text
stringlengths
3
252k
Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.: أبو نصر محمد الفارابي ‎; Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки; 870 – 950 ж. ш.) — әлемге әйгілі ойшыл, пәлсапашы, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Отырар қаласында туған. ## Оқу жолы Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдат шаһарларында білім алған. ## Шығармашылық жолы Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы” атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің “Китаб Масалик уә мамалик” атты еңбегінде және 13 ғасырлырда өмір сүрген ибн-Халликан өзінің “Уфиат әл-аиан фи әл-Заман” атты еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фарабидің арғы аталарының аттары (Тархан, Ұзлақ) таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12 — 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдатқа кетеді. Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Осы кезден бастап Әбу Насыр Әл-Фараби араб тілді ғалым болып есептеле бастады. Қасиетті Құран Кәрім тек діни қағидалар жинағы ғана емес, сонымен қатар талай ілімнің құпия кілтін бойына бүккен ғаламдық кітап болғандықтан, Әбу Насыр Әл-Фараби бүкіл ислам ғалымдарына парыз болған — иджтихад (ойлау қабілетінің шыңына жету үшін беріле еңбек ету) және муджтахид (иджтихадпен шұғылданған адамның өз жаңалықтарын Құран Кәрім мен Хадис Шариф — парыз-сүннет амалдарына негіздеп отыруы) жолына түскен. Кеңес өкіметі тұсында атеистік идеологиканың ықпалымен әл-Фараби діннен тыс ғалым ретінде көрсетілді. Әйтсе де оның ислам бірлігін сақтауға қосқан зор үлесі туралы мынадай дерек сақталған. Тегі түркі болып табылатын баһадүр қолбасшы Мұхаммед Ихшид ибн Тұғыт Әмір ислам жолын бұзған “қармат” елін талқандаған соң, Әбу Насыр Әл-Фарабимен кездеседі. Меккеге барар жолды кесіп “қажылық” жасауға мұрша бермеген қарматтардың жеңілгеніне қуанған Әбу Насыр Әл-Фараби іштей “қажылық” етуге ниет етіп, араб халифының саид-задаларымен әңгімелеседі. Осы әңгімеде ғалым ислам бірлігін сақтау үшін мазһабтар арасын жақындастыру керек деген ой айтып, өзінің араб, парсы және түркі нәсілдері арасындағы алауыздықтарды жоюға күш салып жүргендігін мәлімдейді. “Бабалардан қалған өсиетте түркі халқы әділетшіл делінген еді. Сол сөздің ақиқаттығы мен әділеттілігіне енді көз жеткізіп отырмыз” деп Саид-задалар Әбу Наср Әл-Фарабидің қолын құрметпен қысады. Әбу Наср Әл-Фарабидің жас кезінен Бағдатқа баруының мынадай екі сыры бар. Біріншіден, сол кездегі Бағдат халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері негізінен түркістандық Фараб қаласынан болған. Екіншіден, Бағдат шаһары ғылым мен өнер жолына бет алған адамдарға қақпасын кең ашып, барынша жағдай жасаған. Бағдатта “Баит әл-хакма” атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең бай кітапхана болған. Алғашқы кезде Әбу Наср Әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен шұғылдануға кіріскен. Фарабидің алғашқы ұстаздары Иса пайғамбарды “құдайдың баласы” демей, “пайғамбар” деп таныған несториандық христиандар болған. Ежелгі грек ғылымы мен араб ғылымының арасын қосқан осылар еді. Әбу Наср Әл-Фараби дүниетанымы — екі әлемнің: көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің өзара байланыстарының нәтижесі. Әбу Наср Әл-Фараби заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-гуманитарлық (философия, логика, этика, эстетика, саясат, социология, лингвистика, поэзия, шешендік, музыка) және жаратылыстану (астрономия, астрология, физика, химия, география, космология, математика, медицина) ғылымдары салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда өзі де құнды ғылыми жаңалықтар ашты. Әбу Наср Әл-Фараби өзінің философия көзқарастарында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы ілімді саралады. Мәңгілік пен тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың мәнінен, ақыл-парасаттан, адамның жан-дүниесінен, түр мен материя арақатынасынан іздеді. Аристотель қағидаларынан өз дүниетанымына жақындарын қабылдады және оны осы тұрғыдан түсіндірді. Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық көзқарасын тарихи жағдайда, оның өз дәуірімен байланысты қарағанда ғана терең түсінуге болады. Орта ғасырларда философиялық ойдың дамуы діни ілім негіздеріне сүйенді. Демек, Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық ілімін де өз кезеңінің діни түсініктері тұрғысынан қарастырған лазым. Бірақ ол бұл түсініктерді философиялық тұрғыдан дамытты. Ол, әсіресе, “Аспан астындағы дүние” ілімінен неғұрлым айқын көрінеді. Бұл Аристотельдің жасампаз ақыл жөніндегі көзқарасын әрі қарай дамыту еді. Жасампаз ақыл — тек “аспан астындағы дүниенің” қозғалыс себебі ғана емес, өз алдына логос. Осы дүниенің заңдылығы — жер бетіндегі дүниеге іштей тән ақыл. Жеке адамның ақылы әлемдік санамен ұштасса ғана дамиды. Соңғысы, яғни әлемдік сана — мәңгі. Адам болса дүние салады, өткінші. Осыдан барып жанның мәңгі екенін және басқа жаққа ұшып кетуін бекерге шығару туады, мұның өзі діни қағидалар мен философияның арасындағы күреске тиек болған тезис еді. Ұлы ойшыл философияға үлкен мән берді, оған көп үміт артты. Ол философияны қоғамды оятатын зерде, парасат шамшырағы, халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалар күрделі мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді. Осы деңгейде дұрыс ойланып, оңды әрекеттену үшін философияның 9 қағидасын оқып-білу қажеттігін ескертеді. Мұндағы мақсат — тұтастықты, ақиқатты, ізгілікті, жаңа игілік көздерін іздестіру, соған қол жеткізу. Философ адамды өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен мән берді. Бұл мәселені логикалық, этикалық, педогогикалық, тілдік тұрғыдан кеңінен саралап, бұларды бір-бірімен өзара сабақтастықта қарастырады. Рухани жоғарғы мақсат нышандарын адамдарды өзара байланыстыратын бастаулардан — жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қайырымдылықтан, бақыттан іздестіреді. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері” және т.б. саяси-әлеуметтік трактаттарында қайырымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталды. Қайырымдылық дегенде ақыл-ой, әділдік, бақыт және теңдік идеяларын құптаған ежелгі ойшылдар дәстүріне сүйенді. Тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін ескертті. Әл-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді. Әбу Наср Әл-Фараби ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік және жаңа платоншылдық көзқарастарға сүйенеді, оларға жаңа сипат береді. Ол өзінің “Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат” атты еңбегінде Аристотелдің философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз пікірлерін ортаға салады. Аристотельдің “Никомахтың этикасында” (1-кітап, §1) келтірілген схемасын негізге ала отырып, әл-Фараби философияны теориялық және практикалық деп екіге бөледі. Теориялық философия өзгермейтін, өткінші емес заттарды, практикалық философия өзгертуге немесе жасауға болатын заттарды зерттейді. Философия, Әбу Наср Әл-Фарабидің білуінше, адамда ғана болатын “ең ерекше” игілік — ақыл, парасат арқылы меңгеріледі. Ақыл, парасаттың қызметі қалай болса, солай бет-алды жүргізілмеуге тиіс, онда мақсаттылық сипат алады. Оның негізін логика өнері қарастыратын ойлаудың дұрыс әдістері құрады. Әбу Наср Әл-Фарабидің атап көрсетуінше, адам өзінің бақытқа жету жолын логикадан бастаған жөн. Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды. Әбу Наср Әл-Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары “Фусул ал-мадани” (“Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері”) трактатында қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әр түрлі болса да, негізінен бір мақсатқа — адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты — тәндік және рухани құбылыстардың салыстырылып отыратындығы. Фараби «Азаматтық саясатта» қоғамды талдауды қаладан бастаса, “Нақыл сөздерде...” ол мұны ең кішкене ұядан, от басынан немесе үйден бастайды. Аристотель сияқты ол үйді бірнеше бөлекке — ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі.Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ қаланың бір бөлшегі болғандықтан ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам мүдделеріне бағындыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық гуманизмнің биік көріністерін табамыз. Мұнда тек жеке басының мүдделері ғана емес, қоғам мүдделерін жоғары санауы үлкен бір азаматтықтың, адамгершіліктің қасиетті көріністері деп білеміз. Әбу Наср Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді. өйткені жақсы істер істеп, мұның төлеуін күтсе, адам бұл істерін жамандыққа айналдырады.Жетік философ теориялық ғылымдарды да білуге, бұл ғылымдарды басқа ғылымдарда да қолдана білуге тиіс. Платон мен Аристотель нағыз философқа әкімнің міндеттері жүктелуге тиіс деп санады, бірақ Платонның пікірінше философ өзгермейтін ақиқаттарды меңзеп, мемлекетті басқаруды жоғары мақсатқа жетуге бөгет жасайтын ауыртпалық деп есептейді, ал Әбу Наср Әл-Фараби, керісінше, тіршілік істерден бойын аулақ салмайды, қайта адамдардың ақиқатқа жету жолына түсуіне көмектесуге тырысады. Бұл арада ол дін мен философияны салыстырады. Оның пікірінше дін философияға ұқсас: екеуі де жоғары принциптерге, бір заттардың бастамаларына түсінік береді. Бірақ философия дәлелдеуді, дін сенуді керек етеді. Заң шығарушы өте жақсы пайымдаудың арқасында адамның мүдделеріне сай келуге тиіс заңдарды дұрыс жүзеге асыра алады. Әбу Наср Әл-Фараби өз заманындағы ғылымның барлық салаларынан, әсіресе, математика, астрономия, физика, жаратылыстану ғылымдарынан көп мұралар қалдырды. “Ғылымдар тізбегі” деген еңбегінде сол кездегі ғылымды үлкен-үлкен бес салаға бөледі: * тіл білімі және оның тараулары; * логика және оның тараулары; * математика және оның тараулары; * физика және оның тараулары, метафизика және оның тараулары; * азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және дін ғылымы. Ғалым бұл ғылымдардың бәрінің пәнін анықтап, қысқаша мазмұнына тоқталады. Әбу Наср Әл-Фараби математик ретінде өзара тығыз байланысты үш салада еңбек еткен. Олар: 1) математиканың методол. мәселелері (математикалық ғылымының пәні, негізгі ұғымдары мен әдістерінің шығу тегі), 2) математикалық жаратылыстану, 3) математиканың кейбір нақты тарауларын жасауға қатысуы. Әбу Наср Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, статика, механика — әдіс айла жөніндегі ғылым). Ол — алгебраны математиканың дербес бір саласы ретінде қарастырып, алгебра пәнін алғаш анықтаған оқымыстылардың бірі. Осыған байланысты Әбу Наср Әл-Фараби сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту туралы аса маңызды идея ұсынды. “Ғылымдардың шығуы” деп аталатын трактатында математиканың шығу тегі мен себептерін ашуға тырысады. “Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарының кіріспелеріндегі қиын жерлерге түсініктеме” деп аталатын еңбегінде матем-ның методол. мәселелері жөнінде құнды-құнды пікірлер айтқан. Ол ұзақ уақыт мінсіз, мүлтіксіз саналып келген Евклид “Негіздерін” сынауға, өңдеуге, түзетуге болатынын іс жүзінде көрсетіп, математиктерге дұрыс жол сілтеген. Әбу Наср Әл-Фараби математиканың философия ірге тасын қаласумен қатар, оны табиғат құбылыстарын зерттеуге батыл қолданудың қажеттігін іс жүзінде танытты. Әбу Наср Әл-Фараби пікірінше, математика анық,ақиқат білімді береді және басқа ғылымдардың дамуына күшті ықпал жасайды. “Астрологиялық болжамдарда не дұрыс, не теріс” деп аталатын еңбегінде ол ғылыми астрологияны астрономиядан бөліп қарап, Аристотельдің логикалық шығармаларында айтылған қағидалар мен жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, белгісіз, кездейсоқ құбылыстарды алдын ала болжауға болатынын немесе болмайтынын ажыратуға тырысады.Әбу Наср Әл-Фарабидің бұл пікірлерінің кейіннен ықтималдар теориясының философия, логикалық негіздерін қалыптастыруда маңызы зор болды. Ол математикалық, жаратылыстану саласында ірі еңбектер жазған. Әбу Наср Әл-Фараби ежелгі гректің ұлы математигі және астрономы Птолемейдің “Алмагесіне” көлемді түсініктеме жазған. Бұл еңбек “Алмагеске түсініктеме” деген атаумен белгілі. Астрономия және математикалық тарихында үлкен маңызы болған Әбу Наср Әл-Фарабидың бұл трактаты тригонометрияны дамытуға да игі ықпал жасады. Ол өзіне дейінгі және тұстас математиктердің еңбектеріне сүйене отырып, тригонометрия сызықтар жөнінде өз ілімін жасады. Мұндағы негізгі бір жаңалық Әбу Наср Әл-Фараби синус, косинус, синус-ферзус, тангенс, котангенс сызықтарын бірыңғай радиусы тұрақты шеңбер ішінде қарастырды. Олардың арасындағы бірсыпыра қатынастарды ашты, кейбір қарапайым қасиеттерін айқындады. Ол тригонометрияның кестелер жасауда аса қажет болып табылатын бір градус доғаның синусы мен косинусын анықтауда елеулі табыстарға жеткен. Әбу Наср Әл-Фараби осы айтылған тригонометрия мағлұматтарға және басқа да қосымша математика материалдарға сүйене отырып, “Алмагесте” қарастырылған астрономия және география мәселелерін математика жолмен шешудің ең жеңіл әдістерін ұсынады. “Геометриялық фигуралардың егжей-тегжейі жөнінде табиғи сырлары мен рухани әдіс-айлалар кітабы” геометрия салу есептерін сұрыптап, бір жүйеге келтірген. Жүзден аса есептің салу әдістері көрсетілген. Бұлардың ішінде: парабола салу, бұрышты трисекциялау, кубты екі еселеу, дұрыс көп бұрыштар салу, көп жақтар салу, жазық фигураларды түрлендіру т.б. бар. Әбу Наср Әл-Фараби адымы тұрақты циркуль мен бір жақты сызғыш жәрдемімен шешілетін есептерді мол қарастырды. Осы еңбекте 3, 4, 5 т.б., яғни өлшемді куб салу есебін ойша қалай шешу идеясы бар, оның “Болжамдағы геометрияға кіріспе” атты трактат жазғаны мәлім, бірақ ол еңбегі бізге жетпеген. Осыған қарағанда Әбу Наср Әл-Фараби көп өлшемді абстракция геометрияның идеясын алғаш айтушылардың бірі деп жорамалдауға негіз бар. Әбу Наср Әл-Фарабидің трактатын математикалық тарихшылары осы уақытқа дейін атақты Хорасан математигі Әбу-л-Уафаға теліп келгені анықталды. Әбу Наср Әл-Фараби арифметикалық саласында “Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе” деп аталатын еңбек жазған. Оның көптеген логикалық еңбектерінде математикалық логиканың элементтері де кездеседі. Әбу Наср Әл-Фарабидің математикалық идеяларын, мұраларын Әбу-л-Уафа, Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Райхан Бируни, Омар һайям сияқты шығыс ғұламаларымен қатар Роджер Бэкон, Леонардо да Винчи тәрізді Еуропа ғалымдары да көп пайдаланған. Физика саласындағы Әбу Наср Әл-Фарабидің көрнекті еңбегі “Вакуум туралы” деп аталады. Мұнда ол вакуум жоқ екенін ежелгі гректерде сирек кездесетін тәжірибеге сүйенген логикалық қорытындылар арқылы дәлелдеуге тырысқан. Әбу Наср Әл-Фараби бұл еңбегінде вакуум мәселесінен басқа да физиканың әр түрлі мәселелерін қарастырып, сол кездегі ғылымның дәрежесіне сай өз шешімдерін дұрыс тапқан (дененің жылудан ұлғаюы не кішіреюі, түсірілген кернеуге, қысымға байланысты ауа көлемінің ұлғаю немесе кішірею заңдылықтары, ауаға түсірілген кернеудің берілуі, т.б.). “Алхимия өнерінің қажеттігі туралы” атты трактатында өз тұсындағы алхимиялық білімдерді талдап, алхимияның жалған қабыршағынан ғылыми дәнін бөліп алып, оны белгілі бір зерттеу пәні бар жаратылыстану ғылымының бір саласы ретінде қарастырады. Әбу Наср Әл-Фараби медицина саласында “Адам ағзалары жөніндегі Аристотельмен алшақтығы жөнінде Галенге қарсы жазылған трактат”, “Жануарлар ағзалары”, “Темперамент туралы” т.б. еңбектер жазған, онда негізінен медицинаның теория мәселелерімен айналысып, медицина өнерінің пәнін, міндет-мақсатын анықтап беруге тырысады. Әбу Наср Әл-Фарабидің философия және натурфилософия еңбектерінде жаратылыстанудың көптеген мәселелеріне тоқталады. Астрономида күн апогейі орнының тұрақты болмайтынын өз тәжірибесі арқылы бақылап анықтаған. Сәуленің таралуын геометрия оптика заңдылықтарымен дәлелдеп береді. Сәуленің жиналу, сыну, тарау, шоғырлану заңдылықтарын геометриялық дәл әдістермен тапқан Әбу Наср Әл-Фарабидің шұғыла туралы түсінігі Еуропа ғылымына 17 ғасырда ғана мәлім болды. Оны неміс астрономы И. Кеплер арабшадан аударып “фокус” атаған. Мұны Әбу Наср Әл-Фараби сегіз ғасыр бұрын “күйдіру”, “оттық орын” мәнінен шығарып “мұхарақ” атаған. Ол және өз қолымен ойыс айна, яғни парабола, линза жасап, бұларын ғылымда қолданған да болатын. Әбу Наср Әл-Фараби ежелгі гректің ұлы астрономы Клавдий Птоломейдің еңбектерін түсіндіре, кемелдендіре отырып, өз тарапынан да теориялық (математикалық), практикалық мәні зор қорытындылар жасап, соны идеялар, пікірлер айтады. Мысалы, ол тарихта тұңғыш рет Шолпан планетасының Күннің бетін басып өтуін бақылайды, “Астрологиялық болжамдарда не дұрыс, не теріс” деп аталатын трактатында ғұлама ғылыми астрономияны, жұлдыздардың орны, түр-түсі, қозғалысы т.б. көрінерлік қасиеттеріне сүйеніп, жер бетіндегі оқиғалардың, адам өмірінің болашағын алдын-ала болжауға болады дейтін дүдәмал, күмәнді ғылымсымақты астрологиядан бөліп қарайды. Ғұламаның ғылыми-философиялық еңбектерін байыптап қайта қарау барысында оның педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандығын көреміз. Ол — шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты. Жас ұрпақтың сана-сезімін қалыптастыру үшін үш нәрсенің ерекшелігін жүйелеп, дәйектеп алу шарт: * Баланың ішкі ынта-ықыласы, құмарлығы; * Ұстаздың шеберлігі, ар тазалығы; * Сабақ процесінің алатын орны. Ғалым дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің ұқсастығына, оның бір-біріне тигізетін әсеріне ерекше мән берді. Әбу Наср Әл-Фараби. өзінің “Риторика”, “Поэзия өнері туралы”, “Бақытқа жол сілтеу” туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді. Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжрымыдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол [адам] баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Фараби жасаған қортындының басты түйіні — білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде. Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Фараби көркемдік, сұлулық хақында былай дейді: ол өмір шындығының өзіне тән қасиеті, болмыстың, нақты құбылыстардың, әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі. Көркемдік — тән мен жан қасиеттерінің сұлулығын көрсететін белгі деп санайды. ## Әмбебап-музыкант Әбу Наср Әл-Фараби әмбебап музыкант та болған. Саз аспаптарында ойнап, ән салған, өз жанынан ән, күй шығарған. “Музыканың ұлы кітабы” — ғұламаның әрі музыка жайында, әрі физика-математика жайында жазған тарихи үлкен туындысы. Мұнда музыкалық акустика мәселелері барынша кең қамтылып, дыбыстың табиғаты, тегі, таралуы т.б. жайында көптеген дұрыс, соны пікірлер айтылған. Музыканың тәжірибелік (эксперименттік) және теориялық (математикалық) негіздерін жасап, физика-математикалық заңдылықтардың белгілі музыка аспаптарда қалай жүзеге асу жолдарын көрсетеді. Әбу Наср Әл-Фараби ғылми танымның жалпы (универсал) теориялық үш шартын анықтап, соның негізінде музыка теориясын жаңадан қалыптастырды. Ол шарттар: біріншіден, ғылымның барлық түпкі негіздерін — принциптерін білу; екіншіден, осы принциптерден сол ғылымға жататын қажетті қорытындыларды, нәтижелерді шығара білу; үшіншіден, осы ғылым жайлы бұрын-соңды айтылмаған ой-пікірлерді талдай білу, дұрысын терісінен ажыратып, қателерін түзете білу. Музыканың математика теориясын жасау жолында Әбу Наср Әл-Фараби математиканың көптеген түбегейлі мәселелерін қамтиды. Олар: қатынастар теориясы, комбинаторикалық талдау мәселелері, функционалдық тәуелділіктер және оны кескіндеу, аксиоматика идеясы т.б. ## Әл-Фараби мен Абай Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,» - деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет. Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында «өзін танымақтың» немесе «жан қуаты» туралы ойлардың қалыптасу жолдарын танып білу күрделі мәселеге айналып, бастан-аяқ қарама-қарсы көзқарастардың өріс алуына түрткі болды. Адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне дүние философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі. Жалпы «жан қуаты» немесе «өзін танымақтық» жайлы күрделі ой сарасына қазақ топырағында арғы заманда Фараби, соңғы дәуірде Абайға терең барлап барған. Абай өлеңдері мен қарасөздеріндегі жан қуаты жайлы ой толғануында «жан құмары», «жанның жибили қуаты», «жан қуаты», «жанның азығы» т. б. осы іспеттес философиялық сарындағы ойларын таратқанда: «Жан қуаты деген қуат-бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сиғызбайды» - деп, айрықша ескертуінің өзіндік себептері бар. Бұл тұжырымынан ақынның «өзін танымақтығы» жөніндегі ілімнің тарихымен толық таныстығы анық байқалып, өз тарапынан ойларын кең түрде тыңдаушыларына молынан жеткізе алмаған өкініші де сезіледі. Жан қуаты жөнінде Фараби қолданған филос. терминдер Абайдың өлеңдері мен Жетінші, Он жетінші, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші қарасөздерінде сол түпнұсқадағы қапыға немесе қазақы ұғымға сай балама сөздермен беріледі. Ақынның Он төртінші, Он жетінші қарасөзі мен «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек...», «Көзінен басқа ойы жоқ...», «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа...», «Алла деген сөз жеңіл...», «Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі асыл тас...» өлеңдерінде арнайы сөз болып, талқыланатын ақыл, қайрат, жүрек жайлы филос. мағынадағы ойларының бастау алар көзі Фараби еңбектерінде жатыр. Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларын «өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді. Адам жанына (интеллект), оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне (хауас) талдау бергенде жүрекке үнемі шешуші мән беріп, ерекше даралай көрсетіп отырады. Жалпы жан қуаты жөніндегі танымға булай қарау мешаиын (перепатетиктер) мектебіндегілерге тән құбылыс. Бұл жөнінде Фараби мен Абайдың ой қорытулары сабақтас, өзара іліктес келеді. Фараби «Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес» (әл - Фараби. Философиялық трактаттар. -А. , 1973, 289-6.), - деп, жүрекке шешуші мән бере қараса, Абай да: «Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ менің ісім депті. Бірақ, сонда билеуші жүрек болса жарайды» деген тұжырымға келеді. Бұдан екі ұлы ойшылдың да жүрек жөніндегі танымдарының негізі бір екені, тек баяндау түрі басқаша берілгені көрінеді. Ақын Фараби ұйғарысындай жүрекке шешуші мән-мағына берумен қатар, оны ізгілік, рақым, шапағат атаулының шығар көзі, тұрар мекені деп біледі. Ойшыл-ақын көп көңіл бөлген мораль философиясы да осы танымға негізделген. Абай туындыларының өн бойына таралып отыратын адамгершілік, имандылық ойларының бәрі де осы көзқараспен ұштасады. Ақынның «хауас», «үш құю» (имани гүл), «жә уан мәрелік», «әділет», «шапағат» жайлы ой толғаныстарының желісі де осы таным шеңберіндегі ұғымдар. Бұлар Фарабидің жоғарыда аталған еңбегіндегі адамның жеке басының ең кемелденген (камили инсани) үлгі-өнегесі жайлы арналы танымының негізіне саяды. Осы Фараби дәстүрінің жалғасы Абайдың «толық адам» жөніндегі ой-пікірінен айқын сезіледі. Абайда жиі сөз болатын «толық адам», «жарым адам», «адам болу», «инсаниаттың кәмаләттығы», «бенделіктің кәмаләттығы», «толық инсаниат», «адамшылық», «адамның адамдығы», «адам болу» т. б. атаулық мәні бар ұғымдар, сөздер тобы, ол жайлы пікірлердің шығар көзі Фараби еңбектеріндегі ой желісінен туындайды. Фараби «Табиғат ғылымдарының негіздері» (космогония) жайлы еңбегінде жалпы хакасқа, әсіресе, оның хауаси хамса заһири деп аталатын сыртқы сезім мүшелеріне ерекше назар аударған. Фарабидің қоршаған орта болмысының сырын тануда басты орын алатын сезім мүшелері - хауаси хамса жайлы филос. ұғымдары Абайдың Жиырма жетінші, Отыз сегізінші қарасөзі мен «Алла деген сез жеңіл» өлеңінде сол түпнұсқадағы қалпында берілген. Ақынның «Жансыз жаратқандарынан пайда алатын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан пайдаланатын ақылды инсанды (адамды) жаратыпты» деген тұжырымы дүниенің жаралуы жайлы Фарабидің тәңірі әуелі жансыз дүниені, өсімдіктерді, жан-жануарларды, содан соң ақыл иесі адамдарды жаратқан дейтін сатылы танымынан туындайды. Бұл таным Фараби көзқарасының әлсіз жері болса, Абай танымының да осал жағы болып табылады. Ойшыл ақын өз шығармаларында Фараби дәстүрімен хауаси хамса заһириге ерекше мән береді. Ақыл, сана дегеніміз бізді қоршаған өмір шындығының сыртқы бес сезім арқылы, яғни, танымның жибили қуаты мен адамның санасында сәулеленуінен пайда болатын рухани құбылыс деп таниды. Абайдың ақыл мен сананың пайда болуы туралы дүниетанымының негізі Фарабидің «Ақыл дегеніміз тәжірибеден басқа ешнәрсе де емес» (әл-Фараби. Философиялық трактаттар, 295-6.) деген ой желісімен өзектес келеді. Фараби жан қуатын қозғалдыратын қуат және танып білетін қуат деп екіге бөліп, адам бойындағы танып білетін қуатты ішкі және сыртқы жан қуаты ретінде қарастырады. Фарабидің бұл танымы Абайдың шығармашылығында сол тұрғыдан психол. ұғымдардың баламасы ретінде сөз етіледі. Ақынның қарасөздерінде адамның сыртқы бес мүшесі мен ішкі сезім мүшелері бірлікте алынып, хауас ретінде түсіндіріледі. Абайдың хауас үғымы - көбінесе, бейнелеу қағидасымен (ахси жиһан) ұштасатындықтан, Қырық үшінші сөзінде адам бойындағы жан қуаты жөніндегі Фараби танымдарымен іштей сабақтасып жатады. Ақынның «адамды танымақтық» деп өз алдына сараланатын ұғымдары Фарабидің жан туралы ойларымен өзектес келеді. Фарабидің адамның дүниені танып білу қуатына (әл-қуат алмутехаййла) ерекше мән бере қараған, негізгі ой желілері Абайда арнайы сөз болатын хауас, хауаси хамса заһири, хауас сәлем ұғымдарынан көрініс тапқан. Фараби жан қуаты жөнінде өзіндік соны ойлар желісін таратқанда, оларды өсімдік жаны, хайуан жаны, адам жаны деп үшке жіктеп, таным процесін адам жанына тән тума қасиет ретінде қарастырады. Осындай тұжырымдар Абайдың Жетінші, Он тоғызыншы, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші сөздерінде ұшырасады. Жетінші сөзінде «жанның тамағы» жайында тоқтала келіп, Абай: «... өрістетіп, өрісімізді ұзартып құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», - деп, оны жан құмары арқылы дамитын сезім тұрғысында түсіндіреді. Жиырма жетінші сөзінде хайуан мен адам арасындағы ерекшелікті олардың дүние тану үрдісіне қарай жіктеп, «... Һәмма мақлұққа да қара, өзіңе де қара, жаңды бәрімізде де беріпті. Жанның жарығын бәрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам алдын, артын, Һәм осы күнін - үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан артын, осы күнін де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тексермекке тіпті жоқ» деп тану қабілетінің адамда зор сапалық ерекшелікте болатынын атап өтеді. Ақын Фарабидің түсіндіргеніңдей жан құмары, жан қуаты деген қасиеттер тек адамға ғана тән нәрселер деп таныған. Фараби заманында мұсылман қауымының ой санасында бүкіл болмысты, ондағы сан түрлі құбылыстың бәрін мүтекәллимиңдік негізде түсіндіретін жаңа бағыт қалыптасты. Мүтәкәллиминдердің танымындағы түбірлі қателігін аяусыз сынаған Фарабидің сыншыл ойын Абай панисламизм идеясы қанат жайған тұста одан әрі дамыта түсті. Ақынның Фараби сынаған мүтәкәллиминді: «Ақыл мен хауас барлығын, Білмей дүр жүрек, сезе дүр, Мүтәкәллимин, мантикин, Бекер босқа езе дүр..,» - деп, түбегейлі әшкерелеп терістеуінде терең таным сыры жатыр. Абай арнайы көтеріп отырған хауас жайындағы ұғымы ақын шығармаларында «хауаси хамса заһири», «хауас сәлем», «хауас»деген үш түрлі мағына даушы растады. «Алла деген сөз жеңіл» өлеңіңде мүтәкәллиминдер мен логиктердің хауасты түсіндірудегі пайымдауларын әшкерелей терістеуі ақынның әлеум. ортасындағы батып сыншылдық бағьггты танытты. Абайдың дүниетанымындағы ерекше назар аударар нәрсе ақынның Фараби түзген ғылымды классификациялау принципі мен таныс болуы. Ақынның Фараби жасаған ғылымды жүйелеудегі принципімен таныстығы жеңілде нақтылы дерек жоқ. Дегенмен де, Абай шығармаларында ғылымды жүйелеу жөніндегі пікірін белгілі бір дәрежеде нақтылы деректермен білдіреді. Мәселен, Қырық бірінші сөзінде. «... дүниеде есепсіз ғылымның жолдары, бар, сол әрбір жолда бір медресе бар...», - деп, ғылым салаларының молдығын, нақтылы атауларын жеке-жеке атап өтеді. Ақынның Отыз сегізінші сөзінде ғылым салаларын біршама жүйелеу принципі ұшырасады. Ғалым, хакімдер туралы пікір қозғағанда:«... адам баласының ақыл-пікірін ұстартып, хақ бірлән батылдықты айырмақты үйреткендігі...» - деп, қоғамдық ғылымдарды өз алдына дербес топтастырады. Абай Отыз сегізінші сөзіндегі «адамның білімі», «алланың ғылымы», «өзіндік ғылым», «дүниенің ғылымы», «заһири ғылым», «дүниені танымақтық» тәрізді ғылым салаларын Фарабидің филос. тұжырымдарында қолданылатын атау сөздермен не қазақы ұғымға сай балама түрдегі атаумен қарастырады. ## Ғалым мұралары жету кезеңдері Ғалым мұраларының бізге жетуін төрт кезеңге бөлуге болады: * Орта ғасырдағы араб, парсы және басқа тілдерде жазған ғұламалар арқылы (Ән-Надим, әл-Баиһақи, Ибн Саид әл-Кифти, Хаджи Халифа, Венике, Камерариус т.б.); * Жаңа дәуір кезеңдеріндегі Батыс Еуропа мен Америка ғалымдары арқылы (Леонардо да Винчи, Спиноза, И.Г.Л. Козегартен, Г. Зутер, Ф. Диетереци, К. Брокель, Дж. Сартон, М. Штейншнейдер, Д. С. Марголиус, т.б.); * 20 ғасыр, әсіресе Кеңес Одағы шығыстанушы ғалымдары арқылы (В. В. Бартольд, Е. Э. Бертельс, Б. Ғафуров, С. Н. Григорьян, В. П. Зубов, А. Сагадеев, Ю. Завадовский, түріктер А. Сайылы, Х. Үлкен т.б.); * Қазақстан мен Орта Азия оқымыстылары арқылы (Ә. Марғұлан, А. әл-Машани, О. Жәутіков, А. Қасымжанов, А. Көбесов, М. Бурабаев, Ә. Дербісәлиев, І. Жарықбаев, Ш. Хайруллаев т.б.). Әбу Насыр әл-Фараби мұраларының Қазақстанда түбегейлі зерттелуі 20 ғасырлардың 60-жылдарында ғана қолға алынды. Оған алғаш бастамашы болған қазақ ғалымдары Ақжан әл-Машани (Машанов) мен Қаныш Сәтбаев еді. Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1100 жылдығына орай шығарылған ЮНЕСКО шешімі бойынша 1975 жылы Алматыда халықаралық конференция өткізілді. Бұл күндері ҚР ҒМ Ғылым Академиясының философия институтында шығыс философиясы және фарабитану бөлімі жұмыс істейді. Мұнда ғұламаның қазірге дейін қазақ және орыс тілдеріне аударылып, ғылыми түсініктемелері мен алғысөздері жазылып, 20-дан астам трактаттары жарық көрді. Бұл бөлім Әбу Насыр Әл-Фарабидің диалектикасы, гносеологиясы мен әлеуметтік философиясы мәселелері бойынша зерттеулер циклін жүргізіп келеді. ҚазМУ-де Фарабитану орталығы құрылған. Мұнда да Әбу Насыр Әл-Фараби мұраларын аудару, зерттеу, насихаттау жұмыстары маркстік көзқарастардан арылған жаңа, тың бағыттар бойынша жүргізілуде. ## Әбу-Насыр әл-Фарабидің шәкірттері Фараби өз тұсында да, өзінен кейінде халық арасында кеңінен белгілі болған. Фарабиді Шығыс пен Батыстың көп ғалымдары өздеріне ұстаз тұтып, оның еңбектерінен үлкен өнеге, ғибрат, тәлім-тәрбие алған. * Әбу Әли Құсайын Ибн-Абдолла ибн-Сина (Авиценна) — медицина ғылымының атасы, Орта Азия атырабынан шыққан, ғылым мен мәдениеттің дамуына үлкен ықпал еткен ірі тұлға. * Омар Ибн-Ибрагим Әл-Хайям (1048-1130) — Фараби мен ибн-Синаның мұраларын игеріп ілгері дамытушы. Ойшыл ақын, терең философ, асқан математик. * Ұлықбек Ибн Шахрух (1394-1447) — аса ірі мемлекет қайраткері, астроном, математик, ертедегі грек ғалымдары мен Орта Азияның көрнекті оқымыстыларының негізгі еңбектерін жетік білуші ғалым. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * А.Касымжанов. Абу-Наср аль-Фараби кітабы * Р.С.Каренов. Əбу Насыр əл-Фараби: өмірі, шығармалары, жаһандық ғылым мен мəдениетке қосқан үлесі * Шығармалары Adebiportal.kz сайтында
"ЭЛЛИАС" Рудольф Иванович (1935 ж. т., Украина, Донецк облысы Константиновка қ. – 1994, Алматы) – педиатр-ғалым, мед. ғыл. кандидаты (1975). Алматы мемл. мед ин-тын (қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген (1963). 1963 ж. Алматы қалалық жедел жәрдем көрсету ауруханасында дәрігер-хирург, 1965 – 70 ж. 1-клиник. балалар ауруханасында бөлім меңгерушісі, 1970 жылдан қайтыс болғанға дейін Қазақ ұлттық мед. ун-тінде ассистент, доцент болып қызмет атқарды. Ғыл. жұмысының негізгі бағыты балалар нейротравматологиясы мәселелеріне арналған. Эллиас балалардың бассүйек-ми ауыр жарақаттарын емдеуде жаңа диагностик. әдістерді ұсынған. Аутокраниотрансплантация емдік операциясын орындау үшін сүйек трансплантантын дайындау және сақтау технологиясын тапқан. 100-ден астам ғыл. еңбектің авторы. Травматология және ортопедияның бала жасындағы ауруларға қолданылатын тиімді диагностикасы мен емдеудің жаңа технологияларын зерттеп, тәжірибеге енгізгені үшін Қазақстан мемл. сыйл. алған (1999, қайтыс болғаннан кейін). ## Дереккөздер
Қопа жазығы, Қопсан жазығы – Шу-Іле тауларының шығыс сілемі Кіндіктас тауының солтүстік-шығысында орналасқан тау аралық жазық. ## Географиялық орны Батысы Жамбыл облысының Қордай ауданына, қиыр шығысы Алматы облысының Жамбыл ауданына еніп жатыр. ## Жер бедері Ұзындығы 35 – 40 км, енді жері 15 км шамасында. Биіктігі солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 1000 м-ден 700 м-ге дейін төмендейді. Төрттік кезеңнің аллювийлі малтатастарынан түзілген. Жазықты Қопа өзені жарып ағады. Солтүстігінде Құлжабасы тауы Қопа жазығын Қараой жазығынан бөліп жатыр. ## Өсімдігі Жазықтың солтүстігіндегі шөлейт өсімдіктер жамылғысы оңтүстігінде тауалды дала өсімдігіне ұласады. ## Дереккөздер
Мәртөк ауданы — Ақтөбе облысының солтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Орталығы — Мәртөк ауылы. ## Географиялық орны, жер бедері мен климаты Мәртөк ауданы солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, батысында Қобда, оңтүстігінде Алға ауданы және Ақтөбе қаласымен, шығысында Қарғалы ауданымен шектеседі. Аудан солтүстіктен оңтүстікке 110 шақырымға созылса, бұл көрсеткіш шығыстан батысқа 147 шақырым құрайды. Аудан жері негізінен жазық, солтүстігі сәл қыратты келеді. Ең биік жері ауданның солтүстік-шығысында (414 м). Климаты айқын континенттік, қысы — суық, жазы — ыстық. Ауаның жылдық орташа температурасы қаңтарда –15 — 17С, шілдеде 21 — 23С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 220 — 250 мм. ## Халқы Халық саны 29980 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (62,72%), орыстар (17,67%), украиндар (12,15%), немістер (2,78%), беларустар (0,37%), татарлар (1,76%), басқалары (2,55%). Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 4,5 адамнан келеді. ## Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 32 елді мекен 13 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Өзен-сулары Ауданның оңтүстік-батыс жерімен Елек өзені және оның салалары Ақсу, Жамансу, Тәңірберген (Танаберген) ағып өтеді. Шығысын бойлай Жайық өзенінің саласы Қиялы Бөрте өзені ағады. Бірнеше ұсақ көлдер бар. ## Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Аудан аумағында құрғақ дала белдеміне тән топырақ жамылғысы қалыптасқан. Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында жерінің көбі жыртылған. Өсімдіктің 300-ден аса түрі бар, оның ішінде боз, бетеге, қара жусан, ши, қамыс, құрақ, бұталы өсімдіктер өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, суыр, борсық, сарышұнақ, аламан тышқаны және бауырымен жорғалаушылар, т.б. мекендейді. 160-қа жуық құс түрі ұялап, 27-ісі жыл бойы қалады. ## Шаруашылығы, инфрақұрылымы Ауданда 1996 жылға дейін астық өндіру, оған қосымша сүтті-етті мал, көкөніс, картоп өсіруге маманданған 13 ұжымшар, 4 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. 1996 жылдан АҚ-дар, ӨК және шаруа қожалықтары құрылды. Аудандағы ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 480 мың га, оның ішінде жыртылған жері 188,2 мың га, шабындығы 11,0 мың га, жайылымы 265,2 мың га, орманы 5,6 мың га. (2000). Мал шаруашылығында 2000 жылы 35,1 мың сиыр, 14,4 мың қой мен ешкі, 10,2 мың шошқа, 1,5 мың жылқы болды. Жалпы білім беретін 31 орта мектеп, 1 кәсіптік-тех. мектеп, мәдениет үйі, 16 клуб бар. Денсаулық сақтау саласында аурухана мен емхана, 12 фельдшерлік-акушерлік пункт, 4 отбасылық-дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Аудан жерімен Орынбор — Ташкент т. ж., Ақтөбе — Мәртөк, Ойыл — Мәртөк автомобиль жолдары өтеді. ## Дереккөздер
АФК Қайрат - Алматы қаласында орналасқан қазақстандық футзал клубы. УЕФА Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы (2013, 2015), Әлем Суперкубогы (2014), 17 рет Қазақстан Кубыгы, 18 дүркін Қазақстан Чемпионы. ## Тарихы Қайраттың бұрынғы ойыншысы Рикардо Какау 2012-13 маусымда бас бапкер болғанда Қайрат өз тарихындағы ең үлкен жеңіс - УЕФА кубогының жеңімпазы атанды. Клубтың негізі 1995 жылы қаланды. Еуропадағы ең мықты клубтардың бірі: УЕФА Футзал кубогының жартылай финалына соңғы алты маусымда төрт рет жеткен. “Қайрат” 1998/99 жылдан бастап ұйымдастырылып келе жатқан Қазақстан бiрiншiлiгiнде 8 мәрте топ жарып, 8 мәрте Қазақстан кубогын жеңiп алған. УЕФА кубогына 2004 жылдан берi қатысқан “Қайрат” 2008-09 жылғы еуромаусымда УЕФА кубогының қола жүлдегерi атанды. Кезiнде “Қайраттың” намысын қорғаған Юрий Бутрин, Рикардо Какау, Этьен сынды ойыншылар Еуропа сындарында ең көп доп соққан ойыншылар. Бұлардың әрқайсысы УЕФА кубогы жолындағы жарыста қарсыластарының қақпасына он бiр голдан соқты. ## Жетістіктері ### Футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасы Футзалдан Қазақстан Чемпионаты Қазақстан кубогы ## Маусым ### 2022 - 2023 ### 2023 - 2024 2023 жылғы 26-29 қазан күндері Қайрат командасы УЕФА чемпиондар лигасының негізгі раундына қатысты. Қайрат клубы Дифферданж, Халадаш және Пальма клубтарымен 3-топқа түсті. Ойындар Пальма қаласында Palau Municipal d´Esports de Son Moix аренасында өтті. 26 қазан күні Люксембург елінің Дифферданж клубын 4:2 жеңді, 27 қазан күні венгриялық Халадаш клубымен 2:2 тең ойнап, ал 29 қазан күні испаниялық Пальма клубымен 4:3 есебімен жеңілді. Осы нәтижелермен Қайрат клубы өз тобында екінші орын алып Элиталық раундқа жолдама алды. ## Сыртқы сілтемелер * Ағымдағы ресми сайты * Ескі сайты Мұрағатталған 22 шілденің 2011 жылы. * FutsalPlanet:Club profile Мұрағатталған 5 қарашаның 2014 жылы. ## Дереккөздер
Ақыл көші (ағылш. brain drain) – ел немесе өлкеден саяси, экономикалық, дiни немесе басқа себептер бойынша мамандар, ғалымдар және білікті жұмыскерлердің кетiп қалуымен сипатталатын эмиграциялық процесс. Мамандардың кетуi орын алған елдерге АҚЫЛ КӨШІ үлкен экономикалық, мәдени, кейде саяси залал келтiрiлсе, маман-эмигранттарды қабылдаушы елдер, керiсiнше, мол және арзан зияткерлiк капиталға ие болады. «Ақыл көші» термині екiншi дүниежүзілік соғыс уақытында және кейiн ғалымдар мен инженерлер арасындағы миграциялық процестердi сипаттау үшiн Британдық Корольдік қоғамы енгiзген болатын. Мамандардың шет елге кетуi дамушы елдердiң көпшiлiгi үшiн маңызды проблема болып саналады (Малави, Судан, Заир, Замбия), әсiресе Африкада. Дегенмен, «ақыл көші» елдiң экономикалық ахуалы жақсарған жағдайда тоқтайды. Осылайша, Силикон алқабы ауданындағы жоғары технологиялық американ корпорацияларында бiрнеше жыл жұмыс iстегеннен кейiн отанына оралған үндi ғалымдары жаңа компьютер бағдарламаларын жасау бойынша үндi өнеркәсiбiнің дамуына бастама болды. Шетелден келуші жұмысшылар жұмыс орындарының санын қысқартып, жергілікті тұрғындар арасында жұмыссыздықты үлкейтетiндiктен, иммиграцияның экономикалық әсерлері көбiнесе терiс сипатталады. Мұндай мәселенiң бар екендігін терiске шығармай-ақ, иммигранттар жаңа тәжiрибе, бiлiм және дағдыларды ендіретiндігiн атап өту керек. АҚШ, Канада және Австралия – иммиграция нәтижесiнде пайда болған елдер. Басқа елдерде иммигранттар түгелдей салалардың экономикалық дамуына динамизм енгiзедi. Индонезия мен Малайзиядағы қытай өнеркәсiп жұмысшылары, Канададағы Гонконг кәсiпкерлерi, Африкадағы үндi және ливандық кәсiпкерлер, Парсы шығанағының мұнай өндiрушi елдерiндегi иордан және палестиналық қызметкерлер мысал бола алады. Керiсiнше, көп елдерде иммигранттар жергiлiктi тұрғындар арасында талапкерлер бәрiбiр болмайтын бос орындарды толтырады. Түркия және Солтүстік Африканың квалификациясыз қызметкерлерi Германия, Францияға иммиграцияның 60-80% құрайды. Ауыр жұмысқа Израильдегi палестиналықтар, Малайзиядағы индонезиялықтар, Аргентинадағы боливиялықтар жалданады. Керiсiнше, елдер үшiн экспорттық табыс беретiн өндiрiстің кейбiр салалары иммигранттарсыз өмiр сүрмес едi. Мысалдар арасында – ОАР тау-кен өнеркәсiбi, Доминикан Республикасы, Малайзия және Испаниядағы ауылшаруашылық плантациялары, Малайзияның каучук және резеңке өнеркәсiбi. Әлбетте, дамыған елдерде, ең алдымен, иммигранттар құйылу нәтижесiнде квалификациясыз жұмысшы күші нақтылы жалақысының төмендеуімен байланысты иммиграцияның келеңсiз салдарын терiске шығаруға болмайды. Мысалы, АҚШ-та 12 сыныптан кем бiлiмі бар әрбiр төрт жұмысшының бiреуi – иммигрант.
Әбзел — ер-тұрман, жүген, ноқта сияқты қайыс бұйымдардың жиынтық атауы. Қолданылуына қарай ерттеу әбзелі, жегу әбзелі т.б. деп те аталады. Ер-тұрмандағы өрнекті металл бөлшектерді де әбзел дейді. Әбзел дайындайтын адамды - әбзелші деп атайды. ## Дереккөздер
Әбу Абдаллаһ Әл-Баласағұни(1040/50 – 1112) – көрнекті дін өкілі. Баласағұни Шариғат заңы бойынша маманданып, Құранға түсіндірмелер (тәфсирлер) жазуға, Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) жайлы әңгімелерді (Хадистерді) сұрыптауға араласқан. “Сейхунның (Сырдарияның) арғы жағындағы Қашқарға жақын” үлкен шаһарлардың бірі — Баласағұнда дүниеге келген. Баласағұн Қыпшақ мемл. бірлестігіндегі сауда-саттығы, сыртқы қарым-қатынастары дамыған, рухани мәдениеті өркендеген қалалардың бірі болған. Арабтың белгілі тарихшы, саяхатшысы Йақұт әл-Хамауидің (12 ғ.) мәлімдеуінше, Баласағұни білімін Бағдатта жалғастырып, қази Әбу Абдаллаһ әл-Ханафиден дәріс алған. Араб тілі мен әдебиетін, тарихы мен филос-сын жақсы меңгерген. Араб жұртына “ат-Түрік” деген атпен бегілі болған. Иерусалимнің, Шам шаһарының сот мекемелерінде қызмет атқарған. Ол белгілі бір мәселе бойынша үкім шығарып, билік айтуға ақыл мен аналогияға иек арту жөн деген Әбу Ханифа мазһабын қуаттады. Баласағұни шығармалары туралы мағлұматтар жоқтың қасы. Қай жерде дүние салғаны да беймәлім.
