text
stringlengths 3
252k
|
---|
Есенкөл – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қайрақты ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км жердегі қыстау.
Қайрақты өзенінің сол жағалауында орналасқан. Есенкөл қыстауының жанында Қайдақ, Қуандық, Старая Ферма, Өлеңдісай қыстаулары бар. Солтүстігінен Ақбұра, Қызылаша өзендері ағып өтеді. Қыстау мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Есентай, Весновка — Іле алабындағы өзен, Кіші Алматы өзенінің сол саласы.
## Сипаттамасы
Бастауын Іле Алатауының солтүстік баурайында Кіші Алматы өзенінен бөлініп алып, Алматы қаласы арқылы ағып өтеді. Ұзындығы 43 км. Жылдық орташа су ағымы 0,06 м³/с.
Жалпы ұзындығы 19 км болатын 8 саласы бар. Өзен бойында 7 тоған салынған. Мамыр, маусым айларында суы тасиды. Қар, жауын-шашын суларымен толығады. Қала ішіндегі жағалауы бетонмен қапталған. Алматы қ-ның тұрғындарын сумен қамтамасыз етеді.
Кіші Алматының салаларының бірі — Қарасу-Түрксіб өзеніне барып құяды.
## Галерея
*
*
*
*
*
*
*
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Есентай каналдар жүйесі - Алматы қаласы тұрғындарының бау-бақшаларын суғаруға арнап салынған.
Ұзындығы 80,6 км. Суды тарататын бірнеше жері бетонмен қапталған. Жүйенің төменгі бөлігі Алматы қаласы маңында, жоғары бөлігінде «Түрксіб» санаторийі орналасқан.
## Дереккөздер |
Ескектілер (лат. Ctenophora) – омыртқасыз жануарлардың тек теңізде тіршілік ететін бір типі. Өзімен аттас 1 класы, 6 отряды бар, 120-дай түрі белгілі. Барлық теңіздерде таралған, әр түрлі тереңдікте жүзіп, су түбінде жылжып тіршілік ететіндері де бар. Олардың дене мөлш. 2 – 3 мм-ден (Тіnerfe cyanea) 2,5 м-ге (Сestus venerіs) дейін жетеді. Денесі іркілдек, мөлдір, пішіні шар не қапшық тәрізді, ал Шолпан белдігі (Сestus venerіs) лента тәрізді болады және эктодерма (сыртқы), энтодерма (ішкі) қабаттарынан, сондай-ақ екеуінің арасындағы қалың мезоглея қуысынан тұрады. Денесінің бір жағында аузы, екінші жағында тепе-теңдікті сақтайтын сезім мүшесі (статоцист) орналасқан. Ескектілер дің басқа ішекқуыстылардан айырмашылығы – бұлар тақташа тәрізді 8 ескегінің көмегімен ауыз жағымен алға қарай қозғалады. Бұлардың атпа клеткалары болмайды, көпшілігі қорегін екі бүйіріндегі жабысқақ клеткалы (коллобласт) қармалауыштарымен, кейбіреуі аузымен ұстайды. Ауыз тесігі жұтқыншаққа, одан қарынға жалғасады. Қарыннан гастроваскуляр жүйесінің тұйық түтікшелері тарайды. Ескектілер гермофродиттер, жетілген жыныс клеткалары ауыз тесігінен сыртқа шығып ұрықтанады. Ескектілер – ұсақ зоопланктонмен, кейде балық шабақтарымен қоректенетін жыртқыштар, ал өздері треска балықтарының қорегі. Бұлардың көпшілігі қараңғыда жарық шығарады.
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Еспе – Абай облысы Жарма ауданы, Шар қалалық әкімдігі құрамында болған ауыл, 2013 жылы таратылған.
* Еспе – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл.
* Еспе – Жамбыл облысы Шу ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Еспе – Солтүстік Балқаш алабындағы өзен. |
Ескене мұнай кен орны — Атырау облысы Атырау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 60 км жерде. Кен орны 1932 жылы ашылған. Барлау жұмыстары 1932–1952 жылдары жүргізіліп, 1934 жылдан мұнай өндіріледі
## Геологиялық сипаты
Тектоникалық тұрғыдан кен орны тұз күмбезді құрылымдармен ұштасқан. Өнімді қабаттары үш мұнайлы горизонтқа бөлінген: апт (тереңдігі 146 – 576 метр), неоком (160 метр) және пермь-триас (255 – 517 метр). Мұнайлы қабаттардың қалыңдығы 3,94-21,6 метр. Коллекторлардың ашық кеуектілігі 23 – 30%. Мұнайдың алғашқы тәуліктік шығымы 1,4 – 296,3 м3.
## Тығыздығы, құрамы
Тығыздығы 0,793 – 0,924 г/см3, күкірті (0,06 – 0,36%) мен парафині (0,4 – 1,01%) аз. Ілеспе газдың құрамы: метан (59,6 – 75,6%), этан (6,7 – 13,6%), т.б. Қабаттардағы су хлоркальцилі, оның минералдығы 234,6 – 320,1 г/л. Кен орны өндірістік игерілуде.
## Дереккөздер |
Ескідариялық – Сырдарияның ежелгі арнасы. Қызылорда облысының Жусанды жазығы мен Жуанқұм құмын көлденең кесіп өтіп, Қуаңдариямен қосылады. Ұзындығы 130 км, ендірек жері 100—120 метрге жетеді, тереңдігі 1,5—2 метр. Тұрақты су ағыны жоқ, тек көктемгі қардың еруімен ғана толығады. Құрғақ арнаның шалғынды құм топырағында қамыс, қоға ну өскен. Жағалауларында жусанды-сораңды өсімдіктер, шөлдің сортаңдау және тақыр топырағында қара сексеуіл шоғырлары кездеседі.
## Дереккөздер |
Ескі күшік суландыру жүйесі , Алматы облысы Қаратал ауданында орналасқан. Алматы темір жол Қалпе стациясының оңтүстік-шығысында 4 – 5 км жерде. 1957 ж. Быжы өзенінен Ескі Күшік каналына су көтеру жұмыстары жүргізілді. 1978 ж. канал қайта жасақталды. Су ағатын жүйенің ұзындығы 4,0 км, бойына 5 гидротех. қондырғы салынған.
Ескі күшік суландыру жүйесі — Қаратал ауданындағы шаруашылық. Алматы темір жолы Қалпе стансасы оңтүстік-шығысында 4-5 км-де орналасқан. Реттеу жұмыстарының көмегімен 1957 ж. Быжы өзенінен Ескі Күшік каналына су көтеру жұмыстары жүргізіліп, ағаш құрылыс салынды. 1978 ж. канал қайта жасақталады. Су ағатын жүйенің Ұзындығы 4,0 км, бойында 5 гидротехникалық қондырғы бар.
## Дереккөздер |
Еспемейірман, Қарасу – Солтүстік Балқаш алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 59 км, су жиналатын алабы 434 км2.
## Бастауы
Қызылтас тауының оңтүстігіндегі бұлақтардан басталып, Аралтөбе (655 м) тауына 1 км-дей жетпей сіңіп кетеді.
## Гидрологиясы
Арнасы тар, жағасы тік жарлы, тастақты. Жазда суы тартылып қалады. Кішігірім 26 саласы бар. Еспемейірман мал суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Еспер , феказиум (Рhaecasіum) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда таулы аймақтардағы тасты, тастақты шымды беткейлерде, өзен, арық жағалауларында, бау-бақшаларда өсетін 1 түрі – әдемі Еспер (Р. pulchrum) бар. Биіктігі 30 – 80 (120) см. сабағы дара, тік өседі. Жапырақтарын негізінен безді, түк жапқан. Гүлдері ұсақ, гүлсебеттері күрделі қалқанды гүлшоғырын құрайды. Күлтесі сары түсті. Сәуір – маусым айларында гүлдеп, маусым – шілдеде жемістенеді. Тұқымы 2 түрлі: шеткі жағы ұршық тәрізді жоғары қарай қысыңқы, ұшы үшкір, ішке қарай тегіс, айдаршасы болады.
## Дереккөздер |
Ескекаяқтылар (лат. Pinnipedia) — су сүтқоректілер отрядына жататын жануарлар тобы.
Денесі ұршық тәрізді сүйір, бес саусақты аяқтары ескекке айналған, құйрығы қысқа. Суда өмір сүруге бейімделген, бірақ киттерден айырмашылығы мол, өйткені олар құрғақта немесе мұзда ғана шағылысады, балаларын тауып, сүтпен қоректендіреді, дем алады, түлейді.
Бұлардың қазба қалдықтары миоцен дәуірінен белгілі. Ескекаяқтылар Атлант мұхиты, Тынық мұхит, Солтүстік Мұзды мұхит жағалауларында, Балтық теңізі., Қара теңіз., Каспий теңізінде, Байкал және Ладога көлдерінде кездеседі. Дене пішіні ұршық тәрізді, бесбашпайлы аяқ-қолдары жарғақаяққа (ескекаяққа) айналған.
Дене тұрқы 1,2 – 6 м-дей, салмағы 40 – 3600 кг-ға дейін жетеді. Басы үлкен, мойны қысқа және тұлғасымен бірігіп кеткен. Жүзген кезде танау тесіктері терілі қатпар арқылы жабылады. Алдыңғы, артқы аяқтары ескекке ұқсас болғандықтан, отрядтың аты осыдан шыққан. Тері астындағы қалың май қабаты (10 см-ге дейін) дене температурасын реттеу қызметін атқарады әрі қоректік зат қоры болып табылады. Тері сыртындағы жамылғы түгі – ересектерінде біркелкі қалың қылшықты, ал күшіктерінде – үлпілдек мамықты болады. Көру, есту, иіс сезу, тыныс алу мүшелері жақсы жетілген. Қорегі – балықтар, моллюскілер, шаянтәрізділер. Аталықтары аналықтарынан ірі келеді. Көбею кезінде бір орынға топталып жиналады. Көпшілік түрлері жеке жұп құрады. Аналықтары 3 – 4 жаста, аталықтары 5–6 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Буаздық мерзімі 11–12 ай. Жылына бір рет көбіне бір ғана күшік туады. Анасын 1–2 жылдай емеді. Ескекаяқтылар cуда тіршілік етуге бейімделген, құрлыққа, не мұз үстіне тек шағылысу кезінде, күшіктегенде, түлегенде, тыныққан кезде ғана шығады.
Ескекаяқтылар қазіргі кезде 3 тұқымдасқа бөлінеді:
* морждар (лат. Оdobenus rosmarus) – сойдақ тістілер – оның өзі аттас 1 ғана түрі бар. Дене тұрқы 410 см-дей, салм. 2000 кг-дай. Құлақ қалқаны, құйрығы жоқ. Жоғары сойдақ тістері өте ұзын әрі жуан (ұзындығы 60 – 80 см-дей). Артқы ескек аяғы бауырына қарай бүгіліп, құрлықта қозғалуына көмектеседі. Морждардың саны жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Халықар. табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген, оларды жергілікті халыққа ғана аулауға рұқсат етілген.Қазіргі уақытта ескекаяқтылардың 31 түрі бар деп есептеледі, олардың 13 түрі КСРО-ның , 1 түрі республикамыздың Каспий теңізінде мекендейді. Соңғы кезде сиреп кеткендіктен, 6 түрі және 3 түр тармағы ХТҚО-ның ,2 түрі мен 8 түр тармағы бұрынғы КСРО-ның Қызыл кітабына тіркелді.
* құлақты итбалық (лат. Оtarііdae) – оның 14 түрі бар. Бұлардың сыртқы құлақ қалқаны айқын байқалады, тұқымдастың аты осыған байланысты аталған. Тағы бір ерекшелігі – аталықтарының мойнындағы түгі (шашы) жал сияқты ұзын болады. Бұлардың 3 түрі Халықар. табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген;
* кәдімгі итбалықтар.
Бұлардың киттәрізділерден ерекшелігі - тіршілігінің көпшілігін суда өткізгенмен көбею үшін және тыныққанда міндетті түрде құрлыққа шығады. Суда ескек тәрізді аяғымен еркін жүзеді, балық аулап қоректенеді. Ескекаяқтылардың дене пішіні балыққа ұқсас сүйірлене біткен, көпшілігінде құлақ қалқаны болмайды, бірақ дыбысты жақсы естиді. Олардың денесіндегі түкті жабын айтарлықтай жетілмеген, терісінің астында қалың май қабаты болады.
Ескекаяқтылардың сыртқы құрылысына қарай екі топқа бөлуге болады. Олардың кішкене болса да құлақ қалқаны айқын көзге түседі; ескекке айналған аяқтары да итбалықтың ескекаяғынан өзгеше: олар аяғына таянып, құрлықта ебдейсіз болса да төрт аяқтап жүре алады. Түлендер алғашқы кезде әлсіз, суда жүзе алмайтын, көздері ашық 1-2 бала туады. Денесін қысқа қара жүн қаптайтындықтан, түлендердің баласы барқын деп аталады. Ал итбалықтарда құлақ қалқаны болмайды және ескек аяқтарын таяныш ете алмайтындықтан, бауырымен қозғалады. Кейбір итбалықтар үлбірі аппақ 1-2 бала туады, ол ақүрпек деп аталады. Ескекаяқтылардың бозғы, түбіткер және теңізшер сияқты түрлері түлен тұқымдастарға, ал теңіз қояны, теңізбарыс, теңіз пілі, каспий итбалығы сияқты түрлері итбалық тұқымдастарға жатады.
Ескекаяқтылардың үшінші тобы - морждар. Бұлар солтүстік жарты шарда мекендейтін ең ірі ескекаяқтылар болып табылады.Морждың салмағы 2 тоннаға дейін жетеді. Олар ескекаяғын таянып жүре алады, бірақ құлақ қалқандары болмайды. Морж су түбіндегі құрттарды, бунақденелілерді және шаянтәрізділерді жейді; ол қорегін үстіңгі жақсүйегінен өсіп шыққан екі ұзын сойдақ тістерімен қазып алады.
## Қоректері
Итбалықтар әр түрлі балықтар мен шаянтәрізділермен қоректенеді. Кейбіреулері сегізаяқтар мен кальмарларды да қорек етуі мүмкін. Теңіз қабыланы секілді алып жыртқыш итбалықтар пингвин және басқа да теңіз құстарына шабуыл жасайды. Теңіз арыстандары мен сойдақтістілер кей кездері басқа да теңіз арыстандарын өлтіруі мүмкін.
## Дереккөздер |
Естек (Erіtrіchіum) – айлауықтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда биік таулы алқаптар мен салқын жерлерде өсетін 3 түрі (жалпақжапырақты Е., жартас Е., түктесін Е.) бар. Олардың биіктігі 5 – 20 см, борпылдақ шым түзетін дара сабағы болады. Жапырақтарын да (сабағы сияқты) қалың, ұйысқан түк басқан. Тамыр түбіндегі жапырақтары ұзынша, доғал, ал сабақ бойындағылары қандауыр тәрізді, үшкір болады. Тостағанша жапырақшалары бес бөлікті, күлтесі қысқа түтікшелі, көкшіл немесе ақ түсті. Аталық пен аналық мойны күлте түтікшесіне кіріккен. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемістенеді. Жемісі – дөңгелек, жалпақ жаңғақша, оның шеттерінде ұзын иілген көкшіл түсті мұртшалары бар. |
Ескелді ауданы — Жетісу облысындағы әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылы.
## Географиялық орны, жер бедері
Солтүстігінде Ақсу ауданымен, батысында Қаратал, Көксу аудандарымен және Талдықорған қаласымен, оңтүстігінде Кербұлақ ауданымен, шығысында Қытаймен шектеседі.
Ескелді ауданының жері негізінен Жетісу (Жоңғар) Алатауын екіге бөліп тұрған Көксу депрессиясы мен тау аралық ойыста орналасқан. Ауданның шығыс бөлігі – басын мәңгі қар мен мұз басқан биік тау сілемдерінен тұрады, мұнда ауданның ең биік жері (4016 м) орналасқан. Батысы – Көксу, Қаратал өзендері аңғарын қамтыған тегіс жазық. Мұнда аласа таулар (Дауылбай тауы, 922 м) мен қыраттар (Қызылжар, 932 м) кездеседі. Аудан аумағынан ағып өтетін Қаратал өзенінің Қараой, Шежі, Шымбұлақ және Көксу өзендерінің Құсақ, Жаңғыз салалары биік таулардан бастау алады. Ауданда аумағы кіші Үшкөл және Жасылкөл көлдері бар. Жер қойнауынан алтын, күміс (Бурақой), қорғасын, мырыш (Текелі, Батыс Текелі) кентастары өндіріледі. Мәрмәр, әктас кендері барланған.
## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Климаты континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі қуаң (батысында). Жазық өңірдегі қаңтардың орташа температурасы –8 – 11°С. Шілденің орташа температурасы жазық жерінде 23°С-тан, таулы өңірде 18°С-қа дейін өзгереді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері жазықта 250 – 350 мм, тауда 800 – 1000 мм. Шөлейтті дала белдеміне тән жазық бөлігінің топырағы сортаң, құмдақ сұр және қоңыр келеді, таулы өңірінің топырағы қоңыр, қызыл қоңыр, шалғынды қара. Өсімдіктерден жусан, сұлыбас, сүттіген, бетеге, қызыл мия, тал, шырғанақ, ырғай, долана, алма ағашы, қайың, шырша, қарағай өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, аю, барыс, борсық, таутеке, арқар, марал, қырғауыл, кекілік, сарышұнақ, аламан, т.б. мекендейді. Таулы өңірінде «Жетісу аяқты балығы» мемлекеттік қорықшасы (4,8 мың га) орналасқан.
## Шаруашылығы
Ауданда өнеркәсіп бағытында 6 кәсіпорын жұмыс істейді. Ірісі – «Алматы қанты» жабық акционерлік қоғамы. Ескелді би ауданының ауыл шаруашылығына жарамды жері 580,4 мың га (2006). Оның 51,4 мың га жері жыртылған, шабындық 16,4 мың га, жайылымдар 506,7 мың га жерді құрайды. Аудан жерімен Түрксіб темір жолы және Алматы – Өскемен автомобиль жолдары өтеді.
## Халқы
Тұрғындар саны – 46631 (2019).
* ұлттық құрамы: қазақтар (74,54%), орыстар (20,51%), украиндар (0,18%), немістер (1,09%), шешендер (0,39%), корейлер (1,00%), поляктар (0,06%), татарлар (1,49%), ұйғырлар (0,24%), басқалары (0,27%).
## Әкімшілік бөлінісі
Аудандағы 33 елді мекен 11 ауылдық округке біріктірілген:
## Дереккөздер |
Есіл алабының ихтиофаунасы – су алабы ихтиофаунасының құрамын қалыптастыратын су айдынының тереңдігі мен қысқы суыққа бейімділігінің негізгі факторлары болып табылады. Есіл өзенінің жергілікті ихтиофаунасы Об, Ертіс су алабының ескі арнасына тән өзен-көлдік айдындарында кездеседі, олардың 15 түрі (шортан, сібір балығы, сібір елеці, язь, көл гольяны, қара балық, сібір теңге балығы, алтын және күміс табан балық, сібір голеці, сібір итмұрыны, лақа, тоғызинелі, тікенек балық, кәдімгі алабұға, кәдімгі таутан) бар. Жайылмалы көлдерге балықтардың бұл түрлері көктемгі су тасқынында келіп, су деңгейі төмендегенде өзен арнасына қайтып кетеді. Аумағы 50 га, қуатт. 200 млн. бағалы балық балаңқұрты инкубациялық цехы бар Петропавл балық питомнигі сиг балығы мен карпты жасанды жолмен өсіруде. Балық ш-н ғыл. қамтамасыз етуді Қазақтың балық ш. ҒЗИ-дің Солт. Қазақстан бөлімшесі жүзеге асырады.
## Дереккөздер |
Есіл бойы – Есіл аңғарындағы тарихи-географиялық аймақ. Екі мемлекет аумағында: Қазақстан Республикасында – Жоғары және Орта Е. б. (Петропавл) және Ресей Федерациясында – Төм. Е. б. (Түмен, облысының біраз бөлігі және Омбы облысы) орналасқан. Жоғ. Е. б. Сарыарқа аясындағы Есіл өз. аум-н алып жатса, Орта және Төм. Е. б. Батыс Сібір жазығында (ойпатында) жатыр. Орта және Төм. Есіл бойының ауа райы, жер бедері, топырағы, өсімдіктер мен [жан-жануар|жан-жануарлар әлемі Батыс Сібір ойпатының оңтүстік бөлігіне тән. Ерекше табиғи-климаттық жағдайларына орай аймақты 10 мың жылдан астам уақыт бойы адам баласы мекендейді. Орта Е. б. 16 ғ-дан бастап Қазақ мемлекетінің шегінде.
## Дереккөздер |
Естібай – Жетісу облысы Көксу ауданындағы Қабылиса жырау ауылына барар жолдағы ең ұзын әрі биік асу.
## Жер бедері
Жалпы ұзындығы 2-3 км-дей. Қыс айында қар қалың түскен кезде, көктем мен күзде жаңбыр жиі жауған күндері асу арқылы автокөліктердің өтуі қиындайды.
## Дереккөздер |
Есіл бойындағы көлді үстірт – Тобылдан Ертіске дейін созылған неогендік үстірт. Беткі қабаты көбіне неоген кезеңдерінде (25 – 1 млн. жыл бұрын) жиналған негізі көлден пайда болған шөгінді жыныстарынан түзілген. Солтүстік Қазақстан облысындағы неогендік көл шөгінділері әр түрлі балшықты қою, жабысқақ келеді, қалыңдығы 20 – 25 м, беткі қабатын ерекше түрдегі ескі шөгінділер жауып жатыр. Жылы әрі құрғақ климат жағдайында тұзбен байланған көлдердің кең жағдайында өріс алған. Төрттік шөгінділер қабаты қалың емес және негізінен сары топырақты саздақтан және құмайттан түзілген.
## Дереккөздер |
Есіл даласы – Батыс Сібір жазығының оңтүстігінде, Ертіс және Тобыл өзендерінің аралығында жатқан орманды жазық.
## Географиялық орны
Батысында Орал тауына, оңтүстігінде Торғай үстірті мен Көкшетау қыратына дейін созылып жатыр. Оңтүстік бөлігі Солтүстік Қазақстан облысы жерін қамтиды. Солтүстік бөлігі Ресейдің Қорған, Түмен, Омбы облыстары жерінде.
## Жер бедері
Көл, өзен аңғарлары, жал, бұйраттан тұратын даланың жер беті саз, балшықтан, құм, құмайт, т.б. борпылдақ жыныстардан түзілген. Ойпаң жерлері суффозиялық процесс нәтижесінде пайда болған.
## Климаты
Климаты тым континенттік: қысы суық, жазы ыстық. Қыс ерте түседі. Қар 150 — 170 күнге дейін жатады, қалыңдығы 30 см-ге дейін жетеді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 — 400 мм, оның 250 мм-і жаз айларында түседі.
## Су торабы
Даламен Тобыл, Есіл өзендері ағып өтеді. Олар, негізінен, қар суымен толығатындықтан, жаздың аяғына қарай едәуір тартылады. Ірі көлдері: Жалаулы, Сілетітеңіз, Теке, Үлкен Қараой, Шағалалытеңіз.
## Топырағы мен өсімдігі
Сұр, қара, қызыл қоңыр сортаң топырағында көктеректі-қайыңды және қайыңды ормандар мен бұталы қалың тоғайлар өседі. Олар даланың 40%-ін құрайды. Тоғайлар арасын астық тұқымдас әр түрлі шөптер өсетін шалғынды дала алып жатыр. Дала қазіргі уақытта түгелдей дерлік жыртылып, егістікке айналған. Ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығы, биязы жүнді қой және шошқа шаруашылықтары дамыған.
## Дереккөздер |
Есіл суғару жүйесі , шаруашылықаралық жүйе, 1956 ж. пайдалануға берілген. Қарағанды облысы Осакаров ауданы жерінде орналасқан. Суғару көзі – Есіл бөгені арқылы ретке келтіріліп отыратын Есіл өзен Су жиналатын бас бөгеттің өнімділігі 0,9 м2/с, шаруашылықаралық магистральды каналдың табиғи арнадағы ұзындығы 18,1 км.
## Дереккөздер |
Есіл су құбыры , Есіл өзенінің алабында, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары жерінде салынған.
1967 жылы іске қосылған. Жалпы ұзындығы 1740 км. Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету және жайылымды суландыру үшін салынған. Сергеев бөгенінен басталады. Бастау қондырғыдан құбырға секундына 50 м3 су өтеді. Орташа тәуліктік өнімділігі 60 мың м3. Оның 60 — 70%-ін тұтынушылар пайдаланады, қалғаны құбырларды жууға, тазалау станцияларына жұмсалады және ағып кетеді. Құбыр бір-бірімен технологиялық байланыстағы әр түрлі құрылыстардан тұрады. Жүйеге су 2 сатылы су сорғы және 3 су тазалау станциясының күшімен таратылады. Құбыр арқылы 206 елді мекенге ауыз су жеткізіледі, 2,4 млн. га жайылымдық жер суландырылады. Есіл су құбыры 250-ге жуық елді мекенді, 3 аудан орталығын, 7 астық қабылдау пункттерін жөне 7 темір жол станциясын сумен жабдықтайды. 2,4 млн. га ауыл шаруашылығы жерін суландырады.
