text
stringlengths
3
252k
Ұсталық аспап — қатты материалдарды, болат пен түсті металл қорытпаларын қолмен немесе машина көмегімен соғу арқылы өңдеуде пайдаланылатын аспаптар. Қолмен соғу кезінде дайындама төс үстінде, машинамен (балғамен) соғу кезінде балға тоқпағына қойылады. Ұсталық аспап ұсталық штампылау өндірісінде дайындамаларды ыңғайлап ұстау, қозғау, аударыстыру, жылжыту, өлшеу, т.б. үшін пайдаланылады. Ұсақ дайындамаларды тас балғамен, ал массасы үлкен дайындамалар машина жәрдемімен өңделеді. Ұсталық аспап көмегімен дайындаманы жаншып өңдеуге, шабуға, кесуге, тесуге, бұрауға, июге болады. Машинамен жаншып өңдеу арнайы қондырғысыз орындалмайды. Қолмен соғу кезінде әр түрлі тегістегіш, қысқыш, кесу, тесу, ою салу, әшекей бет салу, т.б. көптеген ұсталық аспап түрлері қолданылады. ## Сілтемелер "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Белдемше, юбка — дененің төменгі жағын жабатын әйелдердің киім-кешек бұйымы. Белдемше барқыттан, әр түрлі жібек маталардан тігіліп, жиегі айнала кестемен немесе құндыз терісімен көмкеріледі, түрлі әшекейлермен безендіріліп, белі қапсырмамен түймеленеді. Үй шаруасында жүргенде алға байлап алатын алжапқышты да “белдемше” деп атайды. ## Дәстүрлі белдемше 19 ғасырдың аяғына дейін қазақ әйелдерінің белдемшесі ойын-сауық кезінде көйлек сыртынан киілген. Белдемшенің алдыңғы өңірлері бір-біріне түйісіп тұрады да, белінен төмен қарай кеңи береді.Белдемшені көйлектің етегін түгел жаппайтындай етіп тігеді. Үй шаруасында киілетін белдемше жалаң қабат күйінде, түрлі-түсті шыттан тігіп, мал сауғанда, тамақ даярлағанда тазалық үшін киіледі. ## Дереккөздер
Будухтар (будухша Будад; әз. Buduqlular) — Әзербайжанның көбіне Будуг ауылын мекендейтін аз санды этникалық топ, Шахдаг халықтарының бірі. Будухтар еуропа нәсілінің кавказ тобына жатады және Ислам дінінің суннит ғұрпын ұстанады. ## Тілдері Бұрын кавказ тілдері шоғырының солтүстік-шығыс тобындағы лезгин тілдері тобына жататын будух тілінде сөйлейтін. 1926 жылғы халық санағының мәліметі бойынша, будух тілінде екі мыңдай ғана адам сөйлеген. Қазіргі кезде будухтар түгелдей әзербайжан тілінде сөйлеп, өздерін сол халықтың өкіліне жатқызып жүр. Жазуы мен әдебиеті де әзербайжан тілінде жазылады.[дереккөзі?] ## Дереккөздер
Белдесу — қазақша күресте екі балуанның бір-бірін белден орай ұстау әдісі. Белдесуден кейін бұрау, жамбасқа алу, іштен, сырттан, қырқа шалу, үйіру тәсілдерін қолданады. Кей жерлерде әдіс қолдану бір не екі қолмен белден ұстаудан басталатын болғандықтан, қазақша күресті “белдесу” деп те атайды. Белдескен кезде қолды тарақтап жаюға болмайды. Бұл саусақтар үшін қауіпті. Саусақтарды құлыптай немесе білекті орай, ал белбеу байланған жағдайда содан ұстаған жөн. Белдесу әдісі тек қазақша күресте ғана емес, дүние жүзі елдеріне тараған еркін, грек-рим, самбо күрестері шеберлерінің жекпе-жектерінде де пайдаланылады. ## Дереккөздер
* Ауылдар: * Фрунзе - Алматы облысы Талғар ауданы. * Фрунзе - Алматы облысы Қаратал ауданы. * Фрунзе - Қостанай облысы Денисов ауданы. * Фрунзе - Қостанай облысы Қамысты ауданы. ## Тағы қараңыз * Адамдар:Михаил Васильевич Фрунзе * Михаил Васильевич Фрунзе
Енеке (лат. Bubablus) — сиыр тұқымдасына жататын қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануар. Енекенің 5 түрі (Bubalus depressicornis, Bubalus quarlesi, Bubalus mindorensis, Bubalus bubalus және Bubalus arnee) бар. Енекелер Оңтүстік Азия мен Африканың тау және жазық дала ормандарында кездеседі. Олардың дене тұрқы 100 — 290 см, құйрығының ұзындығы 15 — 90 см, шоқтығынан алғанда биіктігі 62 — 180 см, салм. 150 — 1200 кг. Буйволдың қолға үйретілген түрі — азиялық Буйвол (B arnee). Ол Б. б.з.б. 4 — 3 мыңжылдықтарда қолға үйретіле бастаған. Қазір азиялық Енеке Үндістанда, Мьянмада, Оңтүстік Қытайда, Калимантан (Борнео) аралында мекендейді. Оның салмағы 1000 кг, биіктігі шоқтығынан алғанда 180 см, орақ сияқты мүйізінің ұзындығы 2 м-дей. Сүтінің майлылығы жоғары (8 — 9 %-тей). Сүтінен жоғары сапалы май, ірімшік (моцарелла), т.б. сүт тағамдарын дайындайды. Азиялық енекедың (Bubalus bubalus) шаруашылық маңызы үлкен. ## Дереккөздер
## Мұхаммед ән-Насауи МҰХАММЕД ән-НАСАУИ, Шихаб әд-Дин Мұхаммад ибн Ахмад (т. ж. б., Хорасан – 1249, Халеба) – араб тілді Хорезм тарихшысы. Шыңғыс хан әулеті Хорасанға келгенге (1220) дейінгі Мұхаммед ән-Насауидің өмірі жайлы дерек жоқ. 1224 – 1231 жылы Хорезмнің соңғы шаһы Жалел әд-Диннің сарайында хатшы болды әрі шаһтың өмірбаянын жазумен шұғылданды. 1231 – 1235 жылы Айюб әулетінің өкілі Мәлік әл Мұзаффар Шихат әд-Диннің қол астында істеді. 1235 жылы парсы тілінде өз басынан кешкен оқиғалары жөнінде “Нафсет ол-Масдур” еңбегін жазды. Бұдан соң Халеба қаласының билеушісіне қызмет етіп, бірнеше рет елші ретінде моңғолдарға барды. Орта Азия мен Қазақстанның, Кавказ, Таяу Шығыс елдерінің, Хорезм шаһтарының тарихы туралы аса құнды деректердің бірі болып саналатын “Сират ас Сұлтан Жалел әд-Дин Менгуберти” (“Сират ас Сұлтан Жалел әд-Дин Менгубертидің өмірі жайлы сипаттама”) атты шығарма жазған. Бұл еңбекте сол кезеңдегі Хорезмнің ішкі және сыртқы істері, қыпшақтармен қатынастары, сондай-ақ қыпшақ қоғамының ішкі құрылымы туралы бірқатар деректер көрсетілген. ## Сілтемелер * Хорасан * Хорезм * Мәлік әл Мұзаффар Шихат әд-Дин * Сұлтан ## Сыртқы сілтемелер Мұхаммед ән-Насауи Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. ## Дереккөздер ## Толықтыру ## Мұхаммед ән-Насауи МҰХАММЕД ән-НАСАУИ, Шихаб әд-Дин Мұхаммад ибн Ахмад (т. ж. б., Хорасан – 1249, Халеба) – араб тілді Хорезм тарихшысы. Шыңғыс хан әулеті Хорасанға келгенге (1220) дейінгі Мұхаммед ән-Насауидің өмірі жайлы дерек жоқ. 1224 – 1231 жылы Хорезмнің соңғы шаһы Жалел әд-Диннің сарайында хатшы болды әрі шаһтың өмірбаянын жазумен шұғылданды. 1231 – 1235 жылы Айюб әулетінің өкілі Мәлік әл Мұзаффар Шихат әд-Диннің қол астында істеді. 1235 жылы парсы тілінде өз басынан кешкен оқиғалары жөнінде “Нафсет ол-Масдур” еңбегін жазды. Бұдан соң Халеба қаласының билеушісіне қызмет етіп, бірнеше рет елші ретінде моңғолдарға барды. Орта Азия мен Қазақстанның, Кавказ, Таяу Шығыс елдерінің, Хорезм шаһтарының тарихы туралы аса құнды деректердің бірі болып саналатын “Сират ас Сұлтан Жалел әд-Дин Менгуберти” (“Сират ас Сұлтан Жалел әд-Дин Менгубертидің өмірі жайлы сипаттама”) атты шығарма жазған. Бұл еңбекте сол кезеңдегі Хорезмнің ішкі және сыртқы істері, қыпшақтармен қатынастары, сондай-ақ қыпшақ қоғамының ішкі құрылымы туралы бірқатар деректер көрсетілген. ## Сілтемелер * Хорасан * Хорезм * Мәлік әл Мұзаффар Шихат әд-Дин * Сұлтан ## Сыртқы сілтемелер Мұхаммед ән-Насауи Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. ## Дереккөздер ## Толықтыру
Үңгір қорқауы (лат. Crocuta crocuta spelaea) — қорқау қасқыр тұқымдасына жататын жыртқыш. Үңгір қорқауы плейстоцен кезеңінің 2-жартысында тіршілік еткен. Олар мамонт таралған жерлердің бәрінде кездеседі. Әсіресе, олардың ең көп тараған жерлері Еуропаның шығысы (Молдавия, Украина, Польша, Оңтүстік Орал және Солтүстік Кавказ). Негізінен үңгірлер мен жартас жарықтарының қуыстарына мекендеген. ## Дереккөздер
Үңгірқора қорымдары - үйсін дәуірінің ескерткіштері. Алматы облысы Іле өзеннің оң жағалауында орналасқан екі қорымды 1954 жылы Жетісу археологиялық экспедиция (жетек. К.Ақышев, Г.Кушаев) ашып, 1957 жылы екеуінде де қазба жұмыстарын жүргізді. ## Үңгірқора-1 қорымы Үңгірқора-1 қорымының құрамындағы 78 оба үш үлкен топқа бөлінеді (А, Б, В топтары). Әр топтың ішіндегі обалардың өзі көлемі жағынан шағындау келген бірнеше шоғырланған топтарға бірігеді. Планигр. ерекшелікке обалардың меридиан сызығымен тізбектеле орналасуы жатады. Пішіні жағынан дөңгелек, кейде сопақша келген обалар тас қиыршықтар аралас топырақтан үйілген, диаметрі 2 м-ден 14 м-ге дейін, биіктігі 1 м. Көптеген обалардың үйінді етегінен айнала өтетін дөңгелек тас қоршаулары бар. Қазылған 17 обаның астынан ұзын бойымен батыстан шығысқа созылған қарапайым шұңқыр қабірлер ашылды. Ұзындығы 2,2 — 3 м, ені 0,8 — 1 м, тереңдігі 0,8 — 1,36 м болатын тік қабырғалы қабірлердің түбінде мүрделер ұзына бойымен басы күнбатысқа қарай шалқасынан жатқызылған. Қабір жабыны — бір қатар, кейде екі қатар салынған ағаш бөренелер. Кейбір қабірлердің ішінде де ірге бойларына бөренелер салынып, мүрде осы қорапшаның ішіне қойылған да, үстінен қайтара бөренелермен жабылған (қимаға жерлеу тәсілінің тым қарапайымданған түрі). Мүрдемен бірге қабірге салынған заттай айғақтар арасында ең көп кездесетіні — түбі дөңес келген қыш ыдыстар. Бұдан басқа қола айна, сырғалар, темір пышақтар мен түйреуіштер, тастан, пастадан жасалған моншақтар табылған. Қабірге, мүрде жанына қойдың құйымшақ сияқты құйрық жағынан мүше салу дәстүрі жиі кездеседі. Ғалымдардың пікірі бойынша қорым үйсін дәуірінің б.з.б. 3 — 1 ғасырларды қамтитын ерте, яғни “Қаратал” сатысына жатады. ## Үңгірқора-2 қорымы Үңгірқора-2 қорымы Үңгірқора-1 ескерткішінен Іленің ағысына қарсы жүргенде 2 км жерде. Мұндағы аумағы 150 — 200 м жерді алып жатқан барлығы 39 обаның негізгі тобы ретсіз, шашырай орналасқан да, тек шығыс бүйірдегі бөлектенген 6 обадан ғана меридиандық тізбек тәртібі байқалады. Топырақтан үйілген, пішіні дөңгелек, диаметрі 8 — 12 м, биіктігі 0,3 — 1,3 м болатын обалардың 17-сі қазылды. Қабір түрі мен құрылымының, жерлеу тәсілі мен заттық деректердің басты ерекшеліктері Үңгірқора-1 қорымындағы обаларға ұқсас. Сонымен бірге мұндағы бір обадан бір емес екі қабір кездескен, енді бір обада бір қабірде екі адам жерленген. Сыртқы тас қоршауы бар обалардың азаюы, обалардың ретсіз орналасуы, түбі тегістеу келген ыдыстардың көбеюі, тағы басқа айырмашылықтардың негізінде зерттеушілер Үңгірқора-2 қорымын үйсін дәуірінің соңғы, яғни “Іле” сатысына (б.з. 3 — 5 ғасырлар) жатқызды. ## Дереккөздер:
Фрунзе — Қостанай облысы Денисов ауданындағы ауыл, Красноармейский ауылдық округi орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Денисовка ауылынан солтүстікке қарай 60 км жерде, Қамысты-Әйет (Аят) өзені жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1767 адам (857 ер адам және 910 әйел адам) болса, 2009 жылы 1617 адамды (760 ер адам және 857 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты қаланған. 1957 — 95 ж. аралығында астық өсіретін кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде Фрунзеде шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Достық (2018 жылға дейін – Фрунзе) — Жетісу облысы Қаратал ауданы, Үштөбе қалалық әкімдігі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Үштөбе қаласының оңтүстік-шығыс іргесінде, Қаратал өзені аңғарында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Ауыл 2018 жылға дейін "Фрунзе" деп аталды. 1983-1997 жылдары Қазақ КСР-і Мемлекеттік агроөндірісінің Фрунзе атындағы тәжірибе шаруашылығының орталығы болды. Оның негізінде Фрунзеде ӨК және бірнеше шаруа қожалығы құрылды. ## Дереккөздер
## МҰХАММЕД БАШШАРО МАЗАРЫ МҰХАММЕД БАШШАРО МАЗАРЫ – ортағасырлық сәулет өнерінің ескерткіші. Зеравшан өзені бойындағы сопы әулие Мұхаммед Башшароның (8 – 9 ғасырларда өмір сүрген) құрметіне 11 – 12 ғасырлар шамасында салынған. Тәжікстан Республикасы, Пенжікент қалсынан 25 км қашықтықтағы Мазари Шариф мекенінде орналасқан. Үш бөліктен тұратын мазардың аум. 2515,5 м. Орт. зал және екі бұрыштық бөлме бар. Құрылыстың орт. бөлігі оңт.-батысқа қарай созылып, кішігірім бөлмемен жалғасқан. Онда жер асты мешіті (қылует) мен шағын бөлме орналасқан. Ол бөлмеде шикі саз балшықтан өрілген михраб орналасқан. Мазардың орт. бөлігі шаршы тәріздес салынып, жоғ. жағы орт. күмбезбен қапталған. Күмбездің жалпы диам. 7,6 м. Күмбез үшкірлене өріліп, сегіз қырлы тақтайша таспен аяқталған. Орт. залдың қабырғаларында ішкі ойықтар кездеседі. Қабырғадағы ойықтар, қызыл кірпішті “шырша тәріздес” қалау тәсілі бойынша жасалынған. Орт. залдың екі қанатында кіші көлемдегі бөлмелер орналасқан. Ол бөлмелер орт. залмен “Г” әрпі тәріздес жолдар арқылы байланысқан. 11 – 15 ғ-ларда М. Б. м-на көптеген өзгертулер енгізіліп, қосымша құрылыстар салынды. Мазар әр түрлі тас тақтайшалармен безендірілді, мешіттік қызметтегі бөлмелер қосылды. Қосымша құрылыс жүргізілген жылдар құрылыста аталып отырды. Сондай мерзімнің бірі – 1342 – 43 жылдарға сәйкес келеді. ## Сілтемелер * Күмбез * Тәжікстан * Зеравшан өзені ## Сыртқы сілтемелер МҰХАММЕД БАШШАРО МАЗАРЫ(қолжетпейтін сілтеме) ## Пайдалан?ан ?дебиет ## Толы?тыру ## МҰХАММЕД БАШШАРО МАЗАРЫ МҰХАММЕД БАШШАРО МАЗАРЫ – ортағасырлық сәулет өнерінің ескерткіші. Зеравшан өзені бойындағы сопы әулие Мұхаммед Башшароның (8 – 9 ғасырларда өмір сүрген) құрметіне 11 – 12 ғасырлар шамасында салынған. Тәжікстан Республикасы, Пенжікент қалсынан 25 км қашықтықтағы Мазари Шариф мекенінде орналасқан. Үш бөліктен тұратын мазардың аум. 2515,5 м. Орт. зал және екі бұрыштық бөлме бар. Құрылыстың орт. бөлігі оңт.-батысқа қарай созылып, кішігірім бөлмемен жалғасқан. Онда жер асты мешіті (қылует) мен шағын бөлме орналасқан. Ол бөлмеде шикі саз балшықтан өрілген михраб орналасқан. Мазардың орт. бөлігі шаршы тәріздес салынып, жоғ. жағы орт. күмбезбен қапталған. Күмбездің жалпы диам. 7,6 м. Күмбез үшкірлене өріліп, сегіз қырлы тақтайша таспен аяқталған. Орт. залдың қабырғаларында ішкі ойықтар кездеседі. Қабырғадағы ойықтар, қызыл кірпішті “шырша тәріздес” қалау тәсілі бойынша жасалынған. Орт. залдың екі қанатында кіші көлемдегі бөлмелер орналасқан. Ол бөлмелер орт. залмен “Г” әрпі тәріздес жолдар арқылы байланысқан. 11 – 15 ғ-ларда М. Б. м-на көптеген өзгертулер енгізіліп, қосымша құрылыстар салынды. Мазар әр түрлі тас тақтайшалармен безендірілді, мешіттік қызметтегі бөлмелер қосылды. Қосымша құрылыс жүргізілген жылдар құрылыста аталып отырды. Сондай мерзімнің бірі – 1342 – 43 жылдарға сәйкес келеді. ## Сілтемелер * Күмбез * Тәжікстан * Зеравшан өзені ## Сыртқы сілтемелер МҰХАММЕД БАШШАРО МАЗАРЫ(қолжетпейтін сілтеме) ## Пайдалан?ан ?дебиет ## Толы?тыру
Туғанбай (2007 жылға дейін — Фрунзе) — Алматы облысы Талғар ауданы, Нұра ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Талғар қаласынан солтүстікке қарай 67 км жерде, Қапшағай су қоймасынан оңтүстікке қарай 11 км жерде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы 1970-97 жылдары өзімен аттас қой өсіретін кеңшар орталығы болды. Оның негізінде Фрунзеде ӨК және шаруа қожалықтары құрылған. ## Дереккөздер
Фрунзе — Қостанай облысы Қамысты ауданы, Қамысты ауылдық округі құрамындағы ауыл, 2019 жылға дейін Фрунзе ауылдық әкімдігі орталығы болған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қамысты ауылынан оңтүстікке қарай 40 км жерде, Тобыл өзенінің аңғарында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 947 адам (450 ер адам және 497 әйел адам) болса, 2009 жылы 601 адамды (290 ер адам және 311 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1955 жылы Жітіқара ауылындағы Шевченко атындағы ұжымшардың екіге бөлінуіне байланысты қаланған. 1955-1994 жылдары астық өсіретін кеңшардың орталығы болды. 1994 жылы мұнда өзімен аттас ұжымдық кәсіпорын құрылды. ## Дереккөздер
ҮҢГІРЛІАСАР' — ежелгі қала. Қызылорда облысы Жалағаш аудан орталығынан батысқа қарай 32 км жерде орналасқан.Үңгірліасар пішіні төртбұрышты, аумағы 120 — 100 м, ені 3 — 5 м, биікт. 4 — 6 м дуалмен қоршалған. Осы қоршалған дуал ортасында тағы бір ғимарат салынған. Бұл құрылыстың пішіні көпбұрышты, аумағы 40 — 40 м, биіктігі 7 — 9 м. Қаланың батыс қабырғасының ортасында қақпасы орналасқан. Жетіасар ескерткіштері 1946 жылы анықталып, 1948 — 1949, 1951 — 1958, 1966 жыл мен 90-жылдар аралығында Хорезм археологиялық этнографиялық экспедиция (жетекшісі С.П. Толстов, М.А.Итина, Л.М. Левина) кешенді археологиялық зерттеулер жүргізген, бірақ Шығыс асарларға (Моншақты асар, Аққала, Ахметқала, Қараасар-1, Қараасар-2, Сарлыасар, Домалақасар, Үңгірліасар, т.б.) қазба жұмыстары жүргізілмеген. 2006 жылы “Қызылорда облысының ескерткіштерін есепке алу” археология экспедицисы (жетекшісі Ж.Қ. Құрманқұлов) барлау жүргізіп, Үңгірліасар ескерткішінің нақты географиялық координатын анықтап, қосымша деректер жинады. Үңгірліасар Сырдария, Қуаңдария және Ескідария арналарының бойында шамамен қола дәуірінің соңы мен — б.з. 9 ғасырлар аралығында өмір сүрген Жетіасар мәдениетінің Шығысасарлар тобына жатады. ## Дереккөздер:
Булаев ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысындағы әкімшілік аудан. Жерінің аумағы 7,8 мың км². Тұрғыны 49,6 мың адам (1999). Аудан бір қалалық, 24 ауылдық әкімшілік округке бөлінген. Орталығы — Булаев қаласы Аудан жері Батыс Сібір ойпатының оңтүстік бөлігіндегі Есіл даласының шығысында орналасқан. Жер бедері жазық (абсолюттік биіктігі 100 — 130 м). Климаты тым континенттік. Қаңтардың орташа температурасы –18ӘС, шілдеде 18ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 280 — 350 мм шамасында. Аудан жерінде көлдер көп. Тұщы көлдер (Конюхово, Қамысты, Қарабие) солтүстігіндегі орманды жерлерде; ащы көлдер оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында (Камышлово, Соленое, Келтесор) кездеседі. Тың игеру жылдары мұнда бірнеше кішігірім тоғандар салынған. Есіл өзенінен ұзындығы 2,0 км су құбыры тартылған. Ауданның солтүстігіндегі сұр және күлгін топырақты жерлерінде қайыңды, теректі орман, оңтүстігіндегі қара және карбонатты қара топырақты даласында бетегелі-селеулі шөптер өседі. Жануарлар дүниесінен: қасқыр, түлкі, қарсақ, орманда (ауданның 11% аумағын алады) — бұлан, елік, құр, шіл, т.б., тұщы көлдерде — қаз,аққу, үйрек мекендейді. Халқының тығызд. 1 км²-ге 7,0 адамнан келеді. Аудан негізінен егіншілікке және мал өсіруге маманданған. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жері 637,0 мың га (1997), оның 491,3 мың га-сы егістік, 6,2 мың га техникалық дақылдар, 4 мың га жерін картоп, 140,5 мың га-сы мал жайылымын құрайды. Етті-сүтті ірі қара мал өсіруге маманданған. Мал шаруашылығының 56%-ін ірі қара мал, шошқа 38,8%-ін, қалғанын қой және жылқы шаруашылығы құрайды. Булаев ауданында май, нан, құрама жем зауыттары, тамақ өнеркәсібі комбинаттары, тігін фабрикасы, т.б. бірнеше акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер жұмыс істейді. Жалпы және арнайы білім беретін 39 мектеп, 67 дәрігерлік-амбулаториялық пункт, 4 аурухана, 6 санитарлық-дәрігерлік амбулатория бар. Булаев қаласының жанынан Транссібір т. ж. магистралі мен мемлекетаралық маңызы бар Петропавл — Омбы автомобиль жолы өтеді.Ауданның Сарытомар ауылында жыл сайын республикалық Мағжан Жұмабай оқулары өтеді. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том
Ақтоғай — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл, аудан (1931) және Ақтоғай ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Облыс орталығы – Қарағанды қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 209 км-дей жерде, Тоқырау өзенінің оң жағалауында орналасқан. Төңірегін Жосалы, Шатырша, Ақтоғай таулары алып жатыр. Ең жақын темір жол стансасы - Балқаш (190 км жерде). ## Тарихы Ақтоғайдың іргесі 1926 жылы Басши артелінің орталығы ретінде қаланған. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Ауылда орман өсіру стансасы, кәсіптік-технологиялық училище, баспахана, 2 орта мектеп, спорт, музыка мектептері, аурухана, емхана, мәдениет үйі, кинотеатр, кітапхана, халық театры бар. Аудандық “Арқа еңбеккері” газеті шығады. ## Дереккөздер
Булучжень, Булужін (туған жылы белгісіз — 414) — Жужандар хандығының билеушісі (414), Хулюйдің немере інісі. Ол Хулюйге Шули мен Уди-нән деген жужандық ақсүйектерді қарсы айдап салып, солардың көмегімен билікті өз қолына алды. Булучжень мемлекет ісін жүргізуді Шулиге тапсырды. Хандықтың қолбасшысы Чылохыу өзінің қарсыласы Датанмен бірігіп қастандық әрекетін ұйымдастырмақшы деген желсөзге еріп, оны тұтқындау жөнінде бұйрық берді. Соның нәтижесінде Чылохыу өзіне-өзі қол салып өлді. Бұдан кейін Булучжень Датанды жазалауға кірісті. Бірақ Датан оған өзінің әскерімен қарсы тұрып, Булучженьді қолға түсіріп өлтірді. Булучженьнің өлімінен соң таққа Датан отырды. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
Бөгесін (Запруда) — өзен арнасындағы немесе аңғарындағы ағысты бөгейтін жасанды имарат. Көбінесе тау көшкіндерінің, қапталдағы тау шатқалдарынан шыққан ысырынды конустарының өзен арнасын бөгеуі нәтижесінде пайда болады. Бөгесін — өзен арнасының қосымша тармақтарын бөгеу арқылы негізгі арнадағы су мөлшерін реттеуге арналған гидротехникалық құрылыс. Бөгесін су бөгендерін салу үшін және негізгі өзен арнасын тасқын судан бұздырмау үшін қолданылады. Топырақтан, тас үйінділерден тұрғызылады. Кейде тау көшкіндерінің қапталдағы тау шатқалдарынан шыққан ысырынды конустарының үйілуі нәтижесінде және өзге де табиғи кедергілердің өзен арнасын бөгеуінен пайда болады. ## Дереккөздер
