрат", "Сұрқия", "Арман- дүние", "Зауал" атты 5 романның, 5 ғылыми- педагогикалық кітаптың авторы. "Қарлығаш", "Жыр додасы", "Ғашық- нама", "Жұлдыз жүрек", "Айтыс", " Таным", "Тағылым", "Тағзым", "Тілек", "Тұғыр", "Түйін", "Тамыр" атты 12 жыр жинағының авторы.
"Физиканы оқытудағы аналогия", "Электромагниттік толқындар шкаласы", "Әріп-әліп" атты ғылыми- педагогикалық еңбектері бар.
## Марапаттары
* "100 есім", "ҚР сіңірген еңбегі үшін" медалінің иегері, білім беру ісінің үздігі.
* Сайрам ауданының "Құрметті азаматы".
* Халықаралық "Лучшие люди" орденін иеленді.
* "Тұран Туы - Түркістан", "Оңтүстігім", " Тұрар аға", "Сайрам- елім", "Менің Сайрамым", "Кітапханам", т.б.әндердің авторлығы үшін фестивальдердің лауреаты атағы берілген.
* 1984 жылғы "Бүкілодақтық шығармашылық жастары" фестивалінің және Әлемдік 2018-2019 жж онлан жыр фестивальдерінің екі дүркін ІІ-дәрежелі дипломанты. *2022 жылы Қырғызстандағы" Алтын көпір" атты еларалық фестивальдің жеңімпазы, "Алтын қалам иегері". Қырғыздың "Адабиятка кошкон салымы учун", ' Алтын калем" медальдері табысталған.
* ҚР Жазушылар одағының 2023 жыл қорытындысында "Қазақстанның құрметті Жазушысы" атағы берілді.
"Түркі әлемі Жазушылар одағын" 2021 ж құрған президенті. Ол халықаралық М.Х.Дулати атындағы әдеби сыйлықтың иегері.
## Басқа да еңбектері
Бүгінде "Тұран туы - Түркістан" әнінің авторлығы үшін 2018 ж. "Ұлы дала" арнайы сыйлығын иеленген Баян Керімқызы Тіленшина Халықаралық сазгерлер одағына қабылданды. 2022 ж. "ҚР-ң Құрметті азаматы" орденімен марапатталды. Ол халықаралық БҰҰ-ң "Гордость наций" медалін иеленген азамат. Министрліктер мен әкімдіктерден басқа "Түркістан облысына сіңірген еңбегі үшін", "Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері" т.б. 18 медаль иегері.
Оның 2018 жылы ІҮ томдық таңдамалы шығармалар жинағы "Әлем" баспасынан жарық көрген.
Бүгінде өзі ұйымдастырғанхалықаралық ТӘЖ Одағының І, ІІ, ІІІ -томдарын жарыққа шығарды.
## Сілтемелер
* https://adebiportal.kz/kz/authors/view/3892 |
Самартекс (ағылш. Football Club Samartex 1996) — Гана футбол клубы. 1995 жылы құрылған.
## Жетістіктері
* Премьер лига жеңімпазы: 2023–24
## Дереккөздер |
Жиырма сегіз гвардияшы Панфиловшылар — Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді ерлікпен қорғаған қазақстандық жауынгерлер. Мәскеу генерал-майоры И.В.Панфилов басқарған Қазақ КСР Алматы және Қырғыз КСР Фрунзе қалаларында жасақталған 316-атқыштар дивизиясының (кейінірек 8-гвардиялық) әскери қызметшілері.
## Екінші дүниежүзілік соғыста
1941 жылы 15 қарашада Германия әскерлері 51 дивизиямен Мәскеуге екінші “негізгі шешуші шабуылды” бастады. Батыс майдан жауынгерлері ауыр ұрыстар жүргізді. Осы майданға кіретін 16-армияның құрамында Алматыда жасақталған генерал-майор И.В. Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы (кейіннен 8-гвардиялық-панфиловшылар дивизиясы) Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолын қорғады. 16-қарашада жау Волоколам бағытында ұрысқа шығып, Дубосеково разъезіндегі 1075-атқыштар полкі 4-ротасының 2-взводы тұрған бекініс шебіне шабуыл жасады. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков басқарған взвод жауынгерлері — барлығы 28 адам мылтықпен, жанармай құйылған шөлмектермен, гранаталармен қаруланып, жаудың 20 танкісімен 4 сағатқа созылған ұрыс жүргізді. Жаудың 14 танкісі қиратылып, панфиловшылар арасынан да бірнеше адам қаза тапты. Жау ұрысқа тағы 30 танк шығарды. Қазақстандық жауынгерлер соғыс тарихында сирек кездесетін ерлік жасап, жаудың болат құрсанған машиналарына төтеп берді. 28 панфиловшылардың 23-і қазаға ұшырады, бірақ жау танкілері олардың шебінен өте алмады.
## Марапаттаулар
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 ж. 21 шілдедегі Жарлығымен бұл жауынгерлердің барлығына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олар: Николай Яковлевич Ананьев, Григорий Михеевич Безродных, Николай Никонорович Белашев, Бондаренко Яков Александрович, Васильев Илларион Романович, Иван Евстафьевич Добробабин, Петр Данилович Дутов, Петр Кузьмич Емцов, Нарсұтбай Есеболатов, Дмитрий Митрофанович Калейников, Василий Георгиевич Клочков, Абрам Иванович Крючков, Григорий Ефимович Конкин, Қожабергенов Әлиасқар, Әлікбай Қосаев, Николай Гордеевич Максимов, Гавриил Степанович Митин, Митченко Никита Андреевич, Иван Васильевич Москаленко, Иван Моисеевич Натаров, Григорий Алексеевич Петренко, Мұсабек Сеңгірбаев, Дмитрий Фомич Тимофеев, Николай Игнатьевич Трофимов, Иван Демидович Шадрин, Иван Алексеевич Шепетков, Григорий Мелентьевич Шемякин, Дүйшөнкул Шопоков.
## Ескерткіштер
Батырлардың есімімен аталатын мектеп, ауыл, аудан, көше, парктер бар. Алматы қаласындағы 28 панфиловшы-гвардияшылар паркінде, Мәскеу түбіндегі Дубосеково разъезінде және батырлардың туған жерінде ескерткіштер орнатылып, мемориалдық мұражай ашылған.
## Дереккөздер:
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Қожамжар шешен Қазиұлы (шамамен 1845–1850 жылдары туған – өлген жылы белгісіз) — шешен. Оның шешендік атағы Қаратаудың теріскей, күнгей бетіндегі елдерге кең жайылған. Ол әсіресе Ескі Созақ, Қозмалдақ, Шолаққорған, Баба-ата, Құмкент, Шаян, Түркістан, Ащысай, Қантағы, Күшата, Атабай, Бабайқорған тағы сондай сол атыраптағы қала, қыстақтарды аралап өзінің шешендік, тапқырлық өнерімен елге кімсің "Қожамжар шешен" аталған өнерпаз еді. Ол Қоңырат тайпасы, Саңғыл, оның Ағысай атасынан.
## Сөздері
Есерсоқ болса ұл жаман,
Есуас болса қыз жаман,
Татымсыз болса тұз жаман,
Ерімесе мұз жаман,
Асу бермес құз жаман,
Табаннан өткен сыз жаман,
Тамшы өтсе үй жаман,
Шер тарқатпас күй жаман,
Сөзді ұқпас ми жаман.
## Оқиға
Бір отырыста "адам неден қорқу керек?" деген сұраққа Қожамжар шешен табан астында былай деп жауап беріпті:
Құлақтанған күннен қорық,
Тұманды түннен қорық,
Тұншыға шыққан үннен қорық,
Қыстың бір күні қалса қорық,
Істің қырсығына алса қорық,
Ұйқыда шапқан жаудан қорық,
Әділдігін таппаған даудан қорық,
Сор татыған жерден қорық,
Кежегесі кері тартқан ерден қорық,
Ашық күнгі дауылдан қорық,
Қасыңда жүрген жаудан қорық!
Ертеңіне Момынқұлдың үйінен аттанар алдында, екі күннен бері оның әңгімесін зер сала тыңдап отырған Тілеуғабыл, Айтқұл, Қәдірсіз деген құдалары Қожамжар шешеннен "Ақылды мен ақылсыздың парқы қандай?" деп сұрағанда, ол мынаны айтыпты:
– Ақылсыз адам қайғысыз өмір сүреді. Оған дүние күйіп кетсе де бәрібір. Ал, ақылды адам қайғылы өмір сүреді. Ол әрбір ақымақтың бүлдірген ісіне күйініп жүреді. Әрбір бұзық-тентектің мінезіне күйіп-пісіп, шашы ағарады. Оларды тезге, жөнге саламын деп жүріп, өзінің есіл өмірін өкінумен өткізіп, ақырында қор болғанын өзі де сезбей қалады, - деген екен.
## Дереккөздер |
Қазақстан астанасын Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру — Қазақстан тарихында ел астанасын үшінші, ал тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш көшіруі. Бұл бұрынғы Кеңес Одағы кеңістігіндегі елдің экономикалық және демографиялық үдерістеріне айтарлықтай әсер еткен мемлекет астанасының алғашқы және жалғыз көшіру еді. Астананы көшіруге Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құрылтайшы болды.
## Көшіру себептері
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың естелігіне сүйенсек, Назарбаев 1992 жылы тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жаңа астана құру идеясының төңірегінде жүрген. Алматының астана болып қалуы географиялық тұрғыдан тиімсіз еді. Нақтылап айтсақ, шалғай аудандарда сепаратистік қозғалыс орын алып, мемлекеттің біртұтастығына қауіп төндірді. Алматының географиялық орналасуы қаланы 1990-жылдары ары қарай үлкейтіп кеңейтуге жол бермеді. Оған қоса, Алматы сейсмикалық тұрақсыз аймақта орналасқан соң, табиғи апат қаупі жоғары еді.
Қауіпсіздік тұрғысынан тәуелсіз Қазақстанның астанасы сыртқы шекарадан алыс, елдің орталығына жақын болуы тиіс еді. Сондай-ақ, жоғары мемлекеттік билік органдары қызметінің қауіпсіздігін, өңірлерде жағдай шиеленіп жатқан жағдайда олардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету маңызды болды.
Жаңа астананы таңдау кезінде Назарбаев 32 критерийді ұстанды: әлеуметтік-экономикалық әлеует, климат, жер бедері, сейсмикалық жағдай, қоршаған орта, инженерлік және көлік инфрақұрылымдары, коммуникациялар, құрылыс кешені, еңбек ресурстары және т.б. Жаңа астана рөліне Ұлытау, Қарағанды, Көкшетау, Ақтөбе сияқты аймақтар қарастырылған. Астананы Ұлытауға көшіру нұсқасынан су тапшылығы, темір жолдың жоқтығы, өңірдің магистральдық жолдардан тыс болуына байланысты бірден бас тартылды. Қарағанды мен Көкшетаудың кандидатуралары инфрақұрылымның әлсіздігінен, ал Ақтөбе елдің орталығынан алыс географиялық орналасуына байланысты қабылданбады.
Президент тағайындаған арнайы комиссия Ақмоланы таңдаған, өйткені қала ел экономикасының дамуын анықтайтын ірі экономикалық аймақтарға бірдей қашықтықта, әрі жақын орналасқан. Бұл өңірлердегі ұлттық саясатты тиімді жүргізуге, әрі халық тығыз қоныстанған оңтүстік аймақтардан өнеркәсібі дамыған солтүстік облыстарға көшті қалыптастыруға, халықты Орталық және Солтүстік Қазақстанның өнеркәсібі және ауыл шаруашылығына тартуға мүмкіндік берді. Ақмола көптеген жолдардың қиылысында орналасқан. Қала аумағы кең, ауыз су салыстырмалы түрде жеткілікті, халық саны аз. Яғни құрылысты сәтті жоспарлауға, ерекше сәулеттік жоспарларды жүзеге асыруға және демографияны реттеуге мүмкіндік көп болды. Оған қоса, қаланың қақ ортасында 30 гектар жер бос болды, онда қажетті нысандарды салуға тиімді мүмкіншілік болды.
## Астананы көшіру тарихы
Астананы көшіру идеясын алғаш рет Президент Нұрсұлтан Назарбаев баяндамаларының бірінде айтқан болатын. Оның естеліктері бойынша:
1994 жылғы 6 шілде күні Н. Назарбаев Қазақстан Жоғарғы Кеңесі депутаттарының алдына елорда көшіру туралы ұсыныс жасады. Президент астананы көшірудің тек бір ғана қайтарылмас шығыны - көшу шығыны, ал қалғанының бәрі болашаққа жасалатын инвестиция екенін айтты. Парламентте күні бойы түрлі пікір айтылып, ақырында екіге бөлінді. Бір бөлігі президенттің пікірін қолдады. Кейбір депутаттар ел өзін асырай алмай жүрген кезде, экономикалық дағдарыс жағдайында елорда көшіру қисынсыз деп пікір білді. Үшінші бөлім идеяны қолдады, бірақ оны кейінірек жүзеге асыруды кейінге қалдыруды ұсынды. ҚР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Әбіш Кекілбаев сол күндегі Парламент кулуарында болғанды былай сипаттаған:
Нәтижесінде Астананы көшіру мәселесі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінде қаралды. 1994 жылғы 6 шілде күні Жоғарғы Кеңес дауыстағы азғантай ғана айырмашылықпен бұл ұсынысты мақұлдау туралы шешім қабылдады. Қазақстанда 6 шілде күні - Астана күні мемлекеттік мереке ретінде тойланады.
1995 жылғы 15 қыркүйек күні Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» заңды күшке ие Жарлығы шықты. Жарлық аясында жоғарғы және орталық мемлекеттік органдарды Ақмолаға көшіру жөніндегі Мемлекеттік комиссия құрылды, оны Николай Макиевский басқарды. Үкіметке бюджеттен тыс «Жаңа астана» қорын құру туралы тиісті тапсырма берілді. Ақмоланы мемлекеттік қазына есебінен емес, инвесторлар қаражатының арқасында дамыта бастады.
1997 жылғы 20 қазан күні «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы етіп жариялау туралы» Жарлыққа Президент қол қойды. Жарлық бойынша Ақмола қаласы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан астанасы болып жарияланады.
1998 жылғы 6 мамыр күні Ақмоланың атын Астана деп өзгертті. Әлем сахнасында Қазақстанның жаңа астанасын таныстыру 1998 жылғы 10 маусым күні өтті.
## Тағы қараңыз
* Астана
* Алматы
* Қызылорда
* Орынбор
## Дереккөздер |
Құлан қалашығы – Жамбыл облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қатарына жататын археологиялық ескерткіш. ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандарының тізімдеріне енген.
## Орналасқан жері
Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының шығыс және солтүстік-шығыс шеті.
## Кезеңі
VІ-ХІІ ғасырлар.
## Тарихи деректер
Құлан ескі қала орны дәстүрлі түрде қамалдан, шахристаннан және рабадтан тұрды. Ескі қаланың сарай кешені 2246 шаршы м ауданында орналасқан. Ең басынан ескі қала орны Сульджиб деп аталды, түрік тілінен аударғанда "Ең әдемі қала". Ол қарлұқтар мемлекетінің астанасы және Ұлы Жібек жолындағы маңызды сауда орталығы болды.Құлан VIII ғасырға жататындығы туралы ежелгі қытай деректерінде де айтылады. Араб саяхаттаушыларының сипаттамаларына қарайтын болсақ, Құлан үлкен тараз жолында орналасты және бекініс қабырғасы мен мұнаралары бар бекінген қала болды. Әр түрлі жылдары ескі қала орнын В.В. Бартольд пен А.Н. Бернштамм зерттеген. Келесі зерттеулер К.М. Байпақовтың басшылығымен өткізілді.Қазба жұмыстары кезінде тұрғын үй кварталдарының, шарап жасау орындарының, үй-жайлардың, қабырғалары әдемі безендірілген бес үлкен сарайдың қалдықтары анықталды. Сонымен қатар, бірегей артефактілер табылды: керамикалық ыдыстардың фрагменттері, сазды шамдар, дөңгелек үстелдер – дастархандар, темірден жасалған фрагменттер, құстар мен адамдардың терракоттық кішкене фигуралары, сонымен қатар, ортасында шаршы пішінді саңылауы бар, исламға дейінгі дәуірге жататын ақсүйектердің бастары және көптеген т.с.с. заттар. Станокты көзе бұйымдар әр түрлі өсімдік, зооморфия және геометриялық оюлармен декорацияланған. Ескі қала жоспары мен архитектурасы бойынша орта ғасырлық басқа қалаларда кең таралған архитектоникасы және құрылыс материалдарынан ерекшеленеді. Бұл Құлан қаласын жаңа жергілікті бірегей сәулет бағытының шығу орталығы етеді. Құлан ескі қаласы ЮНЕСКО әлемдік мұралар тізіміне Чанань-Тянь-Шань дәлізіндегі Ұлы Жібек жолының нысаны ретінде қосылды.
## Дереккөздер |
ҚР мәдениет қайраткері, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, домбырашы, күйші-зерттеуші.1974 жылы 5-желтоқсанда Тарбағатай ауданы (бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы) Ақсуат ауылында дүниеге келген. 1990-1994 жылдары П.И.Чайковский атындағы Алматы музыка училищесін Қазақстан Респуликасыныц «Білім беру ісінің үздігі», ұстаз Қ. Рақышеваның класында оқыған.1994-1999 жылдары Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында, профессор А.Тоқтағанның класынан дәріс алған. Республикалық конкурстардың лауреаты. Бірнеше оқу-методикалық кітаптардың авторы. «Құрманғазы» (2005), «Тәттімбет және Арқа күйлері» (2005), «Сүгір. Қаратау шертпесі» (2006), «Сарыарқа әндері» (2008), «Шығыстың шыңырау күйлері» (2010) ноталар жинақтарын құрастырып шығарған.Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, «Шығыс Қазақстан, Алтай-Тарбағатай күйшілік өнері» жөнінде оқыған баяндамалары ғылыми мақалалар жинағында жарық көрген.Күйші-орындаушы ретінде дәстүрлі музыка фестивальдері, республикалық телеарналар арқылы күйшілік өнерді насихаттап, еңбек етіп келеді. Орындаған күйлері қазақ радиосының алтын қорына енген.ҚР білім беру ісінің үздігі.
## Дереккөздер
1. Қазақ халқының атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж.
