text
stringlengths 3
252k
|
---|
Ұйықбаев Иманбек Қабышұлы (7.2.1922 ж. т., Павлодар облысы Қашыр ауданы) — тіл білімі маманы, филол. ғыл. канд. (1954), Қазақ КСР-інің еңб. сің. мұғалімі (1961).
ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ, 1948), кейін аспирантурасын (1952) бітірген. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. 1952 — 54 ж. осы ин-тта оқытушы, 1954 — 70 ж. Ы.Алтынсарин атынд. пед. ғыл.-зерт. ин-тында аға қызметкер, 1970 — 85 ж. Қазақ КСР-і ҒА-да аға ғыл. қызметкер болып еңбек етті. 150-ден астам еңбектің авторы. Ұйықбаевтың еңбектері лексикография, грамматика, әдістеме, тіл мәдениеті мәселелерін зерттеуге арналған. “Құрмет белгісі”, Қызыл жұлдыз, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
## Шығармалар:
Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің көріністері, А., 1958;
Қазақ тілі методикасының очерктері, А., 1962;
Тіл мәдениетінің кейбір мәселелері, А., 1969;
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі (10 томдық), А., 1974 — 86 (5 — 10 томды құрастырған);
Қазіргі қазақ тіліндегі сөз варианттылық проблемасы, А., 1976;
Қазақ тілі. 8-сыныпқа арналған оқулық, А., 1997 (телавт.);
Қазақ тілі. 9-сыныпқа арналған оқулық, А., 1997 (телавт.).
## Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы" 8 том |
Әзімхан Тішәнұлы 1929 жылы Алтай аймағы, Қаба ауданында дүниеге келген. 1996 жылы Үрімші қаласында дүние салады. Көрнекті аудармашы, ғалым. 1948 жылы Үрімші қаласындағы Тіл институтын бітірген. 1950 жылдан Алтай аймағында білім беру және баспасөз саласында, 80-жылдардың басынан өмірінің соңына дейін Үрімшідегі “Халық” баспасында қызмет атқарды. Көне қытай тілінің маманы Әзімхан қытайдың ежелгі классикалық әдебиетінің үздік үлгілері — “Үш патшалық қисасы”, “Таң дәуіріндегі таңдамалы өлеңдерді”, орта ғасырдағы қытай прозасының көп томдық шығармалары — “Су бойында”, “Қызыл сарайдағы түс” романдарын, қытай тіліне аударылған өзге де шет ел авторларының көркем шығармаларын қазақ тіліне аударды. Әзімхан қазақ фольклоры (қара өлең және айтыс туралы), қытайдың классикалық әдебиеті мен фольклоры (Таң поэзиясы) және көшпелі түркі-қазақ эпостарының көне қытай фольклорына тигізген әсері туралы зерттеу жұмысын жүргізді.
## Шығармасы
Әдебиет сыр шертеді, Үрімші, 1994.
## Дереккөздер |
Әзденбаев Сәби (1890 жылы Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Сабынды ауылы - 1967 жылы, сол жерде) - Қазақтың айтыс ақыны.
Өлең-жырларында ауыл еңбеккерлерінің, Қарағанды кеншілерінің өмірін жырлады. Ұлы Отан соғысы жылдары аудандық, облыстық айтыстарға қатысып, 1943 жылы Қайып Айнабековпен айтысты. Шығармалары “Халық ақындары” (1953), “Пернедегі термелер” (1965) жинақтарында жарық көрді. Әзденбаев жинаған ауыз әдебиеті үлгілері ҚР ҰҒА Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар орталығында сақтаулы.
## Дереккөздер |
Аймағамбет ұста (1845—1918) — халық шебері. Күйдірілген қызыл кірпіштен берік әрі әсем үй салумен аты шыққан. Аймағамбет ұста тұрғызған үйлер Торғай даласында сақталған.. Аймағамбет ұстаның ұлы Мұқан әкесінің жолын қуып, 15 жасынан үй салу жұмысымен шұғылданды.
## Дереккөздер |
Ақкенже Аймағамбетов, кей құжаттарда Ақмағамбетов (1896 жыл, Семей облысы Семей уезі Шыңғыс болысы 4-ауыл (қазіргі Абай ауданы — 1932 жыл, Сырдария округі) — Алашорда жасақтары қатарында болған қазақ азаматы.
Дәулетті отбасында дүниеге келген. Ауыл мектебінен мұсылманша оқып білім алған. Әкесі дәулетті, мықты азамат болыпты. Ата дәулетінің арқасында жастайынан мұсылманша оқып, діни білім алып, рухы өр, жаны таза болып ержетеді. Азамат болып толысқан шағында Алаш қозғалысына қатысып, айтулы кайраткер болып танылады.
* 1917 жылдан кейін Қазақстанның әлеуметтік ісіне араласып, уездік, облыстық қазақ комитетінің жұмысына қолқабыс жасады, қаржылай жәрдем берді.
* 1918 жылы Семейде құрылған Алаш әскеріне көлікпен, қаражатпен жәрдем берген. Қызылдарға қарсы соғысқа шығып, қол бастаған. Турағұл Абайұлымен достық қарым-қатынаста болған. Мұқтаж шәкірттерге, аштыққа ұшыраған Жетісу, Сырдария қазақтарына мол жылу берген.
* 1928 жылы тәркіленіп, 200-ге жуық малы тартып алынған, отбасымен бірге (6 адам) Сырдария округіне жер аударылған.
* Шыңғыстағы «Талап» игілік ұйымына қолғабыс жасап, ақшалай жәрдем көрсеткен. Ұйым мүшелерінің көмегімен, Әуезовтің режиссерлігімен қойылған «Еңлік - Кебек» спектаклінде Кебектің рөлін ойнаған.
## Алаш қозғалысындағы қызметі
Балуанға оң мен солдың бәрі бірдей, азаматқа елі үшін не істесе де көптік етпейді. Осыны жанымен сезінген Ақкенже өзі Алаш сарбазы болып қана қоймай, халықтыңрухын көтеру үшін жан сала қимылдайды. Алаш қозғалысына қатысқан қазақтарға, олардың отбасына, оқудағы қазақ балаларына азық-түлік беріп, қаржылай көмек көрсетіп отырады.Халқына жанашыр бола білді. Ашаршылыққа үшыраған Жетісу, Сырдария қазақтарына азық-түлік жеткізіп, қаражат бөліп, қиын-қыстау кезеңде қысылған жүртқа қол ұшын береді.Өзі Алашорданың сарбазы болған, оның үстіне халқы үшін малын, жанын аямай қызмет еткен Ақкенже отаршыл империяға, тоталитарлық билік жүйесіне үнамады. Ұнамай ғана қалған жоқ, олардың көзіне шыққан сүйелдей болды. Мүндай азаматтардан ертерек қүтылмаса, ерте ме, кеш пе еліне бас болып кетуі мүмкін екенін кеңес үкіметі жақсы түсінді. Үкіметке, оның отаршыл пиғылына қарсы шығу - елін сүйген көсемдердің үйымдастыруымен, солардың жетекшілігімен іске асатынын білген қызыл үкімет халықты «басынан» (көсемдеріжн) айырып алуды басты мақсат еткені белгілі. Сол қуғын-сүргін кезінде - 1928 жылы Ақкенже отбасымен Сырдария округіне жер аударылған. Ол жақта халі қандай болғанын кім білсін, ашаршылық кезде өздеріне көмек беріп, сүйеу болған жомарт азаматты Сыр елі білді ме, жоқ әлде «халық жауы» деген қылмыспен жер аударылып келгш бейтаныс азаматты сыртқа тепті ме, ол жагы белгісіз. Білген күнде де оған көмектесуге елдің мүмкіндігі мен батылдығы жете қоймас еді. Ел білетін шындық - Ақкенже Сыр өңірінен еліне оралмапты. 1932 жылы Сырдария округінде дүниеден өткен екен. Ол кезде небәрі 36 жаста еді. Ол түстағы қуғында жүріп өлген ел серкелерінің ажалы алладан емес, адамнан келетіні мәлім. Алаш зиялыларының бәрі де жер аударылды, бірі атылды, бірі атсыз-аяқсыз жоғалып кетті, бірі ауырып өлді. Көрінеу атып өлтірілгендерден басқасының өлімі жҰмбақ күйінде қала берді. Солардың бірі - Алаштың Ақкенжесі.
## Дереккөздер |
Әмір — шығыс елдеріндегі әскербасылық атақ. Араб тілінен енген бұл әскери дәреже түркі тіліндегі “бек” дәрежесімен сәйкес. Мыңдық, он мыңдық (түмен) әскерді басқаратын қолбасылар әмір атағына ие болған. Әмір атағына ие болған адамға әскери ту, дәреже белгісі — байрақ, соғыс кезінде әскерді басқаруға қолданатын дабыл, шыңдауыл тапсырылған. Сонымен бірге әмірлердің иелігіне, әкімшілік басқаруына елді мекендер, ұлыстар, уәлаяттар беріліп, олар сол әкімшіліктен түсетін кірістің не салықтың белгілі бір бөлігін алу құқына ие болған. Бұл иелік әмірге белгілі бір мерзімге, не мұрагерлікке берілуі мүмкін. Сондықтан әмірлер әскербасылықты және елбасылықты бірдей ұстаған.
## Дереккөздер:
Қазақстан энциклопедиясы |
Әзберген Мұңайтпасұлы (1813 - 1880) – батыр және би. Шекті тайпасының ішіндегі қазақ руының басшысы болған. Ресей отаршыларына қарсы шыққан Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліске Мұңайтпасұлы руымен келіп қосылды. Көтеріліс жеңіліске ұшыраған соң (1855), руын бастап Хиуа хандығының жеріне өтіп кетті. Ол мұнда да Хиуа бектерімен ұғыса алмады. Қоңыратқа келген орыс экспедициясына қолғабыс көрсетті. Бұл еңбегін ескеріп, Ресей үкіметі кешірім жасағаннан кейін Үстірттегі Есет еліне көшіп келді (1859).
* 1848 – 1850 жылдары капитан-лейтенант А.И. Бутаковтың Арал экспедициясына қатысып, көмек көрсетеді. Онда Т.Г. Шевченкомен танысады.
* 1860 жылы қазақ депутациясы құрамында Санкт-Петербургке барады. Осы сапарда қазақ зиялылары Ш.Уәлиханов, М-С. Бабажановтармен достық қарым-қатынас орнатты. Кейіннен Ресей отаршыл саясатына қарсы шығып Есет Көтібарұлы бастаған қозғалысқа қосылды. Есетпен бірге Үстірт үстінде бірге көшіп жүреді.
* Патша өкіметі Мұңайтпасұлын өз жақтарында ұстау үшін 1859 жылы оқалы мақпал кафтан мен 300 сом күміс ақша,
* 1860 жылы патша сарайында болғанда 150 сом күміс ақша мен күміс поднос,
* 1862 жылы револьвер сыйлайды. Бірақ Мұңайтпасұлы патшаның отаршылдық «Жаңа низам» аталған заңына қарсы шығып, сұлтан Х.Арысланов жағында көтеріліс басшыларының бірі болады.
* Көтеріліс жеңілген соң ол қарамағындағы біраз аулымен Хиуа ханының жеріне өтеді (1869).
Мұңайтпасұлымен бірге Хиуаға келіп, Қоңырат қаласының басшысы болып тағайындалған сұлтан Арысланов, т.б. ұлтжандылардың одан соңғы әрекеті Хиуа ханының әскерімен қосылып, Маңғыстаудағы Иса-Досан көтерілісін қолдап, орыс отаршылдығына қарсы жаппай ғазауат соғысын ашу еді. Бірақ ханның тәуекелсіздігі салдарынан ол ойлары орындалмайды. Мұңайтпасұлы
* 1870 жылы Хиуаға келген Иса-Досан қолын, босып келген елді құшақ жая қарсы алады.
* 1873 жылы Досан жасағының бір қанатында полк. Ломакин қолына қарсы ұрыс қимылдарына қатысады. Хиуа жорығы басталар алдында генерал Веревкин сұлтан Арыслановтан басқа көтеріліс басшылары М., А.Дәуітов, Қ.Күзембаев, И. Тіленбаевтарға кешірім жариялаған еді. Соған байланысты М. жазадан аман қалып, атақонысына оралады. Арысланов та артынан досы, генерал Скобелевтің, граф Шуваловтың ара түсуімен жазадан аман қалады.
* 1880 жылы генерал Скобелевтің Ахал-Теке жорығына Мұңайтпасұлы 500 адамдық Адай қолымен бірге қатыспақ болып келе жатқанда аяқ астынан ауырып, қайтыс болады. Халық арасында оны хиуалықтар улады деген әңгіме бар.
* Мұңайтпасұлының 1860 жылы фотограф А.И. Шпаковский түсірген суреті Ресей мемл. антропология және этнография мұражайының қорында сақтаулы.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Аймақтық лексика — жергілікті жерде қолданылмайтын диалектілік сөздер.
Кейбір сөздердің таралу шегі шектеулі, тіпті тар болып келеді. Осыған орай мұндай сөздер кең аумақты, орта аумақты, тар аумақты сипаттағы аймақтық лексика деп бөлінеді. Кең аумақты қамтитын сөзге асар, үме сияқты сөздер жатады. А с а р сөзі Алматы, Жамбыл, Шымкент, Талдықорған, Қызылорда облыстарының кейбір аудандарында қолданылса, ү м е сөзі Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кең тараған. Орта аумақтыға Жетісуда кездесетін с а м а, ал тар аумақтыға Тәжікстан қазақтары арасында кездесетін а с к е д і (асқабақ) сөзін мысалға келтіруге болады.
Қазақ тілі говорларында кездесетін аймақтық лексиканың бірнеше түрлері бар. Олар: әдеби тілде кездесетін түбір сөздер (м ұ ш — жұдырық, м ы ш т а р — бәкі), туынды диалектизмдер — (ш е к+к і-ш е г у, ө л ш е у, т е п+п е-с а т ы), сөз тіркестері мен фразеологизмдер (б і р м о й ы н ж е р — ширек гектар жер, б ө р і т ы ң л а у м е н ж ү р у), семантик, диалектизмдер (әдеби тілдегі т ә р т і п сөзі Батыс Қазақстанда б ұ й р ы қ мағынасында жұмсалады), лексика-фонетикалық диалектизмдер (көңіл орнына к е у і л, ащы орнына а ш т ы болып айтылу).
## Сілтемелер |
Доссор мұнайшыларының ереуілдері — Доссор мұнай кенішінде 1913 жылы 2–7 маусымда болған экономикалық және саяси толқу. Ереуілшілер жалақыны 25–30% арттыруды талап етті. Мұнай кәсіпшілігінің қожасы ереуілге шыққан жұмысшылардың бұл талабын орындады. 1914 жылы 5 қаңтарда Доссор жұмысшылары кәсіпшілік қожасының алдына 8 сағаттық жұмыс күнін белгілеу, жалақыны көбейту, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту сияқты 15 тармақтан тұратын әлеуметтік-экономикалық талаптар қойды. Бұл ереуілге “Ембі” акционерлік қоғамының жұмысшылары да қатысып, ереуілшілердің жалпы саны 600-дан асты. Ал 1914 жылы 9 қаңтарда жұмысшылар 25 тармақтан тұратын талап қойып, ереуіл комитетін құрды. 1500-дей адам қатысқан бұл ереуіл полицияның араласуымен басылды, 162 адам жұмыстан шығарылды. Доссор жұмысшылары 6 тамызда тағы да ереуілге шығып, өз мүдделерін білдірді. 1916 жылы жұмысшылардың толқулары үлкен ереуілге ұласты. Бұл ереуіл Орал — Ембі акционерлік қоғамы кәсіпорындарының жұмысшыларына да қатты әсер етті. Доссор мұнайшыларының ереуілдері он алтыншы жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне ұласты.
## Ереуіл себептері
Кенді аймақты игеруге байланысты саяси-әлеуметтік өмірде де айтулы жаңалықтар болды. Тіршілігін мал бағумен байланыстырып күн кешкен бабаларымыз ата кәсіптен қол үзіп, жұмысшылыққа төселді. Кәсіп иелері өндіріске қазақтарды көптеп тартуға мүдделі болды. Өйткені қазақ болмашыға разы болып, мол дүниеден құралақан қала беретін. Соның салдарынан бірдей еңбегіне кем ақы тиетін. Бұның кәсіпкерлерге тиімді болғаны айдан анық. Мысалы, 1916 жылы «Ағайынды Нобельдер» серіктестігінің Мәтенқожадағы бұрғылау тобында істейтін май құюшы Бахин күніне 1,5 сом алса, сондай жұмыстағы қазақ Батырәлиевке 1 сом 20 тиын төленген. Осы қоғамның бұрғылаудағы қара жұмысшы орысқа күніне 1 сом жалақы тағайындалса, қазақ жұмысшысына 90 тиыннан белгіленіпті.Доссордың №5 учаскесі 3-ұңғымасы бойынша берілген ақпарда 1913 ж. қазан айында 14 дюйімдік тұрба соғумен айналысқандары, барлығы 34 сажын болатын 34 тұрба жасалғаны туралы айтылады.
Жұмыс күні 10-11 сағатқа созылатын. Жұмысшылар қит етсе жазаланып, жалақысы кесіліп, айыппұл төлейтін, әйтпесе жұмыстан қуылатын. Кәсіп иелері зорлық, зомбылық, қорлау дегеннің небір сұрқияларын ойлап табатын. Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуына да мән берілмейтін. Соның салдарынан өндірісте жазатайым жағдайлар жиі кездесетін. Мертігу, болмаса жарақаттану қазақ ағайынның арасында көбірек кездесетін. Өйткені олар әлі де жаңа жұмысқа төселіп кеткен жоқ-ты. Мысалы, 1916 жылы «Ағайынды Нобельдер» серіктестігіндегі бұрғылау қондырғысының жұмысшысы Сарбөпиев Төкен түйгіштейтін қашауды айналдыра бастаған кілтшіге көмектесу үшін ұмтылғанда винт толқып кетіп, төсеме тақтадан жерге құлаған. Мұнараның қырына басы мен мойынын соғып, үлкен жарақат алған. 1915 жылы 12 ақпанда Ракөш зауыттарының бірінде домкратпен жұмыс жасап жүрген қара жұмысшы Шалтаев Желдекбай жұмыс ыңғайын білмей икемсіз қимылдап, өз өліміне өзі себепші болған.
Ауыз судың тапшылығы, азык-түліктің жеткіліксіздігі адам денсаулығын нашарлатып жіберді. Жұмыскерлердің ауруға шалдығуы жиілеп, олардын арасында әртүрлі індет жайлады. Осындай жағдайды 1912–1913 жылдары Доссорға келген инженер А. Замятиннің жазбаларында былай делінген: «Өткен жазда Доссорда судың жетіспеуінен жұмысшылар іш сүзегімен ауырды. Мұның әсерінен көптеген адам құрбан болды». Қожайындар жұмыста әкіреңдеумен қоймай, қазақтарды басқа ұлттардан төмен санап, басынуға жол беретін. Онын үстіне «баран», «киргиз» деп кемсітетін. Жәбірлеу мен боқтаудан кәрі де, жас та көз ашпады. Кәсіп иелері ұлт араздығын бықсытып, адамдарды қырқыстырып қойды.
## Ереуілдер
1900 жылы тамыз айында Қарашүңгілден Доссорға тұрба тасымалдау керек болды. Оны жеткізуден кіреші қазақтар бас тартты. Себебі - бұлар айына 20 сом беруді талап қылған, қожайындар 18 сомға жалдамақ. Ақыры қазақтар кетіп қалды. Жұмысшы болмағандықтан бұрғылау тоқтады, ереуілдің кесірінен жұмыс жүргізілмеді. Доссор кәсіпшілігінің 4-учаскесіндегі №3 ұңғыманың бұрғылау күнделігінде осылай жазылған. Бұл кәсіпшіліктің ресми ашылуынан 5 ай бұрын болған оқиға.
1912 жылы 7 маусымда «Ембі» АҚ жұмысшылары ереуіл жариялап, жалақыны өсіруді талап еткен. Әкімшілік қанағаттандыруға мәжбүр болған. Бұрғылау шебері Я.Григорьев жоғарыда айтылған журналға 1913 жылы 5–11 қаңтарында ереуіл болғанын жазған.1913 жылы 2–7 маусымда Баку жұмысшыларының ықпалымен өткен “Жайық-Каспий” қоғамындағы ереуіл нәтижесінде жалақы 25–30% өсірілген. Іле-шала 3 шілдедегі «Ембі» АҚ жұмысшыларының толқуы 5 күнге созылды.
Үлкен топтаскандық танытып, ұйымшылдықпен өткен 1914 жылы 8 қаңтарда басталған «Ембі» коғамы жұмысшыларының ереуілі еді. Бұл күні қоғамның 617 жұмысшысы жұмысты тастап, қожайындарына 15 баптан тұратын талап қойды. Олардың бастылары: еңбек ақыны өсіру, оқу орнын, кітапхана ашу, өндірісте жарақаттанып, еңбекке уақытша жарамсыз болса өтемақы жасау, есеп айырысу кітапшасын және 13-сыйақы төлеу, жұмысшыларға адамгершілік көзқарас, т.с.с. еді.
Ереуілшілерге 9 қаңтарда «Жайық-Каспий» қоғамының жұмысшылары қосылды. 1 мыңнан астам адам жұмысқа шықпады. Кәсіпшіліктер тұрып, қожайындар шығынға батты. «Ембі» қоғамының май қазаны жарылып, 19 мың тонна мұнай сорға кетті. Қорыққаннан «Ембі» қоғамының басқарушысы қойылған 15 талаптың 14-ін орындауға келісті. Ереуілшілер 12 қаңтарда жұмысқа шықты. Өз талаптары орындалмаған «Жайық-Каспий» қоғамының жұмысшылары ереуілді жалғастыра берді. Стачкалық комитет кұрылды. Ереуілді басу мақсатымен Доссорға округтік инженердің міндетін атқарушыА. Николаевский мен Гурьев оязының бастығы полковник Завьялов келеді. Бірақ ереуілшілер мойымайды. Ақыры кәсіп иелері 23 талаптың 18-ін орындауға келіседі. 160 адам жұмысқа кірісіп, 181 адам есеп айырысады.
Ереуілге Ресейден, Бакуден келген саналы жұмысшылар басшылық жасайды. Солармен иықтаса жүріп, Мұқанбетқали Сартов, Сисенғали Нұрымов, Сұлташ Тағыбергенов, Аққали Айбаров, Аққали Аустниязов, Бораш Жұбатқанов, Қалман Төрәлиев және басқа қазақ жұмысшылары күрес мектебінен өтті. 1917 жылы наурыздың орта шенінде Доссор, Мақат кәсіпшіліктері мен Ракөш зауыттарының жұмысшылары манифестация ұйымдастырып, 8 сағаттық жұмыс күнін талап етті. Фабрика-зауыт комитеттері кұрылды.
Көп кешікпей осы үш комитеттің өкілдерінен Ембі ауданының Біріккен фабрика-зауыт комитеті құрылып, оның төрағалығына Крюков, мүшелері болып Антонов, Лысянский, Кочнев және басқалары сайланды. Мұнайшылар өздерін қорлап, талай озбырлық көрсеткен қожайындарын, олардың жалдапқорларын жұмыстан қуды. Доссорда зәбірі өткен бұрғылау шебері Спирин тәшкеге салынып, басқарма үйінің алдына төңкеріліп тасталды. «Төңкерілген тәшке» оқиғасы Ракөш зауыттары мен Новобогат кенішінде де қайталанды.Ереуілдер ұлғая берді: 23 наурызда Доссор жұмысшылары жылдық еңбек ақының 10 пайызы мөлшерінде көтермелеу сыйлығын беруді және жалақыны 20 пайызға өсіруді талап етіп көшеге шықты. Сәуірде болған ереуілден кейін фирма қожалары 8-сағаттық жұмыс күнін белгілеуге мәжбүр болды.
## Дереккөздер
Қазақ энцклопедиясы |
Дөңбектас - диаметрінің мөлшері 10 см-ден 10 м-ге дейін баратын тау жыныстарының жұмырланған сынықтары. Су тасқынымен, мұздықтармен тасымалдануы нәтижесінде жұмыр пішін қалыптасқан. Дөңбектас тау жыныстарындағы аллювийлік, пролювийлік және мұздық шөгінділерде көп кездеседі. Жолға төсеуге, ұсақтап қиыршықтас әзірлеуге пайдаланылады.
## Дереккөздер
Қазақ энцклопедиясы |
Әйелдер қозғалысы — қоғамдық өмірдің барлық саласында еркек пен әйелдің теңдігіне жетуді мақсат етіп қойған кең ауқымды демократиялық қозғалыс. Ол патриархалдық тұрмыстың сарқыншақтарына қарсы шығып, өзінің жасампаздық қабілетін жүзеге асыру мүмкіндігін иеленген тең құқылы, еркін әйелдің тұрмыс-тіршілігіне жол ашу идеясын ұсынады. Бұған тек адамзат баласының әлеуметтік-мәдени эволюциясының нәтижесінде ғана берік негіз қалап, оңтайлы шешімін табуға болатындығын әлеуметтік-тарихи тәжірибе көрсетіп отыр. Дамудың әрқилы сатысында, әрқилы елде әйел мүдделеріне қатысты әлдебір әлеуметтік мәселелердің көкейкесті сипат алуы нәтижесінде әйелдер қозғалысы әрқилы пішімде көрініс тапты. Мысалы, әйелдердің ерлермен бірдей тең сайлау құқын иеленуіне ықпал еткен суфражшылдық (ағылш. Suffrage — дауыс беру құқы) қозғалысы кезеңдік мәнге ие болды. ”“Әйелдер қозғалысы” атауы әлеуметтік-ұйымдық құбылысты, үрдісті аңғартады. Алайда тарихи және заманалық жағдайларда “феминизм” (лат. femіna — әйел) терминіне жуықтайды. Бұрынғы кезде бұл атау еркек тәріздес әйелдер мен әйел тәріздес ерлерге қатысты кекесінмен айтылған. Ал заманалық мағынасындағы феминизм ерлерге тән мінез-құлық — әмбебап болмыс емес, әйелдердің оған елігіп, еліктеуі — жөнсіздік, әйел қоғамның тең құқылы мүшесі ретінде өмір сүріп, әрекет етуге, алайда, табиғи жаратылысына тән ерекшеліктерді ескеріп, ортадағы өз орнын білуге тиіс деп түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары қоғамда феминистік мәселелердің бар екендігін ескеріп, әйелдер қатысатын ұйымдық құрылымдар мен тиісті қызмет түрлеріне қолдау көрсетіп отыр. Әсіресе, 80-жылдардың соңы 90-жылдардың басында республикада әйелдер қозғалысының белсенділігі арта түскені байқалады. Мұсылман әйелдер лигасы (1992), Феминистік лига (1993), Әйел және құқық (1993), Шығармашылық бастама жөніндегі әйелдер лигасы (1994), “Жанар” кәсіпкер әйелдерді қолдау қоры (1993), “Лиана” халықаралық ассоциациясы (1993), “Шығыс әйелдері” халықаралық ассоциациясы (1994), “Қазақстан кәсіпкер әйелдері” ассоциациясы (1994) т.б. құрылды. Олардың жетекшілері 1995 жылы Пекинде өткен Бейүкіметтік әйелдер ұйымдарының дүние жүзілік форумына және Әйелдердің құқылары жөніндегі БҰҰ-ның 4-конференциясына делегат ретінде қатысып, ынтымақтастық аясын кеңейте түсті. Сондай-ақ, Қазақстандағы БҰҰ-ның өкілдігі жанынан “Дамудағы гендер” бюросы ашылды. Бағдарламаларының әрқилылығына қарамастан, респ-дағы бұл ұйымдардың барлығы да әйелдер құқын қорғауды, олардың қоғамдағы жасампаздық рөлін арттыруды, әлеуметтік ахуалын жақсарта түсуді көздейді.
## Дереккөздер |
Әзірбаев Мардан Нығметұлы 1909 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданында дүниеге келген. 1938 жылы белгілі себептермен қаза табады. Белгілі алғашқы қазақ геологтарының бірі.
1923 — 1927 жылдары комсомол қызметінде болды. 1928 жылы Мәскеу тау-кен академиясына, 1932 жылы Мәскеу геолология-барлау институтын бітірген. 1931 жылы КСРО ғылым академиясының Ош-Памир экспедициясына қатысты. Сванетияда (Грузия) алтын кендерін іздеп-барлады (1932 — 1934). 1934 жылы “Казредметразведка” тресіне жұмысқа ауысып, Іле, Күнгей Алатау, Таулы Алтай және Сарыарқада зерттеу жұмыстарын жүргізді. Әзірбаев Кенді Алтайдағы ірі Шыңдығатай вольфрам-молибден кенін ашты (1935), осы ауданның геологиялық картасын жасады. Орталық ғылым басылымдарда Қазақстанның, Өзбекстанның, Кавказдың сирек металл, алтын, мыс кендерінің геологиясы мен генезисі жөнінде ғылыми мақалаларын жариялады. 1935 — 1936 жылдарда Қазақ кен-металлургия институтында оқытушы болды. Әзірбаев экспедициялық жұмыстар кезінде қазақ халқының мақал-мәтел, қанатты сөздерін жинап хатқа түсірген. 1937 жылы Ішкі Істер Халық Комиссариаты үкімімен жазықсыз тұтқынға алынып, өлім жазасына кесілген. 1938 жылы наурыздың басында атылған. 1950 жылдары ақталған.
## Дереккөздер |
«Қазақстан» — қонақ үй, Алматы қаласының орталығында орналасқан республикалық дәрежедегі жоғары класты мейманхана. Өзінің ерекше пішінімен бұл қонақ үй — Алматы қаласының символдарының бірі.
## Жалпы мағлұмат
1000 орындық мейманхана ғимаратының 25 қабатының 21 қабаты (бір, екі, үш бөлмелі) қонақжай бөлмелерінен, төменгі екі қабаты қоғамдық қызмет көрсету жайларынан тұрады. Төменгі қабаттарда қонақтарды тіркеу, оларға тұрмыстық, техникалық қызмет көрсету (пошта, телеграф, жинақ кассалары, медициналық жәрдем, жолаушылар кассасы, “Интурист” бюросы, т.б.) бөлмелері орналасқан. Жылына 266 мың адамға қызмет көрсете алады. Жиналыстар, семинарлар, т.б. өткізуге арналған қосымша орындары, 116 орындық мәслихат залы, бизнес орталығы, жазғы кафе, банкет залы, ұлттық асхана, іскерлік кездесулер өткізуге арналған кең холл-вестибюль мен әр қабатта арнайы жабдықталған мүйістер бар.
Ғимараттың оңтүстік павильонында 4 банкет залы бар мейрамхана орналасқан. Ең жоғарғы қабатта тау мен қала келбеті айқын көрінетін “Космос” кафесі жұмыс істейді.
Сеулетшілері — Ю.Г. Ратушный, Л.Л. Ухоботов
Инженерлері — Ә.Тәтіғұлов, А.К. Деев, Н.Л. Матвеец
## Техникалық сипаттамасы
Қазақстан — елдегі жер сілкіну қаупі бар аймақта орналасқан, сейcмикалық жағынан берік, биіктігі 102 м алғашқы заңғар ғимарат.
Оның зәулім тұлғасы 50,2×29,6 м өлшемді эллипс пішіндес, қызмет көрсету блогі бар тұғырбеттік бөлімнің өлшемдері 76,0×82,0 м, меймандар бөлмелеріне күн сәулесінің жақсы түсуі (инсоляция), жылдың ыстық маусымындағы желдің қолайлы бағыты ескеріліп, маңайындағы басқа құрылыстармен, табиғатпен жарасымды үйлестірілген. Балкондардың қоршаулары, ғимараттың шет жақтары және алдыңғы беттерінің саңылаусыз тік бөлшектері ғимаратқа монументтік сипат беретін ақ ұлутаспен қапталған. Орталық павильонның негізгі бөлігі — көлденең темірбетонды диафрагмалар тарайтын тұтас құйылған темірбетонды өзек. Ғимараттың негізгі қоршау құрылымдары жеңіл аспалы панельдерден құралған. Ішкі-сыртқы әрлеуіне мәрмәр, алюминий, сәндік сылақ, Қазақстанның жергілікті материалдары — ұлутас, гранит пайдаланылған. Мейманхана кешенінің барлық сәндік әшекейлерінде жергілікті ұлттық дәстүрлер ескерілген. Жобалық есебі аса күрделі де көлемді құрылыс сырт қарағанға жеңіл, еңселі тұрпатқа ие болған, төбесіне тізіле тартылған эркер жарықтары әсем ғимараттың айшықты тәжі іспетті.
«Қазақстан» мейманханасын жобалап, салған бір топ сәулетшілер, инженер-конструкторлар мен құрылысшылар Қазақстан Республикасының Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды (1980).
## Дереккөздер |
Ұлы Канал (қыт. Даюньхэ) — Қытайдағы кеме жүзетін канал, ежелгі гидротех. құрылыстардың бірі. Жалпы ұзындығы 1782 км, Ханчжоу, Пекин және Наньтун тармақтарымен бірге 2470 км. Хуанхэ, Янцзы өзендерін, Байхэ, Вэйхэ, Сышуй, т.б. өзендер арналарының табиғи су жолдарын және бірқатар көлдерді біріктіреді.
## Ұлы Каналдың қасиеттер
Ұлы Канал бірнеше бөліктен тұрады: ең оңт-ндегі — 7 ғ-да, ең солт-ндегі — 13 ғ-да салынған; орт-ның бір бөлігі (Хуайинядан Цзяндуға дейін) ежелгі Ханьгоу каналы арқылы өтеді. 1961 — 62 және 1982 — 83 ж. жөндеуден өткен. Ені Шаньдун, Хэбэй өңірінде 40 м-ден, Шанхайда 3500 м-ге жетеді. Фарватерінде тереңд. 2 — 3 м, 21 шлюзі бар. Ұ. к. арқылы жылына 10 млн. т жүк тасымалданады. Канал екі ірі портты — Тяньцзинь мен Шанхайды жалғастырады.
## Ciлтемелер :
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Аймедова Маягөзел (28.5.1941 жылы туған, Түркіменстан) — түркімен актрисасы, Түркменстанның халық артисы (1982). 1964 жылдан Ашгабаттың балалар мен жасөспірімдер театрында істеген. Студент кезінен киноға түсе бастады. Негізгі рөлдері Жахан (“Тасқаладағы оқиға”, 1961), Өгүлкиік (“Келін”, 1972, КСРО Мемлекеттік сыйлығы 1973), Артықгүл (“Әйел ат ерттегенде”, 1975), Ақжамал (“Жоқ деп айта біл” 1976), Жамал (“Жамалдың терегі”, 1980, Мәскеу Халықаралық фестивалінің сыйлығы 1981). 1983 жылы “Қарақұм көлеңкеде 45Ә” фильміне түсті. Аймедованың психологиялық нәзік тереңдікпен, қарапайым сыпайылықпен сомдаған образдары көрерменге шығыс әйелдеріне тән ұстамдылықты, төзімділікті, кішіпейілдікті дәл жеткізеді. Аймедова режиссер Ходжадурды Нарлиевпен бірігіп “Әйел ат ерттегенде” және “Жамалдың терегі” фильмдерінің сценариін жазған.
## Сілтемелер |
Ұлы Жыланшық – Торғай өзені алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ұлытау облысының Ұлытау ауданы, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 426 км. Су жиналатын алабы 2600 км2.
## Бастауы
Сарыарқаның оңтүстік-батыс шетіндегі Ұлытау таулы массивінің теңіз деңгейінен 750 м биіктігінен басталып, Ақкөл көліне (еңістігі 65 м) құяды.
## Гидрологиясы
Суы мол жылдары орташа жылдық су ағымы бүкіл өзен бойында 3,6 м³/с. Екі саласының бірігуінен пайда болады. Оң жақ саласы — Үлкен Жыланшықтың ұзындығы 163 км (оның салалары: Шағырлы, Ақсай, Шағырлы Жыланшық, сол жақ саласы Дулығалы Жыланшықтың ұзындығы 140 км (оның салалары: Жиделіөзен, Дулығалыөзек, Құлабай). Ұлы Жыланшылыққа сағасынан 263 км жерде қосылады. Жоғарғы ағысында кристалды тақтатастарды кесіп, тік жарлы, тар аңғармен ағады. Тілімделген өзен аңғары беткейлерінде түпкілікті тау жыныстары жалаңаштанып ашылған. Орта ағысында (Қостанай облысы жерінде) өзен жазыққа шығады, аңғары кеңейіп 5 — 10 км-ге жетеді. Оң жақ беткейі тік жарлы (15 – 25 км), терең, тар сайлармен күшті тілімделген. Өзен аңғары негізінен кайнозойдың әр түсті сазды және саздақты тау жыныстарынан түзілген. Оң жағымен 50 – 60 км бойы Аққұм құмын жиектей ағып өткен жерінде және төменгі ағысында құмды және құмдақты грунттар орын алады. Өзен сағасына 30 км қалғанда жайылымдары кеңейіп (су мол жылдары), 8 – 12 км-ге жетеді. Осы жерлерде ұзындығы 5 км, тереңд. 6 м ескі арналар кездеседі. Қайраңдарда тереңдігі 0,3 – 0,5 м, ал иірімдерде 9 м. Төменгі ағысында өзен жайылмаларында тұйық тұзды көлдер немесе сортаңды ойыстар кездеседі. Олардың көпшілігі қуаң жылдары кеуіп қалады. Суы мол жылдары өзен тармақтары оларды толтырып отырады. Қыста қатады, суы тұщы, ауыз суға жарамды. Негізінен мал суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Ұлықбек Медресесі — Самарқанд қ-ндағы Регистан ансамблі құрамына кіретін сәулет өнері ескерткіші (1417 — 20). Ұлықбек Медресесі ғимараты шаршы жоспарда тұрғызылған. Оның әсем аркалы (биікт. 16,5 м) қасбеті еңселі порталмен көмкеріліп, Регистан алаңына қараған. Қшкі ауланы екі қабат їижра (шәкірттер тұратын бөлмесі) үйлері жиектей орналасты. Һижралар саны — 56 (қазір тек астыңғы қабаты ғана сақталған). Аула ортасында ашық галереялы айуаны бар. Медресеге кіре беріс бұрышта күмбезді 2 дәрісхана, төріне таман күмбезді қысқы мешіт орналасқан. Дәрісхана төбесін көмкерген 4 күмбез бен їижра үйлерінің үстіңгі қабаты, медресенің төрт бұрышындағы алып мұнараның біреуі сақталмаған. Ұлықбек Медресесі құрылысының әрбір бөлшегі бір-бірімен өзара жарасымды үйлесім тауып, оған жасалған әсем нақыш (мәрмәр жолақ, алуан түрлі жұлдыздар, геом. өрнек, т.б.) медресе ғимаратына салтанатты сипат береді. 20 ғ-да қирап бітуге айналған Ұлықбек Медресесі ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары (1932 ж. М.Ф. Мауер, 1964 ж. Э.М. Гендельдің жобасы бойынша) жүргізілуі нәтижесінде халық игілігіне айналды. Құлауға айналған солт.-батыс (салм. 400 т; биікт. 33 м) және оңт.-шығыс (биікт. 32,7 м) мұнаралары жөнделді. Ұ. м. кезінде Орт. Азиядағы ең ірі оқу орны болған. Онда теологиямен қатар астрономия, философия, математика ғылымдарынан дәріс оқылды. Медресе ұстаздарының ішінде белгілі жұлдызшы Қазы Заде Руми және Ұлықбектің өзі де болды. Сонымен қатар Ұлықбек Бұхара (1417) және Ғиждуван қ-нда да (1432 — 33, Бұхара облысы) медреселер салдырған.