Монументті өнер, пластикалық өнердің шығармаларын нақты архитектуралық орта үшін кеңістік-идеялық жағынан толықтыру мақсатымен жасалады. Монументті өнердің бірнеше түрі бар; ескерткіштер (көшеде, алаңда қойылатын), монументтер (ірі тарихи оқиғаларға байланысты қойылатын), мүсінді – архитектуралық ансамбльдер, т.б. Бұл өнерге өте қатты, төзімді материалдар: гранит, қола, мрамор, т.б. қолданылады. Қазақстан жеріндегі Монументті өнер қола дәуірінен (Алматы облысы Там-ғалы шатқалындағы, Маңғыстау түбегіндегі, Балқаш жағалауындағы және Оңтүстік Қазақстандағы тас таңбалар-петроглифтер) басталады. Қожа Ахмет Иасауи кесенесіндегі сырлы сурет көріністері мен қабырғаларының мозаика қалауы – орта ғасырлардағы Қазақстан Монументті өнерінің жоғары деңгейін танытады. Монументті өнер КСРО тұсында біршама дамыды. Осы жылдары 28 панфиловшы-гвардияшылар атындағы паркте монументтік Даңқ мемориалы (1975) тұрғызылды. Тарихи тақырып Монументті өнер түрлерінде көрініс тапты. Олар: Алматы қаласындағы А. Иманов (1947) және Ә.Жангелдин ескерткіштері (1975). Облыс орталықтарындағы алаңдар мен парктердегі тарих, мәдениет, өнер қайраткерлеріне орнатылған ескерткіштер: Жамбыл бюсті (1971), Абай ескерткіші (1960), Т.Рысқұлов (1979), М.Әуезов (1981) ескерткіштері болды. Монументті өнер мен архитектураның әдемі үйлескен түрі – барельеф (бедерлі мүсін). Әсіресе Қазақстан Жазушылар одағы ғимаратындағы “Кітаптар кейіпкерлері” (1985) көлемі мен композициясы жағынан ерекше көзге түседі. Қазіргі кездегі Монументті өнерге дәстүрлі өнермен қатар, оның жаңа түрлері мен жанрларын (портреттік ескерткіштер, витраждар, сграффито, түс кілем, қабырға өрнектері, т.б.) дамыту, сонымен қатар бейнелеу пластикасын архитектура техтоникаға үйлестіру тән. Осындай эстетикалық бетбұрыстың негізгі шығармалары: “Азат адам” мозаикасы (1971), “Медеу” қонақ үйіндегі керамикалық панно (1970), т.б. Алматы қаласындағы оқушылар сарайының, “Қазақстан” қонақ үйінің ішкі және сыртқы қабырғаларының әшекейлері кешенді Монументті өнер туындылары болып саналады. Қазақтың мемл. академ. драма театрының ғимараты мен М.Әуезов ескерткіші (1981) архитектура мен мүсінді тұтастыру идеясымен салынған құрылысқа жатады. ҚР өұА ғимаратының жанындағы хауыз (1980) шағын пошымды мүсіндермен, табиғат көріністерімен әдемі үйлесім тапқан. ## Дереккөздер
Үңгіртас — Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Үңгіртас ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Ұзынағаш ауылынан солтүстік-батысқа қарай 23 км-дей жерде, Қастек өзенінің жағалауында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы 1960 — 1997 жылдары асыл тұқымды қой өсіретін “Қастек” кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Үңгіртаста және округке қарасты Ақдала, Көкқайнар, Сарыбастау ауылдарында ӨК және шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Үңгірлі – Шу алабындағы өзен. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Шу ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 71 км, су жиналатын алабы 278 км2. ## Бастауы Кіндіктас жотасының батыс беткейіндегі бұлақтан басталып, Қонақбай елді мекені тұсында Шуға жетпей тартылып қалады. ## Гидрологиясы Аңғары астау тәрізді, беткейі тік (20 — 25 м), арнасы тік жарлы, жайылмасы оң жағалауында 50 — 100 м. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Орташа көпжылдық су ағымы Үңгірлі елді мекені тұсында 0,15 м3/с. Лайлылығы 800 — 1200 г/м3. Суы ауыл шаруашылығына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Ұсталық штампылау өндірісі — машина жасау өндірісінің саласы. Өңделетін металдың агрегаттық күйіне байланысты штампылау процесі металды ыстық күйінде және суық күйінде штампылау болып бөлінеді. Сондай-ақ металды қыздырып штампылау кеңінен қолданылады. Ұсталық штампылау өндірісінде қыздырылған дайындамаларды арнаулы штамптарда өңдеу арқылы штампталған соғылмалар алынады. Штамп — екі бөліктен тұратын белгілі арналары, қуыстары тетікке ұқсас металл қалып. Ондай қалыптар сапасы өте жоғары болат маркаларынан жасалып, соққыға, үйкеліске, ыстыққа шыдамды келеді. Штамптың төменгі бөлігі тоқпақтың шаботына орнатылады, ал екінші жартысында алдын ала жасалған бір немесе екі тесік арқылы төменгі бөлігінің үстіңгі бетіндегі саусақ тектес бағыттаушыға киістірілгеннен кейін жаншу процесінің бас кезінде қалып бөліктері қиыстырыла бастайды. Штамп жартыларының арасындағы қуыстарға металл жайылып, оны толтырады. Сыртқы күш әсерінен қатты жаншылғаннан соң соғу күші тоқтатылады. Материал көлемі штамптың ішкі кеңістігінің көлемінен кем болса, дайындаманың немесе тетіктің толық кескіні жасалмай, жарамсыз өнімге айналады. Ұсталық штампылау өндірісінде болат және түсті металл қорытпаларын ғана өңдеуге болады. Өйткені шойын сияқты морт материалдар өңдеу барысында сыртқы күштер әсерінен бөлшектеніп кетеді. Соғу арқылы өңдеу үшін дайындаманың соғылғыштық қабілетін арттыру мақсатында оларды арнайы пеште қыздырады. Ұсталық штампылау тоқпақтары құрама бөліктерінің массасы 630—25000 кг, оның бу-ауалы түрі кеңінен қолданылады. Бу-ауалы штампылау тоқпағының тұғыры және төсі жалпы іргетасқа орналасады. Тұғырдың тағандары төспен бұрандама және серіппе арқылы жалғанады. Штамптың жоғарғы бөлігінде бекітілген аспалы балға, саңылауды реттейтін құрылғысы бар таған бағыттаушылары арқылы қозғалады. Штампылау тоқпақтары басқышты-автоматтандырылған түрінде жұмыс істейді. Егер басқыш басылмаса, онда аспалы балға штамп бөліктерінің аралығында 200—300 мм саңылау қалдырып, қайта үдемелі қозғалыс жасайды. Басқышты басқанда аспалы балғаның қайта-қайта бұлғауы артып, штамптың үстіңгі бөлігі дайындаманы қысады. Машиналарда соғылмалы штампылау әдетте 3—5 соққанда дайын болады. Соңғы соғылғанда штамптың екі бөлігі қапталады. Құламалы бөліктерінің салмағы 1000 кг болғанда жасалатын соғылманың орташа массасы 0,5—2 кг, ал 10000 кг болғанда 40—100 кг. ## Сілтемелер "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Айтбай Төлеұлы (шамамен 1720–1790) — қазақ батыры, мемлекет қайраткері. Үйсін Төле бидің баласы. Айтбай әкесі Төле бидің ел басқару ісінде басты көмекшілерінің бірі болған. 1739–1740 жылдары Ташкент уәлаятына Ресей және Қытай елшілері келгенде хан атағы Жолбарыста болғанымен қаланы Төле би билейтін. Ташкент қала-мемлекет саналатын. Ташкент уәлаяты әскерлерінің аға батыры болған. 1740–1750 жылдардағы қазақ-жоңғар, қазақ-қоқан, қазақ-бұхар, қазақ-хиуа қақтығыстарының бел ортасында жүрді. Ресей патшалығының, Боғда хандығының басқыншылық әрекеттеріне қарсы күресті, елшілік жұмыстармен айналысты. ## Дереккөздер
Белес — жазық жердегі ұсақ шоқылар мен төбелердің тізбегі. Белес (Вал) - геоморфологияда - енсіз, ұзын және аласа жер бедерінің пішіні. Толқын, өзен, мұздық, жанартау және сел әсерінен пайда болады. Жағалық, сағалық, мореналық, шеңберлі және селдік болып бөлінеді. ## Дереккөздер
Ұстара — шаш алуға, қырынуға арналған болат пышақ. Бүктемелі, жүзі алып-салмалы, білдекті, электрлік және механикалық болып бөлінеді. * Бүктемелі ұстараны пайдаланар алдында арнаулы қайысқа жанып алады. Мүлдем өтпейтін болса, алдымен қайрақпен қайрап, соңынан еппен қайта жаниды. Бүктемелі ұстарамен қырынғанда өте сақ болған жөн. Оны пайдаланар алдында брезентке не қайысқа жайып алады. Егер жанығанға түспесе, оны майда ұстара қайраққа қайрап, соңынан еппен қайта жаниды. Қайрау алдында ұстараның жетесіне қағаз тығып, мойны былқылдамайтын жасайды. Қайраған кезде ұстараның жүз жағын өзіне қаратып, сәл еңкейтіңкіреп, әуелі қайраққа басыңқырап, соңынан жайлап қайрайды. * Білдекті ұстара жүз ұстауыш пен ұстағыш тұтқадан тұрады. Құрылғының жүз ұстауышының бөлек алынатын немесе алынбайтын түрлері бар. Кейде жүзі қатарынан арнайы орналастырылған екі-үш қабаттан да тұрады. Кәдімгі станокті ұстара жүз ұстауыш және тұтқалап тұратын құрылғы. Аппараттық жүз ұстауышы бөлек алынатын және жүз ұстауышы алынбайтын екі түрі болады. Конструкциясы осындай жүз ұстауышпен қырыну онша қауіпті болмағанымен, абайламаса теріні іліп кетуі мүмкін. Қырынғаннан кейін станокті тазартып, жуып, құрғатып сүртеді. Ұстараны жас баланың бойы жетпейтін құрғақ жерге қояды. * Электр ұстарасымен қырыну пышақ блогының іске қосылуы арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда оның сан алуан түрлері зауыттан шығарылуда. Электр ұстарасымен қырыну оның пышақ блогының іске қосылуы арқылы жүзеге асырылады. Электр ұстарасының пышағы негізінен екі түрлі — дөңгелек және торкөз (тарақ) пішінді болып келеді. Торкөз пышағы бар электр ұстаралар (мәселен, «Эра-10», «Микма») сақал-мұртты едәуір таза алады. Дөңгелек пышақты электр ұстаралары (мәселен, «Харьков-36», «Харьков-40», «Харьков-37-авто») онша тықырлап қырмаса да, жұмысы өнімдірек болады. Кейбір электр ұстаралардың мұртты, самайды және қасты басатын қосымша жүзі болады. Дөңгелек пышақ коллекторлы электр двигателі арқылы, ал торкөз пышақ —1 электр магнитті вибратормен қозғалысқа келеді.Электр ұстараның пайдаланатын қуаты 12 Вт-тан аспайды. Электр ұстараны кернеуі 127 және 220 В айнымалы ток желісінен де, дербес тұрақты ток көзінен де, мәселен электр қозғау күші 1,5 В «Сатурн» типті элементпен де жұмыс істей алатындай етіп шығарады. Мұндай электр ұстараны («Утро», «Рамица») электр желісі жоқ жерлерде пайдаланған тиімді. Ұстара тым қызып кетпес үшін, оны токқа 10 минуттай артық қоспаған жөн. Қырынар алдында бетті лосьонмен немесе қырынуға арналған сұйықпен сүртеді — сонда электр ұстараның сақалды қыруы жеңілдейді, әрі тез, таза алады. Қос пышақтың (әсіресе дөңгелек пышақ) біреуін жаңасымен ауыстырғанда, олар кейде нашар қырады. Мұның себебі: пышақтары біраз жұмыс істегеннен кейін ептеп қажалады да, олардың біреуін ауыстырып салғанда, пышақ беттерінің жаласуы ойдағыдай болмайды. Мұны болдырмас үшін жаңа пышақты біраз қайрау қажет. Ол үшін торға аздап тіс порошогын сеуіп, электр ұстараны 5—7 минут бойы бос жүргізіп қояды. Пышақ өткірленгенше осылай бірнеше рет қайталайды. * Механикалық ұстара пышақ блогы мен тұрық ішіндегі серіппелі механизмнен тұрады. Серіппені бір рет бұрап қызметке қосу, әдетте 3—4 мин. қырынуға жетеді. Механикалық ұстара пышақ блогынан және пластмасса корпусындағы серіппе механизмнен тұрады. Серіппенің бір рет толық бұралуы, әдетте 3— 4 минут қырынуға жетеді. Ұстараның алмалы-салмалы 2 пышақ блогы (біреуі — қырынуға, екіншісі — шаш тегістеуге) болады. Механикалық ұстараның жұмыс істеу принципі электр ұстарасындағыдай. Қырынып болғаннан кейін пышақ блогын шығарып (ашып), оны кистімен тазартады. Ұстара жүріп тұрғанда пышақ блогын шығаруға және салуға болмайды. Электр және механикалық ұстараларды қабына салып, құрғақ орында сақтайды. ## Дереккөздер
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті — Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ (түр. Hoca Ahmet Yesevi Uluslar arası Türk-Kazak Üniversitesi) — Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласында орналасқан жоғары оқу орны. ## ХҚТУ құрылуы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті – Қазақстанның озық көп салалы университеттерінің бірі. Ахмет Ясауи университеті жыл сайын университеттердің ұлттық рейтингісінде ондықтың қатарынан  (2018 ж. 6-шы орын) көрініп жүрген, заманауи білім және ғылым саясатын жүзеге асыратын, тұрақты кәсіби және тұлғалық дамуды басшылыққа алатын инновациялық университет. Университет классикалық профильдегі университеттердің арасында ең алғашқысы, мұнда тұңғыш рет сонау 1992 жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық мамандар даярлығы ашылған болатын. Университет құрамында медициналық факультеті бар халықаралық «full university» жоғары оқу орындарының категориясына кіреді.   Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде бакалавриат, интернатура,  магистратура, резидентура және докторантура сияқты көп деңгейлі бағдарламалар жүйесі негізінде жоғары базалық білім беруді қамтамасыз етеді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне қабылдау мемлекеттік білім беру гранттары, келісімшарт (ақылы) және Түркия квотасы негізінде 105 мамандық бойынша білікті мамандарды даярлауды жүзеге асырады. Университет құрамында 10 факультет, Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебі, кәсіби колледж, 6 ғылыми-зерттеу институты, докторлық диссертацияларды қорғау бойынша мамандандырылған диссертациялық кеңес қызмет көрсетуде. Университетте 10 мыңға жуық студент, интерндер, магистранттар, резиденттер мен докторанттар білім алуда. ## Тарихы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ашылу және қалыптасу тарихы түркі өркениетінде ерекше орын алған Түркістан қаласының 1500 жылдық тарихымен байланысты. Көне қаланың айрықша геосаяси орналасуы мен оның түркі халықтарының мойындалған рухани орталығы ретіндегі маңызын ескере отырып университетті заманауи жоғары білікті мамандарды даярлаумен қатар құрудың негізгі мақсаты түркі халықтарының ғылыми және мәдени көне орталығы, түркі әлемінің заманауи рухани астанасы – Түркістан қаласын жандандыру және дамыту болып табылады. Университет Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеке бастамасымен 1991 жылы 6 маусымда ашылған болатын (1991 жылғы 06 маусымдағы 329 жарлық, Алматы). Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың және Түркия Республикасының премьер-министрі Сүлейман Демирелдің ресми кездесуі кезінде 1992 жылдың 1 мамырында «халықаралық университетті» құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілген болатын. 1992 жылы 31 қазанда Анкарада Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының Үкіметтері арасында осы оқу орнын «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті етіп қайта құру туралы» келісімге қол қойылды. Келісім Қазақстан және Түркия Парламенттері ратификациялағаннан кейін күшіне енді. Университеттің Қазақстан үшін бірыңғай корпоративті басқару жүйесі бар. Қазақстан және Түркия үкіметтері бекіткен Жарғыға сәйкес Үкіметаралық Өкілетті Кеңес (Анкара) Жоғары басқару органы болып табылады, ол университеттің жалпы басшылығын паритеттік бастамада қамтамасыз етеді және он кеңес мүшесінен тұрады, оның ішінде бес мүшесін Қазақстан Республикасы Үкіметі, қалған бес мүшесін Түркия Республикасы Үкіметі тағайындайды. Қаржыландыру республикалық бюджеттен және Түркия Республикасы бюджетінен жүргізіледі. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ құрылған күннен бастап әрдайым екі бауырлас түркі тілдес мемлекет басшыларының назарында, олар университетке бірнеше рет ресми сапармен келіп, түркі тілдес мемлекеттердің студент жастары арасынан қазіргі заманға сай мамандарға интернационалды тәрбие беру және сапалы даярлау орталығы ретінде оған әрдайым айрықша көңіл бөлді. Ахмет Ясауи университеті — түркі әлеміндегі бірегей университет, ЖОО-да әлемнің 17 елінің жастары мен 30 ұлт пен ұлыс өкілдері арасында мәдениетаралық диалогы мен ұлтаралық толерантты тәрбие жүріп жатыр. Қазіргі жаһандану жағдайында Түркі тілдес әлемді рухани біріктіруші білім беру орталығы ретінде Ахмет Ясауи университетінің идеологиялық маңызы зор. 2018 жылдан бастап ХҚТУ түркі тілдес мемлекет университеттер Кеңесінің төрағасы болып табылады, оған Түркияның, Қазақстанның, Қырғызстанның, Әзербайжанның 19 университеті кіреді. Университет миссиясы – түркі тілдес мемлекеттер мен қауымдастықтардан келген жастар үшін  сапалы білім ұсыну, инновациялық білім мен ғылыми зерттеулер саласында көшбасшы болу. Мақсаты –  инновациялық ғылыми және білім беру технологияларын белсенді ендіретін, қарқынды түрде дамушы университет құру. Басты құндылықтар: Рухани жаңғыру. Достық, теңдік және толеранттылық, Ашықтық, Өнегелілік, Кәсіпқойлық, Инновациялылық. Университет 2007 жылдың мамырында Болон декларациясына қосылу туралы Меморандумға қол қойды және 2010 жылғы қыркүйекте Болон декларациясының негізі болып табылатын Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. Егер 1991 жылы бірінші іріктеу нәтижесінде университетке 332 студент қабылданса, онда қазіргі студенттер контингенті 10 мыңға жуық студентті, интерндерді, магистранттар мен докторанттарды құрайды, оның ішінде 1,5 мыңға жуық студент (контингенттен 15%) алыс және таяу шетелдің түркі тілдес мемлекеттерінен келген. Үкіметаралық келісімшарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ үшін алыс және таяу шетелдің түркі тілдес мемлекеттерінің студент жастарын оқытуға 200 арнаулы мемлекеттік білім беру грантын бөледі. Университетке ең дарынды және талантты жастарды тарту мақсатында Үкіметаралық Өкілетті Кенестің шешімімен (Анкара) Түркия бюджетінен жыл сайын ҰБТ қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай алған, бірақ мемлекеттік білім беру грантын алу конкурсынан өтпеген қазақстандық талапкерлер үшін 500 білім беру гранты бөлінеді. Білім беру қызметі бакалавриаттың 54, магистратураның 30, PhD докторантураның 11, резидентураның 3, интернатураның 7 мамандықтары бойынша жаратылыстану, гуманитарлық, экономикалық, заң, әлеуметтік, медициналық, техникалық ғылымдар, білім беру, бизнес, қызмет көрсету және өнер бағыттары бойынша жүзеге асырылады. 2018-2019 оқу жылы университетте 71 доктор, 282 ғылым кандидаты, 67 РhD доктор жұмыс істейді. Оның ішінде 5 % - Түркия мен басқа мемлекеттерден келген шетелдік оқытушылар. Оқу қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. ## Оқу үдерісі Университетте үш деңгейлі оқыту жүйесі: Болон үдерісі талаптарына сәйкес бакалавриат-магистратура-докторантура (резидентура) ендірілген. ### 2018-2019 оқу жылы * алдыңғы қатардағы ЖОО-ның озық әлемдік тәжірибесіне бағдарланған білім беру бағдарламалары, сондай-ақ «Зауыт-Университет» және «Major and Minor» үлгісі бойынша тәжірибеге бағдарланған заманауи оқыту қағидалары түрлендірілді және үйлестірілді; * шетел профессорлары мен мамандар арқылы еуропалық тәжірибемен және әдістермен алмасу, оларды оқу үдерісіне жаңа инновациялық технологияларды трансляциялау мақсатында университетке шақыру тұрақты негізде жүзеге асырылады; * бакалавриат деңгейінде техникалық мамандықтар мен экономика үшін «Кентау трансформатор зауытымен» дуалды оқыту жүйесі бойынша білім беру бағдарламалары әзірленді; * педагогикалық мамандықтар бойынша оқу бағдарламаларына орта мектептің инновациялары (Назарбаев интеллектуалды мектеп тәжірибесі бойынша жаңартылған мазмұн, критерийлік бағалау, сыни ойлау және т.б.) ендірілуде; * ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Назарбаев университетінің жобалық тәсілі мен тәжірибесі негізінде Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебі Мұрағатталған 26 ақпанның 2019 жылы. құрылды; * студенттердің шетелдік жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлық бағдарламалары кеңейтілген; * 3+1, Эразмус + білім беру бағдарламаларын, қос диплом бағдарламаларын, шетелде білім алушылардың тәжірибесін батыстық ЖОО-на бағыттар бойынша ендіру; * университетті басқару жүйесіне Болашақ, Мевлана, Эразмус т.с.с. бағдарламалар аясында шетелдік оқу орындарында менеджмент саласында кәсіби біліктілікті жетілдіру арқылы әлемдік тәжірибе енгізілді; * Түркияда магистратура және PhD докторантура бағдарламалары бойынша арнаулы оқу арқылы дәрежелі оқытушылардың үлесі артты; * Инновациялық инфрақұрылымды дамыту элементтері (технологияларды коммерциализациялау оффисі, технопарк, стартаптар т.б.) құрылуда; * тренингтік Кәсіби даму орталығы құрылды (университеттің ОПҚ мен қызметкерлер үшін), мұнда оқытушылардың кәсіби шеберлігі мен біліктілігі арттырылады, озық университеттердің (Назарбаев Унтиверситет, Мармара, Гази университеттері т.