Әбу Әли Ахмед ибн Русте, Әбу Әли Ахмед ибн Омар ибн Русте (туған жылы белгісіз, Исфахан-930) — 9 ғ-дың 2-жартысы мен 10 ғ-дың басында өмір сүрген араб географы. Тегі — парсы. Оның “Китаб әл-А'алақ ән-Нафиса” (“Асыл алқалар кітабы”) аталатын еңбегінің бізге тек 7-томы ғана жеткен. Шығармада Таяу және Орта Шығыс, Шығыс Еуропа халықтарының тарихы жөнінде құнды деректер келтірілген. ## Дереккөздер
Зергерлік өнер – сән өнерінің және қолөнердің ежелгі түрлерінің бірі. Металды асыл немесе жартылай асыл тастармен әшекейлеуге негізделген. Зергерлік өнерге әсемдік бұйымдар мен ыдыс-аяқ жасау, қару-жарақ пен ат әбзелдерін әшекейлеу де жатады. Зергерлік өнерде шыңдау, құйма, тегістеу, біліктеу, көркем шекіме, канфаренье (өтпейтін бізбен шекіме жасау арқылы металдың үстіне бүршіктік және күңгірт әсер беру), бастырма, оймыштау, нақыштау, оброн (сурет айналасын ойып тастау техникасы), сымкәптау (филигрань), бүршік, қарала, тыныке (финифть), инкрустация, қырнау, жылтырату және т.б. тәсілдер қолданылады. Қазақтың зергерлік өнері - тамырын тереңнен алатын дәстүрлі мәдениеттің көрікті және көрнекті саласы. Зергер болу киелі де қасиетті өнер саналған. Оған ең алдымен табиғаттан дарыған тума талант керек. Екіншіден, ол - атадан балаға немесе ұстаздан шәкіртке ауысып отыратын тылсым сыры бар, халықтың дәстүрлі дүниетанымымен, тарихи болмыс-бітімімен, салт-дәстүрімен байып отыратын қастерлі кәсіп.Дәстүрлі зергерлік өнерде шеберлер әр түрлі құрал-саймандарды өздері жасап пайдаланған. Оларға мыналар жатады: көрік, қышқаш, төс, сым тартқыш.Зергерлердің аса көп жасайтыны - әйелдердің әшекей бұйымдары. Қазақ әйелдері кеуделеріне алқа, құлақтарына сырға, шаштарына шолпы, білектеріне білезік, саусақтарына жүзік таққан.Бір-біріне үзбелеп бекітілген үлкенді-кішілі өрнекті алқалардан құралатын салмақты да салтанатты өңіржиектер аса көзтартарлық әсем болады. Қатар-қатар тізбектелген тастар қондырылып жасалған тамақ алқа асыл матамен әдіптеледі. Ал інжу-маржан қадалған тамақшалар - қыздар жиі тағатын бұйымдар.Кеудеге тағылатын әшекейлер қатарына түрлі-түсті, сәнді түйреуіштерді, асыл тасты тұмарларды, небір қымбат тастармен безендірілген таналар мен күмістен соғылған түймелерді, ілгешектерді жатқызуға болады. ## Зергерлік өнердің пайда болуы Қазіргі Қазақстан аумағында техникалық және көркемдік тұрғыдан жетілген зергерлік өнер алғашқы темір дәуірінде-ақ пайда болған. Жетісудан жануарлар – таутеке, ілбісін, қабан бейнесі бедерленген мыс қазандар мен ғибадат бұйымдары (б.з.б. 5 – 4 ғ.), сақ ханзадасының алтынмен апталған сауыт-саймандары (Есік қорғаны, б.з.б. 4 ғ.), әйелдің алтын бас киімі (Қарғалы қазынасы, б.з.б. 2 – б.з.2 ғ.), жарқырауық тас орнатылған сырғалар (Ақтас-1 қорымы, б.з. 2 – 5 ғ.) табылған. Бұлар да бірін-бірі толықтыратын техникалық тәсілдер – бейнелеп құю, бедерлеу, қалыпқа салып қысу, бір затқа бір затты оюластыру, кіріктіру, күмістеу, термелеу, өру, бұрау, тоқымалау, әбзелдеу, сіркелеу, қақтау, әшекейлеу, т.с.с. қолданылған. ## Ежелдегі мүсіндер Әсіресе, ежелгі зергерлер қолынан шыққан шебер мүсіндер – арқардың (не қошқардың) басы, мүйізі. Ол жүзіктерде, білезіктерде, алқаларда, шолпыларда көбірек кездеседі. Сондай-ақ, ежелгі зергерлік өнерде кездесетін көркем мүсіннің бір түрі – таутеке бейнесі. Мысалы, таутекенің қияда қатып тұрған сәті (қаптырмада), басы, мүйізі (жүзікте), бөкеннің, еліктің басы, олардың жаудыраған көзі (ілгекте, қаптырмада, жүзікте) әдемі шекілген. Сол кездегі зергерлер, әсіресе, арыстанды бейнелеуге көп көңіл бөлген. Арыстанның бас бейнесі алқаға, білезікке әсем түсірілген, кейде қанатты арыстан түрінде келтірілген. Байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері бұйымдарындағы бейнелердің барлығы құю, қырнау, безеу, қақтау әдістерімен, жұмыр мүсін не рельеф түрінде жасалған. Олардың көпшілігі ат әбзелдерінде, кісенің ілгектерінде, киімнің қапсырмаларында, әйел әшекейлерінде, музыка аспаптарында, қару-жарақтарда тамаша әшекей рөлін атқарып, ғажайып үндестік тапқан. Сақ, ғұн, үйсін дәуіріндегі шеберлер зергерлік ісін өте биік сатыға көтерген. Металл қақтау, оны құю, жұмырлау өнерін толық меңгеріп, неше алуан ғажайып мүсіндер жасай білген. Алтыннан, күмістен, қоладан пішін жасаумен бірге, оның бетіне асыл тас орнату әдісін де меңгерген. Орта ғасырларда зергерлік өнер жекелеген шеберлердің ықпалынан шығып, қолөнерлік өндіріске айналды. Бұған, Оңтүстік Қазақстан және Орталық Қазақстан аумағындағы көне қалалар орнынан табылған ескерткіштер айғақ бола алады. Осы кезеңде ат әбзелдерін өрнектеу (күмістеу, асыл, жартылай асыл тастармен әшекейлеу, бедерлеу, бұрау) дамып, қару-жарақтар, күнделікті тіршілік құралдары – қола шырағдандар, ыдыс-аяқ (Оңтүстік Қазақстан, 10 – 13 ғ-лар) жасалған. ## Кейінгі заманғы қолөнер 17 ғ. мен 20 ғ-дың 1-жартысы аралығында, яғни металды әшекейлеу өз алдына қолөнерлік өндіріске айналған кезеңде Қазақстанда зергерлік өнердің дамуы жоғары деңгейге жетті. Зергерлік шеберлік әкеден балаға мұра ретінде қалып отырған. Бұйымдар жасауға күміс, ақық, бирюза, маржан, кейде лағыл, сапфир, меруерт, сондай-ақ, түрлі түсті шыны – смальта да пайдаланылды. Әйелдердің әшекейлері – әр түрлі жүзіктер, білезіктер, сырғалар, шолпылар, қапсырмалар, түйреуіштер, түймелер, ақықтан істелген салпыншақтар, сонымен қатар жуынып-шайынатын, сүрмеленіп боянатын құралдар шеберлікпен жасалған. Мұндай шеберлікке қалыптау, соғу, құю, бедерлеу, сіркелеу, қырлау, бұрау, қаралау, алтындау, эмаль жалату, т.б. тәсілдер арқылы қол жеткізілген. Қазақстанның әрбір аймақтарында зергерлік өнердің жергілікті мектептері қалыптасқан. ## Қазіргі заманғы зергерлік өнер Қазіргі заманғы зергерлік өнер жұмыстарының көпшілігі әр түрлі техникалар көмегімен жүзеге асырылады. Сығымдау, өрнектеу қалыптары, әр алуан жонғыш, сызғыш, оймыштағыш құрал-саймандар, электрмен жұмыс істейтін машиналар көбейді. Соның нәтижесінде жаппай тұтынылатын көпшілік қолды зергерлік бұйымдар топтап шығарылатын болды. Алайда, зергерлердің қолдан жасаған дара бұйымдары әлі күнге дейін зергерлік өнердің құнды ескерткіштері ретінде бағаланады. Әсіресе, қарағандылық А.Қошқарбергеновтің сүйектен ойып, 40 түрлі оймыш-өрнектер салып жасаған күмістеген асадалы, А.Абылаевтың алтын, күміс бұйымдары, Қ.Дүйсенқұлованың күміс ері, Солтүстік Қазақстандағы Қ.Смағұловтың сақиналары мен жүзіктері, Семейдегі Б.Нұржанов пен Павлодардағы А.Есалиевтің нәзік шеберлікпен жасаған бұйымдары қазіргі заманғы отандық зергерлік өнер дамуының жаңа белестері болып табылады. Зергерлік өнер дәстүрі қызылордалық шебер М.Төлегенов, суретші-зергерлер И.К. Брякин, Ғ.Жалмұханов, Д.Шоқпаров, В.С. Савченков, Г.И. Иванов шығарм-нда одан әрі дамыды. ## Зергерлік бұйымдар ## Сырға Қыз-келіншектердің аса сүйіп тағатын әсемдік бұйымының бірі - сырға. Қазақ зергерлері сырға жасаудың тым көне сырларын меңгерген. Мәселен, Қарғалы археологиялық қазбасынан біздің заманымызға дейінгі кезеңге жататын алтын шекелік пен тас қондырылған сырға табылған. Қазақ зергерлері жасайтын ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, қозалы сырға, салпыншақ сырға, шұжық сырға, сабақты сырға, шашақты сырға деген сияқты әр өңірде алуан аталатынтүрлері өте көп. ## Шолпы мен шашбау Келесі зергерлік бұйымның бір түрі - қыз-келіншектер шаштарының ұшына тағатын шаштеңге, шолпы, шашбау деп аталатын әшекейлер. Шаштеңгелер мен шолпылар көп жағдайда әсем шиыршықталған күміс үзбе бауларға бекітілген тоғыз теңгеден тұрады. Тоғыз - қазақ ұғымында киелі сандардың бірі. Олар бір-бірімен ұзыннан ұзақ жалғасып, шаштың ұшына дейін біргеөріледі. Шаштың ұшында салбырап тұрған әшекейлер қыз жүрісіне үн қосып, әсем әуен шығарады.Шашбау да бір-біріне сым үзбелер арқылы бекітіліп, орталарына асыл тастардан көз қондырылған теңгелер тізбегінен құралады. Ұшы сәнді шашақпен немесе күміс әшекейлермен әсемделеді. шашбау шаштың түбіне бекітіліп, бұрыммен бірге салбырай төгіліп тұрады. ## Білезік Әйел әшекейлерінің ішінде ертеден келе жатқан және күні бүгінге дейін кең қолданылатын әсемдік бұйым - білезік.Бәлезік сыңар қолға да, қос қолға да тағыла береді. Оны бірнеше бөлшектен құрап та, сом темірден тұтас құйып жұмыр етіп те жасайды, сондай-ақ ашпалы-жаппалы түрлері де болады. Соған орай оларды сом білезік, жұмыр білезік, қарта білезік, қақпақ білезік, бес білезік, сағат білезік деп әр түрлі атайды. Олардың ішінде алтын, күміснәзік шынжырлармен шымдалып жалғасып жататын бірнеше жүзігі барбілезіктер де кездеседі. Зергерлер білезіктерге неше түрлі өрнектер салып, тас қондырып, қарала жүргізіп, зерлеп, сымдарды ширата дәнекерлеп әсемделген. Білезіктер, көбінесе, күмістен соғылады. ## Сақина Әйелдердің саусақтарына тағылатын зергерлік бұйымдардың жүзік немесе сақина деп атайды. Сақиналар ғұрыптық дәстүрде, негізінен, үйлену салты кезінде қолданылады. Сом алтыннан құйылатын мұндай сақиналарды жас жұбайлар аты жоқ (төртінші) саусағына тағады.Ұзатылған қыздарға нәзік жасалған құсмұрын жүзік лайықты. Ал үлкен көз орнатып, ауқымды етіп соғылған салмақты жүзіктерді құдағи жүзік деп атаған. Жасы ұлғайған әйелдер, әсіресе, жиын-тойларда әр саусағына бірнеше жүзікті қабаттап тағатын болған. Зергерлер алтыннан, күмістен құйып, қақтап, соғып, шекімелеп, қарала жүргізіп, шиыршық темірден торлап, небір тамаша өрнектер салып, асыл тас қодырып таңғажайып жүзіктер жасаған. Олар жасалу түрі мен қолданылу ретіне қарай отау жүзік, жималы жүзік, тасбақа жүзік деп аталған. ## Қапсырма Киімнің екі өңірін бір-біріне қосып тұру үшін тағатын әшекейдің бірі - қапсырма. Ол бір-біріне топса арқылы бекітілетін екі бөліктен тұрады. Олар үшбұрыш, сүйір, доға тәріздес, төртбұрыш, сопақша сияқты әр түрлі пішінде болады. Көбінесе, күмістен құйылып, тапталып, шекімеленіп жасалады. Қапсырманың бетіне аң-құстың, ай мен күннің бейнесінемесе өсімдік тектес өрнектер салынып, асыл тастар қондырылып әсемделеді. ## Белдік Қазақ халқының ұлттық киімінің сәнін келтіретін тағы бір маңызды әшекейдің бірі - белдік. Көбінесе, батырлар мен аңшылар тағатын белдіктер қос қабатталған былғарыдан жасалынады. Олар берік болып келеді. Белдіктің күміс қапсырмаларына ай мен күннің, аң-құстардың символикалық бедерлері салынады. Түрлі қарулар мен басқа да керек-жарақтар ілінетін салпыншақтар болады.Қыз-келіншектердің белдіктері күміс әшекейлермен сәнделеді, бірақ ерлердікіне қарағанда нәзік, көркем болады. Олар теріге, асыл маталарға (барқыт, мақпал, пүліш, т.б.) жапсырылады немесе нәзік сымдармен үзбеленіп бекітілген қапсырмалармен әсемделіп жасалады.Белдіктердің кемел белдік, кісе белдік деп аталатын түрлері кездеседі. ## Дереккөздер
Серік Жейлітбаев (23 маусым 1974 — 14 қаңтар 2013) — қазақ футболшысы. Лақап аты - «Сека». Пас беру мен айып соққыларды орындаудың асқан шебері болып табылады. ## Кәсіби мансабы 1992 жылдан, Қазақстан чемпионаты өткізіле бастаған кезден ең жоғары деңгейде өнер көрсеткен С.Жейлітбаев премьер-лигада (Жоғары лига, Суперлига) рекордтық 457 кездесу өткізіп, 61 доп соққан. ### Орындалмаған арман Қазақстан футболының ең дарынды ойыншыларының бірі бола тұра, Серік Жейлітбаев құрама команда сапында жасыл майданға бірде-бір мәрте шығып көрмеген. Жанкүйерлер арманы орындалмай, пас беру мен алыстан соққы бағыттаудың майталманы Серік Қазақстан ұлттық құрамасына сапына алынбай, футболмен қоштасты. ### Футболмен қош айтысу «Sportr&KS» газетіне берген сұхбатында Серіктің ойыншы мансабын аяқтағандығы белгілі болды. Аталған басылым өкілімен болған әңгіме барысында әйгілі футболшы мұндай шешімге денсаулық жағдайына байланысты келгендігін және де болашағын жаттықтырушы қызметімен байланыстырандығына ниетті екендігі айтылады. Дербес Қазақстан тарихындағы ең шебер футболшыларының бірі Серік Жейлітбаев «Востокта» өнер көрсетіп, футболшылық ғұмырын төменгі лигада аяқтады. Оның асқан шебер техникасы мен футболдық ақылдылығы шын мәнісінде толық әрі лайықты бағаланбады. 2013 жылы қаңтар айында қайта-қайта жасалған отадан қайтыс болды. ## Жетістіктері * Үш мәрте Қазақстан чемпионы * Қазақстан Кубогының екі мәрте иегері ## Өнер көрсеткен клубтары * «Қайрат» Алматы * «Ертіс» Павлодар * «Шахтер» Қарағанды * «Жетісу» Талдықорған * «Восток» Өскемен * «Ниса» Ашхабад, Түркменстан * «Курган» Қорған, Ресей ## Дереккөздер
Бурабай ауданы – Ақмола облысының солтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1928 жылы құрылған. Жер аумағы 5,9 мың км². Тұрғыны 71,4 мың адам (2023). Аудандағы 52 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік әкімдігіне және 9 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы – Щучинск қаласы. ## Географиялық орны Аудан солтүстігінде СҚО-ның Тайынша ауданымен, шығысында Біржан сал, батысында Зеренді, Сандықтау аудандарымен, оңтүстігінде Бұланды ауданымен шектеседі. ## Тарихы Аудан 2009 жылға дейін "Щучье ауданы" деп аталған. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 81739 адам (39327 ер адам және 42412 әйел адам) болса, 2009 жылы 73169 адамды (34856 ер адам және 38313 әйел адам) құрады. Ұлттық құрамы:Орыстар (45,86%), қазақтар (40,63%), украиндар (3,41%), немістер (3,37%), беларустар (1,42%), поляктар (1,27%), басқалары (4,04%) (2009). ## Әкімшілік бөлінісі 52 елді мекен 9 ауылдық округ пен 1 кенттік және 1 қалалық әкімдікке біріктірілген: ## Дереккөздер
Байер (Baeyer), Адольф фон (31 қазан 1835 ж. – 20 тамыз 1917 ж.) Неміс химигі Иоганн Фридрих Вильгельм Адольф Фон Байер 1905 жылы органикалық бояу және гидроароматты қосылыстар жайлы жұмысы негізінде органикалық химия мен химия өндірісінің өркендеуіне қосқан үлесі үшін химия бойынша Нобель сыйлығын алды. Байер индиго көк бояуының синтезін ашып, оны өнеркәсіптік жолмен алудың мүмкіндігін тапты.Гейдельберг университетінде Р.В. Бунзен мен Ф.А. Кекуленің оқушысы. 1860 жылдан бастап Берлин академиясында, Әскер академиясында оқытушы. 1872 жылдан Страсбург университетінің, 1875 жылдан Мюнхен университетінің оқытушысы. Жұмыстары органикалық химия мен стериохимияға жатады. 1864 жылы барбитур қышқылын және барбитураттарды ашты. 1866 жылы органикалық заттарды мырыш ұнтақтарымен тотықсыздану тәсілін енгізді. Меллит қышқылы, бензол гексакарбон қышқылы екенін көрсетті (1867). Неміс химигі А. Эммерлингпен бірге индол және оның туындыларын синтездеді (1869 ж.). Көптеген органикалық заттарды синтездеген, кейбір оларға тән химиялық реакцияларды ашты. 1885 жылы циклдер беріктігінің валенттік байланыстар арасындағы бұрыштық шамасына тәуелді екенін анықтайтын кернеу теориясын ұсынды. 1888 жылы Цис-транс-изомерия туралы түсінікті енгізді. Бензол солекуласының құрылысын зерттеп эксперименттік жолмен ондағы барлық көміртегі атомдары бірдей екенін дәледеді. Химик-органиктердің үлкен мектебін құрды. Неміс химиялық қоғамының президенті (1871, 1881, 1893, 1903), Петербург ғылым академиясының шетелдік мүшесі (1892 жылдан бастап), Нобель сыйлығының лауреаты (1905 ж.).
Омбудсмен - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын ешкімге бағынышты емес тұрғыда, тәуелсіз қадағалау және қорғау, сондай-ақ өз өкілеттігі шеңберінде бұзылған құқықтарды қалпына келтіру мақсатында қажетті шара­ларды жүзеге асырумен айналысатын адам. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық мемлекеттік билік органдары мен лауазымды тұлғалар тарапынан, әртүрлі ұйымдар мен мекемелердің әділетсіз іс-әрекет­терінен жапа шеккен жеке адам­дар­дың бұзылған құқықтарын қор­ғайды. Өзінің мәртебесі бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жеке адамның бұзылған құқығы мен бостандығын қорғайтын тәуел­сіз халықтық адвокат болып табы­лады. ## Омбудсмен­нің тиімді жұмысын жүзеге асыру үшін қажетті өлшемдер мен шарттар Басты өлшемдер Адам құ­қықтары жөніндегі ұлттық инс­титуттар қызметінің Париж қағи­даттарында анықталған. Бұл ең алдымен: * қоғамдық қабылдау, яғни омбудсменнің бұзылған құқық­тарды айқындауға және қалпына келтіруге арналған нақты мүмкіндігі бар екендігін қоғамның көруі, қа­былдауы; * құқық бұзу жағдайларын бол­дырмауға шұғыл ден қою мақ­сатында халықпен барынша тығыз байланыс орнату мүмкіндігі. Осы­ған байланысты омбудсмен өкіл­дерінің еліміздің барлық жергілікті жерлерінде болу мәселесі өзекті болып отыр; * біліктілігі жоғары, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарда жұмыс істеген, сондай-ақ байсалды өмірлік тәжірибесі бар кәсіби кадрлардың болуы; * өз ұсыныстарының орын­далу­ын бақылауға өкілеттілігі.
Новосёлов Константин Сергеевич (1974 жылы 23 тамызда Төменгі Тагильде дүниеге келді) - Ресей және Ұлыбритания физигі, 2010 жылы Нобель сыйлығының лауреаты атанды. 1997 жылы МФТИ-дың физикалық және кванттық электроника факультетін үздік аяқтады.1999 жылға дейін Черноголовкадағы Микроэлектроника және аса таза материалдар технологиясының проблемалары институтында жұмыс істеді. 1999 жылдан бастап Неймеген Университетінің (Нидерланд) күшті магнит өрісі зертханасының қызметкері, онда ол 2004 жылы доктор дәрежесін алды.2001 жылдан бастап Манчестер Университетінде (Ұлыбритания) қызмет етеді. 2004 жылы Leverhulme Trust (Лондон) ғылыми қорының, 2006 жылы табиғат жайлы білімдерді дамыту бойынша Лондон корольдік қоғамының стипендиаты болды. Ғылыми қызығушылық салалары: мезоскопиялық асқын өткізгіштік, наноматериалдар физикасы.
Назарбаев Университетi — Астана қаласында орналасқан халықаралық ағылшын тілді жоғары оқу орны. Қазақстан Республикасының Президенті 2009 жылы халықаралық деңгейдегі университет құру туралы жобаға бастамашылық етті. 2010 жылы Назарбаев Университетінің есігі алғашқы студенттерге ашылды. ## Университеттің тарихы 2006 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында халықаралық деңгейдегі университет құру туралы ойымен бөлісті. 2010 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қатысуымен Назарбаев Университетінің ашылу салтанаты өтті. Университетке дербестік мәртебесі «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес берілді. 2009 жылғы 25 қыркүйекте Аслан Сәрінжіпов Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес «Астананың жаңа университеті» АҚ (бұрынғы Назарбаев Университетінің атауы) президенті болып тағайындалды. 2010 жылғы 28 қарашада Аслан Сәрінжіповтің атқару кеңесінің төрағасы болып тағайындалуын премьер-министр кеңсесінің басшысы бекітті. Назарбаев Университеті ДББҰ Жоғарғы Қамқоршылық Кеңесінің 2011 жылғы 16 маусымдағы хаттамасына сәйкес Шигео Катсу университеттің президенті болып тағайындалды. 2015 жылдың 15 маусымында Назарбаев Университеті студенттерінің алғашқы оқу бітіру рәсімі өтті. Бұл күні 446 студент бакалавриат және магистратура бағдарлама түлектері атанды. ## Университеттің инфрақұрылымы Жаңа университет Астананың сол жағалауында қаланың экологиялық таза бөлігінде орналасқан. Университеттің сәулеті қазіргі заманға және үздік батыс стандарттарына сай. Барлық оқу ғимараттары бір бірімен ортақ атриум және ішкі өту дәліздер арқылы байланысқан - бұл кешеннің тұтастығын және сәулеттің ерекшелігін көрсетеді. Зертханаларға және басқа ғимараттарға қызмет көрсету құрылыстың бас ғимараттың сыртындағы айналма жол арқылы жасалады. Жаңа университет, өзінің жобалық көлемдігіне байланысты пайдалануға бірнеше кезеңімен немесе кезекшілікпен қосылады. 2010 жылдың басында құрылыстың негізгі кезегінің аяқталуы күтілуде. Осы кезектің объекттер құрылысының жалпы көлемі 122 мың шаршы метрді құрайды. ## Құрылымы NU-да бакалавриат және магистратура бағдарламаларын ұсынатын 8 мектеп бар: * Дайындық мектебі * Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі (бакалавриат, магистратура, докторантура) * Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі (бакалавриат, магистратура, докторантура) * Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (магистратура, докторантура) * Жоғары білім беру мектебі (магистратура, докторантура) * Жоғары бизнес мектебі (бакалавриат, магистратура, докторантура) * Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі (бакалавриат, магистратура, докторантура) * Медицина мектебі (бакалавриат, магистратура, докторантура, резидентура) ### Еншілес мекемелер * «NAC Analytica» корпоративтік қоры * «University Medical Center» корпоративтік қоры * «National Laboratory Astana» жеке мекемесі * «Nazarbayev University Research and Innovation System» жеке мекемесі * «Әлеуметтік даму қоры» корпоративтік қоры * «University Service Management» жеке мекемесі * «Салынып жатқан кәсіпорын дирекциясы» жеке мекемесі * «National Conservation Initiative» корпоративтік қоры * «Жасанды интеллект саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерді қолдау қоры» корпоративтік қоры ## Миссия Дарынды, бәсекелестікке қабілетті адамзат капиталымен Еуразияның ғылыми-білім және мәдениет орталығы ретінде Астананың қарқынды өсуіне ықпал ету. Қазақстан Республикасының білім мен ғылым жүйесін қарқынды дамыту және халықаралық деңгейге шығуды қамтамасыз ету. Университеттің миссиясына жетуге бағытталған мақсаттар Ғылым мен технологияда жаңа тенденцияларды құруға және дамытуға қабілетті профессионалдардың жаңа ұрпағын қалыптастыру; Білімге негізделген ұлттық экономиканың тұрақты және оны жан жақты дамуына ықпал ететін білім, ғылым және өндіріс интеграциясының моделін құру; Оқу бағдарламаларын интернационалдандыру және әлемдік жоғары оқу орындарымен серіктестік қарым – қатынас арқылы әлемдік білім сезімін қалыптастыру; Білім алу үшін жағдайларды қамтамасыз ететін қазіргі заманға сай технологиялық инфрақұрылымын құру. Әлемдік университеттермен және ғылыми орталықтармен бірлескен ғылыми зерттеулерді өткізу; Әлеуметтік профессорлық – оқытушылардың құрамын құру және отандық оқытушылардың мүмкіндіктерін арттыру; Университеттің ұлттық және халықаралық беделін құру. ## Жатын орын мен тамағы Студенттердің университет жатақханасында жайлы тұрулары үшін барлық қажетті жағдай жасалған: жиһаз, Интернетке кіру, кір жуатын орын, сабақ оқуға арналған бөлмелер бар. Бұл оқу орнында тек мемлекет тарапынан тағайындалған грант иегерлері оқитындықтан, негізінен жатын орын мен тамақтану тегін (күніне 4 рет). ## Оқуға түсу Талапкерлер университет алдындағы дайындық бағдарламасына түсу үшін тапсырылатын емтихандарға тіркелу онлайн сауалнамасын толтырулары қажет. Назарбаев университетіне қабылдану мына кезеңдерден тұрады: I. British Council English Proficiency Test (BCEPT); BCEPT емтиханына British Council (Британдық кеңес) әкімшілік етеді. Аталған BCEPT емтиханын тапсыру үшін талапкерлерде өздерімен бірге мынадай құжаттары болуы керек: а. Жеке куәлік немесе паспорт түпнұсқасы (көшірмелер қабылданбайды); ә. Білім беру ұйымы директорының (деканының) қолы мен мөрі бар орташа балы 4.0-ден кем емес ағымдағы жыл ішіндегі соңғы екі тоқсанды қамтитын табельдің немесе сынақ кітапшасының көшірмесі. II. Ағылшын тілінде өткізілетін Subject Entrance Test (SET) (Пәндік тест); BCEPT емтиханынан өткен талапкерлер University College London (UCL) өткізетін Subject Entrance Test (SET)-ке шақырылады. Мектеп таңдауына байланысты үмтікерлер төменде көрсетілген пәндер бойынша сынақтан өтеді: Жалпы пәндік емтиханнан өту баллы 50% (минимум), ал әрбір пән бойынша 43%-дан кем болмауы тиіс. Инженерия мектебі (екі жұптың біреуі) - Математика және физика/Химия және биология Ғылым және Технологиялар мектебі (екі жұптың біреуі) - Математика және физика/Химия және биология Премедицина бағдарламасы - Химия және биология Гуманитарлық және Әлеуметтік ғылымдар мектебі - Сыни ойлау және математика III. IELTS емтиханы Ресми және мерзімі бойынша жарамды TOEFL(PBT/ iBT) немесе IELTS сертификаттары бар талапкерлер IELTS емтиханынан босатылады. TOEFL (PBT/iBT) және IELTS емтихандарының ең төменгі өту балдары: Инженерия, Ғылым және Технологиялар мектептері мен Премедицина бағдарламасы үшін: TOEFL(pbt) - 530, TOEFL(ibt) - 71; IELTS - 5.5 Гуманитарлық және Әлеуметтік ғылымдар мектебі үшін: TOEFL(pbt) - 550, TOEFL(ibt) - 79-80; IELTS - 6.0 ## Ғылыми зерттеу * Advanced Robotics and Mechatronics Systems Laboratory (ARMS Lab) * Astana LAboratory for Robotic and Intelligent Systems (ALARIS) * Laboratory of Medicinal and Molecular Electrochemistry (LAM Group) Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2015 жылы. * Advanced Materials Research & Laser Technologies (AMRELAT) Laboratory * Bioinspired Microelectronics Systems Group ## Дереккөздер ## Сілтемелер * http://personal.akorda.kz/kz/category/projects/1262 Мұрағатталған 20 маусымның 2019 жылы. * http://massaget.kz/bilim/bilim-ordalary/azastan-/809 * http://cep.conference.nu.edu.kz/kz/conf2011/about_nazarbayev_university/ Мұрағатталған 13 сәуірдің 2012 жылы.
Сырықпен секiру - жеңіл атлетикалық бағдарламаның техникалық түрлерiнiң вертикальды секiру санатына жататын түрі. Спортшылардан секiргiштiктi , спринтер сапаларын, қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiкті талап етедi. Ерлер арасында таяқпен секiру 1896 жылдың Бiрiншi жазғы олимпиядасында, әйелдер арасында - 2000 жылдың Сидней Олимпия ойындарынан бастап олимпиядалық спорттың түрi болып табылады. Жеңіл атлетикалық көпсайыстар қатарын жатады. ## Ережелері Жарыстар Биiктiкке секiруге арналған жерге тақтайша ұстаушылары және қонатын орнымен жабдықталған секiру секторларында болады. Алдын ала кезең және финалда спортшыға әрбiр биiктiкті бағындыруға үш талпыныстан берiледi. Биiктiктердiң өсуi төрешілермен жарыстар барысында анықталады, бірақ ол 5см-ден кем бола алмайды. Әдетте аз биіктіктерде 10—15 см-лер болып және содан соң адым адыммен 5-ке ғана өсе бастайды. Жерге қону орнының өлшемдерi 5х5 м, ал жұқа тақтайшаны ұстаушылар арасындағы қашықтық 4 м. Екпiндеп жүгіру үшiн жол ұзындығы - кемiнде 40 м, ені - 1, 22 м. Спортшы төрешілерден бағандардың орнын өзіне лайықты етіп таяқтың тiреуiш жәшiгінiң артқы бетiнен 40 см-ден жүгіру бағыты бойынша 80 см-ге реттеуге сұрауына құқығы бар.Талпыныс сәтсiз болып есептеледi егер: * жұқа тақтайша секiрудiң нәтижесiнде орнынан сырғып түссе; * спортшы тiреуiш жәшігінің арғы шеті арқылы өтетін вертикаль жазықтықтың арғы жағында орналасқан сектор бетін, қонатын жерді қосқанда, денесінің кез келген бөлігімен немесе таяқпен тиiп кетсе; * спортшы ұшу кезінде жұқа тақтайшаны құлаудан қолмен ұстап қалуға талаптанса. Төреші сәттi талпынысты ақ байрақтың көтеруiмен белгiлейдi. Егер жұқа тақтайша бағандардан ақ байрақтың көтеруiнен кейiн құлап кетсе - талпыныс есептеле береді. Егер таяқ талпынысты орындау барысында сынып кетсе спортшы талпынысты қайтадан орындауға құқығы бар.
Данияр Жүнісов (1987 жыл) – Германия хоккей чемпионатында топ бастап жүрген «Вольсфбург Гризли Адамс» клубының қақпашысы (2008-ден бастап), Еуропа біріншілігінде ойнап жүрген жалғыз қазақ. Неміс жерінде дүниеге келген Даниярдың әкесі Айғали – бұрынғы Гурьев облысындағы Панфилов ауданының тумасы. Арман қуған Айғали 19 жасында Алматының шет тілдер институтында үздік студент атанып, кейін Берлиннің Гумбольд университетінде оқуын жалғастырған. Білімін жетілдіруге бар күшін салған ол осында жүріп, болашақ жары – неміс қызымен танысып, отбасын құрғанына 33 жыл болыпты. Отбасында Жанна, Райжан және Данияр атты ұл-қыз тәрбиелеп өсірген Айғали қазақ, неміс, орыс тіліне өте жүйрік. Ол бұл күнде Германияда аудармашы болып қызмет атқарса, жары заң саласында қызмет істейді. Ал Данияр хоккеймен сегіз жасынан бері айналысады. Балақай мұз айдындағы хоккей ойынына қатты қызығыпты. Даниярдың хоккейге көңілі ауғанын байқаған ата-анасы оған қарсы болмапты. Мұз айдындағы тартысты ойынның қыр-сырын меңгеруге ұмтылған Данияр алаңда қақпашы болыпты. Таланты мен еңбекқорлығын және шеберлігін әр ойында көрсете білген Данияр демде мықты командалар назарына бірден ілігеді. Ол 18 жасында бірінші рет кәсіпқой командалар арасындағы ойындарға қатысып, «Эйсбарен Берлин» клубының сапында өнер көрсетті. Бір маусым «Гамбург Фризерс» клубының қақпасын қорғап, тамаша қақпашы екенін талай додалы жарыстарда көрсеткен. Оның шеберлігін көре білген Германияның элиталық дивизиондағы мықты клубтың бірінен саналатын «Вольсфбург Гризли Адамс» бапкері бұдан үш жыл бұрын Даниярды команда қақпасын қорғауға шақырыпты. Команда осы жылдарда чемпионатта көшбастаушы болса, оған Данияр да үлес қосқаны даусыз. Ол – сондай-ақ өзі ойнап жүрген ұжыммен тағы да екі жылға келісімшартқа отырып, клубқа өз үлесін қосып жүрген негізгі ойыншының бірі. Жас кезінде көптің көзіне түскен талантты қақпашы 18 бен 20 жасында немістердің жастар құрамасының қақпасын қорғауы да оның шеберлігін көрсетеді. Данияр сондай-ақ Германияда өнер көрсетіп жүрген қазақстандық хоккейшілерді жақсы білсе, оларға да қарсы ойнапты. Және де Қазақстан ұлттық құрамасының әлем біріншіліктерінде қалай ойнап жүргендігі жөнінде де хабары бар екен. Әкесі қазақтар бокс пен күрес туралы да көп әңгімелесе, олар хоккейді жақсы көретінін кейін біліпті. Жалпы, Данияр құрлықаралық хоккей лигасында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық клубтар жөнінде жақсы хабардар. Еліміздің ұлттық құрамасының негізін құрайтын Астананың «Барысы» туралы пікірі де жақсы. Қазақстанның хоккейі туралы жақсы білетін қандасымыздың ендігі мақсаты – ата-бабасының тарихи Отанына оралып, мұз айдынына шығу, Қазақстан құрамасының қақпасын қорғау ойында барын жасырмайды. Данияр ата-анасы және әпке-қарындасымен әкесінің туған жерінде бірнеше мәрте болса, туысқандары да Германияда болыпты. ## Дереккөздер
Вознесенск кафедралы шіркеуі -— орыс православие шіркеуі (кафедралы шіркеу (кафедральный собор) - епископтың басқаруымен құдайға сиынатын шіркеу). ## Географиялық орны Алматы қаласы, Алмалы ауданындағы Екінші дүниежүзілік соғысының батырларына арналған 28 гвардиялы-панфиловшылар саябағы ішінде орналасқан. ## Тарихы Іргесі 1904 жылы 26 қыркүйекте Верный (қазіргі Алматы) қаласының 50 жылдығына орай қаланған. Жобаның авторлары талантты архитектор К.А.Борисоглебский және С.К.Тропаревский, ал құрылысын салуды Верный қаласының 1877-1888 жылдары алғашқы басшысы болған П.М.Зенковтың ұлы, инженер-құрылысшы А.П.Зенков пен әскери инженер Н.И.Степанов басқарған. Құрылысы 1907 жылы 30 шілде айында аяқталғаннан кейін, православие қызметтері басталып 1927 жылға дейін діни мекеме ретінде пайдаланылады. 1929-1995 жылдары шіркеу мұражай ретінде қолданылады. 1995 жылы орыс православие шіркеуі ретінде қайтадан қайтарылғаннан кейін православие қызметтері қайтадан жаңғыртылады. 1997 жылы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Шіркеу Қазақстан Республикасының сәулет және тарих ескерткіші ретінде республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау мемлекеттік тізіміне енгізілген. ## Сипаты Құрылысы бір-бірімен тек темір бекіткіштермен қыстырылып ағаштардан ғана 56 м биіктікке тұрғызылған дүниежүзіндегі екінші биік ғимарат. 1911 жылы Верный қаласында болған жойқын жер сілікінісінде барлық жер үйлер қираған кезде шіркеудің тек бір кресті ғана майысқан. Шіркеудің темір крестермен аяқталатын алты бағанасы бар, ішкі құрылымдары Ресей мен Украинаның көркемөнер шеберханаларында жасалған, әулиелердің көркем бейнелерін суретші Николай Хлудов өрнектеген.
Көлік малы – ауыл шаруашылығында салт мініске, жегіске және басқа да шаруа түрлеріне пайдаланылатын ірі қара мал. К. м-на негізінен: түйе, [[жылқы]], қашыр, есек, сиыр, бұғы, т.б. жатады. Қазақстанда, негізінен, К. м. ретінде пайдаланылатын түйе мен жылқы малы болып табылады. Қазақ халқының өмір салтында К. м. ерекше орын алады. Түйе жолсыз шөл жерлерде жүретін “дала кемесі” атанған күшті, шөлге шыдамды, сенімді көлік. Түйе жұмысқа 3 жылдан 20 – 25 жылға дейін пайдаланылады. Ол, тәулігіне 100 км ара қашықтықты 10 – 12 км/сағ жылдамдықпен өте алады. Жылқы – салт мініске, арбаға жегуге, т.б. ауыр-жеңіл жұмыстарға жарамды, жүріске берік, төзімді келеді. К. м. ретінде пайдаланылатын жылқы түрлері: жүк жылқысы (владимир, першерон жылқысы, т.б.), жегіс жылқысы (орлов, орыс, латыш, т.б. жылқылар), мініс жылқысы (араб, ахалтеке, иомуд, т.б. жылқылар) болып бөлінеді.
Көмбе – 1) көне дәуірлерден сақталған тарихи-археология, материалдық құндылығы бар ескерткіштер. Археологияда көмбе энеолит дәуірінен бастап кездеседі. Көне тайпалар қару-жарақ, шаруашылық бұйымдарын, бағалы заттарды түрлі мақсатпен жерге көміп, үңгірлерде, үлкен құрылыстар ішінде жасырып, тастап кететін болған. Сақ дәуірінен сақталған Алматы қаласы маңындағы Есікөмбе1, Есікөмбе2 көмбелерінде қоладан құйылған қазандар, құрбандық ыдыстары, қару түрлері табылған. Еуропаға барған ғұндардың көптеген алтын-күміс сияқты бағалы заттар жиынтығынан тұратын көмбелері де ашылған. Бұлар археология зерттеулердегі маңызды дерек көздеріне жатады. Жаңа заманның көмбелері ақша, құнды қағаздар түрінде де кездеседі және олар көне дәуірлердің тарихи-археология ескерткіштерінен ажыратылады; 2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жерге көмілген немесе өзгедей тәсілмен жасырылған, меншік иесін анықтау мүмкін болмайтын, не заңға сәйкес меншіктену құқы беймәлім ақша немесе құнды заттар (алтын немесе күміс теңгелер, валюта, асыл тастар, құнды құйма металдар, бұйымдар, інжу-маржандар, т.б.). Құнды заттардың бәрі емес, тек әдейі, бұрынғы иегердің еркі бойынша жасырылғандары ғана көмбе болып табылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 247-бабына сәйкес көмбе жасырылған жер телімі иесінің, не жылжымайтын мүлікті иеленушінің және көмбені тапқан адамның үлесіне, егер келісімшартта басқа шарт көзделмесе, көмбе тең мөлшерде бөлінеді. көмбе жасырылған жер телімін пайдаланушының немесе жылжымайтын мүлікті меншіктенушінің келісімінсіз қазған немесе құнды заттарды іздестірген адам көмбені тауып алған жағдайда, көмбе сол меншік иесіне берілуге тиіс. Ал тарихи және мәдени ескерткіштер санатына жататын заттардан тұратын көмбені тауып алған ретте олар мемлекеттің меншігіне беріледі. Бұл орайда мұндай көмбе табылған жер телімін пайдаланушы немесе жылжымайтын мүлікті меншіктенуші және көмбені тапқан адам осы көмбе құнының елу пайызы мөлшерінде сыйақы алуға құқылы; 3) Қазына, қойма. Ерте кездерде құнды заттарды, азық-түлікті жер астына көміп сақтайтын орынды көмбе деп атаған. ## Дереккөздер
Көмекбаев — Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы ауыл, Көмекбаев ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жосалы кентінен оңтүстік-батысқа қарай 145 км-дей жерде, шөлде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1301 адам (668 ер адам және 633 әйел адам) болса, 2009 жылы 1063 адамды (544 ер адам және 519 әйел адам) құрады. ## Тарихы 1964 жылы ҚазКСР Мин. Кеңесінің қаулысымен “Жаңақала” атты қаракөл шаруашылығымен айналысатын кеңшар болып құрылды. 1983 жылдан Кеңес Одағының батыры, осы жерде туып-өскен Тәйімбет Көмекбаевтың есімімен аталады. Ауылда “Жаңақала” АҚ және бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ауыл жерінде “Қарақ жалы”, Жәрімбет би кесенесі, т.б. тарихи орындар бар. ## Дереккөздер
Көмір өнеркәсібі – еліміздегі пайдаланатын отынның 1/2 бөлігі - көмірдің үлесіне тиеді. Елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат кешеніндегі базалық салалардың бірі. Ол энергетиканы, металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу (байыту мен брикеттеу) шараларын да қамтиды. Көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың әр саласына қажетті 350-ден астам құнды заттар алынады. ## Қазақстандағы көмір өнеркәсібі Қазақстанда көмір өнеркәсібі шаруашылықтың ең көне саласына жатады. ### Тарихы * 1833 ж. қойшы Байжанов Аппақ Қарағанды мекенінен “отқа жанатын қара тасты” кездейсоқ тауып алған. Бірақ 23 жыл өткеннен кейін ғана өнеркәсіп иелері кен орнына назар аудара бастады. Қарағанды кенінен алғашқы 30 жылда (1857 – 87) 303 мың т немесе әр жылы орта есеппен 10 мың т көмір өндірілді. Ал, кейінгі 21 жылда (1899 – 1920) мұнда 860 мың т көмір қазылды. * 1905 ж. Қарағанды көмір кеніне француздар, сонан соң ағылшындар қожалық етті. Ол кезде көмір қазатын құрал қайла, күрек болды, тасымалдауға сүйретпе шана пайдаланылды. Көмір, негізінен, “Кариб”, “Карно”, “Герберт” секілді шағын шахта-кәсіпорындарда қазылды. Мұнда небәрі 1 қызмет үйі, балшықтан қаланған 3 үй, кірпіштен салынған 1 үй, 2 бу қазаны және 1 желдеткіш қана болды. * 1920 ж. кен орнында 125 жұмысшы істеп, олардың әрқайсысы айына 26 т-дан көмір өндірді. * 19 ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында тағы да бірнеше кен орындары, соның ішінде Екібастұз көмір кен орны да ашылды. Бірақ олардың барлығынан алынған көмір небәрі 500 мың т-дай ғана болды. Қазақстанда кеңестік көмір өнеркәсібі 1930 жылдан құрыла бастады. Осы жылы Қарағандыда алғашқы 4 шахта ашылды. Қарағанды көмір алабында көмір өндірісін дамытуға үкімет тарапынан ерекше көңіл бөлінді. * 1937 ж. Қарағанды көмір тресі 3,5 млн. т-дан астам көмір өндірді, мұның өзі 1936 жылмен салыстырғанда 10,1% артық еді. 2-дүниежүзілік соғысқа (1941 – 45) дейінгі кезеңде 23 шахта ашылып, олардан 6 635 мың т көмір алынды. Осы жылдарда Қазақстан Кеңес Одағында өндірілген көмірдің 4%-ын берді. Көмірді қазу, қопару жұмыстары толық механикаландырылып, жұмыстың 80%-дан астамы көмір қопарғыш машиналармен атқарылды. Жер астынан көмірді тасып шығару жұмыстарын механикаландыру деңгейі артты. Жұмысшылардың еңбек өнімділігі айына 42,6 т-ға дейін жетті. * Соғыс жылдарында Қазақстанда көмір өндіру көлемі шұғыл артып, жылына 12 млн. т-ға дейін (одақ бойынша 8%) өсті. Бұл кезеңде Қарағанды Кеңес Одағының негізгі отын базасына айналды. * 1945 ж. 39 шахта мен 3 тілік жұмыс істеді. * Соғыстан кейінгі 10 жылда (1946 – 55) Қарағанды алабында жаңа шахталардың салынуы, Саран, Шерубайнұра тіліктерінің игерілуі, сондай-ақ, шағын шахталарды біріктірудің және көмірді ашық әдіспен алудың дамытыла бастауы нәтижесінде көмір өндіру 2 еседей артып, жылына 28 млн. т-ға дейін жетті. Салада аса өнімді комбайндарды, жер астынан дүркін-дүркін көмір таситын электровоздардың орнына толассыз конвейерлерді, механикаландырылған құралдарды пайдалану нәтижесінде көмір өндіру қарқыны арта түсті. Көмір тіліктерінде алымы аз бір шөмішті экскаваторлардың орнына, сағатына 5 мың т көмір өндіретін көп шөмішті роторлы экскаваторлар, паровоздардың орнына электровоздар қолданылды. * 1955 жылдан бастап Қазақстанда көмір өнеркәсібінің дамуы елеулі кезеңге аяқ басты. Осы жылы Екібастұз алабында 3 тілік пайдалануға берілді. Солардың бірі – жылына 50 млн. т көмір өндіретін дүние жүзіндегі ең ірі “Богатырь” тілігі. Екібастұз алабындағы көмір қоры (10 млрд. т) жер бетіне таяу жатыр әрі көмір қабаты 200 м-ге дейін жетеді. Осыған орай мұнда көмір ең тиімді ашық әдіспен қазылып алынады. * Қазақстанда көмір өнеркәсібі орындары 1980 ж. 115 млн. т, 1985 ж. 131 млн. т көмір өндірді. * Көмір өндіру көлемінің ең жоғары деңгейіне 1988 ж. қол жеткізілді (143 млн. т). Экономикалық реформалар жағдайында жүргізілген құрылымдық өзгерістерге байланысты көмір өндіру көлемі республикада 1989 жылдан бастап (138 млн. т көмір өндірілген) азая бастады. * 1990 ж. республикада 131 млн. т көмір өндірілген болса, 1997 ж. өндірілген көмірдің көлемі 72,6 млн. т болды. ### Дағдарыс кезеңі 1990 – 97 ж. елде көмір өндіру көлемі 44,6%-ға құлдырады. Нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңіндегі қайта құру барысында көмір өнеркәсібі саласындағы мұндай дағдарыстың өзіндік объективті себептері болды: * отын-энергетика кешенінің (ОЭК) жұмыс істеудегі мақсаты өзгерді. Бұрын сандық көрсеткіштер көмір кәсіпорындарының әрқашан басты сипаттамалары болып есептелді, өйткені көмір стратегиялық шикізат қоры болып саналатын еді. Өнімнің сапасына назар аударылмады. Көптеген жылдар бойына бұрын іске қосылған шахталарды сақтай отырып, жаңа шахталар кең ауқымда салынып келді; * ОЭК жаппай мемлекеттік меншіктен (олардың қорларын, мүлкін, өнімін қоса) меншіктің түрлі нысандары мен қатынастарына (жекеше, ұжымдық, мемлекеттік, аралас) көшіріле бастады. Нарықтық экономика талаптарына орай, көмір өндіретін кәсіпорындардың санын қысқарта отырып, басқару қайта ұйымдастырылды, көптеген тиімсіз, залалды шахталар жабылды; * кәсіпорындар мен саланың қысқа және орта мерзімді саясатын әзірлеу кезінде сұраным мен оның ауытқуы негізгі нысанға айналды, яғни өндіріс көлемін анықтау үшін төлеуге қабілетті сұранымның ықпалы күшейді; * ОЭК өнімінің сапасы, оның экологияға тигізетін әсері бірінші орынға қойыла бастады; * саланы мемлекет тарапынан қаржыландырудың тоқтатылуына, төлемнің төленбеу дағдарысына байланысты салаға жекеше және сыртқы инвестициялар тартуда қиындықтар туды; * энергетикалық саясатта және тиісінше елдің отын-энергетикалық балансының құрылымында да өзгерістер болды, көмірдің бұрынғысынша отын-энергетикалық баланста жетекші орын алатынына және оның экономикада стратегиялық маңызы зор екеніне қарамастан, экономиканы дамытудың жаңа басым бағыттарын белгілеуде және экспортқа бағдарланған салаларды басым дамытуда көмір өнеркәсібіне жете назар аударылмады.Саланың жағдайы 1999 жылдың 2-жартысынан бастап жақсара бастады. Көмір өндіру көлемінің өсу қарқыны 1999 жылмен (58,2 млн. т) салыстырғанда 2000 ж. (74,8 млн. т-дай) 28,5%-ға өсті. 1995 – 2000 ж. кезеңінде Қарағанды көмір алабында көмірді ашық және жерасты тәсілдерімен өндірудің арақатынасы айтарлықтай өзгерді. Бұл кезеңде Екібастұз көмір алабының рөлі артты. Қазір республикада өндірілген көмірдің жалпы көлемінің үштен екі бөлігін Екібастұз кеншілері өндіруде. Нарықтық экономика жағдайында “Екібастұзкөмір” (Богатырь Аксес Көмір) Қазақстан-Американ компаниясы құрылып, “Богатырь” кенжармасы соның қарамағына берілді. Екібастұз көмір алабының елдің отын-энергетика балансындағы рөлі арта түсті, осыны ескере отырып, Үкімет “Екібастұз көмірі” бағдарламасын бекітті, ал, Энергетика және минералдық қорлар минералдық “Екібастұз тас көмір алабын игерудің кешенді жобасын” әзірледі. Бұл бағдарламалық құжаттар жер қойнауының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге, көмір өндіру көлемін Қазақстан тұтынушылары мен экспорттың қажеттері деңгейіне дейін жеткізуге, өткізу рыноктарын сақтауға бағытталған. 2001 ж. көмір экспортының жалпы көлемі 27 млн. т-дан асып түсті. Көмір өнімін шет елге шығару географиясы кеңейтілді, Қазақстан көмірін Румыния, Польша, Эстония тұтына бастады. Көмір өнеркәсібі саласының өндірістік әлуеті республиканың қазіргі кезде шет елге шығарылатын көмір көлемін 30 – 35 млн. т-ға жеткізуіне мүмкіндік береді. Соңғы жылдары Шұбаркөл, Шөптікөл және Қаражыра кеніштеріндегі сапалы көмірдің үлесін молайту есебінен өндірілетін көмірдің құрылымын жақсартуға мүмкіндік туды. ## Қарағанды, көмір алабы Орталықта орналасуымен және жоғары сапалы, аз күлді, кокстелетін тас көмір ретінде қолайлы және тиімді. Негізінен технологиялық отын-кокс ретінде өнеркәсіпте қолданылады. Біраз бөлігі электр қуатын алу үшін электр стансаларында энергетикалық отын ретінде пайдаланылады. Кемір тереңде орналасқан, қазып алынатын орташа тереңдігі 300 метр. Сондықтан да жер астында шахталық әдіспен өндіріледі. Бұндай жағдайда өндірілген көмірдің өзіндік құны жоғары болады. Қарағанды көмірін негізгі тұтынушылар - Қазақстан мен Ресейдін, металлургиялық зауыттары мен электр стансалары. ## Екібастұз, көмір алабы Тас көмір болғанымен, күлі көп (орташа күлділігі 43%), сапасы төмен, өте ауыр байытылады және кокстеуге келмейді. Сондықтан да тек қана энергетикалық отын ретінде пайдаланылады. Алаптың ерекшелігі - көмір қабатының қалыңдығы 150 метр және жер бетіне жақын орналасқандықтан ашық әдіспен өндіріледі. Соған сай өндіру құны арзан болып келеді. «Богатырь», «Восточный» жәнө «Северный» кесінділерінде ашық әдіспен өте мықты роторлы экскаватормен қазып алады. «Богатырь» кесіндісінің қуаттылығы өте жоғары. Жылына 50 млн тонна өндіріліп, дүние жүзіндегі жетекші кесінділердің біріне жатады. Екібастұз көмірі республикамыздағы өзіндік құны ең төмен көмір. Соның нөтижесінде жан-жақты игерілуде. Оны пайдалану үшін Қазақстанның Солтүстігінде және Ресейде ірі электр стансалары (Орал және Омбы) салынған. ## Қазіргі кездегі көмір өнеркәсібі Қазіргі кезде Қазақстанда 100-ден астам көмір кеніштері орналасқан, олардың геологиялық қоры 176,7 млрд. т. Олардың ішінде барланған қор – 38,63 млрд. т және қазіргі кезде өндіруге жарамды көмір қоры 34,1 млрд. т. Республика бойынша тас көмірдің қоры 14,33 млрд. т, соның ішінде 12,39 млрд. т – А+В–С1 санатына, 1,94 млрд. т – С2 санатына жатады. Тас көмірдің негізгі кеніштері – Қарағанды, Екібастұз алаптары, Қошеке кеніші. Кокстелетін көмір Қарағанды алабында өндіріледі және көмір өндіру көлемінің 50%-ын құрайды. Кокстелетін көмірдің жалпы қоры 6,12 млрд. т-ға тең, олар, негізінен, А+В+С1 (5,82 млрд. т) және С2 (0,31 млрд. т) санатына жатады. Қоңыр көмір қорлары – 24,3 млрд. т, олардың 21,55 млрд т-сы – А+В+С1 және 2,55 млрд. т-сы С2 санатын құрайды және Торғай, Төменгі Іле алаптарында, Майкөбі кенішінде шоғырланған. Республика аумағы бойынша көмір қорлары мынадай тәртіппен орналасқан: * Шығыс Қазақстанда 4,5 млрд. т жалпы геологиялық қор және 3,04 млрд. т барланған қор; * Батыс Қазақстанда тиісінше – 2,9 млрд. т және 1,79 млрд. т; * Солтүстік Қазақстанда 81,8 млрд. т және 18,52 т; * Оңтүстік Қазақстанда – 33,0 млрд. т және 0,48 млрд. т. Салада 62 өнеркәсіп орны мен өндірістік бірлестік жұмыс істейді (1998), олардың өндіріс көлемі 2698,5 млн. теңге болды.<re>“Балалар Энциклопедиясы”, V-том</ref> ## Аса ірі көмір өндіруші елдер ## Дереккөздер
Көне аңғарлардың артезиан алабы – арынды жер асты суы таралған алқап. Бұлардағы су жер астындағы көне аңғарлардың терең ойпаңдарына жиналған және үсті су өткізбейтін тау жыныстарымен (саз, т.б.) көмкерілген. К. а. а. а-тары Сарыарқада кеңінен тараған (Нұра, Сарысу, Шерубайнұра, Тоқырау, Жәмші, т.б. өзендердің көне аңғарлары). Олар палеозойдың жартастық жыныстарында орын алған палеогеннің құм аралас қиыршықтас, құм шөгінділерінде қалыптасқан, үсті неогендік әр түсті, қалыңд. 40 – 50 м-ге дейін саз қабаттарымен жабылған. Белгілі бір көне аңғардың ұзына бойы қимасында біртұтас артезиан алабы немесе аңғар арнасының эрозиялық терең ойпаттарында тұйықталған, бір-бірімен гидравлик. жағынан байланысты бірнеше жеке артезиан алаптарының қалыптасуы мүмкін. Көлденең қимасында алаптың құрылысы төбесі көмілген аңғар арнасының су ағарында конус тәрізді немесе түбі жайпақ, кемері тік астау пішіндес. Арынды су қабатының қалыңд. 3 – 5 м-ден 20 – 30 м-ге дейін өзгереді, ең қалың жері арна маңы бөлігінде: ені орташа есеппен 3 – 5 км, аңғардың кеңірек учаскелерінде 10 – 12 км-ге дейін артады. Арынды сулар, әдетте, 20 м-ден 80 – 90 м-ге дейін, орташа есеппен 30 – 50 м тереңдікте жатады. Су өткізбейтін жамылғылары жоқ жерлерде (оны қазіргі бар өзендер шайып кетуі салдарынан) артезиан сулары қазіргі аңғарлардың жоғары деңгейлерімен түйісіп, бірыңғай арынды-арынсыз су жүйесін құрайды. Ұңғымалардан шыққан судың өнімд. секундына 3 – 15 л-ге дейін, ірі алаптарда 30 – 40 л-ге дейін жетеді. Жер асты суларының минералд. 1 – 2 г/л, алаптың төм. ағысында 3 – 5 г/л-ге дейін артады. Судың хим. құрамы хлоритті-сульфатты, гидрокарбонатты-хлоритті-натрийлі және кальцийлі. Көне аңғардың сулары жарықшақтардағы сулардың құйылуы, тектоник. жарылым аймақтарындағы жеке учаскелердегі жер асты суларының сүзілуі, жауын-шашын суларының жерге сіңуі есебінен қоректеніп толығады. К. а. а. а-ндағы жер асты сулары елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуде, өнеркәсіп салаларын, а. ш-н сумен жабдықтауда кеңінен пайдаланылады.
