text
stringlengths 3
252k
|
---|
Әдебиет энциклопедиялары -ақын-жазушылар, әдебиеттанушы ғалымдар, сыншы-зерттеушілер туралы библиографиялық очерктер мен әдебиет тарихы, теориясы, методологиясы, әдебиеттану терминдері мен ұғымдарын алфавитті-пәндік ретпен жүйелеп беретін ғылыми-анықтамалық басылымдар. Әдебиет энциклопедияларында ауыз әдебиетінен бастап қазіргі заманғы әдебиетке дейінгі кезең, жалпы әдеби процесс толық қамтылады. Бұнымен қатар, әдеби музейлер, ірі тұлғалардың мұражайлары, портреттері, әдебиетке қатысты иллюстрациялар, библиогр. мәліметтер де беріледі.
Әдебиет энциклопедиялары — әлем халықтарының көбінде бар, дәстүрлі басылымдардың бірі. Оның басқа энциклопедиялардан өзгешелігі берілетін мақалалар деректер мен мәліметтерге ғана сүйенбей, еркін стильмен жазылады. Әдебиет энциклопедияларының әмбебап, ғұмырнамалық, библиографиялық, анықтамалық т.б. түрлері бар. Целиноград ауыл шаруашылық институтын (1975, қазіргі Қазақ мемлекеттік агротехнологикалық университеті) бітірген. Еңбек жолын Павлодар облысына қарасты Шідерті а-нда инженер-контролер болып бастады (1976).Қазақ мемлекеттік агротехнологикалық университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, қызметтерін атқарды (1977). Қазіргі күндері осы университте кафедра меңгерушісі. Ол 1 оқулықтың және 4 оқу құралының авторы. Әдебиеттің ТМД елдері мен Ресей, Қазақстанда 97-ден астам ғылым мақаласы жарық көрген. 2006 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрилігінің «ЖОО-дағы ең үздік оқытушы» грантын иеленді. Ә Германия, Түркия және Украина мемлекеттеріндегі халықаралық семинарларға қатысты. Қазақ мемлекеттік агротехеникалық университетінің ғылыми кеңесінің мүшесі.
## Әдебиет энциклопедияларының ішіндегі іргелілері
“Әлем халықтарының мифтері” (1 — 2 т., М., 1980 — 1982)
“Әлем әдебиеті мен өнерінің үлкен сөздігі” (Сеул, Корея 1962)
“Әлем әдебиетінің энциклопедиясы” (Токио, Жапония, 1973)
“Қазақстан жазушылары. 1917 — 1967.” (құраст.: Н. Греховодов, В. Данилюк, П. Косенко. А., “Жазушы”, 1969)
“Қазақстан жазушылары: Анықтама” (құраст. М. Әуезов, К. Жорабеков. Р. Жанғожин. А., “Жазушы”, 1982)
“Советтік Қазақстан жазушылары” (Био-библиогр. анықтамалық”. Құраст. С. Ахметов, Д. Еркішев. — А., “Жазушы”, 1987)
## Дереккөздер |
Жалама айдаған жылдар — 1912 — 1914 жылдары Батыс Моңғолияда болған қанды оқиға. 1911 жылы Моңғолияның Қобда қаласын Цинь империясының әскерінен азат етуге қатысып моңғолдар арасында беделін күшейтіп алған қалмақ Да Лама Дамбийжанцан Моңғолияның батыс бөлігін орталықтан бөліп алып Батыс Моңғол хандығын немесе бұрынғы Жоңғар хандығын қайта құруды көздейді. Өзін Әмірсананың шөбересі деп жариялаған ол Батыс Моңғолияның орталығын Қобдадан 60 шақырым жердегі Шарцэх аталатын елеусіз кішкене шіркеуге ауыстырып, батыстағы қазақтарды моңғолдар тығыз орналасқан шығысқа қарай көшуге мәжбүр етеді. Көш кезінде талай адам қаза тауып, мал басы шығынға ұшырайды. Бұған наразы болып Алтай (Шыңжандағы Алтай аймағы) асып қашпақ болғандары аяусыз жазаланады. Қазақтардың бір тобы Да Ламаның әскеріне қарсылық танытып Шүйге барып паналайды. Да Лама мұның қарымтасын жергілікті қазақтардан қайтарып елді қырғынға ұшыратады. Кейін Ресей мен Моңғолия үкіметтерінің бірлескен қимылымен Да Лама тұтқындалып, аталмыш нәубет аяқталады. Бұл оқиға Моңғолия қазақтары арасында “Жалама айдаған жылдар” (“Жалама” сөзі Да Ламаның қазақша айтылуы) деген атпен есте қалған.
## Дереккөздер
Қазақ Энциклопедиясы |
Әкпар Есбосынұлы (1911, Қытайдағы Іле аймағы, Қас өзенінің бойы — 1944) — Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, халық батыры. 1944 жылдың күзінде Патих, Ғани батыр, Хамит, Сейітпен бірге Қытайдың Іле аймағында гоминдан өкіметінің қыспағына қарсы ұлт-азаттық қозғалысын ұйымдастырған. 1944 жылы қазанда аудан орталығы Нылқы қалашығын азат ету жолындағы соғысқа басшылық етті, Құлжа қаласын алу жорығына қатысты. Қазан айының ортасында Уәйіс мазары деген жерде тосқауылда тұрған Гоминдан әскерлерімен айқаста Әкпар Есбосынұлы ауыр жараланып, қайтыс болды. Әкпар Есбосынұлы бастаған ұлт-азаттық күресі қанатын кең жайып, 1945 жылдың ақырында Іле, Тарбағатай, Алтай аймақтары толық азат етілді. 1946 жылы Шығыс Түркістан үкіметінің жарлығымен Әкпар Есбосынұлына “Халық қаһарманы” атағы берілді.
## Дереккөздер
Шығыс Түркістан қозғалысының басты оқиғалары, Үрімші, 1996; Сүгірбаев П., Алтай арпалыстары, Үрімші, 1996. |
Құланбасы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының батыс сілеміндегі тау. Малайсары жотасының батысында, Жуанқұм мен Жіңішкеқұм құмды алқаптарының аралығында, Іле өзенінің оң жағасында орналасқан. Батыс етегінде Құланбасы ауылы бар
## Жер бедері
Теңіз деңгейінен биіктігі 892 метр, ұзындығы 24 км, ені 7 км шамасында. Солтүстік беткейі түйетайлы, сай-жыралармен тілімделген.
## Геологиялық құрылымы
Құланбасы пермьнің туф аралас эффузиялық жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Құнарсыз қиыршықты құмдақты топырағында жусан, эфемерлі өсімдік өседі.
## Дереккөздер |
Әдеп (араб.: أدب адаб) - қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптардың жиынтық атауы.
Әдеп - 1. Моральдық категория, адамдар қарым-қатынасында ізгілік нормаларын мүлтіксіз орындауды білдіретін ұғым. Белгілі бір халықтың әдет-ғұрпында тұрақтанып қалыптасқан этикалық тәртіп, тәрбие, ізеттілік, сыпайылық, ибалылық. Қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптарды білдіреді. Әдептің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік талаптарына сәйкес ретке келтірумен байланысты.
2. Халықтың әдет-ғұрпында қалыптасқан этикалық тәртіп. Игі әдетпен, өміршең әдет-ғұрыпппен қалыптасқан ұлттық мәдениеттің көрінісі, мәдени үрдістердің, имандылықтың тірек негізі.
## Әдептің қоғамдағы басты қызметі
Әдептің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік талаптарына сәйкес ретке келтірумен байланысты. Бұл сипатта Әдеп мәдениеттің іргелі бір құрамдас бөлігіне жатады. Мәдениеттің қалыптасу барысында ізгі мінез-құлық белгілері әдептілік талаптарына айналып отырған.Әдеп өлшемдері арнаулы қаулы арқылы жарияланбайды және олар данышпан адамдардың ойлап тапқан құндылықтары емес. Әдеп ережелері өркениет пен мәдениеттен сұрыпталып алынған.
## Әдептің қалыптасуына әсер еткен факторлар
Қазіргі заманғы ғылым әдептің қалыптасуына әсер еткен 3 басты факторды атап өтеді.
Олар : жыныстық қатынасты реттеу арқылы аналық рудың пайда болуы; тайпа мүшелерін өлтіруге тиым салу; қариялар мен балаларға қамқорлық ету (альтруизм). Мәдениеттің өзегін салт-дәстүр, Әдеп құрастырады. Егер соқыр сезім (инстинкт) жануарлар тіршілігіне қалай әсер етсе, салт-дәстүр де алғашқы адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлқына, ақыл-ойына сондай әсер етті. Алғашқы рулық қоғамдағы Әдеп көріністері: “қанға қан, жанға жан” (талион) принципі, сезімнің ақылдан басым болуы, жеке бас бостандығының қауымдық мүдделермен тежелуі т.б. осындай жайттардан байқалады. Дәстүрлі қоғамдағы Әдептің қарапайым түрін кейін рационалды имандылық қағидалары алмастырды. Алайда бұдан көне Әдеп жүйесі жоғалып кетті деген ой тумайды. Себебі көне мәдениет қазіргі ұлттық мәдениеттің архетипі қызметін атқарады. Қазақ халқының ұлттық Әдеп жүйесі сонау көшпенділер мәдениетінен нәр алады. Ол қазіргі заман талаптарына сәйкес жаңара түскенімен, бастапқы негізін сақтап келеді.
## Дереккөздер |
Белбасар, Беласар — Жамбыл облысы Шу ауданындағы ауыл, Ескішу ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Төле би ауылынан оңтүстікке қарай 20 км-дей жерде, Шу өзенінің оң жағалауында, шөлді белдемде орналасқан. Ең жақын темір жол станциясы — Шу (20 км).
## Халқы
## Кәсіпорындары
Белбасар ауылында астық және қант қызылшасын қабылдау пункттері, диірмен, ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу шеберханасы, нан зауыты жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Емхана, орта мектеп, т.б. мекемелер бар. Белбасар арқылы Бішкек — Шу автомобиль жолы өтеді, тұрғындары көрші елді мекендермен ауыларалық жолдар арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Бөкей хан (туған жылы белгісіз — 21.5.1815) — Бөкей ордасының ханы (1801 — 15).
## Өмірбаяны
Әбілқайыр ханның немересі, Нұралының баласы. Айшуақ хан тұсында хан кеңесінің төрағасы болды. Бөкей 1801 жылы Ресей өкіметінен рұқсат алып, Кіші жүз қазақтарының бір бөлігін Жайық пен Еділ аралығындағы ноғайлы қазақтардың ескі жұртына қоныстандырды. Каспий жағалауындағы Дамбай деген жерде өз ордасын тікті. 1812 жылы Бөкей ордасының ханы болып сайланды. 1815 жылы хан тағын мұрагерлік жолмен Жәңгір иеленді. Бөкей ханның бейіті Еділдің оң жағасындағы Сейіт баба зиратында (қазіргі Астрахан облысы Краснояр ауданы).
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
## Қосымша ақпарат
* Бөкей
* Бөкей әулеті |
Елді мекендер:
* Құланды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы ауыл.
* Құланды – Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Құланды – Арал теңізінің солтүстігіндегі түбек. |
Үшбұлақ (1992 жылға дейін – Пугачёво) — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Маралды ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Күршім ауылынан шығысқа қарай 136 км, округ орталығы Маралды ауылынан 26 км жерде, Қаңсар тауының (2065 м) етегінде, Күршім өзенінің жағалауында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Ауыл 1958-1995 жылдары аралығында қой өсіретін “Маралды” кеңшары бөлімшесінің орталығы болып келді. Оның негізінде Үшбұлақта шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Ақдала — Алматы облысы Балқаш ауданындағы ауыл, Ақдала ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Бақанас ауылының солтүстік-батысында 3 км жерде, Іле өзенінің оң жағалауында қуаң агроклиматтық белдемде жатыр.
## Тарихы
1974-1997 жылы аралығында күріш өсіретін "Ақдала" кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Ақдалада 1997 жылы "Өгес-Ақдала" фермерлік шаруашылық құрылды.
## Инфрақұрылымы
Елді мекенде орта мектеп, клуб, дәріхана бар. Ақдала тұрғындары Бақанас ауылы мен автомобиль жолы арқылы байланысады.
## Дереккөздер |
Әкімбек Мырза Әлдебекұлы (1833—1886) — қазақ байы. Баянауыл өңіріндегі Қызылтау болысының құрылуына бастамашы болып, оған өзі қайтыс болғанша болыс болды. Халық арасында беделінің зор, абыройының жоғары болғандығынан онымен ешбір адам болыстыққа таласпаған. Ағайынға, кем-кетікке қайырымды, намысқой, қолы ашық болғандықтан “Әкімбек мырза” атанған. Жомарттығымен аты шығып, ізгілікті істері ел-жұртының жадында қалды. Қызылтау бауырындағы Түндік ауылында өз қаражатына мектеп салдырып, 20 орындық пансион ашты. Ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өзінің еңбек жолын 16 жасында Әкімбектің ауылында молда болудан бастады. Әкімбек мырзаның материалдық қолдауымен ол Бұхар қаласында оқуға мүмкіндік алды.
Арғын тайпасының Сүйіндік руы күлік бөлімінен шыққан.
Әдебиеті: Көпеев М.-Ж., Таңдамалы, 1-т., А., 1990. |
Ұрық жолы — ұрықтың бастапқы жыныс клеткаларынан бастап, гаметалардың пайда болуына дейінгі клеткалар жиынтығының даму жолы. Ұрық жолы туралы түсініктемені неміс ғалымдары М.Нуссбаум (1880) және А.Вейсман (1885) берді. Олардың анықтамасы бойынша жыныс клеткалары ұрық дамуының бастапқы кезеңінен-ақ басталады және олардың ядроларында организмнің тұқымқуалаушылық қасиеттерін ұрпақтарға тасымалдайтын ұрық плазмасы болады. Жыныс клеткаларының ұрық дамуының бастапқы кезеңінен бастап-ақ түзіле бастайтыны көптеген жануарларда анықталған. Алғашқы жыныс клеткалары ұрықтың бөлшектену кезеңінде пайда бола бастайды. Бірақ көпшілік жануарларда (буынаяқтыларда, қосмекенділерде, құстарда) бастапқы жыныс клеткаларын ультракүлгін сәулелерімен немесе басқа қауіпті заттармен әсер етіп жоятын болса, организмнің одан әрі дамуында жыныс бездері жетілмейді. Бастапқы жыныс клеткаларының соматикалық клеткалардан морфологиялық және биохимиялық тұрғыдан үлкен айырмашылықтары бар.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Әдет— адамның күнбе-күнгі тіршілік қажетіне байланысты қалыптасқан тұрақты мінез, іс-қимыл ерекшелігі. “Ауру қалса да әдет қалмайды” деу, әдеттің тұрақты қажеттілікке айналғанын көрсетеді. Әдеттің ұнамды, ұнамсыз түрлері болады. Жақсы әдет адамның күш-жігерін пайдалы істерге арнауына, уақытын үнемдеп, негізгі ісін тындыруына көмектеседі. Жаман әдетті адам қауымның (отбасының, еңбек ұжымының т.б.) берекесін алып, оғаш қылығымен өзінің де ортадағы қадір-қасиетін төмендетеді. Әдеттің негізгі қалыптасатын кезеңі — балалық шақ. Осы кезеңдегі кез келген нәрсеге еліктей бергіштік қасиет кейде ұнамсыз әдетердің қалыптасуына себепші болады. Ислам дінін ұстанатын халықтардың әдет-ғұрпы, жазылмаған заңы; әдет шариғатқа ретінде қарастырылады.
Әдет - белгілі бір жағдайда адамның қажеттілікке айналып кеткен мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы. Әдет стихиялық түрде, сонымен қатар бағытталған тәрбие арқылы пайда болып, мінезінің тұрақты қырына айналуы мүмкін. Тәрбиелі деп сырттан бақылау болмағанның өзін-өзі қалай ұстау керектігін білетін және өзінің әдеттеріне сай басқаша шешім қабылдай алмайтын адамды айтады.
ӘДЕТ- көшпелі ортадағы адамдардың әлеуметтік тәртібінің негізі болып табылатын тарихи қалыптасқан тұрақты әлеуметтік нормалар мен ұстанымдар. Әдет вертикальды ұрпақаралық-этникалық байланыстар арқылы, яғни әкеден балаға әлеуметтік ортада қалыптасқан сан алуан механизмдер арқылы беріліп отырады. Бұл нор¬малар мен ұстанымдар көшпелі социумның барлық мүшелеріне ортақ, үйреншікті, әрі дағдылы болғандықтан әлеуметтік қарекетті реттейтін маңызды функция атқарды. Сонымен бірге әдеттің өзі де дәстүрдің ұрпақаралық- этникалық беріліс үдерісінің ең маңызды тетіктерінің бірі болып табылады. Қалыптасқан жалпыға ортақ әдетті сақтау дәстүрлі социумның қалыпты тіршілігінің негізгі факторларының бірі болды. Сондықтан көшпелілер әдеттің ежелден орныққан нормалары мен ұстанымдарының бұлжымастығын қамтамасыз етуге айырықша мән берді. Әдетті қалыптастыратын және сақтайтың ең басты этномэдени орта, әрине, отбасы болды. Түптеп келгенде, отбасында атқарылатын сан алуан салттар, ғұрыптар, ырым-тыйымдар, жосын-жоралғылар әдеттің ілкімді нормалары мен принциптерінің қолданысын қамтамасыз ететін механизм болып табылады. Және аталмыш үрдістердің өздерінің де әдеттің нормалары мен ұстанымдарына сәйкестілігі олардың дәстүрлі тәртіппен атқарылуының кепілі болып табылады. Яғни олар өзара себеп-салдарлық байланыста болды. Бұл ретте, әлбетте, отбасы иелерінің - ата-ананың, жақын ағайын-туыстардың, жекжат-жұраттардың, әрісі руластардың кісілік қасиеттері мен әрекеттері маңызды рөл атқарды. Осы ретте шежірелік жосынға негізделген және осы жосынмен реттелетін туыстық-рулық қатынастар жүйесінің ерекше маңызды рөл атқарғандығын айтуға бо¬лады. Дәстүрлі ортадағы адамаралық байланыстар - үлкен мен кішінің, әйел мен ер адамның, әйелдер арасындағы және ер адамдардың қарым-қатынасындағы ұстанымдар мен нормалардың әдеттік қалпы бүкіл социумның тіршілігінің бірден бір кепілі болды. Бұл жерде әдеттік қалпы деген сөз тіркесі ата-баба жолының принциптері мен нормаларының қалыпты күйін білдіреді. Сайып келгенде, бүкіл қоғам мүшелері мойындаған әдеттегі нормалар мен ұстанымдар қоғамдық сипатта болды. Ал қоғамдағы әдеттен тыс деп аталатын әрекеттер мен қылықтар әдепсіздік ретінде бағаланды. Осындай әдеттен тыс әрекеттер мен мінез-құлықтардың субъектілері социумның, яғни руластардың қатал сынына ұшырап отырды. Шектен шыққандары болса, тіпті, әдеттік құқықтың принциптері мен нормаларына сәйкес жазаланды. Демек, әдеттен тыс - жағымсыз мінез-құлықтар мен әрекеттер субъектілік сипатта, яғни жеке адамдарға ғана тән қасиет болды. Жалпы алғанда, әдеттің нормалары мен ұстанымдары қоғамдық қатынастардың институттары, нормалары мен принциптері арқылы қамтамасыз етіліп отыр¬ды. Әсіресе, әдеттік құқық пен осы институттың нормалары мен принциптерін жүзеге асыратын механизм - билер соты мен оның шешімдерінің жүзеге асырылу тәсілдері айырықша рөл атқарды.
