text
stringlengths 3
252k
|
---|
Белкөл — Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты кент (1987 жылдан), темір жол бекеті, Белкөл кенттік әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Қызылорда қаласының шығысында 3 км жерде, Ташкент-Орынбор темір жолы бойында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 2717 адам (1799 ер адам және 1218 әйел адам) болса, 2009 жылы 2843 адамды (1418 ер адам және 1425 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1904-1905 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолының салынуына байланысты қаланған. Белкөлде Қызылорда қаласы кәсіпорындарының бөлімшелері және тағы басқа қызмет көрсететін кәсіпорындар мен мекемелер орналасқан.
## Кент суреттері
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрі — ағаштан не жезден жасалған үрлемелі және соқпалы музыка аспаптардағы орындаушылар ұжымы.
Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрі әр қилы акустикикалық жағдайда — концерт залдарында, ашық ауада, марштарда пайдаланылады. Сондай-ақ мәдени-көпшілік, қоғамдық, спорт, салтанатты мейрам-той жиындарын өткізуде кеңінен қолданылады. Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрі — көпшілікке кеңінен тараған музыкалық ұжымдардың бірі.
## Тарихы
Yрлемелі және соқпалы музыкалық аспаптар тобы б.з.б. Ежелгі Египет, Иран, Грекия, Қытай, Yндістан елдерінде салтанатты діни жиындарда және әскери жорықтарда қолданылған. Еуропада XVII ғасырда пайда болды; ал Ресейдің әскери полктеріне тұңғыш рет XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында енгізілді. XIX ғасырда жетілдірілген үрлемелі музыкалық аспаптардың пайда болуы Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрінің орындаушылық қабілетін кеңейтті. Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрінің мүмкіндігін өз шығармаларында Л.Бетховен, Г.Берлиоз, М.И. Глинка, Н.А. Римский-Корсаков, А.А. Алябьев, т.б. композиторлар кеңінен пайдаланды. XX ғасырда Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрінің 3 түрі (кіші, орташа, үлкен) қалыптасып, кейбір үлгілі әскери оркестрде және мемлекеттік Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрі құрамында 80 — 100 орындаушыға дейін болды. Оның құрамына ағаштан жасалған музыкалық аспаптар (флейта, гобой, кларнет, саксофон, фагот), жезден жасалған музыкалық аспаптар (валторна, труба, тромбон, корнет, баритон, бас және контрабас) және соқпалы музыкалық аспаптар тобы кіреді. Кейде үлкен оркестр құрамында арфа, рояль, челеста, қоңырау, там-там, маримба, вибрафон, т.б. музыкалық аспаптар да пайдаланылады. Ол мәдениет сарайлары мен муз. насихаттау кештерінде, көркемөнерпаздар үйірмелерінде қойылатын опера, балет, драма спектакльдер мен концерттерде, т.б. қолданылады.
## Қазақстанда
1990 жылы Қазақ мемлекеттік филармониясы жанынан үрлемелі аспаптар оркестрі құрылып, оның көркемдік жағын Қ.Ахметов басқарды. Бұл ұжым Франция мен Испанияда өткен үрлемелі музыка фестиваліне, ал 1998 жылы Тайваньда өткен Халықараралық музыка фестиваліне қатысты. Қазақтың мемл. үрлемелі оркестрі репертуарынан Е.Рахмадиев, Б.Баяхунов, Ә.Бестібаев, Т.Қажығалиев, Б.Қыдырбек, т.б. композиторлардың шығармалары елеулі орын алады.
## Дереккөздер |
## Шәңкі Меңдекеұлының өмірбаяны
Шәңкі Меңдекеұлы (1811, қазіргі Қостанай облысы Урицкий ауданы — 1884/90, сонда) — би, батыр. Тегі — Орта жүз арғын ішінде қанжығалы руынан. Әкесі Меңдеке өз дәуірінде айтулы батырлардың бірі болған. Шәңкі жастайынан ескіше білім алып, сауатын ашты. Есейген кезінде шиеленісті мәселелерге белсене араласып, есімі Орта жүзге кеңінен тараған. Шәңкінің әділдік, тапқырлық, шешендік өнеріне риза болған ел оны “Тәте” деп атап кеткен. Шәңкі қыпшақ елінде Балқожа, Қанқожа, атығайда Зілқара, Әшім билермен, керей елінде Арықбай бимен, Ерейменде Саққұлақ бимен, Баянауылда Шоң, Шорман билермен, арғын Сайдалының Аққошқарымен, бағаналы елінде Сандыбайдың Ердені, Дүзендерімен, Торғайда Бірімжан, Қазбек билермен, Шыңғыс сұлтанмен, т.б. тығыз байланыс, ынтымақта болған. Оның көптеген қанатты сөздері ел аузында сақталған. Бейіті Бозшакөл жағалауындағы қорымда, басына құлпытас орнатылған.
## Шәңкі Меңдекеұлы туралы әңгімелер
### Шәңкі Меңдекеұлы туралы әңгіме
Шәңкі жастайынан ескіше оқыған, сауатты, ізденгіш би болған. Бұл жағына келгенде ол жақын би ағасы Саққұлақтан көп тәлім алғаны байқалады. Сол Саққұлақ шешен Шәңкінің алғырлық, тапқырлық шешендігі жөнінде былай дейді. "Меңдекеңнің Шәңкісі халық алдында сөйлесе, тыңдаушыларын тамсандырмай қоймайтын, мазмұнды сөздеріне күлкі араластырып, сүйкімді қоңыр, сәл қырылдақ даусымен есіліп бір кеткенде жұрттың бәрі оның аузына қарап қалушы еді. Бұндай шешендік қасиет мен білетін ешкімде жоқ. Тек Шәңкінің өзіне ғана тән шешендік.
"Ел қызығын көрмесе,Іште жатқан алтыннан не пайда?Ұят, арың, болмаса,Ақылыңның көптігінен не пайда?Тірі күніңде таратып бақ сөзіңді,Мыңнан біреу ұқса да,ұмыттырмас өзіңді",
"Ел қызығын көрмесе,Іште жатқан алтыннан не пайда?Ұят, арың, болмаса,Ақылыңның көптігінен не пайда?Тірі күніңде таратып бақ сөзіңді,Мыңнан біреу ұқса да,ұмыттырмас өзіңді",
ұмыттырмас өзіңді",
ұмыттырмас өзіңді",
ұмыттырмас өзіңді",
- деп Шәңкіге арнап ойын түйген Саққұлақ би.
Кезінде Шәңкі би үлкенді-кішілі ел арасындағы дау-дамайға көп қатысып, талай-талай әділ билік айтқан. Сол айтқан шешендік сөздердің кейбірі осы күнге дейін ел аузында жүр.
### Шәңкі Меңдекеұлы туралы әңгіме
Атығай елінін атақты биі Зілқараның асында қызмет етіп, қонақтардың қолдарына су құйып жүрген бала Шәңкі сүрініп жығылғанда, оны келемеждеп "олжаңнан маған да" деп күлген Мама биге Шәңкі табан астында:
Таңның таң екенін кім біледі,Сарғайып барып атпаса,Күннің күн екенін кім біледі,Қызарып барып батласа.Орданың орда екенін кім біледі,Мен сияқты күтуші,Жығылып-сүрініп жатпаса.Иттің ит екенін кім біледі,Жығылып жатқан баланы,Тақымынан қаппаса, -
Таңның таң екенін кім біледі,Сарғайып барып атпаса,Күннің күн екенін кім біледі,Қызарып барып батласа.Орданың орда екенін кім біледі,Мен сияқты күтуші,Жығылып-сүрініп жатпаса.Иттің ит екенін кім біледі,Жығылып жатқан баланы,Тақымынан қаппаса, -
деп асқақтап отырған шонжардың аузын аштырмай тастапты.
### Шәңкі Меңдекеұлы туралы әңгіме
Шәңкінің әділдік, тапқырлық, шешендік өнеріне риза болған ел оны бұдан былай "тәте" деп атап кеткен.
Тәтенің бітірген даулары толып жатыр. Әділік пен адалдықты өмір бойы жақтап өткен би бір сөзінде:
Білгенге сөзім сом алтын,Білмегенге арам ас.Дүниеге машқұл адам,Сөзіңді тыңдауға да жарамас.Сөз жинаған алтын қазушы,Наданға айтып сөзді,Қор кылуға жарамас.Теңіз басы бұл ақты,Сол бұлақ тасымай,Айдындарға су толмас.Аталы сөз тоғыз қабат қорғаның,Сөз білмегенге ала тәнді жалаңаш,
Білгенге сөзім сом алтын,Білмегенге арам ас.Дүниеге машқұл адам,Сөзіңді тыңдауға да жарамас.Сөз жинаған алтын қазушы,Наданға айтып сөзді,Қор кылуға жарамас.Теңіз басы бұл ақты,Сол бұлақ тасымай,Айдындарға су толмас.Аталы сөз тоғыз қабат қорғаның,Сөз білмегенге ала тәнді жалаңаш,
деген пәлсапалық ой қалдырған екен.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Қазақ Энциклопедиясы, 9 том.
## Шәңкі Меңдекеұлының өмірбаяны
Шәңкі Меңдекеұлы (1811, қазіргі Қостанай облысы Урицкий ауданы — 1884/90, сонда) — би, батыр. Тегі — Орта жүз арғын ішінде қанжығалы руынан. Әкесі Меңдеке өз дәуірінде айтулы батырлардың бірі болған. Шәңкі жастайынан ескіше білім алып, сауатын ашты. Есейген кезінде шиеленісті мәселелерге белсене араласып, есімі Орта жүзге кеңінен тараған. Шәңкінің әділдік, тапқырлық, шешендік өнеріне риза болған ел оны “Тәте” деп атап кеткен. Шәңкі қыпшақ елінде Балқожа, Қанқожа, атығайда Зілқара, Әшім билермен, керей елінде Арықбай бимен, Ерейменде Саққұлақ бимен, Баянауылда Шоң, Шорман билермен, арғын Сайдалының Аққошқарымен, бағаналы елінде Сандыбайдың Ердені, Дүзендерімен, Торғайда Бірімжан, Қазбек билермен, Шыңғыс сұлтанмен, т.б. тығыз байланыс, ынтымақта болған. Оның көптеген қанатты сөздері ел аузында сақталған. Бейіті Бозшакөл жағалауындағы қорымда, басына құлпытас орнатылған.
## Шәңкі Меңдекеұлы туралы әңгімелер
### Шәңкі Меңдекеұлы туралы әңгіме
Шәңкі жастайынан ескіше оқыған, сауатты, ізденгіш би болған. Бұл жағына келгенде ол жақын би ағасы Саққұлақтан көп тәлім алғаны байқалады. Сол Саққұлақ шешен Шәңкінің алғырлық, тапқырлық шешендігі жөнінде былай дейді. "Меңдекеңнің Шәңкісі халық алдында сөйлесе, тыңдаушыларын тамсандырмай қоймайтын, мазмұнды сөздеріне күлкі араластырып, сүйкімді қоңыр, сәл қырылдақ даусымен есіліп бір кеткенде жұрттың бәрі оның аузына қарап қалушы еді. Бұндай шешендік қасиет мен білетін ешкімде жоқ. Тек Шәңкінің өзіне ғана тән шешендік.
"Ел қызығын көрмесе,Іште жатқан алтыннан не пайда?Ұят, арың, болмаса,Ақылыңның көптігінен не пайда?Тірі күніңде таратып бақ сөзіңді,Мыңнан біреу ұқса да,ұмыттырмас өзіңді",
"Ел қызығын көрмесе,Іште жатқан алтыннан не пайда?Ұят, арың, болмаса,Ақылыңның көптігінен не пайда?Тірі күніңде таратып бақ сөзіңді,Мыңнан біреу ұқса да,ұмыттырмас өзіңді",
ұмыттырмас өзіңді",
ұмыттырмас өзіңді",
ұмыттырмас өзіңді",
- деп Шәңкіге арнап ойын түйген Саққұлақ би.
Кезінде Шәңкі би үлкенді-кішілі ел арасындағы дау-дамайға көп қатысып, талай-талай әділ билік айтқан. Сол айтқан шешендік сөздердің кейбірі осы күнге дейін ел аузында жүр.
### Шәңкі Меңдекеұлы туралы әңгіме
Атығай елінін атақты биі Зілқараның асында қызмет етіп, қонақтардың қолдарына су құйып жүрген бала Шәңкі сүрініп жығылғанда, оны келемеждеп "олжаңнан маған да" деп күлген Мама биге Шәңкі табан астында:
Таңның таң екенін кім біледі,Сарғайып барып атпаса,Күннің күн екенін кім біледі,Қызарып барып батласа.Орданың орда екенін кім біледі,Мен сияқты күтуші,Жығылып-сүрініп жатпаса.Иттің ит екенін кім біледі,Жығылып жатқан баланы,Тақымынан қаппаса, -
Таңның таң екенін кім біледі,Сарғайып барып атпаса,Күннің күн екенін кім біледі,Қызарып барып батласа.Орданың орда екенін кім біледі,Мен сияқты күтуші,Жығылып-сүрініп жатпаса.Иттің ит екенін кім біледі,Жығылып жатқан баланы,Тақымынан қаппаса, -
деп асқақтап отырған шонжардың аузын аштырмай тастапты.
### Шәңкі Меңдекеұлы туралы әңгіме
Шәңкінің әділдік, тапқырлық, шешендік өнеріне риза болған ел оны бұдан былай "тәте" деп атап кеткен.
Тәтенің бітірген даулары толып жатыр. Әділік пен адалдықты өмір бойы жақтап өткен би бір сөзінде:
Білгенге сөзім сом алтын,Білмегенге арам ас.Дүниеге машқұл адам,Сөзіңді тыңдауға да жарамас.Сөз жинаған алтын қазушы,Наданға айтып сөзді,Қор кылуға жарамас.Теңіз басы бұл ақты,Сол бұлақ тасымай,Айдындарға су толмас.Аталы сөз тоғыз қабат қорғаның,Сөз білмегенге ала тәнді жалаңаш,
Білгенге сөзім сом алтын,Білмегенге арам ас.Дүниеге машқұл адам,Сөзіңді тыңдауға да жарамас.Сөз жинаған алтын қазушы,Наданға айтып сөзді,Қор кылуға жарамас.Теңіз басы бұл ақты,Сол бұлақ тасымай,Айдындарға су толмас.Аталы сөз тоғыз қабат қорғаның,Сөз білмегенге ала тәнді жалаңаш,
деген пәлсапалық ой қалдырған екен.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Қазақ Энциклопедиясы, 9 том. |
Үркімбай би (т.-ө. ж. б.) — белгілі шешен, би. Орта жүздің арғын руының әйдерке тармағынан шыққан. Шамамен 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың 1-жартысында өмір сүрген. Өз заманында әділ де адуынды би болған. Оның Кенесары ханға айтқан сөзі ел аузында сақталған. Ол жайындағы деректер М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қолжазбалар бөлімінде сақтаулы. Үркімбай бидің бейіті қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданына қарасты Қызбел тауының етегіндегі Қаратал деген жерде.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Марс Фазылұлы Үркімбаев (23 қараша 1939 жыл, Алматы – 18 ақпан 2012 жыл, Тараз) — қоғам қайраткері, ғалым, техникалық ғылым докторы (1984), профессор (1984), ҚР Инженер академиясының академигі (1992). Қазақ химия-технологиялық институттын бітірген (1962).
1962 – 1968 жылдар аралығында Қазақ химия-технологиялық институттының, Мәскеу Жоғары техникалық училищесінің аспиранты.
1969 – 1973 жылдар аралығында Қазақ химия-технологиялық институттының аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, деканы.
1971 – 1991 жылдар аралығында Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институттының ректоры.
1990 – 1992 жылдар аралығында аймақтық «Тараз» сыртқы-экономикалық ассоциациясының бас директоры – Жамбыл облысы атқару комитетті төрағасының орынбасары.
1992 – 1994 жылдар аралығында Түркістан облысы әкімшілігінің басшысы, Қазақстан ғылым академиясының Оңтүстік Қазақстан бөлімшесінің төрағасы, ҚР-ның экономика министрі.
1994 – 2002 жылдар аралығында Халықаралық «Интеграция – Оңтүстік» қорының президенті, Қазақстан өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының президенті, ҚР-ның жұмыс берушілер конфедерациясы басқармасының төрағасы, «Қазфосфат» компаниясының құрметті төрағасы.
2002 жылдың ақпан айынан «Каспий Банкі» ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
## Шығармалары
* Машинажасау саласындағы жетекші ғалым, көрнекті қоғам қайраткері. Ол машина тетігінің беріктігін арттыру жолдарының бірқатар жаңа бағыттарын қалыптастырды және дамытты.
* 9 монографияның, әр түрлі басылымдарда жарияланған 100-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. «Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту, «Алтын барыс», «Құрмет» ордендерімен және медальдармен марапатталған. КСРО Мемлекеттік сыйлығы лауреаты, Тараз қаласының құрметті азаматы.
* Берлин, Калифорния, Лондон, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, т.б. бірқатар университеттердің құрметті профессоры.
## Дереккөздер |
Ақша Сартұлы (1707 — 1729) — батыр. Қойгелді Сартұлы батырдың інісі. Дулат руының батыры.
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
Әкесі Сарт Шақанұлы Ташкент маңын қыстап, қазіргі Қаратау қаласының іргесіндегі Ұзынбұлақ, Күйгенкөлді көктеуі, Іле жағасындағы Шеңгелді төңірегін жайлауы мен күздеуі еткен атақты бай болған. Ақша алғаш 1723 ж. жоңғар қалмақтарымен болған соғыста көзге түсіп, батыр атанған. Тараз қаласын талқандап, қазақ байларының ауылдарына лап қойған жоңғарлар Қаратаудағы Ұзынбұлақ түбінде Өтеген батыр бастаған қазақ қолының қатты қарсылығына ұшырайды. Қалмақ батыры Ботшихар, Өтеген батырмен жекпе-жекте қаза тапқаннан кейін қалмақтар шегініп, көл маңындағы қамысқа тығылады. Ақша батыр қамысты өртеп, қашып құтылмақ болған жауды қыспаққа алады. Көлдің Күйгенкөл атануы да осыдан шықса керек. Ақша бұдан кейін де бірнеше шайқастарға қатысқан. Аңырақай шайқасынамыңбасы дәрежесінде қатысқан. Ол жекпе-жекте қалмақ батыры Дәржіні өлтірді. Осы шайқаста қаза тауып, Аңырақай даласында жерленген. Ақша батырдың балалары Өтеболат пен Бекболат — 1756-1758 ж. қазақ жерін жоңғарлардан азат ету соғысына қатысқан.
## Дереккөздер |
Еркін Қарымсақұлы Мәмбетов (18.3.1944 ж.т., Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылы) — ғалым, медицина ғылымының докторы (1990), профессор (1994).
* 1966 ж. Алматы мемлекеттік институтын бітірді.
* 1966 жылы еңбек жолын Атырау өңірінде бастап, Қарағанды мемлекеттік медицина институтында, Куба ұлттық госпиталында (1979 — 81), жұмыс жасады.
* 2002 жылдан Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі.
## Ғылыми жұмысы
* Мәмбетовтың негізгі ғылыми жұмыстары офтальмологиялық жарақаттарды емдеуге арналған.
* Ол лакрималды және пластикалық хирургияның жаңа әдістерін енгізді.
* Көз аметропиясы мен астигматизмін емдеуде радиалды кератотомияны кеңінен қолданды.
* Интроакулярлы линзаны қондыру, миопияның асқынған түрі, миопиялық астигматизмге және жарақаттан кейінгі жыртықтық астигматизмге қабықаралық рефракциялық тоннелді кератопластика жасау тәсілдерін жетілдірді. Оның басшылығымен глаукомаға (суқараңғы) жасалған операциядан кейін науқастар көзінің тез қалпына келуінің жаңа әдістері анықталды.
* Мәмбетов — Қазақстанда офтальмология саласынан тұңғыш докторлық қорғап, профессор атағын алған қазақ ғалымы.
## Дереккөздер |
Аққағаз Мәдиқызы Мәмбетова (1.1.1923 жыл, Батыс Қазақстан облысы Орда ауданы Орда ауылы — 13.1.2004 жыл, Алматы) — актриса, Қазақ мемлекетті жастар мен балалар театрының негізін қалаушылардың бірі. Қазақстанның еңбек сіңірген артисті (1966), Қазақстан білім беру ісінің озық қызметкері (1970).
* 1945 жылы Мәскеу қаласындағы мемлекеттік кинематография институтының актерлік факультетін (проф. Б.А. Бабочкиннің жетекшілігімен) бітірген.
* 1946 — 1990 ж. Қазақтың балалар мен жасөспірімдер театры (қазіргі Қазақ мемлекеттік академиялык жастар мен балалар театры) құрамында еңбек етті.
* Мәмбетова театр сахнасында жас балалар мен қыздар рөлін шебер орындаушы талант иесі ретінде танылды. Ол қазақ және орыс театры қойған спектакльдерге бірдей қатысып, Буратино (А.Н. Толстой, “Алтын кілт”, 1948 ж. театр шымылдығын ашқан қойылым), Қызыл телпекті қыз, қарақшы (Е.Л. Шварц, “Қызыл телпекті қыз”, “Қарлы ханым”) Жеңісбек (Б.Жәкиев, “Әке тағдыры”), Бақыт (С.Жүнісов, “Жаралы гүлдер”), Тілектес (Қ.Сатыбалдин, “Аягөз аруы”), тағыда басқа алуан түрлі рөлдерді ойнады. Олардың бірқатары Мәмбетоваға арнап жазылған.
* Сонымен қатар Қазақ радиосындағы “Кел, балалар ойнайық”, “Жұмбақбай атайдың ертегісі” хабарларының тұрақты жүргізушісі болды.
