text
stringlengths 3
252k
|
---|
Бірлестік суғару жүйесі , Алматы облысы Сарқант ауданында 1952 ж. іске қосылған. Бастауын Сарқант өзенінен алады. Суғаратын жер аумағы 2242 га. Арналары мен арықтардың жалпы ұзындығы 10,1 км. Жүйе құрамында 7 гидротех. қондырғы және 1 бас тоған бар.
## Дереккөздер |
Бір өркешті түйе, аруана, дромедар (лат. Camelus dromedarius) – сірітабандылар отрядының түйелер тұқымдасына жатады. Денесінің ұзындығы 3 – 3,5 м-дей, биіктігі 2 – 2,5 м. Жон арқасында бір ғана өркеші болады, жүні қысқа және ашық қоңырқай түсті. Салм. 450 – 650 кг. Алдыңғы аяқтарының табаны тұтасып кеткен. Құйрығы біршама ұзын. Мойны иіліп келген, көздері үлкен, қабақтары қалың, құлақтары шағын. Танау тесігі саңылау пішінді. Үстіңгі ерні екі айырланып келген. Б. ө. т. құрғақшылыққа, ыстыққа өте төзімді жануар, бірақ қатты суыққа шыдамсыз. Жақсы жүгіреді. Сондықтан араб елдерінде Б. ө. т-ні дәстүрлі түйе жарыстарына қосады. Оларды шудасы, сүті, дәмді еті үшін өсіреді әрі шөл дала үшін теңдесі жоқ көлік ретінде пайдаланады. Терісінен түрлі бұйымдар жасалады. Б. ө. т-ні кейде сыңар өркешті түйе деп те атайды.
## Тағы қараңыз
* Аруана
## Дереккөздер |
Біртабан — Ақмола облысы Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019-жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қорғалжын кентінен оңтүстікке қарай 10 км-дей жерде, Біртабан көлінің шығыс жақ жағасында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 144 адам (75 ер адам және 69 әйел адам) болса, 2009 жылы 23 адамды (12 ер адам және 11 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Бұршақ бітесі (лат. Acyrthosiphon pisum) – теңқанаттылар отрядының бітелер тұқымдасына жататын жәндік. Дүние жүзінде кең тараған. Қазақстанның орманды-дала және далалы аймақтарында кездеседі. Дене тұрқы 4 – 5 мм-дей, жасыл түсті. Бұршақ бітесі – ас бұршақ, жасымық, сиыр жоңышқасы, беде, эспарцет, т.б. бұршақ тұқымдастарына жататын өсімдіктердің қауіпті зиянкестері. Бұршақ бітесі күзде бұршақ тұқымдас өсімдіктерге жұмыртқа салады. Қыстап шыққан жұмыртқалардан ерте көктемде дернәсілдер жетіліп шығып, олар ұрғашы бітеге айналады. Көктемнен күзге дейін 10 ретке дейін партеногенездік (жыныссыз) жолмен көбейеді. Бір ұрпақтың жетілуіне 10 – 15 күн керек. Әсіресе, жауын-шашынды жылы тым көбейіп кетеді. Бұршақ бітесі түскен өсімдік әрі қарай өспей, бірте-бірте солып, қурап кетеді. Күрес шаралары: егістікке культивация жүргізу, бұршақ тұқымдас өсімдіктерге инсектицидтер шашу.
## Дереккөздер |
Біртесіктілер (Monotremata) – жұмыртқа салушы сүтқоректілер класс тармағының жалғыз отряды; қазіргі кездегі сүтқоректі жануарлардың ең қарапайым тобы. Б. Австралия, Тасмания және Жаңа Гвинеяның орманды алқаптарында, далалы аймақтарында, сирек бұталы жерлерде кездеседі. 2 тұқымдасының (үйректұмсық пен түрпі (ехидна)) 3 түрі бар. Денесінің ұзындығы 30 – 80 см, дене пішіні жұмырланып келген. Қысқа аяқтары ін қазуға және жүзуге жақсы бейімделген. Артқы және алдыңғы аяқтарында бес саусақтары болады. Құлақ қалқаны жоқ, көздері кішкентай, олар суға сүңгігенде тері қатпарымен жабылады. Денесін жапқан түгі қатты қылшықты, түбі мамықты (ехиднаның денесін тікен жапқан, құйрығы әрең көрінеді). Тері астындағы бұлшық ет қабаты қалың. Сүт бездері түтікше тәрізді, олардың өзектері аналығының құрсақ жағына ашылады. Жамбас белдеуінде қалталы сүйегі болады, бірақ оның қандай қызмет атқаратыны анықталмаған. Миының көлемі біршама үлкен. Алдыңғы мидың иіс сезу бөлігі өте үлкен, сондықтан иіс сезу мүшесі жақсы жетілген. Қарнында ас қорыту бездері болмайды. Ішегі клоакамен аяқталады. Зәр жолдары, жыныс өзектері клоакаға ашылады. Б-дің дене температурасы басқа сүтқоректілермен салыстырғанда, төмен болады. Мыс., үйректұмсықтарда 32,2°С, ал ехидналарда 31,1°С. Олар ымырт жабылғанда, түнде белсенді. Судағы омыртқасыздармен қоректенеді. Табиғи жағдайда 30 жылдай өмір сүреді. Үйректұмсықтың терісі бағалы, қазіргі уақытта аулауға тыйым салынған. Б-лер жер бетінде тіршілік ететін сүтқоректілердің ішіндегі ең улысы болып саналады. Аталықтарының аяқтарында болатын сүйекті өскінінде қоймалжың улы зат жиналады. 1 түрі – проехиднасы өте сирек кездесетін жануар болғандықтан Халықар. табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Дереккөздер |
Біршоғыр – Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы Үлкен Бақтыбай тауының солтүстігінде 6 км жердегі тау.
## Жер бедері
Абсолюттiк биіктігі 638 м. Тау солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта созылып жатыр. Мұғалжар тауының оңтүстік бөлігіндегі оқшауланған тау массиві.
## Өсімдігі
Қоңыр қызғылт топырағында жусан, боз, селеу, қозықұлақ, қылқұрт, бұталар өскен. Солтүстігінен Ақтөбе – Шалқар темір жол және автомобиль жолдары өтеді.
## Дереккөздер |
Бэр төбешіктері – ендік бағытта біріне-бірі қатарлас жатқан, ұзынша келген қырқалар.Негізінен хвалын кезеңінің құмды-сазды жыныстарынан қат-қабатталып түзілген, гипстелген, тұзға қаныққан, кейде сілтісізденген төбешіктерден құрылған. Каспий маңы ойпатының оңт. бөлігінде, Кума (Ресей) және Жем (Ембі) өзендерінің төм. ағыстары аралығында кездеседі. Биікт. 10 – 45 м, ұзындығы 25 км, ені 200 – 300 м, арақашықтығы 1 – 2 км шамасында. Құм мен тығыздалған саздан түзілген. Құмды қырқалар арасындағы сайларда (қолаттарда) тұзды көлдер, сор және тақырлар орын алған. Акад. К.М. Бэрдің пікірінше (1856), төбешіктер Каспий деңгейінің күрт құлдырауы салдарынан теңіз түбінен пайда болған. Көптеген геоморфологтар (Федорович және т.б.) төбешіктердің пайда болуын жел әрекетімен (эолдық) байланыстырады. Өйткені Еділдің атырауында таза құмнан тұратын ендік бағыттағы қырқалар жиі кездеседі. Каспий маңы ойпатының оңт. етегінде кездесетін Б. т-не ұқсас жергілікті шоқылар тектоник. жолмен пайда болған және тұзды күмбездермен де байланысты. Сондықтан төбешіктердің пайда болуына теңіздің, эрозиялық әрекеттің, кейіннен эолдық өңдеудің әсері болған. Б. т-н алғаш рет сипаттап жазған Бэр болғандықтан соның есімімен аталған.
## Дереккөздер |
Бітік бөгені — Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы жерінде, Көшім өзені бойында орналасқан. 1970 жылы Жайық-Көшім суғару-суландыру жүйесінің құрамында іске қосылды.
## Гидрологиялық сипаты
Су көлемі 106,7 млн. м³, айдыны 53,01 км². Су жиналатын алабы 653 км². Бөген егістік суғару және жайылымдарды суландыру үшін пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Біршоғыр тас көмір кен орны — Ақтөбе облысы Жем қаласының оңтүстік-батысында 55 км, Біршоғыр темір жол стансасының оңтүстік-шығысында 7 км жерде орналасқан.
## Жатыс сипаты
Онда 11 көмір қабатының кені бар. Өнімдік қабатының қалыңдығы 0,4 – 1,15 м. Қабат қуаттылығы мен күлі бойынша түскен салмаққа шыдамай, жеке бөліктерге бөлінген. Ылғалдылығы 2,6%, күлі 41,9%, күкірті 2,6 – 4,0%. Көмірдің жылу беру мөлшері шамамен 3,6 – 5,2 ккал. Кен орны энергетикалық және клирингті-дюренді маркасына жатады. |
«Біршоғыр» – таза ауамен, қымызбен емдейтін санаторий. Ақтөбе облысы Шалқар ауданында, Мұғалжар тауының шығыс беткейінде, теңіз деңгейінен 400 м биіктікте орналасқан. Қазақ т. ж. бойында. 1910 ж. жергілікті денсаулық сақтау орнына бағынышты санаторий болып ашылған. Бұл санаторийде өкпе туберкулезімен ауырғандар емделеді. Бұл жердің ауа райы құрғақ, жазы жылы, қысы салқын. Жылдық орташа температурасы 4,7°С. Негізгі емі – таза ауа, қымыз, түрлі дәрі-дәрмек, дене шынықтыру. Науқас адамдарды емдейтін бірнеше физиотерапия кабинеттері, ауруды зерттейтін рентген және арнайы лабораториялар бар.
## Дереккөздер |
Вадоз сулары – қар, жаңбыр, өзен, көл, теңіз суларының әр түрлі таужыныстарға сіңуінен пайда болған, табиғаттағы су айналымына қатысатын жер асты сулары. Жер бетіне таяу жатқан топырақ, грунт, артезиан сулары түгелінен, тым терендегі сулар мен гейзерлердің негізгі бөлігі вадоз суларына жатады. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда Қазақстандағы Вадоз суларының жылдық мөлш. 35 – 40 млрд. м3.
## Дереккөздер |
Вагай-есіл шоқысы – Батыс Сібір платформасының тектоник. тұрғысының дұрыс құрылымы. Шоқының қатпарлы іргесі Батыс Сібір жазығының оңт-ндегі аса терең емес қатпарлы бедері саналады. Құрылымның дамуы Батыс Сібір тақтасы жазығының жалпы еңіс және Қазақтың қатпарлы-қыртысты (Сарыарқа) аумағындағы дұрыс тектоник. қозғалысы әсерінен пайда болды. В.-Е. ш. Солт. Қазақстан және Құртамыш моноклиналі мен Батыс Сібір жазығының ішкі облыстарына бір бағытта төмендей құлайтын тектоник. құрылымның жалғасы болып табылады. Есіл-Тобыл өзендері аралығындағы шөгінді қабатының қалыңдығы Преснов а. тұсында (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында) 400 м-ге жуық, Булаев қ. тұсында – 1800 м.
## Дереккөздер |
Бірінші май тоғандары (БӨГЕНДЕРІ), Алматының солт.-батысындағы жасанды су қоймалары. 1960 ж. Ащыбұлақ өзені бойында салынған. Бөгеттермен үшке бөлінген және су жіберіп тұратын каналдары бар. Жалпы су сыйымд. 4,2 млн. м3, ұзындығы 1,2 км, ені 58 км, ең терең жері 11 м. Жыл мезгілдеріне қарай суы реттеліп отырады. Суында балық бар. Жағалау бойы қалалықтардың жазғы демалыс орны саналады.
## Дереккөздер |
Ванадий кентастары – құрамында ванадий элементі бар табиғи минералдық шикізат. Басты минералдары: ванадинит, деклуазит, купродеклуазит, карнотит, роскоэлит, патронит, түйемойнит. Ванадий өндірілетін кендерден ванадиймен қатар темір, титан, уран, мырыш, қорғасын, мыс, молибден, алюминий, фосфор алынады. Ванадий кентастары магмалық, жапсарлы-метасоматиттік, экзогендік (шөгінді және тотығу белдеміндегі) және метаморфогендік болып бөлінеді. Магмалық кендердің құрамында титан-магнетит, магнетит-ильменит, ильменит-гематит, ал жапсарлы-метасоматиттік (скарндық) кендерде магнетит, гидротермальдық кендерде магномагнетит кездеседі. Экзогендік кендерде ванадий кентастары бірнеше түрлерге ажыратылады: деклуазитті, купродеклуазитті және ванадитті қорғасын-мырыш; мысты кентастардың тотығу белдемдері; карнотитті, түйемойнитті және роскоэлитті шөгінділер; ванадийлі фосфорит; ванадийлі мұнай (1%-ға дейін V2O5), т.б. Метаморфогендік кендерде ванадий кентастары кристалдық тақтатастарда және габбро-амфиболиттерде түзіледі. Қазақстанда ванадий кентастары Қаратаудың солт.-батысында, Талас Алатауы мен Теріскей Алатауында, кембрийдің көмір-кремнийлі тақтатастарынан табылды.
## Дереккөздер |
Бізжапырақ (Polycnemum) – алабұталар тұқымдасына жататын бір сирек көп жылдық өсімдіктер туысы. Қазақстанда тасты, тастақты тау беткейлерінде, құмды, құмдақты, тыңайған жерлерде өсетін 3 түрі (егістік Б., көп жылдық Б., ірі Б.) бар. Олардың биікт. 3 – 20 см, сабақтары бұтақталған, сыртын түк жапқан. Жапырақтары үшкір біз сияқты, тікенді, кезектесіп орналасады. Гүлдері ақшыл түсті, қос жынысты, ұсақ. жеке-жеке жетіледі. Аталығы 3, аналығының мойны қысқа болады. Шілде – қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі жұқа жеміс қапты, тұқымы қара түсті.
## Дереккөздер |
Введенский қасқыржемі (лат. Asparagus vvedenskyi) – қасқыржемдер тұқымдасының қасқыржем туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның тек қана оңтүстігінде, Әлімтау тауының беткейлеріндегі қызыл балшықты жерлерінде өседі. Биіктігі 30 – 60 см. Тік сабағына имектеліп келген жай бұтақтары орналасады. Көкшіл сұр түсті. Гүлдері бұтақ түбіне орналасқан. Гүлтұғырының ұзындығы 8 мм-дей. Тұқымынан және вегетативті (өсімді) жолмен көбейеді. Сәуір айында гүлдеп, шілдеде жеміс салады. Жидегі домалақ, ақшыл түсті. Введенский қасқыржемі өте сирек кездесетін эндемик болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Дереккөздер |
Велихов ванадийлі титан магнетит кен орны - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Батамша ауылының солтүстік-батысында 20 км жерде орналасқан.
