text
stringlengths 3
252k
|
---|
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (ҚазАТЗУ) — ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын Астана қаласындағы жоғары оқу орны. Орталық және Солтүстік Қазақстан өңіріндегі ірі аграрлық білім ордасы, астанамыздың алғашқы жоғары оқу орны - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті 1957 жылы Ақмола ауылшаруашылық институты ретінде құрылды (КСРО Министрліктер Кеңесінің 3.10.1957 жылғы №1176 Қаулысы). Бүгінде университет агротехникалық деп аталғанымен, тар бағытты емес, керісінше, көп бейінді білім ордасы болып табылады: ауылшаруашылық және техникалық бағыттағы мамандықтардан басқа білім беру, өнер, қызмет көрсету, әлеуметтік игілік және бизнес бағытындағы мамандар даярланады. Университеттің астананың ежелгі оқу орны ретінде өзіндік ғылыми мектебі бар, сол мектептің негізінде қазіргі профессорлық-оқытушылар құрамы қалыптасқан.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті – біртұтас еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға негіз болатын Университеттердің Ұлы Хартиясының тең мүшесі. Жарты ғасырдан астам уақытта еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің түрлі саласына 50 мыңға жуық жоғары білікті мамандар даярланды. Олар табанды еңбектерімен мемлекет экономикасын дамытуға лайықты үлес қосты және қосып келеді. Университет өз түлектерін мақтан етеді. Олардың арасында ҚР Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, елшілер, көрнекі ғалымдар, ғылым докторлары мен кандидаттары, облыс, қала, аудан әкімдері, ірі кәсіпорындар мен агроқұрылымдардың басшылары, халық шаруашылығы салаларының мамандары бар.
Оқу орны еліміздің білім-ғылым саласында ғана емес, шетелдік білім кеңістігінде жоғары беделге ие. Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Түркия, Италия, Израил, Қытай, Моңғолия, Малайзия т.б. елдердің бірқатар білім және ғылым орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Университет бүгінде көптеген көрсеткіштер бойынша елорданың ғана емес, жалпы еліміздің білім ордалары арасында көшбасшы болып табылады, ол еліміздің отыз техникалық оқу орындарының арасында үздік үштік қатарында.
9 факультетте 6000-нан аса студент оқиды, университетте 20 ғылым доктор, проффесор, 150 ғылым кандидаттар мен доцент дәріс береді (1998). Өсімдік шаруашылығында өнім өндірудің интенсивті технологиясы агротәсілдерін жасау, мал басын аман сақтау және олардың өнімділігін арттыру жолдары, агроөнеркәсіп кешенінің экономика-ұйымдастыру және әлеуметтік мәселелері, ауыл шаруашылық өндірісін инженер-техника жағынан қамтамасыз ету, жеке тұлғаның ойлау жүйесін қалыптастыру бағыттарында ғылыми-зертттеу жұмыстарын жүргізеді.
Университетте 3 диссертация кеңес және 20 мамандық бойынша аспирантура жұмыс істейді. АҚШ, Германия, Англия, Италия оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен байланыс орнатылған.
## Университет тарихы
Орталық және Солтүстік Қазақстан өңіріндегі ірі аграрлық білім ордасы, астанамыздың алғашқы жәңе ең ежелгі жоғары оқу орны - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті 1957 жылы Ақмола ауылшаруашылық институты ретінде құрылды (КСРО Министрліктер Кеңесінің 3.10.1957 жылғы №1176 Қаулысы). Бүгінде университет агротехникалық деп аталғанымен, тар бағытты емес, керісінше, көп бейінді білім ордасы болып табылады: ауылшаруашылық және техникалық бағыттағы мамандықтардан басқа білім беру, өнер, қызмет көрсету, әлеуметтік игілік және бизнес бағытындағы мамандар даярланады. Университеттің астананың ежелгі оқу орны ретінде өзіндік ғылыми мектебі бар, сол мектептің негізінде қазіргі профессорлық-оқытушылар құрамы қалыптасқан. Университет бүгінде жоғарғы оқу орнында және жоғарғы оқу орнынан кейінгі дайындық жүйесі бар біртұтас оқу – ғылыми – әдістемелік кешенді құрайды. Қазіргі кезде университетте 43 кафедра бар. Қазіргі кезде университеттің сегіз факультететінде 10000-ға жуық студент жаратылыс ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар және бизнес, гуманитарлық, техникалық, ауылшаруашылық, білім беру ғылымдары болып жіктелетін мамандықтар тобы бойынша 37 бакалавриат, 24 магистратура, 6 PhD докторантура мамандықтары бойынша білім алуда. Сонымен қатар 5 бакалавриат, 3 магистратура мамандықтары бойынша көптілді оқу үрдісі жүзеге асырылуда. Білім бері үдерісін 650 оқытушы, оның ішінде 353 ғылым докторы мен кандидаты жүргізеді. Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми әлеуеті 35,8% құрайды, олар оқытудың жаңа прогрессивтік формаларын дамыту мақсатында қызмет жасауда. Университет ғалымдары аймақтық, республикалық салалық және сала аралық ғылыми бағдарламаларға қатысады. Ғылыми жобалар саны 30-дан 45-ке жетті, ғылымды қаржыландыру 3 есеге артып, 251 млн теңгеден асты. Thomson Reuters агенттігімен «ҚАТУ Ғылым жаршысы» журналы индексі нөлден жоғары ғылыми басылым ретінде танылған.Жарты ғасырдан астам уақытта еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің түрлі саласына 55 мыңға жуық жоғары білікті мамандар даярланды. Олар табанды еңбектерімен мемлекет экономикасын дамытуға лайықты үлес қосты және қосып келеді. Университет өз түлектерін мақтан етеді. Олардың арасында ҚР Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, елшілер, көрнекі ғалымдар, ғылым докторлары мен кандидаттары, облыс, қала, аудан әкімдері, ірі кәсіпорындар мен агроқұрылымдардың басшылары, халық шаруашылығы салаларының мамандары бар. Университет білім беруде келесі бағыттарға басымдық береді: экономиканың аграрлық саласына сапалы мамандар дайындау, оқу орнының рейтингі мен бәсекеге қабілеттілігін Республика деңгейінде, сонымен қатар халықаралық деңгейде арттыру, әлемдік білім және ғылым кеңістігіне ойдағыдай қауымдасу. Оларды жүзеге асыру үшін университет қазіргі заманғы басқару жүйесін, оқытудың жаңа технологияларын енгізуде, материалдық-техникалық базасын нығайтты, өндіріс орындармен, жұмыс берушілермен, ғылыми зерттеу институттары және орталықтармен өзара ынтымақтастықтың тиімді жүйесін қалыптастырды, ғылыми базасын нығайтуда. ҚазАТЗУ халықаралық стандарттар бойынша институционалдық аккредитация мен мемлекеттік аттестаттаудан ойдағыдай өтті, қазіргі уақытта халықаралық аккредитациядан өтуге дайындалуда.Университет бүгінде көптеген көрсеткіштер бойынша елорданың ғана емес, жалпы еліміздің білім ордалары арасында көшбасшы болып табылады, ол еліміздің отыз техникалық оқу орындарының арасында үздік үштік қатарында.Оқу орны еліміздің білім-ғылым саласында ғана емес, шетелдік білім кеңістігінде жоғары беделге ие. Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Түркия, Италия, Израил, Қытай, Моңғолия, Малайзия, Чехия, Польша т.б. елдердің бірқатар білім және ғылым орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті – біртұтас еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға негіз болатын Университеттердің Ұлы Хартиясының тең мүшесі. Университеттің барлық құрылымдарын компьютерлендірумен байланысты алдыңғы қатарлы оқыту технологиялары енгізілуде. Осының бәрі әлемдік білім беру жүйесіне нәтижелі қауымдасуымызға мүмкіндік жасайды.Университеттің материалдық – техникалық базасы, әдістемелік қамтамасыз етілуі және ғылыми – педагогикалық потенциалы өлшеусіз өсті. Алғашқы рет жұмыс берушілердің белсенді қатысуымен 60 мамандық бойынша модульді білім берудің оқу бағдарламалары дайындалды. Университеттің материалдық – техникалық базасын одан әрі кеңейту мақсатында 8 инвестициялық жоба дайындалған. QS агенттігінің зерттеулері бойынша ҚазАТЗУ 601+ әлем университеттерінің рейтингіне 8 қазақстандық университеттің бірі болып енді.
## Факултеттер
* Агрономия факультеті
1957 жылы ашылған.Факультет 5В080100 - «Агрономия», 5В080700 - «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», 5В080800 - «Топырақтану және агрохимия», 5В0608 - «Экология», 5В081100 - «Өсімдік қорғау және карантині» мамандықтары бойынша бакалавр мамандарын даярлайды. Факультетте 6М080100 - «Агрономия», 6М080700 - «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», 6М080800 - «Топырақтану және агрохимия», 6М070100 - «Биотехнология» мамандықтары бойынша магистрлер дайындалады. 6D080100 - «Агрономия» мамандығы бойынша PhD докторлар дайындайды.Факультеттегі «Топырақ мұражайы» солтүстік және орталық аймақтардағы бірегей мұражай болып табылады.Факультетте дән сапасын бағалау; тұқымтану; биотехнология; агрохимия; диагностика және өсімдіктердің микроклональдық көбеюі; мал азығын өндіру; ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері мен аурулары коллекциясы; өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу технологияларының ғылыми зертханалары бар.
* Сәулет өнері факультеті
1965 жылы құрылған.1992 жылы сәулет өнері факультеті әлемнің танымал болған сәулет өнері мектептерінің каталогына енгізілді.Мамандарды дайындау мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына негізделіп, 5В042000 – «Сәулет»; 5В042100 – «Дизайн» мамандықтары бойынша күндізгі оқыту бөлімдерінде жүргізіледі. 6М042000 - «Сәулет» мамандығы бойынша магистрлер дайындалады.
* Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті
1964 жылы негізі қаланған.Факультет 5В120100 - «Ветеринарлық медицина», 5В120200 - «Ветеринарлық санитария» мамандықтары бойынша маман және 5В070100 - «Биотехнология», 5В080200 - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», 5В080300 - «Аңшылықтану және аң шаруашылығы», 5В080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», 5В072700 - «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандықтары бойынша бакалаврлар даярлайды. Факультетте 6М080200 - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», 6М080300 - «Аңшылықтану және аң шаруашылығы», 6М080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», 6М120100 - «Ветеринарлық медицина», 6М120200 - «Ветеринарлық санитария» мамандықтары бойынша магистрлер дайындалады. 6D080200 - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», 6D120100 - «Ветеринарлық медицина», 6D120200 - «Ветеринарлық санитария» мамандықтары бойынша PhD докторлар дайындайды.Факультетте паразитология, акушерлік және хирургия мұражайлары, биотехнология, мал азықтандыру, сүт өңдеу, токсидермия, ветеринарлық сараптау зертханалары, балық өсіру цехы жұмыс істейді.
* Жерге орналастыру факультеті
1957 жылы ұйымдастырылған.Факультет 5В090300 - «Жерге орналастыру», 5В090700 - «Кадастр», 5В090800 – «Бағалау», 5В071100 «Геодезия және картография» мамандықтары бойынша бакалаврлар даярлайды. Факультетте 6М090300 - «Жерге орналастыру», 6М090700 - «Кадастр».мамандықтары бойынша магистратура ашылған. Факультетте университетіміздің бірінші ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор М.А.Гендельман атындағы мұражай бар.
* Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті
Факультет 1985 жылдан бастап жеке факультет ретінде жұмыс істейді.Факультет 5В012000 - «Кәсіптік білім», 5В070300 - «Ақпараттық жүйелер», 5В070400 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша бакалаврлар дайындайды.Факультетте 6М0120 - «Кәсіптік білім», 6М070300 - «Ақпараттық жүйелер», 6М070400 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»мамандықтары бойынша магистрлер дайындалады.
* Техникалық факультет
1957 жылы құрылған.Факультетте 5В080600 - «Аграрлық техника және технологиялар», 5В073200 - «Стандарттау, сертификаттау және метрология», 5В071300 - «Көлік, көлік техникасы және технологиялары», 5В072400 - «Технологиялық машиналар мен жабдықтар», 5В090100 - «Көлікті пайдалану және жол қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», 5В072800 - «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандықтары бойынша бакалаврлар дайындалады.Факультет 6М080600 – «Аграрлық техника және технологиялар», 6М073200 - «Стандарттау және сертификаттау» мамандықтары бойынша магистрлер дайындайды. 6D080600 - «Аграрлық техника және технологиялар» мамандығы бойынша PhD докторлар дайындайды.Оқу үрдісінде лабораториялық қондырғылармен жабдықталған аудиториялар және жаңа үлгідегі ауыл шаруашылық техникалары қолданылады.
* Энергетикалық факультет
1965 жылы ұйымдастырылған.Факультет 5В071800 – «Электр энергетикасы», 5В071700 – «Жылу энергетикасы», 5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», 5В081200 - «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша бакалаврлар даярлайды. Факультет 6М071800 – «Электр энергетикасы», 6М071700 – «Жылу энергетикасы», 6М071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандықтары бойынша магистрлер дайындайды.2008 жылдан бастап факультет базасында энергия үнемдеу технологиялары орталығы ашылған, телекоммуникациялар саласындағы жаңа технологиялар бойынша заманауи ғылыми-зерттеу зертханалары жұмыс істейді.
* Экономика факультеті
1960 жылы негізі қаланған.Факультет 5В050600 - «Экономика», 5В050700 - «Менеджмент», 5В050800 - «Есеп және аудит», 5В050900 - «Қаржы», 5В051100 - «Маркетинг», 5В090400 - «Әлеуметтік – мәдени сервис» мамандықтары бойынша бакалаврлар дайындайды.Факультетте 6М050600 - «Экономика», 6М050700 - «Менеджмент», мамандануы «Аграрлық менеджмент», 6М050900 - «Қаржы», 6М051100 - «Маркетинг» мамандықтары бойынша магистратура жұмыс істейді. 6D050600 - «Экономика» мамандығы бойынша PhD докторлар дайындайды.Факультетте интерактивті тақтасы бар кабинет және әдістемелік кабинет жұмыс істейді.
* Сырттай оқу факультеті
1959 жылы құрылған. Қазіргі уақытта факультетте жаңа үлгідегі ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдануға негізделген қашықтықтан (дистанциялық) оқыту үрдісі енгізілуде. Мамандандырудың барлық бағыттары бойынша кейстік технологиялардың оқу-әдістемелік кешендері әзірленген.
* Әскери кафедра
Әскери кафедра 1965 жылдан бастап тұрақты жұмыс істеп келеді. Университет студенттері жоғары білім алумен қатар, әскери дайындықтан өтіп, мотоатқыш және әскери автомобиль түрлері бойынша лейтенант атағын алып шығады
## Оқу орнын әр жылдарда басқарған тұлғалар
* директор Т.Г.Духов (1958 ж. ақпан - 1961 ж. мамыр) – техника ғылымдарының кандидаты, доцент;
ректорлар:
* М.А.Гендельман (1961 ж. мамыр - 1982 ж. қараша) – экономика ғылымдарының докторы, профессор;
* К.Ә.Сағадиев (1982 ж. желтоқсан – 1990 ж. қараша) - экономика ғылымдарының докторы, профессор;
* Я.Я.Мауль (1991 ж. ақпан – 1993 ж. қазан) - экономика ғылымдарының докторы, профессор;
* Б.Ө.Әлімжанов (1993 ж. қазан – 2004 ж. қазан) – ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор;
* А.Қ.Бұлашев (2004 ж. қараша – 2011 ж. қараша) – ветеринария ғылымдарының докторы, профессор.
* А.Қ. Күрішбаев (2011 жылдың қараша айынан бері) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ауыл шаруашылығы ғылымы академиясының академигі.
## Тарих беттеріне қысқаша шолу
* 1957 ж. – Ақмола ауылшаруашылық институты құрылды (КСРО Министрлер Кеңесінің 3.10.1957 ж. №1176 Қаулысы);
* 1996 ж. – институт Ақмола аграрлық университеті болып қайта құрылып, оған Сәкен Сейфуллин есімі берілді (ҚР Үкіметінің 7.05.1996 ж. №573 Қаулысы);
* 2001 ж. – университет С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеті мәртебесіне ие болды (ҚР Үкіметінің 15.06.2001 ж. №821 Қаулысы);
* 2004 ж. – университет «С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды (ҚР Үкіметінің 03.08.2004 ж. №829 Қаулысы).
* 2007 ж. – университет ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қарамағына беріліп, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды (ҚР Үкіметінің 22.05.2007 ж. №409 Қаулысы).
* ҚазАТУ Республиканың жоғары оқу орындары арасында ең алғашқылардың бірі болып «Русский Регистр» және IQNet (Сертификаттау бойынша Халықаралық желі) сертификаттау жүйесіндегі ИСО 9001:2000 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес аудит тексерісінен өтіп, 2005 жылғы 18 сәуірде № 000340 куәлігіне ие болды.
## Еншілес ұйымдары
* Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты (Ақмола облысы, Щучинск қаласы)
* А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы (Ақмола облысы, Научный кенті)
* Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы (Солтүстік Қазақстан облысы, Шағалалы ауылы)
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Аграрлық университет бестігі сайлауда дауыс береді | Астана ..(қолжетпейтін сілтеме) |
Астық қоймасы — астық сақтауға арналған ғимарат. Ол астықты жауын-шашыннан, зиянды кеміргіштер мен құстардан қорғауға, астықты тиеп түсіруге ыңғайлы және бақылауға қолайлы болуы қажет. А. қ-ның еденді, қамбалы және сүрлемді түрлері бар.
* Еденді А. қ. астық қабылдайтын, астық өндірілетін шаруашылықтарда салынады, астық еденде сақталады.
* Қамбалы А. қ-нда мол астықты қамбаларға бөліп құйып сақтайды. Қамбалар едені астық өздігінен ағып шығу үшін көлбеу немесе конус тәрізді болып келеді.
* Сүрлемді А. қ. биік етіліп, көлденең қимасы дөңгелек, төрт немесе көп бұрышты болып темірбетоннан немесе металдан салынады. Едені конус тәрізді немесе шұңқыр болады. А. қ-ның жетілдірілген түрі — элеватор да сүрлемді түрге жатады. Ол өңдеу орындарына (диірмен, зауыттар, астық қабылдайтын орындар, теңіз, өзен порттары, теміржол торабтары) таяу жерден салынады. қ. Элеватор. |
Астық сүлікшесі (лат. Oulema melanopus) – қатты қанаттылар сабының жапырақ жегілер тұқымдасына жататын қоңыз, дәнді дақылдар зиянкесі. Қазақстанның оңт. және оңт.-шығысындағы тау етектеріндегі аудандарда көптеп кездеседі. Даму кезеңі бір жылдық. Ұзындығы 4-6 мм, түсі көк жасыл, алдыңғы арқасының бунағы мен аяқтары қызыл-сары болады. Топырақ арасында қыстайды. Жұмыртқаларын жапырақ бетіне салады. Дернәсілі ақшыл-сары, денесінің орта бөлігі дөңестеу келеді, үстін тұтасымен қара-қоңыр шырыш жапқандықтан “сүлікше” деп атайды. Дернәсілдері де дәнді дақылдардың жапырақтарымен қоректенеді. А. с. түскен бидайдың өнімі 30-388-ке кемиді. А. с. бидайдан басқа арпаны, сұлыны, кейде жүгері мен тарыны да зақымдайды. А. с. көбейіп кеткен кезде егінді инсектицидтермен дәрілеу қажет.
## Дереккөздер |
Асубұлақ — Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы кент, Асубұлақ кенттік әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Өскемен қаласынан 90 км-дей жерде, Қалба жотасының орталық бөлігінде, Асубұлақ өзенінің оң жағалауында орналасқан.
## Тарихы
Іргесі сирек металдар кенін өндіруге байланысты 1941 жылы қаланған.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Кен байыту фабрикасы, аудандық тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, спорт кешені, орта мектептер, кітапханалар, аурухана, дәріханалар, мәдениет үйі, бала бақшалар бар. Кент тұрғындары облыс, аудан орталықтарымен, елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Асыл тұқымдық мал шаруашылығы — өнімді және таза тұқымдық мал тұқымы өсірілетін ауыл шаруашылығының бір саласы. Асыл тұқымдық мал шаруашылығының негізгі буыны — асыл тұқымды мал зауыты болып табылады. Онда мал тұқымының ең таңдаулылары өсіріледі. Мал зауыттарының міндеттері: өсіріп отырған мал тұқымын одан әрі жетілдіру, жаңа зауыттық тип, аталық іздер мен аналық ұялар құру арқылы тұқымның генетикалық мүмкіншілігін арттыру; өсірілген жоғары сапалы мал тұқымымен зауыттардың өздерін, мемлекеттік асылдандыру стансаларын және асыл тұқымды шаруашылықтарды қамтамасыз ету. Мал зауыттарында асылдандыру жұмысы ғылымы негізде жүргізіледі, тек таза тұқым өсіру жұмысы іске асырылады. Келесі буын — асыл тұқымды мал шаруашылықтары. Олардың міндеттері: өсіріп отырған малдың өнімдік және тұқымдық қасиеттерін жақсарту; мал төлдерімен асыл тұқымды фермаларды және өндірістік шаруашылықтарды қамтамасыз ету. Республикада мұндай шаруашылықтарға Жамбыл облысындағы Луговой жылқы зауыты, Алматы облысындағы Ақсай сиыр зауыты (Алатау сиыры), Қастек қой зауыты (Қазақтың биязы жүнді қойы), Атырау облысындағы қой зауыты (қаракөл қойы) жатады.
## Сыртқы сілтемелер
* Асыл тастар
* Асыл металдар
## Сыртқы сілтемелер
* ОРТАЛЫҚ ТУРАЛЫ Мұрағатталған 30 қазанның 2011 жылы.
## Дереккөздер |
Абдолла Әбдірахманұлы Асылбеков (1896-1938), журналист, жазушы және қоғам қайраткері.
Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан..
«Біздің де күніміз туды», «Октябрь күнінде» атты деректі повестері 1921 ж. Орынбор қаласында жеке кітап болып басылып шықты. С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» атты романында Абдолла туралы толық мағлұмат берілген.
Турашыл, ер мінезді, ұлт мүддесін түсінетін азамат ретінде Асылбеков «Алашорда» үкіметі қайраткерлерінің оқу-ағарту, жерге қоныстандыру, дербес экономикалық бағытты ұстанужөніндегі көзқарастарына іштартты. Ол 1922 ж. қазақ қызметкерлерінің кеңесінде А. Байтұрсынов пен С. Сәдуақасовтың, Әуезовтің «коммунистік-колонизаторлық саясатқа қарсы» пікірлері мен ашаршылықтың зардаптарын жою туралы ұсыныстарын қолдады. 1921 жылы Әуезовпен бірге Қоянды жәрмеңкесінде қазақ автономиясының бір жылдық тойын өткізуге жетекшілік етті. Қажымұқан, Майра, Иса, Жынды Омар, Зәрубай, Әміре, Шашубай, Ғаббас, Қалибек сияқты ел өнерпаздарын жәрмеңкеге қатыстырып, ойын-сауық ұйымдастырды, М. Әуезовтің шығармашылығын жоғары бағалады. Ол 1932 жылғы ашаршылықты айыптап, үкіметтің алдына тиісті мәселе қойған. Асылбеков пен Әуезовтің арасындағы достық қарым-қатынас туралы деректер С. Бегалиннің, Қ. Қуанышбаевтың, Қ. Тоғызақовтың естеліктерінде баяндалған.
Мақалалары мен очерктері «Тіршілік», «Еңбекші Қазақ», «Советская степь» газеттері мен «Қызыл Қазақстан журналында» жарияланып тұрды.
## Шығармалары
Біздің де күніміз туды. Повесть. Орынбор, 1921.
## Сыртқы сілтеме
* Асылбеков Абдолла Әбдірахманұлы(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Асы-түрген обсерваториясы — Іле Алатауындағы Асы мен Түрген өзендері су айрығы маңындағы теңіз деңгейінен 2700 м биік жота үстіне салынған Қазақстан ҒМ ҒА Астрофизика институтының обсерваториясы. Ол Алматыдан күн шығысқа қарай 100 км қашықта. Мұнара-күмбезге Германияда жасалған, айнасының диам. 1 м рефлектор орнатылған. Ол арқылы Күн мен Ай, Күн жүйесіндегі кіші планеталар мен метеорлық заттар, жасанды аспан денелері, галактикалардың құрылымдары мен динамикасы, жұлдызаралық орта, жарық және көмескі диффузиялық тұмандықтар мен оларға қатысты жұлдыздар т.б. зерттеледі. Обсерваторияда онға жуық ғылым докторлары, отыздан аса ғылым кандидаттары ғылым-зерттеу жұмыстарын жұргізеді. Асы-түрген обсерваториясы Қазақстандағы әзірге ең ірі, бақылау құралдары автоматтандырылған астрон. зерттеу орны болып табылады. |
Омархан Асылұлы (1937 жылы туған, ҚХР, Шыңжан-Ұйғыр авт. районы, Тарбағатай аймағы) — ғалым. Шыңжан институтын бітірген (1957). 1957 — 1961 жылы осы институтта оқытушы қызметін атқарды. 1961 — 1980 жылы саяси науқандар кезінде “оңшыл”, “ұлтшыл” деген айыппен айдауда болды. 1980 жылдан Шыңжан тіл-жазу комитетінде қызмет істеп келеді. Қытай-түркі тілдерін зерттеу, Қытайдағы аз ұлттар әдебиетін зерттеу ғыл. қоғамдарының, Шыңжаң Жазушылар одағының мүшесі, Шыңжан Қазақ тілі мен мәдениеті ғыл. қоғамының бас хатшысы. Омархан Асылұлы — Қытайдағы қазақ тілі білімі мен әдебиет саласы бойынша бірнеше кітаптардың авторы. Қытайдағы қазақтардың жазу емлесін жүйеге түсіруде көп еңбек сіңірген.
## Шығармалары:
* Еміле туралы білім, Үрімжі, 1989; Шығарманың жаны — шындық, Үрімші, 1990;
* Морфология, Үрімші, 1991;
* Қазақ жазуының тыныс белгілері, Үрімші, 1992;
* Қазақ тілі айтылымының негізгі ережелері, Үрімші, 1997.
## Дереккөздер |
Асысаға — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Аса ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Есік қаласынан шығысқа қарай 99 км-дей жерде, Асы өзенiнің сол жағалауында, Бақай тауының қоңыржай-ылғалды агроклиматтық белдемінде орналасқан.
## Инфрақұрылымы
Ауылда орта мектеп, дәрігерлік пункт, клуб т.б. мәдени орындар бар. Тұрғындары аудан орталығы — Есік қаласымен және елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Ауылдың оңтүстік-шығысында Үлкен Алматы каналы бастау алатын Бартоғай бөгені салынған.
## Дереккөздер |
Болат Манашұлы Атабаев (14 мамыр 1952 жылы туған, Алматы облысы, Тентек ауылы ) — режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, "Ақсарай" театрының көркемдік жетекшісі. Алматы шет тілдер педагогикалық институтын (1974), Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтын профессор Ә.Мәмбетов пен А.Пашковтың жетекшілігімен) бітірген (1983); 1990 жылы Мюнхен ұлттық театрында (Германия) стажировкада болды.
Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынас тілдері университетін (1974), театр және көркемсурет институтын (Ә.Мәмбетов пен А.Пашков шеберханасы бойынша) бітірген (1983). 1990 ж. Мюнхен (Германия) ұлттық театрынан тәлім алған. Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы неміс драма театрында Ф.Шиллердің "Зұлымдық пен махаббатын", А.Закстың "Өз ошағың" драмаларын, В.Гейнцтің "Жүздеген жыл толқын дарын да", "Адамдар және тағдырлар" тарихи диологиясын сахнаға шығарды. 1990 ж. Қазақ академиясы драма театрына жұмысқа ауысып, Б.Римованың "Қос мұңлық", М.Мақатаевтың "Қош, махаббат", сондай-ақ, И.Оразбаевтың "Шыңғысхан", М.Метерлингтің "Соқырлар", Р.Мұқанованың "Мәңгілік бала бейне", А.П. Чеховтың "Шағала", Ә.Кекілбаевтің "Абылай хан", Б.Брехттің "Тоғышардың тойы", М.Әуезовтің "Қарагөз", т.б. спектакльдер қойды. Республикалық неміс театрының директоры болды.
Атабаев өзінің алғашқы режиссерлік өнер жолын Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы Неміс драма театрында спектакльдер (Ф.Шиллердің "Зұлымдық пен махаббаты" т.б.) қоюмен бастады. 1990 жылы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына ауысып, осында Б.Римованың "Қос мұнлық", М.Мақатаевтың "Қош, махаббат" (екеуі де 1991), И.Оразбаевтың "Шыңғыс хан" (1994), Қ.Ысқақтың "Жан қимақ" (1995), Р.Мұқанованың "Мәңгілік бала бейне" (1996), Ә.Кекілбаевтың "Абылай хан" (1998; спектакль премьерасы Астана қаласында өтті), А.Чеховтың "Шағала" (1998), М.Метерлинктің "Соқырлар" (1993), Б.Брехттің "Тоғышардьң тойы" (1999); сонымен қатар Р.Мұқанованың "Қаралы сұлу" (М.Әуезовтің шығармасы бойынша; 1997, Қазақ мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театры), Р.Болгтың "Кішкене сері" (1981, Германиядағы Пархим театры) т.б. спектакльдерді қойып, ол батыл сахналық эксперименттерге баратын, спектакльдің көркемдік- эстетикалық мән-мазмұнын ашуға ден қоятын ізденімпаз режиссер екенін байқатты.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* http://www.zonakz.net/articles/?artid=28816
* http://www.nomad.su/?a=3-200408310008 Мұрағатталған 13 шілденің 2012 жылы.
* http://www.geokz.tv/article.php?aid=4100(қолжетпейтін сілтеме)
* http://www.kubkz.com/downloads/dvk-12-08-04.doc(қолжетпейтін сілтеме)
* http://news.namba.kg/read.php?id=519881 |
Атабаска (ағылш. Athabasca River, фр. rivière Athabasca) — Канаданың батысындағы өзен. Ұзындығы 1231 км, су жинау алабының ауданы 153 мың км². Жылдық орташа су ағыны мөлшері 900 м³/с (сағасында). Сеңгір тауларының алдыңғы жоталарынан бастау алады. Ұлы жазықтың солтүстік бөлігін кесіп өтіп, Атабаска көлінің батыс жағалауына құяды. Өзен негізінен қар суымен толығады, көктемде тасиды. Желтоқсан – көкек айлары аралығында суы қатып жатады. Маусым айында ериді. |
Атағозы Айтқұлұлы (1704 – 1794) – Кіші жүзде аты аңызға айналған батыр. Ол сонымен қатар белгілі би, шешен кісі болған.
* Руы – адай. 40 мыңдай қазақ, қарақалпақ жастарының 1723 жылы қалмақтармен соғысында ерлігімен аты шыққан.
* 1726 жылы қалмақ ханы Цэрен Дондукке қарсы жорықтарда ерекше көзге түсті. Кейіннен Еділ, Жем, Үстірт, Маңғыстау жерлерінде басқыншылармен болған шайқастарға қатысқан. Халық аузында Атағозы батыр туралы және батыр айтты деген көптеген қанатты сөздер сақталған.
* Х.Досмұхамедов өзінің «Аламан» жинағында Атағозы есімін қазақтың атақты билері қатарында атайды. Мұрат Мөңкеұлы, Аралбай, Нұрым сынды ақын-жыраулар Атағозыны жырға қосқан.
* Зираты Бейнеудегі Бекет ата мешітінің солтүстігінде 2 км жерде.
* 2004 жылы батырдың 300 жылдығы облыста кең көлемде аталып өтті.
## Дереккөздер |
Аталай Бесим (Atalay Besіm) (1882 — 1965) — түрік тілінің белгілі маманы, қоғам қайраткері.