б.) тәжірибесін трансляциялау арқылы олардың кәсіби дағдылары жетілдіріледі; * жаңа Түркістан облысының экономика және әлеуметтік сала қажеттіліктеріне сәйкес агрономия, ветеринарлық медицина, құрылыс, сәулет, жобалық менеджмент сияқты жаңа перспективті мамандықтарды ашу бойынша жұмыс жүргізілуде; * «Атамакен» ҰКП Түркістан филиалымен, жұмыс берушілермен оқу бағдарламаларын жаңарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде; * Университетте зертхана, интернет-кластар, спутниктік бейнеконференция жүйесі (онлайн режимінде озық шетел ғалымдарының лекциялары), жаңа бағыттағы компьютерлер, оқу кабинеттері бар, онда оқу үдерісін қарқындатуға және ғылыми зерттеулер өткізуге мүмкіндік беретін зертханалық жабдықтар, макеттер бар; * Назарбаев Университеті тәжірибесі негізінде Үкіметаралық Өкілетті Кенестің шешімімен дайындық факультетінде «Foundation» бағдарламасы ашылды, оның мақсаты тыңдаушыларды ағылшын және түрік тілдеріне көп деңгейлі тереңдетіп оқыту. Аталмыш бағдарламаға республикалық конкурс қорытындысы бойынша Түркия грантын алған Қазақстан азаматтары және Қазақстан Үкіметінің грантына түскен шетелдіктер қабылданады. «Foundation» бағдарламасы бойынша оқуын сәтті аяқтағандар өздерінің таңдаған бакалавриат мамандығының 1 курсына қабылданып, одан кейін арнайы көптілді топтарда оқиды; * жыл сайын Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасы (іріктеу онлайн режимінде, қорытынды сынақ және бағалау тікелей университетте) өткізіледі. Олимпиада жеңімпаздарына университетте тегін білім беру сертификаты табысталады. ## Факультеттер/мектептер * Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебі Мұрағатталған 26 ақпанның 2019 жылы. * Жаратылыстану факультеті * Инженерия факультеті * Әлеуметтік ғылымдар факультеті * Гуманитарлық ғылымдар факультеті * Филология факультеті * Өнер факультеті * Медицина факультеті * Стоматология факультеті * Университеттен кейінгі медициналық білім беру факультеті Мұрағатталған 31 қазанның 2019 жылы. * Дайындық факультеті («Foundation») Мұрағатталған 19 қаңтардың 2019 жылы.. ## Институттар * «Түркология» ғылыми-зерттеу институты * «Археология» ғылыми-зерттеу институты * «Ясауи» ғылыми-зерттеу институты * «Еуразия» ғылыми-зерттеу институты Мұрағатталған 7 ақпанның 2019 жылы. * «Жаратылыстану» ғылыми-зерттеу институты * «Экология» ғылыми-зерттеу институты ## Университетке қарасты * Студенттер кәсіподағы * Ғылыми кітапхана * Ясауи колледжі * ХҚТУ тарих мұражайы * Түркі халықтарының тарихи панорамалық мұражайы * «Ясауи» мұражайы * ХҚТУ КТК командасы * «Би султан» би ансамблі * Халық аспаптары фольклорлық ансамблі * Студенттік драма театры * Түркі жастарының мюзикл театры * Университет студенттерінің вокалды-аспап ансамблі * Ақпараттық орталық * ХҚТУ Хабарлары * «Ясауи» газеті * Қызметкерлер кәсіподағы * Түлектер ассоциациясы * Жұмыс берушілер кеңесі * «Тұран» баспасы * ХҚТУ дебаттық клубы * ХҚТУ интеллектуалды клубы * Студенттер дискуссиялық клубы * 50- ге жуық өзге де студенттер бірлестігі, клубтар мен ұйымдар * «Ясауи» интернет-радио ## Медициналық клиникалар Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті – медицина факультеті студенттерінің теориялық білімі мен іс-тәжірибесін үйлестіретін 120 науқас орынға арналған Клинико-диагностикалық орталық пен Стоматологиялық поликлиникасы бар Қазақстандағы жалғыз университет. Клинико-диагностикалық орталық (Клиника) университеттің медицина факультетінің әлеуеті өте зор тәжірибе базасына ие, стандарттарға толық жауап беретін, заманауи диагностикалық құрал-жабдықтармен жабдықталған озық денсаулық сақтау мекемесі ретінде құрылған. Клинико-диагностикалық орталықтың құрылысы Түркия Республикасымен қаржыландырылып, 2006 жылы аяқталды. Қазіргі таңда клиника Түркістан қаласы мен аймақ тұрғындарына сапалы медициналық қызметтер ұсынуда. Клиниканың қызметі үш негізгі бағытта жүзеге асырылады: медициналық көмек көрсету, денсаулық сақтау саласында мамандар әзірлеу және дәрігерлерді дипломнан кейінгі даярлау бағыты. Университеттің Клиника-диагностикалық орталығы стационарлық мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек, мамандандырылған жедел медициналық көмек көрсетеді, бір ауысымда 50-60 адам қабылдау мүмкіндігі бар травматологиялық пункт жұмыс істейді. Жыл сайын клиникаға медициналық көмекке 65 мың адам жүгінеді, 7 мыңға жуық науқас стационарлық емдеуден өтеді, 1500-ге жуық науқасқа аса күрделі ота жасалады. 2019 жылдан бастап заманауи құрал-жабдықпен жабдықталған стоматологиялық клиника өз жұмысын бастайды. ## Қашықтан білім беру технологиялары 2001 жылы Анкарада орналасқан және Еуропадан, Түркиядан, ТМД-дан, Қазақстаннан 7 000-ға жуық білім алушы, Түркияның озық университеттерінің 120 астам ОПҚ орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 16 мамандығы бойынша колледж – бакалавриат – магистратура бағдарламаларын жүзеге асыратын ТҮРТЕП халықаралық қашықтықтан оқыту институты құрылды. Бүгінде ТҮРТЕП онлайн білім беру саласындағы көшбасшы, оның тәжірибесін Түркияның озық ЖОО қабылдауда. ТҮРТЕП-тің оң тәжірибесі негізінде 2016 жылдың қаңтарында Үкіметаралық Өкілетті Кенестің шешімімен Түркістанда пилоттық режимде магистратураның 5 мамандығы бойынша ҚазТеп (қазақ тілінде қашықтықтан білім беру технологиясы) қашықтықтан білім беру институты ашылды. ҚазТЕП-те қашықтықтан оқытудың озық тәжірибесі 2019 жылдан бастап бакалавриаттың 20 мамандығы және магистратураның 8 мамандығы бойынша жүзеге асырылатын болады. ҚазТЕП-тің мақсатты аудиториясы – бұл оқу кестесі мен білім беру траекториясы  қолайлы, қазіргі заманға сай озық білім беру тәжірибесі негізінде өзінің тұрғылықты орны мен уақытына қарамастан қашықтықтан екінші жоғары білімді немесе колледжден кейінгі білімді, сондай-ақ магистрлік дәреже алғысы келетін өндірісте жұмыс істейтін тұлғалар. Қазіргі таңда ҚазТЕП өзінің білім алушыларына төмендегілер негізінде сапалы білім бере алады: * авторлық қашықтықтан оқыту курстарын әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының озық ғалымдары мен профессорларын тарту; * заманауи ІТ технологияларды тиімді пайдалану; * барлық ЖОО мен өндірістен озық ғалымдар мен мамандардың мүмкіндіктерін жинау; * тьютор-мықты тәжірибешілердің өз саласында өткізетін практикалық вебинарлары; * ыңғайлы төлем формасымен дербес оқу кестесі. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуде өз саласында беделге ие бағыттар бойынша ірі мамандар тартылған болатын, сондай-ақ өзге ЖОО-ның мамандар даярлаудың ерекшелігі мен еңбек нарығы жан-жақты зерттелген болатын. ҚазТЕП-тің мақсаты – халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында қашықтықтан білім берудің жаңа тармағын құру. ## Ғылым Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметі негізінде білімді, ғылым мен инновациялық қызметті одан әрі біріктіру үдерісі қамтылған. Университет ғалымдары түркология, археология, дінтану, тарих, экономика, математика, физика, ақпараттық технологиялар, электроэнергетика, биотехнология, медицина т.с.с. салада зерттеулер жүргізуде. Жалпы зерттеулер ҚР-да ғылымды дамытудың 7 басым бағытының ішінде 5 бағыт аясында жүргізіледі: табиғи, оның ішінде су ресурстары, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкцияларды тиімді пайдалану; энергетика және машина құрылысы, ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары аясында ғылыми зерттеулер; өмір және денсаулық туралы ғылым; елдің экономикалық өсуі, қауіпсіздігі мен бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін «Мәңгілік елдің» қажетті ғылыми негіздері. Университет қазіргі таңда перспективті және ұзақ мерзімді сипаттағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің орындаушысы болып табылады. Университеттің өз ғылыми мектептері құрылды, аймақты әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамытудың өзекті мәселелерін шешу мүмкіндіктері мен ғылыми дайындамалары бар. Университеттің ғылыми-зерттеу жұмысы білім алушыларды ҒЗЖ мемлекетік бюджеттік бағдарламалар мен түрлі келісімшарттар бойынша орындау үшін білім беру қызметімен өзара байланыстырыла отырып тарту арқылы жүргізіледі. Университетте: * «ҚР Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-да бекітілген, университеттің Үкіметаралық Өкілетті Кенесінің 150,0 млн. теңгеге қаржыландыратын ҒЗЖ-ның 12 бастамашы бағыттары; * 11 ЖОО ішілік жобалар; * 13 шаруашылық келісімшарт жобалары; * ҚР Ғылым комитеті қаржыландыратын 11 гранттық жоба бар (2018-2020 ж.ж.); * коммерциаландыру бойынша ғылыми гранттар – университет ғылымын дамытудың жаңа бағыты: республикалық конкурс қорытындылары бойынша Коммерциаландыру бойынша ғылым қорынан 4 ірі грант алынды. Түркияда шығарылатын «Bilig» университет журналы Clarivate Analytics (Tomson Reuters) және Scopus озық халықаралық ғылыми базаларда индексацияланған, ХҚТУ «Хабаршы» журналы ҚР БҒМ Бақылау комитетінің ұсынылған басылымдар тізіміне 2018 жылдың желтоқсан айында қосылған. Технологияларды коммерциализациялау кеңсесі ашылды, ол университетте құрылатын инновациялық инфрақұрылымның негізгі базалық элементі болып табылады. 2018 жылдың қарашасында Кентау қаласында Кентау трансформатор зауытымен (КТЗ) энергетика, сандық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында Технопарктің негізі қаланды. Оның дамуы ODTÜ,  BILKENT КИБЕРПАРК, Мармара, Гази, Йылдыз университеттері сияқты Түркия университеттерінің озық технопарктерін құру тәжірибесі негізінде жүзеге асырылатын болады. Студенттер технопаркте әзірленген: «КТЗ мамандары үшін виртуалды жұмыс кеңістігі», «КТЗ үшін электронды құжатайналым жүйесі», «Түркістан аймағы тарихи-мәдени ескерткіштерінің 3D тур» Стартап жобаларын жүзеге асырды. Түркістан экономикалық еркін аймақта (Түркістан облысы әкімшілігімен бірлесе) ХҚТУ Технопаркін құру жоспарланған. Университетте «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Түркістан қаласында ендіруге «Smart campus» және «Smart қала» концепциялары әзірленді. Екі талантты жас ғалым, «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының PhD докторлары Омаров Бақытжан және Баймуханбетов Бағдат ең ірі әлемдік Scopus (ELSEVIER) компаниясы ұйымдастырған Орталық Азия үшін «BestResearcherinHumanities» категориясында Scopus Award-2018 конкурсында жеңіске жетті. Үкіметаралық Өкілетті Кенестің шешімімен университет құрылымына Түркістан аймағының әлеуметтік саласын, экономиканы дамыту мәселелерімен айналысатын «Еуразия» ҒЗИ қосылды. Университеттің археолог-ғалымдары осы жылдың күзінде ежелгі Сығанақ қалашығында ауқымды жұмыстар кешенін жүргізді, бұл осы нысанды ЮНЕСКО мәдени мұра тізіміне қосу бойынша мәселені көтеруге септігін тигізді. Университеттің археолог-ғалымдары: «Орта түрік жазбаша ескерткіштер тілінде этномәдени атаулар және олардың заманауи түркі тілдерінде көрінісі», «Мұрағатта және қолжазба орталықтарында Түркістан өлкесінің аңыз әңгімелері мен ертегілері: археографиялық зерттеу, жарияланым, пікірлер» (жүз томға кірмеген материалдар), «Орыс дерек көздерінде Түркістан өлкесінің тарихы бойынша тарихи- -этнолингвистикалық көздер», «Түркістан өлкесінен шыққан шығыс әлемінің танымал тұлғалары мен ойшылдары», «Ежелгі Қаңлы халқының жазба мұрасы» жобаларын белсенділікпен әзірлеуде. «Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы» президиумымен инновациялық биотехнология әдістерін пайдалану және және Оңтүстік Қазақстанның қола дәуірінен бастап бүгінге дейінгі мәдени және генетикалық басымдығын зерттеу негізінде аймақтың ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған екі жоба мақұлданды. Университеттің ғылыми жұмыстарын қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 1 млрд. теңгені құрайды (университеттің тартылған бюджетінің 15% -ы). ҚР БҒМ Ұлттық биотехнология орталығы, ҚР БҒМ Ақпараттық және есептеу технологиясы институты, ҚР БҒМ Тарих және этнология институты сияқты мемлекеттің озық ғылыми орталықтарымен ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімшарттарға қол қойылды. ### ХҚТУ-нің ғылыми басылымдары * Clarivate Analytics, Scopus (http://ayu.edu.kz/scientific-publications мәліметтер базасына кіретін «Bilig» (Түркияда шығарылады); * «Ясауи университетінің хабаршысы» (философия, тарих, педагогика, филология бағыттары ҚР БҒМ БҒСБК басылымдар тізіміне  қосылды; * «Түркология»; * «Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің хабарлары (математика, физика, информатика сериясы)»; * «Ayhaber», «Азия-Европа», «Е-бюллетень» ғылыми-танымал және ақпараттық-сараптама журналдары (http://eurasian- research.org/kk/research/asya-avrupa; * «Ясауи университеті» университет газеті. ### Ботаникалық бақ Университеттің Арал-Сырдария экологиялық қолайсыз аймақта құрылған  және ЮНЕСКО халықаралық сыйлығын алған Ботаникалық бағы бар. Ботаникалық бақтың жалпы алаңы 88 га. Бақтың құрылуын 1992 жылы ҚР ҰҒА Ботаникалық ғылыми-зерттеу институты қарап бекітті. Қазақстан, Ресей және Өзбекстан ғалым-ботаниктерінің ойынша Түркістан ботаникалық бағы биологиялық және экологиялық мәселелерді шешу бойынша интродуктивті ғылым орталығы болып табылады. Ботаникалық бақ университеттің жаратылыстану және медицина факультеттері үшін оқу полигоны болып саналады, мұнда оқу-әдістемелік және ғылыми-өндірістік қызмет жүзеге асырылады. Қазақстанда мұндай бақ тек ХҚТУ аймағында ғана бар. Ботаникалық бақта декоративті және жеміс ағаштарының 150 түрі мен сорты кездеседі. Ботаникалық бақ негізінде «Ғылым қоры» грантының қолдауымен ҒЗИ нәтижелерін коммерциализациялау бойынша 282 млн. теңге мөлшерінде ірі жобаны жүзеге асыру басталды, оның нәтижелері Түркістан қаласы аумағында «жасыл белбеуді» орналастыруға бағытталатын болады. ## Сапа менеджменті 2018 жылдың желтоқсанында ХҚТУ Түрік стандарттау институтымен TSE (Türk Standardlari Enstitüsü) ISO 9001:2015 талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін сертификациялау процедурасынан өтті. ### Рейтинг Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттіктің 2018 жылғы рейтингісіне сәйкес ХҚТУ республиканың көп салалы университеттерінің арасында 6-шы орынды иеленеді. БСҚТҚА (Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттік) жасаған рейтингке сәйкес 2018 жылы ХҚТУ-нің білім беру бағдарламалары келесідей орынды иеленеді: 1-ші орын – 5В050700 – Менеджмент, 6М050700 – Менеджмент, 5В011400 –  Тарих. 2-ші орын – 5В050600 – Экономика, 5В010900 – Математика, 5В011200 – Химия. 5В090200 –Туризм. 3-ші орын – 5В060800 – Экология. 2018 жылы «Атамекен» ҰКП рейтинг қорытындысы бойынша университеттің 5В060800 – Экология білім беру бағдарламасы ҚР 40 ЖОО білім беру бағдарламалары арасында 2-ші орынды иеленді. Университет 2018 жылы Academic Ranking of World Universities-European Standard ARES-2018 (ARES-2018) Халықаралық жоғары оқу орындар рейтингісінде Қазақстанның 96 ЖОО арасында 11-ші орынды иеленді. Рейтингті Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палата жүргізді. ARES-2018  рейтингісіне Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша еуропалық ассоциация мен Жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің еуропалық тіркелімнің қабылдаған және Еурокомиссияның мақұлдаған Еуропалық университеттік білім беру стандартының жаңа ережелері қосылды. ### Аккредитация Университет Қазақстанның екі негізгі аккредитациялық агенттіктерінде БСҚТҚА (Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттік), АРТА (Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі) институционалды және мамандандырылған аккредитациядан өтті. АРТА Білім беру сапасы кепілдігі бойынша агенттіктердің Еуропалық тізіліміне (EQAR)  қосылған және ТМД елдерінің ішіндегі Бүкіләлемдік Медициналық Білім Федерациясы (WFME) мойындаған жалғыз ұйым болып табылады. ## Даму стратегиясы 2018 жылдың қарашасында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Үкіметаралық Өкілетті Кенестің шешімімен университеттің 2023 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары мақұлданды, ол келесідей стратегиялық басымдықтарды қарастырады: оқыту сапасы мен кәсіби білімді дамыту, тәжірибелік-бағдарланған озық зерттеулерді ұйымдастыру, тиімді серіктестік және халықаралық серіктестікті дамыту, тиімді корпоративтік басқару және инфрақұрылым мен ресурстарды дамыту. 2015 жылдың қыркүйегінде түркі тілдес мемлекет басшыларының V Саммитінде Қазақстан Республикасының президенті Н.А.Назарбаев «ортақ білім беру кеңістігін қалыптастыруды жылдамдату мақсатында Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бүкіл түркі әлемінің оқу орнына айналдыру қажет» деген маңызды бастаманы алға тартты. ## Серіктес-университеттер ХҚТУ 50-ден астам университеттермен ынтымақтастық етеді. Орташа есеппен, 100-ге жуық студент жыл сайын шетелге оқуға жіберіледі. Серіктес-университеттер қатарында: ## ХҚТУ университет кешені Материалдық-техникалық базаның жабдықталу деңгейі бойынша университет Қазақстанның озық ЖОО-ның бірі болып саналады.  Университеттің студенттер қалашығы (кампус) ауданы 227 гектар территорияны алуда. Оның ішінде 88 гектары - ботаникалық баққа, 80 гектары оқытушы-профессорлар құрамына арналған екі қабатты коттедждердің тұрғын үй кешеніне бөлінген, ал 59 гектарға оқу ғимараттары, спорт кешені, 800 орынға арналған Мәдениет орталығы мен басқа да ғимараттар орналасқан. Ашық және жабық спорт алаңдарының жалпы ауданы – 50 000 шаршы м. жоғары. Қалашық аумағында 1 500 орынға арналған жатақханалар кешені, «Тұран» қонақүйі, 400 орынға арналған студенттер асханасы орналасқан. Университет құрамына Түркістан, Кентау, Шымкент қалаларындағы оқу корпустары мен жатақханалар кешені, 84 орындық үш жұлдызды «Яссы» қонақүйі, жабық жүзу бассейні кіреді. Университет қалашығын салу үшін Түркиядан 100 млн долларға жуық қайырымдылық қаржы құралдары тартылған болатын. Кампус құрылысы Түркістан қаласының өзіне де оң әсерін тигізді: ол тарихи ғана емес, заманауи студенттер қалашығына айналды. Университет кешені (кампус) Б.Саттарханов 29 даңғылы бойынша орналасқан. Кешен құрылысы 1996 жылы басталған болатын. Жобаны озық қазақстандық және түркиялық мамандардың авторлық ұжымы әзірледі. Құрылыс екі кезекпен жүзеге асырылды: бірінші кезек гуманитарлық, жаратылыстану, медицина факультеттерінің оқу корпустарын, ректорат және ғылыми-зерттеу мақсатындағы ғимараттарды, Мәдениет орталығын, жатақханаларды, спорт кешенін, поликлиниканы, шаруашылық құрылғыларды салудан тұрды; екінші кезек жаратылыстану ғылымдары, инженерия, ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар мен 400 мың дана кітапқа арналған кітапхана, жатақханалар т.б. құрылысын салуды көздеді. 2018 жылдың қарашасында Үкіметаралық Өкілетті Кенеспен ХҚТУ дамытудың жаңа Бас жоспары бекітілді, ол алдағы 5 жылда жаңа корпустар мен жатақханалар салуды қарастырады: 1-ші кезең – 2500 орынға арналған оқу корпусы, 500 орындық студенттер жатақханасы, ОПҚ үшін 6 сегізпәтерлі екіқабатты коттедж, Ботаникалық бақта оқу-практикалық дәрістер өткізуге арналған ғимарат, Студенттерге қызмет көрсету орталығының кешенді ғимараты. 2-ші кезең – 500 орындық ОПҚ арналған ғимарат, 600 орынға арналған студенттер жатақханасы, автотехника паркі. 3-ші кезең – 500 орындық оқу корпусы, колледж үшін 1000 орынға арналған оқу корпусы, колледж үшін 600 орынға арналған студенттер жатақханасы, 60 орынға арналған балалар бақшасы, әскери кафедраға арналған ғимараттар кешені, Ғылыми-зерттеу орталығының, Интеллектуалды мектептің, Орталық кітапхананың, әлеуметтік-мәдени нысандардың, сауда орталығының ғимараттар кешені, қоғамдық тамақтану және банк қызметтері кешені, оқытушылар үшін отбасылық жатақхана. ## ХҚТУ студенттер ректораты. Студенттік клубтар мен ұйымдар ХҚТУ студенттер ректораты – мүшелері студенттер контингентімен сайланатын және университет әкімшілігінде студенттердің мүдделерін танытатын ұйым. Ректорат мүшелері дауыс құқығына ие бола отырып ЖОО-ның барлық комитеттерінің жұмыстарына қатысады. 2016-2018 оқу жылы студенттер ректорының міндетін - Берікбаев Диас, 2018 жылдан бастап Тұрсынхан Уміт атқаруда. ХҚТУ базасында 50-ге жуық студенттер клубы жұмыс істейді, оның ішінде: «ШАҢЫРАҚ», «Түркі әлемінің жастары» студенттер клубының басқармасы, «Мұра», «Medical Tokens», «Интеллектуалды ойындар», «Халықаралық қатынастар», «КТК-ХҚТУ Самұрықтары», «Кино және сурет» т.б. интеллектуалды дебаттық клубтар. ## Көшбасшы қасиеттерін дамыту бағдарламасы Тұлғалық даму мен көшбасшылық туралы лекцияларды өткізу үшін көшбасшылық қасиеттерді дамыту бағдарламасына саясат, бизнес және ғылым жөнінен танымал қазақстандық және шетелдік өкілдер шақырылады. Аталмыш бағдарлама өзінің тыңдаушыларына Нобель сыйлығының лауреаты, профессор Азиз Санжар, БҰҰ Жастар және жастар саясаты ісі бойынша Департамент директоры Властемил Самек, Нобель сыйлығының ізденушісі, Орта шығыс техникалық университетінің профессоры Билге Демиргөз (Түркия), Астана қ. Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб Басқарушы комитетінің төрағасы Байменов Алихан Мухамедиұлы, Қазақстанның мемлекетік саяси қайраткері, дипломат  Абықаев Нұртай Абықайұлы, Дүниежүзі қазақтарының Қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрғасының орынбасары Шаимова Айгүл Амантайқызы сияқты тұлғалармен, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлектерімен, блогерлер тобының көшбасшылары Нұрлан Жанайым, Абзал Досым, ғалым және қоғам қайраткері Омар Жәлел т.б. кездесуге мүмкіндік береді. ## Студенттерді орналастыру ХҚТУ аймақтағы ең жақсы жатақханалардың біріне ие. Университет жатақханаларында 3200-ден астам, оның ішінде таяу және алыс шетелден келген студенттер тұрады. Студенттер асхана, кір жуатын орын, компьютер сыныптары, сымсыз Интернетпен өз бетінше сабақ оқу бөлмелерінің қызметтерін пайдалана алады. Мұнда кітапханалар, оқу залы, буфеттер, жаттығу залы, т.с.с. жұмыс істейді. Жатақхана жанында жазғы спорт кешендері мен футбол алаңдары, жабық жүзу бассейні жұмыс істейді. Жатақханада тәулік бойы және демалыссыз қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері кезекшілік етеді. ## «Рухани жаңғыру» ғылыми-практикалық орталығы Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» мақаласының бағдарламалық мақсаттарын жүзеге асыру, жастардың бойынан патриоттық және азаматтық сәйкестік сезімін қалыптастыру мақсатында 2018 жылдың тамыз айында «Рухани жаңғыру» ғылыми-практикалық орталығы құрылды. Негізгі міндеттері: * «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпаратты толқын» ішкі бағдарламаларына сәйкес арнайы жобаларды әзірлеу; * ХХІ ғасырда ұлттық сананы қалыптастырудың ғылыми-практикалық әдістемесін «Бәсекелік қабілет», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Сананың ашықтығы» атты 6 басым бағытта әзірлеу. ## Университет студенттерінің спорттық жетістіктері Университет өзінің студенттерінің спорттық жетістіктерімен танымал. Б.Саттарханов – бокстан бірінші олимпиада чемпионы (2000 ж.), Мұхтархан Ділдәбеков – 1999 жылғы әлем чемпионы, 2000 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Таңатаров Ақжүрек –Лондон Олимпиадасының  қол жүлдегері (еркін күрес), Дидар Хамза және Бағлан Ибрагимов – Джакарта қаласында өткен «Азиада – 2018» чемпиондары, Бек Нұрмағамбетов, Қайрат Ералиев  – бокстан әлем чемпиондары, Аширов Меиржан – студенттер арасында еркін күрестен әлем чемпионы, Абдығани Бейбарыс – самбодан әлем чемпионы, Абдрахманов Ғалымжан және Құрымбаев Мади – қазақша күрестен әлем чемпиондары, Серікұлы Арман – таэквондодан әлемдік біріншілік жүлдегері, Паиз Жадра – самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Жылқыбаева Айжан – Азия ойындарының күміс жүлдегері – дзюдо (Джакарта), Жақып Біржан – үш Олимпиада қатысушысы (бокс), Лондон Олимпиадасының қатысушылары Ермек Байдуашев, Жұмағалиев Даурен, Ниязбеков Даулет, дзюдо, самбо, қазақша күрестен ҚР чемпионы – Малимгереев Нұрым, баскетболдан әйелдер командасы – ҚР 2-дүркін чемпионы, универсиадалардың 3-дүркін жүлдегері, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ құрама командасы – универсиаданың күміс жүлдегері (тоғызқұмалақ, армрестлинг, волейбол, жағажай футболы, таэквондо), универсиаданың қол жүлдегері (карате, еркін күрес, дзюдо, қазақша күрес, футбол, волейбол) т.б. ## Ректорлар ## Танымал түлектер мен студенттер ## Тағы қараңыз * Халықаралық түрікмен-түрік университеті * «Манас» Қырғыз-Түрік университеті Мұрағатталған 22 ақпанның 2019 жылы. * ## Сыртқы сілтемелер * ХҚТУ-нің ресми сайты (http://ayu.edu.kz/) * ХҚТУ-нің электронды кітапханасы (http://lib.ayu.edu.kz/)