## Құрамы
Іздестіру-барлау жұмыстарының нәтижесінде кен құрамында темір, платина және палладий бар екені анықталды. Болжам бойынша 300 м тереңдікке дейінгі қоры 1300 – 1400 млн. т. Кен орны ашық әдіспен өндіріледі.
## Дереккөздер |
Велихов мәрмәр кен орны - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы жерінде.
## Жатыс сипаты
Мәрмәрдың жайпақ өнімдері кен орнының орталығы және оңтүстік-батыс бөлігіндегі жоғары бетте орналасқан. Ақ және ақ сұр түсті келеді. Тереңдігі 5-7 м-ге дейінгі деңгейде сұр, дақ түскен қоңыр сұр брекчийлі (женттасты) түрлері бар. Жылтыр өң береді. Кен орнының аумағы 2000 м2. Пайдалы қабаттың қалыңдығы 5-0 м.
## Дереккөздер |
Варвара мысты-алтынды кен орны , Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы жерінде орналасқан. Кен орны 1980 ж. ашылып, барлау және бағалау жұмыстары 1983 – 93 ж. аралығында жүргізілді. Аумағында 4 кен белдемі (Батыс, Орт., Солт.-Шығыс, Приречная) анықталған. Кен белдемдері аймағында қуатт. 1,0-ден 7,0 м болатын 50 шақты өндірістік кен денелері ашылған. Кен орны кешенді, мысты-алтынды. Құрамында алтын 0,2 – 73,5 г/т, мыс 0,06 – 1,5 г/т, күміс 5 – 60 г/т, висмут 0,5%-дан, теллур мен селен 600 г/т-ға дейін бар. Кентас минералдарынан көп тарағандары пирит пен халькопирит, ал орсенопирит жаппай таралған. Шикізат қорлары бойынша ірі кен орнына жатады. |
Весенний аралшың мыс-мырыш кен орны , Ақтөбе облысы және Ресейдің Орынбор облысы шекарасында, Ақтөбе қ-нан шығысқа қарай 165 км жерде орналасқан. Мұнда тұтасып жатқан он кентас денесі (90%) және 20 – 600 м тереңдікте шоғырланған мыс-мырыш кентасы бар. Мыс қоры 345,1 мың т, мырыш 310,4 мың т, кентастың 1 т-сында 0,2 г алтын, 14 г күміс, 4 г селен, 0,051% кобальт, 0,011% кадмий бар. Ақтөбе облысы жерінде кентас қорының 51,8%-ы шоғырланған.
## Дереккөздер |
Висмут кентастары –құрамында висмуты бар минералдық шикізат. Бұл қатарға жеке В. к. мен құрамында висмут бар түсті және асыл металдардың кешенді кентастары кіреді. В. к-ның басты минералдары висмут, висмутин, козалит, айкинит, тетрадимит, теллуровисмутит, бисмит, бисмутит. В. к-нда, сондай-ақ қорғасын, мыс, күміс, алтын, кобальт, никель кездеседі. В. к. эндогендік және экзогендік жағдайда түзіледі. Эндогендік кендер гранитоид кешендерінің соңғы сатыларымен байланысты. Олардың түзілуі, негізінен, грейзендік, скарндік және жоғары темп-ралы гидротермальдық. Экзогендік жағдайда түпкі кендердің бұзылуынан түрлі генезисті шашыранды кенқорымдар түзіледі. Қазақстанда В. к. Сарыарқаның сирек металл кендерінде және Кенді Алтайдың полиметалл кендерінде шоғырланған. |
Виталий шөмішгүлі (Aquіlegіa vіtalіі) – сарғалдақтар тұқымдасы, шөмішгүл туысына жататын көп жылдық өсімдік. Жетісу (Жоңғар) Алатауының жартастарында, тасты, шалғынды тау етектерінде, Шымбұлақ, Көксу, Ақселбайсай өзендерінің көлеңкелі жағалауларында кездеседі. Биікт. 30 – 65 см. Тамыр жапырақтары қосарланған үш бөлікті, ұзын сағақты, сына тәрізді үш қалақты бөліктерге бөлінген. Гүлдерінің диам. 4 – 5 см. Тостағанша жапырақшалары боз-көкшіл, күлтелері ақ, көкшіл, сирек көк түсті. Гүлтегеуріні 1 – 2,5 см, дөңгелек, бүктетіліп келген. Тұқымынан көбейеді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Жемісі – безді жапырақша (саны 5 – 10). Әсемдік өсімдік. В. ш. өте сирек кездесетін эндемик өсімдік, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Виталий шөмішгүлі — сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік сілемдерінің (Шолактауының, Суаттаудың, Алтын Емел жотасыньщ, Шымбұлақ, Көксу өзенінің) жартас жарықшаларында, жылға, өзен шатқалдарында өседі. Биіктігі 30-65 см. Дегелек жапырақтары ұзын сағақты, сына тәрізді ұшқұлақты бөлікшеден тұрады. Сабақтарының гүлі сирек. Тостағаншалары ақшыл көгілдір түсті. Күлтелері ақ, сирек көгілдір түсті. Маусым-шілдеде гүлдеп, шілдеде жеміс салады. Әсемдік өсімдік. Сирек кездесетін, эндемикалық Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
## Дереккөздер |
Верещагин саздақшөбі (Lіmnas veresczagіnіі) – астық тұқымдасы, саздақшөп туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Алтайдың тасты тау беткейлері мен шалғынды жерлерінде өседі. Биікт. 50 см, қысқа тамырсабақты. Жапырақтары ұзын, жалпақ кейде аздап оратылып тұрады. Сыпыртқысы қысыңқы, ұзындығы 3 – 9 см. Масағы қоңыр сары түсті. Тұқымынан көбейеді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. В. с. өте сирек кездесетін эндемик түр, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. |
Виттрок рауғашы (лат. Rheum wittrockii) – тарандар тұқымдасы, рауғаш туысына жататын көп жылдық өсімдік. Батыс және Солт. Тянь-Шаньның тау жоталарындағы орманды алаңдарда, бұталардың арасында, шалғындық алқаптарда кездеседі. Биікт. 1 м-дей, тамыры жуан, сабағы тік өседі. Жапырақтары ірі, пішіні жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 40, ені 30 см-дей, қысқа сағақты. Гүлдері ақ немесе қызғылт түсті, олар шашақты сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – домалақ не бүйрек тәрізді жаңғақша. Жұқа қызыл қанаты болады. В. р-ның жылдан-жылға таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Виттрок рауғашы — тарандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Батыс және солтүстік Тянь-Шань жоталарының орманды аландарында, тасты беткейлерінде, шалғындарында өседі. Тамыр сабағы жуан, сабағы тік, биіктігі 1 м-дей. Жапырақтары ірі, олардың тақташалары жұмыртқа пішінді-үшбұрышты, Ұзындығы 40 см-дей, сағақтары жіңішке, қысқа. Гүлшоғыры — сыпыртқыгүл, гүлдері ақ немесе алқызыл түсті, гүлсағақтары келте болады. Мамыр-шілдеде гүлдейді. Жемісі — дөңтелек немесе бүйрек пішінді, қоңыр түсті жалпақ жұмыртқа тәрізді жаңғақшасы бар. Дәрілік, өсемдік, тағамдық өсімдік. Азайып бара жатқан түр болғандықтан Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
## Дереккөздер |
Возрождение аралы — Арал теңізінің батыс бөлігінде орналасқан. Оны орыс зерттеушісі А.Н. Бутаков 1848 ж. алғаш рет сипаттап жазған. Арал солтүтіктен оңтүстікке қарай 150 км-ге созылған, енді жері 60 км-ге жуық, абсолюттік биіктігі 93 метр.
Жер бедері, негізінен, тегістеу келген, аласа құм төбешіктер мен саяз ойыстар кездеседі. Аралда шөлейттік белдемге тән өсімдіктер өседі. Солтүстік-шығысында Возрождение, ортасында Қантүбек елді мекендері орналасқан. Бұрын толығымен Өзбекстан аумағында жатқан арал, теңіз суының тартылуына байланысты аумағы 3 – 4 есе ұлғайды, су астынан аралдың қазақстандық бөлігі пайда болды. Соңғы деректерге қарағанда арал оңтүстік жағалаумен жалғасып түбекке айналды. Возрождение аралында Кеңес үкіметі кезінде химиялық-бактериялық қарудың сынақ алаңы болған.
## Дереккөздер |
Волын әктас кен орны - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында, Қарағанды синклинорийінің солтүстік-батысында орналасқан. 1945 жылыәктастың құрылысқа жарамдылығын анықтау мақсатында іздестіру-барлау жұмыстары жүргізілді. 1970-1972 жылдары барланды.
## Геологиялық құрылымы
Өнім төменгі тас көмірдегі Кассин қабатынан алынады.
## Жатыс сипаты
Әктастар тығыз орналасқан, ұсақ кристалды, тұтасқан, жарықшақты сәл карст құбылысына ұшыраған. Кен қабатының қалыңдығы 216-630 м. Шикізат 70-170 маркалы бетонды, конвертер әгін, кальций карбидін, цемент өндіруге қажетті қиыршықтас ретінде қолданылады. Кенді 1946-1961 жылдары Қарағанды құрылыс материалдар тресі пайдаланды, ал 1961 жылдан Қарағанды металлургия комбинаты флюс ретінде, ал «Карбид» бірлестігі кальций карбидін алу үшін қолданып келеді.
## Дереккөздер |
Арнасай бөгені (Вячеслав су қоймасы) — Есіл алабындағы жасанды су айдыны.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Аршалы ауданындағы Арнасай ауылынан шығысқа қарай 3 км-дей, Астана қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 45 км-дей жерде орналасқан.
## Гидрологиялық сипаты
Су айдынының аумағы – 60,7 км², ұзындығы – 11,2 км, енді жері – 9,8 км, орташа тереңдігі – 6,3 м, ең терең жері – 25 м. Су сыйымдылығы – 410 млн м³, су жиналатын алабы – 447 км², жағалау бойының ұзындығы – 80 км. Суы егістік суаруға (3,7 мың га), жайылымдарды суландыруға және өнеркәсіп кәсіпорындарын сумен қамтамасыз етуге пайдаланылады. Арнасай бөгені Астана қаласын ауыз сумен қамтамасыз ететін басты су көзі саналады.
## Дереккөздер |
Гагарин шыңы – Іле Алатауының солтүстік бөлігіндегі Қарғалы тау сілемінде, Проходная (Өтпелі) және Қарғалы өзендерінің суайрығында.
## Географиялық орны
Алматы облысы жерінде. Биіктігі 4300 м. Гагарин шыңы пирамида секілді. 1961 жылы Қазақстан альпинистері шыңға көтерілгенде, оған тұңғыш ғарышкер Ю.А. Гагариннің есімі берілді. Шыңға алғаш рет С.Кудерин мен А.Марьяшев көтерілді (1951).
## Дереккөздер |
Галит (Үлгі:IPA-en) тас тұзы, ас тұзы – хлоридтер класының минералы. Хим. формуласы NaCl. Кубтық сингонияда кристалданып, түйіршік масса, қабыршақ, талшық пішінді агрегаттар түзеді. Галит мөлдір, түссіз ақ, кейде түрлі түсті болады, көбінесе сильвинмен бірге кездеседі. Қатт. 2, менш. салм. 2,1 – 2,2 г/см3, шыныдай жылтыр.Шөгінді жыныстар арасында Галиттің қалың қабаттары кездеседі. Ол климаты ыстық, қуаңшылық аймақтардағы су алаптарында (шығанақ, көл) өздігінен тұнады. Қазақстанда Галиттің ірі кендері Каспий, Арал теңіздері маңында бар. Галит тамақ өнеркәсібінде, қара металлургияда күкірт қоспаларын жою үшін, инертті газдарды (гелий, неон, аргон, т.б.) тазартқыш ретінде, электртехникада натрий құрамды сымдар жасауда пайдаланылады.
Агрегаттары. Өз бетімен көлдерде тұнған тұздар көбінесекристалды түйіршіктерден құралған қабыршақ кесектер түріндеболады. Олар кейде тығыз, кейде кеуекті келеді. Кристалдардыңтіркеліп өскен әдемі қоспақ , друза түрлері кездеседі. Тұзды сорлардың бетінде, су тез буланғанда, тұз кристалдарының тамашақауашақ қабыршағы пайда болады да, олар ерітінді бетіндежүзіп жүреді («кайықшалар» деп аталатын себебі осы). «Қайықша» төңкерілген пирамида пішіндес болады. Ол аздан соңсуға (ерітіндіге) батып, толық кристалл түріне айналады.Галиттің түсі мөлдір, түссіз немесе ақ түсті. Сызығы ақ , дәмітатымды, тұз сияқты ащы. Электр тогын ңашар өткізеді, бірақжылуды өте жақсы өткізеді. Жылтырлығы шыныдай мөлдір.Жаратылысы көбінесе экзогендік; галит суы құрғаған көл мен шығанақтардан пайда болады. Сонымен қатар галит кейде вулкандардыңатқылауынан үшпалы зат ретінде көтеріліп, жарықтарға кіріп құралады.Галит тамақ өндірісінде, химиялық ендірістерде — тұз қышқылың жасауда, натрий алуға, былғары илеу ісінде т. б. қолданылады.Кендері біздің елімізде Эльтодда, Басқ ұншақта, Қырымда,Қазақстанда, Уралда (Соликамск), Украинада кездеседі.Шет елдердегі кендері Величкада (Польша), Пенджабта(Үндістан), Кадзаста (АҚ Ш ) , Табрис (Ирад), Стассфурт (Германия) т. б. бар.
## Дереккөздер |
Галла кенелері немесе Берішкене, Төрт аяқты кенелер (лат. Tetrapodili – кенелер отрядына жататын жәндіктер.
## Сипаттама
Құрт тәріздес денесінің ұзындығы 0,1 – 0,6 мм, дене пішіні құрт тәрізді, алдыңғы бөлімі қысқа, қалқанмен бүркелген, (соратын ауыз аппаратымен және 2 жұп аяғымен) және артқы ұзын, (жүмсақ, сақиналы бүркеуімен). Өсімдіктер құрамындағы клеткаларды сорып, көпшілігі галлалардың түзілуіне жағдай жасайды. Галлаларда өмір сүріп көбейеді. Галла кенелерінің көпшілігі ауыл шаруашылығының зиянкестері, өсімдіктің вирустық ауруларын таратушылар болып табылады.
## Мекендейтін жері
Дүние жүзіне кең тараған 1500-ден астам түрі бар, ТМД-да 150-ге дейін түрі бар. Өсімдіктердің жасушасындағы құрамын сорып сонда мекендейді, осыдан галладар пайда болады, (осыдан атауы шығып отыр). Кейбір түрлері өрмек бөліп шығарады. Көптеген берішкенелер ауыл-шаруашылығындағы дән өсімдіктеріне зиян келтіреді, өсімдіктердің вирустық ауруларының тасымалдаушысы.
## Дереккөздер |
У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты — Қазақстан Ғылым Академиясының Геологиялық ғылымдар институтының құрамында 1940 жылы ұйымдастырылған гидрогеология секторы негізінде 1965 жылы құрылған. Ғылыми-зерттеулер жұмыстарының негізгі бағыттары – аймақтық гидрогеология, гидрогеохимия, мелиоративтік гидрогеология, гидрогеодинамика, гидрофизика және су балансы мәселелерін зерттеуге арналған.