## Ciлтемелер :
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том |
Қазақстан Республикасының Парламенті — Қазақстандағы ең жоғарғы заң шығарушы органы, екіпалаталы парламенті. Сенат атты жоғарғы палатасы және Мәжiлiс атты төменгі палатасынан тұрады.
## Тарихы
1994 жылғы күзде журналист және Қазақстан Жоғарғы Кеңесі депутаттығына бұрынғы үміткер Татьяна Квятовская 1994 жылғы парламент сайлауының қорытындысын жоққа шығаруды талап етіп сотқа шағым түсірді. 1995 жылы наурызда ұзаққа созылған сот процестерінен кейін Қазақстанның сол кездегі Конституциялық соты Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Жоғарғы Кеңес төрағасы Әбіш Кекілбайұлының қарсылықтарына қарамастан, 1995 жылғы 6 наурызда Квятковскаяның талаптарын негізді деп таныды. Сот ұйғарымының нәтижесінде Назарбаев 11 наурызда Жоғарғы Кеңесті тарату туралы жарлық шығарды, Кеңесте қабылданған барлық заң жобалары «жарамсыз» деп танылды. Сол себептен Қазақстанда заң шығарушы билік болмады, оның орнына барлық заңдар Президент Жарлықтары негізінде қабылданды.
1995 жылғы 30 тамызда конституциялық референдум өтті, онда қазақстандықтар Мәжіліс пен Сенат кіретін жаңа екі палаталы Парламентті құрған Қазақстан Конституциясының жаңа жобасына дауыс берді. Сенат сайлауы алғаш рет 1995 жылғы 5 желтоқсанда өтті, содан кейін екі турдан тұратын Мәжіліс сайлауы өтті, олар 1995 жылғы 9 желтоқсанда және 23 желтоқсанда орын алды. Парламент 1996 жылы 30 қаңтарда өзінің бірінші сессиясына жиналды.
2007 жылғы наурызда Конституцияға бірнеше өзгерістер енгізілді, нәтижесінде Мәжіліс аралас сайлау жүйесінен партиялық тізім жүйесіне көшті және президент мерзімі сегізден бес жылға ауысты. Алайда бұл өзгеріс арқылы Назарбаевтың сайлану мерзіміндегі шектеу жоқ болды, авторитаризмге жол ашылды. 2007 жылы орын алған парламент сайлауында билеуші Нұр Отан партиясы барлық депутаттық орындарды жеңіп алды да, Парламенттегі оппозицияның барлық өкілеттігін жоқ қылды. Осы арқылы 2012 жылғы сайлауға дейін Қазақстан бірпартиялық мемлекет болды.
2010 жылы Парламент Назарбаевқа «Елбасы» атағын берді. Жаңа атақ көмегімен Назарбаев Президент болмай да біраз билікке, заңды иммунитетке ие болатын еді.
## Құқығы және міндеттері
Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады. Өкiлеттiк Конституцияда көзделген жағдайлар мен реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн. Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi.
Парламент өз палаталарының бөлек отырысында мәселелердi әуелi Мәжiлiсте, содан соң Сенатта қарау арқылы заңдар қабылдайды; республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептердi, бюджетке енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды талқылайды, мемл. салықтар мен алымдарды белгiлейдi және оларды алып тастайды; ҚР-ның әкiмшілік-аумақтық құрылымына қатысты мәселелердi шешу тәртiбiн белгiлейдi; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актiлер шығарады; палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң жартысын сайлайды; Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, оларды қол сұғылмаушылық құқығынан айырады; Үкiмет мүшелерiнiң есептерiн тыңдайды; палаталардың үйлестiрушi және жұмысшы органдарын жасақтайды, регламент қабылдайды, Конституцияда (54-бап) көзделген басқа да өзгерiстердi жүзеге асырады.
Парламент Палаталардың бiрлескен отырыстарында: Президенттiң ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; Конституциялық заңдар қабылдайды, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; республикалық бюджеттi және Үкiмет пен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетiнiң бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi; Президенттiң қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша Президент қарсылық бiлдiрген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткiзедi (бұл мерзiмнiң сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын бiлдiредi); Президенттiң бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауыс беруiмен Президентке бiр жылдан аспайтын мерзiмге заң шығарушылық өкiлеттiк бередi; Президенттiң Премьер-министрдi; Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келiсiм бередi; Премьер-министрдiң Үкiмет бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды (Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен Үкiмет бағдарламасының екiншi рет қабылданбауы Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрген болып табылады); әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiрiнiң бастамасы бойынша Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiредi; соғыс және бейбiтшiлiк мәселелерiн шешедi; Республикалық референдум белгiлеу туралы ұсыныс енгiзедi, т.б.
Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар ҚР-ның заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары түрiнде заң актiлерiн қабылдайды. Республика Заңдары Президент қол қойғаннан кейiн күшiне енедi. Парламент пен оның палаталарының заң актiлерi, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады, ал конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады. Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiргенде, Парламент Премьер-министрдi тағайындауға екi мәрте келiсiм бермесе, Парламенттiң Палаталарының арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік билiктiң басқа тармақтары арасындағы келiспеушiлiк салдарынан саяси дағдарыс болғанда — Президент Парламенттi тарата алады. Бiрақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңiнде, Президент өкiлеттiгiнiң соңғы 6 айында, сондай-ақ, алдыңғы таратудан кейiнгi 1 жыл iшiнде Парламенттi таратуға болмайды.
Парламенттiң ағымдағы қызметi тұрақты атқарылады, олардың саны әр Палатада жетеуден аспауға тиiс. Палаталардың бiрлескен қызметiне қатысты мәселелердi шешу үшiн Сенат пен Мәжiлiс тепе-тең негiзде бiрлескен комиссиялар құруға құқылы. Заң жобасы Мәжiлiстiң тұрақты к-тiнде алдын-ала қаралып, ол бойынша қорытынды бергеннен кейiн — Мәжiлiстiң жалпы отырысында талқыланады. Әдетте, талқылау екi оқылымда өтедi. Ал Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және конституция заңдар қабылдау немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мәселелерi бойынша кемiнде екi оқылым өткiзiлуi мiндеттi.
Сенаттың қаралған заң жобасы бойынша қарсылық бiлдiруге құқы бар. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданбаған жоба Мәжiлiске қайтарылады. Егер Мәжiлiс депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен жобаны қайтадан мақұлдаса, онда жоба Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға берiледi. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгiзуге болмайды. Әр Палатаны депутаттардың арасынан сайланатын, мемл. тiлдi еркiн игерген төраға басқарады. Төрағалар палаталардың жұмысын жүргiзедi.
Тұтастай алғанда, Парламенттiң қос палаталы құрылымы Қазақстан жоғары заң шығарушы органы қызметiнiң пiкiр алшақтықтарын азайтып, өзара ынтымақтаса жұмыс iстеуiн мақсат етедi: палаталар бiр-бiрiне бағынбайды, бiр-бiрiне тәуелсiз құрылады; палаталардың әрқайсысы жеке жұмыс тәртiбiнде қызмет атқарады, өздерiнiң қызмет аясы мен мiндеттерi бар. Сонымен қатар олар көптеген мәселелер бойынша бiрлесiп қызмет атқаруға мiндеттi.
## Тағы қараңыз
* Қазақстан парламенті төрағалары
* Қазақстанның мемлекеттік құрылымы
* Қазақстандағы саяси партиялар
## Сыртқы сілтемелер
* Парламенттің ресми сайты
## Дереккөздер |
«Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы – ғылыми-анықтамалық баспа мекемесі. Әмбебап және тақырыптық (пәндік), салалық энциклопедиялар, анықтамалықтар, сөздіктер, тілашарлар шығарумен, көне қолжазбаларды, басылымдарды, ұлы ғұламалардың еңбектерін қайта басумен, күрделі ғылыми-зерттеулер жариялаумен айналысады.
## Тарихы
1968 жылы 1 қаңтарда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің 1967 жылғы 13 қыркүйектегі Қаулысына сәйкес Қазақстан Ғылым Академиясы жанынан «Қазақ Совет энциклопедиясының» Бас редакциясы болып құрылған.
130 адамнан тұратын ұжымның шығармашылық күші 11 ғылыми редакцияға топтастырылды. Қазақтың тұңғыш энциклопедиясының Бас редакциясы жанынан барлық ғылыми салалары бойынша 29 ғылыми-салалық алқалар мен кеңесшілер тобы ұйымдастырылып, оларға 313 ғалым мен маман тартылды. Олардың ішінде Қазақстан Ғылым Академиясының 27 академигі мен корреспондент мүшесі, 84 ғылыми доктор, 189 ғылыми кандидат болды.
Бас редакция қызметтік құрылымы мен ғылыми мекеме мәртебесін сақтай отырып, 1975 жылы Қазақ КСР-і Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттің жүйесіне қосылды. Еліміз егемендік алғаннан кейін 1993 жылы «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы болып өзгерді. 2001 жылы 2 қарашада жабық акциондық қоғам болып қайта құрылды. «Қазақ энциклопедиясы» ұжымы өзінің алғашқы күрделі жұмысы 12 томдық «Қазақ Совет энциклопедиясын» 1972–1978 жылдары аралығында әзірлеп, баспадан шығарды.
1982 жылы осы тұңғыш энциклопедияның әліпбилік пән-есім көрсеткіші жеке кітап болып шықты. Бұған жалғаса «Қазақ Советтік Социалистік Республикасы» анықтамалығы (қазақ, орыс тілдерінде 1980 – 1981) жарық көріп, барлығы 15 томдық топтама шығару ісі жемісті аяқталды. Бас редакция ұжымының ең сүбелі еңбектерінің бірі – әрқайсысы төрт томнан қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Қазақ КСР» атты қысқаша энциклопедиясы (1986–1989). Бұл анықтамалыққа, негізінен, қазақ елінің тарихына, әлеуметтік тұрмыс-тіршілігіне, экономикасы мен табиғатына, қазба байлықтары мен жер-су, қоныстарына байланысты мәліметтер енгізілді. Елдегі саяси-әміршілдік жағдайларға орай бұрын аталмай келген халқымыздың асыл азаматтары туралы әділ бағасын берген мақалалар жарияланды. Еліміз егемендік алып, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілуіне байланысты бірнеше тілашар мен сөздік шығарылды. Жас оқырмандарға арналған «Ол кім, бұл не?» (үш томдық, 1985–1987), «Негеш» (1995), «Әлемде талай қызық бар» (екі тілде, 1986–1990) кітаптары жарық көрді.
## Ұлы тұлғаларға арналған энциклопедиялар
* Ш.Уәлиханов шығармаларының академиялық бес томдығын (орыс тілінде, 1984–85),
* М.Әуезовтің таңдамалы шығармалар жинағын (қазақ, орыс тілдерінде аралас, 1997),
* "Құрманғазы" (1998),
* «Қорқыт» (1999),
* «Ә.Бөкейханов Таңдамалы» (қазақ, орыс тілдерінде аралас, 1995) кітаптарын қайта басып,
* 20 ғасырдың басында шығып тұрған «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналын жеке кітап етіп шығарды (1998, 1995).
* Абай Құнанбайұлының бүкіл дүние жүзі елдері атап өткен 150 жылдық мерейтойы қарсаңында «Абай энциклопедиясын» (1995) әзірлеп, баспадан шығарды.
* «Хирургтің анықтамалығы» (академик М.Әлиев, 1997),
* «Қазақстанда инженерлік істің дамуы» (екеуі де орыс тілінде, 2001 жылы жарық көрді) атты көлемді анықтамалықтар да мамандар мен оқырмандардың қажетін өтеген маңызды басылымдар болды.
2012 жылдың 1 ақпан күні Алматы қаласында "Қаныш Сәтбаев" энциклопедиясының тұсау кесері өтті. Аталған энциклопедия соңғы уақыттары қазақ халқының ұлы перзенттеріне арналып жарық көрген энциклопедиялардың үшіншісі болды. Бұған дейін "Абай" және "Мұхтар Әуезов" атты энциклопедиялар дайындалған болатын.2017 жылы Ахмет Байтұрсынұлы туралы энциклопедия (төбедегі суретте) жарық көрді (жалпы таралымы 2000+200 дана, ішінде дискімен).
## Облыстар мен қалалар тарихына арналған энциклопедиялар
* «Алматы энциклопедиясы» (1983, 1996),
* «Қарағанды энциклопедиясы» (1990),
* «Ақмола энциклопедиясы» (1995),
* «Тараз энциклопедиясы» (2003),
* «Сыр елі энциклопедиясы» (2005),
* «Оңтүстік Қазақстан энциклопедиясы» (2005),
* «Солтүстік Қазақстан облысы» (2006),
* «Маңғыстау энциклопедиясы» (2008),
* «Ақмола облысы энциклопедиясы» (2009)
* Халықаралық Түркістан энциклопедиясы (2001) шығарды.
## Басқа энциклопедиялар
* 2-дүниежүзілік соғыстағы кеңес халықтары жеңісінің 50 жылдығына орай «Отан қорғау жолында құрбан болған боздақтарға ескерткіш-кітап» деген айдармен әр облыс бойынша 2–7 томнан тұратын «Боздақтар» көп томдығы қазақ, орыс тілдерінде жарық көрді.
* Тақырыптық энциклопедиялардың алғашқы легі шағарылды:
«Қазақстан табиғаты», 1–2-томы, 2008–2009;«Қазақстан ғылымы», 2 том, 2009–2010.
* «Қазақстан табиғаты», 1–2-томы, 2008–2009;
* «Қазақстан ғылымы», 2 том, 2009–2010.
## Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
1997 жылдан 2007 жылға дейін Қазақ энциклопедиясының редакциясы 10 томдық «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясын жарыққа шығарды.
## Қазақ энциклопедиясының басшылары
* Академик Мұхамеджан Қаратаев (1968–1979),
* Академик Манаш Қозыбаев (1980–1986),
* Академик Рымғали Нұрғали (1986–1997),
* Академик Әбдімәлік Нысанбаев (1997–2003);
* Профессор Бүркітбай Аяған (2003–2009)
* Профессор Бауыржан Жақып (2009 - осы уақытқа дейін)
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Қазақ энциклопедиясының ресми веб сайты Мұрағатталған 20 маусымның 2011 жылы. |
Биші — мәнерлі де әсем дене қимылын музыка сазына сәйкестендіре отырып би билейтін адам.
Балет спектакльдеріне қатысатын кәсіби артистерді биші деп атайды. Қазақтың ұлттық би өнерін дамытуға үлес қосқандар қатарына Д.Әбдіров, А.Бекбәсынов, Ш.Жиенқұлова, З.Райбаев, Г.Талпақова, Б.Аюханов, т.б. бишілер бар.
## Дереккөздер |
Әскери әкімшілік—
* Қарулы күштерді басқару мемлекеттің органдарының (Қорғаныс Министрлігі, әскери округ, әскери кеңес, әскери комиссариат) жиынтық атауы;
* соғыс қимылдары нәтижесінде басып алынған терр-ның әскери басқармасы;
* Қарулы Күштерді басқару ісін, олардың орналасуына байланысты қарым-қатынастарының құқықтық реттелуін, әскердің ішкі қызметі және тұрмыстық жайын зерттеумен айналысатын әскери ілімнің құрамдас бөлігі.
## Дереккөздер |
# Метасоматиттік кендер
Метасоматиттік кендер – метасоматизм процестерінен жаралған пайдалы қазындылардың шоғырланған орындары. Метасоматиттік кендер терең жер қойнауында үнемі қозғалыста болатын минералды ыстық сулар ерітінділерінің тау жыныстарына тигізетін әсерінен екі түрлі жолмен түзіледі:
* тау жыныстарын құраушы заттардан жаңа минералдық агрегаттар тұнуынан;
* минералдық ерітінділер мен тау жыныстарының араласуынан болатын химиялық алмасу реакцияларынан минералдық иірімдер түзуінен.
Екі жағдайда да ерітінділер тау жыныстары құрамынан сілтілерді, сілтілік-жер элементтерді, кремнийді бөліп шығарады да әр түрлі металдардың қосылыстарын қалыптастырады. Метасоматиттік кендердің түзілуіне карбонатты жыныстар (әктастар, доломиттер) әсер етеді. Метасоматиттік кендері қалыптасу температурасына байланысты 'жоғары, орта, төмен температуралы болып бөлінеді.Жоғары температуралы метасоматиттік кендерге қара, түсті, сирек металдардың скарнды, грейзенді кендері, орта температуралыққа мыс, қорғасын, мырыштың гидротермалдық алмасу кендері, төмен температуралы метасоматиттік кендерге уран мен мыстың инфильтрац. кендері жатады. Қазақстан жеріндегі метасоматиттік кендер ретінде Шыңғыс-Баянауыл антиклинорийі аумағында тараған туынды кварциттермен аралас келетін колчедан, алтын-полиметалл кендерін (Ақбастау, Майқайың), Таулы Алтай мен Зайсандағы көптеген полиметалл, мыс, алтын, сирек металдар кендерін атауға болады.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Молла Абд әл-Әлім (толық аты-жөні Молла Мұхаммед Абд әл-Әлім бин Ахун Арзу Мұхаммед) (туан-өлген жылы белгісіз) – 18 ғасырдада өмір сүрген ұйғыр тарихшысы, ақын.
## Дереккөздер |
Молла Ахмет әл-Женди (туған-өлген жылы белгісіз) – ортағасырлық діни ғұлама. Сыр бойындағы Жент қаласында дүниеге келген. Ғылыми-діни трактаттар жазған. Бізге оның 4 түсіндірме кітабы жетті. Алғашқысы «Ан-Насафидің «әл-Ақиадына» жасалған түсіндірмеге түсінік» («Хашийа ала шарх әл-Ақиад ан-Насафийа») деп аталды. 1594–96 жылдары қайта көшірілген еңбек Ресей ғылым академиясының Қолжазба қорында сақтаулы. Сондай-ақ, Адуд әд-Дин Абд ар-Рахман бин Ахмет әл-Иджидің (1281–1355) «Әдаб әл-бахс» атты туындысын толығырақ түсіндіру мақсатында «Пікірталас өнері жайлы түсіндірмені» жазған. Бұл еңбектің де 1567–68 жылдары көшірілген нұсқасы ғана сақталған. «Рисала фи адаб әл-бахс» немесе «Әдаб ас-Самарқанди» (авторы ибн Хұсейн ас-Самарқанди) аталатын, «Хашийа ала хашийа әл-Журжани ала шарх ар-Рази ала шамсийа» деген екі еңбекке түсінік жазды. Оның 34 беттен тұратын тағы бір түсіндірме кітабы «Шарх рисала фи-т-таухид» аталады.
## Сілтемелер |
Олжабай батыр ауылы (2004 ж. дейін – Благодатное) — Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы ауыл, Олжабай батыр ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Ауданы орталығы - Ерейментау қаласының оңтүстік-батысында 40 км-дей жерде, Ерейментау тауының батысындағы орманды-далалық белдемде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Бұрынғы Благодатное ауылы. 2004 жылдан Олжабай батырдың есімімен аталады. Бұрынғы кеңшар негізінде ауыл шаруашылығы серіктестіктері жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, емхана, клуб, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Алғи Жалмамбетов (туған жылы белгісіз — 1877) — 1870 жылы Маңғыстауда отарлық езгіге қарсы шаруалар көтерілісі жетекшілерінің бірі. Алға көтерілісшілердің үлкен бір тобын басқарып, Форт-Александровск бекінісіне шабуыл жасауға (1870 жылы 5–8 сәуірде) қатысты. Полк Рукиннің әскерін қамауға алып, қолға түсірді. 20 сәуірде Төрткүл құдығының маңында граф Кутайсовтың басшылығындағы Кавказ қарулы күштерімен шайқасып, “Төменгі бекіністі” қиратуға қатысты. 1870 жылы қыркүйекте Калмыков оязында қасындағы үш жолдасымен қолға түсіп, Форт-Александровск бекінісінде 7 айдан астам тұтқында отырды. 1871 жылы көтерілістен кейін Хиуаға өтіп кеткен қазақтарды қайтарып әкелуге жіберілді. Бірақ патша әкімшілігі Алғиды қайта тұтқындап, 1876 жылы 8 наурызда әскери дала соты оны көтеріліс басшысы ретінде әуелі 10 жылға айдауға, кейін 7 жылға жер аударуға кесті. Сібір түрмелерінің бірінде қайтыс болды.
## Дереккөздер |
Алға — Қазақстанның, Ақтөбе облысындағы қала, Алға ауданының орталығы, темір жол станциясы.
## Географиялық орны
Ақтөбе қаласының оңтүстігіне қарай 45 км жерде, Елек өзенінің сол жағалауына орналасқан.
## Тарихы
1930 жылы химия комбинатының құрылысы басталуына байланысты іргесі қаланды. 1961 жылы кенттен қалаға айналды.
Алға ауданы түгелімен Қазақстанның Еуропа жағында орналасқан.
## Халқы
* 19 896 адам (2010);
* 19 978 адам (2013).
* 20 239 адам (2016)
* 20 432 адам (2019)
## Өнеркәсібі, инфрақұрылымы
Алғада Қазақстандағы ірі химия кәсіпорындардың бірі, минералдық тыңайтқыштар өндіретін Ақтөбе химия комбинаты (АҚ) жұмыс істейді. Қалада нан, май зауыттары, Ақтөбе медициналық колледжінің бөлімшесі, емхана, аурухана, дәріхана, кәсіптік-техникалық колледжі, орта музыка және спорт мектептері, кинотеатр, кітапхана, баспахана, санитарлық-эпидемиялық станциясы, стадион және жүзу бассейні бар. Алға арқылы Орынбор — Ташкент темір жолы, Ақтөбе — Атырау автомобиль жолы өтеді.
## Галерея
*
*
*
## Дереккөздер |
Алға — Жамбыл облысының Шу ауданындағы ауыл, Алға ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Шу қаласының батыс шетіндегі темір жол стансасынан 2 км жерде, бөз, бетеге, көкпек шөп аралас өскен шөлді дала белдемінде орналасқан.
## Халқы
## Сипаттамасы
Алғада бұрынғы кеңшар негізінде өндірістік кооперативтер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жұмыс істейді. Ауылда орта мектеп, клуб, аурухана, кітапхана бар. Тұрғындары аудан орталығымен, елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Бичурин Никита Яковлевич (монахтық есімі — Иакинф) 29.8(9.9).1777, Қазан губ. Чебоксар у. Акулево с. — 11(23).5.1853, Санкт-Петербург] — шығыстанушы. Ұлты — чуваш (чăваш). Қазан діни академиясын бітірген (1799). 1800 жылы монахтықты қабылдады. 1807 — 21 жылы Ресейдің Қытайдағы (Пекиндегі) діни миссиясын басқарды.
Мұнда қытай тілін жетік меңгеріп, Қытай тарихы, географиясына қатысты бірқатар еңбектерді аударумен шұғылданды. Қытайдан оралған соң, Бичурин Валаам монастырына жіберілді. 1826 жылы Ресей сыртқы істер министрлігі Азия департаментінің өтінішімен Санкт-Петербургке оралып, департаментте аудармашы болып қызмет атқарды. Бичурин Ресей ғылым академиясының корр. мүшесі (1828), Париждегі Азия қоғамының мүшесі (1831) болып сайланды. Ол Кяхтаға барған сапарынан (1830 — 32 жылдары, 1835 — 37 жылдары) тибет, моңғол кітаптарының жинағын, бұрхандар жөнінде құнды деректер әкелді. Бичуриннің Қытай деректерінің негізінде жазылған еңбектерінің дені Орта және Орталық Азияның түркі тілдес халықтары тарихына, этнографиясына, сонымен қатар ежелгі заманғы, ортағасырлық және жаңа заманғы Қытай тарихы, философиясы, мәдениетіне арналған. Бичуриннің 1851 жылы жарық көрген “Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена” аталатын көлемді еңбегінде Орталық Азия халықтарының этногенезі жөнінде құнды деректер берілген.
## Дереккөздер
* «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том |
Молланепес Қадырбердіұлы (1810 ж.ш.т., Иран, Серахса қаласында – 1862) – түрікмен ақыны, әнші-сазгер. Діни медреседе оқыған. Оның өлеңдерімен қатар түркі халықтары арасына кең тараған “Таһир – Зуһра” дастаны сақталған. Молланепес өлеңдері көркемдік айшығымен ерекшеленді. “Іздеп келем сүйген жарды”, “Көздерің”, “Қыз”, “Аңсау”, т.б. жырларында ел ішіндегі түрлі қайшылықтар сыры көрсетілген. Молланепес “Келмек ем” поэмасында махаббаттың асқақ күшін, нәзіктігі мен пәктігін шеберлікпен жырлады. “Таһир – Зуһра” дастаны негізінде музыка-драма, опера жазылды. Молланепестің бірнеше өлеңдері қазақ тіліне аударылған (“Түрікмен өлеңдері”, 1961).
## Дереккөздер |
Бөкен Қосалұлы (шамамен 1663, Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау елді мекені – 1756) — би, мәмілегер. Байұлы Есентемір руынан шыққан.
Әз Тәукенің “Жеті жарғы” заңының халық арасындағы сенімді жаршысы, насихаттаушысы. 1730–1759 жылдары Еділ қалмақтары мен жоңғарларға қарсы соғысқа қатысқан. Сырым батыр осы Бөкен биден бата алған. Деректерде Бөкен ел мен елдің арасын жақындастырған мәмілегер ретінде көрінеді. 1731 жылы Ресей патшасынан қысым көрген башқұрттардың Әбілқайыр басқарған қазақ хандығына қосылмақ ниетіне қолдау көрсетті. Башқұрттардың Ағиапхан мен Қарасақал деген батырларын Қазыбек би мен Сәмеке ханға жеткізіп, башқұрттарға көмек беруді өтінген. Қайтыс болар алдында Бөкен: “Мені жұртымнан бөлек биік төбеге емес, төмендегі көппен бірге жерлеңдер, басыма қақырайтып тас қоймаңдар. Тау да құлайды, тас та мүжіледі, мұхит та сарқылады. Құламайтын нәрсе, сарқылмайтын күш халықта. Менің атым таста қалмай, халықтың есінде қалса болды” деген өсиет қалдырған. Бөкен бидің зираты Қарабаудағы Өтей қорымында (Атырау облысы).
## Дереккөздер |
Бөкендер — қуысмүйізділер тұқымдастарының ішіндегі, күйіс қайыратын сүтқоректілердің көптеген жабайы түрлері.
Бұлар қойға да, ешкіге де, сиырға да, жылқыға да ұқсамайды, үлкендігі кояннан бастап жылқы-сиырдың, ірілігіндей болады. Негізгі топтары: нағыз бөкен, ақбөкен, сиыр бөкен, ат бөкен, секіргіш бөкен, айдарлы бөкен, төрт мүйізді бөкен, орман бөкені, тау бөкен.
## Дереккөздер |
Ынтымақ (2018 ж. дейін — Фарфоровое) — Ақмола облысы Целиноград ауданы, Арайлы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақмол ауылынан солтүстікке қарай 30 км-дей жерде.
## Халқы
## Тарихы
Ауыл 1961 – 95 жылы аралығында астық өсіретін кеңшар бөлімшесінің орталығы болған. Оның негізінде “Целфар” АҚ-ның фарфор зауыты жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Момын – Орта Жүз арғын тайпасы құрамындағы рулар бірлестігі. Момын ұрпақтары атығай, қарауыл, қанжығалы, бәсентиін, тобықты, саржігіт, шақшақ, бұлар “жеті Момын” деп те аталады. Момын рулары Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан аймақтарын мекендеген. Таңбасы көз – (оо), ұраны – Ақжол.
## Дереккөздер |
Момындық – адам мінезі ерекшеліктерінің бірі. Момындық ұғымы жұрт арасында көзге түспей, өзінің “менін” білдіруге ұмтылмайтын, тартыншақ кісілерге қатысты қолданылады. Момын адамдар жуас, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жайбасар болып келеді. Психологияда ондай адамдар темпераменттің меланхолик типіне жатқызылады;
## Дереккөздер |
Ұран-от — соғыс кезіндегі белгі беру әдісі. Жаугершілік заманда қазақ рулары сақтық шараларына көп көңіл бөлген. Жолдарға күзеттер қойылып, бірнеше шақырым жерлерге аз адамдардан шолғыншылар жіберілген. Жау келетін жолдарда төбелердің үстіне қарауылдар қойылып, ондай төбелерді “қарауыл төбе” деп атаған. Ол төбелерде қарауылдар қауіп төнгенде хабар беретін оттар жағып, оны ұран-от деп атаған. Түнде көптеп жағылған оттар жаудың жақындағанын, не шабуылын білдірген, сол себепті әскерлер не тұтастай ауылдар сол түнде орнынан қозғалып, көшіп кеткен. Маңғыстау адайлары түрікмендер шабуыл жасағанда түнде от жағып, ішке қарай көшіп кетіп отырған, отты көрген көршілері де сол түні от жағып, басқаларға белгі беріп өздері көшіп кеткен. Сөйтіп, алдында ғана бейбіт отырған қазақ ауылдары таң ата із-түзсіз жоқ болған. Жоңғарлармен жаугершілік заманда Орта жүз қазақтары да осылай істеген. Бұл туралы деректер ауыз әдебиетінде көп кездеседі.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Ұранқай, уранхай — Тыва халқының ертеректегі орыс жазбаларында кездесетін атауларының бірі.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Ұраңқай — баспана түрі. Ол негізінен киіз үйдің бірқатар бөліктерінен ғана құралады. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар ұраңқайды уықтарды, не ағаштарды қатарлап қойып, бастарын түйістіріп, үстіне киіз жауып қос сияқты тұрғызған.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Молодёжное — Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы ауыл, Алёшин ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Боровской ауылынан батысқа қарай 22 км-дей жерде, Тобыл өзенінің оң жағалауында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1694 адам (937 ер адам және 757 әйел адам) болса, 2009 жылы 991 адамды (468 ер адам және 523 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты қаланды. 1954-1996 жылы астық өсіретін, Жангелдин атындағы кеңшардың орталығы болып келді. Оның негізінде Молодежноеда 1997 жылдан бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Ұршық сөзі мынадай мағыналарда қолданылуы мүмкін: 1) Жүннен шүйкелеп жіп иіруге арналған жеңіл аспап; жіп иіретін құрал. Қазақстан аумағында ұршықты шаруашылық қарекеттерде пайдалану неолит заманынан басталады. Әсіресе, қола дәуіріндегі ескерткіштерден басы арнайы қыштан құйылған ұршық қалдықтары көптеп табылған. Ежелгі Шығыс елдерінде де қол ұршығы пайдаланылған. Дәстүрлі қазақ қоғамында ұршық мал өнімдерін пайдаланудағы басты еңбек құралдарының бірі болды. Ол — мұрындық (сірге ағаш), басы мен саптан тұрады. Ағаш, мүйіз, құс, тас, сүйек (түйе мен өгіздің ортан жілігінің айдар басы), қорғасын сияқты материалдардан жонып жасалған ұршық басы дөңгелек немесе жарты шар тәрізді болады, оның ортасына сап өткізетін тесігі орналасады. Сабы ұршық басынан 3—4 см шығып тұрады, оған жіп жүретін иіретілген ойық жол жасалынады. Кейде басына бір елі қашықтықтан соң мұрындық (ши, шырпы) орналастырылады. Мұрындық немесе иіретілген ойық жол жіптің сіргеде біркелкі болып жинақталуына септігін тигізеді. Ұршықпен қап, дағар, алаша, басқұр, терме бау, шекпен, т.б. тұрмыстық бұйымдар мен киім-кешектерге арнап жіптер тоқылған. Аз жіп иіруге арналған ұршықтың басы жеңіл, сабы қысқа етіп жасалады. 2) Тоқыма өндірісінде иіру, ширату және тегістеуіш машиналардың жіпті иіріп, ширатып, орауышқа, иіршікке, шөлмекке, т.б. орайтын негізгі тетігі. Ұршықты машиналар 18 ғасырдың II-жартысында қолданыла бастады. Ұршықтың сақиналы, центрифугалы, т.б. түрлері бар. Ұршық табиғи (мақта, жүн, зығыр) және химиялық талшықтарға арналған болып ажыратылады. Ұршық — ұзын, күрделі геометриялық формалы жұқа және иілгіш болат шпиндельден тұрады. Табиғи талшықтарды иіруге арналған сериялы ұршық шпинделінің жоғарғы бөлігіне қағаз патрон немесе ағаш шөлмек кигізіледі. Шөлмекке шуда оралады. Жіп қозғалмайтын сақина бойымен сырғанайтын жүгірткі арқылы ұршыққа келеді. Ұршықтың айналуы кезінде шуда жіп тартылады және жүгірткінің сақина бойымен қозғалуын қамтамасыз етеді. Кейіннен ұршықтың иіру, ширату, екі жіпті орау процестерін біріктіретін иіру-ширату машинасы іске асырылды. Кілем, корд, арқан, т.б. арналған жіптер өндірісі кезінде 2 рет ширататын ұршық қолданылады. Мұндай ұршықтар қарапайым ұршықпен салыстырғанда, құрылымы күрделі және өнім өндіруді екі есеге арттырады.
## Ұршық майлары
Ұршық майлары (Масла веретенные) — өнеркөсіп майларына жататын мүнай негізіндегі майлағыш майлардың ескірген атауы. Өнеркәсіп майларын металкескіш білдектерді, иіру және тоқу машиналарын, желдеткіштерді, сорғыларды және тағы басқаларды майлау үшін пайдаланады. Сонымен катар жұмыс сұйықтығы ретінде де қолданылады.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Дөрбілжін оқиғасы -
* Шығыс Түркістанның Алтай аймағында 1943 жылы болған қанды оқиға. Гоминьдан өкіметі желіктіріп, жарақтандырған бүлікші топ 1947 жылы Алтай аймағын басып алып, онда бір ай шамасында ылаң салды. Шығыс Түркістан ұлттық армиясы солтүстік бөлімінің қолбасшысы, Алтай аймағының генерал-губернаторы Дәлелхан Сүгірбайұлы күш жинап, бүлікшілерді қуып таратады. Шығыс Түркістанға қырын қарайтын бірқатар ел басшылары Жеменей ауданының біраз ауылдарын қоса көшіріп әкетеді. Шығыс Түркістан армиясының жаңа жасақталған полкінің командирі, полковник М.Әлиев еріксіз көшірілген елді Ертістің Бурылтоғай ауданы тұсындағы Дөрбілжін өткелінде қуып жетіп, бүлікшілерге пулеметпен оқ жаудырады. Осы оқыс әрекет салдарынан Ертістің арғы бетіндегі ауылдарда 40-тан астам кінәсіз адам оққа ұшады. Оқиғаға саяси мән беріліп, кінәлі командир жазаланады.
* 1946 жылы 15 қазанда Шығыс Түркістанда болған қанды оқиға. 1946 жылы ақпан айында Шыңжаң өлкелік өкіметі мен Шығыс Түркістан республикасы өкілдерінің 11 тармақты бітімі қабылданды. Осы бітімге және саяси бағдарламаға сәйкес жалпыхалықтық сайлау арқылы ауданның саяси мәслихат кеңесінің депутаттары мен әкімдерін тағайындау, Шыңжаңдағы он әкімшілік аймаққа сайлауға бақылау жасау үшін арнайы топтар жіберу ұйғарылды. Алтай аймағы сайлауға бақылау жасайтын 6-топ болып құрылып, оған басшылық ету ісі Үрімжі аймағы уәлиінің орынбасары Түркістан Ноғайбайұлына (1909 — 1946) жүктелді. Бұл топ 15 қазанда Үрімжіден шығып, Дөрбілжін қалашығына келеді. Осы жерде Шығыс Түркістан республикасы өкіметінің жергілікті органдары мен Кеңес Одағының Шәуешектегі консулының ұйымдастыруымен “кертартпа үгіт қағаздарын таратты” деген сылтаумен топ басшысы Түркістан, оның мүшелері Кәмелбек Уәшов пен Сұң Наншың қатыгездікпен өлтіріледі. Бұл Шыңжаң тарихында “Ту йүйзі оқиғасы” немесе “Дөрбілжін оқиғасы” деген атпен қалған.
## Дереккөздер |
Дөрбетхан Сүгірбайұлы (1884, Батыс Моңғолия, Уланхус елді мекені — 1921, Тұлба сұмы, Бұраты асуы) — би, Дәлелхан Сүгірбайұлының ағасы. Абақ Керей тайпасының құрамындағы шеруші руынан шыққан.
Өз бетімен қазақша, моңғолша хат таныған. 1921 жылы қазақтар қоныстанған Батыс Моңғолияны ақ гвардия генералы Бакич пен Кайгородов әскерлерінен азат етуге Ресей мен Орталық Моңғолияның төңкерісшіл қарулы топтары келіп жетеді. Дөрбетхан большевиктер отрядының қолбасшысы К.Байкаловқа “мұндағы қазақтардың тек тыныштықты қалайтындықтарын, Моңғол үкіметінің құзыр билігінде болуға риза” екенін айтып, қазақтар атынан қолхат береді. Сол жылы күзде ол Тұлба маңында ақтардың қоршауында қалған К.Байкалов отрядының хал-жайын Қоcағаштағы штабқа жеткізуге көмектеседі. Ағасы Мұқан екеуі Тұлбаның Бұраты асуында Бакич тобының қолынан қаза тапқан.
## Дереккөздер |
Айдаһар туралы (Drakensberg) — Оңтүстік Африкадағы таулы массивтер Негізінен, Оңтүстік Африка Республикасы жерінде орналасқан. Солтүстікінде Саби, оңтүстігінде Грейт-Кей өзендерімен шектелген. Ең биік жері 3482 м (Табана-Нтленьянга тауы). Базальттан құралған беткі қыртысының негізін құмдақтар басып жатыр. Жер бедері төрткүл үстіртті. Тіктеу келген тау беткейлері сай-жыралармен тілімделген. Жылына 2000 мм-ге дейін жауын-шашын түсетін шығыс бөлігінің 1200 м-ге дейінгі биіктігін тропиктік ормандар, ал құрғақтау батыс бөлігін саванналық биік шөптесіндер мен бұталар алып жатыр. Биік белдеулерінде таулық шалғындар мен қорымдар кездеседі. Қыс айларында тау бастарына қар түседі. Аумағында Голден-Гейт-Хайлендс, Ройял-Натал, Сехлабатебе ұлттық саябақтары орналасқан. |
Айнабұлақ — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл, Абай ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 122 км-дей жерде. Жақын темір жол бекеті — Талды (125 км).
## Тарихы
Айнабұлақ 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты құрылған. Абай атындағы астық кеңшарының орталығы болған. 1985 жылы ұлы Абайдың құрметіне ескерткіш қойылды. Жерінде марганец, көмір қазба байлықтары бар. Округ орталығынан 21 км жерде Абай кен руднигі жұмыс жасайды.
## Инфрақұрылымы
Округ елді мекендерінде (Айнабұлақ, Бетқұдық, Мыржық, Тақай) 12 шаруа қожалықтары, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын жұмыс жасайды. 2 мектеп, отбасылық амбулатория, мәдениет үйі, кітапхана, пошта байланыс торабы бар. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады. Ең жақын Бүркітті темір жол стансасы 125 км қашықтықта.
