text
stringlengths
3
252k
Ӏлияс Есенберлин (10 қаңтар, 1915 жылы қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласы — 5 қазан, 1983, Алматы) — қазақ жазушысы. ## Еңбек жолы Арғын тайпасы Қуандық руының байдалы бөлімінен шыққан. * 1940 жылы Қазақ тау-кен институтын бітіріп, Жезқазған рудниктерінде инженер болады. Ұлы Отан соғысына қатысқан. * 1942-1947 жылдар аралығында Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы, * 1951 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры, * 1953-1954 жылдары ҚР Геология министрлігінде аға инспектор, * 1954-1955 жылдары Берсүгір шахта басқармасының (Ақтөбе облысы) бастығы, * 1955-1957 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының аға редакторы, * 1958-1967 жылдары "Қазақфильм" киностудиясының аға редакторы, сценарий редколлегиясының мүшесі, * 1967-1971 жылдары "Жазушы" баспасының директоры, * 1971-1975 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы болып қызмет атқарады. Атбасар қаласындағы мектепке, Алматыдағы бір көшеге І. Есенберлин есімі берілген. ## Шығармашылығы І.Есенберлин қазақ әдебиетінде өнімді еңбек еткен аса көрнекті жазушылардың бірі. Алғашында ақын ретінде танылған оның шығармалары 1940 жылдан бастап жарық көре бастайды. 1945 жылы «Сұлтан», «Айша» дастандары, «Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағы (1949), революционер, большевик Ә. Майкөтовке арналған «Большевик туралы поэмасы» (1957), «Біржан сал трагедиясы» (1959) дастандары жарияланды. 1960 жылдары проза жанрына қалам тарта бастады. «Өзен жағасында» (1960), «Толқиды Есіл» (1965), орыс тілінде жазылған «Адам туралы ән» (1957) атты повестері жарық көрді. «Айқас» (1966), «Қатерлі өткел» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Қаһар» (1969), «Алмас қылыш» (1971), «Алтын құс» (1972), «Жанталас» (1973), тың туралы «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974) романдары, «Көшпенділер» трилогиясы (1976), Алтын Орда трилогиясы (1982-1983), «Махаббат мейрамы», «Алыстағы аралдар» (1983), «Аққу құстың қуанышы» (1984) романдары, шығармаларының онтомдық жинағы (1984-1990) жарияланды. Есенберлиннің «Маңғыстау майданы», «Аманат» (1978) романдары қазақ әдебиетіндегі сүбелі шығармалары қатарында. Кеңес өкіметі]] жылдарында туып қалыптасқан қазақ интеллигенциясының өмірін, олардың қазақ даласында социалистік өнеркәсіп орнату жолындағы қажырлы еңбегін, ескіліктің адам санасындағы қалдығына қарсы күресті баяндайтын "Айқас" романына 1968 жылы Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Ӏлияс Есенберлиннің орыс тілінде шыққан «Песня о человеке» (1956) романы 1958 жылы қытай тіліне аударылады. "Таудағы тартыс" (1962) пьесасы Алматыдағы Балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды. М.Ерзинкянмен бірігіп жазған «Құйма» (1961) киносценарийі бойынша түсірілген фильм бүкіл кеңес және венгр, поляк, болгар экрандарында көрсетілді. Ӏлияс Есенберлин прозасы түгел дерлік орыс тіліне аударылды. «Схватка» («Айқас», 1957); «Опасная переправа» («Қатерлі өткел», 1970); «Влюбленные» («Ғашықтар», 1970); «Хан Кене» («Қаһар», 1971); "Заговоренный меч" («Алмас қылыш», 1973); «Отчаяние» («Жанталас», 1974); «Прикрой своим щитом» ("Көлеңкеңмен қорғай жүр", 1976); "Мангистауский фронт" ("Маңғыстау майданы", 1981); «Золотая Орда» («Алтын Орда», 1985) деген атпен Мәскеулік және республикалық баспалардан жарық көрді. Жекелеген шығармалар украин, латыш, литва, өзбек, алтай, башқұрт, қарақалпақ, венгр, поляк, ағылшын, француз, қытай, неміс, араб, испан тілінде жарияланды. Олардың ішінде «Көшпенділер» трилогиясы, «Адам туралы ән», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «Айқас» романдары бар. I. Есенберлин қырыққа жуық ән мәтінін жазды. Ол К. Д. Ушинскийдің «Әңгімелері мен ертегілерін» (1945), М. Жулявскийдің Вьетнам өміріне арналған «Қызыл дария» (1956) романын қазақ тіліне аударды. Есенберлин Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. ## Тарихи романдары Есенберлиннің нағыз жазушылық орнын белгілеген шығармалары — «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» атты тарихи романдары. Тарихи романдар деп өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады. Жазушылар тарихи романда тарихты жаңғыртумен шектеліп қоймай, адамгершілік, психологиялық, мәдени мәселелерді біртұтас көтеруге көңіл бөледі. Жазушы I. Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХV-ХІХ ғ.ғ. тәуелсіздік үшін табанды күресін көркем суреттейді. Осы жолдағы қыруар қиындықты, ішкі қайшылықтарды, адами қатынастарды, олардың әрекеті мен мінез-құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт-сананы көрсетеді Тарихи жазба деректерге, шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелерге сүйене отырып, қаламгер қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасайды. "Алмас қылыш" романы — XV ғ. оқиғаларынан аса көп мағлұматтар бере алады және ол оқиғалардың жылнамалық реті сақталған. Сол себепті де оны роман-хроника деп атауға болады. Роман-хроника болғандықтан, онда көптеген тарихи оқиғалардың тізбегі басым келуі — жанрлық заңдылық. "Алмас қылыш" романында Дешті Қыпшақтың (бұрынғы қазақ елінің бір атауы) қаһарлы ханы Әбілхайырдың кезінде қазақ руларының қазақ хандығы қол астына топтасуы, бір жағы — Әбілхайыр, екінші жағы — Жәнібек, Керейлердің тақ пен тәж үшін таласы, хан ордасындағы шытырман оқиғалар, алдау мен зорлықтар тізбегі баяндалған. Кітаптың бірінші бөлімі — Әбілхайыр ұлысының екіге бөліну жағдайын көрсетуге арналса, екінші бөлімі қазақ хандығының ішкі, сыртқы жауларымен кескілескен күрес үстінде шынығып ширауы, бұл жолдағы қыруар кедергілер мен қиындықтар көрсетілген. Романның басты идеясы — қазақ руларының бірлесу, бір хандықта ынтымақ құру мәселелері. Шығармада басты қаһарман Әбілхайырдың, сондай-ақ Жәнібек, Мұхаммед Шайбани, Бұрыңдықтардың, тағы басқа тарихта болған қайраткерлердің бейнелері жасалған. Автор олардың күрделі тұлғаларын бойындағы қайшылықтарын ашып көрсету береді. Мәселен, Әбілхайыр, бір жағынан, айлакер, ақылды айбарлы ел басшысы болса, екінші жағынан, өз мақсаты жолында ешбір арамдық, азғындықтан тайынбайтын мейірімсіз, қандықол. Оның жүздеген жылдарға созылып, әріден келе жатқан Шыңғыс ханның үрім-бұтағының озбырлық саясатын жалғастырушы екенін де автор жасырмайды, хан екен деп, орынсыз дәріптемейді. Қалың әлеумет адамдары да романның басты идеясын ашуда елеулі қызмет атқарады. Мәселен, Асан Қайғының Бердібек пен Әбілхайырға айтатын қатал сын сөздері, Әбілхайырдың Керей мен Жәнібек елін шабам деген екпінінің қол астындағыларының қолдамауынан су сепкендей басылуы сияқты көріністер бұған айғақ. Мұнда халықтың жақсы қасиеттерін бойына дарытқан Қобыланды, Қазтуған, Саян, Орақ секілді кейіпкерлер романның идеялық жүгін едәуір көтеріп тұр. Мәселен, Қазтуған мен Қотан ақындардың айтысы арқылы роман бүкіл қазақ даласының тарихи көрінісін, шежіресін береді, халықтың сан ғасырлық өмірін, күрестерін, олардың сыры мен сипатын айтады. Трилогияның "Қаһар" атты кітабында I. Есенберлин XIX ғ. 30-40 жылдарындағы Кенесары Қасымов бастаған Ресей отаршылдығына қарсы қозғалыстың жай-күйін әңгімелейді. Мұнда жазушы жұртқа бұрыннан белгілі тарихи оқиғаларды тізе отырып, ондағы адамдардың күйініш-сүйінішімен, арман-өкінішімен, мұратымен, кейіпкерлер тағдырымен байытып көрсетеді. "Қаһарда" қазақ даласында тәуелсіз хандық орнатуды мақсат еткен Кенесарының қол жиып күреске шығуы, тәуелсіздік үшін күресті қолдамаған сұлтандарға және патша бекіністеріне шабуылы, Кенесарының билікке қол жеткізу үшін патша өкілдерімен келіссөздер жүргізуі, талабы өтпеген жерлерде халық қанының төгілуімен есептеспей, күш қолданылатын істерге баруы баян етіледі. Осы жолдағы ханның қаталдығы, елдің күйзеліске ұшырауы, Кенесары дұшпандарының ұйымдасқан іс-әрекеттері, сан алуан адам мінездері көрсетіледі. Бір отаршылдан екінші отаршылдың артықтығы жоқ екені, бәрінің көксеген мүддесі қазақ елін бөлшектеп бөліп, әлсіретіп, қансыратып, талан-таражға салу, өз билігін жүргізу екенін жазушы ашып көрсетеді. Мәселен, Қоқан, Хиуа хандықтарына ұзақ уақыт тәуелді боп тұрған оңтүстік қазақтарының ауыр жағдайы, Ташкенттің құшбегі Бегдербектің жәрдем сұрап барған Есенкелді, Саржанды қасындағы нөкерлерімен бірге опасыздықпен өлтіріп жіберетін суреттер тарихи шындықтарға негізделген. Романда Кенесары бейнесі тарихи толық мазмұнда көркем сомдалған. Автор оның жеке басындағы ерлік пен парасаттың үйлесімін шебер аңғартады. Мысалы, Саржан мен Есенкелдінің құшбегі Бегдербек қолынан қапыда мерт болғанын естіп, "Ташкентті шабу керек" деген Қасым төренің кеңесін іштей қабыл көрсе де, соғысқа шығуға ертерек екенін түсініп, жоспарды кейінге қалдырады. Кенесарының Ақмола бекінісін алғанда көрсеткен ерлігі де әсерлі. Кенесары бастаған қозғалыстың белгілі батырлары — Ағыбайдың, Иманның, Төлебайдың, Басықараның, Жанайдардың, Бұхарбайдың эпизодтары да олардың батырлық бейнесін айқындай отырып, Кенесары тұлғасын толықтыра түседі. Романда Ресей патшалығының өр дәрежелі өкілдері бейнелері де бар. Солардың ішінде, әсіресе, Қараөткелдің ағасұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендиннің халыққа қаны қас мейірімсіздігі мен мансап үшін арын сататын арамзалық анық таңбаланған. Ол Омбы генерал-губернаторының сеніміне ие болып, билігі мен мансабынан айырылып қалмау үшін елдің бас көтерер адамдарын ұстап береді. Әйелі Зейнеп, баласы Шыңғыстың қылықтары да Қоңырқұлжаның шексіз азғындық өмір сиқын жалаңаштай түседі. Жалпы алғанда, I. Есенберлиннің «Қаһар» романы — қазақ халқының азаттық жолындағы күрес шежіресіне қосылған, оның Кенесары қозғалысы сияқты аса ірі кезеңінің ішкі сырларын көркем түсінуге көмектесетін елеулі тарихи шығарма. ## Романдары және тарихи сана Қазақстан республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман (17) жазған жазушы І. Есенберлиннің қаламынан туған "Айқас", "Ғашықтар", "Қатерлі өткел", "Алтын құс", "Маңғыстау майданы", "Алтын аттар оянады", "Көлеңкеңмен қорғай жүр", "Алыстағы арпалыс", "Аққу құстар қуанышы", "Махаббат мейрамы", т.б. романдары тың тақырыпта жазылып, қазақ әдебиетінде оған дейін мүлде көтерілмеген мәселелерді қозғаған, соны серпін әкелген, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген туындылар еді. Ол — қазақ әдебиетінде алғашқы болып тарихи зерде тамырына қан жүгіртіп, тұншыққан сананы қапастан шығаруға жол салған, ұлт рухын тірілткен жазушы ретінде қазақ әдебиетінің тарихында оқшау орны бар тұлға. Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі болып қала бермек. Тарихи тақырып арқылы бүгінгі күнге, қазіргі дәуірге қатысты идеялар айтылатынын естен шығаруға болмайды. Тарихи шығарма сол өткен заманның әлеуметтік-эстетикалық реконструкциясы ғана емес, онда бүгінгі уақыттың да философиялық концепциясы жатады. Тарихи шығармалардың өмір танытқыштық мәнін айтқан кезде, онда бүгінгі рухани тіршілігімізге қатысты көп мәселелер қамтылатынын ескеру керек. І. Есенберлиннің «Көшпенділер», «Алтын Орда» романдарын өткенді айта отырып оны қазіргі өмір құбылыстарына байланыстыра білу - көркем шығарманың эстетикалық актуальдығын арттыратын көркемдік фактор екенін дәлелдейтін, уақыт рухы көрінетін, жаңа концепция әкелген шығармалар деуге болады. Қазақ тарихының соңғы бірнеше ондаған жылы түн-түнекті, меңіреу күй кешіп, өзге халық тарихының қосағында болғаны кім-кімге де белгілі. Мұның өзі қаншама буын ұрпақтың жандүниесіне әсер етіп, дүниетанымына салқынын тигізді, акыл-парасаты аяқ асты болды. Осы тұрғыдан келгенде жеке жазушының ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінің тарихында әлеуметтік терең мәнді туынды болып қалған«Көшпенділер» трилогиясында Шыңғыс әулеті билеп тұрған дәуірлердегі ұлт тарихына тереңдеп еніп қадам жасауы қазақ әдебиеті мен көркемдік әлеміне алғаш рет І. Есенберлин әкелген жаңалық пен батылдық еді. Автордың аса зор зерттеушілік жұмыс жүргізуінің нәтижесінде беймәлім, тың материалды оқырман игілігіне айналдырудың жарқын көрінісі болған «Көшпенділер» трилогиясының кезінде танымдық жағынан да ерекше жүк арқалағаны көпшілікке белгілі. Рас, ғалымның міндетінен гөрі міндеті ауқымды, кеңірек болып келетін жазушы үшін ақпараттық қана қызмет атқаратын материал суреткер жұмысының алғашқы бастамасы ғана. Тың, жаңа дерек, көпшілікке беймәлім материал негізінде қаламгердің ой сүзгісінен өтіп қорытылған оқиғаларға құрылған трилогияда жан-жақты камтылған адамгершілік мәселелері көрініс тауып, өткен дәуір шындығы бүгінгі заман сипатымен сабақтастырыла суреттеледі. Сақтандыру мен ескерту идеясы бой көрсетіледі. Ілияс Есенберлиннің ұлт тағдырына қатысты шетін сырлары мен идеялары кемел деңгейде көрінетін бұл эпопеяның алғашқы бөлігі «Көшпенділер» трилогиясы еді. Шығарма кейіпкерлері ретінде негізін тарихи тұлғалар, Шыңғыс хан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы ақын-жыраулар, ел бірлігінің ұйтқысы, халықтың ақыл-парасатты билер, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып отанын қорғай білген арыстан жүрек, атанжілік батырлар. Бұлар — ел есінде сақталып, тарихта қалған өмірде болған тұлғалар. «Көшпенділер» трилогиясы — партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма. Ол кезде мұндай шығарманы жазбақ тұрмақ, қазақ халқының ертеректе өмір сүрген артында мол мұра қалдырған, елім деп еңіреген, ел үшін, жер үшін мерт болған батырлардың, хандардың, шешендердің атын атаудың өзі, олар жөнінде әңгіме қозғаудың өзі қиын еді, қауіпті еді. Ал Ілияс Есенберлин осының бәрін біле тұрып қазақ халқының өткен тарихын бейнелейтін, тарихтан мол мағлұмат беретін бір кітап емес, бірнеше роман жазып, оқырманға ұсыну жай ерлік қана емес, талантты жазушының саяси жеңісі еді. «Көшпенділер» қазақ халқының, ұлттық тарихының бастау көзі беріде емес, әріде жатқандығына жөн сілтеді. Бүкіл бір халықтың өмір-тарихы ұмытылып бара жатқандығын еске сала отырып, оған кінәлі — коммунистік саясат екендігін ашып айтпаса да, өмір ағысы басқа арнамен ағып бара жатқандығын, тарих беттері бұрмаланғандығын көркем тілмен бейнелеп берді. Архивтік деректер, халықтық аңыздар, этнографиялық сипаттар негіз болған тарихи эпопеяда автор оларды сол өткен дәуір елесін дәл бейнелеу үшін ғана емес, оған қоса түрлі қағида мен идеялардың, түрлі психология мен мақсат мүдделерінің қандай заман, қандай қоғамдық жүйеде болсын сабақтастық алып жатқан көрінісін беру үшін де пайдалану мақсатын ұстанған. ## Марапаттары * Еңбек Қызыл ту ордені * «Құрмет белгісі» ордені * «За боевые заслуги» * «За оборону Ленинграда» медалі * Қазақ КСР мемлекеттік сыйлықсының жүлдегері, 1968 жыл («Айқас» романы үшін). ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Есенберлин: шығармалары, фотосуреттері Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2007 жылы. * Есенберлин шығармаларын оқу(қолжетпейтін сілтеме) * Malimetter.kz Ілияс Есенберлин реферат (қазақша)
Мырзағазы Есполов(1896, Қостанай маңы — 1936) — Алаш қозғалысының қайраткері, журналист, публицист, педагог. ## Өмірбаяны “Айқап” журналына, “Қазақ газетіне” ауыл жағдайы, жер мәселесі, ұлт-азаттық қозғалысы туралы мақалалар жазып тұрған. Ресей патшасының 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығынан кейін Батыс майданы штабы жанынан құрылған түз халықтары өкілдері бөлімінің жұмысына белсене араласқан. Ақпан төңкерісінен кейін қазақ комитеттерін құруға, жалпықазақ съездерін шақыруға қатынасқан Алаш қозғалысының белсенді қайраткері. 1917 жылы желтоқсанда құрылған Алашорда үкіметінің әскери бөлімінде қызмет атқарып, Алаш милициясын жасақтауға көп еңбек сіңірді. 1920 жылдан халық ағарту саласында еңбек етіп, Ташкенттегі Қазақ педагогикалық институтында оқытушылық қызмет атқарды. Сталиндік саяси қуғын-сүргіннің зардабын тартып, 1929 жылы тұтқынға алынды да, 1930 жылы сәуірде 10 жылға Соловецк лагеріне айдалды. 1936 жылы лагерьде жүріп қайтыс болған. ## Дереккөздер
Есік обасы (б.з.б. 5 — 4 ғ-лар) — сақ дәуірінен сақталған ескерткіш. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының орт. Есік қаласының маңында, Есік өз-нің жағалауында орналасқан. 1969 — 70 ж. Жетісу археол. экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев, мүшелері Б.Нұрмұханбетов, А.Г. Максимовалар) зерттеген. Бұл маңдағы сақ дәуірінен сақталған обалар бірнеше топқа бөлінеді. Мұның ішінде ең көрнектісі — үлкен Есік қорымы. Қорым құрамында солт-тен оңт-ке созыла ауданы 3 км² жерді алып жатқан 45 топырақ (диам. 30 — 90 м, биікт 4 — 15 м) оба бар. Арасынан алты үлкен оба қазылды, бұлардың қатты тоналған үшеуінен заттай дерек кездеспеген. Төртіншісінен үлкен төртбұрышты қабір ішіне басын батысқа қарата бірге жерленген екі адамның мүрдесі, темір түйреуіш, көптеген алтын жапсырмалар табылды. Ал алтыншы оба — әлемдік маңызы бар “Алтын адамның” табылуы себепті ғылым мен мәдениетке “Есік обасы” деген атпен енді. Сақ ханзадасы диам. 60 м, биікт. 6 м обаның астындағы шырша бөренелерден жасалған ағаш қабірге қойылған. Мұның өзі бүйірдегі қосымша қабір, ал негізгі қабір толығынан тоналып кеткені анықталды. Ханзада 4 мың алтын әшекей тағылған киімімен, қару-жарақ, ыдыс-аяғымен жерленген (қ. Алтын адам). Күміс тостағанға түсірілген 26 таңбалы жазу қазір “Есік жазба ескерткіші” деген атпен белгілі және мұның әліпбилік жазу екендігіне күмән келтірілмейді. Бұдан солт.-батысқа таман орналасқан тағы бір обаның диам. 58 м, биікт. 4,5 м. Қазу барысында обаның бірнеше рет кезектесіп қаланған тас және топырақ қабаттарынан тұратыны, сондай-ақ, тоналғандығы да анықталды. Үлкен қабірдің аумағы 5,1х2,3 м, тереңд. 1,8 м. Тонау кезінде біршама бүлінген қабір ішінен кішірек жұқа алтын жапсырмалар, күміс сырға, қыш ыдыстар және қоладан құйылған ғұрыптық ыдыс табылды. Сирек кездесетін мұндай ыдыс Жетісуда тұңғыш рет кездесті, ол конус пішіндес аласа тұғыр мен жайпақ тостағаннан тұрады. Ғұрыптық жораларды өткізу кезінде сақтар осындай ыдысқа хош иіс шығаратын заттарды жағып түтіндетіп қоятын болған. Е. о. сақ кезеңінің әлеум.-экон. деңгейін көрсететін ерекше ескерткіштерге жатады. ## Дереккөздер
Есімқан Иманбайұлы (1906, Қытай, Алтай аймағы, Көктоғай ауданы — 1941, Үрімжі) — Қытай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісі басшыларының бірі. Керей тайпасының Абақ-Керей тармағының Молқы руынан шыққан. 1938 жылы Шыңжаң генерал-губернаторы Шэн Ши Сай шекарадағы қазақ, моңғол, қырғыздар арасында ұлт-азаттық көтерілістің етек алуынан қауіптеніп, “мылтық жинау” деген науқан ұйымдастырады. Осы сылтаумен ол Алтай, Тарбағатай, Іле, Үрімжі, Баркөл, Құмыл ауданындағы беделді азаматтарды, дінбасыларын, зиялыларды жаппай тұтқынға алады. Бұған наразылық ретінде 1940 жылы 1 ақпан күні Есімқан 20 шақты адаммен Сартерек ауданындағы Оқан зәңгінің үйіне түскен Көктоғай ауданының әкімі, мылтық жинау комиссиясының төрағасы Шүй Ыр Лиң мен оның адамдарын қапыда қолға түсіріп, жазалайды. Іле-шала 400 адаммен Көктоғай қалашығына шабуыл жасап, ондағы қарулы әскер күшіне төтеп бере алмай, Шіңгіл ауданына кейін шегінеді. Есімқан онда шақабай руының үкірдайы Ырысқанмен күш біріктіріп, Шіңгіл өзені бойындағы Қарағаш деген жерде Жәнібектің ақ туын алып, көтеріліске аттанады. Шэн Ши Сай әкімшілігі көтерілісшілерге қарсы Үрімжіден Яң Де Шаң дивизиясын, Құмылдан Юан Юанович Семенов батальонын жібереді. Есімқан жасағы Бәйтік, Қаптық тауына жеткенде Моңғолия қызыл әскерлерінің шабуылына ұшырайды. Есімқан отряды Алтай тауына шегініп, Шэн Ши Сай әкімшілігімен бейбіт шарт жасасуға мәжбүр болады. Бірақ әкімшілік тарапынан шарттағы талаптар орындалмай, Есімқан жасағы 1941 жылы қайтадан қарулы көтеріліске шығады. Көтерілісшілер жеңіліс тауып, Шэн Ши Сай жендеттері Есімқан бастаған 14 адамды Үрімжі абақтысында қинап өлтіреді. ## Дереккөздер
Есіркеп Жаманқараұлы (1696–1764) — қазақ-жоңғар және қазақ-қоқан соғысына қатысқан батыр. Қазығұрт тауының өңірінде туып, сол жерде жау қолынан қаза тапқан. Ұлы жүз құрамындағы Сіргелі руының Байжігіт атасынан шыққан. Анасының есімі — Ақторғын. Ел аузында Есіркеп батырдың Төле биден бата алғандығы туралы аңыз сақталған. Есіркепті батырлыққа, бес қаруды жете меңгеруге, ат үстіндегі шайқасқа Тоғанас батыр баулыған. Сіргелі қолын бастаған Ер Тоғанас қаза тапқанда (1723), Есіркеп батыр сіргелілердің қолбасшысы болып сайланады. Бөгембай батырдың қол астында мыңбасы болған Есіркеп Түркістанды қорғауға (1724–1725), Ордабасы құрылтайына (1726), Бұланты шайқасы (1728), Аңырақай шайқасы және тағыда басқа үлкен шайқастарға қатысқаны туралы деректер сақталған. Оның есімімен бірге Елшібек, Қойгелді, Саңырақ, Қасқара, т.б. батырлардың аттары аталады. ## Есте сақтау Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Ағыбет ауылында Есіркепке ескерткіш орнатылып (1999), орта мектепке аты берілген. Денесі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жанындағы Кіші ақсарайға жерленген. Құлпытасы сол жерде. ## Дереккөздер
Есей Алдамұратұлы (1693-1740) Ұлы жүзден шыққан белгілі беделді би болған. (соңғы бір деректе есімі Есейхан деп аталады) Қазақ шежіресінде оның ата-тегі былай таратылады: Үйсін Бәйдібек батырдан Ысты руы, одан Ойық , Тілік рулары тарайтыны белгілі. Соның Ойығынан - Қызылқұрт, Аузы-үсіген, Көкшекөз, Сәтек келеді. Қызылқұрттан - Ұлан, Алдамұрат, Есіркеп туады. Есей Алдамұраттың бел баласы. Есей жас кезінен насат батыр тұлғалы, әрі ақылды, есті боп ер жетеді. Оны батырлыққа, ақындыққа, шешендіққе алғашқы баулыған өзінің батыр, би әкесі мен сол елдің анасы аталған үлкен әжесі, сол өңірдің алып тұлғалы батырлары, би-шешендері екен. Есей жігіт кезінде-ақ ел билігіне араласып, өзінің әділ де, алғыр, тапқыр сөзімен ел аузына ілігеді. Оның палуандығы, додапаздығы, мергендігі, ат бапкерлігі жөнінде аңыздар көп айтылады. Есей Алдамұратұлы (1697 — 1754) — би. өлы жүз құрамындағы ысты тайпасынан шыққан. Жігіт кезінде-ақ ел билігіне араласып, өзінің әділ де алғыр, тапқыр сөзімен ел аузына ілігеді. Оның палуандығы, мергендігі, ат бапкерлігі жөнінде аңыздар ел арасында сақталған. ...Есей Алдамұратұлы Ысты, Ошақты, Дулат, Иса, Мұса елдерінде би болған. Ол аумалы-төкпелі заманда көшпелі халықтарды қоныстандыруға елеулі еңбек сіңірген. Жетісу, Шу, Талас өзендерінің, Шымкент, Ташкент, Түркістан, Сырдария бойларын түгел аралаған. Сыртқы (жоңғар, қоқан т.б.) шапқыншылығынан тоз-тоз болып кеткен елдің басын біріктірген. ...Есей атамыз батыр тұлғалы, халық қамын ойлайтын қайырымды, мейірімді кісі болыпты. Сонау бір заманда Түркістан шаһары қазақ хандығының орталығы болып дүрілдеп тұрған кезде өз мекені Қаратаудың теріскейінен (Жамбыл облысы) ары-бері өте жүріп, бір қонысқа тұрақтай алмай көшіп-қонып жүрген көшпенділерді көріп, Есей ата орталықтағы өкімдерге сөзін өткізе отырып, біраз елді осы күнгі Ойық станциясына, Қарасу, Сасық, Үлкен Бөген өзендері жағасына орналастырып, отырықшы елге айналдыру жолында баға жетпес еңбек сіңірген, қамқоршы болған екен". Бұл естелікті жазып отырған сол Есей бидің ұрпағы Әбу Әбдірайымұлы, ол еңбек және соғыс ардагері, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян селосында тұрады. Есей би әсіресе, Төле би төңірегінде көп жүрген. Екеуі туыстық жағынан да, шешендік билік жағында бір-бірін қадірлеп сыйлаған. Демек, екеуінің ойы бір жерден шығып тұрған. Төле мен Есейдің кейінгі ұрпақтары мынадай бір әңгімені айтады: Ташкент шаһарындағы қазақ, өзбектер басы Төле биден бастап көңілдегі бетке ұстар тәуірлерін қонаққа шақырады. Бұл меймандықта Есей би болмай қалады. Есей қасына ерткен би, қосшылармен Жетісу, Балқаш жағын аралап сапар шегіп кеткен екен. Дастарқан үстінде өр қырлы әңгімелер айтылады. Алты әйел алған Есей бидің бір әйелі Ташкент шаһарындағы өзбектің бір өкімінің қызы болады. Қазақ салтын білетін өзбектер Есейді күйеу деп сынайтын көрінеді. Осы отырыста Төлені сынау үшін өзбектің бір байы ойда жоқта Төле биге "Есей қандай адам?" дейді. Сонда ол: Есей, ат сүрінгенше амал табады Қас қағым сәтте қайрат көрсетеді. Есей би, жанып тұрған жалын ғой, Жалпы өзбекке мөлім ғой, - депті. Тағы біреу - Есей сіздің неңіз? - депті. Төле би: Есей әрі батырым, әрі ақылым, Елдің сүйеніші - Есей Ешкімге есесін жібермейтін, Халықтың тіреніші - Есей Сөзге шешен ақыным. Жауды бүлдіретін де - Есей Жауға алдырмайтын, Дауды тындыратын да - Есей, Жанашыр жақыным. - деп, сөзділерлегімен ағылта жөнелген Төле биге отырған жұрт аң-таң қалған екен. Бұл әңгімені Өтеев Серпен мен Бейсенбаева Қалипа, Бөлішев Имберді, Төстікенов Усібөлі, Айболов Түрғанбайдан жазып алушы Тоғабай Бегалиев 1945 ж. Кейбір деректерге қарағанда, Есей батыр Түркістан төңірегіндегі көптеген игі жақсы ел басшылары, батыр, хан, билермен бірге үзеңгілес жүрген. Оның Төле би, Қабанбай, Бөгенбай батырлармен бірлесе қимылдап жауға қарсы күрескен ерліктері ел жадында қалған. "...Түркістанның жағдайын естіп жол-жөнекей қазақ батырларын өзімен бірге ерте келген Қабанбай бірден халық жасақтарын үйымдастыруға бел шеше кірісіп кетеді. Олар бірнеше мыңдаған адамды жасақтап үлгерісімен, халық қарсылықтарына ұшырап, арындары қайта бастаған жаудың бетін қатты серпіп тастайды. Осылай сөл-саябыр тапқан жағдайды жақсы пайдаланған Кабанбай батыр Қожа Ахмет Иассауи ғимаратының алдына жиналған қалың жұртқа Айшыбек батырды басшы етіп қалдырады да, өзі кідірместен Кіші жүз қазақтарынан қалың қол жинап келуге аттанады".. Арқа, Аягөз жағынан Түркістанға бет алған Қабанбай, Бөгенбай батырлар өздерінің қолымен жол-жөнекей Жетісу, Шу, Талас, Боралдай бойын билеп тұрған тұстасы Есей биге соғып бас қосқан. Сөйтіп олар жоңғар шапқыншыларын қалай жеңудің жолдарын қарастырған. Сол жолы Есей би де ел жігіттерін жинап, өзі де атқа қонған. Олар жолындағы Бөген, Шаян, Арыстанды, Қарабас өзендері және Төрткүл бойындағы елдерден жігіттер жинап жасақтарын толықтырған. О л елдердің Жарықбас батыр, Досай би оның інісі Қосай тағы бірқатар ер азаматтары оларға қосылған. Бөрі Түркістанға қарай бет алған.