Институт ғалымдары Қазақстандағы жер асты суларының қалыптасу заңдылықтарын ашты, артезиан сулары мен грунт суларын халық шаруашылығының әр түрлі салаларында тиімді пайдалану жолдарын дәлелдеді;
* жер асты суларында сирек және өте сирек элементтердің таралуын анықтаудың гидрогеохимиялық әдістерін тапты және осы әдістерді мұнай-газ, т.б кендерді іздеу-барлау істерінде қолдануға болатындығын анықтады;
* суғармалы жерлерге қажет су, тұз мөлшерін анықтау мәселелерін, егістікті сор басу, батпаққа айналу процестерін зерттеді және бұл процестердің алдын алу шараларын ұсынды;
* ыстық және минералды сулардың таралуы мен пайда болу қорлары зерттелді және осы суларды жылу беру, жылыжайларда пайдалану, шипалы су ретінде қолдану мүмкіндіктері анықталды.
## Дереккөздер |
Гүлбұршақ (Chamaecytisus) – бұршақ тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы. Еуропа, Батыс Азия, Солт.-Батыс Африкада кездесетін 30-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда далалық аймақтарда, құмды, құмдақты жерлерде, тасты беткейлерде өсетін 2 түрі (днепр Гүлбұршағы, орыс Гүлбұршағы) бар. Жапырақтары үшбөлікті, кейде тұтас болады. Гүлдері жапырақты бұтақтарының, жоғары жапырақ қолтығында орналасқан, сары түсті. Тостағаншасы түтікті, қосерінді, жоғарғы ерні 2 тісті, төменгісі 3 тісті. Аталығының саны 10, олар түтік тәрізді бірігіп кеткен. Аналық аузы қиғаш. Мамыр – маусымда гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – жалпақ, екі қақпақты бұршақ. Гүлбұршақтар балды, олар құрғақшылыққа шыдамды өсімдіктер, араларында улы түрі де кездеседі. |
Гүл жемірі (Meligethes) – жылтырауықтар тұқымдасына жататын қоңыздар туысы. Ұзындығы 1 – 4 мм. Денесі әдетте біркелкі қара. Дүние жүзіне кең тараған 400-ден астам түрі бар. Қоңыздар негізінен гүлдермен, жеміс өнімдерімен қоректенеді. Дернәсілдері гүлдерде, гүл тұғырларында өсіп жетіледі. Көбелекке айналуы топырақта өтеді. Кең тараған түрі рапс Гүл жемірі.
## Дереккөздер |
Гүлкекіре немесе кекіре (лат. Centaurea) — астралылар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Еуразия, Африка, Америка және Аустралияда (1 түр) кездесетін 550-ден астам түрі белгілі. Қазақстанда таудың тастақты, қорымтасты беткейлері мен қалың бұталардың арасында 27 түрі өседі. Сабақтары тік, жатаған, қысқа сабақты түрлері де кездеседі. Жапырақ тақталарының шеттері қауырсын тәрізді терең ойықталған, ұзын сағақты. Майда гүлдері себетгүлге шоғырланады. Себетгүлдің сыртындағы орам жапырақшалары қалың, жылтыр, кей түрін түк басқан. Өсімдіктердің түрлеріне қарай себетгүлдері бірігіп қалқанша, сыпыртқы, шашақ гүл шоғырларын құрайды. Гүлдері сары, қызғылт, көк, күлгін түсті, бір-бірімен бірігіп кеткендіктен түтікше гүл деп аталады. Аталықтарының жіпшелері жалпақ, түкті, аналық аузы қос тілімді. Мамыр–маусым айларында гүлдеп, шілде–тамызда жемісі піседі. Жемістері — айдаршалы тұқымша, айдаршасыз түрлері де кездеседі. Гүлкекіренің біраз түрлері сәндік үшін өсіріледі, олар гүлдеу кезінде шірне бөлетін балды өсімдіктер. Дәрілік, бояу алатын, улы түрлері бар. Негізінен Гүлкекіре – жаздық және күздік дақылдардың арамшөбі.
## Өсімдік туралы
Гүлкекіренің біржылдық, екіжылдық және көпжылдық түрлері бар. Гүлкекіре негізінен Еуразия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африканың табиғатында өседі. 500-ден аса түрі белгілі. Қазақстанның табиғатында да көптеп таралған. Гүлкекіренің қазақ даласында оншақты түрі өседі. Сондықтан да халық арасында оның «қозыошаған», «торғайкөкбас», «түкті көк аяқ» деген секілді жанама атаулары бар. Емдік қасиетіне байланысты дәрілік мақсатта пайдаланылады. Көгалдандыруда 30-дан аса түрі кеңінен қолданылады. Гүлдерінің түсі көп: ақ, көк, қанық көк, сары, күлгін, қызыл болып келеді. Гүлкекірені топтап, жекелеп немесе альпі шоқысына да отырғызады. Оншақты түбін топтап гүлзарларға, жол жиектеріне егеді. Кейде гүлшоғыр жасау үшін де қолданады. Табиғаттағы гүлкекіре аласа болады. Ал, топырағы қатты, алакөлеңкеге отырғызылған гүлкекіренің биіктігі 40–70 сантиметрге жетеді. Гүлкекіре көп күтімді қажет етпейтін өсімдік. Гүлдеу мерзімі сұрпына қарай маусым, қыркүйек айларына сәйкес келеді. Гүлдеу мерзімін ұзарту үшін оның гүлдеп кеткен сабақтарын қырқып отыру керек.
## Дереккөздер |
Гүл күлтесі (corolla) — гүл тостағаншасының ішіне орналасқан, саны бірден бірнешеге дейін жететін түрлі түсті ашық реңді гүлсерік. Гүл күлтесі бір-бірімен кірігіп кетсе, пішіндері қоңырау (інжугүл, қоңыраугүл, т.б.), шұңғылша (шырмауықта), түтік (күнбағыста), тілше тәрізді (бақбақта), қос ерінді (жалбыз, тауқалақайда) болады. Гүл күлтелері бірікпей жеке-жеке орналасқан өсімдіктерге қызғалдақ, итмұрын, көкнәр, сарғалдақ жатады.
Гүл күлтесінің түбіндегі жіңішкерген жерінде тәтті шірне бөлетін шірнеліктер бар. Гүл күлтесі хош иісті, тәтті шірнесі, ашық реңдерімен гүлді тозаңдандыратын жәндіктерді өзіне тартады. Ашық реңі тікелей түскен күн сәулесінің қызуын бәсеңдетеді. Сондықтан аталық пен аналықты қызып кетуден сақтайды. Салқын түскенде, түнге қарай Гүл күлтесі жабылып, ішкі жыныс мүшелерін жаңбыр суынан, шық тамшыларынан қорғайды. Бақбақ, қырмызыгүл, өгейшөп, сирень (бөртегүл), түймедағы, т.б. өсімдіктердің Гүл күлтелері медицинада дәрі дайындау үшін пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Гүлсебет (лат. Coreopsis) – астралылар тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Негізінен Орталық, Оңтүстік Америка мен тропиктік Африкада және Гавайи аралдарында кездесетін 120-дай түрі белгілі. Қазақстанда сәндік өсімдік ретінде өсірілетін 2 түрі (бояулық гүлсебет, ірігүлді гүлсебет) бар. Олардың биікт. 25 – 100 см, сабақтары тік өседі, бұтақты, сырты тықыр. Жапырақтары бітік, жоғарғылары тілімденген, сабаққа қарама-қарсы орналасады. Гүлдерінің пішіні тіл сияқты, сары, қызғылт, кейде қанық қызыл, екі түсті болады. Олар себет гүлшоғырына топталған. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Тұқымы ұршық тәрізді, имек келген, қара қоңыр түсті, бұдыр болады.
## Дереккөздер |
Гүлсары – Павлодар облысы Баянауыл ауданы Саумалкөл көлінің батысында 18 км жердегі тау.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 500 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 4 км-ге, енді жері 2 км-ге созылып жатыр. Таудың оңтүстік беткейі тіктеу, қалған бөліктері жайпақ келген оқшауланған тау массивінен тұрады. Шығысынан Бала Шідерті өзені ағып өтіп, Ертіс-Қарағанды каналындағы №8 Гидроторабы суқоймасына құяды.
## Өсімдігі
Қызғылт топырағында сұлыбас, боз, селеу, қозығұрт, қылқұрт, бұталар өседі.
## Дереккөздер |
Гүл тостағаншасы (calyx) — жабықтұқымды өсімдіктер гүлінің сыртқы қабығы. Түсі жасыл, фотосинтез процесіне қатысады және гүлдің басқа нәзік бөлімдерін түрлі зақымданудан қорғайды. Гүл тостағаншасы өсімдік түріне қарай өзара кірігіп (кіріккен гүл тостағаншасы) немесе кейде жеке (дара гүл тостағаншасы) тұрады. Көптеген өсімдіктердің гүл тостағаншасы гүл күлтесімен бірге солып, түсіп қалады. Ал кейбіреулерінде ол жеміс түзілгенше сақталады (алма, алмұрт, айва), кейде көптеген күрделігүлділерде жемістің таралуын жеңілдететін түкті өскіншеге немесе жемістің жануарлар түгіне жабысуына мүмкіндік беретін тікенге айналады.
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Гүлтәжі (лат. Amaranthus) – Қызылқұйрық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Негізінен жылы және қоңыржай аймақтарда кездесетін 55-тей түрі белгілі. Қазақстанда барлық облыс жерінде өсетін 8 түрі бар. Бұлардың гүлдері ұсақ, дара жынысты, жапырақ қолтығына шоғырлана орналасқан. Жоғары жағы масақша немесе сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Аталығы 3 – 5, жатыны бір ұялы. Маусым – қыркүйекте гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – домалақ, бір тұқымды қорапша. Тұқымы жасымық сияқты. Кейбір түрлері (қызылқұйрық Гүлтәжі, шашақты Гүлтәжі) ежелден дәнді дақыл болып саналады. Көпшілік түрін әдемі түсті жапырақтары мен салбырап тұратын гүлшоғыры үшін сәндік ретінде өсіреді
## Дереккөздер |
Гүлшоғыр (inflorescentia) — өсімдік өркенінде белгілі бір ретпен орналасатын ұсақ гүлдер жиынтығы. Гүлшоғырлар сабақтың ұшында дамиды. Өсімдік түріне байланысты бір гүлшоғырда гүлдердің саны екіден бірнеше жүзге дейін жетеді. Кез келген гүлшоғырдың негізгі сабағы, тарамдалған жанама сабақшалары бар. Негізгі сабағының бұтақтануына қарай гүлшоғырлар жай және күрделі болып екі топқа бөлінеді.
Жай гүлшоғырдың жанама сабақшалары бұтақтанбайды, оның ең ұшы гүлмен аяқталады. Бұған масақ гүл (жай масақ – жолжелкенде, сүйсінде), шашақ гүл (қарақатта, мойылда, мияда, інжугүлде), собық гүл (жүгеріде, каллада, аронниктерде), шоғырбас гүл (бедеде), себет гүл (күнбағыста, бақбақта, өгейшөпте), қалқанша гүл (алмада, алмұртта, доланада), шатырша гүл (жай шатыр – наурызгүлде, т.б.) жатады.
Күрделі гүлшоғыр – жай гүлшоғырдың бірнеше қайтара бұтақтануынан пайда болады. Бұған күрделі шашақ гүл немесе сыпыртқы гүл (жүзімде, гүлшетенде, тарыда, күріште), күрделі масақ гүл (бидайда, қара бидайда), сырға гүл (қайыңда, теректе, талда, көктеректе), күрделі шатырша гүл (сәбізде, аскөкте, балдырғанда, күрделі қалқанша (ұшқатта, шәңкіште, т.б.) жатады.
Гүлшоғырдың орт. негізгі сабағынан (гүлсидамынан) тарамдалған жанама сабақшаларына қарай: монохазий немесе бір сәулелі гүлшоғыр (сарғалдақта, гладиолуста, т.б.), дихазий немесе қос сәулелі гүлшоғыр (қалампырда, шерменгүлде, т.б.), плейохазий немесе көп сәулелі гүлшоғыр (сүттігенде, гортензияда, т.б.) деп бөледі. Жеке гүлге қарағанда гүлшоғыр күрделі, көлемді болғандықтан желмен айқас тозаңданады, ашық түстілері жәндіктерге алыстан байқалады. Гүлшоғырдағы гүл саны бірнешеден ондаған мыңға дейін (пальма, агава), ал биіктігі 2 – 3 мм-ден 14 м-ге дейін жетеді.
## Дереккөздер |
Дағдан (лат. Stahyopsіs) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
## Таралуы
Қазақстанда Солтүстік, Батыс Тянь-Шань тауларының биік белдеулерінде өсетін 3 түрі (сарғыш түсті Дағдан, тауқалақайгүл Дағдан, ұзын жапырақты Дағдан) бар.
## Ботаникалық сипаты
* Биіктігі 30 – 80 см.
* Сабақтары тік, жоғары жағы бұтақты, төрт қырлы, сыртын түк жапқан.
* Жапырақтары отырыңқы, сирек сағақты, шеті тісті тіліктенген.
* Күлтесі қос ерінді, қызғылт түсті. Аталығының жоғары бөлігі түкті, төменгісі тықыр. Аналық мойнының жоғары жағында екі біз сияқты қалақшасы бар.
* Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемістенеді. Жемісі – үшқырлы жаңғақша.
## Дереккөздер |
Дала бозторғайы, жұрбай (лат. Melanocorypha calandra) – торғайтәрізділер отрядының бозторғай тұқымдасына жататын құс. Қазақстанда Ембі өзені мен Торғай аралығындағы даланы, Сырдария алабынан Зайсан қазаншұңқырына дейінгі аралықты мекендейді. Қанатының ұзындығы 127 мм-дей, түсі сұрғылт немесе сұрғылт сары, арқасында қоңыр көлденең жолағы, алқымынан төменірек екі жағында қара дағы бар, бауыры ақ болып келеді, қанатының жиегіндегі жіңішке ақ жолағы ұшқанда ғана көрінеді. Салмағы 55 – 65 г. Ұясын жерге салады. Сәуір – шілдеде жұмыртқалайды (4 – 5 шұбар жұмыртқа салады). Оны мекиені мен қоразы 17 күндей жұптасып басады. Жәндіктермен, шөп тұқымымен, дәнмен қоректенеді. Дала бозторғайы – жыл құсы. Наурыздың аяғында Қазақстанға ұшып келіп, қарашаның басында жылы жаққа ұшып кетеді. Зиянкес жәндіктерді жеп пайда келтіреді.
## Дереккөздер |
Дала жадырағы (лат. Anthus richardi) – торғайтәрізділер отрядының Шақшақай тұқымдастарына жататын жыл құсы. Қазақстанның шығысында, Іле өзенінің жоғары ағысы мен оған көршілес жатқан таулы аймақтарда, Тарбағатайда, Зайсан көлі маңында кездеседі. Түсі дала бозторғайына ұқсас. Дала жадырағының ұзындығы 18 см-дей, салмағы 30 – 35 г, құйрығын елпілдетіп ұшатын болғандықтан, кейде ‘’елпекей’’ деп атайды. Қазақстанға сәуірдің аяғында ұшып келіп, қазанның басында Үндістан түбегіне ұшып кетеді. 5 – 6 жұмыртқасын жердегі ұясына салады. Мекиені балапанын 10 – 11 күнде басып шығарады. Дала жадырағы негізінен омыртқасыз жәндіктермен қоректенеді. Тіршілігі толық зерттелмеген.
## Дереккөздер |
Дала марчелласы (Morchella steppіcola) – дискомицеттер қатарына жататын қалпақшалы саңырауқұлақ. Ол ұсақ тастар араласқан тастақ жерлерде және жусанды-ерменді дала мен әр түрлі шөптесін өсімдіктердің арасында өседі. Қазақстанның қиыр оңтүстігінде кездеседі. Қалпақша мен түбіртектен тұратын жемісті денесінің биіктігі 25 см-ге, салмағы 2 кг-ға дейін жетеді. Қалпақшасының пішіні шар тәрізді, диаметрі 15 – 16 см, сұрғылт қоңыр түсті, қалың, етті-шырынды. Үстіңгі бетін араның ұясына ұқсаған үшбұрышты шұңқыр ұяшықтар торлап жатады. Түбіртегі ақшыл сұр түсті, жұмыр, тығыз, қысқа, көп қатпарлы. Сәуірде жемісті денесі толысады, мамырда споралары жетіледі. Дала марчелласы жеуге жарамды саңырауқұлақтарға жатады, бірақ құрамындағы гельвель қышқылы өте улы, оны ыстық суда қайнатқанда, кептіргенде улылығын жояды. Сондықтан тағам дайындар алдында 5 – 7 мин қайнатып, суын төгіп тастау керек. Дала марчелласы жылдан-жылға таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Дереккөздер |
Далазығыр (лат. Galatella) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
## Таралуы
Қазақстанда шөлді, далалы, әсіресе, таулы аймақтарда кездесетін 16 түрі бар.
## Ботаникалық сипаты
* Сабақтары тік өседі, жоғары жағы бұтақты, біркелкі жапырақтанған.
* Жапырақтары отырыңқы, ұзынша, жиегі тегіс, үстінде бездері болады, сабаққа кезектесіп орналасады.
* Гүлдері сары, кейде қызғылт күлгін, қалқанша гүлшоғырына топталған.
* Шілде – қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді.
* Тұқымы ұзынша, сыртын түк басқан, қысқа айдаршасы болады. Далазығырдың көпшілік түрін сәндік үшін өсіреді.
## Дереккөздер |
Дала тасбақасы (лат. Testudo horsfieldii) – құрлық тасбақалары тұқымдасына жататын бауырымен жорғалаушы. Қазақстанда бұл тасбақа Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде Ақтоғай стансасы орналасқан Балқаштың солтүстік-шығыс жағалауына дейінгі аймақта кездеседі. Құмдауыт сары топырақты даланы мекендейді.
Карапакс, яғни, арқа сауыты 29 см, жалпы бауыр сауытын пластрон деп атайды. Аталығы аналығынан кішірек және арқа сауыты дөңесті, ұзындау құйрықты болады. Дала тасбақасы тіршілік қамын қатаң күндіз жасайды. Ыстық күндері таңертең және кешкі ымырт кезінде ғана жайылады. Ыстықта өсімдіктер түбіне, кеміргіштердің ініне тығылады. Бір күнде тасбақа 2 шақырымға дейін бара алады. Тасбақа, негізінен, көпжылдық шөптер мен түрлі өсімдіктердің балаусасымен қоректенеді, кейде қоңыздар мен бүйілерді де қорегіне жаратады. Тасбақалар ұйқыдан наурыз – сәуір айларында оянады. Мамыр айында шағылысып, аналығы бірнеше рет қайталап 10-16 жұмыртқа табады, оларды тереңдігі 15-20 см топырақ астына көмеді. Инкубациялық кезеңі 80-110 тәулікке жетеді. Жер бетіне келесі көктемде шыққан тасбақа балалары тіршілігін жер бетінде бастайды. Тасбақалар өте баяу өседі. Жыныстық жағынан 10-13 жылда жетіледі. Тасбақаның бұл түрі табиғатта 30 жылдай өмір сүреді.
Қалқанының жоғары жағы жасыл сарғыш, бауыры сарғыш келеді. Басы, аяғы және құйрығы жасыл қоңыр. Тұрқы 30 см-дей, мүйіз сауытпен қапталған. Салмағы 2,5 кг-дай. Аяқтарында 4 башайдан болады. Қазақстанның оңтүстігінде шөл және шөлейтті аймақтарда кездеседі. Өзі қазып алатын інінің тереңдігі 2 м-дей, кейде кірпі, қосаяқ, сарышұнақтардың індерін де пайдаланады. Жылына 3 – 4 айдай ояу, қалған уақытта ұйқыда болады. Наурыз айларында ұйқысынан оянып, сәуір – маусым арасында 2 рет ұйыққа түседі (1 – 4 жұмыртқадан салады). Өте баяу өседі. 65 – 100 күнде жұмыртқаны жарып шыққан тасбақалар келесі жылдың сәуір айында ғана інінен шығады. Көп жылдық шөптесін өсімдіктермен қоректенеді. Кәсіптік маңызы бар, Батыс Еуропа елдерінде тағам ретінде пайдаланылады..
## Дереккөздер |
Үлгі:Stack
Дала шпаттары – қаңқалы силикаттар класының өте көп тараған, тау жынысын түзетін минералдар тобы.
* Бүкіл Жер қыртысының 50%-ын құрайды.
* Дала шпаттарының моноклиндік және триклиндік сингонияда кристалданады.
* Кристалдары тақта немесе бағана пішінді.
* Түсі ақ, қызғылт, сұр, тағы басқа.
* Қаттылығы 6,0 – 6,5, меншікті салмағы 2,5 – 2,8 г/см3, балқу t 1110 – 1550°С.
* Дала шпаттары кальций-натрийлі (плагиоклаздар), калий-натрийлі (ортоклаз, микроклин, санидин, тағы басқа) және калий-барийлі болып бөлінеді.
* Дала шпаттары көптеген тау жыныстарының құрамына кіреді, граниттерде, сиениттерде, диориттерде, габброда (плагиоклаздар),тағы басқа магмалық жыныстарда жиі кездеседі. Олар метаморфтық жыныстардың (гнейс), кристалл тақтатастардың, амфиболиттердің құрамында түзіледі.
* Үгілу нәтижесінде дала шпаттары серицитке, каолинге, монтмориллонитке, сазды минералдарға айналады, ал гидротермальдық өзгерістерге және метаморфтануға шалынғанда цеолит, скаполит, мусковит, тағы басқа түзіледі.
* Дала шпаттары керамика, фарфор, шыны өнеркәсібінде, эмаль, кірпіш, бояу, бетон мен цемент әзірлеу үшін пайдаланылады. Кейбір дала шпаттары (амозонит, тағы басқа) әшекейлегіш тас, ал лабродорит қаптама материал ретінде қолданылады.
## Химиялық өзгешеліктері
К, N8, Са алюмосиликаттарының изоморфты қоспалары кальций мен натрийдің, калий мен натрийдің, калий мен барийдің қаңқалы алюмосиликаттары. Плагиоклаздар, сілтілі дала шпаттары және біршама сирек барий дала шпаттары болып сараланады. Кристалдар, түйірлі агрегаттар, сеппелер және тағы басқа түзеді. Жер қыртысы массасының шамамен 50%-ын құрайды. Дала шпаттарын құрайтын минералдар тобы үш ұдай жүйеге жіктеледі: катион ролін натрий атқаратын дала шпаттары альбит [N3(AlSi3O8)], калий атқаратын дала шпаттары — калийлі дала шпаттары (ортоклаз, микроклин, сандин) [К(AlSi3O8)], ал кальций атқаратын дала шпаттары анортит [Са(AlSi3O8)] деп аталады; альбит пен калийлі дала шпаттары аралығындағы минералдар сілтілі дала шпаттары деп аталса, альбит пен анорит аралығындағылары плагиоклаздар деген атауға ие.
## Дереккөздер |
Дала шаңқылдағы — Қазақстанда кездесетін 5 түрдің ішіндегі ең ұсағы (денесінің ұзындығы 15см,салмағы 100г). Далалы және орманды далалы аймақтарда бұталы тоғайлардың ішінде жасырын тіршілік етеді. Құс дауысына ұқсайтын жіңішке ысқырығын жиі естігенмен, өзін көру мүмкін емес. Ымырт кезде белсенді. Шөппен қоректенеді, қысқы қорын шөмеле (4-5кг) етіп жинайды. Сондықтан бұларды пішен салғыштар деп те атайды. Жылына екі рет, көкек пен тамыз айлары аралығында, аналығы 3-13 ұрпағын береді. Олар келер жылдың көктемінде көбейеді. Жаулары өте көп: аққалақ пен ақкістен, қарсақ, түлкіге дейін, сонымен қатар, кез келген қанатты жыртқыштар-бөктергі, күйкентай және одан да ірілері. |
Далашық жотасы – Іле Алатауының оңтүстік-шығыс сілемі. Шілік (Шелек) және Жіңішке өзендерінің суайрығы.
## Географиялық орны
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы жерінде.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 2336 м. Ендік бағытта созылған жотаның ұзындығы 35 км, ені 5-12 км. Жонды-белесті келген тау тектоникалық жарықтармен, сай-жыралармен тілімденген. Оңтүстік беткейі тіктеу, солтүстік жайпақтау келген.
## Топырағы, өсімдігі
Жотада таудың ормандық күлгін топырағы, ал етегінде қара топырақ қалыптасқан. Баурайында астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер, шатқалдарында орман, тауда альпілік шалғын өскен.
## Дереккөздер |
Далабай алтын кен орны — Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек стансасынан солтүстікке қарай 20 км жерде. 1957 жылы ашылған.
## Геологиялық құрылымы
Кен орнының жоғары пермь вулканиттері мен триастың интрузивтерінде солтүстік - шығыс бағытта параллель орналасқан құрамында алтын бар кварцты желілер жүйесі анықталған. Олар дербес кен шоғырларына бөлінген.
## Жатыс сипаты
Кварц желілерінің қалыңдығы 0,2 – 0,3 м-ден 1 – 3 м-ге дейін. Олар құрамында себезгі сульфидтері бар қоңыр сұр кварцтан тұрады. Бұлардан басқа шығысқа қарай ұзындығы 225 м, қалыңдығы 2,7 – 8,8 м тағы бір кен денесі бөлінген. Кентастағы сульфидтердің (пирит, халькопирит, сфалерит, борнит) мөлшері 2%. Кен орнын 1996 жылдан «Кварц» алтын өндірістік мекемесі игереді.
## Дереккөздер |
Данабұлақ – Қарағанды облысы Қарқаралы, Ақтоғай аудандарындағы өзен. Ұзындығы 65 км, су жиналатын алабы 599 км2.
## Бастауы
Бастауын Кешубай тауының оңтүстік беткейінен алып, Қарадөң төбесінің тұсында жерге сіңіп кетеді.
## Гидрологиясы
Арнасы тар, тік жарлы келген. Көктемде тасығанымен, жаздың ыстық айларында тартылып, иірімдерге бөлініп қалады. Данабұлақты мал суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Дарабас , дриада (Dryas) – раушангүлділер тұқымдасына жататын мәңгі жасыл көп жылдық бұта туысы.
Қоңыржай белдеудің арктикалық, субарктикалық және биік таулы белдеулерінде кездесетін 10 түрі белгілі. Қазақстанда Алтайда өсетін 1 түрі – аратісті дарабас бар. Сабақтары жатаған, бұтақты, кепкен сағақтары басқан. Бұтақтарының ұшында жапырақтары және гүл сағақтары жетіледі. Жапырақтары қарапайым, етті, үстіңгі жағы жылтыр, астыңғы беті түкті. Гүлдері ірі, дара, ақ түсті, сирек сары болады. Аталығы мен аналығының саны көп болады. Жәндіктер арқылы тозаңданады, тұқымынан (олар желмен таралады) көбейеді. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Дарабастың жапырағында витамин мен илік заттар көп болады. Сондықтан Алтайда өсімдіктің жапырағын шай орнына пайдаланады және асқазан-ішек жолдары ауырғанда қайнатып тұнбасын ішеді.
## Дереккөздер |
Гүлжахан , ксифиум (Xiphium) – құртқашаштар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда Іле, Қырғыз Алатаулары мен Батыс Тянь-Шаньның батпақты, тасты тау беткейлерінде өсетін 1 түрі – Колпаковский гүлжаханы (Х. kolpakowskіanum) бар. Биікт. 10 – 25 см, жуашығы жапырақ қынабының торлана кепкен қалдығымен жабылған. Сабағы жетілмеген. Жапырақтары (саны 3 – 6) тамыр түбіне шоғырлана орналасады. Аталығы – үшеу. Гүлі дара жетіледі. Сәуір – мамырда гүлдеп, жемістенеді. Гүлжахан – эфемероидты (вегетативті мерзімі қысқа көп жылдық) өсімдіктер.
## Дереккөздер |
Дала зонасы 77 млн га жерге тараған Қазақстанның біраз аумағын, дәлірек айтқанда, 27%-ынан астамын алып жатыр. Дала зонасы орманды дала зонасының оңтүстігінен басталып, батыстан шығысқа қарай 2200 км-ге созылған кең алқапты камтиды, шамамен 54°-50° с.е. аралығында орналасқан. Дала зонасына Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті, Торғай үстіртінің солтүстігі, Мұғалжар тауы түгелдей дерлік, Жалпы Сырт сілемдері, Каспий маңы ойпатының солтүстік жартысы, Орал етегі, Жем үстірті, Сарыарқаның солтүстігі мен орталық аудандары жатады. Дала климаты континентті, жазы ыстык әрі құрғак, жиі-жиі аңызак желі соғып тұрады. Ал қысы қатаң, қары жұқа болады. Қаңтардың орташа температурасы -16°-18°С, шілде айында солтүстігінде 18°С-тан, оңтүстігінде 23°С-қа дейін жетеді. Жылына 220-310 мм-ге дейін жауын-шашын жауады, бірақ мұның мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай азая түседі. Климат жағдайлары егін шаруашылығымен шұғылдануға толық мүмкіндік береді.
## Өзендері
Дала зонасы өзендерінің деңгейі төмен. Зонаны Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Нұра, Торғай, Шар, Ырғыз және бірнеше шағын өзендер кесіп өтеді. Олардың жылдық ағысының 80 %-ы көктемгі су тасу кезеңіне келеді. Егін шаруашылығы мен өнеркәсібі дамыған бұл аудандарда, су әлі де болса жеткіліксіз. Сондықтан да бөгендерде су жинап, оны су құбырлары мен каналдар (Ертіс-Қарағанды) арқылыпайдаланады.