2. http://kitaphana.kz/ |
Айтжан Есенұлы Тоқтаған (5 қараша 1946(19461105), қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы) — күйші-домбырашы, ұстаз, фольклортанушы, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері
## Өмірбаяны
* Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары факультетін бітірген (1967-1972 жж.).(профессор Бақыт Қарабалинаның шәкірті)
* 1972 жылдан бастап Құрманғазы оркестрінің домбырашысы, солисті
* 1972 жылдан бастап – П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінің домбыра пәнінің оқытушысы.
* 1977 жылдан бастап – Қазақ ұлттық консерваториясының халық аспаптар факультетінде домбыра класының оқытушысы, доцент, профессор.
Қазіргі уақытта Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің дәстүрлі музыкалық өнер факультетінің домбыра кафедрасының оқытушысы, профессоры болып қызмет атқарады.
## Шығармашылығы
Репертуарында Құрманғазы, Дәулеткерей, Мәмен, Түркеш, Дина Нұрпейісова, Сейтек Оразалыұлы, Оқап Қабиғожин және Қали Жантілеуовтың күйлері және басқа да шығармалар бар. Орындаушылық шеберлігі арқылы қазақ күйінің дамуына үлкен үлес қосты.
Таңдаулы күйлер
* Есбай Балұстаұлының «Кербез қыздың жүрісі-ай»
* Дина Нұрпейісованың «Домалатпай», «Жетім бала», «Бұлбұл», «Әсем қоңыр» күйлері
* Боғданың «Қара жаяу» күйі
* Құрманғазы Сағырбайұлының «Арба соққан», «Байжұма», «Қайран шешем» күйлері
* Тәттімбеттің «Саржайлау» күйі
* Абыл Тарақұлының «Нарату» күйі
* Қазақ халық күйі «Желдіртпе Ақжелең»
* Мәменнің «Ақшолпан» күйі
* Қазанғаптың «Құстардың келуі» күйі
* Сүгір Әліұлының «Бозінген» күйі
* Сейтек Оразалыұлының «Шарипа» күйі
## Шәкірттері
Оның шәкірттері арасында көптеген республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары бар. Олардың қатарында:
* Тұяқберді Шәмелов – домбырашы, күйші, Қазақстанның халық әртісі, профессор
* Рухия Батыршиева – күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
* Жексенбек Нұржауов – күйші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі
* Евгений Улугбашев – мультиаспапшы музыкант, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі
* Арман Жүдебаев – Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы
* Нұркен Әшіров – А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық музыкалық мектеп-интернатының директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері
* Батыржан Мықтыбаев – домбырашы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
* Ерлан Рысқали – қазақ халық және дәстүрлі әндерінің орындаушысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері
* Мұрат Әбуғазы – домбырашы және күй зерттеушісі, Қазақ ұлттық консерваториясының доценті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері
* Ержан Әлімбетов – «Ұлытау» тобының солисті, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері
## Марапаттар мен атақтары
* Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері
* «Құрмет» ордені – қазақ музыканттарының жас ұрпағын тәрбиелеуге, ұлттық сананы қалыптастыруға қосқан елеулі үлесі үшін
* Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі
* Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі
* Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің алғыс хаты (екі рет)
* Қазақстан Республикасының мерейтойлық және үкіметтік медальдарымен марапатталған«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011)«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалі (2015)Қазақстан халқы Ассамблеясының құрмет грамотасы.
* «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011)
* «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалі (2015)
* Қазақстан халқы Ассамблеясының құрмет грамотасы.
## Шығармалары
"Күй тәңірдің күбірі" (1996), "Күй керуені" (1997), Г. Елеусізқызымен бірігіп "Күй қастерлі әуез" (1998), "Атыраудың 62 Ақжелеңі" (2000) күйлер жинақтары мен ғылыми зерттеу жұмыстарының авторы.
## Дереккөздер |
Түркеш Қалқаұлы(1832, қазіргі Батыс Қазақстан облысы - 1875, сонда) -халық күйшісі. Түркеш жасынан ән-күйге бейім болды. Байбақты, Баламайсан, Байжұма, Есжан күйлерін орындаған домбырашыларды тыңдап, олардың өнерінен үлгі-өнеге алды. Өз өмірін, өнерін әділетсіздік пен озбырлықка қарсы күрес жолына жұмсады. Сол үшін атқа мінерлердің қудалауына үшырап, Орал, Астрахан түрмелеріне қамалды. Түркеш шығармаларының негізгі арқауы азаттықты аңсаған халық өмірі болды. Оның "Қарабас", "Қоңыр ала", "Салық өлген", "Аңшылық", "Теріс какпай", "Көңіл ашар", "Байжұма", "Аксақ құлан" т.б. күйлері бар. Түркештің күйлері Қазақ академия халық аспаптар оркестрінің репертуарынан берік орын алды.
## Дереккөздер |
Соғанды — Шу алабындағы өзен. Жамбыл облысы, Қордай ауданы жерімен ағады.
Шу-Іле тауларындағы Нарқызыл шатқалының жоғары жағынан бастау алады, Оңтүстік-батысқа қарай ағып, Қақпатас өзеніне құяды. Жағасында Соғанды аулы бар.
Ірілі-ұсақты оншақты саласы бар.
Өзен бойынан Темір дәуіріндегі обалар қорымы табылған.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Топогрфиялық карта — K-43-018 |
28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ — Алматы қаласындағы басты саябақтардың бірі.
Саябақтың аумағы Қонаев, Гоголь, Зенков және Қазыбек би көшелерімен шектелген.
Мұнда қарағаш, көктерек, емен, жөке, үйеңкі, терек, қарағай, шырша ағаштары өседі.
## Тарихы
Саябақ XIX ғасырдың жетпісінші жылдары ескі зираттың аумағында құрылды. ХХ ғасырдың алғашқы бөлігінде парк «Пушкин бағы», «Құлаған әскерлер паркі», «Ленин атындағы парк», «Губкомпомарм бағы», «1 мамыр қоғамдық паркі», «Кеңес республикалары федерациясының паркі» секілді атауларға ие болды. Қазіргі атын 1942 жылы иеленді. Бұл атау Ұлы Отан соғысында 28 гвардияшы-панфиловшылар жасаған ерлігі құрметіне қойылған.
Саябақтың ортасында православиелік кафедралды собордың ғимараты (1904-1907) тұр. Ол сәулетші Андрей Зенковтың жобасымен құрылған. Шіркеу ағаштан жасалған.
1975 жылы Жеңістің 30-жылдығына орай мұнда Даңқ мемориалы орнатылды. Дәстүр бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері жыл сайын соғыстан шейіт болған майдандастарын еске алу үшін осы жерге жиналады.
## Ғимараттар
* Вознесенск шіркеуі
* Музыка аспаптары мұражайы
* Офицерлер үйі
*
*
*
## Ескерткіштер
* Даңқ мемориалы
* Генерал Панфилов ескерткіші
* Тоқаш Бокинге ескерткіш
* Бауыржан Момышұлы ескерткіші
* Ауған соғысында қаза тапқандарға ескерткіш
*
*
*
*
## Дереккөздер |
АСКО Кара (ағылш. ASKO Kara) — Того футбол клубы. Базасы Кара қаласында.
## Жетістіктері
* Того чемпионы: 9
1988, 1989, 1996, 2007, 2019–20, 2021, 2021–22, 2022–23, 2023–24.
* Того кубогы: 4
1975, 1976, 1987, 1995. |
Ватанга (ағылш. Watanga Football Club) — Либерияның Монровия қаласындағы футбол клубы. Либерияның екі дүркін чемпионы (2021–22, 2023–24).
## Сілтемелер
* facebook
* SOCCERWAY
* SOFASCORE
* FLASHSCORE
* Globalsportsarchive |
«Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ — 2008 жылы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту мақсатында құрылған холдинг. Жалғыз акционері Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болды. 2022 жылы холдинг таратылып, еншілес компаниялары тікелей министрліктің қарамағына өтті.
## Тарихы
«Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетінің 2008 жылғы 25 тамыздағы № 538 бұйрығымен құрылды.
Холдинг «Самғау» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ қайта құру нәтижесінде құрылды. «Зерде» холдингінің құрамына 5 компания кірді:
* "Kazsatnet" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (100%)
* "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы (100%)
* "Ұлттық процессинг орталығы" акционерлік қоғамы (66,85%)
* "Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (100%)
* "Электронды коммерция орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (100%)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 333 Қаулысымен "Қазконтент" акционерлік қоғамы холдинг құрамынан шығарылып, Премьер-Министрінің Кеңсесіне берілді.
Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетінің «Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 19 тамыздағы №1025 бұйрығына және «Ақпараттық есеп орталығы» АҚ 2015 жылғы 02 қыркүйектегі №2535667 бұйрығына сәйкес «Қазтелерадио» АҚ мемлекеттік акция пакеттері Холдинг басқармасына берілді. 2015 жылғы 2 қыркүйектен бастап «Қазтелерадио» АҚ Холдинг компанияларының тобына кіреді.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамына «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын қосу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 696 қаулысы шықты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 687 қаулысымен "Қазтелерадио" акционерлік қоғамы холдинг құрамынан шығарылып, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне берілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 540 қаулысымен "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамы таратылды. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" және "QazInnovations" инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамдары Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне берілді.
Холдингтің әр жылдардағы жалғыз акционері:
* Ақпараттандыру және байланыс агенттігі (2008—2010)
* Байланыс және ақпарат министрлігі (2010—2012)
* Көлік және коммуникация министрлігі (2012—2014)
* Байланыс және ақпарат агенттігі (наурыз — тамыз 2014)
* Инвестициялар және даму министрлігі (2014—2015)
* Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (2015—2016)
* Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (2016—2019)
* Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ақпан — маусым 2019)
* Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (2019—2022)
## Қызметі
* ақпараттық-коммуникациялық саланың бәсекеге қабілеттілігін және экономикалық тиімділігін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау
* ақпараттық-коммуникациялық ресурстар мен стандарттарды дамыту
* инфокоммуникациялар саласындағы инвестициялық және инновациялық белсенділікті ынталандыру
* құрамындағы заңды тұлғаларды тиімді басқару
## Еншілес ұйымдары
* «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
* «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ
* «Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркі» корпоративтік қоры
## Басшылары
* Әділбек Сәрсенов (08.2008 — 2010)
* Нұрлан Измайлов (08.2010 — 2013)
* Мирболат Аюпов (2013 — 2015)
* Бикеш Құрманғалиева (03.2015 — 2016)
* Әсел Жиенбаева (04.2016 — 06.2017)
* Руслан Еңсебаев (06.2017 — 05.2018)
* Ерлан Дүрмағамбетов (11.2018 — 2020)
* Алексей Анисимов (2020 — 08.2020)
* Арман Абдрасилов (08.2020 — 09.2022)
## Дереккөздер |
Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов (30 тамыз 1984 жыл, Семей) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2024 жылғы 2 қыркүйектен бері Қазақстанның Туризм және спорт министрі.
## Білімі
Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген.
## Еңбек жолы
Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институты Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады.
2009–2014 жж. — Семей қаласының мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы; меңгерушісі.
2006–2018 жж. — «Шығыс Қазақстан облыстық бұқаралық спорттағы жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ жаттықтырушы-оқытушысы.
2018–2020 жж. — «Қызылжар Арландары» спорт клубының директоры болып жұмыс істеді.
2020–2021 жж. — «Qazaq kuresi» қауымдастығының басқарушы директоры.
2021–2023 жж. — Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры.
2023–2024 жж. — Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы.
2024 жылғы 2 қыркүйектен бастап Туризм және спорт министрі.
## Дереккөздер |
Бегенов Мәди Қайпыұлы (1916, қазіргі Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылы – 1 қазан 1943, Украина, Запорожье қаласы) — Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант, бөлімше командирі. Ұлты қазақ. Кеңес әскері қатарына 1938 жылы шақырылған. 1942 жылы желтоқсанда майданға жіберіліп, 619-полктің (З-Украина майданы, 12-армия, 203-атқыштар дивизиясы) құрамында ұрыстарға қатысты. 1943 жылдың 25 қазанында Новый Кичкас (қазіргі Запорожье қаласы) маңында Днепр өзенінен өту кезінде ерлік көрсетті. Бегенов жау пулеметінің атыс нүктесі орналасқан жерді анықтап, артиллерия оғымен атқылады. Содан кейін оның бөлімшесі жаудың траншеясына бірінші болып жетіп, қолма-қол шайқаста бірнеше гитлершіні жойды. Бегенов екінші траншеяны басып алу үшін жауынгерлермен шабуылға шықты. Нәтижесінде полк әскері алға жылжуға мүмкіндік алды. Бегеновке жасаған ерлігі үшін КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (19-наурыз 1944 жылы). Ленин, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталды.
## Шежіре
Адай Батыр – Келімберді – Мұңал Батыр – Әли – Қошқар – Жанғозы – Тоқал – Кешу – Бита – Ақбас – Қайпы – Беген – Мәди
## Дереккөздер |
Әл-Меррейх Бентю (ағылш. El-Merreikh Bentiu) — Оңтүстік Суданның Бентиу қаласындағы футбол клубы. 2002 жылы құрылған.
## Жетістіктері
* Оңтүстік Судан чемпионы: 2023/24 |
Нгези Платинум (ағылш. Ngezi Platinum F.C) — Зимбабве футбол клубы. Базасы Нгези қаласында. 2001 жылы Нгези Спортс деген атаумен құрылды.
2023 жылы тұңғыш рет ел чемпионы атанды.
## Сілтемелер
* http://el.soccerway.com/teams/zimbabwe/ngezi-platinum/35966/ |
Х. Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасы – Батыс Қазақстан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енген қала құрылысы және сәулет ескерткіші.
## Ораналсқан жері
Орал қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 166/1.
## Кезеңі
1838 жыл, сәулетші – А.А. Гопиус.
## Тарихи деректер
Ғимарат Орал әскери канцеляриясы үшін шамамен 1838 жылы салынған XIX ғасырдағы сәулет ескерткіші болып табылады. Ғимарат жобасының сәулетшісі болып А. А. Гопиус саналады. Ескерткіштің өзі – спассикалық стильде салынған екі қабатты ғимарат. Кейінірек канцелярияны Орал казак әскерінің әскери шаруашылық басқармасына өзгертті. 1871 жылы ғимаратта алғашқы қоғамдық кітапхана ашылды. Кеңес уақытында мұнда әскери бөлім мен басқа да мекемелер орын алды. 1961 жылы А.П. Гайдар атындағы Батыс Қазақстанның облыстық балалар кітапханасы құрылды.Кітапхананың атауы 2016 жылы белгілі жазушы, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, осы аймақтың тұрғыны Хамза Есенжановтың атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Батыс Қазақстандық облыстық кітапхана болып өзгертілді.
Бүгінгі күні кітапхананың кітап қоры 199 572 мың бірлікке тең. Жыл сайын ол 21 000-нан астам оқырмандарға қызмет көрсетеді.
## Дереккөздер |
Вайвейт Тай (ағылш. Vaivase-Tai) — Самоаның Апиа қаласындағы футбол клубы. Самоаның жеті дүркін чемпионы (1979, 1980, 1981, 1983, 1998, 2006, 2022).
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* http://www.national-football-teams.com/club/2904/2013_2/Vaivase_Tai.html |
Арта Солар (ағылш. Association Sportive d'Arta) — Джибутидің Арта қаласындағы футбол клубы. 1980 жылы құрылған. 2023/24 жылы Джибути чемпионы атанды.
## Жетістіктері
* Джибути чемпионы: 7
1988, 2000, 2005, 2007, 2021, 2022, 2024
1988, 2000, 2005, 2007, 2021, 2022, 2024
* Джибути кубогы: 8
1992, 2001, 2004, 2008, 2018/19, 2019/20, 2020/21, 2021/22
1992, 2001, 2004, 2008, 2018/19, 2019/20, 2020/21, 2021/22
## Сілтемелер
* https://us.soccerway.com/teams/djibouti/as-du-chemin-de-fer-djibouto-ethiopien--colas/20849/ |
Сентраль Кост (ағылш. Central Coast FC) — Соломон аралдарының Хониара қаласындағы футбол клубы.
## Сілтемелер
* https://www.facebook.com/centralcoastfc/ |
«Аукас» (ис. Sociedad Deportiva Aucas) — Эквадордың Кито қаласындағы футбол клубы.
## Жетістіктері
* Эквадор чемпионатының қола жүлдегері (3): 1969, 1975, 1998
* Эквадор в сериясы (3): 1974 E2, 1991 E2, 2014
## Сілтемелер
* Ресми сайты (исп.) |
Арқан тартыс сайыстары Олимпиада ойындарында тек бес рет өткізілген еді.
1900 жылы сайысқа екі топ қана түсті, әр топта 6 спортшыдан болды. 1904 жылы топ құрамы 5 атлет болып өзгерді, әр мемлекеттен бірнеше топ қатыса алды. Ал кейінгі үш Олимпиадада әр топқа 8 атлет кірген.
Олимпиадалық спорт түрі ретінде арқан тартыс жеңіл атлетика сайыстарына жатқызылатын-ды. Алайда қазіргі уақытта бұл екі бөлек спорт түрі болып есептелінеді.
## Медалистер
## Галерея
*
*
## Дереккөздер |
Екідің-I – Қостанай облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енген VII-IX ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандар тізбесіне енген.
## Орналасқан жері
Арқалық әкімшілігінің аумағындағы Екідің ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жерде, Қараторғай өзені оң жағалауында орналасқан.
## Кезеңі
Шамамен VІІ-ІХ ғғ., сондай-ақ ерте темір дәуірі деген тұжырымдар бар.
## Тарихи деректер
Екідің-І – бір-біріне салыстырмалы түрде жақын орналасқан екі рәсімдік құрылымдардың бірі. "Еки дын" қазақ тілінен "екі дің" деп аударылды. Дің – дәстүрлі тастан жасалған сфералық пішінді дала құрылысының архаикалық түрі. Дің пішіні бойынша дәстүрлі ежелгі "шошала" – киіз үйдің алғашқы прототипіне ұқсас.Екідің-І қорған үйіндісі тас пен топырақтан құралған. Үйіндінің жалпы диаметрі – 15 м, биіктігі – 0,7 м. Қорған айналасында ені 5 м және тереңдігі 0,3 м ор қазылған. Ор қорғанды толық қоршамайды, оңтүстік-шығыс жағында ені 0,15 м өткел бар.Жалпы, жергілікті нанымдарына сәйкес, Екідің І-дің, бұл аймақтың өзі сияқты, қасиетті мағынасы зор.XX ғасырдың 80-ші жылдары жергілікті халықтың күшімен және қаражатымен аймақтың маңызды этникалық естелігі, ерекше тарихи нысан болып табылатын Екідің I кешенін жартылай қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Бүгінде Екідің I танымал туристік және зиярат нысаны болып табылады.