Есей бидің шыққан тегі, ел үшін сіңірген еңбегі жөнінде жоғарыда аталған Т. Бегалиев, Ә. Әбдірайымов. С. Ғаббасовтың ой-пікірлерін толықтыра түсетін тағы бір дерек табылып отыр. Енді сол естелік - дерекке назар салайық: - Мен туғанда атымды азан шақырып Дәулетберді қойыпты. Дәулетберді арғы бабамыз екен. Ол кісі атақты Есей бидің мың басы бопты. Қаратаудың терсікей, күнгейіндегі қалың елді билеген Есей би бұрыннан мекендеп келген Төрткүл даласына мал, жаны сыймай сонау Шу, Талас жағына қоныс аударғанда Дәулетбердіні де бірге ала кетіп, Сарысу бойындағы ауылдарға мың басы етіп қояды. Ол екеуі ағайынды кісінің баласы екен. Ертедегі қариялардан қалған шежіре бойынша Ысты Жауатардан Қосмағамбет, Досмағамбет тарайды. Әкесі екеуіне енші үлестіргенде Қосмағамбетке ойық, Досмағамбетке тілік ен салып береді. Содан екеуінен тараған үрім-бұтақ Ойық, Тілік атанып кетеді. Сол Ойықтан Қызылқұрт, Көкшекөз (шын аты Орбай), Аузыүсіген (Зорбай), Сөтек рулары өрбиді. Қызылқұрттан Алдамұрат одан Есей. Ал Құралайдан Қойшыбай одан Бәйгел одан Досай, Қосай, Дәулетберді бабаларымыз тарайды. Сонда Есей мен Досай, Қосай, Дәулетберді тетелес туыс болып шығады ғой... Бұл шежіре - естелікті жазып қалдырған сол Есей, Досай, Дәулетбердінің ұрпағы Дәулетберді Әбдіұлы. Ол кісі көп жылдар бұрын Шаян ауданынын Жүзімдік МТС-ында бас бухгальтер боп істеген. Есей, Досай, Қосай, Жарықбас, Жиеншора, тәрізді ерлердің ел қамқоры болған батырлыты жөнінде ел арасында аңыздар көп. Солардың бірі былай айтылады. Қаратаудың қойнауындағы Ақтастыда болған соғыста Жарықбас пен Жиеншора аздаған жігіттерімен жоңғардың қаптап келе жатқан қалың қолының жолын бөгеп, Түркістанға қарай өткізбей қойган. Мергендер таудың жар-құзына бекініп алып ойда, өзен жағалап келе жатқанжоңғарларды баудай түсіре берген. Амалы құрыған жау кері шегінген. Бір қақтығыста Жарықбас бір топ жаудын ортасына түсіп қалады, сонда ол көбісін сойылға жығып аттарын айдап кетеді. Жоғарыда аталған естелік - мақаласында Таластық Тоғабай Бегалиев: "Есей билердің ішіндегі ен шабыттысы еді. Именбей турасөйлеп, дауды тез бітіретін шешен еді", - деп отыратын Үсіпөлі атамыз, - деп жазады. Шынында, ел арасында Есей би айтыпты дейтін бітімді, кесімді тапқыр шешен сөздер, нақыл, мақал-мәтелдер, ойлы образды тіркестер аз кездеспейці. Бірер мысал келтірейік: ## Есей би жайлы аңыздар ### Есей бидің тапқырлығы Есейдің жастау кезі болса керек. Ол бірде саудагер, бақалдың үстінен түсіпті. Әлгі саудагер "ананы, мынаны әкеп беремін" деп, жұрттың тоқты-торым, тана-торпағын жинап әкете беріпті. Сонда Есей "бұл саудагердің сөзін алма бөзін ал, егер бермесе өзін ал" депті. Содан былай қарай, ол ауылға алдамшы саудагер қулар жоламайтын бопты. ### Есей бидің тапқырлығы Есей жолаушылап келе жатса, алдынан бір жалшы шығыпты. көрсете гөр, Балдызга құсалықпен қор боп жүрген, - Сорлап жүрген. Еш жерден пана таппай, Зарлап жүрген, - деп мұңын білдіреді. - Биеке, келгеніңіз мұндай жақсы болар ма? Мынау байдан сауыс сұрай келіп ем, өңкей қотыр ешкісін көгендетіп отыр. Есей би ол байдың үйіне бұрылмастан көген басына барыпты. Қараса, оншақты қотыр ешкі көгендеулі тұр дейді. "Аттан түсіңіз, қонақ болыңыз" деген әлгі байта: "Мен саған қонақ болмаймын: әуелі анау қойшыңа саусын бер, саусын берсең, сауын бер, қотырыңды қайтып ал, өзің емдеп жазып ал!" депті де, жүріп кетіпті. ### Есей бидің тапқырлығы Есейдің қырғыздан алған әйелінің әкесі сегіз ағайынды болған дейді. Қырғыздар оларды "сегіз сері" ауылы деп атайды екен. Сол қайын семсының үлкен ағасы 63 жасында 20 жастағы кедейдің қызына құда түседі. Жас қызды Шоңбай малға жығып үшінші тоқалдыққа алмақшы болады. Ағайындарының "мұның әбестік, ақылға кел, бүлдіршіндей баланың басынғаны" дегеніне көнбейді. Қыз да шалға тигісі келмейді, келісімін бермейді. Әбден амалы таусылган қыз Есей жездесіне хат жазады: - Қызы едім мен кедейдің, Жезде Есей жәрдеміңді? Есей келіп әңгіме кеңес басталады. Халық Есейдің аузына қарайды. Шалдың алпыстан асқандағы желігуін жақтырмаған Есей: - Бай мен бай құда болса, Бір-біріне зорға жүрер. Арасында жорға жүрер, Көрі мен жас жараспас Кедей мен кедей кұда болса, Біріне-бірі қараспас, - Арасында дорба жүрер. Пайымы бар қария Бір бай, бір кедей құда болса Бұл сөзіме таласпас, - дегенде Шоңбай: - Мақұл ғой, Есей күйеу, айтқаныңның бері жөн сөз. Өзімде ұялып отырмын, - деп райынан қайтыпты. Қыз азаттық алып, кейін өз теңіне қосылыпты дейді ел. ### Есей бидің тапқырлығы Есей айтыпты дейтін мынау нақыл сөздер да экспедиция кезінде ел аузынан алынған-ды: Өсиетке терең бол, Өсек сөзге керең бол. Кедеймін деп налынба, Арыңды сатып жалынба. Жалақор өз жазасын өзі табады. Бұл атаңнан қалған арық, Егін ек те бол қарық. Атаңның ботасын алма, батасын ал, Бота өліп қалады, батадан бағың жанады. Ит жақсыны да, жаманды да қабады, Жалақор өз жазығын өзі табады. Ағайынмен жауласпа, басың азаяды, Көршіңмен дауласпа, асың азаяды. Етегіңді түріп, елге жет, Теріңді төгіп, еңбек ет. Сөйтіп, Есей кім деп жүрсек, ол сонау жаугершілік заманда бытырап жүрген қазақтын басын біріктіріп, қоныстандырған ел қамқоры, сыртқы жаудан елін қорғаған атақты Абылай, Төле би, Қабанбай, Бөгенбай сияқты ел басы, халық батырларының үзеңгілес замандасы боп шықты. Есей биден тараған ұрпақтар бүгінде Жамбыл облысының Талас және Шымкент облысының Бәйдібек, Түлкібас аудандарында еңбек етеді. Естелік айтушылардың сөзіне Караганда Есей би алты әйел алған өсіп-өнген жан көрінеді. Метейін деген бәйбішесінен Жолбарыс батыр, екінші әйелі Жомарттан Сармырза, Жұлдыз, Жұмыр, Көзжаман, үшінші әйелі Мырзабикеден Қалмақшы, Өтеп, Құлболды, төртінші әйелінен Есмұрат - лақап аты Күсей. (Осы күнгі Бөйдібек ауданының Бөген совхозында тұратын Күсей - Тазша деп аталатын ел сол Күсейден таралған болуы мүмкін). Есей, Есмұрат қартайған шагында сол жерге келіп мекен еткен деген сөзде бар. Есейдің бейіті сол Боген совхозына жақын жерде. Есей бидің соңғы екі әйелі қырғыз бен өзбек жұртынан. Олардан өсіп-өнген ұрпақтар да сол өңірде тұрады. Мінекей, Есей би осындай өсіп-өнген өнегелі елдің түп атасы, ел қамқоры, ел басшысы, қазақтың айтулы азаматтарының бірі бопты. ## Дереккөздер
Есентай Бердіұлы (1894, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Көкбай ауылы — 1967, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласы) — педагог, халық ақыны. * Әуелі ауылда, 1905 — 1910 жылдары Көкбай медресесінде оқиды. * 1911 — 1914 жылдары Семей қаласындағы орыс-қазақ мектебінде оқыған. * 1918 жылы Алаш қаласында (Жаңа Семей) облыстық жер басқармасы ашқан үш айлық мұғалімдер курсында оқыған. * 1921 ж. қазақ педагогика. техникумының негізгі бөлімінде бір жыл оқыған. * 1918 жылы Қазанда “Жастарға тағылым” деген кітабы шыққан. * 1918 жылдан Дос болысында (қазіргі Абай ауданы) мұғалім болған. * 1924 — 1928 жылдары ағартушы-ұстаз Т.Жомартбаев негізін қалаған Маян мектебінде Семейден Парфенов Александр Харитонович деген мұғалімді апарып, екі тілде бала оқытқан. * 1928 жылдан Қарауыл селосындағы мектептің меңгерушісі болады. * 1937 ж. жалған саяси айыппен 10 жылға, 1949 жылы қайтадан тағы да 10 жылға сотталып, 1956 жылы елге оралған. Өмірінің соңғы жылдарын жазуға арнаған. ## Шығармалары * “Шәкірттерге” * “Еңбекшіге” * “Октябрь” * “Активтерге айтылған жыр” * “Мақтаныш” * “Ауыл суреті” * “Қазақстан табиғаты” т.б. өлеңдерін жазады. * “Қыз Жәкен” (1959) * “Екі ойшыл” (1962) * “Қанды асу” (1968) атты дастандары жеке кітап болып басылып шықты. ## Дереккөздер
Есенбай Сасанұлы (1843 жыл, Ақмола облысы Қима ауданы Терісаққан бойы — 1925 жыл, Ақмола облысы Қима ауданы Терісаққан бойы) — ақын. Орта жүз құрамындағы арғын тайпасының қарауыл руынан шыққан. 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында бүкіл Ақмола, Көкшетау, Торғай өңіріне есімі мәлім болған. Орынбай, Ақан серілермен бірге жүріп, өнер үйренген, тарбағатайлық Мыстанай ақынмен айтысқан. Суырып-салма ақындығымен қатар әншілік, күйшілік өнерімен де танылған. Ақынның, әсіресе, “Балазар” деген топтама жырларының көркемдік шоқтығы биік. Есенбайдың адам өмірінің кезеңдері, ел ынтымағы, қайырымдылық, баршылық пен жоқшылық, билік туралы өлең-жырлары Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы ұрпақтарының қолында сақтаулы. ## Дереккөздер
Етжапырақ бадан, шағыршай (лат. Bergenia crassifolia) — тасжарған тұқымдасы бадан туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның биік таулы аймағының тасты беткейлерінде, альпілік белдеулерінде өседі. Алтайда кең тараған. Биіктігі 5 — 50 см. Тамырсабағы өте жуан, жерге төселіп өседі. Сабағы жапырақсыз. Қалың, ірі, жүрек пішінді жапырағы сабақ түбін айнала қоршай орналасады. Қызыл гүлдері қалқанша гүлшоғырына топтасады. Тұқымынан және тамырсабағынан көбейеді. Мамыр — шілде айларында гүлдеп, тамызда жемістенеді. Етжапырақ баданның тамырсабағында 18 — 25%-тей илік заттар болғандықтан, тері илеуге, ал өсімдік құрамындағы глюкозидтерді фотосурет шығаруға қолданады. Жапырағын қайнатып шай орнына ішеді, тұнбасынан қара, қоңыр бояу алынады. Көптеген пайдалы қасиеттеріне байланысты етжапырқ бадан Алтай тұрғындарына өте жақсы таныс. Оны жиі "Моңғол шайы" немесе "шағыр" деп те атайды. Әлбетте құрғақ жапырақтан дараланған шай өте әдемі, оған қоса қабынуға (суық тигенде) қарсы қасиеттері бар. жапырақтары мен тамырлары ревматизм, қояншық ауруына, суық тигенде, асқазан, ішек жолдарын, ауыз қуысын емдеуге және қатты уланған таптырмайтын дәрі. Баданның құрғақ ұнтағы жақсы залалсыздандырғыш және жараның барлық түріне ем. ## Ботаникалық сипаттамасы Биіктігі 5-50 см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік. Тамырсабағы жуан, жылжымалы етті, ұзындығы бірнеше метрге жетеді. Сабағы жуан, жапырақсыз немесе бір ғана отырмалы бекітілген жапырағы болады. сабақтағы төменгі жапырақтары сағақты, қалың, жылтыр, тақтасындағы орталық жүйкесі айқын білініп тұрады. Жапырақтарының ұзындығы 5 – 35 см, ені 3 – 30 см, дөңгелек пішінді. Гүлдері – дұрыс бес мүшелі, гүлшоғыры – сыпыртқы қал-қанша тәрізді, мамыр – маусым айларында гүлдейді, тамыз айында жеміс береді. Негізінен вегетативтік жолмен көбейеді. ## Таралу аймағы Етжапырақты бадан ареалы оңтүстік Сібір, Алтай тауларын, Кузнецк Алатауын, Батыс және Шығыс Саянды, Тува Автономиялық Республикасы тау жүйелерін, Байкал маңы және Моңғолияның таулы ормандары аудандарын қамтиды. Орта Азияда (Өзбекстанда), Қазақстанда, Алтайда, Батыс Тянь – Шаньда кездеседі. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * М. Шалавеене. Бадан. Сорта, размножение, уход. «Садовник» №5, 2007 Мұрағатталған 28 желтоқсанның 2008 жылы. (орыс.) * Бадан Мұрағатталған 22 қазанның 2008 жылы. / agbina.com (ағыл.) * Бадан / onego.ru (ағыл.)
Ғарифолла Есімов (15.04.1947, Павлодар облысы, Аққулы ауданы, Аққу) — ғалым, философия ғылымдарының докторы (1994), профессор (1995), Қазақстан ғылым академиясы-ның академигі, абайтанушы. ## Қысқаша өмірбаяны * Уақ тайпасынан шыққан. * 1970 - Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. * 1973 жылы В.И.Ленин атындағы Мәскеудің Мемлекеттік университетінде зерттеуші-стажер болып білімін жетілдірген. * 1974 — 1977 жылдар аралығында С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің философия және экономика факультетінде аспирантурада оқып, 1987 жылы осы факультеттік, ғылыми кеңесінде «09.00.01 — диалектикалық және тарихи материализм» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған. * 1977 — 91 - Семей педагогикалық институтының доценті, кафедра меңгерушісі, көркемсурет-графика факультетінің деканы; * 1991 — 92 - Философия және құқық институтының аға ғылыми қызметкері; * 1992 — 98 - Алматы мемлекеттік университетінде декан қызметтерін атқарған. * 1998 жылдан осы университеттің философия және ғылым методологиясы кафедрасының меңгерушісі. * 2001 жылдан Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің философия және саясаттану факультетінің деканы қызметтерін атқарған. Қазір Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты. ## Діни көзқарасы Діни көзқарасы - дәстүрлі мұсылмандық ## Саяси қайраткер ретіндегі идеалы Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Асан Қайғы, Н.Ә. Назарбаев. ## Қазақстанның болашағы туралы болжамы Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанның болашағы - жарқын». ## Хоббиі Хоббиі - оқу. ## Сүйіп оқитын әдебиеті Сүйіп оқитын әдебиеті - философиялық проза. Үйленген. Жұбайы - Есімова Рымкеш Сұлтанқызы, дәрігер. Ұлдары - Есімов Қазыбек, Есімов Баян; қызы - Есімова Сәуле. ## Шығармашылығы Есімов 20 ғасырдың 80-жылдары әдеби сынға белсене араласып, республикалық мерзімді басылымдарда * “Кейіпкер философиясы” * “Еліктеу философиясы: күнгейі мен көлеңкесі” * “Жаңаша ойлау және әдебиет” * “Жаңаша ойлау — диалектикалық ойлау” * “Ескіше, жаңаша және қазақша ойлау”, т.б. мақалалар жариялады. * Оның “Хакім Абай” кітабында ол герменевтикалық тәсілді қолдана отырып, Абай шығармаларын талдады, оқырман ұғымына ауыр өлең мәтіндеріне түсініктемелер жасады. Сондай-ақ, Есімов саясат, мәдениет және әлеуметтік тұрмыс мәселелеріне арналған 300-ден аса публицистикалық, ғылыми-танымдық мақалалар жазды. Соңғы кездері қазақ әдебиетіндегі соны үрдіс — философиялық новелла, эссе жанрында еңбектеніп жүр. Философиялық проза жанрында жазылған * “Таңсұлу” * “Күнә” * “Көсем-Көкжал” * “Бөгде сезім”, т.б. туындылары бар. Әл-Кинди, ибн Туфейл, ибн Рушд, ибн Араби, әл-Ғазали, Халел Жебран, Мұхаммед Икбал сынды шығыс ойшылдарының шығармаларын қазақ тіліне аударған. * "Құрмет" орденінің кавалері. ## Дереккөздер
Есенбұқа , Исан Бұға — Моғолстан билеушісі (1429 — 61/62). Шағатай әулетінен шыққан. Ата тегі: Шыңғыс хан — Шағатай — Мамкан — Қара Исун — Барақ — Даводж — Шер Әли оғлан — Уәйіс хан — Есенбұқа Уәйіс хан қайтыс болған соң, оның екі ұлы Жүніс пен Есенбұқа арасында билік үшін күрес болып, соңғысы 1429 ж. жергілікті тайпа көсемдерінің және әмірлердің қолдауымен билік басына келеді. Есенбұқа көп ұзамай тұрфандық Темірді өзіне найб етіп аламын деп, қол астындағы әмірлердің қарсылығына ұшырайды. Есенбұқа билік еткен алғашқы жылдары Моғолстанда орталық билік әлсіреп, хан беделі төмендеді. Есенбұқа дулат тайпасынан шыққан Әмір Сайид Әлидің көмегімен Шығыс Түркістандағы Ақсу қаласына бекінеді. Үз беделін нығайтып алған соң, алғашында Түркістан, Сайрам, Ташкент аймағына (1450 — 51), кейін Әндіжан өңіріне (1453 — 55) шапқыншылық жорықтар жасайды. Әмір Темір әулетінен шыққан Мауераннахр билеушісі Әбу Сайид мырза Хорасан бағытындағы саясатын жемісті жүргізу үшін және Мауераннахрдың шығыс шекарасын Есенбұқаның жорықтарынан қорғау мақсатында Есенбұқаның ағасы Жүністі оған қарсы пайдаланды. Жүніске Әндіжан өңірінен жер беріп, Есенбұқаның иелігіндегі жерлерге қауіп туғызады. Шамамен 1457 — 58 ж. Әбілхайыр ханнан бөлініп, өзіне көшіп келген Керей мен Жәнібек хандарға Есенбұқа Шу бойы мен Қозы Басы өңірін беріп, оларды өзіне тосқауыл әрі одақтас етеді. 1458 — 60 жылы Жүніс ханның Есенбұқаға қарсы жасаған жорығы сәтсіз аяқталады. “Тарих-и Рашиди” дерегі бойынша, Есенбұқа 1461/62 ж. қайтыс болған. Есенбұқа қайтыс болған соң, Шығыс Түркістанда оның ұлы Дос Мұхаммед хандық құрған (1461/62 — 69). 1469 жылдан бастап Моғолстандағы билік Жүніс ханның қолына көшеді. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау
Ешекеев Мәдениет Сейітжанұлы (16 наурыз 1936, Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Бородулиха ауылы — 2 тамыз 1997, Семей қаласы) — әнші, Қазақстанның халық артисі (1987; 1981 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген артисі). Найман тайпасының Қаратай руынан. * 1957 — 1964 жылдары Семей облысы концерттік-эстрадалық бюросында өнер көрсетті. * 1965 — 1975 жылдары “Қазақконцертте” өнер көрсетті * 1975 жылдан өмірінің соңына дейін Семей облысы филармониясының әншісі болды. Ешекеев — дәстүрлі халық әндерін өз ерекшелігімен, аса шебер орындаушы, Ж.Елебековтің алғашқы шәкірттерінің бірі. Оның репертуарынан қазақ халық әндерімен бірге Біржан салдың, Ақан серінің, Абайдың, Жаяу Мұсаның, Балуан Шолақтың, т.б. халық композиторларының әндері кең орын алды. Әсіресе, Ешекеевтің өзіне ғана тән әншілік мәнерін айқын танытатын, оның ерекше нақыс-бояумен орындайтын әндері қатарына Кенен Әзірбаевтың “Бозторғайы”, Әсеттің “Інжу-Маржаны”, Балуан Шолақтың “Ғалиясы”, халық әндері “Сұржекей” мен “Аққұм” және М.Ержановтың “Паровоз”, Р.Елебаевтың “Жас қазақ” әндері жатады. Оның орындауындағы бірқатар әндер Қазақ радиосының алтын қорына жазылып алынды. Ешекеевтің орындаушылық дәстүрін мейлінше дәл сақтап, жалғастырушы шәкірттері — Т.Сембаев, Т.Рахимов, т.б. ## Дереккөздер
Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті — Астанада орналасқан Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі. 2023 жылғы Topuniversities рейтингі бойынша әлемнің үздік 277-университеті болып саналады. ## Университет туралы Университет құрамында жалпы саны 26 ғылыми мекемені құрайтын ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, зертханалар, 12 факультет, қосымша білім беру және біліктілікті жетілдіру институты, әскери кафедра, түрлі мемлекеттердің мәдени білім беру орталықтары бар. Еуразия ұлттық университетінде мамандарды даярлау жүйесі 3 білім беру баспалдағы бойынша: жоғары негізді білім (бакалавриат), магистратура және Ph.D докторантура. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ге қабылдау мемлекеттік білім гранты мен ақылы негізде жүзеге асырылады. Оқу орны құрамында бакалавриатта - 61 мамандық, магистратурада - 64 мамандық, Ph.D докторантураcында - 29 мамандық бойынша мамандар даярлануда. Еуразия ұлттық университетінде 2011-2012 оқу жылында студенттер саны – 11 300 құрады. Факультеттер мен ғылыми-зерттеу бөлімшелерінде 1678 оқытушы бар, мұнда 61,3 пайыз ғылым докторлары, профессорлар, түрлі академиялардың мүшелері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегерлері, ғылым кандидаттары, доценттер жұмыс істейді. Университеттің көптеген ғалымдары тек Қазақстанға ғана емес, сондай-ақ, шетелге де танымал тұлғалар. 2011 жылдың шілдесінен бастап Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры тарих ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының академигі Ерлан Бәтташұлы Сыдықов. ## Тарихы 2001 жылдың 29 маусымындағы N 892 «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес университетке Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті атауы берілді. ЕҰУ құрамына Дипломатиялық академия және әр саладан білім берумен шұғылданатын 5 институт (жаратылыстану технология, гуманитарлық, құқық, экономика, білім беру), сондай-ақ «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер ғылыми-зертхана орталығы, Жоғары мектеп проблемаларының ғылыми-зертхана орталығы, Дүниежүзүлік экономика және конъюнктура ғылыми-зертхана институты, Геотехнологиялық ғылыми-зертхана институты, ҚР Ұлттық ядролық орталығы ядролық физика институтының бөлімшесі, Ақпараттық-есептеу орталығы, т.б. енеді. Ресей, Беларусь, Испания, Германия, т.б. елдер оқу орындары ғылыми орталықтарымен тығыз байланыс орнатылған. Күндізгі бөлімде 85 мамандық, ал сырттай бөлімде 25 мамандық бойынша студенттер білім алады (2001). Университетте 669 білікті маман дәріс береді. Оның ішінде 70 ғылыми доктор, професор, 214 ғылыми кандидат, доцент бар. Кандидат және докторлық диссертация қорғайтын 9 ғылыми кеңес және 20 мамандық бойынша аспирантура жұмыс істейді. Университеттің 5 оқу ғимараты, 12 лингафондық кабинеті, 1 250 000 қоры бар кітапханасы мен 500 орындық компьютерлік оқу орталықтары бар. ЕҰУ базасында 2000 жылы Ломоносов атындағы ММУ (Мәскеу Мемлекеттік Университеті) Қазақстандық филиалы құрылған. ### Даму хронологиясы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылғы 23 мамырдағы бастамасымен екі ЖОО – Целиноград инженерлік-құрылыс институты мен Целиноград педагогикалық институтының бірігуінің негізінде құрылды. 2001 жылдың 5 шілдесіндегі «Жеке мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше статус беру туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығына сәйкес университетке «Ұлттық және жалпыадамдық құндылық, ғылым мен техника жетістіктері негізінде тұлғаларды дамыту мен кәсіби қалыптастырудағы елеулі үлесі» ерекше мәртебесі берілді. 2002 жылдың қазанында Лев Николаевич Гумилевтің мұражай-кабинеті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында ректор М.Ж. Жолдасбековтың бастамасымен ашылған (2000-2004 жж.). 2009 жылдың 10 наурызында ЕҰУ-де Университеттердің еуразиялық қауымдастығының XI съезі өтті. 2012 жылы Еуразия ұлттық университеті XX ғасырдың көрнекті ғалымы, түркі, славян, азиялық және еуропалық халықтарының тарихы туралы ірі еңбектердің авторы, тарихи этнология және тарихи география салаларының атақты маманы Лев Николаевич Гумилевтің (1912-1992) 100 жылдық мерейтойы бүкіләлемдік дәрежеде атап өтілді. ## Рейтингтер * Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз Қазақстан агенттігі (БСҚТҚА) 2011-2012 жылдары Қазақстанның жоғары оқу орындарының қызметіне жүргізілген зерт­теу нәтижесінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ - Қазақстан ЖОО арасындағы басты рейтингі бойынша алғашқы орынға табан тіреген болатын. * 2012 жылдың қорытындысына сәйкес, ЕҰУ QS World University Rankings рейтингісінде 369-шы орынды иеленіп, Қазақстанда алғашқы болып үздік 400 ЖОО тізіміне ілікті. * Кибернетика лабораториясы (Cybermetics Lab) Испания Ұлттық Зерттеу кеңесiнiң ақпарат және құжаттама орталығының зерттеушi тобы жылына екі рет қаңтар және шілде айларында Webometrics университеттер сайтының рейтингісін жариялайды. Әлемнің 20 мыңнан астам ЖОО арасында өт­етін рейтингте бұған дейін, дәлірек айтсақ, 2011 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша білім ордасының ресми сайты 4082-ші орынға ие болған еді. Жарты жыл өткеннен соң 4644-ші орынды иеленді. 2012 жылы Webometrics рейтингісінің нәтижесінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың сайты Webometrics рейтингісі бойынша қазақстандық ЖОО арасында көш бастап, әлемдік ЖОО бойынша 2 318 оқу орны қатарынан көрінді. ## Факультеттер * Жаратылыстану ғылымдары факультетіЭкономика факультетіФилология факультетіЗаң факультетіБілім жоғары мектебіМеханика-математика факультетіЖурналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетіКөлік-энергетика факультетіCәулет-құрылыс факультетіХалықаралық қатынастар факультетіФизика-техника ғылымдары институтыТарих факультетіӘскери кафедра * Жаратылыстану ғылымдары факультеті * Экономика факультеті * Филология факультеті * Заң факультеті * Білім жоғары мектебі * Механика-математика факультеті * Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультеті * Көлік-энергетика факультеті * Cәулет-құрылыс факультеті * Халықаралық қатынастар факультеті * Физика-техника ғылымдары институты * Тарих факультеті * Әскери кафедра ## Ғылыми-зерттеу бөлімшелері Инженерлік-техникалық * Геотехникалық институт * Сараптау ғылыми-зерттеу институты * Құрылыс және көлік үрдістерінің технологиясы, механикаландыру және автоматтандыру институты Жаратылыстану-техникалық * Еуразиялық математика институты * Теориялық математика және ғылыми есептеулер институты * Іргелі зерттеулер институты * Теориялық физиканың еуразиялық халықаралық орталығы * Биоорганикалық химия ғылыми-зерттеу институты * Клеткалық биология және биотехнология институты * Қолданбалы химия институты * Инженерлiк бағыттағы зертхана * Ақпараттық қауіпсіздік және криптология институты * Жасанды интеллект институты Қоғамдық-гуманитарлық 1. «Евразия» гуманитарлық ғылыми зерттеулер орталығы2. «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы3. «Алаш» мәдениет және рухани даму институты4. К.А. Ақышев атындағы археология ғылыми-зерттеу институты5. Конфуция институты6. Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу орталығы7. Академик С. Зиманов атындағы білім заңнамасы ғылыми-зерттеу орталығы Әлеуметтік-экономикалық 1. Мемлекеттік-құқықтық зерттеулер, заң жобаларын дайындау және сараптау институты2. Журналистика мәселелерін зерттеу институты4. Заманауи зерттеулер институты5. Әлеуметтiк және мәдени антропология институты 6. Этносаралық қатынастар және қазақстан халқы ассамблеясы толеранттылығы орталығы ## Күміс университет Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қоғамның дамуына үлес қосып, өзінің әлеуметтік бағыттағы үшінші миссиясын белсенді жүзеге асырып келеді. Life Long Learning аясында 55 жастан асқан қазақстандықтарға 35 курс тегін ұйымдастырылды. 2000-нан астам аға буын өкілі ЕҰУ Күміс университетінде білім алуға ниет білдірді, оның 300-ден астамы тиісті сертификаттарын қолға алды. ## Мұражайлар ### Жазу тарихы музейі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі Жазу тарихы мұражайы(қолжетпейтін сілтеме) ғылым, оқу ісіне жәрдем беретін және мәдени-ағартушылық бөлімше болып табылады. 2003 жылдың 18 қыркүйегінде аталған мұражай салтанатты түрде ашылды. Оған көптеген белгілі саясаткерлер, ғалымдар, оқытушылар қатысты. Олардың ішінде: Ө.Байгелди, Қ.Сұлтанов, М.Жолдасбеков, Ф.Оңғарсынова, И.Тасмағанбетов, З.Қадырова және тағы басқа қоғам және мемлекет қайраткерлері болды. Ұлттық университеттегі түркі жазуы тарихы мұражайының негізгі мақсаты - жазу тарихын зерделеу. Одан басқа мұражай оқу-әдістемелік бағытты да ұстанады. Еуразиялық кеңістіктегі түркі халықтары қолданған жазу үлгілері - әлемдік мәдениеттің аса құнды мұралары. Адамзаттың даму тарихында көшпелілер өркениетін қалыптастырып, «Мәңгі ел» идеясын ұсынған, қазір өзара тамырлас 26 тілде сөйлейтін түбі бір түркі жұрты да өзінің әлімсақтан бергі тарихында 16 жазу үлгісін қолданды. Біздің жыл қайыруымыздан бұрынғы V-IV ғасырда алғаш рет түркі сөзі әріппен жазылып, тілдік жүйеміздің негізін қалады. Мұражайдағы жәдігерлер жинақталып, сақталады және зерттеледі, сондай-ақ ғылыми, жалпы білім беру, тәрбие және насихаттау мақсаттарында пайдаланылады. Мұражай ЕҰУ оқытушылары мен студенттеріне осындағы жәдігерлерді оқу-әдістемелік ісінде пайдалануға жәрдемдеседі. Сонымен бірге студенттердің жорықтары мен экспедициясын ұйымдастыру, түрлі ұйымдармен хат жазысу және ЕҰУ институттары оқытушыларымен тікелей байланыс орнату шаралары арқылы мұражай қоры толықтырылып келеді. Басқа мұражайлармен (Президенттік мәдениет орталығы, С.