## Климаты
Орманды даламен салыстырғанда дала зонасының климаты континентті, жазы ыстық, қысы қатаң. Жаз айларында солтүстіктен оңтүстікке жылжыған сайын булану түсетін жауын-шашын мөлшерімен салыстырғанда 3-7 есеге артады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 мм-ден 200 мм-ге дейін кемиді. Климат жағдайлары суарылмайтын тәлімі егіншілікпен айналысуға мүмкіндік береді.
Қазақстанның даласына антициклондық ауа райы режимі мен күн сәулесінің мол түсуі, құрғақышылықтың жиі болуы тән. 10°-тан жоғар температураның жиынтығы 2000°-тан 2300°-қа дейінгі аралықта ауытқиды. Өсімдіктер өсіп-өнетін вегетациялық кезеңінің ұзақтығы 150-160 күнге дейін созылады.
## Топырағы
Дала зонасының топырағы қара және қызыл қоңыр топырақ типіне жатады. Зонаның солтүстігінің топырақ қабатында жоғары өнім жинауға жеткілікті 6%-ға жуық шірінді бар. Оңтүстікке қарай топырақтағы шірінді кеми түседі де, бірте-бірте куаң далаға тән қызғылт күрең топырақка айналады. Бұл арада сортаң топырақты жерлер көбірек кездеседі, олар арнаулы тыңайтқыштар мен ерекше күтімдікажет етеді. Қызғылт күрең топырақтың құнарлы жерлері егін шаруашылығы үшін жарамды.
## Өсімдіктері
Дала зонасы шөптесін өсімдіктерге бай. Мұнда боз, бетеге, атқонақ, еркек шөп, кермек, қаңбақ басым өседі. Ойпаң және ылғалды жерлерде,әсіресе өзен жайылымдарында шалғынды өсімдіктер тараған. Шалғынды өсімдіктерден бидайық, қылқансыз арпабас, шалғынды қоңырбас басым, аса ылғалды жерлерде қияқ пен құрақ өседі. Бидайық шалғындарынан мол пішен алынады.Даланың оңтүстік бөлігінде негізгі өсімдіктермен қатар жусанның кейбір түрлері өседі. Кей жерлерде бұлар тұтас үлескілерді алып жатады. Дала өсімдіктерінің арасында дәрі-дәрмектік өсімдіктер де бар. Мысалы, жанаргүл, шайшөп, итмурын, дәрілік валериан кездеседі. Жаз бойы даланың түрі үнемі өзгеріп отырады. Дала көктемде ғана қысқа мерзімде алуан түрге бөленіп құлпырады. Шілдеде шөп қурап, сарғайып кетеді.
## Жануарлары
Ашық дала кеңістігінде тіршілік етуге бейімделген көптеген түрлі жануарлар кездеседі. Қоршаған ортасының түсіне ұқсас келетін, жылдам жүгіретін әрі тез ұшатын, жылдың колайсыз мезгілдерінде де ұзақ ұйқыға кететін жануарлардың да түрлері бар. Дала сүткоректілеріне саршұнақ,қосаяқ, дала тышқандары, дала алақоржыныжатады. Бұлар егінге көп зиян келтіреді. Мұнда саршұнақ тұқымдасынан ірі суырлар (салмағы 10 кг-ға дейін) болады. Суырлар мен саршұнақтар ін қазып, топырағын сыртқа шығарып, үйіп тастайды. Қосаяқтар, саршұнақтар, дала тышқандары тіршілік ететін жерлерде жыртқыштардан күзен, аққіс, түлкі кездеседі. Олар терісі бағалы кәсіптік жануарлар қатарына жатады. Даланың оңтүстік аудандарында түлкі тұқымдасынан қарсақ кездеседі. Ол інінен тек түнде ғана шығып, жортады. Даланың барлық жерінде осы зонаның негізгі жануары қасқыр көп болады. Далада ақбөкендер кездеседі. Бөкеннің басы үлкен, қошкар тұмсық, денесі ықшам, аяғы жіңішке келеді. Бөкеннің жүгіргеніне көз ілеспейді. Бұдан едәуір бұрын далада үйір-үйір болып жүретін бөкендер қазір халықтың жиі қоныстануына байланысты біртіндеп шөлейт және шөл зоналарына қарай ауды. Далада құстардан дуадақ бар, бұлардың кейбіреулерінің салмағы 16 кг-ға жетеді. Одан басқа безгелдек, тырна, балықшы, бозторғай кездеседі, әсіресе қараторғайлар көп. Жыртқыш құстардан дала бүркіті дала құладыны, кезқұйрық бар. Далада көлдер көп, әдетте олар терең болмайды, жағалары жазық, жайпақ келеді. Көп көлдердің жағалауларында қамыс-құрақ пен ұсақ бұталар өседі. Онда суда және батпақта тіршілік ететін құстар көп кездеседі. Бұлар - қаз, үйрек, тырна, шағала, балықшы, қамыс торғайлары, аққұтан. Сарыарқаның ұсақ шоқылар арасындағы бытыраңқы орналасқан көлдерде суда жақсы жүзетін құстар - сүңгуір, гагара, крохалб, турпан болады.
## Тыңайған жерлері
Қазан төңкерісіне дейін дала зонасы ғасырлар бойы көшпелі мал жайылымы ретінде пайдаланылып келді. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында (1954-59 ж.) дала зонасының 28 млн га жері жыртылды.
## Солтүстік дала зонасы тармағы
Сарырақаның солтүстік бөлігін, Торғай үстірті мен Жемді алып жатыр.
Топырағы. Зона тармағында кәдімгі және оңтүстік қара топырағы, ұсақ шоқылардың аралығындағы шағын ойпаңдарда сортаң түзетін сортаңданған топырақ таралған. Әрбір тұйықталған ойпаңдар өзіне тән өсімдіктер тобы бар дербес шағын ландшафт түзеді.
Қостанай облысының солтүстік-батыс және Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстік-шығыс бөлігінің біршама шағын аумағын қарашірік мөлшері 6-10% -ға дейін жететін кәдімгі қара топырақта өсетін ағаш текті өсімдіктердің шоқтары бар әртүрлі шөптесін өсімдікті дала алып жатыр. Олар жазықты-жонды жер бедері жағдайында корбанатты саздарда түзілед.
Солтүстігінде топырақтың құрамындағы қарашіріктің мөлшері 6% шамасында болады. Сондықтан бұл топырақта өсірілген астық дақылдарынан жоғары өнім алуға болады. Оңтүстікке жылжыған сайын топырақ құрамындағы қарашіріктің мөлшері біртіндеп азая бастайды.
Зона тармағының қара топырағында әртүрлі шөптесін өсімдіңті дала дамыған. Негізгі өсімдіктер бірлестігінен астық тұқымдас қызыл боз, лессинг бозы, тырса, аз мөлшерде бетеге, ал әртүрлі шөптесін өсімдіктерден дала эстрагоны, әрем, мыңжапырақ тәрізді ксерофитті өсімдіктер кездеседі. Сортаңдау топырақтарда құрғақшылыққа төзімді ақжусан, бетеге сияқты өсімдіктер өседі. Біршама ылғалды ойпаңдарда өсімдіктердің шалғынды-далалық түрлерінен ақ беде, сібір анры т.б. кең тараған.
Кең өзен аңғарларының табанындағы өзен жағаллауларын бойлай терек пен тал, қалың қамыс нулары, шабуға жарамды шалғындар өседі. Кей жерлерде батпақтар кездеседі.Әсіресе дала зонасының солтүстік бөлігіндегі құмдарда қарағайлы ормандар таралған. Атап айтсақ, Аманқарағай орманында қарағай құм жалдарының төбесін бойлай өседі. Ал жаларалық ойыстарда қарағайға қайың мен терек қосылады. Наурызым қарағайлы орманында жаларалық ойыстарда жыңғыл мен жидеден тұратын бұталар шоғыры таралған сортаңдар бар. Көкшетау сияқты аласа таулардағы жартастар мен таудың қиыршықтасты қара топырағында жатаған қарағайлар мен арша, ойыстарда көктерек пен қайың, аласа ағаштар мен бұталар өседі. Көптеген көл жағалауларында қолайлы томарлар мен қалың қамыс нулары кездеседі.
## Оңтүстік дала зонасының тармағы
Құрғақ дәнді дақылдар даласы солтүстік дала зонасының оңтүстігінде таралған. Мұнда гидротермиялық жағдайларға байланысты өсімдіктердің өсіп-өнуіне біршама қолайсыз. Жоғары температура қарқынды буланумен қатар жүреді.
Топырағы.Түсетін жауын-шашынның кеміп, температура мен буланудың артуына байланысты қара топырақты оңтүстік дала зона тармағын біртіндеп күңгірт қара қоңыр топырақ алмастырады. Оның құрамындағы қарашіріктің мөлшері 3-5% аралығында ауытқиды. Қарашірікті қабаттың қалыңдығы - 50 см. Олардың арасындағы ойпаң жерлерде көп күтім мен арнайы тыңайтқыштарды қажет ететін сортаң топырақтар да кездеседі.
Өсімдіктер жамылғысы.Оңтүсік дала зонасы тармағында, негізінен, бозды-бетегелі өсімдіктер бірлестіктерінен тұратын лессинг бозы, тырса, бетеге, шисабақ пен жабайы сұлы басым. Құмайтты топырақтарда бозды-еркекшөпті, сазды және сортаңды телімдерде бетегелі-жусанды өсімдіктер бірлестіктері таралған. Көктемде эфемерлер мен эфемероидтер: баданалы қоңырбас, шөл қоңырбасы және т.б. Ойпаңдар мен сайларда дала бұталары, өзен жайылмаларында итмұрын мен ұшқат аралас қарағайлы және көктеректі тоғайлар кездеседі.
Оңтүстікте құрғақ дала зонасы тармағының шегіндегі аласа таулардың жартастыбеткейлерінде қарағай, аңғарларда қайыңды-көктеректі тоғайлар өседі. Жайық өзенінің алабындағы далада еуропалық типтегі ерекше орман телімдері бар
Дала зонасының жануарлар дүниесі орманды даламен салыстырғанда шөл фаунасымен көбірек ұқсас. Мұнда үлкен сарышұнақ, суыр, дала тышқаны, дала алақоржыны, кәдімгі аламан, кәдімгі шақылдақ сияқты көптеген нағыз қазақстандық түрлер кездеседі.
Шөлейт және дала зонасында кең таралған шөл жануарларына соқыр және үлкен қосаяқ, ал орман жануарларына ақкіс, кәдімгі тоқалтіс, ақ қоян, су жертесері, орман тышқаны жатады.
Орман жануарларының барлық түрлері даладағы бұталардың арасында, қарағайлы орман шоқтарында, өзен жағалауларындағы орманды-бұталы тоғайларда мекендейді.
## Дереккөздер |
Дарбаза су құбыры – Сырдарияның бір саласы Келес өз алабындағы жер асты су қорына негізделген су құбыры. Түркістан облысының Сарыағаш ауданы жерінде. Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 1975 ж. салынды. Шатқал жотасының Шардара даласына ұласатын етегіндегі Абай бұлағынан басталады да солтүстіктегі Дарбаза аулына дейін 174 км-ге созылады. Бастауындағы су ағымы 9300 м³/сағ. Сорғы станцияларының торабы Абай аулында орналасқан. Құбыр 14 елді мекенге ауыз су таратады және 63,5 мың га жайылымдықты суландырады.Түркістан облысында 1977 ж. іске қосылған. Келес және Сарыағаш аудандарының 34 елді мекенін сумен қамтамасыз етеді. Құбыр ұзындығы — 198 км, қамту ауданы — 21 мың га. Негізгі су көзі — Абай артезиан алабы. Алабына су жинау Келес ауданының Абай аулындағы 11 ұңғыма арқылы жүзеге асырылады. Тәулігіне 32 мың м3 су береді. Құбыр төңірегінде 55 мың халық мекендейді.
## Дереккөздер |
Данабике – Тобыл мен Торғай өзендерінің алабындағы өзен. Жарман өзенінің саласы.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Науырзым ауданы Наурызым қорығының солтүстік-батыс бөлігінен ағып өтеді. Сарымойын көліне құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 58 км, су жиналатын алабы 1400 шаршы шақырым шамасында, жылдық су ағымы 10 млн. м3, минералдығы 0,2-2 г/дм3. Өзеннің жағалауында су жайылмасы бар, ені 50-100 м. Арнасының ені 70 м-ге дейін, жағасы жайпақ. Қар және жер асты суларымен толығады. Сәуірде тасып, шілдеде төменгі деңгей орнайды. Кішігірім салалары бар. Өзен алабында жайылымдық және шабындық жерлер бар, мал қыстатылады.
## Дереккөздер |
Дарбаза жолы – Шу мен Талас өңірі арқылы өтетін керуен жолы. Жамбыл облысы жерінде. Сырдария өз-нің орта ағысы тұсындағы Бастан қ-нан басталатын бұл жол солт.-шығысқа қарай Шәулімше шоқысын шығыс жағымен айналып өтіп, Мортық қ-на, одан Қосүйеңкі шатқалындағы, Қоспа өз-н жағалап отырып, Дарбаза, Ақши шатқалдары, Үлкен Сауысқандық асуы арқылы Қаратаудан асып өтіп, Шу өз-н бойлай Сарысу жолына қосылған.
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том |
Дария жер асты су көзі - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы Дария ауылынан солтүстік бағытта 1 км жерде орналасқан. 1967 ж. ашылған.
Сулы қабатының қалыңдығы 4 – 10 м, ұңғымадағы су ағымы 20 – 52 л/с. Суы тұщы, минералдығы 1г/л.
## Дереккөздер |
Дариялықтақыр – Сырдария өзенінің оң жағалық аңғарындағы (көне арнасында жатқан) тегіс жазық.
## Географиялық орны
Қызылорда облысының Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандары жерінде. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 230 км-ге созылған, ендірек жері 50 км. Теңіз деңгейінен 110–145 м биіктікте жатыр. Жазық жерлерінде құдықтар (Доңыз, Табаққабыл, Қатын, т.б.) және қоныстар (Жайсаң, Қаракемер, т.б.) көптеген. Жер қыртысы бор шөгінділерінен түзілген. Оның үстін ысырынды құмдауыт балшық жапқан.
## Өсімдігі
Тақырдың сор, сортаң топырағында бұйырғын, тасбұйырғын, күйреуік, жусан басым өскен. Оңтүстік-шығысындағы құмды алқабында және құрғақ арналарда жыңғыл, жүзгін, сексеуіл шоғырлары кездеседі. Қараөзек өзені сағасында тоғай, орталығының жазық бөлігінде сексеуіл өседі.
## Дереккөздер |
Дардамты – Кетпен (Ұзынқара) жотасының орта тұсындағы оқшауланған тау.
## Жер бедері
Абсолюттiк биіктігі 3410 м. Ұзындығы 12 км, ені 10 км. Оңтүстік беткейі тіктеу, тектоникалық жарылымдармен сай-жыраларға тілімденген. Солтүстігі көлбеу келген.
## Геологиялық құрылымы
Тас көмірдің эффузивті жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Таудың қызыл қоңыр топырағында бұта шоғырлары аралас астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Дала шілі (лат. Ammoperdix griseogularis) – тауықтәрізділер отряды, қырғауыл тұқымдасына жататын отырықшы құс.
Қазақстанда Үстірттің солтүстігіндегі Сам құмында кездеседі. Дене тұрқы 25 см-дей, салмағы 180 – 210 г. Қоразының жоны қызғылт сары бозғылт түсті, маңдайы мен көзінің үстіндегі жолағы қара, тамағы көкшіл сұр түсті, кеудесі қызғылт сары түстен бауырына қарай ақшыл реңге ауысады, екі қапталында қара және қоңыр қиғаш жолақтары болады. Мекиені құм түстес. Сәуір – шілде айларында жұмыртқа (8 – 12) басады. Дала шілі өсімдік тұқымымен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді.
## Дереккөздер |
Дарбай (лат. Evax) – астралылар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
## Таралуы, өсетін жері
Қазақстанда өзен-көл жағалауларында, құмды, батпақты жерлерде өсетін 1 түрі – қазығұрт Дарбайы (Evax fіlagіnoіdes) бар.
## Ботаникалық сипаты
* Биіктігі 4-13 (17) см.
* Сабақтары қарапайым, тік өседі, жоғары жағы айыр бұтақты.
* Жапырақтары ұзынша, үшкір.
* Гүлі көп қос жынысты, гүлсебеттерідомалақ, 2-5-тен қалың, шатырша сияқты шоғырланған.
* Шілде айында гүлдеп, тамызда жемістенеді.
* Тұқымы ұсақ, ашық қоңыр түсті, сыртын қылтан түк жапқан.
## Дереккөздер |
Дауластышоқы – Күрті бөгенінің батысын алып жатқан аласа тау.
## Географиялық орны
Алматы облысы Іле ауданы жерінде.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 838 м, ұзындығы мен ені 3-5 км. Беткейлері көлбеу, нашар тілімденген.
## Геологиялық құрылымы
Денудацияға ұшыраған жер бетін төрттік кезеңнің элювийлі-делювийлі шөгінділері жапқан.
## Өсімдігі
Тауаралық бозғылт сұр топырағында боз жусан өседі. Етегі мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Даур шауқарға, қарала ұзаққарға (лат. Coloeus dauuricus) – торғайтәрізділер отрядының қарға тұқымдасына жататын отырықшы құс. Қазақстанда Зайсан көлі, Жаркент қаласы маңында, Тянь-Шань тауының шығысында мекендейді. Қанатының ұзындығы 20 – 25 см, салмағы 200 г-дай. Жоны, денесі қара, бауыры ақшылдау келеді. Топтасып ұшып, шоғырланып ұя салады, жұмыртқасы (3 – 7) теңбіл болады, оны мекиені 18 – 20 күндей басады. Балапандары жұмыртқадан қызылшақа болып шығады. Даур шәуқарғасы жәндіктермен, олардың дернәсілдерімен, ұсақ кемірушілермен, өсімдік дәнімен қоректенеді.
## Дереккөздер |
Дауыл-көкпекті гипербазит алқабы , Орталық Орал жотасының оңтүстігінде жатыр. Оның көлемі аса үлкен болғандықтан, Орал өңіріндегі гипербазитті алқаптардың (1200 км болатын Кемпірсайды қосқанда) ең ірі кен орны болып есептеледі. Дауыл-Көкпекті гипербазит алқабы Кемпірсаймен біртекті құрылымды-формац. аймақта геол. құрылымы жағынан және пайдалы никель мен хромит кентастарының қоры республикамыздың минералды базасын құрайды. Бұл алқап Жем темір жол станциясынан 70 км, Жаңажол мұнай-газ кентінен 45 – 50 км жерде орналасқан. 1959 ж. ашылған.
## Дереккөздер |
Дәмдісу – Тобыл өзенінің төменгі ағысындағы көл.
## Географиялық орны
Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданы жерінде орналасқан. Қазанбасы шоқ тоғайлы-батпақты алқаптың батысында, Евгеньевка аулынан 3 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 157 м.
## Гидрографикасы
Аумағы 10,7 км2, ұзындығы 5,9 км, ені 3 км. Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Қараша – сәуір аралығында суы қатады.
## Жағалау сипаты
Жағасы жайпақ, шығыс жағы жарқабақты. Шабындықты көлдетіп суғаруға пайдаланылады. Суы тұщы.
## Дереккөздер |
Дәмді жер асты су көзі , Қостанай облысы Наурызым ауданы жерінде орналасқан. Кен орны 1967 ж. анықталып, барлау жұмыстары 1969 – 72 ж. жүргізілген. Қуаттылығы 12 – 35 м болатын Үлкен Дәмді өзенінің аңғарындағы орташа қиыршықтасты құмдары өнімді болып табылады. Ұңғымалардың дебиті 40,6 л/с. Тәулігіне фильтрация коэффициенті 8 – 56 м, суқайтарымдылық – 0,2. Пайдалану қоры тәулігіне 10 мың м3. Суы Дәмді аңғарын ауыз сумен қамтамасыз етуге пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Даныспан, Отман – Батыс Қаратаудағы ең биік шоқы. Абсолюттік биіктігі 193 м.
## Географиялық орны
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Таушық ауылының шығыс жағында орналасқан. Аңызда Даныспан Маңғыстауға мұсылман дінін әкеліп, бала оқытқан сопының бірі ретінде дәріптелген. Шоқының ұшар басында 1930 жылдардың аяғында көмір барлаушылар қазған шурф орны сақталған.
## Геологиялық құрылымы
Тау жынысы пермь және триас қатпарларынан тұрады. Солтүстік-батыс жағы жайпауыт.
## Дереккөздер |
Дәндібек – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тебез көлінің солтүстік шығысында 15 км жердегі қыстау. Талдықұм ауылынан солтүстікке қарай 11 км жерде орналасқан. Солтүстігінде тұзды Қамысты көлі жатыр, оңтүстігінде қырқалы төбешіктер, батысы тегіс жазықты. Шығысы ірілі-ұсақты, төбелі келген. Сортаңды, сұр, қоңыр топырағында жусан, күйреуік, баялыш, астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер өседі. Қыстау мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Дәнел , альдрованда (Аldrovanda) – шықшөптер тұқымдасына жататын жәндікқоректі су өсімдіктер туысы. Еуразияның, Австралияның, Африканың тұщы суларында өсетін 1 түрі бар. Қазақстанда өзен-көл бетінде қалқып жүретін 1 түрі – бүршікті дәнел (А. vesіculosa) бар. Биіктігі 5 – 10 см, тамырсыз жіп тәрізді сабақтары су бетінде қалқып жүреді. Жапырақтары 7 – 9-дан шоғырланып, жалпақ сағағының ұшында ұзын біз тәрізді болып жетіледі. Гүлдері ұсақ ақ түсті, жәндіктермен тозаңданады. Негізінен қыстап қалған бүрлері арқылы көбейеді. Ол бүрлерді су құстары таратады. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – қақырап ашылатын қорапша. Тұқымы ұсақ, өте көп.
## Дереккөздер |
Дәнсары – Ұлы Жыланшық өзені алабындағы тұйық көл.
## Географиялық орны
Ұлытау облысындағы Ұлытау ауданының қиыр батысында, Байқоңыр ауылының солтүстік-батысына қарай 100 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 157 м.
## Гидрографикасы
Аумағы 9,6 км2, ұзындығы 6,9 км, ең терең жері 1,5 м, су жиналатын алабы 468 км2. Көл ағынсыз, солтүстік-шығысынан (Сарын тауынан) жазда тартылып, қарасуларға бөлініп қалатын Қайдағұл өзені құяды. Қар және жер асты суларымен толығып, көктемде Шөміш көлімен ұласады. Қарашаның ортасында суы қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. Ақ және боз жусан, қылқан селеу, т.б. шөптер өсетін жағалауы жайылым ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Дәстен , пиптоклайна (Ріptoclaіnіa) – айлауықтар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөлді аймақтардың сортаң жерлерінде, көбінесе арамшөп ретінде өсетін 1 түрі – жатаған дәстен (Р. supіne) бар. Биіктігі 5 – 20 см, сабақтары бұтақты, сыртын түк жапқан. Жапырақтарының пішіні дөңгелек, ұзынша. Тостағанша жапырақтары түкті, күлтесі бес мүшелі, түтікті, ақ түсті, сырты түкті. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемістенеді. Жемісі – жаңғақша, сырты тықыр, шеті ирек.
## Дереккөздер |
Дәулет – Жайық өзені алабындағы көл.
## Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақшілік қыстауының оңтүстік-батысында 56 км жерде орналасқан көл. Теңіз деңгейінен 49 м биіктікте орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 6,34 км2, ұзындығы 6 км, енді жері 1,5 км, жағалауының ұзындығы 16,8 км. Су жиналатын алабы 120 км2. Негізінен қар суымен толығады. Суы қараша айында қатып, сәуірде ериді. Қуаң жылдары тартылып қалады. Суы тұзды, кермек, сілтілігі төмен. Жақын маңайдағы шаруашылықтар пайдаланады. Жағалауы жайпақ, жусан мен сор өсімдіктері өседі. |
Дәрі арша (Junіperus sіbіrіca) – кипарис тұқымдасы, арша туысына жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұта. Қазақстанда Алтай, Тарбағатай таулары мен Кетпен жотасында, Теріскей, Жетісу (Жоңғар) және Іле Алатауларында, Батыс Тянь-Шаньда кездеседі. Альпілік және субальпілік белдеулерде, кейде олардан төменірек орналасқан шыршалы ормандарда өседі. Биікт. 30 – 100 см-ге жетеді. Жапырағы имек ине тәрізді, ұзындығы 4 – 8 мм. Бүрі жеміс сияқты болады. Маусым – тамызда жеміс береді, жемісі етжең, түсі қара шар тәрізді. Тұқымы үш қырлы, оның құрамында эфир майы, қант, алма, құмырсқа қышқылдары, сары пигмент юниперин бар. Дәрі арша медицинада, тамақ және парфюмерия өнеркәсібінде пайдаланылады. Алматы, Алтай ботаника бақтарында қолдан да өсіріледі.
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том |
Дала шиесі (Prunus fruticosa ) – раушангүлділер тұқымдасы шие туысына жататын көп жылдық бұта. Қазақстанның далалы, орманды-далалы аймақтары мен жалпақ жапырақты ағаш ормандарында, әсіресе, Тобыл, Есіл, Ертіс өзендерінің арнасы мен жағасында өседі. Биіктігі 0,2 – 1, кейде 2 м, өте жиі өскен бұтақтары бөрікбасына тығыз орналасады. Өркендері шыбықтәрізді жіңішке, жас кезінде түкті, өсе келе түктері түсіп қалады. Жапырағы ұзынша келген, үстіңгі беті күрең жасыл, жылтыр, астыңғы жағы ақшыл. Ақ гүлі қос жынысты, 3 – 4-тен топталып шатырша гүлшоғырына жиналған. Сәуір – мамырда гүлдеп, шілдеде жемісі піседі. Жемісі шырынды, сүйекті, ұзындығы 8 – 12 мм-дей. Жемісі жеуге жарамды, түрлі сусындар дайындауға пайдаланылады. Бал арасы гүлінен бал жинайды. Құрғақшылыққа, суыққа төзімді сорттар шығару үшін селекциялықмаңызы зор.
## Дереккөздер |
Дәутау – Мұғалжар тауының орта тұсындағы аласа тау массиві.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы жерінде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 622 м.
## Геологиялық құрылымы
Силур, төменгі девон кезеңдерінің жанартаутекті-шөгінді (лава, туф, тақтатас) жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Тау басы мен беткейлеріне бетеге, боз, жусан және бұта аралас қараған, тобылғы, т.б. шөптесінді ландшафт тән, таудың қоңыр топырағы қалыптасқан. Дәутау – көктемгі-күзгі жайылым. Таудың шығыс баурайында бұлақ көздері (Қалисанбұлақ, т.б.) бар.
## Дереккөздер |
'Дәуренбек' – Қызылқұмның шығыс бөлігінде, Түркістан облысы Отырар ауданында орналасқан құдық. Тереңдігі 17 м, су шығымы 330 л/сағ. Құдық қырқалы, ұялы, тізбекті төбешіктердің ортасында орналасқан. Құмды, сұр қоңыр топырағында ақ сексеуіл, жусан, еркек шөп, теріскен, сұр жусан өседі.
## Дереккөздер |
Дария мұнай-газконденсат кен орны — Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы жерінде. Орал қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км жерде, Дария аулының маңында орналасқан. 1989 ж. ашылған. Аумағы 1,6×0,5 км. Коллекторлары кеуекті, кеуекті-бұрмалы. Шоғыр қабаты қуатты, ол 4210 м тереңдікке дейін жетеді. Мұнайының тығыздығы 862 – 871 кг/м3, күкірті аз (0,37%), парафині өте жоғары (6,8%), шайыры 2,5%. Кен орны барлануда.
## Дереккөздер |
Дегерес – Көкшоқы тауының солтүстік-шығысындағы тау.
## Географиялық орны
Жамбыл облысы Шу ауданы жерінде.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 777 м. Айтау тауының батыс сілемінде. Жанында Тесік, Жылқыбай және т.б. қыстаулар бар. Таудың етегінен Тесік, Жыңғылды өзендері, орталық бөлігінен Бабасай – Ақсүйек автомобиль жолы өтеді.
## Өсімдігі
Қоңыр және сұр топырағында лессинг жусаны, баялыш, күйреуік, астық тұқымдас шөптесіндер өседі. Дегерестің баурайы мал жайылымына қолайлы.
## Дереккөздер |
Дегелең – Сарыарқаның солтүстік-шығысындағы ұсақ шоқылы тау.
## Географиялық орны
Абай облысы аумағында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1084 м. Дөңгелене келген тауды Ұзынбұлақ өзені екіге бөледі. Таудың солтүстік бөлігі (Үлкен Дегелең) солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, ені 10 км. Таудың екінші бөлігі – Кіші Дегелең қатарласа созылған, ені 5 км. Екі бөлігі де кезеңдермен (Қалыбай асуы), белдермен бөлінген үшкіл шоқылардан тұрады. Дегелең Еуразия құрлығының кіндік ортасында орналасқан. Оны білдіретін граниттен қашалған пирамида тұрғызылған. Оның кіші нұсқасы Дегелеңнен 100 км оңтүстікте жатқан Жидебай қыстауындағы Абай мұражайы алдындағы дөңгелек тасқа орнатылған.
## Жер бедері
Беткейлері сайлармен тілімденген. Тау етегі мен тауаралық аңғарларды қорымтас пен элювийлі-делювийлі ысырынды шөгінділер басып жатыр. Таудан көптеген бұлақтар басталады. Бұлақтардың қосылуынан пайда болған Ұзынбұлақ өзені шығысқа, Қарабұлақ өзені солтүстікке қарай ағады.
## Геологиялық құрылымы
Тау, негізінен, төменгі және орта девонның жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Таудың қызыл қоңыр топырағы мен тау етегінің қиыршықтасты қызыл қоңыр және ашық қызыл қоңыр топырағында дегелең, бөрте жусан, қылқан селеу, бетеге, көде, тобылғы, қараған, т.б. бұталар мен әр түрлі шөптер өседі.
## Дереккөздер |
Дәстүргүл (лат. Bellis) – астралылар тұқымдасына көп жылдық шөптесін өсімдіктер тегі. Италияның ұлттық нышаны.
## Таралуы
Тектің табиғи ареалы — Еуропа, Жерорта теңізі жағалауындағы елдер, Кавказ. Текте жеті биологиялық түрі белгілі.
Қазақстанда көп жылдық дәстүргүл (B. perennіs) түрі ғана кездеседі. Ол бау-бақшаларда, саябақтарда, гүлзарларда өседі. Биіктігі 10 – 15 см болады. Күрекше пішінді жапырақтары сабақ астына шоғырлана орналасқан. Жиектері ұсақ тілімденген. Гүлдері дара, кейде бірнешеу болады. Гүл жапырақшалары ақ немесе қызғылт түсті. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, жемістенеді. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейтіледі. Дәстүргүл – жарық сүйгіш өсімдік. Ылғалды топырақта жақсы өседі.
## Сипаттамасы
Дәстүргүл көпжылдық, кейбір түрлері біржылдық шөптесін өсімдік болып табылады. Көпжылдық дәстүргүлдер көбінесе екіжылдық гүл ретінде өсіріледі.Бойының биіктігі 10 см-ден 30 см-ге дейінгі аралықта.Дәстүргүлдер гүлпарлы,жай күлтелі және жартылай гүлпарлы болып үш топқа бөлінеді.
Жапырақтары жұмыртқа пішіндес сопақтау,гүлдерінің диаметрі 1-2 см-ге жетеді.
Гүлдегеннен кейін тұқым салады.1грамда 7500 данаға дейін ұсақ тұқымдары болады.
Тұқымдардың өну қасиеті 3-4 жылға дейін сақталады. Сәуір,мамыр айларында гүлдейді. Гүлдерінің түсі ақ,күлгін,қызыл түсті. Қазақстанның әр аймағында әртүрлі кезде гүл жарып,алуан түрлі өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Мысалы,ылғалды және суық жерлерде гүл бүрлері бірінші суыққа дейін ашылса, ыстық климатты аймақтарда гүлдері ұсақталып өздерінің сұрыптық көрінісін жоғалтады.
## Қолдануы
Орта ғасырларда дәстүргүлмен рухани азғындыққа ұшыраған адамдарды емдеген.Егер емдеуші адам 15 күн ішінде жазылып шықпаса,ол жан тапсырады деп есептеген екен.Дәстүргүл өте нәзік гүл болғанымен,оның емдік қасиеті өте жоғары.
## Көгалдандыру
Дәстүргүлдер ашық,жарық жерлерде өскенді ұнатады. Жартылай көлеңкелі жерде де өсе береді. Қыстың суығына шыдамды болғаны үшін жоғары бағаланады.
* Топырағы:топырақ талғамайды,бірақ тасты,қарашірікке бай,құнарлы топырақта жақсы өседі.
* Күтімі:үнемі ылғалдылық пен суғаруды қажет етеді.Құрғақшылықтан гүлдері кішірейіп қалады.Ерте көктемде гүл бүрлерін салған уақытта минералды тыңайтқышпен қоректендіреді.Мысалы,1м кв. Жерге 15 г аммиак селитрасын,30 г суперфосфат,7-8 г калий араластырып қоректендірген дұрыс.
* Аурулары мен зиянкестері:олар ауруға жиі шалдыға бермейді,ең басты аурулары гүлдерінің ұсақталуы,жапырақтарының түсінің өзгеруі және т.б.. Аурулары көбінесе жаздың басында пайда болады.Ондай жағдайда жараланған жапырағы мен гүлдерін кесіп тастау керек.Дәстүргүлге кене,ұсақ кеміруші жәндіктер зиян келтіруі мүмкін.Ондай жағдайда сарымсақтан жасалған тұнбамен өсімдікті тазалайды.
* Көбейтілуі:тұқымын себу,қалемшеу және түбін бөлу арқылы көбейтеді. Негізінде ,дәстүргүл өздігімен тез көбейетін өсімдіктер қатарына жатады.Бір түбінен келер жылы 3-4 балапан өсіп шығады.Осы балапандарды жекелеп бөліп алу арқылы оңай көбейтуге болады.Тұқымы арқылы да көбейтеді.Бірақ,тұқымы тез будандасып кететіндіктен көшетінде аналық қасиет сақталмауы мүмкін.Сондықтан көп жағдайда түбін бөлу әдісін қолданған абзал.Түбін тамыз айының соңы мен қыркүйек айының басында немесе көктемде 4-6 бөлікке бөледі.
* Қолданылуы:дәстүргүлдерді үлкен гүлзарлардың шетіне,жол жиегіне,альпі шоқысына,топтап немесе жеке отырғызған әдемі көрінеді.Тіпті,оларды бозкілем ретінде ексе,жайылып керемет кілемнің көрінісін берері сөзсіз. Қылқанжапырақты ағаштардың түптерін гүлдендіруге өте ыңғайлы. Сонымен қатар шағын гүл шоғырларына да қырқып қосады.
* Көршілері: дәстүргүлді нәркес, сүмбілшаш, наурызгүл, қызғалдақ, ботагөз секілді көктемде гүл жаратын гүлдермен бірге ексе үйлесімді көрініс береді.
* Есіңде болсын!!! Дәстүргүлдің гүлінің түсі әртүрлі сұрыптарын жеке-жеке отырғызу қажет. Егер, олар жақын өсер болса, буындасып, келер жылы жаңа бір түр шығарады. Мысалы, ақ және күрең түсті екі түрі қатар өссе, келесі жылы не қызылға, не ақ түске жатпайтын жаңа бір түр пайда болады.
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Денисов ауданы — Қостанай облысының батыс бөлігіндегі әкімшілік бөлініс. Жер аумағы — 6,8 мың км². Аудан орталығы — Денисовка ауылы.
## Географиялық орны
Шығысында Бейімбет Майлин, оңтүстігінде Жітіқара, Қамысты аудандарымен, солтүстігі мен батысында Ресей Федерациясымен шектеседі.
## Жер бедері
Аудан жері жазық, шығысқа қарай еңіс келетін Орал сырты үстірті мен Торғай Үстіртінің солтүстік тұсын алып жатыр. Кен байлықтарынан құрылыстық тас, әктас кездеседі.
## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Климаты шұғыл континенттік. Қысы суық ызғарлы, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардағы ауаның орташа температурасы — -17…-18°С, шілдеде — 19…21°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері — 250–300 мм. Басты өзендері: Тобыл, Әйет және оның салалары — Қарағайлыәйет және Қамыстыәйет. Тобыл өзенінде Жоғарғы Тобыл бөгені, Қамыстыәйет өзенінде Қамысты бөгені салынған. Ірі көлдері: Жақсы Алакөл, Светлое, Шыбындысор және Айқоныс. Ауданының жері, негізінен, қара және қызыл қоңыр топырақты, сортаң топырақтар да кездеседі. Өсімдігі жусан аралас қау мен селеу, бетеге аралас далалық шөптерден тұрады. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, сарышұнақ, қосаяқ; құстардан қаз, үйрек, аққу, тырна, қызғыш, бозторғай, т.б. мекендейді.
## Халқы
Тұрғындар саны – 18 376 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 27,20%, орыстар – 39,43%, украиндар – 16,29%, немістер – 7,43%, беларустар – 2,86%, татарлар – 1,59%, башқұрттар – 0,91%, әзербайжандар – 0,83%, басқа ұлт өкілдері –3,45%.
## Әкімшілік бөлінісі
26 елді мекен 2 ауылдық әкімдік пен 10 ауылдық округке біріктірілген:
## Ірі елді мекендері
## Шаруашылығы
Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер аумағы — 452,5 мың га, оның ішінде 329,7 мың га егістік, 116 мың га жайылым бар. Денисов ауданы арқылы батыстан шығысқа қарай Ақмола – Қарталы темір жолы, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Қостанай – Жітіқара темір жолы, сондай-ақ республикалық маңызы бар Қостанай – Рудный – Тобыл – Жітіқара автомобиль магистралі өтеді. Аудан ішіндегі елді мекендер автомобиль жолдары арқылы байланысқан.
## Дереккөздер |
Деркөл жер асты су көзі , Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының маңындағы Деркөл өзенінің алабы мен Деркөл-Шаған өзендерінің аралығында орналасқан. Сулы қабатының тереңдігі 50 – 100 м, Ақшағылда – 160 – 175 м, температурасы 10 – 12°С, минералдығы 12 – 25,2 г/л. Суының құрамында азот газы басымдау келеді және ионды тұз (хлоридті натрий) бар. Бұл су көзінің минералды суы «Нива», «Мелиоратор», «Аққайың» санаторий-профилакторийлерінде тіректік-қозғалтқыш органдары, жүрек-тамыр жүйесі, сыртқы жүйке жүйесі, тері және гинекол., т.б. аурулары бар науқастарды емдеу үшін пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Дегерес қойы – биязы жүнді, құйрықты қой тұқымы. Ол 1930 – 1980 ж. аралығында Алматы облысында жергілікті қылшық жүнді, құйрықты қой саулығын шропшир және прекос қошқарларымен күрделі зауыттық будандастыру арқылы шығарылған. Жаңа тұқым ретінде 1980 ж. бекітілді. Дене бітімі шымыр, сүйегі берік, кеудесі кең, құйрығы орташа. Жыл бойы жайылымда бағуға бейімделген, ұзақ жүруге төзімді. Қошқары тірідей 100 – 110 кг, саулығы 58 – 63 кг салмақ тартады. Қошқардан 6 – 7 кг, саулықтан 3 – 3,5 кг жүн қырқылады. Жүн талшығының ұзындығы 9 – 16 см. Әр 100 саулықтан 90 – 120 қозы алынады. Енесінен бөлген кезде қозылары 32 – 35 кг салмақ тартады. Ұрғашы тоқты 70 кг, еркек тоқты 93 кг салмақ тартады, ұшасынан 16 – 19 кг ет алынады, сойыс шығымы 49 – 51%. Таза жүн түсімі 66 – 68%. Дегерес қойы Қазақстан мен Орталық Азияда өсірілетін жергілікті қылшық жүнді қойлардың жүн өнімділігін көбейту мен оның сапасын арттыруға кеңінен пайдаланылады. Сондай-ақ Дегерес қойы Түрікменстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Грузияда және Моңғолияда қой тұқымдарын асылдандыру жұмысында қолданылады. Дегерес қойы Алматы облысындағы «Бақанас», Қарағанды облысындағы «Жәмші», т.б. асыл тұқымды қой шаруашылықтарында, Қазақтың мал өсіру ғылыми-зерттеу институтының Мыңбаев атындағы тәжірибе шаруашылығында өсіріледі.
## Дереккөздер |
Дестегүл , меренде (Merendera) – лалагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөлді аймақтардың құмды, батпақты, сор жерлерінде өсетін 1 түрі – аласа Д. (М. robusta) бар. Биікт. 12 – 40 см, сабақтары тік өседі, жуашығы ірі, қара қоңыр қабықты. Жапырақтарының пішіні ұзынша. Гүлдері ақ, қызғылт түсті, сабақ ұшында жетіледі. Аталық жіпше тәрізді, жасыл сары түсті. Наурыз – сәуір айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – ұзынша қорапша, көп ұялы.
## Дереккөздер |
Джерси сиыры – сүтті сиыр тұқымы. Ұлыбританияда (Джерcи аралында), Нормандия мен Бретанда (Франция) жергілікті тұқымдарын өзара шағылыстыру арқылы шығарылған.Джерси сиыры ашық жирен, сарғылт түстен қоңыр түске дейін болады. Кейбіреулерінің кеудесінің төменгі жағында және аяқтарында ақ теңбілдері бар. Маңдайы кең, бассүйегінің алдыңғы бөлігі қысқа, мойны ұзын, жалпақ, кеудесі тар келеді. Шоқтығына дейінгі биіктігі 122 см, тұрқы 145 см, кеуде орамы 173 см, жіліншік орамы 16,5 – 17,5 см. Ұрғашысы тірідей 360 – 400 кг, бұқасы 600 – 700 кг тартады. Жаңа туған бұзауының салмағы 20 – 22 кг. Джерси сиыры сүтінің майлылығы жөнінен бірінші орын алады (5 – 6%, кейде 7%). Жылына орта есеппен 3000 – 3500 кг сүт береді. Джерси сиыры Алматы облысының бірқатар аудандарында өсіріледі. Бұқасын басқа сүтті сиырлардың сүтінің майлылығын арттыру үшін будандастыру жұмыстарында пайдаланады.
## Дереккөздер |
Дмитриев мұздығы – Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі ең ірі қазаншұңқыр типтес мұздық, Іле алабындағы Талғар өзенінің бастауында. Мұздық 1936 жылы алғашқы зерттеуші және белгілі өлкетанушы С.Е.Дмитриевтің есімімен аталды.
## Аумағы
Мұздық солтүстікке қарай созылып жатыр, ұзындығы 5,7 км, ауданы 17 км2, көлемі 1,9 км3. Фирн сызығы 3940 м биіктікте. Мұздықтың циркі қысқа сілемдермен 8 камераға бөлінген. Дмитриев мұздығы жылына 10 м мөлшерінде шегінуде.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* http://wikimapia.org/2504111/ru/Ледник-Дмитриева-Dmitriev-glacier |
Диапирлі қатпар , диапир – күмбез тәрізді антиклиналь қатпар; ол жер астынан қысыла көтерілген иілгіш тау жыныстардың (тұз, саз) үстіңгі қабаттарды майыстырып немесе тесіп өтуінен пайда болады. Тұз күмбездерінің пішіні әр түрлі келеді, мөлшері 1 – 100 км², биіктігі 0,1 км-ден бірнеше км-ге, онымен жапсарланған қабаттардың еңістік бұрышы 10 – 60°-қа дейін. Диапирлі қатпар тұз қабаттары жақсы жетілген платформалық ойыстарда, шеткі иінді ойыстарда жиі кездеседі. Бұл қатпарлар мұнай және газ кендерінің шоғырлануына өте қолайлы құрылымдар болып табылады. Қазақстанда мұндай құрылымдар Каспий ойысында жиі кездеседі.
## Дереккөздер |
Доғалаң – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының шығысында, Талды өзенінің сол жағалауында, Қарағайлы кентінен оңтүстікке қарай 10 км жерде орналасқан тау.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 957 м. Батыстан шығысқа қарай 6 – 7 км-ге созылып жатыр. Ені 2 – 3 км. Солтүстік және шығыс беткейлері тастақты, сай-жыралармен тілімденген. Оңтүстік баурайынан көптеген бұлақтар басталады.
## Геологиялық құрылымы
Орта және жоғары тас көмір гранитоидтарынан түзілген.
## Өсімдігі
Қара қоңыр топырағында бетеге, жусан, қызыл боз, селеу, т.б. өседі.
## Дереккөздер |
## Өсімдік туралы
Долана – Қазақстанның таулы аймақтарында жиі кездеседі. Раушан гүлділер тұқымдасына жатады. Табиғатта мыңнан астам түрі болғанымен, оның 200-ге жуығы ғана кең таралған. Тікенекті бұталы өсімдік немесе шағын ағаш түрінде кездесетін долананың биіктігі шамамен 2-8 м болып келеді. Жапырақтарының ұзындығы - 6 см, ені - 4-5 см көлемінде. Барлық сұрыптары көктемде қалың гүл ашады. Гүлдері қызыл, ақ, қызғылт түсті болады. Мамыр айының соңында гүлдері шыға бастайды да, маусымның ортасына таман гүлдеп бітеді. Гүлдегеннен кейін кішігірім қызыл, сары, кейде қара түсті домалақ жеміс береді. Жас көшеті жеті жылдан кейін ғана жеміс салады. Долананың шаң мен газға төзімділігін және ауа тазартатын қасиетін ескере отырып, оны қала көшелеріне молынан егеді. Бірақ қала көшелеріне егілген долананың жемісін жеуге болмайды. Бойы аса биік емес әрі тікенекті болғандықтан, долананы көбінесе жасыл қоршау жасауға қолданады. Жаз айларында қырқып-пішіндеуге болады. Өсуі жай болғанымен, долана төзімді ағаш болып саналады. Дәрілік мақсатта долананың жемісі мен гүлін пайдаланады. Доланадан жасалған дәрілер орталық жүйке жүйесін тыныштандырады, жүрек бұлшық еттеріне күш береді, жүрек пен мидағы қан айналымын жақсартады.
## Күтімі
Кез келген бақтың топырағында тамырланып өсе береді. Ашық күн көзінде өскенді қалайды. Жаздың ыстық күндерінде судың жетіспеушілігіне шыдамды әрі қысқы суыққа да төзімді.
## Көбейтілуі
Тұқымы және қалемшелері арқылы көбейтіледі. Сұрыпты түрлерін арнайы жылыжайларда ғана көбейтеді.
## Долана туралы тақпақ
Төзімді ағаш долана,
Ыстыққа да, суыққа.
Тазартады ауаны,
Балақай, мұны ұмытпа!
Жапырағы жайқалып,
Долана ағаш тұр гүлдеп.
Піскеннен соң дәндерін
Теріп жегін бір-бірлеп.
Долана (Crataegus) – раушангүлділер тұқымдасына жататын бұта не ағаш. Долананың Америка мен Еуразияның қоңыржай белдеулерінде кездесетін 200 (кей деректерде 1000-нан астам) түрі бар. Қазақстанда 7 түрі Алтай, Тарбағатай, Іле және Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі. Көбірек тарағаны – алқызыл долана (C. sangvіnea). Жарықсүйгіш, аяз бен құрғақшылыққа төзімді, топырақ талғамайды. Бұтақтары тікенді, кейбір түрлері тікенсіз болады, биіктігі: 1-4 м. Жапырақтарының жиегі тілімденген. Мамыр-шілдеде гүлдеп, жемісі тамыз-қыркүйекте піседі, жемісі қыста ағаш басында тұра береді. Гүлі ақ немесе қызғылт, қызыл, жартылай шатырша не қылқан тәрізді гүлшоғырын түзеді, қос жынысты. Жемісі – жидек, ұсақ, алқызыл, сары не қара түсті, 1-5 сүйекті, кейбір түрі жеуге жарамды, витаминге бай. Тұқымынан көбейеді. Аралар арқылы тозаңданып, жануарлар арқылы таралады. Долананың 50-ге жуық түрлері қолдан өсіріледі. Долана медицинада дәрі-дәрмек жасауда пайдаланылады.
## Сілтемелер
* Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
## Дереккөздер
Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жидектер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8
## Өсімдік туралы
Долана – Қазақстанның таулы аймақтарында жиі кездеседі. Раушан гүлділер тұқымдасына жатады. Табиғатта мыңнан астам түрі болғанымен, оның 200-ге жуығы ғана кең таралған. Тікенекті бұталы өсімдік немесе шағын ағаш түрінде кездесетін долананың биіктігі шамамен 2-8 м болып келеді. Жапырақтарының ұзындығы - 6 см, ені - 4-5 см көлемінде. Барлық сұрыптары көктемде қалың гүл ашады. Гүлдері қызыл, ақ, қызғылт түсті болады. Мамыр айының соңында гүлдері шыға бастайды да, маусымның ортасына таман гүлдеп бітеді. Гүлдегеннен кейін кішігірім қызыл, сары, кейде қара түсті домалақ жеміс береді. Жас көшеті жеті жылдан кейін ғана жеміс салады. Долананың шаң мен газға төзімділігін және ауа тазартатын қасиетін ескере отырып, оны қала көшелеріне молынан егеді. Бірақ қала көшелеріне егілген долананың жемісін жеуге болмайды. Бойы аса биік емес әрі тікенекті болғандықтан, долананы көбінесе жасыл қоршау жасауға қолданады. Жаз айларында қырқып-пішіндеуге болады. Өсуі жай болғанымен, долана төзімді ағаш болып саналады. Дәрілік мақсатта долананың жемісі мен гүлін пайдаланады. Доланадан жасалған дәрілер орталық жүйке жүйесін тыныштандырады, жүрек бұлшық еттеріне күш береді, жүрек пен мидағы қан айналымын жақсартады.
## Күтімі
Кез келген бақтың топырағында тамырланып өсе береді. Ашық күн көзінде өскенді қалайды. Жаздың ыстық күндерінде судың жетіспеушілігіне шыдамды әрі қысқы суыққа да төзімді.
## Көбейтілуі
Тұқымы және қалемшелері арқылы көбейтіледі. Сұрыпты түрлерін арнайы жылыжайларда ғана көбейтеді.
## Долана туралы тақпақ
Төзімді ағаш долана,
Ыстыққа да, суыққа.
Тазартады ауаны,
Балақай, мұны ұмытпа!
Жапырағы жайқалып,
Долана ағаш тұр гүлдеп.
Піскеннен соң дәндерін
Теріп жегін бір-бірлеп.
Долана (Crataegus) – раушангүлділер тұқымдасына жататын бұта не ағаш. Долананың Америка мен Еуразияның қоңыржай белдеулерінде кездесетін 200 (кей деректерде 1000-нан астам) түрі бар. Қазақстанда 7 түрі Алтай, Тарбағатай, Іле және Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі. Көбірек тарағаны – алқызыл долана (C. sangvіnea). Жарықсүйгіш, аяз бен құрғақшылыққа төзімді, топырақ талғамайды. Бұтақтары тікенді, кейбір түрлері тікенсіз болады, биіктігі: 1-4 м. Жапырақтарының жиегі тілімденген. Мамыр-шілдеде гүлдеп, жемісі тамыз-қыркүйекте піседі, жемісі қыста ағаш басында тұра береді. Гүлі ақ немесе қызғылт, қызыл, жартылай шатырша не қылқан тәрізді гүлшоғырын түзеді, қос жынысты. Жемісі – жидек, ұсақ, алқызыл, сары не қара түсті, 1-5 сүйекті, кейбір түрі жеуге жарамды, витаминге бай. Тұқымынан көбейеді. Аралар арқылы тозаңданып, жануарлар арқылы таралады. Долананың 50-ге жуық түрлері қолдан өсіріледі. Долана медицинада дәрі-дәрмек жасауда пайдаланылады.
## Сілтемелер
* Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
## Дереккөздер
Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жидектер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8 |
Домалақ – Арал теңізі алабының солтүстігіндегі тұйық көл.
## Географиялық орны
Қызылорда облысы Арал ауданы жерінде орналақан. Үлкен Борсық және Арал Қарақұмы аралығында теңіз деңгейінен 69 м биіктікте орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 35,2 км2, ұзындығы 10,3 км, енді жері 6,5 км. Қар және жер асты суларымен толысады. Жазда тартылып қалады. Суы тұзды, көктемде мал суаруға, алабы шабындық ретінде пайдаланылады. |
Домбыралы (2005 ж. дейін – Гусарка) — Ақмола облысы Ақкөл ауданы, Кеңес ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Ақкөл қаласынан шығысқа қарай шамамен 9 км жерде. 2005 жылға дейін "Гусарка" деп аталған.
## Халқы
## Дереккөздер |
Дон жылқысы – жылқы тұқымы. 15 – 19 ғ-ларда Дон казактарының жергілікті орыс жылқыларын жорықтардан әкелген парсы, қарабах, араб, түрікмен жылқыларымен ұзақ жыл будандастыруы арқылы шығарылған; кейін орыстың орлов-ростопчин, стрелец және ағылшынның таза текті жылқыларымен будандастыру арқылы асылдандырылған. Дон жылқысының сүйегі ірі, шоқтығына дейінгі биіктігі 160 – 163 см, қиғаш өлшегендегі тұрқы 162 – 165 см, кеуде орамы 195 – 198 см, жіліншік орамы 20 – 21 см. Айғырының орташа салмағы 570 кг, биесі 550 кг. Сауыры жалпақ, түсі жирен, көбінесе күрең болады. Дон жылқысы төзімді, аса күтім талғамайды, шаруашылыққа қолайлы, ауа райының ыстық-суығына көнбіс. Сауын маусымында әр биеден 3000 кг сүт саууға болады. Жарыстарда 200 км-ді 16 сағатта 304 км-ді 24 сағатта, бәйгеалаңда (ипподромда) 1200 м – 1 мин 20 с, 1600 м – 1 мин 47 с, 2000 м – 2 мин 15,5 с, 3000 м – 3 мин 28 с-та шауып өткен.
## Дереккөздер |
Доңғал – Кент тауының батыс сілеміндегі тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жеріндегі Талды өзенінің оң саласы Қызылкеш өзенінің аралығында, Қарағайлы кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 20 – 22 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 1188 м. Ұзындығы мен ені 2 – 3 км, солтүстік бөлігі тік құламалы.
## Геологиялық құрылымы
Тас көмір гранитоидтарынан түзілген.
## Өсімдігі
Таулы қызғылт қоңыр топырағында бетеге, жусан, қызыл боз өседі. Кей жерлерінде қарағай, қарағай-қайың аралас орман өседі.
## Дереккөздер |
Доңға мұнай-газ кен орны — Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында, Ақтау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 50 км жерде орналасқан. Кен орны 1953 жылы аймақтық сейсмикалық жұмыстардың нәтижесінде табылып, 1965 жылы анықталды. Барлау жұмыстары 1966-1974 жылдары жүргізілген.
## Геологиялық құрылымы, сипаты
Құмтастардан түзілген өнімді қабаттар жоғары юра кезеңінің келловей және апт ярустарына шоғырланған. Олардың тереңдігі 1640 – 2250 м. Апт түзілімдеріндегі мұнайлы қабаттардың жалпы қалыңдығы 8,2 – 11,1 м.
## Құрамы
Мұнайдың тығызығы 0,821 – 0,830 г/см3, күкірті аз (0,11%), парафині 9 – 13,9%, құрамында аздаған асфальтен (0,48 – 0,7%) мен шайыр (3,39 – 7,3%) кездеседі. Кен шоғырларындағы бастапқы қабаттық қысым 16,5 – 18,6 МПа, температура 70 – 85°С. Мұнайдың тәуліктік шығымы 2 – 15 м3. Еріген газы ауыр, құрамында этан (8,87 – 16,04%), ауыр көмірсутегі (30%), метан (57%) және азот (9,3%) бар. Кен орнынан 50 км жерде Өзен – Атырау – Самара магистральдық мұнай құбыры өтеді. |
Дондығұл – Арғанаты жотасының ең биік нүктесі, жотаның орталық бөлігінде орналасқан.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерінде. Абсолюттік биіктігі 757 м.
## Геологиялық құрылымы
Архей және протерозойдың күшті метаморфтанған және дислокацияға ұшыраған жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Қиыршықтасты қара және қызыл қоңыр топырақты өңірлерінде тау, дала өсімдіктері (жусан, бетеге, бұталар, қарақат, сиыр бүлдірген, қайың, терек, т.б.) өседі.
## Дереккөздер |
Долан су жүйесі , Алматы облысы Қарасай ауданы жерімен жүргізілген. Ұзындығы 67,9 км. Жүйенің суымен ауданның 6,1 мың га жері суғарылады және суландырылады. Долан су жүйесі Алматы облысындағы ірі су жүйелерінің бірі саналады.
## Дереккөздер |
Доңызтау, Қабантау – Үстірттің солтүстігі мен Каспий маңы ойпатының шектескен жеріндегі аласа тау.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысының Байғанин және Атырау облысының Жылыой аудандары аумағында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 215 м, салыстырмалы биіктігі 120 – 150 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 75 – 90 км-ге созылған, енді жері 20 км.
## Геологиялық құрылымы
Жер қыртысы жоғары миоценнің оолитті әктастарынан түзілген.
## Жер бедері
Таудың солтүстік беткейі тік жарлы, кемері сай-жыралармен тілімденген, етегінде бұлақтар кездеседі. Көлбеу келген оңтүстік беткейі біртіндеп жазыққа ұласады.
## Өсімдігі
Сұр топырағында сұр жусан, бұйырғын, тасбұйырғын, күйреуік басым өскен. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Допшагүл (Globularіa) – допшагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда 2 түрі бар. Соның ішінде Орал қ. маңында, тастақты төбелерде, батпақты жерлерде өсетін реликт түр – сопақша Допшагүл (G. punctata) кездеседі. Биіктігі 10 – 15 см, кіндік тамырлы, тік өсетін сабағына сопақша жапырақтары кезек орналасады. Тостағанша жапырақтары түкті. Күлтесі боз, көкшіл түсті, қос ерінді. Сабақ ұшында жеке жетілетін гүлшоғыры шар тәрізді дөңгеленіп тұратындықтан өсімдіктің аты допшагүл деп аталады. Тұқымынан көбейеді. Мамыр айында гүлдеп, маусымда жемістенеді. Жемісі – жаңғақша. Сопақша Допшагүл өте сирек кездесетін өсімдік болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Дереккөздер |
Доңызтау артезиан алабы – Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Үстірттің солтүстік-шығысындағы Шошқалы қыраты мен Жем өзені аралығында 100 – 120 км-ге созылған жер астындағы сулы аймақ. Жалпы ауданы 10 мың км²-ге жуық. Арыны күшті, табиғи қоры мол (500 млрд. м3-ден астам) артезиандық су көзі 150 – 600 м тереңдікте, қалыңдығы 60 – 150 м альб-сеноман құмды қабаттарында қалыптасқан. Мұндағы әр ұңғымадан тәулігіне 2000 – 2800 м3-ге дейін су шапшиды. Доңызтау артезиан алабының солтүстігінде суы тұщы (минералдығы 1 г/л), оңтүстік мен батысында аздап ашқылтым (1 – 3 г/л). Бұл су көздері елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге, мал жайылымдарын суландыруға, егін суғаруға пайдаланылады, ал Аққұдық, Ақбұлақ, Тескенсу, т.б. су көздерінің минералды суларын асқазан-ішек ауруларын емдеуге пайдалануға болады.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.