## Дереккөздер |
Есіл террасасы – Есіл аңғарын бойлай көлбеуленіп немесе сәл ылдиланып баспалдақ тәрізді келген беткей. Әрбір өзен террасасы эволюция барысында сақталған бұрынғы жайылманың бөлігі. Террасалар тектоникалық көтерілу немесе төмендеу, климаттың өзгеруі немесе т.б. себептермен пайда болды. Қазақстанның Солтүстік Қазақстан шегінде Есіл өзенінде төрт жайылмалы террасасын байқауға болады. Біріншісі – аккумулятті жас терраса. Ол өзеннің су деңгейінен 10 – 12 м жоғарыда орналасқан; екіншісінің құрылымы да аллювийлі, бірақ кейбір жерлерінде түпкі жыныс жер бетін 18 – 20 м-дей алып жатыр; үшіншісіне ең ежелгі шоқтықты терраса жатады. Оның ең жоғары бетін аллювийлі жұқа қабат алып жатыр; ол су деңгейінен 28 – 40 м жоғарыда, төртінші террасасы [Көкшетау қыраты|Көкшетау қыратында
## Дереккөздер |
Есіл-нұра ұсақ шоқылы аймағы – ландшафттық аймақ. Сарыарқа құрамындағы Қарағанды–Шыңғыстау провинциясына кіреді.
Ұлытау облысының батыс бөлігін Шерубайнұра өзенінің Нұра өзеніне құяр сағасынан батысқа қарай, яғни Нұра өзенінің төменгі ағысын, Құланөтпес, Терісаққан өзендерінің аралығын алып жатыр. Батыстан шығысқа қарай Торғай ойпатынан Ерейментауға дейін созылып жатқан денудациялық ұсақ шоқылы және делювийлі-пролювийлі жазық Теңіз ойысының орталық бөлігіне қарай ойысады, оған оңтүстігіннде Сарысу – Теңіз суайрығының адырлы аласа жондары (Көкшетау], Желдіадыр, Қағыл, Сарыжал, Найза, Ақшоқы, Мұзбел) тіреледі. Ландшафттық аймақтың көп бөлігін алып жатқан Теңіз ойысы түрлі түсті саздауыт мүжілген түп жыныстар мен аллювийлі-делювийлі сарғыш қоңыр жұқа жыныстарынан құралған. Аймақтың ойпаң келген орталық бөлігіне кайнозойлық континенттік шөгінділер жиналған. Климаты тым континенттік. Қаңтардың орташа температурасы –16 – 17°С, шілдеде 20 – 22°С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 300 – 350 мм. Нұра, Құланөтпес, Терісаққан өзендеріне бөгет салынған. Өзендерінің сулары егістік жерді суландыруға пайдаланылады. Тұзды келетін Теңіз, Қыпшақ, Керей, Қияқты, Ащысор, Тассуат, Шошқалы, т.б. көлдері мал суаруға пайдаланылады. Жері қызғылт қоңыр, кәдімгі қызыл саздауыт карбонатты, қиыршықтасты қызғылт қоңыр топырақты келеді. Далаға тән өсімдік өседі. Ландшафттық аймақтың солт.-батысындағы жазық далалы бөлігі жыртылған. Нұра, Құланөтпес, Терісаққан өзендерінің жайылмалары және көл қазаншұңқырларының су жиналатын алабы шабындыққа, қалған жері мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Есік — Іле алабындағы көл.
## Географиялық орны
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында, Есік қаласынан оңтүстікке қарай 17 км-дей жерде, Іле Алатауының теріскей баурайындағы әсем шатқалдардың бірі Есік шатқалында, теңіз деңгейінен 1759 м биіктікте орналасқан.
## Көл тарихы
Көл шамамен 8–10 мың жыл бұрын тау жыныстарының тектоникалық ығысуынан пайда болған. Табиғи жолмен қалыптасқан бөгетке тау мұздықтары, қар, жауын-шашын cуы жиналып, тау аралығындағы әсем көлге айналған. 1963 жылға дейін Есік көлі маңында 1958 жылдың көктеміндегі Қазақ ССР министрлер кеңесінің «Есік көлінде еңбекшілердің мәдени демалысын қамтамасыз ету туралы» қаулысы қабылданғаннан кейін демалыс инфрақұрылымы мейлінше қарқынды дамып, Есік өзенінің шатқалымен сапалы тас жолы төселіп, халық Алматы қаласынан автобуспен бару үшін үлкен автовокзал салынып, Орталық базардан жарты сағат сайын автобустар көлге дейін қатынап тұрған. Көл жағасына 100 орындық екі қабатты қонақүй, мейрамхана, фотосалон, монша, шаштараз сияқты құрылымдар салынып, жұмыс істеген. Келушілер үшін би алаңдары болған. Дем алушылар көл суық болғандықтан, суға түспесе де, көлдің оңтүстік жағасында кездесетін құмдауыт жерлерде күнге қыздырынып, көл бетінде катер, қайық және өзен трамвайларымен серуендеген. Қауіпсіздікті қадағалап отыратын арнайы құтқару отряды да болған.1959 жылдан 1963 жылдың шілдесіне дейін Есік көліне саяхаттау Алматыға жолы түсе қалған Мәскеу мен шетелдік мәртебелі меймандардың сапар бағдарламаларына кірген екен.1963 жылы 7-шілде күні болған қатты тасқын көлді бір күнде ағызып әкеткен. Апаттан кейін 10 жылдан соң 1973 жылы селден қорғайтын жаңа бөгеттер салынып, 1990 жылдардың басына қарай Есік көлін қалпына келтіру жұмыстары аяқталған. Жаңа жоба бойынша Есік өзенімен артық су ағып кететін плотина, 1963 жылы болған тасқынның көлге құйылған тұсына шлюздері бар бөгеттер салынды. Апаттан кейін Есік көлі бұрынғы арнасына тола алмаған. Жарты ғасыр бұрынғы инфрақұрылымның қалдықтары: көлге барар жолдағы гидтерге арналған шатыр («Әуе шатыры» деп аталған), автовокзал пен оның жанындағы бақылаушы мұнара осы күнге дейін сақталып қалған.
## Гидрографикасы
Апатқа дейін көлдің ұзындығы – 1850 м, ені - 500 м, тереңдігі 50-79 м болған, қазіргі ұзындығы 755 м, ең енді жері 325 м, жағалау бойының ұзындығы 2,4 км. Көлге Есік өзені оңтүстік-батысынан құйып, солтүстігіне шығады.
## Сурет галереясы
*
*
*
*
*
*
*
* |
Еспенбет – Нұраның сағалық алабындағы көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысының Қорғалжын ауданы жерінде. Теңіз-Қорғалжын ойысының оңтүстік жағында, теңіз деңгейінен 280 м жоғары орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 11,6 км2, ұзындығы 9,1 км, ені 4,8 км, тереңдігі 3 м. Су жиналатын алабы 70,5 км2. Қар суымен және Нұраның жайылма суымен толысады. Жағасы жайпақ. Қараша - сәуір айлары аралығында мұз қатады. Суы ащылау. Жайылым суландырылады. Көлден табан балық ауланады.
## Дереккөздер |
Есінек (лат. Antirrhinum) – бақажапырақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы; кейде бұта түрі де кездеседі. Солтүстік жарты шарда тараған 40-қа жуық түрі белгілі. Негізгі шыққан отаны – Оңтүстік Еуропа. Қазақстанда бау-бақшаларда арамшөп ретінде өсетін 1 түрі – ірі Есінек (А. majus) бар. Биіктігі 30 – 70 см. Сабағы бұтақталған, жапырақтары ұзынша немесе қандауыр тәрізді, жоғарылаған сайын ұсақтала береді. Гүлшоғыры шашақ пішінді. Маусым – қазан айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – қорапша, тұқымы ұсақ. Есінекті сәндік өсімдік ретінде қолдан өсіреді.
## Дереккөздер |
Есіл даласы – Батыс Сібір жазығының оңтүстігінде, Ертіс және Тобыл өзендерінің аралығында жатқан орманды жазық.
## Географиялық орны
Батысында Орал тауына, оңтүстігінде Торғай үстірті мен Көкшетау қыратына дейін созылып жатыр. Оңтүстік бөлігі Солтүстік Қазақстан облысы жерін қамтиды. Солтүстік бөлігі Ресейдің Қорған, Түмен, Омбы облыстары жерінде.
## Жер бедері
Көл, өзен аңғарлары, жал, бұйраттан тұратын даланың жер беті саз, балшықтан, құм, құмайт, т.б. борпылдақ жыныстардан түзілген. Ойпаң жерлері суффозиялық процесс нәтижесінде пайда болған.
## Климаты
Климаты тым континенттік: қысы суық, жазы ыстық. Қыс ерте түседі. Қар 150 — 170 күнге дейін жатады, қалыңдығы 30 см-ге дейін жетеді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 — 400 мм, оның 250 мм-і жаз айларында түседі.
## Су торабы
Даламен Тобыл, Есіл өзендері ағып өтеді. Олар, негізінен, қар суымен толығатындықтан, жаздың аяғына қарай едәуір тартылады. Ірі көлдері: Жалаулы, Сілетітеңіз, Теке, Үлкен Қараой, Шағалалытеңіз.
## Топырағы мен өсімдігі
Сұр, қара, қызыл қоңыр сортаң топырағында көктеректі-қайыңды және қайыңды ормандар мен бұталы қалың тоғайлар өседі. Олар даланың 40%-ін құрайды. Тоғайлар арасын астық тұқымдас әр түрлі шөптер өсетін шалғынды дала алып жатыр. Дала қазіргі уақытта түгелдей дерлік жыртылып, егістікке айналған. Ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығы, биязы жүнді қой және шошқа шаруашылықтары дамыған.
## Дереккөздер |
Етжапырақ , глакус (лат. Glaux) – наурызшешек тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Солтүстік жарты шардың қоңыржай және субарктик. белдеулерінде кең тараған. Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 1 түрі – теңіз Етжапырақы (G. marіtіme) бар. Биіктігі 4 – 15 (30) см, сабағы бұтақталған. Жапырақтары етті, ұзынша келген, шеті тегіс, екі беті де нүктелі-шұқыршалы қарама-қарсы орналасқан. Тостағанша жапырақшалары боз қызғылт немесе ақ түсті. Аталығы гүлсеріктері қалақшаларының ортасына бекиді. Мамыр – маусымда гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – бес қақпалы қорапша. Тұқымы ұзынша немесе домалақ, қара қоңыр түсті, ұсақ бұдырлары болады.
## Дереккөздер |
Агамалылар (лат. Agamidae) кесіртке тұқымдастар. Денесінің ұзындығы 45 см дейін. Басы мүйізді қабыршақтармен жабылған. Құйрығы кебіне ұзын, үзілмейді. Әлемде 35 туысы - 300-ден аса түрі кездеседі. Қазақстанда 2 туысы агама және дөңгелекбастылар - 10 астам түрі кездеседі. Жерде, тау таста, ағаштарда өмір сүреді. Негізгі қоректері құрт-құмырсқалар - жәндіктер – сирек өсімдіктер. Көпшілік өкілдері өздерінің түстерін өзгерте алады.
## Дереккөздер |
Ешкіқырған, Итқырған – Жайық алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Қобда ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 66 км.
## Бастауы
Шыңғырлау тауынан басталып, Қоғалы аулының тұсында Қобда өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Жағалауы жазық, арнасы құмайт, тастақ. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Көктемде тасиды, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Қарашаның басында суы қатып, наурыздың аяғында мұзы ериді. Өзенді Қобда ауданының шаруашылықтары пайдаланады.
## Дереккөздер |
Ешкіөлмес – Жетісу Алатауының солтүстік сілемі бойымен 22 км-ге созылып жатқан тау. Енді жері 10 км-ге жуық.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Сарқан ауданы жерінде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1510 м.
## Жер бедері
Ешкіөлместің оңтүстігімен ағып өтетін Ағынықатты және шығысындағы Лепсі өзендері беткейлері тік шатқалды, жартасты келген. Солтүстік, солтүстік-батысы бөктерленіп Қарғалы, Қойлық, Черкасское ауылдары тұсында жазыққа ұласады. Беткейлері сай-жыралармен қатты тілімденген.
## Өсімдігі
Беткейлерінде қайың, терек аралас алма, долана, т.б. жеміс ағаштары, етегінде шалғынды астық тұқымдас шөптесіндер өскен. Батысымен Теректі, шығысымен Лепсі өзендері ағып өтеді.
## Дереккөздер |
Ешкіөлмес – Сарыарқаның орталық бөлігіндегі тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Шет ауданы Босаға ауылынан батысқа қарай 10 км жерде орналасқан. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, ені 3 – 4 км. Ең биік жері 1133 м.
## Жер бедері, геологиялық құрылымы
Беткейі жайпақ, тегістелген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Девон жүйесінің тау жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз]], бетеге, бұталар өседі. Бұлаққа бай. Жазғы жайылымға пайдаланылады, мал қыстаулары бар.
## Дереккөздер |
Ешкіөлмес алтын кен орны — Ақмола облысы Шортанды ауданы Шортанды кентінен шығысқа қарай 45 км жерде. Кен орны ежелгі кен қазбаларының ізімен 1931 жылы ашылған.
## Геологиялық құрылымы
Кен орны Сілеті гранитоид массиві мен прекембрийлік шөгінді-метаморфтық жыныстардың түйіскен жерінде орналасқан.
## Жатыс сипаты
Кен денелері ұзындығы 40-100 м, қалыңдығы 0,5-2 м-ге (кейде 14 м-ге дейін) жететін күрделі линза пішіндес. Алтын-сульфидті кентастар 3 түрге бөлінеді: агрегаттық, желілі-сеппелі және сеппелі.
## Минералдары, құрамы
Кентас түзілу процесінің сатылығына қарай кобальтинді байланысты, теллур-висмутты және висмутты минералдар қауымдастығы кездеседі. Халькопирит қауымдастығы желішелер түрінде тараған. Кентастарда Au, Cu, Ag, Bі, Mo, Co, Zn кездеседі. Кен орны қоры жағынан орта кен орындарына жатады. Тотығу белдеміндегі кентас Ақсу кеніші мен кішігірім карьерлерде өндіріледі.
## Дереккөздер |
Ешкіөлмес асбест кен орны - Қарағанды облысы Жезқазған-Ұлытау өңіріндегі серпентинит массивінде орналасқан.
## Геологиялық құрылымы
Девон, тас көмір Ке шөгінді тау жыныстарының ішінен сына тәрізді жазықтықтан көтеріліп шыққан палеозой дәуіріне дейінгі жыныстардың горст блогын құрайды.
## Жатыс сипаты
Кен орнының ұзындығы 12 км, ені оңтүстігінде 0,5 км, солтүстігінде 2,5 км. Ешкіөлмес серпентинит массивінен асбестің тереңге тігінен құлайтын 3 кен аймағы табылды (батыс, шығыс белдемдері, №3 кентас денесі). Әрбір белдем буылтық келген бірнеше күрделі кентас денесінен тұрады. Олардың ұзындығы 4-5 км, ал барланған тереңдігі 450 м. Ешкіөлмес асбест кенінің барланған қоры 5 млн. т, болжамды қоры 8-10 млн. т. Хризотил-асбест талшықтарының асбоцемент, фрикцион бұйымдарын жасауға жарамды екені анықталды. Кен орнына жақын темір жол стансасы – Жезқазған (150 км).
## Дереккөздер |
Абай асуы – Іле Алатауындағы Кіші Алматы сілемінің Азутас жалынан өтетін асу.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 3650 м. Кіші Алматы шатқалының орталық бөлігін Богданович мұздығымен жалғастырады. Асу жолы Медеу шатқалынан басталады да, Тұйықсу қақпасын, одан әрі шыршалы орманды, Шайтан шатқалын басып өтеді. Түйықсу қақпасы (ені 250 м) метеостанциясына дейін автомобиль жолы, одан әрі Шайтан шатқалы арқылы өтетін жаяу жол бар. Асудың бастапқы тастақты кезеңі ескі мореналық жол үстімен, қорымтасты қарлы беткеймен өтеді. Арғы түсер беті қорымтасты келеді. Ұлы ақын, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының құрметіне осылай аталған. Абай асуы жеңіл асулар қатарына жатады. Асу 1932 жылдан Абай Құнанбайұлының есімімен аталады.
## Дереккөздер |
Абайдың Жидебайдағы қорығы – Қарауыл өзенінің жайылмасында жатқан қалың қорық, шұрайлы жер.
Жидебайды 18 ғасырдың 80-жылдары мен 19 ғасырдың 50-жылдары шамасында тобықты руының Мамай, Жігітек аталары қоныс еткен. Ал 19 ғасырдың ортасына таман Жидебай (Мамайдан тараған Еламанның бір ұрпағы), Борсықбай, Барақ деп аталатын шұрайлы қоныстарды ел ағасы, аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлы иемденіп, қыстау салдырған.
* 1850 жылы Құнанбай Жидебайдың солтүстігінде 15 км жердегі күзеуден, Ескітам деген қоныстан жиырма балаға арналған медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын оқытқан. Абай сегіз жасынан бастап сол медреседен дәріс алып, сауат ашқан.
* 1880 жылы Абай Жидебайда өз қаражатымен жаңадан медресе салдыртқан.
* 1885 – 92 жылдар аралығында Жидебай қонысы Құнанбайдың Ұлжаннан туған кенже баласы Оспанның еншісіне тиген.
* 1892 жылы (ескіше 1 мамырда) інісі Оспан дүние салған соң Абай осы қонысты тұрақты қыстау еткен.
* Жидебай 20 ғасырдың соңында тарихи-мемориалдық, экологиялық қорыққа айналды.
* 1990 жылы Қазақстан үкіметінің қаулысымен Жидебай қорығының жалпы аумағы 64 км2. Мемлекет қарауына алынған қорық құрамына енген тарихи елді мекендер, қыстаулар, зираттар, көл-сулар мен көгалды алқап, төбе-шоқылар республикалық маңызы бар тарихи ескерткіштер ретінде мемлекеттік қорғауға алынды.
Қорық құрамына Абайдың мемориалдық мұражай-үйі, Абай – Оспан және Шәкерім – Ахат ескерткіштер кешені, Зере, Ұлжан, Құдайберді, Ғабитхан молда, Шәукенбай, Еркежан бейіті басындағы белгілер, Кеңгірбай бидің бейіті, Құнанбай құдығы, Оспан көлі, Мұсақұл төбесі, Махмұд қорасы, Орыс қорасы, Зұлғарыш қорасы, Ырыздыбай қорасы, Тұрағұл қорасы енеді.
Абай атауы қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың құрметіне берілген.
Жоғарыда аталған тарихи-мәдени ескерткіштердің барлығы да ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы қарсаңында (1996) күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңғыртылды.
## Дереккөздер |
Есіл бөгені — Есіл өзеніндегі жасанды су қоймасы.
## Географиялық орны
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 25 км жерде орналасқан. Елді сумен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерді суландыруға арналған. Бөгенді сумен толтыру 1982 жылы басталды.
## Гидрологиялық сипаты
Темір-бетон бөгеннің ұзындығы 120 м, беткі жағының жалпақтығы 40 м, биіктігі 20 м. Тәулігіне 100 м2 су жинап, оны беретін сорғылар орнатылған. Бөгеннің сыйымдылығы 1,5 млн. м3, су айдынының аумағы 0,12 мың м2, ең терең жері 6 м. Суы тұщы, қарашада қатып, сәуірде ериді.
## Дереккөздер |
Абай мұздығы:
* Абай мұздығы — Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейіндегі Үлкен Басқан өзені алабында, Өсек өзенінің басталу кезеңінде орналасқан мұздық.
* Абай мұздығы — Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі Абай шыңында орналасқан мұздық. |
Абай – Іле Алатауының Кіші Алматы сілемінде орналасқан шың. Теңіз деңгейінен 4010 м биіктікте орналасқан.
## Жер бедері
Шың үш найзатастан тұрады. Батыс жағы Кіші Алматы өзеніне қарай, тік құлама жартасты болып келеді. Солтүстік беткейінде шағын мұздық (Абай мұздығы) бар. Абай шыңына алғаш рет (1932 жылы шілдеде) Г.И.Белоглазов бастаған алматылық альпинистер көтерілген. Шыңға 1932 жылы ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаев есімі берілді.
## Дереккөздер |
Етбатыр – Көшім өзенінің сағасында орналасқан көл.
## Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы жерінде.
## Гидрографикасы
Аумағы 4,91 км2, ұзындығы 4,2 км, ені 2,3 км, жағалауының ұзындығы 19,6 км. Көл негізінен Көшім өзенінің және жер асты суларымен толығады. Көктем айларында суы шарасынан асып, жайылма құрайды. Жағалауы шабындық және жайылым.
## Дереккөздер |
Ешкітау – Жалпы Сырттың оңтүстігіндегі үстіртті қырат.
## Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы жерінде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 259 м. Қыраттың беті жонды келген, оңтүстік беткейі тік жарқабақты, сай-жыралармен тілімденген. Бор, мергельді шөгінділері жапқан палеогеннің құмды саздақтарынан түзілген. Таудан Деркүл өзені бастау алады.
## Өсімдігі
Беткейінің қызыл қоңыр топырағында бетеге, боз, жусан өседі. Баурайы мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Абайыл темір кен орны - Түркістан облысы Түлкібас ауданы Абайыл станциясынан солтүстікке қарай 15 км жерде орналасқан. Кен орны сақ заманынан белгілі болған. Кенді барлау жұмыстары 1942 жылы басталған.
## Геологиялық құрылымы
Геологиялық құрылымында орта және жоғары кембрий (Құлантау шоғыры) мен төменгі ордовиктің (Қоскөл шоғыры) әктас, көмірлі-кремнийлі тақтатас, алевролит, құмтас, конгломерат және мүйізтас тау жыныстары бар. Кен кезінде жаншылып ұсатылған, кейін тақтатаспен және құмтаспен жапсарласа мәрмәрланған әктаста түзілген.
## Жатыс сипаты
Жалпы саны 30-дан асатын кен денелерінің тізбегі 3,7 км-ге созылып, көлденең жарылымдармен ажыратылған бес бөлікке бөлінген. Нобайы дөңес төбе пішінді, тікшелене орналасқан кен денелерінің ұзындығы 500 м-ге, қалыңдығы 120 м-ге, тереңдігі 500 м-ге дейін жетеді. Жер бетінен 15-20 м тереңде жатыр.
## Минералдары, құрамы
Кеннің басты минералдары – гидрогетит, гетит, турьит; құрамындағы темірдің орташа мөлшері 45%, байытуды қажет етпейді. Тотыққан белдемнен тереңге қарай кен сидерит, анкерит және пириттен тұрады. Осы тереңдіктегі кен құрамында 31,65% темір, аз мөлшерде мыс, күшәла, кобальт, қорғасын, молибден кездеседі. Кеннің жалпы қоры 55,9 млн. т. оның ішіндегі тотыққан кеннің мөлшері 23,24 млн. т. Тотыққан белдемдегі қошқыл түсті кен ашық әдіспен өндіріліп, бояғыш зат ретінде пайдаланылады..
## Дереккөздер |
Аболин мұздығы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейінде орналасқан қазаншұңқырдағы мұздық. Бүйен өзенінің жоғары бөлігінде, Орман Бүйен өзенінің бастауында орналасқан. Мұздық 1958 жылы Орта Азияны зерттеуші ғалым Р.И. Аболин есімімен аталды.
## Жер бедері, аумағы
Мұздық солтүстікке қарай созылып жатыр. Климаттың біртіндеп өзгеруіне байланысты мұздық кішірейе келіп, үш бөлікке бөлінді. Ең ірі бөлігінің ұзындығы 4,7 км, ашық жерінің ұзындығы 3,3 км. Жалпы аумағы 4,6 км2. Ашық жерінің аумағы 4,0 км2. Фирн алаңы 1,7 км2, фирн сызығы 3540 м биіктіктен өтеді. Мұздықтың теңіз деңгейінен ең биік жері – Аболин шыңы (4051 м). Мұздық бүйірлік биік моренамен көмкерілген. Оның астыңғы шеті 3100 м-ге дейін түріліп, бастапқы ұзындығынан 40 метрге шегінді. Мұздықтың орташа қалыңдығы 90 м, көлемі 0,36 км3.
## Дереккөздер |
Абыз алтын-мыс кен орны – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында орналасқан. 20-ғасырдың 60-жылдары ашылған.
## Геологиялық құрылымы
Абыз алтын-мыс кен орны Ақбастау антиклиналды белдемінің батысында девонның барлық бөлімдерінің жыныстарын қамтитын қабаттар тобырын құрайды. Кен төменгі девонның андезит-базальтты жанартаулық кезеңінде қалыптасқан. Кен орны Абыз антиклиналінің бойын алып жатыр. Осы антиклинальдің қатты жарықшақтанып өзгеріске ұшыраған жоғарғы белдеміне негізгі кен денелері шоғырланған. Олар негізінен массивті болып келеді, сондай-ақ сеппелі-желілі түрде де кездеседі.
## Минералдары
Абыз алтын-мыс кенінде кездесетін минералдар 9 түрлі парагенездік бірлестіктер құрайды.Негізгі кентасты минералдар:
* сфалерит
* халькопирит
* галенит
* пирит.
## Құрамы
Кентас құрамындағы мыс, мырыш және қорғасынның ара қатынасы: 4,4:11:1. Кентастар минералдық құрамы бойынша:
* күкіртті
* мысты
* мырышты
* мысты-мырышты
* полиметалды
* қорғасын-мырышты колчедандар сияқты алты түрге жіктеледі.
Кентас құрамында алтын мен күміс едәуір. Алтын барлық минералдық бірлестіктердің құрамына кіреді, саф алтын түрінде де кездеседі. Сирек элементтерден селен, теллур, висмут, сүрме, күшән, қалайы, индий, таллий бар. Абыз алтын-мыс кені толық барланған, бірақ өнім өндіру жұмыстары жүргізілмеген.
## Дереккөздер |
Абыз сөзінің мынадай мағыналары болуы мүмкін:
* Абыз – ежелге адамзат қауымдастығында сакралды-рухани (діни) статусы бар адамдар.
