text
stringlengths 3
252k
|
---|
Бөрібай кесенесі — 18 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Сырдария, Шиелі аудандарының шекарасындағы (Қызылорда – Жезқазған автомобильдік жолынан 40 км жерде) Телікөлдің маңайынд ауылы 1988 жылы Алматы сәулет және құрылыс институтының экспедициясы (жетекшісі Е. Бәйтенов) зерттеген Бөрібай кесенесі – 6х19х33 см шикі кірпіштен тұрғызылған порталды құрылыс. М. Тынышпаевтың айтуынша, кесене Бөрібай батырға арнап салынған болуы керек. Оның негізі шаршыға (6,40х6,68 м) жуық, ішкі жағы сегіз қырлы, әр қырында бөлек-бөлек итарқалы қуыс бар. Бойлық және көлденең белдеулеріндегі қуыстар тікбұрышты, ал диагоналы бойындағы қуыстар бесбұрышты. биіктігі 1,15 м күмбез барабанға өтер тұста бірінен бірін оздыра қаланған қос қатар сөре барабанға негіз болған. Ғимарат қалдықтарына қарағанда күмбезі болмаған тәрізді. Кіретін есік оңтүстік қабырғадағы қуыстан шығарылып, оған тіркестіре жебенің ұшы сияқты үшкірлеп жабылған дәліз (ұзыдығы 1,75 м шығыс қабырғасы сақталған) салынған. Құрылыс сыланбаған. солтүстік қабырғасы жағындағы бөлмеде жартылай көміліп қалған сағана бар.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том |
Бөрібас кесенесі 19 ғасырдың аяғынан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Шу өзенінің оң жағалауында, Той өткелінен 43 км төмен. 1988 жылы Алматы сәулет және құрылыс институтының экспедициясы (жетекшісі Е. Бәйтенов) зерттеген. Бөрібай кесенесі тікбұрышты күйдірілген кірпіштен шаршы тұғырға тұрғызылған. Күмбез цилиндр түріндегі барабанға қаланған. Алғашында кесенеге кіре берісте дәліз болғанға ұқсайды. Кесене тұғыры кірпішті тігінен екі қатар етіп мәнерлей қалап безендірілген. Кесене сегіз қырлы, әр қырында аркалы қуыс бар. Күмбезінде ішке жарық түсу және ауа алмасып тұру үшін қалдырылған төрт шаршы ойық бар, сондай-ақ, күмбезді қалағанда сырғауылдан екі қатар белдеу жасалған. Бөрібай кесенесі. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Бетпақдаланың оңтүстік-батыс аймағын қоныстанған қазақтардың мемориалдық сәулет өнері жайынан хабар береді.
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том |
Геологиялық іздеу және барлау — кен орындарын іздеп табу, оларға баға беру, жер қойнауында жату ерекшелігін, мөлшері мен сапасын, өндіру мүмкіндігін анықтау мақсатында жүргізілетін арнайы жұмыстар кешені. Геол. түсірім нәтижесінде іздеу белгілері немесе кен байлықтары болуы мүмкін, геофиз., геохим. аномалиялы аудандарда геологиялық іздеулер жүргізіледі. Іздеу белгілеріне минералдану, кен денелерінің жер бетіне шығуы, тотығу белдемі, оның аллювий, делювий шөгінділеріндегі белгілері, жер асты, өзен, бұлақ суының хим. құрамы, түсі, өсімдік күліндегі негізгі және қосымша хим. элементтердің басым болуы және т.б. жатады. Геол. емес тарихи-археол. белгілерге ежелгі тау-кен қазбалары, балқыту пештерінің қалдығы, т.б. жатады. Геол. іздеулер бірнеше сатыда жүргізіледі: жалпы іздеу (1:50000 — 1:25000), іздеу (1:25000 — 5000) және іздеу-бағалау жұмыстары (1:5000 — 1:1000). Әрбір кезекті сатының ұйымдастырылуы алғашқы жұмыстың оң қорытындысына байланысты болады. Іздеу жұмыстары кезінде геол. бақылаулар жүргізіліп, ашылымдар сипатталып, суреті салынады, қарапайым тау-кен қазбалары жүргізіледі, әр түрлі сынамалар алынып, тексеріледі. Жалпы іздеу сатысында геол. түсірімде табылған іздеу белгілері мен геофиз., геохим. аномалиялардың табиғаты тексеріліп, кеннің болжамдық қоры анықталады да, кезекті іздеу жұмыстарына жарамды телімдер белгіленеді. Іздеу, іздеу-бағалау жұмыстары кен байлықтар табылған телімдерде жүргізіледі. Мақсаты — кен байлықтарды өндірістік-геол. бағалау, бұрын зерттелген кен орындарының параметрлерімен салыстыру, яғни кен орнының масштабы, өнімділігі, кен байлығының сапасы, кен-техникалық жағдайы, ауданның экон.-геогр. жағдайын анықтау. Іздеу, іздеу-бағалау сатыларының нәтижесінде кен денесінің Р2 немесе Р1 категориялы болжамдық қоры мен С2 категориясы бойынша қоры есептелінеді. Геол. іздеу тәсілдері негізінен 6 топқа бөлінеді: 1) Ең негізгі тәсіл — геологиялық түсірім және геол. карта жасау; 2) Жер бетінде жүргізілетін іздеулер; 3) аэрогеол. тәсілдер — аэровизуалдық байқау, аэрофототүсірім; 4) геофиз. барлау; 5) геохим. тәсілдер; 6) тех. тәсілдері.
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том |
Бөрібай батыр Сарыұлы (1694-1756/60) – қолбасшы, батыр, би. Бөрібай қазақ жерінің оңтүстік-шығысында орналасқан барлық елге қолбасшы болып жол көрсеткен баһадүр. Шыққан тегі Орта жүз құрамындағы Найман тайпасының Матай руының Қаптағай батыр әулетінен шыққан Шынжырлы тұқым.
## Өмірбаян
Қаракерей Қабанбайдың өзін жорыққа алып шығып, соғысқа баулыған, ұрыс тәсілін үйретіп, жол көрсеткен, өзі де әскер басқарған жасампаз көшбасшы.Бөрібай бабамыздың өмірі тек Соғыспен өткен,Анасының ішінде жатқан кезде,Анасы Қасқырдың-Бөрінің жүрегіне жерік болған дейді тарихшылар, Әкесі Сары мырза тек батыр және би емес мықты найзагер,аңшы болған екен.
## Ерліктері
1723–40 жылы жоңғарларға қарсы соғыстарда матай руы қолын басқарған. Жалайыр, найман, қоңырат жасақтарының басын біріктіріп, Сарысу өзені бойына қоныстандырған. Жоңғар шапқыншылығының ең ауыр кезеңінде өз қарамағындағы рулардың жаудан қорғану ісін ұйымдастырды. Сарысу өзені бойындағы шайқаста қаза тапқан. Қожа Ахмет Иасауи кешенінде жерленген Бөрібай батырдың ерлігі жайлы кезінде Сегіз сері, Дәстем сал, Жанкісі жыраулар дастандар шығарған.Жоңғар қолбасшысы Сайынбөлек Шыршықты тастап, жоңғар тауынан аса өз жағына қарай қашуды ойлайды. Оның бұл пиғылын аңдаған Қаракерей Қабанбай батыр ерлігі мен сыры өзіне жақсы мәлім Бөрібай бастаған Баймұрат, Еспембет батырларды тосқауылға қояды. Сайынбөлекке онсыз да тісі қайраулы Бөрібай одан ел кегін қалай аларын білмей жүрген еді. Сонымен он мың әскері бар Сайынбөлекті ұрымтал тұстан күтіп алған Бөрібай қолы ата жауымен ұрысқа кіреді. Тұс-тұстан атойлаған қазақ сарбаздары ә дегенше-ақ жау әскерін тықсыра бүріп, қоршап алған еді. Көп тіресуге дәрмендері жетпеген қалмақ қолының берекесі ұшып, іле тұтқынға беріледі. Алайда әккі Сайынбөлек біраз әскерімен қашып үлгеріп, бұл қақпаннан да сытылып кетеді. Бұл жеңіс Бөрібай батырды аса қуанта қоймайды.Себебі ата жауы құтылып кетті. Екіншіден, Жетісуды ойраттар басып алған. Ендігі міндет – қашқан жауды індете қуып, сол өңірлерді жаудан тазартып, ел-жұртын азат ету. Осылайша Бөрібай батыр бастаған екі түмен қол Жетісу – Алакөл бағытына аттанады.Бөрібай батыр талай қалмақ батырын жекпе-жекте жеңіп, босып кеткен халықтың басын біріктіріп, Сарыарқа төсінде Сарысу өзені маңына қоныстандыруымен тарихта қалды. Алайда Кеңес дәуіріндегі солақай саясат есімін ататпай, батыр туралы мәліметтер мақсатты түрде жойылып отырды. Себебі 30-шы жылдары Ақсу халқы сол кездегі билікке қарсы Бөрібайлап ұрандатып ,көтеріліс ұйымдастырған.
## Дереккөздер |
“Үй Патшалығы Кітабы” — үй патшалығының (Үйсін Ордасының) қытай тілінде жазылған тарихы. Үйсін патшалығы 386 — 534 жылдар аралығында Қытайдың солтүстік-батыс өңірінде өмір сүрген мемлекет. Кітаптың авторы — Үй Шу (506 — 572). Қазақша “Үйнама” деп те қолданылады. Бұл еңбектің Батыс өлкесіне арналған тізбекті баянының 90-бөлімінде былай делінеді: “Үйсін мемлекеті (патшалығы) Қызыл аңғарда (Чугучэн), Чюсы (Куча) елінің солтүстік-батысында тұрады. Ол жерден Дай еліне жеткенге дейін 10 мың 800 ли (шақырым). Олардың елі руан-руандардың (жужандардың) бірнеше мәрте шапқыншылығына ұшырағандықтан батысқа қарай көшіп, Сүңлин (Памир) тауына барды. Қала, қорғандары жоқ, малға ілесіп, сулы, шөпті жерлерге көшіп жүреді. Тайянның үшінші жылы (437) Дүң Вань Үйсіндер еліне өз уәкілдерін жіберді. Содан олар да елші жіберіп, тарту-таралғы әкеліп тұрды”.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы" 9 том |
Жамал Бектасова (1 шілде 1923 жыл, Алматы облысы - 2003 жыл) — актриса, Қазақстанның халық артисі (1998).
* Алматы театр студиясын 1940 ж. бітірген.
* 1945 ж. Алматыдағы Республикалық жасөспірімдер мен балалар театрына ауысып, күні бүгінге дейін сонда шығармашылық қызметте. Алғаш театр сахнасына шығуы (1947 ж.). Балалар мен жасөспірімдер театрының ашылуына байланысты қойылған А.Толстойдың “Алтын кілтіндегі” Мальвина рөлінен басталды. Осы жылдан бастап Бектасова аталған театр сахнасында жарты ғасырдан астам уақыт бойы өнер көрсетті. Рөлдерінің барлығы дерлік психологиялық тереңдігімен, шынайылығымен қазақ сахна өнерінің тарихында қалды.
Сондай-ақ, Бектасова бірнеше кинофильмдерде ойнап, 250-ден астам фильмді дубляждауға қатысқан. Әуезовтің «Еңлік - Кебегіндегі» Еңлік. Мұнан кейінгі қойылымда «Айман - Шолпанда» Айманды ойнаған.
Әр жанрдағы пьесаларда көптеген образдар жасады. Солардың ішінде Ш.Айманов қойған «Жас Абайда» Ұлжанның бейнесін сомдады. 1986 ж. Р.Сейтметов қойған «Алуада» үнділік әйелдің рөлін ойнаған. Әуезовтің 100 жылдық мерейтойына байланысты жазушының әңгімесі негізінде қойылған «Қаралы сұлуда» күтуші кемпірдің бейнесін сомдады.
## Сомдаған рөлдері:
* Күнбала (М. Ақынжановтың “Алтын сақасында”)
* Қорлан, Алтынай, Күлпаш, Айкен (Ш. Хұсайыновтың “Көктем желі”. “Рәбиға”, “Біздің Ғани” және “Есірткен ерке”)
* Әсия (Қ. Бекхожиннің “Егер жүрек шын берілсе”)
* Күлән, Әсия, Қатира (Қ. Мұхамеджановтың “Қуырдақ дайын”, “Өзіме де сол керек” және “Бөлтірік бөрік астында”)
* Биғайша (Т. Ахтановтың “Күшік күйеу”)
* Дәмелі (Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтоқты”)
* Ақбөпе (А. Сатаевтың “Ақбөпе”)
* Рахия (Б. Мұқайдың “Өмірзая”)
* Луиза (Шиллердің “Зұлымдық пен махаббат”)
* Софья Игнатовна (А. Островскийдің “Адам аласы ішінде”), т.б.
## Дереккөздер |
Әли әулеті — Әли Әбу Тәліптің (Әзірет Әлінің) ұрпақтары. Әлидің бірнеше әйелінен көптеген балалары болған.Олардың ішіндегі ең әйгілілері Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатимадан туған Хасан мен Құсайын және Мұхаммед ибн әл-Ханафия. Имамшыл шииттердің мойындаған 12 имамның 10-ы — Құсайын ұрпағынан тарайды. Шииттердің діни-саяси қағидасы бойынша пайғамбарлыққа барабар жоғары өкімет (имамат) бар. Оны “құдай белгілеген”. Осы ережеге сәйкес имам болу Әлиге және оның ұрпақтарына ғана мирас болып қала беруге тиісті. Бүкіл ислам тарихында дерлік Әли әулеті немесе оның жақтастары жоғары билік үшін қарулы және идеологиялық күрес жүргізіп, Әли әулетінің имам болуын жақтап отырды. Бұл ел арасында көптеген соғыс өртіне себеп болып, халифаттың әр бөлігінде Әли әулеті басқарған имамдықтарды тудырды. Шиит имаматы мойындаған он екі имамның тоғызы - әл-Хұсайын тегінен шыққандар. Әли әулетінің имамдыққа ерекше құқығын бекіту үшін Алауийа және олардың жақтастары Исламның бүкіл тарихы бойына қарулы және идеологиялық күрес жүргізіп келді. Әли әулетінің өкімет билігін алуға туыстық құқығы бар деген түсінік басталған қозғалыс шииттердің имамдық өкіметтің құдіреттілігі жайлы мистик, ілім туғызды. Осындай күрес барысында Халифаттың жер-жерлерінде Алауийалар басқарған имаматтар пайда болды. Мароккодағы Әли әулетінен шыққан Ыдырыс ұрпақтары (789 — 926 ж.ж.) Солтүстік Африка, Мысыр, Сириядағы Фатима әулеті (909 - 1171 ж.ж.), Йемендегі Расси әулеті (IX ғ-дың басынан 1281 жылға дейін), Табарстан мен Йемендегі Зайд әулеті (1592 - 1962 ж.ж.) үлкен табыстарға жетті. Қазіргі кезде Әли әулетінің көптеген ұрпақтары барлық мұсылман елдерінде тұрады. Олардың бастарына жасыл сәлде орауға, саид әулеті деп аталуға ерекше құқықтары бар.
## Дереккөздер
Қазақстан энциклопедиясы
Үлгі:Sutb |
Биғаш — Абай облысы Көкпекті ауданындағы ауыл, Биғаш ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Көкпекті ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 32 км-дей, Жаңғызтөбе темір жол станциясынан оңтүстік-шығысқа қарай 155 км-дей жерде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1916 жылы қаланған. 1929 жылы “Екпін” ұжымшары болып біріктірілді. 1930 жылы “Гигант” кеңшарының құрамына кірді. 1943 жылдан бастап “Көкпекті” етті-сүтті ірі қара мал кеңшарының орталығы болды. 1995 жылы “Биғаш” серіктігі құрылды.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, амбулатория бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Бисен — Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданындағы ауыл, Бисен ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сайқын ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 70 км, Нарын құмының солтүстік-батыс шетіне таяу орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1718 адам (833 ер адам және 885 әйел адам) болса, 2009 жылы 1627 адамды (812 ер адам және 815 әйел адам) құрады.
## Тарихы
1996 жылға дейін Бисен қой кеңшарының орталығы болды, қазір шаруа (фермер) қожалықтары мен “Бисен” кооперативтік шаруашылықтары жұмыс стейді.
## Инфрақұрылымы
Ауылда мәдени-ағарту, денсаулық сақтау мекемелері бар. Тұрғындары аудан орталығымен және басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Бигиев Мұса Жарулла (1875, Ресей, Дондағы Ростов — 1949, Египет, Каир) — татар халқының ойшылы, мұсылман қозғалысының қайраткері, публицист. Бұхара, Стамбул, Каир қалаларында діни білім алған. Каирдегі әйгілі әл-Азхар медресесінде оқып жүргенде араб философтарының еңбектерімен жете танысып, ислам ілімін терең меңгерген. Бигиев 1-орыс революциясы қарсаңында Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, А. Ибрагимовтың жетекшілігімен шығарылып тұрған “Үлфәт”, “Тилмиз” газеттерінің редакциясында қызмет атқарды.
* Ол 20 ғасырдың басында өріс алған жалпыресейлік мұсылмандық қозғалысқа белсенді араласып, “Ресей мұсылмандары одағының” ОК-не мүше болды. Бірқатар араб философтарының еңбектерін, Құран Кәрімді татар тіліне аударып, бастырып шығарған.
* 1914 ж. Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты.
* 1915 ж. Бигиевтің Ресей мұсылмандарының қоғамдық-саяси өміріне арналған “Ислахат әсаслари” (Реформа негіздері) атты еңбегі жарық көрді. Одан басқа “Араб әдебиеті және мұсылмандық ғылым”, “Мұсылмандық құқық теориясы”, “Шариғат негіздері”, “Құран тарихы” атты кітаптары оны мұсылман жұртшылығына танымал етті.
* 1921 ж. Берлинде жарық көрген “Мұсылман әліппесі” атты еңбегі үшін ол Кеңес өкіметі тарапынан қуғын-сүргінге ұшырап, абақтыға жабылып, көп ұзамай халықаралық мұсылман қауымдас-тықтарының талап етуімен босатылды.
* Бигиев 1929 жылдан өмірінің соңына дейін шет елдерде (Финляндияда, Иранда, Түркияда, Египетте) эмиграцияда болды.
## Дереккөздер |
Бидай қаракүйесі — күйе саңырауқұлақтары тарататын өсімдік ауруы. Әр түрлі өсімдіктерге қаракүйенің белгілі бір түрі түседі. Бидай мен қара бидайдың қаракүйесі ірі споралардан тұрады. Бидай қаракүйесі астық масақтанып, дән сала бастағанда байқалады. Ауруға шалдыққан өсімдіктердің масақтары тікірейіп, аса иілмейді, реңі қаракүйенің әсерінен ақшыл-сұр, сұрғылт тартып тұрады. Астықты орған кезде, піскен күйе саңырауқұлақтары жарылып, споралары шашылады. Ол бастырылып жатқан дәннің бетіне, жапыраққа келіп қонады. Бидай қаракүйесінің ауру қоздырғышы дәнмен ілесіп, күзде немесе көктемде егілген тұқыммен бірге өне бастайды. Өсіп-өнген бидай қаракүйесі болашақ масақта шоғырланып, дәнді қаракүйеге айналдырып жібереді. Бидай қаракүйесінің қоздырғышы өсімдік қалдықтарында 3 — 4 жылға дейін тіршілік қабілетін жоймайды. Бұл ауруға шалдыққан бидайдың бойы 2 — 3 есе аласа келеді. Ауруды болдырмау үшін бидай тұқымын себер алдында инсектицидтермен өңдеу керек.
## Дереккөздер |
Бектау сөзі мынадай мағыналарда қолданылуы мүмкін:
* Бектау (ауыл)
* Бектауата
* Бектауата тиынтағы
* Бектауата үңгірі
* Бектау бұғазы
* Бектау көшесі (Астана)
* Бектау руы |
Бидайкөл (1997 жылға дейін — Гигант) — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, Бәйтерек ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шиелі ауылынан оңтүстік–шығысқа қарай 3 км-дей жерде, Телікөл каналының батыс жағындағы шөлді белдемде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 2616 адам (1298 ер адам және 1318 әйел адам) болса, 2009 жылы 2901 адамды (1455 ер адам және 1446 әйел адам) құрады.
## Тарихы
1997 жылға дейін "Гигант" аталып келеді. Іргесі 1928 жылы осы маңда ұсақ серіктестіктердің бірігуіне байланысты қаланды. Ауылда күріш және мал өсірумен айналысатын өндірістік серіктестіктер мен шаруа қожалықтары жұмыс істеді.
## Дереккөздер |
Ақтерек б.з.б. 3-1 ғасырлардан сақталған обалар. Алматы облысының Жамбыл ауданының Ақтерек кентінің оңтүстік-шығысында 6 км жерде орналасқан, үсті топырақпен, таспен үйілген 87 оба. 1956 ж. Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі Е.И. Агеева) зерттеген. Бірнеше топпен тізбектеліп салынған обалар диаметрі 8-12 см. Шығыстан батысқа, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай қазылған қабірлерден адам сүйектері табылды. Қабір беті ағашпен, таспен жабылған. Обалардан құмыра ыдыстар, темір пышақ, түйреуіш, шыны моншақ, қойдың құйымшақ сүйектері табылды. Ақтерек ескерткіштері көшпелі тайпалардың отырықшы халықтармен байланыста болғанын көрсетеді.
Ақтерек — орта ғасырлардан сақталған обалар. Жамбыл ауданы Ақтерек ауылының оңтүстік-шығысында 6 км жерде орналасқан. Үсті топырақпен, таспен үйілген 90- ға жуық обаны 1956 ж. Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев) зерттеген. Бірнеше топпен тізбектеліп салынған обалар диаметрі 8-12 м. Шығыстан батысқа, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай қазылған қабірлерден адам сүйектері шықты. Қабір беті ағашпен, таспен жабылған. Обалардан құмыра ыдыстар, темір пышақ, түйреуіш, шыны моншақ, қойдың құйымшақ сүйектері табылды. 1996-1997 ж. зерттеулер барысында Ақтерек маңынан 14-15 ғасырға жататын Қазақ хандығының алғашқы кезеңінің отырықшы қыстақтары және саны 18-ге тарта ескі диірмен орындары анықталды. Ақтерек ескерткіштері көшпелі тайпалардың отырықшы халықтарымен байланыста болғанын көрсетеді.
## Дереккөздер:
* Қазақ ұлттық энциклопедиясы
* Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3 |
Биебау — көкорай шалғынды, шөбі шүйгін құтты қоныс; ондай жерде сауын бие жайылып семіретін болғандықтан, “биебау” аталған. Бұл “бие бағы” деген ұғымды білдіреді. Осындай көк шалғынға келіп қонғанда, көпшілік “мынау бір биебау екен” дейді.
## Дереккөздер |
Бижiгiтов Осман-Рустамбек Байгенжеұлы (30 қараша 1952, Макушино, Қорған облысы, РКФСР, КСРО) — заңгер, милиция генерал-майоры (1995). Ресейдің Қорған облысының Макушкин қаласындағы орта мектепті бітірген соң (1970), КСРО ІІМ-нің Омбы жоғары милиция мектебінде (1974), Мәскеудегі КСРО ІІМ академиясында оқыған (1981).
Бірнеше жылдар бойы республиканың құқық қорғау органдарында жауапты қызметтерді атқара жүріп, мол кәсіби тәжірибе жинақтаған ол 1992 ж. Ақтөбе облысы ішкі істер басқармасының бастығы болып тағайындалды. 1994 — 97 ж. Алматы қалалық ішкі істер басқармасының бастығы болды.
Қазір ҚР ІІМ-нің көліктегі ішкі істер басқармасы Шығыс бөлімінің бастығы. Еңбек сіңірген ішкі істер қызметкері. Бірнеше медальдермен, атаулы қарумен марапатталған.
## Дереккөздер |
Биданов Фрунзе Бижанұлы (18.6.1932, Қарақалпақстан Республикасы, Қыпшақ ауд. Киров атынд. ұжымшар — 18.4.1999, Алматы) — ғалым, хим. ғыл. докт. (1977), проф. (1981), Қазақстанның еңб. сің. ғыл. қайраткері (1991). ҚазМУ-ді (1955) және оның аспирантурасын (1961) бітірген. 1962 — 64 ж. Қазақ хим.-технол. ин-тында (Шымкент қ.) лаборатория меңгерушісі, 1969 — 71 ж. Органикалық катализ және электрохимия ин-тында аға ғыл. қызметкер болды. 1971 ж. катализдік синтез лабораториясын ұйымдастырған. 1972 жылдан осы лабораторияның меңгерушісі. Негізгі ғыл. еңбектері органик. қосылыстардың (спирттер, алифатты қатарлар нитрильдері, бояғыш заттар, т.б. алуда қолданылатын жартылай өнімдердің) нәзік катализдік синтезіне арналған. Биданов сутегі қысымымен гидрогендеу реакциясының кинетикасы мен механизмін зерттеуге арналған жаңа әдістер ұсынды.
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том |
Үлгі:Infobox diseaseАскаридоз (ascarіdosіs) бөсір — адам мен жануарлар денесінде тіршілік ететін жұмыр құрттардан (нематодтардан) пайда болатын ауру. Қоздырғышы — Ascarіs lumbrіcoіdes. Ол адам денесінде жұптасып өмір сүреді. Жұмыртқасы нәжіспен сыртқа шығады, бірақ 14 күнге дейін топырақта тіршілігін сақтайды. Жуылмаған көкөністерді, жеміс-жидектерді жегенде, қайнатылмаған суды ішкенде құрттар адам денесіне түсіп, ауру туғызады. Әсіресе А-бен балалар көп ауырады. Аурудың алғашқы және асқынған кезеңдері болады. А-дың алғашқы кезеңінде баланың дене қызуы аздап көтеріліп, жөтеледі, кейде кеңірдек-өкпе қабынулары, сирек болса да аяқ-қол басында қызарған бөртпелер пайда болады. А-дың асқынған кезеңінде бала тәңертеңгілік жүрегі айнып құсады, іші өтеді. Кейде іші қатады, ішектері қатты ауырып түйіледі, денесін аллергиялық бөртпелер басып, демігеді. А-ды серологиялық реакциялар, рентген т.б. қолдану арқылы анықтайды. А-ды құрттарға қарсы препараттар ішкізу, асқазанға таза ауа жіберу арқылы емдейді. А-дан сақтандыру жолдары: қолды сабындап жуу, жеміс-жидектерді таза сумен жуып жеу, қоғамдық орындарда тазалық сақтау. |
“Бизнесбанк” — қаржы мекемесі.
* 1992 ж. 14 ақпанда Алматы қаласыында құрылған. Бастапқы кезде банк өз акционерлерінің қажеттіліктерін орындау бағытында ғана жұмыс істесе, кейін қызмет ауқымын ұлғайтып, 1995 ж. ашық акционерлік қоғамға айналды. Қазақстан коммерциялық банктер ассоциациясына, Қазақстанның банкаралық қор биржасына мүше болды.
* 1997 ж. Астана қаласында филиалы ашылды. Банк акционерлері құрамында қазақстандық компаниялардың үлесі 92 %, ал шетелдік компаниялар үлесі 8 %.
Банктің негізгі клиенттері: құрылыс компаниялары, сауда-саттық ұйымдар, қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорындар және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары, т.б. Қазіргі кезде “Бизнесбанк” акционерлік қоғамы капитал көлемі жағынан қазақстандық банктер ішінде алғашқы жиырмалыққа енеді.
## Дереккөздер |
Қылышбай Алдабергенұлы Бисенов — құрылыс саласындағы қазақ ғалымы, жаңа құрылыс материалдарын өндірудің энергия ресурстарын үнемдейтін технологияларын әзірлеу және жетілдіру жөніндегі ғылыми мектептің негізін қалаушы, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2012ж.).Қызылорда политехникалық институтының ректоры (1996-1998 жж.), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры (1998-2007 жж. және 2011-2017 жж.).
Техника ғылымдарының докторы (1995 ж.), профессор (1992 ж.), Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (2017ж.), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті ректоры (2019ж.), Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы (2019 жылдың қыркүйегінен бастап).