## Дереккөздер |
Әдет ғұрып жосықтары ө әдет-ғұрып нормалары — дәстүрлі құқықтық жүйе; қазақ қоғамындағы ерекше мәдени құбылыс. Ол көшпелі Қазақ елінің құқықтық өмірінде үлкен рөл атқарды. Күрделі де тұтас мәдени құбылыстың бір қыры ретінде қарастырылатын Ә.-ғ. ж-ның маңызы әрқилы тарихи даму кезеңдерінде әркелкі болған. Мемл. басқарудың, яки, орт. хандық биліктің күшейген тұсында олардың беделі арта түскен; ел билеушілер қалыптасқан құқықтық жосықтарды сұрыптап, жүйеге келтіруге, қоғамдық-әлеум. қарым-қатынастарды реттеу тетігіне айналдыруға ұмтылған. Мыс., Қасым ханның (1503/11 — 1518/23), Есім ханның (1598 — 1628/45) тұсында “Жолдардың” (заң кодекстерінің) пайда болуы — осының дәлелі. Бөкей Ордасында хандық билік дәуірлеген кезде Жәңгір хан да (1823 — 1845) әдеттік заң жүйесін жасауға талаптанған. 19 ғ-дың 60-жылдары қазақ даласында Ресей отарлаушыларының билігі күшейіп, пәрмені арта бастағанда Ә.-ғ. ж. мен ин-ттарына негізделген кіші заң кодекстері — “Ережелер” көп шықты. Ресей өкіметі бұл жосықтарды өз мүддесіне пайдаланып, қазақи қоғамдық қарым-қатынастарды реттеп отыру үшін икемдей өңдеді. Кеңес өкіметі де алғашқы кезде қазақ қоғамының тарихи, діни, мәдени, этик. ерекшеліктерімен санасуға мәжбүр болған. Ә.-ғ. ж-н ұлттық саясаттың ажырамас бөлігі ретінде жариялады, екінші жағынан, бүкіл елде біртұтас “социалистік заңдылықты” біртіндеп орнықтыру, нығайта түсу саясатын жүргізе берді. 1918 ж. 1 мамырда құрылған Ұлттар ісі халық комиссариаты қазақ бөлімінің негізгі мақсаты, ресми құжаттарда көрсетілгендей, “социализм мұраттары негізінде қазақтардың әдет-ғұрып құқына сәйкес азаматтық және қылмыстық істердің заң жобаларын жасау” болды. Ә.-ғ. ж-ның Кеңестік Қазақстан жағдайында өмір сүруі мен қаделенуін шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Біріншісінде, оларды жинастыруға, жүйелеп, қалыптауға, ретімен пайдалануға көңіл бөлінген. Мыс., 1921 ж. 29 қыркүйекте ҚАКСР Халық Комиссарлар Кеңесі “Қлу, жасау және некелік сыйлықтар туралы” декретті бекітті. Екінші кезеңде, Ә.-ғ. ж. мен ин-ттарының (құн, қалың мал төлеу, көп әйел алу), дәстүрлі билік тіректерін (билер, ақсақалар соты) тарату, қоғамға қауіпті саналған жосықтар (барымта, қарымта т.б.) бойынша іс-әрекет жасағандарға қылмыстық жаза белгілеу, кейбір жосықтарды (діни ант беру, т.б.) ресми теріске шығару шаралары күшейді. Үшінші кезеңде, яки, 1930 жылға таман Ә.-ғ. ж-на мемл. ресми түрде тиым салмағанымен, олардың пайдаланылу мүмкіндігі толықтай жойылды.Ә.-ғ. ж-ның мемл. ресми құқық жосықтарынан айырмашылығы: олар дәстүрлі тұрмыс-тіршіліктің өзінен туындап, халықтың өмір салтына бірден “құқықтық болмыс”, “құқықтық шындық” ретінде енген, арнайы құқық түзушілік қызметті қажетсінбейтін, оған тәуелсіз өмір сүретін жүйе екендігі. Сондай-ақ, Ә.-ғ. ж. дәлме-дәл қолдануға, бұлжытпай орындауға арналмаған, әрі жоғарыдан міндеттелмеген. Қоғамдық тәртіптің классик. үлгісі ретінде қабылданатын Ә.-ғ. ж-ның сұлбасы ғана басшылыққа алынған; қоғам мүшелері кейде тәртіптік үлгіден ауытқып, ауқымнан шығып отырған. Ең бастысы, олардың ішкі мәнінің жоғалмауын, яки, Ә.-ғ. ж-на негіз қалаған принциптерге нұқсан келмеуін қадағалаған. Ал, жекелеген жосықтар негізгі принципке бағынып, соның бұзылмауы үшін қызмет еткен — өзінің кейбір формалды, қасаң қағидаларын “құрбандыққа шалып”, нақты жағдайға орай икемделіп отырған. Соның нәтижесінде кейбір жосықтардың бірнеше нұсқасы салтқа енген. Мұны таптық-әдістемелік тұрғыдан зерттеушілер Ә.-ғ. ж-ның тұрақсыздығы, табансыздығы, үйлесімсіздігі деп түсіндірді. Отандық құқық тарихын зерттеуші ғалымдар (Т. Күлтелеев, С. Зиманов, Ғ. Сапарғалиев, З, Кенжалиев, С. Өзбекұлы, Н. Өсерұлы, т.б.) Ә.-ғ. ж-ның әмбебаптығын, икемділігін, ізгілікті сезім мен парасатты пайымға негізделген дәстүрлі мәдени құбылыс, бастапқы жүйе екенін дәйекті бағалай білді.
## Дереккөздер:
Қазақ Ұлттық энциклопедиясы |
Елді мекендер:
* Құланөтпес – Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл, Құлан ауылдық округі құрамындағы ауыл.
* Құланөтпес – Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл, Құланөтпес ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Құланөтпес – Теңіз көлі алабындағы өзен. |
Шашырау ореолы, шашырау атырабы (франц. aureole — жарқырау, шашырау) — кен орындарымен байланысты химиялық элементтер мөлшерінің геохимиялық фонмен салыстырғанда жоғары (кейде төмен) болып келетін табиғи түзілімдердің белдемдері. Пайда болу жағдайларына қарай Шашырау ореолы бастапқы (эндогендік) және туынды (гипергендік) болып бөлінеді. Бастапқы Шашырау ореолы кен денелерімен бір процестердің әсерінен қалыптасады. Бұл ореол бай кентастардың табиғи жалғасы болғандықтан, кен байыту технологиясының жетілдірілуіне қарай кентасты кендердің қатарына өтеді. Бастапқы Шашырау ореолының құрылысында белдемділік байқалады. Олардың кен денелері төңірегіндегі ішкі белдемдерінде барлық кентас элементтері кездеседі. Сыртқы белдемдерде химиялық элементтер саны азая береді. Сынап, сүрме, күшән сияқты элементтердің ореолдары сыртқы белдемнен орын алады. Шашырау ореолының белдемділігі химиялық элементтердің миграц. (көшу) қасиеттері мен кентаста шоғырлануына байланысты. Бастапқы Шашырау ореолының белдемдік құрылысының заңдылығы кентастардың орналасу тереңдігін анықтау үшін қолданылады. Бастапқы Шашырау ореолының геометриялық көлемі мен пішіні кен орнының тектоникасы мен тау жыныстарының физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты. Шашырау ореолы кен денелерінен жүздеген, мыңдаған м қашықтыққа таралады. Туынды Шашырау ореолы. кен денелері мен бастапқы Шашырау ореолының гипергендік процестер бұзылуы нәтижесінде хим. элементтердің табиғи түзілімдер ішінде бірнеше рет орын ауыстыруынан пайда болады. Туынды Шашырау ореолы механикалық (қатты заттардың бөлшектері түрінде шашырандылар), тұздық (ерігіш химиялық қосылыстар) және газды, биохим. болып бөлінеді. Механикалық Шашырау ореолы кендері физикалық (темп-раның, климаттың, т.б. өзгеруі) жолмен бұзылғанда жиылатын бастапқы және гипергендік минералдардың сынықтарынан, үгінділерінен тұрады. Олар элювийлік-делювийлік тау жыныстарында қалыптасады. Тұздық Шашырау ореолы жер асты суларында кездесетін ерігіш қосылыстардың (сульфаттар, т.б.) диффузия және капилляр күштері әсерінен бірнеше рет орын ауыстыруынан құралады. Газдық Шашырау ореолы радиоактивтік элементтер, мұнай, табиғи газдар кендерінің бетін жауып жатқан тау жыныстары арасында орналасады. Биохимиялық Шашырау ореолы кентастық хим. элементтердің өсімдіктерде шоғырлануымен байланысты. Орналасу жағдайларына қарай туынды Шашырау ореолы. ашық және жабық болып бөлінеді. Бұлардың алғашқылары жер бетіне шыққан тау жыныстары арасында, кейінгілері әр түрлі тереңдікте кездеседі. Бастапқы және туынды Шашырау ореолын Қазақстан геологтары кен іздеу ісінде кеңінен қолданады.
## Сілтемелер
* Қазақ Энциклопедиясы, 9 том. |
Әкімшілік акт, басқару актісі — белгілі бір құқықтық қарым-қатынастарды орнатуға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталатын мемлекеттік басқару актілерінің бір түрі. Әкімшілік акт басқару органдарының құрылымына лайықты жасалады, оның мазмұны орындаушыларға мәлім етіледі. Әкімшілік акт нақты, белгілі бір салаға билік жүргізіп, тікелей басшылық ету барысында құқықтық нормаларды жүзеге асыру тәсілдерінің бірі болып табылады. Ол қолданыстағы заң қағидаларына сәйкес, басқару тәртібіне байланысты жасалады. Әкімшілік актлері айырмашылықтарына орай қаулы, өкім, шешім және бұйрық деп аталады. |
Менгес Карл Генрих (нем. Karl Heinrich Menges; 22.4.1908, Майн, Франкфурт) – неміс түркітанушысы, лингвист.
## Биографиясы
Франкфуртте, Мюнхенде және Берлинде оқыған.
* 1937 жылдан Анкара университетінің профессоры болған.
* 1940 жылдан Колумбия университетінде сабақ берді.
* 1980 жылдан Венедағы ғылыми орталықта еңбек етті.
Менгес Карл Генрих – түркітану мен алтай халықтарының тарихы, ностра тілдерінің (орал, алтай, дравидий, үндіеуропа тілдері) морфологиясы мен этимологиясы жайындағы зерттеулердің авторы.
## Еңбектері
Ағылшын және неміс тілдерінде жазған басты еңбектері:
* “Қарақалпақ тілінің грамматикасы” (1947)
* “Морфологиялық мәселелер” (1960)
* “Түркі тілдері және түркі тілдес халықтар” (1968)
* “Тұңғыс тілі” (1968), т.б.
Менгес Карл Генрих қазақ тілі жөнінде де мақалалар жазды .
## Дереккөздер |
Әджеми Әбубәкірұлы(12 ғ-дың 20 ж. 13 ғ-дың басы) — сәулетші. Орта ғасырдағы Нахичевань сәулет өнері мектебінің өкілі. Кусейир ұлы Юсуф (1162) пен Момине хатун (1186) кесенелерін және Нахичевань қаласындағы опрталдары бір-бірімен жалғасқан мұнараларды тұрғызған. Ғимараттарының монументті, әсем болып келуі әрі құрылысқа сол кездегі жаңа конструкцияны енгізе білуі — Әджемидің сәулетшілік өнеріне тән сипат. Бұл құрылыстарды көркемдеуге ою-өрнектің алуан түрлері мен ашық бояулары бір-бірімен үндестік тапқан. Әджемидің композициялық, сәндеу әдістері Әзербайжанның ғана емес, көршілес елдердің де сәулет өнеріне әсерін тигізді.
## Дереккөздер:
Қазақ Ұлттық энциклопедиясы |
Азаматтық парыз — адам мен қоғам үйлесімділігін білдіретін әлеум.-этикалық ұғым, жеке тұлғаның туған жер, ата мекен, Отан, халық алындағы парызы. Қазыбек би “Алтын ұяң — Отан қымбат, туып өскен елің қымбат, кіндік кесіп, кір жуған жерің қымбат” деген. Адамзат пен Отанды сүю тек азаматтық парыз емес, сонымен бірге ар-намыспен де байланысты. “Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді” деген осыған мегзейді. Азамат үшін тіршіліктің ең қиыны, күрделісі — нағыз адам болу. Адамға өз ісін жетік білу де — азаматтық парыз Пайғамбар хадистерінде “үйренуге қорланбадым, әркімнен үйрендім, әркімге үйреттім” деген ұлағатты сөздер бар. Азаматтық парыз адам құқықтарын қастерлеумен тығыз байланысты. Азамат өз құқықтарын пайдаланып қана қоймай, сонымен бірге қоғам, заң және басқа тұлғалар алдындағы жауапкершілігін сезіну қажет. Азаматтық парыз азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет және халықтың шынайы билігі бар жағдайларда толық жүзеге аса алады.
## Дереккөздер |
Үкек Үстірті - Ресейдегі Таулы Алтай республикасы аумағында. Батысы Қазақстанмен шектеседі. Солтүстігінде Үкек, шығысында Сайлүгім, оңтүстік, оңтүстік-батысында Оңтүстік Алтай жотасы орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 120 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 65 км-ге созылған. Үкек үстірті теңіз деңгейінен 2200 — 2600 м биіктікте жатыр. Үстірт арқылы Қатын өзенінің салалары Арғұт, Ақ Алаха, Қара Алаха, Қалғұты, Ақкөл, Жазықтөр өзендері ағып өтеді. Оңтүстік мен шығысында Мұздыбұлақ, Қалжыңкөл, Зюрлюкөл, Қаракөл көлдері жайғасқан. Үстіртте таулы дала және таулық тундра өсімдіктері өседі. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 300 мм шамасында. Қысы суық ызғарлы. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы –24 — 26 С, жазы қоңыр салқын, шілденің орташа температурасы 10 — 14 С. Үкек үстірті көбіне мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Құлантау вермикулит кен орны - Түркістан облысындағы Шақпақ баба ауылынан солтүстік-батысқа қарай 3 км жерде. Кен орны 1964-1968 жылдары барланып, 1971 жылы қорының мөлшері анықталған.
## Геологиялық құрылымы
Құлантау вермикулит кен орны ортаңғы-жоғарғы кембрий әктастарынан тұрады, олар солтүстік-шығысқа қарай құлдилап еңістене орналасқан. Мору қыртысының түзілуі барысында биотит гидраттану салдарынан гидробиотит пен вермикулитке алмасқан.
## Жатыс сипаты
Вермикулитті мору қыртысы дамыған бөлікше Құлантау үстіндегі тегіс алаң түрінде шығысқа қарай еңістеу (5- 10°) орналасқан. Кендік бөлікше ендік бағытта 500-600 метрге созылған, ені 400 метр. Оны қалыңдығы 3-5 метр голоцендік түзілімдер жауып жатыр. Бұрғылау ұңғымаларының деректері бойынша кен денесінің қалыңдығы 15-40 метр, орташа мәні 20 метр. Кендегі вермикулиттің мөлшері 35% (орташа мөлшері 12,6%). Қатты қыздырғанда вермикулит күмпиіп ісінеді, ісіну коэффиценті 4,8-11, көлемдік салмағы 75-200 кг/м3, жылу өткізгіштігі 0,04-0,06 ккал/мЧсағЧград ауқымында, толық деформацияланғыштығы 21- 25%, шартты серпімділігі 1-3%, түйірлерінің морттық көрсеткіші 2-6%. В + С1 категориясымен есептелген вермикулит қоры 168 мың тонна.
## Қолданысы
Кенді өңдеу арқылы алынған вермикулитті сұйық шыныға, бентонит сазына, қиын балқитын сазға, портландцементке қосып, жылу өткізбейтін түрлі бұйымдар алады. Сондай-ақ, ол құрылыс материалы ретінде, ауыл шатқалында топырақтың құнарын арттыруға, т.б. мақсаттарға да пайдаланылады.
## Дереккөздер |
ХАДЫ-ВАҢ, Қадиша Мамырбекқызы (1893/1900, Қытай, Шыңжаң өлкесі, Толы ауд. — 1963, Үрімжі қ.) — қоғам қайраткері, Қытай қоғамдық қауіпсіздік әскерінің ген.-майоры.
Төре руынан шыққан. Шыңжаңдағы Алтай аймағы қазақтарының билеушісі болған Әлен Жеңісханұлының әйелі. Жас кезінде мұсылманша білім алған. 1933 жылдан бастап әлеум. оқу-ағарту істеріне белсене араласты. Қоғамдық істерге белсенді араласқаны үшін 1942 ж. Шыңжаң өлкелік үкіметі оны отбасымен Үрімжіге жер аударып, күйеуімен бірге түрмеге қамады. Екі жылдан соң оны түрмеден босатып, Үрімжі аймағындағы қазақтардың арасына елді Үш аймақ төңкерісін қолдамауға үгіт-насихат жүргізуге жіберді. 1946 ж. Шыңжаң өлкелік коалиц. үкіметі құрылғанда Үрімжі қала-аймағының уәлиі (әкімі), ген.-м. дәрежесіндегі аймақтық қоғамдық қауіпсіздік әскерінің басшысы, Гоминьдан партиясының депутаты болды. 1949 ж. Гоминьдан шенеуніктерімен бірге Қытай Компартиясы жағына шықты. 1951 ж. барлық қызметтерінен босатылып, зейнетке жіберілді.
## Дереккөздер
## Сілтемелер:
* «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том |
Фатими Хилафаты, әл-Фатимийун, Фатимашылар, Фатимилер – Тунис пен Египетте билік құрған шииттік араб хилафаттарының әулеті (909 – 1171). Олар өздерін Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың қызы Фатиманың ұрпағы деп санады. Бірақ олардың Фатима мен Әлиден тарайтындығы толық дәлелденбеген. Сондықтан сүнниттер оларды Әли мен Фатима әулетінен деп санамайды. Тіпті кейбір араб тарихшылары ол әулеттің негізін қалаушы Убайдоллах иудей еді деген пікір білдірген. Убайдоллах 909 жылы Әбу Абдаллах деген исмаилшыл миссионердің көмегімен түрмеден шығып, 910 жылы қаңтарда Ифрикияда (Тунис) “махди”, “әділетсіздіктен құтқарушы” деген атақ иемденіп, өзін “діндарлар әмірі” – хилафа деп жариялады. Әбу Абдаллахтың қол астындағы берберлер тайпасының көмегімен ол Солтүстік Африканың Тахарте, Сиджилмас, т.б. аудандарын басып алды. 911 махди Убайдоллах халық арасындағы беделі күшті бақталасы Әбу Абдаллахты өлтіртіп, 934 жылға дейін жеке дара билік құрды. 914 жылы “махди” Египетті жаулап алу әрекетін жасап, сәтсіздікке ұшырады. Мұндай сәтсіз әрекеттер 919, 935, 945, 966 ж. қайталанды. Тек 969 жылы шілдеде египеттік әскер талқандалып, фатимилік халиф Муызз Египеттің халифы деп жарияланды. Сол жылы жаңа астана – Каир қаласының негізі қаланды. Халифтың сарайы оған 973 жылы көшіп келді.
* Фатима әулетінен шыққан халифтер:
Убайдоллах (909 – 34), Качим (934 – 46), Мансур (946 – 53), Муызз (953 – 75), Әзиз (975 – 96), Хахим (996 – 1021), Захир (1021 – 36), Мустансир (1036 – 94), Мұстали (1094 – 1104), Әмир (1104 – 30), Зафир (1149 – 54), Фаиз (1054 – 60), Адид (1160 – 71).974 жылы Фатима әулеті Дамаск қаласын басып алды. Муызз (Әбу-Темим-Маадз) бен Әзиз (Әбу-Мансұр-Низар) халифтардың билігі кезінде Фатима әулеті мемлекетінің қуаттылығы шырқау шегіне жетті. 11 ғасырдың ортасында қуаңшылыққа байланысты Египетте ашаршылық және әр түрлі індет жайлады. Оған қарсы батыл шаралар қолдана алмаған халиф Мустансир қолбасшы Бадр әл-Жамалиді уәзір етіп тағайындап, бүкіл билікті соның қолына тапсырды. Бадр жағдайды қалпына келтірді. Бірақ осы кезден бастап елдегі барлық билік халифтерден уәзірлерге көше бастады. 1064 жылы Сирияға салжұқ түріктері басып кірді. Фатима әулетінің әлсіреуі, Салжұқ сұлтандығының ыдырауы кресшілердің Таяу Шығыстағы жорықтарына жол ашты. Еуропа кресшілерді Египет қатты қызықтырды. Ондағы экономикасы құлдырау саяси анархияға ұласып жатты. Фатима әулетінің ішкі ыдырауы күшейді. 1048 жылы Фатима әулетінен Солтүстік Африка бөлініп кетті, 1061 – 91 жылы Сицилияны нормандар жаулап алды, Сирия кресшілер мен салжұқтардың қол астына көшті. Сарайлық төңкерістер, т.б. қырқыстар мен тәртіпсіздіктерден Фатима әулеті 12 ғасырда қатты қалжырады. 1171 жылы халиф Адид қайтыс болғаннан кейін оның Айюб әулетінен шыққан уәзірі Салах әд-Дин Египеттегі билікті өз қолына алды. Ол Египетті сүнниттік мемлекетке айналдырды. 10 – 11 ғасырларда Фатима әулетінде рухани өмір гүлденді. Астана Каир қаласына көшірілгеннен кейін, ол мұсылман әлеміндегі ең ірі мәдени орталыққа айналды. Мемлекетте аса көрнекті оптик, астроном және математик ас-Садафи, атақты дәрігер ибн Ридван, философтар Әбу Хатым ар-Рази, Хамид-әд-Дин Кирмани, тарихшылар ибн Зулак, Мусаббихи, т.б. өмір сүрді және ғылыми еңбектер жазды.
## Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Жалағаш (2024 жылға дейін — Жалаңаш) — Алматы облысы Кеген ауданындағы ауыл, Жалағаш ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Кеген ауылынан батысқа қарай 45 км-дей жерде, әр түрлі астық тұқымдасты шалғын шөптер өскен қара топырақты таулық дала белдемінде орналасқан. Тау баурайындағы Жалаңаштың айналысында бұта аралас қайың, тал, қарағай, терек орманы өскен. Ауылдан оңтүстік-батысқа қарай 40 км жерде, Күнгей Алатауының баурайында Көлсай көлі орналасқан. Шоқан Уәлиханов өзінің Қашқарға сапарында осы Жалаңаштан өткен.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1905 жылы қаланған. 1943-1963 жылдары Кеген ауданының орталығы. 1968-1996 жылдары аралығында қой өсіретін “Тоғызбұлақ” ұжымшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылы шаруа қожалықтары, өндірістік кооперативтер мен серіктестіктер құрылды.
## Инфрақұрылымы
2 орта мектеп, кітапхана, клуб, мәдениет үйі, стадион, аурухана, т.б. мәдени-ағарту және денсаулық сақтау мекемелері бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Үкібав Хисемидолла Исхақұлы (10.11.1937 жылы туған, Ресей, Астрахань облысы Байбек с.) — ғалым-селекционер, ауыл шаруашылығының ғылыми докторы (1990), проффессор (1992), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003).
Үкібаевтың ғылыми еңбектері қаракөл қойлары терілерінің әр түрлі түстерін (янтарь, платина, бронза, т.б.) жасауға және құйрықты қойлардың етті-майлы тұқымдарының тез жетілу жолдарын зерттеуге арналған. Ол 115-тен аса ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 20 авторлық куәлігі бар. КСРО Мемлекеттік сыйлығын (1992), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығын (2005) алған. “Халықтар достығы” ордені және медальдармен марапатталған.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
Рахымбай Құлбаев (1905, Жамбыл облысы Мерке ауданы – 1943) – ақын, журналист. КСРО Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (1937), Қазақстан Қазақстан жазушылар одағының Қарағанды облысы өкілі (1937 – 40), аудандық газеттің редакторы (1940), 1932 – 34 жылдары Батыс Қазақстан, Түркістан облысында партия-кеңес қызметінде болған. Суырып салма ақындығымен танылды. Соғыстың алғашқы жылдарында майданда саяси жетекші болып, жауынгерлер арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Ақын есімі алғаш “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінде “Қалың мал” (1927), “Тілші” газетінде “Егін ек” (1928) өлеңдері арқылы танылды. Мұнан өзге ол әңгіме, очерк, фельетон, әдеби зерттеулер, “Азамат”, “Құлын”, “Түлкі қалай қу атанды?” атты дастандар жазған.
## Дереккөздер |
ФАТИХ КАРИМ, Каримов Фатих (1870 – 1937) – татар халқының көрнекті қоғам қайраткері, публицистік 1892 – 96 жылы Орынбордағы “Мектебе мулкия-и махане” атты мұсылман мектебінде білім алған. 1902 жылы Орынбор қаласында “Каримов-Хусаинов” атты мұсылман баспаханасын ашып, түркі-мұсылман халықтары ақын-жазушыларының шығармалары мен ауыз әдебиеті үлгілерін кітап етіп шығаруды қолға алды. Бірінші орыс революциясы жылдары Ресей империясындағы түркі-мұсылман халықтарының азаттық үшін күрес жолында бірлесіп, күш біріктіре отырып әрекет етуін қолдады. Бүкілресейлік мұсылмандардың үшінші съезіне қатысып, “Ресей мұсылмандар одағының” ОК-сіне мүше болып сайланды. Мемлекеттік Думадағы Мұсылман фракциясымен тығыз байланыста болды. 1906 – 17 жылы Орынборда шығып тұрған “Вахит” (“Уақыт”) газетінің редакторы ретінде газет беттерінде сол кездегі қазақ халқының қоғамдық-саяси және мәдени өміріне қатысты материалдар жариялап отыруға ерекше мән берді. 1917 жылы Торғай облыстық қазақ съезіне қатысып, оның делегаттарын татар халқының атынан құттықтады. 1917 – 18 жылы “Янга вахит” (“Жаңа уақыт”) газетінің редакторы, 1925 – 36 ж. КСРО халықтары Орталық баспасындағы татар бөліміне жетекшілік етті. 1937 жылы саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды.
## Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Бұқар Халық Кеңес Республикасы — уақытша ұйымдастырылған "қуыршақ" мемлекет, Буқарға Қызыл Әскері шабуыл жасап, Буқар әміршілігінің жойылғаннан соң құрылған еді. 1920 жылының қыркүйектің 2-сінде қүйымдастырылған еді. 1920 жылының қыркүйектің 14-інде республика болып жарияланды.
Бұқар Халық Кеңес Республикасы көлемі 182 193 шаршы шақырым (км²) еді, халық саны 2,2 миллион адамға жуық еді, ұлттық құрамы — тәжіктер, өзбектер және түрікмендер еді. Бұқар Халық Кеңес Республикасы Түркістан АКСР-мен, Хорезм Халық Кеңес Республикасымен және Ауғанстанмен шектеседі. Астанасы — Көне Бұқар еді.
Кеңес Ресейдің үкіметі заң бойынша Бұқардың тәуелсіздігін мойындаған, әмір Кеңес Ресейдің үкіметімен достық байланыстарын үзілмей, Ферғана жазығы мен Түркістанның басқа бөліктерінде пайда болған баспашылықты қолдамаған.
Бұхара Халық Кеңес Республикасы (БХКР)— 1920 — 24 жылдары Орта Азияда болған мемлекет. Түркістан АКСР-імен, Хиуа Халық Кеңес Республикасы және Ауғанстанмен шектесті. Негізгі тұрғындары өзбектер, тәжіктер және түрікмендер астанасы — Бұхара қ. болды. РК(б)П көмегіне сүйенген, 1918 ж. құрылған Бұхар компартиясы 1920 ж. 16 — 18 тамыздағы съезінде қарулы көтеріліс арқылы хандық өкіметті жоюды ұсынды. 23 тамызда олар “халықтық өкімет” деген атпен жасанды ревком құрды. Кеңес үкіметі Бұхар хандығын құлату мақсатында М.В. Фрунзе бастаған Қызыл Армия бөлімдерін (9 мың адам, 230 пулемет, 40 зеңбірек, 5 бронепоезд, 11 самолет) аттандырды. 29 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында “Бұхар операциясы” жүзеге асырылды. 8 қазанда БХКР жарияланды. Өлкенің байырғы тұрғындарының ұлттық, діни, т.б. ерекшеліктерін ескермеген жаңа мемл. құрылыс халық наразылығын күшейтіп, сол жылы Бұхарада “Иттихад-и ислам” (Ислам бірлестігі) атты партия құрылды. Оның қатарында БХКР жетекшілерінен Ә.Мухитдинов (сауда және өнеркәсіп министрі), К.Мукамилов (Бұхар компартиясының жауапты хатшысы) болды. Бұл партия кеңестік биліктің жүгенсіз әрекетіне қарсы шығып, жергілікті халықтың ұлттық, діни сезіміне құрметпен қарауды, жеке меншікке қол сұқпауды және РК(б)П-ның Түркістан бюросы мүшелері мен Қызыл Армияның Бұхарадан кетуін талап етті. Орталықтағылар оған құлақ аспады. Нәтижесінде жергілікті коммунистер О. Полатхожаев (Бұхара орталық аткомының төрағасы), А. Арипов (әскери назир), Ә. Риза (милиция бастығы) секілді өкімет өкілдері басмашылар жағына шығып кетті. Түркияның атақты генералы, біртұтас Түркістан Республикасын құру үшін күрескен белгілі қайраткер Энвер Паша Орта Азияға келген тұста, бұхарлықтардың тәуелсіздік жолындағы іс-әрекеттері барынша қыза түсті. Әсіресе, оның ауғандық мамандар күшімен Душанбеде қару-жарақ шеберханасын ашуы басмашылық қозғалысқа жаңа серпін берді. 1923 ж. Бұхардағы басмашылар қозғалысы негізгі үш майданда жүрді. Орталық Бұхара майданында Салим Паша әскері, Шығыс Бұхара майданында Ибрагимбек, Батыс Бұхара майданында молда Абдул Қахар әскері шайқасты. 1924 ж. 19 қыркүйекте Кеңестердің Бүкілбұхарлық құрылтайы БХКР-ді Бұхар Кеңестік Социалистік Республикасы (БКСР) деп атау туралы шешім қабылдады. Кейін Орта Азия республикаларының ұлттық-мемл. шекараларының нақтылануына байланысты БКСР жойылып, оның жері жаңадан ұйымдасқан Өзбек КСР-і, Түрікмен КСР-і, Тәжік АКСР-і (1929 жылдан Тәжік КСР-і) құрамына бөлініп берілді.
## Дереккөздер
* Әдеб.: Ишанов А.И., Бухарская Народная Советская Республика, Таш., 1969; Зиманов С.З., От освободительных идей к советской государственности в Бухаре и Хиве, А.-А., 1976;
* Velіdі A. Z., Bugunku Turkіlі (Turkіstan) ve yakіn tarіhі. Gіlt І. Batі ve kuzey Turkіstan, Іstanbul, 1981; Baymіrza Hayіt, Turkіstan Devletlerіnіn mіllі mucadelerі tarіhі, Ankara, 1995.
* ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
## Тағы қараңыз
* Хорезм Халық Кеңес Республикасы |
Әкімшілік жауапкершілік — азаматтар мен лауазымды адамдардың өздерінің әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін заң алдындағы жауапкершілігінің бір түрі. Кінәлі адамдар өзі құқық бұзған уақытта және территорияда қолданылатын заңдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасында 1984 жылы 24 наурызда қабылданған (1995 жылы 1 сәуірде бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізген) “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі” қолданылады. Осы құжат бойынша әкімшілік жауапкершілікке құқық бұзған сәтте 16 жасқа толған азаматтар ғана тартылады. Әскери қызметшілер мен әскери жиындарға шақырылатындар, ішкі істер органдарының қызметкерлері әкімшілік құқықты бұзған ретте тәртіптік жарғылар бойынша жазаланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын — сәйкесті Парламент палатасының, жергілікті мәслихат депутаттарын — сәйкесті өкілетті органның келісімінсіз, ал Қазақстан Республикасының судьяларын Қазақстан Республика Президентінің келісімінсіз Әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды. Сондай-ақ республикадағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмайтын, есі дұрыс емес адамдарды т.б. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты мәселелер қолданыстағы әкімшілік кодексте егжей-тегжейлі көзделген.
Әкімшілік құқық бұзушылық белгілеріне:
* Құқыққа қарсылық
* Кінәлілік
* Әкімшілік жазалау
* іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігі жатады
## Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылатын жазалар
* ескерту жасау;
* әкімшілік айыппұл салу;
* әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, өтемін төлеп алу;
* әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей жасау объектісі болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылықты жасау
* салдарынан алынған мүлікті тәркілеу;
* арнаулы құқықтан айыру; лицензиядан айыру, т.б.;
* жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
* заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
* әкімшілік қамауға алу;
* шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ, адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру.
## Дереккөздер |
Азаматтық талапкер (қылмыстық құқықта) — қылмыстық әрекеттің салдарынан материалдық зардап шеккен, оның орнын толтыру жөніндегі талап қойған жеке азамат немесе заңды тұлға. Азаматтық талапкер ретінде танылған тұлға процестің қатысушысы болып саналады және алдын-ала тергеу аяқталған сәттен бастап іс материалдарымен танысу, алдын-ала және сот тергеулерінің барысында дәлелдемелер келтіріп, қузаухат жазу, тергеушіге, прокурорға, судьяға, сарапшыларға және процестің өзге қатысушыларына қарсылық білдіру, тергеушінің, прокурордың, соттың әрекеттеріне шағым түсіру, сот мәжілісіне қатысу және сотта сөйлеу, соттың үкімі мен ұйғарымдарының азаматтық талапқа тиесілі бөліктеріне наразылық білдіру, т.б. құқыларға ие. Осы құқыларды азаматтық талапкердің өзі тікелей немесе заңды өкілі арқылы жүзеге асыра алады. Егер де азаматтық талапкер жеке азамат болса, онда ол жәбірленушінің де процессуалдық құқыларын пайдалана алады. Соттың талап етуі бойынша азаматтық талапкер берген талабына сәйкес өзінде бар тиісті құжаттарды тапсыруға міндетті.
## Дереккөздер |
Үш жақты комиссия, “Трилатераль” (Trіlateral) — халықаралық бейресми қоғамдық Бильдерберг клубының белсенділері 1973 ж. құрылған. Комиссияны Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңес пен Бильдерберг клубының құрамына кіретін америкалықтар басқарды. Нью-Йоркте орналасқан Еуропада және Жапонияда тағы да екі штаб-пәтері бар. Үш жақты комиссия атауы іргелі геосаяси мақсатқа негізделген. Ол атлантизм мен АҚШ-тың қамқорлығымен Еуропа және Тынық мұхиты кеңістігін біріктіруге, олардың техник. дамуы мен нарықтық экономикасына жетекшілік етуге тиіс болды. Комиссияның құрылуына Батыстағы жетекші елдер мен Жапонияның өрге басқан экономиқалық қуаты арасындағы бәсекенің күшейе түсуі себеп болды. Үш жақты комиссия қызметінің басты бағыты — ресурстарды ғаламдық тұрғыда жоспарлау және ұзақ мерзімге қайта бөлу. Үш жақты комиссия мүшелері жасырын жағдайда қабылданған шешімдер Батыстың барлық елдерінің саясаткерлері үшін өзінше бір заңға айналып отыр.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Әкімшілік зайиет, әкімшілік юрисдикция — мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдардың нақты әкімшілік құқық бұзушылық іс-әрекеттерді қарап, шешімін табуға және арнаулы тәртіпке сәйкес заң алдындағы жауапкершілік шараларын қолдануға қатысты заң актілерімен белгіленген қызметі. Бұл: 1) әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде; 2) азаматтардың шағымдары, өтініштері бойынша; 3) жаңалық ашу, өнертабыс жөнінде; 4) әкімшілік қадағалау, еріксіз емдеу т.б. бұлтартпау шараларын қолдану жөнінде іс жүргізу қызметтеріне бөлінеді. Әкімшілік зайиет әкімшілік. құқық бұзушылық жөнінде іс жүргізудің сатыларымен — іс қозғау, істі қарау және қаулы шығару, шығарылған қаулыға шағымдану (қарсылық білдіру), қаулыны орындау арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарында мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істерді қарау және жаза шараларын белгілеу құзіреті, іс жүргізу мерзімдері, қатысушылардың құқылары мен міндеттері, т.б. белгіленген. |
Құлбарақ Табылдыұлы (1777, Маңғыстау өңірі, Бозащы – 1832) – халық батыры. Кіші жүздегі беріш руынан шыққан. Хиуа хандарының озбырлығына қарсы күрескен. Матай ақын “Батыр болып туыпты, Табылдыдан Құлбарақ, Алты сан Алаш жиылып, Кем деген жоқ бір қазақ” деп жырлаған. Құлбарақ ұрыс кезінде қаза тапқан.
## Тарихы
Аталары беріш Есболай батыр Маңғыстауға алғаш келіп қоныстанушылардың бірі. Жергілікті түрікмендермен анда болысып, қыз алысып, бейбіт қарым-қатынасты қалыптастырған. Құлбарақ түрікменнің атақты Сүйінғара батырының жиені. Құлбарақ батырдың ерлігі негізінен Хиуа хандығының аламан-қарақшыларынан ел қорғау ұрыстарында танылған. Матай ақын «Батыр болып туыпты, Табылдыдан Құлбарақ, Алты сан Алаш жиылып, Кем деген жоқ бір қазақ» деп жырлаған. 1832 жылы қысында Хиуа ханы Аллақұл Маңғыстауға 3 мың қол аттандырады. Құлбарақ аз қолмен күші басым жаумен Тиген жерінде ерлікпен ұрысып қаза тапқан. Аңызда қарақшы қол Құлбарақтың басын Сүйінғара батырдікі деп есептеп кесіп алып, хан алдына апарады. Сол жерде бұрыннан оны білетін, батырлығын бағалайтын хан басты құрметпен жерлеуге әмір етеді. Хиуаға жақын Махмұд палуан күмбезіне таяу жерленген Құлбарақтың басы содан бері елдің аузында «Бас әулие» делініп, зиярат ететін киелі орын саналады. Батырдың Тигенге жақын төбе басындағы зираты да әулие жер болып есептеледі. Бертінде басына сәнді күмбез, түнеухана салынды.
## Дереккөздер |
Азаматтық хал-ахуал — арнаулы мемлекеттік органдарда міндетті түрде тіркелетін азаматтардың өміріндегі негізгі уақиғалар. “Азаматтық хал-ахуал” деп осы оқиғалар туралы жазбаны да атайды. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес мынадай Азаматтық хал-ахуалдар: 1) туу; 2) некеге тұру; 3) некені бұзу; 4) бала асырап алу; 5) әкелікті анықтау; 6) аты-жөнін, ныспысын өзгерту; 7) азаматтың қайтыс болу уақиғалары мемл. тіркеуге жатады. Азаматтық хал-ахуал құжаттары мен куәліктер осы жазбалардың негізінде беріледі.Азаматтық хал-ахуал жазбаларына қатысты тиісті мемл. органдар мен азаматтардың арасында дау туындаған ретте, оны сот арқылы шешеді. Азаматтық хал-ахуал актілерін ресімдеудің, сақтаудың, қалпына келтірудің және жоюдың т.б. тәртібі мен мерзімі арнаулы заңмен белгіленген.
## Сілтемелер
“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 - том |
Шаян мешіті — сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Түркістан облысының Бәйдібек ауданындағы Шаян ауылында орналасқан. Күйдірілген кірпіштен тұрғызылған мешіт-медресе кешені бір-біріне қарама-қарсы салынған “П” пішінді медресе мен текшеленіп келген күмбезді мешіттен (25×19 м) тұрады. Медресенің қаптал қабырғаларында 25 құжыра мен 4 дәрісхана орналасқан. Мешіт төбесі биік барабан үстіне орнаған күмбезбен жабылып, оның төрт жағы әсем күмбезшелермен көмкерілген. Шаян мешіті 19 ғасырдың аяқ кезінде тұрғызылған құрылыс түріне жатады.
## Дереккөздер |
Жанартаутекті шөгінді жыныстар — жанартаулық және шөгінді материалдардан тұратын тау жыныстары. Олар жанартаукесекті шөгінді жыныстар, тефроидтар және жанартаутерригенді жыныстар болып үшке бөлінеді. Жанартаукесекті-шөгінді жыныстар, немесе туфогенді жыныстар, құрамы мен түзілуі жағынан туффиттерге жақын. Олар жанартаудың атқылауымен қатар қалыптасады. Шөгінді қабаттардың (терригенді, хемогенді, органогенді) қалыптасуы кезінде оларға жанартаулардың атқылауынан пайда болған пирокласты материалдар қосылады. Егер пирокласты материалдардың көлемі 10%-тен аспаса, онда шөгінді жыныстардың аты өзгермейді, ал 10 — 50% құраса, онда шөгінді жыныстардың атына туф сөзі қосылып, туфконгломерат,туфгравелит, туфқұмтас, т.б. болып айтылады. Тефроидтар — жанартау атқылау кезінде пайда болып, жұмырланған және сұрыпталған пирокласты материалдардан тұратын жанартаутекті шөгінді жыныстар. Мұнда пирокласты материалдар жанартаудың атқылауымен бір кезде тасымалданып, өңделеді. Пирокластардың ішінде шынының сынықтары басым келеді. Тефроидтар кесектерінің ірілігіне қарай псефитті, псамитті, алевритті және пелитті болып бөлінеді. Жанартаутерригенді жыныстар жанартаулардың қирап, бұзылып шайылу өнімдерінен қалыптасқан тау жыныстары. Бұл жыныстар кесектерінің ірілігіне қарай вулканомикті жұмыртас, женттас, жентектас және сазтас болып ажыратылады. Жанартау атқылауынан жер бетіне көп мөлшерде ұшпа қоспалар мен ерітінділер шығады. Олардың көпшілігі атмосфера мен гидросфераға шашырап, таралып кетеді, не шөгінді жыныстарға қоспа ретінде кіреді. Жанартаутекті шөгінді жыныстарда яшма, фосфорит, боксит, темір, марганец, бораттың кендері кездеседі.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
ХАЖЫ-ГИРЕЙ (т. ж. б. — 1466/1480) — Қырым хандығының негізін салушы, Гирейлер әулетінің ең алғашқы билеушісі. 1420 ж. Қазан хандығын билеген Гияссадин ханның ұлы. ХАЖЫ-ГИРЕЙ көп әскермен келіп, 1433 ж. Қырымда орналасқан генуялықтарды талқандады. Бірақ 1435 ж. Ұлығ-Мұхаммед хан әскерінен жеңіліс тауып, Қырымнан кетуге мәжбүр болды. Литваға қашып барып, ондағы жергілікті билеуші Сигизмунд Кейстутовичтің қамқорлығымен Литва қ-ның әміршісі атанды. 1443 ж. (кейбір деректерде 1449 ж.) Литваның ұлы князі Казимир ҚV пен өз жақтастарының қолдауымен Қырымды қайтадан жаулап алып, хан тағына отырды. Сыртқы саясат мәселелерінде Литвамен достық қатынаста болуды жақтады. 1454 ж. түріктермен одақтасып, генуялықтарға қарсы соғысты. Бұл жағдай Қырым хандығын Осман сұлтандығына тәуелді етті. ХАЖЫ-ГИРЕЙдің 1465 ж. Үлкен Ордаға жорық жасауы оныңМәскеуге шабуылын кейінге қалдыруға мәжбүр етті. Қшкі саясатқа ол тәуелсіз билеуші ретінде Қы-рымда өз атынан теңге соқтыруды қолға алды.