## Халқы
## Дереккөздер |
Хибин Апатит кені, Кола түбегінің (Ресей) батыс бөлігінде орналасқан. Ол кембрийге дейінгі кристалдық тақтатастар арасына енген лополит пішінді Хибин сілтілі массивінен орын алған. Массивтің сыртқы бөлігі хибиниттен, ішкі бөлігі әр түрлі нефелинді сиениттерден құралған. Оның жоспардағы пішіні сопақ, бедерде батпақты жазық деңгейінен 1000 метрдей жоғары көтерілген қырат, ауданы 1300 км². Ең қалың апатит иірімдері жаралуы және кеңістіктегі орны жөнінен хибиниттер мен рисчорриттердің шегін бойлай жатқан ийолит-уртит интрузияларымен байланысқан. Ұзындығы 40 км-дей болып келетін бұл тау жыныстарының иіні батысқа, сыйыстырушы тау жыныстарымен жапсары шығыс және солтүстікке қарай 25° — 30° бұрышта еңістенген. Линза пішінді апатит-нефелин кентастары теңбіл (жоғарғысы), жолақ (ортаңғысы), торлы (төменгісі) типтерге бөлінеді. Р2О5 мөлшері теңбіл кентастарда 30 — 75%, торлыда 10 — 15%. Теңбіл кентастардың тік бағыттағы қалыңдығы 75 метр, ал жолақ пен торлы кентастардың жалпы қалыңдығы 100 метр. Аса ірі Хибин апатит кені тыңайтқыш, алюминий, цемент өндірудегі шикізат көзі болып саналады.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Дөңес би (1844 — өлген жылы белгісіз) — би. Алшын тайпасының Әлімұлы тармағынан шыққан.
Он сегіз жасынан қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауылында қажылық, билік еткен. Дөңес жастайынан өзінің аталас туысы Жақайым Мыңбайұлы Жетес (1835-1907) биден көп жол-жосық тәрбие алады. Ол Жетестен жиырма шақты жас кіші, Қарасақал Ерімбет жыраумен (1844-1916) құрдас, замандас болатын дейді. Дөңес би сол атыраптағы Жақайым Жетес, Шөмекей Бақа, Төртқара Үмбет, Нұрғожа, Шөмен, Самұрат т.б. сияқты Алшын-Әлім билерімен талай билік, дау-дамайға қатысып, өзінің әділ төрелігі, адамгершілік, парасаттылығымен ел құрметіне бөленген азамат.
Дөңес бидің бір әділ билігі, кесімді шешімі жәнінде Қызылорда облысының Жаңа Қазалы тұрғыны Ақанжан Келімбетұлы былай баян қылыпты:
Өткен ғасырдың соңғы жылдары Қазалы уезінің Шөмекей елінде қайтыс болған бір игі жақсы адамның асын беруге белгілі Бақа би Әлім-Шөменге сауын айтып, хабар салады. Межелі күн таянғанда Әлім жағы әрі ағасы, әрі басшысы Жақайым Жетес биді ортасына алып жолға шығады. Онын оң жағында - Матай Үмбет би, сол жағында - батыр тұқымы Құлбарақтың Сердалысы, Ырзағасы болыс және жас болыс Боташ барлығы әңгімеге құлақ түріп келеді. Бұл дүрмектен қамшы тастам алда, Дөңес би бастаған шайыр Қарасақал Ерімбет, Нұрқожа би, Көкібай және Насын болыс келе жатады. Ағасы Дөңесті көріп, көңілі толмады ма, әлде жастық қайрат шыдатпай, мені байқасын деді ме, өзінің кимелеп кететін әдетімен Боташ болыс сөз арасында: - Жетеке, біздің Дөңес ағаның үсті жұпынылау ғой, өзінің жүні де жығылыңқы ма, қалай! - деді.
Сонда Жетес би:
- Адамның иегіне қарама, сүйегіне кара, - деген. Дөңестің шекпенін көрме, Халыққа кызмет еткенін көр. Ағаңды барарында сынама, Қайтарында сына, Ойының қанша жерге жеткенін көр, - деп тақпақтап, Боташқа бір карады да үзілген әңгімесін әрі карай жалғай түсті.
Асқа келген қонақтарды Бақа би бастаған елдің игі жақсы-жайсаңдары алдынан шығып қарсы алып, арнайы дайындалған ақбоз үйлерге түсірді. Таңертемен ат айдаушылар бәйгеге қосылатын жүзден аса жүйріктерді айдап кетті. Ат келгенше балуан күресіп, ақындар айтысып, тамашалап мергендер алтын қабақ атысып, ығы-жығы халық мәре-сәре. Бір кездері: "Бәйге аттарының шаңы шықты, келіп қалды". - деген хабар естіліп, көпшілік у да-шу болды да кетті. Үйдегілер түзге шығып қараса, қарақшы маңы шапқан аттың шаңдатқан тозаңынан көрінер емес. Адамы қайсы, аты қайсы, озғаны мен қалғаны қайсы, біліп болмайды. "Менің атым озды", - "Біздікі алдымен келді", - дегендер баршылық. Даурыққан айқай көбейді. Осы кезде жиналған халық тұрған биік төбенің басына күрең жорғамен көсілте Бақа би шығып, жамағатқа қарап бар даусымен саңқылдап:
- Халайық, асқа жиналған ағайын Әлім-Шемен бірге туған ел едік. Бәйгеге жүзден астам ат қосылды. Бірақ жарыс тәртібінде шатақ болды. Аттарды жақыннан қайтарған. Бәйге аттары қарақшыға шоғырланып, қатар келді. Жеке-дара бөлек ат жоқ. Бұның арты дау-дамайға ұласып, ұят болмас үшін екі ел өздерінің қалаған екі адамын ортаға шығарсын. Әлімнен шығатын адамды Шөмен жағы атын атап шақырсын, Шөменнің адамының атын Әлім атап шақырсын. Біз осы халық ұйғарған адамдардың төрелігіне тұрайық, - деп төбені айнала отырған халыққа сөзін жеткізе алмады.
Ас жасаған Шөмен жағынан:
- Айбосын би ұрпағынан кім бар! - деп қосарлана, жарыса шыққан дауыстар естілді. Әлімдер жағынан үстінде түгі қырылған түйе жүн шекпені бар Дөңес би шығып, биік төбенің басына беттеді. Сөйткенше шай Әлімдер жағынан: "Алматтың ұрпағынан кім бар!" - деген дауыс та шығып, жақында ғана өткен сайлауда еліне болыс болған жап-жас жігіт Самұрат орнынан түрегеліп, төбе басындағы Дөңестің қасына барды. Биік төбенің басында екеуінен басқа жан жоқ. Төбе басылды. Дөңес жерге отырды да, Самұрат қасында түрегеліп тұрды. Анда-санда Самұрат Дөңеске қарап басын иіп тұрғандай, құптағандай көрінді көпшілікке. Келген халық қас қақпай тек екеуіне қарап, қимылын бағып Сәлден кейін Дөңес шекпенін қағып орнынан тұрды да, Самұратты оң жағына алып, көпшілікке қарап сөйлеп кетті. Ұяң даусы аңға түсер қырамдай шарап, баяу басталған сөзі келе-келе жиналған халықтың көкейіне салмақты кесім, салиқалы ой болып жетіп жатты.
- Халайық! - деді Дөңес. - Екеумізге сеніп, билікті беріп едіңіздер. Мен Самұраттан сұрадым: "Халыққа қонақ қызмет ете ме, ошақ сөйлей ме! - деп, Самұрат: "Қонақ отырады, ошақ тік тұрып қызмет етеді; қонақ сөйлейді, ошақ тыңдап, айтқанын орындайды, - деді. Ондай болса менің отыруымның да, сөйлеуімнің де мәнісі осылай.
Сонымен Самұрат екеуміз он сегіз атқа бәйге беруге шешім қабылдадық. Бірінші бәйге - бүкіл қазақ халқына ортақ батыр әрі әулиеміз Жанқожаның аруағын сыйлап - Құлбарақтың Сердалысының "Қозы күрең" атына берілді. Екінші бәйге - Әлім-Шөменің ағасы, сондықтан "Ағасын сыйламайтын іні болмайды, жолын білмейтін ел болмайды", - дегендей, Нұрқожаның "Торы қасқа" атына берілді. Үшінші Бәйге Шөмекейдің "Бурыл байталына" тиесілі. Бұдан кейінгі бәйгелер екі елдің аттарына кезек-кезек берілсін деп шештік. Халайық, осыған риза боласыңдар!
- Бәрекелде! Бәрекелде! Мінекей, әділдік, - деген көпшіліктің сөзі той төбені жанғырықтырды. Бақа би жорғасын төпелеп ұрып төбенің басына шыға келіп, халықтың шуын басып:
- Төрелік әділ берілді, халық риза болып жатыр. Сіздің қара қылды қақ жарғандай әділ төрелік еткеніңіз үшін сыйлық, - деп Дөңес биге қамшысымен ерттеулі жорға мінгізіп, үстіне Хиуаның сырмалы шапанын кигізіп, бір буаз інгенге қалы кілем жауып, бұйдасын қолына ұстатты.
Алған сыйлығын жетелеп әкеліп, Дөңес:
- Аға баласы едіңіз, әрі жасыңыз үлкен еді, жеңешем сүтін сауып ішсін, - деп буаз інгенді Жақайым Жетес биге ұсынды.
- Алма жеңешем алмадай болып қызыл-жасылды ұнатушы еді, әрі асыл ағам едің, - деп қалы кілемді Матай-Үмбет биге ұсынды.
- Әлімнің дүлдүл шайыры едің, - деп Қарасақал Ерімбет құрдасына астындағы жорғасын түсіп берді.
- Сен ұрыншақтау өз інім едің, бастығар ма екенсің, мынаны ала ғой, - деп Боташтың қолына тобылғы сапты қамшыны ұстатты.
Дөңеске бәрі де риза болды.
## Дереккөздер |
Айнабұлақ — Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы ауыл, Айнабұлақ ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Зайсан қаласының шығысында 12 км жерде.
## Тарихы
Айнабұлақтың іргесі ұжымдастыру жылдары қаланған. 1962 жылдан бастап “Айнабұлақ” қой кеңшарының орталығы болды. Кейін оның негізінде акционерлік қоғам, шаруа (фермер) қожалығы құрылды. Теректі ауыл округіне қарайды.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, дәрігерлік пункт т.б. бар. Айнабұлақ арқылы Қаратал – Зайсан автомобиль жолы өтеді.
## Халқы
## Дереккөздер |
Меңдікерей Бөкейханов (туған-өлген жылдары белгісіз) — Бөкей Ордасының сұлтаны. Бөкей ханның кіші баласы, Жәңгірдің інісі, Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісшілер Бөкейхановтың ауылына шабуыл жасаған кезде, серкеш руынан қол жинап, Исатай — Махамбет жасағына қарсы соғысты. Тастөбедегі шайқасқа қатысып, көтерілісті басуға араласты.
## Дереккөздер |
Халықтың Этникалық Құрамы — халықтың этникалық (ұлттық) белгісі бойынша бөлінуі. Халық санағы кезінде және бұқаралық статисталық есептің басқа да нысандарында ескеріледі. Халықтың этникалық құрамы жекелеген елдер мен оның әкімшілік-аумақтық бөлімшелері (облыстар, аудандар, қалалар, тағы басқалар) үшін, елдер топтары (мысалы, Батыс Еуропа елдері) үшін, жалпы әлем елдері үшін де айқындалуы мүмкін. Этникалық белгілер туралы деректерден басқа халықтың этникалық құрамын анықтау үшін ана тілі туралы деректер де пайдаланылады. Этникалық статистика дамымаған аймақтар мен елдерде сөйлеу тілі, діни сенімі, нәсілі туралы мәліметтерге, басқа да жанама көрсеткіштерге негізделген есептер мен бағалаулар қолданылады. Халықтың этникалық құрамының уақыттағы елеулі өзгерістері табиғи өсіп-өнудің этникалық саралануын, этникалық көші-қонды немесе этникалық үдерістерді айғақтайды. |
Халық Шаруашылық Құрылымы — белгілі бір аумақтық шекарада тарихи тұрғыда қалыптасқан қоғамдық ұдайы өндіріс жүйесі. “Халық шаруашылық құрылымы” термині “ел экономикасы” (“ұлттық экономика”) терминдерінің баламасы (синонимі) ретінде де қолданылады. Халық шаруашылық құрылымының кең мағынадағы түсінігі қоғамдық өндірістің барлық салалары мен нысандарын қамтиды. Халық шаруашылық құрылымының бастаушы ұясы — өнім өндіретін, қызмет көрсететін немесе өзге де атқарымдарды орындайтын кәсіпорын (ұйым, мекеме). Өндіріс жетекші орын алады, бірақ Халық шаруашылық құрылымының мазмұны тек қана өндіріспен сарқылмайды, өндірісте тек материалдық игіліктердің күрделі ауыспалы айналымы ғана басталады. Өндірістен кейін қоғамдық еңбек жүйесіне кіретін осы материалдық игіліктер айналысының (айырбасының), оларды бөлудің және қайта бөлудің, тұтынудың көп жақты үдерістері жүреді. Халықтың материалдық игіліктерді (қызмет көрсетуді де) тұтынуы олардың Халық шаруашылық құрылымында ауыспалы айналымын жаңарту үшін негіз болады, өйткені тұтыну жұмыс күшін ұдайы қалпына келтірудің құралы болып табылады.
Халық шаруашылық құрылымының күрделі құрылымын талдау үшін оның секторы, саласы, аясы деген ұғымдар пайдаланылады. Сектор белгілі бір әлеуметтік-экономикалық қатынастармен біріктірілген әлеуметтік-экономикалық бірліктердің жиынтығы болып табылады. Халық шаруашылық құрылымын секторларға меншік (мемлекеттік, кооперативтік, жеке, өзіндік меншік) нысандарына сәйкес бөлу кеңінен таралған. Халық шаруашылық құрылымында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ағысына жасалған талдау секторларға бөлудің тиімділігін қуаттайды. Бұл үшін Халық шаруашылық құрылымының бірліктері немесе элементтері кейбір ортақ экономикалық белгілері бойынша топтастырылады. Мәселен, шетелдік зерттеулерде ұлттық шоттар жүйесінде экон. үдерістердің жиынтық сипаттамасына негіз ретінде төрт сектор бөліп көрсетіледі. Олар: кәсіпорын, үй қожалығы (әңгіме тұтыну аясы туралы болып отыр), мемлекеттік (немесе үкіметтік) сектор, сыртқы сектор (Халық шаруашылық құрылымының сыртқы дүниемен экономикалық байланыстары). Макроэкономикалық үлгілерді құрылымдау үшін әлеуметтік-экономикалsқ бірліктерді, Халық шаруашылық құрылымы секторларын топтастыру үшін басқа белгілер де пайдаланылады. Сала Халық шаруашылық құрылымының негізгі құрылымдық бөлімшесі ретінде оның әлеуметтік-экономикалық мазмұнына қарай бірдей атқарымды орындайтын кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы болып табылады. Халық шаруашылық құрылымының қазіргі заманғы салалық бөлінісі — қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы үдерісінің нәтижесімен сараланады. Біртекті салалар тобы Халық шаруашылық құрылымы аясын құрайды, ол өндірістік сала мен бейөндірістік салаға бөлінеді. Өндірістік салаға қоғамдық өнім (ұлттық табыс) жасалатын барлық салалар жатады. Бейөндірістік салаға түрлі қызметтер, мед. және мәдени қызмет көрсететін салалар, басқару, қорғаныс, тағы басқалар кіреді. Халық шаруашылық құрылымының дамуы мен келешегін зерттеу үшін оның құрылымдық бөлімшелері арасындағы арақатынастың, сондай-ақ жиынтық экон. көрсеткіштері арасындағы үйлесімдіктердің маңызы зор. Халық шаруашылық құрылымының негізгі үйлесімдіктеріне (арақатынастарына) өндіріс құрал-жабдығын өндіру мен тұтыну заттарын өндірудің, өнеркәсіп пен ауыл шарушылық, жалпы материалдық өндіріс пен бейөндірістік сала арасындағы үйлесімділік жатады. Халық шаруашылық құрылымының салаларының, секторларының, қоғамдық өндіріс элементтері мен көрсеткіштерінің өзара байланысы өнімді өндіру мен бөлудің халық шаруашылық теңгерімінде барынша толық болып келеді. |
Байзақ Көпірбайұлы Момынбаев (1 тамыз 1946 жыл, Қызылорда облысы - 2 сәуір 2013 жыл, Алматы қаласы) – белгілі ғалым, Қазақстанда отандық инженерлік-педагогикалық білімнің негізін қалаушы, техника ғылымдарының кандидаты (1981), доцент (1984), КСРО-да инженерлік педагогика саласы бойынша тұңғыш қорғаған ғылым докторы (1991), профессор (1993), Ресей Білім Академиясының академигі (2000), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003), Қазақ Білім академиясының академигі (2005), Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының академигі (2010), Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (2013).
## Өмірбаяны
### Шыққан тегі, отбасы
Байзақ Көпірбайұлы Момынбаев 1946 жылғы 1 тамызда Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы Бірлестік колхозы (қазіргі Шиелі ауданы, Бірінші Май кеңшары) дүниеге келді. Байзақтың әкесі Момынбай елге, халыққа белгілі, сыйлы, беделді колхоз басқарған азамат болған (Байзақ дүниеге келгенде құжат толтыру барысында қателік кетіп, аты-жөні Момынбаев Байзақ Көпірбайұлы деп жазылған. Дұрысында Көпірбаев Байұзақ Момынбайұлы болуы тиіс).
Байұлы тайпасының Алтын руының Мәметек бөлімінен шыққан.
Байзақтың әкесі Момынбай Көпірбайұлы 1894 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген. Атасы Көпірбай егіншілікпен айналысып, қарапайым еңбегімен күн көрген дихан болған. Ата-анадан ерте айырылған Момынбай бала кезден еңбекке араласып, шаруашылық түрлерін жетік игере бастайды. Осылайша өзінің адал еңбегі мен жауапкершілігінің арқасында 1924-1931 жылдары алғашқы ауылдық Кеңестің төрағасы болып сайланған. 1932 жылы Қармақшы аудандық партия комитетінің екінші хатшысы болып сайланған оған сол заманғы кеңес үкіметінің құйтырқы саясатының кесірінен «байдың құйыршығы» деген жала жабылып, 12 жылға бостандығынан айырылған. Бірақ нағыз кедей шаруа-диханның баласы Момынбай кейін ақталып, Оңтүстік Қазақстан облысынан елге оралған екен. Бұл жөніндегі құжаттар облыстық әкімшіліктің мұрағатында сақтаулы.
1934 жылы Сырдария ауданы Калинин (қазіргі «Амангелді» ауылының бөлімшесі) атындағы колхозға төраға болып келеді.
«1937 жылы «Асау», «Бестөбе», «Ақкөл» серіктестіктері қосылып «Калинин артелі» болып ұйымдасқан. Ал келер жылы «Шолақ арық», «Зіңкетер», «Қазыбай», «Бестөбе», «Ақжар», «Ақкөл» артельдерінің іріленуіне байланысты «Ленин» атындағы колхоз құрылған. Момынбай Көпірбаев төрағасы болып тағайындалады. Осы кезеңде колхоздың экономикасы артып, әл-ауқаты жақсара түскен. Шаруашылықтың жұмыстары жүйеленіп, қуатты ауыл шаруашылығы техникалары келе бастады» деп жазды Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» қоғамдық-саяси газеті. Аталған газеттің 2016 жылғы 12 қарашадағы №88 (8496) санында жарияланған «Әлеуеті артқан Аманкелді» мақаласынан алынған бұл үзінді Момынбайдың ұйымдастырушылық шеберлігін, елді топтастырудағы қажыр-қайратын дәлелдей түседі.
1944-1947 жылдар аралығында Сырдария ауданы «Бірлестік» колхозының төрағасы болып абыройлы қызмет атқарады. 1947 жылдың аяғында сол Калинин колхозына қайтып келіп, 1956 жылға дейін су мұрабы болып қызмет еткен.
Қызметтің қай саласында болсын, Момынбайдың халықтың игілігі үшін еңбек еткендігі, әсіресе су шаруашылығын дамыту бағытында келелі істер тындырғанын жергілікті халық жақсы біледі. "Қосапан" (қазіргі мемлекеттік Жетікөл каналы), "Тасарық", "Қожа-Арық" (қазіргі Тасбөгет қыстағынан көшкен "Бесарық" ауылының орны) тағы басқа каналдарды салуға тікелей үлес қосты. Арнайы білім алмаса да зеректігімен су маманына айналған, өз ісінің білгірі Момынбайдың көпке үлгі етер өнегесі мол.
Бір жылдары Сырдария өзені көктемде қатты тасып, елге қауіп төнгенде Момынбайдың білгірлікпен айтқан ұтымды шешімі арқасында Қызылорда қаласы су астында қалудан аман қалғанын ел ұмытқан жоқ. Сол кезде ішінде Мәскеуден келген генаралы бар, Кеңес одағының талай мамандары қанша кеңес құрса да, апаттың алдын алудың амалын таппай тосылған. Момынбай «қазақтың қарабурасы» деген тәсіл ұсынып, Сырдарияның Бөрібай сағасын бөгеп, Қызылорданың халқын судың қатерінен аман алып қалған.
Қарабура әдісі дегеніміз - ұзын тал мен қамысты шише ұзыннан төсеп, ортасын шөппен, жыңғылмен, топырақпен толтырып, киізше орап тастау. Бір қарабураның салмағы бір тоннадан кем емес, ұзындығы ең кемі 10- болу керек. Қарабура суға түсіргенде ағынға қозғалмай, лаймен араласып су түбіне шөге бастайды. Сөйтіп бірінің үстіне бірін қоя берсе, біріне-бірі үйлесіп өзінше бөгет болады. Бұл әдісті Момынбай іс жүзінде әр топқа өзі көрсетіп, қалай істеуді үйретіп шығады. Осының нәтижесінде қанша күн байлауға көнбей жатқан Бөрібайдың арнасы жуасып, қалпына түседі.
Бар болғаны 4 кластық білімі ғана бар, жастайынан ел мен жердің сырын біліп өскен Момынбайдың бұл шешіміне бәрі таңдай қақты деседі. Момынбайдың осы баға жетпес еңбегі туған елінің тарапынан еленіп, «Тасбөгет» кентіндегі көшеге аты («Көпірбаев Момынбай» көшесі) берілген. Бойындағы даналық пен даналық, зеректік пен білгірлік, еңбекқорлық пен жауапкершілік туа бітті қанындағы тектілікпен сабақтаса ұштасып, саналы ғұмырын ел қажетіне арнаған Момынбайдың есімі мәңгіге тарихта қалды.
Осындай халқына абыройлы Момынбайдың ұлы Байзақтың дүниеге келуі де ерекше тылсым сырға толы екендігін ауылдастары мен замандастары айтып отырады.
Момынбай бірінші жары Моншақ қайтыс болғаннан кейін екінші рет Дәмегүлмен бас қосады. Олардың Әлиасқар деген тұңғыш ұлдары бір жастан асып қайтыс болады. Бұл, әрине, жастары кеп қалған ерлі-зайыптылар үшін үлкен соққы, бас көтермес қайғы еді. Содан олар қазақ халқының ежелгі әдет-ғұрпымен әулие-әмбие жағалап, күні-түні Алла тағалладан бір перзент сұраған екен. Осындай күндердің бірінде Момынбайдың көршісі, жан досы, замандасы, ауылдық кеңестің төрағасы Жанахмет түсінде олардың алда үш ұлды болатынын көргенін айтып, қатты қуантады. Бір қызығы, Жанахмет дүниеге келер ұлдардың аттарын: Өмірзақ, Жанұзақ, Байзақ деп қоюларын қалап, бата берген екен. Осылайша анасы Дәмегүлдің 42 жасында-Өмірзақ, 44 жасында-Жанұзақ, 50 жасында-Байзақ өмір есігін ашқан. Кенже ұлдары Байзақ өмірге келгенде әкесі Момынбай 52 жаста екен.
Бұл туралы «Біз бұл қиялға, аңызға, ертегіге бергісіз ерекше уақиғаның, жөні белек жайттың шындығын бірінші рет Жанахметтің баласы, Момынбайдың талай рет атын байлаған, қолына су құйып, қонағын жайлаған, қазір елге, халыққа белгілі, сексеннің сеңгіріне шыққан Орақбай ақсақалдан, уақиғаның бас кейіпкері Байзақтың өз ауыздарынан есіттік» деп жазды қоғам қайраткері Сейілбек Шаухаманов өзінің «Жүрген жері Мысыр шаһар еді» деген естелігінде («Академик» жинағы, 2014).
Байзақ текті тұқымнан шыққан. Руы - Он екі ата Байұлының Алтын Мәметек руы. Оның жетінші атасы - тарихта аты мәлім Сәлтеке би Мәметекұлы. ХІХ ғасырдың басындағы деректер бойынша, Сәлтеке бидің ұрпақтары Туған би мен Барқы батыр алтын руының бес мың шаңырағын басқарып, Троицк мен Бұқара арасында сауда жүргізген. Барқы есімі алтын руына ұран болған. Барқының баласы Науша батыр болса, Наушадан тарайтын Байназар би Сыр елінде «шешендіктің дүлдүлі» атанған, еліне аты мәшһүр, айтулы би болған.
Байназардан - Тобжан, Көпірбай, Көпешбай туған. Байназардың үлкен ұлы Тобжан да Сыр елінің үш жүздің айтулы биі болған, оның аты «Қазақ энциклопедиясына» енгізілген. Сыр елінің атақты ақын, жыршылары - Тұрмағамбет Ізтілеуов, Сейтжан ақын, Шораяқтың Омары т.б. көптеген айтулы ақын-жыршылардың жырларында алтын Тобжан би есімі көп кездеседі. Көпірбай (Байзақтың атасы) - Тобжан бидің туған інісі. Көпірбай ата да тегіне тартқан әділ, ақылды, өткір тілді болған екен. Көпірбайдың тағы бір қасиеті, мал-жанды, әсіресе жылқыны сыртынан сынап, танитын көрегендік қасиеті болған және сол айтқаны дәл келіп отырған.
Міне сол Көпірбайдан - Момынбай, Момынжан туады. Момынбайдан - Зүбайра (Боша), Қанымкүл, Ханбибі (Тай) деген қыздар, Өмірзақ, Жанұзақ, Байзақ деген ұлдар туған.
Байзақтың әкесі Момынбай 1970 жылы, ал анасы Дәмегүл 1976 жылы өмірден өтті.
Балалық шағы
Байзақ баланың кенжесі болғандықтан, әке-шешесіне еркелеп өседі. Жас кезінен өте алғыр болып, мектепті үздік оқиды. Алғаш №3 ауылдағы жеті жылдық мектепте 3 сыныпқа дейін білім алған.
Бірінші сыныптың қысқы демалысынан кейін сабаққа келгенде оның оқуға зеректігіне таңқалған мұғалімдерінің бірі «Момынбайдың баласына 5-тен басқа баға жоқ, 6-10 деген бағалар болса да соған лайық» деп мақтаса керек. Қазақ халқындағы «тіл-көз» деген нәрсе ме, әлде шынымен оқыс оқиға ма, әйтеуір сол күні Байзақ аяғы тайып құлап, жамбас, ортан жілігі сынып кетеді. Әпкелері Қанымкүл мен Ханбибі (Тай) 10-15 шақырым жердегі көрші ауылға жаяулатып, сынықшы әкеліпті. Байзақ содан үш ай сабаққа қатыса алмайды. Бірақ сол ынтасының, ізденімпаздығының арқасында қатарынан қалмай, тоқсанды беске аяқтаған екен.
Кейіннен Байзақ әкесінің қызметіне орай қазіргі Махамбетов ауылына ауысқан. 1957-1959 жылдары Қызылорда қаласындағы №143 мектепте оқыған. 1964 жылы осы қаладағы Ғани Мұратбаев атындағы №171 орта мектепті аяқтады.
Байзақ мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқан үздік оқушы ретінде және сыныптастары арасында көпшіл, ақжарқын, аңқылдаған мінезімен ерекше есте қалды.
Білімі
Мектепті жақсы аяқтаған Байзақ арман қуып, Алматыға аттанады. Сол арман оны 1964 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтының механика факультетіне алып келеді.Бұл оқу орны - Алматы қаласындағы инженер-механик мамандығымен қатар ауыл шаруашылығына қажетті кәсіби мамандарды дайындайтын іргелі оқу орны болатын. Байзақ аталған оқу орнын 1969 жылы ауылшаруашылық жұмыстарын механикаландыру мамандығы бойынша бітіріп, инженер-механик біліктілігін алады. Оның көп адамның, әсіресе қазақ жастарының тісі бата бермейтін инженер мамандығын таңдауына аталас ағасы Бәйімбетов Өмірбектің септігі тиеді. Ол кісі де Қызылордадан келіп, осы факультетке оқуға түскен. Өмірбек әрбір демалысында өзінің тетелес інілеріне осы факультеттегі оқу үрдісі туралы қызықтыра әңгімелеп отыратын.
Қазақ халқында «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» деген тамаша тағылымды сөз бар. Байзақ Көпірбайұлы Момынбаев институтта оқыған жылдары бойындағы табиғи тазалық пен ерен еңбекқорлықтың, терең ақыл мен кісілік келбеттің арқасында курстастары арасында зор беделге ие болды. Сол кездегі елге танымал И.В.Сахаров, М.Р.Алшынбаев, И.Қ.Қыпшақбаев, А.Е.Ержанов сынды ұлағатты ұстаздардан білім алды.
## Қызмет жолы
Оқуды үздік аяқтаған Байзақ Көпірбайұлы Момынбаев жолдамамен 1969 жылы сол кездегі ауыл шаруашылығы ғылымының ордасы болып табылатын Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының машина-трактор паркін пайдалану зертханасының инженері қызметіне орналасады. 1970-1973 жылдары білім-ғылымға деген зор ынтасы мен еңбекқорлығы арқасында өзі білім алған Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтына оралып, тракторлар мен автомобильдер кафедрасында ассистент болып қызмет атқарады.
Ғылыммен етене айналысуды мұрат еткен ол 1973-1976 жж. Қазақ ауылшаруашылығын механикаландыру және электрлендіру Ғылыми-зерттеу институтының аспиранты болып, ізденіс жолына түседі.Жас ғалымның алғырлығына сол кездегі үлкен буын ғалым-ағалар назар аударады. Көп ұзамай (1976-1981жж.) Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтының «Тракторлар мен автомобильдер» кафедрасына қызметке шақырылып, оқытушылықпен (инструктор, ассистент) етене айналысты. Осында Еңбек сіңірген өнертапқыш, доцент Г.Д.Бернштейн, ұлағатты ұстаздар М.Алшынбаев, И.Қыпшақбаев, Қ.Жамбаев сынды елге есімдері белгілі ғалым-оқытушылардың тәлім-тәрбиесін көрді, ұстаздық қызметтің қыр-сырын меңгерді. Ол ұстаздық қызметпен ғылыми ізденісті қатар алып жүріп, 1981 жылы Ленинград ауылшаруашылық институтында академик И.Қ.Қыпшақбаевтың жетекшілігімен тракторлар динамикасы бойынша диссертациясын сәтті қорғайды, техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. Әрине, бұл үлкен жетістік болатын. Себебі елден жырақ жерде, орыс тілінде, оның ішінде техника саласынан кандидаттық қорғау екінің бірінің қолынан келмейтін биік белес болатын.
1982 жылы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтының тракторлар және автомобильдер кафедрасының доценті қызметін атқарды, 1984 жылы Жоғары аттестациялық комиссияның шешімімен доцент ғылыми атағы берілді.
1984-1990 жж. Қазақ ауылшаруашылық институтында «Инженерлік пәндерді оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының негізін қалап, меңгерушісі қызметін атқарды. 1990 жылдан бұл кафедра «Инженерлік педагогика» кафедрасы деп аталды. Кафедраны басқара жүріп,Кеңестер Одағының Батыры, аты аңызға айналған партизан, белгілі ғалым С.Я.Батышевтің жетекшілігімен 1991 жылы Свердловск инженерлік-педагогикалық институтында (Ресей) КСРО-да тұңғыш рет инженерлік педагогика саласы бойынша диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін иеленді.
1993 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Жоғары аттестациялық комиссияның шешімімен педагогика мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
1993-1996 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Жоғары аттестациялық комиссиясының педагогика және психология саласы бойынша сараптау кеңесі төрағасының орынбасары, төрағасы болды.
1996-1998 жж. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің инженерлік педагогика кафедрасының меңгерушісі болды.
Қазақ аграрлық ғылым-білімінің қара шаңырағы - қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университетінде жоғары педагогикалық, ғылыми ізденушілік және ұйымдастырушылық қабілетін шыңдаған Байзақ Көпірбайұлы Момынбаев еліміздің ірі білім мен ғылым орталықтарында басшылық қызметтерді жемісті атқара білді.
1998-1999 жылдар аралығында Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім проблемалары институтында директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, хатшы-академигі, директордың міндетін атқарушы қызметтерінде болды.
1999-2001 жж. - Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы Кәсіптік білім институтының директоры, Қазақ білім академиясының вице-президенті, президенті міндетін атқарушы, педагогика ғылымдары бойынша докторлық диссертациялық Кеңестің төрағасы.
2000 жылы Ресей білім академиясының академигі болып сайланды.
2001-2002 жылдар аралығында Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің қолданбалы механика және инженерлік педагогика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
2002-2005 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ғылыми кадрлар басқармасының бастығы қызметін абыроймен атқарды.
2003-2005 жж. Ғылым мен техниканы дамытуға зор үлесін қосқан ғалымдарға арналған Мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері болды.
2005ж. Қазақ білім академиясының академигі болып сайланды.
2005-2007 жылдар аралығында Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының вице-президенті қызметін атқарды.
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясында, Ұлттық Ғылым академиясында жауапты қызметтерде жүріп кәсіптік білім реформасына үлкен көңіл бөлді. Кәсіптік педагогиканың іргелі проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу бағдарламаларымен де жүйелі айналысты.
2006-2007 жж. Қазақ Ұлттық аграрлық университеті кәсіптік педагогика кафедрасының профессоры болып қызмет етті, шәкірттер дайындады. Ұзақ жылдарғы жемісті ұстаздық қызметінің нәтижесінде 2007 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды.
2007-2011 жылдар аралығында өзі туып-өскен Сыр еліндегі жетекші жоғары оқу орны - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры қызметін атқарды.
Қорқыт ата университетіндегі басшылық қызметте білім беру сапасын арттырумен қатар шетелдік байланыстарды күшейтуге тікелей ықпал етті. Канадалық Оңтүстік Альберт технологиялық институтымен біріккен ғылыми жобалар орындау іске асырылды. Сонымен бірге Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Ресей сынды мемлекеттердің жетекші оқу орындары және ғылыми орталықтарымен байланыс орнатылып, жас ғалымдардың тәжірибе алмасуына мүмкіндіктер жасалынды. Ол әсіресе мамандарды кәсіби дайындауға, олардың жан-жақты тұлғалық дамуына, ұлттық рухани құндылықтарды қалыптастыру мәселелеріне де баса назар аударды. Бейжіңде өткен ХХІХ Жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан 131 қазақстандықтың 11-і аталған университеттің студенттері болуы да оның спортқа деген үлкен жанашырлығын көрсетеді. Ол қазақстандық зілтемірші, Олимпиада ойындарының екі дүркін, әлемнің төрт дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Илья Ильиннің кәсіби спортшы болып қалыптасуына үлкен ықпал етті. Ол басқарған жылдары университеттің «Сейхұн-КАМ-ҚМУ» қыздар гандбол командасының 9 мүшесі гандболдан республика құрамасының сапында болды.
Байзақ Көпірбайұлы Момынбаев сонымен бірге Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Дидар» фольклорық-этнографиялық ансамбліне жан-жақты қолдау көрсетті. Соның нәтижесінде ансамбль көптеген республикалық, халықаралық конкурстар мен фестивальдерге қатысып, жүлдегер атанды.
Б. Момынбаев 2010жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі, 2013 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылыми Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.
## Ғылыми қызметі: Қазақстандағы инженерлік-педагогикалық білімнің негізін қалаушы
### Байзақ Көпірбайұлы Момынбаев - КСРО-дағы инженерлік педагогика саласындағы тұңғыш доктор
Байзақ Көпірбайұлы Момынбаев еліміздегі инженерлік-педагогикалық білімінің негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Ол өз қызметіне деген зор ынтасы мен ғылымдағы іргелі жетістіктерінің негізінде 1984 жылы Еңбек Қызыл Ту Орденді Қазақ ауылшаруашылық институтында алғаш «Инженерлік пәндерді оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» (1990 жылдан кейін «Инженерлік педагогика» деп аталды) кафедрасын ұйымдастырып, оны он бес жылдан астам уақыт абыроймен басқарды. Осы кезеңде еліміздегі инженерлік-педагогикалық білімнің негізін қалау бағытында қыруар жұмыстар атқарды. Оның басшылығымен кафедрада оқу жоспарына сай өзекті пәндер (инженерлік психология, техникалық пәндерді оқытудың дербес әдістемелері, өндірістік оқытудың әдістемесі) енгізіліп оқытыла бастады. Педагогика кафедрасының материалдық-техникалық базасының қалыптасуына, құрамының сандық және сапалық жағынан өсуіне, оқу-тәрбие жұмысының жетілдірілуіне, жаңа бағытта ғылыми ізденістердің өркендеуіне үлкен еңбек сіңірді. «Профессор Байзақ Көпірбайұлы еліміздегі инженерлік-педагогикалық білімінің негізін қалаушылардың бірі болып табылады. 1984 жылы елімізде алғашқылардың қатарында кәсіптік педагогика кафедрасын құрды. Ол өзінің еңбектерінде жұмысшы мамандықтарын даярлауда сапалық тұрғыдан жақсартуға айрықша көңіл бөлді. Әсіресе, ауыл шаруашылығы өндірісіндегі жұмысшы мамандықтарға жеке қарастырды. Келешек маманға ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін меңгерумен қатар жан-жақты білімді болуды, жоғары шеберліктің мәні зор екендігін көрсетті. Кәсіби білім беруде басты тұлға ретінде оқытушылығын көрсетті» деп жазды Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик Т.И.Есполов («Академик» кітабы, 2014 жыл).
1991 жылы институт қабырғасында КСРО-да инженерлік- педагогикалық білім беру саласын дамытуға арналған Бүкілодақтық ғылыми педагогикалық конференцияның жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болды. Көп ұзамай осы жылы (1991 ж.) Свердловск инженерлік-педагогикалық институтында тек Қазақстанда ғана емес, ТМД елдері аумағында тұңғыш рет инженерлік педагогика саласы бойынша «Ауыл шаруашылық жоғарғы оқу орындарында инженер-педагогті кәсіби даярлаудың теориялық негіздері» тақырыбында диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін иеленді.