Ежелгі дүние – тарих ғылымында адамзат қоғамы дамуының Рим империясы құлағанға дейінгі (біздің заманымыздың 5 ғасыры) кезеңін сипаттау үшін қолданылатын термин. Алғашқы адамдар туыстық байланыстар бойынша (ру мен тайпа) бірлесіп өмір сүрген. Бірте-бірте рулар мен тайпалар арасындағы өзара соғыстар нәтижесінде қоғам мүшелері арасынан ақсүйектер мен құлдар келіп шықты. Біздің заманымыздан бұрынғы 4 – 3-мыңжылдықта Тигр мен Евфрат өзендері аралығында шумер мәдениеті пайда болды. Шумерлердің Орталық Азиядан бұл өлкеге қалай, қашан көшіп келгені ғылымда әлі анықталған жоқ. Кейіннен Месопотамияда шумерлердің орнына Вавилон мемлекеті (оңтүстікте) мен Ассирия мемлекеті (солтүстікте) құрылды. Шумерлермен қатар Ніл өзені жағалауында ежелгі Мысыр мемлекеті (шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 3000 жыл) дүниеге келді. Б.з.б. 2000 ж. Қытайда да алғашқы мемлекет құрылып, Ся әулеті билік құрды. Шамамен осы мезгілде Крит мәдениеті мен Хетт патшалығы өмір сүрді. Тайпалардың шығыстан батыс пен оңтүстікке жаппай қоныс аударуы нәтижесінде Кіші Азия, Сирия, Палестина, Мысыр халықтары толығымен жаңарып, адамзат тарихында темір дәуірі басталды. Таяу Шығыста шығу тегі белгісіз «теңіз халықтары» пайда болып, Жерорта теңізі жағалауларына өз бақылауын орнатты. Біздің заманымыздан бұрынғы 2500 ж. шамасында Инд өзені бойында үнді мәдениетінің негізі қаланды. Көп ұзамай Үндістанға Орталық Азиядан арий тайпалары басып кіріп, шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 1500 ж. бүкіл Солтүстік Үндістанды басып алды. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Инд өзенінен Қара және Каспий теңіздеріне, сондай-ақ, Мысыр мен Грекияға дейін созылып жатқан парсы патшалығы (Ахемен әулеті мемлекеті) құрылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 336 – 321 ж. онан да алып Александр Македонский империясы құрылып, грек-македон және шығыс мәдениеттері араласа бастады. Шамамен осы кезеңде Орталық Азияны мекендеген ғұн тайпалары бірлесіп алып мемлекет құрды. Олар шығыста Қытайды Ұлы қытай қорғанын тұрғызуға мәжбүр етті. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Рим күшейіп, Италиядағы латын мемлекеттерін өзіне бағындыра бастады. Императорлар Цезарь мен Августин тұсында Рим Жерорта теңізі жағалауларына толық өз үстемдігін орнатқан әлемдік державаға айналды. Біздің заманымыздың 3 ғасырынан бастап империя әлсіреп, 395 ж. Батыс және Шығыс Рим империяларына бөлінді. 3 ғасырдан бастап Орталық Азияны мекендеген көшпелі ғұн тайпалары жаппай батысқа жылжып, Балтық және Қара теңіздердің аралығын мекендеген герман тайпаларын әрі қарай ығыстырды. Ғұндардан ығысқан германдықтар Батыс және Шығыс Рим империяларына басып кірді. Кейбір герман тайпаларымен одақтасқан ғұн тайпалары да Аттиланың (Еділдің) басшылығымен Батыс Рим империясына басып кіріп, 452 ж. Рим қаласын қоршауға алды, бірақ төлем алғаннан кейін қаланы қиратпай, кері шегініп кетті. Көп ұзамай Батыс Рим империясы біржолата (476) жойылды. Осы империяның жойылуымен ежелгі дәуір тарихы да аяқталды.
Көне обалар, ежелгі дүние обалары – ежелгі дәуірлерден сақталған археологиялық ескерткіштер, жерлеу орындары. Әлемнің көптеген елдеріне тараған. Әр жерде кездесетін адам жерленген кез келген қабірдің барлығы оба санатына кірмейді. Оба деп қабір үстіне тастан, топырақтан немесе осы екеуін араластыра үйінді тұрғызылған жерлеу орындарын айтады. ## Тарих Бұрынғы Кеңес археологиясында мұны түркі тілінен енген «курган» сөзімен атау қалыптасқан болатын. Адамзат тарихында мүрдені жерлеу салты орта палеолит кезеңінде пайда болса, қабір үстіне оба тұрғызу әлдеқайда кейін, яғни энеолит дәуірінде қалыптасты. Және де оба үю дәстүрі, ең алдымен, Еуразия далалық өлкелеріне тән. Әдетте, ғалымдар обаға жерлеу ғұрпының шығуының өзін көшпелі тұрмысқа бейімделген далалық бақташы тайпалар мәдениетімен байланыстырады. Археология деректері бойынша, обалардың пайда болуы далалық өлкелердің батысында, Орал мен Днепр аралығында б.з.б. 3-ші мыңжылдықта қанат жайған энеолиттік көнешұңқыр мәдениетімен тұстас келеді. Көнешұңқыр мәдениетінің мал шаруышылығымен айналысқан көшпелі тайпалары алғаш рет аталмыш дәстүрді дүниеге әкелсе, осыдан кейін ол Еуразияның далаларына біржолата тұрақтады. Археологияда обаларды зерттеу, жүйелеу мен сипаттаудың қалыптасқан тәртібі бар. ## Оба құрылысы Оба – мұқият зерттеуді талап ететін күрделі құрылым. Зерттеушілер алдымен жер үстінде көрініп тұрған ерекшеліктерін, яғни қоршауларын, қосымша құрылыстарын (мысалы, «мұртты» болуы мүмкін), негізгі өлшемдерін (диаметрі, биіктігі), оның сыртқы құрылымдық бейнесін анықтайды. Неден тұрғызылғаны (тас, топырақ), материалын немесе құрамын көрсетеді. Материалдардың өзі белгілі бір жүйемен пайдаланылатындықтан, оба стратиграфиясы үйіндінің қандай қабаттардан тұратынын зерттейді. Обаның астында, кейде жер астында, тіпті жер бетінде жерлеу камерасы орналасады. Мұның өзі әлдеқандай қосымша құрылыстың ішінде тұруы мүмкін. Жерлеу камерасының нақты түрлері (жер астындағы шұңқыр, жер бетіндегі ағаш қима, тастан қаланған қабірхана, т.б.) бар. Камераның ішінде адам жерлеуге арналған қосымша қабір ішіндегі құрылыстар да ұшырасады. Мәселен, шұңқыр қабірдің ішінде бір бөлігін алып жатқан ағаш қима, тас жәшік, лақат, ақым-катакомбалар осыған жатады. Осы ерекшеліктердің барлығына мүрденің жату тәртібі (шалқасынан, бүйірінен), басының қаратылуы (солт-ке, батысқа, т.б.), бірге қойылған түрлі заттар және олардың орналасу тәртібі қосыла келе жерлеу ғұрпы деп аталатын археологияның аса үлкен зерттеу саласын туғызады. ## Қазақстандағы обалар Әр дәуір ескерткіштерінің, бір дәуірде өркендеген түрлі мәдениеттердің жерлеу ғұрпының өзіне ғана тән ерекше сипаты болады. Обалардың көмегімен көне мәдениеттердің жерлеу ғұрпын анықтау, әсіресе, Еуразия далалық тайпаларының ескерткіштерін зерттеуде өте маңызды орын алады. Қазақстан өлкелерінде сан мыңдаған түрлі дәуір обалары бар. Сақ дәуірінен бастап үлкен «патша обалары» күрт көбейеді. Тарих, археология ғылымдарына баға жетпес деректер берген Есік обасы (Алтын адам), Бесшатыр, Шілікті обасы, Тасмола, Берел қорымы, Сынтас, Бесоба қорымы еліміздің бірегей ескерткіштеріне жатады. ## Дереккөздер ## Дереккөздер
Көнеккеткен — Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы ауыл, Көнеккеткен ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Aудан орталығы – Чапаев ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 16 км жерде, Жайықтың сол жағалық аңғарында, бетеге, боз, еркек шөп, жусан, т.б. әр түрлі шөптесін өскен сортаңдау, бозғылт-қоңыр, шалғынды-қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1081 адам (561 ер адам және 520 әйел адам) болса, 2009 жылы 949 адамды (485 ер адам және 464 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1936 жылы қаланған. 1966-1997 жылдары 22-партсъезд қой өсіру ұжымшарының орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылдан Көнеккеткенде және округке қарасты Қамыстыкөл ауылында 24 шаруа қожалығы құрылды. ## Инфрақұрылымы Орта, орталау мектептер, клуб, кітапхана бар. ## Ауыл көшелері * Ақжол (Колхозная) көшесі * Ардагерлер көшесі * Ақжайық көшесі * Балдәурен (Еңбек) көшесі * Бейбітшілік көшесі * Бірлік көшесі * Жағалау көшесі * Жаңақұрылыс көшесі * Мектеп көшесі * О. Исаев көшесі * Тәуелсіздік (Орталық) көшесі ## Дереккөздер
Көнерген сөздер – күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылмайтын, бірақ тілдің сөздік қорында сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер. Көнерген сөздер көнелену дәрежесі мен себебі және қолданылу сипатына қарай өзіндік лексика жүйесін құрайды. Көнеру дәрежесі бойынша: а) мағынасы түсініксіз сөздер (байыз – байыз табу, кежеге– кежегесін кейін тарту); ә) мағынасы түсінікті, бірақ сирек қолданылатын сөздер (бәйбіше, қатын, мыстан, алдаспан) болып бөлінеді. Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай екіге бөлінеді: тарихи сөздер мен архаизмдер. Тарихи сөздердің көнеруі лауазымдық атаулардың, қоғамдық құбылылыстардың жойылуымен, сондай-ақ, әскери қару-жарақ, өндірістік құрал-жабдықтардың қолданыстан шығып қалуымен байланысты (болыс, сұлтан, барымта, ақ берен, айбалта). Архаизмдер халықтың күнкөріс тіршілігіне, салт-сана тұрмысына, әдет-ғұрпы, дүниетанымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып, ескіріп, пайдаланудан біржола шығып қалған сөздер (жаушы, дағара, ергенек, саптыаяқ, түмен, асадал, дүрия, патсайы, т.б.). Әйтсе де, қайсыбір көнерген сөздер жаңа мағына алып, сөздік құрамдағы белсенді сөздерге қосылуы мүмкін. Мысалы, жасақ– жасақшы, төре– төреші тәрізді сөздер қосымша жалғану арқылы қайтадан күнделікті қолданысқа ие болды. Көнерген сөздер тарихи өзгеріп отыратын лексика-семантикалық құбылыс. ## Дереккөздер
Көнешұңқыр мәдениеті , ежелгі дүниедегі шұңқырлы мәдениет – энеолит дәуірінен сақталған ескерткіштердің жиынтық атауы. Қорған астындағы жерлеу шұңқырына байланысты айтылған. Б.з.б. 3-мыңжылдықтың 2-жартысы мен 2-мыңжылдықтың басын қамтиды. Алғаш К. м. ескерткіштерін 1901 ж. Донның солт-нен В.А. Городцов (1860 – 1945) тапқан. Бұл мәдениет ең гүлденген кезінде аумағы шығыста Оңт. Орал маңын, батыста Днестр өз. алабын, солт-те Самара Лукасын, оңт-те Терек, Кубань өзендері аралығын алып жатты. К. м-нің белгілі бір тайпаға немесе этн. қауымдастыққа жататын өзіндік ерекше нұсқалары – мәйіттің охрамен боялуы, жанында түбі дөңгелектеу келген өрнекті қыш ыдыстардың болуы. Бұл – ашық далаларда жартылай көшпелі және көшпелі шаруашылықты, өзен аңғарларында егіншілікті қатар ұстанған мал өсіруші тайпалар мәдениеті. Тас, мүйіз, сүйек, мыс түйреуіш, балта, пышақ, біз, т.б. шаруашылыққа қажетті бұйымдар жасалған. К. м. үнді-еуропа тіл тобына, қола дәуіріндегі қима мәдениетіне өз ықпалын тигізген.
Көн садақ – көн теріден жасалған садаққап. Оған жақ керілген күйінде беліне дейін кіргізіліп салынатындықтан, керулі тұрған садақтың жарты пішінін қайталайды. Белге қорамсақпен бірге арнаулы садақбау арқылы тағылады. К. с-ты ою-өрнекпен бедерлеп, сүйек, металл (алтын, күміс, жез) жапсырмалармен көркемдейді.
Көне дүние өнері , Жерорта т. маңайындағы (әсіресе Ежелгі Грекия мен Римде) Алдыңғы Азияның Қара т-бен шектесетін елдерінде б.з.б. 1-мыңжылдық пен б.з-дың 5 ғ-на дейінгі кезеңде дамыған. К. д. ө. тарихта өшпес із қалдырып, басқа елдерге ықпал еткен көне Шумер, Мысыр мәдениетінен және осы маңайда тұрған түркі тілдес халықтарға жақын этрус, аландар өнерінен бастау алады. К. д. ө. негізінен адамның сұлулығы мен асқақ рухын, жасампаздығын бейнелеуге ұмтылды. Сәулетті сарайлар (Парфенон, Гера ғибадатханалары, Афина акрополі, т.б.) салынып, мүсіндер (Родос – Гелиос, Афина мүсіні, т.б.) сомдалды. Осы кезеңде сәулет және мүсін өнерінің әйгілі шеберлері өмірге келді (Иктин мен Калликрат, Поликлет пен Мирон, Фидий және Пракситель, т.б.). Кейінгі дәуірде К. д. ө. басқа елдер өнерінің дамуына біршама ықпал етті; қ. Грекия, Рим империясы.
Көпбай Әлімбетұлы (1904, Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шалдар ауылы – 1985) – халық ақыны. Ақындық өнерімен жастай танылған. Оңтүстікке аты жайылған ақын Нұралы Нысанбайұлының шәкірті. ## Дастан-қиссалары «Алмас – болат» ## Арнау, толғаулары * «Туған өлкем», * «Алатау – ырыс аймағым», * «Арыс – Түркістан каналы», * «Ер шопан», * «Ақ бидай». Ауыл өмірі, бейбіт тұрмыс, достық, бейбітшілік тақырыбын жырлады. ## Көпбай – айтыскер ақын Ол Айнабек Нысанұлы (1943), Мыңбай Сұлтанбеков (1945), Желеу Жақыпұлы (1957), Әбдіғаппар Айтақов (1964), Құлжабай Төлеуов (1965), т.б. ақындармен айтысты. Айтыстары мен өлеңдерінің біразы «Айтыс» (3-т., А., 1966), «Ақындар жырлайды» (1968) жинақтарында жарияланған. ## Дереккөздер
Сақ мәдениеті — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан. Олардың жерлеу ғұрпы, мүліктік мәдениеттегі жергілікті ерекшеліктері мен өзара жақындығы да анықтала бастады. Беріге дейін сақтар тек қана бақташы, көшпелі тайпалар болған деген ескі көзқарастың әсерімен көп уақыт бойы бұлардың отырықшы орындары, яғни қоныстық мекендері зерттеулер аясынан тыс қалған. Ондаған жылдар бойы зерттелген жерлеу ескерткіштерімен (обалар) қатар, қазір жер-жерлерде сақ дәуірінің көптеген қоныстары да ашылды. Талғар өңірінде ашылған 50-ге жуық қоныстың деректері мұнда сақ тайпалары егіншілікті де кеңінен өрістеткенін көрсетті. Қарқаралы өңіріндегі Қарақуыс, Едірей тауларымаңынан табылған 20-дан астам сақ қоныстары осы пікірді дәлелдей түседі. Мұндағы беткейлерде тау ықтасындарында орналасқан қоныстар кейінгі қазақ қыстауларына топографиялық тұрғыдан өте жақын орналасқан. Қазбалар барысында көптеп табылған тас кетпендер мен дәнүккіштер Орталық Қазақстан сақтары егіншіліктің қыстақ маңында орналасқан түрін ұстанған деген пікірді негіздеді. Сақ ескерткіштерін зерттеуде әлемдік ғылымның бүгінгі қол жеткен әдіс-тәсілдерін қолданудың маңызы зор. Қазақ Алтайынан ашылып отырған Берел обаларындағы жасанды тоң қабатында сақталған жылқы денелері, шірімей жеткен ағаш бұйымдар, сондай-ақ бальзамдалған адам мәйітін зерттеу маңызды мәліметтер береді. Сақ мәдениеті ескерткіштерін тек зерттеу ғана емес, оларды сақтап қалу, қалпына келтіру мен консервациялау, музейлендіру шаралары қолға алынды. Б.з.б. 7 — 6 ғ-ларда қалыптасқан сақ өнерінің хайуанаттық нақышы дүниежүзілік адамзат өркениетінің тамаша жетістіктеріне жатады. Осындай атаумен белгілі болып отырған сақ қолданбалы өнерінің бұйымдары Қазақстанда, Сібір, Орталық Азия өлкелерінде, Еуропаның оңтүстігінде кеңінен тараған. Нақыштың негізгі құрамын жыртқыш аңдар мен басқадай жануарлар, сондай-ақ мифол. зооморфтық құбыжықтар түрінде жасалған бейнелер түзеді. Бұлар жекелеген бұйымдар немесе бұйымдар мен беттердегі бейнелер, аралас тұрған күрделі композициялар арқылы беріледі. Мазмұны бойынша мифологиялық, пішімі бойынша реалистік деп атауға болатын хайуанаттық нақышты қолдану бағыты бойынша декоративтік өнер болып табылады. Хайуанаттық нақыш дәстүрімен берілген қолдану тәсілдері көбіне металл қазандар мен құрбандық ыдыстарды, қанжарлар мен семсерлерді, қорамсақтар мен айбалталарды, ат әбзелдері мен айналарды, сондай-ақ тулар мен түрлі киімдерді әшекейлеуде пайдаланылған. Табиғат аясын ерекше құрметтеп, оны астарлы мағынада қабылдай білген сақтар арқар, таутеке, жолбарыс, қабан, бұғы, марал, түйе, жылқы, бұлан, бүркіт, сайғақ, қасқыр, қоян сияқты жануарлардың өздеріне етене таныс тұлғаларын тамаша шеберлікпен бейнелеген. Бізге жеткен бұйымдар, ең алдымен, қола, алтын сияқты металдардан, ішінара сүйек, мүйіз, темірден жасалған. Ағаш, тері, киізден жасалған аң бейнелері де бар. Ғалымдар хайуанаттық нақыштың даму барысын үш кезеңге бөледі. Ерте кезеңге (б.з.б. 8 — 7 ғ-лар) тән маңызды белгілерге жануарлардың қозғалыссыз немесе басын бұрып тұрған (түрегеп тұрған немесе жатқан) сәтте берілуі жатады.Екінші кезеңде (б.з.б. 6 — 4 ғ-лар) хайуанаттық нақыш стилистик. қайта қалыптасуды бастан кешіреді. Статик., яғни қозғалыссыз, көбіне жалғыз тұрған бейнелердің орнына динамикаға толы бейнелер, олардың күрделі топтамалары келеді. Жануарлардың өзара айқасы немесе жырқыштардың шабуылы, әсіресе денесі бұралып берілген бейнелер осы кезеңге тән.Үшінші кезеңде (б.з.б. 3 — 2 ғ-лар) өнердің дамуында саябырлау мен құлдырау байқалады. Хайуанаттық нақыш бірте-бірте ою-өрнекке айналған. Оның орнына атақты ғұн дәуірінің ескерткіштері келген. * Ерте кезеңге (б.з.б. 8 — 7 ғ-лар) тән маңызды белгілерге жануарлардың қозғалыссыз немесе басын бұрып тұрған (түрегеп тұрған немесе жатқан) сәтте берілуі жатады. * Екінші кезеңде (б.з.б. 6 — 4 ғ-лар) хайуанаттық нақыш стилистик. қайта қалыптасуды бастан кешіреді. Статик., яғни қозғалыссыз, көбіне жалғыз тұрған бейнелердің орнына динамикаға толы бейнелер, олардың күрделі топтамалары келеді. Жануарлардың өзара айқасы немесе жырқыштардың шабуылы, әсіресе денесі бұралып берілген бейнелер осы кезеңге тән. * Үшінші кезеңде (б.з.б. 3 — 2 ғ-лар) өнердің дамуында саябырлау мен құлдырау байқалады. Хайуанаттық нақыш бірте-бірте ою-өрнекке айналған. Оның орнына атақты ғұн дәуірінің ескерткіштері келген. Тарих, археология ғылымдарында сақтардың хайуанаттық нақышының шығу тегіне байланысты екі түрлі пікір бар. С.Руденко, М.Артомонов сияқты ғалымдар бұл өнер, ең алдымен, Алдыңғы Азиядан бастау алған, оның сақтар арасында қалыптасуына сақтардың б.з.б. 7 ғ-да Алдыңғы Азияға (Мидия) жорық жасауы әсер еткен десе,К.Ақышев, С.Киселев, С.Черников, т.б. зерттеушілер Алдыңғы Азия өнерінің сақтарға ықпалы болғанымен, бұл ықпал б.з.б. 6 ғ-дың соңына таман, ахемен әулеті дәуірі тұсында бой көрсеткенін айтады (дәл осы кезде сақтарға мүлдем тән емес арыстан, фантастикалық арыстан-грифон, ортада қасиетті ағаш немесе құдай бейнесі бар геральдик. композициялар, лотос түйіні немесе оның гүлі араласқан өсімдік оюлар расында да пайда болады). Олар хайуанаттық нақыштың шығу тегі жергілікті ортамен, далалық тайпалардың соңғы қола дәуіріндегі мәдениетімен байланысты деп санайды. Сақ мәдениеті дәуірінен жеткен сәнді бұйымдардағы асқақ дүниетанымдық рухта берілген бейнелер мен әшекейлер Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінде, бүгінгі өнерде, ел өмірінің басқа да салаларында қолданылады. Ғылымда С. м-нің мемл. қалыптасу деңгейінде тұрғандығы жайлы мәселе айқындалып келеді. Есік обасынан табылған тостағандағы жазу сақтардың әліпби қолданғандығынан хабардар етеді. Сақ мәдениетіне байланысты “Далалық өркениет” деген ғылыми ұғым тарих, археология салаларында кеңінен қалыптасты. Сақтардың мәдениеті мен өнері — Сақ заманында Қазақстан аумағындағы мал өсіретін тайпалардың мәдениеті мен өнері өзінің алдындағы уақытпен салыстырғанда дамудың біршама жоғары сатысына жетті. Темір металлургиясы, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы материалдық және рухани мәдениет түрлерін түбірімен өзгертті. ## Тұрғын үй және киімі Еуразияның мал өсіретін тайпаларының өз негізінде біртұтас экономикалық базисі, экономикалық және мәдени байланыстары Оңтүстік Сібір, Алтай, Қазақстан аумағын, Еділ бойын, Солтүстік Қара теңіз өңірін мекендеген тайпалар мен халықтардың — әсіресе ерте кездегі сақтардың, сарматтардың, скифтердің және басқаларының көптеген ұқсастығы бар мәдениетін өмірге әкелді. Алайда осы тайпалардың мәдениеті мен өнерінде елеулі айырмашылықтар да бар, олар Қазақстанның түрлі аудандарын мекендеген сақтайпаларында әр түрлі болған. Ғылымда сақтардың тұрмыс салты мен тұрғын жайы туралы деректер көп емес. Бәлкім, көшім-қонымы көп тұрмыс салтына лайықты тұрғын жайдың тігіліп-жығылатын үлгісі — киіз үй сол кезде-ақ шыққан болуы ықтимал. Аңызға айналған аргиппейлерді сипаттай келіп, Геродот былай деп жазды: «Олардың әрқайсысы ағаштың астында өмір сүреді. Қыста ағаш кез келген сәтте тығыз ақ киізбен жабылады, ал жазда жабусыз қалдырылады». Кешпелі тұрғын жайдың бұдан кейінгі эволюциясы барысында киіз үйдің құрылымы кемелдене түсті, бірақ оны жасаудың принципі б. з. б. I мыңжылдықтың өзінде-ақ белгілі болған еді. Геродот пен Гиппократтың хабарлайтынындай, мал өсіретін тайпалардың кәші-қонды тұрғын үйлерімен бірге, көшпелілерде барынша кеңінен тараған төрт және алты доңғалақты арбаларға орнатылған киіз үйлер де болды; жартылай көшпелілер мен отырықшы малшылар оларды жыл маусымдарында пайдаланды. Қазақстан аумағының оңтүстік, шығыс және солтүстік аудандарында тұрақты тұрғын үйлер: оңтүстікте — шикі кірпіштен, солтүстікте және шығыста — боренелерден салынған үйлер болғаны мәлім. Археологиялық деректер бойынша, қола дәуірінде даланы мекендеушілер күмбез тәрізді кима шатыры бар жертөле түріндегі тұрғын жайлар салды. Төбесі ағашпен деңгелете жабылған мұндай үйлер Қазақстанда, Орта Азияда және Ресейдің оңтүстігінде табылды. Бұғылы өңірінен (Орталық Қазақстан), Шағалалы өзенінің бойынан (Солтүстік Қазақстан) табылған соңғы андроновтық кезендегі жер үстіндегі тұрғын жайлар киіз үйдің одан да гөрі жақын ертедегі үлгісі болып табылады. Төбесі шатырланып және дөңгелете жабылған бұл ағаш кұрылыстар киіз үйге ғажап ұқсайды. Көшелі сәулет өнерінің бастамасы нақ осы киіз үй тәріздес тұрғын жай болған. Орманды аймақ көшпелілерінің киіз үй тәріздес кұрылыстарының бастапқы түрі тебесі шошақ күрке, ал далалық аймакта дөңгелете шатыр шығарылған жартылай жертөле болды. ## Діни нанымдары мен ғұрыптары Сақ тайпаларының діни түсініктері туралы мәселе аз зерттелген. Жерлеу материалдарына қарағанда, сақтарда ата-баба аруғына, отбасылық-рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сиыну ғұрыптары болған. Бұл ғұрыптардың шығуы өлген тумаларының мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымының салттары, үйреншікті ғұрыптары мен ережелері бойынша өмір сүре беретін о дүние бар деген сенімге негізделген. Осыдан келіп өлген адаммен бірге оның беделі мен қауымдағы алатын орнына лайық мүліктің көмілуі, қауымның жеріндегі ру зиратында атқарылатын әрбір тайпаға немесе тайпалар тобына тән күрделі жерлеу ғұрпы шыққан. Малшыларда бұл ең алдымен қыстау маңы болды. Өлгендердің бәрі әдетте жылдың қай мезгілінде болса да, шалғай жерден болса да осы жерге жеткізілді. Мұндай ғұрып кейін сүйегін ру зиратына кешіретін болып не уақытша жерлеуді немесе еліктің сақталуына көмектесетін қайсыбір амал қолдануды керек еткен. Таулы Алтай мен Қазақстан аумағындағы сақтар зираттарын ашып-қазу сақ қоғамынын ерекше аксүйек өкілдері үшін өліктерді бальзамдау мен мумиялау колданылғанын көрсетеді. Ондаған және жүздеген обалардан тұратын ірі-ірі рулық зираттар Қазақстанның көптеген аудандарында (Шілікті, Есік, Бесшатыр, Жуантөбе, Сы- пыра-оба, Қараоба, Ұйғарақ), яғни отырықшы және жартылай кешпелі мал шаруашылығы басым болған жерлерде белгілі. Сонымен бірге шөлді-далалық аудандарда ірі зираттар жоқ, онда қыстау үшін қолайлы жерлерде әрқайсысы 2—4 обадан тұратын аздаған мола зираттар ғана бар. Халықтың кеші-қонымының көптігіне және коныстарының жиі ауыстырылуына байланысты көшпелі мал шаруашылығы аудандарында қыстайтын орындар, рулық зираттар болу дәстүрлері қалыптаспаса керек. Сақ тайпаларының жерлеу ғұрпы алдындағы уақыттың ғүрыптарынан едәуір ерекше болды. Егер қола дәуірі үшін тас қоршаулар мен тас жәшіктерге жерлеу тон болса, сақтар мекендеген аудандардың бәрінде обалы қорымдар болып, адамдар көбіне сопақша етіліп қазылған кабірлерге жерленді. Лақаттап және ақымдап жерлеудің жаңа түрлері шықты. Жерлеу әдістері де өзгереді: өлікті ортеудің немесе оның аяқ-қолын қусырып, қырынан жатқызып жерлеудің орнына шалқасынан созылта салып жерлеу шығады. Жерлеу ғүрыптарының салттарында да бірсыпыра айырмашылықтар орын алып, олар шағын және уақытша сипатта болған. Мәселен, Оңтүстік Орал сырты мен Батыс Қазақстанның савроматтары тайпаластарың бетін ағашпен жапқан тар немесе кеңтік бұрышты шұнкырларға көмген. Осы аумақтағы кейбір тайпаларда шаршы және шеңбер түріндегі кабірлерге жерлейтін болды, ұзын қабырғаларының жақтауынан шығарылған кертпешелері немесе ойықтары бар қабірлер ұшырасады. Арал маңы сақтарында түбін айнала шамалап орлаған, жерден ойып нар жасаған және түбінің бұрыш-бұрышына не оны айналдыра орнатылған діңгектердің орны бар өзінше бір үлгідегі кабірлер кездеседі. Жетісуда және Алтайда ауқатты адамдар сол кездегі жердің бетіне салынган не жерді қазып орнатқан үлкен ағаш қималарға қойылатын болған. Бұл аудандарға қарапайым адамдарды бір қабірге бірнешеуін жерлеу немесе аса терең казылмаған қабірлерге бірінен кейін бірін жерлеу ғұрпы да тон. Орталык Қазақстанда жалпақ тақтатастармен жабылып, жерден қазылатын сопақша жерлеу тұрақты дағдыға айналды, нақ осында тас кешенді обалар түріндегі мола құрылыстардың ерекше үлгісі де болған. Тайпалардың жерлеу ғұрпындағы айырмашылықтар оларда біртүтас жүйелі діни ұғымдардың болмағандығын көрсетеді. ## Бейнелеу өнері Сақ заманы тайпаларының мәдени шығармашылыгының ең жарқын көріністері арасында қолданбалы өнер ерекше орын алады. Оның басты компоненті б. з. б. VII—VI ғасырларда қалыптасып, Сібірдің, Қазақстанның, Орта Азияның және Оңтүстік Еуропаның тайпалары арасында тараған аң стилі деп аталатын өнер болды. Алғашында Скифияда, ал кейіннен Сібірде де бастапқы табылған орны бойынша бұл бейнелеу шығармашылығы шартты түрде скифтік-сібірлік аң стилі деп аталады. Оның негізгі тақырыбы андарды, хайуандарды және аңыздағы зооморфтық ғажайыптарды бейнелеу болды. Мазмүны жағынан мифологиялық, түрі жағынан реалистік аң стилі өнері сәндік сипатта қолданылды. Бейнелеу әдістерінің көбі қазандар мен құрбандық ыдыстарын, семсер, қанжар, қорамсак, айбалта, жүген, айна секідді заттарды, киімді, тулардың сабын әшекейлеу үшін пайдаланылды.Ертедегі шеберлер көп жағдайда заттардың пайдалылығын бейнелеуді мазмұндылығымен жақсы үйлестіріп отырды, осының нәтижесінде олардың жасаған көптеген бүйымдары дүние жүзіндегі ең тандаулы үлгілерден қалысқан жоқ. Ертедегі суретшілердің шығармашылығы өздерінің айналасындағы жануарлар дүниесінің нақты бейнелеріне етене жақын болды. Сақ шеберлері арқар мен таутекенің, жолбарыс пен кабанның, марал мен түйенің, дала қыраны мен киіктің, касқыр мен қоянның, жылқы мен бұланның өздеріне жақсы таныс бейнелерін сомдай білген. Андарды бейнелеуде әр түрлі материалдар қолданылды. Бізге дейін жеткен бұйымдардың көбі қола мен алтыннан жасалған, сүйектен, мүйізден, темірден, киізден жасалған андардың бейнелері де кездеседі. Аң стиліндегі өнерді шартты түрде үш кезеңге: көне заманғы кезеңге, өрлеу мен құлдырау кезеңдеріне бөлуге болады. Б. з. б. УШ—VII ғасырлар үшін андарды бір орында тұрған қалпында жеке немесе ішінара бейнелеу тэн болып келеді. Таутекенің, аркардың мүсіндері, басын көтеріп жатқан қабанның немесе тұрған жыртқыштың, аяғын бүккен немесе тұяғының ұшымен тұрған бұғылардың бедерлеп салынған суреттері көп кездеседі. Қос шенберлі тұғырда тұрған екі текенің құйма қола мүсіні назар аударарлық: текелер біршама схемалы түрде, бейне бір секіруге оңтайланған кейпінде, бастары тұкырта бейнеленген, ал бедерлі үлкен мүйіздері арқаларына тиіп тұр (Тасмола). Жетісудан (Талдықорған) табылган екі қола мүсінде мүйіздері айнытпай түсірілген текелердің басы реалистік тұрғыда керсетілген; мүсіндер ұзын конус тәріздес төлкелерге орнатылған. Алдыңғы қола құю өнерінің тағы бір үлгісі — Солтүстік Қазақстаннан табылған, басын жоғары кетерген және мүйіздері бірнеше рет бүралган арқардың іші куыс мүсіні, ол соғыс қаруы — балғашотқа (Бурабай) салынған. Шілікті обасынан (Шыгыс Қазақстан) табылған заттардың арасында үлкен мүйіздерін арқасына қайыра жатқан бұғы кейпінде шебер жасалған алтын бұйымдар, қабандардың ойып жасалған шагын мүсіндері ерекше көзге түседі. Қола пышақтарды жыртқыштардың басын салып немесе түтас мүсіндерін салып әдемілеу, ал жүген тоғаларына аттың басын немесе ат тұяғының таңбасын салып әшекейлеу сол кездегі көп тараған әдіс болған. ## Дереккөздер * Әдеб.: Акишев К.А., Кушыев Г.А., Древняя культура саков и усуней долины реки Или, 1963; Артамонов М.И., Сокровища саков, М., 1973; Акишев А.К., Искусство и мифология саков, А.-А., 1984; История Казахстана, т. 1, А., 1996. А. Бейсенов
Көне түркі жазбалары немесе Орхон-Енисей жазбалары — б.з. V ғ. — X ғғ аралығындағы түркі тайпаларының тасқа қашап жазған жазбалары. Орхон-Енисей ескерткіштері алғаш Орхон өзені бойынан (Екінші түркі қағандығы кезі) табылды, кейін Енисей өзенінің жоғарғы ағысында (Қырғыз қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым тауып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы ерекшелігі - онда негізгі велярлық және палаталдық дауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес әріптер бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған. ## Жазу әдісі «Алтын ғасыр» кезіндегі (VIII ғ. б.з.) әліппеге 38 таңба және сөзбөлу нышаны кіреді. Жазу бағыты дерелей, оңнан солға. Жіңішке мен жуан дыбыстылары жазуда айырылмайды, дыбыссыздардың бір бөлшегі артынан жіңішке не жуан дыбысты келгенін сыңар нышандармен белгіленген. Сөз бөлу нышаны сөз арасына қойылады, сөйлем соңы белгіленбейді. Бас-кіші әріпке айырылмайды. ## Көне Түркі жазуларының зерттелуі Сібір және Моңғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «Руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді. Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г. Мессершмидт және Ф.И. фон Стралленберг 1721-1722 жылдар аралығында көптеген материалдар жинақтады. Жиналған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729 ж. З. Байердің "Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының жазбаларында" жарық көріп, Еуропадағы барлық Шығыстанушылардың қатты қызығу нысанына айналды. 1730 жылы Ф.И. фон Страленбергтің өзі де зерттеулерінің қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады. Оқылудың әртүрлі жолдары ұсынылғанмен, қандай да бір ақырғы қорытынды шығаруға деректер әлі аздау болатын, себебі Минусинск аймағынан табылған бұл жазулар үзік-үзік және соған сәйкес жарияланған мәліметтердегі көшірмелердің көрінісі тым қысқа-қысқа және жазулардың өзі жартылай өшіп қалған болатын. 1889 жылы Н.М. Ядринцевтің Моңғолия далаларынан тапқан жазулары Көне жазулардың толық сақталған және көлемді үлгілерін ғылыми ортаға әкелді. Енді бұл жазуларға қарап, оның дыбыстық құрылысы мен грамматикалық табиғаты жөнінде айқын қорытындылар жасауға болатын еді. 1893 жылы дат филологі В. Томсен (Дания) бұл жазуларды оқудың кілтін тапты. Келесі жылы-ақ В.В. Радлов Орхон жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады, 1895 ж. Енисей жазуларының да оқылуы мен аудармалары жарыққа шығарылды. ## Дала жазуларының тарихы Б.з.б. 8 ғасырларда көшпенділер даласына Брахми және Кхарошхи жазулары таралған. Бұлар Көне Үндістаннан келген. Ғұн заманынан қалған қысқа жазуларды оқу мысалы, Қытай жазбаларындағы «шаньюй» (Моде шаньюй) деген сөздің Ғұн тілінде «Сеңгір» деп дыбысталатынын анықтап берді. Бұл – «биік», «асқақ», «жоғары» деген мағына береді де қазіргі Түркі тілдерінде, мысалы Қазақ тілінде «Сеңгір таулар», «Заңғар көк» сияқты тіркестерде кездесіп отырады. Көне Қытайлықтардың б.з.б. дәуірлердегі «Хунну жазуы» деп отырғаны осы жазу. Кейін б.з.б. 3 ғасырлардан бастап далалыққа Соғды жазулары тарады. Ол ежелгі Қаңлы мемлекетінде б.з.б. 3 және б.з. 5 ғасырлары аралығында кеңінен қолданылған. Мысалы қазіргі Қазақстанның оңтүстігінен табылып отырған «Күлтөбе жазулары» б.з.б. 2-1 ғасырларға жатады. Көне Түркі жазулары негізінен 6-10 ғасырлар аралығында Ұлы Түркі қағандығы және Көк Түркі қағандығы, Хазар қағандығы кезінде қолданылған. Таралу аймағы Моңғолия-Сібір далаларынан Тибет жеріне дейін және Еуропадағы Венгрия, Чувашия аймақтарына дейін кездесіп отырады. Көне Түркі жазуларының орнына далалыққа көне Ұйғыр жазулары келді. Бұл жазуларды кейде манихей жазулары деп атайды. Оның таралуы Манихей дінінің таралуына байланысты болды. Кейін бұл жазуларды Ислам дінінің ықпалымен енген Араб жазулары ығыстырып шығарды. Кейін осы Араб жазуларының орнына қазіргі Түркі халықтары Латын және Кирилл әліпбилерін қолданады. ## Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен 6-10 ғасырларда үлкен аймаққа таралған Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды: * Енисей ескерткіштері. * Талас ескерткіштері. * Орхон ескерткіштері. Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айырмасында және жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ. Алайда Түркі жазбаларының жазылу мерзімдеріне қарағанда алғашқы Енисей-Лена бойынан, Сібірден, Байкал аймағынан Моңғолия далаларына, Орхон жеріне, одан Қазақстан мен Қырғызстан, Шыңжаң жеріне қарай біртіндеп таралғанын көрсетеді. Ал жазылу үрдісі, таңбаларының қолданылуы ұқсас, оқылуы біркелкі. * Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай республикаларының (бәрі де Ресей құрамындағы Түркі республикалары) аймағынан және Ресейдің батыс сібірде орналасқан Жаңасібір (Новосибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған жазулар жатады. Оның қолданылған, жазылған жылдары 5-7 ғасырлардың аралығы. Бұл аймақтан табылып отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны қазіргі кезде шамамен 150-дей. * Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Қолданылған мезгілі бірыңғай 8 ғасыр. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты. * Орхон ескерткіштері. Моңғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады. Қолданылған мезгілі 7-8 ғасырлар. Ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді жазбалар осы топқа жатады. Бұның ішінде тарихи құндылығы жағынан «Құтлығ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі Чор» және «Мойын Чор» ескерткіштерінің орны ерекше. Яғни Көне Түркі жазулары 5-8 ғасырлар аралығында Сібір, Моңғолия, Шыңжаң, Қазақстан, Қырғызстан және Оңтүстік Ресей жерінде кеңінен қолданылғаны туралы қорытынды шығаруға болады. Бұл көрсетіліп отырған тарихи мезгіл (5-8 ғасырлар) мен оның таралған үлкен аймағы Ұлы Түркі қағандығы, одан бөлінген Батыс және Шығыс Түркі, Түргеш, Хазар қағандықтары мен Көк Түркілер (Екінші Түркі қағандығы) мемлекеттерінің аумағы мен өмір сүрген дәуіріне сәйкес келеді. Бұдан басқа қазіргі ғылымға Көне Түркі жазуларының Тибет аймағындағы және Еуропалық даладаларғы нұсқалары белгілі. ## Көне Түркі жазуларының мазмұны Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан Даниялық ғалым Вильгельм Томсен болатын (1898 жылы бастап). Кейін орыс түркітанушылары аударып, көп зерттеді. Оған 20 ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары – Татар, Өзбек, Түрік, Қазақ, Әзірбайжан зерттеушілері қосылды. Кейде "руна (руникалық) жазулары" деп аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсайтын еді. Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. Томсен ең алғаш рет "Түрік" және "Теңрі" сөздерінен бастап оқыған екен. Бұл жазулардың жалпы көлемі ұзақ. Қазіргі өлшеммен алғанда орта көлемдегі кітапты құрайды. Көптеген тарихи, мәдени, жағырапиялық, саяси деректер бар, сол кездегі халықтың өмірінен, таным-түсінігінен, дүниетанымы мен салт-дәстүрінен хабар береді. Тарихи оқиғалар тізбегі Ұлы қағандардың жорықтары жыраулық-жорықтық үлгідегі әдемі, көркем тілмен баяндалған. Сондықтан көптеген зерттеушілер оларды көркем шығармаларға жатқызады. Жазбаларды Көне Түркілер мен Көк Түркілер дәуіріндегі болған оқиғалар сипатталып, жағырапиялық атаулар, сол кездегі тайпалардың атаулары мен орналасу, таралу аймағы көрінеді. Өкініштісі, Түркі жазба ескерткіштері манихейшіл Ұйғыр қағандығы кезінде аяусыз қиратылған. Жазбаларда ең алдымен 5-8 ғасыр аралығындағы Ұлы даладағы тарихи оқиғалар көркем тілмен баяндалған, айналып келетін оралымдары мен ішкі ұйқастары, композициялық тұтастығы бар. Сондықтан оның ең алдымен жанрын айқындасақ – жылнама не шежіреден гөрі, бұлар – тарихи дастандар. Жазудың сипаты түркі тілдерінің дыбыстық ерекшеліктерін, соның ішінде үндестік заңдарын жақсы береді. Жазудың ерекшелігі оңнан солға қарай оқылады және негізінен дауыссыз дыбыстар таңбаланады. Олардың жуан және жіңішке түрлері бар, олар жеке-жеке бөлек таңбаланады. Көне Түркі жазуларының сыртқы түрі бізге тасқа қашалған түрде, "баспа әріптері" түрінде жетті. Оның жазбаша түрі қандай болғаны туралы мәлімет жоқ. Себебі маталарға, өңделген терілерге жазылуы мүмкін жазба әріптер бұл материалдардың төзімсіздігіне байланысты бізге жетпеді. Алғаш көрген адам бұл жазуларды бір қарағанда қазақ руларының таңбаларына ұқсатады. Яғни жазулар «жебе таңбалар», «ай таңбалар» және «тұмар таңбалар» мен «көз таңбалар», «аша таңбалар», «балық таңбалар» сосын «тарақ таңбалар» мен «сырға таңбалардан» құралады.Орхон-Енесай жазбасы — Орхон және Енесай өзен бойларында табылған көнетүркі жазуымен жазылған жазбалар. Оның ішінде әйгілі Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құлпытастарындағы жазбалар. ## Орхон-Енисей жазбалары Орхон-Енисей жазбалары — көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды (Скандинавия халықтарының тілінде "рунь" сөзі "сыры ашылмаған", "құпия" деген мағынаны білдіреді). Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті. Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Күлтегін жырында сегіз оқиға баяндалған. * Біріншісінде, қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі, * Екіншісінде Түрік Қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді, * Үшіншісінде түркілердің әскери жорықтары, * Төртіншісінде көршілес табғаштардың қастандық әрекеттері туралы әңгіме, * Бесіншісінде табғаш тайпасымен қатысу түркілерге қауіпті екендігі жөнінде, * Алтыншысы түркі халқының болашақты болжай алмауына өкіну, * Жетіншісі түркі халқының даңқын асырған қаған жөнінде, * Сегізіншісінде осы ескерткішті жыр қып жазуға түрткі болған жағдайларға тоқталады. Орхон-Енисей жазбаларының енді бір ескерткіші - Тоныкөк құлпытасындағы жырлар. Онда да сол кездегі түркілердің өмірінен мағлұмат беретін он төрт жол жазылған. Түркі халқының табғаштарға тәуелді болып қалу тарихы, азат қалған түркілердің бірігуі, қаған сайлауы, Тоныкөктің ықпалымен Елтерістің қаған болуы, Оғыз мемлекетінің тыңшылары түркілерге қауіп төндіргені, қарсыластармен болған шайқастар, анталаған жаудың бетін қайтаруда Тоныкөктің ерлігі, ұрыс-шайқастардың жүргізілуі, түркілердің түрлі тайпалармен жауласу жолдары баяндалып, Тоныкөкті мадақтау берілген. Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар табылғаны туралы алғашқы хабарды Н.К.Видзен, С.У.Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И.Т.Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Д.Г.Мессершмид, т.б. бергенін ХVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз. 1893 жылғы қарашаның 25-күні Дания корольдік ғылым академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екен. Дәл осы кезде академик В.В.Радлов та өз бетінше ізденіп, руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арада көп уақыт өтпей, В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, аударып шықты. Орхон жазба жәдігерліктерін ұзақ жылдар бойы түбегейлі зерттеген білікті ғұламалар М.Жолдасбеков пен Қ.Сартқожаұлының бірлесіп жазған ірілі зерттеуі жарық көрді. Л.Н.Гумилев Орхон жазба ескерткіштерін «Көк түріктердің өздері туралы» жазған шежіресі деп біледі. Тасқа жазылған ескерткіштерде негізінен Түрік қағанаты, оны билеген қағандар, олардың ерлігі жайында сөз болады. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өткен дәуірден нақты мәлімет беруге арналған тарихи деректер. «Күлтегін» жырының басты идеясы – Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету. «Күлтегін» жырының авторы – Йоллығтегін Түрік қағанатының күш қуаты артты, жері барынша кеңіді, ел тұрмысы түзелді. Түрік қағанаты тарихында Тоныкөк тұлғасы ерекше орын алады. Ол Елтеріс қаған, Бөгі қаған және Білге қағандарға кеңесші болған. Тоныкөк ел қамын ойлаған ақылгөй, дана қарт. Түрік қағанатына төрт жағынан жау қаптағанда, Тоныкөк ақыл кеңесімен де, тапқыр сөзімен де, батырлық істерімен де қағандарға көмектесіп отырды. Орхон жазба жәдігерліктері ішінде «Тоныкөк» жыры ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы бөлек, оны Тоныкөктің өзі жазған деген болжам бар. Екіншісі – руна жазуындағы бұл жәдігерліктерді поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды. Орхон жәдігерліктерінің ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама қайшы екі түрлі көзқарас орын ала келді. Бірі – Күлтегін және Тоныкөк жәдігерліктері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме дәл жазылған тарихы деп қарады. Орхон жазба жәдігерліктерінің ішінде «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өзінің идеялық мазмұны, композициялық құрылысы, көркемдік бейнелеуі жағынан қазақтың ерлік пен елдікті жырлаған қаһармандық жырларының алғашқы үлгілері болып табылады. ## Көне түркі жазба ескерткіштері Көне түркі жазуы, түркі руникалық жазба ескерткіштері – 7–9 ғасырлардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады. ### Табылған аймақтары Көне түркі жазба ескерткіштері табылған аймақтарға Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарлары, Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы жатады. Орыс этнограф-ғалымы Н.М.Ядринцев 1889 жылы Моңғолиядағы Орхон өзенінің құйылысынан қос тілдік жазуы бар ерекше үлкен екі тас тапты. Кейіннен біреуі Білге қағанға (735), екіншісі оның інісі Күлтегінге (732) қойылғаны белгілі болып, мазмұны толық анықталды. Бұл ескерткіштердің бір қырына Қытай иероглифтері ойылған, ал үш қырына ойылған жазу таңбалары «Сібір руналарына», Енисей бойынан табылған жұмбақ жазуларға (бұл жазулар сыртқы көрінісі жағынан Скандинавия руналарына біршама ұқсас болғандықтан «руникалық» немесе «руна тәріздес» деп те аталды) ұқсас. Финн және орыс ғалымдары жүргізген арнаулы зерттеулер нәтижесінде Орхон және Енисей ескерткіштерінің нұсқалары (фотосурет, эстампаж) жинақталып жарияланған атластар жарық көрді. Сайып келгенде Дания лингвисі В. Томсен 1893 жылы түркі руникалық (Орхон-Енисей) таңбаларының дыбыстық мағыналарын негізінен дұрыс анықтап, академик В.В.Радлов 1894 жылдың қаңтарында көне түркі тілінде жазылған Күлтегін ескерткішіндегі руникалық жазудың тұңғыш аудармасын берді. Ғылымда ашылған бұл жаңалық – тіл білімінің тарихи салыстырмалы бағытын белгілеп, түркітану ғылымын жүйеге келтіру ісінде мықты қазық болды. Мұнан кейін көне түркі жазба ескерткіштері тек тастарға ғана қашалмағандығы, металл (алтын, күміс, қола) және саз балшықтан жасалған түрлі бұйымдарға ойып жазылғандығы да айқындала түсті. Моңғолиядағы, Сібір мен Азиядағы айқындалған түркі руникалық ойма жазуларының жалпы саны әзірше екі жүзге жуық. 20 ғасырдың бас кезінде Шығыс Түркістандағы түркі руникалық жазуының шамандық, манихейлік, буддалық дін және заң мазмұнында қағазға жазылған нұсқалары (8–10 ғасырлар) айқындалды. 1932 жылы Талас алқабынан ағаш таяқшаға ойылған руникалық жұмбақ жазу табылды. С.Е.Малов, Х.Н.Оркун, А.М.Щербак, т.б. таяқшалардағы жазудың түркі руникалық таңбаларымен ұқсастығын көрсетіп, оны көне түркі тілінде оқып көрді. Иссык жазба ескерткіш— сақ дәуірінен қалған жазба ескерткіш (б. з. д. 5—4 г.). 1970 ж. Ӏле өңірінің тау бектеріндегі Есік қаласы іргесіндегі Сақ заманынан қалған үлкен қорымнан алтынға бөленген жауынгер мәйіті және оның түрлі заттары, сонын ішінде жұмбақ жазуы бар күміс тостағанша табылған. Оның сырт жағына руна тәріздес 26 таңба ойылып жазылған. Ескерткіштің құндылығы — біріншіден, ертедегі Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпаларының тілі көне түркі тілі екендігін, екіншіден, бұдан 2500 жыл бұрын түркі тектес тайпалардың әліпбилік жазуы болғанын дәлелдейді: Могoилян жазба ескерткіш — Орхон өзені бойынан табылған көне түркі ескерткіші (7 ғасырдың соңы). Ескерткіш Құтлұғ(Қабаған) қағанның баласы Могилянға арналған, мәтінін жазған Иоллығ Тегін, оны тапқан Н. М. Ядринцев, алғаш рет оқыған В. В. Радлов. Жазуда Могилянның, Күлтегіннің, Тоныкөктің жорықтары баяндалған. Мойунчур ескерткіші — Орхон-Енисей көне түркі жазуымен 759 ж. жазылған ескерткіш. Оны Солтүстік Моңғолияда 1909 ж. тапқан Г. И. Рамстедт. Ол — ескерткіш мәтінін немісше аударып, 1913 ж. жариялаған. Бұл еңбекті Н. Оркун түрік тіліне, С. Е. Малов 1959 ж. орыс тіліне аударып жариялаған. Ескерткіш "Селенге тасы" деп те аталады. Мойун-чур сол кездегі ұйғыр мемлекетінің ханы болған. Ескерткіш мәтінінде жер-су, адам, тайпа, халық (ұйғыр, оғыз, тоғыз, татар, қырғыз, түркеш, түрік, соғды, қыпшақ т.б.) атаулары кездеседі. Ескерткіште әңгіме оғыз тайпасының өкілі атынан баяндалады. Орхон ойма жазулары — Моңғолияның Орхон, Селенге өзендері бойынан табылған көлемді әдеби мұралар, хан әулетінің құлпытастары, 7—8 ғғ. жазылған көне түркі руникалық ескерткіштері болып табылады. Оған Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Күлі-чур, Мойун-чур т.б. ескерткіштер жатады. Ескерткіштер мен ондағы жазбаша деректерді ашып жариялаған — Н. М. Ядринцев, В. Томсен, В. В. Радлов. ### Қазақстан жерінде Соңғы отыз жыл ішінде Қазақстан жерінде де Көне түркі жазба ескерткіштерінің бар екендігі анықталды. Талас бойынан (Жамбыл облысы) төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бедерленген руникалық ойма жазулар, Іле бойынан (Алматы облысы) жартастарға қашалған руникалық жазу үш жерден табылды. Осы өңірден жүзіктегі руникалық жазу да анықталды. Сыр бойында (Түркістан облысы) ескі кенттердің орнынан табылған саз балшықтан күйдірілген дөңгелек алқа, құмыра сияқты ойылған руникалық жазулар белгілі болды. Ертіс өңірінен екі қола айнадағы руникалық ойма жазудың (Шығыс Қазақстан облысы) бірін А.Н.Бернштам 1948 жылы жариялады. Сондай-ақ 1985 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған руникалық жазу, ал 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалық жазу табылды Жайық өңірінен (Ақтөбе облысы) анықталған қола айнадағы руникалық жазу 1986 жылы жарияланды. К. т. ж. е-нің тілін зерттеп, зор үлес қосқан ғалымдар – В. Томсен, Радлов, П.М.Мелиоранский, В.Банг, Г.И.Рамстед, А.Габэн, С.Е.Малов, В.М.Насилов, И.А.Батманов, А.Н.Кононов, Дж.Клоусон, Т.Текин, т.б. ## Нышандар кестесі ## Оқу мысалы — жазба T²NGR²I — транслитерация /teŋri/ — транскрипция teñri — латын жазуымен ## Unicode Windows 8 нұсқасынан бастап Segoe UI Symbol қарпінде көне түркі жазу қолдауы енгізілді. ## Жазу тарихы Ең ежелгі (V—III ғғ. б.з.б.) жазбалар Қырғызстанда (Иссык, Талас, Балыкчи т.б.) табылған. Жазу түп-тегі анықсыз. Көп нышаны таңбалармен сәйкестігін белгілейді, дыбыс мағынасы акронимнен шыққан деп. Кейбір нышандарға (қырлы келген, жазу бағысы, дыбыс мағынасы сәйкес) қарап ерте семит жазуына туысқандығы ұйғарылып тұр: Библос жазуы және Пүн (финикиялық) жазуы. Орхон-енесай жазбаларын бастапқы кезіндегі зерттеуінде кейбіреулер осы жазу сұғдақ доғал жазуынан шықты деп болжалаған, немесе тіпті қытай жазуының дыбыс белгілейтін нышаншадан шықты деп болжалаған. Соңғы кезде кейбір зерттеушілер кһароштһи жазуынан, немесе бір тамырдан түп-тегін болжалаған. Моңғол басымы кезіне (XIII ғ) дейін әліппе араб, тағы басқа түркі жазуымен қысып шығарылған. Көне Түркі жазуынан басқа көп руника жажулар шыққан - бұлғар руналары, Сәркел қаласындағы (Хазар қағандығы) саз жанғышақтардағы жазбалар, мажар жазуы, талас жазуы және т.б. Ғылыми зерттеуінің негізі XIX ғ. аяғында құрылған. 1893 жылы 25 қазан айында дания лингвисті Уильям Томсон жазу мұқамын шешкен. Бірінші таныған сөз — Теңрі (Тәңірі). ## Кездесетін аумағы Жазбалар Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Ресей елдерінде кездеседі. ## Тағы қараңыз * Орхон-Енесай жазбалары * Қазақ әліппесі * Түркі бітік * Бітік ## Сыртқы сілтемелер * Түрк бітіг * Köktürkische Schrift, Türkische Runen * Orkhon Inscriptions complete text Мұрағатталған 11 сәуірдің 2012 жылы. ## Дереккөздер
‎ Көптам – Орта Азиядан Шығ. Еуропаға баратын керуен жолының (16 ғ-да “Ноғайлы жолы” атанған) бойына салынған шағын қала. Қоңыраттан (Бесқала) 360 км жерде, Ақтөбе мен Атырау облысының аралығында, Сам құмының жағасында. А.Левшиннің жазуы бойынша К. 19 ғ-дың бас кезіне дейін қала көркін сақтап келген. В.В. Бартольд К-ды ежелгі Сам қ-ның орны болуы мүмкін деген жорамал айтады. Қазір К-ның орны ғана сақталған. Құрылыс сілемдеріне қарағанда мұнаралы қорғанмен қоршалған. Қоршау ішінде құлаған құрылыстардың қалдықтары сақталған. Әдеб.: Левшин А.И., Описание киргиз-кайсацких или киргиз-казачьих орд и степей, т. 1 – 2, СПб., 1832; Бартольд В.В., Научные результаты Аральской экспедиции, СПб., 1902; Басенов Т.К., Архитектурные памятники в районе Сам, А.-А., 1947. ## Дереккөздер
Көп сатылы сайлау – сайлау жүйесінің бір түрі. Мұнда өкілетті органның депутаттарын төменгі сайлау органдары немесе сайлау алқалары (олардың құрамына халық сайлаған сайлаушылар, яки төменгі өкілетті органдардың депутаттары, кейде олардың екеуі де кіруі ықтимал) сайлайды. К. д. с. екі және одан да көп сатылы болуы мүмкін, дегенмен үш немесе төрт сатылы сайлау қазіргі кезде өте сирек кездеседі. Мыс., АҚШ-тың, Финляндияның президенттері, Үндістан парламентінің жоғ. палатасы екі дәрежелі сайлауда сайланады. Франция сенатының бір бөлігі үш дәрежелі сайлауда жасақталады: сайлаушылар муниципалдық кеңесшілерге дауыс береді, ал, бұл кеңесшілер делегаттарды тағайындайды, делегаттар сенаторларды сайлайды.