## Сілтемелер: |
Ақдөң (Ақдің) қорықшасы – республикалық маңызға ие зоологиялық қорықша. Ерейментау тауының орталық бөлігінде 1971 жылы ұйымдастырылған.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Осакаров ауданының солтүстік бөлігінде Молодёжный кентінің солтүстігінде — 40 км жерде орналасқан. Ауданы 3000 га. Қорықшаның аты кейбір әдебиеттерде “Белодымский” деп те айтылады. Қорықша жері арқылы батыстан шығысқа қарай Тасбұлақ өзені ағады.
## Флорасы иен фаунасы
Далалық селеулі өсімдіктер басым. Кей жерінде итмұрын, үшқат бұталары, таудың жартасты жерінде ұсақ жапырақты үшқат, қарақат, зерек (бөріқарақат), ырғай, ал өзен аңғарларында мойыл, долана, қандыағаш өседі. Жануарларға да бай. Құстардың 80-нен астам түрі (құр, кекілік, шіл т.б.), сүтқоректілердің 33 түрі (аққоян, борсық, түлкі, қарсақ, елік, кірпі, дала суыры немесе байбақ, ақкіс, аққалақ, сасық күзен т.б.) мекен етеді. Қорықшада мекен ететін бүркіт, арқар қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына”енгізілген (1996).
## Дереккөздер |
Әкімшілік кодекс — әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тарту, жаза шараларын белгілеу, т.б. мәселелерін айқындаушы құқық нормаларын біріктіретін, бірегей жүйеленген заңдар актісі. Қазақстан Республикасында “ Қазақ КСР-нің әкімшілік құқық бұзушылықтар Кодексі” қолданылып келді (1998). Ол КСРО республикалары арасында алғашқылардың бірі болып, 1984 жылы 22 наурызда 10-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8-сессиясында қабылданған. Кейін оған бірнеше түзетулер мен толықтырулар енгізілді. 1995 жылы 1 сәуірде әкімшілік кодекстің өзгертулері мен толықтыруларын толықтай қамтыған ресми мәтіні жарияланды. Әкімшілік кодексте материалдық және іс жүргізуге қатысты бөлімдер біріктірілген; 5 бөлімнен, 31 тараудан, 450-ден астам баптан тұрады. Оның көптеген қағидалары бүгінгі күннің, нарықтық қарым-қатынастардың жаңа талаптарына сай келмейді, ескірген. Жалпы, әкімшілік кодекс жеке тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін айқындайтын ең басты акт болып саналады. |
Құлболды Ишан Сұлтанұлы (1780 – 1860) – діни қайраткер. Жасында Бұқара медресесінде оқыған. Кейін туған жеріне келіп, мешітке имам болады. Әрі бала оқытып, Сыр бойына ислам дінін уағыздаған. Құлболды Ишанның имандылық жолындағы іс-әрекеттері Сыр бойы ақындары шығармаларында көп айтылады. Қазіргі уақытта бейіті тұрған жер жергілікті халық тәуап ететін орынға айналған. 2002 жылы басына күмбез тұрғызылған.
## Дереккөздер |
Әкімшілік комиссия — әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарап, жауапкершілікке тарту үшін арнайы құрылатын орган. Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық әкімшіліктердің жанынан құрылады. Құрамында комиссияның төрағасы, оның орынбасары, жауапты хатшысы және мүшелері болады. Әкімшілік комиссиялар қолданыстағы арнаулы заңдарда белгіленген құзіреттер шегінде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар негізінде ашық түрде әрі құқық бұзушыны қатыстыра отырып, іс қарайды. Кінәлілерге ескерту беру, айыппұл салу сияқты әкімшілік жаза шараларын қолданады. Әкімшілік комиссияның қаралған іс бойынша қаулысы бірден жария етіледі. Қаулыға қатысты жергілікті әкімге, аудандық сотқа шағымдануға болады. |
Қошқарұлы Сатыбалды (1857, Қарағанды облысы. Ұлытау ауданы – 1955, сонда) – сәулетші, шебер. Еламанұлы Серәлі (1809 – 1902) деген сәулетшіден тәлім алған. Ол Жезқазған, Қарағанды өңіріндегі Сейілдің, Өтенің, Қойшығараның, Қасқабайдың, Әуездің, Сауқым мен Мақаттың, Шығырлыдағы Нәдірбай мен Шегірдің қызыл тамдарын тұрғызған.
## Дереккөздер |
Қошқаран ауылы – палеолит дәуірінің ескерткіші. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 18 км жердегі Қошқорған ауылының маңында орналасқан. 1950 ж. палеонтолог М.Беляева тапқан. 1986 – 88 ж. Оңтүстік Қазақстан геологиялық экспедиция (жетек. Б.Ж. Аубекеров), 1993 – 94, 1997 ж. Қазақстан – Ресей біріккен археологиялық экспедиция (жетек. А.П. Деревянко) зерттеген. Шақпақтас, кварц, әктас, кварцит, құмтас, эффузивтен дайындалған 5144 дана тас бұйымдар қазылып алынған. Олар: өзектас пішіндес бұйымдар, жарқыншақ, леваллуа әдісімен жасалған құралдар, қырғыш, ұсақ тас жаңқа мен қабыршақтар, тісті-ойықты құралдар, өндіріс қалдықтары, тағы басқа Анықталған мерзімдік шегі б.з.б. 500 жылдан асады. Қазақстан, Ресей, Германия ғылыми-зерттеу орталықтарынан алынған мұндай мәліметтер республика аумағын адамдар ерте палеолит дәуірінде мекендегенін айғақтайды. Қошқараннан солтүстік-шығысқа қарай 2,4 км жерде Қ-2 ескерткіші ашылған. Онда 1997 – 99 ж. кең көлемде қазба жұмыстары (ені 5 м, ұзындығы 10 м, тереңд. 11 м) жүргізілді. Зерттеу барысында 44 дана тас құралдар алынды. Қошқаран және оның төңірегіндегі Шоқтас ескерткіштері – Қазақстан жерін ежелгі адамдар бұдан 1 млн. жыл бұрын қоныстанған деген болжам жасауға мүмкіндік беретін бірегей кешендер.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Азаншы (намаз оқуға шақырушы) — күніне бес рет мешіт мұнарасынан намаз оқушыларды намазға шақырушы мешіт қызметкері. Оны қазақта азан шакырушы, муәзін, айғайшы, хабаршы деп те атайды. Азан шақырушы адам (мәзін) бас бармағымен және сұқ саусағымен кұлағының сырғалығын ұстаған күйі бетін құбылаға Меккеге қаратып, жеті тіркестен тұратын хабарды айтып дауыстайды. «Алақарға - азаншы, қарақарға - қазаншы» деген мәтел мен Азанға байланысты «Үй басында құтырғап адам айқайлайды» деп келетін жұмбақ және басқа да осы мәндес паремологизмдер қазақы ортаның алташқы кезеңде ислам мен оның канондарын тосырқай қарсы алғандытын айғақтаса керек.
## Дереккөздер |
Әбубәкір (Кердері) Боранқұлұлы (1861-1903), ақын. Зираты Жабасай қорымында. Кіші жүз Жетіру тайпасының Кердері руынан шыққандықтан, ел арасында «Кердері Әбубәкір» атанған. Бабасы - Таран тұқымынан, өнерпаздар көп шыққан. Өз әкесі Боранқұл қолөнер шебері әрі сауықшы адам болған. Ер шауып, ағаштан туйін түйіп, тыным таппай, шоқандап отыратындықтан, жеңгелері «Шоқан» атаған. Ел арасындағы осы лақап атымен бірқатар зерттеушілер Әбубәкірді Шоқанұлы деп келді. Әбубәкір ауыл молдасынан сабақ алып, кейін Орынбор, Троицк қалаларындағы мектеп, медреселерді бітірді. Тұзтөбе, Орал, Ақтөбе, Ор, Орынбор маңындағы елдерде бала оқытты, дін шариғат жолын ұстады. Сауатты, сергек, шешен, ақындық өнерді ардақ тұтатын Әбубәкір біраз жыл ел әкімдерінің қасында жүріп, хатшылық қызметтер атқарды. Сарыарқа, Оңтүстік және Батыс Қазақстан өңіріндегі ақын, жырауларды жақсы білген. Шығармалары 1902, 1905 ж. «Әдебиет қазақия, яки Әбубәкір молланың сөздері» деген атпен екі дүркін жарияланған. Өлең-толғаулары ел арасына кең тараған. Туындылары өлең, толғаулар, хат-өлеңдер, арнаулар, айтыстар, шежіре-жырлар түрінде келеді. Өлең толғауларында заман, адам, дін, өнер, ғылым, әдет-ғурып, имандылық, мінез-дағды туралы тебіренді, дәуір бағдарын байқап, халқымыздың бағзы тұрмыс-тіршілігі мен хал-жағдайын жырлады. Өлең, толғаулары «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Бес ғасыр жырлайды» (1985, 1989) жинақтарында жарияланған. «Қазағым» аталатын жеке жинағы 1993 ж. жарық көрген. Әуезов «Әбубәкір өмірі мен шығармалары» жөнінде зерттеу-мақала жазған. Ол зерттеуі М. Жолдыбайұлымен және Ә. Қоңыратбайұлымен бірігіп жазған «XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу құрамы» деген кітапта жарияланған (7-сыныпқа арналған, А,, 99-102-беттер, 1933).
## Дереккөздер |
ХАЖЫ-МҰРАТ (шамамен 1799, қазіргі РФ, Дағыстан — 5.5.1852, қазіргі Әзірбайжан Республикасы, Шека қ-ның маңы) — Дағыстан мен Шешенстан халықтарының ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі. Ресей отаршылдары мен патшаға қызмет еткен жергілікті шонжарларға қарсы бағытталған бұл күрес діни бағытта — ғазауат қозғалысы аясында өтті. Х.-М. авар хандарының отбасында тәрбиеленген. 1834 ж. ағасы Османмен бірге Гамзат-бек имамға қарсы қастандыққа қатысты. Ол өлтірілген соң Авар хандығын Ресей өкімет орындары қойған Ахметхан Мехтулинскиймен бірге басқарды. 1836 ж. Солт. Кавказ халықтарының діни көсемі имам Шамильмен астыртын байланысы үшін тұтқындалды. Көп ұзамай тұтқыннан қашып шыққан Х.-М. Шамильдің жақын серіктерінің біріне айналды. 1843 ж. Шамиль имаматының құрамындағы авар тайпаларының найыбы болды. Соғыс жүргізу мен имаматтағы ішкі тәртіп мәселелері бойынша келіспеушілік, сондай-ақ бірқатар әскери сәтсіздіктер үшін (әсіресе, 1851 ж. Х.-М. басқарған Табасаранға жасалған жорық Шамиль тарапынан мүмкін болатын қудалаудан қауіптенген ол 1851 ж. 5 желтоқсанда орыстар жағына шықты. Ресей өкіметі Х.-М-тың таулықтар арасындағы беделін оларды өз жағына шығару үшін пайдаланғысы келді. Алайда 1852 ж. сәуірде Х.-М. орыстардан бөлініп, тауға қашты. Қуғыншылармен болған атыс кезінде қаза тапты. Тау халықтарының ауыз әдебиетінде Х.-М. жөнінде аңыз әңгімелер көп сақталған. Оның өмірінің соңғы кезеңі мен өлімі жөнінде Л.Н. Толстой “Хажы-Мұрат” повесін жазды.
## Сілтемелер: |
Әкімшілік қадағалау — қылмыстың алдын-алу, заңдылықты сақтау, азаматтардың құқылары мен бостандықтарын қорғау және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылау мақсатында қолданылатын әкімшілік шара. Оны аудандық соттың қаулысы негізінде ішкі істер органдары жүзеге асырады. Әкімшілік қадағалаудың міндеті — белгілі бір шектеулер қойып, қосымша міндеттер жүктеу. Мысалы, әкімшілік қадағалауға алынған адамға тәуліктің белгіленген уақытында үйінен ұзап кетуге, кейбір қоғамдық ортада (мәдениет, демалыс орындарында) жүруге тиым салынады. Ол тек ішкі істер органдары белгілеп берген территорияларда ғана жүріп-тұруға, ай сайын бір немесе бірнеше рет арнаулы органға келіп тіркелуге міндетті. Әкімшілік қадағалаудың мерзімі 6 айдан 2 жылға шейін созылуы мүмкін. Ол сот “аса қауіпті қылмыскер” деп танығандарға, сондай-ақ жазасын өтегенімен, өзінің мінез-құлқын түзегісі келмейтін, теріс қылыққа бейім, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасауы ықтимал, бұрын бірнеше рет әрқилы жағдайлармен сотталған адамдарға қатысты қолданылады.
Заңмен, үкіметтің актілерімен, ведомстволық актілермен, сонымен қатар осы қадағалауды жүзеге асыратын органдар бекіткен талаптар мен арнайы тәртіптерді орындау үшін бақылауды жүзеге асыру негізгі қызметтері болып табылатын, бірқатар мемлекеттік басқару органдарының құқық қорғау қызметінің арнайы түрі.
## Дереккөздер |
## Қошқыл теміртас
Қошқыл теміртас – темірдің сулы тотықтарынан құралған минералдарды біріктіретін кентас. Басты минералы: лимонит, гетит, гидрогетит, гематит, гидрогематит, тағы басқа Қошқыл теміртастар әр түрлі хим. қоспалар кіріктіретін гетит немесе лепидокрокит минералдарының жасырын кристалды жаралымдарынан тұрады. Бұлар тассүңгілер мен шайыр, топырақ немесе ұнтақ, жентекті, қуыс-қуысты, лак тәрізді жарғақтар, пизолиттер мен оолиттер түрінде, т.б. агрегаттарды құрайды. Қошқыл теміртас негізінен қоңыр-қошқыл, кейде шым-қай қара түсті, кейде сарғылт түсті болып келеді. Біршама тығыз ақпа агрегаттарының қатт. Моос шкаласы бойынша 4 – 5,5. Агрегаттық жағдайына байланысты менш. салм. кең аралықта (2,7 – 4,3) өзгереді. Жер бетіне жақын деңгейлерде қалыптасады. Сульфидті кендердің тотығу белдемдерінде сульфидтердің псевдоморфозасы түрінде ұшырасады. Ондағы темірдің ең аз мөлш. 30%.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы
## Қошқыл теміртас
Қошқыл теміртас – темірдің сулы тотықтарынан құралған минералдарды біріктіретін кентас. Басты минералы: лимонит, гетит, гидрогетит, гематит, гидрогематит, тағы басқа Қошқыл теміртастар әр түрлі хим. қоспалар кіріктіретін гетит немесе лепидокрокит минералдарының жасырын кристалды жаралымдарынан тұрады. Бұлар тассүңгілер мен шайыр, топырақ немесе ұнтақ, жентекті, қуыс-қуысты, лак тәрізді жарғақтар, пизолиттер мен оолиттер түрінде, т.б. агрегаттарды құрайды. Қошқыл теміртас негізінен қоңыр-қошқыл, кейде шым-қай қара түсті, кейде сарғылт түсті болып келеді. Біршама тығыз ақпа агрегаттарының қатт. Моос шкаласы бойынша 4 – 5,5. Агрегаттық жағдайына байланысты менш. салм. кең аралықта (2,7 – 4,3) өзгереді. Жер бетіне жақын деңгейлерде қалыптасады. Сульфидті кендердің тотығу белдемдерінде сульфидтердің псевдоморфозасы түрінде ұшырасады. Ондағы темірдің ең аз мөлш. 30%.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Ақжайлау оқиғасы — Ресейден қоныс аударушылар мен жергілікті қазақтар арасында болған қақтығыс (1904).Ақжайлау — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөлдің күнгей бетіндегі көлемі 50 шаршы шақырымдай шұрайлы алқап. Алқабек, Білезік, Қаба өзендері бастау алады. Бұл орта жайлау Төртуыл, Қожамбет руларының ата қонысы. Олар көктемде жонға шығарда, күзде ойға түсерде жайлап келген.
## Оқиғаның басталуы
1867 — 68 жылдары Столыпин реформасынан кейін қазақ жеріне қоныс аударған мұғыжарлардың алғашқы тобы Ақжайлауға келіп түседі. Олар ата қоныстарының сырттай тартып алынғанынан мүлдем бейхабар елдің көшінің жолын кесіп, қондырмайды. Үйренген өрісіне тартқан қазақтардың қалың жылқысын жарға қамап, мылтықпен атып, қырғынға ұшыратады. Жазықсыз малды құтқармақ болған Нұғыттықұлы Нұрғали олардың атқан оғынан қаза табады. Сол кезден бастап қазақтар Ақжайлаудан айрылады. Келімсектер келе-келе басқа да шұрайлы жерлер — Қараойды, Ащылыны, Тарлаулыны тартып алды. Осы жерлерді жанай көшкен қазақтар әр мал басы үшін орыстарға тұяқ ақы төлейтін болды. Ақжайлау оқиғасы сияқты жер үшін талас мұғыжарлар қоныстанған көптеген өңірлерге тән болды.
## Дереккөздер |
## Қоштаев Құтлымбет
Қоштаев Құтлымбет (т.-ө.ж.б.) – би, Әбілқайыр ханның 1730 ж. Санкт-Петербургке жіберген елшісі. Елшілік орыс патшасы Анна Иоанновнаға Әбілқайыр бастаған Кіші жүз қазақтарының арнаулы хатын жеткізді. Бұл кезде қазақтар жоңғар қалмақтарымен қатар көршілес башқұрттар тарапынан да шапқыншылыққа ұшырай бастаған. Елшілік егер патша өкіметі қазақтарды өз қорғауына алатын болса, жасақ беруге әзір екендіктерін мәлімдеді. Патша өкіметі бұл өтінішті қабылдап, 1731 ж. 19 ақпанда Кіші жүзді Ресейдің қол астына алатындығы жөніндегі грамотаны елшілікке табыс етті.
## Пайдаланған әдебиетттер
Қазақ энциклопедиясы
## Қоштаев Құтлымбет
Қоштаев Құтлымбет (т.-ө.ж.б.) – би, Әбілқайыр ханның 1730 ж. Санкт-Петербургке жіберген елшісі. Елшілік орыс патшасы Анна Иоанновнаға Әбілқайыр бастаған Кіші жүз қазақтарының арнаулы хатын жеткізді. Бұл кезде қазақтар жоңғар қалмақтарымен қатар көршілес башқұрттар тарапынан да шапқыншылыққа ұшырай бастаған. Елшілік егер патша өкіметі қазақтарды өз қорғауына алатын болса, жасақ беруге әзір екендіктерін мәлімдеді. Патша өкіметі бұл өтінішті қабылдап, 1731 ж. 19 ақпанда Кіші жүзді Ресейдің қол астына алатындығы жөніндегі грамотаны елшілікке табыс етті.
## Пайдаланған әдебиетттер
Қазақ энциклопедиясы |
Мұстай Кәрім (башқ. Мостай Кәрим, шын аты-жөні Мұстафа Сафич Кәрімов, башқ. Мостафа Сафа улы Кәримов; 1919—2005) — башқұрт кеңестік ақыны, жазушы және драматург. Социалистік Еңбек Ері (1979), РСФСР-нің еңбек сіңірген әртісі (1982). Башқұрт Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының халық ақыны (1963), Ленин (1984) және КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының (1972) лауреаты, 1944 жылдан бастап ВКП(б) мүшесі.
## Өмірбаяны
1919 жылы 20 қазанда Уфа губерниясының Кляшево қаласында шаруа отбасында дүниеге келді.
Мұстай Кәрім шығармаларын 1930 жылдардың ортасында жаза бастады. 1938 жылы оның алғашқы «Отряд тронулся» («Отряд қозғалды»), 1941 жылы екінші «Весенние голоса» (Көктем дауыстары) атты кітаптары жарық көрді.
1941 жылы К.А.Тимирязев атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін бітірді. Оқуды бітіргеннен кейін Қызыл Армия қатарына шақырылып, Муром байланыс мектебіне жіберілді.
1942 жылы мамырда кіші лейтенант атағымен 17-ші мотоатқыштар бригадасына артдивизионның байланыс бастығы ретінде жіберілді. 1942 жылы тамызда ол ауыр жараланып, алты айға жуық ауруханаларда болды. Емделіп болғаннан кейін ол майдан газеттерінің корреспонденті болып оралды. Татар тіліндегі «Отанның құрметі үшін», «Совет жауынгері» газеттерінің корреспонденті болған. Әскери наградалармен марапатталған. 1944 жылы тамызда М.С.Кәрімов, ВКП (б) мүшелігіне кандидат, II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды.
1940 жылдан КСРО ЖО мүшесі. 1951 жылдан 1962 жылға дейін Мұстай Кәрім БАССР ЖО басқармасының төрағасы, 1962 жылдан 1984 жылға дейін РСФСР ЖО басқармасының хатшысы болды.
## Шығармашылығы
Мұстай Кәрімнің жырлары ХХ ғасырдағы тұтас бір ақындық дәуір болатын. Ол өз елінің терең поэзия әлеміне зор ықпал жасады. Оның өлеңдерінде Отан бейнесі асқақтады. Ол шынайы халықтық ақын ретінде қалыптасып өсті. Өз ел-жұртының келбетіне беймазалықпен, құштар үмітпен, үңіле қараған ақын болатын. Ол туған ел-жұртының халықтық эпикалық ошағын қастерлеп сақтады. Ол өз халқының және бүкіл адамзат баласының мұң-шерімен өмір сүрді. Мұстай Кәрімнің әрбір өлеңі асқақ ой-сезім әлеміне айқара ашылған терезе секілді еді. Ұлы Отан соғысының ардагері Мұстай Кәрім майданда жүріп, от кешіп, үш кітабын жазған. Отан қорғаушы жерлес башқұрт жігіттерінің бейнелері жыр-дастандарында толықтай сомдалған. Мұстай Кәрімнің пьесаларының сюжеттері алуан түрлі. Олардағы көріністер әр түрлі бағыттарда болды. Мұстай Кәрімнің драматургиялық түпкі ойларында оның шығармашылық көкжиегінің ауқымдылығы сезіліп тұрады. Отан сүйгіштік, халқына жан-тәнімен берілу драматургиясында орталық орында тұр.
Мұстай Кәрімнің шығармалары әр алуан. Ол өз халқының әдебиетінің шығыс поэзиясының байсалды даналығын, батыс поэзиясының ащы өмір шындығын, революциялық үнін, белсенді санасын қабылдағанын қалайды. Мұстай Кәрімнің лирикасы жылы лебіз туғызады, адамдарға қуаныш сыйлауға ұмтылған. Оның әлемі өмірді сүю мен адалдықтың планетасы болып қала береді.
Ол кең ойлайтын, шалқар сезімге жан-тәнін салатын. Ол барлық адамдарға, барлық әлем халықтарына дос болатын. Үздік әлем ақындарын терең бағалап, содан да оларды туған бауырларындай сүйетін. Ол қазақтың ұлы ақыны Абай туралы ұмытылмас сөз айтқан еді. «Егер орыстар үшін Пушкин, ағылшындар үшін Шекспир ғаламат ұлы құбылыс болса, Абай қазақтар үшін теңдессіз құбылыс болып табылады» деген.
## Еңбектері
Мұстай Кәрім 100-ден астам өлеңдер мен проза жинақтарын, 10-нан астам драмалық шығармаларды шығарды. Соғыс жылдарында жауынгерлер өмірінен “Желтоқсан жыры” (1942), “Өлмесбай” (1942-44)атты поэмалар жазды. Ол соғыстан кейін “Біздің үйдің қуанышы” повесін (1952), “Көктем дауысы” (1954), “Өзендер сөйлейді” (1964), “Алыста қалған жағалар” (1966), “Жылдар ізімен” (1971) жинақтарын жариялады. Мұстай Кәрімның “Той жалғасуда” (1947), “Жалғыз қайың” (1950), “Қыз ұрлау” (1959), “Жырланбаған жыр” (1961), “Ай тұтылған түн” (1964) атты пьесалары бар. Оның “Үш таған” (1965), “Талтүс” (1972) атты кітаптары қазақ тіліне аударылған.
Сонымен қатар «Кешірім» повесі, "Айгүл елі" (1967), «Салауат. Шындық арқылы жеті арман» (1971), «От тастамаңыз, Прометей!» (1975), "Жаяу Махмут" (1981) пьесалары, "Менің атым" (1943), "Өлеңдер" (1945), "Оралу" (1947), "Қара сулар" (1961), "Махаббаттың төрт мезгілі" (1978), "Уақыт" (1982) сияқты поэмалары мен өлеңдер жинақтары жарық көрді.
Мұстай Кәрімнің шығармалары Ресей мен әлемнің ондаған тілдеріне аударылған. 1987 жылы «Ай тұтылу түнінде» спектаклінің негізінде Свердловск киностудиясы дәл осындай фильмді түсірді. «Ұзаққа созылған балалық шақ» әңгімесін 2004 жылы Башқұртстан киностудиясының режиссері Болат Юсупов түсірген.
## Қоғамдық жұмыстары
Мұстай Кәрім шығармашылық қызметімен бірге белсенді қоғамдық жұмыстар атқарды.
1955-1980 жылдар аралығында бірнеше рет КОКП съездеріне делегат болып сайланды. 4-11 шақырылымдағы РСФСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, РСФСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы төрағасының орынбасары, РСФСР Жоғарғы Кеңесі төрағасының орынбасары, БАССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
Ұзақ жылдар бойы Башқұрт Бейбітшілік Комитетінің төрағасы, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Ленин және Мемлекеттік сыйлығы комитетінің мүшесі, Башқұртстан Республикасы Президенттік Кеңесінің мүшесі болды.
## Отбасы
Ақын майданда болған кезде оның ұлы Ильгиз дүниеге келді, оны Мұстай бала 9 айлық болғанда ғана көрді. Ол баласын көру үшін ауыр жарақатына қарамастан аурухананың бас дәрігерінен рұқсат сұрауына тура келді. Емделмеген жараларға қарамастан, бас дәрігер оны үйіне жіберді.
Ұлы Ильгиз Мұстафұлы Каримов (1942-2019), өзінің дарынды әкесінің ізімен жүруді шешті. Ол Жазушылар Одағына кіріп аудармалармен айналыса бастады, оның ішінде әкесінің кейбір шығармаларын орыс тіліне аударды.
1951 жылы Мұстай Кәрімнің Әльфия атты қызы дүниеге келді, ол әкесінің шексіз сүйіспеншілігі үшін, үнемі әкесінің қызы деп аталған.
Мұстай Кәрім әрдайым немере, шөбере көруді армандаған, оның арманы орындалып, қазір немересі Темірболат пен оның жұбайы Инга бес бала тәрбиелеп көп балалы отбасы болып отыр.
2013 жылы жазушының ұлы, қызы мен немересі Мұстай Кәрім қорын құрды, оның басты міндеттерінің бірі-башқұрт тілі мен әдебиетін қолдау. Қор мектептерде, оның ішінде ауылдық жерлерде башқұрт тілін үйренуді, сонымен қатар университеттерде башқұрт тілі мен әдебиетін, өлкетану мен Башқұрт тарихын зерттеуге арналған академиялық бағдарламаларды қолдайды.
Жұбайы Раузамен некесі 62 жылға созылды. Оның қызы Альфия әкесінің жеке өмірі туралы айта отырып, ата-аналар осы жылдар ішінде бір-біріне деген үлкен құрметпен және үйлесімді өмір сүргенін айтады. 1981 жылы Рауза қайтыс болды, Мұстай Кәрім бірден өзін жалғыз сезіне бастағандықтан, Әлфия әкесіне қамқорлықты күйеуімен бірге өздеріне алды.
## Өмірінің соңғы сәттері
Мұстай Кәрім өмір бойы денсаулығы туралы ешқашан шағымданбаған, өйткені ол барлық майдангерлер сияқты шыдамдылыққа төзуге үйренген болатын. Оны жүрек-өкпе жеткіліксіздігімен ауруханаға жеткізіп, онда ол 10 күн реанимацияда болды. Бәрі жақсарып, қалпына келе жатқан сияқты көрінгенімен, 2005 жылдың 21-қыркүйегінде жазушы қос инфаркттан кейін Уфадағы Республикалық кардиологиялық диспансерде қайтыс болды. Уфадағы мұсылман зиратында жерленген.
## Атақтары мен марапаттары
* Социалистік Еңбек Ері (10.19.1979)
* II дәрежелі «Отанға сіңірген еңбегі үшін» ордені (9 қараша 2004 ж.) - отандық әдебиеттің дамуына қосқан үлесі мен көп жылдық шығармашылық қызметі үшін
* ІІІ дәрежелі «Отанға сіңірген еңбегі үшін» ордені (28 сәуір 1995 ж.) - мемлекетке сіңірген еңбегі, еңбек, ғылым, мәдениет, өнер саласындағы жетістіктері, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін.
* 2 Ленин ордені (10/28/1967, 10/19/1979)
* I дәрежелі Отан соғысы ордені (03.11.1985)
* II дәрежелі Отан соғысы ордені (17.07.1945 ж.)
* Еңбек Қызыл Ту орденінің 2 ордені (06.08.1955 ж.; 11/28/1969)
* Халықтар достығы ордені (11.16.1984)
* Қызыл Жұлдыз ордені (09.25.1944)
* «Құрмет белгісі» ордені (22.03.1949 ж.)
медальдар
* РСФСР-нің еңбек сіңірген әртісі (1982)
* Башқұрт Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының халық ақыны (1963)
* Башқұртстан Ғылым академиясының құрметті академигі (1992)
* Лениндік сыйлық (1984) - «От тастамаңыз, Прометей!» трагедиясы үшін және «Ұзаққа созылған балалық шақ» повесі үшін
* КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1972) - «Жылдар өткен соң» өлеңдер жинағы үшін (1971)
* Станиславский атындағы РСФСР Мемлекеттік сыйлығы (1967) -башқұрт ADT сахнасында қойылған “Ай тұтылған түн” спектаклі үшін
* Салауат Юлаев атындағы республикалық сыйлық (1967) -«Таңдамалы шығармаларының» 1-ші томы үшін
* Шолохов атындағы әдебиет және өнер саласындағы халықаралық сыйлық (1999)
* Г.Х.Андерсен атындағы халықаралық қазылар алқасының құрметті дипломы (1978)- «Жаңалықтарды күту» кітабы үшін
## Есте қалдыру
* Мұстай Кәрімнің есімі Мәскеудегі, Уфа, [[Алматы]], Қазан, Екатеринбург қалаларындағы көшелерге сонымен қатар Башқұртстанның көптеген елді мекендерінде берілген: Бирск, Нефтекамск, Янаул, с. Жуково, с. Иглино, с. Кармаскалы, с.Кляшево, с.Красная Горка, с.Кушаренково, с.Чесноковка, пос.Чишмы, д.Чамонино.
* Уфадағы Мұстай Кәрімнің есімі - Башқұртстан Республикасының Ұлттық жастар театры.
* Мұстай Кәрім атындағы №158 башқұрт гимназиясы және Башқұртстан Республикасы, Чишминский ауданы, Кляшево ауылындағы Мұстай Кәрім атындағы орта мектеп
* Мустай Карим 1999 жылдан 2005 жылға дейін өмір сүрген Уфаның Энгельс көшесіндегі үйде мемориалдық тақта орнатылды.
* 2013 жылғы 10 қазанда Уфа қаласында Кәсіподақтар үйінің ғимаратының алдында Мұстай Кәрімнің ескерткіші ашылды.
* 1990 жылы, Мечетлин ауданының аудан орталығында, Большеустьикинское ауылында, орталық аудандық кітапхананың алдына Мұстай Кәрімнің бюсті орнатылды
* Башқұрт мемлекеттік университетінің филология факультетінің дарынды студенттеріне жыл сайынғы Мұстай Кәрім стипендиясы тағайындалды
* 2017 жылдың күзінде «Аэрофлот» авиакомпаниясының Sukhoi Superjet 100 жолаушылар ұшағының бірі Башқұрт Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының халық ақыны Мұстай Кәрімнің есімін алды
* 2017 жылғы 20 қазанда Мұстай Карим оқыған Уфадағы Башқұрт мемлекеттік университетінің бас ғимаратының қасбетіне мемориалдық тақта орнатылды.
* 2017 жылғы 20 қазанда Мұстай Кәрімнің шығармашылық шеберханасы ашылды - Уфадағы Башқұрт мемлекеттік университетінде башқұрт тілі мен әдебиетін зерттеу орталығы
* Кабардин-Балқар республикасында, Кавказдың негізгі жотасында, Чегем шатқалында, 3555 метр биіктіктегі аты аталмаған шыңға Башқұрт Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының Халық ақыны Мустай Каримнің есімі берілген (2018).
* «Водоход» компаниясының соңғы круиздік кемесі «Мұстай Кәрім» атауын алды, (Төменгі Новгородта Красное Сормово зауытында салынып, ПВ300 жобасының төрт қабатты моторлы кемесі, 2019 ж. 11 қыркүйегінде іске қосылды)
* 2019 жылдың 15 мамырында Мұстай Кәрімнің 100 жылдық мерейтойына орай жасалған марка почта айналымына енгізілді.
* 2019 жылдың 31 мамырында Уфа халықаралық әуежайына Мұстай Кәрім есімі берілді
* 2019 жылғы 5 қыркүйекте Ресей Банкі Мұстай Кәрімнің 100 жылдығына арналған естелік күміс монетаны шығарды. Монетаның таралымы -3 мың дана, номиналы-2 рубль
* 2019 жылдың 19 қыркүйегінде «Қарындас» көркем фильмі Мұстай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» повесі негізінде кең таралды.
* 2019 жылы 12 қазанда Мәскеуде Саида Медведеваның «Семинар» кинокомпаниясының «Мұстай» деректі фильмінің премьерасы болды. 19 қазанда фильмнің премьерасы Уфада өтті.
* 2019 жылы 18 қазанда Уфада Мұстай Кәрімнің «Таганок» повесі негізінде «Таганок жасағы» фильмі көрсетілді
* 2019 жылдың 18 қазанында М.Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінде Мұстай Кәрімнің жеке аудиториясы және ақынның бюсті ашылды.
* 2019 жылдың 20 қазанында ақынның кіші отаны - Мұстай Кәрімнің туғанына 100 жылдығын мерекелеу аясында - Башқұртстан Республикасы Чишминский ауданы, Кляшево ауылында - Мәдениет үйі ашылып, Мұстай Кәрім мектебінің ауласына ағаштар отырғызылды
## Әдеби мұра
* Мұстай Кәрім. Уақыт деген қанатты ат. -Современник баспасы, Мәскеу, 1972 ж. Таралымы 25 000 дана.
* Мұстай Кәрім. Кешіру: Повесть-М .:Известия, 1989.-304 б. Таралымы 100 000 дана.
* Мұстай Кәрім. Ұзаққа созылған балалық шақ. Повесть.-М .:Современник баспасы,1977.(Роман-Газета, № 4 (866),1979. Таралымы 2 495 000 дана.
* Шығармалары І том: Өлеңдер. -Уфа: Кітап, 2009.-512 бет. ISBN 978-5-295-04903-3 (І том)
* Шығармалары II том: Өлеңдер, поэтикалық аудармалар. -Уфа: Кітап, 2011.-416 бет. ISBN 978-5-295-05408-2 (II том)
* Шығармалары III том: пьесалар, либретто. -Уфа: Кітап, 2012.-608 бет.ISBN 978-5-295-05627-7 (ІІ том)
* Шығармалары IV том: драмалар, повестер, әңгімелер. -Уфа: Кітап,2013.-506 бет.
## Дереккөздер |
Қоштасу өлеңіҚоштасу, қоштасу өлеңі– қазақтың дәстүрлі салт жыры. Ел-жұртымен, туған туысымен, сүйген жарымен, ата-анасымен, жүйрік атымен, қыран құсымен, т.б. Қоштасу бар. Қ. өлеңі эпос, дастандарда көп кездеседі. “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырындағы Таңсық қыздың “Балталы, Бағаналы ел аман бол” деп басталатын Қоштасуды ел арасында кең тараған. “Елім-ай” өлеңі кіндік қаны тамған жерінен айрылған халықтың ауыр күйзелісін, қайғылы көңіл-күйін білдіретін шығарма. М.Әуезовтың жіктемесі бойынша Қоштасу жырлары: а) жермен, елмен Қоштасу (Ай, Таңсық өлеңдері); ә) Сары арқамен Қоштасу (Күдері Қожаның Қарқаралыдан кетерде айтқаны); б) өмірдің өткен шағымен Қоштасу (Сабырбай ақынның қызы Қуандыққа айтқан сөздері, Кемпірбайдың Әсетпен қоштасуы; в) Өтіп бара жатқан заманмен Қоштасу (Қаратоқа Есет бидің еңкейген шағындағы өлеңі, Тезек төренің “Сексен” деген әні) сияқты түрлерге бөлінеді. Қоштасу өлеңдерін түрлерге жіктеу әдебиеттану ғылымында қазіргі күнге дейін өзекті мәселелердің бірінен саналады. Қазақ халқының “Қыз Жібек”, “Ер Тарғын”, “Қобыланды батыр”, т.б. лиро-эпостық және батырлық жырларында Қ-дың көркем үлгілері кездеседі.
## Пайдаланған әдебиетттер
Қазақ энциклопедиясы |
“Үш Жүз” — газет, Қазақ социалистік “Үш жүз” партиясының баспа органы.
1917 жылдың желтоқсанынан бастап 1918 жылдың көктеміне дейін Петропавл қаласында шығып тұрған. Барлығы неше саны шыққаны белгісіз. Қазіргі мәлімет бойынша мұрағаттарда үш саны ғана сақталған. Редакторы К.Төгісов. Газеттің көтерген мәселелері сол кездегі ел ішіндегі саяси-қоғамдық ахуал, ұлтаралық қатынас “Үш жүз” партиясының іс-қимылы, т.б.
Жарияланған мақалалар ішінде қазақ халқының болашағы жайлы келелі мәселелер көтерген Алаш автономиясы атты мақала көңіл аударарлық. Бұл мақалада сол кездегі қалыптасқан нақты саяси ахуалды ескере отырып, ұрыншақтыққа салынбай қазақ автономиясы туралы реалистік пікірлерді пайымдайды. “Үш Жүз” газетінің бетінде “Жасасын түрік-татар балалары”, “Барлық мұсылмандар — туысқан” деген ұрандар көтеріліп тұрған. “Үш жүз” партиясының басшыларын Колчак өкіметі тұтқындағаннан кейін газет жарыққа шығуын тоқтатты. |
ХАЖЫ МҰХАММЕД Хаким бин Сеид Масум хан (шамамен 1802 — 1845) — “Мунтахаб ат-Тауарих” (тарихи деректер) атты тарихи шығарманың авторы, Қоқан ханы Нарботаның немересі. Қоқанды Мұхаммед Әли басқарып тұрған кезде онымен келісе алмай, Меккеге кеткен. Жолда Ресей, Түркия, араб елдерінде болды. Мұсылман елдерінің жалпы тарихы жайындағы еңбегінен тарихты аса жетік білетіні, оқиғаларды шебер суреттейтіні, Еуропа мәдениетімен таныстығы айқын көрінді. Бұл шығармада Орта Азия ғана емес, онымен көршілес Қазақстан, Ресей, Шығыс Түркістан, т.б. елдер жайында құнды мәліметтер береді.
## Сілтемелер: |
Қошмәмбет – Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл, Жаңашамалған ауылдық округінің құрамында. Аудан орталығы – Қаскелең қаласынан 18 км, округ орталығы – Шамалған темір жол станциясынан 5 км жерде, Қаскелең өзенінің сол жағалауында. Тұрғыны 2,2 мың адам (2003). Ауыл 1959 – 97 ж. сүт-көкөніс бағытындағы “Ақсай” болып келді. Оның негізінде 1997 ж. Қ-те 40-тан аса шаруа қожалығы құрылды.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Целинное — Түркістан облысы Шардара ауданы, Алатау батыр ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шардара қаласынан солтүстікке қарай 75 км жерде, Қызылқұм каналының батысында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1972 жылы “Целинный” күріш кеңшары болып құрылып, 1988 жылы “Қазақстан” кеңшарымен қосылып, ірілендірілді. Оның негізінде 1996 жылы күріш, мақта, мал өсіретін шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Қоянбұршақ (Orobus) – бұршақ тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның барлық аймақтарындағы жазық жерлерде, орман ішінде, тау етектерінде, кейде таудың биік шыңдарында да кездеседі. Қазақстанда 6 түрі өседі. Көп тараған түрі – сары Қоянбұршақ (O. luteus). Оның биікт. 60 – 150 см. Дара, тік, жуан, тықыр немесе түкті сабағы тамыр бұтағынан шығады. Қосалқы жапырақтары жартылай садақ тәрізді, жапырақшалары 3 – 4-тен қосарланып келеді, жалпақ қандауыр тәрізді. Гүлдері шашақ гүлшоғырына топталған. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда дән береді. Бұршағы ұзынша, аздап иілген, тықыр. Тұқымы сопақша домалақ (саны 12 – 15). Қ-ты сиыр мен жылқы сүйсініп жейді. Соңғы жүйеленім бойынша Қоянбұршақ әйкен туысына жатқызылды.
## Пайдаланған әдебиетттер
Қазақ энциклопедиясы |
Әкімшілік құқық бұзушылық — мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың жеке меншігіне, құқылары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз істелген) әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл үшін арнаулы заңдарда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Әкімшілік құқық бұзушылықты кейде “әкімшілік теріс қылық” деп те атайды.
Жеке адамның әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады.
## Дереккөздер |
Богазкөй мұрағаты — ертедегі Хетт мемлекетінің астанасы Хаттусастың орнындағы Богазкөй (Түркия) қ-нан табылған архив. 15 мыңнан астам сына жазулы (негізінен хетт тілінде) қыш “табақшалардан” құралған, тарихи және салт-жораға байланысты текстердің үзінділері Кіші Азияның ежелгі лувий, палай, хетт, хурит тілдерінде жазылған. Богазкөй архивінде патша хабарлары, бұйрықтары, шарттары, патшалардың тізімі, дипломатиялық хаттары, сый жазбалары, заңдар жинағы, сот хаттамалары, мифолология және діни текстер, астрономия болжамдар, шумер-аккад-хетт сөздіктері, жылқы өсіру жайлы шығармалар, т.б. бар. Богазкөй архивінен табылған жазба ескерткіштердің басым бөлігі б.з.б. 14 — 13 ғ-лардағы жаңа хетт кезеңін, кейбір азғана нұсқалары б.з.б. 17 — 16 ғ-ларды қамтиды. Богазкөй архивін 1906 — 12 ж. Г. Винклер тауып, жарым-жартылай қазба жұмыстарын жүргізген. 1970 — 80 жылдардағы зерттеу жұмыстары Ежелгі дүние туралы тыңғылықты мәліметтер берді.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том |
Үкібай Найзабекұлы (1778–1856) — би. Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.
Үкібай сөзге тапқыр, от ауызды, орақ тілді шешен адам болған. Сол себепті оны Шоң би қадір тұтқан. 1831 жылы Орта жүздің Қаржас және Қанжығалы рулары арасында Ереймен қыраттары үшін таласта жеті адам мерт болады. Орыс жағы әкімшілік заңымен екі жақты бітімге келтіре алмағаннан кейін істі қазақтардың өзіне тапсырады. Билердің келісімі бойынша бұл даулы мәселені Үкібай шешеді. 1833 жылы Баянауыл округінің құрамына кіретін Сатылған — Алтынторы болысының басшысы болып сайланған. 1839 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторының жарлығы бойынша Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына қатысқан болыстар ыдыратылып, басқа болыстарға таратылып берілді. Бұл іске Үкібай араласып, Сатылған — Алтынторы болысын ыдыратпай аман алып қалған. Үкібайдың билігі жөнінде ел аузында көптеген аңыз-әңгімелер сақталған.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы" 9 том |
Целинное — Қостанай облысы Қарасу ауданы, Шалғышы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қарасу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 56 км-дей жерде, Торғай үстіртінің қиыр солтүстік-шығыс шетіндегі Тімтуір өзенінің оң жағасында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 1017 адам (486 ер адам және 531 әйел адам) болса, 2009 жылы 1123 адамды (537 ер адам және 586 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты құрылған шошқа өсіретін кеңшар құру негізінде қаланған. 1996 жылға дейін Қостанай облысы Октябрь ауданының құрамында болды. 1996 жылы шаруа қожалықтары құрылды. Целинное жанынан (10 км) Астана — Қараталы (Ресей) темір және автомобиль жолдары өтеді.
## Дереккөздер |
Целинное — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Дружба ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 68 км-дей жерде, Есіл өзенінің сол жақ аңғарында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 991 адам (492 ер адам және 499 әйел адам) болса, 2009 жылы 840 адамды (413 ер адам және 427 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты қаланған астық өсірумен айналысатын кеңшар бөлімшесінің орталығы ретінде қаланған. Оның негізінде 1996 жылы өзімен аттас ұжымдық кәсіпорын құрылды.
## Дереккөздер |
Боғда тауы, монг: Богдо-Ула — Қытайдың солт.-батысындағы Богдошань тау сілеміндегі жота. Тянь-Шань тау жүйесіне енеді. ШҰАР орталығы Үрімжі қаласынан түстік шығысқа қарай орналасқан. Дзосотын-Элисун (Зостын элс, қаз: Жосалы құм) төбелі құмдары мен Турфан ойысы аралығында ендік бағытта созылып жатыр. Ең биік нүктесі — Боғда тауы (5445 м). Палеозой эрасында түзілген. Мезозойда тегістеліп, неогеннің соңында күшті қатпарлануға ұшыраған. Жер бетінде әр түрлі биіктікке көтерілген ежелгі тегістелу беттері басым. Солт.-батыс бөлігінде мұздықтар бар. Олардың ұзындығы 12 км-ге жетеді. Мұздықтардан басталатын ұсақ өзендер тау етектерінде оазистер құрайды. Жотаға тік белдемділік тән: етегінде — шөлдік ландшафт, одан биікте далалық ландшафт, 1700 — 2900 м биіктікте — қылқан жапырақты ормандар, 2900 — 3700 м-де альпілік шалғындар, 3700 м-ден жоғарыда мұзды-қарлы ландшафт қалыптасқан. Мұнда Баркөл курорттық ірі көл бар.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том |
Ақжайық — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы ауыл, Ақжайық ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Орал қаласының оңтүстігінде 70 км-дей жерде, Жайық өзенінің сол жағалауында орналасқан.
## Инфрақұрылымы
Ауылда нан зауыты, жалпы білім беретін және спорт мектептері, мәдениет үйі, жол жөндеу учаскесі, аурухана, дәріхана, балабақшалар бар. Ақжайық арқылы Орал — Атырау автомобиль жолы өтеді.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 2943 адамды (1520 ер адам және 1423 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Әкімшілік-территориялық құрылым — мемлекеттің территориялық ұйымдастыру жүйесі; соның негізінде мемлекеттік билік пен басқару органдары құрылып, қызмет атқарады. Әкімшілік-территориялық құрылымның құқықтық нормалары мемлекет аумағындағы әкімшілік-территориялық бірліктердің (бөліністердің) тізімін, мемлекеттің әкімшілік-территорялық бірліктерге бөлуге қатысты құзыретін, осы бөліктердің өзгертілу тәртібі мен осыған тікелей байланысты мемлекет органдардың құзыретін, елді мекендердің қандай тұрпатқа жатқызылатындығын, олардың аталуын және аттарының өзгертілу тәртібін айқындайды. Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық құрылымында мынадай бөліктерге: астанаға, облысқа, респ. маңызы бар қалаға, қаладағы ауданға, ауданға, қалаға, ауылға, кентке бөлу көзделген. Әрбір әкімшілік-территория бірліктің аумағында өкілетті, атқару органдары, сот, прокуратура және т.б. органдар құрылады.
## Дереккөздер
Қазақ ұттық энциклопедиясы |
Жанартаутекті шөгінді кендер — геосинклинальдік және платформалық аймақтардағы теңіздердің түбінде жанартаутекті шөгінді жыныстардың шөгуінен түзілген кендер. Мұндағы минералдық заттар жанартаудың ыстық газы мен суынан бөлініп, жанартау лавасы мен күліне сіңеді. Кейін суынған лава мен күл теңіз суының әсерінен әр түрлі бөлшектерге ыдырай бастайды. Ал жанартау әрекеті қайталанып, жаңадан бөлінген газдар мен сұйық ерітінділер қайта әсер еткенде олар ериді, сілтісізденеді, тотығады, жаңа химиялық қосылыстар, минералдар түзіп шөгеді және су массасымен бірге бір орыннан екінші орынға көшеді. Сөйтіп, жанартау атқылауымен, жердің терең қабаттарынан келетін заттар ыдырап, жер беті суымен тасымалданады. Бұл минералдық бөлшектердің мұхит пен теңіз алаптарының белгілі бір жерінде шоғырлануы нәтижесінде кейбір химиялық элементтердің мөлшері молаяды. Судағы химиялық реакция тепе-теңдігі өзгергенде, кейбір химиялық элементтердің иондары коллоидтық ерітіндіге айналып, коагулденген соң шөгеді. Жанартаутекті шөгінді кендерге силикаттар мен карбонаттардан, оксидтер мен гидроксидтерден тұратын темір мен марганецтің аса қалың қабаттары, құрамында темір, мыс, мырыш, кейде қорғасын сульфиттері және барит пен гипс болатын колчедан кентастары жатады. Мұндай кендер барлық геологиялық жүйелерде кездеседі. Жанартаутекті шөгінді кендерге Орталық Қазақстанның темір-марганец, Кенді Алтайдың полиметал кен орындары жатады.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
Үкі би (өмір сүрген жылдары белгісіз) — би, Кіші жүздің әлімұлы руынан шыққан, Жәңгір хан кеңесшілерінің бірі және Кіші жүздің белді билерінің бірі. Кейбір дереккөздерінде 96 жасында дүние салған деп көрсетілген.[дереккөзі?] Қазіргі Батыс Қазақстан облысында орналасқан Үкі би кесенесінде жерленген.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы" 9 том |
Боғда Қараұлы (1765 жыл — 1845 жыл) — күйші композитор
## Өмірбаяны
Абылдың күйшілік дәстүрін жалғастырушы.
Ол Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісін қолдап, Махамбет Өтемісұлымен жақсы қарым-қатынаста болған.
## Шығармашылығы
Оның күйлері Ақтөбе, Орал, Маңғыстау өңірінде кеңінен таралған. Б.Асан Қайғының, Соқыр Есжанның күйлерін шебер орындаумен қатар “Алпыс екі Ақжелеңді” түгел тарта білген күйші.
Боғданың кең тараған “Боз төбе”, “Жем суының тасқыны”, “Екіндіде ел іздеген”, “Боғда”, “Қара жаяу” күйлері — терең философиямен толғауға толы лирикалық туындылар. Олардың мейлінше сұлу, қалыпты ырғағынан қайрат, сабырлылық пен жігерлілік сезіледі. Бізге жеткен шығармаларының ішінде дәстүрлі жанрдағы “Сегіз лақ” (ортеке жанрында), “Кербез Ақжелең” мен “Кербез Керік” (Ақжелең жанрында) тәрізді күйлері де мазмұндылығымен, бейнелеу мәнерімен, өзіне ғана тән ерекшелігімен назар аудартады.
## Ізін жалғастырушылары
Қазіргі орындаушыларға Боғданың оншақты күйі белгілі. Оның “Боз төбе” күйін ең алғаш А.В.Затаевичке орындап беріп, нотаға түсірткен Ғ.Мұхитов. Одан кейін күйші мұрасын арнайы зерттеген — Т. Мерғалиев. Боғда күйлері белгілі домбырашылар С.Жалмышев, Боғда Басығараевтардың репертуарынан орын алған.
## Дереккөздер |
Боғмала (Actіnomycosіs), актиномикоз — актиномицет бактериялары тудыратын малдың (адамда сирек) созылмалы жұқпалы ауруы. Ірі қарада жиі, қой мен ешкіде, жылқыда, шошқада сирек кездеседі. Аурудың қоздырушысы — сәулелі саңырауқұлақтарға жататын бір топ микроорганизмдер. Сау малға ауру малдан немесе сыртқы ортада өсіп-өнетін қоздырушылармен бүлінген сабаннан, шөптен жұғады. Әсіресе, құрғақшылық жылдары сабан мен шөп тым қатайып, малдың аузын жарақаттағанда ауру жиі байқалады. Ауруға жақтың, тілдің, жұтқыншақтың сөл бездері шалдығады. Ауырған сиырдың жақ сүйегінде томпайған ісік пайда болып, кейін ол іріңдеп, тесіледі. Кейде желін, бауыр, өкпе, т.б. мүшелерін де зақымдауы мүмкін. Емдеу үшін құрамында йод бар дәрілер және антибиотиктер қолданылады, егер ауру асқынбаса, оны хирургиялық жолмен сылып тастайды.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том |
Әкімшілік тұтқындау, әкімшілік қамауға алу — заңда көзделген ерекше реттерде, құқық бұзушылықтың жекелеген түрлеріне қатысты тағайындалатын әкімшілік жаза шарасы. Ол, әдетте, қылмысқа қарағанда қоғамға қауіптілігі аздау теріс қылықтарға, құқыққа қайшы әрекеттерге (мысалы, ұсақ бұзақылыққа, құқық қорғау органдарының заңды талабына қасақана бағынбауға, қоғамдық орындарда спиртті ішімдіктер ішіп, мас болуға, рұқсатсыз митинг, шерулер ұйымдастыруға т.б.) байланысты қолданылады. Әкімшілік тұтқындаудың мерзімі — 15 тәулікке дейін болуы мүмкін. Төтенше жағдай енгізілген кезде құқыққа қайшы қылық жасаған адамды 30 тәулікке дейін қамауда ұстау жөнінде жаза белгіленеді. Кінәлі адам аудандық соттың судьясының қаулысы негізінде ғана қамауға алынады.Заң бойынша жүкті әйелдерге, он екі жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, он сегіз жасқа толмаған адамдарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге мұндай жаза шарасын тағайындауға болмайды. Әкімшілік тұтқындау шарасы қолданғандар жаза мерзімін ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде, сотталушылардан, тергеуге алынғандардан бөлек өтейді. Әкімшілік тұтқындау жазасын тарту сотталғандық болып есептелмейді, жұмыстан шығаруға негіз бола алмайды.
## Дереккөздер
Қазақ ұттық энциклопедиясы |
ХАЗАР ЕСКЕРТКІШТЕРІ — Хазар қағандығының құрамына енген тайпалардың археологиялық ескерткіштері (7 — 10 ғ-лар). Негізінен Дағыстан өлкесінде, Төм. Еділ, Дон өзендері алқаптарында, Азов т. маңында кеңінен тараған (қ. Салтов-маяцк мәдениеті). Үлкен аумаққа тарағандықтан Х. е. бірнеше жергілікті нұсқаларға бөлініп қарастырылған. Алғашқы қазба жұмыстарын Салтов қорымында 1900 ж. орта мектеп мұғалімі В.А. Бабенко бастады. Арнайы білімі мен дайындығы жоқ бұл адамның өз бетімен, ешқандай әдістемесіз жүргізген қазбалары іс жүзінде жерлеу ғұрпына байланысты көптеген маңызды деректердің ғылым аясынан тыс қалуына әкеп соқтырды. Мұнан соң, зерттеу жұмыстарын В.А. Городцов, А.И. Милютин, Н.Е. Макаренко қолға алып, Қазан төңкерісінен кейінгі негізгі ізденістерге М.И. Артамонов, И.И. Ляпушкин, П.А. Раппопорт, Н.Я. Мерперт, С.А. Плетнева, М.Г. Магомедов, т.б. ғалымдар елеулі үлес қосты. Жалпы саны 200-ден асатын, көп зерттелген Х. е. бірнеше түрге бөлінеді. Көлемі тым шағын уақытша тұрақтары, жалдармен күшейтілген қоныстары, тас қабырғалы бекіністі қоныстары, қорғанды қалалары, сондай-ақ антик. дәуір қоныстарының жұрттарында бой көтерген Қара т. бойындағы қалалар көп. Тарихи деректерде аты аталатын бұл қорғанды қалалар арасынан Саркел зерттелген. Сонымен қатар басқа да көптеген қалалары тікелей археол. ізденістер нәтижесінде белгілі болды. Хазар мемлекетінің алғашқы қалыптасу кезеңі ерекшеліктерін анықтауда Дағыстаннан табылған ескерткіштер аса маңызды. Мұнда Сулак өз. алқабындағы Чир-Юрт а. маңында ауд. 16 мың м2 аса ірі қала табылған. Ғалымдар хазарлардың алғашқы астанасы тарихи Беленжер осы қала болуы мүмкін деп есептейді. Бұған қоса Махачкала маңында, Терек өз. бойында (Ақташ, Азар, Некрасов), Солт. Кавказдың басқа да таулы және жазықты өлкелерінде көптеген қала орындары ашылған. Тихая Сосна өз-нің Донға құяр жерінде орналасқан Маяцк бекінісі тас қабырғаларының қалыңд. 7 м-ге барады, бекіністің аум. 8080 м, ал оның айналасын көлемді қоныс алып жатыр. Төм. Дондағы Оңжағалаулық Цимлян қалашығының пішіні үшбұрышты келген, шеттерінде және ортасында мұнаралары бар қабырғаларының ұз. 100120 м, қалыңд. 4 м. Қала іші үш бөлікке бөлініп, мұның екеуінде тұрғын үй-жайлар, шаруашылық құрылыстары орналасса, үшіншісінде мініс аттары қа-малатын болған. Донға құятын Сал өз. жағасындағы Семикаракор қалашығы формасы жағынан шаршы пішіндес, аум. 200200 м, қабырғалары шикі кірпіштен қаланған. Ортасына таман орналасқан цитадельдің аум. 7070 м. Қара т-дегі қалалар арасынан хазар мәдени қабаты Фанагория, Таман қалашықтарында анықталды. Антик. дәуірінде өркендеген көне Гермонесса қонысының жұртында бой көтерген Таман қалашығының мәдени қабатының жалпы қалыңд. 12 м-ден асады. Б.з.б. 4 ғ-дан бастап 18 ғ-ға дейін өмір сүрген бұл қаланың хазар кезеңіне жататын мәдени қабаты 2 м тереңдікте аршылған. Зерттеулер ортағасырлық орыс жылнамаларында Тмутаракань деп аталатын қаланың дәл осы ескерткіш екенін көрсетті. Плетнева бұл қаланың хазарлар арасындағы өз атауы Таматарха болуы мүмкін деген пікір ұсынды. Қоныс, қалаларда жүргізілген археол. қазбалар барысында хазарлар үй-жайларының бірнеше түрі болғандығы анықталды (киіз үй тәріздес дөңгелекше баспаналар, жеркепелер, жер үстіндегі тас қабырғалы үйлер). Салтов, Дмитриев, Зливкин, Маяцк, Ютанов, Төм. Лубянск, Багаев, Крым сияқты көптеп зерттелген зираттардан алынған мәліметтер бойынша жерлеу орындары бірнеше түрге жіктеледі. Катакомбалы қабірлер, обасыз шұңқыр қабірлер, оба астындағы лақатты немесе лақатсыз шұңқыр қабірлер кең тараған. Мүрдені өртеп жерлеу үрдісі де кездеседі. Х. е-нен алынған заттай деректер санының молдығы, әр түрлілігі, ақпараттылығы жағынан аса бағалы ғыл. олжа болып табылады. Түрлі құралдар, қару-жарақ, тұрмыстық бұйымдар, алтын, күміс, қола, шыны әшекейлер хазар қоғамының пәрменді экономикасын, өнерін сипаттауға мүмкіндік берді. Мұның арасында, темірден соғылған соқа тістері мен орақ, кетпендердің, тас диірмендердің көп табылуы, сондай-ақ қазбалардан бидай, тары, арпа дәндерінің, жүзім сүйекшелерінің, бақша дақылдары тұқымдарының жиі кездесуі егіншіліктің биік деңгейін айғақтайды. Айрықша топты біз, кескіш, қайшы, тескіш, шапқы, балға, төс сияқты қолөнер құралдары құрайды. Қарудан қылыштар, қанжарлар, ауыр садақтың бөлшектері, садақ пен найза жебелері, айбалталар көптеп табылған. Хазар жауынгерінің тұрақты әлеум. белгісі — қола, күміс (кейде алтын жалатылады) қапсырмалы белдіктер арнаулы орынға ие. Ат әбзелдеріне жататын ауыздықтар мен үзеңгілер, айылбастар мен түрлі әшекейлі бұйымдар белгілі. Қыш ыдыстың түрлері көп, металл, ағаш ыдыстар да бар. Кейбір бұйымдарда, тастарда кездескен жазу үлгілері хазар қоғамында түркі халықтарында кеңінен тараған руна жазуы пайдаланылғанын дәлелдеп берді. Саркелді, т.б. қалаларда, кейбір қабірлерде табылған теңгелер арасында араб дирхемдері, византиялық мәнеттермен қатар, хазарлар өздері соғып-пайдаланған мәнеттердің де болуы маңызды жаңалық болды. Ғалымдардың пікірінше, ескерткіштердің таралуында бірнеше мәдени нұсқалардың болуы хазар одағына бірнеше этн. топтардың, яғни тайпалардың кіруімен байланысты. Мыс., кеңес ғалымдарының зерттеулерінде катакомбалы қабірлер алан тайпаларымен сәйкестендірілсе, обасыз қабірлер болғарларға, ал оба астындағы жерлеулер хазарларға жатқызылды.
## Сілтемелер: |
Азат етілген аудандарға көмек — 1941 — 1945 жылдары соғыста жау қолында қалған аудандардағы халық шаруашылығын қалпына келтіруге Қазақстан тарапынан көрсетілген жәрдем. 1943 жылы Сталинград шайқасынан кейін РКФСР-дің көптеген облыстары, Украина, Белоруссия, Молдавия, Солтүстік Кавказ, Балтық бойындағы республикалардың талан-таражға түсіп, қиратылған, зор зиян шеккен аумағы жаппай азат етіле бастаған кезден Кеңес өкіметінің арнайы қаулысы бойынша бұл аудандардың халық шаруашылығын қалпына келтіру науқанына КСРО республиканың барлығы қатыстырылды. Қазақстанның қалалары мен өндіріс орындарынан соғыстан зардап шеккен елдерге жұмыс күші, мал, азық-түлік, қаражат, құрылыс материалдары, техника жіберілді. Қарағанды кеншілері Донецк көмір шахталарын қалпына келтіруге белсене қатынасты. Қазақстан темір жолшылары батыс аудандарға 20 мың теміржолшы жіберді. Түркісіб Ресей мен Украина темір жол. торабын қалпына келтіруге көмектесті. РКФСР мен Украинаға Балқаш, Қарсақпай, Өскемен т.б. қалалар мен кенттерден арнайы құрылыс отрядтары, мыңдаған шахтерлер, металлургтер жіберілді. Қазақ жұмысшылары мен шаруалары, әсіресе, жастар соғыс кезіндегі Кеңес үкіметінің мобилизациялық заңдарына сәйкес Еңбек армиясына шақырылып, Сталинград, Киев, Харьков және басқа қалаларды, олардың кәсіпорындарын қайта салуға қатынасты. КСРО үкіметі мен БК(б)П ОК-нің 1943 жылы 23 қаңтардағы “Неміс-фашист басқыншыларынан азат етілген аудандардың колхоздары мен МТС-терін қалпына келтіру шаралары туралы” қаулысы бойынша Қазақстанның ауыл-селолары Ресейдің Орел облысының ауыл шаруашылығын түгелдей, Ленинград, Калинин, Сталинград облыстарының, Украина мен Солтүстік Кавказ және Молдавияның кейбір аудандарын қамқорлыққа алды. Оларға механизатор мамандары, ауыл шаруашылығы техникасы, құрал-жабдықтар, астық, азық-түлік, киім-кешек, қаражат жіберілді. Қазақстан азат етілген жерлерге барлығы 554,3 мың бас мал жөнелтті, оның ішінде 17,5 мың бас ірі қара, 21,8 мың бас жылқы, 350 мың қой бар. Көмекке халықтың жеке табысынан өз еркімен бөлінген қаржы, соғыс заемынан түскен қаражат та пайдаланылды. Қазақстанның азат етілген аудандарға көмекгі соғыстан кейінгі жылдарда да жалғасты.
## Дереккөздер |
Әкімшілік шара, жаза шаралары — әкімшілік құқық бұзушылық қылықтар үшін белгіленетін жаза түрлері. Әкімшілік шара құқыққа қайшы, теріс қылық жасаған адамдарды заң сыйлау, заңдылықты құрметтеу рухында тәрбиелеу, тәртіпсіз әрекеттердің алдын-алу мақсатында қолданылады. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданыстағы Әкімшілік кодекстің 23-бабына сәйкес: ескерту, айып салу, нұқсан келтірген заттың құнын өтету, әкімшілік құқық бұзушылық қылықтың құралы немесе тікелей объектісі болып табылатын затты тәркілеу, кінәліге берілген құқынан (мысалы, көлік құралдарын жүргізу, аң аулау құқыларынан) айыру, әкімшілік қамауға алу (тұтқындау), кәсіпкерлік қызметін қадағалау, белгілі бір қызмет түрімен шұғылдануға берілетін рұқсатынан (лицензиясынан, патентінен) айыру шаралары қолданылуы мүмкін. Қазақатан Республика Президентінің 1995 жылы 19 шілдедегі “Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы” заңдық күші бар жарлығына сәйкес құқыққа қайшы өрескел қылық жасаған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар республика шегінен әкімшілік жолымен аластатылады. Әкімшілік шаралар негізгі және қосымша жазалар ретінде қолданылуы мүмкін.
## Дереккөздер
Қазақ ұттық энциклопедиясы |
Азатжол (нем. absatz - шегініс) - мәтіннің мәлім бір өзекті ойды сипаттау мен суреттеуге арналған дербес бөлігі. Мәтін бірқанша азатжолдардан тұрады. Олардың негізгілері ретінде Мәтінді таныстыру, азатжол І, Азатжол ІІ, ..., Қорытынды бөлігі қатарлылар.
Бұл мәтіннің мағына жағынан бірыңғай тиянақты бөліктерін бір-бірінен ажырату үшін қажет. Логикалық мазмұн тұрғысынан мәтіннің бір тынысты кезеңін бөліп алып отыру, ой желісін дұрыс ширатып, өрбіте жүйелеуге өте ыңғайлы. Азатжол мәтіннің түсінікті, түйінді, тұжырымды болуына септігін тигізеді.
Сонымен қатар "Азатжол" сөзі мынадай мағыналарды білдіреді:
* Бір азатжолдан екінші азатжолға дейінгі күрделі синтаксистік тұтастықты білдіретін мәтін бөлігі;
* Азатжол. Жаңа жолдан бастап жазуда оңға қарай жасалған шегініс.
## Дереккөздер |
Михай Бенкө (22.11. 1940 жылы туған, Будапешт) – венгр мәдениеттанушысы, жазушы, түркітанушы.
Будапешт университетін бітірген. “Никополистегі шайқас” атты әдеби-тарихи көркем туындысы 1987 жылы жарық көрген. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Ғасырлар тоғысында” еңбегін мажар тіліне аударды (1996). 2001 жылдан Қазақстанда тұрақты экспедиция жүргізіп, Торғайдағы арғын мен Омбы, Петропавл өңіріндегі қыпшақ-мажарларды зерттеп, “Торғайдағы мажарлар” атты 4 тілде (мажар, қазақ, ағылшын, орыс) жазылған кітап шығарды. Автордың бұл еңбегі Торғайда 1965 жылы жүргізілген антрополог Тот Тибор экспедициясының заңды жалғасы. Онда көне этногенетикалық тарихи-мәдени жазба деректер, генеологиялық аңыз, дәстүрлі мәдениеттегі ұқсас элементтер, антропоскопиялық жақындастық арқылы туыстық сабақтастық мәселесі сараланған. Бұған қоса ол Қазақстан археологиясы мен этнотарихына байланысты жүздеген мақалалар мен ғылыми монографияларды венгр, ағылшын тілдеріне аударды.
## Дереккөздер |
Бүйен, Биен – Қаратал алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Жетісу облысының Ақсу, Сарқан аудандары жерінде.
## Бастауы
Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстігіндегі 4000 м биіктіктегі мұздықтардан басталып, таулы шатқалдардан сарқырай ағып өтеді де, жазыққа шыға ағысы баяулайды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 120 км, су жиналатын алабы 1200 км2. Бастауында ені 150-170 м тар шатқалмен ағады, Қызылту ауылынан төменірек жерде өзен аңғары 500 — 600 м-ге дейін кеңейеді. Жылдық орташа су ағыны 4,05 м3/с (Сағабиен ауылы тұсында). Суы тұщы (150 — 200 мг/л). Жазықта өзен арнасынан тартылған 12 каналмен егістік, бау-бақша жерлері суарылады.
## Дереккөздер |
Мұстафа Құл Ата, Мұстафақұлы Қожа – діни ғұлама, Қожа Ахмет Иасауидың немере інісі. Сайрам қаласында өмір сүрген. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда, ол бала кезінде момындығымен ерекшеленеді, Иасауи бабасы оның ұяңдығына, ілтипатына риза болып, “кел шырағым, менің сүзігім” дейді екен, содан “Сүзік ата” аталып кетеді. Мұстафа Құл Ата ислам дінінің қазақ топырағына тарауына үлкен еңбек сіңірді. Сайрамның оңтүстігінденде Сүзік ата кесенесі (12–14 ғасырлар) орналасқан, 18 ғасыр шамасында қираған кесене ғимараты 1996 жылы қайта тұрғызылды.
## Сілтемелер
* Ислам
* Кесене
* Қожа Ахмет Иасауи
## Сыртқы сілтемелер
Мұстафақұлы Қожа(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер
## Толықтыру |
Үш жүз он екінші атқыштар дивизиясы — әскери құрамандығы 1941 ж. шілде — тамыз айларында Ақтөбе қаласында жасақталып (командирі А.Ф. Наумов), майданға жөнелтілді. Дивизия құрамы Ақтөбе, Батыс, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Қызылорда облыстары азаматтарынан құралғанымен, көпшілігі ақтөбеліктер (6654 адам) болды. Дивизия қазан — қараша айларында Солтүстік-Батыс майданның 52-дербес армиясының құрамында Калуга облысы Малоярославец бағытында кескілескен ұрыстарға қатысып, неміс-фашист әскерлерінің Мәскеуге жасаған шабуылына тойтарыс берді. Дивизия бөлімдері көп шығынға ұшырап, 11 қазанда Мәскеу әскери округінің құрамына кірді. Кейіннен Батыс майданына қарасты 43-армияның құрамында болды. Батыс майданы қолбасшысының 23 қазандағы бұйрығы бойынша 312, 17, 58-атқыштар дивизиялары біріктіріліп, ол Үш жүз он екінші атқыштар дивизиясы деп аталды. Мәскеу түбіндегі ауыр ұрыстардан кейін бұл дивизия да басқа құрамалармен біріктіріліп, 1941 ж. 27 желтоқсаннан 53-дивизия деп аталды. Бұл дивизияның 12-атқыштар полкі қазақстандықтар болды. Ол Харьков түбіндегі шайқасқа, Днепрден өтуге, Украина, Румыния мен Венгрия жерлеріндегі шайқастарға қатысып, соғысты Австрия астанасы Венада аяқтады.
* Үш жүз оныншы атқыштар дивизиясы
* Үш жүз он төртінші атқыштар дивизиясы
* Үш жүз он алтыншы атқыштар дивизиясы
* Үш жүз сексен жетінші атқыштар дивизиясы
* Үш жүз тоқсан бірінші атқыштар дивизиясы
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Дуайен (франц. doyen — аға елші, ақсақал) — дипломатиялық корпустың басшысы. Дуайен міндетті түрде жоғары сыныпты және сол елде басқаларға қарағанда ұзағырақ тұрған дипломатиялық өкілдер арасынан таңдалады. Дуайеннің қызметі, негізінен, хаттамалық сипатқа ие. Ол дипломатиялық корпус атынан құттықтаулар жолдайды немесе көңіл айтады, түрлі салтанатты рәсімдер мен хаттамалық іс-шаралар кезінде дипломатиялық корпусты басқарып, қабылдаушы елдің сыртқы істер мекемелерімен тұрақты байланыста болады, сондай-ақ, жаңадан келген өз әріптестеріне сол елдің билік органдарымен қарым-қатынас жасау мәселелері бойынша ақыл-кеңестер береді. Қазақтан Республикасындағы шетелдік дипломатиялық корпустың алғашқы дуайені өзінің сенім грамотасын бірінші болып тапсырған Түркияның Қазақстандағы Төтенше және толық өкілетті елшісі Ташкент Кутлыш мырза болды.
## Дереккөздер
Қазақ энцклопедиясы |
Үш жүз оныншы атқыштар дивизиясы әскери құрамасы 1941 ж. шілде — тамызда Ақмола (қазіргі Астана) қалысында Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарының тұрғындарынан жасақталды (алғашқы командирі полк. Н.М. Замировский). Дивизия жауынгерлері жедел әскери дайындықтан өткеннен кейін, 27 тамызда Ленинград облысының Тихвин қаласына әкелінді. 1941 ж. 9 қыркүйекте Ленинград майданының 54-армиясы құрамында Ленинград қоршауын бұзу мақсатымен Апраксин қалашығы жанында (Шлиссельбургтың оңтүстік-шығысы) ұрысқа кірісті. Қазан айында Волхов қаласының түбінде қорғаныста тұрды, одан соң 1941 — 42 ж. Ленинград облысының шығыс аудандарын азат етуге қатысты. 1943 ж. Волхов майданының құрамында Волхов өзеннің арғы бетіндегі Мясной Бор кенті маңында ұрыс жүргізді. 1944 жылдың басында Ленинград — Новгород бағытында шабуыл жүргізе отырып, Псковқа дейін жетті. Осы операция кезінде ерекше көзге түскендіктен 20 қаңтарда “Новгородтық” деген құрметті атқа ие болды. 1944 ж. маусым — тамыз айларында дивизия жауынгерлері Свирь өзен кесіп өтіп, Карелияның оңтүстік аудандарын және Ладога каласынің солтүстік жағындағы Лоймола стстансасын азат етті. 1945 ж. Польша жерінде болып, Шығыс Померания операциясы барысында, 27 ақпанда Бублиц қаласын, ал 4 наурызда Кезлин қалсын алды. Данциг (Гданьск) қаласын алғаны үшін 28 наурызда дивизия Қызыл Ту орденімен марапатталды. Берлин операциясына қатысып, Дивенов, Свирке бұғаздары арқылы Балтық туғанндегі Узедом аралына жетті. 3 мамырда аралдағы Воллин қаласын, келесі күні жаудың әскери-теңіз базасы Свинемюнде қаласын алғаны үшін дивизияға Ленин ордені берілді. 7 мамырда жаудың соңғы күштерін талқандап, соғысты аяқтады. Дивизия 1945 ж. 28 маусымда таратылды.
* Үш жүз он екінші атқыштар дивизиясы
* Үш жүз он төртінші атқыштар дивизиясы
* Үш жүз он алтыншы атқыштар дивизиясы
* Үш жүз сексен жетінші атқыштар дивизиясы
* Үш жүз тоқсан бірінші атқыштар дивизиясы
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Үш жүз тоқсан бірінші атқыштар дивизиясы — әскери құрамандағы 1941 жылдың тамыз — қарашасында Алматы қаласында әскерге шақырылған Семей, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының және Алматы қаласы жергілікті тұрғындарынан жасақталды (алғашқы командирі, полковник Д.А. Коваленко). 1942 ж. 13 ақпанда Великие Луки мен Холм қаласының түбіндегі ұрысқа қатысты. Дивизия жауынгерлерінің табандылығы мен қайсарлығына қайран қалған неміс фашистері оларға “азиаттық жабайы дивизия” деген ат қойды. Дивизия Калинин майданының 3, кейіннен 1-Екпінді армиялары құрамында солтүстік-батыс бағытта соғыс қимылдарын жүргізе отырып, Калинин және Ленинград облыстарының 500-ден астам елді мекендері мен қалаларын азат етті. Онан соң, 2-Балтық жағалауы майданының құрамында Латвияны, оның астанасы Риганы азат етуге қатысты. 1944 ж. 27 шілдеде дивизия басқа әскери бөлімдермен бірге Режица (Резекна) қаласын азат етудегі ерен қимылдары үшін “Режицалық” деген құрметті атаққа ие болды. 1945 ж. көктемде 1-Украин майданының 59-армиясы құрамында Жоғары Силезия шабуыл операциясына қатысып, 22 сәуірде Қызыл Ту орденімен марапатталды. 6 — 10 мамыр аралығында Чехословакияны азат ету ұрыстарында болып, соғысты Чехословакия мен Германия шекарасында аяқтады. Қазақстан еңбекшілері соғыс жылдары дивизияны қамқорлыққа алып, өзара байланыста болды. 1945 ж. 31 мамырда дивизия таратылды.
* Үш жүз оныншы атқыштар дивизиясы
* Үш жүз он екінші атқыштар дивизиясы
* Үш жүз он төртінші атқыштар дивизиясы
* Үш жүз он алтыншы атқыштар дивизиясы
* Үш жүз сексен жетінші атқыштар дивизиясы
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Үш жүз он алтыншы атқыштар дивизиясы, қ. Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы.
* Үш жүз оныншы атқыштар дивизиясы
* Үш жүз он екінші атқыштар дивизиясы
* Үш жүз он төртінші атқыштар дивизиясы
* Үш жүз сексен жетінші атқыштар дивизиясы
* Үш жүз тоқсан бірінші атқыштар дивизиясы
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Үш жүз сексен жетінші атқыштар дивизиясы — әскери құрамандағы 1941 ж. тамыз — қарашада Қарағанды, Ақмола облыстарының әскер қатарына шақырылған тұрғындарынан Ақмола қаласында (қазіргі Астана қалысы) құрылды (алғашқы командирі полк. М.А. Сущенко). 1941 ж. желтоқсанда Брянск майданының резервтегі 61-армиясы құрамында Тула қаласының оңтүстік-батысы жағында ұрысқа кірісті. Мәскеу түбіндегі шайқаста неміс фашист әскерлерін талқандауға қатысты, шабуыл операциялары кезінде Ока өзені бойындағы бірқатар селоларды азат етті. 1942 ж. жазында ұзаққа созылған ауыр қорғаныс ұрыстарын жүргізді. 12 тамыздан Батыс майданының 16-армия құрамында болды. Қараша айында жаңа жауынгерлермен толықтырылып, Сталинград бағытында соғысып жатқан 2-гвардиялық армия құрамына енгізілді. Сталинград шайқасына Дон майданының құрамына қатысып, Тормосын ауданын қорғады. 1943 — 44 ж. 4-Украин майданында 51 және 2-гвардиялық армиялар құрамында Қырым мойнағында табан тірескен соғыс қимылдарын жүргізді. Перекоп бекінісі ауданына шешуші шабуыл жасауға қатысты. Қырымды азат етуге сіңірген жауынгерлік ерлігі үшін дивизияға 1944 ж. 11 сәуірде “Перекоптық” деген құрметті атақ берілді. 5 — 9 мамырда Севастопольды жаудан азат етуге қатысты. 1945 ж. көктемде Бухаресті алуға қатысып, соғыс қимылдарын Болгария жерінде аяқтады. Дивизияның құрамы 1945 ж. 22 шілдеде таратылды.
* Үш жүз оныншы атқыштар дивизиясы
* Үш жүз он екінші атқыштар дивизиясы
* Үш жүз он төртінші атқыштар дивизиясы
* Үш жүз он алтыншы атқыштар дивизиясы
* Үш жүз тоқсан бірінші атқыштар дивизиясы
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Әбу-Л-Махасин ибн Тәңірберді, Әбу-л-Махасин Жамал әд-Дин Иүсүп ибн Тәңірберді (2.02.1411, Каир — 05. 06.1470, Каир) — тарихшы, әдебиетші.
Мысырдағы ауқатты мәмлүк отбасынан шыққан. өз заманындағы белгілі ғалымдардан дәріс алған. Оның бізге жеткен еңбектері Мысырдың тарихын арабтардың жаулап алуынан (7ғ.) 1469 жылға дейінгі уақыт аралығын қамтитын деректермен құнды. Ол — Мұхаммед пайғамбар өмірінің қысқаша тарихы, бірқатар өлеңдер жинағының авторы.
## Дереккөздер |
“Қоян-Бүркіт” – қазақ биі. Музыкасы Құрманғазының “Ақсақ құлан” күйіне негізделген. Музыка өлшемі 2/4. 1928 – 32 ж. халық бишілері З.Құлсейітов (қоян) пен О.Берсағымов (бүркіт) орындаған. Осы фольклорлық бидің негізінде 1934 ж. балетмейстер Н.Арцыбашева “Айман – Шолпан” спектаклінде өнер көрсетті. 1936 ж. Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде театр сахнасында орындалды. 1972 ж. балетмейстер Д.Әбіров бұл бидің 2 түрін сахнаға шығарды. 1973 ж. “Қаламқас” ансамблі (бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы) Чехословакияда өткен халық билері фестивалінде “Қоян-Бүркітті” орындап, жүлде алды.
## Дереккөздер |
Қоянды — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл, Қоянды ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан солтүстікке қарай 53 км жерде, Талды өзенінің сол жағасында, Қарасор мен Балықтыкөл көлдерінің аралығында.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1936 жылы қаланған. 1961-97 жылдары Егіндібұлақ ауданындағы өзімен аттас қой өсіретін кеңшардың орталығы болып келді. Оның негізінде Қояндыда және округке қарасты Атантай, Қорық, Шоқай ауылдарында шаруа қожалықтары құрылды. 1848-1930 жылдары мұнда Қоянды жәрмеңкесі (Қоянды-Ботов) өткізіліп тұрған.
## Дереккөздер |
Үш жүз он төртінші атқыштар дивизиясы — әскери құрамандағы 1941 ж. шілде — тамыз айларында Петропавловск қаласында Солтүстік Қазақстан, Көкшетау және Павлодар облыстарының тұрғындарынан жасақталды (алғашқы командирі генерал-майор А.Д. Шеменков).
Дивизия құрамы біраз әскери дайындықтан кейін 19 тамызда майданға жөнелтілді. 6 қыркүйекте дивизия Ленинград маңына жетіп, 7-дербес армияның құрамына енді. Дивизия 1941 жылдың қыркүйегінен 1944 жылдың жазына дейін Ленинград майданында ұрыс қимылдарын жүргізді. 1941 — 42 ж. Лодейное Поле, Свирь өзен маңында қауырт ұрыстар жүргізді. 1943 ж. қаңтардан 1944 ж. қаңтар аралығында Ленинградты жау қоршауынан босату үшін болған ұрыстарға қатысты. 1944 ж. 1 ақпанда дивизия Кингисеппті азат етіп, осы үшін оған “Кингисепптік” құрметті атағы берілді. 1944 ж. маусымда Маннергейм шебін талқандауға қатысты. 20 маусымда Выборг қаласын жаудан азат етті. Дивизияның атқыштар полкіне “Выборгтік” құрметті атағы берілді. 1944 ж. желтоқсан — 1945 ж. қаңтар аралығында дивизия лығында дивизия Польшаның Жешув қаласы ауданына әкелініп, 1-Украина майданының құрамына кірді. Бұл жерде олар Висла — Одер және Жоғары Силезия шабуыл операцияларына қатысты. 1945 ж. 24 наурызда дивизия 2-дәрежелі Кутузов орденімен, ал атқыштар полкі Александр Невский орденімен марапатталды. 1945 ж. 9 мамырда дивизия Чехословакия аумағына еніп, 10 мамырда Наход қ-н, 11 мамырда Градец-Краловені жаудан азат етті және сол күні Пардубицеге барар жолда өзінің соғыс жорығын аяқтады. 1945 ж. 31 мамырда дивизия таратылды. 1995 ж. Жеңістің 50 жылдығы құрметіне дивизия жауынгерлеріне Петропавловск қаласында М.Әуезов және университет көшелерінің қиылысында мемориалдық ескерткіш-белгі қойылды.
## Тағы қараңыз
* Үш жүз оныншы атқыштар дивизиясы
* Үш жүз он екінші атқыштар дивизиясы
* Үш жүз он алтыншы атқыштар дивизиясы
* Үш жүз сексен жетінші атқыштар дивизиясы
* Үш жүз тоқсан бірінші атқыштар дивизиясы
## Дереккөздер |
Үшкөл – Жетісу облысының Қаратал ауданындағы ағынсыз көл. Молалы темір жолы стансасынан солтүстік-батыста, Жалқұм мен Үшкөл құмы аралығында, Үшқара тауының солтүстік-шығыс беткейіндегі төбеаралық құмды ойыста жатыр.
## Гидрографикасы
Теңіз деңгейінен биіктігі 359,9 м. Ауданы 9,49 км2, ұзын 4,2 км, ені 3,0 км, тереңдегі 6 м, жағалық сызығы 11,2 км. Су жиналатын алабы 2500 км2. Жағалауы жайпақ, құмды, қамыс, құрақ жайлаған. Түбіндегі лай қабаты 0,2 м. Негізінен жауын-шашын және Ақешкі (өзен) өзені суымен толығады. Сонымен бірге Ақсу өзенінен канал арқылы су құйылады. Көп жылдық су деңгейінің тербеліс ауқымы 1,5-2 м. Желтоқсанда қатып, наурыздың 1-жартысында мұзы түседі. Балық, батпақты-сулы жерлерін құстар мекендейді.
## Дереккөздер |
Құлжанов Нұрғали (1869/70, Торғай уезі – 1919, Семей) – мәдениет қайраткері.
Орынбор оқытушылар мектебін бітірген. 1905 жылдан Семей мұғалімдер семинариясында ұстаздық еткен.
1906 жылы 1 қаңтарда 3 дәрежелі Әулие Станислав орденімен марапатталған.
1908 жылы Батыс Сібір география қоғамы Семей бөлімшесіне мүшелікке қабылдаған. Бөлімшенің тексеру комиссиясының құрамында болып, өлке тарихына қатысты ежелгі тарихи, музыка, фольклорлық мұраларды бөлімше мұражайына жинақтап тапсырған. 1914 жылы Абайдың қайтыс болғанына он жыл толуына арнап Н.Құлжановамен бірге әдеби кеш ұйымдастырды.
“Қазақ”, “Бірлік Туы”, “Үш Жүз” газеттерінде мақалалары жарияланып тұрды.
1919 жылы Колчак жендеттерінің қолынан қаза тапты.
## Дереккөздер |
Қордай – Жамбыл облысының Қордай ауданындағы ауыл, аудан орталығы (1930 жылдан).
## Географиялық орны
Облыс орталығы – Тараз қаласынан шығысқа қарай 300 км жерде.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 19 ғасырдың 90-жылдары қаланған. 1995 жылға дейін Георгиевка деп аталған. Қордайдағы аудан деңгейдегі кәсіпорындар нарықтық экономикаға өтуге байланысты жекешелендіріліп, 1 АҚ-ға және 13 шаруа қожалығына бөлінді. Қордай арқылы Алматы – Бішкек және Алматы – Тараз – Шымкент мемлекеттік автомобиль магистралі өтеді.
## Дереккөздер |
Үшқатты (1993 жылға дейін - Союзное) — Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы ауыл, Үшқатты ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Темірбек Жүргенов ауылынан солтүстік-батысқа қарай 49 км-дей жерде, Ресей шекарасы бойында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 957 адам (476 ер адам және 481 әйел адам) болса, 2009 жылы 560 адамды (268 ер адам және 292 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Ауыл 1954-1995 жылдары астық тұқымын өсіретін кеңшар бөлімшесінің орталығы болды. Оның негізінде Үшқаттыда шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Дубек (шын есімі Иүсіпбек) Нұртазаұлы Шалғынбаев (1920, Қытай, Тарбағатай аймағы, Шағантоғай ауданы Барлық тауы — 1947, Шәуешек қаласы) — Шыңжаңдағы қазақ зиялыларының өкілі, ағартушы, журналист.
Әкесі Нұртаза Шағантоғайда үкірдай(болыс) болған, Найман елі ішінде Жұмық руынан
Дубек сауатын қытай мектебінде ашқан. Ол кезде қытайлардың қол астында қызмет еткен, оқыған қазақтарға қытайша ат қойылатын болғандықтан, Иүсіпбек Дубек аталып кеткен. Дубек Үрімжідегі моңғол-қазақ интернатының тіл және әдебиет факультетінде оқып жүріп, аударма жұмысымен шұғылданады (“Қыз Жібек” операсын қытай тіліне аударған, 1939). Үрімжіде Шэн Ши Cай билігіне қарсы қазақ жастарының астыртын ұйымын құрады. Бірақ көп ұзамай бұл ұйым жабылып, Дубек қамауға алынады (1940). 1942 жылы абақтыдан босап, Тарбағатайға оралады. Шэн Ши Cайдан кейінгі У Жұң Шын билігі тұсында Гоминьдан партиясының Тарбағатай аймақтық комитетінде үгіт бөлімінің бастығы міндетін атқарды (1945).
Кеңес Одағының Шәуешектегі консулының орынбасары Зейнуллинмен бірге ұлт-азаттық ұйымының бағдарламасын жасап, ұйымды қайта құрады. Шәуешектегі қазақ-қырғыз ұйымымен бірлесе отырып, “Қыз Жібек”, “Ер Тарғын”, “Жалбыр”, “Шұға”, “Қалқаман — Мамыр”, “Еңлік — Кебек”, өзі жазған “Қасқырбай” пьесасын сахнаға шығарады.
Дубектің бірқатар мақалалары (“Кедей оқушының тағдыры”, “Махаббат мұңы”, “Халық пікірінің шындығы”, “Әдебиетіміздің келелі міндеттері”, “Кеңес — Герман он жылдық келісімі туралы”, т.б.) қытай және қазақ тілдерінде жарық көрген.
## Дереккөздер |
Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова (Сағызбайқызы) (27.7.1887, Торғай қаласы – 1934) – ағартушы-педагог, этнограф, журналист-аудармашы. 1902 жылы Қостанайдағы орыс-қазақ гимназиясын бітірген, Найман тайпасының Ергенекті руынан. 1903 – 04 жылдары Торғайдағы қыздар училищесінде, 1905 – 20 жылдары Семей қаласындағы оқытушылар семинариясында ұстаздық еткен. 1913 жылы Орыс география қоғамының Семей бөлімшесіне, “Азамат серіктігі” ұйымына мүше болған. Орыс география қоғамы Семей бөлімшесінің атынан 1914 жылы 26 қаңтарында Абайдың қайтыс болғанына 10 жыл толуына орай және 1915 жылы 13 ақпанында Петроградтағы мұсылман ауруханасы мен мұқтаж қазақ шәкірттеріне қаржылай көмек көрсету мақсатында әдеби кештер ұйымдастырды. “Қазақ”, “Сарыарқа” және “Алаш” газеттеріне әйел мәселесіне байланысты мақалалар жариялады. 1917 жылы Семей облысы қазақ съезіне қатысып, оның төралқасы құрамына енді. 1920 жылы Қырғыз (қазақ) АКСР Оқу-ағарту халық комиссариатының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару мен баспасөз істері жөніндегі арнаулы комиссия құрамының мүшесі болған. Осы қызметте жүріп, жаңа қазақ әліпбиін енгізу жөніндегі ОК-нің құрамына мүшелікке енген. 1922 жылы “Еңбекші қазақ” газеті редакция алқасының мүшесі, 1923 – 25 жылдары “Қызыл Қазақстан”, 1925 – 29 жылдары “Әйел теңдігі” журналдарында жауапты қызметтер атқарған. “Мектептен бұрынғы тәрбие” (Орынбор, 1923), “Ана мен бала тәрбиесі” (Қызылорда, 1927) әдістемелік кітаптарын шығарды. Өнертанушы А.А. Затаевич Құлжановадан “Ғайни-ау, сәулем”, “Қадыр зары” әндерін жазып алған. “Айқап”, “Қазақ”, “Бірлік туы”, “Алаш” басылымдарында оқу-ағарту, мәдениет мәселелері туралы мақалалары жарияланған.
## Дереккөздер |
Құлмақ (Humulus lupulus) – кенепшөп тұқымдасына жататын шырмалып өсетін қос үйлі өсімдік. Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Негізінен ылғалды жерлерде өседі. Биіктігі 3 – 5 метр. Жапырағы қарама-қарсы орналасқан, ұшы үшкір. Гүлі сарғыш, жасыл түсті, аналығы – біреу, масақ пішіндес, 5 аталығы сыпыртқы тәрізді гүлшоғырында орналасқан. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемісі піседі. Жемісі – жаңғақша. Құлмақ бүрінен сыра қайнатуға қажетті шикізат алынады. Оның құрамында 8 – 10% илік және жұпар иісті заттар бар. Медицинада, косметикада қолданылады. Құлмақтың жалбыз, шүйіншөп, т.б. өсімдіктермен бірге қайнатылған тұнбасын циститпен ауырғанда ішеді. Сабағынан қап тоқитын және жіп есетін талшық алынады. Құлмақты техникалық дақыл ретінде де өсіреді.
## Дереккөздер |
Петр Алексеевич Дубовцев (29 желтоқсан, 1913, Ресей, Барнауыл — 17 қараша, 1988, Алматы) — актер, Бурятияның (1963) және Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1964).
## Өмірбаяны
* 1938 жылы Новосибирск қаласындағы “Красный факел” драма театрының студиясын бітірген.
* Ульяновск, Иркутск, Улан-Удэ театрларында актер.
* 1984 жылдан Алматыдағы орыс драма театрында актер болып қызмет атқарды.
## Рольдері
Алматыдағы орыс драма театры сахнасында Л.Г. Зориннің “Сарқылмас қайнар”, Н.Ф. Погодиннің “Үшінші шабыт”, М.Роговойдың “Жеңімпаз” және М.Ф. Шатровтың “Алтыншы июль” спектакльдерінде Ленин рөлін ойнаған. Дубовцев ойнаған басқа негізгі рөлдерінің арасында Достигаев (А.М.Горькийдің “Егор Булычов және басқаларында”), Иван Грозный (А.Н. Островский мен С.А. Геденовтың “Василиса Мелентьевасында”), Селищев (В.С. Розовтың “Сауыққойында”), Николай ІІ (А.Н. Толстой мен П.Е. Щеголевтің “Император қаскүнемдігінде”, т.б.) бейнелер бар.
## Марапаттары
* Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1967).
## Дереккөздер |
Құлқайыр (лат. Malva) – құлқайырлар тұқымдасына жататын бір, екі, көп жылдық өсімдіктер. Қазба қалдықтары миоценнен белгілі. Құлқайырдың Жер шарының қоңыржай белдеулерінде тараған 130, ал Қазақстанда 7 түрі бар. Барлық жерде, әсіресе селдір орманда, бақта, бұта арасында, жол жиегінде өседі. Бүтін, тілімді және саусақ салалы жапырақтары сағақты келеді. Қос жынысты гүл жапырақ қолтығында бірнеше шоғыр құрап, кейде жеке-дара шашақ тәрізді гүл шоғырын түзеді. Тостағаншасы төменгі жағы біріккен 5 жапырақшадан тұрады. Гүл тәжі бес күлтелі, тостағаншасымен бірдей немесе одан ұзындау болады. Қошқыл, алқызыл, қызғылт немесе ақ, күлте жапырақтары жоғары жағында ойық немесе қиық, төменгі жағында сүйірленген тырнақша сияқты. Түбінде шашақ тәрізді түкті немесе жалаңаш, аталықтардан тұратын түтікшесі бар. Маусым – қыркүйек айларында гүлдеп, шілде – қарашада жеміс салады. Жемісі құрама, піскеннен кейін жемісшелерге (8 – 16) бөлініп кетеді, тұқымы бүйрек тәрізді. Құлқайырдың кейбір гүлдері медицинада және халықтық медицинада кеңінен қолданылады. Дәрілік өсімдіктерге орман құлқайыры (М. sіlvestrіs), кіші құлқайыр, немесе түймегүл (М. pusіlla); өте құнарлы мал азықтық, жем-шөптік түрлеріне Могилев құлқайыры – (M. mohіlevіensіs), құрамында белок көп, салат ретінде қолданылатын азық-түліктік түрлеріне [жеке құлқайыр]] (M. neglecta) жатады.
## Құлқайыр тұқымдасы
Құлқайыр тұқымдасы(Malvaceae) – қос жарнақтылар класының дилениидтер класы тармағына жататын ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары мен бөбешік жапырақтары кезектесіп орналасады. Құлқайыр тұқымдасының 85-тей туысы 1600-дей түрі белгілі. Жер бетінің тропиктік өңірлерінде кездеседі. Қазақстанда құлқайыр тұқымдасының 7 туысына жататын 20 түрі бар. Түрлерінің басым бөлігі Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және таулы аймақтарында шоғырланған. Гүлдері қос жынысты, тостағаншасы бес жапырақты (кейде 3 – 4 жапырақты), әдетте төменгі жақтары бірігіп кеткен. Гүл тәжі бес күлтелі, кейде тіпті жоқ, ал бүршік құрылымында оралмалы келеді. Аталықтары әдетте екі доғада, кейде сыртқы доғадағы аталықтары стаминодияларға (тозаңынан айрылып, түрі өзгерген ұрықсыз аталық) айналған, ішкі доғадағы аталық жіптері бірігіп биік түтік түзеді, жоғары жағында көптеген жіпшелерге тілімделген, жіпшелердің әрқайсысына қос ұялы тозаңқап орналасқан. Жеміс жапырақтары, негізінен, үшеу, кейде одан да көп, жоғары жатынды бір аналыққа біріккен. Аналық аузы жұмыр басты, тұқым бүршігі әр ұяда жалғыз немесе көп, ортасы плацентаға (бүр бүртік) орналасқан. Әдетте гүлінің астында бос немесе өзара біріккен бір немесе бірнеше жапырақшадан тұратын тостағанша дамиды. Жемісі – құрғақ, көптеген бір тұқымды жемісшелерге бөлініп кететін кейде 3, әдетте 5 ұялы қауашақ, кейде жидек түрінде. Құлқайыр тұқымдасының кейбір түрлері тех. дақылдар, олардан мақта алынады. Құлқайыр тұқымдасының талшықтарынан арқан есіп, қап тоқиды. Медицинада қолданылады. Құрамында белок көп болғандықтан азық-түліктік, жем-шөптік өсімдік ретінде пайдаланылады. Әсемдік үшін де өсіріледі.
## Дереккөздер |
Дубровное — Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы ауыл, Дубровин ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Мамлют қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 35 км-дей жерде, Есіл даласының батысындағы Горькое және Дубровное көлдерінің аралығында, әр түрлі астық тұқымдас шөптер өскен қара топырақты орманды дала белдемінде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 18 ғасырдың аяғында қаланған. 1957 жылдан 1997 жылға дейін “Дубровное” астық кеңшарының орталығы болды. 1997 жылдан оның негізінде шаруа қожалықтары, кооперативтік шаруашылықтар құрылды. Дубровноеде машина-трактор жөндеу шеберханасы, май мен кірпіш заттары, астық қабылдау пункті жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, мәдениет үйі, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1096 адам (536 ер адам және 560 әйел адам) болса, 2009 жылы 781 адамды (371 ер адам және 410 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Дударай - опера. Алғаш рет 1953 жылы 30 мамырда Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында қойылды. Либреттосын А.Хангелдин, музыкасын Е.Г.Брусиловский жазған, режиссері — Қ.Байсейітов.
Операда Қазан төңкерісіне дейінгі орыс және қазақ халықтарының достығы бейнеленіп, жастардың бас еркіндігі жолындағы күресі көрсетіледі. Орыс қызы Мариям мен қазақ жігіті Думан арасындағы нәзік махаббат сезімі “Дударай” әні арқылы беріледі.
Композитор қазақ, орыс ән-күйлерінің ырғақтары мен интонацияларын кеңінен пайдалана отырып, екі халыққа түсінікті, ортақ музыкалық тілді табуға талпыныс жасаған. Әр ұлт музыкасының өзіндік әсемдігі бір арнаға тоғыстырылып, туынды мұраты көркем дәрежеде жүзеге асырылған. Лейтмотив ретінде қолданған “Дударай”, “О, сен, кең дала”, “Эх, ты, доля” әндерінің төңірегінде өрбіген әуез, саздар шығарманың өн бойына көрік беріп тұр.
Операның премьерасында Думан партиясын Ә.Үмбетбаев, Мариям партиясын Э.Епонешникова орындады.
## Дереккөздер |
Қожа Мұстафа Рәшіт паша (түр. Koca Mustafa Reşid Paşa; 13 наурыз 1800 жыл — 7 қаңтар 1858 жыл) — османлының мемлекет қайраткері және мәмілегері.
## Өмірбаяны
Париж бен Лондонда елшілік қызмет атқара жүріп, Еуропа өркениетінің жақтаушысына айналды. 1837-1845 жылдары бірнеше рет Сыртқы істер уәзірі міндетін атқарып, 1846–1858 жылдары алты мәрте садрағзам болды. Қожа Мұстафа Рәшіт паша елде сұлтан билігін сақтай отырып, қаржы, оқу-ағарту және т.б. салаларда жаңартулар жүргізуге, Еуропа мемлекеттерінің мемлекеттік құрылым сипаттарын жүзеге асыруға тырысты. Қожа Мұстафа Рәшіт паша Ұлы Османлы Мемлекетінде жаңартулардың жаңа кезеңі — Танзиматтың негізін қалаған 1839 жылы сұлтан жарлығының авторы. Қожа Мұстафа Рәшіт паша осы жаңартуларды жүзеге асыру арқылы Ұлы Османлы Мемлекетін еуропалық елдермен теңестіруге тырысты. Қожа Мұстафа Рәшіт пашаның қызметі кейбір діни лауазым иелері мен жоғары шенді шенеуніктердің тарапынан табанды қарсылыққа ұшырады. Сол себептен ол жоғарғы қызметтерден бірнеше рет алынып, қудалауға ұшырады.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Ұлы Османлы Мемлекеті
* I Әбділмәжит
* Тарихы мұражайға бай қала — Эдирне Мұрағатталған 5 маусымның 2012 жылы. |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.