* “Құрмет белгісі” орденімен (1986), медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
ҮРЖАР ІСІ — қазақ ауылындағы социалистік құрылыстың сәтсіздіктеріне жауапты деп айыпталған ұжымдық шаруашылықтар басшыларын соттау шарасы. “Ішкі жауларды” іздеп-жазалаудың осы саяси-идеол. науқаны Қазақстан Компартиясы ОК бюросының 1937 жылы 10 қыркүйекте қабылдаған “Ауыл шаруашылығы саласындағы қаскүнемдік жасаған контрреволюциялық топтардың мүшелері үстінен ашық сот процестерін ұйымдастыру туралы” аса құпия қаулысы негізінде жүргізілді. Қазақ КСР-і Прокуратурасы мен Республика Жоғарғы Сотының тікелей бақылауымен Үржарда болып өткен Алматы облысы сотының көшпелі сессиясының отырыстарына (1937 жылы 26 — 30 қыркүйек) үржарлықтармен көршілес Аягөз,Мақаншы аудандарының өкілдері қатыстырылды. Сот барысы Қазақстанның барлық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып тұрды. “Үржар ісі” бойынша жауапқа тартылған аудан жетекшілері мен шаруашылықтар басшыларына кеңес үкіметіне қарсы зиянкестік әрекет жасаған ұлтшыл ұйым құрды, ауылдағы социалистік өзгерістерге кедергі жасады деген айыптар тағылды. Ұйымға орталықтан Ұ.Құлымбетов пен О.Жандосов басшылық етті. Сот Үржар аудандық атқару комитетінің төрағасы Қадыр Матжанов (Матыжанов, Матчанов), аудандықпартия комитетттің екінші хатшысы Мәдәлиев, аудандық байланыс бөлімшесінің меңгерушісі Бекебаев және ұжымшарлар басқармаларының төрағалары Батқалов (Елтай ұжымшары),Қалышев (Мирзоян атынд. ұжымшар), Құлжабаев (“Жаңа тұрмыс”), Ыдырысов (Куйбышев атынд. ұжымшар) — барлығы 7 адамға ату жазасын беріп, бірнеше басшы қызметкерлердің мал-мүлкін тәркілеп, 10 жылға бас бостандықтарынан айырды. “Үржар ісіне” ұқсас сот процестері Қазақстанның басқа аудандарында да ұйымдастырылды.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Үржар — Абай облысы Үржар ауданы және Үржар ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы - Семей қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 388 км-дей жерде, Тарбағатай тауларының батысында орналасқан.
## Тарихы
1857 жылы 25 наурызда Александр II патша бекіткен “Батыс Сібірдің Жетісу және Іле өлкелерінде орыс тұрғындарын көбейту туралы” Сібір комитетінің ережесіне сәйкес алғаш станица ретінде құрылған. Ол соның алдында ғана құрылған Семей облысының оңтүстік-шығыс бөлігін игеру мақсатында салынды. Үржар станицасы патша үкіметінің қазақ жерін жаппай басып алуды көздеген отарлау саясатын жүзеге асырып, әскери, саяси және экономикалық тұрғыда бекініп алу бағытын мықтап ұстанды. Ол Ресей отарлау жүйесінің маңызды әскери бекінісі әрі әкімшілік-аумақтық орталығы болды. Сібір шептік әскерінің Семейде орналасқан 4-казак бригадасына қарасты 8-Сібір казак полкінің құрамына кірді. Үржар станицасы арқылы Орталық Азия мен Сібірге маңызды керуен жолдары өтті. 1867 - 1879 жылдары Үржар станицасында Қытайдың сауда өкілдігі болып, 1905 - 1915 жылдары қоныстандыру басқармасы орналасты. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Үржар станицасы осы аймақта құрылған аудан орталығына айналды.
## Дереккөздер |
Мәметқұл, Мұхаммедқұл, Мұхамед-құли, Маметқұл Атаулович (туған жылы белгісіз - 1618) — Сібірдің соңғы ханы Көшімнің немере інісі әрі әскерінің қолбасшысы. 1573 жылы Строгановтардың Кама бойында бекініс салып жатқанын естіген Көшім қамалды қирату үшін Мәметқұлды жібереді. Бұл кезде шведтермен соғысып жатқан Ресей Сібірді өзіне бірден бағындыра алмаған. Сібір үшін бірінші шайқас 1581 жылдың шілдесінде Ермак пен Мәметқұл әскерлері арасында болды. Бұл ұрыста Ермак көп шығынға ұшырады (1060 адамы ғана қалды). Мәметқұл сол жылы қазанда болған екінші шайқаста жараланып, соғыс алаңын тастап кетуге мәжбүр болды. Ермак ақыры Искарды (Көшім хандығының астанасы) алды. Мәметқұл тұтқынға алынып, Мәскеуге жіберілді. Мұнда ол Қасым хандығының билеушісі, қазақ ханзадасы Ораз-Мұхамедтің көмегімен полк воеводасы болып тағайындалды. Шведтерге қарсы және Қырым ханымен болған соғыстарға қатысты. Ресей патшасы Борис Годуновтың сенімді адамдарының бірі болды.
## Дереккөздер |
Ұшқатты тас мүсіндері — археологиялық ғұрыптық ескерткіштер, орта ғасырлар дәуірінен сақталған тас мүсіндердің бір тобы. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы Қызыларай тауының шығыс бөктерінде, Ұшқатты қыстағының төңірегінде шоғырланған. Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция жұмыстары барысында 1950 жылдардан бастап Ә.Марғұлан, Ж.Құрманқұлов, Л.Ермоленко зерттеді. Табиғи жағдайы бойынша ағаш, тал өскен, бұлақ көздері көп, шөбі от, ықтасынды-сайлы мекен болғандықтан, бұл өлкені ерте замандардан бастап адамдар кеңінен қоныстанған. Ғылыми ізденістер барысында Ұшқатты өлкесінен көптеген зират-қорымдар, ғұрыптық ескерткіштер анықталды. Ортағасырлық түркі-қыпшақ дәуірінен сақталған тас мүсіндердің сақталу деңгейі біркелкі емес, бірқатары қирап бүлінген, кейбіреуін алып кеткен. Ұшқатты тас мүсіндерінің неғұрлым жақсырақ сақталғандарынан 10-ға жуығының деректері ғылыми айналымға енді. Мүсінтастар түркі-қыпшақ тайпалары мәдениетінің қалыптасқан тәртібіне сай, тақтатастардан құрастырылған, төртбұрыш, шаршы пішіндес аласа қоршаулардың үнемі күншығыс жағына орнатылған. Тек бір жағдайда ғана тас мүсін қоршау емес, тастан үйілген шағын обаның жанында тұр. Беті күншығысқа қаратылған тас мүсіндерден басталған балбал тізбектері де тек күншығысқа қарай тартылған. Ұшқатты мүсіндері ұзынша, төрт қырлы, түсі сұр, сарғыш немесе қызғылт гранит тақталарынан жасалған. Ұзындығы 0,6 м-ден 2,16 м-ге дейін. Адам басының жоғарғы тұсы көбінесе дөңгелене, кейде үшбұрышқа, сирек жағдайда төртбұрышқа жақын пішінде шығарылған. Қастары мен қыр мұрыны біріктіріліп бедермен берілген, ал көбіне үлкендеу көздеріне қиықтау келген пішін тән. Мұнан тыс, көбіне ойып көрсетілетін аузы, сондай-ақ мұрты мен үшкілдеу иегі анық байқалады. Кейде шағын, үшкір сақалы болады, жақтың жалпы сұлбасы кейде көрсетіледі, кей жағдайда көрсетілмейді. Бұған қоса, бір мүсіннің құлақтарына сырға тағылған. Дене тұсында киімнің кейбір нышандары, адамның қолдары, қолға ұстап тұрған шағын көзе ыдыс, қылыш тәрізді қару көрсетілген. Мұртты, кейде сақалды ер адамдармен қатар, әйелдерді бейнелейтін мүсіндер де бар. Түркі-қыпшақ заманының ғұрыптық ескерткіштерін зерттеуші көптеген ғалымдардың пайымдауынша, мұндай тас мүсіндер қазақ сахарасына өте кең тараған, өлген адамдарды еске алу, аруақпен қоштасу үшін өткізілетін жиындар кезінде орнатылатын жәдігерлер болып табылады. Олар әдетте қайтыс болған адамның портреттік бейнесін сомдайды (қараңыз Түркі дәуірінің ғұрыптық қоршаулары).
## Сілтемелер:
Қарқаралы кітапханасы
## Дереккөздер: |
64°00′ о. е. 90°00′ б. б.64.000° о. е. 90.000° б. б. / -64.000; -90.000 Беллинсгаузен қазаншұңқыры — Тынық мұхиттың оңтүстік-шығысындағы, Антарктида мен Оңтүстік Американың құрлықтық беткейлерінің және Оңтүстік-Тынық мұхиты су асты көтерілмесі аралығында жатқан мұхит түбіндегі қазаншұңқыр. Ол оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа 8 мың км-ге созылған, тереңдігі 4000 — 5000 м. Ең терең жері 5399 м. Орыс адмиралы Ф.Ф. Беллинсгаузеннің құрметіне аталған.
## Дереккөздер |
Жалаңаш ата — қазақ халқының аңыз әңгімелерінде кездесетін жел киесі.
Әрбір құбылыста құдірет бар деп сенетін халық желдің киесін желбір-желексіз, жеңіл жүретін бейнеге теңейді. Табиғат құбылысындағы мазасыз әрекеттің жебеушісі Жалаңаш ата деп білген. Ол үнемі жортып жүретіндіктен, үстіне киім кимейді, аптапқа күймейді, суыққа тоңбайды. Қыста ақ қарды оранып жатса, жазда ағаш пен шөптің саясында тыныстайды. Сонда жел де тына қалады. Қырман сыпырып, тары ұшырып жатқан қырманшылар Жалаңаш атаға ысқырып хабар беріп, жел шақырады. Мұны естіген Жалаңаш ата қарғып тұрып желді жұмысқа жегеді деп ойлаған.
## Дереккөздер |
Жалаңаш шың— таудың орман өскен жоғары шегінен биікте жатқан бөлігі. Ол маусымдық және көп жылдық тоң басып қатқан топырақ қабаты мен борпылдақ грунттың төмен ығысуынан пайда болады. Өсімдік дүниесіне кедей.Жалаңаш шың Қазақстанда Алтай тау жүйесінде жиі кездеседі.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
“Бөбек”, Сара Алпысқызы қоғамдық қоры — қайырымдылық шараларын өткізу және қоғамда балалардың құқығы мен заңды талаптарын қамтамасыз етумен шұғылданатын мемлекеттік емес ұйым. Қор президенті 1992 жылы С.Назарбаеваның ұйымдастыруымен “Бөбек” балалар қайырымдылық қоры болып құрылды. Қызметінің басты бағыттары: ана мен баланы қорғау, нәрестелер мен балалар үйлерін қамқорлыққа алу, мектептерді қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз ету, тұрмыс дәрежесі төмен отбасынан шыққан дарынды балаларға қолдау көрсету, балалар денсаулығын сақтау ісіне жәрдемдесу. Қор 1992 жылы Қазақстанда “Қуаныш пен Үміт үйі” аталатын тұңғыш халықаралық телемарафон өткізді, одан түскен қаржы “Бөбек” балаларды емдеу-сауықтыру орталығының (Алматы) құрылысына жұмсалды. 1994 жылы “Бөбек” қоры БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаментінің мүшелігіне қабылданды. 1993 жылы Қарағанды, Өскемен, Көкшетау қалаларында “Мейір күндерін” өткізді, 1994 жылы балалар мен олардың аналарын, отбасын сақтауға, әлеуметтік қорғансыздыққа қарсы күресуге жәрдемдесетін алғашқы мекеме — “Үміт үйін” ашты. 1995 жылы Республикалық туберкулез институтының, Республикалық онкология институтының балаларға арналған бөлімдерін және “Бөбек” балаларды емдеу-сауықтыру орталығын жөндеуден өткізуге, оларды жарақтандыруға қажетті қаржы жинау мақсатында “Қазақстан бизнесі — ауру балаларға!” деген девизбен ірі қайырымдылық шара ұйымдастырылды. Оған 100-ден астам ұйымдар мен фирмалар қатысып, нәтижесінде 2 млн. доллардан астам қаржы жиналды. Қор халықараралық қарым-қатынас шеңберін ұлғайтып, Арал экология апат аймағындағы аналар мен балаларға көмек көрсететін “Аспера” ауқымды бағдарламасының қабылданып, іске асуына ықпал етті. 1995 жылы “Бөбек” қоры президенті Пекинде өткен халықар. әйелдер конференциясына, Париж қаласында ұйымдастырылған халықаралық балалар құқын қорғау форумына, т.б. дүниежүзілік ірі кеңестерге қатысты. 1996 жылы қор — “Бөбек” балалар қоғамдық қоры болып қайта құрылды. Қордың ұйымдастыруымен Қазақстан тәуелсіздігінің 5 жылдығына орай дарынды жеткіншектердің “Айналайын” бірінші халықаралық фестивалі өткізілді. ЮНИСЕФ-пен бірлесіп, “Алмағайып әлемдегі балалар жағдайы” деген тақырыпта бірінші рет халықаралық дөңгелек стол ұйымдастырылды. Оған Орталық Азия мемлекеттерінің парламент, үкімет мүшелері, қоғам қайраткерлері қатысты. 1997 жылы Балаларды емдеу-сауықтыру орталығы пайдалануға берілді. Қор президенті С. Назарбаева “Юнити” (“Бірлік”) халықаралық сыйлығымен марапатталды (1996). 1999 жылы ақпан айында “Бөбек” қоры — “Бөбек — Сара Алпысқызы қоғамдық қоры” болып қайта құрылды.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том |
Ахмет Мәметов (Ахмедғали Мамытұлы) (1895, Астрахан губерниясы Талов уезі Қойтоғыт ауылы — 11.11. 1938) — Алашорда қайраткері, ағартушы, ақын, журналист, дәрігер.
* 1910 — 1915 жылдары “Ғалия”, “Хұсаиния” медреселерінде оқыды.
* 1912 — 1914 жылдары “Кеңес”, “Ғибрат” атты өлең жинақтарын шығарды.
* 1917 — 1918 жылдары “Бірлік туы” (Ташкент), “Ойыл уәлаяты” газеттерінде, Орал облысы земство басқармасында жұмыс істеді.
* 1920 жылы Орал губревкомының үгіт-насихат және Жымпиты уездік ревкомының халық ағарту бөлімдерінде қызмет атқарған,
* Ойыл уездік “Еркін Қазақ” газетін шығарды (1919).
* 1921 ж. Орал облысы “Қызыл ту” газетінің редакторы
* Бөкей губерниясының РК(б)П к-тінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі.
* 1923 — 27 ж. Саратов университетінің медицина факультетінде оқыды. \
* 1927 — 1929 жылдары Маңғыстау, Семей өңірлерінде дәрігер
* 1930 жылы Алматы қаласында Қазақ тері және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтының алғашқы директоры болды.
* 1931 — 1937 жылдар аралығында Орал, Алматы қалаларындағы медицина мекемелерде қызмет атқарды.
* 1937 жылы тұтқындалып, ату жазасына кесілді.
* 1958 ж. 27 ақпанда КСРО Жоғарғы Соты әскери коллегиясының қаулысымен ақталды.
* Мәметовтің асырап алған қызы Мәншүк Мәметова шығыс қыздары арасынан тұңғыш рет Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
## Дереккөздер |
Бурылтай жазулары — Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Терек өзенінің сағасынан жоғары, Бурылтайдың тарауы — Қарабасты бұлақ пен Қызылбұлақ су айырығындағы жартаста көне заманда салынған түрлі суреттер мен таңбалар. 1905 жылы П.А. Комаров зерттеген. Онда жылқы, арқар, бұғы, тазы, қасқыр, таутекені қуалап келе жатқан салт атты, садақты адамдардың суреттері бар. Сонымен қатар Орхон жазуларына ұқсас белгілер мен таңбалар да ұшырасады. Бұлардың бәрі де көне дәуірдегі қазақ тайпаларының өмірінен құнды деректер береді.
## Дереккөздер |
Мәнет сарайы — мәнет (шақа), ордендер мен медальдар, металдан жасалатын басқа да мемлекеттік айырым белгілерін, алтын, күміс, сыр жалатқан металл бұйымдар жасайтын мемлекеттік кәсіпорын. Ол ұлттық мемлекет құрылып, мәнет шеку мемлекет монополиясына айналған кезде пайда болады. “Қазақстан мәнет сарайы” 1994 жылы сәуірде құрылымы бекітілген, “М” (Мәнет) және “Н” (Награда) цехтарынан тұратын “өлттық мәнет цехы” зауыты негізінде 1998 ж. 14 мамырда ҚР ұлттық банкінің құзырындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын ретінде құрылды. Ол 1999 жылы Сібір жәрмеңкесінде өнімінің жоғары сапасы үшін үлкен Алтын медальға ие болды. Еуроазия мәнет сарайлары қауымдастығына мүше.
## Дереккөздер |
Тәңірберген Жайлыбаев ауылы — Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы ауыл, Еңбекші ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Мырзакент кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 2 км-дей жерде.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1970 жылы осы өңірде мақта шаруашылығын дамытуға байланысты құрылған “Коммунизм” кеңшарының негізінде қаланған. Бұрын “Трудовосток” ауылы аталып келген. 1994 жылдан қазіргі атауымен аталады.
## Инфрақұрылымы
Ауыл әкімшілігі, мектеп, кітапхана, дәрігерлік-амбулаторлық пункт, т.б. мекемелер бар. Жалпы орта мектеп Абай атымен аталады.Мектепте 800-ге жуық оқушы, 80-ге жуық оқытушы ұстаздар бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Алқа — қазақ жазушыларының ұлттық шығармашылық ұйымы.
Қазан төңкерісінен кейін көркем әдебиеттен таптық принципті талап ете бастаған кезде қазақ қаламгерлерінің оған қарсылық, балама бағыт ретінде құрмақшы болған шығармашылық ұйымынның бағдарламасын М.Жұмабаев бастаған ақын-жазушылар 1924 жылы дайындап, 16 данасын қолдан көшірілген пікір білу мақсатымен сол кездегі көрнекті қаламгерлерге таратқан. “Алқаның” бағдарламасын Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, А.Байтасов, М.Әуезов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, С.Дөнентаев, Ж.Тілеуұлы, Е.Омаров, Е.Алдоңғаров, Ж.Сәрсенбіұлы сияқты қазақ зиялылары, мәдениет-әдебиет қайраткерлері қолдаған. Қолжазба күйінде сақталып қалған “Алқаның” бағдарламасы “Әдебиетіміз”, “Бұл күнге шейін төңкеріс һәм әдебиетіміз”, “Ендігі төңкеріс һәм әдебиетіміз”, “Әдебиет не нәрсе? Әдебиеттің жалпы заңы”, “Марксшілдік һәм әдебиет. Не жазуға” деген негізгі бес бөлімнен тұрады. “Табалдырық” аталған кіріспесі “Қазақ әдебиеті тоғыз жолдың торабында тұр. Артында бір жол, алдында мың жол” — деген жолдармен басталады да қазақ әдебиеті қандай жолмен дамуы керек деген сауалға жауап іздейді. Қоғамдық, өндірістік қатынастар дамуынан кенжелеу қалған қазақ халқының әдебиеті де дамымаған деген таптық теорияны жоққа шығарып “Шынында қазақтың өзгеше терең әдебиеті болған һәм бар” — деп мәлімдейді. Қазақ әдебиетінің алыбы Абайдың ақындығын аса жоғары бағалап, қазақ әдебиеті өзінен үлгі алатын дәрежеге жеткен жоқ деген сияқты солақай пікірлерді теріске шығарады. Төңкерістің қазақ даласына сырттан әкелінгендігі, сол себепті де қазақ әдебиетінің революцияны жырлауына негіздің жоқтығы, “ұлттық әдебиет өз соқпағымен жүру керектігі” айқын айтылды. “Алқаның” бағдарламасында “искусствоның негізі — сезім, құралы — сезімнен туған сурет, мақсаты — білім беру емес, сезім ояту” деп көрсетілді. “Алқа” бағдарламасының қолжазбасынан көшірілген фотонұсқасы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің архивінде сақтаулы.
## Дереккөздер |
Берен, берен сауыт, береңгілі сауыт — сауыттың бір түрі, болат темірлі сауыт деген ұғымды білдіреді. Тері, матаға болат, темір тақталарды шегелеп, қатарлап бекіту арқылы жасалған. Сақ, сармат, түркі әскерлерінің бір бөлігі осындай сауыт киген жауынгерлерден құралған. Үлкен темір тақталар иілуге мүмкіндік бермейтін болғандықтан берен кеудеше түрінде тұтас жасалынып, бастан сыпырыла шешіліп киілген, баумен байланған. Іштен шегеленгендіктен болат тақталардың ара-жігі ашылмай, денеге қару өткізбейтін берік болған. Шығыстан ауысқан бұл сауыт түрін Еуропада “бригандина” деп атаған. Кейде береннің иықтары мен етегін аң терілерімен жиектеген. Сауыттың тысына қымбат, әдемі маталар қапталғандықтан аса сәнді көрініп, көбінесе, хандар, қолбасшылар киген. Беренді негізінен, жұқалау кіреуке, қаттама сауыттардың сыртынан киген. “Айбынды ерлер көп өтті, Кіреуке киген, беренмен” (Ақтамберді) деген жырдағы берен осы отты қару пайда болып, ауыр қаруланған атты әскер таратылғаннан кейін, ,беренде қолданыстан шығып қалды.
## Дереккөздер |
Мәнет,монета, шақа – металдан (алтыннан, күмістен, түрлі қорытпалардан) жасалған ақша, айналыс және төлем құралы. Әрбір Мәнетте бейне (елтаңба, мемлекеттік қайраткердің, ұлы тұлғаның, тағыда басқа есімі, қырынан бейнелеген кескіні), қаланың, мемлекеттің атауы, шекілген жылы, атауы, көрсетулі құны бедерленіп жазылады.
## Қолданылуы, тарихы
Мәнеттің үстіңгі бетін аверс, сыртқы бетін реверс, кертпелі бүйір қырын герт деп атайды. Майда төлемдерге қызмет көрсету үшін ұсақ Мәнеттер пайдаланылады, ол негізінен мыс-никель, мыс-мырыш, алюминий қорытпаларынан дайындалады. Құндылығы жоғары металдар мерекелік, ескерткіштік Мәнеттерді шығару үшін пайдаланылады. Мәнет арнаулы мемл. зауыттарда – Мәнет сарайларында шекіледі. Мәнет тауар-ақша және сауда қатынасының дамуымен бірге пайда болып, әмбебап төлем құралына айналды. Мәнет шығару тәртібі қатаң сақталды: оны тек егеменді елдің үкіметі ғана шығаруға құқылы болды. Мәнет бетіндегі бейнелер мемл. эмблема болып есептеледі. Мәнет мемлекет ішінде (Римнің күміс ақшалары мен арабтың дирхемінен басқасы) міндетті түрде айналыста болады. Қағаз ақша шыққаннан кейін Мәнеттің айналыс құралы ретіндегі рөлі түсіп, 20 ғ-да қағаз ақшаны ұсақтау құралы болып қалды. Мәнетті шеку кезінде мемлекет оның салмағын, металын, құнын, тағыда басқа белгілейді. Мәнеттің көрсетулі құны оның құрамындағы металдың бағасына сай келетін болса, толымды Мәнет, ал көрсетулі құны металдың бағасынан асып түсетін болса, толымсыз Мәнет дейді. Мәнеттің көрсетулі құны мен толымсыз Мәнетті дайындауға жұмсалған шығынның арасындағы айырма мемлекеттің Мәнеттік табысын құрайды. Ресейде 16 ғ-да бірыңғай шақа жүйесі жасалып, 1584 ж. реформа бойынша жалпы мемл. рубль, копейка шығарыла бастады. Кеңестік Мәнет алғаш рет 1921 ж. шығарылды.