## Өмірбаяны
Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы — 1957 жылы 21 шілдеде Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген.1974 жылы Қызылорда қаласындағы №4 орта мектепті алтын медальмен бітірген. 1974 жылы Қазақ политехникалық институтына түседі. В. И. Ленин (КазПТИ), Қазақстандағы техникалық білім мен ғылымның флагманы болып табылады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысып, ЖОО-ның қоғамдық өміріне қатысқан.1979 жылы ҚазПТИ үздік бітірді. В. И. Ленин «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша, 1985 жылы КСРО азаматтық құрылыс және сәулет жөніндегі мемлекеттік комитетінің бетон және темір бетон ғылыми-зерттеу институтының (Мемқұрылыс) аспирантурасы, Мәскеу қаласы.2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша, 2010 жылы Ресей стандарттау, метрология және сертификаттау академиясын (оқу) «Ұйымды басқару сапасы бойынша менеджер» мамандығы бойынша бітірген, Мәскеу қаласы.
### Еңбек жолы
01.11.1979-24.01.1980 жж. – стажер-зерттеуші, темірбетон конструкциялары кафедрасы, В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты, Алматы қаласы;25.01.1980-10.12.1982 жж. – ассистент, оқытушы, жалпы техникалық пәндер кафедрасы, Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалы, Қызылорда қаласы;30.12.1982-30.12.1985 жж. – аспирант, КСРО МемҚұрылыс оқу ғимараттарын эксперименталды жобалау Орталық ғылыми-зерттеу институты; КСРО МемҚұрылыс бетон және темір бетон ғылыми-зерттеу институты, Мәскеу қаласы;31.12.1985-16.11.1986 жж. – аға оқытушы, Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалының, жалпы техникалық пәндер кафедрасы, Қызылорда қаласы;17.11.1986-09.05.1989 жж. – Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты Қызылорда филиалының құрылыс факультетінің деканы, Қызылорда қаласы;10.05.1989-14.11.1990 жж. – Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Қызылорда қаласы;15.11.1990-03.01.1996 жж. – оқу ісі жөніндегі проректор, Қызылорда агроөнеркәсіптік өндіріс инженерлері институты, Қызылорда қаласы;04.01.1996-22.05.1996 жж. – бірінші проректор, Қызылорда агроөнеркәсіптік өндіріс инженерлері институты, Қызылорда қаласы;23.05.1996-24.03.1998 жж. – ректор, И. Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты, Қызылорда қаласы;25.03.1998-27.08.2007 жж. – ректор, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қаласы;27.08.2007-07.09.2011 жж. – IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Астана қаласы;12.08.2011-13.08.2017 жж. – ректор, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қаласы;04.09.2017-17.10.2017 жж. – «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының профессоры, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қаласы;17.10.2017 – 25.01.2019 жж. – ректордың міндетін атқарушы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қаласы;25.01.2019 ж бастап. – «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының профессоры, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қаласы;05.09.2019 ж бастап. – Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы
## Ғылыми атағы
1985 жылы техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Ячеистые бетоны на основе отходов обогащения флюоритевых руд и шлака»,1995 жылы Ресей Федерациясының Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының жанындағы - 05.23.08 «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы және ұйымдастыру» мамандығы бойынша 064.41.01 Мамандандырылған Кеңесінде «Технология ячеистого бетона с использованием барханных песков и отходов обогащения флюоритовых руд с учетом факторов жаркого климата» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Диссертанттың ғылыми кеңесшісі Ресей инженерлік академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Роман Леонидович Серых болды. 1992 жылы Ресей Федерациясының ғылым, жоғары мектеп және техникалық саясат министрлігінің Жоғары Мектеп комитетінің шешімімен профессор ғылыми атағы берілді.
## Ғылыми еңбектері
260-тан астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 35 патент, 12 монография, 3 оқулық, 20 ғылыми және оқу-әдістемелік құрал. Ол 3 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты, 4 философия докторы (PhD) дайындады.Қ. А. Бисенов білім мен ғылымның ұлттық жүйесін жетілдіруге, әлеуметтік-экономикалық дамудың, елдің қоғамдық-саяси және рухани өмірінің өзекті мәселелеріне арналған 280-ден астам мақала, 100-ге жуық сұхбат шығарды.
### Кітаптары
* «Основы производства ячейстого бетона с силикатного кирпича» (1999, в соавт.)
* «Автоматизация технологических процессов в строительстве» (1999).
* «Механика разрушения бетона и железобетона» (2000).
* «Бәсекеге қабілетті маман даярлаудағы тәжірибе мен басым бағыттар» (2007).
* «Сындарлы кезең: сенім мен парыз» (2011).
* «Ячейстые бетоны на основе отходов промышленности» (1994).
* «Математические методы в автоматизации технологических процессов» (1997).
* «Основы производства ячеистого бетона и силикатного кирпича» (1999).
* «Автоматизация технологических процессов в строительстве» (часть I), (1999).
* «Автоматизация технологических процессов в строительстве» (часть II), (1999).
* «Механика разрушения бетона и железобетона» (2000).
* «Легкие бетоны на основе безобжиговых цементов» (2005).
* «Ячеистые бетоны (газобетон и пенобетон) », (2008).
* «Кинетика и механизм наноструктурирования материалов строительного назначения.Т.1. Основы синтеза новых силикатных наноматериалов» (2009).
* «Кинетика и механизм наноструктурирования материалов строительного назначения.Т.2. Основы синтеза новых силикатных наноматериалов» (2009).
* «Межкультурные коммуникации: основные направления и формы» (2011).
* «Рациональное использование нефтешламов в технологии производства керамзита на основе лессовидных суглинков» (2017).
### Оқулықтары
* «Архитектурное материаловедение» (2004).
* «Сәулеттік материалтану».
* «Сәулеттік материалтану» (2013).
## Сайлау лауазымдары, депутаттық
* Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты (1996-2007);
* «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Кандидат (12.07.2017);
* IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (2007-2011);
* Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі (27.08.2007-09.2011);
* V, VІ шақырылған Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, (2012-2019)
* Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы (24.03.2016 бастап).
## Партиялық тиістілігі
* Президенттікке кандидат Н. Ә. Назарбаевтың сенімді өкілі, «Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н. Ә. Назарбаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы (1998-1999);
* Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н. Ә. Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының Қызылорда облыстық бөлімшесінің басшысы (09.-12.2005);
* Облыстық филиал төрағасы, «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі (07.2007 ж. бастап).
## Қоғамдық қызметі
Президенттікке кандидат Н. Ә. Назарбаевтың сенімді өкілі, «Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н. Ә. Назарбаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы (1998-1999), Қазақстан Республикасы; Президенттігіне кандидат Н. Ә. Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының Қызылорда облыстық бөлімшесінің басшысы (2005 ж.қыркүйек-желтоқсан);2011 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі;1996 жылдан бес рет Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды;Қызылорда облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы;«НұрОтан» Партиясының «Тұран» филиалының төрағасы, 2012 ж.;2013 жылдан бастап «НұрОтан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, саяси кеңес Бюросының мүшесі;2016 жылдан бастап «НұрОтан» партиясының сайлауалды бағдарламасының «Білім» бағыты бойынша өңірлік комиссияның басшысы;2017 жылдан бастап Қызылорда облыстық прокуратурасы жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Консультативтік кеңестің төрағасы;2018 жылдан бастап Қызылорда облысы бойынша қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі өңірлік сараптамалық кеңестің төрағасы.
## Марапаттары
### Мемлекеттік наградалар
* «Ерен еңбегі үшін» (2002ж.)
* «Құрмет» ордені (2004ж.)
* «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрмет атағы (2012ж.)
* Қазақстан Республикасы Президентінің төс белгісімен алғысы (шілде, 2017 ж.)
### Ведомстволық марапаттар
* «Қазақстан Республикасының Білім беру үздігі» төс белгісі (1996ж.)
* Ресей сәулет және құрылыс ғылымдары Академиясының шағын медалі (2001ж.)
* Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының А. Байтұрсынов атындағы қола, күміс және алтын медальдары (2003ж., 2007ж., 2017 ж.)
* «Қазақстанның құрметті инженері» төс белгісі (2007ж.)
* «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі (2007ж.)
* «Ы. Алтынсарин» төс белгісі (2010ж.)
* Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің Климент Аркадьевич Тимирязев атындағы медалі (2012ж.)
* Халықаралық Инженерлік академиясының «Инженерлік Даңқ» алтын медалі (2016 ж .)
* Халықаралық Инженерлік Академиясының Алтын белгісі (наурыз, 2017ж.)
* «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісі.
### Құрметті атақтары
* Қызылорда облысы Жалағаш ауданының Құрметті азаматы (2009ж.)
* Қызылорда қаласының Құрметті азаматы (2019ж.)
* «Қазақстанның Құрметті депутаты».
### Мерейтойлық медальдары
* «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2002ж.)
* «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005ж.)
* «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006ж.)
* «Астанаға 10 жыл» (2008ж.)
* «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011ж.)
* «Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 20 жыл» (2012ж.), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015ж.)
* «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» (2015ж.)
* «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2015ж.)
* «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016ж.)
* «Астанаға 20 жыл» (2018ж.).
## Дереккөздер |
Билер кеңесі — дәстүрлі қазақ қоғамында өкілетті негізде қызмет атқарған ең жоғарғы кеңесші орган.
Билер кеңесі жылдың бір мезгілінде, әдетте, ел жайлауға көшіп болған соң өткізілген. Көбінесе, Сайрам маңындағы Мартөбеге, Сырдариядағы Күлтөбеге не Түркістан жанындағы Битөбеге шақырылған. Оған хан, сұлтандар, үш жүздің елге сыйлы, “қара қылды қақ жаратын” әділдігімен даңқы шыққан билері, батырлары қатысқан. Осындай кеңестің бірінде “қырық рудың өкілі” — қырық би қазіргі Сырдария облысы (Өзбекстан) Ангрен өзенінің сол жағасындағы “Ханабат” (Күлтөбе) деген жердегі Тәуке хан (1680–1718) ордасына жиналып, қазақ халқының заң кодексі — “Жеті Жарғыны” қабылдаған. Рулық алауыздықты жойып, қазақ ұлтын біріктіру, мемлекеттік тәртіпті нығайту мұратын көздеген Тәуке хан ел ішінде беделді билерге сүйене билік жүргізді. Ұлттық тұтастыққа іріткі саларлық ірі жанжалдар — руаралық “жер дауы, жесір дауы” өршігенде, ел шетіне жау тиіп, соғыс қаупі төнген кезде, көрші елдермен байланыс жасап, түрлі қарым-қатынас орнатар шақта билер кеңесін шақырып, негізгі мәселелерді бұқара өкілдері — билермен ақылдаса отырып шешкен. Билер кеңесінің шешімдерін ешкім бұза алмаған, хан да, қара да оны орындауға міндетті болған. Тәуке хан қалыптастырған осы демократиялық-құқықтық қағиданы қазақ даласын билеген кейінгі хандар да қатаң ұстанған. Билер кеңесінің шешімдері хан беделінен жоғары қойылғанымен, орталықтандырылған билік пен басқару ісіне қайшы келмеген. Ханның ұсынуымен мемлекеттік маңызы бар мәселелерді талқылаған кезде “тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ” деген моральдік принципке сүйенген. Қара бастың, ағайын-туыс пен аталастың ғана намысын қорғап, ру мүддесін ұлт мұратынан жоғары қоятын қылығы байқалған билер ел сенімінен, хан құрметінен айырылған. Ондай әділетсіздікпен, пайдакүнемдікпен аты шыққан адамдар билер кеңесіне шақырылмаған. Тәуке хан тұсында билер кеңесіне Ұлы жүзден Үйсін Төле би Әлібекұлы, Орта жүзден Арғын Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүзден Алшын Әйтеке би қатысқан. Сондай-ақ Едіге би, Тайкелтір би, Байдалы би, Шақшақ Жәнібек (би әрі батыр), Шеген би, Сасық би, Сәмеке би, т.б. көрнекті өкілдер болған..
## Дереккөздер |
Фазылағзам Ақатайұлы Әлиханов (1891 жыл, бұрынғы Семей облысы Өскемен уезі Себе болысы — 27 ақпан 1938 жыл, Алматы) — Алаш қозғалысының қайраткері, инженер-архитектор, экономист.
Найман тайпасының Саржомарт руынан шыққан.
* Ауқатты отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Тілеуберді Қозыбайұлы Көкпекті округінің аға сұлтаны, бергі атасы Әлихан Саржомарт өз елінің болысы болған.
* Әлиханов әуелі Өскеменде, кейін Омбыда оқыды. Сонда жүріп қазақ жастарының “Бірлік” қауымына мүше болды. 1917 — 19 жылдары Омбы, Семей, Өскеменде Алашорда істеріне белсене араласты. “Алаш” партиясының жергілікті ұйымдарының қызметін жолға қоюға атсалысты.
* 1920 жылы Қазревкомның Өскемен уезі бойынша уәкілі.
* 1922 жылы Семей губаткомы төрағасының орынбасары болды.
* 1930 жылға дейін Қазақстан астаналары Орынбор, Қызылорда, Алматыда әр түрлі жауапты басшы қызметтер атқарды.
* 1930-жылдары Қазақ АКСР-ы Тамақ өнеркәсібі халкоматында инженер-экономист болды. Сәулетші ретінде өндіріс орындарын салуға (Балқаш балық комбинаты, Алматы сыра зауыты т.б.) көп еңбек сіңірді.
* КСРО Жоғарғы соты Әскери Алқасының үкімімен “халық жауы” аталып, 1938 жылы 27 ақпанда атылды.
* 1957 жылы 26 маусымда толық ақталды.
## Дереккөздер |
Бисенова Ақлима Бисенқызы (1914 ж.т., Павлодар облысы Баянауыл ауданы) — ғалым, қоғам қайраткері, медицина ғылымының кандидаты (1965). Қазақстанда денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы қазақ әйел дәрігерлерінің бірі, Қазақстанның еңбегі сің. дәрігері (1957).
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.
Мәскеу медицина техникумын (1932), Алматы мемлекеттік медицина институтын (1938) бітірген. 1934 — 39 ж. Жамбыл облысында Талас ауданының Ақкөл ауылында аудандық аурухана меңгерушісі, 1939-43 ж. Республикалық фельдшерлік-акушерлік мектептің директоры, 1943-59 ж. Қазақстанның Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, 1959-80 ж. Ана мен баланы қорғау институтының (қазіргі Педиатрия және балалар хирургиясы ғылымы орт.) директоры болды. Бисенова Ақлима Бисенқызы - Қазақстанда алғаш рет мамандандырылған ревматология, шала туған нәрестелерді жетілдіру бөлімдерін ашты. 2 мәрте "Еңбек Қызыл Ту" және “Құрмет Белгісі” ордендерімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Битабар Елубайұлы Битабар балуан (1880-1965), Ортау болысы, Жалғызағаш деген жерде туған. Арғын тайпасы Қуандық руының Мойын Аралбай бөлімінен шыққан.
16 жасынан бастап балуанға түскен. 17 жасында Алтай-Қарпық руында жауырыны жерге тимей жүрген Быдықтың Әшімі деген балуанды, 1898 ж. Найман Құттыбайдың асында Қаракесек-Баймұрат Бертістің Құлжанбегін жығады. 1902 жылы жаз айында Аралбай Ерденбайдың досы Балуан Шолақ келіп Алтай-Қарпық елін аралап өнер көрсетеді. Ерденбайдың інісі Битабармен күш сынасып риза болған Балуан Шолақ батасын береді. Жанына ертіп жүріп күрес әдістерін үйретіп, жас балуанды күреске түсіріпқызықтайды. «Бұл Ғалияның інісі, өзіме тартқанбалуан» деп мақтайды. Битабар 1926 жылы Барқы-Нияз Иса қажының асында Ақмола уезіне аты жайылған Қарпық-Серкебай руының Асар дегенбалуанын жығады. Қаракесек Смағұл қажыныңасына Ақмола, Қарқаралы уезі түгел жиналған.Сонда Қарқаралының аты Алатау-Арқаға мәліматақты балуаны Шәкірбектің жауырынын жергетигізеді. Кеңес заманында ауыл кеңес төрағасы, ферма менгерушісі болған.
(1890, Қарағанды облысы Шет ауданы — 1958) — палуан. Ерен күшімен жастайынан көзге түсіп, Қарағандының шахталарында, кейін Мойынты—Шу темір жолының құрылысында еңбек еткен. Битабар палуан күреске түсумен қатар гіртас көтерумен де айналысқан, күрес тәсілдерін жастарға үйретіп, оларды палуандық өнерге баулыған. Ол жаттыққан бір гіртас қазір Қарағанды облысы Шет ауданы Ортау а-ндағы мектепте сақтаулы тұр. Битабар палуан белгілі қазақ палуандары М.Боқаев пен Ә. Сәлімбаевтың ұстазы болған. Жазушы С. Шаймерденов палуанның өмірі туралы “Битабар палуан” (1968, “Жазушы” баспасы) атты повесть жазды.
## Дереккөздер |
Ақтоғай — Абай облысы Аягөз ауданындағы кент, темір жол бекеті, Ақтоғай кенттік әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Аягөз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 122 км-дей жерде, шөлейт белдемде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1929 жылы қаланған. 1944 жылдан кент. Қытай Халық Республикасымен экономикалық байланыстарды күшейтуге байланысты 60 жылдардың басында Достық (Дружба) темір жол стансасына дейін ұзындығы 304 км темір жол салынуға байланысты Ақтоғай негізгі темір жол торабына айналды.
## Инфрақұрылымы
Мектептер, емхана, мәдениет үйі т.б. мекемелер бар.
## Дереккөздер |
Билеушi, әмірші — мемлекеттегі ең жоғары лауазым иесінің (қағанның, ханның, шаһтың, т.б.) құзыретін білдіретін жинақтаушы ұғым. Кейде көпшілік мемлекет құрамындағы әкімшілік бөліктерді (ұлыстарды, аймақтарды, т.б.) басқарушыларды да билеуші деп атаған. Қазақ халқының ұғымында билеуші атауы жеке дара билеп-төстеушіліктің (авторитарлық биліктің), өктемдіктің баламасы ретінде де қабылданады.
## Дереккөздер |
Билiк ақы — дәстүрлі қазақ қоғамында қылмыстық және азаматтық істерге қатысты төрелік айтып, шешім шығарғаны үшін билерге, қазыларға төленген ақы, сот алымы.
Ол дауланған мал-мүліктің жалпы мөлшерінің оннан бір бөлігін құраған. Билік ақы, көбінесе, алтын, күміс, мал түлігі, жағалы киім (ішік, тон, тұлып, т.б.), ақша т.б. түрінде төленген. Бұл төлемдер би, қазылардың негізгі күнкөріс көзі болғанымен, олар ақы мен алым мөлшерін әдет жосындарында көзделген шамадан асыра алмаған. Мысалы, ердің құны — 1000 қойдан 100 қой, әйелдің құны ретінде белгіленген 500 қойдан 50 қой тиесілі. Кесімді мөлшерден артық ақы талап ету өрескел әрекет саналған. “Парақор”, “жемқор” атанып, ел сенімінен, абырой-беделден айырылу билік құрып, бітуана кесушілер үшін өліммен пара-пар болған. Сондықтан олар “ала жіптен аттамай”, әділдікке жүгініп, кісі ақысын жемеуге тырысқан. Әдетте, билік ақы кінәлі жақтың ағайын-туыстарының қатысуымен, жариялы түрде өтелген. Міндетті ақыны даугердің өзі төлей алмаса, руластарынан өндірілген. Билер соты, ақсақалдар соты билік ақы және басқа да кесімді төлемдерді ерікті түрде өтеуден бас тартқан, немесе жалтарған жақтың мал-мүлкін барымталап алу туралы шешім шығару құқын иеленген.
## Дереккөздер |
Билiктi тармақтаға бөлу — демократиялық-құқықтық елде мемлекеттік билікті бір-біріне тәуелсіз, дербес тармақтарға: заң шығару (низамдық), атқару және сот қызметіне бөлу принципі. Бұл құқықтық-саяси ұстынның басты мақсаты — билікті бір адамның, не бір мемлекеттік органның қолына ғана шоғырландыруға жол бермеу. Яғни, мемлекеттік органдар тиесілі билік түрін өз өкілеттерінің шегінде, өзге факторлардың ықпалынсыз жүзеге асыруға тиіс. Жалпы, билікті тармақтарға бөлу — көне замандарда пайда болған саяси-құқықтық қағида. Соған сәйкес “мемлекеттік билік” ұғымының өзі бір-біріне тәуелсіз органдар жүзеге асыратын әр қилы билік жүргізу қызметтерінің (заң шығарушылық, атқарушылық және сот биліктері) жиынтығы ретінде түсіндіріледі.
Ежелгі және орта ғасырлардағы ойшылдардың (Аристотельдің, Марсилий Падуанскийдің, т.б.) билікті тармақтарға бөлу идеясын 18 ғасырдың орта шенінде Ш. Монтескье (1689 — 1755) дербес ілім ретінде дамытты. Маркстік-лениндік теория “мемлекеттің таптық болмысына” қайшы құбылыс ретінде билікті тармақтарға бөлу ілімін теріске шығарды, соның салдарынан бұрынғы КСРО-да және марксшіл-лениншіл уағызға ұйыған т.б. елдерде тоталитарлық тәртіп үстемдік құрды.
Қазақстанда билікті тармақтарға бөлу принципі елдің конституциялық құрылысы негіздерінің бірі ретінде жүзеге асырылады. Мәселен, ҚР Конституциясының 3-бабында “Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуі, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады” делінген.
## Дереккөздер |
Қышыма (prurіgo) – жұқпалы тері ауруы. Алғашқыда беті күлдіреген ұсақ қызғылт түйінді бөртпелердің шығып дуылдап қышуынан байқалады. Бөртпелер, көбіне саусақ арасына, шапқа және тақымға түседі (кейде кеудеде байқалады, оны строфулюс не балалар есекжемі деп атайды). Қасығаннан бөртпелердің беті жарылып, қанталап кетеді. Қышыма, негізінен, кішкентай балаларда, әсіресе, олардың белгілі бір тамаққа әдеттегіден тыс сезімталдығынан болады (қ. Аллергия). Сондай-ақ, тамақ дұрыс тамақтанбаудан, кейбір тағамды мөлшерден тыс көп жегеннен (мыс., жұмыртқа, ет сорпасы, қант, жеміс-жидек, әсіресе, құлпынай, апельсин, т.б.), кейде тіпті сүт, т.б. тағамдарға да аллергия болуы мүмкін. Қатты қасынғаннан бөртпелердің ішіне іріңді инфекция қоздырғышы түсіп, ол іріңді жара ауруларына ұласып кетуі мүмкін. Әбден жүдеп әлсіреген, мешел және жүйке жүйесі ауруларымен ауыратын балаларда қышыма ауыр өтеді және жазылуы да қиын. Ересек адамдарда қышыма асқазан-ішек жолдары қызметінің (ішек, бауыр), жүйке және эндокриндік жүйелердің бұзылуынан және созылмалы инфекция ошақтарына (тонзиллит, гайморит, т.б.) байланысты пайда болады. Жиі қышыну көптеген жүйке-психик. ауруларда, кейбір қан айналым жүйесінің сырқатында (лимфогрануломатоз, лимфосаркома, т.б.), организмнің қартая бастаған кезінде де байқалады. Ересектердегі бөртпе сипаты да балалардағыдай, кейде ол ұлғайып қатты қышитын, сұрғылт түсті бөртпеге (диаметрі 0,5 сантиметрдей) айналады. Ауру білінісімен, әсіресе, қатты қышынып мазасызданғанда дәрігерге (дерматологке) көріну, науқастың диета сақтауы қажет. Күнделікті пайдаланатын тағам құрамында ащы тамақтарды, жұмыртқа, апельсин, лимон, қалбырланған және тәтті тағамдардың болмауы шарт. Таза ауада көп жүріп, денені таза ұстау керек. Қышынуды бәсеңдету үшін емен қабығы мен итошаған салған жылы ванна қабылдау керек.
## Дереккөздер
Қазақ Энциклопедиясы |
Билiк — қазақ халқының дәстүрлі санасында “ел басқару”, “өкім ету” сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді.
Қазіргі құқықтану, саясаттану ілімдерінде де ол “өкімет” атауының синонимі ретінде қолданылып жүр. Мәселен, саясаттану ілімінде билік экономиялық, идеологиялық, ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктер арқылы, сондай-ақ, беделдің, дәстүрдің, зорлықтың жәрдемімен адамдардың, әлеуметтік топтар мен жіктердің мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал етуге қабілетті әлеуметтік қарым-қатынастардың пішімі.
## Мақсаты
Билік — көп қырлы ұғым. Ол қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік-табиғи айырмашылықтарға, субьективті-обьективті қарым-қатынастарға байланысты қалыптасады. Оның мақсаты — қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету, ал ішкі мән-мазмұны — үстемдік пен бағыныштылықты орнықтыру. Экономикалық, саяси, құқықтық, әскери, рухани және отбасылық билік түрлерінің арасында қоғамдық дамудың ұйытқысы әрі саяси күрестің негізгі нысаны болып саналатын мемлекеттік биліктің маңызы ерекше. Өкіметтің ерік-қалауын топтастыру, айрықша басқару аппаратын иелену, арнаулы органдар дербестігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тұрмысты тәртіпке келтіру ісіне дара иелік ету, қоғам мен жеке тұлға қарым-қатынасында мәжбүрлеу мүмкіндігіне жету билікке тән белгілер болып табылады. Субьектінің мақсатына орай биліктің нысанына ықпал ету үшін пайдаланылатын құралдардың барлығы “билік ресурстарын” құрайды. Мысалы, қоғамдық өндіріс пен тұтынымға қажетті материалдық игіліктер, ақша, құнарлы жерлер, пайдалы қазбалар, т.б. — биліктің экономиялық ресурсы, ал әлеуметтік, әскери, т.с.с. ресурстарды туындатушы әмбебап қор саналатын адамзат баласы демографиялық ресурс ретінде бағаланады.
## Міндеті
Биліктің негізгі міндеті — қоғамды басқарудың стратегиясын айқындап, дамудың негізгі бағыттары бойынша нақты шаралар қолдану, әлеуметтік процестерді шұғыл басқарып, дамудың орнықтылығы мен сындарлылығының маңызды өлшемдеріне бақылау орнату, ал ең басты принципі — оның заңдылығы (легитимділігі). Билік әлеуметтік құрылымның ең күрделі әлеуметтік және саяси қарым-қатынастарын қамтитын қоғамдық, ұжымдар мен олардың арасындағы қарым-қатынастарды қамтитын көпшілік немесе қауымдық және жеке адамдық, шағын топтық деңгейлерінде салтанат құрып, қызмет атқарады. Саясаттану ілімінде биліктің пайда болып, жүзеге асуының әр қилы пішімі зерделенеді. Ол басқару пішіміне орай — монархиялық (абсолюттік және конституциялық), республикалық (президенттік және парламенттік); мемлекет құрылысының пішіміне орай — унитарлық, федеративтік, конфедеративтік; саяси режиміне орай — тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық; саяси ағымына орай консервативтік, неоконсервативтік, либералдық, неолибералдық, социал-демократиялық болуы мүмкін. Билікті заң шығарушы, атқарушы және сот қызметі тармақтарына бөлу жаңа дәуірдің үлкен теориялық жаңалығы болды. Олардың арасында тежеу мен тепе-теңдік жүйесінің болуы, яғни дербес билік тармақтарының өзара үйлесімділігін сақтау, олардың заңға бағынуын қамтамасыз ету принципі демократиялық, азаматтық қоғам орнатып, құқықтық мемлекет құруға берік негіз қалайды.
## Қоғамдық билік
Қоғамдық билік - орын-орындарға билікті бөлу. Флойд Хантердің «Қоғамдық биліктің кұрылысы» (1963) және Роберт Дальдың «Кім басқарады?» (1961) атты еңбектері жергілікті саяси билік мәліметтерін тексеру мақсатымен өткізілетін зерттеудің аса қажетті мысалдарын береді.