Сейфуллин атындағы мұражай және т.б.) байланыс орнатылды. Моңғолиядан, Сианьнан, Алтай өлкелерінен де мұралар әкелініп, оған бөлек зал ашылды. ### Л.Н. Гумилевтің мұражай-кабинеті Университетке атақты ойшыл, шынайы еуразияшыл және түрколог Лев Николаевич Гумилев есімі берілгені – зор мәртебе. Лев Николаевич Гумилевтің мұражай-кабинеті Мұрағатталған 31 наурыздың 2018 жылы. 2002 жылдың қазанында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында ректор М.Ж. Жолдасбековтың бастамасымен ашылған (2000-2004 жж.). Мұражай-кабинеттің ашылуына зор көмегін тигізген және қолдау көрсеткен ұлы ғалымның асыл жары Наталья Викторовна Гумилева (Симановская). Мұражай экспозициясын құруға ғалым шығармашылығының зерттеушілері - Е. Ділмұхамедов, М. Новгородов, М. Козырев, В. Биличенко, Е. Масловтың сынды белді азаматтар атсалысты. Мұражай нақты, жазбаша, бейнелеу көздерін жинап, сақтап, көрмеге қояды, сондай-ақ, кино -, фото -, тарих және география ғылымдарының докторы, еуразия ғылыми бағытының атақты өкілі Лев Николаевич Гумилевтің өмірбаяны мен көрнекті тарихшы-этнологтың ғылыми қызметінен сыр шертетін Дереккөздерн. Мұражайдың негiзгі міндеті - Л.Н.Гумилевтiң өмірі мен қызметіне қатысты мұражай экспонаттарын зерттеуде (фотосурет, жеке заттары, құжаттар, хаттар) және мұражайдың ғылыми қорын құрастыруды негiзге ала отырып жинақтау, сақтау жұмыстарын жүргізу; мұражай қорларының алғашқы және екiншi есепке алу жүйесiн ретту; материалды жинақтау мен зерттеу негізінде экспозициялар және уақытша көрмелер құру; экскурсиялар, дәрiстер, семинарлар, мұражай сабақтары, ғылым және мәдениет қайраткерлерiнiң кездесулерi,түлектер кештерiн ұйымдастыру, университет қонақтарына таныстыру саяхатын өткізу, студенттермен,аспиранттармен, оқытушылармен, қызметкерлерiмен ғылыми-ағартушылық жұмыстар жүргізу және тағы басқа жиындарды өткізу. ## Халықаралық байланыс Бүгінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әлемнің бастаушы білім беру қорларымен, ғылыми-зерттеулер, студенттермен, оқытушылармен алмасу саласында және академиялық байланысты дамыту бойынша шетел ЖОО-мен 120-ға жуық келісім-шарт жасасқан. Сондай-ақ, ЕҰУ халықаралық университеттер - ШЫҰ елдерінің университеттері, ТМД Желілік университеттерінің толық мүшесі болып табылады. 2005 жылы ЕҰУ университеттердің ұлы Хартиясына қол қойды. ## Ректорлар Университет ректорлары болды: Целиноград инженерлік-құрылыс институты (ЦИҚИ) Т. Г. Духов (1964—1965) Х. А. Асанбеков (1965—1977) Х. К. Карешов (1977—1988) А. Г. Чекаев (1988—1996) Целинаград педагогикалық инстиуты К. Ж. Жаманбаев (1962—1974) Б. С. Сұңқарбеков (1974—1984) М. С. Беспаев (1984—1987) Н. В. Алексеенко (1987—1992) А. К. Құсаинов (1992—1996) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті А. К. Құсаинов (1996—2000) М. Ж. Жолдасбеков (2000—2004) С. А. Әбдіманапов (2004—2008) Б. Ж. Әбдірайым (2008—2011) Е. Б. Сыдықов (2011 ж.) ## Атақты түлектер Сембинов, Альмукан ОспановичАсқар Мамин Есен Жумагулов Манас Ешимбетов Жанар ДұғаловаМейрамбек Әбіләшімұлы БесбаевҚайрат НұртасАсхат Раздықұлы ОраловЗүлфия СүлейменоваАйдын Жұмаділұлы РақымбаевБақыт Ахметқызы СыздықоваЖеңіс Махмұдұлы ҚасымбекСапар Қайратұлы АхметовЕрмаганбет Кабдулович Булекпаев ## Университеттің атақты ғалымдары * Айтмұхамед Ғалиұлы * Мұхтарбай Өтелбаев(қолжетпейтін сілтеме) * Уалбай Өмірбаев Мұрағатталған 2 қарашаның 2013 жылы. * Намазалы Омашев(қолжетпейтін сілтеме) * Ғәділбек Шалахметов(қолжетпейтін сілтеме) * Жабайхан АбдильдинМұрағатталған 11 қазанның 2012 жылы. * Рахметқажы Берсімбай Мұрағатталған 30 қыркүйектің 2012 жылы. * Сейіт Қасқабасов(қолжетпейтін сілтеме) * Қаржаубай Сартқожаұлы(қолжетпейтін сілтеме) * Мырзатай Серғалиев * Нұрлан Темірғалиев(қолжетпейтін сілтеме) * Салғараұлы Қойшығара(қолжетпейтін сілтеме) * Дихан Қамзабекұлы(қолжетпейтін сілтеме) * Сайлау Батырша-ұлы Мұрағатталған 13 сәуірдің 2018 жылы. * Дүкен Мәсімханұлы(қолжетпейтін сілтеме) * Серік Негимов ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ресми торбеті Мұрағатталған 7 сәуірдің 2013 жылы. Факультеттер * Журналистика және саясаттану факультеті Мұрағатталған 25 мамырдың 2019 жылы. * Ақпараттық технологиялар факультеті Мұрағатталған 17 мамырдың 2013 жылы. * Механика-математика факультеті Мұрағатталған 12 мамырдың 2012 жылы. * Халықаралық қатынастар факультеті * Cәулет-құрылыс факультеті * Жаратылыстану ғылымдары факультеті * Физика-техникалық факультеті * Әлеуметтік ғылымдар факультеті * Экономика факультеті * Көлік-энергетика факультеті * Филология факультеті * Заң факультеті
Жабай Қарабиұлы (1697, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қарағайлы кент жағалауы — 1770 жылдары, сонда) — батыр. Орта жүз құрамындағы керей тайпасының ашамайлы руынан шыққан. Жоңғар шапқыншылығына қарсы ұрыстарға қатысып, ерлігімен көзге түскен. Жабай Қарабиұлы батыр туралы Дәстем салдың “Қаһармандар” дастанында айтылады. Оның ерліктерін Бұқар жырау, Үмбетей, Жанкісі, Тәтіқара, Көтеш, Шал ақындар жырлаған. Жабай Қарабиұлы батырдың Тоқсан, Сексен, Мыңжасар есімді ұлдарынан тараған ұрпақтар бүгіндері Ресейге қарасты Түмен облысы мен Солтүстік Қазақстан аумағында тұрады. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ер Жабай батыр елеусіз қалды * Социал Жұмабаев. Ұлылар туғАН
Ешнияз Сал Жөнелдікұлы (1834, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылы — 1902, сонда) — сал-сері, композитор. Сыр өңіріндегі салдық, күйшілік өнердің көрнекті өкілдерінің бірі. Әлімұлы тайпасының Кете руынан шыққан. Құрманғазы Сыр өңіріне келген кезінде онымен кездескен. Ешнияз Сал Жөнелдікұлы елге басшы болып, билік айтқан, алғаш егін егуге ұйтқы болған адам. Ол атқарған осындай игілікті істерден қалған бір белгі — “Ешнияз бұлағы”. Ешнияз Сал Жөнелдікұлы Ырысты қызбен, Кенекеспен, Серәлі қожамен айтысқан. “Әуия”, “Ой-ой”, “Айтжан-ай”, “Гөй-гөй”, “Жүрек сазы”, “Дүрдараз”, “Желдірмая”, т.б. әндері бар. Белгілі музыка зерттеушісі А.Е. Затаевич құрастырған “Қазақ халқының 1000 әні” жинағына Ешнияз Сал Жөнелдікұлының 6 әні енген. ## Дереккөздер
Жабысай, Жауылды – Ырғыз өзені мен Шалқар көлі аралығындағы тұйық алаптық өзен. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар ауданы жерінде. Ұзындығы 72 км, су жиналатын алабы 2380 км2. ## Бастауы Қарашолақ тауының солтүстік етегінен басталып, Тентексор ойысына, ал суы мол жылдары Мелдекөлге құяды. Ұштасып жатқан шағын көлдер, сор ойпаңдар және өзектер арқылы Ырғыз жайылмасымен байланысқан. ## Гидрологиясы Қар және жер асты суымен толығады. Арнасы енсіз, жағасы жайпақ. Салалары - Текелі, Талдысай. Жылдық орташа су ағыны 0,14 м3/с. Жаз ортасында тартылып, қарасуларға бөлінеді. Суын мал ішеді, жайылмасы — малға жайылым. ## Дереккөздер
Жабықбай Бұлғыншыұлы (1874 — 1958) — Қытайдағы қазақ диаспорасы арасынан шыққан қоғам қайраткері. Әкесі Қытайдағы қызай елінің биі болған. 1930 жылы Жабықбай Бұлғыншыұлы аймақта бірінші болып “Жырғалаң” мектеп интернатын ашып, бала оқыттырады. Жабықбай Бұлғыншыұлының елге жасаған игі істері жөнінде ақын Көдек Маралбайұлы мен Әсет Найманбайұлының өлеңдерінде дәріптеледі. Жабықбай Бұлғыншыұлы Үш аймақ көтерілісі нәтижесінде Шығыс Түркістан өкіметі құрылған 1944 — 50 жылдары үкімет мүшесі, “Одақ” саяси партиясы бақылау комитетінің бастығы, кейін Өлкелік үкімет кеңесшісі және ШҰАР саяси мәслихат кеңесінің тұрақты мүшесі болады. ## Дереккөздер
Жабағы жүн — қылшық жүнді қойдың, түйенің ұйысқан қысқы жүні. Көктемде қыстан арықтап шыққан мал оңалып, денеге жабысқан жабағы жүн көтеріле бастағанда қырқады. Қырыққанда жабағы жүн тұтас түседі. Жабағы жүнді әр түрлі бұйымдар жасауға пайдалану үшін оны түту, сабау сияқты алғашқы өңдеулерден өткізеді. 6 айға толған құлынды да қазақ жабағы деп атайды. Өйткені, оның түгі күзге қарай қалыңдайды. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Жабысқақ қандыағаш (Alnus glutіnosa) — қайыңдар тұқымдасы қандыағаш туысына жататын бір үйлі ағаш. Қазақстанда Жайық, Елек, Тобыл өзендері бойында, Құсмұрын к-нің жағасында, Ерейментау, Қарқаралы, Баянаула таулы аймағында өседі. Биіктігі 20 — 30 м келетін қара қоңыр түсті қабықты ағаш. Жас бұтақтары жылтыр, қызыл қоңыр үсті, желімді түктері болады. Бүршіктері жұмыртқа тәрізді, дөңгелектенген жапырақтарының (ұзындығы 4 — 12 см, ені 3 — 7 см.) бет жағындағы жолақтары айқын көрініп тұрады. Сырғалары (аталық та, аналық та) 3 — 5-тен топтасады. Дара жынысты, тұқымынан және вегетативтік (атпа тамырлары арқылы) жолмен көбейеді. Бүрі сәуір — мамырда ашылады. Жемісі — бір тұқымды, қос қанатты, қызыл-қоңыр түсті, желмен таралатын жаңғақша. Жабысқақ қандыағаш — дәрілік өсімдік. Оның қабығында илік заттар (5 — 9%), бүршігінде алкалоид (14 — 16%), жапырағында салицил, спирт және түрлі органикалық қышқылдар болады. Жабысқақ қандыағаштан алынған тұнба медицинада тоқ ішек қабынғанда, құяңға, суық тигенде қолданылады. Оның қабығынан түрлі түсті бояу алынады. Жабысқақ қандыағаштың сүрегі жеңіл, қызыл түсті, одан үй жиhаздары, ыдыс жасалады, құрылыстарда пайдаланылады. Жабысқақ қандыағаш, өте сирек кездесетін реликті өсімдік, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Дереккөздер
Жадейт (французша jadeіte, jade — нефрит, испанша іjada — бөтеке, бөтеке ем тасы) — силикаттар класындағы пироксендер тобына жататын минерал. Химиялық формуласы NaAl [Sі3O6]. Моноклиндік сингонияда кристалданады. Кристалдары тығыз ұсақ түйіршікті агрегаттар түзеді. Түсі жасыл, ақшыл, қызғылт, күлгін көк, қоңыр, қаттылығы 6,5 — 7,0, меншікті салмағы 3,3 — 3,4 г/см3, шыныша жылтыр. Метаморфтық сілтілі және жапсарлы-метасоматиттік тау жыныстарында түзіледі. Жадейттен ежелгі заманнан бері соғатын, шабатын қару-жарақ жасалды. Қазір зергерлік әшекей бұйымдар жасау үшін қолданылады. Жадейт Қазақстанда солтүстік Балқаш аймағындағы Итмұрынды кенінде кездеседі. Жадейт құрамды тау жынысы жадеитит деп аталады. ## Дереккөздер
Жадышы, жайшы, жадыгер — түркі халықтарының аңыз-әңгімелерінде соғыс кезінде аспаннан түскен сиқырлы тас “жадының” көмегімен жау әскері үстіне қар, нөсер жауын жаудырып, найзағай түсіретін адамдар. Мысалы: Тәуке хан заманында садыр руынан шыққан Алдияр батыр жаңбыр, қар жаудырып, тұман тұрғыза алған. Түркілер арасында осындай өнер иелері болғаны жөнінде өткен ғасырлардағы орыс саяхатшылары еңбектерінде кездеседі. Атап айтқанда, Палластың айтуынша, “Жадыгер — жауды сиқырлап, тұтқынға түсіреді”, ал Фальктің жазбаларында “жайшы — тастың көмегімен жауын, найзағай шақырып, желді тоқтатады” делінген. Жадышылардың қыпшақтарда да болғаны жазба деректерінде айтылады. Кейіннен бұл сөздің әскер ісімен байланыстылығы ұмытылып, сиқыршылық өнердің атауына айналған. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Жазық Меңаяққызы (1826, Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау ауданы (қазіргі Аягөз ауданы) Бесбұлақ ауылы — 1863, сонда) — ақын. Арғын тайпасы Қуандық руы Мамайдар бөлімінен шыққан (төлеңгіт). Бала кезінде шешек ауруы салдарынан екі көзінен айырылып, қасірет шегеді. Тағдырына мойымай, жастайынан ақындық жолға түседі, суырыпсалма ақындығымен елге танылады. Жазық өлеңдері Сарыарқа өңірі мен Жетісуға кеңінен таралады. А.Янушкевич 1864 жылы тамыздың 23-інде Жазықпен жүздесіп, оның өлеңдері мен толғауларын өз аузынан жазып алады. Ол ақын қыздың әдемі даусына, суырыпсалмашылық өнеріне, өлеңдерінің азаматтық үнінің айқындығы мен батылдығына тәнті болып, өзінің “Қазақ даласына жасалған саяхат туралы жазбаларында” (поляк тілінде — 1861, 1875; орыс тілінде — 1966; қазақ тілінде — 1979) Жазық туралы жылы лебіз білдіреді. Жазықтың шығармалары қазақ тілінде сақталмаған. Янушкевич кітабында поляк тілінде жарияланған. Жазықтың екі өлеңі (көрнекті орыс ақыны М.Цыбин орыс тіліне аударған) Мұхтар Мағауин құрастырып шығарған “Поэты Казахстана” жинағында 1978 жылы Ленинград қаласында (қазіргі Санкт-Петербургте) тұңғыш рет жарық көрді. Қарапайым халықтың ауыр тұрмысын, ел билеушілер мен патша шенеуніктерінің зорлық-зомбылықтарын жырға қосқан “Туған елді таныстыру”, “Адольф Янушкевичке” атты бұл екі өлеңін 1995 жылы Мерғали Ыбырайұлы қазақ тіліне аударған. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Жайнақ батыр (шамамен 1705, Алматы облысы Қаратал өзенінің жағалауы — 1790, сонда) — жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстарға қатысқан батыр. Ұлы жүз құрамындағы жалайыр тайпасының мырзасәбден аталығынан шыққан. “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” жылдары Жайнақ батыр Іле мен Қаратал өзендерінің аралығындағы елдің басын біріктірген Ескелді би Жылгелдіұлы, Балпық Дербісәліұлы және Қабан жырау Асанұлының қасында болған. Жайнақ батыр жоңғарларға қарсы соғыстарда қол бастаған, елшілік қызмет те атқарған. Ел аузындағы аңыздарға қарағанда, көмекейі кең, дауысы аса қатты адам болған. Жайнақ батыр осы қасиетін жауға қарсы шайқас үстінде пайдаланған. Өз замандастары Бекен Тұрлымбетұлы, Тәттібай мерген, ағайынды Малтабар, Құлжан батырлар, Дарабоз ана, т.б. адамдармен бірге Жетісу жерін басқыншы жаудан азат етуге ат салысқан. Жайнақ батырдың бейіті Талдықорған қаласының маңындағы “Еңбек” ауылында. ## Дереккөздер
“Жазушы” баспасы — Қазақстандағы, негізінен, көркем әдеби шығармаларды басып шығаруға маманданған баспа. Қазақ мемлекеттік баспасының жастар мен балалар әдебиеті, көркем әдебиет бөлімдері негізінде 1933 жылы Қазақ көркем әдебиет баспасы құрылып, ол Қазақстан жазушылар одағына бағынды. Баспаның тұңғыш директоры Ғ.Мүсірепов болды. 1941 жылы 26 қаңтарда республикадағы барлық кітап баспалары қайта біріктіріліп, Қазақ біріккен мемлекеттік баспасы атанғанда, аталған баспа да соның құрамына кірді. 1950 жылы қаңтарда Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасы қайта бөлініп, ол Қазақстан Мәдениет министрінің қарамағына беріледі. 1964 жылы “Жазушы” баспасы аталып, Қазақстан Министрлер Кеңесінің Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетіне бағындырылды. Баспада проза, поэзия, көркем аударма, әдеби сын, қайта басылым, орыс әдебиеті, ұйғыр әдебиеті, музыка мен өнер редакциялары және балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясы жұмыс істеді. “Жазушы” баспасы қазақ, орыс, ұйғыр, корей, неміс тілдерінде көркем әдеби шығармаларды, әдеби зерттеулер мен көркем әдеби сын жанрындағы еңбектерді, музыка, көркемөнер туындыларын, альбом, буклет, әдеби күнтізбелер, т.б. шығарып тұрды. “Жалын” альманағы алғашқы жылдары осы баспаның жанынан жарық көрді. “Жазушы” баспасы қазақ әдебиетін дамытуға, республикадағы баспа ісін өркендетуге елеулі үлес қосты. Әлем әдебиетінің алтын қорына қосылған М. Әуезовтің “Абай жолынан” бастап, С. Мұқанов, Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, Қ. Аманжолов, Ә. Әбішев, Д. Әбілев, Ә. Тәжібаев, Б. Момышұлы, Х. Есенжанов, Т. Жароков, С. Ерубаев, Ж. Молдағалиев, Ә. Нұрпейісов, Т. Ахтанов, Қ. Есенберлин, Қ. Мұхамеджанов, О. Сүлейменов, Ә. Әлімжанов, Қ. Бекхожин, Х. Ерғалиев, С. Мәуленов, Ғ. Қайырбеков, Т. Әлімқұлов, Б. Соқпақбаев, М. Мақатаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Нәжімеденов, С. Мұратбеков, Ш. Мұртаза, Ә. Кекілбаев, М. Мағауин, т. б. аса көрнекті қаламгерлердің алғашқы туындыларынан бастап, таңдамалы жинақтары, көп томдық кітаптары осы баспадан жарық көрді. Саяси қуғын-сүргінге ұшырап, көп уақыт оқырманнан қол үзіп қалған қазақ әдебиетінің арыстары А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ш.Құдайбердиевтердің шығармалары авторлары ақталғаннан кейін алғаш рет осы баспадан оқырман қолына тиді. Халықтың ауыз әдебиетінің асыл мұралары, жыраулық әдебиеттің үздік үлгілері, Абайдың, Жамбылдың шығармалары “Жазушы” баспасынан сан рет басылып шықты. Әлем әдебиетінің көптеген классиктерінің туындылары осы баспадан қазақ тіліне аударылып, республика оқырмандарының рухани қазынасына айналды. Баспаның директоры болып әр жылдары Есенберлин, Ә. Жұмабаев, С. Мұратбеков, М. Сқақбаев секілді көрнекті жазушылар қызмет істеді. 1976 жылы қаңтарда “Жазушы” баспасының балалар мен жастар әдебиеті Бас редакциясының негізінде жаңа әдеби баспа “Жалын” құрылды. “Жазушы” баспасы 1999 жылы жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып қайта құрылды. ## Дереккөздер
Жайсаң, Зайсан (ежелгі түркі сөзі) — орта ғасырлардағы ру басының, ауқатты әулет өкілінің лауазымы. Қазіргі қазақ тілінде “қасқа мен жайсаң” тіркесі түрінде сақталған. Жайсаң ұғымы ұлық, мырза атауларымен мәндес. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Жайсаң — Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Жайсаң ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Мәртөк ауылынан солтүстік-батысқа қарай 25 км жерде, боз, селеу, көде айрауық өскен қызыл қоңыр топырақты дала белдемінде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2719 адам (1290 ер адам және 1429 әйел адам) болса, 2009 жылы 2304 адамды (1098 ер адам және 1206 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1897 жылы қаланған. 1930 жылы Энгельс атындағы ұжымшардың орталығы, 1957 жылдан “Жайсаң” астық кеңшары мен ауылдық кеңестің орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары мен серіктестіктер жұмыс істейді. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобильді жолы және темір жол арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Жайсаңбаев Есболған Ботабайұлы (14 қаңтар 1940 жыл, Алматы облысы Ақсу ауданы Ақсу ауылы — 13 мамыр 1983 жыл, Алматы) — актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1982). ## Өмірбаяны Қазақ драма театры жанындағы студияны (1960), ҚазМУ-дің филологиялық факултетін (1968) бітірген. 1960 жылы Қазақ драма театры артистерінің негізгі құрамына қабылданған. ## Рөлдері Театр сахнасында ойнаған алғашқы рөлі — З.Шашкиннің “Заман осылай басталды” спектакліндегі Покудин. Жайсаңбаев, көбінесе, комедиялық бейнелер сомдауымен көрермендер ілтипатына бөленді. Оның таңдаулы рөлдері: Хасен, Серке (Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтің “Беу, қыздар-айы” мен “Ой, жігіттер-айында”), Сейіт (Ш.Айтматовтың “Аңсаған менің әнімсің” және Ғ.Мүсіреповтің “Ақын трагедиясында”), Дәуіт (Б.Майлиннің “Майданында”), Олжатай (С.Жүнісовтің “Ажар мен ажалында”), Бақтияр (Ә.Тәжібаевтың “Майрасында”), Махмұт (Ж.Файзидің “Башмағында”), т.б. Табиғатынан аңқау, адал да ақ көңіл жандардың күлкілі қылықтарын көңілге ұялар тартымдылықпен кескіндеу — Жайсаңбаевтың актерлік болмысына тән қасиет болды. 1976 жылдан бірнеше фильмге түсіп, Сәрсенбаев (“Спорт саңлағында”), Прораб (“Доланалыда”, 1980), Ятчель (“Ақ бақсыда”, 1982) бейнелерін сомдады. ҚазКСР еңбек сіңірген артисі Есболған біраз роль ойнап , көрермен қауымға енді таныла бастаған тұсында «Лениншіл жастың» қазіргі «Жас алаш» газетінің бір тілшісі М. Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының сол уақыттағы жас актері Есболған Жайсаңбаевқа: «мұңайып тұрғанда күліп, ал қуанып тұрғанда еңіреп жібіре аласың ба? » деп сұрақ қойыпты. Оның жауабы: «еңірегені қандай. Қажет болса қазір көз алдыңызда ботадай боздап берейін. Мұнан әрі қарай ол күлкінің әлеуметтік сыр-сипатын , түрлерін, сахналық әрекетпен астасып жату қажеттілігін өзінің ойнаған рольдерінің мысал келтіріп, тамыршыдай тап басып дәлелдеп берген. Жай ғана қүлкі емес ,әлеуметтік жүгі салмақты , белгілі бір нысанаға бағытталған күлкіні , өзінің актерлік қызметіне арқау еткен, өмірден ерте өтсе де өнерде өшпес із қалдырған Е.Жайсаңбаев тамаша күлдіргі актер болумен бірге, драмалық рольдерді де еркін меңгерген бесаспап шебер еді. Өнерге жастайынан құштар, табиғатынан жақын болды. Кішкентайынан ән мен күйді , терме мен жырды , небір қызық әңгімелерді тыңдап өскен, өзі де ауылдың алты аузынан құралақан емес, халық мұрасының кәусар бұлағынан қанып сусындаған Есболғанда екі жылдық актер дайындайтын студияға алып келген де өнерге деген осы құштарлық пен сүйіспеншілік. Қабылдау емтханында қойлы ауылдың тірлік- тынысын дәл сипаттайтын күлкілі сахналық нұсқадан-ақ сарпшы ұстаздар оның бойынан тұнып тұрған табиғи юмордың ұшқының сезгені ақиқат. ## Дереккөздер
Жайық-жем артезиан алабы - Каспий ойпатының шығысында орналасқан. Жайық пен Жем өзендерінің аралығын – Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарының жерін қамтиды. Жалпы ауданы 200 мың км2-ге жуық. Жайық-жем артезиан алабының сулары тас көмір кезеңінің әктастарында, пермь, төм. триас, ортаңғы юра, төменгі бордың құмтасы мен өзен бойының құмдарында қалыптасқан. Олардың жалпы қалыңдығы 15 – 20 км-ге дейін. Алаптың батыс және оңтүстік-батыс жағында қалыңдығы 3 – 5 км-ге жететін кунгур қабатының тұз шөгінділерінің жиі таралуына байланысты мұнда кездесетін жер асты сулары өте ащы (минералдылығы 100 – 130 г/л; тереңдігі 500 – 700 м-ге дейін). Тұщы, ашқылтым сулар (минералдылығы 0,1 – 3,0 г/л) алаптың шығысында және оңтүстік-шығысында бор шөгінділері мен юра жыныстарында шоғырланған. Бұл сулардың тереңдігі 50 – 350 м аралығында. Тұзды және ашқылтым сулардың жалпы табиғи қоры 500 млрд. м3-ден асады. Жайық-жем артезиан алабының сулары елді мекендерді, жайылымдарды, шабындықтарды суландыруға пайдаланылады. Ұңғымалардың өнімі тәулігіне 260—3450 м3. Ғасырлық қоры 192 млрд. м3-ден асады. ## Дереккөздер
Ыбырайым Жайнақов (туған жылы белгісіз, бұрынғы Жетісу облысы Верный уезі — өлген жері белгісіз) — Алаш қозғалысының қайраткері. ## Өмірбаяны Верный ерлер гимназиясын бітірген. Жетісу облысы басқармасында тілмаштық қызмет атқарған. ### Қоғамдық саяси әрекеттері 1911 жылы 21 қазанда Жайнақовтың бастамасымен Жетісу облысының болыстары және құрметті ақсақалдарының кеңесі өтіп, онда облыс әкімшілік пен қоныстандыру басқармаларының іс-әрекеттері жөнінде және саяси іздестіру бөлімдерінің облыстағы көшпелі халықтың ісіне араласпауы туралы Ресей империясының астанасы Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік дума мүшелеріне өтініш айтып, өкілдер жіберу мәселесі шешілді. Нәтижесінде көрнекті қазақ зиялыларының бірі Барлыбек Сыртанов Санкт-Петербургке барып, Мемлекеттік думаның Мұсылман фракциясы мүшелеріне Жетісудағы жергілікті халықтың өтініш-тілектерін білдіріп қайтты. Жайнақов Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің даярлануына және өтуіне ат салысты. Ол Ресей патшасының 1916 жылғы 25 маусым жарлығына байланысты шиеленіс туындаған жағдайда халықтың көтеріліске шықпауын жақтады. 1916 жылы 14 шілдеде Верный қаласында Үлкен Алматы болысына қарасты жергілікті халық өкілдерінің мәжілісін ұйымдастырушылардың бірі ретінде халықтың көтеріліске шығып босқа қырылмауын, мәселенің бейбіт түрде шешілуін халыққа түсіндірді. 1917 жылы Жайнақов Ақпан төңкерісінен кейін елдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге белсене араласты. Сол жылы Жетісу облысы қазақ комитетінің төрағасы болып сайланды. 1917 жыл 12 — 23 сәуірінде 81 делегат қатысқан Жетісу облысы қазақ 1-съезін даярлап өткізуге көп еңбек сіңіріп, съезге төрағалық етті. 1917 жылы 19 шілдеде Уақытша үкіметтің Жетісу облыстық комиссарының орынбасары болып тағайындалды. 1917 жылғы 1-, 2-жалпықазақ съездерінің жұмысына белсене араласты. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына Жетісу облысынан депутаттыққа ұсынылды. 1917 жылы шілде, тамыз айларында Ә.Бөкейханов, М.Шоқаев, Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедовтермен бірге Жайнақов Челябинск қаласында өткен Сібір үкіметі мен Құрылтай жиналысының мүшелері комитетінің мәжілісіне қатысты. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысынан кейін босқыншылыққа ұшырап, Қытайға ауған Жетісудың жергілікті қазақ және қырғыз халықтарын отанына қайтару, оларға көмек көрсету, ашаршылыққа тап болған Жетісудың жергілікті халықтарын азық-түлікпен қамтамасыз ету, қоныс аударушылар мен жергілікті халықтың арақатынасын реттеу ісіне қазақ және қырғыз зиялыларымен бірге ат салысты. 1918 жылы 10 — 31 тамыз аралығында Лепсі қаласында өткен Жетісу облысы қазақтарының 2-съезіне төрағалық етті, съезге жиналғандарға қазақ және қырғыз тілдерінде облыстық газет шығаруды ұсынды. Большевиктер билік басына келіп, елдегі қоғамдық-саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты Жетісудағы Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлерімен бірге Қытайға қоныс аударып, сол жақтан большевиктерге қарсы қарулы қарсылық ұйымдастыру әрекеттерін қолдады. Жайнақовтың қайтыс болған жері белгісіз. ## Дереккөздер
Ескелді би (шамамен 1692–1770 жылдар) Әмбе жалайыр әулие атанған Ескелді би — күллі қазақ халқына қауіп төнген ХVIII-ғасырда ел қорғаған ерлердің бірі. Ол өзінен екі жас кіші Балпық әулиемен, Қаблиса сияқты әрі ақын, әрі батырмен, қол бастаған Орақ батырмен бірге жоңғар басқыншыларына қарсы жойқын жорықтар жасап, елінен, жерінен айырылып босып кеткен жалайырлардың басын құрап, Жетісу өлкесіне қоныстандырған тарихи тұлға. ## Шежіреден Ұлы жүздегі он екі ата Жалайырдың бір тармағы Сиыршы руынан өрбіген бес баланың бірі — Тоқымбеттен Бейімбет туады. Одан тараған үш ұлдың ортаншысы — Жанғабыл. Оның баласы Жылкелді — бес ұлдың әкесі. Үшіншісі Ескелді екен. Жылкелдінің бәйбішесі алты Алашқа мәлім Төле бидің Ұланбике атты қызы екен. Талдықорғандық журналист, жазушы Әли Ысқабаев жинаған деректерге қарағанда, Ұланбике анамыз ұзатылғаннан кейін араға бірер жыл салып, әкесі Төле бидің ауылына төркіндеп барады. Мал ішінде Кертаған деген өгіз жұр екен. Құрбыларымен, шешесімен сырласқанда Ұланбике сол өгіздің басына жерік екенін білдіреді. Мұны естіген Төкең: "Кертаған — малымның құты мен берекесі еді, менің дәулетім қызыма ауысайын деген екен", — деп, өтінішін орындатады. Қызының құрбы-жеңгелерін шақырып: "Өгіздің басын бұзбай тұтас асыңдар, қай жерін қалап жейді екен, байқап отырыңдар" — дейді. Бірақ Ұланбике бас пісіріп алдына келгенде, құрбы жеңгелеріне: "Мені оңаша қалдырыңдар" деген тілек айтады. Әйткенмен бір-екі жеңгесі жабықтан сығалап қарап тұрады. Жерік қыз бастың тілін ғана кесіп алып, жеген екен. Мұны жақсылыққа жорыған Төле би: "Құдай қаласа қызым ұл туады екен, ол қызыл тілдің шешені, өз елінің көсемі болады екен" — деп болжапты. Қызы төркінінен еліне қайтқан соң аман-есен босанып, ұл туады. Жылкелді қайын атасына ат шаптырып сүйінші сұратқанда, Төле би: "Тілекті алла ескерді, Жалайыр еліне ес келді, баланың есімі Ескелді аталсын. Елінің есін жиғызып, халық қамын ойлайтын азамат болып өсер ме екен", — деп, жас нәрестенің ертеңін болжап, шілдеханасына арнайы ақ боз ат шалдырып, дүбірлі той жасаған екен. ## Өмірбаяны ### Балалық шағы Ескелдінің жастайынан зерек, тапқыр болып өсуіне қоршаған ортасы игі ықпал еткен. Ел билеген азаматтар, айыр тілді билер бас қосқанда әкесі Ескелдіні бала кезінен бірге ертіп жұрген. Келе-келе есі кіре бастаған кезде билер шиеленіскен дау-дамайдың шешуін таппай дағдарып отырғанда балаң жігіттің еті қызып, арқасы қозып, сөз сұрай бастаған. Ауыл ақсақалдары, білікті билер оқта-текте сөз кезегін бергенде Ескелді асқан тапқырлықпен, шешендікпен, ақынша ұйқас сөздер тауып, сөйлей жөнеледі екен. Бұған әкесі Жылкелді ұяла қысылып: "Балам, үлкендердің алдына бекер түсесің", — деп, тыйым салмақ болғанда сөз төркінін ұғатын зерделі, зиялы кісілер: "Жылкелді, баланың талабын қайтарма, бұл жерде "ата тұрғанда ұл сөйлегеннен без, ана тұрғанда қыз сөйлегеннен без" деген көне мәтелді қолдану ретсіз, балаңның ұғымы да, түйсігі де бөлек, басқа балаларға ұқсамайды" дегенде, көңілі тасып шабыттанған Ескелді: Қой асығын қомсынып, Шымыр емес демеңіз, Қолға жақса сақа ғой. Ұл сөйлесе шамсынып,Жасы кіші демеңіз,Ақылы асса дана ғой, — деп тоқтаған екен.Бұған әкесі де шаттанып: "Балам, алдыңнан жарылқасын, үй баласы ма десем, ел баласы екенсің, еліңнің ай маңдайлы арысы бол!". — деп, батасын берген екен.Төле би жиені бес жасқа толғанда ұлы жүздің бар жақсысын шақырып, Ескелдіні оң тізесіне отырғызып: "Ақыл-есім орнына келді, енді бір он бес жыл жасаймын" — деп, өзінің де алдағы ғұмырын болжаған екен. Бұл жолы Төле би ең ұлы үш батасының бірін Ескелдіге берген екен. Қызырдың сөзіндей бірінші батасын Абылай ханға, екінші батасын Жетісу жерін жау қалмақтан азат етуде айрықша еңбек сіңіріп, теңдессіз ерліктер жасаған Өтеген батырға берсе керек. ### Ер жеткен шығы Бірде Абылай хан жорық сапарынан келе жатып, жолай Сыр бойын жайлап отырған Жалайыр еліне ат басын бұрыпты. Осы өңірдегі сыйлы кісілердің бірі Жылкелді оны арнайы қонақ етеді. Сый-сияпат көріп, көңілі толған Абылай үй иесін сөзге тартады.— Ақсақал, әңгіме айта отырайық. Сіздің ойыңызша, жол анасы не, су анасы не, сөз анасы не? — деп сұрақ қояды.Адамгершілігі, кісілігі айрықша болса да Жылкелді мүндай тапқыр сөзге орашолақтау-тұғын. Сонда да сұраққа жауап беру керек:—Жол анасы үлкен даңғыл жол шығар. Су анасы — мұхит, сөз анасы тіл шығар, — депті күмілжіңкіреп. Сонда сөзге құлақ тігіп отырған Ескелді:—Жол анасы тұяқ болар, су анасы бұлақ болар, сөз анасы құлақ болар, — деп жауап берген. Енді бір деректе, ер жетіп келе жатқан жиенін Төле би сынамақ болған екен. Алыстан сәлем беруге арнайы келген Ескелді әбден кәрілік жеңген нағашы атасына: Армысыз, ата!Таудан аққан бұлағым,Жауға шапсам ұраным.Сыйынсам да аллағаӨзіңді айтып тұрамын!Алты Алаштың өрісің,Халқымыздың төрісің.Өзің ғана табасыңӘрбір істің желісін, — деп, сәлем берген екен. Жақын жолдастарын ертіп, сонау Сыр бойынан Қазығұрт етегіне арнайы келген жиеніне риза болғаны сонша бірден өбектемей, ақыл-есінің қаншалықты толысқанын байқау үшін:—Досың қайда? Дұшпаның қайда? — деп сұрақ қойыпты Төле би. Ескелді сұқ саусағымен жұрек тұсын нұқыпты да, аузын ашып, тілін көрсетіпті.—Жақсылық пен жамандықтың тұрағы қайда? — деп сұрағанда, Ескелді оң иығы мен сол иығын көрсетіпті.— Білікті адам қандай? Ақымақ адам қандай? — деп сұрағанда Ескелді күн көзіне күн салып қарап, алысқа үңіліпті, содан кейін көзін жұмып, төмен қарапты. Сонда қарт би "түсіндім" дегендей басын изеп, "балам, қолыңды жайшы" депті. Шырағың жанып тұрсын,Бұлағың ағып тұрсын.Мың да бір бәледен,Жүз де бір кесапаттанАлла тағала қағып тұрсын.Жазың жайлы болсын,Қысың майлы болсын,Отын-суың сайлы болсын.Саған қастық ойлағанныңКөкірегіне қайғы толсын.Дұшпаның табаныңда болсын,Достарың қабағыңда болсын.Маңдайыңда жұлдыз болсын,Таңдайыңда бұлбұл болсын, — депті.Қонақтар бой жазып сыртқа шыққанда, жолдастары: — "Достарың кім? Дұшпаның қайда?" дегенде, неге жүрек тұсын нұқып, неге аузыңды ашып тіліңді көрсеттің? — деп сұрағанда, Ескелді:—Қас та, дұшпан да, дос та адамның өзінен. Жүрегің жұмсақ, пейілің кең болса, дос көп. Жүрек — адам денесінің төрешісі. Төреші әділ болса, жұрт айналаңа жиналады, сондықтан достықтың діңгегі деп, жүрек тұсын көрсеттім. Тіл — адамның әрі досы, әрі дұшпаны. Парасатты сөз айтсаң, біреуге жақсылық тілесең, жан-жағың жарқырап жүреді, байқамай, ағат сөз айтсаң — жан-жағың жабыла шағатын жылан-шаянға толады. Мен соны мезгедім.—"Жақсылық пен жамандықтың тұрағы қайда?" деген сұраққа оң иығың мен сол иығыңды неге көрсеттің?,—деп сұрағанда, Ескелді:—Көне аңыздарда Қаһарман, Қатибин деген екі періште адам баласының жақсылығы мен жамандығын екі иығында отырып, үнемі жазып отырады деп, әжем мен атам айтатын. Бұл — жай сөз емес, әрбір пенде адамдықтан асып кетпесін деген тілектен туған.Бала жігіт бірнеше күннен кейін еліне жүрмек болғанда, Төле би жиенін өз ордасына шақырып, ақ бурыл дөненді, күмістеп шапқан ер-тұрманымен алдына көлденең тартып, алмас қылыш сыйлапты. Ескелді нағашы атасы берген түлпарға мініп, алмас қылышын жарқыратып қолына ұстағанда, тұлғасы жауға енді аттанғалы тұрған батырға ұқсаса керек. Сонда Төле би: Бір алла жар болып,Қызыр-Ӏлияс шылауыңда болсын.Атың құтты болсын,Жаның жұпты болсын.Табаныңнан мұз өтсін,Маңдайыңнан күн өтсін.Үйің ырысқа толып,Төріңе Қызыр түнесін.Ғайып-ерен қырық шілтенЖан-жағыңнан қолдасын.Мұратың халық болсын,Алдың жарық болсын! — деп бата беріпті. ### Батыр Ескелді Күллі Ұлы жүзді аузына қаратқан Төле биден бата алған соң Ескелдінің абыройы көтеріліп, барша Жалайырдың билігіне араласа бастайды. Өзінен екі жас кіші Балпық би де осы тұста ел басқаруға жарап қалған еді. Екеуі тізе қосып, Орақ батырды қолбасшы етіп, елді үгіттеуге, мәміле жүргізуге от ауызды, орақ тілді Қаблиса (Қабан) ақынды бас етіп, Сыр бойындағы елді Жетісу өлкесіне қарай көшіреді. Бұл оқиға Қалқа Жапсарбаевтың дастанында тамаша суреттелген. Шежіре бойынша оқиға 1767 жылы болған сияқты. Ауыз әдебиетін, тарихи деректерді көп жинаған Әубәкір Диваев былай деп жазған: "Үйсіндер Сырдан ауып келген... Сарқырама, Қараөзен, Қуаң деген жерлерден қалмақты қуып, Жетісуға егін салып орналасқан. Үйсіннен Қасқарау Өтеген батыр, Суаннан Қараекенің баласы Дәулет, Жалайырдан Ескелді, Сыпатай, Байқоңыр батыр бесеуі жерге бастап алып келді. Қалмақтан әуелі жерді босатқан Найманнан Қаракерей Қабанбай, Найманның Матайынан шыққан шыққан Тәттібай Есімбекұлы, Қораластан шыққан ер Жауғаш, Ыстыдан шыққан Шой батыр Абылайды хан көтеріп, қалмақты қуған". Бәрі шындық, тек Абылайды әлгі аталғандар ғана емес, күллі қазақтың ру басылары, қолбасшылар хан көтергені тарихтан белгілі. Тағы бір шындық, Бұхар жыраудың ашумен айтқан бір сөзіне бола Абылайды Төле би құл ретінде ұстады деу мүлде қате, ол оның түйесін де баққан емес, ақылына, мінезіне іштей риза болған ұлы би болашақ ұлы ханды өз ұлындай көріп, тәрбиелеп өсірген.Талдықорғанның маңайындағы Үштөбе деген жерде Абылай бастаған қол қалмақтармен бетпе-бет кездесіп қалады. Сол кездегі салт бойынша әуелі екі жақтың батырлары жекпе-жекке шығуы керек. Сонда Долонхор деген қалмақ батырымен Ескелді айқасып, ұзақ арпалыстан кейін аттан аударып, басын кесіп әкелген екен. Сонда қазақтар жаппай шабуылға шығып, жауды қашырған дейді. "Ер Ескелді аталатын" тұсы сол.Осы оқиғадан кейін Ескелді бір топ жасаққа қолбасшы болып тағайындалады. Ол Абылайға былай десе керек: Алдияр деп айқайлап,Тұла бойда қан ойнап,Елім үшін құрсанып,Қылыш іліп білекке,Өлімге де бас байлап,Жеткіз деп құдай тілекке,Суық ұстап түсімді,Қайрап қойып тісімді,Найзаға байлап ақ байрақ,Жауға шаптым бөгелмей,Сынағалы күшімді!Ескелді бастаған қол Ӏле, Қаратал, Көксу бойында қалмақ жасақтарына қырғидай тиіп, бекіністерін талқандап, үнемі жеңіске жетіп отырған. Азық- түлік, күш-көлік әкеле жатқан тылдағы керуенін ілгері бастырмай, тау-таудың қуысына тығып талқандайды екен. Ол бастаған қолдың Ӏле, Бақанас жақтағы ерліктері осы күнге дейін ел аузында. Ол Қапалда Қабанбай тобына қосылып, жаралы жауды шекарадан асыра қууда да айрықша көзге түскен. ## Ескелді би туралы жырлар Ескелді мен Балпық бейнесі ауызекі аңыздарда ғана емес, халыққа белгілі ерен жүйрік ақындардың да жырларына ілінген. Мысалы, ұлы жырау Сүйінбай Қатағанмен айтысқанда былай деген: Мен бір жерде тұрмайын, Ӏледен әрі өтейін, Қызыл тілмен жетейін, Таңбалы тасты бетке ұстап, Желкеңді қиып кетейін, Он екі ата ол жақта, Тарақ деген жұртым бар, Ақкөбікті өлтірген, Орақ деген мықтым бар. Арғы атасын айтайын, Толған айдай толқыған, Қоғалы көлдей шалқыған, Көсем өткен Ескелді,Шешен тілді Балпықтан.Сыпайы туған бұл жұртым,Ӏле өзенін жерлеген,Сыр суындай өрлеген,Дұшпанға намыс бермеген,Бақ-дәулеті кернеген,Он екі ата ЖалайырАршынға қолын сермеген,Батырлық, ерлік сонда бар,Маңына дұшпан келмеген. Сүйінбай ақынның сөзін талай жылдан кейін одан әрі жалғастырған ақын Сара былай жырлайды: Ел едік Үйсін, Найман аулы аралас,Қосылған төскейде мал, төсекте бас.Жалайыр жалпақ, жуас берекелі,Ертеден мәлім еді ел екені.Сағынып аңсай іздеп келгенімде,Ортаңнан қызық көрдім мерекелі, — дейді де:Балпық пен Ескелдідей кемеңгер де,Айтулы сөзге жүйрік тереңдер де,Дарынды Дарабоздай бәйбіше өткенАқылы асып туған ерлерден де.Үш жүзге мәшһұр болған аты көптен,Жайылып талай жерге даңқы жеткен.Маржандай көмейінен сөз төгілген,Бақ қонған Бақтыбайдай ақын өткен... Сол Бақтыбай айтысқа шығарда үш әулиеге сиынады екен: Ия, Алла! Тіл жағыма бергін медет,Қолдай гөр, Ескелді атам өзің демеп, —деп бір бастаса, ар жағын жалғап:Атам Қабан оңдаса,Ескелді, Балпық қолдаса, — деп сиынады екен. Ал XX ғасырдың ақыны Қалқа былай деп толғаған: Балпық пенен ОрақтыЕскелді биді басшы ғып,Алдынан жер шолады.Атырауды айналып,Қаракенге барады.Ӏшіне шыққан бүлдіргенБүлдіргені жұпардай,Мұрынды исі жарады.Аққан суы мөлдіреп,Ӏшсең шөлің қанады.Қараталдың өлкесіӀледен де бағалы. ## Әулие Ескелді Көзінің тірісінде әулие атанған, әрі шешен, әрі батыр Ескелді бидің кейбір заттарын ұрпақтары әлі күнге дейін көздің қарашығындай сақтап отыр. Қазіргі Жетісу облысы Қаратал ауданындағы Сарыбұлақ ауылында Ескелді-Балпық мұражайы бар. Сонда Ескелді ұрпағы Әлбилан баласы Нұрсағат қария сақтап тапсырған дулыға көрмеге қойылған. Және бір қасиетті мүлкі бұрынғы Талдықорған облысындағы "Жетісу" колхозының Екпінді ауылында тұратын Жүнісбай баласы Сүлеймен карияның үйінде сақталып тұрғанын 1992 жылы қазан айында өткен дүбірлі той кезінде естіген едік. Ескелді бидің әулиелігін куәландыратын бір дерек: сонау бір жылдары Қаратал өңіріне күріш егеміз деп жер қазғанда тік тартылған канал Ескелдінің зиратына тіреліпті. Жергілікті қариялар зиратқа жақындамаңдар, алыстан айналдыра қазыңдар десе, бұл жұмысты басқарушылар: "Әулиеге де, құдайға да сенбейміз"— деп, экскаваторшыны жұмсай беріпті. Алып машина қайта-қайта бұзылып сынса да, аналар өршелене түскен. Ақыры экскаватор құлап, машинист оңбай жараланған. Соңында канал арнасын күмбезден бұрып әкетуге мәжбүр болған. Мұны көзімен көргендер бар! ## Ескелді би айтқан сөздер Талдықорғанда тұратын ақын, журналист Әли Ысқабаев Ӏле өзенінің Балқашқа құятын сағасында өмір сүрген Найзабай баласы Қосшыбай қарттан Ескелді би айтты деген мынадай сөздерін жазып алған: Араға үш жүз жыл салған соң, әрине, көп сөздер ұмытылған. Әйтпесе Ескелді сияқты ел бастаған би, қол бастаған батыр айтқан ұлы сөздер үшан-теңіз болуға тиіс. Бүл әулиенің рухы да, ісі де ұрпақтар жадында мөңгі сақталарына күмән жоқ. Мұны біз Қаратал өзені бойында өткен 300 жылдығына арналған ұлан-асыр тойдан, оған орнатылған зәулім ескерткіштен анық байқадық. ## Дереккөздер
Жақсылық Сәмитұлы (8.5.1940 жылы туған, Қытай, Алтай аймағы, Жеменей ауданы Жәке ласты) — жазушы. * Шыңжаң унверситетін бітірген (1959) * Қытайда жүргізілген мәдени төңкеріс жылдары “ұлтшыл” атанып, 1959 — 79 жылдары Үрімжі, Тарым және басқа да жаза лагерьлерінде болған. * 1979 жылы ақталған. 1980 — 89 жылдары “Алтай аясы” журналының редакторы * 1989 — 93 жылдары Шыңжаң теледидарында редактор қызметтерін атқарған. * 1993 жылы сәуірде Қазақстанға көшіп келіп, Алматы қаласына қоныстанған. * 1995 жылдан ҚазМУ-де дәріс оқиды. ## Шығармалары Шығармашылық жолын өлең жазудан бастаған. * Оның “Шопандарға” деген тұңғыш өлеңі 1955 жылы “Алтай халқы” газетінде жарық көрген. * “Атамекен” (1983) * “Тау самалы” (1985) * “Ақ тілек” (1990) * “Ақ сәуле” (1992), т.б. повесть, әңгіме жинақтары жарық көрген. * Қазақстанда жазушының “Сергелдең” атты трилогиясының бірінші және екінші кітабы (1996 — 2000), * “Қытайдағы қазақтар” атты монографиясы (2000) басылып шықты. * Жазушының "Сергелдең" трилогиясы 2010 жылы "Қаһарлы Алтай" деген атпен үш томдық толық нұсқада "Дәуір" баспасынан басылып шықты. ## Марапаттары * “Атамекен” кітабына Қытай Халық Республикасының мемлекеттік сыйлық берілген (1985). ## Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы
Жақып Бапыұлы (1850, Қара Ертістің жоғарғы алқабы — 1943, сонда) — би, қоғам қайраткері. Атасы Топан, әкесі Бапы Шығыс Түркістандағы абақ керейдің (оның ішінде барқы руының) беделді билері болған. Ел ісіне ерте араласқан Жақып 1913 жылы әкесі қайтыс болған соң билік тізгінін өз қолына алады. 20-ғасырдың басында Қытайдың Цин империясы мен Ресейдің екі жақты қысымына қарсы батыл қимылдар танытып, 1921 жылы Ресейден қашып барған ақ гвардия генералы Бакичтің лаңына тойтарыс беруге, “Батыста мұсылман мемлекетін құрамын” деген желеумен келген дүнген генералы Махиыңның армиясын 1932 жылы Алтайдан қууға қатысады. Ел ішіндегі дау-жанжалдарды шешуде әділдігімен көзге түскен Жақып би туралы “сөздің нарқы білмейді, барқы (руы) біледі” деген сөз қалған. Еженхан тарапынан Жақып биге берілген гауhар жиекті құлпытас мөрі елдің ішінде ғана емес, сыртқы қатынастардағы құжаттарда да қолданылған. ## Дереккөздер
Марат Файзуллаұлы Жақсылықов (16 наурыз 1946, Қостанай қаласы — 7 шілде 2001, Алматы) — сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы (1993). ## Өмірбаяны * Новосибирск инженер-құрылыс институтын бітірген (1969). * Қазақстан Автомобиль жолдары министрлігінің Алматы қалалық жобалау институтында архитектор (1969 — 70) * Алматы қалалық жобалау институтында бас архитектор, атқарушы директор (1970 — 2000) қызметтерін атқарған. Жақсылықов — бірнеше тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың, ескерткіштер мен монументтердің авторы. Олардың ішінде: * Қазақ академиялық драма театрын (1980, О.Ж.Баймырзаев, А.С.Қайнарбаевпен бірге) * Алматының Cамал-2 ықшамауданы * Желтоқсан көшесі бойындағы тұрғын үйлер құрылысын (1982, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлық) жобалауға қатысты. ## Дереккөздер
Нүсіпбек Жақыпбаев (1890, бұрынғы Жетісу облысы Үлкен Алматы болысы — 1932) — қоғам қайраткері. * 1911 жылы Верный ер балалар гимназиясын * 1916 жылы Киев университетінің медицина факултетін үздік бітірген. * Оқуын бітіргеннен кейін Жетісу облысына жұмысқа жіберіледі. Майдандағы қара жұмысқа шақырылғандарға арналған дәрігерлік пункттегі комиссия құрамында жұмыс істейді (1916). * Сол жылы желтоқсанда Үржар ауылдық дәрігерлік бөлімшесінде дәрігер болады. * 1918 жылы 10 — 31 тамызда Лепсі қаласында өткен Жетісу облысы қазақтарының 2-съезінде Алаш облысы комитетінің жаңадан сайланған құрамына мүше болады. * 1923 — 24 жылдары Жетісу облысы денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің орынбасары * 1924 — 26 жылдары Жетісу губерниялық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, губерниялық атқару комитетінің мүшесі қызметтерін атқарған. * 1925 жылы дәрігерлердің Бүкілодақтық 1-съезіне, Орынборда өткен губерниялық денсаулық сақтау бөлімдерінің съезіне қатысқан. ## Дереккөздер
Желеу Жақыпұлы (1904, Ащысай ауылы – 1970, Кентау қаласы) – ақын, әнші, жыршы. Қаратаудың теріскейі мен күнгейін, Сыр бойын көп аралап, ел аузындағы жыр-дастандарды жаттаған. Нұралы Нысанбайұлы, Мұса Байзақұлы (Молда Мұса), Сұлтанбек Аққожаевтан көптеген эпостық шығармалар үйренген, оны кейін қағазға түсіріп, Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорына өткізген. Ж. жинақтаған «Алпамыс батыр» жыры көптеген ғылыми жұмысқа негіз болды. Ақын өз өлеңдеріне Кентау, Ащысай еңбеккерлерінің өмірін, туған жер табиғатын арқау еткен. Облыстық, республикалық ақындар айтысына қатысқан. ## Дереккөздер
Жақып Тегін (туып-өскен жері белгісіз) — Шығыс Қарахан мемлекетінің билеушісі Хасан ибн Сүлейменнің інісі. Нарынға құятын Атбаш өзенінің жағасына орналасқан Атбаш қаласының билеушісі. Салжұқтардың Батыс Қарахан қағанатына үстемдігі жүріп тұрған кезде көшпелі чігілдер Самарқанда көтеріліске шығып (1089), салжұқтардың әкімін қуып жібереді. Чігілдердің басшысы Айн әд-Даула Жақып Тегінді көмекке шақырады. Жақып Тегін Самарқанға келген соң, Айн әд-Даула екеуінің арасында жанжал шығып, Жақып Тегін оны өлтіреді. Бұған наразы болған чігілдер салжұқ әміршісі Мәлік шаҝ өз әскерімен көтерілісті басуға келген кезде Жақып Тегінді қолдамайды да, Жақып Тегін Атбаш қалсына қашуға мәжбүр болады. Мәлік шаҝ Шығыс Қарахан мемлекетінің билеушісі Хасан ибн Сүлейменнен інісі Жақып Тегінді ұстап беруді талап етеді. Бұл талапты орындауға мәжбүр болған Хасан ибн Сүлеймен 1091 жылы Жақып Тегінді күзетпен Үзгендтегі Мәлік шаҝқа жібереді. Алайда осы кезде Барсханды билеуші Тогрул ибн Ийнал тегін Қашқарияны басып алып, Хасан ибн Сүлейменді тұтқындайды. Осы жағдайда Мәлік шаҝ Жақып Тегінмен келісім жасап, оған Тогрул ибн Ийнал тегінмен соғысуды тапсырады. Соғыс нәтижесі Жақып Тегін үшін сәтті болып, ол Қашқарияны барсхандықтардан азат етеді де, Хасан ибн Сүлейменді тұтқыннан босатып алады. Хасан ибн Сүлеймен Қашқарияны, яғни Шығыс Қарахан иелігін 1103 жылға дейін басқарды. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Жалағашкөл, Жалаңашкөл – Сырдария алабындағы көл. ## Географиялық орны Қызылорда облысының Арал ауданы жерінде орналасқан. Тұран жазығының солтүстік шетінде, Сырдария сағалық арнасының оң жағында, теңіз деңгейінен 58,3 м биіктікте орналасқан. ## Гидрографикасы Аумағы 13 км2, ұзындығы 5,3 км, ені 4,3 км. Кезінде Сырдарияның жайылмасымен толысатын, көршілес ірі Қамыстыбас көлімен ұласып жататын. Батыс және оңтүстік жағалауы жайпақ, батпақты, шығысы көтеріңкі. Арал теңізінің тым шегініп кетуінен Жалағашкөлдің шарасы жазда мүлдем кеуіп қалатын болды. Көктемгі қар ерігенде ғана аздап су жиналады. Алабы көктемгі шабындық. ## Дереккөздер
Жалаңаш шырыш (ағылш. Slug, Аrіonіdae, Lіmacіdae) — сабақша көзді ұлулар отрядының бір тобы. Жалаңаш шырыштың барлық құрлықтарда тараған 250-ден аса түрі белгілі. Дене пішіні құрт тәрізді жұмыр келген. өз. 15 — 200 мм. Басының үстіндегі екі жұп қармалаушысының алдыңғысы сезім мүшесінің қызметін атқарады, соңғысының ұшында көзі болады. Бақалшағы жақсы дамымай, рудиментті түрде сақталған, оның қалдығы пластинка не түйіршік түрінде арқа мантия жабынының астында орналасады. Bіnneya, Hemphіeіa туысының өкілдерінде ғана бақалшағы ашық жатады. Денесі түгелдей кілегей шырышты келеді, аты осыған байланысты қойылған. Жалаңаш шырыш ылғалды жерлерде тіршілік етеді, күндіз жасырынып жатады да, түнде қоректенуге шығады. Бұлар — гермафродиттер, жұмыртқасын (20 — 30-дан топтап, 500-ге дейін) ылғалды топыраққа салады. Одан 2 — 3 аптадан кейін жас шырыштар шығады да, 1 — 1,5 айда ересек түріне айналып, күзге қарай жұмыртқалайды. Жазғытұрым кейбір қыстап шыққан ересек Жалаңаш шырыштың көпшілігі өліп қалады. Жаңа шыққан шырыштар өсімдіктердің тамырын, тамыр-жемістерін, жапырағын зақымдап, а. ш-на, бау-бақшаға үлкен зиян келтіреді. Жауын құртымен және моллюскілердің кейбір түрлерімен қоректенетін жыртқыш түрлері де бар. Жалаңаш шырышты жою үшін сөндірілмеген әк, әр түрлі улы заттар қолданылады. ## Дереккөздер
Серікқали Жақыпов (1892, Атырау қаласы — 9.2.1939, Алматы) — мемлекет қайраткері. Байұлы тайпасы Беріш руынан шығыпты. 1914 жылы Ордада Жәңгір хан мектебін бітіріп, Казталовкада бала оқытады. Сол жылы Лермонтовтың “Үш пальма” дастанын қазақшаға аударып, “Айқап” журналына бастырған. Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысқан Жақыповты Орал казактары қолға түсіріп, атуға апара жатқан жолда қашып құтылады. 1921 жылдың көктемінен Саратов губерниясы Новоузень уезінде губерниясы төтенше комиссияның өкілі, 1923 жылы Казталовка уездік атқару комитетінің төрағасы, сол жылдың күзінен Қазақ өлкесі коммунистік жастар одағының ұйымдастыру хатшысы, 1924 жылдың көктемінен Гурьев уездік комитетінің ұйымдастыру хатшысы, 1926 жылдан Таловка уездік комитетінің хатшысы, 1928 жылдан Респубоикалық төтенше комиссияның бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Жақыпов 1923 жылдың қазан айынан “Еңбекші қазақ” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінің жұма сайынғы бір бетіне “Лениншіл жас” атымен жастар мәселесін көтеретін газет шығарып тұруды жолға қояды. Бас мақаланы үнемі өзі жазған. 1937 жылдың 5 — 6 мамыр аралығындағы түнде Қазақстан Ішкі істер халық комиссариаты (НКВД) алқасы “Қазақ антикеңестік, ұлтшыл-буржуазиялық, фашистік ұйымын әшкерелеп, жою” деген мәселені қарағанда, осы мекеменің дін және контрреволюцияға қарсы күрес бөлімінің меңгерушісі Жақыпов республикада ондай ұйымның жоқтығын дәлелдеп, мәселеге қарсы дауыс береді. Сол алқа мәжілісінің қаулысы бойынша “халық жауы” деген айып тағылған қазақ зиялыларын тұтқындау жөніндегі бұйрықтарды орындаудан бас тартады. Жақыпов 1937 жылдың 21 қыркүйегінде тұтқындалып, 1939 жылдың 9 ақпанында НКВД-ның ішкі түрмесінде дүние салады. ## Дереккөздер
Жалбағай, қалбағай (лат. Platalea leucorodia) — ескекаяқты құстар отрядының тырна-құтан түқымдасына жататын құс. Қанатының ұзындығы 39 см, салмағы 1,5 кг. Ақ құс, басында сарғылт айдары бар. Сирақтары ұзын, қара. Тұмсығы жалпақ, қалақша тәрізді. Балапаны ақ мамықты. Жыл құсы: наурыз-сәуірде келіп, қыркүйекте қайтады. Сәуірде 3-4 жүмыртқа салады. Оны мекиені Жалбагай мен қоразы 3 аптадай кезектесіп басады. Су жәндіктерімен, олардың дернәсілдерімен, балықпен, бақамен қоректенеді. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Сипаттамасы Кейбір жерлерде бұл құсты қалбағай деп атайды. Жалбағайдың қанатының ұзындығы 35 – 40 см, салмағы 1,7 кг-дай. Жалбағай ақ түсті, басында сарғыш ұзын қауырсындардан тұратын кекілі және мойнының төменгі жағында сарғыш қоңыр түсті дағы болады. Басқа, өзіне ұқсас құстардан бір ерекшелігі – тұмсығы. Ол тік әрі ұзын, ұшы күрек тәрізді жалпақ; тұмсықтың негізі – қара, ұшы сарғыштау. Сирағы – қара түсті. Қамысты, бұталы тайыз суларды мекендейді. Топталып, шоғыр (колония) құрып тіршілік етеді. Судағы балық шабақтарымен, бақалармен және омыртқасыздармен қоректенеді. Жалбағай – жыл құсы. Қазақстанға наурызда ұшып келеді, тамыз – қыркүйек, кейде қараша айында да кездесе береді. Ұясын қамысты қопаға, бұта мен ағаш басына салады. Ақшыл түсті 3 – 5 жұмыртқасын сәуір – мамырда аталығы мен аналығы кезектесіп, 3 аптадай шайқайды. Жалбағайдың құтан, қарабай, үлкен су құзғындары немесе қарақаздармен бірге ұялайтыны туралы жаңа деректер белгілі болды. Саны жылдан-жылға азаюда. 1990 жылдардың аяғында республика жерінде 400 – 650 жұбы ғана ұялаған. Жалбағай сирек кездесетін құс болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер
Нұрқанат Жақыпбай (Жақыпбаев) (1947 жылы 24 маусымда Алматы облысы Райымбек ауданында туған) — режиссер, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1995). Парасат, Достық ордендерінің иегері. Астана жастар театрының көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері (2007 жылдан). ## Толығырақ Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан. * Нұрқанат Жақыпбай 1947 жылы 24 маусымда Алматы облысы Райымбек ауданында дүниеге келген. * 1970 жылы Қазақ ұлттық консерваториясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік консерваториясы)бітірген. * 1983 жылы Т.Жүргенов атыныдағы Қазақ ұлттық өнер аадемиясының "режиссура" мамандығы бойынша бітірген. ## Еңбек жолы * 1969 жылдан бастап Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына актерлік құрамына алынады. * 1995 жылдан осы театрдың бас режиссері қызыметін атқарды. * 1984 жылдан Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстаздық қызыметін бастады. * 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасының президенттік шыршасының бас режиссері. * 2007 жылдан Астана қаласы әкімдігінің шақыртуымен Астана жастар театрын ашып әрі көркемдік жетекші лауазымында қатар алып келе жатыр. Театрдың актерлік құрамында басым көпшілігі өзінің шәкірттерінен құарлған. ## Шығармашылығы Театр сахнасында Сә Сейфуллин (Ә.Тәжібаевтың “Монологтарында”), Асқар (С.Мұқановтың “Ботагөзінде”), Әбіш (Б.Майлиннің “Шұғасында”), Еркебұлан (С.Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарларында”), Горацио (У.Шекспирдің “Гамлетінде”), Сердәлі (Ғ.Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтотысында”), Нияз (Т.Ахтановтың “Махаббат мұңында”, Бақытжан (О.Бөкеевтің “Қар қызында”), т.б. рөлдерді сомдады. Жақыпбай киноактер ретінде де танымал болған. Ол бейнелеген Таңат (“Шоқ пен Шер”), Сарман (“Жаңа жыл кешінде”), Саржан (“Жамбылдың балалық шағы”), Армоль (“Киттер қайтып кеткенде”), т.б. образдар қазақ киносының тарихына енді. Жақыпбай Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрында “Жау тылындағы бала” (авт. Қ.Қайсенов, О.Бөкеев), “Махаббат аралы” (Ә.Тауасаров), “Қыз жиырмаға толғанда” (С.Балғабаев), “Кер құла атты Кендебай” (Т.Алшынбаев), “Миғұла терісі үстіндегі сот” (Ш.Айтматов, М.Шаханов), т.б. спектакльдерді қойды. Ол Абайдың жастық шағын бейнелейтін “Желсіз түнде жарық ай” (1995), Ш.Айтматовтың шығармалары бойынша сахналаған “Жан азабы” (2000) спектакльдері үшін республикалық театр фестивальдерінде “ең үздік режиссер” атағын алған. ## Марапаттары * бірнеше мәрте Халықаралық және республикалық театр фистивальінің "Үздік режиссер" атылымы бойынша жүлдені қанжығасына байлаған дарын иесі. * Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Үздігі. * 1995 жылы елбасының жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері атанды. * 1995 жылы Республикалық театр фистивальінде "Үздік режиссер" аталымы; * 2009 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік награды «Парасат ордені» берілді. * 2016 жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының "Еңлікгүл" кәсіби театр сыйлығының "Жылдың Үздік режиссері" аталымы бойынша лауреаты; * 2016 жылы "Жылдың Үздік режиссері" аталымы бойынша "Алтын Адам" ұлттық сыйлығының иегері. * 2016 жылғы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік награда ІІ дәрежедегі «Достық ордені» мен марапатталды. (Астана,Ақорда 13 желтоқсан); * Қазақстан Театрлар Ассоциациясның «Сахнагер – 2017» Ұлттық театр сыйлығының «Үздік режиссер» аталымы бойынша марапатталды. (Астана 27 наурыз 2017 жыл). ## Дереккөздер
Жалбыз (лат. Mentha) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық тамырсабақты өсімдік. Қазақстанда жалбыз туысының 10 түрі өседі, соның ішінде дәрілік мақсатта бұрышты жалбыз қолданылады. Жане де бұл өсімдіктің басқа түрлерінен порфюмериялық, кондитерлік, гигиеналық мақсаттарға қолданылады. ## Жалпы сипаттамасы Дәрілік өсімдіктердіӊ бірі - жалбыз. Ол - хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Солтүстік қоӊыржай ендікте көп тараған. КСРО-да 20-дан астам түрі өседі. Қазақстанда жалбыздыӊ 9- түрі өседі. Сабағы тік, жапырақтары қарама қарсы орналасқан болады.Оныӊ дала жалбыз, су жалбызы, бұйра жалбыз, кермек немесе бұрыш жалбыз секілді маӊызды түрлері бар. Дала жалбызы суармалы жерлерде, өзен, көл, бұлақ маӊында, шалғындықтар мен тоғайларда, арық бойында өседі. Оны сабынныӊ иісін жақсарту үшін пайдаланады, дәрілік те маӊызы бар.Ал кермек жалбыздыӊ жапырағы мен гүл шоғынан жалбыз эфир майы алынады. Бұл майдыӊ негізгі құрам бөлігі - ментол. Ментол парфюмерия, косметика кондитер, кондитер, тамақ өнеркәсібінде, сондай- ақ тіс порошогы мен пастасын жасауда пайдаланылады. Жүрек тамыр жүйесі ауруларына қарсы қолданылатын дәрі Валидол осы ментолдан алынады. ## Биологиялық сипаттамасы Биіктігі 80-100 см. Сабағы төрт қырлы күрең-күлгін түсті. Жапырағы ұзынша, жұмыртқа пішінді, қысқа сағақты, тақтасының жиектері ара тісті иректелген жай жапырақ. Сабаққа қарама қарсы орналасады. Жапырағын саусақпен уқалағанда жағымды иіс шығады. Себебі, жапырағында 5% эфир майы болады. Маусым мен тамыз айларында гүлдейді. Гүлдері ұсақ, түбі біріккен 5 тостағанша жапырақшасы күлгін түсті. Түбі біріккен 5 күлте, оның екеуі бірігіп жоғарғы ернін, үшеуі бірігіп төменгі ернін құрайды. Сондықтан да, мұндай гүлдерді ерінгүлділер тұқымдасы деп атайды. Аталығы 4, аналық жатыны екі ұялы біреу. Гүлдері сабақ ұшына шашақ гүлшоғырына жиналған. Жемісі- жаңғақша. Жалбызды тамырсабағынан көбейтеді. Эфир майында 55%-ға дейін ментол кездеседі. ## Дереккөздер
Жалаңаш аңғары – Іле Алатауының шығысында, Торайғыр, Қулықтау және Күнгей Алатауы аралығындағы аңғар. ## Географиялық орны Алматы облысының Райымбек ауданы жерінде орналасқан. Шарын, Шілік өзендері осы аңғармен өтеді. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1300 — 1500 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 80 — 90 км-ге созылып біртіндеп аласарады, ені 20 — 25 км. Палеоген мен неогеннің аллювий және делювий шөгінділерінің борпылдақ жыныстарынан түзілген. Жалаңаш аңғарының қызыл қоңыр топырағында жусан, бетеге аралас астық тұқымдасты шөптесіндер өседі. ## Дереккөздер
Жалбызтікен (лат. Althaea) — құлқайыр тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда 3 түрі бар. Көбірек тарағаны: дәрілік жалбызтікен. Барлық жерде (далада, шалғында, өзен аңғары мен жағалауларында, орман-тоғайда, шабындықтарда, бұта арасында) өседі. Маусым— қыркүйек айларында гүлдейді. Биіктігі — 50-200 см. Сабағы тік, бұтақты, жұмыр, түкті келеді. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қалақша тәрізді, жиектері бүтін не ирек. Күлтесі алқызыл, ақ, қызғылт. Жемісі — тұқымша. Дәрілік, шірнелі өсімдік. Жалбызтікеннің тамыры, жапырағы мен гүлдерінің дәрілік қасиеттері бар. Тамырында пектин, крахмал, аспарагин заттары бар. Жалбызтікен тамырынан көптеген дәрілер жасалады. Тамыр тұнбасы, шырыны, сығындысы тыныс жолдары ауруларын емдейтін дәрі ретінде қолданылады. ## Дереккөздер
Жалғанбозкілем (Pseudosedum) – жасаңшөптер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның далалық және шөлді аймақтарында, тау баурайларының тасты шатқалдарында, бұта арасында өсетін үш түрі бар. Олардың биіктігі 20 – 50 см. Тамыры шоқталған, бірнешеу. Сабағы (1 – 4) тік, өте берік. Жапырағы ұзынша, сабаққа кезектесіп орналасады. Бастапқыда гүлі қызғылт болып, гүлдеген кезде сары түске айналады. Тостағанша жапырақшалары (ұзындығы 3 мм-дей) бөлек-бөлек орналасады. Күлтесі одан 3 – 4 есе ұзын, жемісі қоңырау тәрізді болып келеді. Аталығы 10 – 12, аналығы күлтесінен қысқа. Олар көп гүлді гүлшоғырын құрайды. Сәуір – маусым айларында гүлдейді. Дәнінің ұзындығы 1 мм-дей, өте ұсақ болады. Жалғанбозкілемнің бір түрі – Қаратау жалғанбозкілемі (Pseudosedum karatavіcum) өте сирек кездесетін эндемик өсімдік болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер
Жалпақасар — ежелгі қала орны (б.з.б. 3 ғ. — б.з. 3 ғ.). Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы темір жолы стансасынан оңтүстік-батысқа қарай 45 км жерде орналасқан. Жалпақасарды 1946 — 1948 ж. Хорезм археологиялық экспедициясы (жетекшісі С.П. Толстов) зерттеген. 1949 — 1966 ж. Л.М. Левина зерттеу жұмысын жүргізді. Қала үйлері мен қорғандары сабан араластырып құйған күйдірілмеген кірпіштен тұрғызылған.Қазба барысында әр түрлі пішіндегі көзе, құмыралар, мал сүйектері табылды. Қоныстан табылған заттарға қарағанда, Жалпақасардың халқы мал шаруашылығымен айналысып, егін еккен.
Жалманқұлақ, Жаманқұлақ — Теңіз-Қорғалжын алабындағы көл. ## Географиялық орны Ақмола облысының Қорғалжын ауданы жерінде. Теңіз-Қорғалжын ойысының солтүстік жағында, теңіз деңгейінен 336,4 м биіктікте орналасқан. ## Гидрографикасы Аумағы 15,43 км2, ұзындығы 5,2 км, ені 4,2 км. Қар, жер асты және көршілес жатқан Қожакөл жайылма суымен толысады. Жағасы, негізінен, тік жарлы (3-4 м), шығыс жағалауы жайпақ. Қараша — сәуір айлары аралығында мұз қатады. Суы тұзды, көктемде мал ішуге жарамды. Алабында қамыс өседі, құс ұя салады. ## Дереккөздер
Жалтырау , * физикада — жарық шағылатын бет қасиетінің сипаттамасы. Ж. беттен жарықтың айналық және диффузиялық (шашырап) шағылуы нәтижесінде пайда болады. Адам көзі айналық шағылуды диффузиялық шағылу фонында қабылдайды. Ж-дың сандық баламасы (көрсеткіші) жарықтың айналық және диффузиялық шағылу қарқындылықтарының арақатынасы арқылы анықталады. Ж. кейде сапалық белгілермен сипатталады (мыс., металдай Ж., алмастай Ж., шыныдай Ж.); * астрономияда — жұлдыздар сәулесіне перпендикуляр орналасқан жазықтықтың жарықталуын сипаттайтын шама. Оның өлшеу бірлігі үшін жұлдыздық шама алынады.
Жалынгүл (Coronarіa) –қалампырлар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда екі түрі бар: 1) көкек Жалынгүлі (C. flos-cuculі) – ылғалды шабындықтар мен батпақты жерлерде өсетін арамшөп. Биіктігі 30 – 100 см. Сабағы тік, жоғарғы жағы бұтақтанған. Қызғылт (сирек ақ) гүлдері масақ гүлшоғырына топталған. Мамыр – маусым айларында гүлдейді. Жемісі – қорапша; 2) қабықты Жалынгүл (C. corіacea) – ылғалы аз, құрғақ жерлерде өседі. Биіктігі 40 – 60 см. Тік сабағын қалың, жұмсақ түк басқан. Қандауыр тәрізді жапырағы жалпақ. Ірі, қанық қызыл түсті гүлдері сабағының ұшында дара орналасады. Мамыр – маусымда гүлдейді. Жемісі – ұзынша қорапша. Қабықты Жалынгүлдің гүлі әдемі болғандықтан, сәндік үшін өсіріледі.Жалынгүл (Coronarіa) — қалампыр тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда екі түрі бар: * Көкек Жалынгүлі (C. flos=cuculі) — ылғалды шабындықтар мен батпақты жерлерде өсетін арамшөп. Биікт. 30 — 100 см. Сабағы тік, жоғарғы жағы бұтақталып кеткен. Қызғылт (сирек ақ) гүлдері масақ гүлшоғырына топталған. Мамыр — маусым айларында гүлдейді. Жемісі — қорапша; * Қабықты Жалынгүл (C. corіacea) — ылғалы аз, құрғақ жерлерде өседі. Биікт. 40 — 60 см. Тік сабағын қалың, жұмсақ түк басқан. Қандауыр тәрізді жапырағы жалпақ. Қрі, қанық қызыл түсті гүлдері сабағының ұшында дара орналасады. Мамыр — маусымда гүлдейді. Жемісі — ұзынша қорапша. Қабықты Жалынгүлдің гүлі әдемі болғандықтан, сәндік үшін өсіріледі. Қабықты жалангүл (Coronaria coriacea) — Қалампырлар тұқымдасыҚазақстанда сирек кездесетін түр. Тек Қаржантау мен Угам өзені анғарында шағын жерде ғана кездеседі. Қазақстан жерінен тыс Жерорта теңіз, Қырым кавказ, Иран, Кіші және Орта Азияда Кең таралған. Құрғақ беткейлерде, аласа таулардағы сиретілген пыста мен қалың бұталар арасында өседі. Тау көрінісін әшекейлейтің әдемі сәндік көпжылдық өсімдік. Саны жерді игеру, малды шектен тыс бағу және гүл шоғыры үшін жинаудан азайып отыр. Мәдени түрде жақсы өседі. (1599 жылдан бері белгілі). Тұқымнан өссе, екінші жылы гүлдейді. Өскіндері күзде пайда болады. Көшеттері мен бірінші жылғы жас өсімдіктер жасыл жапырақтарымен қыстайды. Қазақстанда таралу аймағының қорғалатың жері жоқ. Табиғи популяцияларының жағдайы мен таралу көлемін анықтау қажет. ## Дереккөздер * Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы
Жамал Әд-Дин Әаид ат-Түркістани, Жамал әд-дин Саид ибн Мұхаммед ибн Мосаддық ас-Соғди ат-Түркістани (т.-ө.ж. белгісіз, шамамен 14 ғ-дың 1-жартысында өмір сүрген) — Қазақстан мен Орта Азия өлкесінен шыққан математик. Ол Түркістан қ-нда білім алып, Бұхара мен Самарқанға сапар шеккен. Білімін одан әрі Бағдад пен Дамаскіде жетілдірген. 1312 ж. “Китаб әл-Алаийя” (“Жоғары математика кітабы”) трактатын жазған. Бұл еңбек арифметика мен геометрия мәселелеріне арналған екі кітаптан тұрады және ол сол кездегі медреселерде кеңінен пайдаланылған. “Китаб әл-Алаийя” еңбегін ортағасырлық ғалым Әбу әл-Хасан “Шарх китаб әл-Алаийя” (“Жоғары математика кітабына түсініктеме”) атты түсініктеме жазып өңдеген. Түсініктеменің арабша қолжазбасы Ресейдің Шығыстану ин-ты Санкт-Петербург бөлімшесінің кітапханасында сақтаулы тұр. ## Дереккөздер
Жамал Әд-Дин Әаид ат-Түркістани, Жамал әд-дин Саид ибн Мұхаммед ибн Мосаддық ас-Соғди ат-Түркістани (т.-ө.ж. белгісіз, шамамен 14 ғ-дың 1-жартысында өмір сүрген) — Қазақстан мен Орта Азия өлкесінен шыққан математик. Ол Түркістан қ-нда білім алып, Бұхара мен Самарқанға сапар шеккен. Білімін одан әрі Бағдад пен Дамаскіде жетілдірген. 1312 ж. “Китаб әл-Алаийя” (“Жоғары математика кітабы”) трактатын жазған. Бұл еңбек арифметика мен геометрия мәселелеріне арналған екі кітаптан тұрады және ол сол кездегі медреселерде кеңінен пайдаланылған. “Китаб әл-Алаийя” еңбегін ортағасырлық ғалым Әбу әл-Хасан “Шарх китаб әл-Алаийя” (“Жоғары математика кітабына түсініктеме”) атты түсініктеме жазып өңдеген. Түсініктеменің арабша қолжазбасы Ресейдің Шығыстану ин-ты Санкт-Петербург бөлімшесінің кітапханасында сақтаулы тұр. ## Дереккөздер
Жамал әд-Дин , Жамал әд-Дин бин Мұхаммед Абдуллаһ ат-Турки (туған, өлген жылы белгісіз) — орта ғасыр түркітанушысы, мәмлүк қыпшақтарының тілін зерттеуші. Классик. араб филологиясын, әсіресе, оның лексикографиясын жақсы білген. Ж. ат-Т-дің белгілі еңбегі — “Китаб ул-лұғат әл-муштақ фи лұғат әт-түрк уа-л-қыпчак” (“Түрік және қыпшақ тілдерін оқып үйренушілер үшін жазылған толық кітап”) 1350 ж. шамасында Сирияда аяқталған. Оның қолжазбасының бір данасы Францияның ұлттық кітапханасында сақталған. Ол 1938, 1954, 1958 ж. түпнұсқа күйінде қайта басылып, одан француз, поляк тілдеріне аударылды (баспаға дайындаған А.Зайончковский). Қолжазбаның 1-бөлімі есім сөздеріне арналған үш тараудан құралған, 2-бөлімі (жалпы тізім) етістік сөздеріне арналып, арабша-қыпшақша сөздік түрінде түзеген. Арагідік граммат. ережелер бар. Көне қыпшақ тілі мен қазіргі қазақ тілінің тарихи лексикасын танып білуге аса қажетті еңбектердің бірі. ## Дереккөздер
Жаман Ақкөл, Ақкөл — Ұлы Жыланшық өзенінің сағалық алабындағы көл. ## Географиялық орны Қостанай облысының Жангелді ауданы жерінде, Торғай қолатының оңтүстік-шығысында, теңіз деңгейінен 115 м биіктікте орналасқан. ## Гидрографикасы Аумағы 41,2 км2, ұзындығы 12-13 км, ені 6 км. Жауын-шашын және Ұлы жыланшықтың жайылма суымен толығады, жазда тартылып сортаңды батпаққа айналады. ## Жағалау сипаты Жағасы жайпақ, батпақты, тастақты-құмды, солт.-батысы көтеріңкі, аласа кемерлі келеді. Суы тұзды, қар суы қосылғаннан кейінгі минералдылығы 2,0-3,5 г/л-ге төмендейді, қыс айларында 7 г/л-ге жетеді. Ақбасты өзенінің қосылатын тұсында мал ішуге жарамды. Алабы — көктемгі шабындық, жайылым. ## Дереккөздер
Базарғали Әжиұлы Жаманбаев (9 қаңтар 1942 жыл, Ақтөбе қаласының Ақжар кенті) — қазақстандық және советодағының дирижері, хормейстер, профессор. Қазақстанның халық әртісі. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры. ## Өмірбаяны * Н.А. Римский-Корсаков атындағы Ленинград мемлекеттік консерваториясының хор дирижері факультетін бітірген (1966), хор дирижері. * Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры (1985 жылдан). * 1977-1978 жылдары - А.Я. Найденов жетекшілік жасайтын София операсының машықтанушысы (Болгария). * 1985 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы хор дирижері кафедрасының меңгерушісі. * 1996 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының бас хормейстері. * 2008 жылдан бері - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жас солистер мен дирижерлері жетекшісі. ## Марапаттары * Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты; * 1980 «Қазақ КСРның Еңбек сіңірген өнер қайраткері» құрметті атағы; * 1990 жылы «Қазақстанның халық әртісі» (Қазақ КСР) құрметті атағы; * 2001 жылы ҚР тұңғыш президентінің мәдениет пен өнер саласындағы Мемлекеттік степендиясының иегері; * 2006 жылы «Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы»ның лауреаты; * 2004 жылы «Құрмет ордені» * «Достық ордені»мен марапатталған. * Қазақстан Республикасының Білім беру саласының құрметті қызыметкері. * 2016 жылғы ҚР тұңғыш президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері. ## Отбасы * Әкесі - Жаманбаев Әжі, марқұм, ҰОС қатысқан. Анасы - Жаманбаева Балжан, марқұм. * Үйленген. Жұбайы - Раушан Байсейітова (1947 ж.т.), ҚР Халық әртісі, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі. * Ұлы - Жаманбаев Олжас (1974 ж.т.), бизнесмен. * Немерелері - Жаманбаева Кәмила, А.Я. Ваганова атындағы Би академиясының оқушысы (Санкт-Петербург); Жаманбаев Амилан. ## Дереккөздер
Жамбыл — Қарағанды облысы Шет ауданында болған кент, 2023 жылы таратылды. Бұрынғы Жамбыл кенттік әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 450 км, Қаражал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 128 км жерде, Сарыарқаның Бетпақдаламен ұласар өңірінде, жусан, сораң аралас астық тұқымды әртүрлі шөп өскен сұр, сортаңды сұр топырақты шөлейт белдемде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1940 жылы осы маңда вольфрам-молибден кенішін игеруге байланысты қаланды. 1950 жылдан кент. Мұнда өндірілген кентас Ақшатау кентіндегі кен байыту фабрикасына жіберіліп отырған. Кентас қорының азаюына және оны тасымалдаудың тиімсіз болуына байланысты кеніш өз жұмысын тоқтатты. ## Инфрақұрылымы Орталау мектеп, клуб, кітапхана, дәрігерлік пункт бар. Тұрғындары Қаражал қаласымен және Шалқия кентімен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Жамбыл ескерткіші - 1971 ж. Алматы қаласының Қабанбай батыр көшесі мен Байсейітова көшесінің қиылысындағы Қазақ опера және балет театры саябағында қойылған. Мүсінші — Қазақстанның халық суретшісі Х.Наурызбаев, архитекторы — М.Меңдіқұлов. Мүсін мен тұғыр сұр граниттен тұтас қашалған. Биіктігі — 2,3 м. Ескерткіштің қасбетінен қашап түсірілген өрнекті жазу тұғыр мен мүсіннің айрығын байқатады. Мүсін жыр алыбы Жамбылдың кемел шағын тұлғалайды. Тұғырдың теп-тегіс өңделген жиегінен шығыңқы қалыпта ойып келтірілген сол қолдың салалы саусақтары, бас салмағының сол иыққа елеусіздеу ауытқуы мүсінге табиғи қозғалыс әсерін береді. ## Дереккөздер * Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Тел Бұқпанұлы Жаманмұрынов (1888 жыл, Торғай облысы, Ырғыз уезі (Ақтөбе облысы) - 1938 жыл, ақпан) - Алаш қайраткері, ауылшаруашылығы ісін дамытуды мемлекеттік дәрежеде ұйымдастырушы. Кіші жүздің Шөмекей руы Көнек бұтағынан шыққан Шежіре: Тел-Жаманмұрын-Солтай(Сұлтанай)-Маңғытай-Қошқар-Байкөнек-Азнабай(Көпсек)-Қыдырымбет-Көнек-Шомекей[ ## Өмірбаяны * 1907-1912 жылдары Орынбордағы реалдық училищеде оқыған. * 1913-1917 жылдары Петровско-Разумовский атындағы Мәскеу ауылшаруашылығы академиясында оқып жүріп ұлт-азаттық қозғалыстарға қатысқан. * 1916 жылы I дүниежүзілік соғысқа алынған қазақ сарбаздарына көмек көрсетуші арнайы топқа (Минск, Батыс майданындағы «Земсоюз») кірді. * 1917 жылы Орынборда құрылған «Еркін дала» ұйымының басшылығында болды. * Осы жылы 1-сәуірде өткен Торғай облысы қазақтарының сиезіне «ұлтшыл студент» деген мәртебемен қатысады. * Алаштың 1917 жылдың 21-26 шілдесінде Орынбор қаласында өткен бірінші жалпықазақ сиезіне Торғай облысынан қатысып, онда Бүкілресейлік құрылтайға депутат болып ұсынылған. * 1917 жылы 20-25 тамызда Ақтөбеде өткен Торғай облысы қазақтарының екінші сиезін ұйымдастыру шараларына қатысып, жиында хатшы қызметін атқарды. * 1917-1918 жылдары бірыңғай Түркістан автономиясына қосылуды жақтаушылардың қатарында болады. Осы уақытта Ырғыз уездік жер комитетінің төрағасы, алғаш атқару комитетінің төрағасы, кейін төрағаның орынбасары қызметін атқарды. * 1919-1921 жылдары уездік жер бөлімінің меңгерушісі, жұмысшы-шаруа инспекңиясының және статистикалық бюроның басшысы. * 1921 жылдың шілде-тамыз аралығында Қазақ автономиялық республикасы Егін шаруашылығы халық комиссарының орынбасары * 1929 жылға дейін Егін шаруашылығы халық комиссариаты жабдықтау, мал шаруашылығы, егін шаруашылығы басқармаларының бастығы. * 1927 жылы Түркістан-Сібір теміржолын жобалау және жабдықтау шараларына да қатысты. * 1929-1930 жылдары Қазақ автономиялық республикасы Статистикалық басқармасы бастығының орынбасары. * 1930 жылы Алашқа қатысы болғаны үшін «қылмыстық жауапкершілікке» тартылды. * 1932-1933 жылдары Шымкенттегі Түйе шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры, ауылшаруашылық тобының меңгерушісі, мал шаруашылығы секторының басшысы. * 1933-1934 жылдары республикалық Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы төралқасының мүшесі. * 1934 жылы Ақтөбе облыстық жоспарлау комиссиясының төрағасы. * 1935 жылы Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы мал өсіру секторының меңгерушісі. * НКВД шешімімен 1937 жылы мамырда тұтқындалып, 1938 жылы ақпанда атылған. ## Дереккөздер
Жамбыл ескерткіші сөзі келесі мағыналарды білдіруі мүмкін: * Жамбыл ескерткіші (Алматы, 1971) * Жамбыл ескерткіші (Алматы, 1996) * Жамбыл ескерткіші (Тараз)
Әлімқұл Жамбылов (9 мамыр 1927, Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл - 14 қараша 2015, Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл) — ақын, Жамбылдың немересі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1979), Қазақстанның халық ақыны (1996). Әлімқұл — Жамбылдың ортаншы ұлы Тоққұлының баласы. Алты айлығында жетім қалған соң, Жамбылдың інісі Сатыш бауырына салып өсірген. Жасынан Жамбыл атасының жанында жүріп, тәлім-тәрбие алды, көптеген өлеңдерін жаттап айтып жүрді. өлы Отан соғысы жылдары баспаханада жұмыс істеді. Ол кітапханашы, қызыл отау, автоклуб меңгерушісі болып жарты ғасыр мәдениет саласында қызмет істеп, малды ауылдарды аралап өнер көрсетті. “Сырлы қызыл домбыра” жыр жинағы жарық көрген (1996). Ж. айтыс ақыны ретінде танылды. М.Көкенов, Ә.Сарыбаев, Ә.Ысқабаев, Н.Лушникова, т.б. ақындармен айтысқа түскен. Жамбылға, Кененге, Үмбетәліге, Тұрмағамбетке арналған толғаулары бар. ## Дереккөздер
Жамбыл облыстық филармониясы , Жамбыл мемлекеттік облыстық филармониясы — концерттік ұйым. 1968 жылы ұйымдастырылған. Филармонияның құрамында “Жас толқын” (Республика жастар эстрадалық ұжымдары конкурсының лауреаты, 1969) және “Тараз” (1981 жылдан) қазақ эстрада ансамбльдері, “ұажайыптар шеруі” атты балалар эстрада ансамблі, лекторийлік топтар, т.б. жұмыс істеді. Филармонияның алғашқы директоры А.И. Шапошников, көркемдік жетекшісі Н.Жомартов болды. Бұдан кейін оған Қазақстанның халық арт. А.Қоразбаев, В.Ф. Пак басшылық етті, көркемдік жетекшісі Б.О. Шәйкенов, режиссер Ә.Төлебаев болды. Сахналық өнері мен шығарм. жетістіктері үшін филармония әншілері Т.Молдақынов пен Г.Өсербаева Қазақстанның еңб. сің. арт. атағына ие болды (1993). Филармонияда 1996 жылдан “Жас толқын” эстрада тобы, 1999 жылдан “Айша-бибі” фольклорлық-этнографиялық би ансамблі (көркемдік жетекшісі Қазақстанның еңбегі сіңген қызметкері, биші Б.Сызабеков) жұмыс істейді. 1997 жылы филармонияның мәдениет сарайына “Баласағұн” мәдени орталық деген ат берілді. Филармония ұжымында А.Тұрғынбаев, Х.Рахмедова, А.Басқанбаев, т.б. әнші, биші, сазгерлер еңбек етті. Әншілер Ж.Қадыров, Қ.Жұманбаев, С.Желдібаев, Т.Әшімбековалар 1996 — 2000 жылдары өткен әр түрлі конкурстардың лауреаты атанды. Филармонияның қазіргі директоры С.Жанпейісова. ## Дереккөздер
Жанайдар Орынбайұлы (шамамен 1818, Ұлытау өңірі — 19 ғасырдың 70-жылдары) — батыр, Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Мәжік бөлімінен шыққан. 1837 жылы Ақмола дуанына қарайтын арғын тайпасының Қуандық, Сүйіндік, Төртуыл, Қойлыбай, Қалқаман, Темеш, Тінәлі руларының жасақшыларын бастап Кенесары әскеріне келіп қосылады. Кенесары Ақмола бекінісіне шабуыл жасар алдында Жанайдарды бас етіп бекіністі барлауға шолғыншылар жіберді. Шабуыл кезінде ерлігімен, мергендігімен көзге түскен Жанайдар ханның сенімді серігі, қол бастаушы батырларының біріне айналады. Жанайдар өзінің бауырлары Жанатай, Бектұрған, Өтебайлармен бірге Кенесарыға еріп, он жыл бойы азаттық жолындағы шайқастың бел ортасында жүрген. Жанатай осы жорықта қаза табады. Кенесары мен Наурызбайдан айырылып, көтеріліс тығырыққа тірелген тұста Жанайдар амалсыздан ат басын Арқадағы еліне бұрады. Ұлытаудағы ата қонысын бағаналы найман елінен қайтаруды талап етіп, Санкт-Петербургке барады. Көтеріліске қатысқанына Ресей патшасы кешірім жасағаннан кейін Жанайдар Терісаққан өзенінің бойы мен Арғанаты тауының етегіне қоныстанады. Жанайдар 1868 жылы қазақтың игі жақсыларымен бірге князь Владимирдің Омбыға келген құрметіне жасалған салтанатқа қатысады. Қажылық сапардан қайтып келе жатып жолда қайтыс болған. Баласы Мейрам Қайрақты деген жерде ат шаптырып ас берген. Жанайдарды “Баласы Орынбайдың Жанайдарды, Адасқан жөнге салған талайларды”, “Төртуылда Жанайдар жиҝан асқан ер еді” деп ақын-жыраулар жырға қосып, Сарамен айтысында Біржан да: “Кім жетер Жанайдарға Алтайдағы, Алты жүз жас бота мен тайлағы бар” деп, байлығын, парасаттылығын тілге тиек еткен. Көрнектi жазушы I.Есенберлиннiң "Қаһар" романында Жанайдардың Ақмола дуанының аға сұлтаны Қоңырқұлжаның ауылын шапқанда оны ажалдан қалай алып қаламын деп, "Ақ жол" атты қазақы ем-дом жасататыны жан-жақты баяндалған. Сол оқиға негiзiнде ел есiнде сақталған мынандай өлең де бар: Жанайдар артық туды жатырынан, Оқ тидi Жанайдардың балтырынан. Бiр айла өлмес жанға бола ма деп, Аттайтын қатын iздедi ата ұлынан. Аттайтын бiр де қатын табылмады, Төрелер тұңiлiп тұр қатынынан! ## Дереккөздер
Жанабіл Сымағұлұлы (1934 жылы туған, Қытай, Алтай аймағы, Қаба ауданы) — Қытайдағы қазақ диаспорасы арасынан шыққан қоғам және мемлекет қайраткері. * 1955 — 60 ж. Қаба және Шіңгіл ауданы жастар одағы к-тінің хатшысы болған. * 1960 — 65 ж. Пекинде Орт. партия мектебінде жоғары білім алған. * Алтай аймағының уәлиі (1966 — 67) * Бурылтоғай ауданы партия к-ті хатшысының орынбасары (1971 — 72) * Алтай аймақтық төңкерістік к-ттің меңгерушісі (1972 — 74) * Шыңжаң ұйғыр автономиялы ауданының төңкерістік к-т төрағасының орынбасары * Іле облысы партия к-тінің 1-хатшысы (1974 — 93) * Шыңжаңда өкімет төрағасының орынбасары (1978 — 79) * Шыңжаң ұйғыр автономиялы ауданы партия к-ті хатшысының орынбасары (1979 — 93) қызметтерін атқарды. Ж. ұзақ жылдар Шыңжаңдағы оқу-ағарту, мәдениет жұмыстарына белсене араласты. Қытай коммунистік партиясы он бірінші сайланған орт. к-тінің 3-жалпы мәжілісінен кейін Дэн Сяо Пиннің реформасын іске асыруға ат салысып, мәдени революция кезінде жалған жаламен сотталғандарды ақтау ісіне басшылық етті. Ж. оқу-ағарту ісіне реформа жасауды қолға алып, “Іле” халық баспасын, көркемөнер үйірмелерін құруға, Іле қазақ театрын ашуға, “Шалғын”, “Мұра” журналдарын шығарып, қазақ халқының фольклорын, мәдени мұраларын жинап, кітап етіп бастыруға елеулі үлес қосты. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ауыт Мұқибекұлы. Алатаудың бір шыңы – арғы бетте Мұрағатталған 25 желтоқсанның 2016 жылы.
Жамқұршы (туған-өлген жылдары белгісіз) — Ноғай ұлысының билеушісі, Едіге бидің 3-шөбересі. Жамқұршы мен ағасы (кейбір деректерде інісі) Мұса екеуі 15 ғасырдың аяғы мен 16 ғасырдың басында Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде елеулі рөл атқарған. Ол Ибақ хан, Жәнібек, Бүреке сұлтандарды бастап, Әбілқайырдың баласы Шейх Хайдар ханға қарсы жорықтар ұйымдастырған. Оның Мұсамен біріккен күштері 1487 жылы Дон өзенінің сағасында Алтын Орда ханы Ахметке ойсырата соққы берген. Жамқұршы және Мұса ұрпақтары 16 ғасырда қазақ халқының тарихында елеулі рөл атқарды. ## Дереккөздер
Жанақ Сағындықұлы, кіші Жанақ (1770 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Абыралы ауданы, Қайнар кеңшары, Жақсы Абыралы қонысы - 1856 жыл, қазіргі Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы “Хан сүйегі” деп аталған жер) — ақын. Арғын тайпасының Қаракесек руының Қамбар бұтағынан шыққан. ## Әкесі туралы Әкесі Сағындық сол өңірге белгілі аңшы болған. 1748 - 58 жылдары қазақ-қалмақ соғысында мергендігімен көзге түскен. ## Өзі туралы Жанақ ауыл молдасынан дәріс алып, хадимше хат танып, діни білім алған. Сағындық құсбегі кейіннен Жанақты Түркістан өңіріндегі Қарнақ медресесінде, Ташкент қаласындағы медреседе оқытқан. Жанақ жас кезінен өнер жолына түсіп, домбыра, қобыз тартып, жыр-дастандарды жатқа білген. Жанақ 1790 - 97 жылдары Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып, қозғалыс жаршыларының бірі болған. Туып-өскен жеріне ауылын бастап көшіп, шамамен 1838 - 39 жылдары Ұлытау өңіріне қоныстанады. “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” жырының халық арасына көп тараған нұсқасын сонда айтып, шығарған. 1839 жылы Жақсы Абыралыға көшіп келіп, ел-жұртымен табысады. 1846 ж. жазда ел аралаған поляк А. Янушкевич жазған Жанақ — осы кіші Ж. ақын. Жанақ шығармаларының көпшілігі сақталмаған. “Рүстем төреге” толғауы мен біраз өлеңдері ғана жеткен. ## Дереккөздер
Жамбыл мұражайы - Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында орналасқан, тарихи және мәдени мекеме. Мұражай Қазақстан үкіметінің шешімімен қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаев тұрған үйде 1946 ж. ұйымдастырылды. Ж. м. Алатаудың Майтөбе биігіне таяу жатқан жазықта, Жамбыл бабамыз көз жұмған ауылда орналасқан. Мұражайдың іргесінде ұлы ақынның көзі тірісінде егілген ағаштар, сол қалың баудың түкпіріне таман алма мен алмұрт бағының арасында 1946 ж. салынған кесене тұр. Кесене 1970 және 1996 ж. қайта жөнделіп, ақ мәрмәрмен қапталған. Кесененің дәл ортасына ұлы жыршыға құлпытас қойылған. Ақын денесі осында жерленген. Кесененің дәл іргесінде, сол жақ босағасына ақынның киесі — қызыл шұбар жолбарыс мүсіні орнатылған (1996). Жамбыл өмір сүрген үй — мұражайдағы бөлмелер сол күйінде сақталған. Ондағы он екі бөлменің әрқайсысы тарихи жәдігерлерге толы, әрбір зат — ақын өмірінің тікелей куәгері. 1996 ж. мұражай-үйге жанамалай конференц зал салынып іске қосылды. Бұл конференц залдың алғашқы іргетасын Қазақстан Президенті Н.Назарбаев қалады. Алғашқы бөлме Жамбылдың ұлы ұстазы ақын Сүйінбайға арналған. 1916 жылғы көтеріліс тарихын, Жамбыл шығарм-н баяндайтын бөлімде Х.Наурызбаевтың “Амангелді Иманов” атты мүсіні және 1913 ж. Жамбылдың ақындар арасында түскен тарихи суреті тұр. 1919 ж. мамыр — маусымда өткен ақындар мен күйшілердің слеті жөніндегі материалдардың фотокөшірмелері, Верныйдағы сол слет өткізілген үйдің суреті, ақынның жаңа өмір серпінінен туған шығарм-мен таныстыратын материалдар қойылған. 1934 ж. маусым айында қазақтың ұлттық өнер шеберлерінің тұңғыш респ. слеті өтті. 1936 ж. сәуір айында айтыскер ақындардың 2-слеті болды. Мұражайда Жамбылдың суырып салма ақындығы оқшау көрінген осы слеттерге қатысты материалдар да қойылған. Ж. м. ауқымды бөлімдердің бірі Жамбылдың Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен мәдениетінің онкүндігіне қатысуына арналған. Мұражайдағы Мәскеу онкүндігіне арналған экспозицияда Жамбылдың С.Мұқановпен, К.Байсейітовамен, Т.Жароковпен және колхозшылармен, мемлекет қайраткерлерімен кездесулерінен фотосуреттер қойылған. Жамбылдың Қазақ КСР-інің 1-шақырылған Жоғ. Кеңесінің депутаты, Кеңестердің бүкілқазақстандық төтенше 10-съезінің делегаты болғандығына толтырылған мандаттар, ақынның ең алғашқы наградасы — Еңбек Қызыл Ту ордені, М.Соловьевтің “М.И. Калинин Жамбылға орден тапсырып тұр” деген картинасы да осында тұр. Мәскеудегі онкүндікке қатысушылармен бірге Жамбылды бүкіл ел қошаметпен қарсы алды. 1936 ж. мамырдың 17-нен 23-не дейінгі аралықта өткен онкүндікте Жамбылдың қолма-қол төгіп шығарған толғаулары елге күнбе-күн тарап жатты. 1937 ж. желтоқсанда Жамбыл әуелі Мәскеуге, сол жақтан Тбилисиге, Шота Руставелидің жұртқа белгілі “Жолбарыс терісін жамылған батыр” поэмасының 750 жылдығын тойлауға арналған КСРО Жазушылар одағы басқармасының пленумына барған сапары топ-топ жыр болып, “Кавказға саяхат” деген кітабына кірді. Ақын 1938 ж. Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің депутаты болып сайланып, мемлекет тарихында тұңғыш рет парламент мәжілісі өлеңмен ашылды. Оны ашқан да “20 ғасырдың Гомері” Жамбыл Жабаев еді. Мұражайдағы Жамбылдың шығарм. қызметінің 75 жылдық мерекесін тойлау жөніндегі бөлімде елдің түкпір-түкпірінен және көптеген шет елдерден “халық поэзиясының ақсақалына” жіберілген құттықтау жеделхаттар мен хаттардың фотокөшірмелері, сондай-ақ, КСРО Жоғ. Кеңесі Президиумы оны Ленин орденімен наградтағаны туралы 1938 ж. 19 маусымдағы Жарлығы, той иесіне тапсырылған адресаттар, фотоальбомдар, сый-сияпаттар қойылған. Көркем әдебиетті дамытудағы аса көрнекті табыстары мен жетістіктері үшін марапатталған 52 ақын-жазушының ішінде Жамбылдың “Құрмет Белгісі” орденімен наградталғаны туралы 1939 ж. 31 қаңтардағы жарлықтың фотокөшірмесі де, 1941 жылдың наурызында берілген Мемл. сыйлық лауреатының дипломы да осы тұсқа қойылған. Мұражайдың Отанды қорғауға арналған бөлімінде “Ленинградтық өренім” өлеңі, оның отты жылдардағы жеңіске жұмылдырған поэтикалық қуаты, плакаттар, бұған қоса қарт Жамбылға алғыс сезіміне тола жазылған майданда жүрген жауынгерлердің сарғайған хаттары да тұр. Ақын есіміне деген сый-құрметтің белгісі ретінде Ленинградтың 250 жылдығына арналған медаль да осында қойылған. Бұл медаль 1959 ж. Жамбыл мұражайына жіберілген. 1942 ж. 1 маусымда “Правда” газеті: “Рақмет, қымбатты ақын, бізді қуантқаныңыз үшін сізге жауынгерлік қызылармиялық рахметімізді айтамыз. Бәріміз де сіздің жырларыңызды жатқа білеміз” деп жазды. Жамбылдың ұлы — Алғадай 1943 ж. 22 ақпанда Синельников қ. түбінде ерлікпен қаза тапты. Жамбыл бұл қазаға қатты қайғырды. Ақынның шері “Алғадай туралы ой” деген жоқтау жырға айналды. Жамбылдың өлы Отан соғысы кезінде шығарған жырлары — қазақтың ұлттық патриотизмінің тамаша тарихи ескерткіштері. Олардың өзі “Соғыс жырлары” деген тұтас бір жинаққа айналды. Ол қазір мұражайда сақтаулы. 1945 ж. 22 маусым, сағат 7-ден 55 минут өткенде ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың жүрегі тоқтады. Мұражайдағы бір экспозиция Жамбылмен қоштасу сәтін бейнелейді. Халық поэзиясы алыбының қазасына дүние жүзіндегі көптеген елдердің өкілдері қайғырып көңіл айтты. Оны жерлеу Қазақстан үшін — бүкілхалықтық, бүкілмемлекеттік сипат алды. Келесі бөлмеге Жамбыл мұрасын зерттеуші, жамбылтанушылардың шығармалары қойылған. М.Әуезов, Мұқанов, С.Садырбаев бұл салада үлкен еңбек сіңірді. Мұражайда Жамбылдың ізбасарларынан К.Әзірбаевтың, Ү.Кәрібаевтің, Н.Байғаниннің, И.Байзақовтың, Жамбылдың немересі — ақын Әлімқұл Жамбыловтың және басқа да көптеген белгілі көркем сөз шеберлерінің бейнелері тұр. Үйдің ортасындағы ас үй — кезінде қазақ қонақжайлылығының куәгері болғаны анық. А.Толстой, Л.Соболев, Әуезов, П.Тычина, Байсейітова, Б.Келлер, С.Эйзенштейн, Ә.Қастеев және т.б. қайраткерлер әр жылдары, әр кезде осында болып, ұлы ақынмен тілдесіп, әңгімелескен. Үйдің сол жақ қанатындағы бұрышта — ақынның өз бөлмесі. Бұл шағын ғана бөлме, үстел, кресло, радиоқабылдағыш, орыс, қазақ тілдерінен жиналған шағын кітапхана, 7 сағат 55 минутты көрсетіп, тоқтап қалған қабырға сағаты. Бұған жапсарлас, терезелері теріскейге қараған бөлме — ақынның ұйықтайтын бөлмесі. Бұл бөлме Жамбыл дүниеден қайтқан сәттен ешбір өзгермеген. Есіктің оң жағында киім ілінген шкаф тұр. Бұрышта — ағаштан қиып жасалған шифонер. Терезе аралығында алдында күнделікті тұрмысқа керекті заттар қойылған айна тұр. Қымыз құятын торсық, ақынның асатаяғы, күлсауыт және оның өмірлік серігі болған көне домбыра. өлы Жамбылдың туғанына 150 жыл толар қарсаңында өзінің тарихи тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасының, оның тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың нұсқауымен, Республика үкіметінің шешімімен толық жаңғыртылып, қайта салынған тарихи мұражай еліміздегі ірі тарихи ескерткіш-мекенге айналды. Жаңа салынған конференц залда Жамбылдың 150 жылдық мерейтойын тойлау рәсімдеріне байланысты мұражайға ескерткіш — сыйға берілген құжат, тарту-таралғылар, сурет, т.б. көрмесі қойылған. Ж. м-ның бағының ішінде, Жамбыл кесенесінің жанында қазақтың біртуар композиторы, дирижері, ұлы ақынның інісі Нұрғиса Тілендиевтің бейіті мен ескерткіш-құлпытасы бар. Бір ғасыр өмір кешкен ұлы таланттың туып-өскен мекені — қазақстандықтардың зиярат ететін қасиетті орындарының бірі. ## Дереккөздер
Жанақ жаңабатырұлы (1768, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қызылтау а. — 1850, сонда) — ақын. Арғын тайпасының Сүйіндік руы күлік бөлімінен шыққан. Әкесі Жаңабатыр елге белгілі палуан болған. Ж. алғашында ауыл молдасынан оқып, кейіннен Үргеніш медресесінде оқыған. Көтеш, Салғара ақындарға шәкірт болған. Ж-тың шығармаларының көпшілігі сақталмаған. “Баянауыл” дастаны мен “Бөкей төреге” деген толғауы ғана бар. Жазушы Қ.Исабаевтың “Серт” трилогиясында “Баянауыл” дастанынан үзінділер берілген.
А. Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры (2020 жылға дейін "Жамбыл облыстық қазақ драма театры" деп аталды) – Тараз қаласындағы мәдени-сахналық ұжым. ## Тарихы 1936 жылы көркемөнер үйірмесінің негізінде құрылып, "Әулие-Ата театры" деп аталды. Осы жылы 16 наурызда театр Б. Майлиннің "Келін мен шешей", К. Қырқымбаевтың "Келіншек" атты комедияларымен шымылдығын ашты. Театрдың алғашқы ұйымдастырушылары Шәріпбай Сәкиев, Сәти Үмбетбаев, Сатылған Атамқұлов, Омарбай Тұрымқұлов, Тұраш Әбуов, Рәміш Әбдірахманов, Тәжімет Әлмұхамедов, Молдаш Сәкиев, Жомарт Абызбаев және Қ. Қырқымбаев, А. Майтанов, Сара Абызбаева, Нұргүл Майтанова, Гүлсара Тұрұмқұлова, 1937 жылдан бастап Мұхаметқали Табановтар болған. 1939 жылы Жамбыл облысы құрылғаннан кейін облыстық театр мәртебесін алды. 1965 жылы жаға ғимаратқа көшірілді. 2020 жылы театрға тұңғыш режиссер Асқар Тоқпановтың есімі берілді. ## Театр басшылары Қасым Қырқымбаев, Тәжімет Әлмұхамедовтер болса, театр ұжымын одан беріде әр жылдары Сәдуақас Ирғалиев, Әбіл Төлебаев,Тұрар Дүйсебаев, Әлібек Әмзеұлы, Шопан Кәрібаев, Атахан Апсаматов, Талғат Сұлтанбеков, Сыпатай Өсербаев, Талғат Сұлтангереев, Құрманғазы Демешов, Қуандық Қасымов, Асқарбек Сейілхан, Ғани Садырбаев және тағы басқалар. Театрдың 2014 жылдан бергі қазіргі директоры – ақын, драматург-жазушы, әрі театртанушы, Қазақстанның мәдениет қайраткері Болат Бекжанов. Көркемдік жетекшісі – талантты актер әрі режиссер, халықаралық және республикалық театр фестивальдарының лауреаты Мәлік Ақүрпеков. ## Қойылымдары Е. Брусиловскийдің "Ер Тарғын" мен "Қыз Жібек", У. Гаджибековтің "Аршин мал алан" спектакльдері 20 ғасырдың 60-жылдарының басына дейін сахнадан түспей келді. М.Әуезовтің пьесалары театр сахнасынан берік орын алды. "Қара қыпшақ Қобыланды" 1944 жылы Б.А. Лурьенің режиссерлік етуімен ең алғаш осында қойылды. Ұлы драматургтің "Еңлік-Кебек", "Айман-Шолпан", "Түнгі сарын", "Қарагөз", "Абай" трагедиясы мен "Абай" романының сахнаға бейімделген нұсқасы қайталанып қойылып, театрдың кәсіби жағынан қалыптасуына ерекше ықпал жасады. М. Әуезов аударған Н. Гогольдің "Ревизоры", К. Треневтің "Любовь Яроваясы", У. Шекспирдің "Отеллосы" театр ұжымының классикалық шығармаларды меңгерудегі ізденістері болды. Бұлардан басқа театр сахнасында Ғ. Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш – Баян сұлу", "Ақан сері – Ақтоқты", Б. Майлинмен бірігіп жазған "Амангелді", Ә. Тәжібаевтың "Жалғыз ағаш – орман емес", "Көңілдестер", З. Шашкиннің "Тоқаш Бокин", Ш. Хұсайыновтың "Біздің Ғани", "Тоты Тәмиллә", Қ. Мұхамеджановтың "Бөлтірік бөрік астында", "Құдағи келіпті", "Біз періште емеспіз", Ә. Әбішевтің "Белгісіз батыр", Т. Ахтановтың "Ант", С. Жүнісовтің "Жаралы гүлдер", Ш. Мұртазаның "Қара маржан", Д. Исабековтің "Ертеңді күту", "Әпке", "Тыныштық күзетшісі", И. Ғайыптың "Мен ішпеген у бар ма?”" пьесалары қойылды. Театр ұжымы әр кездері О. Шиллердің "Зұлымдық пен махаббат", К. Гольдонидің "Екі мырзаға бір қызметкер", Гогольдің "Үйлену", А.Н. Островскийдің "Жазықсыз жапа шеккендер", В.В. Маяковскийдің "Қандала", Ш. Айтматов прозалары негізінде "Ана – Жер-ана", "Арманым, Әселім", Х. Хамзаның "Бай мен батырақ", "Майсараның айласы", А. Қаhардың "Жібек сюзаннасы", Я. Соловичтің "Түлен түрткен тіленші", Г.А. Боровиктің "Буэнос-Айрестегі интервью", т.б. спектакльдерін сахнаға шығарды. Мұнда әр жылдары режиссер болып халық артистері А.Тоқпанов, Ұ. Хайруллина, М. Байсеркенов, Ж. Арғынбаев, Б. Лурье, Е.Оразымбетов, Т. Дүйсебаев, Т. Ерғалиев, Ә. Ордабаев, Мен Дон Ук, Ж. Омаров, Ә. Құлданов, О. Кенебаев, А. Оңалбаев, А. Сәлімбаев, Р. Шарафутдиновалар қызмет істеді. Театрдың қазіргі бас режиссері – Қ. Қасымов (2001). Театрдың суретшісі болып әр жылдары А.О. Белолипецкий, В.А. Волажанкин қызмет атқарды. ## Театр жетістіктері * 1957 жылы республикада тұңғыш рет "Театр көктемі" атты республикалық байқауға К. Гольдонидың "Екі мырзаға бір қызметші" (қоюшы-режиссері Ә. Мәмбетов) спектаклімен қатынасып, I дәрежелі дипломмен марапатталды. * 1970 жылы Н. Погодиннің "Кремль куранттары" спектаклі үшін театр ұжымы драма театрларының республикалық байқауының II дәрежелі дипломымен, С. Рақышев лауреаттық, Забелин ролі үшін М. Салықов II дәрежелі дипломымен марапатталды. * 1975 жылы Ұлы Отан соғысы жеңісінің 30 жылдығына арналған Бүкілодақтық театр фестиваліне Ғ. Мүсіреповтің "Қазақ солдаты" спектаклімен қатынасып, дипломант атанды және сол жылы СССР мәдениет министрлігінің дипломына ие болды. Театр ұжымы С. Жүнісовтің "Жаралы гүлдер" спектаклімен жас орындаушылардың республикалық байқауының II дәрежелі дипломын еншіледі. * 1980 жылы Ә. Қалдыбаевтың "Шаншар атай" атты спектаклі үшін балалар мен жасөспірімдерге арналған Бүкілодақтық байқауда I дәрежелі дипломға ие болды. * 1981 жылы 21 мамырда республиканың театр өнерін дамытуға сіңірген еңбегі үшін театр ұжымына Қазақ ССР-і Жоғары Советінің Құрмет грамотасы табыс етілді. * 1997 жылы V республикалық театр фестиваліне М. Әуезовтің "Қара қыпшақ Қобыланды" спектаклімен қатынасып, бас жүлде – Гран-приді жеңіп алды. * 1998 жылы Тараз қаласының 2000 жылдығына арналған ҮІ республикалық театр фестивалі Жамбыл облысында өткізіліп, театр ұжымы М. Байжиевтің "Құдалар" трагикомедиясын сахналап "Үміт" жүлдесіне ие болды. * 1999 жылы Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында "Ш. Айтматов және театр" атты халықаралық театр фестивалінде театр республика театрлары атынан Ш. Айтматов пен М. Шахановтың "Сократ түні" осы замандық драмасымен қатынасып, төрт бірдей номинацияны жеңіп алды. "Ең үздік режиссура" номинациясы бойынша Қ. Қасымов, "Ең үздік әйел бейнесі" Г. Қыпшақова, "Ең үздік екінші пландағы роль" номинациясы бойынша С. Мұқышев, "Ең үздік этюд" үшін Ә. Ахмет халықаралық фестиваль лауреаттары атанды. * 2003 жылы 14–21 мамырда Алматы қаласында өткен республикалық балалар мен жастарға арналған театр фестивалінде Жақып Омаровтың "Құлыншақ пен бөлтірік" ертегі-фантазиясы үшін Маржан Ахметова, Жер-ана ролі үшін Гүлшат Қыпшақова фестиваль лауреаттары атанса, театр ұжымы фестивальдің 1-орынын иеленді. Осы жылдың 15–22 маусым аралығында Бішкекте өткен Орта Азия республикалары мен Ресей театрлары қатынасқан I халықаралық АРТ-Ордо фестиваліне Елен Әлімжанның "Жанұран" спектаклімен қатынасып, "Заман талабына үндес қойылым" номинациясы бойынша арнайы дипломмен марапатталды. * 2005 жылы театр ұжымы Қызылордада өткен ХІІІ республикалық театр фестивалінде Г. Гориннің "Атың өшсін Герострат!" трагикомедиясы үшін Н. Бекежанов атындағы тағайындалған ерекше жүлдені жеңіп алды. * 2009 жылы Қарағандыда өткен республикалық театр фестивалінде жүлдегер атанды. Осы жылы 2009 жылы театр өз тарихында алғаш рет алыс шет елде өнер көрсету құрметіне ие болып, Мысыр астанасы Каирде өткізілген дүниежүзілік эксперименттік театр фестивалінде бақ сынап, әлемнің 38 елінен жиналған 60-тан аса театр ұжымы арасынан дипломант атанды. * 2011 жылы 22–23 қарашада театр өзінің 75 жылдығын атап өтті. * 2013 жылы театрға "Тұңғышбай Әл-Тарази Таразға шақырады" атты халықаралық театр фестивалінің бас жүлдесі бұйырды. * 2017 жылы Румынияда өткен Халықаралық театр фестиваліне "Қыз Жібек" саунд-драмасымен қатысып, әлемнің 23 елінен келген өнер ұжымы арасынан топ жарып, "Ең үздік қойылым" және "Ең үздік театр" номинациялары мен бас жүлдені жеңіп алды. ## Дереккөздер ## Театр сайты http://taraz-teatr.skom.kz/
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы , Тараз қаласында 1931 ж. ашылған. 1978 ж. қаланың орталық алаңындағы жаңа ғимаратқа көшірілді. Мұражай залдарының жалпы аумағы 1492 м2. Ондағы экспонаттар тірі және өлі табиғат, тарих және археология, этнография, тарихи оқиғалар залдарына жүйеленіп қойылған. Мұражай қоры 30 мыңнан аса экспонаттан тұрады. Олардың бірқатары Италия, Астана, Алматы қалаларында болған көрмелерде көрсетілді. Мұражай қызметкерлері 1991 — 2001 ж. Археология институтының археологтерімен біріге отырып, облыс территориясындағы көне тарихи орындарында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде 1994 — 97 ж. көне Тараз орнынан қаланың б.з. 1 ғ-ында болғандығын дәлелдейтін көптеген заттар: үйлердің қабырғалары және кейінгі дәуірлерге қатысты теңгелер (20 дана), тереңд. 6 м құдық, пеш және су құбырлары, ыдыс-аяқ, шырақтар, ұршық бастар, Тараздың қола теңгелері (8 дана), оның ішінде 7 — 8 ғ-ларға жататын ортасында төртбұрышты саңылауы бар соғды теңгелері табылды. Мұражайға “балбал тастар” деп аталатын тас мүсіндердің бірегей тобы қойылған. Олардың жалпы саны 70-тен астам. Мұражайдағы өте сирек кездесетін экспонаттың бірі — сақ жауынгерлерінің дулығасы. Ол қоладан жасалынған, б.з.б. 6 — 5 ғ-ларға жатады. Сақ заманынан сақталған биік тұғырлы қола қазандар да назар аудартады. 1972 ж. Тараз қ-ндағы Орт. базар аумағын қазу жұмыстарының барысында ер адамның қола мүсіні табылды. 1976 ж. Орталық спорт алаңын салу үшін жүргізілген құрылыс жұмыстарының кезінде табылған қоладан жасалған үнді бишісінің мүсіні де осы мұражайда тұр. 1995 — 96 ж. мұражай директоры К.Байбосыновтың жетекшілігімен ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың орындарына және сақ, үйсін қорғандарына қазба жұмыстары жүргізілді. Қорғандардан тас, қола моншақ, жебенің ұшы, ілгіштер табылды. Төменгі Барысхан қалашығының орнынан бөлме, зал сылақтарының оюлы, әшекейлі сынықтары кездесті. Шахристаннан әр түрлі пішінді ас пісіретін қазандар, шыны бұйымдар, түрлі түсті моншақтар мен сырға, түркі теңгесінің табылуы үлкен олжа болды. 8 ғ-ға жататын Ақыртасты қазу жұмыстары 1996 жылдан бері жүргізіліп келеді. 1998 жылғы зерттеуде ұз. 16 м, ені 6 м, 6 бөлмеден тұратын керуен сарайдың орны, бір бөлмесінен сырға, ыдыс сынықтары және өлшемі 25х25 см күйдірілген кірпіш, су құбырлары табылды. Мұражай қоры, негізінен, қазба жұмыстарынан табылған заттармен толығып отыр. Мұражай қорында Тараз қ-на жер аударылып келген неміс халқының көрнекті суретшісі Л.В. Брюммердің сыйға тартқан үлкенді-кішілі 1000-ға тарта жұмыстары да сақтаулы. Мұражайға, сондай-ақ, қазақ халқының көне саз аспаптары (сазсырнай, шаңқобыз) мен ер-тұрман әбзелдері, қолөнер туындылары қойылған.