## Біздің елде
Егеменді Қазақстанда тұңғыш ұлттық Мәнет – металл теңге 1993 жылы 15 қарашада қағаз ақшамен бірге айналысқа жіберілді. Қазір көрсетулі құны 1, 5, 10, 20, 50, 100 теңгелік металл ақша айналыста қолданылады. Оның үстіңгі бетіне көрсетулі құны, сыртқы бетінің айнала жиегіне еліміздің атауы, шығарылған жылы жазылып, ортасына мемл. елтаңба бейнесі шекілген, бүйір кемеріне кертпе түсірілген, ал жүз теңгелік Мәнеттің бүйіріне сонымен бірге айналдыра құны да кертіп жазылған. Мәнет айналысқа шығарылған алғашқы жылдары тиын түріндегі (1, 2, 3, 5, 10, 20, 50 тиындық) ұсақ бақыр Мәнеттер де шекілді. Кейін олар айналыстан шығарылды. Бүгінде отандық ақша сарайы қолданып отырған технология əлемнің тек бірнеше ақша сарайында ғана бар. Екі түрлі металдан, көгілдір глазурь орнатылып жəне гауһар тастармен (бриллианттармен) əшекейленіп жасалған қазақстандық монеталарды нағыз өнер туындылары деуге болады. Мұндай қымбат металдардан жасалған монеталарды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің кассаларынан сатып алуға болады. Оларды тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл əлемде де сатуға немесе сатып алуға болады. Қазақстанда бүгінгі күнге дейін 190-нан аса топтамалық, мерейтойлық жəне ескерткіштік монеталар соғылды. «Қазақстанның тарихи-сəулет ескерткіштері жəне қолданбалы өнер», «Көшпенділер алтыны», «Ескіше соғылған монеталар», «Жібек жолы инвестициялық алтын монетасы», «Əлемнің ең шағын алтын монеталары», «Қазақстанның Қызыл кітабы» жəне т.б. монеталар топтамалары жарық көрді. Сонымен қатар, «Абайдың 150 жылдығы», «Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60 жылдығы», «ҚР ұлттық валютасына 10 жыл», «Түркістанның 1500 жылдығы», «Қазақстан тəуелсіздігінің 10 жылдығы», «Қазақстан шимайтастары» жəне т.б. сияқты жекелеген мерейтойлық монеталар жасалынды. Монеталардың беткі жағының ортасында Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген.
## Дереккөздер |
Мәжікен Есенұлы Бутин (17 қаңтар 1910 жылы, Орал облысы Жаңақала ауданында туған — 18 қазан 1974 жылы, Алматыда қайтыс болған) — ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор (1967), Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі (1967).
## Биографиясы
Ленинград (Санкт-Петербург) тұтыну кооперациясы институтын (1931), Мәскеу экономика және тауартану институтының аспирантурасын (1933) бітірген. 1933 — 40 жылы Алматы, Челябі қалаларының жоғары оқу орындарында, 1941 — 43 жылы КСРО Ішкі істер халкомы жүйесінде жауапты қызметтер атқарды. 1943 — 45 жылдары Қазақ КСР тамақ өнеркәсібі министрінің орынбасары, 1945 — 54 жылдары Қазақ КСР тамақ өнеркәсібі министрі, 1954 — 57 жылдары Целиноград (қазіргі Астана) облаткомының төрағасы, 1957 — 67 жылдары ҚазМУ-дің, Алматы халық шаруашылық институтының кафедра меңгерушісі болды. 1957 жылы ҚазМУ-де республикадағы тұңғыш бухгалтерлік есеп кафедрасын ұйымдастырды. 1967 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ КСР тамақ өнеркәсібі министрінің 1-орынбасары болып істеді. Ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты — бухгалтерлік есеп, эконономика талдау салаларының теориялық және практикалық негіздері. Бутин, әсіресе, бухгалтерлік есеп саласының республикада орнығуына, бухгалтер мамандар даярлауға үлкен үлес қосты. Осы сала бойынша 50-ден астам еңбектің авторы. Кеңес Одағының ордендері және медальдерімен марапатталған.
## Шығармалары
1. "Бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік сараптау";2. “Қазақстан тамақ өнеркәсібінің экономикасы“;
## Сілтемелер
1. «Мәжікен Бутинге арналды»(қолжетпейтін сілтеме)2. ««Рысқұлов оқулары» халықаралық ғылыми форумы» Мұрағатталған 10 наурыздың 2016 жылы.
## Дереккөздер |
Мәнетшілдік, монетаризм – айналыстағы ақша массасы нарықтық экономиканы тұрақтандырып, дамытуда белгілі бір рөл атқарады дейтін экономикалық теория. Мәнетшілдіктің негізін қалаушы – Чикаго мектебін құрушы көрнекті ғалым, Нобель сыйлығының иегері (1976) М.Фридмен. 50-ші жылдары Кейнс теориясына қарама-қарсы бағыт ретінде пайда болды. Экономиканы басқаруға Мәнетшілдік көзқарас АҚШ-та, Ұлыбританияда, [[ГФР|ГФР-де, тағыда басқа елдерде 70 — 80-жылдардағы тұралаушылықты еңсеру кезеңінде, сондай-ақ кейбір ТМД елдерінде нарықтық экономикаға көшу кезінде кең пайдаланылды. Америка экономикасын тұрақтандыру тұжырымдамасы және атышулы “рейгономика” Мәнетшілдік теориясының айқын көрінісі болды, олардың іске асырылуы АҚШ-тың инфляцияны бәсеңдетіп, долларды нығайтуына жәрдемдесті. Мәнетшілдік тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттің экономиканы реттеуге араласуы қажет әрі сөзсіз шарт, бірақ ол жиынтық сұранымды реттеудің кейнстік әдістерімен нарық тетіктерін түзетуді мақсат етпей, оңтайлы ақша саясатының көмегімен нарықтың бәсекелесуші күштерді жандандыру үшін жағдай жасау жолымен ықпал етуі керек. Нарыққа ақша айналысымен әсер етуде Фридмен мен оның ізбасарлары екі үлгіні – қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді үлгілерді қарастырды. Бұл бойынша қысқа мерзімді жоспарда ақша массасының көбеюі пайыз мөлшерлемесін төмендетіп, сұранымды кеңейтеді, жұмыссыздықты қысқартады. Ақшаға сұранымның көбеюі ұзақ уақыт бойына бірнеше рет қайталанған жағдайда, инвестициялық үдеріс қарқын алады. Мұның өзі өндіріс, сату, табыс, ақшаға сұраныс көлемінің ұлғаюына жол ашып, пайыз мөлшерлемесін көтереді. Мұндай саясаттың ұзақ мерзімді нәтижесі – пайыз нормасының қозғалысы, ақшаға сұраным мен ұсынымның арасындағы алшақтық. Мәнетшілдік тұжырымдамасы бойынша, ақша нарығының ұзақ мерзімді тепе-теңдігінің шарты – ақшаға ұсынымның ұзақ мерзімді қарқыны мен нақты өнімнің ұзақ мерзімді өсуі қарқыны арасындағы байланысты орнататын негізгі ақша заңының сақталуы. өзақ мерзімді ақша саясатының мақсаты – инфляцияны тұрақтандыру, оны толықтай болжай алатындай ету. Мәнетшілдік көзқарас тұрғысынан шаруашылық жағдаятты қысқа мерзімді өзгертуге бағдарланған экон. саясат емес, ұзақ мерзімді үрдіске бағдарланған экономикалық саясат өрлеудің оңтайлы қарқынын қолдауға жәрдемдеседі. Қазіргі кезде кейнстік-неоклассикалық синтез – екі экон. теорияның да нышандарын шоғырландырған дербес теориялық үлгі дүниеге келді.
## Дереккөздер |
Жайпақ баспа — полиграфиялық тәсілмен таңба түсірудің бір түрі. Мұнда қағазға басылатын және басылмайтын бөліктер болады. Олар форма бетіне біртегіс орналасады. Бұл тәсіл су мен майдың өзара араласпайтынына, бір-біріне жұқпайтынына негізделген. Жайпақ баспа қалыбының таңбасы түсетін бөліктеріне май жағылады да, ал таңбасы түспей ашық қалатын бөліктері арнаулы қосынды затпен өңделіп, дымқылданып тұрады. Сондықтан майлы бояу қалыптың қажетті бөліктеріне ғана жұғады да, дымқыл аралықтарын таза күйінде қалдырады. Қалып бетіне бояу біркелкі қалыңдықпен жайылады. Жайпақ баспаға арналған қалыпты су мен майлы құрғақ зат жақсы жұғатын материалдардан жасайды. Оған литографиялық тас, мырыш, алюминий, т.б. жатады. Жайпақ баспаның көне түрі — литография 1798 жылы Германияда жасалған. 19 ғасырдың соңында литографияның ротациялық тәсілі пайда болды. Ал 1904 жылы жайпақ баспаның офсетті баспа дейтін түрі шықты. Офсетті баспа кескінді дәл беретін болғандықтан кең тарады да, литография қолданудан шығып қалды.
## Дереккөздер |
Бозарал қазаншұңқыры - Есіл - Ертіс өзендері аралығында, Шағалалытеңіз көлінің солтүстік-шығысында 40 км жерде орналасқан.
Дөңгелек пішінді ойыс табанының ұзындығы 4 км, ені 1,5 км, аумағы 5 км², кемері теңіз деңгейінен 128 м биіктікте. Аңғар тәрізді келген Бозарал қазаншұңқыры. ежелгі Қамыстысай өзенінің саздақты аллювийлі шөгінділерінен түзілген. Суайрықтың кәдімгі қара топырағында жусанды-бозды шөптесіндер өседі, жерінің басым көпшілігі жыртылған, ал қазаншұңқырдың жағалауы мен табанында қамыс өсіп кеткен, көктемде қар ерігенде ойысты жерлері суға толығады.
## Дереккөздер |
Алқатерек (1993 жылға дейін — Чистяковское) — Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы ауыл, Алқатерек ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Алқатерек аудан орталығы — Талшық ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 44-км-дей жерде, жусан, бетеге т.б. өскен далалық белдемде орналасқан.
## Инфрақұрылымы
Ауылда мектеп, емхана, фельдшер-акушерлік пункт, клуб бар. Тұрғындары облыс, аудан орталықтарымен және елді мекендермен темір жол, автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1142 адам (593 ер адам және 549 әйел адам) болса, 2009 жылы 904 адамды (463 ер адам және 441 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Айша бибі — Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы ауыл, Айша бибі ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Аса ауылынан оңтүстікке қарай 22 км-дей жерде, жазық дала белдемінде орналасқан. Жақын темір жол станциясы - Жамбыл қаласы (25 км жерде). 1990 жылға дейін "Головачевка" селосы болып аталған.
## Инфрақұрылымы
Ауылда “Айша бибі” өндірістік кооперативі жұмыс істейді. Мәдениет үйі, емхана, орта мектеп бар. Ауыл үстінен Тараз - Шымкент автомобиль жолы өтеді, тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Халқы
## Тарихы
Әскери әзірліктің бірінде ару Айша Тараздан келген жас батыр Қараханның өнеріне ғашық болады. Бірін-бірі ұнатқан екі жас өмірлік серік болуға уағдаласады. Уәделі кезде хабар болмаған соң хабарын білейін деп күйеу жігіттің еліне баруға әкесінен бата сұрайды. Бұл кезде Қараханның еліне жау шауып жатады. Әкесі "Жеті өзеннен өтсең де, дегеніңе жетпе" деп теріс батасын береді. Айша ару Қараханның еліне таянғанда Аса өзенінің жағасына тоқтап, Қараханға хабар жіберіп, өзі демалып жатқанда улы жылан шағып өлтіреді. Қарахан "Тірлігімізде қосыла алмай кеттік, өлгенде бірге болайық" деп сүйгеніне арнап биік төбенің үстіне күмбез орнатады. Бағананың 3,4 м биіктігінде арабша "Күз... Бұлттар... Жер жәннат" деп жазылған.
## Ауыл маңы
Айша бибі мен Бабаджа хатун кесенелері - ауылдың шетінде қырда орналасқан. Ол қазіргі кезде мемлекет қорғауына алынып күтілуде, отбасын құрған жастардың тағзым ететін орнына айналған.Әулиебастау - Ауша бибі ауылынан солтүстік-батысқа қарай 3 км жерде орналасқан. Бұлақтан бастау алған көлшіктің ұзындығы шығыстан батысқа қарай 400 м, оңтүстіктен солтүстікке қарай 50-60 м, аумағы 2,5 га, тереңдігі 3,5 м. Бұл көлшіктегі екі бұлақ бастауының суы қысы-жазы буланып жылы болып тұрады. Қысы-жазы суы қатпайды.1875 жылдардан бастап белгілі болған бұл бастау суының емдік қасиеті бар, әсіресе түрлі жаралардың жазылуына септігін тигізеді.Қолдан жасалған Ысмайл, Райс каналдары бар."Таскөл" көлі - ауылдан 22 км қашықтықта орналасқан тереңдігі 6 м, аумағы 110 га көл.
## Дереккөздер |
Мәншүк Мәметова (2023 жылға дейін — Мәншүк) — Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл, Мәншүк Мәметова ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақмол ауылынан оңтүстікке қарай 37 км-дей, Самаркөл көлінің батысында 1,5 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1954 — 1996 жылдары Кеңес Одағының батыры М.Мәметованың есімімен аталатын астық кеңшарының орталығы болып келді. Кейінгі жылдары “Мәншүк” ҰК мен “Мәншүк” ЖШС құрылды. Мәншүк арқылы Астана — Қорғалжын автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Мәңгүрттік — адам бойында ұлттық мәдениет пен құндылықтардың, адамгершілік қасиеттердің жойылуын білдіретін ұғым. Мәңгүрттік ұғымын 20 ғ-дың 80-жылдары көркем әдебиетте Ә.Кекілбаев пен Ш.Айтматов айналымға енгізіп, адамзатқа қауіпті құбылыстардың бірі ретінде көрсеткен. Мәңгүрттік туралы әлеуметтік-мәдени тұжырымдамада адамзатқа ортақ адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды қорғау мәселесі өзекті мәнге ие. Мәңгүрттік ата жұртының тарихын білмеу, оның мәдени-рухани мұрасынан бейхабар болу, шыққан тегін, төл мәдениетін мансұқ ету секілді келеңсіз құбылыстардан туындайды. Тарихи жадынан, тілі мен дінінен, ділінен айырылған адам мәңгүртке айналады. Сана-сезімі мен болмыс бітімін, ұлттық келбетін жоғалтқан мәңгүрт адамдар үшін ұлттық мәдениет маңызды құндылық емес. Қоғам өмірінде Мәңгүрттіктің орын алуы ұлттық өркендеуге қауіпті. Өйткені Мәңгүрттік елдің әлеуметтік-мәдени дамуына кері әсер етіп, мемлекеттіліктің дәстүрлі жүйесіне нұқсан келтіреді;
## Дереккөздер |
Мәскеу (орыс. Московское) — Қостанай облысы Қостанай ауданындағы ауыл, Мәскеу ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Тобыл қаласынан солтүстік-батысқа қарай 45 км-дей жерде, Қостанай жазығында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 2329 адамды (1139 ер адам және 1190 әйел адам) құраса, 2009 жылы 1929 адам (957 ер адам және 972 әйел адам) болды.
## Тарихы
Іргесі 1954 жылы тың жерлерді игеруге байланысты бұрынғы “Қоскөл” мал бордақылау кеңшарының негізінде қаланды. 1997 жылдан кейін кеңшар негізінде мұнда 3 ЖШС ұйымдастырылды. Московское арқылы Қостанай – Троицк (Ресей) темір жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Айтқали Тілепқалиұлы Жайымов (05.05.1947 жыл Гурьев облысы, Жылыой ауданы, Ракөш ауылы) - күйші, дирижер, композитор.
## Ата-анасы
Әкесі - Жайымов Тілепқали (1922-1988), бухгалтер болып жұмыс істеген, ҰОС қатысқан еңбек ардагері, II топтағы мүгедек. Анасы - Бежбаева Күмсай (1924-2009), батыр-ана, еңбек ардагері.
## Білімі
* Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының домбыра және дирижер мамандықтары бойынша халық аспаптары факультетін бітірген (1978), концерт орындаушысы, оқытушы, халық аспаптар оркестрінің дирижері.
## Өмірбаяны
* 1964 жылдан - Гурьев облысы, Ембі ауданы, «Ембі» кеңшарының құрылысында әртүрлі жұмысшы.
* 1966 жылдан Гурьев облысы, Ембі ауданы, М. Әуезов атындағы ОМ ән айту және сурет салу сабағының оқытушысы.
* 1968 жылдан - Гурьев музыкалық училищесінің студенті.
* 1972 жылдың қыркүйек айынан - Гурьев облысы, Ембі аудандық музыка мектебінің директоры.
* 1973-1978 жылдары - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының студенті.
* 1976 жылдан - П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищесінің домбыра оқытушысы.
* 1978 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы домбыра кафедрасының оқытушысы.
* 1979 жылдан - Ұлан-Батыр қаласы Музыкалық училищесінің оқытушысы (Моңғолия).
* 1981 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының домбыра оқытушысы.
* 1991 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ академиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі - бас дирижері.
* 2008 жылдан бері - Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі бас дирижері.
## Шығармалары
«Домбыра ойнау өнері» (1989), «Домбыра үйрену мектебі» (тең автор, 1992), «Музыка» (тең автор, 2001) оқу құралдарының, «Шалқыма» (1997), «Шаттанамын» (1997) кітаптарының авторы.
## Жеке қасиеттері
* ҚР Композиторлар одағының мүшесі (1999 жылдан).
## Марапаттары
* ҚР Еңбек сіңірген қайраткері (1994)
* Өнертану мамандығы бойынша профессор (1997)
* ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері (2007)
* Атырау облысы, Жылыой ауданының Құрметті азаматы (2007)
* "Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" медалімен марапатталды (2011)
* Атырау облысының Құрметті азаматы (2014)
* "Қазақ хандығына 550 жыл" медалімен марапатталды (2015)
* "Алпамыс батыр" медалімен марапатталды (2017)
* "Түрксой" медалімен марапатталды (2017)
* "Қазақ ұлттық өнер университетіне 20 жыл" медалімен марапатталды (2018)
* "Парасат" орденінің иегері (2018)
* Махамбет атындағы сыйлықтың иегері (2019)
## Отбасы
* Тұл ер. Жұбайы - Елеуғалиева Нұрсұлу Хайроллақызы (1950-2009), қобыз классы бойынша оқытушы болған.
* Қыздары - Жайымова Гаухар (1973 ж.т.), Жайымова Гүлмира (1975-2009);
* ұлы - Жайым Арман (1983 ж.т.).
## Дереккөздер |
Мосы – алғашқыда ағаштан, соңыра металдан жасалған, ашылмалы-жиналмалы, уш-аяқты, ас пісіруге арналған ошақ. қазан, шәугім асу үшін немесе өрмек тоқитын станокта пайдаланылатын құрал.
Оны көтерме мосы деп те атайды. Мосы үш бөлшектен (сирақ, тілі (ілгек) және шығыршық), оның сирағы 3 ағаштан тұрады. Әр ағаштың ұзындығы 110 – 120 см, бір шетінің ұшы үшкірлеу болады. Жоғарғы ұштарына тесік жасалып, олар темір шығыршық арқылы қосылады. Шығыршыққа шай қайнату үшін шәугімнің тұтқасы ілініп, астына от жағылады.
## Дереккөздер |
МҰХАММЕД І, Боғра хан, Мұхаммед бин Юсуф – Шығыс Қарахан қағанатының билеушісі (шамамен 1056 – 1057/58). Әкесі Қадыр хан Юсуф Қашқар билеушісі болған. 1032 жылы әкесі өлгеннен соң, орнына ағасы Арслан хан Сүлеймен отырды да, Мұхаммед I Тараз және Исфиджаб аймағының билеушісі болды. Мұхаммед I ұазнауи әулетіне және өзінің туған ағасы Арслан ханға қарсы шығып, Салжұқтар әулетімен байланыс орнатты. Имам Әбу Садық Тебанидің арқасында, Мұхаммед I ағасы Арслан ханмен, ұазнауи әулетімен татуласып, Мауереннахрда Боғра хан есімімен теңге соғуға қол жеткізген. Исламтанушылар Мұхаммед I-нің 1044 – 1045 жылы шийттер қозғалысын басып, қанды қырғын жасағаны, өмірінің соңғы кезеңінде ағасы Арслан ханды тақтан қуып, өзі билікке келгені және оған әйелі у беріп өлтіргені жайлы деректер келтіреді.
## Сілтемелер
* Қадыр хан Юсуф
* Арслан хан
* Мәуереннаһр
## Сыртқы сілтемелер
Боғра хан
## Дереккөздер |
Бүкірлік, кифоз (kyphosіs) — омыртқа бағанасының (әдетте кеуде бөлімінің) дөңестеніп қисаюы. Бір не бірнеше омыртқалардың зақымдануынан (туберкулез, организмнің жарақаттануынан) пайда болады. Бүкірлік кейбір тірек-қимыл органдарының ауруларының (лордоз, сколиоз) сыртқы көрінісі болып табылады. Омыртқа біртіндеп, артқа қарай дөңестеніп майысқан жағдайды доға тәрізді Бүкірлік, ал бірнеше омыртқалар аймағында өткір бұрыш жасап қисайғанды бұрышты (қырлы) Бүкірлік деп атайды. Бүкірліктің іштей туа біткен және туғаннан кейін пайда болатын екі түрі бар. Іштей туа біткен Бүкірлік омыртқа бағанасында сына тәрізді немесе жарты омыртқалардың кездесуі және оларда әр түрлі ауытқулардың болуы (мыс., омыртқалардың бір-бірімен тұтасып кетуі) салдарынан пайда болады. Туғаннан кейінгі Бүкірліктуберкулез,бруцеллез,рахит, остеомиелит, мерез, әр түрлі ісік ауруларының әсерінен болады. Басқа ауруларға қарағанда омыртқалардың туберкулезге шалдығуы Б-тің пайда болуына жиі себеп болады. Бүкірлікті емдеу әуелі оны тудырған ауруды (туберкулез, рахит және т.б.) емдеуден басталады. Қозғалмалы БҮКІРЛІКті емдік дене шынықтыру, физиотерапия, массаж, жайпақ төсек, корсет арқылы емдеу жақсы нәтиже береді. Қозғалыссыз Бүкірлікті әуелі керу және түзетуші жаттығулар арқылы қозғалмалы түрге келтіріп, содан кейін хирургиялық жолмен емдейді. |
## Мұхаммед Данышменди
МҰХАММЕД ДАНЫШМЕНДИ, Мұхаммед Данышменде әл-Зарнуқи – діни ғұлама. Маңғыт руынан шыққан, Қожа Ахмет Иасауи шәкірттерінің бірі, ұстазының “Мират ул-Қулуб” атты еңбегін жинақтаған. “Жами әл-Муршидин” кітабында ислам дінін ұстанушыларға арнап мектеп ашқан тұлға ретінде танылады. Ол Иасауимен бірге 40 рет қылуетке түсіп, оның рұқсатымен Отырарда 40 жыл ұстаздық еткен. Діни әңгімелерде тариқат пен шариатты ұштастырған діндар екендігі айтылады.