* Абыз – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында орналасқан алтын кенорны.
* Абыз – 1965 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында ашылған әуесқой драма ұжым.
* Абыз – Торғай алабына қарасты өзен. |
Абылай жолы (Хан жолы) - Талас және Шу бойын мекен еткен қазақтардың Бетпақдала арқылы жаз жайлауға көшетін жолы. Ертеректе керуен жолы болған. Шығыстанушы Бартольд Василий Владимирович араб және парсы деректеріне сүйене отырып, Ертістің солтүстігіндегі Қимақ даласына баратын екі жолды көрсеткен: бірі - Сырдарияның төменгі жағалауларынан басталса, екінші жол - Талас өңірінен бастау алады. «Бұл жолдармен ертеде және орта ғасырда Талас пен Шу аймағын Ертіс өңірімен, Батыс Сібір өлкелерімен жалғастырып жатқан сауда керуендері жүрген» деп жазды В.В. Бартольд. Мұндағы екінші жол бойымен тарихи сын кезеңде Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтарының басын қосу мақсатында қолдарын бастап хан Абылай жүріп өткен кезден бастап, ел арасында «Хан жолы» немесе «Абылай жолы» деп аталған.
Абылай жолының жүру бағыты төмендегідей: Арқа өңірі - Мамай көлі - Итемген көлі - Моншақты таулары - Ертіс өзені - Ақмола - Майбалық көлі - Нұра өзені - Құлан өлмес - Алқалық таулары - Ескеней таулары - Сары су өзені - Манақ өзені - Ақтас Егінбұлақ құдығы - Төлеген құдығы - Дубашы сор - Бұлан таулары - Қатын су құдығы - Бөртке тіккен құдығы - Ажар құдығы - Тасжарған құдығы - Байғара таулары - Бетпақдала Құрманның құмдары - Шу өзені - Талас өзені - Алатау Хантау (Мұндағы Хантау атауын 1753 жылы хан Абылайдың ат басын тіреуімен байланыстырады).
Бұл бағыт кейін Шу бойындағы қазақтардың Арқаға қарай бойлық (меридиан) бойлап жайлауға шығатын, қысқа қарай қайта айналып құмға, Жетісуға қарай ойысатын көш жолына айналды. Бұл жол XX ғ.-дың бас кезіне дейін маңызы артып, кең қолданыста болған. Бұл жолдардың оңтүстік өлкедегі жұрттарды Ертіс бойымен, Батыс Сібір аймағымен байланыстыруда маңызы өте зор болды.
## Дереккөздер |
Абылайкит – Ертіс алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы жерімен ағады.
## Бастауы
Қалба жотасының Бесшоқы және Талды тауларының солтүстік беткейлерінен басталатын Сібе және Ұранхай (Ұрыңқай) өзендерінің қосылған тұсынан кейінгі бөлігі осылай аталады.
## Гидрологиясы
Ұзындығы Сібе өзенінің бастауынан есептегенде 78 км, су жинау алабыныңауданы 1680 км2. Өзен түгелдей тау аңғарымен ағады, ағысы қатты. Негізінен еріген қар суымен толығады. Ертіс өзеніне Абылайкит ауылының тұсында қосылады. Сағасындағы орташа су ағынының мөлшері 4,87 м3/сек. Өзен 1654 жылы қалмақтың Абылай тайшысы салдырған сарай-бұтханасының (Сібе өзенінің бас жағында) атымен аталған.
## Дереккөздер |
Абай жер асты су көзі Қостанай облысы Амангелді ауданында.
Кен көзі Тобыл – Обаған өзендері аралығында жатыр. 1977 жылы барланған. Оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатқан кен орнының өнімді қабаты жоғары бор кезеңінің кешенді су қабатында. Кендегі судың жиынтық мөлшері тәулігіне 23,8 мың m³-ді құрайды. Су көзі игерілмеген.
## Дереккөздер: |
Авсюк – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Көкжалбас сілемінің шығысы мен Сарқант сілемінің батысы аралығында орналасқан мұздық етегі. Ақшығанақ өзенінің бастауы болып саналады. Мұздық туралы алғашқы ғылыми еңбек 1929-1932 жылдары жазылған. Авсюк мұздығын зерттеумен 1957 жылдан Қазақстан Ғылым академиясының География институты айналысады. 1957 жылы көрнекті ғалым Г.А.Авсюктің есімімен аталған.
## Аумағы
Ұзындығы 4,7 км, жалпы аумағы 5,0 км2. 1960-1990 жылдары аралығында мұздықтың ұзындығы 0,1 км-ге қысқарды. Ауданы 0,8 км2-ге, ашық жері 1,3 км2-ге кеміді. Орташа қалыңдығы 70 м-ге, көлемі 0,3 км3-ге дейін азайды. Мұздық басталатын жотаның ең биік жері 4262 м, фирн (мұзқар) алаңының ауданы 2,0 км2. Мұздық тілін бүйірлік мореналар көмкеріп жатыр. Моренамен көмкерілген бөлігі 3170 м-ге дейін төмендеген.
## Дереккөздер |
Агрономиялық кендер, кентастар – минералдық тыңайтқыштар алынатын шикізат (құрамында фосфор, калий, азот, т.б. элементтер бар) немесе өңделмеген күйінде қолданылатын тау жыныстары мен минералдық түзілімдер.
Фосфорлы Агрономиялық кендерге апатит пен фосфорит жатады. Фосфорлы жыныстарға апатит пен фосфорит жатады.Апатит Ақмола /Көкшетау /обл. жер қойнауында кездесетін /оливинді , пироксенді /жыныстармен,Қостанай облысындағы Соколов-Сарыбай ,Қашар кендерінің магнетит рудаларымен байланысты. Фосфорит Қаратау, Ақтөбе фосфоритті бассейндерінде ,Шыңғыс жотасының оңт.-шығыс бөлігінде ,Маңғыстауда шоғырланған. Алюминий мен фосфор алынатын комплексті шикізат саналатын алюмофосфат кендері ,Қарағанды/Жезқазған/ облысында,калийлі-магнийлі,магнийлі тыңайтқыштар өндіруге жарамды калий тұздары Каспий маңы ойысында,Атырау,Батыс Қазақстан,Ақтөбе облыстарындағы тұз күмбездерінің дөңесті бөліктерінде,тұзды көлдердің тұнбаларында орналасқан. Азот тыңайтқыштарын өндіруге Оңтүстік Қазақстаннан табылған табиғи селитра қолданылады. Агрономиялық кендерге қышқыл топырақты бейтарап таушылар /бор,ізбестас, доломит/,эрозияны баяулатқыштар/ саз ,мергель, битум, бентанит/, а.ш.зиянкестеріне қарсы қолданылатын улы дәрілердің құраушылары /мышьяктың ,барийдің, фтордың, күкірттің минералдары/ ретінде қолданылатын тау жыныстары мен минералдар да жатады.Апатит Көкшетау өңірінің жер қойнауындағы жыныстарда, Қостанай облысындағы Соколов – Сарыбай, Қашар кендерінің магнетит кентастарында кездеседі.
Фосфориттің аса ірі кендері Қаратау, Ақтөбе фосфоритті алаптарында шоғырланған.
* Калий тыңайтқыштары алынатын Агрономиялық кендер калий тұздары кендері.
* Азот тыңайтқыштары алынатын Агрономиялық кендер – калий мен натрий селитрі, сапропелит.
* Магнийлі, калий-магнийлі тыңайтқыштар өндірілетін Агрономиялық кендер сульфаттар мен хлоридтер.
Соңғылары Атырау облысындағы Индер, Ақтөбе облысындағы Шалқар, тағы басқа көлдерде көп ұшырасады. Өсімдіктердің өсуі мен дамуына өте керекті микротыңайтқыштарды өндіруге мыстың, бордың, марганецтің, мырыштың, молибденнің тікелей өндіріске жарамсыз кентастары мен өндіріс қалдықтары да пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Ағабай , Ақабай – Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы құдық. Борсеңгір а-нан оңт.-батысқа қарай 12 км жерде орналасқан. Тереңд. 10 м, су шығымы 1000 л/сағ. Құдықтың оңт-нде Ақсеңгір тауы бар. |
Ағанас – Ақмола облысы Целиноград ауданындағы көл. Қабанбай батыр ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 2,0 км2. Теңіз деңгейінен 346 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 2,3 км, енді жері 1,1 км. Жағалау бойының ұзындығы 6,8 км. Көл жағалауында қамыс өскен. |
Ешкісасыр (Cryptodіscus) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөлді, таулы аймақтардың құмды, құмдақты жерлерінде, тау беткейлерінде өсетін 4 түрі (қосдана Ешкісасыр, құмдық Ешкісасыр, құмшыл Ешкісасыр, Тымыр Ешкісасыр) бар. Бұлардың биіктігі 30 – 80 см, сабағы тік, ұсақ қырлы, сыртын түк басқан. Жапырақтары қысқа сағақты, тамыр түбінен шығады, сабағы сияқты түкті. Тостағанша жапырақшалары тіссіз, күлтелері ақ түсті. Гүлдері 10 – 15-тен бірігіп, шатырша гүлшоғырына топталған. Шатыршалары 5 – 7 сәулелі. Сәуір айында гүлдеп, мамырда жемістенеді. Жемісі жеміссағағынан екі есе қысқа. Тұқымы іш жағынан оймалы келеді.
## Дереккөздер |
Өзендер:
* Ағынықатты – Абай облысы Жарма ауданындағы өзен.
* Ағынықатты – Жетісу облысы Сарқан ауданындағы өзен. |
Ада– Каспий теңізі Қазақ шығанағындағы құмдауытты құмқайыр. Жағалаудан Кендірлі шығанағы арқылы бөлінеді. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жерінде орналасқан құмқайырдың бедері тегіс жазық. Онда сексеуіл, жүзгін, жыңғыл бұталары және шөлге тән сораң шөптер өседі. Құрлықпен жалғасқан шығанағының ені 3 км. Тайыз жерден аз мөлшерде тұщы су шығады. Құмқайыр 1930 жылы зерттелген. Көне түркі тілінде "ада" сөзі «арал» деген мағынаны білдіреді.
## Дереккөздер |
Адай құрылыс тастары кен орны - Қостанай облысы Қамысты ауданында орналасқан. 1967 жылы ашылған.
## Геологиялық құрылымы
Төменгі тас көмірдің интрузивті қабатына шоғырланған. Өнімді қабаты гранодиорит қабатында.
## Жатыс сипаты
Борпылдақ жамылғысының қалыңдығы 2,4 м. Гранодиорит массасының көлемі 2,56 мың м3, су сіңірімділігі 0,1 – 0,5 (кейде 1%-дан төмен), суға қаныққан жағдайдағы беріктілігі 1610 – 3660 кг/см3. Уатылған қиыршықтас 800–1200 маркалы құрылыс материалына сай келеді. Өнімін жол құрылысына және ауыр бетондар құю жұмыстарына пайдалануға болады. Кен орны игерілмеген.
## Дереккөздер |
Адай үстірті немесе Адай-Өлкейек үстірті – Торғай төрткілді өлкесінің батыс бөлігін алып жатқан үстірт.
## Географиялық орны
Қостанай облысының ортаңғы бөлігіндегі бірнеше аудандарды қамтиды. Солтүстігінде Қостанай жазығымен (Қамыс-Диевка желісі бойынша), оңтүстігінде Ақтөбе, Қарағанды облыстары аумағымен шектеседі.
## Жер бедері
Жер бедері негізінен жазық келген. Тек кейбір жері Обаған аңғары және Сыпсыңағаш қолатымен (Обағанның ежелгі сол салаларымен) тілімденген. Абсолюттiк биіктігі 300 м. Үстірттің кейбір жерлерінде төрткілді оқшау таулар (Қоңыртау тауы, т.б.) кездеседі.
## Дереккөздер |
Адай жылқысы – салт мінілетін қазақ жылқысының бір тұқымы. Бұл жылқының эволюциялық даму жолы өте күрделі. Мініске шыдамдылық, желігіштік және бірқатарының теңбіл көк түсті болып келуі араб тұқымды жылқыларға ұқсастығын, ал қарабайыр, қазанат – жүрдектігі жағынан Түрікмен жылқысы – Ахалтекенің белгілері бар екенін көрсетеді. Суық пен ыстыққа төзімді, қысы-жазы жайылымда жүріп, күтім талғамайды. Адай жылқысының мойны қысқа омыраулы, арқасы түзу, сауыры солыңқы, жуан жіліншігі етсіз, мықты құйма тұяқты болып келеді. Шоқтығының биікт. 140,3 см, тұрқы 142,7 см, кеуде орамы 163,3 см, жіліншіктің орамы 17,6 см. Еті жоғары сапалы, ет түсімі – 52 – 58%. Тәулігіне орта есеппен 8 – 11 л сүт сауылады. Жүйріктері ұзаққа шабады, 40 – 50 км-ге шаршамай еркін жетеді. Адай жылқысы Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында өсіріледі.
## Дереккөздер |
АҒАРТҚЫШ САЗДАР, адсорбент- т (ағыл. Puller’s earth, франц. Des terres a foulon — шұға басушының сазы — жүнді майдан, шайырдан тазартуға қолданылғандықтан осылай аталған) — табиғи күйінде не өңдегеннен кейін әр түрлі заттарды құрамындағы бөгде қоспалар мен зиянды бөлшектерден тазартын, олардың сапасын жақсарту үшін қолданылатын тау жыныстарыныц тобы. А. с-ға флоридиндер, бентониттер, кремнийлі адсорбенттер (диатомит, тре¬пел, опока) және боксит жатады. Вулкандық жыныстар мен олардыц туфтарының және карбонаттардыц курделі өзгеруінен жаралатын, құрамы монтмориллонит (өте көн), нонтронит, гидрослюда т. б-дан тұратын аса ұсақ түйіршікті А. с. (флоридиндер мен бентониттер) балауыздай жылтыр, көбіне ашық түсті болады. Суда колемін өзгертпейтін флоридиндердің (гумбрин, нальчикин, флоридин, франконит т. б.) табиғи күйдегі сіціргіштік қасиеті өте жоғары болып ке- леді, ал бентониттер (асканит, гюльяби, огланли, кил, бентонит, ардморит, вилкинит, сапонит т. б.) қышқылмен «ңдегёнде ғана жаңсы адсорбтаушы қасиеттерге ие болады. А. с-дың тазартқыштық қасиеттері алмасу реак- цияларына негізделген (қ. Адсорб¬ция).Кремнийлі адсорбенттерге балдырлар мен ұсақ организмдердің опалды және халцедонды қабыршақтарынан түзілген диатомиттер және көбіне тек кремнеземнен қүралған трепел мен опока жатады. Кремнийлі адсорбенттерді сілтілік элементтер тотыңтарымен өңдегенде ағартқыштық қасиеті жақсарады. Флоридиндер мүнай өнімдері мен тамақ майларын, шарап пен жеміс шырындарын, жүн мён жүннен тоқылған маталарды майдан тазартуға қолданылады. Бентониттер бұрғылау ертіндісін дайындауға, сабын өндірісінде пайдаланылады. Диа¬томит, трепел, опоңа хим. өндірісінде, тамақ пен техника майларын, қант шырынын ¥азартуға суды мүнайдан бөлуге, бактериялық сүзгіге жүмсалады. Боксит күкіртке бай мұнай мен мұнай өнімдерін тазартады.
Ағартқыш саздар - терең сулы алаптар түбінде қалыптасатын полигенді құрамды сазды шөгінділер. Қатты тотыққан, әдетте коңыр, кейде қызыл түсті бұл тұнбалары мұхит алаптарының континенттерден қашық, терең аудандарында (4000-6000 м) түзіледі.
## Дереккөздер
Қазақ Совет Энциклопедиясы
## Дереккөздер |
Адам өтпес шалбар – Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданындағы түбек. Қаракешудің Қайдақ сорымен жалғасқан тұсының солтүстігінде 5 км жерде орналасқан.
## Сипаты
Теңіз тартылғаннан кейін Бозащы түбегімен бірігіп кеткен. Соңғы 10 – 15 жыл ішінде Каспий теңізі суының көтерілуіне байланысты түбек жартылай су астында қалған. Шетіндегі биіктеу жерде 1830 жылдың орта кезінде үйілген топографиялық белгі орны сақталған. Бедері тегіс.
## Өсімдігі
Өсімдігі негізінен сораң шөптерден тұрады. Біраз жерінде сексеуіл өскен. Топырағы сор борпылдақ.
## Дереккөздер |
Адамтас шамшырағы, Адамтас – Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы мүйіс.
## Географиялық орны
Маңғыстау облысы Қарақия ауданында, Кендірліқиясай үстіртінің теңізге қараған оңтүстік-батысында орналасқан.
## Жер бедері
Мүйістің теңізге қараған бөлігі тік жарқабақты. Су асты тастары шығып тұрған жағалауы кеме тоқтауға қолайсыз. Кезінде Адамтас мүйісінде су асты тастарынан теңіз кемелерін сақтауға арналған шамшырақ оты болған.
## Дереккөздер |
Байсаттар тұқымдасы (лат. Adoxaceae) – көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында, Қаратауда, Іле, Күнгей Алатауларында кездеседі. Байсаттар тұқымдасының Байсат туысы (Adoxa), оның 1 ғана түрі — мускус Байсаттар тұқымдасыты (A. moschatellіna) бар. Биіктігі 5 — 15 см, төсемелі тамыр сабағы қысқа болады. Тілімденген жапырағы үш-үштен қарама-қарсы орналасады. Гүлі ұсақ, сарғыш жасыл түсті, қалың гүлшоғырына топтасқан. Вегетативті өсімді жолмен көбейеді. Мамыр — маусым айларында гүлдейді. Жаздың алғашқы жартысында пісіп жетіледі. Жемісі — сүйекті.
## Дереккөздер |
Азғыр өңірі – Тұран ойпатының солтүстік-батысындағы далалық жер.
Солтүстігінде – Бөкей ордасы, батысында Астрахан облысының (Ресей) Владимиров және Қарабайлы, ал шығысында Атырау облысының Құрманғазы аудандары жерімен шектеседі.
Аумағы 560 мың га, оның 90%-ы жайылым, өзен-көлсіз, орман-тоғайсыз шөлейтті алап. Жер асты су көзі 2 – 10 м тереңдікте, суының минералдары 0,5 – 2 г/л. Ауа райы өте құбылмалы, жазы құрғақ әрі ыстық. Жазда айлық орташа температура 23 – 31°С аралығында ауытқып тұрады, шілде айында ыстығы 43°С-қа дейін жоғарылайды. Қысы қарлы боранды, қараша айының 2-жартысында күнсуытып, наурыз айының аяғына дейін тоңы түспейді. Ақпан айында ауа температурасы – 43°С-қа дейін төмендейді. Жауын-шашын өте аз түседі, жылдық атмосфера ылғалдық мөлшері 124 – 199 мм. Шілде – қыркүйек айлары құрғақ, аңызақ келеді.
Жайылымдық жерлерде негізінен астық, жусан тұқымдас өсімдіктер, бұталар мен сораң шөптер өседі. Өңірде ұзақ жылдар бойы «Азғыр» ядролық полигоны орналасқан.
## Дереккөздер |
Ажырық (лат. Aeluropus) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы. Республикамыздың барлық сортаң және шөлді өңірлерінде өседі, тұзға өте төзімді келеді.Қазақстанда сортаңдық ажырық және жатаған ажырық деп аталатын 2 түрі кездеседі. Сортаңдық ажырықтың (A. lіtoralіs) биікт. 20-60 см, сабағы көлбеу не көтеріле өседі. [Бұтақ]]тары бұдырлы, жапырағы жалпақтау, түкті келеді. Көп гүлді масақтары сатылана орналасқан, ұзындығы 3-5 мм болады. Жатаған ажырықтың (A. repens) биіктігі 7-30 см, жапырақтары түкті, гүл сыпыртқысы тығыз, шоғырлана орналасқан, ұзындығы 2-2,5 см келеді. Ажырық — ең маңызды мал азығы. Өскен жерінің құнарлылығына байланысты бір га алқаптан 2-40 ц шөп жиналады. Оның гүлінің құрамында: протеин, белок, май, азотсыз активті заттар көптеп кездеседі. Ажырықтыты арнайы да өсіреді.
## Дереккөздер |
Азутау – Марқакөл көлінің оңтүстігін бойлай орналасқан Оңтүстік Алтайдағы жота. Ұзындығы 44 км, ені 22 км, ең биік жері 2384 м.
## Геологиялық құрылымы
Төменгі және орта девонның қышқыл шөгінділерінен, жоғарғы девонның габродиориті мен пермь граниттерінен түзілген.
## Жер бедері
Азутау күмбез тәрізді, төбесінен су айрығы айқын байқалатын жота. Тік құлама болып келген солтүстік беткейі Марқакөл көліне тіреліп жатыр.
## Климаты
Климаты континентті, қысы қатаң да қарлы (қаңтар айының орташа температурасы — 26о С), жазы қоңыржай ылғалды (шілде айының орташа температурасы 16о С). Жылдық жауын-шашын мөлшері 600-700 мм.
## Өсімдігі
Жота Марқакөл қорығының құрамына енеді. Солтүстік беткейінің шалғынды дала белдеуінде (1450 — 1600 м) әр түрлі астық тұқымдасты шалғындар, оңтүстік беткейінде далалық бетегелі-шалғынды шөптер өседі. Таулы-тайгалы белдеуде (1450 — 1900 м) балқарағайлы тоғайлар басым. Белдеудің солтүстік беткейінің жоғарғы бөлігін самырсынды және теректі тоғай қамтып жатыр. Өзен аңғарларында шыршалы тоғайлар кездеседі. Субальпілі белдеу (1900 — 2000 м) биік шалғынды шөптермен және альпілік шалғындармен көмкерілген. Азутауда дәрілік өсімдіктер (алтын тамыр, марал тамыры) көп өседі.
## Дереккөздер |
Адырыс – Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылының оңтүстік-шығысында 17 км жерде орналасқан жайлау.
Теңіз деңгейінен 4 м төменде жатыр. Адырыс аудан малшыларының жайлауы болып табылады.
## Дереккөздер |
Азынабай-тайпақ жазығы – Жайық өзенінің сол бетінде орналасқан табиғи көлтабанды өңір.
## Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы жерінде.
## Сипаты
Өлеңті өзенінің тартылар тұсындағы Аяқ бөгенінен Азынабай-тайпақ суландыру жүйесі басталады. Жүйедегі арнаның жалпы ұзындығы 115 км, су ағымы 2,5 м3/с. Су ағымын реттегіш 73 қондырғы, мал суаратын 42 тоған бар. Көлтабан жүйесіндегі шөбі шүйгін жайылымдық және шабындық алқаптар су мол жылдары 45 мың га-ға дейін суландырылады.
## Дереккөздер |
Адайкөл – Қостанай облысы Қамысты ауданы Адай ауылының оңтүстік-шығысында 1 км жердегі көл.
## Гидрографикасы
Теңіз деңгейінен 267,0 м биіктікте жатыр. Аумағы 10,3 км2. Ұзындығы 4,2 км, енді жері 2,9 км, жағалау бойының ұзындығы 17,6 км. Негізінен жауын-шашынмен толысады. Көктем, күз айларында мал суаруға, жазда шабындыққа пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Железин ауданы — Павлодар облысы құрамындағы аудан. 1938 жылы құрылған. Әкімшілік орталығы – Железинка ауылы (облыс орталығы - Павлодар қаласынан 188 км қашықтықта орналасқан).
## Физикалық-географиялық сипаттамасы
### Географиялық жағдайы
Ауданы 7,6 мың км². Солтүстігінде Ресейдің Омбы облысымен, солтүстік-батысында – Новосибирск облысымен, оңтүстігінде – Тереңкөл ауданымен шектеседі, шығысында – Ертіс ауданынан Ертіс өзені арқылы бөлінген.
### Климаты
Аудан климаты қатал континентальды, көктем-жаз айларында құрғақшылық орын алады, жауын-шашын көбінесе жаз ортасында болады, жазда және қыста жоғарғы температура орына алады, кеш көктемгі және ерте күзгі салқындармен ерекшеленеді, жыл бойы жел соғып тұрады. Қаңтар-ақпан айларында ең төмен, ал маусым-шілде айларында ең жоғарғы температура байқалады. Қаңтардың орташа температурасы −18º −19ºС-қа, шілденің - +19º +20ºС-қа тең. Жауын-шашынның орта жылдық мөлшері— 275,5 мм, кейде 300 мм-ге жетеді. Жауын-шашынның көп түсетін кезі – маусым-шілде айларының соңында, кейде тамыз айында. 10 см қар жамылғысы қараша айының соңында бекиді, жоғарғы биіктікке ақпан айының соңы – наурыз айының басында жетеді.
### Жер бедері мен гидрография
Аудан аумағы көбінесе жазық жер болып келеді, онда сазда мен көлдер тұнып қалған бітеу ойпаттар көп. Аудан аумағында Жарағаш, Айлақ және т.б. көлдер бар, Ертіс өзені ағып өтеді. Жер қойнауында табиғи құрылыс материалдары бар. Топырақ көбінесе қара, кейде сортаң түрі де кездеседі. Жусан, бетеге өседі, ауданның 18% -не жуығын қайыңдар алады. Қара топырақты жазықтар қайыңдармен бірге көркем ландшафт құрайды.