Түркияда ұлт-азаттық қозғалысы басталысымен А. саяси өмірге араласады. 1932 — 51 ж. “Түрік тілі қоғамы” басқармасында жауапты қызмет атқарады. 1937 — 42 ж. Анкара ун-тінде парсы тілінің маманы, профессор. А. — тарих, география, тіл әдебиет және дін туралы көптеген зерттеулердің авторы. Оның есімін әлемге танымал еткен — Махмуд Қашқаридің әйгілі “Диуани луғат ат-түрк” сөздігінің түрікше аудармасы (1939 — 43). А. Б. түрік тілінің 1530 ж. Бергамалы Кадри жазған ең көне грамматикасын (1946), қыпшақ, шағатай тілдерінің бірнеше ескерткішін бастырып шығарды. Араб-парсы тілінен көптеген аударма жасаған. Құранның А. аударған түрікшесі 2 рет басылды. 1920 жылдан бастап бірнеше мәрте Түркия парламентінің (ұлт мәжілісінің) депутаты болып сайланды.
## Дереккөздер |
Ата кегі — адамзат қоғамының белгілі бір даму сатысында болған кек алу ғұрпы. Қатты жәбірленген, жараланған, жақыны өлтірілген, мал-мүлкі таланған жеке адам, ата әулеті не бүкіл ру өштесіп, кек (“Қанға қан”) қайтарып отырған. Тәуке ханның жарлығымен (“Жеті жарғы”, 17-18 ғ.) қазақ арасында қанды қанмен жуып, зақымшылық жасау жойылып, кісі өлтірушіге құн төлету тәртібі енгізілді. Кек қайтару үшін қарадан шыққан ер адамды өлтірушіден бір мың қой, әйелді өлтірушіден жарты құн (500 қой), сұлтан мен қажыны өлтірушіден жеті адамның құнын төлеу талап етілген. Егер өлтірушінің құн төлеуге шамасы келмесе яки туыстары құн төлеуден бас тартса, оны өлген адамның туыстары өлтірілген не құлдыққа алынған. Ата кегі көптеген ұлттарда болған ғұрып.
## Дереккөздер |
Асылбек Көбешұлы (1852, Алтай, Қобда өңірі — шамамен 1890, сонда) — батыр. Көбеш батырдың отбасында дүниеге келген. Қытай өкіметі Алтай қазақтарына “Шыдасаң осы, шыдамасаң өз обалың өзіңе” деген қатал саясатын қолдана отырып, 1890 ж. Қобда өңірі қазақтарына қысым көрсете бастады. Асылбек бастаған жергілікті қазақтар заңсыз салыққа қарсы шығып, өздері орын тепкен мекендерінен ешқайда көшпейтінін білдірді. 1890 ж. жазда Пекиннен қарулы әскер бастап келген Шаһадүр анбан “Империяның жарлығына қарсы шыққан жүгенсізді қолымызға салыңдар, әйтпесе ауылдарың мен мал-жандарыңызды шабамыз” деген талап қойды. Ел басына күн туған осы бір қысылтаяң сәтте Асылбек ұрпақтарының келешегі үшін жау қолына өзі барып, құрбан болды. Бұл оқиға Моңғолия қазақтарының жадында “Асылбектің басын алған жыл” деген атпен тарихта қалған. Асылбектің денесі Баянөлгий аймағындағы Дайынның Қу үйі деген жерде жерленген.
## Дереккөздер |
“Атакент” — Қазақстандағы іскерлік ынтымақтастық орталығы, акционерлік қоғам. 1992 ж. ҚР Министрлер Кабинетінің қаулысымен құрылған. Негізгі мақсаты — экон. және өндірістік-коммерц. байланыстардың, іскерлік ынтымақтастықтың, кәсіпкерліктің, отандық экономиканың әлемдік экон. жүйемен интеграц. байланысының дамуына ықпал жасау. Құрылтайшылары — республиканың ірі компаниялары, банктері және жеке кәсіпкерлер. Құрамында алты еншілес фирма мен компания бар. Олар “Атакент-Экспо”, “Көрме сервис”, халықар. “Атакент-Сауда” сауда үйі, “Атакент-Сақтық”, “Атакент-Отель”, “Атадан” Қазақстан-Германия бірлескен кәсіпорны. “Атакент-Экспо” халықаралық ұлттық арнайы көрмелер ұйымдастырады. Жәрмеңке, бизнес-байланыстар ұйымдастырып, конференциялар өткізеді, көрме стендтері құрылысы мен безендіру жұмыстарын жүргізеді. “Көрме-Сервис” коммуникац. қызметпен толық қамтамасыз етеді. Халықар. “Атакент-Сауда” сауда үйі халықар. сауда жұмысын, тауарларды сату алдындағы дайындық және маркетинг, консигнация (тауарды сату үшін несиеге беру) жұмыстарын орындайды. “Атакент-Сақтық” коммерц. қаржыны сақтандырады. “Атакент-Отель” шетелдік фирмалар мен компаниялар өкілдерін қабылдау, орналастыру және сервистік қызмет көрсету ісімен шұғылданады. Ал, “Атадан” Қазақстан-германия бірлескен кәсіпорны шетелдік, отандық фирмалар ұйымдастырған жәрмеңкелер мен көрмелердің барлық түріне қызмет көрсетеді. “А.” акицон. қоғамының иелігінде 650 мың м2 жер бар, оның 15 мың м2-інде үйлер, ғимараттар және түрлі құрылыс объектілері орналасқан. Олардың көбісі көрме жұмысына лайықталып салынған ғимараттар, көрме алаңдары т.б. құрылыстар. |
“Атамекен” — республикалық экологиялық апталық газет.
Көлемі — 2 б.т. Негізгі тақырыбы — қоршаған табиғи ортаны қорғау, бұқараға экол. тәлім-тәрбие беру. “Жер тағдыры — ел тағдыры”, “Асан Қайғы ізімен”, “Ауылым — алтын бесігім”, “Орман-тоғай, жер, су — ортақ байлығымыз” т.б. тұрақты айдарлары бар.
## Дереккөздер |
Ата мұра — әкеден балаға әалған мал-мүлік, жер, қазына, байлық, бјліп берген енші. Қазақ қауымында ерте заманнан қалыптасқан бүл дәстүр Қасым хан мен Есім хан дәуірінде ресми заң ережесімен бекітілген. Енші алған бала әкесі өлгеннен кейін оның енші алмаған қолындағы баласымен мұраға таласпайды. Мүлік ең алдымен өлген кісінің төлеуге тиісті қарызы болса, соған бөлінеді. Содан кейін жер мен су, мал-мүлік билердің, қалыс адамдардың, заң орындарының анықтауымен енші алмаған балаларға бөлінеді. Мал-мүлікті бөлу кезінде әке өсиеті ескеріледі. Ұлт мәдениеті мен дәстүріне қатысты мүліктер де қымбат мұра ретінде қастерленеді. |
Сахабалар (араб.: الصحابة көпше түрінде, жеке түрі صحابي — дос, жолдас) — арабшадағы схб түбірінен туындаған көпше түрдегі есім сөз, жекеше түрі — сахаби, Ислам дінінің соңғы пайғамбары Мұхаммед ﷺ серіктеріне берілген атақ. Сахаба (етістігі) серік, жолдас, дос болу және сұхбаттасу деген мағынаны білдіреді. Мейлі аз, мейлі көп болсын, сұхбаттасқан адамға осы есім беріледі.
Терминдік мағынасына келсек, С. Мұхаммед с.ғ.с пайғамбарды көрген, аз уақыт болса да оның сұхбатын тыңдап, иман келтірген және дүниеден иманды өткен «сахабаға» жатады.
## Сахабалар
Асхаб деп Мұхаммед с.ғ.с мен қатар жүрген, бірге жорықтарға қатысқан адамдарды айтады. Асхабтар тұңғыш мұсылман әскерін құрушылар, алғашқы қолбасшылар еді. Бұлардың алғашқылары муhажирлер (Мұхамед с.ғ.с мен бірге Меккеден Мәдинаға қоныс аударғандар) және ансарлар ислам дінін таратуда маңызды рөл атқарды. А-тарға әмірлік, әскери қолбасшылық қызметтегі жоғары лауазымдар берілді. Жай халық айына 300 дирhам алғанда, оларға 3 мыңнан 5 мың дирhамға дейін жалақы төленді. Омар халиф тұсында Асхабтар саны 10 мыңға жетті. Бұлар Мұхаммед с.ғ.с пайғамбардың хадистерін насихаттады. Ислам тарихына өшпес із қалдырған А-тар жайлы кітаптар жазылып (9 ғ.), олардың өмірбаяндары, ізгілікті іс-әрекеттері хатқа түсірілген. А-тардың бірсыпырасы әулие атанып, қабірлері қасиетті орынға айналған.
### Ең бірінші Исламды қабылдаған сахабалар
* Ер кісілерден — Әбу Бәкір
* Балалардан — Әли ибн Әбу Талиб
* Әйелдерден — Хадиша бинт Хууайлид
* Азаттық алған құлдардан — Зәйд ибн Хариса
* Құлдардан — Билал ибн Рабах
### Сахабалардың "мұһажирлер" және "ансар" аталуы
Мұһажирлер
Пайғамбарымызға Пайғамбарлық келгеннен кейін ең алғаш иман келтіріп, бүкіл қиындықтарға қарамастан Аллаһ пен Расулдың қауіпке толы жолында ешнәрседен тайынбағандар. Ақиқат дінінің дәстүр талаптары бойынша өмір сүре білу үшін Меккенің алынуынан бұрын Меккеден Мединеге туған жер, бала-шаға, шаруа кәсіптерін Аллаһ үшін тастап кешкен әзиз жандар. Олар - Исламның кең таралуы жолында үлкен қызмет атқарыл, өшпес із қалдырған, Аллаһтың ризашылығына және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүйіспеншілігіне ие болған ардақтылар. Мекке азат етілгеннен кейін һижрет ету біржолата тыйылса да, алғашқы муһажирлердің даңқтары, мәртебелері мәңгі сақталып қалды. Муһажирлік дәреже - ең жоғарғы дәрежелердің бірі болды.
Құранда мұһажирлер жайлы
"Сонда, Раббылары олардың дұғаларын қабыл етіп (айтты): "Әлбетте, Мен сендерден бірде-бір амал істеушіні" - ер кісі яки әйел адамның амалын жоймаймын. Өйткені, (сендер) бір-біріңненсің (яғни, ер кісі әйелден, әйел ер кісіден дүниеге келген)". Ендеше, отандарынан ауып, жұрттарынан қуылған, Менің Жолымда жапа шеккен және (Менің Жолымда) соғысып, өлтірілгендердің күналарын өшіремін және оларды астарынан өзендер ағып тұратын бау-бақшаларға кіргіземін. Бұл Аллаһ хұзырынан болған сауап-сый болады. Өйткені ең көркем сауап-сый Аллаһтың хұзырында". Құран Кәрім, Әли Имран сүресі, 195-аят.
Ансар
Ансардың сөздік мағынасы - жәрдем ету. Терминдік мағынасы - Ислам діншіл дәстүрлері бойынша өмір сүріп, оны таратуға Меккеден Мединеге кешкен Пайғамбар мен муһажирлерді ыстық ықылас пен құшақ жайып, құрақ ұшып қарсы алған, оларды өздерінің күйбең тіршіліктерінен де жоғары қойып, барын солармен бөлісіп, колынан келген жәрдемдерін аямай, муһажирлермен бауыр болып, бауырлары үшін қилы-қилы қиындықтарға төзуге - ризашылыгын білдірген сахабалар. Олар өмірлерінің соңына дейін Ислам жолында қызмет етті. Ансарлардың көмегінің арқасында муһажирлер мұқтаждықты білмеді, бір-біріне жәрдемдесулері мен жанқиярлықтарының дәнекерлігімен Ислам мейлінше құрылып, аз уақыттың ішінде һәм рухани, һәм материалдық жағынан басқа мемлекеттерді басып озды. Ансардың жасаған жақсылықтары Құранда ерекше аталып, олар жайлы: «Міне, нағыз құтылушылар осылар», - делінген. Ансардың дәрежелерін Аллаһтың Елшісі (с.а.у.) былай бағалап, аңғартқан: «һижрет болмағанда мен ансардың қатарынан табылар едім. Барлық адамдар бір жолға, ансар да басқа жолға түссе, мен ансардың жолымен жүрер едім. Аллаһым, ансарды, балалары мен олардың ұрпақтарын да қорғай гөр».
Муһажирлердің көшуі және ансардың оларға жәрдем етіп, қолдауының нәтижесінде Аллаһ Расулы (с.а.у) Мединеге кешті. Осылайша Медине Ислам көтерілісінің орнығуы мен таралуының орталығына айналды. Ислам шуағын тарату өрт. болған бұл қала «Медине мунаууара» (нұрлы қала) деп аталды.
### "Суффа" сахабалары
Мұхаммед пайғамбардың Мединеде салдырған мешіттің бір бұрышына құрма ағаштарын көлеңкелік баспана жасатқан. Көлеңкелік араб тілінде "суффа" деп аталады. Осы жерде тұрғандар "асхабы суффа" суффа сахабалары деп аталды. Суффа сахабалары туған-туыс, жақындары мен дүние-мүліктері жоқ кедей сахабалар болатын. Олар өз өмірін құран үйреніп, пайғамбардан Құран, хадис және басқада діни ілімдерді терең меңгерумен жоғары құрметке ие болды. Олар күндіз ораза ұстап, түнде ғибадат етіп, дүниенің күйбең тіршілігінен бойларын алыс ұстап, алтын уақыттарын пайғамбардан естігендерін жаттап, кейінгілерге жеткізу жолында өткізді. Пайғамбардың білім бұлағынан сусындаған бұл сахабалар жан-жаққа мұғалім етіп жіберілді. Олар Исламның шынайы рухын басқа руларға, мемлекеттерге көркем түрде уағыздау арқылы жеткізді. Өмірлерін ақиқатты паш етуге арнаған ақиық сахабалар тек уағыздаумен ғана шектеліп қалған жоқ, керекті кезінде қаруларын асынып, қасиетті соғыстарға да қатысты.
Атақтылары
Олардың арасынан ең көп хадис риуаят еткен Әбу Һурайра, сонымен қатар Бәрә ибн Малик, Абдуллаһ ибн Үнәйс сынды ғалым, тақуа сахабалар шықты. Құран кәрімнің және хадис шәріптердің жатталып, мағыналарының кейінгілерге дұрыс жетуінде бүкіл қиындықтарға төзе білген, білімге құштар жанқияр суффа асхабы табандылықтарының орны ерекше.
### Дәрежелері
Аз уақыт болсын Пайғамбарымызды (с.а.у.) көзі көріп, иман еткен адам «сахаба» деп аталғанымен Ислам дінінің кең тарап, қанат жаюы жолында танытқан ерен ерліктері мен жанқиярлығы жағынан дәрежелері әртүрлі С-лар бар. Дін жолындағы бүкіл соғыстарға немесе кейбіреулеріне қатысулары, Аллаһ Расулымен (с.а.у.) бірге мүшріктерден жапа шегіп, олардан азап көрулері, малмүліктерін, бала-шағалары мен үй-жайын тастап, басқа мемлекетке көшуге мәжбүр болуы, сол сияқты дін жолында шейіт болуы тұрғысынан алғанда, олардың арасындағы сахабалар дәрежелерінің әртүрлі болуы табиғилық. С-лардың арасындағы бұл дәреже айырмашылығын хадис ғалымы Хаким ан-Нисабури былайша көрсетеді:
* Хулафа-ур Рашидин (Әділетті 4 халифа: Әбу Бәкір, Омар, Ос.ман, Әлгі) және солармен бірге алғаш иман келтіргендер. Бұлардың ішінде көздерінің тірісінде жәннатпен сүйіншіленген он сахаба (әл-ашарат-ул мубашшарату) және олардан кейінгі 6 кісі.
* Дар-уль Аркам асхабы. Бұлар - Омар ибн Хаттабтан бұрын иман келтіріп, мұсылман болғандықтарын жасырын ұстап, Аркам ибн Әбул-Аркамның үйінде жиналғандар.
* Мұсылман болғандықтары үшін Меккеде зорлық көріп, лажсыз Эфиопияға һижрет (көш) жасағандар.
* «Бірінші Ақаба сертіне» қатысып, Пайғамбарымызды (с.а.у.) көрген, Оған иман келтірген және серт беріп, қол алысқан ансардың алғашқылары.
* «Екінші Ақаба сертінде» Пайғамбарымызбен (с.а.у.) кездесіп, өмірінің соңдарына дейін оны қорғап-қолдауға сөз берген мұсылмандар. Олардың көпшілігі ансар еді.
* Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мединеге жетпес бұрын Құбаға келгенінде, Оған (с.а.у.) келіп қосылған алғашқы муһажирлер.
* Бәдір шайқасына қатысқандар.
* Бәдір шайқасы мен Худайбиия оқиғаларының тұсында һижрет жасағандар.
* Ридуан сертіне қатысқандар. Худайбиияда ағаштың астында Пайғамбарымызға ант бергендер. Құранда олар жайлы: «Шынында Аллаһ ағаш астында саған серт берген мүминдерге разы болды» делінсе, Пайғамбарымыз «сендер бүгін жер бетіндегі ең қайырлы жандарсыңдар»,- деген.
* Худайбиия келісімі мен Меккенің алынуы арасындағы уақытта һижрет еткен сахабалар. Бұлардың арасында Халид ибн Уәлид, Амр ибн Ас және Әбу һурәйра сияқты белгілі Сахабалар бар.
* Мекке алынған кезде және одан кейін мұсылман болғандар.
* Пайғамбарымызды Меккенің алынуы кезінде және қоштасу қажылығында көрген жас балалар.
### Жалпы саны
Пайғамбарымыз көз жұмған кезде өмір сүрген Сахабалардың жалпы саны жайлы нақты мәлімет жоқ десек те, Ислам тарихына байланысты жазылған классик, кейбір еңбектерде жүз мың сахабаның болғандығы айтылған.
Мысалы, қоштасу қажылығына 40 мың, Тэбук жорығына 70 мың С-ның қатысқандығы жайлы Ислам тарихын байланысты шығармаларда мәліметтер бар. Имам Шафи'и Пайғамбарымызды (с.а.у.) көріп, Одан хадис риуаят еткен сахаба санының 60 мың болғандығын айтады. Меккенің алынуынан бұрын қайтыс болған сахабалардан өзге, Меккенің алынуы кезінде сахабалар алыс жақтарға тарап кеткендіктен олардың есімдерінің көбі кейінгі ұрпаққа жетпеген. Сахаба есімдерін шығармасында ең көп көрсеткен ғалым - ибн Хажар. Ол «Исаба» атты еңбегінде 11 783 сахабаның атын атайды.
## Сахабалар жайында жазылған негізгі шығармалар
## Құран кәрімдегі сахабалар жайлы аяттар
Сахабалар ерліктері, табандылықтары мен шынайылықтарын мадақтап, дәрежелерінің қаншалықты жоғары екендігін кейінгі ұрпаққа білдіру үшін Аллаһ Құран кәрімнің көптеген аяттарында сахабалар туралы баяндалған. Олар - ең қайырлы үмбет. Бұл жайлы "Әли Имран" сүресінің 110 аятында:
"Сендер елді жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю үшін шығарылған қайырлы үмбетсіңдер" -делінген.
"Мұхаммед Аллаһтың пайғамбары. Онымен бiрге болған (момын)дар кәпiрлерге қатаң, өз араларында (момындармен) болса, рахым-мейiрiмдi. Оларды әрдайым Аллаһтан кеңшiлiк-мәрхамат және разылық тiлеп бас иiп, сәжде етiп жатқан халдерін көресiз. Олардың беттерiнде сәжде iзiнен (қалған) белгiлерi бар. Мiне, осы (яғни, кәпiрлерге қатаң болу, момындарға мейiрiмдiлiк көрсету және көп намаз оқып бас иiп-сәжде ету) олардың Таураттағы мысалдары (яғни, Тауратта да Аллаһ тағала момындарды, мiне, осындай сипаттармен сипаттаған). Олардың Iнжiлдегi мысалдары болса, дәл бiр бұтақтар шығарып, қуатқа кiрген соң, жуандап, өз денесiнде тiк тұрған, диқандарды таңдандырған өсiмдiкке ұқсайды. (Момындардың әуел-баста әлсiз азшылық болып, кейiн бiрте-бiрте көбейiп, күшке толып кетулерi Iнжiлде, жоғарыда айтылғандай өсiмдiкке ұқсатылды) олар арқылы кәпiрлердi ызаландыру үшiн, Аллаһ (момындардан) иман келтiрiп, игi амалдар iстегендерге жарылқау және ұлы сауап-сый уәде еткен"..
"Иман келтірген, һижрат қылған және Аллаһтың жолында күрескендер және (мүһажірлерге) үй-жай беріп, жәрдем қылғандар, міне, солар шындығында момындар болып, олар үшін жарылқау мен ұлы несібе бар"..
Аллаһ тағала олардан разы болғандығы жайлы мына аяттарда былайша баяндалады:"Мұһажир және ансарлардың бірінші, алғашқылары және оларға игі амалдармен ергендер (болса) Аллаһ олардан разы болды және олар да Одан (Аллаһтан) разы болды. Және (Аллаһ) олар үшін астарынан өзендер ағып тұратын, олар мәңгі (тұрақты) қалатын жәннаттарды әзірлеп қойды. Міне, осы-ұлы бақыт"..
## Сахабалар жайлы хадистер
Ислам дінін жаю үшін машақатқа толы қиын жолда өзіне серік болып, бүкіл тауқыметті арқалаған сахабалар жайлы Мұхаммед пайғамбардың хадистері көп. Ол хадистерін бірнешесі төменде келтірілген:
"Менің сахабаларымды жамандап сөз айтпаңыздар. Егер сіздерден біріңіздің Ухут тауындай алтыны болып, оны тұтастай Аллаһ жолында бағыштаса, бұл олардың бір уыстық бағыштарына, тіпті оның жартысына да тең келмейді".
"Адамдардың ең жақсылары менің ғасырымда өмір сүрген сахабалар, содан кейін олардан кейін келген (яғни табиғиндер), содан кейін де олардан кейін келгендер (табаға табиғиндер)...
"Сахабаларым көктегі жұлдыздар секілді. Қайсысына ерсеңіз де тура жолды табасыз".
## Сахабалардың Ислам тарихындағы орны
Сахабалар ғасыры Ислам тарихында «асрус-са'адат» (алтын ғасыр) деп аталады. Себебі, олар тек өздерінің ғана емес, барша Ислам үмбетінің бақыты үшін жан аянбай күресті. Өмірде адамдар арасындағы, қара халық пен басқарушылардың, әр түрлі дін өкілдерімен қарым-қатынаста ("өзі толық болып, көршісі аш жатқан бізден емес", "бір адамның көңілін қалдыру, Қағбаны жыққанмен тең, зыммиге (мұсылмандардың басқаруын өз еркімен қабылдаған, бірақ мұсылман болмаған өзге діндегі) зәбір көрсетсе, маған зәбір көрсеткендей", "Аллаһтың алдында бүкіл адамдар тең" (ұлтына, жынысына, түсіне, қоғамдық жағдайына қарамастан) яғни, қоғамдық өмірдің барлық саласында Исламның басты ұстанымдарын жасампаз дәстүрге айналдырған сахабалар тарихта теңдесіз із қалдырды.
Олар Мұхаммед пайғамбардан естіген, көргендерінің бәрін халыққа жеткізу үшін көп еңбек сіңірді. Сахабалардың арасында аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермес шешен, ділмәр кісілер де бар болатын. Осыған қарамастан олар Мұхаммед пайғамбар сөйлегенде, зейін қойып тыңдап, айтқанына мойынсұнатындықтары соншалық "оның құзырында басымызға құс қонақтағандай сас сақтық танытып, әрбір сөзіне мұқият ден қоятынбыз"-дейді олар.
## Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
Көзі тірісінде Жәннәтпен сүйіншіленген осы он кісіден бөлек басқалар да бар. Алайда есімдері бірге аталған сахабалар осылар. Аттары аталмаған басқа сахабалар жәннатқа кірмейді деген сөз емес. Өйткені сахабаларға Аллаһ тағала разы екендігін білдіретін Құранда көптеген аяттар бар.
### Ашарату мубашшара - сүйіншіленген он
Мұхаммед пайғамбар хадисінде былай деген: "Мына кісілер Жәннатқа кіреді:
* Әбу Бәкір,
* Омар,
* Осман,
* Әли
* Зүбәйір ибн Әууәм,
* Талха ибн Ұбайдуллаһ,
* Сағд ибн Әбу Уаққас,
* Әбу Ұбайда ибн Жаррах,
* Абдуррахман ибн Ауф
* Саид ибн Зәйд
### Он сахабаның туған, қайтыс болған жылдары
## Жәннатпен сүйіншіленген басқа сахабалар
Көзі тірісінде жәннәтпен сүйіншіленген Ашрату мубашшара сахабаларынан бөлек басқада сахабалар болған. Алайда есімдері бірге аталған сахабалар Ашрату мубашшара сахабалары. Аттары аталмаған басқа сахабалар жәннатқа кірмейді деген сөз емес. Өйткені сахабаларға Аллаһ тағала разы екендігін білдіретін Құранда көптеген аяттар бар.. Демек, Аллаһ тағала разы болған құлдарын Жәннатқа кіргізері сөзсіз.
Тірі кездерінде жәннаттық деп сүйіншіленген басқа сахабалар
* Амр ибн әл-Жамух
* Азаншы Біләл әл-Хабаши
* Хасан ибн Әли (Пайғамбардың немересі)
* Хусейн ибн Әли (Пайғамбардың немересі)
* Жағфар ибн Әби Талиб (Жағфар әл-Таййар)
* Әл-Ұсайрим Амр ибн Сәбит
* Ұкаша ибн Мухсин әл-Әсәди
### Намаз оқу нәсіп болмаған сахаба
Әл-Ұсайрим Амр ибн Сәбит, (Арабша: الأصيرم عمرو بن ثابت) - Ұсайрим Ислам дінін қабылдап6 Қаталия шайқасына қатысады. Шайқаста Ұсайрим шейіт болып, намаз оқи алмай кетеді. Себебі күн шыққан соң иман келтіріп, мұсылман болған Ұсайрим, бесін намазының уақытына дейін жете алмай жан береді.
## Әділетті төрт халифа
Алғашқы ислам мемлекетінде Мұхаммед пайғамбардан кейінгі билік басына келген төрт халифа әділдікті орнату, халықты жоқшылық пен азғындықтан құтқару, мейірімділік пен жанашырлық, халықты бір-бірінен бөле-жармай бәріне тең қарау секілді қасиеттері арқылы қайталанбас, біртуар басшылар ретінде адамзат тарихының абыройлы беттеріне ойып тұрып орын алды.Мұхаммед пайғамбар хадисінде былай деген: "Аллаһ сахабаларымды пайғамбарлардан өзге бүкіл адамдардан абзал етті. Әсіресе, мына төрт кісіні: Әбу Бәкір, Омар, Осман және Әлиді қайырлы етті" .
Әділетті халифалардың ел басқарған жылдары-Христиан жыл санағы бойынша
Отыз жылдық бұл қысқа заман "Хулафаур Рашидин дәуірі" (әділетті, турашыл халифалар) деп аталады. Осы уақыт аралығында мемлекет басқару ісінде исламдық басқарудың ең тамаша үлгісі көрсетілді. Төрт халифада ел билеген кезеңінде қарапайымдылық пен кішіпейілділікті паш етіп, жұрт сүйіспеншілігіне бөленді..
## Мәшһүр сахабалар
* Хамза ибн Әбдүлмүттәліп
* Мусғаб ибн Ұмәйр
* Муаз ибн Жәбәл
* Халид ибн Уәлид
* Біләл Хабаши
* Саид ибн Әмир
* Әбу Зәр әл-Ғифари
* Сәлман әл-Фариси
* Абдуллаһ ибн Сәләм
## Ғалым сахабалар
Мұхаммед пайғамбар тұсында өмірін Құран мен хадис үйренуге арнаған, діни мәселелерді шешуде үлкен беделге ие ерекше сахабалар болды. Олар халыққа Құран аяттарын пайғамбардан үйренгендеріндей түсіндіріп, діни үкімдер шығарып, бұқараның руханиятына ықпал етіп отырған. Мұхаммед пайғамбар олардың көбісін халыққа Ислам дінін үйрету үшін жан-жаққа мұғалім етіп жіберген. Бұлардың алғашқысы әділетті төрт халифа. Олардан кейінгі сахабалар өз араларындағы ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді.
### Рижалул Құран-Құран адамдары
Бұлар Құран кәрімді ең жақсы білген, керемет оқыған әрі жатқа білген сахабалар. Олар өмірлерінің, уақыттарының көпшілігін Құран үйретуге арнағандар. Олардың арасындағы мәшһүрлері мыналар:
* Абдуллаһ ибн Мәсғуд
* Сәлім Мәулә Әби Хузайфа
* Үбәй ибн Кағб
* Муаз ибн Жәбәл
* Зәйд ибн Сәбит
* Әбу Мұса әл-Әшғари
* Әбә Зәйд әл-Әуси
* Әмир ибн Фухайра
* Әділетті төрт халифа
Әйелдерден:
* Хазіреті Айша
* Хафса
* Үмму Сәлама
### Рижалул хадис-Хадис адамдары
Бұл топтағылар Мұхаммед пайғамбардан естігендерін жаттап , оның іс-әрекетін қаз-қалпында басқаларға жеткізуді өздерінің басты парызы деп білген сахабалар. Олар Мұхаммед пайғамбардың бірде-бір сөзінің із-түзсіз жоғалып кетпеуіне аса ұқыптылық көрсетіп, кейінгілерге жеткізу үшін барлық күштерін салған. Ең көп хадис риуаят еткен (мыңнан аса) сахабаларға терминологияда "муксируун" делінеді. Олар мыналар:
* Әбу Һурайра - 5374 хадис,
* Абдуллаһ ибн Омар 2630 хадис,
* Әнәс ибн Мәлик - 2286 хадис,
* Хазіреті Айша - 2210 хадис,
* Абдуллаһ ибн Аббас - 1660 хадис.
* Жабир ибн Абдуллаһ - 1540 хадис,
* Абу Сағид әл-Худри - 1170 хадис риуаят еткен.
### Ең көп пәтуа берген сахабалар
Хадис риуаят еткен сахабалармен қоса діни мәселелер бойынша пәтуалар айтқан сахабалар да көп болған. Олардың ең алғашқылары - әділетті төрт халифа. Пәтуалары Ислам тарихына байланысты шығармаларда көрсетілген сахабалардың кейбірі мыналар:
* Абдуллаһ ибн Масғуд
* Муаз ибн Жәбәл
* Үбәй ибн Кағб
* Абдуллаһ ибн Омар
* Абдуллах ибн Аббас
* Зәйд ибн Сәбит
* Хазіреті Айша
### Абдуллаһ есімді сахабалар
Сахабалардың арасында 200-ге жуық, басқа бір риуаят бойынша 300-ге жуық Абдуллаһ есімді сахаба болған деседі. Бұлардың арасында діни мәселе төңірегінде аттары әйгілі 4 абдуллаһ бар. Оларға терминологияда төрт Абдуллаһ мағынасын білдіретін "абадила арбаға" делінеді. Мұхаммед пайғамбар дүниеден озған соң, көптеген мәселенің шешімі жайында Ислам ғалымдары осы төрт сахабаның көзқарастарына көбірек жүгінген. Олардың бір мәселе төңірегінде төртеуінің де бірдей келісімге келуіне "қаулул Абадила" (төрт Абдуллаһтың келіскен пікірлер) термині қолданылады. Ол 4 сахабаның есімдері мыналар:
* Абдуллаһ ибн Масғуд
* Абдуллаһ ибн Зубайр
* Абдуллаһ ибн Омар
* Абдуллах ибн Аббас
## "Дар әл-Арқам" сахабалары
Дар әл-Арқам бин Әби әл-Арқам есімді адамның үйі. Ислам діні ашық жария етіп насихатталғанға дейін Мұхаммед пайғамбар мен оның сахабалары осы жерде жасырынып намаз оқыған. Бұл жерде Омар бин Хаттаб Ислам дінін қабылдаған. Мәсжид Харамда намаз оқып болған мұсылмандар мешіттің осы жерінен шыққан.