## Сілтемелер
* ғұлама
* Маңғыт
* Қожа Ахмет Иасауи
## Сыртқы сілтемелер
МҰХАММЕД ДАНЫШМЕНДИ
## Дереккөздер
## Толықтыру
## Мұхаммед Данышменди
МҰХАММЕД ДАНЫШМЕНДИ, Мұхаммед Данышменде әл-Зарнуқи – діни ғұлама. Маңғыт руынан шыққан, Қожа Ахмет Иасауи шәкірттерінің бірі, ұстазының “Мират ул-Қулуб” атты еңбегін жинақтаған. “Жами әл-Муршидин” кітабында ислам дінін ұстанушыларға арнап мектеп ашқан тұлға ретінде танылады. Ол Иасауимен бірге 40 рет қылуетке түсіп, оның рұқсатымен Отырарда 40 жыл ұстаздық еткен. Діни әңгімелерде тариқат пен шариатты ұштастырған діндар екендігі айтылады.
## Сілтемелер
* ғұлама
* Маңғыт
* Қожа Ахмет Иасауи
## Сыртқы сілтемелер
МҰХАММЕД ДАНЫШМЕНДИ
## Дереккөздер
## Толықтыру |
## Мұхаммед Йақуб Бұхари
Мұхаммед Йақуб Бұхари, Мұхаммед Йа’куб ибн Әмір Мұхаммед Данийал би аталық (шамамен 1770 – 1830) – тарихшы, Бұхарадағы Маңғыттар әулетінің екінші билеушісі Данийал би аталықтың 12 ұлының бірі. Өзінің шығу тегі мен әлеуметтік жағдайына байланысты автор өз әміршісі жөнінде жағымпаздық пен мадақтау мәнерінде баяндауды талап ететін сарай тарихшылары дәстүрін сақтамай, оқиғалар мен олардың даму барысын неғұрлым еркін әңгімелеуге қол жеткізген. Ол парсы тілінде жазылған “Гүлшан әл-Мүлк” (“Патшалар гүлзары”) пен “Тарих-и-Амиран-и-Мангиттаийа” (“Маңғыт әмірлерінің тарихы”) атты тарихи шығармалар жазған. Автор өзі тікелей пайдаланған еңбектерді атамайды, дегенмен “Патшалар гүлзары” мен “Маңғыт әмірлерінің тарихы” Мұхаммед Йақуб Бұхаридың жеке бақылауларының негізінде жазылғаны ешбір күдік тудырмайды. Шығармалар Мұхаммед пайғамбардан (ғ.с.) бастап, маңғыттардың билік құру кезеңімен аяқталатын тарихты қысқаша баяндаған.
## Сілтемелер
* Мұхаммед пайғамбар
* Гүлшан әл-Мүлк
* Бұхара
## Сыртқы сілтемелер
200 сұрақ Мұрағатталған 4 наурыздың 2010 жылы.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы, 6 том.
## Толықтыру
## Мұхаммед Йақуб Бұхари
Мұхаммед Йақуб Бұхари, Мұхаммед Йа’куб ибн Әмір Мұхаммед Данийал би аталық (шамамен 1770 – 1830) – тарихшы, Бұхарадағы Маңғыттар әулетінің екінші билеушісі Данийал би аталықтың 12 ұлының бірі. Өзінің шығу тегі мен әлеуметтік жағдайына байланысты автор өз әміршісі жөнінде жағымпаздық пен мадақтау мәнерінде баяндауды талап ететін сарай тарихшылары дәстүрін сақтамай, оқиғалар мен олардың даму барысын неғұрлым еркін әңгімелеуге қол жеткізген. Ол парсы тілінде жазылған “Гүлшан әл-Мүлк” (“Патшалар гүлзары”) пен “Тарих-и-Амиран-и-Мангиттаийа” (“Маңғыт әмірлерінің тарихы”) атты тарихи шығармалар жазған. Автор өзі тікелей пайдаланған еңбектерді атамайды, дегенмен “Патшалар гүлзары” мен “Маңғыт әмірлерінің тарихы” Мұхаммед Йақуб Бұхаридың жеке бақылауларының негізінде жазылғаны ешбір күдік тудырмайды. Шығармалар Мұхаммед пайғамбардан (ғ.с.) бастап, маңғыттардың билік құру кезеңімен аяқталатын тарихты қысқаша баяндаған.
## Сілтемелер
* Мұхаммед пайғамбар
* Гүлшан әл-Мүлк
* Бұхара
## Сыртқы сілтемелер
200 сұрақ Мұрағатталған 4 наурыздың 2010 жылы.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы, 6 том.
## Толықтыру |
Бүкілресейлік Халық Шаруашылығы Кеңесінің Қазақ Өнеркәсіп Бюросы — өнеркәсіп орындарын басқару үшін 1920 жылы 1 маусымда құрылған мекеме. Өлкені басқаратын уақытша Қырғыз (Қазақ) ревкомының жанынан 1919 жылы 15 қазанда құрылған Халық шаруашылығы кеңесінің орнына ұйымдастырылды. Азамат соғысы жылдарында бюро шаруашылыққа жалпы басшылық жасаумен бірге мемлекеттік. кәсіпорындардың жұмысын тікелей басқарды. Оған губерниялардағы экономикалық кеңестер мен халық шаруашылығы кеңестері бағынды. Бюро Азамат соғысынан кейін кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшірумен айналысты. 1924 жылы Өнеркәсіп бюросы орнына Қазақ АКСР-і Халық шаруашылық орталық кеңесі құрылды. |
Бүркеме дақыл — ауыспалы егіс жүйесінде негізгі дақылмен бір танапта қосымша егілетін, өсімдік көгін бүркеп қорғаушы дақыл. Бүркеме дақылға өсіп даму кезеңі қысқа, танапты ерте босататын дақылдарды таңдап алады. Бүркеме дақылға — күздік бидай, қара бидай және жаздық бидай, сұлы, арпа жатады. Бүркеме дақыл ретінде көп жылдық немесе бір жылдық өсімдіктер себіледі. Жабын (үстеп себілген) дақыл өскіні көлеңкеге төзімді, даму кезеңінің басында баяу өсетін негізгі дақыл өсуіне кедергі жасамайтын болуы керек. Мысалы, жоңышқа мен астықты бірге еккен кезде астық жоңышқаға бүркеме болады. Жабын дақыл ретінде бұршақ және астық тұқымдастары (қызылбас беде, жоңышқа, эспарцет, қарабас шалғын, бетеге, еркекшөп, көп жылдық бөрібұршақ) пайдаланылады. Үстеп себілген көп жылдық шөптесін өсімдіктер жақсы өсуі үшін Бүркеме дақылды піскен бойда орып, егістіктен тасып әкетеді. Шаруашылықтарда алғашқы жылы негізгі дақыл өнімін жинаса, келесі жылдары үстеп егілген дақыл өнімін жинайды. Соның нәтижесінде шаруашылықта жемшөп қоры молаяды әрі топырақта азот көбейіп, топырақтың эрозияға шалдығу қаупі азаяды.
## Дереккөздер |
Мұхаммед Рахым (1713, Бұхар хандығы – 24.03.1758, Бұхара) – Бұхар хандығының әмірі (1755 – 1758), Маңғыт әулетінің негізін салушы.
Аштархан әулетінің соңғы ханын өлтіріп, 1740 жылдан Бұхар хандығының іс жүзіндегі билеушісі болды. 1753 жылы әмір лауазымын алды. Ол Бұхар хандығын Иранға вассалдық тәуелділіктен құтқарды, күшті әскер құрды. Шаһрисабз, Ургут, Жызақ, Ұратөбе, Гиссарды, т.б. бағындырды. Бұл соғыстар елдің шаруашылығына үлкен нұқсан келтірді.
## Дереккөздер |
Василий Григорьевич Федорченко (10.1.1947 жылы т., Украина, Чернигов облысы, Репкин ауданы, Булянки с.) – әскери қайраткер, генерал-майор.
Саратов облысындағы Вольск әскери училищесін бітірген (1968). 1968 – 92 жылы КСРО МҚК-нің Шығыс, Камчатка шекара округтерінде әр түрлі әскери қызметтер атқарған. 1992 – 2005 жылы Қазақстан Республиқасы шекара әскерлерінде қызметте болып, ҚР ҰҚК шекара қызметі директорының орынбасары, тыл бас басқармасының бастығы болды.
“Құрмет белгісі” орденімен, көптеген медальдармен марапатталған. 2005 жылы запасқа шықты.
## Дереккөздер |
Алексей Павлович Федченко(7(19).2.1844, Иркутск – 3(15).9.1873, Монблан, Швейцария) – орыс ғалымы, табиғат зерттеушісі және саяхатшысы.
Мәскеу университетін бітірген (1864). Орталық Азияның физикалық географиясы мен геологиясы, флорасы мен фаунасы, антропологиясы мен этнографиясы жөніндегі еңбектерінің ғылыми маңызы зор.
* 1868 жылы Орыс география қоғамы ұйымдастырған экспедиция құрамында жұбайы О.А. Федченкомен бірге Орталық Азияға алғашқы саяхатын жасады.
* 1869 жылы Зерафшан аңғарының орографиялық ерекшеліктерін, гидрографиясын, жануарлары мен өсімдіктерінің таралу заңдылықтарын сипаттап жазды.
15 пункттің абсолюттік биіктіктері анықталды. Зоологиялық (20 мың дана) және ботаникалық (8 мың түрі) коллекциялар мен гербарийлер жиналып, алғаш рет мәдени өсімдіктердің жергілікті атаулары тіркелді. Түркістанның фаунасын зерттеу нәтижесінде оның жерортатеңіздік түрге ұқсастығын жазып, маңызды теор. қорытынды жасады. Екінші экспедиция барысында (1870) Зерафшан өзенің жоғарғы ағысын және Ескендір к-н зерттеді. Зерафшан аңғарының солтүстіндегі жотаны Түркістан жотасы деп, ал оңтүстіндегі жотаны Зерафшан және Гиссар жоталары деп атады. Орталық Азия тауларының әр сатысындағы өзіне тән өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесінің Гималай, тибеттік түрлеріне ұқсастығын анықтады.
* Ең маңызды саяхаты (1871) – Сырдария өзені маңындағы Қызылқұм шөлін зерттеу болды.
Қызылқұм фаунасын жерортатеңіздік жануарлар дүниесімен салыстыра қарап, оның одан көне екендігін дәлелдеді. Құрама жотасынан асып, Ферғана аңғары арқылы Алай жотасы мен Алай аңғарында болды. Түркістан жотасының мұздықтарын анықтап, Тянь-Шаньның батыс тармақтары туралы көптеген географиялық мәліметтер берді. Ф. Алай сырты жотасын ашып, оның ең биік шыңын анықтады. Кейін ол Ленин (Қоңгур) шыңы (7439 м) деп аталды.
* 1871 жылы Батыс Еуропаға, Альпі тауын зерттеуге шықты. 1873 жылы 13 қыркүйекте Монблан мұздықтарының бірінде қаза тапты. Памирдегі ірі мұздықтардың біріне Федченко есімі берілген.
## Дереккөздер: |
Бүркіт ата Ақботатегі — 18 ғасырдың 2-жартысы мен 19 ғасырдың бас кезінде өмір сүрген би, көріпкел, әулие.
Байұлы тайпасы Адай руы Жеменей бұтағынан шыққан. Бүркіт ата қазақ руларын Маңғыстауға бастап келген рубасылардың бірі, қазақтар мен түрікмендер арасындағы бейбіт қатынасты реттеуші мәмілегер. Мешіттер мен медреселер санын көбейтіп, халықтың сауаттануына ықпал еткен ағартушы-пірадар ретінде есімі елге кең тараған. Бозащы шөлінен шыңырау құдықтар қаздырып, ауызсу мәселесін шешуге ұйытқы болған. Бүркіт ата туралы аңыздар көп. Оның бейбіт сыртқы саясатын ұрпақтары Ерназар би, Мұса молда, Сәтімен жалғастырған. Молда Мұса Ерназарұлы — 1832 ж. Маңғыстаудың табиғатын барлап, Қызылтас қамалын салдырған саяхатшы, зерттеуші Г.С. Карелинмен келіссөз жүргізген ақсақалдардың бірі.
## Дереккөздер |
Баға тархан немесе Күли Шор(туған жылы белгісіз – 739ж.) – Түргеш қағанатының қағаны (шамамен 738 – 739ж.ж), сары түргештердің билеушісі. Сұлу қаған тұсында беделді қолбасшы болып, әр түрлі жорықтарға қатысты. 737 ж. қаған басқарған әскерлердің арабтардан жеңілгенін пайдаланып, Баға тархан Сұлу қағанды және оның мұрагерін өлтіріп, өзін қаған деп жариялады. Оның тұсында сары және қара түргештер арасындағы соғыс күшейе түсті. Осы алауыздықты пайдаланған Хорасандағы араб билеушісі Насыр ибн Сейяр 739 ж. Түргеш қағандығына басып кіріп, Баға тарханды қолға түсірді. Олар Баға тарханды өлтірілгеннен кейін, Түргеш қағанаты әлсіреп, ыдырай бастады.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы
## Сілтемелер
* Barthold V.V. Four Studies on the History of Central Asia — Leiden: Brill, 1956.
Barthold V.V. Four Studies on the History of Central Asia — Leiden: Brill, 1956.
* The History of Al-Tabari, Vol. XXV, The End of Expansion: The Caliphate of Hisham A.D. 724–738/A.H. 105–120 — Albany, NY: State University of New York Press, 1989. — ISBN 0-88706-569-4.
The History of Al-Tabari, Vol. XXV, The End of Expansion: The Caliphate of Hisham A.D. 724–738/A.H. 105–120 — Albany, NY: State University of New York Press, 1989. — ISBN 0-88706-569-4.
* Blankinship Khalid Yahya The End of the Jihâd State: The Reign of Hishām ibn ʻAbd al-Malik and the Collapse of the Umayyads — Albany, NY: State University of New York Press, 1994. — ISBN 978-0-7914-1827-7.
Blankinship Khalid Yahya The End of the Jihâd State: The Reign of Hishām ibn ʻAbd al-Malik and the Collapse of the Umayyads — Albany, NY: State University of New York Press, 1994. — ISBN 978-0-7914-1827-7.
* Gibb H. A. R. The Arab Conquests in Central Asia — London: The Royal Asiatic Society, 1923.
Gibb H. A. R. The Arab Conquests in Central Asia — London: The Royal Asiatic Society, 1923.
* Grousset René The Empire of the Steppes: A History of Central Asia — New Brunswick, NJ: Rutgers University Press, 1970. — ISBN 0-8135-1304-9.
Grousset René The Empire of the Steppes: A History of Central Asia — New Brunswick, NJ: Rutgers University Press, 1970. — ISBN 0-8135-1304-9.
* The History of Al-Tabari, Vol. XXVI. The Waning of the Umayyad Caliphate: Prelude to Revolution, A.D. 738–744 / A.H. 121–126 — Albany, NY: State University of New York Press, 1989. — ISBN 0-88706-810-3.
The History of Al-Tabari, Vol. XXVI. The Waning of the Umayyad Caliphate: Prelude to Revolution, A.D. 738–744 / A.H. 121–126 — Albany, NY: State University of New York Press, 1989. — ISBN 0-88706-810-3.
* Kennedy Hugh N. The Great Arab Conquests: How the Spread of Islam Changed the World We Live In — Philadelphia, PA: Da Capo Press, 2007. — ISBN 978-0-306-81740-3.
Kennedy Hugh N. The Great Arab Conquests: How the Spread of Islam Changed the World We Live In — Philadelphia, PA: Da Capo Press, 2007. — ISBN 978-0-306-81740-3.
* The Türk Empire // History of civilizations of Central Asia, Volume III: The crossroads of civilizations: A.D. 250 to 750 — Paris: UNESCO Publishing, 1996. — P. 327–348. — ISBN 92-3-103211-9.
The Türk Empire // History of civilizations of Central Asia, Volume III: The crossroads of civilizations: A.D. 250 to 750 — Paris: UNESCO Publishing, 1996. — P. 327–348. — ISBN 92-3-103211-9.
* Skaff Jonathan Karam Sui-Tang China and Its Turko-Mongol Neighbors: Culture, Power, and Connections, 580–800 — Oxford University Press, 2012. — ISBN 0199734135.
Skaff Jonathan Karam Sui-Tang China and Its Turko-Mongol Neighbors: Culture, Power, and Connections, 580–800 — Oxford University Press, 2012. — ISBN 0199734135.
## Тағы қараңыз |
Мұхаммед Хорезмшах, Мұхаммад ІІ Ала-әд-Дин Хорезмшах (1169 – 1220, Каспий теңізіндегі Абескун аралы) – Хорезм мемлекетінің билеушісі (3.8.1200 – 12.1220).
Ануштегіндер әулетінен шыққан. Шын есімі – Кутб әд-Дин Мұхаммад, таққа отырған соң өз әкесінің лақап аты Ала әд-Дин мен Екінші Санжар деген атақ алған.
Мұхаммед Хорезмшах әкесінің орнына таққа отырғаннан кейін мемлекеттік шекараны едәуір кеңейтіп, 1207 жылы Бұхарадағы, 1212 жылы Самарқандтағы бас көтерулерді басып жаныштады. 1210 жылы қарақытайлардың әскерін талқандап, өзіне Искандар-и Сани (Екінші Александр Македонский) деген лақап ат алды. Бағдат халифы ан-Насырмен бәсекеге түсті. Мұхаммед Хорезмшах Самарқанд қаласын астана етті, бұрынғы астана Үргеніште Хорезм мемлекетінде зор ықпалға ие болған шешесі Теркен-хатун отырды.
1216 жылы Торғай даласында Жошы бастаған моңғол әскерімен шайқасты. Мұхаммед Хорезмшахтың 60 мыңдық әскері 3 күндік шайқаста 20 мыңдық моңғол әскерін жеңе алмады. Бұл шайқастың әсері күшті болды. Мұхаммед Хорезмшах 1219 жылы Шыңғыс ханның әскері шабуылға шыққанда, оған қарсы шешуші шайқасқа шығуға батылы жетпей, өз әскерін елдегі қалалар мен бекіністерге бөліп жіберді. Моңғолдардың Отырарды, Бұхараны, т.б. қалалар мен қамалдарды басып алғанынан хабардар болған Мұхаммед Хорезмшах бәрін тастап қашты. Оны ұстауға Шыңғыс хан өзінің атақты қолбасылары Жебе мен Сүбедей-баһадүрді аттандырды. Олар Мұхаммед Хорезмшахты Каспий теңізінің оңтүстік-батысындағы аралдардың біріне қуып тықты. Мұхаммед Хорезмшах сол жерде қаза тапты. Мұхаммед Хорезмшахтың ұлы әрі мұрагері Жалел Әд-Дин әкесінің денесін қайта жерлеу үшін Исфаһанға апармақ болды. Бірақ Мұхаммед Хорезмшахтың денесі моңғолдардың қолына түсіп, Үгедей хан оны өртеп жіберуге бұйрық берді. Мұхаммед Хорезмшахтың 8 ұлы болды, олардың бәрі моңғол әскерімен болған шайқастарда қаза тапты. Олардың ішіндегі ең әйгілісі әрі тарихта қалғаны Жалел Әд-Дин болды.
## Сыртқы сілтемелер
* Мұхаммад ІІ Ала-әд-Дин Хорезмшах
* Мұхаммад ІІ Ала-әд-Дин Хорезмшах Мұрағатталған 19 қазанның 2010 жылы.