Айтбозым — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша Ұлы жүздегі Сіргелі тайпасынан таратылады. Ұраны — Қурай, таңбасы — Сірге. Шежіре бойынша Үйсін, Ойсыл бір туады. Ойсыл Сіргелі деген лақап атымен белгілі. Одан Елбақ, Жаңабай, Жайдақ, Батыр, Шалдар, Байжігіт, Есентай, Уылдырық (Ақкеңірдек), Буылдырық (Қаракеңірдек), Тутамғалы, Қайшылы деген 11 ұл тараған. Айтбозым осының Елбақ бөлігінен тарап, үлкен руға айналған. Айтбозым — Сақалай, Топыш, Қалыбек, Жәнібек, Саспақ, Жарас аталарына бөлінеді. Айтбозым руының ежелгі қонысы — Ташкент маңы. ## Сілтемелер * Қазақ энциклопедиясы, 1-том
Бөгенбай Үйтамы — 19 ғасырдағы архитектуралық ескерткіш, қазақ даласындағы мемориалдық құрылыстарының бірі. Шу өзенінің оң жағасында, Той өткелінен төмен қарай 43 км жерде. 1988 жылы Алматы архитектура және құрылыс институтының экспедициясы (жетекшісі Е. Бәйтенов) зерттеген. Үйтам шикі кірпіштен салынған, тікбұрышты (8,5 х 5,5 м), төбесі түйетайлы. Құрылыстың көлденең қабырғалары ұзын қабырғаларынан биіктеу, орта тұсы жоғары қарай үшбұрыштанып біткен, ішінен қарағанда оның әрқайсысының ортасында аркалы қуыс, жоғарғы жақтарында үшбұрышты ойық бар. Аркалы қуыс ұзын қабырғаларда да бар. Кіретін есік оңтүстік-шығыс бетінде. Ұзын арқалықты (өрлікті) ортадағы мәткелі бағана тіреп тұр. Бір басы арқалыққа, екінші басы ұзын қабырғаларға айқасқан төртқырлы (9х11 см) дөрекілеу өңделген шабақ-бөренелер темір шегелермен бекітілген. Шабақтардың үстіне сырғауылдарды көлденеңінен тастап, оның үстін қамыспен жапқанға ұқсайды. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Үкімет басшысы — мемлекеттегі жоғарғы алқалы органының атқарушы билігінің немесе оның өзін-өзі басқаратын бөлігінің басшысы. Үкімет басшысы, конституциялық құқықта — мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы органының жетекшісі: парламентарийлер басқаратын елдерде — премьер-министр, министрлер кеңесінің төрағасы, канцлер; үкімет басшысы жоқ президенттік республикаларда оның атқарымын орындаушы — президент. Парламентарийлік елдерде Үкімет басшысын қызметке мемлекет басшысы тағайындайды. Әдетте не парламент сайлауында жеңіске жеткен саяси партияның көшбасшысы, не үкімет одағын құрайтын партиялар көшбасшыларының бірі Үкімет басшысы болады. ## Дереккөздер
Айтболат күмбезі, Сарысу өзенінің құйылысына таяу, Айтболаттың Ақшиі деген жерде қыпшақ заманында (12-13 ғ.) тұрғызылған сәулетті күмбез. Кейін қирап, тек қабырғасы мен маңдай алдының кейбір сілемдері қалған. 19 ғасырдың орта кезінде Ш.Ш. Уәлиханов күмбездің өзі көрген қалпын қағазға сызып қалдырған. ## Дереккөздер
Ұстын — қыстау-үйлердің төбесін жабу ісінде арқалық (бел ағаш) астына қойылатын тіреу. Ол арқалықтың ортасы немесе екі басына тіреледі. Ұстын ағаштан алуан үлгіде (жұмыр, төрт қырлы, бунақты, оймышты, т.б.) жасалады. ## Дереккөздер
Үкі Тағу — 1) әсемдік үшін үкінің үлпілдек жүнін тағу. Дәстүрлі қазақ қоғамында үкі қасиетті құс саналған. Сондықтан халық үкі қауырсындарын жас нәрестенің бас киіміне, бесігіне таққан. Қасиетті құс сәбиді жын-шайтаннан қорғайды, оның тыныш ұйықтауына септігін тигізеді деп сенген. Осыдан келіп, қыздар мен сері жігіттер бас киімдеріне, жас келіндер екі бұрымына сәндікке Үкі тағуды дәстүрге айналдырған. Үкі көбіне қыздардың бас киімдеріне (тақия, сәукеле, т.б.) тағылған. Қазақ сал-серілерінің арасында да үкі қауырсынын тағып, елден ерекшеленіп жүргендер де болған. Мысалы, Үкілі Ыбырай, т.б. Үкі қауырсынын халық бойтұмар ретінде көріп, бағалаған. 2) Қызға құда түскенде оның айттырылған қалыңдық болғандығының белгісі ретінде берілетін кәделердің бірі. Қыздың ата-анасына мал немесе ақша беріліп, екі жақ құда болуға уәделеседі. Үкі тағу дәстүрі көбіне қыз бен жігіт бірін-бірі ұнатқанда жасалынады. Бастапқыда үкі қауырсыны бәле-жаладан келінге қорған болсын, ешқандай жамандықты жолатпасын деген ниетпен кәдеге қоса берілген. ## Сілтемелер "Қазақ Энциклопедиясы" 9 том
Мензбир Михаил Александрович (4.11.1855, Тула қаласы – 10.10.1935, Мәскеу) – ғалым, биолог-эволюционист, зоогеограф. Ресейдің (1896) және КСРО ҰА-ның академия (1929). Мәскеу университетін бітірген (1878). Н.А. Северцовтың шәкірті. Негізгі еңбектері орнитология, зоогеография және салыстырмалы анатомия мәселелеріне арналған. Мензбир палеоарктиканы зоогеографиялық аймақтарға (тундра, тайга, шоқ ормандар, дала, өзен-көл, теңіз жағалаулары мен аралдар, шөл аймақтары) және Түркістан өлкесін зоологиялық бөліктерге (1914) бөлді. Қазақстан фаунасын зерттеген ғалымдар П.П. Сушкин мен Н.А. Зарудныйға ғылыми көмек көрсетті. ## Дереккөздер
Айтиев Ғапар (15.9.1912, Қырғызстанның Ош облысы 1-Төлеукен селосы — 1984, Бішкек) — қырғыз суретшісі, Қырғыз Республикасының өнер қайраткері (1941), КСРО халық суретшісі (1971), КСРО Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі (1973). 1935 — 38 жылдары Мәскеу бейнелеу өнері техникумында Н.П.Крымовтан оқыған. Поэзиялық-эпикалық сипатта бейнеленген “Ұжымшар ауласы” (1946, Бішкектегі Қырғызстанның бейнелеу өнері мұражайы), “Ыстықкөлдегі шаңқай түс” (1954, Третьяков галереясы), “Ақшам” (1974) аталатын пейзаждық картиналары, “Замандастар портреттері” топтамасы (“Р.Чокоева— биші”, 1979) т. б. 120-дай бейнелеу өнері туыңдысы бар. Бірқатар театр спектакльдерін көркемдеді. Қырғызстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1967). 2 рет Ленин орденімен т.б. ордендермен марапатталған. ## Сілтемелер * Қазақ энциклопедиясы, 1-том
Мензбир суыры, көк суыр (лат. Суыр menzbieri) – сүтқоректілер класы кемірушілер отрядының тиіндер тұқымдасына жататын ең кішкентай суыр. Қазақстанда Сайрам, Сарыайғыр, Бадам және Өгем өзендерінің таулы аңғарларында теңіз деңгейінен 2000–3400 метр альпі және субальпі шалғындарын мекендейді. Дене тұрқы 41–50 см, салмағы 2,6–4,6 кг. Арқа жотасы сарғыш қоңыр, бауыры ақшыл-сарғылт. Тұрақты індерінде 7–8 айға созылатын қысқы ұйқыдан наурыз – сәуір айларында оянады. Жыныстық жағынан үш жылда жетіледі. Жылына 1 рет көбейіп, 2 – 7-ден ұрпақ береді. Көктемде өсімдік тамырын, жуашығын, ал жазда өсімдіктердің бұтағымен, жапырағымен, гүлімен қоректенеді. Сондай-ақ жауын құрты, қоңыз, моллюскілермен де қоректенеді. Негізгі жаулары – түлкі, қасқыр, бүркіт және аю. Мензбир Суырының саны жылдан жылға азаюда. 1940 жылы Қазақстанда 40–50 мыңдай Мензбир суыры болса, қазіргі саны 20–25 мыңнан аспайды. Мензбир Суыры – терісі бағалы аң, майының шипалық қасиеті бар. Аулауға тыйым салынған, Халықараралық табиғат қорғау Одағының және Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Дереккөздер
Моншақ — мойынға тағатын әшекей бұйым. Моншақ ұсақ, түрлі-түсті, пішіні әр түрлі (шар тәрізді, сопақша, қырлы) болады. Асыл тастардан, басқа да бағалы заттардан жасалынады. Моншақ сөзі екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған. Сөздің алғашқы буыны “мон” көне түрік тіліндегі бойун (бойын), богін, “Кодекс куманикусте” кездесетін “Мойын” – дене мүшесінің атауы екендігі аңғарылады. Ал сөздің екінші сыңары жәй жасаушы жұрнақ қана емес. Көне түрік тілінде “Чағ”, “Чек” мағынасындағы сөздер қазіргі ұғымымызда байлау етістігі орнына жұмсалған, яғни Моншақ сөзінің әу бастағы алғашқы мағынасы “мойынға байлау” екендігі сөзсіз. Моншақтың сонау ерте замандарда қолданыста болғандығын қазба жұмыстары нәтижесінде табылған әшекей бұйымдары дәлелдейді. Моншақ неолит дәуірінде тастан және сүйектен, қола дәуірінде металдан, Ежелгі Египетте шыныдан, орта ғасырларда Венецияда, Русьте, Орта Азияда, т.б. жерлерде шыныдан, асыл тастардан жасалды. ## Дереккөздер
Менмендік – адам бойындағы жағымсыз қасиет. Менмендік бойын жайлаған адам тек өзінің түйсігіне, күйзелісіне, қызығушылығына көңіл аударады. Менмендік адамның өзін басқадан артық санап, бақ пен байлықты көтере алмай, ақымақтық пен тәкәппарлыққа салынуынан көрінеді. Менмен адам өзімшіл болып, басқа адамдардың көзқарасымен, пікірімен санаспай, тек өз мүддесін ғана ойлайды. Менмендіктің шектен шыққан түрлері психикалық аурулардан да байқалады. ## Дереккөздер
Ұстау — арнайы тәртіп заңдар мен ережелерде көзделеді. * әкімшілік құқықта — әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шарасы, әкімшілік құқық бұзған адамды қысқа мерзімге (3 сағаттан аспайтын) мәжбүрлеп оқшаулау. * қылмыстық істе — қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын қолдану, ұсталған адамның қылмысқа қатыстылығын анықтау мақсатында қылмыс жасады деп сезіктенген адамға қолданылатын қысқа мерзімді мәжбүрлеу шарасы. Ұстау құқығын анықтау органы мен тергеуші тек бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолдануға болатын қылмысты жасады деп сезіктенген адамдарға ғана қатысты пайдалана алады. Прокурор сезікті адамға тиісті кепілдіктердің сақталуын, мұндай адамның заңда белгіленген тәртіп пен негіздемелер бойынша ғана ұсталуын қадағалайды. Кез келген ретте ұстаудың негіздемелерін, себептерін, күні мен сағатын, жылы мен айын, орнын, ұсталған адамның түсініктемесі мен толтырылған уақытын көрсете отырып, арнайы хаттама толтырылады. Анықтау органы мен тергеуші ұстаудың кез келген реті туралы заңда белгіленген мерзім ішінде прокурорға хабарлауға тиіс, ал прокурор ұсталған адамды заңда белгіленген мерзім ішінде қамауға алу немесе босату туралы санкция беруі керек. Ұстау мерзімі әдетте 72 сағаттан аспауға тиіс. Ұсталушы адам өзінің не үшін сезіктелгенін білуге, ұстаудың құқыққа сыйымдылығын прокурордың тексеруін талап етуге, түсініктеме беруге, дәлелдемелер тапсыруға, қайтарым мәлімдеуге, қузаухат жазуға хақылы. Егер қылмыс жасауға сезіктілігі расталмаса немесе қамауға алу түрінде шара қолдану қажеттігі болмаса немесе ұстаудың заңмен белгіленген мерзімі өтіп кетсе, онда ұсталушы адам босатылады. ## Сілтемелер "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Бөгенбай Маянбайұлы (1630, Батыс Сібірдегі Шетқурай деген жерде (қазіргі Екатеринбург қаласының шетіндегі Шатрово қонысы – 1708, сонда) — қазақ батыры. Орта жүз Керей тайпасының Ашамайлы руынан. Әз Тәуке заманында қазақ, қарақалпақ, ноғайдың біріккен әскерін басқарып, ордабасы сайланған (1668). Бөгенбай қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан азат ету жолындағы бірқатар шайқастарды басынан кешіріп, Сібір татарларын Еділ бойы қалмақтарының шапқыншылығынан қорғауда үлкен үлес қосқан. Бөгенбай 1688 жылы көктемінде қалмақтардың шабуылына тойтарыс беріп, өзі осы соғыста жараланады. Бөгенбай батыр — Жанкісі жыраудың “Бөгенбай батыр” қиссасының бас кейіпкері. ## Дереккөздер
Михаэлис Евгений Петрович (26.9.1841, Ресей, Санкт-Петербург – 2.12. 1913, Қазақстан, Өскемен) – орыс зиялысы. Санкт-Петербургтегі студенттік қозғалыс басшыларының бірі ретінде полицияның қатаң бақылауымен Петрозаводск қаласына, 1863 жылы Тарту қаласына жер аударылған. 1869 жылы Михаэлис Семейге ауыстырылып, статистика басқармасында іс жүргізушінің жәрдемшісі болып орналасты. Осы кезеңнен бастап Михаэлистің ғылыми, ағартушылық қызметі Қазақстанмен тығыз байланысты болды. Михаэлис 70-жылдардың басында Семейдің қоғамдық кітапханасында Абаймен танысып, бірнеше жыл қатарынан тығыз байланыс жасады. Ол ақынды Ресейдің ішкі өміріндегі жаңалықтармен, орыс әдебиетінің үздік шығармаларымен таныстырды, Г.Спенсер, И.Дарвин, т.б. еңбектерін оқып-үйренуге кеңес берді. 1886 ж. Михаэлистің ұсынысы бойынша Абай Семей облысы Статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Михаэлис 1878 жылдан Семей облысы статистика комитетінің хатшысы болып, қалада өлкелік музей мен кітапхана аштырды. 1880 жылы Ресей География қоғамы Батыс Сібір бөлімшесінің мүшелігіне сайланды. Михаэлистің Семей облысын зерттеуге арналған еңбектері Ресей География қоғамның кезекті басылымдарында жарияланды. 1882 жылы Михаэлис қызмет бабымен Өскемен қаласына ауысып, өмірінің соңына дейін жергілікті қазба байлық пен ауа райын зерттеумен шұғылданды, гидрогеологиялық мәселелерді қарастырды Михаэлис жүргізген ғылыми-зертханалық еңбектері жоғары бағаланып, Ресей География қоғамының медалімен марапатталды. М.Әуезовтың “Абай жолы” эпопеясында Михайловтың образы арқылы Михаэлистің өмірбаяны көрініс тапқан. 1913 жылы 2 желтоқсанда қайтыс болды. Өскемен қаласында жерленген. ## Абай және Михаэлис Абай Михаэлиспен 70-жылдардың басында Семейдің қоғамдық кітапханасында танысады. «Құнанбаевпен танысқан және оның керемет қабілеттілігін байқаған Михаэлис оның тәжірибесіне баса назар аударды. Бірнеше жыл қатарында Абай Евгений Петровичпен тығыз байланыс жасап тұрды. Жыл сайын Абай Семей қаласында қонақ болып, кешкі уақытын Михаэлиспен әңгімелесіп өткізетін», - деп жазды Семейдің белгілі өлкетанушы зерттеушісі Б. Герасимов . Абайдың саяси жер аударылған, өз заманының жоғары білімді, озық ойлы адамдарының бірі - Михаэлиспен достасып, жақын араласуы ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына игі әсер етіп, орыстың революциялы-демократ ағартушыларының идеясын терең түсінуге ықпал жасады. Михаэлис ақынды Ресейдің ішкі өміріндегі жаңалықтармен, орыс әдебиетінің озат ойлы өкілдерінің шығармаларымен таныстырды және Ғылыми-зерттеулерді, әйгілі ғалымдар Г. Спенсер, Чарлз Дарвин т. б. еңбектерін оқып-үйренуге кеңес берді. Саяси жер аударылған революциялы-демократтар Абайға үлкен әсер еткенімен, ақынның өз айтуы бойынша жаңа ізденіп жүрген көзінде көмекші түрде ғана болды. Отаршыл әкімдерден басқа орыс зиялыларын кездестірмеген Абайға Михаэлис Ресей мәдениетінің ең алғашқы хабаршысы, ақынның іздену, қалыптасу кезеңіндегі жол нұсқаушы есепті. «Ал, кейін орыс тілін еркін біліп, орыстың Ұлы мәдениетін мол, терең тани бастаған кездегі Абай озық ойды бұлардан үйренбейді. Пушкиннің өзінен, Белинский, Герцен, Чернышевский, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың өз мұраларынан өздігімен кең, терең тәлім-тәрбие алады. Абайдың классик ақын болған маңызын, әлеуметтік көзқарасын тек Михаэлис әсерінен деп қойсақ, - деп жазды М.О. Әуөзов, - әрі Абайға, әрі орыс халқының Ұлы мұрасына және Ұлы даналарына қиянат сөз айтқан болар едік. Ал, ақынның Михаэлис туралы үлкен алғыс сөз айтқанына келсек, ол алғашқы адам жөніндегі қарыздарлығын жақсылап білдіргені» (Әуезов М. Он екі томдық шығармалар, т. 12,-А., 1969, 285-6.). 1886 ж. Абай Михаэлистің ұсынысы бойынша Семей облысы Статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланады. «Абай жолы» эпопеясында Абай тағдырына саяси жер аударылған Михайловтың жақындасуы үлкен қызмет атқарғаны көрсетілген, оның образы арқылы Михаэлистің өмірбаяны берілген. ## Сілтемелер * Абай жолы * Абай * Семей ## Дереккөздер
Бурабай — Ақмола облысының Бурабай ауданындағы кент, Бурабай кенттік әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Облыс орталығы — Көкшетау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 90 км, аудан орталығы — Щучинск қаласынан 22 км жерде, Бурабай көлінің солтүстік-шығыс жағасында, қарағайлы-қайыңды орман өскен сұлу Көкшенің етегінде орналасқан. ## Халқы Тұрғыны: * 6,5 мың адам (1998); * 5,8 мың адам (2012). ## Тарихы Іргесі 1910 жылы қымызбен емдеу шипажайының ашылуына байланысты қаланған. 1939 жылдан кент. Оның төңірегінде көптеген денсаулық сақтау мекемелері ұйымдастырылған. Мұнда Қазақстандағы ең ірі Бурабай шипажайы орналасқан. Одан басқа балалар санаторийі, әскери санаторий және демалыс үйі, медициналық жабдықтар жөндеу шеберханасы, орман шаруашылығына, жалпы білім беретін мектептер, музыкалық мектеп, мәдениет үйі, кинотеатр, табиғаттану музейі, т.б. мекемелер бар. ## Дереккөздер
Құсайын Айтқалиев (1930 жылы Атырау облысы Махамбет ауданында туған — 23.6.2020) — қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің ардагер мұғалімі. КСРОның халық мұғалімі (1980). Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. Қазақ КСР Халыққа білім беру саласының құрметті қызметкері. Атырау облысының құрметті азаматы. ## Толығырақ * Құсайын Айтқалиев 1930 жылы Атырау облысы Махамбет ауданында дүниеге келген. * 1950 жылы Гурьев мұғалімдер институтын бітірген * 1950 жылдан Бақсай ауданының Күлтай жетіжылдық мектебінде мұғалім. * 1956—58 ж. осы ауданның Талқайраң жетіжылдық мектебінің директоры, * 1958 - 1970 жылдары Махамбет ауданындағы Алға орта мектебінде директордың орынбасары, 1970-95 ж. директоры, * Айтқалиевтың ғылыми-тәжірибелік жұмыстары оқу ісін демократияландыру бағытында жүргізілді. Оқушыларға бағдарламалық біліммен қатар кәсіби білім беруді ұйымдастырды. Айтқалиев қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен блок-сабақтар өткізу тәжірибесін қолдады. Мұндай жүйемен оқыту пән материалын алдын-ала ірілендірген мөлшерде тапсыру, алға жылдам жылжу принципін ұстанады. Оқу бағдарламасында құбылыстар, процестер, заңдылықтар бір-бірімен логикалық біте қайнасқан блок-блокқа топтастырылады. Блок жүйесімен өту басты мәселелерге тірек болатын ұғымдарға көңіл аударуды, оқу материалының себеп-салдар байланыстарын айқындауды қамтамасыз етеді. Айтқалиев облыста бірінші болып атаулы мектеп ұйымдастырды. ## Марапаттары * 1970 жылы - КСРОның "Еңбектегі ерлігі үшін" медалі және "Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл мерекелік медалі"мен марапатталған. * 1970 жылы - КСРОның жоғарғы мемлекеттік марапаты Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған * 1980 жылы - КСРО Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен КСРОның халық мұғалімі құрметті атағымен марапатталды * 2005 жылы - ҚР Президентінің жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат Парасат орденімен марапатталды. * Қазақ ССРнің Еңбек сіңірген мұғалімі * Қазақ ССРнің Халыққа білім беру саласының озық қызметкері және т.б көптеген медалдармен құрмет грамоталарымен марапатталған. * Атырау облысының құрметті азаматы.