## Дереккөздер |
Джохор Дарул Тазим (малайша Kelab Bola Sepak Johor Darul Ta'zim) — Малайзияның Джохор-Бару қаласындағы футбол клубы. 1972 жылы құрылған.
## Жетістіктері
### Ұлттық
* Малайзия чемпионатыЧемпион (8): 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019, 2020, 2021
* Чемпион (8): 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019, 2020, 2021
* Премьер-лигаЧемпион (1): 2001
* Чемпион (1): 2001
* Малайзия кубогыЖеңімпаз (1): 2016
* Жеңімпаз (1): 2016
* Малайзия суперкубогыЖеңімпаз (6): 2015, 2016, 2018, 2019, 2020, 2021
* Жеңімпаз (6): 2015, 2016, 2018, 2019, 2020, 2021
### Халықаралық
* АФК кубогыЖеңімпаз (1): 2015
* Жеңімпаз (1): 2015
## Сілтемелер
* http://johorsoutherntigers.com.my/ |
Нұрмұхаммед Жақып (2006 жыл, Ақтау, Қазақстан) — Қазақстандық жас әнші, актер.
## Өмірбаяны
Жас әншіге «Мама» атты шығармасы тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымалдылық әкелді. Дебюттік әні әлі күнге дейін танымал. Ән алғаш рет Instagram мен YouTube желілерінде жарияланды. Әнді интернетке әкесінің досы, әнші Сәкен Майғазиев жүктеген.
Жас жігіт музыкант отбасында дүниеге келген. Нұрмұхаммедтің әкесі (Ибраһим Жәкиб) – танымал қазақ әншісі. Қазір ол мұрагерінің продюсері. Ұлының концерттер мен мерекелерге көптеген шақырулар алғандықтан, біраз уақыт жұмысын тоқтатуға тура келді.
2018 жыл дан бастап Нұрмұхаммед туралы Ресейде айта бастады.
Жас әнші көп ұзамай «Привет, Андрей!» бағдарламасына шақырылды. Бағдарлама интернетте танымал болған дарынды балаларға арналған. Нұрмұхаммедті анасы Гүлмира мен әкесі Ибрагим бірге ертіп барды.
2020 жылы талантты музыкант белгілі вокал педагогы Борис Бориовтен шақырту алды. Жыл сайын әншінің вокалдық шеберлігі жақсара түсті. Туған қаласында жас жігіттің әлемдік деңгейдегі жұлдыз болатынына сенеді.
Қазақстанда әншінің «Самая самая» атты әні үлкен хитке айналды. Әнге түсірілген бейнебаян YouTube платформасына жүктелді. Видео 25 миллионнан астам қаралым жинап, көптеген қалалар мен елдердің чарттарына енді.
Нұрмұхаммед өз әндерін орындайды, басқа әншілердің әндерін емес. Оның жеке әндері «Самая самая», «Я оригинальный», «Ана жүрегі», «Мама» және «Жүрегімді тоқтатпа» деп аталады.
Нұрмұхаммед өзін кино саласында да сынап көрді. Ол жетім балалардың тағдыры туралы баяндайтын фильмде басты рөлді сомдады.
## Шығармашылық жолы
Әншінің шығармашылық жолы 2014 жылы, жасөспірім небәрі 8 жаста болған кезде басталды. Осыдан кейін жаңа әндер мен бейнебаяндар жиі шығып тұрды. Жас музыканттың шығармашылық жолы:
* «Ансайды Жаным» әнін жас қазақстандықтар Мәлик Жамбылұлы екеуі дуэтпен орындайды. Кейін бұл әнге бейнебаян түсірілді;
* «Мейірім аңсағандар» көркем фильміне саундтрек;
* «Алдай ма көктем» әні мен бейнебаяны.
Әнші музыкалық байқауларға да қатысты:
* «Бала Түрквижн-Қазақстан» байқауының іріктеу кезеңі — 2015;
* Н. Жантөрин атындағы музыкалық-драмалық театрда екі сағаттық моноспектакль, Андрей Малаховтың «Привет, Андрей!» бағдарламасына қатысу — 2018;
* «Қызық Таймс—2019» бағдарламасына қатысу;
* 2020 жылы Америкадан Борис Буриевтің әріптестікке шақыруы.
## Дискография
Жас әншінің ең танымал композициялары:
* «Мама» – 2018
* «Ана жүрегі» — 2018 ж.
* «Ажыраспандаршы» — 2018
* «Жүрегімді тоқтатпа» – 2019
* «Я оригинальный» — 2020
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Instagram ресми парақшасы
* YouTube ресми парақшасы |
Темірлан Анарбекұлы Анарбеков (14 қазан 2003, Атырау, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, "Жеңіс" клубының қақпашысы. Қазақстанның бірнеше жастағы құрамаларында ойнаған.
## Жетістіктері
«Қайрат»
Қазақстан чемпионаты
* Қазақстан чемпионы: 2020
* Қола жүлдегер: 2021 |
Асхат Қайратбекұлы Балтабеков; 6 қараша 1993, Лепсі, Талдықорған облысы) — қазақстандық футболшы, "Жетісу" клубының жартылай қорғаушысы.
## Жетістіктері
### Командалық
«Жетісу»
* Бірінші лига жеңімпазы: 2017
* Бірінші лига қола жүлдегері: 2022
## Дереккөздер |
Асхат Қайратбекұлы Балтабеков; 6 қараша 1993, Лепсі, Талдықорған облысы) — қазақстандық футболшы, "Жетісу" клубының жартылай қорғаушысы.
## Жетістіктері
### Командалық
«Жетісу»
* Бірінші лига жеңімпазы: 2017
* Бірінші лига қола жүлдегері: 2022
## Дереккөздер |
Феликс Хорн Мюре (норв. Felix Horn Myhre; 4 наурыз 1999 жыл, Норвегия) — норвегиялық футболшы, Норвегия Ұлттық футбол құрамасы мен "Бранн" клубының жартылай қорғаушысы.
2024 жылы Ұлттық құрамаға шақыртылды. Тұңғыш ресми ойынын 6 қыркүйекте Қазақстанға қарсы өткізді.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Сырлытам кесенесі (Іңкәрдария) – Қызылорда облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген қала құрылысы және сәулет өнерінің ескерткіші.
## Орналасқан жері
Сырдария ауданы, Іңкәрдария ауылы, ауылдан оңтүстікке қарай 25 км жерде.
## Кезеңі
XIII ғ.
## Сипаты, тарихи деректер мен аңыздар
Іңкәрдариядағы Сырлытам кесенесі – Алтын Орда кезеңіндегі сәулет өнерінен қалған тағы да бір таңғажайып ескерткіш. "Сырлытам" немесе "жұмбақ үй" атауы оның нақты кімге арналғандығы белгісіз дегенді білдіреді. Қазіргі таңда тек жорамалдауға болады. Кесене кішігірім төртбұрышты (қабырғаларының ені 10 м) күмбезді құрылыстан, жақсы сақталған биік порталдан тұрады, күйдірілген саздан істелген тақтайшалармен безендірілген. Қабырғалары мен күмбезі күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Көлемді, бірақ қарапайымдылығымен ерекшеленетін сүйір арка – басты кіреберіс жағы. Қабырғаларында кішігірім ойықшалар, нақышты әрленім әлі күнге дейін ерекше көркем жазбалардың ізін сақтап келеді. Жалпы алғанда, Іңкәрдариядағы Сырлытамның архитектуралық құрылымы ортағасырлық ортаазиялық сәулет өнеріне тән болып табылады.Аймақта мынандай аңыз бар, кесене иесінің есімі Баршын (кесене қабырғаларында мұнда Бану шешек жатқандығы жазылған (Баршын басқа транскрипцияда)) деп аталды. Отандық түркітанушылардың белгілі бір тобының арасында әңгіме аты аңызға айналған Алпамыс батырдың жары туралы айтылады деген пікір бар. Батырдың жары Гүлбаршынмен байланысты танымал эпостың топонимикасы көбіне Сырдария облысына қатысты. Сонымен бірге, "Қорқыт атамның кітабы" эпикалық шығармалар қатарына енетін ерте ортағасырлық "Бамсы Байрақ пен Бану шешек" атты оғыз эпосы Сырдария аймағында бұдан да ерте Алпамыс батыр туралы көне эпос негізінде құрастырылған.1960 жылы ескерткішті С.П. Толстов жетекшілік еткен Хорезмдік археологиялық экспедиция ашып зерттеген.2000-жылдары кесене қайта жаңартылды.
## Дереккөздер |
* Сырлытам кесенесі – Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 106,5 км жерде.
* Сырлытам кесенесі – Сырдария ауданы, Іңкәрдария ауылынан оңтүстікке қарай 25 км жерде. |
Құрөзек — Іле алабындағы өзен. Алматы облысы, Жамбыл ауданы жерімен ағады.
## Сипаттамасы
Ұзындығы 15 шақырым. Шилі қыраттарынан бастау алып, Жайсан ауылы тұсында Ақсеңгір өзеніне құяды. Солтүстікке қарай ағады да, Қараөзек қыстағынан өткен соң солтүстік шығысқа бұрылады. Жол-жөнекей қыраттардан аққан сулармен толығады. Көбіне қорегі - жауын-шашын.
## Дереккөздер |
Сұраншы Ақынбекұлы — (1815–1864) Ұлы жүз Шапырашты руының Еміл-Есқожа бөлімінен шыққан батыр. Арғы атасы – Қарасай батыр. 1848–1860 жылдары Қоқан билеушілерінің Жетісуға басып кіруіне қарсы күресті. 1864–1865 жылдары Ресей әскері сапында Ұзынағаштан Сайрамға дейінгі қазақ ауылдарын азат етуге қаты "Сұраншы батыр" тарихи жыр. Қоқан хандығынын Жетісу қазақтарына жасаған зорлығына қарсы бас көтерген Сұраншы батырдың ерліктеріне арналған жырлар мен аңыз-әңгімелер топтамасы. Батырдың жорықтарына қатысқан атақты ақын Сүйінбай Аронұлы шығарған алғашқы "Сұраншы батыр" жыры Қырғызстанда тұрған Рысбек деген қарияның айтуынан жазылып алынды. Жыр нұсқасы толық болмағанына қарамастан Сұраншының Сайрам түбіндегі соғысы "Сайрам деген қаланың, жасы менен кәрісін жау қолынан босатқан" деген жыр жолдары арқылы нақышталып, батыр ерлігі тарихи оқиға ізімен баяндалады да, "Қарасайлап" ұран сап, жауға қарсы шауып, ерлікпен қаза табуымен аяқталады. Жамбылдың айтуынан естіген Тәпеке Жарықбасов айтқан "Сұраншы батырдың бала шағы" атты әңгімесінде батыр шыққан Шапырашты руының Сұраншыға дейінгі іпежіресі таратылып, Саурық батыр өлгеннен кейін, қырғыздың Орман манабы елді талап, күйзеліске ұшыратуы, оған қарсы Сұраншы батыр бастаған жігіттер аттанып, халық кегін қайтаруы сөз болады. "Сұраншы батыр туралы" деп аталатын Ыбырайым Бейсенбетұлы мен Рысбай Рүстембекұлы деген кісілердің Жамбылдың айтуынан естіген қара сөз түріндегі аңыз-әңгіме Сұраншы батырдың коқандықтарға қарсы азаттық жолындағы күресінен сыр шертеді. Осы жырлар мен аңыздардың барлығы жыр алыбы Жамбылдың атақты "Сұраншы батыр" поэмасына негіз болғаны бел Жамбылдың хатшысы болған кейде ақын Қалмақан Әбдіқадыр бұл поэманы жыр алыбының өз туынан жазып алған. Осы нұсқа 1938 жылдан бастап Жамбылдың барлық жинақтарында басылып келеді. "Сұраншы жырлары мен аңыз-әңгімелер және Жамбыл поэмасының жазба нұсқалары Орталық ғылыми кітапхана қорында және Әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтіні бөлімінде сақтаулы.
Ұлы Жүз қырғыз-қайсақтары туралы:
"Хотя до появления русских войск в этой части степи Большая орда и считалась под покровительством России с 1824 года, но китайцы не переставали посылать в Заилийский край свои отряды для сбора ничтожной дани до 1840 году, в который они потерпели горестное и плачевное поражение от здешних чапраштов при урочище Тирен-Узек. Отряд состоял из трех тысяч китайцев и собирая ясак, намеревался пробраться к ташкентскому аксакалу для переговоров. Еще до сих пор китайцы не могут забыть этого поражения и с глубоким негодованием отзываются о всяком кайсаке чапраштинского поколения"
- деп, Шоқан Уәлиханов, Қашқарға барғанда, сол 3 мын қытай жасағынын, қашып кұтылған қалдықтарымен кездесiп, әңгiмелескенi тұралы жазады. Сол 1840 жылы қытайлармен болған соғыста шапырашты әскерiн Қарасай батырдың Түркпенінен тарайтын шөбересi, Дәулет батырдын немерелерi Саурық пен Сұраншы батырлар басқарған.
1853 жылы Сұраншы батыр 300 жасақпен, қоқандықтардын 20 мың әскерiн, казiргi Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қопа станциясы маңында тас талқан етiп жеңгенін, сол оқиғаларға өзі қатысып, көзімен көрген Сүйінбай ұстазы мен үлкендерден естігенін айтқан, Жамбылдың жырларынан білеміз.
## Дереккөздер |
Нариман Төреғалиев (19 шілде 1964 жыл, Есенсай, Тайпақ ауданы) — Қазақстан мемлекеттік қайраткері, 2022 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімі. Қазақстан Парламенті Сенатының Батыс Қазақстан облысынан сайланған экс-депутаты (2017-2022).
## Білімі
Білімі жоғары. Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын, Каспий қоғамдық университетін бітірген. Инженер-экономист, заңгер. Экономика ғылымдарының магистрі.
## Еңбек жолы
* «ХVІІІ Партсъезд» атындағы ауылшаруашылығы бірлестігінің экономисті, бас экономисті (1990-1995);
* «Айтиево» өндірістік кешенінің жабдықтаушысы, экономисті, бас экономисті (1997-1999);
* «Ақжол» шаруа қожалығының басшысы (1999-2001);
* Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы (2001-2002);
* Жалпы үлгідегі интернат үйінің директоры, Орал қ. (2002-2003);
* Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары (2003-2005);
* Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті директорының орынбасары (2005-2008);
* Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры (2008-2010);
* Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы (2010-2012);
* Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі (2012-2015);
* Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2015-2016);
* Орал қаласының әкімі (2016-2017);
* Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2017-2022);
* Батыс Қазақстан облысы әкімі (2022 жылдан бастап).
## Марапаттары
«Құрмет» орденімен марапатталған (2016).
## Дереккөздер |
Тағай Жұмашұлы (1911 Манаш аулы Новобогат ауданы Гурьев облысы – 29 мамыр 1975 Қызыл балық (ауыл), Атырау ауылдық округі, Атырау облысы) — балық өндіру қызметкері.
## Өмірбаян
Тағай Жұмашұлы 1911 жылы Манаш ауылында, Исатай ауданы, Гурьев облысы қарапайым отбасында дүниеге келген. Руы Есенғұл Беріш, бөлімі Барақбай, Кіші жүз.
1920 жылы әкесі Жұмаш өмірден өткеннен кейін Тағай 1925 жылға дейін анасының тәрбиесін көріп, кішкентай кезінен өте білімді және еңбекқор болып өседі.
1925 жылдан 1930 жылға дейін өмірдің қиын тауқыметін жастайынан арқалаған 14 жастағы жас бала балықшы ағайындардың қасында жүріп, қайыққа мініп, кәсіп жасап, отбасын асыраған.
Өз еңбекқорлығының арқасында Тағай 1930 жылдан бастап «Қызыл балық» колхозына мүше болып қабылданып, қатардағы балықшы болып еңбек жолын бастайды.
1935 жылдан бастап балықшылардың звено жетекшісі болып жақсы қызмет атқарып, жыл сайынғы міндетті жоспарын үздіксіз орындап келген.
1940 жылы балық шаруашылығы саласының майталманы бола білген Тағай Жұмашұлы, «Қызыл балық» колхозы бойынша Большевиктердің Бүкілодақтық Коммунистік (ВКП(б)) партиясына үміткер болып тіркеліп, кейін 1941 жылы алғашқы партиялық ұйымдардың жалпы отырысының шешімімен осы партияның мүшесі болып қабылданады.
1956 жылы балықшы колхоздарын жаппай Жайық өзені бойындағы Дамба ауылдық Кеңесіне қарасты жерлерге қоныстандыру кезінде Тағай Жұмашұлы да қазіргі «Қызыл балық» ауылына қоныс аударады. Балықшылық кәсіппен бірге жастайынан ағаш шебері болған Тағай Жұмашұлы, өз шеберлігі мен еңбекқорлығының арқасында, шағын үйді жыл сайын жалғастыра салып, бала шағаның қамы үшін үлкен шатырлы үй тұрғызған. Бұдан Тағай Жұмашұлының сол кездегі жоқшылық заманда, жоқтан бар жасап, өз шеберлігінің арқасында үлкен мақсатқа қол жеткізгенін көруге болады. Еңбекқорлығы мен ауылына деген шын жанашырлығы соншалық, ауылдағы сол кездегі көптеген үйлердің салынуына қол ұшын созып, халқына және барша ағайынға көп еңбегі сіңген жан болатын.
## Отбасы
Әкесі Жұмаш, анасы Жамилә және екі інісі Қадим, Ығаш. Әкесі Жұмаш қарапайым балықшы болған.