## Дереккөздер |
"Бителеком" — акционерлік қоғам түрінде құрылған өндірістік кәсіпорын. Компания инженер жүйелер мен байланыс тармақтарын жобалау, телефон станциялары мен шоғырландыру құрылғыларын орнату және іске қосу, қалалық, аймақтық және магистралды байланыс жүйелері құрылыстарын жүргізу, т.б. шұғылданады. “Бителекомның” 7 филиалы, 1 еншілес кәсіпорыны және облыс орталықтарында орналасқан 3 бөлімшесі, 10 жылжымалы механикаландырылған колоннасы (ЖМК) бар. Алматы, Ақтөбе және Шымкент қаларындағы 3 ЖМК-сы телекоммуникация нысандарында кез келген жөндеу жұмыстарын орындай алады. Сонымен бірге жылына 1000 км талшықты-оптикалық байланыс желісін тартуға маманданған. Компания жобалау орталығын құрып, онда қысқа мерзімде 2,5 мың км-лік Петропавл — Омбы, Шымкент — Қызылорда, Ақтөбе — Атырау — Астрахан талшықты-оптикалық байланыс желісінің жобасы жасалды. Байланыс нысандарын қажетті құрылғылармен, жабдықтармен, қосалқы бөлшектермен және металл бұйымдарымен, “Бителекомның” “Байланыс құрылыс-конструкция” (Семей), “Өнеркәсіпбайланыс” (Алматы) сияқты филиалдары қамтамасыз етеді. Компания — радиотелефон, цифрлық автоматты телефон стансаларын шығаратын “Комтел” (Орал) және “Веснет” (Павлодар) қазақ-түрік бірлескен кәсіпорындарының құрылтайшысы. 1996 — 97 ж. компания 1786 км-лік “Трансеуропа талшықты-оптикалық байланыс желісі магистралының” ел территориясынан өтетін бөлігінің құрылысын жүргізді.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том |
Биебайлар — сауылатын биелерді көктемде алғаш байларда жасалатын кәде. Желіні тартып, құлындарды байлау кезінде мал сойылып, ауыл-үй тегіс қонақасыға шақырылады. Биебайлар көктем шығып, ақтың молаяр кезеңі басталғанын қуанышпен қарсы алудың, ақ тілеу, адал ниет білдірудің салтанаты.
## Дереккөздер |
Әл-Китаб әл-Йәмини немесе Тарих әл-Утби — Әбу Наср Мұхаммед ибн Абдул-Джаббар әл-Утбидің (961 — 1022жылдар немесе 1036 — 1040жылдар) тарихи шығармасы. Сұлтан Махмұд Ғазнауиге арналған бұл туынды шамамен 1021 жылы жазылып бітіп, сұлтанның уәзірі Ахмед әл-Меймендиге табыс етілді. Бейнелі, бай, күрделі тілмен шебер жазылған шығарма бірқатар түсініктемелерді қажет етті. Солардың ішіндегі Ахмед ибн Әли әл-Манимидің 1444 — 47 жылдары жазылған түсініктемесі 1286 жылы Каирде шығармамен бірге жарық көрді. Онда автордың өмірбаяны жөнінде мәліметтер беріліп, 975 — 1021 жылдары аралығындағы Орта Азия тарихы толық қамтылған.
## Дереккөздер:
Қазақстан энциклопедиясы 1-том
## Сыртқы сілтемелер
* Китаб әл-Йәмини (ар.) — Уикиқайнар
* Китаб әл-Йәмини (ар.) — жазып алу |
Айдос Жұмаділдәұлы Бектеміров (26 мамыр 1950 жыл, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Қарғалы ауылында туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1996). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2016). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері (2003 жылдан).
## Жалпы мәліметтер
Шыққан руы Арғын Қуандықтың Қожасы.
* 1967ж. Алматыдағы Эстрада-цирк студиясын,
* 1973 ж. Мәскеу театр институтын,
* 1998 ж. Алматы театр және кино институтын бітірген.
* 1969 — 70 ж. “Қазақконцерт” бірлестігінде,
* 1970—71 ж. әскери борышын өтей жүріп, Орта Азияәскери округының ансамблінде,
* 1972 — 73 ж. республикалық “Гүлдер” ансамблінде өнер көрсеткен.
* 2003 жылдан бастап Әуезов театрының құрамында.
## Шығармашылығы
1978 жылдан Қазақ жастар мен балалар театрында актер. Бектеміров осы театр сахнасында Мәди (Ә. Әбішевтің “Атыңнан айналайынында”, 1983), Мұрат (Т. Әбдіковтің “Біз үшеу едігінде”, 1983), Мылқау (Ғ. Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтоқтысында”, 1983, 1994), Науан хазірет (сонда, 1998), Тұрар (Ш. Мұртазаның “Сталинге хатында”, 1987), Орманшы (Ә. Тауасаровтың “Махаббат аралында”, 1989) және Абай (Р. Сейтметов қойған спектакль-инсценировка “Қалың елім, қазағымда”, 1989) мен Махамбет (“Туған ұлдан не пайдада”, 1990) сияқты басты рөлдерде ойнады. Әсіресе, “Сталинге хат” спектакліндегі Тұрар образы актердің дарын қуатын танытты. “Әзірет сұлтан” спектакліндегі Хан мен “Қыз Жібектегі” Бекежан бейнесін сәтті сомдады. Режиссер ретінде 1998 ж. Ә. Сараевтың “Мұңым менің” пьесасын сахналады. Сонымен қатар Бектеміров бірқатар көркем фильмдерге де түскен (“Шоқан Уәлиханов”, “Провинциалдық роман”, т.б.).
## Марапаттары
* 1996 жылы "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі" құрметті атағы берілді.
* 2011 жылы «Құрмет ордені»
* 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" мерекелік медальі;
* 2016 жылы "Құнанбай" фильміндегі "Барақ" рөлі үшін "Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының" иегері атанды. Бұл марапатты ҚР тұңғыш президенітнің өз табыстады.
## Жеке өмірі
* жұбайы: актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері: Жібек Бектемірова
* Қыздары - Гүлзира (1983 жылы туған), Гауһар (1989 жылы туған), Іңкәр (1990 жылы туған).
## Дереккөздер |
Әлмағамбет Оспанұлы (1886, қазіргі Қостанай облысы Жангелді ауданы Шилі мекені — 1966, сонда) — ақын, ұстаз, молда. Торғай қаласындаЫ. Алтынсарин ашқан қолөнер мектебінде оқып, 1905 жылы бітірген. 1911 — 16 жылдары Троицкідегі “Расуля” медресесін тамамдаған. 1917 — 23 жылдары өз ауылында “Бостандық” мектебін ашып, А.Байтұрсынов емлесімен сабақ берген. 1925 жылы Торғай уезі мұсылмандары Әлмағамбетті дін басшысы — Мұхтасиб етіп сайлады. Осы қызметі үшін Әлмағамбетті Кеңес өкіметі қуғынға ұшыратып, екі рет тұтқындап (1929, 1931), екеуінде де 10 жылға соттады. Ақталып шыққан соң Ақтөбе облысының Ырғыз, Қостанай облысының Жангелдин, Қарабалық аудандарында мұғалім болып істеді. 1941 жылы “халық жауы” деген жаламен қайтадан 8 жылға сотталып, кейін Маринскіге жер аударылды. 1944 жылы босап шығып,1961 жылы туған ауылында қайтып оралды. Әлмағабеттің алғашқы өлеңдері “Айқап” журналы мен “Қазақ” газетінде жарияланған. Оның “Қош, Торғай” деген көлемді толғауы, “Жастарға айтар сөз”, “Арақ туралы”, “Жазушыдан ақырғы сөз” деген өлеңдері халық арасына кең тараған өлеңмен жазған шежіресі бар.
## Дереккөздер |
Әлмейін (шамамен 19 ғасырдың 50-жылдары, қазіргі Жамбыл облысы Қордай ауданы — 1934, сонда) — айтыскер ақын. Бір термесінде: “Ақындығым өзімше, Сарыбастан ілгері, Сүйімбайдан сәл кейін”, — деп, ақындық өнердегі орнын өзі белгілейді. Ел аузында сақталған өлеңдеріне қарағанда, ол тапқыр да батыл, өр ақын болған. “Менің атым Әлмейін”, “Ноғайбайға”, “өтеген атқан таңдай күннен туған” тағы басқа өлеңдері Әлмейіннің ақындық қуатын айқын көрсетді. Байтай, Беке, Жұмабек, Үрпек есімді балалары болған. Бұлардан өсіп-өнген ұрпақ қазір де Қордай ауданында тұрады. Ақын мүрдесі Ақылытас зиратында жерленген.
## Дереккөздер |
Биназар Ақеділұлы (шамамен 1802, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы — 1860, сонда) — батыр.
Ұлы жүздің дулат тайпасының шымыр руынан. Қоқан хандығына қарсы күресте Сыпатай батырдың сенімді серігінің бірі болған. Жасы ұлғайған шағында Шу өзеніне тоған салып, ауылын егіншілікпен айналысуға баулыған. Биназар батырдың бейіті Хантау қыратының “Сұңқар” деген шоқтығында орналасқан.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Биназар батыр |
Елді мекендер:
* Ақтоғай – Абай облысы Аягөз ауданындағы кент
* Ақтоғай – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл.
* Ақтоғай – Атырау облысы Махамбет ауданындағы ауыл.
* Ақтоғай – Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы ауыл.
* Ақтоғай – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл, аудан орталығы.
* Ақтоғай – Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл, аудан орталығы.
## Басқа мағыналар:
* Ақтоғай мыс кен орны
* Ақтоғай көшесі (Алматы)
* Ақтоғай (тау)
* Ақтоғай (қыстау)
## Тағы қараңыз
* Ақтоғай ауданы |
Бектелі, бектілі — оғыздар бірлестігінің құрамында болған тайпа. Бектелі туралы дерек Оғызхан жайындағы аңыздар арқылы жеткен. Оның атауы М. Қашқаридің “Диуани лұғат-и ат-түрік”, Рашид әд-Диннің “Жамиғат ат-тауарих”, Әбілғазының “Шежіре-и Тарахима”, (“Түрікмен шежіресі”) еңбектері мен “Оғызнаманың” көне нұсқаларында сақталған. Рашид әд-Дин Бектілі сөзін “ұлы адамның сөзіндей ардақталсын” деген мағына береді дейді. Әбілғазы: “Бекділінің мағынасы — сөзі құрметті темек (адам) болур” дейді. М.Қашқаридің айтуынша, “олардың әр руында малға басатын таңба болады, бірін-бірі сол арқылы таниды...”, Бектелі таңбасы Х екен. Рашид әд-Динде оның таңбасы немесе N. Оғыз тайпаларының әрқайсысының тотемі болған. Рашид әд-Динше, Бектелінің тотемі — таушанджыл(бүркіттің бір түрі), Әбілғазы айтуы бойынша — беһрі (бүркіт). Рашид әд-Дин мен Әбілғазының жазуынша, Бектелі — Йулдуздың (Жұлдыздың) баласының аты. “Оғызнамаға” қарағанда, Йулдуз Оғыз ханның бәйбішесінен туған Күн, Ай деген ұлдарынан кейінгі баласы. Оның інілері — Теңрі, Тағ, Теңіз Оғыздың кіші әйелінен туған. Келе-келе Оғыздың және оның ұлдары мен немерелерінің есімі сияқты Бектелі де этнонимге айналған. Сөйтіп, Бектел—тайпа көсемінің атынан алынып, тайпаның атауына айналған типтік этноним. Рулардың аты ерте заманда сол рудың тарауына себеп болған ата-бабаның есімі екенін М. Қашқари да айтқан. Қазақ шежіресі де солай дейді. Оғыздар әуел баста 24 тайпа болған. Оғыз ханның өзі мен оның балаларынан кейін де бұлардың ішінен ұзақ замандар бойы көптеген көсемдер шыққан. Аңыз бойынша, Оғыз хан мен оның үлкен ұлы Күн хан түркі тайпалары ішінде алғашқы болып мемлекет ішінде әлеум. жіктерге сүйенген. Кей ғалымдар мұны Оғыздан көп бұрын пайда болған деп есептейді. Бұл жіктердің негізінде қандас туыстық принципі жатты. Тайпалардың арақатынасы оның көсемдерінің шығу тегі мен жасының үлкендігіне қарай анықталды. Олардың тойдағы құрметті орны (оны Оғыз хан мен Күн хан белгілеген) жауынгерлік саптағы орны мен әлеум. билік сатысындағы дәрежесін көрсететін болды. Ол былай жіктелді: Оғыздың 6 ұлы, олардың әр қайсысының 4 ұлы, олардан кейін Оғыз хан ат қойған, бірақ оның тайпасынан тарамаған қаңлы, қыпшақ, қарлұқ, қалаш сияқты тайпа көсемдері болды. Оғыз ұлдарының тұтқын әйелдерден туған балалары да ескерілген. Дәстүр бойынша, төмен тектен шыққан деп есептелетін көсемдер саны 24. Бірақ “Түрікмен шежіресі” мәтінінде олар бұдан көп. Оғыздың үш үлкен ұлынан Бұзоқ — оң қанат, үш кіші ұлынан Үшоқ (Учоқ) — сол қанат тарайды. Тойда Күн ханға арналып алтын шатыр тігілген. Басқа ұлдары мен немерелеріне 12 ақ шатыр тігілген, оң жақтағы алтауы Үшоққа арналған. Бектелі ұрпағы мен оның кіші інісі Қарқынның ұрпағы жаңа мемл. билік сатысы ішінде жүздік (йузлік) бірлігін құрды. Оның саны 12. Оғыздың заңды немерелері екі-екіден бір шатырға бөлінді. Оғыздың осы 24 немересінің әрқайсысынан тараған ұрпақ аймақ атанды. Осыған орай Әбілғазының айтуы бойынша, түрікмендерде 12 жүздікпен қатар, 24 аймақ та бар. Бектелінің бұдан былайғы тарихы белгісіз. Қазіргі уақытта Түрікменстанда Қайы (Күн ханның үлкен ұлының аты) тайпасы гөклен аталып кеткен, Бектелінің де аты өзгерген болса керек.
## Дереккөздер |
Фарада, фарад — электр сыйымдылықтың бірліктердің халықаралық жүйесіндегі бірлігі. Ол қысқаша: Ф (қазақша) не Ғ (халықар.) арқылы белгіленеді. Электр сыйымдылық бірлігінің бұл атауы М.Фарадейдің құрметіне аталған. 1Ф — 1 Кл зарядтың конденсатор астарларында 1 в-қа тең потенциалдар айырмасын туғызатын конденсатор сыйымдылығы. СГСЭ жүйесіндегі сыйымдылық бірлігі: 1см=109 Фарада Көбінесе Фараданың: микрофарада (1мкФ=10–6Ф) және пикофарада (1пФ=10–12Ф) деп аталатын үлестік бірліктері пайдаланылады.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Әлібек Зілқараұлы (шамамен 1815 — 1876 жылдары өмір сүрген) — би, батыр. Ақан серінің өкіл әкесі.
Шыққан тегі сонау Арғын тайпасының Атығай Андағұл руынан. Әкесі Зілқара Байтоқаұлы атақты ақын, композитор, Көкшетау округінің аға сұлтаны болған. Қазақ елі Әлекеңді «Әлібек батыр» деп атайды.
Арыстан, Біржан, Орынбай ақындармен дос болған. Әлсіздерге қорған болып, әділеттілігімен аты шыққан. Озбырлардан жапа шеккендер келіп паналаған. Ақан сері Әлібек өлгенде көпке белгілі “Қараторғай” әнін шығарған. “Арысым, ел қорғаны, батырым-ай, Айырылдым қапияда сенен неғып?! Тәңірдей сыйынатын Әлекем-ай, Жүргейсің әруағыңмен елді қорғай” деген жолдары Әлібекке арналған. Әлібектің Біржанға айтқан: “Батыр жүрегін еліне береді, жанын құдайға береді, ал намысын ешкімге бермейді”, Орынбайға айтқан “Тірілердің өлмейтін жері, өлілердің мекені — кітап” деген қанатты сөздері күні бүгінге дейін ел жадында сақталған.
## Дереккөздер |
Ақтоған — Жамбыл облысының Меркі ауданындағы, Ақтоған ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Меркі ауылынан батысқа қарай 4 км-дей жерде, далалық белдемде, Алматы-Тараз автомобиль жолының тау жақ беткейінде орналасқан.
## Халқы
Бұрынғы "Большевик" ұжымшары негізінде өндірістік кооператив жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Тілеміс атындағы орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, емхана бар.
## Ауыл тарихы
Ауыл тұрғындарының ата-бабалары тау етегіндегі "Үш Ойрандының сайы" деп аталатын "Ақтікен", "Молалы", "Ойранды" деген жерлерді мекендеген. Міне, осы елді мекендер біріктіріліп, 1929 жылы артель болып ұйымдастырылғанда №2 ауыл атанды. Кейін "Ақтікен" колхозы деп аталды. Сауатсыздықтың салдарынан немесе орыс тілділердің тілге жатық болуы үшін "Ақтікен" сөзі "Ақтоған" деп бұрмалап жазған.
## Дереккөздер |
Халел Мұхамеджанұлы Әділгереев 1904 жылы 28 сәуірде қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Қырыққұдық ауылында дүниеге келген. 1974 жылы қазан айының 17 күні Алматы қаласында дүние салады. Көрнекті тарихшы. 1932 жылы Қазан шығыс педогокикалық институтын бітірген. 1939 жылдың қазанның 29 жүлдызында “ХVҚҚҚ-ХҚХ ғасырларда қазақтарда төлеңгіттер әлеуметтік тобының пайда болуы, рөлі және эволюциясы” деген тақырыпта диссертация қорғап, қазақтар арасында тұңғыш тарих ғылымының кандидаты атағын алды. 1934 - 1942 жылдар, 1946 — 1951 жылдар және 1954 — 1974 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының деканы, директоры, кафедра меңгерушісі, доценті қызметтерін атқарды. 1942 — 1946 жылдары арасында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1951 — 1954 жылдары Шымкент мұғалімдер институтында қызмет еттеді. Әділгереев қазақ әдебиеттанушылары мен тарихшыларының тұрпайы социологиялық әдістемелеріне қарсы шығып, шоқантануды бастаушылардың, Асфендияров Санжар Жафарұлы туралы алғаш қалам тартқандардың бірі болды. 1837 — 1947 жылдары Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы жөнінде тарихшы Ермұхан Бекмахановтың тұжырымдамасын қолдағаны үшін саяси қуғынға ұшырады.
## Шығармалары
Шоқан Уәлихановтың саяси-әлеуметтік көзқарастары, “Әдебиет және искусство”, 1941 жылы, 1-саны; К истории образования казахского народа, Вестник АН КазССР, 1951 жылы, 1-саны; Абай Кунанбаев — как демократический мыслитель, Ученые записки КазПИ им. Абая, 1955 т.б. |
Ақтолыс ана (шамамен 1600 — 55 ж.) — есімі ел есінде сақталған көріпкел және емші. Есімханның замандасы Жарлықамыс батырдың інісі Жалаңның зайыбы. Жасынан көріпкелдік қасиетімен аты шыққан. Ақтолыс ана айтыпты дейтін аңыз-әфсаналар көп. Ақтолыс ананың Ақбикештен бір ерекшелігі — елшілікпен айналысқан. Сондықтан халық оны әрі емші, әрі көріпкелі ретінде құрметтеген. Оның кейінгі ұрпақтарынан Сары мырза (Ресейге қазақ елшілігін басқарып барған елші), Бөрібай батыр, Тауасар батыр, Шаппа би, Қыдырәлі би т. б. қайраткерлер шыққан.
## Дереккөздер
## Дереккөздер:
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Ақтопалаң (Enterotoxemіa) — көктемде және күзде ұсақ малда кездесетін, жұқпалы ауру. Ақтопалаң 1910 жылдан белгілі. Аурудың қоздырғышы Clostrіdіum perfrіngens тобындағы С және Д типтес анаэробты микробтар.
Ол топырақта, тері мен жүн арасында 2-3 жыл сақталады. Ақтопалаңды кейде “езілген бүйрек”, “шөп ауруы”, “секіртпе”, “жыбырлақ” деп әртүрлі атайды. Ақтопалаңмен буаз және жаңа төлдеген қойлар жиі ауырады. Аурудың өрбуіне көктемде көк шөптен іштің кебуі және ішектегі таспа құрттар әсер етеді. Ауру Қазақстанның оңтүстік аудандарында және Ақтөбе облысында жиі ұшырасады. Ауырған қой қатты күйзеліп, әлсірейді, аяқтарын серпіп, денесі дірілдеп, аузы-мұрнынан қанды көбік ағады, іші өтеді, 2-3 тәулікте өледі.
Аурудың жіті түріне шалдыққан қойды емдеуге келмейді, ал созылмалы түрінде гиперимммунды қан сарысуына антибиотик қосып салады. Аурудың алдын алу үшін көктемгі жайылымға шығудан 2 ай бұрын қойларға қанықтырылған поливалентті анатоксин вакцинасын егеді.
## Дереккөздер |
Ақтөбе — Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы ауыл, Ақтөбе ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жосалы ауылынан оңтүстікке қарай 42 км-дей жерде, шөлді белдемде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 2066 адам (1087 ер адам және 979 әйел адам) болса, 2009 жылы 2214 адамды (1154 ер адам және 1060 әйел адам) құрады.
## Тарихы
1996 жылға дейін "Чапаев" ауылы аталды. 1997 жылы ұжымшар негізінде Ақтөбе өндірістік серіктестігі ұйымдастырылды.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, дәрігерлік пункт, тұрмыс қажетін өтеу мекемесі бар. Ауыл арқылы Қызылорда — Ақтөбе автокөлік жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Ақтөбе ауыл шаруашылық колледжі — мемлекеттік арнаулы орта оқу орны. 1977 ж. Ақтөбе ауыл шаруашылық техникумы болып ашылған. 1996 ж. Ақтөбе ауыл шаруашылық колледжі болып аталды. Колледжде мал дәрігері, менеджмент, экономика, бухгалтерлік есеп және қадағалау, ауыл шаруашылығын механикаландыру, автоматтандыру және электрлендіру, агрономия мамандары даярланады. Сырттай оқытатын бөлімі бар.
## Дереккөздер:
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Бекшорин, Бекчурин Меңдияр (1740 — 1821) — елші, ауыз әдебиеті нұсқаларын жинаушы. Ұлты — татар.
Қызметін Орынбор генерал-губернаторының кеңсесінде “татар тілінің аудармашысы” болудан бастады (1750). Бекчурин жарты ғасыр уақыт бойы Ресей өкіметінің түрлі дипломатиялық тапсырмаларын орындаумен шұғылданды. Осы мақсатта Орта жүз және Кіші жүз қазақтарына бірнеше рет сапармен келіп қайтты. 1778—1979 жылы бірінші рет Тоғым сұлтанға Санкт-Петербургтегі император сарайынан шақыру әкеліп, екінші рет Ресей Сыртқы істер коллегиясы атынан арнайы грамота мен сыйлықтар тапсыру үшін Абылай хан ордасында болды. 1780 — 1981 жылы Ресей елшілігін басқарып, қазақ даласы арқылы Орынбордан Бұхараға сапар шекті. Оның бұл саяхаты кезіндегі жазбалары “Шығыс жинағының” (“Восточный сборник”) 1916 жылы 2-кітабында (275 — 321 бет жарияланды. Бекчурин 1790 жылы Орынбор мүфтиі Мұхамеджан Хұсайыновпен бірге Сырым Датұлымен кездесуге, 1795 жылы Кіші жүз сұлтаны Есімді хан сайлауға қатысты. 1803 жылы Я.П. Гавердовский бастаған керуенмен Бұхараға барды. Бекчурин 1817 ж. қазақтың “Барсакелмес” ертегісін жазып алып, “Санкт-Петербургские ведомости” газетінде жариялады (1839, 17 ғ.). 1819 ж. Коллегия кеңесшісі дәрежесінде Ресей елшілігімен Хиуада болды.
## Дереккөздер |
Жайық Бектұров (15.11. 1912, Ақмола облысы Целиноград ауданы Қызылағаш ауылы — 30.3.1998, Қарағанды) — жазушы.
## Өмірбаяны
Керей тайпасының Ақсары руының Аманжол тармағынан шыққан.
Журналист, жазушы, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы Жайық Кәгенұлы Бектұров 1912 жылы дүниеге келген. Ежелден моншақты атанған (қазіргі Ақмола облысы, Алексеев ауданы, «Үріті» ауылы) Ақкөл атырабы Жайық Бектұровтың кіндік қаны тамып, табан ізі түскен құтты мекен. Алғаш ауылдағы молдадан сабақ алып, ескіше хат таныған ол шаруа жастары мектебінде оқыған. Жайық Бектұров еңбек жолын ұстаздық етуден бастапты. Сонау Қазан төңкерісі тұсындағы жас ұстаз Сәкен ағасының ізімен ілгерілей бұрын «Ахмет ауылы» атанған, қазіргі «Интузияст» (Қарағанды облысының Нұра ауданы) совхозына келіп, мектепте мұғалім болған. Алғашқы жауқазын жырларын сол Ахмет ауылында жазған, Сәкен Сейфуллинге еліктеді ме, Жайық Бектұров 30-шы жылдардың басында қолына қалам алып, Ақмола қаласында шығатын «Сарыарқа» газетіне ел тұрмысынан шағын хабарлар жаза бастады. Жайық Бектұровтың ұзақ жылдарға созылған журналистік жазушылық еңбегінің бастау алған жері – осы Ақмола атырабы, «Сарыарқа» газеті. Ол содан бері ауыл, қала, интеллегенция, жастар өмірінен көптеген очерктер, әңгімелер, қазақ жазушылары жайлы әдеби сын, мақалалар жазады. Ол 1934 жылы ҚазССР-інің Халық ағарту комиссариатының мұғалімдер курсын бітірген,1934 жылы Қазақ коммунистік университетін, ал 1955 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тәмәмдаған. Жайық Бектұров 1932-1937 жылдары комсомол қызметінде болған, 1937-1939 жылдары республикалық «Лениншіл жас» жастар газетінің редакторының орынбасары, «Социалистік Қазақтан» газетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары міндеттерін атқарған.1939-1940 жылдары Жамбыл облыстық газетінің жауапты редакторы, ол соғыс басталғанда дивизиялық газеттің редакторы болған. 1942 жылы мамыр айында Жайық Бектұров қамауға алынып, КСРО НКВД-сінің айрықша кеңесінің шешімімен РФСР Қылмыстық істер кодексінің 58-ші бабымен сырттай он жылға кесіліп, Солтүстік Оралға жер аударылды. Жабылған жала тек қана 1955 жылы ҚазССР Жоғарғы сотының Президиумының шешімімен күшін жойып, ал 1989 жылы түбегейлі ақталды. КСРО Жазушылар одағының, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының мүшесі, партия мен еңбек ардагері Жайық Кәгенұлы Бектұровтың қоғамдық және әдеби өмірдегі еңбегі оған атақ-абырой әкеліп, жұртшылықтың құрметіне бөледі. Публицист Жайық Бектұров өзінің ауқымды да бейнелі сөздерімен Орталық Қазақстанның көптеген фактілері мен тарихи оқиғаларын көпшіліктің жадына қалдырды. Ол республиканың әдеби ортасында, кеншілер өлкесінің қалыптасуы мен дамуының, оның орталығы – Қарағандының шежіресін жазушы ретінде белгілі. Жайық Бектұров өзінің шығармашылық және ұйымдастырушылық таланты арқылы облыс пен республиканың мәдени өміріне үлкен елеулі үлес қосты. Ол Қарағанды және Қарағанды облысының энциклопедиясының жасаушылардың бірі болды. Оның көп жылғы әрі тынымсыз еңбегі көптеген үкімет наградаларымен марапатталған. 1977 жылы «Жол жоралғысы» деген кітабы шықты. Бұл жинаққа қаламгердің Ы.Алтынсаринмен, Ш.Уалиханов, Г.Потанин, қобызшы-жыршы Н.Атабеков жайлы тарихи-көркем очерктері енгізілген. Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қажымай жинап, бастырудағы еңбегі өз алдына бір сала. Жайық Кәгенұлы Бектұров Абай Құнанбаев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Саттар Ерубаев, Әбділда Тәжібаев, Тайыр Жароков, Зейін Шашкин және өзге де қазақ ақын-жазушылары жайында көптеген сын, мақалалар жазған. Жазушы басқа ұлттардың әдебиетін озық үлгілерін қазақ оқырмандарына танытуда көп жұмыс тындырды. Жайық Кәгенұлының өрнекті тілімен қазақшаланған Г.Серебрякова, Петефи, Дефо, Гашек, Л.Пантелеевтің шығармаларын оқырмандар жылы қабылдаған. Облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бетінде жазушы Азия, Африка елдері қаламгерлерінің бірнеше әңгімелерін аударып бастырған. Кейінгі жылдары, яғни 1991 жылы «Өткел» өлеңдер жинағы, ал 1997 жылы «Қазақстан» баспасынан «Таңба» атты кітабы жарық көрді. Бұл кітап еліміздің шежіресіне қара таңба болып басылған отызыншы-қырықыншы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің алапат ащы шындығы жайында, сол нәубеттің құрбаны болған тұғырлы тұлғалар, талай тағдырлар жайында баян ететін туынды. Мұның жарық көруінің арасы 40 жылдай уақытқа созылған екен. Сол қырғынның өзі де куәсі болған, кезінде жазықсыз танылғандақтың кесірінен жапа шегіп, жалынды жастық жылдарын айдауда, азап лагерінде өткізген ардагер жазушының аталмыш романы тасада қалып, кеңес империасы тараған соң, жалғанның жарығына әрең шықты. Жалпы бұл шығарма азап лагеріндегі өмірді қазақ әдебиетінде бейнеленген тұңғыш еңбек. Жайық Бектұров – қазақ көсем сөзінің көш бастаушыларының бірі емес, бірегейі. Оның таяуда ғана “Қазақстан” баспасынан жарық көрген “Енеден ерте айрылған төл секілді…” атты кітабы – қазақтың біреуге бодан болған заманы мен бүгін өз алдына егемен ел болған кезеңін жалғап тұрған көшелі көсем ойының бір алтын жібі десе болады. 1998 жылы 26 наурызда сексен алты жасына қараған шағында журналист, жазушы, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Жайық Кәгенұлы Бектұров өмірден өтті. “Өлді деуге бола ма, өлмейтұғын артында сөз қалдырған” деп абай атамыз айтқандай Жайық Бектұровты өмірден өшіріліп кеткендер санатына қоса алмаймыз. Ол кісінің қалдырған мұралары көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың жадында мәңгіге сақталады. Жазған дүниелері тарихтың құнды құжаттарына айналатыны ақиқат. Қаламгердің жеке мұрасының мұрағат қорына алынды, өзі тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды, Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасына Жайық Бектұров аты беріліп, онда кабинет-мұражай ашылды.
## Хронология
* Алматыдағы Жоғары коммунистік ауыл шаруашылығы мектебін (1934), ҚазМУ-ді (1955) бітірген.
* 1930—1931 жылдары Қарағанды облысы Нұра ауданында мұғалім болған.
* 1934—1937 жылдары Қазақ өлкелік, Түркістан облысы Арыс, Мақтаарал ауданы комсомол ұжымдарында жауапты қызметтер атқарды.
* 1937—1938 жылдары “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газеті редакторының орынбасары,
* 1937—1942 жылдары “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде тілші, Жамбыл облысы “Еңбек туы” газетінде редактор болды.
* 1948—1950 жылдары Қарағанды, Талдықорған қалаларында мектепте мұғалім, облыстық газеттерде жұмыс істеді.
* 1958 жылдан ұзақ жыл Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облысаралық бөлімшесін басқарды.
## Еңбегі
Бектұровтың алғашқы әдеби сын мақалалары, эсселері, өлеңдері 1928 жылдан баспасөз беттерінде жариялана бастады. Көркем аударма саласында да қалам тартты.
* Д.Дефоның “Робинзон Крузо”, А.Чапыгиннің “Степан Разин” романдарын, Л.Пантелеевтің әңгімелер жинағын, Д.Львович, Ш.Петефи, Г.Серебрякова, Я.Гашек шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Г.Потанин, Ә.Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Ә.Ермеков, Ә.Марғұлан, тағы басқа туралы естеліктер, әдеби портреттер жинағының авторы.
* 20 ғасырдың 30-жылдарындағы саяси қуғын-сүргін шындығын ашық жазып, қоғамда әлеуметтік әділдік принципінің орнығуына ықпал етті.
* «Түнгі сарын» (Ә.Әзиевпен бірге, «Советтік Қарағанды», 1960, 23-қараша),
* «Жүректе қалған бір бейне» («Коммунизм нұры», 1967, 22 желтоқсан) мақалаларында М.Әуезовтен қалған әдеби мұралардың мәңгі өлмейтінін, оның болашақ ұрпаққа да рухани азық болып қала беретінін жазды.
## Дереккөздер
* http://www.shuak.kz/kaz/index.php?option=com_content&view=article&id=214:2010-03-09-09-17-11&catid=38&Itemid=186 |
Брентьес Бурхард (20.08.1929, Галле (Саксония-Анхальт)-28.09.2012, Берлин) — шығыстанушы неміс ғалымы.
Шығыс елдерінің мәдениетін, археология және архитектура ескерткіштерін зерттеумен айналысады. Орта Азияның тарихы туралы бірқатар еңбектердің авторы.
## Дереккөздер |
‘’’Бекі кесенесі’’’ – сәулет өнерінің ескерткіші. 19 ғасырдың аяғында тұрғызылған. Телікөл кесенесінен солтүстік -батысқа қарай 20 км жердегі Құланбай қорымының солтүстік –шығыс бөлігінде. 1981 жылы Қазақстан Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының экспедициясы (жетекшісі Ә.Оспанов) зерттеген Кесене бір бөлмелі. Ауданы 7,55 х 8,15 метр Төртбұрышты жобамен салынған кесененің параболиктік күмбезі мойындыққа орнатылған, Жоғарғы жағы кірпіш арасына қаланған сырғалдармен белдеуленген Кесененің сыртқы бұрыштары мұнараланып шығарылған. оңтүстік -батысында аркалы ойығы, оның екі жағындағы кесене тұғырының төбесіне шығатын баспалдақ белгілері сақталған. Кесене бөлмесі дөңгелек жобалы, төмен жағы арка тәрізді сегіз қуысқа бөлінген, күмбезі тұғырдан бастап құламалы қалаумен шығарылған. Күмбездің мойындықтан Жоғарғы бөлігінде жарық түсетін төрт ойық бар.
## Дереккөздер |
### Бастапқы атаулары
“Ақтөбе” — облыстық газет мұрагері.
Облыстық газет алғашқыда «Кедей» (7.06.1924 ж.-тамыз 1930 ж.), одан кейінгі кезеңдерде «Алға» (тамыз 1930 ж.-13 наурыз 1932 ж.), «Социалистік жол» (13 наурыз 1932 ж. – 1 шілде 1962 ж.), «Батыс Қазақстан» (өлкелік) (1 шілде 1962 ж. – 6 ақпан 1965 ж.), «Коммунизм жолы» (6 ақпан 1965 ж. – 12 қазан 1990 ж.) деген атаумен шықты. Ақтөбе губерниялық партия және атқару комитеттері 1924 ж. 17 наурызда қазақша газет шығару туралы шешім қабылдады. 1930 ж. 19 тамыздан “Кедей” Темір ауданының газетіне айналып, орнына “Алға” газеті шықты. 1932 ж. Ақтөбе облысы құрылған кезде “Алғаның” орнына "Социалистік жол” газеті (13 наурыз) жарық көрді. Қазақстанда өлкелердің құрылуына байланысты 1962 ж. 1 шілдеде газет шығуын тоқтатты. Өлкелер қайта таратылған соң Ақтөбе облысының “Коммунизм жолы” газеті қайтадан (1965 ж. 6 ақпан) шыға бастады.1990 ж. қазан айынан бастап “Ақтөбе” деп аталады. Облыстық газет алғашқыда «Кедей» (7.06.1924 ж.-тамыз 1930 ж.), одан кейінгі кезеңдерде «Алға» (тамыз 1930 ж.-13 наурыз 1932 ж.), «Социалистік жол» (13 наурыз 1932 ж. – 1 шілде 1962 ж.), «Батыс Қазақстан» (өлкелік) (1 шілде 1962 ж. – 6 ақпан 1965 ж.), «Коммунизм жолы» (6 ақпан 1965 ж. – 12 қазан 1990 ж.) деген атаумен шықты. Ал 1990 жылғы 12 қазаннан бері «Ақтөбе» деген атпен шығып келеді. Газет аптасына екі рет – сейсенбі, бейсенбі күндері шығады.
### Тарихы
Владимир Ильич Ленин 1917 жылы Ресейде апан-топан төңкеріс жасап, әлемге жаңа жүйенің дүниеге келгенін жария етті. Бүгінде дүние жүзі халқы «Капиталын» жапатармағай оқып жатқан Карл Маркс пен Фридрих Энгельстің күрескер рухын бойына сіңірген пролетариат көсемі әп дегеннен идеологияға баса назар аударыпты. Өйтпесе өзі құрған жүйенің қазығы мықты болмасын аңғарса керек.1924 жылы ұлт республикаларының көптеген аймақтарында газет шығару мәселесі қолға алынды. Ақтөбе губерниялық партия және атқару комитеттерінің бірлескен мәжілісінде өңірден шығатын газеттің атын «Кедей» деп қою туралы шешім қабылданыпты. Бұл «бай менен молданы қойдай қу қамшымен» деген заманға лайық атау еді.
Алғашқы бас редакторлар
«Кедейдің» алғашқы нөмірі 1924 жылдың 7 маусымында жарыққа шықты. Аптасына бір рет шығатын газеттің көлемі де шағын, не бары екі-ақ бет болатын. Алғашқы нөмірлерге кейін ірі мемлекет қайраткеріне айналған Ақтөбе губерниялық партия комитетінің жауапты қызметкері Ізмұқан Құрамысовтың қол қоюы, кеңес өкіметінің газет шығару мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарағанын көрсетеді. Газет тізгінін партия комитетінің қызметкері алуы сол тұста кәсіби журналистердің аздығынан ғана емес, басылымға бақылаудың мықты болатындығының айғағындай еді. Алғашқы редакторлардың қатарында Өтемісов, белгілі аудармашы Абдолла Құлыбеков, Д.Хангереев, Әзімбай Лекеровтер бар.Ахмет Байтұрсынұлы, айтпақшы, газеттің «халықтың көзі, тілі һәм құлағы» екені рас. Бірақ газеттің ең алдымен идеологиялық құрал екенін де ұмытуға болмайды. Өйткені «мінген арбасының» егесінің қас-қабағына қарамайтын пенде жоқ. Сол «еге» мен халықтың мүддесі тонның ішкі бауындай қабысып жатса жақсы, әйтпесе журналист дейтін жазған екі жақтың да қыбын табуға тиіс.Осы ретте «Кедей» әу бастан жалған ұраншылдыққа салынбай, халықтың сауатын ашуға, мәдениетке үйретуге, жаңа заманның бағыт-бағдарын жұртшылық санасына сіңіруге ұмтылған салмақты басылым болғаны аңғарылады. Ел жаңалықтарымен қатар сол заманның ең өзекті мәселелері — білім алуға шақыру, әйел теңдігі секілді тақырыптар алдыңғы кезекке шыққан. Газетке жаңа леп ала келген бас редактордың орынбасары Жиенғали Тілепбергенов «Оқшауша» деген айдар ашып, сол айдар журналистердің еркін шығармашылығының мінберіне айналған. Тіл ғылымының теориялық негізін қалаған ғалым Құдайберген Жұбановтың, «Еңбекші қазақтан» келген Кенжеғали Абдуллиннің кесек ойлы мақалалары газеттің іргетасы әуелден-ақ мықты қаланғанын көрсетеді. Газетте кейінгі кезеңдердегі әр жылдарда редактор болып Құбаш Қожамұратов, Смағұл Мұқашев, Нұрқайыр Телеуов, Қуан Тектіғұлов, Идош Асқаров, Әмір Оралбай, Қасымжан Байсадақовтар қызмет істеді.
Атақты журналистер
Байлар тап ретінде жойылған отызыншы жылдарда газет атауы «Кедей» деп қала беруі өте ыңғайсыз болар еді. Сондықтан бес жылдықтар балғасын соғып жатқан кеңес өкіметінің сол тұстағы «Тек қана алға!» деген ұранына сәйкес, басылым «Алға» атаныпты. Көп ұзамай «Социалды жол», сәл кейінірек «Социалистік жол» деген «ныспы» беріліпті. Облыс аумағына ірі өндіріс орындары қоныс теуіп, қазақ жаңа мамандықтарды игере бастаған заманның тыныс-тіршілігі газет бетінен көрініс тапты.
Жетістіктері
Ұлы Отан соғысы жылдарында журналистер қаламын қаруға айырбастап, майданға аттанды. Газетке жеткен дерек бойынша редакцияда тек Қ.Қожамұратов пен Х.Наурызбаев қана қалғанын айтады. Бірақ олар бұрынғылар жаққан отты өшірген жоқ, қайта лаулата түсті. Сол тұста шығарылған газеттердің бір бөлігі майдан шебіне де жеткізіліп тұрыпты. «Социалистік жолды» бойтұмардай көріп, төс қалтасына салып, шайқасқа кірген ақтөбеліктер бар. Жауынгерлер жолдаған хаттар бар газетті тылдағы жұрт Жеңістің хабаршысындай күтті. Нұрпейіс Байғаниннің толғаулары етігімен су кешіп жүрген ерлерге де, ауылда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен жұмыс істеп жатқан еңбеккерлерге де дем бергені хақ. Ақ тарының атасы Шығанақ Берсиевтің де даңқты еңбек жолы мен тәжірибесі сол тұста облыстық газеттің бетінде үзбей жарияланып жатты.Соғыстан кейінгі шаруашылықты қалпына келтіру жылдарында да облыстық газет алғы шепте жүрді. Қарапайым еңбек адамдары басылымның басты «объектісіне» айналды.Өлке құрылған кезде «Батыс Қазақстан» аталып, сәл кейін даңғыл «Коммунизм жолына» түскен басылым сол заманның идеологиясын халықтың санасына сіңіру жолында зор еңбек етті.Газеттің еңбегі бағаланбай қалған жоқ. 1974 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталып, сексенінші жылдарда КСРО Халық Шаруашылығы Жетістіктері көрмесі жеңімпаздарының бірі болды. Бұл облыстық газеттің тізгінін отыз жылға жуық уақыт ұстаған Нұрқайыр Телеуов басқарған ұжымның жұмысына берілген лайықты баға еді.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтарды еңсеруде, жаңа болмысты ұрпақ санасын қалыптастыруға журналистердің қосқан үлесі зор. «Ақтөбе» газеті де тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап, жас мемлекеттің іргетасын қалап, еңсе тіктеуіне хал-қадарынша үлес қосып келеді.2000 жылы екі облыстық газет «Ақтөбе газеті» ашық акционерлік қоғамына бірікті. Заман талабына сай газеттің дизайны өзгеріп, бірінші беттегі ресми материалдардың орнына мүмкіндігінше әлеуметтік мәселелер, коллажбен көркемделген сын материалдар шыға бастады. Аптасына үш рет шығатын газет екі ретке ауысып, бейсенбі, жұма күндері шығатын нөмірлеріміз «бірігіп» кетті. Түрлі түсті «етжеңді» нөмір шығару арқылы оқырманға әр түрлі саланы қамтыған материалдар ұсынуға мүмкіндік алдық. Бейсенбілік нөміріміз 32 бетке жетті. Енді кәсіпкерлер газетке жарнама бере бастады…2004 жылы облыстық екі газет тағы да енші бөлісті. Осы жылы газетті басқарған талантты журналист, марқұм Әмір Оралбай мен Қасымжан Байсадақовтың да қолтаңбалары қалды.2005 жылы «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС-ның шаңырағы астында қайта бірікті. ЖШС тізгінін белгілі көсемсөзші, ақын Мейірхан Ақдәулетұлы ұстады. Сәл кейінірек бүкіл аудандық газеттер де ЖШС қарамағына көшті. «Бет әлпеттері» өзгеріп, «жүрісі» түзелген кейбір аудандық газеттер әу бастағы келісім бойынша қайта отау тігіп жатыр…«Ақтөбенің» бір мақтанышы — ақын-жазушылары. Дегдар Қуандық Шаңғытбаевтың, Тұманбайлар жалғастырған әдемі лириканың бастауындай Ізтай Мәмбетовтің, бүгінде ақтөбелік қаламгерлердің ақсақалына айналып отырған Мұхтар Құрманалиннің, «Отамалысы» әлемдік әдебиеттің алтын қорына қосуға әбден лайық Тобық Жармағамбетовтің өзінің шығармалары арқылы жетпісінші жылдардан бастап-ақ, кеңес өкіметінің көрін қазуға кірісіп кеткен Құрал Тоқмырзиннің, қазақ өлеңіне боз бояу қосқан Есенбай Дүйсенбайұлының, әңгімелері психологиялық астарға толы Қажығали Мұхамбетқалиевтің шығармашылықтағы қадамдары осы газеттен басталған.
## Дереккөздер
## Бастапқы атаулары
“Ақтөбе” — облыстық газет мұрагері.
Облыстық газет алғашқыда «Кедей» (7.06.1924 ж.-тамыз 1930 ж.), одан кейінгі кезеңдерде «Алға» (тамыз 1930 ж.-13 наурыз 1932 ж.), «Социалистік жол» (13 наурыз 1932 ж. – 1 шілде 1962 ж.), «Батыс Қазақстан» (өлкелік) (1 шілде 1962 ж. – 6 ақпан 1965 ж.), «Коммунизм жолы» (6 ақпан 1965 ж. – 12 қазан 1990 ж.) деген атаумен шықты. Ақтөбе губерниялық партия және атқару комитеттері 1924 ж. 17 наурызда қазақша газет шығару туралы шешім қабылдады. 1930 ж. 19 тамыздан “Кедей” Темір ауданының газетіне айналып, орнына “Алға” газеті шықты. 1932 ж. Ақтөбе облысы құрылған кезде “Алғаның” орнына "Социалистік жол” газеті (13 наурыз) жарық көрді. Қазақстанда өлкелердің құрылуына байланысты 1962 ж. 1 шілдеде газет шығуын тоқтатты. Өлкелер қайта таратылған соң Ақтөбе облысының “Коммунизм жолы” газеті қайтадан (1965 ж. 6 ақпан) шыға бастады.1990 ж. қазан айынан бастап “Ақтөбе” деп аталады. Облыстық газет алғашқыда «Кедей» (7.06.1924 ж.-тамыз 1930 ж.), одан кейінгі кезеңдерде «Алға» (тамыз 1930 ж.-13 наурыз 1932 ж.), «Социалистік жол» (13 наурыз 1932 ж. – 1 шілде 1962 ж.), «Батыс Қазақстан» (өлкелік) (1 шілде 1962 ж. – 6 ақпан 1965 ж.), «Коммунизм жолы» (6 ақпан 1965 ж. – 12 қазан 1990 ж.) деген атаумен шықты. Ал 1990 жылғы 12 қазаннан бері «Ақтөбе» деген атпен шығып келеді. Газет аптасына екі рет – сейсенбі, бейсенбі күндері шығады.
### Тарихы
Владимир Ильич Ленин 1917 жылы Ресейде апан-топан төңкеріс жасап, әлемге жаңа жүйенің дүниеге келгенін жария етті. Бүгінде дүние жүзі халқы «Капиталын» жапатармағай оқып жатқан Карл Маркс пен Фридрих Энгельстің күрескер рухын бойына сіңірген пролетариат көсемі әп дегеннен идеологияға баса назар аударыпты. Өйтпесе өзі құрған жүйенің қазығы мықты болмасын аңғарса керек.1924 жылы ұлт республикаларының көптеген аймақтарында газет шығару мәселесі қолға алынды. Ақтөбе губерниялық партия және атқару комитеттерінің бірлескен мәжілісінде өңірден шығатын газеттің атын «Кедей» деп қою туралы шешім қабылданыпты. Бұл «бай менен молданы қойдай қу қамшымен» деген заманға лайық атау еді.
Алғашқы бас редакторлар
«Кедейдің» алғашқы нөмірі 1924 жылдың 7 маусымында жарыққа шықты. Аптасына бір рет шығатын газеттің көлемі де шағын, не бары екі-ақ бет болатын. Алғашқы нөмірлерге кейін ірі мемлекет қайраткеріне айналған Ақтөбе губерниялық партия комитетінің жауапты қызметкері Ізмұқан Құрамысовтың қол қоюы, кеңес өкіметінің газет шығару мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарағанын көрсетеді. Газет тізгінін партия комитетінің қызметкері алуы сол тұста кәсіби журналистердің аздығынан ғана емес, басылымға бақылаудың мықты болатындығының айғағындай еді. Алғашқы редакторлардың қатарында Өтемісов, белгілі аудармашы Абдолла Құлыбеков, Д.Хангереев, Әзімбай Лекеровтер бар.Ахмет Байтұрсынұлы, айтпақшы, газеттің «халықтың көзі, тілі һәм құлағы» екені рас. Бірақ газеттің ең алдымен идеологиялық құрал екенін де ұмытуға болмайды. Өйткені «мінген арбасының» егесінің қас-қабағына қарамайтын пенде жоқ. Сол «еге» мен халықтың мүддесі тонның ішкі бауындай қабысып жатса жақсы, әйтпесе журналист дейтін жазған екі жақтың да қыбын табуға тиіс.Осы ретте «Кедей» әу бастан жалған ұраншылдыққа салынбай, халықтың сауатын ашуға, мәдениетке үйретуге, жаңа заманның бағыт-бағдарын жұртшылық санасына сіңіруге ұмтылған салмақты басылым болғаны аңғарылады. Ел жаңалықтарымен қатар сол заманның ең өзекті мәселелері — білім алуға шақыру, әйел теңдігі секілді тақырыптар алдыңғы кезекке шыққан. Газетке жаңа леп ала келген бас редактордың орынбасары Жиенғали Тілепбергенов «Оқшауша» деген айдар ашып, сол айдар журналистердің еркін шығармашылығының мінберіне айналған. Тіл ғылымының теориялық негізін қалаған ғалым Құдайберген Жұбановтың, «Еңбекші қазақтан» келген Кенжеғали Абдуллиннің кесек ойлы мақалалары газеттің іргетасы әуелден-ақ мықты қаланғанын көрсетеді. Газетте кейінгі кезеңдердегі әр жылдарда редактор болып Құбаш Қожамұратов, Смағұл Мұқашев, Нұрқайыр Телеуов, Қуан Тектіғұлов, Идош Асқаров, Әмір Оралбай, Қасымжан Байсадақовтар қызмет істеді.
Атақты журналистер
Байлар тап ретінде жойылған отызыншы жылдарда газет атауы «Кедей» деп қала беруі өте ыңғайсыз болар еді. Сондықтан бес жылдықтар балғасын соғып жатқан кеңес өкіметінің сол тұстағы «Тек қана алға!» деген ұранына сәйкес, басылым «Алға» атаныпты. Көп ұзамай «Социалды жол», сәл кейінірек «Социалистік жол» деген «ныспы» беріліпті. Облыс аумағына ірі өндіріс орындары қоныс теуіп, қазақ жаңа мамандықтарды игере бастаған заманның тыныс-тіршілігі газет бетінен көрініс тапты.
Жетістіктері
Ұлы Отан соғысы жылдарында журналистер қаламын қаруға айырбастап, майданға аттанды. Газетке жеткен дерек бойынша редакцияда тек Қ.Қожамұратов пен Х.Наурызбаев қана қалғанын айтады. Бірақ олар бұрынғылар жаққан отты өшірген жоқ, қайта лаулата түсті. Сол тұста шығарылған газеттердің бір бөлігі майдан шебіне де жеткізіліп тұрыпты. «Социалистік жолды» бойтұмардай көріп, төс қалтасына салып, шайқасқа кірген ақтөбеліктер бар. Жауынгерлер жолдаған хаттар бар газетті тылдағы жұрт Жеңістің хабаршысындай күтті. Нұрпейіс Байғаниннің толғаулары етігімен су кешіп жүрген ерлерге де, ауылда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен жұмыс істеп жатқан еңбеккерлерге де дем бергені хақ. Ақ тарының атасы Шығанақ Берсиевтің де даңқты еңбек жолы мен тәжірибесі сол тұста облыстық газеттің бетінде үзбей жарияланып жатты.Соғыстан кейінгі шаруашылықты қалпына келтіру жылдарында да облыстық газет алғы шепте жүрді. Қарапайым еңбек адамдары басылымның басты «объектісіне» айналды.Өлке құрылған кезде «Батыс Қазақстан» аталып, сәл кейін даңғыл «Коммунизм жолына» түскен басылым сол заманның идеологиясын халықтың санасына сіңіру жолында зор еңбек етті.Газеттің еңбегі бағаланбай қалған жоқ. 1974 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталып, сексенінші жылдарда КСРО Халық Шаруашылығы Жетістіктері көрмесі жеңімпаздарының бірі болды. Бұл облыстық газеттің тізгінін отыз жылға жуық уақыт ұстаған Нұрқайыр Телеуов басқарған ұжымның жұмысына берілген лайықты баға еді.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтарды еңсеруде, жаңа болмысты ұрпақ санасын қалыптастыруға журналистердің қосқан үлесі зор. «Ақтөбе» газеті де тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап, жас мемлекеттің іргетасын қалап, еңсе тіктеуіне хал-қадарынша үлес қосып келеді.2000 жылы екі облыстық газет «Ақтөбе газеті» ашық акционерлік қоғамына бірікті. Заман талабына сай газеттің дизайны өзгеріп, бірінші беттегі ресми материалдардың орнына мүмкіндігінше әлеуметтік мәселелер, коллажбен көркемделген сын материалдар шыға бастады. Аптасына үш рет шығатын газет екі ретке ауысып, бейсенбі, жұма күндері шығатын нөмірлеріміз «бірігіп» кетті. Түрлі түсті «етжеңді» нөмір шығару арқылы оқырманға әр түрлі саланы қамтыған материалдар ұсынуға мүмкіндік алдық. Бейсенбілік нөміріміз 32 бетке жетті. Енді кәсіпкерлер газетке жарнама бере бастады…2004 жылы облыстық екі газет тағы да енші бөлісті. Осы жылы газетті басқарған талантты журналист, марқұм Әмір Оралбай мен Қасымжан Байсадақовтың да қолтаңбалары қалды.2005 жылы «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС-ның шаңырағы астында қайта бірікті. ЖШС тізгінін белгілі көсемсөзші, ақын Мейірхан Ақдәулетұлы ұстады. Сәл кейінірек бүкіл аудандық газеттер де ЖШС қарамағына көшті. «Бет әлпеттері» өзгеріп, «жүрісі» түзелген кейбір аудандық газеттер әу бастағы келісім бойынша қайта отау тігіп жатыр…«Ақтөбенің» бір мақтанышы — ақын-жазушылары. Дегдар Қуандық Шаңғытбаевтың, Тұманбайлар жалғастырған әдемі лириканың бастауындай Ізтай Мәмбетовтің, бүгінде ақтөбелік қаламгерлердің ақсақалына айналып отырған Мұхтар Құрманалиннің, «Отамалысы» әлемдік әдебиеттің алтын қорына қосуға әбден лайық Тобық Жармағамбетовтің өзінің шығармалары арқылы жетпісінші жылдардан бастап-ақ, кеңес өкіметінің көрін қазуға кірісіп кеткен Құрал Тоқмырзиннің, қазақ өлеңіне боз бояу қосқан Есенбай Дүйсенбайұлының, әңгімелері психологиялық астарға толы Қажығали Мұхамбетқалиевтің шығармашылықтағы қадамдары осы газеттен басталған.
## Дереккөздер |
“Алау Батыр” — “Қырымның қырық батыры” эпостық жырының жеке батырлар топтамасына енетін жыр. Нұсқасы толық, тұтастай 7-8 буынды жыр үлгісімен шығарылған. 1942 жылы Мұрын жыраудан Мәриям Исайқызы стенограмма әдісімен жазып алған. Айса батырдың інісінің баласы Алау жастай жетім қалып, ержүрек болып өседі, елінің кегін алу үшін Уағаш, Даяс деген жерлерді қоныстанып отырған қалмақтың Есен, Сүйін деген хандарына аттанып, жалғыз өзі көзсіз батырлық жасайды, жаудан түскен олжасын аш-арық ноғайларға бөліп береді. Жырда елді сыртқы жаудан қорғау, туған жері, Отаны үшін жанын аямау қиял-ғажайып ертегі сарындарымен ұштасып, Алау Батыр халық қорғаны, қамқоршысы бейнесінде суреттеледі. “Алау Батыр” жыры алғаш рет “Қазақ халық әдебиеті” көп томдығының 12-томында (1990) жарық көрді.
Түпнұсқасы ҚР ҒА ОҒҚ қорында сақтаулы.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Алау Батыр (шамамен XIV–XV ғасырларда өмір сүрген) — аты аңызға айналған батыр, Алтын орда әмірі. Алаудың шыққан тегі Татар атты түркі халқының Алшы тайпасы. Алшылар өзге татарлар сияқты ерлерін "алшын", әйелдерін "алшытай" деп атаған. Шежіре бойынша, Алау батыр Алшын тайпасынан тарайтын Әлімұлы мен Байұлы рулар бірлестігінің арғы атасы саналады, яғни Алшынның барлық 18 руы Алау Әмірден тарайды. Қара Жүрген мен Жолшора Талдыбайдың 1925 жылы жазған шежіресінде Алау Батырды Бекарыстан таратады. Шежірелердегі аталар санын демографиялық жүйемен есептегенде бүгінгі ұрпақ пен Алау Батыр арасы 15 ғасырға апарады. Оның есімі кездесетін “Қырымның қырық батыры” жырлары да осы Ноғайлы заманының эпосы. Ол туралы қисса да бар. қ. “Алау Батыр”."Алау Батыр" - "Қырымның қырық батыры" топтамасына енетін жыр. Нұсқасы толық, тұтастай 7-8 буынды жыр үлгісімен шығарылған. 1942 жылы Мариям Исаевқызы стенограмма әдісімен жазған. Жырда елді сыртқы жаудан қорғау, туған жері, Отаны үшін жанын аямау идеясы қиял-ғажайып ертегі сарындарымен ұштасып, Алау батыр халық қорғаны, қамқоршысы бейнесінде суреттеледі.
"Алау Батыр" жыры алғаш рет "Қазақ халык әдебиеті" көп томдығының 12-томында жарық көрді (1990). Түпнұсқасы Орталық ғылым кітапхана қорында сақтаулы.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Бекі қорымы (17–20 ғасырлардың басы) — Маңғыстау облысындағы Шетпе кентінен батысқа қарай 4 км жерде 120–80 м аумақты алып жатқан қорым. Құрамында күмбезді 3 көрхана, көрнекті 12 сағанатам, 2 сандықтас және 100-ден астам алуан түрлі шағын құлпытас, қойтас, үштас, төрттас, бестас, құлпытастардың басқа да дәстүрлі типтері бар. Қорымның орталығына орналасқан 2 күмбезді көрхананың (19–20 ғасырлар), 2 күмбезді сағанатамның (20 ғасыр) архитектуралық-көркемдік маңызы зор. Әктас плиталары мен блоктарынан дәстүрлі тәсілдерді қолдана отырып, ерекше пропорциямен өте сапалы қаланған. Сонысымен де бұл ескерткіштер құрылыс ансамблінде оқшау көрінеді. Бірінші көрхананың тік бұрышты негізгі көлем аумағының төбесі сүмбіленіп, дулыға тәрізді қырлы күмбезбен біткен. Оның қабырғалары шолпы іспетті сәнді әшекейлермен безендірілген. Сондықтан да басқа көрханалардан нәзік те салтанатты. Екінші көрхана басқаша салынған: тікбұрышты көлемінің үстіне биік барабан (мойындық) орнатылған; Оңтүстік-батыс Азияның діни құрылыстары — сұбырғандар пішіндес бітімі күрделі, сатыланған шатырлы күмбезбен көмкерілген. Күмбезді көрханалар, сағанатамдар мен шағын құлпытастар жергілікті дәстүр бойынша және белгілі бір техникалық нұсқалармен ойылып, соңынан табиғи бояулармен өрнектелген. Ою-өрнектердің нұсқасы көгеріс өрнек мотивіне, зооморфтық, геометриялық, космологиялық, тұрмыстық, т.б. тақырыптарға құрылған.
## Дереккөздер |
“Алаш” — демократиялық-ағартушылық бағыттағы алғашқы қазақ басылымдарының бірі. 1916 ж. 25 қарашада Семей қаласында ерлі-зайыпты Көлбай, Мариям Төгісовтердің басшылығымен бірінші саны жарық көрген.
Революция қарсаңындағы Ресейдің ішкі-сыртқы жағдайынан хабардар етуді мақсат еткен, Алаш азаматтарын бірлікке шақырған. Оған қазақ зиялылары Н.Құлжанова, Ғ.Жанайдарова, Х.Ғаббасов, Ж.Ақбаев, Н.Құлжанов, М.Әуезов, С.Торайғыров т.б. белсене ат салысқан. “Алаш жолында” деген ерлі-зайыпты Көлбай, Мариям Төгісовтердің мақаласында: “Бүгінгідей екіталай ауыр кезеңде қымбатшылық пен жоқшылыққа қарамай жалғызым деп “Қазаққа” (газет) ғана телміріп қалған кезде, соған серік болуды мақсат етіп, “Алашты” шығарып отырмыз” дейді. Газетте Ресей Думасына қатысу, ішкі, сыртқы саясат, қазақ шаруасының тіршілігі, оқу-ағарту ісі, қыз-келіншектер тұрмысы тақырыбы қамтылған; әдеби-көркем шығармалар да үнемі жариялаған. 50 шақты санынан кейін қаржы тапшылығына байланысты “А.” 1917 ж. мамырда жабылып қалды.
## Дереккөздер |
Әбу Сайд Майхани, (Михани, Михий), Фадлаллаһ ибн Аби-л-Хайр Ахмад (967 — 1049) — Хорасан сопылық мектебінің негізін салушылардың бірі. Иранның Хорасан уәлаятына қарасты Майханадағы дәріханашының отбасында дүниеге келген. Оның әкесі сопылармен тығыз байланыста болған әрі өз баласын да осы ілімге бейімдеген Әбу Сайд Майхани Әбу-л-Қасым Бишр ибн Иасинді (990 ж. өлген) ұстаз тұтып, үнемі өз уағыздары мен үгіт-насихаттарында Әбу-л-Қасымның жырларына жүгінеді. Жас кезінде 5 жыл Әбу Абдаллаһ Мұхаммед әл-Хисриден, 5 жыл Әбу Бәкр Абдаллаһ әл-Кәффәләдан (1026 ж. өлген), Әбу Әли Заһир ибн Ахмадтан (999 ж. өлген) сабақ алған. Әбу Сайд Майхани Майханаға оралып, 15 жыл бойы тақуалық жолды ұстанды. Сөйтіп, сопылық ағымдағы көрнекті пірлердің біріне айналды.
Оның музыкамен, бимен қоса атқарылатын уағыздары мистик. елігулерге алып баратынын көптеген діндарлар (тіпті сопылар да) сынға алды. Әбу Сайд Майханидың көзқарасы тұрмысы нашар адамдар мүддерлерін қорғауға бағытталды. өзі де көше, мешіт сыпырып, қайыршылық жағдайды әдейі басынан өткерді. Осылайша бойындағы менмендік пен тәкаппарлық қасиеттерді өшірген. Әбу Сайд Майхани сопылардың алғашқы шейхтарынан саналады. Ол өз шәкірттеріне арналған мінез-құлық өлшемдерін түзіп, оны 10 тармаққа бөлген. Мұнда пір үшін 10 қасиет, шәкірттер үшін 10 түрлі мінез-құлық белгілері нақтыланған. Әбу Сайд Майханидың шәкірттері өте көп болғанымен олар ұстаз ойларын кең тарата алмады. Бұған жоғарыда аталған сыншыл көзқарастармен бірге Хорасанға жайылған оғыз тайпаларының жорықтары себеп болған.
## Дереккөздер |
Ике Әділов (1881 жылы бұрынғы Семей облысы, Семей уезі, Шаған болысы - 1938 жыл, Семей) - Кеңес өкіметінің саясатына қарсы күрескен қайраткер, қазақ байы.
Тобықты ішінде Мотыш руынан шыққан.
* Мұсылманша, орысша оқыған.
* Шаған еліне болыс болған.
* Алаш қозғалысына белсене атсалысып, облыстық, уездік қазақ съездеріне қатысты.
* Семейде құрылған алаш әскеріне, Алашорда қажетіне қаржылай жәрдем көрсетті. Кеңес өкіметі тұсында жүргізілген әр түрлі саяси-экономикалық шараларға қарсылық көрсетіп, қарулы көтеріліс ұйымдастырған ел басшыларының бірі болды.
* 1928 жылы тәркілеу науқанында қарулы шайқасқа шықты.
* 1938 жылы Қытайда тұтқынға алынып, сол жылы Семейде атылды.
## Дереккөздер |
Әділов Байсейіт (1887 жыл, бұрынғы Ақмола облысы, Ақмола уезі - 1928 жыл, Сарысу ауданы) - қазақтың қоғам қайраткері.
* Ақмоладағы бастауыш училищені
* Омбы мұғалімдер семинариясын бітірген.
* Омбыда, Ақмола уезінде және болысында кеңселерде хатшылық қызмет атқарған. “Ақ Байсейіт” атанып, ел-жұртына беделді болды. Ауыл балаларын мектепке тарту ісінде көп еңбек етті.
* 1917 жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитетінің мүшесі болып сайланды.
* “Жас қазақ” ұйымын құрушылардың бірі.
* 1917 - 1918 жылдар аралығында Ақмолада Кеңес өкіметін орнатуға қатысып, уездік депутаттар Кеңесінің алғашқы құрамына мүше, уездік милиция бастығы болды.
* 1918 жылдың жазы мен күзінде ақгвардияшылар тұтқынға алды.
* 1920 жылы қазанда Қазақстан кеңестерінің Құрылтай съезінде Қазақ АКСР ОАК-нің мүшесі болып сайланды.
* Кейінірек, Кеңес өкіметінің әділетсіз саясатына наразылық білдіргені үшін қызметінен қуылып, тұтқынға алынды.
* Абақтыдан босатылғанымен 1928 жылы желтоқсанда бұрынғы Сырдария округі, Сарысу ауданы ОГПУ жасағында тағы да тұтқындамақ болған әрекеті кезінде қарсылық көрсетіп, оққа ұшты.
## Дереккөздер |
Алашан шөлі — ҚХР-дың солтүстігінде, Наньшан т. мен Гобь Алтайының арасындағы ойпатта орналасқан. Орташа биіктігі 800 м және одан жоғары. Жер бедері әркелкі. Тектоникалық және аккумулятивті пішіндер, борлы құмтас-малтатасты жазықтар, сондай-ақ барханды құмдар түріндегі эрозиялық пішіндер, ойпаңдар, сор, тақырлар кездеседі. Ауданы 1 млн. км2-ге жуық. Алашан шөлінің бедері салыстырмалы биікт. 150-200 м-ден аспайтын бұйратты (Баян-Ула, Хара-Ула т. б.) және ертедегі гнейс, гранулит, амфиболит, кварциттерден түзілген ұсақ шоқылы, жазық болып келеді. Көшпелі құм алқаптары оңтүстік-шығысында — Тэнгри және солтүстік-шығысында Уланпухо. Ірі өзендері — Жошуй мен Шуйхэ. Жазда муссондық жаңбырдан немесе нөсерден кейін уақытша көптеген өзендер пайда болады. Ең үлкен көлдері: Согонур мен Шарабурду. Өсімдіктерден сексеуіл, бұта, қараған, жусан, қамыс, ши, өлеңшөп т. б. өседі. Жануарлардан бөкен, қоян, саршұнақ, қосаяқ, тасбақа, кесіртке, жылан мекендейді.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Алашан жотасы — Қытайдың Ганьсу провинциясында, оңтүстіктен солтүстікке қарай созыла орналасқан жота. Ұзындығы 270 км-дей, ең биік жері 2855 м. Ол Алашан шөлін Хуанхэ (Сарыөзен) өзені аңғарынан бөледі. Жотаның беткейлері қатты тілімденген тік құлама жардан тұрады. Төменгі белдеуде шөлге тән өсімдіктер, одан жоғарыда орман, шалғынды шөптесін өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
“Әділ-Зайыт” — дастан. Негізгі желісін “Тотынама” мен “Мың бір түннен” алатын қисса-дастандар қатарына жатады. Бұл тақырыпта қазақ әдебиетінде “Әділ-Зайыттан” басқа Тұрмағамбеттің “Рауа бану”, Майлықожаның “Тотынама”, Мейрам Жанайдарұлының “Мың бір түннің хикаясы”, Қозыбағар ақынның “Ғаяр қатынның оқиғасы” т.б. дастандар жазылған. Олардағы оқиғалар желісі “Мың бір түндегі”, “Уәзір Данданның әңгімесі”, “Мәләкүл-Мауыт” әңгімесіндегі — Төрт жүз сексен тоғызыншы түн”, “Жеті уәзір, бір кәнизак” т.б. бөлімдерден алынған.
“Әділ-Зайыт” дастанының шетел қазақтары арасында да кең жайылғын нұсқалары бар. Оның бірі 1986 жылы Пекинде басылып шыққан он екі томдық “Қазақ қиссалары” кітабында жарияланған. Дастанда күйеуі қажылыққа кеткен әйелдің көлденең кездескен жігітпен көңілдес болып, оның көңілін табамын деп жүріп баласынан айырылып, абыройы төгілгені баяндалады. Негізгі кейіпкері — Зайыт әділдік пен адамгершілік үлгісін көрсетеді. Мал-мүлкі болмағандықтан, қайыр тілеп, күн көріп жүргенде бір кісі кездесіп: (ол — ғайыптан пайда болып көмектесетін әулие бейнесі) “Саған арамнан беретін он ділдәм бар, біраз күн азық болады, ал адалдан беретін бір ділдәм бар, нәпсіге разы болып, осыны аласың ба?” — дейді. Зайыт азға қанағат етіп, бір ділдә алып, оған құс сатып алады. Құстың бір қасиеті: намазшам болғанда қанатын сілкіп қалса, бір гауһар түседі (мифтік бейне). Содан Зайыт байып, қажылық сапарға аттанғанынан оқиға шиеленісіп, әйелінің мекерлігі баяндалады. Зайыт қажылықтан қайтып келгенде, баладан да, құстан да айырылған мекер әйел бәрінің қазасы жетіп, өлгенін хабарлайды. Зайыттың ұлы Баратты күңі құтқарып әкеткен еді, ол батыр болып өсіп, көп жылдан соң, әкесімен көріседі. Азғын шешесін өлімге бұйырады. Сол кезде Зайыт ақыл айтып: “Кең болсаң, кешірімді, кем болмайсың, Жақсының кім жетеді бағасына”, — деп, ұлын тоқтатады. Дастан некелі жарға адалдықты, рухани тазалықты үлгі ететін шығыстық нәзира үлгісінде жазылған. |
Алаш Баһадүр (14 ғ-дың 2-ші жартысы — 15 ғ-дың 1-ші жартысы) — Дешті Қыпшақтың атақты батырларының бірі, аймақ билеуші. “Тарихи Абулхайрханида” (16 ғ.1 -жартысын 16 жасар Әбілқайыр хан (1412-69 ж.) тұтқыннан босап шығып, 1428 жылдың желтоқсан — наурыз айларында Алаш Баһадүр жұртында болады. Дерек авторы Масуд ибн Осман Кухистани Алаш Баһадүрдың ең қуатты тайпалардың бірін билегенін айтады. 1429 ж. 17 жасында хан болып сайланған Әбілқайыр көрсеткен еңбегі үшін Алаш Баһадүр-ға және оның аймағына сыйлық береді. Өзінің жарлығымен Алаш Баһадүрды аймақ билеушісі етіп қалдырады.
## Дереккөздер |
Дінмұхамед (Дінше, Мұқыш) Әділұлы (1900-1930) — қоғам және мәдениет қайраткері, ағартушы.
## Өмірбаяны
Дінмұхамед (Дінше, Мұқыш) Әділұлы (13.11.1900 жыл, Ақмола облысы, Ақмола уезі, Шу болысы, қазіргі Жамбыл облысы, Сарысу ауданы - 21.04.1931 жыл, Мәскеу) - алғашқы революция жылдарындағы белгілі қоғам қайраткері.
Кенесары хан қолбасыларының бірі Мыңжасар батырдың немересі. Жеті ағайынды, үлкен ағасы Байсейіт Әділұлы.
* Дінмұхамед Әділұлы ауылда қазақша сауат ашып, 1909-1913 жылдары Ақмола қалалық қазақ-орыс мектебінде, 1913-1918 жылдары Омбы гимназиясында оқыған, 1919-21 жылдары Ташкенттегі Орта Азия университетінде дәрістер курсын тыңдаған.
* 1914-18 жылдары Омбы оқу орындарында оқып жүрген қазақ қыз-жігіттерінің саяси және мәдени-ағарту қауымдастығы ретінде танымал «Бірлік» ұйымының мүшесі, бірер мезгіл хатшысы болды.
* 1917 жылғы қазанда «Алаш» партиясы Ақмола облыстық комитетинің мүшесі болып сайланған. 1917 жылдың соңындағы саяси оқиғаларға байланысты солшыл қанатқа ауысып, жастардың демократиялық кеңесін құрасады.
* 1917 жылғы сәуірде Д. Әділұлы Ақмола облысы қазақтарының съезіне қатысады, съезде сайланған атқару комитетінің нұсқаулары ретінде Қошке Кемеңгеров екеуі Ақмолаға келіп, Сәкен Сейфуллинмен бірге үйездік қазақ комитетін, жастардың «Жас қазақ» ұйымын ұйымдастырады.
* 1917 жылғы қазан айында қазақ арасынан барған он шақты делегат жетекшісі ретінде Сібір автономистерінің съезіне қатысуы атақты қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың саяси бағдарындағы ірі бетбұрыс кезеңі болды. Ол съезден кері оралып келе жатқанында Омбыға аялдап, зиялылармен, оқып жүрген жастармен кездеседі. Алаш партиясын құрудың нақты қадамы да осы сапар жасалады. Большевиктердің Петроградтағы 1917 жылғы қазан төңкерісіне орай, Омбыда оқып журген жастар арасында екіұдай көзқкарас туғанда, Әділұлы ұйымның демократиялық қанатында болды. Бұл кезде қызыл әскерлермен Благовещенскіге өткен. Содан қанша қыл көпірден өтіп, минут сайын өмірін құрбан қылуға даяр болып, Омбы шаһарына келеді.
* Ол Омбы жасақталған қызыләскерлер отряды құрамына Қиыр Шығысқа аттанып, 1918 жылдың сәуір-қыркүйек айларында ақтарға қарсы соғыстарға қатысты.
* 1918 жылы желтоқсанда Омбыда Колчак үкіметіне қарсы қарулы көтеріліс жасаушылар қатарында болды, көтерілісшілер жеңіліске ұшыраған соң ол жасырынып, ақтар билеген аймақтан кеңес өкіметі орнаған өлкеге қарай қашады.
* 1920 жылы мұрахат сөрелерінде сақталғын ең алғашқы Жетісу облыстық қазақ дайындық курстарының қаржылық шығындарды дәйектейтін құжаттары куәлік етеді: мұғалім ретінде курста Ғани аптасына ана тілінен 18-22 сағаттан, Ибадулла (курс меңгерушісі) жаратылыстанудан – 6, Діншенің өзі (облоно меңгерушісі) тарих пен мәдениеттанудан – 8 сағаттан дәріс беріп, сабақ өткізіп тұрған.
* Кеңестердің 1920 жылғы қазанда Орынборда өткен ұйысу съезі Дінмұхамед Әділовты сырттай Қазатком (КирЦИК) мүшесі етіа сайлады. Дінше Орынборда Кеңестік Қазақ Республикасының тұңғыш сайланған Орталық Атқару Комитетінің мүшесі, алғашқы кеңестік үкімет құрамындағы Ішкі істер халық комиссариатының алқа мүшесі, халық комиссариатының орынбасры, бірер мезгіл міндетін атқарушы болған аз мерзімде жас мемлекет іргесін нығайтуға бағытталған едәуір жұмыс жүргізді (Батыс үйездерінің біріндегі ахуал жайында Қазатком Төралқасы межілісінде арнайы баяндама жасады, Ақмола үйезі қазақтарының көңіл-күй зеттеу үшін іссапарға арнайы жауапты қызметкер аттандырды, халкоматтың ішкі қызмет тәртібін нығайтуға бағытталған шара қабылдады, т.б.) және әр қадамында ұлт мүддесі талабын ескеріп отырады.
## Еңбек жолы
* 1919 жылдың ортасынан Түркістан Республикасы коммунистерінің мұсылман бюросынан жұмыстарына қатысады. Сұлтанбек Қожановпен бірге Қазақ ағарту институтында оқытушы болып істейді, педагогикалық кеңестің хатшысы қызметін атқарады.
* 1920 жылғы мамырда Түркатком мен Ағарту халкоматы оны Жетісу облыстық оқу бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындап, Верныйға жібереді. Мұнда ол облыстағы оқу-ағарту ісін басқарып-ұйымдастырумен қатар, мұғалімдер дайындау курсына тарих пен мәдениеттен сабақ береді.
* 1920 жылғы қазанда өткен Қазақстан Кеңестерінің Ұйысу құрылтайында Д. Әділұлы Қазатком (КирЦИК) мүшесі болып сырттай сайланады. Орынборға келіп, Ішкі істер халкоматының алқа мүшесі, халком орынбасары болады.
* 1991-1924 жылдары- Қазақ ағарту институтының оқытушысы, директоры, ТР Ағарту халкоматы ғылыми кеңесінің мүшесі.
* 1923 жылы жаздың соңына қарай, ол Ташкентке қызмет істеу мақсатымен келеді. Орта Азия университетінде дәріс тындай жүріп, алғаш оқытушылық тәжірибеге тартылған 1919 жылдан өз үйіндей көретін Қазақ ағарту институтына (Киринпрос, бұрынғы педучилище) оқытушылық қызметке қабылданады. Наркомпрос жанындағы қазақ ғылыми комиссиясының мүшесі қатарына енгізіледі. Онда Халел Досмұхамедов, Әбубәкір Диваев, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Мырзағазы Есполов, Бекайдар Аралбаев секілді ел тағдырын жани ащи ойлайтын азаматтармен бірге оқу-білім мұқтаждықтарын талқыласады, оқулық жазады. «Біз бәріміз бірге жұмыс атқардық. Жалпы барлығы да көрнекті қызметкерлер болатын», - деген лебізбен еске алды Әділов аталған үзеңгілестерін.
## Ұлт театрын құру мәселесі
Құрылтай автономиясындағы «халық ағартудың кезекті мәселелері жөнінде» арнайы қарар қабылдады. Осы қарарда съезд делегаттары «тұрмысы жүдеу, артта қалған Қазақстанды күшті, шаруашылығы жаңғырған, мәдениетті кеңес республикасына айналдыру» жолдарын, оның ішінде ұлт театрын құру мәселесінде атап айтып, жеке 29-бабпен «Қазақтың ұлттық театрын құру жеделдетілсін» деп тұжырған болатын.
1925 жылы Қазақ Республикасы Ағарту халкоматында істеп жүріп, Ұлт театры Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бірінші тікелей ұйымдастырушысы, тұңғыш директоры. Сонымен бірге, алғашқы көркемдік жетекшісі де, бас режиссері болды.
## "Халық жауы" атануы және жазықсыз атылуы
Кеңес өкіметінің ірі байларды тәркілеу науқанын өткізуіне қарсылық көрсетті деген желеумен, 1928 жылғы 17 желтоқсанда ГПУ қарулы жасағының күшімен қамауға алынды. Әйгілі «Алаш ісі» бойынша ату жазасына кесілген алғаш он үш адамның бірі. 1930 жылы 21 сәуірде Мәскеуде атылды. Ваганька зиратына құпия жерленді.
## Ақталуы
1988 жыл, 4 қараша – Қазақ КСР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ақталды. 1988 жылғы 4 қарашадағы ұйғарымымен КСРО Халком кеңесі жанындағы ОГПУ алқасының 1930 жылғы 4 көкектегі және 1931 жылғы 13 қаңтардағы Әділов Дінмұхамедке қатысты қаулысының күшін жойды және бұл бөлімде оның әрекеттерінде қылмыс құрамы болмағандықтан, іс доғарылды.
## Дереккөздер |
“Алаш ісі” — 1928 жылдан бастап Алаш қозғалысына қатысқандарды (Алаш партиясы мен Алашорда үкіметіне мүше болған және оларды жақтағандарды) Кеңес үкіметінің жаппай тұтқынға алып, тергеп, 1930 — 32 жылдардағы сот процестерінің шешімдері арқылы әр түрлі мерзімге түрмелер мен концлагерлерге қамауы.
Олардың басым көпшілігіне 1918 — 20 ж-да Алашорда қатарында болып, Кеңес үкіметіне қарсы қарулы күрес жүргізді, ал одан кейінгі жылдары Кеңес өкіметін құлатуға қарсы әрекеттер жасады, контррев. орталықтар құрып, кең көлемде Кеңеске қарсы ұлтшыл үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, шетелдік кеңес мемл-іне қарсы орталықтармен байланыста болды деген жалған айыптар тағылды. 1930 жылғы 4-і сәуірдегі ОГПУ (Біріккен мемл. саяси басқармасы) алқасының үкімімен Ахмет Байтұрсынұлы басқарған 40-қа жақын адам әртүрлі мерзімдерге түрмелер мен концлагерлерге қамалуға, жер аударылуға, т.б. жазаларға кесілді. Байтұрсынов, М.Дулатов, Мырзағазы Есполов, Халел Ғаббасов, Дінмұхамед Әділов, Жүсіпбек Аймауытов, Ғазымбек Бірімжанов, Әбдірахман Байділдин, Асқар Дулатов, Теміржан Есмағамбетов т.б. (барлығы 20 адам) ату жазасына кесіліп, ол үкім кейін 10 жыл мерзімге концлагермен алмастырылды.Сол үкіммен Мағжан Жұмабаев, Елдес Омаров, Ибрагим Сәтбаев, Әбуәли Әділов, Асқар Әділов, Абдолла Ұзақбеков алғашында 10 жылдық мерзімге концлагерге кесіліп, бұл үкім кейін Солтүстік өлкеге жер аударумен алмастырылды.Ал Кәрім Жәленов, Дархан Кенжебаев, Төреқұл Мұратов, Ақбар Ыбыраев, Нұрлан Кәрібаев, Алғабек Байдуллаев бес жыл мерзімге концлагерге жіберілді.
1932 ж. 20 сәуірде ОГПУ үштігінің үкімімен Мұхаметжан Тынышпаев бастаған Алаш қозғалысының 20-дан астам мүшесі жазаланды. Олардың қатарынан Тынышпаев, Көшмұхамед Қошке Кемеңгеров, Халел Досмұхамедов, Алдаберген Үмбетбаев, Жанша Досмұхамедов, Әшір Қожамқұлов, Кәрім Тоқтабаев, Ахмет Тұнғаншин, Әбдірахман Мұңайтбасов, Әшім Омаров, Жұмахан Күдерин, Мұстафа Бұралқиев, Әбдіхамит Ақбаев, Жақып Ақбаев, Сейдәзім Қадырбаев, Мұхтар Мурзин бес жыл мерзімге Ресейдің Воронеж облысына жер аударылды. Олар аударылып барған жерлерінде саяси сенімсіз адамдар ретінде ОГПУ органдарының бақылауында болды.
Осы топпен бірге бастары істі болған Мұхтар Әуезов, Уәлихан Омаров, Біләл Сүлеев, Әлімхан Ермеков, Даниял Ысқақов алдын-ала тергеуде түрмеде отырған уақыты есептеліп босатылды.
“Алаш ісімен” 1930 және 1932 ж. сотталғандардан М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ә.Байділдин, А.Дулатов, К.Тоқтабаев елге қайтып оралмады. Ал қайтып оралғандары 1937 — 38 жылдардағы “үлкен террор” кезінде “халық жауы” деген жалған айыппен түгелге дерлік атылды.
## Дереккөздер |
Албан — 18 ғ-да жоңғар тайшылары мен жайсаңдары (зайсандары) жаулап алған елдерінен жинаған алым-салықтың бір түрі. Мөлшері белгісіз.
## Дереккөздер |
Алашахан — орта ғасыр қаласының орны. Қарағанды облысы Ұлытау аданынан 18 км жерде, Қаратал өзеннің солтүстік жағасында орналасқан. Ә.Х. Марғұлан ашып, тұңғыш сипаттамасын жасады, кейінірек С.Ж. Жолдасбаев, Ж.Е. Смайылов кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізді. Екі бөліктен тұратын қ-ның негізгі бөлігі төртбұрышты (90х92 м), айналасы ені 5-7 м, тереңдігі 1,5 м ормен және кезінде ені 4,5 м болған балшықтан соғылған қабырғамен қоршалған. Құлаған бұл қабырғаның сақталған биіктігі 3,5-4 м, ені іргесінде кейде 16 м-ге дейін жетеді, бұрыштарында мұнара орындары бар. Қақпа оңтүстігінен шығарылған. Негізгі бөліктің шығыс жағында жапсарлас жатқан төртбұрышты (65х70 м), үш жақтан айналдыра қазылған оры мен биіктігі 3 м-ден асқан жалы бар екінші кіші бөлік бар. Қаланың екі бөлігінде де құрылыс салынбаған, біркелкі тегіс келген алаңдардың мәдени қабаты жоқ. Қала тұрақты мекен-жай, қоныс қызметін атқармаған, тек ерекше жағдайларда пайдаланылатын арнаулы қамал ретінде болған. Алашахан ескерткіштерінің түрлі құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып, ғалымдар оны 15-17 ғ-ға жатқызады.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Албасты —
* түркі халықтары фольклорында кездесетін мифологиялық кейіпкер, шайтан, жын, пері, марту секілді жағымсыз күш иесі. Албасты ұғымы қазақтар, түріктер, татарлар, башқұрттар, өзбектер, тывалар, алтайлықтар (албасты), түрікмендер (ал, албассы), қырғыздар (албарсты), ноғайлар мен қарақалпақтар (албаслы), әзербайжандар (хал, халанасы), құмықтар (албаслы қатын), балқар мен қарачайларда (алмасты) бар. Албасты әдетте ұзын жалбыраған шашы бар құбыжық бейнелі әйел кейпінде бейнеленеді. Албасты жануар кейпіне немесе затқа айналып кете алады деген наным-сенім де бар. Түркі халықтарының фольклорында Албастының ортақ типологиялық бейнесі бар дегенімізбен, кейде әр халықтың мифтеріне сәйкес өзгеше бейне, зат, жануар кейпінде қабылдайтын кездері де жоқ емес. Көптеген халықтардың ұғымында, Албасты өзеннің жағасында, көлшіктің маңайында өмір сүріп, шашын тарап отырады. Түркі халықтарының мифол., аңыздарында Албасты жаңа туған баланың жүрегін, бауырын ұрлап, суға жетуге ұмтылады. Албасты суға жетіп үлгерсе, оның иесі өледі деген ұғым бар. Албастының жылқы малына көңілі ерекше, түнде оны мініп жүреді, жалын өріп тастайды деген аңыз әңгіме халық арасында көп тараған.
* Албасты бейнесі бастауын, көне мифтен алады. Албасты түркі халықтарынан басқа, әлем халықтарында, моңғол, тәжік, грузин т.б. халықтардың көне мифтерінде кездеседі. Албасты образының шығу тегі туралы пікірлер әртекті. Дегенмен ортақ пікір де жоқ емес. Ғалымдар негізінен Албасты бейнесі түркі халықтары мифінде пайда болып, басқа халықтарға тараған деген тұжырымға жиірек ойысады. Қазақтар Албастыны көбіне “қара” ұғымымен де береді. “Албасты басқыр”, “Қара бассын, сені қара басқыр” деген тіркестер осыны айғақтайды.
* кісі тектес, бүкіл денесін түк басқан мақұлық (гоминид). Кездейсоқ болмаса кез келген адамға көріне бермейді. Албасты негізінен Терістік Кавказ, Гималай таулары, Орталық Азия далалары және Америка құрлығының таулы, жынысты ормандарынан кездеседі. Албасты көптеген зерттеушілердің назарын өзіне аударған. Тіпті, американ этнографы Р.Пэтерсон А-ны іздеуге 5 жыл уақытын арнап, 6-шы жыл дегенде оны кездестіріп, суретін түсіріп алады. Сурет 1965 жылы жарық көрген. Осы жұмбақ мақұлық туралы біраз деректер Б.Ф. Поршнев, М.Дүйсенов еңбектерінде кездеседі. Албасты қос аяқты, тік басып жүреді. Бойы орта есеппен 160—180 см. Бүкіл денесін түк басқан. Шашының ұзындығы иығына түсіп, кейбірінікі жауырынын жауып тұрады. Басының үлкендігі адамға келеді. Мойны жуан әрі қысқа, маңдайы тар. Шөпті, етті талғамай жейді. Көзі көргіш, барынша сақ. Жүргенде жымын білдірмейді. Албастылар қазақ жеріндегі таулы, орманды алқаптарда кездеседі. Қазақтар оны кісі киік деп те атайды. (қ. Кісі киік)
## Дереккөздер |
Бөкенші — Абай облысы Жаңасемей ауданындағы ауыл, Жиенәлі ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Семей қаласынан батысқа қарай 32 км-дей жерде, Ертіс өзенінің сол жағалауында, орманды белдемде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 19 ғасырдың 1-жартысында қаланған. Бұрынғы қой кеңшарының орталығы негізінде акцион. қоғам, шаруа (фермер) қожалықтары құрылған.
## Тарихи дерек
Бөкенші Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының әр жерінде, сөз арасында қадау-қадау айтылған. Негізінен оны Тобықтыдан тарайтын бөкенші руы жайлайтын болғандықтан, солай аталған. Романдағы мына жолдардың өзі де едәуір елес береді: «Бөкенші - ойдағы мол шапқынды қыстаулық жер: Жидебай, Мұсакөл, Шүйгінсу сияқты қорықтардан да ағылып келіп жатыр. Әр ел тұс-тұсындағы Ақбайтал, Көлденең, Шатқалаң, Жігітек, Бекенші сияқты асу-асуларға қарай беттеді. Шыңғыстағы кей асулардың аттары таудың сол тұсын иемденген ру атымен аталады, «Бөкенші» деген сондай атау еді» («Қайтқанда» тарауы).
## Инфрақұрылымы
Ауылда тұрмыс қажетін өтеу комбинатының бөлімшесі, орта мектеп, клуб , кітапхана бар. Бөкенші арқылы Семей — Шаған автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Бөле— әке немесе шеше жақтан қарындас, сіңлілерінің балалары. Нағашы жұрттағы бөлелер алыс туысқан болып саналады. Себебі руы басқа. Сондықтан нағашы жұрттағы бөлелерге үйленуге болады
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том |
Алаш милициясы, халықтық милиция — 1917 ж. желтоқсанның 5-13 күндері Орынборда өткен 2-жалпықазақ съезінің шешіміне сәйкес құрылған Алаш автономиясының қарулы жасақтары.
Съездің күн тәртібіндегі 10 мәселенің төртіншісі “милиция туралы” болды. Осы мәселе бойынша Алаш қозғалысының белгілі өкілі Халел Ғаббасов баяндама жасады. Съезд Алаш автономиясы аталған ұлттық мемлекеті аяғынан тік тұрғызу үшін және тек кеңестік негіздегі автономияларды ғана қорғап-қолдауға бейім тұрған “бостандықтың жауы — болшевизммен күресу үшін” “халықтық милиция” атанған ұлттық әскер құру бағдарламасын бекітті. Осыған сәйкес Алаш автономиясына кіретін облыстар мен уездерде құрылуға тиісті милиция бөлімдерінің саны анықталып, оларды соғыс өнеріне үйрету, қажетті қару-жарақпен және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдары айқындалды.
Негізінен атты әскер түрінде жасақталатын халықтық милиция қатарына әскери қызметті атқаруға жарамды 20 мен 35 жастың арасындағы ер азаматтар алынатын болды. Бөкей, Орал, Торғай, Ақмола, Семей және Жетісу облыстарындағы милиция қызметкерлерінің жалпы саны 13500 болсын делініп, әр облыс бойынша әскер қатарына шақырылғандар саны мына мөлшерде белгіленді:
* Бөкейде — 1000
* Оралда — 2000
* Торғайда — 3000
* Ақмолада — 4000
* Семейде — 1500
* Жетісу облысында — 2000
Милицияға қару-жарақ пен оқ-дәріні Алашорданың ұлттық қорынан алу белгіленді. Милиционерлерді әскери тәртіп пен өнерге үйрету үшін офицерлер мен нұсқаушыларды: 100 милиционерге 1 офицер, 50 милиционерге бір нұсқаушы шақырылатын болды. Қазақ офицерлерін даярлау үшін Орынбор қазақ әскерінің тәжірибесі мен көмегін пайдалану қажеттігі съезд шешімдерінде баса көрсетілді. Милицияны ұйымдастыруға байланысты жұмсалатын шығын 68960000 сом болып анықталды. Бұл қаражат аталған 6 облысты мекендеген қазақтар есебінен жиналатын болды.Съезд қарарларына сәйкес халықтық милиция жасақтарын құру ісі көп кешікпей басталып, осы бағыттағы жұмыстар 1918 жылдың жазынан, елде азамат соғысы басталуына байланысты жаңа қарқын алды. Алашорда үкіметі бұл бағыттағы жұмыстарды тек қана Орынбор қазақ әскерінің басшылығымен ғана емес, сонымен қатар Самарадағы Құрылтай жиналысы мүшелерінен тұратын үкіметпен (“Комуч”) және Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен (1918 ж. қарашадан — Колчак үкіметімен) бірлесе, соңғыларының көмегіне сүйеніп жүргізді. Алашорданың батыс бөлімшелерінің жетекшілері Жанша Досмұхамедов және Халел Досмұхамедов “КОМУЧ” үкіметінің есебінен 600 винтовка, бір пулемет алса, Алашорданың Торғай бөлімшесі 300 мылтық, 20 мың патронға ие болды. Орынбор казак әскерлерінің атаманы Дутовтың тікелей көмегімен Қостанай және Ырғыз уездерінде екі атты полкті жасақтау жүзеге асырылды.
1918 ж. тамыздың 12-нде Алашорданың әскери бөлімінің бастығы капитан (кейбір деректерде подполковник) Хамит Тоқтамышев Уақытша Сібір үкіметінің соғыс министрінің атына жазған хатында Семейде құрамында 750 жауынгер мен 38 офицері бар Алаш полкінің құрылғанын баяндай келіп, Зайсанда халықтық милицияның 200 адамнан, Павлодарда 150, Қарқаралыда 250 және Өскеменде 250 адамнан тұратын әскери құрамалар жасақталғанын хабарлап, Қазақстанның әртүрлі аудандарында қызылдарға қарсы соғысқа тікелей кіріскендігі туралы жазады.
Ә.Бөкейхановтың 1919 жылғы ақпанның 11-нде Колчак үкіметінің ресми делегациясымен жүргізген келіссөздерінде келтірілген мәліметтеріне қарағанда сол кезде азамат соғысы майдандарында Қызыл Армияға қарсы күреске қатысқан Алаш қарулы күштерінің саны 3000-нан асқан. Осы келіссөздің барысында Алашорда делегациясының басшысы Бөкейханов Сібір үкіметі өкілінің “Милицияны қалай түсінуге болады?” — деген сұрағына “Милиция — біздің әскеріміз. Ол қазір іс жүзінде бар: 700 жігітіміз Жетісу майданында, 540 адам Троицк түбінде, 2000 адам Орал облысында соғыс әрекеттеріне қатынасуда”, — деп жауап берді. Бұл мәліметтерге Алашорданың батыс бөлімшесі ұйымдастырған әскери құрамаларды қоссақ, “халықтық милиция” атты Алаш автономиясы әскерінің қатарында бес мыңға жуық адам болған. Нашар қаруланған, соғыс тәжірибесі жоқ “халықтық милиция” бөлімдері Қазақстандағы азамат соғысының барысына ықпал ете алған жоқ. Алашорданың таратылуымен бірге ол құрған “халықтық милиция” бөлімдері де таратылды.
## Дереккөздер |
Албандар (өз атауы — шкиптар, Италияда — арберештер) — Албания Республикасының мемлекет құрушы ұлты, Албанияның негізгі халқы (2,7 млн адам, 2011 жылғы халық санағы). Жалпы саны 7,5 миллион адам.
## Автоэтнонимі
Өз атауы — «шкиптарёт» shqiptarët, албанша Shqip — «түсінікті», «түсінуге болатын адам» деген мағынаны білдіреді.
## Эндоэтнонимі
Ағылшынша — «Albanians»; сербше — «Албанци»; хорватша — «Albanci»; македонша — «Албанци»; итальянша — «Albanesi»; түрікше — «Arnavutlar»; румынша — «Albanezi»; мажарша — «Albánok»; украинша — «Албанці».
## Субэтникалық топтары
Албан этносы екі субэтникалық топқа бөлінеді: гегтер (елдің солтүстігі) және тоскілер (Шкумбини өзендерінің оңтүстігі).
## Этногенезі
Көптеген археологиялық қазбалар және басқа да іс-шаралар кезінде алынған көптеген басқа ақпарат албандардың ата-бабалары Иллирия тайпалары деп айтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда ғалымдар Иллирия тайпаларының қазіргі албандардың мәдениетіне, тіліне және дәстүрлеріне айтарлықтай әсер еткенін айтады.
## Нәсілі
Балкан-кавказ расасының үлкен еуропеоидтар нәсіліне жатады.
## Сырт келбеті
Олардың сыртқы түрінің ерекшеліктерінің бірі - қара тері, қара шаш және көз. Албандардың әдетте орташа биіктігі, жақсы пропорционалды құрылымы және тартымды физикалық ерекшеліктері бар. Олардың сыртқы келбеті тарихта өткен әртүрлі этникалық топтардың қоспасын көрсетеді. Олардың көпшілігі түріктерге, испандықтарға немесе итальяндықтарға ұқсайды. Кейбіреулерінде, әсіресе оңтүстік аймақтарда, қара қоңыр, қоңыр сияқты ақшыл шаштары және сұр немесе басқа ашық реңктері болуы мүмкін.
## Тілі
Үндіеуропалық тілдер отбасының оқшауланған тобы, флективті синтетикалық тілдерге жататын албан тілінде сөйлейді. Гегиялық (солтүстік) диалектілер мен тоскан диалектісі ерекшеленеді. Жазуы латын әліпбиіне негізделген.
## Жазуы
Қазіргі албан жазуы латын әліпбиіне негізделген. Ол ұзақ эволюция процесінде қалыптасты. Албан жазуының біртұтас үлгісі жасалғанға дейін алты түрлі әліпби қолданылған:
* Грекше. XVI ғасырда Тоскан диалектісінде қолданылған. XVIII ғасырда Воскопойдағы баспа басылымдары грек алфавитіне негізделген бірнеше Албан мәтіндерін жариялады.
* Осман түрікше. Бұл мұсылмандар арасында кең тараған.
* Элбасан (XVIII ғасыр). Орталық Албанияда қолданылған.
* Бейта-кукью (1840). Жазуды ойлап тапқан Beitha Kukju есімімен аталады.
* Кириллица (Христофоридис, 1872 жыл).
Қазіргі албан әліпбиі латын әліпбиіне негізделген және 36 әріптен тұрады:Aa Bb Cc Çç Dd Dhdh Ee Ëë Ff Gg Gjgj Hh İi Jj Kk Ll Llll Mm Nn Njnj Oo Pp Qq Rr Rrrr Ss Shsh Tt Thth Uu Vv Xx Xhxh Yy Zz Zhzh
## Діні
17-18 ғ. ислам дінін қабылдады. 20 ғасырдың басында христиандар мен мұсылмандар арасындағы қатынас дерлік тең болды (католиктердің 35% және православтық христиандардың шамамен 15% және мұсылмандардың 50%). Неғұрлым заманауи дереккөзге сәйкес, CIA World Factbook, әртүрлі діндерге сенушілер санының арақатынасы келесідей: мұсылмандар — 56,7%, католиктер — 10%, православтар — 6,8%. Дегенмен, Pew Research Center мәліметтері бойынша, 2009 жылғы жағдай бойынша Албаниядағы мұсылмандардың үлесі тіпті 79,9%-ды құраған.
Албания халқының көпшілігі ислам дінін ұстанатын жалғыз еуропалық ел болып саналады. Албаниядағы исламның тамырын 14 ғасырдан бастауға болады. Ол кезде христиан діні халық арасында әлдеқашан қалыптасып үлгерген, ал кейбір адамдар әлі де ежелгі пұтқа табынушылық нанымдарын ұстанатын. Алайда 16 ғасырда Осман империясы Албанияны жаулап алып, исламдандыру процесі аяқталды.
## Негізгі қоныстану аймағы және халқы
Олар Албаниямен сонымен қатар Косовода (халықтың басым бөлігін құрайды) және Солтүстік Македонияда тұрады. Грекияның Албаниямен көршілес аймақтарында, Италияда (оңтүстік облыстар мен Сицилия аралында – 15-16 ғасырлардағы отырықшы халықтың ұрпақтары). Албандардың аз бөлігі Түркия, Болгария, Румыния, Украина (Одесса және Запорожье облыстары), АҚШ-та қоныстанған.Халық саны: Сербияда (Косово және Метохия автономиялық провинциясының негізгі халқы 1,6 миллион адам; Сербияның қалған бөлігінде - 6,3 мың адам, 2011, халық санағы), Италияның оңтүстігінде (806 мың адам) , Грекияда (581 мың адам), Солтүстік Македонияда (509,1 мың адам – 2002 жылғы халық санағы), Түркияда (500 мың адам), Черногорияда (30,4 мың адам, 2011 жылғы халық санағы), Болгария, Румыния, Украинада (3 мың адам), АҚШта (102,2 мың адам – 2000, санақ), Канадада (22,4 мың адам – 2006 санағы) тұрады.
## Тарихы
Албандардың ата-тектері — Балқан түбегінің ежелгі тұрғындары. Кейбір ғалымдардың айтуынша албандардың этникалық тобын иллирийлер, фракийлар құрайды. Албандар мәдениетіне, тіліне римдіктер билігі (б.з.б. 2-4 ғ.), славяндар (6-7 ғ.) отаршылдығы, Византия ықпалы көп із қалдырған. 11 ғасырда басталған тайпалардың араласуынан жергілікті топтар арасында қауымдастықтар құрылды. “Арбер” энтонимі Албанияның барлық тұрғындарына кеңінен тарай бастады.
Осман империясының үстемдігі (15 ғасырдың соңы — 1912 ж.) албандардың қарқынды эмиграциясын (Осман империясының әртүрлі аймақтарына, Италияға, Ресейге және т.б.) тудырды. Албан өлкелері арасындағы экономикалық байланыстар үзіліп, тұрмыстағы және шаруашылықтағы қарабайыр дәстүрлер сақталып, диалектілік айырмашылықтар тереңдей түсті. 17-18 ғасырларда христиан халқын қатаң кемсітудің салдарынан албандардың басым бөлігі ислам дінін қабылдады.Салыстырмалы тәуелсіздік пен рулық қатынастар элементтерін сақтаған таулы аймақтарда халық православие (оңтүстікте) және католицизмді (солтүстікте) ұстануды жалғастырды. «Арбер» этнонимі бірте-бірте жаңасымен ауыстырылды — «щиптар» (немесе «щиптар», «штиптар»). Италиядағы эмигранттардың ұрпақтары ортағасырлық «Арбреши» этнонимінің нұсқасын сақтап қалды.
18 ғасырдың 2 жартысы мен 19 ғасырдың басында албандардың екі негізгі тобы құрылды: тоскілер (оңтүстікте Тоскария облысы) және гегилер (солтүстігінде Гегерия облысы). 19 ғасырдың ортасынан бастап этникалық консолидация процестері күшейіп, албандардың ұлттық өзіндік санасы өсті. 19 ғасырдың аяғында қазіргі әдеби тіл пайда болды (тоскан диалектісі негізінде).
1912 ж. Албания тәуелсіздік алды. 1939 — 44 ж. Италия, Германия басып алушыларына қарсы демократиялық төңкерістің жеңуінен кейін ұлт болып бірікті.
## Кәсібі
Жазық аймақтарда дәстүрлі шаруашылығы – егіншілік (бидай, күріш, темекі, зәйтүн, оңтүстік-батысында цитрус жемістері), таулы аймақтарда мал шаруашылығы (қой, ешкі). Уақыт өте келе мал шаруашылығы және егіншілік (жүгері басым) экономикасы дамыды. 1950–90 жылдары аграрлық-индустриалды экономика дамыды, жеңіл өнеркәсіп, тау-кен, мұнай өндіру, ағаш өңдеу. Жұмысшы поселкелері мен тұрмыстық мәдениеттің қалалық (басым) және ауылдық түрлері пайда болды. Албандардың 1/3 бөлігі қалаларда тұрады.Қолөнерден - күміс зерлі әшекейлер, жүннен тоқылған түрлі бұйымдар, әсіресе, түксіз кілемдер, ұсақ оюлармен безендірілген ағаш заттар албан шеберлерінің озық үлгісі.
## Тұрмыс салты
Албан тайпалары Албания мен Балқанның оңтүстік-батысында ортақ мәдениетпен, көбінесе бір атадан қалған ортақ патрилинейлік туыстық байланыстармен және ортақ әлеуметтік байланыстармен сипатталатын қоғамдық ұйымның тарихи үлгісін құрайды. Фис - туыстық қатынастарға негізделген албан ұйымының орталығы болды.Ежелгі иллириялық қоғамдық құрылымдардан мұра болып қалған албан тайпалық қоғамы ерте орта ғасырларда албандардың қоғамдық ұйымының басым нысаны ретінде пайда болды.Албан тайпалық құрылымына тән элементтердің бірі, албандардың ауызша әдет-ғұрып заңдарының жиынтығы - канунға тәуелділігі. Канун төрт бөлікке - намыс, қонақжайлылық, дұрыс мінез-құлық және туыстарына деген адалдыққа негізделген.
### Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары
Албанияның ауылдары мен ескі аудандарының тұрғындары құрылыстың әртүрлі түрлермен ұсынылған. Олар құрылыс материалына, құрылысына, орналасуына, сыртқы және ішкі безендіруіне байланысты ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер елдің жекелеген аймақтарының табиғи жағдайларының айырмашылығымен, әлеуметтік-экономикалық өмірдің даму деңгейімен, халықтың әр түрлі шаруашылық-тұрмыстық жағдайымен түсіндіріледі.
Үй салу үшін табиғи материалдар пайдаланылады. Таулы аймақтарда әктас жыныстар жиі кездеседі. Албанияда тас құрылыс басым. Солтүстік Албанияның кейбір аудандарында ағаш құрылыс кең тарағандықтан ағаш құрылыстар болды, қазір ағаштан жасалған ғимараттар анда-санда ғана кездеседі. Құрылыс тасы немесе орман жоқ жерде құрылысқа қамыс пен саз пайдаланылады.
Албандардың таудағы дәстүрлі тұрғын үйлері жерорта теңізі типіндегі екі қабатты тас үйлер (төменгі жағында - қора, жоғарғы жағында - тұрғын үйлер).Аңғарларда тастан, ағаштан немесе тақтайдан жасалған шағын үйшіктер бар. Қалаларда – жабық аулаларда (мұсылмандық дәстүр бойынша) орналасқан екі қабатты үйлерде тұрады. Бұрынғы Солтүстік Албанияға тас үйлер (кула) тән болған. Қазіргі ауылда лоджиялы, кірпіштен, тақтайшамен немесе шифермен жабылған екі қабатты үйлер басым.
Албан шаруаларының иеліктері жазық және таулы аймақтарда. Таулы аймақтарда елдің солтүстігінде де, оңтүстігінде де, тұрғын үйлерден басқа, қора мен азық-түлік қоймасы бар. Таудағы үйлер әдетте бір-бірінен алшақ орналасады. Үйдің алдындағы шағын алаң аула бар. Ол әдетте қоршаумен немесе тас үйіндімен қоршалады. Үйдің алдында конустық төбесі бар жүгері қоймасы немесе төбесі тақтаймен жабылған, төртбұрышты ғимарат котец (kotec) бар.Аулада сүт өнімдерін сақтауға арналған төрт аяқты ағаш жәшік чераник (qeranik) орналасқан.
### Дәстүрлі киімдері
Албан ұлттық киімдері өзінің ерекше стилімен және осы елдің бай тарихи мұрасын көрсететін бөлшектерімен ерекшеленеді. Халық костюмі 1950 жылдарға дейін Албанияда күнделікті өмірде кеңінен таралған. Кейін, әсіресе, жастар арасында батыстық үлгідегі киімдерге ауыстырылды. Қазірдің өзінде кейбір қарттар күнделікті тұрмыста дәстүрлі киім киюді жалғастыруда. Бұл киімдерді әртүрлі фольклорлық топтар, қарапайым албандар арнайы мерекелерде киеді.
Дәстүрлі ерлер киімі оңтүстігінде ұзын жеңді ақ жейде, пустанелла, солтүстікте ақ тар ұзын шалбар киген. Бұл шалбармен бірге ер адамдар көйлек, жейде және жеңсіз көкірекше киген. Бас киімдерден ер адамдар түрік фескісін, сондай-ақ жолақты тақия киген.
Албанияның таулы бөлігінде әйелдер жиегі кестеленген ұзын зығыр көйлек киген. Көйлек сыртынан күміспен зерленген алжапқыш, орамал тартқан. Аяқ киімдері өңделмеген теріден жасалған. Албандық тау әйелдерінің қысқа күртелері алтын баулармен, аппликациялармен және шашақтармен безендірілген. Шкодер аймағында әйелдер мөлдір көйлектерін иықтарына қызыл лентамен байлап, кеудешелерін күміс тиындармен әшекейлеген. Албанияның солтүстігіндегі Мирдита аймағында жасына байланысты белдіктерін жас қыздар - қызыл, үлкен әйелдер - қара түспен безендірген. Зерчани аймағында әйелдер баумен байланған жеңсіз көйлек киген.Қала тұрғындары мақтадан немесе жібектен тігілген шаровар киген. Әйелдердің, сондай-ақ ерлердің сыртқы киімдері ұзын, қаусырмалы кафтан джубба болды. Ол қалың жүн матадан тігілген және гауһар тәрізді өрнектермен кестеленген. Бас киімдерден орамалдар кең таралған, олар аймаққа байланысты әр түрлі болды.Киім-кешектері ұлттық үлгіде сәндеу әшекейлері, ағаштан, күмістен оюлап жасалатын бұйымдар ежелден сақталған әдістермен өңделеді.
### Дәстүрлі тағамдары
Албан асханасының тағамдарын үш негізгі аймаққа бөлуге болады. Солтүстік өңірдің асханасы ет, балық және көкөністер құрайды. Жергілікті тұрғындар картоп, сәбіз, жүгері, бұршақ, қырыққабат, сондай-ақ шие, грек жаңғағы және бадам сияқты аймақта жиі өсірілетін өнімнің көптеген түрлерін пайдаланады. Сарымсақ пен пияз да жергілікті тағамдардың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және барлық дерлік тағамға қосылады.
Орталық аймақтың тағамдары үш бөліктен тұрады: ауылдық, таулы және жағалаулық. Орталық аймақ ең жазық және өсімдіктер мен биоәртүрлілікке, сондай-ақ аспаздық тағамдарға бай. Ол теңізге жақын болғандықтан балыққа бай Жерорта теңізінің ерекшеліктеріне ие. Мұндағы тағамдарға бірнеше деликатес ет және барлық десерттері кіреді.
Оңтүстікте асхана екі құрамдас бөліктен тұрады: ауыл тағамдары оның ішінде сүт өнімдері, цитрус жемістері мен зәйтүн майы және теңіз өнімдерін қамтитын жағалау тағамдары. Сарымсақтан басқа, пияз елде ең көп қолданылатын ингредиент. Албания жан басына шаққандағы пиязды тұтыну бойынша әлемде төртінші орында.
### Фольклоры
Албандар (әсіресе елдің солтүстігіндегі гегтер) бай фольклорды – батырлар туралы эпикалық жырларды, тарихи жырларды сақтаған.Албан халқының музыка өнері әр түрлі аймақтың (солтүстік, оңтүстік, орталық облыстардың) музыкалық стилімен ерекшеленеді. Көрші елдер мәдениетінің әсеріне қарамастан албан музыкасы өзіндік ерекшелігін сақтаған. Олардың халықтық музыкасында үш дауыстылық басым келеді. Ал лирикалық әндері әуенді, ырғақты болып келеді. Ән, би, эпостық жырлар мол сақталған.Албан халық әндерін - солтүстіктің эпикалық батырлық жырлары және басқа жырлар, жұмсақ және әуезді, бесік жыры, ғашықтық жырлар, той жырлары, еңбек жырлары деп бөлуге болады. Оңтүстік Албанияның музыкасы жұмсақ, лирикалық және полифониялық. Оңтүстік Албания жерлеуге арналған жоқтау рәсімдерін орындаумен де танымал.
Ұлттық музыкалық құралдары ішекті аспаптар - чифтели, ляхута, үрмелі аспаптар - гайда, зумара, фюэлы, ұрмалы аспап - даулэ.
## Албан халқының қазіргі жағдайы
Көп жылдар бойы албандар коммунистік ел болды, сондықтан жалпы албандар менталитеті жағынан кеңес халқына ұқсас. Албандар мұсылмандар болғанымен халық арасында дін өте нашар тараған. Кеңес үкіметі жылдарында дін белсенді түрде басып-жаншылды. Сондықтан бұл жерде шариғат нормаларын ешкім сақтамайды деуге болады, дегенмен, мұсылмандық менталитет албандардың бойына өте терең сіңіп кеткен, әр нәрседен көруге болады.
Күндіз Албания қалаларының көшелерінде дәмханаларда отырып, кофе ішіп, әңгіме-дүкен құрып, газет оқып отырған және т.б. әр түрлі жастағы адамдарды көруге болады, әсіресе зейнеткерлер арасында.
Жалпы, елдегі жұмыс орындары дәстүрлі түрде нашар. Азаматтардың көпшілігі Еуропа елдеріне барып, сол жерде жұмыс істейді. Қазір албандардың 70 пайызы шетелде тұрып, еліне ақша жібереді. Албандар арасында ұлтаралық немесе дінаралық алауыздық жоқ, мұсылмандар христиандарға, соның ішінде Ресейден келгендерге үйленуде. Албанияға бизнеспен айналысуға келгендер жергілікті тұрғындар арасында көп көмек таба алады.
## Қазақстандағы албандар
Албандар Қазақстанға негізінен өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап, нарықтық қарым-қатынастарға байланысты көші-қон үрдістеріне орай қоныстанған. Қазақстандағы албан диаспорасы санының динамикасы:
* 1970 жылы — 49 адам;
* 1979 жылы — 63 адам;
* 1989 жылы — 70 адам;
* 1999 жылы — 46 адам;
* 2009 жылы — 459 адам.
## Әлемдегі ең танымал албандар
* Тереза ана — католиктік монахиня. Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты (1979).
* Ескендір бей — албан халқының осман басқыншыларына қарсы азаттық күресінің басшысы, Албанияның ұлттық қаһарманы.
* Энвер Ходжа — албандық төңкерісшілі, Албанияның мемлекет және саяси қайраткері.
* Ферид Мурад — американдық дәрігер және фармаколог, медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты.
* Инва Мула — албаниялық опера әншісі (лирикалық сопрано).
* Элиза Душку — американдық актриса және продюсер.
Албан тектес 16 танымал адам, тиісінше:
* Папа Климент,Карл Топия,
* Карл Топия,
* Андреа Музака,
* Гьердж Кастриоти,
* Лека Дукаджини,
* Джулио Варибоба,
* Дора д'Истрия,
* Джироламо де Рада,
* Фан Ноли,
* Гьердж Фишта,
* Энвер Паша,
* Бамир Топи,
* Джулиана Паша,
* Фан Ноли,
* Гьердж Фишта,
* Кел Маруби,
* Энвер Паша,
* Бамир Топи,
* Джулиана Паша,
* Даниэль Кальюри,
* Дуа Липа.
## Бейнетаспалар
* https://yandex.kz/video/preview/8094548769551705011 Албандар кімдер?
* https://yandex.kz/video/preview/2695641122938744919 Албандар мұсылмандар ма? Албаниядағы діни әртүрлілік.
* https://yandex.kz/video/preview/1773992945850051631 Албандар Албанияда не істейді?
* https://yandex.kz/video/preview/18262866145559303628 Албандар қандай көрінеді.
## Дереккөздер |
Балжан Бөлтірікова 1921 жылы 15 қарашадан бастап 1998 жылғы 11 мамырға дейінгі өмірі, Қазақ КСР-інде дипломатиялық корпус құруға көмектескен қазақ-кеңестік оқытушы және мемлекет қайраткері. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының отырысына қатысқан алғашқы қазақстандық дипломат және сыртқы істер министрі болды. Ол көптеген медальдар мен наградалармен марапатталған, оның ішінде «Құрмет белгісі» ордені және Еңбек Қызыл Ту ордені.
## Ерте өмірі
Бөлтірікова Балжан Бөлтірікқызы 1921 жылы 15 қарашада Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының құрамына кіретін Қырғыз Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының Жамбыл облысындағы Қасық ауылында дүниеге келді.Дулат тайпасының Жаныс руынан. Ол екі үлкен ағасы бар отбасындағы кенже бала болды. Ол кішкентай кезінен бастап қызылша жинау бойынша жұмыс істемеуі үшін мұғалім болуды және мектепке баруды армандады. Ол жергілікті мектепте оқып, алтыншы сыныптан кейін ересектерге сауаттылық сабақтарын бере бастады. Мектептің үздік оқушысы ретінде оқуды аяқтағаннан кейін, Бөлтірікова алтын медаль мен Мәскеуге сапарға шықты. 1937 жылы Бултрикова Любовь Александровна Федулованың жетекшілігімен кәдімгі мектепке бару үшін Алматыға көшті. Оқуға түсу емтихандарын оңай тапсырып, Федуловамен бірге оқыды және оған орыс тілін үйренуге көмектескені үшін ризашылық білдірді. Мектепте оқып жүргенде докторлық диссертация қорғаған алғашқы қазақтардың бірі Ескендір Қожабаевпен танысып, үйленді. 1941 жылы үздік бітіріп, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне оқуды жалғастыру, тіл мен әдебиетті оқып үйрену үшін түсті. Соғыстың кесірінен ол 1943 жылы оқуын үздік бітіріп, сырттай оқу бөліміне ауыстырылды
## Мансап
Студент кезінде 1942 жылы Бөлтірікова еңбек жолын Талдықорған облысы Лепсин орта мектебінде аға оқытушы болып бастады. Бірнеше айдан кейін оны № 12 Алматы орта мектебіне ауыстырды, сол жерде ол мектеп директоры болды. 1949 жылы Бөлтірікова Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бастауыш және орта мектептеріндегі жұмысшылар одағының төрағасы болып сайланды. Бұл қызметте 1955 жылға дейін қызмет еткен соң, бір жылдан кейін Қазақ КСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрі болды. Осы лауазымында ол қоғамның осал топтарына, оның ішінде мүгедектер, қарттар, жетімдер мен ардагерлерге гуманитарлық көмек көрсетуге баса назар аударды. Зейнетақымен қамтамасыз етумен қатар, ол балабақшалар мен питомниктер ұйымдастырды; зағип, саңырау және мылқау қазақтарға көмектесетін мектептер мен семинарларға демеушілік жасады; протездеу зауытын құрды. 1957 жылы оның еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.
Ол Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары және Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалғанға дейін, он жыл бойы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жұмыс істеді, сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалған алғашқы қазақ әйел. Сол жылы ол КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесінде қызмет етуге сайланды. Ол БҰҰ Бас ассамблеясында Қазақстанның бірінші өкілі болды және осы қызметті бес жарым жыл атқарды. 1970 жылы Бас Ассамблеяның сессиясында (25 сессия) ол Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссардың құрылуына қарсы болды, өйткені КСРО делегаттарға бұл мәселені күн тәртібінен алып тастауды бұйырды, өйткені олар бұған ұлт үшін ешқандай пайда көрмеді. Жоғарғы Комиссардың тағайындалуына кедергі жасау үшін ол өзінің дипломатиялық қабілеттерін Азия және Африка делегаттарымен екі рет пайдаланды. Ерен еңбегі үшін ол Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.1971 жылы өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін, Бөлтірікова Қазақ КСР-нің білім және ғылым министрі болып тағайындалды және сол жерде 1974 жылға дейін жұмыс істеді. Сол жылы ол Кәсіптік білім жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары болды. Ол қызмет еткен жылдары және 1980 жылы зейнетке шыққанға дейін ол Қазақстандағы орта білім беруді жақсартуға, бастауыш мектептерді күндізгі оқу орындарына айналдыруға және кәсіптік мектептерді дамытуға күш салды.
## Өлім және мұра
Бөлтірікова 1998 жылы 11 мамырда Қазақстан, Алматы қаласында қайтыс болды. Ол және оның алты баласы бар отбасы, оның ішінде екі қызы мен екі ұлы қайтыс болғанға дейін өмір сүрген пәтер қайтыс болғаннан кейін оның жадында ескерткіш тақта орнатылды. Қызы Кожабаева Бағлан Искандерқызы кейіннен Чехия мен Монғолиядағы Қазақстанның елшісі болып жұмыс істеді.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
https://www.kt.kz/kaz |
## Ағынан жарылу
Ағынан жарылу— ішкі сырын бүкпесіз білдіріп, болған істің шындығын немесе өз ойын жасырмай ақтарып салу. Ағынан жарылу — адам мінезіндегі ұнамды қасиет. Ақжарқын жайдарылықты, адал ниет, ақ пейілді, таза ой мен әділдікті білдіреді. Мінезі ақ жарқын адам өзінің ойы мен мақсат-мүддесін, басынан кешірген оқиғаларын, көңіл-күйін жасырмай ашық білдіреді. Ақ көңіл, адал адамның мінез-құлқын қастерлеген халқымыз “Ақ көңілдің аты арымас, тоны тозбас” дейді. Ағынан жарылып сөйлейтін ашық мінезді жайдары адам айналасындағыларға таза ниетімен қарайды. Ондай адамның жанашыр дос-жарандары да көп болады. Оны үнемі құрметтеп өзара сыйласымды қарым-қатынас жасайды. Халық таза ойлы, әділ, адал адамды дос санап, оның туралығы мен шыншылдығына қолдау көрсетеді, өзгелерге үлгі-өнеге етеді. Мұндай қасиет адамның кісілік беделін арттырып, халық арасында құрметке бөлейді.
## Сілтемер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
## Ағынан жарылу
Ағынан жарылу— ішкі сырын бүкпесіз білдіріп, болған істің шындығын немесе өз ойын жасырмай ақтарып салу. Ағынан жарылу — адам мінезіндегі ұнамды қасиет. Ақжарқын жайдарылықты, адал ниет, ақ пейілді, таза ой мен әділдікті білдіреді. Мінезі ақ жарқын адам өзінің ойы мен мақсат-мүддесін, басынан кешірген оқиғаларын, көңіл-күйін жасырмай ашық білдіреді. Ақ көңіл, адал адамның мінез-құлқын қастерлеген халқымыз “Ақ көңілдің аты арымас, тоны тозбас” дейді. Ағынан жарылып сөйлейтін ашық мінезді жайдары адам айналасындағыларға таза ниетімен қарайды. Ондай адамның жанашыр дос-жарандары да көп болады. Оны үнемі құрметтеп өзара сыйласымды қарым-қатынас жасайды. Халық таза ойлы, әділ, адал адамды дос санап, оның туралығы мен шыншылдығына қолдау көрсетеді, өзгелерге үлгі-өнеге етеді. Мұндай қасиет адамның кісілік беделін арттырып, халық арасында құрметке бөлейді.
## Сілтемер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том |
Ағынтай (туған жылы белгісіз — 1672) — батыр, Есім мен Жәңгір хандардың сенімді серіктерінің бірі. Ағынтай 1620 жылдан бастап жоңғарлармен болған ірі шайқастардың барлығына қатысқан. Қалмақ батырларымен әлденеше рет жекпе-жекке шығып, үнемі мерейі үстем болып отырған. Ағынтай Орбұлақ шайқасында (1643 жылы) Батыр қонтайшының 50 мың жауынгеріне төтеп берген Салқам Жәңгірдің 600 сарбазының ішінде болды. Шапырашты Қарасай батыр мен бірге Жәңгірді қалмақ тұтқынынан босатуға қатысқан. Аңыздарда Ағынтай батырдың орасан зор қара күш иесі екендігі де айтылады. Жұдырығы тигенді сау қалдырмаған. Сондықтан да халық жұдырығы қатты адамды “Ағынтай жұдырық” атап кеткен. Дүниеден өткеннен соң Ағынтайды Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында Құлшынбай төбесіне, досы шапырашты Қарасай батырдың бейітінің қасына жерлеген. Арғын тайпасының Қуандық бөлімінің Темеш руынан.
## Шайқастары
1635 жылы болған ірі шайқаста қалмақ қолына түскен Жәңгір сұлтанды Шапырашты Қарасай батыр мен арғын Ағынтай батыр тұтқыннан құтқарған. 1643 жылы Орбұлақ өңіріне Жәңгір хан мен Қарасай, Ағынтай батырларда кеткен есесін қайтаруды мақсұт тұтқан Батыр қонтайшы кеудесіне кек қатып, 50 мың қолдық шерігін бастап қазақ даласына енеді. Тосын хабардан Жәңгір хан жанына бар болғаны 600-ге жуық сардарларын жинап үлгереді. Бірақ та Салқам Жәңгірдің жанына топтасқан 600 сарбаздың әрқайсысы жүзге татитын батырлар еді. Олардың ішіндегі Шапырашты Қарасай, Арғын Ағынтай батырлар жауға қарсы еуропалық әдіс-тәсілдерді пайдалануда ерекше көзге түскен. 1643-1644 жылдары Қарасай батырмен бірге Ағынтай батырмен барлық шайқастарға қатысып, жауға әрқашан тойтарыс беріп, жас сарбаздарға үлгі болып отырған. 1644 жылы соңғы рет досы Шапырашты Қарасай батырмен бірге 66-65 жасқа келген шақтарында жоңғарлардың 2000-ға жуық әскерлеріне тойтара соққы беріп, жеңіске жеткен.
## Ағынтай жұдырығы
Аңыздарда Ағынтай батырдың орасан зор қара күш иесі екендігі де айтылады. Оның жұдырығы тигенді сау қалдырмаған. Сондықтан да халық жұдырығы қатты адамды «Ағынтай жұдырығы» деп атап кеткен
## Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенi
Айыртау ауданы Солтүстiк Қазақстан облысының картасында барлығы 9,6 мың шаршы шақырымды алады. Бiрақ осындай кiшi-гiрiм аумақ Шоқан Уәлиханов, Ақан серi, Орынбай Бертұлы — ұлы перзенттерiн дүниге әкелдi, оны 17 ғасырда шапқыншылардан Есiм ханның бастауымен шапырашты руынан атақты Қарасай және арғын руынан Ағынтай батырлар қорғаған. Олардың екеуi де Құлшынбай — төбесiнде жерленген. Батырлар жерленген биiк төбеден (1999 жылы кесенесiмен мемориалдық кешен салынған) бүгiннiң өзiнде күш, сүйiспеншiлiк және үмiт беретiн көкше таулармен, ертегiдей көлдермен көмкерiлген Айыртау даласының бұзылмаған сұлу келбетi ашылады. Салынған кесене Қазақстан халқының мызғымас достығы мен бiрлiгiнiң нышаны болып табылады. Конус тәрiздi 16-метрлiк мұнараларды олардың арасында орналасқан үмiт пен сенiмнiң тiрегi — мешiт қосады. Осы жерде жауынгерлердiң көптеген молалары бар. Кезектi қазба жұмыстарында бойы 2 метрдей болған нағыз батырдың мүрдесi табылған, оның жанында ауыр семсер жатқан. Мемориалдық кешендi көруге жыл сайын елiмiздiң түпкiр-түпкiрiнен жүздеген адамдар, көптеген шетелдiк қонақтар келедi. Елiмiздiң Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев та осында екi рет болды.
## Ағынтай мен Қарасай батырдың достығы
Арғын Ағынтай батыр мен Шапырашты Қарасай батырдың қай кезде танысып, қалайша айырылмас дос болғанын қазірше дерек көзі болмағаннан кейін анықтап айту қиын. Алайда, екі батырдың айрықша дос болғанын сол дəуірде өмір сүрген Матай би ерекше ілтипатпен жазып кеткен екен. Олардың өз ғұмырында қанша рет жекпе-жекке шыққанын ешкім есептемеген. Бірақ аз болмаса керек. Ал кескілескен соғысқа екеуі де екі жүз мəрте кіріпті.
## Жерленген жері
1670 жылы Шапырашты Қарасай батыр егде тартқан шағында өзінің досы Ағынтай батырдың еліне келіп бір жылдан кейін қайтыс болады, ал 1672 жылы Ағынтай батыр қайтыс болған. Екеуi де Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Құлшынбай-төбе шоқысында бiр зиратқа жерленген.
## Дереккөздер |
Адай — Қостанай облысы Қамысты ауданындағы ауыл, Адай ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығынан - Қамысты ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км, Денисовка темір жол бекетінен оңтүстікке қарай 80 км жерде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1907 жылы қаланған. Ауыл 1954-97 жылдары М. Горький атындағы астық кеңшарының орталығы болды.
8 жылдық мектеп, кітапхана, клуб, учаскелік аурухана т.б.мекемелер бар.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 966 адам (468 ер адам және 498 әйел адам) болса, 2009 жылы 746 адамды (372 ер адам және 374 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Алаш хан — қазақ халқының XVI ғ. билік құрған билеушісі ретінде көрсетіледі. Шын есімі - Орыс хан. Көк түрік халықтарында құрметті хандардың есімімен өздерін атау дәстүрі бар. Мысалға, Өзбек хан, Ноғай аттарымен аталған өзбек, ноғай халықтары. Қазақтарда Орыс ханның құрметіне өздерін алаш халқы деп атаған. Ал қазақ атауын Керей мен Жәнібек қазақтық (өз билеушісінен кетіп еркін өмір сүру) жасағаннан кейін көрші халықтар берген.
Ғалымдар ортасында Алаша ханның шығу тегі жайлы жайлы бірнеше пікір қалыптасқан. Радик Темірғалиевтің пікірінше Алаш хан деп Керей мен Жәнібек хандардың арғы атасы Орыс ханды атаған. И.В. Ерофеева Алаша ханды қазақтың атақты билеушісі Хақназар ханмен байланыстырады. Ол Алаша ханға қатысты деректерді 3 үлкен топқа бөлген. Бірінші топқа шынайы тарихи оқиғаларға жақын деректерді, екіншісіне - тарихи оқиғалармен қатар ұштасқан аңыздарды, ал үшіншісіне, негізінен, мифологияға қатысты мәліметтерді жатқызған.
## Жалпы шолу
Жиналған деректерді топтастыру
## Алаша ханның Ноғай Ордасымен қарым-қатынасы
Алаша ханның таққа отыру алдындағы өмірін халық арасында тараған аңыздар арқылы анықтауға болады. Олар да жазба деректер сияқты Алаша ханмен қатар өмір сүрген тұлғаларды, жер-су аттарын және т.б. қамтуы мүмкін. Алаша ханның жас кезі Ноғай Ордасымен тығыз байланысты. Ноғай Ордасы деп XV-XVI ғғ. Еділдің төменгі ағысын, Батыс және Орталық Қазақстанның бір бөлігінде орналасқан көрпенділер мемлекетін айтамыз. Өзінің шарықтау шегінен кейін Ноғай Ордасы ыдырай бастайды. Оның шығысындағы көшпенділер қазақтарға қосылып кетті. Екі көршілес халықтың арасындағы тығыз байланыс Кіші жүз қазақтарында сақталған аңыз-әңгімелеріне өз әсерін тигізді. Мәскеу патшалығының Қазан хандығын жаулап алмаған кезінде (XVI ғ. ортасына дейін), Ноғай Ордасындағы билік формальды түрде Шыңғыс ұрпақтарының қолында болды (қазан, қырым хандарының жері ретінде саналған). Алайда, мемлекеттегі нақты билікті ноғай мырзалары жүргізген. XVI ғ. 2-ші жартысында ноғай мырзалары билікті қуыршақ хандарсыз жүргізгендіктен, көршілес мемлекеттерде "маңғыт жұрты" деген атауға ие болды.
Левшин А.И. 1820-1822 жж. Орал тауларының маңайындағы қазақтардан өте маңызды, әрі ақпараты мол аңызды жазып алған. Аңызда қазақ жүздерінің түп атасы Ақнияз Әмір Темірден кейін өмір сүрген Өлеңті есімді ноғай ханының қолбасшысы болыпты. Уақыт өте келе Ақнияз Өлеңтіге бағынбай, жеке-дара билеушіге айналып, ноғай ханы ұрпақтарының жерін тартып алып, бірнеше түркітілдес халықтар мен моңғолдардың (ойрат тайпалары) бір бөлігін өзіне бағындырған. XIX ғ. ортасында ресейлік тарихшы В.В. Вельяминов-Зернов аңыздағы Ақнияздың Хақназар хан, ал Өлеңтінің Ноғай Ордасының XVI . 30-50 жж. билеушісі Шейх-Мамай екендігін дәлелдеген.
XVIII ғ. ортасында П.И.Рычков Орал башқұрттарының старшыны болған Қ.Молақаевтан Ноғай Ордасының құрамындағы башқұрт жерлерін Ақнияз (Ақизияр) сұлтан биледі деген ақпаратты жазып алды. Кейінгі тарихшылардың айтуынша, Ақназар жас кезінде Шейх-Мамайдың сарайында өсіпті. В.В. Трепавлов қазақ және башқұрт жерлерінде жазып алынған аңыздарды жазба деректермен салыстыра отырып, Қасым ханның ұлы Хақназардың жас кезін Ноғай Ордасында өткізгенін растайды. Хақназардың туған қарындасына үйленген Шейх-Мамай, 1522 ж. сұлтанды башқұрт тайпаларының билеушісі ретінде тағайындайды. Башқұрт жерінде Хақназар 16 жыл өткізеді. 1538 ж. Шейх-Мамай Қазақ хандығын талқандап, қазақ тағына Хақназарды отырғызады.
## Алаша ханның Бұхар хандығымен қарым-қатынасы
Халық аңыздарын топтастыра отырып, екінші топқа Алаша ханның тәуелсіз билеушіге айналып, қазақтардың батыс пен оңтүстіктегі көршілерімен болған қарым-қатынастарына тоқталған жөн. И.П. Шангиннің 1816 жылғы және Н.И. Красовскийдің жарты ғасырдан кейінгі жазып алған деректерінде Алаша хан мен Бұхар хандығының билеушісі Абдаллах ІІ саяси қарым-қатынасы сипатталған.
Ол заманда Бұхара көршілеріне өз жеріндегі байлығымен танымал болды. Бірақ, Алаша ханның Бұхар хандығына тікелей соғыс жариялайтын мүмкіндігі болмады. Оның қол астындағы халық еркіндік, бағынбау қасиеттерін әлі де жоғалтпаған еді. Оған қоса Алаша хан Бұхараның басқа көршілес мемлекеттің билеушілерімен одақтасуынан қауіптенді. Алаша хан оңтүстіктегі көршілерін тұтқиылдан шабуылдамақшы болады. Алайда, Бұхараға күтпеген жерден басып кірген Алаша ханның жоспары іске аспады. Шангиннің қолжазбасында Бұхар хандығы билеушісінің аты аталмаса да, тарихи деректерден оның Абдаллах II екендігі айқын байқалады. Ол Шейбанид мемлекетінің астанасын 1557 ж. Самарқанд қаласынан Бұхараға көшіріп, оны 1560-1583 жж. билеген. Орталық Азия халықтары мен қазақтар лексикасында "Бұхар хандығы" атауы дәл сол уақытта пайда болды. Шангиннің қолжазбасына Красовскийдің жетіру (тама) және найман (бағаналы) руларынан жазып алған аңыздарына дәйекті. Красовскийдің жазбасында Алаша ханның моңғолдарды (ойрат тайпаларын) талқандап, қазақ жерін кеңейтіп, бұхар ханымен теке-тіресіне алып келді. Бұхар хандығына жорығы кезінде Алаша хан өзімен бірге аттанған ең батыл 300 адамымен тұтқынға түседі. Шангин мен Красовскийдің жазбалары XVI ғғ. 70 жж. болған Қазақ хандығының билеушісі Хақназар ханның Шейбанидтермен Ташкент қаласы және Түркістан өлкесі үшін болған тартысын баяндайды. Өз мақсатына жету үшін Хақназар хан Ташкент билеушісі Баба сұлтан мен Абдаллахтың арасындағы қарама-қайшылықтарды пайдалануды көздеді.
## Алаша-шапан хан
Халық арасында сақталған аңыздарды зерттей келе, Хақназар ханның не себепті дәл осы (Алаша хан) лақап атқа ие болғаны туралы сұрақ туындайды.Аңыздардың бір бөлігінде болашақ ханның белгісіз дақтармен туғанын мәлімдейді. Келесі аңыздар оны алаша киізге орап, хан көтерген дейді.Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, интеллигент, халық ауыз әдебиетін жинаушы О. Әлжановтың Орта жүз қазақтарының шығысында жинаған аңыздарында Алаша ханның не себепті "алаша" деген лақап атқа ие болуының себебі анықталған. XVI ғ. дейін қазақ жерінде шапандар, негізінен, біртүсті, кейде гүлдермен және басқа да өрнектермен безендірілген. Кейін Бұхарада Ираннан алашадан жасалған, жолақты шапандар сатыла бастайды. Бұл шапандардың бағасы тым жоғары болғандықтан, жекелеген адамдарда ғана кездесетін. Әлжановтың пікірінше, осындай шапанды Бұхар хандығының билеушісі Абдаллах II қазақтың ханына сыйлаған. Бұрын соңды қазақ даласында кездеспеген осындай шапан жұртты таңғалдырады. Сондықтан халық өз ханын "Алаша шапан хан" деп атай бастайды.
## Алача (Олоча) хан
Тарихта "Алаша (Алача)" деген лақап атқа ие болған тағы бір хан кездеседі. Оның шын есімі - Сұлтан Ахмад хан I. Ол Моғолстанның орталығы мен шығысында билік құрған (1485 - 1504 жж.) Шағатай әулетінің өкілі. Ойраттармен болған қақтығыстарда асқан қатыгездік көрсетіп, ойраттарды үлкен адам шығынына ұшыратқан. Сол себепті "Алача, Олоча" деген лақап атымен тарихта қалған. Бірақ Ұлытаудағы кесененің Сұлтан Ахмад ханға тиесілі болуы екіталай. Себебі, XV ғ. аяғы мен XVI ғ. басында қазіргі Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданы Моғостан хандарының қол астында болмаған.
## Алаша хан кесенесі
Ұлытау облысы, Ұлытау ауданында “Алаша хан ордасы” аталатын үлкен сарай-қамалдың қалдығы (Жаңғабыл өзенінің бойында) және Малшыбай ауылынан 2 шақырым жерде Қаракеңгір өзенінің жағасындағы “Алаша хан кесенесі” аталатын XVI ғасырда салынған ғимарат әлі күнге дейін сақталған.
## Дереккөздер |
Суат Әуезбекұлы Әбусейітов,(4 қараша 1929, қазіргі Баянауыл ауданы, Павлодар облысы — 7 қараша 1992, Алматы) — әнші, Қазақстан халық әртісі (1981).
Арғын тайпасының Сүйіндік руы күлік бөлімінен шыққан.
Алматы консерваториясын (А.М. Кургановтың класы бойынша) бітірген (1949). 1949 — 55 ж. “Қазақфильмде”, 1955 — 63 ж. Қазақ ән-би ансамблінде, 1963 жылдан Қазақ телевизиясы мен радиосының эстрадалық оркестрінде әнші болды.
Әбусейітов әншілік өнерде өз орындаушылық мәнерін танытты. Оның орындауындағы “Екі жирен” немесе “Жеңеше” әндері ешбір әншіге ұқсамайтын бояу-нақысымен есте қалды. Әбусейітовтің репертуарында Қазақстан композиторларының “Тербеледі тың дала”, “Алатау”, “Баянауыл”, “Ауылым”, орыс классиктері П.И. Чайковскийдің, Н.А. Римский-Корсаковтың романстары болды.
1957 ж. Мәскеуде өткен Дүние жүзі жастары мен студенттері фестивалінің лауреаты. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Үстірт ескерткіштері — қазақ ұлттық сәулет өнерінің ескілікті кесенелер тобы. Салыну мезгілі жағынан 16 ғасырдан 20 ғасырдың басына дейінгі кезеңді қамтитын Үстірт ескерткіштері көбіне тұщы су көздері маңында, құдық, бұлақ жанында, сондай-ақ керуен жолының бойында орналасқан. Әсіресе, Маңғыстаудағы Үстірт қыраты мен Сам құрамында кесенелер шоғыры көптеп кездеседі.
ОндаБекет ата (Оғланды), Үштам (Үшшонқол), Қырғын, Айтмансу, Медет, Бармақ, Сисем ата, Уәли, Бекет ата (Бейнеу), Асау-Барақ, Күше-Бейіт тәрізді кесене кешендері (мешіттерімен қоса) бар.
Үстірттің ортасындағы ең үлкен қорым “Құсшы ата” деп аталады. Аңыз әңгімелер бойынша ол “әулие” құстар мен бүркіттердің қорғаушысы болған. Бұл кешенде 17 — 20 ғасырлар аралығында салынған қазақтар мен түрікмендердің 500-ге тарта ескерткіші шоғырланған. Олардың ішінде тас қоршаулар, арқа, түрлі “қойтастар”, сағана тамдар сияқты сәулетшілік өнердің озық үлгілері де кездеседі. Осы тарихи мұралардың арасында түрікмендердің сапар, қожа, иомут-баға тәрізді тайпаларының таңбасы ішінара кездессе, қазақтардың табын (шөмішті) және адай руларының таңбасы жиі ұшырасады. Мысалы, шөмішті табын таңбасы 20 нұсқада кездеседі. Сонымен қатар қазақтың тарақты-табын, шекті, тама, жаппас сияқты руларының да таңбасы бой көрсетеді. Әрине, мұның өзі орта ғасырда және одан кейін де Үстіртті қазақ тайпалары ұдайы қоныс еткенін дәлелдей түседі.
## Дереккөздер: |
Құқықтық "Әділет" жоғары мектебі (“Әділет” құқықтық жоғары мектебі – Заңтану Академиясы) – құқықтанушы заңгерлер даярлауға маманданған мемлекеттік емес оқу орындарының бірі. Алматы қаласында 1992 жылы құрылған. Орта кәсіби білім, жоғарғы кәсіби білім және жоғарғы кәсіби білімнің екінші басқышы – магистратура бағдарламалары бойынша оқу оқытылады. Аспирантура жұмыс істейді. Жоғары мектепте 1200 студент, магистрант және аспирант оқиды. 90-нан астам оқытушы, профессорлар сабақ береді. Олар ғылыми-педагогикалық жұмыстармен қатар, Қазақстан Республикасының заң жобаларын жасауға қатысады. Компьютерлік орталық, спорт кешені, әскери кафедра, медединалық орталық, тіл үйрету курстары жұмыс істейді. Индиана (АҚШ), Вестминстер (Ұлыбритания), Серджи-Понтуас (Франция), Виадрина Еуропа (Германия) университеттерімен қарым-қатынас орнатқан.
## Пайдаланған әдебиетттер
* Қазақ энциклопедиясы |
Меруерт Қуатқызы Әбусейітова (15 шілде, 1951 жылы Алматыда туған) — ғалым. Тарих ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының мүшесі. Қазақстанның Білім беру ісінің Үздігі. «Парасат ордені» мен марапатталған (2007 жылы). Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері.
## Толығырақ
ҚазМУ-ді (1974), Ресей Ғылым Академиясының Шығыстану институты Санкт-Петербург филиалының аспирантурасын (1977) бітірген.
1978 — 1992 жылы Қазақстан Ғылым Акедемиясының Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылымкер қызметкері болды.
1992 жылдан ҚР ҒМ Ғылым Акедемиясының Шығыстану институты директорының орынбасары.Ғалым шет елдердегі қолжазба қорларынан алғаш табылып, ғылым айналымға түскен жазба (парсы және түрік тілдеріндегі) деректерді зерттей отырып, Қазақстанның Орта Азиямен, жалпы Шығыс елдерімен саяси, дипломаттық, экономика және мәдени байланыстары туралы 100-ден астам ғылыми еңбек жариялады. Оның “ХVІ ғасырдың 2-жартысындағы Қазақстандығы” (орыс тілінде), “[[ХV — ХVІІ ғасырлардағы Қазақстан және Орта Азия: тарих, саясат, дипломатия]]” аталатын монографилары отандық тарихнама ғылымына қосылған елеулі үлес ретінде қабылданды.
## Марапаттары
* 1998 жылы Тарих ғылымының докторы;
* 2001 жылы профессор (құрметті ғылыми атақтары) берілген.
* 2002 жылы Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (құрметті атағы);
* 2013 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондет-мүшесі.
* 2004 жылы «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі» марапатталған.
* 2006 жылы «Қазақстан парламентіне 10 жыл» медалі;
* 2007 жылы елбасының жарлығымен «Парасат ордені» мен марапатталды.
* 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;
## Сыртқы сілтемелер
* [1](қолжетпейтін сілтеме)
* [2](қолжетпейтін сілтеме)
* [3](қолжетпейтін сілтеме) |
Үме - асар.
Қазақстанның кей жерлерінде, көбіне, маусымдық шөп шабу кезінде үмеге шақыру дәстүрі болған. Көмекке келгендерге берілетін ас “үме” деп аталған. Үмеге жақын туысқандар да мал беріп, қымызын әкеліп, т.б. көмектерін көрсеткен. Үме кезінде ұйымдастырушылар тарапынан шөп шабындығына үй тігіледі де, ас әзірленеді. Ас ішіліп, желінгеннен кейін аяқ жағы той-думанға ұласқан. Кейде үлкен үмелерде жігіттер күреске түсіп, қара жарыстар ұйымдастырылған. Үме кезінде әркім өз өнерін көрсетуге тырысқандығы ел арасындағы “Үмеге келген үндемей қалмайды”, т.б. мақалдар айғақтайды. Үме дәстүрі қазақ халқының береке-бірлігінің куәсі іспеттес.
## Дереккөздер |
Ақтөбе — ежелгі қала орны. Жамбыл облысы Шу ауданы Баласағұн атындағы ауылшаруашылық ұжымының жерінде, Ақсу, Қарабалта өзенінің Шуға құяр сағасында орналасқан. Ақтөбе 6-13 ғ. болған. Алғаш 1894 ж. археолог В.В. Бартольд ашқан. Қазба жұмысын 1941 ж. Г.И. Пацевич жүргізді. 1974 жылдан бері ҚазМҰУ-дің археологиялық экспедициясы зерттеп келеді. Ақтөбе — патша сарайы орналасқан бекіністен, шахристаннан, рабадтан тұрады. Қала сырты 2-3 қатар қорғаныс қамалмен, ормен қоршалған. Қамал іргесі 6 ғасырда қаланған. Сарай шахристан орталығында биікт. 7-8 м табиғи төбеде орналасқан. Ол 20 шақты бөлмеден тұрады. Қабырғаларының биікт. 1-1,5 м, көлемі 42х20х11 см, 45х21х17-18 см күйдірілген қыштармен, 40х60 см пахса кесектермен көтерілген. Едендеріне 22х22х4-5 см күйдірілген қыш төселген. Ақтөбенің екінші бөлігіне жүргізілген қазба жұмыстары барысында Қарахан дәуірінің (10-12 ғ.) 3 мыңнан астам мыс ақшалары, зергерлік бұйымдар т.б. табылды. Рабадтағы қазба жұмыстары нәтижесінде Ақсу өзенінен арна арқылы су тартылып, қоймадағы су тұндырылып қыш құбырлар арқылы қалаға жеткізіліп тұрғаны айқындалды. Құбырлар ұзындығы 50-60 см, диаметрі 10-20 см, бір-біріне жалғауға ыңғайлы етіліп күйдірілген саздан жасалған. Көше бойларында тазалық сақтау үшін арықтар қазылған. Орталық сарайдың шығысында әскерлер тұратын “Төрткүл” бекінісі орналасқан. Ақтөбедегі қазба жұмыстары 10-12 ғасырларда Шу-Талас өңірлерінде қала мәдениеті мен өркениеттің дамығанын көрсетеді. Ғалымдардың пікірінше, Ақтөбе орта ғасырда болған Баласағұн қаласының орны болуы мүмкін.
## Дереккөздер:
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Бектөбе — Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы ауыл, Қаратөбе ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Аса ауылының оңтүстік-шығысына қарай 19 км жерде, қоңыржай-ыстық агроклиматтық белдемде орналасқан. Топырағы боз, шалғынды, онда күйреуік, баялыш, т.б. астық тұқымдас шөптер өседі.
## Халқы
Ауылда өндірістік кооперативтер мен шаруа (фермер) қожалықтары жұмыс істейді. Тұрғындары аудан орталығымен және т.б. елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
ҰЛТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚ КОМИССАРИАТЫНЫҢ ҚАЗАҚ БӨЛІМІ — Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының органы. 1918 ж. 11 мамырда құрылған. Ә.Жангелдиннің ұсынысы бойынша оның меңгерушісі болып, алдымен М.Тұнғашин, кейіннен Х.Бекентаев, т.б. қазақ қайраткерлері қызмет етті.Бөлім қазақ жеріндегі ұлт мәселесі жайлы мәліметтерді комиссариатқа жеткізіп отырумен қатар жергілікті ұлт арасында кеңестік ұлт саясатын жүзеге асыру мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырды. Соған орай Алашорда үкіметі мүшелерінің саяси ұстанымдарына қарсы шығып, оларды ұлт мүддесіне қайшы әрекет етуде деп көрсетуге тырысты. Бөлімнің жанынан баспа, өзге тілдердегі кітаптарды қазақ тіліне аудару, мәдени-ағарту, үгіт-насихат секциялары ұйымдастырылды. Бөлім мүшелері Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасын құру жөніндегі әзірлік жұмыстарына қызу ат салысты.
## Ciлтемелер :
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том |
Ақтөбе — 1-9 ғасырдағы қала орны. Түркістан облысының Созақ ауылының шығыс жағында орналасқан. Орта ғасырлардағы аты белгісіз. Қала орнын 1946 ж. Ә.Х. Марғұлан басқарған Орталық Қазақ археологиялық экспедициясы ашқан. Алғаш қазба жұмыстары 1948 ж. жүргізілді. Төбе екі бөліктен тұрады. Орталық және оңтүстік шетіне алаңшалар келіп қосылады. Төбенің жалпы көлемі 200х300 м. Орталық төбенің биіктігі 4-5 м, жоғарғы бетінің ауданы 70х80 м. Оңтүстік шетінде қорғаныс құрылысының қалдығы сақталған. Орталық бөлік пен алаңщаның қосылатын жерінде шығыстан және батыстан кіретін қақпалардың орындары байқалады. Қазба барысында қала жобасының ерекшеліктері анықталды. Аршылған құрылыс орындарының қабырғалары блоктар мен көлемдері 32х26х8, 45х25х10 см келетін саз (шым) кірпіштерден қаланған. Қала жұртынан әртүрлі көлемдегі қазандықтар, күпшіндер, құтылар, шаруашылық ыдыстары, үлкен құмыралар, кіржуғыштар және ас ішетін ыдыс-аяқтар: кесе, сапты аяқ, табақтар табылды. Қазба барысында жиналған қыш ыдыстар мен басқа да заттарды лабораториляық сұрыптаудан өткізіп, зерттеулер нәтижесінде қала тұрғындарының б.з. басы кезінен 9-10 ғ. дейін өмір сүргені анықталды.
## Дереккөздер:
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Ақтөбе байланыс колледжі — мемлекеттік арнаулы оқу орны. 1978 ж. Ақтөбе байланыс электротехникумы болып ашылған. 1996 ж. Ақтөбе байланыс колледжі болып аталды. Колледжде электр байланысы, көпканалды телекоммуникациялық жүйе, радио байланысы, радио хабарламасы және теледидар, экономика, бухгалтерлік есеп және бақылау мамандары даярланады. Сырттай оқу бөлімі бар.
## Дереккөздер:
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Әбікей Исаұлы(1846, қазіргі Қарағанды облысы Жаңарқа ауданы Нұра өңірі — 1930, сонда) — қобызшы, сазгер.
Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан..
1916 ж. ұлы (Қали), қызы (Жібек), оларға ілесе әйелі қайтыс болған соң, немере інісі Сыздықтың қолына қарап қалған күйші қобызды тастап кетеді. Кейін түркістандық Мұсахан ишанның кеңесімен қыл қобызды қолына қайта алады. Інісі Сыздыққа “бақсының нар қобызы болмаса, саз қобыз Арқада иесіз қалғалы тұрған жоқ па” деп, өзіне ылайықты шәкірт іздеп бүкіл Ақтау, Ортау, Ақой, Сарытау, Тоғызқұдық өңірін, Ертіс, Нұра бойларын, Құланөтпесті аралайды. Ақыры іздегенін Қорғалжыннан (Ақмола облысы) табады. Ол болашақ атақты қобызшы Дәулет Мықтыбаев еді. Дәулет одан Ықылас күйлерін, өзі шығарған “Жалғыз аяқ” күйін үйренген. Әбікейдің бұл күйі “Сазген” этногр. ансамблінің қобызшысы Сымтай Үмбетбаевтың орындауында кең танылған.
## Дереккөздер |
Мәдениет — Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы ауыл, Мәдениет ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жалағаш кентінен оңтүстік-батысқа қарай 40 км жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 2538 адам (1294 ер адам және 1244 әйел адам) болса, 2009 жылы 2161 адамды (1123 ер адам және 1038 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1929 жылы “Кедей бірлігі” артелі ретінде қаланды. 1950 жылы “Қызыл жұлдыз”, Жамбыл, “Қызыл диқан” және “Бірлік” ұжымдары бірігіп, Жамбыл атындағы ұжымшар болып құрылды. 1963 жылы Қазақстанның 20 жылдығы атындағы ұжымшарымен бірігіп, “Мәдениет” кеңшары болып ұйымдасты. 1997 жылдан кейін Мәдениетте шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Фёдоровка — Қостанай облысы Ұзынкөл ауданындағы ауыл, Фёдоров ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ұзынкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 24 км-дей жерде, Үлкен теріскөл көлінің оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 1211 адам (591 ер адам және 620 әйел адам) болса, 2009 жылы 972 адамды (494 ер адам және 478 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты қаланған. 1957 – 1995 жылдары аралығында астық өсірумен айналысатын кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде Федоровкада және округке қарасты Үкіатқан ауылында шаруа қожалықтары құрылды.
Федоровкада тігін фабрикасы, май зауыты, нан, тамақ комбинаттары, баспахана, элеватор, автовокзал, 2 орта, 1 арнайы мектеп, мәдениет үйі, 2 кітапхана, аудан аурухана, дәріхана, т.б. мекемелер бар. Федоровка – облыстағы ірі жол торабының бірі. Қостанай және Рудный қалаларымен темір жол және автомобиль жолдары арқылы байланысқан.
## Дереккөздер |
Қошалақ – Қостанай облысы Жангелді ауданындағы құм.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Торғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 48 км, Татыр көлінен батысқа қарай 4 км жерде.
## Жер бедері
Ұзындығы 20 км-дей, ені 6-7 км. Теңіз деңгейінен биіктігі 100 м шамасында. 19 ғасырдың орта кезінде мұнда Кенесары ханның ордасы болған. Беті ұсақ құм төбелер мен жалдардан тұрады.
## Өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Ойпаңдарда жусан, селеу, беде, еркекшөптер мен басқа да шөптесін өсімдіктер өседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, бауырымен жорғалаушылардан жылан, кесіртке, құстардан сары шымшық, боз шымшықтар мекендейді. Қошалақ жыл бойы мал жайылымы есебінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
ҮНДЕСІМ (ҮНДЕСТІК) ЗАҢЫ — буын не сөз құрамындағы дауысты, дауыссыз дыбыстардың бір әуезбен айтылуы. Тілде сөздің құрамындағы дыбыстарды (дауысты, дауыссыз) ұйыстырып, бүтін сөз етіп тұратын лингвистикалық құбылыс. Ондай құбылыс туыстас тілдер тобына ғана тән. Үндестік заң дыбыстарды алдымен буынға (егер сөз бір буынды болса), содан кейін буындарды сөзге (егер сөз екі не көп буынды болса) біріктіреді. Үндестік заңы қазақ тілінің іргелі заңдылығы болғандықтан, оның ықпалы тілдегі дыбыстардың айтылымы мен естілімінде басым болады. Осы тұрғыдан дыбыстар төрт топқа бөлінеді: 1) жуан езулік әуез дәйекшесіз ([]) беріледі. Мысалы, ата, қызық, алыс, т.б.; 2) тік таяқша ([]) жіңішке езулік әуезді: мыс., әже, егін, бірлік, т.б.; 3) дөңгелекше () жуан еріндік әуезді: мыс., қол, бұрұм, орұн, т.б.; 4) тік таяқша мен дөңгелекше () жіңішке еріндік әуезді көрсетеді: мыс., күн, көлүк, түлкү. Буын не сөздің үндесім әуезі сол буын не сөз құрамындағы дыбыстардың жасалымы өзара үйлескен, естілімі өзара үндескен тіркесін құрайды. Дәстүрлі қазақ тілтанымындағы (түркологияда) фонетика ережеде Үндестік заңын дауыстылардың үндесуі деп түсіндіріп келсе, қазақ тілінде тек дауыстылар ғана үндеседі, ал дауыссыздар көрші дауыстының ықпалында болады делінген. Сонымен қатар дыбыстардың бір-біріне ықпалын да сингармонизм заңдылығына жатқызып келді. Дауыссыз дыбыстардың арасындағы ілгерінді ықпал бойынша (мысалы, әліпби-әліппи, құр қалу-құрғалу, көкбет-көкпет, т.б.) алдыңғы дауыссыз кейінгі дауыссыздың айтылымына (артикуляциясына) әсерін дауыссыздардың сингармонизмі деп атайды. Зерттеу нәтижесінде сөз құрамындағы дыбыстардың жуан-жіңішке, еріндік-езулік болып айтылуы сөз просодикасына байланыстылығын көрсетеді. Қазақ тілінің сөз просодикасы үндесім болғандықтан, ол сөз құрамындағы дауысты, дауыссыз дыбыстарға бірдей тең ықпал етеді.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Теректі (2022 ж. дейін Фёдоровка) — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы ауыл, аудан және Теректі ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы – Орал қаласынан шығысқа қарай 47 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 4956 адам (2510 ер адам және 2446 әйел адам) болса, 2009 жылы 4597 адамды (2217 ер адам және 2380 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Iргесі 1909 жылы қаланған. 1936–1997 жылдары астық өсіру кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Федоровкада және округке қарасты Вербовой, Тақсай, Жайық, Қабылтөбе, Шарақап елді мекендерінде ӨК, 2 ЖШС және 27 шаруа қожалығы құрылды.
БҚО ономастика комиссиясының 2021 жылғы 28 сәуірдегі қорытындысы негізінде, халықтың пікірі ескеріле отырып, 2022 жылы 8 сәуірде Фёдоровка ауылы Теректі ауылы болып өзгертілді.
## Дереккөздер |
Әбікенұлы Нұрбек(1942 ж. ҚХР-сы ШУАР-ның Толы ауд.) — ғалым, аудармашы. Қытайдағы Шыңжаң университетін бітірген (1964). 1980-жылға дейін Қытай қоғамдық ғылымдар академия этнология институтының түркі тілдерін зерттеу бөлімінде қызмет істеді. Қазақ тілінің лексикологиясы, лексикографиясына қатысты зерттеулер жүргізді. Әбікенұлы қытай тілінен қазақ тіліне “Грек-рим аңыздары”, “Балықшылар кегі” романын т.б. кітаптарды аударды.
## Шығармашылғы
* Қытайша-қазақша сөздік, Пекин, 1979 ж.;
* Қазақтілі тұрақты сөз тіркестерінің түсіндірме сөздігі, Пекин 1982.;
* Қазақша-қытайша сөздік, Пекин, 1989 ж; Қазақ тіліне шолу, Пекин, 1980 ж.;
## Дереккөздер |
ХАЛЫҚТЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ — халықтың белгілі бір мекенде тұруының ұзақтығы бойынша құрылымының шартты атауы. Тұрақты халық (жергілікті жерде туып-өскендер) және басқа аудандардан (қалалардан, ауылдардан) көшіп келген кірме халық түрлеріне бөлінеді. Соңғылары бұрыннан тұратындарға және жаңадан қо-ныстанғандарға ажыратылады. Халық генетикалық құрылымы туралы мәліметтерді санақ материалдарынан және арнаулы зерттеу материалдарынан алуға болады. Халық генетикалық құрылымын білу жаңадан қоныстанушылардың сіңісіп кетуі қиын аудандарда көші-қон саясатын әзірлеу үшін ерекше маңызды. |
Ақтөбе губерниясы — РКФСР құрамындағы Қырғыз (1925 жылдан бастап – Қазақ) АКСР 1921-1928 жылдары болған әкімшілік-аумақтық бірлігі. Орталығы – Ақтөбе қаласы.
Таратылған Орынбор-Торғай губерниясының құрамынан Ақтөбе губерниясын құру туралы шешім 1920 жылы 11 желтоқсанда Қырғыз АКСР орталық атқару комитетінің 1-сессиясында (1921 ж. 8 желтоқсанда БОАК бекітті) қабылданды. Губернияның шекаралары бірнеше рет өзгертілді. 1928 жылы 17 қаңтарда округтік бөлініске өтуге байланысты Ақтөбе губерниясы таратылды (БОАК 3 қыркүйекте бекітті). Сонымен бірге оның аумағы Қазақ АКСР Адай және Ақтөбе округтері арасында бөлінді.
## Географиясы
1926 жылғы мәліметтер бойынша губернияның ауданы 442 664 км² болды. Солтүстіктен оңтүстікке кесіп өтетін (20-35 км) орташа биіктігі шамамен 250 м болатын енсіз Мұғалжар тауын қоспағанда губернияның жер бедері жазық болып келетін. Мұғалжар Каспий және Арал теңіздері су алаптарының су айрығы саналатын. Губерния шегінде Каспий теңізі алабына Ембі, Сағыз өзендері және Жайық салалары жататын. Олардан басқа губерния аумағынан ірі Ырғыз өзені ағып өтетін. Бұл өзендердің барлығы суы аз, тартыңқы болатын, сол себепті жазда құрғап қалатын. Көлдер мен кейбір өзендер ащы тұзды болды.
Ақтөбе облысының климаты құбылмалы, жауын-шашын жылына 100-ден 300 мм-ге дейін жетеді (ең көбі губернияның солтүстік-батысында, ең азы оңтүстік-шығыста). Ақтөбеде қыстың орташа температурасы -12,9°С, жазғы температура +21,6°С болды. Ақтөбенің солтүстік-батысында әлсіз қара топырақты, оңтүстігінде қызғылт топырақты, губернияның оңтүстік-шығысында қоңыр топырақты болды. Арал маңында құмдар басым болды. Сортаңдар бірталай көп болды.
## Әкімшілік бөлінісі
Құрылған кезде губерния құрамында Ақтөбе, Ырғыз, Темір және Ойыл уездері болды.
1921 жылы 12 сәуірде Ақтөбе губерниясын 4 ауданға бөлу бекітілді:
* Ақбұлақ ауданы. Орталығы — Ақбұлақ ауылы. Құрамына 18 болыс кірді.
* Ақтөбе ауданы. Орталығы — Ақтөбе қаласы. Құрамына 41 болыс кірді.
* Можар ауданы. Орталығы — Романкөл ауылы. Құрамына 20 болыс кірді.
* Темір ауданы. Орталығы — Темір қаласы. Құрамына 27 болыс кірді.
1921 жылы 26 мамырда құрамында 17 болыс болған Ырғыз ауданы бұрынғы Орынбор-Торғай губерниясынан Ақтөбе губерниясына ауыстырылды. 1921 жылы 21 қазанда Ырғыз ауданынан жаңа Қарабұтақ (4 болыс) және Шалқар (7 болыс) аудандары бөлініп шықты. 1921 жылы 19 қарашада Орал губерниясының құрамынан 14 болыстан тұратын Ойыл ауданы берілді. 1921 жылы 19 желтоқсанда Можар ауданы таратылды.
1922 жылы 5 шілдеде барлық аудандар таратылып, олардың орнына 5 уез құрылды:
* Ақбұлақ уезі. Орталығы — Ақбұлақ ауылы. Құрамына 15 болыс кірді.
* Ақтөбе уезі. Орталығы — Ақтөбе қаласы. Құрамына 39 болыс кірді.
* Ырғыз уезі. Орталығы — Ырғыз қаласы. Құрамына 8 болыс кірді.
* Темір уезі. Орталығы — Темір қаласы. Құрамына 20 болыс кірді.
* Шалқар уезі. Орталығы — Шалқар қаласы. Құрамына 6 болыс кірді.
1923 жылы 27 қарашада 8 болыстан тұратын Торғай уезі Ақтөбе губерниясына (Қостанай губерниясынан) берілді. 1924 жылы 12 қаңтарда Ырғыз уезі, 16 қаңтарда Ақбұлақ уезі таратылды.
1927 жылы 28 маусымда Торғай уезі Ақтөбе губерниясының құрамынан шығарылып, бір бөлігі Сырдария губерниясының, бір бөлігі Қостанай округінің құрамына берілді.
## Тұрғындары
Ақтөбе губерниясының халқы 1926 жылғы халық санағы бойынша 5 қалада және 6302 ауылдық елді мекенде тұратын 468 882 адам болды. Халықтың уездер бойынша бөлінуі келесідей болды:
Губерния халқының ұлттық құрамы 1926 жылғы халық санағы бойынша мынадай болды: қазақтар – 68,3%; украиндар – 18,9%; орыстар – 9,3%; татарлар – 1,7%.
## Экономикасы
Ақтөбе губерниясының өнеркәсібі өте нашар дамыды. Ол кезде белгілі пайдалы қазбалар (көмір, мұнай және тақтатас) игерілмеді. 1920 жылдардың басында губернияда 439 өнеркәсіп кәсіпорны болса, оның 17-сінде ғана 30-дан астам жұмысшы жұмыс істеді. Жұмысшылардың жалпы саны 3525 адамды құрады. Өнеркәсіптің негізін ауыл шаруашылығы шикізатын – астық, тері, сүт және т.б. өңдеу кәсіпорындары құрады. Кәсіпорындардың басым бөлігі Ақтөбе уезінде орналасты.
Губерниядағы жалғыз темір жол — губернияны солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай өтетін Орынбор-Ташкент желісі болды. Кеме жүретін өзендер және тас жолдар болмады. Губерниядан жүн, тері мен ет, ал өнімді жылдары астық тасымалданды. Негізінен арзан тоқыма, шай, ауылшаруашылық құралдары әкелінді.
## Дереккөздер |
Ақтөбе гуманитарлық колледжі мемлекеттік арнаулы орта оқу орны. 1950 ж. Ақтөбе мәдениет-ағарту училищесі болып ашылған. 1996 ж. Ақтөбе гуманитарлық колледжі болып аталды. Колледжде бастауыш сынып мұғалімдері, мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілері, кітапхана ісі, мәдени демалыспен шұғылдану және қолданбалы сәндік өнер мамандары даярланады. Сырттай оқытатын бөлімі бар.
## Дереккөздер:
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Әбіқаев Ахметхан (1904, қазіргі Қостанай облысы Жангелді ауданы Шилі ауылы — 1986, сонда) — ақын. 1936 — 46 ж. Амангелді, Жангелдин аудандарындағы халық театрында әнші, күйші, актер болды. Әбіқаев айтыс ақыны ретінде де танылған. Нұрқан Ахметбеков, Сәт Есенбаевпен айтысқан. 1957 ж. Алматыда өткен ақындар айтысында Сәттіғұл, Игібай, Қалқа, Нұрқанмен сөз сайысына түсті. Оның Әли ақынмен айтысы мектеп оқулығына, “Айтыс” (1965) “Ақындар шықты айтысқа” (1960) жинақтарына енген. Ахметбековтың “Айрылысу амалсыз” деген ұзақ толғауында Ахметханның азаматтық, өнерпаздық тұлғасы ашылған.
## Дереккөздер |
ҮНДЕУ, прокламация (лат. proclamatіo) — батыл қимылға: стачкаға, ереуілге, қарулы көтеріліске шақыратын, әдетте астыртын таратылатын хат. Большевиктер 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін Үндеуді бұқаралық саяси үгіт құралы ретінде кеңінен пайдаланды. Қазіргі кезде “Үндеу” термині көбінесе орыстың “воззвание”, “призыв”, “обращение” сөздерінің баламасы ретінде қолданылады.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Ақтөбе құрылыс колледжі мемлекеттік арнаулы орта оқу орны. 1961 ж. Орал құрылыс техникумының Ақтөбедегі кешкі филиалы болып ашылған. 1963 ж. Гурьев политехника техникумының кешкі филиалы болып өзгертілді. 1966 ж. Ақтөбе құрылыс техникумы болып қайта құрылды. 1996 ж. Ақтөбе құрылыс колледжі аталды. Колледжде экономика, бухгалтерлік есеп және бақылау, көтергіш көліктерді, жол машиналары мен қондырғыларды пайдалану және жөндеу, үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану, автоматты жүйелер үшін бағдарлама жасау, кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттардың электроқондырғыларын құрастыру және пайдалану мамандары даярланады. Сырттай оқытатын бөлімі бар.
## Дереккөздер:
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.