Көптоғай — Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы ауыл, Көптоғай ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Ойыл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 25 км-дей жерде, Ойыл өзенінің оң жағалауында, жусан аралас қылқан боз, көкпек, бұйырғын өскен бозғылт қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1403 адам (689 ер адам және 714 әйел адам) болса, 2009 жылы 1712 адамды (867 ер адам және 845 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1963 жылы қой кеңшарын құруға сәйкес қаланды. Бұрын мұнда №22 ауыл, Ақсай, Жақсымай, Саралжын, Қарасу ұжымшарлары болған. Көптоғайда “Көптоғай” АҚ ауыл шаруашылық техникасын жөндеу шеберханасы, орта мектеп, кітапхана, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, шұжық цехы жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Көркем ақжапырақ (лат. Jurinea eximia) – астралылар, ақжапырақ туысына жататын көп жылдық өте сирек кездесетін эндемик өсімдік. ## Таралу аймағы Қаратаудың Жолсай қонысында таудың тасты шатқалдары мен құздардың жарылған жерлерінде өседі. ## Биологиялық сипаттамасы Биіктігі 15 – 45 см, өсімдікті қалың түк жауып тұрады. Сүректенген тамырының топырақ бетіндегі бөлігін қалың тамыр түбінен шығатын жапырақшалары жауып жатады. Сабағы тік, көп жапырақты. Сабақ бойындағы жапырақтары ұзын сағақты, сопақша, ланцет тәрізді болады. Қанық қызғылт гүлі дара себет гүлшоғырында жетіледі. Тұқымынан көбейеді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемістенеді. Жемісі – тұқымша, оның қысқа қылшықты айдаршасы болады. Көркем ақжапырақ – гүлі өте әдемі сәндік өсімдік. Жылдан-жылға санының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Дереккөздер * Красная книга Казахстана, А.-А., 1981. ## Сілтемелер ## Сыртқы сілтемелер Наголоватка превосходная
Көркем керамика - қолданбалы сәндік өнерінің тәжірибелік (ыдыс аяқ, ойыншықтар, тұрмыс бұйымдары) немесе балшықтың әр түрінен механикалық әдіспен, қолмен жасалған, соңынан арнайы сурет салынып, ою-өрнектер ойылып жапсырылып т. б. жұмыстары қолмен істеліп, күйдірілген бірыңғай сәндік (мүсіндер, сувенир т. б.) бұйымдардың жиынтығын құрайтын түрі. Кейде көркем керамика туындылары белгілі бір оқиғалардың құрметіне ескерткіш ретінде немесе сән ретінде портреттерді, сахналық, жанрлық суреттерін, әсем керіністерді бейнелеу т. б. мақсаттарға арналады. Қазақстан мұражайларында Абай Құнанбаевқа арналған көркем керамикалық бұйымдардың біразы сақтаулы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейінің қорында 2 сәндік құмыра (қыш, шыңылтыр, тұздар, оймыштау) тұр. Бірінің бүйірінде шеңбер ішіне Абайдың портреті салынып, «Талап, еңбек, терең ой, Қағанат, рақым ойлап қой. Бес асыл іс, көнсеңіз» деген өлеңі жазылған. 2-құмырада - ақын портреті мен поэзияның ерекше нышандары - кітап пен қаламұш, лавр жапырақтары бейнеленген. Ортасына Абай портреттері салынған қабырғаға іліп қоятын 2 табақша да (2-де қыш, шыңылтыр, түздар, оймыш, дм. 46) сонда сақтаулы. Бұл бұйымдардың барлығы да қазақ ою-өрнегімен әсем безендірілген. Оларды 1940-50 ж. Алматы керамикалық станциясының (бүгінде Алматы эксперименталды көркем керамика заводы) негізін салушы керамист-суретшілер А. Т. Никитина мен И. Н. Белокурский жасаған. Суретші В. М. Сотниковтың «Абай әуендері ізімен» деген панно-керамикалық триптихі де осы заводта дайындалған. Ақынның шөбересі Мәкен Абайдың мемлекеттік қорық-музейінің 50 жылдығына Абайдың портреті салынған табақша (1990, авторы белгісіз, қыш, шыңылтыр, тұздар, диаметрі 48) сыйлады. Жоғары көркемдік деңгейде жасалған бұл аталған шығармалардың барлығы өз уақытының маңызды материалдық құжаттары болып табылады. ## Дереккөздер
Көркем оймыш – сәндік қолданбалы өнердің ағашқа, мүйізге, сүйекке, мәрмәр тасқа, жабысқақ құм, қыш, шыны, сазға сызып, ойып, күйдіріп өрнек түсіретін бір түрі. Көркем оймыш тәсілімен сурет салуға, көркемдеп жазуға болады. Ыдыс-аяқтарға, сүйек, мүйізден жасалған тұрмысқа қажетті заттардың, қару-жарақтардың саптарына, сандық пен ағаш төсекке, киіз үйдің босағасы мен есігіне, кереге, шаңырақ күлдіреуішіне күйдіру әдісімен ою-өрнек салынады. Оюдың жайпақ бедерлі (контурлы), үш қырлы, оймалы түрлері бар. Сәндік бұйымның үстіңгі беті ойылып, алтын, күміс, мыс, сондай-ақ, сүйектен жасалған өрнекпен нақышталады. Киіз, мата, былғары, боялған тері, т.б. заттарды өрнек үлгісі бойынша оюлау да көркем оймыштың бір саласына жатады. Сырмақ, текемет, түскиіздер де көркем оймыш әдісін қолдану арқылы көркем шеберлікпен әшекейленеді. Оюларды өрнек тәсіліне ыңғайланған әр түрлі құралдармен (қысқыш, шымшуыр, ұңғуыр, басқыш, балға, біз, т.б.) жасайды. Жартастарға ойып сурет салу Қазақстан аймағында (Таңбалы шатқалы, Алматы облысы Ақбұлым тауы, Жамбыл облысы Марқакөл жартастары, Шығыс Қазақстан облысы) қола, көне түркі заманынан белгілі. 6 – 11 ғ-ларда Қазақстан аймағында көне түркілік тас мүсін жасау өнері кеңінен дамыған. Ер адамдардың бейнелері жауынгерге қажетті қару-жарағымен, ал әйелдер қолдарына тостаған, т.б. ұстап бейнеленген. Сүйекке ою бедерлеу, әсіресе, мемориалдық архитектурада К. о. жасау – негізінен Орт. және Бат. Қазақстанда жақсы игерілген. Мазарларға, шағын формадағы зираттық ескерткіштерге, құлпытастарға мәнерлеп ою-өрнек салу көп жерде кездеседі. Атырау, Маңғыстау облысытарының шеберлері ұлу тасқа ою түсірумен қазіргі кезде де айналысады. ## Дереккөздер
Көркем құйма – балқытылған материалды (құймалық қорытпа, металл, пластмасса, кейбір тау жыныстары), қалыпқа құю жолымен жасалған (мүсін, зергерлік бұйымдар, қару-жарақтар, тұрмыстық заттар, т.б.) көркем туындылар.Көркем құйма балауыз қалып немесе топырақтан жасалған үлгі бойынша іске асырылады. Қазақстанда қол өнердің Көркем құйма саласы б.з.б. екімыңыншы жылдан бері қолданылып келе жатқанын археол. қазбалар дәлелдеп отыр. Құю өндірісінің дамуына байланысты Көркем құйма жеке сала болып бөлінді, бұйымды қалыптау, құю, өңдеу әдістері де, металдың сапасы да өзгеріп, жетілдіріліп отырды. Құйманың үстіңгі бетін өңдеп, әшекейлеу (бедерлеу, сызаттау, қақтау, алтын, күміс жалатып өрнектеу) – бұйымдарды өнер туындысына айналдырып, көркем шығарма дәрежесіне көтерді. Сақтар мен сарматтар мәдениетінің куәсі – қола қазандар, шырағдандар, ыдыс-аяқ, алтын күміспен әшекейленген киім-кешектер мен қару-жарақ, ер-тұрман, білезік, сырға, алқа, әр түрлі белдіктерде қолданылған әсем өрнектер дәстүр сабақтастығын үзбей біздің заманымызға жетті. Бұл зергерлік дәстүр сәндік әшекейлер әзірлеуде әлі де өзіндік өрнегімен нақышталуда. Сондай-ақ, Көркем құйма республикамыздың қазіргі мүсін өнерінде, безендіру жұмыстарында кеңінен қолданылады. ## Дереккөздер
Әдебиет (араб.: асыл сөз‎) — сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы. Мазмұнына қарай саяси, ғылыми, техникалық, көркем әдебиет болып бөлінеді. Әдебиет атауы көбінесе, көркем әдебиет мағынасында қолданылады. Ахмет Байтұрсынұлы оған: «Бір нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері», «Сөз өнері» деп баға берген. Әдебиет — жалпы өнердің бір саласы. Бірақ, әдебиет қоғамдық сананың ерекше түрі есебінде шындықты логикалық ойлау жүйесімен емес, көркем тіл арқылы, сөз өнерінің күшімен суреттелуді талап етеді. Көркем бейненің сыртқы сұлбасымен бірге ішкі мазмұнын, сырын оқырман тұшынып сезіне алатындай етіп ашады, адамның жан дүниесі мен ішкі сезім байлығын көзге елестету арқылы қоғамдық санаға әсер етеді. Оның «Өнер атаулының ең қиыны және күрделісі» (Бальзак), «Өнердің ең жоғарғы түрі» (В. Белинский) болатыны да осыдан. Қазақ та «Өнер алды — қызыл тіл» деп тегін айтпаған. Әдебиеттің суреттейтіні — адам. Оны жалпылай емес, нақты, тұлға (образ) дәрежесіне көтере даралап көрсетеді. Адам қашан да бір ортада өмір сүреді, еңбек етеді, сол ортада өзін жан-жақты таныта, көрсете біледі. Сондықтан әдебиет адамды «қоғамдық қарым-қатынастардың жиынтығы» (Карл Маркс) ретінде, өз ортасының шындығымен жан-жақты байланыста бейнелейді. Дара тұлға айналасындағы тіршілікпен тұтастықта ашылады. Адам бейнесін жасауда жеке бір адамға тән мінез-құлықты да, көпке ортақ сипаттарды да жинақтау тәжірибесі пайдаланылады. Типтік бейне қашан да жинақтау жолымен жасалады. Өмірде сирек ұшырасатын не жиі кездесетін деректердің қайсысы болса да типтік бола алады. Ең бастысы — шындықтың адам табиғатына сиымдылығы және нанымдылығы. Сондықтан да әдебиет нақты адаммен бірге сол адам өмір сүрген дәуірдің шежіресі, көркем тарихы болып табылады. Қазақ әдебиетінің тарихы — белгілі мөлшерде қазақ халқының тарихы да, онда халық бастан кешкен әрқилы дәуірлер мен оның адамдарының бейнесі жасалған, ой-арманы бейнеленген. Осының бәрін көркемдікпен суреттеп танытуда әдебиет тілінің маңызы үлкен. Ол — жазушылық шеберліктің негізгі. «Әдебиетші… — қаламымен ғана жазбайды, сөзбен сурет салады, адамды бір қалыпта ғана суретке түсіретін сурет өнері сияқты емес, үнемі қозғалыс, әрекет үстінде, таусылмайтын кездесулер мен қақтығыстардың жағдайында… суреттейді» (М. Горький). Әдебиет адамның өмір тануына, оның эстет. ұғым-түсінігін, сезімін байытуға қызмет етеді. Оның тәрбиелік мәні зор, жарқын жасалған жақсы тұлғаларға оқырман елігеді, оған ұқсауға тырысады. Халық өмірінің жан-жақты бейнеленген суреті мен оның көрнекті өкілдерінің бейнесін жасаған, азаттық, тәуелсіздік жолындағы арман-тілегін суреттеген әдебиет халықтық болып саналады. Шығарманың тақырыбы мен идеясын да оның халықтық сипаты белгілейді. Өмірді тану мен оны көркем бейнелеудің ғасырлар бойғы тәжірибесі әдебиеттің өзіндік ерекшеліктерін туғызған. Ол тегі жағынан эпос, лирика, драма болып бөлінеді. Олардың әрқайсысы іштей бірнеше түрден (жанрдан) тұрады. Шындықты танып, көркем бейнелеудің әдісі де әртүрлі. Олар белгілі бір дәуірдің өзгешеліктерінен туады. Әлем әдебиеті классицизм, романтизм, реализм сияқты шығармашылық әдістерді басынан өткерген. Солардың ішінде шындықты шынайы бейнелеуі, өмір құбылыстарын нақты адам тағдырына байланыстырып терең ашуы жағынан реалистік өнер әдебиет дамуының ең биік сатысы саналады. Әдебиет — ұлттық категория. Ол алдымен ұлттық түрде, сол халықтың дәстүрлері мен тарихи дамуының ерекшеліктері негізінде жасалады. «Әдебиеттің мазмұнын оның халқының өмірі береді» деген В. Г. Белинский. Көркемдік ізденісте ол әлем әдебиетінің озық үлгілерінің тәжрибесін пайдаланады. Оның дәстүрмен байланысы, жаңашылдығының да сыры осында. Сөйтіп, әр халықтың өзіндік әдебиетінің үлгісі жалпы адамзатқа ортақ мұраны құрайды. Әдебиет ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті болып бөлінеді. Қазақ әдебиетінің көшпелі дәстүрде туған, ауызша шығарылып, халық жадында сақталған әдебиеттің тарихи зор саласы — ауыз әдебиеті (фольклор). Оның түрлері де сол шыққан дәуірі мен жанрлық ерекшеліктерінен туындайды. Оларда тұрмыс-салт жырлары, шешендік сөз өнері, айтыс, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, эпостың түрлері (батырлық, ғашықтық, дастандар түрінде), тарихи жырлар кең дамыған. Олар өз кезіндегі қазақ халқының көркемдік ойлау жүйесін анық танытады. Жазба әдебиет (тарихи әдебиет) қазақтың ұлт болып құралып, мемл-тігінің тууына байланысты өркендеген. Онда халықтың тұрмыс-тіршілігінің суреттері мен дербес болуының идеясы жырланған. Елді осы жолда бірлікке шақыру, көрші елдердің отаршылдық саясатына қарсылық кең көрінеді. Ал, қазақтың дүн. жүз. дамуындағы орнын түсініп, Әдебиет арқылы ағартушылық, демократиялық көзқарасты насихаттау ХІХ ғ-дың екінші жартысында Абайдың, Ыбырай Алтынсариннің, Шоқан Уәлихановтың шығармаларында көрініс тапқан. Осы тұстан бастап, Әдебиет халық өмірінің қайшылықтарын көркем бейнелеген қуатты құралға айналды. ХХ ғ-дың басында Ресей отаршылдығының астында езілген халықтың жан ашуын Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, С. Торайғыров т. б. батылдықпен көтеріп, ағартушылық, демократиялық әдебиет дәстүрін тәуелсіздік жолындағы күрес идеясымен ұштастырды. ХХ ғ-да, кеңестік дәуірдің қайшылықты саясатына қарамастан, қазақ әдебиеті Еуропа әдебиетінің жанрлық түрлерін игеріп, шын мағынасындағы көркемдік биігіне көтерілді. Оның озық үлгілері әлемдік деңгейде танылды. Қазақ әдебиетінің бұл тұстағы табыстары Мағжан Жұмабаевтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мұхтар Әуезовтің, Сәкен Сейфуллиннің, Ілияс Жансүгіровтің, Бейімбет Майлиннің, Сәбит Мұқановтың, Ғабит Мүсіреповтің, Ғабиден Мұстафиннің, Асқар Тоқмағамбетовтің, Тайыр Жароковтың, Ғали Ормановтың, Қасым Аманжоловтың, Әбділда Тәжібаевтың, Жұбан Молдағалиевтің, Сырбай Мәуленовтің, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің, Тахауи Ахтановтың, Олжас Сүлейменовтың, Әбіш Кекілбаевтың, Мұхтар Мағауиннің, Сәкен Жүнісовтің, Шерхан Мұртазаның, Тұманбай Молдағалиевтің, Қадір Мырза Әлінің т. б. шығармашылық өнерімен байланысты. Заманның қайшылықты сипаты да, әдебиет дамуының қиыншылықтары да осылардың өмірі мен еңбегінен көрінді. ## Тағы қарыңыз * Қазақ әдебиеті * Орыс әдебиеті * Әзербайжан әдебиеті * Неміс әдебиеті * Жапон әдебиеті * Өзбек әдебиеті * Қырғыз әдебиеті * Түрікмен әдебиеті * Қытай әдебиеті * Франция әдебиеті * АҚШ әдебиеті * Иран әдебиеті * Араб әдебиеті * Таиланд әдебиеті * Италия әдебиеті ## Дереккөздер
Көркемсурет көрмесі – мәдени шара. Көркемсурет көрмесі шетелдік, ұлттық бейнелеу, сән және қол өнерінің туындыларын көпшілік назарына ұсынып, өнер саласының даму деңгейі, бағыт-бағдары жайлы мамандардың, өнертанушылар мен шеберлердің пікірлесуіне мүмкіндік береді. Ежелгі Египет, Грекия, Вавилон елдерінде, беріректе Францияда, Англияда көрмелер ұйымдастыру дәстүрі болып, кейін бүкіл Еуропаға тараған. Қазақстанда алғаш 1929 жылы Алматыда “Жетісу суретшілерінің көшпелі көркемсурет көрмесі” өтті. Ал 1931 жылғы “Социалистік құрылыс – суретшілердің бейнелеуі бойынша” деген тақырыппен Алматыда өткен көшпелі көрмеде А.В. Куприн, К.С. Петров-Водкин, В.А. Фаворский, А.А. Дейнеканың жаңа өмірдің жарқын көріністерін бейнелеген еңбектері елдің назарын ерекше аударды. Қазақстан суретшілер одағы 1933 жылы “Қазақстан суретшілері соц. құрылысты нығайту жолында” деген тақырыппен сурет көрмесін ұйымдастырды. Бұған Қазақстанда кәсіби бейнелеу өнерінің негізін салушылар Ә.Ысмайлов, Қожахмет және Құлахмет Қожықовтар қатысты. 1934 жылдан бастап әр түрлі тақырыпта Орталық музей үйінде көркемсурет көрмесі өткізіліп тұрды. 1934 жылы Алматыда өткен өнер шеберлері слеті қарсаңында ашылған көрмеге Ә.Қастеев “Мектепке”, “Көгілдір киімді қазақ қызы”, “Түрксіб” атты суреттерімен қатысты. 1935 жылы Орталық музейде ұйымдастырылған “Қазақстанда Совет өкіметінің орнауына 15 жыл” деген көрменің негізінде Қазақтың көркемсурет галереясының (қазіргі Ә.Қастеев атындағы Қазақ Мемлекеттік өнер музейі) негізі қаланды. 1939 жылы музей 200 еңбегін Алматы қаласының жұртшылығына таныстырды. Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, А.И. Бортников, Н.И. Крутильников, О.Таңсықбаев шығармалары қазақ мәдени өмірінің жаңа мазмұнын, өміршең мәні мен ұлттық бояуын бейнеледі. 2-дүниежүзлік соғыс жылдары республикаға келген танымал суретшілер Д.И. Митрохин (1883 – 1973), П.Н. Крылов, т.б. Алматы қаласында соғыс тақырыбына бірнеше көркемсурет көрмесін өткізуге ат салысты. Л.П. Леонтьевтің “Майданға шығарып салу”, Б.Урманченің “Жеңіспен оралыңдар”, О.Д. Кужеленконың “Алматы соғыс жылдарында”, Р.В. Великанованың “Ескі және жаңа Алматы” туындылары дүниеге келді. 1948 жылы Алматыда КСРО Суретшілер одағы мен КСРО Көркемсурет қорының көшпелі көркемсурет дирекциясы кеңес кескіндемешілері мен суретшілерінің 200 шығармасынан тұратын көшпелі көрмесін өткізді. “Қазақстан суретшілерінің тақырыптық картиналары” деген атпен ұйымдастырылған көрмеге көркемсурет инистуттарынан білім алған жаңа толқын (Қ.Т. Телжанов, М.С. Кенбаев, С.Ә. Мәмбеев, Н.Нұрмұхамедов, А.Ғ. Ғалымбаева, т.б.) қатысып, ұлттық бейнелеу өнерінің болашағын танытты. Мерекелер мен съездер қарсаңында тақырыптық негіздегі көркемсурет көрмесін ұйымдастыру өрістеді. Көркемсурет көрмесі Е.М.Сидоркин, С.Айтбаев, М.Қисамединов, т.б. суретшілердің туындыларын насихаттады. Алматыда 70-жылдары Қазақстан Суретшілер одағының көрме залы мен Қазақстан Мәдениет министрлігі көрме залының ашылуы және Қазақстан мемлекеттік өнер музейі жаңа ғимаратының іске қосылуы – көркемсурет көрмесін ұйымдастыруға кең жол ашты. Осы арнаулы орындарда “Еңбек даңқы”, “Ел мен Жер”, т.б. заман талабына сай көркемсурет көрмесілері өтіп тұрды. Бұл көрмелерде еңбек тақырыбы, замандас бейнелері елеулі орын алды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі соңғы онжылдық ішінде бейнелеу өнер шеберлерінің әр түрлі байқаулары мен көркемсурет көрмесілері өткізілді. Кескіндемеші Ж.Әбдраманның жұмыстары респубикалық және шетелдік көрмелерге жыл сайын қойылып келеді. 2000 жылдан бастап “Сорос – Казахстан” қорының демеушілігімен ұйымдасқан қазіргі заманғы өнер орталығының көрмесі жыл сайын өткізіледі. Көркемсурет көрмесі мақсаты – елде сирек көрсетілетін, теор. және практик. зерттеулерді талап ететін бағыт-бағдарларды қолдау. 2000 жылы өткен “Коммуникация: өзара байланыс тәжірибелері” деп аталатын екінші көрмеге қазақстандық және Венгрия, Украина, Болгария, Ресей Федерациясы, т.б. елдер суретшілерінің 17 жұмысы ұсынылды. Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай Ә.Қастеев атынд. мемл. өнер музейінде “Жігер-2001” көрмесі өткізілді. Экспозицияға Алматы, Астана, Атырау, Шымкент, Тараз қ-ларынан келген 112 жас суретшінің 150 шығармасы қойылды. 2001 жылы музейде Қазақстан суретшілер одағының мүшесі марқұм Балтабай Табылдиевтің 60 жылдық мерейтойына орай авторлық көрмесі ұйымдастырылды. 2002 жылы Қазақстан суретшілері мен кітап графиктерінің қоғамдық бірлестігі “Біз тағы да сіздермен біргеміз” деген тақырыпта көрме ұйымдастырған, көрмеге кітап безендіру саласындағы 58 суретшінің шығармасы қойылды. 2003 жылы Президенттің мәдениет орталығында бірлестік екінші рет көрме ұйымдастырды. Көрме Астана қаласының тұрғындарын кітап безендіру саласындағы суретшілердің шығармаларымен таныстыру мақсатын көздеді. Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында 2002 жылы өткен ТМД елдері бойынша шығарм. одақтардың есеп беру көрмесіне Қазақстан суретшілері живопись және мүсін өнері туындыларын қойды. Осы жылы Атырау қаласы өнер мұражайында Қазақстан суретшілер одағының мүшесі М.Табылдының М.Өтемісұлының 200 жылдығына арналған “Ереуіл атқа ер салмай” атты авторлық көрмесі ұйымдастырылды. 2003 жылы Алматы кино үйінде А.Дүзелхановтың есеп беру көрмесі өткізілді. ## Дереккөздер
Көршиқан , карбункул (лат. carbunculus – шоқ) – түк қаптары, май бездері және оған жақын жатқан тері және тері асты жасушаларының іріңдеп қабынуы. К. май және тері бездерінің өзегіне, сондай-ақ жарақаттанған теріге (немесе шиқанды қысып өзегін шығарғанда) микробтың енуі салдарынан пайда болады. К-ның пайда болуына терінің немесе онымен жанасатын іш киімнің таза болмауы, хим. заттардың әсері, қажалу, қышыған теріні қасу, жеңіл жарақаттар, зат алмасуының бұзылуы әсер етеді. Сонымен қатар К. пайда болуына кейбір аурулар (мыс. қант диабеті) өте қолайлы жағдай туғызады. К. – ауыр өтетін ауру түріне жатады, ол, көбінесе, егде жастағы адамдарда кездеседі. К. мойынның артқы бөлігіне, арқаға, бетке жиі шығады. Бетте пайда болған К. өте қауіпті, өйткені іріңді қабыну өршіген жағдайда, оның бас сүйек арқылы миға таралып, адам өміріне қауіп төндіруі (іріңді менингитке әкелуі) мүмкін. К. дамуының алғашқы сатысында қабыну аумағы қызарып, тері қатайып, ісінеді (қабыну ісігі, инфильтрат). Аурудың дене қызуы көтеріліп, ұйқысы қашады. Ісік үлкейгенде (7 – 9 тәулік аралығында) іріңдеу сатысына ауысады, бұл кезде терінің жоғ. қабаты астынан іріңді тамырлар білінеді де, олар жарылып өзегі шығады, қанды ірің ағады. Мұндай жағдайда К-ның беткі жағы тесік-тесіктеніп, елеуіш тәрізді болып қалады. Аурудың бұл сатысы 18 – 20 тәулікке созылады. Ауру асқынбаған жағдайда К. өлі тіндерден тазарып, біртіндеп жазыла бастайды. Көбінесе жазылған К. орнында көлемді тыртық қалады. Ал ауру асқынған жағдайда ісіктің көлемі ұлғайып, бездердің шошынуы, қан тамырларының қабынуы – тромбофлебит, организмнің жалпы іріңдеп улануы – сепсис, т.б. пайда бола бастайды. Кейбір жағдайда К. адамның өміріне үлкен қауіп туғызып, тіпті оның өлімінің себебі болуы мүмкін. К-нан алдын ала сақтану үшін күнделікті тіршілікте жеке бастың тазалығын (гигиена) сақтау, яғни денені және іш киімді таза ұстау, терінің жарақаттануынан сақтану қажет. К-ды емдеу үшін ауру белгісі білінісімен дереу дәрігерге көрінген жөн. Себебі К-ды емдеу өте күрделі. Ем ретінде антибиотиктер, май дәрілер (таза ихтиол), физиотерапия қолданылады. Ауру асқынып кеткен жағдайда хирургиялық операция жасалады.
Көрпетай обасы, 37 батыр обасы – сақ дәуірінің ескерткіші (б.з.б. 7–6 ғасырлар). Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы Көрпетай тауының бөктерінде, Нұртай өзенінен 4 км жерде. ## Обаның зерттелуі Алғаш 1952 жылы Орталық Қазақстан археология экспедициясының (жетекшісі Ә.Х.Марғұлан) далалық зерттеулері барысында ашылып, ішінара зерттеуден өтті. 1997 жылы «Сарыарқа» археология экспедицияның барлау жұмыстары кезінде қосымша топографиялық сызбасы жасалды. Көрпетай обасы әлі толық зерттелмеген, Орталық Қазақстан сақтарының әйгілі «мұртты обалары» қатарына жататын күрделі ескерткіш. Ортадағы негізгі оба тастан үйілген, диаметрі 35 м, төбесінде тонаушылардан қалған үлкен шұңқыр бар. Оның шығыс жағында орналасқан кіші обаның диаметрі 11 м, биіктігі 0,63 м. Бұдан шығыс тарапқа екі «мұрт», яғни ұзындығы 100 м-ден астам екі тас тізбек тартылған. Орталық обаның Солтүстік, батыс және Оңтүстік жағын айнала өтетін шағын тас шеңберлердің тізбесі бар. Кезінде бұлардың Солтүстік-шығыс жиегін ала тігінен орнатылған биік қақпа тастардың шоғыры болған. Қазір ол тастар түгелдей құлап, біразы жұлынып алынған. Ортаңғы және «мұртты» кіші обадан тұратын осы үлкен құрылыстың Солтүстік жағында 80–100 м жерде жалпы саны 37 кішірек тас обалар және олардың маңына шоғырланған шағын шеңберлер мен қақпа тастардан құралған ұзын ғұрыптық жүйе бар. Мұндағы кіші обалар батыстан шығысқа қарай қатарласа қойылған, диам. 5–8 м, биіктігі 0,3–0,6 м. Әрқайсысының Солтүстік жағын ала орналасқан кішкентай тас шеңберлер мен кезінде самсап тұрған үлкен қақпа тастардың көбі бүлінген, құлатылған және жұлып әкетілген. 1952 жылы зерттеулер барысында осы кіші обалардың бесеуі қазылды. Астында адам мүрдесі жоқ, қыш ыдыс сынықтары мен мал сүйектері шыққан бұл обалар ғұрыптық құрылыстарға жатады. Басқа да «мұртты обалар» сияқты, Көрпетай обасы Орталық Қазақстан сақтарының бай, шонжарлар әулетінен шыққан адамды жерлеу және оның рухымен қоштасу, ас беру салтанатын өткізу мақсатында салынған. ## Дереккөздер
Көкшетау қыраты – Сарыарқаның солтүстігіндегі аласа таулы белесті жүйе. ## Географиялық орны Ол солтүстігінде Солтүстік Қазақстан жазығымен, шығысында Сілеті жазығымен, оңтүстігінде Атбасар жазығымен және Есіл өзенінің аңғарымен, батысында Торғай Үстіртімен шектеседі. Батыстан шығысқа қарай 400 – 450 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 – 250 км-ге созылған. Орташа биіктігі 350 – 400 м, ең биік жері – Көкше тауы (947 м). ## Жер бедері Қырат көптеген жеке аласа таулар мен шоқылардан, төбелерден тұрады. Олардың бастылары: Көкше тауы (947 м), Жақсы Жалғызтау (729 м), Зеренді (653 м), Имантау (621 м), Сандықтау (626 м), Жыланды (609 м), Жақсытүкті (593 м), Байөтер (551 м), Айыртау (555 м), Елікті (502 м), Домбыралы (471 м), т.б. ## Геологиялық құрылымы мен пайдалы қазбалары Қырат архей мен протерозойдың көне жыныстарынан (гнейс, кварцит, филлит, кристалды тақтатастар, т.б.) түзілген. Шығыс жағы төмен палеозойдың эффузивтік шөгінді қатпарлы қабаттарымен көмкерілген. Көкшетау қыраты аумағында кварцтық-желілік алтын, темір, таскөмір және қоңыр көмір кен орындары бар. ## Климаты Климаты континенттік. Қаңтардың орташа температурарасы –18°С, шілденікі 19°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 400 мм. ## Су торабы Қыраттан Есілдің көптеген оң салалары: Қалқұтан, Боқсық, Аршалы, Жабай, Қызылсу, Аққанбұрлық, Иманбұрлық, солтүстікке қарай Қамысақты, Шағалалы, шығысқа қарай Сілеті өзендері бастау алады. Көкшетау қыратының тауаралық ойыстары көлге бай. Тұщы көлдер: Имантау, Жақсы Жалғызтау, Зеренді, Айдабол, Бурабай, Шортан, Үлкен және Кіші Шабақты, Қатаркөл, Итемген, Шошқалы, т.б. Ащы көлдер: Қалмақкөл, Мамай, Салқынкөл, т.б. ## Өсімдігі Көбінесе аласатаулы-орманды және аласатаулы қаратопырақты болып келеді. Қарағай, қайың, терек, тал, т.б. бұталар аралас орман, дала белдеміне тән әр түрлі шөп өседі. Өзен жайылмаларын, көл жағаларын шалғындық өсімдік жапқан. Көкшетау қыратында ұлттық-табиғи саябақ ұйымдастырылған. Одан басқа қорықшалар, аң аулау шаруашылығы жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Көкшетау прибор жасау зауыты – байырғы машина жасау кәсіпорны (1974 – 2001). Көкшетау қаласында орналасқан. Бұл зауыт Көкшетау механикалық зауыты (1917) негізінде құрылған. Ауыл-шаруашылығына арналған қосалқы бөлшектер, су арматурасын және пеш құймасын шығарды. Соғыс жылдары (1941 – 1945) Мәскеу түбінен көшірілген Подольск тігін машиналары зауытымен біріктіріліп, майданға қажетті қорғаныс өнімдерін, тігін машиналарын шығарды. Соғыстан кейінгі жылдары (1946 – 1948) тігін және аяқкиім бұйымдарын тігетін жабдықтар шығарды. 1948 жылдан таразы аспаптарын шығаруға мамандандырылып, 1951 жылға дейін таразы шығарды, 1953 жылы таразыға қажетті циферблатты көрсеткіштерді жасауды игерді. 1974 жылы прибор жасау зауытына айналдырылды. Зауыт циферблатты және шкалалы сан алуан таразылар (автомобиль, вагон, т.б. өлшейтін), көрсеткіштер, параметрлердің тербелісін өлшейтін аспаптар, сондай-ақ халық тұтынатын тауарлар: конькилер, тұрмыстық таразылар, машиналардың диагностикасын және балансирлік тербелісін талдауға арналған прибор түрлерін шығарады. Зауыттың мәдениет үйі, стадионы, пионер лагері, балалар бақшасы, қосалқы шаруашылықтары болды. ## Дереккөздер
Көкшетау сыртқы округы - Ресей империясының 1822 жылы 22 шілдедегі “Сібір қазақтары туралы Жарғысы” бойынша 1824 жылы 29 сəуірде құрылған. Округті аға сұлтан басқарды. Алғашқы аға сұлтаны болып Уәлиханұлы Ғұбайдолла (Абайділдә), қазылары атығай руынан Зілғара Байтоқаұлы және керей руынан Мүсет Жәнібекұлы сайланды. 1857 жылы Көкшетау сыртқы округында 16 болыс (майлыбалта атығай, атығай бағыш, құдайберді атығай, құрсары керей, туадан керей, балтыкөш керей, есенбақты керей, уақ керей, есенәлі керей, жаулыбай қарауыл, уақ, самай керей, қанжығалы, құлтай қыпшақ, күрлеуіт қыпшақ, бай қырғыз), 144 ауыл, 8778 үй болды. Патша үкіметінің 1868 жылы 21 қазандағы [[Орал, Торғай, Ақмола және Cемей облыстарын басқару туралы уақытша ереже|“Орал, Торғай, Ақмола және Cемей облыстарын басқару туралы уақытша ережесіне”]] сәйкес Көкшетау сыртқы округы' уезд болып, Ақмола облысының құрамына енді. ## Аға сұлтан * Ғұбайдолла Уәлиханов – 1824, 1832-1838. * Жылғара Байтоқин – 1824-1826, 1838-1841. * Тоқтамыс би – 1826-1827. * Абылай Ғаббасов – 1829-1832. * Әбілқайыр Ғаббасов – 1841-1845. * Маңдай Тоқтамысов – 1845-1851. * Әбдіғафар Маңдаев – 1852-1854. * Пірәлі Ғаббасов – 1854-1857. * Мұса Жылғарин – 1858-1860, 1866-1868. * Шыңғыс Уәлиханов – 1860-1862, 1863-1866. * Шыңғыс Уәлиұлы Уәлиханов (1857 – 68) * Құспек Таукин – 1862-1863. ## Болыстары Орталық мемлекеттік мұрағат материалдарында Көкшетау округіндегі қазақ болыстарының орналасу тізімі құрылған 1820-шы жылдары төмендегідей болған: 1844 жылғы жүргізілген санақ бойынша ## Дереккөздер
Көкшетау филармониясы, Ақмола облыстық филармониясы – 1965 жылы Көкшетау облыстық филармониясы болып құрылған. 1999 жылы 27 тамызда Ақмола облыстық филармониясы болып аталды. Филармония құрамында кіші симфониялық оркестр (көркемдік жетекшісі В.М. Кулинич, құрамы – 29 адам), қазақ ұлт аспаптар оркестрі (көркемдік жетекшісі және дирижер Т.Базаров, құрамы – 34 адам), сондай-ақ “Айнакөл” ансамблі, “Приз” және “Панорама” эстрада ансамблі, орыс халық аспаптар ансамблі, музыкалық лекторий жұмыс істейді. Филармонияда Қазақстанның еңбек сіңірген артистері Ш.Дүкенбаева, Б.Мәкенова, Е.Біржанов, т.б. өнер көрсетеді. ## Дереккөздер
Көкілташ медресесі – тарихи архитектуралық ескерткіш. Бұхарада XVI ғасырда салынған. Көлемі өте үлкен, екі қабатты, биік ғимарат. Қабырғаларын безендірген әшекейлері өшуге айналған. Медресенің ішкі алаңына бірнеше бөлмеден өтіп кіреді. Әрбір бөлменің төбесі күмбезделіп көмкерілген. Барлығы 160-тан астам бөлме бар. ## Дереккөздер
Көлбай ауылы — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Көлбай ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 82 км жерде, Ащыөзек өзенінің сол жағалауында, қылқан боз, сұлыбас басым өскен бозғылт қоңыр топырақты тау алдының шөлейтті жазығында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1974 жылы қызылша өсіретін Комсомол” кеңшары ретінде қаланған. Оның негізінде Көлбайда серіктестік және шаруа қожалықтары құрылды. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, кітапхана, балабақша, клуб, сауда орталығы, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. ## Дереккөздер
Ақмола облыстық орыс драма театры (2000-жылға дейін Көкшетау облыстық орыс драма театры – Көкшетау қаласындағы мәдени ұйымдардың бірі. ## Тарихы 1977 жылы 8 ақпанда Қазақстан Компартиясы Көкшетау облыстық партия комитетінің бюро отырысында «Облыстық драма театр ашу туралы» қаулы қабылдады. Сол жылы 6 мамырда Министрлер кеңесі Көкшетау облыстық партия комитетінің ұсынысын қабыл алды. Маусым айының 23-іне театрдың бас режиссерлігіне Яков Аронович Куклинский, директорлығына Юрий Константинович Лакомов тағайындалды. Театрдың 20 жыл бойы (1977–1997) көркемдік жетекшісі қызметін атқарған Я.А. Куклинскийге 1987 жылы «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағы берілді. 1981–2000 жылдары театр директорлығын Алексей Петрович Мирошниченко атқарса, 2001 жылдан бастап бұл қызметті ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері В.В. Тарасов жалғастырып әрі көркемдік жетекшісі болды. ## Қойылымдары 1977 жылы 28 қазанда Л.И.Славиннің“Интервенция” спектаклімен ашылды (режиссер Я.А. Куклинский). 2000 жылы 25 қарашадан "Ақмола облыстық орыс драма театры" болып аталды. Театр қазақ драматургтері Ғ. Мүсірепов ("Қозы Көрпеш – Баян сұлу"), С. Жүнісов ("Жапандағы жалғыз үй"), Шота Уәлиханов ("Шоқан анты"), О. Жанайдаров ("Оқжетпес"), С.Сейфулиннің ("Көкшетау") поэмасы бойынша, 1994 жылы республикалық фестиваль жүлдегері), орыс әдебиетінің классиктері Ф.М. Достоевский (“Қылмыс пен жаза”), Н.В. Гоголь (“Ревизор”, "Мамыр түні"), А.П. Чехов ("Шағала"), сондай-ақ, шет ел драматургтерінің пьесаларын сахнаға шығарды. Театрда Қазақстанның еңбек сіңірген артистері Ю.Журавлев, Г.А. Куклинская (екеуі де 1990 жылдан) және Г.Эпштейн сияқты жас актерлер өнер көрсетеді. Театр ұжымы облыстық театрлардың тұңғыш республикалық фестивалінің (1984) жеңімпазы. ## Жетістіктері мен жүлделері * 1980 жылы Д. Йештің "Фаворит" пьесасы Венгр драматургиясы фестивалінде мойындалды. * 1981 жыл Х. Вуолийокидің "Женщины Нискавуори" қойылымы Финляндиядағы драмалық өнер фестивалінің дипломанты атанды. * 1984 жылы А. Чханидзенің "С трех до шести" қойылымы республикалық спектакльдер байқауында жеңіске жетті. * 1988 жылы Г. Данаиловтың "Осень следователя" қойылымы болгар драматургиясы фестивалінің дипломанты болды. * 2005 жылы режиссер Ю.Кокорин қойған О. Жанайдаровтың "Ночные звезды" қойылымы - республикалық театр фестивалінің дипломанты. * 2005-2008 жылдар аралығында "Пиковая дама", "Волшебная лампа Алладина" және "Упырь" спектакльдері халықаралық және республикалық байқаулардың дипломын иеленді. * 2009 жылы А.Цагарелидің "Ханума" қойылымы Ресейде өткен орыс театрларының халықаралық фестивалінен "Көрермен көзайымы" марапатын еншілеп қайтты. * 2011 жылы Н.Гоголь пьесасы желісі бойынша жазылған "Ночь перед Рождеством" музыкалық комедиясында А. Красноштанов "Екінші пландағы үздік ер рөлі" номинациясын жеңіп алды. * 2014 жылы В.Легентовтың "Эдит Пиаф" спектакліндегі басты рөлі үшін Людмила Недзельская "Жыл актрисасы" атанды. * 2016 жылы қоюшы-режиссер О.Луцивтің "Панночка" қойылымы орыс театрларының халықаралық фестивалінде "Үздік музыкалық шешімі үшін" дипломымен марапатталды. * 2017 жылы XXV Қазақстанның драмалық театрлары байқауында Андрей Владимиров "Үздік ер рөлі" аталымында жеңіске жетті. Ол "Панночка" спектаклінде Хома Бруттың рөлін сомдады. Ал Андрей Шаповалов "Үміт" аталымында үздік деп танылды. * 2018 жылы А.Островскийдің "Бесприданница" қойылымы XIII халықаралық театр фестивалі лауреатының дипломын алды. Ш.Айтматовтың "Плаха" желісі бойынша әзірленген қойылым Каспий маңы елдерінің ІІ Халықаралық театр фестивалінде диплом иеленді. Ал Василий Гречанников "Екінші пландағы үздік ер рөлі" номинациясында жеңіске жетті. ## Галерея * * * * ## Дереккөздер
Көлсай көлдері – Күнгей Алатауының Күрметі және Саты асуларынан бастау алатын кішігірім өзендер суынан пайда болған 3 көл. ## Географиялық орны Алматы облысы Кеген ауданы жерінде орналасқан. ## Сипаты Жоғарғы Көлсай теңіз деңгейінен 3000 м-ге жуық, Орта Көлсай (Қайыңды) 2600 м және Төменгі Көлсай 2130 м биіктікте орналасқан. Төменгі Көлсайдың су айдыны басқаларына қарағанда үлкен. Көлсай көлдерінің табиғаты әсем тау шатқалымен жалғасады. ## Өсімдігі Көлдердің төңірегін шырша, қарағай, қайың, т.б. тау ағаштары мен шалғындары көмкерген. Көлдердің туристік маңызы зор. ## Тағы қараңыз * Көлсай көлдері ұлттық паркі ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Қайыңды және Көлсай көлдері * Көлсай көлдері Мұрағатталған 31 желтоқсанның 2011 жылы.
Көтенші – қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүз құрамындағы қоңырат тайпасынан тарайды. К. бес ата (божбан, саңғыл, маңғытай рулары мен жетімдер руының сары, сапар аталары) және жаманбай тобы болып екі тармаққа бөлінеді. Осы алты рудың қауымдасуына байланысты “Алты ата Көтенші” деп те аталады. К. орта ғасырлардан Оңт. Қазақстан мен Қызылорда жерлерін мекендеп келеді. Ұраны – “Алатау”, “Мүлкаман”, таңбасы – босаға (П). ## Тұлғалар * Әбдіғаппар Нұртазаев * Мұқтарұлы Сейсен * Мәден Мырзахметов * Жолтай Әлмашев * Сейфолла Әбдірайымов * Сатыбалды Ділманұлы Ділманов ## Сілтемелер
Көлтоған (1992 жылға дейін — Алексеевка) — Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл, Боралдай ауылдық округінің орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 36 км-дей жерде, бұта аралас бетеге, сұлыбас, селеу өскен қоңыр топырақты тау аралық қоңыржай агроклиматтық белдемде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы 1992 жылға дейін "Алексеевка" деп аталып келген. 1960 – 97 жылдары сүт өндіретін “Коммунизм жолы” ұжымшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Көлтоғанда және округке қарасты Ертай, Рысбек батыр, Ақтасты, Қошқарата, Қызтоған ауылдарында ӨК-тер және 7 шаруа қожалығы құрылды. ## Инфрақұрылымы Ауылдарда 3 орта, 2 орталау, 1 бастауыш мектеп, 4 кітапхана, 3 мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, фельдшірлік-акушерлік пункт, 4 фельдшірлік пункт бар. ## Атау тарихы Көлтоған ауылының оңтүстігінен күн батысына дейін Қаратау сілемдерінің Бөкей тау бөлігі қоршап жатыр. Ілгеріде тау аңғарында көл болған дейді. Таудан аққан суы мол бұлақ көзі сол айдынға құяды екен. кейінірек жер сілкінісінің салдарынан әлгі бұлақ көзін тау жыныстары басып қалған. Содан тоған суы тартылып кеткен. Ауыл атауы соған байланысты Көлтоған аталған. ## Дереккөздер
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті — Көкшетау қаласында орналасқан жоғары оқу орны. 1996 жылы 7 мамырда Қарағанды политехникалық институтының бөлімшесі, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институты және С.Сәдуақасов атындағы ауыл-шаруашылық институты негізінде ұйымдастырылды. Қарағанды политехникалық институтының бөлімшесі Қарағанды политехникалық институтының құрамына 1972 жылы берілген Павлодар индустриалды институтының жалпы техникалық факультеті негізінде 1993 жылы құрылған. Институт Өндірістік және азаматтық құрылыс, Құрылысты басқару және экономика, Машина жасау технологиясы, т.б. салалар бойынша мамандар даярлады. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институты 1962 жылы құрылған. Оның құрамында физика-математика, филология, жаратылыстану, шет тілдер, химия және биология факультеттері болды. 1965 жылы институтқа Ш.Уәлиханов есімі берілді. С.Сәдуақасов атындағы ауыл-шаруашылық институты 1991 жылы Целиноград ауыл-шаруашылық институты негізінде құрылған. Құрамында агрономия, зооинженерия, ауыл-шаруашылығын механикаландыру және экономика факультеттері болды. 3 жоғары оқу орны біріктірілгеннен кейін, құрамындағы (күндізгі және сырттай бөлімдерде) филология, экономика, шет тілдер және тарих, инженер-педагог және ауыл-шаруашылығы факультеттерінде 32 мамандық бойынша 5000-нан астам студент білім алады. Университеттің материалдық және ғылыми-техникалық базасы қалыптасқан. Электрондық баспа техникасы, машина-трактор оқу паркі, дәнекерлеу және жөндеу шеберханалары, жастар орталығы, студенттердің жаздық спорттық-сауықтыру кешені, кітапхана, дәрігерлік орталық, “Арасан” сауықтыру кешені жұмыс істейді. Униветситет жанында гимназия және лицей, магистратура, аспирантура, кәсіптік мамандық бойынша оқытуға маманданған оқу орталығы жұмыс істейді. Университетте оқулықтар, ғылыми еңбектер, монографиялар, “Алау” газеті шығарылады, республикалық және халықаралық конференциялар, “Уәлиханов оқулары” өткізіледі. Ресей, Египет, Польша, АҚШ, Канада, Германия ғылыми орталықтарымен байланыстар орнатылған. Агро-техникалық және экономикалық мамандықтар бойынша Еуропалық Одақ ұйымының “Тасис” және “Темпус” бағдарламаларына қатысады. Университетте спорттық үйірмелер, көркемөнерпаздар шығармашылық ұйымы жұмыс істейді. Университет спортшылары боксшы Р.Б. Мусинов 2-Азия ойындарының күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы; жеңіл атлет А.В. Князев – Қазақстан Республикасының чемпионы. ## Университет туралы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті - Ақмола облысының жоғары білім беру жүйесінде 60 жыл көшбасшы. Осы жылдар ішінде университет өңір мен жалпы ел үшін мыңдаған маман даярлады. Оқыту бакалавриаттың 58 білім беру бағдарламасы, магистратураның 42 бағдарламасы, докторантураның 10 бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Университет халықаралық және республикалық бағдарламалар шеңберінде бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды үйлестірумен, әзірлеумен және іске асырумен айналысады: Erasmus+ KA1 ICM, Erasmus+ KA2 CBHE, UniCen, ғылыми зерттеулерге арналған мемлекеттік гранттар. ЖОО 2022 жылғы THE Impact Ranking рейтингісіне сәйкес жекелеген көрсеткіштер бойынша әлемнің 200 университеттердің қатарында және QS Central Asia-2023 халықаралық рейтингісінің 29-шы орнында. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің HAAP рейтингі—9; QS Asia рейтингі—550. Университеттегі кафедралар саны—19; студенттер саны—7418,оның 414—шетелдік студенттер. ## Университет тарихы 1962 жыл, 25 шілде— Көкшетау педагогикалық институтының ашылуы. Ректор—тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Горохводатский Иван Степанович. 1963 жыл—дербес физика-математика және филология факультеттерінің ашылуы. Павлодар индустриялық институтының жалпы техникалық факультетінің ашылуы. Бірінші директор—инженер Михаил Федорович Рысиков. 1965 жыл, 29 наурыз—институтқа тұңғыш қазақ ғалым-ағартушысы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың есімі берілді. 1966 жыл—шет тілдері факультетінің ашылуы. 1972 жыл—ЖОО ректоры қызметіне филология ғылымдарының кандидаты, доцент Боярский Евгений Иванович тағайындалды. Факультет Қарағанды политехникалық институтының құрамына ауыстырылды. 1979 жыл—директорлардың біліктілігін арттыру факультеті ұйымдастырылды.1979 Целиноград ауыл шаруашылығы институтының "Агрономия", "Зоотехния" мамандықтары бойынша филиалы ашылды. Филиалдың бірінші директоры ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Исатай Ғалиұлы Темрешев. 1980 жыл—"Ауыл шаруашылығын механикаландыру" жаңа мамандығы ашылды. 1982 жыл—"Қазақ тілі мен әдебиеті" жаңа мамандығы ашылды. 1984 жыл—"Химия, биология" жаңа мамандығы ашылды. 2000 білім алушыға арналған жаңа оқу-зертханалық корпус ашылды. Студенттер саны 400 ден 2500 ге өсті. 1985 жыл—химия-биология факультеті ұйымдастырылды. "Бейнелеу өнері және сызу", "Информатика" мамандықтары ашылды. 1987 жыл—1000 орындық жаңа оқу корпусы пайдалануға берілді. "Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс", "Машина жасау технологиясы", "Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы" мамандықтары бойынша кешкі нысандағы оқыту пайда болды. 1988 жыл—"Радиотехника" мамандығы ашылды. 1990 жыл—ректор болып философия ғылымдарының кандидаты, доцент Қуандық Досмағанбетұлы Жуламанов сайланды. Факультетте сырттай бөлім ашылды. 1991 жыл, 9 қаңтар—филиал Көкшетау ауылшаруашылығы институты болып қайта құрылды, ректор болып Б.Ғ.Жүнісов тағайындалды. 1991 жыл—Кұрылыстағы экономика және басқару" және "Машина жасау технологиясы" мамандықтары бойынша күндізгі оқу бөліміне алғашқы қабылдау. Өндіруші кәсіпорындардың қолдауымен "Пайдалы қазбаларды ашық игеру" мамандығы ашылды. 1992—ректор болып физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Абай Ахметғалиұлы Айтмұхамбетов тағайындалды. 1993 жыл—Қарағанды политехникалық институтынының Көкшетау филиалы ұйымдастырылды. 1996 жыл, 23 мамыр—Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 1996 жылғы 23 мамырдағы №143 бүйрығымен Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының базасында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті құрылды, оның құрамында С. Сәдуақасов атындағы ауыл шаруашылығы институты және Қарағанды политехникалық институтының филиалы. Университеттің бірінші ректоры - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Абай Ахметғалиұлы Айтмұхамбетов. 1998 жыл—үш деңгейлі оқыту жүйесі енгізіліп, магистратура ашылды. 2000 жыл—оқу-әдістемелік жұмыстың тиімділігін бағалаудың рейтингтік жүйесіне көшу. Білімді бақылау үшін тест тапсырмаларының базасы әзірленді. 2001 жыл—университет "Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді. 2003 жыл—кредиттік технология бойынша оқыту басталды. 2005 жыл—сапа менеджменті жүйесі енгізілді. ИСО 9001-2000 халықаралық стандарттарына сәйкестігін сертификаттады. 2007 жыл—университет ректоры болып филология ғылымдарының докторы, профессор Шакимашрип Ибраевич Ибраев тағайындалды. 2010 жыл—ректор болып техника ғылымдарының докторы, профессор Найман Бубеевич Қалабаев тағайындалды. 2012 жыл—Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын болып қайта ұйымдастырылды. 2012 жыл, желтоқсан - ректор болып ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Сағынтай Зекенұлы Елубаев тағайындалды. 2014 жыл, шілде - университет ректоры болып техника ғылымдарының докторы, профессор Абдумуталип Абжаппарович Абжаппаров тағайындалды. 2018 жыл—университетті экономика ғылымдарының кандидаты Марат Қадірұлы Сырлыбаев басқарып бастады. 2020 жыл—университет "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. ## С.Сәдуақасов атындағы Агротехникалық институты КеАҚ «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» құрамында С.Сәдуақасов атындағы Агротехникалық институтының профессорлармен ғылым докторларын, доценттер мен ғылым кандидаттарын қамтитын жоғары білікті ғылыми-педагогикалық ұжым құрылды. Бакалаврлар мен магистранттарды даярлауда 84-тен астам штаттық оқытушылар жүзеге асырады, оның ішінде 8 ғылым докторы, 22 ғылым кандидаты, 6 PhD докторы, 49 магистр. Институтта 31 білім беру бағдарламасы бойынша оқыту жүзеге асырылады – 20 ББ (бакалавриат), 8 ББ (магистратура), 3 ББ (докторантура). Бүгінгі таңда институтта 1411 студент, 27 магистрант, 11 докторант оқиды. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Оқу процесін жоғары деңгейде ұстап тұру үшін институтта тиісті материалдық-техникалық база құрылды. Оқу ғимараттарында заманауи зертханалар мен компьютерлік сыныптар жұмыс істейді. Оқыту процесінде оқытушылар заманауи білім беру технологияларын пайдаланады. Кітапхана студенттерге ғылыми-ақпараттық қызмет көрсетеді. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені, акт залы мен асханасы бар. Институттың білім беру бағдарламалары бойынша «Еуразия Групп Казахстан» ЖШС, «Тыныс» АҚ, «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ, «AGRIMER-ASTYK» ЖШС, «Гормолзавод» ЖШС, «Көкшетау» МҰТП, «Көкшетаугорселпроект» ЖШС сияқты Көкшетау қаласының ірі кәсіпорындарының базасында кафедра филиалдары жұмыс істейді. Ақмола облысы Зеренді ауданы Васильковка ауылында оқу-демонстрациялық мақсатта «Элит» Тәжірибелік оқу-ғылыми-өндірістік кешені құрылды. Институт түлектері - аграрлық және техникалық өнеркәсіптің көптеген салаларында, IT-технологиялар саласында сұранысқа ие мамандар. Институт ғалымдарының ғылыми-зерттеу қызметі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық, бағдарламалық – нысаналы қаржыландыру бойынша, «Тыныс» АҚ, «Kazrost Engineering» АҚ, «Altyntau Kokshetau» АҚ, «Обуховский КБК» ЖШС сияқты қала кәсіпорындары мен шаруашылық шарттық тақырыптар бойынша жобаларды орындау арқылы жүргізіледі. ## Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Тарих, география және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы Тарих, география және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы – Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Педагогикалық институтының кафедрасы. Қазіргі уақытта тарих, география және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы білім беру және ғылыми мекемелер үшін тарих, теология, география, тарих магистрлері мен докторларын (Phd) даярлау міндеттерін орындайды. Кафедра алғашқыда 1975 жылы құрылған болатын. 1991 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан кейін КОКП тарихы кафедрасы Қазақстан тарихы кафедрасы болып өзгертілді. Кафедраның қалыптасуы мен дамуына кафедраның тұңғыш меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадыржан Қабиденұлы Әбуев сүбелі үлес қосты. 2015 жылы Қазақстан тарихы кафедрасы Отан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы болып өзгертілді. 2018 жылдан бастап Отан тарихы және «Рухани жаңғыру» кафедрасы болып атауын өзгертті. 2021 жылы Отан тарихы және «Рухани жаңғыру» кафедрасы Жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасымен біріктіріліп, Қазақстан тарихы және «Рухани жаңғыру» кафедрасы деген жаңа атауға ие болды. 2022 жылы бұл атау Тарих, география және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы болып өзгертілді. Кафедра университеттің барлық институттары мен мектептерінде Қазақстан тарихы, философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану пәндерін оқытады, сонымен қатар тарих мамандығы бойынша бакалаврларды, магистранттар мен докторанттарды, теология бакалаврларын дайындауға қатысады. Кафедра ұжымы ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарын жүргізеді. «ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы Солтүстік Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы» атты жалпы ведомстволық ғылыми тақырып бойынша жұмыс жүргізілуде. Кафедра оқытушыларының ғылыми қызметінің нәтижелері халықаралық конференция материалдарының жинақтарында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Білім және ғылым комитеті ұсынған басылымдарда, «Sсopus», «Web of Science» деректер базасында орналасқан басылымдарда жарияланып келеді. Кафедраның Ақмола облысының мемлекеттік мұрағатында, № 6 Көкшетау орта мектебінде өз филиалдары бар. Кафедра оқытушылары Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі аясында үнемі іс-шаралар өткізеді. Кафедра оқытушыларының ішінде ҚХА-ның төрағасы – М.З.Өтегенов, ал А.А.Шарипов, М.М.Шуматова Ақмола облысы ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық кеңестің мүшелері болып табылады. Кафедра ғалымдары мен оқытушылары Ақмола облысы бойынша ХХ ғасырдың 20–50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жобасында жұмыс істейді. 2024 жылдың 26 қаңтарында кафедра оқытушылары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбуев Қадыржан Қабиденұлының 85 жылдығына арналған «Әбуев оқулары – I» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды. ### Кафедра жүзеге асыратын білім беру бағдарламалары Бакалаврларды даярлау бағыты 6В01601 – Тарих және дінтану – педагогикалық білім бакалаврында ҚР білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында кәсіби қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тарихи-дінтану және психологиялық-педагогикалық білім жүйесін қалыптастыру. Білім алушыларды жалпыадамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм, діни төзімділік, толеранттылық рухында тәрбиелеу. Тарихи және дінтану білімінің әртүрлі салаларында ғылыми-зерттеу, жобалау, практикалық қызметке қатысу арқылы студенттің жеке басын зияткерлік дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру; заманауи білім беру технологияларын, оның ішінде мектеп стандарттарының талаптарын іске асыруды қамтамасыз ететін ақпараттық технологияларды меңгеру. Болашақ мұғалімдерді заманауи білім беру ортасына тиімді интеграциялау үшін кәсіби-тұлғалық әлеуметтену дағдыларын жетілдіру (көшбасшылық, қарым-қатынастарды басқару, топпен жұмыс істеу және т.б.). 6В01502-География-тарих – жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру негізінде география және тарих бағыты бойынша білім беру саласында кең білімі, іскерлігі мен дағдылары бар география және тарих мұғалімдерін даярлау. 6В02202-Теология – дін және тарихи-гуманитарлық ғылымдар негіздерін терең меңгерген зайырлы мемлекет пен қоғамның заманауи, перспективалық талаптарына жауап беретін теология бағыты бойынша Қазақстанда діни-гуманитарлық сала мамандарын даярлау. 6В02201-Ғылыми тарих – ғылыми-педагогикалық, қолданбалы және кәсіпкерлік қызметте қолдану мақсатында тарихи-гуманитарлық ғылымдар бойынша теориялық білім жүйесін дамыту негізінде гуманитарлық білім бакалаврының ғылыми-зерттеу кадрларын даярлау. Магистрлерді даярлау бағыты 7М02201-Тарих және әлеуметтік-дінтану ғылымдары – Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын, осы саладағы соңғы теориялық және әдіснамалық жетістіктер деңгейінде тарихи және әлеуметтік-дінтану ғылымдарының ғылыми білім жүйесін, теориясы мен практикасын меңгерген гуманитарлық ғылымдар магистрін даярлау. Білім алушылардың ғылыми-шығармашылық құзыреттілігін арттыру. 7М01501-География – магистранттардың жеке қасиеттерін дамыту, жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру, оларды ел заңнамасының талаптарына сәйкес жобалау, ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық-басқарушылық, сараптамалық, педагогикалық жұмыс шеңберінде практикалық қызметте іске асыру дағдыларын дамыту. Докторантура 8D02201-Тарих – іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу даярлығы бар, ғылыми ақпаратты алу, өңдеу және сақтау әдістерін қоса алғанда, заманауи ақпараттық технологияларды меңгерген, тарих ғылымы бойынша ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыра және жүргізе алатын жоғары білікті ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау. Кафедраның ғылыми бағыттары: * ҚР МСМ «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында» РМҚК ғылыми-зерттеу бағдарламасы. * Солтүстік Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар. * ХХ ғасырдың 40–50 жылдарындағы Қазақстан халқының күнделікті тарихы. * «1920–1950 жылдардағы қуғын-сүргінге байланысты ғылыми-зерттеу жұмысы және архивтік басқа да құжаттарды саяси-құқықтық бағалау». ## Ағылшын тілі және оқыту әдістемесі кафедрасы Ағылшын тілі және оқыту әдістемесі кафедрасы педагог кадрлар мен аудармашыларды даярлауда бай тәжірибесі мен дәстүрі бар Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жетекші құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады. Көкшетау педагогикалық институты құрылғаннан бері филология факультетінде шет тілдері кафедрасы құрылды, оның бірінші меңгерушісі аға оқытушы О.А.Пальгов, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери аудармашы болып қызмет атқарған тіл білімі және неміс тілі саласының кәнігі, білгір маманы. Кафедра 1965 жылы қайта құрылды. Қазақ КСР Білім Министрінің 1965 жылғы 20 мамырдағы бұйрығымен филология факультетінде неміс және ағылшын тілдері кафедралары құрылды. Ағылшын тілі кафедрасының негізін қалаушы және бірінші меңгерушісі болып ғылым кандидаты, А.А.Жданов атындағы Ленингранд мемлекеттік университетінің түлегі, Георгий Исаевич Богин тағайындалды, ол кафедраның қалыптасуына қомақты үлес қосты. 1963 жылы «ағылшын тілі, неміс тілі, неміс тілі және әдебиеті мұғалімі» мамандығына алғашқы қабылдау жүзеге асырылды. 1966 жылы неміс тілі, неміс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі бөлімдерінен тұратын шет тілдері факультеті құрылды. 1970 жылы Шет тілдер факультетінің ағылшын бөлімі студенттерінің алғашқы бітіруі болды. Осы жылдары ағылшын тілі кафедрасы мен ағылшын филологиясы кафедрасы құрылды. 1990–2000 жылдары кафедра меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты Н.Ф. Немченко бастамасымен жаңа «Аударма ісі» мамандығы ашылды. 1993 жылы қазақ тілінде оқитын студенттерге арналған «Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын, неміс)» мамандығына қабылдау басталды. Оқытушылар қарқынды оқу мен жазбаша сөйлеуді дамытудың дәстүрлі әдістерін сақтай отырып, оқыту әдістемесін белсенді түрде қайта қарастырады. 1999 жылы Шет тілдері факультетінде «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша қайта сырттай оқу бөлімі ашылады. 2001 жылы «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша магистратура, кейін 2016 жылы докторантура ашылды. 2017 жылдан бастап кафедрада үшінші шет тілі ретінде қытай тілі оқытыла бастады. Кафедра ұжымында 29 штаттық қызметкер бар, оның ішінде 2 PhD докторы, 6 ғылым кандидаты, 21 магистр құрайды. Сонымен қатар ағылшын тілі және ОӘ кафедрасы филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Л.Еремия және доцент Н.Ф.Немченко құрған ғылыми лингвистикалық мектептерімен де танымал. ### Кафедра меңгерушілері: Немченко Наталья Федоровна (1990–1997, 2002–2011). Красникова Любовь Николаевна (1997–2000). Черепанова Лариса Владимировна (2000–2002). Исмагулова Айнагуль Ерболатовна (2011–2018). Рыспаева Динара Сарсембаевна (2018 жылдан бастап) Ағылшын тілі және оқыту әдістемесі кафедрасының білім беру бағдарламалары Қазақстандағы шет тілдерін оқыту саласындағы үрдістерді және жоғары кәсіби білім беруді ұйымдастырудағы өзгерістерді белсенді түрде ескеріп отырады. ### Кафедраның білім беру бағдарламалары: 6В01701 – Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын, неміс / қытай). 6B02302 – Аударма ісі (ағылшын, неміс/қытай). 7М01703 – Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын, неміс). 8D01701 – Шет тілі: екі шет тілі. 8D02303 – Филология: шетел филологиясы. ## Дереккөздер
Көтерем – жануарлардың әбден тұралап арықтауы. Бұл ауру, көбінесе, сиырларда, ешкіде, кейде биеде де кездеседі. К., негізінен, ауру (созылмалы дерт, туберкулез, жүйке жүйесі, ішкі секреция бездері аурулары), ұзақ уақыт ашығу, авитаминоз, түрлі заттармен (тотияйын, қорғасын, сынап, фтор, т.б.) уланудан пайда болады. Ауырған мал организмінде майы азайып, еті қатаяды, терісінің түсі өзгереді, дене салмағының 40 – 50%-ын жоғалтады. Малдың жатып-тұруы қиындайды, кейде мүлдем тұрмай жатып қалады. К-ге ұшырамау үшін малды (әсіресе) ашықтырмай, сапалы жемшөп беру, аурудан, уланудан алдын ала сақтау қажет. Дер кезінде емдесе, баптап күтсе ауырған мал ауруынан айығып кетеді.
Көтібар Бәсенұлы (1757 – 1833) – халық батыры. Кіші жүз құрамындағы шекті руынан шыққан. Бәсен батырдың бес баласының біреуі. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы кезінде сарбаз жинап, Ресей үкіметінің отарлау саясатына қарсы күрескен. Жайық бойындағы бекіністерге бірнеше рет шабуыл жасаған. Көтібар батырдың жеті баласы болған, үлкені – атақты Есет Көтібарұлы батыр тарихи тұлға. Көтібар Бәсенұлы – “Айман-Шолпан” дастанында, М.Әуезовтің осы дастан желісімен жазылған пьесасының кейіпкері. 1833 жылы Ресей патшалығына қарсы қарулы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастыру кезінде Ресей патшасының жалдамалы бас кесерлерінен қаза табады. Халық өз қаржыларына 2000 жылы Көтібар батырға Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылында жаңадан кесене тұрғызады. ## Дереккөздер
Көтібаров Әли (25.12. 1871, бұрынғы Сырдария облысы Перовск уезі, Патша болысы, 7-а. – ақпан, 1926, Қызылорда облысы Тереңөзек (қазіргі Сырдария) ауданы Шіркейлі ауылы) – алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі. Сырдария өңіріндегі белгілі ақсақал К.Итаяқовтың отбасында дүниеге келген. Ташкент гимназиясын (1893), Санкт-Петербург Әскери-медицина академиясын (1898) бітірген. Академияны бітіргеннен кейін (1898) Жаяу әскерлер Суздаль полкіне (Ресей) кіші дәрігер болып тағайындалады. Әскери міндетін өтегеннен кейін, 14-Түркістан линиялық батальонының кіші дәрігері болып тағайындалған. Одан кейін Кершек лазаретіне жіберіліп, 2-Түркістан артиллерия бригадасы 6-батареясының санитарлық бөлімінің меңгерушісі болған. Жетісу майданында ақ гвардияшыларға қарсы күрес жүргізген 1918 – 19 жылдары Черкасск қорғанысы аудандарындағы лазаретті басқарды. Оның тікелей басшылығымен лазарет дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Жетісу ақтардан азат етілген соң, Ташкент қ-на қайта оралып, дәрігер болған. 1922 ж. Перовск уездік (қазіргі Қызылорда қ.) денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі болды. Өмірінің соңына дейін ол қалалық аурухананың меңгерушісі болып еңбек етті. Ол туған ауылында, бабалары жатқан Көтібар мұнарасында жерленген. ## Дереккөздер
Көтібаров Әлмұхамед (Әлмағамбет) (1876/78, Перовск уезі, «Царская» болысының 7-а. – 1938, Ташкент) – саяси қайраткер. Мұстафа Шоқай серіктерінің бірі болған. 1917 ж. Қазақ азаматтық көтерілістерінің Сырдария облысындағы комитет төрағасы болып сайланды. Ташкент уездік атқару комитетінің мүшесі болды. Орынбордағы 2-жалпы қазақтық съезіне Сырдария облысы Перовск уезінен делегат болып қатысқан. Кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарында Ташкент, Алматы қалаларында әр түрлі қызмет атқарды. К. 1937 ж. жазықсыз жала жабылып, қамауға алынған, 1938 ж. Ташкентте атылған. ## Дереккөздер
Қалжат, Көлжат — Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы ауыл, Қалжат ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шонжы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 110 км жерде, Кетпен (Ұзынқара) жотасының солтүстік етегінде, бұта аралас әр түрлі астық тұқымдасты шалғын шөп өскен қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты тау алдының қоңыржай ылғалды агроклиматтық белдемінде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1930 жылы қаланған. 1930-1997 жылдарда қой өсіретін “Социализм” ұжымшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары құрылған. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. ## Дереккөздер
Көшеней Рүстембекұлы (22.8.1946, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ленин атындағы ауыл – 8.3.1973, Мәскеу) – жырау. Әлімұлы тайпасының Кете руының Құлыс бөлімінен шыққан. 1968 жылы Қызылорда педагогикалық институтының филология факултетін бітірді. 1967 – 1970 жылдары Қармақшы ауданы Ақжар ауылында мұғалім, 1970 – 1971 жылдары Қазақстан ҒА-ның М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының стажер-зерттеушісі болған. 1971 – 1973 жылдары М.Горький атындағы әлем әдебиеті институтының халық шығармашылығы бөлімінде жұмыс істеді. Жыраулық өнерді ата-бабаларынан үйренген. “Көроғлы”, “Рүстем-дастан”, “Қобыланды”, “Алпамыс”, “Қыз Жібек”, т.б. эпостық жыр-дастандарды, қазақ ақындарының (''Базар жырау, Кете Жүсіп, Жиенбай жырау, Тұрмағамбет'', т.б.) шығармаларын жатқа айтып, ел арасына таратты. Көшенейдің орындауындағы “Көроғлы”, “Қобыланды” жырларының негізгі ерекшелігі – көне мақам-сазға құрылуы. Көшенейдің ақын ретіндегі шығармаларының біразы мерзімді баспасөз бетінде, “Қазақтың қазіргі халық поэзиясы” (1973), “Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы” (1975) атты жинақтарда жарық көрді. Оның “Қобыланды батыр” дастанын орындау кезінде пайдаланатын төрт түрлі музыкалық әуені нотаға түсірілді, 14 толғау, термесі күйтабаққа жазылып алынды. Көшеней “Құлагер” фильміне түсіп, Ақан сері баласының бейнесін сомдаған. ## Дереккөздер
Көшек хан, Күшік хан – 1730–1740 жылдары Найман тайпасын басқарған Хан. Орта жүзге ең беделді әрі адал Хан атағы болған. Кенесары ханның оң қолы және жан досы болды. Көкжал Барақ батырға ағайын туыс және Әбілқайыр ханның баласы Нұралы ханның қайын атасы. 1733 жылы Найман елін басқарған кезінде Ресейдің қол астына өтуге ант берген. 1742 жылы жоңғарлармен бейбіт бітім жасалған уақытта Көшек хан келісімшартқа белсенді түрде қатысып, өз мөрін басқан. Ең соңғы мәлімет-деректерде Көшек ханның қазақ билеушілерінің арасында аса беделді болғанымен, ол туралы мәліметтер аз көрсетіледі, сондай-ақ ол 1748 жылға дейін Найман ханы болған деп саналады. ## Дереккөздер
Көшбасшы — көшті бастаушы әрі басқарушы. Қазақстанның Орт. және Бат. өңірлерінде көшпелі және жартылай көшпелі мал ш-на сай қазақ қауымы жиі-жиі қоныс аударып, көшіп-қонып өмір сүрген. Көшті жөн-жосықты жақсы білетін, жер-су жағдайымен жете таныс К. басқарған. Кейде ұзақ көш жолдарымен көшуге тура келіп, көптеген елді мекендерді басып өтетіндіктен К. болып ел мен жер тарихымен, жергілікті ру-тайпалардың әдет-ғұрыптарымен жақсы таныс, көпті көрген, көне көз адам тағайындалған. К. көштің бағдарын, уақытын, тәртібін ғана қадағалап қоймай, ру аралық қақтығыстарды болдырмайтын мәмілегер, бітімгер, саясаткер адам ретінде көш қауіпсіздігін қамтамасыз еткен. 20 ғ-дағы ірі саяси оқиғаларға байланысты К-лықтың мән-мағынасы өзгерді; қ. Лидер.
Көшебе – қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүздегі керей тайпасынан тарайды. К. үлкен К., құрама К., жалайыр К. болып бөлінеді. К. руы жанкөрпе, жазы, жомарт, жаған, жадай, жауғашты, жұмат, жәдігер, жандарбек, жантелі, жанкелді, жарқынбек, жақыпбек, жанәбіл, жанат аталарына таратылады. Ұраны – Ошыбай, таңбасы – ашамай. Әдеб.: Сүлейменов Т., Сегіз сері, А., 1991; Әбуталиев Н., Шоқ жұлдыз, А., 1998.
Ыдырыс Көшкінов (1897 жыл, Алматы облысы Кеген ауданы – 1944 жыл, Ресей, Архангельск облысы) – қоғам және мемлекет қайраткері. ## Өмірбаяны Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан. * 1917 ж. Жаркент а. ш. мектебін бітірген. * 1919 ж. Жаркенттің тұңғыш атты әскер эскадроны құрамында ақ гвардияшыларға қарсы күресті. * 1921 – 24 ж. Жаркент уездік атқару к-тінің бөлім меңгерушісі және оның төрағасы. * 1924 – 26 ж. Жетісу губ. атқару к-тінің төрағасы. * 1926 – 35 ж. Бат. Қазақстан, Ақтөбе және Ақмола, Қарағанды облысы атқару к-ттерінің төрағасы. * 1935 жылдан БК(б)П Қазақстан өлкелік бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары және төрағасы, жұмысшы-шаруа инспекциясының халкомы, БК(б)П ОК партия бақылауының Қазақстан жөніндегі өкілінің орынбасары. * БК(б)П Қазақстан өлкелік к-ті мен Қазақстан өлкелік бақылау комиссиясының мүшесі * 5 – 9 сайланған ҚазОАК және 2 – 4 сайланған КСРО ОАК-нің мүшесі болды. * 1937 ж. “халық жауы” ретінде Сібірге жер аударылып, сол жақта жүріп қайтыс болды. * 1960 ж. ісі қайта қаралып, ақталды. ## Есте қалдыру * К. туған ауылы Ұзынбұлақта 4 сыныптық мектеп ашу ісіне ұйтқы болды. * 1964 ж. осы мектепке К. есімі берілді. * 1997 ж. Алматы облысы Райымбек ауданында К-тің туғанына 100 жыл толуы атап өтілді. ## Дереккөздер
Индустрияландыру — кез келген салада ірі машиналық өндіріс құру процесі; мысалы, қоғамдық тамақтандырудың ірі механикаландырылған кәсіпорындарының ұйымдастырылуы. Бұл процесс жаңа технологиялардың дамуымен байланысты, әсіресе энергетика және металлургия сияқты салаларда. Индустрияландыру барысында қоғам да кейбір өзгерістерге ұшырайды, оның дүниетанымы өзгереді. Еңбекке деген оң көзқарас жаңа технологиялар мен ғылыми жаңалықтарды мүмкіндігінше тезірек қолдануға деген ұмтылыспен бірге өндіріс пен халықтың табысының жедел өсуіне ықпал етеді. Нәтижесінде, сайып келгенде, барлық түрдегі өнімдер мен қызметтердің әлемдік нарығы кеңейіп келеді, бұл өз кезегінде инвестициялар мен одан әрі экономикалық өсуді ынталандырады. ## Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру Қазақстанды индустрияландырудың басталуымен Жезқазған-Ұлытау ауданында минералды ресурстарды жоспарлы тәртіппен айқындауға арналған база бар. Жезқазған мыс-көмір кен орындары және тұрақты геологиялық Байқоңыр-Барлавадағы алғашқы қадамдар ұйымдастыру мен іске асыруды бастады. Жезқазғандағы геологиялық зерттеулер кен орындарында кешенді жеделдетілген геологиялық барлау жұмыстарының ғылыми өлшемдерін толық растады. Жезқазған-Ұлытау ауданының кең ресурстарын геологиялық зерттеумен және өнеркәсіптік игерумен қатар, елімізде геологиялық ғылымдардың қалыптасуын бастаған геологиялық барлау жұмыстары ұйымдастырыла бастады. Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар және спас кен аудандарын, Қарағанды көмір кен орнын, Қаратау полиметалл кен орындарын зерттеу үлкен перспективаға ие болды. Мыс өнеркәсібінің дамуын зерттеумен қатар ірі темір (Қарсақбай), марганец (Жезді), көмір (Байқоңыр, Қияқты), қорғасын кен орындарын зерттеу басталды Қазақстанда Индустрияландыру процесінде елде ауыр өнеркәсіптің көптеген салаларын құру, сондай-ақ Қарағанды маңындағы Теміртауда ірі зауыт салу үлкен маңызға ие болды. Қазақстанның көрнекті ғалымдарының бірі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев осы зауытты салу қажеттігін дәлелдеді. Ғылымның жетістігі тек объективті жағдайлар жасаумен ғана емес, сонымен бірге жеке ғалымдардың қажырлы еңбегімен де тікелей байланысты. Геолог Қ.Сәтбаев ел бойынша шашыраңқы геологиялық ұйымдардың күш-жігерін жұмылдырып, саланы стратегиялық шикізатпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге барынша күш салды. Жезқазған, Жезді, қорғасын және Қазақстанның басқа да көптеген ірі аудандары жұмыс істеп тұрған зауыттарды шикізатпен үздіксіз қамтамасыз ету үшін әзірленді. Сәтбаевтың бастамасымен Маңғыстау, Мұғалжар және Торғай жер қойнауына зерттеу жүргізілді. Ол үш маңызды нәтижеге қол жеткізді: біріншісі - Жезқазған мыс кен орнының ашылуы, екіншісі-Қазақстан Ғылым Академиясының ашылуы мен басшылығына қосқан зор үлесі, үшіншісі — Геология ғылымдары институтын құру. ### Алғашқы бес жылдағы құрылыс Индустрияландыруды табысты дамыту үшін дамыған жолдарды, атап айтқанда теміржол желісін салу қажет болды. Алматыдан Семей қаласына дейін өтетін Түркістан-Сібір темір жолы сол кездегі Қазақстандағы ең маңызды құрылыс нысаны болды. Бұл жол пайдалануға берілмейінше, елдің шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінің халық шаруашылығын ауқымды қайта құру сәтті жүргізілмейді. Түрксіб темір жолының құрылысы 1931 жылға дейін аяқталды. Бұрын қазіргі заманғы кірме жолдары болмаған аумақтар бойынша 1145 км-ге созылған Түрксіб темір жолы елдің үлкен аумақтарында Өндіргіш күштерді дамытуда және экономиканы құрылымдық қайта құруда маңызды рөл атқарды, сондай-ақ өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды факторына айналды. 1928-1940 жылдары республиканың темір жолдар желісі 50% - ға ұлғайып, 1658 км-ге жетті. ### Қазақстандағы индустрияландыру ерекшеліктері Өнеркәсіптік құрылыстың қарқынды өсуі жұмыс күшінің жетіспеушілігіне әкелді. Құрылыс алаңдарын жұмыс күшімен қамтамасыз ету және жұмыс істейтін қазақтарды оқытуды үнемдеу үшін билік елдің батыс аймақтарындағы жұмыссыз жұмысшыларды жалдады. 1931 жылдан 1940 жылға дейін республикаға 559 мың жұмысшы келді. Жұмыс күшін ұсынудың тағы бір көзі-мүлкі тәркіленген орталық облыстар мен Сібірден шаруаларды депортациялау болды. Республика комсомолы басшыларының бірі, ұлттық бағдары бар қазақ зиялысы Смағұл Сәдуақасов "еркін" жұмысшылардың еліміздің басқа бөліктерінен жаппай қоныс аударуына қарсы болды. 1928 жылы "халықтар мен ұлттар" мақаласында ол "Большевик" журналында индустрияландыру туралы өз көзқарастарын жариялады (№1 шығарылым). Жұмысшылардың едәуір бөлігі, әсіресе мамандандырылмаған, ұжымдастыру нәтижесінде депрессияға ұшыраған ауыл және ауыл шаруалары болды. ### Индустрияландыру жетістіктері Қазақстанның индустриялық дамуының 1926 — 1940 жылдары үлкен жетістіктерге жетті. Индустрияландырудың арқасында 1941 жылы Қазақстан ірі ауыл шаруашылығы өндірісі бар индустриалды республикаға айналды. Елдің көмір өнеркәсібі өркендеп, 1940 жылы оның 90 пайызы Қарағанды бассейніне тиесілі болды. Қарағанды көмір бассейні Донбасс пен Кузбасстан кейінгі КСРО-ның үшінші көмір орталығы болды. Республиканың жеңіл және тамақ өнеркәсібі түбегейлі жетістіктерге жетті. Алматыда аяқ киім және екі тігін фабрикасы, Семейде былғары-ет комбинаты, Атырау консерві және Алматы жеміс-көкөніс комбинаттары, Талдықорған, Мерке, Жамбыл қант зауыттары, Алматыда темекі фабрикасы, нан зауыты мен май зауыттары шығарыла бастады. Алайда, осы жетістіктерге қарамастан, КСРО-да шикізат аймағына айналған Қазақстан халқы еңбек бөлінісінің адам өмірі мен денсаулығы үшін өте күрделі, өте қауіпті және зиянды бөлігін орындады. Технологиялық өнім көлеміндегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 3% - дан аспады. Республиканың өнеркәсіптік кәсіпорындары халық тұтынатын тауарлардың 60% - удовлетвор ғана қанағаттандыра алды. Осылайша, авторитарлық-әкімшілік жүйе Одақтың жалпы шаруашылық кешеніндегі Қазақстанның табиғи ресурстарға бай рөлін айқындады. Индустрияландыру барысында Қазақстанда жұмысшы табы қалыптасты. 1930 жылдардың ортасында экономикадағы жұмысшылардың 24% - ы жұмысшылар болды. Индустрияландыру кезеңінде қалалар урбанизация және кеңейту процесінде болды. 1940 жылы қала халқының жартысына жуығы 50 мыңнан астам халқы бар қалаларда шоғырланған. Алайда, ауыр өнеркәсіптің қарқынды өсуі, ең алдымен, ауылдардың өндірістік күштерінің құлдырауымен байланысты екенін атап өткен жөн. Өнеркәсіптің қарқынды өсуі тұрғын үй құрылысымен және коммуналдық шаруашылықты жаңғыртумен қатар жүрмеді. Индустрияландыру кезінде экономиканы әртараптандыру, жеке меншік және жұмыссыздық жойылды. Әлеуметтік салада айтарлықтай өзгерістер болды: жұмысшы табының саны мен мамандану деңгейі өсті, жұмысшылар мен шаруалардан инженерлік-техникалық мамандардың жаңа отряды құрылды, басқару құрамы өсті . Әкімшілік басқаруды халық шаруашылығы түпкілікті жолға қойды. ## Дереккөздер
Көшпелі театр – елді мекендерді аралап спектакль көрсететін театр. Ол кәсіби ойын-сауық орнының ерекше түрі ретінде 19 ғасырда Еуропа мен Американың көптеген елдерінде пайда болды. Ресейде П.П. Гайдебуров құрған көшпелі театр кең танылды. Бұрынғы Кеңес Одағында әр түрлі жанрдағы (драма, музыкалық комедия, қуыршақ, т.б.) көшпелі театр көптеп (Мәскеудің А.Н. Островский атындағы облысы драма театры, Новосибирь облысы көшпелі театры, Татар көшпелі театрры, т.б.) құрылды. Олар көбіне тұрақты театры жоқ елді мекендерге қызмет етті. Театр репертуарының дені орыс драматургтері мен дүние жүзі классиктерінің пьесаларынан құралды. Орынбордан бастау алған орыс театры мен труппалары 1905 жылғы революциядан кейін Қазақстанға сапар шекті. Олар Қызылжар (Петропавл), Семей, Орал қалаларында ойындар көрсетеді. Татар тілінде тұңғыш спектакль 1905 жылы Орынбор қаласыннда И.Кудашев – Ашказарский ұйымдастырған шағын сауыққойлар үйірмесінің орындауында қойылды. Труппаға “Сайяр” (“Жылжымалы”) деген ат беріледі (1907 жылы). Осы театр негізінде татардың, башқұрттың бүгінгі мемлекеттік драма театрлары ашылды. Мәліметтерге қарағанда, Қызылжар, Семей, Ақмешіт, Орал, т.б. қалаларда жоғарыдағы труппалардың ықпалымен 1911 – 12 жылдары сауық үйірмелері ұйымдастырылды. Төңкерістен бұрынғы қазақтың көшпелі тұрмыс-салты көшпелі театр өнерін жатырқамай қабылдады. Оқыған қазақ жастары 20 ғасырдың басында театр өнерін жасаудағы алғашқы қадамдарын бастады. М.Әуезов “Қыр театры”, “Қала театры” деп қазақ театрын екі түрлі салада дамытудың жобасын айтты. Бірі – қалың елге ұғымды, соның мәдени салтына үйлесімді көшпелі қыр театры. Оның сахнасына қойылатын дүниелер – халық өнерінің шығармалары, ел ішіндегі түрлі ойындар, күлдіргі әңгіме, айтыстар, т.б. және соған көрермен қауымының өзін араластыру; екіншісі – қала театры, оның көрсететіні қазақтың өмірі, елдің көріністері болу керек деді. Кеңестік дәуірде ірі қалалардағы кәсіби театрлар ауылдық жерлерге барып, ашық аспан астында уақытша жасақталған сахналарда спектакльдер қойып жүрді. ## Дереккөздер
Сара Ыдырысқызы Көшербаева (1933 жылы 6 ақпанда Алматы - 1999 жылы 24 қаңтарда Алматы) — қазақ балет өнерінің шебері. балет әртісі, педагог, профессор. Қазақ ССРнің халық артисі (1966). Қазақ ССРнің еңбегі сіңген артисі (1958). Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. ## Толығырақ * Сара Ыдырысқызы Көшербаева 1933 жылы 6 ақпанда Алматыда дүниеге келген. * 1952 жылы Алматы хореография училищесін Қазақ ССРнің халық артисі, профессор А.В. Селезневтің класы бойынша бітірген. * 1954 жылы Санкт-Петербургтің орыс балет академиясының мамандығын жетілдіру класын (В.С. Костровицкой, Н.А. Камкованың класы бойынша) бітірді. * 1954 жыл - 1975 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының соло - бишісі. * 1975 - 1986 жылдары Алматы хореографиялық училищесінің директоры әрі педагогі болды. * 1973 жылдан өмірінің соңына дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жаттықтырушы педагогы болды. * 1999 жылы 24 қаңтарда Алматыда көз жұмды. ## Шығармашылығы * 1955 жылы алғаш рет Р.М. Глиэрдің “Мыс салт атты” балетінде Параша партиясын биледі. * Сара Ыдырысқызының билеген партиялары: Раймонда (А.К. Глазуновтың осы аттас балетінде), Одетта-Одиллия, Аврора (П.И. Чайковскийдің “Аққу көлі” мен “Ұйқыдағы аруында”), Сүйімбике (Ф.З. Яруллиннің “Шуралесінде”), Китри, Никия (Л.Ф. Минкустың “Дон Кихоты” мен “Баядеркасында”), Мария (Б.В. Асафьевтің “Бақшасарай фонтанында”), Назым (В.В. Великановтың “Қамбар – Назымында”), Жизель (А.Ш. Аданның осы аттас балетінде), Шырын (А.Д. Меликовтың “Махаббат жайлы аңызында”), Баян (Е.Г. Брусиловскийдің “Қозы Көрпеш – Баян сұлуында” ), Эгина (А.И. Хачатурянның “Спартагында”). Сондай-ақ Н.А. Тілендиев, Л.Б. Степанов пен Е.В. Манаевтың “Достық жолымен” (Құралай), Ғ.А. Жұбанованың “Хиросима” (Судзи), М.Р. Раухвергердің “Шолпан” (Шолпан), Қ.Х. Қожамияровтың “Чин-Томур” (Махтум) атты балеттерінде басты партияларды орындады. Бишілік өнері әсем де мәнерлі қимылымен, үздік би техникасымен ерекшеленеді. Жеке концерттік нөмірлерге де (биін қоюшылар – Қазақ КСР-інің халық артистері З.М. Райбаев пен Б.Ғ.Аюханов) қатысып биледі. * Бишілер тобының құрамымен Германияда, Венгрияда, Моңғолияда, т.б. елдерде өнер көрсетті. ## Марапаттары * 1957 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық классикалық билер байқауының лауреаты * 1958 жылы Қазақ ССРнің еңбегі сіңген артисі құрметті атағы * 1959 жылы "Еңбек Қызыл Ту" Ордені * 1966 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен "Қазақ ССРнің халық артисі" құрметті атағы берілді. * 1971 жылы 2 рет "Еңбек Қызыл Ту" Ордені * 1981 жылы "Халықтар Достығы" Ордені * СССРдің "Еңбек ардагері" және т.б медалдарымен марапатталған. * Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған. ## Дереккөздер
Көші-қон квотасы , көші-қон үлестемесі – ата жұртқа көшіп келуші шетжұрттық қазақтардың Қазақстан үкіметі белгілеген жыл сайынғы мөлшерлі саны. Түрлі себептермен шет жерлерде 5,0 млн. этникалық қазақ тұрады. Осы диаспораның тарихи отанына қайтып оралуы мәселесі өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап үкімет деңгейінде шешіле бастады. Содан бері қазақтарды шет елдерден бірте-бірте қайтарудың мемл. бағдарламасы жасалып, жүзеге асырылып келеді. 1991 жылдары 18 қарашада ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің шешіміне сәйкес республиканың Мин. Каб. “Ауылдық жерлерде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарының басқа республикалардан және шет елдерден Қазақ КСР-ына көшіп келуі тәртібі мен шарттары туралы” қаулы қабылдады. Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланған 1991 жылы желтоқсаннан кейін қазақ диаспорасының көші-қоны мәселесін шешуде жаңа кезең басталды. 1992 жылы 26 маусымда “Көшіп келу туралы” Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. 1993 жылы 15 сәуірде республика президенті “Көші-қон квотасы және Иран Ислам Республикасынан және басқа мемлекеттерден отандастарымыздың көшіп келуін ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы” қаулыға қол қойды. Бұл шараларды мемлекет тарапынан бақылау үшін республикада 1997 жылы Көші-қон және демография жөніндегі агенттік құрылды. 1997 жылы 13 желтоқсанда қабылданған “Халықтың көші-қоны туралы” заңы Қазақстанда көшіп келу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, көші-қон процестерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін, сондай-ақ өзінің тарихи отанына қайтып оралған адамдар мен отбасылар үшін жаңа жерде тұрмыс жағдайларын жасап, тіршілікке бейімделу жолдарын айқындады. Осы заң негізінде үкімет көшіп келушілерге жан-жақты көмек көрсету, қамқорлық жасау шараларын белгіледі. 1991 жылдан 2000 жылға дейінгі кезең аралығында Қазақстанға 41 мың отбасы көшіп келді, олардағы жан басы 176 мыңға жуық, соның ішінде Моңғолиядан 63,5 мың, Ираннан 4,8 мың, Түркиядан 2,4 мың, ТМД елдерінен 103 мыңдай адам келді. Ал 2001 жылы 600 отбасына Көші-қон квотасы белгіленді. Жоба бойынша әр жылы орта есеппен 20 мың отбасын көшіріп әкелу көзделген. Ата жұртына қайтып оралған оралмандар тұрғын үйге, жұмысқа орналасуға, республика азаматтығын алуға, тіршілік жағдайына бейімделуге, жерсінуге байланысты түрлі қиындықтарға тап болуда. Мемлекет көшіп келушілердің жерсіну процесін жақсарту үшін түрлі шаралар қолданып отыр. Көші-қон квотасы бойынша көшіп келген оралмандардың жол қаражаты, үй жүктерін тасымалдау шығыны төленеді, отбастарына тұрғын үй беріліп, әркімге бір мәрте арнайы әлеум. көмек көрсетілуде. ## Дереккөздер
Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықта еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта қалыптасты. Көшпелілік тайпалық одақтар құрылған кезден-ақ өнім өндіру шаруашылығы ретінде орнығыэволюциялық жолмен дами бастады. Көшпелілер мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, игерілмей жатқан жерлерді пайдаға асыруға қолайлы жағдай туғызды. Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған дала көшпелілері үшін мал күзету, аң, балық аулау, егін егу тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Көшпелілік отырықшылар мәдениетімен тікелей өзара байланысты болды, өйткені олар Шығыс пен Батыс елдері арасында делдалдық рөл атқарды. Еуропалық қоғамда зат иелену мен азаматтық қатынастар шешуші қызмет атқарса, көшпелілерде туысқандық, рулық байланыстар аса құнды болып есептелінді. “Ата қоныс” ұғымы көшпелілер үшін қасиетті болды. Қоршаған орта киелі таулардан, өзендер мен көлдерден, аруақтар жатқан молалардан, т.б. тұрды. Көшпелілер уақыт пен кеңістікті игере отырып, климат ерекшеліктерін ұтымды қолданады. Мысалы, Қазақстанда ерте заманнан бері Арқаның теріскейіндегі орманды-далалы алқапты, оңтүстік-шығыстағы таулы өңірді — жайлау, ал оңтүстік және орталық аймақты қыстау ретінде пайдаланды. “Құрғақ даланы, — дейді ағылшын тарихшысы, социолог Арнольд Джозеф Тойнби — тек бақташы ғана меңгере алады, бірақ сол далада тіршілік етіп, табыстарға жету үшін ол өзінің шеберлігін тынбай жетілдіре беруге міндетті, ол ерекше адамгершілік және парасаттылық қасиеттерді қалыптастырады”. Көшпелі өмір, төрт түлік мал, жер-ана барлығы жинала келе көшпелілердің материалдық игілігін, дүниетанымын қалыптастырып, төл мәдениетін жасады. Көшпелі өмір тіршілігіне сай қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш, ат үстіндегі алыс сапарларды қайыспай көтеретін дала перзенттері, жан-жақты жетілген адамдар қалыптасты. Дала көшпелілерінің ақынжанды болуы, ой-қиялының жүйрік болып келетіні көшпелі тіршіліктің арқасы еді. 19 — 20-ғасырларда, әсіресе еуропалық зерттеушілер арасында көшпелі халықтардың рухани өмірі мен дүниетанымы жүйесіз деп танылып, олардың адамзат өркениетінің дамуына қосқан рөлі төмендетіліп, оған қатысты жабайылық, тағылық секілді орынсыз пайымдаулар айтылды. Алайда, ғылыми негізделген дәйектер көшпеліліктің отырықшы өркениет елдерінің шаруашылығынан, қоғамдық билік жүйесінен, мәдени бітімінен ешбір кем емес екендігін дәлелдеп отыр. ## Көшпелілікті зерттеу тарихы Көшпелілер туралы түсінік алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Б.з.д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа да антик тарихшылар, философтар, орта ғасырлар ойшылдары сипаттады. Оларға табиғаттың төл баласы сияқты көшпелілер өмірі таза, қулық-сұмдықтан, отырықшы-қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен ада болып көрінді. Сонымен қатар көшпелілер туралы нашар түсініктер сол ерте заманда-ақ қалыптасты. Көне Қытайда "көшпелілер жабайы, мәдениеттің қас жауы" деген түсінік қалыптасты. Еуропада да көшпелі ғұндарды "тағы-жабайылардың тұқымы, өркениеттің жауы" деп есептеді. XVIII—XIX ғасырлардағы Еуропа ғалымдары да көшпелілер туралы өз көзқарастарын білдіріп отырды. Мысалы, Монтескъе көшпелілер қоғамын "әділетті, теңдікті қоғам" десе, Фергюсон, Адам Смит: "Көшпелілерде мүлік теңсіздігі, әлеуметтік теңсіздік ерте пайда болды", — деген. Ал философ Кант: "Мемлекеттің өзі көшпелілер мен отырықшы-егіншілердің өзара қақтығысынан, қорғаныс мақсатында пайда болды" деген тұжырым жасайды. Атақты философ Ф. Гегелъ: "Көшпелілерде әлеуметтік қарама-қайшылық болғанымен, мемлекет болған жоқ", — деп есептеген. ## Көшпелілердегі қоғамдық қатынастар Туыстық қатынастар. Көшпелі қоғамдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық қатынастар туыстық жүйеге негізделді. Қазақ қауымындағы қоғамдық-әлеуметтік қатынастар көп жағдайда туыстық қатынастармен астасып жатыр. "Туыстық жүйені ылғи да қандас туыстық" деп түсінуге болмайды. Көшпелілерде шынайы қандас, ортақ ата-тектен тараған жүйе бар да, жалпы генеалогиялық туыстық жүйе бар. Дәстүрлі қазақ қоғамында ел, жүз, тайпа, ру, ағайын, жақын ағайын, туыс, жақын туыс, ата баласы, бір әке баласы деген туыстық атаулар бар. "Ел" деген ұғымға бүкіл қазақ халқы кіреді. Қазақтардың өз түсінігі бойынша, жүздер қандас туысқандыққа негізделген бірлестіктер. Үш жүздің арғы атасының аты — Қазақ, одан Ақарыс (Ұлы жүз), Жанарыс (Орта жүз), Бекарыс (Кіші жүз) деген үш ұл тарайды. Сол үш ұлдан үш жүзді таратады. ## Дереккөздер
Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықта еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта қалыптасты. Көшпелілік тайпалық одақтар құрылған кезден-ақ өнім өндіру шаруашылығы ретінде орнығыэволюциялық жолмен дами бастады. Көшпелілер мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, игерілмей жатқан жерлерді пайдаға асыруға қолайлы жағдай туғызды. Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған дала көшпелілері үшін мал күзету, аң, балық аулау, егін егу тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Көшпелілік отырықшылар мәдениетімен тікелей өзара байланысты болды, өйткені олар Шығыс пен Батыс елдері арасында делдалдық рөл атқарды. Еуропалық қоғамда зат иелену мен азаматтық қатынастар шешуші қызмет атқарса, көшпелілерде туысқандық, рулық байланыстар аса құнды болып есептелінді. “Ата қоныс” ұғымы көшпелілер үшін қасиетті болды. Қоршаған орта киелі таулардан, өзендер мен көлдерден, аруақтар жатқан молалардан, т.б. тұрды. Көшпелілер уақыт пен кеңістікті игере отырып, климат ерекшеліктерін ұтымды қолданады. Мысалы, Қазақстанда ерте заманнан бері Арқаның теріскейіндегі орманды-далалы алқапты, оңтүстік-шығыстағы таулы өңірді — жайлау, ал оңтүстік және орталық аймақты қыстау ретінде пайдаланды. “Құрғақ даланы, — дейді ағылшын тарихшысы, социолог Арнольд Джозеф Тойнби — тек бақташы ғана меңгере алады, бірақ сол далада тіршілік етіп, табыстарға жету үшін ол өзінің шеберлігін тынбай жетілдіре беруге міндетті, ол ерекше адамгершілік және парасаттылық қасиеттерді қалыптастырады”. Көшпелі өмір, төрт түлік мал, жер-ана барлығы жинала келе көшпелілердің материалдық игілігін, дүниетанымын қалыптастырып, төл мәдениетін жасады. Көшпелі өмір тіршілігіне сай қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш, ат үстіндегі алыс сапарларды қайыспай көтеретін дала перзенттері, жан-жақты жетілген адамдар қалыптасты. Дала көшпелілерінің ақынжанды болуы, ой-қиялының жүйрік болып келетіні көшпелі тіршіліктің арқасы еді. 19 — 20-ғасырларда, әсіресе еуропалық зерттеушілер арасында көшпелі халықтардың рухани өмірі мен дүниетанымы жүйесіз деп танылып, олардың адамзат өркениетінің дамуына қосқан рөлі төмендетіліп, оған қатысты жабайылық, тағылық секілді орынсыз пайымдаулар айтылды. Алайда, ғылыми негізделген дәйектер көшпеліліктің отырықшы өркениет елдерінің шаруашылығынан, қоғамдық билік жүйесінен, мәдени бітімінен ешбір кем емес екендігін дәлелдеп отыр. ## Көшпелілікті зерттеу тарихы Көшпелілер туралы түсінік алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Б.з.д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа да антик тарихшылар, философтар, орта ғасырлар ойшылдары сипаттады. Оларға табиғаттың төл баласы сияқты көшпелілер өмірі таза, қулық-сұмдықтан, отырықшы-қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен ада болып көрінді. Сонымен қатар көшпелілер туралы нашар түсініктер сол ерте заманда-ақ қалыптасты. Көне Қытайда "көшпелілер жабайы, мәдениеттің қас жауы" деген түсінік қалыптасты. Еуропада да көшпелі ғұндарды "тағы-жабайылардың тұқымы, өркениеттің жауы" деп есептеді. XVIII—XIX ғасырлардағы Еуропа ғалымдары да көшпелілер туралы өз көзқарастарын білдіріп отырды. Мысалы, Монтескъе көшпелілер қоғамын "әділетті, теңдікті қоғам" десе, Фергюсон, Адам Смит: "Көшпелілерде мүлік теңсіздігі, әлеуметтік теңсіздік ерте пайда болды", — деген. Ал философ Кант: "Мемлекеттің өзі көшпелілер мен отырықшы-егіншілердің өзара қақтығысынан, қорғаныс мақсатында пайда болды" деген тұжырым жасайды. Атақты философ Ф. Гегелъ: "Көшпелілерде әлеуметтік қарама-қайшылық болғанымен, мемлекет болған жоқ", — деп есептеген. ## Көшпелілердегі қоғамдық қатынастар Туыстық қатынастар. Көшпелі қоғамдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық қатынастар туыстық жүйеге негізделді. Қазақ қауымындағы қоғамдық-әлеуметтік қатынастар көп жағдайда туыстық қатынастармен астасып жатыр. "Туыстық жүйені ылғи да қандас туыстық" деп түсінуге болмайды. Көшпелілерде шынайы қандас, ортақ ата-тектен тараған жүйе бар да, жалпы генеалогиялық туыстық жүйе бар. Дәстүрлі қазақ қоғамында ел, жүз, тайпа, ру, ағайын, жақын ағайын, туыс, жақын туыс, ата баласы, бір әке баласы деген туыстық атаулар бар. "Ел" деген ұғымға бүкіл қазақ халқы кіреді. Қазақтардың өз түсінігі бойынша, жүздер қандас туысқандыққа негізделген бірлестіктер. Үш жүздің арғы атасының аты — Қазақ, одан Ақарыс (Ұлы жүз), Жанарыс (Орта жүз), Бекарыс (Кіші жүз) деген үш ұл тарайды. Сол үш ұлдан үш жүзді таратады. ## Дереккөздер
Көші-қон – адамдардың тұрғылықты мекенінен әр түрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы. Көші-қон адамдардың белгілі бір аумақтың шекарасынан асып, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты мекенге қоныс аударуы арқылы жүзеге асады. Халықтың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, саяси, діни, әскери және басқа себептермен ұйымдасқан түрде (мемлекеттің және басқа қоғамдық құрылымдардың қатысуымен) және ұйымдаспаған түрде (көшіп келушілердің өздерінің күшімен) көшіп-қонуы мүмкін. Қазіргі кезде көші-қонды туғызатын себептердің ішіндегі ең бастысы экономикалық себеп болып отыр. Қазақстанда бұған экологиялық апат аймақтарына байланысты себепті де қосуға болады. Халықтың көшіп-қонуы ежелгі заманнан бері бар. Көші-қон алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісімен (бақташылар тайпасының бөлініп шығуымен), егіншіліктің дамуымен, егіншіліктен қолөнердің бөлінуімен, халықтардың ұлы қоныс аударуымен, ұлы географиялық ашылымдармен, индустрияның дамуымен (19 ғасырдың басында) байланысты болды. 20 ғасырда көші-қонға соғыстар зор әсерін тигізді. Көші-қон адамзаттың дамуында, аумақтардың халықтар арасында қайта бөліске түсуінде зор рөл атқарды. Көші-қон тұрғылықты халықтың да, көшіп кетушілердің де тұрмыс деңгейіне, халықтың демографиялық және әлеуметтік құрылымына, қоныстануына, этнографиялық құрамының өзгеруіне елеулі ықпал етеді. Тұрақты тұрғылықты мекенінің түпкілікті ауысуына байланысты: * қайтып оралмайтын көші-қон; * тым ұзақ мерзімге қоныс аударумен байланысты уақытша көші-қон.; * жылдың белгілі бір кезеңінде орын ауыстырумен байланысты маусымдық көші-қон; * басқа жердегі жұмыс, оқу орындарына ұдайы әрлі-бері жүріп-тұратын қатынамалы қөші-қон; * елден сырт жерге көшіп кету, елге көшіп келу түріндегі сыртқы көші-қон; * ел ішінде қоныс аударумен байланысты ішкі көші-қон түрлеріне бөлінеді. Ал ішкі көші-қон ауыл халқының көші-қоны және қала халқының көші-қоны түрлеріне ажыратылады. Қазақ халқының ежелгі замандардан бері келе жатқан көшпелі, жартылай көшпелі тұрмыс-тіршілігі, мал шаруашылығының дамуына байланысты жайылым жаңғыртып отыруы, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп-қонуы, айталық, малға өріс іздеудің ыңғайымен көктем, жаз айларында қырға көшіп, қыста Сырға құлауы қазақ жерінде маусымдық көші-қонның дамығандығын көрсетеді. Сондай-ақ, 15 – 18 ғасырларда жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқы “ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға” ұшырап, ата мекенінен үдере көшіп, мәжбүрліктен қоныс аударып отырған. 19 ғасырдың 2-жартысы – 20 ғасырдың басында Ресей империясының отарлау саясатымен қазақ жеріне қара шекпенді орыс қоныстанушылары көшіп келді. * 18 – 19 ғасырдың қазақ халқының патшалық самодержавияға қарсы ұлт-азаттық көтерілістері мен соғыстары, * Орта Азия мен Қазақстандағы 1916 жылы Маусым жарлығына қарсылықпен басталған ұлт-азаттық қозғалысы, * 1917 жылы ақпан буржуазиялық-демократиялық және Қазан төңкерістері, Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы, * 1918 – 20 жылдардағы азамат соғысы, * 1920 – 21 жылдардағы ашаршылық, “соғыс коммунизмі”, азық-түлік отрядтарының жорығы Қазақстан жеріндегі көші-қонның саяси себептері еді. Бұл кезеңдерде талай қазақтар қанды қырғын мен аштықтан бас сауғалап, жат жерге ауып кетті. * 1928 – 30 жылдары бай-кулак ретінде тәркіленген ауқаттылар ата мекенінен аласталып, жер аударылды. Қазақстан аумағы кеңестік империяның басқа аймақтарынан жер аударылған шаруалардың, саяси тұтқындардың мекеніне айналды. Жаппай күштеп ұжымдастыру кезеңінде қазақтарға қарсы геноцидтік саясаттың жүргізілуі салдарынан қазақ халқы ашаршылыққа ұшырап, қырылған зұлмат жылдарда (1931 – 33 жылдары) 1 млн-нан астам қазақ ата жұртынан ауып кетті, олардың 616 мыңы тарихи отанына қайтып оралмады. Олар шалғай шет жерде – Моңғолия, Қытай, Ауғанстан, Пәкістан, Иран, Түркия елдерінде, сондай-ақ, кейбір Батыс Еуропа елдерінде қазақ диаспорасын құрады. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары (1939 – 45) тұтқындалған, Еуропа елдеріндегі Қарсыласу қозғалыстарына қатысқан, Түркістан легионында болған көптеген қандастарымыз шет мемлекеттерде қалып қойды. 1937 жылдың күзінен тоталитарлық саясаттың құрбанына айналған тұтас халықтар өз жұртынан қазақ жеріне күштеп көшірілді. Атап айтқанда, 1937 жылы Қазақстанға Манчжурия өлкесінен 102 мың корей қоныс аударуға мәжбүр болды. 1938 – 44 жылдары қазақ жеріне Кавказдан шешендер, ингуштар, балқарлар, қарашайлар, Қара т-дің солтүстік жағалауынан қырым татарлары, месхед-түріктер, поляктар, болгарлар, курдтар, Еділ бойынан немістер, 1947 – 52 жылдары мыңдаған латыштар, эстондар, батыс украиндар қазақ жеріне зорлықпен көшіріліп, түпкілікті қоныстандырылды. 1953 жылы еврейлер, абхаздар жер аударылды. 1953 – 55 жылдары тың игеру деген желеумен Қазақстан жеріне өзге ұлттардың миллиондаған өкілдері көшіп келді. Сөйтіп, кеңестік тоталитарлық жымысқы саясаттың салдарынан байырғы ұлт – қазақ халқы өз жерінде азшылыққа ұшырап, Қазақстан 130-дан астам этнографиялық диаспораның өкілі тұратын “интернационалдық” мекенге айналды. Ал 5 млн-нан астам қазақ диаспорасы шет жерде мекендеді. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізіп, егеменді елге айналған 20 ғасырдың 90-жылдарынан бастап соңғы он жыл ішінде көші-қон басқаша сипат алды. Қазақстан Республикасының 1992 жылы 26 маусымда қабылданған “Көшіп келу туралы”, 1997 жылы 13 желтоқсанда қабылданған “Халықтың көші-қоны туралы” заңдары көші-қон саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, көші-қон үдерістерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгіледі. Сөйтіп, өзінің тарихи отанына қайтып оралатын адамдар мен отбасылар үшін жаңа жерде қажетті тіршілік жағдайларын жасау мәселесін мемлекет тұрғыда шешу ісі қолға алынды. Осыған орай Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы сияқты мемлекет және беймемлекет мекемелер құрылды, шет жұрттан ата жұртына көшіп келетін оралмандарға жыл сайын өсіп отыратын квота белгіленіп, олардың белгіленген аймақтарға қоныс теуіп жайғасуы үшін мемл. және жергілікті бюджеттерден қаржы бөлініп тұратын болды. Сондай-ақ, Қазақстанға мәжбүрлі жағдайда көшіп келіп, тұрақтап қалған көптеген ұлт өкілдері өздерінің ата жұртына көшіп баруға мүмкіндік алды; ## Дереккөздер
Көтеш Райымбекұлы (1745, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 1818, сонда) – халық ақыны. Алғаш рет 17 жасында Абылай ханға қарсы бас көтерген Мейрам руын мадақтаған өлеңі арқылы аты шығады. Оның өлеңдерінің көпшілігі шешендік, нақыл, жұмбақ түрінде халыққа көбірек тараған. Ақынның өлеңдерін зерттеп-жинаушылар: Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Бозтай Жақыпбаев, Ғалымжан Мұқатов. Көтештің шығармалары көркемдік құндылығы жоғары, идеясы терең, мазмұнды болып келеді. “Абылай, Ботақанды сен өлтірдің”, “Күркелінің бауыры күнде дауыл”, “Сексен ерікке қоймады-ау, қалжыратып”, “Қартайғанда қатының дұшпан болады”, “Кәрілік, жылы-жұмсақ ас жарай ма”, “Қыз бен Көтеш”, “Көтештің Кіпіне қызбен айтысы”, “Көтештің Зағипамен айтысы” деген айтыс өлеңдерінде көшпелі халық өмірінің шындығы көрінсе, екіншіден, тоғышарлықты келекелеп, астарлы сөзбен әжуалап отырғаны байқалады. Ақынның бірқатар өлеңдері мен айтыстары “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1961), “Алдаспан” (1971), “Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы” (1985) атты жинақтарда жарияланды. ## Өмірбаян Көтеш — ХVІІІ ғ. өмір сүрген ақын. Қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туып-өскен. Арғы атасы — Тұрлыбек. Арғын тайпасы Сүйіндік руының Күлік бөлімінн шыққан. Ол ақындықпен жас кезінен шұғылданған. Әуелі елдегі айтыс дәстүрі бойынша танылып, арнау өлеңдер айтып жүрген. Кейін әлеуметтік мәселелерге үн қосып, елінің тарихын, жауға қарсы жорықтарын, өз дәуірінің келелі мәселелерін көтеріп отырған. Көтеш нағыз ақпа ақындарға тән қасиеттермен танылып, сол ақындар поэзиясы үлгісін ұстаған, қара өлең, қайым өлең жанр түрлерін байытқан. Ақынның бізге мәлім шығармалары осыған дәлел. Өзінің мазмұны жағынан әлеуметтік, қоғамдық, тұрмыстық мәселелерді кеңінен көтеріп, әр түрлі лирикалық өлеңдерін шығарған. Ақындарша айтысып, арнау, ойнақы терме, сынай арнаулар да айтып жүрген. Қалмақтың қазақ жерін босату күресіне белсене араласқан әрі батыр, әрі ақын саналған ол Жасыбай, Олжабай батырлар бастаған Сүйіндіктердің қалың қолдарымен бірге жүріп, әрбір күрес нәтижелерін сөз еткен. Аталмыш батырлар туралы ұзақ жырларды толғап жүрген. Көтеш — өлеңді көп шығарған төкпе ақын. Оның әлі жиналмай, ел аузында жүрген сөздері көп. Ақын шығармалары өз кезінің талай тақырыптарын көтеріп, ішкі-сыртқы ел қайшылықтарына үн қосқан. Ол өз еліндегі кемтарлар тұрмысын, әлеуметтік теңсіздіктерді де, халықтың мұң-шерлерін де толғана жырлады. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасынан мол хабардар Көтеш сол ауыр оқиғаны тебірене толғап, халық қайғысына үн қосады. Қалмаққа қарсы соғыс аяқталып, ішкі егестер қозған кезде Көтеш Абылай ханға наразы ерлер жағында болып, сол ханға қарсы топтың сойылын соғып, Бөгенбай, Қазыбек, Олжабай бастаған топпен бірге Абылайдың өзімшіл өр мінездерін бетіне басқан. Ел арасындағы: «Көтештің «Ер Олжабай», «Ботан» атты жырлары болушы еді. Ол жырларында ақын онша мақтамапты ханды. Нәтижесінде ақын көп қуғын да көреді. Өле-өлгенше алдына мал салмай, кедейлік зардабын шегіп өтті. Ақыры елден кетіп, сол қарақшылар қолынан қаза тауып еді» деген аңыздар осыны аңғартады. Көтеш ел адамдарына қаратып арнау өлеңдерін шығарып жүрген. Еліндегі Тінәлі, Тышқанбай, Қапан деген байлар сыйлығына байланысты айтқан өлеңдерінде мейірбандықты, кең пейілділікті жақтайды. Өзін-өзі зор тұтып, басқаны менсінбеген мырзаларға да Көтеш өткір мысқылдар арнап отырған. Торайғыр биге айтқан сөздері де өткір. Ақын мінер атқа, ішер асқа зар болып өткен. Бұған оның өлеңдері де айғақ. Қартая келе ол келін-балаларына риза болмай, оларға наразылығын білдіріп өлеңдер шығарып жүріпті. Балаларын жақтап, өзін күтпеген кемпіріне айтқан өлеңдерінде де ол өзінің ақындық қабілетін танытады. Көтеш айтысқа да түсіп жүрген. Бізге оның қыпшақ қызымен, Күнікей, Зағипа, Қания қыздармен тіл қағысулары жеткен. Ол өлеңсіз сөз сөйлемеген. Кез келген сөзін тұспалдап, өлеңдете жөнелетін қас жүйріктің өзі болған. Қазақ әдебиетінде Көтеш ақын мұрасының алар орны ерекше. ## Дереккөздер
## Қазақстан облыстары ## Қазақстан аудандары ## Таратылған облыстар ## Таратылған аудандар ## Сыртқы сілтемелер * Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы "Жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн қалыптастыру мақсаттары үшін облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, аудандарға және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берiлетiн кодтардың тiзбесiн бекiту туралы" Бұйрығы * Үкiметтің 1996 жылғы "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қаулысы (2003 жылы күшін жойған) ## Тағы қараңыз * Қазақстан әкімшілік бірліктері * Қазақстан аудандары * Қазақстан қалалары ## Қазақстан облыстары ## Қазақстан аудандары ## Таратылған облыстар ## Таратылған аудандар ## Сыртқы сілтемелер * Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы "Жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн қалыптастыру мақсаттары үшін облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, аудандарға және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берiлетiн кодтардың тiзбесiн бекiту туралы" Бұйрығы * Үкiметтің 1996 жылғы "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қаулысы (2003 жылы күшін жойған) ## Тағы қараңыз * Қазақстан әкімшілік бірліктері * Қазақстан аудандары * Қазақстан қалалары
Көш жолы – маусымдық қоныстар арасында көшіп-қону үрдісінде қалыптасқан жолдың дәстүрлі атауы. Оның бойымен көшпелі ауылдар жаз жайлауына көшіп жетеді және күзде кері қарай қыстауларына қайтады. ## Көш жолының қалыптасуы мен маңызы Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайына байланысты қалыптасып, халықтың үш мың жыл бойғы табиғатты пайдалануы мен тыныс-тіршіліктерін қамтамасыз етуінің негізгі формасы – көшпелі мал шаруашылығы болды. Бұл реттегі өндіруші шаруашылықтың басым кәсібі экстенсивті (сан жағынан көбею, жайылымды кеңейте түсу) көшпелі мал шаруашылығы болатын, ал оның басты ерекшелігі – мал азығы мен су көздерінің тапшылығы себепті, малды жыл он екі ай бойы жайып бағу еді. Малдың негізгі түлігі – қой, жылқы, түйе болды. Ірі қара мал аз мөлшерде, негізінен алғанда отырықшылықты жерлерде өсірілді. Көктеу, жайлау, күздеу, қыстау секілді маусымдық жайылымдарды алмастырып көшіп-қонып отырудың бұрыннан қалыптасқан жолдары мен жылдық айналымы орнықты. Ондаған, көп жағдайда жүзден астам ауылдардан құралуы ықтимал әрбір ру белгілі бір географиялық жер көлемі шеңберінде көшіп-қону дәстүрін ұстанды. Жайылымдар ара қашықтығы оңтүстікте 200 – 300 км-ден, Жетісудың ендік бағытындағы далалық аудандарда 800 – 1000 км-ге дейін созылды. Қоныс орнын таңдау дәстүрге немесе шаруашылық мұқтаждықтарға ғана емес, саяси жағдайларға да байланысты болды. Өмір сүру ортасының ерекшеліктері жайылымдарды пайдалану тәсілдерін айқындап берді.Қысқы жайылымдар үшін көл жағалаулары, өзен аңғарлары, тау шатқалдары, тоғай шеті, мал табындарын қарлы борандардан және үскірік желден қалқалайтын табиғи ықтасындары бар жерлер пайдаланылды. Күзгі, көктемгі жайылымдар қыстауларға жақын, қар кеш түсіп, ерте кететін жерлерге орналасты. Жазғы жайылымдар міндетті түрде жауын-шашын сулары көп жиналатын, шөбі қалың өсетін және табиғи су қорлары бар өңірлерден таңдалған.18 – 19 ғасырларда географиялық орта ерекшеліктері және қазақтардың өмір сүруін қамтамасыз ету қажеттіліктері мал табындарының түліктік құрамын да айқындап берді. Онда бүкіл мал арасындағы қойдың үлес салмағы орта есеппен оның 60%-ын, жылқы – 13%-ын, сиыр – 12%-ын, түйе – 4%-ын құрады. Түлік құрамын реттеуде малдың жылдам әрі жиі-жиі көшуге бейімделу қабілеті, сондай-ақ, оларды шаруашылық (ет, сүт, жүн) және қоғамдық-саяси өмірде (көлік, жауынгерлік мақсаттары) түрлі қажеттілікке пайдалану мүмкіндіктері маңызды рөл атқарды. Су көздері мен мал азығының тапшылығы жайылымды тым жиі ауыстырып отыруға, бір жерге аз уақыт қана аялдауға, жиі-жиі көшіп жүруге мәжбүр етті. Көш жолының жыл бойындағы орташа есеппен алғандағы ұзындығы 50 – 100 км-дей болған, бірақ, жекелеген ру-тайпалық топтардікі (мыс., адай, шекті, табын, т.б.) 1000 – 2500 км-ге дейін жететін. ## Рулардың тұрақты көш жолы Әр рудың қоныстары, негізінен, бір аймақта және әрбір рудың өзінің тұрақты жолы болды.Кіші жүздің әлім руы көш жолының екі бағыты қалыптасты: бірінші бағыт – Ырғыз және Ор өзенінен Орскіге дейін, жалпы Қарақұмнан батысқа қарай, екінші бағыт – батыстан Кіші Борсыққа қарай созылды. Ал Қызылқұм мен Жаңадария өзені жағалауын мекендейтін шекті, қарасақал, шөмекей, төртқара рулары қар ери бастасымен Қарақұмға, бұл жерден маусымның соңына қарай, батысқа көшкен. Олардың көш жолынан мағлұмат беретін бір деректе: “...Шөмекей тайпалары Қарақұмнан Ырғыз уезіне қарай екі бағытта көшеді. Бірінші бағытта жол: Қожамбай молда моласына жақын маңдағы Көл құдықтан бастау алатын жол арқылы Жалтырсор мен Шеңбер көліне жетеді. Осы екі көл жағалауы жаз жайлауды қамтамасыз етеді. Шөмекейлердің екінші көш жолы Қазалы уезінен өтіп, Ұлытау тауы арқылы Қарақұмға өтеді. Одан әрі Орда тауынан бастау алатын көш жолы арқылы Алқа көліне келіп тоқтайды”, – делінеді.Жетісу облысы Верный уезінің көшпелілері тұрақты бір жерде қыстамаған. Күрті өзенінен Балқаш көліне дейінгі аймақты алып жатқан Тауқұм болыстығының көшпелілері (сары үйсін, темір, ботбай руларынан құрылған) Ақжал, Жуантөбеде қыстағанмен, бұл жерде қатты ұйытқып соғатын боран, дауыл салдарынан мал арып кетпес үшін, ірі қараны қыста қолға ұстамай, оларды Іле өзені бойындағы қамысқа апарып баққан. Керісінше, тау көшпелілері түйелер мен қойларды Тауқұмға қарай айдаған. Ауыз суға қарды пайдаланған. Қар аз жауатын жерлердегі сабанның көптігі түйе мен қойға азық табуға мүмкіндік берді. Бұл өңірдегі көшпелілер қоныстары Ақсүйек, Алажол, Тоқмақ уезі, Ботабөру, Қызылақтау, Аяқұм, Жирекоты, Жауқантөбе, Қамау елді мекендері болып саналған. ## Көш жолының атаулары Ғылыми зерттеулерде қазақ даласына аты шыққан екі үлкен Ғылыми зерттеулерде қазақ даласына аты шыққан екі үлкен көш жолы ортағасырдағы керуен жолдарының сорабы негізінде пайда болғандығы айтылады. Кезінде академик В. Бартольд атап өткендей, оның бірі Сырдария аңғарынан, екіншісі Талас аңғарынан басталады. Екі жол да Бетпақдаланы көктей өтіп, Батыс Сібір аймақтарына қарай бағытталған. * Оның бірі Хан Абылайдың есімімен байланыстырылады. Ол Хан жолы немесе Абылай жолы деп аталады. Осы жолмен Талас пен Шу бойы қазақтары Бетпақдаланы басып, Арқадағы Жетіқоңыр жайлауына жеткен. Оның бағыты Арқаның Мамай, Итемген көлдері, Ертіс, Нұра өзені, Алқалық, Ескеней таулары мен Сарысу өзенін, онан ондаған құдықтардың бойымен Бетпақдаланы басып өтіп, Аңырақай мен Хантауға жеткен. * Орталық пен оңтүстікті жалғастырып жатқан Уанас жолы және Сарысу жолы сияқты ертедегі керуен жолдары да көш жолына айналған. * Қазалы өңірінің қазақтары Сәтбай жолы деп аталатын көш жолы бойымен Қарақұмды басып, Торғайдағы жайлауына жеткен. Сәтбай жолының шығыс жағында Тау жолы деп аталатын көш жолы бар. Онымен Перовск қазақтары Айнакөл, Арыс көлдерін және Сарысу жайлауын баса отырып, Торғайға дейін барған. Аталған екі жол Торғай өзенінің оң жақ бетінде Сала сайы деген жерде тоғысады. Онан ары қарай екіге бөлініп кетеді: бір тармағы Қостанай өңіріндегі жайлауға, екіншісі Орал өңіріне қарай бағытталады. Осы тұстан бастап жайлау үшін қолайлы аймақ басталады. 50° ендіктен теріскейге қарай табиғи жағдай күрт өзгеріп, жері сулы, оты бітік бола түседі. * Жайлау мен қыстау аралығындағы көш жолы шекарасы белгілі өзен-көлдері, тау беткейлері, құдықтар немесе ата-бабасының зираты тұрған жерлермен белгіленген. * Тарихи жазбалар мен арнайы ғылыми экспедициялық зерттеу нәтижелері Үстірт пен Маңғыстау аймағын мекендеген қазақтар жыл бойы 1500 - 2000 шақырымға дейін көшіп қонғандығын дәлелдейді. Этнограф Ф. Фиельструптың зерттеуі бойынша, олар негізінен үш бағытта жүрілген: біріншісі, көш жолы Маңғыстаудан Ойыл арқылы Қобда бойына қарай; екіншісі, Үстірттен Жем өзенінің оң жақ бойына қарай; үшіншісі, Бозашы түбегі мен Маңғыстау аймағында айнала көшіп жүрген. * Үстірттегі көшпелілердің солтүстікке қарай көшу жолы Табын жолы деп аталса, маңғыстаулықтардың көш жолы Адай жолы деген атпен белгілі. Аталған көш жолының бағыты өңірлердегі белгілі құдықтар арқылы өтті. Мұғалжар тауының батысынан басталып Каспий ойпатына қарай ағатын (ұз. 700 шақырымдай) Жем өзенін басып, Қобда бойына апаратын жол орыс деректерінде Ембі жолы деген атпен белгілі. ## Көш жолы бойындағы қажеттіліктер Ерте көктемде басталып бірер айға созылатын көш жолы бойында шаруашылық қарекеті (мал төлдету, оны аяқтандыру, мал сауу, ақ тағам дайындау, жүндеу, күзеу, ауырған малды емдеу және т.б.) толассыз жалғасып отырды. Ал шөл даланы көктей өту үшін малды тойдыра суарып алған соң көш жолы бойымен келесі суатқа дейін аялдамастан үдере көшіп отырды. Табиғи су көздері тапшы шөл және шөлейт өңірлерде құдық қазу, оны аршып тазалау шарасы қауымға ортақ міндет болды. Мысалы, Ырғыз жеріндегі көш жолдары бойында, әсіресе, Борсық құмдарында тереңдігі 10-40 құлашқа дейін, ал Гурьев, Маңғыстау уездерінде тереңдігі 20-100 құлашқа жететін құдықтар қазылған.Арнайы зерттеу экспедициясына (1926 ж.) қатысқан Ә. Бөкейханның мәліметіне қарағанда Маңғыстау қазақтарының көшу қашықтығы 700-900 шақырымға жеткен. Демек, жоғарыда Ф. Фиельструп келтірген Маңғыстау қазақтарының қазан төңкерісіне дейінгі көш-қонының қашықтығы совет кезеңінде әжептәуір қысқарған.Жер көктемеген жұт жылдары қазақтар көрші аймақтарда жайылым іздеуге тура келді. Мысалы, Сыр бойындағы малы көп бай шаруашылықтар қыс кезінде малдарын Қызылқұм құмдарына қарай айдаған. Ал, жұт қатты болған қыста Хиуа хандығы жеріне қарай айдаған қазақтар жайылым үшін 1 түйеге 10 тиын, жылқыға 5, қойға 2 тиыннан жербасар салығын төлеген.ХІХ ғасыр соңында хатқа түскен мәліметтерге қарағанда, бір ғана Сырдария облысынан 4541 түтін Торғайға, 3043 түтін Ырғызға көшкендігі айтылады. Ірі бай ауылдардың көші ары қарай Қостанай, Троицк өңіріне дейін жеткен. Сүмбіле туа жайлаудан қайтқан ауылдардың көші жолай 15 қазан шамасында Торғай уезіндегі (Тосым болысындағы) Баймұрат күзеуіне аялдаған. Күзеуде күздік (қазан асы) сою, күзем алу шаралары атқарылды. 15 қараша шамасында Қарақұмға жеткен ауылдар 15 күндей кідіріп, қошқар-текенің күйегі алынған соң қыстауға қарай беттейді.«Хозяйство казахов на рубеже ХІХ-ХХ веков. Материалы к историко-этнографическому атласу» деп аталатын еңбектің авторларының мәліметі бойынша, Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Омбы уездерінің қазақтары көшудің радиалды түрін пайдаланған. Орал, Ақтөбе, Қостанай уездері қазақтарының көшу қашықтығы 5-50 шақырымды құраса, кейбір жерлерде 250 шақырымға жетті.Солтүстік өңірдің қазақтары үшін алысқа көшудің қажеттігі болмады. Бұл өңірлерде қашықтығы ұзақ көш жолы қалыптаспады. Мысалы, Торғайдың солтүстігіндегі Обаған мен Есіл өзені аралығындағы қақ, бидайық сулары көп, Теңізкөл, Шалқар сияқты үлкен көлдері бар өңірді мекендейтін Петропавл уезінің Құсмұрын болысының қазақтары жақын қашықтыққа ғана көшіп-қонды. Олар жайлауға қалыптасқан жолдармен ғана көшті. В. Михайлов жазбасында (1893 ж.) болыстағы 1097 түтіннен тұратын алты мың жан 91 атаға бөлінген, иеліктерінде 25 мың тұяқ (мал) бар дейді. Қыстауға жақын жерде отырған ауылдар мамыр айында жайлауға шығады. Ондағы жайлауы тым алыс емес, болыс аумағының оңтүстігіндегі ауылдар үшін 35-40, ал солтүстіктегілер 100 шақырым қашықтықты құрады. Сол жерді күздеген қазақтар қар түсе салысымен тікелей қыстауға көшті. ## Таулы өңірлердегі көш жолы Семей мен Ақтөбе уезінің және Жетісу өңірінің таулы аймағына тік (вертикалды) көш түрі тән болды. Ондағы қыстаулар тау аңғарларында немесе күнгей бетіндегі ықтасын жерлерде орналасты. Көкорай шалғынды тау беткейлері аталмыш өңірдегі қазақтардың жайлауы болды. Жайлау мен қыстаудың арасындағы көш жолының қашықтығы небәрі 50-100 шақырым құрады. Айта кетер жайт – таулы өңірдегі көш жолы көп тармақты болып келеді. Жетісу қазақтары Кетпен (үйсін) жоталарында орналасқан қыстауларынан Іле Алатауының теріскей бетіндегі шалғынды баурайындағы жайлауға шатқал, сайларды қуалай отырып көшті. Өзен сағасын қыстайтын қазақтар күн жылына малына жайлы жағдай іздеп (өйткені маса, шыбын-шіркей көбейеді) ой жерден біртіндеп тауды өрлеп көшеді. С.И. Руденко Алтайдағы Бұқтырма мен Нарын өзенінің бойындағы қазақтардың дені таудың теріскей бетіндегі субальпілік зонадағы жайлауға жету үшін үш-төрт мәрте қоныс алмастырады деп жазады. 10-15 күн сайын 15-25 шақырым қашықтықты еңсеріп, көштің төртінші кезеңінде ғана (шілде айында) төржайлауға жетеді. Онда бас-аяғы 1-1,5 ай ғана жайлаған ауылдар қыркүйектің аяғында қыстауына оралады. ## Көш жолының тарылуы Орыс патшалығының Орта Азияға бағытталған бодандық саясаты салдарынан ХІХ ғасырдың 40 жылдары қазақ жерінде көптеген бекіністер мен линиялардың пайда болды. Бұл қазақ қауымының дәстүрлі көш жолының біртіндеп бұзылуына алып келді. Өйткені, қазақтың жаз маусымында тоғысатын ортақ кең жайлау алқаптары орыс келімсектері мен патша әкімшілігі қажеттілігіне алынды деген желеумен тарыла бастады. ХІХ ғасыр орта кезінен бастап жаңа әкімшілік-территориялық басқару жүйесінің орнығуына байланысты көш жолы мүлдем қысқарды. Мысалы, ХІХ ғасырдың орта кезіне дейін Сырдың төменгі ағысындағы көшпелілер Троицкге дейін көшіп барса, ХІХ ғасырдың аяғында көш Қостанай, Ақтөбе уездерінің аумағымен ғана шектелді.Қазақтың дәстүрлі тіршілікқамы жүйесіне мүлдем кереғар орыстың отаршылдық саясатының терістігін орыс шенеуніктері де мойындады. Кезінде генерал-майор А.К. Гейнс ескерткендей қазақтар үшін сол кезде көшіп-қонуды доғару тіршілік көзінен ажыраумен парапар болды. Сондықтан, «уақыт пен құқыққа негізделген көш жолдарын әкімшілік жолмен мәжбүрлеп өзгерту, далаға зорлық пен бей-берекетсіздікті әкеліп, үлкен нұқсан келтірер еді». Расында да, көш жолының тарылуымен қазақ қауымы арасында ішкі дүрдараздық, қайшылық күшейді. Үлкен құрылымдық дағдарысқа ұшыраған көшпелілердің кейбіреулері біртіндеп жартылай көшпелілік және отырықшылыққа ойысты. Нәтижесінде, қыстау қоралар салу көбейді. Шөп шабу, қысқа қамдану үрдісі біртіндеп қазақ шаруалары тұрмысына ене бастады.Дегенмен, ХХ ғасырдың бірінші ширегіне дейін дәстүрлі шаруашылық үрдісі өз маңызын жойған жоқ. Мысалы, 1926 жылғы халық санағы мәліметі бойынша, Семей губерниясы қазақтарының 83 пайызы көшіп-қонудан қол үзбеген. Олардың 5,5% -ы жүз шақырымнан алысқа көшсе, 30-100 шақырымға көшетіндер 25 %, 5-30 шақырымға көшетіндер 40 % болған. Н.Н. Мацкевичтің мәліметіне қарағанда, губернияның алты уезін қоса алғанда көшпелі шаруашылықтардың жайлауға барып-қайту қашықтығы 9 млн версть болды. Олардың арасынан Қарқаралы қазақтарының көш-қонының ұзақтығы ең ұзын болды – 776 шақырымға дейін жеткен. Совет өкіметі тұсында жаңа әкімшілік жүйесіне бөлу үрдісінде ертедегі қазақ руларының көш жолы мен көшіп-қону үрдісін ескере отырып, жаңа әкімшілік бірліктерге топтастырды. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Броневский С. Записки о киргиз-кайсаках Средней Орды. Отечественные записки. 1830. Ч.41. Кн.119. С.400-420; * Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. В 3-х частях. Часть третья. Этнографические известие. СПб.: Тип. Карла Крайя, 1832; * Бларамберг И.Ф. Земли киргиз-кайсаков Оренбургского ведомства (военно-статистическое обозрение). Т.14. Ч.3. СПб., 1848; * Загряжский Г. Очерки Перовского уезда // ТВ. 1872. №29; Сол автор. Быт кочевого населения долин Чу и Сырдарьи. ТВ. 1874. №27,28.; * Баллицкий Я. Заметки о кочевом населений в Верненском уезде. ТВ. 1873. №6; * Александров Е. Пути кочевок киргиз Малой Орды Перовского и Казалинского уездов. ТВ. 1884, №51; * Букейхан А.Н. Казахи Адаевского уезда.Казаки. Антропологические очерки. Издание особого комитета Академии наук по исследованию союзных и автономных республик. Л.: АН СССР, 1927. С.59-83; * Руденко И.С. Очерки быта казаков бассейна рек Уила и Сагыз. Казаки. Антропологические очерки С.Ф.Баронова, А.Н. Букейхана и С.И. Руденко. Л.: Издание особого комитета АН по исследованию союзных и автономных республик. АН СССР, 1927. С.7-32; * Фиельструп Ф.А. Скотоводство и кочевание в части степей Западного Казахстана. Казаки. Антропологические очерки. Издание особого комитета Академии наук по исследованию союзных и автономных республик. Л.: АН СССР, 1927. С.78-108; * Бартольд В.В. Киргизы (исторический очерк). Фрунзе, 1927; * Карта расселения Казахских орд и направления караванных путей к началу ХІХ века. В сб: Материалы по истории казахской ССР (1785-1828 гг.). ІҮ том. М., 1940; * Маргулан А.Х. Древние караванные пути через пустыню Бетпак дала. Вестник АН Казахской ССР. 19496 №1. С. 68-69; * Арғынбаев Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы: Ғылым, 1969; * Хозяйство казахов на рубеже ХІХ-ХХ веков. Материалы к историко-этнографическому атласу. Алма-Ата: Наука, 1980; Казахи. Историко-этнографическое исследование. Алматы: Казахстан, 1995; * Масанов Н.Э. Кочевая цивилизация казахов. Основы жизнедеятельности номадного общества. М.: Горизонт, 1995; * Алимбай Н., Муканов М.С., Аргынбаев Х. Традиционная культура жизнеобеспечения казахов. Очерки теории и истории. Алматы: Ғылым, 1998; * Курылев В.П. Скот, земля, община у кочевых и полукочевых казахов (вторая половина ХІХ–начало ХХ века). СПб. Петербургкомстат, 1998; * Қартаева Т.Е. Қазақтардың көші-қоны: негізгі бағыттары және ерекшеліктері. Алаш: тарихи-этнологиялық журнал. 2005, №2. 94-106 бб.; * Асқаров Ә. Алтын тамыр. Алтын тамыр. 2008, №1. 81-134 бб.
Солтүстік Қазақ жазығы – Қазақстан жерінде Орал тауларынан Алтайға дейін ені 200-250 км жіңішке алапты жазық. Ол оңтүстіктен солтүстікке қарай еңіс, яғни ылдилай береді. Оңтүстігінде Сарыарқамен шектеседі. ## Жер бедері мен геологиялық құрылымы Жазықтың оңтүстіктегі биіктігі 200 м, солтүстігінде - 100 м. Солтүстік Қазақ жазығы палеозойдың қатпарлы-жақпарлы тұғырының үстінде жатқан палеогеннің теңіз және неогеннің континенттік шөгінділерінен тұрады. Кайнозой эрасында теңіз тартылып, қазіргі жер бедері қалыптаскан. Жер беті біркелкі тегіс. Өзендері сирек. Сондықтан да көп тілімделмеген.Ондаған тұйық қазаншұңқырлар ғана ұшырасады. Олардың көбін тұзды көлдер алып жатыр. Кей жерлерде биіктігі 15 м-ге дейін көтерілетін жалдар кездеседі. ## Бөліктері Ішкі ерекшеліктеріне сәйкес Солтүстік Қазақ жазығының Қазақстандық бөлігі төрт ауданға бөлінеді: * Есілдің жазық орманды даласы * Тобыл-Обағанның жазық даласы * Есіл-Ертіс даласы * Ертіс-құлынды жазығы ### Есілдің жазық орманды даласы Есілдің жазық орманды даласы Есіл өзенінің екі жағын жағалай, Солтүстік Қазақстан облысының жерінде орналасқан. Бұл көлді жазық сазды жыныстардан түзілген, бетін континенттік, әсіресе өзен шөгінділері, палеогеннің жыныстары басқан. Жазықтықтың ең биік беті 130-140 м-ге жетеді. Онда көл көп, батпақты, тұзды қазаншұңқырлар да баршылық. Жер бетін шалғын, қара топыракты даланың өсімдіктері басқан. Ормандары негізінен қайың мен теректен тұрады. ### Тобыл-Обағанның жазық даласы Тобыл-Обағанның жазық даласы батысында Орал Сырты үстіртімен, оңтүстігінде Торғай қыратымен, шығысында Есілдің сол жақ жағалауымен, солтүстігінде орманды даламен шектеседі. Бұл да көлді жазық. Жер бетінің биіктігі оңтүстігінде 250 м. Солтүстікке карай аласарады. Жазық саздардан түзілген. Оның бетін (неогеннің және плиоцен) жыныстары жапқан. Оның аумағында Үй, Есіл, Тоғызақ, Әйет, Тобыл, Обаған өзендері ағып өтеді. Тұщы көлдер аз. Оның ең үлкені – Құсмұрын көлі. Ал тұзды көлдер көп. Жері қара топырақты, шалғынды. ### Есіл-Ертіс даласы Есіл-Ертіс даласы Есіл - қамысты орманды даласы мен Сарыарқаның, Павлодар облысының көлді жазығының ортасында жатыр. 100-120 м биіктегі беткейлер неоген саз балшықтарынан түзіліп, оның бетін палеоген дәуірінің құмдары мен балшықтары басқан. Батыс бөлігінде көл көп. Олардың көбі тұщы. Ең үлкені – Шағалалытеңіз көлі. Оған Шағалалы өзені құяды. Тұзды көлдері де бар. Көкшетаудың солтүстік жағында жазық даланың бетінде ұзындығы 24 км, ені 0,5-1 км-ге, биіктігі 15 м-ге жететін үлкен жалды-қырқа жатыр. ### Ертіс - Құлынды жазығы Ертіс - Құлынды жазығы Павлодар облысының күңгірт қара коңыр топырақты ауданын қамтиды. Ертіс өзенінің жағалауы бірнеше террасадан тұрады. Бірінші (сортаң топырақты) және екінші террас өзен деңгейінен 4 -б-дан 15-18 м-ге дейін биік келеді, жайылмасы өзеннің екі жақ бетінде 20-25 км-ге дейін созылады. Үшінші террасаның биіктігі 28-32 м, негізінен сол жақ жағалауға орналасқан. Ол қатпарлы, ұсақ шоқылы өлкемен жалғасады. Бұл беткей ұсак қиыршық, құмтасты болып келеді. Ал Ертістің оң жақ беткейі төртінші террасаны (биіктігі 40-45 м) құрайды. Ол құмайт топырақты аллювийлік жазық, желдің әрекетімен қалыптасқан. Онда қалың қарағай өседі. Ертістің сол жағасы мен аймақтың солтүстік-батыс бөлігінде көлдер мен көлтабандар бар. Олардың ең үлкені - Жалаулы, Шүрексор көлдері. Жағаның екінші, үшінші террасаларының қалыптасуы кезінде Ертіс осы көлге күйып, шығысқа қарай қайта ағып шыққан. Қазір бұл көлге Шідерті мен Өлеңті өзендері, Сілетітеңіз көліне Сілеті өзені құяды. ## Пайдалы қазбалары Солтүстік Қазақ жазығында пайдалы қазба байлықтары аз емес. Соколов-Сарыбай, Қашар кен орындарында темір рудасы өндіріледі. Рудный қаласында байыту комбинаты жұмыс істейді. Әйет, Лисаков кен орындарында никель мен көмірдің мол қоры табылған. Хромит, боксит, кобальт кендері барланған. Құрылыс материалдарының да қоры мол. ## Климаты Бұл өлкенің климаты континенттігімен көзге түседі. Орта Азияның ыстық ауасы еркін енеді. Жауын-шашынның 60%-ына жуығы (350 мм) жаз айларында жауады. Шілденің орташа температурасы 18-20°С, қаңтарда -17-19°С. Арасында -30-35°С-тық аязды күндер жиі болып тұрады. Қар қалың түседі, орташа қалыңдығы 30-50 см-ге жетеді. ## Өзендері мен көлдері Солтүстік Қазақ жазығының негізгі өзені - Ертіс, Обьтың сол саласы қытайдағы моңғол Алтайының оңтүстік-батыс беткейіндегі мұздықтардан басталады. Ертіс өзенінің Солтүстік Қазақ жазығында ағысы баяу. Омбы қаласына дейінгі 1000 км-ден астам бөлігінде Ертіске бірде-бір сала құймайды. Тобыл өзені құятын тұстан бастап Ертістің суы молайып, өзен арнасы бірнеше тармаққа бөлінеді. Омбы қаласы тұсында өзен аңғарының ені 6 - 8 км болса, Тобылдан сағасына дейін онан да кеңейіп, 20-35 км-ге жетеді. Ертістің төменгі ағысындағы басты салалары: сол жағынан - Тобыл, Есіл, Вагай, Қоңды, оң жағынан - Омь, Тарта, Демьянка келіп құяды. Есіл (Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1700 км-ден астам) - Сарыарқаның солтүстігіндегі Нияз тауынан басталып, Ертіске құяды. Суы шаруашылыққа пайдаланылады. Қыста қатады. Көктемде қатты тасиды. Арнасынан шығып, жағалауында кең жайылымдар жасайды. Жағасында бас қаламыз Астана орналасқан. Тобыл (Қазақстан жеріндегі ұзындығы - 800 км) оңтүстік Орал тауларынан басталып, Қазақстан жерін басып өтіп, Ертіске Ресей жерінде құяды. Суын шаруашылыққа пайдаланады. Шағын өзендерден Үй, Тоғызақ, Әйет, Обаған, Шағалалы, Сілеті , Өлеңті, Шідерті және т.б. жатады. Олардың көпшілігі қар суымен коректенеді де, жазда құрғап калады. Көктемде тасиды. Кейбірі Ертіске және оның салаларына құяды.Бұл өлкеде Құсмұрын, Шағалалытеңіз, Сілетітеңіз, Қызылқақ, Теке және т.б. ұсақ көлдер көп. Олардың сулары ащы келеді. ## Топырағы, өсімдіктері Солтүстік Қазақ жазығы орманды дала мен дала зоналарына кіреді. Топырақ жамылғысы оңтүстік кара топырақ пен лесс тәріздес саздың үстіне түзілген күңгірт қызыл-қоңыртопырақтан, бозды, бетегелі шөптесін өсімдіктерден тұрады. Қарабас пен қылтықсыз арпабас, ашық жасыл шатыр гүлді сәбізшөп жәнө басқа гүлдер өседі. Өзен аңғарларындағы аллювийлі cop мен сортаң топырақта cop шөп, ылғалды шөптесін аралас қалың қамыс кездеседі. Орманды жерлер Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында таралған. Онда ауданы кішілеу, далалық орман типі басым. Қайың мен көктерек шоқ-шоқ боп өсіп тұрады. ## Жануарлары Жануарлар дүниесі де орман мен дала зонасын мекендейтін жануарлар түрлеріне ұқсас. Бұлан, елік, қоян, қарсақ, дала күзені, қасқыр, түлкі мекендейді, кемірушілерден сұр тышқан, дала алақоржыны, аламан, сарышұнақ сияқты түрлер тараған. Тундра жануарларының түрлері (тундра ақ кекілігі, өгіз шағала) кездеседі. Өткен ғасырларда Ертіс, Есіл өзендері аңғарын құндыз жайлаған, Солтүстік Қазақстан мен Қостанай ормандарында таяу араға дейін аю болған. Қазір олар жоқ, ауып кеткен. Соңғы жылдары бұландар мен Сібір еліктері де көзге сирек түседі. Өзендер мен көлдерде Солтүстік Америкадан әкелінген ондатр жерсіндірілген. Өлке сулы, нулы болғандықтан, құстар көп мекендейді. Су айдындарында аққу, қаз, үйрек, шағала ұшып-қонады. Далада тырна, дуадақ, бүркіт кездеседі. Орманды далаларда кәдімгі сарыторғай, қараторғай, шұбар шымшық сияқты еуропалық түрлер мен ақ құр, сұр құр, ақ тұмсық қарға, тоқылдақ, сұңқар, күйкентай және т.б. құстар ұя салады. Орман шетінде, далаларда бөдене, бұлдырық, безгелдек, шәукілдек ұшады. Қысқа қарай сұр және ақ кекіліктер келеді. ## Ұлттық саябақтары мен қорықтары Табиғаты әсем, аң-жануарларға бай өлкенің табиғи ландшафтысын сақтау мақсатында түрлі қорықтар мен ұлттық саябақтар ұйымдастырылған. Солардың бірі - Наурызым қорығы. Бұл қорық 1959 жылы ұйымдастырылған. Қостанай облысының Наурызым ауданы жерінде. Сонымен қатар Бурабай, Көкшетау ұлттық табиғи саябақтары, қорықшалар және бірнеше табиғат ескерткіштері орналасқан. ## Шаруашылыққа игерілуі және ылғал тапшылығы Солтүстік Қазақ жазығы республиканың егіншілік дамыған аймақтарына жатады. Оның бірқатар жері тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінде игерілген. Бірақ даланың сусыз өлкесі үнемі мол өнім бере бермейді. Орманды даладан басқа жерінде ылғал аз. Жылдық ылғалдың тапшылығы, топырақтың желдің әсерімен құрғауы, шаңды борандар жел эрозиясын туғызуда. Бұл - ауданның жер байлығын сақтау үшін белгілі шаралар қолданудың қажеттігін меңзейді. ## Дереккөздер