Б.Момынбаевтың инженерлік-педагогикалық білім саласындағы зор еңбегін қысқаша былай жүйелеуге болады:
· алғаш рет ТМД ғалымдарының арасында инженер-педагог маманының моделін академик А.П. Сейтешевпен бірлесе отырып әзірледі;
· тұңғыш қазақ тілінде «Кәсіптік техникалық пәндер» атты оқулық жазды;
· кәсіптік мектептерде, колледждер мен ЖОО-да техникалық пәндерді оқытудың жалпы әдістемесінің іс жүзіндегі бағдарламасын ұсынды;
· Қазақстан Республикасы педагогикалық жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының оқу жоспарларын әзірледі;
· тәуелсіздік жылдары елдегі кәсіптік білім беруді дамытудың Тұжырымдамасын әзірлеуде зор еңбек сіңірді;
· кәсіптік-техникалық мектептер үшін жаңа негіздік оқу бағдарламаларын және кәсіптік білім беру мемлекеттік стандарттарын әзірлеуге атсалысты;
· жоғары оқу орындары үшін инженерлік-педагогикалық мамандар даярлау бойынша және кәсіби-техникалық мектептер үшін техникалық пәндерді оқыту жоспарлары мен бағдарламаларын жасауға жетекшілік етті;
· студенттер арасында тәрбие жұмысын жүргізу әдістемесі, тәлімгердің орны, жоғары оқу орындарында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ұтымды тәсілдері туралы нұсқаулар дайындады;
· орта кәсіптік - техникалық мектептердегі инженер педагогтардың кәсіптік-әдістемелік даярлықтарын арттыруда олардың мамандыққа деген көзқарастарын, педагогикалық дағдылары мен шеберліктерін жетілдіру, теориялық және әдістемелік білімдерін арттыру басты мәселелер екендігін дәлелдеді;
· жеке пәндерді оқыту әдістемесінде жаңаша оқу әдістерін сабақ үрдісінде кең пайдалануды енгізе білді.
Оның кәсіптік педагогика саласындағы жетістіктері әлемнің дамыған елдердің ғылыми орталықтарында жоғары бағаларға ие болды, ғылымдағы ірі жетістіктер қатарынан танылды. Байзақ Көпірбайұлы Момынбаев Қытай, Франция, Германия және тағы да басқа дамыған елдердің университеттерімен бірігіп орындалған көптеген ғылыми жобаларға жетекшілік етті.
### Негізгі ғылыми еңбектері
Байзақ Көпірбайұлы Момынбаев ғылыми-педагогикалық және техникалық әдебиеттер жүйесінде мектеп – кәсіптік-техникалық мектеп – колледж – ЖОО арасындағы сабақтастықты айқындайтын қазақ және орыс тілдерінде 24 оқулық пен 5 оқу-әдістемелік құрал жазып, педагогикалық ғылымға елеулі үлес қосты. Осы проблемалар бойынша 217-ден астам ғылыми еңбек жариялап, 60-тан астам баяндама жасады (оның 19-ы Франция, Германия, Венгрия, Қытай, Польша, Чехия, Оңтүстік Корея және т.б. елдерде өткен халықаралық конференциялар мен симпозиумдарда оқылды).
Қазақстанның жоғары оқу орындарында дайындалатын инженерлік-педагогтық мамандықтардың оқу жоспарлары, сондай-ақ кәсіптік-техникалық мектептер мен колледждердегі техникалық пәндерді оқытудың жалпы әдістемелік бағдарламасы да Байзақ Көпірбайұлы Момынбаевтың тікелей басшылығымен дайындалған.
Б.К.Момынбаевтың ғылыми қызығушылық өрісі өте ауқымды: педагогикадағы аксиологиялық ұстанымды әзірлеу, жеке тұлғаны дамытуды моделдеудің педагогикалық технологиясын дамыту, кәсіптік білім педагогикасы, қашықтықтан оқыту және электронды оқулық жасау тұжырымдамасын әзірлеу; технологияны мектепте оқыту әдістемесі және т.б.
Байзақ Момынбаев 2007 жылы Ресей білім академиясыының ғалымдарымен бірге «Кәсіптік-педагогикалық білімнің теориясы мен практикасы» (Екатеринбург, 607 б.) атты 2 томдық ұжымдық монография жазды.
Оның жалпы және кәсіби психология негіздері, мектеп оқушыларын кәсіби-еңбекке баулитын инженер-педагогты кәсіби дайындаудың ұйымдастыру-педагогикалық негіздері, болашақ маманның тұлғасын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық және дидактикалық негіздері; олардың кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру технологиясы; әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша іргелі ғылыми еңбектері қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие.
Б.К.Момынбаев білгір педагог-ғалым ретінде кәсіби білім беру жүйесін жаһандық өзгерістер жағдайына бейімдеу және жаңа қоғамда өскелең ұрпақ бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың тұжырымдамалық негіздері; тұлғаны жан-жақты қалыптастыру; қазақ халқының салт-дәстүрлері, халықтық педагогика тәсілдерін ұтымды пайдалану мәселелерін зерттеуге де үлкен мән беріп, ғылыми жұмыстар қалдырды.
Басты еңбектері:
1. Момынбаев Б.К., Джамбаев К.А. Методические указания по испытанию топливного насоса. – Алма-Ата: КазСХИ, 1983 – 24 с.
2. Сейтешев А., Момынбаев Б.К., Гиззатова Л.Г. Научно-методические основы подготовки инженеров-педагогов СПТУ. – Алма-Ата, 1988. – 96 с.
3. Момынбаев Б.К. Совершенствование производственного обучения учащихся в учебных хозяйствах ПТУ – Алматы, 1989. – 16 с.
4. Момынбаев Б.К. Методические указания к выполнению лабораторных работ по курсу «Технические средства обучения» для студентов инженерно-педагогического факультета. – Алма-Ата: КазСХИ, 1989. – 67 с.
5. Момынбаев Б.К. Методические указания по педагогической практике для студентов 4 курса специальности 03.01.11 – Профессиональное обучение и технические дисциплины АПК. – Алма-Ата: КазСХИ, 1989. – 40 с.
6. Момынбаев Б.К. Особенности организации и защиты дипломных проектов по специальности 1516 «Сельское хозяйство». //Методические разработки по совершенствованию заочного обучения. – Алма-Ата: КазСХИ, 1989. – С. 57-58.
7. Момынбаев Б.К. Применение опорных конспектов по предмету «Тракторы и автомобили». – Алма-Ата, 1989. – 16 с.
8. Момынбаев Б.К. Рабочая программа по спецкурсу «Методика производственного обучения». – Алма-Ата: КазСХИ, 1989. – 9 с.
9. Момынбаев Б.К. Совершенствование производственного обучения учащихся в учебных хозяйствах ПТУ. – Алма-Ата, 1989. – 16 с.
10. Момынбаев Б.К., Джамбаев К.А., Достанов М.Х. Спутник тракториста. – Алма-Ата: Қайнар, 1989. – 288 с.
11. Момынбаев Б.К. Экспериментальный учебный план и программа для подготовки тракториста – машиниста широкого профиля в опорных профтехучилищах. – Алма-Ата: Госагропром КазССР, 1989. – 17 с. (в соавторстве).
12. Момынбаев Б.К., Абдыкаримов Б.А., Юстус В.Е., Рожихин Н.Ф. и др. Экспериментальный учебный план подготовки квалифицированных рабочих в СПТУ. – Алма-Ата, 1989. – 8 с.
13. Момынбаев Б.К., Устемиров К.У. Методические указания по лабораторному курсу по предмету ТСО. – Алма-Ата, 1989. – 56 с.
14. Момынбаев Б.К. Методические указания по педпрактике. – Алма-Ата, 1989. – 32 с.
15. Момынбаев Б.К. Рабочая программа по спецкурсу «Методика производственного обучения». – Алма-Ата: КазСХИ, 1989. – 9 с.
16. Момынбаев Б.К., Устемиров К.У. Методика преподавания предмета «Тракторы и автомобили». – Алма-Ата: Рауан, 1989. – 187 с.
17. Момынбаев Б.К., Устемиров К.У., Токарев А.В. Дидактические материалы по изучению предмета. Учебное пособие. – Алма-Ата, 1990. – 80 с.
18. Момынбаев Б.К. Тракторлар мен автомобильдер пәнін оқыту методикасы: Оқу құралы. – Алматы, 1990. – 80 б.
19. Моминбаев Б.К. Методика преподавания технических сельскохозяйственных дисциплин. Учебное пособие, утвержденное Госагропромом СССР для студентов по спец. 03.01.11 – «Профессиональное обучение и технические дисциплины– Алма-Ата:КазСХИ, 1990. – 115 с. 20. Момынбаев Б.К. Методические рекомендации по дипломному проектированию для студентов по специальности 03.01.11. – Профессиональное обучение и технические дисциплины АПК. – Алма-Ата: КазСХИ, 1990. – 28 с.
21. Моминбаев Б.К., Тажибаев С.Д., Дорожкин Н.Н., Дьяченко В.А., Лаврентьев Л.В. Надежность сельскохозяйственной техники. Учебное пособие. Допущено Управлением высшего и среднего спец. образования Государственного агропромышленного комитета СССР в качестве учебн. пособия для студентов высших уч. завед. по спец. «Профессиональное обучение и технические дисциплины» и «Механизация сельского хозяйства». – Алма-Ата: Кайнар, 1990. – 280 с.
22. Момынбаев Б.К., Устемиров К.У. Опорные конспекты по предмету «Тракторы и автомобили»: Учебное пособие. – Алма-Ата, 1990. – 64 с.
23. Момынбаев Б.К., Устемиров К.У. Разработка обучающих программ для работы с ЭВМ в учебном процессе СПТУ. Методические указания для преподавателей СПТУ. – Алма-Ата: КазСХИ, 1990. – 17 с.
24. Момынбаев Б.К., Өстеміров К. Тракторлар мен автомобильдер пәнін оқыту методикасы. Кәсіптік-техникалық училище мұғалімдеріне арналған оқу құралы. – Алматы: Рауан, 1990. – 144 б.
25. Момынбаев Б.К. Учебное хозяйство – ПТУ хозрасчет. – Алма-Ата, 1990. – 16 с.
26. Момынбаев Б.К., Абдыкаримов Б.А., Рахымжанова Н.И. и др. Концепция профессионально-технической школы Казахстана. – Алма-Ата, 1991. – 29 с.
27. Момынбаев Б.К., Устемиров К.У. Учебный план для подготовки квалифицированных рабочих в ПТУ. – Алматы, 1992. – 16 с.
28. Момынбаев Б.К. Учебный план для подготовки рабочих ПТУ по профессии мастер с-х производства. – Алматы, 1992. – 16 с.
29. Момынбаев Б.К., Рахимжанов Н.И. Интеграция содержания общеобразовательных и специальных предметов в учебных заведениях профтехобразования Республики Казахстан. Научный сборник. – Алматы, 1992. – 16 с.
30. Момынбаев Б.К., Егоров В.В. Совершенствование подготовки инженерно-педагогических кадров профобразования Казахстана. – Алматы: Казахстан, 1992. – 112 с.
31. Момынбаев Б.К. О совершенствовании дидактической подготовки студентов ИПФ. – Алматы, 1993. – 48 с.
32. Момынбаев Б.К. Кәсіптік техникалық пәндер. – Алматы, 1993. – 128 б.
33. Момынбаев Б.К. Қолданбалы халық өнерінің оқу-тәрбие ісіндегі көрінісі мен маңызы. – Алматы, 1993.
34. Моминбаев Б.К. Совершенствование подготовки инженерно-педагогических кадров профтехобразования Казахстана. Учебник для студентов, научных и практических работников профтехобразвания. – Алматы: Республиканский издательский кабинет, 1993. – 288 с.35. Момынбаев Б.К. Программа предмета «Технология» (5-9 класс). – Алматы, 1993. – 48 с.
36. Момынбаев Б.К., Өстеміров К. Техникалық оқыту құралдары пәнінен лабораториялық сабақтарды өткізудің әдістемелері. – Алматы, 1993. – 40 б.
37. Момынбаев Б.К., Өстеміров К. Техникалық оқыту құралдары пәнінен лабораториялық-практикалық сабақты өткізудің әдістемелері. – Алматы. 1993. – 8 б.
38. Момынбаев Б.К., Инкарбеков А.Б. Дипломдық жобалау пәнінен лабораториялық-практикалық сабақты өткізудің әдістемелері. – Алматы, 1994. – 8 б.
39. Момынбаев Б., Ұзақбаева С. Қазақ халық педагогикасының шетелдерде дамуы. Әдістемелік құрал. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1994. – 36 б.
40. Момынбаев Б.К. Методическое указание по дипломному проектированию. – Алматы, 1994. – 8 с.
41. Момынбаев Б.К. Орта және кәсіптік мектеп оқушыларына арналған лабораториялық -практикалық сабақтар. – Алматы, 1994. – 64 б.
42. Момынбаев Б.К., Өстеміров К. Орта және кәсіптік мектеп оқушыларына арналған лабораториялық-практикалық жұмыстар. Ауыл мектептері үшін орта және кәсіптік мектеп оқушыларына арналған оқулық.–Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1994. – 215 б.43. Момынбаев Б.К., Құралов А., Өстеміров К. Орта мектеп оқушыларына арналған лабораториялық жұмыстар. Оқу құралы. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1994. – 124 б.
44. Момынбаев Б.К., Өстеміров К. Техникалық оқыту құралдары. – Алматы, 1994. – 8 б.
45. Момынбаев Б.К., Сейтешев А.П. Основы общей и профессиональной психологии: Типовая программа. – Алматы, 1995. – 8 с.
46. Момынбаев Б.К., Егоров В.В. Организационно-педагогические основы подготовки инженера-педагога профессионально-трудового обучения учащихся. – Алматы, 1995. – 32 с.
47. Момынбаев Б.К., Сейтешев А.П. Основы общей и профессиональной психологии: Типовая программа. – Алматы, 1995. – 8 с.
48. Момынбаев Б.К., Каненова К.Г. Организация социальной работы для молодежи. – Алматы, 1996. – 3 с.
49. Момынбаев Б.К., Устемиров К.У. Дидактические основы технического средства обучения: Типовая программа. – Алматы, 1996. – 8 с.
50. Момынбаев Б.К., Кунгуров А.Р. Дидактические преподавания общетехнических, специальных дисциплин и производственного обучения: Типовая программа. – Алматы, 1996. – 8 с.
51. Момынбаев Б.К., Абдраманов Ш. Жоғары техникалық оқу орындағы аға курс студенттеріне кәсіби-техникалық бағыттылықты қалыптастырудың педагогикалық негізі. – Алматы, 1996. – 32 б.
52. Момынбаев Б.К., Курбаналиев Б.Б. Методика воспитательной работы: Типовая программа. – Алматы, 1996. – 8 с.
53. Момынбаев Б.К. Техникалық оқыту құралдары пәнінен лабораториялық-практикалық сабақты өткізудің әдістемелері. – Алматы, 1996. – 32 б.
54. Момынбаев Б.К., Абдраманов Ш. Тау-кен техникалық пәндердің әдістемелік негізі және оны жасаудағы терминологиялық атаулар функциясы. – Алматы, 1996. – 48 б.
55. Момынбаев Б.К. Учебный план для подготовки квалифицированных рабочих в профтехучилище. – Алматы, 1996.- 16с.
56. Момынбаев Б.К. Учебный план и программы переподготовки водителей на право управления транспортным средством категории Е. – Талгар, 1997. – 32 с.
57. Момынбаев Б.К. Учебный план и программы переподготовки водителей на право управления транспортным средством категории Д.– Талгар, 1997. – 32 с.
58. Момынбаев Б.К. Учебный план и программы переподготовки водителей на право управления транспортным средством категории В и С.– Талгар, 1997. – 48 с.
59. Момынбаев Б.К. Учебный план и программы подготовки водителей индивидуальных транспортных средств категории В. – Талгар, 1997. – 32 с.
60. Момынбаев Б.К. Государственные стандарты среднего образования РК – Алматы, 1998. – 432 с.
61. Момынбаев Б.К., Өстеміров К. Машиналарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі. Кәсіптік-техникалық мектеп оқушыларына арналған оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1998. – 214 б.
62. Момынбаев Б.К. Методические указание к выполнению лабораторных работ по курсу «Технические средства обучения» для студентов инженерно-педагогического факультета. – Алматы, 1998. – 64 с.
63. Момынбаев Б.К. Разработка обучающих программ для работы с ЭВМ в учебном процессе СПТУ. – Алматы, 1998. – 16 с.
64. Момынбаев Б.К. Автомеханик. – Алматы, 1999.
65. Момынбаев Б.К. Коммерческая деятельность. – Алматы, 1999.
66. Момынбаев Б.К. Контролер сберегательного банка. – Алматы, 1999.
67. Момынбаев Б.К. Мастер животноводства широкого профиля. – Алматы, 1999.
68. Момынбаев Б.К. Мастер по техническому обслуживанию и ремонту МТП. – Алматы, 1999.
69. Момынбаев Б.К. Мастер растениеводства. – Алматы, 1999.
70. Момынбаев Б.К. Мастер сельскохозяйственного производства. – Алматы, 1999.
71. Момынбаев Б.К. Научно-методическое обеспечение профессиональных школ, профессиональных лицеев. Колледжи и экспериментальные площадки (опорное учебное заведение). – Алматы, 1999. – 6 с.
72. Момынбаев Б.К. Оператор на наборно-компьютерной технике. – Алматы, 1999.
73. Момынбаев Б.К. Печатник. – Алматы, 1999.
74. Момынбаев Б.К. Продавец, контролер, кассир. – Алматы, 1999.
75. Момынбаев Б.К. Секретарь – референт. – Алматы, 1999.
76. Момынбаев Б.К. Хозяйка усадьбы. – Алматы, 1999.
77. Момынбаев Б.К. Электромонтер. – Алматы, 1999.
78. Момынбаев Б.К. Оператор ЭВМ. – Алматы, 1999.
79. Момынбаев Б.К., Мүсілімов Ә. Орта және кәсіптік мектеп оқушыларына арналған лабораториялық-практикалық жұмыстар. Оқу құралы. –Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 2000. – 175 б.
80. Момынбаев Б.К. Психолого-педагогические и дидактические основы формирования личности будущего специалиста. – Алматы: Ғылым, 2000. – 272 с.
81. Момынбаев Б.К., Адамқұлов Н. т.б. Технология: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Рауан, 2000. – 200 б.
82. Момынбаев Б.К. Кәсіптік-техникалық пәндер. Жоғары оқу орындарының инженерлік-педагогикалық факультеттері студенттеріне арналған оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 2002. – 438 б.
83. Момынбаев Б.К., Жарменова Г.С. Технология формирования культуры профессионально-педагогического общения будущего специалиста. Учебно-методическое пособие. – Алматы: КазГЮУ, 2002. – 42 с.
84. Момынбаев Б.К. Адамқұлов Н., Құтпанбаев Ә. Технология: Умумий билим беридиған мәктәпләрниң 9-синиплириға беғишланған дәрислик. – Алмута: Мектеп, 2005. – 216 б.
85. Момынбаев Б.К., Адамкулов Н., Кутпанбаев А., Асанова С., Алмагамбетова Д. Технология: Учебник для 9 классов общеобразовательных школ. – Алматы: Мектеп, 2005. – 183 с.
86. Момынбаев Б.К. Кәсіптік педагогика. Жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтары студенттеріне арналған оқулық. – Алматы: Білім, 2006. – 552 б.
87. Момынбаев Б.К. Жас ұрпақты отбасылық өмірге дайындау: Ұлттық тәрбиеге арналған оқу құралы. – Алматы: Кітап, 2007. – 31 б.
88. Момынбаев Б.К., Алиев Б. Ауыл шаруашылығы техникалары. Тракторлар мен автомобильдер (құрылысы). Агроинженерлік мамандық алушы студенттерге арналған. – Алматы: «НАЗ-9», 2009. – Т.1. – 280 б.
89. Момынбаев Б.К., Алиев Б. Ауыл шаруашылығы техникалары. Тракторлар мен автомобильдер (теориясы) Агроинженерлік мамандық алушы студенттерге арналған. – Алматы: «НАЗ-9», 2009. – Т.2. – 288 б.
90. Момынбаев Б.К., Алиев Б. Ауыл шаруашылығы техникалары. Егін егетін және күтетін машиналар. Агроинженерлік мамандық алушы студенттерге арналған. – Алматы.: «НАЗ-9», 2009. – Т.3. – 288 б.
91. Момынбаев Б.К., Алиев Б. Ауыл шаруашылығы техникалары. Өнім жинайтын және өңдейтін техникалар. Агроинженерлік мамандық алушы студенттерге арналған. – Алматы: «НАЗ-9», 2009. – Т .4. – 304 б.
92. Момынбаев Б.К., Алиев Б. Мал шаруашылығының жабдықтары. Агроинженерлік мамандық алушы студенттерге арналған. – Алматы: «НАЗ-9», 2009. – Т.5. – 296 б.
Байзақ Көпірбайұлы Момынбаевтың инженерлік педагогика саласында артына қалдырған еңбектері ұшан-теңіз. Жаһандану үрдісінің үздіксіз, қарқынды дамуына байланысты мемлекет техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына, кәсіптік және техникалық мекемелерде оқытылатын кәсіптер мен мамандықтардың сапасына жаңа талаптар қойып отырған бүгінгі таңда көрнекті ғалымның ғылыми мұрасы, болашақ кәсіби құзыретті маман дайындау бағытында ұсынған тұжырымдамалары өте өзекті. Сондықтан Б.К.Момынбаевтың ғылыми еңбектерін зерделеп, бағасын беру – келешек ұрпақтың міндеті.
### Ғылым жолындағы шәкірттері
Б.Момынбаевтың ұзақ та жемісті ғылыми-педагогикалық қызметі нәтижесінде ғылым мен өндіріске қажет кадрлардың үлкен буыны даярланды. Олардың ішінде мемлекет және қоғам қайраткерлері – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Премьер-министрі, министрлер, әкімдер, генералдар, ЖОО ректорлары және т.б. елімізге белгілі тұлғалар (А.С. Есімов, С.А.Терещенко, А.М.Абдыров, А.Муслимов, И.Ильин және т.б.) көптеп саналады.
Оның жетекшілігімен жалпы саны 14 ғылым докторы, 40 ғылым кандидаты дайындалды. Олар қазір білімнің барлық саласында жемісті еңбек етіп келеді.
## Қоғамдық қызметі (басқа лауазымдары)
Б.Момынбаевтың қоғамдық қызметтері Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлерде де кеңінен танымал. Ол ғылым кандидаты мен докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Докторлық диссертациялық кеңестің төрағасы, ұзақ жыл бойы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, кейіннен Еуразия гуманитарлық институты жанындағы Докторлық диссертациялық Кеңестердің мүшесі, үш ғылыми журналдың редакциялық алқасы құрамында болды. ҚР Жоғары аттестациялық комиссиясының педагогика және психология саласы бойынша сараптамалық Кеңес төрағасының орынбасары (1993-1996жж.) болып қызмет етті.
Мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы ретінде бірнеше рет Мәскеу, Ленинград, Минск, Киев, Новосібір, Ташкент қалаларында болды.
Ол сондай-ақ 10 томдық «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясының тұрақты ғылыми кеңесшісі болды.
2007 ж. «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХІ съезінің делегаты.
2007 ж. «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Хабаршысы» журналының бас редакторы.
2007ж. «Оңтүстік Қазақстанның ғылымы мен білімі» республикалық ғылыми журналы редакция алқасының мүшесі.
2009ж. «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХІІ съезінің делегаты.
2009ж. Корея Республикасындағы Каннам университетінің құрметті докторы болып сайланды.
2009ж. Қызылорда облысы Сырдария ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді.
2009ж. Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді.
2009ж. Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.
2011ж – «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХІІІ съезінің делегаты.
## Қоғамдық-саяси және әлеуметтік тақырыптағы мақалалары
Көрнекті ғалым Б.К.Момынбаев ғылыммен терең айналысумен қатар қоғамдық-саяси және әлеуметтік маңызды мәселелерге үн қосып, бұқаралық ақпарат беттерінде мақалалар жариялап отырды. Бұл мақалалары әлі күнге дейін көзі қарақты оқырман көңілінен шығып, қажетіне жарап келеді.
БАҚ-та жарияланған мақалалары:
· Кәсіптік білім және уақыт талабы. «Егемен Қазақстан» газеті, 10.03.2005ж.
· Қазақы қалып. «Егемен Қазақстан» газеті, 24.01.2009ж.
· Камқорлыққа жақсы үлгеріммен жауап береміз. «Сыр бойы» газеті, 07.03.2009ж.
· Будущее за профессионалами. Газета «Кызылординские вести», 15.04.2009г.
· День начинается с газеты. Газета «Кызылординские вести», 09.06.2009г.
· Абыз жүректің шуағы. «Сыр бойы» газеті, 02.02.2010ж.
· Ақиқаттың алдаспаны. «Халық» газеті, 10.06.2010ж.
· Озық білім, озат ғылым-келешек кепілі. «Егемен Қазақстан» газеті, 23.06.2010ж.
· Казақстан ЕҚЫҰ мәртебесін жаңа деңгейге көтерді. «Сыр бойы» газеті, 03.11.2010ж.
· Казахстан вывел статус. Газета «Кызылординские вести», 30.10.2010г.
· Елбасымен-ертеңге. «Егемен Қазақстан» газеті, 01.02.2011ж.
· Индивидуальность учителя с позиций понятий «индивид», «личность», «субъект». Вестник КГУ им.Коркыт Ата, 2012г., №1 және тағы басқа мақалалары бар.
## Он екі қасиет-ғалымның жастарға өсиеті
Өзінің саналы ғұмырын білім саласына арнаған Байзақ Көпірбайұлы Момынбаев өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, адами асыл қасиеттердің тұлғаны дамытудағы орнына ерекше көңіл бөлді. Бұл тегін емес. Себебі жеке тұлға бойындағы үйлесімділікті қалыптастыратын адамдық жоғары қасиеттердің барлығы Байзақ Көпірбайұлының бойынан табылатын. Сондықтан болар, ұлағатты ұстаз осы қасиеттерді шәкірттерінен іздейтін, олардың рухани болмысын қалыптастыруға ұмтылатын, өз бойында жауапкершілік, еңбексүйгіштік, дербестілік, білімділік, отансүйгіштік, кәсібилік, жақсылық, әдептілік, мәдениет пен ізгілік, салауаттылық, белсенділік, қайырымдылықты жетілдіре білген жас маманның адамзат өркениетіндегі алар орны өзгеше болатындығын үнемі айтып отыратын.
Асыл қасиеттерді өз өміріне бағдар еткен Байзақ Көпірбайұлы әрқашан айналасына үлгі бола білді, замандастары мен әріптестері, шәкірттері мен балаларына рухани жағынан толысқан адамның қандай болатынын өнеге етті, осы жолда еселі еңбек етті, ғылыми жұмыстар қалдырды.
Б.Момынбаевтың жастарға өсиет еткен он екі қасиет туралы белгілі журналист Шермат Әшірбаевтың «Он екі қасиет - жастарға өсиет» мақаласынан үзінді ұсынып отырмыз («Академик» кітабы, 2014ж.)
1.Жауапкершілік
Жауапкершілік – адам болмысындағы аса маңызды қасиеттерінің бірі. Жауапкершілік – тұрақтылықтың, сенімділіктің, әділдіктің көрінісі, ол осы категорияларды бір-бірімен байланыстырады, жүйелендіреді, тұтастандырады. Осы себептен жауапкершілік жоғарылаған сайын жеке адамның да, жалпы қоғамның да сапалық көрсеткішері арта береді...
Жалпы, жауапкершілік - әр адамның мәдениетінің, дүниетанымының нәтижесі. Ол деген көру мен білумен, салыстырумен, тәжірибелердің сынағынан өтумен қалыптасады. Адам баласының дүниетаным өрісінің кеңіп, түсініктерінің ұлғая түсуі, оны жауапкершілік сезімін жоғарылатады. Яғни жауапкершілігі жоғары жанның пайым түсінігі де терең. Бұл жерде біз білімділік дегенде жеке-дара саланың білімін айтып тұрған жоқпыз. Білімділік – ол жан-жақтылық. Ең алдымен ол адамдық болмыс туралы, адамгершілік, сыпайылық, құрметтестік, жомарттық туралы білім болмағы керек. Осындай білімдер салалық, кәсіптік білімдермен толығып жатса, ол адамның тұлғалық болмысын одан әрі нығайта түседі. Сол себептен де білімді болу әр адамға жарасады. Байзақ Көпірбайұлының еңбектерінен, сөздерінен біз әр адамға қойылатын осындай талаптарды көреміз. Және көріп ана қоймаймыз, оған жетудің, оған қарай жетілудің жолдарын тағы көреміз.
2.Еңбексүйгіштік
Адамды адам ететін, тәндік және рухани тұрғыдан жетілдіре түсетін әрекет – еңбек болып табылады. Еңбек ету барысында адамның жасампаздық қабілеті оянады, мақсатқа жету, яғни өмірге қажет белгілі мұқтаждық пен құндылықты орнатуда жетілу сатыларынан өтеді. Сонымен қатар еңбек ету кезінде оның төменгі қасиеттерінің, атап айтқанда жалқаулық, немқұрайдылық, озбырлық, зұлымдық секілді келеңсіздік табиғатының тұншығып, жоғары қасиеттерінің, дәлірек айтқанда игілік, белсенділік, сыйластық, өзгеге көмекке келу, жомарттық секілді өзі үшін де, өзге үшін де жақсылық болып табылатын игі, ізгі тұстарының оянуына, олардың қуаттанып, адам мен қоғам өмірінде үстемдік етуіне ықпал етеді. Еңбекшіл адамның кез келген қоғамда және кез келген уақытта беделі болуы осы негіздермен байланысты деп ұққанымыз абзал.
Қазақ жастарын еңбексүйгіштікке тәрбиелеуде, оларды сапалы білім мен жоғары дүниетаным түсініктеріне баулуда Байзақ Көпірбайұлы көп еңбек етті. Сөз айтып, кітап жазды. Шәкірт тәрбиеледі.
3.Дербестілік
Әр адамның ақылы бар, ойы бар. Санасы мен сезімі бар. Дене мүше, бойы бар. Мұның барлығы да адам баласының өзіндік тіршілік етуі үшін қажет. Олай болмағанда, яғни «дайын асқа тік қасық болу» адам өміріндегі ең келеңсіз тұстармен тамырласып кетеді. Өйткені, адамның бойындағы қасиеттер жұмыс істемегенде өзінен өзі ыңғайсыздыққа тап болады, әр түрлі кесапат, зұлымдықтарға бой алдырады.
Яғни, адам деген өзіндік жұмысқа ұмтылғанда соқыр, кездейсоқ ұстанымдармен емес, саналы, өзіне де, өзгелерге де жақсылық, игілік әкелетіндей мақсатта болуы тиіс.
Қазіргі кезде дүниенің барлық дамыған, өркениетті елдері адамдық капиталдың, адамдық мүмкіндіктердің әлеуетіне зор мән беріп, соның көмегімен өркениет жетістіктерін жасап отыр. Ол мүмкіндікті әр адамның жеке белсенділігін, өзіндік жұмыс істеу қабілетін арттырудың арқасында ғана қол жеткізілуде. Сол себептен де әр адамның өз мүмкіндіктерімен толыққанды жұмыс істеуі қоғамдық дамудың басты шартына айналды.
Бұл қағидаларды ерте түсінген Байзақ ағамыз қазақ қоғамында әр азаматтың өзіндік ойлау, өзіндік жұмыс істеу мүмкіндіктеріне баса назар аударды. Оның педагогикалық зерттеулерінің мәнісі де сайып келгенде адам бойындағы асық қасиеттердің ашылып, қоғамға қызмет етуді қарастыру болды. Әсіресе, инженерлік салада мұндай белсенділіктің, яғни өзіндік жұмыс істеу белсенділігінің арта беруі қазақ қоғамының нығая түсуінің бір кепілі болып қала бермек.
4.Білімділік
Білімді жан кез келген жерде өзіне қажет нәрсені таба алады. Білімнің күшімен ол тек өзінің ғана емес, сонымен қатар көпшіліктің де мүддесін қорғайды, көпшіліктің де керегін тауып бере алады.
Қазақта «білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дейді. Бұл деген адам баласына білектің керегі жоқ деген емес. Білектің күші - адам баласының бергі жақтағы мүмкіндіктерінің бір көрінісі ғана. Оның арғы жағында адамның айтып тауысып болмас жетістіктері мен мүмкіндіктері бар. Біздің бүгінгі күні көріп, күнделікті тіршілігімізде атқарып жүрген тұрмыстық, техникалық құралдарымыз, сонымен қатар рухани өмірімізде тұтынып жүрген өнер туындылары - бәрі білектің емес, сол білектің арғы жағындағы мүмкіндіктердің көрінісі.
Білім деген - таусылмайтын қазына. Ол көп еңбекті, көп және ұзақ уақыт ізденісті талап етеді. «Оқудың инемен құдық қазғандай» демегінің мәні де сонда. Яғни білім тез арада нәтиже бере қоймайды. Ол көп жылдық еңбекті керек етеді. Соның нәтижесінде адам өміріне қажет жақсы сапалы өнім береді. Сол себептен де өркениетті қоғамда білімді адамдар жоғары бағаланады. Және қоғамның барлық мүшелерін білімді болуға шақырады.
Б. Момынбаев өнерді қазақтың өмірінде кеңінен орын алуға еңбек етті, елімізде ұлттық инженерлік кадрларды даярлайтын саланы тұрғызды. Байзақ ағамыздың бұл әрекеті ұлттық болмыстағы уақыт ағамына бағынбайтын шын құрмет пен мадаққа лайық дей аламыз.
5.Отансүйгіштік
«Ер азамат елі үшін туады». Бұл нақылдың қашан пайда болғаны бізге белгісіз. Белгілісі сол – оның тым ерте уақыттарда пайда болғаны. Елдік намыс, елдік жетістік - осы елдегі ерлердің болмысымен жүзеге асырылатыны бұлжымайтын ақиқат. Бұл қашанда болған да және бола береді де.
Отансүйгіштік сезімі қайдан пайда болады және ол қалай дамиды? Оған біз жауапты алыстан емес, Байзақ ағамыздың өз сөздерінен табамыз. Ағамыз: «Біз отансүйгіштік, «патриотизм», «ұлтжандылық» деген сөздерді тәуелсіздік алғалы жиі қолданамыз. Мұндай асқақ та азаматтық сезімді жасқанбай емін-еркін сыртқа шығара алатын күнге жеткенімізге шүкіршілік етеміз. Осы орайда «отаншылдықтың» жөні бөлек екеніне мән бере бермейтініміз де рас. Байыптап, зейін қойып қарасақ, «отансүйгіштік», «патриотизм», «ұлтжандылық» сөздерінің өзіндік мән-мазмұны бір бөлек болса, «отаншылдық» сөзінің де өзіндік дербес мән-мағынасы бар екенін аңғару қиын емес. Отаншылдық, ең алдымен өз Отанының жан-тәнімен сүйіп, оған қалтықсыз қызмет ету ғана емес. Отаншылдық, ең алдымен өз Отаныңның тарихи тек тамырын, ғұмыр-жолын, қадір-қасиетін терең білу және өз Отаны үшін асқақ сезімдерге бөлену деген сөз. Тек білім – білік пен тәлім-тәрбие арқылы ғана отаншылдық сезіміне бөленуге болады. Отаныңды қандай қадір-қасиеті үшін кие тұтарыңды білмей тұрып, отаншыл болу мүмкін емес. Отаншылдық – ең алдымен білім мен тәрбиенің тұғыры болуыға тиіс деуіміздің сыр-себебі де осында. Ал біздің ұлы Отанымыз – Қазақстан өзінің терең тамырлы тарихымен де, соқтықпалы-соқпақты ғұмыр жолымен де, мейлінше толымды мәдени-рухани төлтума болмысымен де кез келген қазақстандықты мерейлендіруге тиіс», – дейді.
Отаншылдық сезімі біліммен, тәрбиемен келеді. Адам баласының білімі мен білігі артқан сайын, тәжірибесі молайған сайын оның отаншылдық сезімі де арта береді. Өйткені ол өзінің білім мен білімін өз отанына, оның игілігіне жаратады. Сол білім мен білік арқылы өз отанындағы кемшін тұстарды түзетеді, оларды жетілдіреді. Көпшіліктің алдына өз отанының беделін арттырады.
Байзақ Көпірбайұлы бүкіл саналы өмірін өзінің айналасындағы жандарға осынау ұлы сезімді сыйлауға, оны әр адамның бойына қондыруға әрекет етті. Ағамыздың бұл әрекеті өзінің бойындағы отансүйгіштік қасиетінің биік болғанын дәлелдейді.
6.Кәсібилік
«Кәсіп түбі – нәсіп» деп жатады халықта. Белгілі бір кәсіпті игеру әр адамның тіршілік ету әрекетіндегі ең маңызды тұс болып табылады. Өйткені кәсіп өмірге қажет бір мұқтаждықты қанағаттандырады. Кәсібилік бір салада ұзақ жылдар машықтануды талап етеді. Оған шыдаған адам өзі таңдап алған саланың биік шыңына қол жеткізеді.
Сонымен кәсібилік - әр еңбектің жетілген, биік тұсы. Ол дегеніміз өмірдің сапасының артуы да.
Кәсібилік барлық жерде жоғары бағалаланды. Дамыған мемлекеттер негізінен осындай кәсіби тіршілікті қолдау арқылы өсу мен өркендеудің сатысына шықты. Сол деңгейді сақтау және оны әрі қара жетілдіру мақсатында жан-жақты шаралар қолданып келе жатқаны әмбеге аян.
Өз кезегінде мұның барлығы да жеке адамның түсініктеріне, дүниетанымына, алған тәлім-тәрбиесіне қатысты. Адам баласының дүниетаным түсінігі кеңейген сайын оның атқаратын жұмысының да сапасы арта береді. Сол себептен де адамдық болмыста кез келген салада, бағытта жетілу үшін ең алдымен ішкі дүниенің жетістіктеріне басты назар аударылады.
Өзінің көп жылдық ұстаздық және инженерлік салаларда еткен еңбегінде Байзақ Көпірбайұлы өскелең ұрпақты осы біз әңгіме етіп отырған кәсібилікке баулуға тер төкті. Көптеген шәкірттерді көптеген салаларда білікті, кәсіпқой аман етуге көп күш жұмсады. Және бұл орайда ағамыздың еңбегі ақталды деп айта аламыз. Оған өмірдің жан-жақты салаларында табысты кәсіби еңбек етіп жүрген азаматтарымыз куә. Байзақ Көпірбайұлы осындай жоғары білікті кәсіби мамандарды даярлады, ол соған қарай ұмтылды, өйткені оның өзі де өз саласының биік деңгейдегі кәсіби маманы еді.
7.Қайырымдылық
Қайырымдылық бұл өмірдің ең таңғажайып құбылыстарының бірі. Қайырымдылық – адамдық жоғары қасиеттің жарыққа шығып паш етілуі. Кім көптің қамын ойлап, қайырымдылық көрсетсе, көпшілік те өз тарапынан сол адамды ерекше құрметтеп, беделін арттырады. Өйткені, қайырымдылық ізгі ой-тілектен шығады, шығын ізгі тілекке бағышталады. Ізгі тілектен ізгі жеміс, ізгі нәтиже алынады. Сондықтан да қайырымдылығы мол қоғамда береке-бірлік салтанат құрып, өсу мен өркендеу, өзара ықпалдасу әрекеттері нығая түседі...
Көп адамның түсінігінде қайырымдылық деген жетімдер немесе қарттар үйіне сыйлық берумен, немесе мешіт салумен, немесе әлдеқандай бір себепке орайластырып ас беру әрекеттермен байланыстырады. Ол әрине дұрыс. Сөйте тұра, ондай әрекет қайырымдылықтың толық табиғатын көрсете алмайды. Бірақ, «оның толық табиғаты қандай және оны білгеннен көпшілікке пайда бола ма деген?» сауал туындайды.
Негізі, шын қайырымдылық – рухани тұрғыдағы қайырымдылық. Өйткені, рухани саладағы қайырымдылық – адамға рухани күш беретін және ол бір немесе бірнеше адам пайдаланғаннан кейін ол көбеймесе, азаймайтын, таусылмайтын игілік болып қала береді.
Көпшіліктің мүддесіне қызмет ету Байзақ Көпірбайұлының да өмірінен, тіршілік іздерінен айқын көрінеді. Байзақ ағамыз өткені мен бүгінін және болашағын қатар қойып қарады. Елдің қамын, ұлттың мүддесін ойлады. Өзі туған халықтың жоғын іздеп, барын асқақтатты. Ағамыз өтпелі емес, шын қайырымдылыққа еңбек етті. Адам өміріне қажет деген мәселелерді өзіндік және заман ерекшелігі тұрғысынан көрсетуге, тіршілікке икемдеуге үлес қосты. Яғни Шәкірімнің айтқанындай «Бәрін, нәрін тірлігінде беріп, ғибратты із қалдыруға» ұмтылды. Бұдан артық бақыттың болуы да мүмкін емес.
8.Әдептілік
Әр адам - өзінің ойлары мен сезімдерінің жемісі. Өйткені, біз өмірде таңдау, талғау мүмкіндіктеріне иеміз. Не нәрсені таңдаймыз, соның жемісін, соның нәтижесін көреміз. Соған байланысты өзіміздің ұстанымдарымызды қалыптастырамыз. Соған байланысты өзге адамдардың іс-әрекеттеріне баға береміз, оған не тамсанамыз, не дұрыс емес екен деп, бас шайқаймыз.
Сөйтсе де, бұл өмірде біздің қалауымыздан, біздің еркімізден тыс заңдылықтардың бар екені рас. Сол заңдылықтарды білу, олардың талаптарымен санасу бізді көптеген жақсылықтармен, игіліктермен тоғыстырады. Керісінше, ол заңдылықты жоққа шығару, өзін ұлымын деп санап, өзінің субъективтік, яғни жекелеген көзқарасымен шектелу көптеген келеңсіздіктерге алып барады.
«Ол не заңдылық?» деген сауал тууы мүмкін. Ол – туралық, әдептілік.
Яғни арамдықпен тапқан табыс, зұлымдықпен, айлакерлікпен қол жеткізген жетістік – бәрі бәрі сайып келгенде түк емес, керісінше, өзіңе зиян. Сондықтан мүмкіндігің бар кезде адал тіршілік етіп, таза жүру - бұл өмірдің ең негізгі ұстанымы.
Байзақ Көпірбайұлының өмір сүрген уақытта көптеген қиындықтар болды, қоғамдық құндылықтардың бір жүйеден екінші жүйеге ауысуы орын алды. Көп маман пайда табудың мақсатында жан-жаққа, коммерциялық құрылымдарға бой ұрды. Бірақ Байзақ ағамыз өзінің педагогика саласында қала берді. Келген қиындықтарды өтпелі деп қабылдады. Ол шын байлық пен шын бақыттың алда келетініне сенді. Қандай кез болса да адамдық, әдептілік қағидаларын бұзбау керектігін өз өмірінде ұстана алды.
9.Мәдениет пен ізгілік
Әр адамның жүрісі мен тұрысы, ойы мен сөзі, қимылы мен әрекеті оның мәдениетінен хабар береді. Мәдениеті жоғарылаған сайын оның ойлары мен сөздері, әсері мен әрекеттері көркемдене, әдемілене, жетіле түседі. Өмірге ұлы шығарма, ұлы туынды әкелген тұлғалар жоғары мәдениеттен сусындаған жандар деп қабылдауымызға болады.
Мәдениет пен ізгіліктің тұтастығы олардың рухани негізден нәр алатынын көрсетеді. Ізгілік мәдениетті мәдениет ізгілікті көтереді. Ол екеуі адам өмірінде сырқы көзге байқала бермейтін құндылықтарды паш етеді.
Қазақ қоғамындағы дәстүрлік ұстанымдар, үлкенге құрмет, кішіге ізет, біреудің ала жібін аттамау, әділ сөзге тоқтау секілді асыл қасиеттер осындай жоғары мәдениеттің салдары болып табылады. Әрине, еліміздің ұзақ жылдар басқа халықтың отарында болуы көптеген ұлттық қазыналардан алыстатқаны рас, бірақ өзіміздің ұлттық қазынамыз қашанда бізге жақын, сол негізімізге қайта оралып келе жатқандығымызды тілге тиек етуге болады.
Білім – мәдениеттің жоғары сатысы болып табылады. Білімі жоғары жұрттың мәдениеті де жоғары. Өйткені, білім бізді лас нәрселерден тазартады, биік нәрселерге бастайды, жаңа құндылықтарды сыйлайды.
Ал Байзақ Момынбаев мәдениет пен ізгілікті өз өміріне өзек еткен асыл жандардың бірі.
10.Салауаттылық
Бұл өмірде адам баласының мұқтаждықтары өте көп. Тамаққа мұқтаж, киімге мұқтаж, баспанаға мұқтаж,ойын мен күлкіге мұқтаж. Сол мұқтаждықтардың ішінде өзіміз тікелей біле бермейтін, тани бермейтін мұқтаждықтар бар. Солардың бірі – денсаулыққа, оны қалыпты ұстауға және қорғау деген мұқтаждық. Денсаулық – зор байлық дегеннің де мәнісі сол. Денсаулық болмаса қалған әрекет қимылдардың мәні болмайды, өмірдің көп мүмкіндіктері шектеледі. Сол себепті де денсаулықты сақтау және оны шынықтыру – адам баласының қасиетті міндеттерінің бірі.
Денсаулық болмаса, адам баласы өзінің алдына қойған ешқандай да мақсаттарына ете алмайды. Оның көпшілік алдындағы беделі өспейді, қайта бұрынға беделі төмендеуі әбден мүмкін. Сол себептен де спорттық жаттығулармен айналысу әр саналы азаматтың мойнындағы борышы саналмақ.
Спорттық жаттығулар адамды тек сымбатты етіп қана қоймайды, сонымен қатар, ол қиындыққа төзуге, шыдамдалыққа, төзімділікке баулиды. Табандылыққа үйретеді. Ал өмірдегі көп жетістіктің табандылықтың, жүйеліліктің арқасында келетіні әмбеге аян, онсыз ешқандай игілік бой көрсете қоймайды. Адам баласы мақсатына жету жолында үлкенді-кішілі кедергілерден өтеді.
Байзақ ағамыздың спортқа деген қызығушылығы ерекше болған. Ағамыздың ол қасиеті оның өзі басқарған ұжымдарда, көпшілік орталарда спорттық шараларға деген айрықша ынтасы болуымен көрініс береді. Олай дейтініміз, Байзақ ағамыз Қызылорда мемлекеттік университетін басқарған кезде ол оқу ордасында спорттық нәтиежелер жоғары көрсеткіш берумен сипатталады. Университет қабырғасында спортпен айналысқан спортшы жастар мемлекеттік, әлемдік деңгейдегі жетістіктерге қол жеткізді. Солардың бірі және бірегейі – Илья Ильин. Әлемнің бір емес, екі дүркін чемпионы спортшы Илья Байзақ ағамызды спортқа жасаған қамқорлығын ерекше бағалайды. Байзақ ағаны өзінің ұстазы, кеңесшісі санайды. Жастар Байзақ Көпірбайұлын қастерлейді.
11.Белсенділік
Белсенділік – өмірге қажет категориялардың бірі. Әр адамның белсенділігіне, қимыл-әрекетіне қарай тыныс-тіршілігінің сапасы көрініс береді. Оның деңгейі артқан сайын өмірдің сапасы да жоғарылап, жақсара түседі, керісінше, белсенділіктің әрекеті төмендеген сайын әртүрлі келеңсіздік үстемдікке ие бола бастайды. Мысалы, жалқаулықтан, еріншектіктен әртүрлі жаман ойлар туады, ол кейіннен жағымсыз әрекеттердің жүзеге асуына ықпал етеді. Бұл жайтты тәптіштеп айтып жатудың қажеті шамалы.
Өкінішке қарай өмір ағымында көп адам белсенділік таныта алмайды. Барлық адам белсенді қарқында өмір сүргісі келеді, бірақ түрлі жағдайлар мен себептер көп жанның мүмкіндіктерін шектеп тастайды, сол себептен олар өмірдің минимумдық, бәлкім одан жоғарырақ болар, игіліктері деңгейінде қанағат тұтуға мәжбүр. Осының себебі неде? Оның себебін әркім әртүрлі негіздермен байланыстырады. Мысалы, біреулер оны тағдырдан дейді, біреулер адамның бойына біткен қабілет дарыннан дейді, ал енді біреуер оны кездейсоқтықтан дейді.
Демек, белсенділік-бізге керек. Бірақ ол соқыр емес, мақсатты, мақсатты болғанда да ізгі мақсатты болмағы керек. Өйткені залымның да белгілі деңгейде мақсаты бар, бірақ ол дұрыс емес. Негізі адамның мақсаты, соның жолындағы белсенділігі өзге адамдардың да мүддесіне сай келсе, ондай әрекетті шын бақытқа алып баратын әрекет деп айтуға болады.
Байзақ ағамыздың өмірі осы ізгі мақсатты белсенділіктің көрінісі деп айта аламыз. Ағамыздың жан жақты ізденімпаздығы, қол жеткізген жетістіктері оның жалғыз жеке басының емес, дүйім жұрттың, көпшіліктің мүддесіне арналған мақсат болатын. Оның ғылымдағы, педагогикадағы, инженерлік саладағы еңбектері осыны айғақтайды.
12.Жақсылық
Жақсылықтың көбі, жамандықтың азы болмайды. Ол екеуі де адам өмірінде әртүрлі деңгей мен ұзақтықта кездесіп жатады. Сол себептен де философтар жақсылықтың қасында үнемі жамандықтың жүретінін және керісінше, жамандықтың қасында жақсылықтың болатынын айтып жатады. Олай болудың реті де, жөні де бар секілді. Олай дейтініміз, кей жағдайларда, жақсылықтың белгілерін зұлымдар өз мақсатына ұтымды пайдалана алады. Өйткені олардың зұлым әрекеттерінің бетінде жақсылық бетпердесінің тұратынын көпшілік жақсы біледі.
Негізі, адам баласы - жақсылықтың жемісі. Оның болмысы, өмірі игі тілекпен, жақсы, ізгі ой-армандармен байланысты. Әрбір ата-ана өзінің перзентіне тек жақсылық, ізгілік тілейді, өз кезегінде бала да ата-анасына сонда ізгі ілтипатта болады. Егер қолдарынан келіп жатса, дүниедегі барша игілікті сыйлауға тырысып бағады.
Ал қоғамдық өмірде ше? Бейтаныс, бөгде жандармен қарым-қатынасқа түскен кезде ше? Бұл жерде әртүрлі деңгейдегі, әр алуан бағыттағы мүдделердің тоғысуы жүзеге асады. Әртүрлі себептер, сан алуан салдарлармен жалғасып жатады...
Жақсылық деген – белгілі деңгейдегі мұқтаждықты қамтамасыз ету. Өзінің де, өзгенің де керегіне жарай білу. Және ол белгілі бір іспен немесе саламен шектелмейді. Тіпті өзгеге жамандық жасамаудың өзі жақсылықтың бір белгісі, бір шарты. Ал енді Отанды, елді көркейтуге әрекет жасау – жақсылықтың негізгі нышаны.
Жақсылық жайында айтылған бұл мәселелер педагогика саласында ең өзекті қағидалар ретінде қарастырылады. Өзінің кәсіби педагогика саласында биік деңгейге қол жеткізген Байзақ ағамыздың өмірі, тіршілігі кейінгі ұрпаққа шын жақсылықтың үлгісі болып қала бермек.
## Сегіз қырлы, бір сырлы жан
Ұлағатты ұстаз, зерделі ғалым Б.К.Момынбаев өте өнерлі, «сегіз қырлы бір сырлы жан» болды. Ол нақышына келтіріп күй тартып, қоңыр даусымен ән шырқайтын. Әсіресе «Барып қайт, балам, ауылға», «Алтайдан ар жағынан келген ару», «Бір тойым бар», «Қыз ағасы» секілді лирикалық әндерді кәсіби шеберлікпен орындағанда тыңдаған жан таңданыс білдіретін. Ал қолына домбыра алып, Құрманғазының «Қайран шешем», «Сарыарқа», Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйлерін тартқанда нағыз күйшілерді жолда қалдыратын. Жүрегі жырға толы Байзақ Көпірбайұлы сонымен бірге қазақтың дүлдүл ақындары Төлеген Айбергенов, Қадыр Мырзалиев, Мұхтар Шаханов, Мұқағали Мақатаевтың жырларымен бірге орыс, шетел ақындары, оның ішінде әсіресе Расул Гамзатовтың отты жырларын мәнерлеп оқуды ұнататын, өзі де арасында өлең шығаратын. Оның қазақтың белгілі ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Иран Ғайыппен (Иранбек Оразбаев) бала күннен адал достығы өз алдына бір тарих еді.
Байзақ Көпірбайұлы түрлі жиындарда, бас қосуларда шежірені, тарихты терең білуімен, өнегелі сөзімен, шешендігімен елдің есінде қалатын. Оның әңгімесінен қазақтың дархан даласының даналығы, ата-бабалардың рухты үні, тәлімді тәрбиенің тетігі сезілетін.
ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының сектор меңгерушісі, белгілі ғалым Ә.Ұзақбайұлының: «Бәкеңнің дүниетанымы біртұтас келген көркем дүние еді. Ол ғылым мен білім беру саласына ғана шектелген жан емес. Ол кісінің өнерге, әсіресе поэзияға деген қатынасы, құрметі ерекше болатын. Әрбір көңілді жиындарда қазақтың ақиық ақындары Абайдың, Мұқағали Мақатаевтың, Мұхтар Шахановтың жырлары Бәкеңнің орындауында сырлы, ерекше нақышты сипатта өрнектелетін. Бәкең егер техника мен педагогика саласында өзін таныту жолында болмағанда мүмкін, өнердің шыңына шығуы да мүмкін еді. Өзінің көркем сөздерді мәнерлеп орындауында Бәкең талай жанды тебірентті, терең ойға шомдырды, кісілерді бір-біріне жақын етті, дүниені гүлдендіре, жасампаздандыра түсті» деген пікірі Байзақ Момынбаевтың сегіз қырлы бір сырлы жан екенін бір дәлелдей түссе керек («Академик» кітабы, 2014 жыл).
Байзақ Көпірбайұлы өмірінің соңына дейін салауатты өмір салтын ұстанып, спиртті ішімдік пен темекіге әуес болмады. Күрестен жарыстарға қатысып, жастық шағында талай жүлделер мен марапаттарға ие болды. Академиктің осындай тамаша қасиеттері оның қоршаған ортадағы абыройын асқақтатты, шәкірттері өнеге тұтты, талай жастар оған қарап бой түзеді.
Белгілі ғалым Б. Момынбаевтың сегіз қырлы, бір сырлы өнерлі, тілге жүйрік болуы - ең алдымен тума қасиеті мен ерекше қабілет-қарымына байланысты болғанымен, шыққан тегінің, өскен ортасының тағылымды тәрбиесі, өзінің алған білімі мен дүниетанымының тереңдігіне де қатысты екенін әріптестері мен замандастары үлкен құрметпен еске алып, айтып отырады.
Байзақ Момынбаевтың шығармашылығынан
(жақын досы, филология ғылымдарының докторы, профессор
Ақселеу Сейдімбектің қазасына арнап жазған өлеңі):
Жүрегімдесің, ағажан!
Шаңқай түс шақта
шарт сынғандайын шаңырақ,
Ақселеу аға,
Артыңда қалдық аңырап.
Жер-жерден саған
жетуші едік жамырап,
Қалғандай қазір
қара ормандарың қаңырап.
Өлара кезде өзгерді неге өрісің?
Қиямыз қалай қазақтың
сендей серісін?!
Еңіреп өткен ел үшін
және жер үшін,
Тұғырда тұрған тұлғалардың сен теңісің.
Өнерді сүйдің,
Ұлықтадың ұлттың өнерін,
Күмбірлеткенсің
қоңырауларын көненің.
Бергеніңнен де
көп еді сенің берерің...
Ағатайым-ай,
Ақырғы сәтте не дедің?!
Шежіре шертіп
айызын жұрттың қандырдың,
Ақтарып архив
шарасын көздің талдырдың...
Жетпіске жетпей
ажалға қалай алдырдың?..
Аға сұлтанның шақшасын
кімге қалдырдың?..
Даланың ұлы,
Іздеймін сені даладан!
Іздеймін сені
қара жамылған қаладан...
Өмірден мынау
өттіге сені санаман,
Жүрегімдесің, ағажан!..
Егемен Қазақстан, 18.09.2009
## Достар мен әріптестер лебізі
«Қазақта «Арыстандай күшің болса, құмырсқадай ісің болсын» деген ұлағатты сөзі бар. Бұл сөздің түп-төркіні - қанша мықты болсаң да тырбанып, тынымсыз еңбек ет дегенді білдірсе керек. Байзақ бауырымыздың да жоғары асуларды алуы өзінің біліктілігі мен ерінбей-жалықпай еңбектенуінің нәтижесі еді... Мен оны еліміздегі инженерлік педагогиканың бастаушысы деп есептеймін. Тіпті, педагогика ғылымдарынан докторлық диссертация қорғауы да Байзақтың биік дәрежедегі, биік деңгейдегі ғалым екендігін бұрынғыдан нақтылай түседі»
Камал Ормантаев, академик,
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
«Байзақ Көпірбайұлы бұл өмірден білгені, көргені, тергені көп, оқығаны, тоқығаны, жиғаны, түйгені мол азамат. Ол өмірдің, білімнің, ғылымның, өнердің, әдебиеттің, мәдениеттің, бүкіл он сегіз мың ғаламның қырлары мен сырларынан терең хабардар, жан-жақты энциклопедиялық білімі бар, зердесі мен жады керемет мықты азамат еді».
Сейілбек Шаухаманов,
қоғам қайраткері, Байзақтың дос ағасы
«Ақ жарқын, адал жүректі қасиетті Сыр елінен көптеген достар таптым, олармен қазірде араласып тұрамын... Қызылордалық достарымның ішінен Қорқыт ата университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, професссор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Момынбаев Байзақ Көпірбайұлын ерекше атар едім».
Тоқтар Әубәкіров, ғарышкер,
Кеңес Одағының батыры,
Халық қаһарманы,
техника ғылымдарының докторы
«Байзақ Момынбаев - бұл есім тек ғана Сыр өңіріне емес, Алты алаш атырабына аян, белгілі тұлға десем қателесе қоймаспын. Оның білім саласындағы жеткен жетістігінен бөлек адамгершілік қасиеті, толымды тұлғалығы, шешендігі, күмбірлетіп күй тартатындығы, тамылжытып ән салатындығы, тебірентіп жыр оқитындығы, шешен сөзділігі көптен бөлек биік ететін. Үлкенмен де, кішімен де бірдей араласатын оның тағы бір қасиеті - адам алалап, қызмет бөліп жатпайтын. Бұл қасиет тектіліктен келген, әке көрген нән жігіттің ісі десең де, заман қиындығын көріп, ерте есейген жанның жан дүниесі десеңде болатындай.
Жоқтан бар пайда болмайды, тақыр жерге шөп те шықпайды. Байзақтың бар жақсы қасиеттері оның анасының ақ сүтінен, әкесінің ақ батасынан, тектілігінің терең тамырынан бастау алады».
Сәдібек Балтабайұлы,
Қызылорда облыстық телекоммуникация
дирекциясының Бас директоры
«Игі жақсы тұлғалар мен ағалар туралы қай кезде де кеңінен толғап, айта бергің келеді. Қазақстанда инженерлік – педагогикалық білімнің негізін қалаған, ғылымның осы бағытына өзіндік үлес қосқан ұстаз-ғалым Байзақ Көпірбайұлы Момынбаев, міне,осындай азаматтар санатында. Еңбек еткен саламыздың ортақтығы арқасында Байзақ Көпірбайұлымен жиырма жылдай аралас-құралас жүріп, кейінгі уақытта қызметтес те болдық. Байекеңнің өзім байқаған тұлғалық қасиеттері сан қырлы болатын. Соның бірі – алқалы топта көптің көңіліне қонар арқалы сөз айту қабілеті. Қайбір жиын болмасын, ақиық ақындарымыздың өлеңдерінен бір-екі шумақты жатқа айтып немесе домбыра тартып, жарасымды әзіл- қалжыңмен ортаның сәнін келтіріп отыратыны да бар еді.
...Еліміздің ертеңі жастардың алдыңғы толқын ағаларына қарап есейетіні заңдылық. Осы тұрғыдан өңіріміздің тұғырлы тұлғаларының бірі Байзақ Момынбаевтың еңбек жолы кейінгі буынға үлгі – өнеге».
Қылышбай Бисенов,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университетінің ректоры,
техника ғылымдарының докторы, профессор.
## Марапаттары мен атақтары
1972 ж. БЛКЖО Орталық Комитетінің Құрмет грамотасымен мадақталды.
1974 ж. БЛКЖО Орталық Комитетінің Құрмет грамотасымен мадақталды.
1987 ж. Қазақ КСР кәсіптік-техникалық білім саласының үздігі төс белгісімен марапатталды.
1991 ж. КСРО Жоғары білім министрлігі және Ауылшаруашылық министрлігінің Мақтау грамотасымен мадақталды.
2003 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
2008 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Астанаға-10 жыл» мерейтой медалімен марапатталды.
2009 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Парасат» орденімен және Ресей Федерациясы Білім және ғылым министрлігінің «К.Д.Ушинский медалімен» марапатталды.
2011 ж. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» мадақталып, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталды.
## Ұрпағы
Жұбайы – Құлахметова Дариға 1947 жылы дүниеге келген, мамандығы-педиатр, медицина ғылымдарының кандидаты, дәстүрлі емес қытай медицинасын алғашқы боп меңгергендердің бірі, қазіргі таңда зейнетте, нумерологиямен айналысады. Екі баласы бар. Үлкен ұлы-Марат 1970 жылы дүниеге келген, республикаға танымал кәсіпкер. Келіні Виктория- «Қазақстан ханымы-2012» конкурсының жеңімпазы. Олардан Игорь, Әмір, Жан, Арман, Әлем, Марсель - (Рабия) атты немерелері бар. Кенже ұлы – Жомарт 1972 жылы дүниеге келген, саяси ғылымдарының кандидаты, экономика ғылымдарының докторы, Назарбаев университетінде МВА дәрежесін қорғаған, жасыл энергетика саласының маманы, 2017 жылы құрылған «Академик Б.К.Момынбаев атындағы Қор» Жеке Қорының Президенті. Келіні Шынардың мамандығы – экономист, банк ісінің маманы. Екеуінен Әсемжан және Аружан атты немерелері өсіп келеді.
## Есте қалдыру
Қазақ халқының өміріне, тарихы мен мәдениетіне, ғылымы мен экономикасына қатысты әр саланы игеруге, ашуға, дамытуға тұңғыш із салған қазақтың тұлғалары туралы 2005 жылы жарық көрген «Жүз тұңғыш» атты жинаққа (құрастырушы-Б.Нұржекеұлы) қазақ ғалымдарының ішінде тұңғыш қазақ тілінде «Кәсіптік техникалық пәндер» атты оқулық авторы және инженерлік педагогика саласында тұңғыш доктор атағын алған ғалым Байзақ Көпірбайұлы Момынбаев енгізілген.
2014 жылы Б.К.Момынбаевтың өмірі мен қызметіне арналған «Академик» кітабы жарық көрді.
2016 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей білім академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Байзақ Көпірбайұлы Момынбаевты еске алуға және 70 жылдығына арналған «Үздіксіз кәсіби білім берудің проблемалары мен келешегі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы жарық көрді, оның «Ұсыныстар» деген бөлімінде Қызылорда қаласындағы мектептердің бірін академик Б.К.Момынбаевтың есімімен атау туралы ұсыныс берілді.
2017 жылы «Академик Б.К.Момынбаев атындағы Қор» Жеке Қоры құрылды, ол Қызылорда қаласындағы №278 орта мектепте мамандандырылған білім жобаларын қаржыландырып келеді.
2018 жылы Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеті Қызылорда қаласы Әкімдігінің Ономастика бөліміне №278 орта мектепті академик Б.К.Момынбаевтың есімімен атауға рұқсат беру туралы хат жолдады.
Байзақ ағаның досы, сыныптасы, танымал қазақ ақыны Иран-Ғайып құлпы тасқа жазу үшін төмендегідей жыр жолдарын ұсынған еді:
Келдің. Көрдің. Кеттің.
Үшпағыңа – жеттің.
Фәниіңді - Бүтіндеп,
Бақиыңа - Өттің.
Өттің - Адам Қалпыңда,
Айналып - Саф-Алтынға.
Адал Жарсың, Әкесің,
Алаңы жоқ артыңда...
## Видеоматериалдар
* 1.Академик Байзақ Көпірбайұлы Момынбаев кенже ұлы Жомартпен
* 2.Ғибратқа толы ғұмыр. 1-бөлім.(Академик Байзақ Көпірбайұлы Момынбаевпен сырласу сәтінен)
* 3.Ғибратқа толы ғұмыр. Жалғасы. (Академик Байзақ Көпірбайұлы Момынбаевпен сырласу сәтінен)
* 4.Кешіккен хат... (Академик Байзақ Көпірбайұлы Момынбаевты еске алу)
## Дереккөздер
1.Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 6 том/ Бас ред. Б.Аяған.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы. 2004.- 696 бет.
2.Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 7 том/ Бас ред. Б.Аяған.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы. 2005.- 728 бет.
3.«Сыр елі». Қызылорда облысы: Энциклопедия. – Алматы, 2005. – 170 б.
4.«Жүз тұңғыш» жинағы. 2-кітап. Құрастырған Б.Нұржекеұлы.-Алматы, «Жалын» баспасы, ЖШС, 2005.-352 б.
5.Байзақ Көпірбайұлы Момынбаев: Биобиблиографиялық көрсеткіш/ Құраст.: Әбенова Ж.Ә., Түбекбаева Г.А.- Қызылорда, 2011.-95б. («Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясына мәліметтер» сериясы)
6.«Академик» жинағы. Құрастырушылар: Ж.Момынбаев, Ө.Момынбайұлы, К.Құдайбергенов.- Алматы, 2014.-348б.
7.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Байзақ Көпірбайұлы Момынбаевты еске алуға және 70 жылдығына арналған Үздіксіз кәсіби білім берудің проблемалары мен келешегі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы (30 қыркүйек, Қызылорда), -Алматы, «Волкова Н.А.» баспасы, 2016.- 316б.
## Ғалым еңбектерінің хронологиялық көрсеткіштері
1972
1. Экспериментальная электрическая тормозная установка для моделирования переменных нагрузок на валу тракторного дизеля. //Научные труды КазСХИ.– Алма-Ата, 1972. -Т. ІҮ. -Вып.1. – С.126-129.(Соавт.: Кошкин А.А.)
1976
2. Реверс. //Казахская Советская Энциклопедия. – 1976. – Т.9.
3. Релейная система. //Казахская Советская Энциклопедия. – 1976. – Т.9.
4. Релейная защита. //Казахская Советская Энциклопедия. – 1976. – Т.9.
1977
5. Методика исследования мощностных и технико-экономических показателей тракторного двигателя при неустановившемся характере нагрузки. //Актуальные вопросы механизации и электрификации сельскохозяйственного производства, КазНИИМЭСХ. – Алма-Ата: Кайнар, 1977. – С.203-208 (Соавт.: Кошкин А.А.).
6. Спидометр. //Казахская Советская Энциклопедия. – Алма-Ата, 1977. – Т. 10. - С. 387.
7. Стартер. //Казахская Советская Энциклопедия. – Алма-Ата, 1977. – Т. 10. – С.410-411.
8. Статор. //Казахская Советская Энциклопедия.– Алма-Ата, 1977. – Т. 10. – С.414.
9. Таксометр. //Казахская Советская Энциклопедия. – Алма-Ата, 1977. – Т. 10. – С.600.
10. Тахеометр. //Казахская Советская Энциклопедия. – Алма-Ата, 1977. – Т. 10. – С. 599.
11. Тензометр. //Казахская Советская Энциклопедия. – Алма-Ата, 1977. – Т. 11. – С.33.
1978
12. Некоторые результаты стендовых исследований дизеля СМД -14 при неустановившейся нагрузке. Механизация производственных процессов в с/х Казахстана. //Научные труды КазСХИ. – Алма-Ата, 1978. – Т. 21. – В. 3. – С.60-64.
1979
13. Повышение коэффициента использования мощности двигателя гусеничного трактора класса 30 КН путем демпфирования колебания момента сопротивления на входе в силовой агрегат: 05.20.01 – Механизация с/х производства. Диссертация на соискание ученой степени канд. тех. наук. – Алма-Ата, 1979.-152с.
1980
14. Моделирование регулирование скоростного режима двигателя на АВМ с целью улучшения его динамических качеств на тракторе. //Информационный листок КазНИИНТИ.– Алма-Ата, 1980. – №4(3801). – С.4.
1981
15. Организация СРС по предмету «Методика преподавания технических дисциплин» //Тезисы докладов СИПИ. - Свердловск, 1981.
16. Повышение коэффициента использования мощности двигателя гусеничного трактора класса 30 КН путем демпфирования колебания момента сопротивления на входе в силовой агрегат. В кн.: Рекомендаций по законченным работам за Х пятилетку. –Алма-Ата, 1981.-С.60.
17. Повышение эффективности машинно-тракторных агрегатов путем снижения колебаний момента сопротивления. Автореф. дисс. для соискание учен. степени канд. техн. наук (на примере работы гусеничнного трактора кл. 30кн в условиях 10 ж. Региона КазССР) (05.20.03; 05.05.03) – Ленинград: Пушкин, 1981. – 18с.
18. Устройство для повышения эффективности работы гусеничного трактора. //Информационный листок КазНИИНТИ. – Алма-Ата, 1981. – №17. – С. 6.
1982
19. Исследование надежности серийных тракторов Т-4АП2 по результатам наблюдений при рядовой эксплуатации в условиях Южного Казахстана. //Научный отчет с АТЗ им. М.И. Калинина. Госрегистрация №22.57.81-12.00.40 – Алма-Ата: КазСХИ, 1982. – 49с. (Соавт.: Джамбаев К.А.)
1983
20. Установка для тяговых испытаний трактора. – Алма-Ата: КазСХИ, 1983 – 16с. (Соавт.: Джамбаев К.А.)
1986
21. Зачетное задание как средство улучшения методической подготовленности студентов. //Проблемы профессиональной подготовки инженеров-педагогов. Межвузовский сборник. – Ростов на Дону: РИСХМ, 1986. – С.45-49.
1988
22. Научные аспекты организации учебного процесса на инженерно-педагогическом факультете. //Научно-методические основы подготовки инженеров-педагогов СПТУ. Труды КазСХИ – Алма-Ата, 1988. – С.88-95. (Соавт.: Сейтешев А.А., Инкарбеков А.Б.)
23. Проблемы методической основы подготовки студентов инженерно-педагогического факультета. //Научно-методические основы подготовки инженеров-педагогов СПТУ. Труды Каз.СХИ.– Алма-Ата, 1988. – С.9-15.
1989
24. Использование графов совершенствования учебного процесса. //Совершенствование системы непрерывного профессионально-экономического обучения рабочих кадров. – М., 1989.-4с.
25. К проблеме синтеза инженерно-педагогических дисциплин. //Тезисы докладов СИПИ. – Свердловск, 1989. (Соавт.: Гиззатова Л.Г.)
26. Организация СРС ИПФ на кафедре педагогики. //Тезисы докладов СИПИ. – Свердловск, 1989.
27. Системный подход к подготовке инженера-педагога на основе взаимосвязи общенаучных и специальных дисциплин. //Тезисы докладов Каз СХИ. – Алма-Ата, 1989.
28. Формы взаимосвязи общенаучных, общетехнических и специальных дисциплин. //Тезисы докладов СИПИ. – Свердловск, 1989.
1990
29. Взаимосвязь естественно-научных, общетехнических и специальных дисциплин. //Тезисы докладов ААСИ. – Алма-Ата, 1990.
30. Инженер-педагог, кто он? //Учитель Казахстана. – 1990.-№50.
31. Исследование взаимосвязи естественно-научной, общетехнической и специальной подготовки студентов ИПФ. /Тезисы докладов. – Алма-Ата, 1990.
32. Көсегеміз көгерсін десеңіз... (Қазақ ауыл шаруашылық институтында инженер-педагогтарды даярлау). //Қазақстан мұғалімі. – 1990. – 14 желтоқсан.
33. Межпредметные связи как фактор формирования диалектико-материалистического мировоззрения студентов инженерно-педагогического факультета. //Тезисы докладов. – Алма-Ата, 1990.
34. Методологические вопросы инженерно-педагогического образования. //Актуальные проблемы психологии и педагогики в Казахстане. Научный сборник КазГУ им. М. Кирова. – Алма-Ата, 1990. – С.206-208.
35. Совершенствование инженерно-педагогического образования – путь к решению проблемы подготовки рабочего класса. /Материалы Совещания Президиума АПН СССР с ведущими учеными и специалистами народного образования Казахстана и Средней Азии. //Труды КазГПУ им. Абая. – Алма-Ата, 1990.- С.33-36.
36. Совершенствование профессиональной подготовки студентов по специализации 03.01.-механизация с/х производства. //Тезисы докладов. – Свердловск, 1990.
37. Состояние и развитие проблемы подготовки инженерно-педагогических кадров для системы профтехобразования //История педагогического образования. Сб. научный трудов. Моск. ин-т с/х пр-ва им. В.П. Горячкина. – М., 1990.-С.69-73.
1991
38. К вопросу совершенствования методики преподавания общеинженерных дисциплин по инженерно-педагогической специальности. //Сборник научных трудов Московского авиационного института. – М., 1991.-С. 59-65.
39. Межпредметные связи как условие совершенствования политехнической подготовки будущего инженера-педагога. //Сборник начных трудов КазСХИ. – Алма-Ата, 1991. – С.17-21.
40. Опыт методической подготовки инженеров-педагогов. //Советская педагогика. – 1991. - №6. – С.70-74.
41. Подготовка инженеров-педагогов в условиях рыночных отношений. //Тезисы докладов СИПИ. – Свердловск, 1991. (Соавт.:Абдыкаримов Б.А.)
42. Подготовка специалистов в условиях рыночных отношений. //Тезисы докладов АИНХ. – Алма-Ата, 1991.
43. Проблемы подготовки будущих инженеров-педагогов к реализации дидактических возможностей ТСО в учебно-производственном процессе ПТУ. – Свердловск, 1991.
44. Система технических знаний инженеров-педагогов по механизации сельскохозяйственного производства. //Сборник научных трудов Моск. ин-т с/х пр-ва – М., 1991.- С.14-21.
45. Теоретические основы профессиональной подготовки инженера-педагога в сельхозвузе: Автореферат докторской диссертации. 13.00.01. – Екатеринбург: Свердловский инженер-педагог ин-т. - 1991. – 32с.
46. Техническая творческая самостоятельная работа как средство формирования профессиональных умений будущего инженера-педагога. //Сборник научных трудов Мозырьского пединститута. – Мозырь, 1991. – С.29-33.
1992
47. Готовит сельхозвуз. – Алматы, 1992.
48. К проблеме критериев оценки особенности профессионально-педагогической деятельности инженера-педагога. – Бухара, 1992 (Соавт.: ЖаксылыковаН.Е.)
49. О формировании речевых знаний, умений и навыков у студентов ИПФ. – Бухара, 1992. (Соавт.: Гиззатова Л.Г.)
50. Основы интеграции общенаучных, общетехническких и специальных дисциплин при подготовке инженеров-педагогов. – Алматы, 1992. (Соавт.: Кулахметов Б.У.)
51. Педагогические основы реализации дидактических принципов ТСО при профессиональной подготовке инженеров-педагогов.– Алматы, 1992. – 16с. (Соавт.: УстемировК.У..)
52. Проблемы профадаптации молодых мастеров производственного обучения СПТУ. – Алматы, 1992. (Соавт.: Кулахметов Б.У.)
1993
53. Проектирование процесса осуществления межпредметных связей. / Сб. статей научн. конф. проф.-препод. состава и аспирантов (17-19 февраля, 1993г). – Алматы: КазСХИ, 1993.- Ч.3. – С.99-101. (Соавт.: Самбаев М.М.)
54. Система непрерывного образования в сельхозвузах Республики Казахстан. – Стамбул, 1993.
55. Система непрерывного экологического образования в сельхозвузах Республики Казахстан. – Стамбул, 1993.
1994
56. Айтыс өнерін дамыту арқылы жастарға эстетикалық тәрбие беру жолдары. – Алматы, 1994. – 16б. (Соавт.: Асанова У.)
57. Организационно-педагогические проблемы профессиональной адаптации молодых мастеров. – Алматы, 1994. – 16с. (Соавт.: Кулахметов Б.У.)
1996
58. Инженер біліктілігін арттырудың педагогикалық негізі. – Алматы, 1996 – 3 б. (Соавт.: Абдраманов Ш.)
59. О проблемах подготовки экономистов педагогов для аграрного сектора – Алматы, 1996.
60. Организация социальной работы для молодежи. – Алматы, 1996. – 3с. (Соавт.: Каненова К.Г.)
61. Преемственность в системе многоуровневой подготовки инженерно-технических специалистов. / Рукопись отчета по госбюджетной теме. – Алматы, 1996.
62. Система технико-технологических знаний в процессе подготовки будущих учителей трудового обучения. // Доклады и тезисы выступлений на международной научно-практической конференции молодых ученых и аспирантов. – Алматы: КазГАУ, 1996. – С. 83-85. (Соавт.: Альназарова Г.Ш., Купербаева А.Ж.)
63. Социальная служба для молодежи в России и в Казахстане на современном этапе. – Алматы, 1996. (Соавт.: Каненова К.Г.)
64. Тау-кен мамандарын даярлаудың әлеуметтік мәні. – Алматы, 1996. (Соавт.: Абдраманов Ш.)
1998
65. Информатизация системы среднего образования: цель, проблемы, задачи. //Сборник научных трудов АГУ им. Абая. – 1998. (Соавт.: Кудайбергенов Н.)
66. Факторы интеграции содержания общего и профессионального образования в профтехшколах. //Сборник научных трудов АГУ им. Абая. – 1998. (Соавт.: Устемиров К.У.)
1999
67. Тәлімгер ғалым: этнопедагог ғалым С. Қалиұлы – 70 жаста. //Қазақстан мұғалімі. –1999. –15 қыркүйек.
2000
68. Концепция содержания технологической подготовки школьников общеобразовательной школы. //Ізденіс. Поиск. Сер. естетственн. наук. – 2000. - №6. – С.106.
69. Опыт зарубежных стран в развитии профессионального образования, профессиональной подготовки. //Білім-Образование. – 2000. - №1. – 3с. (Соавт.: Рыкова Е.)
70. О преемственности трудовой и профессиональной подготовки учащихся общеобразовательных и профессиональных школ. //Актуальные вопросы профессионального воспитания молодежи: Сб. материалов научн-практич. конф., посвящ. 70-летию академика А.П. Сейтешева. – Алматы, 2000. – С.230-233. (Соавт.: Кисамединов М.М., Устемиров К.У.)
71. Формы проявления индивидуального обучения информатике в Вузе. //Высшая школа Казахстана. -2000. -№4-5. -С.61-65. (Соавт.: Кубентаева С.)
2001
72. Бастауыш мектеп мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті. //Бастауыш мектеп. – 2001. - №7. – 3-7б. (Соавт.: Нағымжанова Қ.)
73. Гуманизация отношений командира и подчиненного. //Калкан. – 2001. - №49. – 3с. (Соавт.: Туленгутов К.)
74. Гуманитаризация как ведущее направление гуманизации профессионального образования. //Исследовании, результаты (КазНАУ). - 2001. - №6. – С. 7-12.
75. Методы оценки качества сформированности методической подготовки инженера-педагога. //Ізденіс-Поиск. – 2001. - №1. – С.150-154. (Соавт.: КупербаеваА.)
76. Основные положения стандарта среднего профессионального образования. //Қазақстан жоғары мектебі. – 2001. - №1. – С.123-133. (Соавт.: Бақтыбаев К.)
77. Педагог-ғалым мерейі: ҚБА вице-президенті, кәсіптік білім институтының директоры, профессор Б.Б.Баймаханов 70 жаста. //Қазақстан жоғары мектебі. – 2001. - №1. – 209-210б.
78. Сущность патриотического воспитания воинов ВВ МВД РК. //Калкан. – 2001.- №44. – 3с. (Соавт.: Санабаев У.)
2002
79. Адамның әлеуметтік дамуына түрлі экологиялық факторлардың әсері //Ізденіс. Поиск. – 2002. - №2. – 111-114 б.
80. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми теориялық жүйесі. //Ұлт тағылымы.-2002.-№3.-177-181б. (Соавт.: Махамедова Б.Я.)
81. Состояние и перспективы экологического образования в Республике Казахстан. //Педагогика. – 2002. - №1. -С.94-97.
82. Студенттердің техникалық шығармашылығын қалыптастырудың және дамытудың дидактикалық мәселелері. //Қазақстан жоғары мектебі. – 2002. - №1. – 88-91б. (Соавт.: Сыздықов О.)
2003
83. Құндылықтар деген не? //Ақ жол Қазақстан.-2003. – 25 сәуір. (Соавт.: Нұрмұратов С.)
84. Методика исследования процесса воспитания патриотизма у военнослужащих внутренних войск и динамика опытно-экспериментальной работы. – Алматы, 2003. (Соавт.: Санабаев У.К.)
85. Обоснование критериев и их показателей для оценки изменения в уровнях развития патриотических качеств у военнослужащих. – Алматы, 2003. (Соавт.: Санабаев У.К.)
2005
86. Ауыл мектебі оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық өлкелік ерекшеліктері. //Ізденіс. – 2005. (Соавт.: Абеуова Ш.М.)
87. Ауыл оқушыларын фермерлік шаруашылыққа дайындау. //Бастауыш мектеп. – 2005. - №4. – 41-42б.
88. Кәсіптік білім және уақыт талабы: Елбасы Н. Назарбаевтың Жолдауына байланысты техникалық және кәсіптік білім беру туралы. //Егемен Қазақстан.- 2005.-10 наурыз.
89. Организационно-педагогические проблемы профессиональной адаптации молодых мастеров производственного обучения. //Вестн. Академии пед. наук Казахстана. -2005.-№4/5.-С.55. (Соавт.: Кулахметов Б.У.)
90. Применение знаний о человеческом факторе в формировании значимых качеств у авиационных специалистов в процессе обучения. //Вестник серия «Педагогические науки». - 2005. (Соавт.:Несипбаева О.Д.)
91. Проблемы формирования экономических знаний учащихся. //Поиск. Сер. гуманит. наук. – 2005. -№1. – С.244-248. (Соавт.: Даулеткулова А.)
92. Теоретические основы формирования значимых качеств у авиационных специалистов через профессиональное общение. //Вестник серия «Педагогические науки». - 2005. (Соавт.: Несипбаева О.Д.)
2006
93. Ауыл мектебі оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы технология пәнінің мүмкіншілігі. – ҚарМУ Хабаршысы, 2006. (Соавт.: Абеуова Ш.М.)
94. Отаншылдық білім мен тәрбиенің тұғыры болуға тиіс. //Егемен Қазақстан. – 2006. – 27 қаңтар.
95. Отбасы неке тәрбиесін жақсартудың өзекті мәселелері. – //Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік ун-нің Хабаршысы. – 2006. - №1. – 216-220б. (Соавт.:Жумадуллаева А.А.)
96. Психолого-педагогические условия преемственности управления подготовкой учителя в системе непрерывного профессионально-педагогического образования. //ҚМУ Хабаршысы. – 2006. - №2(22). – 141б. (Соавт.: Сайлыбаев Б.А.)
97. Развитие идеи социально-эстетического воспитания молодежи средствами искусства в истории педагогики. //Ұлт тағылымы. – 2006. - №3. – С.133-136.
98. Ұлттың ортақ ұраны: Отан, Тәуелсіздік, тұрақты даму. //Егемен Қазақстан. - 2006. - 30 мамыр.
2007
99. Бәсекеге қабілетті маман - ел болашағы. //Сыр бойы.- 2007.-11 желтоқсан.
100. Генезис понятия «патриотическое воспитание» в педагогической науке. //Матер. респ. научн.-практич. конф. «Непрерывное профессиональное образование: проблемы и перспективы». – Кызылорда, 2007. –С. 226-229. (Соавт.: Мощеев В.В., Махамедова Б.Я., Рахметулин Б.Ж., Ердигаликов Б.Е.)
101. Сәдуақасқызы К. Оқу үрдісін нәтижеге бағыттау жағдайында оқушыларды өзіндік бақылауға бейімдеу: Монография. /Пікір білдірген Б.К.Момынбаев. – Астана, 2007.-118б.
102. Современные подходы к технологиям патриотического воспитания школьников. //Мат. респ. научн.-практич. конф. «Непрерывное профессиональное образование: проблемы и перспективы». – Кызылорда, 2007.-С.230-234. (Соавт.: Мощеев В.В., Махамедова Б.Я., Рахметулин Б.Ж., Ердигаликов Б.Е.)
103. Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды басқару сабақтастығының моделі жөнінде. //Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Хабаршысы. Қоғамдық ғылымдар сериясы. – 2007. - №1. -162-168 бб. (Соавт.: Сайлыбаев Б.А.)
104. Үздіксіз кәсіби білім берудің Қазақстандық моделі, оның құқықтық базасы мен даму перспективалары жайлы. //Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Хабаршысы. – 2007. - №2. – 100-102 бб.
105. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі сабақтастықтың рөлі. //Қазақстан жоғары мектебі. Высшая школа Казахстана. – 2007. - №1. – 5-7 бб. (Соавт.: Жаңаберген Ә.)
2008
106. Алматов А.Н., Тоқжан Т.Т. Көрұғлы (музыкалық эпос): Оқу құралы. 1 том. /Пікір жазғандар: Б.К. Момынбаев т.б. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008.-292б.
107. Даму белесіндегі жаңа кезең. //Сыр бойы. – 2008. – 12 ақпан. – 2б.
108. Качественное образование – залог конкурентоспособности. //Современное образование. – 2008. - №1. – С.16-18.
109. Кіріспе сөз. Көпсалалық университет: патриоттық тәрбиенің маңызы, мәдени үйлесімділік пен бәсекеге қабілеттілікке бейімделу» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары (17 мамыр 2008 ж.). – Қызылорда; Тұмар, 2008. – 5-6 бб.
110. Научно-методические проблемы развития системы непрерывного агроинженерного образования. //Материалы международной научно-практической конференции система непрерывного профессионального образования: проблемы и перспективы развития. (6-7 июня 2008г.) – Кызылорда, 2008.- С. 350-355. (Соавт.: Кубрушко П.Ф.)
111. Новые горизонты развития: За строкой послания.//Кызылординские вести.- 2008.-23 февраля.
112. Отанды сүю отбасынан басталады. //Егемен Қазақстан. – 2008. – 19 шілде. //Сырдария. – 2008. - №2. – 10-17 бб.
113. Педагог тұлғасының құрылымындағы әртістік. //Ұлағат. – 2008. - №3. – 23-32б. (Соавт.: Жұмаш А.)
114. Перспектива создания корпоративной информационно-образовательной сети. //Материалы международной научно-практической конференции система непрерывного профессионального образования: проблемы и перспективы развития. (6-7 июня 2008г.) – Кызылорда, 2008.- С.369-375. (Соавт.: Даужанов Н.Т.)
115. Тәжірибелік – эксперименталды жұмыс. //Ұлағат. – 2008. - №4. – 9-19 бб. (Соавт.: Оңалбек Ж., Жұмаш А.)
116. Тойда туған толғамдар. //Сыр бойы. – 2008. – 4 шілде.
117. Үздіксіз педагогикалық білім жүйесінің қалыптасуы мен дамуы. / Үздіксіз кәсіби білім беру жүйесі: даму проблемалары мен болашағы атты халықаралық ғылыми-тәжрибелік конференция материалдары (6-7 маусым). – Кызылорда: Тұмар, 2008. – 3-5 бб.
2009
118. Будущее за профессионалами: Отклик на Послание Президента. //Кызылординские вести. – 2009. – 15 апреля.
119. Ғылымға жасалған бүгінгі қамқорлық – болашағымыздың берік негізі. //Ғылым, білім және инновация: жастардың ғылыми шығармашылығы. Жас ғалымдардың ғылыми еңбектерінің жинағы. – Қызылорда: Тұмар, 2009.-3-10 бб.
120. День начинается с газеты: газета «Кызылординские вести». //Кызылординские вести. – 2009. – 9 июня.
121. Елбасының қамқорлығы студенттердің еңсесін көтерді. //Егемен Қазақстан. – 2009. – 31 наурыз.
122. Жаңа ақпараттық технологиялар негізінде білім сапасын жоғарылату. //Білім-Образование.-2009. - №4. – 3-4 бб. (Соавт.: Шермағамбет М.З., Асқаров С.Қ.)
123. Жастар саясатының жаңа бағыты. //Сыр бойы. – 2009. – 6 шілде.
124. Қазақы қалып: Ғалым Болат Әбдікәрімұлы. //Егемен Қазақстан. – 2009. – 24 қаңтар.
125. Қамқорлыққа жақсы үлгеріммен жауап береміз. //Сыр бойы. – 2009. – 7 наурыз.
126. Отанын сүйген ұланды елі алақанына салып аялайды. //Сыр бойы. – 2009. – 16 қазан.
127. Өркениетке жасалған қадам. //Сыр бойы. – 2009. – 16 мамыр.
128. Саяси тұрақтылық – қоғам дамуының факторы: Қазақстан Республикасы – унитарлы мемлекет. //Сыр бойы. – 2009. – 9 қаңтар.
129. Страна помогает отличникам. //Казахстанская правда. – 2009. – 3 марта.
130. Сыр бойы халқымыздың тарихи әрі мәдени мұралар кеніші. //«Еуразия тарихы мен мәдениетіндегі Арал – Сырдария өңірінің орны» Халықаралық ғылыми конференция материалдары (Қызылорда, 23 қазан). – Алматы, 2009. – 6-9 бб.
131. Сыр өңіріндегі рухани-мәдени зерттеулер нәтижесі: Қорқыт Ата атындағы ҚМУ туралы. //Мәдени мұра. – 2009. - №4.-42-47 бб.
132. Центр знаний и научного поиска. //Байтерек. – 2009. - №1. – С.86-91.
2010
133. Абыз жүректің шуағы. //Сыр бойы. – 2010. – 2 ақпан.
134. Актуальные проблемы военно-патриотического и физического воспитания учащейся молодежи. //Қазақстан кәсіпкері. Профессионал Казахстана. – 2010. - №5. – С.36-37. (Соавт.: Мощеев В.В.)
135. Ақиқаттың алдаспаны. //Халық. – 2010. – 10 маусым.
136. Алғы сөз. //Орта мектептегі жаратылыстану бағытындағы пәндердің оқытудың өзекті мәселелері. Облыстық ғылыми-әдістемелік семинар материалдар жинағы. – Қызылорда: Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, 2010. – 3-4 бб.
137. Әлеуметтік құнды қажеттіліктердің жіктелуі. //Қазақстанның ғылыми әлемі. – 2010.- №4(32). -147-152 бб. (Соавт.: Есіркепов Ж.М.)
138. Әлеуметтік құнды қажеттіліктердің мәні және оның сипаттамасы. //Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Шымкент, 2010. – Т. 3. – 225-232 бб. (Соавт.: Есіркепов Ж.М.)
139. Әлеуметтік құнды қажеттіліктерді педагогикалық талдау. /Республикалық конференция материалдары. – Алматы, 2010. – 109-114 бб. (Соавт.: Есіркепов Ж.М.)
140. Білікті маман даярлау – басты мақсат. / Сыр түлегі. – 2010. – № 4. - сәуір.
141. Білім көкжиегі кеңейе бермек. / Сыр түлегі. – 2010. – № 1. - қыркүйек.
142. Көпбалалы отбасы тәрбиесіндегі ұлттық қасиеттерді қалыптастыру үлгісі бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері. //«Қазақстан кәсіпкері – Профессионал Казахстана». – 2010. - №7. – 52-54 бб. (Соавт.: Сейлхан Г.И.)
143. Білім мен ғылымның дамуы – болашақ кепілі. //Сырдария.-2010.-№3. -3-13б.
144. Бітімгершіліктің биік белесінде. //Егемен Қазақстан. – 2010. – 7 желтоқсан.
145. Болашақ педагогтарды патриоттық-азаматтық рухында тәрбиелеудің шарттары. // Ғылым, білім және инновация: жастардың ғылыми шығармашылығы. Жас ғалымдар еңбектерінің жинағы. – Кызылорда: Тұмар, 2010. – Т. 2. – 229-234 бб.
146. Ел болашағын ертеден ойлаған: Н. Назарбаев туралы. //Егемен Қазақстан. – 2010.-10 сәуір.
147. Заманауи талаптарға сай іздену әрбір жастың көздеген мұратына жетуіне септігін тигізеді. //Әлімсақ. – 2010. – қазан. – 14-19 бб.
148. Индивидуальный подход к процессу тренировочных занятий. – Тараз, 2010. (Соавт.: Ильин И.)
149. Инновациялық индустрияландыру - мемлекет дамуының алтын арқауы. // «Қазақстан Республикасы өнеркәсібі мен аграрлық секторының даму перспективасы: ғылым, инновация, әлеметтік-экономикалық аспектілер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Кызылорда, 2010. – 3-6 бб.
150. Казахстан вывел статус ОБСЕ на новый уровень. //Кызылординские вести.-2010.-30 октября.
151. Қазақстан ЕҚЫҰ мәртебесін жаңа деңгейге көтерді. //Сыр бойы. – 2010. – 3 қараша.
152. Қазақстан және Президент институтының қалыптасуы. // «Қазақстан және Президент институтының қалыптасуы» атты республикалық ғылыми конференцияның материалдары. – Қызылорда, 2010. – 3-4 бб.
153. Құрметті қызылордалықтар және қала қонақтары! //Ақмешіт ақшамы. – 2010. – 3 қыркүйек.
154. Озық білім, озат ғылым – келешек кепілі. //Егемен Қазақстан. – 2010. – 23 маусым.
155. Озық ғылым, озат білім – инновациялық индустрияландырудың басты кілті. //Ғылым, білім және инновация: жастардың ғылыми шығармашылығы Жас ғалымдар еңбектерінің жинағы.– Қызылорда: Тұмар, 2010. – Т. 1. - 296 б.
156. Оқушылардың ғылыми жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру. //Орта мектептегі жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытудың өзекті мәселелері атты облыстық ғылыми-әдістемелік семинар материалдары. – Кызылорда, 2010. – 3-5 бб.
157. Отан, тәуелсіздік, тұрақты даму. //Қазақ.-2010.-7-14 мамыр.
158. Сындарлы саясат салтанаты. / Сыр түлегі. – 2010. –№ 4. - желтоқсан.
159. Сыр елінің діни-ағартушылық мектептерінің бай рухани мұрасы. // Марал Ишан Құрманұлының 230 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. – Қызылорда, 2010. -5-7 бб.
160. Үздіксіз кәсіби білім беру: жаңа міндеттер мен мүмкіндіктер. / Үздіксіз кәсіби білім беру: проблемалары мен болашағы атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. (Қызылорда, 4 маусым). – Алматы: Інжу-Маржан, 2010. – 3-8 бб.
2011
161. Бүгінгі идея – ертеңгі нәтиже: Жолдау – 2011. //Сыр бойы. – 2011.-29 қаңтар.
162. Елбасымен – ертеңге. //Егемен Қазақстан.-2011.-1 ақпан.
163. Мемлекеттік бағдарлама - өрелі істер өрісі. / Сыр түлегі. – 2011. – № 8. - сәуір.
164. На благо Приаралья. // Наука и образование Казахстана. – 2011. - № 3. – С. 16-19.
165. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! / Сыр түлегі. – 2011. – № 7. -наурыз.
2012
166. Индивидуальность учителя с позиций понятий «индивид», «личность», «субъект». // Вестник КГУ им Коркыт Ата – 2012 №1 – С. 71-74.
## Сілтемелер
Дереккөздер
Cілтемелер
* [https://web.archive.org/web/20160305072804/http://www.inform.kz/kaz/article/1191796 Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. Қызылорда университетіне жаңа ректор тағайындалды]
* Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институты |
Бөкей Ордасының архиві — Қазақстандағы алғашқы мамандандырылған архивтік мекемелердің бірі. Архив тарихы 18 ғ-дың 90-жылдарынан басталады. Негізін салған Бөкей хан (туған жылы белгісіз — 1815). Бұл архив алғашында хандардың жанында болса, 1845 жылы Бөкейдің ұлы Жәңгір хан өлгеннен кейін, Бөкей ордасын басқарған уақытша кеңестің қарамағына көшті. Оның құжаттары 1870 жылға дейін бірнеше рет реттеліп, құндылығы жағынан сарапталып, іріктелді. Жылдар өткен сайын архивте Бөкей ордасын басқару, оның экономикалық, мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтар. Архив қорында Кіші жүз қазақтары қазақ халқының тарихына қатысты әр түрлі мәліметтер жинақталып ұлт-азаттық қозғалысына, И.Тайманов бастаған көтеріліске байланысты материалдар молынан кездеседі. Азамат соғысы кезінде (1918—20) архив талан-таражға түсіп, кейбір істер мен тізбелер жоғалды. Қаржының тапшылығы, құжаттарды сақтайтын арнайы ғимараттың болмауы, білікті мамандардың жетіспеуі салдарынан архив дағдарысқа ұшырады. Бөкей губ. жойылғаннан кейін көне архивтің тағдыры Орал губ. атқару комитетінің мәжілісінде (09.05.25) қаралып, архивке жеке ғимарат берілді. 1927 жылы наурыз айында Бөкей Ордасы архивінің құжаттар кешені Алматыға көшірілді де, қазіргі Қазақстан Орталық мемлекеттік архивінің қарамағына алынып, күні бүгінге дейін осы мекемеде сақталып келеді. Бөкей Ордасы архивінің кезінде Санкт-Петербург, Мәскеу, Астрахан, Орынбор, Қазан қалаларындағы Ресей архивтеріне алынған кейбір маңызды құжаттары кері қайтарылмаған.
## Дереккөздер |
Цайдам Қазаншұңқыры, Цайдам (моңғ. — сор) — Орталық Азиядағы, Қытай жеріндегі тектоникалық ойыс. Ұзындығы 700 км, ені 100 — 300 км, биікт. 2700 — 3000 м. Солт-нде Алтынтағ, солт.-шығысында Наньшань, оңт. мен оңт.-батысында Куньлунь жоталарымен шектеледі. Жан-жағынан қоршаған тау жоталары қазаншұңқырдан екі есе биік (5000 — 7000 м). Цайдам Қазаншұңқырының түбі тегіс, мезозой мен кайнозойдың құм, саз шөгінділерінен тұрады; сор жерлер мен тұйық көлдер (ең ірісі Кукунор көлі) кездеседі. Таулардың етегінде бір-бірімен тұтасып кеткен ысырынды конустардан тұратын еңіс жазықтар тұтас өңірді құрайды.
## Климат
Климаты тым континентті. Қысы қарсыз, суық. Қаңтар айының орташа температурасы –11 — 15°С, шілдеде 15 — 18°С. Жылдық жауын-шашын мөлш. 25 — 50 мм, шығысында 100 мм-ден асады. Беткі ағыс мардымсыз. Шығысында ғана кеуіп бара жатқан бірен-саран тұзды көлдер кездеседі.
## Табиғат
Өсімдігі тым жұтаң, жеке дара сораңдар, сексеуіл, жыңғыл өседі. Грунт суы жер бетіне таяу жатқан тау етегінде астық тұқымдас өсімдік өседі. Мұнай мен ас тұзының кен орындары ашылған.
## Ciлтемелер : |
Әскери-далалық сот— Ресей империясында мемлекеттік басқару тәртібіне қарсы шыққан немесе басқа да мемлекет қылмыстар жасаған азаматтарды тергеусіз жазалау мақсатымен құрылған төтенше сот құрамы Барлық жерде, оның ішінде Қазақстан терреториясында да таралды. 1906 жылы 19 тамызда Николай II-нің жарлығымен сотқа беру құқына ие генерал-губернатордың немесе әскери Бас қолбасшының бұйрығымен гарнизон бастығы тағайындайтын 5 офицерден тұрды. Сотқа тарту полиция ақпары бойынша 24 сағат ішінде жүзеге асырылды. Әскери-далалық сотта істер 48 сағаттың ішінде куәлар мен қорғаушы, тіпті прокурор да қатыстырылмай, жабық қаралды. Айыпкерге көбіне өлім жазасы кесілді. Үкім шағым арқылы бұздыруға жатпай бірден күшіне енді және 24 сағат ішінде шұғыл орындалады. Жарлық азаматтар үшін 1907 жылы 20 сәуірде өз-өзінен күшін жойды, ал оның әскери адамдарға қатысты бөлігі империя құлағанда сақталып қалды.
## Дереккөздер
Сот |
Су электр станциясы — электр генераторын айналдыратын гидравликалық турбинамен су ағынының механикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін электр станциясы.
Қазақстандағы ең алғашқы СЭС 1902 жылы Зырян кенішін энергиямен қамтамасыз ету мақсатында Тұрғысын өзенінде салынды. Оның қуаты 1 мың кВт болды. 1927 жылы Жоғары Хариузовск СЭС-і (қуаты 3,2 мың кВт), 1934 жылы Үлбі СЭС-і (қуаты 27,6 мың кВт) салынды. Үлкен Алматы өзенінде 10 каскадтан тұратын СЭС (жалпы қуаты 47 мың кВт) 1959 жылы салынып бітті. Соңғы жылдары кешенді мақсатта пайдаланылатын бірнеше ірі су-энергетикалық тораптар іске қосылды: Ертіс өзенінде Өскемен СЭС (куаты 331,2 мың кВт) және Бұқтырма СЭС (қуаты 675 мың кВт), Іле өзенінде Қапшағай СЭС (қуаты 434 мың кВт) және т.б. Елімізде су-энергетика құрылыс объектілерінен басқа 200-ден астам шағын және орташа Су электр станциясы салынған. Қазақстандағы ірі СЭС-тердің барлығы энергия жүйесі құрамындағы жылу станцияларымен үйлестіріле пайдаланылады. Бұл жағдайда олардың жоғары дәрежедегі кешенді үнемділігі, пайдаланудағы сенімділігі артады. Сондықтан СЭС салу өзеннің ағын суын су көлігі, ирригация және сумен қамтамасыз ету және т.б. мақсаттарда кешенді пайдалануға мүмкіндік береді.
## Жұмыс принципі
СЭС жұмысының принципі өте қарапайым. Гидроқұрылғылардың тізбегі электр қуатын өндіретін генераторларды шығаратын гидравликалық турбинаның қалақтарына ағатын судың қажетті қысымын қамтамасыз етеді.Судың қажетті қысымы дамбаның құрылысы нәтижесінде пайда болады, нәтижесінде өзеннің белгілі бір жерге шоғырлануы немесе туынды - табиғи су ағыны пайда болады. Кейбір жағдайларда судың қажетті қысымын алу үшін бөгет те, туынды да бірге қолданылады.
Тікелей гидроэлектростанция ғимаратында барлық электр жабдықтары орналасқан. Тағайындалған орынға байланысты оның өзіндік ерекше бөлімі бар. Гидравликалық қондырғылар су ағынының энергиясын электр энергиясына тікелей айналдыратын машина бөлмесінде орналасқан. Қосымша жабдықтардың барлық түрлері, гидроэлектростанцияларға арналған бақылау және бақылау құрылғылары, трансформаторлық станция, қосқыш құрылғылар және басқалары бар.
### Ерекшеліктері
* СЭС-тегі электр энергиясының құны жылу электр станцияларына қарағанда екі есе төмен.
* СЭС турбиналары бірінші режимнен бастап максималды қуатқа дейін барлық режимде жұмыс істеуге мүмкіндік береді және қажет болған жағдайда электр қуатын өндіруді реттеуші рөлін атқарып, қуатты біртіндеп
* өзгертуге мүмкіндік береді.
* Гидроагрегат су беруден кейін қуатқа тез қол жеткізеді (нөлден толық қуатқа дейін - 30 секундтан 2 минутқа дейін), бұл гидроэлектростанцияларды маневрлік режимде пайдалануға мүмкіндік береді.
* Өзен ағысы - жаңартылатын энергия көзі.
* СЭС салу әдетте жылу электр станцияларына қарағанда капиталды көп қажет етеді.
* Тиімді гидроэнергетикалық қондырғылар жылу станцияларына қарағанда тұтынушылардан әлдеқайда алыс.
* Су қоймалары көбінесе үлкен аумақтарды алады, бірақ шамамен 1963 жылдан бастап резервуардың ауданын шектейтін қорғаныс құрылымдары қолданыла бастады, нәтижесінде су басқан жердің аумағы шектелді (өрістер,
* шалғындар, ауылдар).
* Бөгеттер жиі балық аулаудың табиғатын өзгертеді, өйткені олар қоныс аударатын балықтардың уылдырық шашатын жерлеріне жол салады, бірақ олар көбінесе су қоймасындағы және балық өсірумен айналысатын балық
* қорының көбеюін жақтайды.
* Гидроэлектрлік резервуарлар, бір жағынан, тасымалдауды жақсартады, ал екінші жағынан, кемелерді бір бассейннен екіншісіне ауыстыру үшін құлыптарды пайдалануды талап етеді.
* Су қоймалары климатты неғұрлым жұмсақ етеді.
## Артықшылықтары мен кемшіліктері
Артықшылықтары:
* жаңартылатын энергияпайдалану;
* өте арзан электр энергиясы;
* жұмыс атмосфераға зиянды шығарындылармен бірге жүрмейді;
* станцияны қосқаннан кейін жұмыс қуатын беру режиміне жылдам (ЖЭО/ЖЭС-ке қатысты) шығу.
* қарапайым жұмыс
* ең төменгі еңбек шығындары
Кемшіліктер:
* егістік жерлерді су басу
* құрылыс су энергиясының үлкен қоры бар жерде ғана жүргізіледі
* таулы өзендер сейсмикалық аудандардың жоғары болуына байланысты қауіпті;
* экологиялық мәселелер: 10-15 күндік су қоймаларынан судың азаюы және реттелмеуі, бірегей жайылма экожүйелер өзендердің бойында қайта құрылуына әкеледі, нәтижесінде өзендердің ластануы, трофикалық тізбектер қысқарады, балықтардың азаюына әкеледі, омыртқасыздар су жануарлары санының азаюы, дернәсілдік кезеңдердегі дұрыс тамақтанбау салдарынан шыбындықтар компоненттерінің агрессивтілігінің жоғарылауы,, көптеген түрлердің ұя салу орындарының жойылуы , жайылма топырақтың жеткіліксіз ылғалдануы,фитомассаның азаю, мұхиттарға қоректік заттардың ағынын азайту.
## Ерекшеліктер
Гидроэлектрлік станциялар өндірілетін қуатқа байланысты бөлінеді:
* қуатты — 25 МВт және одан жоғары;
* орташа — 25 МВт дейін;
* шағын су электр станциялары — 5 МВт дейін.
Су электр станциясының қуаты судың қысымы мен ағынына, сондай-ақ турбиналар мен генераторларға байланысты. Табиғи заңдарға сәйкес су деңгейі жыл мезгіліне байланысты үнемі өзгеріп отыратындығына байланысты, сонымен қатар бірқатар себептерге байланысты гидроэлектр станциясының қуатын білдіру ретінде циклдік қуат алу әдетке айналған. Мысалы, су электр станциясының жылдық, айлық, апталық немесе тәуліктік циклдерін ажыратыңыз.
Гидроэлектростанциялар сонымен қатар су қысымының максималды қолданылуына қарай бөлінеді:
* жоғары қысымды — 60 м-ден астам;
* орташа қысымды — 25 м бастап;
* төмен қысымды — 3-тен 25 м-ге дейін.
Судың қысымына байланысты гидроэлектростанцияларда әр түрлі турбина қолданылады. Жоғары қысымды үшін - ковштық және радиалды осьтік турбиналар металл спиральды камералары бар. Орташа қысымды ГЭС-те айналмалы қалақшалы және радиалды — осьтік турбиналар, ал төмен қысымды-темірбетон камераларындағы айналмалы қалақшалы турбиналар орнатылады.
Турбиналардың барлық түрлерінің жұмыс принципі ұқсас-су ағыны айнала бастайтын турбина қалақтарына түседі. Осылайша механикалық энергия гидрогенераторға беріледі, ол электр энергиясын өндіреді. Турбиналар кейбір техникалық сипаттамалармен, сондай — ақ болат немесе темірбетон камераларымен ерекшеленеді және әртүрлі су қысымына арналған.
Гидроэлектрлік станциялар " табиғи ресурстарды пайдалану принципіне "және сәйкесінше пайда болған су қысымына байланысты бөлінеді. Мұнда келесі су электр станцияларын ажыратуға болады:
* бөгет су электр станциялары(плотинные ГЭС). Бұл су электр станцияларының ең көп таралған түрлері. Олардағы судың қысымы өзенді толығымен бөгейтін бөгет орнату немесе ондағы су деңгейін қажетті белгіге көтеру арқылы жасалады. Мұндай гидроэлектростанциялар көп сулы жазық өзендерде, сондай-ақ таулы өзендерде, өзен арнасы тар, қысылған жерлерде салынуда.
* бөгет СЭС(приплотинные ГЭС). Олар судың жоғары қысымымен салынған. Бұл жағдайда өзен бөгетпен толығымен жабылады, ал ГЭС ғимаратының өзі бөгеттің артында, оның төменгі бөлігінде орналасқан. Бұл жағдайда су турбиналарға арналық ГЭС сияқты тікелей емес, арнайы қысым туннельдері арқылы жеткізіледі.
* деривационды су электр станциялары. Мұндай электр станциялары өзеннің еңісі биік жерлерде салынады. Осы типтегі су электр станциясындағы судың қажетті қысымы туынды құралдар арқылы жасалады. Су өзен арнасынан арнайы дренаждар арқылы шығарылады. Соңғысы түзетілген және олардың көлбеуі өзеннің орташа көлбеуінен әлдеқайда аз. Нәтижесінде су тікелей ГЭС ғимаратына жеткізіледі. Туынды су электр станциялары әр түрлі болуы мүмкін — қысымсыз немесе қысымды туынды. Қысымды туынды жағдайда су құбыры үлкен бойлық еңіспен салынады. Басқа жағдайда, туынды құралдардың басында өзенде жоғары бөгет пайда болады және су қоймасы құрылады — мұндай схема аралас туынды деп те аталады, өйткені судың қажетті қысымын құрудың екі әдісі де қолданылады.
* Гидроаккумуляциялық электр станциясы / гидроаккумуляциялық электр станциялары (ГАЭС). Мұндай станциялар өндірілетін электр энергиясын жинақтауға және оны ең жоғары жүктеме кезінде іске қосуға қабілетті. Жұмыс принципі келесідей: белгілі бір кезеңдерде (ең жоғары жүктеме емес), ГАЭС қондырғылары сыртқы энергия көздерінен сорғылар ретінде жұмыс істейді және суды арнайы жабдықталған жоғарғы бассейндерге айдайды. Қажеттілік туындаған кезде олардан су қысымды құбырға түседі және турбинаны іске қосады.
Гидроэлектрлік станциялардың құрамына олардың мақсатына байланысты шлюз немесе кеме көтергіштері сияқты қосымша құрылымдар және су айдынында навигацияға ықпал ететін балық өткізу, суару және тағы басқалар.
## Су энергетика қорлары
Су энергетика қорлары — өзендер мен сарқырамалардың құлама суынан алуға болатын энергия қоры. Энергияның бұл көзінің артықшылығы — оның қоры сарқылмайды, үнемі қалпына келіп отырады. Бұл энергияның арзан, әрі гигиеналық түрғыдан таза түрі болып табылады. Су энергиясының қоры жөнінен Қытай, АҚШ, Канада дүние жүзіндегі алғашқы орындарды иеленеді.
## Су энергетикасы
Су энергетикасы (Гидроэнергетика; грек, "һydor" — су, ылғал, energia — қызмет, әрекет) — 1) бөгет салу арқылы немесе бөгетсіз ағын судан энергия алу. Дүние жүзіндегі ең үлкен СЭС Венесуэлада (Гури бөгеті, 10 млн кВт) және Бразилияда Парана өзенінде (Итайпу СЭС-і, 12,6 млн кВт) салынған. Қазақстанда Бұқтырма СЭС-і, Қапшағай СЭС-і, Шардара СЭС-і, т.б. бар. Су энергетикасының энергия көздері сарқылмайтын (трубина арқылы өтетін су ағынының орны өзенге немесе көлге құятын өзен және бұлақ суымен толтырылады) болуы мүмкін. СЭС-тердің экологияға нұқсан келтіретін факторлары да бірталай. Мысалы, жазық жерлерде СЭС салу құнарлы жерлерді пайдалануға жарамсыз етіп қана қоймай, өзеннің экожүйесін толық бұзады. Су қойма түбінде мыңдаған тонна шөгінділер (өнеркәсіп және тұрмыстық ақаба суымен бірге өзенге түсетін улы заттектер) жиналады. Бұл су қойманы жойғанның өзінде аумақты пайдалануға жарамсыз етеді. Таулы жердегі өзендер СЭС-тер салуға қолайлы. Бірақ сейсмикалық қауіпті аудандарда алапат ықтималдығы жоғары болуы мүмкін. Жер сілкіністері орасан зор зиян келтіреді. Мысалы, Италиядағы Вайонда 1993 жылы бөгетті су жарып өткенде 2118 адам, ал Индияда Гуджерат бөгетін су жарып өткенде 16 мың адам қаза болды. Қазіргі уақытга үлкен СЭС-тер салудың келешегі жоқ, оларды бөгет салуды қажет етпейтін ағыны жылдам шағын немесе үлкен өзендерде салу ыңғайлы деп есептеледі. Кіші су энергетикасы дәстүрлі емес энергетикаға жатады; 2) бөгет салу арқылы не салмай, аққан судан энергия алу. Су энергиясының біршама арзандығына қарамастан, ресурстардың шектеулілігіне және энергия қондырғыларының көп аумақты алатынына байланысты болашақта ол дүние жүзіндегі энергетиканың 5%-ынан аспайтын болады.
## Дереккөздер |
Әскери жарғы— әскери қызметті өтеу тәртібін белгілейтін және соғыс жағдайында әскери құрамалар мен әскери бөлімдердің бір-бірімен өзара іс-қимылдарын үйлестіру ретін анықтайтын ережелердің жиынтығы. Әскери жарғы әскери қызметшілер үшін бұлжытпай орындауға тиіс заң болып табылады. Арнаулы мақсатына қарай жауынгерлік (соғыстық) әскери жарғы және жалпыәскерлік әскери жарғы. (ішкі қызметтік, тәртіптік, саптық, горнизондық және қарауылдық әскери жарғылар) болып бөлінеді. Жалпыәскерлік әскери жарғылар Қарулы Күштер түрлерінің бәріне ортақ ережелерді әскери қызметті өтеу тәртібін, әскери қызметшілердің міндеттері мен құқығын анықтайды.
Әскери жарғылар (Воинские уставы) — Қарулы Күштер әскерлерінің күнделікті басшынықка алатын, олардың қызметін белгілейтін ресми құжаттар. Әскери жарғылар Қарулы Күштердің ішкі қызмет жарғысы, Қарулы Күштердің гарнизон және қарауылдық қызмет жарғысы, Қарулы Күштердің саптық жарғысы, Қарулы Күштердің тәртіптік жарғысы болып бөлінеді. Әскери жарғыларда Ұлы Отан соғысының тәжірибелері, әскери ғылым жетістіктері, жауынтерлерді оқыту мен тәрбиелеудің көп жылғы тәжірибелері талданып, қорытындыланған. Олардың бүкіл мазмұны мемлекеттің, халықтың мүддесіне сай келеді. Әскери жарғылардың негізгі идеясы — патриотизм, әрбір жауынгердің Отанды қорғаудағы жауапкершілігі, әскери борышына, әскери антына шексіз берілгендігі. Әскери жарғылар барлығы бір мақсатқа бағытталған. Олардың мақсаты: әскер қатарында темірдей берік тәртіпті сақтау, жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеуді бір жүйеде жүргізу, әскери істі қазіргі әскери өнер мен ғылым талаптарына сай ұйымдастыру және жүргізу. ҚР Қарулы Күштерінің жарғылары 1998 ж. 27 қарашада бекітілді.
## Дереккөздер
Ереже Заң |
Құлалы – Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі доғаша иілген арал. Түлендер (Итбалықтар) аралдарының құрамында.
## Сипаты
Каспийдің шығыс жағасындағы Түпқараған мүйісінің солтүстік-батысында 22 км жерде, ұзындығы 39 км, ені 2 км, ауданы 38 шаршы км. Аралдың жер бедері аласа келген, орта бөлігінің батыс жағалауы құм төбелі. Өсімдігі сирек. Солтүстігінде Қазақ гидрометеорологиялық басқармасының метеорологиялық станциясы бар.
## Дереккөздер |
Ажал аңғары Өлім аңғары — АҚШ-тың оңтүстік-батысында, Мохаве шөліндегі (Калифорния штаты) сусыз аңғар. Ол Үлкен Алаптың оңтүстігіндегі Аларгос пен Панаминт жоталары аралығында орналасқан. Ұзындығы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 250 км-ге созылып жатыр және ол Солтүстік Америкадағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер — 85 м. Мұнда Батыс Жарты шардағы ең жоғарғы температура байқалған (56,7ӘС). Ажал аңғарының атауы осы жерде 1849 жылы бір топ алтын ізденушілердің су таппай ажалға ұшырауынан шыққан. Аңғарда ауданы 840 мың га болатын, негізі 1933 жылы құрылған ұлттық табиғи саябақ бар.
## Сілтемелер
“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1-том |
Ахмедбек Темірболатұлы Цаликов (1882, Владикавказ қ. — 1928, Париж қ.) — Ресей империясындағы мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен саяси қайраткер. Бірінші орыс революциясы жылдарында меньшевиктер партиясымен байланыс орнатып, осы партияның “Наше дело” және “Возрождение” атты газеттерін шығаруға ат салысты. Кейіннен төртінші Мемлекеттік Думадағы мұсылман депутаттарымен бірге отарлық езгідегі мұсылман халықтарының мүддесін қорғау жолында түрлі іс-шараларды жүзеге асыруға қатысты. Мұсылман фракциясы жанында құрылған бюроға төрағалық етті және осы фракцияның органы болып табылатын “Сөз” газетін С.Жантөринмен бірге шығарды. 1917 ж. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесінің төрағасы болып сайланды және “Известия Всероссийского мусульманского совета” атты газеттің бас редакторы қызметтерін атқарды. Кеңестік билік орнағаннан кейін эмиграцияға кетті. Францияда жүріп, Мұстафа Шоқай секілді қайраткерлермен тығыз байланыста болып, кеңестік биліктің орыс емес халықтарға байланысты жүргізіп келе жатқан саясатын сынға алған мақалалар жариялап тұрды.
## Ciлтемелер :
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том |
Шашқап — шашты, бұрымды шаң-тозаңнан, күн көзінен қорғау үшін арнайы тігілетін ұлттық сәндік бұйым. Ол мақпал, шұға, барқыт, мауыты сияқты көк, қызыл, қара түсті маталардан бұрымның жуандығы мен ұзындығына қарай пішіліп, тігіледі. Жоғарғы және төменгі жағынан ою-өрнекпен безендіріліп, зер, оқа, моншақтармен сәнделеді. Шашқапты кейде маржан, меруерт, күміс шеттіктер тағып та әшекейлейді. Ең ежелгі Шашқаптар сақ, үйсін дәуіріндегі обалардан (Алтайдағы Укок үстірті, т.б.) табылған.
Шашқап. Қазақтың ескі салтында бой жеткен қыздар мен жас келіншектер шаштарына шашқап киетін болған. Шашқапты қыз-келіншектер жүн сабау, киіз басу, ши тарту, жүк арту, үй тігу, мал сауу жұмыстарына араласңан кезде киген. Шашқап, шолпы, шашбау, алқа, өңір сияқтылар бой түзеу бұйымдары болуымен қатар, шашты күнге күйіп сынудан, шаң-тозаңнан сақтау үшін де өте қолайлы. Шашқап көк, жасыл, қызыл, қара түсті мақпалдардан жасалады. Оның өң жаң бетіндегі мақпалдың айнала шеті, екі жақ басы алтын күміспен зерленеді. Мақпалдың ортасына ою-өрнектің ұнасымды түрін пайдаланып, ақ мерует тізеді.
## Сілтемелер
* Қазақ Энциклопедиясы, 9 том. |
“Құламерген” – қиял-ғажайып ертегі жыры. “Құламерген – Жоямерген”, “Аламан – Жоламан” аталатын ертегілердің сюжеті негізінде Омбы өңірінде туып өскен Бектасов Әбдірахман өлең түрінде жазған. “ Құламерген” жырының мазмұны осы аттас ертегі желісімен бірдей. Жыр 1889, 1909 жылдары Қазан қаласында жарық көрді. Жыр батырлық пен ерлікті дәріптеп, қандай дүлей күш болса да жеңе алатын ержүрек, қаһарман батырды аңсаған ел арманын мазмұндайды. Жырдың бірнеше нұсқасы бар. Олар Қазан университетінің Шығыс қолжазба қорында, Қазақстан Ғылым Академиясы Орталық ғылыми кітапхана қорында, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба бөлімінде сақтаулы.
## Дереккөздер |
Yйтас — Өгем аумағындағы нысан аты. Үй сияқты төрт қырлы үлкен тас. Биіктігі 2 м, ұзын 5 м, ені 3 м. Өгем шұқырына түсе берісте 7 км сол жақта. Ертеде Өгемде өмір сүрген Балықбай атты бай адам түйенің мойнын екі жерден бауыздап, ортасындағы бітеу терінің бір жағын тігіп қап жасап, сол қапқа алтын толтырып, Үйтас деген жердегі қыстауының маңына жасырған деген әуезе бар.ертедегі баспана құрылысының бір түрі.
Yйтас түркі тайпалары және тау халықтары арасында исламға дейінгі дәуірде кең тараған. Ол көбіне табиғи тастан киіз үйге ұқсас үлгімен тұрғызылған. Ежелгі заман тарихшылары (мыс., Понтийлік Приск) Каспий теңізінен солтүстік және солтүстік-шығысқа қарай созылып жатқан кең даланы мекендеген тайпалардың іргесі шеңберленіп келген тас үйлері, Византия тарихшысы К.Порфиродный аварлардың дөңгелек пішінді тұрақжайлары, ал грек географы әрі тарихшысы Страбон тау тұрғындарының тастан салған шеңбер үлгідегі баспаналары жайында жазады. Дәстүрлі қазақ ұғымында бұл баспаналар да, сондай-ақ қабырғасын табиғи тастан шеңбер үлгімен тұрғызып, төбесін күмбездеп жапқан ежелгі мазар да Yйтас деп аталады.
Үйтас - Еңлік, Кебек паналаған жер. Семей облысы, Абай ауданы, Кіші Орда тауының батыс жағына орналасқан. 1780 ж. шамасында қос ғашық Еңлік пен Кебек Қара жартастан қашып, Жидебайға жақын Ү-қа келіп жасырынған. Жазықсыз мерт болған қос мұңлықтың қайғылы тағдыры Абайды кайтты толғандырып, Шәкерім, Мағауияға дастан жазуға тапсырма берген.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
Менам Ойпаты – Үндіқытай түбегіндегі ойпат. Таиландтың орталық бөлігіндегі Кхунтхан, Танентаунджи, Билау тау жоталары мен Корат үстіртінің аралығында орналасқан. Ұзындығы 500 км, ені 200 км, ауданы 100 мың км². Менам-Чао-Прая өзені және оның салалары Пинг пен Пасактың аллювийлік шөгінділерінен құралған. Жері негізінен жазық; солтүстіктен Пәктастан түзілген қалдық қырқалар, оңтүстіктенн Сиам шығанағын бойлай жағалық белестер алып жатыр. Өзендері алып келген лай тосқындар Менам-Чао-Прая өзенінің атырауына тұнады. Климаты субэкваторлық, муссондық, жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 1000 мм. Табиғи өсімдіктерінен құрғақ муссондық ормандар мен бұталар, атырауында пальма, мангр ормандары өседі. Жерінің көпшілігі күріш өсіруге (жылына 3 рет өнім алынады) пайдаланылады. Таиланд халқының басым бөлігі Менам ойпатын мекендейді, астанасы – Бангкок қаласы.
## Дереккөздер |
Шашмақам (парс. алты және мақам) — өзбек пен тәжік халықтарының ежелден келе жатқан кәсіби музыка жанры, классикалық музыка үлгісі. 18 ғасырда қалыптасқан. Шашмақам ән әуендерін өзара бір-бірімен үйлесімді түрде байланысқан 6 ладты-мақамдық циклді жүйесінен (“Бузрук”, “Рост”, “Наво”, “Дугох”, “Сегох” және “Ирок”) тұрады. Шашмақам осы атауымен аталып жіктелген ладтық мақамдарды құрайтын музыкалық туындылардан және 20 — 40 аспаптық-вокалдық бөлімдерден құралады. Аспапшылар ансамблі, жеке әншілер және хормен орындалатын Шашмақам кейде бимен де сүйемелденіп отырады. 1924 жылы Шашмақамның алғашқы жинағы (мәтінсіз) музыка этнографы В.А. Успенскийдің жазып алуы бойынша жарияланды; ал толық топтамасы (мәтінімен қоса) тұңғыш рет 1950 — 1967 жылдары жарық көрді. 1972 жылы Ташкент мемл. консерваториясында Шығыс музыка кафедрасы ұйымдастырылып, Шашмақам орындау әдісін үйрету мақсатымен мақам ансамблі ашылды. Өзбек пен тәжік халқының муз. мұрасында Шашмақам үлкен орын алады. Мыс., кезінде Шашмақамның ән әуендерін өзбек комп. М.Ашрафи, Д.Закиров, И.Раджабов, Т.Садықов, т.б. өз шығармаларында молынан пайдаланған.
## Сілтемелер
* Қазақ Энциклопедиясы, 9 том. |
Хабарасу – Тарбағатай жотасының шығыс бөлігіндегі асу.
## Географиялық орны
Абай облысы Үржар және Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандары жерінде, Қытайға шекаралас орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттiк биіктігі 2370 м. Жотасының оңтүстік беткейіндегі Ақшоқы ауылынан шыққан соқпақ жол Қарақитат өзенінің бастауы арқылы солтүстік беткейіндегі Томар елді мекеніне дейін жетеді.
## Дереккөздер |
“Айналайын” — өнерлі балалардың халықаралық фестивалі.
Ұйымдастырушы — “ Бөбек” балалар қоры. Алғаш рет 1996 жылы 1-3 қазанда Алматыда өтті. Қазақстанның барлық облыстарынан, шет елдерден жүздеген балауса таланттар жиналды. Фестиваль аясында Алматыдағы “Достық” үйінде БҰҰ-ның ЮНИСЕФ бөлімшесі және “Бөбек” қорының бастамасымен “Балалар құқы туралы конвенцияны жүзеге асыру” атты тақырыпта халықаралық дөңгелек үстел өткізілді. Онда Қазақстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан өкілдері балалар өмірінің көкейкесті мәселелері туралы сөз қозғады. Өнерпаз балалардың әлемнің өнер шеберлерімен кездесуі ұйымдастырылды.Екінші фестиваль “Айналайын — Ертіс — 97” деген атпен Павлодар қаласында өтті. “Бөбек” балалар қоры “Балалар өмірін қорғайық” деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бұған 600-ден астам өнерпаздар, Павлодар облысының өзінен 1000-ға тарта өрендер қатысты. Мәскеу (Ресей) облысының, Болгарияның фольклорлық, Қырғызстанның вокалды-хореографиялық ансамбльдерінің өнері көпшілікті сүйсінтті. Сондай-ақ балалар баспасөзі, радио-теледидары мен киносы орталығынан қатысқан 12 жас журналист белсенділіктерімен көзге түсті. Алғаш рет поэзия, мәнерлеп оқу секциясы жұмыс істеді. Фестивальге қатысушыларға республикалық “Бөбек” қорынан сыйлықтар тапсырылды. Фестиваль жылына бір рет өткізіліп тұрады.
## Сілтемелер |
Бөкей әулеті — Бөкей ордасының негізін салушы Бөкей ханның ұрпақтары. Бөкей ханның Тәуке, Әділ, Жәңгір, Меңдікерей атты 4 ұлы болған. Бөкей хан қайтыс болғаннан кейін ұлы Жәңгір хан сайланды. Бірақ Жәңгір жас болғандықтан, ол ер жеткенге дейін хандық билікті Бөкейдің інісі Шығай сұлтан атқарды. Жәңгір хандық билікті 1824 жылы 24 маусымнан бастап атқарды. Жәңгір өлгеннен соң Бөкей Ордасында хандық билік жойылды. Сөйтіп Бөкей әулетінен тек Жәңгір ғана хан дәрежесіне көтерілді. Жәңгірдің Ескендір, Ибрахим, Сейіткерей, Зұлқарнай, Сақыпкерей, Ысмайыл, Ғұбайдолла, Ахметкерей атты балалары болған. Оның ішінде Зұлқарнай мен Ескендір Жәңгірдің тірі кезінде-ақ қайтыс болған еді. Жәңгірдің балалары ішінде Ғұбайдолла, Ахметкерей және Ибрахим Санкт-Петебургтегі паждар корпусын бітірді. Ахметкерей орыс әскерінің полктік шенін иемденген. Ол 1877 — 78 жылы орыс-түрік соғысына қатысқан. Жәңгірдің сүйікті ұлы — Сейіткерей 1852 жылы ауырып көз жұмды. Оның артында екі ұл қалды. Үлкені — Мұхаммедкерей, кішісі — Шәңгерей Бөкеев. Мұхаммедкерей Орынбордағы кадет корпусында оқыған. Ол ислам діні ілімдерін терең меңгерген, діндар адам ретінде танылған. Мұхаммедкерейдің Ақыш атты бір ұлы, Айша, Зәуреш атты 2 қызы болған. Зәуреш Бөкеева Шәңгерейдің қолында тәрбиеленді. Бөкей әулетінің ішінде Тәукеннің ұлы Нұрмұхамбет 20 ғ-дың басында өзінің белсенділігімен көзге түскен. Ол 1901 жылы Бөкей ордасының 100 жылдық мерейтойын Санкт-Петербургте атап өтуге тікелей ат салысқан. Нұрмұхамбеттің Махамбет, Ғабдол Хакім, Хабир, Баязит деген 4 ұлы болған. Махамбет Бөкейханов күйші-композитор, ал Ғабдол Хакім Нұрмұхамедұлы Бөкейханов мемлекет қайраткері ретінде танымал. Ғабдол-Хакімнің баласы Диас Бөкейханов қазір техника ғылымының докторы, профессор, Тау-кен институтының лаборатория меңгерушісі. Ғабдол Хакімнің немере қызы Ш. Аманжолова тарихи-ағартушылық бағыттағы “Әділет” ұйымы басқармасының мүшесі және “Жаңалық” қорының атқарушы директоры. Бөкейдің үлкен ұлы Тәукеден тараған ұрпақтардың ішінен белгілі дәрігер Хазихан Бөкейханов шыққан.
## Дереккөздер |
Белая Вежа (Саркел; түркіше — «ақ сарай», «ақ қамал») — Хазар қағанатының Дон өзені бойындағы ірі қалалары бірінің орны. Ортағасырлық (8—10 ғасырлар) Салтово—Маяц мәдениетіне жатады. Белая Вежаның қираған орны Цимлян су қоймасы жасалғанға дейін сақталған. 1930 жылдан кейін М. И. Артамонов, П. А. Раппопорт, О. А. Артамоновалар зерттеді. Саркел 9 ғасырда бой көтерген. 10 ғасырдың соңына қарай орыс князі Святослав жаулап алғаннан кейін, атауы Белая Вежа болып өзгерген. 12 ғасырдың басында Руське қыпшақтардың шабуылының күшейген кезінде қала тіршілігі тоқтаған. Қала орнының аумағы 200-130 м, төртбұрышты, мұнаралары көп, қалыңд. 4 метрлік мықты дуалмен қоршалған. Қала өзен мен қолдан қазылып су жіберілген ордың арасындағы жасанды аралда орналасқан. Қамалды салуға византиялықтар қатысқанымен, оның сыртқы қабырғалары іргетассыз, жергілікті “далалық” үлгіде тұрғызылған. Көлденең қабырға арқылы қала екіге бөлінген. Түкпірде, оңтүстік-шығыс бөлігінде цитаделі бар. 100-ден астам үйлердің орны қазылды. Арасында «киіз үйдің» орны тәріздес дөңгелек, сопақша, кейде екі бөлікті үйлер, сұлбасын шарбақтан жасап, сыртын балшықпен сылаған құрылыстар, төртбұрышты келген, екі жақты құлама шатырмен жабылған жертөлелер бар. Қала халқы әуелгі кезде түркілер мен аландардан тұрған. Кейін славяндар келіп қоныстанған. Табылған теңгелер қаланың Византия, Қырым, Кавказ, Орталық Азия елдерімен тығыз экономикалық байланыста болғанын көрсетеді. Тұрғындардың арасында құмырашы, ұста, қару-жарақ шеберлерінің үлкен топтары болғанын дәлелдейтін деректер мол. Жалпы жазба деректердегі Белая Вежа туралы мәліметтер мен археологиялық айғақтар бір-бірімен сәйкес келеді.
## Дереккөздер |
Шаштықыз (лат. Arthraxon) – астық тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдіктер. Дүние жүзінде тропикалық аймақтарда тараған 10 түрі белгілі. Қазақстанның шалғынды жерлерінде, өзен, бұлақ, арық бойларында, құмды аймақтарда және күріш егілетін алқаптарда өсетін 2 түрі бар. Олардың биіктігі 20 — 80 см, сабағы жіңішке, жатаған, бұтақты. Жапырақтарының пішіні жүрек тәрізді немесе дөңгелек. Гүлшоғыры саусақ салалы, жоғарғы жағында сабақ шоғыры бар. Масағы қысыңқы, бір гүлді, екі қатардан тұрады, біреуі отырыңқы, қос жынысты, екіншісі сабақты. Масақ қылтаны үшеу, гүл қылтаны біреу не екеу. Шілде — тамыз айларында гүлдеп, жеміс береді. Шаштықыз — құнарлы мал азықтық өсімдік.
## Сілтемелер
* Қазақ Энциклопедиясы, 9 том. |
«Хабар» — 1995 жылы құрылған басты қазақстандық телеарналардың бірі. «Хабар» агенттігінің құрамына кіреді. Қазақ және орыс тілдерінде хабар таратады. Жаңалықтар мен бағдарламалар эфирге астаналық «Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінен шығады.
## Тарихы
1994 жылы 20 мамырда Алматы қаласындағы Қазақ ТВ ақпараттық қызмет базасы негізінде «Қазақстан телевидениесі және радиосы» республикалық корпорация құрылымында «Хабар» ұлттық телевизиялық ақпарат агенттігі құрылды. Дәл сол уақытта «Хабар» деген брендпен алғашқы жаңалықтар эфирге шықты.
1995 жылы 23 қазанда ҚР Үкіметінің қаулысымен “Хабар” Агенттігі Республикасы мемлекеттік мекемесі болып құрылды. «Хабар» Агенттігі» РМК «Қазақстан-1» телеарнасына тіркеліп, «Хабарға» 4,9 сағат жариялау уақыты берілді.
1997 жылдың 27 қаңтарынан бастап «Хабар» телеарнасы өз жиілігінде хабар тарата бастады. Тәулігіне 14 сағат хабар таратқан телеарнаның эфирінде аппараттық бағдарламалармен қатар, танымдық, ойын-сауық бағдарламалары, ток-шоу, музыкалық концерттер көрсетілді. Басымдық жаңалықтарға берілді.
«Хабар» арнасының бағдарламаларын көретін аудитория тек республика халқы емес, оған іргелес жатқан Ресей Федерациясының, Қытайдың және Орта Азияның бірқатар елдерінің аймақтары қосылды.
«Хабар» агенттігінің даму барысында шетелдік ақпараттық агенттіктермен серіктестік қарым-қатынастар орнатылды. Спутниктік жүйе байланысы бойынша WTN, CNN, Reuters сияқты ірі шетелдік ақпараттық агенттіктерден шетел жаңалықтарын жылдам алатын болды.
1998 жылы «Хабар» агенттігі жарғылық капиталына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен жабық акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Осы кезде Астанада «Хабар» Агенттігі» ЖАҚ Орталық бюросы филиал ретінде құрылды. 2003 жылы «Хабар» агенттігі «Хабар» Агенттігі» АҚ болып қайта тіркелді.
Үздік аймақтық журналистерді таңдауда корреспонденттік пункттерді техникалық жағынан жабдықтауда, ақпаратты жариялау тәсілдерін ойластырудағы жұмыстардың қиындығы ең бірінші Р.С.Ахметова және З.А. Нұрмұрат сияқты корреспонденттік желі редакторларының мойнына түсті. 1996 жылдың аяғына қарай Ақмола, Қарағанды, Семей қалаларында корреспонденттік пункттер құрылды. 1999 жылы 14 пункттен тұратын еліміздегі ең ірі корреспонденттік желі құрылды. Аз уақыттан кейін ТМД елдерінде корреспонденттік пункттер ашылды.
«Хабардың» ақпараттық қызметі жаңалықтар жүргізуде инновациялық тәсілдерді қолдана бастады: онлайн-қосылу, breaking news, телекөпір. Көптеген кәсіби телевизиялық әдіс-тәсілдер қазақстандық тележурналистика тарихында алғаш рет қолданылды. 1998 жылы «Хабар» live режимінде «Мир» ғарыштық станциясына қосылды.
Агенттік біртіндеп жанрлық өрісін кеңейтіп, эфирде жаңалықтардан басқа мәдени, танымдық, ойын-сауықтық жобалар, ток-шоу, музыкалық концерттер де пайда бола бастады.
1995 жылы бірінші болып «Хабар-әскер», «Я – налогоплательщик», «Парламентская неделя», «Еркем-ай», «Майдан», «Сәлем: Қазақстан!», «ЭКОС» және тағы басқа бағдарламалар шықты. Алғашқы үш жылдың ішінде 30-дай жоба жасалды.
1996 жылы қазақстандық телевизия тарихының дамуында алғаш рет «Хабар» агенттігі телехикая түсіруді бастап, көрермен назарына «Тоғысқан тағдырлар» сериалын ұсынды. Түсірілім төрт жылға созылды. Өндіріс кезеңінде толығымен 465 серия түсіріліп, эфирге шықты. 1998 жылы ТМД елдерінің медиафорумында «Тоғысқан тағдырлар» туындысы ең үздік телехикая атанды.
2000 жылдары «Хабар» эфирінде «Хабар-ньюс», «Бизнес-Хабар», «Хабар-жер» сияқты және тағы басқа 40-тан астам жаңа жоба шықты. Осы кездері хабар тарату кестесіне «Ұят болмасын...» ойын-сауық отауы, «Алтыбақан», «Кулинарное шоу» және тағы басқа ойын-сауық бағдарламалар енген болатын. Экономика, қаржы саласына арналған бағдарламалар да («Романсы о финансах», «Все о налогах», «Салық төлеушінің күнделігі») болды.
2001 жылы ойын-сауық, танымдық, білім саласына қатысты ток-шоу, сұхбат жанрындағы тікелей эфирде шығатын жобалар көрсетілді. Олардың қатарында: «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Бетпе-бет» т.б. бар.
2003 жылы телеарнаның қайта өрлеу кезеңі басталды. Эфирге 50-ден астам жоба шықты, соның ішінде «Нысана», «Азамат», «Идем на футбол», «Бармысың, бауырым» сияқты жобалар бар.
2010 жылдан бастап «Хабар» агенттігі біршама үзілістен кейін өз телехикаяларын түсіруге кірісті. 2011 жылы агенттік «К вам едет доктор Ахметова», «Алдар Көсе», «Асель, друзья и подруги» сериалдарын түсірді. 2012 жылы эфирге 7 телехикая шықты: «Жаным», «Подружки», «Ғашық жүрек», «Тікелей эфир», «25-й километр», «Агент Z», «Асель, друзья и подруги-2».
2013 жылы «Хабар» телеарнасы жаңа 16:9 кең экранды форматқа көшті. 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап жаңалықтар мен бағдарламалар эфирге астаналық «Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінен шығады.
2014 жылы алты телехикая жарық көрді, олардың қатарында – «Перекресток в Астане», «Пәленшеевтер», «Әр үйдің сыры басқа», «Кеңесшілер», «Махаббатым жүрегімде», «Сүрбойдақ» және biopic жанрындағы «Бауыржан Момышұлы», «Күләш».
## Жүргізушілері
* Мөлдір Доспаева (Жаңалықтар)
* Сағыныш Әбікей (Жаңалықтар)
* Лаура Жакупова (Новости)
* Кира Каниболодская (Новости)
* Сергей Гергиль (Новости)
* Айбек Қосан (Талқы)
* Жігер Сәрсен (7 күн)
* Ардақ Сағидолла (7 күн)
* Дарын Олжабай (Оян!)
* Айнұр Маратқызы (Оян!)
* Марат Оралғазин (Қызық times)
* Еркебұлан Мырзабек (Қызық times)
## Бағдарламалары
* Жаңалықтар (Новости)
* «Талқы» (Итоги) ток-шоуы
* «7 күн» апталық-сараптамалық бағдарламасы
* «Оян!» таңғы ақпараттық-танымдық бағдарламасы
* Қызық times (2014-2020, 2023-)
* «Cover show» Мейрамбек Бесбаевпен (2022-)
* Алғашқы
* Көзқарас
* President
* Neoсеть
* Mańdaı ter
* Асыл қазына
* Өз елім
* Асыл домбыра
* Qunar+
### Мұрағат
* XXI ғасыр көшбасшысы (1999-2015, 2021-)
* Бес жұлдыз
* Хабарlike
* Ұйқым келмейді
* Jup-jubymen
* Жеті қазына
* Не хабар?
* Маска
* Түнгі Хабар
* Жұлдыздар айтысады
* Таңғы Хабар
* Дала battle
* Кім мықты?
* Tangy fresh
* Qalamaimyn
* Aitystar
* Жұлдызды жекпе-жек
* Tórletińiz
* Topjargan
* Ережесіз әңгіме
* Биле, Қазақстан!
* Ойжүйрік
* Зерде
* Миллион кімге бұйырады?
* Кім мықты?
* Жұлдызды дода. Звездные войны
* Орталық Хабар
* Тікелей эфир Ләйлә Сұлтанқызымен
* Менің арманым
* Ана мен бала
## Логотиптері
*
*
*
*
*
*
*
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* «Хабар» телеарнасының ресми сайты
* «Хабар» телеарнасының онлайн көрсетілімі
* «Khabar TV» (YouTube)
* «Khabar News» (YouTube)
* «Khabar Tanym» (YouTube)
* «Khabar Sport» (YouTube)
* «Хабар» телеарнасы (Instagram)
* «Хабар» телеарнасы (TikTok)
* «Хабар» телеарнасы (Facebook)
* «Хабар» телеарнасы (X)
* «Хабар» телеарнасы (ВКонтакте)
* «Хабар» телеарнасы (Telegram) |
Алғабас — Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шаян ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 22 км жерде, қара топырақты дала белдемінде орналасқан.
## Халқы
Алғабаста ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Орта мектеп, клуб, кітапхана, бала бақшасы бар. Алғабас арқылы Шымкент — Шолаққорған автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Үйтас-Айдос — қола дәуірінен сақталған ескерткіш. Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы Сарыкеңгір өзенінің оң жағалауында, Үйтас-Айдос(қолжетпейтін сілтеме) қыстағынан оңтүстік-шығысқа қарай 2 км жерде орналасқан.
1984 — 85 ж. Жезқазған облысы тарихи-өлкетану мұражайының экспедиция (жетекшісі Э.Р. Усманова, В.В. Варфоломеев) жұмыстары барысында зерттелді. Ауданы шамамен 5000 м2 жерде шашырай орналасқан 17 қоршау қола дәуірінің екі кезеңіне, яғни нұра (б.з.б. 15 — 13 ғасырлар) және беғазы-дәндібай (б.з.б. 13 — 9 ғасырлар) мәдениеттері кезеңдеріне жататыны анықталды. Қазылған 14 нысанның 10-ы Нұра бойындағы ескерткіштерге жатады. Зираттың шығыс жағын ала оқшаулау тұрған бұл қоршаулар тігінен орнатылған ірі қақпа тастардан құралған және пішіні жағынан сопақша, кейде тікбұрышты түрде жасалған. Бұлардан ашылған барлығы 13 қабір 2 түрге бөлінеді: қарапайым топырақ қабірлер және тас жәшіктер. Екі қабірде мәйіт (екеуі балалардікі) жерленсе, 11 қабірде (барлығы ересектердікі) олар өртеліп, күлі жерленген. Заттай деректерді көптеп табылған бүйірі шығыңқы, тарақ қалыппен басылған өрнектері бар қыш ыдыстар, қола әшекейлер, тас садақ жебесі құрайды. Беғазы-дәндібай мәдениетіне қарасты қалған 4 қоршау (3, 4, 5, және 13 қоршаулар) басқаша үлгімен жасалғаны анықталды. Мұндағы ең үлкен орталық қоршау шаршы пішіндес, бұрыштары әлемнің 4 тарапына қаратылған. Үлкен қақпа тастардан жалпағынан қаланған, ені 1,5 — 1,7 м болатын қабырғаларының әрқайсысының ұзындығы 6,6 метр Ортадағы тоналған шұңқыр қабірдің аумағы 3,2*2,4 метр, тереңдігі қазіргі жер бетінен сәл ғана төмен, яғни мұнда мүрдені үстіңгі шым қабаты ғана алынып, тегістелген жер табанына қойған. Қоршау ішінен 5 сәнді қыш ыдыстың бөлшектері табылды. Зерттеу барысы 13-қоршаудың осыған ұқсас үрдіспен жасалғанын көрсетті. Оның өлшемдері 3,6*3 метр, ортасындағы саяз қабірдің аумағы 1,6*1,2 метр Бұл нысаннан қазба нәтижесінде сәнді өрнектелген беғазы қышынан басқа, киммерилік порыммен құйылған қола қанжар табылған.
Зерттелген басқа қоршаулардан қыш ыдыс бөлшектері, қола найза ұшы, сүйек садақ жебелері алынды. Қыш көзелер, негізінен белдеулі қыш ыдыс түріне жатады, мұның ішіндегі бір көзенің Батыс Сібір өлкесінен табылған ыдысқа ұқсайтыны байқалған. Өз кезегінде мұндай деректер Орталық Қазақстанды мекендеген көне беғазылық тайпалардың алыс-жақындағы көршілерімен тығыз байланыста болғанын көрсетеді.
## Дереккөздер
inform.kz(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер: |
Цандер Фридрих Артурович (11(23).8.1887 — 28.3.1933) — кеңес ғалымы, ракеталық техника саласындағы өнертапқыш. 1908 жылдан реактивтік қозғалыс мәселелерімен айналысты. Рига политех. институтын бітіргеннен кейін (1914), Мәскеудің әр түрлі з-ттарында жұмыс істеді. Ол ауа реактивті қозғалтқыштың, сұйық отынды ракеталық қозғалтқыштың, сондай-ақ ракета мен ракетопланның жобаларын ұсынды. 1930 — 31 ж. сұйық отынды реактивті қозғалтқышты құ-растырып, сынаудан өткізді. Реактивті қозғалтқыштар мен ғарыштық ракеталар жөнінде ғыл. еңбектер жазды. Айдың көрінбейтін жағындағы кратердің біріне Цандердің есімі берілген.
## Ciлтемелер :
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том |
Флорес (Flores) — Индонезияға қарайтын Кіші Зонд топаралындағы арал.
Жерінің аумағы 15,6 мың км². Аралдың көпшілік бөлігін сөнген және әрекетті жанартаулары (12 — 14) бар, биіктігі 2400 м-дей конус пішінді таулар, солтүстік жағалауын төбелі жазықтар алып жатыр. Климаты субэкваторлық, муссондық. Жылдық жауын-шашын мөлшесі 1000 — 1400 мм.
Муссондық орман және саванна өседі. Жүгері, күріш, кокос пальмасы, кофе өсіріледі. Негізгі қалалары: Рутенг, Энде. Португал теңізшілерінің қойған “Флорес” атауы аралдағы өсімдік дүниесінің (жапырағын тастайтын муссондық ормандар, саванналар) байлығын білдіреді.
## Дереккөздер |
Үшбиік — Абай облысы Жарма ауданындағы ауыл, Үшбиік ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қалбатау аулынан оңтүстік-батысқа қарай 131 км жерде, Ащысу өзенінің сол және оң жақ аңғарларына орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1961 жылы ұсақ ұжымшарларды біріктіруге байланысты ұйымдастырылған қой кеңшарының орталығы ретінде қаланған. Кеңшар негізінде Үшбиікте және округке қарасты Еңірекей (Өңірекей) ауылында 40-тан астам шаруа қожалықтары құрылды. Үшбиік арқылы Түрксіб темір жолы мен республика маңызы бар Алматы — Өскемен автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Сығандар, ескірген атауы лолылар,(Сыған. өз атауы рома — адамдар) — халық (тегі мен тілі ортақ этн. топ). Үндіжерортатеңіздік нәсілге жатады. Сығандар - тарихы өте қиын халық, бұл халықты бүкіл әлем біледі. Сонымен қатар, сығандар керемет мәдениеті мен әдет-ғұрыптарымен мақтана алады. Сығандар жер шарының көп жеріне таралған. Олардың көпшілігі Америка Құрама Штаттарында тұрады, ал негізінен сығандар Еуропада қоныстанды. Олар қауымдастықтар мен одақтар құра отырып, әртүрлі елдердің тұрғындарының айтарлықтай бөлігін құрайды.
## Тілі
Тілі санскритке де, бірқатар жаңа үнді тілдеріне де жақындығын сақтаған. Әр түрлі халықтар сығандарды түрліше атайды. Жалпы саны шамамен 7 млн-дай адам (2005). Сыған тілі көптеген диалектілерге бөлінеді. Сыған тілі шет тілдік ортада қолданылып және дами отырып, онымен байланыста болатын тілдер өз ықпалын тигізетініне қарамастан, үндіарийлік сөздік қорын және байырғы белгілерін сақтап қалды.
## Діні
Сығандар өздері тұрып жатқан мемлекеттің дінін қабылдай салады, қоныс аударғанда қажет болса дінін де жиі өзгертіп отырады.
## Тарихы
Тарихы мен шығу тегі аса күрделі. Ғалымдардың көпшілігі сығандардың арғы тегі Үндістаннан шыққан, олар 1-мыңжылдықта қалыптаса бастаған деп есептейді.
Алғашқыда олар Иран мен Мысырда, кейіннен Византияның шығысында ұзақ уақыт тұрақтап тұрған. 2-мыңжылдықтың бас кезінде Балкан түбегі мен Солт. Африкаға жылжып, 13 — 15 ғ-ларда Орт. және Шығыс Еуропаға, кейіннен Солт. және Оңт. Америка мен Австралияға (19 ғ.) жеткен.
Бастапқыда Еуропа елдері сығандарды жақсы қабылдағанымен, біраз уақыттардан кейін оларды қаңғыбас, қайыр-садақа сұраушы ретінде қудалай бастады. 18 ғ-дың соңына қарай Еуропаның бірқатар елдері оларды шеттетуді біршама тоқтатты. Осы кездері халықтың көшпелі, отырықшы және жартылай көшпелі болып бөлінуі жүріп жатты. Дегенмен, бүкіл әлем, сығандарды көшпелі халық ретінде біледі.
## Өмір салты
Олар белгілі бір аумақта көшіп жүреді, қандас туыстардан не болмаса басқа ру өкілдерінен құралған таборға бірігеді, оны вайда (немесе сагибо-скиро) басқарады. Вайда көшіп жүрген мемлекеттегі сығандардың ресми өкілі, ол сонымен қатар ішкі қақтығыс, дау-дамайларды реттеп отырады.
Онымен бірге табордағы бәйбіше әйелдің де ықпалы күшті. Табордың вайда билігімен жұмсалатын қоғамдық кассасы болады. Сыған әйелдерінің бас билігі жоқ.Ол әкесіне, кейін күйеуіне сөзсіз бағынуға міндетті, отбасын асырау да соның мойнында. Жер шарының барлық құрлықтарына таралған. Антропологиялық жағынан сұраумен айналысады. Қазіргі таңда көшпелі өмір салтын ұстанатын олар азая бастаған.
## Кәсібі
Сығандардың көбісі музыка, би, түрлі қолөнер, киім-кешек, тамақ, гүл сатудан ақша табады. Көпшілігі білім алмаған, әрі кеткенде білім деңгейі орташа деңгеймен шектеледі. Көптеген сығандар балаларын мектепке жіберуге қорқып, тіпті басқа балалармен байланысын шектеді. Бұл сығандар арасындағы жалпы сауатсыздықтың басты себебі болды. Кей топтары әлі күнге дейін алыпсатарлықпен, әйелдер бал ашумен, қайыр-садақа сұраумен айналысады.
## Қазақстандағы сығандар
Қазақстанға сығандвардың келуі кеңес дәуірінен басталып, бұл үрдіс әлі күнге жалғасып келеді.Қазақстанның сыған диаспорасы санының жалпы динамикасы мынадай:
* 7 775 (1970 ж.),
* 8 626 (1979 ж.),
* 7 061 (1989 ж.),
* 5 130 (1999 ж.),
* 4 165 (2013 ж.) адам.
## Дереккөздер |
Әйкел — күміс ақша немесе асыл тастармен безелген, зерделі барқыттан тігіліп, қыздардың кеудесіне ілінетін алқа тәрізді бұйым. Әйкел сол иықтың үстіне түсіп, оң қолтықтың астынан түймеленеді. “Қамбар батыр” жырының кейбір варианттарында “әйкел-тұрман” немесе “аяр-тұрман” деп келеді. Бұлар — екі түрлі айтылғанымен, бір заттың атауы.
Өзбектерде хайкал – мойынға тағатын әшекей зат, қарақалпақтарда хайкел – әйелдердің көкірегіне тағатын металдан жасалған сәндік бұйым, Заравшан тәжіктерінде әйкел тіл-көз тимейді деген түсінік бойынша адам мен үй жануарларына тағылған тұмар. Тәжіктер Құран сүрелерінен үзінді жазылған ұағазды үшбұрыш былғарының не матаның ішіне салып тігіп, оны оң қолына не киімнің оң жағына кейде құлаққа тағып жүрген. Ертеректе қазақтар әйкелді тіл-көз тимесін деп қадірлейтін малына, әсіресе, жүйрік аттардың мойнына, маңдайына таққан. Оны әйкел-тұрман деп атаған.
## Дереккөздер |
Әдебиет сыны — әдеби сын, көркем әдеби сын — әдебиеттану ғылымының бір саласына жатады.
Ол өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындық арақатынасын саралап, көркем шығарманы әдеби тұрғыдан бағалайтын, әдеби дамудың ағымдағы мәселелерін талқылап, бағыт сілтеп отыратын әдеби-публицист., ғыл.-эстетик. шығармашылық түрі. Әдебиет сыны — аса күрделі сала. Оның негізгі зерттеу объектісі — көркем әдебиет, әдеби процесс. Сыншы белгілі бір әдеби шығарманы талдап, баға беру үшін әдебиеттану ғылымының зерттеу әдістерін, методологиясын қолданады. Әдебиет сынының басты ерекшелігі, көбінесе, қазіргі әдебиеттің жай-күйін қарастыруында, әдеби мұраларды бүгінгі заман тұрғысынан пайымдауында. Әдебиет сыны әдебиеттің теориясы, әдебиеттің тарихы жеткен жетістіктерге сүйенеді. Көркем шындыққа айналатын өмір — аса күрделі құбылыстардың біртұтас жиынтығы. Міне, сол сан қырлы өмір оқиғаларының көркем әдебиетте қалайша көрініс тапқандығын анықтап отыратын Әдебиет сыны да оларды түрлі жақтарынан зерттейтін ғылым салаларының жетістіктерін қажетінше пайдаланып отырады.Әдебиет сынында берілген баға сол кезеңдегі әдеби процестің үні. Онда пікірлер қайшылығының кездесуі заңды да. Әдебиет сыны көркем шығармашылыққа дер кезінде үн қосып, сыр-сипатын айқындайды, баға беріп, пікір білдіреді.
Әдебиет сынының тарихы ертеден басталады. Қазақ ауыз әдебиетінің көркемдік, идеялық сапалары аса жоғары классик. үлгілерін парықтауда Ә. с-ның рөлі зор болды. Ол жазба әдебиетінің, ғылымның дамуымен бірге өрбіп отырады. Отырарлық ғұлама Әбу Наср әл-Фарабидің, Махмұт Қашқаридың, Жүсіп Баласұғынның сөз өнері жайлы жазған пікірлері, Ш. Уәлихановтың, Ы. АЫбырай Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың әдебиетке қатысты айтқан ойлары қазіргі қазақ әдеби сынының бастау алар қайнар көзі деуге болады. 19 ғ-дың 2-жартысында “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты” газеттерінің бетінде әдебиетке қатысты материалдардың жиі көрінуі. Ә. с. тарихындағы жаңа кезеңнің басы болды. “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті беттерінде жаңа кітаптардың шығуы туралы хабарлардан бастап, жекелеген жазушыларға арналған ғұмырнамалық мақалалар, әдеби шолулар, түрлі тақырыптағы мақалалар көптеп көріне бастады. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров т.б. қазақ әдебиеті жайлы құнарлы пікірлер айтты. 20 ғ-дың 20-жылдары қазақ әдебиеті жаңа дәуірде қандай бағытта дамуы керектігі, көрнекті әдебиет қайраткерлері жайлы қызу пікір алысулар болды. Әсіресе Абай, Мағжан шығармашылықтары жайлы айтыстар 20 ж-дардағы әдеби сынның орталық мәселелеріне айналды. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышы” (1927), Х. Досмұхаметовтің “Қазақ халық әдебиеті” (1928), Ғ. Тоғжановтың “Мағжанның ақындығы мен Жүсіпбектің сыны” (1926), “Әдебиет және сын мәселелері” (1929) сияқты еңбектер қазақ Ә.с-ның жаңа биіктерге бет алғанын байқатты. Ұлттық әдебиетіміздің түрлі мәселелері жайлы С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жансүгіров, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Тоғжанов, Н. Төреқұлұлы, С. Сұлтанбек Қожанов, Ы. Ыдырыс Мұстанбаев, Досмұхамедов, С. Сәдуақасов, Қ. Кемеңгеров, Ә. Бәйділдин, Х. Жүсіпбеков, Е. Бекенов, Ш. Тоқжігітов, Б. Кенжебаев т.б. өз ойларын ортаға салып, әдеби өмірде белсенділік танытты. Ә. с-ның аннотация, рецензия, мақала, айтыс мақала, шолу, шығармашылық портрет сияқты түрлері баспасөз бетінде жиі көрініп, жанр ретінде қалыптасты. Алайда бұл кезеңде көркем шығармаларды бағалауда партиялық принцип негізгі өлшем ретінде танылып, әлеум. тұрпайы сындар өріс алды. Мұндай сындар әсіресе ҚазАПП-тың (Қазақстан пролетариат жазушыларының ассоциациясы) тұсанда барынша ушыға түсті. Ә. с. партияның идеол. қаруына айналды. Оның негізгі міндеті қаламгерлердің қай тапқа, яғни байшыл, кедейшіл, жолбике сияқты топтардың қайсысына жататындығын анықтауға сайды. Әдеби күштерді ұйымдастырып, бағыт-бағдар беріп отыруға тиіс ҚазАПП (1925 — 1932) ұйымына он шақты ғана жазушы мүше болып, қалғандары идеялық тұрғыдан сыналып, саяси құғынға ұшырады. Соңы 1929 ж. қазақ қаламгерлері көпшілігінің жазықсыз жазалануларына ұласты. Шығарманың көркемдік қасиеттерінен гөрі идеялық жағына маңыз берген солақай сындар бүкіл соғысқа дейінгі дәуір бойы үстемдік құрып, ақыры 1937 ж. жазушыларды екінші дүркін жаппай жазалауға ұрындырды.
Соғыстан соңғы кезеңде Ә. с-ның көкжиегі кеңіп, әдеби ой-толғамдардың ғыл. негізі арта түскенімен, әдебиеттің партиялық принципі барынша қадағаланып отырды. Көркем әдебиетте, сын-зерттеу саласында саяси қырағылықты күшейту мақсатында жүргізілген істердің барысында бірсыпыра қаламгерлер тағы да қуғынға ұшырады. “Ұлтшылдыққа”, “ескілшілдікке” қарсы саяси науқанның барысында әдебиеттің бүкіл тарихы Абайымен қоса теріске шығарылды. Алғашқы екі кітабы жарық көрген “Абай жолы” эпопеясында қазақтық өткен ғ-дағы өмірінің суреттелуінен бастап, бар қадір-қасиеті жоққа шығарылып, теріс идеялар береді деп танылды. Осы саяси науқанның салдарынан Ысмайылов, Жұмалиев, Қ. Мұқамедханов т.б. қудаланып, әдебиеттен шеттетілді. Кенжебаев, Т. Нұртазин, Қоңыратбаев т.б. құғындалды. Тоқырауға ұшыраған қазақ Ә. с. 1955 ж. респ. басшылығы ауысып, идеол. солшыл бағыттағы тоң ептеп жібіп, шығармашылық жұмысқа мүмкіндіктер туа бастаған кезде қайтадан жанданып, кең арнасына түсе бастады. Ысмайылов, Жұмалиев, Нұрқатов, А. Нұртазин, Қ. Нұрмаханов, М. Ғабдуллин, С. Қирабаев, Р. Бердібаев, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, Б. Сахариев және т.б. сыншылар қазақ Ә. с-н жаңа биіктерге көтерді. 60 жылдары көп томды қазақ әдебиетінің тарихын жасаумен бірге әдебиеттің ағымдағы күрделі мәселелерін терең талдаған мақалалар жарық көрді. Ә. с. осы жылдары қарқынды дамып, баспасөзде қызу пікір-таластар болды. Ә. с. саласында А. Сүлейменов, З. Серікқалиев, Р. Нұрғалиев, Тоқбергеновтер көрінсе, оған жалғаса 70-жылдары С. Әшімбаев, Б. Сарбалаев, Қ. Ергөбеков, Б. Ыбырайымов, Т. Шапаев т.б. келді. 70 жылдары Ә. с-ның дамуына мол мүмкіндіктер жасалынды. Газет-журнал беттерінен сын бөлімі тұрақты орын алды; “Уақыт және қаламгер”, “Сөзстан” сын мақалалар жинақтары тұрақты түрде шығып тұрды.
80 ж-дардың соңына қарай елімізде басталған түбірлі бетбұрыстар қазақ Ә. с-ына да тың серпіліс әкелді; алға жаңа міндеттер қойды. Мұндай үлкен міндеттерді атқаруға сынның ғыл. сипаты артып, әдебиеттану ғылымының өрісі кеңейе түсті.Қазіргі кезде Ә. с. жан-жақты өркендеп, жанрлық түрлері дамыды. Әдебиеттану ғылымының бұл саласында сын мақала, сын пікір (рецензия), шолу мақала, эссе (публист. немесе ғыл. очерк), сын-монография т.б. жанрлық түрлері дами бастады.
## Дереккөздер |
Азаб Әл-Кәбир (“азаб әл-Барзах” сөзінің синонимі, мағынасы “көрдегі азап”) — сынау, жазалау, өлгеннен соң берілетін алғашқы сот үкімі алдындағы тергеу.
“ Азаб Әл-Кәбир” түсінігі бойынша өлген адам үшін көр не жәннат, не дозақ орнының алғашқы белгісі іспетті болады. Онда осылардың біріне лайықты жаза беріледі. Адамдар мәйітті көміп, ол арадан 40 қадам ұзап кеткен соң, қабірге Мункир мен Нәкир атты екі періште (қазақта Мүңкір-Нәңкір делінеді) келіп, о дүниелік болған адамнан тіршілікте істеген іс-әрекеті, дінге қатыстылығы жайлы жауап алады. Егер мәйіт тірі күнінде иманды, жақсы адам болса, онда рахат көріністе қияметке дейін қалдырылады, ал күнәсі көп, жаман адам болса, онда ол ақыр заман келіп жеткенше азаптала береді. Құранда Азаб Әл-Кәбир жайында тікелей айтылмағанмен, бірнеше аяттарда: “біз оларды (имансыз, жаман адамдарды) екі рет жазалаймыз”, “біз оларға таяуда және ақыретте берілетін жазалар дәмін таттырамыз” делінген. “Азаб Әл-Кәбир.” туралы түсінікке мутазилиттер қарсы шығып (8-9 ғасырда), оны мұсылмандық тұжырымға жатқызбауға тырысып бақты. Бірақ олар жеңіліске ұшырап, сунашылдық жолдағылар қабір азабының шындығын, Мункир мен Нәкир періштелері барлығын бұлжымас қағидаға айналдырды. Мұсылман түркілер, оның ішінде қазақтар да кейін ақырет күні әркімнің істеген іс-әрекеттеріне баға беріліп, лайықты жазаларын алатынына сенеді.
## Дереккөздер |
Аза күй, реквием — қаралы характердегі көп дауысты хорға арналған топтамалық шығарма, қазақ халқының күй өнеріндегі қайғылы оқиғалармен байланысты шыққан күйлердің түрі. Аза күй ел басындағы, не жеке адамның өміріндегі қаралы жағдайларды муз. арқылы жеткізеді. Бұл тақырып аңыз, тарихи жоқтау, жылау, қоштасу, көңіл айту, жұбату сияқты күй жанрларында кездеседі. Халықтың рухани қазынасында осы тақырыптағы халық күйлері мен жеке күйшілердің күйлері сақталған. “Ақсақ құлан — Жошы хан” аңызында Жошы ханға баласының мерт болғанын күйші Естірту күйі арқылы білдірген. Ел тарихында “Зар заман” деп аталған кезеңде қазақ руларының бытырап, қандастарымен қоштасуы “Ел айрылған”, “Қазақ пен ноғайлының қоштасуы”, “Ноғайлының зары” күйлерінен орын алған. Жақынынан айрылып, қайғы-қасіретке ұшыраған адамның ауыр халін Қорқыттың “Ұшақтың ұлуы”, Дәулеткерейдің “Салық өлген”, Ықыластың “Ерден” күйлерінің мазмұны айқындайды. Сол сияқты, ботасынан айрылып, зарлаған інгеннің мұңлы дауысы “Нар идірген”, “Боз інген” күйлерінен сезіледі. Ата-анасынан, ел -жұртынан айрылып, қорғансыз қалған баланың зары “Жетім бала” күйінде бейнеленген. Әлемдік музыканың дамуында аза күй орта ғасырдағы католик шіркеулерлерінде орындалатын полифон. муз. месса түрінде қалыптасты. Аза күйдің классикалық түрлерін 16 ғасырда Еуропа композиторлары Пьер де ла Рю, О. Лассо және Палестрина жазды. Ал 18-19 ғасырларрда аза күй жазумен В.А.Моцарт, Ф.Лист, Г.Берлиоз, А.Дворжак, Дж.Верди т.б. композиторлар айналысқаннан кейін ол шіркеулік-догмалық сипаттан ажырап, терең филос. мазмұнға ие болды. Аза күйдің үздік нұсқасы ретінде дүние жүзіндегі әйгілі болған, шынайы адамгершілікке, қайғылы лирикаға, қаралы пафосқа толы Моцарттың “Реквиемі” (1791, оны Моцарттың шәкірті Ф. Зюсмайр аяқтаған) саналады. Осы замандағы қазақ музыкасыннда сұрапыл соғыста ерлікпен қаза тапқан Т. Тоқтаров сынды қаһармандар рухына арналып жазылған Р. Елебаевтың “Жас қазақ” ән-реквиемін (1942), С. Мұхамеджановтың “Ғасырлар үні” атты ораториясын (1960), Е. Рахмадиевтің ұлы жазушы М.О.Әуезовті еске алуға арналған “Поэма-реквиемін” (1967 жылы) Кенен Әзірбаевты еске алуға арналған “Сағындым Кенен атамды” әнін т.б. аза күй. сарынында жазылған туындылар қатарына жатқызуға болады.
## Дереккөздер |
Фас мәмілесі – сатушы тауарды айлаққа жеткізуге, оны кеме бортының бойына жайғастыруға, экспедитордан құжаттарды алуға міндетті болатын мәміле түрі. Сатып алушы экспедиторды немесе кемені тағайындап, оны сақтандыруға немесе тасымалды басқа тәсілдермен ұйымдастыруға, кірепұлды төлеп, экспорттық лицензияны алуға және баж төлеуге міндетті.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Үшбөкенбай бітімі — 1838 жылы 24 маусымда Беріш руының батыры әрі биі Исатай Тайманұлы төрелік етіп, кесім шығарған жиын. Мұнда ол 6 жыл бойы жауласып, нақақтан қан төккен Адай және Кете руларын татуластырып, шапқыншылықты доғаратын билік айтты. Адайларға ежелгі қоныстары — Қарақұмды қайтарып берді. Есесіне Адайлар қолынан қаза тапқан Сарман бастаған билердің әрқайсысын елшілік жоралғысына байланысты 5 адамға балап, кетелер қолынан өлген қарсы жақтың 15 ерін құнсыз қалдырды. Исатайдың шешіміне ешкім дау айта алмай, дауласушы тараптар бір-біріне өкпе-реніштерін кешіп, табысты. Осы жиын туралы Орынбор генерал-губернаторына хабарлаған казак-орыс атаманы, генерал-майор Покатилов (24.6. 1838) пен Баймағамбет сұлтан Айшуақовтың (30.6. 1838) ақпарларында Үшбөкенбай бітіміне Кіші жүздің үш тайпа бірлестігінің игі жақсылары — Қайыпқали сұлтан, назар Жүсіп Құланұлы, Шекті Есет Көтібарұлы, Адай Шабай батыр, Мәмбетнияз мырза, Кете Құдайберген, т.б. келгендігі айтылады. Үшбөкенбай бітімінен кейін Исатай Кіші жүздің төре биі, көшелі шешені, Әлімұлы, Байұлы және Жетіру бірлестіктерінің көсемі ретінде халыққа танылды.
## Дереккөздер |
Достық — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл (2016 жылға дейін кент), Достық ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 170 км жерде, Жетісу (Жоңғар) қақпасында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1956 жылы қаланған. Кентте әскери бөлімшелер, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, өндірістік кооперативтер, орта мектеп, клуб, балабақша, аурухана, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен тас жол және автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Ақеділ (башқ. Ағиҙел; тат. Агыйдел; орыс. Бе́лая) — Башқұртстандағы өзен, Шолман өзенінің ең үлкен (сол жақтағы) саласы. Бұл сала Иір-емел тауының шығыс жағындағы орналасқан батпақтарынан басталып 1430 км дейін созылады. Су жиналатын алабы 142 мың км2. Оңтүстік Оралдағы Оралтау жотасының батысынан басталады. Жоғарғы жағының жағасы жайпақ, батпақты, орта ағысында өзеннің аңғары күрт тарылып, кей жері тік жар болып келеді. Өзеннің жағалауында орман өседі. Оң саласы Нигуш және Уфа өзендері қосылғаннан кейін, арнасы бірте-бірте кеңейіп, жазықтық өзеніне айналады. Көп жерінде оң жағасы көтеріңкі келеді. Негізінен қар суымен толығады. Жылдық орташа ағыны Бирск қаласының тұсында 846 м3/с. Қараша айының ортасында қатып, сәуірде мұзы ериді. Уфа қаласынан Мәскеуге дейінгі аралықта тұрақты су көлігі қатынайды. |
Әйтімбет мазары — ежелгі сәулет өнерінің ескерткіші. Қызылорда облысы, Әйтімбет — Қайыңды қыстауының оңтүстігінде. 1939 жылы академик А. Н. Бернштам бастаған Жетісу ахеология экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ескерткіштің біздің заманымыздың 4 — 9 ғасыр аралығына жататынын анықтаған. Күйдірілген кірпіш пен әктас ылайынан салынған мазардың сыртқы пішіні текше тәрізденіп келген де, төбесі күмбезделіп жабылған. Босағасы түрлі ою-өрнектермен әшекейленген. Мазардың іші әктаспен сыланып, қабырғалары тұрмыстық заттардың суреттерімен безендірілген.
## Дереккөздер |
Халькозин (грекше chalkos — мыс), мыс жылтыры — сульфидтер класына жататын минерал. Химиялық формуласы: Cu2S, мұндағы мыстың мөлшері 79,86%, қоспалары: Fe, Ag, Co, Nі, Au, As. Төменгі температурада ромбылық, жоғарғы температурада гексагондық сингонияларда кристалданып, призма, қалақ, дипирамида тәрізді кристалдар түзеді.Сингониясы — ромбылық (төмен температуралы) және гексагондық пен текшелік (жоғары температуралы модификациялары). Кристалдары — тақта, призма, агрегаттары тұтас майда түйірлі масса не сеппе. Агрегаттары ұсақ түйірлі сеппе түрінде болып келеді, түсі сұр, қара, металл тәрізді жылтыр, қаттылығы Моос шкаласы бойынша 2,5 — 3, тығыздығы 5,5 — 5,8 г/см3, электр тогын өткізеді. Мыс және полиметалл кендерінің сульфидтермен қайта баю белдемдерінде кездеседі. Қазақстанда Жезқазған, Қоңырат кендерінде кездеседі. Халькозин — бағалы мыс кентасы. Жаратылысы — гидротермалық және экзогендік; мыстың кені.
## Дереккөздер |
ЧАД (Chad) — Орталық Африкадағы тұйық көл. Нигерия, Нигер, Чад, Камерун жерінде.
Ұзындығы 270 км, ені 150 км. Климат ылғалдылығы жоғары кезінде (бұдан 5 — 6 мың жыл бұрын) көл ауданы 400 мың км²-ге жеткен, қазіргі ауданы 10 мың км²-ден (маусым — шілдеде) 26 мың км²-ге дейін ауытқып отырады. Тереңдігі 4 — 11 м. Көл айдыны 240 м биіктіктегі жайпақ қазаншұңқырда орналасқан. Батыс және оңтүстік жағалауы жазық әрі батпақты; солтүстік-шығыс және шығыс жағасы күшті тілімденген, көптеген аралдары бар. Көлге Шари және Комадугу-Йобе өзендері құяды. Өзендермен жалғасқан жерлерінің суы тұщы, қалған бөлігі тұзды. Чад көлінің суы жақын маңдағы ауданның грунт суын толықтырып, үнемі жаңарып тұрады. Жануарлардан бегемот, қолтырауын, қаз, үйрек, көкқұтан, т.б. мекендейді. Балық ауланады. Шари және Комадугу-Йобе өзендері аралығында кеме қатынайды. |
Үйші — киіз үйдің сүйегін, қаңқасын жасайтын шебер. Дәстүрлі қазақ қоғамында киіз үй сүйегі кереге, уық, шаңырақ, маңдайша, таяныш, табалдырық, сықырлауықтан тұрады. Үйші балта, пышқы, үстірік (сүргі), бұрғы, ағаш түрпісі, тез, қысқы, үскі, қашау секілді аспаптарды, өлшеуіш пен үлгі, біз, қырғы, желім, бояу сияқты көмекші құралдарды пайдаланып, киіз үй сүйегін дайындаған. Үйдің уық, керегелері талдан, қара мойылдан, шаңырағы, маңдайша мен табалдырығы қайыңнан жасалынады. Киіз үй сүйектерінің барлығы да морға салып балқытылған, тезге салынған, иіліп, ырғаққа тастап кептірілген. “Тоғай аралаған — үйші, ел аралаған — сыншы” секілді мақал-мәтелдер халықтың Үйші шеберлерге зор құрметпен қарағандығын көрсетеді. Қазақ Ү-лері қолынан шыққан киіз үй сүйегі ұлттық қолөнердің бірегейлігін айғақтайды.
Үйші ызбрайлары, саймандары:
* Тез – қоздан шыққан ағаштарды түзететін қондырғы.
* Сықаурын – ағаштың қисық жерлерін түзететін тез құралы.
* Жоңғы – үй ағаштарының сыртын өңдейтін құрал.
* Үскі – кереге желісінің көк өткізетін көздерін жҽне уық алақанындағы уық бау өткізетін көзді тесу үшін арнайы жасалған құрал.
* Ырғақ – кереге сағаналарының мүсін біркелкілігін сақтау үшін арнайы жасалатын қалып.
* Уық қалпы – тегіс жерге қағылған үш ағаш қазық. Тезден шыққан уықтардың иіні жазылып кетпеуі үшін арнайы жасалатын қазық қалып.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы" 9 том |
Шамшырақ, маяк — кеменің жағалауды бағдарлауына әрі өз орнын анықтауын және оны әр түрлі навигациялық қауіптерден сақтандыруға арналған мұнаралық құрылыс. Шамшырақ жарықтауыш оптикалық жүйелермен және әр түрлі сигнал беруге арналған техникалық құралдармен: акустикалық (наутофон, диафон, сирена, су асты қоңырауы, осциллятор), радиотехникалық (радиошамшырақ) және радиоакустикалық аппараттармен жабдықталады.
Шамшырақ мұнарасы теңізге сұғынып жатқан жағалауға, портқа кіре беріске, өзендердің сағаларына не шығанақтарға, кейде жағалаулық жартастарға, құм қайраңдар мен су асты жартастарына орнатылады. Кемені теңіздегі қауіптерден сақтандыру үшін жүзбе Шамшырақтартар пайдаланылады. Шамшырақтарды бір-бірінен оңай ажырату үшін олардың әрқайсысына өзіне тән сигнал беретін құрал-жабдықтар орнатылады. Жарқырауық Шамшырақтардың алыстан көріну қашықтығы 20 — 50 км, ал радиошамшырақтардың сигналы 30 — 500 км және одан да қашықтықтан, акустикалық сигналдар 5 — 15 км-ден, гидроакустикалық Шамшырақтыңтың сигналдары 25 км-ге дейінгі қашықтан ажыратылады.
Шамшырақ ежелгі заманнан белгілі. Мысалы, б.з.б. 283 жылы ақ мәрмәрдан салынған “Әлемнің жеті кереметінің” бірі атанған Александрия шамшырағы (биікт. 143 м) 1500 жыл қызмет атқарған. Шамшырақтың жарықтауыш оптик. жүйесі жарық көзінен, оптик. аппарат пен фонарлық құрылыстан (атмосфераның зиянды әсерінен қорғау үшін) тұрады. Жарық көзі ретінде электрлік қыздыру және импульстік, т.б. шамдар, кейде ацетиленді, керосинді-калийлі шамдар қолданылады. Оптикалық аппараттарда жарық сәуле шағылыстырғыш, т.б. линзалар болады. Шамшырақтартар туралы нақтылы деректер навигациялық теңіз карталарында, су жолы туралы анықтамаларда, т.б. беріледі. 1974 жылы Балтық теңізінде радиоизотопты термоэлектрлі генератормен жабдықталған атомдық Шамшырақ іске қосылды.
## Cілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Хабиб ас-Сийар Фи Ахбар Афрад әл-Башир — Гийас әд-Дин бен Хумам әд-Дин Мұхаммедтің жалпы тарихын баяндайтын шығарма.
Еңбек 3 томнан және кіріспе мен қорытындыдан тұрады. Ол парсы тілінде 1520 — 1524 ж. Гератта жазылған.
Шығарма бірнеше рет қайта өңделген. Соның нәтижесінде “Хабиб ас-Сийар Фи Ахбар Афрад әл-Башир” алғашқы томы — 3 нұсқа, екіншісі — 2 нұсқа, ал үшіншісі — 3 нұсқа болып жеткен. Еңбекте “әлемнің жаралған күнінен бастап”, 16 ғ-дың 20-жылдарына дейінгі жалпы тарихи оқиғалар баяндалады. 3-томның 3 және 4-бөлімдері Темір әулетінің кейінгі тарихы мен Сефеви әулетінің алғашқы шаһы I Ысмайылге арналған. Осы бөлімдерде қазақ тарихына қатысты көптеген деректер бар.
Толық басылымы 1954 ж. Тегеранда шықты.
## Дереккөздер |
“Ескендірнаме” — Әзірбайжан халқының ұлы ақыны Низами Гәнжауй (1141 — 1209) жазған “Хамсаның” (“Бес кітаптың”) ең соңғы, яғни бесінші дастаны. “Ескендірнаме” дастаны екі бөлімнен тұрады. Біріншісі — “Шарафнаме” (“Даңқ кітабы”), екіншісі — “Икпалнаме” (“Бақыт кітабы”) деп аталады. Низами “Ескендірнаменің” кіріспесінде өзінің жасы алпысқа келгенін, осы уақыт ішінде “Хамсаның” төрт кітабын (“Сырлар қазынасы”, “Хұсырау мен Шырын”, “Ләйлі мен Мәжнүн”, “Жеті ару” дастандарын) жазып біткенін, енді шығармашылық ғұмырының тұжырымы іспеттес “Ескендірнаме” дастанын жазуға кірісіп отырғанын оқырман қауымға ескертіп айтады. “Ескендірнаме” дастанының басты қаһарманы — Шығыс елдерінде “Ескендір Зұлқарнайын” деген есіммен мәшһүр болған қадым заманның даңқты әскери қолбасшысы Александр Македонский. Македонскийдің тарихи деректерге негізделген шынайы ғұмырнамасын ұлы қолбасшының үзеңгілес достары Клитрих пен Онесикрит жазғаны мәлім. Ал шығыс шайырлары сол ежелгі дәуірлердің өзінде-ақ халықтың “әділ патша”, “кемеңгер патша”, “қайырымды патша” жөніндегі арман-қиялын негізге ала отырып, Македонскийді көкке көтере мадақтайтын әр түрлі дастандар жаза бастаған. Тіпті оны Мысыр елінің қадым заман патшалары — перғауындардың асыл текті ұрпағы екен деп те жырлады.Әлем әдебиетінде Александр Македонскийдің әскери жорықтарын жырлаған 200-ден астам дастан бар. Ал, Низами жазған “Ескендірнаме” — солардың бәрінен де шоқтығы биік тұрған, Шығыс поэзиясында теңдесі жоқ көркем туынды. Низами “Ескендірнаме” дастанын Александр Македонский жөніндегі қыруар көп тарихи деректер мен аңыз-әфсаналарды негізге ала отырып жазған. Ол осы шығармасы арқылы өзі өмір сүріп отырған дәуірдің ең күрделі де көкейкесті сауалдарына — “мемлекетті қалай басқару керек”, “қандай адам патша тағына отыруға лайықты” деген сұрақтарға ойшыл ақын ретінде жауап іздейді. Ақын бұл сауалдардың жауабын ежелгі грек, көне түрік және байырғы қытай мен үнді ғұламаларының философиялық ілімдерінен іздеп, солардың дүниетаным саласындағы ой-тұжырымдарын оқырман қауымға ұсынады. Сөйтіп, Низами әлемге әмірін жүргізген Александр Македонский жорықтарын жырлау арқылы мұсылмандық Шығыс поэзиясында тұңғыш рет мәжүсилік (зороастризм) салт-сананы, ислам қағидаларын және көне грек ойшылдарының ілім-білімін өзара үйлестіре отырып, адамзат қоғамының ақыл-парасат пен ғылымға негізделген үйлесімді даму жолын ұсынады. Низами дастанында алыс өлкелерге әскери жорықтар жасаған кемеңгер қолбасшы Ескендір барған жерлерінде мәжүсилік дәстүрлерді де, ислам шарттарын да, ежелгі грек ойшылдарының философиялық ой-тұжырымдарын да жан-жақты білетін, әрі оларды барынша құрметтейтін жан болып шығады. Бұл арқылы Низами мемлекетті әділдік жолымен басқару керек, патша тағына отыратын адам халық қамын ойлайтын, жан-жақты білімді, өнер, ғылымға қамқорлық жасайтын, биік парасат иесі болуға міндетті деген тұжырым жасайды. “Ескендірнаме” дастанының бірінші бөлімі саналатын “Даңқ кітабы” — Ескендірдің өмірге келуін, Аристотельмен бірге тәрбиеленуін, жастық шағында Батыс пен Шығыстың ұлы ғұламаларынан дәріс алғанын, ер жете келе патша тағына отырғанын жырлаумен басталады. Низами Ескендірді сыры беймәлім алыс өлкелерге, қатерлі әскери жорықтарға тек ержүрек батыр ретінде ғана емес, сонымен бірге, бүкіл әлемнің құпиясын жетік білетін ғұлама жан, данышпен қолбасшы бейнесінде аттандырады. “Даңқ кітабында” Ескендір қалың қол бастап, алыстағы Мысыр, Иран, Дербент, Хорасан, Балх, Үндістан, Қытай өлкелеріне, Сақ даласына жорық жасайды. Алайда Ескендірдің алдына қойған негізгі мақсаты бұл елдерді қарудың күшімен жаулап алу емес, қайта сондағы өз билеушілерінен қорлық көрген халықты “әділетсіз патшалардың зорлығынан” құтқару болып табылады. “Даңқ кітабының” шытырман оқиғаларға толы сюжеттік желісі дастанның басты қаһарманы Ескендірді әлемде әділдік орнату үшін күресуші данышпан қолбасшы, әрі бүкіл адамзаттың қамқоршысы, кемеңгер патша дәрежесіне көтеріп бейнелеумен аяқталады. “Ескендірнаменің” екінші бөлімі — “Бақыт кітабында” Ескендір өзінің ең соңғы әскери жорығына аттанып, бұрын-соңды ешкім көріп білмеген таңғажайып өлкеге тап болады. “Күн нұрына бөленген” осы елдегі адамдардың бәрі бірдей бақытты екен. Өйткені мұнда құл да жоқ, қожайын да жоқ, кедей де жоқ, бай да жоқ. Бұл елдің адамдары бірін-бірі күндемейді, дүние-мүлікке қызықпайды, өтірік-өсек айтпайды, есіктеріне құлып салмайды, бау-бақшаларын қоршап қоймайды. Дастанда Ескендір “шынайы әділдік орнаған” осы ғажайып елге келген соң ғана өз өмірінің түпкі мақсаты, мән-мағынасы туралы терең ойға шомады. Ақыры ол адам мен қоғам арасында табиғи түрде үйлесіп жатқан сәйкестікті алғаш рет аңғарып, әлемдік үйлесім заңын пайымдайды. Енді оның өмірге, қоғамдық ортаға, өзін қоршаған табиғатқа деген көзқарасы мүлдем өзгереді. Даңқты қолбасшы атақ пен байлық үшін сансыз көп жорықтар жасап, босқа өткізген өміріне өкініш білдіреді. Бақытты болу үшін адамға көп нәрсе керек еместігін түсінеді. “Бақыт кітабында” дүниенің жаратылысы, қоғам өміріндегі адамның рөлі туралы Аристотель, Платон, Сократ, Архимед, Фарфорий (Порфирий Тианский) сияқты көптеген көне заман философтарының ой-тұжырымдары ғажайып жыр жолдары арқылы берілген. Низами “Даңқ кітабында” даңқты қолбасшы, кемеңгер патша бейнесінде көрінген Ескендірді “Бақыт кітабында” әулие патша дәрежесіне дейін шарықтатып жырлайды. Бұл арқылы Низами мемлекетті басқаратын адам дарынды қолбасшы, ойшыл кемеңгер ғана емес, сонымен бірге, қоғамның болашағын болжай білетін қасиеті бар әулие жан болуы керек деген тұжырым жасайды.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том |
Достық — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Қаратұрық ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 53 км-дей жерде, боз, бетеге өскен тау алды жазығының қызыл қоңыр, қоңыр топырағында орналасқан.
## Тарихы
1963 жылы “Қаратұрық” темекі кеңшары, кейін (1981) А.Саттаров атындағы кеңшардың бөлімшесі болды. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары құрылған.
## Инфрақұрылымы
Достықта орта мектеп, дәрігерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Ұрықжолдастылар, плаценталылар (Eutheria, Placentalia) — қазіргі сүтқоректі жануарлардың инфракласы. Инфракласс — жануарлар жүйеленуінде класс тармағы мен отряды арасынан орын алады. Бұл класс өкілдерінің бәрінің де ұрық дамуында ұрықжолдасы қатысады (қараңыз Плацента). Ол ұрықты жатырдың қабырғасындағы бұлшық еттермен байланыстырады. Ұрықжолдастыларда қалталы сүтқоректілерде болатын арнайы қалта және қалталы сүйектер болмайды. Ұрықжолдастылардың ұрпақтары жақсы жетіліп туады әрі өз беттерінше еме алады. Бұлардың астыңғы жақ сүйегінің бұрыштық өскіні ішке қарай иілмеген. Алдыңғы миы айқын ми сыңарларына бөлініп, оның сыртында ми қыртысы (неопаллиум) өте жақсы дамыған, әрі ми сыңарлары бір-бірімен сүйелді дене арқылы байланысқан. Ұрықжолдастылардың көпшілігінің тістері айқын жіктеліп, сүт және тұрақты тістерге бөлінген. Ересектерінің дене температурасы жоғары әрі тұрақты.
Ұрықжолдастылардың қазіргі кезде 17—18 отряды бар: жәндікқоректілер, жүнқанаттылар, қолқанаттылар, приматтар, толықемес тістілер, панголиналар, қоянтәрізділер, кеміргіштер, киттәрізділер, жыртқыштар, ескекаяқтылар, түтіктістілер, тұмсықтылар, дамандар, сирендер, сірітабандылар, тақтұяқтылар және жұптұяқтылар. Ұрықжолдастылар жер шарының барлық құрлықтары мен мұхиттарында кең тараған. Қазақстанда 8 отряды, 170-ке жуық түрі белгілі. Ұрықжолдастылардың жануарқоректі, өсімдікқоректі және аралас қоректенетін түрлері де кездеседі. Олардың көпшілік түрінің кәсіптік мәні бар. Ұрықжолдастыларды бағалы ұлпаны, терісі, еті, майы, т.б. өнімдері үшін аулайды.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
ХАДЖАР Оман таулары — Арабия түбегінің шығысындағы, көпшілік бөлігі Оман жерінде жатқан тау. Оман шығанағын бойлай 600 км-ге созылып жатыр. Ең биік жері Эль-Ахдар массивіндегі Шам тауы, биікт. 3353 м. Климаты тропиктік құрғақ. Батысы шөлге айналған саванна, шығысы муссонды тропиктік ормандар мен шалғындар; қ. Оман.
## Сілтемелер: |
Үшбұлақ — палеолиттік ескерткіш. Жамбыл облысы Қаратау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 36 км жерде. 1958 ж. Қазақстан Ғылым Академиясы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының Қаратау палеолит отряды (жетек. Х.Алпысбаев) тапқан. Бұл жерден байырғы аңшылардың қысқа мерзімді 6 ескерткіші анықталған. Ең ежелгі замандарға жататыны Үшбұлақ-6 ескерткіші. Ол бұлақ басынан 3 м биіктікте. Табылған заттар арасындағы 3 үшкір тас Үшбұлақты мустье дәуіріне жатқызуға мүмкіндік берді. Олар мөлдір, сұрғылт сұр тығыз шақпақ тас сынығынан дайындалған.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Фатима, Бибі Бәтима (635 ж. ө.) – мұсылман әлемінде ерекше қадір тұтатын әйел, Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың Қадиша анадан туған қызы, Әзірет Әлінің әйелі, Хасан мен Хұсейіннің анасы. Фатима үш ұл (біреуі сәби кезінде шетінеген), екі қыз туған. Пайғамбар дүниеден өткеннен кейін саяси оқиғаларға белсене араласып, қауым өмірінде елеулі рөл атқарды. Мұсылмандар арасында Фатиманың дүниеге келуі, өміріндегі оқиғалар мен көрсеткен кереметтері жайлы көптеген аңыздар таралған. Дәстүрлі қазақ қоғамында Бибі Бәтима ананы аналардың пірі, дертке шипагер ретінде тану қалыптасқан.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Акпинол — өсімдіктің өсуін реттейтін иіссіз, улылығы өте аз, ақ түсті қатты ұнтақ зат.
Диацетиленді пиперидинді гликолдар қатарына жатады. Суда, спиртте жақсы ериді. Ол ауыл шаруашылық дақылдарының өсіп жетілуіне, өнімділігінің артуына ықпал жасайды. Оларға экстремалды жағдайларға және ауруларға қарсы тұруына қолайлы әсер етеді. Акпинолдың 0,01-0,0001% судағы ерітіндісін дақылдардың тұқымдарын себер алдында немесе олардың өсу кезінде бүркіп қолданады. Акпинол өсімдікке қажетті қоректік заттардың көп жиналуына, оның ерте гүлдеп, пісіп жетілуіне әсер етеді. Сонымен бірге өсімдіктердің құрғақшылыққа, тұз және радиацияның әсеріне төзімділігін арттырады. Акпинол дақылдардың сапасын жақсартады, әртүрлі бұта және ағаш тұқымдастардың көшеттері мен қалемшелерінің тамырлануын жақсартады. Акпинолды Қазақстанда химиктер Е.Н.Әзірбаев, Қ.Б.Ержанов, Т.С.Садықов синтездеп, ауыл шаруашылығына енгізген (1986). Өндіру технологиясы Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы химия ғылымдары институтында жасалған.
2011 жылы Акпинол Мұрағатталған 11 шілденің 2013 жылы. атты тауарлық белгі жықты.
## Дереккөздер |
Мәкілқожа Иманәліұлы Құланбаев (22 наурыз 1926 жыл Алматы облысы, Жамбыл ауданы – 27 тамыз 1993 жыл Алматы) — кеңестік және қазақ кино және театр актері. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
## Жалпы мәліметтер
Найман тайпасының Қаратай руынан.
Алматы театр училищесін (1945) бітірген соң Қызылорда облыстық қазақ драма театры труппасында қызмет атқарды. 1948 жылдан қазіргі Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры құрамында еңбек етті.
Алғашқы рөлі Қуыршақ сатушыны (А.Толстой, “Алтын кілт”) ойнап, актерлік талантын танытты. Құланбаев театр сахнасында Есен, Назарбек (М.Әуезов, “Еңлік – Кебек”, “Алуа”, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы, 1984), Әбутәліп (С.Мұқанов, “Мөлдір махаббат”), Қоңқай (Ғ.Мүсірепов, “Ақан сері – Ақтоқты”), Махамбет (Ә.Әлімжанов, “Махамбеттің жебесі” бойынша), әл-Фараби (Ш.Хұсайынов пен О.Бодықов, осы аттас спектакльде), т.б. рөлдерді сахнаға шығарды. Кинофильмдерде ойнаған рөлдері: Бала (“Райхан”), Қаратай (“Менің атым Қожа”, 1963), Ыдырыс (“Балалық шаққа саяхат”, 1969), Ермат (“Алтын күз”, 1978), Генерал-майор (“Қала қалқаны”, 1979), т.б. Құланбаев Қазақ радиосында радио-қойылымдарға қатысып, балаларға арналған “Ойлан тап” атты радио ойынында Жұмбақ атай бейнесін жасады.
## Марапаттары
* 1977 жылы «Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі» құрметті атағы берілген.
* 1983 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
* КСРОның «Құрмет белгісі» Орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Достық — Түркістан облысы Төле би ауданындағы ауыл, Киелітас ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Леңгір қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 4 км-дей жерде, тау алдының бидайық, нарқия өскен жонды-қырқалы келген қара қоңыр топырақты қоңыржай қуаң белдемде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1960 жылы астық кеңшары ретінде қаланған. 1997 жылдан онда шаруа қожалықтары құрылған.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, дәрігерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
## Елді мекендер
Қазақстан:
* Үшбұлақ – Абай облысы, Үржар ауданындағы елді мекен.
* Үшбұлақ – Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы елді мекен.
* Үшбұлақ – Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы елді мекен.
* Үшбұлақ – Жетісу облысы, Алакөл ауданындағы елді мекен.
* Үшбұлақ – Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы елді мекен.
* Үшбұлақ – Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданындағы елді мекен.
* Үшбұлақ – Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданындағы елді мекен.
Қырғызстан:
* Үшбұлақ – Баткен облысы, Лейлек ауданындағы елді мекен.
* Үшбұлақ – Жалалабат облысы, Базарқорған ауданындағы елді мекен.
* Үшбұлақ – Талас облысы, Айтматов ауданындағы елді мекен.
Басқа мағыналар:
* Үшбұлақ – Жамбыл облысындағы тарихи ескерткіш.
## Елді мекендер
Қазақстан:
* Үшбұлақ – Абай облысы, Үржар ауданындағы елді мекен.
* Үшбұлақ – Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы елді мекен.
* Үшбұлақ – Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы елді мекен.
* Үшбұлақ – Жетісу облысы, Алакөл ауданындағы елді мекен.
* Үшбұлақ – Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы елді мекен.
* Үшбұлақ – Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданындағы елді мекен.
* Үшбұлақ – Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданындағы елді мекен.
Қырғызстан:
* Үшбұлақ – Баткен облысы, Лейлек ауданындағы елді мекен.
* Үшбұлақ – Жалалабат облысы, Базарқорған ауданындағы елді мекен.
* Үшбұлақ – Талас облысы, Айтматов ауданындағы елді мекен.
Басқа мағыналар:
* Үшбұлақ – Жамбыл облысындағы тарихи ескерткіш. |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.