### Флора және фауна
Аудан жерін орманды-дала белдемінің күлгін қара топырағы көмкерген. Онда бетеге мен селеу аралас әр түрлі шөптер өскен. Қайыңды және қайыңды-теректі (итмұрын, тал, мойыл аралас) орман шоқтары кездеседі. Ондай жерлерде шие, итмұрын, қарақат, жидек, бүлдірген өседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен, қоян, борсық, сарышұнақ, суыр; өзен мен көлдерде және оған таяу жерлерде қаз, үйрек, аққу, қасқалдақ, тырна, қызғыш, тауқұдірет, орман шоқтарында бұлан, елік, бүркіт, жапалақ, қарға, сауысқан, далада бозторғай, шымшық, т.б. мекендейді. Ертіс өзенінде ақ балық, бекіре тұқымдастар, алабұға, сазан, шортан, көлдерде шабақ, алабұға, т.б. кездеседі.
## Халқы
### Ұлттық құрамы
Ұлттық құрамы (2012 жылдың 1 қаңтарына)
* орыстар — 7 937 адам (46,15 %)
* қазақтар —6 965 адам (40,5 %)
* украиндар — 640 адам (3,72 %)
* немістер — 946 адам (5,5 %)
* татарлар — 254 адам (0,15 %)
* беларустар — 143 адам (0,83 %)
* басқалары — 312 адам (1,81 %)
* Барлығы — 17 197 адам (100,00 %)
### Халық санының динамикасы
1999 жылы халық саны — 26,3 мың адамды, 2012 жылы — 17,19 мың адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы 1999 жылы 1 км² 3,45 адамнан, ал 2012 жылы 2,23 адамнан келді.
## Тарихы
1935 жылы 9 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының Максим Горький ауданының бір бөлігінен орталығы Өрлітөбе ауылы болатын Өрлітөбе ауданы құрылды. 1938 жылы Павлодар облысы құрылып, Өрлітөбе ауданы аталған облыстың құрамына енді. Кейінірек аудан орталығы Железинка ауылына көшірілді. 1944 жылы 8 мамырда Өрлітөбе ауданының шағындалуы есебінен Михайлов ауданы (орталығы Михайловка ауылы) құрылды. 1957 жылы 25 қазанда Михайлов ауданы Өрлітөбе ауданына қосылды.
1960 жылы 26 желтоқсанда Тың өлкесі құрылып, Павлодар облысы құрамына енді. 1963 жылы 2 қаңтарда таратылған Өрлітөбе ауданының негізінде Железин ауданы құрылды.
## Әкімшілік бөлінісі
33 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген:
## Экономика
Аудан аумағы бойынша «Омбы—Қарасуық» теміржолы, «Павлодар—Железинка—Омбы», «Кашыр—Купино» автомобильді жолдары өтеді.
### Ауыл шаруашылығы
Ауданның ауылшаруашылық мамандандырылуы: бидай шаруашылығы (бидай), сүт шаруашылығы, тары, қаратұмық, күнбағыс өсіріледі, ет, тері шикізаты өндіріледі. Ауылшаруашылық өндіріспен айналысатын 13 ауылшаруашылық қожалықтары, 264 шаруа қожалықтары, 6706 жеке қоныстары айналысады, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өндіру— 3 шұжық цехы, 3 сүтті қайта өндіру обьектілері, 7 жел диірмені, 1 жармаүккіш, 8 күнбағыс майын қайта өндеу цехы, 8 наубайхана (барлығы 30 қайта өндеу объектілері) бар.
## Әлеуметтік сала
### Білім беру мен ғылым
Ауданда 36 орта жалпы білім беру мектептері, 3 мектепалды ұйымдары мен 2 кәсіби лицей-мектебі бар.
### Денсаулық сақтау
Ауданда 2 аурухана және 7 дәрігерлік амбулаторлық-емхана ұйымдары бар, ондағы дәрігерлер және орта медициналық қызметкерлер саны сәйкесінше 24 және 108 адам.
### Мәдениет
Ауданда 16 кітапхана, 9 клуб мекемелері бар.1935 жылдан бастап аудандық газет шығарылады. Көркемөнердің монументалды ескерткіші Кеңес Одағының батыры И.В. Бабинге арналған 1965 жылы даталанған мүсін мен 1920 жылғы И.Д. Путинцев бастамасымен В.И. Ленинге арналған бақ болып табылады. Аудан тұрғындары үшін Железинка орталық аудандық кітапхана қызмет етеді.
## Әйгілі адамдар
* Кеңес Одағының батырлары: И. В. Бабин, А. С. Квитков, И. Г. Ледовской.;
* Социалистік Еңбек ерлері: Ж. К. Жүсіпов, М. И.Трусов.
## Дереккөздер |
Үркер (Urker) - қазақтың этно-поп стилінде жұмыс істеп келе жатқан музыкалық ұжым. 1994 жылы Алматы қаласында құрылған.Топ этно-поп стилінде жұмыс істеп келеді. «Үркер» жұмыс істеп келген уақыт ішінде көптеген халықаралық конкурстарда жеңіске жетті, топ Германия, Түркия, Ресей, Францияның поп-музыка фестивальдарына қатысты. Хит-парадтарда бірінші орындарға да қол жеткізді. Топ лидері Айдос Сағат – ҚР композиторлар Одағы басшылығының мүшесі, халықаралық пианисттер конкурсының лауреаты, ҚР Президенті жанындағы жастар жөніндегі Кеңес мүшесі.
## Отанының шын патриоттары
«Үркер» тобы өз шығармашылығында патриотизм және ұлттық құндылықтарды жаңғырту мәселесін алғашқылардың бірі болып көтере бастады. Қазіргі таңда топ Қазақстанда ең сыйлы да сәтті музыкалық жобалардың қатарында. Қ. Мырзалиев, И. Сапарбаев сияқты танымал ақын-жазушылармен бірге жазылған «Наурыз», «Мой Казахстан», «Ән-мекен», «Туған елім» секілді патриоттық және «Жаным», «Сәулем-ай», «Періште», «Махаббат әні» халыққа сүйікті болған лирикалық өлеңдерді сүйсінген тәуелсіз Қазақстанның ұрпағы өсіп шықты. «Махаббат әні» атты өлеңге түсірілген бейне-клип MTV Russia телеарнасында тегін ротацияға ие болған жалғыз қазақ клипі болды. «Үркер» сонымен бірге аудиториясы 26 000 000 көрермені бар америкалық LINK TV телеарнасында клиптері шыққан жалғыз қазақ музыкалық тобы және You Tube халықаралық интернет порталында ең көп қызығушылыққа ие қазақ тобы.
## Халықаралық аренада
Қазіргі таңға «Үркер» тобы 17 жылдық шығармашылық ғұмыры ішінде көптеген альбомдарын шығарып, 20 шақты бейне-клиптер түсіріп, республиканың түкпір-түкпірлерінде концерттерін өткізіп үлгерді. Топ Астананың Презентациясы мен «Millennium Party Astana» секілді мемлекеттік деңгейдегі шаралардың қатысушысы болды. «Үркер» көптеген конкурстар мен фестивальдар қатысушысы. Солардың қатарында «Азия Дауысы», «Жас қанат» - (2-сыйлық лауреаттары), Түркияда өткен бірініші халықаралық түркітілдес елдер поп-музыкасының конкурсы (1998)-(лауреат), Қырымда өткен «Жібек жолы» Фестивалі, «Космодром» (Новосібір), «Нашествие» т.б. Топ өлеңдері BBC, Radio France Internacionale, Funkhouse Europe (Германия), Наше Радио (Ресей). «Үркердің» өлеңдері Германия (Asia Garden) мен Италияда (Inner Asia Pop) CD-лері жарыққа шықты. Топ Ұлттық музыкалық сыйлығының «2000 ж.Үздік тобы» номинациясында лауреат атағына ие болды, «Наурыз» өлеңі 10-жылдықтың үздік өлеңі атанғаны үшін «Алтын диск» жүлдесіне ие болды, Британдық «Visiting Arts» өнер каталогына енгізілді.
## Асыл мұрат
Елдің мәдени элитасының өкілдері ретінде дүниежүзі қазақтарының диаспора өкілдерінің мәдени тұрғыдан біріктіру өздерінің басты миссиясы деп санайды. Осы мақсатта ұжым Ұлыбритания, АҚШ, Ресей, Гонконг, Түркия, Түркменстанда гастрольдер ұйымдастырды. Ол елдерде тұратын қазақтарға патриоттық сезімдерді оятуға бұл шаралар зор әсер етті.
## Топтың негізгі құрамы
* Айдос Сағат – музыка, вокал, пернетақта.
* Рустам Мусин – гитара.
## Күйтабақтар тізімі
* Urker (2000)
* Made In Kazakhstan (2002)
* The Best Of Urker (2004)
* Tolgau (2008)
* Мне не забыть... (2009)
### Шетелдік CD жинақтарда
* Asian Garden (2005) Алмания
* Дети разных народов (2005) Ресей
* Inner Asia Pop (2006) Италия
## Қызықты жайттар
Алматыда «Үркер» тобы атындағы көше бар. |
«Qazcontent» акционерлік қоғамы — мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыратын медиа компания. Бүгінгі таңда компания 7 ақпараттық ресурсты біріктіреді: жаңалықтар сайттары — baigenews.kz, baq.kz, el.kz, тақырыптық порталдар — adebiportal.kz, e-history.kz, ruh.kz, сондай-ақ Қазақстан Премьер-министрінің ресми сайты. Компания ресурстары 3 тілде қолжетімді.
## Тарихы
«Қазконтент» АҚ 2009 жылдың 21 қаңтарында «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингінің еншілес кәсіпорны болып құрылды. Аталмыш қоғамның құрылуы мемлекеттің Интернет желісіндегі қазақстандық сегментті қалыптастыру мен дамыту бойынша стратегиялық міндетін жүзеге асырумен байланысты. Жаңа технологиялар мен инновациялардың көмегімен қолданушыларға сапалы контент ұсынып, қазнеттің дамуына мүмкіндіктер туғызу. 2009 жылдың ақпан айында алғашқы жоба - kaztube.kz іске қосылды. Ал наурыз айында bnews.kz ақпараттық агенттігі құрылды. 2010 жыл қараша айында baq.kz ақпараттық агенттігі жұмысын бастады. 2011 наурыз айында Қазконтент негізінде ҚР Премьер-министрінің ресми сайты ашылды. Сондай-ақ ilike.kz әлеуметтік желісі пайдалануға берілді. Компания Қазақша Уикипедия дамуына үлес қосып келеді. 2011 жылы Уикимедия қоры кеңесінің төрағасы Тинг Чен мырза «Қазконтент» АҚ компаниясына Уикипедия контентінің қазақ бөлімін толықтыруда көмек қолын созғаны үшін ресми түрде алғысын білдірді. Осы жылы Қазнеттің эмблемасын әзірлеуге байқау жариялады. 2012 жылы қараша айында компания акцияларын иемдену және пайдалану құқығы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне берілді. 2013 жылдың қаңтар айында strategy2050.kz арнайы веб-порталы іске қосылды. Сол жылы Қазконтент америкалық McAfee компаниясымен меморандумға қол қойды. Желтоқсан айында әдеби шығармаларды қолданушыларға ұсынатын adebiportal.kz сайты құрылды. «Казконтент» АҚ «Қаламгер Азамат» жас журналистердің V республикалық форумын өткізді. 2014 жылдың сәуір айында Қазконтент акцияларын басқару ҚР Байланыс және ақпарат жөніндегі агенттігіне өтті. Акционерлік қоғамның 100 пайызы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігіне тиесілі.
2019 жылы «Қазконтент» АҚ «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» ЖШС құрамына қосылып, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды («Мемлекеттік мүліктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 631 қаулысы).
2022 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамы «Qazcontent» акционерлік қоғамы болып қайта аталды.
## Құрылымы
«Qazcontent» АҚ басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.Атқарушы орган – басқарма. Ағымдағы қызметке басшылықты «Qazcontent» АҚ Басқарма төрағасы жүргізеді.
### Директорлар кеңесінің құрамы
* Искаков Канат Жумабаевич - ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі
* Қорғанбаева Мадина Тұрғамбекқызы - тәуелсіз директор
* Акишева Нуркамила - тәуелсіз директор
* Райымбеков Жанат Темиргалиевич - тәуелсіз директор
### Басқарма мүшелері
* Айна Задабекқызы Задабек - «Qazcontent» акционерлік қоғамының Басқарма төрайымы
* Муслим Мурадымович Базарбаев - Басқарма төрайымының орынбасары
## Компания жобалары
### BaigeNews.kz
* baigenews.kz сайты — бұл ҚР Президентінің «Тыңдайтын мемлекет» тұжырымдамасы аясында өз қызметін жүргізетін мемлекеттік БАҚ. 2009 жылдың наурыз айында іске қосылғаннан 2019 жылға дейін "Bnews.kz" деген атаумен жұмыс істеді. Мұнда саясат, оқиғалар, сыбайлас жемқорлық, скандалдар, таблоидті материалдар және т.б. туралы материалдар бар. Жаңалықтар орыс тілінде қолжетімді.
### Baq.kz
* baq.kz — Қазақстан мен әлемдегі оқиғаларды сараланған және шынайы түрде жедел жариялайтын мультимедиялық ақпарат агенттігі. 2010 жылдың қараша айында іске қосылды. Жаңалықтар қазақ тілінде қолжетімді.
### El.kz
* el.kz ақпарат агенттігі — Қазақстандағы маңызды жаңалықтарды 24/7 режимінде шұғыл тарататын ақпараттық портал. 2012 жылы іске қосылды. Жаңалықтар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қолжетімді.
### Primeminister.kz
* primeminister.kz — ҚР Премьер-министрінің ресми сайты. 2012 жылы іске қосылды. Портал — ҚР Үкіметі, Премьер-Министрінің қызметі туралы ресми ақпараттарды жариялайтын Қазақстан Үкіметі басшысының ресми ресурсы. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қолжетімді.
### Adebiportal.kz
* «Әдебиет порталы» — отандық және әлемдік классикалық әдеби шығармалар мен түрлі жанрдағы әдеби мақалалар жинақталған бірегей платформа. 2013 жылы іске қосылды. Портал қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қолжетімді.
### E-history.kz
* «Қазақстан тарихы» интернет-жобасы — отандық тарихымызды насихаттауға бағытталған еліміздің тарихы туралы сапалы ақпараттар жариялап отырады. 2013 жылы қыркүйекте іске қосылды. Портал қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қолжетімді.
### Ruh.kz
* ruh.kz ақпараттық-танымдық порталы — интеллектуалды, мәдени және рухани бағыттағы тақырыптарды қамтитын жастарға арналған интернет платформа. 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске қосылған. Портал қазақ тілінде қолжетімді.
### Бұрынғы медиа активтері
Assembly.kz
* assembly.kz — Қазақстан халқы Ассамблеясының корпоративті сайты. Барлық ақпараттық материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде берілген. Ол 2020 жылдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясының ақпараттық-танымдық «el.kz» интернет-порталымен бірлескен жобасы болып табылады.
Kaztube.kz
* «kaztube.kz» видео-порталы 2009 жылдың ақпан айында іске қосылды. 2022 жылы ол Президент телерадиокешенінің басқаруына өтті. 2024 жылдан бері бұрынғы «Kaztube.kz» порталының мекенжайында mediabase.kz сайты (Президент телерадиокешенінің медиа архиві) жұмыс істейді.
Strategy2050.kz
* «strategy2050.kz» ақпарат агенттігі 2013 жылы ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясын насихаттау мақсатында құрылды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде материалдар жарияланып тұрды. 2021 жылы портал жұмысын тоқтатты.
Sanamaq.kz
* «sanamaq.kz» — «SANAMAQ» балаларға арналған танымдық порталы.
Academia.kz
Webpress.kz
* «Webpress.kz» — баспа бұқаралық ақпарат құралдарының ұлттық агрегаторының порталы
## Басшылары
"Қазконтент" АҚ басқарма төрағалары
* Азамат Омаров (2009-2010)
* Әлтайыр Уызбаев (2010-2012)
* Айдос Қыдырма (2012-2016)
* Асқар Ахметов (2016-2017)
* Евгений Кочетов (2017-2018)
* Думан Қожахметов (2018-2019)
"ҚазАқпарат" Халықаралық ақпарат агенттігі" АҚ басқарма төрағалары
* Асқар Омаров (2020-2021)
* Елдос Нәшірәлі (2021-2022)
"Qazcontent" АҚ басқарма төрағалары
* Елдос Нәшірәлі (2022)
* Бекзат Жүсіпов (2023-2024)
* Айна Задабек (2024-)
## Тағы қараңыз
* Қазақстан (корпорация)
* Хабар (агенттік)
* Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені
## Сыртқы сілтемелер
* Компанияның ресми сайты
## Дереккөздер |
Ана — Жер-Ана — Қазақ академиялық драма театры сахнасында қойылған спектакль (алғаш 7.3.1964 ж. қойылды, авт. Ш.Айтматов, ауд. Қ.Мұхаметжанов, реж. Ә.Мәмбетов, суретші А.Ненашев, композ. Ғ.Жұбанова).
Қазақстанның Мемл. сыйл. алған (1964), Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінің халықар. театр фестиваліне (1973 ж. Иранның Шираз қ-нда өткен) қатысты. Спектакль ел басына түскен ауыртпалықты бір отбасының тағдыры арқылы баяндайды. Реж. сахнада дараланған адамдар мен топтанған халық бірлігінің сомдалған бейнесін жасады. Актерлер С.Майқанова, Ф.Шәріпова (Толғанай), Б.Римова (Жер-Ана), Ы.Ноғайбаев, М.Мұраталиев (Сұбанқұл), Н.Мышбаева, Т.Тасыбекова (Әлиман), Р.Сейтметов, Б.Наурызов (Жайнақ) т.б. өз өнерлерінің жаңа қыры ашылды. Спектакль ел басынан өткен қиын кезеңді сахна заңдылықтарына сай ұтымды шешуімен, актерлер ансамблінің тұтастығымен қазақ театр өнерінің жаңа белеске көтерілгендігін көрсетті. Тақырыпты ашу барысында сахналық әдістерді шебер қолдануы, сол кезде жаңадан пайда болған айналмалы сахнаны тиімді пайдалануы көптеген теориялық талдауларға арқау болды. “А. — Ж.-А.” қазақ театры дамуының елеулі белесі болды.
## Дереккөздер |
Махмұд Қашқари (араб. Махмұт ибн әл-Хұсейн ибн Мұхаммед әл-Қашғари; 1029—1101) — түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы.
## Туған жері
Туған жері, ежелгі үйсіндер құрған, әртүрлі аталған мемлекетінің, қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен.
Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» - Қ. ең ұлы шығармасы. Онда көшпелілердің ой әлеміне қатысты да тамаша мұра жинақталған. Бұл тамаша энциклопедиялық туынды 1072-1078 жылдары Бағдатта жазылған. Түпнұсқасы жоғалып кеткен. 1206 жылы М.А.Абулфатх жасаған жалғыз көшірмесі Стамбулда сақтаулы. Толық нұсқасын қазақ тіліне А. Егеубаев тәржімәлады.
* Ат қасқасы ай болмас.
* Төрт түлік мал туралы: Су татырмасқа - сүт бер.
* "Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы": Ер жігітті қорлама. Үлкенмен керіспес болар. Бар - бақыр, жоқ - алтын.
* "Байлық-кедейлік туралы": Қолыңа күміс қонса - алтын өзі келер. Көсеу ұзын болса - қол күймес.
* "Сақтық туралы": Ит - қаппас деме, ат - теппес деме. Аңшы - қанша айла білсе, аю - сонша соқпақ біледі.
* "Аң-құс туралы": Арқадағы жауыр ұлға қалар.
* "Жоқтық туралы": Аш - не жемес, тоқ - не демес.
* "Тіл туралы": Әдептің басы - тіл.
* "Ар-намыс, ұят туралылы": Ұятсызбен ұстаспа.
* "Ғылым-білім, өнер туралы": Бақыттың белгісі - білім.
* "Бек, хан туралы": Жер бастырығы - тау, ел бастырығы - бек.
* "Асыл сөз туралы": Ақылды сөз - алтын табаққа жеткізер.
* "Адам өмірі туралы": Атаның ұлы - атасына тартып туар.
* Екпейінше - өнбес, талпынбайынша - жетпес. (Еңбек туралы)
* Заман қартайтқанға - бояу айыпты емес. (Қоғам, мемлекет, заман туралы)
* Жасауы мол келіннің күйеуі жуас келеді. (Әйел, ана туралы)
* Күндестердің күлі де - күндес. (Күншілдік, қызғаныш туралы)
* Жалғыз қаздың үні шықпас. (Жалғыздық туралы)
* Ауыр күн де өтеді - оған сабыр-шыдам қыл. (Сабырлық туралы)
* Арыстан күркіресе - аттың аяғы тұсалар. (Үрей туралы)
* Далада бөрі ұлыса - үйдегі итің бүйірі солқылдар. (Үрей туралы)
* Жақсы адамның сүйегі қурағанмен - аты қалар. (Жақсы мен жаман туралы)
* Жаны кедей адамның құлқыны бір тоймайды. (Байлық-кедейлік туралы)
* Ауыр күн де өтеді - оған сабыр-шыдам қыл. (Сабырлық туралы)
* Сараң санға қосылмас. (Сараңдық туралы)
* Жағасындағыны жалаған - алақандағысынан айырылады. (Сараңдық туралы)
* Алушы - арыстан, сатушы - тышқан. (Саудагер туралы)
* Тәкаппар тақсірет тартырады. (Мінез-құлық туралы)
* Ашу қысса - ақылың ғайып болады. (Мінез-құлық туралы)
* От - түтінсіз болмас, жігіт - мінсіз болмас. (Мінез-құлық туралы)
* Қылымсығанда - қызыл киеді, Жарамсақтанғанда - жасыл киеді. (Мінез-құлық туралы)
* Еркекқұмар әйел ерге жарымас. (Әйел, ана туралы)
* Пышақ қанша өткір болғанымен өз сабын өзі жона алмайды. (Дәрмесіздік туралы)
* «Ағайын» десе - шақ қарадық, «Қайын» десе - жалт қарадық. (Ағайын, жұрт туралы)
* Ұран көтерілсе - ру жиылар, Жау келсе - жамағат жиылар. (Ағайын, жұрт туралы)
* Дос адам маңайынды жұмақ етер. (Достық туралы)
## Өмірбаяны
Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.
Ғалымның туған, қайтқан жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапур, Бағдат қалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.
## Түркі ғалымы
Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты.Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады.
## Дереккөздер |
Ана — отбасы ұғымында — балалы әйел, туған шеше; туыстық байланыста — әже, апа, қарындас, жеңге, балдыз, құдағи, құдаша т.б. Ана бейнесі ежелден жыр, аңыз желісі болып келе жатыр. Хауа Ана есімі қасиетті кітаптарға түскен. Хәууа — көне еврей және араб тілдерінде “өмір бастауы”, “әнам” — парсыша (кітаби) адамдар, адамзат, қарапайым жандар деген ұғымды білдіреді. Ананың көшпелілер қоғамында алатын орнын, бітім-болмысын жан-жақты ашып көрсететін мұрағаттарды қадым замандардан көптеп табуға болады. Зерттеушілер Қазақстан жеріндегі археологиялық қазбалардан табылған заттарға, кісіні жерлеу ерекшеліктеріне сүйеніп, ежелгі дәуір адамдарының ұғым-нанымында ру басшысы және ошақ иесі ретінде Анаға табынғандығын жазады. Бұған Қазақ даласынан табылған сүйектен ойып, тастан қашап жасалған әйел мүсіндері куә. Қазақстанның солтүстік-батысындағы байтақ даланы, Оралдың оңтүстігін мекендеген сарматтарды (б.з.б. VІІ—VІ ғ.ғ.) Әйел-Аналардың басқарғандығы жөнінде деректер бар. Қазақ қоғамындағы ел аналары мен әйелдердің жайы осы өңірде болған саяхатшылардың да қаламдарына іліккен. Мыс, Дешті-Қыпшақ даласында болған Ибн-Баттута, Марко Поло т.б. әйелдердің жергілікті тұрғындар тарапынан қатты құрметтелетінін таңдана жазған. Ерлер билігі үстемдік еткен дәуірде де қазақ қоғамында Аналар мерейі төмендетілмеген. Қазақстан жеріндегі Аналар атымен аталған жер-су, кешендер, күмбездер, қалалар, тайпа-ру атаулары бұған айқын айғақ бола алады. Мысалы, Қозы Көрпеш — Баян сұлу күмбезі (Аягөз өзені бойында), Бикен-мұнара (Сырдария бойында), Белең-Ана, Жұбан-Ана күмбездері (Сарысу өзенінің бойында) сақталған. Жеке ескерткіштерді былай қойғанның өзінде, орта ғасырлық талғам-түсінікпен тұтас бір қаланың әйел атымен аталғаны дүние жүзінде сирек кездесетін құбылыс. Бұл ретте қазақ даласында Қатын қала, Баршынкент т.б. болғанын атап айту керек.
Тарихи -дерекнамалық еңбектерде қазақ ішіндегі қасиетті Аналардың ел басқару ісіне араласып, кейде олардың есімімен тұтас ру-тайпалардың аталу фактілері көп кездеседі. Мысалы Енең (шын аты Бөкей), Домалақ-енең (Албан-Суан, Дулат руларын кейде осылай атайды), Қызай (Найман), Дәулетбике, Алтын, Мәукеш, Айбике, Нұрбике, Ұлдай, Жезбике, Нәнжіл т.б. Аналар есімдері ру атына айналған. Тіпті, кейбір қазақ руларының елдігін танытатын ұрандары да Ана есімімен аталған. Мысалы, Арғыннан тарайтын сүйіндік руының ұраны да — Қызай т.б. Халық болмысының айнасы іспеттес фольклорымыздан (ертек, аңыз, әңгіме, жыр, шешендік сөз, қисса-эпостарымыздан) қиял-ғажайып мыстан кемпірден басқа жағымсыз әйел бейнесін кездестіру қиын. Оның орнына Құртқа, Гүлбаршын, Қаракөз, Қарлыға, Назым, Ақжүніс, Қыз Жібек, Баян сұлу, Айман, Шолпан, Қарашаштың бірі ақылымен, бірі көркімен, енді бірі өжеттік-ерлігімен елге қорған, ұрпаққа Ана болғанын көреміз. Қазақ қоғамында ұрпақ тәрбиесі, дәстүр жалғастығы, әдет-ғұрыптардың қалтқысыз орындалуын қадағалап отыруда Ананың қызметі айрықша. Аналар әуелі үй-ішімен, отбасы береке-бірлігінің ұйытқысы болып, одан асса, ауыл-ел ынтымағының жарасуына ықпал жасаған. Адуын би, азулы хандардың өзі ел Аналарының айтқан ақылына құлақ асып отырған. Аналар бейнесі қазақ жазушыларының тарихи-көркем шығармаларында да жан-жақты сомдалған. М.Әуезовтің “Абай жолындағы” Зере, Ұлжан, Ғ.Мүсіреповтің Ұлпаны т.б. көркем бейнелерде бүкіл қазақ әйелдерінің бітім-болмысы жинақталып, шеберлікпен көрсетілген. Халқымыз қара жерді — Жер-Ана деп құрметтеп, туған тілін — Ана тілі деп әспеттеген.
## "Ана" сөзі
* mom, mommy, mum, mummy, ma, mam, mammy, maa, amaa, mata — ағылшынша және оған бауырлас тілдер;
* māma (妈妈/媽媽) — қытайша
* máma — чех тілінде;
* maman — французша және парсы тілінде;
* maadar — дари тілінде;
* մայր [mɑjɹ] — армян тілінде
* ана — қазақша
* mamma — итальянша және исландша;
* mãe — португалша;
* ema — эстон тілінде
* má или mẹ — вьетнамша;
* mam — валлий тілінде;
* eomma (엄마, IPA: ʌmma) — корейше;
* matka — поляк тілінде
* madre — испанша
* matrice — албанша
* modor — ескі ағылшын тілінде
* mathrin — ескі ирланд тілінде
* matr — санскрит тілінде
## Ана махаббаты
Ананың балаға деген махаббатын Фариза Оңғарсынованың мына өленінен аңғаруға болады.
Ана махаббаты(үзінді)
* Малынып мұң-желімге
* жырақта жүргенімде,
* тайғақ жолдар жанымды бек жүдетіп,
* саған деген бал сезім елжіретіп,
* қатар басып менімен күнде бірге
* себеді үміт нұры
* тоңыңқырап жүретін бұл қөңілге.
* Шың, құздар биіктегі
* тұрғандай сүйіп мені,
* сен секілді үндемей біліп бәрін,
* кей шақтағы еркелеу қылықтарым,
* кейде жаным төзгісіз тұйық па еді
* бәрібір саған ғана
* осы қалпым, бар қалпым сүйікті еді.
* Зымырап жылан-жалған,
* құлардай қыран жардан -
* кейде алдымнан тосады дүлейлерін,
* кейде жайлар жанымды үрей менің
* айрылып қалғандай сыңар жаннан.
* Сонда сенің нұр тұлғаң
* Қыдыр ата секілді шығар-ды алдан.
* Өмірдің бауын, бағын,
* мұнарлы сағымдарын,
* көз бермес дауылдарын -
* кешіп келем бәрін де, көріп келем,
* кейде қиын жылдарға жорық деген,
* кейде денем майысып, ауырладым.
## Құдай-аналар, мифологиялық және библиялық аналар
* Деметра — көнегрек мифологиясындағы құдай-ана
* Гея — көнегрек мифологиясындағы жер құдайы
* Шакти — үнді құдай-анасы
* Юнона — көнеримдік отбасы ошағының, аналық сезімнің және үйленудің құдай-анасы.
* Махамайя Патшайымы — буддисттік құдай-анасы, Будданың анасы
* Исида — көнеегипеттік мифология
* Агарь — Библия
* Лада, Мокошь — славян мифологиясы
* Мать Мирра — сИнтегральды йога негізін салушы
*
*
*
*
*
*
*
### Ана туралы көркемөнер
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Матриархат, аналық ру (лат. matrіs — ана және грек. arche — билік, үстемдік) — алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық құрылымның бірі. Матриархат кейінгі палеолиттe (б.з.б. 40 — 10-мыңжылдық аралығы) қалыптаса бастаған. Матриархаттың дамуы қазіргі адамдардың (homo sapіens — саналы адам) қалыптасу кезеңімен сәйкес келеді. Матриархат рулық қауымдардың пайда болуына жағдай жасады. Ру қоғамдық ұйымның бір түрі ретінде қалыптасып, онда әйелдер үстемдік жүргізді. Қоғам өмірінде әйел үстемдігінің орнауы олардың дүниеге ұрпақ әкелудегі табиғи қызметіне, полигамия (көп некелік) қатынастарға және тұрмыс-тіршілік пен үй шаруасының ұйтқысы ретіндегі рөліне тікелей байланысты болды. Матриархаттың негізгі белгілері:
* ұрпақтың тегі мен бастауы анадан есептеліп таратылды,
* тұрмыста және қоғамдық өмірде әйелдер шешуші рөл атқарды,
* мүлікке мұрагер болды.
Матриархат неолит дәуірінің соңына қарай әлсірей бастады. Оған себеп болған өндірістік қатынастардағы сапалық өзгерістер: мал және егін шаруашылығы, кен өндіру мен металл өңдеу (мыс, қалайы) ісінің қалыптаса бастауы болды. Бұл өндіріс салалары ер адамның күшін мейлінше қажет етті. Сонымен бірге осы кезеңде моногам. (дара некелік) қатынастар орнай бастады. Осы аталған қоғамдық үрдістер матриархаттың патриархатпен (аталық ру) алмасуына негіз болды.
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Ананьин мәдениеті — б.з.б. 7-3 ғ-дағы Еділ мен Орал өңірін, Кама мен Вятка өзендерінің бойын мекендеген көне тайпаларға тән қоныстар мен зираттар тобының жиынтық атауы. Татарстандағы Ананьин а. маңынан табылған. Алғаш 1958 ж. зерттелген. Зираттар жер бетінде анық көрінбейді. Оларды қабірлердегі құлпытастардан ғана байқауға болады. Акоза, Тетюш, Новомордва-1, Луговской, Ананьин т.б. зираттардағы мәйіттер үстінде қимасы жоқ (алғашқы кезде қима үлгісімен жасалған ағаш жәшіктер болуы мүмкін) қарапайым топырақ қабірлерге аяғын, кейбіреулерінде басын өзенге қаратып қойылған. Ішінара мәйітті өртеу әдісі де қолданылған. Қоныстары шағын (100-120х50-70 м), бірақ айналасы топырақ жалдармен, орлармен, кейде айнала ағаш қоршаулармен бекітілген. Тұрғындардың негізгі кәсібі — егіншілік, мал ш., аңшылық, балық аулау болған. Қыш ыдыстар, тас, мыс, қоладан және темірден жасалған орақ, пышақ, дән үккіш, келі сияқты бұйым түрлері көп сақталған. Қола мен темірден жасалған түрлі қару-жарақ: найза, жебе ұштары, балта, қанжар, семсер т.б. жиі кездеседі. Мұның бәрі жергілікті тұрғындардың ежелгі сақтар сияқты киінгенін көрсетеді: басына төбесі шошақ тымақ, шалбар мен қысқа комзол киіп, сыртынан ақинақ, балта сияқты қарулар ілінген жауынгер белдігін тағынған. Олар көршілес жатқан дала тайпаларымен байланыста болған. А. тайпалары қазіргі удмурт, коми халықтарының арғы тегі болуы мүмкін. Әдеб.: Збруева А.В., История населения Прикамья в Ананьинскую эпоху, М., 1952; Халиков А.Х., Волго-Камье в начале эпохи раннего железа, М., 1977. |
Анау мәдениеті — Оңт. Түркмения жерінде б.з.б. 5-3 мыңжылдықтан сақталған көне мәдениет ескерткіштері. Алғаш 1886 ж. А.В. Комаров Ашхабадтан шығысқа қарай Анау т.ж. ст-ның жанында орналасқан екі биік төбені зерттеген. 1904 ж. американ геологы Р. Пампелли, неміс археологы Г. Шмидт Анау төбелеріндегі қазба жұмыстарын жалғастырды. Табылған ескерткіштер осы жердің атымен Анау мәдениеті деп аталды. Оның дамыған кезеңіне жататын Намазга, Геоксюр, Алтынтөбе ескерткіштері қазылған. Бұл кезде археолог “қалалық типтегі” (ғылымға В.М. Массон енгізген) мекен қалыптасқан. Ескерткіштер аумағы 10 га жерді алып жатыр. Көлемі 28,5 м2 бөлмелердің едендері қара және қызыл түспен боялған. Табылған қыш құмыралардың 30(-і қара, қызыл, ақ түстерге боялып, геом. өрнектер салынған. Анаулықтарда ұсталық, зергерлік өнер жоғары дамыған. Ашылған қабірлерден сырға, моншақ т.б. асыл тастардан жасалған бұйымдар алынды. Ескі қала орындарынан соқа, орақ, қанжар, мөрлер табылды. Алтынтөбе ескерткіштерінде көлемі 1,5 см келетін қасқыр басы, мүйізі, құлағы күмістен, көзі асыл тастармен жапсырылған, көлемі 7,5 см келетін бұқа басының табылуы анаулықтар өркениетінің жоғары болғанын көрсетеді. Бұл мәдениет Орт. Азияның қола дәуірі тұрғындары өміріне көп өзгерістер әкелген. Әдеб.: Массон В.М., Сарианиди В.И., Каракумы: Заря цивилизации, М., 1972; Шишкин И.Б. У стен Великой Намазги, М., 1981; Массон В.М. Первые цивилизации, М., 1989. |
Андас — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Ұлы жүздің Жалайыр тайпасынан таратылады. А. Қалқа, Толымбек болып екіге бөлінеді; оларға мынадай аталар кіреді: Деріпсалы, Жомарт, Қанай-Қонай, Әйтімбет, Құттық-Қарақұс, Қырғыз, Андабай-Таңат, Алакөз-Жетінар, Меңдібай-Кенжеке, Таймөңке-Байыс, Байқара-Жұман, Түрке-Саурық, Шәкі-Шүкі, Қошқар-Шөрек.
## Тұлғалар
* Балғынбек Имашев
* Балпық би
* Қарымбай Әулие
* Қанабек Байсейітов |
Андас Стамбекұлы (XIХ ғасырдың бас кезінде туып 120 жастай жасаған) – қазақтың биі әрі батыры. Ол 1804-1807 жылдары туып, 1924-1927 жылдарықайтыс болса керек. Бұл елі анықтай түсетін жай. Андас Қоқан хандығынақарсы соғыста ерлікпен қаза тапкан Саурық (1814-1854) батырмен туысқан.Екеуде — шапқыншы жауға қарсы күресті бастаған батырлар. Андас бидіңшыққан тегі Шапырашты, одан Есқожа - Қарасай батыр, одан Өтеп - Көшек- Түркпен. Көшектен Түкті-Құрт, одан Көшке, Стамбек, Көшкеден Сұраншыбатырдың әкесі Әсімбек, Стамбектен Андас, Саурық батырлар тарайды.Андас Шапырашты, Айқым, Есқожа ұрпақтарының басын құрап ел етуде,олардың жаудан қауіпсіз болуы жолында зор еңбек сіңірген ел басы, ағабиі. Қазақ тарихында тағы бір Андас баба бар. Ол жөнінде Қазақ Советэнциклопедиясында былай анықтама берілген:"Андас - Ұлы жүз құрамындағы Жалайыр тайпасының Шуманағынан тараған 13 рудың бірі. Қазан төнкерісінен бұрынғы және қазіргі мекені Қаратал, Көксу өзендерінің, оның Балқашқа құятын сағасынан ілеге дейінгі өлке, Талдықорған тәңірегі, Тентек өзенінің жағасы, Малайсары, Желді қара тауларының алқабы. Қалпе, Орақты, Күшік руларымен аралас отырады. Андас мал шаруасымен қатар егіншілікпен айналысқан ел. Оның егін суарған ескі тоғандары іле, Бақанас, Быжы, Қаратал өзендерінің бойында әлі бар. Жаз шыға Жоңғар Алатауының салқын беткейлерін жайлаған. Андас - Қалқа, Толымбек болып екіге бөлінеді. Оларға мынадай аталар кіреді. Деріпсалы, Жомарт, Қанай, Қонай, Әйтімбет, Құттық-Қарақұс, Қырғыз. Андабай-Таңат, Алакөз-Жетінар, Меңдібай-Кенжеке, Таймөңке-Байыс, Байқара-Жұман, Түрке-Саурық, Шөкі-Шүкі, Қошқар-Шөрек". Енді жоғарыда сөз еткелі отырған Шапырашты Айқым атасынан шыққан Андас Стамбекұлының ел аузынан жазып алынған бірер сөзіне келейік:Көктем шығып ел жайлауға көшіп қонып жатқан кез екен. Шапырашты ауылдары да көш-қон әрекетінде. Айқым, Есқожа елінің басшысы Андас би, қасына өзінің батыр інісі Саурықты ертіп Ұзынағашқа келеді. Одан Құртқа тәуіпті ертеді, Қарақастекке бет алып бара жатқанда алдарынан атақты Сүйінбай ақын шығады. "іздеғенғе сұраған" дегендей, аталас ағайындар, жапырласып сәлемдесіп жатады. Андас би:
- Сүйекем, үшеуімізді сүйе ме екен,Бүйідей өлде бізге тие ме екен? -
- Сүйекем, үшеуімізді сүйе ме екен,Бүйідей өлде бізге тие ме екен? -
деп, әзіл-қалжыңы аралас сөз бастайды. Сонда Сүйінбай ақын:
- Андастың әділдігі жұртқа болар,Үш жүздің бас тәуібі Құртқа болар.Атадан артық туған Саурық батыр,Қазақ пен Қырғызға тұтқа болар, -
- Андастың әділдігі жұртқа болар,Үш жүздің бас тәуібі Құртқа болар.Атадан артық туған Саурық батыр,Қазақ пен Қырғызға тұтқа болар, -
- деп, үшеуін бірақ ауыз өлеңге сиғызып марапаттапты.
## Андас би туралы аңыз
Ілгеріде біздің Бәйдібек бабаның бір баласы жылқылы бай атаныпты. Оның мыңғырған жылқылары түс-түсімен, үйір-үйір болып сонау Талас өзенінің басынан аяғына дейін созылып жатады екен.Сол жылқылы байдың бір ұрпағы атасынан енші алып Таластың төменгі сағасына қоныс аударыпты. Ол өзі Андас бимен замандас, құрдас болса керек. Бірер жылдан кейін қасына 40 кісі ертіп Андас артынан іздеп барады. Оншақты күн қонақ болып, ағайын-туыстарды аралап, мал-жан, қоныс жайымен танысады. Қыс-қыстауын, жаз-жайлауын көреді. Дулат, Ысты, Ошақты ауылдарының ақсақал, игі жақсыларымен танысып әңгіме-дүкен құрады. Өткен-кеткен талай шежірелерден сыр шертіледі. Еліне қайтар кез- Андас би әлгі замандасына қарап:
- Келген жерің уақ малға сая, жылқыға жал-жая екен. Бірақ, қар жолдың жағасы, өзен судың сағасы екен. Өрісің баянды бола қоймас, қой елге Жетісуга көшіңдер, - депті. Сонда жылқылы бай айтыпты...- Мұның дұрыс қой, Андеке, - депті,- жылқым, Жетісудың тау-тасты: шатқалына сыймайды. Өрісім тарылды. Кәпірлер келіп ірге тепті. Ал, бұл жақ болса кең дала, жылқым еркін жатады. Ауылым кәпірлерден аулан болады. Енді жылы орнымды суытып кері көше алмаймын.
Сонда Андас би айтыпты:
- "Судың басында отырған ел су ішеді, аяғында отырған ел у ішеді" деген су аяғы құрдымға тозған ел отырады. Уыз ішкен руыңмен у ішсең де өлмейсің. Жетісуға көшіңдер менің соңымнан еріңдер.
Туысқаны көнбей қасарысып отырып алыпты.
- Ендеше көнбесең сөзім тосылар, Ақыретте басымыз қосылар, - деп де, Андас би атына қонып, серіктерін ертіп Алатауды бетке алып және кетіпті дейді ел.
Алатаудағы атақты Андас бидің Әулие-ата жеріне келгенін естіп Мәмбет би (Байзақ датқаның әкесі) "маган соқпай кетпес, түбіміз бір Бәйдібектір баласы едік қой" деп дайындығын жасай беріпті. Аз үй Шапыраштының тұрақтаған мекені Талас өзені бойындағы жаз жайлау Қызылжардан шыққан Андас бір күнде Қаратау бауырындағы Билікөлдің сабатты, сазды шалғыны каз-қатар тігілген ақ шаңқан үйлердің, үйір-үйір жылқылардың үстіне шығады. "Бұл кімнің ауылы" дегенде. "Мәмбет датқаның ауылы" деп жолшыбай кездескендер.Андастың келе жатқанын шабармандарынан күні бұрын естіген Мәмбет алдынан өзі шықпай, баска кісілерді жібермей үйінде жата берген көрінеді
- Андас кеп қалды, кеп қалды, - деп шабарман қызметкерлер мен сақадан сайланған жігіт сасқанынан ақ ордаға бірі кіріп, бірі шығады. Ат тұяғын дүбірі құлағына жеткен Мәмбет тай шаптырым жердегі мама қазы тоқтамай, Андастың ат басын ақ ордаға бұра бергеніне көзі жеткен соң, тағат тауып орнында отыра алмай, ұшып түұып кереге басында ілулі алмас қанжармен жабығын тіліп жіберіп, сығалай қараса керек. Есік алдында 30-40 адамымен келіп тоқтай қалған Андас (дауысы өте зор кісі екен) ат үстінде тұрған бойда: "Оу, кім бар", - деп дауыстағанда Мәмбет атып шығыпты Сонда Андас "Мәмбетпісің, Мәмбетпісің, Мәмбетпісің" деп үш рет қайталап аттан түсіп құшақтасып көріскен екен.
Кейін Мәмбеттің қасындағы дос-жарандары:
- Жарықтық датқа сонша неғып дегбіріңіз кетті. Қоқанның бегіне де бүйтпеуші едіңіз, - депті. Сонда Мәмбет менің жолбарысым үйдің іргесін тығыла берген соң, жабықты тіліп жіберіп қарасам Андастың екі жағын екі қызыл жолбарыс жалаңдап келе жатыр екен. Бұдан кейін менде қайдан дегбір болсын, - депті.
Халық қастерлеген, иманды, аруақты қасиетті адамдардың киесі бі біріне көрінетін шығар кім білсін?!
## Дереккөздер |
Анненков Борис Владимирович (1889, Киев губерниясы. — 25.8.1927, Семей) — Сібір казак әскерінің атаманы. Шыққан тегі — дворян. Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
1918 — 20 ж. Кеңес өкіметіне қарсы ақ казактарды бастап соғыс жүргізді.
1918 ж. Анненков тың құрама дивизиясы (10 мыңға жуық адам) Қазақстанның солтүстік., орталық аудандары мен Ертіс бойында, ал 1919 жылдың қаңтарынан Жетісуда әскери-соғыс диктатурасын орнатты. Жүріп өткен жерлерін қанға бояды. Қазақ ауылдарын, орыс селоларын қырғынға ұшыратты. Бесіктегі нәрестелерді найзаға ілді. Қарсыластарын атып-шауып, “Азап вагондарында” қинап, пароход пешіне жақты (өскемендік Я.Ушанов т.б.). Анненковшылдар Омбы мұражайынан тонап алған қанішер казак атаманы Ермак туының астында соғысты.
1919 жылдың соңында Колчак Анненковты Жетісудағы ақтар армиясының қолбасшысы етіп тағайындады.
1920 жылғы сәуірде Қытайға өтті.
1926 ж. ұсталып, әскери трибуналдың үкімімен азамат соғысы жылдарындағы бейбіт халыққа жасаған қиянаты үшін атылды.
## Дереккөздер |
Георгий Павлович Ансимов (3.6.1922, Ресей Федерациясының Краснодар өлкесі, Усть-Лабинск ауданы, Ладога ст.) - орыс режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1958), Ресей Федерациясының халық артісі (1973).
1955 жылы Мәскеудегі Мемлекеттік театр өнері институтын бітіргеннен кейін Үлкен театрда қоюшы-режиссер болып, бірқатар операларды сахнаға шығарды. Ол 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде Қазақ опера және балет театры қойған Е.Г. Брусиловскийдің “Ер Тарғыны” мен “Қыз Жібек” және М.Төлебаевтың “Біржан-Сара” опералық спектакльдеріне реж.-кеңесші болған. Е.Г. Брусиловскийдің “Дударай” операсын Абай атындағы қазақ опера және балет театрларының сахнасында қойған.
## Дереккөздер |
Андреевка — Ақмола облысы Шортанды ауданындағы ауыл, Андреев ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Шортанды кентінен батысқа қарай 39 км-дей жерде. Ең жақын темір жол стансасы — Қараадыр (25 км жерде).
## Тарихы
Іргесі 1936 жылы қаланған. 1961 жылы құрылған астық кеңшарының орталығы болды.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, балалар бақшасы, мәдениет үйі, кітапхана, емхана, тұрмыстық қызмет көрсету пункті бар.
## Дереккөздер |
Антиядролық қозғалыс - ядролық соғыс қаруын жасауға, сынауға, қолдануға қарсы әлем халқының бірлескен қарсы күресі. 1945 жылы 6 тамызда алғаш рет АҚШ әскери әкімшілігі ядролық қаруды Жапонияның Хиросима қаласына тастап, қырғынға ұшыратты. Қала толық қирап, 140 мың адам қаза болды. Араға үш күн салып, Нагасаки қаласына түскен атом бомбасы салдарынан 75 мыңға тарта адам жапа шекті. Ал КСРО аумағында алғаш¬қы ядролық қару 1949 ж. Семей сынақ алаңында жарылды. Содан бергі жылдарда онда 459 жарылыс (оның 113-і атмосферада) жасалып, сынақ алаңымен шекаралас аудандардағы халықтың денсаулығына, экологияга орасан зор зиян келтірілді. Мұндай зұлмат қасірет бұл қарудың түрін жою, тоқтату қажеттігін тудырды. 1963 ж. атмосферада, суда және ғарышта атом қаруын сынауды тоқтату жөніндегі келісімшартқа қол қойылды. Бірақ бұл шарт талаптары ұзақ орындалмады. 70-ші жылдары КСРО басшылары КО-ғы атом сынағы бейбітшілікке бағытталған, халыққа, қоршаған ортаға зияны жоқ деген екіжүзді сұрқия саясат үстанды. Ұзақ уақыт бойына жер астындағы сынақтардың қауіпсіздігі туралы жалған түсінік қалыптастырылып, насихатталды. 1989 ж. ақпанда Қазақстандағы яд¬ролық жарылыстарга қарсы "Невада- Семей" Антиядролық қозғалыс дүниеге келді. Ол ел тұрғындарымен қатар дүниежүзі елдерінің бірқатарынан қолдау тапты. 1991 ж. мамырда "Аттан" штабы құрылды. 1991 ж. 29 тамызда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Семей ядролық сынақ алаңын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Мұндағы ең соңғы жары¬лыс 1995 ж. 30 мамырда жасалды. "Невада-Семей" Антиядролық қозғалысы алға қойған негізгі мақсаттарының бірі - Семей ядролық сынақ алаңын жабуға қол жеткізді.
## Дереккөздер |
Антощенко-Оленев Валентин Иосифович (18.6.1900, Украинаның қазіргі Полтава облысы Зеньков ауданы — 11.6.1984, Алматы) суретші. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1965).
1926 — 28 ж. Мәскеудегі жоғарғы тех. көркемсурет шеберханасында оқыған. 1928 ж. Қазақстанға келіп газет-журналдар (“Советская степь”, “Еңбекші қазақ”, “Жаршы” мен “Әйел теңдігі”) редакцияларында жұмыс істеді.
А.-О-ның тарихи тақырыпқа жасалған “Әкелеріміздің жастық шағы” (1958), “Қамығу” (1959), “Бостандық және өлім” (1962) графикалары, “І.Жансүгіров” (1958), “П.Пикассо”, “О.Ренуар” (1962), “Ы.Жақаев” (1965), “А.-Х.Ярмухамедов” (1983) психол. портреттері және замандастар өмірінен алынған романтик. сипаттағы “Жарқырайды жаңа құрылыс оттары” (1960), “Мазар” (1964), “Қонаққа бару” (1964) атты линогравюр. шығармалары бар. Осы заманғы шығыс тақырыбына бірнеше топтама еңбектерін (“Хиуа”, 1965; “Ақындар”, 1969) арнаған.
## Дереккөздер |
Ант су ішу — қазақ халқының дәстүрлі құқықтық мәдениетінде қалыптасқан, билер соты іс қарағанда пайдаланған рәсім. Билер сотына тартылған куәгер жауап берер алдында су ішіп, “өтірік”, “жалған” айтпауға ант берген. А. с. і. арқылы жауап беру, негізінен әйелдерге, малайларға, “сенімнен шыққан” адамдарға міндетті деп таныған. Ел арасында А. с. і. рәсімі бір-біріне уәде бергенде, серт еткенде де жиі қолданылған. Берген сөзін, антын орындамаған жағдайда “Ант ұрсын”, “Ант атсын” деп қарғаған. |
Мухаммад Анвар ас-Садаат (араб.: محمد أنور السادات; 25 желтоқсан 1918—6 қазан 1981) — Мысыр Араб Республикасының президенті (15.10.1970 — 6.10.1981), маршал (мушир; 1973).