Тағай Жұмашұлынан 11 ұрпақ тараған. Тұңғыш қызы Марқама 1936 жылы, қызы Сапура 1940 жылы, ұлы Нағим 1943 жылы, ұлы Фауеден 1946 жылы, қызы Ағила 1949 жылы, ұлы Ұзақбай 1956 жылы, қызы Балғаным 1959 жылы, қызы Бибігүл 1962 жылы, ұлы Ұзаққали 1964 жылы, қызы Рая 1966 жылы, қызы Райса 1969 жылы дүниеге келген. Ұрпақтарын кішкентай кездерінен адамның бар бақыты жақсы білім мен тату отбасында екендігіне үйретті. Қарапайым ауыл мектебінен білім алса да үлкен қызы Марқаманың Алматы қыздар педагогикалық институтына, ұлы Нағимның Алматы ауылшаруашылық институтына, ұлы Фауеденнің Алматы Политехникалық институтына оқуға түсуі отбасындағы терең білім мен тағылымды тәрбиесі екендігін білдіреді. Одан кейінгі ұл қыздары да сол кездегі Гурьев каласындағы жоғары және арнаулы оқу орындарында оқып, бүгінде қоғамның әр саласында абыройлы еңбек етуде. Қазақта «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген сөз бар. Бүгінде Тағай атадан тараған ұрпақтар Тәуелсіз еліміздің әр саласында еселі еңбек етуде.
## Марапаттары мен атақтары
1939 жылы Наркомның «Мақтау грамотасымен» марапатталған.
1963 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен балық өндіру мен балық өнімдерінің өндірісі бойынша мемлекеттік жоспарлар мен социалистік міндеттемелерді орындауда қол жеткізген табыстары үшін колхоздағы алғашқылардың бірі болып «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған.
Атырау облысы Атырау қаласы Атырау ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі шешімімен Қызыл балық ауылында көшеге "Тағай Жұмашұлы көшесі" есімі берілді.
## Дереккөздер |
Андрей Евгеньевич Ульшин (18 сәуір 2000, Көкшетау) — қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы. "Қайрат" клубының ойыншысы. Қазақстанның бірнеше жастағы құрамасында ойнады. 2020 жылғы Қазақстан чемпионы.
## Сілтемелер
* https://www.footballdatabase.eu/en/player/details/337513 |
Төлеубек Әбдіқадыров (08.02.1940, Тәжікстан, Ленинабад облысы, Гиссар ауданы, Канака ауылы - 08.10.2009, Алматы) - мемлекет қайраткері.
1941 жылы әке-шешесінің отбасы Жамбыл облысының Сарысу ауданына көшіп келген. 1961 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика факультетін бітіріп, экономист-қаржыгер мамандығын алды. 1961-73 жылдары Жамбыл облысында қаржы мекемелерінде тексеруші-бақылаушы, Қаратау қаласында және Меркі ауданында қаржы бөлімінің меңгерушісі, Жамбыл облыстық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары; 1973-97 ж. Алматы қалалық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары; меңгерушісі, қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары; 1990- 92 ж. егеменді Қазақстан Республикасының алғашқы қаржы министрі болып істеді. 1997 - 2001 жылдары Алматы облыстық қаржы басқармасының бастығы.
## Дереккөздер |
Қазақ ұлттық хореография академиясы — Астана қаласында орналасқан балет әртістерін дайындайтын жоғары оқу орны. Академия 2015 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған.
## Тарихы
«Қазақ ұлттық хореография академиясы» коммерциялық емес АҚ 2015 жылғы 11 наурыздағы № 126 ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған. 2021 жылғы 30 маусымда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК болып өзгертілді.
Орталық Азиядағы алғашқы көп деңгейлі білім беру жүйесін қамтитын бірегей балет академиясын құру идеясы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тиесілі.
## Құрылымы
* Концертмейстерлік шеберлік және фортепиано бөлімі
* Өнер факультеті
* Хореография факультеті
* Кәсіптік білім берудің мектеп-колледжі
Кафедралар
* Педагогика кафедрасы
* Режиссура кафедрасы
* Өнертану және арт-менеджмент кафедрасы
## Дереккөздер |
Қосмүйіз ― қойдың, сиырдың, ешкінің екі мүйізін бейнелейтін ою-өрнек. Кейде "ырғақ" немесе "ілгек" деп аталады.
Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды, киім-кешектерді, қару-жарақтарды безендіру үшін қолданылады. Қазіргі кезде "қосмүйіз" ою-өрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, қамзолдың алдыңғы жағына, етіктің қонышына салады.
## Дереккөздер |
Қос дөңгелек – мал таңбасына ұқсайтын ою-өрнек.
Қос дөңгелек өрнегімен негізінен киіз бұйымдарын, текеметтерді, сырмақтарды әшекелейді. Ежелгі көшпенділер дүниетанымында күнді тұспалдайтын дөңгелек таңбасында тылсым күш бар деп сенген, сондықтан тұрмыста қолданатын барлық бұйымдардың ортасына күннің тұспал бейнесін қолданған.
## Дереккөздер |
* Ақтас мешіті – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бесарық бекетінен оңтүстікке қарай 6 км жерде орналасқан.
* Ақтас мешіті – Шымкент қаласының Абай ауданында орналасқан. |
Д. Қонаев атындағы сквер — Алматы қаласындағы саябақ.
Саябақтың ортасында Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың ескерткіші қойылған. Екі жағынан фонтандары ағады.
Жақын маңайда Д.А.Қонаев музей-үйі және Алмалы метро бекеті бар. |
Әлия мен Мәншүк сквері — Алматы қаласындағы саябақ.
Алмалы метро бекетінің жанында орналасқан.
1997 жылы мұнда екі батыр қызға монумент қойылды.
## Сілтемелер
* Әлия мен Мәншүк саябағының ерекшелігі |
Тоғызтөбе - ою-өрнегі ең көне оюлардың бірі.
Бұл өрнек қимақтар мен қарлұқтардың қолөнерінде сақталған және кезінде "тоғызтөбе" ою-өрнегін Айша-бибі күмбезінің кірпіштерін өрнектеу үшін қолданған. Ал қазіргі кезде қазақ, қырғыз, түрікмен, қарақалпақ қолөнерінде кездеседі.
## Дереккөздер |
Төртқұлақ ― төрт тармағы зооморфты немесе өсімдік оюларынан құралған, ортасы крест бейнесін жасайтын ою-өрнек.
Ортасына крест төрт тармағына мүйіз элементі қондырылған, бұл өрнек ең көне оюларға жатады. Алғашқыда "төртқұлақ" ою-өрнегі Пазырық қорғанынан табылған. Төрт тармақтан дөңшелек, төрт бұрыш, төрт жапырақ құрайтын ою-өрнектер жасалады. Бұл оюлар кебежеге, жүкаяққа, аяққапқа, батырлар шапанының жауырынына, қалқанға, щалбардың тізе тұсына, дөдегенің ортасына немесе шет бұрыштарына салынады.
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті — ойын бизнесі және лотерея саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ведомствосы.
## Міндеттері
## Дереккөздер |
Арқармүйіз ― қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі.
Бұл элемент "қошқармүйізге" өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді. Кілем, тұскиіз, сырмақ, кесте, киім-кешек пен үй жиһаздарында кездеседі.
## Дереккөздер |
Құстұмсық — құстың тұмсығын тұспалдаудан туған ою-өрнек түрі.
Бұл ою-өрнек тармақты мүйіздер мен сызықтардан құралады. Мұнда ою ортасындағы сызық ұшы құстың тұмсығына ұқсас етіп қиылады. Құстұмсық жүзік немесе топсалы жүзік сәлемдеме ретінде туыстар арасында дәнекер қызметін атқарған. Тұрмысқа шыққан қызынан орамалға түйілген құстұмсық жүзік келсе, ата-анасы қуанып, көршілерін шақырған. Құс бейнесі - халық түсінігінде азаттықтың белгісі. Жүзікке қарап ата-анасы қызының ұзатылған жерінің жақсы екенін біледі.
## Дереккөздер |
Ирек — кейде түзу сызықтардың сынықтары, кейде доғал сынықтардың ұштасуы арқылы жасалатын ою-өрнек.
Ондай сызықтар бірнеше қатар сызықтар түрінде қатарласа жүреді. "Ирек", "ирексу" өрнегінің жасалуы кейде бір иректің іші екінші ирекке қарсы келіп, "төртбұрыштар" мен "сағатбау", "саты" тәріздес өрнектер жүйесін түзейді. Бұл өрнек бешпеттің, қамзолдың, шапан мен тақияның жиегіне салынады. Зергерлік бұйымдарда: сақина, білезік, қапсырма, алқалардың жиегінде және ши, сырмақ, кебеже, жүкаяқ, табақ ернеулерінде, әдіп тігісте көбірек кездеседі. Ирек немесе толқын жолақтар ағын суды тұспалдайды.
## Дереккөздер |
Өркеш — түйенің қос өркешін бейнелейтін ою-өрнек.
Бұл ою-өрнек сырмаққа, текеметке, тұскиіздерге салынатын ою-өрнек композициясында көбірек кездесетін элемент. Қазақ оюында мал мен аңның қос мүйізін, түйенің қос өркешін, биенің қос емшегін бейнелеу тек симметриялық тепе-теңдік үшін ғана емес, сонымен қатар береке-бірліктің, көбеюдің символын білдіреді.
## Дереккөздер |
Алақұрт — тоқылған бұйымдардың, үй жиһаздарының шетіне салынатын ою-өрнек.
Алақұрт өрнегінің түстерінің алма кезек түсуіне қарай "қызылқұрт", "сары-алақұрт", "қарақұрт", "бунақ", "буынөрнек" деп аталады. Ол ақ пен қарадан, қызыл мен жасылдан, көк пен сарыдан бунақталып келетін ұзынша желі.
## Дереккөздер |
Түйетабан — түйенің басқан ізін долбарлайтын күрделі ою-өрнек.
Ол кейде "карта", "қарға", "қызылайыр" өрнектеріне ұқсайды. Қатар тұрған S тәрізді екі сызық қатарласып қосылмайды, түйенің табанына ұқсас екі жарты сопақша дөңгеленіп келеді. Түйетабан деп аталатын көп гүлді, үлпек басты тікені бар өсімдік, ол да түйенің табанына ұқсас — екі жарты, оны кей жерлерде "табақ" өрнегі деп атайды.
## Дереккөздер |
Тұмарша — үшбұрыш үлгілес болып келетін ою-өрнек.
Үш гүл, үш бұрыш тәрізді тұмарлар тіл-көзден сақтау үшін адамдарға ғана емес, үй жануарларына да бойтұмар ретінде тағылады. Кілем бұйымдарының жиегінде киіз, кілем, текеметтің орта тұсын көмкеруде кездеседі.
## Дереккөздер |
Қостұмарша, Сызықтұмарша — төбесінен түйістірілген екі тұмарша үшбұрыш өрнегі қосылып, геометриялық үшбұрыш жасайтын ою-өрнек.
Бұл өрнектін түрі "тұмарша" өрнегі секілді тіл-көзден сақтау ұғымын білдірмейді, тек әсемдік әшекей ретінде қолданылады. Әдетте кілем шетіндегі және ортасындағы оюларжың ортасына салынады. Кейде бұл өрнек "аралықгүл" деп аталады.
## Дереккөздер |
Бағанаөрнек — қора төбесінің арқалығын астына тіреп тұратын діңгек ағаш.
Бұл ою-өрнекті заттың, бұйымның ортасына келтіреді, оны негіз етіп, жан-жағын басқа өрнектермен бейнелейді. "Бағанаөрнек" асадалмен, кебежелердің аяқтарына, қырларына, айна қойғыштың шетіне, піспек саптардың жоғарғы жақ басына, адалбақанның бойында жиі ұшырайды және текеметтің орта тұсын көмкеруде кездеседі.
## Дереккөздер |
Қошқармүйіз — қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұратын ою-өрнек.
Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық пішіні аңғарылады. Текеметте, сырмақта, басқұрда, алашада, кілемде, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде де тігіледі.
## Дереккөздер |
Сыңарөкше — мүйіздің бір сыңары етіктің басына ұқсап, қайқиып, қайталанып, шексіздікке ұласа беретін ою-өрнек.
Бұл өрнек негізінен "қошқармүйіз" элементінен жасалады. "Сыңарөкше" оюының бірнеше түрі бар. Олар — "өкшегүл", "қосөкше", " сыңарөкше" — кілем, киіз, шымши, басқұрлар мен аяққапта кездеседі. Ал "қосөкше" оюларын кілемдер мен басқұрлардың ортасына түсіреді.
## Дереккөздер |
Гүл, жетігүл — өсімдік тектес ою-өрнектер.
Оларды кесте тоқуда, киім-кешектердің жағасына, қалтасының аузына салады. Өрнектің өсімдік тектес бөлігі гүлдермен, жапырақтармен бедерленген. Бұл өрнек қолөнердің барлық саласын қамтиды деуге болады.
## Дереккөздер |
Қосалқа — әшекейлі тізілген мойынға салатын моншаққа ұқсас болып келетін ою-өрнек.
Бұл қазақ оюларының ішіндегі ең көп тараған оюдың түрі болып келеді. Өте шебер келісім тауып құрастырылған "қосалқаә оюлары бір тұтас композиция өрнек жүйесін жасайды. Ою-өрнек алқаның, сырғаның, жүзіктің көзіне салынып, көбінесе зергерлік бұйымдарда пайдаланылады.
## Дереккөздер |
«Nur Media» ЖШС — Қазақстандағы ең ірі медиакомпаниялардың бірі. 2008 жылы 25 қарашада Нұр Отан партиясының бастамасымен құрылған. Компания құрамына «Astana» телеарнасы, «Aiqyn», «Литер», «Túrkistan» газеттері, «aikyn.kz», «liter.kz», «turkystan.kz», «azattyq-ruhy.kz» ақпарат агенттіктері, «NS» және «Orda FM» радиолары кіреді.
## Еншілес компаниялар
2009 жылы қаңтарда «Нұр-Медиа» холдингі «Айқын» және «Литер» газеттері кіретін «Литер Media» компаниясын сатып алды.
2013 жылы қазанда «Нұр-Медиа» холдингі «ҚазМұнайГаз» компаниясынан «Рауан Медиа Групп» акционерлік қоғамын сатып алды. Нәтижесінде холдинг құрамына «Астана» телеарнасы, NS және «Деловая волна» радиостанциялары, «Түркістан» газеттері кірді.
2013 жылы желтоқсанда «Дала мен қала» және «Страна и мир» партиялық газеттері жабылды.
## Бас директорлары
* Арманжан Байтасов (12.2008—12.2009)
* Қайсар Джанаханов (12.2009—12.2011)
* Ерлан Байжанов (12.2011—01.2014)
* Болат Берсебаев (01—09.2014)
* Жанай Омаров (09.2014—07.2018)
* Ләззат Танысбай (07.2018—04.2019)
* Әлия Буриева (04—07.2019)
* Болат Кальянбеков (07.2019—01.2022)
* Руслан Әлішев (02—04.2022)
* Бақтияр Мәкен (04.2022—)
## Дереккөздер |
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары (қыр. Дүйнөлүк көчмөндөр оюндары) — этникалық спорт түрлерінен өтетін халықаралық спорт жарыстары. Жарыстар Орталық Азияның тарихи көшпелі халықтарының халық ойындарына негізделген.
2016 жылы екінші Көшпенділер ойындарының ашылуында 1000 қомызшы бірігіп бір күй тартты. Бұл рекорд Гиннестің рекордтар кітабына енді.
## Тарихы
«Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының» бастамашысы Алмазбек Сәрсенұлы Атамбаев басқаратын Қырғыз Республикасы болды, ойындарды жоғары мемлекеттік деңгейде өткізуді қолдады.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары көшпелі халықтардың мәдени мұрасын, спорттық шеберлігін және дәстүрлі спорт түрлерін паш ететін, әртүрлі елдердің халықтары арасындағы мәдени байланыстар мен өзара түсіністікті нығайтуға көмектесетін алаңға айналды.
2012 жылы Бішкекте өткен түркітілдес елдердің саммитінде Қазақстан, Әзербайжан, Түркия және Қырғыз Республикасының президенттері Бішкек декларациясына қол қойды.
### Мақсаты мен міндеттері
* Қатысушы елдер арасындағы мәдени байланыстарды нығайту арқылы дүние жүзіндегі көшпелі халықтардың мәдениетін сақтау және жаңғырту.
* Әлемнің көшпелі халықтарының ұлттық спорт түрлерін сақтау және халықаралық деңгейге көтеру.
* Қызметі әлемде этникалық спортты дамытуға және насихаттауға арналған мекемелерді қолдау.
Ойындарды өткізудің қосымша мақсаты — ойындарды өткізетін елдің туристік әлеуетін арттыру.
## Бірінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары
Бірінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2014 жылғы 9—14 қыркүйекте Қырғызстанның Ыстықкөл облысының Шолпаната қаласында өтті. Оларға 19 елдің спортшылары қатысты: Әзербайжан, Аустрия, Ауғанстан, Беларусь, Бразилия, Германия, Қазақстан, Қырғызстан, Литва, Моңғолия, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан, Франция, Швеция, Оңтүстік Корея.
Спортқа 771 адам қатысты. Оның 583-і спортшы болса, 188-і жаттықтырушы мен төреші.
Ат спортына 230 жылқы тартылды.
Мәдени бағдарламаға 1200 адам қатысты.
Телехабар 230 000 000 әлеуетті аудиториясы бар 40 елді қамтыды.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Ресей Федерациясы құрамасы сапында Башқұртстанның өкілдері (36 адам) қатысты. Олар спорттың 11 түрінен сынға түсті.
## Спорт түрлері
## Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2016
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2016 жылғы 3—8 қыркүйек аралығында Қырғызстанның Шолпаната қаласында өткен екінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. 2016 жылғы Ойындарға 80 елдің, оның ішінде дәстүрлі көшпенді емес елдердің спортшылары қатысты.
## Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2018
2018 жылы қыркүйекте Қырғызстанның Шолпаната қаласында Үшінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті. Ойынға 66 елден 1,5 мыңнан астам спортшы қатысып, дәстүрлі спорттың 37 түрі бойынша сынға түсті. Командалық бірінші орынды Қырғызстан құрамасы, екінші орынды Қазақстан, үшінші орынды Ресей құрамасы иеленді.
### Мәдени бағдарлама
Ойындар әртүрлі этномәдени бағдарламамен сүйемелденді. Осы мақсатта бірінші Көшпенділер ойындары аясында Қыршын трактінде киіз үй қалашығы орнатылып, жарыс бағдарламасына енбеген басқа ұлттық ойындардан көрсетілім қойылымдары, басқа да ойын-сауық шаралары ұйымдастырылды.
## Ойындардың өткен жылдары мен орны
## Шағын көшпенділер ойындары
Ел ішінде халықтық спортты белсенді дамыту үшін жыл сайын Қырғызстанның аймақтарында Кіші көшпенділер ойындары өткізілетін болды.
## Тағы қараңыз
* Орталық Азия ойындары
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми сайт
* Ресми сайт (2024) |
Ғаббас Жұматұлы Жұматов (20 қыркүйек 1918, Баянауыл ауылы, Баянауыл ауданы, Семей облысы — 14 маусым 2018, Алматы) — Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, Қазақ КСР мен Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысы жылдарында Брест бекінісін қорғауға қатысушылардың бірі.
## Өмірбаяны
### Отбасы
1918 жылы 20 қыркүйекте Павлодар облысы Баянауыл ауылында ауыл мұғалімі Жұмат Досқараевтың көп балалы (8 бала) отбасында дүниеге келген. Арғын тайпасының Сүйіндік руының Айдабол тармағынан шыққан.
Ғаббастың әкесі Жұмат Досқараев 50 жасында Ташкенттегі Орта Азия университетін бітіріп, жоғары білім дипломын алған. Кейін әкесі жоғары оқу орындарында ұстаздық қызметпен айналысты, Қазақ КСР Ғылым академиясының бөлім меңгерушісі, Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтында қызмет етті.
Ғаббастың ең үлкен ағасы Әубәкір Жұматов Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясын бітіріп, 1943-1959 жылдары Қазақ ауыл шаруашылығы институтының ректоры болды.
Ғаббастың тағы бір ағасы Жұматов Хамза Жұматұлы вирусолог-эпидемиолог, медицина ғылымының докторы (1954), профессор (1958), КСРО Медицина ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі (1961), КСРО Министрлер Кеңесі қарамағындағы Жоғары аттестациялық комиссияның (ЖАК) мүшесі (1961), Қазақ КСР ҒА академигі (1967).
Ғаббастың інісі Сапар Жұматов ММХҚИ бітірген, КСРО Сыртқы істер министрлігінде бірінші дәрежелі кеңесші болған. Ол ұзақ уақыт Франция мен Швейцарияда жұмыс істеді. ЮНЕСКО жанындағы халықаралық комиссияның мүшесі болды.
### Соғысқа дейінгі кезі
Ғаббас Павлодардағы толық емес орта мектепті бітіргеннен кейін Жұматовтар отбасы Алматыға көшіп, Ғаббас 1937 жылы Байланыс техникумын бітірді. Тапсырма бойынша Үлкен Михайловка ауылында (қазіргі Қарағанды қаласының маңы) радиостанцияда техник болып жұмыс істеді. Екі жыл жұмыс істеп, Тау-кен металлургия институтының (қазіргі ҚазҰТУ) геологиялық барлау факультетіне оқуға түседі. Бірінші семестрден кейін 1939 жылдың аяғында Жұматұлы Қызыл Әскер қатарына шақырылды.
Жұматов орта білімі бар әскерге шақырылғандардың өткір тапшылығына байланысты 6-атқыштар дивизиясының 204-гаубица артиллериялық полкінің 3-дивизиясының 2-артиллериялық батареясының байланыс бөлімінің командирі қызметіне тағайындалды. Бұл бөлімше Брест бекінісінің аймағында орналасқан еді.
### Соғыс
1941 жылы 22 маусымда кіші сержант Жұматовтың әскери қызметі аяқталып (ол кездегі жоғары оқу орындарынан шақырылғандар бір жарым жыл қызмет еткен), әскерден қайтпақшы болған. Германияның КСРО-ға шабуылының алғашқы сағаттарынан бастап Жұматов Брест бекінісін қорғауға қатысты. Бірнеше күн бекіністі қорғағаннан кейін 204-ші гаубицалық артиллериялық полктің штаб бастығы Иван Лукьянчиков шегінуді ұйымдастырып, Жұматовпен бірге қоршаудан Гомел аймағындағы майдан шебіне дейін әскери қызметкерлердің үлкен тобын шығара алды. Жаңадан құрылған артиллериялық бөлімшеде әскери борышын өтеуге міндетті жергілікті тұрғындардың арасынан Жұматов 76 мм зеңбірек батареясының басқарма взводының командирі болып тағайындалды. Біраз уақыттан кейін Жұматов Можайск бағытында Мәскеуді қорғауға қатысқан Бас командалық резервтің 573-зеңбірек артиллериялық полкіне қызметке ауыстырылды. Осы полк құрамында Жұматов 1941 жылы 7 қарашада Қызыл алаңда өткен әскерлер шеруіне қатысты.
Мәскеу үшін шайқасқа қатысқаны үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
1942 жылы желтоқсанда Жұматов Томбы қаласына көшірілген Днепропетровск артиллерия училищесіне оқуға жіберілді. 1943 жылдың жазында техникумды бітіргеннен кейін лейтенант Жұматов 5-гвардиялық Дон казактары Қызыл Тулы атты әскер корпусының 150-гвардиялық танкіге қарсы жойғыш полкінің атқыш взводының командирі болып тағайындалды.
Жұматов 5-корпустың құрамында Украина, Молдова, Румыния, Югославия, Мажарстандағы ұрыс қимылдарына қатысты. Будапешт маңында жараланған. Соғыс қимылдарының соңында аға лейтенант атағын алып, батарея командирі қызметіне тағайындалды. Жұматов 1946 жылы әскери қызметтен босатылды.
### Соғыстан кейінгі кезең
Әскери борышын өтегеннен кейін Жұматов Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Қазақ ұлттық университеті) тарих факультетіне оқуға түсіп, оны үздік бітірді. Университетте марксизм-ленинизм кафедрасының аспиранты ретінде қалып, 1953 жылы оқытушылық қызметке кірісіп, соңында доцент, кейін профессор атағын қорғайды. Ол КОКП тарихын оқытуға маманданған. Университеттің ғылыми кеңесінің мүшесі болды.
Ғылыми қызметтің негізгі бағыты Қазақстандағы тарихи қайта құру мәселелері болды.
Жұматов Қазақ КСР КП ОК және КОКП Алматы облыстық комитетінің штаттан тыс оқытушысы ретінде бүкіл Қазақстанды дерлік аралап, дәріс оқыды.
1979 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Жұматов Ғаббасқа «Қазақстан жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағын берді.
1984 жылдан Қазақ мемлекеттік университетінің Еңбек және Ұлы Отан соғысы ардагерлері қоғамын басқарды. Ол сондай-ақ Алматы қаласы Калинин ауданы (қазіргі Бостандық ауданы) Еңбек және Ұлы Отан соғысы ардагерлері қоғамы төралқасының мүшесі болды. Белсенді қоғамдық қызметі үшін әр жылдары Бүкілодақтық соғыс ардагерлері комитетінің Құрмет дипломдары және мақтау қағаздарымен марапатталған. 10 жылдан астам Алматы қалалық соғыс ардагерлері кеңесінің идеологиялық комиссиясын басқарды, Республиканың соғыс ардагерлері істері жөніндегі орталық кеңесінің мүшесі болды.
1960-1990 жылдар аралығында Жұматов Францияға, Болгарияға, Югославияға, Мажарстанға, Италияға және басқа да бірқатар елдерге Екінші дүниежүзілік соғыс туралы дәрістермен бірнеше рет барды. Франциядағы Қарсыласу қозғалысының бұрынғы мүшелерімен конференцияларға қатысты.
2018 жылы 14 маусымда жүз жылдық мерейтойына 3 ай жетпей Жұматов Ғаббас Алматы қаласында қайтыс болды. 15 маусымда әскери құрметпен Кеңсай зиратына жерленді.
Осылайша, 2018 жылдың 14 маусымына дейін Жұматов Ғаббас Брест қамалының ең соңғы тірі қорғаушысы болды.
### Отбасы
Әйелі — Мақашева Раиса Кәрімқызы. Медицина ғылымдарының докторы. профессор. 1991 жылы қайтыс болды.
Қызы — Гүлнар, медицина ғылымдарының докторы. Қызы Майра мен ұлы Жайнар — медицина ғылымдарының кандидаты.
## Дереккөздер |
Шағатай Жаңабек Баққондыұлы – жазушы Жазушылар Одағының, Журналистер Одағының мүшесі..
1961 жылдың 1 қаңтарында Жамбыл облысы, Талас ауданыың Үшарал ауылында дүниеге келген. 1991 жылы қазіргі әл-Фараби атындағыҚазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін сырттай бітірген.
Ауыл шаруашылығы саласында, кұрылыста жұмыс істеген. 1985 жылдан бастап "Жалын" баспасының аударма бөліміне редакторлық қызметке кабылданды. Мұнда ол Жоғары сынып оқушылары, жасөспірімдер мен жастарға арналған көптеген көркем және танымдық, шытырман оқиғалы, фантастикалық кітаптардың редакторы болды.
Өзі орыстың белгілі жазушысы Юрий Нагибиннің "Протопоп Авва¬кум" атты әңгімесін, С.Ивановтың бірқатар әңгімелерін қазақшаға тәржімалады. 1990 жылы "Қазақ әдебиеті" газетіне қызметке ауысып, одан кейінгі жылдарда "Халық конгресі" газеті, "Парасат" журналында әртүрлі қызметтер атқарды. "Түркістан" газеті бас редакторы болды.
1991 жылы "Көкөзек шақ" жинағы үшін М.Мақатаев сыйлығының иегері атанды. Сондай-ақ, 1990 жылы "Бірінші кластың баласы" атты хикаяты "Жалын" баспасының балалар мен жасөспірімдер және жастарға арналған дәстүрлі жабық бәйгесінде екінші жүлдеге ие болған. 2005 жылы "Жазушы" баспасынан "Ызғырық" атты жинағы жарық көрді.
## Дереккөздер |
Жүкешев Қанағат (Жүкешев Қанат Мұратбекұлы) – тарихшы, философ, әлеуметтанушы, лингвист. Философия ғылымдарының кандидаты (1997 ж.), қауымдастырылған профессор ҚазСТА (2017 ж.).
## Өмірбаяндық мәліметтер:
1946 жылы 27 желтоқсанда ауқатты жекеменшік иесі, жаз жайлауы Тарбағатай мен қыс қыстауы Майлы-Жәйірді мекендеген, Жүкеш немересі Мұратбек Қанапияұлы мен Жаметай Мәткәрімқызының отбасында, Барлық тауының асуында, көш үстінде дүниеге келген.
Қазақ. Орта жүз, Найман – Қаракерей – Байжігіттен тарайтын Арыс (Қарақұрсақ) руынан. Қалтай батырдың ұрпағы. Ата-бабалары: Арыс-Қарақұрсақ (қалмақтар қырып кеткен Арыс руының жұртында, төңкерілген қазан астынан табылған бала. Содан Қаракұрсак аталып кеткен.) – Қалтай – Ырсымбет – Найман – Жүкеш – Қанапия – Мұратбек – Қанағат.
Шешесінің тегі: Орта жүз, Найман – Қаракерей – Байжігіттен тарайтын Тоғас руынан. Ата-бабалары: Қызыл би, Мыңбай би – Сасан би – Темірбек – Бәжікен – Мәткәрім – Жаметай (Гүлжәмила).
1962 жылы Мұратбектің отбасы Кеңестер Одағына – Семей облысының Новопокров ауданына қоныс аударды.
1964-1967 жылдары Семей қаласында М.Әуезов атындағы педагогикалық училищеде оқыды.
1967-1969 жылдары Кеңес армиясында қызмет етті.
1969-1971 жылдары Абай атындағы Семей облыстық драма театрында актерлық қызмет атқарды.
## Педагогикалық-оқытушылық қызметі:
1972-1977 жылдары Н.К.Крупская атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетін сырттай бітіріп, тарих және қоғамтану мамандығын алып шықты.
1972-1995 ж.ж. Семей облысы мен Семей қаласының оқу орындарында мамандығы бойынша жұмыс істеді.
1996-2007 ж.ж. Алматыда Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында аға ғылыми қызметкер – жетекші ғылыми қызметкер міндеттерін атқарды.
2008 жылдан бері Қазақ спорт және туризм академиясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында аға оқытушы, қауымдастырылған профессор сапасында философия пәнінен сабақ береді.
## Ғылыми-шығармашылық қызметі:
Қ.Жүкешев 200-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монографияның, 5 оқулықтың, 14 оқу-әдістемелік құралдарының авторы. Ғылыми жұмыстары негізінен төрт бағытта жүзеге асырылып келеді.
### Біріншісіне әлеуметтік-психологиялық бағыттағы зерттеулері жатады.
1997 жылы ҚР Білім беру министрлігі-Ғылым академиясының Философия институтында «Қазақстан қоғамы трансформациясы жағдайында ұлттық психологияның даму тенденциялары» тақырыбында 09.00.11 – «әлеуметтік философия» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.
Ұлттық психология мен менталитетті зерттеген еңбектерінде олардың ұқсастықтары мен нақты айырмаларын ажыратып берді.
1984 жылы қаңтарда «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған «Қалаға неге қырын қараймыз» атты сыни мақаласы Қ.Жүкешевтің Республикалық баспасөзде бірінші көрінуі болып табылады. Мақала «қазақ ауылда тұрып, мал бағумен айналысуы керек. Қалаға қоныстана бастаса, ұлт ретінде жойылып кетеді» деп есептейтін жазушы қауымды дүр сілкіндірді. Осы жыл бойы жазушы қауым автордың басына әңгіртаяқ ойнатумен айналысты.
### Екінші бағыт: Қ.Жүкешевтің орта мектепке арнап дайындаған оқулықтары мен ОӘК қамтиды.
Ол тәуелсіз Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріндегі 9-11 сыныптарға арналған екі жаңа пәннің – «Қоғамдық білім негіздері» мен «Құқықтанудың» негізін қалады. Аталған пәндердің білім құрамы мен мазмұнын анықтап, жүйелеп, білім беру стандарттары мен бағдарламаларын жасады. Авторлар ұжымын ұйымдастырды. Негізгі мектептің 9-сыныбына арналған «Қазақстан тарихын» жазуға белгілі академиктер Манаш Қабашұлы Қозыбаев пен Кеңес Нұрпейіс, «Адам. Қоғам. Құқық» оқулығын жазуға академик Ғ.Сапаргалиев пен әдіскер Г.Асанбекова тартылды. Оқулықтармен қоса, пәннің оқу-әдістемелік кешендері қатар дайындалды.
Ол өзі құрған авторлар ұжымымен бірге, 9-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Адам. Қоғам. Құқық» оқулықтары мен ОӘК дайындады.
### Үшінші бағыт - философия:
«Заманауи өркениеттер дамуының рухани негіздері» – 2007 жылы философия ғылымдарының докторы дәрежесін алуға Қ.Жүкешев дайындаған диссертация тақырыбы осылай аталды.
Қоғамды прогресс жолына түсіру амалдарын табу қиын емес. Бұл мәселе Батыс философиясында жеткілікті зерттелген. Диссертант еңбегінде қоғамның адамгершілік-моральдық бейнесіне баса зер салады. Платонның руханиятын, И.Канттың максималарын, Г.Спенсердің «адамша өмір сүру» қағидаларын бетке ұстай отырып, автор Қазақстан қоғамының рухани ахуалына дүниежүзілік тенденциялар астарында талдау жасады. Содан, қоғамды билеушілердің адамгершілік-моральдық абрисі өз деңгейінде болуы, соның нәтижесі ретінде, қоғамда қабылданған заңдылықтардың қатал сақталуы прогрес кепілі бола алады деген қорытынды шығарды.
Барлық процедуралардан өтіп, қорғауға шығатын күннің алдында қазақ филологтарының үлкен тобы жоғары инстанцияларға шағымданып, шу көтерді. Диссертацияда қазақ тілін мемлекеттік мәртебесіне лайықты қызметін атқаруға дайындау қажеттігі айтылған тарау болатын. Қазақ тілі кезінде экономикалық айналыстан шеттетіліп, стихиялы ағысқа жіберілген, ғылым тарапынан бақылаудан тыс қалған, соның салдарынан, синтаксистік құрылымы бұзылып, терминдері мен ұғымдары тұлғалық жағынан да, мағыналық жағынан да былыққан, қателерге малшынған күйге түскен болатын. Аграрлы қоғамның түкпірінде жойылуға бет алған тілді, бірден индустриялы қоғамда ресми ақпаратты жеткізуге жұмсауға болмайтын еді. Қазақ тілі заманауи өркениетті қоғамның қойнауларында болып жатқан құбылыстар мен үдерістерді жеткізуге дайын емес болатын.
Құбылыстың мәнін түсінбеген филолог атаулы, «қазақ тілінің байлығы кез келген ақпаратты жеткізуге жетеді, тек шенеуніктер ана тілінде сөйлеп, басқаға үлгі көрсетсін. Президент оларды қазақша сөйлеуге мәжбүрлесін» деген «қағиданың» соңынан түсіп алып, 30 жыл бойы дүйім жұртты құр дүрліктіріп келді.
Ол кезде формациялар ауысуы тудырып отырған тілдік проблемаларды тереңінен түсіне алатын маман филологтарды қойып, философтар арасынан да шыққан жоқ. Тіл проблемасы ғылымдар интеграциясында шешілуі керек, тілді индустриялы қоғамда әмбебап қолдануға дайындау қажет болатын. Мұндай ұсыныстарды қабылдай алмаған отандық филологтар, академик Ә.Қайдаровтың ұйымдастыруымен, диссертантқа қарсы шабуылға шықты. Тұжырымды конструктивті талқылауды кейін ысырып қойып, олар бірден Парламентке дейін барып, саяси шешім шығаруды – Қ.Жүкешевті отаннан қууді талап етті.
Диссертация қорғалмай қалды. ҚазСТА-ның баспасы "Заманауи өркениеттердің дамуының рухани негіздері" деген бұрынғы атауымен студенттер мен магистранттарға арналған оқу құралы ретінде басып шығарды (2024).
### Төртінші бағыт мемлекеттік тілді дамыту мәселелерін қамтиды.
Базалық мамандығы тарих, диссертациялық зерттеу бағыты философия бола тұра, Қ.Жүкешев, 2007 жылдан кейінгі кезеңде, ойластырып қойған жоспарларын кейін ысырып тастап, мемлекеттік тіл мәселесін зерттеуге ауысты. Оның өзіндік себептері болды.
Ы.Алтынсарин атындағы Білім беру академиясында оқулықтармен айналысып жүргенде, ол қазақ тілінің мейілінше мүшкіл күйінің куәсі болды: тіл контентінің тұрмыстық стильде ғана беріліп, аномалияға малшынған күйін көрді. Оқулықтар мен ОӘК, авторлық жазбалар да синтаксистік қателерге тұнып тұрды. Аударма үдерісі (оқулықтар екі тілде дайындалатын) қазақ тілі сөздіктерінің сапасы саналы адам төзгісіз күйде екендігін әшкерелеп берді. Қ.Жүкешевтің тілді түзеп алмай, ұлттың руханиятын алға бастыру мүмкін емес екендігіне көзі жетті. Ол мұндайға шыдап жүре беруге болмайды деген қорытындыға келді.
Формациялар ауысып, қоғам тарихи бетбұрыс жасап жатқан, өтпелі кезеңде тығырықтың себебін, тілді ғылыми амалдармен дамыту жолдарын көре алатын күш елде болмады (қазір де жоқ). Тілді индустриялы қоғамда әмбебап қолдануға дайындау қажеттігін түсінуге ешкімнің зердесі жетпеді. Отандық филологтар аграрлы қоғамда экономикалық айналыстан шеттетіліп, ауылда, тұрмыс шеңберінде қамалып қалған, синтаксистік жүйесі әбден бұзылған тілді бірден индустриялы қоғамда ресми ақпарат жүргізуге пайдалану мүмкін болмайтынын ескермеді. Кеңес кезінде қазақ тілін жою шараларына атсалысқан, оны айналыстан ығыстырып шығару амалдарын зерттеген, тапқан, жүзеге асырып келген қазақ филологтары, тәуелсіздіктен кейінгі кезеңде де, теріс бағыттарынан қайтқан жоқ. Кеңестік тілдерді жою саясатын айыптамады, одан біржола бас тартатындықтарын мәлімдемеді. Бұрынғыша, тілдің түпкілікті мүддесіне қайшы әрекеттерін жалғастыра берді.
Қазақ баласы ұлттық аурасы тұнып тұр деп саналатын, туған үйінен тіл біліп шықпайды. Балабақша сәбиге тіл үйрете алмайды. Мектеп арнайы бағдарламамен, оқулықпен, әдістеме қолданатын мұғалімнің күшімен, бағамен ынталандырып, регламенттеп оқытып бағдарламалық мәтінді меңгерте алмайды. Ауыл мектебін, сонан кейін, ЖОО-ны қазақша бітіріп, өндіріске келген маман бірден орысшаға ауысып кетеді. Сөздіктер қателерге тұнып тұр. Оқулықтың оңғаны болмады, қазір де жоқ. Қазақтілді филологияда мектеп оқулықтарын түзей алатын күш жоқ. Толыққанды қазақтілді орта жоқ. Қазақ тілінде заманауи азаматтың талғамына татитын, оның тілін үйренуге ұмтылысын жебейтін контент жоқ. Мұның салдары Қ.Жүкешевке іс жүзінде қазақтілді филология деген ғылым жоқ, филологияның атын жамылған паранаука бар деген қорытынды шығаруға итермелеген болатын.
Паранауканы жасап отырған псевдоғалымдармен кездесіп, өзекті тақырып талқылау мүмкін емес. Өйткені, олар озық лингвистикаларда қолданылатын ғылыми аппаратпен таныс емес. Олар әдеби тіл, оның критерийлері; тілдің стандартталуы; жалпыхалықтық тіл; тілдің семантикалық жүйесі; тілдің индустриялы қоғам өмірін репрезентациялау мүмкіндігі; тіл контентінің сапасы және оның тіл үйренуге мұқтаждық тудыру қабілеті; ареалды лингвистика, корпустық лингвистика, когнитивтік лингвистика, т.б. тақырыптарда талқылау жүргізуге дайын емес. Терминдердің мағынасын түсінбейді. Тіл стилистикасы сонау кеңестік оқулықтардың өзінде теріс түсіндіріліп келген болатын. Қазір де тіл стильдерінің ажыратылуы ғылымилықтан аулақ, үстірт тәпсірленген, мысалдармен, жаттығулармен тәптіштелмеген. Сондықтан, тіл қолдану кеңістігінде ешкім ресми стиль талаптарын сақтап сөйлей алмайды.
«Тіл философиясы» (2021 ж. 4 қарашада) республикалық онлайн-семинарда талқыланды. Оған қатысқан 38 дәрежеленген филологтар толық құрамымен, бір ауыздан кітапта келтірілген идеялар мен тұжырымдарға қарсы шықты. Жазбаша пікір бергендердің ешқайсысы конструктивті пікір айта алмады. Өйткені, олардың өздері ғылымнан аулақ, сөйлемін синтаксистік талаптар тұрғысынан дұрыс құрып, ойын жеткізе алмайтын адамдар болып шықты. Бір профессор 3 беттік ғылыми сараптамасында 48 қате жіберген еді. Тұтас салада ахуалдың осылай өрбіп отырғанын түсінетін ешкім жоқ. Бір ескерерлігі, автордың осы айыптауларына қарсы шығып, ғылымды, ғалымдық аттарын, намысын қорғауға шығатын ешкім тағы болмады.
Отандық филологтар қазіргі таңдағы қазақ тілін дамытудың бірден бір ғылыми, перспективалы жолын көрсетіп берген Президенттің нұсқауын орындамай отыр. Қ.-Ж. Тоқаев «тіл мәселесіне «ғылыми тұрғыдан келу,.. қазақ тіліне реформа жасау,.. тілімізді модернизациялау керектігін» ескерте келіп, бұл трендті жүзеге асыру үшін «еуропа елдерінің тәжірибелеріне сүйену керектігін» айтқан болатын.Алайда, содан бері бұл бағытта ешқандай жылжу болған жоқ. Мұны ел Президенті ұсынған бағыттарға қарсы ұйымдасқан ұжымдық саботаж ретінде бағалауға болады.
«Тіл философиясы» кітабында дүниежүзінің алдыңғы қатарлы лингвистикаларының тәжірибелеріне сүйене отырып, автор қазақ тілін индустриялы қоғамда әмбебап қолданылатын тіл ретінде дамытудың ғылыми жолдары ұсынады. Ол мынадай негізгі бағыттарды қамтиды:
* - қазақ тілін стандарттау үдерісінен өткізу;
* - стандарт арқылы тілді әдеби нормаға түсіру (әдеби нормаланған корпус, бірінші кезекте, жиі қолданылатын 12000 тілдік бірлікті қамтуы керек);
* - қазақ тілінде кең таралатын ресми ақпаратты осы корпусқа енген лексика негізінде құру;
* - ресми стилистиканы орнықтыру (бірінші кезекте, ғылыми, саяси-публицистикалық және педагогикалық әдебиеттерде);
* - тілдің индустриялы қоғам өмірін репрезентациялау мүмкіндігін арттыру;
* - тіл контентінің сапасын тіл үйренуге мұқтаждық тудыратын деңгейге көтеру;.. т.б.
«Тіл философиясы» рухы мен идеологиясы тұрғысынан Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының мемлекеттік тілді дамыту парадигмасының мазмұнымен толық үндестік табады.
## Жарияланған еңбектерінің іріктелген тізімі
* Жүкешев Қ.М. Ауылшылдықты асқындырып алмайық // Жұлдыз, 1988, № 9, 176-184 б.б.
* Жүкешев Қ.М. Әлеуметтiк-психологиялық адаптация: бейiмделу және образ шынайылығы // Уақыт және қаламгер, А.: Жазушы, 1990, 107-124 б.б.
* Жүкешев Қ.М. Ұлттық психологияның сипаты // ҚР Бiлiм министрлiгiнiң республикалық баспа кабинетi, 1993., 196 б.
* Жукешев Қ.М. Қазақстан қоғамының қазiргi жағдайында ұлттық психологияның даму тенденциялары. Диссертация философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесiн алу үшiн. 09.00.11 //ҚР ҒМ-ҒА Философия институты. Алматы, 1997.- 161 бет. № 4590.
* Қазақстан Республикасының жалпы бiлiм беретiн мектептерiнде қоғамдық бiлiм негiздерiн оқыту тұжырымдамасы. Жалпы бiлiм беретiн негiзгi мектепке арналған “Адам. Қоғам. Құқық” пәнiнiң бағдарламасы: /9-сынып/, Республикалық баспа кабинетi,- Алматы, 1997.- 56 б.
* Тұрлығлов Т.Т., Жүкешев Қ.М., Бекiшева Р.М., Налаева Р.Б. Қоғамдық бiлiм негiздерi // Қазақстан Республикасы орта бiлiм стандарты 1-кiтап. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер.– Алматы, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм академиясының Республикалық баспа кабинетi. 1998, – 330 б. (170-187 б.б.).
* Познание мира: Учебник для 4-класса общеобразовательной школы. К.Жунусова, А.Бирмагамбетов, К.Аймагамбетова, И.Нугуманов, К.Жукешев. – Алматы: Атамура, 1999, – 176 с.
* Жүкешев Қ және басқалар. Қоғамдық бiлiм негiздерiнен бағдарламалар жинағы /9-11 сыныптар/. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың бiлiм академиясының Республикалық баспа кабинетi, – Алматы. 2000, – 74 б.
* Жукешев К.М. и др. Программа. Введение в правоведение (программа в четырех вариантах), – Алматы: Республиканский издательский кабинет Казахской академии образования им. И.Алтынсарина, 2000, – 48 с.
* Жукешев К.М. Методическое пособие по курсу “История и культура малочисленных народов Казахстана”.– Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 58 с.
* Козыбаев М.К., Байпаков К.М., Нурпеис К., Мажитов С.Ф., Жукешев К. История // Республика Казахстан. Энциклопедический справочник. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2001. – 584 б. (39-110 б.б.).
* Жүкешев Қ., Лактионова О, Бейсебекова Г. “Адам. Қоғам. Құқық”. Дидактикалық материалдар. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 9-сыныбына арналған байқау құралы. – Алматы: “Мектеп” 2002. – 60 б.
* Жүкешев Қ. және басқалар. Қазақстан тарихы. Әдiстемелiк нұсқау: Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 9-сынып мұғалiмдерiне арналған байқау құралы. –Алматы: “Мектеп баспасы” ЖАҚ, 2002. – 116 б.
* Жүкешев Қ. Егемендiк пен тәуелсiздiк - бiр тарихи оқиғаның екi кезеңi // Саясат, № 6, 2002. – 44-45 б.б.
* Авторлар ұжымы. Педагогикалық-психологиялық терминдер сөздiгi. // Алматы, “Мектеп баспасы” ЖАҚ, 2002.
* Жүкешев Қ. Адам және қоғам. Жалпы білім беретін орта мектептің 11 сыныбына арналған оқулық. Алматы: “Глобус” баспа үйі, 2003, 2004.– 352 бет.
* Жукешев К.М. и др. Человек. Общество. Право: Учебник для 9 класса общеобразовательных школ // Жукешев К.М., Сапаргалиев Г.С., Асанбекова Г.С.– Алматы: Издательство “Мектеп”, 2005, 2009, 2013.– 256 с. (на казахском, русском языках).
* Человек. Общество. Право: Хрестоматия. Учебное пособие для 9 классов общеобразоваиельных школ // Сост.: К.М.Жукешев, Г.С.Асанбекова.– Алматы: Издательство “Мектеп”, 2005, 2009, 2013.– 240 с. (на казахском, русском языках).
* Жукешев К.М. и др. Человек. Общество. Право: Методическое руководство. Пособие для учителей 9 классов общеобразоваиельных школ // К.Жукешев Г.Асанбекова, Г.Бейсебекова.– Алматы: Издательство “Мектеп”, 2005, 2009, 2013.– 256 с. (На казахском, русском языках).
* Жукешев К.М. и др. Человек. Общество. Право: Дидактические материалы. Пособие для 9 классов общеобразоваиельных школ // К.Жукешев Г.Асанбекова, О.Лактионова.– Алматы: Издательство “Мектеп”, 2005, 2009, 2013.– 256 с. (На казахском, русском языках).
* Қазақстан тарихы (1914-2004 жж.): Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 9-сыныбына арналған оқулық // М.Қозыбаев, К.Нұрпейiс, Қ.Жүкешев.– Алматы: “Мектеп” баспасы, 2005, 2009, 2013.– 248 бет (қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде).
* История Казахстана: Хрестоматия. Учебное пособие для 9 классов общеобразоваиельных школ // Сост.: К.Нұрпейiс, И.Қозыбаев, К.Жукешев. – Алматы: Издательство “Мектеп”, 2005, 2009, 2013.– 176 с. (на казахском, русском, уйгурском языках).
* Жукешев К.М. и др. История Казахстана: Методическое руководство. Пособие для учителей 9 классов общеобразоваиельных школ // Т.Турлыгул, К.Жукешев К.Адамбосынов и др.– Алматы: Издательство “Мектеп”, 2005, 2009, 2013. (На казахском, русском, уйгурском языках).
* Жукешев К. Менталитет и национальная психология // Мысль, 2006, № 6. С. 17-21.
* Жукешев К. Система ценностей и развитие цивилизации // Мысль, 2006, № 7. С. 8-12.
* Основы обществознания: Учебник для 10 класса общеобразовательных школ / Нысанбаев А., Изотов М.З., Есим Г., Адамбосынов К.Ж., Жукешев К.М..– Алматы: Издательство “Мектеп”, 2006.– 320 с. (на казахском, русском языках).
* Основы обществознания: Хрестоматия. Учебное пособие для 10 классов общеобразоваиельных школ / Сост.: Нысанбаев А., Изотов М.З., Адамбосынов К.Ж., Жукешев К.М..– Алматы: Издательство “Мектеп”, 2006.– 180 с. (на казахском, русском языках).
* Ценности как субстанциональная причина развития цивилизации. // Евразийское сообщество, 2006, № 2. С. 107-115.
* Жүкешев Қ.М. Қоғам дамуы және адамның рухани әлемi // Әл Фараби ат. ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы, 2006, № 1(25). – 116-119 б.б.
* Нысанбаев А., Абишев К., Жукешев К., Изотов М., Кажимурат К., Сабит М., Татимов М. Основы обществознания: Учебник для 11 кл. общественно-гуманитарных направлений общеобразовательных школ. – А.: Издательство «Мектеп», 2007. – 272 с. (На казахском, русском языках).
* Нысанбаев А., Абишев К., Жукешев К., Изотов М., Кажимурат К., Сабит М., Татимов М. Основы обществознания: Хрестоматия. Учебное пособие для 11 кл. общественно-гуманитарных направлений общеобразовательных школ. – А.: Издательство «Мектеп», 2007. – 208 с. (На казахском, русском языках).
* Нысанбаев Ә., Жукешев К., Изотов М., Қажымұрат К., Сәбит М., Тәтімов М. Адам және қоғам: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныпқа арналған оқулық. – А.: «Мектеп» баспасы, 2007. – 288 бет.
* Жукешев Қ.М. Мемлекеттік тіл: қазіргі күйі және даму философиясы. – Алматы, 2008. – 240 б.
* Жукешев К.М. Правовое образование как средство воспитания менталитета // Философия права, № 1, 2009. С. 25-28.
* Жукешев К.М. Нужна новая парадигма // Наука и современность – 2010. Сборник материалов I Международной научно-практической конференции. В 3-х частях. Часть 2. – Новосибирск: Издательство «СИБПРИНТ», 2010. – 262 с. 213-218 б.б.
* Жукешев К. Образование в преддверии гражданского общества // Материалы международной научно-практической конференции «Инновационное развитие образования и науки: проблемы и перспективы посвященной 70-летию Иссык-кульского государственного университета». Вестник Иссык-кульского университета, № 26-2010. ІІ часть. Каракол, 2010. С. 193-197.
* Жукешев К.М. “Государственный язык: концептуальные идеи развития” // «Қазақ альманағы», № 3, 2009 г. 0,6 б.т.
* Жукешев К.М. Философия языка Монография Алматы: Издательский дом «Библиотека Олжаса», 2017. 25,7 п.л.
* Жүкешев Қ.М. Философия: Философиялық емес факультеттердің студенттеріне арналған оқулық. Алматы: ҚазСТА, 2017. 10 б.т.
* Жүкешев Қ.М. Саналы ұрпаққа – сапалы білім. Шолу мақала. Алматы, «Жұлдыз», 2017, № 9. 2 б.т.
* Жүкешев Қанағат. «Заманауи қазақ әдеби тілінің тұжырымдамасы». ADYRNA порталы. 24.08.2023. (https://adyrna.kz/post/167209).
* Жүкешев Қанағат. «Толғауы тоқұсан қызыл тіл: сұрақ күрделі, жауап ұзақ». Қазақ әдебиеті, 10. 07. 2023.(https://qazaqadebieti.kz/38691/tol-auy-to-san-yzyl-til-s-ra-k-rdeli-zhauap-za)
Ескерту: ғылыми еңбектер Википедияда жариялау үшін іріктеліп алынған. Тізімге 200-ден астам мерзімді басылымдарда, әлеуметтік желіде жариланған мақалалар мен посттар енген жоқ.
## Дереккөздер |
Қайрат Сатыбалдыұлы (16 мамыр 1970, Алматы ) - қазақстандық кәсіпкер және ірі компанияларда бірқатар мемлекеттік қызметтер мен лауазымдарды атқарған шенеунік, 2022 жылы сыбайлас жемқорлық жасады деген айыппен сотталған. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі.
## Дереккөздер |
Қойлыбай Дәулетханұлы Асанов (10 қазан 1964(19641010), Ақтау ауылы, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы) — айтыскер ақын, жазушылар одағының мүшесі.
## Өмірбаяны
Арғын тайпасы Қуандық руының Сайдалы бөлімінен шыққан.
Қойлыбай Қарағандыда өткен 1986 жылғы Желтоқсан қозғалысына қатысушы. Сол жылдары студент жастарға үгіт жүргізуші һәм ұйымдастырушы ретінде ішкі істер органдарында бірнеше рет тергеуде болып, әкімшілік жазаға тартылған.
1987 жылы бірінші рет Павлодарда республикалық деңгейде айтысқа шықты.
1991 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.
1993-1996 жылдары Қарағанды облыстық «Шипагер» газетінде бас редактор, облыстық «Замандас» жастар апталығы, «Орталық Қазақстан» газеттерінде тілші қызметін атқарды.
1994 жылдан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
1998 жылдан бері Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті журналистика кафедрасында ұстаздық етіп келеді.
## Шығармашылығы мен марапаттары
Филология ғылымдарының докторы, профессор Қойлыбай Асанов «Жылымық жылдар жаңғырығы» (2004 ж.), «Е.А.Букетов - публицист» (2006 ж.), «Айтыс өнерінің публицистикалық сипаты» (2010 ж.), «Сөз өнері және журналистика» (2012 ж.) атты зерттеу еңбектерінің авторы.
2002 жылы "Е.А.Букетов публицистикасы" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2010 жылы "Айтыс өнерінің публицистикалық сипаты" тақырыбындағы докторлық диссертациясын сәтті қорғап шықты.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Қойлыбай Асанов — еңбек ардагері |
Қойлыбай Дәулетханұлы Асанов (10 қазан 1964(19641010), Ақтау ауылы, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы) — айтыскер ақын, жазушылар одағының мүшесі.
## Өмірбаяны
Арғын тайпасы Қуандық руының Сайдалы бөлімінен шыққан.
Қойлыбай Қарағандыда өткен 1986 жылғы Желтоқсан қозғалысына қатысушы. Сол жылдары студент жастарға үгіт жүргізуші һәм ұйымдастырушы ретінде ішкі істер органдарында бірнеше рет тергеуде болып, әкімшілік жазаға тартылған.
1987 жылы бірінші рет Павлодарда республикалық деңгейде айтысқа шықты.
1991 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.
1993-1996 жылдары Қарағанды облыстық «Шипагер» газетінде бас редактор, облыстық «Замандас» жастар апталығы, «Орталық Қазақстан» газеттерінде тілші қызметін атқарды.
1994 жылдан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
1998 жылдан бері Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті журналистика кафедрасында ұстаздық етіп келеді.
## Шығармашылығы мен марапаттары
Филология ғылымдарының докторы, профессор Қойлыбай Асанов «Жылымық жылдар жаңғырығы» (2004 ж.), «Е.А.Букетов - публицист» (2006 ж.), «Айтыс өнерінің публицистикалық сипаты» (2010 ж.), «Сөз өнері және журналистика» (2012 ж.) атты зерттеу еңбектерінің авторы.
2002 жылы "Е.А.Букетов публицистикасы" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2010 жылы "Айтыс өнерінің публицистикалық сипаты" тақырыбындағы докторлық диссертациясын сәтті қорғап шықты.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Қойлыбай Асанов — еңбек ардагері |
Кеңес Хамитұлы Рақышев (14 шілде, 1979, Алматы, Қазақ КСР) - қазақстандық кәсіпкер , “Fincraft Resources” директорлар кеңесінің мүшесі, Қазкоммерцбанктың (2016-2016), БТА Банкінің директорлар кеңесінің төрағасы (2014 жылдан бастап).
## Дереккөздер |
Ғалымжан Шахмарданұлы Есенов (10 наурыз 1982, Алматы, Қазақ КСР) — қазақстандық кәсіпкер, АТФ Банк (2013-2020), Jusan Bank (2023-2024) директорлар кеңесінің төрағасы. Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының негізін қалаушы.
## Дереккөздер |
Нұрәлі Рахатұлы Әлиев (1 қаңтар 1985, Алматы, Қазақ КСР) - қазақстандық кәсіпкер, миллионер. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғыш немересі және Дариға Назарбаеваның баласы. 2024 жылы Forbes журналы байлығын 220 млн $ бағалады.
## Дереккөздер |
Зүлфия Болатқызы Сүлейменова (25 ақпан 1990, Ақтөбе, Қазақ КСР ) - қазақстандық мемлекеттік қайраткер, Қазақстан Республикасының бұрынғы экология министрі (2023-2023). Философия докторы.
## Дереккөздер |
Бірінші Смайылов үкіметі - Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жетекшілігімен Қазақстан Үкіметінің 13-үкіметі болды. Ол премьер-министр Асқар Мамин басқарған бұрынғы үкіметті 2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шаралары салдарынан президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 5 қаңтарда отставкаға жібергеннен кейін құрылды. Үкімет құрамын президент 2022 жылдың 11 қаңтарында жариялады.Бұрынғы министрлер кабинетіндегі 21 министрдің сегізі ауысты. |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомствосы.
## Тарихы
Қазақстан Президентінің 2003 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес Үкіметтің 2004 жылдың 3 наурызындағы қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесімен күрес және есірткілердің айналымын бақылау жөніндегі комитеті құрылды.
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті таратылды.
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 735 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің жанынан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылды.
## Міндеттері
## Дереккөздер |
Тарас Шевченко мұражайы мен мемориалдық кешені – Маңғыстау облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Қазақстанның жалпыұлттық сакралды нысандар тізіміне енгізілген.
## Орналасқан жері
Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Т.Г. Шевченко атындағы саябақ, Б. Маяұлы көшесі, 7.
## Ашылу кезеңі
1932 жыл.
## Тарихи деректер
Бұл – Маңғыстау аумағында ашылған алғашқы мұражай. Мұражайдың ғимараты 1853 жылы салынған, ол ертеректе коменданттың жазда демалатын ордасы болған. Мұражай кешенінің өзі Новопетровск бекінісінің бұрынғы бау-бақшасының аумағында орналасқан.
## Экспозициялары
Мұражай экспозицияларының негізгі бөлігі коменданттық жазғы үйдің залдарында тұр. Экспозиция он жылдың сегіз жылдан астамын украиндық танымал ақын, дарынды суретші Т.Г. Шевченконың Маңғыстау жерінде айдауда өткізген 1850-1857 жылдардағы өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беретін материалдардан тұрады. Мұражай-мемориалдық кешен тек украин халқына ғана емес, қазақ халқына да маңызды болып табылатын Тарас Шевченконың жеңілмейтін батыр образын сипаттайды.Т.Г. Шевченко қазақ жерінің сұлулығын жырлаған алғашқы еуропалық суретші болды.Сондай-ақ Т.Г. Шевченко Новопетровск бекінісінде бірінші ағашты отырғызғаны белгілі. Т. Шевченконың арқасында гарнизондық бақша жасыл саябаққа айналды деген әңгіме айтылады. Ақын Гурьевтен (қазіргі Атырау) өзі әкелген шыбықтан өсіп шыққан қызылталын отырғызды. Форт-Шевченко тұрғындары бір ғасырдан астам уақыт бұл қасиетті ағашты аялап күтті. Қазіргі уақытта да "Тарасовтың қызылталы" деген атпен танымал. Саяхатшылардың қызығушылығын туғызатын нысандардың бірі әлі күнге дейін "Шевченко құдығы" деген атпен белгілі екі құлама шатырдың астындағы көне қима болып табылады.2017 жылы Тарас Шевченко мұражайы – Украинадан тыс орналасқан ақын мұражайы өзінің 85 жылдығын атап өтті.
## Дереккөздер |
Дәния Мәдиқызы Еспаева (5 наурыз 1961, Мәртөк ауданы, Ақтөбе облысы, Қазақ КСР, КСРО) - қазақстандық мемлекеттік қайраткер, мәжілісмен. 2016 жылғы 24 наурыздан бастап «Ақ жол» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI, VII, VIII шақырылымдарының депутаты. 2023 жылғы 26 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары.
## Дереккөздер |
Балайым Туғанбайқызы Кесебаева (23 сәуір 1966, Жамбыл, Шымкент облысы, Қазақ КСР, КСРО) - қазақстандық мемлекеттік қайраткер, Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары (2021-2023).
## Дереккөздер |
Раиса (Рапия) Кәрімқызы Мақашева (17 қараша 1920 — 13 желтоқсан 1991) — ғалым, дерматолог-венеролог, медицина ғылымының докторы (1968), профессор (1970). Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1966).
## Өмірбаяны
Қазақ медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. 1946 — 52 жылы Қазақстан Ұлттық Академиясының Өлкелік патология институтында кіші ғылыми қызметкер, 1952 жылдан Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университет) тері және венерология аурулар кафедрасының ассистенті, доценті, профессоры, меңгерушісі (1971 жылдан), 1978 — 81 ж. Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің Тері-венерология ғылыми-зерттеу институтының директоры. Негізгі ғылыми еңбектері дерматология және венерология мәселелеріне арналған. Мақашева ауру тудыратын саңырауқұлақ қоздырғыштарының ауру барысында да немесе сыртқы ортада да өте тұрақты болатынын анықтады. Осының нәтижесінде ауру тудыратын әр түрлі саңырауқұлақтарға қарсы зарарсыздандыру әдісін, сондай-ақ, темекіден болатын тері ауруларынан жазылу үшін жергілікті курорттық емдердің пайдасы мен зиянын дәлелдеп берді. 2-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Гауһар Еркінқызы Берқалиева (лақап аты - Гога Ашкенази; 1 ақпан 1980, Тараз) — қазақ-орыс кәсіпкері және әлеуметші. Қазақстандағы мұнай-газ конгломератының «МұнайГаз Инжиниринг Групп» компаниясының негізін қалаушы және бас директоры. 2012 жылдан бастап Миландағы Vionnet сән үйінің жетекшісі, оның шығармашылық бағытын басқарған.
## Дереккөздер |
Асқат Қайзоллаұлы Дауылбаев (22 қараша 1962, Ақтөбе, Қазақ КСР) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры (2011-2016). 1-дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі.
## Дереккөздер |
Оно заңдылығы — сүтқоректілердің әр түрлі топтары Х хромосомасында бір ата-бабадан алған ДНҚ мен гендердің ортақ құрылымына ие екендігі туралы генетикалық заңдылық. Заңдылықты жапон биологы Сусуму Оно 1967 жылы ұсынған.
## Дереккөздер |
Жанат Қалдыбекұлы Элиманов (16 тамыз 1978 жыл, Қарағанды) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы.
## Білімі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
## Еңбек жолы
2000 – 2009 жылдары - прокуратура органдарында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды;
2009 – 2012 жылдары - Әділет министрлігінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды;
2012 – 2014 жылдары - Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды;
2014 – 2017 жылдары - Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жедел-іздестіру қызметі департаментінің директоры;
2017 – 2019 жылдары - прокуратура органдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды;
2019 – 2020 жылдары - Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары;
2020 – 2021 жылдары - Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы;
2021 – 2024 жылдары - Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;
2024 жылғы ақпаннан қыркүйекке дейін - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары.
2024 жылғы 16 қыркүйектен бастап - Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы.
## Марапаттары және атақтары
«Ерлігі үшін» медалімен және «Құрмет» орденімен наградталған.
2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 3-санаттағы жоғары біліктілік сыныбы берілді.
2024 жылы ҰҚК Төрағасының бұйрығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры болып танылды.
## Дереккөздер |
Павел Олегович Казанцев (22 наурыз 1960, Томск, РКФСР, КСРО) - қазақстандық мемлекеттік қайраткер, мәжілісмен, Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары (2021-2023). |
Тәуелсіз үміткер (өзін-өзі ұсынушы) — кез-келген саяси партияға қарамастан сайлауға қатысатын саяси қайраткер.
## Артықшылықтары
Саясаткердің тәуелсіз үміткер ретінде сайлауға түсуінің бірнеше себептері бар:
* Тәуелсіздер басқа үміткерлер-ірі саяси партиялардың өкілдері арасында центристік көзқарас таныта алады. Кейде, керісінше, олар кез-келген үлкен партияға қарағанда экстремалды көзқарасқа ие. Олардың идеологиясында саяси спектрдің екі жағындағы идеялар болуы мүмкін немесе байыпты саяси ойыншылар қолдамайтын мәселелерге негізделген өзіндік ерекше көзқарасы болуы мүмкін.
* Тәуелсіз саясаткер саяси партиямен байланысты болуы мүмкін, оның бұрынғы мүшесі болуы мүмкін, сол сенімдерді ұстануы мүмкін, бірақ өзіңізді осы күштің брендімен байланыстырмаңыз. Басқалары саяси партияға тиесілі болуы немесе оны қолдауы мүмкін, бірақ олар партияның ресми өкілі болмауы керек және осылайша оның саясатына бағынбауы керек деп санайды.
* Кейбір елдерде (мысалы, Кувейт) Саяси партиялар заңсыз және барлық үміткерлер тәуелсіз ретінде әрекет етеді.
Кейбір жағдайларда тәуелсіз саясаткерлер саяси партиялар болып табылмайтын «тәуелсіздердің» арнайы топтарына біріктіріледі. Басқа жағдайларда мұндай саясаткерлер саяси партияға біріктіріледі, оның атауында «тәуелсіз» сөзі жиі қолданылуы мүмкін.
## Тағы қараңыз
* Партиясыз
* Тәуелсіз сайлаушы
* Ауытқымалы дауыс
## Дереккөздер |
Бекет ата жер асты мешіті (Оғланды) – Маңғыстау облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Қазақстанның жалпыұлттық сакралды нысандар қатарында.
## Орналасқан жері
Қарақия ауданы, Сенек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 85 км жерде, Оғланды мекенінде.
## Кезеңі
XVIII ғасыр.
## Тарихи деректер, сипаты
Бекет ата (Бекет Мырзағұлұлы) (1750-1813) адай руының ішіндегі мұңал тегінен шыққан. Жас кезінен бастап ұшқыр ойымен, әскер өнерін жетік білуімен ерекшеленді. Құлшылық етуші ретінде Шопан ата қорымына келген жас жауынгердің түсінде аян беріледі. Шопан ата оған алдымен өзі оқуын, ал содан кейін басқаларға үйретуді бұйырады. Хиуада атақты диуана Бақыржан қажыдан көп жылдар бойы сабақ алғаннан кейін Бекет туған еліне оралады. Жас кезінде ол шебер қолбасшы және ержүрек жауынгер ретінде танымал болады. Туған жерінде бейбітшілік пен келісім орнатқысы келген Бекет дін жолына түседі. Диуана болып, төрт жартасты мешіт салады.Бірінші мешіт Құлсарыда – Ақ мешіт, екінші мешіт Бейнеу ауылынан алыс емес жерде борлы жартаста, үшіншісі – Байшатырда, Үстірт шоқысында, және төртіншісі жерасты мешіті Оғланды шатқалында көлемді жартаста ойып салынады. Барлық төрт мешіттің ішінде Оғландыдағы кешен діни және ғылыми орталық болып табылады. Сондай-ақ мұнда әулиенің өзінің моласы орналасқан. Диуана, дәруіш, сәулетші, дана, ұстаз Бекет ата туған жерін қорғаушы және даналар мен әділ жандардың жебеушісі болып саналады.
Оғландыдағы Бекет ата жер асты мешітінің қазақстандық діни сакралды нысандар арасында ерекше мәртебеге ие. Әлеуметке ықпалы жағынан бұл мешіт Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Иерусалимдегі Омар ата мешіті сияқты киелі орындармен қатар қоюға болады. Жолы қиын жерде орналасқан, әктасты жартасты түзілістерден ойылып жасалған мешіт құлшылық етушілер үшін ең қасиетті орындардың бірі болып саналады. Кешеннің құрамына құлпытас, тау шыңындағы ақ қабырғалы мешіт, яғни жер асты мешітінің өзі енеді.
## Дереккөздер |
## Қарасай петроглифтерінің ерекшеліктері
Қарасай петроглифтері Маңғыстау облысы, Жармыш ауылының оңтүстік-шығысында және ауылдан 5 шақырым жерде, Шығыс Қаратау шатқалдарының Қарасай атты сайға кірер жерінде (координаты 44°07'51.9"N 52°31'19.6"E) жартас бөліктерінде орналасқан.
Жартаста атты сарбаздардың сұлбалары, тауешкі және арқар суреттері бейнеленген. Көне суретшілер осы арқылы шайқасты және сол жерді мекендеген бұрынғы жануарларды бейнелеген.
Қарасай петроглифтерін бұған дейін археолог зерттеушілер мен ғалымдары толық зерттемеген. Осы кезге дейін жарық көрген петроглифтер бойынша ғылыми жұмыстарда кездеспейді. Оның ішінде КСРО кезеңінде басылып шыққан (мысалға, Медоев А. Г. Гравюры на скалах. Сары-Арка, Мангышлак ч. 1 Алма-Ата: «Жалын», 1979 г. 14-17 б.) және Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиеттерде де.
### Қарасай петроглифтерінің жасы
Қарасай петроглифтерінің салынған жасын тауешкілердің бейнесіне қарап қола дәуіріне жатқызуға болады. Себебі, қола дәуіріне аңшылық өнерін бейнелеу тән, яғни тауешкі сияқты аңдарды бейнелеу көрініс табады. Сонымен қатар, салт атты адамдардың бейнесін де кездестіруге болады. Алайда, Маңғыстаудың петроглифтері толықтай зерттелмегендіктен, тастағы суреттер одан кейінгі кезеңдерге де, соның ішінде этнографиялық кезеңге жатуы мүмкін. Ал оның примитивті стильде салынуы қола дәуірінде жатқызуға мүмкіндік береді. |
Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарих-өлкетану мұражайы – Павлодар облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген қала құрылысы және сәулет ескерткіші.
## Орналасқан жері
Павлодар қаласы, Астана көшесі, 149.
## Кезеңі, авторлары
Ғимарат сауда орны болып 1896 жылы салынған (сәулетші П. Батов), 1942 жылы ол жерде мұражай ашылды.
## Тарихи деректер, ғимарат сипаты
Ғимарат 1896 жылы сәулетші П. Батовтың жобасы бойынша бірінші гильдияның атақты көпесі әрі қаланың құрметті азаматы А.И. Деровтың ақшасына сауда орындарын ашу үшін арнайы салынды. Бұл – ұзындығы мен көлемі бойынша қаланың ең үлкен көпестік бөлігінің бірі саналатын ғимарат. Ғимаратты сібірлік модерннің немесе "орыстық емес стильдің" барлық қағидаларын ескере отырып, дөрекі түрде, өзіндік сырт көрінісі мен барельеф салынды. Терезелердің, балкондардың, есіктер мен жоғарғы жақтауларының жиектелуі ерекше назар аудартады. Қабырғалары шығыңқы және дөңгелек резетке түрінде әдемі жиектелген.Бұл стиль XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басында қарқынды түрде дамыған Батыс Сібірдің ағаш сәулет өнеріне тән. Бүгінде сауда үйінің ғимаратында Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарих-өлкетану мұражайы орналасқан. Мұражайдың негізі 1942 жылы қаланды. 1959 жылы оған саяхатшы, Орта Азия зерттеушісі, Павлодар облысының тумасы Г.Н. Потаниннің есімі беріледі. Мұражайдың негізін қалаушы суретші, өлкетанушы Д.П. Багаев болды.
## Мұражай қоры
Мұражай экспозициясы 9 залда көрсетіледі: табиғат; археология; этнография; ХV-ХІХ ғасырлардағы Ертіс маңы тарихының залы; XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы Ертіс маңы мәдениеті мен экономикасының даму тарихының залы; азаматтық соғыс пен революция залы; Ұлы Отан соғысы залы; Павлодар облысының тарихы мен қазіргі дамуы залы.
## Дереккөздер |
Естай Беркімбайұлы мазары – Павлодар облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген қала құрылысы және сәулет ескерткіші.
## Орналасқан жері
Ақтоғай ауданы, Мүткенов ауылынан оңтүстікке қарай 4 км жерде.
## Кезеңі, авторы
Мазар 1946 жылы тұрғызылған.
## Тарихи деректер
Естай Беркімбайұлы (1868-1946) – танымал композитор, Қазақ КСР Еңбегі сіңген өнер қайраткері (1939), әнші, төкпе ақын, Қазақстан Композиторлар кеңесі алғашқы мүшелерінің бірі (1939). Оның есімі алтын әріптермен қазақ музыка мәдениетінің тарихына жазылған. "Сандуғаш", "Юран", "Дүние-ай", "Жай қоңыр", "Наз қоңыр", "Майда қоңыр", "Еркем", т.б. өлеңдері бай интонациялық нақыштарымен ерекшеленеді.Бірақ музыкалық дарынының ең биік шыңы болып саналатыны – "Қорлан" деген туындысы. Осы әнмен мынандай бір әңгіме байланысты: жас кезінде Естай ақын он алты жасар Қорлан есімді сұлу қызды көріп, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айрылады. Қыз да өжет балаға ғашық болады. Олар бір-біріне ғашық болады, бірақ маңдайларына бірге болу жазбаған екен. Қорлан – өктем байдың қызына басқа біреу құда түседі, қыз әкесіне қарсылық көрсете алмайды. Естай сонда қызды алып қашып кетпекші болып шешеді. Бірақ бұл туралы қыздың ағайындары біліп қойып, олардың арманы орындалмай қалады. Қорлан мен Естай бір-бірінен мәңгілікке айрылады. Жігіттің қолында махаббаттарының куәсі болып Қорлан сыйға тартқан күміс сақина қалады. Естай ақын Қорланды өмір бойы сүйіп өтеді, сақинаны да жанынан бір елі тастамайды.
## Мазар сипаты
Халық композиторының моласында күмбезді кірпішті ескерткіш орнатылады. Ақ пен сары кірпіш түстерінің кереғарлығы аспанға ұмтылған қырлы күмбезді құрылыстың архитектоникасын күшейтеді. Кірпіштің нәзік қалануы ескерткіштің сәндік құрылымын ерекшелеп көрсетеді. Кесененің беттік қырында қуысында атақты ақынның барельефті суреті, сондай-ақ төменгі жағында эпитафия мен лираның, домбыраның суреті мен оюлы мотивтер орналасты.
## Дереккөздер |
Бекет ата жер асты мешіті (Ескі Бейнеу) – Маңғыстау облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Қазақстанның жалпыұлттық сакралды нысандар қатарында.
## Орналасқан жері
Бейнеу ауданы, Бейнеу бекетінен оңтүстік-батысқа қарай 17 км жерде орналасқан.
## Кезеңі
1771-1775 жылдар.
## Тарихи деректер, сипаты
Бұл мешіт – хиуалық диуаналардан көп жылдардан бері оқып үйреніп, туған жеріне қайтып келген әулие Бекет ата салған төрт жерасты мешіттерінің бірі.
Бекет ата Мырзағұлұлы XVIII ғасырдың екінші жартысында Атырау облысының қазіргі Құлсары қаласының маңайында өмір сүрген. Аңызға сүйенсек, жас кезінде оның түсінде аян беріледі. Түсінде әулие Шопан ата оған батасын беріп, алдымен өзі оқып, содан кейін басқаларға үйретуді бұйырады. Қырық жас шамасында ол диуана атанады, балаларды оқытып, түрлі аурулардан емдейді, адамдардың бойына дінге деген сенім ұялатты және суфизмдік философияны уағыздап жүрді. Бекет ата Батыс Қазақстандағы құрметті әулиелердің бірі болып саналады.
Жер асты мешіті жартасқа ойып салынған, үш бөлмеден тұрады. Мешіттің негізгі бөлмесі жсопарда дөңгелек болып келген. Төбесі жазық күмбез пішінінде. Жалпы сырт көрінісі қазақтың киіз үйіне ұқсайды.Мешітте шырақшылар қабылдайтын құлшылық етушілерге арналған заманауи инфрақұрылымдық нысандар салынған.
## Дереккөздер |
Сайлау учаскесі — сайлау және референдум кезеңінде дауыс беру және дауыстарды санау үшін құрылатын аумақтық бірлік.
Сайлау учаскелерінің аумағында учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс істейді және тиісті аумақта белсенді сайлау құқығы бар сайлаушылардың тізімдері жасалады.
## Сайлау учаскелерін құру
Қазақстанның сайлау заңнамасына сәйкес сайлау учаскелерін әкімдер құрады (жергілікті әкімшілердің басшылары сайлау комиссияларымен келісе отырып, 15 күн ішінде, ал басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде, сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейін жеті күн ішінде сайлау учаскелері, бір сайлау учаскесіне 3000-нан аспайтын сайлаушылар есебінен, ал сайлау учаскесінің шекаралары әкімшілік-аумақтық бірліктер ішіндегі әкімшілік-аумақтық бөліністің шекарасынан өтпеуі керек.
### Сайлау учаскелерін құрудың ерекше жағдайлары
Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы сайлау учаскелерінің құрылуына да жол береді:
* Қазақстан Республикасына қарайтын әскери бөлімдерде — Қазақстанмен байланысты әскери бөлімдерде сайлау учаскелері құрылатын болады.
* Сайлау күні жүзетін кемелерде — кемелерде кеменің тіркелген портына немесе тұрғылықты жеріне байланысты сайлау учаскелері құрылады.
* жерлерде демалыс үйлерінде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерде — сайлау учаскелері құрылады.
* Азаматтар шалғай және жету қиын аудандарда тұратын жерлерде бұл аудандар үшін сайлау учаскелері құрылады. Шалғайдағы мал фермаларында Бұл жерлерде сайлау учаскелері құрылады.
* Ұстау изоляторларында және уақытша ұстау изоляторларында – Олардың орналасқан жеріне қарай ұстау изоляторларында және уақытша ұстау изоляторларында сайлау учаскелері құрылатын болады.
* Тиісті сайлау округтеріне кіретін сайлау учаскелері-олар кеменің тіркелген портының немесе тұрғылықты жерінің орналасқан жеріне қарай құрылады. Қазақстан Республикасының шет елдердегі өкілдіктерінің жанында – Қазақстанның шетелдегі өкілдіктерінің жанында сайлау учаскелері құрылады.
* Республиканың Сыртқы істер министрлігі орналасқан аумақта – Сыртқы істер министрлігімен байланысты аудандарда сайлау учаскелері құрылады.
Учаскелер сайлау аймағынан тыс жерде болуы мүмкін. Мысалы, оқитындардың дауыс беруі үшін.
## Сыртқы сілтемелер
* «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң
## Дереккөздер |
Қарасай және Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені – Солтүстік Қазақстан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген киелі нысан ескерткіші. Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандар қатарында.
## Орналасқан жері
Айыртау ауданы, Қарасай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км жерде.
## Кезеңі
Жерленуі – XVII ғасыр, мемориалдық кешен – 1999 жыл. Сәулетшілері – Б. Ибраев және С. Ағытаев.
## Тарихи деректер
Ескерткіш нысан Қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін күрескен атақты батырлар – Қарасай мен Ағынтайдың құрметіне салынған. Сәулет тұрғысынан кешен көне түркі дәстүрін жалғастырып және басты белдігі бойынша Меккеге қарай бағытталып салынған. Конус тәрізді мұнаралардың биіктігі 16 м. Мұнаралардың арасында барлық кешенді бірыңғай бейнеге біріктіретін, биіктігі 12 м болатын мешіт орналасқан. Барлық композициялық элементтер шеңбердің "ішіне сызылған" (қоршау құрылысының диаметрі 27 м). Жоба бойынша құрылыс өлшемі 19x13,5 м құрайды. Кесененің алдында құрбандық салтына арналған алаң салынған.Кешеннің жанында көптеген жауынгерлер жерленген. Граниттен салынған іргетас үстіндегі алаң бұрыштарында батырлардың жауынгерлік айбынының нышандары ретінде қола қаптамасы бар металдан жасалған кескіннің біріктірілген найзалары орнатылған. Мемориал ортасында, кесенелер арасында қос батырдың ерліктері қабырғаға қашап жазылған пинотека залы бар. Кесенеге кіру есігі металдан жасалған, олардың беттерінде Құран сүрелері ойылып жазылған.Ішкі көріністерін өңдеу барысында керамикалық кірпіш, Күрті және Қордай граниттері пайдаланған. Құлпытастар жылтыратылған қызыл Қордай граниттен орындалған.Әр құлпытастың жанында шырақ орналасқан, келушілер оны жағып, аруақтардан көмек берулерін сұрай алады. Кешен алдындағы алаң табиғи тас тақтатасымен төселген, осында демалыс үшін қойылған орындықтар, сонымен қатар шойын құймасы технологиясы бойынша орындалған тіреулеріндегі шырақтар бар. Кесенелер белсенді қажылық орны болып табылады. Адамдар аты аңызға айналған батырлар күш пен батылдық береді деп сенеді.
## Дереккөздер |
«Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалі — Ішкі істер органдарындағы қызмет беделін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 шілдедегі №1157 Жарлығының негізінде белгіленген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының марапаты. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығымен жаңа мекемелік медалдар, оның ішінде «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі ерекшелік үшін» медалінің орнына «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі белгіленді.
## Медал жайлы ереже
Медальмен қызметінде оң сипатталған, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызметтік міндеттерін үлгілі орындаған ішкі істер органдарының қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қорғауға белсене қатысып, өздерінің батылдығы мен адалдығын көрсеткені үшін басқа да тұлғалар марапатталады.
## Медалдің сипаттамасы
«Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалi жезден жасалып, диаметрi 34 мм шеңбер пішініне ие. Медалдің алдыңғы жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. Медалдың артқы жағында ортада «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» деген жазу бар. Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы келеді. Медалдың шеттері ернеумен жиектелген. Медал құлақша мен шығыршық арқылы ені 30 мм және биіктігі 50 мм жібек қатқыл таспамен тысталған алтыбұрышты тағанға бекітіледі. Таспаның ортасында ені 3 мм екі қызыл жолақ бар, олардың арасында ені 2 мм көк жолақ, ал қызыл жолақтардың жиектерінде ені 8 мм көк жолақтар бар. Таспаның шеттерінде ені 3 мм сары жолақтар бар. Таспаның ені 30 мм.
Медал киімге түйреуіш арқылы бекітіледі.
Медаль Өскемендегі Қазақстан теңге сарайында дайындалады.
## Дереккөздер
* Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 шілдедегі №1157 Жарлығы. |
Асхат Сергеевич Ниязов (мүмкін 1990 жыл, Омбы, РКФСР) — ресейлік және қазақстандық журналист.
Бастапқыда Хабар 24 мемлекеттік телеарнасындағы әкімдер жайлы баяндайтын «Әкімдер» (орыс. Акимы) бағдарламасы үшін белгілі болған Ниязов кейін тәуелсіз журналист болуға мәжбүр болды да, содан бері «Обожаю» (қаз. Ұнатамын) YouTube арнасында әкімдер мен жергілікті әкімшіліктегі жемқорлық жайлы видео жасап жүр.
## Өмірбаяны
Асхат Ниязов Омбыда дүниеге келген. Мектепті де, жоғарғы оқу орнындағы оқуын да осы жерде аяқтады.
### Мемлекеттік телевизиядағы мансабы
2013 жылы Омбыдан Астанаға көшті. Кейін мансабын Жетінші арнада бастады, бірақ бастапқыда журналист болмады. Бұдан кейін ол Хабар және Хабар 24 мемлекеттік телеарналарында жұмыс істеген.
2019 жылы телеарнасы жергілікті әкімшіліктің қалай жұмыс істеп жүргенін көрсететін бағдарлама жасау жоспарлары пайда болды. Оның жүргізушісі болып Ниязов таңдалды да, бағдарлама Акимы (қаз. Әкімдер) деп аталды. Ниязов сөзінше, бұл жобаның өмірі екі жарым жылға созылды да, Қаңтар оқиғасына қарай аяқталды.
### Обожаю арнасы
Мемлекеттік телеарналардан кетуге мәжбүр болған Ниязов кейін тәуелсіз арна ашамын деп шешті. Ол «Обожаю» (қаз. Ұнатамын) деп аталып кетті.
Обожаю ең белгілі сұхбаттарының бірі Даниал Ахметовке сұхбаты еді. Бастапқыда әкім қызметінде 9 жылдай болған Ахметов сұхбат беруден бас тартып жүрген, оны Ниязов үнемі «іздестіріп жүретін». 2023 жылғы маусымда сұхбат сонымен орын алды, алайда күн бойы Ниязовқа Ахметовті қолдаған әйелдер қысым көрсетіп жүрді, ақпаратын жоққа шығарып тұрды. Кейін белгілі болған ақпаратқа сүйенсек, бұл әйелдер Ахметов пен оның қызметкері Денис Рыпаковқа қатысы бар әйелдер болып шықты.
## Заңи мәселелері
2024 жылы Ниязов әлеуметтік желілерде биліктің Азаттық радиосының 36 тілшісіне аккредитация берімегеніне қарсы шыққан жазба жасады және осы үшін сотқа тартылды. Ниязов репост жасаған постты бастапқыда ProTenge Telegram арнасы жасаған еді. Сол жылғы 29 сәуірде іс тоқтады. Астана қаласы әкімшілік сотының судьясы істе «құқық бұзушылық құрамы жоқ» деген шешімге келді. Сотқа келген бастапқы арызды Мәдениет және спорт министрлігі жасағаны белгілі. Бұл арыз жайлы сөйлеген кезінде Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов Ниязовты жалған ақпарат таратты деп айыптады, арыздың сол себептен жасалғанын айтып кетті.
2024 жылғы 12 қыркүйекте Ниязов Алматы жайлы видео түсіріп жатқан кезінде Алматыда жүрді. Осы кезде оны жергілікті полиция ұстап әкетті де, Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне жеткізді. Оны әкім Ерболат Досаевтан тағы бір сұхбат аламын деп «төбелесті» деген айыппен ұстап әкеткені белгілі. Көп ұзамай алматылық полиция оны босатты.
## Саяси көзқарасы
2024 жылғы сәуірде Ниязов Air Astana билеттерінің қымбаттығын сынға алды.
Ниязовтың Қазақстан президенті Тоқаев жайлы көзқарасы біркелкі бола бермейтін. Бір кезде ол оған Акимы бағдарламасын жасауға көмектескені үшін алғыс айтса, 2023 жылғы қыркүйекте Вадим Борейкоға берген сұхбатында президенттен уақыт өткелі «алыстағанын», оған қойған үмітін жоғалтып жатқанын айтты. Ол, мысалы, Тоқаевтың Айдарбек Сапаровты Ауыл шаруашылығы министрі ретінде тағайындағаны, Даниал Ахметовті әкім лауазымынан алып тастай алмағаны, еш баспасөз мәслихаттарын жасамай жүргені және басқа да істері үшін сынға алды. Оған қарамастан Ниязов Тоқаевтан сұхбат аламын деген ниетін бірнеше рет айтып та жүр. Оған қарамастан, ол өзінің тәуелсіз Обожаю бағдарламасында Тоқаевқа қарсы сөз айтып көрмеген. Бұл сұхбатта ол үкіметпен байланысы бар деген болжамды жоққа шығарды.
2023 жылғы қыркүйекте Ниязов Мәдениет және ақпарат министрлігін «жек көретінін» айтты.
«Қазақстандықтардың бәрі де қазақ тілін білу керек» деген ойға қарсы келмейді, оған түсіністікпен қарайды.
## Өз өмірі
Ниязов үйленген, әйелі — ұлты орыс журналист. 2024 жылғы мамырда некелері ресмиленбей тұрған, екеуінің Амели атты қызы бар. Қазақ тілін оқып жүр. Отаны деп Қазақстанды таниды, ата-аналары әлі Ресейде тұрады.
## Ескертпелер
## Дереккөздер |
Қарасай және Ағынтай батырлар ескерткіші – Солтүстік Қазақстан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген монументтік өнер құрылысы ескерткіші.
## Орналасқан жері
Петропавл қаласы, Н. Погодин атындағы орыс драма театрының алдындағы алаң.
## Кезеңі, авторлары
1999 жыл, мүсінші – Б.С. Досжанов, сәулетшілері – Ю. Дворников, С. Фазылов.
## Тарихи деректер, сипаты
Ескерткіш белгілі қазақ батырлары Қарасай мен Ағынтайға арналған гранит тұғырындағы қола мүсін композициясы болып табылады.Мүсін тобы алдымен сазбен орындалды, содан кейін қоладан құйылды. Ескерткіш Театр алаңында орналасқан және қала тұрғындары мен қонақтары үшін өзіндік бағдар болып табылады. Ескерткіштің ресми ашылу рәсімі 1999 жылы 22 маусымда өткен.Батырлар – жоңғар соғысының қаһармандары. Мүсіндер иін тіресе орналасқан, батырлар бір қолдарында найза, ал екіншісінде қалқан ұстап тұр. Бұл көркем бейнелердің монолиттілігі аңызға айналған екі батырдың өмірдегі достығы мен ынтымақтастығын білдіреді. Батырлардың достығы мен өзара сыйластығы көп жағдайда халық арасында аты аңызға айналған сюжет болды, олардың қабірлері өлгеннен кейін де бір-біріне жақын орналасқан, қазір бірыңғай мемориалдық кешенге біріктірілген.Қарасай мен Ағынтай батырлардың жауынгерлік ерліктері туралы халық батырлардың күші, төзімділігі мен батылдығы туралы көптеген аңыздар мен хикаялар шығарды. Халық арасында әлі күнге дейін кез-келген жауды талқандай алатын Ағынтай батырдың күші туралы дақпырт әңгіме бар. Сол себепті халық оны "Ағынтай жұдырығы" деп атаған, ал Қарасай батыр қылышымен және жылдамдығымен танымал болған.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits