text
stringlengths
3
252k
Ахмет ибн Хызыр (туған жылы белгісіз — 1095) — Батыс Қарахан қағандығының үшінші билеушісі (1081 — 1095). ‘’Сатұқ Боғра ханның’’ 7-ұрпағы (Сатұқ Боғра хан — Мұса — Әли — Насыр Елік хан — Бөрі тегін — Ибрагим — Хызыр хан — Ахмет). Ахмет жөнінде ибн әл-Асир “… мінезі нашар жас билеуші болды, қол астындағылардан үнемі әр нәрсені тартып алып отырды, бағыныштылары одан қашып, сұлтанға (Мәлік шаһқа) құпия түрде хат жазды. Онда олар шаһтан көмек сұрап, елді жаулап алуын сұрады” деп жазды. Сонымен бірг Ахмет Мауераннахрдағы дін басыларының рөлін төмендету үшін оларға қысым жасады. Әкесі Ибрагимнің кезінде бас қази болған Әбу Насыр ибн Сүлеймен әл-Хасанды өлтірді. 1089 жылы Бұхара мен Самарқандты басып алған Салжұқ билеушісі Мәлік шаһ. Ахмет ханды қолға түсіріп, Исфаханға жіберді. Не себепті екені белгісіз, көп ұзамай Мәлік шаһ Ахметке билікті қайтарып берді. Дін басылары бүлік шығарып Ахметті тұтқынға алды да, садақтың кермесімен қылқындырып өлтірді. Бүлікшілер билікке Ахмет ханның немере туысы Масуд ибн Мұхаммедті отырғызды. ## Дереккөздер
Нұрхан Ахметбеков (1903, Қостанай облысы Жангелді ауданы Жаркешу ауылы — 16.10.1964, Торғай ауылы) — Қазақстанның халық ақыны (1963). Арғын тайпасының Шақшақ руынан шыққан. * Торғай өңірінде алғашқы ауданаралық театр құрып, оның тұңғыш директоры болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында жалынды жырларымен халықтың жігерін жандырып, жеңіске деген үмітін оятты. * 1946 — 1950 жылы Торғайдағы Амангелді Иманов мұражайының директоры * 1951 — 1955 жылы Торғай ауылдық кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. ## Айтыстары * 1943 жылы қараша айында Қостанайда өткен облысы айтыста Сәт Есенбаевпен, сол жылдың аяғында Алматыда болған республикалық айтыста Молдахмет Тырбиевпен, 1945 жылдың ақырында Майташ Смағұловамен, 1957 жылы Есенбаевпен екінші рет айтысқан. Бұл айтыстары “Қостанай ақындарының айтысы” (1958), “Айтыс” (3 — 1., 1966) жинақтарында жарияланды. ## Шығармалары * Ахметбеков классикалық шығыс үлгілерінің желісіне орайластырып бірнеше дастан шығарған. “Мың бір түн” ертегісінің оқиғасына байланыстырып * “Қамарлы заман” * “Албан Жұпар ханым” (1939 — 1940) өткен кезеңдердегі тарихи оқиғалар сюжетіне * “Есім сері” (1929) * “Қарға” (1938) дастандарын жазды. * “Күләндам” (1934) дастанында 1932 — 1933 жылдардағы қазақ, даласын жайлаған алапат аштық тұңғыш рет шынайы көрсетілді. * Ақынның ұзақ жылдар талмай жырлаған сүйікті кейіпкері — Амангелді батыр бейнесі. “Үрпек соғысы” (1944) өлеңі кейін “Амангелді” дастанына ұласты. “Жасауыл қырғыны” дастаны оқырмандардың жоғары бағасына ие болып, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды (1951). ## Күйлері * Ахметбековтың өзі шығарған “Күй басы” * “Июнь толқыны” * “Жеңіс” сынды күйлері де бар. * Қостанай облысы Торғай аудандық мәдениет үйіне, орта мектепке, көшеге Ахметбеков есімі берілген. ## Баспадан шыққан еңбектері * Жасауыл қырғыны. Поэма. А., ҚМ КӨБ, 1951; * Тосын толғау. Поэмалары., ҚМ КӨБ, 1958; * Аманкелді. Поэма. А., ҚМ КӨБ, 1962. ## Дереккөздер
АХМЕТЖАН ҚАСЫМИ (шамамен 1911 — 1914, қазіргі Алматы облысы Панфилов ауданы — 1949, Қытай) — Шыңжаңдағы (Қытай Халық Республикасы) Үш аймақ төңкерісі басшыларының бірі. Ұлты — ұйғыр. 1936 жылы Мәскеу Шығыс еңбекшілері ун-тіне оқуға түскен. 1942 жылы Қытайға барып, Шәуешек және Құлжа қаласында жасырын түрде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. 1942 жылы желтоқсанда полиция Үрімжі түрмесіне қамады. 1944 жылы жазда түрмеден босап шығып, Құлжада Үш аймақ төңкерісіне қатысты. Үш аймақ (Шығыс Түркістан республикасы) Уақытша үкіметі құрамында әскери бөлімінің бастығы, үкімет мүшесі қызметтерін атқарды 1945 жылы қазанда Үш аймақ уақытша үкіметінің ресми өкілі ретінде Үрімжіге барып, Гоминдан үкіметімен бейбіт келіссөз жүргізді. Нәтижесінде он бір тармақты бейбіт бітімге қол қойылды. 1946 жылы Шыңжаң өлкелік бірлескен үкіметі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 1947 жылы Гоминданның бейбіт келісім жөніндегі шарттарды бұзғандығына наразылық ретінде үкімет құрамынан шығып, Құлжаға оралды. Шыңжаңда бейбітшілікті қорғау демократикалық одағын құрып, оның төрағасы болып сайланды. 1949 жылы 27 тамызда Бейжіңге бара жатқанда белгісіз жағдайда ұшақ апатынан қаза тапты. ## Дереккөздер
Уфа Меңдібайұлы Ахмедсафин (15 шілде 1912 жыл, 2-ауыл, Петропавл уезі, Ақмола облысы – 21 қазан 1984 жыл, Алматы) — көрнекті ғалым, қазақ кеңес гидрогеологы, геология – минералогия ғылымының докторы (1947), Қаз.КСР Ғылым Академиясының академигі (1954; корр. мүшесі 1951). Қазақстан КСР-інің ғылымға еңбек сіңірген қайраткері (1961), Социалистік Еңбек Ері (1969). * Орта Азия индустрия институтынын бітірген (1935). * КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалында, кейін Қазақстан Ғылым Академиясының Геология ғылымдары институтынында бөлім меңгерушісі (1940 – 1965) * Қазақ тау-кен институтынының (қазіргі Ұлттық техникалық университет) кафедра меңгерушісі (1948 – 1951) * Қазақстан Ғылым Академиясының Гидрогеология және гидрофизика институтынының директоры (1965 – 1984) болды. Қазақстанның гидрогеологиялық мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Оның ғылым еңбектері Қазақстан мен Орта Азия шөлді аймақтарының гидрогеологиясын зерттеуге арналған. ## Ғылыми саладағы еңбектері Ахмедсафин жерасты су көздерін, олардың пайда болу, қалыптасу, таралу заңдылықтарын ашты. Сондай-ақ жерасты суларын картаға түсіру, гидрогеологиялық карталарды жасаудың жаңа тәсілдерін қарастырып, гедрогеологиялық болжамдаудың негізін қалады. Ахмедсафин ұсынған басты теориялық және әдістемелік қағидалар тұңғыш рет Қазақстанның түбегейлі гидрогеологиялық болжам карталарын жасауға мүмкіндік берді, бұрын сусыз деп саналып келген шөл-шөлейт аймақтарда көптеген тұщы сулы артезиан және грунт суларының алаптарын ашуға негіз болды. Ол жер астындағы тұзды және аз тұзды сулардың табиғи және пайдаланылатын, жылма-жыл толықтырылатын қорын анықтап, оны өнеркәсіпке ауыл шаруашылығында, елді мекендерде, мал жайылымдарында, сусыз жерлерді суғаруға тиімді пайдаланудың жолдарын негіздеді. Ахметсафин 200 ғылыми еңбек жазды, оның 150-і жарияланды, 30 ғылым кандидатын дайындады, Қазақстандағы гидрогеология мектебінің негізін салды. Оның еңбектері Қазақстан мен Орта Азияның шөлді аудандарының жер асты су көздерін, олардың жаралу жөне қалыптасу заңдылықтарын анықтауда бірден-бір ғылыми тұжырым болып есептеледі. Оны мен қатар гидрогеология болжау, картаға түсіру жөне классификациялау принңиптерін негіздеуге арналған. Ахмедсафин ұсынған басты теориялық қағидалар тұңғыш рет Қазақстанның түбегейлі гидрогеология болжам картасын жасауға мүмкіндік беріп, бұрын сусыз деп саналып келген аймақта 70 артезиан алабын ашуға негіз болды. ## Қоғамдық жұмысы * Көп жылдар бойы Қаз КСР Жоспарлау комиссиясы ғылыми-техникалық кеңесінің су секциясының төрағасы және бірқатар ғылыми және ғылыми-техникалық кеңестердің мүшесі болып келді. * 1955–59 жылдары Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1955 – 1959) және Төралқа мүшесі болды. * Ахметсафин гидрогеологиялық саласынан 8 ғылым докторын, 40-тан астам ғылым кандидатын даярлаған. ## Марапаттары * Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері (1980). * Ленин орденімен т.б. ордендер және медальдармен марапатталған. ## Шығармалары * Методика составления карт прогнозов и обзор артезианских бассейнов Казахстана, А-А., 1961; * Формирование и гидродинамика артезианских вод Южного Казахстана, А.-А., 1973 (соавт); * Прогнозная карта региональной водообеспеченности Казахстана ресурсами подземных вод, А.-А., 1983 (соавт); * Формирования подземных вод Казахстана, А.-А., 1985. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтеме * АХМЕДСАФИН Уфа Меңдібайұлы Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
Ахмет Иасауи университетінің хабаршысы — Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми журналы. 1996 жылдың қараша айынан бастап, екі айда 1 рет Түркістан қаласында шығады. Көлемі — 10 б.т., таралымы — 500 дана, мұқабасы түрлі түсті фотосуреттермен безендіріледі. Гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары сериялары кезектесіп шығатын бұл басылымда мақалалар төрт тілде — қазақша, түрікше, орысша және ағылшынша жарияланады. ## Дереккөздер
АХМЕТ ЖАФЕРОҒЛУ (1889, Әзірбайжан, Гянжә қаласының — 1975, Түркия) —түрік ғалымы. 1916 — 18 жылы Киев сауда институтынында, 1919 жылы Баку университетінде оқыған. Әзірбайжанда 1920 жылы кеңес өкіметінің орнауына байланысты Түркияға қоныс аударды. Стамбұл университетін бітірген (1924 жылы). Осы университетте доцент, профессор (1936), кафедра меңгерушісі (1946) болды. Бірнеше монографиялар жазған. Негізінен көне және орта ғасырлардағы түркі жазба ескерткіштерінің тілі, диалектология мәселелерін зерттеген. ## Шығармалары: * Китаб әл-идрак ли-лисан әл-атрак (Абу Хаян) — 1931; * Алғашқы түркі тіл білімпазы Махмуд Қашқари, 1938; * Анадолы диалектологиясы бойынша материалдар, І т., 1940, ІІ т., 1941; * Түрік тілінің тарихы, І т., 1958, ІІ т., 1964. ## Дереккөздер
АХМЕТ ИБН МҰХАММЕД (туған-өлген жылы белгісіз ) — Батыс Қарахан мемлекетінің билеушісі (1129—1930) (Сатұқ Боғра хан — Мұса — Әли — Насыр Елік (Элик) хан — Ибрагим Бөрі тегін — Дауд — Сүлеймен тегін — Мұхаммед — Ахмет). Ахмет ханның әкесі Мұхаммед Арслан хан деген атақпен 30 жылдай билік құрған. Өмірінің соңғы жылдарында қатты ауырған соң Насыр атты ұлын тең билеуші етеді. Бірақ дін басылары ұйымдастырған бүлікте Насыр қаза табады да, оның орнына Ахмет тең билеуші болады. Ахмет хан бүлікшілердің жетекшілерін өлтіріп, елді тыныштандырды. 1130 жылы Самарқанға басып кірген Санжар шаһ ауру Арслан ханды қолға түсіріп, Балхтағы қызының қолына жөнелтті, билікке Қарахандар әулетінің басқа өкілін отырғызды. Ахмет ханның жаңа билеушіге қарсы ұйымдастырған көтерілісінен нәтиже шықпады. ## Дереккөздер
Ахмет Ишан кесенесі — 20 ғасырда салынған сәулет өнері ескерткіші. Сарысу өзенінің төменгі жағында Сіңіртек деген жерде 1926 жылы Жақсыбердіұлы Ақберген шебер Ахмет Ишан бейітінің басына тұрғызған. Кесене күйдірілген кірпіштен көлемі әртүрлі екі үлкен бөлме түрінде салынған. Үлкен бөлмесінде зират бар, кішісін кіреберіс дәліз және зиаратхана ретінде салған. Осы кіші бөліктің үстіне екінші қабат салынған. Кесененің үлкен бөлігі (7,0 х 7,0) күмбезбен жабылған. Ішінен еденнен көтерілген сегіз арқа күмбез астымен бірігіп кеткен. Бөлмеге кіретін шағын ойық П сияқты маңдайшамен өрнектелген. Бір ғажабы бөлмеге кіретін есік бұл емес, Оңтүстік бүйіріндегі қас бетінде, ал мына жалған есік қазақтың дәстүрлі кесенелеріне ортақ ерекшелік болып табылады. Кіші бөлмедегі екі баспалдықтың біреуі кесененің төбесіне шығады, екіншісі шағын күмбезді зиаратханаға көтеріледі. Қабырғаның кертпеш ернеуі мен үлкен күмбездің әр жеріне таспен бірге қалап жіберген қысқа таяқтарды есептемегенде кесенеде ешқандай әшекей жоқ. ## Дереккөздер
Ахмет Ишан Оразайұлы (1861,Сырдария ауданы «Зіңкетер» елді мекені – 1926, Сіңіртек, Сарысу өзенінің бойы) – ағартушы, ишан, тәуіп. Шыққан тегі Орта жүз - Найман - Ақтас - Тіней. Әкесі Оразай ишаннан (1807 – 98) сауатын ашып, кейін Бұхарадағы діни медреседе оқыған. Сарысу, Телікөл бойын жайлаған Бағаналы елінде мешіт пен мектеп ұстады. 1881 – 83 жылы екі рет Меккеге қажылық сапармен барып келді. Білімдарлығы мен ақыл-парасаты, әділдігімен Ақмола, Торғай, Жезқазған дуандарына аты мәлім болды. Ахмет Ишан ескіше оқудың кемшіліктерін ескере отырып, өз үйінің жанынан пәндік білім беретін мектеп ашып, оған жаңаша оқыған И. Сайфуддиновты мұғалім еткен Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатовпен хабарласып, «Қазақ» газетін шығаруға қаражат жағынан қолдау көрсеткен. Газет бетінде қазақ балаларының оқулығына бәйге жариялап, отырықшы өмірдің артықшылығы туралы мақалалар жазған («Қазақ» 6, 1913). Саяси-қоғамдық, әлеуметтік істерге де белсене араласты. 1916 жылы патша өкіметінің 25 маусым жарлығына қарсы Бағаналы елі көтерілгенде, сол көтеріліс басшыларының біріне айналып, төбе би болып сайланды. Тоғыз болыс Бағаналы елінің отырықшылыққа көшуіне бас болып, Сарысу өзенінен бес-алты шақырым жерден Сіңіртек бойына канал қаздырып («Ишан арығы»), егін салдырды. Ахмет институтының тәуіп ретінде де аты шыққан. Сыр елінде шешек ауруына қарсы алғаш рет егу жұмысын жолға қойып, балалар өліміне ара тұрды. 1922 – 23 жылы Телікөл, Сарысу бойын жайлаған тырысқақ (оба) ауруына қарсы күресте қызы Бибісара екеуі мыңдаған кісінің өмірін сақтап қалды. ## Дереккөздер
Әбдікәрім Ахметов (15.6.1924 жыл, Қызылорда облысы Қармақшы кенті — 14.12.1982 жыл, Алматы) — ақын. ## Өмірбаяны * Мәскеудегі Әдебиет институтынында оқыған (1951). * Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетте (1971 — 1982 жылы) * “Жазушы” баспасында аға редактор болды. ## Шығармалары * Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1953 * Халықбек. Ертегі. А., ҚМ КӨБ, 1953 * Екінші дәптер. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1955 * Нан туралы сөз. Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1957 * Өшпеген жалын. Өлеңдер мен поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1959 * Телефон. Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1961 * Толқындағы өмір. Өлеңдер мен поэмалар. А., ҚМ КӨБ, 1962 * Салқын самал. Өлеңдер А., «Жазушы», 1966 * Көктөбе. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969 * Ашық аспан. Өлеңдер, ертегілер және поэмалар. А., «Жазушы», 1971 * Жерұйық. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973 * Тырау-тырау тырналар. Өлеңдер, ертегі-аңыздар және поэма. А., «Жазушы», 1974 * Маржандария. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1976 * Жапырақ жарған шақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1979 * Кеш жарық. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1981 * “Көзайым”. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1982 * “Зейнет”. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1984. т.б. өлеңдер мен поэмалар жинақтары басылды. Кейбір шығармалары орыс тілінде жеке кітап болып шықты. ## Аудармалары * А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, А.Т.Твардовскийдің жекеленген өлеңдерін * С.Я.Маршактың “Біздің герб” (1972) * Э.Межелайтистің “Таңдамалы” (1971) * “Дайнаның күнделігі” (1983) * Ю.Тувимнің “Өлеңдер мен поэмалар” (1969) * В.Федоровтың “Ақ қайың” (1983) * Л.Украинканың “Таңдамалы” (1971) * Бердақтың “Әмудария әуендері” (1973, таңдамалы) жинақтарын, * поляк ақыны Т.Зелинскийдің “Қазақ” (1964) * корей ақыны Те Га Геннің “Жер туралы жыр” (1958) поэмасын қазақ тіліне аударған. Қызылорда облысындағы Тасбөгет кентінің орталық көшелерінің біріне оның есімі берілген. ## Дереккөздер
Абдул Рамазанұлы Ахмедов (15.09.1929, Дағыстан, Лак ауданы, Хурукра ауылы - 07.02.2007, Мәскеу) — КСРО халық сәулетшісі (1984), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978), Ресей суретшілер академиясының академигі. Сағат жөндеуші-Зергердің ұлы. * 1948 — 1953 жылы Баку политехникалық институтынында В.Саркисов пен М.Үсейіновтің шеберханасында, архитектура бөлімшесінде оқыған. * 1953-1961 жылдары Түрікменстанда "Түрікменмемжобалау" институтында жұмыс істеген. * 1967-1987 жылдары Ашхабад бас сәулетшісі. Түрікменстан сәулетшілер одағының төрағасы (1986-1987). Ашхабад қаласының бас сәулетшісі Ахмедов жұмыстарының көрнектілері ретінде “Ашхабад” қонақ үйін (1967), орталық алаң ансамблін, Түрікменстан кітапханасы үйін (КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1970) айтуға болады. * 1987 жылдан Мәскеуде: "Гипротеатр" жобалау институтының бас сәулетшісі, 1989-1992 жылдары КСРО сәулетшілер одағы басқарамсының хатшысы, одан кейін Халықаралық архитектура академиясы Мәскеу бөлімшесінің ғылыми хатшысы, 1994-2007 жылдары "Моспроект" басқармасының №20 шеберханасының бас сәулетшісі. ## Сыртқы сілтемелер * АБДУЛ AХМЕДОВ(қолжетпейтін сілтеме) * Центр изучения Центральной Азии, Кавказа и Урало-Поволжья * фото http://expertbaza.blogspot.ru/2013/03/3_22.html * Ахмедов Абдулла Рамазанович ## Дереккөздер
Алма Ахметова (20.12.1920 жылы туған, Қостанай облысы Жангелді ауданы 2-ауылы) — актриса, Қазақстанның халық артисі (1975). Алматы театр училищесін бітірген (1939). Училище бітірердегі дипломдық спектакльде Шиллердің “Зұлымдық пен махаббатындғыа” Луизаның рөлін ойнады. Атырау облысы драма театрындағы тұңғыш рөлі — М.Әуезовтің “Айман — Шолпанындағы” Шолпан. Ол бұдан кейін осы театр сахнасында Ұлжан, Маржан, Көклан (М.Әуезовтің “Абай”, “Қарагөз”, “Қарақыпшақ Қобыландысында”), Любовь Яровая (К.Треневтің осы атты спектаклінде), Таңқабике (М.Кәрімнің “Ай тұтылған түнінде”), Толғанай (Ш.Айтматовтың “Ана — Жер Анасында”), Лээна Туйск (Э.Раннеттің “Адасқан ұлында”) сияқты рөлдерді сомдады. Сондай-ақ, Мақпал (Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян сұлуында”), Лабрина (А.Парнистің “Афродита аралында”), Ана (А.Жағанованың “Жаналқымында”), Ана (Б.Қорқытовтың “Боздағын күткен бейбақтарында”), Әңке (З.Ақышевтің “Жаяу Мұсасында”) т.б. рөлдерде А. өзінің хас шебер актриса екенін көрсетті. ## Дереккөздер
Ілияс Ахметов (1897 жыл Қарағанды облысы, Шет ауданы, 4-ауыл - 1938 жыл) - журналист, зерттеуші. Арғын тайпасы Қаракесек руының Кәрсөн бұтағынан шыққан. * 1919 жылы Семей педагогикалық курсын бітірген. * Еңбек жолын бастауыш қазақ мектебінде мұғалім болып бастаған. * Мәскеудегі Н.Нариманов атындағы Шығыстану институтының жапон бөлімшесін бітірген. * Осында оқып жүріп «Еңбекші қазақ» газетінің Мәскеу мен Орынбордағы тілшісі қызметін атқарды. * Ахметов 1926-1928 жылдары «Еңбекші қазақтың» тілшісі, бөлім меңгерушісі. * 1928-1931 жылдары аймақтық курстың оқытушысы, меңгерушісі (Қызылорда), Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы жұмысшы факультетінде ұстаз әрі Республикалық кітап палатасының қызметкері болды. * 1931-1933 жылдары Казпедтехникумда (Ташкент) * 1934- 1936 жылдары Мемлекеттік орталық кітапханада (Алматы) қызмет атқарды. * Ахметов ұстаздықпен қатар, зерттеу жұмыстарымен айналысты, оқулықтар жазды. 1934 жылы «Қазақ» сөзінің шығу тегі туралы» зерттеу жазды. Жарық көрмеген бұл еңбектің (6,5 баспа табак) қолжазбасы сақтаулы. * Ахметов 1936 жылдан бастап саяси қуғынға ұшырап, тұрақ-мекенін, жұмысын жиі ауыстырып отырды. Ақыры 1938 жылдың наурызында тұтқындалып, «Алашорда партиясының құрамында болып, кеңес үкіметін құлатуға бағытталған белсенді жұмыс жүргізді» деген жазамен атылды. ## Дереккөздер
Ахметов Ержан (1879, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Шілікті ауылы — 1967, сонда) — ақын, жыршы. Атақты ақын, әнші Әсет Найманбайұлынан көп тәлім алып, өз жанынан өлең, ән шығарған, Айтыстарға қатысқан. 1920 — 1956 жылы Қытайдың Тарбағатай өңірінде болып, туған жеріне оралған соң жыршылық өнерін жалғастырып, ел аузындағы жыр, дастандар мен қиссаларды, аңыз, әңгімелерді жинаумен айналысты, Әсет, Жанұзақ ақындардың шығармаларын насихаттады. Өзінің тақпақ сөздері мен қысқа өлең-жырларына қоса “Мырзаш батыр” атты елінің бостандығы үшін күрескен қаһарман туралы көлемді дастан жазды. Бұл дастан Шығыс Қазақстан өңіріне кеңінен тараған. Ақын Әзмұхамбет Терлікбаевпен Айтысы “Айтыс” жинағының 3-томында (1966) жарияланған. А. батырлар жыры мен ақындар Айтысын жинап қазіргі ұрпаққа жеткізуде көп еңбек сіңірді. Ол жырлаған “Арқалық батыр”, “Бердіқожа батыр”, “Қабанбай батыр”, “Бозжігіт”, “Бақтияр” және т.б. көптеген көлемді жырлар мен дастандар, Әсет пен Ырысжанның Айтысы көптеген жинақтарға еніп, ғылым зерттеулерде пайдаланылды. “Арқалық батыр” жырының нұсқасын 1958 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтынының экспедициясы Ахметов Ержан жазып алып, жырдың неғұрлым көркем де толық нұсқасы ретінде “Батырлар жырының” 2-томында (1961) және “Ақсауыт” кітабының 2-томында (1977) жарияланды. Ахметов Ержан тапсырған ауыз әдебиетінің үлгілері Қазақстан Ғылым министірлігі —Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институтынының қолжазба және текстология орталығында сақтаулы. . ## Дереккөздер
Темірбек Ахметов (1919 жылы туған. Алматы облысы Бақанас ауданы Маралды ауылы — 1952 жылы, Алматы) — домбырашы , күйші. Ахметов жасынан домбыраға құмар болып, Хатшыбай деген домбырашы нағашысынан күй үйренген. Келе-келе халық күйлерін және халық композиторларының күйлерін шебер орындаушы дәрежесіне көтеріледі. Орындаушылықты әбден меңгердім деген кезде ол өз жанынан күй шығаруға талап қылады. Оның халық арасына көп тараған күйі — “Жетім бала”. Бұл күй қазірге дейін Ахметовтің күйшілік қарымын танытатын бірден-бір шығарма болып отыр. Ахметов күйлерініңерекшелігі - көбінесе квинта бұрауында (теріс бұрау) келеді.Темірбек Ахметов 1937 жылдан Құрманғазы атындағы оркестрде еңбек еткен. ## Дереккөздер
Ахметолла Қалиұлы - 1940 жылы 15 қазанда Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесі, Толы ауданына қарасты Жайыр тауының Қарабауыр бөктеріндегі Құрымтыққан деген күзеулікте туған. Сауатын молдадан ашқан. 1954 — 1958 жылдары Іле педагогикалық университетінде оқыған. 1958 жылдың 7 айынан бастап «Үш қазақтың түтінін қосуды» бағдарлама еткен ұлтшыл, «Үміт» ұйымының саяси комиссары» деген жаламен екі жыл қуғында, бақылауға болып, Құлжа қаласы маңындағы Аәнтәйзі көмір шахтасында көмір қазған. 1959 жылдың аяғында Алтай аймағы, Жеменей аудандық N91 орта мектепте әдебиет пәнінің мұғалімі болды. 1960— 1970 жылдары N«2 орта мектепте ғылыми мүдір қызметін атқарды. 1962 жылдан бастап тағы да жоғарыдағы жалаға «түзетімпаз» деген атақ қосылып, қуғында жүрген. 1966 жылы «Мәдениет төңкерісі» басталғанда, «буржуазия зиялысы», «ұлттық бөлшектеуші» деген айдар қосылып, қуғын-сүргінде болды. 1980—1995 Үрімші қаласында ұлттық «Шыңжаң халық баспасында» аға редактор атағымен қазақ бөлімі бастығының орынбасары міндетін атқарды.1996 жылдан бастап Түркістан қаласындағы Қ.А.Йасауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде ғылыми қызметкер болып жұмыс жасайды. ## Шығармалары * Сын мақалалар. Жинақ. «Іле халық баспасы», 1983; * Жапырақ. Өлеңдер жинағы, «іле халық баспасы», 1983; * Қай дар. Повесть. «Халық баспасы», 1984; * Арда Алтай. Роман. «Халық баспасы», 1987; * Арыс. Повесть. 1987; * Атаман қызы. Әңгімелер, повестер. «Ұлттар баспасы». 1991; * Қазақтың түрмыс-салт жырлары. (Қүрастырған) «Шыңжаң халық баспасы», 1995. ## Дереккөздер
Ахсан Ат-Тауарих (“Тарихтардың таңдаулысы”) — Хасан бек Румлудың тарихи шығармасы. Парсы тілінде жазылған 12 томдық бұл еңбектің тек соңғы екі томы ғана сақталған. Еңбектің 11 томын Науаи 1970 жылы Иранда, ал қысқартылған 12-томын Ч. Седдом ағылшын тілінде Үндістанда бастырып шығарды. 12-томында қазақ тарихы жөнінде құнды деректер бар. Мұрындық, Қасым, Хақназар хандар, Мұхаммед Шайбани ханның қазақтарға жорығы (1510) туралы мәліметтер келтірілген. Шығармадағы қазақтар мен оларға көршілес елдердің өзара қарым-қатынасы туралы деректер Абдаллах хан ІІ таққа отырғанға дейінгі Шайбани әулетінің үстемдігі жөнінде кеңірек мағлұматтар береді. Шығарманың 16 ғасырдың2-жартысындағы саяси-әскери жағдайларды түсіну үшін пайдасы зор. ## Дереккөздер
Ахмет Тиекбайұлы (1895, Қытай, Алтай аймағы, Жеменейауд. — 1953 сонда) — Қытай қазақтары ұлт-азаттық қозғалысының қаһарманы. Руы — Керей. Әкесі ауқатты адам болған. 1940 жылдары Өр Алтай елін (Бурылтоғай ауд.) Гоминдан әкімшілігінің әсіре отаршыл езгісіне қарсы көтеруге белсене қатысты, партизан жасағын жасақтады. 1944 ж. Оспан батыр бастаған Алтай халқының ұлт-азаттық қозғалысы күшейген кезде А.Т-ның жасағы Шэн Шисай әскеріне Манас, Сауан-Қобық арқылы өтетін тас жол бойында үлкен тосқауыл ұйымдастырды. 1945 ж. Жеменей ауданының гоминданшылардан азат ету соғыстарында айрықша ерлік көрсетті. Ол ел азаттығы жолындағы жанкешті күресін 1949 жылға дейін жүргізіп келді. Өмірінің соңғы жылдары аудан әкімшілігінде басшы қызмет атқарды. ## Дереккөздер
БЭЛА ҒАБДҰЛҒАЛИҚЫЗЫ АХМЕТОВА (12.11.1938 жылы туған, Алматы) — ғалым, профессор (1995). Қазақстан Мемлекеттік Университетінді бітірген (1961). 1967 жылдан осы жоғары оқу орнында оқытушы. Алғашқы ғылым жұмысын протонографияның кейбір мәселелерін зерттеуден бастады. Ахметованың тікелей қатысуымен зарядталған бөлшектердің (протондардың, альфа-бөлшектердің) кристалдармен әсерлесуі, энергиясы 100 кэВ-ке дейін жететін протондардың әр түрлі дозасымен сәулелендіру кезінде металдар мен қорытпаларда блистерлердің пайда болуы зерттелді. Бұл зерттеудің термоядр. реактордың 1-қабырғасының материалын таңдау үшін маңызы зор болды. КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972). 50-ден астам ғылым еңбектің авторы. ## Шығармалыры: Эффект теней и протонография, А., 1995. . ## Дереккөздер
Ахун Құсайынов елшілігі — Сырым Датұлы бастаған көтеріліс (1783 — 1797) кезінде Ресей үкіметі атынан қазақ даласына келген (1785, 1790) мәмілегерлік топ. Екеуін де Орынбордың Шекаралық экспедициясы жанындағы қазақ ахуны (кейін мүфти) М. Құсайынов басқарған. Уфа және Сібір әкімш. аймағының мирасқоры барон О. Игельстромның өкімімен 1785 жылы Жіберілген. Елшіліктің міндеті — халыққа арналған “Ашық хатты” тарату, елді тыныштыққа шақыру, көтерілісті тоқтатқандарға кешірім жасалып, жеңілдіктер берілетінін түсіндіру, сондай-ақ зәбір-жапа шеккендердің өтініш-талаптарын тексеріп, істің ақ-қарасын айыру үшін Орынборда Шекаралық сот және Расправа мекемелерін құруға қазақ елағаларын үгіттеу болды. 1790 жылы Игельстром қызметпен кетіп, оның орнына А. Пеутлингтің тағайындалуына байланысты саясат шұғыл өзгерген кезде Сырымның талап етуі бойынша А.К.Е. қайта келген. Сырым патша әкімш-мен келіссөз жүргізу арқылы Орал әскерлерінің шапқыншылығын тоқтатуды, жазықсыз тұтқындалғандарды босаттыруды, шептің екі бетіндегі бос жатқан жерлерді пайдалануға қол жеткізуді, сондай-ақ Нұралы ханның жасақтарымен ішкі саяси күресте өзіне қолдау табуды көздесе, отарлау саясатының әдісін ғана өзгертпек болған патша үкіметі бұл елшілікке: Кіші жүзде хандық өкіметті қайта нығайтуға бағыт ұстауды, қазақтардың орыс бекіністеріне шабуылдарын, сауда керуендерін тонауды тоқтатуды, Бұхараның діни ықпалындағы адамдардың орысқа қарсы үгітіне тойтарыс беруді міндеттеді. Алайда, ең басты мәселе жөнінде: “Мен сендердің Орал әскерлерімен араларыңдағы дау-жанжалды тексеруге келгем жоқ... тек мұң-мұқтаждарың мен қандай өтініш-тілектерің бар екенін білу үшін келдім” деген мүфти сөзіне елдің көңілі көкшімеді. Елшілік нәтижесіз аяқталды. ## Дереккөздер
Ахмед Иүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (12 ғасырдың соңы, Түркістан өңірі — 13 ғасырдың басы, сонда) — ортағасырлық ақын, хакім, ойшыл. Иүгінеки (қазақша Жүйнек) қаласында туып өскен.Ахметтің туған жері Түркістанға қарасты Иугнәк деген қыстақ. Қазақтар ол жерді Жүгенек деп атаған. Ахмет жас шағында араб, парсы тілін меңгерген білімді адам болған. ## Өмірбаяны Ахмед Иүгінекидің ғұмыры, өмір сүрген ортасы туралы деректер тым тапшы. Зағип болып туып, фәни жалғанның жарық сәулесін көрмей бақиға озған Ахмед жастайынан ілім-білімге құмартып, түркі тілдері мен араб тілін жетік меңгерген. Шариғат қағидаларын жан-жақты зерттеп-танып, терең іліміне сай “Әдиб Ахмед” деген құрметті атқа ие болған. Ақыл-ойы толысып, діни танымы әбден кемелденген шағында Ахмед Иүгінеки қысқаша тақырыптарға бөліп, ислам құндылықтарына негізделген өлең-жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл жәдігерліктердің басы біріктіріліп, “һибуат-ул-хақаиқ” (“Ақиқат сыйы”) деп аталатын дидактикалық өлеңдер жинағына айналған. Мазмұны, танымдық нәрі жағынан алғанда “Ақиқат сыйы” — Әбу Насыр әл-Фараби, Махмуд Қашқари, жылы Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи мұраларымен іштей астасып, 9 — 13 ғ. аралығындағы түркі дүниесінің рухани қазыналарының жарқын туындысына айналды. ## Мұралары Ахмет Иүгінекидің “Ақиқат сыйының” түпнұсқасы біздің заманымызға жетпей, біржолата жоғалып кеткен. Ахмед Иүгінеки мұрасының 14 — 15 ғасыр жасалған 3 түрлі көшірмесі, 3 түрлі үзіндісі бар. Оның ішінде ең ескісі — 1444 жылы Самарқанда Арыслан Қожа тархан Әмірдің қалауымен Зәйнүл Әбідін бин Сұлтан Бақыт Журжани Құсайын көшіріп жазған нұсқа. Көне ұйғыр, арагідік арабша хатқа түскен нұсқаның жалпы көлемі — 508 жол. Бұл мұра қазір Стамбұлдағы Айя-София кітапханасы қорында сақтаулы; 2-нұсқа Стамбұлда 1480 жылы Шайх зада Абд әр-Раззақтың ұйғыр және араб жазуымен көшірген, 506 жолдан тұратын үлгісі. Парсыша, тәжікше түсініктемелері бар, Стамбұлдағы Айя — София кітапханасында сақтаулы бұл жәдігерлікті Н. Әсім 1915 жылы, ал қаласының Маһмудов 1972 жылы алғаш жариялаған; “Ақиқат сыйының” үшінші арабша нұсқасы 14 ғасырдыңақырында, немесе 15 ғасырдыңбасында 524 жол өлең көлемінде көшірілген. Ол Стамбұлдағы Топ-Қапы сарайында сақтаулы. Сол сияқты “Ұзын көпірдегі Сейіт Әлі” деген кісінің кітапханасынан табылып, Анкара кітапханасына табыс етіліп, кейін мүлдем жоғалып кеткен Ахмед Иүгінеки мұралары туралы дерек бар. Анкарадағы Маариф кітапханасынан табылған (көлемі 4 бет), Берлин Ғылым Академиясында сақтаулы тұрған (1 бет) өзге нұсқалардың із-жосықтары Ахмет Иүгінеки. еңбектерінің қаншалықты кең көлемде таралғанын дәлелдей түседі. “Ақиқат сыйының” бірнеше нұсқасын тауып, зерттеп, жариялауда — Н. Әсім, Р. Арат (Түркия), В. Радлов (Ресей), Т. Ковальский (Польша), жылы Дени (Франция), Х. Сүйіншәлиев, Ғ. Айдаров, Ә. Құрышжанов, М. Томанов, Б. Сағындықов (Қазақстан), Н. Маллаев, қаласының Маһмудов, С. Мутталибов (Өзбекстан) т.б. шығыстанушы ғалымдардың еңбегі зор. Ахмед Иүгінеки “Ақиқат сыйының” 14 ғасырдағы түпнұсқасының фотокөшірмесі, транскрипциясы қазақ тіліне қара сөзбен жолма-жол және өлеңмен аударылып, 1985 жылы жарық көрді. Ахмед Иүгінеки өз шығармаларында дүние жаратылысы мәселелерін ислам қағидалары негізінде түсіндіреді. “Барлық нәрсе бір Алланың еркінде” екендігін және оның даралығын дәріптейді. Сол үшін де ақын мәңгілік өлім ұғымы жоқ, ол өмірмен алмасып отырады дейді: “Жоқ едім. Жараттың. Және жоқ қылып, екінші бар етерсің” немесе “Өліні тірі, тіріні өлі етеді”. Ал тірліктің өлшемін білім арқылы белгілейді. Яғни, білімдіден пайда бар, пайдалы нәрсе — тірі, ал пайдасыздық — бос, өлі нәрсе. Олай болса, білім арқылы мәңгілік өмірге қол жеткізуге болады, өйткені “білімдінің өзі өлуі” мүмкін, бірақ “аты өлмейді”. Ахмед Иүгінеки үшін білім — көп білу емес, таным, ақиқатты білу. Ал ақиқаттың негізі Аллада болса, оны да “білім арқылы тануға” болады. “Бақыт жолы білім арқылы білінеді”. Білім ойдан, ізденуден шықса, оның пішіні — сөз. Тіл — жаратушымен байланыстырушы құрал, адам “күн сайын ерте тұрып, тілге жүгіну арқылы құлшылық етеді”. Бірақ сөз адамға пайдасымен қатар зиянын да тигізуі мүмкін, ол тағы да адамның өзіне байланысты. Сөз адамның ойлау қабілеті мен адамгершілік бейнесін бедерлейді. Ахмед Иүгінеки пайдалы мен пайдасыздың, ақиқат пен жалғанның нарқын өкініш айыратындығын “Қандай іс істесе де білімсіздің еншісі — енші, оған одан басқа өкініш жоқ”, “Көп сөйлеген көп өкінеді”, “Ашкөздіктің соңы — өкініш, қайғы-қасірет” деген жолдары арқылы байқатады. Өкініш мұнда этик. нормалардың ара-жігін ажыратушы ұғым. Осы ұғымға сүйене отырып, біз Ахмет Иүгінекидің этикалық көзқарастарын анықтай аламыз. Ахмед Иүгінеки үшін бұл дүниеде тұрақты ешнәрсе жоқ, бәрі де өзгереді. “Жас қартаяды, жаңа ескіреді”, “Барлық толған нәрсе азаяды, түгел кемиді”. Сол себепті бұл дүниенің қызығы да жалған, өткінші. Мұнда “менікі” деген жоқ. Өйткені “менікі дегенің ” ертең “өзгелердің еншісі” болып шығады. Сондықтан дүниеқорлық пен ашкөздік адамға бос бейнет әкеледі, ал оны ойлай берсең, ол сенің тек “уайым-қайғыңды көбейтеді, «одан да еңбек ет» деп тұжырымдайды. Кішіпейілділік пен жомарттықты, сабырлылық пен көнбістікті мадақтайды. ## Ахмед Иүгінеки гуманизмі Ахмед Иүгінеки гуманизмі діни этикалық қағидалармен қабысып жатады: “Біреу зәбір-жапа жасаса, қарымына рахат көрсет. Өйткені қанды қанмен қанша жусаң да тазармайды. Адамгершіліктің басы — осы”. Яғни, зұлымдық зұлымдықты тудырады деген қағиданы хадистерінің қазығы ете отырып, кешірімді болғанды хош көреді: “Бір айыпқа бола бас кесуші дүниеде тірі адамсыз қалады” дейді. Бірақ дүние мен адамдардың кемелсіздігіне орай айтылған “Мың досың болсын мейлі, біреуі де адал емес”, “Дүние бір қолмен бал, бір қолмен у ұстатады” немесе “Шырақ, сырың өзіңде сақталып тұрмаса, досыңда сақтала ма?” деген сөздерінен үмітсіздік сарындар да аңғарылып қалады. Ахмет Иүгінекидің нақыл сөздері түркі жұртында бүгінге дейін мақал-мәтел түрінде сақталып, айтылып келеді. ## Ахмед Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегі және ақынның әлеуметтік-саяси көзқарастары Адамзат тарихындағы прогресс ғылымның дамуымен өлшенетіні белгілі. Ғылымның дамуындағы негізгі сипаттамалар мен заңдылықтар әлеуметтік-мәдени контексте қарастырылып, ғылымның мақсаты, алынған нәтижелерінің маңыздылығы анықталады. Қоғам және оның мәдени жағдайы ғылыми-зерттеушілік процестерге бағынышты. Дарындылар шығармашылығы әлемдік мәдениеттің дамуы, жетістіктер шыңының әрбір тарихи прогресінің өлшемі болып табылады. Осы шығармашылықта барлық құнды және маңызды, адамзаттың ғылымдағы, өнердегі, тәжірибелік қызметтегі жетістіктері көрініс табады. Олардың идеялары, өнер туындылары, азаматтардың ұмтылыстарын білу арқылы, біз олардың сол дәуірдегі дүниетанымын танимыз. Өз дәуірінің танымал тұлғалары қалыптастырған шығармашылық еңбектері өзі өмір сүрген кезеңнің бейнесін береді. Ал, ғылым – жаңа идеяларды алға жылжытушы ғалымдар қызметінің нәтижесі болып табылады. Олардың мақсаты біреу ғана, ол – ғылыми жаңалық ашу. Олар қоғамға қажетті ерекше өнім, яғни, жаңа ғылыми білімдер қалыптастырады.Саяси ғылымдар мен саяси білім беру жүйесінде саяси ілімдер тарихы жеке ғылым және оқу пәні болып табылады. Берілген саясаттанулық дисциплина шеңберінде осы ғылымның пәні ерекше түрде зерттеледі. Саясат туралы тереңдетілген білімді берудегі тарихи процесінің логикалы-түсініктік көзқарастары көрініс табады. Саясат пен билік, мемлекет пен саяси жүйе, саяси теориялардың тарихы туралы теориялық білімнің пайда болуы мен дамуының тарихы қамтылады. Сондықтан саяси ілімдер тарихының пәнінен тыс түрлі ойшылдар мен саяси қайраткерлердің пікірлері мен ұстанымдары жеке теориялар деңгейінде дами түседі. Саяси ілімдердің өткені мен қазіргісін саясаттанулық талдаудың жалпы жиынтығында ол ерекше орынға ие.Саяси ойдың қазіргі ілімдері мен теорияларының дамуына ортағасырлық Шығыс ойшылдарының еңбектері айтарлықтай ықпал етті. әл-Кинди, әл-Бируни, әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Ибн Сина, О. Хайям, Низами, Ә. Науаи сынды осы кезеңнің көрнекті өкілдерінің саяси көзқарастары саяси ілімдер тарихында кеңінен қолданылады. Ендеше, осы мақаламызда Ахмед Йүгінеки (кей әдебиеттерде Жүйнеки деп аталады) жазған «Ақиқат сыйы» еңбегінің ғылыми мұрасы адамзаттың саяси ойларының дамуына өз әсерін тигізетіндігі және шығармадағы әлеуметтік-саяси көзқарастар туралы жазылады. Аталмыш шығарма өлең түрінде жазылған дастан және оның негізгі мазмұны тәлім-тәрбие беретін дидактикалық ойларға құрылған философиялық толғау болып табылады және имандылық пен адамгершілік туралы ойларға тола танымдық және насихаттық сипаттарға ие. Сөз басында айтарымыз, А. Йүгінеки билік үшін күрескен, халықты басқаруға ұмтылған, оларға үстемдік жүргізгісі келген саясаткер емес. Ол өз дәуірінің ғылыми мәдениетіне тән ойы бар жоғарғы дәрежедегі интеллектуал ойшыл. Өз ортасының білімпазы есебінде ол «Әдиб Ахмед» деген атақты да иеленеді. Бұл арабшадан аударғанда «тәрбиелі, оқымысты, жазушы, әдебиетші» деген мағынаны береді. Сонымен қатар, ол Йүгінекидің лақап аты ретінде де қолданылған.Түркістан шаҺарының күнбатыс бүйірінде көне Йүгінек (Югнек) қыстағында туып өскен, өзінің «Ақиқат сыйы» («Хибатул-хакоик») дастанымен даңқы жайылған Ахмед Йүгінеки (Югнеки) ертедегі түркі поэзиясының көрнекті өкілі сипатында әлемдік әдебиет жұртшылығына көптен таныс. Оның өмірі мен шығармашылығы жөнінде түркі, орыс, өзбек ғалымдары арнаулы зерттеулер жазған. Ахмед Йүгінеки есімі энциклопедиялар мен әдебиет тарихы кітаптарында да тұрақты аталады. Зерттеушілер Ахмед Йүгінекидің туған, өлген жылдарын дәл басып айта алмайды. Ақын жөнінде мағлұмат тым аз сақталған. А. Йүгінекидің өмір кешкен заманын ХІІ ғасырдың ақыры мен ХІІІ ғасырдың басы деген тұжырым шындыққа жақын болса керек. Ғасырлар тереңінен еміс-еміс жеткен деректер Ахмедтің көзі көрмейтін зағип болғанын, өзінің зерек, зерделілігінің арқасында ғана ізденіп, білім жиғанын, түркі тілдерін, араб тілін меңгергенін, өз кезінің ең білімдар адамдарының бірі болғанын мәлімдейді. Ал ақынның көлемі бес жүз жолдан артық «Ақиқат сыйы» дастанының көшірме нұсқалары Стамбұл, Анкара, Самарқан кітапханаларында сақталған.Ақын шығармасындағы алғашқы сөзін мейірімді, рахымды Аллаға шексіз мадақ айтумен бастап, Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерін пайдаланады. Сондықтан, Ахмед Йүгінекидің әлеуметтік көзқарастарындағы ең басты және негізгі орын әлемді жаратушы Алла тағалаға арналады. Ол адамзаттың ақиқатқа жету жолында осы қоғамды жаратушы Алла деп тануын және барлық әлеуметтік болмыстың базалық негізі ретінде есептейді. Бұл ерекшелік Ахмед Йүгінеки заманында өмір сүрген ойшылдар М.Қашғари, Ж.Баласағұн, Ахмед Ясауи еңбектерінде Дидактикалық сипаттағы өлеңнің бірінші бөлігі білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы ақыл сөздерден басталады. Екінші бөлімде тілдің маңызы, сөйлеу мәдениетін дамыту жөнінде кеңестер берсе, үшінші бөлімде дүниенің бір қалыпта тұрмай, өзгеріп тұратындығы сөз болады. Дастан жомарттықты, қарапайымдылықты, сыпайылықты, өршілдікті дәріптеп, менмендік пен надандықты, сараңдық пен дөрекілікті айыптайды. Автор сол замандағы адамдардың осы іспеттес ұнамды, ұнамсыз моральдық-этикалық ерекшеліктерін атап қана қоймай, сонымен бірге мінез-құлықтың жақсы қасиеттерін қалайша тәрбиелеу, сондай-ақ оның теріс қасиеттерін жою жөнінде бірсыпыра пайдалы кеңестер мен ұсыныстар береді («Егер өкіметке қолың жетсе, мақтанба», «Бастық болсаң, жайсаң бол, кәріге де, жасқа да құрмет көрсет», «Айтар лебізіңді алдымен ойлап ал», т.т.). Осындай ұлағатты лебіздер бейнелі салыстырулар мен теңеулерге, нақылдар мен мақалдар-мәтелдерге толы.«Білімдінің сөзі үгіт, насихат, үгіт-өнеге», - дейді бір сөзінде білімдар ақын. Бақыт жолы білім арқылы білінетіні, білімді азамат қоғам үшін бағалы, ал білімсіз наданның құны жоқ екендігі туралы баян етеді. Демек, білімді салғыртсынбай үйрену арқылы қоғам өмірінің алға жылжитындығына көзімізді жеткізеді. Азаматтарға сөзбен ықпал ету тек білімдінің қолынан келетіндігін түсінеміз. Жалпы қоғамның даму сатыларына, әсіресе, біздің өткен тарихымыздағы қоғам мүшелері үшін данышпандардың сөздері жоғары дәрежеде өз әсерін тигізді. Өлең, толғауларда елдің қорғаныс қабілетін нығайту, ел іргесін берік ағайындар ұжымымен күшті болуы насихатталды. Өмір туралы, атамекен, туған елдің әлеуметтік және қоғамдық жағдайы жырланып, жағымды, жағымсыз тұстары, қатерлері мен мүмкіндіктері суреттелген керемет туындылары бүгінгі күнге дейін жеткендігі көңілімізді қуантады. «Егер өкіметке қолың жетсе, мақтанба», «Бастық болсаң, жайсаң бол, кәріге де, жасқа да құрмет көрсет», - деген пікірлері сол кезеңдегі басшыларға айтылған кеңесі секілді. Осыдан «Ақиқат сыйында» айтылатын лидерлік феноменіне қызығушылығымыз туындайды. Әлеуметтік процестегі басшы, лидердің орны мен рөлі, тарихтағы объективті және субъективті факторлар диалектикасы мен қоғамдық өмір диалектикасын айқындау шығарманы оқу барысынан кейін орын алады. Бүгінгі күнде лидерлік мәселесі барлық ғылымдарда толыққанды зерттелуде. Мәселен, психология лидердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтану лидерлікті әлеуметтік жүйенің негізінде қарастырады. Әлеуметтік психология лидерлікті әлеуметтік және психологиялық факторлардың өзара қызметтік процесі ретінде зерттейді.Ал саясаттану саяси лидерлікті билік феномені ретінде қарастыра келе, оның табиғатын, қызмет ету механизмдерін, қоғамға ықпалын зерттейді. Сонымен бірге, тиімді басқарудың әдістері мен тәжірибелік ұсыныстары айқындала түседі.Жалпы қазіргі әлемдегі қоғамдық дамудың маңызды мәселесі ретінде саяси лидерлікті түсіну болып табылады. Саясат өзіндік қажеттіліктері мен мүдделері, идеалдары, білімдері, тәжірибесі, құндылықтары, эмоциялары мен мәдениеті бар субъектілер мен объектілерден құралады. Сонымен бірге, лидерліктің саяси салада саяси басқару негізінде түсінілетіні белгілі. Саяси лидерліктің мәселесі нақты саяси шарттар мен бостандықтар қалыптасқанда ғана айқындала түседі. Қазіргі оқырман А. Йүгінекидің осы көзқарасы арқылы сол кезеңдегі басшылар үшін қажет ұстаным екенін айқындап, оның қазіргі күндегі негізгі биліктік ұғымдарға жат еместігін ұғынамыз. Осы түсінікке сипаттама беруде лидерлікті ұстап қалу және иеленудегі заңдылықтар А. Йүгінеки пікірінше жайсаңдылық пен құрмет етушіліктен ажырамайды. Ал оның ажырамас негізгі алғышарттары ретінде қазіргі қоғам саяси плюрализм, көппартиялық, партия ішілік және партияның сыртқы қызметін таниды.Еңбектегі «... дүниенің зұлымдық пен жамандыққа толуы, құлшылықтың риякерлікке айналуы, мұсылмандардың көр еліктеушілікке (тақлит) салынуы, мешіттердің қаңырап қалуы, шарапханалардың толып-тасуы, ғалымдардың амал-істен, захидтердің күнәдан, даналардың (арифтердің) «ракс пен самадан» (зікір салудан) қолы тимеу, жамандық-індеттің жайылуы» сияқты наразылықтары мен жан айқайы сол дәуірдің саяси-әлеуметтік тұрақсыздығынан көрініс береді.Қазіргі қоғамда ынтымақтастықты қалыптастырудың негізгі факторы ретінде саяси тұрақтылықты атай аламыз. Саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету саяси институттардың маңызды қызметі болып табылады. Осы мақсаттарды орындауда билік орындары түрлі саяси механизмдерді қолданады. Тұрақтылық түсінігін саяси жүйеде қолдану барысында ол ішкі және сыртқы өзгерістер шарттарында өз құрылымын сақтап, тиімді қызмет пен дамуға жол ашатын ұғымды білдіреді. Теорияға сәйкес, тұрақты саяси құрылым қоғамның көп бөлігі сол жүйені қолдауда жоғары деңгей танытумен қатар, билік пен халық арасындағы қатынастардың келісімдік түрде жүргізілуін айшықтайды.Қоғамдық өзгерістер мен тұрақтылықтың арақатынасы мәселесі саяси ғылымдардағы өзектілердің бірі болып саналады. Саяси және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету реформаларды бұқараның толық қолдауы арқылы орын алады. Кез келген жүйенің абсолютті түрде тұрақтылығы ғылыми және тәжірибелік тұрғыда дәйектелмегендіктен, ол мүмкін емес. Сондықтан оны құрайтын элементтерінің толық қозғалысына кедергі келтірумен бірге, сыртқы ықпалдардан ажырайды. Дегенмен, қазіргі саяси ғылымдарда тұрақтылықтың жоғары дәрежедегі жүйелері де айқындалған. Ақынның жоғарыда айтылған ойлары арқылы біз бүгінгі қоғам үшін ең негізгі қажеттілік саяси тұрақтылық екенін түсінеміз.Шығармаға қатысты адамзаттың материалды және рухани саласындағы эталондық құндылықтар жүйесіндегі жетістік жиынтығындағы мәдениетін де атап өте аламыз. Мәдениет жетістіктеріне жету жолында бұл шығармада көптеген ой-пікірлер айтылған. Сондықтан ақынның әлеуметтік-саяси көзқарастарында сол кезеңнің саяси мәдениетіндегі олқылықтар туралы айтылып, оң нәтижелерге ұмтылуды қоғам мүшелеріне жүктейді. Ақын мәдениеттің жалпы органикалық бөлігін құрайтын түсініктерді қалыптастыруға тырысады. Сонымен бірге, «Ахмедтің дүниеге көзқарасының бұқарашылық сипаты мына тұжырымдардан жақсы байқалады: «әкімдердің игі жұмсақ, ақ көңіл екен деп сеніп қалуға болмайды, олардан әрдайым сақтанып жүру керек, өйткені олардың қолында шексіз күшті билік бар: кейде тіпті қалжыңқойдың зілсіз, бейкүнә қалжыңының өзі оның басын жұтар болар, пайдасыз дау-шар мен қалжыңнан аулақ бол». Жүйнекидің этикалық-педагогикалық ой-толғамдары кейде нақты әлеуметтік жағдайлардан тыс пайымдалғанмен, бұларда адамгершілік ізгі мұраттардың, жалпы адамзаттың мінез-құлық нормалары мен қағидалардың гуманистік көріністері айқын аңғарылады».Ата-бабаларымыздың өміртанымы мен өсиетін меңгеру, тілін түсіну тез арада тындыра салатын шаруа емес. Ол тыңғылықты іздену мен қажырлы еңбекті талап етеді.Бұл шығарманың бүгінгі жастарды патриоттық сезімде тәрбиелеудегі маңызы зор деп атап өте аламыз. Өйткені, бүгінгі Қазақстанның даму шарттарында отансүйгіштікке тәрбиелеу маңызды шаруа болып табылмақ. Сондықтан «Ақиқат сыйы» еңбегінің Қазақстандағы патриотизмді тәрбиелеу мен қалыптастыруда құнды еңбек екенін атап өтуіміз қажет.Осыған байланысты қазіргі Қазақстандағы қоғамды біріктірудегі негізгі фактор және тұрақтылықты қамтамасыз ету мен мемлекеттілікті бекітуде патриотизмнің орны зор. Сондықтан бүгінгі күндегі патриоттық тәрбие қазақстандық азаматтардың саяси санасындағы ең негізгі мәселе болып табылмақ. Патриотизм (гректің πατριώτης – отандас, жерлес, πατρίς - отан) түсінігінің негізгі мәні әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден туындайтын саяси принцип және әлеуметтік сезім. Патриотизм Отанының жетістіктері мен мәдениетінің ерекшеліктерін мақтан тұтып, оның құндылықтарын сақтаумен сипатталады. Оның тарихи қайнар көзі тіл мен дәстүрде бекітілген құндылықтарда жатыр. Ұлт пен ұлттық мемлекетті құру шарттарында патриотизм мемлекет дамуының жалпыұлттық сәттерін танытатын қоғамдық сананың бір бөлігі болып табылмақ.Өзінің тарихи даму ерекшеліктеріне қарай патриотизм бірнеше формаларда көрініс табады: полистік патриотизм – антикалық қала-мемлекеттерде орын алды; империялық патриотизм – империя және оның ұкіметіне лоялдылықты көрсететін сезімдік белгі; этникалық патриотизм (ұлтшылдық) – өз халқына деген сезім; мемлекеттік патриотизм – мемлекетке деген махаббат сезімі; ура-патриотизм – мемлекет пен оның халықтарына бағытталған сезім.Жалпы бұл түсініктің өзі әр түрлі анықтамалар арқылы өз дәуіріне сай түсініліп отырған. Антикалық дәуірде patria термині («Отан») тек туған қала-мемлекетке байланысты қолданыста болды. Рим империясындағы патриотизм жергілікті «полистік» патриотизм мен империялық патриотизммен шектелді. Полистік патриотизм түрлі жергілікті діни өкілдерден қолдау тапты. Орта ғасырларда бұл термин азаматтар ұжымына лоялдылықты білдірді. Американдық және француздық буржуазиялық революциялар дәуірінде бұл ұғым «ұлтшылдықпен» байланысты болды. Осы себептерге байланысты Франция мен Америкада бұл түсінік «революционер» ұғымымен синонимдес болды.«Патриотизм» түсінігіне кең түрде анықтамалар берілгенімен, оның жалпы сипатына қатысты нақты анықтамалар жоқ. Мәселен, С.И. Ожеговтың редакциясында жарық көрген сөздікте: «Патриотизм - өз Отанына, халқына деген адалдық пен махаббат», - деп анықтама берілген. Философиялық сөздікте: «Адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім. Оның мазмұны – Отанға сүйіспеншілік, оған адалдық, оның өткені мен қазіргісіне деген мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға құлшыныс», - делінген. Дегенмен, «патриот» түсінігіне біз түрлі мазмұнда анықтамалар берілгендіктен, «патриотизм» сипатына жан-жақты нұсқадағы түсініктемелер ұсынылады. Бұл аталмыш құбылыстың күрделі табиғатымен түсіндіріліп, мазмұнының көп қырлылығымен сипатталады. Сонымен бірге, патриотизм мәселесін білім берудің барлық салаларын қамтыған және Отанға деген қатынастағы авторлардың тарихи, әлеуметтік-экономикалық, саяси шарттарындағы азаматтық көзқарастары негізінде қарастырылады.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің аса маңызды шарты – бұл әлемдік бәсекелестік үдерісінде табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім», - деп пайымдайды. Сонымен қатар, Елбасымыз қазақстандық патриотизм сияқты ұлт табысының маңызды құрамдасына тоқталып кетеді. «Бұл өз Отаның мен жеріңе деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет, әркімнің өз күш-жігеріне деген сенімі мен барша қоғамның топтасуы. Бұл бүгін тұрғызылып жатқан өз еліңнің тарихына қатыстылықтың және оның болашағы үшін жауаптылықтың жоғары сезімі. Бұл әрбір қазақстандықтың табыстары үшін мақтаныш және қандай тұрғыда болғанына қарамастан өз салаңда табыстарға қол жеткізу ниеті. Және бұл табысты әркім Отанына бағыштап, әлемде оның даңқын асыруы, беделін көтеруі тиіс. Патриотизмді, әсіресе жастардың арасында, біздің балалардың бойында барша қоғамның ортақ күш-қуатымен қалыптастыру керек. Біздің әр азаматтың табысы және халықаралық тұрғыда мойындалуы – бұл баға жеткізгісіз капитал, барша қазақстандықтардың мақтанатын нәрсесі және байлығы екендігі сөзсіз. Осындай үлгілермен ұлттың рухын көтеру керек! Өз Отаныңның патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңде ұялату. Мен сіздерді осыған шақырамын».Патриотизм мәнін толықтай түсінбеушілік біздің тарихымыз бен мәдениетіміз, тұрақтылықты қамтамасыз ететін қоғамның саяси дамуының стратегиясына қатынастары негізінде анықтай алмаймыз. Дегенмен, патриотизмды қалыптастыру бұл ситуативтік жоспардағы мәселе емес. Бұл еліміздің саяси жүйесін алға қарай демократияландыру жолындағы түрлі әлеуметтік топтарды біріктіруге бағытталған үнемі қозғалыстағы фактор. Сондықтан бүгінгі шарттарда жоғары патриоттық сананың қалыптасуына ықпал ететін кешенді іс-әрекеттер қажет.Бүгінгі шарттарда мемлекеттілікті патриотизм негіздерімен қалыптастыру қоғамның модернизациялануына ықпал етуімен қатар, оның қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді. Бірақ, ұлттық құндылықтары айқындалған мемлекет те ғана ұлттың өзін-өзі тану, ұлттық мақтаныш сезімдері туындайды. Сондықтан осы процестегі жетекші рөл патриоттық тәрбие берудегі нормативті-құқықтық базаларға толықтай сүйенген мемлекет институттарына жүктеледі. Қоғамдық ұйымдар патриоттық жұмыстар жүргізуде ұйымдастырушылық, құқықтық және экономикалық қиыншылықтарға ұрынатыны жасырын емес. Оларға мемлекеттің тікелей белсенді көмегі қажет. Көптеген қоғамдық ұйымдар мәселені өзіндік көзқарастармен бағалап, көп бөлігі патриоттық тәрбие беру жүйесіне араласпайды. Осыған сәйкес, мемлекет патриоттық тәрбие беруде азаматтық қоғам институттарын араластыруы қажет.Патриотизмге тәрбиелеуде ерекше рөлді білім беру атқарады. Осыған байланысты, бүгінгі күнде патриоттық тәрбие берудің сапасын жоғарылатуда білім беру мекемелерінің маңыздылығы жоғары.Патриотты тәрбиелеу – бұл әлеуметтік ортаның (отбасы, ұжым, мектеп, қоғамдық ұйымдар) объективті факторларының ықпалы мен индивидтің рухани-тәжірибелік қызметінің субъективті шарттарында орын алатын әлеуметтік процесс. Демек, патриоттық тәрбие беруде оқу-тәрбиелік жүйеге арнайы мақсатты қимылдар жүргізілгендігі дұрыс деп ойлаймыз. Мектептердегі оқу және сабақтан тыс жұмыстар шарттарында тұлғаның сәтті патриоттық тәрбие беруде кешенді жұмыстар жүргізілуі тиіс. Патриоттық тәрбие берудің әдістемесі тәрбиенің нақты кешенді шараларын айқындайды. Бүгінгі шарттарда патриотизмнің қалыптасуына ықпал ететін оқытудың инновациялық технологияларын қолдану белсенділігін жоғарылату қажет. Мектептегі пәндер өз еліне патриоттық сезім мен мақтанышты қамтамасыз ететін бағытта жүруі тиіс. Мәселен, тарих пәнінде тәуелсіздігімізге қатысты материалдарды игеруде құрғақ тілде фактілер келтіру аз шаруа. Оқыту процесінде балаларға республикамыздың саяси беделін суреттеп, қазақстандық азаматтардың бейбітшілік пен достықта өмір сүруіне жоғары баға беріп, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықтың маңыздылығын дәйектеу қажет. Оқыту процесінде патриотизмнің қоғамның дамуындағы қызметтік рөлінің жоғарылығына назар аударылуын дұрыс санаймыз.Саяси әлеуметтендірудің маңызды институты ретінде түрлі деңгейдегі шығармашылық қызмет өкілдерін дайындайтын жоғары мектепті атай аламыз. Жоғары мектеп тек нақты білімді қалыптастырып қана қоймай, оның әлеуметтік инициативасын анықтайтын өмір салтын айқындайды. Жоғары мектеп жастардың саясатқа араласу процесіндегі маңызды рөлге ие. Өйткені, жастар өз саяси ұстанымдарын жоғары оқу орнының ықпалында қалыптастырады. Демек, болашақ мамандардың еліміздегі саяси процестерді қабылдауы оның жоғары оқу орнындағы дайындық сапасына байланысты.Студенттер ақпаратпен толық қамтылған ортаға бейімделген жастардың білімді бөлігі болып табылады. Бүгінгі жастар бұрынғы саяси әлеуметтендірудің стереотиптерінен жеңіл құтылған топ. Олар бірінші болып тоталитарлық қоғам негіздеген құндылықтарды жоққа шығарды. Сондықтан бүгінгі күнде барлық саяси күштердің өз жақтастары ретінде студенттерді қосуы кездейсоқ құбылыс емес. Жастар – бұл қазіргі қоғамдағы белсенділігі жоғары әлеуметтік база.1986 жылғы желтоқсан оқиғасының негізгі субъектілері болып жастар табылатыны белгілі. Орын алған оқиғаларға байланысты бұқаралық ақпарат құралдарындағы бірінші хабарда: «ұлттық элементтерді арандатушы оқушы жастар тобы көшеге шығып, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Пленумының шешімін қолдамады», - деп жазылды [38]. Сондықтан сол кезеңнің саяси процесіне әсер етуді мақсат тұтқан жастардың қимылы мен олардың ықпалын 1986 жылғы болған оқиға көрсете алды. Міне, осы студенттер орталықтың саясатына наразылықтарын ашық көрсете алды.Бүгінгі жағдай көрсеткендей, студенттер еліміздің саяси өміріне кеңінен ықпал ете алады. Жастар қазіргі шарттарда саясатқа қатысуы саяси жүйенің сипатына ықпал ету арқылы өзінің әлеуметтік мәртебесін жоғарылататынын түсінді. Бүгінгі күнде біз өзге тарихи және әлеуметтік кеңістікте өсіп жатқан, дәстүрлі емес, инновациялық әлеуметтік құрылымдағы, еркін мемлекет мүшесі болып табылатын жастар деп білеміз.Саяси күрестің нәтижелері мен қорытындыларын анықтауда жастардың саяси қатысуы саяси лидерлердің назарын аудартуда. XX ғ. соңы – XXІ ғ. басында «түрлі-түсті революциялар» негізгі күші болып табылған жастар қозғалыстарының саяси процестердегі қимылдары көрініс тапты.Осы революциялар шеңберінде саяси оппозиция жоспарланған және тиімді үйлестірілген қызметі жолымен бұқаралық сананы манипуляциялаудың қазіргі заманғы технологияларын қолдану арқылы жастардың белсенділігін көтерді. Міне, осы студенттер жоғарыда аталған оқиғаларда маңызды рөл атқарды. Студенттердің оқиғаға жаппай қатысуы студенттік қозғалыстардың жалпыхалықтық сипатта екенін айқындауға мүмкіндік берді. Осы студенттердің көмегімен оқиғаның бұқарашылдығын БАҚ-та көрсетудің қажеттілігі саналды.Біздің ойымызша, Грузия, Украина, Қырғызстанда орын алған саяси процестер жастардың саяси санасына әсер етті. Сол себептен, 2004 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстанда жеке саяси ойыншылар рөліне үміткер саналған жастар ұйымдарының саны ұлғайды. Бұл экономикалық және әлеуметтік-саяси дамудың объективті заңдылықтары мен нәтижелері негізінде Қазақстандағы жастардың саяси өмірдегі маңыздылығы жоғарылағанын көрсетеді. Сондықтан мемлекеттік билік органдарына позитивті қатынастарға ықпал ететін, азаматтық позицияларды жоғарылататын, жастарды заңды саяси қызмет пен олардың әлеуметтік мәселелерін шешетін мемлекеттік жастар саясаты қажет.Дегенмен, алдын ала жоспарланған немесе арнайы ұйымдастырылған тәрбие тиімді болмайтыны анық. Тұлға оның ізденісіне еркіндік және жеке таңдау құқығы берілгенде ғана тәрбиесі дамиды. Тәрбиені стандарттау тұлғаның даму мүмкіндіктерін шектейді. Бұл әсіресе, өзінің құндылық ориентацияларын қалыптастырған студент жастарға қатысты. Сондықтан оқытушылардың басты назарында оқу-тәрбие процесінен бұрын студенттің тұлғалық белгісі тұруы тиіс. Студенттердің рухани белсенділігі мен стандартты емес ойлау қабілетін марапаттап отыру қажет. Сонымен қатар, еліміздегі саяси ақиқат мәселелеріне объективті сипаттама беретін жаңа арнайы курстар енгізілуі қажет.Патриоттыққа тәрбиелеудегі ең маңызды рөл бұқаралық ақпарат құралдарына да жүктеледі. Міне осы институт өте жоғары көлемде саяси ақпарат таратуда жылдам мүмкіндік пен субъекттік-объекттік басқару ерекшеліктеріне ие. Сонымен бірге, бүгінгі күндегі БАҚ-тың өмір сүруі оның таралымы ғана емес, демеушілерінің қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты екендігі жасырын емес. Олар объективті ақпаратты ұсынуға қарағанда, сенсациялық ақпараттарды жариялауға үйір. Көп жағдайда демеушілерінің әлеуметтік және саяси тапсырыстарын орындау мақсатында өз материалдарын жариялап жатады. Бұл тұста патриотизмге тәрбиелеу мәселесінің кадрдан тыс қалу қаупі мол екендігін дәлелдейді. Сондықтан бүгінгі күнде бұқаралық ақпарат құралдарында патриоттық тәрбие берудің элементтерін кеңінен пайдалану қажет.Патриотизмге тәрбиелеу жұмысы мемлекеттілікті бекітудің және еліміздің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ететін негізгі шарттардың бірі. Бұл шара жүйелі түрде жүріп, саяси әлеуметтендірудің институттары арқылы өз бағыттарын айқындауға тиіс деп ойлаймыз. Жалпы «Ақиқат сыйы» дастанының негізгі мазмұны өсиет пен ғибрат сөздерден құралғандығы туралы баршамызға белгілі. Өткен кезеңнің мол мұрасы бүгінгі қоғам үшін, оның ішінде саяси ілімдер тарихы үшін үлкен табыс деп атауымызға болады. Әдиб Ахмед Йүгінекидің жоғарыда талданған шығармасы өзінің әлеуметтік-саяси көзқарастарымен қазіргі саяси ғылымдардағы жоғары мәні өшпейтін құнды мұра болып қалыптасатынына толықтай сеніміміз бар. Қорыта келе, қазіргі саяси ғылымдарды жаңа идеялармен толықтыруда Ахмед Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегін кең дәрежеде пайдалана аламыз және оның орны ерекше. ## Шығармалары: * Ахмед Йүгінеки. Ақиқат сыйы. Түпнұсқаның фотокөшірмесі, транскрипциясы, прозалық және поэтикалық аудармасы, Баспаға дайындағандар: Ә. Құрышжанов, Б. Сағындықов., А., 1985. Хибат-ул хақайық, Ташкент, 1971. * Малов С.Е., Памятники древнетюкской писменности, Тексты и исследования, М-Л., 1951; * Бердібаев Р., Жазба мұралар, ежелгі мәдениет куәлары, А., 1966; * Шербак А.М., Грамматический очерк языка тюркских текстов Х — ХІІІ вв, Из Восточного Туркестана, М-Л., 1971. ## Сілтемелер * Ахмед Иүгінеки Мұрағатталған 5 маусымның 2016 жылы. * Ахмед Иүгінеки * «Тарих» - История Казахстана - школьникам | Тарихи кезең | Орта ... Мұрағатталған 11 маусымның 2016 жылы. ## Дереккөздер
Ашарит , ссайбелит — бораттар класының минералы. Химиялық формуласы: MgHBO3. Табылған жері — Ашерслебен қаласының(Германия) атауымен аталған. Ромбылық сингонияда кристалданады. Бор тәрізді борпылдақ немесе жіптей тарамдалған агрегаттар түзейді. Түсі — ақ. Қаттылығы 3 — 3,5; меншікті салмағы 2,65 г/см3. Борат кен дерінің үгілу қабаттарында жаралады. Ашарит — Атырау облысындағы борат кен дерінің басты минералы. Сингониясы ромбылық. Онын, топырақ түріндегісі көп кездеседі. Кейде талшықты формалары болады.Оптикалық солақай, 2u кішкене. Ng =1,650, Nm = 1,646, Nр = 1,575. * Жаратылысы. Ашарит — суы тартылған келдерден пайда болған борат кендерінің бетінде үгілуден (басқаша айтқанда суы кетіп өзгергенде —дегидратацияда) пайда болатын қайталама минерал. Ол тек кейбір сирек жағдайда ғана ізбестасты немесе доломитті контакт-метасоматикалық жағдайда пайда болады. Ашарит қоры едәуір көп болса, басқа бораттармен қатарбор қышқылын алуға, бордың езін және оның қажетті қосындыларын алуға қолданылады. Сондай қосындының бірі — бура (Na2B4О7 • 10Н2О ) , мысалы, оптикада, қағаз өндірісінде, эмаль жасауда, тағы басқа химиялық өндірістерде қолданылады. Кендері. Ашарит Совет Одағында және шет елдерде кеніАшерслебенде (Саксонияда), Рецбаньяда (Румыния), Невадада (АҚШ), Канадада (Британ Колумбиясы) кездеседі. ## Дереккөздер
Ашина суйцзы (7 ғасыр) — Батыс түрік қағандығының Таң патшалығына бағынған Куньлин басқақтығының ең соңғы басқағы (694 — 700). Ашина Мижелінің немересі. Оның әкесі Юань-Кин Таң патшалығы тәжінің қуғынға ұшыраған мұрагерімен байланысы бар деген айыппен өлтірілді (693 ж.). Ашина Суйцзы тибеттіктермен байланыс жасап, Таң билеушілеріне қарсы көтеріліс ұйымдастырды (694 ж.). Бірақ онысы тез жанышталып тасталды. Түргештердің күшеюіне байланысты оның иелігіндегі жерлер Түргеш қағандығының қол астына қарады. ## Дереккөздер
Ашамайлы керей —Қазақ халқының құрамындағы тайпа. Шежіре бойынша, Орта жүздегі керей (керейт) тайпалары бірлестігінен таратылады. Ашамайлы этнонимі жөнінде жорамал көп. Керейдің төр шежіресінде келтірілетін нұсқалардың бірінде — Ақарыстың бір баласы Дана биден Қоянбай, одан Сарыкерей, одан Қараби туады. Ашамайлы Керей мен абақ керей осы Қарабиден тарайды дейді. Шежірелік осы жүйеге Ш. Құдайбердіұлы да, тарихшы-этнограф Н. Мыңжани да айрықша мән берген. Қараби жастай қайтыс]] болған соң жесірі Шымыр деген баласын алып, төркініне көшіп кеткен. Үйсін Сарымырза жиенін ашамайға мінгізіп жүреді екен де сұрағандарға “менің ашамайлы керейім” дейді екен. Содан Ашамайлы Керей атанып кетіпті. Ашамайлы Керей де, абақ керей де Кіші жүздегі керейт те Орта жүзге кіретін тайпалар мен рулар дейді. Ашамайлы, Абақ жеке адам аттары емес, қолданған таңбаларына қарай (Х — ашамай, У — абақ) аталған, туыстас тайпалар одағы дейтін нұсқалар да бар. Түркі тілдерінде “омак”, “обак”, моғол тіліндегі “обак”, “обух” сөздерінің туыстастар “одағы” деген мағына беретінін дәлел ете отырып, бұлардың тайпалар бірлестігі екенін белгілі этнограф М. Мұқанов та алға тартады. ## Тайпаның ыдырауы Ежелгі керей ұлысының тағдыры, ыдырауы, қайта қалыптасуы жазба деректерде 13 ғасырдан белгілі. Оңхан (Тұғырыл) билеген керей хандығын Шыңғыс хан 1202 жылы біржолата талқандаған. Шыңғысқа қарағысы келмеген елдің басым көпшілігі көршілес Найман хандығына ауысып, Ертіс алқабына, күнгей Алтайдан Есіл, Еділге дейін жеткен. Уақыт өте келе ежелгі ата мекеніне қоныс тепкен Керейдің бір бөлегі он екі ата абақ керей атанып, Қытайға қарайды да, Қазақстанның Солтүстік, Солтүстік-батыс өңіріне қоныстанған әулеттері он ата Ашамайлы Керей атанып, орысқа бодан болады. Олар: Сыбан, Балта, Көшебе, Ақсары, Құрсары, Семеналы, Нұралы, Нұрымбет, Ақымбет, Самай деген руларға, 60 бұтақты ұсақ аталарға жіктеледі. Негізінен Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының Шұбартау ауданында тұрады. Өзбек, қарақалпақ, түрікмен халықтарының құрамында да Ашамайлы Керей аталатын рулар бар.Ұраны — Ошыбай, таңбасы — ашамай (х). ## Тұлғалары * Қожаберген жырау көшебе ## Дереккөздер
Ашина буяжен (7 ғасыр) — Батыс Түрік қағандығының Таң патшалығына қарасты бөлігінің басқағы. 657 жылы қыркүйекте Таң (патшалығы) қосындары Іле өзенінің Оңтүстік жағында Ашина Хэлуды (Ышпара) жеңгеннен кейін Батыс түрік қағандығы негізінен жойылып, оның орнына Сұяб өзенінің батысында Миңши басқақтығын және Бесбалықта Куньлин басқақтығын құрды. Миңши басқақтығы негізінен бес мүшебилерді басқаратын болды. Таң билеушісі олардың арасынан Ашина Буяженді басқақ етіп тағайындап (657 жылы), оған ”оң қанат тай санғұн” деген лауазым берді. Кейін Таң билеушілері А. Б. мен Бесбалықтағы Куньлин басқағы Ашина Мижелінің арасындағы кикілжіңді пайдалануға күш салды. 664 жылы Ашина Буяжен Таң мәнсаптысы Сухайяжэнға бүлік тудырмақшы деген айып тағып, Миңшиді өлтіргізеді. Бұл оқиғадан үрейленген түрік жұрты тибеттіктермен бірлесіп, Таң патшалығы үстемдігіне қарсы көтерілді. Осы аралықта Ашина Буяжен қайтыс болды (666/67 ж.). Ол өлгеннен кейін орнына балалары Ашина Хусиньло, Ашина Хуайдао және Ашина Циндер отырды. Бірақ бұл кезде түрік жұрты әлсіреп, бірте-бірте түргештердің қол астына өтіп жатты. ## Дереккөздер
Ахметжан Ақсупиұлы Аширов (20.8.1938 жыл, Алматы облысы Шелек ауданы Малыбай ауылы) — Жазушы, драматург. ## Өмірбаяны * Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1961). * Мектепте мұғалім, Қазақ радиосында диктор болды. * Республикалық “Коммунизм туғи” газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы (1970 — 1979) * Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші (1982 — 1986), 1986 жылдан хатшы болып істейді. ## Шығармалары * “Осылай өмір сүргім келеді” аталатын алғашқы повесі 1965 жылы жарық көрді. * “Мұны ұмытуға болмайды” (1969) * “Солмайтын гүл” (1977) атты повестер мен әңгімелер жинақтары * “Жалғыз жалбыз” романы (1987) жарияланған. * “Өлмейтіндер” (1973) * “Мақамшы” (1979) * “Дихан” (1984) * “Жылпос” (1987) пьесалары Ұйғыр муз. комедия театрында қойылды. Шығармаларында адамгершілік, парасат, адал еңбек, адамға адамның мейірбандығы, достығы, кертартпа салт-санамен күрес сияқты әлеумемтік және қоғамдық мәселелер көтеріледі. * Шаңғытбаевтың “Ой, жігіттер-ай” комедиясын, Г.Лорканың “Қанды құдалық” пьесасын ұйғыр тіліне (1970) тәржімалады. * Ашировтың бірқатар шығармалары Қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. ## Дереккөздер
Асхат Тазетдинұлы Ашрапов (15 сәуір 1931, Башқортостан, Ишимбай ауданы, Кияуково ауылы - 19 сәуір 2008) — кинооператор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1980), КСРО Киноматографистер одағының мүшесі (1958). ## Өмірбаяны * 1955 жылы Мәскеудегі мемлекеттік кинематография институтының (А.В. Гальперин мен Э.К. Тиссэнің шеберханасы бойынша) бітірген * “Қазақфильмде” жұмыс істеді. Алғашында деректі фильмдер түсіріп, кейін көркем фильмдерге ауысты. 90-шы жылдары "Қазақфильм" киностудиясындағы мансабын аяқтап, әйелі Лидия Ашраповамен бірге Ресейге, Мәскеу облысына көшті. 1990 жылы Ашрапов әйелімен бірге "Альянс" кинофирмасын құрды. Соңғы 17 жылын Ашрапов науқас күйінде Қырымда өткізді. ## Түсірген көркем фильмдері * "Егер біздің әрқайсысымыз" (1961) * “Ана туралы аңыз” (1963, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы, 1966) * "Көкжиектен асқан іздер"(1964) * “Шыңдағы шынар” (1965) * “Артымызда Москва” (1967) * “Қыз Жібек” (1970, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы, 1972) * “Атаманның ақыры” (1970) * “Гауһартас” (1975) * “Қан мен тер” (1978) * "Алатаудың күміс мүйізі" (1979) * “Біз ересекпіз” (1980) * “Тоғызыншы ұлдан сақтан” (1983) * “Өзіңнен баста” (1985, бейнефильм) * “Түркісіб” (1986-87) т.б. белгілі кинотуындыларды түсіруге қатысты. ## Түсірген деректі фильмдері * “Ас атасы — нан” (1958) * “Тыңдағы мал шаруашылығы” (1958) * “Қазақстанның Мәскеудегі онкүндігі” * “Халықаралық жастар фестивалі” (1959) * “Медеудегі кездесу” (1976) * “Мәжит Бегалин” (1981) * “Жетісудің 8-өзені” (1984) * “Алатаудың аймүйізі” (1980) сияқты деректі фильмдер түсірген. Оның түсірген фильмдері операторлық шешімінің сонылығымен, суреткерлік құралдарының молдығымен ерекшеленеді. ## Фильмографиясы ### Режиссер ретінде * 1973 - Ақ аруана * 1976 - Медеудегі кездесулер * 1990 - Бір ұя қасқыр ### Оператор ретінде * 1955 - Ана мен бала * 1961 - Егер біздің әрқайсымыз... * 1963 - Ана туралы аңыз * 1964 - Тұлпардың ізі * 1965 - Шыңдағы шынарда * 1967 - Ел басына күн туса * 1969-1970 - Қыз Жібек * 1970 - Атаманның ақыры * 1973 - Ақ аруана * 1975 - Гауһартас * 1976 - Медеудегі кездесулер * 1978 - Қан мен тер * 1979 - Күміс мүйіз Алатау * 1980 - Біз - ересекпіз * 1984 - Тоғызыншы ұлдан сақтан * 1986 - Түрксіб ## Марапаттары * Еңбек қызыл Ту ордені * Медальдармен марапатталған. . ## Дереккөздер
Ашмарин Николай Иванович (22.9.1870, бұрынғы Ресей империясы, Қазан губерниясы, Ядрин қаласының — 26.8.1933, Қазан) — ғалым, түркология ғылым докторы, профессор, КСРО Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1929). Шығыс тілдері институтынын бітірген (1894). 1895 — 1919 жылы Қазанда мұғалімдер семинариясында геогр-дан, 1917 — 1922 жылы Шығыс археология және этнография институтынында, Шығыс педагогикалық институтынында, Симбирскідегі Чуваш халық ағарту институтынында татар, чуваш тілдерінен сабақ берген. 1923 — 1926 жылы Бакудегі Әзірбайжан университетінің профессор болды. Ашмарин еңбектері Еділ бойы халықтарының тілін, фольклорын зерттеуге арналған. Чуваш тілінің он жеті томдық сөздігін түзіп, жариялады. Сөздіктің алғашқы екі томы 1910 — 1912 ж., қалған томдары 1928 — 1950 жылы жарық көрді. Чуваш тілінің лексикасы, диалектілері мен говорлары, этнографиясы мен тарихы жөнінде іргелі еңбектер қалдырған. Бұл еңбектері чуваш тілі оқулықтарын жасауға, әдеби тілін қалыптастыруға ғылым негіз болды. Лингвистик. деректерге сүйене отырып, чуваштардың болғарлармен тегінің бір екендігі жөніндегі теорияның негізін қалаған. Ашмарин жинаған отыз томдық чуваш фольклоры қолжазба күйінде сақтаулы. Ол чуваш, татар, түрік, Әзірбайжан тілінен басқа араб, парсы, фин, мадияр тілін, классикалық грек, латын тілдерін білген. Еңбектері АҚШ-та және т.б. елдерде жарық көрді. ## Шығармалыры: * Общий обзор народных тюркских говоров, Нухи, Баку, 1926; Заметки по сравнительной грамматике тюркских наречий, Казань, 1928; * О морфологических категориях подражаний в чувашском языке, Казань, 1928. ## Сыртқы сілтемелер * Книга Ашмарина Мұрағатталған 12 мамырдың 2012 жылы. ## Дереккөздер
Ашина хуайдао — Батыс түрік қағандығының Таң патшалығына бағынған Он оқ тайпаларының қағаны (704 — 737). Ашина Буяженнің немересі. Оның дәуірінде ертеректе Он оқ тайпаларына бағынышты болып келген түргештер бірте-бірте күшейіп, олардың көсемі Өзәл Шор (Ужэли) Сұяб қаласын үлкен астана, Алмалық (Гүнюэ) қ-н кіші астана еткен. Қол астындағы түргештердің күшеюі салдарынан Ашина Хуайдао өзіне қарасты елге билік жүргізу мүмкіндігінен айрылды. Түргештердің арабтарды жеңуі және Таң патшалығымен байланысын үзуі қытай билеушілерінің наразылығын тудырды. Нәтижесінде Таң патшасы арабтар мен Ашина Хуайдаоның күшін пайдаланып, түргештерді әлсіретуге тырысты. А. Х. қайтыс болған соң (737 ж.), Таң патшасы оның ұлы Ашина Цинді Он оқтардың қағаны етіп тағайындады. 742 жылы Ашина Цин Суябтың батыс жағында түргештер қолынан қаза тапты. Бұдан соң Таң патшалығы түргештермен қарым-қатынас жасауға ойысты. ## Дереккөздер
Ашуғ немесе ашик (әз. Aşıq, арм. Աշուղ, парсы: عاشیق‎) — Әзірбайжан , армян және басқа да кавказ халықтарының халық жыршысы. Ашуғ атауы Квказда 16 — 17 ғасырдарда пайда болған. Ашуғ шығармашылығы халықтығымен ерекшеленеді. Ашуғ өнері көпқырлы. Өлең мәтінін өздері шығарып, оған лайықты ән табады, сөйтіп ішекті аспаптарды (саз, тар, кеманча) тарта отырып, кейде билеп жүріп орындайды. Репертуарында өз шығармаларынан басқа халық өлеңдері, эпикалық жырлар (дастандар) болады. ## Дереккөздер
Ашель мәдениеті — төменгі палеолит дәуірінен (біздің заманымыздан бұрын 400 — 100 мыңжылдықтан) сақталған ескерткіштердің ғылымдағы жиынтық атауы.Бастапқы палеолиттің шелль мәдениетінен кейінгі археологиялык мәдениеті, одан негізгі құрал — кескіштің дүрыс пішінділігімен ерекшеленеді. Шамамен осыдан 400-700 мың жылдарды қамтиды. Бұл мәдениетке сәйкес келетін ескерткіштер Қазақстанның көптеген жерлерінде кездеседі. Франциядағы Сент-Ашель елді мекенінің атымен аталған. Бұл мәдениеттің жоғарғы сатысы — архантроптармен, төменгі сатысы— палеоантроптармен байланысты деген пікір кең тараған. Ашель дәуірінің басы еңбек құралдарының жаңа түрлері — қол шапқылар мен жарғыш құралдардың пайда болуымен сипатталады. Африкалық кезеңдеуде қол шапқылардың барлық түрлері ашельдік деп саналады. Олардың неғұрлым ертеректегі түрлері Еуропадағы Аббевил дәуіріне сәйкес келеді. Ашель мәдениетінің шапқылары басы үшкір, екі жүзді, сыртқы пішіні сопақ немесе бадам сүйегі тәріздес. Кейде екінші жүзі қайралмағандары да кездеседі. Олар жер астынан әр түрлі өсімдіктердің тамырын қазып алуға, ұсақ аңдарды өлтіруге, олардың денесін бұзуға, ағаштар мен сүйектер жонуға пайдаланылған. Ерте Ашель мәдениеті құралдарының ойықтары аз, қысқа және терең салынған, жүздері біртегіс емес. Ойықтар тас балғалармен шетінен ортасына қарай соғу арқылы салынған. Ашель мәдениетінің орта тұсында тас тоқпақтардың орнына едәуір жұмсақ заттар — сүйектер мен ағаштардан жасалған тоқпақтар пайдаланыла бастады. Бұл жаңалық еңбек құралдарының анағұрлым сапалы жасалуына септігін тигізді. Ашель мәдениеті құралдарының ішінде чопперлер, қырғыштар және шеттері тіс тәріздес етіп жасалған құралдар (Олдувей мәдениеті) да сақталған. Бұл кезеңде құралдардың қырғыш, кескіш, тескіш секілді түрлері көбейген. Ашель дәуірінің соңына таман нуклеустерді өңделулері өте сапалы Левалуа әдісі (Тас құралдарын өңдеу әдісі) пайда болды. Ашель дәуірі адамдарының тұрақтары аңшылардың мекен жайлары болып есептеледі. Сол кездің өзінде шаруашылықтың түрлеріне қарай тұрақтардың қысқа мерзімге арналған аңшылық және кремний өндіретін шеберханалар сияқты түрлері пайда болды. Кремний өндірген шеберханалардың орны Қазақстанда Шақпақата, Бөріқазған, Тәңірқазған, Семізбұғы тұрақтарынан табылды. Ашель мәдениетіне жататын тұрақтар Олдувей мәдениетінің тұрақтарына қарағанда анағұрлым кең таралған. ## Дереккөздер
Ашық кен өндіру — жер қойнауындағы қатты пайдалы қазындыларды жер бетіндегі ашық тау-кен қазбалары арқылы алу тәсілі. А. к. ө. тәсілі жер бетіне жақын жатқан кен байлықтарды өндіру үшін ертеден қолданылған. 6 — 11 ғ-ларда Қазақстанның Саяқ, Жезқазған өңірлерінде мыс кентасы осы әдіспен қазып шығарылған. Кейін кеннің жату тереңд-не байланысты оны өндіру ұзақ уақыт жерасты әдісімен жүргізіліп келді. Тек 19 ғ-дың аяғында қуатты тау-кен техникасын пайдалануға байланысты А. к. ө. жұмыстары қайтадан дамыды. Қазіргі уақытта пайдалы қазындылардың жалпы көлемінің 70р-і ашық әдіспен өндіріледі. Қазақстанда оның үлесі мыс кентасын өндіруде 60—ке, темір кентасын өндіруде 97—ке, көмір өндіруде 75—ке дейін жетеді. Қазақстандағы жылына 11 млн.т. мыс кентастарын өндіретін, 10 млн м3 басқа да жыныстарды аршып шығаратын Қоңырат карьері; жылына 17 млн.т кентас, 33 млн м3 жыныстар аршитын Сарыбай темір кентасты карьері; жылдық өндіріс қуаты (көмір бойынша) 55 млн т-ға жететін “Богатырь” жармасы дүние жүзіндегі ең ірі ашық кеніштерге жатады. А.к.ө. қазбалары қуатты эксковаторлармен, жоғары өнімді көлік техникасымен қамтамасыз етілген. Жаңа технологиялар ашық жұмыстардың негізгі параметрлерін жақсартуға мүмкіндік туғызады. Ашық жұмыстардың қоршаған ортаға келеңсіз әсерін азайту мақсатында көптеген шаралар жүргізілуде. Ашық кеніштерде (карьерлерде) еңбекті қорғау шарттары жоғары деңгейде қамтамасыз етілген. Жер астынан кен өндіру тәсілімен салыстырғанда, А. к. ө-де еңбек өнімд. 5 — 8 есе артса, өнімнің өзіндік құны 2 — 4 есе төмендейді.
Ашықпаша-заде, Дервиш Ахмет ибн Шейх Яхья ибн Шейх Салман ибн Ашық Паша (1393/1400, Түркия, Амазия — 1481/84, Константинополь) — орта ғасырдағы түрік тарихшысы. Анадолының атақты сопы ақыны Аладдин Әли Ашық Пашаның немересі. Жастық шағы жөнінде мәліметтер аз. 1437 ж. Меккеге қажылық сапар шегеді. Мұрат ІІ (1421 — 51) және Мехмет ІІ (1451 — 81) сұлтандардың Балқандағы жорықтарына қатысады. Кейін өз көзімен көрген және естіген оқиғалар жөніндегі мәліметтерді жинақтап, “Осман әулетінің шежіресі” (“Terвrіch-і Al-і Osman”) деген көлемді шығарма жазды. Таза түрік тілінде және оқуға жеңіл жазылған бұл еңбек түрік тарихының бастауы, көне кезеңдері жөнінде маңызды дерек болып табылады. ## Дереккөздер
Ащыойыл – Ойылдың сол саласы ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Байғанин, Ойыл аудандарының жерінде. Ұзындығы 114 км, су жиналатын алабы 5210 км2. ## Бастауы Шилісай, Шұбаржылан өзендерінің тоғысқан жерінен бастап Ащыойыл деп аталады. Құрман аулының тұсында Ойылға құяды. ## Гидрологиясы Көктемде құятын негізгі салалары – Ащыөзек, Қандыағаш, Жарлы, Қаңбақтысай, Қуырдақты. Аңғарының ені 0,3 – 1,5 км-ге, ал жардың биіктігі 1,5 – 2,5 м-ге жетеді. Қар суымен толығады. Суы қарашаның басында қатып, наурыздың аяғында мұзы ериді. Көп жылдық орта су ағымы 2,0 – 2,5 м3/с. Суында шортан, табан балық бар. Төменгі ағысында жайылымдарды суғаруға пайдаланады. ## Дереккөздер
Ащы жусан, ащы ермен (лат. Artemisia absinthium) – астралылар тұқымдасы, жусан туысына жататын көп жылдық өсімдік. Маңғыстаудың жайылымдар мен шалғындарда, бұйратты құмдарда, ормандар мен таулы жерлерде өседі. Биіктігі 60 – 100 см, кейде 120 см-ге жетеді. Тамыры жуан. Гүлдері ұсақ, шоғырлана өседі. Шілде – маусымда гүлдеп, жемістенеді. Ащы жусанның дәрілік өсімдік, медицинада пайдаланылады. ## Дереккөздер
Мұхаметжан Түймебаев ауылы — Алматы облысы Іле ауданындағы ауыл, Ащыбұлақ ауылдық округі орталығы. 1999 жылға дейін Ащыбұлақ деп аталған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Өтеген батыр кентінің батысында 8 км жерде, Ащыбұлақ тауы етегінің қуаң агроклиматтық белдемінде орналасқан. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Ащыбұлақта орта мектептер, клуб, кинотеатр, аурухана, емхана т.б. мәдени және денсаулық сақтау орындары бар. Ауыл тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Ащысор — Нұра өзенінің алабындағы тұйық, тұзды көл. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданының орталығы - Нұра кентінен батысқа қарай 27 км жерде, Мұзбел оңтүстігінде орналасқан. ## Гидрографикасы Аумағы 24 км2. Ұзындығы 6 км, ені 4 км, тереңдігі 0,6 м. Су жиналатын алабы 177 км2. Жауын-шашын аз жылдары аумағы кішірейіп қалады. Суы кермек, тым тұтқыр, әлсіз сілтілі келеді. Жалпы минералд. 5,6 г/л. Қарашада мұз қатып, сәуірде ериді. ## Жағалау сипаты Жағалауы ұсақ шығанақ, түбектермен тілімделген. Көл жағалауында құрақ, қамыс, әр түрлі шөпті шалғын мен бұта өседі. Суы көктемде мал суаруға, алабы мал жаюға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Аэрация— сұйықтықтарды ауамен қанықтыру процесі мен әдісі; мысалы, органикалық заттардың тотығуы барботирлеу арқылы өткізіледі.Анаэробтық ферментті тотығу-тотықсыздану процесі; оның нәтижесінде бөлінген энергия микроорганизмдердің тіршілігіне жұмсалады.Аэраттау (грек. aйr. — ауа), ауаландыру — * түрлі ортаны (мыс., су қоймаларын, топырақты т.б.) атмосфералық ауамен табиғи (мыс., организмдердің тіршілігі арқасында) немесе жасанды жолмен қанықтыру. А. тех. әдістермен немесе ауаның суға, топыраққа сіңуіне кедергі болатын (мыс., мұз, майлы қабықша сияқты) тосқауылдарды бұзу т.б. тәсілдермен жүргізіледі. А. ауыз суды, ақаба суын тазарту, топырақ өнімділігін арттыру, суды мекендеушілердің, әсіресе, балықтардың судағы оттегінің азаюы себебінен жаппай қырылуын болдырмау т.б. үшін қолданылады. * Өндірістік ғимараттарда табиғи ауаны қолдан реттеп алмастыру. Ол сыртқы және ішкі ауа тығыздықтарының айырмашылығы есебінен ғимараттардың қабырғаларындағы ойықтар (терезелер) және желдететін фонарлар арқылы жүргізіледі. Негізінен ыстық өндіріс орындарында (мыс., темір соғылатын, құйылатын цехтар) қолданылады. ## Дереккөздер
Халиди Құрбанғали, Құрбанғали Халиди Аягөзи (1846, Аягөз – 1913, Шәуешек) – қазақ халқының тарихын, әдет-ғұрпын, ауыз әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші. Әкесі Халид Ташкентте, Аягөзде, Қытай жерінде тұрған. Халиди жас кезінде Абдулхақ деген кісінің медресесінде оқып, тарих, география пәндерінен дәріс алады. Шәуешекке көшіп барған соң өзі де медресе ашып, татар, араб тілдерінен дәріс берген.1885 ж. Турфан қаласында ұйғырлардың өмірі туралы «Тарих и жарида-и жадида» деген кітап жазды. 1897 ж. Меккеге бара жатқанда Еуропаның көптеген қалаларында, араб мемлекеттерінде болған. 1910 ж. Х-дің «Тауарих-и хамса и шарки» («Шығыстың 5 мемлекетінің тарихы») кітабы жарық көрді. Кітапта ұйғырлар, өзбектер, қазақтар, моңғолдар, тағыда басқа халықтар туралы жазады. Басым бөлігі қазақ халқының тарихы, этнографиясы, мәдениеті мен әдебиетіне арналған. ## Дереккөздер
Аюшат үңгірі – Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы, Қызылтау тауындағы табиғи үңгір. ## Сипаты Теңіз деңгейінен 1091 м биіктікте орналасқан. Порфирит жыныстарының үгілуінен пайда болған. Үңгірдің ұзындығы 25 м, ені 2,5 м, биіктігі 3 м. Күндіз іші жарық болады. ## Дереккөздер
“Аю биі” — қазақтың күлдіргі биі. Музыкалық өлшемі 4/4. Би дабыл аспабының сүйемелімен орындалады. Аңшылыққа байланысты туған. Орман-таулы жерді мекендеген қазақтар арасында көп тараған. Онда аңшының орманда кездескен аңқау аюды тапқырлықпен шапшаң әрі епті қимыл-жүрісімен алдауы, соңында көңілі шат аңшының қайта-қайта басын ішке алып аунап түсуден әбден қалжыраған аюға мініп кете баруы би тілімен өрнектеледі. “Аю биінің” көптеген нұсқалары бар. Балетмейстер Я.В. Романовский 1949 ж. Моңғолияда тұратын қазақтардың орындауында осы бидің бір түрін жазып алған. ## Дереккөздер
Өскенбай Аяпұлы Аяпов (15.9.1929 жыл, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылы — 17.1.1983 жыл, Алматы) — ғалым, техника ғылымдарының докторы (1973), профессор (1973), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1979). ## Өмірбаяны * Қазақ Химия-технология институтын бітірген (1951). * 1951 — 1959 ж. Қазақстан ғылым академиясының Отқа төзімді және құрылыс материалдары институтында аспирант, кіші ғылыми қызметкер * 1959 — 75 ж. Алматы Құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу және жобалау институтында аға ғылыми қызметкер, ғалым хатшы, зертхана меңгерушісі * 1975 — 1983 ж. Металлургия және кен байыту институтында зертхана меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары болды. * 1976 — 1979 ж. Құрылыс материалдары өнеркәсібі министрлігі қарамағындағы кәсіпорындардың өнім сапасын бағалау жөніндегі мемлекеттік комиссияны басқарды. ## Ғылыми жұмыстары * Негізгі ғыл. жұмыстары тұтқыр материалдардың қатайғанда гидраттануын және құрылым түзілуін зерттеуге арналған. * Домна және фосфор қоқыстарын пайдалану тәсілдерін тауып, құрылыста тездеткіш қосымшалар қолданудың өлшемдерін жасады; гипс кристалдануының және сілтілер байланысының құрылыс материалдары құрылымы мен қасиетіне тигізетін әсерін анықтады. * 30 авторлық куәлік алған. * Аяпов және оның басқаруымен жүргізілген ғылыми жұмыстардың нәтижелері республикамыздағы құрылыс материалдары өндірісі мекемелеріне кеңінен ендірілді. ## Шығармалары * Твердение вяжущих с добавками-интенсификаторамы, А., 1978; * Вяжущие материалы и бетоны из минеральных отходов промышленности Казахстана, А., 1982. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Новости Казахстана. Агентство Казинформ Мұрағатталған 11 қыркүйектің 2014 жылы.
Аякөз сыртқы округі — Ресей патшасы үкіметінің шешімі бойынша (1831) осы аттас өзеннің бойында құрылған әкімшілік-территориялық бөлік. Сарыарқаның Жетісумен іргелес өңірінде құрылған ерекше округ. Бұл арқылы Ресей әкімшілігі патша реформасына қарсы қарқыны күшейіп бара жатқан Саржан сұлтанның көтерілісін оңтүстікке таратпауды, ең бастысы Жетісу, Алатау өңірін империяның құрамына қосу үшін саяси, әскери алғы шарт дайындауды көздеді.Округтің алғашқы аға сұлтаны болып Сарт Жошыұлы төре, қазылары Итемген Сейтенұлы би және Ақша Ханқожаұлы төре сайланды. 10 мыңдай шаңырағы бар 12 болыс елді біріктірді. Олардың болыстары болып Есім Жошыұлы (Назар болысы), Самұрат Жошыұлы (Мұрын болысы), Қымыран Жошыұлы (Мұрын-2 болысы), Тұрсын Жошыұлы (Қыржын болысы), Қисық Тезекұлы (Мұрын-Кенже, Айдар, Мырзаш болысы), Дәуіт Мамырханұлы (Матай болысы), Солтабай Бопыұлы (Сыбан болысы), Жамантай Бопыұлы (Сыбан-2 болысы), Омар Бопыұлы (Ақымбет болысы), Оспан Жапиұлы (Төмен болысы), Шыбынтай Сағалұлы (Семіз Найман болысы), Санбек Есімұлы (Назар-2 болысы) сайланды. А. с. о-мен бір мезгілде Аягөз дуаны құрылды (1831-68). 1857 ж. Аякөз сыртқы округінің бірнеше болыстығынан Қапал округі ұйымдастырылды. ## Дереккөздер
Аязқала — Кушан мәдениетіне жататын бекіністер шоғыры. Арал теңізден 200 км жерде, Әмударияның оңтүстік жағалауындағы Аязқала деп аталатын шоқының етегінде орналасқан. Алғаш 1939 — 40 ж. Хорезм археол. экспедициясы (С.П. Толстовтың жетекшілігімен) зерттеген. Осы топқа жататын көптеген мекендердің ішінде үшеуі ерекше көзге түседі. Олардың алғашқысы А.-3 бекінісі. Ол көне Хорезм қ-ның қабырғаларынан кем түспейтін, мұнаралары мен шым-шытырық жолдары көп, мықты қабырғамен қоршалған. Бекіністің ішкі жағында кең сарайлардың орны сақталған. Осыған ұқсас үлкен мекенжай қоныстардың солтүстік-батыс бұрышында да орналасқан. Бұл — Кушан дәуірінде (б.з.д. 3 — 2 ғ.) салынып, 5—7 ғасырда қайта жаңғыртылған А.-2 бекінісі. А.-1 бекінісі Аязқала шоқысының басында, өзгелерден едәуір биікте орналасқан және жақсы сақталған. Қамалдың қақ ортасында төбе тастарын тесіп қазылған құдықтан басқа құрылыс іздері байқалмайды. Бұл құрылыс қала да, мекенжай да емес, мемлекет шекарасының бір бөлігін күзетіп тұрған, Кушан мемлекетінің кішігірім әскери қосыны орналасқан бекіністің қалдығы. Осы бекініс орнында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде темір қанжар, пышақ, найзаның, жебенің ұштары, қоладан, алтыннан жасалған бұйымдар табылды. ## Галерея * * * * * * ## Әдебиеттер * Толстов С. П., По следам древнехорезмийской цивилизации, М., 1948; Толстов С. П., Древний Хорезм, М., 1948.
Аэталар (атта, пугут) — Филиппин аралдарының байырғы халқы. Жалпы саны — 32,7 мың адам. (2002).Олар таулы аймақтарда және Лусон аралының шығысында (эта, атта, агта, балуга, дугамат тайпалары), мамануа және тасадай-манубе Минданао аралының солтүстік-шығысында тұрады. ## Этнонимі Аэта (эта) — тагал тіліндегі термин, ибанагтар оларды атта, илоконостар ита немесе пугут деп атайды. Олар қай тілде сөйлейтініне қарай өздерін атта немесе пугут деп атайды. Аэта антропологиялық тұрғыдан гетерогенді. Сыртқы жағынан, кейбір топтар папуаларға ұқсайды,ал басқалары көрші халықтармен араласқан. ## Нәсілі Австралоид расасының меланезия нәсіліне жатады. Бұл ұлттың барлық өкілдері қысқа бойлы - 155 -160 см, терісі өте қара, шаштары бұйра болып келеді. ## Тілі Малайя-Полинезия тектес тілдердің әр түрлі диалектісінде сөйлейді. Илокано, бисая және тагалог тілдері де жиі кездеседі.Малай-полинезиялық тілдер отбасының Индонезиялық тобының көптеген диалектілерінде Аэта (Агта) жалпы атауымен сөйлейді. Соңғы жылдары олар көршілес филиппиндік халықтардың тілдеріне толығымен дерлік ауысты. ## Діні Олар пұтқа табынушылық культтері мен нанымдарын ұстанады, табиғат рухтарына табынады. Дегенмен, Аэта арасында көптеген христиандар, соның ішінде католиктер мен протестанттар бар. Аэта өмірінде магия маңызды рөл атқарады, ол халықтың қоғамдық өмірінің көпшілігін - болжамды, белгілерді, ырымдарды және т.б. реттейді. ## Кәсібі Негізгі кәсібі – аңшылық, құстарды аулау, жабайы аралардан бал жинау, орман өнімдері, балық аулау, жеміс-жидек терумен айналысады, кейінірек егіншілік дами бастады.Аэта қауымдастықтары аң аулау мен терушілік жұмыстарында әртүрлі құралдарды пайдаланады. Дәстүрлі құралдарға тұзақтар, пышақтар, садақтар мен жебе ұштары әртүрлі арнайы мақсаттарға арналған жебелер жатады. Аэталардың көпшілігі 15 жасында аң аулауға және терушілікке үйретілген, соның ішінде Аэта әйелдері. Балық аулау мен азық-түлік жинаумен де ерлер де, әйелдер де айналысады. Осылайша, гендерлік тұрғыдан алғанда, Аэта қауымдастықтары құрылымы мен практикасы бойынша тең құқылы. Қазіргі заманғы аэталар аң аулау мен ауыл шаруашылығымен, орман өнімдері мен тоқыма бұйымдарын саудалаумен айналысады. ## Өмір салты Қоғамдық өмір салты қарабайыр жүйе деңгейінде сақталды. Тайпалар бірнеше отбасынан тұратын шағын жергілікті топтардан тұрады, олар орманның белгілі бір жерлерінен өздерінің тамақтарын алады. Күніне 2 рет -таңертең және кешке тамақтанады. Отбасы моногамды. Аэталар көшпелі өмір салтын ұстанады және банан ағашымен, пальма жапырақтарымен жабылған уақытша баспана салады. Филиппин үкіметі оларды мейлінше қорғамаған, ал Аэталар мыңдаған жылдар бойы өзгеріссіз қалуда, мәдениеті мен өмір салтына әлеуметтік және экономикалық ауыртпалықтың салдарынан көшпелі жағдайда қалуда. Аңшы-жинаушылар (терушілік) ретінде бейімделу Аэта қауымдастықтарының аман қалуында маңызды рөл атқарады. Бұған көбінесе олар тұратын тропикалық ормандар, олардың аумағы арқылы өтетін тайфундардың циклдері және олардың аймағындағы флора мен фаунаның мінез-құлқына әсер ететін басқа маусымдық ауа райы өзгерістері туралы игергендігі кіреді. Тірі қалудың тағы бір маңызды дағдысы - әңгіме айту. Көптеген басқа аңшы-терушілер қоғамдары сияқты, Аэталар әңгімелер арқылы ынтымақтастық сияқты әлеуметтік құндылықтарды насихаттайды. Сондықтан олар тәжірибелі әңгіме айтушыларды жоғары бағалайды. Денелерін жарақаттау (скарификация) таралған - арқа, қол, кеуде, аяқ, балтыр, іш терісін әдейі жаралайды, содан кейін жараларды отпен, әкпен және басқа құралдармен тітіркендіреді, тыртықтар пайда болады. Басқа «сәндік декорацияларға» тістерді қара түске айналдыру жатады. ### Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Аэта ауылдары бүкіл аралда шашыраңқы орналасқан. Солтүстік-батыста 5 ауыл (Калибо қаласының шетінде, Малай, Ибахай, Баруанга, Баракай ауылдары), оңтүстік-батыста 2 (Анини-и және Дао), шығыста 5 (Баратак-Виехо, Калаван, Сантьяго, Балабан, Балаларын), орталық жазықта 9 (Дакал, Таг-Ау, Аглалана, Мослоб, Анилао, Кабатуан, Камирос, Балагон, Матагот). Кейбір отбасылар көрші ауылдарда да кездеседі. Дәстүрлі тұрғын үйлері - бұл жапырақтармен жабылған бамбук бағаналары бар екі жағы да құламалы шатыр үй. Барлық Аэта елді мекендері ағаштар арасындағы төбелерде орналасқан. Кейде Аэта үйлері бір-біріне жақын орналасқан (Дао, Малай, Анини-и, Калибо және т.б.), кейде «шашыраңқы» және бір-бірінен айтарлықтай қашықтықта және ешқандай тәртіпсіз (Убог, Лининуан, т.б.) орналасқан. ### Дәстүрлі киімдері Олардың дәстүрлі киімдері өте қарапайым. Жас әйелдер алжапқыш немесе белдемше киеді. Егде жастағы әйелдер қабық тінін, ал егде жастағы ер адамдар жамбас таңғышын киеді. Бүгінгі таңда ойпаттық Аэталардың көпшілігі футболкалар, шалбарлар мен резеңке сандалдарды пайдалануда. ### Дәстүрлі тағамдары Дәстүрлі балық шаруашылығымен байланысты тағамның бір көзі – ұлулар. Ұлулар мен мидиялар жергілікті тағам дайындауда үнемі пайдаланылады, сонымен қатар құрлық және өзен ұлулары жиналады, ал теңізден моллюскалар су қайту кезінде алынады.Олар жабайы жануарлардың етін, балықты, балды, жабайы тамыржемістерді, жемістерді жейді, темекі шегеді, бетель шайнайды. Егіншілікке көшуге байланысты олардың диетасына күріш пен ямс кіреді. ### Фольклоры Аэтаның агунга ансамбльдерінің әр түрлі түрлерінен тұратын музыкалық мұрасы бар, олар сүйемелдеуші әуезді аспапсыз шу сияқты әрекет ететін үлкен аспалы гонгтардан тұрады. ## Сілтеме * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Аэталар * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Аэталар ## Дереккөздер
Аяққамыр күмбезі — 12 ғасырдың ақырындағы сәулет өнері ескерткіші. Ұлытау облысы Жезді кентінен солтүстік-батысқа қарай 9 км жерде орналасқан. Орталық Қазақстанның көрнекті ескерткіштерінің бірі болып табылады. Биіктігі 1 м тас іргетастың үстіне 8,10 м х 9,84 м көлемде тік бұрышты жобамен порталды-күмбезді пішінде салынған. Алдыңғы беті П әрпі сияқты жиектеліп, монумент портал түрінде әшекейленген. Кіретін қуыс түзу аркамен жабылған. Күмбезі күйдірілген кірпіштен қаланып, жарты оюлармен әшекейленген тақталармен қапталған. Шаршы негізден бұрыштарын кеміте қалау арқылы күмбез шығарылған. Архитектура құрылымы мен безендірілуі 9 — 11 ғ-лардағы осындай құрылыстарға тән. Аяққамыр мазары шамамен 14-ғасырдағы Құтлық Темір мазары деп аталған деген болжам бар. Аяққамыр мазары Жезді өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан. Аяқамыр мазары жайлы Шоқан Уалиханов өз еңбектерінде атап кеткен болатын. Мазар портальды күмбезді күрделі құрылыстар қатарына жатады. Кесенені алғаш рет 1946 жылы Қазақ ССР ғылым Академиясының Орталық Қазақстан археология экспедициясы зерттеді. /Ә.Х.Марғұлан/1973 жылы ҚазССР Мәдениет министрлігінің экспедициясы өлшеу мен фотофиксация жұмыстарын жүргізді. (М.А.Маманбаев, М.К.Сембин, М.С.Нұрқабаев). Тікбұрышты құрылыс жоспары үш көлемнен тұрады: ғимараттың текшесі, порталы және күмбезі. Құрылысқа 27х27х6см өлшеміндегі кірпіштер пайдаланылды. Сақталған портал бөлігінің биіктігі - 6,75м. Ішкі периметр бойынша жоспардағы өлшемдері: 5,75х5,75. Сыртқы периметр бойынша жоспардағы өлшемдері: 8,0х10,0. Архитектуралық және конструкциялық шешім, құрылыс жұмыстарының сапасы ескерткішті ортағасырдағы Қазақстан территориясындағы тамаша ғимараттардың қатарына жатқызады. ## Дереккөздер ## Библиография * Ә.Х.Марғұлан. Археологические разведки в бассейне реки Сарысу. Вестник АН КазССР, 1947,№7. * Г.Г.Герасимов,Памятник архитектуры долины реки Кара-Кенгир в Центральном Казахстане. Алма-Ата,1957. * М.К.Сембин. Мавзолей Аяк-Камыр /историческая справка/, 1977. Архив НИПМ. ## Сілтемелер * Аяққамыр кесенесі(қолжетпейтін сілтеме) — Archaeology.kz сайтында * Аяққамыр кесенесі YouTube сайтында
Алып қалқаншалылар (лат. Gigantostraca) – буынаяқтылардың толығымен жойылып кеткен класы, палеозой дәуірінде суда тіршілік еткен жыртқыштар. Олардың 200-ге жуық түрі болған, ұзындығы 1,8 м-ге жеткен. Қалдықтары Шотландияның ерте заманнан сақталған қызыл құмынан табылған. Денесі бас-көкіректен және артына қарай жіңішкерген 12 сегментті ұзын құрсақтан құралған. Құрсағы алдыңғы және артқы бөлімдерге бөлінген. Соңғы сегменті аналь қалқаншасына (тельсонға) айналып, тақта, тікенек немесе ине түріне өзгерген. Алдыңғы құрсағында жапырақ тәрізді, 4 жұп желбезек аяқтары болған. Бас-көкірек бөлімі бірігіп, тұтас біткен қалқаншамен жабылған, оның жоғ. жағында қарапайым көзшелері, ал бүйірінде күрделі көздері және 6 жұп аяқтары (хелицералары, яғни 1-ші жұп аяқтары қысқаш тәрізді) жақсы дамыған.
Аяз би Жаманұлы (шамамен XII — XIII ғасыр)Аяз би Жаманұлы — қазақ халқының ежелден елге аты мәшһүр болған, аты аңызға айналып кеткен ақылгөй абыз, шешен, биі. Оның есімі бүгінгі ұрпаққа "Аяз би" ертегісі мен "Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл" дейтін қанатты нақыл сөз арқылы сақталып жеткен. Аяз бидің ғұмырнамасы жөнінде әр түрлі дерек бар. Майқы би Ман баласының шежіресін жазған Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы өзінің "Түп-түқияннан өзіме дейін" ("Жалын", 1993 ж.) дейтін кітабында Аяз биді және оның серігі Құмырсқа батырды "Майқы би дәуірінде өмір сүрген, Майқы Манұлының оң жағында отыратын сенімді ақылгөй билері еді", — деп жазады. Сонда бұл дерек бойынша Аяз би хижра жыл санауынан 711 жылы бұрын туып, 800 жылы дүниеден өткен, Майқы Манұлының замандасы, тұстас боп шығады. Ал зерттеуші Балтабай Адамбайұлының "Алтын Сандық" атты (1989 ж.) кітабындағы шағын мөліметте Аяз би — Хиуа хандығы дәуірінде өмір сүрген тарихи адам деп, оны ХӀ-ХӀӀ ғасырға жатқызады. Бұл - әлі тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселе.Аяз бидің қандай би болғаны, адамгершілік қадір-қасиеті жөнінде қазақ энңиклопедиясында былай жазылған: "Бұрынғы қойшы, кедей Аяз өзінің ақылдылығы, даналығы арқасында уәзір болады. Ол Мадан ханның бірнеше сынынан өтеді. Оған шөп жаманы — қоға, құс жаманы — сауысқан екенін дәлелдеп береді. Ханның тұлпарының сиырға, өзінің қара халыққа шатыстығын айырады. Шартты жұмбағын шешіп, бай қызы Меңді сұлуға үйленеді, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен қүтқарады. Аяздың даналығын, достыққа адалдығын, сертке беріктігін, қайырымдылығын, әділдігін Мадан мойындап, халық қалап, оны хан етіп көтереді".Майқы би өзінің төңірегіне ақылды, дана, би, шешендерді, батыр, балгер, көріпкел әулиелерді көп жинап, олармен ақылдасып отырады. Майқының Әндір, Мәді деген аспан әлемін, жұлдыздар сырын болжайтын білімпаздары болған. Олар аспанға, жұлдыздарға қарап, мал-шаруа жайын, егіншілікке қолайлы мерзімді күні бұрын болжап, халыққа пайдасын тигізеді. Ал Аяз би сияқты дана билеріне өзінің оң жағынан орын береді екен. Аяз бидің Құмырска деген әрі би, әрі батыр жан серігі болыпты. Қайда барса да екеуі жұбын жазбай жүреді. Ол екеуі Майқы бидің сілтеуімен қазылық кұрып, көбінесе ел мен ел арасындағы елшілік, бітімгершілікпен айналысады. Сондықтан да Майқы би Аяз би мен Құмырсқаға көбінесе арқа сүйеп, оларға сенеді екен. Ол екеуімен Майқы би халық тағдыры, ел жағдайы, шаруа қамы жөнінде жиі-жиі ақылдасып, ой-пікір алысып отырады. Кейде дәл жауап айта алмай, шалыс басқан заматта оларға ескерту жасап түзеп, бағыт беріп жібереді екен. Бір жолы ол екеуі жарыса сөйлеп, Майқының алдын кес-кестей беріпті, сонда Майқы би оларға былай депті:Билер бүгін Майқының алдын кесесің, Ертең жұрттың төбесін тесесің. Майқының да айтатын кебі бар, Айтуға аузының да ебі бар. Хан сөзінің қашанда бәрі дұрыс, Әзір сөзімде болмас бүрыс, Ақылым алжыған жоқ,Ондайды болжағам жоқ, Орынсыз ауыз ашсаң, Екі би басарсың шоқ. Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл.Ел арасында "Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл" деген нақыл сөз содан қалса керек. ## Дереккөздер
«Алмагеске түсініктеме» (араб. Шарх әл-Мәджисти), «Қысқартылған Альмагест» — Әбу Насыр Әл-Фарабидің белгілі астрономиялық шығармасы. Птолемейдің «Альмагесін» түсіндіру, өңдеу, кемелдендіру мақсатымен жазылған. Ғылымға белгілі арабша жалғыз қолжазбасы Лондондағы Британ музейінің қорында сақтаулы. ҚР ҒМ–ҒА-да фотокөшірмесі бар. Қолжазба 222 бет, аяғында һижра бойынша 628 жылы көшірілді» деген жазу бар. Бұл еур. жыл есебі бойынша 1231 жылға сәйкес келеді. 13 кітаптан тұрады. Оның бастапқы 5 кітабы орысшаға аударылып, 1975 ж. Алматыда «Ғылым» баспасынан жарық көрді. «Альмагеске Түсініктемеге» кіріспесінде Әбу Насыр Әл-Фараби өзінің бұл еңбекті жазуда алдына қойған мақсат-жоспарын: «Біз ұлы Птолемейдің астрономия жөнінде жазған шығармасы «Альмагестің» мазмұнын түсіндіруге кірісуді мақұл көрдік. Біз мұнда оның сөзінен көп ауытқымаймыз, замандастарымыздың Птолемейден өзгеше әдістерін кейбір жерлерде ғана келтіреміз… Біздің мұндағы көздеген негізгі мақсатымыз – бұл кітаптың мазмұнының көпшілікке барынша түсінікті болуы» деп тұжырымдайды Әбу Насыр Әл-Фараби өз баяндауында Птолемей деңгейінде қалып қоймай, реті келгенде оның кемшілігін көрсетіп, маңызды толықтырулар жасайды. Мысалы, Птолемейдің Күн апогейінің орны жұлдыздарға қатысты қозғалыста болмайды деген пікіріне қарсы шығып, өз бақылауларына сүйеніп, жаңа пайым жасайды. «Алмагеске түсініктеме» шығыс ғалымдарының Птолемейдің аса бай астрономия, математика мұраларын игеруінде үлкен ықпалын тигізді. Мұның айқын дәлелі ретінде әйгілі Әбу Әли ибн Синаның энциклопедия туындысы – «Медет кітабының» астрономия тарауына осы түсініктемелерді өзгертпей, сол күйінде енгізгенін айтуға болады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Комментарии к „Альмагесту“(қолжетпейтін сілтеме)
Аман Байбатырұлы (туған-өлген жылы белгісіз) — 1812 жылғы орыс-француз соғысының батыры, ақын. Орта жүз Найман руының Бура тармағынан. Ресей тарихында Отан соғысы аталатын бұл соғысқа қазақтың Нарынбай Жанжігітов (Георгиев кресінің толық иегері), Майлыбаев, Яков (Жақып) Беляков (шоқынған қазақ), Қарынбай Зындәуітов сынды есімдері белгілі-белгісіз жүздеген батыр жігіттері қатысты. Солардың ішінде Аман башқұрт полкінің құрамында Наполеон армиясымен шайқастарда асқан ерлігімен танылды. Оның есімі, әсіресе, Лейпциг қ. үшін болған ұрыстан кейін кеңінен мәлім болды. Ол ат үстінде ұрыс жүргізу, садақ, қылыш пен найзаны бірдей жақсы меңгеру шеберлігімен батыр жауынгерлер саналды. Орыс деректері Аманды Париж қ-на алғашқылардың бірі болып кіргендердің қатарында атап көрсетеді. 1814 жылы 19 наурызда М.И.Кутузовтың армиясы Парижге салтанатпен енгенде, таңдаулы әскер сапында қазақ сарбаздары Аман мен Жанжігітов те болған. ## Дереккөздер
Аманбай — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүздегі Қоңырат тайпасынан таратылады. Көтеншінің ұрпағы, Қарақұдайбердінің екінші баласы. Қарақұдайбердінің қарындасы Қанымкүл көп уақыт бала көтермей, інісі А-ды бауырына салады. А-дың Қожамберді атты ұлы болған. Қожамберді есейген соң туыстарын іздеп шыққанда атына құйысқан салмай мінеді. Соған орай ел оны “құйысқансыз” деп атап кетеді. Бұл аңыз 19 ғ. зерттеушісі Сайдаққожа Жүсіпұлының бір кезде найман хандығы құрамында болған құрықандардың көптеген түрік тайпаларына сіңіп кеткені туралы дерегіне жақын келеді. Аумалы-төкпелі кезеңдерде құрықандар “құйысқансыз” деген атпен қазақтың Қоңыраттан басқа да Қаңлы, Найман, Жағалбайлы руларының құрамына сіңген. Құйысқансыздардан тарайтын: Арыстан, Дүрет, Тоқтыбай, Кеурек, Бидалы, Қызтуған аталарын “Алты ата Аманбай” деп атайды.
Амангелді - Қостанай облысының Қостанай ауданындағы таратылған ауыл. 1997 жылы Қостанай қаласының құрамына енген. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Затобольский кентінен 13 км жерде, Тобыл өзенінің сол жақ жағасында, қара топырақты дала белдемінде орналасқан. Ең жақын темір жол стансасы - Қостанай қаласы (7 км жерде). ## Халқы Тұрғыны 1,6 мың адам (1997). ## Тарихы 1957 жылы бұрынғы ұжымшар негізінде құрылған «Краснопартизанный» астық және көкөніс-сүт кеңшарының орталығы болды. Ауылда механикалық-жөндеу шеберханасы, көкөніс консервілеу, кірпіш з-тары, орта мектеп, мәдениет үйі, аурухана бар. Ауылдың жанынан Қостанай — Рудный — Жітіқара автомобиль жолы өтеді. ## Дереккөздер
Аманөткел — Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл, Аманөткел ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Арал қаласынан оңтүстікке қарай 96 км жерде, Сырдария өзенінің жағасында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1623 адам (843 ер адам және 780 әйел адам) болса, 2009 жылы 2196 адамды (1087 ер адам және 1109 әйел адам) құрады. ## Тарихы 1962 жылдан балық аулау базасының орталығы болды. Аманөткелде балық аулау бригадасы, Нұртуған атында акционерлік қоғам, орта мектеп, кітапхана, клуб, тұрмыстық қызмет көрсету пункті бар. ## Дереккөздер
Берқайыр Сәлімұлы Аманшин (11.11.1924, Орал облысы Қаратөбе ауданы Батпақкөл ауылы — 17.05.1985, Алматы) — ақын, драматург. 1942-1953 жылдары партиялық қызметте болды. 1953 жылы ҚазПИ-ді бітірген. 1959 жылы Қазақстан Жазушылар одағы Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің жауапты хатшысы болды. 1966 жылдан - «Жұлдыз» журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі, Қазақ КСР Мәдениет министрлігі Өнер басқармасы бастығының орынбасары, «Мәдениет және тұрмыс» журналының әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі. 1974 жылдан - Қазақстан жазушылар одағынның әдеби кеңесшісі. 1985 жылы 17 мамырда Алматыда қайтыс болды. ## Шығармалары * Алғашқы “Өлеңдер” жинағы 1954 жылы жарық көрді. * “Жылқылы ауылда” (1956) * “Бұтақтағы бұлбұлдар” (1958) * “Жетісу—Жайық” (1961) * “Ақбота” (1963) * “Менің өмірбаяным” (1964) * “Маңғыстауым менің ” (1972) * “Ақ жүректер” (1975) * “Жайық желі” (1987) * “Құтты мекен” (1984) өлеңдер мен поэмалар жинақтары * “Жан мұңы” (1968) * “Көкжар” (1973) * “Гүл көтерген” әңгімелер мен повестер кітаптары * “Махамбеттің тағдыры” романы (1987) жарияланды. * “Исатайдың семсері” (1966) * “Таныстық керек” (1968) * “Жылама, Дәмеш” (1972, М.Гершпен бірге) * “Маңғыстау оқиғасы” (1983) пьесалары республикалық, облыстық театр сахналарында қойылған. * Махамбет, Ы.Шөреков шығармаларын жинастырып, жүйелеп бастыруға елеулі еңбек сіңірді. * Л.Н.Толстой, А.С.Пушкин, С.Юлаев, т.б. шығармаларын, көне орыс әдебиеті ескерткіші — “Игорь жорығы туралы жырды” қазақ тіліне аударған (1951, 1985). ## Дереккөздер
Садық Аюкеұлы Аманжолов - Алаш зиялысы, күрескер, қайраткер, Алашорда үкі­ме­ті­нің мүшесі, заңгер. ## Өмірбаяны ### Балалық-шағы 1889 жылы 28 тамызда Жетісу облысы, Верный уезі, Бақай бо­лысында (қазіргі Еңбекшіқазақ ауданы) ауқатты отбасында туған. Ұлы жүздің Қаңлы тайпасы Еңке руынан шыққан. Балалық шағы туған ауылында өтеді. Арманшыл әке Аюке баласынан үлкен үміт күтсе керек, оны жастайынан үлкен істерге дайындап, кесек мінез қалыптастыруына себепші болады. Садық білімге құштар болып өседі. Әкесі оны 1898 жылы Верныйдағы (Алматы) ұлдар гимназиясына оқуға береді. Ол мектепті 1907 жылы бітірген екен. Бірақ өзінің алған білімін қанағат тұтпайды. Еліне адал қызмет ету үшін әлі де көп білім керек еді. Осыны жақсы түсінген ол Қазандағы император университетінің заң факультетіне оқуға түседі. Университеттен өзіне керекті мол білім алады. 1912 жылы университетті тамамдап, елге оралады. Алғашында өз мамандығы бойынша жұмыс істейді. Садық Аюкеұлы 1917 жылға дейін Жетісу облысының (Аягөз, Үржар) заң орындарында қызмет атқарады. Бұл жұмысты ол тындырымды да әділ атқарады. ### Алашорда үкіметінің мүшелігінде 1917 жылы Садық Үржар уезінде қазақ комитетінің төрағасы болады. Садықтың ұлт үшін күрескен өмірінде бұл кездің орны бөлек еді. Осы жұмыста жүріп ол Алаш зиялыларымен жақын танысып, ойы ұшталып, кемелдік түседі. 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынборда бірінші жалпықазақ съезі өткенде, сол съезге Садық та қатысады. Съезге жиналған қазақ зиялыларының ұйғаруымен Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутат болып сайланады. Бұл бірінші жалпықазақ съезіне жиналған қазақ көсемдерінің Садықтың білімі мен біліктілігін бағалап, Бүкілресейлік құрылтайда қазақ халқының мүддесін қорғай алатынына сенгендігі еді. Бүкілресейлік съезде Садықтың өз ұстанымын, ұлтының аманатын қалай қорғағаны туралы дерек жоқ. Съезден кейінгі атқарған жұмыстарына қарағанда Алаш көсемдерінің күткен жерінен шыққаны анық. Садық Бүкілресейлік съезден кейін «Алаш» партиясының жергілікті ұйымдарын құру ісіне араласып, мәнді әрі ауыр міндетті мойнына алады. Жетісу өңірінде Алаш ұйымдарының құрылуы мен оның қызметінің тыңғылықты жүруіне Садық Аюкеұлы бір кісідей тер төкті. 1918 жылғы Екінші жалпықазақ сиезінде Садық Ұлт Кеңесіне мүше болып сайланды. Бұл мәртебелі орын халықшыл азаматтың сенімін бекемдеп, белсенді де пәрменді қызмет істеуіне түрткі болғаны айтпасақ та түсінікті. Садық сол жылғы Жетісуда Алашорда жасақтарын құру ісінде ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түссе керек. Кейін Шыңжаңның Шәуешек қаласында Алашорда жасақтарын құруға жетекшілік етеді. Алашорда көсемдерінің бәрі де өздері үлгі көрсете алатын, жан-жақты жетілген кемел азаматтар еді. Бұл қасиетті Садықтан да көреміз. Ол кезінде әділ заңгер, талантты ұйымдастырушы, білікті басшы болды. Алаш әскері қатарында қолына қару алып, майданға шықты. Кеңес әскерлерімен болған шайқаста ауыр жарақат алған. ### Кеңес үкіметі кезінде Алашорда үкіметі таратылғаннан кейін кеңес үкіметі алашордашыларға біраз уақыт еркіндік бергені белгілі. Сол тұстарда (1923-1930 жылдары) Садық Аюкеұлы Аманжолов Қазақ автономиялык социалистік кеңестік республикасы заң халық комиссариатында қызмет атқарады. Жасынан әлеуметтік қызметпен шұғылданған, кәсіби маман Садықтың бұл жұмысты аса тыңғылықты атқарғанында дау жоқ. Алайда елшілдік бағыт ұстанып, туған халқының азаттығы үшін күрескен азаматтың кеңестік дәуірде қайдан жолы болсын, 1930 жылдардың зобалаңы басталғанда оның да тағдыры тәлкекке түседі. Садық Аюкеұлы Қазақстаннан қуғындалады. Басында жан сауғалап Мәскеуге барады. Алайда Ресей астанасы ұзақ мекен бола алмайтынын түсініп, Бішкекке, одан Ташкентке кетеді. Ол жақта қалай өмір өткізгені туралы нақты дерек аз. 1941 жылы 5 желтоқсанда Ташкентте қайтыс болған. Ұзын да, қысқа да емес, қиындығы мен қызығы бірдей, арманға толы 56 жыл өмір сүріпті. Осы өмірінің ішінде қазақ халқы үшін оның ұлттық мемлекеті - Алашорда үкіметі үшін бір кісідей үлес қосып, елеулі еңбек етеді. ## Дереккөздер
Желінсау (Mastіtіs) — желіннің қабынуы. Көбінесе, сауын сиырларында бұзаулау және суалу кезінде байқалады. Ауру қоздырғышы — стафилококк, стрептококк, диплококк, микрококк бактериялары, микоплазмалар, вирустар мен саңырауқұлақтар. Желінсаудың негізгі себептері: желіннің жарақаттануы, тазалық сақтамау, дұрыс саумау, т.б. Сондай-ақ, аусыл, актиномикоз, күл сияқты жұқпалы аурулар да желінсауға шалдықтырады. Ауру малдың температурасы көтеріліп, жемшөпке тәбеті болмайды, желіні ісініп кетеді. Сауған кезде іртіктелген сүт немесе ірің тәрізді сұйық зат бөлініп шығады. Кейде желінде іріңді ісік жара пайда болады. Желінсаудың жасырын түрінде малдың сүті біртіндеп азая береді және сүттің физикалық-химиялық қасиеті өзгереді. Аурудың өту және көріну белгілеріне қарай серозды, катаральді, фибринозды, іріңді, геморрагиялық желінсау деп бөледі. Бие, қой, ешкі желінсаумен ауырғанда да жоғарыдағыдай белгілер байқалады. Кейде оларда желінсаудың өзгеше түрі дамиды: биеде — ботриомикоз, қойда — іріңді желінсау. Ауру малды клиникалық белгілеріне қарап немесе сүтті лаб-лық тексеру арқылы анықтайды. Тез емдемесе ауру асқынып, желіннен қайтып сүт шықпай қалуы мүмкін. Ауру малды оқшаулап, астына құрғақ төсеніш салады. Құрғақ, құнарлы шөп беріп, желініне майлы дәрі жағып, таңып тастайды. Венасына новокаин қосылған окситоцин енгізеді, бұлшық етіне антибиотиктер мен сульфаниламидтер, желінсауға қарсы препараттар (мастицид, мастикур, т.б.) егеді. Желінсау ауруынан мал шаруашылығына көп зиян келеді, сондықтан ауру тудыратын себептерді алдын ала жойып отыру тиімді. ## Тағы қараңыз * Желінқап * Желін ## Дереккөздер
Амантоғай — Қостанай облысы Амангелді ауданындағы ауыл, Амантоғай ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Амангелді ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 45 шақырым жерде, Торғай өзенінің оң жақ саласы Жалдама өзенінің Қарынсалды саласы құяр тұсындағы жағасында, шөлейт белдемде, Қостанай — Амантоғай автомобиль жолының Арқалық — Амангелді — Торғай автомобиль жолымен түйіскен тұсында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1276 адам (642 ер адам және 634 әйел адам) болса, 2009 жылы 1001 адамды (488 ер адам және 513 әйел адам) құрады. ## Тарихы 1960 жылға дейін ұжымдық шаруашылықтың, 1996 жылға дейін өзі аттас астық кеңшарының орталығы болып келді. Кеңшар негізінде шаруа (фермер) қожалықтары ұйымдастырылды. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, дәрігерлік пункт, мәдениет үйі бар. ## Дереккөздер
Аммосов Максим Кирович (22.12.1897, бұрынғы Якут АКСР, Нам ұлысы, Хатырык айлағы – 1938) — Саханың және Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері. Ұлты – саха. 1915 – 18 ж. Якутскідегі мұғалімдер семинариясында, 1930 – 32 ж. Мәскеудегі Қызыл профессура ин-тында оқыған. 1917 ж. Ақпан және Қазан төңкерістеріне қатысып, Якутияда Кеңес өкіметін орнатысты. Бірнеше мәрте БОАК-нің мүшелігіне сайланды. А. 1932 – 34 ж. БК(б)П Батыс Қазақстан, 1934 – 36 ж. Қарағанды, 1936 – 37 ж. (қаңтар, ақпан айларында) Солтүстік Қазақстан облысы комитеттерінің бірінші хатшысы болды. Аммосов Қазақстандағы жағдаймен бұдан бұрын да таныс еді. 1919 ж. «Правда» газетінде жазған мақаласында: “Қазақтардың жағдайы аса ауыр да аянышты. Колчак бүлікшілері қазақ ауылдарын тонап, малдарын айдап әкетіп, барын тартып алып, өздерін аштыққа ұшыратуда”, – деп көрсетті. 1932 жылдан бастап Қазақстан оның екінші Отанына айналды. Аммосов егін ш-мен қатар мал ш-н өркендетуге, қазақ босқындарын өз мекендеріне қайтарып, баспанамен, жұмыспен қамтамасыз етуге үлес қосты, сондай-ақ сауат ашу, оқу-тәрбие істерін, ел мәдениетін көтеруге назар аударды. Қазақстанда мұнай кәсіпшіліктері мен көмір өнеркәсібінің дамуына да ықпал жасады. Өзі жүрген ортада сыйлы, шарапаты мол, қазақ тілінде таза сөйледі. А.Л. Мирзоян, Т. Рысқұлов, С. Сейфуллинмен жақсы қарым-қатынас жасады. Ф. Голощекиннің қазақтарды қырғынға ұшыратқан саясатына қарсы болды. Жазықсыз қудаланғандарды қорғап, әділдікке шақырды. А. 1937 ж. БК(б) Қырғыз обкомының бірінші хатшысы (наурыз-маусым), Қырғызстан КП(б) ОК-нің және Фрунзе қалалық комитетінің бірінші хатшысы (маусым-қараша) қызметін атқарды. Осы қызметте жүргенде заңсыз айыпталып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болды.
Жем өңірі , Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тауының аралығын, шөлейт белдемдегі Жем үстіртін қамтиды. Каспий синеклизасының Елек-Жем тектоникалық белдемін құрайды. Бетін, негізінен, жоғарғы бор жыныстары жауып жатыр. Кейбір жерлерден палеоген шөгінділерін кездестіруге болады. Жер бедері эрозиялық-денудациялық жазықтыққа жатады. Абсолюттік биіктігі 100 — 300 м. Үстіртті өңірдің батыс шекарасы Каспийдің көне абразиялық жағалауына тіреліп бітеді. Өңірдің солтүстігінде бозғылт қызыл қоңыр, ал оңтүстігінде қоңыр топырақ жамылғысы қалыптасқан. Жусан аралас астық тұқымдас өсімдіктер жамылғысы басымырақ тараған. Жем өңірі — Батыс Қазақстанның негізгі жайылымдық аймағы. Ойыл, Сағыз және Жем өзенінің орта ағысында суармалы егіншілік қалыптасқан. Жем өңірі Қазақстандағы мұнай және газ кендеріне бай аймақтардың бірі. ## Дереккөздер
Жем-Сағыз ескерткіштері — Қазақстанның батысындағы Жем және Сағыз өзендері бойында сақталған қорымдар мен зираттар тобының ғылымдағы ортақ атауы. Бұл ескерткіштер Маңғыстау мен Үстірт ескерткіштеріне ұқсас. Кейбір қорымдар орта ғасырда, яғни 14 — 15 ғасырларда салынған, соның бірі — Ұшқан ата кесенесі. Ал қалған ескерткіштердің негізгі бөлігі 18 ғасыр мен 20 ғасырдың бас кезінде тұрғызылған. Бұларға Қарашұңғыл, Бақашы әулие, Асанқожа қорымы, Қарасақал қорымы, Дауымшар қорымы, Алып ана қорымы, Әбілдә қазірет, Қос Сағыр, Бір Сағыр, т.б. жатады. 19 ғасырда көптеген қорымдар жанына мешіттер салынған. Ақмешіт — Құлжан, Дүйсеке ескерткіштері осының айғағы. Солтүстікке таман орналасқан Жем — Сағыз тобындағы мазарлар, сағана тамдар, шағын сәулет үлгілері тасты қашаудың батыс қазақстандық әдісімен тұрғызылған. Ал солтүстікте мұндай ескерткіштер кездеспейді, тек ішінара қашап жасалған құлпытастар мен ерекше түрдегі тас молалар ғана бар. ## Дереккөздер
Жемсау (іngluvіes) — көптеген омыртқасыз жануарлар (моллюскілер, құрттар, жәндіктер) мен құстардың (тауықтар, көгершіндер, тотықұстар, т.б.) өңешінің кеңейген жері. Жемсау жануарлардың жемін уақытша сақтау, аздап қорыту, кейде өңдеу қызметін атқарады. Құстардың жемсауы бұғана сүйегінің үстінде орналасады. Жемсаудың ішкі беті көп қабатты жалпақ эпителий клеткаларымен астарланған. Кілегей қабықтың дәнекер қабатындағы ішкі секреция бездері ферментсіз шырыш бөледі. Жемсауда қоректік заттар азық пен сілекей құрамындағы және микроорганизмдер бөлген ферменттердің әсерінен қорытылады. Мыс., бал арасының жемсауында сілекей безі ферментінің әсерінен гүл шырынынан бал түзіледі. Жыртқыш құстардың жемсауында жемнің қорытылмаған қалдықтары (сүйек, жүн, қауырсын, т.б.) жиналады, бұларды олар құсып тастайды. Кептер балапан шығарған кезінде жемсауының эпителий клеткасы қалыңдап, майланып, ішкі секреция бездерінен бөлінген арнайы заттармен жем араласып, ақшыл сұйық зат (жемсау сүті) түзіледі, олармен балапандарын қоректендіреді. Шөлді жерлерді мекендейтін бұлдырықтар жемсауымен балапандарына су тасиды. ## Дереккөздер
Жемтүсу — жылқы тұяғының іріңсіз қабынуы. Бұл жылқыда ғана болатын ауру. Екі алдыңғы не екі артқы тұяғына, кейде төрт тұяғына жем түседі. Алдыңғы тұяғы ауырса жүрелеп көсіледі, артқы тұяғы ауырса бүрісіп, аяғын бауырына тартады. Ауру жылқы басын, мойнын көтере алмайды. Тұяғының қызуы көтеріледі. Жемтүсу ұзаққа созылса, тұяқтары бүрісіп қалады. Аурудың негізгі себептері: қатты шауып, алқынып еті қызған жылқыны кенет салқындату, ыстықтай суық суға шомылдыру, құрамында азоты көп (бидай, қара бидай, көк жоңышқа) және шіріген, көгерген, үсіген жемшөп беру. Ауыр жүкпен қиын, таулы жолда ұзақ жүру де бұл ауруды туғызуы мүмкін. Емі: алғашқы 2 — 3 күн тұяқтарын суық суға езілген сазға батырады; ауру аяғын жіліншігінен төмен қарай ысқылайды; іш жүргізетін дәрі-дәрмек береді. ## Дереккөздер
Жемдорба — атқа жем беру үшін қолданылатын, кенептен, қалың матадан, талдырып басқан жұқа киізден тігілген бауы бар дорба. Оны "атдорба" деп те атайды. ## Дереккөздер
Жемшөптік ауыспалы егіс — жемшөптік дақылдар өсірілетін ауыспалы егістің бір түрі. Жемшөптік ауыспалы егіс ферма жанындағы, шабындық-жайылымдық, топырақты бекітетін болып үш түрге бөлінеді. Ферма жанындағы жемшөптік ауыспалы егіске, көбінесе, тамыржемісті дақылдар мен бір жылдық шөптер егіледі. Жемшөптік ауыспалы егістің бұл түрі фермаға жақын жерге орналастырылады. Шабындық жайылымды жемшөптік ауыспалы егістің негізгі мақсаты — малды үстеп қоректендіретін көк шөппен және пішенмен қамтамасыз ету. Топырақты бекітетін жемшөптік ауыспалы егісте, көбінесе, көп жылдық шөптер егіледі. Бұл эрозияға шалдыққан жерлерде қолданылады. Жемшөптік ауыспалы егісті жоспарлағанда шаруашылықтың бағытын ескеру керек. Мыс., мал бордақылайтын шаруашылық жемшөптік ауыспалы егісіне жемді мол алатын жемшөптік дақылды (екпе шөптер, тамыр-түйнекті көкөністер, т.б.), ал төл өсіретін шаруашылық белогы көп дәнді бұршақ дақылдарын (бұршақ, үрмебұршақ, т.б.) егеді. Қазақстанның бірқатар аудандарында жемшөптік ауыспалы егіске күнбағыс, дәнді бұршақ дақылдары егіледі. ## Тағы қараңыз * Жемшөп ## Падаланылған әдебиеттер
Женттас, брекчия (итал. breccіa — сынық) — шөгінді тау жынысы; әр түрлі жыныстардың сынықтарының кесектелуінен (цементтелуінен) пайда болады. Женттас кесектерінің ірілігіне қарай жақпартасты (ірілігі 1 м-ден асатын), дөңбектасты (10 — 100 см) және малтатасты (1 — 10 см) болады. Кесектердің арасын құм, алеврит түйірлері, сазды, кремнийлі, карбонатты, темір гидроксидті материалдар толтырады. Олар түзілу тегіне қарай шөгінді, карсты, химиялық, жанартаулық және тектоникалық болып бөлінеді. Женттастың кейбір түрлері кен орындарын іздеу белгісі болып табылады. ## Тағы қараңыз * Жентектас ## Дереккөздер
‎‎ Жемсу бөгені — Атырау облысының Жылыой ауданындағы бөген. ## Гидрологиялық сипаты Бөгетінің ұзындығы 5,6 км, биіктігі 16 м. Бөгеннен ұзындығы 157 км арна басталады. Жемсу бөгені мұнай кәсіпорындарын, Мақат, Қоңырат темір жол бекеттерін, ұжымшар, кеңшар орталықтарын, Құлсары жылу электр станцияларын сумен қамтамасыз етеді. Шаруашылықтың 10 мың га жері суаруға және 20 мың га-дан астам жері суландыруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Жеңге— туыстық атау; ағаның әйелі. Бірге туған бауырлардың жасы үлкенінің әйелі іні-қарындастарына жеңге болады. Қазақ халқының дәстүрінде жақын болмаса да, өзінен үлкеннің әйелін жеңге деп атай береді. Кейде жеңгенің қайны, қайынсіңлілерінен жасы кіші болуы да мүмкін. Жасы үлкендер үшін келін, кішілері үшін “ жеңге” аталатын бұл адамның ауыл, үй, тәлім-тәрбие үшін орны ерекше. Ол, әсіресе, өзінен кіші қайнылары мен қайынсіңлілері үшін әзіл-қалжыңы араласа жүретін сүйкімді де сыйлы адам. Жеңге дастарқан басында бұлардан төмен отырады. Абысындардың кішісі үлкенін, жасы кіші, туыстығы жақын ер адамдар жеңгесін жеңеше деп атайды. ## Дереккөздер
Жеңгетайлық— 1) қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрпындағы қыз бен жігіттің арасына дәнекерлік жасайтын іс-әрекет. Бір-бірін ұнатып, отбасы құруға дайындалып жүрген жастардың арасында жеңгетайлық жасауды қыздың немесе жігіттің жеңгелері атқарады. Кей уақытта бұл қызметті олардың өзге жақын адамдары да көрсетуі мүмкін. Екі жас қосылған жағдайда жеңгетайлық жасаушы сый-сыяпат алып, түрлі құрметке бөленеді. Алайда біреудің отбасына нұқсан келтіре отырып, зинақорлық жасау мақсатында жеңгетайлық ету де кездеспей қалмаған. Мұндай жағдайда қылмысы дәлелденген зинақорлық жасаушы өлім жазасына дейін кесіліп, оған көмектесіп, жеңгетайлық қызмет атқарушы адам ел алдында масқараланатын болған2) жезөкшелікпен айналысуға арналған топтар мен арнаулы орындарды ұйымдастырып, зинақорлық жасаушы адамдарды өзара кездестіретін, сол арқылы пайда табуды көздейтін қылмыстық іс-әрекет. Күш қолдану немесе күш қолданбақшы болып қорқыту, тәуелді жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкін жою, не алдау жолымен жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу арқылы жеңгетайлық жасау — ауыр қылмыстар қатарына жатқызылады. Қазақстанда осындай жолмен жеңгетайлық жасаушы азаматтар Қылмыстық кодекстің 270- және 271-баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады; . ## Дереккөздер
Берен — жебенің бір түрі. Ауыз әдебиетіндегі деректерде бұл оқты батырлар қарсыласының сауытына басқа оқ өтпегенде қолданған. Береннің ұшы үшкір болып, қырланып соғылған; Берен — атқанда жарылмас үшін оқпаны асыл болаттан соғылып жасалған көне мылтықтың ауыз әдебиетінде кездесетін бір атауы. Береннің болаттан соғылғанын мылтықтың оқпанындағы өрнегінен айырады. Берен ,берен сауыт, береңгілі сауыт -сауыттың бір түрі, болат темірлі сауыт деген ұғымды білдіреді. Тері, матаға болат, темір тақталарды шегелеп, қатарлап бекіту арқылы жасалған. Сақ, сармат, түркі әскерлерінің бір бөлігі осындай сауыт киген жауынгерлерден құралган. Үлкен темір тақталар иілуге мүмкіндік бермейтін болғандықтан берен кеу- деше түрінде тұтас жасалынып, бастан сыпырыла шешіліп киілген, баумен байланған. Іштен шегеленгендіктен болат тақталардың ара-жігі ашылмай, денеге қару өткізбейтін берік болган. Шығыстан ауысқан бұл сауыт түрін Еуропада «бригандина» деп атаган. Кейде береннің иықтары мен етегін аң терілерімен жиектеген. Сауыттың тысына қымбат, әдемі маталар қапталғандықтан аса сәнді көрініп, көбінесе, хандар, қолбасшылар киген. Беренді негізінен, жұқалау кіреуке, қат- тама сауыттардың сыртынан киген. «Айбынды ерлер көп өтті, Кіреуке киген, беренмен» (Ақтамберді) деген жырдағы берен осы отты қару пайда болып, ауыр қаруланған атты әскер таратылғаннан кейін, берен де қолданыстан шығып қалды. ## Дереккөздер
Александр Әліпқанұлы Жеңсікбаев — ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1981), професор (1982), ҚР Ұлттық ғылым академиясының коррeспонденттік мүшесі (1995). ## Қысқаша өмірбаяны 1970 - Днепропетровск мемлекеттік университетін;1973 - аспирантурасын бітірген;1973 — 74 ж. сонда ассистент;1974 — 76 ж. ҚазМУ-де аға оқытушы;1976 — 81 доцент;1981 — 94 және 1997 —98 кафедра меңгерушісі ; 1994 — 97 ж. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігінің Алматы жоғары техника училищесі бастығының орынбасары; 1997 — 2000 ж. Қазақстан Республикасы Жоғары аттестациялық комиссиясының төрағасы болды. ## Еңбектері Негізгі ғылыми еңбектері функциялар теориясы мен функционалдық талдау (анализ) саласына арналған. Александр Әліпқанұлы Жеңсікбаев жүргізген зерттеулердің нәтижесінде үздіксіз және дифференциалданатын функциялардың жуықтауы интерполяциялық сплайн арқылы дәл бағаланды. Соболев класындағы функциялардың өте тиімді квадратуралық формуласы жөніндегі белгілі Колмогоров-Никольский есебі шешілді. Сплайндар үшін алгебраның негізгі теоремасы дәлелденді. Дәл және дәл емес ақпараттар бойынша көп айнымалылы функциялардың әр түрлі кластары үшін операторларды қалпына келтірудің тиімді тәсілдері алынды. Ленин комсомолы сыйлық лауреаты (1978). “Құрмет Белгісі” орденімен марапатталған. ## Шығармалары * Моносплайны минимальной нормы и наилучшие квадратурные формулы * “Успехи математических наук”, 1981, т. 36, №4 (220); * Сплайн-аппроксимация и оптимальное восстановление операторов, Математический сборник”, 1993, т. 184, №12. ## Дереккөздер
"Жең ұшынан жалғасу"' — жұртқа дабыра етпей өз мақсаттарына, мүдделеріне сай жасырын келісу. Ертеректе базардың ішінде сатушы мен алушыны кездестіріп, мәмілеге келтіруші адамды делдал деп атаған. Сатушы мен алушыны келісімге келтіру үшін делдал олардың жеңінің ішінен қол сұғып жіберіп, саусақтарды ұстап, бүгіп-жазу арқылы түрлі ишара білдіріп, айтатын санын сатушыға да, алушыға да көрсетпей келістіреді. Міне, осыны "жең ұшынан жалғасу" деп атаған. Кейін дәстүрлі қазақ қоғамындағы жесір дауы, жер дауы кезінде, екі жақтың беделді билері мен ақсақалдары өзара астыртын бітімге келіп, өздеріне тиісті үлесін алған соң, істі дабырайтпай тындыра салатын болған. Мұны да "жең ұшынан жалғасу" деп атап, ымыраға келтіруші, бітістіруші адамдар пайда тапқан. Барлығының әркім үшін және әркімнің барлығы үшін жауапкершілігі; қазіргі кезде, әдетте жағымсыз істерде өзара бүркеуді белгілеу үшін қызмет етеді. ## Дереккөздер
Жентектас, гравелит — шөгінді тау жынысы; тығыздалып қатайған қиыршақ тас. Жентектас құрамындағы қиыршық тас ірілігі 2 — 10 мм. Жентектас қабаттары өткен геологиялық дәуірлерде Жер қыртысының тік бағытта қозғалыста болғандығын, көне жыныс қабаттарының мүжіліп жер беті суларымен жуылып-шайылғандығын, саяз сулы бассейнде шөккендігін көрсетеді. Жентектас құрылыс материалы ретінде пайдаланылады. ## Тағы қараңыз * Женттас ## Дереккөздер
Астана арландары (Astana Arlans) — Дүниежүзiлiк бокс сериясы шеңберінде өнер көрсететін алматылық (Астанада алғашқы екі маусым Астанада негізделген) Қазақстан бокс клубы. Астанада 2013 жылдың 10-11 мамыр күндері өткен Дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) бәсекесі финалында "Украина атамандары" командасын ұтып, чемпион атанды. Қазақстандық "Астана Арландары" Қазақстан Бокс Федерациясының жеке меншігінде. Ал Қазақстан Бокс Федерациясы болса, Қазақстандағы Ұлттық Спорттың басқарушы органы болып табылады. Ал Арлан деген атау, еркек қаскырдың атауы яғни, еркек қасқыр, қасқырлар тобырының басы ретінде, әрі ақылдылығы, күштілігі жане батырлығының арқасында мыңдаған жылдыр бойы Көшпенді халықтардың құрметіне ие болған жыртқыш аң. Бұл команда, өз ісіне ден бере кіріскен шеберлердің , яғни, Басқарушы Директор Болат Мәнкенов және Бас Жаттықтырушы Сергей Корчынскийдің қол астында. Бұл команда, Мемлекеттің жеке меншігіндегі газ және мұнай өндірісімен айналысатын ҚазМұнайГаз және KEGOC компанияларының спонсорлығында. Арландар, сондай- ақ nur.kz және sports.kz сияқты медия партнерлер және көптеген спорт және басқа да сауықтыруға негізделген ұлттық интернет порталдарымен бірлесе жұмыс жүргізеді. Екінші кезеңнің (Season 2)бастапқы кезеңінің финалистерінің бірі WSB-дің екі дүркін Дүние жүзілік чемпионы атанған Итталияның Найзағайы (Thander) командасының үздіктерінің бірі Сергей Деревянченконы осы жазда Арландар өз командасының қатарына ауысуына мұрындық болды. Команданың жалпы құрамы 9 елден келген 32 интернационал боксшыдан құралған Арландардың 2013 жылы өздерін өте жақсы қырынан көрсетүге барлық мүмкіндіктері бар. Бас Бапкер Сергей Корчынский, бұған дейін Ресей жасөспірімдер командасында Николай Хромовтың басқаруымен екі жыл жаттықтырушы қызметін, кейін Украинаның Олимпиядалық Бокс командасындасында, одан кейін Италияда Ұлттық команда мен Италияндық Найзағай командаларының ортасында бапкерлік қызметін атқарған. Осы жылдан бастап, Арландардың бас бапкері ретінде Арландардың басқа да бапкерлері: Бейбіт Ессжанов (Қазақстан), Олег Ковальчук (Қазақстан), Виктор Демьяненко (Қазақстан) және Leonard Pijertajпен (Хорватия) бірлесе жұмыс атқаратын болады. 2010 жылдан бері (2012 жылға дейін Астанада негізделген) өнер көрсетеді. ## 2012-2013 маусымы Бұл маусымда Арландар өз тобында бірінші орын алып, ширек финалда Аргентинаны 7-3 есебімен, ал жартылай финалда Мексиканы 8-2 есебімен тізе бұктірді. Астана қаласында өткен финалда екі күнгі жалпы есепте 6-5 есебімен Украина атамандарын жеңіп үшінші маусым жңімпазы атанды. ### Құрамы Бапкерлер:Клуб бас бапкері — Сергей Корчинский, басқа бапкерлер — Бейбіт Есжанов, Олег Ковальчук және Виктор Демьяненко ## 2011-2012 маусымы Бұл маусымда Арландар клубы WSB-дың осы жылғы форматына сәйкес А тобында Милан, Мәскеу, Мумбай, Тайланд және лос Анжелес клубтарымен өнер көрсетті. Осы топта бірінші орын үшін Милан және Мәскеу клубтарымен тартысып топтық кезеңде үшінші орын алып плэйоффтық кезеңде Б тобында екінші орын алған Мехико клубын 6-4 есебімен тізе бүктіріп жартылай финалға Мәскеу Динамосына шықты. Жалпы есепте дәл топтық кезеңдегідей Мәскеу Динамо клубына 3-7 есебімен ұтылды. Осындай жеңілістен кейін клуб директоры Болат Мәнкенов отставкаға кетті. ### Құрамы ## 2010-2011 маусымы Бұл маусымда Азия тобында тек Баку Оттары клубына ғана 3 мәрте есе жіберіп, біреуінде таза 5-0 есебімен ұтады, ал басқа жекпе жектерін ұтқанының арқасында WSB ақтық сынына екінші орындардағы клубтар арасындағы ең мықтысы ретінде өтеді.Жартылай финалда Лос Анжелес мотадорларын жалпы есепте 7-3 есебімен ұтып (соның екеуін нокаутпен) финалға шықты.Ал Қытайда өткен финалда жалпы 4-6 есебімен Біріккен Париж клубына ұтылып осы маусымның күміс жүлдесіне ие болды. ### Құрамы ## Сілтемелер * «Ел арна». Коментатор Асхат Сағынаев көп қателеседі * Ресми торбеті * Астананың «Арландары» Мумбайдың «Жойғыштарын» талап тастады(қолжетпейтін сілтеме) * БІЗДІҢ АРЛАНДАР АМЕРИКАЛЫҚТАРДЫ ТАС-ТАЛҚАН ЕТІП ЖЕҢДІ(қолжетпейтін сілтеме) * "Арландар" Алаштың мықтылығын әлемге мойындатуда(қолжетпейтін сілтеме) * «Арландар» абыройымызды асқақтатты!(қолжетпейтін сілтеме) * Арландар мексикалықтарды зорға жеңді(қолжетпейтін сілтеме) * Астана Арландары үшін финалға барар жол жабылды Мұрағатталған 2 маусымның 2012 жылы. ## Дереккөздер
Астана арландары (Astana Arlans) — Дүниежүзiлiк бокс сериясы шеңберінде өнер көрсететін алматылық (Астанада алғашқы екі маусым Астанада негізделген) Қазақстан бокс клубы. Астанада 2013 жылдың 10-11 мамыр күндері өткен Дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) бәсекесі финалында "Украина атамандары" командасын ұтып, чемпион атанды. Қазақстандық "Астана Арландары" Қазақстан Бокс Федерациясының жеке меншігінде. Ал Қазақстан Бокс Федерациясы болса, Қазақстандағы Ұлттық Спорттың басқарушы органы болып табылады. Ал Арлан деген атау, еркек қаскырдың атауы яғни, еркек қасқыр, қасқырлар тобырының басы ретінде, әрі ақылдылығы, күштілігі жане батырлығының арқасында мыңдаған жылдыр бойы Көшпенді халықтардың құрметіне ие болған жыртқыш аң. Бұл команда, өз ісіне ден бере кіріскен шеберлердің , яғни, Басқарушы Директор Болат Мәнкенов және Бас Жаттықтырушы Сергей Корчынскийдің қол астында. Бұл команда, Мемлекеттің жеке меншігіндегі газ және мұнай өндірісімен айналысатын ҚазМұнайГаз және KEGOC компанияларының спонсорлығында. Арландар, сондай- ақ nur.kz және sports.kz сияқты медия партнерлер және көптеген спорт және басқа да сауықтыруға негізделген ұлттық интернет порталдарымен бірлесе жұмыс жүргізеді. Екінші кезеңнің (Season 2)бастапқы кезеңінің финалистерінің бірі WSB-дің екі дүркін Дүние жүзілік чемпионы атанған Итталияның Найзағайы (Thander) командасының үздіктерінің бірі Сергей Деревянченконы осы жазда Арландар өз командасының қатарына ауысуына мұрындық болды. Команданың жалпы құрамы 9 елден келген 32 интернационал боксшыдан құралған Арландардың 2013 жылы өздерін өте жақсы қырынан көрсетүге барлық мүмкіндіктері бар. Бас Бапкер Сергей Корчынский, бұған дейін Ресей жасөспірімдер командасында Николай Хромовтың басқаруымен екі жыл жаттықтырушы қызметін, кейін Украинаның Олимпиядалық Бокс командасындасында, одан кейін Италияда Ұлттық команда мен Италияндық Найзағай командаларының ортасында бапкерлік қызметін атқарған. Осы жылдан бастап, Арландардың бас бапкері ретінде Арландардың басқа да бапкерлері: Бейбіт Ессжанов (Қазақстан), Олег Ковальчук (Қазақстан), Виктор Демьяненко (Қазақстан) және Leonard Pijertajпен (Хорватия) бірлесе жұмыс атқаратын болады. 2010 жылдан бері (2012 жылға дейін Астанада негізделген) өнер көрсетеді. ## 2012-2013 маусымы Бұл маусымда Арландар өз тобында бірінші орын алып, ширек финалда Аргентинаны 7-3 есебімен, ал жартылай финалда Мексиканы 8-2 есебімен тізе бұктірді. Астана қаласында өткен финалда екі күнгі жалпы есепте 6-5 есебімен Украина атамандарын жеңіп үшінші маусым жңімпазы атанды. ### Құрамы Бапкерлер:Клуб бас бапкері — Сергей Корчинский, басқа бапкерлер — Бейбіт Есжанов, Олег Ковальчук және Виктор Демьяненко ## 2011-2012 маусымы Бұл маусымда Арландар клубы WSB-дың осы жылғы форматына сәйкес А тобында Милан, Мәскеу, Мумбай, Тайланд және лос Анжелес клубтарымен өнер көрсетті. Осы топта бірінші орын үшін Милан және Мәскеу клубтарымен тартысып топтық кезеңде үшінші орын алып плэйоффтық кезеңде Б тобында екінші орын алған Мехико клубын 6-4 есебімен тізе бүктіріп жартылай финалға Мәскеу Динамосына шықты. Жалпы есепте дәл топтық кезеңдегідей Мәскеу Динамо клубына 3-7 есебімен ұтылды. Осындай жеңілістен кейін клуб директоры Болат Мәнкенов отставкаға кетті. ### Құрамы ## 2010-2011 маусымы Бұл маусымда Азия тобында тек Баку Оттары клубына ғана 3 мәрте есе жіберіп, біреуінде таза 5-0 есебімен ұтады, ал басқа жекпе жектерін ұтқанының арқасында WSB ақтық сынына екінші орындардағы клубтар арасындағы ең мықтысы ретінде өтеді.Жартылай финалда Лос Анжелес мотадорларын жалпы есепте 7-3 есебімен ұтып (соның екеуін нокаутпен) финалға шықты.Ал Қытайда өткен финалда жалпы 4-6 есебімен Біріккен Париж клубына ұтылып осы маусымның күміс жүлдесіне ие болды. ### Құрамы ## Сілтемелер * «Ел арна». Коментатор Асхат Сағынаев көп қателеседі * Ресми торбеті * Астананың «Арландары» Мумбайдың «Жойғыштарын» талап тастады(қолжетпейтін сілтеме) * БІЗДІҢ АРЛАНДАР АМЕРИКАЛЫҚТАРДЫ ТАС-ТАЛҚАН ЕТІП ЖЕҢДІ(қолжетпейтін сілтеме) * "Арландар" Алаштың мықтылығын әлемге мойындатуда(қолжетпейтін сілтеме) * «Арландар» абыройымызды асқақтатты!(қолжетпейтін сілтеме) * Арландар мексикалықтарды зорға жеңді(қолжетпейтін сілтеме) * Астана Арландары үшін финалға барар жол жабылды Мұрағатталған 2 маусымның 2012 жылы. ## Дереккөздер
Ергени , Ергене — Ресейдің Волгоград, Ростов облыстары мен Қалмақ Республикасы аумағында орналасқан қырат. өз. 350 км, ені 20 — 50 км, абсолютiк биіктігі 221 м. Саз, әктас, құмтас аралас шөгінділерден түзілген. Шығыс беткейі тік жар, батысы көлбеу келген. Жусан, боз, бетеге, шығыс беткейіндегі жыраларда тал, емен, шегіршін, көктерек өседі.
Әбубәкір Ерекешов (10 қараша 1946 жылы туған, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Көзжетпес ауылы) — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (2001). Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген (1970). 1972 — 74 ж. Алматыдағы 1-қалалық балалар ауруханасында хирург, бас дәрігер (1988 — 91), 1974 — 88 ж. облыстық балалар ауруханасында хирург, бөлім меңгерушісі (1977 — 85), бас хирург (1985 — 88), 1991 — 95 ж. Қазақ ұлттық медицина университетінде ассистент, доцент болып жұмыс жасады. 1995 жылдан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау агенттігіне қарасты Дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында курс меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері балалар травматологиясына арналған. Ерекешов иық сүйектері (тоқпан жілік, асық жілік), қол-аяқ сүйектері зақымданған балаларды, ұршығы шығып кеткен (іштен туа біткен) нәрестелерді, бауырда болатын жылауық құртты, перитонитті хирургиялық жолмен емдеу тәсілдерін және жедел қабыну салдарынан болатын өкпенің тесілуін алдын алатын жаңа хирургиялық емдеу жолдарын ұсынды. Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1999). ## Дереккөздер
Жақан Сүлейменұлы Ержанов (10 ақпан 1922 ж., Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қарабұлақ ауылы – 27 ақпан 2003 ж., Алматы қаласы) – техника ғылымдарының докторы (1963), профессор (1969), Қазақстан Ғылым Академиясының (1970) және Қазақстан Республикасы Инженерия академиясының (1993) академигі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1971). Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан. Қазақ кен-металлургия институтын (1944, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) Қазақстан Ғылым Академиясының аспирантурасын (1947) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Кен ісі институтында инженер (1942–44), кіші ғылыми қызметкер (1947–49), ҚазМУ-да (1949–51, қазіргі ҚазҰУ) аға оқытушы, Днепропетровск кен институтының доценті (1951–60), Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика секторында лаборатория меңгерушісі, Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика институты директорының орынбасары және бөлім меңгерушісі (1960–68), Қазақстан Ғылым Академиясы Төралқасының Бас ғылыми хатшысы (1968–76), Қазақстан Ғылым Академиясы Сейсмология институтының директоры, Қазақстан Ғылым Академиясының Жер жөніндегі ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы (1976–86), Қазақстан Ғылым Академиясы Математика және механика институтында (1987–91, қазіргі Теория және қолданбалы математика институты), сондай-ақ 1991 жылдан Механика және машинатану институтында лаборатория меңгерушісі (1991–2003) болып қызмет атқарған. Оның негізгі ғылыми еңбектері жер механикасына, жер асты құрылыстарының беріктігі мен орнықтылығын және сейсмикалық төзімділігін есептеу әдістеріне, жер қойнауындағы сейсмикалық процестерді математикалық модельдеуге, жер қабаты қатпарлануының математикалық теориясына, жердің тектоникалық даму механикасына, жердің айналуының жалпы теориясына, т.б. арналған. Ержанов 360-тан астам ғылыми-зерттеу еңбектің, оның ішінде 38 монографияның авторы. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1974). Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Сыртқы сілтемелер http://www.math.kz/erjanov.htm Мұрағатталған 16 қаңтардың 2008 жылы. ## Дереккөздер
Борис Гиршевич Ерзакович (5 қазан 1908 жыл, Астана — 2 мамыр 1997 жыл, Алматы) — музыка зерттеушісі, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1945), Қазақстан Ұлтыық Академиясының корреспонденция мүшесі (1967), өнертану ғылымдарының докторы (1966), профессор (1970). ## Өмірбаяны * Алматы консерваториясын бітірген (1949). * Еңбек жолын 1931 жылы Қазақ радиосының музыка редакторы қызметінен бастаған Ерзакович қазақ халық музыкасын жинап, зерттеумен айналысты. * 1938 — 43 жылдары Қазақстан Халық комиссарлары кеңесі жанындағы өнер істері басқармасында музыка бөлімін басқарды. * 1945 — 58 жылдары Қазақстан Ұлттық Академиясы өнертану секторының меңгерушісі * 1961 — 68 жылдары Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі * 1968 — 86 жылдары осы институтта музыка бөлімінің меңгерушісі болды. ## Өнертану саласындағы еңбегі Ерзакович — қазақ музыка өнерінің тарихы туралы іргелі еңбектердің авторы. Ғалымның зерттеуінде қазақ музыка мәдениетінің барлық түрі мен бағыты (фольклоры, халық композиторларының шығармалары, Қазақстанның кәсіби музыкасы, қазақ музыкасының басқа ұлт өнерімен байланысы, т.б.) қамтылған. Ол 20-дан астам монографиялар мен кітапшалар, 200-дей мақалалар мен очерктер, Абайдың және халықтық кәсіби әнші-композиторлар, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ және басқалардың шығармаларын қамтитын 12 музыкалық-этнографиялық жинақтар жазды. Ерзакович ғылыми-зерттеу жұмыстарын композиторлық-шығармалық және ұстаздық-педагогтік қызметтерімен ұштастырды. Кәсіби музыка жанрларын дамытуға үлес қосып, вариациялар, фортепианолық пьесалар, симфониялық поэмалар мен увертюралар, сонаталар, ән, романстар мен хорлар жазды. 200-ге жуық халық әндерін түрлі оркестр, ансамбльдер мен жеке дауысқа лайықтап нотаға түсірді. “Амангелді”, “Мылтықты адам”, “Абай”, “Алма бағында”, “Шоқан Уәлиханов” сияқты спектакльдерге музыка жазды. ## Марапаттары * Еңбек Қызыл Ту * “Құрмет белгісі” ордендерімен, медальдермен марапатталған. ## Сыртқы сілтемелер * Ерзакович Борис Гиршевич ## Дереккөздер
Ерден батыр - хикая. Ерден (Ерден Сандыбайұлы) деген батыр жігіттің ерлік істері, шешендігі баяндалады. Шығарма жеті әңгімеден турады. Алғашқы екі әңгіме Ерден батырдың қалай батыр атанып, найзагерлікпен көзге түскенін сиппаттаса, үшінші әңгімеде батырдың Қоқан хандығын шабуы, төртінші әңгімеде Сағымсары деген атының дауы, бесінші әңгімеде Ерден батырдың Дүтбай батырды абақтыдан босатып алуы, алтыншы әңгімеде батырдың Аққошқармен ерегісі және губернатордан айыпсыз құтылуы, жетінші әңгімеде батырдың атақты Шорманның алдында сыннан өтіп аға сұлтан, болыс болуы суреттеледі. Қара сөзбен баяндалған бұл хикаяны жазушы С.Шәріпов ауыз әдебиетін жинаушы жезқазғандық Ә.Наурызбаевтан жазып алып, "Жаңа әдебиет" журналының 1929 ж. №1 санында жариялаған. ## Дереккөздер <
Мәдина Есмалайқызы Ералиева (2 тамыз 1954, Қызылорда облысы Қазалы ауданы — 27 қараша 2000, Қызылорда облысының Майлыбас қиылысы маңындағы Арал-Ташкент тас жолында жол апатынан қайтыс болды) — кеңестік және қазақ эстрадасының халық әншісі, мұғалім. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі (1990), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі (1991). ## Өмірбаяны * Әлімұлы тайпасының Төртқара руынан. * 1974 жылы Қызылорда қаласындағы "Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық училищесінің" музыка бөлімін бітірген. * 1978 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының музыка факультетін бітірген. * 1978 — 1984 ж.Әдебиет және өнер институтында қызмет істеді. * 1985 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы облысы филармониясының жетекші әншісі болды. Нәзік те сыршыл үн, өзіндік мәнерімен халықтың сүйікті әншісіне айналды. Оның орындауындағы “Ай-қарагөз”, “Ақбаян”, “Жылқы ішінде ала жүр”, т.б. көптеген халық әндері мен “Кіресің жиі түсіме” (Қ.Құрманәлиев), “Сағым жылдар” (Б.Байкенжеев, М.Дәукенова) сияқты қазіргі қазақ композиторларының әндері Ералиеваның өзіне ғана тән әншілік мәнерімен, өзіндік орындау ерекшелігімен, нақыш-бояуымен халық жадында қалды. Ералиева халқымыздың ұлттық ән өнерін насихаттауға елеулі үлес қосты. ## Жанұясы: * Әкесі - Ерәлі Есмалай. Тарих пәнінің оқытушысы болып, біраз жылдар ұстаздық еткен. * Анасы - Ыбырайқызы Дариға, 1932 жылы дүниеге келген. Тігіншілік өнерімен айналысқан кісі. * Мәдина 8 сыныпта оқып жүрген сәтінде, анасы өкпе ауруынан көз жұмған болатын. * Жалғыз сіңілісі - Ералиева Сағира (1962 ж.) * 1981 жылы режиссер - Атабаев Болатпен отау құрып, 1982 жылы өмірге Әрсен атты тұңғыш, әрі жалғыз баланы әкелген. ## Марапаттары: * Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінің лауреаты. * Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі. * Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі. ## Еске алу кеші: * 2014 жылы 27 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Үлкен залында эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ералиеваның 60 жылдығына арналған еске алу кеші өтеді. Бұл туралы Ұлттық кітапхананың баспасөз қызметі хабарлады. «2014 жылғы 27 мамырда сағат 15.00-де Үлкен залда эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ералиеваның 60 жылдығына арналған еске алу кеші өтеді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Көркемөнер бөлімінің жанынан құрылған «Інжу-маржан» клубының аясында өткізілуде. Іс-шара аясында Мәдина Ералиеваның өмірі мен шығармашылығы туралы «Қазақтық Агаяны» кітап-иллюстрациялық көрмесі ұйымдастырылады », - деді ақпарат көзі.Кешке туыстары мен достары, танымал қазақстандық суретшілер, Алматы кітапханаларының қызметкерлері мен оқырмандары қатысты. ## Дереккөздер:
Серік Жексембекұлы Еркімбеков (3.4.1958 жылы туған, Алматы) — композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1996). * Алматы консерваториясын бітірген (1981). * Қазақстан Композиторлар одағында кеңесші, аға кеңесші, шығармалық секциясының меңгерушісі болып қызметтер атқарған. * 1998 жылдан Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы, Алматы консерваториясында кафедра меңгерушісі. ## Шығармашылығы * “Мәңгілік алау” балетінің * оркестр мен фортепианоға арналған концерттің * органға арналған “Шығыс аспаны” музыкасының * скрипкашылар мен фортепианоға арналған концерттік дуэттің * “Шолпы”, “Тас аруақ” хореогр. билерінің * “Жұлдыздар аңыздары” аспаптық сюитасының * бірқатар романстар мен әндердің авторы. * “Дананың мұңы” (Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған; 1995; режиссер Б.Преображенский) * “Заманақыр” (авторы О.Сүлейменов, Б.Мұқай; режиссер Р.Сейтметов) * “Анасын аңсаған қыз” (авторы Д.Исабеков) * “Миғұла терісі үстіндегі сот” (авт. М.Шаханов, Ш.Айтматов), т.б. спектакльдерге * “Андрей Первозванныйдың ордені” (режиссер А.Головинский, 2000) фильміне музыкалар жазған. ## Дереккөздер
Еркін жол өзындыұы , орташа еркін жол ұзындығы () — бөлшектердің өзі тәрізді басқа бөлшектермен тетелес екі соқтығысуы арасында жүріп өткен жолы. Соқтығысу түріне (серпімді, серпімсіз, т.б.) байланысты Е. ж. ұ. түрліше болып келеді. “Е. ж. ұ. ” ұғымы алғаш рет газдың кинетикалық теориясында қолданылды. Егер бірқалыпты және түзусызықты қозғалған газ молекуласы 1 с ішінде өзінің жылдамдығына () тең жол жүре отырып,  рет серпімді соқтығысса, онда орташа Е. ж. ұ. былай анықталады: =/=1/(n), мұндағы n — бірлік көлемдегі молекула саны (газ тығыздығы),  — молекулалардың эффективтік қимасы. Қалыпты жағдайда газ молекулаларының Е. ж. ұ. () шамамен 10–5 см болады. Е. ж. ұ. тұтқырлық, жылу өткізгіштік, диффузия, электр өткізгіштік тәрізді тасымалдау процестеріне байланысты есептерді шешкенде кеңінен қолданылады. Зарядталған бөлшектердің (электрондар мен иондардың) Е. ж. ұ-н қарастырғанда тиімді қима ұғымының мәні болмайды. ҙйткені иондар (электрондар) атомдармен (молекулалармен) қашықтан да әсерлесе береді.
Манарбек Ержанов (8 наурыз 1901 жылы Ақтоғай ауылы, Ақтоғай ауданы, Қарағанды облысы — 14 қараша 1966 жылы, Алматы) — әнші, композитор, күйші, актер. ## Жетістіктері * Қазақстанның халық артисі (1938); * Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1936) * Қазақстан композиторлар одағының ең алғашқы мүшелерінің бірі (1942). ## Отбасы Әкесі күйші, зергер, ұста болған. Анасы Нақбала да әншілігімен ауыл арасына танылған. Болашақ өнер иесінің музыкаға деген құмарлығы анасының ықпалы арқылы ерте оянады. Арғын тайпасы Тобықты руының Дадан бұтағынан шыққан.Ержановты музыка әлеміне жетелеп, оның әсем сазын көкірегіне ұялата білген ұстазы — әнші әрі күйші Күсенбай. Бұдан кейін Манарбектің әншілік шеберлігін ұштауда Шашубай Қошқарбайұлы мен Әміре Қашаубаев игі әсер етті. 16 — 17 жасында-ақ Ержанов Біржан сал, Ақан сері, Жарылғапберді, Естай, Шашубай әндерін айтып, ауыл арасындағы айтыстарға қатысып, ел аузына іліккен. ## Өнер жолы 1928 жылы Қазақ драма театрына қабылданып, алғашқы актерлерінің бірі болды. Осы театрда қойылған спектакльдерде ойнап, сан қырлы бейнелерді сомдады. 1931 — 32 жылдары Риддердегі жұмысшы жастар театрында қызмет етті. 1934 жылы Алматы музыкалық театрында (қазіргі Қазақ опера және балет театры) өнер көрсетті. И.В. Коцыктың “Айман—Шолпан” спектакліндегі Жарас, Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің “Абайындағы” Әзім, М.Төлебаевтың “Біржан — Сарасындағы” Естай, т.б. рөлдері оның әншілік әрі артистік талантын кең танытып, даңққа бөледі. 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігінде Е.Г. Брусиловскийдің опералары — “Қыз Жібектегі” Шегенің, “Ер Тарғындағы” Сақанның, “Жалбырдағы” Елеместің рөлін ойнап, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Ол 1953 жылдан өмірінің ақырына дейін Қазақ филармониясында жеке дауыстағы әнші болып, халықтық ән өнерінде кең орын алатын терме, желдірмелерді, кең тынысты әндерді (“Ардақ”, “Ағашаяқ”, “Смет”, “Топайкөк”, “Жанбота”, “Балқадиша”, “Ақ қайың”, “Толыбай”, “Хорлан”, “Ақ сиса”, т.б.) нақышына келтіре орындады. Сөйтіп, ұлттық өнердегі Арқа әні дәстүрінде өз мектебін қалыптастырды. ## Композиторлық қыры Ержанов композитор ретінде де халыққа кең танымал. Оның “Жетісу”, “Астанада”, “Батыр жорығы”, “Күсенбай”, “ҙрнек”, “Шалқар көл”, “Аққу көлі” күйлері, хорға арналған “Партизан жорығы”, “28 гвардияшы-панфиловшылар”, “Жастар тойы”, “Жастар әні”, “Бейбітшілік маршы” атты шығармалары, “Паровоз”, “Амангелді”, “Бақыт жыры”, “Қуанамын”, “Қойшының әні”, “Әнші Біржанға”, “Сайра, бұлбұл”, “Шегенің термесі”, т.б. әндері бар. Музыкалық жинақтары жарық көрді. ## Марапаттары Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен, медальдермен марапатталған. ## Дереккөздер
Ерзен хан (Ибисан) — Ақ Орданың ханы. Сасы Бұқа ханның ұлы, Алтын Ордалық Құзыр ханның інісі. ## Басқаруы Стэнли Лэн-Пульдің дерегі бойынша, Ерзен хан 1315—1320 жылдары хандық құрған, Натанзидің мәліметтеріне сүйенген Гаффари, Хайдар Разилер оны 1320 — 1344 жылдары 25 жыл билік еткен деп көрсетеді. Ерзен хан Жошының үлкен ұлы Орда Еженнің ұрпағы. Орда Ежен — Сартақтай— Қоныша — Баян — Сасы Бұқа — Ерзен хан. Сасы Бұқа қайтыс болғаннан кейін Алтын Орда ханы Өзбектің жарлығымен Ерзен хан әкесінің орнына отырады. Натанзи Ерзен хан жөнінде былай деп жазады: “Ақылды, турашыл, діншіл және білімге құштар болды. Азғана жылда беделі Өзбек ханның дәрежесіне дейін жетті, бірақ оған бағыныштылығын сақтады. Отырар, Сауран, Жент, Баршынкенттегі көптеген медреселерді, ханакаларды, мешіттерді, т.б. қайырымдылық үйлерін салдырды. Әділдігі мен мейірімділігі арқасында ол бүкіл Түркістан өңірін гүлдендірді. Әлділер әлсіздерге қысымшылық жасамады, жастар жасы ұлғайғандарға сый-құрмет көрсетуден ауытқымады. Ерзен хан билік еткен тұстағы ұлт қауіпсіздігі мен гүлденуін ешкім түсінде де көрмеді”. Ерзен хан бір деректер бойынша, 1320 жылы, ал басқа бір мәліметтерде 1345 жылы қайтыс болған деп көрсетіледі. Ол Сығанақ қаласында жерленген. Хайдар Рази Ерзен ханның Мүбәрак қожа мен Шымтай атты екі ұлы болғанын айтады. Ерзен ханнан соң таққа Мүбәрак қожа отырды. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз
Ер Көкше - тарихи жыр. Дастанның бірнеше нұсқасы бар. Ертеректе Ертіс бойынан жазылын алынғандары - В.В. Радлов пен Мәшһүр Жүсіп Көпеев нұсқалары. Жырда Ер Көкше мен Ер Қосай сияқты батырлардың елін сыртқы жаудан қорғауға жанын құрбан еткен ерлігі дәріптеледі. "Ер Көкше" жырының нұсқалары Орт. ғыл. кітапхана қорында сақтаулы. Одан басқа Каспий өңірінде Мұрын жырау, Сырдария, Арал бойында Хангелді Асайын, Бейсен Сарманов айтқан нұсқалары бар. Ақын К.Көшкіншіұлы жырлаган нұсқасы Түркістан маңына кеңінен мәлім. Каспий өңірінен Түркістан аймағына дейін тараған нұсқасында Орманбет хан өліп, он сан ноғай жұрты бөлінген кездегі Көкше батыр ерлігі суреттеледі. Бұл жырдың Мұрын жырау жырлаған нұсқасы жарық көрген (1990). ## Дереккөздер <
Жәнібек Бердәулетұлы (туған жылы белгісіз – 1792) — даңқты батыр, шешен, Абақ Керей руына ұран болған, қолбасшы Керей тайпасы Жәнтекей руынан шыққан. Ол Жоңғар басқыншылығына қарсы шайқаста аты шыққан, Абылай хан мен Қаракерей Қабанбай батыр бастаған сияқты қазақ қолының алғы шебінде жүрген айбынды батырлардың бірі. Соған орай, халық оны сол заманның аты шыққан әйгілі батыры Шақшақ Жәнібекпен шатастырмас үшін «Керей Жәнібек» деп атап кеткен. Жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстарға белсене қатысқан. 1760 жылы Жәнібек Абақ Керейлерді Алтай тауының қазіргі Шыңжаң өлкесіне қарасты байырғы мекеніне апарып орналастырған. Есімі абақ керейдің ұранына айналған. Жоңғар шапқыншыларына қарсы соғысқа аттанарда нағашы атасы Қаз дауысты Қазыбек биден бата алады. Бір шайқаста мінген тұлпары болдырып қалған Абылай ханға астындағы көк дөненін түсіп беріп, Абылайды құтқарып қалады, өзі жекпе-жекке шыққан екі қалмақ батырын жеңіп, жаудың бетін қайтарады. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, т.б. батырлармен тізе қоса отырып, жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстың аяғына дейін қатынасады. 1731 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей империясының бодандығын қабылдаған кезде Ер Жәнібек керей тайпасын бастап, Сыр бойынан үдере көшіп, Қалба тауына келіп қоныстанады. Осы арадан Алтайдың Ақтау төңірегіндегі бір асуынан жол салып асып барып, өр Алтайды шолып қайтады. Бұл асу кейін “Жәнібек асуы” деп аталып кеткен. 1760 жылы Жәнібек батыр Абақ Керей руын Алтай тауының қазіргі Шыңжаң өлкесіне қарасты байырғы мекеніне апарып орналастырады. Сөз бастаған шешендігімен, ел бастаған көсемдігімен, жауға шапқан батырлығымен бүкіл абақ керейдің ұранына айналған "Ер Жәнібек" сексеннің үстіне шығып қайтыс болады. Жәнібектің әкесі Бердәулет ерте қайтыс болып кеткендіктен, нағашысы қазақтың атақты үш биінің бірі – Қаз дауысты Қазыбек бидің тәрбиесінде болды. «Кісі болар жігітті кісесінен, кісі болмас жігітті мүшесінен таниды» дегендей, Қазыбек би жиенінің көзінде оты, көкірегінде сәулесі барын көріп, оны кішкентай күнінен бастап ел басқару жұмысына тәрбиелейді. Он сегізге жасы жетіп, күш-қайраты толған кезінде Жәнібек жауға аттанып бара жатқан жасанды қолды көріп, Қазыбектен жорыққа аттануға бата сұрайды. Қазыбек: «Қарағым, өзгеге берген батамды өзіңнен неге аяйын. Ер азамат қылып өсіріп, ел-жұртыңа қосайын деп едім. Жасыңа жетпей, жау тілеме» дейді. Бұған риза болмаған Жәнібек: «Он сегізге келгенше , жігіт болып жетіле алмады дегеніңіз бе? Желкілдеген тудан, жер қайысқан қолдан қалдырғанда, от басын айналдырған көбелектей көргеніңіз бе?» деп наразылық білдіреді. Сонда Қазыбек: «қой, рұқсат бермесем, құса болып өліп кетер, не қолға рұқсатсыз еріп кетер» деп ойлап, «Қол басқарсаң, жолың киелі болсын! Ел басқарсаң, сөзің жүйелі болсын!» деп батасын береді. Ұлы атасының ықыласымен берген батасы қабыл болып, Жәнібек жолы киелі қолбасшы, сөзі жүйелі ел басшысы атанады. Жәнібек батырдың өмір жолын екі кезеңге бөліп қарастыруға болады: Оның бірі – батырдың жоңғар басқыншыларына қарсы күресіп, сан шайқасты бастан кешірген батырлық, қолбасылық өмірі. Екіншісі – жаудан азат етілген жерге елін бастап барып, орналастыруы, ел бірлігінің бұзылмауы жолында тер төккен басшылық өмірі. Ол халықтың жадында қол бастаған аруақты батыр, ел басқаруда әділ басшы болып қалды. Өзі иелік еткен Абақ Керей елі оның атын ұранға айналдырды. ## Мұрасы Батырдың Шіңгіл ауданда тұратын он бірінші ұрпағы Зардықанның үйінде сақталған қасиетті туын 1940 жылы Оспан батыр Қытай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісі кезінде көтеріп шығады. Ер Жәнібек туралы қытайдың Алтай аймағының қазақтары «Жәнібек батыр» деген тарихи жанрдағы екі сериалды фильм шығарған. Қазір Алматы қаласының Алатау ауданында Ер Жәнібек атындағы қысқа көше бар. Батырдың зираты Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Ортабұлақ деген жерде. Зиратының басына ескерткіш орнатылған. ## Дереккөздер М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғарұлы, А. Сейдімбек. Ел тұтқа. - Астана: KUL TEGIN. - 2009. – 66 б.http://ardaktylar.kz/ Мұрағатталған 29 наурыздың 2014 жылы. ## Тағы қараңыз * Ер Жәнібек (жыр)
Ерекше экономикалық аймақ немесе Еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) — ерекше заңды дәрежесі бар, шетелдік кәсіпкерлерге жеңілдік берілген шектелген аумақ. белгілі бір аймақ территориясының әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету үшін шетелдік инвестицияны, озық технология мен басқару тәжірибесін тарту мақсатымен құрылатын, нақты айқындалған әкімшілік шекарасы және ерекше заңды режимі бар арнайы территория. ЕЭА-ның шаруашылық мәселелерін шешуде кеңейтілген дербестігі болады, онда басқарудың ерекше тәртібі орнатылады, шетелдік және отандық кәсіпкерлердің экон. қызметі үшін жеңілдіктер жасалады. ЕЭА кейде мемлекеттің жалпы кедендік шеңберінен шығарылады. Сыртқы экон. қызметінің, кәсібінің, берілген еркіндіктің және шаруашылық жағынан мамандануының сипатына қарай еркін сауда аймақтары: экспорттық-өнеркәсіптік аймақ, технол. аймақ және кешенді аймақ болып ажыратылады. Еркін сауда аймағының негізгі мақсаты сауданы дамыту болып табылады. Сондықтан тауарларды сыртқа шығарып, шеттен әкелуге кеден салығынан босату, саудаға шек қоюшылықты алып тастау, тауарларды қоймада сақтауға және олардың жергілікті рынокқа бейімделуіне барлық жағдай жасау көзделген. Экспорттық-өнеркәсіптік аймақтар экспорттық өнімдерді шығаруды дамыту үшін құрылады. Олардың территориясында тиісті өнімдер шығаратын кәсіпорындар үшін кедендік баж салығы мен басқа да салықтар бойынша жеңілдіктер беретін арнайы кедендік режим қабылданады. Технологиялық аймақтарда зерттеу, жобалау және ғыл.-өндірістік фирмалар шоғырланады, олар салық және қаржы жағынан жеңілдіктердің бірыңғай жүйесін пайдаланады және тех., қаржылық және қаржылық емес сипаттағы әр түрлі қызмет атқарады. Кешенді аймақтар жекелей әкімш. құрылымдардың территорияларында шаруашылық қызметке ерекше жеңілдіктер беру тәртібімен құрылады. 20 ғ-дың 90-жылдарының ортасына қарай әлемде 1200-ге жуық әр түрлі еркін (арнаулы) экон. аймақ болды, оның ішінде: 400-і еркін сауда аймағы, 400-і ғыл.-өнеркәсіптік парк, 300-ден астамы экспорттық өндірістік аймақ және шамамен 100 шақтысы арнайы мақсаттағы аймақтар (офшорлық аумақтар, экология-экон. аймақтар, туристік орталықтар және т.б.). Мыс., Қытай Халық Республикасында жүргізілген әлеум.-экон. реформаларда арнаулы экон. аймақтар маңызды рөл атқарды. 1997 ж. Қытайда бес арнаулы экон. аймақ, 50-ге жуық ашық қалалар, ондаған еркін сауда, жаңа техника мен жоғары технологияны меңгеру, туризмді дамыту аудандары ел экономикасының серпінді өркендеуіне себепші болды. ## Қазақстандағы Еркін экономикалық аймақ Қазақстандағы алғашқы ЕЭА 1991 ж. пайда болды: Жезқазған облысындағы Жәйрем-Атасу, Талдықорған облысындағы Жаркент, Алакөл және “Талдықорғанвнештранс” кәсіпорны, Қостанай облысындағы Лисаков қ. және Алматы қ-ндағы “Атакент” еркін сауда аймақтары. Сондай-ақ, бірнеше облыс (Атырау, Шығ. Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау) ЕЭА болып жарияланды. Алайда алғашқы тәжірибе қызмет етудің құқықтық және ұйымдық механизмінің жетілдірілмеуі салдарынан көзделген мақсатқа жетпеді, оларға қаржылық, салық және басқа мәселелерді шешуде қажетті деңгейде дербестік берілмеді. Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар 1996 жылғы 26 қаңтардағы ғ2823 “Қазақстан Республикасындағы арнаулы экономикалық аймақтар туралы” Жарлығымен Қазақстанда тағы да 4 экспорттық-өндірістік тұрпаттағы ЕЭА құрылды: Лисаков ЕЭА (Қостанай облысы, Лисаков қ.); Қызылорда ЕЭА (Қызылорда қ.); Ақмола ЕЭА (Астана қ.) және Жәйрем-Атасу ЕЭА (Қарағанды облысында).ЕЭА-ны тек аймақтық проблема ретінде қарастыру олардың ел экономикасын дамытудағы рөлін жете бағаламауға әкеліп соқтырды. Әлемдік тәжірибе ЕЭА-лар дұрыс құрылған жағдайда өндірістің дағдарыс пен құлдыраудан шығудың, шетелдік және отандық инвестицияларды тарту арқылы экон. тұрақтандырудың тиімді жолдарының бірі екенін көрсетеді. Ондай аймақтарда кедендік және салық салудың, қаржыландырудың, баға мен валюта бағамының ерекше тәртібі мен механизмдерін орнату әжептәуір қаржылық, материалдық, тех. және еңбек ресурстарын іске қосады. Нәтижесінде экон. әлует тезірек дамиды, валюталық түсімдер көбейеді, ішкі рынок бәсекелестік қабілеті бар тауарлармен және қызметтермен байи түседі, экспорт өседі.
Ермак, Жармақ (1532 — 6.8.1585) — Көшім хан билеген Сібір хандығына қарақшылық жорық жасаған казак-орыс атаманы. Қазан хандығы мен Астрахан хандығын Ресей империясы басып алғанда Мәскеудің шығысқа бағытталған басқыншылығын тоқтатуды бірінші ойлаған Сібір ханы Көшім болатын. Оның жасақтары Оралдан асып түсіп, Сібірге көз алартқан көпестер Строгоновтардың иеліктеріне талай рет жорықтар жасады. өзаққа созылған Ливон соғысынан шыға алмай титықтаған Иван Грозный Сібір хандығынан сескеніп, екі жақты шайқастан сақтанып, Строгоновтарға Сібірге жорық жасауға тыйым салады. Чусовая өзені бойындағы өз иеліктерін қорғау үшін Строгоновтар казактар арасынан қарулы топ ұстауға патшадан рұқсат алған еді. Олардың қол астына қызмет етуге Еділ жағасынан, өздерінің тонаушылығы мен қарақшылығы үшін патша отрядтарының ізіне түсуінен бас сауғалаған Ермак бастаған казактар келеді. Алғашқы қақтығыстардан кейін Ермак мылтықпен қаруланған казактардың Көшім хан әскерлері алдындағы артықшылығын сезіп қалады. Қолға түскендерден жауап алып, хандықтың астанасы Искер қаласы қорғаныссыз қалғанын, патша Ресей отрядтарына Сібірдің түкпіріне жорық жасауға тыйым салғандықтан, Көшімнің олардың Искерге шабуылын күтпейтінін біліп алады. Осыдан кейін Ермак Искерді тұтқиылдан басып алуға жанталасты. Сібірге жорық патшаның рұқсатынсыз, казактардың өз ұйғарымымен болған қимыл еді. Жорық дерегін Мәскеуден құпия ұстаған Строгоновтар жорық сәтті аяқталған жағдайда бай олжаға кенелуден үміттеніп, атамандарға қолдау көрсетті. Ал сәтсіздікке ұшыраса, бар кінәні казактарға аударуды көздеді. 1582 жылы 1 қыркүйекте 540 казак пен Строгоновтардың 50 қызметкер адамы отыз кемеге отырып, Сібір жорығына аттанды. Еділ, Жайық, Дон, Терек казактарынан, қашқын поляктар мен немістерден, т.б. тұратын Ермактың қарақшылары аса жақсы қаруланды. Атаманның өзіне көпестер арнайы мылтық сыйлады. Орыстың бір отряды хандықтың шегіне аяқ басты деген хабарды Көшім күні бұрын естиді, бірақ мән бермейді. Ол Ресей патшасының Сібірге тиіспеу жөніндегі уәдесіне сеніп, келген отряд ел шетінен кері қайтар деген үмітте еді. Хандығына өз әмірі жүріп тұрғасын, казактарға да патша жарлығы тыйым болады деп түсінсе керек. Сөйтіп, Ермак Искердің түбінен бір-ақ шығып, мемлекет пен астананы қорғап қалуға сібірліктер кеш қамданып, уақытын ұтқызып алды. Шешуші шайқас астанаға жақын жердегі Чуваш мүйісінде 1582 жылы 23 — 25 қазан күндері болды. Искер түбіне тоқтаған казактар алғашқы күні ұрысқа кіруге жүрексінді. “Көшім ханның қақпанына түсіп қалдық па?” деп үрейленген олар түнде қазақ кеңесін шақырып, ұрысқа кіріспестен, кері қайту жөнінде шешім қабылдайды. Алайда, Ермак өз адамдарын шабуылға шығуға көндіреді. Өйткені атаман өздігінен бастаған бұл бейбастақ жорығы үшін Ресейде өзін жаза күтіп тұрғанын, одан аман құтылудың жалғыз жолы Сібірді бағындырып, патшаның рақымын алу екенін түсінетін еді. Үш күндік шайқаста хантылар мен мансылар осалдық танытып, ұрысты тастап шықты. Көшім Искерді тастап кейін шегінуге мәжбүр болды. Ермактың 107 адамы өлді. Бұл жөнінде Николай Карамзин: “Сібір қорғанысшылары жаужүректілік пен табандылық көрсетті” деп жазды. Астанасынан айырылып, Көшім ханның туыстары мен Тәуекел ханның неме1585 жылы Көшім адамдары Ертістің жоғары тұсында жүрген Ермакқа Бағай өзені жағынан Искерге қарай бай керуен келе жатыр деген жалған хабар түсіреді. Бұл хабарға сеніп қалған Ермак жүз адаммен кемесін Ертістен Бағайға қарай бұрады. Керуен жолын тосып, өзен бойлай жүзген қарақшылар өздерін Көшім қолы торып жүргенін байқамайды. Тамыздың бесінде Ермактың қарақшылары кішкене аралға түнейді. Жаңбырлы түнде Сәтбек батыр бастаған Көшім сарбаздары күзетшілердің көзін жойып, қалжырап ұйқыға кеткен қарақшылар лагеріне шабуыл жасайды. Оянған Ермак қорғана алмасын біліп, бас сауғалап, өзен ағысына қойып кетеді де, суға батып өледі. ре інісі Ораз Мұхаммед (Ондак сұлтанның баласы) қолға түседі. ## Дереккөздер ## Әдебиет * Абдиров М., Хан Кучум: известный и неизвестный, А., 1996.
Ертілеу (туған-өлген жылдары белгісіз, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы) — 19 ғасырда өмір сүрген қиссашыл ақын. Заман, өмір құбылыстары жайлы өлең, жырлар толғаған. Ауруға шалдығып, жастай қайтыс болған. Өлер алдында елін, жерін қимай қоштасқан өлеңі ел арасына кең тараған. Бұл өлеңнің бірнеше нұсқасы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында сақтаулы. ## Дереккөздер
Ерназар — Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Ерназар ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Аса ауылынан солтүстік-батысқа қарай 28 км жерде, баялыш, сұр жусан, көкпек басым өскен сұр қоңыр және шалғынды сұр топырақты шөлейтті жазық аңғарда орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1954 жылы осы маңда ірі қой кеңшарын құруға байланысты қаланды. 1954-97 жылдары “Қызыл Октябрь” қой кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары жұмыс істейді. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Ерназар атауы кісі есімінен шыққан. ## Ауыл маңы табиғаты Бөгеткөл - ауылдың маңында қолдан жасалған көл. Ол қар, жаңбыр суларынан жиналып көктемде аумағы ұлғайса, жаз айларында тартылып, тереңдігі 2-3 м-ге дейін таязданып кетеді. Айтақ каналы егістікті суландырады. (Канал қаздырған кісі аты). ## Дереккөздер
Ерші — ер-тұрман жасаушы ісмер , әдетте, бесаспап шебер болған. Ердің сүйегін ағаштан шауып жасап, оны көнмен, қайыспен, былғарымен қаптайды. Киізден, темірден, қоладан көмкерілетін басқа да тұрмандарын дайындайды. Ер-тұрманды күміс шабу, алтын жалату және түрлі асыл тастардан көз орнату, тағы басқа тәсілдермен әшекейлеп, безендіреді. Ол ұста, иші, өрімші әрі зергер болуы шарт. Ершілердің қолынан шыққан зерлі ер-тұрмандар өнер туындысы ретінде бағаланады. ## Дереккөздер
Еркін ерік (ағылш. Free will) — адамның өз болмысын меңгеріп, ерік-жігері арқылы табиғи және әлеуметтік шектеулерді еңсеріп шыға алу қабілеті. Философияда бұл ұғымды адамның таңдау мүмкіндігін жүзеге асырудың құралы ретінде қарастырады. Адам баласы тумысынан еркін, өз тағдырын өзі шешуге тиіс. Бірақ оның көздеген мақсаттарына жету жолында әр түрлі кедергілер кездеседі. Әрине, дұрыс таңдау, әрекеттік шешім қабылдау үшін білім қажет. Еркін ерік — істі біле отырып, шешім қабылдау қабілеті. Алайда, еркін Ерік көп жағдайда түйсіктік-тылсымдық деңгейде жүзеге асады. Ол дұрыс шешім қабылдау мен оны жүзеге асыру, бастаған істі соңына дейін жеткізу, тәжірибе, білім, мәдениет, т.б. алғышарттардан қуат алады. Еркіг ерік - адамның дамып, жетілуі нәтижесінде қалыптасады. Көне рулық қоғамда Еркін ерік өрісі тар болды. Жеке адам үшін Еркін ерік белгілі бір қауымдастықтың мүшесі болып, жат бірлестіктерден азат болумен шектелді. “У ішсең — руыңмен” деген қанатты сөздің мәні осында. Тоталитарлық қоғамдарда да ерік бостандығының аясы тар, шектеулі болады. Себебі, бәрін де жеке тұлғадан тыс тұрған әлеуметтік күш, мемлекет, партия, көсем, т.т. шешіп отырады. Еркін ерік шын мәнісінде адам құқыларын қастерлейтін қоғамда ғана жүзеге асады. Тек азаттық бар жерде жеке тұлға өз еріктілігін көрсете алады. Философиялық әдебиетте еркін ерік сан түрлі пікірталастың нысанасы болды. “Адамның еркі сыртқы себептермен айқындала ма, әлде адам өз әрекетінде толық азат па” деген сұрақтың жауабы әр түрлі. Детерминизм теориясы бойынша, әрбір әрекеттің жеке себебі бар, ерік еркіндігі әрине шектеулі. Барлық әрекет сыртқы күштердің әсерімен алдын ала айқындалып қойылған делінген пікірді фатализм деп атайды. Тағдыр, жазмыш сияқты ұғымдар осыған сүйенген. Шексіз еркін ерікті дәріптейтін көзқарасты волюнтаризм деп атайды. ## Дереккөздер
«Атырау» — Атырау облысының қоғамдық-саяси газеті. ## Тарихы Алғашқы саны «Ерік» деген атаумен 1923 ж. сәуірдің 1-ші күні шықты. 1924 ж. тамыздың 23 — «Жұмыскер тілі», 1930 ж. қыркүйегінен «Жем жұмысшылары», 1932 ж. сәуірдің 16 — «Ленин жолы», 1933 ж. қыркүйектің 16 — «Социалистік құрылысқа», 1933 ж. қарашаның 5 — «Социалды құрылыс», 1963 ж. мамырынан — «Коммунистік еңбек» деген атаумен, ал 1990 ж. маусымның 30 бері «Атырау» деген ағымдағы атаумен шығып келеді. Ұзақ жылдар аптасына 5 рет шыққан газет соңғы жылдар бері аптасына үш рет шығады. Ол 1923—30 жж. — уездік, 1930—33 жж. — аудандық, 1933—38 жж. — округтік (аймақтық), 1938 ж. бері — облыстық газет. «Атырау» газеті Қазақстанның батыс өлкесіндегі алғашқы ұлттық басылымдардың бірі. Оның негізін қалап, материалдық базасын жасақтап, алғашқы нөмірлерін шығарған 1923 ж. Гурьев уездік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Төлепкерей Өтеулиев. «Еріктің» № 1 санының бас мақаласын жазған да сол. «Тірлік осымен табылады» деп аталған осы бас мақалада негізгі ой «Халықтың оқу-білімінің маңызы, ерікті ел болудың басты шарты-оның сауаттылығында» дегенге саяды. Облыстық газет өзінің бүкіл тарихында осы ойды, жан-жақты насихаттаумен келеді. ## Редакция 1980 жж. редакцияда 7 бөлім, 56 адам жұмыс істеді. Ал 1995 ж. бері редакцияда бөлім жойылды. Бұл Қазақстан редакцияларындағы жаңалық болды. Журналистер жеке проблемалар бойынша бас редактор мен оның екі орынбасарының тікелей басшылығымен жұмыс істейді. 1997 ж. қарашасынан «Атырау» газетінің өзі компьютермен шығарыла бастады. Гәзет 2006 ж.аптасына 66 мың данамен тарауда. Бұл бұдан 5 жыл бұрынғыдан 2,5 еседей көп таралым. 2000 жж. басында гәзет таралымы 10 мың болса, бүгінде таралым 26 мыңнан асты. Бүгінде гәзетте 30-дан астам қызметкер жұмыс істейді. Олардың жартысы шығармашылық жартысы техникалық топтан тұрады. ## Әйгілі тұлғалар Газет тарихы бай. Оған кезінде Әбу Сәрсенбаев, Асқар Тоқмағамбетов, Сәбит Мұқанов, Ғабдол Сланов, Хамит Ерғалиев, Жұмекен Нәжімеденов, Берқайыр Аманшин мақала-өлеңдері мен әңгімелерін жолдап тұрған. Зейнолла Қабдолов, Әбіш Кекілбаев өмір бойы біздің газетпен тығыз байланыста келеді. Газетте Тауман Амандосов, Меңдекеш Сатыбалдиев, Фариза Оңғарсынова, Марат Ысқақов, Берік Қорқытов, Аманқос Ершуов сынды белгілі әдебиетші-жазушылар жұмыс істеп, қанаттанды. Нүреден Мұфтахов, Тілек Дәулетов, Ізімберген Ісхожин сынды республикаға танымал журналистер, әлем классиктерін қазақ, қарақалпақ тілдеріне алғашқы аударған Жүсіп Жантөрин, Қыдырғали Сасықов сынды ертеде елге танылған аудармашылар жұмыс істеді. ## Марапаттары Гәзет 1973 ж. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды, 1990 ж. М.И. Ульянова атындағы Бүкілодақтық сыйлыққа ие болды. ## Бас редакторлары * Төлепкерей Өтеулиев * Сейітмұхамед Мәмбетов * Серікқали Жақыпов * Ғатау Махамбетов * Кәрім Жаншорин * Зайтүн Сыздықов * Шияп Қожақметов * Сағат Төлебаев * Сүлеймен Сауырғалиев * Мәди Байтұрсынов * Абдолла Құрманбаев * Боранбай Омаров * Хабир Нұрмұхамедов * Түсіп Бисекенов * Құмар Кенжеғалиев * Теңдік Жауырұлы * Қилыбай Қуанышбайұлы * Нұрлан Қабылов * Исатай Балмағамбетов (2010-2020) * Назарбек Қосшиев (2020-осы күн) ## Сыртқы сілтемелер * «Атырау» гәзетінің ресми торабы
Айтқали Ғұсманұлы Есенқұлов (24.12.1943 ж.т., Ресей, Орынбор облысы Красная Горка с.) — әскери қайраткер, генерал-майор. Череповец әскери уч-щесінің радиоэлектроника бөлімін, КазМУ-дің тарих ф-тін бітірген. Әскери қызметін КСРО Қарулы Күштерінің Солт. әскер тобында (Польша) қатардағы жауынгер болып бастаған. 1965 — 70 ж. Германиядағы кеңес әскерлері тобында взвод, рота командирі, 1970 — 82 ж. Орта Азия әскери округінде батальон командирінің орынбасары, округтік саяси басқарманың инспекторы, 1982 — 88 ж. Германиядағы кеңес әскерлері тобында саяси бөлім инспекторы, округтік партия комиссиясының хатшысы, 1989 — 92 ж. Белоруссия әскери округінде саяси бөлім бастығының орынбасары, округтік штаб бастығының орынбасары, 1992 ж. Беларусь Республикасы Қарулы Күштері Бас штаб бастығының орынбасары қызметтерінде болды. Осы жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс мин. қарамағына жұмысқа ауысып, 1992 — 93 ж. министрдің кеңесшісі, Сыртқы елдермен байланыс бөлімі басқармасының бастығы, 1993 — 97 ж. ҚР қорғаныс министрінің орынбасары, Әлеум.-құқық және тәрбие жұмыстары басқармасының бастығы болып қызмет атқарды. ## Дереккөздер
Ермұхамед Құдабайұлы Есенов (22 ақпан, 1945, Түркістан облысы Мақтаарал ауданы) — ғалым, техника ғылымдарының докторы (1994), професор (1996). ## Қысқаша өмірбаяны * 1969 жылы - Қазақ химия-технология институтын бітірген. * 1980 жылы - Мәскеу химия-технология институтының аспирантурасын бітірген. * 1969 — 73 ж. “Қазмонтажавтоматика” тресінің Шымкент монтаждау басқармасында жұмыс істеді. * 1973 — 96 ж. Қазақ химия-технология институтында ассистент, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, декан. * 1996 — 98 ж. Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкенттегі бөлімшесінің вице-президенті әрі уиверситет жанындағы Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар институтының ректоры болды. * 1998 жылдан Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу істері жөніндегі вице-президенті және Түркістан бөлімінің директоры. * 2001 ж. «Мирас» университетінің ректоры. * 2002 жылдан Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеттің ректоры. ## Ғылыми еңбектері Негізгі ғылыми-зерттеулер жұмыстары химия-технология процестерді автоматтандыруға арналған. Кибернетика және ағын суларды тазарту процестерін химия-технология модельдеу, жүйелі анализ әдістерін қолдану негізінде ағын суларды тазартудың тиімді жүйелерін жобалау әдістемесін жасады. Ағын суларды тазарту процестерінің математика модельдерін және есептеу алгоритмдерін құру принциптерін негіздеді. Оның бірқатар ғылыми еңбектерін Қазақстан мен Ресейдің химиялық зауыттары пайдаланады. Ол 70-тен аса ғылыми және әдістемелік еңбектер жариялаған. ## Шығармалары: * Технологиялық процестер мен өндірістерді автоматты бақылау және басқару, А., 1995 (телавтор); * Математическое моделирование, синтез и интенсификация систем очистки сточных вод, Туркестан, 2000. ## Жетістіктері ҚР Білім министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған. ## Дереккөздер
Сүндетқали Есқалиев (1924, Шыңғырлау ауданы, Сулыкөл aуылы - 24.06.1944, Могилев облысы) — Кеңес одағының батыры (24.3.1945). * 1942 жылы шілде айында Қызыл армия қатарына алынған. * 1944 жылы 556 атқыштар полкінің рота құрамында болған Есқалиев Могилев облысы, Быховск ауданы, Лидчица деревнясын неміс басқыншыларынан азат ету жолында А.Матросовтың ерлігін қайталады. * Ерекше ерлік көрсеткені үшін Есқалиевқа қаза болғаннан кейін Батыр атағы берілді. * 1966 жылы Шыңғырлау ауданы Сулыкөл селосында Есқалиевтің мүсін ескерткіші қойылды. ## Дереккөздер
Ескі Қалқұтан (Ескі Колутон) — Ақмола облысының Астрахан ауданындағы ауыл, Ескі Қалқұтан ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Астраханка ауылынан солтүстік-батысқа қарай 45 км жерде, Қалқұтан өзенінің оң жағасында орналасқан. ## Халқы Ауылда май зауыты, аурухана, орта мектеп, кітапхана бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Ең жақын темір жол станциясы — Қалқұтан (4 км). ## Тарихы Іргесі 1876 жылы қаланған. 1896 жылы онда 2 кластық бастауыш мектеп ашылды. 1929 жылы “Зеленый луч” ұжымшары ұйымдастырылды (1938 жылдан “Заветы Ильича” ұжымшары). 1957 жылдан “Колутонский” ауылдық кеңесі мен кеңшар орталығы болып келді. ## Дереккөздер
Сара Сәтбайқызы Есова (1903, Қызылорда облысы Сырдария ауданы — 1984, Алматы) — қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1967). 1919 жылы Орынбордағы педагогикалық училищені бітіріп, Қызылорда, Ташкент қалаларында мұғалім болған. 1921 — 22 жылдары жауапты партия, комсомол қызметін атқарған. 1922 — 25 жылдары Жетісу губерниясы партия комитетінің органы “Тілші” газетінің редакторы, 1925 — 32 жылдары Қазақстан өлкелік партия комитетінің әйелдер бөлімінде нұсқаушы, “Әйел теңдігі” журналының редакторы, Халық ағарту комиссариаты жанындағы саяси ағарту басқармасы бастығының орынбасары, Халық ағарту қызметкерлерінің республикалық кәсіподақ комитетінің төрайымы болды. 1932 — 37 жылдары Алматыдағы марксизм-ленинизм институтының тарих бөлімінде оқыды. 1937 — 38 жылдары ҚазПИ-де ҚазПИ-де (қазіргі АлМУ) жалпы тарих кафедрасының меңгерушісі болды. 1939 — 73 жылдары Республикалық орталық мұражайда жұмыс істеп, соңғы 17 жылында оның директоры қызметін атқарды. Есова құрметті демалысқа шыққаннан кейін Ұлттық кітапхананың сирек басылымдар бөлімінде жұмыс істеп, кеңес дәуіріне дейін жарыққа шыққан қазақ кітаптары туралы шежірені құрастыруға қатысты. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том
Ертіс — Павлодар облысы Ертіс ауданындағы ауыл, аудан және Ертіс ауылдық округі орталығы, өзен айлағы. ## Географиялық орны Облыс орталығы Павлодар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 175 км жерде, Ертіс өзенінің сол жағасындағы далалық белдемде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 20 ғасырдың басында қаланған. 1961 жылы қозғалтқыш және комбайн жөндеу зауыттарын салуға байланысты жұмысшы кентіне айналды. 1973 жылдан қала статусы берілді. 1993 жылы Ертіс қайтадан ауылға айналды. Қозғалтқыш және комбайн жөндеу зауыттарынан басқа, құрылыс материалдары мен құралымдар (конструкциялар) комбинаттары, автобаза, жиһаз фабрикасы, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, май мен сыра зауыттары, астық қоймасы бар. Ертіс ауылы арқылы Павлодар — Омбы автомобиль жолы өтеді. Тұрғындары жылдың жылы мезгілінде Ертіс өзенінің жағалауындағы ауылдармен су көлігі арқылы да қатынасады. ## Инфрақұрылымы 3 орта мектеп, кәсіптік-техникалық училище, спорт мектебі, кітапхана, аурухана, тарихи-өлкетану музейі, клуб, кинотеатр бар. ## Ауыл көшелері * 1-Май көшесі * 1-Набережная көшесі * 2-Набережная көшесі * Ақжол (Тельман) көшесі * Астана (Ленин) көшесі * Б.Рамазанов (Горький) көшесі * Береговая көшесі * Би Байсерке Абыз (30 лет Целины) көшесі * Бөгенбай (Карл Маркс) көшесі * Бурягин көшесі * Бірлік (Первомайская) көшесі * Гагарин көшесі * Демин көшесі * Жазы батыр көшесі * Жалаулы көшесі * Желтоқсан (Герцен) көшесі * Иван Кутурга көшесі * Интернациональная көшесі * Иса Байзақов көшесі * Карел-Полк көшесі * Кеңдала (Заготскот) көшесі * Қажымұқан (Войков) көшесі * Қазына (Базарная) көшесі * Қайнар (Чехов) көшесі * Қожаберген батыр (Гоголь) көшесі * Құдайберген батыр (25 лет Октября) көшесі * Луговая көшесі * Мерей (Транспортная) көшесі * Оразбай Қуанышев (Маяковский) көшесі * Островский көшесі * Пристань көшесі * Пушкин көшесі * Серікбай Мүткенов (Титов) көшесі * Степная көшесі * Строительная көшесі * Түгел батыр (Луначарский) көшесі * Фрунзе көшесі * Чайковский көшесі * Ысқақов (Коллонтай) көшесі ## Дереккөздер
Сүлеймен Есқараев (1897, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы — 25 ақпан 1938, Алматы) — мемлекет қайраткері. ## Өмірбаяны * 1910 — 18 ж. Ақмешітте (қазіргі Қызылорда) кірпіш зауытында, темір жолда жұмыс істеген. * Азамат соғысына қатысқан. * 1919 — 20 жылдары Ташкенттегі кеңес-партия мектебінде оқыды. * 1920 — 25 жылдары РК(б)П Сырдария облысы комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, Ташкент облысы төтенше комиссиясы бастығының орынбасары * Ақмешіт уездік-қалалық кеңесі атқару комитетінің төрағасы * РК(б)П Түркістан ОК бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары * Сырдария облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы * РК(б)П Сырдария облысы комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі * 1925 — 28 жылдары Қазақ АКСР ішкі істер халық комиссары қызметтерін атқарған. * 1928 жылы ұлтшыл ретінде Қазақстаннан қуылып, Орынбордағы өлкелік милиция мектебінің бастығы болды (1928 — 29). * 1930 — 33 жылдары Мәскеуде Бүкілодақтық жоспарлау академиясында оқыған. * 1933 — 36 жылдары Қарағанды облысы кеңесі атқару комитетінің төрағасы * 1936 — 37 жылдары Қазақ КСР Заң халкомы және республика прокуроры * Қазақ КСР Халком Кеңесі төрағасының орынбасары болды. * 1937 жылы тамызда Қазақстандағы контрреволюциялық ұйым жетекшілерінің бірі деген жалған айыппен тұтқындалып, 1938 жылы Алматы қаласында атылған. 1957 жылы 5 қарашада ақталды. ## Есте қалдыру * Қызылорда қаласындағы бір көшеге Есқараев есімі берілген. * ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 3 қарашадағы № 1485 қаулысымен ҚР Бас прокуратура жанындағы прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру, заңдылық және құқық тәртібін зерттеу Институтына Қазақ КСР-ның тұңғыш прокуроры Сүлеймен Есқараевтың есімі берілді. ## Дереккөздер