25 желтоқсан 1918 жылы Каирдың сотүстік маңайындағы Мит-Абуль-Ком қалашығында көпбалалы шаруа отбасында туған. Әкесі - Мухаммада ас-Садат әскери госпиталда хатшы болған. Медреседе Құран үйреніп, орта мектепті Каирда бітірді.
1938 жылы - Әскери колледжін бітіргеннен кейін Египет әскеріне қызмет етуге кетті. Сол жерде "Исаба" жасырын ұйымына кіріп, оның шараларына белсене қатысты.
1942 жылы әскерден шығарылып, түрмеге отырды. 1944 жылы түрмеден қашып, 1946-48 жылдары қайтадан отырған.
1952 ж. Маусым төңкерісін жасаған "Ерікті офицерлер" құпия ұйымының мүшесі. Төңкерістен кейін елде өкімет билігін қолына алған Революциялық советінің мүшесі.
1957 ж. Египет Ұлттық жиналысының вице-председателі болып сайланады және бұқаралық саяси ұғым - Ұлттық одақтың (кейіннен Араб социалисттік одағы болып қайта құрылған) Бас секретары қызметіне тағайындалды.
1960-64 жылдары БАР Ұлттық жиналысының төрағасы болды.
1964 ж. науырызда елде жаңауақытша конституция қабылданғаннан кейін Ұлттық жиналыстың төрағасы болып қайта сайланды. Садат Анвар 1964-68 және 1969-70 жылдары БАР вице-президенті.
1970 ж. 13 қарашадан (Абдель Насер Гамаль қайтыс болғаннан кейін) Египет президенті.
Израильмен соғысқанда СССРды аз көмек көрсеткен деп кінәләп, Садат 1972 жылы Кеңес Одағының әскери кеңесшілерін елден шығарып жіберді. 1976 жылы өз жағынан "Достық туралы шартты" денонсация жасады (бұзды). Сонымен бірге АҚШ-пен жақындасып, қарым қатынасын нығайтып, нәтижесінде Египет - Таяу Шығыстағы америкадық әскери көмегін алатын елдерінің санына кірді.
1978 жылдың қыркүйегінде Кэмп-Дэвидтағы саммитте (Джимми Катрердің төрағалығында) Садат пен Израильдің премьер-министрі Менахем Бегин бейбітшілік келісім шартқа және Синай түбегін Египетке қайта оралу туралы қол қойды. Осы әрекеті үшін Садат пен Менахем Бегин Нобель Бейбітшілік сыйлығын алды.
1981 ж. 6 қазанда әскери парадта Садат міндеде отырған жеріне бомба лақтырылып, снайпер оғынан Анвар ас-Садат қайтыс болады.
Садаттың мұрагері - Хосни Мубарак болды. 2011 жылдың 11 ақпанына дейін елді басқарды.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Ануар Саадат
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Ануар Саадат |
Ануша Абул-Мұзаффар Мұхаммед (т.ө.-ж.б.) — Хиуа ханы (1663 — 1687). Әбілғазы ханның мұрагері. Әкесінің саясатын жалғастырып, хан билігін күшейтуге ұмтылды. Бұхарға жорық жасап Самарқанды басып алды. Оның тұрғындары А-ны өзінің ханы деп жариялады. Бірақ Бұхар әскерлері хиуалықтарды Гиждуван түбінде талқандап, А. Самарқанды тастап шығуға мәжбүр болды. Ол Ресей мемл-мен сауда және диплом. қатынас орнату жөнінде 1668 ж. Алексей патшаға хат жолдады. 1675 — 76 ж. Ануша хан стратег. және шаруашылық мәні бар құрылыстар салғызды. Жаңа Қияттың іргесін көтеріп, Ярмыш каналын қаздырды. 1681 ж. Хиуа алқабындағы Шахабад каналын тарттырып, онда қамал орнатты. А-ның шапқыншылықтарын тойтара алмаған Бұхар ханы олардың ішіне іріткі салып, ақыры өз ұлы Еренге өлтіртеді.
## Дереккөздер |
Антиядролық конгресс - 1993 ж. 30 тамызда Алматыда өткен ядролық қаруға қарсы халықаралық конгресс. Оған әлемдегі ядролық жарылысқа қарсы ұйымдар мен одақтардың өкілдері қатысты. Конгрестің жұмысы мынадай маңызды үш тақырыптың аясында жүргізілді: ядролық қаруға қарсы үкіметтік емес жолдармен күресудің әдіс-тәсілдерін айқындау; ядролық сынақ алаңдары мен оның маңайындағы экологиялық ахуал; атом жарылыстары зардабына ұшыраған аймақтардағы халықтың денсаулығы мәселелері. Сондай-ақ Конгресте ядролық сынақтардан зардап шеккен, әлі күнге дейін зардабын тартып отырған аймақтардагы халыққа көмек көрсету мақсатында БҰҰ қамқорлығымен халықаралық қор құру жәнінде арнайы ұсыныс жасалды.
## Дереккөздер |
Аңшы — аң аулауды кәсіп еткен саятшы адам. Оны құсбегі, бапкер деп те атайды. Қазақ аңшылыққа: “Бүркітші үстіңді бүтіндейді, қыбыңды қандырады, қақпаншы қарныңды тойғызады, тұзақшы аш қалдырмайды...” деп тіршіліктің бір тұтқасы ретінде қараған. Кейде аңға көңіл көтеру үшін де шығады. Ит жүгіртіп, құс салу серілік салтанат деп саналған. Қазақ ішіндегі А-лар қолданған құралы, істеген амалына қарай былайша жіктеледі:
* Саятшы — аңға мезгілімен қан сонарда саят құратын қазақтың дәстүрлі аңшысы. Қыран бүркіт, жүйрік ат, ұшқыр тазы баптап, түзу мылтық, бұзау тіс қамшы, сойылмен қатар т.б саятшы жабдықтары пайдаланады .
* Мерген — садақпен, мылтықпен аң атады. Аю, қасқыр, бұғы, марал, арқар, елік, таутеке, қарақұйрық т.б. аң алады.
* Қақпаншы — аңды қақпанмен аулайды. Түлкі, қасқыр, суыр секілді аңдардың ініне, жүретін жолына қақпан құрады.
* Моршы — түлкі, күзен секілді аңдардың ініне түтін салып, іннен шыға қашқанда ұстайды.
## Дереккөздер |
Аңшы иттер — терісі мен еті үшін ауланатын жануарларды ұстауға баулынған ит тұқымдары. Оларға: тазы, иір құйрық аңшы иттер, іншіл иттер т. б. жатады.
Тазылар аңды қуып жүріп ұстайды. Олар сағатына 90 км шапшаңдықпен жүгіреді. Тазыларды қоян мен түлкіге, ұсақ тұяқтыларға, кейде қасқырға да салады. Кейде ұсақ құстарды қалың шөп, бұта арасынан үркітіп, аңшыға жәрдем береді. Итті ауланатын аң-құсқа қарай таңдап алған жөн. Оны күшік кезінен үйретіп, баулу керек.
Иттің бабы, күйі, сезгіштігі жоғалмау үшін ашық алаңға, бос жерлерге серуен жасаған абзал. Ересек итті тәулігіне екі рет, ал күшікті 2 айға дейін 5-6 рет тамақтандыру қажет. Аңшы иттерді таңдап алу үшін шығу тегі белгілі, шежіре куәлігі бар ит тұқымы ұсынылады.
## Дереккөздер |
Аңқа — иран аңыздары бойынша Қап тауында жүретін алып құс. Оның екінші түрі — самұрық. Қазақ пен алтай халықтары ертегілерінде оған теңдестіріліп айтылатын ертегі құстар: қартлан, көкжөре, құмай. |
Аңкөс — аңдардың әдіс-айласын, сыры мен сипатын терең ажырата білетін және оларды шебер аулай білетін адам. А. адам аңның түріне және жылдың төрт мезгіліне сәйкес аң аулауға таяқ, тор, түтін, тұзақ, қақпан, садақ, мылтық сияқты құрал-жабдықтарды және ат пен итті өте ұтымды пайдаланады. А. тек құрал-жабдықтарды дәл таңдап пайдаланумен, аңның түсі мен сипатын білумен шектелмейді. Ол әрбір аңның тіршілік ету, өсіп-өрбу жолдарынан, аңдардың күндізгі және түнгі өріс-мекенін, олардың немен қоректенетінін, тіпті құмалағына қарап аш-тоқтығын айыра алады. А. сондай-ақ күн райын болжағыш, жер бедерін аңғарғыш келеді. |
Аппақ ишан сәулет кешені – Түркістан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет ескерткіші. Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандар тізбесі қатарында.
## Орналасқан жері
Бәйдібек ауданы, Шаян ауылының батыс шеті.
## Кезеңі
XIX ғасыр.
## Тарихи деректер
Кешен үш ғимараттан тұрады: медресе, мешіт және дәрісхана (ханака). Мешіт ғимаратының жанында тұрған мұнара сақталмады. Кешеннің көлемді және жоспарлық композициясынң өңір бойынша тікелей аналогы жоқ.Жалпы алғанда, медресе мен мешіт дәстүрлі Оңтүстік Қазақстан типологиялық сәулет схемаларын ескере отырып салынған. 1840 жылы Қасым-ишан мешіт-медресесін Бұхар сәулетшілерінің жобасы бойынша салды.Мешіт өз атауын мешіттің алғашқы имамының құрметіне алды.Қазан төңкерісінен кейін мешіт 1928 жылға дейін жұмыс істеді. Одан әрі ғимараттарда қоймалар, түрлі мекемелер және тіпті тұрғын үй-жайлар орналасқан.Тек 1983 жылы ғана Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Қаулысымен кешен аумағы Аппақ ишан мұражайы болып қайта құрылды.2000 жылдан бастап "Қазқайтажаңғырту" РМК Түркістан филиалының мамандары Өмірсерік Ахметовтің жобасы бойынша мешіт-медресені қайта жаңғыртумен айналысты. 2000 жылы кешеннің орталық қақпасы Аппақ ишанның тікелей ұрпақтарының қаражатына қайта салынды.Бұл нысан аймақтың өзіндік және қызықты тарихи-мәдени нысандарының бірі болып табылады.
Аппақ Ишан медресесі діни оқу орыны ретінде 1927 жылға дейін, Қазақстанда ірі байларды конфискациялауға дейін өмір сүреді. 1926 жылы мешітте діни мектеппен қатар тұңғыш рет қазақ бастауыш мектебі ашылған. Мектептер 1933 жылы бастауыш, 1934 жылы жеті жылдық, 1937 жылдан орта мектепке айналып, кейін жаңа жайға көшіріледі. Ал, мешіт-медіресе Шаян ауылындағы тарихи жәдігер ретінде бүгінгі күнге жетті.
## Кешен сипаты
Табанының аумағы 6,7 м х 6,6 м, ішкі көлемі 3,5х3,5 м, биіктігі 6 м. Қабырғаларының ішкі жағына әлемнің төрт жағына бағытталған тайыздау қуыс жасалған. Құрылысты күмбезбен жапқан. Аппақ ишан күмбезі пішімі жағынан Қазақстанның оңтүстігіне тән діни құрылыстарға жатады. Күмбездің ішінде екі сағана бар. Оның бірі – Шаян ауылындағы мешіт-медресені салдырған Аппақ ишандікі, екіншісі — осы Аппақ ишан күмбезін салған шебердікі.
## Дереккөздер |
Араб ата кесенесі — 977–978 ж.ш. Өзбекстан Респ. Самарқан облысы Тим макхаласында салынған. “Самани әулеті ғасыры” деп аталатын кезеңнің озық сәулет өнері ескерткіштері. А. А. к. П әрпі түрінде салынған. Кірер жақ беті кесененің басқа қабырғаларынан көтеріңкі келген. Өне бойы жазулармен әсемделген. Жан-жағы жапырақ тәріздес, жүрек іспетті өрнектермен көмкерілген. Күмбезге дейін екі қатарлы өру тәсілі қолданылған. Негізгі қабырғада үш күректі арка орналасқан. Екі жанындағы арка арнайы ашылып тұрған сияқты әсер қалдырады. Оның үстіне жалғыз арка орналасып, күмбезге жалғасқан арка бойына өрнектер салынған. Ескерткіш үлгісі Бұхарадағы Самани әулеті кесенесінің үшкір күмбезді, күйдірілген қышпен қаптау, бұрыштарына бағана орнату, кішігірім кірпіштермен тігінен не жатқызып өру тәсілдерімен әшекейлеу өнеріне ұқсас. А. А.к-не ұқсастық тек Орта Азияда емес, Қазақстан жеріндегі Айша бибі, Жошы хан сияқты ескерткішерінен де байқалады. Әдеб.: Пугаченкова Г.А., Ремпель Л.И., Очерки искусства Средней Азии, М., 1982. |
## Араб жазбалары
### Араб тіліндегі Қазақстан туралы жазбалар
Араб тіліндегі Қазақстан туралы жазбалар — 8-15 ғасырлардағы Қазақстан жерін мекендеген халықтар мен тайпалардың тарихын, әсіресе, Шыңғысхан шапқыншылығы кезеңін зерттеуге қажетті деректемелері мол араб тіліндегі тарихи-географиялық әдебиет. Араб халифаты заманында арабтардың шығысты жаулап алып, мұсылман синкретик. мәдениеті мен ислам дінін таратып, мұсылман дүниесінен шалғайдағы кейбір аймақтармен сауда қатынасын дамытуының нәтижесінде көрші және алыс елдерден жан-жақты мәліметтер жиналды. Орта ғасырлардағы араб тарихнамасында Қазақстан аймағының ерекше орын алуын, біріншіден, арабтардың Орта Азиядағы жаулап алған жерлеріне билігін нығайтуға, екіншіден, қазақ даласын мекендеген көшпелі жауынгер тайпалардың шабуылынан сақтануға тырысқан әрекеттерімен түсіндіруге болады. Қазақстан халықтары туралы ертеректегі деректер араб тіліндегі классик. тарихи шығармалардан белгілі. 9 ғ-да өмір сүрген әл-Белазуридің “Китаб футух әл-бұлдан” (“Жорық кітабы”), әт-Табаридің “Тарих әр-русул уә-л-мулук” (“Пайғамбарлар мен патшалар тарихы”) атты шығармаларында 7-8 ғ-дағы арабтардың Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның кейбір аймақтарына жасаған жорықтары айтылады.
әт-Табаридің замандасы, бағдаттық әл-Жаһиздың (9 ғ.) “Манақиб әл-атрак” (“Түркілердің лайықты қасиеттері”) кітабында Қазақстандағы көшпелі түркі тайпаларының этнологиясы жөнінде тұңғыш мәліметтер берілген, Аббас әулеті халифтары ұландарының қатарындағы түрік сарбаздары жайлы, араб қалалары тұрғындарын таңдандыратын түркілердің жауынгерлігі, олардың әдет-ғұрпы туралы баяндалған. Тамим ибн Бахр 9 ғ-дың 1-жартысында Ертіс бойындағы (Солт.-Шығыс Қазақстан) қимақтар елі арқылы тоғыз-оғыз қағанының астанасын басып өтіп, Шығыс Түркістанға саяхат жасады. Тамим ибн Бахр қимақтардың мекен-жайы, шаруашылығы жайында мәлімет бере отырып, Тараз қ-нан қимақ патшасының сарайына дейінгі көрген-білгені жайлы әңгімелейді. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар туралы деректер 9 ғ-дағы араб тілінде жазылған геогр. шығармаларда да ұшырасады. Мұндай ерте кезден сақталған еңбекке почта мен тыңшы қызметінің бастығы ибн Хордадбектің “Китаб әл-масалик уә-л-мамалик” (“Жолдар мен мемлекеттер туралы кітап”) атты әкімш.-геогр. анықтама еңбегі жатады. Онда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуды басып өтетін Ұлы Жібек жолы, оның бойындағы қалалар мен қоныстар жайлы айтылып, түрлі елді мекендердің ара қашықтығы көрсетілген. ибн Хордадбек, көбінесе, халифаттың ерте кездегі байланыс қызметі архивіне сүйенген. Тарихшы-географ әл-Йақубидің (9 ғ.) “Китаб әл-бұлдан” (“Елдер кітабы”) атты геогр. шығармасында Қазақстан түркілері жайындағы тарихи этногр. кең ауқымды материал қамтылған. Бұл еңбекте түркілер туралы деректер анағұрлым нақты берілген. Әсіресе, оғыз, қарлұқ, қимақ, қырғыз, тоғыз-оғыз тайпаларының бірлестіктері туралы мәліметтері аса маңызды.
### Қазақ жері жайлы жазған мұсылман географ-тарихшылары
* әл-Белазури
* әт-Табари
* әл-Йақуби
* Тамим ибн Бахр
* ибн Хордадбек
* Құдама ибн Джафар
* әл-Факих
* әл-Балхи
* Ибн Фадлан
* ибн Хаукал
* Әбу Дулаф
* әл-Масуди
* Исхақ ибн әл-Хұсайын
* әл-Маруази
* Закария әл-Қазуини
* Ибн әл-Асир
* ибн Баттута
* Ибн Халдун
* ибн әл-Фурат
* Ибн Арабшаһ
### Қазақ жері жайлы жазған араб кітаптары
Араб географы, филолог Құдама ибн Джафар (10 ғ.) “Китаб әл-харадж уә сан(ат әл-китаба” (“Харадж және хатшылық өнер жайлы кітап”) деген ресми құжаттар мол пайдаланылған геогр.-әкімш. шығармасында халифаттың әкімш. бөліктері, ірі қалалары, таулары, өзен-көлдері және жеті климат (ықылым) туралы деректер береді. Мұнда аймақтардағы жол қатынасы, жер жағдайы, алым-салық мәселесі туралы айтылады. Шығармада көршілес мұсылман елдері жөнінде мағлұмат беріліп, онда қарлұқ, қимақ, оғыз тайпалары, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу шебіндегі жол қатынасы, қалалар мен елді мекендер, олардың ара қашықтығы жөнінде нақты мәліметтер жинақталған. Араб географы ибн әл-Факих (9 ғ-дың соңы — 10 ғ-дың басы) “Китаб ахбар әл-бұлдан” (“Елдер туралы әңгіме кітабы”, 903 ж.) атты тарихи шығармасында, көбінесе өзіне дейінгі авторлардың (әл-Жаһид, ибн Хордадбек, әл-Жейхани) мәліметтеріне сүйенеді. Шығармада Азия мен Батыс Еуропа елдері туралы тарихи-геогр. материалдар мол. Түркі тайпалары (қарлұқ, қимақ, қыпшақ, оғыз, тоғыз-оғыз т.б.) жайлы, олардың орналасуы, шаруашылық және мәдени өмірі, елдер, қалалар, сауда жолдары туралы деректері аса құнды. 10 ғ-дың басында ибн әл-Факихпен бір мезгілде ибн Русте көп томдық энциклопед. шығарма жазды. Бұл еңбектің аймақтардың тарихи-геогр. сипаттамасы жазылған бір ғана томы сақталған. Ибн Рустенің түрлі саяхташылар мен географтардың шығармаларының негізінде түркі тілдес тайпалар туралы жазған “Китаб әл-алақ ән-насифа” (“Қымбат алқа туралы кітап”) атты еңбегінің Қазақстан тарихы үшін үлкен маңызы бар. 10 ғ. — араб геогр. әдебиетінің кемелденген кезі. Бұл дәуірдегі арабтың көрнекті географ-саяхатшысы ирандық әл-Истахридің (10 ғ.) “Китаб масалик уә-л-мамалик” (“Жолдар мен мемлекеттер туралы кітап”) атты еңбегі әл-Балхидің бізге жетпеген геогр. шығармасының өңделген және толықтырылған нұсқасы болып табылады. Кітапта Парсы теңізі, Мағриб, Египет, Сирия, Румдар теңізі, Ирак, Үндістан, Хазар теңізі, Армения мен Әзірбайжан, Хорасан мен Мауераннахрға геогр. сипаттама берілген.
Бұл елдердің әрқайсысының шекарасы, қалалары, бір-бірінен қашықтығы, қатынас жолдары туралы дерек келтіріліп, азық-түлік, сауда-саттық, қолөнері жөнінде егжей-тегжейлі жазылады. Сонымен қатар шығармада Шығыс Еуропа жайында, соның ішінде хазарлар, бұртастар, бұлғалар жайында, бүгінгі Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары: оғыздар, қимақтар, қарлұқтар туралы маңызды мәліметтер бар. Түркі тайпаларының орналасқан жерлері белгіленген “Дүние жүзінің картасы” берілген. әл-Истахридің еңбегін 10 ғ-дың соңында ибн Хаукал толықтырып, “Китаб әл-масалик уә-л-мамалик” (“Жолдар мен мемлекеттер туралы кітап”) деп атады. Оның жазбасына қарағанда олар бір тілде сөйлеген. әл-Истахри мен ибн Хаукал еңбектерінің маңызды бөлігі “Сурат әл-ард” (“Жер беті”) деп аталатын геогр. карта болып табылады. 10 ғ-да Қазақстан жері арқылы арабтың 2 саяхатшысы, ибн Фадлан мен Әбу Дулаф сапар шеккен. Ибн Фадланның “Рисала” (“Жазба”) еңбегінде араб халифатының астанасынан Еділ бұлғарларына барған елшіліктің сапары жазылған. Елшіліктің мақсаты хазарларға қарсы араб-бұлғар одағын құру, әрі бұлғарлар арасына ислам дінін орнықтыра түсу еді. Елшілік Бағдадтан 921 ж. маусымда шығып, 922 ж. мамыр айында бұлғарларға жетеді. Бұлар Хамадан, Рей, Нишапур, Мерв, Бұхара, одан Хорезм, Үстірт, Жайық арқылы Еділ бойына келді. Мұнда орыстар мен хазарлардың әлеум. және рухани өмірінен, Қазақстанның бүгінгі батыс облысытарын мекен еткен көшпелі түркі тайпалары: пешенек, башқұрт, әсіресе, оғыздардың этногр., шаруашылық, тарихи-геогр. жағдайынан маңызды деректер келтірілген. Ибн Фадлан 942 ж. Қытай мен Үндістанға жасаған саяхаты жайындағы сапарнамасын 2 “Рисалаға” (“Жазба”) жинақтады. Онда оғыздардың, қимақтардың, қарлұқтар мен жікілдердің шаруашылығы, діні мен тұрмыс жағдайы туралы деректер берілген. Жазбада автор көргенінен гөрі естігенін көп әңгімелейді. Бағдат қ-нда туған араб тарихшысы әрі географы әл-Масудидің (10 ғ.) шығармасы құнды тарихи деректеме болып табылады. Ол Үндістаннан Атлант мұхитына дейінгі, Қызыл т-ден Каспий т-не дейінгі аралықтағы елдерге саяхат жасап, ондағы түрлі қауым өкілдерімен араласып, дидарласу арқылы дүниетанымын кеңейтті. “Ахбар әз-заман” (“Дәуір тарихы”) атты 30 томдық тарихи-геогр. энциклопедиядан қысқа ғана үзінділер сақталған. Оның тарихи шығармаларынан “Мурудж әз-захаб уә ма(адин әл-жауахир” (“Алтын шайқайтын және жарқырауық тастар алынатын кен орны”) атты еңбегі ықшамдалған, ал “Китаб әт-танбих уә-ш-шираф” (“Ғибрат және қайыра қарастыру кітабы”) атты геогр. шығармасы толық күйінде жетті. әл-Масудидің еңбектерінде түркі тайпалары қимақтар, оғыздар, қарлұқтар, барисхандар, тоғыз оғыздар, хазарлар туралы құнды тарихи-этногр. деректер және ерте орта ғ-дағы Қазақстанның тарихи геогр-сы жайында бағалы мәліметтер берілген. Сонымен қатар Батыс Қазақстандағы 9 ғ-дың 2-жартысындағы тарихи оқиғаларға қысқаша тоқталады. әл-Макдиси (10 ғ.) шығармаларының ішінде оның өзі куә болған оқиғаларға негізделген тарихи-геогр. еңбегі маңызды орын алады. “Ахсан әт-тақасим фи марифат әл-ақалим” (986 ж.), (“Аймақтар жөнінде мағлұмат беретін таңдаулы тарау”) атты шығармасы елдер мен аймақтарды араб әдебиетінде толық та, жүйелі түрде сипаттайтын еңбек. Онда Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан, ондағы халықтардың тайпалық құрамы, қалалары мен елді мекендері, сауда жолдары, сауда-саттық заттары, шаруашылығы мен діни көзқарастары, тілі, әдет-ғұрпы жайында маңызды деректер келтірілген.
Қазақстанның түркі тілдес тайпалары туралы мағлұмат араб-испан географы Исхақ ибн әл-Хұсайынның (11 ғ.) “Китаб ахам әл-маржан фи сихр әл-мадаин әл-машһүр фи кулл макан” (“Дүние жүзінің әйгілі қалаларын сипаттайтын маржан қазына”) деп аталатын Андалусияда жазылған еңбегінде берілген. Оның түркілер жайындағы деректемелері Гардизи (11 ғ.), әл-Бируни (11 ғ.) және әл-Маруазидің (12 ғ.) анықтамаларына сәйкес келеді. Кітапта түркі халықтары, әсіресе, қимақтар жайлы этногр. және тарихи-геогр. маңызды мағлұматтар бар. Қазақстанның орта ғасырдағы бағалы деректемесі ретінде әл-Маруазидің (12 ғ.) “Табаи әл-хайуан” (“Жануарлардың табиғи қасиеттері”) шығармасын атауға болады. әл-Маруази салжұқ әулетіне жататын Мәлік шаһ (1072 — 92) пен оның мұрагерлері тұсында (Санжар билігіне (1118 — 57) дейін) сарай дәрігері болған. Оның шығармасында бірқатар деректемелерге, соның ішінде, әл-Жейханидің (9 ғ.) еңбегіне сілтеме жасалды. Онда түркі халықтары туралы соны этногр. деректер бар. Әсіресе, 9 ғ-дың басында қимақ, қыпшақ, оғыз тайпаларының қоныстануына едәуір ықпал еткен халықтардың қоныс аударуы туралы Қазақстан тарихы үшін аса бағалы мәлімет араб ғалымы әл-Идрисидің (12 ғ.) “Нұзхат әл-мұштақ фи-ихтирақ әл-араф” (“Аймақтарға сапар шегіп, шаршап-шалдыққан жанның ермегі”) атты ірі геогр. еңбегінде көрсетілген. әл-Идриси Сеутте туып, Кардовода оқыған. Жас кезінен көп саяхат жасап, Лиссабонда, Англияда, Францияда, Мароккода, Кіші Азияда болған. Автор геогр. шығармаларының бірін Сицилия королі Роджер 2-ге (1098 — 1154) арнаған. Онда Еуропа, Азия мен Африка елдері туралы егжей-тегжейлі жазылған. Шығыс Еуропа, Кавказ, Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген халықтар туралы этногр. және тарихи-геогр. сипатта жазылған маңызды деректер келтірілген. Орта ғасырдағы Қазақстан жерін мекендеген қимақ, қыпшақ, оғыз, қарлұқ, түргеш, азкиш сияқты түркі тайпаларының орналасуы, шаруашылығы, қалалары, сауда-қатынас жолдары, қолөнері сөз болады. Автордың кейбір мәліметтері бізге жетпеген жазба деректерден алынған. Солардың ішінде Шығыс Қазақстан даласынан шыққан, қимақ патшасы Жапақ ибн Хакан әл-Қимақидің (10-11 ғ.) шығармасы бар. әл-Идриси еңбегіндегі “Сурат әл-ард” (“Жер беті”) атты геогр. картада кеңінен көрсетілген геогр. және экон. объектілер шығарманың деректемелік құнын арттыра түседі. 13 ғ-дан бастап араб тілінде жазған ортағасырлық авторлар өз заманында өтіп жатқан оқиғалардан гөрі, өткен дәуірдегі тарихшы-географтардың еңбектерінен үзінділер келтіре жазуды мақсат ете отырып, біздерге жетпеген бірқатар шығармалардан бағалы деректер келтіреді. Әл-Идрисидің ізін қуушы араб географы Ибн Саидтың (13 ғ.) “Жеті аймақ туралы” шығармасы өзіне дейінгі деректемелерге сүйене жазылғанымен, Қазақстан мен Еділ бойының, Орта Азияның 13 ғ-дың ортасына дейінгі тарихи геогр-сын зерттеуде өз орны бар. Сондай-ақ, қимақтар, олардың татарлармен қарым-қатынасы туралы қызықты деректер берілген. Осы тектес деректемеге тарихшы-географ Закария әл-Қазуинидің де (13 ғ.) еңбектері жатады. Ол бірімен бірі сабақтас 2 тарихи-геогр. шығармаларымен танымал. Оның алғашқысы “Аджаиб әл-махлукат” (“Жаратылыс ғажаптары”), 2-сі “Асар әл-билад” (“Қалалар ескерткіші”) деп аталады. Бұл туындыларда түрлі аспан шырақтары, жердің жеті белдеуі (ықылым), мұхиттар, өзен-көлдер, жан-жануарлар дүниесі туралы мәліметтер, 9-10 ғ-ларда бүгінгі Қазақстан жерін мекендеген түркі тілдес оғыз, қарлұқ, жікіл, қимақ тайпалары жөнінде тарихи-этногр. деректер топтастырылған.Сириялық әд-Димашқи “Нұхбат әд-дахр фи аджаиб әл-барр уә-л-бахр” (“Құрлық пен теңіз таңғажайыптары жөнінде баяндайтын мерзімнен іріктеу”) атты космогр. үлкен еңбектің авторы. Оның шығармасы, көбінесе, араб авторларының 9-11 ғ-лардағы дәстүрлі шығармаларына негізделе жазылған. Дегенмен, түркі халықтары жөнінде, олардың орналасу жағдайы туралы тарихи-этногр. мағлұматтар берілген. Әсіресе автордың қыпшақтардың этник. құрамы жайындағы мәліметі құнды дерек болып табылады. Сирия ғалымы Йақұттың (13 ғ.) “Муджам әл-бұлдан” (“Елдердің тізімі”) атты геогр. анықтамасында моңғол басқыншылығы, моңғол әскерлерінің қыпшақ, алан, бұлғар және Саксин жерін басып өткендігі жайлы айтылады. Йақұттың замандасы әрі жақын танысы Ибн әл-Асир (13 ғ.) Сауд Арабиясы, Сирия, Палестинаға саяхат жасады. 1188 ж.
Салах әд-Диннің крест тағушыларға қарсы жорығына қатысты. Оның қаламынан бірқатар тарихи-библиогр. еңбектер және “әл-Кәмил фит-т-тарих” (“Тарихтың толық жазбасы”) атты ауқымды тарихи жылнама жарық көрді. Бұл шығармада моңғол жорығына дейінгі мұсылман дүниесінің тарихы баяндалады. Автор біздің дәуірімізге жетпеген құнды деректемелерді пайдаланған. Мұсылман әулеттері мен оған көрші орналасқан мемл-тердің (Араб халифаты, Самани, Қарахан, Хорезмшах әулеттері, қарақытайлар т.б.) саяси тарихы егжей-тегжейлі жазылған. Қазақстанның орта ғ-дағы тарихы үшін ежелгі түркілерге, қарлұқ, оғыз, қыпшақтарға қатысты саяси, этник., этногр. және мәдени сипаттағы мағлұматтардың маңызы зор. Ибн әл-Асирдің 1232 жылға дейінгі саяси оқиғаларды қамтитын тарихи еңбегінде моңғол шапқыншылығы, оның зардаптары баяндалған. Ибн әл-Асирдің замандасы хорасандық тарихшы, Хорезмнің соңғы шаһы Жәлел әд-Диннің сарай хатшысы және өмірбаяншысы ән-Несауидің “Сират ас-сұлтан Жәлел әд-Дин Манкбурни” (“Жәлел әд-Дин Манкбурни сұлтанның өмірі туралы”) атты еңбегінде түркі тайпаларымен, соның ішінде қыпшақтармен тығыз байланыс жасаған Хорезмнің ішкі, сыртқы саясаты, моңғол шапқыншылығы жайында құнды деректер келтіріледі. Шығармада Хорезм мен қыпшақ даласының достық қатынасы да, қарулы қақтығысы да баяндалады, қыпшақ қоғамының ішкі құрылысы, оның шаруашылығы, тұрмыс-жағдайы жайында мәліметтер бар.14-15 ғ-ларда мәмлүк (қыпшақ) әулеті билеген Египеттің Алтын Ордамен қарым-қатынасы жайында бірқатар тарихи шығармалар жазылды. Түркі әулеттері мен халықтары, елдері туралы тарихи геогр. құнды деректері бар әкімш. істерге қажетті энциклопедиялар жарық көрді. 13 ғ-да Египетте қыпшақтан шыққан әз-Захир Рукн әд-Дин Байбарыс сұлтанның (1260 — 77) өмірбаянына арналған тарихи еңбек жазылды. Шығарманың авторы — сұлтанның хатшысы Абд әз-Заһир. Шығармада Алтын Ордамен қарым-қатынас, Қырымнан Итилге (Еділге) дейінгі жолдар сипаттамасы, сол кезде Дешті Қыпшақ тайпаларымен араласып кеткен Қырым тұрғындарының тайпалық құрамы жөнінде этногр. мәліметтер беріліп, Алтын Ордадағы діни және идеол. жағдайлар туралы айтылады.Көрнекті тарихшы ән-Нувейридің (14 ғ.) “Нихаят әл-араб фи фунун әл-адаб” (“Араб пәндеріне қатысты тілек шегі”) атты энциклопед. еңбегі 5 бөлімнен құралған. Тарихқа арналған соңғы бөлімі кітаптың жартысына жуық көлемін қамтиды. Тарих тарауы негізінен көшірме, ал түпнұсқасында соңғы жылдардағы яғни 1331 жылға дейінгі деректер қамтылған. Автор түркі халықтары туралы тарихи-этногр. деректер келтіріп, “Қыпшақ еліне” қысқаша шолу жасайды, тайпаларының саны, ру тартысы жөнінде баяндайды. Өмірінің ұзақ жылдарын Мысырда (Египетте) өткізіп, ән-Насыр сұлтан (1347 — 51) тұсында мемл. хатшы міндетін атқарған дамаскілік әл-Омаридың “Масалық әл-әбсар фи-мамалық әл-әмсар” (“Қалалар иеліктеріне көз жіберу жолдары”) атты энциклопедиясының жеке томдарында Шығыс пен Батыс аралығындағы өзі білетін барлық мемлекеттер жайлы жазылған. Мұнда Шыңғысхан шапқыншылығының Орта Азия мен Еділ бойына, Кавказға тигізген әсері, Дешті Қыпшақ жеріндегі қалалар мен сауда жолдары, қыпшақтардың орналасуы, әдет-ғұрыптары туралы әңгімелейді. Саяхатшы ибн Баттутаның (14 ғ.) еңбектері де осы дәуірге сай келеді. Ол Танжер (Мағриб) қ-нда туып, сонда білім алып, қазылық қызмет атқарған. 25 жыл (1325 — 49) саяхатта болып, 150 мың шақырымнан аса жол жүрген. “Тухфат ән-нузар фи ғараиб әл-әмсар уә аджаиб әл-асфар” (“Қалалардың таңқаларлық ғажайыптары мен саяхат тамашасына тамсанушыларға тарту”) атты кітабында өзінің сапарлары жайында баяндайды. Түркі халықтарының тарихы үшін Алтын Орданың құрамындағы Қырымнан Еділ бойына дейін созылып жатқан Оңт. орыс даласы туралы жазғандары бағалы мәлімет. Астраханнан шыққан ибн Баттута Константинопольге соғып, одан Алтын Ордаға қайта оралып, Сарайдағы хан ордасында болады, Еділден өтіп Үстіртке, одан Хорезм, Бұхара, Ауғанстанға сапар шегеді. Еңбекте Қазақстан жері, қазіргі Ресейдің оңтүстігін мекендеген ортағасырлық қыпшақтардың шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті жайында өте бағалы дерек келтірілген.4-15 ғ-дағы арабтың көрнекті тарихшыларының бірі ибн Халдун. Ол Тунисте ауқатты отбасында туған. 1382 ж. Египетке қоныс аударды.
14 ғ-дың басында Сирияда болып, соңғы жылдарын Каирде өткізді. “Китаб әл ибар...” (“Ғибрат пен тәлімдік тәрбие кітабы”) деп аталатын еңбегі 3 кітаптан құралған. Оның 1-кітабының 1-бөлімінде немесе “Мұқаддимде” (Кіріспе) өзінің әлеум., филос. және саяси-экон. көзқарастары, қоғам мен мемл-тің дамуын, адамдардың мәдени және шаруашылық өмірін қамти отырып, адамзат мәдениетіне қатысты пікірлері жазылды. 1-кітап ежелгі халықтардың тарихы мен автор заманындағы шығыс мұсылман мемл-тері, оның ішінде Қарахан, Салжұқ, Хорезмшах, Мәмлүк мемл-тері, Таяу Шығыс пен Орта Азияда билік жүргізген моңғол әулеттерінің тарихын қамтиды. Ибн Халдунның еңбегінде түркі тайпаларының (оғыз, қимақ, қыпшақ) ерте ортағасырдағы тарихы жөнінде деректер мол.Египет тарихшыларының ішіндегі көрнектілері: ибн әл-Фурат (14 ғ.), әл-Қалқашанди (14-15 ғ-дың басы), әл-Махризи (14-15 ғ-дың басы), ибн Тагриберди (15 ғ.). Бұлардың еңбегінде Алтын Орда мен Египеттің қарым-қатынасы, түркі халықтары, әсіресе, қыпшақтар жөнінде қызықты деректер бар. Египет тарихшыларының ішінде ибн Арабшаһтың (15 ғ.) деректері ерекше құнды. Дамаскіде туған, бірақ бала кезінде тұтқындалып, Самарқанға әкелінген ол Хорезм, Астрахан, Сарай, Қырым, Түркістанда болып, Дамаскіге қайтып оралады. Кейін Каирге қоныс аударып, қалған өмірін сонда өткізеді. Ибн Арабшаһтың “Аджаиб әл-мақдур фи нәуаиб ахбар Тимур” (“Темірдің тағдырын шешкен ғажайыптар”) атты тарихи шығармасында Темірдің тонаушылық, басқыншылық жорықтары, Алтын Орданың саяси тарихы және тарихи геогр. жағдайы Оңт. және Батыс Қазақстан жерін мекендеген халықтар мен тайпалардың тарихы, этногр-сы жайында деректер берілген.
## Әдебиеттер тізімі
1.Тизенгаузен В.Г., Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды, т. 1, СПб., 1884;2. Крачковский И.Ю., Арабская географическая литература, Избр. соч., т. 4, М.-Л., 1957;3. Brockelmann C., Geschіchte der arabіschen Lіtteratur, B. 1, Weіmar, 1898;4.Арабская литература, Классический период, М., 1960; Кумеков Б.Е., Арабские и персидские источники по истории кыпчаков VІІІ-XІV вв., А., 1987.
## Араб жазбалары
### Араб тіліндегі Қазақстан туралы жазбалар
Араб тіліндегі Қазақстан туралы жазбалар — 8-15 ғасырлардағы Қазақстан жерін мекендеген халықтар мен тайпалардың тарихын, әсіресе, Шыңғысхан шапқыншылығы кезеңін зерттеуге қажетті деректемелері мол араб тіліндегі тарихи-географиялық әдебиет. Араб халифаты заманында арабтардың шығысты жаулап алып, мұсылман синкретик. мәдениеті мен ислам дінін таратып, мұсылман дүниесінен шалғайдағы кейбір аймақтармен сауда қатынасын дамытуының нәтижесінде көрші және алыс елдерден жан-жақты мәліметтер жиналды. Орта ғасырлардағы араб тарихнамасында Қазақстан аймағының ерекше орын алуын, біріншіден, арабтардың Орта Азиядағы жаулап алған жерлеріне билігін нығайтуға, екіншіден, қазақ даласын мекендеген көшпелі жауынгер тайпалардың шабуылынан сақтануға тырысқан әрекеттерімен түсіндіруге болады. Қазақстан халықтары туралы ертеректегі деректер араб тіліндегі классик. тарихи шығармалардан белгілі. 9 ғ-да өмір сүрген әл-Белазуридің “Китаб футух әл-бұлдан” (“Жорық кітабы”), әт-Табаридің “Тарих әр-русул уә-л-мулук” (“Пайғамбарлар мен патшалар тарихы”) атты шығармаларында 7-8 ғ-дағы арабтардың Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның кейбір аймақтарына жасаған жорықтары айтылады.
әт-Табаридің замандасы, бағдаттық әл-Жаһиздың (9 ғ.) “Манақиб әл-атрак” (“Түркілердің лайықты қасиеттері”) кітабында Қазақстандағы көшпелі түркі тайпаларының этнологиясы жөнінде тұңғыш мәліметтер берілген, Аббас әулеті халифтары ұландарының қатарындағы түрік сарбаздары жайлы, араб қалалары тұрғындарын таңдандыратын түркілердің жауынгерлігі, олардың әдет-ғұрпы туралы баяндалған. Тамим ибн Бахр 9 ғ-дың 1-жартысында Ертіс бойындағы (Солт.-Шығыс Қазақстан) қимақтар елі арқылы тоғыз-оғыз қағанының астанасын басып өтіп, Шығыс Түркістанға саяхат жасады. Тамим ибн Бахр қимақтардың мекен-жайы, шаруашылығы жайында мәлімет бере отырып, Тараз қ-нан қимақ патшасының сарайына дейінгі көрген-білгені жайлы әңгімелейді. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар туралы деректер 9 ғ-дағы араб тілінде жазылған геогр. шығармаларда да ұшырасады. Мұндай ерте кезден сақталған еңбекке почта мен тыңшы қызметінің бастығы ибн Хордадбектің “Китаб әл-масалик уә-л-мамалик” (“Жолдар мен мемлекеттер туралы кітап”) атты әкімш.-геогр. анықтама еңбегі жатады. Онда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуды басып өтетін Ұлы Жібек жолы, оның бойындағы қалалар мен қоныстар жайлы айтылып, түрлі елді мекендердің ара қашықтығы көрсетілген. ибн Хордадбек, көбінесе, халифаттың ерте кездегі байланыс қызметі архивіне сүйенген. Тарихшы-географ әл-Йақубидің (9 ғ.) “Китаб әл-бұлдан” (“Елдер кітабы”) атты геогр. шығармасында Қазақстан түркілері жайындағы тарихи этногр. кең ауқымды материал қамтылған. Бұл еңбекте түркілер туралы деректер анағұрлым нақты берілген. Әсіресе, оғыз, қарлұқ, қимақ, қырғыз, тоғыз-оғыз тайпаларының бірлестіктері туралы мәліметтері аса маңызды.
### Қазақ жері жайлы жазған мұсылман географ-тарихшылары
* әл-Белазури
* әт-Табари
* әл-Йақуби
* Тамим ибн Бахр
* ибн Хордадбек
* Құдама ибн Джафар
* әл-Факих
* әл-Балхи
* Ибн Фадлан
* ибн Хаукал
* Әбу Дулаф
* әл-Масуди
* Исхақ ибн әл-Хұсайын
* әл-Маруази
* Закария әл-Қазуини
* Ибн әл-Асир
* ибн Баттута
* Ибн Халдун
* ибн әл-Фурат
* Ибн Арабшаһ
### Қазақ жері жайлы жазған араб кітаптары
Араб географы, филолог Құдама ибн Джафар (10 ғ.) “Китаб әл-харадж уә сан(ат әл-китаба” (“Харадж және хатшылық өнер жайлы кітап”) деген ресми құжаттар мол пайдаланылған геогр.-әкімш. шығармасында халифаттың әкімш. бөліктері, ірі қалалары, таулары, өзен-көлдері және жеті климат (ықылым) туралы деректер береді. Мұнда аймақтардағы жол қатынасы, жер жағдайы, алым-салық мәселесі туралы айтылады. Шығармада көршілес мұсылман елдері жөнінде мағлұмат беріліп, онда қарлұқ, қимақ, оғыз тайпалары, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу шебіндегі жол қатынасы, қалалар мен елді мекендер, олардың ара қашықтығы жөнінде нақты мәліметтер жинақталған. Араб географы ибн әл-Факих (9 ғ-дың соңы — 10 ғ-дың басы) “Китаб ахбар әл-бұлдан” (“Елдер туралы әңгіме кітабы”, 903 ж.) атты тарихи шығармасында, көбінесе өзіне дейінгі авторлардың (әл-Жаһид, ибн Хордадбек, әл-Жейхани) мәліметтеріне сүйенеді. Шығармада Азия мен Батыс Еуропа елдері туралы тарихи-геогр. материалдар мол. Түркі тайпалары (қарлұқ, қимақ, қыпшақ, оғыз, тоғыз-оғыз т.б.) жайлы, олардың орналасуы, шаруашылық және мәдени өмірі, елдер, қалалар, сауда жолдары туралы деректері аса құнды. 10 ғ-дың басында ибн әл-Факихпен бір мезгілде ибн Русте көп томдық энциклопед. шығарма жазды. Бұл еңбектің аймақтардың тарихи-геогр. сипаттамасы жазылған бір ғана томы сақталған. Ибн Рустенің түрлі саяхташылар мен географтардың шығармаларының негізінде түркі тілдес тайпалар туралы жазған “Китаб әл-алақ ән-насифа” (“Қымбат алқа туралы кітап”) атты еңбегінің Қазақстан тарихы үшін үлкен маңызы бар. 10 ғ. — араб геогр. әдебиетінің кемелденген кезі. Бұл дәуірдегі арабтың көрнекті географ-саяхатшысы ирандық әл-Истахридің (10 ғ.) “Китаб масалик уә-л-мамалик” (“Жолдар мен мемлекеттер туралы кітап”) атты еңбегі әл-Балхидің бізге жетпеген геогр. шығармасының өңделген және толықтырылған нұсқасы болып табылады. Кітапта Парсы теңізі, Мағриб, Египет, Сирия, Румдар теңізі, Ирак, Үндістан, Хазар теңізі, Армения мен Әзірбайжан, Хорасан мен Мауераннахрға геогр. сипаттама берілген.
Бұл елдердің әрқайсысының шекарасы, қалалары, бір-бірінен қашықтығы, қатынас жолдары туралы дерек келтіріліп, азық-түлік, сауда-саттық, қолөнері жөнінде егжей-тегжейлі жазылады. Сонымен қатар шығармада Шығыс Еуропа жайында, соның ішінде хазарлар, бұртастар, бұлғалар жайында, бүгінгі Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары: оғыздар, қимақтар, қарлұқтар туралы маңызды мәліметтер бар. Түркі тайпаларының орналасқан жерлері белгіленген “Дүние жүзінің картасы” берілген. әл-Истахридің еңбегін 10 ғ-дың соңында ибн Хаукал толықтырып, “Китаб әл-масалик уә-л-мамалик” (“Жолдар мен мемлекеттер туралы кітап”) деп атады. Оның жазбасына қарағанда олар бір тілде сөйлеген. әл-Истахри мен ибн Хаукал еңбектерінің маңызды бөлігі “Сурат әл-ард” (“Жер беті”) деп аталатын геогр. карта болып табылады. 10 ғ-да Қазақстан жері арқылы арабтың 2 саяхатшысы, ибн Фадлан мен Әбу Дулаф сапар шеккен. Ибн Фадланның “Рисала” (“Жазба”) еңбегінде араб халифатының астанасынан Еділ бұлғарларына барған елшіліктің сапары жазылған. Елшіліктің мақсаты хазарларға қарсы араб-бұлғар одағын құру, әрі бұлғарлар арасына ислам дінін орнықтыра түсу еді. Елшілік Бағдадтан 921 ж. маусымда шығып, 922 ж. мамыр айында бұлғарларға жетеді. Бұлар Хамадан, Рей, Нишапур, Мерв, Бұхара, одан Хорезм, Үстірт, Жайық арқылы Еділ бойына келді. Мұнда орыстар мен хазарлардың әлеум. және рухани өмірінен, Қазақстанның бүгінгі батыс облысытарын мекен еткен көшпелі түркі тайпалары: пешенек, башқұрт, әсіресе, оғыздардың этногр., шаруашылық, тарихи-геогр. жағдайынан маңызды деректер келтірілген. Ибн Фадлан 942 ж. Қытай мен Үндістанға жасаған саяхаты жайындағы сапарнамасын 2 “Рисалаға” (“Жазба”) жинақтады. Онда оғыздардың, қимақтардың, қарлұқтар мен жікілдердің шаруашылығы, діні мен тұрмыс жағдайы туралы деректер берілген. Жазбада автор көргенінен гөрі естігенін көп әңгімелейді. Бағдат қ-нда туған араб тарихшысы әрі географы әл-Масудидің (10 ғ.) шығармасы құнды тарихи деректеме болып табылады. Ол Үндістаннан Атлант мұхитына дейінгі, Қызыл т-ден Каспий т-не дейінгі аралықтағы елдерге саяхат жасап, ондағы түрлі қауым өкілдерімен араласып, дидарласу арқылы дүниетанымын кеңейтті. “Ахбар әз-заман” (“Дәуір тарихы”) атты 30 томдық тарихи-геогр. энциклопедиядан қысқа ғана үзінділер сақталған. Оның тарихи шығармаларынан “Мурудж әз-захаб уә ма(адин әл-жауахир” (“Алтын шайқайтын және жарқырауық тастар алынатын кен орны”) атты еңбегі ықшамдалған, ал “Китаб әт-танбих уә-ш-шираф” (“Ғибрат және қайыра қарастыру кітабы”) атты геогр. шығармасы толық күйінде жетті. әл-Масудидің еңбектерінде түркі тайпалары қимақтар, оғыздар, қарлұқтар, барисхандар, тоғыз оғыздар, хазарлар туралы құнды тарихи-этногр. деректер және ерте орта ғ-дағы Қазақстанның тарихи геогр-сы жайында бағалы мәліметтер берілген. Сонымен қатар Батыс Қазақстандағы 9 ғ-дың 2-жартысындағы тарихи оқиғаларға қысқаша тоқталады. әл-Макдиси (10 ғ.) шығармаларының ішінде оның өзі куә болған оқиғаларға негізделген тарихи-геогр. еңбегі маңызды орын алады. “Ахсан әт-тақасим фи марифат әл-ақалим” (986 ж.), (“Аймақтар жөнінде мағлұмат беретін таңдаулы тарау”) атты шығармасы елдер мен аймақтарды араб әдебиетінде толық та, жүйелі түрде сипаттайтын еңбек. Онда Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан, ондағы халықтардың тайпалық құрамы, қалалары мен елді мекендері, сауда жолдары, сауда-саттық заттары, шаруашылығы мен діни көзқарастары, тілі, әдет-ғұрпы жайында маңызды деректер келтірілген.