Жамбыл облыстық орыс драма театры – Тараз қаласындағы мәдени-сахналық ұжымдардың бірі. ## Тарихы Театр 1967 жылы наурыз айында құрылып, өз шымылдығын В.Н. Биль-Белоцерковскийдің "Теңіз дауылы" (қоюшы режиссер Ф. Литвинская, суретші В. Давыдов) спектаклімен ашты. Театрдың құрылуына Қазақстан Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының халық әртістері Е. Орел, Е. Черноушенко және П. Черемисин, Латвия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрметті әртісі Вахтанг Турманидзе ат салысқан. Театрдың алғашқы директоры Н. Стаховский болды. Бұдан бөлек әр жылдары оған А. Рагулин, В. Назаров, В. Литвин, Л. Житницкий, В. Беседин, М. Лейба, В. Дадаева, Г. Сафонов сынды азаматтар басшылық еткен. 2014 жылдан бері қарай театрға Ақылдос Тәжиев басшылық етіп келеді. Театрдың әр жылдарғы бас режиссерлері Ф.Литвинская, В. Хурда, П. Ширшов, А. Асанин, ҚАЗКСР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері И. Сермягин, Л. Житницкий, И. Милованов, В. Перунов болған. Қоюшы-режиссерлер қатарында Б. Скомаровский, И. Милованов, В. Тужилин, Ж. Бодаубаева, Б. Избасаров. А. Файзуллин, В. Сукопов, О. Ізбасаровтар бар. Театр ұзақ уақыт бойы сырт жерлерден, Ресейден уақытша келген әртістермен жұмыс істеп, жергілікті кадрларды тарту жөніндегі ұсыныстарды жүзеге асыруға мүмкіндік болмады. Соның салдарына ұзақ жылдар бойы театрда кадр тұрақтамады. Тек 1992 жылдан бастап қана театр басшылығы жергілікті кадрларға баса көңіл бөліп, шығармашылық ұжымды толықтыруға айрықша назар аударды. Осылайша театр ұжымына А. Назин, Н. Гааль, О. Гурская, Э. Аккулиева, Н. Новикова, И. Яковлева, И. Избасарова тәрізді әртістер қосылды. Театр басшылығы Жамбыл қалалық мәдениет училищесіндегі оқу процесімен тығыз байланыс жасап, осы оқу орнының бес түлегін өз қатарына шақырды. Театр ұжымында Ресей халық әртісі В. Турманидзе, Қазақстан халық әртісі Е. Чернышенко және А. Девятов, В. Хурда, М. Далиненко, В. Ледяев, Н. Казанцева, Е. Чикичева, В. Забелин, В. Кормаз, Г. Просвирин, В. Меликова, В. Стародубов секілді талантты әртістер бірнеше жыл еңбек етіп, көрермендер ризашылығына бөленді. ## Театр қойылымдары Жас театр ұжымы алғашқы жылдардың өзінде-ақ орыс, кеңес және шет ел драматургиясының алтын қорына кірген сан қилы қойылымдарды көрсетіп, көрермендер құрметіне ие болды. Олардың ішінде А. Твардовскийдің "Василий Теркин", А. Даниловтың "Милиция комиссары", Н. Анкиловтың "Жауынгер жесірі", А.Д. Салынскийдің "Барабаншы қыз", Н. Гогольдің "Ревизор", Д. Фонвизиннің "Жетесіз жеткіншек", А.Н. Островскийдің "Бальзаминовтың үйленуі", М. Горькийдің "Шыңырауда", Еврипидтің "Медея", У. Шекспирдің "Виндзор сайқымазақтары" мен "Отелло", О. де Бальзактың "Өгей шеше", т.б. пьесалар бар. Театр ұжымы, әсіресе, патриоттық тақырыптағы пьесаларға ерекше мән беріп, С. Смирновтың "Мен көрген кісілер", З. Тоболкиннің "Анна туралы аңыз", К. Симоновтың "Орыс мәселесі", Ф. Абрамовтың "Екі қыс және үш жаз", К. Губаревичтің "Брест қамалы" спектакльдерін сахнаға шығарды. Сахна өнерін жұртшылыққа барынша кең насихаттаудағы еңбегі үшін театр ұжымы КСРО Мәдениет министрінің дипломымен (1970), “Милиция комиссары” спектаклі үшін Қазақстан Қшкі істер министрінің ескерткіш медалімен (1971) марапатталды. 1995-2000 жылдар аралығында театр қойған спектакльдер саны 700-ден асты. Олардың ішінде Қ. Мұхамеджановтың "Қуырдақ дайын" комедиясы (реж. В. Тужилин, 1995), жергілікті автор Е. Әлімжанның "Кресло" сатиралық комедиясы (реж. Ә. Әмзеұлы, 1997), М. Шахановтың "Шыңғыс ханның құпиясы" ("Тайна, унесенная Чингисханом") атты драмалық поэмасы (реж. Қ. Қалымов, 2000), т.б. бар. ## Театр жетістіктері * 1973 жылы театр милиция қызметінің қыр-сырын көрсететін жаңадан сахналаған қойылымы үшін Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мәдениет министрлігінің дипломымен марапатталды. * 1998 жылы театр М. Кәрімнің "В ночь лунного затмения" спектаклімен IV республикалық фестивальге қатысып, жас әртіс Е. Дубовик лауреат атанды және "Екінші деңгейдегі әртістің үздік рөлі үшін" дипломымен марапатталды. * 1999 жылы А.Әмзеұлының "Жауынгердің анасы" қойылымында басты рөлді сомдаған Г. Соколова "Ерең еңбегі үшін" медалімен марапатталды. Осы жылы А. Файзулина Қазақстан Республикасының "Құрмет грамотасымен" марапатталды. * 1980 жылы әртіс Чернушенко Матвеевнаға және Черемисин Петр Михайловичке "Қазақ Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрметті әртісі" атағы берілді. * 2010 жылы қыркүйекте Ұлы Отан соғысы жеңісінің 65 жылдығына және Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған ХVІІ Республикалық драма театрлары байқауында театр әртісі Бекназар Ізбасаров "Жолдас комбат" атты қойылымда жақсы ойнағаны үшін қаржылай сыйақыға қол жеткізді. * 2012 жылы қыркүйекте театр Бішкектегі Ш. Айтматов атындағы Мемлекеттік ұлттық орыс драма театрының сахнасында А. Камюдің "Калигуласын", А. Лоуренстің "Вестсайдың тарихы" әлеуметтік драмасын сахналап, үлкен жетістікпен өнер көрсетті, қараша айында Қазақстан Театр Қайраткерлері Одағының ұйымдастыруымен өткен Республикалық "Дебют" талантты жас режиссерлер байқауында жас режиссер Дина Жұмабаеваға 1 орын берілді. Ол С. Бекеттің "Годоны күте, күте... шығармасын сахналады. * 2013 жылы – Керчь қаласында (Украина) өткен Халықаралық театрландырылған фестивальге қатысып, Жанна Ануйяның "Жанталас" трагедиясы сахналап "Антика тақырыбындағы ең үздік сахна" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды; қараша айында Таразда өткен "Тұңғышбай әл-Тарази Таразға шақырады" атты фестивальде М. Булгаковтың "Өлі жандарын" режиссер Дина Жұмабаева сахналап, "Ең үздік ансамбль" номинациясы бойынша жүлделі орынды иеленді; Бішкекте өткен Шыңғыс Айтматовтың 85 жылдығына арналған Арт-Орда фестивалінде Түркия, Новосібір, Алматы және басқа шет мемлекеттен келген ірі театр ұжымдарымен қатарласа өнер көрсеткен облыстық драма театры үздіктер қатарынан көрінді; Алматыдағы Халықаралық мәдениет күні мерекесінде театрдың бас суретшісі Владимир Сизинцев "Ең үздік қоюшы-суретші" атағымен бірге "Еңлікгүл" медалін жеңіп алды. * 2016 жылы театр әртісі және режиссері В. Сукоповқа "Мәдениет саласының үздігі" атағы берілді. Сонымен қатар осы жылы театр әртістері Э. Аккулиева, театр әртісі әрі режиссері Б. Ізбасаров "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды. * Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай театр директоры А. Тәжиев, актрисалар О. Ізбасарова, Н. Антимоновалар мерейтойлық медальмен марапатталды. Одан бөлек О. Ізбасарова, Н. Антимонова "Мәдениет саласының үздігі" медалін алды. * 2017 жылы Белградта өткен "Славия 2017" ХVІ Халықаралық фестивалінде театр Эдвард Родзинскийдің "НЕРОН және мен" пьесасын қоюшы-режиссер Қуандық Қасымов сахналап, ол 1-орынды иеленді. * 2018 жылы Македонияның Велес қаласында өткен "СТОБИ 2018" Халықаралық антикалық фестивальінде де облыстық театр тағы да осы шығарманы алып шығып, Сенеки бейнесін сомдаған актер Б. Ізбасаров "Ең үздік ер адам рөлі" атағын жеңіп алды. Осы жылы қарашада Бішкекте өткен "Айтматов және театр" халықаралық фестиваліне театр жазушының "Ғасырдан да ұзақ күн" романын ықшамдап алынған С. Раев пен Н. Әбдіқадыровтың "Найман Ана" драмасын алып шықты. Мұнда театр "Үздік режиссура" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. ## Дереккөздер ## Театр сайты http://zhambyl-teatr.kz/
Жанартау шынысы , обсидиан — жанартау лавасының жер бетінде тез суып, кристалданбай қатаюынан пайда болатын тау жынысының Химиялық құрамына қарай ультранегізді, негізді, орта, қышқыл, сілтілі болып бөлінеді. Жанартау шынысы химилық құрамына, суу ортасына байланысты ажыратылады. Құрамында SіO2-нің мөлшері көп, өте тұтқыр, қышқыл риолит лава түрлерінің қатаюы кезінде обсидиан деп аталатын Ж. ш. түзіледі. Ал сирегірек кездесетін SіO2-ге кедейлеу базальттық лавалар шыны түрінде қатып, мөлдір емес қара базальтты жанартау шынысы — тахилит түзеді. Лава сулы ортада қатқан жағдайда жанартау шынысының құрамында су көптеу болады (мыс, пехштейн, яғни шайыртас). Кеуекті жанартау шынысы пемза деген атпен белгілі. Перлит жанартау шынысының құрамында 3 — 5%-ке дейін байланысқан су болады, ол өнеркәсіпте қолданылады. Жанартау шынысының шыны өндірісінде және құрылыс материалы ретінде қолданылады. Кендері Солтүстік Қазақстанда (Торғай), Шығыс Қазақстанда (Семейтау, Тарбағатай, Зайсан), Алматы (Жоламан, Малайсары), Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында белгілі. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Жаманжал – Балқаш өңірінде, Қаратал өзенінің төменгі сағасындағы құмды алқап. ## Географиялық орны Алматы облысы Балқаш ауданы жерінде. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 385 м. Батыстан шығысқа қарай 55 – 60 км-ге созылған, ені 30 – 35 км. Бедері қырқалы-жалды келген. Төрттік кезеңнің аллювийлі шөгінділерінен түзілген.Ауданы 2000 км2. Құмтөбе жіктердің биіктігі 1012 м. ## Өсімдігі Жаманжал даласында шөлге төзімді шеңгел, жыңғыл, жүзгін, теріскен, жусан, батыс бөлігінде сексеуіл өседі. Жер асты суы кермек татиды және жер бетіне таяу жатады (2-3 м тереңдікте). Жаманжал даласы қысқы, көктемгі мал жайылымы ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Жамұқа , Джамуха сэчен (шамамен 12 ғасырдың ортасы — 13 ғасырдың 1-ширегі) — Шыңғыс ханның өміріндегі ең жақын досы (андасы) және қас жауы болған тарихи тұлға. Жамұқа өте ақылды, айлакер, сөзге шешен адам болған. Темүжіннің (Шыңғыс хан) күш жинауы кезеңінде ол өзінің қол астындағы тайпасынан әскер жиып, Тұғырыл хан үшеуі одақ құрған болатын. Меркіттерді талқандаған соң, Шыңғыс хан мен Жамұқа бала кездерін еске алып, екінші рет анттасып дос болады. Екеуінің араздасуына Жамұқаның інісі Тисер (Такудачер) Темүжін елін барымталауға барғанда қаза табуы себеп болады. Інісінің кегін алу үшін Жамұқа жалайырдың он үш батырын ертіп, үш түмен әскермен жауының елін шабады. Темүжін әскерін Балжут даласында талқандап, Онон өзенінен асыра қуған Жамұқа кері қайтады. Бұдан кейін Темүжінді біржола жою үшін 1201 жылы қоңырат, икарас, құрамас, дурбан, т.б. тайпалар бірігіп, өздеріне Жамұқаны гурхан етіп сайлайды. Олардың біріккен әскері Күйтэн деген жерге келгенде ауа райы қиындығынан әлсіреп, Темүжіннен жеңілуге душар болады. Осы кезде Жамұқа қулығына салып, өзін гурхан көтерген тайпаларды сатып, Темүжінге барып қосылады. Бірақ көп ұзамай Темүжінді одақтасы Он ханмен араздастыру үшін әрекет жасайды. Он ханның ұлы Салгунге елші жіберіп, одақты бұздырып, соғыс ашуға көндіреді. Екі жақтың әскері соғыс даласында кездескенде Жамұқа өз әскерін алып кетеді де, сенімсіздік туындаған соң жеңіліс табады. Осындай әдісті пайдаланып 1204 жылы Жамұқа найман Таян хан бастаған ойрат, меркіт, жойрат, дурбан, т.б. тайпалар одағының әскерінің жеңілуіне әсер етеді. Меркіттер мен наймандар Темүжінге бодан болған соң, бұл аймақта Жамұқа барып паналайтын күшті мемлекет қалмады. Ол елінен безіп, Таңлы тауында бірнеше нөкерімен жасырынып жүреді. Осындай жағдайды көрген жойрат тайпасы кеңесіп, “Шыңғыс хан біздің билеушіміз, әрі туысымыз еді. Біздің керейіт Он хан мен найман Таян ханға қосылып, билеушімізге қарсы шығуымызға Жамұқа кінәлі” — деп, оны ұстап алып Шыңғыс ханға тапсырады. Қайтадан дос болуға шақырған Шыңғыс хан тілегіне Жамұқа жауап ретінде өзін “қан шығармай" өлтіруін өтінеді. Шыңғыс хан оның бұл өтінішін орындап, құрметпен жерлейді. ## Дереккөздер
Жанақ төлекұлы , үлкен Жанақ (1743, Қостанай облысы Наурызым ауданы Қайқы а. — 1821, сонда) — ақын. Арғын тайпасының Кіші Арғын руынан шыққан. Әкесі Төлек дихан болған. Ж. ауыл молдасынан оқып, хадимше хат танып, діни білім алған. Арғын Бұқар жырау, Найман Тәтіқара, Қанжығалы Үмбетей, Найман Жанкісі жырауларға шәкірт болыпты. Уақ Баян батырға, Қанжығалы Бөгембай батырға, т.б. арнап дастандар шығарған. Олар бізге жетпеген, не жиналмаған. Ж-тың “Данышпан бабалар” атты толғауы ғана белгілі. Ж. туралы дерек жазушы Н.Әбуталиевтің “Сегіз сері” (1991) атты кітабында берілген.
Жанбасқала , Ежелгі Хорезм қамалы — ежелгі бекініс орны, Қаңлы ұлысы заманынан (б.з.б. 4 ғасыр — б.з. 1 ғасыр) сақталған ескерткіш. 1938 — 39 жылы Хорезм археология-этнография экспедициясы (жетекшісі С.П. Толстов) зерттеген. Бекініс орнының жобасы тік төртбұрышты, ауданы 170 — 200 метр. Шикі кірпіштен қаланған, биіктігі 10 — 11 метр, қабырғалары қос қабат болып келген. Сыртқы қабырғасының ірге жағында қаз-қатар тізілген атыс орындары бар. Қақпадан кірер жолдың қалтарыс, бұрылыстары көп. Қамал ішін қақ бөлетін кең көше бар. Қазбалардан табылған әр түрлі ыдыстардың құлақтары мен тұтқаларында арыстан тәрізді хайуанаттың басы бейнеленген. Олар ыдыстың ернеуін тістеп тұрғандай. Табылған моншақтардың көпшілігі Сириядан, Мысырдан және Қара тау жағалауындағы қалалардан әкелінгендігі анықталды. Бұл сол дәуірдегі сауда-саттық қатынасының айғағы. ## Дереккөздер
Жанбай, Жамбай — Атырау облысы Исатай ауданындағы ауыл, Жанбай ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Аққыстау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км жерде, Каспий маңы ойпатының оңтүстік жағындағы шөлдік белдемде орналасқан. Жанбай ауылының үстімен Обалы - Ақбас каналы өтеді. ## Халқы 1989 жылы елді мекенде 2689 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 2560 адам (1332 ер адам және 1228 әйел адам) болса, 2009 жылы 3036 адамды (1550 ер адам және 1486 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 3231 адамды (1652 ер адам және 1579 әйел адам) құрады. ## Этимологиясы Атау екі компоненттен тұрады: жам және бой. "Жам" сөзі жергілікті тілде теңіздің терең, әрі өзек жерлері деген мағынасына келсе, ал "бой" сөзі селоның географиялық орналасу жағынан, яғни Каспий теңізінің бойлық қойнауына сұғынып жатқандығынан шыққан. ## Тарихы Іргесі 1930 жылдың бас кезінде ауыл шаруасын ұжымдастыруға байланысты қаланды. 1957 жылы “Забұрын” Қаракөл қой кеңшарының орталығына айналды. 1997 жылдан мұнда шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. ## Елді мекендегі көшелер * Арон Аюпов атындағы көше * Мағаз Есқалиев атындағы көше * Көбен Жұмалиев атындағы көше * Тайыр Нысанов атындағы көше * Мүсілім Нұрмұханов атындағы көше * Зинеден Құрасұлы атындағы көше * Хамидолла Нәубетов атындағы көше * Амангелді Иманов атындағы көше * Сәкен Сейфуллин атындағы көше * Бауыржан Момышұлы атындағы көше * Исатай Тайманұлы атындағы көше * Мектеп көшесі * Егемен Қазақстан көшесі * Қызылбас көшесі * Қазақауыл көшесі * Нарын көшесі ## Инфрақұрылымы Ауылда 8 азық-түлік дүкені, 3 шаруашылық дүкені, 2 кафе, 1 базар, 2 май құю бекеті, 1 наубайхана, 1 дәріхана, 1 көлік жуу орны, 2 тойхана сияқты кәсіпкерлік нысандар халыққа қызмет етіп келеді. 1 емхана, 1 пошта байланыс бөлімшесі, 1 АТС орталығы, 1 саз мектебі, 1 орта мектеп, 1 мәдениет үйі, 1 балабақша, Жанбай дәрігерлік амбулаториясы жұмыс жасайды.(2018 ж.). ### Мектеп * Х.Наубетов атындағы орта мектеп — мектеп 1992 жылдан бастап қос Ленин орденді, ҚазКСР-іне еңбегі сіңген мұғалім Хамидолла Нәубетов есімімен аталады. Мектеп үйі 1984 жылы қолдануға берілген. Стандартты ғимарат 574 оқушыға арналып салынған. Мектептің жалпы ауданы 4600 м2, жұмыс істеп тұрған ауданы 2344 м2, Сынып бөлмелері және оқу кабинеттері 19. ### Мектепке дейінгі балалар мекемесі * «Балдәурен» бөбекжай-бақшасы — 1990-1991 жылы 2 қабатты 140 орынды балабақша іске қосылып, 1993 жылы ауылдағы "Айгөлек" балалар бақшасы „Балдәуренге“ біріктірілді. ### Саз мектебі * Жанбай балалар саз мектебі — алғаш рет 1988 жылы құрылған. Қазіргі кезде (2018) 90 оқушы білім алып, 25 оқушыдан құрылған ұлт-аспаптар оркестрі, хор, ұстаздардан құрылған фольклорлық ансамбль жұмыс жасайды. ## Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер 11 Шаруа Қожалығы бар. Оларда 1255 мүйізді ірі қара, 1356 қой, 166 ешкі, 847 жылқы, 193 түйе малы бар. Сонымен қатар "АЛАША-АТЫРАУ" ЖШС - (тұщы суда балық аулау), "АМАННАТ" ЖШС - (инженерлік ғимараттар құрылысы), "SENIM SUPPLY" ЖШС - (бөлшек саудада сату) т.б.жұмыс жасайды. ## Діни ұйымдар қызметі * Әйтеке би мешіті — Сыйымдылығы 300 орындық. 2021 жылы берілді. Жанбай ауылы мен аудан тұрғындарының демеушілігімен тұрғызылды. ## Дереккөздер
Жансүгіров ескерткіші , Талдықорған қаласында І.Жансүгіров және Тәуелсіздік көшелерінің қиылысқан жеріне, Жетісу мемлекттік университеті алдындағы алаңға 1994 жылы ақынның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында орнатылған. Авторы — Т.Досмағамбетов. Қоладан құйылған ескерткіште ақынның биік жартастың үстінде, төменгі жақтағы табиғат көрінісіне көз жіберіп, толғанып отырған кейпі бейнеленген. Тұғыр ретінде ескерткіштің астына диам. 8 — 9 метр, биіктігі 1,5 метр екі табиғи тас бірінің үстіне бірі қойылған. Жансүгіров ескерткіші 1995 жылы республикалық дәрежедегі ескерткіштердің есебіне еніп, мемлекет қорғауына алынды. ## Дереккөздер
Жантайлақ (туған жылы белгісіз — 9.1931, Қытай, Шіңгіл ауданы) — Қытайдағы жергілікті әкімшіліктің қазақ ауылдарына жасаған империялық өктемдігіне қарсы шыққан күрескер. 1928 жылы жазда Алтай аймағының губернаторы болып тағайындалған Ви Жыңго Алтай қазақтарына әскери қысым көрсетіп, ауыр салық салады. Бұған Жантайлақ, Зұха бастаған қарулы топ қарсы шығады. Бұл топ басшыларының соңына түскен губернатор Ви Жыңго 1930 жылы Мадарың дейтін жендетін жіберіп, Зұханы өлтіртеді. 1931 жылы қыркүйекте “Жантайлақ биыл жайлаудан ерте түсті. Базарқұл елін бастап, Моңғолияға көшіп кетпекші” деген жалған жаламен Шіңгіл ауданының Бұлғын деген жерінде отырған Жантайлақты да өлтіртеді. Жантайлақ жазықсыз жазаланғаннан кейін Зәйіп тәйжі бастаған мыңнан астам қазақ отбасы Шіңгілден Боғда өңіріне үдере көшеді. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Жантеке — Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы ауыл, Қарашалғын ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталық – Қорғалжын кентінен солтүстікке қарай 22 км-дей жерде, Жантеке көлінің шығыс жағалауында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1928 жылы қаланған. 1961 жылдан Қарашалғын астық кеңшарының орталығы болып келді. 1997 жылы оның негізінде «Жантеке» серіктестігі құрылды. ## Инфрақұрылымы Орта, орталау және бастауыш мектеп, 2 телімдік аурухана, мәдениет үйі, кітапхана, т.б. мекемелер бар. Ауыл арқылы Астана – Қорғалжын автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол стансасы – Астана (100 км). ## Дереккөздер
Жантікей, Жантекей (1992 жылға дейін — Ерназар) — Абай облысы Ақсуат ауданындағы ауыл, Ырғызбай ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ақсуат ауылынан солтүстікке қарай 45 км-дей жерде, Зайсан көліне құятын Боғас (Бұғаз) өзенінің оң жағалауында, дала белдемінде орналасқан. ## Тарихы Іргесі 1932 жылдың аяғында ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға байланысты Елтай Ерназаров атындағы ұжымшарды құру негізінде қаланды. 1954 жылы А.Иманов атындағы қой өсіру кеңшарының, ал 1965 жылы қайта құрылған “Сұлутал” қой кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары жұмыс істейді. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, дәрігерлік пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Жантай батыр (темір жол бекеті, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы – 1771, Жетісу, Іле өзені бойы) — батыр, қазақ елін жоңғар басқыншыларынан азат үшін болған шайқастарға қатысқан. Арғын тайпасының Қанжығалы бөлімінен шыққан. 1771 жылы Абылай хан Бөгенбай батыр мен Жантай батырға 500 әскер беріп, Ресейден Қытайға қарай жылжып бара жатқан қалмақ әскерін барлап қайтуға жұмсайды. Жантай батыр тұтқынға түсіп қалған інісі Арқандар батырды құтқару үшін, он мың қолы бар жау шебіне кіріп, осы ұрыста қаза табады. Батырдың бейіті Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Жантай ауылы маңында. ## Дереккөздер
Жаныш сұлтан (15 ғасырдың орта тұсы — ө.ж.б.) — 16 ғасырдың басындағы ірі қазақ ұлыстарының бірінің билеушісі, Қазақ хандығының негізін қалаған ханның бірі Жәнібектің бесінші ұлы. Оның қол астында жүз мыңға жуық халық болған. Жаныш сұлтанның есімі Фазаллах ибн Рузбихан Исфаханидің “Михман наме-йи Бұхара” атты еңбегінде кездеседі. Онда өзбек ханы Мұхаммед Шайбанидің 1509 жылы қазақтарға жасаған жорықтары кезінде Жаныш сұлтанның ұлыстарымен де ірі шайқастар болып, Шайбани әскерлері жеңіске жеткені туралы баяндалады. Жаныш сұлтанның ұлы, белгілі қазақ сұлтандарының бірі Ахмет сұлтан тұтқынға түседі. Хамза сұлтан өзбектерге 1508 жылы Ахмет сұлтанның Мауераннахрға жасаған жорықтары кезінде мерт болған бауырының кегін қайтару үшін Ахмет сұлтанды өлтіруге бұйырады. Олар Ахмет сұлтанның басын кесіп алып, Мұхаммед Шайбани ханға апарады. Жаныш сұлтан өзінің қол астындағы халықтың бір бөлігімен Бұрындық ханға барып паналайды. Жаныш сұлтан туралы екінші дерек — Мұхаммед Хайдар Дулатидің “Тарих- и Рашиди” атты еңбегінде Қасым хан мен Моғолстан ханы Сұлтан Саидтың 1513 жылғы кездесуіне байланысты айтылады. Онда Қасым хан Жаныш сұлтанды басшы етіп, 30 — 40 адамды құрметті қонақ Сұлтан Саидты күтіп алуға жібереді. Бұл Жаныш сұлтанның 60 жасқа қараған шағы екен. ## Дереккөздер
Жаңажол — Жамбыл облысының Шу ауданындағы ауыл, Жаңажол ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Төле би ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 11 км-дей жерде, Шу өзенінің аңғарының бетеге, жусан, селеу, сексеуіл шоқтары өскен сұр топырақты қуаң агроклиматтық белдемінде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1974 жылы “Жаңажол” қызылша өсіретін кеңшарының орталығы ретінде қаланған. Оның негізінде 1997 жылдан бірнеше шаруа қожалығы жұмыс істейді. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, дәрігерлік амбулатория бар. Ауыл тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Жаңабай Құдайбергенұлы (1865, бұрынғы Жетісу облысы Жаркент уезі, Қырғызсай ауылы — 12 мамыр 1916, Қырғызстан, Қарақол) — 1916 жылғы Қарқара көтерілісі басшыларының бірі, би, шешен. Албан тайпасынан шыққан.Анасы Балдай ел арасында белгілі шипагер болған. Жаңабай Жаркент медресесін бітірген. Уәлибай саудагердің қолында қызмет ете жүріп, онымен бірге көп жерлерді аралаған. Араб, орыс, қытай, моңғол тілдерін меңгерген. Жаркент мешітін салуға үлес қосқан. 1893 жылы Тоғызбұлақта (қазіргі Ұйғыр ауданында) қазақ-орыс мектебін ашқан. Жамбыл, Тоқтоғұлмен етене араласып, Тұтқа, Көгілдір, Шынар, Жәміха ақындармен сөз жарыстырып, шешендігімен көзге түскен. 1913 жылы Романовтар әулетінің таққа отырғанына 300 жыл толуына арналған Санкт-Петербургтегі салтанатқа Жетісу өкілдерімен бірге барып, Николай ІІ-нің қабылдауында болған. 1916 жылғы Жетісу өңіріндегі ұлт-азаттық қозғалысқа белсене қатысып, өз руы қоңырбөріктерді қаруландырып, Қарқара көтерілісшілері қатарына қосқан. Көтеріліс басып-жаншылғаннан кейін, Жаңабай Қарақол (Қырғызстан) абақтысына қамалып, сонда серіктерімен бірге атылған. Алматы облысы Ұйғыр ауданының орталығы — Шонжыдағы қазақ орта мектебіне, орталық көшеге Жаңабай есімі беріліп, ескерткіш орнатылған. ## Дереккөздер
Бижанғали Әбілқасұлы Жанқадамов - (1889 жылы Ілбішін уезі, Қалдығайты болысының 10-ауылында (қазіргі Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылы) - 1937). Алашорда үкіметі Батыс бөлімшесінің мүшесі, белсенді кайраткер. Жасында ауылдан оқып, кейін Оралдың реалдық әскери мектебін бітірген. 1913 жылы Қазан малдәрігерлік институтына оқуға түсіп, үш жыл оқып, Орал облысы әскери губернаторының сұранысы бойынша соғыс аяқталған соң институтқа қайта түсуге халық ағарту министрінің 25 шілде 1916 жылғы №9092 санды ресми рұқсат алғаннан кеиін қазақ оқығандары тобында Батыс майданға аттанып, сондағы жігіттерді елге жеткізу ісімен шұғылданған. 1916 жылы майдандағы тыл жұмысына адам алуды тоқтатуды талап еткен Жайық сырты қазақтары өкілдерінің құрамында Петроградқа барады.Тыл жұмысындағыларға көмектесу жөнінде «Қазақ» газетіне хат жариялауға қатысты. 1917 жылы Ә. Бөкейханның шақыруымен Батыс майдандағы жігіттерді елге жеткізу жұмысын ұйымдастырады. Сол кезде ол өзіне жүктелген міндетті мүлтіксіз орындайтын жауапкершілігін, табандылығын һәм іскерлігін көрсетеді. Соның арқасында елдің де, ел ағаларының да оған деген сенімі арта түседіОл ізденгіш, естіген-білгенін көңілге тоқып, ой корыта білетін аса зерек адам болған. Соның арқасында көп білім жинап, кемеліне келіп толысады.. 1917 жылы сәуірдің ортасында Орал қаласында өткен Орал облысы қазақтарының сиезіне делегат болып, Орал облысы қазақ комитетінің мүшелігіне қабылданады. 1917 жылы күзде екінші қазақ облыстық сиезінің шешімімен жүргізілген земство сайлауында Жымпиты уездік жер басқармасының төрағасы болып сайланады. 1918 жылы 22-25 тамыз аралығында Комуч пен Сібір үкіметі Челябі қаласында өткізген кеңеске М.Шоқай және Х.Досмұхамедұлымен бірге Ойыл уәлаяты земствосы атынан Б.Жанқадамов та қатысады. Комучтің Алашорда үкіметін мойындауы үшін Б.Жанқадамов Алаш қайраткерлерімен бірге күреседі. 1918 жылы Алашорда атынан Уфа мемлекеттік кеңесіне қатысты. 1919 жылы Батыс Алашорда қызметкерлерінің алғаш жасалған тізіміне кірді. Қызмет тәжірибесі ескеріліп, 1919 жылы Батыс Алашорда үкіметінің Ойыл облыстық жер басқармасы жанындағы комиссары болып тағайындалады. 1919 жылы Ж.Досмұхамедұлының Жымпиты отряды мен Қызылдардың бірінші Армиясы қүрамындағы Татар атқыштар полкі арасындағы келіссөзге қатысады. Алашорда тараған соң кеңес жүмыстарына біраз атсалысады. 1920 жылы Елек корпусын қолға түсіру операциясын басқарады. 1920 жылы Орынборда Қазәсревкомның редколлегиясында аударма комиссиясын басқарды. 1924 жылдан кейін Қалдығайты, Көкөзек болыстарында кеңес жүмыстарын атқарады. 1936 жылы жұмыстан босатылады. 1937 жылы Орал қаласында «Алашорда белсендісі, халық жауы» деген айыппен тұтқындалады. НКВД Батыс Қазақстан «үштігінің» 25 қарашадағы қаулысымен 1937 жылы 2 желтоқсанда атылған. ## Дереккөздер
Абдолла Жанзақов (1918, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Ақырап ауылы — 30 маусым, 1944, Полоцк ауданы, Витебск облысы) — Кеңес Одағының Батыры (22.07.1944). ## Өмірбаяны Ұлы Отан соғысы басталысымен майданға аттанып, 67-гвардиялық атқыштар дивизиясының 196-гвардиялық полкі құрамында автоматшы болып қызмет етті. 1944 ж. 24 мауысымда Жанзақов қызмет атқарған взвод Батыс Двинадан өтті. Дұшпанның борап тұрғвн артилерия-пулемет оғының астымен барып шағын плацдарымды неміс солдаттарынан тартып алған десантшылар оқтың бетін өздеріне бұрып, негізгі бөлімдердің өзеннен өтуіне жәрдемдесті.Невель қаласы және Глуховка селосы түбінде болған ұрыстар кезінде ержүрек, көзсіз батылдығымен көзге түсті. Полоцк маңында, Батыс Двинадан өту кезіндегі ұрыста асқан ерлікпен қаза болды. ## Марапаттары Майдан даласында көрсеткен ерліктері үшін * Ленин * 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * «Ерліктің өшпес даңқы» атты тақырыптық кеш Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. * Ерлікке тағзым еткен күн Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. * Ақтөбенің батырлары
Жаңақима — Ақмола облысы Жақсы ауданындағы ауыл, Жаңақима ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жақсы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 38 км-дей жерде. ## Халқы ## Тарихы 1972 – 97 жылдары Қима ауданының орталығы болған. Ауылда «Қима» серіктестігі, шаруа қожалықтары жұмыс істейді. ## Транспорты Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Елді мекен арқылы Жаңақима – Атбасар тас жолы өтеді ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, клуб, телімдік аурухана, т.б. мекемелер бар. ## Дереккөздер
Жаңақорған — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы кент, аудан және Жаңақорған кенттік әкімдігі орталығы. ## Халқы Тұрғыны — 26 523. ## Географиялық орны 1928 жылы құрылған, темір жол стансасы, облыс орталығы Қызылорда қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 178 км жерде орналасқан. Сырдария өзенінің оң жағасының бұта аралас боз, бетеге, қау, т.б. әр түрлі шөптесін өскен құмайтты, сортаң, бозғылт қоңыр, шалғынды топырақ қалыптасқан шөлдік белдемде орналасқан. ## Тарихы Алғашқыда Шепқорған, ал 11 ғасырдан Яны-Курган болып аталды. 1992 жылдан бастап Жаңақорған деп аталады.1997 жылға дейінгі кәсіпорындар (қиыршық тас, май зауыты, құрылыс, көлік, т.б.) акционерлік қоғам, серіктестіктер мен шаруа қожалықтары болып қайта құрылды. ## Инфрақұрылымы 6 орта, 2 орталау мектеп, 4 кітапхана, мешіт, 2 мәдениет үйі, клуб, стадион, 2 спортзал, аудандық аурухана, емхана, 2 дәрігерлік пункт бар. Кентте 26,4 км су құбыры тартылған. Жаңақорған арқылы Қызылорда — Шымкент автомобиль және темір жолдары өтеді. Кентте Теріскен көлінің табиғи қара батпағы мен тұзды суымен емдейтін Жаңақорған шипажайы орналасқан. ## Галерея * * * * * ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Викимапияда
Әбілқасым Жаңбырбаев (1 қаңтар 1927 жылы Абай облысы, Абай ауданы - 6 қазан, 2012 жылы Семей) – советодағының және қазақстандық театр режиссері, актер. Қазақ ССРнің Халық артисі. Қазақстанның мемлекеттік степендиясының иегері. Семей қаласының Құрметті азаматы. Абай атындағы Қазақ музыкалық драма театрында еңбек етті. ## Өмірбаяны * Өнердегі қадамын көркем-өнерпаздар үйірмесінен бастап, 1942 жылы Семей облысы музыкалы драма театрына қабылданды. Актер Мұхтар Әуезов шығармалары бойынша қойылған “Қарагөз”, “Еңлік — Кебек”, “Айман — Шолпан”, “Түнгі сарын” спектакльдеріндегі Сырым, Кебек, Арыстан, Сапа бейнелерін ерекше шеберлікпен сомдады. Ғ.Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтоқтысындағы” Науан, “Қозы Көрпеш—Баян сұлудағы” Қарабай, Ә.Тәжібаевтың “Майрасындағы” Дүрбіт, Қ.Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астындағысындағы” Арыстан, Қ.Туғанбаевтың “Қызыл Қатранындағы” Қатран, Қ.Мұхаметхановтың “Комиссар ұабасовындағы” Сабыржан, М.Сәрсекеевтің “Шыңғыс хиқаясындағы” Рамазан, Ш.Хұсайыновтың “Алдар көсесіндегі” Алдаркөсе рөлдері де қазақ сахна өнерінің тарихында қалды. Ж. Әбілқасым сондай-ақ, Хлестаков (Н.В. Гогольдің “Ревизорында”), Труффальдино (К.Голдонидің “Екі мырзаға бір қызметшісінде”), Диуана (М.Кәрімнің “Ай тұтылған түнінде”), Агабо (О.Ш. Иоселианидің “Арбаң аман болсынында”), Аршин (У.А. Гаджибековтің “Аршин мал аланында”), т.б. көптеген сахналық тұлғалар жасады. Режиссер ретінде С.Адамбековтің “Аюбайдың ажалы”, А.Шамкеновтің “Адасқан қаз”, Б.Мұқайдың]] “Қош бол, менің ертегім”, т.б. пьесаларды сахнаға шығарды. * Ол бірнеше кинофилімдерге түсіп, Құдайменде (“Қан мен терде”), Орақбай (“Жаушыда”), Ержан (“Көгілдір тұмарда”), т.б. экрандық бейнелер сомдады. Ж.Әбілқасым — толғаныс пен ішкі көңіл күй арпалыстарына ерекше көңіл бөлетін сахна шебері. ## Марапаттары * 1954 жылы Қазақ ССРнің Еңбегі сіңген артисі құрметті атағы; * 1970 жылы Қазақ ССРнің Халық артисі құрметті атағы берілді. * 1997 жылы Семей қаласының Құрметті азаматы құрметті атағы; * КСРОның «Құрмет белгісі» Орденімен марапатталған. * КСРО көптеген медалдарымен марапатталған. * 2009 жылы елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері. ## Дереккөздер
Жапар Құттыбайұлы (1828, Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 1907, Баянауыл ауданы) — айтыс ақыны. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Құлболды бөлімінен шыққан. Жапардың Қожабек, Ажар, Төребай ақындармен айтыстары белгілі. Ақын “Күлше мен Назымбек” дастанын, “Ысмайыл мен Зағипа айтысын” жырлаған. Ш.Торайғыров есімді азамат тапсырған Жапар шығармалары мен ол жырлап насихаттаған ауыз әдебиеті үлгілері Орталық ғылыми кітапхана қорында сақтаулы тұр. ## Дереккөздер
Психология — адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективтік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу. ## Этимологиясы Этимологиялық деңгейде психология рух пен руханиятты (көне грекше: ψυχή — рух) зерттеу (көне грекше: -λογία — сөз, ғылым, тану) деп танылады. Өзінің грекше мағынасында бұл зерттеу вегетативттік (жан дүниесі мен рухани болмысы), сезімдік (ниет-пиғыл, байым, әрекет), интеллектік (ақыл-ой) функцияларымен шектеледі. Бұл "жан туралы ілім" деген ұғымды білдіреді. Алайда психология — ақыл-ой қызметтерін зерттеумен бірге, рухани себеп-салдар әдістемесі, рухани жекешілдігінің, тұлға ішіндегі ақиқатты зерттеу. Ақыл-ой — тек комбинация мен арақатынас мекені емес, ол абстракция мен материалдық қатынас арқылы адам затын ойлау әрекетіне икемді нәрсе ретінде анықтайды. Осы тұста адам мен жануар арасындағы айырмашылық көрінеді. ## Психологияның зерттеу объекті Психологияның зерттеу объекті — осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объекті — мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т.б. Психологияның әртүрлі тараулары қолданған әдіс (клинакалық немесе тәжірибелік), немесе адамның әрекеті (жұмыс, еске салу, есте сақтау, еске түсіру, сезу, тәлім тану, т.б), немесе зерттеу бағыты (бала дамуы мен руханияты, Келбет руханияты, жануар жан дүниесі) арқылы ажыратылады. Психологияның кей тараулары басқа ғылымдармен бірге немесе өзара көрші зерттеу өрістері ретінде немесе бір зерттеу өрісінің салалары ретінде үйлеседі. Бұл тараулар, мысалы психологияның бір тарауы — рухани бұзылыстарды зерттеу үшін патологияны белгілеу өте күрделі, тұлға патологиясын ақыл−ой паталогиясынан ажырату — одан әрі күрделі. Ақыр соңында психология мен философия арасында көп уақыт бойы қарым—қатынас өте жақын болды, ажыратылмас десе де болар, себебі бұрын психология пәлсапаның бір бөлімі болған, ал пәлсапафизиканың ескі мағынасында (ағлақ, сана, іс әрекет, т.б. қалыптасқан пәлсапа тақырыптары психологияда кездеседі) бір бөлімі екендігін де ұмытпау қажет. Осылай психологияның кей салалары пәлсапалық тақырыптарды зерттеуге бағытталған (персонализм, гуманизм, биологизм, т.б.). Психологияны зерттеу өрісінде басқа да антропология, социология сияқты қоғамдық ғылымдармен де соқтығыстыруға болады. Ең аяғында психологияны теориялық немесе практикалық жағынан анықтау — бүгінгі күннің шешілген мәселесі емес. ## Психологияның тарихы ### Ежелгі дамуы Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі — шамамен2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философияменқосақтаса дамып келеді."Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі. Бұл термин қауымның кең қолданылуына Неміс идеалист пәлсапасышысы Кристиан Вольфтің (1732-1734) Psychologia empirica және Psychologia rationalis (1732-1734) атты еңбегі жарық көргеннен бұрын енбеген. Эмпирикалық және рационалды психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы Дидьероның Энциклопедиясынан алынып, Францияда Мэң дө Биғаңның көмегімен кең тараған. Өзінің "жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды. Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми функцияларының мәніндегі "Жан Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан Жандар Жайлы Екі Пікірлесу" ("De Anima Brutorum") атты еңбектерінде көрінеді. 19-шы ғасырға дейін психология пәлсапаның бір тармағы ретінде қарастырылды. ### Ерте жаңа заман 1879 жылы "психологияның атасы" болып танылған Вильхельм Вундт (1832-1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын ашты. Вильям Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің "Психология Принциптері" (1890) атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда психологтардың назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады. Бұл өріске өздерінің үлестерін қосқан, тәжірибелік түрде еске салу, есте сақтау, еске түсіру функцияларын Берлин Университетінде зерттеген Херманн Эбингауспен бірге қазір классикалық шарттастық болып танылған тәлім тану процесін зерттеген орыс физиологы Иван Павловты атап айту керек. Осы тұста, 1890 жылдары Аустрия дәрігері, невролог, тәжірибелік психологияда бейресми білімі бар Зигмунд Фрейд психотерапияның жаңа әдісі — психоанализді дамытты. Фрейдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері интрепретативттік және интроспективттік әдістемелерге кең шамада негізделген, ақыл-ой дерттілігін шешу мен психопатология үстінде жинақталған. Фрейдтың теориялары кең тараған, оның себебтерінің үлкен бірі — теориялардың сексуалдылық және жаншу психологиялық дамудың негізгі аспектілері ретінде қарастыру сияқты мәселесін қозғау. Бұл сол кездің аттеріс мәселері болып саналған, ал Фрейд болса олардың оқымысты қоғам ішінде кеңінен қарастырылуына жол ашқан. Фрейд теориялары жалпы психология теорияларына ықпалы зор. ### Жаңа заман Әйткенмен бихейворизм айтарлықтай жаңалықтарды ашса да, адам іс-әрекетін зерттеуіндегі жолбасшысы болуы үшін жеткіліксіздігі анық көрінді. Ноам Хомскийдің Скиннердің "Ауызша Іс Әрекет" (сөйлеуді бихейвористтік теория моделіндегі мүліктену жайлы) атты кітабі жайлы шолуы бихейворизм патшалығының біту себебінің ең басты факторларының бірі болып танылады. Өзінің Туғызушы Грамматика теориясында Хомский тіл үйрену тек шарттастық арқылы орын алынбайтығын дәлелдеді. Адам мағынасы мен құрастырылуы жағынан бірегей сөйлемдерді тек табиғи тіл тәжірибесі арқылы өндіруі мүмкін емес. Бұл бихейворизм алдамшы деп мойындамаған ақыл-ойдың ішкі ахуалының бар болуын білдіреді. Альберт Бандура балалар тек қоғамдық бақылау арқылы, яғни көрінген мінез-құлықтың өзгеруінсіз үйренуінің мүмкін еместігін көрсетті. Гуманисттік психология өзінің қайратты дамуын 1950 жылдары көріп, ақыл-ой зерттеуінің позитивисттік және ғылыми әдістемелеріне кертартпа ретінде жалғасты. Ол адам тәжірибесіне қараған феноменологиялық көзқарасты айырықшалап, адам мен оның іс-әрекетін сапалы зерттеу арқылы түсінуді іздейді. Гуманисттік әдістеменің тамырлары экзистенциалісттік және феноменологиялық пәлсапада табылады, және де гуманисттік психологтар ғылыми әдістемені мүлдем қабылдамай, адам тәжірибесін өлшемдерге көшіру оны барлық мәні мен маңыздылығынан айырады деп тұжырымдайды. Бұл мектептің негізін қалаған кей теоретиктер — адам мұқтаждылығының иерархиясын шығарған Эбрахем Маслоу, клиент айналысында орнаған терапияның жасаушысы Карл Роджерс және Гештальт терапиясын тудыру мен дамуына ат салысқан Фриц Перлс. Компьютерлік технологиялардың дамуы ақыл-ой әрекетін инфомация өңдеу ретінде қарастыруға әкеп соқтырды. Бұл ақыл-ойды ғылыми түрде зерттеумен, ішкі ақыл-ой ақуалдырының бар болуы туралы сеніммен серіктесіп, когнитивизмнің дамуы мен оның ақыл-ой модельдерінің доминанттысының болуына әкелді. Ми мен жүйке жүйесінің әрекеті арасындағы қатынас кең тарады, бұл бір жағынан Чарльз Шеррингтон және Дональд Хебб сияқты адамдардың зерттеулері, екінші жағынан ми зақымдалуы туралы зерттуелерге байланысты. Ми әрекетін дәлділікпен өлшеу технологияларының дамуымен бірге невропсихология мен когнитивттік невроғылым бүгінгі күннің ең іскер өрісі болып танылды. Басқа ғылымдармен (пәлсапа, информациялық технологиялар, невроғылым) үлкейіп келе жатқан қарым қатынаспен бірге ақыл-ойды түсіну және шығындарды өнімді түрде пайдалану үшін әртүрлі салаларды бір шатыр астына бекіткен ғылым — когнитивттік ғылым жаратылды. ## Психология мәселелері Психология оны оқыған адамдардың алған жағына қарай бірнеше мәселелермен кесіп өтілген. Көптеген нәтижелер жинақталған болып, кейбір гипотезаларды растау немесе қабылдамай тастау мүмкін болса да, қорытындылардың синтетикалық және рационалдық комбинациясы ортақ пәтуаға келмеген. ### Психология ғылым ба? Әлі күнге дейін де бұл сұрақ қойылып отыр. Екі концепциялар бір біріне қарама қайшы, біріншісі психология ғылым ретінде қалыптасқан десе, екіншісі оны тек пре ғылым деп, талқыға салады. Аристотельдік (преғылыми) және галилейлік (преғылыми) ойлау түрлерін салғастырған Курт Левиннің текстіне сүйеніп, бұл мәселені қарастыра аламыз. Психология ғылым Психологиялық лабораторияларды жарату бұл методологияға сүйенген адамдарға психологиялық ғылым расында бар нәрсе екендігін тұжырымдайды. Бұл көзқарас мына зерттеу методологиясына сүйенеді: * Гипотезаларды ұсыну * Тәжірибе немесе бақылау * Гипотезаларды түзету, растау немесе қабылдамай тастау * Қорытындылау және бірінші кезеңге қайта өту Осылай психология статистикалық қайта өндіре алатындай нәтижелерге тіреле алады. Психология ғылым емес Грек, латынның кейбір сөздері өз ана тіліне айналып кеткен Батыс елдері(ағылшын, неміс, француз, итальян, испан, грек) үшін, "психология" сөзі - "руханият" деген мағынада ұғылады. Мысалы, қазақ үшін, арабтың "рух" сөзі қазақтың өз сөзі сияқты ұғылады емес пе?! Дәл сол сияқты, "псюхе" сөзі батыста "рух" деп ұғылады. Батыс елдері "Ағылшын руханияты", "Француз руханияты", "Грек руханияты" дегендей етіп өздерінің ұлттық руханиятын зерттеуге ден қойған. Яғни батыстағы "руханият жайлы ғылым" дегенің ақылға қонымды, пайдалы ғылым бола алады. Ал Кеңестік шекпеннен шыққан елдер үшін, оның ішінде Қазақстан үшін "психология" дегеннің не мағына беретіні де бұлыңғыр. Бізде, "псюхе" сөзін "рух" деп санамайды, "жан" дейді; ал "психология" дегенді "руханият" деу орнына "жантану" деп қателеседі. Батыс елдері "рухани даму", "рухани азық", "рухани кесел" дегендей мәселелерді қарастырып жатса, біздікілер олардың атауын ғана алып, "психикалық даму", "психикалық азық", "психикалық кесел" деп, ішкі мәнін дұрыс ұқпай шала түсінікті сөздерге айналдырады, сосын оның түпкі мәнін жеткізе алмай сандырақтап кетеді.Осы сияқты кемшіліктер, дәлірек айтқанда "былықтар" бізде толып жатыр. Сондықтан да Қазақстандағы "психология" ғылымы - ғылым емес. Әлбетте, оның ашқан жаңалығы да атымен жоқ. Мәселен, шет елдерде жасалып жатқандай кісітануға қажетті сын-сұрақтамалардың бірін де біздің "психологтар" жасай алған жоқ. Біздегілер Батыс елдеріндегі рухани жарамсыз қоқысқа саналған ескі тесттерін аударумен, көшірумен ғана айналысады. Мысалға, Батыс елдеріндегі ғалымдар, төрт темперамент түрін анықтау тесті түгілі, сол темпераменттің төрт түрі бар дегеннің өзін қате деп жоққа шығарған. Ал біздікілер "Айзенктің темперамент түрін анықтау тестін" енді аударып, студенттерге оқытуға кіріскен. ## Психология салаларының таптастыруы мен оның әдістемелері ## Психолог Психолог  — психологиялық кәсіби бiлiмі бар және психология төңірегінде зерттеулер жүргізетін немесе қызмет ететін маман. Психологиялық кәсіби білім алудың келесі формалары бар: * маман - күндізгі (5 жыл), сырттай немесе кешкi бөлiмшеде (6 жыл, бірінші жоғары білімі бар шартта адамдарға 3,5 жыл) * бакалавр - күндізгі (4 жыл), кешкi немесе сырттай бөлiмшеде (5 жыл) ; * магистр - (бакалавр дәрежесi немесе маман, және магистратура бөлімшесінде 2 қосымша жыл) ; * психологиядан ғылыми дәрежесі бар ғылымдар: кандидат немесе психологиялық ғылымдардың докторы; ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Психология(қолжетпейтін сілтеме)
Жарасбаевтар (Мінайдар, Мырқы, Аппаз) — ағайынды қазақ байлары. Кіші жүз құрамындағы Жаппас руының Жылкелді аталығынан шыққан. Жазда Қостанай, Торғай өңірін жайлап, Сырдария өзені бойын қыстаған Мінайдар (1850–1919), Мырқы (1854–1916). Жарасбаевтар жомарттығымен танымал болған. Мырқы Құнанбаймен бірге Меккеде қазақ тәкиясын салдырғандардың бірі (1874/76). Ағайынды Жарасбаевтардың Сырдария өзенінің үстінен өз қаражаттарына салғызған аспалы көпірі, Қызылорда қаласындағы үйлері 20 ғасырдың 2-жартысына дейін сақталды. Аппаз (1858–1922) болыс, сот (1888) қызметін атқарған, Бештау, Санкт-Петербург, Тобыл, Үргеніш, Бұхара мен Ташкент қалалары аралығында сауда керуенімен сауда-саттық жүргізген. Ол Сыр өлкесіндегі атақты екі Жүсіптің айтысына төрелік айтқандардың бірі. 1902 жылы Қараөзек тұсындағы т. ж-дың өту бағытын жасауға қатысқан. Қараөзек өз. бойында Аппаз көңі деген жер бар. Жарасбаевтардың игі істерін жалғастырушы ұрпақтары Хакімжан Мінайдарұлы Торғай өңірінде мектеп ашуға атсалысса, Сейіт Мінайдаров Қостанай өңірінде болыс болған. ## Дереккөздер
Жарқұлақ алтын кен орны — Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылынан оңтүстікке қарай 65 км қашықтықта орналасқан. Кен орны 1939 жылы ашылып, 1940-1954 жылдары барлау жұмыстары жүргізілген. ## Жатыс сипаты, геологиялық құрылымы Жарқұлақ алтын кен орны Жарқұлақ-Дөңарша алтын кентасты белдемінде орналасқан. Кентас аз сульфидті, кварц-желілі метаморфогендік формацияға жатады. Алтын кембрий базальтоидтары ортасындағы ендік бағытта созыла орналасқан кварц желілерінде шоғырланған. Кен түзілу орталығы Тянь-Шаньдағы герцин гранитоидты магматизмінің екі фазасымен байланысты. Жарқұлақ алтын кен орнын “Маралды голд” кәсіпорны игеруде (2000). ## Дереккөздер
Жаратылыстану ғылымдары академиясы, Қазақстан Республикасының Жаратылыстану ғылымдары академиясы — Қазақстан ғалымдарының мемлекеттік емес ғылыми-қоғамдық ассоциациясы. 1995 жылы 20 ақпанда тіркелген. Мақсаты — іргелі және қолданбалы зерттеулерді ынталандыру; ғылыми-зерттеу ұйымдарының дәстүрлі емес нысандарын дамыту (акционерлік ғылыми-техникалық қоғамдар, талдау орталықтары, сараптамалық кеңестер, ғылыми бизнес фирмалары, венчурлы өндірістер); ғалымдардың интеллектуалдық меншіктерін және олардың авторлық құқықтарын қорғау; білім беру және мәдениет салаларын дамытуға жәрдемдесу, т.б. Академияда физика, математика және ақпараттық жүйе, космос және жер туралы ғылым, технология, социология және мәдениет, қауіпсіздік пен геосаясат, педагогика және білім беру мәселелері бөлімшелері бар. Оған 375 қазақстандық және 8 шетелдік ғалымдар мүше. Академияға ұжымдық мүшелер ретінде 5 университет, институт және бірнеше ірі ғылыми-өндірістік бірлестіктер мен өнеркәсіптер енген. Жаратылыстану ғылымдары академиясы — Қазақстан Республикасының ғылыми және технологиялық ұйымдар ассоциациясының мүшесі, халықар. ғылыми ұйымдармен де тығыз байланыс орнатқан. Қазақстанның 11 қаласы мен аумағында филиалдары бар. Академия 2001 жылы Франция өнеркәсіпті қолдау ассоциясының алтын медалімен марапатталды. ## Дереккөздер
Мәлік Жаппасбаев (1914, қазіргі Сырдария ауданы– 1944) – сазгер, күйші, домбырашы, дирижер. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Бала кезінен домбыра тартып, ел арасына танымал болған. 1935 ж. Жаппасбаев Қазақ халық аспаптары оркестріне (1944 жылдан Құрманғазы атындындағы) концертмейстер қызметіне шақырылған. Сол қызметімен бірге Алматы филармониясында домбырашы, дирижер міндеттерін атқарған. Жаппасбаев шертпе күйлердің шебер орындаушысы ретінде халық жадында қалды. Ол өз жанынан «Қарағанды туралы ән», «Сәлем», «Жастық жыры», «Сұлу қыз», т.б. әндерін шығарған. ## Дереккөздер
Жарлы — Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Көлтабан ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қарауылкелді (Байғанин) ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км жерде, қара жусан аралас көкпек, бұйырғын өскен ақшыл қоңыр топырақты шөлейтті белдемде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2000 адам (995 ер адам және 1005 әйел адам) болса, 2009 жылы 1998 адамды (1017 ер адам және 981 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1963 жылы Байғанин атындағы қой шарушалығын ұйымдастыруға байланысты қаланған. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары мен серіктестіктер жұмыс істейді. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, дәрігерлік-амбулаторлық пункт, клуб, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Жарлы ауылы Қызыләскер және Қарабұлақ деген екі ауылдан тұрады. ## Ауыл суреттері * * ## Дереккөздер
Тобық Жармағамбетов (1934, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылы — 1973, Ақтөбе қаласы) — жазушы. 1957 жылы ҚазМУдің филология факультетін бітірген. Сосын өзінің туған поселкесінде орта мектепте мұғалім болған. Ақтөбе телевизия студиясының аға редакторы және бас редакторы болып істеген. Ақтөбе облысының «Коммунизм жолы» газеті редакциясында және өмірінің соңғы кездерінде мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамында қызмет істеген. Повесть, әңгіме жанрында, теледраматургия саласында қалам тартты. Шығармалары: Нәзік бұлттар. А., «Жазушы», 1966; Екі жүрек. А., «Жазушы», 1968; Сентябрь түні. Повесть. А., «Жазушы», 1970; Соңғы хат. Повесть және әңгімелер. А., «Жазушы», 1974; Ақ жауын. І томдық. А., «Жазушы», 1984. ## Шығармашылығы * Алғашқы “Ескі жұрт” атты әңгімесі “Жұлдыз” журналында жарық көрді. Осы әңгіме 20 ғ-дың 60-жылдарының басында жарық көрген жас прозашылардың “Жол басы” деп аталатын тұңғыш жинағына енді. * “Екі жүрек” (1968) * “Қызыл ай” (1970) әңгімелері * “Нәзік бұлттар” (1966) кітабын жариялайды. * Қаламгердің таңдамалы шығармалары “Ақ жауын” деген атпен жарық көрді (1984). ## Дереккөздер
Жармакөл, Көлжарма – Торғай алабындағы көл. ## Географиялық орны Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында, Нұра ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3 км жерде орналасқан. ## Гидрографикасы Ауданы 12,2 км2, ұзындығы 9,8 км, енді жері 1,6 км. Көктемде Торғай суы толыққанда көл өзенмен жалғасып кетеді. Суы тұщы, сәл кермек татиды. ## Жағалау сипаты Көл Торғай өзенінің ескі арнасында жатыр. Шығыс жағалауы құмды-жарқабақты. Өзенге қараған бөлігі жайпақ.Жағалауында қамыс, құрақ, т.б. әр түрлі су шөптері өскен. Жармакөлдің жағалауы шабындық және жайылым ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
‎ ‎ Қайнекей Жармағамбетов (25 тамыз 1918, Қостанай облысы Жангелді ауданы Шиелі — 10 қыркүйек 1974, Қостанай облысы Жангелді ауданы Шиелі) — ақын, әдебиет зерттеушісі. * ҚазПИ-ді (қазіргі АлМУ) бітірген (1941). * Қазақстан Компартиясы ОК-нде нұсқаушы * Қазақстан ЛКСМ ОК-нде хатшы (1941 — 1948) * ҚазПИ-де аға оқытушы, директордың орынбасары (1948 — 1958) * 1958 —1964 жылы “Жұлдыз”, “Ара-Шмель”, “'” журналдарының бас редакторы * Қазақстан жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы, әдеби кеңесшісі қызметтерін атқарған. * 1964 — 1974 жылы шығармалар жұмыста болды. ## Шығармалары * Жармағамбетовтың тұңғыш туындылары 1945 жылы жарық көрді. * “Заман біздікі” (1950) * “Адам туралы аңыз” (1951) * “Балладалар” (1962) * “Соңғы түн” 1967) * “Дәурен” * “Сырлы тал” (1971) * “Шыңдағы шамшырақ” (1976) өлеңдер жинақтары шықты. * Жармағамбетов қазақ поэзиясындағы баллада жанрының дамуына елеулі үлес қосты. Сондай-ақ, ол Ә.Қашаубаев өмірі туралы “Әнші азамат” (1951) повесін жазды. * И.Шиллер, А.Барто, Б.Ершов, т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударды. * “Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі” (1949, 1958, 1960) * орта мектепке арналған “Қазақ совет әдебиеті” оқулығы (1948 — 1951) авторларының бірі. ## Марапаттары * 3 рет “Құрмет Белгісі''” ордені * медальдермен марапатталған. ## Дереккөздер
Жартас ескерткіштері - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Ертіс өзенінің сол жағалауынан 1 км қашықтықта орналасқан зират. Зират қола, ерте темір дәуірі және орта ғасыр ескерткіштерінен тұрады. 1980 жылы Шұлба археологиялық экспедициясы (жетекшісі З.Самашев) зерттеген. Андрон мәдениетінің орта кезіне жататын қола дәуірінің ескерткіштері (3 ғ.) оба пішіндес, олардың орталығында, таяз шұңқырда тастан қаланған тікбұрышты табыттар қойылған. Оларда мүрделер қырымен, басы оңтқстік-батысқа қаратылып, аяқтары бүгілген қалпында жерленген. Мүрделердің жанынан саздан жасалып, геометриялық өрнектермен оюланған ыдыстар, әр түрлі әшекейлер табылды. Екінші топтағы ескерткіштерді — Алтай түркілерінің ерте темір дәуіріндегі Құлажорға мәдениетіне жататын қорғандары құрайды. Бұл қорғандардың құрылымдық ерекшеліктерінің бірі — көр шұңқырларының төменгі жағы қоңырау тәріздес кеңейіп келуінде. Мұнда да мүрделерді аяқтары бүгілген қалпы, оң жақ қырымен жатқызып, бастарын шығысқа қарата жерлеген. Мүрдемен бірге жылқы, саздан жасалған ыдыстар, сүйектен жасалған садақ ұштары, т.б. қойылған. Үшінші топтағы ескерткіштерге 9 — 10 ғасырлардағы қимақ қорғандары жатады. Олардан қылыш, сауыт жұрнағы, бірнеше темір садақ ұштары, ауыздық, белбеу айылбастары, сүйектен істелген садақ жапсырмасы, үзеңгі табылды. ## Дереккөздер
Жартас — Қарағанды облысы Абай ауданындағы ауыл, Қарағанды ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 11 км-дей жерде, Шерубайнұра өзені жағалауындағы бетегелі-қылқан, боз өскен сортаңдау қызыл қоңыр топырақты қуаң дала белдемінде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1961 жылы асыл тұқымды мал өсіретін кеңшардың құрылуына байланысты қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан акционерлік қоғам жұмыс істейді. ## Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, учаскелік аурухана, клуб, кітапхана, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер