text
stringlengths 3
252k
|
---|
Аралбаев Жалғасбай (31 наурыз, 1893, Қызылорда облысы Қазалы ауданы — 1979, Қарақалпақстан, Нүкіс қаласы) — ақын, әнші, күйші.
Сыр өңірі ақын-жыраулары мен әнші-күйшілерінің шығармаларын ел арасына таратқан. 1934 жылы халық өнерпаздарының республикалық слетіне қатысқан. Нартай Бекежановтың эстрадалық концерт бригадасында өнер көрсеткен. Соғыстан кейін Қарақалпақстанға қоныс аударып, Қарақалпақ филармониясының қазақ труппасында қызмет істеген. Толғаулары мен әндері, өзі шығарған күйлері халық арасына кең тараған. Аралбаевтың орындауындағы Базар жыраудың “Ақтолық-ай”, “Күміс-ай”, Шораяқтың Омарының “Өмір өткелдері” толғаулары, халық күйлері, өзінің “Өсекшілерге”, “Өткен заман, қай заман”, “Көрерге көркің болмаса” жырлары мен екі күйі күйтабаққа түсірілген.
## Дереккөздер |
Арал батыр (туған-қайтыс болған жылы белгісіз) — қолбасы. Қалмақтарға қарсы соғыстарға қатысқан. Алшын тайпасының Кете руынан. Әжібай Болпышұлы бидің інісі. Жоңғарларға қарсы Абылай хан бастаған ұрыстарда көрсеткен ерліктері Олжабай Нұралыұлының “Сабалақ” дастанында суреттелген. Кіші жүздің 10 мыңға дейін жеткен біріккен қолын басқарған Арал батыр қазақ елінің Ресейге бодан болуына қарсы болды. 1738 ж. Әбілқайыр ханды қолдаған ру басылары Ресейге бодан болуға екінші рет ант бергенде құжатқа қол қоюдан бас тартқан. Арал батыр Жемнің төменгі ағысындағы Бақашы әулиенің қорымына жерленген.
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Аралқұм – Алматы облысы Балқаш ауданындағы ауыл.
* Аралқұм – Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Аралқұм – Қызылорда облысы Арал ауданы жеріндегі жайлау.
* Аралқұм – Афон тауының оңтүстік-батысындағы құмды алқап.
* Аралқұм – Балқаш көлінің оңтүстігіндегі төбешікті құм. |
Аралбаев Бекайдар Жантөреұлы (1893, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы — 1952, Ресей, Красноярск өлкесі) — қоғам қайраткері.
Әкесі Жантөре Аралбайұлы — 1928 ж. тәркіленген орта шаруа.
1905 — 10 ж. Жаңақорғандағы орыс-қазақ мектебінде, 1910 — 14 ж. Перовскіде (Қызылорда) қалалық училищеде оқыды. Үш-төрт жыл болыстық, уездік мекемелерде түрлі қызметтер атқарды.1920 — 22 ж. Сырдария облаткомында (Ташкент) бөлім меңгерушісі, төрағасы;1922 — 24 ж. Түркістан АССР-ның Ішкі істер Халық комиссары, Түркістан республикасы ОАК төралқасының мүшесі;1924 жылы осы республиканың Жоғарғы сотының төрағасы;1925 ж. Қазақ АКСР-ы ОАК-нің хатшысы болып сайланды. Кеңес аппаратына, басшы қызметтерге жергілікті ұлт өкілдерін тарту ісіне ОАК-і комиссиясының төрағасы ретінде көп үлес қосты. Аралбаевтың бұл қызметін даттау үшін Ф.И. Голощекин оған “аралбаевшылдық” деген айдар тағып, жұмыстан қуды. 1928 — 33 ж. респ. банкіге, Ақтөбе облысы банкіге қызметке жіберілді. 1933 ж. Кеңес өкіметіне қарсы ұлтшылдық әрекеттер жасады деген жалған айып тағылып, КарЛАГ-қа, кейінірек Мордва (1934) жерінде Тамлагта жазасын өтейді. 1945 ж. тұтқыннан босаған Аралбаев Қазақстанда тұруға рұқсат берілмеді. Ташкент облысы Шыназ ауданында ферма меңгерушісі болып жүргенде 1949 ж. қайта қамауға алынып, Сібірге жер аударылды. 1957 ж. қыркүйегінде КСРО Жоғарғы сотының алқасы Аралбаевты толық ақтады.
## Дереккөздер |
Аралтоғай — Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы ауыл, Аралтоғай ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Темірбек Жүргенов ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 73 км-дей жерде, Ырғыз өзенінің сол жағалауында орналасқан.
## Тарихы
1957 жылы іргесі қаланған.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1363 адам (667 ер адам және 696 әйел адам) болса, 2009 жылы 1062 адамды (536 ер адам және 526 әйел адам) құрады.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, учаскелік аурухана, балалар бақшасы бар, шаруа қожалықтары құрылған.
## Дереккөздер |
Аралдық иін — мұхит пен құрлық жапсарласқан аймақтағы тау жоталары. Олардың төбелері бір-біріне тізбектеле жалғасқан аралдар жүйесін құрайды. Бұл аралдар жүйесінің жер бетіндегі пішіні кең ауқымды иінге ұқсайды. А. и-де сөнбеген жанартаулар, жер сілкінісі, жер қыртысы қозғалысы жиі болуы мүмкін. Жер бедері де ойдымды келеді. Мұхиттардағы терең шұңғымалар (“терең сулы науалар”), ірі-ірі гравитациялық қалыпсыздықтар, жер шарындағы барлық терең қыртысты жер сілкінулері нақ осы құрылымдар жүйесіне іргелес орналасқан. А. и-дер негізінен Тынық мұхит алабының өңіріне шоғырланған. Олар “Тынық мұхиттың отты шығыры” деп аталатын жалпыпланеталық алып құрылымның бір бөлігі болып табылады. Литосфералық плиталар тектоникасына сәйкес, А. и-дер жазық бағытта ұдайы жылжып отыратын мұхит төсенішінің континенттер астына қарай сұғына түсуі нәтижесінде қалыптасады. |
Аралбалық , АРАЛБАЛЫҚ – балық өнімдерін өңдейтін кәсіпорын. Арал теңізінің балық байлығы 19 ғ-дың аяқ кезінен игеріле бастады. Әсіресе Ташкент темір жол іске қосылғаннан кейін (1905 ж) теңіз жағасында орналасқан елді мекендерде шағын балық кәсіпшіліктері дами түсті Алғашқы жылдары балық аулаумен Аван, Бөген, Қазалы, Қызылорда балық зауыттары айналысты. Мұнда Қамысбас, Ақшатау, Ақирек, Райым, Шөмішкөл сияқты су қоймалары мен тоғандарында балық өсіріле бастады. Арал кеме жөндеу зауытында қайықтар мен қуаты 20 – 40 ат күші бар ұсақ су кемелері шығарылды. Кейін осы шаруашылықтың негізінде Арал қаласында Арал балық комбинат құрылды. Оның құрамына Бөген және Қуандария мемлекет балық аулау базалары, Ақтөбе, Қызылорда, Қазалы және Арқалық балық зауыттары енді. Өндіретін негізгі өнімдері: тоңазытылған, ысталған, кептірілген балықтар, жартылай фабрикаттар, тұздалған өнімдер мен аспаздық тағамдар, т.б. Балық өнеркәсібінің нарық экономикасына көшуіне байланысты комбинат «Аралбалық» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
## Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы" |
* Аралсор – Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы көл.
* Аралсор – Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданындағы ащы көл. |
Арал Тоғаниязұлы(1838, қазіргі Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы – 1911) – күйші.
## Өмірбаяны мен шығармашылығы
Маңғыстау түбегіндегі дәстүрлі күйшілік-домбырашылық мектептің көрнекті өкілі. Көне дәуірдегі Кербұқа, одан берідегі Боғда мен Қошқар, 19 ғасырдағы Абыл, Есір, Есбай, Құлшар, Алтынай сияқты күйшілердің музыкалық дәстүрін кейінгі ұрпаққа ұластырушы. Арал олардың күйлерін шебер орындап, халық арасында кеңінен насихаттаған. Ол өзі шығарған күйлермен қатар аңыз желісіне құрылған, бірнеше бөлімнен тұратын «Бала Науан» атты халық күйін де орындаған.
* Аралдың күйшілік дәстүрін жалғастырушы шәкірттері: Ш.Ыбырайымұлы, Ә.Құлшарұлы, Б.Кендірбайұлы, А.Сүйесінұлы, Қ.Есқалиұлы, Ш.Еділұлы, М.Үркінбайұлы, М.Өскенбайұлы, Б.Есболайұлы тағы басқалар. Осындай ізбасарларының арқасында Арал дәстүрі бүгінгі домбырашылық орындаушылық өнерінде өз орнын алып отыр.
* Күйші Маңғыстаудағы Мақан ата бейітінде жерленген.
## Дереккөздер |
Аралбай Оңғарбекұлы (1854, қазіргі Маңғыстау облысы, Қарақұм ауылы – 1914, сонда) – ақын. Мұсылманша білім алған, шығыс әдебиеті нұсқаларымен жақсы таныс болған. Жас кезінен темірші-ұсталық, етікшілік, аңшылық, балықшылық сияқты кәсіптермен айналысады, тас қашап, зират ескерткіштерін жасаған. Аралбайдың қолынан шыққан сәулетті ескерткіштердің үздігі – Қарашүңгіл зиратындағы Бырттың мазары.
## Өмірбаяны
Аралбай қазіргі Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы аймағындағы Қарақұм өңірінде дүниеге келіп, Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы Айрақты, Қарнау және Қаракұм деген жерлерде ғұмыр кешкен. Бейіті Қарақұм өңіріңдегі Қарашүңгіл қорымында. Аралбай Адайдың Келімберді – Мұңал – Жаулы – Жары – Жетімек деген әулеттерінен шыққан. Жетімектің Ырсалы деген бөлімінен.
Аралбай Айрақты маңында Каспийден балық аулап күнелткен қайықшы кедей адам болған. Аралбай балық аулаудан басқа там салумен, етік тігумен, күміс соғумен, жыр айтумен айналысқан – сегіз қырлы шебер, өнерлі адам болған. Ол Қарашүңгіл зиратындағы Бырт байдың құлпытасын шапқан бас шебер.
Жұрт жайлауға – Үстірт үстіне, Жемнің жоғарғы басына, Ойыл бетіне көшкенде, Аралбай денсаулығына орай теңіз жағасындағы Айрақтыны қыстап, жайлап отыра берген. Жалғыз баласы Берекет 1904 жылы жиырма бес жасында дүние салады. Академияның ғылыми кітапханасындағы бір жазбада (401-бума, 1-дәптер. 1947 ж. Гурьев экспедициясы жинаған): Аралбай баласы екеуі бір байға жалданып, шыңырау кұдық қазған. Арқан үзіліп, тас құлап, баласы кұдық ішінде өлген – делінеді. Аралбайды етене білетін Қайшыбай, Мұса, Қибатғардың бәрі-бәрі де мұндай әңгіменің жаңсақтығын айтады. Олардың айтуынша, ақынның баласы ауырып өледі. Аралбайдың өз өлеңдеріне зер салсақ, тіл-көз тиді-ау дегендей. Берекет өлгесін, келіні Меңешті төркіндері алып кетеді. Жастай жабысқан ауру азабы, жалғыз баласы Берекеттің қасірет-кайғысы, келіні Меңештің екі немересімен қолынан кетуі ақынға аса ауыр тиеді. Көп ұзамай ақын атасын қимай, келіні Меңеш қайтып оралады. Меңеш өле-өлгенше атасын күтіп, Берекеттен калған екі баласы Балықбай, Башақбайларды бағып отыра берген, қартайған шағында Құлсары кентінде баласы Башақбай қолында дүние салған.
Аралбай мен Қашаған ақын тұтас, замандас болған. Олар бірін-бірі құрметтеп,бірінің басына іс түскенде екіншісі қасынан табылып, маңдайынан сүйіп жұбататын, жігерлендіріп, қайғысына жан жүрегімен ортақтасып отырған. Қашағанның баласы қайтқанда барып жұбатып отырып апасы Алтынзереге айтқаны бұл сөзге дәлел.
## Шығармашылығы
* Ел арасына ауызша кең тараған жырлары: «Қашағанға мұңын шағуы», «Еңсесі кеткен жүйрікпін», «Жатырмысың, перзентім» («Әдебиет майданы», 1935), «Меңешке айтқаны», «Келіні Меңешке шығарып берген жоқтауы», «Жұт жылы», «Күрекешпен сөз қағыстыруы», тағы басқалар.
* Ақын толғаулары «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967), «Ақберен» (1972), «Абыл, Нұрым, Ақтаным... » (1997) жинақтарында жарияланған. Толғаулары адам атаулыға ортақ өмірдің мәнді мәселелерін көтеруімен, ойлы, бейнелілігімен ерекшеленеді. Ақынның жеке туындылары ҚР ҰҒА Орталық ғылыми кітапханасының сирек қоры мен Әдебиет және өнер институтының Қолжазба орталығында сақтаулы.
## Дереккөздер |
Арал-Каспий далаларының тайпалары – ерте темір дәуірінде осы өңірде өмір сүрген жартылай отырықшы және көшпелі халық. Олардың қалдырған мәдени ескерткіштерін 1989 жылдан бастап Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі З.Самашев) зерттеген. Бұл өңірде біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 7 ғасырдан біздің заманымыздың 2 – 3 ғасырна дейінгі кезеңде озық мәдениет нұсқалары мен жергілікті экологиялық ерекшеліктерге бейімделген шаруашылық жүйесін жасаған халықтар мен тайпалар өмір сүрген.
## Тайпалар
Аймақтың солтүстігін жайлаған скиф-сармат тектес тайпалар Еділ-Жайық өңірі, Орал өлкесі халықтарымен тығыз араласса, оңтүстікте – Хорезм, Парфия, Соғдиана, Маргиана, Бактрия тағы басқа елдермен байланысқан. Кейбір жазба деректерде (Геродот, көне парсы жазбалары) дах (дай, даг), каспи (гиркан), дербик деген тайпалардың аты жиі кездеседі, бірақ осы әдебиеттерде көптеген этникалық топтардың аттары мен мекендеген жерлері шатасып та жатады. Грек жазбаларында Каспий теңізінің шығысын, Сырдария өңіріне дейінгі аймақты жайлаған дайлықтар – апарн (парн), ксанфий, писсур, тағы басқа ру-тайпаларға бөлінген. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтың аяғында хорасми, дах, парн және массагет көшпелілерінің байлары Хорезмде жаңа әулеттің билікке келуіне, сол сияқты Кушан мемлекетінің қалыптасуына тікелей ықпалын тигізді.
## Шаруашылығы
Бұл халықтардың тұрмысының негізі көшпелі мал шаруашылық (қой, ешкі, ірі қара, түйе және жылқы өсіру) болды. Жылқы, мысалы, массагеттерде киелі күн құдайына құрбандыққа шалатын, күнге баламаланатын жануар болып есептелген. Тұрмысқа және соғыс ісіне керекті заттарды жергілікті шеберлер жасаған немесе жаугершілікте олжалап алып отырған.
## Мәдениеті
Қолөнер ісі, металл, ағаш, тері, тас, сүйек, жүн өндеу, киім тігу, тоқу, әсіресе, зергерлік бұйымдар жасау (хайуанаттық нақышта) жақсы дамыған. Зергерлер мен ұсталардың ең көп шығаратын бұйымдары – қару-жарақ пен ат-әбзелдері, ер-тоқым болған. Арал-Каспий өңірі халықтарының қоғамдық қарым-қатынастары, билік құрылымдары барлық көшпелілерге тән әлеум. сатылардан, яғни ру басыларынан, көсемдерден және патшалардан, тағы басқа тұрады. Қоғамдық өмірде әйелдердің, сонымен қатар, діни адамдардың, абыз, бақсы, балгер, түс жорушы, тағы басқа рөлі ерекше болған. Сақ-массагет тайпалары, негізінен, табиғи күштерге, аспан әлеміне табынған. Белгілі бір кезеңде олардың діни көзқарасына Заратуштра ілімі де әсерін тигізген. Археологиялық деректер сақ-массагет тайпалары арасында жерлеу, еске алу, аруақтарға табыну жүйесінің қалыптасқанын дәлелдейді. Қайтыс болған бай адамдар мен көсем-қолбасылардың қару-жарақ, бағалы заттар қойылған бейіттерінің үстіне үлкен обалар тұрғызған. Мұндай ескерткіштер Үстіртте, Маңғыстауда және Атырау өңірлерінде көптеп кездеседі.
## Дереккөздер |
Арапов елшілігі — 1764 ж. маусым — тамыз айларында Орынбордағы Ресей әкімі ген.-поручик А.П. Лочиновтың Қылшақты өз. бойындағы Абылай хан ордасына жіберген елшілігі. Елшіліктің басты мақсаты — Абылайдың саяси бағыты жөнінде мәліметтер жинау. Елшілік Абылайға Ресеймен әскери одақ және сауда қатынасын орнату қажеттігі, Ресей тарапынан Абылайға берілетін кепілдіктер туралы Орынбор әкімшілігінің хатын тапсырды. Абылай Орынбор әкімшілігіне берген жауап хатында Қытай ұсыныстарын қабылдамайтынын, Ресеймен ынтымақты одан әрі жалғастыратынын білдірді. А.е. бұл сапарында Орта жүз қазақтарының болашақта Ресей саясатына көзқарасы, бұрынғы Жоңғар хандығының жеріндегі Қытай әскерінің құрамы, Қытайдың Шығыс Түркістан халықтарына қысымы, Абылайдың Шығыс Түркістан билеушілерімен қарым-қатынасы жөнінде мағлұматтар алып қайтты. Абылай А. е-мен бірге Орынборға өзінің өгей ұлы Бөрі бастаған Орта жүздің 8 адамын өкіл етіп жіберді.
## Дереккөздер |
Михаил Федорович Аранышев (12 қараша 1912, Ресей, Нижний Новгород облысы Вача ауданы Клин селосы — 18 қараша 1989, Алматы) — кинооператор, Қазақстанның еңбек сіңірген артисті (1959).
## Өмірбаяны
* 1937 жылы Мәскеудегі Мемлекеттік кинематография институтын (Б.И. Волчектің шеберханасында) бітірген.
* “Ленфильм” жұмыс істеген.
* кейін Орталық біріккен көркем фильмдер киностудиясында (1942-43, Алматы) жұмыс істеген.
* 1946 жылдан Алматы көркем және хроникалық-деректі фильмдер киностудиясында (“Қазақфильм”) қызмет еткен.
## Түсіруге қатысқан фильмдері
Әр алуан деректі, хроникалық фильмдермен қатар киноочерктер және көркем фильмдерді:
* “Махаббат туралы аңыз”, 1953;
* “Дала қызы”, 1954;
* “Өжет қыз”, 1955;
* “Тасқын”
* “Даладағы қайыңдар”, 1956;
* “Менің атым Қожа”, 1964;
* “Жаңғырық” (1966 — 67)
* “Мың шақырымдық жол”, 1968;
* “Құлагер”, 1972;
* “Балалық шаққа саяхат”, 1970;
* “Көзілдірікті қоян”, 1981, мультфильм;
* “Бандыны қуған Хамит”, 1981 т.б. түсіруге қатысты.
## Марапаттары
* 1952 жылы “Советтік Қазақстан” аталатын деректі фильмі үшін Сталиндік сыйлық.
* Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1959).
* 2 рет "Құрмет Белгісі" ордені.
## Дереккөздер |
Арасан — Алматыдағы монша кешені. 1982 ж. салынған, (сәулетш. В.Т. Хван, инж. Қ.Р. Төлебаев. Қазақстан Мемл. сыйл., 1984 ж.).
Монша салу тарихында кездесе бермейтін шығыс, орыс және фин моншаларын бір кешенде біріктіріп, шығыс сәулет өнері үлгісінде жобаланған. Жобаның негізі етіліп Қожа Ахмет Иасауи кесенесі жанындағы ортағасырлық моншаның үлгісі, сонымен бірге монша салудың “мельниковтік”, Москвадағы “сандуновтық” тәсілдері пайдаланылған. Көлемі 100 мың кв2, 5 қабатты, 12 павильон мен 6 күмбез 4 монолиттік таған-тіреуге орнатылған. Еденіне 40 см металл плита төселген, астынан ортағасырлық “қандар”, яғни қан тамырлары сияқты таратылған түтіктер арқылы жылу беріліп тұрады. Әшекейлеуге гранит-мәрмәр қолданылған. Күніне 2,5-3 мың адамға қызмет етеді. Үлкендер, балалар бөлімі, шаштараз, косметология кабинеттері бар.
## Дереккөздер |
Арасат (араб. ақырғы күн, қиямет күні) — жердегі өмір бітіп, о дүниеде адамдар қиямет күні сұраққа жауап беру үшін жиналатын орын. Әркімге істеген іс-әрекеттеріне орай жазасы беріледі. Құранда арасат күні өте қорқынышты суреттеледі: аспан жарылып, теңіздер тасиды, адамдар тіріліп, сұрақ алынады, күнә мен сауабы өлшенеді, бірі жәннатқа, бірі дозаққа жөнелтіледі деп жазылған қасиетті кітапта. |
Үлгі:Infobox Ethnic group
Араукандар (исп. araucanos, өздерінше мапуче (maruche) — {{{Латын Америка}}}сындағы үндіс тайпаларынан құралған халық. Қазіргі жалпы саны 800 мың адам (1992). Мұның көбісі Чилиде тұрады. А. тілінде сөйлейді. Ерте замандардан бері Чилидің Атакома шөлінде өмір сүрді. Қалың орналасқан қоныстары: Арауко, Мальеко, Каутин, Вальдивия уалаяттары. Испан отаршылары Чилидің шөлейт түкпіріне тықсырған А. тайпалары одақтасып, тұтас халыққа айналды, қатты қырғынға ұшыратқан сұрапыл соғысқа (1536 — 1882) төтеп берді. А-дың отаршылардан қысым көрген үлкен бір тобы Аргентинаға ауып кетті. Олар қазір 50 мың адамнан асады. Чилидің Темуко аймағындағы А-дың көбісі қамашауда (резервацияда) тұрады. Оларды қамашауға жайғастыру туралы заң 1868 ж. шыққан болатын. А-дар диқаншылықпен айналысады, жері жоқтар серіктесіп егін егеді, алпауыттарға жалданады. Қалаларда жұмыс істейтін А. көбейіп келеді. А-дар ежелгі салт-санасын, ұлттық қолөнерін, билерін, сан алуан спорт ойындарын және басқа да ерекшеліктерін сақтаған.
## Дереккөздер |
Араттар (монғ. ард — еңбекші, халық) — арғы тегі Моңғол шаруаларынан шыққан әлеум.-этникалық қауымдастық, Моңғолияда, Қытайда қоныстанған. Негізгі кәсібі — мал шаруашылығы. 1921 ж. төңкеріске дейін Моңғолиядағы А. халықтың 92,2(-ін құрап, барлық мал санының 50,5(-ін иеленген. Қазіргі уақытта олар ауыл ш. ұжымдарына бірігіп (47(), отырықшылыққа көшу жолында. Қытайдағы А. Ішкі Моңғолияның автоном. аудандары — Шыңжаң, Цинхай провинцияларындағы еңбекші халықтың құрама бөлігі болып есептелінеді. Тува Респ-ндағы шаруалар да А. деп аталады. Әдеб.: Владимирцов Б.Я., Общественный строй монголов, Л., 1934; Нацокдоржи Ш., Из истории аратского движения во Внешней Монголии, М., 1958. |
Арба жасау — тұрмыс қажеттілігінен туған ұсталық кәсіп.Арба жасау үшін ағаш ұсталары қайың ағашын сәуір — мамыр айларында жұмсақ, иілгіш уақытында кесіп алып, иетін жерлерін иіп, бөліп-бөліп қояды. Арба доңғалағы үшін қайыңның иіні бар жерін таңдайды. Ұста жаз бойы арба құрастырады. Арбаның екі доңғалағы, жүк салатын қорабы (жәрәндігі), білігі, тертелері, ешбір темір шеге қолданылмастан, тұтастай ағаштан жасалады. Ұста бір жазда 20 арбаға дейін құрастырады. Екі доңғалақты арба 20-дан 50 пұтқа дейін жүк көтереді.
## Дереккөздер |
Арбау өлең — ауыз әдебиетіндегі тұрмыс-салт өлеңдерінің бір түрі. Адамды немесе малды жылан, қарақұрт, бүйі, шаян шаққанда, уытын “қайтару” үшін айтылады. Халық әр түрлі ырым жасап айтылған Арбау өлеңдері арқылы жыланның немесе қарақұрттың т.б. уытын қайтаруға, өздерін арбап әлсіретуге болады деп түсінген. Әрбір жәндіктің жаратушысы, “тәңірісі” болады деп ұғынған адамдар оларға сөз арқылы әсер етуге боады деп сенген. Арбау өлең — әлем халықтары фольклорының бәрінде бар, түркі халықтарының ауыз әдебиетінде кең тараған. Көбінесе 7-8 буынды шұбыртпалы ұйқасқа құрылады. Ш.Уәлиханов, Ә.Диваев Арбау өлең туралы пікір айтып, оның жекелеген үлгілерін 1862 ж. алғаш қағаз бетіне түсірген. Арбау өлеңнің бір түрі мындай:
“Кер, кер, кер жылан, Кереге басты мер жылан, Бір жылан бар — сұр жылан, Бір жылан бар — сұм жылан, Бір жылан бар — жеті жылғы ту жылан. Құралай таудың басынан Қуып келген қу жылан, Дегелек келді, шық жылдам!”.
## Дереккөздер |
Арғымақ — қазақ жылқысының сұлу, асыл тұқымы. Қазақ жерінің табиғатына үйлескен Арғымақ төзімділігі, алысқа шабуы, күй талғамайтындығы жағынан түркімен жылқысынан асып түскен. 19 ғасырдың аяғында орыстың жылқы мамандары 3 ахалтеке мен 3 қазақ А-н жарыстырып сынаған. Жарыс кезінде ахалтекелер бірден озып шыққанмен, ұзай келе А-тан қалып қойған. 18 ғ-дың ортасында Абылай хан Алатау қырғыздарының әрбір түтініне бір-бір арғымақ бағып беруге салық салған. Мұны “ханның қазынасы” деп атаған. Арғымақ қазір кездеспейді, бірақ халық арасында жүйріктік пен төзімділік баламасы болып қалған. Әдеб.: Лучшие породы киргизской лошади — аргымак. Православный вестник, 1898, (11.
kk:Ақалтеке жылқысы |
Арғанаты тас мүсіндері — түркілердің орта ғасырдан қалған ғұрыптық ескерткіштері. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Арғанаты тауының Мық, Домбауыл, Айыршоқы қыраттарында орналасқан. 1950 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Х. Марғұлан) зерттеген. Мүсіндердің көбі қирап, қатты бүлінген, толық саны белгісіз. Мүсіндер жалпақ тастан қашалып, төртбұрыш, шаршы түрінде жасалған қоршаулардың шығыс жақ сыртына беті күншығысқа қаратыла тігінен орнатылған. Одан шығысқа қарай кішірек тас бағаналар немесе балбалдар тізбегі кездеседі. Тас қоршаулар астында адам жерленбеген. Ішіндегі тас-топырақ үйіндісінің арасынан мал сүйектері, ат әбзелі мен кейбір тұрмыстық бұйымдар, жағылған оттың табы мен күл қабаттары ашылды. Мық тауының етегіндегі жергілікті тұрғындар арасында “Алып тас”, “Мықтың алыбы” атанған мүсін сұр граниттен қашалған (биікт. 1,5 м, ені 0,4 м, қалынд. 0,23 м). Мүсіннен ер адамның бет әлпетінің, шоқша сақалының, үлкен көздерінің, ұзын мұртының және аяқ-қолдарының бедері айқын көрінеді. Оң қолына сусын ішетін тостаған, сол қолына қылыш ұстаған. Екінші мүсін бүдан 200 м қашықтықта орналасқан. Биікт. 2,1 м, ені 0,58 м. Осы екі мүсінді жергілікті қазақтар “Қос алып”, “Қос батыр” деп атайды. Бұл мүсіндер 6-8 ғасырларға жатады. Арғанатының Тұлпартас сілемінің баурайынан 8-12 ғасырларға жататын граниттен қашалып жасалған (биікт. 1,25 м, ені 0,35 м) адам мүсіні табылды. Мүсінде әдемі жас әйелдің бет әлпеті кескінделген, оның құрметіне өткізілген ас беру, қоштасу салтанатының белгілері, арналып сойылған малдың сүйектері мен қасиетті оттың орындары табылды. Мүндай тас мүсіндер негізінен елге сыйлы адамдарға қойылған. Осы тәріздес мүсін тастар Баянауыл, Қарқаралы, Жетісу өңірлерінде, Атасу өзен бойында жиі кездеседі.
## Дереккөздер |
Арғынбай Жұмажанұлы - Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында Тұлба көлінің жағасында туған. Қазақ орта мектебін, 1954 жылы Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. моңғолия қазақ баспасында корректор, орта мектепте мұғалім, директор, аймақтық оқу бөлімінің бастығы, «Жаңа өмір» газетінің бас редакторы, ғылыми қызметкер сияқты жұмыстар атқарған.
## Шығармашылығы
«Тақпақтар», «Ертіс шындығы», «Өлеңдер мен әңгімелер», «Біздің өлкеде», «Меңдікөл», «Өмір сызған өрнектер» кітаптары қазақ тілінде, «Меңдісүлу», «Адам туралы аңыз» кітаптары моңғол тілінде жарық көріп, бірқатар шығармалары орыс, украин, болгар, тува, алтай тілдеріне аударылған. « Талаптылар », « Ертіс жырлары », « Бірлестікшілер », « Сандуғаш » пьесаларының авторы. 1979 жылғы Моңғолия Жазушылар одағы сыйлығының иегері. Моңғолияның «Еңбек Қызыл Ту», Алтын Жұлдыз ордендерімен, көптеген медальдарымен марапатталған. 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударған.
Марқұмның құлпытасына өзінің "Қоштасу" деген өлеңінен мынадай бір шумақ қашалған:
Ұрпақ бердің ұлтыма айтып барам,
Өнер бердің, жыр төгіп шалқып барам.
Кешір мені туған жер — Моңғол елім,
Пендемін ғой, қаныма тартып барам!
Ол орта мектепте мұғалім, директор, аймақтық оқу бөлімінің меңгерушісі, аймақтық партия комитетінің хатшысы, "Жаңа Өмір" газетінің редакторы, қатарлы қызметтерді абыроймен атқарып, құрметті демалысқа шыққан. Моңғол Халық Республикасы халық ағарту ісінің үздігі, 1950 жылдан Моңғолия Жазушылар одағының, 1971 жылдан Моңғолия Журналистер одағының, 1993 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көрнекті жазушы драматург, Моңғолия Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты. Өлең, дастан, драмалық шығармаларының он шақты жинағы қазақ тілінде, төрт кітабы моңғол тілінде басылған. Шығармалары орыс, украин, болгар, тува, алтай тілдеріне аударылып жарық көрген. "Талаптылар мен табынушылар", "Ертіс әуендері", "Бірлестікшілер", "Сандуғаш" пьесалары театр сахнасында қойылып, "Шайқас алдында", "Домбыра әуендері" атты көркем және деректі фильм сценарилері кино болып шыққан. Моңғолия Үкіметі Арғынбай Жұмажанұлының ұстаздық және жазушы-журналистік еңбегін жоғары бағалап, "Еңбек қызыл ту", "Алтын жұлдыз" ордендерімен және мерекелік медалдармен марапаттаған."Көшпенділер (фильм)" фильмінде айтылатын "Балапан қаз" әнінің сөзін жазған осы Арғынбай Жұмажанұлы.
## Дереккөздер |
Арғыншиев Сақыпкерей Жармаұлы (1887, бұрынғы Орал губерниясы Қараоба болысы — 15.2.1938) — мемлекет және қоғам қайраткері. Оралдың қолөнер уч-щесін бітірген (1904). Ресейдің Воронеж қ-нда фельдшерлер мектебінде оқып жүріп, эсерлер партиясына кіреді. 1907 ж. тұтқындалып, 5 жыл айдауда болған соң, Иркутск губ-на мәңгілік жер аударылды. 1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін елге қайтып оралып, большевиктер жағында саяси-ұйымдастыру қызметімен айналысты. 1918 — 19 ж. Орал облысы ұлт істері жөніндегі комиссар, облатком мүшесі. 1920 ж. Қазақ ревкомының, Қазақ АКСР-ы ОАК мүшесі, әлеум. қамсыздандыру халкомы болды. 1921 — 27 ж. Қазақ АКСР-ы Жоғарғы трибуналының төрағасы, Заң халкоматы алқасының мүшесі қызметтерін атқарды. 1927 жылдан бастап голощекиндік әсіре қызыл саясатқа қарсылық жасағандығы үшін қызметінен алынып, партиялық және әкімш. тарапынан қуғынға ұшырады. 1927 — 37 ж. Алматы зоовет. ин-тының ректоры, Шымкент түйе өсіру зауытының, Темір мал ш. тәжірибе стансасының директоры. 1937 ж. 14 тамызда жала жабылып, “халық жауы” ретінде тұтқындалды. 1957 ж. 13 шілдеде КСРО Жоғарғы соты алқасының шешімімен толық ақталды.
## Дереккөздер |
Арғынбек Апашбайұлы (1883, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Ақарал а. — 1946, Шыңжаң өлк. Алтай аймағы) — ақын, ағартушы. Әкесінен ерте жетім қалған. Алғашқы “Жыл өлеңін” (мүшел туралы) 1894 ж. шығарған. 1912 ж. өрдегі нағашыларына көшіп барып, Буратай бидің аулында бала оқытқан. “Бұл күнде жағдай өзгеше”, “Қазақ Сырдан ауғанда”, “Ата жұртым — қазағым”, “Ресей туралы”, “Араб халқының сипаты”, “Ата мекен — Алтай”, “Қалам алып Арғынбек” деген тараулардан тұратын 16 мың жолдық өлең-роман жазған. “Жер — адамның анасы” деген толғауында ата мекенінен айрылған адамның сағынышы, шашырап кеткен қазақ халқының қасіреті әсерлі баяндалады. Араб, парсы, түрік, шағатай тілдерін білген. Шығыс ақындары үлгісімен көптеген діни дастандар (“Мұхаммед мұғжизалары”, “Мәуліт жыры”, “Жанды жаратылыс”) шығарған. А. өлеңдері Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Түркия елдеріндегі қазақтар арасына кең тараған. Оның бірқатар туындылары ҚР ғылым академиясының Орт. ғыл. кітапханасы қолжазба қорында сақталуы.
## Дереккөздер |
Аржан обалары — сақ дәуірінің ескерткіші. Ресей Федерациясындағы Тыва Республикасының Аржан және Тарлық елді мекендерінің аралығында орналасқан. Алғаш 1971-74 ж. археолог М.П. Грязновтың басшылығымен зерттелген. Диаметрі 30-85 см қарағай бөренелерінен жасалған, пішіні төрт текше, аса беделді адамға немесе “патшаға” арналған қабір. Сырты сегіз адамның ағаштан ойылған табыты мен алты аттың қаңқасы қойылған текше қарағай шарбақпен қоршалған. Айналасындағы үшбұрышты, трапеция тәріздес, ортадан шетке қарай радиалды түрде орналасқан 70-ке жуық қабірлерден 160-қа тарта жүгенделген аттар мен 15 адамның қаңқасы табылды. Қорғанның етегіне құрбандыққа шалған малдардың сүйегі көмілген. Ескерткіш ертеректе қатты тоналған. Дегенмен, киім-кешектер қалдығы, қару-жарақтар, ат әбзелдері, әшекей бұйымдар, тасқа салынған суреттер т. б. көптеп табылды. А. о-нан табылған заттай деректер негізінде, ертеден ғылымда пікірталас туғызған скиф-сақ дәуірінің басталу кезеңін, бейнелеу өнеріндегі хайуанаттық нақыштың қалыптасу мерзімін б.з.б. 7-6 ғ-дан емес б.з.б. 8 ғ-дың басынан бастауға және скиф-сақ мәдениеттерінің қалыптасуы мен дамуын тек қана Қара теңіздің солт. аймағымен шектеген көзқарасты өзгертіп, Кіндік Азия, Орт. Қазақстан, Алтай, Арал өңірлері, Алдыңғы Азияда да оның ошақтары бар екенін дәлелдеуге мүмкіндік туды. Қазақстанда Аржан мәдениетіне жататын ескерткіштер — Алтайда (Майемер, Зевакинода), Сарыарқада (Тасмола), Арал өңірінде (Түгіскен, Үйғарақта) және Жетісуда табылған. Әдеб.: Грязнов М.П., Аржан, Л., 1981, с. 61 ; Членова Н.Л., Центральная Азия и скифы, т. 1, М., 1997, с. 98. |
Ардагерлер ұйымы -Қазақстан Республикасы ардагерлерінің ұйымы — Қазақстан Республикасындағы соғыс, еңбек және Қарулы Күштер ардагерлерінің қоғамдық бірлестігі. 1987 ж. 21 наурызда құрылған. 1991 ж. қарашада ұйымның Орт. кеңесі (төрағасы — Мақтай Сағдиев) сайланды. Ұйымның жоғары органы — съезд, ол 5 жылда 1 рет шақырылады. Ардагерлер ұйымының міндеттері — ардагерлердің материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға жан-жақты қамқорлық жасап, қолдау көрсету.
## Дереккөздер |
Доға— атты арба не шанаға жеккенде, екі жақ шеті терте мен қамыттың құлақбауын ұстап, бекітіп тұратын ағаш сайман. Доғаны қайың, тал, үйеңкі, емен сияқты мықты ағаштардан иіп жасайды. Ол үшін жұмыр ағаштың иілуге тиісті жерін шауып жұқартып алып, морға салып жұмсартады да, тез арқылы екі жақ басын иіп, қалыпқа салып кептіреді.
Доға кеуіп қалпына түскеннен кейін иілген жерінен шығыршық орнатады. Доғаның тертемен жалғасатын төменгі екі ұшының сыртқы бетін орнықты болу үшін шауып, ойық жасайды.
Доға - қабырғадағы ашық қалдырылған ойықтарды немесе екі тіреудің арасын үстіңгі жағынан қосатын доғал маңдайшасы.
Арка (лат. arcus — доға, иін, иілім)— қабырға немесе тірек аралықтарын ұштастыратын иін. Алғаш рет шығыс сәулет өнерінде қолданылған. Кейін ежелгі Рим архитектурасында кең қолданылды. Қазақстанда Баба ата кентіндегі медреседе (9-12 ғасыр), Айша бибі күмбезінде (11-12 ғасыр), Ахмет Ясауи кесенесінде (14 ғасырдың аяғы мен 15 ғасырдың басы) т.б. құрылыстарда кеңінен пайдаланылған. Аралық мөлшеріне, салмақ көтеру мүмкіндігіне, құрылымдық сипатына қарай арка тастан, металдан, ағаштан және темір бетоннан т.б. жасалады. Ежелгі сәулет өнерінде арка көбінесе тастан, қыштан қаланған. Арка пішініне қарай жартылай дөңгелек, садақ тәріздес (готикада көп таралған), таға тәріздес (араб елдері, сәулет өнерінде жиі кездеседі), дулыға тәріздес, көп қалақшалы, киль т.б. тәріздес болып келеді. Арка бүгінгі заманғы құрылыстарда да өз мәнін жоғалтқан жоқ. Ғимарат тұрғызуда, көпір салуда т.б. құрылыстарда арка негізгі құрылымдық бөлік ретінде қолданылады.
Доға – қисық сызықтың бойындағы кез –келген екі нүкте аралығындағы бөлігі. Шеңбер бойындағы екі нүкте оны екі доғаға бөледі.
Арка (лат. arcus — доға)—қабырға ойығында (терезе, қақпа, есікке) доға тәрізді иіп өрген итарқа шатыр немесе екі тіреудің (бағаналардың, колонналардың, көпір тіреулерінің) үстіне орнатылған аркалық өткел.
Электр доғасы – физикалық құбылыс, газдағы электр разрядының бір түрі.
## Дереккөздер
Математика әлемі
## Дереккөздер |
Арқа ажары — Ақмола облысы әкімшілігі мен облыс мәслихатының газеті.
1928 жылғы қазанда Ақмола қаласында шыққан “Жаңа арқа” газетінің ізбасары. Газет 1930 ж. қыркүйегіне дейін аптасына екі рет, Ақмоланың округтік партия, атқару к-ттері мен кәсіпшілер одағының органы ретінде жарық көрді. “Жаңа арқа” 1930 ж. қазанында 76-нөмірінен бастап аудандық газет болды. 1933 ж. “Колхоз екпіндісі” деп аталды. Ақмола Қарағандыдан бөлініп, өз алдына облыс болған кезде (1939 ж.), газет “Сталин туы” деген атпен шығарылды. КОКП 20-съезінен кейін (1956 ж.) “Есіл правдасы” деп өзгертілді. 1962 — 64 ж.ж. “Тың өлкесі”, өлкелер таратылғаннан кейін “Коммунизм нұры” деген атпен шыға бастады. Ол 1991 ж-дың 1 ақпанынан “Арқа ажары” деп аталды.
## Дереккөздер |
Арқабай Майкөтұлы (1872, қазіргі Жамбыл облысы Байзақ ауданы Фрунзе а. — 1934) — ақын, жырау. Әкесі әйгілі айтыс ақыны Майкөт Сандыбайұлы. Қаратау, Жетісу өлкелерін, қырғыз елін аралап, Сауытбек, Қылышбай, Ұлбике ақындармен айтысқан. Қырғыз манабы Шабданның асында Жамбылмен, Кененмен, қырғыз Қалмырза, Жәмила ақындармен кездесіп, жыр бәсекесіне түскен. “Қобыланды”, “Алпамыс”, “Қыз Жібек”, “Көрұғлы”, “Нәрік батыр”, “Өтеген батыр” сияқты эпостық шығармаларды жырлап, қобыз, сырнай, домбыра аспаптарымен айтатын әншілік өнері де болған.
## Дереккөздер |
Арқалық (голл. вalk) — құрылыста және машина жасауда қолданылатын білеу түріндегі құралымдық бөлшек. Негізінен темірбетоннан, металдан және ағаштан жасалады. Тірек санына және тірек бекітпелерінің орналасуына қарай А. бір аралықты, көп аралықты, консольді т.б. болып, ал көлденең қимасының түріне қарай тік бұрышты, тавролы (Т әрпі тәрізді), қос тавролы, қорапты т.б. болып бөлінеді (суретті қ.). Қос тавролы және қорап тәрізді А. салмаққа төзімділігімен және материалдың аз жұмсалуымен тиімді. А-тың жүк көтергіштігі түсетін күштің түріне, аралық ұзындығына, майыспайтындығы мен беріктігіне байланысты болады. Темір бетон А. тұтас және құрама етіп жасалады. Мұндай А-тар, әдетте, тұтас көп аралықты болып құралады әрі олардың қимасы тік бұрышты немесе тавролы пішінде болады. Құрамалы темір бетон А. жасауға қимасы тік бұрышты тавролы, қос тавролы т.б. бір аралықты А-тар кеңінен қолданылады. Құрылыста алдын ала кернеуленген темір бетон А-тар да кең тараған. Металл А. құрылыстың салмақ көп түсетін бөліктеріне қойылады. Тәжірибеде қимасы қос тавролы (прокаттық және құрамалы) және қорап тәрізді (құрамалы) болып келетін металл А-тарды пайдаланған тиімді. Ағаш А.бір аралықты және кесінді құралым түрінде арасы жақын аралықтарды жабуға тиімді болып есептелінеді. Ол тақтайдан, білеуден және бөренеден дайындалады. Егер аралық үлкен әрі салмақ көп түсетін болса, онда құрылысқа өзара сыналанған, желімделген бірнеше кесіндіден тұратын құрама ағаш А. қолданылады. А-тың беріктігі, салмаққа төзімділігі және орнықтылығы материалдар кедергісі заңы бойынша алдын ала есептеледі. |
Арқалық — көне обалар.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты ауылынан батысқа қарай 16 км жерде, Арқалық тауының оңтүстік беткейінде орналасқан.
1949 жылы Ә.Марғұланның жетекшілігімен болған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген. 15 тас оба бар. Диаметрлері 1,5 – 3,5 м болса, биіктіктері 0,2 – 1,5 м. Олардың төртеуі қазылған. Қабірлерден адам сүйектері, бірнеше тас диірмен, моншақ алқа, т.б. табылды. Олар б.з.б. VII – V ғасырларға жатады.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Қола дәуіріндегі тайпалардың ғұрыптық кешендерінде идеологияның көрініс табуы Мұрағатталған 8 ақпанның 2015 жылы.
* ТОРҒАЙ ӘЛІ-АҚ ТҮЛЕЙДІ Мұрағатталған 8 ақпанның 2015 жылы. |
Арқайым — орта қола кезеңінен (б.з.б. 2-ші мыңжылдық) сақталған тарих және мәдени ескерткіштер кешені. Ресей Федерациясындағы Челябі облысының Қазақстанға жақын оңтүстік аймағында, Үлкен Қарағанды және Өтеген өз-дерінің құйылысында орналасқан. Арқайым алқабының атымен аталған. Ескерткіш 1987 жылы ашылды. Содан бері кең көлемді ғылыми-зерттеулік жұмыстары жүргізілуде. Жанында осы аттас мәдени қорық пен зерттеу орталығы бар. Арқайым қонысы екі шеңберлі жал түрінде салынған, ортасында құрылыс салынбаған төртбұрышты алаң бар. Қоныстың жалпы ауданы 20000 м2, оның ауданы 8055 м2 бөлігінде археологиялық, ал 14000 м2 аумақта геофиз. зерттеулер жүргізілді. Қорған қабырғаларының қалыңдығы 3-5 м-ге жетеді. Қоныс сыртында тереңд. 1,2-1,5 м, ені 1,5 м ор бар. Арқайымның негізгі қонысында 70-ке жуық тұрғын үй болған. 30-ға жуығы қазылды. Қыш ыдыстар сынығы, тастан, сүйектен жасалған бұйымдар, мыс және күшәлалы қоладан құйылған жонғыштар, пышақтар, біздер мен алуан түрлі әшекейлер табылды. Арқайымдықтар мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысқан. Арқайым қышының жасалуы Абашев мәдениеті кезінде, Қима мәдениетінің алғашқы кезеңінде, Солтүстік Қазақстандағы Петров, Алакөл мәдениеттері кезінде жасалған ыдыстарға ұқсайды. Бұдан арқайымдықтардың ата-тегі бірнеше этник. топтардан құралғанын көруге болады. Арқайым — көлемі, құрылымдық сипаты, ғылыми деректерінің молдығы мен маңыздылығы жағынан тарих, археология ғылымдары үшін маңызды ескерткіш.
## Дереккөздер |
Арлат , Арулат (монғ. арула, арулас, арулад; ару — арқа, арьергард) — Шыңғысхан империясындағы ақсүйек тайпалардың бірі. “моңғол ун ниуча тобчи ан” (“моңғолдардың асыл аңызы”) жылнамасына қосымша берілген кестеге қарағанда, Қайдудың кенжесінен тараған тайпа. Арлаттан шыққан Бо орчин бала кезінде Шыңғысханның досы, кейін нөкері болса, осы тайпаның тағы бір өкілі Бо орчу моңғол әскерлерінің оң қанатын басқарып, аса ірі қолбасшы саналған. Бұл дәрежелер (монғ. бо орчин, бо орчу — “бүйрек басшы”, яғни “әскердің тылын басқарушы”) моңғолдардың әлеум. тайпалық құрылымында арлаттың ерекше жағдайда болғанын көрсетеді. Шежіре деректеріне қарағанда, 13 ғ-дың басында арлаттың бір бөлегі Алтайға ығысқан, яғни қазіргі Шығыс Қазақстан жерін қоныстанған. 14 ғ-дың ортасында Шыңғысхан балаларының бірі — Шағатайдың қол астындағы арлаттар Солт. Ауғанстанды мекендеген. Әбілғазының айтуына қарағанда, 15 ғ-дың өзінде-ақ түрікмендер арасында Шағатай-Куллар атты ру-тайпалық бөлік болған. Бұлар Темір әулеті заманында (15 ғ.) түрікмендер жерін паналаған Арлат тайпасынан шыққан қашқындардан құралған. Кейбір деректерде арлат моңғолстан тайпаларының ішіндегі бастысы деп те сипатталады. Сондай-ақ 15-16 ғ-дың құжаттарында көшпелі өзбектердің құрамына енген тайпа ретінде де аталады. Бұлар батысқа қоныс теуіп, түркі халықтары арасына ертеден-ақ сіңісіп кеткен арлаттар не арлат өкілдері басқарғандықтан, солай аталып кеткен сол арадағы жергілікті тайпалар болуы ықтимал. Әдеб.: Владимирцов Б.Я., Общественной строй монголов. Л., 1934; Козин С.А., Сокровенное сказание, М.-Л., 1941; Рашид ад-Дин, Сборник литописей. т. 1, М.-Л., 1952; Әбілғазы, Түрік шежіресі, А., 1992. |
Арқан тартпақ — қазақ халқының ұлттық ойыны. Оған қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді де, он құлаштай арқанның екі ұшынан ұстап, әрқайсысы өз жағына тартады. Ортадағы көлденең сызықтан қарсыластарын бұрын сүйреп өткізген жақ жеңген саналып, жүлде алады. Күйеу қалыңдық алып бара жатқанда, оның көші қыз жағына жақын бір ауылдың үстінен өтсе, алдынан көлденең арқан тартады. Күйеу жағы кәдесін беріп өтеді. Мұны “арқан керу” деп те атайды.
## Дереккөздер |
Арқан есу — қазақ халқының тұрмысында жиі қолданылған арқан жасау әдісі. Әуелі жүн түтіліп, қылмен араластырылады да, жіп есіледі. Бұдан соң екі қабатталып, арқан тілі шығарылады. Керегенің көзінен өткізілген арқан тілдері үш тармақталып сырттан шөмішпен шиыршықталып, іштен ұштары біріктіріле бұралады. Арқанның жуан-жіңішкелігі тілінің санына, беріктігі — неден есілгеніне байланысты. Кей жерлерде А. е. “арқан бұрау” деп те аталады. |
Арқа беру — майданда жеңілу. Қарсыласуға шама болмай, арқасын жауға беріп, майданнан қаша жөнелуді қазақ халқы ертеде осылай атаған.
## Дереккөздер |
Арқан аттау — қазақ халқының ұлттық ойыны. Ойыншылардың біреуі қойшы болып тығылып тұрады да өзгесі керілген арқаннан қорыққан қасқыр болып ойнайды. Қайсысы арқанға бұрын шырмалып қалса, сол қойшының қолына түскен болып саналады.
## Дереккөздер |
Қыпшақ жазба ескерткіштері — қыпшақ тілінде 11 — 16 ғасырда жазылған шығармалар. Қыпшақ жазба ескерткіштері 4 әліпбиде түзілген: 1) ескі араб әліпбиі; 2) көне армян әліпбиі; 3) ескі орыс жазуы; 4) ежелгі готик әліпби. Қыпшақ жазба ескерткіштері материалдары: 1) М.Қашқаридің “Ди-уани лұғат-ат-түрк” сөздігінде; 2) Кумандар туралы жазылған еур. еңбектерде; 3) орыс жылнамаларының половецтер туралы мәліметтерінде; 4) мәмлүк қыпшақтары тіліндегі зерттеулерде (грамматика, қыпшақша-арабша сөздік, анықтағыш, т.б.); 5) армян іс қағаздары, трактаттары мен сөздіктерінде; 6) қыпшақ тіліндегі көркем туындыларда кездеседі. Қыпшақ жазба ескерткіштері әдеби тілде және халықтың ауызекі сөйлеу тілінде жазылған. Бірінші топ шығармалары екіге бөлінеді: а) дәстүрлі әдеби тілде жазылған еңбектер; ә) жергілікті халықтың әдеби тілінде жазылған Орта Азия мен Еділ (Алтын Орда) ескерткіштері. Дәстүрлі әдеби тілдегі еңбектерге: Рабғузидің “Қисса су-л-әнбия”, Құтыбтың “Құсырау — Шырын”, Рауандидің “Мұхаббатнама”, Әлидің “Нахд-әл-Фарадж”, Сайф Сараидың “Гүлистан бит-түрки”, Сиди Ахмедтің “Ташшұқнама”, Хорезмидің “Тәржіма Шаһнама”, Ахмед Иүгінекидің “Ақиқат сыйы”, Әбілғазының “Оғызнама” атты еңбектері мен авторлары белгісіз “Қорқыт ата кітабы”, “Сираж әл-Қулуб”, “Рахат әл-Қулуб”, “Миғражнама”, “Дастан-и-Жұмжұма Сұлтан”, “Мифтаһул-әділ”, “Тефсир”, т.б. шығармалар жатады. Ал жергілікті халық тіліндегі ескерткіштер — Қожа Ахмет Иасауидің “Диуани хикметі”, Сүлеймен Бақырғанидің “Хикметі”, т.б. Қыпшақ ауызекі сөйлеу тіліндегі жазбалар: “Диуани лұғат-ат-түрк”, “Кодекс Куманикус”, “Китаб әл-Идрак Ли-Лисан әл-Атрак” (Әбу Ха-йян), “Китаб Булгат әл-муштак фи-лұғат ат-түрк” (Жамалладдин ат-Түрки), “ат-Тухфат әз-Закия Фи-л-Лұғат-ат-Түркия”, “Әл-каванин Әл-куллия лидабт әл-лұғат-ти-Түркия”, “Китаб әд-Дурра әл-Мудийа фи-л-Луғат ат-Туркийа уә-л-Камал”, “Ашшудүр әл-да-һабия уа-л-кита әл-ахмадия философия-лұғат-ат-Түркия” (Ибн М.Салих), “Хуласа”, “Мани әл-Гузат”, “Китаб Муқаддима” (А.Самарқанди), “Китаб ад-Дағуа”, т.б. Армян қыпшақтары тілінде жазылған діни трактаттар, сөздіктер, тарихи жазбалар, т.б. осы топқа жатады. Мәмлүк қыпшақтары тілінде 10-ға жуық еңбек бар. Қыпшақ жазба ескерткіштерінің көбі қыпшақ тілінде жазылып, оғыз тілі әсер еткен (Мәмлүк, Орта Азия мұралары), оғыз тілінде жазылып, қыпшақ тілінің ықпалына түскендер аз (Хорезм нұсқалары).
## Дереккөздер |
Арнаулы орта оқу орындары — қоғамдық өмірдің түрлі салалары бойынша (өнеркәсіп, а.ш., денсаулық сақтау, мәдениет т.б.) орта дәрежелі маман кадрлар даярлайтын колледждер (бұрынғы өнеркәсіп, тау-кен, құрылыс, а.ш., сондай-ақ пед., мед., муз., көркемсурет, театр және басқа салалар бойынша мамандар даярлайтын техникумдар мен уч-щелер). Бұл оқу орындарында кәсіби даярлық жалпыға бірдей орта білім деңгейімен ұштастырыла жүргізіледі. Күндізгі оқу бөлімінде оқу мерзімі 9-сыныпты бітіргендер үшін 3-4 жыл, 11-сыныпты бітіргендер үшін 1,5-3 жыл, кешкі және сырттай оқытатын бөлімдерде — 1 жыл артық оқытылады. |
Арнайы экономикалық аймақ — халық шаруашылығының өз даму ерекшеліктері бар территориялық және экономикалық жағынан біртұтас бөлігі. Ондағы өндіріс орындары өзінің экономикалық құрылымына, оның ішінде еңбек, экономикалық-географиялық жағдайына қарай мамандандырылады. Бұл аймақ шегіндегі өндірістік байланыс тұрақты болады және қарқынды жүргізіледі. Арнайы экономикалық аймақ интегралды және салалық болып екіге бөлінеді. Интегралды (яғни меншікті) Арнайы экономикалық аймақта аймақ шаруашылығы жиынтық күйінде қаралады. Ал салалық экономикалық Арнайы экономикалық аймақта шаруашылықтың басым саласы жеделдете дамытылады. Арнайы экономикалық аймақ валюталық-қаржылық және салықтық жеңілдіктер беріледі, шетел капиталын тарту көзделеді. Шетелден әкелінген өнімге кеден салығы салынбайды не салық мөлшері азайтылады, негізгі қорларды пайдалану мерзімі қысқартылады, ресурстарды пайдаланғаны үшін төлем мөлшері кемітіледі. Сонымен тірге Арнайы экономикалық аймақты қазіргі заманғы инфрақұрылыммен (телефон, телефакс т.б.), шикізатпен, еңбек ресурстарымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері де қарастырылған. Қазақстанда 4 арнайы экономикалық аймақ бар (1998). Олар: Қызылорда, Ақмола, Маңғыстау облыстары мен Қостанай облысындағы Лисаковск қаласы Арнайы экономикалық аймақтар.
## Дереккөздер |
Арнау өлең — түркі халықтары поэзиясына тән жанр. Арнау өлең қазақ ауыз әдебиетінде, жазба әдебиетінде ерекше орын алған. Арнау өлеңді қазақ әдебиеттану ғылымында алғаш енгізіп, ішкі жанрлық түрге жіктеген А.Байтұрсынов: “Арнаудың өзі үш түрлі болады: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау”. Арнау өлең іштей жанрлық түрге жіктелгенімен белгілі бір ортаға, қауымға, жеке адамға т.б. арналып айтылатындықтан онда ортақ үндестік, бір жанрға тән ерекшелік айқын байқалады. Арнау өлеңнің жіктелуі негізінен тақырыптық сипатына, яғни кімге, қалай арналуына байланысты.
* Жарлай арнау — көпшілікке, белгілі бір ортаға, қауымға немесе жеке адамға да қаратылып айтылады. Ы.Алтынсариннің “Бір аллаға сыйынып” атты өлеңі жарлай арнаудың үлгісі (“Бір аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық.”). Жарлай арнау - ақынның жеке адамға емес жалпы жұртқа жария кеңесуі.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртымҰстарасыз аузыңа түсті мұртың.Жақсы менен жаманды айырмадың,Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.(Абай Құнанбайұлы )
(Абай Құнанбайұлы )
* Сұрай арнау — көпшілікке, не жеке адамға арналып айтылады және жауап күтіледі. Сұрай арнауда кейде жауап беріледі, кейде жауап меңзеу арқылы сезіліп, білініп тұрады. “Не жазып ем, құдай-ау, мен қазаққа, Мұншама ғып салғандай бұл азапқа? Адамшылық есебіне кірісіп, Қолы жетсін дегенім бе азатқа?!”, “Бар ма, қазақ, мұнан басқа қылғаным? Неңді шаштым, неңді бұздым, былғадым? Аштан өлген аталарың бар ма еді? Тамақ үшін сатқан иттер иманын” (А.Байтұрсынов). Арнау өлеңді іштей жанрлық түрге жіктегенмен, олардың үндесіп кететін сәттері жиі кездеседі. Жоғарыдағы Арнау өлеңді сұрай арнауға жатқызғанымызбен, онда зарлай арнаудың да сарыны аңғарылады. Сұрай арнау - ақын өз ойын сан-салалы сауал арқылы айтып жеткізеді де, өзі сол сауалдарға жауап күтеді.
Ақ қағазды қаралап,Қалам неге ойнайды?Ақын неге қайғырып,Терең ойға бойлайды?(Ә.Есмамбетов)
(Ә.Есмамбетов)
* Зарлай арнау — Арнау өлеңнің ең көне түрі. Мұнда халық басына түскен қиын кезең, немесе жеке адамның басына түскен қиындық, тағдыр тәлкегінің азабы ерекше ашылып көрсетіледі. Қазақ ауыз әдебиетінде “Ақтабан шұбырынды”, “Қыз Жібек” т.б. жырлардағы зарлай арнау Арнау өлеңнің бұл түрінің ерте дәуірде пайда болғанын айғақтайды. Қазақтың жазба әдебиетінде де зарлай арнау ерекше орын алады: “Сауықшыл есіл елім-ай! Сарыарқа қайран жерім-ай! Күмістей таза суы бар, Айдын шалқар көлім-ай!” (М.Жұмабаев). Арнау өлеңнің сарай ақындарының мәнеріне тән құрғақ мақтау түріндегілері де кездеседі. Мұндай Арнау өлеңдер көркемдік қуаты, ой-толғамы жағынан кем соғып жатады. Абай Арнау өлеңді жаңа сатыға көтеріп, мазмұн және түр жағынан байытты. Абайдың “Кешегі Оспан ағасы”, “Жайнаған туың жығылмай”, “Сорлы Көкбай жылайды”, “Бұралып тұрып”, т.б. отыздан астам Арнау өлеңі әлеум. мәселелерді, жеке адамның бейнесін, мінез-құлқын әр қырынан ашып көрсеткен көркем туындылар.
Зарлай арнау үлгісі:
Алатауды айналсам,Алғадайды табам ба?Сарыарқаны шарласам,Саңлағымды табам ба?(Жамбыл Жабаев)
(Жамбыл Жабаев) |
Арсалаң (1821, қазіргі Алматы облысы Қабанбай батыр ауданы — 1890, Сарқант қ.) — айтыс ақыны. Руы — Матай. А. өлеңдерінің көпшілігі әлеум. сарынға құрылған. Найман Бекбауыл ақынмен, Керей Құлбай төренің ақын қызымен айтысқан. “Біржан — Сара айтысында” Сараның: “Арсалаң, сал Ниязбек іздеп келіп, Шошыған жүгірістен танбағанға”, — деп мақтан еткен А. ақынның шығармалары ҚР ҒМ ғылым академиясының М.Әуезов атынд. Әдебиет пен өнер ин-ты қолжазбалар қорында сақтаулы. |
Пираллахи (әз. Pirallahı) (1999 жылға дейін Артем аралы) — Каспий теңізінің батысында, Баку қ-сынан 60 км жерде орналасқан арал. Ұзындығы 80 км-ге жуық, ені 3 км. Аумағы 10 км². 1940 ж. салынған бөгет арқылы Апшерон түбегімен жалғасады. Аралда Артем — Остров кенті орналасқан. Бакумен т.ж. және автомобиль жолы арқылы байланысады. А. а-нда мұнай кәсіпшіліктері орналасқан. |
Артық Сарыханұлы (шамамен 11 ғасырдың 2-жартысы – 12 ғасырдың 1-жартысы) — қыпшақ ханы, әйгілі қолбасы, батыр. Орыс жылнамаларында “половецтердің Шарухан (Сарыхан) әулетінен шыққан Отрок хан” деп те аталады. Ержүрек қыпшақ жауынгерлерін әлем патшалары өздерінің таңдаулы әскери жасағына айналдыру дәстүрі әбден орныққан заманда Мысыр, Византия, Венгрия, Еуропа мен Азия елдерінің билеушілері қыпшақтарды қалқан етіп ұстап, қаһарлы күш ретінде пайдаланды. Кезінде Батысқа жөңкіген қыпшақтар 1116 жылы Еділді бетке алып ежелгі қонысына қайта жылжығанда Артық хан Дөң (Дон) өзенінің аймағында жауға тосқауыл жасады, Киев князі Вл. Мономахтың әскерімен кескілескен ұрыс жүргізді. 1118 жылы Грузия (Гүржістан) патшасы Давид ІV-нің (Дәуіт, Давид — құрылысшы) арнайы шақыруымен қыпшақ ханы Артық 45 мың атты әскермен Қап тауына келіп, Гүржістанды басқыншылардан азат етті. 1112 жылы Дидгори айқасында Артықтың 45 мың сарбазы Дәуіттің 15 мың әскерімен бірігіп, 300 мыңдық парсы қолына соққы берді. Грузиндер тарихында айрықша орын алған осы шайқастың нәтижесінде Грузия ұлттық тәуелсіздік алды. Артық Тұрантоқты атты қызын Дәуітке берді. Артық хан Қап тауында 8 жыл тұрып Дешті Қыпшаққа қайтты. “Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол” деген сөз Артықтан қалғандығы жөнінде деректер бар. Артықтың баласы Қоншақ орыстың “Игорь полкы туралы жырындағы” басты тұлғалардың бірі.
## Дереккөздер |
Аруақ — Жан денеден бөлек өмір сүреді деген көне ұғымнан туған діни наным бойынша өлген кісінің тіршіліктегі адамдарды желеп-жебеп жүретін жаны (аруағы). Халықта аруаққа, әсіресе тірісінде ел ағасы, ру басы, би, батыр болған қадірлі адамдарды қасиет тұтып, киелі санап, соның аруағына сыйыну салты кең тараған. Ертеде ел қорғауға аттанған сарбаздар майданға кіргенде, жекпе-жекке шыққанда немесе намысқа шапқанда руға, алашқа ұран болған аталар аруақтарына сыйынған. Қазақтар зират маңынан өтіп бара жатып дұға оқиды, алақанын жатып аруақтарға арнап дұға оқиды, бата жасайды. Басына күн туып, ел-жұртынан ауып бара жатқандар зираттан бір уыс топырақ ала кетеді. Малға індет тигенде зиратқа түнетеді. Бала көтермеген әйелдер, созылмалы сырқаттар аруақтардан қайыр-шапағат тілеп, басына түнейді.
## Дереккөздер |
Ару — сұлу, сымбатты, әдемі қыз, батырдың адал жары. А. атына сай жан тек келбет, көрік, түрі үшін ғана емес, соған ақыл, мінез, тапқырлығы сай болса ғана ие болады. Қазақ эпостарында А. үлгісі — Құртқа, Ақжүніс, Қыз Жібек, Баян сұлу, Шұға т.б. |
“Аруана” — ақпараттық-жарнамалық бейресми апталық газет.
1993 ж. 10 қазанда Алматыда қазақ тілінде жарық көрген. Құрылтайшысы — “Караван” акционерлік қоғамы. Көлемі — 16 бет, қалыбы — А3. Газеттің “Мүбәда”, “Күн-керуен”, “Мезгіл мінбері”, “Тебеген” т.б. тұрақты бөлімдерінде респ-дағы экон., әлеум.-саяси ахуалды дәйекті бейнелейтін материалдар жарияланып тұрды. Газет 42 нөмірі жарияланғаннан кейін (21.10.94) шығуын тоқтатты.
## Дереккөздер |
Архаика (грек. archaіkуs — ескі, көне) — өнер дамуының көне замандағы анайы түрі. Өнертану ғылымында Архаика атауымен ежелгі грек және мысыр өнерін атайды. Ежелгі грек өнері (б.з.б. 8-6 ғасырда) Грекия жерінде, грек аралдары шоғырында, Кіші Азия мен Оңтүстік Италия жағалауларында дамыған. Архаика өнері өткінші рөл атқарады. Архаика — монументті бейнелеу өнері мен сәулеттік пішіндердің қалыптасқан кезеңі. Ол кезеңде бағандармен қоршалған периптер типтегі ғимараттар мен ордерлер жүйесі (дори және ионика) құрылды. Мүсіндеу өнерінде жалаңаш денелі атлет жігіттер (курос) және киімдері мен төгілген шаштары өте дәлдікпен сомдалған қыздар (кора) мүсіндері сияқты негізгі типтер қалыптасқан. Б.з.б. 6 ғасырдың 3-ширегінде құмыра жасау өнерінің қара фигуралы, яғни балшықтан жасалған құмыраны тұтас қарамен бояп, соның үстінен өткір пышақпен бедер салу мәнері гүлденді. Бұл өнер Африка елдерінің кейбірінде осы күнге дейін бар.
## Дереккөздер |
Сәрсекей Артықбаев (19 ғ-дың аяғы, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 20 ғ-дың басы, сонда) — ақын-жазушы. Алғашқы шығармалары “Дала уәлаяты” газетінде жарияланған. Негізгі шығармасы Абайға еліктеп жазған “Осы күнгі бозбаланың қылып жүрген жұмыстары” деп аталады. Қазанда баспаға дайындағанда оған “Хикаят Үфі” деген ат береді. Көп уақыт Мәшһүр Жүсіппен шығармашылық пікірталасына түсіп, ой алмастырып отырған. “Дала уәлаяты” газетінің бетіндегі бұл пікір таласта ел қамын, жастар болашағын ойлаған пікірлері мол.
## Дереккөздер |
Археологиялық мәдениет — бір уақытқа жататын, жергілікті өзгешеліктерімен ерекшеленетін және белгілі бір аймақта шоғырланған археол. ескерткіштерді атау үшін пайдаланылатын ұғым. Археол. ескерткіштер еңбек құралдарының, тұрмыстық заттардың, әшекейлер мен қарулардың, сондай-ақ жерлеу және басқа да құрылыстар мен әдет-ғұрпының ұқсастығына қарай біріктіріледі. Археол. мәдениет аты ескерткіштердің көп шоғырланған жерінің немесе ең алғаш зерттелген жердің атымен аталады. Мыс., Ақмола облысының Атбасар ауданыда шоғырланған б. з. б. 6-5 ғ. тұрақтары аудан атымен Атбасар мәдениеті деп аталса, Торғай облысыдағы неолит дәуірінің Маханжар, Жүзбай, Сор, Бестамақ, Амангелді секілді тұрақтары алғаш зерттелген жердің атымен — Маханжы мәдениеті деп аталады. Археол. мәдениеттер Қазақстан тарихында өте көп. Олардың ең ірілері Ботай, Андронов, Беғазы-Дәндібай, Тасмола, Келтеминар, Жетіасар, Қауыншы, Отырар, Қаратау мәдениеттері. Археол. мәдениеттің қалыптасуын, таралуын және жойылуын зерттеу жазба деректер пайда болғанға дейінгі тайпалар мен халықтардың этник. тарихын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
## Сыртқы сілтеме
* Батыс Қазақстандағы мәдени-тарихи ескерткіштер Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
## Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы" |
Археология әуесқойларының түркістан үйірмесі — Орта Азия, Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың өткен дәуірлері жөніндегі тарихи деректер жинаумен айналысқан ғылыми бірлестік. 1895 ж. 11 желтоқсанда Ташкентте құрылған. Оған әскери әкімшіліктің басшылары, әскерилер, оқу орындарының оқытушылары, шенеуніктер мүше болды. Кейбір жылдары мүшелер саны 100-ден асты.Археология әуесқойларының түркістан үйірмесіінде И.В. Аничков, В.В. Бартольд, Ә. Диваев, В.А. Каллаур, А.К. Кларе, Н.П. Остроумов, Н.Н. Пантусов белсенді жұмыс атқарды. Үйірме қызметі археол. материалдарды жинауға, ескерткіштерді тіркеуге, сипаттауға бағытталды. Сыр бойынан Алтайға дейінгі ежелгі қалалар, қамал-бекіністер, обалар, архит. ескерткіштер мен мазарлар алғаш рет зерттеу нысанасына алынды. Ескерткіштердің тізімі жасалып, біршама жүйеленді. Алғашқы археол. карталар жасалды. Эпиграф., нумизмат. мұралар жиналды. Диваев Қожа Ахмет Иасауидің мөрін тапты (1895), Каллаур Талас тас жазуын ашты (1896). Жекелеген үйірме мүшелерінің ашқан жаңалықтары өлкетануға енгізілген өзіндік үлес болды. Бірақ, үйірме Ресейдің империялық мүддесін ұстанып, көне Түркістан тарихының жазылуын мақсат тұтпады, археол. қазба жұмыстары жоспарсыз жүргізілді, табылған бағалы мұралар талан-таражға ұшырады. Археология әуесқойларының түркістан үйірмесі 1917 ж. қызметін тоқтатты.
## Сілтемелер |
Аршак әулеті , арсақтар — б.з.б. 250 — б.з. 224 жылдар аралығында Парфияны билеген әулет. Негізін салған — Аршак (Арсақ) патша.
Халықтық шежіреде (әл-Бируни жазып алған) Аршакты мифтік тұлға — хорезмдік Сиявуш батырмен туыстастырған; шежіреде А.ә-нің әскербасы Каспий т-нің оңт.-шығыс жағалауын (қазіргі Түркменстан Респ-ның жері) мекендеген парн (дахтардың бір тармағы) тайпасының көсемі Аршақ болды деген. Страбонның айтуынша, “парсылардың көсемі” Аршақтың арғы аталары Азау т-нің солт. жағалауын мекендеген скифтердің дай тайпасынан. Сол кезеңдерде дайлардың Каспий теңізінің солт. шығысында, Арал теңізінен Азауға дейінгі жерлерде өмір сүргені, ал ежелгі дайлардың мұрагерлері қазақ халқының құрамындағы адайлар екендігі жөнінде мәліметтер бар (Ә. Марғұлан, т.б.). А.ә-нің кейбір бұтақтары Орта Азияда массагеттерге, Армения мен Грузияда, Кушан патшалығында, Үндістанда билік жүргізген. Парфия патшалығы осы әулет кезінде көршілерімен бейбіт қарым-қатынаста болып, оларға зор мәдени ықпал жасаған. Парфиялық А.ә-нің хронологиясын шетел ғалымдары түзген. Бірақ, ол туралы тарих ғылымында даулы деректер көп.
## Дереккөздер |
Арықбалық — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы ауыл, Арықбалық ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 34 км-дей жерде, Көкшетау қыратының солтүстігіндегі Имантаудың орманды батыс бөктерінде, Арықбалық көлінің солтүстік-батыс жағасында орналасқан.
## Тарихы
Іргесі алғаш рет 1820 жылы қаланған. 1997 жылдың 2-мамырына дейін бұрынғы Көкшетау облысы Арықбалық ауданының орталығы болды.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 4010 адам (1947 ер адам және 2063 әйел адам) болса, 2009 жылы 2851 адамды (1358 ер адам және 1493 әйел адам) құрады.
Арықбалықта май зауыты, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, орта мектеп, мәдениет үйі, аурухана, қонақ үйі бар. Тұрғындары аудан орталығы - Саумалкөл ауылымен, Көкшетау қаласымен автомобиль жолдары, маңайындағы ауылдармен ауыларалық жолдар арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Арық-бұға (т.ж.б. — 1265/66) — Шыңғыс хан империясының ханы (1260 — 64), 1259 — 66 ж. империядағы билік үшін күреске белсене араласқан. Шыңғыс ханның баласы Төлейдің 10 ұлының алтыншысы. Төлейдің бәйбішесі Соркуктани-бегімнен Мөңке, Құбылай, Хулагу және А.-Б. туады. Соркуктани-бегім — Керей ханы Онның інісі Жақанбудың қызы. Ұлы хан Мөңке қайтыс болғаннан кейін (1259) Қытайда Құбылай, Монғолияда А.-Б. бір мезгілде (1260) таққа отырған. Екеуі Шағатай ұлысын иелену үшін күрес бастады. Құбылай бұл ұлысқа Шағатайдың немересі Абишкені аттандырады. Оны Таңғұт жерінде А.-Б-ның адамдары қолға түсіреді. А.-Б. Шағатайдың басқа бір немересі Алғұйды өз атынан атасының (Шағатайдың) ұлысына жіберді. Алғұй Мауереннахрды иеленіп, Шағатай ұлысына енбеген Хорезм мен Ауғанстанды бағындырды. Өз билігін орнатқан Алғұй А-Б-ға бағынбай, оның елшілерін өлтіріп (1262), оған қарсы соғыс ашты. А.-Б. Алғұйды жеңгенімен Құбылайдан жеңіліс табады да, Монғолияны тастап, Ертістің жоғары жағына кетеді. Жанындағы көптеген сұлтандар мен әмірлер оның орынсыз қаталдығына төзбей Құбылай жағына өтеді. Биліктен күдер үзген А.-Б. өз еркімен кешірім сұрап Құбылайға келді (1264). Бұдан кейін А.-Б. ауырып, ұзақ өмір сүре алмады. Рашид әд-Диннің мәліметі бойынша оның 5 ұлы, 17 немересі болған.
## Дереккөздер |
Арықты — Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы ауыл, Арықты ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Қорғалжын кентінен солтүстік-шығысқа қарай 39 км-дей жерде, Арықты көлінің солтүстік-батыс жағасында орналасқан.
## Халқы
Бұрынғы кеңшар негізінде “Садырбай” жауапкершілігі шектеулі серіктестік жұмыс істейді. Ауылда қазақ орта мектебі, емхана, аурухана, клуб бар. Тұрғындары елді мекендермен ауданаралық автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Наталья Өтеуліқызы Арынбасарова (24 қыркүйек 1946 жылы туған, Мәскеу) — киноактриса, Ресейдің (1979), Қазақстанның (1997) еңбек сіңірген артисі
## Өмірбаяны
1964 ж. Мәскеу хореографиялық училищесін, 1971 ж. ВГИК-тің актерлік факультетін (С.А. Герасимов пен Т.Ф. Макарованың шеберханасы бойынша) бітірді.
1964 ж. “Қырғызфильм” киностудиясы түсірген “Алғашқы мұғалім” фильміндегі басты рөл — Алтынаймен кинодағы жолын бастады.
1966 ж. Венецияда өткен халықаралық кинофестивальда рөлі ең үздік әйел бейнесін жасағаны үшін берілетін бас жүлдеге ие болды.
1969 ж. “Мәншүк туралы ән” (Мәншүк Мәметова, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы, 1970) және “Жәмилә” фильмдерінде басты рөлдерді ойнады.
## Рөлдері және марапаттары
Арынбасарова” (1969, Катя Олзоева), “Нан дәмі” (1979, Кәмшат Сатаева; КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1980), “Қаралы сұлу” (1982, Қарагөз), “Сүйрік” (1984) т.б. фильмдеріне түсті.
Арынбасарова КСРО Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1978).
## Дереккөздер |
Арынғазы сұлтанның қозғалысы (1816 — 21) — Қазақ хандығын қайта орнатуға жасалған әрекет. Кіші жүзге хан болып сайланған алғашқы күннен (1816 ж. сәуір) бастап Арынғазы хан Қазақстанды Ресейден бөліп алып, дербес Қазақ хандығын қайта құру саясатын ұстанды. Кіші жүз бен Орта жүзді біріктіріп, Орта Азия хандықтарының үлгісімен ортақ мемл. орнатуға сұлтандар мен ақсүйектерді көндірді. Оның бұл ойын халықтың барлық бөлігі қолдады. Орта Азия хандықтары да Арынғазыға қолдау көрсетті. 1821 ж. патша үкіметі келіссөз жүргізу желеуімен Арынғазыны С.-Петербургке шақырып алып, тұтқындап, Калугада ұстады. Отаршылдық езгіге қарсы күрес шежіресінде үлкен орын алатын А. с. қ. тарихи әдебиетте әлі жеткілікті дәрежеде зерттелмей келеді.
## Дереккөздер |
Асайынов Марат Майнышұлы (22.7.1967 ж.т., Ақмола облысы, Атбасар) — қол күрестіру (армрестлинг) спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1994). Гавахатиде (Үндістан) өткен 18-дүн. жүзі, Клайпедада (Литва) өткен 8-Еуропа чемпионаттарының чемпионы (1997, 1998).6-7 Еуропа чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері (1996, 97). Ақмола а. ш. ин-тын бітірген (1991). Армрестлингпен 1991 жылдан айналысады. Қазақстан құрама командасына 1994 ж. енді. Жаттықтырушысы — И.Ф. Петров.
## Дереккөздер |
Асай-мүсей - бақсылар тұтынған сиқырлы мүліктердің жиынтық атауы. Қазақ халқының ежелгі наным-сенімдерін ұстанған бақсылар науқас адамға психологиялық ықпал жасау арқылы оларды ауру-сырқаудан айықтыруға ұмтылған. Ол үшін әлем-жәлем киініп, құбыжық күйге түсіп, қолдарына сылдырмақты аса таяқ ұстап, үрей туғызады. Асай-мүсей - бақсылардың осы құрал-жабдықтарының жиынтық атауы.
Шамандық нанымда Асай аспандағы, Мүсей жердегі жебеушілерді жәрдемге шақырады.
## Дереккөздер |
Арыстанбай Айбасұлы (1693, қазіргі Ақтөбе облысы, Ырғыз — 1748) — батыр.
Алшын тайпасының Шөмекей руынан.
Жастайынан Әбілқайыр ханмен дос болып өскен. Ханның жауапты тапсырмаларын атқарған. Арыстанбайдың сыртқы жаулармен 1722–1729 жылдары болған соғыстарда атағы шығады. Кіші жүздің (Майтөбеде) Ресейге бодандыққа қол қоюына қатысқан. Әбілқайыр ханмен бірге Барақ сұлтанның қолынан қаза тапқан 40 сарбаздың ішінде Арыстанбай да бар. Т.Ізтілеуовтің жырында, Ә.Кекілбаевтің “Елең-алаң” романында Арыстанбайдың көркем тұлғасы жасалған.
## Шежіре
Арыстанбай – Айбас – Рай – Тыныс – Қожагелді – Келдібай – Бозғұл (Бозғыл) – Шөмекей
## Дереккөздер |
Асан ата кесенесі – Қызылорда облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген киелі нысан.
## Орналасқан жері
Шиелі ауданы, Бәйгеқұм темір жол бекеті, бекеттен шығысқа қарай 5 км жерде Жеті әулие қорымында орналасқан. Жергілікті халық оны Асан Қайғы есімімен байланыстырады. Жеті әулие қорымында Оқшы ата, Абыз ата, Қыш ата, Қайып ата кесенелерімен қатар орналасқан.
## Кезеңі
XVI ғғ.
## Тарихи деректер мен кесене сипаты
Кесене атақты Қазақ хандығының негізін қалаушы хандардың бірі Жәнібек ханның кеңесшісі, қазақ жырауы, философы Асан Қайғыға (Асан ата) арнап салынған. Құрылыс қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Бұл ортаазиялық діни ахитектуралардың барлығына тән, биіктігі7 м-ден асатын порталды-күмбезді құрылыс, жоспар бойынша төртбұрышты, қазіргі таңда жартылай бүлінген 4 м-ге шығыңқы порталы бар. Кесене төртбұрыш пішінді ірі керамикалық кірпіштен (28x28x6 см) салынған. 3 м биіктікте қабырғалары тік орналастырылған кірпіштермен қабатталып безендірілген.Асан Қайғының баласы Абатқа арналып салынған Абат байтақ (Ақтөбе облысы Қобда ауданы) пен Сыр бойындағы Алпамыс батырдың жары Гүлбаршынға арналған дейтін Көккесене ескерткішіне (аңыздың тағы бір нұсқасы бойынша Сырлытам да Гүлбаршынға арналған) өте ұқсас. Негізі бұлар екі түрлі сәулет үлгісімен бір заманда дүниеге келген болуы да мүмкін. Асан ата кесенесі 1982 жылы мемлекеттік қорғауға алынған.
## Дереккөздер |
Асабұқа Яняұлы (1262 — 1309) — қоғам қайраткері, Юан патшалығының шүймиүян (мемл. дәрежедегі әскери істер мин-гі) бастығы. Қаңлы мемл. бірлестігі ханының ұрпағы. Монғолдар қаңлыларды бағындырғанда А-ның әкесі Яняны жесір қалған шешесімен бірге патша ордасына алып кеткен. Яня ержеткен соң ел билеп, князь шеніне ие болды. Асабұқа сол жерде туды. Ол өзінің зеректігімен, іскерлігімен көзге түсіп, он төрт жасында Орда атқосшысы, кейін Чыңзұң Темір патшаның әскери қызметшісі болды. Ұзұң Хайсан патша тұсында шүймиүян бастығы дәрежесіне көтерілді. |
Арысқұм мұнай-газ конденсат кен орны — Қызылорда облысы Жосалы темір жол станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 120 км жерде. 1985 жылы ашылған.
## Геологиялық құрылымы
Арысқұм мұнай-газ конденсат кен орны Арысқұм грабен-антиклиналінің орталығы бөлігіндегі антиклиналдық иілімді алып жатыр. Кен шоғыры төменгі бор жыныстарына байланысты түзілген.
## Жатыс сипаты
Өнімді қабат 928 м тереңдікте тектоникалық тұрғыдан оқшау орналасқан. Оның жалпы қалыңдығы 20 м шамасында, тиімді қалыңдығы 12-15 м, мұнай сіңірілген қалыңдығы 3,2-12,6 м. Коллектордың кеуектілігі 17,4е, өткізгіштігі 0,054 мкм2.
## Қанығу сипаты
Мұнай сіңірімділік коэффициенті 0,66; газ сіңірімділік коэффициенті. 0,697. Кен әлсіз цементтелген гравелиттен, құмнан, құмтастан, алевролиттен тұрады. Бастапқы қабат қысымы 10,49 МПА, температурасы 44°С болған. Газдық фактор 39,7 м3/т. Ұңғыманың тәуліктік өнімділігі: мұнай бойынша — 60,9 м3, газ — 69,62 мың м3.
## Құрамы
Кеннің мұнайы жеңіл (0,854 г/см3), құрамында күкірт (0,46:), парафин (9,7-27,2), шайыр (16,65) бар. Газ негізінен метаннан 93,86 тұрады. Газдағы конденсат мөлшері 9,4-15,2 г/м3, оның тығыздығы 0,738-788 кг/м3. Кен орны “Тұранпетролеум” біріккен кәсіпорнына игеруге берілген (1995).
## Дереккөздер |
Нағима Ыдырысқызы Арықова (20 қыркүйек 1902, Верный, Жетісу облысы, Ресей империясы — 11 сәуір 1956, Алматы, Қазақ КСР), партия және кеңес қызметкері.
## Өмірбаяны
1902 жылы Верный қаласында туған. Исхақия мектебінің түлегі. Қазан төңкерісінен соң қосымша мұғалімдер курсын бітірген. 1925 жылдан БК(б)П мүшесі. 1919-22 жж. Верныйда, Семейде мұғалім. Верный қаласындағы қыздар мектебінің директоры. Семей губерниясының кеңестік партия мектебін бітірген.
* Уақ тайпасынан шыққан.
* 1923 ж. - РК(б)П Семей губкомында нұсқаушы; кейіннен Қарқаралы уезкомында әйелдер бөлімінің меңгерушісі.
* 1924 ж. - Әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі өлкелік курстың меңгерушісі.
* 1925-29 жж. РК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бюро мүшелігіне кандидат, әйелдер бөлімінің меңгерушісі.
* 1929-30 жж. - РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің Төрайымы.
* 1930-32 жж. - Москвадағы марксизм-ленинизм курсының тыңдаушысы.
* 1932-37 жж. - Батыс Қазақстан обкомының бюро мүшесі, насихат және мәдениет бөлімінің меңгерушісі, "Сталин жолы" журналының редакторы.
* 1937-38 жж. - Қазақ ССР-і Әлеуметтік қамсыздандыру халық комиссары.
Кейінгі жылдарда Нағима Арықова Қазақстан мемлекеттік баспаларыңда қызмет атқарды. БК(б)П 15-16 конференцияларының делегаты, журналист. Әйелдер жөніндегі "Әйелдер өкілдері не істеуі керек" деген кітапшаның авторы. «Өкіл әйелдер не істеу керек?» деген кітапшаның және жүзге тарта публицистикалық мақалалалар мен аудармалардың авторы. Әуезовпен Семей губерниялық атқару комитетінде қазақ бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеп жүрген кезінде танысқан. Қызмет бабында жиі араласып, түрлі мәжілістерде пікір алысқан. Кейбір көзқарас алшақтықтарына қарамастан, сыйластық қарым-қатынастарын сақтаған. Ә. өзінің кездесулерде сөйлеген сөздерінде күрескер әйөлдің көркем бейнесіне «Н. Құлжанова, Н. Арықова, Ә. Мәмбетова сияқты қайраткер қазақ қыздарын прототип етіп алу» ойында барын бірнеше жерде қайталап айтқан. Сол мақсатпен 1954 ж. жазда А-мен узақ әңгімелесіп, тиісті мәліметтер алған. Ол ойы «Дос - Бедел дос» пьесасында қылаң берді. Трилогия етіп шығармақ болған үлкен прозалық шығарма жазылмай қалды.
## Дереккөздер |
Арша жазу , хат сарви – жазылуы және оқылуы абжад жүйесіне негізделген 28 араб әріптерінен тұратын арша ағашы бейнелес жазу.
## Топтары мен жазылу барысы
Арша жазу абжад жүйесі бойынша 1) АБЖАД, 2) ҺАУУАЗ, 3) ХУТТИ, 4) КАЛАМАН, 5) САГАРАЗ, 6) КАРАШАТ, 7) САХХАЗ, 8) ЗАЗАҒ деп аталатын 8 топқа бөлінеді. Бұлар әріптердің тәртібі мен орналасуын көрсететін шартты атаулар. Әуелде бұлардың мағынасы болған, дұғалық қасиетке ие деген де пікір бар.Арша жазуда тік таяқша сызық алынады, ал оның сол және оң жағындағы көлбей сызылған кішкене сызықшалар сөздің қалай оқу керектігін көрсетеді. Тік сызықтың оң жақта белгіленетін көлбеу кішкене сызық сегіз топтағы әріптің қайсына кіретінін, ал сол жақтағы кішкене көлбеу сызық аталмыш топ ішіндегі әріптердің реті бойынша оқылады. Бала деген сөзді аршамен жазу үшін бірінші б әріпінің қай топқа кіретінін білу керек, яғни бұл әріптің абжад тобына кіретінін байқаймыз.Тік таяқшаның оң жағына бір көлбеу сызық белгіленеді, абжадтағы әріп қатары екінші болғандықтан, сол жаққа көлбеу екі сызық жазылады (б); а әріпі абжадтағы бірінші топқа жататындықтан тік сызықтың оң жағында көлбеу бір сызықша және абжадтағы қатар реті бірінші тұрғандықтан сол жақта бір сызықша қойылады (а). Ал л әріпі төртінші топтағы рет қатары екінші болып тұрғандықтан, тік сызықтың оң жағына төрт көлбеу, сол жағы кішкене екі сызықпен белгіленеді (л); ал а әріпі, жоғарыда айтылғандай, мына түрде таңбаланады (а). Сонымен, бала сөзінің аршамен жазылуын былайша көрсетуге болады: (б)(а)(л)(а).
## Жазу туралы дерек
Белгілі түркітанушы, көрнекті этнограф Әбубәкір Диваев (1856-1933) 1917 жылы Ферғана алқабына барған сапарында Орта Азиядағы араб жазбалы түркі халықтары арасында тараған, бұрын өзіне беймәлім, әріптерінің таңбалану кейпі шырша, арша ағаштарының бұтағына аса ұқсас бір жазуға кезіккенін айтады. Араға біраз жыл салып барып, 1928 жылы Ташкент шаһарында басылып шыққан «Год работы казахского высшего педагогического института» деген жинаққа «Кипарисоподобные письмена» деген атпен мақала жариялайды.Мақалада автор жазудың бұл түрінің Ферғанадағы жергілікті білгірі Бекболат Сәлиев деген азамат екенін, жазу туралы барлық мәліметті осы кісіден алғандығын айтады. Белгілі диалектолог ғалым Сапарғали Омарбеков Ә. Диваевтың жоғарыда аталған хабарлама-мақаласына сүйене отырып, «хат сарви» деген тақырыппен шағын мақала жариялайды, бірақ қазақша түсінігі арша жазу деп көрсетті. Кейіннен автор ҚСЭ-дегі бұл мақаласын кеңейтіп, «Ана тілі» газетіне бастырған. Ғалымның жорамалдауынша арша жазу жаппай ел арасынан гөрі мұсылманша сауаты тереңірек, қоғамдағы мәдениеті жоғарырақ деген топтардың ішіне көбірек тараған. Көбіне-көп ол қоғамның осы тобының бір-бірімен хат арқылы құпияласуы үшін қызмет еткен жазу тәрізді.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Диваев А.А. Кипарисоподобные письмена. Год работы казахского высшего педагогического института. Ташкент: Изд. Казпедвуза, 1928. С.81-82;
* Хат Сарви. ҚСЭ. 11-т. Алматы: Қазақ Совет Энциклопедиясының бас редакциясы, 1977. 618-б.;
* Тіл тағлымы. Алматы: Ана тілі, 1992;
* Омарбеков С. Тұран топырағында туған арша жазу. АТ., 19.05.1994. |
Асан көтерілісі – Қазалы ауданы қазақтарының 1930 жылы тамыз-қыркүйек айларындағы Кеңес өкіметінің күштеп ұжымдастыру саясатына, алым-салық, азық-түлік, мал жинау науқандарына қарсы көтерілісі. Асан көтерілісі – 1930 жылы көктемде ишан Ақмырза Тос және т.б. бастауымен 7–9-ауылдар шаруаларының Қызылқұмдағы көтерілісінің заңды жалғасы. Бұл көтеріліске қатысушылардың басым бөлігі Кіші жүздің Әлім тайпасынан тарайтын Асан руынан шыққан. Сол себепті көтеріліс Асан көтерілісі деп аталған. Тамыздың соңғы күндерінің бірінде ОГПУ қызметкерлері астық салығын төлеуден бас тартқан 22-ауылдың бас көтерер азаматтары Д.Асан, Ж. Тілеубай, А.Қалдыбай және Б.Тілеулиді тұтқынға алған. Оларды ауыл адамдары ертеңінде күшпен босатқан. 22-ауыл көтерілісшілеріне 19, 20, 21, 23, 24, 25-ауылдардың және көршілес Арал ауданының кейбір ауылдарының тұрғындары қосылып, толқуға қатысқан адамдар қатары 1000-ға жуықтаған. Көтерілісшілердің басшысы болып 22-ауыл тұрғыны Иман Мақсым Орымбет (ОГПУ деректерінде – Сырымбет) сайланған. 1930 жылы 4 қыркүйекте қазақтар жасағы көтерілісті басуға жіберілген 80 адамдық ОГПУ әскеріне тұтқиылдан шабуыл жасады. 6 қыркүйекте олар Алматыдан келген қазақ атты әскер дивизионымен шайқасып, 40 адамынан айрылды. Иман Мақсым осы ұрыста қаза тапты. Мұнан кейін жүргізілген жазалау шараларының барысында көтеріліске қатынасқан 98 адам тұтқындалып, 31 адамға іздеу салынды. 1931 жылдың басында ОГПУ үштігінің шешімімен 9 адам Қалымбет Еділғарай, Әбді халық Иімбет, Әбдіраман Қарағұл, Жұбатхан Қоныс, Пірімбет Құрекей, Насыр Мәмбет, Арызхан Нұрымбет, Мұстафа Өмірбек, Айжарық Таңатар ату жазасына кесілді, 28 кісі 2 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге концлагерге айдалып, 16 адам жер аударылды. Асан көтерілісіне қатынасқандардың көпшілігін елден қуып жіберді. 1989 жылы 27 қарашада Асан көтерілісіне қатысып, жазықсыз жапа шеккендердің ісі қайта қаралып, Қызылорда облысы прокурорының шешімімен толық ақталды. Көтеріліс жайлы «Асан көтерілісі» (құрастырған Жетіскен Мәкенәлиев) атты деректі еңбек жарық көрген. Олардың құрметіне Сырдария өзенінің Әлсейіт өткелі жанында ескерткіш орнатылған.
## Дереккөздер |
Асанов александр алексеевич (16.8.1953 ж.т., Алматы облысы Талғар ауданы Қызылту а.) — мерген, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері. Нысана көздеуден (траншеялық стенд) дүние жүзінің екі дүркін чемпионы (1981), дүние жүзі чемпионаттарының төрт дүркін күміс (1979, 1983, 1985), үш дүркін қола (1982, 1983, 1986) жүлдегері. Стенд атумен 1969 жылдан айналысқан. 1977 ж. Қазақ дене тәрбиесі және спорт ин-тын бітірген. 1992 ж. дүние жүзінің, 1987, 1991 жылдары Еуропа Кубогының (1979, 1980, 1983, 1984, 1986) және “Достық-84” халықар. ойындарының жеңімпазы. “Халықтар достығы” орденімен марапатталған (1985).
## Дереккөздер |
Асанқожа кесенесі - 19 ғасырда қазіргі Қарағанды облысы Жезді ауданындағы Қаракеңгір өзені бойында күйдіргі кірпіштен салынған сәулеттіқұрылыс. Дөңгелете жасаған бүрметөбесі тозығы жетіп, қирап біткеніне қарамастан текшеленіп қаланған қабырғасы сақталып қалған.ауылы кесененің өзге өрнектерінен көзгетүсетіні - алдыңғы кіре беріс қақпа,бағанадан тұрғызған екі жақ босағасы, өрнекті кірпіштен тартқанмаңдайшасы, жиек жағалай тартқандөдегесі, қабырғадан тартылғанбелдеулері. Бұлардың бәрі халыққолөнерінің нақышты өрнек түрімен әшекейленген.
## Дереккөздер |
Болат Кәрішалұлы Асанов (7 мамыр 1961, Алматы, Қазақстан) — шахматшы, қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш халықаралық гроссмейстер (1994), Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1995).
ҚазМУ-ді бітірген (1984). 1973—80 ж. әлем чемпионы М. Ботвинниктің шахмат мектебінде жаттықты. Көптеген халықаралық жарыстарға қатысқан. Мұсылман елдері бойынша өткен шахмат турнирінің жеңімпазы (1992, Бағдат), Азия чемпионы (1993).
1994 жылдан ФИДЕ Орталық комитетінің мүшесі, 1995 жылдан ФИДЕ президентінің кеңесшісі. 1996 жылдан шахматтан Қазақстан құрама командасының бас жаттықтырушысы. |
Асанқожа қорымы (17-20 ғ.) - тарихи ескерткіштер кешені.Қорым Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы Оймауыт ауылынан Оңтүстік-батысқақарай 50 км қашықтықта (Жемөңірінің алабында) орналасқан.ауданы 250x210 м, ұлутастан қиылған250-ден астам кірпіштен салынған.Мазар сағанатас, қойтас, құлпытас,сандықтас, т.б. ескерткіштерден тұрады. Асанқожа қорымында жиі ұшырасатын, өтешебер жасалған ою-өрнектерменәшекейленген құлпытастар менқойтастардағы араб әрпімен қазақтілінде жазылған деректер мен рутаңбаларының тарихи-этнографиялық маңызы зор. Қорымның көптеген құрылыстарынан нақыштап тас қашаудың асқан шеберлігін байқауғаболады. Егеу, қашау, тасты бедерлеу,өңдеу, шабу, бояу арқылы ескерткіштер жасау бұл өнірде колөнердіңжақсы дамығандығын көрсетеді.Батыс Қазақстандағы осы бейіттергеқойылған әр түрлі ескерткіштерденжерлеу жол-жорасының дәстүрліүлгісі айқын аңғарылады. Асанқожа қорымы республикалықмаңызы бар тарих және мәдениетескерткіштерінің тізіміне енгізіліп,мемлекет қамқорлығына алынған.
## Дереккөздер |
Қасым Әбуұлы Асанов (1.1.1931 ж.т., Атырау облысы Құрманғазы ауданы Утера ауылы) — ғалым, Социалистік Еңбек Ері (1965), ауыл шаруашылық ғылымының докторы (1976), профессор (1983), Қазақстан Республикасы ғылым академиясының академигі (1996).
Қазақ ауыл шаруашылық институтын (1951) Москва ауыл шаруашылық академиясын (1963) бітірген. 1955 — 1969 ж. ұжымшар төрағасы, 1969 — 73 ж. Мәскеу ауыл шаруашылық академиясында аға ғылым қызметкер, 1973 — 1987 ж. Шымкент облыстық мемлекеттік ауыл шаруашылық тәжірбие ст-ның, “Шымкент” кеңшар техникумының және дендрологиялық саяжайдың директоры болды. 1987 жылдан Қазақтың мал азығын дайындау және жайылым ғылым-зерттеу институтының директоры. Асановтың ғылыми еңбектері негізінен Қазақстанның оңтүстік-шығыс және батыс аймақтарындағы жайылымға қолайлы жерлерді зерттеуге арналған. Шөлейт жерлердің құнарлылығын арттыру үшін Асанов Атырау облысында алғаш рет мал-азықтық дақылдарды (жоңышқа, қоңырбас субидайық, жиматарғақ, үйбидайық) бірге сеуіп суармалы жайылым жасау әдісін қолданды. Сондай-ақ ол белок пен витаминдердің сапасын жақсарту үшін мал азығына көк балдырды (хлорелла) қосуды ұсынды. А. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы, Халықтар достығы, “Құрмет Белгісі” ордендерімен марапатталған.
## Шығармалары:
* Пастбищное хозяйство Казахстана, А.-А., 1992;
* Практикум по пастбищному хозяйству. А., 1994.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* RUS - Сайт депутата(қолжетпейтін сілтеме)
* Жайылым үшiн жанын салған | Алматы ақшамы қоғамдық саяси газеті
* Список знаменательных дат - Библиотека - Материалы - КМиБ ... |
Сабырхан Асанов (1937, Түркістан облысы Түркістан ауданы Иіркөл ауылы — 17.08.1996, Алматы) — ақын.
ҚазМУ-ді бітірген (1960).
Шығармашылық қызметін Түркістан облысы Киров ауданы “Кировшылар үні” газетінің жауапты хатшысы болып бастады.
Ұзақ жылдар “Социалистік Қазақстан” газеті, “Жұлдыз” журналы, “Қазақ әдебиеті” газеті редакцияларында қызмет атқарды.
Асановтың алғашқы өлеңдері “Оңтүстік Қазақстан” облысы газетінде жарық көрді.
Ақынның “Тұңғыш кітап” (1963), “Алматым менің жас шағым” (1968), “Ленинге барғанда” (1970), “Шолпан” (1974), “Ақбота” (1976), “Қоштасқым келмейді” (1978), “Бақытымды жырлаймын” (1980), “Қызғалдақ күндер” (1981), “Сағындырған көктем” (1983), “Сағынамын” (1986), “Көктемнің шуақты күндері” (1987), “Елу көктем” (1990) жыр жинақтары жарық көрген.
А. Байрон, Тоқтағұл, Я.Купала, Ф.А. Файз, С.Данилов, Р.Ғамзатов, И.Абашидзе, Е.Евтушенко сынды ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Ақын өлеңдері орыс, неміс, латыш, татар, башқұрт, якут, қырғыз т.б. тілдерге аударылған.
## Дереккөздер |
"Асатаяқ" - қазақ биі. Н.Тілендиевтің "Ата толғауы" күйініңсүйемелімен екпінді ырғақта орындалады. Музыкалық өлшемі 2/4. Оны қолдарын асатаяқ ұстаған бір топ қыздар билейді. Қоюшы-балетмейстеріЗ.Райбаев. "Асатаяқты" алғаш сахнағашығарған Торғай филармониясының құрамындағы "Шертер" ансамблінің бишілер тобы. "Асатаяқ" биі Қазақән-би ансамбль "Гүлдер" эстрадалық жастар ансамблі, т.б. шығармашылық ұжымдаррепертуарынан кең орын алды.
## Дереккөздер |
Асаубай Жәдігерұлы, Қанжығалы Асаубай (туған-өлген жылы белгісіз) — белгілі шешен, би. Арғын тайпасының Қанжығалы руынан шыққан. Арқадағы Қорқылдақ көлінің төңірегін қоныс еткен. Ш.Уәлихановтың әкесі Шыңғыс төренің замандасы. Асаубай қара қылды қақ жарған әділ де сыншыл ақын болған. Табан астында шығарып айтқан өлеңдері Махамбет, Ақтамберді сияқты өр мінезді, орақ тілді ақындар шығармаларымен сарындас. Оның Шыңғыс төреге, Абылай тұқымынан шыққан Ахмет биге, керей Бекентай байға, Жарқын биге, қарабалық Күлік байға, Омар төреге т.б. айтқан сөздері ұшқырлығымен, жігерлілігімен ерекшеленеді. Ақын қашан да тұрмысы нашар әлеум. топтың сөзін сөйлеп, жоғын жоқтаған. Асаубай жырлары, суырып салма сөздері республикалық баспасөздерде, “Қазақтың би-шешендері” (1993) жинағында жарияланған.
## Дереккөздер |
Асау үйрету — жүген-құрық тимеген, қолда ұсталынбаған асау жылқыны жүгендеуге, ерттеуге, мінуге, жегуге үйрету. Асау жылқының 2 түрі болады: ту асау — жүген-құрық тимеген жылқы; бас асау — ноқта, жүген кигізбейтін жылқы. Бие байлайтын үйлерде жылқыны құлынынан ноқтаға, жетекке шошындырмай, сылап-сипап үйретеді. Осылайша бастыққан құлынды құнан, дөненінде де мініске оңай үйретуге болады. Алдымен жылқыны ерттеп немесе жегу әбзелдерін кигізіп дағдыландырады. Мұнда жылқыны сабауға, ауыздықпен езуін жырта тартуға болмайды. Жылқы мінезіндегі ерекшелікті де сезіну керек. Егер ат арбаға немесе шанаға жеккенде тебетін болса, онда қыл құйрығын екіге бөліп оқтыққа байлайды, сонда жылқы тебе алмайды. Мініс жылқысында үзеңгіге аяғың ілінер-ілінбесте шаба жөнелетін асаулар да кездеседі. Мұндайда жүгенге көздің тұсынан “қарақшы” былғары тігіледі. Шалқалап құлайтын асауларға ер салып міну өте қауіпті. Оған алдымен құм толтырылған қап артады да бір атты адам асауды шылбырынан жетектейді, 2-атты адам қамшымен айдайды. Асау әбден шаршап, шалқалап құлауын қойғанда, үйретуші бірден секіріп мінеді де, тізгінді қолға алады. Сонда асау еркін шаба жөнеледі. Қапты тесіп, құмды бірте-бірте сусытып тауысады. Арыны басылған жылқы ептеп тізгінге көнеді. Асауды көп шаршатпай таң асырады. Шын бапкер асауды қант беріп, терін үгіп, сылап-сипайды, суарып, жемдейді, сөйтіп тез-ақ қолға үйретіп алады. Әбден машықтанғанша асауды тек бір адамның бағып-күткені жөн.
## Дереккөздер |
Ләззат Оразханқызы Асанова (27.07.70, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылы — 25.12.86, Алматы) — Желтоқсан көтерілісінің (1986) құрбаны. 1985 жылы Алматыда П.Чайковский атындағы музыкалық училищеге оқуға түскен. Алматыда 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға (қазіргі Республика алаңы) алғашқы ереуілшілер қатарында “Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты. Көтеріліс қатыгездікпен жанышталғаннан кейін басқа да ұсталған 87 адам қатарында А-ға Қазақ КСР ҚК-нің 65-бабымен айып тағылып, (Көтеріліске қатысып ұсталғандар жөніндегі Қазақ КСР ІІМ-нің құжаты, (1211-177, 23.02.1990) қамауға алынды. 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласында болған оқиғаларға түпкілікті баға беру жөнінде республика Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы құрған комиссия мүшесі Ф.Игнатовтың мәліметтеріне қарағанда, Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық училище жатақханасынан табылған да, ол туралы жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген деген қауесет таратылған. Осыған қарамастан мәйітті Алматы облысы Панфилов ауданындағы Ақжазық кентіне Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Ләззатты жерлеудің алдында денесін ақ жуып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қолынан қаза тапқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң ғана А. жөніндегі шындық қалпына келтіріле бастады. Ләззаттың ерлігіне арналған ән (“Қаһарман қыз — Ләззат қыз”. Музыкасын жазған Жоламан Тұрсынбаев, өлеңі — Абдрахман Асылбектікі), ол жөнінде баспасөз беттерінде ғалымдар мен мемлекет, қоғам қайраткерлерінің пікірлері жарық көрді.
## Дереккөздер |
Асау мәстек - ұлттық ойын. Жазық алаңда өтеді.
Ойынға қатынасушы жастар жиылып келіп, асау мәстек құрады. Ол үшін 4—5 қадамдай қашықтықтан екі мықты қада қағады. Кейде бұған өсіп тұрған екі ағашты да пайдалануға болады. Жерден 50—70 см. биіктікте екі қаданың арасына арқан байлайды да, оның үстіне ескі көрпеше (шапан, тон) салады. Ойын жүргізуші балаларды ойынға тақпақ айтып шақырады:
Әй, ер екенің білейін,
Ешкі сойып берейін. Тақия алсаң еңкейіп, Құламасаң төңкейіп,
Ерлігіңе сенейін!
Өзінің ептілігін сынағысы келген ойыншы:
Асау мәстек бұл болса,
Үйретейін көріңіз,
Маған таяқ беріңіз!
— деп, ортаға шығады. Ойын жүргізуші таяқты беріп тұрып санай бастайды:
Міне, саған таяқ,
Үшке дейін санақ.Бір..„Екі...
Үш...
Ойынға шыққан жас санақ біткенше таяқтың көмегімен арқанның үстіне атша мініп алуы тиіс те, жерден еңкейіп тақия алады. Жеңіп шықса ойын жүргізуші айыпты болады да, жығылса өзі айып тартады.
Айып өлең айту, ән салу немесе қораз болып шақыру, түйедей боздау, ешкі сияқты маңырау түрінде болады.
## Тағы қараңыз
* Қазақтың ұлттық ойындарының тізімі
## Дереккөздер
1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері кітабы, Атамұра 2011ж.2. ↑http://kitaptar.com/ Мұрағатталған 2 ақпанның 2014 жылы. |
Асбест (грек. asbestos — сөнбес, бұзылмас) немесе талшықтас— силикаттар класының серпентиндер мен амфиболдар топтарындағы аса жіңішке талшықты минерал. Хим. құрамы жөнінен магний мен темірдің, ішінара натрийдің сулы силикаты болып табылады. Серпентин тобындағы хризотил А-тің хим. формуласы: Ол монклиндік сингонияда кристалданады, кесектерінің түсі жасыл, сұрғылт сары келеді, ажыратылған талшықтары — ақшыл, боз, жібектей жылтыр. Қатт. 2-2,5, тығызд. 2,4-2,6 г/см3, талшықтары иілгіш, майысқыш, балқу температурасы 15000С-қа жуық, жылу мен электр тогын нашар өткізеді. Талшықтарының ұзынд. 50 мм-ге, кейде 250 мм-ге жетеді. 14 минералды қамтитын амфибол А-тің жалпы хим. формуласы мұндағы Талшықтары радиал сәулелі болып ретсіз, қиғаш орналасады, ұзынд. 6-70 мм-ге жетеді. Амфибол А-тің қышқылға төзімділігі мен жылуға беріктігі аса жоғарғы. Олардың ішіндегі ең маңыздылары әрі көбірек пайдаланылатындары — крокидолит, антофиллит, амозит, родусит. Хризотил-А. гидротермалдық ерітінділердің әсерінен серпентинденген, магнитке бай ультранегізді жыныстарда, доломиттенген әктастарда, ал амфибол-А. шөгінді және метаморфтанған магмалық жыныстарда кездеседі. Хризотил-А-тен отқа, ыстыққа төзімді тоқыма бұйымдары, құрылыс материалдары, қағаз, резина, пластмасса, электр техникасы, асбестцемент бұйымдарына толтырма дайындайды. Амфибол-А-ті жылу мен отқа, жебір ортаға (қышқыл, сілті, теңіз суы) төзімді бұйымдар жасауға қолданады. Қазақстандағы Жітіқара хризотил-А., Бөгетсай антофиллит-А., Қумола родусит-А. кендерінің өндірістік маңызы зор. |
"Асан қайғы , Тоған, Абат" — Мұрын жыраудан жазылып алынған ноғайлы жырларының жеке бір тармағы. Жырдың поэтик. ерекшеліктерімен қатар генеалог. сипаты да айқын. Асан Қайғы тұсындағы аңызбен сабақталған оқиға оның Әз-Жәнібекпен арақатынасына ұласып, інісі Тоған және баласы Абаттың қалмақтан кек қайтаруына жалғасқан. Жырдың топтамалық сипатын аңғартатын келесі бір белгі — алғашқы бөлігінің аңызбен сабақтасып, 7-8 буынды жыр үлгісіндегі соңғы бөлігінің бөлек-бөлек оқиғаларға айналуы. Аңыздық-эпик. желімен қатар тарихи-этник. мәліметтерді де қамтып отыратын жырдан ноғайлы дәуірінің тарихи тұлғаларының бейнелері елес береді. Олар бірде антропоним (Тарғын, Жәнібек), бірде топоним (Жем, Аштархан), бірде көне наным-сенім көріністері (Қыдыр, Ілияс, қырық шілтен) түрінде бой көрсетеді. Көлемі 800 жолдан астам жыр нұсқасы 1942 ж. Алматыда жазылып алынған. Қағазға түсірген — Дәуіт Сеңгірбаев. Қолжазба Қазақстан ғылым академиясының Орт. ғыл. кітапханасында сақтаулы (667 папка). 1990 ж. “Батырлар жырының” 6-томында толық жарияланған. Жыр туралы мәліметтер М. Мағауин, Б. Ысқақов еңбектерінде кездеседі.
## Дереккөздер |
Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы(14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі - Асан Қайғы мазары делінеді.
## Ғалымдар зерттеуі
Оның өмір сүрген тұсы Алтын орда және қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш.Уәлиханов, Г.П.Потанин, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М.Әуезов, тағы басқа айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын бастыру XIX ғасырдың соңында басталды. Асан Қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ордасы тарап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш. Уәлиханов) атанған Асан Қайғы «өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс, білік-дерек береді» (М.Әуезов).
## Өмір сүрген кезеңі
Асан Қайғы Сәбитұлы XIV ғасырда ғұмыр кешкен, Алтын Орда, қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған "дала философы", осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін "қайғы" сөзі қосылып аңыздалып кеткен. Шежіре-аңыздардың айтуынша Асанның әкесі Сәбит ұзақ жасаған, он сегіз мың ғаламның, құстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел әулие, атақты саятшы болса керек. Ол баласы Асанды ес білгеннен осындай қасиеттерге баулып өсіреді. Сондай өнегелі, ұлағатты тәрбие көрген Асан жас кезінен-ақ туған халқынын қамын, оның келешекте ірі де, іргелі ел болу жағын ойластыра бастайды. Сондықтан да ол жас болса да хан, сұлтан, би, бектермен бірге жүріп, оларға ақыл қосысады, ой-пікір жарыстырып, тайталасып ержетеді. Бозбала кезінен-ақ ол ақындық-жыраулық, шешендік, тапқырлық өнерді жете меңгереді. Ел дауын, жер дауын, әдет-ғұрып мәселесін шешерде оның ақылдылығы, алғырлығы, кесімді, шешімді билік сөздері өзге би, шешендерден үстем боп шыға береді.Әз Жәнібек (туған жылы 1342) Бүкіл Алаш жұртын билеген, Алтын Орда ханы Асан жырау сол Әз Жәнібекпен бірге талай-талай мәселелерді баскаруға, шешуге араласады. Әз Жәнібек өлген соң Асан би Дешті Қыпшаққа қайта оралады.Алайда ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі. Асанқайғы ең алдымен хандық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет деп санайды."Әз Жәнібек ханды уақытша табысқа мастанып кеттің, қазақ халқының, Алтын Орда болашағын жете ойламайсың деп сөгеді".
Асанқайғы қойға қошқар, жылқыға айғыр салмай, бура шөгермей, сиырды бұқасыз сақтап, малды үш жылға дейін ту қылып ауған екен. Мұнысы көшкен елге төл аяқ байлау болмасын дегені болар. Сол ауып бара жатқан бетінде Алтын Орданың ханы Әз Жәнібекке кез болыпты. Бұрын үш рет той жасап шакырғанда Асанқайғы бармаған екен. Ауып бара жатып кез болған соң, Әз Жәнібек айтыпты:- Бұрын бір хан болыпты. Ханның қасында бір қараша кедей коңсысы болған екен. Ханның малының сүмесінен қозы қарын май мен бір қап құрт алған екен. Күзді күні күздеуге қонар мезгілде, қараша: "Ханның бәйбішесі ханымды шақырып алып, осы құрт пен майдын алдын таттырып кетейік. Сонда бізге қалғаны жұғым болар. Ханымға таттырмай кеткен соң берекесі болмас" - дейді.
Ханымды үйіне шақырса, қарашаның үйіне кіріп шығуға намыс қылып керіліп, "әне барамын, міне барамын" деп ақыры бармапты. "Құрт, майдың алдын ханымға таттырмай кетпейміз" деп әлгі байқұстар ханымды сарғайып күтіп көп уақыт көшпей отырып калыпты. Күндердің күнінде ханым келе жатса, ханның кісі алатын бурасы оны қуыпты. Ханым сасқанынан, қараша үйге қойып кетіпті. Сонда шал байғұс айткан екен:
Шақырса келмес ханымды,Бура қуып келтірді.Қалжы-бұлжы дегізбей,Тура қуып келтірді.Бастай көр қатын құртыңды,Сала көр қатын майыңды, -
- депті.Сол айтқандай, үш рет тойыма шақырдым, келмедің. Ақыры қадірсіз, аяқсыз келдің-ау Асаным!
- Рас айтасың, Әз Жәнібегім. Ойың ұрғашыға ауған екен, - дейді Асан-қайғы. - Өз бойымдағы ағат ісіңе ие бола алмаған жан едің. Сондықтан айтып отырсың, сен өзің неге той қылдың, білесің бе? Бірінші рет той қылдың, қарақалпақтың қызы Қарашаш сұлуды алдым деп. Екінші рет той қылдың, Жайық судың бойынан дауыл өтпесе, жан өтпейтін үй салдырдым деп. Оған несіне келейін, — деп Асан жырлап кетті:- Ай, Жәнібек хан!Айтпасам білмейсің.Жайылып жатқан халқың бар,Аймағын көздеп көрмейсің.Қымыз ішіп қызарып,Мастанып қызып терлейсің.Өзіңнен басқа хан жоқтай,Өзеуреп неге сөйлейсің?Қорған салдың бейнет қып,Қызметшің жатыр ішіп-жеп.Он сан ноғай бүлінді,Мұны неге білмейсің?Қатын алдың қарадан,Айрылдың хандық жорадан.Ел ұстайтын ұл таппас,Айрылар ата мұрадан.Мұны неге білмейсің?Құладың құстың құлы еді,Тышқан жеп жүні түледі.Аққу құстың төресі,Ен жайлап көлде жүр еді.Аңдысып жүрген көп дұшпан,Еліңе жау боп келеді.Құлың кеп сені өлтірер,Осыны Асан біледі.Мұны неге білмейсің?Осыны көрдім түсімде,Біл десе де білмейсің.Ей, Жәнібек, ойласаң...Қилы-қилы заман болмай ма,Суда жүрген ақ шортан,Қарағай басын шалмай ма?Мұны неге білмейсің?Айтқан тілді алмасаң,Енді мені көрмейсің!
Асанқайғының айтқанына басын шұлғығаннан басқа хан дәнеме демепті. Сол жолы екеуі дос болып, жалғыз жетім Жәнәліні сұрап алып қалыпты.Сол Жәнібек хан тұсында Қаратау атырабымен Түркістан тәңірегіне жан- жақтан анталаған көз тігушілер көбейеді. Шығыстан монғолдар, батыстан Әбілқайыр тұқымдары Түркістандағы өмірін жүргізіп, сауда-саттықты өркендетпек болады.
Бұл кезде Сарайшықта отырған Жәнібек хан Еділ, Жайықты, Жем, Ойылды тастап Түркістанға қарай үдере көшіп, қоныс аударады. Сонда Жәнібектін бұл әрекетін Асан би жақтырмай, оған былай деп сын айтады:
Қырында киік жайлаған,Суында балық ойнаған,Оймауыттай тоғай елінің,Ойына келген асын жейтұғын,Жемнен де елді көшірдің,Ойыл деген ойыңды,Отын тапсаң тойынды,Ойыл көздің жасы еді,Ойылда кеңес қылмадың.Ойылдан елді көшірдің,Елбең-елбең жүгірген,Ебелек отқа семірген,Екі семіз қолға алып,Ерлер жортып күн көрген.Еділ деген қиянға,Еңкейіп келдің тар жерге.Мұнда кеңес қылмасаң,Кеңестің түбі нараду...Ақылды белден алдырдың,Көңілді жаман қалдырың...Нәлет біздің жүріске!Еділ менен Жайықтың,Бірін жазға жайласаң,Бірін қысқа қыстасаң,Ал, қолыңды маларсың,Алтын менен күміске!
Жәнібек ханға тілін алдыра алмаған Асан би Түркістанға қарай қаптап келе жатқан көш алдынан шығып, ондағы игі жақсы жасы үлкен қарияларға, би, байларға бұрылып тағы мынадай ақыл-нақыл айтыпты:
Еділ бол да, Жайық бол,Ешкімменен ұрыспа.Жолдасыңа жау тисе,Жаныңды аяп тұрыспа.Ердің құны болса да,Алдыңа келіп қалған соң,Қол қусырып барған соң,Аса кеш те қоя бер,Бұрынғыны қуыспа.Ақың болса біреуде,Айыбын тап та ала бер.Ерегісіп ұрыспа!Сенікі жөн болса да,Алтын шықпас дұрысқа.Өзіңе біреу тимесе,Кейін қарай жылыста.Мінезі жаман адамға,Енді қайтып жуыспа,Тәуір көрген кісіңмен,Жалған айтып суыспа.Өлетұған тай үшін,Көшетұғын сай үшін,Желке терің құрысып,Әркімменен ұрыспа.Жөнге баспай тырысып,Орынсыз жерде жем болма.Ашу-дұшпан, артынан,Түсіп кетсең қайтесің,Түбі терең қуысқа!
Асан ата мұндай ақыл-нақыл, толғауды Әбілқайыр ханға да талай рет айтыпты. Бір жолы Әбілқайыр хан ұзақ сапар шегіп, жер шолып қайткан Асан абыздан:
- Асан ата, Көкше жағы қандай екен, ордамды сол жаққа көшірсем қалай болады? - деп сұрапты. Сонда Асан би:- Қайда көшем десе ханның ықтияры ғой, бірақ мен көрген Көкше:Төс табаны төрт елі,Атан жүрер жер екен.Төсегінен түңілген,Адам сүрер жер екен...
- депті.Бір жазда Әбілқайыр хан өзінің Маңғыт деген әйелінен туған тұңғыш ұлы қайтыс болып, ас береді. Бұл ұлан-асыр ас Ұлытау мен Ақкөл аралығындағы көк орай шалғынды кең далада өтеді. Асқа аяқ жетер атыраптан көп халық жиналады. Ханды құрмет тұтқан жер-жердегі бай, бектер, сұлтан, билер бірінен бірі асыра тарту-таралғысымен артынып-тартанып жетеді. Ас бірнеше күнге созылады. Ат жарыс, бәйге, көкпар, күрес дейсің бе, әйтеуір қазақ дәстүрінде бар барлық салт-сана, ойын-сауықтың бәрі өтеді. Ақындар айтысады, күйшілер күй шертеді, әншілер ән салады. Хан сол бір асты өзінің ақылгөй абызы сарай жырауы Асанқайғыға басқартады. Бірнеше күнге созылған осы жиынды Асан жырау:
Таза мінсіз асыл тас,Су түбінде жатады.Таза мінсіз асыл сөз,Ой түбінде жатады.Су түбінде жатқан тас,Жел толқытса шығады.Ой түбінде жатқан сөз,Шер толқытса шығады, -
деп бастаған екен дейді ел.Осы ас өтерден бірер жыл бұрын Асанқайғы жырау халқынын болашақ қамы үшін қазақтың кең дала, қаласын шарлап, "Жерұйықты" іздеп оралған екен. Оны көптен бері көрмей, аталық ақыл, өсиетін тыңдай алмай, сағынып аңсап жүрген ел-жүрты сөз иіні келген кезде өздерінің сұрақ, өтініштерін тұс-тұсынан жаудырыпты. Біреулер: "Қалай еткенде елге әділдік орнайды?" дегенде ол:
Әділдіктің белгісі,Біле тұра бұрмаса.Ақылдының белгісі,Өткен істі қумаса.Жамандардың белгісі,Жауға қарсы тұрмаса;Залымдардың белгісі,Бейбіттің малын ұрласа.Надандардың белгісі,Білгеннің тілін алмаса.Шамаңша шалқып көре бер,Қабірге әзір қоймаса.Артыңда қалар атақ жоқ,Тіріде данқың болмаса,-
деп термелепті. Енді бірі "Не жетіспейді, не ғаріп?" деп сұрапты. Сонда қарт абыз:
Бұ заманда не ғаріп?Ақ қал алы боз ғаріп.Жақсыларға айтпаған,Асыл шырын сөз ғаріп.Замандасы болмаса,Қария болар шын ғаріп.Қадірін жеңге білмесе,Бойға жеткен қыз ғаріп.Ел жағалай қонбаса;Бетегелі бел ғаріп.Қаз, үйрегі болмаса,Айдын шалқар көл ғаріп.Мүритін тауып алмаса,Азғын болса пір ғаріп.Ата жұрты бұқараӨз қолында болмаса,Қанша жақсы болса да,Қайратты туған ер ғаріп.Ғалымды хатим еткендер,Мақсатына жеткендер,Жас кәрілер отырып,Алдынан сабақ алмаса,Қарамаса жүзіне,Ғалым да болса ол ғаріп, -
деп толғаныпты. Асанқайғы жырау осы ойын тағы да әрмен жалғастыра түсіп, айнала тәңіректеп отырған бай, би, төрелерге қарата мына сөзді айтыпты:
Ердің құны сөз емес,Есебін тапқан сабазға.Төрден орын тимейді,Патша болсын малы азға.Мойнын бұрып сөз айтпас,Көңілі қалған аразға.Атадан жауып айтпаңыз.Алғаным асыл ару деп,Күн шығарып жатпаңыз.Атамның малы көп-ті деп,Атты басқа тартпаңыз.Есенінде, тірідеБір болыңыз бәріңіз.Ақыретке барғанда,Хақ қасында тұрғанда,Қыдырдың өзі болғай жарыңыз.
Асан абыз кідіріп, сөл тыныстай бергенде, Әбілкайыр хан сөз бастап кетеді. Ол өзімен тұстас кейбір хандарды, бектерді, би-батырларды мінеп, өзін олардан зор санағандай сынай танытады. Өз қол астындағы бірқатар бай, шонжарларга, ауыл ақсақалдарына риза еместігін білдіреді. Өзіне де, өз қолы жеткен табыстарында місе тұтпағандай пиғыл танытады. Ханның осындай көзқарас, пікір, ойларын манадан бері көзін жұмып, міз бақпай тыңдап отырған Асан ата, енді басын көтеріп, ханға тіке қарайды да былай деп толғай жөнеледі:
Есті көрсең кем деме,Бәрі тұйғын табылмас.Қарындасың жамандап,Өзіңе туған табылмас.Адам әзіз айтар деп,Көңілінді салмағын.Нәпсі алдаушы дұшпаның,Насихатын алмағын.Бақыты оянған ерлердің,Әрбір ісі оң болар.Дәулеті күнге артылып,Не қылса да мол болар.Тазылары түлкі алып.Қаршығасы қаз іліп.Сөз сөйлесе жөн болар.Не десе де жарасар."Бай", "байсың" деп ат қойып,Ел аузына қарасар.Арғымаққа міндім деп,Артқы топтан адаспа!Күнінде өзім болдым деп,Кең пейілге таласпа!Артык үшін айтысып,Достарыңмен санаспа!Ғылымым жұрттан асты деп,Кеңессіз сөз бастама!Жеңемін деп біреуді,Өтірік сөзбен костама!Сара жолдан жаңылған.Ханға зират қазылмас,Сөгілгелі тұр қабырғаң,Кеселің бар жазылмас,Тарқат ханым шеріңді,Намазыңа асыкпа.Құрыштан берік елімді,Алауыздыкпен жасытпа!Біреу өсірген қауынды,Тұрсың босқа жарғалы.Досыңнан іздеп жауыңды,Тұрсың жалғыз қалғалы.Үмыттың қазақ даласын,Ұлғайттың жанды жарасын,Бір атаның баласын,Екіге бөліп барасын,Жолын ханым талпасаң,Бүлінеді барлық жұрт.Таң боп қайта атпасаң,Басқалы тұр қара бұлт...
Бұл сөз Асанқайғы бидің көптен бері ханға айтуға реті келмей жүрген іш құса ыза толғауы еді.Осы бір ащы, уытты сөз өңменіне қадалған оқтай болған Әбілқайыр хан "намаз уақтысы өтіп бара жатыр екен ғой" деп сылтауратып отырған орнынан тұрып, далаға шығып кетеді. Асан ата да, өзге отырған ел басшы игі жақсылар да ханның "намазды" сылтау қылып, сыртқа шыққанын іштерінен сезеді, сезсе де сыр білдірмегенсиді. Ал, көмейіне лықсып келген ойын бүкпесіз, бетке тіке айтатын Асан би сөзін былайша жалғастыра түсіпті дейді:
Көлде жүрген қоңыр қаз,Қыр қадірін не білсің?Қырда жүрген дуадақ,Су қадірін не білсін?Көшіп-қонып жүрмеген,Жер қадірін не білсін?Көшсе кона білмеген,Қонса көше білмеген,Ақылына көнбеген,Жұрт қадірін не білсін?
"...Халқының болашағын ойлап қамығады. Оның ойынша жер үстінде адамзат тіршілігінде көруі мүмкін ұжмақ бар, оның аты - "Жерұйық". Бұл елді жау алмайтын, малға жұт келмейтін, шөбі шүйгін, суы мол қоныс. Онда жұрттың бәрі тең, бәрі де шат-шадыман тіршілік кешеді, ел ал асы, ру таласы жоқ. Малға жай, елге ырыс осындай мекен барын ғайыптан болжап білген, Асанкайғы енді сол жерді іздеп табу үшін желмаяға мініп, төңіректің төрт бұрышын кезеді. Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге, халыққа пайдалы жағын есептеп, тиісті бағасын беріп отырады".Ертісті көргенде: "Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен", - депті.Түндікті өзенін көргенде: "Он екі қазылық Ой Түндік, маңырап жатқан қой Түндік. Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен", - деп тастап кетуге қимай, артына үш қараған екен. Сонан "Үш кара" атанған екен таудың аты. Қызылтауға келгенде: "Тау-тасы кеш болганда қой болып ыңыранып жатады екен. Тоқты қысыр қалмайтын жер екен", - депті.Баянауыл тауын көргенде: "Ат ерін алмайтын жер екен. Бауырында тұзы бар, ол тұзы ауыр екен; бір түн түнеп кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады екен. Тұзы жібермейді екен", - депті.Сарысуды кешіп өтерде: "Мына шіркіннің екі жағы борбас екен. Баланың іші қуырылмайтын, пышағы қыннан суырылмайтын, еркегі ат болатын, ұрғашысы жат болатын жер екен", - депті.Қаратауды көргенде: "Көкектен басқа құсы жоқ, көкпектен басқа шөбі жоқ, жер азғыны мұнда екен", - депті.Ащы бойына келгенде, артына қарап: "А, Баянауыл! Сенің қоныс болып тұрғаның мынау, Ащының арқасы екен. Мал жазғытұрым бір жұма ащылайды екен, күзге таман бір жұма ащылайды екен. Сонысы бір жылға татиды екен", - депті.Шідерті өзенін көргенде: "Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай мініп арықтаған ат, бір айда майға бітетін жер екен. Жылқы шідерлеп койғанда тоқтайтын, жылқынын қонысы екен", - депті.Өлеңті өзенін көргенде: "Тоқтап ешнәрсе айтпай, өлеңдете берген екен. Аз тұрып: "Өлеңтінің суы - май, Шідертінің шөбі - май", - деп жүре беріпті.Сілентіден өтіп Жалаңаштын тұсына барғанда: "Аттың төбеліндей Жалаңаш, сені алдыма өңгерейін бе, артыма бөктерейін бе, қай жарама тартайын? Айналаң аз, онан басқа мінің жоқ, табылмайтын жер екенсің", - депті.Есіл өзенін көргенде: "Алты күнде ат семіртіп мінетін жер екен", - депті.Торғай өзенің көргенде: "Ағар суы бал татыған, ақ шабағы май татыған жер екен", - депті.Терісаққан өзенін көргенде: "Сарыарқаның тұздығы екен", - депті.Сулы Келес, Құрлы Келес өзендерін көргенде: "Мөңіреуін, сиыр болып мөңіреуін кара! Сиыр тұқымы үзілмейтін жер екен".
Екі Келес, бір Талас,Бал татыған жерін-ай,Ағайының аралас,Тату екен елің-ай.Желмаяға өңгертіп,Алып кетер едім-ай,Сыймаған соң алдыма,Әттең, дүние, дедім-ай! -
депті.Асанқайғы Жиделібайсын жеріне қызығып: "Ай, Жиделібайсын, артыма бөктеріп кетер едім, әттең атым көтере алмайды-ау! Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын тып-тыныш мамыражай ел екенсің", - депті.
- Ерейментауына қарап тұрып "Қыс болса жылқы тұрмас, жылқы тұрса ішінде кұлын тұрмас... панасы жоқ сары дала сықылды тау екен" дейді.- Қарақойын - Қашырлы деген жерге келгенде "Бауырында бір жұтқын айдаһар бар екен, әйтпесе жылқы үзілмейтін жер екен" деп ескертеді. Бұл жерде бір үлкен көл бар екен, көлге жазда ыстықтап, қыста ықтап келіп түскен жылқы батып кететін түбі батпақ - құян болса керек".- Батыста Асанқайғы Маңғыстауға үш барып, үш кайтыпты. Екі баласы: "Маңғыстау малға жайлы қоныс бола алар ма?" - деп сұраған екен. Сонда Асан бабамыз: "Түбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас" - деген екен.- Шыңғырлауды көргенде: "Ай Шыңғырлау жылқы өзі өскен жоқ Шыңғырлау сен өсірдің" - деп үш айналып, Шыңғырлаудың суына қолын малып отырып: "Шыңғырлау өкпелер, аттың ерін ал, қонайық, ат суарып, аунап қунап кетейік", - депті.- Жуалының қара топырақты, қыртысы құнарлы жерін көргенде: "жерің семіз, қарың мол, қадіріңді егін салған ел білер" дейді.
Шу өзенін көргенде: "Ей, Шу, атыңды теріс койыпты... мынау ну қамысың еліңді жұтқа бермес" депті.Сыр бойын көргенде: "Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен, Қаратауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дұрыс екен", - депті.Ақмешіт тұсындағы (Қызылорда) жерді көргенде: "Ей Акмешіт жерің шаң екен, суың жар екен. Елің жұтамас, малыңның көзіне сақ бол" - деп ескертіпті.Осы күнгі Мерке жеріндегі Аспараны көргенде "Ей Аспара көршіңмен тату бол, шөбіңе суың жетер" деп жүріп кетіпті.Түркістанның қасында ескі қорған Сауранды көргенде: "Әттеген-ай, тақырдың бетіне, Шөлістанның өтіне салған екен. Сарқырап аққан суы жок, жайқалып тұрған нуы жоқ - түбі тұрақты қала бола қоймас" - деген екен.Сайрам, Шымкент маңын аралағанда Асан әулие айтыпты:
- Екі бассаң - бір базарСаудасы кызған жер екен.Екі бассаң - бір мазарМолдасы азған ел екен -
депті.Сөйтіп, Асан туралы аңыз "шұрайлы қоныс, нұрлы өлке - Жерұйықты таба алмапты" дейді. Ол туған жерін аттап кетпейді. Жиделібайсынды бөтен елден іздемейді, қазақ топырағынан іздейді.
## Толғаулары
Жыраудың бір алуан толғаулары Әз Жәнібек ханға арналған. Ол ең әуелі ханның айналасына көз салмай, шабылып жатқан халқының жағдайын ойламай бейғам отыруына наразылық тұрғысында айтылады («Қымыз ішіп қызарып, мастанып неге терлейсің, өзіңнен басқа хан жоқтай елеуреп неге сөйлейсің?»). Ертеңгі халық болашағын Жәнібек ханның ақыл-айла, көрегендігімен тығыз байланыста алып қарайды. Осы арнауында жырау күншығысқа көз алмай қарайтын көрші патшалықтан сақтанудың қажеттігін арнайы ескертеді («Қилы-қилы заман болмай ма, Суда жүрген ақ шортан, Қарағай басын шалмай ма?»). Асан Қайғы осы «ақ шортан» мен «қарағай» бейнесін келесі бір толғауында кеңірек ашып, орыс патшасы отарлауының мән-жайын алдын ала айтып, көрегенділік танытады. Халық басына төнген бұл қауіптің зардабын, оның немен тынатынын да дәл болжайды («Ол күнде қарындастан қайыр кетер, Ханнан күш, қарағайдан шайыр кетер, Ұлы, қызың орысқа бодан болып, Қайран ел, есіл жұртым сонда не етер?»). Асан Қайғы Қаласының жыр, толғаулары негізінен үлгі-өсиет, мақал-мәтел іспеттес болып құрылады. Жырау ру-тайпалық одақтардың генеалогиясын, халықтық әдет-ғұрып, дәстүрлерді дәріптеп, өмір сүрудің мәні туралы, жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, үлкенді сыйлап-қастерлеу, олардың ақылын алу, бір-бірімен босқа қырқыспау, бейбіт өмір кешуге, ізгі ниетті, қарапайым, адал, шыншыл, иманды болуға шақырады («өле-тұғын тай үшін, қонатұғын сай үшін, желке терің құрысып, бір-біріңмен ұрыспа»). Түсіністікпен үйлесімді өмір сүру үшін әр адам өзін-өзі жетілдіруі қажет, ізгілікті болу – бүкіл адамзат атаулының бәріне ортақ дейтін гуманистік тұжырым жырау шығармашылығының негізгі арқауы («Әділдіктің белгісі, біле тұра бұрмасауыл Ақылдының белгісі, өткен істі қумасауыл Жамандардың белгісі, жауға қарсы тұрмасауыл..»). Енді бір алуан жырлары тұрмыста түйген ой-тұжырым, болжау түрінде келеді («Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтіп күн көрер, аяғы жоқ, қолы жоқ, жылан қайтіп күн көрер?»). Асан Қайғы есімі тек қазақ халқына ғана емес, басқа да ағайын халықтарға (қырғыз, қарақалпақ, ноғай тағы басқа) кеңінен тараған. Бұл орайда жырау толғауларындағы жоғарыдағыдай философия және психология мәні зор қанатты сөздердің атқарған өзіндік рөлі ерекше.
## Философия дүниетанымы
Асан Қайғы Қаласының философия дүниетанымы үш бағытқа бөлінеді:
* этикалық дүниетаным – ұлы жыраудың философия ойларының өзегін құрайды. Адам, адамшылықтың басты қасиеттері, олардың мәні мен сипаты жоғары имандылық деңгейінде қарастырылған. Поэтикалық формамен берілген этикалық ұғымдар, түсініктер, қағидалар Шығыс өркениетіне тән ерекшеліктермен сабақтастық тауып, адамгершіліктің алуан қырлы болмысын айқындайды.
* Поэтикалық зерде және философияның қазақ дүниетанымында егіз ұғым екенін жырау өз толғаулары арқылы толық дәлелдеп берді. Адам өмірінің мәні, мақсаты, өлімнің растығы, қоршаған дүниені тану мәселелері Асан Қайғы философиясының басты бағыттары.
* Асан Қайғы гуманизмі, адамға деген сүйіс пеншілігі тарихи сана арқылы түркі халықтарының жадында сақталған. Ноғай, өзбек, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ халықтары арасында Асан Қайғы есімі ілтипатпен аталып, құрмет тұтылады. Оның ақындық ойы мен жыраулық философиясы өзінің танымдық құдіреттілігімен ерекшеленеді. Қазақ халқы ғасырлар бойы тарихи сатыларында Асан Қайғы есімін үстемдікке, озбырлыққа, әділетсіздікке қарсы ұстанған ізгілік символына айналдырды. Асан Қайғы Оқшы ата қорымына жерленіп, басына кесене тұрғызылған.
* Асанқайғының нақ жерленген жері белгісіз. Екі дерек бар: біріншісі бойынша, Жезқазған облысының Ұлытау ауданында, ал екіншісі бойынша, Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Шиелі ауылынан 16 шақырым жерде жерленген екен. Асанқайғыға арнап жасалған ескерткіш Асан ата кесенесі "Жеті әулие" қорымында.
## Дереккөздер |
Асқар Татанайұлы (1906, Шыңжаң өлк., Алтай айм., Нәдіреке а.—1996,19 сәуір, Алтай қ.) — ақын, жазушы, драматург, тарихшы, Қытайдағы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ҚХР-дың халық жазушысы (1988).
## Өмірбаяны
Өзінің саналы ғұмырын қазақ жазба әдебиетінің дамуына арнаған Асқар Татанайұлы 1906 жылы Қытай Халық Республикасының Алтай аймағында дүниеге келген. Абақ Керей тайпасының Жәнтекей руынан шыққан. Ауыл молласынан оқып сауатын ашқан Асқар 1930 жылдан бастап өлең жаза бастаған. 1933 жылы Шәрiпхан Алтай аймағының уәлиi шекара комиссарының бастығы болып белгiленгеннен кейiн, халық ағарту жұмысына кiрiсiп, қысқа мерзiмдi мұғалiмдер жетiлдiру курсын ашты. Сол кезде Асқар алғашқылардың бiрi болып Сарсүмбеден 1934 жылы қысқа мерзімдік мұғалімдер курсын оқиды. Осы жылы Шәрiпхан өзi ашқан мектептен түлеген түлектерiн халық ағарту жұмысына салып, әр ру өздерi мектеп салдырып балаларын оқытуға бұйрық шығарып, қадағалауға кiрiседi. Сөйтiп жер-жерден мектеп ашыла бастады. Асқар оқу бiтiрген кезде, Қазыбек руының салдырған мектебi бiтпей қалып, әрi қарай оқу үшiн Алтай қаласына көшiп барады. Сол тұста Шәрiпхан Семейден баспа машинасын алдырып, “Асқар сен осы баспа жұмысын атқарасың, бұл ең үлкен оқу” деп баспаның тұтқасын ұстатады. Сонымен Ахмет Байтұрсынның емлесiнде шығатын баспаны алғаш рет Алтайда iске қосты. Сол тұста Кеңес Одағында Ахмет Байтұрсын емлесi қолданыстан қала бастаған едi. Баспа машинаны Коновалов деген орыстың үйретуiмен Асқар алғаш баспа машинасын меңгеруші техниктің бірі болады. Ғалым Құсайынов деген кiсi екеуi алғашында түрлi ұқтырулар мен жарнамаларды шығарады. Ең алдымен «Ел иесі ел жақсыларына» деген Алтай халқына арналған үндеу хат басып таратылады. 1935 жылдың шілде айында газет шығару туралы осы үндеу шыққаннан кейін «Шыңжаң Алтай» газеті ресми басылып шығады да, Асқар Татанайұлы 1936 жылдан бастап газетте редактор болып жұмыс істейді. 1938 жылы “Жаңа Алтай” журналын қосып шығарды. Бұдан өзге оқытушы, мектеп басшысы, ойын-сауық үйірмесінде жетекші, мәдениет мекеме бастығы болып жұмыстар атқарған Асқардың Қытай қоғамындағы саяси қозғалыстардың жүрілуімен-ақ басына бұлт үйіріледі. Қаламгер солақай саясаттың салдарынан он сегіз жылдай қуғынға ұшырап, көп қиындық көрген. 1958 жылы «Ұлтшыл», «Оңшыл» қалпағы кигізілсе, 1966 жылы өндіріс майданына сүргінге айдалды. «Кері төңкерісшіл», «Ұлтшыл», «Өзгертімпаз» деген жалалармен қуғынға ұшырайды. 1977 жылы жаладан құтылып, зейнетке шығады. 1994 жылы 19 сәуірде дүниеден өтеді.
## Шығармашылығы
10-нан астам дастан, 20-ға жуық пьеса, мыңнан астам өлең жазған Асқар Татанайұлы «Арқалық батыр», «Ел қорғаны – Абылай» атты тарихи дастандарының, «Үш кезең», «Азамат үні», «Аманат», «Ел қорғаны-Абылай» қатарлы өлеңдер жинағының, «Тарихи дерек, келелі кеңес» атты 2 томдық деректік әңгімелер жинағының, «Бір ғасыр» өлең романының, «Шәріпхан» атты тарихи романның, «Құн және айып» атты прозалық шығармалардың, «Өмір майданы», «Құлдықтан құтылғандар» атты екі драммалар жинағының, 1947 жылы жазып алған “Дәмежан жыры” секілді үлкен эпикалық дастан жырларының авторы. Шығармалары қытай, ұйғұр, қырғыз тілдеріне аударылған.
Шығармаларының негізгі арқауы—халықты ояту, әлеум. әділетсіздікке қарсы күреске жұмылдыру. “Малбикенің өмірі”, “Ғылымсыз — ғұмыр тұл” дастан-толғауларымен шыңжаң-қазақ әдебиетіне жаңаша леп әкелді. 1936 жылы жазған «Талап» пьесасы 1937 жылы «Жаңа Алтай» журналында басылса, 1938 жылы «Таң шолпан» әдеби журналында «Малбикенің өмірі» деген дастаны жарияланады. Ол жазған «Талап», «Қалың мал» қатарлы пьесалары Алтай сахналарында арт-артынан қойылды. Ол қытай қазағында жазба әдебиеттің қалыптасуымен жаңа мәдениет, ағартудың жалпыласуы үшін тың бет ашты. Бұл тұста Қытай қоғамы әлі де бірлікке келмеген саяси күштердің қырқысқан кездері болғандықтан Қытай қармағындағы Қазақ даласы қараңғы күйде болатын. 1930-1940 жылдар ішінде Асқардың өлеңдері мен «Батырлар жыры», «Екі балуан», «Адасқан аю», «Өтірікші шал» қатарлы дастандары «Ерікті Алтай» газеті, «Таң шолпан» журналы басылымдарда жарияланып халықты мәдениетке, жаңалыққа ғылым-білімге шақырады. Бұл еңбектер Қытай қазағындағы алғашқы әдебиет өркені үшін қолдан-қолға түсірмей оқитын табылмас оқулығына айналды. Қытайдағы “Мәдениет төңкерісінің” тауқыметін 20 жыл бойы Тарымда (жазалау аймағы) тартқан ақын түрмеде де қаламнан қол үзбей, “Тарихи дерек, келелі кеңес” трилогиясын, “Бір ғасыр” өлең-романын, хикаят түрінде “Қара сеңгір оқиғасын”жазады. “Керейдің билік заңын” әңгімелейді. “Арқалық батыр” қиссасын қайта жазып шығады. 1989 жылы «Жұлдыз» журналында өлеңдері мен бір топ тарихи әңгімелері жарияланады. «Арқалық батыр» кітабы қытай тілінде басылым көрді.
2008 жылы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығынан атажұрттағы алғашқы кітабы «Ел қорғаны – Абылай» (дастан-өлеңдер) деген атпен жарық көрді. |
Асанбай Асқарұлы Асқаров (15 қыркүйек 1922 жыл, Тәтті ауылы Меркі ауданы, Жамбыл облысы – 13 тамыз 2001 жыл, Алматы) — көрнекті мемлекет, партия және қоғам қайраткері, Алматы облыстық (1959–1965), Жамбыл облыстық (1965–1978) және Шымкент облыстық (1978–1985) партия комитеттерінің бірінші хатшысы, ақын, мемуаршы, зерттеуші, Социалистік Еңбек Ері (22.02.1982).
Дулат тайпасының Ботбай руынан шыққан. Орта ғана шаруасы бар әкесі Асқар 1930 жылы қайтыс болды. Асанбайдың атасы Асылбек би болған, ол 1916 жылы Ақкөз батыр бастаған көтеріліске қатысқан.
## Еңбек жолы
А.А. Асқаров мектептен кейін Фрунзедегі педагогикалық училищені 1939 жылы бітіріп, еңбек жолын мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі болып бастайды.1942-1946 жылдары әскери міндетін өтеді, полк мектебінде, саяси училищеде оқыды. Полковник. Әскерден оралған соң (1946) Мерке аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Жамбыл облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Жамбыл облыстық компартиясының бюро мүшесі болған. 1951-1954 жылдары Мәскеу қаласы Орталық Комитетінің КОКП-сының жоғары партиялық мектебінде тыңдаушы, 1954-1958 жылдары Жамбыл облысындағы Красногорск және Мерке аудандары партия комитеттерінің бірінші хатшысы, 1958-1959 жылдары Жамбыл облыстық кеңесі Атқару комитетінің төрағасы, 1959-1965 жылдары Жамбыл облысының облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1965-1978 жылдары Алматы облыстық обком партиясының бірінші хатшысы болған және Қазақстан Орталық комитеті Коммунистік партиясының бюро мүшесі қызметін атқарған.1978-1985 жылдары – Түркістан облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеді. Ол Жоғарғы партия мектебін және кандидаттық диссертациясын өте жоғары бағамен қорғаған.
## Қызметтері
Көп жылдар КОКП және Қазақстан КП-сының Орталық Комитетінің мүшесі, КСРО және Қазақстан КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты, Жамбыл, Алматы және Шымкент облыстық партия комитеттерінің бюро мүшесі, сол облыстардың Атқару комитеттерінің депутаты болып сайланды.
Асанбай Асқарұлының көп жылдардағы Кеңес Үкіметі мен халқына, коммунистік партияға сіңірген еңбектері жоғары бағаланып, Социалистік Еңбек Ері атағы (1982) берілді. Ол 5 мәрте Ленин орденімен, көптеген медальдар мен Құрмет грамоталарымен марапатталды.
1986 жылы Қазақстан Орталық Партия Комитетінің Колбин басқарған кезде, одан кейін де Асекеңнің басына ауыр күндер туып, төрт жылдан аса уақыт қамауда болды. Асқаровқа жағылған жала 80-жылдары белең алған қазақ зиялыларын қуғындаудың құрамдас бөлігі еді. Тергеу кезінде оған Желтоқсан көтерілісін (1986) ұйымдастыруға қатыстылығы, ұлтшылдығы сияқты «кінәлар» тағылды. А. Асқаровқа тағылған айыптың мүлдем негізсіздігі анықталып, Қырғыз Республикасы Жоғарғы соты төралқасының шешімімен ол толық ақталды және азаматтық құқықтары қалпына келтірілді.
А.А. Асқаров – экономика ғылымының кандидаты, Халықаралық Акмеология Ғылымдары академиясының академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры. А. Асқаров – «Тағдыр» (1991), «Жұмақ пен тозақ жырлары» (1992), «Көзқарас» (1997), «Ұлы Тұранның ұлдары» (1998) және көптеген кітаптардың авторы.
## Дереккөздер |
Аспалы жол — жүк және жолаушылар тасымалдауға арналған көлік түрі. Оның вагондары мен вагоншалары бағаналар арқылы тартылған болат арқан бойымен қозғалады. Алғаш рет 15 ғ-дың ақырында Батыс Еуропада салынды. А. ж-дың жүк тасымалдауға, жолаушыларға арналған, септестірілген, көтерме, релісті және сүйретпе түрлері бар. Жүк тасымалдауға арналған А. ж. қос болат арқанмен шеңбер бойымен жүргізіледі. Дербес секциялармен ұзартылған мұндай А. ж-дардың ұзындықтары 200 км-ге дейін (Швейцария) жетеді. 1,5-3,3 м/сек жылдамдықпен қозғалатын жүк вагоншалары сағатына 500-1000 т, ал аз қашықтыққа қарама-қарсы бағытта 10 м/сек жылдамдықпен қозалатын 1 немесе 2 вагонша сағ-на 150 т-ға дейін жүк тасымалдай алады. Септестірілген А. ж-дар вагондарымен жүк те, адам да тасылады. Көтерме А.ж-дардың көмегімен құлама жар жерден жүк артылған автомобильдер, плотинадан кемелер өткізіледі. Рельсті А.ж. сыңар рельсті (монорелісті) және қос релісті болып келеді. Ол цех ішінде және цех аралығында жүк тасуға, қоймада жүк тиеу, түсіру жұмысында, сондай-ақ жолаушылар тасуға пайдаланылады. Жолаушы тасымалдауға арналған А. ж-да вагон немесе вагноша қос болат арқанмен жүргізіледі. Көбінесе, қарама-қарсы бағытта қозғалатын етіп салынады. Олардың әр вагонына 12-100 жолаушы отырады. Ал шеңбер А. ж-мен қозғалатын вагондар 4 адамдық болып келеді. Жолаушы тасымалдайтын А. ж-дың ұзындығы 12 км-ге, таулы аймақтарда биіктігі 3 км-ге дейін жетеді. Вагондары секундына 1,5-11 м жылдамдықпен жылжиды. Мұндай А. ж-дар Австрия, Швейцария, Италия, Франция, Жапония т.б. елдерде бар. 1967 ж. 4 қарашада Алматы мен Көктөбені жалғастыратын ұзындығы 1627 м жолаушылар тасымалдауға арналған А. ж. іске қосылған. А. ж-да әрқайсысына 25 адамнан сиятын 2 вагон қарама-қарсы бағытпен 6 м/сек жылдамдықпен ерсілі-қарсылы жүріп тұрады. Бір бағыттағы жолға 5 минут кетеді, сағатына 8 рейс жасалады. Таулы аймақтарда шаңғышыларды ілмегі бар болат арқанмен жылжыта жоғары тартып шығаратын сүйретпе А.ж-дар қолданылады. Мұндай А. ж. Қазақстанда 1954 ж. Алматы қ. маңындағы Шымбұлақ шатқалындағы тау-шаңғы кешенінде салынған. Ұзындығы 3100 м 2 аспалы жол (бір кісілік орындықты және сүйретпелі) демалушылар мен спортшыларды 800 м биіктікке көтереді. |
Гүлсім (Үммигүлсім) Жафарқызы Аспандиярова (Асфендиарова) (12.11.1880, Шымкент —1941, Ташкент) — қазақ әйелдері арасынан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі. Әкесі 1881 ж. қаңтарда Түркістан генерал губернаторлығы кеңсесіне ауысып, содан бастап Ташкентте тұрған. Ташкент қаласындағы әйелдер гимназиясының жеті жылдық курсын (1891 — 1899), Санкт-Петербург әйелдер медицина институтын (1901 — 1908) бітірген. Институтты бітіргеннен кейін Сырдария облысы Шымкент уезінің 3-учаскесінде, кейін Ферғана облысының Пап бөлімшесінде дәрігер болып істеген.
1913 жылдан Ташкент қаласындағы әйелдер босанатын үйдің бас дәрігері (1913) болды. 1920 ж. Аспандиярова Ташкент қаласында мұсылмандар ұйымының Түркістан өлкелік бюросының өтінішімен жергілікті халықтардан шыққан әйелдер үшін акушерлік мектеп ұйымдастырды, әрі сол мектептің меңгерушісі және оқытушысы болды. 1924 ж. бұл мектеп Ю.Ахунбабаев атынд. медициналық техникумға қосылды. Аспандиярова өмірінің соңына дейін осы техникумда дәріс берді. Ол оқытқан шәкірттерінің арасынан кейін Орта Азия мен Қазақстанның көрнекті мед. ғалымдары өсіп шықты. Аспандиярова жергілікті ұлт өкілдері арасынан мед. мамандарын даярлауда үлкен еңбек сіңірген, сонымен бірге қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан. Ташкент қалалық Кеңесіне бірнеше рет депутат болып сайланған. |
Аспан меридианы — аспан күмбезінің солт. нүктесінен (полюсінен) оңт. нүктесіне (полюсіне) қарай тас төбе (зенит) мен табан тұстағы (надир) нүктелерді және дүние осін ойша басып өтетін сызық. Аспан меридианының жазықтығы Жер меридианы жазықтығына параллель болады. Аспан денелерінің осы сызықты қиып өту кезі оның шарықтау шегі болып есептеледі. Темірқазық төңірегіндегі шоқжұлдыздар аспан меридианын екі рет кесіп өтеді. |
Аспан ата, Жер ана — ислам діні енгенге дейін Қазақстандағы түркі тайпалары Көк Тәңіріге табынған.
Жалбарынғанда көкке қарап, “Аспан ата, Жер ана” деп жалбарынып, тілек тілеген. Көк жаңбыр беріп, Жер адамды асырағандықтан, бұрынғы бабаларымыз Аспан ата, Жер ана деп қасиеттеген.
## Дереккөздер |
Аспандияров Біләл (22.03.1886, Қостанай облысы Қарабалық ауданы — 18.09.1958, Алматы) — оқу-ағарту ісін ұйымдастырушы. Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі (1945). Ы. Алтынсарин ұйымдастырған екі кластық және Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. Ауылдық мектеп мұғалімі, Қостанай техникумының ұйымдастырушысы, меңгерушісі (1909 — 25). Жетісу губ. оқу бөлімінің меңгерушісі (1925 — 30) қызметтерін атқарған. А. Абай атынд. Қазақ пед. ин-тын бітірген соң (1931) Ағарту ин-тының, жоғары оқу орындарының оқытушысы, Қазақстан ғылым академиясының Тарих, археол., этногр. ин-тының аға ғыл. қызметкері болды. Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі оқулықтары мен әдістемелік құралдарын, “Русская книга для казахских школ” (1931), “Учебник русского языка для начальной школы” (1934) т.б. кітаптар жазды. “Логика” оқулығын қазақ тіліне аударды. “Орысша-қазақша сөздік” (1946), “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” (1959 — 61) кітаптарының алғашқы нұсқаларын құрастырушылардың бірі. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған (1950). |
Аспап — адамның күнделікті тіршілігінде қолданылатын құрал немесе машинаның белгілі бір жұмыс атқаратын тетігі. Аспаптың кесетін (кескіш, бұрама тескіш, кергі, фреза т.б.), жағатын (штамп, дөңгелетпе т.б.), ажарлайтын (ажарлауыш дөңгелек, ажарлауыш білеу т.б.), соғатын (балға, қашау, ойғыш т.б.), бекітетін-қысатын (станоктардың қысатын патрондары, кескіш-ұстағыш, қысқыш, кемпірауыз т.б.) түрлері бар. Сондай-ақ ғылым мен техникада әр түрлі өлшеулер жүргізуге және басқадай амалдар жасауға қолданылатын приборлар, құралдар мен құрылғыларды да аспап дейді. Музыкада аспаптың жеке (домбыра, қобыз, шаңқобыз, сырнай т.б.), камералық-ансамбльдік, оркестрлік (бас домбыра, альт-домбыра, баян, барабан т.б.) түрлері бар.
## Қауіпсіздік шаралары
Құрал-саймандарды қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау керек: қорғағыш қорабы жоқ дөңгелек арамен немесе дөңгелек тегістегішгіен жұмыс істеуге болмайды, ағаш бұйымдарын жоғары жылдамдықнен өңдеу кезінде көзге қорғағыш көзілдірік киген жөн, сайманның қозғалыстағы бөлігіне киімнің, тағы басқа бөтен заттардың тимеуін мұқият қадағалау керек. Қандай жағдайда болмасын ақауы бар сайманды пайдалануға болмайды, сәл ғана ақауы байқалған бойда жұмысты дереу тоқтатыл, сайманды электр жүйесінен ажыратқан жөн. Тегістегіш дөңгелектердің, басқа да айналатын құралдардың нұсқаулар-да көрсетілгендерін ғана (көлеміне қарай) қолдану қажет.
## ИЭ-5701А
ИЭ-5701А типті электр сүргі әртүрлі ағаштардан жасалатын бұйымдарды сүргілеу үшін қолданылады. Барабанға бекітілген 2 пышағы бар, оның өзі шапшаң айналатын коллек-торлы электр двигатель (редуктор) арқылы іске қосылады. Сүргілеген кезде жоңқаның қалың не жұқа алынуын реттеп отыратын механизммен жабдықталған. Тұтыну қуаты 600 Вт. Сүргілеу екі 75 мм, ағашқа бойлау шамасы 2 мм. Сүргінің салмағы 7 кг-ға жуық. ИЭ-5102 типті электр ара ағашты дөңгелек болат арамен кесуге арналған. Жұмыс аяқталған кезде дөңгелекті өздігінен жауып тұратын автомат қүрылғымен жабдықталған. Тұтыну қуаты 600 Вт. Кесу тереңдігі 70 мм. Араның салмағы 10,5 кг.
## ЭТБ-1
ЭТБ-1 типті электр қайрақ әртүрлі тұрмыстық және ас үйдегі құралдар мен керек-жарақтарды, сондай-ақ ағаш шеберінің және слесарьлық-монтаждау құралдарын қайрауға қолданылады. Мұнымен қоса ол жылтыратыгі өңдеу жұмыстары үшін де қолданылуы мүмкін. Шарық және мата, киіз немесе фетрден жасалған жылтырату дөңгелектері шығыңқы орналасқан екі біліктің бірезіне орнатылады. Тұтыну қуаты 160 Вт. Қайрақтық салмағы ІІ кг. Көлемі (мм есебімен) 325X226X280. ӘЛ-2 типті кішкене электр ара ағаштан. пластмассадан және жұмсақ металдан ойын әртүрлі бұйымдар жасауға арнал ады. Өңделетін заттық қалыңдығы 15 мм-ден аспауы керек. Тұтыну Қуаты 45 Вт-қа жуық. Араның кесу аралығы 6 Мм. Электр араның салматы 6 кг. Жұмыс столының аума ғы 150X150 мм. Тегістеуіш «Электра» қол машинасы үй тұрмысындагы әртүрлі заттардың, еденнің, автомобилықарабының және т. б. бетін тегістел өңдеу үшін қолданылады. Тегістеуіш машинаның көмегімен ескі сырды қыруға және оңы қайтадан сырлау үшін тегістеуіш болады. Алғашқы ірі өңдеу жұмыстары үшін нөмері әртүрлі шарық қағаздар, ал түбегейлі өңдеп-тегістеу үшін фетр немесе мата қолданылады. Шарық қағаздың немесе матаның көлемі 110 ммX 240 мм. Өңдеу кезінде қажетіне қарай жылтыратқыш паста, суспензия және түрпілегіш үгінділерді қосуға болады. Тұтыну қуаты 80 Вт. Тегістеу аралығы 3,6 мм, ал айналу жиілігі минутына 5500 рет. Машинаның салмағы 5 кг-ға жуық. Көлемі (мм есебімен) 335X115X165.
## Дереккөздер |
Тәңір тауы, кейде Тянь-Шань – Азияның орталық бөлігіндегі аса ірі тау жүйесі.
## Географиялық орны
Тәңір тауының орталық бөлігі Қырғызстанға, солтүстік және батыс жоталары Қазақстанға, оңтүстік-батыс шеті Өзбекстан мен Тәжікстанға, шығыс бөлігі Қытайға қарайды. Батыстан шығысқа қарай 2500 км-ге созылып жатыр, ені 400 км Тәңір тауы солтүстігінде Борохоро жотасы арқылы Жетісу Алатауымен, оңтүстігінде Алай жотасы арқылы Памир тау жүйесімен түйіседі. Солтүстік шекарасы ретінде батыста Іле аңғары, Мойынқұм, шығыста Жоңғар жазығы алынады. Оңтүстік шекарасы шығыста Тарим қазаншұңқырымен түйіседі. Ең биік жері – Жеңіс шыңы (7439 м.). Тәңір тауы ендік жоталар мен оларды бір-бірінен бөліп жатқан тауаралық ірі қазаншұңқырлардан тұрады.
## Орографиялық құрылысы
Орографиялық құрылысы жөнінен Солтүстік, Орталық, Батыс, Шығыс және Оңтүстік бөліктерге бөлінеді. Солтүстік Тәңір тауы Кетпен, Күнгей Алатау, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы мен Шу-Іле тауларынан тұрады. Солтүстік Тәңір тауы жоталары 4,5 мың метрден биік: Теріскей Алатауы (5218 м), Іле Алатауы (4973 м), Қырғыз Алатауы (4875 м). Кейбір жоталар тауаралық қазаншұңқырларда доға тәріздес иіліп орналасқан. Батыс Тәңір тауына Ферғана, Талас Алатауы мен одан таралатын Өгем, Піскем, Шатқал жоталары және Қаратау жатады. Батыс Тәңір тауы жоталары бірте-бірте солтүстік-батысқа қарай 4,5 мың метрден 2,5 – 2 мың метрге дейін аласарады. Ферғана аңғары Батыс және Оңтүстік Тәңір тауын бір-бірінен бөледі. Орталық (Ішкі) Тәңір тауына солтүстікте Ыстықкөл қазаншұңқырынан оңтүстік-батыста Ферғана қазаншұңқырына, оңтүстік-шығыста Көкшаал-Тоо жотасына дейінгі аралық кіреді. Бұл бүкіл тау жүйесінің ең биік бөлігі. Әсіресе, оның шығыс бөлігі барынша биік (Жеңіс шыңы – 7439 м, Хан Тәңірі шыңы – 6995 м). Ортaлық Тәңір тауына сырт деп аталатын беті белесті, 3000 – 4000 метр биіктікте жатқан, жан-жағы биік жоталармен қоршалған тау қыраттары тән. Оңтүстік Тәңір тауы Алай жотасы, Түркістан, Зерафшан және Гиссар жоталарынан тұрады. Бұл жоталардың остік бөлігі тұтас және ондаған км-ге созылады. Шығыс Тәңір тауы ендік бойымен созылған аңғарлар, қазаншұңқырлармен бөлінген екі қатар тау жоталары белдеуінен тұрады. Борохоро, Еренқабырға, Богдо-Ола, Қарлытау жоталары құрайтын солтүстік белдеу ұзын – шығыста 95 ш.б-қа дейін жетеді. Оңтүстік белдеу қысқарақ (90 ш.б-қа дейін), басты жоталары: Халықтау, Сарман-Ула, Құрлықтау. Жоталардың басы 4000 – 5000 м биікке көтеріледі. Шығыс Тәңір тауы етегінде құрлықтағы терең қазаншұңқырлардың бірі – Турфан ойысы орналасқан.
## Геологиялық құрылымы
Тәңір тауы Орал-Моңғол геосинклиналдық белдеуінің орнында пайда болған. Солтүстік Тәңір тауы каледон, Орталық және Оңтүстік Тәңір тауы герцин таужаралымда қатпарланған. Палеозой қатпарлықтарында түзілген таулар жоғары пермьде пенепленге ұшыраған. Қазіргі жер бедері неоген мен төрттік кезеңдегі жаңа тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. Тәңір тауы тау жоталары палеозой мен кембрийге дейінгі дәуірлердің тау жыныстарынан құрылған, ал тауаралық қазаншұңқырлар кайнозой және ішінара мезозой шөгінділерімен толған. Ежелгі тау жыныстарымен сынап, түсті және сирек металл, фосфорит кен орындары байланысты. Тауаралық қазаншұңқырлардағы мезо-кайнозой шөгінділеріне мұнай, қоңыр және тас көмір шоғырланған.
## Климаты
Мұхиттардан алыста, құрлықтың түкпірінде жатуына және жан-жағынан шөлдер қоршауына байланысты Тәңір тауының климаты тым континенттік, құрғақ. Көпшілік бөлігі қоңыржай белдеуде, ал оңтүстік-батыс жоталарға құрғақ субтропиктердің әсері тиеді. Тау етегінің ыстық, құрғақ климатынан биік тау басының нивальдық климатына дейін орын алады. Шілденің орташа температурасы тауаралық қазаншұңқырлардың төменгі бөлігінде 20 – 250С, орта өңірде 15 – 170С, биік тау басында 0 0С және одан да төмен. Қаңтардың орташа температурасы тау етегінде –2 – 40С (оңтүстікте), –6 – 80С (солтүстікте). Қыста биік таулы белдеуден басқа бөліктерінде суық ауа райы жылылықтармен алмасып тұрады. Қыс айларында температуралық инверсия кең алқапты қамтиды. Жылдық жауын-шашын мөлшері тау етегінде 300 мм, тау жоталарының жоғары бөлігінде 800 мм. Жауын-шашынның ең көп түсетін мерзімі Тәңір тауының солтүстік бөлігінде жазға, оңтүстігінде көктемге (наурыз – сәуір) тура келеді. Континенттік және құрғақ климатқа сәйкес құрғақшылық ландшафт типтері басым. Тау алды еңіс жазықтарын, көпшілік жоталардың етегі мен кейбір тауаралық қазаншұңқырларды шөлейт, шөл ландшафттары алып жатыр.
## Мұздықтары, өзен-көлдері
Мұздықтар үлкен биіктікте таралған және кең көлемді қамтиды. Мұз басу ауданы 7300 км2, мұздықтардың саны 7700-ден асады. Мұз басудың ең ірі ауданы Орталық Тәңір тауы (Оңтүстік Инелшік мұздығының ауданы 823 км2, ұзындығы 60 км-дей). Ірі мұздықтар Іле, Қырғыз, Теріскей Алатауларында, Ақшырақ, Көкшаал-Тоо, Шығыс Тәңір тауындағы Еренқабырға, Халықтау, т.б. жоталарда шоғырланған. Көбінесе аңғарлық, кар және ілінбе мұздықтар сипаттындағы өзендері Орталық Азияның ішкі алаптарына (Нарын, Сарыжаз, Сырдария, Іле, Шу, Тарим, т.б.) жатады. Ірі көлдері – Ыстықкөл, Сонкөл, Шатыркөл.
## Өсімдіктері
Оңтүстік-батыс Тәңір тауының сұр топырағында көктемдік бір жылдық және көп жылдық өсімдіктер басым (қоңырбас, құмқияқ, таспа, т.б.). Шығыс Тәңір тауында қылша, кей жерлерінде сексеуіл тоғайлары, қалған бөлігінде жусан мен сораң өседі. Тауалды өңірінің жоғары бөлігін солтүстікте 1600 – 2100 м, Шығыс Тәңір тауының оңтүстік беткейлерінде 2200 метрге дейін шөлейт алады. Бозғылт сұр топырақта жусанды-селеулі-сораңды өсімдік топтары өседі. Батыс Тәңір тауының солтүстік беткейлерін 1000 – 1200 метрден 2500 – 2600 метрге дейін, шығыс Тәңір тауының оңтүстік беткейлерін 1800 метрден 3000 м биіктікке дейінгі аралықтағы қызғылт қоңыр және қоңыр топырақта астық тұқымдас түрлі шөптесін дала өсімдіктері өседі (селеу, бетеге, өлең). Орман тұтас белдеу құрамайды, солтүстік беткейлерде дала және шалғын алқаптарымен кезектесіп келеді. Төменгі өңірде орманның сұр топырағында жабайы жеміс ағаштары мен ұсақ жапырақты ағаштар өседі. Оңтүстік-батыс Тәңір тауында шоқ-шоқ болып өскен жаңғақ, жеміс ормандары таралған. 2000 метрден жоғарыда қылқан жапырақты ормандар (шырша, майқарағай) өседі. Субальпі және альпі шалғындары негізінен 3000 – 3200 метрден жоғары солтүстік беткейлерді қамтиды. Орталық Тәңір тауы сырттарын суық шөл алып жатыр. 3600 – 3800 м биіктікте гляциалды-нивальды (мұзды-қарлы) белдеу басталады. Жоғарғы биіктіктегі ішкі тұйық қазаншұңқырларға тастақты шөл, шөлейт және құрғақ дала ландшафты сипатты.
## Қорықтары
Тәңір тауының табиғаты мен оның өзіне тән өсімдіктер, жануарлар дүниесін қорғау үшін бірнеше корықтар мен ұлттық парктер ұйымдастырылған. Олардың ішінде Ақсу-Жабағылы (1926), Алматы (1931) қорықтары үлкен орын алады. 1996 жылы Алматы маңы Іле Алатауы ұлттық паркі кұрылды.\
## Дереккөздер |
Аспаптық музыка - арнайы музыкалық аспаптарда орындау үшінжазылған шығарма. Аспаптық музыка жеке аспаптық (сүйемелдеумен немесесүйемелдеусіз), ансамбльдік жәнеоркестрлік болып бөлінеді. Ол көлемі жағынан кішігірім музыкалық пьесадан ірі музыкалық формаларда (соната, концерт, симфония, т.б.) жазылады. Аспаптық музыкақазақтың кәсіби музыкалық өнерінде екіішекті домбыра күйінен күрделі симфонияға дейін өсу жолынан өтті.Қазақстан композиторлары халықмузыкасы негізінде аспаптық шығармалар жазу арқылы ұлттық рухани байлықты одан әрі дамытуда.
## Дереккөздер |
Аспара — Жамбыл облысы Меркі ауданындағы ауыл, Аспара ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Меркі ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 33 км-дей жерде, боз жусан, қылқан, боз өскен, қызғылт, қоңыр топырақты далалық белдемде орналасқан. Ең жақын темір жол стансасы - Меркі (43 км жерде).
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Ауылда орта мектеп, емхана, кітапхана, сауда орны бар. Аспара арқылы Қордай - Шалдуар автомобиль жолы өтеді. Тұрғындары облыс орталығымен және елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Ауыл атауының тарихы
Аспара - адам аты. Ол батыр болған адам екен. Аспара батыр - Қордай батырдың замандасы болған. Аспара мен Қордай батырлар елін, жерін қорғаған. Екеуі де өз әскерлерімен, ел-жұртымен 20 жыл бойы жаудың бірде-бір әскерін өздері бекінген тау асуларынан бері қарай жібермеген. Олар бұл дүниеден өткен соң, олардың бекініс жасаңған тау асулары, оның арнасындағы өзен-сулардың атауы сол батырлардың есімімен аталып кеткен.
## Дереккөздер |
* Аспара– 14 – 15 ғасырлардан сақталған көне қала орны.
Жетісу археол. экспедициясы (1938 — 40 ж. А.Н. Бернштам), 1964 — 65 ж. (Л.Б. Ерзакович) зерттеген. Қаланың құлаған қабырғаларының ұзындығы солт-де — 245 м, шығысында — 300 м, оңт-нде — 196 м және батысында — 150 м. Цитаделінің көлемі 190х160 м, биікт. 15 м. Қаланың негізгі бөлігі 5-12 ғ. аралығында қаланған. Дегенмен қазба жұмыстары кезінде оның солт.-шығыс бөлігінде орналасқан бөлігінің 14-15 ғ-да болғандығы дәлелденді. Ұлы Жібек жолының бойындағы қала ретінде А. Қытай және араб деректерінде (Сюань-Цзян, Ибн Кудам, Ибн Хордабех) жиі кездеседі. Қазба жұмыстары кезінде, мұнда 14 ғ-дың ақыры мен 15 ғ-дың басында Әмір Темір әскерлері тұрғаны анықталды.
* Тарихи деректер бойынша, Аспара - орта ғасырдағы қаланың орны Шу өзеніне құятын Аспара өзенінің жағасында, қазіргі Андас батыр ауылының шетінде. Алғаш В.В.Бартольд, А.Н.Бернштам, одан кейін 1964-65 жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы зерттеген. Жұртының көлемі 10 га шамасында. Бекіністі қала дуалмен үшке бөлінген (қамал, шаһристан және қамалға жалғас кішігірім құрылыстар). Қаланың ХIII-XIV ғасырларға жататын қабатын зерттегенде жау шабуылынан қираған үйлер, қора-қопсы, үй ішінің жабдықтары, XV-XVІ ғасырлардың қабатынан берік қамалдың қираған жұрты, тұрғын үйлердің қалдықтары табылды.
Аспара қаласы жайында Темір тұсындағы мағлұматтар толығырақ. 1397-98 жж. Темір әскерлерін Мұхаммед Сұлтанның (Темірдің немересі) басқаруымен Талас, Шу алабында бірнеше қамалды жаңадан салып, біразын қайта жөндеген. Сөйтіп, Моғолстанға қарсы күреске әзірленген. Соның бірі - осы Аспара. Онда бір түмен Шағатай әскері тұрған. XVІ ғасырда Аспараның маңы Жәнібек баласы Қасым ханның қол астына қарағаны айтылады.
## Дереккөздер |
Астана моторс (Astana Motors) — автомобиль және оның қосалқы бөлшектерін сататын, автомашиналарды жөндеу мен күту қызметтерін атқаратын қазақстандық компания. Жапониядағы “Тойота Мотор Корпорейшн” (“Toyota Motors Corporatіon”) компаниясының ҚР-ндағы ресми делдалы (дилері) ретінде 1993 ж. Алматыда құрылған. Ол көптеген мамандандырылған кәсіпорындар ашуға ұйтқы болды. Соның ішінде 1995 ж. компаниядан бөлініп шыққан “Алматы Тойота орталығы” (“Toyota Center Almaty”) тех. қызмет көрсету ст. бар. Жеңіл автомобильдер, джиптер, шағын автобустар, “Тойота” автобустарын сатады. Стансадан сатып алынған әрбір автомобильге “Toyota Motor Corporatіon” компаниясы 50 000 км қашықтыққа немесе 12 айға кепілдік береді. 1995 ж. “Астана моторс” компаниясынан оқшау отау тіккен “Астана секьюрити” (Astana Securіty — қауіпсіздік қызметі) жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды, объектілерді қорғайды, ҚР-да тасылатын жүктердің қауіпсіздігін қаматамасыз етумен айналысады. Астана, Қостанай, Ақтөбе қ-ларында компанияның филиалдары жұмыс істейді.
== Қайнаркөзін көрсету == |
Астана уақыты — Астана қ. орналасқан 6-сағаттық белдеудегі жергілікті уақыт. Жер шары бойынша шартты түрде 24-ке бөлінген сағаттық белдеу батыстан шығысқа қарай Гринвич меридианынан басталады. ҚР аумағы арқылы 5 және 6-сағаттық белдеу өтеді. Астана сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысытарының уақыты дүниежүзілік уақыттан 6 сағ., Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда,Маңғыстау облысытарының уақыты дүниежүзілік уақыттан 5 сағ. алда жүреді. Кейінгі аталған облыстар уақыты Астана уақытынан 1 сағ. кейін жүреді. |
Астана — ерте орта ғ-лардағы Идиқұт қаласы тұрғындарының зираттары. ҚХР-дың Шыңжаң Ұйғыр автономиялы районындағы Тұрфан қ-нан оңт.-шығысқа қарай 40 км жердегі Астана және Қарақожа қыстағының жанында. Зират-қорымның оңт. жағында ежелгі Идиқұт (Гаочаң) қ-ның орны жатыр. А. қорымын ең алғаш 20 ғ-дың басында ағылшын археол. А.Стеин, ресейлік П.К. Козлов, неміс А. Фон. Лекок зерттеді. 1959 ж-дан бері қытай археологтары 13 рет қазба жұмысын жүргізіп, 400-ден астам зиратты ашып зерттеді. Ескерткіштер үш кезеңге бөлінеді: 1) б.з. 3-6 ғ. 2) 6 ғ-дың басы — 7 ғ-дың ортасы (Гаочаң мемлекеті кезеңі). 3) 7 ғ-дың ортасы — 8 ғ-дың ортасы. Мәйіттердің көпшілігі ағаш табыттармен жерленген. Кейбір қабірлердің қабырғаларына сурет салынған. Оның ішінде алуан түрлі әдемі жібек, мақта, жүн тоқыма бұйымдар, балшықтан және ағаштан ойылған мүсіндер, әсем фарфор ыдыстар, сәндік және діни-ғұрыптық заттар бар. Византияның, Қытайдың, Иран мен Орта Азияның, сондай-ақ көшпелілер мәдениетінің ескерткіштері де мол. Сонымен қатар қабірлерден жақсы сақталған жазба ескерткіштер — Қытай және Соғды әрпімен түрік тілінде қағазға және ағашқа жазылған мыңдаған жазбалар табылған. А. ескерткіштері Тұрфан алқабындағы жергілікті тұрғындардың жоғары дәрежеде дамыған материалдық және рухани мәдениетінің куәсі және Ұлы Жібек жолы бойындағы халықтардың ерте орта ғ-лардағы мәдени байланыстарын зерттеуге мүмкіндік береді. |
Астасу белгілері — геологиялық денелердің жапсарласу ерекшеліктерін нақтылайтын мәліметтер жиынтығы. Олар тау жынысы қабатының, желінің, жарылым жігінің т.б. кеңістікте орналасуын анықтайды. А. б. созылу азимуты, еңістену азимуты және еңістену бұрышы деп аталатын үш түрлі өлшеммен сипатталады. С о з ы л у а з и м у т ы — геол. дененің созылу бағыты (аа) мен бақылау нүктесі арқылы жүргізілген меридиан сызығының аралығындағы сағат тілі бағытымен өлшенетін бұрыш (суретті қ.) Е ң і с у б ұ р ы ш ы — геол. дене бетінің көлбеу бағыттан (бв) еңісу бұрышы ((). Ол созылу сызығына перпендикуляр бағытта өлшенеді. Еңістену азимуты — бақылау нүктесі арқылы жүргізілген меридиан сызығы мен геол. дене бетінің еңістену бағытының (бб) аралығындағы сағат тілі бойынша өлшенген бұрыш. А. б. тау-кен компасы арқылы анықталады. |
Астана — көне қала орны. Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қарасу өз-нің Қобдаға құятын сағасында орналасқан. Дешті қыпшақ заманынан (12-15 ғ.) белгілі. 19 ғ-дың соңына дейін жерге қағылған тастан жасаған діңгектер орны, бұзылған қабырғалары сақталған. А. орнында сақталған ескерткіштер құрылысы жағынан Кеңгір бойындағы Домбауыл, Аягөз бойындағы “Қозы-Көрпеш — Баян сұлу” кешендеріне ұқсас. |
Астрахан облысы (орыс. Астраха́нская о́бласть) — Ресей Федерациясының оңтүстік-батысында, Каспий маңы ойпатында орналасқан әкімшілік субъект. Оңтүстік федералды округіне жатады.
## Географиясы
Батысы Қалмақстан (Хальмг-Тангч) Республикасымен, солтүстік-батысы және солтүстігі Волгоград облысымен, шығысы Қазақстан Республикасының Атырау және Батыс Қазақстан облыстарымен шектеседі. Жерінің аумағы 44,1 мың км², тұрғыны 1006,6 мың адам (1991).
## Әкімшілік-аумақтық бөлінуі
Астрахань облысында 141 муниципалды құрылым бар, оның ішінде 2 қалалық округ (оның бірі Знаменск Астрахан облысының жабық әкімшілік аумақтық бірлігі), 11 муниципалды аудан, 11 қалалық кент, 117 ауылдық елді мекен.
### Қалалық округтер
### Муниципалды аудандар
Аудандық маңызы бар қалалар
5 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендер
## Табиғаты
Облыстың жер бедері тегіс және көп бөлігі теңіз деңгейінен төмен (2,7 м-ден — 27,5 м-ге дейін) жатыр. Жер бедеріне Каспий маңы ойпатының тұзды күмбездер көтерілімі тән. Астрахан облысының ең биік жері Боғда тауы (150 м). Климаты катаң континенттік, құрғақ болып келеді. Орташа температура қаңтарда — 9,70-6,9°С, шілдеде 25°С шамасында. Жауын-шашынның орташа мөлшері 200 мм. Аумағынан ағатын ең ірі өзен — Еділ. Өзен төменгі ағысында тармақталып кетеді. Тармақтарының ең ірілері: Ахтуба (Ақтөбе), Бақтемір, Бола, Бозан. Облыс аумағында тұзды көлдер көп. Ең ірілері: Баскүнжақ, Бас, Искрянин т.б. Тұщы көлдер (илмендер) Еділдің жайылмасы мен атырауында кездеседі. Астрахан облысын шөлейт белдем алып жатыр. Топырағы ашық қызыл қоңыр және сортаңды топырақтан шөл даланың сұр топырағына дейін дейін өзгереді. Өзен жайылмаларында аллювийлі топырақ басым. Онда шалғындық шөптесін өсімдіктер, өзен аңғарларында тоғайлар мен бұталар, қамыс, құрақ өседі. Өзендегі 50-дей балық түрінің 30-ының кәсіптік маңызы бар.
## Шаруашылығы
Балық өңдеу және консервілеу, ас тұзын өндіру, машина жасау, ағаш өңдеу мен целлюлоза-қағаз өнеркәсібі дамыған. Сонымен қатар овощ пен бақша дақылдарын егу, мал шаруашылығы дамыған облыстардың бірі. Балық өңдеу және консервілеу кәсіпорындары Астрахан қаласында және теңіз жағалауы поселкелерінде орналасқан. Тұз өндіру және тазалау өнеркәсібінің орталықтары Төм.Басқұншақ поселкасы мен Ахтуба қаласында. Егіншілікте овощ, бау-бақша дақылдары үлкен орын алады. Егістік негізінен Еділ-Ахтуба (Ақтөбе) атырабында.
## Халқы
Тұрғындарының негізін орыстар құрайды (77%). Астрахан облысында қазақтар да жиі қоныстанған. Олар облыс тұрғындарының 10%-дан астамын құрайды. Тығызд. 1 км²-ге 23 адамнан келеді. Қалаларда тұрғындардың 70%-ға жуығы тұрады. Ірі қалалары: Астрахан, Ахтуба (Ақтөбе), Харабали. Астрахан облысында тамақ жасау (балық, ет, тұздықтар), машина жасау (кеме), химия, газ өндіру және өңдеу, ағаш өңдеу, целлюлоза-қағаз өнеркәсіптері, сондай-ақ астық, көкөніс, етті-жүнді қой ш. мен етті-сүтті ірі қара мал шаруашылықтары дамыған. Басқұншақ кенінен ас тұзын өндіреді.
### Ұлттық құрамы
Облыстың ең көп халқы – орыстар, олар ондағы халықтың абсолютті көпшілігін құрайды (2002 жылғы мәліметтер бойынша – 69,9%, 2010 жылғы мәліметтер бойынша – 67,6%). Халық саны бойынша екінші орында қазақтар (2010 жылғы мәліметтер бойынша – 16,3%), бұл Ресейдегі ең ірі қазақ қауымы. Астрахан облысы татарлардың (оның ішінде астрахандық және жұрт татарлары, сондай-ақ ноғайлар, негізінен басқа диалекттерде сөйлейтін қарағаштар (8,5%), бірақ санақтарда татарлар деп есептеледі); қалмақтар мен Астрахан түрікмендерінің де тарихи тұрғылықты жері болып табылады.
Бүкілресейлік және бүкілодақтық санақ мәліметтері бойынша облыс халқының ұлттық құрамындағы өзгерістер (1926-2010):
Қазақтар
Қазақтар халықтың 16,3%-дан астамын құрайды және Астрахан облысының барлық дерлік аудандары мен қалаларында тұрады, бұл жалпы Ресейдегі ең үлкен көрсеткіш. Ресейдің қазақтар тұратын басқа аймақтарындағы сияқты қазақ мәдени орталығы жұмыс істейді, ал қазақтар тығыз орналасқан аймақтарда орта мектептерде қазақ тілі оқытылады. Астрахань облысында қазақтың ірі мәдени орталығы – «Жолдастық». Астрахан (АМТУ) жоғары оқу орындарында қазақ тілі оқытылады. 2016-19 жылдары жер шарының ең қарт тұрғындарының бірі Астрахан облысы Красноярск ауданы Исламғазы ауылының тұрғыны Астрахандық қазақ Тәнзиля Бисембеева болды. 2016 жылдың наурыз айында 120 жасқа толды.
## Облыстық билік органдары
### Заң шығарушы орган
Астрахан облысының өкілді билігінің органы 1994-2001 жылдар аралығында Астрахан облыстық өкілді жиналысы деп аталатын Астрахан облысының Думасы болып табылады.
Астрахан облысының Думасының құрылымы келесідей:
* Астрахан облысы Думасының төрағасы;
* Астрахан облысы Дума төрағасының бірінші орынбасары;
* Астрахан облысы Дума төрағасының орынбасары;
* Астрахан облысы Думасының аппараты;
* Комитеттер мен саяси фракциялар.
2006 жылдан бастап аймақтық заң шығарушы органның төрағасы «Единая Россия» партиясының облыстық филиалының басшысы Александр Борисович Клыканов болды, оның кандидатурасы 2009 жылы облыс губернаторы лауазымына қаралды. 2016 жылы Игорь Александрович Мартынов Астрахан облысы Думасының алтыншы шақырылым төрағасы болып сайланды.
2006 жылға дейін облыстық заң шығарушы орган мажоритарлық сайлау жүйесі арқылы құрылды. 2006 жылы сайлау заңнамасының өзгеруіне байланысты сайлау аралас сайлау жүйесі бойынша өткізілді.
### Атқарушы билік
Губернатор — Астрахан облысының атқарушы билігін басқаратын ең жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады.
Астрахань облысының губернаторлары:
* Гужвин Анатолий Петрович — 1991-2004 жылдары облыс губернаторы болды.
* Жилкин Александр Александрович — 2004-2018 жылдары облыс губернаторы болды.
* Морозов Сергей Петрович — 2018 жылдың 26 қыркүйегінен 2019 жылдың 5 маусымына дейін губернатор м. а. болды.
* Бабушкин Игорь Юрьевич — 2019 жылғы 17 қыркүйектен бастап облыс губернаторы, 2019 жылдың 5 маусымы мен 17 қыркүйегі аралығында облыс губернаторы м. а. болды.
1996 және 2000 жылдардағы сайлауда жеңіске жеткен Анатолий Петрович Гужвин 1991 жылдан бастап 2004 жылға дейін облыс губернаторы болды. 2004 жылы тамызда Гужвин қайтыс болғаннан кейін 2004 жылдың 5 желтоқсанында өткен Астрахан облысы басшысының кезектен тыс сайлауында аймақ басшысының міндетін атқарушы Александр Александрович Жилкин жеңіске жетті. Жеңімпаз «Единая Россияның» қолдауына ие болды. Губернатор облыстық атқарушы билік пен Астрахан облысы Үкіметінің жұмысына басшылық жасайды. 2004 жылдан бастап 2017 жылға дейін Астрахан облысы Үкіметінің төрағасы Маркелов Константин Алексеевич болды. 2017 жылдан бастап Астрахан облысы Үкіметінің төрағасы Сұлтанов Расул Жәнібекұлы болып табылады.
## Экономикасы
## Дереккөздер |
Аспара – Жамбыл облысы Шу алабындағы Қорағаты өзенінің оң жақ саласы.
## Бастауы
Қырғыз Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздықтан (3940 м) бастау алады.
## Гидрологиясы
Аспара жоғарғы ағысында бірде кеңіп, бірде тарылып отыратын тау шатқалдарымен ағады. Төменгі ағысындағы аңғары кеңейіп, (800-1200 м) жазыққа айналады. Алабында шағын 5 көл бар. Жылдық орташа су ағынының мөлшері 103,14 млн. м³ (3,27 м³/сек.). Негізгі салалары: Мақанды, Игермен, Аршалы. Ұзындығы 109 км, су жинау алабының ауданы 1210 км². Аспара суы егін суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Астық бастыру — дәнді-дақылдарды масағынан, собығынан, қауызынан ажырату. А. б. егіншіліктегі күрделі, ең жауапты да, кезек күттірмейтін жұмыстардың бірі болып саналады. Оның негізгі мақсаты — астықты төкпей-шашпай дер кезінде жинап, қамбаға құю. А. б. комбайндар (“Енисей”, “Дон”, СК-5 т. б.) арқылы жүзеге асырылады. Оның мезгілі егін орудың тәсіліне тікелей байланысты болады. Қазақстанда негізінен егін орудың екі тәсілі қолданылады. Егер өсімдік сирек, аласа, арамшөптер басым болса, астық дәнінің қамырланып пісу фазасында бөлектеп орылып дестеге түсіріледі. Бұл тәсіл еліміздің солт., орт. облыстарында қолданылады. Бітік, сабағы биік әрі дәні толық піскен кезде, арамшөптерден таза, күн жылы, ауа райы ашық болғанда егін тікелей орылады. Бұл жағдайда А. б. егін орумен бір мезгілде жүреді, яғни егін шабылып дән сабан мен топаннан ажыратылып, бірден бастырылады. Бұл тәсіл Қазақстанның оңт. облыстарына тән. Бастырылған астықтың сапасы дәннің жарылмауына, сабан-топан және дәннің қауызға араласып кетпеуіне қарай бағаланады. Ол үшін комбайндағы барабанның айналу жылдамдығын, оның декамен арасындағы саңылау мөлшерін дұрыс реттеу керек. |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.