## Дереккөздер |
* Бүркітбаев Әлімқұл
* Бүркітбаев Серік Минаварұлы
* Бүркітбаев Әшір |
Әбу-Л-Фарадж Құдама ибн Жафар әл-Басри (т.ж.б. — шамамен 948—58 ж.) — әдебиетші, географ. Халиф әл-Муктафи тұсында христиан дінінен бас тартып, исламды қабылдаған. Бағдатта бірқатар мемлекеттік жоғары қызметтер атқарған. Оның бізге мемлекеттік басқару жөнінде бір ғана еңбегі және проза мен поэзия теориясы туралы 2 шығармасы жеткен. Китаб Әл-Харадж Уә Санат Әл-Китаба (“Жер салығы туралы кітап”) атты географиялық-әкімшілік анықтама еңбегінде автор ресми мемлекеттік құжаттар мен Әбу-Л-Қасым Ұбайдолллах ибн Хордадбектің еңбектерін Әбу-Л-Аббас Ахмед әл-Белазури пайдаланған. Шығарма 928 ж. жазылған. Мұнда халифат пен оған көршілес елдерге географиялық сипаттама беріліп, халифаттың әкімш-терр. жағынан бөлінуі, ондағы салық жүйесі, қалалар, таулар мен өзен-көлдер жөнінде мәліметтер келтірілген. Бұл еңбек 9 — 10 ғ-лардағы халифаттың географиясы, экономикасы жөнінде құнды дерек болып табылады. Әсіресе, автордың қарлұқ, қимақ тайпалары, Оңт. Қазақстандағы қалалар жөніндегі мәліметтерінің Қазақстан тарихы үшін маңызы зор. |
Бүркеме , (Маскировка; франц. masguer — еленбейтін, көрінбейтін ету) — әскерлердің орналасқан жері, саны, құрамы, қимылы мен мақсаты туралы мәліметтерді жаудан жасыру үшін және құпия объектілерді байқатпау мақсатында қолданылатын әскери әдіс-тәсілдің бір түрі. Бүркемеге мынандай шаралар жатады: бар объектілерді жасырып, жалған объектілер құру, олардың неге арналғандығын білдірмеу үшін сыртқы белгілерін өзгерту, жаудың техникалық барлауына арнаулы кедергілер жасау, жердің табиғи-бүркемелік жағдайын пайдалану, басқару пункттерін, ракеталық бөлімдер мен артиллериялық позицияларын мезгіл-мезгіл ауыстырып отыру, жер ыңғайына сай киім-кешек кию, бояу мен өсімдіктерді (жасыл шөп, ағаш бұтақтары) пайдалану. Бүркеме әскери іс-қимылдың ұрымталдық сипатын арттырады, жауға күтпеген тұстан соққы беруге жағдай жасайды, құпия объектілердің өміршеңділігін сақтауға мүмкіндік береді. Бүркеменің стратегиялық, шұғыл шаралық, тактикалық түрлері болады. Стратегиялық Бүркеме жоғарғы бас қолбасшының бұйрығымен жүзеге асырылып, стратегиялық операциялар мен науқанды шараларға дайындық құпиясын сақтау және қарсыластарға әскердің шын мақсатын сездірмеу үшін жасалынады. Шұғыл шаралық Бүркеме майдан (армия) қолбасшысының шешімімен жүргізіледі және операцияларға әзірлік құпиясын сақтауға бағытталады. Тактикалық Бүркеме бірлестіктердің, бөлімдер мен бөлімшелердің ұрысқа дайындығын немесе құпия объектілердің орнын жасыру үшін жүргізіледі. Бүркеме ерте заманнан келе жатқан соғыс тәсілі. Әсіресе, 2-дүниежүзілік соғыс кезінде кеңінен қолданылды. Соғыстан кейін әскери барлауға арналып көптеген аспаптар шыққаннан кейін, Бүркеменің маңызы бұрынғыдан да артып, әскерлердің барлық түрлерінде қолданылатын болды. Қалыптасқан жағдайға байланысты Бүркеменің мынандай тәсілдері жасалынады: 1) Оптикалық Бүркеме фотоға, теледидарға түсіруге, көзбен шолып бақылауға қарсы қолданылады және жергілікті жер қыртысын, макеттер мен жалған құрылыстарды пайдалану арқылы жүзеге асады. 2) Жылу Бүркемесі әскерлерді жылу көзі арқылы табуға және объектілерді өздігінен бағытталатын жылу барлағыш снарядтармен зақымдауға қарсы қолданылады. Ол жергілікті жердің қорғаныстық қасиеттерін пайдалану, жалған жылу нысаналарын қолдану, жылуды экрандау арқылы орындалады. 3) Радио және радиотехникалық Бүркеме қарсылас жақтың әр түрлі мәліметтер алу және жасырын тыңдау үшін құрылған радио және радиотехника станцияларына қарсы қолданылады. Мұнда жылдам әсер ететін аппаратураларды қолдану, жалған сигналдар беру арқылы олардың қызметін шектейді немесе тоқтатады.
## Дереккөздер |
Бүркіт-би — халық биі. Музыкалық өлшемі 4/4. Орташа екпінді. Дабылдың сүйемелдеуімен орындалады. Негізінен, Моңғолияда тұратын қазақтар арасында кең тараған. “Бүркіт-би”, “Жорға аю” секілді халық билерін 1956 жылы Баян Өлгий аймағында ұлттық музыкалық драма театры ашылғанда өнер мамандары алғаш жазып алып, зерттеп, сахнаға шығара бастады. “Бүркіт-би” қыран бүркіт пен бүркітшінің қимыл-әрекетін бейнелейді. 1970 жылы жергілікті композитор Мұсайф Құсайынұлы ақын Ақтан Бәбиұлының “Бүркіт” поэмасы бойынша Бүркіт-би Лхамсүрэннің либреттосы негізінде 3 актілі, 6 суретті “Бүркіт” балетін жазды. Онда “Бүркіт-би” элементтері кеңінен пайдаланылған. Баян Өлгий музыкалық драма театры сахнасында қойылған бұл алғашқы балет ұлттық ән-күйлердің өзегін, бояуын сақтай отырып, оны жаңа нақыш-өрнектермен байытқан тартымды туынды.
## Дереккөздер |
Баймухамед Айшуақов (Баймағамбет) (1790 – 30 наурыз 1847) — сұлтан, генарал-майор. Кіші жүзді билеген Айшуақ ханның баласы, Әбілқайыр ханның немересі.
* Сауатын ауылда ашып, араб, орыс тілдерін меңгерген.
* 1815 жылы Жетіру билеушісі болып тағайындалды.
* Айшуақов Қазақстандағы патша үкіметінің саясатына қолдау көрсеткені үшін әскери старшина (1836 жылдан), подполковник (1839), полковник (1840) шендерін алған.
* 1825 жылы Кіші жүздің батыс бөлігінің сұлтан-әкімі Қаратай Нұралиевпен және Орал казак-орыстарымен қосылып Жоламан Тіленшіұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысын басуға қатысты.
## Жұмыс баспалдағы
Патша үкіметіне көрсеткен “адал қызметі” үшін 1830 жылы 25 қарашада батыс бөліктің сұлтан-әкімі болып тағайындалды. Ол бұл қызметті 17 жыл бойы атқарды. Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісін басуда белсенділік танытып, 1838 жылы 12 шілдесінде Қиыл өзенінің жағасындағы шайқаста ұрысқа араласты. 1839–1840 жылдары Орынбор әскери губернаторы В.А.Перовский бастаған экспедиция корпустың Хиуаға жасаған сәтсіз жорығына қатысты, Маңғыстауда Жаңа Перовск бекінісін салдырды. 1843 жылы Кенесары Қасымов отрядына қарсы күресті. 1846 жылдың желтоқсаны мен 1847 жылғы наурыз аралығында Кіші жүз қазақтарының бір топ өкілдерін бастап Санкт-Петербургте болып қайтты.
## Ұрпақтары
Делегация құрамында өзінің үлкен ұлы әскери старшина Мұхамеджан Баймұхамедов, есаул Мұхаметқали Тәукин, Қазы Сырымов (Сырым Датұлының баласы), Махмұт Алғазиев, билер Маңқы Құлов пен Жаманбай Қозыбақовтар болды. Айшуақов бұл сапарында Николай І-нің қабылдауында болып, генерал-майор дәрежесін алды (1847, 27 ақпан). Баймағамбет сұлтанның үш әйелінен (Ханша Таңжарықова, Шолпан Пірімова, Халифа Табылдина) 7 ұл, 7 қызы болған. Ұлдарының барлығы Орынбор әскери училищесінің Азия бөлімшесін бітіріп, жергілікті әкімшілікте әскери қызметтер атқарған. Солардың ішінде Мұхамеджан генерал-майор дәрежесіне дейін көтерілген.
## Дереккөздер |
Бүркітті — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл, Қырғыз ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 27 км-дей жерде, Талды өзенінің сол жағалауында, бетеге, боз, ши өскен қуаң дала белдемінде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1954 жылы қаланған. Бұрынғы “Киргизия” кеңшары негізінде астық өндіретін және етті сиыр өсіретін шаруа (фермер) қожалықтары, өндіріс кооперативтері құрылған.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Ауылда орта мектеп, дәрігерлік-амбулаториялық пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары өзге елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Бүркеншік ат, лақап ат, псевдоним (грек. pscudos — жалған, опута — есім) — автордың өзінің шын есімін ауыстырып қолданатын ойдан шығарылған есімі. Бүркеншік атқа қоғам қайраткері, жазушылар, суретшілер мен артистер түрлі себептердің салдарынан иек артқан: цензураның ізіне түсуінен жасырыну үшін, авторлық және шығарма бағасын айқындау үшін қолданған (әдеби маска). Сондай-ақ, алғашында өзінің суреткерлік қарымына сенімі нық болмаған жағдайда, аттас адамдар кездескенде де Бүркеншік ат қолдануы мүмкін.
* Шәкәрім Құдайбердіұлы кейбір шығармаларының астына “Мұтылған (Ұмытылған)” деп қол қойған.
* Әлихан Бөкейханов өзінің бірқатар зерттеу, мақалаларына Қыр баласы, Арысұлы, Қалмақбай, т.б. деп қол қойған
* Мұхтар Әуезов «Қоңыр», «Арғын», «Жаяусал», «Айғақ» деп қол қойған.
* Ұлы Абайдың алғаш өлеңдерін Көкбай ақын атынан жариялауы Бүркеншік ат пайдаланудың бір түрі.
* Ілияс Жансүгіров Найман баласы, Матай, Қаптағай.
* Міржақып Дулатов Мадияр, Таймінер.
Бүркеншік ат түрлерінің елуден астам түрі бар. Мәселен, автордың туған жерін меңзеуі, (мысалы, Ә. Тарази), арғы тегін білдіру үшін (Мұстафа Өзтүрiк), т.б. қолданылуы мүмкін.
Бүркеншік ат әлем халықтарына кеңінен тараған. Мысалы, Дж.Свифтің 70-тен, В. Скоттың 160-тан астам Бүркеншік аттары болған. Кез келген автор Бүркеншік атпен шығарма жазуға хақылы.
Бүркеншік ат авторлық құқық бойынша қорғалады және автордың келісімінсіз оның Бүркеншік атын жария етуге ешкімнің хақысы жоқ.Өткен ғасырдың ортасында Россияда Козьма Прутков деген жазушы есімі пайда болды. Ал оның шығармалары өзінше бір қызық дүние еді. Козьма Прутков қандай мәселені толғамасын (расында да ол ерекше бір паңдықпен терең толғанғанды, әсіресе ақыл айтқанды өте жақсы көретін), оның жазғандарынан көтере әсірелеу мен даңғойлық лебі есіп тұратын. Оған ішек-сілесі қата күлген оқырман қауым, апыр-ау, Козьма Прутков деген есуас кім болды екен деп таң-тамаша болатын.
Ал шындығында, Козьма Прутков деген ешқашан өмірде болып көрген жан емес-ті. Өздері ойдан шығарған осы атпен үш жас ағайынды А.М. және В.М. Жемчужниковтар баспа бетіне өз шығармаларын жариялайтын болған. Керенаулықты, топастық пен тоғышарлықты әжуалау үшін бұл үшеуі өздеріне ортақ Козьма Прутков деген бір бүркеніш ат жамылған-ды.
Осыған тағы бір мысал.Сендердің біраздарың Кукрыникстердің ғажайып сатиралық суреттері, сондай-ақ ірі картиналарымен таныс болуларың мүмкін. Ал Кукрыникстер - бұл да совет суретшілері М.В. Куприянов, П.Н. Крылов және Н.А. Соколовтың бүркеншік аты.
Бүркеніш атты, яғни ойдан шығарылған лақап атты көбінесе өнер адамдары: жазушылар, ақындар, суретшілер мен артистер жиі қолданады.
Мысалы, жазушыға өз аты-жөнінің дыбысталуы құлаққа жағымсыз не күлкілі болып көрінуі мүмкін, содан барады да ол кітабын бүркеніш атпен жариялайды. Актерге ең қажеті - өз есімінің тілге жеңіл айтылуы. Өйткені, оның аты-жөні, сахнадан немесе радиодан жиі айтылады ғой. Осындайда қырсық қылғандай фамилиясы бірден айтуға өте қиын, күрделі болса қайтпек? Сондықтан ол жұмысты оңайлату үшін басқаша, жеңілірек фамилия таңдайды. Кейде мынадай да жағдай болады: ақын өз өлеңін құпия сақтайды, оны кім жазғанын жұртқа білдіре бергісі келмейді. Сол себепті ол өлеңін бүркеніш атпен бастырады.
Өнер адамдарын бүркеніш ат жамылуға мәжбүр ететін жайттар өте көп болуы мүмкін. Ол олардың өз еркі, өз құпиясы. Ал енді бұл құпияны олардың өз рұқсатынсыз ешкімнің ашуға, әйгілеуге хақысы жоқ.
Сендер талай рет бүркеніш атпен ұшырасқан да шығарсыңдар. Бірақ оның бүркеніш ат екенін әр кез біле беру кімге де болса оңай емес. Мысалы, Максим Горький - жүзіне белгілі есім. "Чук пен Гек", "Көгілдір шәшке", "Тимур және оның командасының" авторы Аркадий Петрович Голиковтың жұртшылыққа танымал болған бүркеніш аты - Гайдар. "Гайдар" монғолша - "әрқашан алда жүретін сарбаз" дегенді білдіреді. Осынау асқақ ат жазушы әрі Революция солдатына жарасымды-ақ!
1905 жылғы Бірінші орыс революциясынан бірнеше жыл бұрын Ефим Александрович Придворовтың өлеңдері жарық көре бастады. Ол оны Демьян Бедный деген бүркеніш атпен жариялады. Ақынның мұндай атты таңдай себебі - өзінің кедей ақыны, жұмысшылар мен шаруалар ақыны екенін аңғарту еді.
## Дереккөздер |
Бүркіт бесігі — ителгі, қаршыға, сұңқар, бүркіт, т.б. қыран құстарды суыққа тоңдырмауға, көшіп-қонғанда көлікке орналастыруға қолайлы, шыбықтан тоқылған бесік. Оны кейде құндақ деп те атайды. Талдырып басқан жұқа киізден не арасына жүн, мақта салып сырған матадан жөргек тігіп, сонымен қыран құсты орап, Бүркіт бесігіне таңып қояды.
## Дереккөздер |
Бүркітті — соңғы палеолит дәуірінің кейінгі кезеңіне жататын көне қоныс орны. Жамбыл обл. Сарысу ауданы. Бүркітті ауылынан 2 км жерде. 1957 ж. Қазақстан ҒА-ның Тарих, археологиялық және этнография. институтының арнайы тас ғасыры ескерткіштерін зерттеу үшін жасақталған Қаратау тобы (жетекшісі Х. Алпысбаев) зерттеген. Бүркітті өзенінің 2-жайылмасын қазу кезінде 0,90 — 1,40 м тереңдікте бірнеше ақ халцедоннан жасалынған тас қабыршықтары пышақ тәрізді зат, мезеолит дәуірінен қалған бір басы тегістелген трапеция (20163 мм) пішіндес тас, өзек тастар табылды. Алынған тас қабыршақтардың жалпы саны 140-тан астам. Трапеция тас тілікшеден жасалған, бүйірі мен үстіңгі жағы тігінен шабылған. Табылған құралдар мен бұйымдар тас дәуірінің ақырғы кезеңін қамтиды.
## Пайдаланылған әдебиет |
Әбу Мадиан Бу Медиен, Әбу Мадиан Шуъайб ибн әл-Хусайн әл-Әнсари (1126, Севилья қаласы — 1197, Тлеемен қаласы Үббад) — Солтүстік Африка жерінен шыққан белгілі сопы. Ол андалузиялық араб отбасында дүниеге келген. Фес қаласында мағрибтық ұлы ғұлама-шайхтар ад-Даккака (12 ғ. ортасында дүниеден өтті), Әли ибн Хирзихима (1195 ж.ө.), Әбу Иаъазза әл-Хазмири (1177 ж.ө.) қолында оқып, сопылық жолға түскен. Сопылық дәстүр тәлімін ад-Даккакадан алғанымен, оған Әбу Иаъаззаның әсері үлкен болды. Құқықтық мәселелер бойынша Әбу Мадиан мәлікшілдер ағымын қолдады. Қажылықтан оралған соң Бужиге орналасып, осы жерде өзінің діндарлығы мен тақуалығын елге танытты.
Әбу Мадианның өмірі мен қызметі батыстағы мұсылмандық жүйеге сопылық дәстүрдің кең таралу тұсына тура келді. Жергілікті бербер тайпалары сопыларды қастерлеп, әулиеге айналдырды. Әбу Мадианның шешендігі, нақыл сөздері, мақал-мәтелдері көпшілікке ұнады. Ол өз жанынан өлең-жырлар да жазған. Оның халық арасында ауызекі түрде сақталған мұрасын 19 ғ-да француз шығыстанушылары жазып алған. Андалузия мен Марокконың ортағасырлық авторлары Әбу Мадианды шынайы сопы етіп көрсетеді. Белгілі сопылар ибн Машиш, ибн Араби, аш-Шаштари, аш-Шазили т.б. өздерін Әбу Мадианның шәкірттері санайды. Әбу Мадиан жерленген Уббадта үлкен мазар ескерткіш салынған.
## Дереккөздер |
Әбу-Л-Хасан Нұр Әд-Дин Әли Ибн Саид Әбу-л-Хасан Нұр әд-Дин Әли әл-Ғарнати әл-Мағриби ибн Саид (1217, Гренад — 1274, Тунис) — испан-араб тарихшысы, географ. Севильде білім алған. Мысыр, Сирия, Месопотамия, Меккені аралаған. “Жеті ықлым туралы географиялық кітап” аталатын шығармасы басқа авторлардың еңбектеріндегі деректерге сүйеніп жазылған. Онда Балтық т. жағалауларындағы батыс славяндар, Азау т. мен Дондағы орыстар, Кавказдағы касогтар, абхаздар мен аландар, Еділ бойындағы буртастар туралы мәліметтер келтірілген. Сондай-ақ қыпшақтар, қимақтар, оғыздар, түрікмендер жөнінде, Оңт. Қазақстанға қатысты тарихи-географиялық деректер кездеседі.
## Дереккөздер |
Айшық — сырға.
Жарты ай тәрізделіп, алтын, күміс т.б. металдан жасалады да, түрлі түсті асыл тастармен безендіріледі, өте ұсақ інжу-маржандармен өрнектеледі. 1962 жылы Кеген өзенінің (Алматы облысы) аңғарында қазба жұмыстары жүргізілгенде, қабірден айшық табылды.Бұл — 3-5 ғасырлардың мұрасы. Күміс зерлі ердің алдыңғы қасына, бейіттің басына, мешіттің мұнарасына айшық орнату ғұрпы бар.
## Дереккөздер |
Мөңке өзені – Қорағаты өзені алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Жамбыл облысының Т. Рысқұлов ауданы аумағымен ағып өтеді.
## Бастауы
Бастауын Қырғыз Алатауының солтүстік беткейінен алып, солтүстікке қарай ағады да, Қорағаты өзенінің оң жағынан құяды. Жоғарғы бөлігі Қарақыстақ өзені деп аталады.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 82 км. Қар, жауын-шашын суымен толығады. Мөңке суы аудан шаруашылықтарының егісін суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Жақсы Сарысу – Сарысу алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Шет және Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 113 км, су жиналатын алабы 3510 км².
## Бастауы
Сарыарқаның ортаңғы бөлігіндегі Бұғылы, Жақсы Тағылы тауларынан басталады да Сарысу өзеніне оң жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Қар және жер асты суларымен толығады. Жоғарғы жағында арнасы тар келеді. Саға төңірегінде кеңейіп, жайылмасы қалыптасады. Ірі салалары – Ақсу (40 км), Нарбақ (28 км). Жылдық орташа су ағымы 0,33 – 0,67 м³/с. Қараша – сәуір айларында мұзы қатады. Ағынын реттеу және шабындықты көлдетіп суғару үшін Нарбақ саласы құйған жерінен шағын бөген салынған. Мал суарылады. Алабы – жайылым.
## Дереккөздер |
Мөңке (лат. Carassius carassius) — тұқы тұқымдасына жататын балық.
Қазақстанда Жайық, Жем, Ырғыз, Торғай, Нұра, Ертіс өзендерінің су алабында кездеседі. Өзен, көл тартылғанда, не су қатқанда 70 см-ге дейін су түбіндегі лайға көміліп, қатты суықтан не ыстықтан сақтанады.
Ұзындығы 35 – 38 см-дей, салмағы 2 кг-дай. Мөңкенің бүйірі алтын сияқты сары түсті, жүзбе қанаттары қызыл-қоңыр, ал арқасы қара түсті болады. Қабыршағы тегіс. Жыныстық жағынан аналығы 3 – 4, аталығы 2 – 3 жасында жетіледі. Уылдырығын (300 мыңдай) мамыр – маусым айларында су температурасы 17 – 18 °C болғанда су түбіндегі шөп арасына шашады. Бұлар негізінен зоопланктонмен, зообентоспен және өлексемен (детритпен) қоректенеді. Қорек ретінде өсімдікті сирек пайдаланады. Мөңкенің кәсіптік маңызы бар.
Мөңке балық - тұщы су тұқы балықтар туысына жатады. Ұзындығы 45 см, салмағы 3 кг. Арқасы қара-қоңыр, денесінін екі жағы алтын түстес, жыныстық жетілуі 4-5 жылға созылады. Өсімталдығы, 300 мың уылдырық шашады. Планктонмен, жәндіктер дернәсілдерімен, өсімдікпен ректенеді. 2 түрі бар: алтын мөңке және бозша мөңке. Еуразия қоймаларында таралған.
## Дереккөздер |
Былғары садақ — жақ қабының бір атауы. Жақты салатын қабы садақ деп аталады. Садақты былғарыдан, көбінесе, теріден, көннен, матадан тігетін болған. Жұмсақ былғарыдан тігілген садақ батырлық эпостарда жиі айтылады. Мұндай садақтар түрлі-түсті былғарыдан жасалып, беті әр түрлі металл (алтын, күміс, жез) жапсырмалармен, кейде бастыру тәсілімен салынған бедерлі ою-өрнектермен әшекейленеді. Оған арнаулы садақбау тағылып, оң жаққа байланады.
## Дереккөздер |
Былғары аяқкиім өнеркәсібі — жеңіл өнеркәсіптің бір саласы. Қазақстанда Былғары аяқкиім өнеркәсібі ертеден дамыған. Ісмерлер былғары аяқкиімдерді өздері тіккен. Теріні қолдан илеп, оның жеткілікті шикізат қорын жасап отырған. Кейінірек былғары шығаратын зауыттар іске қосыла бастады. 19 ғ-дың басында Петропавл қаласында, сол ғасырдың аяғында Семей қаласында сиыр, қой терілерін илеп, аяқкиім тігетін арнаулы кәсіпорындар ашылды. 1941 — 65 ж. Жамбыл, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында былғары шығаратын зауыттар салынды. Ұлы Отан соғысы қарсаңында республикада Семей былғары комбинаты, Петропавл хром зауыты және Алматы тері-қайыс бұйымдары кәсіпорындары жұмыс істеді. Соғыс жылдары көшіріліп әкелінген былғары зауыттарының жабдықтары негізінде Жамбыл, Қызылорда және Петропавл қаласыларында жаңа кәсіпорындар құрылып, Былғары аяқкиім өнеркәсібі жеке сала ретінде қалыптаса бастады. Қазіргі уақытта (1999) аяқкиім фабрикалары Алматыда, Қостанайда, Қызылордада, Семейде орналасқан. Олар жылына шамамен 14 млн-ға жуық былғары аяқкиім өнімін шығарып келеді. Алматы қаласындағы “Жетісу” былғары аяқкиім тігу фабрикасы жылына 2 — 3 млн. жұп аяқкиім өндіреді. Қостанай былғары аяқкиім фабрикасы 1942 ж. Симферополь қаласынан көшірілген былғары аяқкиім комбинат негізінде құрылған. 1980 — 85 жылдары ол жылына 2,5 — 3,0 млн. жұп аяқкиім шығарды. Қазіргі кезде оның өндірістік қуаты толықтай пайдаланылмағандықтан, бұл көрсеткіш 1,2 млн. жұпқа дейін төмендеді (1997). Қызылорда былғары аяқкиім фабрикасы 1943 ж. Мәскеу қаласынан көшірілген “Париж коммунасы” фабрикасының жабдықтары негізінде құрылған. Ол ұзақ жылдар бойы 2,6 млн. жұп аяқкиім шығарып келсе, кейін оның мөлшері екі есе азайды (1997). Семей аяқкиім ф-касы 1941 ж. Киевтен Семейге көшірілген аяқкиім фабрикасы негізінде құрылған. Алғашқы кезде ол 20,5 мың жұп аяқкиім өндірсе, 1983 ж. оның мөлшерін 5,2 млн. жұпқа жеткізді. Өндірістік қуаты толықтай пайдаланылмағандықтан, кейін өнімі 1 млн. аяқ киімге дейін азайды (1997). Республикада отандық былғары аяқкиім өнеркәсібі нарық жағдайына бейімделіп, жаңа технологиялар негізінде сапалы өнімдер шығаруға көшті (1999).
## Дереккөздер |
Қоңырат — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Балқаш қалалық әкімдігіне қарасты болған кент, 2013 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Балқаш қаласынан солтүстікке қарай 11 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 20 ғасырдың 30-жылдары Қоңырат мыс кенін игеруге байланысты қаланған. Қоңырат маңында мыс кенін өндіретін ірі карьер, тұрмыс қажетін өтейтін комбинат, т.б. мәдени-тұрмыстық мекемелер жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Меңдіқұлов Малбағар (10.11.1909, Орынбор облысы, Адамовка ауданы – 17.8.1986, Алматы) – архитектор, сәулет өнері ғылымының профессоры (1976), Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі (1970)., Алматы қаласының тұңғыш бас архитекторы, КСРО құрылыс және архитектура академиясының корреспондент мүшесі (1957).
## Биографиясы
* 1936 жылы Ташкенттегі Орта Азия индустрия институтын бітірген.
* 1937 – 1941, 1945 – 1947 жылы Ташкентте қызмет еткен.
* 1941 – 1945 жылдары 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
* 1953 – 1955 жылдары Қазақстан ҰА-ның Архитектура, құрылыс және құрылыс материалдары институтының директоры.
* 1955 – 1956 жылдары Қазақ КСР Министрлік Кеңесінің жанындағы архитектура істері басқармасының бастығы.
* 1957 – 1962 жылдары КСРО Құрылыс және архитектура академиясы қазақ бөлімшесінің жетекшісі.
* 1964 – 1971 жылдары Алматы қаласының бас архитекторы.
* 1971 – 1981 жылдары Қазақ политехникалық институты архитектура тарихы кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
## Еңбектері
Архитектура саласындағы басты еңбектері:
* Ташкенттегі газет-журнал компанияның үйі мен Науаи даңғылы(1959, телавтор).
* Ташкент каналының Ангрен дюкері (1941).
* Алматыдағы шарап зауыты үйі мен Неке сарайы (1958, телавтор).
* Ж.Жабаев пен М.Әуезовтың ескерткіштері.
1967 – 1968 жылдары Алматы қаласы орталық бөлігінің жоспарын жасау жөніндегі Бүкілодақтық жабық бәйгеде 2-орын алды. Сонымен бірге Батыс Қазақстандағы сәулет өнерінің қайталанбас туындылары – мемориалды мешіт-ғимараттарды бір жүйеге келтіріп, ғылыми тұрғыда зерттеудің негізін қалады. Меңдіқұловтың ғылыми-зертеу жұмыстарының нәтижесінде Шопан Ата, Бекет Ата, Асан Қожа, Сейсен Ата, т.б. кесене-кешендері жайлы құнды бірегей басылымдар жарық көрді. Қазақ архитектурасын өркендету, зерттеу саласында 70-тен астам ғылыми еңбек, 4 монография, "Қазақ архитектурасының тарихы" деген екі томдық кітап жазған.
Жауынгерлік Қызыл Ту, 1, 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, “Құрмет Белгісі” ордендерімен, медальдармен марапатталған..
## Дереккөздер |
Біке Дарабайұлы (1794, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы, Шұбартау ауданы Бақанас өзенінің бойы — 1889, сонда) — би, шешен. Жастайынан Семей өңірінің бай, би, сұлтан, болыстары ортасында өсіп, солардан тәлім-тәрбие алған. Ресми билікке таласпағанымен, бүкіл өңірге ықпалы зор болған. Біке бидің ауылы аға сұлтан Құнанбай елімен аралас, ағайын-жегжат болғандықтан, ол туралы әңгімелерде Құнанбайға, Абайға, Шәкерімге қатысты деректер көп кездеседі.
Бікенің ата-тегі шежіре бойынша былай жүйеленеді: Абақ Керей - Жастабан - Бегімбет - Бекназар - Қожакелді - Жанбай. Жанбайдан (Жарылғап, Есенбай, Манабай, Айбас, Майбас) бес ұрпақ тарайды. Соның Манабай атасынан - Дарабай, одан Біке, Жарас туған. Біке жастайынан сол өңірдегі билер, шешендер, батырлар, сұлтандар, болыс, байлар ортасында өсіп, солардан тәлім алады. Онын Жанбай деген бабасы Абылай ханнын сенімді серігі, батыры болған. Айбас атасы да қол бастаған батыр екен. Ал, Манабай, Есенбай, Ноқат деген аталары Абақ Керейдің атақты байлары болып өткен. Осы өңірден шыққан Бегеш шешен Бікеге немере іні болып шығады. Біке биден қалған Арқабай, Шоланбай ұрпақтары бүгінде Семей, Шұбартау, Аягөзде тұрады.
## Ел арасындағы сөздер
Біке бидің ауылы, атақты аға Сұлтан Құнанбай елімен аралас ағайын-жегжат, қойы қоралас болған. Сондықтан да ол туралы аңыз әңгімелер Құнанбайға, Абайға, Шәкәрімге қатысты мәлімет деректерде көп кездесіп отырады. Енді ел арасында тарап кеткен сол сөздердің кейбірін баяндап өтейік.
### 1
Біке ауылының бір үйір жылқысы жоғалады. Соны іздеп із кесіп жүріп, Біке шешен Құнанбай ауылына барады. Екі би кең дастарқан басында сәлемдесіп, жөн сұрасады.Құнанбай:
- Ауа жайылып, біздің жылқыға қосылғаны болса, танып ал, - деп Бікенің қасына бір жігітін қосып береді.
Біке Құнанбайдың сан мыңдаған үйір-үйір жылқысын аралап жүріп, жоғын танып алады. Біке аға Сұлтанға қайтып соқпастан ауылына бет алып кете барады, Құнанбай әлгі қосқан жігітіне:
- Анау неге қайтып соқпай, кетіп барады, бері шақыршы өзін! - дейді. Жігіт шоқытып барып Бікені аға Сұлтан алдына ертіп келеді.- Ау, Біке, малыңды танып алдың ба?- Танып алдым.- Ризамысың?- Ризамын.- Ендеше, неге қайтып соқпай барасың? Келеріңде керек етіп, кетерінде керек етпегенін қалай? - дейді. Сонда Біке ат үстінде тұрып:- Қайта кеп соғатын, сен менің нем едің, досым ба едің?! Болмаса құда-жегжат, тамырым ба едің? Ұлыққа келген кісі қылп етіп кіріп, жылп етіп шығады емес пе. Мен де сөйттім - деп атының басын бұрып алып жүре беріпті. Аға Сұлтан Құнанбай не десін. "Бұлда бір елдің еркесі ғой. Мейлі, бара берсін. Әлі талай алдыма келерсің" депті де қойыпты.
### 2
Найман оның ішінде семіз найман атасынан шыққан Серікбай қажының Көки деген бойжетіп отырған қызы Аға сұлтан Құнанбайдың Әзімбай деген немересіне атастырылған екен. Келесі көктемде ұзатамыз деп екі жақ әзірленіп жүргенде Көки басқа жігітке қашып кетеді. Іздестірсе, Бікемен туыс түп атасы бір Әлдеке қажының Қарахан деген баласы алып шығады. Ол ауыл келін түсірдік деп шала бүлініп жатады. Ал, Құнанбай ауылы жесірін іздеп атқа қонады. Екі ел осы лай дүрлігіп жатқанда Құнанбайдың үйіне Біке шешен барып түседі. Құнанбай білдірмеген болып, жігіттеріне Бікені күттіреді. Алдына дастарқан жайып, сары қымыз сапыртады. Біке қымызды алыңқырап, қызара бөртеді. Дауысын көтере астам сөйлей бастайды. Бікенің мұнысын жақтырмаған Аға сұлтан:
- Төрімде отырып, дәмімді татып, үстем сөйлеп отырған сен қай керей?
- деп, зіл тастайды. Сонда Біке:
- Кұдайым тіл мен жақ берген, өтірік емес, нақ бергенсөзіді көкелеткен, келін қылып еркелеткен кереймін, саған бұдан баста деймін, - депті.
Отырғандар "мынауың қалай-қалай сөйлейді?" депті. Ашу булыққан Аға Сұлтан жанында жатқан сегіз өрме бұзау тіс қамшысымен көтере бергенде, Біке шешен тағы да:
- Қажының ашуы Қу дауысты Құттыбайға, Қаз дауысты Қазыбекке келеді. Аттың төбеліндей, бармақтай ғана Бікеге ашуы келушілерді, тәйір? Тепсе кері теуіп, басқа шауып отырған өзінің сары бестісілерің – депті бөгелместен. Бікенің бұл тапқырлығы Құнанбайдың камшысын белге ұрған жыландай жерге сылқ еткізіпті. Бікенің Қу дауысты Құттыбайды калың найманға, Қаз дауысты Қазыбекті жалпақ арғынға теңеп айтқанын Аға Сұлтан түсініпті. "Аттың төбеліндей, бармақтай ғана Бікеге ашуы неге келсін?" дегені" арғын мен найман ортасында отырған ат төбелі-дей екі-ақ болыс керейге бола ашу шақыра қоймас!" дегені екенін де Құнанбай түсініпті.
Енді бір сәт ол Бікеге тесіле қарап:
- Жарайды, - депті - бұл сөзіңді мақұл дейін. Ал, "Тепсе кері теуіп, басқа шауып отырған өзінің сары бестісі-дағы" - дегеніңе жол болсын? Сен мені қымызға мас болып ашу шақырды деп отырсың ба? - дейді.
Құнекең солай дегенде, Біке де сабасына түсе қойыпты:
- Жоға мырза, мен де қызумен артық айтсам керек, көңіліңе алма, кешір, - деп, өзінің ағат кеткенін жуып, шайыпты. Отырған көпшілш, екі дана бидің сол бір ақылды да, тапқыр кақтығысына тәнті болып, кейнгілерге айта жүріпті.
### 3
Біке шешен қартайған шағында Аға Сұлтан Құнанбайдың ақын немересі Шәкәрімнің ауылына барыпты. Барса, Шәкәрім үйінде жоқ екен, аң қағуға кетіпті. Шәкәрімнің жұбайы Бікенің алдына дастарқанды жайып, сары самаурыннан шай құя бергенде, Шәкәрім де келе калады. Келгендеде құр келмейді, қанжығасы майланып, көңілі жайланып, құлжаның бір текесін бөктере келеді. Үй-іші, бала-шаға мәре-сәре, бәрі жабыла Құлжаны іреп сояды. Дастарқанға қуырдақ та кеп калады. Шәкәрім оның үстіне бағылан сойып, шешенді әбден күтеді. Бікенің алдына үйме табақ ет тартылады. Етке қоса Құлжаның басы қойылады. Шәкәрім қонағына қарап қолын жаяды:
- Кәне би аға, өзім де, шақырып күтсем деп жүр едім, Құдай айдап кеп қапсыз. Ас батасын бермеңіз, бас батасын бермеңіз, аң батасын беріңіз? деп, жұмбақтай бата сұрайды. Біке, сөз сыңайын түсіне қояды да, былай деп бата береді:
Бесатарың,Тарс еткенде, тарс етсін!Түтіні былай кетсін,Оғы аңға жетсін,Теке құлай кетсін.Інісі бата сұрап,Жаңылса нетсін?Аллаһу акбар! –
деп бетін сипапты.
Біке шешеннің бұл сөзінің астарын түсіне қойған Шәкәрім:
- Япырым-ау, астан үлкен жоқ, бастан үлкен жоқ, мен қара басып жаңылдым, сонда мен әкемнен астым деймін бе, әлде Абайдан астым дегенім бе? Бұл қай адасқаным? Би-аға ағат кетсем, кешіріңіз? - деп, айыбына Бікеге ат мінгізіп, иығына шапан жауып аттандырыпты дейді ел.
## Дереккөздер |
Білеу — шалғы, орақ жануға қолайлы, ұшы сүйірлеу, сабы бар жұмыр қайрақ.
Білеу — көлденең қиындысының геометриялық өлшемдері ұзындығына қарағанда кіші келетін дене.
## Дереккөздер |
Әбу Наср әл-Кубауи Әбу Наср Ахмед ибн Мұхаммед ибн Наср әл-Кубауи ( шамамен 11 — 12 ғ.) — тарихшы, аудармашы. Орта Азиядағы Куба қ-нан шыққан. Әбу Наср әл-Кубауи 1128 — 29 ж. ӘбубӘкр Мұхаммед ән-Наршаһидың “Тарих-и Бұхара” (“Бұхара тарихы”) аталатын еңбегін араб тілінен парсы тіліне аударып, қосымшалармен толықтырған. Еңбекте Қазақстанның Сырдария өңіріне қатысты маңызды мағлұматтар бар. |
Білеулі, Белеулі — Үстірттің орта тұсындағы мәдени-тарихи кешен. Бостан (Қарақалпақстан) станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 35 км жерде. Білеулі — 14 ғ-да белгілі керуен сарайларымен аты шыққан ескі Ноғай жолы бойындағы маңызды ескерткіш. Кешенді 1946, 1950 ж. С.П. Толстовтың, 1972, 1975 — 78 ж. В.Н. Ягодин мен Ю.П. Маныловтың, 1979 ж. Т. Жанысбековтың, 1988 ж. С. Әжіғалиевтің жетекшілік етуімен ұйымдастырылған экспедициялар зерттеген. Атауы А.И. Левшиннің айтуынша, “Білеулі ата” деген жергілікті әулиенің атына немесе осы жерден шығатын білеу тасқа (қайрақ тас) байланысты алынуы да мүмкін. Кешенге керуен сарайдың негізгі ғимараты, оның маңайындағы құдықтар, ауыз су сақтайтын сардобтардың орны, кейінгі кезеңдегі қазақ бейіттері, сондай-ақ, солтүстікке қарай 300 — 600 м жердегі ортағасырлық қорым мен тас алатын кеніш кіреді. Білеулі-1 қорымындағы (14 — 16 ғ-лар) “қойтас” түріндегі ұзынша қабіртастар, бейіт үстіндегі қос құлпытас не олардың арасына қойылған тақта, кесілген ірі блоктарды қырынан қойып жасалған қоршаулар ежелгі түрікмен сәулет өнері дәстүріне ұқсас. Ал кейінгі ескерткіштер керуен сарай қабырғасының үлгісімен, яғни екі қатар блоктың ортасына ұсақ тас толтырылып тұрғызылған. Қазба жұмыстары бейіттегі адамдардың мұсылман ғұрпымен басы Меккеге қаратылып жерленгенін көрсетті. Білеулі-2 қорымы 18 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басына жатады. Мұндағы ескерткіштердің көпшілігі тікбұрышты және дөңгелете қоршалған. Қоршауға керуен сарайдың жұртынан алынған блоктар пайдаланылған. Көптеген қоршаулардың батыс жағына ру таңбасы салынған құлпытастар қойылған. Сиректеу болса да “қойтас” түрінде өңделген белгілер де бар.
## Дереккөздер |
Білеулі керуен сарайы — 14 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Жібек жолының бір тармағы, Ноғайлы жолының бойында, Үстірттің Қарақалпақ бөлігінде орналасқан. 1982 жылы Қазақ жобалау, қалпына келтіру комитеті ұйымдастырған экспедиция (жетекшісі А. Тоқтабаев) зерттеген. Орта ғасырларда Ноғайлы жолы Сарайшық қаласынан Хиуаға дейін, Арал мен Каспий теңіздері аралығындағы Үстірт арқылы өткен.
Солтүстік пен оңтүстікті жалғастыратын керуен жолы болғандықтан, оның бойына әрбір 25 км сайын керуен сарайлар салынған. Құлаған ғимараттың биіктігі 8 метрге жуық екі бағанасы мен қақпасы сақталған. Қабырғаларының қалыңдығы 1 — 1,5 м, бұрыштарын бекемдеп тұрған мұнараларының қалған бөлігінің биіктігі 3,2 м. Қақпаның доғаша иіліп келген жоғарғы жағын қызыл кірпішпен мәнерлеп өрген, есіктің биіктігі 7,66 м, маңдайында бір-біріне қарап, арбасып тұрған екі арыстанның барельеф-бейнелері болған. Білеулі керуен сарайы екі қабатты, батыс және шығыс қабырғаларының өн бойында жеті-жетіден 14 бөлме бар. Керуен сарайдың ішкі ауласының көлемі 19,2,19,3,17,8 м, ортасында терең шыңырау құдық болған. Сарай жылу жүретін түтіктер (қандар) жүйесі арқылы жылытылған. Білеулі керуен сарайы орта ғасырларда сәулет өнерінің жоғары дәрежеде болғанын көрсетеді.
## Дереккөздер |
Моңғолхан Арғынбайұлы Теңізбай - (1930, Моңғолия, Баян Олгий аймағы, Тұлба а.) - Моңғолиядағы қазақ театр өнерінің негізін салушылардың бірі, режиссер, драма және кино актері. Моңғолияның халық артисі (1994). 1968 ж. Мәскеудегі театр өнері институтын бітірген. 1950 - 1963 ж. Баян Олгий аймақтық театрында актеры бас режессер көркемдік жетекші қызметтерін атқарды. 1968 - 1971 ж. Улан-Батыр қаласында Моңғол драма театрында бас режессер және Моңғол жастар мен балалар театрында бас режессер болды. 1971 жылдан қазірге дейін Баян Өлгий аймақтық театрында еңбек етіп келеді. Ол 110-нан астам спектакльді сахналады. Киноға түскен ("Шайқас алдында" - Ордабай, "Моңғолкино" студиясы, 1976). Моңғолияның "Алтын жұлдыз" орденімен (1960) марапатталған.
## Дереккөздер |
Білте — 1) шырағданға салынатын бұйым; шүберектен, жүннен ширатылып жасалады; 2) мақтадан тоқылған зат; шамның ішіне шілтері арқылы өткізіледі: 3) бір ұшы күлдендірілген бау; білтелі мылтыққа от алдыру үшін матадан ширатылып жасалады.
## Дереккөздер |
Ишанғали Меңдіханов (1872 жыл, бұрынғы Бөкей ордасы, Қалмақ бөлімі – 1919 жыл, Бөкей губерниясы) – драматург, ағартушы, қоғам қайраткері.
## Өмірбаяны
* 1885 жылы Ордадағы 2 кластық орыс-қазақ мектебін бітірген.
* 1886 – 1991 жылдары Орынбор мұғалімдер семинариясында оқыған.
* 1891 – 1998 жылдары Ақтөбе қаласындағы 2 кластық училищеде мұғалім болған.
* 19 ғасырдың соңында Меңдіханов Ишанғали патша әкімшілігінің және жергілікті басқарушылардың отаршылдық саясатына қарсы қазақтың ұлттық мүддесін қорғаған ашық пікірлері үшін қуғынға ұшыраған.
* 1898 жылы мұғалімдік қызметінен заңсыз кетірген
* 1899 – 1902 жылдары Ақтөбе уездік бітімші сотының тілмашы қызметін атқарды.
* 1903 жылы Меңдіханов Ишанғали туған еліне оралып, Бөкей ордасын басқаратын уақытша кеңесте кеңесші, Қамыс – Самар болысы басқарушысының көмекшісі болды.
* 1917 жылы ақпан төңкерісінен соң Уақытша үкіметтің жергілікті комиссарының көмекшісі қызметін атқарды.
* 1918 жылы Ордада Кеңес үкіметі билікке келгеннен кейін Бөкей әскери төңкеріс комитеті баспасөз бөлімінің меңгерушісі, кейіннен губерниялық ішкі істер халық комиссары болып тағайындалды.
* 1919 жылы казак бүлікшілері қолынан қапыда қаза тапқан.
## Шығармашылығы
Шығармашылық қызметі 1910 жылдан бастау алады. Дүмше молдаларды сынаған
* “Малдыбай” (1912) пьесасы баспасөзде жарияланып, әуесқой театр сахнасында қойылған.
* “Ғалым иесі”
* “Байғұстар”
* “Тамырлар” пьесалары Орынбор, Қазан, Ташкент қалалары сахналарында көрсетілген.
1920 жылы Семей қаласының драма труппасы Меңдіханов Ишанғалидың “Малдыбай”, “Үйшік-үйшік” пьесаларын сахналаған.
## Дереккөздер |
Көрсеткі – тінтуірді жайпақ бетте қозғаған кезде бейнебетте онымен қадамдаса жылжитын меңзер. Көрсеткі мәтіндік көрсеткі, тінтуір көрсеткі және нұсқаушы құрылғылар көрсеткісі, мәзір көрсеткісі деп жіктеледі. Белгіленген нысанға нұсқаудан басқа көрсеткі оның жағдай-күйін де көрсетеді, мысалы – өзара әрекеттесудің мүмкін еместігі.
Мәтіндік көрсеткі жалпы алғанда, пернетақта арқылы терілген мәтіннің қай жерде орналасатындығын көрсететін нысанды білдіреді. Көрсеткі негізінен мәтіннен оны бірден тауып алу үшін жыпылықтап тұрады. Бұндай көрсеткінің ең көп таралған түрі болып қолданушының жаңашыл интерфейсіндегі тік сызық танылады. Кейбір жағдайларда көрсеткінің тікбұрышты не белгілеу символы, тіпті өзге символдық түрі де кездеседі. Мәтіндік көрсеткі сонымен қатар теру режимін, терілетін мәтін қасиетін, кішірейту/ұлғайту үшін мәтінде қарамен белгілеу шекарасын көрсетуге мүмкіндік береді.