Қазақстанның түркі тілдес тайпалары туралы мағлұмат араб-испан географы Исхақ ибн әл-Хұсайынның (11 ғ.) “Китаб ахам әл-маржан фи сихр әл-мадаин әл-машһүр фи кулл макан” (“Дүние жүзінің әйгілі қалаларын сипаттайтын маржан қазына”) деп аталатын Андалусияда жазылған еңбегінде берілген. Оның түркілер жайындағы деректемелері Гардизи (11 ғ.), әл-Бируни (11 ғ.) және әл-Маруазидің (12 ғ.) анықтамаларына сәйкес келеді. Кітапта түркі халықтары, әсіресе, қимақтар жайлы этногр. және тарихи-геогр. маңызды мағлұматтар бар. Қазақстанның орта ғасырдағы бағалы деректемесі ретінде әл-Маруазидің (12 ғ.) “Табаи әл-хайуан” (“Жануарлардың табиғи қасиеттері”) шығармасын атауға болады. әл-Маруази салжұқ әулетіне жататын Мәлік шаһ (1072 — 92) пен оның мұрагерлері тұсында (Санжар билігіне (1118 — 57) дейін) сарай дәрігері болған. Оның шығармасында бірқатар деректемелерге, соның ішінде, әл-Жейханидің (9 ғ.) еңбегіне сілтеме жасалды. Онда түркі халықтары туралы соны этногр. деректер бар. Әсіресе, 9 ғ-дың басында қимақ, қыпшақ, оғыз тайпаларының қоныстануына едәуір ықпал еткен халықтардың қоныс аударуы туралы Қазақстан тарихы үшін аса бағалы мәлімет араб ғалымы әл-Идрисидің (12 ғ.) “Нұзхат әл-мұштақ фи-ихтирақ әл-араф” (“Аймақтарға сапар шегіп, шаршап-шалдыққан жанның ермегі”) атты ірі геогр. еңбегінде көрсетілген. әл-Идриси Сеутте туып, Кардовода оқыған. Жас кезінен көп саяхат жасап, Лиссабонда, Англияда, Францияда, Мароккода, Кіші Азияда болған. Автор геогр. шығармаларының бірін Сицилия королі Роджер 2-ге (1098 — 1154) арнаған. Онда Еуропа, Азия мен Африка елдері туралы егжей-тегжейлі жазылған. Шығыс Еуропа, Кавказ, Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген халықтар туралы этногр. және тарихи-геогр. сипатта жазылған маңызды деректер келтірілген. Орта ғасырдағы Қазақстан жерін мекендеген қимақ, қыпшақ, оғыз, қарлұқ, түргеш, азкиш сияқты түркі тайпаларының орналасуы, шаруашылығы, қалалары, сауда-қатынас жолдары, қолөнері сөз болады. Автордың кейбір мәліметтері бізге жетпеген жазба деректерден алынған. Солардың ішінде Шығыс Қазақстан даласынан шыққан, қимақ патшасы Жапақ ибн Хакан әл-Қимақидің (10-11 ғ.) шығармасы бар. әл-Идриси еңбегіндегі “Сурат әл-ард” (“Жер беті”) атты геогр. картада кеңінен көрсетілген геогр. және экон. объектілер шығарманың деректемелік құнын арттыра түседі. 13 ғ-дан бастап араб тілінде жазған ортағасырлық авторлар өз заманында өтіп жатқан оқиғалардан гөрі, өткен дәуірдегі тарихшы-географтардың еңбектерінен үзінділер келтіре жазуды мақсат ете отырып, біздерге жетпеген бірқатар шығармалардан бағалы деректер келтіреді. Әл-Идрисидің ізін қуушы араб географы Ибн Саидтың (13 ғ.) “Жеті аймақ туралы” шығармасы өзіне дейінгі деректемелерге сүйене жазылғанымен, Қазақстан мен Еділ бойының, Орта Азияның 13 ғ-дың ортасына дейінгі тарихи геогр-сын зерттеуде өз орны бар. Сондай-ақ, қимақтар, олардың татарлармен қарым-қатынасы туралы қызықты деректер берілген. Осы тектес деректемеге тарихшы-географ Закария әл-Қазуинидің де (13 ғ.) еңбектері жатады. Ол бірімен бірі сабақтас 2 тарихи-геогр. шығармаларымен танымал. Оның алғашқысы “Аджаиб әл-махлукат” (“Жаратылыс ғажаптары”), 2-сі “Асар әл-билад” (“Қалалар ескерткіші”) деп аталады. Бұл туындыларда түрлі аспан шырақтары, жердің жеті белдеуі (ықылым), мұхиттар, өзен-көлдер, жан-жануарлар дүниесі туралы мәліметтер, 9-10 ғ-ларда бүгінгі Қазақстан жерін мекендеген түркі тілдес оғыз, қарлұқ, жікіл, қимақ тайпалары жөнінде тарихи-этногр. деректер топтастырылған.Сириялық әд-Димашқи “Нұхбат әд-дахр фи аджаиб әл-барр уә-л-бахр” (“Құрлық пен теңіз таңғажайыптары жөнінде баяндайтын мерзімнен іріктеу”) атты космогр. үлкен еңбектің авторы. Оның шығармасы, көбінесе, араб авторларының 9-11 ғ-лардағы дәстүрлі шығармаларына негізделе жазылған. Дегенмен, түркі халықтары жөнінде, олардың орналасу жағдайы туралы тарихи-этногр. мағлұматтар берілген. Әсіресе автордың қыпшақтардың этник. құрамы жайындағы мәліметі құнды дерек болып табылады. Сирия ғалымы Йақұттың (13 ғ.) “Муджам әл-бұлдан” (“Елдердің тізімі”) атты геогр. анықтамасында моңғол басқыншылығы, моңғол әскерлерінің қыпшақ, алан, бұлғар және Саксин жерін басып өткендігі жайлы айтылады. Йақұттың замандасы әрі жақын танысы Ибн әл-Асир (13 ғ.) Сауд Арабиясы, Сирия, Палестинаға саяхат жасады. 1188 ж.
Салах әд-Диннің крест тағушыларға қарсы жорығына қатысты. Оның қаламынан бірқатар тарихи-библиогр. еңбектер және “әл-Кәмил фит-т-тарих” (“Тарихтың толық жазбасы”) атты ауқымды тарихи жылнама жарық көрді. Бұл шығармада моңғол жорығына дейінгі мұсылман дүниесінің тарихы баяндалады. Автор біздің дәуірімізге жетпеген құнды деректемелерді пайдаланған. Мұсылман әулеттері мен оған көрші орналасқан мемл-тердің (Араб халифаты, Самани, Қарахан, Хорезмшах әулеттері, қарақытайлар т.б.) саяси тарихы егжей-тегжейлі жазылған. Қазақстанның орта ғ-дағы тарихы үшін ежелгі түркілерге, қарлұқ, оғыз, қыпшақтарға қатысты саяси, этник., этногр. және мәдени сипаттағы мағлұматтардың маңызы зор. Ибн әл-Асирдің 1232 жылға дейінгі саяси оқиғаларды қамтитын тарихи еңбегінде моңғол шапқыншылығы, оның зардаптары баяндалған. Ибн әл-Асирдің замандасы хорасандық тарихшы, Хорезмнің соңғы шаһы Жәлел әд-Диннің сарай хатшысы және өмірбаяншысы ән-Несауидің “Сират ас-сұлтан Жәлел әд-Дин Манкбурни” (“Жәлел әд-Дин Манкбурни сұлтанның өмірі туралы”) атты еңбегінде түркі тайпаларымен, соның ішінде қыпшақтармен тығыз байланыс жасаған Хорезмнің ішкі, сыртқы саясаты, моңғол шапқыншылығы жайында құнды деректер келтіріледі. Шығармада Хорезм мен қыпшақ даласының достық қатынасы да, қарулы қақтығысы да баяндалады, қыпшақ қоғамының ішкі құрылысы, оның шаруашылығы, тұрмыс-жағдайы жайында мәліметтер бар.14-15 ғ-ларда мәмлүк (қыпшақ) әулеті билеген Египеттің Алтын Ордамен қарым-қатынасы жайында бірқатар тарихи шығармалар жазылды. Түркі әулеттері мен халықтары, елдері туралы тарихи геогр. құнды деректері бар әкімш. істерге қажетті энциклопедиялар жарық көрді. 13 ғ-да Египетте қыпшақтан шыққан әз-Захир Рукн әд-Дин Байбарыс сұлтанның (1260 — 77) өмірбаянына арналған тарихи еңбек жазылды. Шығарманың авторы — сұлтанның хатшысы Абд әз-Заһир. Шығармада Алтын Ордамен қарым-қатынас, Қырымнан Итилге (Еділге) дейінгі жолдар сипаттамасы, сол кезде Дешті Қыпшақ тайпаларымен араласып кеткен Қырым тұрғындарының тайпалық құрамы жөнінде этногр. мәліметтер беріліп, Алтын Ордадағы діни және идеол. жағдайлар туралы айтылады.Көрнекті тарихшы ән-Нувейридің (14 ғ.) “Нихаят әл-араб фи фунун әл-адаб” (“Араб пәндеріне қатысты тілек шегі”) атты энциклопед. еңбегі 5 бөлімнен құралған. Тарихқа арналған соңғы бөлімі кітаптың жартысына жуық көлемін қамтиды. Тарих тарауы негізінен көшірме, ал түпнұсқасында соңғы жылдардағы яғни 1331 жылға дейінгі деректер қамтылған. Автор түркі халықтары туралы тарихи-этногр. деректер келтіріп, “Қыпшақ еліне” қысқаша шолу жасайды, тайпаларының саны, ру тартысы жөнінде баяндайды. Өмірінің ұзақ жылдарын Мысырда (Египетте) өткізіп, ән-Насыр сұлтан (1347 — 51) тұсында мемл. хатшы міндетін атқарған дамаскілік әл-Омаридың “Масалық әл-әбсар фи-мамалық әл-әмсар” (“Қалалар иеліктеріне көз жіберу жолдары”) атты энциклопедиясының жеке томдарында Шығыс пен Батыс аралығындағы өзі білетін барлық мемлекеттер жайлы жазылған. Мұнда Шыңғысхан шапқыншылығының Орта Азия мен Еділ бойына, Кавказға тигізген әсері, Дешті Қыпшақ жеріндегі қалалар мен сауда жолдары, қыпшақтардың орналасуы, әдет-ғұрыптары туралы әңгімелейді. Саяхатшы ибн Баттутаның (14 ғ.) еңбектері де осы дәуірге сай келеді. Ол Танжер (Мағриб) қ-нда туып, сонда білім алып, қазылық қызмет атқарған. 25 жыл (1325 — 49) саяхатта болып, 150 мың шақырымнан аса жол жүрген. “Тухфат ән-нузар фи ғараиб әл-әмсар уә аджаиб әл-асфар” (“Қалалардың таңқаларлық ғажайыптары мен саяхат тамашасына тамсанушыларға тарту”) атты кітабында өзінің сапарлары жайында баяндайды. Түркі халықтарының тарихы үшін Алтын Орданың құрамындағы Қырымнан Еділ бойына дейін созылып жатқан Оңт. орыс даласы туралы жазғандары бағалы мәлімет. Астраханнан шыққан ибн Баттута Константинопольге соғып, одан Алтын Ордаға қайта оралып, Сарайдағы хан ордасында болады, Еділден өтіп Үстіртке, одан Хорезм, Бұхара, Ауғанстанға сапар шегеді. Еңбекте Қазақстан жері, қазіргі Ресейдің оңтүстігін мекендеген ортағасырлық қыпшақтардың шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті жайында өте бағалы дерек келтірілген.4-15 ғ-дағы арабтың көрнекті тарихшыларының бірі ибн Халдун. Ол Тунисте ауқатты отбасында туған. 1382 ж. Египетке қоныс аударды.
14 ғ-дың басында Сирияда болып, соңғы жылдарын Каирде өткізді. “Китаб әл ибар...” (“Ғибрат пен тәлімдік тәрбие кітабы”) деп аталатын еңбегі 3 кітаптан құралған. Оның 1-кітабының 1-бөлімінде немесе “Мұқаддимде” (Кіріспе) өзінің әлеум., филос. және саяси-экон. көзқарастары, қоғам мен мемл-тің дамуын, адамдардың мәдени және шаруашылық өмірін қамти отырып, адамзат мәдениетіне қатысты пікірлері жазылды. 1-кітап ежелгі халықтардың тарихы мен автор заманындағы шығыс мұсылман мемл-тері, оның ішінде Қарахан, Салжұқ, Хорезмшах, Мәмлүк мемл-тері, Таяу Шығыс пен Орта Азияда билік жүргізген моңғол әулеттерінің тарихын қамтиды. Ибн Халдунның еңбегінде түркі тайпаларының (оғыз, қимақ, қыпшақ) ерте ортағасырдағы тарихы жөнінде деректер мол.Египет тарихшыларының ішіндегі көрнектілері: ибн әл-Фурат (14 ғ.), әл-Қалқашанди (14-15 ғ-дың басы), әл-Махризи (14-15 ғ-дың басы), ибн Тагриберди (15 ғ.). Бұлардың еңбегінде Алтын Орда мен Египеттің қарым-қатынасы, түркі халықтары, әсіресе, қыпшақтар жөнінде қызықты деректер бар. Египет тарихшыларының ішінде ибн Арабшаһтың (15 ғ.) деректері ерекше құнды. Дамаскіде туған, бірақ бала кезінде тұтқындалып, Самарқанға әкелінген ол Хорезм, Астрахан, Сарай, Қырым, Түркістанда болып, Дамаскіге қайтып оралады. Кейін Каирге қоныс аударып, қалған өмірін сонда өткізеді. Ибн Арабшаһтың “Аджаиб әл-мақдур фи нәуаиб ахбар Тимур” (“Темірдің тағдырын шешкен ғажайыптар”) атты тарихи шығармасында Темірдің тонаушылық, басқыншылық жорықтары, Алтын Орданың саяси тарихы және тарихи геогр. жағдайы Оңт. және Батыс Қазақстан жерін мекендеген халықтар мен тайпалардың тарихы, этногр-сы жайында деректер берілген.
## Әдебиеттер тізімі
1.Тизенгаузен В.Г., Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды, т. 1, СПб., 1884;2. Крачковский И.Ю., Арабская географическая литература, Избр. соч., т. 4, М.-Л., 1957;3. Brockelmann C., Geschіchte der arabіschen Lіtteratur, B. 1, Weіmar, 1898;4.Арабская литература, Классический период, М., 1960; Кумеков Б.Е., Арабские и персидские источники по истории кыпчаков VІІІ-XІV вв., А., 1987. |
Петр Васильевич Аравин (23.6.1908 жылы туған, Пенза облысы Бековск ауданы Нарышкино ауылы — 23.5.1979, Алматы) — музыка зерттеушісі, профессор (1977).
Аравин Мәскеу консерваториясының музыка тарихы және теориясы факультетін бітірген (1938). 1938 — 1940 жылдары Архангельск қаласындағы музыкалық училищесінде және филармонияның халық шығармашылығы бөлімінде жұмыс істеді. 1941 — 1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. 1946 — 1948 жылдары Кишинев консерваториясының директоры болды. 1948 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы консерваториясында ұстаздық етті. “М.П. Мусоргский. А. Голенищев — Кутузовқа хат, П.Аравиннің түсіндірмесі” деген алғашқы теориялық еңбегі 1939 жылы жарық көрді.
Аравин қазақ музыкасын зерттеуде, оның ерекшелігін теориялық тұрғыдан талдауда мол мұра қалдырды. Оның мерзімді баспасөз құралдары мен әр түрлі музыкалық жинақтарда жарияланған “Дәулеткерейдің 3 портреті”, “Дәулеткерей күйлері”, “Ұлы күйші Дәулеткерейдің өмірі мен шығармалары”, “Домбыра құрылысының үндік жүйесі”, “Қазақ күйлерінің шарықтау құрылысы”, “Қазақ аспаптық музыка жанрлары”, “Құрманғазының музыкалық стилі мәселесі”, “Құрманғазы шығармаларындағы қоштасу жанры”, “Қазақ музыкалық фольклорындағы қоштасу жанрының әлеуметтік-эстетикалық табиғаты”, “Орыс ғалымдары 18 ғасыр мен 19 ғасырдың 1-жартысындағы қазақ музыка туралы”, “Батыс пен Шығыс музыкалық жүйесінің қарым-қатынас мәселесі”, “Қазақ әндерінің ырғақтық құрылысы”, “Шынтемір мен Мақтымсұлу жайлы аңыз” т.б. еңбектері қазақ муз-сын зерттеудегі өте құнды еңбектер болды.
## Шығармалары
* Куддус Кужамьяров, М., 1962;
* Великий кюйши Даулеткерей, А.-А., 1964;
* Ахмет Жубанов. Очерки творческой жизни, А.-А., 1966;
* Степные созвездии. Очерки и этюди о казахской музыке, А., 1978;
* Даулеткерей и казахская музыка 19 в. (монография), М., 1983.
## Дереккөздер |
Аравактар — Оңт. Америкада тұратын үндіс халықтарының бір тобы. Саны 400 мыңға жуық (1996), антропол. жағынан американ нәсілінің монғолид түріне, тілі — анд-эковаториалдық тілдер тобына жатады. Негізгі кәсібі — егін ш. еугістік үшін ормандағы ағаштарды өртеп, тазартып, ащы маниок жемісін өсіреді. Гаити мен Пуэрто-Рикода, Кубада, төменгі Ориноконың Венесуэлалық жағындағы жағалауында өмір сүреді. Атадан балаға мұра болып келе жатқан көсемдік және абыздық дәстүрі сақталған. |
Арай — жастарға арналған республикалық қоғамдық-саяси, әдеби-көркем журнал. 1987 жылдың сәуір айынан Алматыда айына бір рет қазақ тілінде шыға бастады.
Көлемі — 4 б.т. Орысша нұсқасы “Заря” деп аталды. “А.” журналы қазақ жастарының арасында беделді басылымға айналып, 1989 — 91 ж-дар арасында таралымы 300 мың данаға жетті. 1992 — 94 ж. журнал қаржы тапшылығына ұшырап, таралымы күрт азайды. 1995 жылдан жекешелендірілді. |
КАЛИЙ ТЫҢАЙТҚЫШТАРЫ– өсімдік қорегі ретінде қолданылатын құрамында калийі бар минералды заттар. Калий тыңайтқыштары табиғи калий тұздарынан алынады. Алғашқы калий тұздарының ірі кен орны 19 ғ-дың 40-жылдары Штасфуртта (Германия) табылды. Кейінірек Франция, Канада, АҚШ-та калий тұздары ашылды, хлорлы калий, калий селитрасы, калий сульфаты және т.б. өндіріле бастады. Калий тыңайтқыштары суда жақсы ериді, өсімдіктер тез сіңіреді, түрлі ауруға төзімділігін күшейтеді және дақылдар өнімділігін арттырады. Картоп, қант қызылшасын, көкөніс, темекі дақылдарына Калий тыңайтқыштары көбірек қажет. Калий картоп құрамында крахмалдың, тамыр-түйнекті дақылдарда қанттың, жемшөпте протеин мөлшерін арттырады. Калий тыңайтқыштарын топырақтың құрамына, тыңайтылатын дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне, тыңайтқыштардың химиялық қасиеттеріне байланысты әр түрлі мөлшерде шашады. Негізгі тыңайтқыш ретінде күзде не көктемде жер жырту не культиваторлау кезінде қолданады. Қант қызылшасын, картоп, жүгері және кейбір көкөніс дақылдарын Калий тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіреді. Бұл кезде Калий тыңайтқыштарын азот және фосфор тыңайтқыштарымен бірге қатар аралықтарына 10 – 12 см тереңдікке (20 – 30 кг/га К2О) шашады. Қазақстанның Батыс Қазақстан облысы/Батыс Қазақстан облысында, Қаратауда, т.б. жерлерде Калий тыңайтқыштарының мол табиғи қорлары бар.
## Сілтемелер |
Аралас егіс — бір танапта дақылдың екі не одан көп түрін бір уақытта өсіру. Оның біржылдық дақылдар қоспасы, сүрлемдік және бұршақ тұқымдас дақылдар қоспасы, көпжылдық шөптер және бұршақ тұқымдас дақылдар қоспасы сияқты үш түрі бар. Біржылдық дақылдар қоспасы (судан шөбі мен сиыр жоңышқа, арпа не сұлы мен асбұршақ) республиканың солт. аймағында егіледі. Мыс., судан шөбі таза егістігінің әр га-нан 37 ц, оның асбұршақпен қоспасынан 43 ц, сиыр жоңышқа мен сұлы қоспасынан 59 ц пішен өнімі алынады. Сүрлемдік және бұршақ тұқымдас дақыл қоспасы (яғни сүрлемдік жүгері мен соя) Қазақстанның барлық аймақтарында егіледі. Мұнан алынған жемшөп өнімінің құрамындағы қорытылатын протеин мөлш. 30-35% артады. Көпжылдық шөптер және бұршақ тұқымдас дақылдар қоспасының түрлері (беде мен қылтықсыз арпабас, эспарцет пен еркек шөп және беде, жима тарғақ, беде мен шалғындық бетеге т.б.) өте көп. Ол жергілікті жердің ауа-райына байланысты таңдалады. Жалпы А. е. ылғалды, жарықты, топырақ құнарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп, таза егістермен салыстырғанда әр га-дан алынатын өнімді арттырады. Өнімнің сапасын жақсартады, қорытылатын протеин мөлшерін жоғарылатады. Тиімді агротехникалық шараларға: шөп түрлерін дұрыс таңдау, олардың қолайлы арақатынасын, себу мөлшерін, егу тәсілін белгілеу т.б. жатады. Бұршақ, астық тұқымдас дақылдардың көк балаусасы бірінші дақыл гүлдей бастаған кезде немесе жаппай гүлдегенде орылып алынады. |
Араб жазуы (араб.: أَبْجَدِيَّة عَرَبِيَّة; әбджәдиййә ‘арабиййә) — ежелгі Вавилониядағы (б.з.б. 2000-шы ж.) аккад, шумер тайпаларының жазба әріптері негізінде пайда болған көне жазулардың бірі. Оңнан солға қарай жазылады. Бас әріптері болмайды. Әріптер бір-біріне қосылып жазылады.
Араб жазуында 28 әріп бар. Олардың үшеуі (а, и, у) созылыңқы дауысты дыбыстарды, қалғандары дауыссыз дыбыстарды бейнелейді. Дауыссыз дыбыстардың асты-үстіне харакаттар (көмекші белгілер) қойылады. Бұл белгілер Құранда, сөздікте, оқу құралдарында міндетті түрде қойылып, ал қалған кездерде қойылмауы мүмкін.
Құснихат үлгілерінде Араб жазуының сулс, куфа, сулх, парсы, диуани, насталих, т.б. түрлері пайдаланылады.
Араб жазуы қазіргі кезде барлық араб елдерінде, ислам дінін ұстанатын бірқатар мемлекеттерде (Индонезия, Үндістан, Иран, Ауғанстан, Кавказ елдері және Орта Азия, т. б.) қолданылады.
## Араб жазуының тарихы
Араб тілінің жазылу тарихына келер болсақ, жаһилиет дәуірінде арабтарда жазу дамыған жоқ. Арабтар өз араларында тек келісімшарттар жасаған уақытта ғана жазатын еді. Сонымен бірге басшылар арасындағы хаттар. Бәдәуи арабтар хат жазуды намыс санап тек жаттап алатын.
Келісімшарттар мен хаттардан басқа жәһилиет дәуірінің шайырлары өз шығармаларын қағазға түсіретін.
Йемен халқы б.з.д. 1000 жыл бұрын жазу қолданған. Діни қағидалар мен заңдарын тастарға қашап жазған. Бірақ жазуды күнделікті өмірде қолданғаны туралы нақты мәлімет жоқ.
Қазақстанда Араб жазуы ислам діні арқылы 7-9 ғ-лар аралығында таралған. Әл–Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, С. Бақырғани т. б. ғұламалар Араб жазуын өздері туып-өскен орталарында үйренгені, сол дәуірлерде арабша оқытатын медреселер болғанын көрсетеді. Араб жазуы алғашқыда “қадым”, кейін “төте” жазу үлгілері түрінде Қазақстанда 1928 ж-ға дейін пайдаланылып келді.
## Әріптер кестесі
* Алты әріп (араб.: و ز ر ذ د ا) сөз басында жеке-дара жазылуы қажет.
## Қосымша белгілер
* Һамза
* Та марбута («сөз соңындағы та»)
* Алиф максура («қысқартылған алиф»)
### Лигатуралар
Араб жазбасында лигатураларды кең таралған. ләм + ’әлиф лигатурасы жазылуы бір түрде жазылуы міндетті лигатураға жатады, оның екі түрі бар. Басқа лигатуралар (йā’ + мӣм, etc.) ерікті түрде жазылады.
## Абджәд - Дауыссыз әріптерді белгілеу жүйесі
28 әріптің, әліф-тен басқасы дауыссыз болып табылады. Әріптердің оқылуы әріптің сөздің ішінде орналасуына байланысты өзгеріп тұрады.
Алиф — араб алфавитіндегі жалғыз дауысты дыбысты әріп.
## Юникодтағы белгіленуі
## Транслитерациясы
Кестеде араб жазуының кириллица мен латиницаның стандартты жүйелерімен сәйкестік және интернетте кең таралған латиницаға транслитерациясы көрсетілген.
Араб жазуының латиницаға транслитерация жүйесі ISO 233 халықаралық стандартта белгіленген. .
## Клавиатура
1987 жылдан бастап компьютер клавиатурасында араб әріптердің стандартты орналасуы ASMO-663 қабылданған. Бірақ осы күнге дейін әртүрлі компьютер жүйелерінде әріптердің стандарталмаған орналасуы қолданылады. Қазіргі таңда ең кең таралған орналасуы - IBM OS/2 және Microsoft Windowsтағы стандарттар. Бұларға MSX компьютерлердегі және MS-DOSтың араб нұсқасындағы, Linuxта негізделген компьютерлердің клавиатурасы сәйкес келмейді.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.