Моңғол-алтай тау жүйесі – Алтай тау жүйесінің оңтүстік-шығыс бөлігі; Моңғолия және Қытай жерінде. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 1000 км-ге созылған, ені 300 км-ге (солт.-батысында), 150 км-ге (оңтүстік-шығысында) дейін. Биіктігі 4204 м-ге дейін (Мунх-Хайрхан-Ула тауы). Негізінен палеозойдың кристалдық тақта тас, порфир, порфирит және граниттерінен түзілген. Тектоникалық аңғарлармен бөлінген параллель жоталардан тұрады. Жота шыңдары тегістелген, жұмырланған. Жазда ерімейтін қар мен мұздың ауд. 810 км2 (кей деректерде 300 км2-дей). Қарлар мен аспалы мұздықтар (ең ірісі – Потанин мұздығы) көп кездеседі. Оңтүстік-батыс беткейі ылғалды, орманды-шалғынды келеді. Етегі дала, ал жоғарғы бөлігін альпілік шалғын алып жатыр. ## Дереккөздер
Ұтыс биі — қазақтың халық биі. Музыкасы — халық күйі “Қаражорға”. Музакалық өлшемі 4/4. Ырғағы өте екпінді. Алғаш 1954 жылы Алматы қаласында өткен а. ш. слетінде Ж.Оразғалиев орындады. Бидің кәсіби сахналық түрін (М.Төлебаевтың “Біржан — Сара” операсына) балетмейстер Д.Т. Әбіров қойды. “Ұтыс биін” 1963 жылы Мәскеуде Съездер сарайында өткен қазақ өнер шеберлерінің концертінде 36 биші орындады. Көркемөнерпаздар ансамбльдерінің репертуарында “Ұтыс биінің” бірнеше нұсқалары бар. ## Дереккөздер
Айтман күмбезі — сәулет өнері ескерткіші. Маңғыстау облысындағы Үстірттің оңтүстік-шығыс жағында Айтмансу құдығының басында Артық тамымен қатарлас орналасқан. Айтман күмбезін Айтманұлы Жарылқасын деген азамат әкесі мен өзіне арнап 1897-98 жылдары халық шеберлері ағайынды Дүйсенбай мен Өмір Қаражүсіпұлдарына салдырған. Сәндік порталдарының үш жарты шарға бөлініп, парапеттерінің садақ бейнелі болуы, барабан цилиндрі мен оның күмбезінің шошақ келуі Айтман күмбезі тұлғасына жарасымды тұтастық берген. Күмбез ішіне кіретін есік алдыңғы жақтан шығарылған, ауа райының ашық кездерінде күнге сәулеленіп тұрады. Қабырғалары арасына ұсақ тастар толтырылып мықты болуы үшін көлденең байламдар салынған, екі қатар құрғақ жікпен қаланып, үстінен ылаймен бекітілген. Қабырғаның ішкі беті оюлармен әшекейленіп, ақ, қызыл, қоңыр, көк түстерге боялған. Ойынды қуыстарына қару-жарақ (мылтық, қорамсақ, қанжар, қайқы қылыш, найза) және үй жабдықтарының (дастарқан, самаурын, шәйнек, құман, домбыра) суреті салынып, өсімдік өрнегімен безендірілген. ## Дереккөздер
«Бурабай» – Ақмола облысының Бурабай ауданындағы қымызбен емдейтін республикалық маңызы бар курорт. Щучинск қаласынан 20 км жерде, Бурабай көлінің жағасында орналасқан. Көкше тауы (абсолюттік биіктігі 947 м) солтүстіктен соғатын өкпек желге тосқауыл болады, оның баурайында қарағайлы, қайың аралас ормандар өскен. Ауаның орташа температурасы: қаңтарда –160С, шілдеде 190С; жауын-шашынның жылдық мөлшері 400 мм-дей. Бурабайда қымызбен емдейтін тұңғыш емхана 1910 ж. ашылған. Курорт 1920 жылдан жұмыс істей бастады. Қарағайлы орман ішінде екі санаторий (екеуі де «Бурабай» деп аталады) орналасқан: біреуінде ересек адамдар, екіншісінде балалар емделеді. Екеуі де жыл бойы жұмыс істейді. «Бурабайдағы» негізгі ем – қымыз, сондай-ақ климаттық факторлар (қарағайлы орман, шипалы таза ауа, сұлу табиғат) кеңінен пайдаланылады, физиотерапия тәсілдері, Балпашсордың тұзды балшығы, Майбалық көлінен тасылатын хлорлы-натрийлі-магнийлі минералдық су, т.б. қолданылады. ## Дереккөздер
Бурабай — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы ауыл, Абай ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Күршім ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 36 км-дей жерде, Күршім өзенінің сол жағалауында орналасқан. ## Халқы Бурабайда бұрынғы қой кеңшары бөлімшесінің негізінде акционерлік қоғам құрылған. Ауылда Күршім орман шаруашылығының ағаш өңдеу цехы, мектеп, дәрігерлік пункт бар. Тұрғындары Өскемен қаласымен және Күршім ауылымен, т.б. елді мекендермен автомобиль және су жолдары арқылы қатынасады. 19 ғасырдың 2-жартысында осы жерге тұңғыш рет қоныс тепкен Бурабай деген шаруаның есімімен аталған. ## Дереккөздер
“Моңғолдың құпия шежіресі” – 13 – 14 ғасырлардағы жазба мұра. Моңғолияны мекендеген түркі тайпаларының (найман, керей, меркіт, қоңырат, жалайыр, татар, ұйғыр) тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік-саяси өмірі суреттелген, сондай-ақ тарихы, тілі, этнографиясына қатысты деректер мол кездеседі. Шежіре шамамен 1240 жылы аяқталған. Авторы белгісіз, ол хан ордасында қызмет етіп, еңбекті ұйғыр әліпбиі негізінде жазған. Еңбек ақсүйектер ғана оқитын мемлекеттің ішкі-сыртқы саясаты, стратегиясы мен тактикасы, әскери доктринасы жайлы жазылған кітап болғандықтан “Моңғолдың құпия шежіресі” аталған. 1382 жылы қытайлар шығарманы қытай әліпбиімен қайта көшірген. Осылайша моңғол тілінде, қытай әліпбиінде жазылған нұсқа Пекин архивінде сақталды. Еңбекті моңғол ғалымдарымен қатар шетелдіктер де зерттеді. Еуропалықтар алғаш орыс ғалымы И.Кафаровтың қысқаша аудармасы (1866) арқылы таныды, кейіннен неміс зерттеушісі Хейниш (1937), кеңес тарихшысы С.А. Козин (1941), француз ғалымы П.Пеллио (1949) толықтай аударып, бастырды. Қ.Дамдинсүрэн, Ш.Гадамба, Д.Цэрэнсодном секілді моңғол ғалымдары құнды зерттеулер жасады. 1969 жылы “Моңғолдың құпия шежіресі” қазақ тілінде М.Сұлтанияұлының тәржімалауымен Баян Өлгий қаласында жарық көрді. Өлеңін аударған И.Байбатырұлы, алғысөзін жазған Б.Бұқатұлы. “Моңғолдың құпия шежіресі” 1998 жылы Алматыда, 2002 жылы Улан-Баторда қазақ тілінде қайта жарияланды. "Моңғолдың кұпия шежіресі" (Юан Чао Би Ши) — 1240 ж. көне Моңғол тілінде, көне ұйғыр әрпімен жазылған ескерткіш. Алғашқы нұсқасы қазіргі дейін белгісіз. Кім жазғаны да беймәлім. Чех ғалымы Поухоның пікірінше, Чыңғыс қағанға ең сенімді, мемлекеттік төреші, татар азаматы Чікіқұтұқ жазды. Себебі, ол ұйғырша хат білетін, Чыңғыс ордасының ішкі-сыртқы саясат істерін, Чыңғыс қағанның бұйрық-әмірін орданың жасырын "Көк кітапшасына" белгілеп отыратын адам болған деп жорамалдайды. "Моңғолдың кұпия шежіресінің" аты: көне Моңғолша "Моңғол-үн нығуча тобчыйан" (Моңғолун - Моңғолдың, нығүча — құпия, тобчый- ан — қысқаша жинақ, тұжырымды жинақ), қазіргі моңғолша "монголын нууц товчоо". Қытайша аты: "Юан Чао Би Ши" (Юан — мемлекет аты, Чао — қупия, Би Ши — тарих). "Моңғолдың кұпия шежіресі" Қытайдың "Хун-У" патшасының тұсында 1382-жылдар шамасында, қытай адамдарының моңғол тілін үйренуіне көмекші құрал ретінде, моңғол тілінде, қытай иероглифімен көшіріліп жазылған. Бұл кешірме Бейжин (Пекин) кітапханасында сақталып қалған. Осы көшірмені тұңғыш рет орыс ғалымы И. Кафаров қытай иероглифінен сөз дыбыстарын бұзбай, сол қалпында орыс әріпімен транскрипциялап, оны орысшаға аударып, 1866 ж. бастырды. Осы басылым шығыстанушыларға "Моңғолдың кұпия шежіресін" зерттеуге жол ашады. Моңғол ғалымы академик Ц. Дамдинсүрэн тұңғыш рет (1940 ж.) "Моңғолдың кұпия шежіресін" көне Моңғол тілінен қазіргі Моңғол тіліне тәржімелеген. "Моңғолдың кұпия шежіресінде": "Чыңғыс қағанның арғы тегі тәңір шуағынан жаралған Батачы хан, зайыбы Қоғай Марал" дейді де, бұл екеуінен тараған үрім-бұтағын ұластырып айтады. Чыңғыс қағанның балалық шағын, есейіп-ер жетуін, моңғол тайпаларының басын қосып, "Біріккен Моңғол мемлекетін" құруын, көршілес түркі тайпаларын ырқына енгізуін, Орта Азия, Еуропа елдерін жаулап алуын, Чыңғыс қағанның өлгенге дейінгі іс-әрекетін дәл шындығы бойынша тақпақпен, қысқаша жырмен, шебер қара сөзбен баяндайды. "Моңғолдың кұпия шежіресі" XIII—ХІғғ. кезіндегі Моңғол тарихын, тілін, әдебиетін түсінуге, зерттеуге елеулі рухани мұра болып қана қоймай, сонымен бірге, ол - түркі тайпаларының, сол кездегі тарихын, тілін, әдебиетін салыстырып түсінуде, зерттеуде аса құнды рухани мұра екені даусыз. Олай дейтініміз, қазіргі Моңғолияның жерінде белгісіз дәуірден ҮІ—XII ғасырға дейін қазіргі қазақ халқының найман, керей, қоңырат, меркіт тайпалары және түркі тілдес қырғыз, ұйғыр, татар тайпапары шығыс-оңтүстіктегі Моңғол тайпаларымен көршілес қарым-қатынаста болды. Шығыстанушы ғалым Б. Напил "Моңғолдың кұпия шежіресіндегі" сөздердің елудей пайызы (50%-і) қазақ тілінің сөздік қорында сәйкеседі" деп тұжырымдайды. Байымдасақ, қазақ тілі — өзге түркі тілдерін және Моңғол, тұңғыс-маньчжур, жапон, корей тілдерін салыстырып зерттеуге ең негізгі өзек тіл екендігін ғылыми мінбеде батыл айта аламыз.
Ақтышқық (Colіbacterіosіs) — жаңа туған бұзауда болатын жұқпалы ауру. Ақтышқық 19 ғасырдан белгілі. Қоздырғышы — ішек таяқшасы. Ол мал денесіне желіннің үрпісі арқылы енеді. Ауру жұққан бұзаудың іші өтеді, ыстығы көтеріліп, жем жемей, біртіндеп арықтап, әлсірейді, емдемесе өледі. Емі — ауру бұзауға сүттің орнына физиологиялық ерітінді немесе жұмыртқа қосылған қою қара шай. Ауру малды антибиотиктермен (левомицитин, тетрациклин, биомицин, колимицин, полимиксин) емдеу жақсы нәтиже береді. Ауруды болдырмау үшін жаңа туған бұзаудың азығы мен күтіміне ерекше назар аударған жөн. ## Дереккөздер: Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Вера Менчик (чех. Věra Menčíková, ағылш. Vera Menchik; 16.02.1906, Ресей, Мәскеу қаласы – 27.06.1944, Англия, Лондон) – шахматтан әйелдер арасындағы әлемнің тұңғыш чемпионы. ## Биографиясы Ұлты чехиялық 1923 жылдан бастап Гастингс қаласындағы шахмат клубына мүше болып, ерлер арасындағы турнирлерге қатысты. Бапкері Дрюйттің жетекшілігімен теориялық білім алды. * 1925 жылы Англияның чемпионы Прайспен екі матч ойнап, екеуінде де жеңіске жетті. * 1927 жылы Лондонда өткен әйелдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионатынан бірінші орын алды. Неміс шахматшысы С.Графпен екі рет матчтық кездесуде (1934, Роттердамда) 3:1, (1937 Заммерин) 11,5:4,5 есебімен ұтып әлем чемпионы атағын сақтап қалды (1927 – 1944). Ерлер арасындағы халықаралық турнирлерде де табысты өнер көрсетті: * 1929 жылы Рамсгетте (Ұлыбритания) 2-орын, * 1934 жылы Лондонда (Ұлыбритания) 2-орын, * 1934 жылы Мариборда (Югославия) 3-орын, * 1935 жылы Грейт – Ярмутда (Ұлыбритания) 3-орын, * 1939 Монтевидеода (Уругвай) 3-орын алды. Менчик 1944 жылы Лондонда неміс авиациясының шабуылы кезінде қаза тапты.