Нұсқаушы құрылғыларының көрсеткісі тышқан, тачпад, трекбол және т.б. манипуляторлармен жұмыс кезінде жарамды. Қолданушы көрсеткі арқылы бейнебеттегі керекті нысанға сілтеме ала алады.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер |
Меңкесер, Бұланды, Мәңгісор – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы тұйық көл. Петропавл қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 83 км жерде.
## Гидрографикасы
Ауданы 38,04 км2, ұзындығы 9,1 км, енді жері 6,1 км. Жағалау сызығы 25,1 км. Орташа тереңдігі 0,4 м, ең терең жері 0,6-0,7 м. Су массасының көлемі 16,4 млн. м3. Көл түбі жайпақ және тұнбалы. Тұнбасы жасыл түсті, қалыңдығы 0,3 м-ден 0,85 м-ге дейін жетеді. Оның жиынтық көлемі 11 мың м3. Тұнба мен тым минералданған судың (рапа) емдік қасиеті бар, хлоридтімагнийлі-натрийлі түрге жатады. Қасиеті жағынан Медвежье көліне (Ресей, Қорған обл.) жақын. 20-30 м тереңдікте 3,3-11,3 г/л минералданған азот-хлоридті-магний-натрийлі судың үлкен қоры табылған.
## Дереккөздер |
Білім беру туралы заң, Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге арналған заң.
1999 жылғы 7 маусымда қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықаралық қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.
## Дереккөздер |
Алмажан Азаматқызы (1823, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы Бекетай-Бесқасқа ауылы — өлген жылы белгісіз) — ақын. Әкесі Азамат 1836 — 37 жылдары Исатай-Махамбет бастаған шаруалар көтерілісіне қатысып, шайқаста қаза тапқан. Алмажан жастайынан өлең шығарып, ақын қыз атанады. Бірақ сақталып қалған шығармасы — “Жетім қыз” дастаны. Дастан әділетсіз әкімдердің жетім-жесірлерге жасаған зорлық-зомбылығы әшкереленеді. “Жетім қыздың” басты кейіпкері — Алмажанның өзі. Оқиға 2-жақтан баяндалады, аракідік қарасөзбен баяндауы бар. Дастанның сюжет желісіне әкесі Азамат қайтыс болғаннан кейін жетім қалған 14 жасар қыз бен 7 жасар ұлға Нарындағы билік иелері тарапынан жасалған зардаптар, Жәңгір ханға арызданбақшы болғанда көрген қиыншылықтары негіз етіп алынған. Дастанда әділдік іздеп күрескен жетім қыздың өршіл тұлғасы сомдалған.
## Дереккөздер |
Біржан Толымбайұлы(туған-өлген жері белгісіз, бұрынғы Қостанай уезі, Қарабалық болысы) — 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында өмір сүрген қазақ жырауы, “Қобыланды” жырын кейінгі ұрпаққа жеткізушілердің бірі. Жырды С.Тұяқбаев деген адам Біржанның аузынан жазып алып, 1914 ж. Қазанның “Үміт” баспасында бастырған.
## Дереккөздер |
Біржан (1998 жылға дейін – Рожково) — Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы ауыл, Біржан ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Зайсан қаласынан солтүстікке қарай 47 км-дей жерде, Жарлы өзенінің жағалауында орналасқан. Ауыл Зайсан қазаншұңқыры мен Ақжан құмы аралығындағы шалғынды, қызыл қоңыр топырақты қуаң агроклиматтық белдемде жатыр. Онда бетеге, боз, селеу, көде, т.б. шөптер өседі.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Ауылда шаруа (фермер) қожалықтары жұмыс істейді, орта мектеп, клуб, дәрігерлік амбулатория бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Біржан Берденұлы (1890, бұрынғы Ақмола губерниясы Қызылжар уезі, Қызыл әскер болысы, 1-а. — 10.6 1922, сонда) — ақын, ұстаз.
Сауатын ескіше ашқан. Троицк қаласына барып, екі жылдай діни медреседе және орысша оқиды. Ресей патшасының 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығына орай, Қызылжар қаласынан тізімге алынып, Двина бойындағы Крейнсбург қаласы төңірегінде 1-дүниежүзілік соғыс майданының қара жұмысында болады.
Сол майдан шебіндегі қазақ жастарының өмірін суреттейтін, “Прием” атты дастан жазады. Дастан оқиға желісіне қарай шағын тақырыпшаларға (“Қызылжар казармасының тамағы”, “Ұзақ жол”, “Алғашқы әсер”, “Майданда”, т.б.) бөлінген. Ақын Қызылжар қаласынан шыққан күннен бастап, қайтып оралғанға дейінгі көрген-білгендерін қаз-қалпында баяндай отырып, елінен ұзап көрмеген қазақ жастарының басына түскен ауыр зобалаң мен қиыншылықты, соғыс көріністерін жас боздақтардың түсінік-танымы деңгейінде көркем бейнелеп беруге тырысады. Дастанда сарғайып түңілуден гөрі, ертеңгі болашаққа деген сенім, жігер-қайрат айқын сезіледі.
## Дереккөздер |
“Біржан — Сара” — М.Төлебаевтың операсы. Либреттосын Қажым Жұмалиев жазған.
Премьерасы 1946 жылы 7 қазанда Қазақ опера және балет театрында (Алматы) өтті. 1949 ж. 2-, 3-рет өңделіп, 1957 ж. қайта қойылды. Алғашқы қойылымындағы басты партияларды Ә. Үмбетбаев (Біржанды), К. Байсейітова (Сараны) орындады. Реж. Қ.Жандарбеков, дирижері Г.Столяров, суретшісі А. Ненашев болды.
“Біржан — Сара” көп актілі лирикалық-драмалық опера. Оның негізіне 19 ғ-да өмір сүрген ақын, әнші-композитор Біржан салдың өмірі мен оның Сара ақынмен айтысы алынған. Либреттоға ақын өмірі жайлы деректер және Біржан мен Сара айтысындағы сюжеттік оқиғалар арқау болған. Операның драматургиялық желісінде Біржан мен Сараның махаббатын көрсететін лирикалық бағыт пен Біржан мен Жанбота болыстың арасындағы күресті көрсететін (бұл Біржанның әйгілі “Жанбота” әнінен алынған) әлеум. бағыт қатар жүріп отырады. Біржан салдың шығармаларындағы еркіндік, намыс, адамгершілік мәселелері бас кейіпкердің прототипіне де, операның бүкіл тақырыптық бағытына да негіз болған. Біржан бейнесі әншінің өз әндері (“Айтбай”, “Жанбота”, “Біржан сал”, “Адасқақ”, т.б.) және М. Төлебаевтың музыкасы арқылы ашылған. Опера ұлттық бояуы қанық, әсерлі лирикалық көріністерге, айшықты мелодияға толы. Операда ұлттық музыкалық формалар (әдет-ғұрыптық фольклор “жар-жар”, сыңсу, жоқтау, әсіресе, ақындар айтысы) өте әдемі әрі орынды қолданылған. 4 актілі опера қақтығысқа толы қарама-қайшы көріністерге (1-актідегі бас кейіпкердің нәзік ғашықтық дуэтіне айналатын әдемі айтыс кенеттен Біржан мен Жанботаның қақтығысы көрінісіне ауысып кетеді. 3-актідегі салтанатты той қарама-қарсы екі жақтың жаңа дауымен үзіліп қалады) құрылған. Опера 1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігінде көрсетілген. “Біржан — Сара” — рухы жағынан қазақтың халықтық эпостарына жақын, шын мәніндегі романтикалық шығарма” деп жазды белгілі музыка зерттеуші В. Виноградов. 1949 жылы операға КСРО Мемлекеттік сыйлық берілді. Айшықты ұлттық бояуы қанық шығарма қазақ опера өнерінің классикалық туындысы болып табылады. 1959 жылы бұл туынды Башқұрт опера және балет театрында (Уфа қаласы) қойылды.
## Дереккөздер |
Біржан мен Сара айтысы — айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі.
Айтыс 1871 ж. қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде Ешкіөлмес тауының баурайында Тоғызқұмалақ мекенінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 ж. Қазанда “Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны” деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады. Кейін Зайсаннан 2-нұсқасы табылып, “Біржан сал мен ақын Сараның айтысқаны” деген атпен Қазанда жеке кітап болып басылды. Айтыстың алғашқы нұсқасы — 969 жол, 2-нұсқасы — 1080 жол. Әріп Тәңірбергенов жазған тағы бір нұсқасы 1907 ж. жарық көрді. 1918 жылға дейін бұл үлгілер сегіз рет, Кеңес өкіметі тұсында он бір рет жарияланды. Сөйтіп, ел ішіне жазбаша да, ауызекі де таралып келді. Айтыстың жарық көруіне, таралуына, өңделіп сарапталуына Сара, Жүсіпбек қожа, Әріп ақын елеулі үлес қосқан.
Біржан мен Сара айтысы сол тұстағы қазақ әйелдерінің бас бостандығы мәселесін, адамгершілік пен әділдікті, шындықты өзекті де әлеум. тақырып етіп көтереді. Екі ақын өздері тұрған екі өңірдің жақсы-жайсаңдарын кезекпе-кезек сараптай отырып, олардың сан алуан адамгершілік қасиеттері мен келеңсіз іс-әрекеттерін жайып салып, оларға халық талабына сай келетіндей баға беріп отырады. Сонау қияндағы Сарыарқадан Сараны жеңемін деп Жетісуға келген Біржан сал ә дегеннен амандасу рәсімінің өзін бойында дос тұрмақ дұшпан кемітер бір міні жоқ сұлудың, шебер ақын, шешен қыздың бетін қайырып, жігерін жасытып алуға пайдаланбақ болады. Бірақ білімді де ақылды қыз Хауа анаға Адам атаның өзі келгенін “Хиссас-ул-Әнбиядан” оқып білгенін дәлел етіп ұсынады. Мұндай жауапты күтпеген Біржан қатты тосылса да, сөз кезегін әрі қарай жалғастыра береді. Қос жүйрік бұдан әрі жалпы ақындық өнер, адам бойындағы сан алуан қасиеттер, ел дәстүрі, байлық, салтанат, ел басшыларының іс-әрекеттері секілді мәселелерді сөздеріне арқау етеді. Айтыс алғашында рулық бағыт алса да, кейін дәстүрлі арнадан ауытқып, жүйелі өнер сайысына, көркем де кестелі сөз жарысына айналады, қазақ қоғамындағы әлеум. қарым-қатынастың адам өміріне әсері, тұрмыстың мән-мазмұны философиялық ой-толғамдармен қосыла өріліп, өз нақышын тауып жатады. Айтыста халқымыздың әдептілік пен әсемдік туралы пікірлері, эстет. талғам-талаптары кең көрініс тапқан. Осының бәрі Біржан мен Сара айтысының 19 ғасырдағы қазақ халқының болмыс-тіршілігін жан-жақты суреттейтін көркем туынды екенін айқын аңғартады. Біржан мен Сара айтысы атақты екі ақынның арасындағы сөз айтысы ғана болмай, айтыс өнеріндегі көркемдік қуаты, тіл бейнелілігі жағынан ерекше эстет. талғам биігінен көрінген айтыстың үздік үлгісі ретінде қазақ ауыз әдебиетінің тарихынан ерекше орын алады. Айтыс негізіндегі Қажым Жұмалиевтің либреттосы бойынша 1946 ж. М. Төлебаев “Біржан — Сара” операсын жазды.
## Дереккөздер |
Боян — 11 ғасырда ғұмыр кешкен жыршы. “Игорь жасағы туралы жырда” оқиғаны әділ баяндаушы жырау әрі парасатты кейіпкер ретінде суреттеледі. Жыр авторы Игорь жасақтарының қыпшақ ауылдарына шапқыншылық жасау кезіндегі қатыгездігін, жасақ басшысының опасыздығын, сол әрекетіне сай тұтқынға түсуін баяндар кезде Боян жырауға сөз беріп отырады. Соған қарағанда Боян — 11 ғасырда қыпшақ даласы мен Киев Русіне танымал тұлға болған.
## Дереккөздер |
Айып-анжы — істелген қылмысына қарай өтелетін төлем, құн. 10-12 ғасырларда монғолдар кісі өлтіру, ұрлық т.б. қылмыс жасап айыпты болғандарға құн төлететін болған. Ондай құн “анжу” деп аталған. Айып-анжы төлегеннен кейін айыпкерге жаза қолданылмаған.Ілгеріде қазақ халқында ұзатқан қызға қызметшілер қосып ілестіріп жіберген. Олар да “анжы” атанған. Анжылар барған еліне сіңіп, жақындасып кеткен. “Ағайын-анжы” деген сөз осыны мегзейді.
## Дереккөздер |
Шұбартау көтерілісі — кеңес үкіметінің әкімшілік саясатына қарсы халық толқуы. 1931 жылы наурыз айында Шығыс Қазақстан облысының Шұбартау ауданында (қазіргі Аягөз ауданы) болған. Сол жылдары Шұбартау аудандық орталығы өнеркәсіпті аймақтарды ет өнімдерімен жабдықтайтын және осы мақсатпен Семей ет комбинатына мал өнімдерін өткізетін басты мал шаруашылық аудандарының бірі болды. Оның үстіне 1930 жылдың басынан кең өрістеген ауқатты шаруаларға қарсы кеңес өкіметінің қатал саясаты олардың шаруашылықтарын түгелдей дерлік күйретіп үлгерді. Көтерілістің өрістеуіне көрші Абыралы және Шыңғыстау аудандарында көтерілістің басталғаны туралы хабар, сондай-ақ Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметінің құлағаны туралы өсек-аяң шешуші ықпал етті. Көтеріліске аудандағы 1-, 4-, 5-, 6-, 7-, 8-, 11-ауылдардың азаматтары белсенді түрде қатысты. Көтерілісті 77 жастағы Қарамұрзин Мырзаш басқарды. 1931 жылы 5 наурызда көтерілісшілер 8-ауылдық кеңес кооперативтерін басып алып, оның мүлкін елге үлестірді. “Бидайық” жайлауында көтерілісшілердің алғашқы жиналысы өтті. Сароба жайлауында да жиналыс өтіп, жиналған 30 шақты адам Молдабай Қалидің бастауымен Аягөз стансасынан Шұбартауға келе жатқан тауар тиелген жүк арбасын тонады. Онсыз да толқып отырған ауылдар енді үкіметке ет тапсырудан ашық бас тартты. “Кеңжайлау” жайлауындағы жиналыста аудан орталығына шабуыл жасау туралы шешім қабылданып, онда 200-дей көтерілісші жиналды. Олардың алдында қолына ақ жалау ұстап, Қарамұрзин сөз сөйлеген. Көтеріліс басшысы жасының келіп қалғанына байланысты бұл сапарға өзі аттанбай, көтерілісшілер қатарына үш ұлы – Тәуірбайды, Амансарыны және Ұздыбайды қосты. Көтерілісшілерді шабуылға Серғазин Мұқа, Молдабай Қали, Байғоз Мелдехан, Әбітай Итжан бастап шығып, олардың соңынан 300-ге тарта адам ерді. Жолшыбай көтерілісшілерге басқа ауылдың жігіттері қосылып, жалпы саны 700-дей адам болды. Негізінен сойылмен қаруланған көтерілісшілер 8 наурызда аудан орталығын қарсылықсыз, қантөгіссіз басып алды. Олар ең алдымен қамауда отырған 41 адамды босатты. Мұнан соң аудандық мекемелерді жаппай талқандап, ондағы құжаттарды өртеп жіберді. Көтеріліс басшылары мекемелерден, астық қоймаларынан алынған заттар мен астықты көтерілісшілерге таратып берді. Осы оқиғаны естіген Шұбартау ауданының басқа ауылдары да көтеріліске шығып, жергілікті кооперативтерге басып кіріп, белсенділерді соққыға жықты. Кейбір деректерде Сарыбел және Кеңжайлау жайлауларында өткен жиналыстарда ақсақалдар кеңесінің шешімімен көтерілісшілер Мырзаш Қарамұрзинді хан сайлаған. Аудан көлеміне кең тарап кеткен көтерілісті басу Біріккен мемлекеттік саяси басқарма және коммунистік жасақтарға оңайға түсе қоймады. Дегенмен, темір жол арқылы келген жазалаушы әскер көтерілісті күшпен басты. Ұрыс барысында 9 көтерілісші оққа ұшып, көптеген адам қолға түсті. Көтеріліске қатысушылар қатаң жазаланды. Ерекше үштіктің үкімімен 28 көтеріліс басшысы ату жазасына кесілді, 66 адам 3 жылдан 10 жылға дейін мерзімге еңбекпен түзеу лагеріне жөнелтілді. Қазақстанның өз ішіндегі аудандарға 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге 17 адам жер аударылды, шартты түрде 22 адам сотталды. Сонымен қатар ауданның басшы коммунистері де жазадан тыс қалған жоқ. 1931 жылы 25 сәуір – 5 мамыр аралығында Шұбартау ауданында орталықтан келген мемлекеттік комиссия жұмыс істеді. Оны Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Елтай Ерназар басқарды. Комиссия шешімімен “сатқындық жасағаны, таптық бағытты бұрмалап, оппортунизмге түсіп, байлармен және бандиттермен достасқаны үшін” ауданның 8 басшысы, т.б. адамдар партиядан шығарылып, сотқа тартылды. Өзінің алдына қойған мақсаты, көтерген ұраны, ұлттық құрамы, қозғаушы күштері тұрғысынан қарағанда Шұбартау көтерілісі қазақ халқының тоталитарлық жүйеге қарсылығы болып табылады.
## Пайдаланылған әдебиет
* Қозыбаев М., Алдажұманов І., Әбілғожин Ж., Қазақстандағы күштеп коллективтендіру: қорлық пен зорлық, Алматы, 1992;
* Омарбеков Т., 20 ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері, Алматы, 2001.
## Дереккөздер |
Бірлестік — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл (бұрын кент), Сейфуллин ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Зеренді ауылынан солтүстікке қарай 68 км-дей жерде, Көкшетау қыратының солтүстік бөктерінде, селеу аралас әр түрлі шөп өскен қара топырақты дала белдемінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1930 жылы “Бірлестік” ұжымшарын ұйымдастыруға байланысты қаланды. 1978 жылы жанынан уран кен орны ашылып, соның негізінде кентке айналды. Бірлестікте геологиялық барлау экспедициясы жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, аурухана бар. Тұрғындары аудан орталықтармен және басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Бірлік — көне зират. Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданындағы осы аттас ауылдың маңында, Есілдің солтүстік жағасында. 1978 — 1980 ж. Г. Б. Зданович, М. Хабдулина зерттеді. Үлкен алқапта орналасқан ескерткіштер қола, ерте темір дәуірлеріне және орта ғасырларға жатады. Қазба жұмыстары, негізінен, екі топтан тұратын қола және ерте темір дәуірлерінің ескерткіштеріне жүргізіледі. Бірлік-1 тобындағы ерте темір дәуірінің обалары тас пен топырақтан үйілген (б.з.б. 8 — 4 ғ-лар). Мұнда мүрдені жер бетіне қою, сонымен қатар тереңге ақымдап қойып (катакомбалы камера), ағаш табытқа салып, үстіне оба үйіп жерлеу тәсілдері қолданылған. 1-обадағы қайың бөренелерді қиюластырып, қабырғасын төрт қабат етіп жасаған тікбұрышты табыттың аум. 34 м, төбесі екі қабат бөренемен жабылған, батыс қапталынан ұз. 2 м дәліз шығарылған. Бірлік-2 тобындағы қола дәуірінің обаларынан ежелгі арбалы жауынгерлерді жерлеу дәстүрі анықталды. 1-, 2-, 3-обалардың орта тұсында төртбұрышты үлкен шұңқыр қабірлер бар. Қабірдің екі қапталына 2 аттың толық қаңқасы, бірнеше аттың бас сүйектері, басқа да түліктердің әр түрлі сүйектері табылды. Қабірдің едені мен қабырғаларында қалыңд. 30 см балшық қабаты бар. Ғалымдардың пікірі бойынша, бұл балшықтан құйылған кірпіштердің қалыңдығы болуы мүмкін. Мүрделер батысқа қаратыла, сәл бүгілген күйде сол бүйіріне жатқызылған. Алынған заттай деректердің ең құндысы — жауынгерлік арбалардың бөлшектері. Қазақстанның солт. өңірінде арбалы жауынгерлер көне дәуірде өмір сүрген. Қола дәуірінің екінші жартысына қарай олардың орнына салт атты жауынгерлер дәстүрі орнықты. Қола дәуірінің алғашқы Ертеалакөл (Петров) кезеңіне жататын мұндай жерлеу ғұрпы б.з.б. 17 — 16 ғ-ларда болған.
Бірлік — көне зират. Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы осы аттас ауылдың маңында. 1988 — 92 ж. Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А. Бейсенов) зерттеді. Құрамында қола дәуірінің соңғы кезеңіне, ерте темір дәуіріне және ішінара орта ғасырларға жататын 40-тан аса ескерткіштер тобы бар. Оның 29-ы зерттелді. Екеуі орта ғасырларға, қалғандары ерте темір дәуірінің Тасмола мәдениетіне (б.з.б. 7 — 1 ғ-лар) жатады. Мұның 10 обасы мәдениеттің ерте сатысына, қалған 17 оба Қорғантас кезеңіне жатады. Алғашқылары толық зерттелген. Екі кезеңнің обалары да тас пен топырақтан дөңгелене үйіп жасалған. Мүрделер қарапайым шұңқыр қабірлермен қатар 2 — 3 м тереңдікте орнатылған жәшік тәрізді тас қабірлерге де жерленген. Ерте кезеңге (б.з.б. 7 — 4 ғ-лар) жататын 15-, 16-обалардан табылған жұптасқан үлкен тас жәшіктердің ұз. 3 м, ені 2 м. Ортасы тас қабырғамен бөлінген бұл жәшіктерге балалы әйелдер жерленген. Қорғантас кезеңінің (б.з.б. 3 — 1 ғ-лар) обаларынан алынған деректер мәдениеттің соңғы сатысына қарай орын алған өзгерістерден хабар береді. Бұл кезеңде жерлеу ғұрпында біраз жаңалықтар пайда болды, темірден жасалынған бұйымдар көбейді. Бірлік зиратынан қоладан, темірден, тастан жасалған бірнеше заттар табылды. Сонымен бірге обалардың құрылысы мен жерлеу ғұрпы және жерленген адамдардың антропол. сипаты туралы құнды ғыл. деректер алынды. Бірлік зиратынан алынған бас сүйектерді зерттеу Тасмола мәдениеті тұсындағы жергілікті тұрғындардың шығыстық (Орталық Азиялық) белгілері бар еуропалық үлкен нәсілге жататынын көрсетті. Мұндай белгілер Қорғантас сатысына қарай жақындаған сайын көбейе түскен.
## Пайдаланылған әдебиет |
Цементтіқ Шикізат — цемент өндіруге қолданылатын табиғи және жасанды минералдық түзілімдер. Көп жұмсалатын портландцемент өндіруге әкті, мергельді, сазды тау жыныстары қолданылады. Саз, саздақ, сазды тақтатас, лесс, лесс тәрізді саздақтар — цемент өндірісінің негізгі шикізаттары болып табылады. Цемент алу үшін шикізат шихтасына аздаған түзуші қоспалар (колчедан тұқылдары, домна өндірісінің қалдықтары, темір кентасы, трепел, опока, кварц құмы,маршаллит, боксит, т.б.) қосылады. Клинкерді күйдіргендегі бірігу процесін жеңілдету үшін таза флюорит және натрий, кальций, магнийдің кремнийлі-фторлы қоспалары енгізіледі. Шикізат ылғалдылығын төмендету үшін сода, сұйық шыны, т.б. сұйылтқыштар, өнімді стандартқа сәйкестендіру үшін ұнтақтағанда клинкерге табиғи (диатомит, терепел, опока, вулкан күлі мен туфы, пемза, трасса) және жасанды (күйдірілген саз, кремнийлі қалдықтар, домна мен отынның шлактары және күлдері) материалдар түріндегі активті минералдық қоспалар қосылады. Бұлар цементтің қатаюын қамтамасыз етеді. Қазақстанда Цемент Шикізатның қоры мол.
## Ciлтемелер :
«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том |
Музыкалық тыныс (грек тілінде pausіs – тоқтау, доғару) – музыкалық шығарманың бір немесе бірнеше дауыстарында, кейде барлық дауыстарындағы үннің белгілі бір кезеңдегі үзіліс сәті. Музыкалық тыныстар да дыбыстық ұзақтықпен өлшенеді. Бүтін, жарты, ширек, сегіздік, он алтылық, т.б. музыкалық тыныс таңбаларының нота жазуында белгіленетін тұрақты өз орындары бар.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Еркін Тілекұлы Мергенов (6.3.1940 жыл, Алматы 27.07.2015 жыл, Алматы) – мүсінші, ҚазКСР-інің халық суретшісі (1992), Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
## Өмірбаяны
* 1962 жылы Алматыда Н.В.Гоголь атындағы көркемсурет училищесін бітірген, мүсін бөлімі.
* 1963-1963 жылдары Кеңес Армиясы, Орта Азия әскери округі қатарында әскери борышын өтеді.
* 1966-1967 жылдары Алматы қаласы №105 орта мектепте сызу және сызу пәнінен сабақ берді.
* 1973 жылы Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер университетітын бітірген.
* 1987 – 92 жылдары және 1998 жылдан Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы.
* 1980 жылдан Алматы театр-көркемсурет институтында (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) сурет кафедрасының меңгерушісі.
* 1981 жылы Латвия КСР-нің Рига қаласында жеке көрмесі өтті.
* 1982 жылы КОКП қатарынан шығарылды. 1985 жылы Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы қатарына қайта алынды.
* 1987-1994 жылдары Қазақ КСР суретшілер одағының XII съезінде Қазақ КСР Суретшілер одағы басқармасының төрағасы болып сайланды.
* 1989 жылы КСРО Суретшілер Одағынан халық депутаты болып сайланды, Мәскеу қаласы, Сол жылы жеке көрмесі өтті, (Орталық Суретшілер үйі).
* 1990 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.
* 1990 жылы Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы қатарынан шықты.
* 1991 жылы Германиядағы Дуйсбург қаласында өткен Халықаралық көрмеге белсенді қатысады.
* 1994 жылы Қазақстан суретшілер одағының мүшелігінен шықты.
* 1998 жылдан Халықаралық суретшілер одақтары конфедерациясы кеңесінің мүшесі, Мәскеу қ.
* 1999-2000 жылдары Қазақстандағы Сорос заманауи өнер орталығының басқарма төрағасы болды.
* 2000 жылы «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша «Платина Тарлан» тәуелсіз ұлттық сыйлығының лауреаты атанды.
## Шығармашылығы
Мергенов Еркін Тілекұлы негізінен портрет жанрында еңбек етеді. Оның мүсіндері замандастар бейнесінің шынайылығымен, өмір мен уақыт тынысын сезіндіретін шымырлығымен ерекшеленеді.
Еркін Тілекұлы Мергеновтің :
* “Махамбет” (1973, қола),
* “Олжас Сүлейменов портреті” (1982, қола),
* “Қазақ КСР-інің халық артисі Е.Өмірзақов” (1982, гипс),
* “Жаңғырық” (1983),
* “XX ғасыр” (1988), т.б. портреттер топтамасы бар.
## Дереккөздер |
Шұбартеңіз шайқасы, Шұбаркөл шайқасы, қазақ жасақтары мен жоңғарлар басқыншылары арасында болған. Шежіре деректері бойынша бұл шайқас шамамен 1728 жылы (кей деректерде 1725 жылы) Орталық Қазақстандағы Ұлытаудың оңтүстік-батыс жағындағы Шұбартеңіздің (Шұбаркөлдің) айналасында өткен. Бұл шайқас “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” оқиғасынан кейінгі қазақтар мен жоңғарлардың арасындағы ірі шайқас болды. Шежіре деректерінде шайқаста қазақтардың біріккен қолын Шақшақ Жәнібек батырдың басқарғаны айтылады. Мұны Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мен Шәкерім Құдайбердіұлы да растайды. Шайқас қазақ жасақтарының жеңісімен аяқталып, жауға күйрете соққы берілді. Бұған дейін қазақ батырлары әрқайсысы өз жасағымен жеке-жеке жаумен шайқасып, еш нәтиже шығара алмаған еді. Осы жолы олар алғаш рет өз күштерін біріктіріп, тізе қоса іс-қимыл жасады. Шұбартеңіз шайқасы болашақта қазақ батырлары күш біріктірсе ортақ жауды талқандап, туған жерді азат етуге болатынын дәлелдеп берді. "Қалмаққырылған" деген алғашқы жер атауларының бірі Қазақстан картасында осылайша пайда болды.
## Пайдаланатын әдебиет
* Қазақтың көне тарихы, Алматы, 1993,
* Қазақстан тарихы, 3-том, Алматы, 2002.
## Тағы қараңыз
* Жоңғар шапқыншылығы
* Жоңғар хандығы
* Жоңғар-қазақ соғысы (1723—1730)
* Аңырақай шайқасы
* Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Музыкалық энциклопедия – ғылыми-анықтамалық басылым, музыка мәдениетінің барлық саласын қамтыған жүйелі мәліметтер жинағы. Көпшіліктің музыка өнеріне, тарихына қызығушылық танытуы, музыкалық білім деңгейінің көтерілуі мен музыка ғылымының дамуы 18 ғ-да Музыкалық энциклопедияны жинақтауға түрткі болды. Музыкалық энциклопедия музыка өнерінде орта ғасырда пайда болған алғашқы музыкадағы лексикографиялық еңбектер (музыка теориясы, музыкалық аспаптар, музыкалық терминология, музыканттардың өмірбаяны, т.б.) мен мәліметтерден құралған теориялық трактаттар негізінде жиналды. Бірінші музыкалық энциклопедияны И.Г. Вальтер 1732 ж. Германияда “Музыкалық лексикон немесе музыкалық библиотека” деген атпен жариялады. Ең алғашқы көп томдық музыкалық энциклопедияның авторы Г.Шиллинг. Еңбек “Барлық музыка ғылымының энциклопедиясы немесе музыканың әмбебап сөздігі” аталып, 1835 ж. тағы да Германияда жарық көрді. Музыкалық энциклопедияның басты мақсаты – музыкатану ғылымы мен тәжірибесіне сүйеніп, музыка өнеріне байланысты ақпараттар мен мәліметтер жинақтау, ұлттық және дүниежүзілік музыка өнерінің даму үрдісін айқындау, музыка мәдениетін насихаттау және дамыту. Музыкалық энциклопедия да қарастырылатын мәселелер: музыкалық этика, музыка теориясы, акустика, орындаушылық, әртүрлі стильдер, музыкалық мектептер, музыкалық аспаптар, жанрлары мен түрлері, музыкалық театрлар, музыкалық басылымдар, т.б.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Біртұтас электр энергетикалық жүйе (БЭЭЖ) — жоғары және аса жоғары кернеулі (500, 750 және 1150 кВ) электр жеткізу желілерімен біріктірілген және бір не бірнеше елдің аумағын электр энергиясымен қамтамасыз ететін электр энергетикалық жүйелердің жиынтығы. БЭЭЖ біріккен электр энергетикалық жүйеге қарағанда тұтынушыларды электр энергиясымен жабдықтаудың сенімділігі мен тиімділігін жоғары деңгейде атқарады; бір-бірінен алшақ орналасқан аудандарда электр энергиясын тұтыну максимумдарының сәйкес келмеуі себебінен болатын қосынды жүктеме максимумды азайтады; электр энергиясының арзан түрлерін пайдалану мүмкіндігін арттырады, т.б. КСРО БЭЭЖ-сі Еуропа бөлігіндегі, Оралдағы, Сібірдегі, Орталық Азиядағы, т.б. аймақтардағы біріккен электр энергет. жүйелердің негізінде құрылды. Оған жалпы қуаты шамамен 250 ГВт болатын 900-ден астам электр ст-лары біріктірілді (1988). Ал Қазақстанның БЭЭЖ-сі сол КСРО БЭЭЖ-сінің құрамдас бөлігі ретінде қалыптасты. Соның нәтижесінде республикада Солтүстік Қазақстан біріккен энергетикалық жүйесі (құрамына Алтай, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ақмола және Екібастұз энергетикалық жүйелері кіреді және олар Ресейдің энергетикалық жүйелерімен байланысқан), Орталық Азия біріккен энергет. жүйесі (құрамына Орта Азия республикалары, Алматы және Оңтүстік Қазақстан энергетикалық жүйелері кіреді), Батыс Қазақстан және Атырау энергетикалық жүйелері құрылды (1962 — 92). Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін КСРО БЭЭЖ-сі тәуелсіз жаңа мемлекеттердің ұлттық энергетикалық жүйелеріне бөлініп кетті. Осыған орай ұлттық энергетикалық жүйелер құрылымдық, т.б. өзгерістерге ұшырады. 1993 ж. “Қазақстан Республикасы электр энергетикалық бағдарламасының тұжырымдамасы” жасалып, соған сәйкес республиканың электр энергетикасы қазіргі кезде (1999) мынадай үш тәуелсіз құрылымнан тұрады: 1) ұлттық электр энергетикалық жүйе. Ол кернеуі 220 — 500 — 1150 кВ-тық жүйеаралық және мемлекетаралық (Қазақстан — Ресей, Қазақстан — Өзбекстан — Қырғызстан) жүйе құраушы электр тораптарынан, ірі тұтынушыларды қоректендіруші электр тораптарынан, конденсациялық және су электр ст-ларының қуат беру желілерінен құралады; 2) электр тарату компаниялары. Олардың құрамына аймақтық қызмет көрсететін кернеуі 110 кВ және одан төмен электр тарату тораптары енеді; 3) электр энергиясын тәуелсіз өндірушілер. Оған электр ст-ларының акцион. қоғамдары жатады. Ұлттық электр энергет. жүйе қуатты электр энергиясын өндірушілердің, электр тарату тораптары компанияларының және электр энергиясын мол тұтынушылардың (қуаты 50 МВт және одан жоғары) байланыстырушы буыны бола отырып, республиканың әр түрлі меншіктегі энергетикалық кәсіпорындарын БЭЭЖ-ге біріктіреді. БЭЭЖ-ді іс жүзінде құрудың таяуда тұрған міндеттерінің бірінші кезеңі — Оңтүстік аймақ пен Солтүстік аймақты байланыстыру мәселесі. Ол үшін Солтүстік — Оңтүстік электр жеткізу желісін 1998 — 2003 ж. салып бітіру жоспарланып отыр. Оның құрамына қуаты 500 кВт-тық ұзындығы 515 км болатын Екібастұз — Ағадыр (2001 ж. іске қосылуға тиіс) және ұзындығы 385 км-лік Ақадыр — Оңтүстік Қазақстан ауданаралық электр станцияларының (2003 ж.) электр жеткізу желілері кіреді. Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанды энергетикалық біріктіру процесі аяқталған жағдайда Оңтүстік аймақтың Орта Азия мемлекеттерінен энергетикалық тәуелсіздігі қамтамасыз етіледі.
## Дереккөздер |
Алмалы — Жетісу облысы Панфилов ауданы, Басқұншы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жаркент қаласының солтүстік-шығысында 30 км-дей жерде, Қытай шекарасынан батысқа қарай 5 км-дей жерде орналасқан. Ауыл Іле аңғарының қуаң агроклиматтық белдемінде жатыр.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Мұнда орта мектеп, клуб, кітапхана т.б. мәдени орындар бар. Ауылдың кіре берісіндегі жол бойында ұзындығы 2,5 км болатын алма бағы орналасқан. Алмалы жанынан ауданы 25 км2 болатын ежелгі Алмалы қаласының орны табылған. Тұрғындары аудан орталығы — Жаркент қаласымен, елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Алмалыбақ — Алматы облысы Қарасай ауданы, Ұмтыл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қаскелең қаласының шығысында 5 км-дей жерде, Іле Алатауының солтүстігіндегі тау алды қоңыржай-ылғалды агроклиматтық белдемінде орналасқан.
## Халқы
Алмалыбақта Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты, орта мектеп, аурухана, клуб т.б. мәдени мекемелер бар. Мемлекеттік маңызы бар Алматы-Шымкент автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Музыкалық этнография, музыкалық фольклор – халықтың музыкалық мұрасы мен шығармашылығын жинап, зерттейтін ғылым саласы.
Музыкалық этнография қарастыратын мәселелердің ауқымы кең. Музыкалық этнография музыка мәдениетінің тууына себеп болған қоғамдық-әлеуметтік құбылыстарды (наным-сенім, ұғым-түсінік, т.б.) қамтыса, музыкалық фольклор халық музыкалық өнерінің өмірдегі қолданысы мен орнын, ауызекі шығармашылық – авторлық ән-күйлердің табиғатын қарастырады. Демек, бұл атаулардың өзара байланыстылығымен қатар, бір-бірінен айырмасы да бар. Этнография ғылымының танымдық категорияларына сүйене отырып, музыкалық этнография қазақ халқының музыкалық мәдениетін тарихи-археологиялық, ғылыми-методологиялық және музыкалық-теориялық әдіснама негізінде қарастырады. Музыкалық фольклордың тұрмыс-салтқа байланысты (“Жар-жар”, “Тойбастар”, “Шілдехана”, “Сыңсу”, “Жоқтау”, т.б.), салттан тыс фольклор үлгілерін, өнердің синкреттік сипатын, музыкалық-эпикалық дәстүрді (жыр, толғау, терме, желдірме), халық әндерінің жанрлық-көркемдік сипаттарын, халық аспаптарын (қобыз, домбыра, сыбызғы, даңғара, кепшік, асатаяқ, дабыл) – аэрофон, хордофон, идиофондар, олардың дыбыс шығару ерекшеліктері, көркемдік мүмкіндіктері, атауларының этимологиясы мен [[|семантика|семантикасын]] анықтау, көне музыкалық шығармаларды нота жазуына түсіру, олардың мақамдық (ладтық) құрылымы мен әуендік жүйесін зерттеу музыкалық этнография ғылымының негізгі зерттеу нысаны. Қазақ халқының музыкалық этнографиясы Қазан төңкерісіне дейін зерттеле бастаған. Оған А.Е. Алекторов, А.Э. Бимбоэс, Г.И. Гизлер, Ә.А. Диваев, И.Д. Добровольский, А.И. Левшин, П.С. Паллас, Р.А. Пфенниг, В.В. Радлов, С.Г. Рыбаков, Н.Ф. Савичев, П.Тихов, Ш.Уәлиханов, А.Ф. Эйхгорн, т.б. зерттеушілер елеулі үлес қосты. 20 ғасырдың бас кезінде музыкалық этнография жинауға А.В. Затаевич белсене араласып, “Қазақ халқының 1000 әні” (Мәскеу, 1925, 1963), “Қазақтың 500 ән-күйі” (Алматы, 1931, 2002) атты музыкалық-этнографиялық жинақ шығарды. Бұдан кейін музыкалық этнография зерттеу ісімен А.Жұбанов, Б.Ерзакович, М.Ахметова, А.Темірбекова, Т.Бекхожина, Б.Қарақұлов, Т.Қоңыратбай, А.Құнанбаева, т.б. айналысты. Әр жылдары М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен Алматы ұлттық консерваториясының мамандары музыкалық экспедицияларға шығып, қазақ музыкалық фольклорының көркем үлгілерін жинайды. “Қазақтың музыкалық фольклоры”, Ерзаковичтің “Қазақтың ғашықтық әндері”, Бекхожинаның “Қазақтың 200 әні”, Қарақұловтың “Қазына”, Б.Оспановтың “Дад дастаны”, Б.Бәйбіжанның “Қазақтың жүз қара өлеңі” атты көлемді жинақтары музыкалық этнографияның бүгінгі жетістіктері.
## Дереккөздер |
Молда Панах Уағиф (1717, Әзірбайжан, Қазақ ауданы Салақлы ауылы — 1797, Шуша қаласы) — Әзірбайжан ақыны, мемлекет қайраткері. Қарапайым шаруа отбасында туған. Медреседе араб, парсы тілдерін меңгерген. 1759 ж. Шуша қаласында бала оқытып, Молла Панах атанды. Карабах өңірінде Ибраїим ханның уәзірі болды. Шет ел басқыншыларынан қорғану үшін Қарабах, Талыш, Эриван хандықтары арасында ынтымақ одағын құруға қатысты. Вагиф 1797 ж. Қарабахты басып алған Ибрагим ханның жақыны Мұхаммедбек Джеванширдің қолынан қаза тапты. Вагиф Әзірбайжан әдебиетіндегі демократиялық бағытты дамытты. Оның шығармаларына, әсіресе, ашугтар поэзиясының ықпалы зор болды. Оның туындылары классикалық аруз үлгісіндегі мухаммас, ғазал муашштар, мустезад түрінде болып келеді. Сол арқылы ол поэзияны халық ұғымына жақындатты. Сонымен қатар Вагиф адамның ой-сезімін мейлінше терең бейнелеуге мүмкіндік беретін гошма атты өлең түрін енгізді. “Гүл”, “Тырналар”, “Қос сұлудың құрметіне” сияқты көптеген өлеңдері күнделікті өмір қуанышын, махаббат қызығын, түрлі өкініш сезімдерін жырлады. С. Вургун “Вагиф” атты поэма жазды.
## Дереккөздер |
Васа әулеті (Vasa) — швед (1523 — 1654) және поляк (1587 — 1668) корольдері шыққан әулет.
Әулеттің негізі Васа есімді швед ақсүйегінен өрбиді. Ол 1523 — 60 жылдары Густав I деген атпен Швед корольдігін билеген. Оның Швеция королі тағында отырған ұрпақтары: Эрих ХІV (1560 — 68), Юхан ІІІ (1568 — 92), Сигизмунд (1592 — 1604, шын мәнінде 1599 жылға дейін), Карл ІХ (1604 — 11), Густав II Адольф (1611 — 32), Кристина (1632 — 54). Поляк королі Сигизмундте мұрагер болмағандықтан оның қызы Екатерина Ягойло мен Швеция королі Юханның ұлдары Сигизмунд III деген атпен 1587 — 1632 жылдары Польша тағына отырды. Кейіннен оның әкесінің орнына швед королі болып сайлануына байланысты 2 мемлекет 1592 — 99 жылдары уақытша унияға бірікті. Сигизмунд ІІІ-нің Польша тағында отырған мұрагерлері: Владислав ІV (1632 — 48) және Ян Казимир (1648 — 68).
## Дереккөздер |
Мирза Шафи Вазех (1796, Әзірбайжан, Гәнжа — 28.11.1852, Грузия, Тбилиси) — Әзірбайжан ақыны, ағартушы. Медреседе оқыған. Өлеңдерін ғазал, мухаммас, рубаи, мәснәуи үлгілерімен жазған. 1840 жылдан Тбилисиде Әзірбайжан және парсы тілдерінен сабақ берген. Х.Абовян, А. Бакиханов, М.Ф. Ахундовтармен дос болған. “Даналық ұясы” атты үйірме ашқан. Вазех шығармалары жеке адамның бас бостандығы үшін күреске үндейді, достықты, махаббатты жырлайды. Неміс ақыны, саяхатшы Ф. Боденштедт Вазех өлеңдерін “Шығыста өткен мың бір түн” (1850) атты еңбегіне енгізген. Соңынан “Мирза Шафи жырлары” (1881) деген атпен жеке кітап етіп бастырды, кейін бұл көптеген Еуропа тілдеріне аударылды. Вазех туындыларын орыс тіліне бірінші рет Н.И. Эйферт (1880, 1903) аударған. Вазех Әзірбайжан поэзиясының тұңғыш хрестоматиясын, И. Григорьевпен бірге “Татарша — орысша сөздік” құрастырған.
## Дереккөздер |
Музыка музейлері, Музыка мұражайлары – музыка мәдениетінің тарихи ескерткіштерін жинау, сақтау, оны зерттеу және насихаттау ісін жүзеге асыратын мекемелер. Музыка музейлерінің екі түрі бар. Ол – музыка аспаптарының музейі және мемориалдық музейлер. Музыка аспаптарын жүйелі түрде жинау 16 – 17 ғ-ларда (Флоренция қаласындағы Ф.Медичи музыка аспаптарының коллекциясы) басталды. 1795 ж. Францияның ұлттық конвенті Париж консерваториясының жанынан музыка аспаптарының музейін ұйымдастыру туралы қаулы шығарды. 19 ғасырдың 2-жартысынан, Брюссельде, Лондонда, Санкт-Петербургте, Берлинде, Прагада, Венада, Нью-Йоркте, т.б. қалалардың музейлерінде музыка аспаптарының ірі колекциялары жинақталды. Ресейде музыка аспаптарын жинау 18 ғ-дан басталды. 1902 ж. Санкт-Петербург қаласында Сарай оркестрінің музейі ұйымдастырылды. Мемориалдық музыка музейлері ұлы композиторлар тұрған үйлерде (В.А. Моцарттың Зальцбургтегі, Л.Бетховеннің Бонндағы, Ф.Листтің Веймар мен Будапештегі, П.И. Чайковскийдің Клиндегі музей үйлері, т.б.) орналасты. Қазақстанда халық музыка аспаптары музейі (1980, Алматы) бар.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.