Дар әл-Арқамда жиналған сахабалар:
* Әбу Бәкір
* Осман ибн Аффан
* Әли ибн Әби Талиб
* Зәйд ибн Хариса
* Сағд ибн Аби уаққас
* Жағфар ибн Әби Талиб
* Зүбәйр ибн Аууам
* Абдуррахман ибн Ауф
* Талха ибн Ұбайдулла
* Аммар ибн Ясир
* Әбу Ұбайда Амир ибн Жаррах
* Біләл ибн Рабах
* Әбу Хузайфа ибн Ұтба
* Мусғаб ибн Ұмайр
* Сайд ибн Зәйд
* Әбу Зәр әл-Ғифари
* Саһб әл-Руми
* Абдуллаһ ибн Масғуд
* Хабаб ибн әл-Арат
## Құранда аты аталған жалғыз сахаба
Құранда аты аталған жалғыз сахаба – ЗӘЙД ИБН ХАРИСА (575-629)
Зәйд ибн Хариса ұлты Йемендік. Кәлб руынан шыққан және христиан жыл санағы бойынша шамамен 575, басқа дерек бойынша 588 жылы дүниеге келген. Толық есімі Зәйд ибн Хариса ибн Сураһил әл-Кәлби. Сахабалардың арасында Хазірет Пайғамбардың (с.а.у.) сүйіспеншілігіне бөленгендігі себепті әл-Хубб және ұлының есіміне сәйкес Әбу Усама деп те атала беретін. Әкесінің есімі Хариса, ал шешесі Суғда бинти Сағлаба.
## Пайғамбар тірісінде имам болған жалғыз сахаба
Бір күні Мұхаммед пайғамбар денсаулығы жамағатқа намаз оқыта алмастай дәрежеде нашарлап кетеді.
Пайғамбардан намазды кімнің оқытатыны сұралғанда,:– Әбу Бәкірге айтыңыздар, намазда имам болсын! – дейді.
Бұдан кейін ол мұсылмандарға имам болып, он жеті рет намаз оқытты. Тіпті бір таң намазында пайғамбарға имамдық ету бақытына да ие болды.
## Мұхаммед пайғамбар уақытында Құранды жазып алушы сахабалар
Құранды жазып алушы сахабалар аяттарды кез келген қолайлы затқа (қағаз, ағаш, тас, терi, сүйек, т.с.с.) жазып отырған. Ислам деректерiне қарағанда, Құран Кәрімдi хатқа түсiрушiлер саны – жиырма тоғыз болған. Олардың iшiнде төрт халифа Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли және басқа сахабалар:
* Муғауийа,
* Зүбайр ибн әл-Аууам,
* Сағид ибн әл-Аас,
* Амр ибн әл-Аасс,
* Үбәй ибн Кағб,
* Зәйд ибн Сәбит.
## Мұхаммедтің уахи хатшылары
Құран Кәрім Мұхаммедке уахи арқылы түскен. Уахи сөзі - жасырын сөйлесу, сыбырлау, айту, сөйлеу, ишара ету деген мағыналарға келеді. Уахи – Аллаһ тағаланың адамдарға білдіретін илаһи әмірі, жарлығы мен тыйым салуы және басқа да барлық хабарларын Жебірейіл періште арқылы яки бізге беймәлім жолмен тікелей пайғамбарларына жеткізуі . Аллаһ Тағала пайғамбар-елшілеріне кез‑келген қалаған құбылысты не оқиғаны уахи арқылы білдіреді. Уахидің қандай болатындығы мен қалай әсер ететіндігі беймәлім, ол Аллаһ пен пайғамбар арасындағы сырлы сөйлесу халі. Осы уахи етілген Құран аттарын жазыа отыратын хатшы сахабалар болған.
Олардың кейбірі:
* Зәйд ибн Сәбит,
* Муаз ибн Жәбәл,
* Үбәй ибн Кағб,
* Әбу Зәйд,
* Әду Дарда,
* Абдуллаһ ибн Мәсғуд,
* Әли ибн Әбу Талиб
* Осман ибн Аффан
## Пайғамбардың "Құранды мына төртеуінен үйреніңдер" деген сахабалары
Мұхаммед пайғамбар өз сөзінде былай деген: “Құранды мына төртеуінен үйреніңдер:
* Абдуллаһ ибн Мәсғұт,
* Үбәй ибн Кәғб,
* Муаз ибн Жәбәл
* Әбу Һузәйфә.
## Елші сахабалар
## Пайғамбардың азаншы сахабалары
Ибн Омардың айтуы бойынша, Мұхаммед пайғамбардың екі азаншысы болған. Оның бірі – Біләл әл-Хабаши, екіншісі – Абдуллаһ ибн Умми Мактум.
## Сахаба аналар
Ислам дінінің қанат жайып, кең тарауында ер сахабалар қалай қызмет етсе, жаужүрек ұрпақ тәрбиелеп, Аллаһ пен оның пайғамбарының жолында солардан қалыспай шыбын жанын пида еткен әйел сахабалар да болған. Олардың қатарында жәннатпен сүйіншіленіп, Құранда аттары аталып, Мұхаммед пайғамбардың ілтипатына ие болған, һижрет еткен, соғыстарға қатысып ерлік көрсеткен, Аллаһ үшін шейіт болуды аңсаған, қолынан келген жақсылықты аямай, қиындықтарға төзе білген жанқияр сахабалар да бар.
Сахаба аналардың ең әуелгілері ретінде Мұхаммед пайғамбардың өмірін әрлеп, кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге көрсеткен оның пәк жұбайлары келеді. Олар - муминдердің анасы, уахи көктен құйылып түсіп жатқанда пайғамбарға серік болған, Аллаһтың әмірлерін, әсіресе, жанұяға байланысты ой-шұқырлы мәселелерін бізге жеткізген мүбәрак жандар.
Ислам діні келген кезде алғаш иман келтірген адам ол әйел. Ол бақытты әйел - мүминдердің анасы Хадиша.
Тектілік жағынан хазіреті Фатима. Өз дәуірінде ілімі жағынан кемел, діни қызметтерімен пайғамбардың үйреткенін тарату жолында Айша ана өзі бір бөлек төбелік танытқан.
* Хазіреті Хадиша
* Айша Әбу Бәкір қызы
* Фатима - Мұхаммед пайғамбардың қызы,
* Умму Умара
* Сафиия Әбдулмутталиб қызы
* Сүмәйра Қайсқызы
* Сүмәйя Хуббатқызы
* Үмму Айман
## Сахабалардың ең соңғы қайтыс болғандары
* Ақаба келісімнде болғандардан: Жәбир ибн Абдуллаһ ибн Амр ибн Харам
* Бәдір шайқасына қатысқандардан: Әбу әл-Яср Кағб бин Амр
* Мұһажрилерден: Сағд ибн Аби Уаққас
* Меккеде қайтыс болған соңғы сахаба: Абдуллаһ ибн Омар
* Мединеде: Сәһл ибн Сағд
* Куфада: Абдуллаһ ибн Аби Әуфа
* Басрада: Әнәс ибн Мәлик
* Мысырда: Абдуллаһ ибн әл-Харис
* Шамда: Абдуллаһ ибн Бәср
* Хорасанда: Бурайда
## Қазақ тіліндегі сахабалар жайлы кітаптар
* Саңлақ сахабалар. Авторы: Алау ӘДІЛБАЕВ. 2010 жылы «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры» басып шығарды. ISBN 978-601-06-1121-4. Қатты мұқаба, 336 беттен тұрады. Көлемі: 210 x 133 x 20 Тиражы: 25000 дана. Аталмыш кітапта Мұхаммед пайғамбардың соңынан ерген саңлақ сахабаларының өнегелі өмір жолы, Ислам дінін таратуда жұмсаған қажыр-қайраты, көзсіз батырлықтары мен ерен еңбектері тарихи деректермен көркем суреттелген. Кітап жалпы оқырман қауымға арналған. Кітапты Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған. Жалпы редакциясын басқарып, алғы сөзін жазған – Әбсаттар қажы Дербісәлі.
* Сахабалар салған сара жол - 2 томнан тұрады. Авторы Мұхаммед Юсуф Кандахлауи. Кітап Көкжиек баспасынан 1-томы 2010 жылы, 2-томы 2011 жылы шыққан. Аталмыш кітапта Ислам дінінің араб түбегінен бастап төрткіл дүниеге таралуында көп қажыр-қайрат жұмсап, орасан еңбек сіңірген сахабалар өмірі сөз болған. Әрбір сахабаның Мұхаммед пайғамбармен таныстығынан бастап, мұсылмандықты қабылдауына түрткі болған оқиғалар, сол кездегі иман мен күпірдің өзара арпалысы, Ислам нұрының қалай кең тарағаны, ізгі қоғам қалыптастырудағы әрбір сахабаның алар орны, көрсеткен ерліктері мен сол кезеңдегі боямасыз шынайы оқиғалар баяндалған. Кітап жалпы оқырман қауымға арналған. Кітапты Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған.
*
*
*
## Дереккөздер |
Атастыру — қазақ халқының дәстүрлі ғұрыптық салты, қыз бен жігіт ата-аналарының өз балаларын бір-біріне үйлендіру жайында ақ ниет, жарқын үмітпен күні бұрын уәделесуі, жігіт атын қызға, қыз атын жігітке естіртуі. Мұндай келісім ұл мен қыздың жас шағында, тіпті бесіктегі кезінде жасала берген. Егер қыздың ата-анасы ұлдың ата-анасының тілегін қабылдап, өскенде қызын беруге келіссе, қыз бен жігіт атастырылған болып саналып, алдын ала қалың мал төленген. Атастырылған жастар есейе келе міндетті түрде қосылатын болған. Сыралғы адамдар сізден қыз, бізден ұл (немесе керісінше) туса, бас құрғызайық деп, тіпті тумаған балаларын да атастыра берген.
## Дереккөздер |
Атау кере — адамның өлер алдындағы ең соңғы асы; көне заманда қалыптасқан салт. Б.з.б. 2 ғ-ға жататын қытай жазба деректерінде үйсіндерде атау кере ішкізу салты бар екендігі айтылады. (Ханнама. Үйсін туралы зерттеу. Шыңжаң халық баспасы, 1989, 260-261 б.). Онда А. к. “дәм таттыру”, ең соңғы асын ішкізу түрінде көрсетілген. Бұл салт басқа халықтарда да кездеседі. Қазіргі кезде Қытайда өлім жазасына кесілген адамнан соңғы тілектерінің ішінде “не тамақ жегің келеді ?”, — деп сұрайтын әдет бар. Соның негізінде ол адамға қалаған тамағын даярлап береді. Бұл тамақты қытайша: “Ниан йе фан” (“Ғұмырыңның соңғы күнгі тамағы”) дейді. Қытай қазақтары арасында да өлер алдындағы адамның аузына жұбайы немесе ең жақын адамы: “Қолымнан татқан ең соңғы дәмің болсын”, — деп, су тамызады. Олар мұны “атау суы” деп атайды. Қазақтарда “А. көңді іш” деген қарғыс бар. |
«Атамұра», полиграфия, баспа ісі, кітап саудасы бойынша маманданған корпорация. 1992 жылы құрылған.
Президенті баспагер-ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рақымғали Абрарұлы Құл-Мұхаммед. «Атамұра» корпорациясы: «Атамұра» баспасы, «Атамұра» полиграфкомбинаты, транспорт компаниясы, мамандандырылған кітап үйлерінен тұрады. «Атамұра» баспасы барлық полиграфиялық өнімдер - оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар (ОӘҚ), ғылыми, ғылыми-танымдық, көркем-әдеби, энциклопедиялық басылымдар шығаратын әмбебап баспа. Баспа әр турлі тендерлердің, соның ішінде 1997-2000 жылдары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Азия даму банкі ұйымдастырған тендердің жеңімпазы. «Атамұра» «Әліппе» мен «Букварьдан» бастап 1-7-сынып оқулықтарын: қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек тілдерінде және 8-11-сыныптардың балама оқулықтарын қазақ, орыс тілдерінде басып шығарды. 300-ден астам оқулық пен 600-дей оқу-әдістемелік кешендері 43,7 млн дана таралыммен жарық көрді. Баспа ұлы Абайдың 150 жылдығы қарсаңында «Абай» тұлғалық энциклопедиясын басып шығарды. Баспадан Абайдың даналық дұниетанымын саралауға арналған абайтанушы-ғалым, академик Ғарифолла Есімовтің «Хакім Абай» кітабы (1994) және белгілі әдебиетші, абайтанушы-ғалым Қ. Мұқаметхановтың «Абай мүрагерлері» (1995) атты зерттеу еңбегі жарық көрді. «Атамұра кітапханасы» сериясымен елге белгілі ақын-жазушылардың туындылары, қазақ әдебиетінің үздік үлгілері басылып шықты. «Атамұра кітапханасының» көшін Абайдың «Қалың елім, қазағым» өлеңдер жинағы бастады. М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні» атты әңгімелер мен повестер жинағы жарық көрді. Ұлы Мұхаңның 100 жылдық мерекесіне орай «Әуезов және архив» аталатын деректі құжаттар жинағы және Н. А. Анастасьевтің «Трагедия триумфатора» романы басылып шықты. «Әуезов» энциклопедиясы «Атамұра» баспасында әзірленіп, жарық көрді.
## Дереккөздер |
Атаниязов Мырзағұл (1899, бұрынғы Торғай облысы Ақтөбе у. Мұғалжар бол. — 1945, Ақтөбе) — мемлекет және қоғам қайраткері, 1917 жылғы қазақ оқушы жастарының “Жас тілек” мәдени-ағарту ұйымын құрушылардың бірі. Орыс-қазақ уч-щесінде, мұғалімдер семинариясында, Мәскеуде жоғары заң курсында (1923 — 24) оқыған. 1918 — 22 ж. ауыл мектебінің мұғалімі, алғашқы Кеңестерді ұйымдастырушы, Ақтөбе у. және губ. атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. А. 1924 ж. қаңтарда КСРО ОАК Ұлттар Кеңесінің мүшелігіне сайланған 5 қазақтың бірі болып Одақтық басқару орындарында Қазақстанның мүддесін қорғады. А. ұзақ жылдар бойы құқық қорғау органдарында жауапты басшы қызметтер атқарды. ҚАКСР Әділет халық комиссары, Жоғарғы Сот төрағасы, респ. прокуроры болды (1922 — 23, 1925 — 27, 1933 — 35). Ол мемл. құрылысты нығайту істері мен заң мекемелері жүйесін қалыптастыруда айрықша еңбек сіңірді. Ашаршылық жылдары Қазақстанның жер-жеріндегі (Арал, Әулиеата, Алматы, Қордай т.б.) асыра сілтеушілік пен заңсыздықтардың бетін ашты. 1927 — 32 ж. Ақмола губ. және Семей окр. атқару комитеті төрағасы, өмірінің соңғы жылдары БК (б) П өлкелік к-тінде, Қарқаралы окр., Әулиеата ауданы к-терінде басшы қызметтерде болды. Қазақ зиялылары қуғын-сүргінге түскен шақта жалған айыппен тұтқындалып, ГУЛАГ-тың Архангельск лагерінде отырды (1938 — 43). |
Нуритдин Мұхаметқалиұлы Атаханов(31.01.1905, Өскемен қаласы- 20.7.1974, Семей қаласы) - актер, Қазақстанның халық артисі (1958). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
* 1924 - 34 ж. әр түрлі орындарда қызмет атқарған.
* 1922 ж. сахналық жолын Өскемен қаласындағы қазақ-татар труппасының спектакльдеріне қатысудан бастады.
* 1930 - 40 ж. Алматы, Қарқаралы, Қарағанды, Семей, Павлодардағы қазақ театрларында жұмыс істеген.
## Атаханов сомдаған бейнелер
Атаханов сомдаған бейнелер ұлттық болуының айқындығымен, табиғи шынайылығымен ерекшеленеді.
* Абай (М.Әуезовтің "Абай" трагедиясында),
* Кебек ("Еңлік -Кебекте"),
* Казанцев ("Түнгі сарында"),
* Құнанбай ("Абай" бойынша),
* Амангелді (Б.Майлин мен Ғ.Мүсіреповтің "Амангелдісінде"),
* Қодар,Қарабай, Науан, ("Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Ақан сері - Ақтоқтысында"),
* Бекзад (Н.Хикметтің "Махаббат жайындағы аңызында").
## Режиссерлік жұмыстары
Атаханов режиссерлік жұмыспен айналысып, Әуезовтің "Айман - Шолпан" (1936) мен "Түнгі сарын" (1937), Мүсіреповтің "Амангелді", Ф.Шиллердің "Зұлымдық пен махаббат" (1946) пьесаларын және Е.Г. Брусиловскийдің "Қыз Жібек", "Ер Тарғын" операларын қойған. 1958 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Атаханов "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Атбегі — бәйге атын баптайтын адам. Мұндай бапкерлер ата-бабасынан бері жылқыны қадірлеп, қасиетін білетін кісілер арасынан шығады. Ат жаратушыларды Қазақстанның әр аймағында әр түрлі атайды. Орт., Шығыс Қазақстанда “атбегі”, оңт-те “бапкер”, батыста “атсейіс” дейді. Ежелгі түркі халықтарының жазба ескерткіштерінде, “бек” — ұлық, көсем, әкім деген ұғымды білдірсе, бертін келе жеке істі жете білетін кісіні де соның “бегі” деп атаған. Осыдан атбегі, құсбегі деген сөздері шыққан.
## Дереккөздер |
Атбегі — бәйге атын баптайтын адам. Мұндай бапкерлер ата-бабасынан бері жылқыны қадірлеп, қасиетін білетін кісілер арасынан шығады. Ат жаратушыларды Қазақстанның әр аймағында әр түрлі атайды. Орт., Шығыс Қазақстанда “атбегі”, оңт-те “бапкер”, батыста “атсейіс” дейді. Ежелгі түркі халықтарының жазба ескерткіштерінде, “бек” — ұлық, көсем, әкім деген ұғымды білдірсе, бертін келе жеке істі жете білетін кісіні де соның “бегі” деп атаған. Осыдан атбегі, құсбегі деген сөздері шыққан.
## Дереккөздер |
Ат байлар — күйеу жігіт қалыңдығының аулына тұңғыш рет барғанда орындалатын кәде. Күйеу қалыңдық аулына алғаш келгенде ауылға баса-көктеп кірмей, алыстан аттан түсіп, ізет білдіреді. Күйеу атын қарсы алушылардың біреуі жетелеп апарып байлайды. Осы үшін күйеу кәде береді. Бұл кәде көшпенділердің қадым замандағы бір-бірімен келіссөзге, бітімге келгенде қару-жарақтарын шешіп, аттарынан түсіп жаяулап барып жүгініске отыру дәстүрінен қалған.
## Дереккөздер |
Аткаштан тұқымдасы (Hіppocastanacеae) — көп жылдық ағашты өсімдіктер. Қазақстанда Күнгей, Іле Алатауында, Батыс Тянь-Шаньда кездеседі. Аткаштан тұқымдасының Аткаштан (Aesculus) туысы, оның бір ғана түрі — кәдімгі Аткаштан (A. hіppocastanum) бар. Биіктігі 30 м-дей, жуан діңі шеңбер не пирамида тәріздес, қабығы қоңырлау сұр келеді. Саусақ салалы жапырақтары қарама-қарсы орналасады. Тостағанша, күлте жапырақтары, аталығы бес-бестен, ал аналығы біреу және ол 3 жеміс жапырағынан тұрады. Гүлі алғашқы кезде сары болады, кейін оған қызғылт дақ түседі. Сәуір — мамыр айларында гүлдеп, қыркүйек — қазанда жеміс береді. Жемісі — 3 тұқымды қауашақ. Аткаштан тұқымдасы — саябақтарда, көшелерде сән ағашы ретінде өсіріледі. Тұқымы мал азығына пайдаланылады. Оның қабығында илік заттар бар. Сүрегі жеңіл, ағаш бұйымдарын жасау үшін қолданылады.
## Сілтемелер
* Атжалман
* Атжақсы
* Атеринотәрізділер
## Сыртқы сілтемелер
* Семейство КОНСКОКАШТАНОВЫЕ (HIРРОСASTANАСЕАЕ) Мұрағатталған 13 мамырдың 2012 жылы.
* Семейство Конскокаштановые — Hippocastanaceae Мұрағатталған 14 қазанның 2011 жылы.
## Дереккөздер |
Атжәмші , жәмшік — лау атын айдаушы; жолаушыларды, хат-хабарларды бекеттен-бекетке жеткізіп тұратын лау аттарын ұстаушы адам. Қазақ жерінде 12-13 ғасырларда сауда жолында тұрған керуен сарайлары мен кіре тартатын аттарды “йам” деген. Түркі тілдерінде кейбіреулерінде “и” дыбысының “ж” дыбысымен алмасуына байланысты қазақ тілінде “йам” сөзі “жам” (жәм) аталған. Орыс тіліндегі орыс. ямщик те осы “йам” сөзімен түбірлес. Осыдан келіп жегілген аттарды айдаушы деген мағынаны білдіретін атжәмші атауы қалыптасқан.
## Тағы қараңыз
* Атқосшы
## Дереккөздер |
Атарман — атқыш; садақ, мылтық атушы жауынгер. Көшпелі халықтарда әр заманда да садақпен, мылтықпен қаруланған француз королінің мушкетерлары (мылтықшылары), орыс патшасының стрелецтері (атқыштары сияқты) арнаулы әскер қосындары, атқыштар бөлімдері болған. Түркі халықтарында бұл әскери бөлімдердің тікелей ханға бағынуы олардың басқа әскерден ерекше болғанын көрсетеді. Ұрыс кезінде бұл бөлімдер қашан да маңызды рөл атқарған. Мұндай әскери бөлімдер хан жасағында құрылып, ханның түрлі жарлықтарын, әскери тапсырмаларын орындайтын болған. Атаман, аламан, қаһарман сөздері сияқты ерте кезде А. сөзі де тіліміздегі әскери атау болған. Қазір атарман-шабарман сөздерінің тікелей мағынасы жоғалып, тек ауыспалы мағынасы ғана сақталған. Көшпелі халықтардың дәстүрлі бейнелеу өнерінен садақ, мылтық атушы адамдардың бейнелерін жиі кездестіруге болады.
## Дереккөздер |
Атқамінер — ел басқарушы қызметкердің ауызекі тілдегі жалпылама атауы. Халықтық дәстүрлі түсінікте олар кейде жағымды, кейде жағымсыз айтылады. Атқамінерлердің арасында өз ауылын, ұжымын пайдалы істерге жұмылдырғандары көп болды. Олардың мұндай қызметі ел шетіне жау тигенде, ашаршылық, жұт келгенде, ұжымдық шаруашылық, қоғамдық құрылыстар жүргізгенде т.б. жағдайларда айқын аңғарылған. Белгілі бір топтың немесе өзінің пайдасын ойлап кеткен атқамінерлер халық арасында жағымсыз әсер қалдырды. Әсіресе, кеңес дәуірінде солақай саясат ықпалымен елдің болашағын, халықтың тағдырын ойламай асыра сілтегендерді “шолақ белсенділер” деп те атаған.
## Дереккөздер |
Жүйрік баптау – бәйгеге қосу үшін кешенді әдіс-тәсілдермен жүйрікті жарату.
## Аттың жүйрік болар белгілері
Қазақтың көреген сыншылары, көзіқарақты атбегілері кез келген атқа ден қоймайды. Алдымен оның тұқым-тегіне, бітім-нышандарына назар аударып, көңілінен шықса ғана баптап, күйін табуға кіріседі. Жақсы жылқының бойынан құмартып қайталайтын белгілері мынадай болып келеді: омыртқасы шығыңқы бітеді, кең тынысты, сағақты болып келеді, тұсарлығынан адырая көрінетін жуан сіңірді оңай аңғаруға болады, томардай болып біткен шоқтығы да көзге бірден түседі, тұтаса біткен кең кеудесі сирағын қысқа сияқты көрсетеді. Білгір атбегілер жүйрік аттың тісіне дейін қарап, егер күрек тіс қатары мен азу тіс қатарының арасындағы кетік алшақ болса, оны да жақсы қасиеттің бір нышанына балайды. Шын жүйрікті мінез-бітіміне қарай да тануға болатын алуан түрлі ұғымдар бар. Атты суытқанда артқы екі аяғына кезек-кезек салмақ салып, тұяғының ұшын ғана тіреп тұратын қасиетін атбегілер жақсы белгіге санайды. Аттың аяғы әлді болса ғана бір аяғына салмақ салып, тезірек тынығуға мүмкіндік алады. Немесе, жайылса желдеп жайылатын, су ішсе судың тұнығын қуалап ағысты өрлей ішетін, оттаса көк-құрақты қомағайлана қарбытып, дәл түптен қауып оратын, жетектесең ботадай елпілдеп соңыңнан еретін жетекшіл мінезін нағыз атбегілер хас жүйрікке тән қасиетке балаған. Міне, осы сияқты жылқының толып жатқан қасиет белгілеріне көңілі толған атбегі әрі қарай таңдаған пырағын баптауға кіріседі.
## Жүйрікті бағып-қағудың әдіс-тәсілдері
Жүйрікті құлынынан танып, тайында жуасытып ақжілік қылып, сүйегін жасытпай өсіру – болашақ бәйге атын жаратудың алғы шарттары. Осылайша бапкер болашақ жүйрікті тайында тайжарысқа, құнанында құнанжарысқа баптап қосып қолтығын ашып, бағын сынайды. Тай, құнанында жүйрікті жер танытып қолтығын жазады. Шабыс жолында жылға, жыра, ор мен ылди, саз бен құмайт тастақ жерлер кездесіп отырады. Бапкерлердің айтуынша, құнан мен байталды көктемде бір, күзде екі рет қана бәйгеге қосқан жөн. Бәйгеге қосу аралығы 40-45 күннен кем болмауы тиіс. Құнанжарыста алдыңғы қатардан көрінсе, дөненінде күйлі-қоңды шығарып, қанын түзеп баптайды. Бапкер бастапқы жылдары атты қинамай, күшін әлсіретпей, күйлі ұстайды.Жер жағдайының, күн райының ерекшелігіне қарай бапкердің күнделікті бағып-қағуына, әдіс-тәсілі әрқилы болады. Әдеттегі бәйгеге қосылатын атты күзде бос жіберіп, қоңын көтеріп, қыста қолға алып шөппен, сұлымен бағып, етін қалыпты жағдайда сақтау немесе өріске жіберіп қар тепкізіп алу аттың аяғына қан түспеуі үшін тиімді. Қыстай қолда бағым-күтімде болып, еті орташа шыққан бәйге атын, бапкердің айтуынша, көктемде көкке бірден жібермеу керек. Әйтпесе, аттың күйі бірден төмендеп кетеді. Сол үшін шілдеге дейін қолда ұстап әбден шөп пісті-ау дегенде бір жарым, екі айдай жайылымға жіберіп, қызылы толғанда ғана ұстап жарату керек. Қыста өте семіз шыққан жағдайда бәйге атын мамыр айына таман он бес-жиырма күн жайылымға қоя беріп, көк шалдырып, майынан арылтып барып жарату, қызылмай, қанжілік болудан сақтайды. Мұндай атты жаратуға кемінде бір ай уақыт қажет. Бағып-қағылған аттың ішінде май болса жүні жылтырап, майланып тұрады. Семіз атты басында екі-үш күнде бір суғарып, еті қатқан кезде күніне екі рет суару, әр реткі суаруда ат су ішіп бір рет басын көтергенде суаруды тоқтату керек. Күтімелдеу барысында ат ұсталғаннан үш күннен кейін әр күн кеште бусандырмай бір сағат міну, аттың топқазы болуынан сақтайды деседі.
## Жүйрікті жаратудағы әдіс-тәсілдер
Бағып-қағуы, күтімі жеткен кезде бапкер бәйге атын жаратуды бастайды. Бағып-қағуы жеткен жылқы сүйегін түзеу, етін түзеу, терін түзеу деп аталатын "үш түзеуден" өтеді.
### Сүйегін түзеу
Алдымен бапкер бәйгеге түсер жүйріктің сүйегін түзейді. Мұндайда көбінесе сұлы, кепкен жоңышқа беріп жілік майын ағартады. Осыдан соң етін түзеп, шабар етіне келтіреді. Жүйрікті аз мініп, көп байлайды. Ара-тұра арқандап тұрады. Мұндайда жүйріктің еті қазыланбай қара еті жақсы жетіледі.
### Етін түзеу
Жылқы қара етті, май етті болып бөлінеді. Қара етті ат сырттай семіз көрінгенмен майы аз болады. Бапкер тәжірибесі болмаса қара етін жетілдірем деп қазыландырып алады. Ал, керісінше май етті (қызылаш) аттар көзге арық көрінгенімен, ішіне май жинайды. Бұндай аттарды еті түзелді деп алданып қалса, жарауы жетпей, бәйгеде тер басып, жолда қалады. Мұндай жолда қалған аттарды майбауыр немесе топқазы деп атайды. Бапкер, сөйтіп, бәйге атының қарызын арқалап қалады. Шабар аттың солқылдақ жалы болуы, шақпақ еті шалбарлы бүтін болуы шарт.
### Терін түзеу
Бапкер келесі кезекте жүйріктің терін түзеуге кіріседі. Алдымен еті қалыптылары 10 күн, еттілерін 15 күннен кейін 2-3 шақырым жерге жай жүріп бусандырып таң асырып, суытады. Одан кейін арасына 4-5 күн аралатып 3-5 шақырым желдіріп көбік терін, кейін 3-4 шақырым қаражарысқа қосып қамау терін (ащы терін) алып таң асырады. Аттың алыс-жақынға жүгіретін өлшеміне қарай 5-10 шақырымдық қара жарысқа қосып тұнық терін (моншақ терін) алып таң асырады. Жақсы суытылған ат 5-тен 9-ға дейін құмалақтайды. Егер жүйрік қайыруы жетпей тоқжарау шапса тезегі аударылып өліп кетуі мүмкін. Өйткені, жылқының тоқішектегі тезегінің үлкендігі жас бала жұдырығындай және төрт бұрышты болады. Ол күшпен аударылып кеткенмен порымын өзгерте алмай ішекте қалады. Тер алған сайын бапкер аттың терін татып көріп қандай қалыпқа келгенін байқап отырады. Сөйтіп, бапкер тер түзеуде жүйріктің тынысын кеңейтіп қана қоймай, сіңірін бекітіп, қолтығын жазады.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Керімбаев Д. Қазақстанның жылқы шаруашылығы. Алматы: Қайнар, 1968;
* Қалиасқарұлы Қ. Баян-Өлгий қазақтарының ауыз әдебиеті. Өлгий: 1969;
* Тоқтабай А. Қазақ жылқысының тарихы. Алматы: Алматыкітап, 2010;
* Ер қанатында. Жинақ. Құраст.: Аупбаев Ж. Алматы: Қайнар, 1987;
* Сартқожаұлы Қ., Айдаубайұлы Қ. Сәйгүліктер (этнографиялық зерттеу) // Жұлдыз. 1995. №1. 153-172-бб.;
* Хинаят Б. Бап пен жарату үйлеспеуден пайда болатын жылқы аурулары // Маңмаңкер (Республикалық Ұлттық ат спорты Федерациясының журналы). 1999. №1. 45-49-бб. |
Томас Уитлам Аткинсон (06.03.1799, Йоркшир — 13.08.1861, Кент қаласы) — ағылшын саяхатшысы, суретші.
1848 — 52 ж. Қазақстанның бірқатар жерлерінде болып, тарихи-этнографиялық, географиялық зерттеулер жүргізген. Жеті жылға жуық уақыт бойы ол қазақ даласын аралап, отанына оралған соң өзінің саяхаттарын түрлі суреттермен безендірілген шығармаларында баяндады. Томастың 1858 ж. Лондонда жарық көрген “Шығыс және Батыс Сібірдегі зерттеулер” атты екі томдық еңбегінде Семей, Аягөз, Қапал, Алматы қалалары мен бекіністеріндегі тұрғындардың шаруашылығы, қазақтардың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, билеуші топтары арасындағы талас-тартыс, Шыңғыстау күміс кені, балыққа бай Зайсан көлі жөнінде көптеген деректер бар.
1860 ж. “Амудария бойымен саяхат” атты кітабы жарыққа шықты. Онда қазақ қоғамын іштей жегідей жеп жатқан “барымта” дегеннің куәсі болдым дей келіп, “Түнгі ауылға шабуыл”, “Аттылы қырғыздардың ұрысы” атты суреттер жариялады. Соңғы суретінде қазақтардың сол кездегі қару-жарағы (айбалта, найза) бейнеленген. Қазақтардың киімін, тамағын, қысқы киіз үйін суреттеп, бұл жөнінде бірнеше этногр. гравюралар, көп мағлұматтар қалдырды. Алатаудың солтүстік беткейінде, Зайсан мен Балқаш аралығында кездескен түрлі обалар мен көне зираттардың құрылысын сипаттап жазды.
1848 ж. маусымда “көкжал” атанған Барақ сұлтан Шүрекұлымен (1813 ж.т.) кездеседі. Томас Аягөз өңірінде қазақ ақынымен жүздесуі туралы мынадай жолдар жазған: “Өткен өмірдегі батырлық туралы мына ақынның жырын бақташылардың ықылас қоя тыңдағаны соншалық, тіпті кезінде Гомер де мұндай ілтипатқа бөленбеген шығар. Қазақ ақынының өз халқына ықпалы Гомердің гректерге ықпалынан мысқалдай кем емес. Бастапқыда таулар мен далалардың сұлулығы, қазақтың сәйгүліктері туралы жырланғанда тыңдаушылар үнсіз-ақ отырған-ды, ал даңқты айқастар туралы жырлай бастағанында олардың жүздері өзгеріп сала берді. Тіпті кейбіреулері орындарынан атып тұрып айбалталарына жармасты... Міне, сауаты жоқ дала жырауларының өз бауырластарының жан-дүниесін баурап алар күші осындай. Оның шабытты өлеңдерін мен ұзақ тыңдадым”.
Томас дала тұрғындарының ақындық рухына, моральдық түсінігінің жоғарылығына, түрлі жер аттарына (Қаракөл, Қалмақтау, Ақтас, Ертіс т. б.) байланысты аңыз-әңгімелерді баяндайды. Сүйік пен Айғаным арасындағы сүйіспеншілік, Сүйіктің Айғанымды алып қашуы, Айғанымның қамысты көл жағасында жолбарыстан опат болуы туралы халық арасында ертеден келе жатқан аңыз желісін баяндауы да ағылшын авторының қазақтардың рухани мәдениетіне жіті назар аударғанын көрсетеді.
## Сыртқы сілтемелер
* Градостроение » Аткинсон, Томас Уитлам(қолжетпейтін сілтеме)
* АТКИНСОН, Томас Уитлам (1799—1861) - Сибирская Советская Энциклопедия(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Атқарушы билік — “биліктің тармақталуы” заңдарына сәйкес құқық қолданушы билік. Оған парламенттің яғни заң шығарушы биліктің қабылдаған заңдарын атқару міндеті жүктеледі. Атқарушы билік жетекші, бірінші билік ретінде саналатын заң шығарушы билікке тәуелсіз. Атқарушы билік не президентке — мемл. басшысына және үкіметке (президенттік респ-ларда), не мемлекет басшысына (парламенттік елдерде) тиесілі болады. ҚР Конституциясында республикасының Атқарушы билікгін Үкіметтің жүзеге асыратындығы, атқарушы органдар жүйесін басқарып, олардың қызметіне басшылық жасайтындығы көзделген. Үкімет өзінің бүкіл қызметі үшін ел Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ Конституция бабында көзделген реттерде Парламентке есеп береді. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституция заңмен белгіленеді (64-бап). Атқарушы билік заң шығарушы бастаманың қайнар көзі ретінде, әрі парламенттің заң шығарушылық қызметіне нәтижелі әсер ете отырып, заң шығарушы биліктің өз уәкілеттерін ойдағыдай жүзеге асыруына тікелей ықпал етеді.
## Дереккөздер |
Ат құйрығын кесісу — араздасу белгісі. Екі адам қатты араздасып, көріспестей болса, атының құйрығын шорт кесіп тастайды. Мұндай рәсімнен кейін қазақтар тіпті, торқалы той, топырақты өлімде де ымыраға келіспейді. А. қ. к. көшпелі халықтар ішінде моңғолдарда да кездеседі. Араздық белгісін ат кекілін кесісу арқылы білдіретін де әдет бар.
## Дереккөздер |
Атқарушы және билік жүргізуші органдар — Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару органдарының жетекші буыны. Оған ҚР Үкіметі, респ-ның министрліктері, мемл. к-ттер мен идаралары (ведомстволар), жергілікті атқарушы органдар, мемл. мекемелер мен кәсіпорындардың әкімш-тері жатады. Мемл-тің әлеум.-экон. саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуінің негізгі бағыттарын белгілеп, олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді; мемл. меншікті басқаруды ұйымдастырады; сыртқы саясатты жүргізу шараларын іске асырып, респ. заңдарымен белгіленген басқа да міндеттерді атқарады. Бұл органдар өздерінің атқарушылық және билік жүргізушілік қызметтерінің мазмұнына орай мемл.-өкіметтік уәкілеттіктерді, яки, құқықтық актілерді шығару және оларды жүзеге асыру құзіретін иеленеді. Тұтастай алғанда, бұл органдарға дербес құқық шығару, құқық қолдану және құқық қорғау уәкілеттері берілген. А.ж.б.ж.о. қызметінің заңға бағыныштылығы — олардың құқықтық ахуалының ең басты мәні. Олар өздерінің атқарушылық және билік жүргізушілік сипаттағы қызметтерін Конституцияның, заңдардың талаптарына сай, өз құзіреттерінің шегінде атқаруға тиіс. |
Атлант маңы ойпаты — Америка Құрама Штаттарының шығысындағы ойпат. Атлант мұхитын жағалай, Флорида түбегінен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Ені 30 км-ден 350 км-ге жетеді. Негізінен теңіз шөгінділерінен (әктас, құмтас, саз т.б.) түзілген. Жер бедері тегіс (ең биік жері 100 м), жағалауға жақын жері сазды-батпақты келеді. Климаты субтропикалық муссонды, ал Флориданың оңтүстігінде – тропикалық. Орташа температурасы қаңтарда 0°С-дан (солтүстігінде), 20°С-ға дейін (оңтүстігінде), шілдеде 22–28°С аралығында. Жауын-шашынның мөлшері 1000-1400 мм. Қарағай мен емен ормандары басым, батпақты жерлер де кездеседі. Атлант маңы ойпатына мақта, темекі, көкөніс пен жеміс-жидек өсіріледі. Тұрғындары тығыз орналасқан. Ірі қалалары: Нью-Йорк, Филадельфия, Балтимор, Вашингтон т.б. |
Атжал — егістік танабында жыртылмай қалған аралық немесе пішен шапқанда тік қалған шөп, не орылмай қалған егін масағы. Егіс аралығындағы атжалға зиянды жәндіктер ұя салып, көбейіп өсіп-өнеді, бұл әр түрлі өсімдік кеселдерінің тарауына себеп болады. Сондықтан егістікте не шабындықта қалған атжалды қол шалғымен орып алу керек.
## Дереккөздер |
Атлас таулары (араб.: جبال الأطلس; гр. Ἄτλας) — Африканың солт.-батысындағы тау жүйесі. Атлас таулары Жерорта теңізі жағалауындағы Алжир, Марокко, Тунис мемлекеттері аумағында орналасқан. Ол оңттүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 2000 км-ге созылып, бір-біріне параллель жатқан бірнеше жоталар тізбегінен тұрады. Солтүстігіндегі Эр-Риф және Тель-Атлас жоталары неогендегі альпілік қатпарлану кезінде көтерілген. Тау жүйесінің қалған бөлігі палеогон және неоген дәуірлеріндегі жаңа тектоник. қозғалыстар әсерінен әр түрлі дәрежедегі көтерілуге және майысуға ұшырап, күрделі құрылымды жер бедері пішіндері қалыптасқан. Атлас тауларының ең биік нүктесі — Тубкаль тауы (4165 м). Орташа ауа температурасы қыс айында 10–13°С, жазда 26–28°С. Жылдық жауын-шашын мөлшерінің ең жоғарғы көрсеткіші 1800 мм, (Үлкен Кабилия массиві) және ол оңт-ке қарай 400 мм-ге дейін азаяды. Таулар Азор максимумының ықпалы салдарынан ыстық әрі құрғақ болады. Өзендері негізінен жаңбыр суымен толығады, қыста суы мол болады, көпшілігі жазда құрғап жатады. Ірі өзендері — уэд Шелиф және уэд Мулия. Эр-Риф пен Телль-Атлас тауларының 1200-1300 м биіктігінде мәңгі жасыл орман өскен, одан әрі 1700 м дейін аралас орман, 2200 м биіктікке дейін қылқанды орман, (Атлас самырсыны) төменгі сатыда каштан, жабайы алмұрт, жабайы жүзім, ломонос лианасы өседі. Одан да биікте аласа аршалы бұталар мен жалаңаш жартастар кездеседі. Жануарлар дүниесі адам әрекеті салдарынан өте жұтаңдаған. |
Атмачиди Аким Иванович (22.09.37, Краснодар өлкесі, Джубга с.) — өндіріс ұйымдастырушысы, инженер-экономист. Халық қаһарманы, “Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы” (1982).
Жамбыл (қазіргі Жамбыл технологиялық институты) технологиялық институтын сырттай бітірген (1976). 1959 ж. Семей қаласындағы 1-темір-бетон құрастыру комбинатында техник-лаборант ретінде еңбек жолын бастап, түрлі өндірістік қызметтерді атқарған. 1907 — 95 ж. аралығында осы кәсіпорынның бас директоры болған. Осы кезеңде ол басқарған кәсіпорын құрамында әр түрлі үлгідегі темір-бетон конструкциялары мен бұйымдарын өндіретін 3 комбинаты, 3 зауыты бар ірі бірлестікке айналды. 1995 ж. Атмачиди “Семей” қаржы-өнеркәсіп тобының президенті болып сайланды. Ол басшылық еткен уақыттың ішінде бірлестік өнім шығару көлемін 21 еседен аса ұлғайтып, респ-дағы базалық салаға айналды. Технологиясы жетілдіріліп, өндірістік процестері автоматтандырылды.
Қазақстан Президентінің 1995 ж. 29 желтоқсандағы Жарлығымен өндірісті ұйымдастыруға сіңірген аса зор еңбегі, республика құрылыс кешенінің дамуына қосқан жеке үлесі үшін А-ге “Халық қаһарманы” атағы беріліп, “Алтын жұлдыз” ордені тапсырылды.
## Дереккөздер |
Атмайы — дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан салт. Бай, дәулетті адамдар тұрмысы жұтаң, жоқ-жітік, ағайын-жекжаттың, ауылдастарының әл-ауқатын көтеру, жәрдем беру мақсатымен оларға уақытша пайдалануға мал бөліп берген. Көшпелі шаруашылықты ұйымдастырудың табиғи-геогр. ерекшеліктерінен туындаған бұл дәстүр біртіндеп әлеум.-құқықтық нормаға айналған. А. ретінде алынған мал өзара келісімге орай иесіне жалқы күйінде, яки, бұрынғы санымен, кейде өсімімен, яки, төлімен қайтарылуы мүмкін. Кгер әл-ауқаты жақсарып, дәулеті жете тұра, борышкер А-н қайтарылып бермесе, малдың түп иесі билер сотының төрелігіне жүгінуге құқылы болған. Бірақ, бұл сирек кездескен. “Малым — жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы” деген тәмсілді қағида тұтқан қазақ халқы А-н келісілген мерзім ішінде қайтаруды адамгершілік парыз санаған.
## Дереккөздер |
Атой салу — Елге жау тигенде немесе жауға қарсы шапқанда айбат шегіп, сес көрсететін әрекет. Сарбаздардың аттарын ойқастата қырға шығуы. Батырлардың қарсыласын жекпе-жекке шақыратын айбынды әрекетін де атой салу дейді.
## Дереккөздер |
Атом өнеркәсібі — уран кенін өндіру, өңдеумен шұғылданатын, одан атом энергиясын (ядролық энергияны) өндіретін және сол энергияны пайдаланып жұмыс істейтін өнеркәсіп саласы. Ядролық энергия өнеркәсіпте, ғылымда, медицинада және басқа салаларда пайдаланылады. Дүн. жүз. тәжірибеде А. ө-нің әскери және азаматтық бағыттары қалыптасқан. А. ө. атом ядросының ыдырау процесінен туатын энергияны пайдалану принципімен жұмыс істейтін атом электр стансасын (АЭС) салу, ядролық энергияны пайдаланып кеме, поезд жүргізуге және самолет, ракета ұшыруға арналған қондырғы — атом қозғалтқышын жасау негізінде дамыды. А. ө. 50-жылдардың орта шенінде, атап айтқанда, 1954 ж. бұрынғы КСРО-да (Обнинск қ.) тұңғыш АЭС (қуаты 5 Мвт) іске қосылғаннан кейін жеке өнеркәсіп саласы болып қалыптасты. Бұдан кейін Колдерохоллда (Англия, 1956), Шиппингпортта (АҚШ, 1957) АЭС-тары іске қосылды. 1997 ж. барлығы 437 АЭС жұмыс істеді. Олар дүн. жүзіндегі электр қуатының 17ы-ін өндірді. Қазақстан уран қорының молдығы жөнінен дүн. жүз-де 1-орынды иемденеді. 50-жылдардан бастап Қазақстандағы 20 кен орнында уран өндіру жұмыстары жүргізілді.Қазақстанның барлық аймақтарында уран өндірумен айналысатын өндіріс орындары бар. Олардың ең ірілері: Тың тау-кен химия комбинаты (Орт. Қазақстан), Ертіс химия-металлургия зауыты (Шығыс Қазақстан), Каспий жағалауы тау-кен металлургия комбинаты (Батыс Қазақстан), Оңтүстік Қазақстан кен басқармасы, т.б. Қазақстандағы тұңғыш АЭС Ақтау қаласында салынған (1973) шапшаң нейтронмен жұмыс істейтін БН-350 реакторы бар энергия комбинаты. Ол Маңғыстау облысын энергиямен жабдықтайды, сондай-ақ, әлемдегі су тазартатын бірден-бір атомдық қондырғы болып табылады (реакторды 2003ж. тоқтату көзделген). Бұдан басқа Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығында 4 зерттеу реакторы жұмыс істейді. Оның 3-еуі Курчатов қаласының маңында, 1-еуі Алматы қаласының жанындағы Алатау қалашығында орналасқан.
## Дереккөздер |
Атом электр станциясы (АЭС), ядролық электр станция — атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы.
АЭС ядроның нейтрондармен әсерлесуінен туатын энергия көмегімен жұмыс істейді. Ядролық реакторда жылу шығарғыш элемент — цилиндр немесе пластинка түріндегі ядролық отын, нейтрондарды баяулатқыш және бөлінген жылуды тасушы (су, газ, сұйық металдар) заттар орналасады. Реакторда бөлінген жылу жылуалмастыру қондырғысына беріледі. Соңғы екі қондырғы АЭС-ның ішкі тұйық контурын құрайды. Жылуалмастырғыш арқылы жылу сыртқы контурға бу түрінде беріледі. Бу турбинаны қозғап, электр генераторын жұмысқа келтіреді. Осы заманғы АЭС-ларындағы турбиналар аса қыздырылған бумен жұмыс істейді. Ядролық отын ретінде уран (233U, 235U, 238U), плутоний (239Pu ), торий (232Th) изотоптары пайдаланылады. Бұлардың жылу шығарғыштық қабілеті өзара бірдей, ал кәдімгі отыннан (көмір, мұнай, газ) бірнеше млн. есе артық. Мыс., 1 кг уран 2.1010 ккал энергия береді. Бөліну реакциясының үздіксіз жүріп отыруына қажет ядролық отынның ең аз мөлшері кризистік масса деп аталады. Реактордың типіне, конструкциясы мен отынның түріне қарай кризистік масса 1 кг-нан бірнеше тоннаға дейін жетеді. Дүние жүзіндегі ең алғашқы АЭС 1954 ж. Обнинск (КСРО) қ-нда салынды. Оның қуаты 5Мвт болды. Кейін Колдерохоллда (Англия) қуаты 60 Мвт, Шиппингпортта (Америка) АЭС-тары жұмыс істей бастады. Америкада тұтынуға қажетті барлық электр энергиясының 23е-ін, Францияда 75--ін, Жапонияда 48--ін АЭС береді. Кейбір елдерде жедел нейтронмен жұмыс істейтін тиімді реакторлар іске қосылған. Оның ең алғашқыларының бірі Қазақстанда салынған. Ол Ақтау қаласын тұщы сумен, электр энергиясымен қамтамасыз етеді (қ. Энергия комбинаты). 20 ғ-дың ақырында дүние жүзіндегі АЭС-тердің жалпы қуаты 500 000 Мвт жетті. Ядро энергиясынан электр тогын тікелей (турбинасыз, электргенераторсыз) алу жолдары да зерттелуде. Әсіресе, термоядролық энергияны игеру ісіне халықар. қауымдастықтар ат салысуда. Ондай АЭС-тер адам баласының тұтынуына қажет энергия мәселесін түпкілікті шешетін болады. |
Ат омырауластыру - ұлттықойын. Көгалда немесе борпылдақжұмсақ жерде өткізіледі. Ойынға екіадам шығады, жалпы ойнаушыларсаны шектелмейді. Он шаршы метрдей ашылған шеңбердің ішінен аттарымен бірін-бірі итеріп шығаруыкерек. Қайсысының атының екі аяғы шеңбер сызығының сыртында қалса, сол ойыншы ұтылған болып есептеледі. Ойынға сайланыпшыққан жігіттердің бәрі қатысады.Қолдарында ештеңе болмауы, атүстінде біріне-бірі қол тигізбеулері,тек аттардың ғана күш сынасуғақосылулары керек.
## Дереккөздер |
Атом кеме — ядролық күш қондырғысы орнатылған кемелердің (су үстіндегі, су астындағы) жалпы аты. Әр түрлі мақсатқа пайдаланылатын азаматтық және әскери А. к-лер (мұз жарғыштар, танкерлер, сүңгуір кемелер, авиатасығыштар т.б.) бар. Алғашқы А. к. 1959 ж. КСРО-да (“Ленин” мұзжарғышы) жасалды. Кейінгі жылдары “Арктика” (Ресей), “Саванна” (АҚШ), “Отто Ган” (Германия), “Муцу” (Жапония) т.б. тасымалдық-экспедициялық А. к-лері, сондай-ақ ядролық күш қондырғысымен жабдықталған әскери сүңгуір қайықтар қатары көбейді.
## Дереккөздер |
Атом энергиясы институты , Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының, 1993 ж. Қазақстан ғылым академиясының Ядролық физика институтының бөлімдері мен лабораторияларының негізінде құрылған. Курчатов (Семей қ.) және Алматы бөлімдерінен тұрады. Атом энергиясы институтының Курчатов бөлімінің құрылымында ИГР (графиттік зерттеу реакторы) кешені және 4 ғылыми-зерттеу бөлімшесі, ал Алматы бөлімінде ВВР-К зерттеу реакторы және 5 ғыл. лаборатория бар. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары: атом энергетикасының қауіпсіздігі, қатты дененің радиациялық физикасы және реакторлық материалтану, ғыл. жағынан кең қамтылған ядролық технологияларды халық шаруашылғ5ына ендіру т.б. Атом энергиясы институтының 1-кезектегі міндеті — реакторда жүргізілетін зерттеулерді Қазақстанның экон. мүдделеріне сай қайта бейімдей отырып, реакторларды жетілдіру. Атом энергиясы институтында Г.А. Батырбеков, Е.С. Бекмұхамбетов, Д.К. Дәукеев, К.Домбаев, Ж.Р. Жотабаев, Д.И. Зеленский, В.И. Плотников т.б. белгілі ғалымдар қызмет атқарады.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Атом энергиясы өнеркәсібі 2 - Интернет Каталог Бизнес Қазақстан Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. |
Атом энергиясы жөніндегі агенттік , Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Ғылым академиясының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі — атом энергиясын пайдалану және ядролық қаруларды таратпау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын басқару органы. ҚР Президентінің 1992 ж. 15 мамырдағы Жарлығымен құрылған. Агенттік өзінің уәкілеттеріне сәйкес ядролық қызметті жүргізу жөніндегі өтініштерді қарап, лицензия береді; лицензия шарттарының сақталуына мемлекет қадағалау орнатып, ядролық қызмет саласында қолдануға міндетті құжаттар тізімін бекітіп, қағидалар мен принциптерді анықтайды, меншік түріне және әкімшілік бағыныштылығына қарамастан заңды тұлғалар мен жекелеген азаматтардың іс-әрекетін бақылайды; ядролық қаруларды таратпаудың және ядролық энергияны қауіпсіз пайдаланудың халықаралық режимін қамтамасыз етуге байланысты қызметтерді атқарып, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен (МАГАТЭ) өзара ықпалдасу шараларын іске асырып, үйлестіріп отырады; арнаулы бейядролық материалдар мен ядролық технологияларды экспорттау және импортқа алу ісіне мемл. бақылау орнатып, арнаулы халықар. ұйымдармен, өзге мемл-тердің қадағалау органдарымен кәсіби байланысты өрістетіп, қажетті ғылыми-зертттеу жұмыстар жүргізеді, осы саладағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысады.
## Дереккөздер |
Ат сауыты , ат томағасы — ұрыс кезінде сарбаздың мінген атын қорғайтын жабу. Өте ерте заманда-ақ көшпелі ел батырлары соғысқа мінген аттарын сауытпен жабулаған. Көшпелі халықтардың бейнелеу өнері жәдігерліктерінде өздері де, аттары да сауытпен жарақтанған жауынгерлер бейнесі жиі кездеседі. Ат сауыты туралы көшпелілердің (массагеттердің, сарматтардың, түркілердің, монғолдардың) және басқа халықтардың жазба деректері мен ауыз әдебиетінде айтылады. Ат сауыты тері не мата астарға (жабуға) темір тақташаларды немесе шығыршықтарды түрлі әдіспен бекіту арқылы жасалады. Ат сауыты аттың мойнын, кеудесін, сауырын, екі бүйірін жауып тұратын 5-6 бөлшектен тұрады, олар бір-бірімен қайысбау, ілгек арқылы бекітіледі. Ал аттың басына арнаулы темір томаға кигізілген. А. с-ның жиегіне түсті жіптерден шілтер, шашақ тоқылып, әшекейленеді.
## Дереккөздер |
Ат спорты — ат үстінде орындалатын спорттық жарыстар. А. с-ның қазіргі заманғы түрлері: атпен мәнерлеп жүру (жай жүру, желдіру, шоқырақтатып шабу, пассаж, пьяффе т.б.), кедергілерден өту (конкур-иппик), үш сайыс (манежде жүру, алаңда атты сынау және кедергілерден өту), жарысу (1200-3200 м қашықтықты барынша тез шауып өту, стипл-чейз, кросс), атпен аң аулау, үлкен қашықтыққа ат шаптыру (25, 50 және 100 км) т.б.; ұлттық түрлері: бәйге, аударыспақ, көкпар, қыз қуу, теңге ілу. А. с-нан ең алғашқы Олимпиялық ойындар б.з.б. 680 ж. өткізілген. Атпен жүрудің арнаулы мектептері 16 ғ-дың бас кезінде Италияда, Францияда, Австрияда пайда болды. А. с. Олимпиялық ойындар бағдарламасына 1900 ж., дүние жүзі және Еуропа чемпионаттары бағдарламасына 1953 ж. енгізілді. Халықар. А. с. федерациясы (FEІ) 1921 ж. құрылды. Қазақстан оған 1952 жылдан мүше. 1956 ж. Алматыда алғашқы А. с. мектебі ашылды. Қазақстандық шабандоздар алғаш Олимпиялық ойындарға 1960 ж. қатысты. Шабандоз С.Филатов Абсент атты ахалтеке сәйгүлігімен (Жамбыл обл, Луговой жылқы з-ты) ең жоғарғы көрсеткішке жетіп, 1 алтын (Рим — 1960), екі қола медальді жеңіп алды (Токио — 1964; Мехико — 1968). 1996 ж. Кечкемет қаласында (Венгрия) дүние жүзі ат спортшыларының 1-фестивалі өтті. Оған 23 мемлекеттің шабандоздары қатысты. Осы жарыста қазақстандық атбегілер ұлттық А. с. түрінің бәрінен өнер көрсетіп, жеңіске жетті. Абайдың (1995), Жамбылдың (1996), М.Әуезовтың (1997) мерейтойлары құрметіне ұйымдастырылған халықар. деңгейдегі аламан бәйгелерде қазақстандық шабандоздар Т.Медеушиев, О.Әмірғалиев, А.Өзіқазақ, Н.Сатыбаев т.б. жүлдегер атанды. |
Атсуытқан тас мүсіні - Қарағанды облысы Шет ауданы Атсуытқантауының шығыс жағындағы шаршы қоршау ішіндегі тас мүсін. 1982 ж.Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ж.Құрманқұлов) зерттеген.Қоршау көлемі 3x3 м. Әр қабырғасы 3 м, қақпа тастарды тігінен көміпқұраған. Қоршау ішін тастармен толтырған. Арнайы әкелінген ақшақпақ тастар кездеседі. Мүсін жасаған тастың биіктігі 1,7 м, жоғарғыжағы жалпақтау. Тастан жоғарғы 0,5 м бөлігінде адамның бейнесібедерленген. Қалың қабағы, үлкен бадырақ көзі, мұрны, ұзын мұртымен жалпақ, ұзын сақалы бейнеленген. Мүсіннің бейнелеу тәсілі,қоршау құрылысы оның 6 - 7ғасырдажасалғанын көрсетеді.
## Дереккөздер |
Атсуытқан обалары - қола және ерте темір дәуірлерінен сақталған ескерткіштер. Қарағанды облысы Шет ауданы Жамбыл кентінен Солтүстік-шығысқа қарай 17 км, Атсуытқан тауының батыс жағындағы кең алқапта орналасқан. 1982 ж.Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ж.Құрманқұлов) зерттеген. Екі үлкен обадай тұрады. диаметрі 10,25 м, биіктігі 2м. Үстіндегі тас пен топырақ үйіндісінің етегі тігінен көмілген қақпа тастармен көмкерілген. Обалардың Оңтүстік және Солтүстік жағы ені 3 м, тереңдігі 1 м, ормен қоршалған, шығысынан және батысынан үйіндіге ені 5 м-гежуық жол қалдырылған. Босағасы тігінен көмілген биіктігі 2 - 2,5 мсынтастармен белгіленген. Осындай сынтастар ордың сыртқы жиегінде де болған. Обалар құрылысы Беғазы-Дәндібай мәдениеті кезінде салынған кесенелерге, ал сыртын қоршаған ор мен сынтастар Жетісудағы Бесшатыр обаларынаұқсайды. Соған қарап бұл обалар қола дөуірінің ақыры (б.з.б. 9 — 8 ғ.),ерте темір дәуірінің басында тайпа көсеміне арнап тұрғызылған деугеболады.
## Дереккөздер |
Ат сүйек беру , ат сүйек — Қазақ хандығындағы жауынгерлік салт, майдан үстінде аты оққа ұшқан ханды, қолбасыны жау қолына түсірмей қағып алып, екінші атқа отырғызу. Мысалы, 1750 жылы Шорға шайқасында Абылай ханның астындағы аты оққа ұшқанда, Жәнібек батыр Бердәулетұлы өзінің астындағы көкдөненін мінгізіп, ханды аман алып қалған. Кекілік тауындағы шайқаста Кенесарының аты ұйыққа батып өлгенде қарулас жолдастары үш бурылды қатар алдына тартып, аман алып қалуға әрекет жасаған.
## Дереккөздер |
Атпен табақ тарту — ас беру кезінде атқарылатын қызмет. Асқа тігілген көп үйге піскен етті суытпай тарату үшін, астарына сәйгүлік, жорға мінген жігіттер ет салынған табақтарды таситын болған. Аса епті жігіттер кейде екі үзеңгіні айқастырып ердің үстіне салады да атқа қарғып мініп, үзеңгіге аяқтарын салып, ер үстінде тік тұрып, бір қолына табақты, екінші қолына тізгінді ұстап, атты жорғалатып киіз үйге әкеледі. Жігіттің ептілігіне риза болған қонақтар табақты алып, сыйлық ұсынады. Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейтін шабандоздық өнердің көне де сирек түріне жатады.
## Дереккөздер |
Ядролық қару – жаппай қырып-жою қаруы.
Атом бомбасы — авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтез реакциясына негізделген сутек бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық бомба" деген термин орнықты.
Ядролық қарудың өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол – ядролық және термоядролық болып бөлінеді.
Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді. Арнайы әдебиеттерде ядролық қарудың қуаты килотоннамен (кт) және мегатоннамен (мт) де көрсетіледі. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық қару жарылған кезде: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, өтпелі радиация, радиоактивті зақымдану мен электр-магниттік импульс сияқты зақымданушы факторлар пайда болады.
## Екпінді толқын
Екпінді толқын өз жолында кездескен барлық нысандарға әсер етеді. Мысалы, 100 кт тротилдік эквиваленті бар ядролық жарақ ауада жарылған кезде екпінді толқын жасырынатын орыннан сыртқа, жарылыс эпицентрінен 1,6 км қашықтықтағы адамдарды апатқа ұшыратып, 4,5 км радиустағы көп қабатты тас ғимараттарды толықтай қиратады. Жарылыс кезіндегі жарықтық сәулелену әр түрлі материалдарды балқытады, тұтандырады, түрін өзгертіп, көмірлендіреді. Жанды тіндер әр түрлі дәрежедегі күйіктерге ұшырайды; 1,4 км қашықтықта жасырынған адамдар жарықтық сәулеленуге ұшырайды, 3,5 км-де ауыр дәрежедегі, 3,8 км-де орташа дәрежедегі, 5 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке ұшырайды, 7 км радиуста өрттер шығады.
## Өтпелі радиация
Өтпелі радиация (ядролық жарылыс кезіндегі гамма-сәулелену мен нейтрондар ағыны-әсері 10 – 15 с-қа созылады) сәуле ауруының пайда болуына әкеп соғады. 100 кт тротилдік эквивалентті ядролық жарық жер үстінде жарылған кезде жасырынатын жерден тыс орналасқан адамдар 1 км радиуста өлімге ұшырап, 1,7 км-де ауыр дәрежедегі, 1,9 км-де орташа, 2 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке ұшырайды. Қоршаған орта мен онда орналасқан нысандардың радиоактивті зақымдануы ядролық жарылыс бұлтынан және радиоактивтік заттардың түсуінен пайда болады.
## Электр-магниттік импульс
Электр-магниттік импульс (ядролық жарылыстар кезінде пайда болатын қысқа мерзімдік электр және магниттік өрістер) антенналарға, сымдарға, кабельдік тармақтар мен байланыс құралдарына әсер етіп, істен шығарады. Ядролық қарудың жасалуы 20 ғасырдағы ядролық физиканың дамуымен байланысты болды. 20 ғасырдың 40-жылдарының бас кезінде АҚШ ғалымдарының тобы ядролық жарылысты жүзеге асырудың физика қағидаларын дайындады.
## Атом бомбасын сынау
Бірінші жарылыс Аламогордодағы сынақ полигонында 1945 жылғы 16 шілдеде жасалды. 1945 ж. тамызда әр қайсысының қуаттыдығы 20 кт болатын 2 атом бомбасы Жапонияның Хиросима (8 тамыз) мен Нагасаки (9 тамыз) қаласына тасталып, үлкен адам шығынына ұшыратты (Хиросимада 140 мыңдай, Нагасакида 75 мыңға жуық адам). КСРО-да академик И.В. Курчатов басқарған ғалымдар тобы ядролық қару жасады. 1947 ж. Кеңес үкіметі КСРО үшін атом бомбасының құпиясы жоқ екендігін мәлімдеді. 1949 ж. тамызда КСРО-да Семей полигонында бірінші атом бомбасын сынау өткізілді. 1952 ж. 1 қарашада АҚШ-та қуаттылығы 3 мт термоядролық қондырғы жарылды. Авиациялық бомба түріндегі термоядролық қару АҚШ-та 1954 ж. жасалды. КСРО-да термоядролық бомба 1953 жылдың 12 тамызында бірінші рет сынақтан өткізілді. 50-жылдардың ортасында АҚШ пен КСРО-да ядролық қаруды әр түрлі қашықтықтарға жеткізуге арналған әр түрлі кластар мен типтердегі тасығыштар жасалды. 1960 ж. КСРО-да Қарулы Күштердің ерекше түрі – стратегиялық мақсаттағы ракеттік әскер құрылды. АҚШ пен КСРО-дан басқа Ядролық қару 1952 ж. 30 қазанда Ұлыбританияда, 1960 ж. 13 ақпанда Францияда, 1964 жылдың 16 қазанында Қытайда пайда болды. Кейіннен Ядролық қаруға Үндістан мен Пәкстан да ие болды. Қазіргі кезде кем дегенде 30 ел ғылыми-техникалық жағынан ядролық қару шығаруға дайын. АҚШ-та 1975 жылдың өзінде 30 мың бірліктен астам ядролық қару-жарақ түрі болды (әскери-әуе, әскери-теңіз күштері мен құрлықтағы әскерлердің иелігіндегі 80 мың стратегиялық және 22 мыңдай тактикалық түрі). Ядролық қаруды межеге жеткізу үшін әр түрлі алып ұшақтар жасалып, олар тұрақты әскери дайындыққа келтірілді. 1976 жылдың қарсаңында АҚШ-тың стратегиялық шабуылдаушы күштерінің құрамында 1054 құрлықаралық баллистикалық зымырандар (“Титан-2”, “Минитмен-2”, “Минитмен-3”), 400-ден астам ұшақтар (В-52 және В-111) болды, 41 атомдық сүңгуір қайық “Поларис А-3” және “Посейдон” зымырандарымен жарақтандырылды. Осы тектес атомдық қару түрлері басқа атомдық державаларда да жеткілікті дәрежеде. Сондықтан ядролық қару бүкіл адамзат үшін орасан қауіп болып есептеледі. Мысалы, Америка мамандарының есептеулері бойынша қуаттылығы 20 мт термоядролық қару 24 км радиустағы барлық тұрғын үйлерді жермен жексен етіп, оның эпицентрінен 140 км-ге дейінгі аралықтағы тіршілік иелерін жоя алады. Атом қуатын әскери мақсаттарға қолдануға байланысты қауіп халықтардың ядролық қаруға тыйым салу жолындағы қуатты қозғалысын тудырады. Ядролық қаруға халықаралық тыйым салу жолындағы маңызды кезең ауада, кеңістікте, су астында, аспанда Ядролық қаруларды сынауға тыйым салу туралы шарт (1963); мемлекеттердің Айды және т.б. аспан денелерін қоса алғанда аспан кеңістігін зерттеу және оны пайдалану бойынша іс-әрекет қағидалары туралы шарт (1967), Ядролық қаруды таратпау туралы шарт (1968); теңіздер және мұхиттер түбінде, олардың қойнауларында ядролық қарумен басқа да жаппай қырып-жоятын қаруларды орналастыруға тыйым салу туралы шарт (1971) болып табылады. БҰҰ-ның “Халықаралық қатынастарда күш қолданбау және ядролық қаруды қолдануға түпкілікті тыйым салу туралы” резолюциясы аса маңызды қадам болды. Кезінде КСРО мен АҚШ арасында жасалған “ядролық соғыстың туу қаупін азайтудың шаралары туралы келісім” (1971) де үлкен маңызға ие. Ол бойынша кездейсоқ немесе рұқсат етілмеген жағдайда ядролық қаруды қолдануға ескерту қарастырылған. Ракетаға қарсы қозғалыс жүйесін шектеу және стратегиялық шабуыл қару-жарағын шектеу саласында кейбір шаралар туралы Уақытша келісім (1972); ядролық соғыстың алдың алу туралы келісім (1973), сонымен қатар ядролық қаруды жер астында сынауға шек қою туралы шарт (1974), т.б. келісімдер бар. 1976 ж. 31 наурызда КСРО мен АҚШ мемлекеттері ядролық қаруды жер астында сынауды жүргізбеуге міндеттеме қабылдады. Осы жылы КСРО мен Франция кездейсоқ және рұқсат етілмеген жағдайда ядролық қаруды қолдануды ескерту туралы шарт, ал 1977 ж. Ұлыбритания мен Кеңес Одағы кездейсоқ ядролық соғыс туындағанда бетін қайтару туралы келісім жасасты. КСРО-дағы ядролық қаруды сынаудың барлық түрлері негізінен Семей полигонында өтті. Ол Қазақстанның солтүстік-шығыс және орталық аудандарына орасан зор экологиялық апат әкелді. Сондықтан КСРО-ның ыдырауы қарсаңында тәуелсіз Қазақстан үшін ең басты мәселе ел аумағындағы ядролық қарудың тағдыры болды. КСРО-ның ыдырауы алдында Қазақстанда 1040 ұрыс зарядты 104 “РС-20” ракетасы (НАТО классификациясы бойынша – “СС-18”) болды. Әлемдегі ең ауыр құрлықаралық баллистикалық ракета (әрқайсысының қуаттылығы 550 кт-дан тұратын 10 ядролық оқтұмсық) Державинка (қазіргі Ақмола облысы) мен Жаңғызтөбедегі (Шығыс Қазақстан) екі базада орналасты. Семейдің түбіндегі аэродромда 240 қанатты ядролық ракетасы бар 40 ТУ-95 МС стратегиялық бомбалаушы ұшақ орналасты. Қазақстанда қуатты ядролық ғылыми-өндірістік кешен құрылып, жұмыс істеді. Елімізде КСРО-дағы барлық уранның 40%-ы өндірілді. 1994 ж. Қазақстан ядролық қарудан ерікті түрде бас тартты. Осы жылы Будапештте (Венгрия) АҚШ, Ұлыбритания және Ресей мемлекеттері басшылары Қазақстанның тұтастығына, шекарасының өзгермеуіне, ел экономикасына қысым көрсетілмеуіне кепілдік берген құжатқа қол қойды. Олар, егер Қазақстанға қарсы агрессия туындаған жағдайда осы жағдайды талқылау үшін дереу БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесін шақыруға міндеттенді. Ядролық қаруға қажетті зарядты жасауға Қазақстан азаматтары үлес қосқан. 1959 ж. Қазақ тау-кен институтының (қазіргі ҚазҰТУ) МЦ-54 “Түсті, сирек және асыл металдар металлургиясы” мамандығы бойынша бітірген түлектері: Н.Ф. Болонев, Г.Н. Бунин, А. И. Галактионов, Е.В. Космачев, А.К. Кузнецов, Э.П. Куликов, Б.В. Макаренко, С.С. Макаренко, В.М. Розманов, В.П. Статкун, С.В. Стовярский, И.В. Токмачев, Ю.П. Штефан Ресейдің Томск-7 қаласындағы п/ж ғ153 құпия мекемесіне (қазіргі СХК – Сібір химия комбинаты) жолдама алды. СХК-да жоғары байытылған уран мен плутонийдің негізінде жасалған ядролық материалдармен жұмыс жүргізілді. Қазақстандық мамандар ядролық зарядты жасау технологияларын жолға қою ісіне өз үлестерін қосып, атом өнімдерін жасауға қатысты.
## Ядролық қарудың әлемдік қоры
## Сілтемелер
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Nuclear detonations since 1945 |
Ат сыншысы — тұлпар болар құлынды дәл танып, жүйрік аттарға баға бере білетін адам. А. с-лары өздері ат жаратып, бәйгеге қоспаған, көбінесе бәйге алдында жараған аттарды байқап көріп, қайсысы қай орынды иемденетінін болжаған. А. с. қазақ қоғамында зор беделге ие болған. қ. Толыбай сыншы, Күреңбай сыншы. |
## Жалпы мәлімет
Атпа найза — қарапайым серіппе арқылы атылатын садақтың күрделі түрі. Атпа найза Шығыста б.з.б. дәуірлерде-ақ қолданыла бастады. Ол ағаш құндаққа бекітілген ауыр садақ түрінде болды. Адырнасы серіппе ілгешекке екі қолдың күшімен ілінеді. Кейде аяқ, тізе күші де қолданылады. Атпа найзаны атуға әзір күйінде ұстауға да болады. Археол. деректер бойынша мұндай садақтар Қытай терр-да б.з.б. 8-5 ғ-лар шамасында пайда болған. Бұл жазба деректермен де дәлелденді. Б.з.б. 5-4 ғ-ларда жазылған “Сунь цзы” (Қытайдың көне әскери өнері туралы трактаттар) мәтіндерінде А.н. мәнін білдіретін сөздер бар. Онда жай садақ мәніндегі иероглифтің жоғарғы бөлігіне қосымша “механизм” мағынасын үстейтін белгілер салыну арқылы “ Атпа найза” ұғымы таңбаланған. Осылайша садақ және механизмді садақ (яғни Атпа найза) ұғымдары иероглиф түрінде белгіленген. Атпа найза сауыт киген жауды шамамен 700-720 м жерден өлтіре алған. Найзаның мұндай түрлерін қазақ сарбаздары да қолданған. Орта ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде қолданылған “арбалет” — fтпа найзаның жетілдірілген түрі. “Арбалет” — көне латын тіліндегі argus — садақ және ballіsta — лақтырғыш жарақ деген ұғымдардан шығарып француздар қолданған arbalete термині арқылы қалыптасқан. Ресейліктер оны “самострел” деп атады. “Арбалет” — ағаш құндаққа бекітілген болат садақ. Оның адырнасы шығыршықты механизм (ворот) арқылы тартылатын болған.
## Қосымша мәлімет
Атпа найза - аңшылық құралы, соғыс қаруы. Кәднімгі найзадан қысқарақ, жеңілрек келеді. Қазақ халғы бұны жаққа салып лақтыратын болған. Жоғарғы палеолит дәуірінде, атпа найза ұшын тастан немесе сүйектен жасайтын еді. Ертеде бразилялықтар, мексикандықтыр, попуасттар және тағы да басқа елдер осы қару түрін көп қолданған. Кейбір зерттеушілердің пікіріне қарағанда, атпа найза, садақ шығуына әсер еткен. Садақты білмейтін немесе қолданбайтын елді мекенді жерлерде, атпа найза кең тараған. Бұл елдер атпа найзаны таяқша арқылы үріп ататын болған. Садақ шыққан соң да, мысалы африканды тайпалар, атпа найзаны әлі де қолданатын болған. Осы қару түрі, жер бетінде кең тарады, мысалы:
* Римдіктер өздерінің жаяу әскерлерін атпа найзамен қаруландыратын.
* Сірә, был қаруды, садақ сияқты емес, колмен ұшырғанды тиімді деп санады.
* Юлий Цезарь нұсқауы бойынша, кару басы екі темір шегемен қамтылған. Соның әсерінен, жауға лақтырылған атпа найза, одан да үлкен жарақат алып келетін еді.Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>
## Дереккөздер
Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>
## Жалпы мәлімет
Атпа найза — қарапайым серіппе арқылы атылатын садақтың күрделі түрі. Атпа найза Шығыста б.з.б. дәуірлерде-ақ қолданыла бастады. Ол ағаш құндаққа бекітілген ауыр садақ түрінде болды. Адырнасы серіппе ілгешекке екі қолдың күшімен ілінеді. Кейде аяқ, тізе күші де қолданылады. Атпа найзаны атуға әзір күйінде ұстауға да болады. Археол. деректер бойынша мұндай садақтар Қытай терр-да б.з.б. 8-5 ғ-лар шамасында пайда болған. Бұл жазба деректермен де дәлелденді. Б.з.б. 5-4 ғ-ларда жазылған “Сунь цзы” (Қытайдың көне әскери өнері туралы трактаттар) мәтіндерінде А.н. мәнін білдіретін сөздер бар. Онда жай садақ мәніндегі иероглифтің жоғарғы бөлігіне қосымша “механизм” мағынасын үстейтін белгілер салыну арқылы “ Атпа найза” ұғымы таңбаланған. Осылайша садақ және механизмді садақ (яғни Атпа найза) ұғымдары иероглиф түрінде белгіленген. Атпа найза сауыт киген жауды шамамен 700-720 м жерден өлтіре алған. Найзаның мұндай түрлерін қазақ сарбаздары да қолданған. Орта ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде қолданылған “арбалет” — fтпа найзаның жетілдірілген түрі. “Арбалет” — көне латын тіліндегі argus — садақ және ballіsta — лақтырғыш жарақ деген ұғымдардан шығарып француздар қолданған arbalete термині арқылы қалыптасқан. Ресейліктер оны “самострел” деп атады. “Арбалет” — ағаш құндаққа бекітілген болат садақ. Оның адырнасы шығыршықты механизм (ворот) арқылы тартылатын болған.
## Қосымша мәлімет
Атпа найза - аңшылық құралы, соғыс қаруы. Кәднімгі найзадан қысқарақ, жеңілрек келеді. Қазақ халғы бұны жаққа салып лақтыратын болған. Жоғарғы палеолит дәуірінде, атпа найза ұшын тастан немесе сүйектен жасайтын еді. Ертеде бразилялықтар, мексикандықтыр, попуасттар және тағы да басқа елдер осы қару түрін көп қолданған. Кейбір зерттеушілердің пікіріне қарағанда, атпа найза, садақ шығуына әсер еткен. Садақты білмейтін немесе қолданбайтын елді мекенді жерлерде, атпа найза кең тараған. Бұл елдер атпа найзаны таяқша арқылы үріп ататын болған. Садақ шыққан соң да, мысалы африканды тайпалар, атпа найзаны әлі де қолданатын болған. Осы қару түрі, жер бетінде кең тарады, мысалы:
* Римдіктер өздерінің жаяу әскерлерін атпа найзамен қаруландыратын.
* Сірә, был қаруды, садақ сияқты емес, колмен ұшырғанды тиімді деп санады.
* Юлий Цезарь нұсқауы бойынша, кару басы екі темір шегемен қамтылған. Соның әсерінен, жауға лақтырылған атпа найза, одан да үлкен жарақат алып келетін еді.Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>
## Дереккөздер
Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> |
Ат тұлдау — қазақ халқының дәстүрлі аза тұту рәсімі. Қаза болған адамның атына ерін теріс ерттеп, үстіне киім-кешегін жайып, қару-жарағын іліп, ең үстіне бас киімін қояды. Жоқтау айтып жүріп, аттың құйрық-жалын күзейді. Оны тұл ат, кейде қаралы ат деп атайды. Тұл ат жыл бойы мінілмей, бос жүреді. Бір жылдан соң марқұмның асына сойылады. Атты соярда да жоқтау айтылады. Мұндай салт қырғыздар, көшпелі өзбектер, осетиндерде де кездеседі.
## Дереккөздер |
Ат үстінен тартыс — ұлттық ойын. 3-5 жаяу мен бір салт атты жігіт ортаға шығады. Жаяу ойыншылардың мақсаты — салт атты адамды жерге аударып түсіру. Ойын шарты бойынша жаяудан қашқан аттының белгіленген алаң сыртына шығып кетуіне болмайды. Жаяулар атқа тиіспеуі керек, олар тек адамды ғана аударып алуға тиісті. 10-15 минут уақытта жаяулар аттыны аударып алмаса, алаңға ойыншылардың жаңа жұбы шығады. Зерттеушілер бұл ойынға атты әскер мен жаяу әскер соғысы негіз болған деп есептейді.
## Дереккөздер |
Ат-шапан айып , ат-тон айып — қазақ қоғамында ертеде кең тараған жаза түрлерінің бірі. Ол ат немесе үштен көп қой ұрлағаны, ар-намысқа тіл тигізгені, қалың малын түгел бермей, қалыңдықты алып қашқаны, “қарғы бау” беріп, қыз айттырғаннан кейін сөзден тайғаны, ас пен тойды бұзғаны, үйіне қонақ түсірмегені т. б. теріс қылықтары үшін белгіленетін болған. Ат-шапан айып негізінен мүліктік қылмыс үшін, сондай-ақ жеке адамға (кісі өлімі мен ауыр жарақаттан басқа), басқару тәртібіне қарсы қылмыс үшін және қылмыстың кейбір басқа түрлері үшін белгіленген. Оның мөлшері бірдей болмаған. Билік иелерінің жеке басына және мүліктік мүддесіне нұқсан келтірген жағдайда ат-шапан айып-тың мөлшері қарапайым адамдардың мүдделеріне нұқсан келгендегіден анағұрлым жоғары белгіленген. Ат-шапан айыптың мөлшері (екі есе, үш есе) жәбірленушінің мүддесін қорғаған билер сотына тәуелді болды. Ат-шапан айып жәбірленуші жақтың пайдасына толық берілмей, оның белгілі бір бөлігі төреші бидің үлесіне тиісті болған. Ат-шапан айыпты төлей алмағандарға қылмыстық жазаның неғұрлым ауырырағы белгіленді. Өркениетті заманда ол шара жойылған.
## Дереккөздер |
Мұқаш Атшыбаев (туған-қайтыс болған жылы белгісіз, Орал облысы, Темір уезі, Қазыбек болысы Миялы ауыл (қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы)) - алашорда қайраткері.
Атасы Қазыбек Жайық өңіріне танымал би болған. Әкесі Атшыбай 1869-1870 жылдары «Ел ауа» аталған кіші жүз қазақтары көтерілісіне қатысып, батырлығымен ел сеніміне ие болған. Шеркеш руынан шыққан.
Мұқаштың өзі алғашында саудамен айналысқан. Қазақша-орысша сауаты ашық, кітапты көп жинаған адам екен. Ол дәулетті көп саудагердің бірі емес байлығын ел игілігіне жұмсаған жомарт ұлтшыл болған. Балалары Беркінғали, Құсайын, Әжіғалиларды Орал қаласынан оқытқан. Соның арқасында Беркінғали да елге танымал адамға айналған. 1917-1918 жылдардағы төңкеріс кезінде және азамат соғысы кезінде Х.Досмұхамедұлын қолдады.
Оралда, Ойылда, Қаратөбеде өткен қазақ сиездеріне қатысады. 1919 жылы 10 желтоқсанда Қызылқоғада өткен Батыс Алашорданың қалалық және ауылдық земстволары өкілдері мен ел ақсақалдарының кеңестеріне де қатысады.Кейбір деректерде Ойыл облысының уақытша үкіметіне мүше болған көрінеді. Батыс Алашорданың бас интенданты болған баласы Беркінғали Атшыбаевтың жұмысына пәрменді қолдау көрсетіп, Алаш зиялыларына дем беріп, демеу болып отырды. 1919 жылы 10 желтоқсанда өткен Батыс Алашорданың қалалық және ауылдық земстволары өкілдері мен ел ақсақалдарының кеңесіне шақырылады.
1920 жылдардың басында қайтыс болса керек. Өзі алашордашыл, алаш жұмыстарына көп көмек еткен, баласы Алашорданың белгілі қызметкері болған Мұқашты кеңес үкіметі кезінде жазаға тарта алмағанымен, 1937 жылы оның туған-туыстары түгел қуғынға ұшыраған.
## Дереккөздер |
Жомарт Атымтай — Шығыстың көптеген халықтары фольклорында кездесетін кейіпкер, өзінің қайырымдылығы мен жомарттығына сай аты жайылған, халық жадында құрметпен әспеттелетін адам.
6 ғ-да өмір сүрген деген жорамал бар. Түп-төркіні Тай тайпасының ақыны Хатим ибн Абдаллахқа (Хатим-Тай) саяды. Атымтай Жомарт туралы шығармалар ерте кезден белгілі. Олар сюжеттік, жанрлық сипатына қарай үш топқа бөлінеді:
1-топтағы шығармалар хикаяттық сипатта баяндалады. Онда Атымтай Жомарттың өмірі әңгімеленеді, оның жомарт болу себептері баяндалады.
2-топтағы шығармалар — таза қиял-ғажайып ертегілері. Олардың сюжеті бір-бірімен үндес. Мұнда Атымтай Жомарт — асқан бай, таусылмас қазынаның иесі. Оның жомарт болуы осыдан.
3-топтағы шығармалар — тұрмыс-салт ертегілері. Бұларда Атымтай Жомарт — келген қонаққа берер асы жоқ, тақыр кедей. Сонда да жомарт болып бейнеленеді. Адамға деген қайырымдылық, сүйіспеншілік — оның ең басты қасиеті екені ашыла түседі. Атымтай Жомарт туралы аңыз-ертегілер негізінен “Мың бір түннен” бастау алады. Қазақ тіліне аударылып, бірнеше мәрте басылған “Мың бір түн” оқиғалары қазақ оқырмандары арасына кеңінен тараған.
Е.Сарымбаевтың аударып, толықтыруымен жарық көрген “Хикаят дастан Хатым-тайы” (1891; 1892; 1913; көлемі 88 бет) , Атымтай Жомарт аңыз-ертегісінің ішіндегі ең көлемдісі болып табылады. Қ.Шахмарданұлы жазған “Қисса-и Хатымтай — Жомарт” (1897; 1898; көлемі 8 бет), Ш.Жәңгіровтың айтуындағы ертегі жобасы (1914; көлемі 32 бет) баспа бетін көрген туындылар.
## Дереккөздер |
Атырау ескерткіштері - көне дәуірлерден сақталған археологиялық ескерткіштер. 1989 ж. Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі З.Самашев) зерттеген. Аймақтыңсолтүстігінен және оңтүстігінен мезолит (орта тас) дәуірінің құралдары табылды. Тайсойған, Азғыр, Қанішкен, Исатай елді мекендерінен. Сағыз, Жем өзендерінің бойынан тастан, сүйектен, ағаштан, мүйізден, ұлутастан, саздан, қыштан жасалғанбұйымдар көптеп табылды. Неолит заманының бірнеше тұрақтары(б.з.б. 4 - 3-мыңжылдық) Сағыз өзенінің төменгі жағындағы Жем өзеніне жақын Аққұм деген жерден табылды.Бұл дәуір адамдары аңшылықпен, балық аулаумен және өсімдік терумен шұғылданғанын дәлелдейтін тас балта, қару-жарақ, ошақ орны, т.б. ашылды. Энеолит дәуірі ескерткіштері (б.з.б. 4-мыңжылдықтың аяғы - б.з.б. 2-мыңжылдықтың басы) үшбұрыш, төртбұрыш пішінді тарақ пен оюлармен өрнектелген құмыра сынықтары түрінде жиналды. Иманқара тауынан б.з.б. 5 - 4 ғасырлардағы ерте темір дәуіріне жататын қорғандар қазылық, олардан жерлеу рәсімін, мәдени, экономикалық және әскери істердің деңгейін білдіретін ескерткіштер табылды. Сарықамыс, Қаратон кенттерінің маңындағы және Азғыр құмшағылдарында қойылған Сармат мәдениетінің мүрделері зерттелді. Атырау ескерткіштері ішінде Алтын Орда кезеңінен қалған ескерткіштер де мол. Олар - Сарайшықтан Үстіртке дейін созылып жатқан 13-14 ғасырлардағы қалалар, керуен-сарайлар, қамал-бекіністер, құдықтар, жер суару жүйелері, зираттар. Солардың ішіндегі ең белгілілері - Сарайшық, Теңдік (Ақтөбе), Қайнар, Ұшқан қалашықтарында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.
## Дереккөздер |
Атырау машина жасау зауыты, 1918 жылдың аяғында су және темір жол көліктеріне қызмет жасау үшін Атырауда механикалық шеберхана құрылды.
1922 жылдан бастап, шеберхана мұнай құрал жабдықтарының қосалқы бөлшектерін шығару мен жөндеуге қайта мамандандырылды да, «Ембімұнай» комбинатының қарамағына берілді. Ұлы Отан соғысы басталғанда Атырауға Донбастан көшіп келген Петровский атындағы машина жасау зауыты осы шеберхана негізінде калыптасқан жөндеу-механикалық зауытымен қосылып, бүгінгі машина жасау кәсіпорнына айналды. Петровский атындағы машина жасау зауыты — мұнай кәсіпшілігіне және геологиялық барлау жұмыстарына қажетті аспаптар мен қосалқы бөлшектерді, насостар, балшық араластыратын машиналар, тракторлардың қосалқы бөлшектерін т.б. шығаратын ірі кәсіпорын.
Зауыт 1921 ж. “Ембімұнай” тресінің мех. шеберханасы негізінде мех. зауыт болып құрылған. 1941 ж. қазан айында Донбастан көшірілген Петровский атындағы зауытпен біріктірілді. Зауытта токарлық станоктар, 8 шпиндельді оймалауыш, жартылай автоматты станоктар, сегментті араларды қайрайтын жартылай автоматтар, жоғары өнімді престер т.б. жабдықтар өндіру игерілген.
1985 жылдан бастап автоматтандырылған желілер, металл өңдеудің қазіргі заманғы технологиялары (престеу, қалыптау, автоматты түрде пісіру, металдарды дайындау мен дәл пішу тәсілі) енгізілді. Зауытта 1995 жылдан бастап еліміздің мұнай өнеркәсібіне қажетті құрал-саймандарды шығару қолға алынды.Шикізат ретінде зауыт әр түрлі болат, шойын, түсті қорытпаларды пайдаланады. Металл зауытқа әр түрлі металлургиялық кәсіпорындардан, оның ішінде Қарағандыдан түседі. Зауыт өнімі негізінен Атырау және Маңғыстаудың мұнай кәсіпшіліктерінің мұқтаждарын қамтамасыз етуге кетеді.
Зауыт 1993 жылы мұнай жабдықтарын шығаратын акционерлік қоғамға айналып «Заман» ЖШС-не берілді.
## Дереккөздер |
Бахия Атшабарұлы Атшабаров (1.11.1919 ж. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарақұс ауылы — 2010, Алматы) — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1967), профессор (1969), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1975), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1961).
Арғын тайпасы Қаракесек руы Шор бұтағынан шыққан.
Алматы медицина институтын бітірген (1942). 1942 — 1945 ж. Отан соғысына қатысқан. 1952 — 1984 ж. Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, директорының орынбасары, директоры болды.
Бахияның негізгі ғылыми еңбектері еңбек гигиенасы, кәсіби аурулар, әсіресе қорғасыннан улану кезінде зақымданған жүйке жүйесінің патогенезі мен клиникасына арналған. Бахия Семей полигонының адамдар денсаулығына тигізетін зиянын тексеріп, полигонның оңтүстік аймағында созылмалы сәуле аурулары адамдар мен жануарларда жиі болатынын анықтады. Сондай-ақ ол халықтық медицина тарихын зерттеумен де айналысты. Бахия 200 ғыл. еңбектің, оның ішінде 11 монография мен 7 авторлық куәліктің иегері. Оның жетекшілігімен 15 докторлық, 35 кандидаттық диссертация қорғалған. Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы, 2 рет Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталған.
## ҚазҰМУ-де академик Б. Атшабаров атындағы орталық
Алматыдағы С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінде Ұлттық Ғылым академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Бахия Атшабаровты еске алуға арналған ғылыми-зерттеу орталығы бар.
30 жылдан аса Кеңес Одағының негізгі ғылыми медициналық орталығы – Аймақтық патология институтын басқарған Бахия Атшабаров туған халқына ерен еңбегімен танымал. Ол 1957 – 1959 жылдары Семей полигонында зерттеу жүргізіп, ядролық бомбалар сынағының еш зияны жоқ деген нәтижені алғаш болып жоққа шығарды. Ал, Семей полигоны аймағында анықтаған «Қайнар синдромы» патологиясы әлемдік медицинаға жаңа ауру түрі ретінде енді.
## Еңбектері
Қарқаралы өңірінің тумасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Бахия Атшабаров Қазақстан ғылымына 160 ғылыми еңбек, оның ішінде 5 монография, 5 ғылыми жаңалық енгізген.
## Шығармалары:
* Клиническая невропатология при артериальной гипертонии, А-А., 1953;
* Поражение нервной системы при свинцовой интоксикации, А-А., 1966;
* Обоснование нового метода измерения давления жидкости в полостях организма, А-А., 1974;
* Новый метод измерения внутри-черепного давления, А-А., 1974.
## Дереккөздер
Алматы ақшамы газеті |
Атырау облыстық филармониясы Қазақ КСР министрлер Кеңесінің 1966 жылғы 15 сәуірдегі № 256 арнайы қаулысына сәйкес ашылды. Облыстық филармония 1966 жылғы маусым айында өзінің жұмысын бастады. Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармония қырық жылдан астам уақыт халыққа қызмет көрсетіп келеді. Гастрольдік сапарлармен Қазақстан Республикасының барлық облыстарында, Ресейде, Монғолияда, Өзбекстанда, Түркіменстанда болып мыңдаған көрермендерге өнер көрсетті.
Филармонияның құрамында 3 эстрадалық ансамбль, 2 қуыршақ театры және музыкалық лекторий жұмыс істейді. Олардың қатарынан «Атырау-Жайық» эстрада ансамблін ерекше атауға болады.
2001 жыл сәуір айынан бастап Атырау облыстық Нұрмұхан Жантөрин атындағы филармония жанынан құрылған 5-12 жас аралығындағы музыкаға қабілеті бар ер балалар қабылданды.
«Дарын» ер балалар хоры өзінің тұсау кесер концертін 2001 жылдың қыркүйек айында және «Бөбек» қорының 10 жылдығына орай қайрымдылық концертін 2002 жылдың сәуір айында қойды.
2003 жылы Ақтөбе қаласында өткен аймақтық фестифальға қатысып, мамыр айының 18-ші мен 25-ші жұлдыз аралығында Түркияда (Анталия қаласында) өткен Халықаралық фестивальға қатысып, «Дарын» ер балалар хоры лауреат атағына ие болды.
2006 жылы Қалалық білім бөлімі ұйымдастырған «Атадан туған аруақты ер» атты қалалық білім сайысында «Дарын» ер балалар хоры өз өнерлерін көрсетті. Осы жылдың маусым айында «Аджип ККО» біріккен кәсіпорынның демеушілік көмегі негізінде «Дарын» ер балалар хоры Греция Мемлекеті Крит аралында өткен «Бегущая по волном» фестиваліне қатысып, жүлдемен оралды.
## Дереккөздер |
Полипропилен (Атырау химия зауыты) - мұнай химиясы саласындағы кәсіпорын, акционерлік қоғам. Құрылысы 1950 ж. басталып, 1966 ж. алғашқы полиэтилен шығара бастады. Негізгі шығаратын өнімдері: полиэтилен мен төменгі қысымды полипропилен, халық тұтыну тауарлары, пиролиз шайырыт.б. 1977 ж. тұңғыш рет полипропилен өндіру жүзеге асырылды. 1966-95 ж.ж. өндіріске полимерлі композицияның жаңа 30 түрі енгізілді.
## Дереккөздер |
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті — Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде өзіндік тарихы мен тәжірибесі бар халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының бірі. Университет 1950 жылы 14 маусымда мұғалімдер институты ретінде ашылды. Алғашқы оқу жылында институтта 3 бөлім ашылып, әр бөлімде қазақ және орыс тілдерінде оқитын 50 студенттен 150 адам қабылданды.1955 жылы мұғалімдер институты педагогикалық институтқа айналды. 1994 жылы педагогика институты Атырау университеті болып құрылды. Осы жылы оқу орнына көрнекті қайраткер, ғұлама ғалым Халел Досмұхамедовтың есімі берілді. Жоғары оқу орны мемлекеттік аттестаттаудан өтіп, Қазақстанның батыс аймағында алғашқы аймақтық университет дәрежесіне ие болды. 2005 жылы оқу орнының білім берудегі бәсекеге қабілеттілігімен және әлемдік білім беру саласындағы талаптарды қамтамасыз етуге бағытталған Сапа менеджменті жүйесі енгізілді. Оқу орны «Mody International ertification» ұйымының «ИСО 9001-2000» және «Эксперттеу және сертификаттау ұлттық орталығы» АҚ-ның Батыс Қазақстандық филиалының сертификатына ие болды.
2007 жылы Университет ғалымдары Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жеткен жетістіктері үшін» сыйлығының жеңімпаздарын анықтау мақсатында болған «Алтын сапа» көрме байқауына қатысып, белсене қатысушы мекеме ретінде Алғыс хатқа ие болды. 2009 жылдың 18 қыркүйегінде (Болонья) университеттер Ұлы Хартиясына қол қойды, бұның өзі – университеттің қабілеттілігі мен мол дәстүрінің белгісі. 2010 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Ұлы Хартиясына біріккен 600 әлемдік университеттер қатарына енді.
Соның нәтижесінде университет Болон процесінің толық қатысушысы болып есептілді. Болон үдерісі талаптарына сәйкес білім алушылардың қос диплом алуларына, оқу орнын қысқа мерзімде бітіруге салалы университеттердің ішінде алтыншы орынға ие.
Түлектерді жұмысқа орналасу деңгейін арттыру және білікті мамандарға тапсырыстарды қанағаттандыру үшін жыл сайын жұмысқа орналасу жәрмеңкесі өтеді, оған аймақтағы отандық және шетелдік компаниялар, түрлі деңгейдегі банк өкілдері, облыстық білім беру департаментінің жауапты адамдары қатысады. «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыстар атқарылып келеді.2020 жылы маусым айында университет «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналды.
## Құрылымы
Университеттің 6 факультеті бар:
* Инновациялық білім беру факультеті
* Жаратылыстану ғылымдары факультеті
* Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті
* Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті
* Экономика және құқық факультеті
* Көптілді білім беру факультеті
Оларда 34 мамандық бойынша 7937 студент оқиды, (4542-сі күндізгі, ал 3395-і сырттай оқу бөлімдерінде). 43 кафедрада 560 оқытушы жұмыс істейді, оның 20-сы ғылым докторы, өздерін-өздері толық қаржыландыру (коммерциялық) топтарында 3222 студент оқиды. Университетте — Ресей, Түркия, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстаннан т.б. шет елдерден 50-ден астам студент білім алады. КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ә. Тұяқов, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Фариза Оңғарсынова, т.б. осы университеттің түлектері.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Ресми торабы
* Atyrau State University ...
* Күнделік порталы
* Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 60 ... |
Атырау мұнай өңдеу зауыты (1991 жылға дейін - Гурьев МӨЗ, орыс. Атырауский нефтеперерабатывающий завод) — Атырау қаласында орналасқан мұнай өнімдерін шығаратын кәсіпорын. Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауыттарының бірі және ең ежелгісі.
Қазіргі кезде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорны болып табылады. Ол Каспий теңізінің солтүстігінде, Гурьев (Атырау) қаласында 1945 жылы мұнайды отындық бағытта өңдеу мақсатында салынды. Зауыттың құрылысы екі жылға созылды, ол АҚШ-тан «ленд-лиз» арқылы алынған жабдықтар негізінде салынды. Зауыт негізінен парафині мол ауыр мұнайларды өңдейді. Зауыт өнімдерін шығару нарығы негізінен Қазақстан Республикасының батыс және оңтүстік аймақтарын қамтиды.
## Тарихы
* Зауыт құрылысы 1943 ж. 14 сәуірде басталды. АҚШ-тан «ленд-лиз» арқылы алынған жабдықтар негізінде салынды.
* 1945 ж. алғашқы өнімін берді. Тікелей айдау, риформинг, термиялык крекингілеу қондырғылары іске қосылды, крекингілеудің газофракциялау қондырғысы жұмыс жасай бастады,
* Зауыт 1965 жылдан бастап Маңғыстау мұнайын өңдей бастады, қайталама процесті дамыту қолға алынды.
* 1969 ж. тамыз айында зауытта жылдық жұмыс өнімділігі 3 млн. тонналық атмосфералық түтікше-электрмен тұзсыздандыру қондырғысы пайдалануға берілді. Бұл бензин, дизель отыны мен қара май шығару мөлшерін ұлғайтты.
* 1980 ж. баяу кокстеу қондырғысы іске қосылып, қазақстандық тұңғыш кокс алынды.
* 1987 ж. бұрынғы “Гудри” қондырғысында уайт-спирит шығаратын өндірістің 1-кезегінің құрылысы басталып, сол жылдың күзінде автоматты желі іске қосылды.
* 1989 ж. бері зауытта мұнай коксын қыздыра шынықтыратын қуатты қондырғы жұмыс істейді.
* 1993 ж. акционерлік қоғам болып қайта құрылды.
* 2003 ж. бастап зауытты қайтадан жарақтау жұмыстары басталды, бұл науқан «Қазақойл» Ұлттық мұнай компаниясы мен «Марубени Корпорейшн» компаниясының арасындағы нысанды «толығымен дайын» күйде 2006 жылы тапсыруға міндеттелінген келісім-шартқа сәйкес жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 235 млн. АҚШ доллары. Зауыт қайтадан жарақтанғаннан кейін оның өңдеу тереңдігі 92 %-ға жететін болады, зауыт АИ-95 автомобиль бензинін Еуро-2005 стандартына сәйкес өндіруге және қыстық дизельдік отынды қоспалар қоспай-ақ шығаруға қол жеткізеді.
## Өнімдері
Зауыт негізінен парафині мол ауыр мұнайларды өндіреді.Зауытта, сондай-ақ сусабындар, іштен жанатын двигательдерге арналған “Тосол-А-50М” майы, ыдыстар мен сантехникалық құралдарды жууға арналған “Афол” сұйығы өндіріледі.
## Құрылымы
Қазіргі кезде зауыттың құрамына төмендегі қондырғылар кіреді:
* мұнайды тұңғыш өңдеудің ЭЛОУ-АТ-2 қондырғысы;
* мұнайды тұңғыш өңдеудің вакуумдық блогы бар ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғысы;
* шикізатты гидротазалаудан өткізе отырып катализдік риформингтеудің ІІГ-35-ШШ/300-95 қондырғысы;
* гудронды баяу кокстау қондырғысы;
* мұнай коксын әбден қыздыру қондырғысы.
## Дереккөздер |
Атырау облыстық мемлекеттік архиві — тарихи құжаттар сақталған облыстық мекеме. 1928 ж. округтық архив болып құрылған.
## Тарихы
Алғашқы округтік мұрағат бюросы Гурьев округтік халыққа білім беру бөлімі жанынан ашылды. Мекемелердің құжаттық материалдарды жинақтап және оларды сақталуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған мұрағаттық бюроның штатында екі ақ қызметкер: меңгеруші және мұрағатшы қызмет жасады.
1930 жылдың 23 шілдесіндегі қаулысымен Бүкіл Одақтық Орталық Атқару комитеті округтерді жоюына байланысты Гурьев округі таратылып, аудандық құрылымдар енгізілді. 1930 жылдың тамызында округ жойылып, аудандық құрылымдардың енуіне байланысты республиканың орталыққа бағынған қалалық мұрағат негізінде округтік мұрағат бөлімшесі болып қайта құрылды. Батыс Қазақстан мұрағаты қорының, округ жойылғанға дейінгі жиналған құжаттар қайтарылып берілді. Қазақ АКСР-і Орталық архиві Орал бөлімшесі (1931), қайтадан округтік архив (1933), 1938 жылдан бастап Гурьев облысы мемлекеттік архиві аталды.
## Мұрағат қорына шолу
1938 жылы төмендегі аудандардағы сақталған қорлардағы бірліктер саны төмендегідей болды:
* 1. Теңіз ауданында 2551 сақтау бірлігі;
* 2. Мақат ауданында 316 сақтау бірлігі;
* 3. Есбол ауданында 546 сақтау бірлігі;
* 4. Бақсай ауданында 157 сақтау бірлігі.
Осы аталған 4 аудандық мұрағатта 14 қор болған. Алғашқы облыстық мемлекеттік мұрағат құрылған кезде облыстың және округтік атқару комитетінің басшылық құжаттары, мекемелердің жұмыс жөніндегі есептері, отырыстар хаттамалары, аудандастыру, санақ жұмыстарының құжаттары, ашаршылыққа ұшырағандарға, кедейлерге, қызыл әскер жанұяларына көмектесу, сайлау жұмыстарының құжаттары, уездік, округтік, денсаулық сақтау, еңбек бөлімі мен білім беру бөлімінің құжаттары қабылданған. Сөйтіп, мұрағатта жиналған негізгі қорлар саны 7924, сақтау бірлігін құрайтын 24 қор құжаттарына жетті.
1973 жылы Маңғыстау облысының құрылуына байланысты Таушық бөлімшесі бөлініп 1068 қор құжаты шығарылды. 2000 жылы облыстық мұрағат ғимаратына күрделі жөндеу және қосымша құрылыс жүргізіліп қосымша 2 құжаттар қоймасы, оқу және көрме залдары, 5 жұмыс бөлмелері іске қосылды.
Мұрағатта Адай, Гурьев, Маңғыстау уездік ревкомдарының, кеңестердің жергілікті атқару комиттерінің, мемлекеттік, қоғамдық, кооператвтік ұйымдардың, кәсіподақтарының, өндіріс кәсіпорындарының, құрылыс мекемелерінің, ұжымшарлардың, кеңшарлардың, оқу орындарының, денсаулық сақтау, мәдениет орындарының, өлкенің көрнекті азаматтарының жеке қорлары сақталған. Республикалық мәні бар ірі кәсіпорында — “Ембімұнай”, «Қазақстанмұнай» бірлестіктері, Орал — Каспий балық тресі және т.б. туралы деректер молынан жинақталған. 1992 ж. Атырау облыстық мемлекеттік архивінің құрамына бұрынғы Гурьев облыстық партия архивінің құжаттары алынды. Құжаттар хронологиясы 1917 жылдан басталады.
## Дереккөздер |
Ауаөткел , кроссинг (ағылш. сroos — қиылысу) — кен қазбаларындағы таза және пайдаланылған ауа ағымдарын бөлуге, оқшаулауға арналған желдеткіш құрылғы. Ауа мөлшері мен қызмет мерзімінің ұзақтығына байланысты А. металл немесе құйматас құбырдан жасалады. |
Аудандық газеттер — аудан аумағында таратылатын қоғамдық-саяси басылымдар. Қазақстанда ең көп таралған газет түрі болып саналады. Олар аудандардың саяси-шаруашылық және мәдени өміріндегі уақиғаларды, әлеум.-экон. реформалардың барысын, кейбір көкейтесті проблемаларды нақты деректермен жазады. А. г. жүйесі Қазақстанда кеңес өкіметінің кезінде, 1930 ж. 11 тамыздағы БК(б)П ОК-нің “Округтардың таратылуына байланысты газеттер жүйесін қайта құру туралы” қаулысына орай пайда болған. Сол кезде жарық көрген “Достық” (Зайсан ауданы), “Ойыл” (Ойыл ауданы), “Толқын” (Арал ауданы), “Авангард” (Жетіқара ауданы), т.б. газеттер респ-дағы А. г-тердің ізашарлары. |
Атығай — қазақ халқының құрамындағы ру.
Шежіре бойынша, Орта жүздегі Арғын тайпасынан таратылады. Он екі Дәуіт ата Атығай, Атығай-Қарауыл деп те аталады. “Ақтабан шұбырындыда” Сыр бойынан ығысып, Көкшетау, Қызылжар, Омбы өңіріне келіп орын тепкен. Қызылжар (Петропавл) бекінісі салынған (1755) жерде бұрын Атығай руынан Дәулетбек байдың (Даңқойдың) ауылы отырған. Ш. Уәлиханов Абылай ханның тұтқын қырғыздарды Атығайдың арасына қоныстандырған соң олар Атығайға Байқырғыз, Жаңақырғыз, Сару, Құсшы қырғыз атасы болып сіңісіп кеткенін жазады.
## Бөлінісі
Шежіре деректері бойынша Атығайдан:
* Құдайберді,
* Бәйімбет,
* Бағыс,
* Баба,
* Ақкиік,
* Қойлы,
* Құлансу,
* Бабасан,
* Қадір,
* Елтоқ,
* Сары,
* Есентаңырық,
* Сүйіндікқара аталары тарайды.
## Тарихы
«Есім хан қалмақтармен жауласып тұрған шақта,қол астына ағайынды қос жетім 15 жасар Атығай мен 12 жасар Бағыс өмір сүріпті. Бір күні Атығай басқаларға еріп,қалмақтарға қарсы жорыққа шығады. Ол жаумен шайқасқанда өзінің ептілігімен, батырлығымен көзге түседі. Ақ боз атқа мінген Атығай, қолына егеулі найза іліп алып, Атығайлап ұран тастап жаудың ортасына бұзып-жарып кіреді. Кірген беттен жаудың туын ұстап тұрған батырды шауып түсіреді. Қалмақтар желбіреп тұрған туының құлағанын көріп кейін шегінеді. Атығайдың ерлігіне риза болған Есім хан оны ордасына шақырып алып, батасын береді және Дәуіттен тараған 12 ру, бұдан былай Атығай аталсын деп бұйырады.» Міне, осылай Атығай руы төрт жүз жыл өз атын сақтап келеді. Аңыз мазмұнынан Дәуіт бабамыздың өзі мен ұрпақтарының Атығайдан бұрын болғанын, Атығай деп Дәуіттің ұрпағына берілген атау екендігін аңғарамыз. Бұл аңыз-дерек «Қазақ ру-тайпалар тарихы» атты кітаптың тоғызыншы томының «Арғын» атты үш кітаптан тұратын топтаманың үшіншісіне енгізілген. Оны 1898 жылы ел аузынан қазақ халқының аяулы перзенті Әлихан Бөкейханұлы жазып алған көрінеді. Әлихан Бөкейханов өз тарапынан мынадай қорытынды жасайды:«Аңызға қарағанда, тайпаның негізін салушы Атығайдың өзі емес, Атығай бар болғаны бірнеше (12) рулардың жиынтық атауы болғанын көруге болады. Ол руларға:
1.Баба.
2.Бағыс.
3.Майлы.
4.Балта.
5.Бабасан.
6.Құдайберді-Бәйімбет.
7.Сүйіндік-Қара.
8.Ақ-киік.
9.Қойлы Атығай.
10.Құлансу.
11.Қадыр.
12.Атығай.
Атығайдың өз кіндігінен Баулық, Матай, Шаға, Жауғашар атты 4 бала»,- деп ойын түйіндейді. Логика заңдылығына сәйкес жоғарғы аңызға сәйкес келетін кезеңде Атығай руына тек Дәуіт атамыздың балалары ғана жатады. Сол кезде, яғни Есімхан заманында Дәуіттің қай балалары өмір кешіп жатқанын анықтау керек. Дәуіттің сол кезде өмір сүрген балалары: Қалқаш батыр, Есенаман, Игісәт, Сүгір, Назар, Бабасан, Тоғанас, Ысты, Қара батыр, Сасық. Бүгінгі таңда Атығай 12 ата болып таратылса, жоғарыда көрсетілген кезеңде аталар саны он болған. Ал егер Атығай мен Бағысты жаңа құрылған руға қосып есептесек онда он екі шығады. Уақыт өте Атығай ру құрамы өзгеріске ұшырап отырған. Мысалы, қазіргі кезде 12 ата Атығайға Дәуіттің немерелерінің есімдерімен байланысты рулардан құралғандығын байқаймыз. Солардың екеуі Құдайберді мен Бәйімбет. Ал олар Қалқаш батырдың екі баласы. Ал Атығай, Бағыс, Баба болса Есенаман балалары. Атығайды Сарысопыдан тарату шежіре үлгілерінің басым көпшілігінде кездеседі. Бұл пікірді алғаш айтып қана қоймай зерттеген Г.Потанин. Атығайды Арғын тайпалық одағына жататын Момыннан тарайтын Сарысопыдан өрбітіп және оның 12 рулы Дәуіт-Атығай деп аталатындығын да айтып өтеді. Сонымен бірге Г.Потанин Атығай тайпасының ұраны - Ошпай дейді. Атығай тайпасы болып 17 ғасырдан бастап аталсақ одан бұрын қалай аталғанымыз, қай ру-тайпаның құрамында болғанымыз сұрақ күйінде қалады. Қазақ Совет Энциклопедиясында қазақ шежіресіне қатысты мақалада Арғынның өсіп-өнуі былай сипатталады: Арғынның бірінші бәйбішесі Ергүлден - Мейрам, оның балалары Қуандық, Сүйіндік, Бегіндік, Шегіндік, Каракесек /бес Мейрам/. Қыздан туған жиені Тарақты Арғынның «Ноқта ағасы» саналады. Екінші бәйбішесі Момыннан төртеу: 1.Ақсопы, одан Қанжығалы, Тобықты; 2.Қарасопы, одан Бәсентиін, Қарауыл; 3.Сарысопы, одан Атығай, 4.Тәнбісопы, одан Сарыжетім, Шақпақ. Момыннан тараған бұл ұрпақ: Атығай, Бәсентиін, Қарауыл, Қанжығалы, Тобықты, Шақшақ, Сарыжетім - қазақта бұл жетеуі - Желкілдеген Жеті Момын деп аталады.Одан әрі энциклопедияда, ғылыми жағынан көзге ерекше түсетін жай Арғын тайпасының елдік төл аты ежелгі заманда жасаған Ғұн елінің атын еске түсіреді деп ой салады.Атығайға он екі арыс Құдайберді, Бәйімбет, Баба, Моныс, Бабасан, Бағыс, Ақкиік, Құлансу, Қойлы, Есентанырақ, Майлыбалта, Жауғаш елдері кіреді деп те осында көрсетілген.М.Тынышпаевтың зерттеуінде Атығай тайпасы Момыннан тарайтындығы, ал ол өз ішінде 12 атадан тұратындығы көрсетіледі. Оларға: Баба, Бағыс, Бабасан, Сүйіндік, Бәйімбет, Қойлы, Атығай, Құдайберді, Құлансу, Ақкиік, Қара, Майлы, Балтаны жатқызады. «Атығай» этнонимінің шығу тегі туралы деректерді талдай келе, Ә.Бөкейхановтың жазып алған аңыздың шындыққа бір табан жақын екені анықталып, көзге түседі.Біріншіден, Атығай этнонимі жеке дара адам есіміне байланысты шыққан және ол 17 ғасырда өмір сүрген тарихи тұлға.Екіншіден, тайпаның жаугершілік заманда қолданатын бірнеше ұраны болған. Бүкіл Арғын ұлысына ортақ ұран - «Ақжол» басты ұран болса, соғыс кезінде атығайлықтар біресе «Атығай», енді бірде «Ошыбай» ұранымен шайқасқан.Үшіншіден, Атығай тайпасы Дәуіттен тарайтын 12 рудың негізінде құрылған. Оларға: 1.Баба. 2.Бағыс. 3.Ақкиік. 4.Қойлы. 5.Құлансу. 6.Құдайберді. 7.Бабасан. 8.Майлы. 9.Балта. 10.Қадыр 11.Бәйімбет. 12.Атығай рулары жатады.().Қазақтың көрнекті жазушысы Сәбит Мұқановтың баласы М.С.Мұқановтың орысша 1974 жылы Алматы баспасынан шыққан «Расселение казахского народа и племенной состав Среднего жуза» кітабында Атығайды Дәуіттің Тоғым бәйбішесінен және Бегім тоқалынан таратып екіге бөледі.Бегім бірлестігіне:Есенаман, Игісай, Қалқаш.Есеманнан Баба, Бағыс; Игісайдан Ақкиік, Қойлы Атығай;Қалқаштан Құдайберді мен Бәйімбетті таратады.Сонымен Атығай тайпасын құрайтын Бегім рулар бірлестігіне: Баба, Бағыс, Атығай, Қойлы, Ақкиік, Құлансу, Құдайберді, Бәйімбет рулары жатады делінеді.Тоғым бірлестігіне:Бабасан, Майлы, Балта, Қадыр.Көрсетілген кітапқа сәйкес біздің шежіре кестеміз: Сарысопы - Елемес - Дәуіт - Қалқаш болып келеді, бірақ әлі төменде баяндалатындай атығайлық екі білгір ақындар Тоғжан мен Қожахмет, екеуі де Атығай руының өкілдері ретінде Сарысопыдан Үсенбай, Үсенбайдан 12 ата Дәуіт туған дейді.Машһұр Жүсіп Көбеев те Сары сұпыдан Үсенбай, одан 12 ата Дәуіт-Атығай туған деп жазып кеткен.Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін ажырату қиын, дегенмен Мәшһұр Жүсіп пен екі ақындікі шындыққа жанасады, солардыкі дұрыс деуге негіз бар.Қазақ ру-тайпаларының тарихында Атығайдың кіндігінен Баулық, Матай, Шаға, Жауғашар туған делінеді. Ендеше Атығай Дәуіт баласы, керісінше болуы мүлде мүмкін емес.
## Тұлғалар
Жәпек батыр, Андықожа батыр, Жандос, Аллақұшақ, Аңғал батыр, қазіргі көзі тірілерден Көкшетаулық көрнекті ақын-журналист Алмас Қажыбайұлы Темірбай т.б.
## Y-ДНК анализі
Бабасан (N=16) тармағының Y-ДНК гаплогруппасы R1a1a (N=15) және C3-M217 (N=1). Баба (N=1), Бағыс (N=1), Құдайберді (N=1) және Жанатай (N=1) тармағының Y-ДНК гаплогруппасы G1a
## Дереккөздер |
Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театры — Атырау қаласында құрылған Қазақстандағы байырғы театрлардың бірі.
## Тарихы
Іргесі 1938 жылы қаланған, оның құрамына сол жылы Петропавл театрының труппасы келіп қосылды. Театр шымылдығы 1938 жылы М. Әуезовтің “Түнгі сарын” қойылымымен ашылды. Ұлы Отан соғысы басталып, труппадағы ер-азаматтардың барлығы майданға аттанды. Алайда труппадағы әйелдер театр жұмысын тоқтатпай әрі қарай жалғастыра берді. 1948 жылы Орал музыкалық-комедия театрымен біріккен соң Гурьев театры облыс аралық қазақ музыкалық-драма театрына айналып, 1960-70 жылдары бүкіл елге танымал өнер ұжымы болды.
## Театр репертуарлары
Театр ашылғалы бері қазақ драматургиясы мен шетелдік классиктерінің барлығы үш жүзден астам туындылары қойылды; ұлы жазушының “Абай”, “Қарагөз”, “Қарақыпшақ Қобланды”, “Еңлік-Кебек”, “Айман-Шолпан”, Н.В. Гогольдің “Ревизор”, К.А. Треневтің “Любовь Яровая”, Шекспирдің “Асауға-тұсау” пьесалары; А.Б. Александровтың “Малиновкадағы той”, У.Гаджибековтің “Аршин мал алан”, В.Б. Вишневскийдің “Оптимистік трагедия”, К.М. Симоновтың “Орыс мәселесі”, Назым Хикметтің “Елеусіз қалған есіл ер” т.б. спектакльдер; ұлттық драматургиядан Ғ. Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, Б. Майлинмен бірігіп жазған “Амангелді”, С. Мұқановтың “Бөтагөз”, М. Ақынжановтың “Исатай-Махамбет”, Б. Қорқытов пен Қ. Төлековтің “Асыл жандар”, С. Жүнісовтің “Ажар мен ажал”, Т. Ахтановтың “Күтпеген кездесу”, Қ. Шаңғытбаев пен Қ. Байсейітовтің “Беу, қыздар-ай!”, “Ақсақал аң-таң”, Ғ. Слановтың “Махамбет”, Ш. Айтматовтың повесі негізінде “Ана-Жер ана”, С. Адамбековтің “Біздің үйдің жұлдыздары” т.б. пьесалар.
Өзінің жарты ғасырлық шығармашылық тарихына байланысты театр ұжымы 1989 жылы Алматыда С. Мұқановтың “Мөлдір махаббат”, Ә.Тәжібаевтың “Дубай Шубаевич”, А. Володиннің “Қос жебе”, О. Бодықовтың “Қорқыт”, Ә. Сәрсенбаевтың “Теңіз махаббаты” қойылымдарын көрсетті. “Жаралы жолбарыс” қойылымымен театр Мысырдағы халықаралық фестивальге қатысты. Қ. Төлеков, А. Ахметова, Ж. Манапова, З. Сүлейменова, Ы. Иманқұлов, К. Иманғалиева сияқты аға буын өкілдері театрдың қалыптасуына мол еңбек сіңірді.
Театрда әр жылдары Ш. Гатаулин, А.И. Сусанов-Саянский, А. Есенбаев, Н.Л. Леготин, Р.М. Шарафутдинова, М. Қамбаров, Қ. Жетпісбаев, Мен Дон-Ук, Ш. Зұлқашев режиссерлік қызмет атқарды.
## Жетістіктері
Театр бірнеше мәрте республикалық байқаулардың жүлдегері болды. Екі мәрте Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
* 1957 жылы “Театр көктемі” байқауына (Алматы) қатысып, лауреат атанды.
* 1969 жылы театрға Махамбет Өтемісов есімі берілді.
* ЮНЕСКО шеңберінде тойланған Махамбет батырдың 200 жылдық мерейтойын атап өту кезінде драматург Сайын Назарбекұлының "Махамбеттің бір күні" атты қойылымы сыншылар тарапынан оң бағаға ие болды.
* 2008 жылы Қазақстан театрларының ХІV республикалық фестивалінде Мұхтар Әуезовтің "Қаракөз" драмасы дипломант атанып, театр актері Сәбит Қожабеков "Ең үздік екінші пландағы ер адам бейнесі үшін" дипломымен марапатталды.
* 2010 жылы Тараз қаласында өткен Бауыржан Момышұлының туғанына 100 жыл толу мерекесіне арналған республикалық театрлар фестивалінде Мұқанғали Томановтың "Сыйланбаған сезім" қойылымы "Көрермен көзайымы" жүлдесін жеңіп алды.
* 2012 жылы Орал қаласында өткен Әзірбайжан Мамбетовтың 80-жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХ республикалық фестиваліне қатысты.
* 2015 жылы облыста өткен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың халықаралық театр фестивалінде ІІ орын жеңіп алды.
* 2016 жылы "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына" арналған Қазақстан драма театрларының ХХІV республикалық фестиваліне қатысып, қоюшы режиссер Гүлнәз Қамысбаева "Үздік режиссер" номинациясын иеленді.
* Қырым республикасының Керчь қаласында өткен "Боспорские огоны" атты ХІХ ежелгі өнер халықаралық театрлар фестиваліне қатысты.
* 2017 жылы – маусым айында театр ұжымы Керчь қаласында өткен "Боспорские агоны" атты антикалық өнердің ХІХ халықаралық фестивалінде қатысып, "Антикалық тақырыпты заманауи жолмен игеру" номинациясын иеленді; мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халықаралық "Алаш" және Тәуелсіз "Платиналы Тарлан" сыйлықтарының иегері, ақын-драматург Иран-Ғайыптың "Мәңгілік елдің алтын адамы" республикалық театрлар фестивалінде "Көрермен көзайымы" номинациясымен марапатталды; жас режиссерлердің Қайрат Сүгірбеков атындағы І республикалық форум фестиваліне театр Шыңғыс Айтматовтың "Мәңгүрт" драмасымен қатысып, қоюшы режиссер Гүлнәз Қамысбаева І орынды иеленді; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Әшірбек Сығайдың 70-жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXV республикалық фестиваліне Рақымжан Отарбаевтың "Бас" драмасымен қатысып, "Өзекті тақырыпты көтергені үшін" номинациясымен марапатталды.
* 2018 жылы – театр басшысы Берік Жаменов "Сахнагер - 2018" ұлттық театр сыйлығының "Үздік менеджер" номинациясын жеңіп алды; театр актері Асхат Мұсағалиев "Сахнагер - 2018" ұлттық театр сыйлығының "Үміт" номинациясымен марапатталды.
* Қазақстан Республикасының үкіметінің 2018 жылғы 13 ақпандағы №52 қаулысымен театрға академиялық атақ берілді.
## Атырау драма театрының қойылымдар шежіресі (1938-2015 жж.)
1938 жыл.„Түнгі сарын“, «Бүліншілік», «Тас түлектер», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу».
1939 жыл.«Еңлік-Кебек», «Айман-Шолпан», «Ақ қайың», «Боран», «Күрес күндерінде», «Отан үшін», «Шекарада»
1940 жыл.«Амангелді», «Екі мырзаға бір қызметші», «Исатай-Махамбет», «Ревизор», «Скапеннің айласы», «Қыз Жібек».
1941 жыл.«Алуан-алуан», «Алма бағында», «Зұлымдық пен махаббат», «Қазірет Сұлтан», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»
1941-1945 жылдар.Соғыс жылдары концерттер және «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» спектакльдерінен үзінділер көрсетілді.
1945 жыл.«Майра», «Алдар көсе»
1946 жыл.«Күйеулер», «Шапқыншылық», «Орыс мәселесі», «Қазақ қызы»
1947 жыл.«Ақан сері-Ақтоқты», «Аршын-мал алан», «Арқалық», «Достықпен махаббат»,«Мысыққа күнде той бола бермес», «Қобыланды»
1948 жыл.«Мен Совет дәрігерімін», «Шалқыған теңіз», «Бал бұлақ», «Роз Мари», «Ревизор», «Менің Гөзелім»
1949 жыл.«Малиновкадағы той», «Миллионер», «Екінші фронт»
1950 жыл, «Ер Тарғын», «Васса Железнова», «Көк дала», «Дударай», «Қожанасыр»
1951 жыл.«Жазықсыз жазықтылар», «Ізгі ниеттілер»
1952 жыл.«Алтын сақа». «Абай». «Жас өмір», «Амангелді», «Ыбырай Алтынсарин», «Әке үкімі».
1953 жыл.«Көктем желі», «Арғы жақта», «Жібек Сюзане», «Любовь Яровая»
1954 жыл.«Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Асауға тұсау», «Үйлену», «Гүлден, дала!», «Есірген ерке», «Елең-алаңдағы махаббат», «Назар Стодоля»
1955 жыл.«Аягөз ару», «Алдар көсе», «Жүрек сырлары», «Менің махаббатым», «Күйреу», «Қөңілді қонақ»,т «Тас талқан».
1956 жыл.«Қыз Жібек», «Жеке адамның ісі», «Сен қайтер едің?», «Минусинскіден келген қыз», Кеше мен бүгін», «Алланың семьясы»
1957 жыл.«Күншілдік», «Дала шапағы» («Т. Бокин»), «БіздіңҒани», «Ботакөз», «Еңлік-Кебек», «Кім менің әкем?», «Исатай - Махамбет», «Соңғы түн»
1958 жыл.«Зыковтар», «Айман-Шолпан», «Жайық таңы», «Түнгі сарын»
1959 жыл.«Адасқан ұл», «Жалғыз ағаш орман емес», «Егер сен жігіт болсаң...», «Кең өріс», «Тайфун».
1960 жыл.«Жалбыр», «Қарагөз», «Күн мен көлеңке», «Жоғалған күнделік», «Құдағи келіпті», «Абай».
1961 жыл.«Беу, қыздар-айі», «Ғашықтар айласы», «Афродита аралы», «Асыл жандар», «Қожа», «Ақан сері - Ақтоқты».
1962 жыл. «Шамшырақтар», «Сарыарқа», «Керемет», «Зұлымдық пен махаббат»
1963 жыл. «Бажалар мен балдыздар», «Отыз тиын штраф», «Той боларда», «Шұға», «Көңілдестер», «Куырдақ дайын».
1964 жыл. «Табыттан шыққан үн», «Ана - Жер-ана», «Исатай - Махамбет», «Қобыланды», «Сандықтан шыққан сайтан»
1965жыл.«Ақбөбек», «Әке тағдыры», «Халқым туралы аңыз», «Еңлік-Кебек»
1966 жыл. «Мөлдір махаббат», «Кімге күлеміз?», «Күншуақта», «Арманым, Әселім!», «Жаяу Мұса»
1967 жыл. «Ақсақал аң-таң», «Белгісіз батыр», «Қош келдіңіз», «Боран», «Елеусіз қалған есіл ер», «Оитнмистік трагедия»
1968 жыл. «Сөнбейтін от», «Біздің үйдің жұлдыздары», «Соңғылар», «Сүймегенге суйкенбе», «Ажар мен ажал»,«Айқас»
1969 жыл. «Махамбет», «Біз Жетібайданбыз», «Соқыр падиша», «Нәркес»
1970 жыл. «Өзіме де сол керек», «Қазақ солдаты», «Сертке-серт», «Тау қызы», «Үйлену»
1971 жыл. «Алуа», «Досымның үйленуі», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», Күтпеген кездесу», «Исатайұлы Жақия», «Құтырған ақша»
1972 жыл. «Қамбар батыр», «Ана жүрегі», «Арбаң аман болсын!», «Аюбайдың ажалы»,
1973 жыл. «Алғашқы мүғалім», «Кіндік шеше»
1974 жыл. «Қанжар мен домбыра», «Ақан сері-Ақтоқты», «Құлыным менің», «Ай тұтылған түн»
1975 жыл. «Исатай-Махамбет», «Жүрегімнен сұраңдар», «Айман-Шолпан», «Есірген ерке»
1976 жыл. «Ғашықтар», «Бетпе-бет», «Жылама, Дәмеш», «Кемпір іздеп жүрмін»
1977 жыл. «Құрманғазы», «Дөкей келе жатыр», «Шағала», «Қарагоз», «Оптимистік трагедия», «Сен кімсің?», «Көлеңкелер қалай жоғалады?»
1978 жыл. «Бір түнде төрт тебелес», «Боздағын күткен бейбақтар», «Әзіл-әзәзіл», «Махамбет»
1979-1980 жылдар. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Шығыстағы бір бейбақ», «Ақылшы аға», «Теңіз махаббаты», «Жарайсың, шалым!», «Жұлдыз», «Қандала», «Ақансері-Ақтоқты»
1981-1982 жылдар. «Жеті балдық жер сілкінісі», «Болашаққа аманат», «Зәуреш», «Қыз махаббаты», «Желкөбік», «Қараша қаздар қайтқанда», «Қалыңдық пен күйеу», «Ала жіпті аттағандар»
1983-1984 жылдар.«Біздің ауылда», «Ертең бюро», «Арманым, Әселім», «Әке мен бала», «Ашық сабақ», «Тосқауыл», «Аса құрметті Икс», «Біз ушеу едік», «Ғажайып құс»
1985-1986 жылдар. «Намыс гвардиясы», «Жарайсың, бажа!», «Зымырайды поездар», «Маңғыстау оқиғасы», «Жұлдызым менің жоғары», «Қос жебе», «Қыз жиырмаға толған күн»
1987-1988 жылдар. «Мөлдір махаббат», «Аяулым менің», «Өтірік әңгіме», «Апа, апатай», «Жесірлер», «Сталинге хат», «Қорқыт», «Біз де ғашық болғанбыз», «Ақбөбек»
1989-1990 жылдар. «Адам Ата-Хауа Ана», «Дубай Шубаевич», «Түнгі сарын», «Шойын қатын», «Айналайын ақ келін»
1991-1992 жылдар. «Асауға-тұсау», «Астағыпыралла!», «Жаналқымда», «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!», «Күнде мейрам, қүнде той», «Әпке», «Еңлік-Кебек»
1993-1994 жылдар. «Жаралы жолбарыс», «Жазықсыз тамған жас», «Жарайсың, қоян!», «Қылмысты оқиға», «Алдар көсе», «Әке тағдыры»
1995-1996 жылдар. «Жан азабы», «Келіндер көтерілісі», «Сүйікті менің апатайым!» («Әпке»)
1997-1998 жылдар. «Ең әдемі келіншек», «Ғашықтарға сот жоқ», «Алдар көсе», «Екі қожаға бір қызметші»
1999-2000 жылдар. «Әке тағдыры», «Асар» (ертегі), «Бейбарыс сұлтан»
2001-2002 жылдар. «Әпке»
2003-2004 жылдар. Үш әйел алған еркек», «Махамбеттің бір күні», «Махаббат пен кесапат», «Жарайсың, бажа!», «Келіндер көтерілісі», «Қиямет-қайым Киото»
2005-2006 жылдар. «Сыған серенадасы», «Күйеу іздеген кемпірлер», «Нұр жауған ғұмыр», «Тағдырлар»
2007 жыл. «Ұят кайда?», «Көгілдір такси», «Қайын ене», «Жаңа жыл», «Керқұла атты Кендебай»
2008 жыл. «Келіндер көтерілісі», «Қарагөз», «Әй, қыздар-ай’», «Шатақхана - 99», «Кішкентай мук», «Мамуля»
2009 жыл. «Бір түп алма ағашы», «Сүйікті сегіз әйел», «Періштелер жерде ғұмыр кепіпейді», «Үш торай туралы ертегі», «Махаббат мұнарасы», «Нұр жауған ғұмыр», «Ақымақ болған -басым-ай!»
2010 жыл«Филумено Мартурано», «Шырақ жанған түн», «Болмаған оқиға», «Сыйланбаған сезім», «Супер келін» («Келіндер кетерілісі»)
2011 жыл. «Көңілді Роджер», «Гиппократ анты», «Мәңгілік бала-бейне», «Мұстафа Шоқай», «Қымбатты Памелла»
2012 жыл.«Қос мұңлық», «Қарақшы малайлар», «Түнгі қонақ», «Үш торай туралы ертегі», «Махаббат аралы», «Жандауа», «Шырмауық астындағы шырғалаң», «Жаңғырық»
2013 жыл. «Ана туралы жыр», «Күшік күйеу», «Ұр, тоқпақ», «Мәңгілік махаббат»
2014 жыл. «Хақ жолы», «Золушка», «Нашақорлар»
2015 жыл. «Мәңгүрт», «Ревизор», «Жәңгір хан», «Бас»
## Дереккөздер |
I Әлемгір (урду: اورنگزیب; 3 қараша 1618 жыл — 3 наурыз 1707 жыл) — Ұлы Моғолдар патшалығының 6-шы падишаһы. Ұлы Моғолдар патшалығының негізін қалаушысы Бабырдың неменесі. I Акбардың шөбересі.
Толық атағы: әс-Сұлтан әл-Ағзам уә-л-Хақан әл-Мүкаррам, Хазірет Әбілмұзаффар Мүхйиаддин Мұхаммед Аурангзеб Баһадүр I Әлемгір, Падишаһ-и-Ғази, Шаһиншаһ-и-Сұлтанат-үл-Хиндия-уә-л-Мұғалия.
## Өмірбаяны
Шын аты — Аурангзеб. Әкесінің тұсында Деканның наменгері болды (1636-1644, 1652-1657). I Шаһ Жаһанның төрт ұлы арасында 1658-1659 жж. тақ үшін таласта Аурангзеб әскери күшінің басымдылығы мен жеке айлакерлігі арқасында жеңіске жетті.
### Билеген жылдары
Патшалық солтүстігіндегі Қандағар, Балх, Декан, Ахмаднагар, Биджапур және Голконданы өзіне қарату үшін ұрыстар жүргізді. Елді күйзелтті; соғыстар, алым-салық мөлшерінің өсуі, шивадждар, джаттар раджпут раджаларының наразылығын, көтерілісін туғызды. Ақырында Аурангзебтің өз ұлдары бүлік шығарып, Ұлы Моғолдар патшалығы терең дағдарысқа душар болды.
## Дереккөздер
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Аурангзеб |
Аушев Руслан Сұлтанұлы 1954 жылы 29 қазанда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында дүниеге келген. Аушев Руслан — мемлекет қайраткері, Ресей Федерациясындағы Ингуш Республикасының тұңғыш президенті (1993), Кеңес Одағының батыры (1982), генерал-лейтенант (1994). Орджоникидзе құрамындағы жалпы командалық жоғары әскери училищені (1975), Фрунзе атындағы әскери академияны (1986) бітірген. 1975—80 жылдары түрлі әскери округтерде взвод, рота командирі болды, 1980—82, 1985 жылдары Ауғанстандағы соғысқа мотоатқыштар батальонының командирі болып қатысып, ерлік көрсетті. Осы соғыста ауыр жарақат алды. 1987—92 жылдары Қиыр Шығыс әскери округінде мотоатқыштар полкінің командирі, дивизия командирінің орынбасары, армия қолбасшысының әскери дайындық жөніндегі орынбасары болды. Ал 1992 жылы Ингуш Республикасы уақытша әкімшілігі басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарып, кейін әскери қызметтен босатылды (желтоқсан, 1992). А. Ичкерия мен Ресей арасындағы соғысты (1994—96) тоқтатуға, екі жақтың бейбіт бітімге келуіне үлкен еңбек сіңірді. 1989—92 жылдары КСРО халық депутаты болды. 1993 жылдан Ресей Федерациясы кеңесінің депутаты. 1994 жылы Ингушетия президенттігіне қайта сайланған.
## Сілтеме
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Ауыз үй, ауыз бөлме, Вестибюль — дәстүрлі қазақ қоғамындағы қыстауға салынған үйдің кіреберіс бөлмесі. Үйдегі бөлмелердің аз-көптігі әрбір отбасының тұрмыс жағдайына байланысты болған. Бірақ ең кедей отбасының өзі 2 бөлмелі үй және қосымша шағын аула салған. Сол екі бөлмелі үйдің алдыңғысы — ауыз үй, кейінгісі — төр үй болып есептелген. Орташа ауқатты отбасыларында бөлмелер саны 3-тен кем болмаған: ауыз үй, ас үй (қазандық), төр үй.
Вестибюль — тұтынушыға қызмет көрсету басталатын бөлме болып саналады. Орын санына байланысты кәсіпорындардьщ вестибюль аудандары әр түрлі болып келеді. Вестибюльде сыртқы киімге арналған гардероб, дәретханалар, айналар, жұмсақ жиһаз, ойын автоматтары, гүл және газет сатылу орындары ұйымдастырылады.
Ауқатты отбасылар бұған қонақ үй мен балалар жататын үйді қосып, бөлмелер санын 5 — 6-ға жеткізген. Кедей отбасыларында жеке ас үй (қазандық) болмаған. Асты ауыз үйде пісіріп, азық-түлікті, ыдыс-аяқты осында ұстаған. Кей жылдары ауыз үйде ерте туған төлді (қозы, лақ, бұзау) ұстауына тура келген.
Ауыз үй - келіп-кетушілерді қабылдауға және таратуға арналған үймереттің ішкі бөлімдеріне кіру алдындагы бөлме.
## Киім ілгіш сөресі
Егер ауыз үйдің көлемі мүмкіндік берсе, сырт киімдерді арнайы кергіштерге ілген дұрыс. Ол кергіштер киім ілгішке арналған жоғарғы сөресінің төменгі жағынан екі шеткітіреу тақтаға көлденең, қабырғадан 25—30 ем бері қағылған штангаға ілінеді. Мұндай штангалар жұмыр ағаштан не ортасы қуыс металдан жасалады. Штангалардың жуан-жіңішкелігі олар көлденең бекітілетін екі шеткі тіреудің қашықтығына байланысты. Өйткені арақашықтығы алшақ, ал штанга жіңішке болса, оның киім салматымен майысып кетуі мүмкін. Киім ілгіш сөресінің биіктігі еденнен 190—200 ем болған жағдайда, киімнен төменгі бос орынды аяқ киім салатын жәшік қою үшін пайдаланады. Бұл жәшіктердің ені 35 см-ден аспауы тиіс. Сондай-ақ, аяқ киім қою үшін ені 15 см-ден аспайтын аласа жәшік жасауға да болады. Мұндай жәшіктердің әр бөлігінің жоғарғы жағына көлденең ағаш штангалар бекітіледі де, аяқ киім соған тақасынан ілінеді. Аяқ киімнің тұмсығы берірек қағылған жіңішке тақтайшаға тірелуі қажет. Биіктігі 50—70 ем мұндай жәшіктердің жоғарғы бөлігіне қолқап, щетка, аяқ киім майы т. б. әр түрлі ұсақ заттар сақтайтып, есігі сырғымалы ұялар жасайды. Жәшіктің үстіңгі қақпағы айна қоятын сөре ретінде пайдаланылуы мүмкін. Ал екі қабырғасына қолшатыр, таяқ шетін ілгешек қағылады (2-сурет).
## Ауыз үйдегі ең қажетті заттық бірі — айна
Ауыз үйдегі ең қажетті заттық бірі — айна. Оның тікесінен қойылатын биік айна болғаны жөн. Ондай айна адамның тұла бойын толық көруіне мүмкіндік берумен бірге ауыз үйді кеңейтіл көрсетеді. Айна пайдалануға қолайлы болу үшін оның төменгі кенересінің еденнен кемінде 30 ем биік орналасқаны жақсы, Егер айна ауыз үйдің бұрышына қойылған жағдайда, оның келесі қабырғадан қашықтығы 30 см-ден кем болмауы тиіс. Айнаның жанынан сәндену бұйымдары мен жабдықтарын қоятын жақтау немесе кішкене столШа орнатады. Ал көлемі шағын айшаның тік бұрышты, дөңгелек, дөңес болып келуі және олардың әсем безендірілген ағаш не металл рамаларға салынуы мүмкін. Үлкен айна тік бұрышты болуы қажет. Оны арнаулы шегемен немесе сәндік бұрандамен бірден қабырғаға яки есікке бекітеді. Ауыз үйді жиһаздау кезінде отыратын орынды да есепке алған жөн (орындық, табуретка немесе банкетка). Жерді тарылту үшін орындық орнына аяқ киім салатын жәіпікті пайдалануға да болады. Ол үшін жәшіктің еденнен биіктігі 40—50 ем деңгейде болуға тиіс. Сол сияқты, биік жәшіктің аяқ орнатылған қайырмалы есігі де орындық ретінде пайдалануы мүмкін.
## Қабырғаға кіргізе жасалған шкафтар
Ауыз үйде қабырғаға кіргізе жасалған көлемі әр түрлі шкафтар да пайдаланылады. Мұндай шкафтарды жасаған кезде, оның қарсы қабырғадан кемінде 130 ем алшақ болуы тиіс екенін естен шығармау керек. Шалқалап ашылмайтыны сырмалы есіктерді пайдаланған тиімді. Киімді кергіш арқылы ілу үшін мұндай шкафтардың тереңдік 55 ем-ден кем болмауы тиіс. Шкафтың жоғарғы бөле гі не сирек пайдаланылатын және маусымдық дүниелерді сақтау тиімді. Қабырғадан ойып жасаған шкаф шаңғы, қармақ сабы сияқты ұзын заттарды сақтауға ыңғайлы. Осындай шкаф жасаған кезде киім ілгішке және бас киім қоятын сереге орын қалдырылады. Егер пәтерде шаруашылық бұйымдары үшін арнаулы шкаф болмаса, ойып жасалған шкафтың бір бөлігі шаруашылық б ұйы мд арына арналады, оның көлемі кемінде 40—60 ем болуы қажет. Қазіргі пәтерлерде ауыз үй қонақ бөлмеден әйнектелген есікпен немесе сырғымалы қортиаумен бөлінеді. Бұл ауыз үйге табиғи жарық түстіне, оның көзге кең болып кө-рінуіне мүмкіншілік береді.
## Дереккөздер |
Атырау ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты — Батыс Қазақстан аймағында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелерімен айналысатын ғылыми-зерттеу орталығы. Атырау қаласында орналасқан. ҚР Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы қаулысына сәйкес Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының батыс бөлімшесі, “Жемшөп және жайылым” ғылыми өндірістік бірлестігінің аймақтық бөлімшесі және Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институтының Атырау ғылыми-зерттеу станциясы негізінде ұйымдастырылды. Институттың негізгі міндеттері — қойдың, жылқы мен түйенің жергілікті тұқымдарын жетілдіру және жаңа тұқымдарын өсіру, мал тұқымын асылдандыру, жемшөп өндірудің прогресті технологиясын әзірлеу, мал ауруларының алдын алу, емдеу әдістерін жетілдіру. Институт сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін жергілікті жердің табиғи экономика жағдайына сай келетін агротехника және зоотехника тәсілдерді анықтайды, ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге ғылыми тұрғыдан басшылық жасайды, ғылым мен озат тәжірибе жетістіктерін насихаттайды, ғылыми әдістеме, оқулықтар шығарады.
## Дереккөздер |
Ауылдық мектептер , көшпелі ауыл мектептері — 1917 жылға дейін көшіп-қонуға лайықталып құрылған бастауыш оқу орындары. Әр мектепте 10 — 15 бала оқиды. Алғаш 1892 жылы 15 тамызда Николаев уездінде (Қостанай облысы), Кеңарал болысының 4-ауданында ашылды. 1892 — 93 оқу жылында 17-ге, 1894 жылы 35-ке жетті. Бұратана халықтардың мектептері туралы 1907 жылғы ережеге сәйкес мұндай мектептерде оқу мерзімі 3 жыл болып белгіленді. Оқу алғашқы екі жылда ана тілінде, үшінші жылы орыс тілінде жүргізілді де, ана тілі жеке пән ретінде өтілетін болды. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында бұл мектептер бірыңғай еңбек мектебі болып қайта құрылды. Кейін жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру талабының жүзеге асырылуына байланысты (1930), төрт жылдық бастауыш мектепке айналды.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Ауыл тілі — газетті РК(б)П ОК-тінің 1925 жылы наурыз айындағы қазақ баспасөзі туралы қаулысына орай Қызылорда қаласында (27.07.1926-12.02.1929) шығып тұрды.
Құрылтайшылары: Қазақ өлкелік партия комитеті, ҚАКСР ОАК-і, кәсіпшілер одағы, Сырдария губерниялық партия комитеті мен атқару комитеті. Алғашқы редакторлары — Жалау Мыңбаев, Елтай Ерназаров, Бейімбет Майлин.
Газеттің негізгі бөлімі “Ауыл тұрмысында” ауылдағы өзгерістер, шаруалар жайы, жұмысты жақсарту шаралары жазылды. С.Сейфуллиннің “Ауыл байғұс, мінекей”, С.Мұқановтың “Қысқы кіреші” өлеңдері, Б.Майлиннің “Рахиланың көк тұсағы” әңгімесі, І.Жансүгіровтің “Қонақтар мен қожайын” сықағы ең алғаш осы газетте жарияланды. “Ауыл тілі” елді кеңестендіру, шаруаларды өкімет ісіне қатыстыру, жұмысшылар мен шаруалар одағын күшейту саясатын насихаттады.
## Дереккөздер |
Ауыз сырнай — қазақ халқының үрлемелі-уілдекті музыка аспабы. Халық арасында оның ауыз сырнай және қол сырнай деген екі үлгісі сақталған. Ауыз сырнайдың ұзындығы — 15 см, ені — 4 — 5 см, қалыңдығы 4 — 5 см. Екі жақтаудан тұрады. Жақтауларының сыртына күмістен немесе сүйектен ұлттық өрнектер жүргізіліп, ортасына дыбыс беретін ойықтар жасалады, оған үн беретін сапалы жұқа металдан тілшелер орнатылады. Ауыз сырнайдың жасалуы күрделі, сондықтан ел ішінде өте сирек кездеседі. Ауыз сырнай, көбінесе, жеке тартылады.
## Дереккөздер |
Ауыл архитектурасы — ауылдық жерлердегі тұрғын үйлерді, әлеум., мәдени-тұрмыстық, өндірістік ғимараттарды жобалаумен, салумен, солар тұрған жерді көркейтумен айналысатын архитектура саласы. Ауыл архитектурасын өркендетіп дамытуға қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымы, ұлттық-тұрмыстық дәстүрлері, табиғи-климаттық жағдайлары әсер етеді. 19 ғасырдың ақырында Қазақстан терреториясында шарбақпен қоршалған қыстық тұрақжайлар (қыстаулар) салынып, тұрғындар отырықшылыққа көше бастады. Баспана шымнан немесе шикі кірпіштен тұрғызылды. Оның едені көтеріңкі, кейде тақтай төселген, бірнеше бөлмелерден тұратын тұрғынжайы және мал ұстайтын қорасы болған. Баспана жанынан ет, басқа да азық-түлік сақталатын шошала тұрғызылған. 20 ғасырдың басында Қазақстанда жаңа қоғамдық қарым-қатынастар, шаруашылықты жүргізудің жаңа түрлері қалыптасты. Бірақ ауыл архитектурасы құрылысының мүмкіндіктері шектеулі еді. Тек 50-жылдары ауылдық жерлерде күрделі құрылыс қанат жая бастады. Ауылдық жерлердің кешенді құрылысын тұрғындық және көлік жүйесімен байланысқан өндірістік аймақтарға бөлу ескерілді. Ауыл архитектурасы әкімшілік орталықтардың айналасында орналасқан әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық құрылыстар мен тұрғын үйлерден құрылды. Ауылды көркейту ісі парк, гүлзарлар мен көшелерді көгалдандыру, алаңдарды безендіруді қамтыды. Ауылдағы елді мекендерді бірте-бірте көркейген кенттерге айналдыру әрі мәдени деңгейін қалаға жақындату, ұлттық дәстүрлерді, халықтың сәндік колөнері белгілерін қолдану шарттары көзделді. Қазіргі заманғы ауылдық жерлердегі құрылыс ісінде индустриялық әдістер, ірі құрастырмалы тәсілдер де қолданыла бастады. Кірпіш, ағаш, темір-бетонмен бірге жергілікті материалдар да пайдаланылады. Ғимараттардың көз тартарлық әсем болуы үшін түрлі бейнелеу тәсілдері (ою-өрнек, мозаика, панно) қолданылады. Ауылдық жердегі тұрғын үй әдетте 1 - 2, кейде 3 қабатты болып ұтымды жоспарланады, санетарлық-техникалық құралдармен жабдықталады. Ауыл архитектурасының көрнекті үлгілері қатарына Алматы облысындағы Алдабергенов ауылын, Нұрлы кеңшарын айтуға болады.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Ауыл тұрғындары — кезекті санақ пен ағымдағы статистикада жеке бөлініп есептелетін тұрғындар жиынтығы. Ауыл тұрғындарының отбасы көлемі үлкен, отбасылық қарым-қатынастары тығыз, ал табиғи өсімі қарқынды болып келеді. Қазақ халқы бұрынғы дәстүрлі ауыл тұрғындарынан құралған. Тек соңғы 20 ғ-да ғана ескі ауылдың ыдырауына байланысты жаңаша шоғырланған ауыл мен қала тұрғындары көбейе бастады. Демографиялық зерттеулер бойынша, ауыл тұрғындарының проценті төмендегідей болды: 1897 жылы —99:1%, 1926 жылы — 98:2%; 1939 жылы — 84:16%; 1959 ж. — 76:24%; 1970 жылы —73:27%; 1979 жылы — 69:31%; 1989 жылы — 60:40%; 1997 жылы — 53:47%. Демографиялық болжамдар бойынша бұл үрдіс нарық кезінде қайтадан дала-қала көші-қоны арқылы үдей түсіп, 2000 жылы қала мен ауыл тұрғындары 50:50% болып теңеседі деген жорамал бар. Қазақстанда ауыл тұрғындарының еңбек өнімділігі өсе келе ауыл тұрғындарының проценті төмендей бермек.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Ауылдың алты ауызы — дәстүрлі қазақ қоғамында үйге келген қонақты қолқалап, “қонақкәде” айтқызудан бұрын ауыл адамдарының, үй иелерінің өздері айтып беретін өлең-жыры. Қонақ тамақ ішіп, тынығып болған соң ауыл адамдары ауылдың алты ауызы айтып, қонақтың көңілін көтеруге тырысқан да, кезекті қонаққа беретін болған. Қонақ не өлең айтып, домбыра тартуы немесе ертек айтып, “қонақкәдесін” жасауы шарт болған. Кәде орындалған соң ән айту үлесі өнерпаздарға тиіп, отырыс ойын-сауыққа ұласып отырған. Қазіргі кезде негізінен ауылдық жерлерде сақталған.
## Дереккөздер |
Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.
Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес.
Мысалы, “халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, “халық шығармашылығы” — халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” — прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы. Бұларға қоса “халық даналығы”, “халық білімі” деп аударылатын “фольклор” терминінің мән-мағынасында да елеулі айырма бар. Батыс Еуропа, Америка, Австралия халықтарының ұғымында бұл сөздің мағынасы тым ауқымды. Ол халықтың киім-кешек, құрал-жабдық, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, наным-сенім, сондай-ақ түрлі көркем өнерін (поэзия, музыка, би, ою-өрнек, тоқыма өнері, т. б.) тұтастай атау үшін қолданылады. Бұл жағынан алғанда ол тек ауыз әдебиетін ғана емес, “этнография”, “этномәдениет” дейтін ұғымдармен де сабақтасып жатыр. “Фольклор” атауы орыс ғалымдарының зерттеулері арқылы халықтың ауызша поэтикалық шығармашылығы деген мағынада қалыптасқан. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы “ауыз әдебиеті” деген ұғым да “фольклордың” осы мәнімен сабақтас. Бұлар бірін-бірі толық алмастыра береді. Ауыз әдебиетіін зерттейтін ғылымды “фольклортану” деп атау да осыған байланысты. Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді. Ол — көне тас дәуірінде пайда болып, түркілік тұтастықты бастан кешірген, одан бері де қазақ халқының қалыптасу тарихымен біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан теңдесі жоқ рухани мұра. Байырғы ата-бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді. Әрі ұлттық рухани мәдениеттің ғасырлар тізбегіндегі тарихи өзгерісін, этникалық санамен қарайлас жүріп өткен жолын да көз алдымызға елестете алады. Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да — халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады. Ауыз әдебиетінің осы өзгешілігі оның әлеум. бітімін де айқын сипаттайды. 20 ғасырдың басына дейін көшпелі қоғамда туып, көшпелі қоғамның талап-талғамы мен әлеуметтік қажеттілігіне толық жауап берген ауызша сөз өнері өзінің барлық даму жолдарында айрықша жүк арқалады, көркемдігі мен әлеум.-қоғамдық қызметі бойынша ең биік тұғырға көтерілді. Көшпелі қоғам мәдениетінде табан астында туып, тыңдаушысын тәнті етпеген өлеңді, мәнерін таппаған жырды өнер деп танымаған. Осындай тіршілік аясында қалыптасқан ауыз әдебиеті барлық белгілері бойынша классик. деңгейге көтерілген. Сондықтан да қазақ халқының ауызша сөз өнері отырықшы елдердегі көп өнердің бір тармағы ретінде дамыған фольклорлық шығармашылықтан оқшауланып тұрады. Көшпелі қоғамда фольклор белгілі бір әлеум. топтың ғана шығармашылығы емес, жалпы халықтың ханы мен қарасына, батыры мен биіне, байы мен кедейіне ортақ өнер, әмбеге тиесілі мұра. Бұған себеп күнделікті тіршілікті өнер дәрежесіне, кез келген құбылысты бейнелі де бедерлі жеткізуге дала перзентінің бейім тұруы еді. Қазақ даласындағы көшпелі қоғам мәдениет пен ғылымның біраз салаларынан кенжелеп жатқанымен, ауыз әдебиетінің таң қаларлықтай тұтас, қоғамдық дәрежеде дамуына мейлінше толық жағдай жасады. Ауызша айту фольклордың тек қана шығарылу, таралу жолы емес, бүкіл қоғам тарапынан қолдау тапқан өнердің басты шарты болды. Үлкен де, кіші де ауызша өнер дәстүріне дағдыланды, жасынан санасына сіңіріп, соны ғана мойындады. Бүкіл қоғам ауызша өнер мектебі болды. Осыған лайық ауыз әдебиетінің көтерген жүгі де орасан зор еді. Халықтың тарихи зердесі, философиялық ой-түйіндері, педагогикалық тәжірибесі, адамгершілік нормалары, кәсіптік әдебиетке тән көркемдік сұраныстары, театрлық өнерге тиесілі есесі ауыз әдебиетіне жүктеледі. Іс жүзінде оның араласпайтын саласы қалған жоқ. Шілдеханадан бастап рулар арасындағы дау-дамайларға, бесік жырынан бастап жоқтауға, ем-домнан бастап лирикалық өлеңдерге, ырым-түсініктерден бастап қоғамдық дүниетанымдық аңыз-әңгімелерге, мифтік сенімдерден бастап қоғамдық ой-пікірлерге дейінгінің бәрі де фольклорға тоғысты. Сондықтан да ол қай заманда да белгілі бір топтың (немесе таптың) ғана мұрасы болған жоқ. Бұған өткен қоғамдарда қазақ ауыз әдебиеті туралы пікір білдірген адамдардың әр түрлі мамандық иелері болуы да дәлел бола алады. Олар өздеріне қажет елдің тарихы, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, мінез-сипаты, дүниетанымы, моральдық-этикалық нормалары, заңдары, діні, дәрігерлік тәжирібесі, қару-жарақ, киім-кешек, жер-су, мекен, тау-тас, көл, өсімдіктер мен жануарлар туралы мәліметтерді алдымен осы фольклордан тапқан. Қазақ А. ә-нің қуатты қайнар көзі ауызша жырлаудың небір саңлақтарын дүниеге әкелді. Есімі тарихтан белгілі сонау 14 — 15 ғасырлардағы Сыпыра жырау, Асан Қайғыдан бастап кешегі Жамбыл, Нұрпейіс, бүгінгі халық ақындарына дейінгі аралықта ауызша жырлаған ақын, жырау легінің даңқы қазақ мәдениетінің тарихында біржола орын тепті. Бұл іс жүзінде халықтық фольклорлық мұраның ауызша даралық кәсіптік өнерге дейінгі жүріп еткен жолы еді. Авторлық ауызша әдеби мұраны ауыз әдебиетінің қатарына қоспағанымызбен оның төл тарихы содан басталатынына ешбір күмән жоқ. Қазақ фольклоры біздің заманымызда өткен қоғамдардағыдай дамудың қайнар көзінде, өсіп-өркендеудің ең биік сатысында тұрмағанымен қазір де ұлан-ғайыр әлеум. жүк арқалауда. Ұлттың рухани болмысын, мінез-сипатын, тұрмыс-тіршілік тынысын әлі сол фольклор арқылы айна қатесіз танимыз. Еліміздің тәрбиелік, эстетикалық, адамгершілік мұраттарының айқын айғағы, рухани өлшемі де сол фольклордан бастау алады. Ауыз әдебиеті жанрлық құрамы жағынан да сан-салалы болып қалыптасты. Тұрмыс-салт өлеңдері (еңбек-кәсіп, аңшылық, үйлену, жерлеу салты, наным-сенім т. б.), ертегілер, аңыздар, әпсаналар, мифтер, эпостық жырлар, тарихи өлең, қара өлең, лирикалық өлең, өтірік өлең, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, айтыс, шешендік сөздер, жаңылтпаштар, драмалық үлгідегі шығармалар... — міне, ауыз әдебиетінің негізін құрайтын осы бір жанрлардың өзі әрі қарай түр-түрге бөлініп кете береді. Бұлардың қай-қайсысы болса да сөзбен айтылатын шығармалар және олардың негізгі құралы сөз. Сондықтан ауыз әдебиеті, ең алдымен, сөз өнері. Рас, ауыз әдебиетінде сөзден басқа әншілік және орындаушылық өнер де айрықша қызмет атқарады. Ақындық, музикалық және театрлық шығармашылықтың мұнда қабаттаса қолданылуы табиғи жағдай. Алайда ауыз әдебиетінде сөзден басқа өнердің түрлері қосымша қызмет атқарады. Себебі ауыз әдебиетіне жататын шығармалардың идеялық көркемдік мән-маңызы, эстетикалық қуаты, тәрбиелік мәні, ең алдымен, бейнелі сөзге негізделген. Әрине сөз өнеріне жазба әдебиет те жатады. Фольклор мен жазба әдебиет айтылу, таралу ерекшеліктері және идеялық-көркемдік өрнегі бойынша бір-бірінен бөлек дүниелер. Бұл өзгешелік көркем шығарманың жаратылысындағы мезгілдік және мекендік өлшемдерден айқын көрінеді. Ауыз әдебиеті табан астынан тыңдаушыға арналып айтылатындықтан (немесе орындалатындықтан) және суырып салып шығарылатындықтан мезгіл жағынан шектеулі болады, яғни әр жолды, әрбір шумақты, бейнелі тіркестерді айтушының ұзақ уақыт ойланып-толғанып отыруына мүмкіндік жоқ. Сондықтан көркем шығарманы алғаш шығарып отырған мезгіл де, оны ауызша орындау уақыты да бұл арада бірдей. Себебі ауызша шығарма тыңдаушы алдында қолма-қол шығарылатындықтан оны жазба әдебиетіндегідей үздік-создық, бірде жылдамдатып, бірде үзіліс жасап, ұзақ ойланып шығаруға мүмкіндік жоқ. Сөйте тұра табан астында шығарылған өлең-жырдың эстетикалық қуаты, нысанаға дөп тиіп жатқан әсерлілігі, өнер ретіндегі өзгешелігі тыңдаушысын қашанда тәнті еткен. Бұл жағынан жазба әдебиеттен оның қызметі бір де кем емес. Дегенмен, ауыз әдебиетінің импровизаторлық сипаты оның көркемдік табиғатының өзгешелігін көрсетеді. Атап айтқанда, ауыз әдебиеті шығармаларында ортақ сюжеттер, сарындар, тұтас шумақтар, бейнелі тіркестер, өлеңнің даяр үлгілері мен ұйқастары жиі кездеседі. Әрі мұндай қайталаулар мен ортақ белгілер ауызша жырлаудың белгілі бір дәрежедегі “қалыптық” сипатымен байланысты, яғни ауызша айту қалыптасқан үлгілер арқылы жүзеге асырылады. Ал жазба әдебиет табиғаты бұл жағынан мүлде бөлек. Жазбаша шығарманың жазылу процесінде тыңдаушыға тәуелді уақыт шектеушілігі мұнда болмайды. Жазушы мен жазба ақынның көркем шығарманы жарату кезіндегі уақыт еркіндігі мол. Осыған орай даяр үлгімен шығару, шығарманың түрлі деңгейлеріндегі қайталаушылық пен біркелкілік жазба әдебиетке жат. Бұл өзгешелік сөз өнерінің осы екі түрінің көп нұсқалы болу-болмау сипатына да тікелей қатысты. Ауыз әдебиеті. ауызша шығарылып, ауызша тарайтындықтан шығарманың үнемі өзгеріс үстінде болатындығы заңды құбылыс. Себебі ауызша айту, бұрын шығарылған тексті орындау — ешбір өзгеріссіз қайталап шығу емес, керісінше, ол — шығармашылық процесс. Онсыз шығарманың заман ағымына лайық қайта түлеп отыруы мүмкін болмайды. Әсіресе, ірі жанрларға тән осы ерекшелік шығарманың бір айтушыдан екінші айтушыға, бір дәуірден екінші дәуірге ауысу барысында айрықша көрінеді. Ауыз әдебиетінің көпнұсқалы болуына ықпал ететін жағдайлардың бірі — тыңдаушылар ортасының өзгеріп отыратын әлеум. талап-тілектері мен көркемдік Қазақ халқының ауыз әдебиетін жинау жұмысы 18 ғасырдандан басталады. Ресейден Қазақ даласына шыққан түрлі эскпедициялардың мақсаты фольклорлық және этнографиялық деректерді де жинау болатын. Алайда, фольклор үлгілерін жүйелі түрде жинау жұмысы 19 ғасырда жүзеге асты. В.В. Радлов, Г.Н. Потанин, Ш.Уәлиханов, А.Е. Алекторов, А.В. Васильев, сияқты ғалымдар ауыз әдебиеті жанрларын жіктей отырып, олардың текстол-сына да көңіл бөлді. Түптеп келгенде фольклорлық мұраны жинау және жарыққа шығару халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, наным-сенімін, дүниетанымын білудің негізгі дерек көзіне айналды. Ал 20 ғасырда фольклорды жинау мен жариялау жұмысы, мейлі ол идеологияның құралына айналса да, мемлекет тарапынан қолдау тапты. 20 ғасырдың басындағы Ә.Диваев бастаған бірнеше экспедициялардан бастап, жер-жерден жинау жұмысы үздік-создық күні бүгінге дейін жалғасып келеді.сұраныстары. Көшпелі қоғамның мұндай қажеттіліктерін жан-жақты әрі тұтастай атқарған өнер ауыз әдебиеті болады. Фольклор үлгілерін жинау ісі оны жарыққа шығару жұмыстарымен қатар жүріп жатты. 19 - 20 ғасырлардың басында Қазан, Уфа қалаларында қазақтың батырлық жырлары, діни және ғашықтық дастандары көптеп жарық көрді.
“Ер Тарғын, “Қыз Жібек”, “Алпамыс”, “Бозжігіт”, “Мұңлық - Зарлық”, “Шәкір - Шәкірат” т.б. жыр- дастандар дүркін-дүркін қайта басылып шықты. Ал, кеңестік дәуірде ауыз әдебиетітінің көптеген үлгілері белгілі бір түзетулер мен редакциялауларға ұшыраса да, көпшілікке жол тапты. Эпостар, дастандар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, айтыстар, шешендік сөздер, жұмбақтар т.б. тізбелі болып та, жеке де жарыққа шығып келеді. Бұлардың ішінде, әсіресе, “Алпамыс”, “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу”, “Қыз Жібек”, “Қамбар батыр”, “Қобыланды батыр” эпостарының екі тілдегі ғыл. (қазақша және орысша) басылымының шығуы фольклор текстол-сындағы ірі жетістік болды. Бұған қоса ауыз әдебиетінің көптомдық басылымын (1997 жылға дейін 17 томы шықты) шығару қолға алынды. М.Әуезов, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, М.Дүйсенов, Н.Төреқұл, Р.Бердібаев, М.Мағауин, С. Қасқабасов т.б. ғалымдардың бірнеше іргелі еңбектері жарық көрді. Ауыз әдебиетінің тарихы мен методологиясы жан-жақты зерттелді. Қазақ ауыз әдебиетініңнің озық үлгілері кәсіби ұлттық өнердің өзге түрлері (опера, театр, кино, кескіндеме т.б.) үшін де қайнар бұлақ, құнарлы тақырып саналады. Алғашқы қазақ опералары (Қыз Жібек, Айман — Шолпан), қазақ театры мен киносындағы сәтті шығармалардың көпшілігіне ауыз әдебиетіндегі туындылар арқау болды. Ұлттық дүниетаным мен тәлім-тәрбие жүйесін қалыптастыруды ана тілін, ұлттық тарихты зерделеуді мақсат тұтқан ғыл.-зерттеулер де ауыз әдебиеті үлгілерін айналып өте алмайды. Ауыз әдебиетінің кейбір жанрлары қазіргі заманға сай жаңа сипаттармен дамуда. Олар айтыс, беташар, жар-жар және т.б.
## Сыртқы сілтемелер
* Әдебиет туралы Мұрағатталған 12 тамыздың 2011 жылы.
## Дереккөздер |
Ауыл шаруашылығы экономикасы — экономика ғылымының ауыл шаруашылығындағы өндірістік қарым-қатынастарды зерттейтін саласы. Қазақстанда ауыл шаруашылығымен 50 мыңнан астам фермерлік шаруашылық, 8 мыңдай ауыл шаруашылығы кооперативтері, 500 акцион. қоғам және 50-ден астам ұжымшар айналысады (1997). Осындай шаруашылық құрылымы аймақтық ерекшеліктерді жүйелеуді, өндіріс көлемін анықтауды, шоғырландыру дәрежесін белгілеуді, еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды, экономикалық көрсеткіштерді саралауды, ғылыми нәтижелер мен озық тәжірибелерді талдауды, теориялық-практикалық мәселелерді шешуді қажет етеді. Нарықтық экономика қатынастардың дамуы жаңа ауыл шаруашылығы экономикасы ғылымының алдына жаңа міндеттер қойып отыр (мысалы, жерді иеленудегі жеке меншік қатынастар т.б).
Қазақстанда ауыл шаруашылығы экономикасын зерттеу жұмыстары жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында жүргізіледі.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Ауыл шаруашылығының дамуы және оның экономикалық рөлі Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
* Ауыл шаруашылығы, даму - Ғылыми жұмыс - Тегін рефераттар - www.Zox ... Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. |
Ауыр машинажасау - металлургиялық, тау-шахталық, ауыр соқпа-баспылы, кетергіш-тасымалды жабдықтарды, ауыр экскаваторларды, дизельдерді және басқа да жабдықтарды шығаратын машинажасау салаларының тобы.
## Қосымша
* Машинажасау.
## Дереккөздер |
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру — КСРО-да ұсақ, жеке шаруа қожалықтарын біріктіру арқылы ауыл шаруашылығын мемлекет мүддесіне толық бағындырып, қайта құрудың теориясы мен практикасы.
Ұсақ тауарлы шаруашылықтарды кооперациялау идеясын ғыл. коммунизмнің негізін қалаушылар Карл Маркс, Ф.Энгельс ұсынған болатын. Қазан төңкерісінен (1917) кейін құрылған Кеңес империясының экономикалық даму жолын таңдау мәселесінде үкімет пен партия басшылары екі топқа бөлінді. Олардың алғашқысы — Бухарин тобы (Н.И. Бухарин, А.Н. Рыков, М.П. Томский) экономикалық жүйеде әлі де көп жылдар нарықтық қатынас түрі шешуші тетік болып қала береді деп санады. Екінші топты нағыз сталиншілдер: В.В. Куйбышев, В.М. Молотов, А.А. Андреев, Л.М. Каганович, С.М. Киров, А.И. Микоян, Г.К. Орджоникидзе және т.б., бел алып келе жатқан тоталитарлық тәртіп басшылары құрады. Бұлар берік сенімге және күштеуге сүйену жолымен күрделі экономикалық мәселелерді партиялық-мемлекеттік жүйе шеше алады деген көзқарасты ұстанды және “жарқын болашаққа” жету үшін едәуір құрбандықтардың болуын орынды санады. Алғашқы бухариндік балама жолды кейде толық, кейде ішінара сол кезеңнің ірі экономистері Н.Д. Кондратьев, Н.П. Макаров, В.В. Новожилов, А.В. Чаянов, Л.Н. Юрьевский және т.б. қолдады. Қазақ ұлттық интеллигенциясының көрнекті өкілдері Ә.Н. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Әлімхан Ермеков, М. Дулатов, М. Шоқай және т.б. Қазақстандағы дәстүрлі мал шаруашылығымен айналысатын халықтың эволюциялық дамуын сақтауды жақтады.
Шаруаларды өндірістік кооперацияларға тарту процесі Қазан төңкерісінен кейін іле-шала басталды. Оны бір жағынан мемлекеттік қарамағына алынған жерлерде совхоздар (кеңшарлар), МТС-тер (машина-трактор стансалары), екінші жағынан колхоздар (ұжымшарлар) құру арқылы шешу көзделді. 1928 жылғы 1 шілдеде Қазақстанда 41 кеңшар мен 1881 ұжымшар болды. Ұжымдық шаруашылықтардың 76-ы ауыл шаруашылығы коммунасы, 1215-і ауыл шаруашылығы артелі, 590-ы жерді бірлесіп өңдеу серіктестіктері еді. 1928 жылдың маусым айында болып өткен колхозшылардың Бүкілодақтық 1-съезі жоғарыдағы сталиншілдер бағытын өмірге енгізуге жол ашып, ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру жолымен әміршіл-әкімшіл басқару арнасына түсіріп, жекеменшіктің орнына қоғамдық меншікті орнықтыруға күш салды. Осының нәтижесінде Қазақстандағы колхоз қозғалысы едәуір екпін алды. 1929 жылдың 1 қазанында Қазақстанда 117,7 мың жеке шаруашылықтар (олардың 9,3 проценті) ұжымдастырылды. Келесі қараша айында өткен БК(б)П ОК-нің Пленумы осы жұмыстарды қорытындылап, жекелеген облыстар алдына жаппай ұжымдастыру міндетін қойды.
Бұл міндетті шешу жолдарын белгілеу үшін ОК-тің Саяси Бюросы арнайы комиссия ұйымдастырды. Оның құрамына Қазақстаннан Ф.И. Голощекин енгізілді. Осы комиссия дайындаған жоба Саяси Бюро мәжілісінде қаралып, соның негізінде БК(б)П ОК 1930 жылғы 5 қаңтарда “Коллективтендірудің қарқыны және мемлекеттің колхоз құрылысына көмек беру шаралары туралы” қаулы қабылдады. Онда Қазақстан коллективтендіруді 1931 жылдың күзінде немесе 1932 жылдың көктемінде аяқтауы тиіс болып белгіленді. Бірақ Қазақ өлкелік партия коммитеті 1929 жылдың желтоқсан айында-ақ ұжымдастыруды егіншілік аудандарында ғана емес мал шаруашылығы аудандарында да жеделдетуге нұсқау беріп қойған еді. Жаппай коллективтендіру науқаны басталардан бұрын 1926 - 1928 жылдары Қазақстанда “Кіші Қазан” науқандарын, яғни ауылды кеңестендіруді, шабындық және жайылымдық жерлерді қайта бөлуді, ірі мал иелерін тәркілеуді қатыгездікпен белсенді жүзеге асырған Қазақ өлкелік партия к-тінің 1-хатшысы Голощекин жаппай ұжымдастыруда да Қазақстанға тән ерекшеліктерді ескермеді. Бүкіл Одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтардың 80 процентке жуығы (4236 мың адамды біріктіретін 706 мың жеке, ұсақ шаруашылық) Қазақстанда болатын. Ұжымдастыру үшін оларды алдымен жерге орналастыру және жаппай отырықшыландыру керек еді. Бұл екі күрделі процесс (отырықшыландыру мен ұжымдастыру) шұғыл түрде қатар жүргізілді. 1930 жылғы 1 қаңтар мен 1 наурыз аралығында ғана ұжымдастырылған шаруа шаруашылықтарының саны бұрынғыдан екі есе асып кетті. Қазақстан басшылығы отырықшыландыру процесін ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі мал ш-на, ұлттық салт-дәстүрлерге қарсы қойды. Жаппай ұжымдастыру кезінде байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясаты да жағдайды одан әрі ауырлата түсті (Кулак кәмпеске). Осындай қатал шаралар және ет, астық дайындау науқандарындағы асыра сілтеушілік, қазақтарды дәстүрлі даму жолынан күшпен тайдыру әрекеті халықтың жаппай қарулы наразылықтарын туғызды. Ресми мәліметтер бойынша 1929 - 1931 жылдары Қазақстанда 372 рет шаруалардың бұқаралық бас көтерулері болды. Тоталитарлық жүйе бұл көтерілістерді аяусыз, әскер күшімен басты (Ауыл шаруашылығын коллективтендіруге қарсы шаруалар қозғалысы).
Көшпелі және жартылай көшпелі шаруаларды зорлап отырықшыландыру жоспары алғашқы бесжылдықта (1932 жылдың соңына дейін) сәтсіздікке ұшырады. Қазақстанда 400 мыңның орнына 70,5 мың шаруа қожалығы ғана отырықшыланды. 1933 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан шаруашылықтарының 67,3 проценті, ал 1937 жылдың 1 шілдесінде 97,5 проценті ұжымдастырылды. Күштеп ұжымдастырудың және жоспарлы түрде жаппай отырықшыландырудың зардаптары өте ауыр болды. 1929 - 1933 жылдары аралығында Қазақстандағы мал басының саны 16 есе азайды. Мұның соңы қазақ халқының ашаршылыққа және жаппай босқыншылыққа ұшырауына ұрындырды(Ашаршылық, Босқыншылық).
## Дереккөздер |
Рахымжан Рахмединұлы Ауытов 30 қараша 1939 жылы дүниеге келді, қазір Алматы қаласында тұрады.
Рахымжан Рахмединұлы Ауытов — экономика ғылыми доктор (1980), профессор (1982), ҚР ҒА-ның корреспондент-мүшесі (1994). Қазақ ауыл шаруашылығы интститутын бітірген 1962 жылы. Сонда ассистент (1962), доцент (1970-1973), факультет деканы, кафедра меңгерушісі (1974-1995) болды. 1995 жылдан Қазақ мемлекет басқару академиясының профессор Ауытов Рахымжан агрокешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың бағдарламасын, ауыл шаруашылығы ұжымдарын шаруашылық есепке көшіру және ұжымдық мердігерлік пен жалгерлікті енгізудің ғылыми жобасын жасады. Сондай-ақ ол Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына нарықтық қарым-қатынастарды енгізу, ұжымдарды мемлекет қарамағынан алу, жалға беру, жекешелендіру жолдарын ғылыми тұрғыдан зерттеді.
## Шығармалары
* Совхоз өндірісін шоғырландыру және кооперациялау, М., 1980;
* Агробизнес теориясы және тәжірибесі, А., 1997.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* ҚазАқпарат-Анонс: қарашаның 30-ы мен желтоқсанның 5-і аралығындағы ...(қолжетпейтін сілтеме) |
Афанасьев мәдениеті — Оңтүстік Сібірде өмір сүрген неолит дәуірінде (б.з.б. 3-мыңжылдықта) көне тайпалардан қалған ескерткіштердің ғылымдағы жиынтық атауы. Осы мәдениетке жататын, алғаш зерттелген ескерткіш (Афанасьев тауы) атауымен аталған. Бұл мәдениетке Енисейдің жоғарғы ағысындағы Тес, Сыда, Карасук-3, Черновая-6, сондай-ақ Алтай өңіріндегі Усть-Кокса, Усть-Кюм т.б. зираттар жатады. Мәйіттерді бүк түсіріп жерлеген. Қабір ішінде қыш ыдыстар, еңбек құралдарынан: тас, сүйек, мүйіз, ішінара металдан жасалған қырғыштар, пышақ, жебе ұштары, әр түрлі әшекей бұйымдары кездеседі. Металдан жасалған бұйымдар аз. Бұл кезең өлкеде көне металлургия ісінің алғаш дами бастаған уақыты. Бұйымдар негізінен мыстан соғылған. Адамдар мал өсіру, егіншілікпен айналысқан. Үйлері жеркепе түрінде болған. Киімдері сүйек пен аң азу тістерінен жасалған әр түрлі әшекейлермен, әдемі тұмаршалармен безендірілген. Бұл төңіректе кейін моңғол тектес халықтар қоныстанғанғанымен, көне тұрғындары денелі, бойы ұзын, еуропеоид расасына жатады.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Афанасьевка — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы ауыл, Афанасьев ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Сергеев қаласынан оңтүстікке қарай 42 км-дей жерде, Есіл өзеніндегі Сергеев су қоймасының оңтүстік-шығыс жағасында, орманды дала белдемінде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1908 жылы қаланған. 1957 жылға дейін ұжымшар, кейін „Афанасьевский“ астық кеңшары мен ауылдық кеңес орталығы болды. Олардың негізінде кооператив шаруашылықтар мен шаруа қожалықтары ұйымдастырылған.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1040 адам (495 ер адам және 545 әйел адам) болса, 2009 жылы 613 адамды (290 ер адам және 323 әйел адам) құрады.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, учаскелік аурухана, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары аудан орталығымен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Афригид мәдениеті — б.з. 5 — 8 ғасырлардағы Хорезм мемлекетінің қала және жеке бекініс ескерткіштерінің ғылымындағы жиынтық атауы.
Алғаш 1938 - 1939 жылдары С.П. Толстов басқарған Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы зерттеген. Африга әулеті билеушілерінің құрметіне осылай аталған. Афригид мәдениетіне жататын Бүркітқала алқабындағы Құм қала, Үй-қала, “Африга мұнарасы” ескерткіштері зерттелген.
Кушан империясы тұсында ірі бекіністі көне қалалар орнына жекелеген зәулім мұнаралы қамалдар пайда болып, жер иеленушілердің оқшау үйлер салдырғаны анықталды. Бұл кезеңде мәдениет пен өнердің де жақсы дамығаны Тесікқала, Барақтам қаласы орындарын зерттеу барысында дәлелденді. Бекіністер екі қабатты, әр тұсында биікт. 8 — 10 м мұнаралары болған. Ол жат жұрттықтар шабуылынан қорғану үшін жасалған. Бекініс-қамалдарда суландыру жүйелері жақсы дамыған.
Табылған теңгелер мен мөр үлгілері Кама бойынан табылған күміс табақшалардағы ою-өрнек, жазуларға ұқсас. Олар қазіргі кезде Санкт-Петербург Эрмитажында, Британия мұражайында көрмеге қойылған. Афригид мәдениетіне жататын ескерткіштер Қазақстан жеріндегі ортағасырлық Жеті Асар, Алтынасар, Жаңакент қалаларының топырақ қабатынан көптеп табылды. Құрылыс жүйелері де ұқсас. Зерттеу барысында темірден шыңдалған үш қырлы садақ жебесі, найза ұшы, дөңгелек көзді жүзік, домалақ моншақ т.б. табылды. Бұл археологиялық деректер 5 — 8 ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан арасында этникалық мәдени байланыс берік болғанын көрсетеді.
## Дереккөздер |
Жақан Уәлишерұлы Аханов (12.1.1936 жылы туған, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы) — ғалым, биология ғылым докторы (1981), профессор (1988), Қазақстан Ғылым Академиясының корриспондентінің-мүшесі (1989), Қазақстан Мемлекеттік университетті бітірген (1960). 1960 — 1984 жылы Топырақтану институтынының кіші ғылым қызметкері, ғылыми хатшысы, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары қызметтерін атқарды. 1984 — 1995 жылы осы институттың директоры, 1994 — 1997 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының биология ғылымдары бөлімінің академия-хатшысы болды. 1997 жылдан Ғылым Министірлігі — Ғылым Академиясының Топырақтану институтынының директоры. Аханов Қазақстандағы топырақты суландырудың ғылым негізін жасаушылардың бірі. Ғылым еңбектері сортаң топырақты суландыру, топырақ генетикасы, топырақтың техногендік ластануы және экология салдарынан бұзылған топырақты қалпына келтіру мәселелерін зерттеуге арналған. Сондай-ақ ол топырақ құнарлығын арттырудың жаңа тұжырымдамасын ұсынған. Қазақстан Мемл. сыйл-ның лауреаты (1984).
## Дереккөздер |
Кәкен Аханов (2.5.1928, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Никитинка ауылы — 23.8.1978, Алматы) —тілтанушы, ғалым, филология ғылым докторы (1966), Қазақстан Ғылым Академиясыныңның кореспондент-мүшесі (1975). Қазақстан Мемлекеттік университетті бітірген (1950). Жоғары оқу орнында оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, филолог факультетінің деканы қызметтерін атқарды. 1977 жылдан Алматы шетел тілдері педагогикалық институтынының ректоры болды. Ол қазақ тіл білімінің теориясы, методологиялық тұрғыдан жүйеленуі, негізделуі, сондай-ақ қазақ тілінің әлемдік тілдер арасындағы алатын орны мен ерекшеліктерін зерттеді. “Тіл білімінің негіздері” деген монографиялық еңбегі жоғары оқу орындарында негізгі оқулық ретінде қолданылып келеді. Ахановтың жалпы тіл білімі теориясын зерттеген ғылым еңбектері отандық тіл ғылымына қосылған бағалы үлес ретінде қабылданды. Ахановтың орта мектепке арналған “Қазақ тілі” оқулықтары ұзақ жылдар бойы жас ұрпаққа ана тілінің ғылым жүйесін меңгертуге қызмет етті.Жалпы тіл білімінің теориясын зерттеген ғылыми еңбектері отандық тіл ғылымына қосылған бағалы үлес болып табылады.1978 жылы Алматы қаласында дүниеден озды.
## Шығармалары
* Қазақ тілі лексикасының мәселелері, А., 1955;
* Грамматика теориясының негіздері, А., 1972;
* Тіл біліміне кіріспе, А., 1965;
* Қазақ тілі грамматикасы, І бөлім. Фонетика мен морфология, 5-6 класс, А., 1961, 1974;
* Тіл білімінің негіздері, А., 1973.
## Дереккөздер |
Ахемен әулеті (көне парс. Ariyānām Xšaçam — «Арий империясы»), сондай-ақ Бірінші Парсы империясы — б.з.д. VI - IV ғасырларда өмір сүрген, Алдыңғы Азия және Африканың солтүстік-шығыс аумағында парсы әулеті Ахеменидтер құрған ежелгі мемлекет. Б.з.д. VI ғасырдың соңына қарай Ахеменид империясының шекарасы батыста Эгей теңізінен бастап шығысында Үнді өзеніне дейін, оңтүстікте Нілдің алғашқы шегінен солтүстікте Кавказға дейін созылған.
## Кеңеюі мен құлдырауы
Ахеменнің ұлы Теисп (Чишпиш) және оның тікелей ұрпақтары — I Кир, I Камбиз, II Кир Аншананың (Солтүстік Эламдағы) патшалары атанған. Ежелгі Шығыс елдерінің көпшілік бөлігін қол астына қаратқан II Кир Ахемен әулетінің ұлы империясын құрды. Ахемен әулетінің үлкен бұтағы II Камбизбен (522 ж.) бітеді. Әулеттің кіші бұтағы I Дарийден басталады. А. ә-нің билеушілері: Ұлы Кир (546 — 530, 558 жылдан бастап Персия мен Аншананы биледі), Камбиз (530 — 522), I Дарий (522 — 486), I Ксеркс (486 — 465), I Артаксеркс (465 — 424), II Ксеркс (424), Согдиан (424 — 423), II Дарий (423 — 404), II Артаксеркс (404 — 358), III Артаксеркс (358 — 338), Арсес (338 — 336), III Дарий (336 — 330). А. ә. тұсында еркін, жеке мемлекеттік жүйе орнады. Мемлекетті шаһиншах биледі.
Ұлы Кир тұсында Лидия, Маргиана, Вавилон, Соғда, Финикия жаулап алынды. I Дарий тұсында парсы елі аумағы шығысында Үндістанмен, Памирмен, батысында Адриатика теңізімен, Ливияның батыс шебімен, солтүстігінденде Каспий теңізімен, Қап (Кавказ) тауларымен және Қара теңізбен, ал оңтүстігінде Оман теңізімен, Парсы шығанағымен, Арабиямен шектесті. Ахемен әулеті тұсында билеуші топ 2 сатыдан тұрды: біріншісі (7 парсы әулеті) мемлекеттік істерге араласып, шаһиншах әскеріне басшылық етті. Екінші сатыдағылар діни істермен айналысты. Біздің заманымыздан бұрын 330 жылы Ескендір Зұлқарнайын (қ. Александр Македонский) шапқыншылығы салдарынан 220 жыл ғұмыр кешкен Ахемен мемлекеті біржолата талқандалып, Ахемен әулетінің билігі үзілді.
## Дереккөздер |
Көпен Қабылқасымұлы Ахмадиев (6 желтоқсан 1955, Өскемен, Қазақ КСР) — әскери қайраткер, генерал-майор (9.12.1996). 1973 жылғы 1 қыркүйектен Қарулы Күштер қатарында. Ресей Федерациясындағы Әуе қорғанысы зениттік-ракета училищесін (1976), Әуе қорғанысы әскери командалық академиясын (1989) бітірген. Взвод, батарея командирі, штаб бастығы — зениттік-ракета дивизионы командирінің орынбасары, командалық пункт бастығы, зениттік-ракета дивизионның командирі, зениттік-ракета полкі командирінің орынбасары, полк штабының бастығы, зениттік-ракета полкі командирі қызметтерін атқарған. Қазақстан Республика Қорғаныс Министрлігі Әуе қорғанысы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары, штаб бастығы (1998). Бірнеше медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Көктепе ұрысы (1879 және 1880–1881 жылдар) — орыс әскерлерінің Ахал алқабын (Түрікменстан) иемдену мақсатымен Орта Азияға жасаған жорықтары. Ресейдің түрікмен тайпаларымен байланысы 18 ғасырдың ортасында, әсіресе 19 ғасырда қарқынды дамыды (сауда-саттық керуендері келді, 1869 жылы Красноводск қаласының негізін салды, Каспий жағалауындағы түрікмендерді бодандыққа қабылдады, т.б.). Патшалық Ресейдің Орта Азиядағы басқыншылық саясатының күшейе түсуі Ахалтеке экспедицияларының басталуына түрткі болды. Орыс отарлаушыларының дөрекі де бейбастақ қылықтарына төзе алмаған түрікмендердің ең іргелі тайпасы — теке руы қолдарына қару алып, басқыншыларға қарсы шықты. Ген. Н.П. Ломакиннің теке жұрты жайлаған Геок-Тепе (Деңгил-тепе) қорғанына жасаған шабуылы сәтсіз аяқталды (1979 жыл, 28 тамыз), орыс әскерлері кері шегінуге мәжбүр болды. 1880–1881 жылы Ахалтеке экспедицияларының ген. М.Д. Скобелев басқарды. Ол 1880 жылы Красноводскіден Геок-Тепеге дейінгі аралыққа алдын-ала бекіністер орнатып, қоймалар салды; оқ-дәрі мен азық-түліктің тұрақты жеткізіліп тұруын қамтамасыз етті. 1881 жылы 12 қаңтарда орыс әскерлері (7 мыңға жуық адам, 100-ден аса зеңбірек) айқын әскери-техникалық басымдықпен Геок-Тепені алды. Қорғандағы 20–25 мың (кейбір деректерде 45 мың) көтерілісші бала-шағасымен қолға түсті. Оларда 5 мың ғана мылтық болды. Үш апта бойы жанқиярлықпен соғысқан теке руының қарсылығын қан-жоса етіп басқан орыс әскерлері 1881 жылы 18 қаңтарда Асхабад кентін (қазіргі Ашғабад қаласының) бағындырды. 1982 жылы Түрікменстан жерінде Кавказ уәлаятының құрамына кіретін Каспий жағалауы облысы құрылып, орталығы Асхабад болды. 1885 жылы Ахал алқабынан соң Атрек, Теджен, Мерв және Пендин өлкелері Ресей өкіметінің қол астына өтіп, түрікмен елі тәуелсіздігінен айырылды.
## Дереккөздер |
Ахмедов Рахым Ахмедұлы (1924 жылы туған) — өзбек кескіндемешісі, КСРО халық суретшісі (1981), КСРО көркемсурет Академиясының корреспондент-мүшесі (1975). ‘’Ахмедұлы’’ 1937 — 1941 жылы Ташкент көркемсурет училишеде А.Н. Валковтан, 1941 — 1953 жылы Мәскеудің көркемсурет және мүсін институтында В.М.Орешниковтан оқыған. “Таң”, “Ана” (1962) атты жанрлық композициялардың, көптеген пейзаждар мен портреттердің (О.Таңсықбаев, 1974) авторы.
## Дереккөздер |
'Ахмет ибн Хасан (Харун) (туған-өлген жылы белгісіз) — Шығыс Қарахан қағандығының билеушісі (1103 — 1128). Қарахандар әулетінің негізін салған Сатұқ Боғра ханның 7-ұрпағы (Сатұқ Боғра — Сүлеймен — Харун Боғра хан — Жүсіп Қадыр хан — Сүлеймен — Хасан — Ахмет). Әкесі Хасан ибн Сүлеймен 1073 — 1074 жылы Қашқар тағын күшпен тартып алып, онда 29 жыл билік құрған. Жүсіп Баласағұн “Құдатғу білік” дастанын Ахметтің әкесіне сыйға тартқан. Ахметтің хандық құрған кезі жөнінде мәлімет аз. Оның билігінің соңғы жылдарында Шығыстан Елю Даши бастаған қидандар Шығыс Қарахан жеріне шабуыл жасаған. 1128 жылы Ахмет оларды Қашқар түбінде тас-талқан етіп жеңді. Ахметтің ұлы әрі мұрагері Ибрагим 1136 жылы қидандармен болған ұрыста қаза тапты.
## Дереккөздер |
Ахмет ибн Әли (Құтып әд-Даул Әбу Насыр Ахмет бин Әли Тоған хан) (туған өлген жылы белгісіз) — Қарахан мемлекетінің 11 ғасырдың басындағы билеушісі (998 — 1017/18).Сатұқ Боғра ханның шөбересі. Сатұқ Боғра хан — Мұса — Әли — Ахмет ханның тұсында інісі Насыр Елік (Элик) ибн Әли Мауераннахрды жаулап алды. Бірақ Ахмет інісінің Махмұд Ғазнауиге (Хорасан билеушісі) қарсы жорықтарына жәрдем беруден бас тартты. Содан келіп Қарахан әулеті ішінде саяси күрес басталды. Насыр Елік хан өлгеннен кейін (1012/13) Мауераннахрдың билігі толығымен Ахметке көшті. 1012/13 жылға дейін Ахметтің есімі Ташкент, Исфиджаб (Сайрам) және Солтүстік аймақтардағы қалалардан табылған теңгелерде кездессе, бұдан кейін Мауераннахр мен Ферғана аймағында соғылған теңгелерде көп ұшырасады. Ахмет хан Шу бойындағы Баласағұнды астана етті. Ол қайтыс болған соң (1017/18), таққа Мұхаммед Арыслан хан деген атпен белгілі кіші інісі Мансұр ибн Әли отырды.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.