Бурабай кеніші, “Бурабай қазынасы” — Солтүстік Қазақстанда IV – V ғасырлардағы қабірден табылған материалдық мәдениет ескерткіштері. Бурабай орман техникумы маңынан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде кездейсоқ ашылып, кейін А.Н. Бернштам зерттеген. Беті үлкен тас плитамен жабылған қабірдің ұзындығы 4,5 м, ені 1,5 м, тереңдігі 0,7 м. Оның ішінен адам сүйектерімен қатар, қоладан құйылған қазан, айылбас, темірден соғылған найза, ауыздық, 7 жебе ұшы, алтын мен күмістен жасалған түрлі әшекей бұйымдар, тастан, сүйек пен шыныдан істелген моншақтар, т.б. алынды. Қазынаның арасындағы алтын тәті (диадема), сырғалар, қапсырмалар мен тұмаршалар өзінің орындалу әдісі мен әсемдігі жағынан көне дәуір қолөнерінің теңдессіз үлгілері болып саналады және түгелдей ежелгі ғұн тайпалары мәдениетіне жатады. Типологиялық тұрғыдан бұл бұйымдар сақ дәуірінің “аң стилінің” орнына келген “полихромдық стиль” үлгісіне жатады. Әшекей бұйымдарды түрлі асыл тастармен безендіру (инкрустация), оның негізгі бөлігіне ұсақ алтын түйіршіктер қондыру (зернь), т.б. тәсілдерді қолданумен ерекшеленетін бұл “стиль”, шын мәнінде, сонау сақ өнеріндегі “аң стилінен” бастау алады. Бурабай кеніші бұйымдарындағы көркемдік және тех. әдістер Қазақстан жеріндегі басқа ескерткіштерде де (Орталық Қазақстандағы Қарағаш, Қанаттас обалары) кездеседі. Ғалымдардың пайымдауынша, Бурабай кенішіндегі обада ғұн дәуірінің бай әрі батыр шонжарлар әулетінен шыққан ақсүйек әйел жерленген. ## Дереккөздер
“Бура-Би” — күлдіргі халық биі. Музыкалық өлшемі 4/4. Сюжеті шағын. Ойнақтаған бураның келесінен адасып қалуы, ұрыға кезігуі, ең соңында бура мен оның иесінен ұрының жан сауғалап қашуы би тілімен өрнектеледі. “Бура-Биді” 1936 жылы сахнада тұңғыш рет Солтүстік Қазақстан облысының халық бишілері орындады. ## Дереккөздер
.Бурбаки Никола (Bourbakі Nіkolas) — Франциядағы математиктер тобының жинақтауыш бүркеншік аты. Бұл топ 1937 жылы Франциядағы Жоғарғы нормаль мектебін бітірген түлектерден құралған. Оның құрамындағы адамдар саны мен есімдері айтылмайды, құпия сақталады. Олар неміс математигі Д.Гильберттің (1862 — 1943) әр түрлі математика теориясына шолуды формальді математикалық әдіс тұрғысынан жасау керек деген идеясын жүзеге асыру үшін 1939 жылдан бастап еңбек етуде. Бурбакидің “Математика элементтері” атты көптомдық трактаты 1939 жылдан жарық көріп келеді. Авторлар математиканың басты тарауларын “Жалпы тұжырымдаманың дербес қырлары” ретінде қарастыра отырып, формальді аксиоматикалық жүйені дамытуды көздейді. Трактат өте абстрактылы әрі формальді сипатта және ол теорияның логикалық қаңқасы ғана болып келеді. Трактаттың негізіне аксиомалар арқылы анықталатын матем. структуралар деп аталатын ұғымдар (мысалы, реттік структуралар, топтық структуралар, топологиялық структуралар) алынған. Ал трактаттағы талдау жүйесі жалпыдан жекеге қарай жүргізіледі. Математиканы структуралар бойынша жіктеу дәстүрлі жіктеуден едәуір өзгеше. Бурбаки тобының “Бурбаки семинары” деп аталатын кеңесі жүйелі түрде өткізіліп отырады. Семинарда трактаттың негізгі нұсқасы дайындалады, сондай-ақ, әр елдердің ғалымдарының баяндамалары тыңдалады. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
Бурабай қорымы — қола дәуірінен қалған зираттар тобы. Солтүстік Қазақстан облысы Щучье ауданы Бурабай ауылының (Бурабай курортының) жанында. Алғаш 1927 — 30 жылы П.И. Преображенский, Ю.А. Орлов, Б.Н. Жданов зерттеген. Жүйелі қазба жұмыстарын археологтар К. Ақышев, А. Оразбаев жүргізді (1954). Тас дуалдармен шаршы және дөңгелек етіп қоршалған 122 оба бар. Оның 32-сі қазылған. Әркелкі орналасқан қабірлердің басым көпшілігі Андрон мәдениетінің Нұра кезеңіне, ал кейбіреулері Атасу және Замараев кезеңдеріне жатады. Бірінде тас, бірінде топырақ, енді бірінде ағаш сияқты қосымша материалдар пайдаланылған. Қабірлер тас плиталармен, ішінара ағашпен жабылған. Ашылған қабірлердің алтауынан жерленген мүрде қалдығы табылса, қалғандарында өртелген басқа мүрделердің күлі мен тірісінде пайдаланған заттарын (сәнді қыш ыдыстар, қола пышақтар, алтын жалатылған қола сырғалар, алқалар, ине, біз, т. б.) қоса көму әдісі қолданылған. ## Дереккөздер
Мәлік (Pestіs bovіna) — сиырдың жұқпалы індеті. Мәлік жұққан мал 3 — 9 күннен соң әуелі елеуреп, кейін кенет қызуы көтеріліп қиналады, құрғақ жөтелге душар болады. Аузына тары түйіріндей түйіршік шығып, ойық жараға айналады, сілекейі шұбырып, жағымсыз иіс шығады. Іші өтіп, жүні жидіп, түсе бастайды. Ауырған мал кезінде ем қолданбаса 8 — 10 күнде өледі. Өлексесін терең шұңқырға көміп тастау қажет. Табындағы сиырлардың бәріне бір рет вакцина егілуі керек. Ауру сиыр тұрған қора-жай, әбзелдер хлорлы әкпен, креолинмен мұқият дезинфекцияланады, қиы өртеледі. ## Дереккөздер
Айту Жаубасарұлы (1746 — 1790) — би, Балпық бидің шәкірті. Жас кезінен билік айтуға араласқан. Айтудың білгірлігі мен әділдігіне риза болған Балпық би оған “Айтудан айтар сөз артылмаған” деп баға берген. Жалайыр тайпасының Қалпе руынан шыққан. Айтудың басына ұрпақтары кесене орнатты (1997, Үштөбе-Көксу автомобиль жолының бойы, Оян ауылы). Кесененің биіктігі 12 м., аумағы 30 м2, күмбезі қос сатылы, төменгі қабаты 7 бұрышты. Сәулетшілері Бейсенбаева Ғ., Әлімжанов А. ## Дереккөздер
Айтуар би Үсенұлы - 1783-1856 жылдар аралығында өмір сүрген Жайық өңірінен шыққан қазақтың атақты билерінің бірі. Оның ата-тегі туралы қазақ шежіресінде былай таратылады: Кіші жүз Байұлының Беріш деген атасынан Байбақты одан Әсілбас, Шақай, Кұсылбас тарайды. Әсілбастан Себек пен Жанбырша, Себектен Сары одан Үсен, Үсеннен Айтуар би туған. Ел арасында "Беріште Есет пен Айтуар" деген есім қосарлана айтылады. Себебі Есет би мен Айтуар екеуі замандас, қатарлас, жұбы жазылмаған атақты билер. Екеуі де Баймағамбет Сұлтанның ақылшы-кеңесші бас биі болып жүрген. Екеуі талай шиеленіскен ел дауының түйінін шешіп, ел жауының бетін талай кайтарған, әрі әділ би, әрі батыры. Айтуар Алтын қорымында жерленген. Құлпытасында “Айтуар Үсенұлы 1854 ж. 74 жасында қайтыс болды. Ескерткішті баласы Мәтек бимырза орнатты” деген жазу бар.Айтуар Исатай—Махамбет козғалысына көп нәр берген от ауызды, орақ тілді шешендердің бірінен саналады.Айтуар би айтыпты деген билік-шешімдер аз емес, соның бірі мынадай:1850 жылы шеркеш елінің батыры Тұрлан өзінің Сарыкөл жайлауында көшіп келе жатып бір шағын ауылдың өздерінен бұрын жайлауына қоныстанып жатқанын көреді. Тұрланның жігіттері: - Бұл кімнің ауылы? - десе, олар Дәулетқали деген төренің ауылы боп шығады.- Бұл біздің жайлауымыз ғой, сендерге жол болсын? - десе, төре ауылының жігіттері оларға қамшы үйіріп, өктемдік көрсетіпті. Тұрлан батыр ауылын қоныстандырып алыпты да, ертеңіне атқа қонып, Дәулетқали төреге барыпты:- Төренің елі деген елді қайдан көрдің, төренің жері деген жерді қайдан таптың! - деп атбауырына алып көкала қойдай қылып сабап-сабап ауылына қайтыпты. Дәулетқали төре қан жоса болып есігінің алдында қала беріпті. Жарасы жазылған соң ол Орынбордағы Әлеке правительге барып шағынады. Әлеке атақты Баймағамбет Сұлтанның бел баласы еді. Ол "Төренің елі де жоқ, жері де жоқ, олар қаңғып жүрген кірме" деген сөзді есітіпті де қасына жасағын ертіп, өзі атқа қоныпты. Тұрлан батырдың ауылына барыпты. Өздеріне арналған үйге түсіпті: Дастарқан жайылыпты Әлеке төре: - Мен Тұрланның қанын ішпей, дәм татпаймын, - деп, дастарқанды қайырып тастапты. Сөйтіп отырғанда үстіне мұздай қару-жарағын асынып Тұрлан батыр кіріп келіпті. Төре сасып қалып, жан-жағында отырған жігіттеріне, ертіп келген екі биіне қарапты. Сол тізесін басып отырған қартаңдау би өзінің төресіне бір қарап, еңгезердей боп тұрған Тұрланға бір қарап, қипақтап сөйлей алмай калыпты. Осы кезде Әлеке правительдің оң тізесін басып отырған Айтуар би, төреге қарапты да: - Алдияр тақсыр, хан ием, сізден бір сұрағым бар? - депті. Әлеке:- Сұрағын, - деп рұхсат береді. Сонда Айтуар би саспастан байыппен:- Алдияр тақсыр хан ием "Қара жерге халық ие, қара халыққа хан ие" деген аталы сөз бар емес пе? Сіз қайсысына иесіз? Қара жерге ие боласыз ба, әлде қара халыққа ие боласыз ба? - деп сұрапты. Сонда Әлеке:- Әрине, төре тұқымы халыққа ие болады да, - депті. Сонда Айтуар би: - Төрелігіңізге құлдық хан ием, дұрыс айтасыз. Сіз халыққа иесіз, ал Тұрлан жерге ие, Дәулетқалидың істеп жүргені зорлық, - депті. Әлеке правитель енді Дәулетқали Төреге қарап ақырыпты: - Жетесіз оңбаған, қара жерге ие боламын деп, мені халықтан айырайын деп жүр екенсің ғой... Қазір ауылыңа қайттағы, біреудің, жайлауынан қонысыңды аудар, жоғал көзіме, көрінбе! - депті. Жиналған халық Айтуар бидің даналық тапқырлығына, әділ төрелігіне риза болып, бас иіпті. ## Дереккөздер
Бурқут, баркут — көне түркі тайпасы. “Та’рих-и Қыпшақи” бойынша, Бурқуттың негізгі қонысы орта ғасырдағы Чинги-Тура қаласы болған. Оның ескі жұрты Түмен қаласының маңында. “Та’рих-и Абу-л-Хайр-хани” мен басқа да деректер бойынша, 1428 жылы Жәйтар Жалқын (Житар Жалқын) деген жерде Шығыс Дешті Қыпшақ ханы Жұмадұқ (Шайбани әулетінен) пен оған қарсы көтеріліске шыққан көшпелі тайпалар арасында шайқас болған. Көтеріліс басшыларының қатарында Омар би Бурқуттың аты аталады. Бурқут тайпасы түгел немесе оның бір бөлігі көтерілісшілер жағында болса керек. 1429 — 30 жылы Шығыс Дешті Қыпшаққа хан болғаннан кейін Әбілхайыр Чинги-Тураны басып алған. Оған бағынғандардың ішінде Чинги-Тураның әкімдері Әдәд-би Бурқут пен Кепек Қожа Бурқут бар. Бурқут түгел дерлік Әбілхайырға қараған. “Та’рих-и Абу-л-хайр-хани” бойынша, Омар би Бурқут сол қанаттағы әскерде басшы болыпты, ал “Та’рих-и Қыпшақи” бойынша, Әбілхайыр оған өз әскерінің сол қанатын түгел басқаруға берген. Бурқут билері Әбілхайыр хандығында зор ықпалға ие болса керек. Хорезмге жорық жасау мәселесін шешу үшін 1430 — 31 жылы әскери кеңеске Әбілхайыр шақыртқан беделді басшылардың ішінде Әдәд би Бурқут пен Кепек Қожа Бурқут та болған. “Абдулланаме”, т.б. деректер бойынша, Әбілхайыр ханның бәйбішесі Бурқут тайпасынан екен. Одан 2 ұл — Шаї Будағ сұлтан мен Қожа Мұхаммед туған. 15 — 16 ғасырлар аралығында басқа өзбек тайпаларымен бірге Бурқут тайпасы да Орталық Азияға көшіп, мұндағы саяси оқиғаларға араласты. “Абулфейз хан тарихында” 1723 жылы Аштархан әулетінің соңғы ханы Абулфейздің әскері їезарә қамалын қоршағанда оған Бурқут тайпасы көмекке келгені, оның көсемі Сарығ би Бурқут болғаны айтылады. Кейін Орталық Азиядағы Бурқут тайпасы қазіргі өзбек халқының құрамына енді. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
Жағабұлақ — Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданындағы ауыл, Батпақкөл ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қандыағаш қаласынан оңтүстікке қарай 110 км жерде, Жем өзенінің Талдысу саласы жағалауындағы жусан, қылқан селеу, еркекшөп өскен қоңыр топырақты шөлейтті белдемде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1231 адам (610 ер адам және 621 әйел адам) болса, 2009 жылы 1253 адамды (603 ер адам және 650 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1963 жылы қой өсіру шаруашылығын ұйымдастыру кезінде қаланған. Оның негізінде 1997 жылдан өндірістік кооператив және бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, амбулатория, клуб, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Бурнооктябрь — ортағасырлық қала орны. Жамбыл облысының Жуалы ауданының Бурнооктябрь ауылының маңында. Атауы шартты. Осы өңірде кішігірім үш қаланың орны сақталған. Оны 1940 жылы Жамбыл археологиялық экспедициясы (жетекшісі Г.И. Пацевич), 1955 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экпедициясы (жетекшісі Е.И. Агеева) зерттеген. Бірінші қаланың орны — Теріс өзенінің оң жағасында. Бұл — әр түрлі деңгейлі төрт бөліктен тұратын, бұрыштары жұмыр, төртбұрыш тәріздес төбе. Оңтүстік алаң ең аласасы, биіктігі 2 м, аумағы 27х55 м. Екіншісі тиісінше 5,5 м, 50х25 м; үшіншісі — 15,5 м, 12х18 м. Осыған іргелес 4-алаңның аумағы 90х70 м, ол төбенің оңтүстік шетінен келіп қосылады. Үш жағынан қоршаған қорған қалдығының биіктігі 0,3 — 0,5 м. Мұнараларының сақталған бөліктерінің биікт. 2 м. Б.з. 7 — 10 ғасырларына жататын қаланың жалпы ауданы 16000 м2. Екінші қаланың орны (11 — 12 ғ-ларға жатады) алғашқысынан батысқа қарай 1 км жерде. Оның орнының солтүстік жағының ұзындығы 102 м, оңтүстігі 120 м, шығысы 115 м, батысы 110 м. Айналасы биіктігі 2 — 3,5 м қорғанмен қоршалған. Шахристан қаланың оңтүстік-шығыс шетінде орналасқан, ауданы 260х220 м. Қорғаныс қабырғалары мен бұрыштарындағы күзет мұнараларының орындары сақталған. Қалаға кірер қақпалары шығыс және батыс қапталдарында. Үшінші қаланың орны — алғашқы екеуінің аралығында, төбе цитадель, шахристан және рабадтан тұрады. Шахристанының әр қабырғасы шамамен 50 — 60 м-дей, сегіз бұрышты. Цитаделі шахристанның ішкі жағында, солтүстік қабырғасына жақын орналасқан. Оның аумағы 27х32 м. Шахристанның бұрыштарындағы мұнаралардың орны сақталған. Рабад шахристанның солтүстік және солтүстік -шығыс шетінде. Ол қисық төртбұрыш тәріздес, аум. 300х180 м, айнала қоршаған бекініс қабырғасы қалдығының биіктігі 2 м. Табылған заттай деректер қаланың 11 — 12 ғасырларда болғанын көрсетеді. Теріс өзенінің оң жағасында "Баркуаб" атты орта ғасырлық Жібек жолының бойындағы қала жұрттары болған. Бұл жер Тараз, Жамбыл облысының энциклопедиясында шартты түрде "Бурнооктябрь І, ІІ, ІІІ қала жұрттары" деп берілген. ## Дереккөздер
Бөгенбай — Ақмола облысы Степногорск қалалық әкімдігіне қарасты Бөгенбай ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2013 жылға дейін Ақкөл ауданының құрамында болған. ## Географиялық орны Степногорскден шығысқа қарай 23 км-дей, Ақсу темір жолы станциясынан 20 км жерде, боз, селеу, көде өскен орманды дала белдемінде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1925 жылы тас көмір кен орны негізінде қаланған. Ауылда өндірістік кооперативтер мен шаруа (фермер) қожалықтар, жылу электр станциясы жұмыс істейді. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Ауыл арқылы Ақсу — Ертіс автомобиль жолы өтеді. ## Дереккөздер
Бурулер (өздік атауы — гэбфука, гэбэилиар) — халық. Индонезияның Буру аралында қоныстанған. Жалпы саны — 38 мыңдай адам (1995). Индонезия шығыс индонезиялық аралас нәсілге (сары мен қара нәсіл қоспасына) жатады. Буруан тілінде сөйлейді; діні әр қилы. Аралдың солтүстігіндегілері христиан дінінің протестант тармағын ұстанады. Оңтүстігіндегілері — мұсылман-сүнниттер. Ал аралдың орталық бөлігіндегілер өздерінің ерте кездегі дәстүрлі діни наным-сенімін сақтаған. Индонезиядің дәстүрлі кәсіптері — егін шаруашылығы мен аңшылық. Күріш, тары, маниок, батат өсіреді.Қабан, бұғы, кускус, т.б. аңдарды аулайды. Тауық, ит асырайды. 19 ғасырлардан бері Индонезия копра мен кайепут майын даярлаумен шұғылданады. Таулы жердегі әлеуметтікa ұйымға — фена деп аталатын жергілікті (бір елді мекеннің аумағымен шектелетін) ру жатады. Ал теңіз жағалауындағылары — негри аталатын көршілер қауымдастығына біріккен. Опо Геба Снулат дейтін құдай мен оның жердегі сенген өкілі Набиатаға сиыну секілді дәстүрлі діни наным-сенімдері сақталған. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
ҮПІЛМӘЛІК МАЙЫ, майсана — кеппейтін, қабыршақ түзбейтін және құрамында оксиқышқылдары бар өсімдік майларының бір түрі. Оны үпілмәлік (майсана) өсімдігінің дәнінен алады. Құрамында 3 — 9% олеин, 3 — 5% линол және 80%-дан астам [[рицинол қышқылдары болады. Соңғысының көп болуы Үпілмәлік майының негізгі қасиеттері: кинематикалық тұтқырлығы (50С-та 11010–6 м2/сек) мен тығыздығын (15С-та 950 — 974 кг/м3) анықтайды. Спиртте және бензинде жақсы ериді. Түсі түссізден қою сарыға дейін өзгереді, майлылығы 40 — 55%, қату температурасы 10 — 18С. Үпілмәлік майының тұтқырлығы жоғары болғандықтан техникада сапасы жоғары майлағыш май ретінде кеңінен қолданылады. Бұдан басқа дәрі жасауда, жақпа май және бальзам ретінде әйелдерді босандыруда, күйген жер мен жараға жағу үшін, сабын өндіруде, олифа алуда, т.б. пайдаланылады. ## Сілтемелер "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Айтық (Айтыкин) — сәулет ескерткіші. 20 ғасырдың басында Павлодар қаласының бұрынғы “мещан” бөлігінде салынған. Айтық саудагердің үйі. Үйдің жобасы Г-әрпі түрінде, биік ірге тасқа кірпіштен қаланған. Төбесі алғашқыда қаңылтырдан жабылған. Қабырғалары кірпіштің өзімен сәнді өріліп, безендірілген. Төбе жақтаулары темірден соғылған өрнекті шарбақшамен қоршалған. Қаңылтырдан жасалған су ағызатын құбыры осы күнге дейін сақталған. ## Дереккөздер
Буревестник — Қостанай облысы Науырзым ауданындағы ауыл, Буревестник ауылдық әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Қарамеңді ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 86 км жерде, Қарғалы тауының бетеге, боз, қау өскен баурайында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 1988 адам (983 ер адам және 1005 әйел адам) болса, 2009 жылы 1573 адамды (783 ер адам, 790 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1962 жылы тың игеруге байланысты қаланған. Буревестникте бұрынғы «Буревестник» астық кеңшары негізінде өндірістік кооператив, шаруа қожалықтары құрылған. Астық қабылдау пункті, электр станция, орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, т. б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Ұшарлар (лат. Pteromyini) — кеміргіштердің бір тұқымдасы. Еуразияның қоңыржай және тропиктік орманды жерлері мен Солтүстік Американың тайга ормандарында тіршілік ететін 10—13 туысы, 33 түрі белгілі. Қазақстанда Ертіс өзеннің жағалауын, Оңтүстік және Қалба, Алтай тауларының ормандарын мекендейтін кәдімгі ұшар (Pteromys volans) бар. Оның денесінің ұзындығы 14—21 см, ал үлпілдек құйрығының ұзындығы 14 см-дей. Терісі ақшыл қоңыр түсті, бауыры ақ болады. Қыста түгі құлпырып, жібек сияқты жұмсақ, қою қоңыр түске боялады. Ұшардың екі бүйірі (алдыңғы және артқы аяқтарының аралығы) жарғақпен көмкерілген. Мұның көмегімен ағаштан ағашқа қалқып ұшып секіреді. Қорегін іздеуге түнде шығады. Қатты аяз болғанда ұясынан шықпайды. Жалпақ жапырақты ағаш бүрін, қабығын, жапырағын, ал қылқан жапырақтылардан қарағай, балқарағай бүршігін жейді, ағаш қуысын паналайды. Жылына бір рет көбейеді. Аналығы маусым—шілде айларында 2—4 ұрпақ табады. Қысқы ұйқыға кетпейді. 13 жылдай тіршілік етеді. Республикамызда саны аз болғандықтан, ұшардың терісі дайындалмайды. Ұшарлардың арасындағы ең ірісі — тагуан (Petaurіsta petaurіsta). Оның денесінің ұзындығы 60 см, құйрығының ұзындығы 63 см, салмағы 1,4 кг. Арқа жоны қара сұр, бауыры сұрғылт түсті. Тагуандар Шығыс Үндістанның, Мьянма мен Шри-Ланканың таулы ормандарында тіршілік етеді. Тагуан — ұшарлардың арасындағы ең алысқа секіретіні. Ол 60 м қашықтыққа дейін қалқып секіре алады. ## Дереккөздер
Үлгілі Малшы — Абай облысы Көкпекті ауданындағы ауыл, Үлгілі Малшы ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 76 км жерде, Кіші Бөкен өзенінің сол жағасына таяу тұста, Бұқтырма бөгенінің оңтүстік-батыс жағалауындағы далалық белдемде орналасқан. ## Тарихы Іргесі 1932 жылы ет бағытындағы ірі қара мал өсіру мақсатында ұйымдастырылған “Үлгілі малшы” кеңшарының және онымен аттас ауылдық кеңестің орталығы есебінде қаланған. 90-жылдардың орта кезінде кеңшардың таратылуына байланысты мұнда шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Мәлібаев (1997 жылға дейін — Қызылдихан) — Қызылорда облысы Сырдария ауданында болған ауыл, бұрынғы Құндызды ауылдық округі орталығы. 2013 жылы ауылдық округпен бірге таратылып, Тереңөзек кентінің құрамына енді. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Тереңөзек ауылының батыс жақ шетінде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1119 адам (575 ер адам және 544 әйел адам) болса, 2009 жылы 1251 адамды (621 ер адам және 630 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1929 жылы қаланған. 1939 жылы “Қызылдиқан” деп аталды. 1964 жылы кеңшар орталығы болды. 1992 жылдан Мәлібаев ауылы деп аталады. 1997 жылы мұнда ЖШС және 4 шаруа қожалығы құрылды. ## Дереккөздер
Жағалық қайраң — теңіз немесе көл жағалауларының саяз бөлігі, өзен арнасындағы тосқындар жиынтығы. Ол жағадан теңізге қарай тереңдей береді. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Шәдібек — Ақ Орда ханы (1399–1407), Темір Құтлығтың інісі. Едігенің қолдауымен билікке келген. 1406 жылы Едіге мен Шәдібек Түменге жақын жерде Тоқтамысқа қарсы соғысып, сол шайқаста Тоқтамыс қаза тапты. Едіге Темір мемлекетіне жорық жасаған кезде Шәдібектен билікті Тоқтамыстың баласы Жалел әд-Дин тартып алды. Едіге Хорезмнен оралған соң хандық билік Шәлібекке қайта қайтарылып, Жалел әд-Дин Еділ Бұлғариясына қашты. Оған қарсы Едіге 1407 жылы жорық жасады. Бұл кезде Шәдіек Едігенің Еділ Бұлғариясына жорықта жүргенін пайдаланып, онан бөлініп шығуға әрекеттенді. Бірақ ол әрекеті іске аспай, Едіге оралғаннан кейін Дербентке қашуға мәжбүр болды. 1408 жылы Едіге Ақ Орда тағына Темір Құтлығтың ұлы Болатты отырғызды. ## Дереккөздер
Шәйкөз — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре деректері бойынша Орта жүздегі уақ тайпасының құрамына енеді. Шәйкөзден Жолымбет (Жәнібек), Шойқара, Қатымқұл, Қосай аталары тарайды. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың бас кезінде Петропавл у-нің Пресногорьков болысын, Аманқарағай, Баянауыл округтерін мекендеген. Жазда Үй, Тобыл өзендері алаптарын, қыста Жаңакөл, Тоқсан, Сақалы, Кішкенекөл, Ыстықкөл, Төрекөл, Жыланды, Көшербай, Жарқайың, Байқотан көлдері алқабын қоныстанған. Ұраны — Жаубасар, таңбасы — ергенек. ## Сілтемелер * Қазақ Энциклопедиясы, 9 том.
Шәженов, Халел (25.3.1908, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы — 25.7.1943, Харьков қаласының маңы) — актер, режиссер. 1932 — 1934 жылдары Қазақ мемлекеттік педогоиялық институтының (қазіргі ҚазҰПУ) тіл-әдебиет факультетінде оқыған. Алғашында ауыл мектебінде мұғалімдік қызметпен айналысты. 1938 жылы Ленинградтың (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік сахна өнері техникумының (кейіннен Мемлекеттік театр, музыка және кинематография институты) қазақ студиясын бітіріп, Шымкент облысы қазақ драма театрының құрамына қабылданды. Осы театрда әуелі актер, одан кейін режиссер болып қызмет етті. Театр сахнасында қойылған спектакльдерде Чапаев (Д.А. Фурмановтың осы аттас пьесасында), Президент (Ф.Шиллер, “Зұлымдық пен махаббат”), Березовский (М.Әуезов пен Ә.Тәжібаев, “Ақ қайың”), Бекежан (Ғ.Мүсірепов пен Е.Г. Брусиловский, “Қыз Жібек”), т.б. рөлдерді орындап, өзінің табиғи дарын-қабілетімен ерекше көзге түсті. Шәженов режиссерлікпен де шұғылданып, Әуезовтің “Еңлік — Кебек” (1939) пен “Айман — Шолпан” (1940), Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” (1939) мен “Ақан сері — Ақтоқты” (1942; өзі Ақан рөлін орындаған), Ә.Әбішевтің “Отан үшін” (1940; Серғазы рөлінде ойнады), М.Ақынжановтың “Исатай — Махамбет” (1941) пьесаларын қойды. Ол Шымкент облысы қазақ драма театрының қалыптасып, дамуы жолында елеулі еңбек етті. 1941 жылы соғыс басталысымен әскерге алынып, Украина жерінде қаза тапты. ## Сілтемелер * «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том.
Үргеніш (өзб. Urganch/Урганч) — ежелгі қала, ортағасырлық Хорезм мемлекетінің астанасы, қазіргі Өзбекстан Республикасы Хорезм облысындағы қала. Үргеніштің пайда болған уақыты анықталмаған. Қала жөніндегі алғашқы деректер мұсылман жазбаларында келтірілсе де, қаланың арабтар келерден әлдеқайда бұрын салынғаны күмән туғызбайды. Шамасы Гургандж (араб. Джурджания) атауы б.з.б. 1 ғасырға жататын жазбалардағы Хорезмнің қытайша атауынан (Юецзянь) шықса керек. I ғасырда Хорезм бір-біріне тәуелсіз екі иелікке бөлінді: * астанасы Қият болған хорезмшаһ аймағы; * Гүргәніж (қорған) әмірінің аймағы болды. Бирунидің (“Әл-Асар әл-Бақйиа”) жазуы бойынша арабтар жаулап алғаннан кейін Қиятты бұрынғы билеуші әулет өкілдері — шахтар, Гурганджды-араб уәлилері биледі. Бұл жағдай елдің екіге бөлінуіне әкеп соқты. 995 жылы Гургандж әмірі Қиятты басып алып, жергілікті әулет өкілдерін биліктен тайдырды. Сөйтіп, Хорезмді қайтадан біріктіріп, өзіне хорезмшах атағын алды. 10 ғасырдағы араб саяхатшылары Гурганджды үлкендігі жағынан Хорезмнің екінші қаласы ретінде сипаттайды. Ежелгі Қиятқа қарағанда ол тез өсіп, сауда мен қолөнердің гүлденген орт-на айналды. Қос иелік біріктіріліп, біртұтас мемлекетке айналған соң Қият пен Гургандж маңызы бірдей астаналар болып есептелді. Алайда кейінгі билеушілердің тұсында Гургандж мемлекеттің негізгі астанасына айналды. Үргеніштің гүлдену кезеңі 12 — 13 ғасырлардағы хорезмшахтар билік еткен кезеңге тура келеді. Үргеніштен 3 фарсах қашықтықта “Кіші Гургандж” атанған екінші қала орналасты. Жуайни 1221 жылы сәуір айында моңғолдардың Гурганджды қоршап, оны қалай алғаны жөнінде көп деректер қалдырған. Олар Әмудариядағы бөгендерді бұзып, барлық жерді су басты. Шапқыншылық пен су тасқынынан кейбір құрылыстар мен ғимараттар ғана аман қалды. Үргеніш 1224 жылдан Жошы ұлысының құрамына кіріп, көп ұзамай қалпына келтірілді. 13 ғасырдың ортасынан бастап Алтын Орданың құрамында болып, сауда, қолөнер, әкімшілік орталық ретінде өз маңызын жойған жоқ. 14 ғасырдың ортасына қарай Хорезм Алтын Ордадан бөлінген кезде Үргеніш қайтадан оның астанасына айналды. 1388 жылы Үргенішті Әмір Темірдің әскерлері қиратты. 1391 жылы ішінара қалпына келтірілгенімен, даму қарқыны төмендеді. 17 ғасырда қала тіршілігі құлдырап, кері кетті. Оның негізгі себептерінің бірі — Әмудария өзені арнасының ауысып, қаланың судан қашық қалуы еді. Үргеніш тұрғындарын Хиуа ханы Әбілғазы жаңа Үргенішке көшірді. Үргеніште сақталған тарихи-мәдени ескерткіштердің қатарына 12 ғасырдың 2-жартысына жататын Фахрад-дин Разидің кесенесі (12 қырлы негізге орнатылған, шатырлы 12 қырлы күмбезі бар шаршы түрдегі көлемді құрылыс, алды оймышты терракотамен безендірілген), 12 ғасырдың соңы мен 13 ғасырдың бас кезінде салынған Текеш кесенесі (тікбұрышты, “қатпарлы” негізге орнатылған шатырлы-конусты күмбезі бар), 1321 — 33 жылдары аралығында салынған Құтлұқ Темір мұнарасы (әшекейлі кірпіштерден қаланған белдеулер мен жазулар түсірілген жолақтармен безендірілген, конустық биік бағанды), 14 ғасырда салынған қонақ үйі бар Нажмеддин Құбрдың кесенесі (үш күмбезді порталды құрылыс), 14 ғасырдағы керуен сарайының порталы (алдыңғы беті түрлі түсті қаптама материалдармен безендірілген), Софы әулетінен Төребек ханым кесенесі ([1360 жылдары салынған, композициясы күрделі, мозаикалы негізге орнатылған үш биік күмбезі, порталы бар), т.б. жатады. Үргеніштегі археологиялық қазба жұмыстары 1929 жылы А.Ю. Якубовскийдің, 1952 жылы С.П. Толстовтың басшылығымен жүргізілді. ## Дереккөздер
Үшір — (онның бір бөлігін көрсететін сан) — онның бір мөлшеріндегідей көлемде алынған салық. Орта ғасырларда мұсылман елдерінде қолданылған. Жерден өндірілетін өнімге, саудадан түскен пайдаға салынған. 1) Жерден өндірілетін өнімге салынатын салық, халифаның мұсылман қауымынасыйлаған жеңілдігі ретінде (шағын бау-бақшалардан алынбайды) күнделікті тіршілікте басқаша жанама алымсалық жиналып алынады. Техникамен өңделіп жыртылатын суармалы жерлерден өндірілген өнімнің 1/20 бөлігі, ал өнімсіз, қолдан суарылатын жерлерденалынған өнімнің 1/10 бөлігі салық ретінде алынады. Егістік жерлері молжер иелері Үшірді жалдамалардан алатын салықтан айырмасы арқылы төледі. 2) Саудадан түсетін қаржылан да, сатылған заттардың 1/10 бөлігінің құныалымға түседі. Әйтсе де, әртүрлі заттардың алым-салық мөлшері әртүрліболып келетіні белгілі. 3) Саудадан түсетін алым-салықтардың заңды түрде үстемеленетін жағдайлары болады (оны Үшірдің синонимі ретінде макс және мукус деп те атайды). ## Дереккөздер
Ми соққы (мидың шайқалуы деп те аталады) - бас соққыға ұшырап жараланғаннан кейін, ми қызметінің уақыттық әлсіреуі. Бұл сырқат өз алдына дербес, я болмаса бастың басқалай жарақаттануы, сондай-ақ ми қанды ісігімен қоса пайда болады. Ми шайқалуы (commotіo cerebrі) – әртүрлі механикалық әсерден ми және ми қабығының жарақаттануы. Ми шайқалуында ми құрылысында көзге көрінетіндей немесе бүтіндігі бұзылған өзгерістер бай-қалмағанымен, ми шайқалуы сатысына қарай әртүрлі дәрежеде ми қызметінің бұзылуы анықталады. Ми шайқалуы әртүрлі апаттардан (автомобиль, темір жол, т.б.), жоғарыдан төмен құлағаннан, қатты соққы тиюден, тағы басқа жарақаттардан болады. Ми шайқалуы кезінде алған жарақат мидың қан тамырларын зақымдап, соның салдарынан ми қан тамырлары кеңейіп, мида сулы ісіктер және ұсақ қан құйылу ошақтары пайда болады. Сонымен қатар жұлын сұйықтығы көбейіп, бас сүйегінің ішкі қысымы жоғарылайды. Ми шайқалудың негізгі белгілері: жарақат алған бетте естен тану. Бұл құбылыс Ми шайқалуы сатысына байланысты, бірнеше минуттан бірнеше сағатқа созылуы ықтимал. Одан соң жүрек айну, құсу құбылыстары байқалады, бас ауруы, бастың айналуы, жүрек соғуының ырғағы сирейді. Аталған белгілердің жиілігіне қарай ми шайқалуы жеңіл, орташа және ауыр сатыларға ажыратылады. Ми шайқалуының емдеу шаралары: міндетті түрде төсекте жатып емделу тәртібін, сондай-ақ толық тыныштықты сақтау қажет. Дәрі-дәрмекпен емдеу негізінде, мидың сулы ісінуіне және бас сүйегінің қуысындағы қысым деңгейінің жоғарылауына қарсы жүргізіледі. Сонымен қатар бас ауруын басатын және ауру адамға тыныштық туғызатын, ұйқысын реттейтін дәрілер қолданылады. Науқас ауруынан жазылған соң, өмірдің қалыпты жағдайына, ауыр немесе терең оймен байланысты жұмыстарға біртіндеп кірісуі керек. ## Аурудың тамақтануы Жағатын тағамдар: * май құрамы мен холестерин құрамы төмен сүт. Ми зақымдалуынан қан қысымы өрлегенде, қандағы май құрамы көбейгенде, тәжі артериясының қатаюынан болған жүрек ауруына және миға қан тамғанда, мида қан ұйығы пайда болғанда майсыздандырылған сиыр сүтінен 100 мл, бұршақ қоймалжыңынан 500 мл, жасанды сүт талқанынан 100 гр, майға қуырылған ұннан 50 гр, сахарозадан 80 гр бір-біріне қосып, араластырып, оған лайқты көкөніс шырыны және 2 гр тұз қосып тұтынғанда пайдасы бар. * фосфор және лецитинді жемектіктер. Бастың зақымдалуынан ми сулы ісігі пайда болғанда, фосфор жане лецитин құрамды жемектіктерді тұтыну керек. * шипалы тағамдар рецепті:ағаш саңырауқұлағынан 10 гр суға езілгенше қайнатады да, оған азырақ ақ шекер қосып ішеді.қарлығаш ұясынан лайықты мөлшерде суға қайнатып азырақ ақ шекер қосып ішеді. * ағаш саңырауқұлағынан 10 гр суға езілгенше қайнатады да, оған азырақ ақ шекер қосып ішеді. * қарлығаш ұясынан лайықты мөлшерде суға қайнатып азырақ ақ шекер қосып ішеді. Жақпайтын тағамдар: * қоздырғыш ішімдіктер. Мысалы, арақ, көпе, қою шай секілділерді тұтынуға болмайды. * суықтықты асыратын желді суықтық жемектіктер. Мысалы, суықтық ішімдік, көк бұршақ, қияр балауыз асқабақ, балдыркөк, жер қашаны сияқтыларды тұтынуға болмайды. * майлы жемектіктер. Майлы жемектіктер тұтынылған соң көк бауырдың тасып жеткізу қуаты бұзылады да, аурудың жағдайы ауырлай түседі. * ащы жемектіктер. Мысалы, қызыл бұрыш, қызыл бұршақ майы, қышы талқаны , жусай секілділер. ## Дереккөздер
Physochlaina (қазақ тілінде: Үрмежеміс) Кавказда, Орта Азияда, Сібірде және Қытайда туған көпжылдық шөптердің он түрінің кішкентай тұқымы. * Physochlaina alaica Korotkova ex Kovalevsk * Physochlaina albiflora Grubov * Physochlaina capitata A.M. Lu * Physochlaina infundibularis Kuang * Physochlaina macrocalyx Pascher * Physochlaina macrophylla Bonati * Physochlaina orientalis (M.Bieb.) G.Don * Physochlaina physaloides (L.) G.Don * Physochlaina praealta (Decne.) Miers * Physochlaina semenowii Regel Physochlaina тұқымы Hyoscyamus тұқымымен тығыз байланысты. Қазақстанда ашық далалы жерлер мен төбелердің тастақты беткейлерінде, таулы аймақтарда, жартастардың жарығында, тау өзендерінің бойында өсетін 3 түрі: * физалис тәрізді Үрмежеміс (Р. рhysaloіdes); * Семенов Үрмежемісі (P. semenowіі) * тығыз-кластерлі Үрмежеміс (P. capitata) бар. Бұлардың биіктігі 10 — 40 см, сабағы тік, ұшынан бұтақталған, ұшына жақындаған сайын бунақты қалың түкті. Өсімдіктің түп жағы түксіз. Жапырақтары ұзын сағақты, жүрек тәрізді (ұзындығы 1,5 — 8,5 см). Гүлдері күлгін түсті, қосжынысты, аталығы 5, аналығы — біреу. Саны бесеуден болатын күлте және тостағанша жапырақшалары бір-біріне кірігіп, қоңырау тәрізді келеді. Әсіресе өсімдік гүлдегенде, тостағаншаның көлемі үлкейіп, қампайып үрленген қалта сияқты болады, өсімдіктің аты тостағаншаның пішініне байланысты қойылған. Гүлдері шашақ гүлшоғырына топталған. Сәуір — мамыр айларында гүлдеп, мамыр — тамызда жеміс салады. Жемісі — шар тәрізді қауашақ, ол піскенде, торлы жүйкелері бар, жұқа жарғақ тәрізді тостағаншасы жемісінің сыртын түгел жауып тұрады, соның нәтижесінде жемісі түспейді. Үрмежеміс — улы өсімдік, оны мал жемейді. ## Химия Өсімдіктер құрамында улы тропан алкалоидтар бар: атропин, апоатропин, 6-гидроксиатропин, гиоцамин, скополамин, апоскополамин, кускогигрин, физохлаин т.б. ## Суреттері * * * * * *
Шәкеев Нұрғазы (10.7.1929 ж. т., Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Кіндікті ауылы) — баспагер журналист, Қазақ КСР-інің еңб. сің. мәдениет қайраткері. 1957 жылдан Журналистер одағының және 1978 жылдан Жазушылар одағының мүшесі. ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген (1951). Институтта оқи жүріп респ. “Социалистік Қазақстан” (“Егемен Қазақстан”) газетінің түзетушісі (1949) болып жұмыс істеді. 1951 — 1969 жылдары сол газетте редакцияның әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, Бас редактор, 1969 — 1972 жылдары “Мектеп” баспасында қызмет атқарып, 1972 — 1974 және 1979 — 1985 жылдары ҚР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі Мемл. к-тінің, 1974 — 1979 “Ара — Шмель” журналының Бас редакторы, ал 1985 — 1987 жылдары “Қазақ Совет энциклопедиясының” жауапты хатшысы және Бас редакторының орынбасары болды. 1987 — 1991 жылы “Кітап жаршысы — Друг читателя” басылымдарының Бас редакторы. 1993 — 1996 жылдары “Алаш-мирас” журналының жауапты хатшысы қызметтерін атқарды. Ол баспагер қызметіне қоса шығарм-пен де айналысып, көптеген аудармалар жасады. Орыс жазушылары Н.В. Гоголь, И.С. Тургенев, Н.С. Лесков, үнді жазушысы Кришан Чандар, түрік, армян, венгр, тәжік, молдаван жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударды. И.Калашниковтың “Сұм заман” атты романын тәржімалағаны үшін Халықаралық әдеби “Алаш” сыйлығын алған (2005). ## Дереккөздер * «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том.
Миятамыр (Glycyrrhіza uralensіs) – бұршақ тұқымдасы, мия туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда далалы жерлерде, сортаңды шалғындарда, тоғайлардың арасында кездеседі. Биіктігі 50 – 110 см-дей, сабағын шырынды түктер жапқан. Жапырағы қандауыр тәрізді (ұзындығы 10 – 25 см). Күлте жапырақтары көк түсті, ақ жолақты болады. Гүлі сарғыш, түтік тәрізді (ұзындығы 14 – 25 см). Маусым айында гүлдеп, шілде – тамызда жеміс салады. Тұқымы (саны 3 – 9) бүйрек тәрізді, қоңыр түсті болады. Миятамырдың тамырында глицерин, глюкоза, глюкозидтер, сахароза және минералды тұздар бар. Медицинада дәрі-дәрмек жасауда, тамақ өнеркәсібінде (мысалы, сыра ашытуда, тағы басқа) қолданылады. ## Сілтемелер * бұршақ * глюкоза ## Дереккөздер
"Шәкен жұлдыздары" — халықаралық кинофестиваль. Алғаш 2003 жылы Алматы қаласында “Шәкен жұлдыздары” продюсерлік орталығының күшімен ұйымдастырылды. 2004 жылдан бастап Алматы қалалық мәдени шаралар бағдарламасына енгізіліп, әкімшіліктің бюджеттік қолдауымен өткізілді. "Шәкен жұлдыздары" кинофестивалінің басты мақсаты — кино өнері арқылы ұлттық рухани дамудың жан-жақтылығына негізделген жаңа әлеуметтік-қоғамдық қауымдастықтың қалыптасуына жағдай жасау. Осындай мақсат аясында жас қазақ кинематографияшылар мамандарының кәсіби-шығармашылық деңгейінің шыңдалуына, әрі олардың түсірген кинотуындыларын фестиваль кезінде көрермен-көпшілікке көрсету арқылы дүниежүзілік кино өнері жетістіктеріне қол жеткізуге талпындыру, ұлттық кино мектебінің шығармашылық дәстүрін сақтай отырып, одан әрі өркендету, қазақ кинорежиссерлері мен актерлерінің шығармашылық еңбегін жан-жақты насихаттау, ұлттық киношеберлері мен озық шет ел әріптестері арасындағы өзара кәсіби-шығарм. байланыстарды нығайту, кинобайқаулардың таңдаушыларымен және жетекші киносыншыларымен кездесулер ұйымдастыру, фестиваль кезінде семинарлар мен шеберлік-сыныптар өткізу, т.б. мәдени іс-шаралар өткізу көзделінеді. 2005 жылы "Шәкен жұлдыздары" кинофестивалі Халықар. жастар киносы және дебюттік фильмдер байқауы дәрежесіне көтерілді. 2003 — 2004 жылдары өткен “"Шәкен жұлдыздарының” алғашқы екі фестивалі кезінде жергілікті көрермендерді ұлттық кино өнерінің (1998 — 2004) 20-дан аса көркем және 50-ге тарта деректі туындыларымен таныстырып, ол “Қазақстан киносы ғасырлар тоғысында” деген девизбен жүргізілді. 2003 — 07 ж. аралығындағы “Шәкен Жұлдыздары” кинофестивалі кезінде ұлттық, сондай-ақ жақын (Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Татарстан) және алыс (АҚШ, Египет, Израиль, Иран, Испания, Латвия, Германия, Литва, Қытай, Түркия, Үндістан, Франция, Чехия) шетелдік фильмдер көрсетілімі болды. Қазылар алқасының шешімімен бірқатар кинотуындылары ең үздік көркем (“Үш ағайынды”, режиссёр С.Апрымов, бас жүлде, 2003; “Қаладан келген қыз”, режиссёр Р.Әбдірашев, бас жүлде, 2004, Қазақстан; “Шекара”, режиссёр С.Захаваи, бас жүлде, 2005, Ресей; “Шекара”, режиссёр М.Алықұлов, бас жүлде, 2006, Қырғызстан) және деректі (“Бейтаныс Назарбаев: бес кездесу”, режиссёр С.Әзімов пен В.Рерих; “Таусылмайтын махаббат”, режиссёр С.Әзімов пен Ә.Ерназаров, 2003; “Патетикалық симфония”, режиссёр В.Тюлькин, 2004, Қазақстан; “Паром жүргізуші”, режиссёр әрі операторы С.Ю. Литовец, Ресей, Татарстан; “Терезе”, режиссёр Г.Сыдықова мен Ф.Тұрсынов, Қырғызстан; “Қимыл... Келісім”, режиссёр Ч.Ф. Расулзаде, Ресей, 2005) фильмдер деп танылып, жоғары жүлделерді иеленді. ## Дереккөздер
Мишарлар – татар халқының құрамындағы этникалық топ. Мишарлар Ресей Федерациясының құрамындағы Татарстан мен Башқортостан Республикаларында тұрады. Мишарлардың шыққан тегі белгісіз. Татар тілінің мишар диалектісінде сөйлейді. Мишарлардың шаруашылығында, материалдық және рухани мәдениетінде орыс халқының ықпалы мол. Мишарлар мәдениеті татар халқының мәдениетіне мейлінше ұқсас. ## Сілтемелер * Татарстан * Башқортостан * Ресей Федерациясы ## Дереккөздер
Қарғалы (2007 жылға дейін — Фабричный) — Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Қарғалы ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ұзынағаш ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 11 км жерде, Ұзынқарғалы өзенінің бойында, Іле Алатауының баурайында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1909 жылы шұға фабрикасын салуға байланысты қаланған. Алғашында "Қарғалы", 1937 жылдан "Фабричный" деп аталды, 2007 жылы алғашқы атауы қайтарылды. ## Өндіріс орындары Өндіріс орындарынан “Қарғалы” АҚ (шұға комбинат), асфальт зауытты, сувенирлер шығаратын цех, тұрмыстық комбинат бөлімшесі, бірнеше ӨК, шаруа қожалықтары, т.б. жұмыс істейді. ## Инфрақұрылымы Кентте 4 орта мектеп, шет тілдерін оқытатын ортасы, балабақша, кинотеатр, клуб, мәдениет үйі, кітапхана, аурухана, емхана, фелдьшер-акушерлік пункт, дәріхана, т.б. бар. Фабричныйда 1886 жылы салынған облыстағы ескі мешіттің бірі сақталған. Жақын темір жолы стансасы - Шамалған (32 км). ## Дереккөздер
Қожақан Шәкенов (25.11. 1929, қазіргі Алматы облысы Панфилов ауданы Сарыбел ауылы — 27.4. 1971, Алматы) — ғалым-анатом, нейроморфолог, медицина ғылымдарының кандидаты (1960). Алматы мемлекеттік медициналық институтын (1953) және оның аспирантурасын (1956) бітірген. 1956 — 1960 жылы сол институттың қалыпты анатомия кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент болды. 1960 — 1971 жылдары стоматология факультетінің деканы қызметін атқарды. Негізгі ғылыми еңбектері адам морфологиясы мен мектеп гигиенасына арналған. Шәкенов “Мектеп гигиенасы” (А., 1965) атты оқулық жазды. Бала организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, мектептегі оқыту, күн тәртібін белгілеу, сондай-ақ зертханалар мен арнаулы кабинеттерді жабдықтаудың гигиеналық талаптарын мазмұндаған бұл кітап әлі күнге дейін ғылыми-әдістемелік құндылығын жоғалтқан жоқ. Сонымен қатар Шәкенов анатомия пәні бойынша латынша-қазақша-орысша сөздікке (акадик А.Рақышев) редактор болды. 1967 жылы стоматология факультетінің деканы ретінде қазақ студенттерін ана тілінде оқытатын топтар ұйымдастырғаны үшін оған “ұлтшыл” деген кінә тағылып, қудаланды. Бұл қадам — сол кездегі саяси жағдаймен салыстырғанда нағыз ерлік болып табылады. Шәкенов “Қуық жүйке аппаратының вегетативтік және орталық жүйке жүйесінің өзара байланысын экспериментті-морфологиялық және салыстырмалы-анатомиялық зерттеу” деген тақырыпта докторлық қорғау қарсаңында қайғылы қазаға ұшырады. Өмірі ерте үзілген жас ғалымның еңбегін бағалап, қазіргі Қазақ Ұлттық медициналық университеті ректоратының 1993 жылы 8 желтоқсандағы шешімімен стоматология факультетінің үздік студентіне Шәкенов. атындағы арнаулы стипендия тағайындалған. ## Дереккөздер
Мәлін (лат. Felis silvestris ornata) – сүтқоректілер класы жыртқыштар отрядының мысықтар тұқымдасына жататын аң. Дене тұрқы 47,5 — 74,0 см, салм. 1,9 — 6,3 кг, үй мысығына ұқсас. Арқа жүні қара, қоңыр шұбар теңбілі бар сұр түсті, бауыры ақшыл. Тері жамылғысының түсіне қарай, шұбар мысық немесе дала мысығы деп те атайды. Африка, Азия, Жерорта теңізі маңы, Кавказ тауы елдерінің көбінде таралған. Қазақстанның шөлді-шөлейтті аймақтарын мекендейді. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында жиірек ұшырасады. Саны аз. Шөлді-шөлейтті аймақтағы қамыс-құрақ арасында, тораңғы, жиде, жыңғыл, шеңгел өскен өзендер мен көлдер жағасын мекен етеді. Қорегін көбіне ымыртта, түнде аулайды. Негізгі қорегі — кеміргіштер, қоян, қырғауыл, ондатр және ұсақ құстар. Жыныстық жағынан аталықтары 21 — 22, ұрғашылары 10 айда жетіледі. Қаңтар — наурыз айларында мауығып, сәуір — мамырда ұрпақ береді. Тамыз айында олар өз бетінше тіршілік ете бастайды. Мәлін үй мысықтарымен жиі шағылысып, ұрпақ бере береді. Ертеде терісі үшін көп ауланған. ## Дереккөздер
Ұшқан ата — қорым. XIV—XX ғасырлардың аралығында тұрғызылған кесенелер тобын құрайтын Ұшқан ата қорымы қазіргі Атырау облысы, Мұнайлы кентінің оңтүстік жағынан 20 км жерде орналасқан. Ел аузында қорым атауын өмірде болған әулие “Ұшқан ата” есімін, ағып жатқан үш бұлақты, яғни “үш аққан” және осы маңайда XVIII ғасырдағы қазақ пен қалмақ-торғауыт арасында өткен қанды шайқасқа байланысты “үш қан” деген мағынаны білдіреді деген аңыз сақталған. Ұшқан мекені орналасқан жер ағып жатқан бұлақ суымен ерекшеленеді, әсіресе, көктем мен күз айларында ертедегі көшпелі қазақтардың өмір сүруіне, ортағасырлық сауда-саттық жасаумен айналысқан керуен-жүкшілердің тыныс алуына аса қолайлы орын — керуен сарайда болған. Ұшқан ата қорымында бірнеше ғасырлар бойы әр алуан пошымда діни жерлеу салттарымен тұрғызылған кесенелер тобы қалыптасты. Қорымның оңтүстік-батыс жағындағы Ұшқан ата зираты ертедегі дәстүр бойынша үстіңгі жақ беті топырақпен үйіліп, басына ағаш белгі қойылған. Өткен заманда осыған таяу шағын мешіт бой көтергенімен, ол кейін бұзылып қалған. Үйінділер арасында шикі кірпіштен қаланған сәулет құрылыстарының жұрнақтарын айқын байқауға болады: бұларда XVIII—XX ғасырлардағы қазақ сәулет өнеріне тән көптеген белгілер сақталған. Әсіресе, олардың арасында шикі кірпіштен тұрғызылған сағаналар тобы — “үй там”, төрт бұрышты қоршаулар — “төртқұлақ” және тастан қашалып, ою-өрнекпен әсемделген құлпытас пен “қойтастар” ерекше көз тартады. Қорымдағы кесенелерге қойылған құлпытастарды үш топқа бөліп айқындауға болады: шағын қобдиша түрінде текше тастан қашалып, сәнді өрнектермен безендірілген төбесі жұмырланып бітетін құлпытас XVIII ғасырдың ортасы мен XIX ғасырдың басында жасалғанын аңғартса, ұзынша тақта бетіне оюлы әсем араб жазуларына толы (қайтыс болған адамның аты мен шығу тегі жазылған), басы дөңгелене бітетін құлпытастар XIX ғасырдың ортасына қарай қойылғанын білдіреді, ал XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында бой көтерген биіктігі 3—5 м-ге жететін алып бағана іспетті құлпытастар қомақтылығымен қоса аса көрнекілігімен де ерекшеленеді. Қорымның соңғы кезеңіндегі құлпытастарды қашап жасаушы — жергілікті халық тасшылары, ағайынды Елеусін мен Елбосын Игісінұлдары. Ұшқан ата қорымындағы кесене-ескерткіштер көптігімен әрі жинақылығымен Жем мен Сағыз өзендері тобына жатады. ## Сілтемелер "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Моғол мектебі – шығыс миниатюра мектебі. Үндістанды ұлы Моғолдар әулеті билеген кезеңде өркендеді. Оның ерекше гүлденіп дамуы Құмайын, Акбар сұлтандар кезеңіне (1530 – 1605) сәйкес келді. Моғол мектебі негізінен ежелгі Үнді кескіндемесі мен көне мұсылман бейнелеу өнерінен (мысалы, “Шаһнамаға” салынған миниатюралық 85 шығарма, 1427) бастау алады. Сонымен қоса парсы бейнелеу өнерінің және Орта Азия өнер мектебінің қолтаңбасы да сезіледі. Акбар тұсында, одан кейін де жергілікті суретшілермен қоса еуропалық суретшілер өзіндік қолтаңбаларын қалдырды. Осы кезеңде еуропалық суретшілерге еліктеушілік, олардың шығармаларын көшіру мен кейіпкерлерін қайталау белең алды. Моғол мектебінің алғашқы даму кезеңі оның негізін қалаушы суретшілер: тебриздік Мир Саид Әли мен шираздық Абд ас-Самадтың есімдерімен тығыз байланысты. Олардың басшылығымен жұмыс істеген 50 суретші “Әмір Хамза” поэмасына 1400 миниатюра жасады. Сол кезеңдегі шығармалардың ең көрнектісі “Бабырнама” (16 ғ.) болды. Жаһангер мен Жаһан шаһ кезінде моғол мектебі өркендеп, биікке көтерілді. Ол Иран мен Үндістанның басқа миниатюра мектептеріне қарағанда (мысалы, Раджпутан мектебі) нақты көріністерді шынайы және қияли таныммен астастыра бейнелеуімен ерекшеленеді. 16 ғасырдың аяғы мен 17 ғасырдың басында Моғол мектебінде портрет жанры дамып, кейіпкердің мінез-құлқы мен психологиясын ашуға әрекет жасалды. Атақты қолбасшылар мен әміршілердің, ақындардың тарихи тұлғалары сомдалды (мысалы, “Бабырнама”, “Хамза”, “Акбарнама”, “Шаһ Жаһаннама”, т.б.). 17 ғасырдың 2-ширегінде анималистік жанр (жан-жануарларды, құсты, түрлі өсімдіктерді бейнелеу) өркендеді. Ал 18 ғасырда шынайылықтың аулы алыстап, жасандылық белең алды. Моғол мектебі кейінгі даму кезеңінде Еуропа мен Шығыс елдерінің безендіру өнеріне ықпалын тигізді. ## Дереккөздер
Мәмбет Бұлғақұлы (1704 ж.ш.т. — 1769 ж.ш.ө.) — Әбілқайыр ханның 12 биінің бірі. Кіші жүздегі шөмекей руынан шыққан. 1738 жылы тамызда Әбілқайыр хан бастаған Орта жүз бен Кіші жүздің беделді би, батырларымен бірге шөмекей руының атынан Ресей патшалығына ант берген. ## Дереккөздер
Мәмбет Күнбасұлы (шамамен 1711 — 1808, Жамбыл облысы) — батыр, Абылай ханның жорықтас серігі. Кейбір деректерде Абылайды жоңғар тұтқынынан алып қайтқан отыз бес қазақ ішінде Сеңкібай, Шойбек батырлармен қатар аталады. Бұқар жыраудың “Қалданменен ұрысып” атты толғауында басқа батырлармен бірге Мәмбет есімі де айтылады. Мазары Талас өзені бойында. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. ## Дереккөздер
Шәкіров Біржан Сәруарұлы (5 Қыркүйек 1953 жылы туған, Түркістан облысы Шымкент қаласы) — ғалым, техника ғылымының докторы (1994), профессор (1995). ## Қысқаша өмірбаяны: * 1975 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген. * 1975 — 1978 жылдары “Қазгипрофосфор” ғылыми-зерттек институтында ғылыми қызметкер. * 1978 — 1993 жылдары Қазақ химия-технологиялық институтында аспирант, аға ғылыми қызметкер, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан, докторант, * 1993 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік унтверситетінде кафедра меңгерушісі. ## Еңбектері: 216 ғылыми мақаланың, 2 монографияның, 1 оқулықтың, 3 әдістемелік құралдың, 15 өнертабыс пен патенттің авторы. Қазақстан комсомолы сыйлығының иегері (1986), Табиғи және техногендік қайталанбас шикізатты өңдеудің инновациялық технологиясын жасағаны және ұйымдастырғаны үшін Қазақстан мемлекеттік сыйлығын алған (2005). ## Дереккөздер:
Шәменов (1997 жылға дейін - Айнакөл) — Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы ауыл, Шәменов ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жалағаш кентінен батысқа қарай 25 км қашықтықта, Сырдарияның оң жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1336 адам (676 ер адам және 660 әйел адам) болса, 2009 жылы 1193 адамды (629 ер адам және 564 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1929 жылы “Белсенді”, “Иіркөл”, “Жігер”, “Елтай” артельдері негізінде қаланған. Олар 1950 жылы ұжымшар болып қайта құрылды. Ауыл негізінен күріш, ірі мүйізді қара, қой өсірумен айналысты. Ауылға 1967 жылы облыста бірінші болып Еңбек Қызыл Ту ордені берілді және шаруашылық Қазақ КСР-інің “Алтын кітабына” жазылды. 1994 жылы ауылға ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырушы М.Шәменовтің есімі берілді. ## Дереккөздер
Жарқын Жақияұлы Шәкәрім (4.5.1947 - 16.4.2019), Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласы) - домбырашы-күйші, музыка зерттеушісі, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері (1998). Қарағанды музыкалық училищесін(1968), * Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) (1973). * 1973 - 1976 жылдары Мәскеудегі Бүкілодақтық "Мелодия" фирмасының Алматы күйтабаққа жазу студиясында аға редактор, * 1976 - 1980 жылдары "Жалын" баспасында редактор, * 1980 - 1982 жылдары Республикалық музыка аспаптары мұражайының директоры, * 1982 - 1983 жылдары Қазақ филармониясында күйші - лектор. * 1983 жылдан Қазақ теледидарының музыка бағдарламалары Бас редакциясының редакторы, бөлім меңгерушісі бола жүріп "3амана бұлбұлдары", "Домбыра сазы", "Терме", "Шашу", "Музыкалық киножинама", "Күй-шежіре", "Інжу-маржан", тәрізді хабарларды жарыққа шығарды. Шәкәрім фонографқа жазылған (1925) Әміре Кашаубаевтың дауысы сақталған "Ағаш аяқ", "Смет", "Бесқарагер", "Жалғыз арша", "Үш дос", "Балқадиша", "Дудар-ай" әндері үнтаспасын (валик), Мәскеудің Орталық мұрағатынан тауып (1974), Серке Қожамқұлов, Әлікей Марғүлан, Сапарғали Бегалин, Жүсіпбек Елебеков, Әнуарбек Байжанбаевтардың қатысуымен күйтабағын автор ретінде жарыққа шығарды (1975). Шәкәрім - "Әміре" (1977), "Ән жүлдызы" (1978), "Амре Кашаубаев" (орыс тілінде, 1980), "Малайсары би-ден Шәмілге дейін" (1997), "Ән асқары" (1998), "Құрманғазы" (ғылыми кеңесші, 1998), "Нұрғиса Тілендиев" (Дариға Тілендікелінімен бірлесіп жазған, 2003) кітаптарының авторы. Шәкәрім - "Қазақстан" Республикалық телерадио-корпорациясы АҚ жобасы бойынша жарыққа шыққан "Мәңгілік сарын" деп аталатын қазақ күйлерінің антологиясын (255 күй топтастырылған) шығаруға үлес қосып (2005), жауапты редактор болды. Шәкәрім ұмытыла бастаған көне саз аспабы - үш ішекті домбырада шебер орындаушы, насихаттаушы. Оның репертуарында "Жорға аю", "Көктөбел", "Кеңес", "Үзбе", "Толғау", "Қыз мұңы", "Қабанбай" сияқты халық қүйлері, Нұрғалидың "Көк қаршыға" күйі, сондай-ақ, өзі шығарған "Анадан аманат", "Абыралыдағы ата зары", "Дүние-кезек", т.б. күйлер бар. "Сазген" фольклорлық ансамблін ұйымдастырушы (1980), алғашқы көркемдік жетекшісі. Мәскеуде өткен 12-Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінің (1985) дипломанты, КСРО Бүкілодақтық "Білім" қоғамының "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған (1989). ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Жарқын Шәкәрімнің жеке сайты Мұрағатталған 1 наурыздың 2021 жылы.
Шәкібай Тасыбайұлы (Шәкі би, 1805-1885) – қоғам қайраткері, би, шешен, Семейдің даналарының бірі, Абайдың әкесі Құнанбай Шәкіден ұлағатты сөздерді естуге баратын, Шәкі қайтыс болғанда Құнанбай қатты мұңға салынған. Орта жүз Найман ішінде Мұрын Өр Найман тармағынан шыққан, арғы атасы Алшынбай би өз заманының кемеңгер биі болған. ## Өмірбаян Шәкі шешен кезінде Құнанбай, Кеңгірбай, Алшынбай, Едіге сияқты Найман, Керей, Арғын елдерінің атақты би-сұлтандарымен даулы мәселелерді шешуде айтыс-тартыстарға қатысқан.Өр Найманның намысын жыртып, сөзін сөйлеген аса бетті де, білгір шешен болған. Ол Құнанбай, Абай, Әріп Тәңірбергенов(Әріп ақын) ақынмен де шешендік сайысқа түскен. ## Сілтемелер * «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том.
Жазғұрлы — Маңғыстау түбегінің оңтүстік бөлігіндегі ойыс. Маңғыстау облысының Қарақия ауданы жерінде, Маңғыстау мен Кендірлі-Қиясай үстірттері аралығында жатыр. Ұзындығы 15 км, ені 6 км-дей, ауданы 63 км². Тереңдігі 80 — 90 м. Ойыс неогеннің саз балшықты жыныстарынан, сарматтың бақалшақты әктастарынан түзілген. Беткейлері солтүстігінде жарқабақты, оңтүстігінде баспалдақ тәрізді. Табаны тегіс, сор батпақ. Батыс және солтүстік-шығыс кемерлерінде Жазғұрлы, Басғұрлы құдықтары орналасқан. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Болотбек Төленұлы Шәмшиев (12 қаңтар 1941 жылы туған, Бішкек) — қырғыз кинорежиссері, сценарийші, Қырғыз КСР-інің (1975) және КСРО-ның (1991) халық артісі. ## Өмірбаяны * 1964 жылы Мәскеу қаласындағы кинематография институтының режиссерлік факультетін (М.И. Роммның шеберханасы бойынша) бітірді. * Кинодағы қызметін 1960 жылы актер ретінде бастады. * 1964 жылдан “Қырғызфильм” киностудиясында режиссер ретінде қызмет етті. ## Режиссерлің еңбектері ### Деректі кино саласы бойынша фильмдері * “Шопан” * “Манасшы” ### Көркем фильм саласы бойынша фильмдері * 1968 ж. М.Әуезовтің “Қараш-қараш” атты шығармасын экрандады. * “Ыстықкөлдің алқызыл гүлдері” (1970) * “Ақ кеме” (1976) * “Ерте келген тырналар” * “Ел ішінде” (1978) * “Қасқыр апаны” (1984) секілді көркем фильмдерді қойып, қырғыз кино өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. Кең тыныстылық, кейіпкерлер мінезінің қат-қабат сырын ашу, қарапайым өмір мәселелерінен ең күрделі әлеуметтік-философиялық ой түю — оның қойған фильмдеріне тән қасиет. ## Сценарийлері Ол сонымен бірге фильм сценарийлерін жазуға да қатысты. ## Марапаттары * Қырғызстан Ленин комсомолы сыйлығы (1969) * КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1977). * 2 рет “Құрмет белгісі” ордені * бірнеше медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Шәңкіш (→ Шәңгіш) (лат. Viburnum) – байсаттар тұқымдасына жататын бұта немесе аласа ағаш. ## Сипаты Биіктігі 1,5 — 4 м-ге жетеді. Сабағының қабығы ақшыл сұр түсті, тілініп кеткен, онда тықыр жас бұтақтары орналасады. Жапырақтары жалпақ, сопақша, кейде дөңгеленіп келген. Гүлдері қос жынысты, шет жағындағы гүлдері тұқымсыз болады, шатырша-қалқанша гүлшоғырын құрайды. Аталығының саны — бесеу, жатыны бір ұялы. Тостағанша жапырақшалары 3 не 5 тісті, күлтелері қоңырау тәрізді, ақ немесе қызыл түсті. Жәндіктермен тозаңданады. Мамыр — шілде айларында гүлдеп, тамыз — қыркүйекте жеміс салады. * Жемісі — қызыл түсті сүйекше. Дүние жүзінде қоңыржай және субтропиктік аймақтарда, негізінен Еуразия мен Солтүстік Америкада өсетін 200-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық аймақтарындағы жалпақ жапырақты және аралас ормандарында, бұлақ, өзен-көл жағалауларда, сайлы, батпақты жерлер мен тау беткейлерінде 1 түрі — кәдімгі шәңкіш кездеседі. ## Күтімі Ерекше күтімді қажет етпейді, бақтың кез келген топырағында өсе береді. Өсімдіктің барлық түрінің артық бұталарын гүлдеп болған соң кесіп тұру керек. Гүлінің орнына күзге таман қып-қызыл жемістері пайда болады. ## Көбейтілуі Тұқымы арқылы көбейтуге болады. Бірақ оңай, әрі тиімді жолы қалемше және түбінен өсіп шыққан жас көшеттерін бөлу арқылы көбейту. ## Емдік қасиеті Дәрілік мақсатқа өсімдіктің қабығын, жемісін, гүлін жинайды. Құрамында — вибурнин глюкозиді, валериан, илік заттар, шайыр және органикалық қышқылдар, ал жемісінде қант, илік заттар бар. Олар халық медицинасында кеңінен қолданылады: * Қабығынан алынған тұнба қан тоқтады, қан тамырларын тарылтады, жүйкені тыныштандырады. Жемісі жүрекке әсер етеді, несеп айдайды, өт жүргізеді, қабынудан қорғайды және жараларды жазады. * Қысқы қатты аязда түсіп қалған жемісі жеуге жарамды болады. Сонымен қатар тер шығаратын, құстыратын, іш жүргізетін дәрі есебінде және асқазан қышқылы кемігенде емдеуге болады. Жемістерін балмен қосып қайнатып, жоғары тыныс жолдары мен өкпе қабынғанда, деміккенде, іш өткенде, бауыр ауырғанда, дене сарғайғанда, дауыс қарлыққанда пайдаланады. * Гүлдеп тұрған бұтақтарының қайнатындысын қақырық түсіру үшін қолданады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
Ізтай Тілеуұлы Мәмбетов (1.1.1929 жыл, Ақтөбе облысы Алға ауданы Табантал ауылы — 1974 жыл, Алматы) — ақын, журналист, аудармашы. * Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (1953). * 1952 — 1956 жылдары “Жұлдыз” журналында * “Қазақ әдебиеті” газетінде әдеби қызметкер * 1957 — 1969 ж. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында бөлім меңгерушісі * Қазақстан Жазушылар одағының поэзия секциясында * Ақтөбе облыстық газетінде қызмет істеген. ## Шығармалары * “Тұңғыш” атты алғашқы өлеңдер жинағы 1955 жылы жарық көрді. Мәмбетовті лирик ақын ретінде жұртшылыққа танытқан * “Табантал” (1961) * “Аз-ақ жол” (1966) * “Сал Сары” (1970) * “Тарланбоз” (1973) * “Жылан жал” (1974) * “Ақпан” (таңдамалы, 1983) атты жинақтары. Мәмбетов шығармаларының негізгі тақырыбы — туған жер, достық, махаббат, азаматтық. Ақын аудармашылықпен де айналысқан. Лирик ақынның * “Қаракөз” * “Мен туыппын ақпандатқан боранда” атты өлеңдеріне ән шығарылған. * “Жыр Жәмила” * “Пушкин мен Әміржан” * “Пугачев нөкері” атты поэмалары тақырып аясының кеңдігімен, көркемдігімен бағаланады. ## Дереккөздер
Үрмебұршақ (лат. Phaseolus) — бұршақ тұқымдасына жататын белокты дақыл дар тегі. ## Сипаттамасы Тропиктік және субтропиктік өңірлерде өсетін 200-ден астам түрі белгілі. Үрме бұршақ жылу сүйгіш өсімдік. Оның дәнінің жер бетіне көктеп шығуы үшін топырақ қыртысының 5 — 6 см-індегі температурасы 12 — 13°С-тан артық әрі ылғал мол болуы керек. Гүлденуі мен бұршақ түюіне қолайлы температура 20 — 25°С. Оның дәнінде белок 17 — 23%, крахмал 50 — 60% болады. Сол себепті үрме бұршақ жұғымды әрі дәмді тағам, белогы адам организміне оңай (90%) сіңеді. Өнімділігі орташа алғанда әр га-дан 10 — 12 ц. Басқа да бұршақ тұқымдас өсімдіктер сияқты үрме бұршақ топырақ құрамындағы азот қорын молайтатын болғандықтан және тез пісетіндіктен көптеген дақылдарға, әсіресе күздік бидайға алғы дақыл болып саналады. Қазақстанда 1991 ж. көкөніс ретінде үрме бұршақтың “Триумф сахарный-764” және “Грибовская-92” сұрыптары аудандастырылып егілді. ## Дереккөздер
Шәнгек — тармақтала өскен бұтақтары бар қатты ағаштан, еліктің мүйізінен немесе темірден жасалған аспап. Оны көбіне қазақтар жоғары байлап қойып малды іліп сою үшін пайдаланған. Ағаштан жасалынған бірнеше Шәнгектерді көлденең асылған бақанның бойына бекітіп, соғымды кептірген. Темір Шәнгек сан алуан жұмыстарға (құдыққа түскен заттарды алу, салдауыр орнына қолдану, құз-жартасқа өрмелеу, т.б.) пайдаланылады. ## Сілтемелер * Қазақ Энциклопедиясы, 9 том.
Жаңатай Шәрденов (4.4. 1927, қазіргі Ақмола облысы Астрахан ауданы Коваленко ауылы — 29.3.1992, Алматы) — кескіндемеші, Қазақ КСР-інің халық суретшісі (1991). 1949 ж. Алматы театр-көркемсурет училищесін бітіріп, 1953 — 1955 ж. Ленинградтың (қазіргі Санкт-Петербург) Кескіндеме, мүсін және архитектура институтында оқыған. Ұлттық пейзаж өнерінің жетекші шебері ретінде танылғаны, өзінің жарасымдылығы және композиция шешімі жөнінен айрықша картиналарында туған ел табиғатының поэзияға толы әрі лирикалық жағынан пайымдалған образдарын (“Орталық мұражайы”, 1957; “Ағаш түбіндегі шағын үй”, 1971; “Жас қайыңдар”, 1975; “Қапшағай теңізі”, 1976; “Алмаарасан сайы”, 1978; “Тауда”, 1981; “Медеуге апаратын жол”, 1983; “Кешкі әуен”, 1988) жасады. Шәрденовтің “Талас даласында”, “Алатау бөктерінде” (1970), “Көктөбе” (1972) атты жанрлық картиналарында адам мен табиғат құбылысы нәзік үндестік тауып, бояу-түстері етене кіріге түседі. Суретші бұл шығармаларында шеберліктің терең сырын жете игере білген. Автордың “Кезек” (1970), “Теміртаудағы завод” (1971), “Алматы жылу электр орталығы” (1974) атты индустр. пейзаждары әсерлі, ырғақты әрі көркем жасалған. Ш. сонымен қатар натюрморттар да (“Сары гүлді натюрморт”, 1961; “Капуста”, 1968), портреттер де (“Жазушы С.Бегалин”, 1982; “Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Бигелдинов”, 1985), т.б. жасады. Республика, т.б. көркемсурет көрмелеріне қатысты. 1977, 1978 жылы дербес көрме ұйымдастырды. Оның шығармалары шет елдерде талай рет көрмеге қойылды. Шәрденовтің өнерін америкалық белгілі суретші Р.Кент жоғары бағалады. ## Дереккөздер
Ахмет Шәмиев (11 шілде 1908 жыл, қазіргі Алматы облысы Жаркент қаласы — 14 маусым 1983 жыл, Алматы) — актер, әнші, Қазақ КСР-інің халық артисі (1970). ## Өмірбаяны * Шәмиев сахналық өнер жолын 1925 жылы Жаркент қаласындағы драма үйірмесінен бастады. * 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. * 1935 — 1983 жылы Ұйғыр музыкалық драма театрының (қазіргі Ұйғыр муз. комедия театры) құрамында актер болып, әр түрлі рөлдерде ойнады. ## Рольдері * Шәмиевтің алғашқы ойнаған рөлі — Ж.Асимов пен А.Садыровтың “Анархан” атты муз. драмасындағы Мұхпула. * Бұдан кейін ол ұйғыр және шет ел драматургиясы бойынша қойылған спектакльдерге қатысып, сан алуан сахналық бейнелерді шынайы да тартымды ойнауымен көрермендер құрметіне бөленді. * Қазақ драматургиясы бойынша да қойылған спектакльдерге қатысып, Қодардың (Ғ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу”), т.б. рөлдерін орындады. ## Шығарған әндері 2-дүниежүз. соғыс жылдары оның есімі ТМД халықтары әндерін орындаушы ретінде де белгілі болды. Ол өз жанынан * “Қазақстан” * “Отан” * “Колхоз” * “Гудок” * “Махаббатым”, т.б. әндер шығарды. ## Кинодағы рольдері 1957 жылдан киноға түскен: * Нұрмағамбет (“Шоқан Уәлиханов”) * Әзім (“Біз Жетісуданбыз”, 1958) * Серкебай (“Егер де біздің әрқайсымыз”, 1961) * Жүніс ("Қилы кезең", 1966) * Ахметжан (“Жылан жылы”, 1981), т.б. ## Құрмет Алматы қаласында ол тұрған үйге (Тимирязев көш., 113-үй) мемориалдық тақта орнатылған. ## Марапаттары Құрмет белгісі орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер