text
stringlengths 3
252k
|
---|
Тұлға:
* Кенен Әзірбаев – қазақтың әйгілі халық ақыны, жырау, сал-серілік дәстүрдің соңы, әнші және композитор.
Елді мекен:
* Кенен – Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Кенен – 2011 жылы Астана қаласы «Шаңырақ Медиа» баспасында басылып шыққан кітап.
* Кенен – Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы қыстау.
* Кенен – Теңіз көлінің батысындағы шоқы. |
Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві — Президент пен оның Әкімшілігінің, Президент жанынан құрылған мемлекеттік органдардың, сондай-ақ басқа да ұйымдардың қызметін ақпараттық-архивтік қамтамасыз ету саласындағы міндеттерді атқаратын республикалық мемлекеттік мекеме. Архив ҚР Президентінің 1994 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен ҚР Қазіргі заман тарихы орталық мемлекеттік архивінің негізінде құрылды.
## Қызметі
* Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының, қоғамдық бірлестіктердің, жеке тұлғалардың қызметі процесінде жасалатын, Ұлттық архив қорының түрлі ақпарат жеткізгіштердегі құжаттарын жинақтау және сақтау;
* Қазақстан Республикасы Президентінің жеке архивінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
* ретроспективті құжаттық ақпарат беру, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық қызмет көрсету;
* Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының, қоғамдық бірлестіктердің, жеке тұлғалардың қызметі процесінде жасалатын, Ұлттық архив қорының құжаттар көшірмелерінің Мемлекеттік сақтандыру қорын құру, есепке алу және сақтау.
## Архив тарихы
Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мемлекет басшысының жарлығымен 1994 жылы Орталық мемлекеттік жаңарған тарих архивінің базасында ұйымдастырылған Ұлттық архив қорының құжаттарында мемлекет пен қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени қызметінің жан-жақты қырлары көрініс табады. Аталған аса құнды қазынаның арасында, Қазақстанның жаңа саяси тарихы жөніндегі құжаттардың едәуір бөлігі Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде ұқыпты сақталуда және нәтижелі пайдаланылу арқылы ерекше орын алады.
Қазіргі таңда Архив Қазақстан Республикасы Президенті мен оның әкімшілігінің, Президентке тікелей бағынатын басқа да мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттық-архивтік қамтамасыз етудегі негізгі міндеттерін орындайтын қазіргі заманғы технологиялармен жабдықталған кешен болып табылады. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде 1921-2010 жылға дейінгі құжаттар сақталуда.
## Архив ғимараты
Архив 1974 жылы типтік жоба бойынша салынған ғимаратта орналасқан, 8 архив қоймасы мен қызметі жайлары бар. Архив қоймаларының ұзындығы 29000 метр темір сөрелермен жарақталған, жасанды ішкі шағын ауа райын өлшейтін автоматтандырылған жүйелерге және күзет-өртсөндіргіш дабылдар жүйесіне қосылған.
## Архив құжатына сипаттама
2023 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіш бойынша Президент Архивінде 1 134 950 іс сақтаулы.
### Жеке тектік құжаттар
1998 жылдан бастап Архив жеке текті құжаттарды жинауды бастады. Бұл ең алдымен – Қазақстанның саяси, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің құжаттары. Қазір мемлекеттік сақтауға 51 жеке қорда 5000-ға жуық жеке адамдардың құжаттары сақталуда. Оның ішінде Қ.К.Тоқаев, М. Бейсебаев, М. Т. Оспанов, Ә. Т. Әлімжанов, М. Қ. Қозыбаев, Г.К.Бельгер, С. Қ. Құбашев, А. П. Рыбников, М. А. Жихарев, О. Батырбеков, З. С. Омарова, А. А. Алыбаев, М. И. Исиналиев тағы да басқа көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің құжаттары бар. Жеке текті қорлар бойынша анықтамалықтың бірінші және екінші басылымдары жарыққа шықты.
## Архив құжаттарын насихаттау және пайдалану
Архив ғылыми жұмыстардың бір түрі болып табылатын Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жариялау мен қолдануды, Қазақстанның қазіргі заман тарихы мәселелері жөнінде зерттеулер жүргізуге және қазіргі заман саясаттану мәселелерін әзірлеуге қатысуды ұйымдастырады.Өткен жылдарда 46 құжатты жинақтар мен анықтама-ақпараттық басылымдар 51 томда шықты. (Толық тізімін – «Архивтің басылымдары мен жарияланымдары» айдарын қара). 1998 ж. Архив Атаулы күндер күнтізбесін (Архивтің құжаттары бойынша) жыл сайын шығарадыАрхив ұжымы ғылыми мекемелермен қоғамдық ұйымдарымен қарым-қатынасын жақсы жолға қойған. Архив қызметкерлері Қазақстанның жаңа тарихының мәселелері бойынша 70 баяндама және ақпаратты хабарламалармен 68 ғылыми-іс-тәжірибелік конференцияларға қатысты. Құжатты жинақтардың тұсаукесерлері, түрлі тақырыптар бойынша дөңгелек үстелдер, сонымен қатар, аса көрнекті қоғам және мемлекеттік қайраткерлерімен, ғылыми қызметкерлермен ұдайы кездесулер өткізіледі.
Архивте сақтауға алынған істердің мазмұнын ашатын, 3,1 мың архивтік тізімдеме есепке алынған. Аса маңызды қорларға әртүрлі көрсеткіштер құрастырылған. Қазақстан Компартиясының республикалық бақылау органдарының құпиясыздандырылған қорларына тізімдеме-көрсеткі құрылған. 2001 жыл алғашқы рет «Архив Президента Республики Казахстан. Путеводитель» атты анықтамалық басылып шықты. Онда архив қорлары, оның ішіндегі айрықша маңызды қорлардың құрамы мен мазмұны туралы толық көрсетеді. Қазақстанның жаңа тарихы бойынша жан-жақты ақпаратты қамтитын 180 мыңға жуық карточка зерттеушілердің пайдалануына ұсынылады. Архив құжаттарының ғылыми-анықтамалық аппаратының жүйесін дамыту мен жетілдіру жөніндегі жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі. 2011 жылдан бастап барлық бірінші категориялық қорларда міндетті түрде ғылыми-анықтамалық аппарат жұмыс жасайды.
### Архив пен БАҚ
Архив осы жылдары бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыс байланыс орнатты. Саяси тарих мәселелері бойынша «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Аргументы и факты», «Алматы ақшамы», «Коре ильбо», «Дойче Альгемайне Цайтунг» және басқа да газеттер мен «Мысль», «Ақиқат», «Жұлдыз», «Простор», «Нива», «Мир закона», «Отан тарихы», «Қазақ тарихы», «Қазақстан мұрағаттары», «Отечественные архивы» (Мәскеу), «Archion» (Варшава) сияқты журналдарға 230-дан астам мақала мен сұхбат және 98 радио және телехабарлар даярланды. Архив «Хабар» телеканалы дайындаған «Бірінші» атты теледидарлық құжатты көрсетілім дайындауға қатысты. өз күшімен және сонымен қатар ҚР Президентінің мәдениет орталығымен, ҚР Орталық мемлекеттік музейімен, ҚР Орталық мемлекеттік архивімен, Алматы облысының мемлекеттік архивімен бірлесіп 60-тан астам көрме даярланды және 180-ден астам дәріс-экскурсия өткізілді.
## Архивтік деректер базасы
Архивтің жұмысы барысында 14 автоматтандырылған есеп және ақпаратты-іздеу деректер базасы құрастырылып енгізілді:«Мұрағаттық қор»; «Қазақ КСР Президентінің Актілері»;«Қазақстан Республикасы Президентінің Актілері»; «Мекемелер – ҚР ПМ жинақтау көздері»; Жоғарғы үкімет органдарының директивті шешімдері»; «Жеке істер»; «Жеке текті құжаттардын атаулы каталогы»; «Жеке текті құжаттардын атаулы картотекасы» «Жеке текті құжаттармен ҚР ПМ жинақтау қорларын толықтыру»; «Аса құнды құжаттар тізбесі» «Кітапхана қоры»; «Ақпаратты-анықтама қоры»; «Бухгалтерия–1С»; «Кадрлар». ҚР Президентінің Мұрағаты бұл кезеңде Қазақстанның саяси тарихы бойынша ірі құжаттар қоймасы ғана емес, басқа мемлекеттік архивтердің, музейлердің және ғылыми мекемелердің ішінде, өткенді шолатын құжаттық ақпараты мен тарихи білімді көпшілікке тарату орталықтарының бірі ретінде маңызды орын алады.
## Дереккөздер |
Салтанат Қадырбекқызы Сапарбекова (23 мамыр 1984 жыл, Шымкент қаласы, Шымкент облысы, Қазақ КСР) – тоғызқұмалақтан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Әлем чемпионы және әлем чемпионаттарының 6 дүркін жүлдегері. Қазақстан кубогы мен жекелей чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, Әлем кубогы мен Азия чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері. Қазақстандағы және әлемдегі ең үздік тоғызқұмалақшылардың бірі.
## Өмірбаяны
1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Шымкент қаласының және Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы. Тоғызқұмалақты өзінің әкесі әрі жеке бапкері, ұлттық спорт қайраткері Қадырбек Сапарбеков үйреткен. 8 жасынан бастап ойынды меңгеріп, оқушы кезінен республикалық, халықаралық жарыстарда жеңіске жете бастаған. Анасы – Назирахан Алиякбарова. Білікті ұстаз. Қазіргі бапкері – інісі, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сәбит Сапарбеков.
Білімі: Жоғары, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ды «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітірген. Шымкенттегі №66 «Қазығұрт» орта мектебінің түлегі.
Тоғызқұмалақты 8 жасынан ойнай бастаған Салтанат Сапарбекова ресми әрі кешенді жарыстардың бәрінде дерлік өзі туып-өскен өңірдің намысын абыроймен қорғап келеді. 1999 жылы тұңғыш рет ересектер арасында классика түрінен ҚР чемпионы атанды. 2003 және 2014 жылдары осы жетістікті қайталады. 1995-2018 жылдар аралығында ҚР жастар арасындағы біріншіліктерінде, командалық әрі жекелей сайыстарында топ жарған. Кешенді спартакиадалар мен фестивальдердің бірнеше дүркін жеңімпазы. Рапид және блиц түрлері бойынша еліміздің 5 дүркін, ҚР командалық чемпионаттарының 5 дүркін чемпионы.
Швейцария, Моңғолия, Қырғызстан, Литва, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Румыния, Түркия және өзге де елдерде өткен Әлем кубоктары мен халықаралық сайыстарда жеңімпаз, жүлдегер атанған.Салтанат Сапарбекова 31 жылдан бері тоғызқұмалақпен шұғылданып, ел намысын абыроймен қорғап келеді. Өзі – білікті бапкер. Шәкірттері ел чемпионаттарында олжа салып жүр. Еңбекқор әрі ізденімпаз спортшы үлкенн тенниспен де шұғылданған. Бос уақытында кітап оқып, саяхаттағанды ұнатады. 2014 жылы республикалық «Алтын тұғыр» сыйлығын иеленген.
## Жеңістер хронологиясы
* 1999, 2003, 2014 жылдар – Әйелдер арасында ҚР жекелей чемпионаты, І орын.
* 1995-2018 жылдар – ҚР жастар, командалық және жекелей чемпионаттарында І орын.
* 2006-2015 жылдар – ҚР кешендік спартакиадалар мен фестивальдер – І орын.
* 2004 жыл – Чолпан-Атадағы (Қырғызстан) халықаралық турнир, І орын.
* 2006 және 2011 жыл – ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесіне арналған халықаралық турнирлерде – І орын.
* 2006 жыл – Павлодар, Халық ойындары – І орын.
* 2007 жыл – Ыстықкөлдегі (Қырғызстан) халықаралық турнир, І орын.
* 2007 жыл – ҚР Әейлдер арасындағы жекелей чемпионатында – І орын (блиц)
* 2008 жыл – Ресей Федерациясы мен Қырғызстандағы халықаралық жарыстарда – І орын.
* 2009 жыл – І Азия чемпионаты, Шымкент, ІІІ орын.
* 2010 жыл – Ташкенттегі (Өзбекстан) халықаралық жарыс – І орын.
* 2010 жыл – ҚР жекелей чемпионаты, І орын (рапид).
* 2010 жыл – І Әлем чемпионаты, Астана қаласы, ІІ орын (классика), ІІІ орын (блиц).
* 2011 жыл – Чолпан-Ата (Қырғызстан), халықаралық жарыс – І орын.
* 2012 жыл – Канн (Франция), халықаралық жарыс – ІІ орын.
* 2013 жыл – Павлодар, Азия чемпионаты, ІІІ орын.
* 2013-2014 жылдар – Бішкек, Чолпан-Ата (Қырғызыстан), халықаралық жарыстар – І,ІІ,ІІІ орындар.
* 2014 жыл – «Алтын тұғыр» сыйлығының иегері.
* 2015 жыл – Алматы, Әлем чемпионаты – І орын (блиц), ІІІ орын (классика).
* 1998, 1999, 2001, 2017, 2018 жылдар – ҚР командалық чемпионатының жеңімпазы.
* 2012, 2014, 2016, 2017, 2018 жылдары – Қазақстан кубогының жеңімпазы.
* 2015 жыл – Бішкек, халықаралық турнир – І орын.
* 2015 жыл – Швейцариядағы халықаралық жарыс – ІІ орын
* 2016 жыл – Ұлы дала ойындары (Алматы) – І орын.
* 2016, 2017 жылдар – Баян Өлгей (Моңғолия), халықаралық турнир – І орын.
* 2016, 2018 жылдар – Бішкек (Қырғызстан), Орта Азия кубогы – І, ІІ орын.
* 2018 жыл – Анталья (Түркия), халықаралық жарыс – І орын.
* 2018 жыл – ҚР классикадан жекелей чемпионаты – ІІ орын
* 2018 жыл – VI Республикалық халық ойындары – ІІ орын
* 2019 жыл – Анталья (Түркия) V Әлем чемпионаты – ІІ орын (классика).
* 2019 жыл – Ақтөбе, Ұлттық спорт түрлерінен 5-фестиваль – ІІІ орын
* 2019 жыл – ҚР жекелей чемпионаты – І орын (рапид), ІІІ орын (блиц).
* 2019 жыл – ҚР командалық чемпионаты – ІІІ орын
* 2020 жыл – Вильнюс (Литва), халықаралық жарыс – І орын.
* 2021 жыл – ҚР кубогі – ІІ орын
* 2022 жыл – Халық ойындары – командалық есепте – І, жекелей – ІІ орын.
* 2022 жыл – Ыстықкөл, халықаралық жарыс – ІІІ орын.
* 2022 жыл – ІІ Азия кубогі – ІІІ орын (блиц).
* 2022 жыл – ҚР кубогі – І орын
* 2022 жыл – Әлемнің 6-шы чемпионаты (Ақтөбе) – 3 орын (рапид).
* 2023 жыл – «Ұлы қазақ ойындары» (Шымкент) – ІІ орын.
* 2023 жыл – Қазақстан чемпионаты (Түркістан) – І орын (блиц), І орын (рапид).
* 2023 жыл – Моңғолия, Азия чемпионаты – ІІ орын (блиц).
* 2023 жыл – Констанца (Румыния), әлем кубогы – ІІІ орын (рапид).
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Салтанат Қадырбекқызы Сапарбекова (23 мамыр 1984 жыл, Шымкент қаласы, Шымкент облысы, Қазақ КСР) – тоғызқұмалақтан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Әлем чемпионы және әлем чемпионаттарының 6 дүркін жүлдегері. Қазақстан кубогы мен жекелей чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, Әлем кубогы мен Азия чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері. Қазақстандағы және әлемдегі ең үздік тоғызқұмалақшылардың бірі.
## Өмірбаяны
1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Шымкент қаласының және Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы. Тоғызқұмалақты өзінің әкесі әрі жеке бапкері, ұлттық спорт қайраткері Қадырбек Сапарбеков үйреткен. 8 жасынан бастап ойынды меңгеріп, оқушы кезінен республикалық, халықаралық жарыстарда жеңіске жете бастаған. Анасы – Назирахан Алиякбарова. Білікті ұстаз. Қазіргі бапкері – інісі, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сәбит Сапарбеков.
Білімі: Жоғары, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ды «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітірген. Шымкенттегі №66 «Қазығұрт» орта мектебінің түлегі.
Тоғызқұмалақты 8 жасынан ойнай бастаған Салтанат Сапарбекова ресми әрі кешенді жарыстардың бәрінде дерлік өзі туып-өскен өңірдің намысын абыроймен қорғап келеді. 1999 жылы тұңғыш рет ересектер арасында классика түрінен ҚР чемпионы атанды. 2003 және 2014 жылдары осы жетістікті қайталады. 1995-2018 жылдар аралығында ҚР жастар арасындағы біріншіліктерінде, командалық әрі жекелей сайыстарында топ жарған. Кешенді спартакиадалар мен фестивальдердің бірнеше дүркін жеңімпазы. Рапид және блиц түрлері бойынша еліміздің 5 дүркін, ҚР командалық чемпионаттарының 5 дүркін чемпионы.
Швейцария, Моңғолия, Қырғызстан, Литва, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Румыния, Түркия және өзге де елдерде өткен Әлем кубоктары мен халықаралық сайыстарда жеңімпаз, жүлдегер атанған.Салтанат Сапарбекова 31 жылдан бері тоғызқұмалақпен шұғылданып, ел намысын абыроймен қорғап келеді. Өзі – білікті бапкер. Шәкірттері ел чемпионаттарында олжа салып жүр. Еңбекқор әрі ізденімпаз спортшы үлкенн тенниспен де шұғылданған. Бос уақытында кітап оқып, саяхаттағанды ұнатады. 2014 жылы республикалық «Алтын тұғыр» сыйлығын иеленген.
## Жеңістер хронологиясы
* 1999, 2003, 2014 жылдар – Әйелдер арасында ҚР жекелей чемпионаты, І орын.
* 1995-2018 жылдар – ҚР жастар, командалық және жекелей чемпионаттарында І орын.
* 2006-2015 жылдар – ҚР кешендік спартакиадалар мен фестивальдер – І орын.
* 2004 жыл – Чолпан-Атадағы (Қырғызстан) халықаралық турнир, І орын.
* 2006 және 2011 жыл – ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесіне арналған халықаралық турнирлерде – І орын.
* 2006 жыл – Павлодар, Халық ойындары – І орын.
* 2007 жыл – Ыстықкөлдегі (Қырғызстан) халықаралық турнир, І орын.
* 2007 жыл – ҚР Әейлдер арасындағы жекелей чемпионатында – І орын (блиц)
* 2008 жыл – Ресей Федерациясы мен Қырғызстандағы халықаралық жарыстарда – І орын.
* 2009 жыл – І Азия чемпионаты, Шымкент, ІІІ орын.
* 2010 жыл – Ташкенттегі (Өзбекстан) халықаралық жарыс – І орын.
* 2010 жыл – ҚР жекелей чемпионаты, І орын (рапид).
* 2010 жыл – І Әлем чемпионаты, Астана қаласы, ІІ орын (классика), ІІІ орын (блиц).
* 2011 жыл – Чолпан-Ата (Қырғызстан), халықаралық жарыс – І орын.
* 2012 жыл – Канн (Франция), халықаралық жарыс – ІІ орын.
* 2013 жыл – Павлодар, Азия чемпионаты, ІІІ орын.
* 2013-2014 жылдар – Бішкек, Чолпан-Ата (Қырғызыстан), халықаралық жарыстар – І,ІІ,ІІІ орындар.
* 2014 жыл – «Алтын тұғыр» сыйлығының иегері.
* 2015 жыл – Алматы, Әлем чемпионаты – І орын (блиц), ІІІ орын (классика).
* 1998, 1999, 2001, 2017, 2018 жылдар – ҚР командалық чемпионатының жеңімпазы.
* 2012, 2014, 2016, 2017, 2018 жылдары – Қазақстан кубогының жеңімпазы.
* 2015 жыл – Бішкек, халықаралық турнир – І орын.
* 2015 жыл – Швейцариядағы халықаралық жарыс – ІІ орын
* 2016 жыл – Ұлы дала ойындары (Алматы) – І орын.
* 2016, 2017 жылдар – Баян Өлгей (Моңғолия), халықаралық турнир – І орын.
* 2016, 2018 жылдар – Бішкек (Қырғызстан), Орта Азия кубогы – І, ІІ орын.
* 2018 жыл – Анталья (Түркия), халықаралық жарыс – І орын.
* 2018 жыл – ҚР классикадан жекелей чемпионаты – ІІ орын
* 2018 жыл – VI Республикалық халық ойындары – ІІ орын
* 2019 жыл – Анталья (Түркия) V Әлем чемпионаты – ІІ орын (классика).
* 2019 жыл – Ақтөбе, Ұлттық спорт түрлерінен 5-фестиваль – ІІІ орын
* 2019 жыл – ҚР жекелей чемпионаты – І орын (рапид), ІІІ орын (блиц).
* 2019 жыл – ҚР командалық чемпионаты – ІІІ орын
* 2020 жыл – Вильнюс (Литва), халықаралық жарыс – І орын.
* 2021 жыл – ҚР кубогі – ІІ орын
* 2022 жыл – Халық ойындары – командалық есепте – І, жекелей – ІІ орын.
* 2022 жыл – Ыстықкөл, халықаралық жарыс – ІІІ орын.
* 2022 жыл – ІІ Азия кубогі – ІІІ орын (блиц).
* 2022 жыл – ҚР кубогі – І орын
* 2022 жыл – Әлемнің 6-шы чемпионаты (Ақтөбе) – 3 орын (рапид).
* 2023 жыл – «Ұлы қазақ ойындары» (Шымкент) – ІІ орын.
* 2023 жыл – Қазақстан чемпионаты (Түркістан) – І орын (блиц), І орын (рапид).
* 2023 жыл – Моңғолия, Азия чемпионаты – ІІ орын (блиц).
* 2023 жыл – Констанца (Румыния), әлем кубогы – ІІІ орын (рапид).
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Зарина Болатқызы Тұрдиева (14 мамыр 1992 — 16 қаңтар 2016) — футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы. Ол футболдағы мансабын алматылық ЖСШММ сапында бастады. 2012 жылы Талдықорған Жетісуына көшіп, онда 22-ден астам ойын өткізген. 2014-2015 жылдары көкшетаулық «Көкше» клубында өнер көрсетіп, мансабын осы клубта жалғастырмақ болған. Бірақ қаржыландырудың болмауына байланысты Көкше Әйелдер лигасының жарысына қатыспауы мүмкін (кейінірек солай болды) еді.
2016 жылдың қаңтарында Заринаны апасы үйіндегі сарайда асылып қалған күйде тауып алған.
## Сілтеме
* Зарина Турдиева была лучиком света в нашей команде - тренер. vesti.kz (18 қаңтар 2016).
* 55-й навсегда... В память о Зарине Турдиевой. vesti.kz (18 қаңтар 2016).
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Меркі – Жамбыл облысы Меркі ауданындағы ауыл, аудан және Меркі ауылдық округі орталығы, темір жол бекеті
* Меркі – Жамбыл облысы Меркі ауданындағы ауыл, темір жол бекеті.
* Меркі шипажайы — Жамбыл облысы Меркі ауданындағы елді мекен, шипажай.
Басқа мағыналар:
* Меркі – көне қала орны.
* Меркі – ерте темір дәуірі қорғаны.
* Меркі – Шу алабындағы өзен.
* Меркі – Жамбыл облысы Меркі ауданы аумағында орналасқан тау. |
Тілеужан Мұқашұлы Мұқашев (1881, №1 ауыл, Ақтөбе уезі, Торғай облысы, Ресей империясы — 1937, КСРО) — кеңестік мемлекет және партия қайраткері.
## Өмірбаяны
1911-1917 жылдары — Ақтөбе уезінің 3-бөлімі кеңсе хатшысы, белсенді әскерге мал сатып алу жөніндегі хатшы (Ор қ.). 1917 жылдың тамызынан бастап — Ақтөбе земство басқармасының; 1918 жылдың қыркүйегінен бастап – уездік милиция іс жүргізушісы болды.
* 1918-1921 жылдары — Ақтөбе атқару комитетінің бөлім меңгерушісі болды,
* 1921-1923 жылдары — Ақтөбе губерниялық атқару комитеті мен қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, кейін төрағасы болды,
* 1923-1924 жылдары — Қырғыз (Қазақ) АКСР орталық атқару комитетінің бөлім меңгерушісі болды,
* 1924 жылдың наурызы — 1925 жылдың маусымы — РКФСР Жоғарғы Сотының Қазақ бөлімшесі төрағасы болды,
* 1925-1926 жылдары — РКФСР Жоғарғы Сотының Қазақ бөлімшесі мүшесі болды,
* 1926-1928 жылдары — Орал губерниялық сотының төрағасы болды,
* 1928-1930 жылдары — Орал аймақтық прокуратурасының прокуроры болды,
* 1930 жылы ақпан-тамыз — РКФСР Жоғарғы Сотының Қазақ бөлімшесі мүшесі болды,
* 1930 жылы — «Гигант» ұжымшарының төрағасы және бір уақытта Еңбекшіқазақ аудандық ұжымшарлар одағының төрағасы,
* 1931-1932 жылдары — Еңбекшіқазақ аудандық атқару комитетінің төрағасы болды.
* 1932 жылдың қазанынан 1937 жылдың қарашасына дейін — Қазақ АКСР Жоғарғы соты (1936 жылдан бастап - Қазақ КСР Жоғарғы Соты) төрағасының орынбасары болды.
## Сілтеме
* Қазақстан ЖС сайтындағы өмірбаяндар |
Қызыл-Тура (орыс. Кызыл-Тура) — Ескер жұртының, Түмен (Сібір) хандығының құрамындағы ортағасырлық қала. Қазіргі Ресей Федерациясы, Омбы облысының Усть-Ишим ауданында орналасқан.
## Тарихы
Қалашық «Сібірдің хорографиялық кітабының» 87 бетінде бейнеленген. Қираған қалашықтың орына 1771 жылы И.П Фальк келген. Ол қираған мешіттің мұнарасы мен тас үйдің қалдықтарын көрген.
## Әдебиет
* Матвеев А.В., Татауров С.Ф. Сибирское ханство: военно-политические аспекты истории. Казань: Фэн АН РТ, 2012. 260 с.
* Тюменское и Сибирское ханства / под ред. Д. Н. Маслюженко, А. Г. Ситдикова, Р. Р. Хайрутдинова. — Казань: Издательство Казанского университета, 2018. — 560 с. — ISBN 978-5-00130-021-2. |
Қазақ КСР Жоғарғы Соты, Қазақстан және РКФСР Жоғарғы Сотының Қазақ бөлімшесі төрағаларының тізімі. Тізім хронологиялық ретпен келтірілген. Жұмыс істеген жылдары жақшада көрсетілген.
## РКФСР Жоғарғы Сотының Қазақ бөлімшесі төрағалары
* Нығмет Нұрмақұлы (қазан 1921 — сәуір 1923)
* Тілеужан Мұқашұлы (наурыз 1924 — маусым 1925)
* Мырзағұл Атаниязұлы (наурыз 1925 — наурыз 1927)
* Сермұхамед Бекбатырұлы (сәуір 1927 — сәуір 1929)
## Қазақ АКСР Жоғарғы Сотының төрағасы
* Нығметулла Сырғабекұлы (мамыр 1929 — қараша 1929)
* Нағима Ыдырысқызы Арықова (1929—1930)
* Ғұмар Сейітәліұлы Жүнісов (шілде 1931—1932)
* Қазмұхамед Кәрібұлы Күлетов (шілде 1932—1934)
* Шәймерден Бейсенбайұлы Бектұрғанов (мамыр 1934—1937)
## Қазақ КСР Жоғарғы Сотының төрағасы
* Шәймерден Бейсенбайұлы Бектұрғанов (мамыр 1934—1937)
* Әбдірахман Есалыұлы Құскелдиев (желтоқсан 1937 — тамыз 1938)
* Петр Иванович Громов (тамыз 1938 — сәуір 1939)
* Темірғали Қожабергенов (сәуір 1939 — мамыр 1941)
* Мырзақадыр Нұрбаев (1941—1942)
* Тәңірберген Әділбаев (сәуір 1943 — қазан 1945)
* Омадияр Байжанұлы Адамбаев (1946)
* Әбидулла Үмбетжанұлы Биекенов (с 24 мая 1946)
* Әбдірахман Досанов (тамыз 1946 — тамыз 1958)
* Әмір Нұрышев (1958—1959)
* Күнтуар Әлібайұлы Сүлейменов (1958—1962)
* Бекайдар Жүсіпов (маусым 1962 — қыркүйек 1970)
* Қайыр Ерденбайұлы Мыңбаев (ноябрь 1970 — мамыр 1981)
* Ғалым Бәжімұлы Елемісов (маусым 1981 — қаңтар 1984)
* Тамас Қалмұхаметұлы Айтмұхаметов (1984—1993)
## Қазақстан Жоғарғы Сотының төрағасы
* Тамас Қалмұхаметұлы Айтмұхаметов (1984—1993)
* Михаил Федорович Малахов (желтоқсан 1993—1996)
* Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев (1996—2000)
* Қайрат Әбдіразақұлы Мәми (қыркүйек 2000 — сәуір 2009)
* Мұсабек Тұрғынбекұлы Әлімбеков (2009—2011)
* Бектас Әбдіханұлы Бекназаров (2011—2013)
* Қайрат Әбдіразақұлы Мәми (2013—2017)
* Жақып Қажманұлы Асанов (2017—2022)
* Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев (2022 жылдан бастап)
## Дереккөздер |
Асқар Ахметұлы Мусинов (11 сәуір 1961, Алматы – 10 ақпан 2024) – қазақ дипломаты, 2024 жылдан бері Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының Бас директоры.
## Өмірбаяны
1984 жылы А.А. Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетінің "шығыстанушы-филолог" мамандығын бітірген.
* 1984-1987 – Ливиядағы әскери аудармашы;
* 1987-1991 – Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің екінші, бірінші хатшысы;
* 1991-1992 – Ресей Федерациясының Сауд Арабиясындағы Елшілігінің екінші хатшысы;
* 1993 – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының халықаралық бөлімінің аға референті;
* 1993-1996 – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық басқармасының бастығы;
* 1996 – Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің бірінші хатшысы – консулдық бөлімнің меңгерушісі;
* 1996-1997 – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Бас консулдық басқармасының бастығы, Консулдық қызмет департаментінің директоры;
* 12.1997-09.1999 – Қазақстан Республикасы Президенті хаттамасының меңгерушісі;
* 09.1999-06.2002 – Қазақстан Республикасының Мысырдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
* 07.2002-06.2006 – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
* 06.2006-05.2008 – Қазақстан Республикасының Бахрейндегі, Кувейттегі, Омандағы, Қатардағы, БАӘ-дегі Төтенше және Өкілетті Елшісі;
* 05.2008-06.2013 – Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
* 06.2013-06.2014 – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы;
* 07.2014-03.2016 – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;
* 2016-2018 жылдары – Ислам ынтымақтастық ұйымының Бас хатшылығының Бейбітшілік, қауіпсіздік және жанжалдарды шешу бөлімінің басшысы (2016 жылдан бастап);
* 2018 жылдың 6 мамырында Дакка қаласында өткен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 45-ші сессиясында ИҰЫ Бас хатшысының ғылым және технологиялар жөніндегі орынбасары болып сайланды;
* 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап – Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының Бас директоры.
2024 жылдың 10 ақпанында 62 жасында қайтыс болды.
## Отбасы
Әкесі Ахмет Оспанұлы Мұса мен Рената Серәліқызы Қожамқұлова – тіл білімі мамандары.
Әйелі – Жанар Жүсіпәліқызы Нөкетаева.
## Еңбектері
* Мусинов А.А. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Таяу және Орта Шығыс: монография / А.А. Мусинов. – Алматы: Қазақ университеті, 2018. – 245 б.
## Марапаттары
* Парасат ордені (2015)
* 2-ші дәрежелі Достық ордені (2005)
## Дереккөздер |
Дәрібай Ханкерейұлы Ханкереев (1890, №24 ауыл, Елек уезі, Орал облысы, Ресей империясы — 2 наурыз 1938, Алматы, Қазақ КСР) — қазақ кеңестік саясаткер, мемлекет қайраткер.
## Өмірбаяны
1890 жылы Ресей империясының Орал облысы Елек уезінің 24-ауылында шаруа және қызметкердің отбасында дүниеге келген. Қазақ, БОАК ұйымдастыру бөлімінің сауалнама барағында қырғыз деп көрсеткен. 1920 жылдан бастап Коммунистік партияның мүшесі.
1905 жылы Електегі 2 сыныптық мектепті бітірген.
1906-1914 жылдары таратушы, аудармашы, түптеуші, іс жүргізуші қызметтерін атқарған.
1914-1917 жылдары іс жүргізуші болып жұмыс атқарып, 1917-1919 жылдары қожалықпен айналысты.
1920 жылдың ақпан-мамыр айларында ҚАКСР ІІХК нұсқаушысы болып жұмыс істеді.
1921 жылдың қазан-қарашасы — ҚАКСР ІІХК Елек БСК басқарма бөлімінің меңгерішісі болды.
1921 жылдың қарашасы – 1922 жылдың мамыры — ҚАКСР ІІХК басқарма бөлімінің меңгерішісі және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болды.
1922 жылдың қыркүйегінен 1923 жылдың қыркүйегіне дейін Қырғыз (Қазақ) АКСР Қырмилициясы басшысы, ҚАКСР ІІХК алқасының мүшесі.
1923 жылдың 2 желтоқсанынан бастап Ақтөбе губерниялық атқару комитетінің төрағасы.
1925 жылдың наурызына дейін Семей губерниялық революциялық комитет-атқару комитетінің төрағасы болды.
1925 жылдың мамыр-қазан айларында ҚАКСР әлеуметтік қамсыздандыру халық комиссары болды.
1925-1927 жылдары — «Қосшы» одағының төрағасы болды.
1927-1928 жылдары — Мақат мұнай кәсіпшілігі басшысының орынбасары болды.
1928-1929 жылдары — Гурьев округіндегі Доссор мұнай кәсіпшілігі басшысының көмекшісі болды.
1929-1932 жылдары — Гурьев қаласындағы «Ембімұнай» тресі басшысының орынбасары болды.
1932 жылдың наурыз-қазан айларында ҚАКСР жеңіл өнеркәсіп халық комиссарының бірінші орынбасары болды.
1932 жылдың тамызынан 1933 жылдың шілдесіне дейін ҚАКСР жеңіл өнеркәсіп халық комиссары болды.
1934 жылы — БК(б)П Маңғыстау, Форт-Александровский аудандық комитетінің жауапты хатшысы қызметін атқарды.
1937 жылы 23 қыркүйекте Гурьев облысы бойынша ІІХКБ қызметкерлерімен тұтқынға алынды. 1938 жылы 2 наурызда КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасы РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-2, 58-7, 58-8, 58-11-баптарында көзделген қылмыстар туралы айыпты дәлелденген деп танып, оған ең қатаң жазалау шарасы жайлы үкім шығарды. Үкім шығарылған күні атылды. 1959 жылы 19 ақпанда КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасы: қылмыс құрамының жоқтығы үшін ақтады.
## Қоғамдық жұмысы
* 1920 жылы болыстық, 1920 және 1921 жылы уездік, 1921 жылы губерниялық, 1924 жылы бүкілресейлік Кеңестер съездеріне қатысушы.
* 1921 жылы мамыр-шілде. Орал губерниялық атқару комитетінің хатшысы.
* 1924 жылдың 13 қаңтарынан бастап Қырғыз орталық атқару комитетінің мүшесі.
## Сілтеме
* Қазақстан наркомдары, 1920—1946 жж: өмірбаяндық анықтамалық / Құрас. М. Х. Жакыпов, А. С. Зулкашева, А. Н. Ипмагамбетова, Е. В. Чиликова. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. — Б. 347.
## Дереккөздер |
Махмуд Марди (араб.: مَحمُود نَايِف أَحمَد الْمَرضِيّ; 6 қазан 1993, Акаба қаласы, Иордания) — иорданиялық футболшы, шабуылшы.
2023 жылы Азия кубогына қатысты.
## Жүлделері
### Клубтық
Әл-Мухарраб
* АФК Кубогы: 2021
* Бахреин кубогы: 2021
Әл-Фаисали
* Иордания чемпионы: 2018–19
* Иордания кубогы: 2018–19
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Махмуд Марди (араб.: مَحمُود نَايِف أَحمَد الْمَرضِيّ; 6 қазан 1993, Акаба қаласы, Иордания) — иорданиялық футболшы, шабуылшы.
2023 жылы Азия кубогына қатысты.
## Жүлделері
### Клубтық
Әл-Мухарраб
* АФК Кубогы: 2021
* Бахреин кубогы: 2021
Әл-Фаисали
* Иордания чемпионы: 2018–19
* Иордания кубогы: 2018–19
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Мұрат Қажымұратұлы Нұғманов (30 қаңтар 1964, Орал, Қазақ КСР) — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы қолбасшылығының өкілі, полковник, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы (2013-2015).
## Өмірбаяны
1967 жылы 8 наурызда Орал қаласында дүниеге келген.
1988 жылы Челябі жоғары танк командалық училищесін бітірген.
Қызметін жеке гвардиялық армия корпусының жеке гвардиялық механикаландырылған бригадасында танк взводының командирі болып бастады.
1988-2005 жылдар аралығында штаб басшысы — танк батальоны командирінің орынбасары, гвардиялық оқу танк полкі командирінің орынбасары, мотоатқыштар дивизиясы командирінің орынбасары қызметтерін атқарды.
1997 жылы құрышты танк күштері Әскери академиясын бітірген.
2005 жылдың мамырынан 2006 жылдың тамызына дейін — механикаландырылған бригада командирі болды.
2006 жылдың тамызынан 2007 жылдың тамызына дейін — ҚР ҚМ штабтар басшылары комитетінің Жедел жоспарлау департаменті Жауынгерлік дайындық басқармасы басшысының орынбасары болды.
2007 жылдың тамызынан 2008 жылдың желтоқсанына дейін — ҚР ҚМ штабтар басшылары комитетінің Жауынгерлік даярлық және әскер қызмет департаменті Жауынгерлік даярлықты есепке алу және бақылау басқармасының басшысы болды.
2008 жылдың желтоқсанынан 2009 жылдың тамызына дейін — ҚР ҚМ штабтар басшылары комитетінің Жедел жоспарлау департаменті басшысының орынбасары болды.
2009 жылдың тамызынан 2011 жылдың тамызына дейін Ресей Қарулы Күштері Бас штабы Әскери академиясының тыңдаушысы болды.
2011 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясында болды.
2011 жылдың тамызынан 2012 жылдың шілдесіне дейін — өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының Басқарма штаб басшысы болды.
2012 жылдың шілдесінен 2013 жылдың шілдесіне дейін — Бас қолбасшысы орынбасары (жауынгерлік даярлық жөніндегі) - ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысы басқармасы Бас жауынгерлік даярлық басқармасының басшысы болды.
2013 жылдың шілдесінен 2015 жылдың қазанына дейін — «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болды.
2015 жылдың желтоқсан айынан бастап — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті басшысының орынбасары – Бас штаб факультетінің басшысы болды.
## Дереккөздер |
Сим(е)он Илеуші (Симон Тері илеуші, копт. ⲫⲏⲉⲑⲟⲩⲁⲃ ⲥⲓⲙⲱⲛ ⲡⲓⲃⲁⲕϣⲁⲣ (ⲡⲓϩⲟⲙ, Ϧⲁⲣⲣⲁⲍ, араб.: سمعان الخراز; әл-Харраз) — копт әулиесі, оның аты Мукаттам тауының қозғалысы туралы аңызбен байланысты. Каир маңында (қазіргі Маншият Насыр ауданы) Фатимид халифасы Әл-Муиз билігі кезінде.
## Таумен ғажайып туралы аңыз
Симон Илеуші 9 ғасырдың аяғында Мысырда өмір сүрген және көптеген копт христиандары сияқты қолөнермен айналысқан. Ол айналысқан қызмет түрі Каирде әлі де кең таралған, сонымен қатар басқа да өндірістік процестерді қамтиды, соның арқасында Саймон былғары өнеркәсібіне қатысты басқа лақап аттармен танымал — Тері илеуші, Етікші.
972-975 жылдар аралығында Каирді басқарған халиф Әл-Муиз өзінің қатысуымен пікірталасқа қатысуға әртүрлі конфессиялардың діни жетекшілерін шақырды. Осы кездесулердің бірінде Рим Папасы Ыбырайдың қатысуымен және еврей Якуб ибн Киллис (осы әңгіменің басқа нұсқаларында оның аты Мұса), жеңіс Ибраһимге берілді. Ибн Киллис кек алу үшін Матфейден Інжіліндегі (17:20) Исаның сөзін келтіреді: «Егер сен қыша дәніндей сенімің болса және мына тауға: «Осы жерден сол жаққа көш» десең, ол қозғалап және сен үшін мүмкін емес ештеңе болмайды», — деп пападан өз сенімінің ақиқаттығын көрсетілген жолмен дәлелдеуді сұрады. Мұны естіген халиф Ыбырайымнан оның Інжілі солай айтылған ба деп сұрайды және ол мұны растаған соң, мұндай ғажайыпты папа жасауын талап етеді, әйтпесе Ибраһим және барлық копттер өлтіріледі. Патриарх дайындалуға үш күн уақыт берді.
Ибраһим монахтарды, діни қызметкерлерді және ақсақалдарды жинап, оларға үш күн дұға етуді бұйырды. Үшінші күні таңертең Ыбырайым ілулі шіркеуде дұға етіп жатқанда, оған Мәриям көрініп, үлкен базарға баруды және сол жерден су терісі бар бір көзді адамды табуды бұйырды. Ол керемет жасай алатын адам. Ыбырайым мойынсұнып, оған сипатталған жерде кездестірді, ол оның бір көзін жұлып алды, Матфейден Інжіліндегі (5:29) «Егер оң көзің сені күнәға итермелесе, оны жұлып алап, оны өзіңнен лақтырып таста, өйткені бүкіл денең тозаққа тасталмай, бір мүшеңнің өлгені сен үшін жақсы».
Ыбырайым Симонға халифа мен сарбаздармен бірге тауға еріп жүруді бұйырды. Сол жерде Симон Ыбырайымға «Ием, рақым ет» деп үш рет айқайлауын бұйырды. Патриарх бұл кеңесті орындап, тау көтерілді. Бір керемет жасап, Ыбырайым Симонды іздеуге бұрылды, бірақ ол жоғалып кетті. Халиф христиандық сенімнің ақиқатын мойындады, содан бері осы оқиғаны еске алу үшін Копт православие шіркеуі Рождестволық ораза басталғанға дейін қосымша үш күнді атап өтеді.
## Ойда
Симон Танер және ол жасаған керемет туралы негізгі дереккөз — Патриарх Ыбырайымның өмірбаяны, Севир Ибн аль-Мукаффабен кіреді. «Александриялық патриархтардың тарихында».
1989-1991 жылдары копт діни қызметкерлері мен археологтары Симон Танердің қалдықтарын іздеді. Олар Симонды Ескі Каирдегі әл-Хабаш зиратында жерленген деп болжады, алайда 1991 жылы 4 тамызда Вавилондағы Құдай Ана Эль-Дараг шіркеуіде қалпына келтіру кезінде Симонның қаңқасы Копттық Каир табылды.
Каирдегі (Етікші әулие Симеон монастырі) және Асуандағы монастырьлар Теріші Симонға арналған.
## Тағы қараңыз
* Никита Кожемяка
* Етікші Әулие Симеон монастырі
## Әдебиеттер
* Loubser J. A. How Al-Mokattam Mountain Was Moved: The Coptic Imagination and the Christian Bible // Gerald O. West, Musa W. Dube Shomanah The Bible in Africa: transactions, trajectories, and trends. — BRILL, 2000. — С. 103-126. — ISBN 9004106278. |
* Көкарық – Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы, Абай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
* Көкарық – Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы, Тереңөзек ауылдық округі құрамындағы ауыл. |
Константин Николаевич Сафронов (2 қыркүйек 1987) — қазақстандық жеңіл атлетші, ұзындыққа секіру бойынша маман. 2003-2015 жылдары жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетті, жабық ғимараттағы Азия ойындарының қола жүлдегері, ел чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері, бірқатар ірі халықаралық жарыстарға, соның ішінде 2009 жылы Берлинде және 2013 жылы Мәскеуде өткен әлем чемпионаттарына қатысушы.
## Өмірбаяны
Константин Сафронов 1987 жылы 2 қыркүйекте дүниеге келген. Павлодарда тұрып жаттығады.
Алғаш рет 2003 жылғы маусымда жеңіл атлетикадан халықаралық деңгейде өзін танытып, Қазақстан құрамасының сапына кіре, Шербрук қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысып, ұзындыққа және үш рет қарғып секіру жарыстарына қатысты.
2005 жылы Инчхонда өткен Азия чемпионатында және Бангкокта өткен жабық ғимараттағы Азия ойындарында ұзындыққа секіруден бақ сынады.
2006 жылы Бейжіңде өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында секіріп, Дохадағы Азия ойындарында 12-орын алды.
2007 жылы Амманда өткен Азия чемпионатында бесінші, Бангкоктағы Универсиадада алтыншы орын иеленіп, Макаода өткен жабық ғимараттағы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды.
2008 жылы Дохада өткен жабық ғимараттағы Азия чемпионатында ұзындыққа секіруден бесінші орынға қол жеткізді.
2009 жылы Берлинде өткен әлем чемпионатында, Гуанчжоуда өткен Азия чемпионатында және Ханойда өткен жабық ғимараттағы Азия ойындарында өнер көрсетті – соңғысында жетінші орын алды.
2010 жылы Гуанчжоуда өткен Азия ойындарында сегізінші болды.
2011 жылы Кобеде өткен Азия чемпионатында сегізінші нәтиже көрсетсе, Шэньчжэньдегі Универсиадада барлық мүмкіндіктерінен айырылып, нәтижесіз қалды.
2012 жылы Ханчжоуда өткен жабық ғимараттағы Азия чемпионатында алтыншы орынға ие болды.
2013 жылы маусымда Алматыда өткен жарыста ұзындыққа секіруден өзінің жеке үздік нәтижесін жаңартты — 8,10 метр. Мәскеуде өткен әлем чемпионатына қатысып, 7,47 нәтижемен финалға шыға алмады.
2014 жылы Ханчжоуда өткен жабық ғимараттағы Азия чемпионатында бесінші, Инчхондағы Азия ойындарында сегізінші орынға ие болды.
2015 жылы Уханьда өткен Азия чемпионатында сегізінші орын алып, Кванджудағы Универсиадаға қатысты.
Ол 2017 жылғы маусымның соңында спорттық мансабын аяқтады.
Үздік спорттық жетістіктері үшін «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» құрметті атағы берілді.
Жұбайы Ольга Сафронова (Блудова) - қысқа қашықтыққа жүгіруден қазақстандық атақты жүгіруші.
## Дереккөздер |
Болат Керімжанұлы Дарбеков (21 қазан 1957, Тоқмақ, Фрунзе облысы, Қырғыз КСР) — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы қолбасшылығының өкілі, генерал-лейтенант, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы (2007-2008).
## Өмірбаяны
1957 жылы 21 қазанда Қырғыз КСР Тоқмақ қаласында дүниеге келген.
1979 жылы Алматы жоғары жалпыәскери қолбасшылық мектебі үздік бітірді. Офицерлік қызметін Германиядағы Кеңес әскерлері тобында мотоатқыштар взводының командирі болып бастады.
1979 жылдың қарашасынан бастап — ГКӘТ 35-жеке гвардиялық десанттық-шабуылдаушы бригадасының десанттық-шабуылдаушы взводының командирі болды. ЖДШБр құрамында командирдің орынбасары — парашютті-десанттық ротаның әуе-десанттық даярлығы бойынша нұсқаушысы, десанттық-шабуылдаушы ротасының командирі, штаб басшысы — парашютті-десанттық батальон командирінің орынбасары қызметтерін атқарған.
1988 жылы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны үздік бітірді. Академияны бітіргеннен кейін ОАӘО жеке мотоатқыштар бригадасының мотоатқыштар батальоны командирі қызметін атқарды.
1992 жылы Қырғызстан Республикасы Ұлттық ұланының штаб басшысы — қолбасшысының орынбасары болып тағайындалды.
1993-1995 жылдары — Қырғызстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас штабының басшысы — қолбасшысының бірінші орынбасары болды.
1995 жылы Қырғызстаннан Қазақстанға ауысты. 1995 жылдың қарашасынан 1998 жылдың мамырына дейін мотоатқыштар дивизиясының мотоатқыштар полкінің командирі, 23260 әскери бөлімінің бөлім офицері, Алматы жоғары әскери училищесінің тактика кафедрасының оқытушысы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери академиясының оперативтік өнер және тактика кафедраның аға оқытушысы қызметтерін атқарды.
1998 жылдың мамырында армия корпусының танк дивизиясы командирінің орынбасары болып тағайындалды.
2001 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын үздік бітіріп, Жедел жоспарлау департаментінің басшысы — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының жедел жоспарлау жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
2003 жылдың қаңтарынан — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас штаб басшысының бірінші орынбасары — Жедел жоспарлау жөніндегі департаменттің басшысы болды.
2003 жылы шілде Қазақстан Республикасы Президентінің № 389 Өкімімен Штабтар басшылары комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
2007 жылдың 10 қаңтарында басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
2007 жылдың 17 сәуірінен 2008 жылдың 6 қарашасына дейін — «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болды.
## Марапаттары
* II дәрежелі Даңқ ордені (2005)
* «Төтенше жағдайлардын алдын алуда және жоюда уздіқ шыққаны үшін» медалі (2008)
## Дереккөздер |
Жел өтіндегі тағдырлар (ағылш. Gone with the Wind) — 1939 жылы Маргарет Митчеллдің аттас романы негізінде түсірілген тарихи мелодрама жанрындағы американдық көркем фильм. Фильмнің оқиғалары азаматтық соғыс кезінде АҚШ—тың оңтүстігінде өтеді, сюжет Джорджия штатындағы плантация иесінің қызы Скарлетт О' Хараның оқиғасына негізделген.
Фильм «Оскардың» 12-ші марапаттау рәсімінде 13 номинацияның ішінен 8 «Оскар» жүлдесін жеңіп алды, оның ішінде «Үздік фильм», «Үздік режиссер» (Виктор Флеминг), «Үздік бейімделген сценарий» (Сидни Ховард, қайтыс болғаннан кейін), «Үздік актриса» (Вивьен Ли) және «Үздік көмекші актриса» (Хэтти МакДэниэль, «Оскар» алған алғашқы афроамерикалық әйел). Фильм номинациялар мен жүлделер саны бойынша рекорд орнатты.
«Жел өтіндегі тағдырлар» фильмі премьерасынан кейін керемет танымалдылыққа ие болды.Тарихтағы ең көп табыс әкелген фильмге айналып, 25 жылдан астам рекордты ұстады. Инфляцияны есепке алғанда, фильм тарихтағы ең жоғары табыс әкелген фильм болып қала береді, ол 3,7 миллиард доллардан астам табыс жинады. Фильм барлық уақыттағы ең керемет фильмдердің бірі деп танылды.
## Рөлдерде
## Жүлделер
Фильм келесі номинациялар бойынша «Оскар» жүлдесін алды:
* Үздік фильм
* Үздік режиссер (Виктор Флеминг)
* Үздік актриса (Вивьен Ли)
* Үздік көмекші актриса (Хэтти МакДаниел)
* Үздік бейімделген сценарий
* Үздік операторлық жұмыс (түсті фильмдер – Эрнест Халлер және Рэй Реннахан)
* Үздік қоюшы суретші жұмысы
* Үздік монтаж
Ол тағы бес номинация бойынша «Оскар» жүлдесіне ұсынылды.
Суретші Уильям Кэмерон Мензис түсті қолданғаны үшін «Оскар» құрмет медалін алды.
1940 жылы «Photoplay» журналынан «Құрмет» медалін алды.
1989 жылы ол АҚШ-тың ұлттық фильмдер тізіліміне енгізілді.
## Дереккөздер |
Жел өтіндегі тағдырлар (ағылш. Gone With The Wind) бірнеше сөзге мағына беруі мүмкін:
* «Жел өтіндегі тағдырлар» — американдық жазушы Маргарет Митчеллдің романы (1936).
* «Жел өтіндегі тағдырлар» — Маргарет Митчеллдің романына негізделген Виктор Флемингтің фильмі, алғашқы түсті фильмдердің бірі (АҚШ, 1939). |
Салах Саид Сәлім Әл-Яхьяи (араб.: صلاح سعيد سالم اليحيائي; 17 тамыз 1998), қысқаша Салах Әл-Яхьяи — омандық футболшы, жартылай қорғаушы.
2019, 2023 жылдары Азия чемпионатына қатысты.
## Дереккөздер |
Қайдар Сәмиғоллаұлы Қарақұлов (9 маусым 1974, Рабочий ауылы, Бұқарыслан ауданы, Орынбор облысы, РКФСР, КСРО) —— қазақстандық әскери қолбасшы. 2019 жылдан бастап «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор (2017). 2022 жылы 15 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатты.
## Өмірбаяны
1974 жылы 9 маусымда Орынбор облысы Бұқарыслан ауданы Рабочий ауылында дүниеге келген.
1995 жылы Алматы жоғары жалпыәскери қолбасшылық мектебін, 2005 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетін, 2012 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясының курстарын бітірген.
Танк взводының командирі, мотоатқыштар ротасының командирі, мотоатқыштар батальоны командирінің орынбасары, жеке батальон командирі, бригада командирінің орынбасары, бригада командирі, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері командирінің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшылығы басқармасының штаб басшысының бірінші орынбасары — басшысы, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысы басқармасының штаб басшысының бірінші орынбасары — басшысы қызметтерін атқарды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қарашадағы Жарлығымен «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.
2010 жылы Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен Жеңіс шеруіне қатысушы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері өкілдерінің колоннасын басқарды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 6 мамырдағы №472 өкімімен генерал-майор әскери атағы берілді.
2018 жылғы 18 сәуірде Мемлекет басшысының Өкімімен Қайдар Сәмиғоллаұлы Қарақұлов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.
2019 жылдың 4 мамырынан 2022 жылдың 15 наурызына дейін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болды.
2022 жылғы 19 сәуірде прокуратурамен келісе отырып, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында орын алған өрт және жарылыс фактілері бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында ҚК-нің 453-бабы (Салақтық) бойынша күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды, ал 21 сәуірде қамауға алу түріндегі сайлауалды бұлтартпау шараларын қолдану қажеттілігінің болмауына байланысты босатылды.
## Марапаттары
* 2-дәрежелі Даңқ ордені
* Мерейтойлық медалдар
* Ұзақ қызметі үшін медалдар
## Дереккөздер |
Маржан — Джон Стейнбек жазған повесть, 1947 жылы жарияланды.
Бұл Стейнбектің ең танымал шығармаларының бірі, және оны мектептерде кеңінен оқытады.
Шығармада теңіз түбінен маржан тауып жүрумен айналысатын адамның және оның жанұясының өмірі жайында баяндалады.
## Дереккөздер |
Сермұхамед Бекбатырұлы Бекбатыров (1899, Жымпиты уезі, Орал губерниясы, Ресей империясы — 1938, КСРО) — Кеңестік мемлекет және партия қайраткері, РКФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімшесінің төрағасы (1927-1929).
## Өмірбаяны
* 1920 жылы — Жымпиты уездік халық ағарту бөлімінің меңгерушісі, кейін сол жылы ЖШҚӘ саяси қызметкері,
* 1921 жылы — Орал губерниялық комитетінің бөлім меңгерушісі, «Қызылту» газетінің редакторы,
* 1921-1922 жылдары — Жымпиты уездік атқару комитеті және уездік комитеті төралқасының мүшесі,
* 1925-1926 жылдары — РКФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімшесі алқасы төрағасының орынбасары,
* 1927-1929 жылдары — РКФСР Жоғарғы соты Қазақ бөлімшесінің төрағасы,
1929 жылы қазанда БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті оны Жұмысшы-шаруа инспекциясы халық комиссариатының қарауына жіберді.
* 1931 жылы — САИИНТИ директорының орынбасары – теориялық саясиэкономия доценті, Ташкент қ.,
* 1934-1935 жылдары — Қазақстан қой шаруашылығы институтының директоры,
* 1935 ж. ақпан — Қазақ ОАК қарамағындағы Кеңестік құрылыс институтының директоры.
Қазақ орталық атқару комитетінің мүшесі (1927-1931). БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті Төралқасының мүшесі (1927-1930).
1938 жылы КСРО Жоғарғы Соты Әскери алқасының үкімімен тұтқындалып, атылды. 1961 жылы ақпанда ақталды.
## Источники
* Өмірбаяны Мұрағатталған 20 желтоқсанның 2016 жылы. (орыс.)
* Қазақстан ЖС сайты |
(279) Туле — Негізгі белдеудегі ірі астероид.
Оны 1888 жылы 25 қазанда Иоганн Пализа Вена обсерваториясында ашты.
Бұл 4 астрономиялық бірліктен асатын қашықтықта ашылған алғашқы астероид.
Жалпы, Туле — ежелгі гректер картографиясындағы солтүстікте орналасқан ең шалғай мекен.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Астероидтар тізімі (201—300) |
Аббосбек Сайджон огли Файзуллев (өзб. Abbosbek Saydjon o'g'li Fayzullayev; 3 қазан 2003 жыл, Сырдария, Сырдария облысы, Өзбекстан) — өзбекстандық футболшы, Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы мен "ЦСКА (Мәскеу)" клубының жартылай қорғаушысы.
## Карьерасы
### Халықаралық
2023 жылы Азия кубоғына қатысып, екінші турда Үндістанның қақпасына ұлттық құрама сапындағы тұңғыш голын соқты.
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Аббосбек Сайджон огли Файзуллев (өзб. Abbosbek Saydjon o'g'li Fayzullayev; 3 қазан 2003 жыл, Сырдария, Сырдария облысы, Өзбекстан) — өзбекстандық футболшы, Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы мен "ЦСКА (Мәскеу)" клубының жартылай қорғаушысы.
## Карьерасы
### Халықаралық
2023 жылы Азия кубоғына қатысып, екінші турда Үндістанның қақпасына ұлттық құрама сапындағы тұңғыш голын соқты.
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Нығметулла Сырғабекұлы Сырғабеков (1900, №7 ауыл, Петропавл уезі, Ақмола облысы, Ресей империясы — 25 ақпан 1938) — Кеңестік мемлекет қайраткері, Қазақ АКСР Жоғарғы Сотының төрағасы (1929).
## Өмірбаяны
Ақмола облысы, Петропавл уезінің №7 ауылында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы) дүниеге келді.
Петропавл қаласындағы екінші үш жылдық жоғары бастауыш мектепті бітірген. 1921 жылдан бастап РК(б)П мүшесі болды.
* 1921 жылы — Петропавл уездік революциялық комитетінің нұсқаушысы,
* 1921—1923 жылдары — Ақмола губерниялық революциялық комитеті мен губерниялық атқару комитетінің нұсқаушысы, Ақмола губерниялық трибуналының алқа мүшесі, Ақмола губерниялық соты төрағасының орынбасары,
* 1923 жылы — БК(б)П Қырғыз (Қазақ) облыстық комитетінің нұсқаушысы,
* 1924—1926 жылдары — Төралқа мүшесі, РКФСР Жоғарғы соты Қазақ бөлімшесіндегі сот-қылмыстық алқасы төрағасы,
* 1926—1929 жылдары — Жетісу губерниялық сотының төрағасы,
* 1928—1929 жылдары — алқа мүшесі және Қазақ АКСР прокурорының көмекшісі,
* 1929 ж. мамыр-қарашасы — Қазақ АКСР Жоғарғы Сотының төрағасы,
* 1929—1931 жылдары — Ауыл шаруашылығы халық комиссариаты басқармасының басшысы, Қазақ АКСР Ауыл шаруашылығы халық комиссарының орынбасары,
* 1931 жылы — Қазақ АКСР халық комиссарлары кеңесі қарамағындағы Қазақ халқын қоныстандыру комитеті төрағасының орынбасары,
* 1932 ж. қаңтар-наурыз — Қазақ АКСР-нің қамсыздандыру халық комиссары,
* 1932—1933 жылдары — Шығыс Қазақстан облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы,
* 1933—1937 жылдары — Қазақ АКСР және Қазақ КСР Егін шаруашылығы халық комиссары.
БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің (1929-1936), Қазақстан К(б)П ОК мен оның бюросы (1937) мүшесі, БОАК және Қазақ ОАК мүшесі болып сайланды.
1937 жылы қудаланды. 1938 жылы 25 ақпанда атылды. 1958 жылы ақпанда ақталды.
## Сілтеме
* Қазақстан ЖС сайты |
Әулие Сергий мен Вакх шіркеуі (түр. Küçük Ayasofya) — Ыстанбұлдағы ең көне шіркеулердің бірі болып табылады, ол Сан Витале (орталық ғибадатхана) және Айя София (күмбезді базилика) (сондықтан екінші атауы — «кіші Айя София») прототипі болған. Шамасы, бұл бірдей шеберлердің — Исидор Милеттік мен Антемий Траллдықтің жұмысы. Ғибадатхана әулие Сергий мен Бахусқа арналған.
Қазіргі ғибадатхана 527-529 жылдары император [[I Юстиниан] жастық шағын өткізген үйдің жанында салынған. «Кішкентай София» бұрынғы Әулие Петр мен Павел шіркеуімен бір ансамбль құрады, оның бар болуының соңғы дәлелі 20 ғасырда Ыстамбұл билігімен жойылды. Әулие Сергий және Вакх шіркеуі императорлық отбасының ерекше сүйгенін дәлелдейді, көптеген астаналарда Юстиниан мен Феодораның бас әріптері бар.
536 жылы Феодора шіркеу кешенін монофизиттік монастырь ретінде берді, ал 551 жылы Рим Папасы Вигилий тобырдың қаһарынан осында жасырынған. Шіркеудің бай мозаикалық әшекейі сол жылдары иконокластар таңдаған кезде жойылды. Константинополь құлағаннан кейін Әулие Сергий бен Вакх шіркеуі 1506 жылға дейін жұмысын жалғастырды, белгілі бір сарай қызметкері оны мешітке айналдырып, мозаикаларды әктеп, тамбур мен медресе қосқанға дейін.
1742 жылы ғимараттың ауласында салттық субұрқақ салынды, ал 1762 жылы мұнара пайда болды (1952 жылы толығымен қайта салынды). Сұлтан II Махмұт бірнеше рет болған жер сілкіністерінен кейін мешітті жөндеуге бұйрық берді. Балқан соғысы кезінде мыңдаған босқын осы жерден пана тапты. Ескерткіштің жай-күйіне Кіші Софияға жақын маңда теміржол құрылысының жүргізілуіне елеулі зиян келтірілді. Осы себепті ЮНЕСКО бұрынғы Әулие Сергий бен Вакх шіркеуін жойылу қаупі бар дүниежүзілік мұра нысандарының тізіміне енгізді.
## Сілтемелер
* Әулие Сергий бен Вакх ғибадатханасы: ғибадатхананың тарихы мен сипаттамасы Р. Джанин кітабынан, Le siège de Constantinople және Patriarcat Oecuménique. Les églises et les monastères (Париж, 1969), саяхатшының бірнеше жазбалары және көптеген фотосуреттер. |
Әулие Ирина шіркеуі (түр. Aya İrini, гр. Αγία Ειρήνη, Агия Ирини) — Константинопольдегі «Қасиетті әлемге» (Әулие Иринаға емес) арналған ең ерте сақталған шіркеулердің бірі. Шіркеу Ыстанбұлдың тарихи орталығында Сұлтанахмет ауданында Топқапы сарайының бірінші ауласында орналасқан. Агия Ирини 6 ғасырдағы крест түріндегі базиликадың жаңа түрін білдіреді. Шіркеудің нартексі I Юстиниан дәуіріндегі мозаикалармен қапталған. Ішінде аңыз бойынша Константиннің қалдықтары жатқан саркофаг бар.
Бұл сайтта алғашқы христиан базиликасы 4 ғасырдың басында Рим императоры Константиннің тұсында ежелгі Афродита ғибадатханасының қирандыларының орнында тұрғызылған және Айя София салынғанға дейін қаланың басты ғибадатханасы болған. Екі ғибадатхана да құдайландырылған абстрактілі ұғымдардың атымен аталды — сәйкесінше Бейбітшілік пен Даналық. 381 жылдың мамыр-шілде айларында Құдайдың бейбітшілік ғибадатханасында Екінші Экуменикалық кеңестің отырыстары өтті.
346 жылы ғибадатхананың жанында діни келіспеушіліктер салдарынан 3000-нан астам адам қайтыс болды. 532 жылы Ника көтерілісі кезінде шіркеу өртеніп, содан кейін 548 жылы I Юстинианның басшылығымен қайта салынды. Шіркеу 740 жылы жер сілкінісінен қатты зардап шекті, содан кейін ол негізінен қайта салынды. Фигуралы мозаика иконоклазизм дәуірінде жойылды; дәстүрлі Құтқарушы Пантократордың орнына мозаикалық крест конуста жарқырайды.
1453 жылы Константинополь жаулап алғаннан кейін шіркеу мешітке айналмады және оның сыртқы көрінісінде айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. Осының арқасында осы күнге дейін Әулие Ирен шіркеуі қаладағы өзінің бастапқы атриумын (шіркеуге кіре берістегі кең, биік бөлме) сақтап қалған жалғыз шіркеу болып табылады.
15-18 ғасырларда Османлылар шіркеуді қару-жарақ қоймасы ретінде пайдаланды, ал 1846 жылдан бастап ғибадатхана археологиялық мұражайға айналды. 1869 жылы Әулие Ирен шіркеуі императорлық мұражайға айналды. Бірнеше жылдан кейін, 1875 жылы, оның экспонаттары, орын жеткіліксіз болғандықтан, Изразцовый павильон. Ақырында, 1908 жылы шіркеуде Әскери мұражай ашылды.
1980 жылдан бастап ол (жыл сайынғы) халықаралық музыка фестивалінің негізгі орны болды. 21 ғасырдың басында Әулие Ирина шіркеуі концерттік зал ретінде қызмет етті.
2021 жылдан бастап ол қайта құру үшін ішінара жабылды және жартылай қараусыз күйде.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Әулие Ирина ғибадатханасы — ғибадатхананың тарихы мен сипаттамасы Р кітабынан. Джанин, Le siège de Constantinople және Patriarcat Oecuménique. Les églises et les monastères (Париж, 1969) және фотосуреттер. |
Аймен Хусейн (араб.: أيمن حسين; 21 қаңтар 1996) — ирактық футболшы, шабуылшы. 2019, 2023 жылдары Азия Кубогына қатысты.
## Жүлделері
### Командалық
Сфаксьен
* Тунис Кубогы: 2018–19
Әл-кува
* Ирак чемпионы: 2020–21
* Ирак кубогы: 2020–21
Ирак құрамасы
* Араб шығанағы кубогы: 2023
### Жеке
* Ирак чемпионатының үздік мергені 2020–21
## Дереккөздер |
Яхья Әли Саид Әл-Гассани (араб.: يحيى الغساني; 18 сәуір 1998) — Біріккен Араб Әмірліктері футболшысы, шабуылшы. 2023 жылғы Азия кубогына қатысты.
## Жүлделері
ӘЛ-Уахда
* БАӘ суперкубогы: 2018
Шабаб Әл-Ахли
* БАӘ чемпионы: 2022–23
* БАӘ президенті кубогы: 2020–21
* БАӘ лига кубогы: 2020–21
* БАӘ суперкубогы: 2020, 2023
## Дереккөздер |
Елді мекен:
* Бөлтірік – Жамбыл облысы Шу ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Бөлтірік – сабағының ұшында ұсақ бүрі бар өсімдік түрі.
* Бөлтірік – жастарға арналған мистико-драма жанырында АҚШ елінде түсірілген телесериал. |
Ғұмар Сейітәліұлы Жүнісов (1900-1938) — кеңестік және қазақ партия әрі мемлекет қайраткері.
## Өмірбаяны
Жүнісов Ғұмар Сейітәліұлы 1900 жылы Семей қаласында шаруа отбасында дүниеге келген. 1928 жылдан бастап КОКП мүшесі болды.
1912 жылы мамырда Семейдегі «Қайырымдылық қоғамы» татар мектебін, 1914 жылы Семейдегі орыс приход мектебін бітіріп, Семейдегі сауда мектебінде оқыды. 1917 және 1918 жылдардағы каникулда Семей қаласындағы «Өзара несиелік қоғам» банкінде кеңсе қызметкері болып жұмыс істеді.
1920 жылы Семей губерниялық тұтынушылар қоғамдары одағының нұсқаушысы болды. 1921 жылдың сәуірінен 1923 жылдың мамырына дейін Семей губерниясының уездік соттарында кеңсе қызметкері, одан кейін сот болып жұмыс істеді.
1925 жылы мамырдан қарашаға дейін Семей губерниясының халық соты болып жұмыс атқарды.
1925 жылдың қарашасынан 1926 жылдың тамызына дейін Губерния сотының Семей уезі бойынша уәкілетті тұлға болды.
1926 жылдың тамызынан 1928 жылдың ақпанына дейін Семей губерниялық сотының мүшесі болды.
1928 жылдың ақпанынан 1929 жылдың мамырына дейін Қарқаралы уезінің прокуроры болды.
1929 жылдың 25 маусымынан Қызылорда аймақтық прокуратурасының прокуроры болды.
1930 жылдың 13 қаңтарынан Қызылорда аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы болып істеді. 1930 жылдың сәуірінен желтоқсанына дейін Қызылорда қаласындағы БК(б)П Қызылорда аудандық атқару комитетінің төрағасы болды.
1930 жылдың желтоқсанынан 1931 жылдың ақпанына дейін КСРО Жоғарғы Сотының Алматы қаласындағы Қазақ бөлімшесі төрағасы болды.
1932 жылдың тамызынан Алматы қаласындағы ҚАКСР Халық комиссарлар кеңесі төрағасының Отырықшыландыру жөніндегі орынбасары болды.
1933 жылдың сәуірінен БК(б)П Көкшетау аудандық атқару комитетінің төрағасы болды.
1934 жылдың қарашасынан Қарағанды облысы БК(б)П Ақмола аудандық атқару комитетінің төрағасы болды.
1937 жылы 9 шілдеде тұтқынға алынды. 1938 жылы 13 наурызда КСРО Жоғарғы Соты РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-2, 58-8, 58-11-баптарында көзделген қылмыстар туралы айыпты дәлелденген деп танып, ең қатаң жазалау шарасына үкім шығарды. 1959 жылы 31 қаңтарда КСРО Жоғарғы соты оны ақтады.
## Дереккөздер |
Қазмұхамед Кәрібұлы Күлетов (1897-1938) — кеңестік партия әрі мемлекет қайраткері.
## Өмірбаяны
1897 жылы Сырдария облысы Қазалы уезінде дүниеге келді. 1918 жылдан бастап БК(б)П мүшесі. 1929 жылы РКФСР Әділет халық комиссариаты қарамағындағы жоғары заңгерлік курсты бітірген.
* 1918-1919 жылдары — Арал теңізі поссоветінің өндіріс секциясыңда есепші болып істеді.
* 1919-1920 жылдары — Қазалы уездік комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді.
* 1920 жылы (қараша) — Сырдария облыстық революциялық комитетінің төрағасы, БК(б)П облыстық атқару комитетінің мүшесі болды (Ташкент қ.).
* 1922-1923 жылдары — Облыстық комитеттің бөлім меңгерушісі (Ташкент қ.), Облыстық комитеттің бөлім меңгерушісі (Орынбор қ.) болды.
* 1925 жылы — Оңтүстік Қазақстан губерниялық комитетінің бөлім меңгерушісі болды.
* 1926-1927 жылдары — Орал губерниялық прокуратурасының прокуроры болды.
* 1927-1930 жылдары — Петропавл округтік прокуратурасының прокуроры, Петропавл округтік атқару комитеті төрағасының орынбасары болды.
* 1930 жылы — Өлкелік комитеттің шекара комиссиясының төрағасы (Зайсан қ.) болды.
* 1931 жылы — «Казхлебживсоюз» басқармасы төрағасының орынбасары, «Каззаготскот» кеңсесінің басқарушысы болды.
* 1932 жылдың маусым-шілде айлары — 1934 жылы — Қазақ АКСР Жоғарғы Соты төрағасы төрағасы болды.
* 1934-1935 жылдары — «Казкрайсоюз» басқармасы төрағасының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облыстық тұтынушылар одағының төрағасы болды.
* 1935 жылы (тамыз) — 1937 жылы — Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеттің бөлім меңгерушісі болды.
РК(б)П Қырғыз (Қазақ) облыстық комитеті бюросының, БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің, Түркістан КП ОК және ТүрОАК мүшесі болды. 1937 жылы қуғындалды. 1957 жылы ақталды.
## Дереккөздер |
Тон-Тура, кейде Вознесенск қалашығы (орыс. Тон-Тура, Тонтура, Тонтур, Вознесенское городище, Кузнецова гора) — Ескер жұртының, Түмен (Сібір) хандығының құрамындағы ортағасырлық қала. Қазіргі Ресей Федерациясы, Новосібір облысының Венгеров ауданында (Ом өзенінің сол жақ жағалауында) орналасқан.
## Тарихы
Барабы даласында қалашықтың қалдықтары туралы XVIII ғасырдың екінші жартысында швед саяхатшысы, ғалымы, тарихшысы Иоганн Петер Фальк баяндаған. 1925 жылы Е.А. Клодт және А.М. Жихарев Вознесенск қалашығында алдын ала барлау жұмыстарын жүргізген. 1926 жылы П.А. Дмитриев және В.П. Левашова қалашық орнын жүйелі түрде зерттеп, оны 1928 жылы қаза бастады. 1974-1976 жылдары қалашық қалдықтарын В.И. Соболев бастаған археологиялық экспедицияның отряды зерттеген. Археологиялық ескерткіштің қазылған аумағы 800 шаршы метрге дейін жеткен. Тон-Тура мүйіс үстінде орналасып, дуалдардан тұратын үш қорғаныс сызығынан тұрған. Зерттеу кезінде ескерткіштің сақталған бөлігі 500 м құрады. Қалашық үш қорғаныс шебінен тұратын төрт бөлікке бөлінген. Бірінші және екінші бөліктердің арасында биіктігі 1,5 м-ге, ені 3 м-ге дейін жететін 2 дуал және тереңдігі 4 м-ге, ал ені 19 м-ге дейін жететін ор орналасқан. Екінші және үшінші бөліктердің арасында екінші қорғаныс сызығынан тұратын биіктігі 0,77 м дуал мен тереңдігі 0,5 м ор табылды. Үшінші қорғаныс сызығы екіншісінен 110 м алшақ орналасқан (дуалдың биіктігі 0,3 м, ордың тереңдігі 0,4 м). Төртінші бөліктің ұзындығы, шамамен, 138 м. Едәуір мөлшерде керамика, сүйектен жасалған бұйымдар, жебенің ұштары табылған. Қазба жұмыстарының барысында табылған материалдар Омбы мемлекеттік тарихи-өлкетану мұражайында, Новосібір мемлекеттік өлкетану мұражайы мен Новосібір мемлекеттік педагогикалық университетінде сақтаулы. 1996 жылы С.В. Колонцов ескерткіштің топографиялық сұлбасын дайындаған. Соболевтің зерттеу жұмыстарының арқасында бүгінгі таңда Тон-Тура Сібір хандығындағы елді-мекендердің арасында жан-жақты зерттелгені болып саналады.
## Әдебиет
* Матвеев А.В., Татауров С.Ф. Сибирское ханство: военно-политические аспекты истории. Казань: Фэн АН РТ, 2012. 260 с.
* Молодин В.И., Соболев В.И., Соловьёв А.И. Бараба в эпоху позднего средневековья.// Новосибирск: 1990. 262 c. ISBN 5-02-029366-0
* Тюменское и Сибирское ханства / под ред. Д. Н. Маслюженко, А. Г. Ситдикова, Р. Р. Хайрутдинова. — Казань: Издательство Казанского университета, 2018. — 560 с. — ISBN 978-5-00130-021-2
* Фальк И.П. Записки путешествия от С.-Петербурга до Томска // Полное собрание ученых путешествий по России. – СПб., 1824 – Т.6. |
* Балуан Шолақ ауылы — Ақмола облысы Бұланды ауданындағы ауыл.
* Балуан Шолақ ауылы — Жамбыл облысы Шу ауданындағы ауыл. |
North Caspian Operating Company (NCOC) — Солтүстік Каспий бойынша өнім бөлісу туралы келісімнің (СКӨБК) аясында құрылған операциялық компания. Қазақстандағы Атырауда орналасқан. Келісімге жеті компания кіреді: ҚазМұнайГаз, Eni, ExxonMobil, Shell, Total S. A. (әрқайсысы 16,81%), Қытай ұлттық мұнай корпорациясы (8,4%) және Inpex (7,56%).
North Caspian Operating Company, басқалай Солтүстік Каспий жобасы — Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы қайрандық кенорындарды игеру жобасы. 1993 жылдың желтоқсан айында құрамына қазақстандық "Қазақстанкаспийшельф" компаниясы (оператор) және тағы да алты шет елдік компаниялар - "Аджип" (Италия), "Бритиш Газ" (Ұлыбритания),"Би-Пи/Статойл"(Ұлыбритания/Норвегия), "Мобил" (АҚШ), "Шелл" (Нидерландтар) жене "Тоталь" (Франция) - кіретін Халықаралық консорциум құру туралы Келісімге қол қойылды. Консорциумның мақсаты - Каспий теңізі қазақстандық секторындағы жер қойнауының геологиялық құрылысын зерттеу жене ондағы көмірсутектерді игеру туралы кешенді бағдарламаны жүзеге асыру. 1997 жылы Консорциумға қатысушылар өздерінің зерттеу блоктарын таңдау құқығына сәйкес 11 блокты таңдап алды. Бұл блоктардың ауқымында Қашаған, Қаламқас, Қайраң, Ақтоты және Оңтүстік-Батыс Қашаған құрылымдары болды. 1997 жылдың 18қарашасында Солтүстік Каспий өнімін бөлісу Келісіміне (ӨБК) қол қойылды, бұл Келісім 1998 жылдың 28 сәуірінде күшіне енді. Бұл келісімнің қатысушылары - "Аджип", "Бритиш Петролеум", "Бритиш Газ", "Статойл", "Мобил", "Тоталь", "Шелл", "Қазақстанкаспийшельф". Бұл сегіздің алтауының әрбіреуі өнімнің 1/7 бөлігіне иелілік ететін болды, ал "Бритиш Петролеум" өнімнің 2/21 бөлігіне, "Стстойл" 1/21 белігіне иелік ету құқығын иеленді. Кейіннен Келісімге қатысушылар құрамында мынадай өзгерістер болды. 1998 жылы "Қазақстанкаспийшельф" жобаға қатысудан бас тартты, сөйтіп өз үлесін "Инпекс" жене "Филипс Петролеум" компанияларына 50%-дан сатты. Кейінірек, 2001 жылы "Бритиш Петролеум" жене "Статойл" компаниялары өз үлестерін Келісімнің өзге қатысушыларына сатты. 2005 жылдың басындағы жобаға қатысушылардың құрамы және олардың үлестері төмендегідей: "Аджип", "Бритиш Газ", "ЭксонМобил", "Шелл", "Тоталь-ФинаЭльф" компанияларының әрбіреуі үлестің 16,67% ал "Инпекс" және "КонокоФилипс" компанияларының әрбіреуі 8,33*-дан иеленген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылдың 25 ақпанындағы Қаулысына сәйкес, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы 1997 жылдың 18 қарашасындағы Солтүстік Каспий өнімін бөлісу Келісімі бойынша Өкілетті Орган болып тағайындалды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде төмендегі кенорындар анықталды: Қашаған - 2000 жылдың 30 маусымында; Қаламқас-теңіз - 2002 жылдың 3 қыркүйегінде; Оңтүстік-Батыс Қашаған-2003 жылдың 10 тамызында; Ақтоты - 2003 жылдың 2 қыркүйегінде; Қайраң - 2003 жылдың 10 қыркүйегінде. Қазіргі кезде Қашаған кенорынында оны қосымша бағалау және тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жұмыстары жүргізілуде: бағалау және игерім ұңғымалары бұрғылануда, жасанды аралдар салынуда, құрлықта да жұмыстар жүргізілуде, яғни Атырау облысының Ескене кентінің маңында автомобиль жолдары және темір жол торабы салынуда, вахталық кент және мұнай мен газды кешенді түрде дайындау қондырғысы тұрғызылуда. Бір сөзбен айтқанда, Қашаған кенорнын толығымен игеру концепциясын іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Солтүстік Каспий жобасының өзге кен орындарында да бағалау жұмыстары жалғасуда.
## Сондай-ақ қараңыз
* Қашаған кен орны
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* НКОК компаниясының 2022 жылғы брошюрасы Мұрағатталған 15 қазанның 2023 жылы. (PDF) ncoc.kz |
North Caspian Operating Company (NCOC) — Солтүстік Каспий бойынша өнім бөлісу туралы келісімнің (СКӨБК) аясында құрылған операциялық компания. Қазақстандағы Атырауда орналасқан. Келісімге жеті компания кіреді: ҚазМұнайГаз, Eni, ExxonMobil, Shell, Total S. A. (әрқайсысы 16,81%), Қытай ұлттық мұнай корпорациясы (8,4%) және Inpex (7,56%).
North Caspian Operating Company, басқалай Солтүстік Каспий жобасы — Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы қайрандық кенорындарды игеру жобасы. 1993 жылдың желтоқсан айында құрамына қазақстандық "Қазақстанкаспийшельф" компаниясы (оператор) және тағы да алты шет елдік компаниялар - "Аджип" (Италия), "Бритиш Газ" (Ұлыбритания),"Би-Пи/Статойл"(Ұлыбритания/Норвегия), "Мобил" (АҚШ), "Шелл" (Нидерландтар) жене "Тоталь" (Франция) - кіретін Халықаралық консорциум құру туралы Келісімге қол қойылды. Консорциумның мақсаты - Каспий теңізі қазақстандық секторындағы жер қойнауының геологиялық құрылысын зерттеу жене ондағы көмірсутектерді игеру туралы кешенді бағдарламаны жүзеге асыру. 1997 жылы Консорциумға қатысушылар өздерінің зерттеу блоктарын таңдау құқығына сәйкес 11 блокты таңдап алды. Бұл блоктардың ауқымында Қашаған, Қаламқас, Қайраң, Ақтоты және Оңтүстік-Батыс Қашаған құрылымдары болды. 1997 жылдың 18қарашасында Солтүстік Каспий өнімін бөлісу Келісіміне (ӨБК) қол қойылды, бұл Келісім 1998 жылдың 28 сәуірінде күшіне енді. Бұл келісімнің қатысушылары - "Аджип", "Бритиш Петролеум", "Бритиш Газ", "Статойл", "Мобил", "Тоталь", "Шелл", "Қазақстанкаспийшельф". Бұл сегіздің алтауының әрбіреуі өнімнің 1/7 бөлігіне иелілік ететін болды, ал "Бритиш Петролеум" өнімнің 2/21 бөлігіне, "Стстойл" 1/21 белігіне иелік ету құқығын иеленді. Кейіннен Келісімге қатысушылар құрамында мынадай өзгерістер болды. 1998 жылы "Қазақстанкаспийшельф" жобаға қатысудан бас тартты, сөйтіп өз үлесін "Инпекс" жене "Филипс Петролеум" компанияларына 50%-дан сатты. Кейінірек, 2001 жылы "Бритиш Петролеум" жене "Статойл" компаниялары өз үлестерін Келісімнің өзге қатысушыларына сатты. 2005 жылдың басындағы жобаға қатысушылардың құрамы және олардың үлестері төмендегідей: "Аджип", "Бритиш Газ", "ЭксонМобил", "Шелл", "Тоталь-ФинаЭльф" компанияларының әрбіреуі үлестің 16,67% ал "Инпекс" және "КонокоФилипс" компанияларының әрбіреуі 8,33*-дан иеленген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылдың 25 ақпанындағы Қаулысына сәйкес, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы 1997 жылдың 18 қарашасындағы Солтүстік Каспий өнімін бөлісу Келісімі бойынша Өкілетті Орган болып тағайындалды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде төмендегі кенорындар анықталды: Қашаған - 2000 жылдың 30 маусымында; Қаламқас-теңіз - 2002 жылдың 3 қыркүйегінде; Оңтүстік-Батыс Қашаған-2003 жылдың 10 тамызында; Ақтоты - 2003 жылдың 2 қыркүйегінде; Қайраң - 2003 жылдың 10 қыркүйегінде. Қазіргі кезде Қашаған кенорынында оны қосымша бағалау және тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жұмыстары жүргізілуде: бағалау және игерім ұңғымалары бұрғылануда, жасанды аралдар салынуда, құрлықта да жұмыстар жүргізілуде, яғни Атырау облысының Ескене кентінің маңында автомобиль жолдары және темір жол торабы салынуда, вахталық кент және мұнай мен газды кешенді түрде дайындау қондырғысы тұрғызылуда. Бір сөзбен айтқанда, Қашаған кенорнын толығымен игеру концепциясын іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Солтүстік Каспий жобасының өзге кен орындарында да бағалау жұмыстары жалғасуда.
## Сондай-ақ қараңыз
* Қашаған кен орны
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* НКОК компаниясының 2022 жылғы брошюрасы Мұрағатталған 15 қазанның 2023 жылы. (PDF) ncoc.kz |
Азизбек Муродуллаевич Тургунбаев (өзб. Azizbek Murodullayevich Turg'unboyev; 1 қазан 1994 жыл) — өзбекстандық футболшы, Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Пахтакор" клубының жартылай қорғаушысы.
2019, 2023 жылдары Азия кубогына қатысты.
## Жүлделері
Навбахор
* Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері: 2018
Пахтакор
* Өзбекстан чемпионы: 2021, 2022
* Өзбекстан суперкубогы: 2021, 2022
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Азизбек Муродуллаевич Тургунбаев (өзб. Azizbek Murodullayevich Turg'unboyev; 1 қазан 1994 жыл) — өзбекстандық футболшы, Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Пахтакор" клубының жартылай қорғаушысы.
2019, 2023 жылдары Азия кубогына қатысты.
## Жүлделері
Навбахор
* Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері: 2018
Пахтакор
* Өзбекстан чемпионы: 2021, 2022
* Өзбекстан суперкубогы: 2021, 2022
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
* Әулиеағаш — Жетісу облысы Панфилов ауданындағы ауыл.
* Әулиеағаш — Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы ауыл. |
Пржевал уезі — Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Жетісу облысының әкімшілік-аумақтық бірлігі.
## Тарихы
Пржевал уезі 1867 жылы құрылды.
## Әкімшілік бөлінісі
1906 жылы екі аумақтан тұрды: Пржевальск және Атбасы.
Пржевальск аумағына екі шаруа болысы кірді:
* Пржевальская
* Сазановская
Бір дүнген болысы:
* Марийнская
Он бір қырғыз болысы:
* Жетіөгіз
* Заукинская
* Кеңсу
* Күнгей Ақсу
* Күрмекті
* Семізбел
* Тоң
* Торайғыр
* Түрген
* Түп
* Ұлыкөл
* Сарт қалмақтардың бірлігі
Атбасы аумағына екі шаруа болысы кірді:Екі сауда слободасы:
* Атбасы
* Нарын
Нарын слободасының маңында Нарын бекінісі мен 10 қырғыз болысы тұрды:
* Әджі
* Бұрушы
* Жуанарық
* Есенқұл
* Нарын
* Он арша
* Саяқ
* Шаштөбе
* Шарын
* Шаркратминская |
Ясан Абдуллах әл-Наймат (4 маусым 1999 жыл) — иорданиялық футболшы, жартылай қорғаушы. 2023 жылғы Азия кубогына қатысты.
## Жүлделері
### Жеке
* Арабия кубогының үшінші үздік ойыншысыы: 2021
## Дереккөздер |
* Томарлы — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты ауыл.
* Томарлы — Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы ауыл. |
Әбдірахман Есалыұлы Құскелдиев (1901, Редут ауылы, Гурьев уезі, Орал облысы, Ресей империясы – 1951) – Қазақ КСР саясаткері, заңгер.
## Өмірбаяны
1920-1922 жылдары — Самара, одан кейін Симбирск болыстық атқару комитеттерінің іс жүргізушісі болды. 1922-1924 жылдары — Ново-Богатинск «Ембімұнай» кәсіпшілігінде кеңсеші болды. 1924-1926 жылдары — алдымен хатшы, кейін Редута болысының атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
1926 жылдың мамырынан тамызына дейін Редут «Қосшы» одағының төрағасы болды. 1926 жылы тамызда Гурьев уездік «Қосшы» одағына ауысып, 1927 жылға дейін төрағасы болды. 1927 жылы сот жүйесіндегі еңбек жолын бастап, 1928 жылға дейін Батыс Қазақстан облысы Гурьев ауданындағы «Қызыл отауда» халық соты қызметін атқарды. 1928-1930 жылдары — Гурьев аймақтық нотариалдық кеңсенің нотариусы болды.
1930 жылы БК(б)П қатарына қабылданды.
1930-1932 жылдары — РКФСР Жоғарғы Сотындағы Қазақ бөлімшесінің мүшесі болды.
1934 жылы РКФСР Әділет халық комиссариаты қарамағындағы жоғары заң курсын бітірді, 1932 жылдан бері осы курстардың тыңдаушысы болды.
1934-1936 жылдары — КСРО Жоғарғы Сотындағы Қазақ бөлімшесінің мүшесі болды. 1936 жылы Қазақ КСР құрылуымен 1937 жылға дейін республика Жоғарғы Сотының мүшесі болды. 1937 жылдың қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін Алматы облыстық сотының төрағасы қызметін атқарды. 1937 жылдың желтоқсанынан 1938 жылдың тамызына дейін — Қазақ КСР Жоғарғы Сотының төрағасы болды.
1949 жылы 3 қазанда қамауға алынды. 1949 жылы 12 қарашада КСРО МҚМ Арнайы жиын Қылмыстық кодекстің 58-бабы бойынша: «Мемлекеттік өнеркәсіпке, көлікке, саудаға, ақша айналымына немесе несие жүйесіне, сондай-ақ ынтымақтастыққа нұқсан келтіргені үшін, контрреволюциялық мақсаттарда мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды тиісінше пайдалану немесе олардың қалыпты қызметіне қарсы тұру, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды пайдалану немесе олардың қызметіне қарсылық жасау, бұрынғы меншік иелерінің немесе мүдделі капиталистік ұйымдардың мүдделері үшін жасалған, болып табылады, яғни өндірістік іріткі» (58.7-бап); «Кеңес үкіметінің өкілдеріне немесе революциялық жұмысшылар мен шаруалар ұйымдарының қайраткерлеріне қарсы бағытталған лаңкестік әрекеттер» (58.8-бап); «Осы тарауда көзделген контрреволюциялық қылмыстарды дайындауға немесе жасауға бағытталған ұйымдастырушылық қызметтің кез келген түрі осындай қылмыстарды жасауға теңестіріледі және қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша жауапқа тартылады». (58.11-бап). Жазасы – жер аудару.
1956 жылы 16 қазанда Түркістан әскери округінің әскери трибуналы қылмыс құрамының жоқтығын ескере ақтады.
## Сілтеме
* Жоғарғы Сот Төрағалары // Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты (16.11.2013). Тексерілді, 14 наурыз 2023.
## Дереккөздер |
Qarmet АҚ — Қарағанды облысы Теміртау қаласында орналасқан Қазақстандағы ең ірі металлургиялық зауыт "Қарағанды металлургиялық зауытына" иелік ететін қазақстандық болат және тау-кен өндіруші компания. 2023 жылдың желтоқсанынан бастап «Қазақстан инвестициялық корпорациясына» тиесілі. 1995-2004 жж. «Испат Кармет» АҚ, 2004-2007 жж. «Миттал Стил Теміртау» АҚ, 2007-2023 жж. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ деп аталды.
1995 жылы 17 қарашада Қарағанды металлургия комбинатын жекешелендіру жөнінде өткен жабық тендерде төрт бәсекелестен басым түсіп штаб-пәтері Лондонда орналасқан «Испат Интернэшнл ЛТД» компаниясы жеңіске жетті. Соның нәтижесінде «Испат Кармет» ААҚ құрылды. Келісім бойынша компания Қазақстан Республикасы Үкіметіне Қарметкомбинаттың қарыздарын жабу үшін бірінші кезекте 52 млн АҚШ долларын беруді және жинақталып қалған жалақы қарызы үшін 11 млн АҚШ долларын төлеуді мойнына алды. Мұнымен бірге бір жыл ішінде мемлекет басқаруында болған ҚарМК-ын сауықтыруға жұмсалған қаржыларды Республикалық қалпына келтіру банкіне қайыруды міндеттеді. Бұл кезде «Испат Интернэшнл» жылына 12 млн тоннаға дейін сұйық металл өндіре алатын әлемдегі ең ірі жеке меншік компаниялардың бірі саналатын. Қарметкомбинатты сатып алғаннан кейін әлемдік болат өндіруде 32-орыннан 14-15-орынға шықты.
Бүгінде компанияның зауыттары 4 құрлықтың 14 елінде (Франция, Германия, Польша, Чехия, Румыния, Босния, Македония, АҚШ, Канада, Мексика, Тринидад, Оңтүстік Африка Республикасы мен Алжир) бар. Оларда 164 мың адам жұмыс істейді. Жылына 70 млн тонна болат өндіреді. 19% ж. «Испат Кармет» АҚ комбинаттың негізгі отын базасы болып табылатын Қарағанды көмір бассейнінің 15 шахтасы мен 12 кәсіпорнын иелігіне алып, көмір департаментін, 1999 жылы Лисаковск, Кентөбе, Атасу, Атансор кен орындарын иелікке алып, «Өркен» атты темір рудасы департаментін құрды. 10 жыл ішінде комбинатты әлемдік деңгейге көтеру үшін 1,5 млрд доллар инвестиция салды. Осы заманға сай технологиялар енгізіліп, жаңа өндірістер салына бастады, басы артық, ескі цехтар мен құрылымдардан (мәселен, сортты прокат өндірісі, әлеуметтік нысандар) арылды.
1998 жылы тамыз айында жылына 320 мың тонна өнім бере алатын ыстықтай қалайылау және мырыштау цехы салынды, 2003-2005 ж. №3 және №4 домна пештері, 7 кокс батареясы күрделі жөндеуден өткізілді. 2005 жылы болатты үздіксіз құю машинасының алғашқы кезегі іске қосылды. Өнім өткізу географиясы кеңейді. Бүгінде КМК өнімдері Еуропа мен Америкаға, Қытайға жөнелтіледі. Қолға алынған шаралар нәтижесінде сұйық болат өндіру 1995 жылғы 3,1 млн тоннадан 2004 жылы 5,1 млн тоннаға дейін, дайын прокат өндіру 2,2 млн. тоннадан 3,9 млн. тоннаға дейін өсті. Стратегиялық мақсат ретінде темір рудасын фосфорсыздандыру, кенді байыту, көмір өндіретін қуатты жабдықтар шығару, Атансор кенішінің қуатын арттыруға инвестициялар салынып отыр. АҚ қаланы жылумен және электр энергиясымен (ЖЭО-2, ЖЭОПВС) камтамасыз етеді, жаңа ғимараттар (Металлургия институтының жаңа қорпусы, спорт кешені, теннис орталығы) салды, Астана, Қарағанды, Теміртау қаласындағы әлеуметтік шараларға қатысады. Теміртауда жаңа сортты прокат өндірісінің Ақтауда (Маңғыстау облысы) болат құбырлар зауыт құрылысын жүргізуде (2006). Компания иесі Лакшми Миттал мырза. ААҚ бас директорлары Малай Мукхерджи, Иоханнес Ситтард, Норендра Чаудхари, 2004 жылдан Навал Чоудхари.
## Дереккөздер |
Верный уезі — Ресей империясындағы Түркістан генерал-губернаторлығына (1882-1899 ж. — Дала генерал-губернаторы) қарасты Жетісу облысының әкімшілік-аумақтық бірлігі.
Уездік қаласы – Верный (1921 жылдан бастап — Алматы).
## Тарихы
Верный уезі 1867 жылы 14 сәуірде құрылды.
Қазан төңкерісінен кейін Верный уезі Түркістан АСКР Жетісу облысының (1918-1922; 1924 ж. бастап Қазақ АКСР Жетісу губерниясы) құрамына енді. Верный уезінің аумағын уақытша басқару үшін Әскери-революциялық комитет құрылып, ол 1918 жылы сәуірде өз өкілеттіктерін Верный уездік-қалалық жұмысшы, солдат, казак, шаруа және мұсылман депутаттары кеңесіне берді. 1918 жылы тамызда Верный уезі Кеңестерінің бірінші съезі болды. Кеңестің алдында 49 ауылдық Кеңестерді ұйымдастыру, Кеңестердің 11 болыстық съезін, Жетісу облысының барлық уездерінен келген делегаттардың жиналысын өткізу (1918 ж. 25-26 мамыр) болды.
1921 жылы 3 наурыздағы Түркістан АСКР ОАК шешімімен Верный қаласы Алматы болып өзгертілгеннен кейін уез де Алматы болып аталды.
1923-1929 жылдардағы әкімшілік-аумақтық реформаның нәтижесінде Жетісу губерниясының Алматы уезі Алматы округінің ауданы болып өзгертілді (БОАК 1928 жылғы 3 қыркүйектегі шешімі).
## Болыстары
1921 жылы уез құрамына 20 болыс кірді.
1926 жылы уездің құрамына 9 болыс кірді, ауданы 57 350,26 ш.км болды.
## Сілтеме
* Вяткин М. П. Очерки по истории Казахстана. — М. — Л., 1941
* Галузо П. Г. Аграрные отношения на Юге Казахстана в 1867—1914 гг. — Алма-Ата, 1965.
* Первая всеобщая перепись населения Российской империи 1897 г.
* Джетысу (семиречье) экономический обзор 1926 г.
## Дереккөздер |
Жызақ уезі — 1868 жылдан бастап 1924 жылға дейін Ресей империясының Сырдария және Самарқан облыстары құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. Уез орталығы – Жызақ қаласы болды.
Уез 1868 жылы Сырдария облысының құрамында құрылды. 1886 жылы Самарқан облысына берілді.
## Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
Жызақ уезі мынадай болыстардан тұрды:
* Қорғантөбе
* Қызылқұм
* Атақорған
* Фисталитау
* Шардара,
* Синтаб
* Фариш
* Богдан
* Көктөбе
* Накрут
* Сәурік
* Қожамұқыр
* Шашмаоб
* Өзбек
* Рабат
* Заамин
* Жам
* Жаңақорған
* Осмат-қатартал
* Санзар
* Қаратас |
Жетісу губерниясы — 1924-1928 жылдары болған Қырғыз (1925 ж. бастап — Қазақ) Автономиялық Социалистік Кеңестік Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі. Орталығы – Алматы қаласы.
Губерния 1924 жылы Жетісу облысының солтүстік уездерінен құрылған. 4 уезге бөлінді:
* Алматы уезі. Орталығы — Алматы қаласы.
* Жаркент уезі. Орталығы — Жаркент қаласы.
* Лепсі уезі. Орталығы — Лепсі ауылы (1926 жылдың қаңтарынан 1927 жылдың наурызына дейін Лепсі қала мәртебесіне ие болды)
* Талдықорған уезі. Орталығы — Талдықорған ауылы (1926 жылдың ақпанынан бастап — қала)
1925 жылы 3 маусымда уездік құқығымен Шу ауданы құрылды.
1928 жылы 17 қаңтарда губерния таратылды. Оның аумағы Алматы және Семей округтері арасында бөлінді.
1926 жылғы халық санағы бойынша губернияда 886,7 мың адам тұрған. Соның ішінде қазақтар – 63,5%; орыстар – 16,2%; украиндар – 10,0%; ұйғырлар – 7,0%; татарлар – 1,1% болды. |
Хожант уезі — Ресей империясының Самарқан облысы құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік.
Уездік орталығы – Хожант қаласы.
## Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
Хожант уезі мынадай болыстардан тұрды:
* Ержар
* Сабат
* Орал
* Үнжі
* Ұлытөбе
* Ғаншы
* Нау
* Гүлқандаз
* Қостақаз
* Шапқұлық
* Шаһристан
* Далия
* Бақсы-себерген
* Исфаней
* Матшы
## Сілтеме
* Ходжентский уезд Самаркандской области на сайте Pomnirod.ru. (орыс.) |
Феликс Нарти (ағылш. Felix Nartey) - ганалық қоғамдық кәсіпкер және еркін адвокат. Оны 2017 жылдың тамыз айында Wikimania сайтында Уикипедия негізін қалаушы Джимми Уэйлс «Жыл Уикимедиашысы» деп атады. Ол West Africa Open Foundation және Creative Commons Ghana ұйымының тең құрылтайшысы, онда ол сонымен қатар бөлім жетекшісі болып табылады.
## Жастық шағы
Нарти Гананың Тема қаласында дүниеге келген. Ол 2008 жылы Рим Папасы Джон орта мектебін, Ган Орталық университетті бакалавр дәрежесімен бітірген. 2013 жылы «Банк ісі және қаржы» мамандығы бойынша және Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінде магистратураны аяқтады. Орталық университетте оқып жүргенде ол Google студенттік елшісі болып тағайындалды, бұл оның технологияға деген қызығушылығын арттырды.
## Мансап жолы
Нарти бірінші дәрежесін алғаннан кейін банкир болып жұмыс істеді және басқа салаларда ерікті болды. Ол Wikimedia Gana қауымдастығының менеджері қызметін атқарды. Кейінірек ол ашық контенттер бойынша мазмұнды құруды ынталандыру болып табылатын коммерциялық емес ұйымның Open Foundation West Africa негізін қалады.
2017 жылдың тамыз айындағы жағдай бойынша Нартей Уикимедиа қорында Уикипедия кітапханасының жаһандық үйлестірушісі ретінде кеңесші болып жұмыс істеді. Нартей Уикимедиа қорында әртүрлі қызметтерде жұмыс істейді, қазір ол бағдарламаның аға қызметкері лауазымында.
Ол сондай-ақ кеңестер мен кеңесші ретінде әртүрлі лауазымдарда қызмет етті. Ол бес жылдан астам Батыс Африкадағы Open Foundation басқарма төрағасы болып қызмет етті, қазіргі уақытта Kiwix үшін консультативтік кеңестің мүшесі және Open Access Week үшін консультативтік комитеттің мүшесі болып табылады.
## Ашық қозғалыстағы үлестер
Нарти Wikimedia қозғалысына 2012 жылы қосылды. Ол өзінің туған елі Гана туралы мазмұнды қосады және Уикипедияны өңдеудің маңыздылығын насихаттау үшін бірнеше бастамаларды басқарады, соның ішінде GLAM әрекеттері, Wikipedia білім беру бағдарламасы, гендерлік алшақтықты жоюға бағытталған іс-шаралар және Уикипедия Кітапхана.
Ол Уикимедиа қозғалысы стратегиясын әзірлеу комитетінің мүшесі, Creative Commons жаһандық желілік стратегиясын көшіру жөніндегі консультативтік топтың мүшесі және Creative Commons жаһандық желілік уақытша кеңесінің мүшесі болды. Ол сонымен қатар Firefox Africa Group тобының негізгі командасының мүшесі болды.
Уэйлс өзінің «Жыл Уикипедияшысы» арнауында Нартидің Аккрадағы екінші Wiki Indaba 2017 конференциясын ұйымдастыруда жетекші рөл атқарғанын және Африкадағы жергілікті қауымдастықтарды құруда маңызды рөл атқарғанын атап өтті.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер |
Парвизджон Абдуллоевич (Парвиз) Умарбаев (тәж. Парвизчон Абдуллоевич Умарбоев; 1 қараша 1994 жыл, Худжанд, Тәжікстан) — ресейлік және тәжікстандық футболшы, жартылай қорғаушы. 2023 жылы Азия кубогына қатысты. Ресейдің бірнеше жастағы құрамаларында ойнады, бірақ 2015 жылдан бері Тәжікстан Ұлттық футбол құрамасында ойнайды.
## Жүлделері
### «Истиклол»
* Тәжікстан суперкубогы: 2015
### «Локомотив» Пловдив
* Болгария Кубогы (2): 2018/19, 2019/20.
* Болгария Суперкубогы: 2020.
## Дереккөздер |
Нуриддин Ахатович Хамрокулов (25 қазан 1999, Қорғантөбе, Хатлон облысы) — тәжікстандық футболшы, Тәжікстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Регар-ТадАЗ" клубының шабуылшысы. 2023 жылы Азия кубогына қатысты.
## Дереккөздер |
Парвизджон Абдуллоевич (Парвиз) Умарбаев (тәж. Парвизчон Абдуллоевич Умарбоев; 1 қараша 1994 жыл, Худжанд, Тәжікстан) — ресейлік және тәжікстандық футболшы, жартылай қорғаушы. 2023 жылы Азия кубогына қатысты. Ресейдің бірнеше жастағы құрамаларында ойнады, бірақ 2015 жылдан бері Тәжікстан Ұлттық футбол құрамасында ойнайды.
## Жүлделері
### «Истиклол»
* Тәжікстан суперкубогы: 2015
### «Локомотив» Пловдив
* Болгария Кубогы (2): 2018/19, 2019/20.
* Болгария Суперкубогы: 2020.
## Дереккөздер |
Одилжон Алишерович Абдурахманов (18 наурыз 1996, Қызылқия, Ош облысы) — қырғызстандық футболшы, жартылай қорғаушы.
## Карьерасы
2018 жылы Жазғы Азия ойындарына қатысты.
2018, 2023 жылдары Азия кубогына қатысты.
## Дереккөздер |
Нуриддин Ахатович Хамрокулов (25 қазан 1999, Қорғантөбе, Хатлон облысы) — тәжікстандық футболшы, Тәжікстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Регар-ТадАЗ" клубының шабуылшысы. 2023 жылы Азия кубогына қатысты.
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві — қоғамның материалдық және рухани өмірін бейнелейтін Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылатын тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени маңызы бар тарихи жинақталған және үнемі толықтырылып отыратын архивтік құжаттар қоры. Ұлттық архив Қазақстанның архив мекемелері жүйесіндегі маңызды буын, жалпыұлттық маңызы бар ғылыми-ақпараттық және мәдени-тарихи орталық болып табылады.
## Тарихы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2002 жылдың 12 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві ғимаратын 2003 жылғы Астана қаласындағы құрылыс нысандары Тізіміне енгізу туралы № 01-8. 15 тарихи және тағдырлы хаттамалық шешіміне сәйкес құрылды.
2006 жылдың 19 шілдесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағаттар комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» мемлекеттік мекемесін құру туралы» № 692 қаулысы шықты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ресми ашылуы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15-жылдығы қарсаңында 2006 жылдың 14 желтоқсанында салтанатты түрде өткізілді.
## Мақсаттары
* барлық жеткізгіштер түріндегі архивтік құжаттарды толықтыру, сақтау және пайдалану;
* құжаттар көшірмелерінің Мемлекеттік сақтандыру қорын құру, есепке алу және сақтау;
* архив ісі мен құжаттама жүйелерінің Біртұтас автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру және қызмет ету.
## Мұрағат құжаттарын пайдалану
Мұрағат құжаттарын пайдалану мәселесінде мұрағаттардың кеңестік дәуірде алдымен Коммунистік партияның мүддесіне қызмет атқарып, тек кеңестік жүйе ыдырығаннан кейін барлық пайдаланушыларға бірдей қызмет ете бастағаны белгілі.
Бүгінде еркін қол жеткізуге болатын мұрағат құжаттарын кез келген пайдаланушы өз мақсатына ашық пайдалана алады. мемлекеттің аса құпия мағлұматтары бейнеленген құжаттарды оның қауіпсіздігін қорғау мақсатында пайдалануға шек қойылған.
Мұрағат құжаттарымен жұмыс істеуде арнайы қабылданған ережелерді, яғни ақпаратты іздестіруде анықтамалық аппаратты пайдалануды, көне мәтіндерді оқи білу қажет.
Тарихи деректерді кеңінен пайдалану мәселесінде барлық мұрағаттардың ақпараттық қызметі интеграциялануы маңызды болып табылады. Ақпаратты пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтетін осы бағыт кең көлемді ақпаратты жылдам алуды қамтамасыз етеді.
Қоғамның білімге деген қажеттіліктері қазір жаңа тасушылардағы ақпараттарды қабылдауға мүмкіндік береді. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында шетелдерде Қазақстан тарихына қатысты жазба деректерді іздестірумен айналысатын археографиялық комиссиялар нәтижелі жұмыстар атқарды.
Шетелдік мұрағаттар, кітапханалар, ғылыми-зерттеу мекемелерінің сирек қолжазбалар бөлімдерінен іздеп табылған тарихи құнды құжаттардың біраз бөлігінің көшірмелері алынды. 2002-2005 жылдар аралығында барлығы 35 мыңнан аса тарихи құжаттар анықталды.
Отандық мұрағаттарда сақтаулы құжаттардың басым бөлігімен көпшілік және ғылыми орта таныс. Тарихи, мәдени, саяси маңызға ие құжаттарды түрлі салаларда пайдалану да кеңінен жүргізілуде. Мұрағат мекемесі құжаттарды мүлтіксіз қорғап, сенімді жерде сақтауды қамтамасыз етеді және ұлттық тарихи-мәдени мұраны іске пайдаланады.
## Ұлттық мұрағат ғимараты
Жаңа астанада бүгінгі уақыт талабына сай Ұлттық мұрағат құру идеясы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен 2002 жылы 12 желтоқсандағы № 01- 8.15 тарихи хаттамалық шешімімен Ұлттық мұрағат ғимаратты 2003 жылы Астана қаласында салынатын мемлекеттік нысандар тізбесіне енгізілді.
Бұл ТМД-ға елдеріне халықаралық стандарттар мен талаптарға сай жоғары технологиялық мұрағаттық құралдармен жабдықталған бірден – бір мекеме болып табылады.
### Ғимаратқа сипаттама
Бұл қазіргі заман талабына сай көркем де әсем ғимарат, оның тоғыз қабатты, көк тіреген күмбезді қоймасы шығыстық стилдегі шексіздік пен тұрақтылықты бейнелейді, ал әкімшілік бөлігінің еуропалық стилі Есіл өзенінің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік елорда орталығын толықтырып тұрғандай.
Егерде Министрліктер ғимаратын аспанда қалықтап жүрген құстың бейнесіне ұқсатсақ, Ұлттық мұрағат ғимараты өткеннен болашаққа көз салған көз жанарына ұқсайды. Жалпы аумағы 12725 шаршы метрді алып жатқан ғимарат дәстүрлі түрдегі және электронды тасымалдаушылардағы мұрағаттың құжаттарды сақтауға арналған екі блоктан тұрады.
* 1 блок – 9 қабатты мұрағат сақтау қоймасы (тік доминантты күмбез пішінінде);
* 2 блок – 4 қабатты доға пішініндегі әкімшілік-басқару және зерттеу үшін қолданылады.
Бірнеше оқу залдары, синхронды аудармамен қамтылған конференц–зал, кино, көрме және интернет залдары, Ұлттық мұрағат қорларға арналған экспозициялық холлдар бар. құжаттарды консервациялау, өңдеу, микрофильмдеу және көшірме жасау лабораториялары орналасқан.Ғимарат ішкі ылғалдылығын бақылау үшін, өрт дабылы, газдық өрт сөндіру құралдары, бейнебақылау камералары, электронды рұқсат жүйесі және т.б. құралдармен жабдықталған.
Жалпы алғанда, мұнда халықтың құжаттық естеліктерін сақтаушы және жинақтаушы – мұрағатшылар қызмет атқаруға және құнды құжаттарды алдағы жүзжылдыққа сақтап жеткізуге жағдайлар жасалған. мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыруда мұрағат ісі, басқару қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және құжаттама жүйесін дамыту мәселелері бойынша 70-тен аса нормативтік-құқықтық кесімдер мен әдістемелік құжаттар дайындалды.
## Халықаралық қатынастары
Қазақстан үшін тарихи-мәдени құндылығы бар құжаттарды шетел мұрағаттарынан, кітапханаларынан және ғылыми мекемелерінен іздестіру және сатып алу жөнінде қабылданған шаралар нәтижесінде Ұлттық мұрағат қорының құрамы мен мазмұны едәуір байи түсті. Арменияда, Египетте, Ұлыбританияда, Германияда, Ресейде, АҚШ-та, Түркияда, Қытайда, Венгрия мен Польшада 35 мыңнан аса құнды тарихи құжаттық деректер анықталды.
Олардан отандық мұрағаттарда баламасы жоқ
* 147 377 кадр микрофильм,
* 16808 парақ құжат,
* 785 мұрағаттық іс,
* 27 шығыс қолжазбасының көшірмесі,
* 52 киноқұжат,
* 1819 фотонегатив,
* 113 түрлі-түсті слайдтар,
* 12 ортағасырлық карта көшірмесі,
* 400 мұрағаттық құжаттар жинағы, анықтамалықтар сатып алынды.
Мұрағат ісі саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Араб Египет Республикасы Мәдениет министрлігімен,Арменияның аумақтық басқару министрлігімен, Польша мемлекеттік мұрағаттары, Бас дирекциясымен, Түркия Премьер-Министрі жанындағы мемлекеттік мұрағат Бас дирекциясымен, Моңғолия және Өзбекстанның мұрағат ісі жөніндегі басқармаларымен, АҚШ Холокост мемориалдық мұражайымен келісімдер жасалды.
Ұлттық мұрағатта Мұрағат және ақпарат комитетінің Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттары және дыбыстық жазбалар мұрағаты Қазақстандағы АҚШ елшісінің грантын қолдана отырып өңдеген документальды фильмдерінің тұсау кесері, «Оқитын ел- бәсекеге қабілетті қоғамның негізі» атты Халықаралық Оқу Конгресі секциясының жиналысы, «Мұрағаттық мекемелердің баспасөз қызметі: қазіргі жағдайы және болашағы» атты республикалық ғылыми-практикалық семинары, «Электронды құжатайналым және мұрағаттар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өткізілді.
Осы іс-шараларға Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының төрағасы Қ.Қ.Тоқаев, Мәдениет және ақпарат министрі Е.Е.Ертісбаев, Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, АҚШ елшісі Джон Ордвей, Словакия елшісі Душан Подгорски, ғалымдар, жазушылар, мәдениет, мұрағат және кітапхана мекемелерінің қайраткерлері, журналистер, астананың жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты.
2007 жылдың 14-18 сәуір аралығындағы француз және неміс киносының фестивалі аясында Франция Елшілігі мен неміс тілі Орталығының бірігуімен әлемге әйгілі Клод Шаброль, Ренер В. Фассбиндер режиссерларының кинофильмдерінің көрсетілімі өтті.
*
*
*
*
*
*
*
*
*
## Көрмелер
### "Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партияның ХII -ші съезі
"Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партияның ХII -ші съезіне арнап мұрағаттық құжаттар көрмесі 2009 жылдың 15 мамырында Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында өтті.
"Нұр Отан" ХДП-ның қызметіне арналған стендіде мұрағаттық құжаттар мен материалдар келесі бөлімдерде қойылды:
* "Нұр Отан" ХДП-ның көшбасшысы-Н.Ә.Назарбаев,
* "Нұр Отан" ХДП-ң құрылуы,
* "Қазақстан Республикасының Президенттігіне Н.Ә.Назарбаевтың кандидаттығын ұсыну туралы партияның сайлау алдындағы блогының қызметі",
* "Нұр Отан" ХДП-ның кезектен тыс съездерінің материалдары",
* "Партияның шет елдері саяси партияларымен ынтымақтастығы",
* "Партияның Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастығы".
Құрамы мен мазмұны жағынан көрмеге қойылған құжаттар мен материалдар ерекше сипатқа ие және партияның құрылу кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі даму тарихына жан-жақты шолу жасайды.
Бұл көрмеде қойылған құжаттар
* Қазақстан Республикасы Президенті мұрағаты,
* Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты,
* "Нұр Отан" ХДП-ң Орталық аппаратының ведомстволық мұрағаты мен партия филиалдары қорларынан,
* Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, партия ардагерлері мен белсенділерінің материалдарынан пайдаланылды.
### Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтар
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында 2010 жылдың 6 мамырында «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» Қоғамдық бірлестігімен бірге Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтар» атты құжатты көрмесі өтті.
Көрме төменгі алты бөлімнен тұрады:
* «Соғыс осылай басталып еді...»;
* «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майданында»;
* «Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін!»;
* «Великий подвиг ваш история хранит»;
* «Тарихта қалған ұлы ерліктер»;
* «Астана қаласының «Мемориальдық зона» және Хромтау қаласының «Естелік» іздестіру отрядының қызметі».
Көрмеге
* Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты қорынан,
* Ақпарат және мұрағаттар комитетінің Орталық мемлекеттік мұрағатынан,
* Астана, Алматы қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс-Қазақстан және басқа облыстардың мұрағаттық мекемелерінен,
* Республиканың ардагерлер ұйымынан таңдап, іріктеліп алынған 200 астам құжаттар мен материалдар қойылды.
### Қазақстан Республикасының Коституциясы – тұрақтылық, келісім, өрлеу
2010 жылдың 10 тамызында Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатының көрме залында Конституцияның қабылданғанына 15 жыл толуына орай «Қазақстан Республикасының Коституциясы - тұрақтылық, келісім, өрлеу» атты құжаттық көрменің ашылуы салтанаты өтті. Бұл құжаттылық көрмесі 2010 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасды. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында мемлекеттік мерекелер мен айрықша даталаға арнап Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендік кезеңіндегі жаңа тарихына қатысты мұрағаттық құжаттар мен материалдардан көрме ұйымдастыру әдеп-ғұрыпқа айналды.
### Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы
Ел тәуелсiздiгінiң 20 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» атты құжаттық көрмесін өткізді.
Көрме 7 бөлімнен тұрды:
«Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы» бөлiмі:
* Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісу туралы» 1991 жылдың 10 желтоқсанындағы қаулысы
* Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылдың 26 желтоқсанындағы Конституциялық Заңы және тағы да басқа құжаттар арқылы көрсетілген.
«Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі Декларацияны қабылдау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялау» бөлімін:
* Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың 1991 жылдың 9 желтоқсанында «Қазақ КСР атауын өзгерту» туралы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесіне жолдаған хаты;
* 1991 жылдың 16 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы;
* 1991 жылдың 20 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
* 1991 жылдың 21 желтоқсанындағы ТМД-ға мүше мемлекет басшылары Кеңесінің хаттамасы;
* Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» 1991 жылдың 21 желтоқсанындағы қаулысы атты құжаттар ашды.
Құжаттар құрамы бойынша «Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері», «Қазақстан және халықаралық ұйымдар», ««Қазақстан - 2030» стратегиясы - экономиканың қазақстандық үлгісі», «Арманы биік Астана» көрме бөлімдері де болды.
Көрмеге қойылуға Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты, Орталық мемлекеттік мұрағат және Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар мұрағатының 250 мұрағаттық құжаттары мен материалдары іріктелініп алынды.
## Басылымдар
### Журналдар, нұсқағыштар, анықтамалар
«Қазақстан мұрағаттары» журналы - Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты тоқсанына 1 рет «Қазақстан мұрағаттары» атты ақпараттық және ғылыми-практикалық журналын шығарады. Бұл журналы қазақ және орыс тілдерінде басылып шығады. Қазақстан және ТМД елдеріне таралады.
Басылымда жарияланатын мақалалар мұрағаттану, құжаттану және деректану, халықаралық қарым-қатынас мәселелерін қамтиды және Қазақстан Республикасы мемлекеттік мұрағаттарының жұмысы туралы ақпарат береді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты қорлары бойынша жөнсілтер – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты» мемлекеттік мекемесі дайындаған Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында сақтауда тұрған 1991–2008 жылдарғы құжаттар қорларының құрамы мен мазмұнын ашатын, құжаттық ақпараттармен алдын ала таныстыруға арналған ақпараттық-анықтамалық басылым.
Басылым негізінен мұрағаттан тыс жерде, сыртқы ортада базалық құрылымдық анықтамалық ретінде пайдалануға арналған.
### Жинақтар
* Нормативтік құқықтық актілер, мұрағат ісі саласындағы ғылыми-методикалық құжаттар жинағы туралы мәліметтер. (2001-2007)
Басылым 1998-2001 жылдар аралығындағы нормативтік құқықтық актілер, мұрағат ісі жайлы ғылыми-методикалық құжаттар жинағының жалғасы болып табылады. Жинаққа енгізілген құжаттар 2001-2007 жылдар аралығын қамтиды. Жинақ екі бөлімнен тұрады: І. Нормативтік құқықтық актілер; ІІ.Ғылыми-методикалық құжаттар. Басылым – орыс тілінде.
«Қазақстан астаналары» құжаттар мен материалдар жинағы
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты «Қазақстан астаналары» атты құжаттар мен материалдар жинағын шығарды. Бұл жинақ Қазақстан Республикасының Президенті мұрағаты, Алматы, Батыс-Қазақстан, Қызылорда облыстары және Астана қаласының мемлекеттік мұрағаттары, Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағаты, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты, Президенттік мәдениет орталығы және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағаттар Комитетінің Орталық мемлекеттік мұрағаты қорларының құжаттары негізінде құрастырылған.
Жинаққа 135 құжат, 12 материал және 30 фотоматериал енгізілді.
«Электронды құжатайналым және мұрағаттар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары
Басылымда 2007 жылдың 7 қарашасында Халықаралық мұрағаттар кеңесінің Еуразия аймақтық бөлімшесінің (ЕВРАЗИКА) 8-ші жалпы конференциясы аясында өткен «Электронды құжатайналым және мұрағаттар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның баяндамалары, сөйлеген сөздер, ұсынымдар жарияланған. Жарияланған материалдар электронды құжатайналым және мұрағаттар жүйесінің дамуын, енгізу барысындағы талаптар мен негізгі принциптердің өзекті мәселелерін ашып көрсетеді.Басылым –орыс тілінде.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Қазақстан Республикасының заны», 1998ж
* Мұрағат жаршысы 2002ж №1
* “Қазақ Совет Энциклопедиясы”
* Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшының жанынан құрылдған 2004-2006 арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңес туралы ЕРЕЖЕ
* "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қарашадағы N 1083 Қаулысы
* Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1044 Қаулысы
* «Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың ережелерін және пайдалану режимін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 218 Бұйрығы
* Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 1277
* «Мұрағат және тарих» Рысты Сариева 2004 ж. |
Қарақұлжа (қыр. Кара-Кулжа суусу) — Қырғызстанның Ош облысы аумағынан ағып өтетін өзен. Өзеннің ұзындығы 104 км. Су алабының ауданы — 1300 км².
Суын Ферғана жотасының оңтүстік-батыс беткейінен жинайды. Қарақұлжа – Қарадария өзенінің оң жақ бөлігі болып келеді. Өзен алабында Қарақұлжа ауылы орналасқан. |
Серік Қарабекұлы Төлбасы (1965 жылы 17 қыркүйекте туған, Қызылорда) — қазақстандық кәсіпкер, меценат, «Серік Төлбасы қоры» қайырымдылық қорының жалғыз құрылтайшысы (2007 жылы құрылған), «Tennis League TS» жеке қорының негізін қалаушы және құрылтайшысы (2022 жылы құрылған), «IQanat» білім беру қорының облыстық қамқоршысы (Түркістан облысы). TS Development компаниялар тобының негізін қалаушы.
## Өмірбаяны
1965 жылы 17 қыркүйекте Қазақ КСР Қызылорда қаласында дүниеге келген. Дулат руынан шыққан.
Алты жасында оның отбасы Шымкент қаласына көшіп келіп, Алпамыс батыр атындағы № 40 мектепті үздік бітірді.
1984-1986 жылдары зымыран әскерлерінің сержанты атағымен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінде қызмет етті.
1989 жылы Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша үздік бітірді. Кейін сол институтта көпір салу зертханасында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.
1990-1992 жылдары Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласында В. А. Кучеренко атындағы орталық құрылыс конструкциялары ғылыми-зерттеу институтында аспирантурада оқыды.
1992 жылы TS Development компаниялар тобын құрды.
1992 жылдан 2020 жылға дейін TS Development компаниялар тобы 485 000 шаршы метр коммерциялық жылжымайтын мүлік салды. Жобаларға салынған инвестициялардың жиынтық көлемі 624 000 000 АҚШ долларын құрады. Топтың іске асырылған жобаларына Crystal Air Village (Алматы қ.) коттедж қалашығы, Fidelity фитнес-орталығы (Алматы қ.), Шаляпин көшесінен батыс бағыттағы автомобиль жолы (Алматы қ.), «Аэлита» және «Bukhar Zhyrau Towers» элит-класты тұрғын үй кешендері, (Алматы қ.), «Кең Дала» (Алматы қ.) және Atyrau Plaza (Атырау қ.) бизнес-орталықтары, «Спутник» (Алматы қ.), «Dostyk Plaza» (қ. Алматы) және «Shymkent Plaza» (Шымкент қ.) сауда ойын-сауық орталықтары жатады.
2020 жылдың қыркүйегінен бастап Cерік Төлбасы TSPM. (TS Property Management) консалтингтік компаниясының құрылтайшысы және Директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады.
Forbes журналының мәліметі бойынша, 2023 жылы Қазақстанның ең бай 50 бизнесменінің тізімінде 34-ші орында тұр.
Сол дереккөзге сәйкес, Төлбасы активтерінің құны 2023 жылдың мамырында 220 миллион АҚШ долларын құрайды.
2022 жылы Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның 10 ірі рантье рейтингінде 3 орын алды.
2022 жылы «Tennis League TS» жеке қорын құрды, оның негізінде TS Теннис лигасы немесе TLTS құрылды. TS Теннис лигасының қызметі әуесқой теннисті дамытуға және Қазақстанда ерлер арасындағы жұптық разрядта шеберлік деңгейін арттыруға бағытталған. 1
2007 жылы денсаулық сақтау, білім беру, спорт және мәдениет салаларындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларға қолдау көрсететін «Серік Төлбасы қоры» қорын құрды.
2016 жылы «Серік Төлбасы қоры» стартаптарды қолдау мақсатында StartTime краудфандингтік платформасын іске қосты.
2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Түркістан облысының IQanat қорының облыстық қамқоршысы болып табылады, ол ауыл оқушылары мен мұғалімдерін қолдауға бағытталған әлеуметтік-білім беру жобалары мен бағдарламаларын іске асырады.
«Серік Төлбасы қоры» 2018 жылы британдық пианист Джон Ленеханның орындауындағы Celestial неоклассикалық жанрындағы альбомын таныстырған Еркеш Шакеевтің музыкалық жобасын қолдады.
2020 жылы COVID-19 коронавирустық індетімен күресте «Серік Төлбасы» қоры медициналық мекемелерге көмек көрсету туралы үндеуге алғашқылардың бірі болып үн қосты. Қор Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына коронавирусты анықтауға арналған экспресс-тесттер сатып алуға және өкпені жасанды желдету құралдарын сатып алуға 25 миллион теңге бөлді. 2
«Мен ел үшін қиын-қыстау кезеңде әлеуметтік белсенді бизнес ел азаматтарын қолдаудың драйвері болуы керек деп сенемін. Біз барлығын коронавируспен күресте бірігуге және үкіметке мәселені шешуге көмектесуге шақырамыз. Уақытты жоғалтуға болмайды. Дәл қазір әрекет ету керек», – деп Серік Төлбасы өз пікірімен бөлісті. 3
Сол жылы «Серік Төлбасы қоры» «Планета» әні – музыкалық жобасына бастамашылық жасап, қаржыландырды. 4
2021 жылы «Серік Төлбасы» қоры Шымкент қаласында бірқатар спорт алаңдарын салуға 100 млн теңгеден астам қаражат бөлді. 5
## Отбасы
Жұбайы – Гүлнар Ермекқызы Төлбасы (Байтураева) (1990 ж. б.).
Балалары – Әлішер Төлбасы (1991 ж.т.), Алихан Төлбасы (1997 ж.т.), Алуа Төлбасы (2003 ж.т.), Арманжан Төлбасы (2009 ж.т.).
## Марапаттар мен сыйлықтар
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Серік Төлбасы
* Досье Тулбасов Серік Қарабекұлы
* Forbes Kazakhstan ең бай рейтингіне қатысушылардың бірі тегін өзгертті
* Серік Толбасы мен Анатолий Побияхо бірлескен жобаны іске қосты
* Кім кім болады?: Серік Тулбасов
* Қамқоршылық картасы: Түркістан облысы - Тулбасов Серік Қарабекұлы Мұрағатталған 13 шілденің 2023 жылы.
* Бизнесмендер ауыл жастарының интеллектуалдық әлеуетіне инвестиция салуда
* Серік Түлбасов атындағы қор спорт алаңдарын салуға 100 миллион теңгеден астам қаржы бөлді
* Қазақстанның мүгедектер арбасындағы теннисінің алғашқы халықаралық жетістігі
* Шымкентте жаңа жобаға 11 млрд теңге инвестиция салынды
* Алматыда жүлде қоры 1,1 миллион теңгені құрайтын TS CUP 2021 теннис турнирі өтеді(қолжетпейтін сілтеме)
* Британдық пианист Еркеш Шәкеевтің шығармаларын орындады
* Бірлікті көрсету |
Тентексай (бастауы — Қараүңгір) — Қырғызстанның Жалалабат облысы Базарқорған ауданындағы өзен, Қарадарияның оң саласы. Ұзындығы 126 км, су алабының ауданы 4130 км².
Ферғана жотасының оңтүстік-батыс беткейлерінен бастау алады. Күребес пен Қызылүңгір өзендерінің қосылуынан пайда болады. Негізгі салалары: (оң жақта) Қызылүңгір, Күміссу, (сол жақта) Отызарт және Күребес. Ірі салалары: Арыстанбаб, Ғауасай, Шайдансай, Алашсай, Сарқырама.
Орташа жылдық шығыны 29,6 м³/с, орташа максималды шығыны 85,7 м³ және минималды шығыны 9,6 м³/с.
Өзеннің су жинайтын алабы 7,1 км² аумақты алып жатқан алты шағын көл мен 23 шағын мұздықты қамтиды.
## Дереккөздер |
Тар (қыр. Тар суу) — Қырғызстанның Ош облысы Қарақұлжа ауданындағы өзен, Қарадарияның сол жақ саласы. Ұзындығы 147 км, су алабының ауданы 3840 км². Өзен Ферғана жотасының оңтүстік-батыс беткейлері мен Алай жотасының солтүстік беткейлерінен бастау алады. Ойтал мен Алайқу өзендерінің қосылуынан пайда болады. Орташа жылдық су шығыны 46,7 м³/с, ең көбі 248 м³/с (маусым), ең азы 8,19 м³/с (қаңтар). Су тасқыны маусым-шілде айларында болады.
## Дереккөздер |
Ляля Нагуқызы Қожабаева (2 шілде 1937, Ақтөбе облысы, Жұрын ауданы— 16 қаңтар 2024, Ақтөбе облысы, Ырғыз) — орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі (1967), КСРО білім беру ісінің үздігі (1973).
## Өмірбаяны
Қожабаева Ляля Нагуқызы 1937 жылы 2 шілдеде Жұрын ауданында дүниеге келген. Әлім, Шекті руының тумасы, Кіші жүз.
1959 жылы Алматы қыздар педагогикалық институтын бітіріп, еңбек жолын Шалқар сегізжылдық мектебінде бастаған.
1961-1970 жылдар аралығында Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет жасады.
1970-1987 жылдары орыс орта мектебінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры қызметтерін атқарды.
1987 жылдан құрметті еңбек демалысында.
Бірнеше жыл білім саласында басшылық қызмет жасап, өзінің іс тәжірибесімен, адами болмысымен кейінгі жастарға үлгі бола білді.
Шәкірттері бүгінгі республиканың түкпір-түкпірінде қызмет жасап жүр. Мұғалім іс-тәжірибесін насихаттау мақсатында өткізген ашық сабақтары оның шығармашылықпен жұмыс жасайтын, шебер әрі өз ісіне бар ынта-ықыласымен берілген ұстаз екеннің куәсі бола білді.
## Қоғамдық қызметі
Облыстық IV, V мұғалімдер съездерінің делегаты болып сайланды.
## Жеке өмірі мен отбасы
Жұбайы Жақас Ыбраев екеуі 4 ұл, 3 қыз тәрбиелеп, өсіріп, немере-шөбере көрді.
## Марапаттары
Ляля Нагуқызы халық ағарту саласындағы белсенді қызметі үшін 1967 жылы «Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі», 1973 жылы «КСРО білім беру ісінің үздігі» атақтарына ие болды. Қазақ КСР білім министрлігінің, облыстық, аудандық білім бөлімдерінің Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.
Жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан зор үлесі үшін Ляля Нагуқызына Ырғыз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №95 шешімімен «Ырғыз ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.
Алтын алқаның иегері.
## Дереккөздер |
Майлысу (қыр. Майлуу-Суу суусу; бастауы — Керей) — Қырғызстанның Жалалабат облысы Наукен ауданындағы өзен. Ұзындығы 87 км, су алабының ауданы 748 км². Жылдық орташа шығыны 9,7 м³/с, су тасқыны кезеңі сәуір-мамырда басталып, ең жоғары ағыны 108 м³/с жетіп, ең азы қаңтар-ақпан айларында 5-6 м³/с байқалады. Мұздық және қарлармен қоректенеді. Өзеннің бастауында 4000 метрден астам биіктікте жалпы ауданы 3,2 км² болатын 9 мұздық бар.
Ірі салалары: Дабансай, Мамасай, Көгейсу, Қайрағаш, Бедресай (оң), Семендік және Сарыби (сол).
Өзен бастауын Бабашата жотасының батыс және солтүстік-батыс беткейлерінен, сонымен қатар 4000-4427 метр биіктіктегі Ферғана жотасының оңтүстік-батыс беткейлерінен алады. Бұлақ екі кішігірім өзен Шоң Керей мен Керейдің қосылуынан басталады, содан кейін ол Құтманкөл көліне құяды, оған тағы бір кішкентай Қабыркөл өзені құяды, бірақ ол көл бөгеті арқылы ағып шығып, басқа шағын көлге құйып, сол жерден жер үсті ағынымен ағады, Бабашата жотасының беткейлерінен сәл төмен Мұзтар деген шағын ағын қосылады, және оң жағында Қызқорған өзенімен қосылып, Сересу өзенін құрап, батыс бағытта ағады, ал сол жерде оң салалары Мамасай және ең ірі саласы Дабансай келіп қосылады. Ағын бойымен сәл төмен қарай сол жақ саласы Семендік құяды. Одан әрі өзен батысқа қарай тар шатқал арқылы ағады, одан әрі оңтүстікке бұрылып, Майлысу қаласының солтүстік шетіне жетеді, ол жерден тағы бірнеше салаларды: Көгейсу, Сарыби және Қайрағашпен бірігеді. Тағы төмен түсе, соңғы сала Бедресаймен бірігіп, аттас қаланы кесіп өтіп, Ферғана алқабына жете, Тентексай өзеніне құяды.
## Дереккөздер |
«Қара жесір» (ағылш. Black Widow) — 2021 жылы шыққан америкалық суперқаһармандық фильм. Фильмді Marvel Studios шығарды және Walt Disney Studios Motion Pictures таратты. Бұл Marvel кинематографиялық әлемі (MCU) медиафраншизасындағы 24-ші фильм. Фильмнің режиссері — Кейт Шортланд, сценарий авторы — Эрик Пирсон. Скарлетт Йоханссон Наташа Романофф / Қара жесір рөлін сомдады; сондай-ақ фильмде Флоренс Пью, Дэвид Харбор, О-Т Фагбенли, Ольга Куриленко, Уильям Херт, Рэй Уинстоун және Рэйчел Вайс ойнады. Сюжет бойынша Капитан Америка: Азамат соғысы (2016) фильміндегі оқиғалардан кейін Наташа Романофф өзінің өткенін жанымен қабылдауға тырысады.
«Қара жесір» АҚШ-та 2021 жылдың 9 шілдесінде кинотеатрларда және бір уақытта Disney+ ағындық қызметінде, ал Ресейде 8 шілдеде шығарылды. Қара жесір MCU-дегі 4-кезеңнің бірінші фильмі болды. Фильмнің шығуы алғашқыда 2020 жылдың мамырына белгіленген күннен COVID-19 пандемиясына байланысты үш рет кейінге қалдырылды. «Қара жесір» фильмі пандемиялық жағдайдағы бірнеше кассалық рекордын орнатты, фильм бүкіл әлем бойынша 379 миллион доллардан астам және Disney+ сервисінде 125 миллион доллар жинады. Фильм негізімен сыншылардан оң пікірлер алды, олар актерлік шеберлікті (әсіресе Йоханссон мен Пьюдің ойнауын) және экшн-қойылымдарды жоғары бағалады.
## Актёрлер
* Скарлетт Йоханссон — Қара жесір Наташа Романофф: кек алушы, бұрынғы КГБ агенті, бұрынғы S.H.I.E.L.D. агенті. Эвер Андерсон — жас Наташа.
* Флоренс Пью — Қара жесір Елена Белова: Наташаның «қарындасы», Қызыл бөлмеде арнайы дайындықтан өткен. Вайолет Макгроу — жас Елена.
* Дэвид Харбор — Алексей Шостаков / Қызыл Қорғаушы: орыс суперсолдаты, Капитан Американың эквиваленті, Наташа мен Еленаның «әкесі».
* О.Т. Фагбенли — Рик Мейсон: S.H.I.E.L.D. кезінен Наташаның одақтасы.
* Ольга Куриленко — Антония Дрейкова / Таскмастер: Дрейковтың қыз баласы, Қызыл бөлмеге қызмет етеді. Райан Кира Армстронг — жас Антония.
* Уильям Хёрт — Таддеус Росс: АҚШ Мемлекеттік хатшысы.
* Рэй Уинстон — Дрейков: орыс генералы және Қызыл бөлменің жетекшісі.
* Рэйчел Вайс — Қара жесір Мелина Востокофф: тәжірибелі тыңшы, Наташа мен Еленаның «шешесі», Қызыл бөлменің басты ғалымы.
## Дереккөздер |
Арабансай немесе Арабан (қыр. Араван-Сай, өзб. Aravonsoy) — Өзбекстан мен Қырғызстан аумағын басып өтетін Ферғана аңғарындағы өзен (сай). Қазіргі уақытта Шаһрихансай арнасына құяды (төменгі ағысында арнасын бұрған).
Бастауы (Ақарт саласымен біріккенге дейін) Көзарт, одан кейін (Қырғызата саласымен біріккенге дейін) — Шіле, содан соң (Қосжан саласымен біріккенге дейін) — Ішкіжан деп аталады.
## Жалпы сипаттамасы
Өзеннің ұзындығы 90 км, су алабының ауданы — 464 км².
Өзінің режимі бойынша Арабансай мұздықпен қоректенетін ерекше өзен болып табылады. Оның алабында жалпы ауданы 49,1 км² болатын 18 салыстырмалы түрде үлкен мұздықтар бар. Судың жоғары кезеңі наурыздан қыркүйекке дейін созылады. Вегетациялық кезеңде өзен ағынының 80% егістіктерді суаруға жұмсалады. Қоректенудің көп бөлігі қардан немесе жер асты суларынан келеді (соңғысы жылдық ағынның шамамен 1/3 бөлігін құрайды). Өзеннің сағасы қатпайды, бірақ жазда суды суару қажеттілігіне бұру салдарынан жиі кеуіп қалады.
## Өзен ағысы
Көзарт Кіші Алай жотасындағы (Қырғызстан) Көзарт мұздығынан, шамамен 3950 м биіктікте түзіледі. Таулы бөлігінде тар және терең шатқалдарды құрайды. Таулы жерден өткеннен кейін өзеннің бірінші ысырынды конусы орналасқан Науқат қазаншұңқырына құяды. Мұнда Шіле Қырғызата мен Косжан салаларын сіңіріп, Арабансай аталады. Содан кейін өзен шағын Қарашатыр тау жотасын кесіп өтеді. Бұл аймақтағы сай аңғары ені 3 рет өзгереді, әктас массивтері арқылы өткенде кішірейеді, ал тақтатастарда ұлғаяды. Қарашатырдан төмен өзен Ферғана алқабының жазық жеріне құяды, мұнда оның ағыны толығымен дерлік бұрма-арналары арқылы суаруға бағытталған.
Аравансай сағасының жағасында Араван кенті орналасқан. Одан әрі сай Қырғызстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өтіп, Әндіжан облысының Асака ауданына кіреді. Мұнда да оның суы суаруға пайдаланылады.
Сағаға дейінгі жерде әдетте ағын судың әсерінен өзен толығымен құрғайды, ал жаз айларында құрғақ арна ретінде өтеді. Құлла және Бесмырза қыстақтарының аралығында Арабансай өзеннің тарихи арнасының бойымен әрі қарай төселген Шаһрихансай арнасына құяды.
## Әдебиет
* Қырғызстанның географиясы. Энциклопедиялық оқу кітабы / бас. ред. Ү. Асанов — Қырғыз ұлттық энциклопедиясының басты редакциясы. — Бішкек, 2004. — Б. 182. — 718 б. — ISBN 9967-14-006-2.
## Дереккөздер |
Ақбура (қыр. Ак-Буура, өзб. Oqboʻyra) — Қырғызстан мен Өзбекстандағы өзен, Шаһрихансайдың сол жақ саласы.
Өзеннің ұзындығы 148 км, ал су алабының ауданы 2540 км² құрайды. Төлейкен гидробекетінде (Ош қаласының оңтүстік шекарасы) өзеннің орташа көпжылдық шығыны 21,4 м³/сек, су тасқыны кезіндегі өзенге құйылуы (маусым-шілде) 50-67 м³/сек, ал саба кезінде (қаңтар) 5-6 м³/сек болып келеді.
Өзен Алай жотасының солтүстік беткейінде, Ақжылға ауылы маңындағы Шалқұйрық өзені мен Сарықой өзенінің қосылуынан пайда болады. Оштан жоғары өзенде Папан суқоймасы орналасқан. Оның ар жағында Ақбурадан сол жағында Арабан-Ақбура арнасы мен Қайырма арығы бөлінеді. Ош қаласынан өткен өзен Өзбекстанның Әндіжан облысының аумағына келіп, сол жақтан Шаһрихансай арнасына құяды.
Өзеннің атауы не түйеге қатысты, не рудың атауына негізделген.
## Әдебиет
* Қырғызстанның географиясы. Энциклопедиялық оқу кітабы / бас. ред. Ү. Асанов — Қырғыз ұлттық энциклопедиясының басты редакциясы. — Бішкек, 2004. — Б. 179. — 718 б. — ISBN 9967-14-006-2.
## Дереккөздер |
«Өркендеу күзетшісі» операциясы (ағылш. Operation Prosperity Guardian) — хуситтердің Қызыл теңіздегі кемелерге жасаған шабуылдарына жауап ретінде 2023 жылғы желтоқсаннан бері жалғасудағы АҚШ бастаған әскери операция.
2023 жылғы қазанда басталған және әлі де жалғасудағы Хамас−Израиль қақтығысына жауап ретінде Йемендегі хуситтер Қызыл теңіздегі израильдік коммерциялық кемелердің жүруіне кедергі жасады. 2023 жылғы 18 желтоқсанда АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин блокаданы тоқтатуға және хуситтер байбаламаларының орындалуына жол бермеуге арналған халықаралық қауіпсіздік күштерінің құрылып қойғанын айтты.
АҚШ бастаған коалицияның құрамында дәл қазір 20 мүше-мемлекет бар. Қақтығыс орын алған аймақтағы коммерциялық транспортқа тәуелді Сауд Арабиясы мен Мысыр коалиция құрамына кірген жоқ. Франция, Италия мен Испания операцияға ат салысудан бас тартты. Суэц каналы әкімшілігінің төрағасы Усама Рабия «Суэц каналындағы транспорт қозғалысы Қызыл теңіздегі болып жатқаннан оқиғалардан зардап шеккен жоқ» деген. 10 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі хуситтердің сауда кемелеріне шабуылын тоқтату бойынша қарар қабылдады.
Қауіпсіздік Кеңесінің қарар жасаған күні хуситтер өзінің ең ірі шабуылын жасаған еді: Қызыл теңіздегі түр-түрлі халықаралық та, әскери де кемелерге дрондар жіберілді. Жауап ретінде, 12 қаңтарда коалиция Йемендегі хуситтерге қарсы өзінің тұңғыш әуе операциясын бастады, осыған болса хуситтер кек аламыз деп уәде берді.
## Дереккөздер |
III Интернационал ауылдық округі – Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына III Интернационал ауылы кіреді. Орталығы – III Интернационал ауылы. Округ құрамында болған Бірлік ауылы 2018 жылы таратылған.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2561 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Керкі округі — 1924 жылдың желтоқсанынан 1930 жылдың шілдесіне дейін және 1933 жылдың ақпанынан 1939 жылдың қарашасына дейін болған Түрікмен КСР-нің әкімшілік бөлініс бірлігі. Әкімшілік орталығы — Керкі қаласы.
## 1924—1930 жылдардағы округ
1924 жылы Бұхара ХКР Түрікмен АО бұрынғы Керкі уәлаятының аумағында құрылған.
Бастапқыда 4 түменге бөлінді: Керкі, Қызылаяқ, Халаш, Қожамбаз.
1925 жылы қаңтарда түмендердің орнына 6 аудан құрылды: Келиф, Керкі, Қызылаяқ, Тасрабад, Халаш, Қожамбаз. Жыл аяғында Қарлұқ ауданы құрылды.
1926 жылы тамызда Келиф және Тасрабад аудандары жойылып, Шаршан ауданы құрылды.
Округ КСРО-ның көптеген округтары сияқты 1930 жылы шілдеде таратылды. Аудандары Түрікмен КСР-іне тікелей бағынуға берілді.
1926 жылғы халық санағы бойынша халық саны 128,3 мың адам болды. Соның ішінде түрікмендер – 81,5%; өзбектер – 13,9%; орыстар – 3,0%.
## 1933—1939 жылдардағы округ
Округ 1933 жылы ақпанда шекаралық округ (сол кезде КСРО шекарасы бойында құрылатын) ретінде қайтадан құрылды.
Құрамына 7 аудан кірді: Бұрдалық, Қарлұк, Керкі, Қызылаяқ, Халаш, Қожамбаз, Шаршан.
1939 жылы қарашада Түрікмен КСР-де облыстық бөліністердің енгізілуіне байланысты жойылды.
## Әдебиет
* Кулиев О. Түрікменстанның әкімшілік-аумақтық құрылымы: (XIX ғ. басы - 1980 ж.) — Ашхабад: Ылым, 1980. — 319 б. |
Шаржүй округі — Түрікмен КСР-нің 1924 жылдың желтоқсанынан 1930 жылдың шілдесіне дейін болған әкімшілік бөлініс бірлігі. Әкімшілік орталығы – Жаңа Шаржүй қаласы.
1924 жылы Ленин округі деген атпен бұрынғы Ленин-Түрікмен уәлаятының аумағында құрылған.
Бастапқыда 5 ауданға бөлінді: Бұрдалық, Дейнау, Ленин (Ескі Шаржүй), Саят, Фарап. Көп ұзамай Дарғаната, Қарабекауыл аудандары құрылды.
1927 жылы 18 мамырда Ленин округі Шаржүй болып өзгертілді.
Округ КСРО-ның көптеген округтері сияқты 1930 жылы шілдеде таратылды. Аудандар Түрікмен КСР-іне тікелей бағынуға берілді.
1926 жылғы халық санағы бойынша 192,1 мың адам болды. Соның ішінде түрікмендер – 68,5%; өзбектер – 22,7%; орыстар – 4,6%; қазақтар – 1,7%.
## Әдебиет
* Кулиев О. Түрікменстанның әкімшілік-аумақтық құрылымы: (XIX ғ. басы - 1980 ж.) — Ашхабад: Ылым, 1980. — 319 б. |
Фарап атырабы (түрікм. Farap etraby) — Түрікменстанның Лебап уәлаятында бұрын болған атырабы.
## Тарихы
1925 жылы қаңтарда Түрікмен КСР Ленин округінің Фараб ауданы болып құрылған.
1927 жылы мамырда Ленин округі Шаржүй болып өзгертілді.
1930 жылы қыркүйекте Шаржүй округі таратылып, Фараб ауданы Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды.
1939 жылы қарашада Фараб ауданы жаңадан құрылған Шаржоу облысына берілді.
1963 жылдың қаңтарында Фараб ауданы таратылды, бірақ 1965 жылдың желтоқсанында Түрікмен КСР-не тікелей бағынуымен қалпына келтірілді.
1970 жылдың желтоқсанында бұл аудан қайтадан қалпына келтірілген Шаржоу облысының құрамына енді.
1992 жылы Фараб ауданы Лебап уәлаятының құрамына еніп, Фарап атырабы деп өзгертілді.
2022 жылдың 9 қарашасында Фарап атырабы жойылып, оның аумағы Шәржеу атырабына берілді.
## Дереккөздер |
Қарлұқ ауданы — Түрікмен КСР-нің 1925 жылдың желтоқсанынан 1951 жылдың сәуіріне дейін болған әкімшілік бөлініс бірлігі.
## Тарихы
Қарлұқ ауданы 1925 жылы желтоқсанда Керкі округінің құрамында құрылды.
1930 жылы қыркүйекте Керкі округі таратылып, аудан Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды.
1933 жылы ақпанда Қарлұқ ауданы қалпына келтірілген Керкі округінің құрамына енді.
1939 жылы қарашада Түрікмен КСР-да облыстық бөлінудің енгізілуіне байланысты Қарлұқ ауданы Шаржоу облысының құрамына енді.
1943 жылы желтоқсанда Қарлұқ ауданы жаңадан құрылған Керкі облысына берілді.
1947 жылы қаңтарда Керкі облысы жойылып, Қарлұқ ауданы қайтадан Шаржоу облысының құрамына енді.
1949 жылы аудан 6 ауылдық кеңеске бөлінді: Калинин ат., Молотов ат., Сталин ат., Құйтап, Ләйләмқан, Қожабіл.
1951 жылы сәуірде Қарлұқ ауданы таратылды.
## Дереккөздер |
Қарабекауыл атырабы (түрікм. Garabekewül etraby) — Түрікменстанның Лебап уәлаятында бұрын болған атырабы.
## Тарихы
1925 жылы ақпанда Түрікмен КСР Ленин округінің Қарабекауыл ауданы болып құрылған.
1927 жылы мамырда Ленин округі Шаржүй болып өзгертілді.
1930 жылы қыркүйекте Шаржүй округі таратылып, Қарабекауыл ауданы Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды.
1939 жылы қарашада Қарабекауыл ауданы жаңадан құрылған Шаржоу облысына берілді.
1963 жылдың қаңтарында Қарабекауыл ауданы таратылды, бірақ 1964 жылдың желтоқсанында Түрікмен КСР-не тікелей бағынуымен қалпына келтірілді.
1970 жылдың желтоқсанында бұл аудан қайтадан қалпына келтірілген Шаржоу облысының құрамына енді.
1992 жылы 14 желтоқсанда Қарабекауыл ауданы Лебап уәлаятының құрамына еніп, Қарабекауыл атырабы деп өзгертілді.
2017 жылы 25 қарашада Түрікменстан парламенті Қарабекауыл атырабын жойып, оның аумағы Халаш атырабына берілді.
## Дереккөздер |
Бұрдалық ауданы — Түрікмен КСР-нің 1925 жылдың қаңтарынан 1955 жылдың желтоқсанына дейін болған әкімшілік бөлініс бірлігі.
## Тарихы
Бұрдалық ауданы 1925 жылы қаңтарда Ленин округінің құрамында құрылды.
1927 жылы мамырда Ленин округі Шаржүй деп өзгертілді.
1930 жылы қыркүйекте Шаржүй округі таратылып, аудан тікелей Түрікмен КСР-ға бағынышты болды.
1933 жылы ақпанда Бұрдалық ауданы Керкі округінің құрамына кірді.
1939 жылы қарашада Түрікмен КСР облыстық бөліністің енгізілуіне байланысты Бұрдалық ауданы Шаржоу облысының құрамына кірді.
1943 жылы желтоқсанда Бұрдалық ауданы жаңадан құрылған Керкі облысына берілді.
1947 жылдың қаңтарында Керкі облысы жойылып, Бұрдалық ауданы қайтадан Шаржоу облысының құрамына кірді.
1949 жылы аудан 4 ауылдық кеңеске бөлінді: Бұрдалық, Калинин ат., Құлтақ, Шекіш.
1955 жылы желтоқсанда Бұрдалық ауданы жойылды.
## Дереккөздер |
2023 жылғы 11 желтоқсанда Маңғыстау облысындағы екі көлік компаниясының біршама жұмысшы жұмыс берушілеріне бірнеше талап қойып, ереуіл бастады. Қойылған талаптар қатарында жалақыны тең қылу жүйесін орнату, West Oil Software компаниясын ҚазМұнайГаз құрамына енгізу және техниканы жаңарту болған.
Ереуіл салдарынан компанияға шамамен 499 миллион теңге залал келтірілген. 2024 жылғы 13 қаңтарда ереуіл мүшелерінің жұмыстарынан босатылатыны жарияланды.
## Барысы
ЖЕЛТОҚСАН-ҚАҢТАР:
11.12.2023: Қарақия аудандық әкімдігінің мәліметінше, West Oil Software мұнай сервистік компаниясы мен Great Wall Drilling компаниясының бірнеше жұмысшыларына жалақының тек бір жартысы ғана беріліп қалды. 2023 жылғы 11 желтоқсанда Маңғыстау облысында жұмысшылар жұмыс берушілеріне бірнеше талап қойып, ереуілге шықты.
West Oil Software ЖШС компаниясы жұмысшылардың жалақыны тең қылу мен компанияны ҚазМұнайГаз құрамына енгізу деген талаптарын орындау мүмкін болмайды деді, бірақ арнайы техниканы жаңарту ұсынысы орындалады деген. Компанияның мәселені келіссөз арқылы шешу әрекеттері сәтсіз болды. 2024 жылғы 13 қаңтардан бастап заңсыз аталған бұл ереуілдің барлық қатысушылары жұмыстарынан босатылатын болды. Бұл шешімнің жасалғанына қарай ереуілдің 50 астам мүшесі жұмыс орындарына оралған еді делінген. 17 қаңтарға қарай ереуіл мүшелері санының отызға жуық төмендегені белгілі болды.
АҚПАН:
11.02: 11 ақпан күні таңертең Маңғыстау облысындағы Қаражанбас кенішінде "Мобил Сервис Групп" компаниясының 100-ге жуық қызметкері ереуілге шықты, 150 жұмысшы компанияның Ақтаудағы кеңсесінде.
13.02: 11 ақпаннан бері Маңғыстау облысында "Мобил Сервис Групп" компаниясының жүзден аса жұмысшысы ереуілге шығып, тәуелсіз кәсіподақ мүшесі болғаны үшін жұмыстан шығарылған әріптестерін қызметке қайтаруды талап етіп тұр.
Жұмысшылардың айтуынша, оларда екі кәсіподақ бар, бірі — тәуелсіз, екіншісі — компания жанынан ашылған. Компания 1 ақпанда тәуелсіз кәсіподаққа қосылған 20 адамды жұмыстан шығарған. Ақпаратқа қарағанда, олардың 5–10 жылдан астам еңбек өтілі бар.
## Реакция
Жетібай: Қарақия аудандық соты ереуілді заңсыз болып таныды. Әкімдік хабарлауынша компания енді еңбек кодексіне сәйкес ереуілшілермен еңбек шартын бұза бастады.
Қаражанбас: "Власть" сайтының жазуынша, 11 ақпанда ереуілге "Мобил Сервис Групп" компаниясының директоры барған. Ол жұмыстан босатылған азаматтар қайта алынбайтынын айтып, ереуілшілерден жұмысқа оралуды талап еткен.
## Дереккөздер |
Қызылаяқ ауданы — Түрікмен КСР-нің 1925 жылдың қаңтарынан 1959 жылдың наурызына дейін болған әкімшілік бөлініс бірлігі.
## Тарихы
Қызылаяқ ауданы 1925 жылы қаңтарда Керкі округінің құрамында құрылды.
1930 жылдың қыркүйегінде Керкі округі таратылды, ал аудан тікелей Түрікмен КСР-ның бағышысына өтті.
1933 жылы ақпанда Қызылаяқ ауданы қалпына келтірілген Керкі округінің құрамына кірді.
1939 жылы қарашада Түрікмен КСР-не облыстық бөлінісінің енгізілуіне байланысты Қызылаяқ ауданы Шаржоу облысының құрамына кірді.
1943 жылы желтоқсанда Қызылаяқ ауданы жаңадан құрылған Керкі облысына енгізілді.
1947 жылдың қаңтарында Керкі облысы жойылып, Қызылаяқ ауданы қайтадан Шаржоу облысының құрамына кірді.
1949 жылы аудан 3 ауылдық кеңеске бөлінді: Қызылаяқ, Қуақ және Хатап.
1959 жылы 4 наурызда Қызылаяқ ауданы таратылды, ал оның аумағы Керкі ауданына берілді.
## Дереккөздер |
Мезгеу - троптың бір түрі. Бір ұғым орнына екінші ұғым айтылуы.
Мезгеу мынадан шығады:
* Ана ауылға Омар, Оспан, Асан, Үсен келді деудің орнына ана ауылға Омарлар келді дейміз. Омарлар келді деуіміз мезгеу болады.
* Үй кімдікі екенін ұмытпа, үйге қара деудің орнына шаңыраққа қара дейміз. Шаңырақ мезгеу болады.
* Осы ауылдың адамдары жүдеу екен деудің орнына осы ауылдың адамы жүдеу екен дейміз. Адамы мезгеу болады.
* Абайдай ақын қазақтан туа бермейді ғой деудің орнына Абайлардай ақын қазақтан туа бермейді ғой дейміз. Мұнда Абайлар мезгеу болады.
* «Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге жайылады» дейміз. Отыз тістен шыққан сөз отыз емес, қырық рулы, яки жиырма рулы елге жайылатын шығар, біз білмейміз. Отыз деп кесіп айтуымыз мезгеу болады.
Мезгеумен айтылған сөз жай айтылған сөзден жайнақы, ширақ келеді. Сондықтан мезгеу акындар сөзінде көп ұшырайды. |
Вахдат Ханнонов (тәж. Ваҳдат Ҳаннонов, 25 шілде 2000 жыл, Гисар) — тәжікстандық футболшы, қорғаушы, 2023 жылғы Азия кубогына қатысты.
## Жүлделері
### Кулбтық
Истиқлол
* Тәжікстан чемпионы: 2020
* Тәжікстан суперкубогы: 2021
Персеполис
* Иран чемпионы: 2022–23
## Сілтемелер |
Вахдат Ханнонов (тәж. Ваҳдат Ҳаннонов, 25 шілде 2000 жыл, Гисар) — тәжікстандық футболшы, қорғаушы, 2023 жылғы Азия кубогына қатысты.
## Жүлделері
### Кулбтық
Истиқлол
* Тәжікстан чемпионы: 2020
* Тәжікстан суперкубогы: 2021
Персеполис
* Иран чемпионы: 2022–23
## Сілтемелер |
Қызыл Қорғаушы — Marvel Comics-тегі суперқаһарман.
Ол орыс суперсолдаты, Капитан Американың эквиваленті, Қара жесір Наташа Романофф мен Елена Белованың әкелік фигурасы.
Алғаш рет Avengers #43 комиксте 1967 жылдың тамыз айында таныстырылады.
2021 жылы шыққан Қара жесір фильмде оның рөлін Дэвид Харбор сомдады.
## Тұлғалар
Әр комикстерде Қызыл Қорғаушы атымен әртүрлі адамдар болған:
* Алексей Лебедев
* Алексей Шостаков
* Таня Белински
* Жаңа Қызыл Қорғаушы
## Дереккөздер |
Азамат Берадорович Абдураимов (өзб. Azamat Birodarovich Abduraimov; 27 сәуір 1966, Ташкент) — өзбекстандық футболшы, шабуылшы, мини-футболшы, футбол жаттықтырушысы. 1994 жылғы Жазғы Азия ойындарының жеңімпазы. 1996 жылғы Азия кубогына қатысты.
## Жүлделері
### Ойыншы ретінде
«Пахтакор»
* КСРО бірінші лигасы кубогы (2): 1988, 1989
* Өзбекстан Кубогы: 1997
* Өзбекистан чемпионы: 1998
«Мохаммедан»
* Бангладеш чемпионатының күміс жүлдегері: 1992
* Бангладеш чемпионатының үздік мергені: 1992 (17 гол)
«Навбахор»
* Өзбекстан Кубогы: 1992
«Паханг»
* Малайзия чемпионы: 1994
«Әл-Уахда»
* Сауд Арабиясы 1-лигасының жеңімпазы: 1996
Өзбекстан
* Азия ойындарының чемпионы: 1994
### Бапкер ретінде
«Ардус»
* Мини футболдан Өзбекстан чемпионы: 2005
### Мемлекеттік
* Медаль «Шухрат» медалінің иегері.
## Дереккөздер |
Азамат Берадорович Абдураимов (өзб. Azamat Birodarovich Abduraimov; 27 сәуір 1966, Ташкент) — өзбекстандық футболшы, шабуылшы, мини-футболшы, футбол жаттықтырушысы. 1994 жылғы Жазғы Азия ойындарының жеңімпазы. 1996 жылғы Азия кубогына қатысты.
## Жүлделері
### Ойыншы ретінде
«Пахтакор»
* КСРО бірінші лигасы кубогы (2): 1988, 1989
* Өзбекстан Кубогы: 1997
* Өзбекистан чемпионы: 1998
«Мохаммедан»
* Бангладеш чемпионатының күміс жүлдегері: 1992
* Бангладеш чемпионатының үздік мергені: 1992 (17 гол)
«Навбахор»
* Өзбекстан Кубогы: 1992
«Паханг»
* Малайзия чемпионы: 1994
«Әл-Уахда»
* Сауд Арабиясы 1-лигасының жеңімпазы: 1996
Өзбекстан
* Азия ойындарының чемпионы: 1994
### Бапкер ретінде
«Ардус»
* Мини футболдан Өзбекстан чемпионы: 2005
### Мемлекеттік
* Медаль «Шухрат» медалінің иегері.
## Дереккөздер |
Кристегі Әулие Андрей шіркеуі (гр. Μονή του Άγίου Άνδρέου ἐν τῆ Κρίσει) — Мәрмәр теңізінің жағасында, Ыстанбұлдың жетінші төбесінің баурайында орналасқан шіркеу.
Дәстүр бойынша, император Феодосий ІІ-нің тақуа қарындасы Аркадия Сатурнин қақпасынан 600 метр қашықтықта Әулие монастырының негізін қалады. Бірінші Андрей шақырылған. Тарихи құжаттарда ол алғаш рет 792 жылы «Кристегі Эндрю» монастырьі ретінде аталды. Иконокластардың қолынан қайтыс болғаннан кейін, Сент. Криттік Андрей, оның реликтері ұқсас атаумен монастырьге орналастырылды, ол кейіннен осы шейіттің құрметіне қайта бағышталды.
Василий I кезінде собор шіркеуі толығымен қайта салынды. Латын тілін ондаған жылдар бойы елеусіз қалдырғаннан кейін, монастырьді 1284 жылы Михаил VIII-тің жиені Феодора қайта ашты, ол мұнда монастырьлық ант берді. Палеологтар астындағы «әйелдер шіркеуінің» жай-күйі туралы ақпарат өте аз және негізінен Әулие Пётрдің реликтері бар ғибадатханаға үнемі баратын ресейлік қажылардың саяхат Андрей Криттік жазбаларынан алынған.
Ғибадатхана 1486-1491 жылдар аралығында Сұлтанның осы есімді алған уәзірінің талабымен Мұстафа Паша мешітіне (түрікше: Koca Mustafa Paşa Camii) айналдырылды. Ол 1512 жылы өлім жазасына кесіліп, мешіт дервиштерге берілді. Сұлтан І Селим Топкапы сарайын кеңейту үшін мешітті бұзуға шешім қабылдағанда, дервиштер оған қарсы болып, осылайша Византия сәулетінің інжу-маржанын сақтап қалды.
Османлы дәуірінде ғимарат айтарлықтай қайта құрудан өтті. 17-18 ғасырларда төртбұрыш әртүрлі кеңейтулермен қоршалған, оның ішінде медресе мен бағана тәрізді субұрқақ бар. 1766 жылғы жер сілкінісінен кейін күмбез толығымен қалпына келтірілді, ал 19 ғасырда кіреберіс пен қоршау қайта салынды. Ең соңғы реставрация 1953 жылы жүргізілді, бірақ Османлы кезеңінің барлық қабаттары бүлінбеген күйде сақталды.
## Сілтемелер
* 3dmekanlar жанындағы Кожа Мұстафа Паша мешіті (Түрікше) |
Сафидулла Қалмағамбетұлы Сақбаев (1907 жылы жазда (құжат бойынша — 1 қаңтар 1910), жартылай көшпелі № 15 ауылы, Ақтөбе уезі, Торғай облысы, Ресей империясы — 1993 ж. қаңтар, Алматы, Қазақстан) — кеңестік мемлекет, партия және шаруашылық қайраткері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген заңгері, әділет майоры, депутат, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Целинный облысы бойынша тұрақты отырысының төрағасы, Целинный өлкелік сотының төрағасы, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының мүшесі, Жоғарғы Соттың мүшесі, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының соты, Жоғарғы Сот Төралқасының мүшесі, ІІ және ІІІ шақырылымдағы өлкелік Кеңестің депутаты, Алматы облыстық сотының төрағасы, V және VI шақырылымдағы Алматы облыстық еңбекшілер депутаттары кеңесінің депутаты, Қазақстан Компартиясы VII съезінің депутаты, арнайы құрамның төрағасы, Қарағанды облыстық сотының төрағасы, ӘТ ҚарТЖ төрағасы, Құрметті теміржолшы, «Білім» қоғамының мүшесі, Әділет комиссариатының (Министрлік) ревизоры , заң мектебінің директоры және оқытушысы, заңгер, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Жиздра операциясының қатысушы.
## Өмірбаяны
Сафидулла 1907 жылы жазда кедей шаруа отбасында, жартылай көшпелі № 15 ауылы (Жаңажол кеңшары), Ақтөбе уезі, Торғай облысы, Ресей империясында (қазіргі — Мұғалжар ауданы, Ақтөбе облысы) дүниеге келді. Жетірудің ішінде Тама руынан.
## Жастық шағы
1925 жылдан бастап комсомол қатарына кірді.
1927 жылы ауылдық кеңестің хатшысы болып жұмыс істеді.
Сафидулла Қалмағамбетұлы Сақбаев «Қазөлкекооптехникумында» студент болып жүргенде 1930 жылы комсомол жасағының құрамында Қызылқұм мен Қарақұмның құмында әрекет еткен басмашыларды басып-жаншу ісіне белсене қатысты.
Техникалық мектептен кейін кооперативтік жүйеде жұмыс істейді.
1930-1936 жылдары аудандық комсомол комитетінің жолдамасымен Сафидолла Қалмағамбетұлы «Машина-трактор станциясында» қызмет етті.
1931 жылдан бастап сот және прокуратура одағының мүшесі.
1933 жылдан бастап Темір аудандық аң терісі одағының меңгерушісі болды.
1934 жылдан бастап Ақтөбе облысы Михайловская кентіндегі Күнжар МТС-інде сауықшыл-нұсқаушы болды. Темір ауданындағы артта қалған ұжымшардың бірі (№ 9 ауыл) «Ащықұдықтың» төрағасы болды.
Егіншілік пен мал шаруашылығындағы жақсы көрсеткіштері үшін, мемлекетке астық тапсыру жоспарын асыра орындағаны үшін КСР Одағы Егін шаруашылығы халық комиссариаты мен ҚАКСР Халық комиссариатының сыйлықтарымен марапатталды.
## Білімі
Темір қаласындағы орыс мектебінде оқыды.
1929 жылы Қызылорда қаласындағы Қазақ өлкелік кооперативтік техникумында (Қазөлкекооптехникум) оқыды.
1936 жылы облыстық партия комитеті мен комсомолдың ұсынысымен Алматы қаласындағы «ҚазКСР Заң халық комиссариатының 1 жылдық заң мектебінің» студенті болып, республикалық заң мектебіне оқуға жіберілді.
Мәскеу қаласындағы Жоғары заң академиясында (қайта ұйымдастырылғанға дейін) сырттай оқыды, кейіннен Алматы мемлекеттік заң институтын (АМЗИ) бітірді.
1952 жылы ҚКП Алматы қалалық комитеті қарамағындағы кешкі Марксизм-ленинизм университетін (МЛУ) бітірді.
1956 жылы Мәскеу қаласындағы заңгерлердің біліктілігін арттыратын жоғары (заң) курстарын бітірді.
## Еңбек қызметі
1937-1938 жылдары ҚазКСР Заң халық комиссариаты сот қорғау бөлімінің инспектор-ревизоры қызметін атқарды.
1938 жылы КСРО Әділет халық комиссариаты аппаратында жұмыс істеді: Алматы заң алқасы президиумының төрағасы, ҚазКСР әділет халық комиссариаты сот қорғау бөлімінің меңгерушісі болды. 1938-1939 жылдары Алматы қаласындағы «ҚКСР Әділет халық комиссариатының 2 жылдық заң мектебінің» директоры қызметін атқарды. Заң мектебінде оқу-тәрбие жұмысын үздік ұйымдастырғаны және заң кадрларын дайындағаны үшін КСРО Әділет халық комиссариатының бұйрығымен алғыс және сыйлық жарияланды.
1939-1942 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ КСР Жоғарғы Сотының мүшесі болды.
1942 жылы Қарағанды облыстық сотының төрағасы болды.
## Отбасы
Әкесі — Қалмағамбет Сақбайұлы, туған бауырлары: ағасы Мүдәріс (1896), Мүфтәк, қарындасы — Рахила.
## Дереккөздер |
Жұмекенқызы Ғазиза (12 қаңтар 1954, Байғабыл, Аманкелді ауданы, Қостанай облысы, Қазақ КСР — 3 қыркүйек 2023, Астана,) – әртіс, әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі.
## Білімі
Ы. Алтынсарин атындағы Қостанай педагогикалық училищесін (1974), Арқалық педагогикалық институтын (1985) бітірген.
## Өмірбаяны
Халқының қызына айналған Ғазиза Жұмекенова – қарт Торғай топырағында, Батпаққара табанында, суы тұнық, нуы бітік Байғабыл өзені жағасында дүниеге келген. Әкесі Жұмекен (1926-2004) – Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жастайынан домбыраны серік еткен, ән мен жыр десе көңілі алабөтен жан болған. Әйгілі Торғайдың Топжарғаны Нұрхан Ахметбековтың дастандарын, Мұхиттың әндерін әуелеткенде таңды таңға жалғаған өнерпаз еді. Сол өнерлі шаңырақта дүниеге келген Ғазизаның ән салмауы мүмкін емес-ті.
Анасы Сағытжан (1930-1990) –халық батыры Амангелді Имановтың атбегісі болған Молдабек Байтөриннің қызы. Бала тәрбиесімен айналысқан, үй шаруасындағы адам болған.
Ғазиза туған ауылында онжылдықты бітіріп, Меңдіғарадағы мұғалімдер даярлайтын училищеге оқуға түседі. Алғаш еңбек жолын өзі оқыған Байғабыл орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімдігінен бастайды. Бірнеше рет аудандық, облыстық конкурстарға қатысып, лауреат атанады.
Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтының музыка бөлімін аяқтап, Өзбекәлі Жәнібековтің назарына ілігеді де, облыстық «Шертер» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің әншісі болып қабылданады.
Әке көрген оқ жонар деген дана халқымыз. Ғазиза да кішкентайынан ән салып, ағайын-туыстың тойында көпшіліктің көңілінен шығады. Ұстаздық жолға түскенмен табиғат берген талант жетелеп киелі сахнаға алып келді. Халық әндері, халық композиторларының шығармашылығын жетік меңгеріп, кейін Шәмші Қалдаяқов, Ескендір Хасанғалиев, Илья Жақанов сынды өнер иелерінің шығармашылығын насихаттауға барын салды. Ақтөбе қаласында өткен жас орындаушылардың республикалық конкурсында ерекше көзге түсіп, сол сапардан соң үлкен өнерге жолдама алды. Мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Әуелбековтың қамқорлығы арқасында үлкен өнер жолындағы алғашқы қадамын жасады. Өнердегі жолын Торғай облыстық филармониясында бастады.
Ғ. Жүмекенқызы көптеген республикалық конкурстар мен байқаулардың жүлдегері атанады. Торғай облысының мәдениеті мен өнеріне қосқан зор үлесі үшін «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген әртісі» атағымен марапатталады. Зейнетке шыққанға дейін Көкшетау қаласының облыстық филормониясында еңбек етті.
1997 жылы Торғай облысының жабылуына байланысты Көкшетау қаласына қоныс аударды.
2000 жылдан Ақмола облыстық филармониясында әнші-вокалист болып жұмыс жасады.
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясына әнші болып орналасып, аталған өнер ошағынан құрметті демалысқа шықты.
Жұмакенова негізінен әндерін домбырамен, қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуінде жеке дауыста орындайды. Алматы қаласында өткен «Қазақстан халықтар достығы» фестиваліне, ҚР-ның 10 жылдығына арналып Астана қаласында өткен концертке қатысқан (2002). «Ресейдегі Қазақстан жылы» негізінде Ресейдің Омбы, Челябі, Магнитогорск қалаларында болған концертте халық Жұмакенова өнерін тамашалаған.
## Шығармашылығы
Ғазиза Жұмекенова өзінің сахнадағы жарты ғасырлық еңбек жолында Ғафу Қайырбеков, Фариза Оңғарсынова, Серікбай Оспанов, Серік Тұрғынбек, Несіпбек Айтұлы, Қонысбай Әбіл сынды ақиық ақындармен, Еркеғали Рахмадиев, Ермұрат Үсенов, Қалибек Деріпсалдин, Бақытжан Сәуекенов сынды сазгерлермен шығармашылық тығыз байланыста болды. Осындай шығармашылық байланыс нәтижесінде «Сағыныш сазы», «Жан еркем», «Біздің Торғай осындай!», «Ақ тырналар» , «Ерке құсым» сынды қайталанбас дара туындылар дүниеге келді.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* ЖЕЗТАҢДАЙ ӘНШІ ҒАЗИЗА ЖҰМЕКЕНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ |
Бассель Закария Жради (араб.: باسل زكريا جرادي, дат. Bassel Zakaria Jradi; 6 шілде 1993 жыл, Копенгаген, Дания) — даниялық және ливандық футболшы, Ливан Ұлттық футбол құрамасы сапында 2023 жылғы Азия кубогына қатысып, бір гол соқты.
Данияның бірнеше жастағы құрамасында ойнады.
## Жүлделері
Стремгодсет
* Норвегия чемпионатының күміс жүлдегері: 2015
Аполлон Лимасоль
* Кипр чемпионы: 2021–22
* Кипр суперкубогы: 2022 |
Ақбұлақ уезі — Қырғыз АКСР-дағы Ақтөбе губерниясының 1922-1924 жылдары болған әкімшілік-аумақтық бірлігі.
Орталығы Ақбұлақ ауылы болған Ақбұлақ уезі 1922 жылы 5 шілдеде құрылған. Құрамында 15 болыс болды:
* Ақбұлақ. Орталығы — Ақбұлақ а.
* Астрахан. Орталығы — Астрахан а.
* Бабатай көшпелі
* Жиренқопа көшпелі
* Елек көшпелі
* Калинин. Орталығы — Калинин а.
* Ново-Алексеев. Орталығы — Ново-Алексеев а.
* Петропавлов. Орталығы — Петропавлов а.
* Сазды. Орталығы — Сазды а.
* Тамды көшпелі
* Томарөткел көшпелі
* Тұзтөбе көшпелі
* Харьков. Орталығы — Харьков а.
* Қобда көшпелі
* Жайсан. Орталығы — Жайсан а.
1922 жылы 27 шілдеде Ойыл ауданынан Ақбұлақ уезіне 6 болыс: Беловодск (орталығы - Беловодск ауылы), Қайыңды көшпелі, Қарағанды көшпелі, Киелі-Ойыл көшпелі, Ново-Надеждинск (орталығы - Ново-Надеждинск ауылы), Преображенск (орталығы – Преображенск ауылы) көшірілді.
1923 жылдың басында Темір уезінің Бабатай болысы Қайыңды болысына қосылды.
1923 жылы 26 сәуірде Беловодск және Ново-Надеждинск болыстары Преображенскіге, Калинин және Петропавлов — Ново-Алексеевкіге, Николаев және Харьков — Жайсанға қосылды. Елек болысының орталығы Шашқан, Қарағанды болысыныкы — Қарағанды ауылы, Преображенск болысыныкы — Сазды ауылы, Тұзтөбе — Томарөткел ауылы болды. Қайыңды болысы Темір уезіне берілді.
1924 жылы 16 қаңтарда Ақбұлақ уезі таратылды. Оның аумағы Ақтөбе уезіне қосылды.
## Әдебиет
* Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) / Базанова Ф. Н. — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — 288 б. — 1500 таралым. |
Шалқар уезі — 1922-1928 жылдары болған Қырғыз (1925 жылдан бастап - Қазақ) АКСР Ақтөбе губерниясының әкімшілік-аумақтық бірлігі.
Орталығы Шалқар ауылында орналасқан Шалқар уезі 1922 жылы 5 шілдеде Шалқар ауданынан құрылған. Құрамында 6 болыс болды:
* Қабырға көшпелі
* Қарасай көшпелі
* Құланды көшпелі
* Толағай көшпелі
* Орда Қонған көшпелі
* Шыңғыл көшпелі
1924 жылы 15 қаңтарда Ырғыз уезі Шалқар уезіне қосылды. Оның аумағында 3 болыс: Ырғыз (орталығы – Ырғыз қ.), Қарабұтақ (орталығы – Қарабұтақ а.), Жаркөл көшпелі құрылды.
1924 жылы 25 қазанда Қабырға және Толағай болыстары Қарашоқат (орталығы – Қарашоқат стансасы), Қарасай мен Шыңғыл – Шалқар (орталығы – Шалқар ауылы), Құланды мен Орда Қонған болыстары – Шолақ Жиден (орталығы – № 7 ауыл) болыстарына біріктірілді.
1925 жылы 6 наурызда Ырғыз қаласы ауылға, ал Шалқар ауылы қалаға айналды.
1928 жылы 17 қаңтарда Қазақ АКСР-нің барлық уездері сияқты Шалқар уезі де таратылды.
## Әдебиет
* Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) / Базанова Ф. Н. — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — 288 б. — 1500 таралым. |
Можар ауданы — 1921 жылы сәуірден желтоқсанға дейін болған Ақтөбе губерниясының әкімшілік бөлінісінің бірлігі. Аудан орталығы Романкөл ауылы болды.
Можар ауданы 1921 жылы 12 сәуірде Ор уезі болыстарынан құрылған. Ауданда 21 болыс болды: Анастасьевск, Аралтөбе (көшпелі), Ащыбұтақ, Ащылысай (көшпелі), Борисовск, Жоғарғы Киімбай, Домбар, Екатеринославск, Естемес (көшпелі), Қайрақтысай, Қомсақ, Қомсақты (көшпелі), Қотан, Көшенсай, Можар, Тастыбұтақ (көшпелі), Теректі (көшпелі), Тоқан (көшпелі), Херсон, Ерзерум, Яковлевск.
1921 жылы 5 қазанда 7 болыс Орынбор губерниясына берілді. 1921 жылы 21 қазанда Теректі болысы жартылай Ақтөбе уезіне, бір бөлігі Орынбор губерниясына берілді.
1921 жылы 19 желтоқсанда Можар ауданы таратылды.
## Дереккөздер |
Хосият Рустамова (өзб. Xosiyat Rustamova; 1971 жыл 19 наурыз, Чустский ауданы, Өзбекстан КСР) — ақын, аудармашы, бірнеше сценарийдің авторы. Қазіргі уақытта «Китоб дунёси» («Кітап әлемі») газетінің бас редакторы. 2022 жылдан бастап – Өзбекстанда The World Poet Movement Дүниежүзілік поэзия қозғалысының үйлестірушісі.
## Өмірбаяны
1971 жылы 19 наурызда Наманган облысы, Чустский ауданы, Олмос ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Ташкент мемлекеттік университетінің (қазіргі Өзбекстан ұлттық университеті) журналистика факультетін бітірген. 2003 жылы Өзбекстан ұлттық университетінің өзбек әдебиеті факультеті жанындағы Жоғары әдеби курстарды бітірген. 2021 жылы АҚШ-тың Айова университетінің Халықаралық жазушылар бағдарламасын аяқтады.
## Марапаттар
Хосият Рустам 2004 жылы Өзбекстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Шухрат» медалімен және 2016 жылы «Өзбекстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» естелік белгісімен марапатталды. Ол бірнеше халықаралық поэзия фестивальдеріне қатысты. 2012 жылы Түркияның Бурса қаласында өткен поэзия бағыты бойынша халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды.
2015 жылы Әзірбайжанның Ұлттық және халықаралық Микаил Мушфик сыйлығымен,
2020 жылы – Нурангиз Гун атындағы халықаралық поэзия сыйлығы,
2021 жылы-Расул Ризо атындағы Халықаралық сыйлығымен марапатталды.
2017 жылы АМЕА Низами Ганджеви атындағы әдебиет институтының «Әзірбайжан мен Өзбекстан арасындағы ғылыми және әдеби қызметі үшін»сыйлығын алды.
2018 жылы Таиландта Поэзия бағыты бойынша халықаралық әдеби фестивальдің жоғары сыйлығын жеңіп алды.
2003 жылдан бастап - Өзбекстан Жазушылар Одағының мүшесі.
2019 жылдан бастап - Әзірбайжан Жазушылар Одағының мүшесі.
2021 жылы Наджи Нааман атындағы Халықаралық сыйлықтың жүлдегері атанды.
2021 жылы Ресей Жазушылар Одағының беделді «Алтын рыцарь» сыйлығымен марапатталды.
2022 жылы Ливандағы «Наджи Нааман Мәдениет Қоры» Халықаралық ұйымы (FGC) Хосият Рустамды «Мәдениеттің төтенше елшісі» деп жариялады.
## Қызметі
Хосият Рустам сонымен қатар жазушы, драматург, бірқатар әңгімелер, пьесалар, киносценарийлер жазды.
2015 жылы оның «Птица, не вместившаяся в небо» («Аспанға сыймайтын құс») пьесасы Өзбекстанның халық әртісі Мырза Азизовтың режиссурасымен Мукими атындағы Өзбекстанның жетекші театрларының бірінде қойылды. 2016 жылы Х. Рустам танымал өзбек кинорежиссері Хилол Насимов түсірген «Ковер» («Кілем») әңгімесіне негізделген «Магия смерти» («Өлім сиқыры») фильмінің сценарийін жазды. Сондай-ақ, ол Марина Цветаева, Евгений Евтушенко, Анна Ахматова, Борис Пастернак, Рамиз Равшан, Нигор Рефибейли, Ризо Халил, Фазил Кисакурак, Хусну Догларджи және әлемнің көптеген ақындарының өлеңдерін өзбек тіліне аударды. 2015 жылдан бастап елдің беделді «Китоб дунёси» газетінің бас редакторы.Хосият Рустамның шығармалары әлемнің 30-дан астам тіліне аударылған. Оның кітаптары бірқатар шет елдерде жарық көрді. Әлемге әйгілі жазушылар мен ақындардың өзбек тіліндегі Хосият РУСТАМ туралы мақалалары мен эсселері негізінде құрылған «Хосият» кітабы Өзбекстандағы және оның «KHOSIAT» ағылшын тіліндегі нұсқасы – Лондондағы «EGG London» баспасынан шығарылуға дайындалуда.
Әзербайжан мен Өзбекстан ТВ-мен бірлесіп іске асырылатын Хосият РУСТАМ туралы екі бөлімнен тұратын фильмнің түсірілімдері жалғасуда.
## Хосият Рустамның Өзбекстанда жарық көрген кітаптары
* “Осмондаги уй” (Аспандағы үй»)- Г. Гулям атындағы баспа үйі (1997)
* “ Нажот” («Құтқару») - «Маьнавият» баспасы (2003)
* “ Ридо” («Мантия») – «Янги аср авлоди» баспасы (2004)
* “ Юпанч” (« Жұбаныш») – «Наманган» баспасы (2005)
* “Девор” («Дуал») - Г. Гулям атындағы баспа үйі (2006)
* “ Август” - «Янги аср авлоди» баспасы (2008)
* “ 40:0 “ – «Академнашр» баспасы (2011)
* “Ишгол” («Жеңу»)- «Академнашр» баспасы (2011)
* “Унутилган йиллар”(«Ұмытылған жылдар»)- (өзбек және түрік тілдерінде, «Орзу» баспасы, (2014)
* «Бебош булутлар” (Непослушные облака») - «Узбекистан» баспасы, (2019)
* “Туннинг боши қоронгу” («Басында түн қараңғы») - «Янги аср авлоди» баспасы (2021)
* “Саргардон соялар” («Кезбе көлеңкелер»)– «Адабиёт» баспасы (2021)
* “Жигарранг дафтар” (Қоңыр дәптер») - Г. Гулям атындағы баспа үйі (2021)
* “44 кун“-өзбек және әзірбайжан тілдерінде, «Аржуманд медиа» (2021) Ташкент
## Шетелде шығарылған кітаптар
* «Болашақсыз күндер» – түрік тілінде. «Yeni kitaplar» баспасы, (2006) Түркия
* «Үрей» – әзербайжан тілінде, «Vektor» баспасы (2008) Әзербайжан
* «Махаббат анатомиясы» – қазақ тілінде, «Үш Қиян» баспасы, (2019) Қазақстан
* «Түрлі-түсті көз жасы»- ағылшын, «EGG London» баспасы, (2020) Ұлыбритания
* «Шаббу» – тәжік тілінде, «Балоғат» баспасы, (2020) Тәжікстан
* «Екі күн»- на турецком, «Günce Yayinlari» баспасы, (2020) Түркия
* «Желдің қаһар»- вьетнам тілінде, «NHA XUAT BAN HOI» баспасы, (2020) Вьетнам
* “ Лейли ағаштары» - әзербайжан, «Avropa» баспасы (2020) Әзербайжан
* «Оның есімі Лала»- әзербайжан, «Avropa» баспасы, (2020)
* «Ива ағашы» - әзербайжан және өзбек тілдерінде, «Türksoy» баспасы, (2020) Әзербайжан
* «Покоренный ветер»- белорус тілінде, «Вiшнёўка» баспасы, (2021) Беларусь
* «Қайралған бостандық» - татар тілінде, «Доля» баспасы, (2021) Симферополь
* «Алақандағы жұлдыз ” – украин тілінде, «Бураго» баспасы, (2021) Украина
* «По пятам за душой» («Адымдап жанға жеткенше») – серб тілінде, «Liberland Art» баспасы, (2021) Сербия
* «Бір уыс жел» – түркмен тілінде, «Günce Yayinlari» баспасы, (2021)
* «Восемь» - орыс тілінде, «Четыре» баспасы, (2021) Ресей
* «Мен қазip осьıндамьıн» – қазақ тілінде, «Аннур Сана» баспасы, (2022) Қазақстан.
* «Он үшінші ай» - испан тілінде, «Ayame-Editotial» баспасы, (2022) Мексика, Mexico
* «Ашық терезелер»- қарақалпақ тілінде, «Билим» баспасы, Нүкүс, (2022)
* «Мені жүрегіңнен ізде», - ағылшын, «Mundus Atrium Press» баспасы, (2023) АҚШ
* «Түссіз көз жастары» – араб тілінде, «Hassanbook» баспасы. Сауд Арабия, (2023 )
* “ Стихи и дневники ” – румын тілінде, «Bistrita-Nasaud» баспасы, (2023) осы жылы қарашада Румынияда жарық көреді.
## Дереккөздер |
Shakhmardan Yessenov Foundation немесе Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры – академик Шахмардан Есенов құрметіне Ғалымжан Есенов құрған қазақстандық коммерциялық емес ұйым. Қордың мақсаты негізгі білім беруді жалғастыру, кәсібилік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша нақты және жаратылыстану ғылымдарына маманданған студенттер мен қазақстандық жас ғалымдарды қолдау. Қор миссиясы – Қазақстанның зияткерлір әлеуетін арттыру.
## Тарихы
Shakhmardan Yessenov Foundation 2013 жылы Алматыда құрылды.
Ұйымға қазақ ғалым-теоретигі және практигі, геологі, ғылым ұйымдастырушысы, Қазақстанның қоғам және мемлекет қайраткері Шахмардан Есенов есімі берілген. Оның ісін жалғастыру арқылы Қор Қазақстанның зияткерлік әлеуетін дамытуды өз миссиясы ретінде анықтады.
2013-2023 жылдар аралығында демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуді ескере отырып, қордың бағдарламалары мен жобаларының саны - 50, қаржыландырудың жалпы сомасы - 3.9 млрд.тенге құрады. Көрсетілген кезеңдегі қайырымдылық қорының тікелей және жанама бенефициарларының саны 27 000-нан астам адамды құрады.
Қор жаратылыстану-ғылыми пәндермен, медицинамен, ақпараттық технологиялармен айналысатын студенттермен жас қазақстандық мамандарға оқуын жалғастыруға, біліктілігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектесумақсатында құрылған.
## Бағдарламалар
### Әлем университеттеріндегі ғылыми тағылымдамалар
Ұйым бакалавриат, магистратура, ординатура, интернатура студенттерін және жұмыс істейтін жас мамандарды (жаратылыстану ғылымдары, медицина, ақпараттық технологиялар саласындағы), өз оқу процесін (PhD, магистратура, тағылымдамалар, тренингтер, курстар және т.б.) жалғастыруға мақсаты бар, елдегі ғылымды дамытуға ынталы және белсенді қатысатын адамдарды қолдайды.
Қор жыл сайын ғылым саласында жұмыс істейтін қазақстандық студенттер мен мамандарға әлемнің ғылымизертханаларында үш айлық тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. 2023 жылдың желтоқсан айының деректері бойынша Satbayev University, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Сулейман Демирел университеті, Назарбаев Университеті, Шәкірім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицинауниверситеті сияқты және т.б. қазақстандық ЖОО 110 студенті бағдарламаның бенефициарлары болды. Бағдарламаның бенефициарлары Австралия, АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария, Оңтүстік Корея, Австрия, Франция, Испания, Малайзия және басқа елдердің университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
### Есенов стипендиясы
Шәкіртақы бағдарламасы - Шахмардан Есенов шәкіртақысы - Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында техникалық және жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша оқитын үздік бакалавриат студенттеріне жыл сайын қолдаукөрсетуге бағытталған. Shakhmardan Yessenov Foundation (2013-2023) ашылғалы бері 157 жас қазақстандық шәкіртақы иегері атанды. Қор бөлетін қаражат студенттерге тұру, үйге барып қайту, қосымша білім беру курстары, әдебиет алу, зерттеулер жүргізу, халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу және т.б. шығындарды төлеуге көмектеседі.
### IT-құзыреттерді дамыту
2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін қор жыл сайын Кремний алқабының IT-стартаптарында жарты жылдық тағылымдамадан өтуге 5 грант бөлген. 2018 жылдан бері деректер талдаушыларына Yessenov Data Lab жазғы мектебін өткізіп жатыр. 94 қазақстандық бағдарламаның бенефициарына айналды.
### Есенов оқулары
Есенов оқулары — бұл қазақстандық университеттерде Shakhmardan Yessenov Foundation өткізетін түрлі саладағы белгілі мамандардың қонақ дәрістері. Сарапшылардың сөз сөйлеуі студенттерге еңбек нарығына қойылатын талаптар туралы нақты түсінік алуға, соңғы трендтерді білуге, әлеуетін бағалауға және өзін-өзі дамытудың жаңа мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік береді.
Бағдарлама 2014-2020 жылдар аралығында жүзеге асырылды. Осы уақыт ішінде қор Қазақстанның 17 жоғары оқу орнында 88 дәріс өткізді. Онда 90 сарапшы сөз сөйлеп, дәрістерге 8 мыңға жуық тыңдаушы қатысты. «Есенов оқуларының» лекторлары Кембридж университетінің Жер туралы ғылымдар департаментінің басшысы Джеймс Джексон, пауэрлифтинг бойынша әлем, Еуропа мен Азия чемпионы Валихан Тен, альпинист Мақсұт Жұмаев, архитектор Әсел Есжанова, ресейлік биолог Петр Власов және McKinsey & Company басқарушы серіктесі Юкка Максимайнен, қор құрылтайшысы Ғалымжан Есенов, азаматтық қоғам маманы Айнура Абсеметова, энергетик Руслан Рақымбай, банкир Мағжан Әуезов және т.б. болды.
2019 жылдан бастап бағдарлама жоғары сынып оқушылары үшін Find Your Way (қаз. - Өз жолыңды тап) конференциясына айналды. 2019 жылдан бері Алматы қаласы мектептері мен университеттерінде төрт рет өтті. Бағдарлама шеңберінде мектеп оқушыларына пайдалы әрі қызық болатын, болашақ мамандықты таңдауға, жоғары білімді және өзін-өзі дамытудағы салаларды: психология, фактчекинг және журналистика, HR, спорт, ғылым, кәсіптік бағдар, бизнес, волонтерлік қызмет, IT меңгеруге көмектесу арқылы мотивациялық жаттықтырушылар, мамандар және әр түрлі саладағы сарапшылар сөз сөйлейді. Конференцияны өткізу барысында оған 1000-нан астам жас қазақстандық және 63 шақырылған сарапшы қатысты.
### Ағылшын тілін оқыту бағдарламасы
Ағылшын тілі бағдарламасы — бұл аймақтық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларынмамандықтары бойынша ағылшын тілін оқыту бағдарламасы. Қор екі жылда бір рет Қазақстанның аймақтық жоғары оқу орындары арасында конкурс өткізу, оқытушылардың, яғни тіл иелерінің еңбегі үшін ақы төлеу арқылы бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді және әрбір оқу жылының қорытындысы бойынша үздік студенттерге IETLS емтиханын тапсыру ақысын қаржыландырады.
2013–2016 жж. бағдарлама Ақтау қаласында Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде өтті.
2017–2019 жж. Қорқыт Ата ат. Қызылорда мемлекеттік университетінде өтті.
2019–2021 жж. ол «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-та жүзеге асырылды.
2022–2024 жж. – Петропавлдағы Kozybayev University-де.
Жалпы алғанда бағдарламаға Қазақстанның аталған жоғары оқу орындарынан 1181 студент пен оқытушы қатысты.
## Қор шығарған кітаптар
* П. Капица «Все простое — правда» (2000 дана)
* Б. Стадничук «Сократ» (2000 дана)
* В. Тен «Другой ты» (2000 дана)
* «Землетрясения: Что? Почему? Как?»
* Ш. Есенов. Библиография (700 дана)
* Шетелдік жоғары оқу орындары мен PhD тағылымдамаларына түсу бойынша нұсқаулық
* А. Костенюк «Шахмат жазбалары» қазақ тілінде (2000 дана)
* «Қазақстандағы ҮЕҰ және волонтерлік» бойынша нұсқаулық (электронды басылым)
* «Үстiрт құпиясы» жолсерігі (1200 дана, қазақ, орыс, ағылшын)
* Физика комиксте (10 шығарылым, 14 720 дана, қазақ, орыс)
* В. Тен «Биохакинг твоего тела» (1 000 дана)
* В. Тен «Биохакинг твоего тела» қазақ тілінде (500 дана)
* Қазақ және орыс тілдеріндегі 2,3,4 сыныптарға арналған шахмат бойынша оқу-әдістемелік кешен.Әдістемелік құралдан, оқулықтан және жұмыс дәптерінен тұрады (14 000 дана).
Қор ұйымдастырған ғылыми конференциялардың ішінде 2016 жылдың қыркүйегінде «Орталық Азиядағы жер сілкінісі және оның қауіптері туралы ғылым» атты конференция болып өтті, оған 10 елден 34 ғалым қатысты.
### Пилоттық бағдарламалар
2018 жылы қор «Магистратурада оқу» пилоттық бағдарламасын өткізді. Бағдарлама шеңберінде 4 жас қазақстандық конкурсты жеңіп алып, магистратура оқуын аяқтады.
2022 жылы Shakhmardan Yessenov Foundation алғаш рет аз қамтылған қазақстандықтар үшін «Өрлеу» бағдарламасының конкурсын өткізді. Оның жеңімпаздары – төрт мектеп түлегі – қор есебінен өздері таңдаған жоғары оқу орнының бакалавриатында бір жыл оқу мүмкіндігін алды. Сондай-ақ қор 2023 жылы осы бағларламаның конкурсын өткізіп, нәтижесінде 5 жас адам (оның екеуі – бағдарламаның бірінші жылының жеңімпаздары) Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болды.
2023 жылы қор алғаш рет Yessenov Launch Pad, яғни «икемді» («soft», – кәсіби емес) және «қатты» («hard», – кәсіби) дағдыларды дамыту бойынша қосымша оқытуға арналған гранттар бағдарламасын жүргізді. Оның жеңімпаздары – қор бенефициарлары 14 жас қазақстандық болды.
### Волонтёрлік және демеушілік қызмет
«SOS командасы» волонтерлердің үйлестіру орталығы – бұл волонтерлердің күш-жігерімен әлеуметтік маңызы бар істерді іске асыруға, азаматтық қоғамды дамыту құралы ретінде Қазақстандағы ерікті қызметті ілгерілетуге бағытталған жоба. «SOS командасының» жыл сайынғы маңызды жобалары — «Тілектер шыршасы» (250-ден астам бала оның бенефициарлары болды) және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған Special Olympics Kazakhstan спорттық лагері (70 волонтер және 235 бала лагерь қатысушылары болды). 2018 жылдың тамыз айында «SOS командасы» «7 үшін 7» қайырымдылық акциясын өткізді, нәтижесінде Алматы қ. арнайы түзету білім беру мекемелерінен ерекше қажеттіліктері бар 115 бала мектепке дайындалды.
2015 жылдың шілдесінен 2020 жылдың наурызына дейін қор Қазақстан шахмат федерациясы[34] мен оның барлық спорттық іс-шараларының демеушісі болды, олардың ішінде Орталық Азия кубогы (2015), блиц бойынша Еуразия кубогы (2016), Ерлер мен әйелдер арасындағы ҚР ашық халықаралық турнирі (2016-2019), ерлер мен әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты (2019), Сеньорлар арасындағы Азия чемпионаты (2019), әлемнің үздік балалар командалары арасындағы В. Дворкович кубогы (2019) және т. б. 2015 жылдың маусымынан 2020 жылдың қаңтарына дейін барлығы 25 халықаралық және 63 республикалық турнир өткізілді. Қазақстан шахматшылары 66 халықаралық турнирге қатысты.
2017 жылдың наурыз айында қор «Алматы Марафоны» атты Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру іс-шарасының құрылтайшысы болды.
2017 ж. бастап 2019 ж. дейін қор Жер туралы ғылымдар бойынша халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар командасының демеушісі болды.
## Дереккөздер |
Байрамалы атырабы (түрікм. Baýramaly etraby) — Түрікменстанның Мары уәлаятындағы атырап.
## Тарихы
1925 жылы қаңтарда Түрікмен КСР Мерв округінің Байрамалы ауданы болып құрылған.
1926 жылы тамызда Мерв округі таратылып, Байрамалы ауданы Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды.
1939 жылы қарашада Байрамалы ауданы жаңадан құрылған Мары облысына берілді.
1957 жылы 12 желтоқсанда таратылған Уәкілбазар ауданы аумағының бір бөлігі Байрамалы ауданына қосылды.
1963 жылы қаңтарда Мары облысы таратылып, Байрамалы ауданы қайтадан Түрікмен КСР-не тікелей бағынышты болды.
1970 жылдың желтоқсанында аудан қайтадан қалпына келтірілген Мары облысының құрамына енді.
1988 жылы тамызда Байрамалы ауданы таратылды.
1992 жылы Байрамалы ауданы Мары уәлаятының құрамына еніп, Байрамалы атырабы деп атауын өзгертті.
## Сілтеме
* Дүниежүзілік тарихи жобаМұрағатталған 27 желтоқсанның 2010 жылы.
## Дереккөздер |
Уәкілбазар атырабы (түрікм. Wekilbazar etraby) — Түрікменстанның Мары уәлаятындағы атырап. Әкімшілік орталығы — Молланепес атындағы кент.
## Тарихы
1938 жылы желтоқсанда Түрікмен КСР Уәкілбазар ауданы болып құрылған. 1939 жылы қарашада Уәкілбазар ауданы жаңадан құрылған Мары облысына берілді. 1957 жылы 12 желтоқсанда Уәкілбазар ауданы таратылып, оның аумағы жартылай Мары ауданына, бір бөлігі Байрамалы ауданына берілді.
1975 жылы ақпанда Мары облысының құрамында Уәкілбазар ауданы қалпына келтірілді. 1992 жылы Уәкілбазар ауданы Уәкілбазар атырабы болып өзгертіліп, Мары уәлаятының құрамына енді.
## Сілтеме
* Дүниежүзілік тарихи жоба
## Дереккөздер |
Астана әкімі — Астана қаласы атқарушы билігінің жоғары органын басқаратын жоғары лауазымды тұлға. Лауазым Қазақстан елордасының 1997 жылы Алматыдан Астанаға көшірілген салысымен құрылған. Оның қазіргі иесі — Жеңіс Қасымбек.
## Тарихы
1992 жылғы 6 шілдеде Целиноград қаласына оның "Ақмола" тарихи атауы қайта берілді. Сол жылы қала басшысы болып Аманжол Қуанышұлы Бөлекпаев тағайындалған еді және оның көшбасшылығы тұсында лауазым атауы Ақмола қалалық әкімшілігінің басшысы атауынан Ақмола қаласының әкімі атауына көшті. 1997 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан елордасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді. 1998 жылғы 6 мамырда президент Назарбаевтың жарлығымен қала атауы Астана етіп ауыстырылды және қала басшысының лауазымы сәйкесінше Астана әкімі болды.
Билікке жаңа келгенде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласы атауының Нұрсұлтан Назарбаев құрметіне Нұр-Сұлтан болып аталғанын ұсынды. Парламент кейін бұл шешімді қолдады да, қала атауы өзгертілді және қала басшысының лауазымы сәйкесінше Нұр-Сұлтан әкімі болды. 2022 жылғы 17 қыркүйекте қалаға "Астана" атауы қайтарылды да, қала әкімдігінің басшысы қайта Астана әкімі болды.
## Әкімдер тізімі
## Дереккөздер |
Жақыпбек Жанғозин (20 қазан 1913, №2 ауыл, Ақмола облысы, Ресей империясы — 10 қазан 1969, Қарағанды, Қазақ КСР) — кеңестік қазақ партия әрі мемлекет қайраткері. Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің төрағасы (1947 – 1951). Қазақ КСР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары (1951 – 1953).
## Өмірбаяны
1931 жылы Семей кооперативтік техникумын, 1936 жылы — Мәскеу кеңестік кооперативтік сауда институтын, 1941 жылы — БК(б)П ОК қарамағындағы жоғары партия мектебін бітірді.
* 1936-1937 жылдары — Алматы қалалық БЛКЖО комитетінің бөлім меңгерушісі болды,
* 1937-1938 жылдары — Қазақстан ЛКЖО ОК бөлім меңгерушісі болды,
* 1938-1939 жылдары — №51 орта мектеп директоры болды,
* 1939-1940 жылдары — Алматы педагогикалық училищесінің директоры болды,
* 1940 жылы — Қазақстан КП(б) Алматы қалалық комитеті ұйымдастыру-нұсқау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды,
* 1941-1942 жылдары — Қазақстан КП(б) ОК кадр бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан КП(б) ОК сауда және қоғамдық тамақтандыру бөлімінің меңгерушісі болды,
* 1942-1943 жылдары — Қазақстан КП(б) Қарағанды облыстық комитетінің сауда және қоғамдық тамақтандыру жөніндегі хатшысы болды,
* 1943-1945 жылдары — Қазақстан КП(б) Алматы облыстық комитетінің екінші хатшысы болды,
* 1945—1951 жылдары — Қазақстан КП(б) Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшысы болды,
* 1947—1951 жылдары — Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің төрағасы болды,
* 1951-1953 жылдары — Қазақ КСР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары болды,
* 1953-1957 жылдары — Қазақ КСР Сауда министрі болды,
* 1957-1960 жылдары — Ақмола облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы болды,
* 1960—1963 жылдары — Павлодар облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы болды,
* 1963-1964 жылдары — Павлодар ауылдық облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болды,
* 1964-1968 жылдары — Павлодар облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы болды.
* 1968-1969 жылдары — Қарағанды облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы болды.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылым депутаты (1946-1950).
## Марапаттары мен атақтары
* Ленин ордені,
* II дәрежелі Отан соғысы орденімен,
* екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен,
* «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.
## Әдебиет
* XXI съезд КПСС. Стенографический отчёт, тт. 1-2. — Москва, 1959.
* Meissner B. The Communist Party of the Soviet Union. — Westport, 1975.
## Сілтеме
* 1898-1991 ж. Коммунистік партия мен Кеңестік одағының тарихы жайлы анықтамалық |
Шыңғыс Талғатұлы Әбдібек – қазақстандық кинорежиссер, кинематограф және актер.
## Балалық шағы және білімі
1990 жылы 12 маусымда Жамбыл облысында туған. 2006 жылы Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжіне «Кино және драма актері» бөліміне оқуға түсті. Оқу ордасының қабырғасында актерлік шеберлікпен қатар, сахна тілі, хореография, тележүргізушілік секілді бағыттар бойынша сабақ алды. Кейін, 2009 жылы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына «Кино және телевидение режиссурасы» атты мамандыққа оқуға түсіп, 2014 жылы тәмамдады.
## Өнер жолы
### Жүргізуші
Өнер жолын 2008 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Айгөлек» бағдарламасынан басталды. Тележүргізуші ретінде көпшіліктің көзайымына айналып, балалармен тіл табысу және камера алдында жұмыс істеу машығын меңгерді. 2010 жылы "Балапан" арнасындағы "Шеберхана" деген бағдарламаны жүргізді. Қазіргі таңда YouTube бейнехостингінде «Ғибратнама» атты авторлық арнасын жүргізеді.
### Актер
Шыңғыс актер ретінде «Тарзаман» тарихи кинокартинасы арқылы көпшілікке танылды. Елімізде кинотеатрларда көрсетілімге шыққан бұл картинада Қазихан рөлін сомдады. Бұл алғаш болып, қызылдар қатарына өтіп кеткен сатқын рөлі көрермендер мен сыншылар арасында жоғары бағаға ие болды. Сондай-ақ, қазақстандық республикалық телеарналарда көрсетілген «Тасөткел», «Қаламгер», «Бекзат», «Сарай сыры» секілді тарихи фильмдерде әр түрлі рөлдерде ойнады.
### Режиссер
Ал, режиссерлік кәсіби мансабын «Балапан» телеарнасына «Күлегеш», «Еуразия» арнасына «Ұшқалақ» секілді балаларға күлдіргі кинофильмдерді түсіруден бастады. Бұл жұмыстар балалар арасында аса танымал болды. Оған YouTube хостингіндегі милиондаған қаралым дәлел. Сонымен бірге, отандық телеарналарға қоюшы режиссер ретінде «Мектеп», «Алпыстан асып барамын» атты 30 бөлімнен тұратын сериалдар түсірді. Ал, 2022 жылы «Біз» атты драмасымен көрерменді қуантты.
Кино индустриядағы толықметражды режиссерлік тырнақалды туындысы «Бауыр» атты фильмі 2021 жылы түсіріліп, 2022 жылы республика бойынша кинотеатрларда көрсетілді.
Қамшы сайты Бауыр фильмі жайлы “Бюджетсіз фильм”: Алматылық энтузиастер түсірген фильм кинотетрларға шықты деп жазды.
Кино индустриядағы толықметражды режиссерлік тырнақалды туындысы «Бауыр» атты фильмі 2021 жылы түсіріліп, 2022 жылы республика бойынша кинотеатрларда көрсетілді. Бүгінде “Карточный долг” деген атаумен бұл фильм Кинопоиск хостингі арқылы Ресей және барша орыстілді әлемге шығарылды.
## YouTube-жобалары:
2023 жылдан бастап “Білім-Қазына” қорының қолдауымен “Бабалар ізімен” атты көпциклі подкасттар сериясын түсіреді. Түркістан, Шымкент, Өзбекстандағы бабаларымыздан қалған мұраны қайта жаңғыртуға, жаңашыл көзқараспен түсіріп, көрерменге ұсынуда. Өзі автор-жүргізуші ретінде “Ғибратнама” подкастын жүргізеді.
## Фильмография
## Актер ретінде түскен телехикаялар
## Телеарналарда жүргізген бағдарламалары
## БАҚ беттерінде
Балаларға арналған фильм түсіріліп жатыр.
Youtube-та "КҮЛЕГЕШТІ" екі миллионнан аса адам көрді.
Қазіргі қоғамды қаз-қалпында көрсеткім келді.
## Киноафишалар
## Фотогалерея
## Басқа да мәліметтер:
### Марапаттары
2022 жылы Шу ауданына сіңірген еңбегі үшін медалінің иегері.
### Отбасылық жағдайы:
Үйленген, үш баласы бар.
## Сыртқы сілтемелер
Алтын тамыр 19.01.2023 Шыңғыс Әбдібек, Жандос Дүйсенбаев
История о двух братьях, пытающихся найти выход в безвыходной ситуации. Криминальная драма, основанная на реальных событиях.
«БАУЫР» ФИЛЬМІ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ
«Бауыр»: Түрмеде қарызға кірген бауырын құтқара алды ма?
Режиссер Шыңғыс Әбдібек: «Бауыр» атты фильм арқылы өзіміздің менталитетімізді көрсеткім келді.
Шыңғыс Әбдібектің «Бауыр» атты фильмінің тұсаукесері өтті.
Шыңғыс Әбдібек - актёр режиссёр.
## Дереккөздер |
Темірғали Қожабергенов (1905, №24 ауыл, Ақбұлақ ауданы, Орынбор облысы, Ресей империясы — ?) — кеңестік партия және мемлекет қайраткері, заңгер.
## Өмірбаяны
1905 жылы Орынбор облысы Ақбұлақ ауданының №24 ауылында дүниеге келді. 1938 жылдан бастап БК(б)П мүшесі. 1929 жылы Орта Азия заң техникумын бітірген.
* 1929-1930 жылдары — Ақтөбе облысы Ақтөбе ауданының халық соты болды.
* 1930-1933 жылдары — Ақтөбе облысы Темір ауданының халық соты болды.
* 1933-1936 жылдары — Ақтөбе облыстық сотының мүшесі болды.
* 1936-1937 жылдары — Бір жылдық академиялық курстың тыңдаушысы (Мәскеу қ.) болды.
* 1937-1938 жылдары — Орал облыстық соты төрағасының орынбасары болды.
* 1938-1939 жылдары — Қазақ КСР Жоғарғы Соты төрағасының орынбасары болды.
* 1939 ж. (сәуір) - 1941 ж. (мамыр) — Казақ КСР Жоғарғы Сотының төрағасы болды.
* 1941-1945 жылдары — Семей облыстық сотының төрағасы болды.
* 1945 жылы (наурыздан бастап) — Алматы адвокаттар алқасының төрағасы болды.
## Дереккөздер |
Қазақстан Ғарыш Сапары — Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы салааралық бағдарламаларды әзірлейтін және іске асыратын ұлттық компания.
«Қазғарыш» Ұлттық компаниясы» АҚ жарғы капиталында 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен 2005 жылы 17 наурызда құрылды. 2007 жылы 2 тамызда компания «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы болып өзгертілді. Компанияның жалғыз акционері - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті.
## Негізгі қызметтері
* Қазақстан Республикасының ғарыш қызметi саласында ағымдағы, ұзақ мерзiмдi салааралық бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
* Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерiн шешуге және ұлттық қауiпсiздiгін қамтамасыз етуге бағытталған тиiмдiлiгi жоғары ақпарат және ғарыш технологияларын құру;
* ғылымды қажетсiнетiн ғарыш технологиялары мен техникасын құру жөнiнде ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргізу;
* халықаралық ғарыш станциясында iргелi және қолданбалы зерттеулердi орындау үшiн ұшқыш басқаратын ғарыш ұшыруларын пайдалану
* ұлттық қауiпсiздiкті, қорғанысты, қоршаған ортаны қорғауды, төтенше жағдайларды болжауды және мониторингтеудi қамтамасыз ету жөнiндегі мемлекеттік тапсырысты орындауға қатысу
## Басшылары
* Серік Тұржанов 2005-2006
* Азамат Батырқожа 2006-2008
* Ғабдуллатиф Мырзақұлов 2008-2013
* Марат Нұрғожин 2013-2016
* Ерғазы Нұрғалиев 2016-2018
* Азамат Батырқожа 2018-2019
* Еркін Шаймағамбетов 2020-2021
* Айдын Айымбетов 2021-2024
* Қайыржан Қожаев 2024-
## «Ghalam» компаниясы
"Ghalam" ЖШС — 2010 жылы құрылған қазақ-француз бірлескен кәсіпорны. Жоба 2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан мен Франция үкіметтері арасындағы "Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін және ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы" келісім шеңберінде іске асырылды. "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясының үлесі 72 %, Аэроғарыш комитетінің үлесі 0,5 %, Airbus Defence & Space компаниясының үлесі 27,5 %-ды құрайды.
## Жобалары
### Жерді қашықтықтан зондтау
* "KazEOSat-1" спутнигі — Қазақстанның жерді қашықтықтан зондтаушы (жерді ғарыштық құрылғымен бақылаушы) бірінші жер серігі. 2014 жылғы 30 сәуірде Астана уақыты бойынша таңғы сағат 7:35-те Францияның «Куру» ғарыш айлағынан сәтті ұшырылды. Айыру қабілеті жоғары жерсерік – «KazEOSat-1» қалалық ортадағы, сондай-ақ қорғаныс мақсаттарындағы объектілер мен өзгерістерді анықтау үшін егжей-тегжейлі түсірілім жүргізуге мүмкіндік береді.
* "KazEOSat-2" спутнигі — Жерді қашықтықтан зондтаушы (ЖҚЗ) екінші қазақстандық спутник. Орынбор облысындағы (Ресей) «Ясный» ұшыру базасынан 2014 жылғы 20 маусымда Астана уақытымен сағат 01:11-де ұшырылды. «KazEOSat-2» айыру қабілеті орташа жерсерігі кең аумақтарға мониторинг жүргізуге және ауыл шаруашылығы алқаптары, табиғи ресурстар және т.б. сияқты алаңдық объектілердің жай-күйін тіркеуге арналған.
* "KazSTSat" микроспутнигі — 2018 жылғы 4 желтоқсанда Астана уақытымен 00:32-де Ванденберг базасынан (Калифорния, АҚШ) ұшырылды. Спутникті 2015 жылдан бастап SSTL (Surrey Satellite Technology Ltd) британиялық компаниясының базасында «Ғалам» бірлескен компаниясындағы қазақстандық мамандар құрастырған.
### Жердің магниттік өрісін зерттеу
* "KazSciSat 1" кубсаты — 2018 жылғы 4 желтоқсанда Ванденберг базасынан "KazSTSat" спутнигімен бірге ұшырылды. «Ғалам» бірлескен компаниясы (LLP Ghalam) құрастырған. Ғылыми наноспутник Жердің магниттік өрісін өлшеуге арналған.
### Ашық геосервистер
* agroopen.gharysh.kz
* forestopen.gharysh.kz
* geokgsopen.gharysh.kz
* pastureopen.gharysh.kz
* wasteopen.gharysh.kz
* wateropen.gharysh.kz
* zheropen.gharysh.kz
* mchsopen.gharysh.kz
* nedroopen.gharysh.kz
* jerkarta.gharysh.kz
* landuse.gharysh.kz
* emer.gharysh.kz
* fpopen.gharysh.kz
## Дереккөздер |
Азаматтарға арналған үкімет — мемлекеттiк қызмет көрсету саласында қызметтердi «бiр терезе» қағидаты бойынша жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы бiрегей провайдер.
Корпорацияның жалғыз акционері — ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі. Ал құрылтайшысы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
## Құрылу тарихы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы «100 нақты қадам» бағдарламасына енгізілген қадамдардың бірі - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясын құру болды. Мемлекеттік корпорация Канададағы Canada Service және Австралиядағы Centrelink үлгісі бойынша барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарын бір жүйеге біріктіру арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай провайдеріне айналып, Қазақстан азаматтарына мемлекеттік қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №39 қаулысында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы», ҚР Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы», ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын біріктіріп, жарғылық капиталына мемлекет 100% қатысатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы айтылды.
2016 жылы 7 сәуірде ҚР Үкіметінің осы қаулысы негізінде аталған мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды.
ҚР Әділет министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі №820 бұйрығымен 2023 жылы 1 шілдеден бастап Азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі (АХАТ) жергілікті атқарушы органдардан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілді. Бұл ретте некені тіркеу үшін өтініш беру рәсімі өзгеріссіз қалды. Оны аудандық және қалалық АХАТ бөлімдері орындайды. АХАТ функциясының мемлекеттік корпорацияға берілудегі басты себептің бірі – АХАТ электронды базасында жүргізілген цифрландырудың сапасыздығы болды.
## Құрылымы
* Персоналды басқару департаменті
* Бухгалтерлік есеп департаменті
* Экономика департаменті
* Мемлекеттік сатып алу департаменті
* Әкімшілік-шаруашылық қызмет департаменті
* Заң жұмысы департаменті
* Бақылау-ұйымдастыру және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті
* Маркетингтік талдау және коммерцияландыру департаменті
* Ақпараттық технологиялар департаменті
* Халыққа қызмет көрсету орталықтарын дамыту департаменті
* Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын дамыту дирекциясы
* Стратегия, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру және жобаларды басқару департаменті
* Жер кадастры департаменті
* Тіркеу қызметі департаменті
* Жылжымайтын мүлік департаменті
* Мониторинг және әлеуметтік әріптестік департаменті
* Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры департаменті
* «E-Өтініш» пен «Е-Нәтиже» жөніндегі жобалық кеңсе
* Азаматтарды қабылдау орталығы
* Жылжымайтын мүлік саласындағы сервистік технологиялар қызметі
* Сапаны бақылау департаменті
* Ахуалдық орталық
* Бірыңғай байланыс орталығы
* Тәуекел-менеджмент қызметі
### Филиалдары
Республиканың әр облыс орталығында корпорацияның филиалы, әр аудан орталығында сол филиалдың халыққа қызмет көрсету бөлімдері жұмыс істейді.
## Қызметтері
* мемлекеттік қызметтер көрсету
* табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беруге
* табиғи монополия субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру
* квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету
* коммерциялық ұйым түріндегі заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептік тіркеу
* жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын дайындап беру, жер учаскесіне құқықты мемлекеттік тіркеу
* бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатынан төленетін зейнетақы төлемдерін ұйымдастыру, атаулы әлеуметтік көмек пен өзге де төлемдерді төлеу
* азаматтық хал актілерін тіркеу
## Жұмыс уақыты
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
## Басқарма төрағалары
* Данияр Қағазбекұлы Ереншінов (2016-2017)
* Абылайхан Есенұлы Оспанов (2017-2019)
* Әсемгүл Серікқызы Балташева (2019-2021)
* Әділ Ғалымжанұлы Қожықов (2021-2022)
* Сүйеніш Төлеуханұлы Әбділдин (2022-2023)
* Арман Шоқанұлы Кенжеғалиев (2023-)
## Халыққа қызмет көрсету орталығының даму тарихы
2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «бір терезе» қағидасы бойынша халыққа қызмет көрсететін орталық ашу көзделді.
2005 жылғы 24 мамырдағы Үкімет қаулысымен пилоттық жоба ретінде Астана қаласында 2 және Алматы қаласында 6 халыққа қызмет көрсету орталығы ұйымдастырылды.
2007 жылы 5 қаңтарда Үкімет қаулысымен Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi — халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) құрылды. Сол кезде республиканың 16 қаласында 30 ХҚКО жұмыс істеді. Осы уақыттан бастап аудандарда да жаппай халыққа қызмет көрсету орталықтары ашыла бастады.
2011 жылы 11 қарашада Үкімет қаулысымен Байланыс және ақпарат министрлігінің комитетіне қарайтын «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Кәсіпорын сол кезде болған 25 республикалық мемлекеттік мекемені біріктірді.
2012 жылы 8 желтоқсанда Президент жолдауына орай Қарағанды қаласында автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметтерін көрсететін елдегі алғашқы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды.
## Халыққа қызмет көрсету орталықтарының саны
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.