Ақжайық келесі ұғымдарды білдіреді: ## Топонимика * Ақжайық ауданы * Ақжайық (Атырау қалалық әкімдігі) * Ақжайық (Махамбет ауданы) * Ақжайық (Батыс Қазақстан облысы) ## Футбол клубы * Ақжайық ФК ## Басқа мағыналар * Ақжайық көшесі (Алматы) * Ақжайық шипажайы ## Тағы қараңыз * Ақ Жайық
Қоламта- оттың шоғы, суымаған күл. Қоламтаға қайнатылған шәй ең дәмді шәй болып есептелінеді. Өйткені, ыдыстағы шәй қоламтаның шоғын өз бойына сіңіріп, ерекше хош иіс береді. Дала қазақтары бұрынырақ, тұрмыс қиындығы кезінде шәйді осы қоламтаға қайнатып ішкен. Таңертең бірден жағуға қоздап тұрсын деп,жатарда жер ошақтағы шоққа жас жапа жауып, күлмен көміп қоятын болған. Қазақтар қоламтаға көміп, таба нан да пісірген. Бір-бірін жабатын екі табаның ішіне піскен таба нан ерекше дәмділігімен белгілі. ## Дереккөздер
Көшпелілердің дәстүрлі әскери өнері – сақ, ғұн, түркі, түркі-моңғол, қазақ, т.б. халықтардың ежелден келе жатқан әскери тәсілдерінің жиынтығы. Көшпелілер қоғамындағы мифтік түсінік бойынша, хан әлем кіндігі саналып, оған бағынған ру-тайпалар оң қанат пен сол қанатқа бөлінген. Мысалы, Түрік қағандығының әскері оң қанат (телес) пен сол қанатты (тардуш), оғыздарда бұзықтар оң қанатты, үш оқтар сол қанатты құраған. Шыңғыс хан әскерлері де жоңғарлар (сол қанат) мен барұңғарлардан (оң қанат) тұрған. Қ.Жалаири еңбегінде Ресей ішіндегі Қасым хандығында да рулар осылай екі топқа бөлінгендігі айтылады. Егер мемлекеттің осы екі бөлігі жеке мемлекетке бөлініп кетсе, жаңа мемлекет өз ішінде екі қанатқа бөлінген. Айталық, Шыңғыс хан империясынан бөлініп шыққан Жошы ұлысында (Алтын Орда) халықтың оң және сол қанаттарға бөлінуі сақталып қалды. Әр қанатқа кіретін рулар әрқайсысы мың немесе түмен (он мың) әскер шығаруға міндетті болды да, ол әскерлер оң немесе сол қанат әскерлері деп аталды. Екі қанаттың әскерлерінен таңдаулы жауынгерлер іріктелініп алынып, хан жасағы құралды. Ол (кешіктер, хебтегулдер, т.б.), негізінен, әскербасылардың балаларынан тұрып, мәртебесі басқа әскерлерден жоғары болады (қ. Кешік). Әскерлер үш негізгі жікке: соғысатын әскерге, басқару қызметіне (хан, кеңесшілер, дін қызметкерлері, сот, т.б.), шаруашылықпен айналысатын бөлікке жіктелді. Әскери бөлікте – жауынгерлер, батырлар, сардарлар, басқару қызметінде – абыздар, білімпаздар, шаруашылық бөлігінде – малшылар, қолөнершілер, саудагерлер қызмет атқарды. Ұрыс алдында сап түзеуді қазақтар шеп құру деп атаған. Шеп құрғанда әскер оң және сол қанатқа бөлінген. Олардың алдында жаудың бағытын барлайтын қарауыл топ жүріп отырды. Әскердің арт жағында орналасқан ханды хан жасағы қорғады. Хан жасағын тосқауылшы бөлік деп атады. Ең артта әскердің қосалқы аттары, құрал-жабдықтар тиелген арбалар, малшы, қызметшілер, яғни әскердің шаруашылық бөлігі немесе салықшы тобы еріп жүрген. Көшпелілер әскерінің сандық құрылымы ондық жүйеге негізделген. Әскердің ең төм. бөлігі ондық, олардан жүздік, мыңдық, түмен (он мың әскер) құралған. Он түмен әскерді “ту” (лек) деп атаған. Әскердің ондық жүйесі түркі халықтарында ежелгі заманнан 19 ғасырға дейін сақталып келді. Мыңбасылар мен түменбасылар түркіше бек, моңғолша – ноян, арабша – әмір деп аталып, әкімш. билікке де (уәлаят, ұлыс басшылары) тағайындалған. Олардың ішінен бас қолбасшы бекітіліп, оған беглер бегі (араб. әмір әл-умара) лауазымы берілген. Әдетте, әскери-әкімш. билікті қатар ұстаған адамдардың саны 12 адам болған. Мыс., Шыңғыс хан, Құбылай хан және Әмір Темір тұсында 12 жоғары дәрежелі ноян басқарған. Дәрежелеріне қарай онбасы, жүзбасыларына байрақ, ал, мыңбасы мен түменбасыларына ту беріліп, әскер саны байрақпен, тумен есептелетін болған. Байраққа аттың құйрығы мен түсті мата бау жекелей не қосарланып тағылған. Белгінің қосарлануы дәреженің өскендігін білдірген. 17 – 18 ғасырларда дәреже белгілері киім арқылы көрсетіліп, байрақтар қолданыстан шығып қалды; қ. Жыға. Көшпелілер ерте заманнан бастап әскерлерін қолданатын қару түріне қарай бөлген. Әр қару түрінен тұтас мыңдық, түмендер құралған. Көшпелілердің соғыс тактикасында алыстан атысу ерекше рөл атқарғандықтан әскердің маңызды бөлігі садақшылар саналған. Садақшылардың ішіндегі ең мергендерінен “мергендер тобы” құрылған. Оларға жаудың қолбасыларын, басты батырларын жою жүктелді. Көшпелі халықтардың әскері тек қару түріне ғана емес, жарақ түріне қарай да бөлінеді. Мыс., өзі де аты да сауыт киіп, бес қаруын асынған ауыр атты әскер көшпелілерде өте ерте заманнан (сарматтарда, массагеттерде) белгілі. Көне түркілердің осындай әскерлерін қытайлар жылнамаларында “фула” (бөрілер) деп атаған. Оған қоса біркелкі кіреуке немесе берен сауыт киген, жеңіл жарақтанған әскерлер де болған. Көшпелі халықтар әскер бөліктерін мінген аттарының түсімен де айырған. Мыс., Шыңғыс ханның кешіктері кілең қара түсті арғымақтар мінген, ал Ақсақ Темірдің жеке гвардиясы да біркелкі атқа мініп, сауыттарына жолбарыс терілерін жапқан. Әскердің сырт киімінің (шапан) түсі де айыру белгісі болып, жауынгерлер біркелкі киім киген. Өмірі ат үстінде өтетіндіктен көшпелілердің басты күші – атты әскер. Бірақ жауынгерлер ат үстінде ғана емес, жаяу соғысу әдістеріне де машықтандырылған. Елді жау шапқан кезде тұрақты кәсіби әскерлермен бірге халық жасақтары да құрылған. Жорыққа шыққан кезде ұрысты алдын ала болжайтын көріпкелдер, жауырыншылар, құмалақшылар ұстаған. Шеру кезінде әскердің жауынгерлік рухын көтеру үшін керней, сырнай, дабыл, дауылпаз, шыңдауыл ойнайтын музыканттар тобы да болған. Шайқас басталарда олар бас қолбасшының маңында, ал шеру кезінде қосынның алдында жүрген. Көшпелілердің шекара қорғайтын, қала күзететін, елшілік, жаушылық қызметтерді атқаратын тұрақты әскері болған. Оларға бөлінетін азық “улафа”, ал аттарына берілетін жем “алафа” деп аталған. Жауынгерлердің ақшалай жалақысы “нафак” делінген. Кейіннен қазақтар “алафаны” – алапа, “нафаканы” нәпақа атап кеткен. Нәпақаның алғашқы мағынасы өзгеріп, күнделікті қаржы, күнкөріс мағынасында қолданыла бастаған. Майдан алдында атақты жауынгерлердің жекпе-жегін өткізу ерте замандағы барлық халықтардың әскери күштеріне ортақ дәстүр. Батырлар жекпе-жегін өткізу қазақтарда 19 ғасырға дейін сақталып келді. Жекпе-жекке шығу батырлардың жауынгерлік борышы еді. Жеңген батыр қарсыласының атын, қару-жарағын олжалаған. Батыры өлген жақ оның денесін жауға бермеуге тырысып, “сүйекке шапқан”, яғни батырдың денесін бермей алып қалу ерлікке саналған. Жорыққа шыққанда көшпелілер әскерді бірнеше топқа бөліп, алдын ала белгіленген жерде тосыннан жиналған. Бұл көп әскердің қалай, қайдан келгенін байқатпай, жау жағын қапыда қалдыру айласы еді. 1838 жылы Кенесары Ақмола бекінісін аларда осы әдісті қолданған. Айқас кезінде жау жағы басым бола бастаса – көшпелілер әскері, жан-жаққа шашыла шегініп, белгіленген жерде жиналып, кенеттен шабуылды қайта бастаған. Тактик. мақсатқа қарай әскер санын көп етіп көрсету үшін аттарға киіндірілген қуыршақтар да отырғызылған. Ашық далада жау әскерімен кездескенде соғысты, әдетте, жеңіл қаруланған садақшылар бастаған. Алыстан атыс жүргізу арқылы олар дұшпан жауынгерлерін, аттарын шығынға ұшыратуға, шебін бұзуға, сөйтіп қоян-қолтық айқасты жеңілдетуге тырысқан. Мұндай әдісті моңғолдар “тулучма”, қазақтар “толғама” деп атаған. Осыдан кейін айқасқа шайқастың тағдырын шешетін ауыр қарулылар, қылышкерлер, айбалташылар, шоқпаршылар бірнеше қосынға бөлініп кезек-кезегімен кіргізілген. Шегінуді олар жаудың әскер шебін бұзып, қозғалтуға мәжбүр ету үшін, немесе жауды бекінген қамалынан шығару үшін, соңынан ілестіріп, жасырын тұрған негізгі күштің үстінен түсіру немесе қайта шабуылға шығу мақсатында қатарын жинап алу үшін қолданған. Соғыс кезінде барлау жұмыстарына көп көңіл бөлінген. Жолдарға күзетші қойылып, алдын ала шолғыншылар жіберілген. Төбелердің үстіне орналасқан қарауылдар жау жақындағанда “ұран-оттар” жағып хабар беріп отырған. Көшпелілердің садақ ату шеберлігі отырықшы халықтарды қатты таңдандырған. Гректер, парсылар өз балаларын садақ атуға үйрету үшін сақтарға жіберіп отырған. Қытай тарихшылары: “Ғұндардың ойынға жараған баласы садақпен ұсақ аң, құс атып жаттығады”, – деп жазады. Араб тарихшылары: “Түркілер садақты атпен шауып келе жатып алға да, артқа да, оңға да, солға да, жоғары да, төмен де ата береді. Араб-харидтер бір оқты садағына салғанша, олар он оқты атып үлгереді. Түркінің 4 көзі бар – екеуі алдында, екеуі артында”, – деген мағлұмат береді. Қазақ батырлары да “оғын жүзіктің көзінен өткізетін”, “құралайды көзге атқан” садақкерлер болған. Найза қолданудың да көптеген түрлері, тәсілдері бар. “Шаншу” – жоғарыдан төмен найза салу, “түйреу” – найзаны алға қарай сұғу, “Найза тіреу” – қолды қозғалтпай аттың күшін пайдалану. Еуропа рыцарлары өз турнирлерінде, қазақ батырлары жекпе-жекте мұндай тәсілдерді жиі қолданған. Ал жалпылама шайқастарда Олжабай батыр, Наурызбай батыр (Кенесарының інісі), т.б. қарсыласының денесіне найза тигізбей, киімінен іліп алып аттан түсіру тәсілін жиі қолданған. Қылыш, семсер қолданудың “бауырын жаза шабу”, “қиялай тарту”, т.б. түрлері бар. Салмағы ауыр шоқпар, гүрзілермен айқасу үлкен күш, әдіс-айла керек еткен. Ауыр болғандықтан шоқпарды көбіне айналдырып, үйіріп ұрған. Өйткені, шоқпарды жоғарыдан төмен сілтегеннен кейін, қайта көтеру қиын болатын. Айбалта 18 ғасырдан бастап қолданыстан шықты. Ерте заманда көшпелілер тосын жау шабуылынан қорғану үшін арбаларды бір-біріне тіркеп, дөңгелете бекініс жасаған (қ. Күрен). Жаугершілік уақытта қазақ ауылдары да осылай “алқақотан отырған” Соғыс кезінде көшпелілердің әскери лагерлері осы әдіспен құрылып, кейде сыртынан топырақ үйіліп, бекініс жасалған. Шабуыл кезінде көшпелілер арбалардан жылжымалы бекініс жасап, жауға тойтарыс берген. Қорғанудың тағы бір түрі табиғи бекіністерді (тау қойнаулары, үңгірлер, шатқалдар, т.б.) пайдалану. 1643 жылы Андасай бойында жоңғар әскеріне қарсы Жәңгір хан осы әдісті қолданған. Бұдан басқа тастан, балшықтан тұрақты соғылған, сыртынан ор қазылып, су жіберілген бекініс, қамалдар да болған. Көшпелілердің соғыс тәжірбиесінде қамал алудың көптеген әдіс-тәсілдері бар. Соның бірі қамалға өрт қою. Ол үшін жебелердің ұшына майлы шүберек байлап, оны тұтатып атқан. Ақмола бекінісін алу кезінде Кенесары сарбаздары осындай отты жебелерді пайдаланған. Тас қамалды алу үшін жер астынан үңгір жол қазу да көшпелілерде жиі қолданылған. Қамал шетіндегі орларға топырақ салынған қаптар тастап, ішке кіретін жол салған, қамал қабырғаларына шығу үшін арқан сатылар жасалған. Ашық майданда шайқасудан гөрі қамал бұзу күрделі болғандықтан, қамал алу және оған алғашқы болып кіру батырлар үшін аса мәртебе, құрметті дәреже саналған. Шаған бойындағы шайқаста жау қамалын бұзғаны үшін Қабанбай батыр “Дарабоз” атанған, ал Көкалажар қамалын алғаны үшін Иман батырды Кенесары “Аяке” деп атаған. Көшпелілердің дәстүрлі әскери өнері өте күрделі өнер. Оны дамытуға көшпелі халықтардың бәрі де үлес қосты. Соның ішінде қазақ халқын құраған ру-тайпалар осы өнерді жетік меңгерген. ## Дереккөздер
## Қазақстанның топырақ жамылғысы Топырақ — табиғат компоненттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ. Палеогеографиялық зерттеулердің деректері бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болыпты. Бұл кезде әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған.Топырақ жамылғысын зерттейтін топырақтану ғылымы - жас ғылым. Оның негізін салған XIX ғасырдың 80-жылдары орыс ғалымы В. В. Докучаев - топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады. ### Топырақ жамылғысын құрайтын факторлар Топырақтың пайда болуының, дамуының өзінше заңдылықтары бар. Топырақ - су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалардың әсерінен, тау жыныстарының үгілуі нәтижесінде жер қыртысының беткі қабатында пайда болған ерекше табиғи құрылым. Міне, осы факторлардың көп жылдық үздіксіз әсерінің нәтижесінде құнарлы топырақ қабаты пайда болады. Абиогендік фактор Табиғатта топырақ жамылғысының түзілуі - өте ұзаққа созылатын құбылыс. Ұзақ геологиялық мерзімде таулар үгітіліп, мүжіліп, шыңдар аласарады. Құм мен саздар суға шайылып, желдің күшімен ауаға ұшады, шаңданады. Бұл процестер ғасырлар бойы жалғасады. Жаңбыр, жел қатты болса, жер беті өзгеріп тұрады. Топырақтың ең негізгі қасиеті табиғи құнарлылығы, яғни құрамында өсімдіктің тез әрі жақсы өсуіне жағдай жасайтын қоректік заттардың мол болуы. Сөйтіп, аналық тау жыныстарынан кейін топырақ түзуші жетекші фактор ағзалардың тіршілік әрекеті. Олар тасты бұзатын қышқылдар шығарады. Қышқылдар тау жыныстарын ерітуінен, одан шірінді (гуммус) пайда болған. Шірінді үгілген майда жыныстармен араласып кіріккен. Осылайша топырақ қалыптаса бастаған. Жануарлар дүниесі Жануарлар дүниесі өздерінің тіршілік әрекетінің нәтижесінде топырақты байытады, өлгендері шірінді мөлшерін көбейте түседі. Шұбалшындар топырақ пен органикалық қалдықтарды асқазан шырынымен шылап өзгертіп, өңдеп шығарады. Климат Топырақ жамылғысын түзуде климаттың да зор маңызы бар. Бұл процеске қатысатын өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың тіршілігі климатқа байланысты. Аязды кезеңде топырақтың түзілуі тоқтайды, ал қуаңшылық кезеңде баяулайды. Климат табиғаттың басқа компоненттері сияқты, топырақтың ендік зоналық, биіктік белдеулілік заңдылықтары бойынша таралуына әсерін тигізеді. Жер бедері Жер бедерінің топырақ түзудегі рөлі жергілікті жердің жер бедеріне байланысты. Олардың аналық жыныстарда әр түрлі, ылғалдың топыраққа сіңуі де әр түрлі. Солтүстік беткейден оңтүстік беткейге түсетін жылу мен ылғал да әр түрлі болады. Антропогендік фактор Адам баласының топырақтың түзілуіне тигізетін әсері әр түрлі. Бір жағынан топырақты тыңайтқыштар пайдаланып құнарлылығын арттырса, жерді суарып, батпақтарды құрғатып жатса, екінші жағынан тыңайтылған жерлерді үсті-үстіне пайдаланып, жел эрозиясына ұшыратуда. Адамдардың қызмет әрекеті әрдайым топырақтың құнарлылығын арттыра бермейді. ### Топырақ жамылғысын механикалық құнарлылығына қарай ажырату Топырақтың механикалық құрамы ірілі және ұсақ минерал бөлшектерінің жиынтығы. Топырақтың механикалық құрамы әр түрлі болады. Оны анықтау қиын емес. Топырақты дымқылдап алып, илегенде құрамында саз бен шірінді бар топырақтар біріккіш келеді. Ал құрамы құмды, құмдауытты, саздауыт болса, онда топырақтың бірігуі нашар болады.Топырақтың қасиетіне қарай оның құрылымы да әр түрлі болады. Шірінді өсімдіктің қоректенуі үшін ғана керек емес. Ол топырақ құрылымының түзілуіне белсенді түрде катысады. Топырақтың құнарлылығы оның құрылымына байланысты. Шірінді мен кальцийге бай қара топырақ құрылымы ең жақсы топырақ болып саналады. Топырақ түйіршіктерінің көлемі 10 мм-ге дейін болса, кеуек топыраққа ауа, су оңай өтіп, өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай туады. Құрылымы кесек топырақтарды құрылымды топырақ деп атайды. Құрылымды топырақ құнарлы келеді. Түйіршіктері ұсақ топырақты құрылымы жоқ топырақ деп атайды. Ол онша құнарлы болмайды. Топырақ құрылымы нашар жерлерде қар суы сіңбей, сай-салаға ағып кетеді. Құрылымды топырақтар тыныс алады. Күндіз топырақ қызады, ауаның көлемі ұлғайып, тысқа шығады, түнде керісінше ауа топыраққа өтеді. ## Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері Қазақстанда өзге елдерде кездесетiн топырақ түрлерiнiң түгелдей дерлiгi тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек ылғалды субтропик белдемiне тән топырақ қана жоқ. ### Топырақ жамылғысының түрлері Қазақстанның топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі. Топырақ жамылғысының зоналар бойынша таралғаны айқын байқалады. Қазақстанның жазық бөлігі аумағының 86%-ын алып жатыр. Негізінен үш топырақ зоналарына бөлінеді: қара топырақты зона (52° с.е. солтүстігінде); қара қоңыр топырақты зона (52°-48° с.е. аралығында); қоңыр, сұр қоңыр топырақты зона (48° с.е. оңтүстігінде). Қара топырақты зона Қара топырақты зона республиканың солтүстігінде тараған. Бұл зона Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, Қостанай облысының көп жерін, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік бөліктерін камтиды. Республика аумағының 25,5 млн гектар жерін (9,5%-ын) алып жатыр. Қара топырақты зона үш зона аралығына бөлінеді: сілтісізденген қара топырақ - орманды дала табиғат зонасының оңтүстігінде аз ғана бөлігін алып жатыр; кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктегі қуаң даланың қара топырағы - дала зонасына тән. Құнарлылығы жағынан алдыңғы екі өңірдің топырақ құрамында гумусы (қара шіріндісі) мол (6-8%) қара топырақ орын алса, оңтүстігінде қара топырақтың қара шіріндісі аздау (4-6%) келеді. Қара топырақты зона ылғалмен қамтамасыз етілген жазық далада тараған, республиканың негізгі астық өндіретін алқабы саналады. Қара қоңыр топырақ зонасы Қара қоңыр топырақ зонасы қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан. Бұл Орталық Қазақстанның көп жерін, Каспий маңы ойпатының солтүстігін, Шығыс Қазақстан облысының жазықтарын алып жатыр. Бұл – республиканың оңтүстік дала (тым құрғақ далалы) және шөлейтті алқаптарын 90,6 млн гектар немесе республика жерінің 34%-ын алып жатқан зона.Қара қоңыр топырақ зонасы да үш зона аралығына бөлінеді: қуаң даланың күңгірт қара қоңыр топырақты өңірі; қуаң даланың жай қара қоңыр топырақты өңірі; шөлейт жердің ашық қара қоңыр топырақты өңірі.Топырақтың құнарлылығы оңтүстікке барған сайын кеми түседі. Күңгірт қара қоңыр топырақ пен кәдімгі қызыл қоңыр топырақтың гумусы (қара шіріндісі) 4,5-3,0%, ал шөлейт ашық қызыл топырағының гумусы азырақ, 3,0- 2,0%. Бұл топырақ зонасының солтүстігінде астық өндіру мен мал шаруашылығымен айналысады. Өйткені мұнда ылғал аз түседі. Қара қоңыр топырақты зона Қара қоңыр топырақты зонаның оңтүстігінде шөлді аймақ топырақтары алып жатыр. Мұнда негізінен қоңыр және сұр қоңыр топырақ жамылғысы басым келеді. Топырақтың Бұл типі 120 млн гектар жерді, республика жерінің 44%-ын алып жатыр. Қазақстанның оңтүстік бөлігін түгел камтыған. Бұл топырақтың гумусы аз (2,0-1,0%), сондықтан онда негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Бұл өңірде суармалы егіс қана тиімді. Солтүстік Қазақстандағы Батыс Сiбiр ойпатынан оңтүстіктегi Алатау өңiрлерiне дейiнгi аралық 1500 — 1600 км, Батыстағы Атырау(қолжетпейтін сілтеме) алқабынан Алтай тауларына дейiнгi 3000 км-ге жуық өңiрлердi әр түрлi топырақтар жамылғысы басқан. Бұл топырақ жамылғысының әр аймақтарда түзiлiп, орналасуы географиялық белдемдiлiк заңына байланысты. Мысалы, Қазақстанның 86% жерiн алып жатқан жазық алқаптарында климаттың, топырақтың солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеруi көлденең белдемдiк заңына сәйкес өзгерсе, Қазақстанның 14% жерiн алып жатқан оңтүстік, оңтүстік-шығыс таулы алқаптарында — тiк белдемдiк (биiктiк белдеулiк) заңына сәйкес болады. ### Жазық алқап топырағы Ауданы 235 млн. га. Қазақстанның жазық аймақтарында солтүстіктен оңтүстікке қарай мынадай топырақ белдемдерi кездеседi: * Республиканың қиыр солтүстігін орманды дала белдемi алып жатыр. Негiзiнен бұл жерлер Батыс Сiбiр ойпатында орналасқандықтан жер бетi жазық, ойпатты, сондықтан орманның шайылған сұр топырағы мен шайылған сiлтiсiзденген қара топырағы тән. Бұл аймақтың топырақтары құнарлы, негiзiнен жаздық бидай егiледi. Қалған жерлерiн орман, шабындық пен жайылымдар алып жатыр. Ауданы 400 мың га; * Осы белдемнен оңтүстікке қарай даланың қара топырақты белдемi (Жалпы Сырттан Ертiс өңiрi жазықтығына дейiн 2000 км-ге созылған) жалғасып жатыр. Аумағы 25,7 млн. га, оның 15 млн. га-ды жыртылған жерлер, негiзiнен астық дақылдары егiледi. Қара топырақты белдем солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 белдем аралығына бөлiнедi: кәдiмгi қара топырақты белдем аралығы Батыс Сiбiр ойпатының оңтүстігін Сарыарқа өңiрiнiң және Жайық биiк шығыс жазығының солтүстік бөлiктерiн қамтып (енi 100 — 140 км-дей), батыстан шығысқа созылып жатыр. Аумағы 11,8 млн. га. Жер бетi жазық, топырағы құнарлы, негiзiнен астық дақылдары егiлiп, еттi-сүттi мал өсiрiледi; оңтүстiктiк қара топырақты белдем аралығы — кәдiмгi қара топырақты белдем аралығының оңтүстігін бойлап батыстан шығысқа созылып жатыр, енi 50 — 125 км-дей, аумағы 13,9 млн. га. Жер бетi жазық, топырағы құнарлы. Бұл негiзiнен ылғалы жеткiлiктi, дәндi дақылдар егуге қолайлы жерлер. Құрғақшылық әрбiр 7 — 9 жылда бiр-екi рет қайталанады. * Республиканың оңтүстік бөлiгiндегi шөлдi белдемге дейiнгi орталық аймақты құрғақ-далалы және шөлдi-далалы қара-қоңыр топырақты белдем алып жатыр. Аумағы 90,5 млн. га, яғни республика жерiнiң 33,2%-ы. Мұнда солтүстіктен оңтүсттікке қарай 3 белдем аралығына бөлiнедi: күңгiрт қара-қоңыр топырақты белдем аралығы — қоңыржай қуаң дала, мұнда жыл сайын егiннен тұрақты өнiм алынбайды. Топырақтағы қара шiрiк мөлшері 3 — 4%-дай. Аумағы 27,7 млн. га. Топырақ құнары жап-жақсы болғанымен құрғақшылық әрбiр 3 — 4 жылда бiр қайталанып болып тұрады. Соңғы 10 жылда бұл белдем аралығындағы жыртылған жер көлемi оларды пайдаланудың тиiмсiздiгiнен, бұрынғы 10 млн. га-дан 3 — 4 млн. га-ға азайтылған; жай қара-қоңыр топырақ орын алған алқаптың аумағы 24,4 млн. га. Топырақтың беткi қабатындағы қарашiрiк мөлш. 2 — 3%. Құрғақшылық кейде жыл сайын, кейде 2 жылда бiр рет қайталанады, сондықтан суарылмайтын егiншiлiкпен айналысу тиiмсiз, ал суару үшiн тұрақты су көздерi жоқ. Тың игеру кезiндегi асыра сiлтеушiлiкпен бұл белдем аралығында астық үшiн игерiлген 4 — 5 млн. га жерге соңғы 10 — 12 жылда егiс егiлмейтiн болды, тек аз ғана малазықтық жем-шөп егiлетiн жерлер қалдырылды. Мұнда соңғы жылдары тек мал өсiрiледi; ашық қара-қоңыр топырақты белдем аралығы — өте қуаң шөл (шөлейт) дала, негiзiнен мал шарушылығына жарамды. Аумағы 38,4 млн. га. * Шөл дала белдемiнiң аумағы 119,4 млн. га, немесе республика аумағының 44%-ы. Мұнда 2 белдем аралығы бар. Қоңыр топырақты белдем аралығы — шөлдi аймақ, оның жусаны мол, жайылымы жұтаң жерлер. Аумағы 57,4 млн. га. Жылдық жауын-шашын мөлшері 120 — 150 мм. Топырақтың беткi қабатындағы қарашiрiк мөлшері 1 — 1,5%.Сұр қоңыр топырақты белдем аралығы шөлді аймақ, жусан мен эфемерлі өсімдіктер басым. Аумағы 61,8 млн. га. Жылына түсетін жауын-шашын мөлшері 80 – 130 мм. Топырақта қарашірік мөлшері 1%-дай. Алқапта құмды, тақыр, сор жерлер жиі кездеседі. Бұл жерлерде мал шаруашылығы дамыған, егіншілік суармалы жерлерде ғана шоғырланған. ### Биік таулы аймақтың топырағы Биік таулы аймақтың топырағы республиканың оңтүстік-шығысын алып жатыр. Аумағы 37 млн. га, республика жерінің 14%-ын құрайды. Қазақстанда топырағы мен климаты жағынан ерекшеленетін 4 биіктік белдеу бар: * Тау етегіндегі шөлді-далалы белдеу теңіз деңгейінен 450 – 750 м (кейбір аймақтарда 300 – 1000 м) биіктікте орналасқан. Тянь-Шань тау етектерінде негізінен сұр, Батыс Тянь-Шань тау етегінде сұр-қоңыр, Солтүстік Тянь-Шань мен Алтай таулары етектерінде ашық қара-қоңыр топырақ таралған. Бұл жерлерде суармалы және тәлімі егіншілік және мал шаруашылығы дамыған. * Аласа таулы дала белдеуі – әр түрлі таулы аймақта 600 – 2200 м биіктікте орналасқан алқап. Алтай мен Солтүстік Тянь-Шаньда таудың күңгірт қара-қоңыр және қара топырағы таралған. Ал Батыс Тянь-Шаньда (Оңтүстік Қазақстанда) сұр қоңыр және таудың қоңыр топырағы басым. Қарашірік мөлшері 10 – 15%-дай. Жайылымы – шүйгін, ағашы қалың алқап, мал шаруашылығы жақсы дамыған. * Орташа таулы орманды-далалы және шалғынды-орманды белдеулері әр түрлі таулы аймақтарды 1000 – 2500 м-ге дейінгі деңгейді қамтиды. Негізінен таудың шайылған, сілтісіз қара топырақтары мен орманның сұр топырақтары және таулы-шалғынды топырақ тараған. Батыс Тянь-Шаньда таудың қоңыр, Алтайда күлгін топырақтар түзілген. Жайылымы – шүйгін, орман шарушылығы жақсы дамыған. * Биік таулы альпілік, субальпілік шалғынды және қарлы-мұзды белдеулері Батыс Тянь-Шань мен Алтай аралығындағы биік таулы аумақтардың 1800 – 3800 м кейде одан да биік деңгейлерді алып жатыр. Топырағы альпілік, субальпілік, шалғынды-шымды. Көпшілік жері топырақсыз тасты шыңдар мен мәңгі мұз, қар басқан шыңдардың үлесіне тиеді. Шалғынды жерлері – жазғы жайлау ретінде пайдаланылады. ## Топырақ эрозиясы және топырақ жамылғысын қорғау Топырақтың құнарлылығын кемітетін табиғаттың бір апаты - топырақ эрозиясы. Топырақтың құрылу процесінің ұзақ екендігін түзуші аналық тау жынысынан құнарлы 18 см топырақ қабаты пайда болу үшін өте қолайлы табиғи жағдайдың өзінде 1400 жылдан 7000 жылға дейін уақыт керек екенін айтса жеткілікті. Ал бұл қабатты желдің ұшырып әкетуі оп-оңай.Топырақ эрозиясының екі түрі бар: жел эрозиясы және су эрозиясы. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының Топырақтану институтының зерттеулері нәтижесінде республикада эрозияға бейім жер 70 млн гектардан астам немесе республика аумағының 26%-ы. Оның 52 млн гектары жел эрозиясына бейім, 17 млн-нан астамы су эрозиясына бейім. ### Жел эрозиясы Жел эрозиясының басым болуы, біріншіден, Қазақстан жерінің көп бөлігінің жазық және ашық болуы; екіншіден, күшті желдің жиі соғуы; үшіншіден, топырақтың құрылымы бос немесе механикалық құрамы жеңіл (құмды, құмдауытты) топырақтардың молдығы. Сондықтан мұндай әсерлерді игеру өте жауаптылықты қажет етеді. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игерген кезде эрозияға бейім жерлер жыртылып, бекерге эрозияға ұшырады. Мысалы, Павлодар облысында (1955-1958 ж.) күңгірт қара қоңыр, қоңыр топырақты аймақ жыртылып, 805 мың гектар жер эрозияға ұшырап, егіске жарамай істен шығып қалды. Қостанай облысының Әулиекөл ауданының көп жері осындай жағдайға ұшырады. ### Су эрозиясы Аққан судың топырақтың беткі қабатын шайып кетуін, жыра мен сай-саланың, жар мен орлардың пайда болуын топырақтың су эрозиясы деп атайды. Нөсер жаңбырдан немесе мөлшерден артық суарған топырақтың беткі қабаты шайылады. Басында ұсақ жыралар пайда болып, олар суарған сайын ойылып, тереңдеп, сайға айналады. Жалпы топырақтың су, жел эрозиясы - адамның жер ресурстарын тиімсіз пайдаланудың салдары деп ұғамыз.Топырақтану институтында топырақ эрозиясы бөлімі ашылып, солтүстік, оңтүстік аймақтардың су эрозияларын зерттеп, олармен күресу шараларын ұсынды. 1) агротехникалық шаралар: еңісі үлкен беткейлерде жерді су ағысының бағытына көлденең жырту, қыста қар тоқтату, топырақты қайырмасыз соқамен жырту, т.б.; 2) мелиорация шаралары: жыра мен сай, өзен жағаларына, суару түрлері бойынша ағаш және бұта отырғызу; 3) гидротехникалық шаралар: жыраларды бекітетін инженерлік құрылыстар салу, арықтар мен каналдардың түбін су өткізбейтін бетондалған тақта, пленкалармен қаптау, т.б. Бұл шаралар топырақтың су эрозиясына ұшырауын азайтады. ## Дереккөздер ## Қазақстанның топырақ жамылғысы Топырақ — табиғат компоненттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ. Палеогеографиялық зерттеулердің деректері бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болыпты. Бұл кезде әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған.Топырақ жамылғысын зерттейтін топырақтану ғылымы - жас ғылым. Оның негізін салған XIX ғасырдың 80-жылдары орыс ғалымы В. В. Докучаев - топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады. ### Топырақ жамылғысын құрайтын факторлар Топырақтың пайда болуының, дамуының өзінше заңдылықтары бар. Топырақ - су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалардың әсерінен, тау жыныстарының үгілуі нәтижесінде жер қыртысының беткі қабатында пайда болған ерекше табиғи құрылым. Міне, осы факторлардың көп жылдық үздіксіз әсерінің нәтижесінде құнарлы топырақ қабаты пайда болады. Абиогендік фактор Табиғатта топырақ жамылғысының түзілуі - өте ұзаққа созылатын құбылыс. Ұзақ геологиялық мерзімде таулар үгітіліп, мүжіліп, шыңдар аласарады. Құм мен саздар суға шайылып, желдің күшімен ауаға ұшады, шаңданады. Бұл процестер ғасырлар бойы жалғасады. Жаңбыр, жел қатты болса, жер беті өзгеріп тұрады. Топырақтың ең негізгі қасиеті табиғи құнарлылығы, яғни құрамында өсімдіктің тез әрі жақсы өсуіне жағдай жасайтын қоректік заттардың мол болуы. Сөйтіп, аналық тау жыныстарынан кейін топырақ түзуші жетекші фактор ағзалардың тіршілік әрекеті. Олар тасты бұзатын қышқылдар шығарады. Қышқылдар тау жыныстарын ерітуінен, одан шірінді (гуммус) пайда болған. Шірінді үгілген майда жыныстармен араласып кіріккен. Осылайша топырақ қалыптаса бастаған. Жануарлар дүниесі Жануарлар дүниесі өздерінің тіршілік әрекетінің нәтижесінде топырақты байытады, өлгендері шірінді мөлшерін көбейте түседі. Шұбалшындар топырақ пен органикалық қалдықтарды асқазан шырынымен шылап өзгертіп, өңдеп шығарады. Климат Топырақ жамылғысын түзуде климаттың да зор маңызы бар. Бұл процеске қатысатын өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың тіршілігі климатқа байланысты. Аязды кезеңде топырақтың түзілуі тоқтайды, ал қуаңшылық кезеңде баяулайды. Климат табиғаттың басқа компоненттері сияқты, топырақтың ендік зоналық, биіктік белдеулілік заңдылықтары бойынша таралуына әсерін тигізеді. Жер бедері Жер бедерінің топырақ түзудегі рөлі жергілікті жердің жер бедеріне байланысты. Олардың аналық жыныстарда әр түрлі, ылғалдың топыраққа сіңуі де әр түрлі. Солтүстік беткейден оңтүстік беткейге түсетін жылу мен ылғал да әр түрлі болады. Антропогендік фактор Адам баласының топырақтың түзілуіне тигізетін әсері әр түрлі. Бір жағынан топырақты тыңайтқыштар пайдаланып құнарлылығын арттырса, жерді суарып, батпақтарды құрғатып жатса, екінші жағынан тыңайтылған жерлерді үсті-үстіне пайдаланып, жел эрозиясына ұшыратуда. Адамдардың қызмет әрекеті әрдайым топырақтың құнарлылығын арттыра бермейді. ### Топырақ жамылғысын механикалық құнарлылығына қарай ажырату Топырақтың механикалық құрамы ірілі және ұсақ минерал бөлшектерінің жиынтығы. Топырақтың механикалық құрамы әр түрлі болады. Оны анықтау қиын емес. Топырақты дымқылдап алып, илегенде құрамында саз бен шірінді бар топырақтар біріккіш келеді. Ал құрамы құмды, құмдауытты, саздауыт болса, онда топырақтың бірігуі нашар болады.Топырақтың қасиетіне қарай оның құрылымы да әр түрлі болады. Шірінді өсімдіктің қоректенуі үшін ғана керек емес. Ол топырақ құрылымының түзілуіне белсенді түрде катысады. Топырақтың құнарлылығы оның құрылымына байланысты. Шірінді мен кальцийге бай қара топырақ құрылымы ең жақсы топырақ болып саналады. Топырақ түйіршіктерінің көлемі 10 мм-ге дейін болса, кеуек топыраққа ауа, су оңай өтіп, өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай туады. Құрылымы кесек топырақтарды құрылымды топырақ деп атайды. Құрылымды топырақ құнарлы келеді. Түйіршіктері ұсақ топырақты құрылымы жоқ топырақ деп атайды. Ол онша құнарлы болмайды. Топырақ құрылымы нашар жерлерде қар суы сіңбей, сай-салаға ағып кетеді. Құрылымды топырақтар тыныс алады. Күндіз топырақ қызады, ауаның көлемі ұлғайып, тысқа шығады, түнде керісінше ауа топыраққа өтеді. ## Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері Қазақстанда өзге елдерде кездесетiн топырақ түрлерiнiң түгелдей дерлiгi тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек ылғалды субтропик белдемiне тән топырақ қана жоқ. ### Топырақ жамылғысының түрлері Қазақстанның топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі. Топырақ жамылғысының зоналар бойынша таралғаны айқын байқалады. Қазақстанның жазық бөлігі аумағының 86%-ын алып жатыр. Негізінен үш топырақ зоналарына бөлінеді: қара топырақты зона (52° с.е. солтүстігінде); қара қоңыр топырақты зона (52°-48° с.е. аралығында); қоңыр, сұр қоңыр топырақты зона (48° с.е. оңтүстігінде). Қара топырақты зона Қара топырақты зона республиканың солтүстігінде тараған. Бұл зона Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, Қостанай облысының көп жерін, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік бөліктерін камтиды. Республика аумағының 25,5 млн гектар жерін (9,5%-ын) алып жатыр. Қара топырақты зона үш зона аралығына бөлінеді: сілтісізденген қара топырақ - орманды дала табиғат зонасының оңтүстігінде аз ғана бөлігін алып жатыр; кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктегі қуаң даланың қара топырағы - дала зонасына тән. Құнарлылығы жағынан алдыңғы екі өңірдің топырақ құрамында гумусы (қара шіріндісі) мол (6-8%) қара топырақ орын алса, оңтүстігінде қара топырақтың қара шіріндісі аздау (4-6%) келеді. Қара топырақты зона ылғалмен қамтамасыз етілген жазық далада тараған, республиканың негізгі астық өндіретін алқабы саналады. Қара қоңыр топырақ зонасы Қара қоңыр топырақ зонасы қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан. Бұл Орталық Қазақстанның көп жерін, Каспий маңы ойпатының солтүстігін, Шығыс Қазақстан облысының жазықтарын алып жатыр. Бұл – республиканың оңтүстік дала (тым құрғақ далалы) және шөлейтті алқаптарын 90,6 млн гектар немесе республика жерінің 34%-ын алып жатқан зона.Қара қоңыр топырақ зонасы да үш зона аралығына бөлінеді: қуаң даланың күңгірт қара қоңыр топырақты өңірі; қуаң даланың жай қара қоңыр топырақты өңірі; шөлейт жердің ашық қара қоңыр топырақты өңірі.Топырақтың құнарлылығы оңтүстікке барған сайын кеми түседі. Күңгірт қара қоңыр топырақ пен кәдімгі қызыл қоңыр топырақтың гумусы (қара шіріндісі) 4,5-3,0%, ал шөлейт ашық қызыл топырағының гумусы азырақ, 3,0- 2,0%. Бұл топырақ зонасының солтүстігінде астық өндіру мен мал шаруашылығымен айналысады. Өйткені мұнда ылғал аз түседі. Қара қоңыр топырақты зона Қара қоңыр топырақты зонаның оңтүстігінде шөлді аймақ топырақтары алып жатыр. Мұнда негізінен қоңыр және сұр қоңыр топырақ жамылғысы басым келеді. Топырақтың Бұл типі 120 млн гектар жерді, республика жерінің 44%-ын алып жатыр. Қазақстанның оңтүстік бөлігін түгел камтыған. Бұл топырақтың гумусы аз (2,0-1,0%), сондықтан онда негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Бұл өңірде суармалы егіс қана тиімді. Солтүстік Қазақстандағы Батыс Сiбiр ойпатынан оңтүстіктегi Алатау өңiрлерiне дейiнгi аралық 1500 — 1600 км, Батыстағы Атырау(қолжетпейтін сілтеме) алқабынан Алтай тауларына дейiнгi 3000 км-ге жуық өңiрлердi әр түрлi топырақтар жамылғысы басқан. Бұл топырақ жамылғысының әр аймақтарда түзiлiп, орналасуы географиялық белдемдiлiк заңына байланысты. Мысалы, Қазақстанның 86% жерiн алып жатқан жазық алқаптарында климаттың, топырақтың солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеруi көлденең белдемдiк заңына сәйкес өзгерсе, Қазақстанның 14% жерiн алып жатқан оңтүстік, оңтүстік-шығыс таулы алқаптарында — тiк белдемдiк (биiктiк белдеулiк) заңына сәйкес болады. ### Жазық алқап топырағы Ауданы 235 млн. га. Қазақстанның жазық аймақтарында солтүстіктен оңтүстікке қарай мынадай топырақ белдемдерi кездеседi: * Республиканың қиыр солтүстігін орманды дала белдемi алып жатыр. Негiзiнен бұл жерлер Батыс Сiбiр ойпатында орналасқандықтан жер бетi жазық, ойпатты, сондықтан орманның шайылған сұр топырағы мен шайылған сiлтiсiзденген қара топырағы тән. Бұл аймақтың топырақтары құнарлы, негiзiнен жаздық бидай егiледi. Қалған жерлерiн орман, шабындық пен жайылымдар алып жатыр. Ауданы 400 мың га; * Осы белдемнен оңтүстікке қарай даланың қара топырақты белдемi (Жалпы Сырттан Ертiс өңiрi жазықтығына дейiн 2000 км-ге созылған) жалғасып жатыр. Аумағы 25,7 млн. га, оның 15 млн. га-ды жыртылған жерлер, негiзiнен астық дақылдары егiледi. Қара топырақты белдем солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 белдем аралығына бөлiнедi: кәдiмгi қара топырақты белдем аралығы Батыс Сiбiр ойпатының оңтүстігін Сарыарқа өңiрiнiң және Жайық биiк шығыс жазығының солтүстік бөлiктерiн қамтып (енi 100 — 140 км-дей), батыстан шығысқа созылып жатыр. Аумағы 11,8 млн. га. Жер бетi жазық, топырағы құнарлы, негiзiнен астық дақылдары егiлiп, еттi-сүттi мал өсiрiледi; оңтүстiктiк қара топырақты белдем аралығы — кәдiмгi қара топырақты белдем аралығының оңтүстігін бойлап батыстан шығысқа созылып жатыр, енi 50 — 125 км-дей, аумағы 13,9 млн. га. Жер бетi жазық, топырағы құнарлы. Бұл негiзiнен ылғалы жеткiлiктi, дәндi дақылдар егуге қолайлы жерлер. Құрғақшылық әрбiр 7 — 9 жылда бiр-екi рет қайталанады. * Республиканың оңтүстік бөлiгiндегi шөлдi белдемге дейiнгi орталық аймақты құрғақ-далалы және шөлдi-далалы қара-қоңыр топырақты белдем алып жатыр. Аумағы 90,5 млн. га, яғни республика жерiнiң 33,2%-ы. Мұнда солтүстіктен оңтүсттікке қарай 3 белдем аралығына бөлiнедi: күңгiрт қара-қоңыр топырақты белдем аралығы — қоңыржай қуаң дала, мұнда жыл сайын егiннен тұрақты өнiм алынбайды. Топырақтағы қара шiрiк мөлшері 3 — 4%-дай. Аумағы 27,7 млн. га. Топырақ құнары жап-жақсы болғанымен құрғақшылық әрбiр 3 — 4 жылда бiр қайталанып болып тұрады. Соңғы 10 жылда бұл белдем аралығындағы жыртылған жер көлемi оларды пайдаланудың тиiмсiздiгiнен, бұрынғы 10 млн. га-дан 3 — 4 млн. га-ға азайтылған; жай қара-қоңыр топырақ орын алған алқаптың аумағы 24,4 млн. га. Топырақтың беткi қабатындағы қарашiрiк мөлш. 2 — 3%. Құрғақшылық кейде жыл сайын, кейде 2 жылда бiр рет қайталанады, сондықтан суарылмайтын егiншiлiкпен айналысу тиiмсiз, ал суару үшiн тұрақты су көздерi жоқ. Тың игеру кезiндегi асыра сiлтеушiлiкпен бұл белдем аралығында астық үшiн игерiлген 4 — 5 млн. га жерге соңғы 10 — 12 жылда егiс егiлмейтiн болды, тек аз ғана малазықтық жем-шөп егiлетiн жерлер қалдырылды. Мұнда соңғы жылдары тек мал өсiрiледi; ашық қара-қоңыр топырақты белдем аралығы — өте қуаң шөл (шөлейт) дала, негiзiнен мал шарушылығына жарамды. Аумағы 38,4 млн. га. * Шөл дала белдемiнiң аумағы 119,4 млн. га, немесе республика аумағының 44%-ы. Мұнда 2 белдем аралығы бар. Қоңыр топырақты белдем аралығы — шөлдi аймақ, оның жусаны мол, жайылымы жұтаң жерлер. Аумағы 57,4 млн. га. Жылдық жауын-шашын мөлшері 120 — 150 мм. Топырақтың беткi қабатындағы қарашiрiк мөлшері 1 — 1,5%.Сұр қоңыр топырақты белдем аралығы шөлді аймақ, жусан мен эфемерлі өсімдіктер басым. Аумағы 61,8 млн. га. Жылына түсетін жауын-шашын мөлшері 80 – 130 мм. Топырақта қарашірік мөлшері 1%-дай. Алқапта құмды, тақыр, сор жерлер жиі кездеседі. Бұл жерлерде мал шаруашылығы дамыған, егіншілік суармалы жерлерде ғана шоғырланған. ### Биік таулы аймақтың топырағы Биік таулы аймақтың топырағы республиканың оңтүстік-шығысын алып жатыр. Аумағы 37 млн. га, республика жерінің 14%-ын құрайды. Қазақстанда топырағы мен климаты жағынан ерекшеленетін 4 биіктік белдеу бар: * Тау етегіндегі шөлді-далалы белдеу теңіз деңгейінен 450 – 750 м (кейбір аймақтарда 300 – 1000 м) биіктікте орналасқан. Тянь-Шань тау етектерінде негізінен сұр, Батыс Тянь-Шань тау етегінде сұр-қоңыр, Солтүстік Тянь-Шань мен Алтай таулары етектерінде ашық қара-қоңыр топырақ таралған. Бұл жерлерде суармалы және тәлімі егіншілік және мал шаруашылығы дамыған. * Аласа таулы дала белдеуі – әр түрлі таулы аймақта 600 – 2200 м биіктікте орналасқан алқап. Алтай мен Солтүстік Тянь-Шаньда таудың күңгірт қара-қоңыр және қара топырағы таралған. Ал Батыс Тянь-Шаньда (Оңтүстік Қазақстанда) сұр қоңыр және таудың қоңыр топырағы басым. Қарашірік мөлшері 10 – 15%-дай. Жайылымы – шүйгін, ағашы қалың алқап, мал шаруашылығы жақсы дамыған. * Орташа таулы орманды-далалы және шалғынды-орманды белдеулері әр түрлі таулы аймақтарды 1000 – 2500 м-ге дейінгі деңгейді қамтиды. Негізінен таудың шайылған, сілтісіз қара топырақтары мен орманның сұр топырақтары және таулы-шалғынды топырақ тараған. Батыс Тянь-Шаньда таудың қоңыр, Алтайда күлгін топырақтар түзілген. Жайылымы – шүйгін, орман шарушылығы жақсы дамыған. * Биік таулы альпілік, субальпілік шалғынды және қарлы-мұзды белдеулері Батыс Тянь-Шань мен Алтай аралығындағы биік таулы аумақтардың 1800 – 3800 м кейде одан да биік деңгейлерді алып жатыр. Топырағы альпілік, субальпілік, шалғынды-шымды. Көпшілік жері топырақсыз тасты шыңдар мен мәңгі мұз, қар басқан шыңдардың үлесіне тиеді. Шалғынды жерлері – жазғы жайлау ретінде пайдаланылады. ## Топырақ эрозиясы және топырақ жамылғысын қорғау Топырақтың құнарлылығын кемітетін табиғаттың бір апаты - топырақ эрозиясы. Топырақтың құрылу процесінің ұзақ екендігін түзуші аналық тау жынысынан құнарлы 18 см топырақ қабаты пайда болу үшін өте қолайлы табиғи жағдайдың өзінде 1400 жылдан 7000 жылға дейін уақыт керек екенін айтса жеткілікті. Ал бұл қабатты желдің ұшырып әкетуі оп-оңай.Топырақ эрозиясының екі түрі бар: жел эрозиясы және су эрозиясы. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының Топырақтану институтының зерттеулері нәтижесінде республикада эрозияға бейім жер 70 млн гектардан астам немесе республика аумағының 26%-ы. Оның 52 млн гектары жел эрозиясына бейім, 17 млн-нан астамы су эрозиясына бейім. ### Жел эрозиясы Жел эрозиясының басым болуы, біріншіден, Қазақстан жерінің көп бөлігінің жазық және ашық болуы; екіншіден, күшті желдің жиі соғуы; үшіншіден, топырақтың құрылымы бос немесе механикалық құрамы жеңіл (құмды, құмдауытты) топырақтардың молдығы. Сондықтан мұндай әсерлерді игеру өте жауаптылықты қажет етеді. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игерген кезде эрозияға бейім жерлер жыртылып, бекерге эрозияға ұшырады. Мысалы, Павлодар облысында (1955-1958 ж.) күңгірт қара қоңыр, қоңыр топырақты аймақ жыртылып, 805 мың гектар жер эрозияға ұшырап, егіске жарамай істен шығып қалды. Қостанай облысының Әулиекөл ауданының көп жері осындай жағдайға ұшырады. ### Су эрозиясы Аққан судың топырақтың беткі қабатын шайып кетуін, жыра мен сай-саланың, жар мен орлардың пайда болуын топырақтың су эрозиясы деп атайды. Нөсер жаңбырдан немесе мөлшерден артық суарған топырақтың беткі қабаты шайылады. Басында ұсақ жыралар пайда болып, олар суарған сайын ойылып, тереңдеп, сайға айналады. Жалпы топырақтың су, жел эрозиясы - адамның жер ресурстарын тиімсіз пайдаланудың салдары деп ұғамыз.Топырақтану институтында топырақ эрозиясы бөлімі ашылып, солтүстік, оңтүстік аймақтардың су эрозияларын зерттеп, олармен күресу шараларын ұсынды. 1) агротехникалық шаралар: еңісі үлкен беткейлерде жерді су ағысының бағытына көлденең жырту, қыста қар тоқтату, топырақты қайырмасыз соқамен жырту, т.б.; 2) мелиорация шаралары: жыра мен сай, өзен жағаларына, суару түрлері бойынша ағаш және бұта отырғызу; 3) гидротехникалық шаралар: жыраларды бекітетін инженерлік құрылыстар салу, арықтар мен каналдардың түбін су өткізбейтін бетондалған тақта, пленкалармен қаптау, т.б. Бұл шаралар топырақтың су эрозиясына ұшырауын азайтады. ## Дереккөздер
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛУЕТ – қоғамдық өндірісті дамыту, шығарылатын өнімнің көлемін ұлғайтып, сапасын жақсарту, күрделі құрылысты еселей түсу және жүктерді экономикалық тұрғыда тиімді ауқымда тасымалдау, халыққа қызмет көрсету үшін қажетті құралдар мен жағдайлар жиынтығы. Экономикалық әлует экономиканың, оның салаларының, кәсіпорындардың, шаруашылықтардың өндірістік-эконом. қызметті жүзеге асыруға, өнім, тауар шығаруға, қызметтер көрсетуге, халықтың сұранымын, қоғамдық қажеттерді қанағаттандыруға, өндіріс пен тұтынудың дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігін көрсетеді. Мемлекеттің Экономикалық әлует оның табиғи ресурстарымен, өндіріс құрал-жабдығымен, еңбек және ғыл.-тех. әлуетімен, қорланған ұлттық байлығымен айқындалады, яғни халық ш-нда бұрыннан қорланған еңбек құралдарының жиыны және тех. жетілдіру дәрежесі елдің экон. әлуетінің шешуші нышаны болып табылады. ## Дереккөздер
Сыралқы – аңшының аңшылық олжасынан басқаға беретін сыйы. Мысалы: Аңшыдан сыралқыға екі үйрек алдым, деп жатады.
Тимур Асқарұлы Құлыбаев (10 қыркүйек 1966, Алматы) — қазақстандық кәсіпкер, қоғам қайраткері, KazEnergy ассоциациясының төрағасы, Қазақстан ұлттық экономикалық «Атамекен Одағы» палатасы президиумының төрағасы, Қазақстан Республикасы Бокс федерациясының төрағасы, «Газпром» РАҚ-ы директорлар кеңесінің мүшесі. ## Өмірбаяны 1966 жылы 10 қыркүйекте Қазақ КСР-і Алматы қаласында туған. Дулат тайпасының сиқым руынан шыққан.. Республикалық физика-математика мектебінің түлегі (1983 жылы). М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін халық шаруашылығын жоспарлау мамандығы бойынша экономист біліктілігімен бітірген (1988 жылы). «Нарық жағдайында кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық-экономикалық механизмін жетілдіру» (мұнай өндіру өнеркәсібі саласында) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған (1999 жылы). 1988–1990 жылдар аралығында ҚазКСР Мемелекеттік жоспар жанындағы Жоспарлау және нормативтер экономикалық ғылыми-зерттеу институтында (НИЭИ ПиН – ЖжН ЭҒЗИ) қызмет атқарған. 1990 жылы Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қоры ғылыми-консультациялық орталығының директоры болып тағайындалды. Құлыбаев 1990 жылдары қаржылық-инвестициялық қызметпен айналысатын «Алтын-Алма» компаниясын құрды (кейіннен «Алмэкс» холдингі болып өзгерді), компания «Халық Банкі» акциясының бақылау пакеттерінің белгілі бір бөлігінің иегері болатын. Мемлекеттік органдарда,компаниялар мен қорларда қызмет атқарған кезеңдерде жеке активтерді басқаруды банк IPO-сын іс жүзіне асыра алған және оның банктік сектордағы озық ұстанымын сақтап қала алған жас та болса тәжірибелі менеджерлер командасына (Григорий Марченко, Александр Павлов, Әнуар Сәйденов, Қайрат Сатылғанов) тапсырды. 1997 жылы ҚР Мемкомитетінің Инвестициялар жөніндегі жобаларды бағалау және келіссөздер жүргізу дирекциясының жетекшісі болып тағайындалды(министр орынбасары құқығында). 1997 жылдың мамыр айынан 1999 жылдың наурыз айы аралығына дейін «KazakhOil Ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ-ның (1994–1997 жылдары «жаппай жекешелендіру» кезеңінен кейін мемлекет меншігінде қалған мұнай-газ активтерін шоғырландырған мемлекеттік компания) экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті болып қызмет атқарды. Сол кезеңде «Казахойл» президенті болған Нұрлан Балғымбаев бұл жөнінде былай деп атап өтеді: 1999 жылдың наурызында «KazTransOil Мұнай тасымалдау ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ның (Магистралды мұнай құбырларының желісін басқарушы ұлттық компания) президенті болып тағайындалды. 2001 жылдың мамырынан 2002 жылдың ақпанына дейін — «Мұнай-газ тасымалы» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ның («ҚазТрансОйл» және «ҚазТрансГаз» компанияларының негізінде құрылған) бас директоры. 2002 жылдың ақпан айынан 2005 жылдың қазан айы аралығында — «Қазақойл» және «Мұнай және газ тасымалы» ұлттық компанияларының бірігуінен құрылған «ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы» АҚ-ның бірінші вице-президенті. «ҚазМұнайГаз-дағы» қызметінен кеткен соң, Қазақстанның энергетикалық секторында жұмыс істейтін ұлттық және шетелдік негізгі компанияларды біріктірген «KazEnergy» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық ассоциациясы ЗТБ-ны құруға бастамашы болды және оған басшылық жасады. Сонымен бір мезетте ҚР Президентінің қаржылық және энергетикалық саясат жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі лауазымына ие болды. 2005–2006 және 2007–2008 жылдары өзінің жеке бизнесін қоғамдық қызметімен қатар алып жүрді. 2006 жылдың сәуір айы мен 2007 жылдың тамызы аралығында «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Самұрық қазақстандық холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары болып істеді. Сонымен бір мезетте «KEGOC» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК-сы директорлар кеңесінің төрағасы міндетін атқарды. ## Қызмет жолы ### Самұрық-Қазына басшылығында 2008 жылдың қазан айында «Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Қордың еншілес «Қазатомпром», «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «KEGOC», «Самұрық-Энерго» компанияларының директорлар кеңесінің төрағасы болды. 2011 жылы 12 сәуірде Тимур Құлыбаев «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-тың басқарма төрағасы болып тағайындалды. Оның басшылығымен Қор ұлттық компанияларға корпоративті басқару қағидаттарын енгізу және ауқымды индустриялау міндеттерін іске асыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда. Құлыбаевтың пікірінше инвесторлармен тұрақты конструктивті байланыстар орнату Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін өте маңызды. Шет ел инвесторларымен ынтымақтастық сондай-ақ экология, қазақстандық құрам, ұлттық кадрлар мәселелері болып шығады. «Біз осы мәселелер бойынша және, соның ішінде, шет ел инвесторларымен жұмыс істеп жатырмыз», деп атап өтті Құлыбаев. «Инновациялық Қазақстан» идеялар конкурсы шеңберінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басшысы Құлыбаев экономика саласындағы талантты жастардың инновациялық жобаларын қолдап сөз сөйлейді: 2011 жылдың 26 желтоқсан күні Тимур Құлыбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ң Басқарма төрағалығынан босатылды. ### «KazEnergy» ассоциациясындағы жұмысы ### «Атамекен» одағындағындағы басшылық 2010 жылдың сәуір айында «Атамекен одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының президиум төрағасы (ҰЭП) болып сайланды. 2011 жылдың қыркүйегінде Астанада өткен «Атамекен» ҰЭП съезінде Құлыбаев Кеден одағы және қазақстандық құрамды дамыту шеңберінде бизнес үшін қолайлы жағдай туғызу мәселелерін қозғады. «Бүгінгі таңда 50 пайыздан астам сатып алулар, бұл міне, қазақстандық құрам. Біз осы санды көбейту үшін жұмыс істеп жатырмыз», – деді Құлыбаев. ### «Газпром» 2011 жылғы 30 маусымда «Газпром ААҚ»-тың кезектен тыс акционерлер жиналысында директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. ### Қоғамдық жұмыстар 2008 жылдан Бүкіләлемдік мұнай кеңесі (World Petroleum Council) Қазақстан Ұлттық комитетінің төрағасы. 2009 жылдың қаңтар айынан бастап, осы күнге дейін Қазақстан бокс федерациясының президенті. 2010 жылдан — ҚР Ұлттық олимпияда комитеті атқарушы комитетінің мүшесі. 2010 жылдың наурыз айынан ҚР Кәсіпкерлер бірлестігі үйлестіру кеңесінің мүшесі. 2010 жылдың мамыр айында ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі құрамына енген. 2012 жылдың наурыз айында Тимур Құлыбаев Халықаралық Бокс федерациясының вице-президенті болып сайланды. Бұл шешім АИБА атқарушы комитетінің осы жылдағы алғашқы отырысында қабылданды. ## «Үлкен саясатта» Тимур Құлыбаев қазақстандық және шетелдік БАҚ-тарда Қазақстанның болашық президенті ретінде қарастырылып жүр. Алайда, ол өзі бұл пікірге қосылмайды. 2011 жылдың шілдесінде қазақстандық БАҚ өкілдерімен көздесуінде бұған қатысты Тимур Құлыбаев өз ойын былай білдірді: ## Лауазымдары * «ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. * «Қазатомпром ұлттық атом компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. * Қазақстандағы энергетикалық секторлар мен мұнай-газ кәсіпорындарын біріктіруші KAZENERGY ассоциациясының төрағасы. * Қазақстанның «Атамекен одағы» ҰЭП президиумының төрағасы (2010-2022 жж.). * Қазақстан Республикасы бокс федерациясының төрағасы. * «Газпром» ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2011 — 2022 жж.) ## Отбасы * Әкесі - Құлыбаев Асқар Алтынбекұлы - (1937 жылы туған), техника ғылымдарының докторы, Халықаралық инженерлік академияның академигі, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан Бейбітшілік және келісім кеңесінің төрағасы, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы қамқоршылар кеңесінің төрағасы. Оның ағасы - Амангелді Алтынбекұлы Құлыбаев (2019 ж. қайтыс болды) - « Казстройпромтехмонтаж» акционерлік қоғамының директоры, кәсіпкер болған. * Анасы - Раиса Алдабергенқызы Құлыбаева (1938-2020) * Ағасы — Талғат Құлыбаев — полиция генерал-майоры (қазан 2000 жылдан бастап), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясының бұрынғы бастығы . Әйелі - Нәйлә Бигалықызы Құлыбаева (Тоқалова) - жылжымайтын мүлікті жалға беру , пайдаланумен айналысатын екі компанияның және мейрамхана бизнесі мен тамақ жеткізумен айналысатын компанияның басшысы. Олардың балалары - Бексұлтан (1984 ж.т) - «Теміржол Құрылыс-Атырау» ЖШС Ақтөбе филиалына , шикі мұнай және ілеспе газ өндірумен айналысатын компанияға және 2010 жылы құрылған несие серіктестігіне иелік етеді ; Әлібек (1989 ж.т.) * Әйелі - Динара Назарбаева — ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы (1967 жылы туған). Forbes журналына шыққан дүние жүзіндегі миллиардерлер тізіміне Орталық Азиядан енген жалғыз әйел . 2024 жылы оның жеке байлығы 4,9 миллиард долларға бағаланған. * Балалары - Алтай (1990 ж.т) , Дениза (2004 ж.т) , Нәби (2008 ж.т) және Алишия (2010 ж.т ). * Келіні (Алтай Асқардың әйелі) - Диана Катранова . Оның анасы - Зелина Катранова - «Восточное рудоуправление» ЖШС бас директоры , Алматы облысы Жамбыл ауданының Құрметті азаматы болып танылған, «Кенші даңқы» орденінің толық иегері, Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалімен марапатталған және «Еңбек даңқы» ІІІ дәрежелі. * Қайын атасы - Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстан Республикасының бірінші президенті * Қайын енесі - Сара Назарбаева (Қонақай) - Қазақстанның тұңғыш және әзірше соңғы бірінші ханымы, Республикалық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. * Қайын әпкесі - Дариға Назарбаева - Қазақстан Республикасының Парламентінің тұңғыш төрайымы (2019-2020), тарих ғылымдарының кандидаты, саясат пен экономика ғылымдарының докторы. * Қайын сіңлісі - Әлия Назарбаева - Қоршаған ортаны қорғау ұйымдары қауымдастығы президиумының төрағасы (11.2017-01.2022), «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары кеңесінің төрағасы (05.04.2021 ж. бастап). Кейбір БАҚ-тың мәліметі бойынша Тимур Асқарұлы Қазақстанның мұнай-газ конгломератының «МұнайГаз Инжиниринг» тобының негізін қалаушы, бас директоры және 2012 жылдан бастап Миландағы Vionnet сән үйінің басшысы Гога Ашкеназимен ( Гауһар Берқалиева) бас қосқан. ## Марапаттары * ҚР Мемлекеттік наградалары:Құрмет ордені (2001 жыл)Үшінші дәрежелі Барыс ордені (2009 жыл)«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалі (2005 жыл)«Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалі (2008 жыл). * Құрмет ордені (2001 жыл) * Үшінші дәрежелі Барыс ордені (2009 жыл) * «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалі (2005 жыл) * «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалі (2008 жыл). * Ресей:«Дружба» ордені (2007 жыл)Россияның «Аль-Фахр» мүфтилер кеңесінің ордені (2010 жыл)2-дәрежелі «Русская Православная Церковь Святого благоверного князя Даниила Московского» ордені (РПЦ, 2010) * «Дружба» ордені (2007 жыл) * Россияның «Аль-Фахр» мүфтилер кеңесінің ордені (2010 жыл) * 2-дәрежелі «Русская Православная Церковь Святого благоверного князя Даниила Московского» ордені (РПЦ, 2010) ## Қызықты деректер Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі. Хоббиі — гольф, тау шаңғысы, футбол. Тимур Құлыбаев спортқа әуес, әсіресе, ол гольфтен халықаралық турнирлерге қатысқан. Спортсмендер мен тренерлерді қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін тұрақты инвестициялар ала отырып, ірі қалалардағы спортзалдарды ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның өзге өңірлеріндегі спортзалдарды да жабдықтай отырып, оның басшылығымен Қазақстан бокс федерациясы белсенді дами бастады. ## Сілтемелер * Тимур Асқарұлы Құлыбаев biografia.kz-те Мұрағатталған 23 сәуірдің 2015 жылы. * Интернет-портрет exclusive.kz * Пресс-портрет: Тимур Асқарұлы Құлыбаев Мұрағатталған 31 қазанның 2012 жылы. * Facebook: Тимур Асқарұлы Құлыбаев * Құлыбаев Тимур Асқарұлы ## Дереккөздер
Репрессия - [лат. repressio - басып-жаншу] - бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары (мысалы, реакциялық тәртіптерді). Үкімет басшыларының заң орындары арқылы өз халқын, оның жекелеген өкілдерін қуғынға ұшыратып, жазалау шаралары. ## Қазақстандағы репрессия Қазақстандағы тұнғыш репрессия 1928 жылдан басталды. Өйткені 1925 ж .Қазақстан өлкелік партия комитетінін 1 -хатшысы болып келген Ф.И.Голощекин республиканың саяси-экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысқаннан кейін «Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады,сондықтан мұнда «Кіші Қазан» революциясын жасау керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялык шаралар жүргізе бастайды . Ол ең алдымен ескі зиялыларға ауыз салады. Солардын ішінде қазақстандық Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев , Ә.Ермеков т.б. болды. ## Қарағандыдағы екінші репрессия Қарағандыдағы екінші репрессия 1937-38 ж . жүргізілді .Себебі бұл жылдары бүкіл елімізде, әсіресе Мәскеу мен Ленинградта жаппай репрессия басталған еді. Соның ызғары Қазақстанға да келіп жетті . Өйткені Карағанды еліміздегі үшінші көмір ошағы аталды. Мұнда көптеген партия, мемлекет және коғам қайраткерлері , белгілі ғалымдар, ақын - жазушылар , артистер жұмыс істеді.Сондықтан да 1937 жылғы Қазақстандағы репрессия ең алдымен Қарағандыдан басталды.Осы жылы маусымайында Қарқаралы округтік партия комитетінің хатшысы М.Ғатаулин ұсталды .Өйткені ол 1932 жылдын өзінде-ақ Ғ.Мүсірепов ,М.Дәулетқалиев ,Қ.Куанышев , Е.Алтынбековтермен бірге Қазақстан өлкелік партия комитетінін сол кездегі 1-хатшысы Ф.И.Голощекиннің үстінен БК(б) ПОК-не хат жазған болатын. Бұл хат Қазқстан Компартиясы тарихында «Бесеудің хаты» деген атпен белгіледі.Осы хатқа байланысты М.Ғатаулин үнемі бақылауда жүретін.Сол тұста онымен бірге Н.Нұрсейітовты , М. Орддбаевты, Ж .Баймолдинді тұтқынға алады. Сол жылдың күзінде осы іс бойынша А.Асылбеков, Н.Нұрмақов , С.Сейфуллин , Т.Рысқұлов т.б. ұсталып, ату жазасына кесілді . Бұдан кейін осы облыста кызмет істеген Ғ. И. Пинхасик, Ә. Макатов, Ж.Сәдуакасов,М.Тәтімов , Ж.Сұлтанбеков , X.Әміров,О.Беков,X.Жүсіпбеков, Т.Нұртазин,С.Талжанов,Р.Әлсенов , А . Асылбековтыңәкесі-Мүсәпір , С.Сейфулиннің әкесі - Сейфулла , Хасен Жетпісбаев сияқты карттар камауға алынып, ауыр жазаға ұшырады .Сол жылдары Федоровда , Куперман,Мрачковский , Кадаленко, Шедин , Измаиловтардың тобы деген «істер» ұйымадастырылды , көптеген адамдар нақақтан - нақақ жауапқа тартылды. Солардын ішінде Смирнов , Смертюк, Парамонов,Хенкин , Скрипкин , Көрпебаев сияқты жұмысшы гвардиясының көрнекті өкілдері де кетті . Бұлардан басқа «Қарағанды ісі», «Қарқаралы ісі» деген жалған қылмыспен сан қазақ сотталды. Сөйтіп,1937 ж. кезінде Қазақстанның Петропавл, Қостанай ,Семей обл ның чекистері тәрізді Қарағанды обл . Ішкі істер басқарма сынын қызметкерлері де ерекше қаталдығымен көзге түсті .Тіпті Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарында Карағанды чекистерінің ұйымдастыруымен 1944 ж. қаланың Жамбыл атындағы орта мектебінің бір топ жастары- 3.Әбділдин, Б. Жақсылықов, А.Рүстемов,Ж.Өмірбеков т. б . « ЕСЕП » («Елін сүйгенерлер партиясы » ) атты ұлтшылдық ұйым құрды » деген айыппен қамауға алынып ,жауапқа тартылды. Ал 1951-52ж. Карағанды оқытушылар институтының профессор К.Жұмашев , аға оқытушысы А.Нарешев, осы институттың түлектері Б. Ысқақов,М. Теміров, Р. Нарешев т.б. жоғарыда аталған ұйымға қатысы болған деген айыппен қамауға алынып, әрқайсысы ұзақ жаза мерзіміне сот алып кетті . Бұл репрессия нын жалғасы 1963-64ж. дейін созылып , сол жылдары ұлтшылдық ұйым құрды деген жаламен К. Жүнісов, К. Сауғабаев т.б . институттан шығарылып, түрліше жазаларға ұшырады. ## Тәуелсіз Қазақстан Тәуелсіз Қазақстанда 1998 ж. - «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жарияланып, ашаршылық, репрессия жылдары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында көптеген мақалалар жарияланып ,игі шаралар ұйымдастырылды, тоталитарлық идеология әшкереленді. ## Тақырыпқа байланысты * Реабилитация ## Дереккөздер
Кокушикан унивеситеті (жапонша - 国士舘大学(こくしかんだいがく)、ағылшынша - Kokushikan University). Жапонияның астанасы Токио метрополитетінің Сетагая қаласында орналасқан жеке меншік жоғарғы оқу орны. 1958 жылы құрылған. Жапонша қысқаша атауы «Кокушидай». Кокушикан университеті 1917 жылы Токуджиро ШИБАТА (20.12.1890 - 26.01.1973) есімді білім саласындағы қайраткер құрған жеке меншік мектептің негізінде құрылған университет. Бастапқы кезеңде жасөспірімдерге білім беру мақсатында орташа білім орны ретінде құрылып, 1958 жылы жоғары оқу орнына айналады. Қазіргі таңда 3 кампуста орналасқан 6 факультеті мен 9 ғылыми-зерттеу институттары бар ірі жеке меншік университеттердің бірі болып саналады. Кокушикан университетінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, «Азия 21 ғасыр» факультетінде 4 жылдық оқуды бітіргеннен кейін, Жаһанданған Азия аймағын зерттеуге бағытталған ғылыми-зерттеу институтында 1 жыл магистратурада оқып, 5 жыл ішінде магистрант атағын иемдену жүйесі қарастырылған. Яғни, 2 жылдық магистратураны 1 жылда тәмамдау мүмкіншілігі қарастырылған. Сонымен қатар бұл университеттің техникалық факультеттерінің студенттері бүкіл елдің студенттері қатысатын ғылыми сайыстарда үздік нәтижелер көрсетіп, мемлекет тарапынан бөлінетін ғылыми гранттарды көптеп ұтып алумен ерекшеленеді. Сондай-ақ дзюдо, футбол және басқа-да спорт түрлері мен дене шынықтыру салалары дамыған жоғары оқу орны болғандықтан, бұл университеттің түлектері арасында олимпияда ойындарында алтын медальдар алғандар да бар және оқуды бітіреннен кейін полиция басқармасы сияқты тәртіп сақтау мекемелеріне жұмысқа орналасатындар көптеп кездеседі. Университет факультеттері: • Саяси-экономика факультеті • Дене шынықтыру факультеті • Физика және технология факультеті • Заң факультеті • Филология факультеті • Азия 21 ғасыр факультеті. Университеттің ғылыми-зерттеу институттары: • Саяси ілімдер саласындағы ғылыми-зерттеу институты, • Экономикалық ілімдер саласындағы ғылыми-зерттеу институты, • Басқару (менеджмент) саласындағы ғылыми-зерттеу институты, • Заң саласындағы ғылыми-зерттеу институты, • Технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу институты, • Гуманитарлық ілімдер саласындағы ғылыми-зерттеу институты, • Спорт және дене шынықтыру саласындағы ғылыми-зерттеу институты, • Интеллектуалды жеке меншікті қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу институты, • Жаһанданған Азия аймағын зерттеуге бағытталған ғылыми-зерттеу институты. Университеттің тарихи хронологиясы: • 1917 жылы «Кокушикан» жеке меншік мектебі құрылады, • 1919 жылы жоғары оқу бөлімі ашылады, • 1919 жылы «Заңды тұлға «Кокушикан» құрылады, • 1923 жылы орта білім беру бөлімі ашылады, • 1925 жылы орта білім беру бөлімі жабылып, орта мектеп ашылады, • 1926 жылы сауда мектебі ашылады, • 1929 жылы мамандандар дайындайтын мектеп ашылып, онда Азияны дамыту бөлімі мен кюдо, дзюдо, кендо сияқты ұлттық күрес бөлімдері ашылады, • 1930 жылы жоғары білім беру бөлімі жабылып, жоғары мектепке айналады, • 1934 жылы жоғары мектеп жабылады, • 1942 жылы жоғары мектеп қайта ашылады, • 1941 жылы Азияны дамыту бөлімі жабылады, • 1945 жылы Екінші дүниежүзілік соғысқа байланысты жоғары мектеп жабылады, • 1946 жылы Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына орай мектептің атауы «Шитоку Гакуен» деп өзгертіледі, • 1949 жылы сауда мектебі жабылады, • 1951 жылы Заңды тұлға оқу орны ретінде қайта құралады, • 1953 жылы мектептің атауы өзінің бастапқы атауы «Кокушиканға» қайта ауысып, «Кокушикан» атты қысқа мерзімді мамандандар дайындайтын оқу орны құрылады, • 1955 жылы «Шитоку» мамандар дайындайтын мектеп жабылады, • 1958 жылы «Кокушикан университеті» құрылып, осы жылы дене шынықтыру факультеті (кафедрасы) ашылады, • 1961 жылы саяси-экономикалық факультет (саясаттану және экономика кафедралары) ашылады, • 1963 жылы технологиялық факультет (машина жасау және электр қуаты кафедралары) ашылады, • 1965 жылы Цуругава кампусы ашылып, 1-2 курс студенттері осы кампуста оқытыла бастайды және осы жылы саяси-экономикалық факультеттің екінші бөлімі мен саяси ғылымдар мен экономикалық ғылымдар саласындағы аспирантуралар (магистратура және докторантура) ашылады, • 1966 жылы Заң факультеті (юриспруденция), филология факультеті (педагогика, тарих, география, әдебиет кафедралары) ашылады, • 1974 жылы тәрбие беру бөлімі ашылады, • 1992 жылы Тама кампусы ашылып, дене шынықтыру факультеті осы кампусқа көшіріледі, • 1994 жылы технологиялар саласындағы аспирантура (магистратура) мен ғылыми-зерттеу институты ашылады, • 1995 жылы заң саласындағы аспирантура (магистратура) мен ғылыми-зерттеу институты ашылады, • 1996 жылы тәрбие беру бөлімі жабылады, • 1997 жылы басқару (менеджмент) саласындағы аспирантура (магистратура) мен ғылыми-зерттеу институты ашылады, • 1998 жылы Сетагая кампусында орталық кітапхана мен дене шынықтыру кешені ашылады, • 1999 жылы басқару (менеджмент), заң және технологиялар салалары бойынша докторантуралар ашылады, • 2000 жылы дене шынықтыру факультеті (ұлттық күрес түрлері және спорттық медицина кафедралары) ашылады, • 2001 жылы заң факультеті (қазіргі таңдағы бизнес саласындағы заңдар кафедрасы), спорт және дене шынықтыру саласы мен гуманитарлық салалардағы ғылыми-зерттеу институттары мен аспирантуралы (магистратура) ашылады, • 2002 жылы «Кокушикан» мамандар дайындайтын қысқа мерзімді оқу орны жабылады және осы жылы Цуруга кампусында Азия 21 ғасыр факультеті (кафедрасы) ашылады, • 2003 жылы спорт және дене шынықтыру саласы мен гуманитарлық салалардағы ғылыми-зерттеу институттары негізінде докторантуралар ашылады, • 2006 жылы жаһанданған Азия аймағын зерттеуге бағытталған аспирантура (магистратура және докторантура) мен Интеллектуалды жеке меншікті қорғау саласында магистратура ашылады және саяси-экономикалық факультеттің екінші бөлімі жабылып, саяси-экономикалық факультеттің құрамына енеді, • 2007 жылы технологиялық факультет физика және технология факультетіне өзгертіледі және осы жылы университет өзінің 90 жылдығын қарсы алады, • 2008 жылы Цуруга кампусындағы дене шынықтыру факультетінде балалар спорт тәрбиесі кафедрасы ашылады және Сетагая кампусында Умегаока ғимараты ашылып, саяси-экономикалық, заң және филология факультеттерінің 1-2 курс студенттері осы кампусқа көшіріледі, • 2009 жылы Цуруга кампусының атауы Мачида кампусы болып өзгертіледі, • 2010 жылы жедел көмек көрсету саласындағы ғылыми-зерттеу институты (магистратура ) ашылады, • 2011 жылы саяси-экономикалық факультетінің (менеджмент кафедрасы) негізінде басқару (менеджмент) факультеті ашылады, • 2017 жылы университеттің құрылғанына 100 жыл толады. Университеттің кафедралары: • Саяси-экономикалық факультет: Саясаттану кафедрасы, Экономика кафедрасы, Басқару кафедрасы. • Дене шынықтыру факультеті: Дене шынықтыру кафедрасы, Ұлттық күрес түрлері кафедрасы, Спорттық медицина кафедрасы, Балалар спорт тәрбиесі кафедрасы. • Физика және технология факультеті: Физика және технология кафедрасы, Инженерлік технологиялар саласы, Электрондық ақпараттар саласы, Сәулет саласы, Қалалық ландшафт саласы, Денсаулық сақтау және медициналық технологиялар саласы, Фундаментальдық физика саласы. • Заң факультеті: Юриспруденция кафедрасы, Заманауи бизнес саласындағы заңдар кафедрасы. • Филология факультеті: Педагогика кафедрасы: Педагогика саласы, Логика саласы, Бастаушы сыныптарға білім беру саласы. Тарих және география кафедрасы: Археология және жапон тарихы, Шығыс елдері тарихы, География және қоршаған ортаны қорғау. Филология кафедрасы: Жапон әдебиеті және мәдениеті, Қытай тілі және қытай әдебиеті. • Азия 21 ғасыр факультеті: 21 ғасырдағы Азия кафедрасы: Азиялық бизнес курсы, 21 ғасырдағы Жапонияны танып-білу курсы, Азия аймағының дизайны курсы. • Технология факультеті (2007 жылға дейін оқуға түскен студенттер үшін): Инженерлік-ақпараттық технологиялар кафедрасы, Элекр-электрондық технологиялар кафедрасы, Қалалар жүйесі технологиялар кафедрасы, Сәулеттік дизайн технологиялар кафедрасы. 4 кафедра негізіндегі курстар: Табиғат және адам өміріне байланысты курс, Күнделікті өмір мен өмір сүруге қажетті материалдарға байланысты курс, Компьютер және математикалық заңдарға байланысты курс, Компьютер және байланыс құралдарына қатысты курс. Университеттің аспирантурасы: • Саясат саласындағы ғылыми-зерттеу институты - Саясаттану (магистратура және докторантура), • Экономика саласындағы ғылыми-зерттеу институты - Экономика саласындағы зерттеулер (магистратура және докторантура), • Басқару (менеджмент) саласындағы ғылыми-зерттеу институты - Басқару саласындағы зерттеулер (магистратура және докторантура), • Заң саласындағы ғылыми-зерттеу институты - Заң саласындағы зерттеулер (магистратура және докторантура), • Технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу институты - Инженерлік технологиялар саласы (магистратура), Электрлік технологиялар саласы (магистратура), Сәулеттік технологиялар саласы (магистратура), Қолданбалы технологиялар саласы (магистратура), • Гуманитарлық саладағы ғылыми-зерттеу институты - Гуманитарлық саладағы зерттеулер (магистратура және докторантура), Білім беру саласындағы зерттеулер (магистратура және докторантура), • Дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми-зерттеу институты - Спорт саласындағы зерттеулер (магистратура), Conditioning Systems саласындағы курс, Қоғамдық жүйе саласындағы курс, Жедел көмек көрсету саласындағы курс, Жедел көмек көрсету саласындағы курс (1 жылдық курс), Спорттық жүйе саласындағы зерттеулер (докторантура), Спорт саласында білім беру жүйесі саласындағы курс, Дене шынықтыру жүйесу саласындағы курс, Спортшыларды жаттықтыру жүйесі саласындағы курс, • Интеллектуалды жеке меншікті қорғауға бағытталған заңдар саласындағы ғылыми-зерттеу институты - Интеллектуалды жеке меншікті қорғау саласындағы зерттеулер (магистратура), • Жаһанданған Азия аймағын зерттеуге бағытталған ғылыми-зерттеу институты - Жаһанданған Азияны тану (магистратура), Жаһанданған Азияны зерттеу (докторантура). Университет жанындағы ғылыми-зерттеу мекемелері: • Ақпарат саласындағы ғылымдар орталығы, • Ежелгі Ирак мәдениетін зерттеу институты, • Ұлттық күрес түрлерін зерттер институты, • Азия және Жапония ғылыми-зерттеу институты, • Өмірлік ғылымдар орталығы, • Wellness жүйесін зерттеу орталығы, • Физика саласындағы зерттеу орталығы (Физика және технология факультеті жанында), • Экономика саласындағы зерттеу орталығы (Саяси-экономикалық факультеті жанында), • Басқару саласындағы ғылыми-зерттеу институты (басқару факультеті жанында), • Салыстырмалы заңдар жүйесі саласындағы ғылыми-зерттеу институты (заң факультеті жанында), • Жаңа технологияларға қатысты заңдар саласындағы ғылыми-зерттеу институты (заң факультеті жанында), • Серіктес кампус - Бишкек гуманитарлық университеті. Университет жатақханалары: • Сетагая кампусы: Сетагая жатақханасы, Шёинрё жатақханасы (ерлер үшін ғана), Guest House (шетелдік студенттер үшін ғана). • Мачида кампусы: Цуруга жатақханасы, Богакурё (бейсбол және футболмен айналысатын ер студенттер үшін ғана), Сумирерё (қыздар үшін ғана). Әріптестік орнатып отырған шетелдік жоғары оқу орындар: • Сан-Франсиско штатының орталық университеті (АҚШ) • Simon Fraser University университеті (Канада) • College of the Rockies жоғары оқу орны (Канада) • Griffith University университеті (Австралия) • Hanyang University университеті (Оңтүстік Корея) • Korea University университеті (Оңтүстік Корея) • Dong-eui University университеті (Оңтүстік Корея) • Andong National University университеті (Оңтүстік Корея) • Beijing Normal University университеті (Қытай) • Шанхай халықаралық сауда-экономикалық университеті (Қытай) • Heilongjiang University университеті (Қытай) • Шаньси университеті (Қытай) • Цзянсу университеті (Қытай) • Wuhan University университеті (Қытай) • Shenzhen Polytechnic University университеті (Қытай) • Циньдао университеті (Қытай) • Chinese Culture University университеті (Қытай) • National Sun Yat-sen University университеті (Тайвань) • Қырғыз ұлттық университеті (Қырғыз Республикасы) • Бишкек гуманитарлық университеті (Қырғыз Республикасы) • Моңғол ұлттық университеті (Моңғолия) • De La Salle University университеті (Филиппиндер Республикасы) • Chulalongkorn University университеті (Тайланд) • Chiang Mai University университеті (Тайланд ) • Вьетнам мемлекеттік гуманитарлық университеті (Вьетнам) • Gadjah Mada University университеті (Индонезия) • Самарқанд мемлекеттік шет тілдер университеті (Өзбекстан) • Әлем экономикасы және дипломатиясы университеті (Өзбекстан) • University of Portsmouth университеті (Ұлыбритания) • Людвиг-Максимилиан атындағы Мюнхендік университет (Германия) • Semmelweis University университеті (Венгрия) • Владивосток Қиыр Шығыс технологиялық университеті (Ресей) • Addis Ababa University университеті (Эфиопия). Кокушикан университеті әлемнің және жаһандану үрдістері қатты қарқынмен дамып отырған Азия аймағының, оның ішінде саяси-экономикалық маңыздылығы өсіп келе жатқан Орталық Азия мемлекеттерінің жоғары оқу орындарымен білім және ғылым саласындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды жоғары деңгейге көтеру мақсатында тығыз ынтымақтастық орнатуға мүдделі. Университеттің ресми сайты: http://www.kokushikan.ac.jp/
Асқат Расулұлы Жіткеев (13 сәуір 1981 жыл, Ақсу ауданы, Жансүгіров қаласы, Алматы облысы) – қазақстандық балуан, дзюдошы. Самбомен де, қазақша күреспен де айналысқан. ## Өмірбаяны Бейжің Олимпиадасының 100 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегері, Азияның үш дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасының дзюдодан ұлттық ерлер құрама командасының бас жаттықтырушысы (2010 жылдың Желтоқсан айынан бері). 2008 жылы Тамыздың 28-і Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде Асқат Жіткеев атындағы зал ашылады. Бұл залда жас спортшыларға арналған шеберлік сыныптары өткізіледі. Бірінші бапкері — Саяхат Құдайбергенов. ## Жетістіктері * Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (Пекин, 2008); * Сидней, 2000; Афины, 2004 Олимпиадаларына қатысқан * Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Мюнхен, 2001); * Азия чемпионы (2003; Алматы, 2004); * Азия күміс жүлдегері (Ташкент, 2005); * Әлем суперкубогының күміс жүлдегері (2001, Германия); * Азия ойындарының қола жүлдегері (2002, 2006); * Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. ## Марапаттары Қазақша күрестен спорт шебері, дзюдодан, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сiңiрген спорт шеберi ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Асхат Житкеев — Sports-Reference.com сайтындағы олимпиадалық статистика (ағыл.) * Асхат Жіткеев * Асхат Жіткеев * ҚДФ Мұрағатталған 8 тамыздың 2016 жылы.
Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетов (25 мамыр 1924, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Еңбек ауылы — 24 қыркүйек 2013, Алматы) — әскери қайраткер, армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі, «Халық қаһарманы», Алматы, Астана, Донецк (Украина) қалаларының, Ақмола облысының, Ақкөл ауданының құрметті азаматы. ## Өмірбаяны * Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1942 жылы әскер қатарына шақырылды. 1-Белорус майданында, Солтүстік Кавказ, Украина, Молдавия, Польша, Германия майдандарында соғысқан. Пулемет взводын, ротаны, 5-екпінді армияның атқыштар батальонын басқарды. Гитлер канцеляриясын шабуылдауға қатысты. * 1946 жылы Әскери академияны тәмамдады. * 1981 жылы Бас штаб академиясын бітірді. * 1950-1989 жылдары – Азаматтық қорғаныс штабының бастығы, Орта Азия әскери округы әскерлері бастығының орынбасары, Оңтүстік әскер тобы (Венгрия) бастығының бірінші орынбасары. * 1990 жылдан ҚР соғыс, еңбек және Қарулы күштері ардагерлері Кеңесінің төрағасы * 1991-1992 жылдары Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы. * 1992-1995 жылдары ҚР қорғаныс министрі, армия генералы. * 1996 жылы ҚР Президентінің кеңесшісі. КСРО, Ресей, Украина, басқа да мемлекеттердің ордендерімен марапатталған. * Армия генералы, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы. * Үйленген. 2 баласы, 4 немересі бар. ## Дереккөздер
Сағадат – парсының «Саадат» (سعادت — бақыт) деген сөзінен шыққан. Исі мұсылман жұртына ортақ есім. Қазақ халқы баласының бақытты болуын, саналы ғұмырында тек жақсылыққа жолығуын қалап осы есімді береді. Сағадат – басқаны айтпағанда, қазақ арасында сирек кездесетін есімдердің бірі.
Кемел – арабтың «камал» (толық, кең) деген сөзінен шыққан. Сондықтан да күллі мұсылман жұртына ортақ есім. Қазақ сәбидің ақыл-ойы кемел, мінезі көркем, болашағы жарқын болсын деп осы есімді береді. Кемел – ел ішінде сирек кездесетін есімдердің бірі. ## Дереккөздер
Астанаға 10 жыл медалі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 жылдың 6 мамырдағы Жарлығына сәйкес астананы Астана қаласына көшіруіне 10 жыл толуын атап өту мақсатында бекітілген. Бұл мерекелік медалді (бұдан әрі - мерекелік медаль) Қазақстан Республикасының және оның астанасының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары наградталады. Мерекелік медальмен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының төрағалары, Үкіметі, Конституциялық Кеңесі, Жоғарғы Соты, министрліктері, өзге де орталық мемлекеттік органдары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер енгізеді. Мерекелік медальді Қазақстан Республикасының Президенті тапсырады, сондай-ақ оны Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және оның тапсырмасы бойынша: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы;Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының төрағалары;Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшелері;Астана және Алматы қалалары мен облыстарының әкімдері;Өзге де лауазымды тұлғалар тапсыра алады. * Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы; * Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының төрағалары; * Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшелері; * Астана және Алматы қалалары мен облыстарының әкімдері; * Өзге де лауазымды тұлғалар тапсыра алады. Мерекелік медальді тапсыру салтанатты жағдайда, жария түрде жүргізіледі және ол наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Тапсыру алдында Қазақстан Республикасы Президентінің наградтау туралы Жарлығы жария етіледі. Әрбір марапатталған адамға мерекелік медаль тапсырумен бір мезгілде тиісті куәлік беріледі. Мерекелік медальдің тапсырылғаны туралы белгіленген нысандағы хаттама толтырылады. Ол медаль тапсырған адамның қолы және тапсыру жүргізген органның мөрі арқылы бекітіледі әрі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберіледі. "10 жыл Астана" мерекелік медалі сол жақ омырауға тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болған жағдайда олардан кейін орналасады. Жїргізілген наградтаулардың есебін, сондай-ақ мерекелік медальдардың тапсырылу барысы туралы есептілікті Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүргізеді. ## "10 жыл Астана" мерекелік медалінің сипаттамасы "10 жыл Астана" мерекелік медалі латуннен дайындалады, диаметрі 40 мм дұрыс көп қырлы нысанды.Медальдің бет жағының дұрыс сегіз қырлынң бұрышында ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан, сегіз қырлының бұрыштардың арасында күннің сәулесін бейнелейтін бес-бестен штрал сызықтары жасалған. Сегіз қырлының ортасында шеңбер бейнеленген, шеңбердің ортасында сол жақ жоғары бұрышында үш жолға жазылған "10 жыл АСТАНА" деген жазу бар, ортасында Қазақстан Республикасы Президентінің Ақорда резиденциясының бейнесі және Бәйтерек монументі бейнеленген. Медальдің бет жағы жылтыр. Медальдің сыртқы жағында шеңбер бейнеленген, шеңбердің ортаңғы бөлігінде үш жолдан тұратын "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 2008" деген жазу жазылған. Жазудың астында ұлттық ою-өрнек элементі орналасқан. Медальдің сыртқы жағы жалтыратылған. "10 жыл Астана" мерекелік медалі құлақша мен шығршық арқылы биіктігі 50 мм және ені 32 мм алтыбұрышты тағанмен жалғасады, тік жолақты: ені 7 мм қызыл түсті, ені 3 мм сары түсті, ені - 2 мм көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған. Тағанның сыртқы жағында қапсырма құлыпты түйреуіш орналасқан, медаль соның көмегімен киімге бекітіледі. ## Сыртқы сілтемелер * "Қазақстан Республикасы астанасының 10 жылдығын атап өту құрметіне арналған "10 жыл Астана" мерекелік медалі туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі (2022 жылға дейін ҚР Мемлекеттік хатшысы) — Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғасы. Мемлекеттік кеңесші өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей басшылығымен жүзеге асырады, оған есеп береді және бақылауында болады. Мемлекеттік кеңесші қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де актілері құрайды. ## Мемлекеттік кеңесші өкілеттігі Қазақстан Республикасының Президентіне ішкі саясат саласы бойынша стратегиялық ұсыныстарды тұжырымдайды;Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша:Қазақстан Республикасының Парламентімен және оның палаталарымен, басқа да мемлекеттік органдармен, саяси партиялармен және өзге де қоғамдық бірлестіктерімен қарым-қатынастарда; халықаралық қатынастарда оның мүдделерін білдіреді; * Қазақстан Республикасының Президентіне ішкі саясат саласы бойынша стратегиялық ұсыныстарды тұжырымдайды; * Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша: Қазақстан Республикасының Парламентімен және оның палаталарымен, басқа да мемлекеттік органдармен, саяси партиялармен және өзге де қоғамдық бірлестіктерімен қарым-қатынастарда; халықаралық қатынастарда оның мүдделерін білдіреді; Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың:Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның,Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның,Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның,Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы жөніндегі республикалық комиссияның,Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның,Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның,Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның,Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның,Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның,Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді; Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың:Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның,Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның,Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның,Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы жөніндегі республикалық комиссияның,Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның,Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның,Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның,Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның,Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның,Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның,Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның,Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның,Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы жөніндегі республикалық комиссияның,Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның,Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның,Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның,Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның,Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның,Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді; * Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның, * Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның, * Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның, * Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы жөніндегі республикалық комиссияның, * Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның, * Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның, * Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның, * Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның, * Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның, * Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қызметіне жетекшілік етеді, қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдамалық құрылымдардың жұмысын үйлестіреді; * Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қызметіне жетекшілік етеді, қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдамалық құрылымдардың жұмысын үйлестіреді; "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. * "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді; * Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. ## Өкілеттігін іске асыру өкімдер шығаруға;өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар беруге;Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына қатысуға;өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен басқа да материалдарды сұратуға және алуға;өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ Мемлекет басшысы алға қойған өзге де міндеттерді шешу үшін ведомствоаралық жұмыс топтарын құруға құқылы. * өкімдер шығаруға; * өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар беруге; * Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына қатысуға; * өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен басқа да материалдарды сұратуға және алуға; * өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ Мемлекет басшысы алға қойған өзге де міндеттерді шешу үшін ведомствоаралық жұмыс топтарын құруға құқылы. Мемлекеттік хатшының қызметін ұйымдық-құқықтық, ақпараттық-талдау және өзгедей қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады. ## Мемлекеттік хатшылар * ## Cілтеме * Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ, 2007 жылғы 13 тамыз N 379 ## Дереккөздер * http://www.akorda.kz/kz/secretary_of_state/on_the_status_and_authorities_of_secretary_of_state/decree_of_the_president_of_the_republic_of_kazakhstan Мұрағатталған 24 маусымның 2010 жылы.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысы Новосокольники ауданы, Казачиха ауылы, РКФСР) — қазақ Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор. ## Өмірбаяны 1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Жетіру тайпасы Табын руынан шыққан. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді. 1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды. Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген. Әлия есімімен көшелер, ондаған мектептер (Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі), Әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий жүк таситын теплоходы аталған. Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург , Новосокольники қалаларында ескерткіштер орнатылған. Ақтөбеде облыстық мемориалды музей жұмыс жасайды. ## Әлия атындағы ескерткіштер * Новосокольники қаласы (авторы М.Әйнеков) * Ақтөбе (Л.Рапутов, Е.Штамм) * Ақтөбедегі Мемориалды кешен (авторы Б.Әбішев) * Әліпбайсай ауылы (Б.Әбішев) * Алматыдағы “Шығыстың қос жұлдызы” атанған Әлия мен Мәншүкке арналған мемориалдық кешен * Мәскеуде ескерткіш (Б.Әбішев) * Мемориалдық музейдегі бюсті (О.Шанов). ## Ә.Молдағұлова атындағы көшелер Ақтөбе, Мәскеу, Санкт-Петербург, Тараз, Астана қалаларында ## Суреттері “Әлия” (С.Әлімбетов), “Мәңгілікке сапар” (А.Ануфриев), “Ауыл Бұлақ” (А.Корват), “Мерген Әлия Молдағұлова” (А.Сапугов), “Мерген Әлия”/күріштен жасалған/ (Ф.Терещенко), “Әлия” (О.Нұржұмаев), “Бұлақтағы Әлияның үйі” (Н.Өтегенов), “Соңғы көктем” (Т.Телеушев). ## Гобелендер “Әлия” (М.Нартов, Н.Рахманқұлов), триптих “Әлия” (Б.Атыраубаев). ## Әлияға арналған мұражайлар Облыстық мемориалдық музей /Ақтөбе қаласы/, №891 Мәскеу орта мектебінде, №140 Санкт-Петербург орта мектебінде, Әліпбайсайдағы патриоттық орталығы. ## Әлия туралы шығармалар “Әлия-Мәншүк” жинағы, “Песнь Праматери Хобды” (А.Утегенов), “Гүл-ғұмыр” поэмасы, ән “Он тоғыз жас” (Е. Ашықбаев), ”Қызғалдақ-ғұмыр Әлия” мен “Сағыныш”әні (Г.Аймаханова), “Әлия” әні (Б.Тәжібаев пен С.Байтереков), “Ару қыз, ержүрек қыз, Әлия қыз” әні (композитор Қ. Қожанбаев), “Әлия”әні (Ә.Садуакасова), “Әлия”деректі повесі (Ә.Оралбай), “Әлия-Мәншүк” поэмасы (Т.Молдағалиев), “Әлияның жүрегі” (Я.Хелемский), “Әлия Молдағұлқызы” повесі (Ж.Жұмақанов), “Әлия” дастаны (С.Жиенбаев), “Шығыс шынары” повесі (Ә.Нұрмаханова), “Әлия” поэмалары (К.Деркаченко, Р.Трофимов), балет “Әлия” (М.Сағатов), “Әлия” атты деректі фильм (режиссер Ю.Пискунов) және «Снайперлер» фильмі (реж. Б. Шәмшиев), “Әлия” спектаклі (Ә.Тарази), “Жарық жұлдыздар” поэмасы (С.Жиенбаев). Сейдолла Бәйтерековтің “Әлия” әнін орындаған әнші Роза Рымбаева дүниежүзілік байқауда лауреат атанды. ## Дереккөздер
Қасым-Жомарт – арабтың «қесм» (бөліп беруші, таратушы) және қазақтың «жомарт» (қолы ашық, мырза, молдық, кеңдік) сөздерінің бірігуінен құралған ныспы. Және де бұл жерде парсының «жавон+мәрд» (жас+еркек) сөзінің «жомарт» сөзімен төркіндес екендігін айта кеткен абзал. Қазақ бұл есімді жаңа туған сәбиге «қолы ашық, ағайын-туысқа қамқор, қара қылды қақ жарған әділ болсын» деген ниетпен қояды. Түркі жұртында тек қазақтарға ғана тән есім.
Бақтияр – парсының «бәхт» (бақыт) және «иар» (жар) сөздерінің бірігуінен құралған есім. Мұсылман жамағаты арасында қазақтар мен ирандықтар арасында көптеп кездесетін ат. Парсы шығанағына Орталық Азиядан ауып барған тайпаның бірі бахтиярлар деп аталады. Бұл есімнің түп-төркіні бақытты болсын деген тілекпен астасады.
Айдын Құдайбергенұлы Смағұлов (1 желтоқсан 1976 жыл) — қазақ дзюдошысы, 1996-шы жылы Қазақстан чемпионы, Орталық Азия ойындары чемпионы, 2000-шы жылы Сидней Олимпиадасында Қырғызстан атынан қола медаль иегері атанды. Айдын Смағұлов Алматы облысы Алакөл ауданының түлегі. Айдын өзінің туған ағасы Рүстемге еліктеп күрес үйірмесіне келді. Бұл өнердің қыр-сырын жергілікті бапкер Бақытбек Мұстафиннің қол астында жаттықты. Уақыт оза өз қатарының алды болып, ел намысын қорғайтындай дәрежеге жетті. Дзюдо күресі бойынша ел чемпионы атанды, Орталық Азия ойындарында топ жарды, бірқатар халықаралық жарыстарда атой салды. ## Қырғызстан сапында Алайда 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындары қарсаңындағы ел чемпионатында сәтсіздікке ұшырап, байрақты бәсекеде Қазақстанның туы астында өнер көрсету құқығынан айырылды. Жасы 26-дан асқан Айдын балуанға қазақстандық бапкерлер сенімсіздік білдіргеннен кейін ол тосын шешім қабылдады. Алатаудың арғы жағына өтіп, айыр қалпақты ағайындардың намысын жыртуды жөн санады. Бұл ретте оның еңбегі еш кеткен жоқ. Айдын Сиднейде қола медальді қоржынға салды. Қырғыздар қалпақтарын аспанға атты. Олардың осылай қуануы да негіссіз емес-ті. Өйткені, 1980 жылы атақты ауыр атлет Қаныбек Османәлиев Мәскеуде алтын алған уақыттан бергі 20 жыл аралығында Қырғызстан құрамасына Олимпиаданың бірде-бір медалі бұйырмаған екен.Айдын Смағұловқа дейін Қазақстанның бірде-бір дзюдошысының Олимпиада тұғырына табаны тимеген. ## Спортқа келуі Әке-шешесі байланыс саласының қарапайым қызметкерлері. Жалпы аудан орталығы – Үшарал өңірінң барлық жетістігі білікті бапкер Бақытбек Мұстафиннің есімімен тығыз байланысты. Сол кісіден тәлім алған туған ағасы Рүстем қысқа ғана мерзім аралығында көпшілікке танылды. Самбодан бірқатар республикалық жарыстарды ұтты. Грузияда өткен жасөспірімдер арасындағы КСРО чемпионатында алтын медальді олжалап, спорт шеберінің күміс белгісін омырауына тақты. Үлкен ағасы Дастан бокспен айналысты. Екеуі де үнемі жарыста. Үйде болған жағдайдың өзінде жаттығудан қолдары босай бермейді. Үйде Айдынға қарайтын ешкім жоқ. Сол себепті Рүстем өзімен бірге спорт залына алып баратын. Кешкісін ағасының қасында болып, жаттығу барысын тамашалайтын. Бапкері өте байыпты адам. Еш уақытта дауыс көтеріп, балаға ұрыспайды. Ұтсаң да, ұтылсаң да бір қалыпты. Үнемі ақыл-кеңесін айтып, ағалық қамқорлық танытады. Білмеген жерін тәпіштеп үйретуден еш жалықпайды. Ал Рүстемнің мінезі бөлек. Бір әдісті бір рет қана қайталайды. Көрсетіп тұрғанында қағып алуға тиіссің. Сол тәсілді қайталай алмасаң, бұлқан-талқан болып ашуланады. Көңіл-күйі болса, екінші мәрте қайталауы мүмкін. Егер сонда үйренбесең, қолың бір сілтейді де кетеді. Жай кетпейді, балағаттап, сүйектен өтетін сөздер айтып кетеді. Ағасының бұл қылығы алғашында маған тым ерсі көрінетін. «Дұрыстап үйретсе қайтеді екен» деп жыларман болатын. «Тұра тұр, бәлем, әдіс-тәсілдің барлығын үйреніп алайын, содан кейін қалай күресу керектігін мен саған үйретемін» деп өз-өзін қайрайтын. Балалық қой, есейе келе ағамның не үшін ашуланатынын түсіндім. Балуанға ең әуелі жылдамдық, шапшаңдық, ептілік қажет. Айтылған ақылға құлақ түріп, көрсетілген әдісті әп-сәтте қағып алмаған спортшы боз кілемде шұғыл шешім қабылдай алмай, кібіртіктеп қалуы мүмкін. Ал оның ақыры немен тынатыны белгілі ғой. ## Ушаралдан Өскеменге аттануы Алакөл өңірінің балуандары белгілі бір межеге жеткенен кейін Өскеменге барып даярлануды сол жылдары дағдыға айналдырған еді. Шығыс Қазақстан облысының орталығына қоныс аударғанда мен де Жанәділ Атаевтың қол астында жаттықтым. Ол кісінің біліктілігі еш күмән туғызбайды. Атаевтің «шекпенінен» талай мықты балуандар шықты. Мен де Жанәділ ағадан көп нәрсе үйрендім. Ол кезде самбодан жеңіл салмақтағы жастар арасындағы әлемнің екі дүркін чемпионы Ержан Омарбаевтің даңқы дүркіреп тұрған. Рүстем оған үнемі сол жігітті үлгі ететін. Жаттығудан кейін ол: «Егер әлемдік деңгейдегі балуанға айналғың келсе, Омарбаевты ұтуға тиіссің. Оны жеңген күні ғана сол мақсатқа жете алатыныңа сенетін боламын», – деп мені қайрайтын. Ол кезде Ержанды ұту мүмкін емес еді. Десек те Омарбаевтің деңгейіне жету үшін Айдын көп тер төкті. Бірте-бірте иық тіресе бастадық. Аздыған табыстарға қолы жетті. Айдын 1996 жылы самбодан жастар арасындағы ел біріншілігінде бас жүлдені олжалағанан кейін дзюдоға ауысты. ## Дзюдоға ауысуы Тоқсаныншы жылдардың бел ортасында көптеген белді самбошылар дзюдоға ауысып жатты. Өйткені, жапондар ойлап тапқан күрес түрі Олимпиада бағдарламасына енген. Ал барлық спортшының арманы – Олимпиада ойындарында бақ сынау. Сол арманның жетегімен Айдын дзюдо үйірмесінің табалдырығын аттады. Сөз орайы келгенде, оның мықты дзюдошы болып қалыптасуыма жоғарыда есімдері аталған азаматтардан бөлек, сол жылдары Өскеменде жаттыққан алдыңғы толқын ағалармыз көп үлес қосқанды. Атағы алысқа тараған Руслан Сейілханов, Ержан Омарбаев, Сержан Омаров сынды белді балуандардан көп нәрсе үйренді. Оның үстіне 60 келі салмақта елішілік жарыстардың өзінде бәсекелестік өте күшті болды. Сол жылдары Нұрбол Сүлейменов, Базарбек Доңбай, Қасым Табылдинов, Бақытжан Әбдікәрімов, Ержан Омарбаевтың тегеуіріне төтеп беру оңай іс емес еді. Кейіннен қатарымызға Берік Жетпісбаев пен Ерлан Сіләмбаев сынды сайдың тасындай жігіттер қосылды. Сондай мықтылармен бәсекелес болуға тура келді. Соның арқасында тәжірибе жинады, шеберлігін шыңдалды. 1996 жылы ересектер арасында ел чемпионы атанды. Сол жылы жастар арасындағы әлем біріншілігіне аттанып, жетінші орынды қанағат тұтты. 1997 жылы Қазақстан чемпионатының ақтық сынана дейін алқынбай жеткеніммен, шешуші тұста Нұрбол Сүлейменовтен ұтылып, күміс жүлдегер атанды. 1998 жылы Мәскеуде өткен аса ірі халықаралық турнирде қола медальді еншіледі. Сол маусымда Канадада жалауы желбіреген студенттердің әлем біріншілігінде бесінші орынға табан тіреді. Басқа да ірілі-ұсақты жарыстарда жүлделі орындардан көрініп жүрді. ## Қырғыздар құрамасына ауысуы Сидней Олимпиадасының қарсаңындағы жарыстарда Айдын өзінің мықтылығын түбегейлі дәлелдей алмады. 1999 жылы Қарағандыда өткен Қазақстан чемпионатында сәтсіздікке ұшырады. Содан кейін «Олимпиадаға барсам» деген асқақ арманымен қош айтысуға тура келді. Негізі ол жауапты жарыстар қарсаңында тым көп салмақ қуатын. Кейде тіпті 10-12 келіден арылуға тура келеді. Соның салдарынан Олимпиада қарсаңындағы жауапты жарыстарда кеңінен көсіле алмады. Олимпиадаға қатысу мүмкіндігінен айырылған спортшының көңіл-күйі жайсыз күндердің бірінде Қырғызстанның танымал бапкері Тұратбек Құлыбаев тосын ұсыныс жасады. Бір қызығы, айыр қалпақты ағаны Айдын Қазақстанның ішкі жарыстарында жиі көретін. «Ол кісі бұл жерде не істеп жүр екен?» деген ой да келген. Қырғыздар арасынан намыс туын биік ұстайтын білекті балуандар табылмағаннан соң Тұратбек аға Қазақстанға келіп, өзіне шәкірт қарайластырып жүр екен. Бішкекте өткен Орталық Азия ойындарында ол кісінің Айдынға және 73 келі салмақта күресетін Сағдат Садықовқа көзі түсіпті. Қазақстанның ұлттық құрама командасына екеуінің де іліге алмағанын білгеннен кейін «Бізге кел» деген ұсыныс айтты. Алғашында Айдын мен Сағдат біраз абыржып қалды. «Өз – елім, өзімнің – Отаным тұрғанда, өзгенің намысын жыртқаным қалай болар екен?» деген ой да келді. Содан ағаларымен ақылдасты. Олар: «Ұлттық құрамаға алмағаны үшін сен кінәлі емессің. Қырғыздар қиылып сұрап тұрса, тартынудың реті жоқ. Біле білсең, жат елге кетіп бара жатқан жоқсың. Іргеміздегі қырғыздар – өз ағайындарымыз. Қазақтың бір азаматы бауырлас мемлекеттің даңқын шығарып жатса, несі айып. Есіңде болсын, спорттық ғұмыр қысқа. Оның үстіне, Олимпиада ойындары күнде өтіп жатқан жоқ. Енді төрт жылдан кейін ғаламдық жарысқа бару-бармауың белгісіз. Сол себепті мүмкіндігіңді қалт жіберме», – деп кесімді сөздерін айтты. Бұл шешімге біздің бапкерлер де, басқалары да қарсы болмады. Сөйтіп, Сағдат екеуі 2000 жылы Сиднейде алауы тұтанған Олимпиада ойындарында Қырғызстанның туы астында өнер көрсетті. ## Сидней 2000 Айдын алғашқы бәсекені Аргентина балуанына қарсы өткізді. Оны еш қиналмай, таза ұтты. Екінші кездесуде бразилиялық Манола Пулоға есе жіберді. Негізі оны ұтуға болатын еді. Бәсеке басталған бетте «диірмен» әдісін жасады. Төрешілер бұл тәсіл «юко» ұпайымен бағалады. Айдын көп ұзамай тағы бір әдіс орындауға бел буды. Сол кезде екеуі боз кілемге бірдей құлады. Татамидегі қазы істің ақ-қарасын ажыратпай, жеңісті Пулоға беріп жіберді. Бұл жеңіліс Айдынды алтыннан айырды. Одан кейінгі бәсекелерде қарсыластары бас көтеруге жарамады. Ресей, Молдова және АҚШ дзюдошыларын «иппонмен», яғни таза ұтты. Қола үшін таласта қарсыласы Өзбекстанның беткеұстар балуаны Әлішер Мұхтаров еді. Осы оқиғадан бір жыл бұрын Алматыда өткен Санжар Жандосовты еске түсіруге арналған халықаралық турнирде екеуінің жолы қиысқан болатын. Сол жарыста «қылқындыру» тәсілін қолданған Мұхтаров Айдынды сан соқтырып кетті. Татамиге шығар алдында командалық әріптесі Сағдат Садықов қолдау көрсетіп, Қазақстанның ұлттық құрамасының бас бапкері Бостан Жаңбырбаев ағалық ақылын айтып, намысын жаныды. Қазақстаннның басқа да балуандары мен бапкерлері келіп, сәттілік тіледі. Шамамен кездесудің үшінші минуты болса керек, Мұхтаров іштен ілуге әрекет етті. Айдын оның алдын орауға бекініп, әп-сәтте «диірмен» әдісін қолданды. Қарсыласым қос жауырынымен жерге құлады. Төреші «иппон» деп айғай салды. Өзбек дзюдошысы біресе Айдынға, біресе төрешіге жалтақ-жалтақ қарағады. Сиднейде Айдын күресіп болғаннан кейін ала тақиялылар байбалам салыпты. Өзбек бапкерлері: «Айдын Смағұлов – Қазақстанның азаматы. Оның Қырғызстанға еш қатысы жоқ. Олар халықаралық дзюдо федерациясы бекіткен ережені бұзып отыр. Сол себепті жеңіс біздің балуанға берілуге тиіс» деп шағым түсіруге бекінген екен. Сол кезде қарсыласым азаматтық танытты. Әлішер: «Мен Айдыннан татамидің үстінде, таза бәсеке барысында ұтылдым. Сондықтан да ешкімнің алдына барып арызданбаймын. Оған арым жібермейді. Ондай арзан жолмен келген алтынның маған еш қажеті жоқ», – деп кесімді сөзін айтқан екен. Бұл сөзді естіген өзбектер райынан қайтты. ## Қызық ойлар Кей адамдар Айдынна «Егер қола медаль үшін айқаста өзбек Мұхтаровпен емес, қазақ Доңбаймен кездескенде не істер едің?» деген сұрақты жиі қояды. Әрине, әр спортшының түпкі арманы – Олимпиада ойындарында атой салу. Айдын да Сиднейдегі ойындарда жүлдеге қол жеткізуді мақсат тұтты. Алланың қалауымен ол арманым орындалды. Ал егер Базарбек екеуінің жолы қиысқанда, Айдын оған еш ойланбастан жол берер еді. Өйткені, Доңбай қазақтың намысын қорғады. Ол болса, өзге елдің туы астында өнер көрсетті. Ондай жағдайда кеудесінде намысы бар әр азамат мемлекеттің мүддесін бәрінен де жоғары қоюға тиіс - дейді Айдын. ## Марапаты Қырғыз мемлекет басшысы Асқар Ақаев Айдын кеудесіне «Даңқ» орденін тақты. ## Дереккөздер
Әміржан – араб және қазақ сөздерінің бірігуінен құралған есім. «Әмір» – араб сөзі. «Бұйрық, жарлық, үкім» деген мағынаны білдіреді. Қазақ бұл есімді жаңа туған сәбиге «әмірі жүрсін, жарлығы өтімді болсын» деген ниетпен қойған. «Жан» деген қосымша сөз «жаны жайдары, жақсы болсын» деген тілекті білдірген. Бұл ныспы ел ішінде жиі кездеседі.
Оразақын – парсының «рузе» (ораза) және қазақтың «ақын» сөздерінің бірігуінен құралған есім. Мұсылман жамағаты мен түркі қауымы арасында тек қазақ халқына ғана тән ат. Ораза кезінде, Рамазан айында дүниеге келгеніне байланысты осындай ат қойылуы мүмкін. Оразақын – басқаны айтпағанда, қазақ арасындағы айрықша есім.
Майра – парсының «маһире» сөзімен төркіндес есім. Моншақ мағынасында қолданылады. Қазақ арасында жиі кездесетін есім. Бастапқы мағынасынан ажырап, қазақ ішінде май айында туылғандарға қойылатын ат сияқты болып кеткен. Өзге мұсылмандар арасында «Маһире» түрінде қолданылады.
Сұлтанәлі – түркі жұрты ислам дінін қабылдағаннан кейін ел ішінде кең тараған есім. Арабтың «султе» (билік) және «а‘ли» (жоғары, асқақ) сөздерінің бірігуінен құралған. Жаңа туған сәбиге мерейі үстем, асқақ, абыройлы болсын деп осындай есім береді. Сұлтанәлі – қазақ арасындағы айрықша есімдердің бірі.