text
stringlengths 3
252k
|
---|
Мұстафин Сейіт-Баттал (1889, Ақмола облысы, Біржан сал ауданы – 16 қыркүйек 1937, Қызылжар қаласы) – ағартушы-ұстаз. Ауылда мұсылманша хат таныған соң, Ыстанбұл қаласындағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқыған (1908 – 1913). 1918 жылы 31 қазанда Семей қаласында ашылған педагогикалық курсқа Қ.Сәтбаев, М.Тұрғанбаевтармен бірге мұғалім болып тағайындалып, қазақ тілі, қазақ тарихы және физика пәндерінен дәріс оқыды. Семейде Ж.Аймауытов, М.Әуезовпен бірге “Абай” журналын шығарысып, оның белсенді авторы болды, “Айқап” журналы мен “Алаш” газетінің жұмысына да белсене қатысты. Мұстафин Сейіт-Баттал қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін, әсіресе Төле би, Қали би, Орынбай, Өске, Шортанбай сияқты белгілі би, ақындардың өлең-жырларын, өсиет сөздерін, қолжазбаларын жинастырды. Түріктің “Көксанжақ” романын қазақ тіліне аударған. 1920 – 2195 жылы Көкшетау қаласында ағарту бөлімінде, 1925 – 1930 жылы Қызылжар қаласынндағы педагогикалық техникумда қызмет атқарды. 1930 – 1933 жылы туған жерінде, 1933 – 1937 жылы Степняк қаласында мұғалім болды. 1937 жылы 25 сәуірде тұтқынға алынып, “халық жауы” деген айып тағылып, ату жазасына кесілген. 1958 жылы 28 желтоқсанда ақталған.
## Сілтемелер
* Мұғалім
* Қали би
* “Айқап” журналы
## Сыртқы сілтемелер
АЛАШОРДА ҮКІМЕТІНІҢ ІС ҚАҒАЗДАРЫ ЖАЙЛЫ Мұрағатталған 3 желтоқсанның 2011 жылы.
## Дереккөздер
## Толықтыру |
БҮЙРЕККӨЛ — қола дәуірінен қалған зираттар тобы. Солтүстік Қазақстаноблысы Еңбекшілдер ауданында. Ол 23 дөңгелек, төртбұрыш және шаршы пішіндес қоршаулардан тұрады. 1954 ж. Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеген. Кейін бұл жұмысты археолог Ә. Оразбаев жалғастырды. 3 қоршаудан ашылған 10 қабірдің үшеуінен тас жәшіктер табылды да, басқалары қарапайым топырақ қабірлер болып шықты. Екеуінде мүрде жерленсе, қалғандарында өртеу әдісі қолданылған. Қабір ішінен қыш көзелер мен ыдыс-аяқтар, қолдан жасалған садақ жебелері, мал сүйектерінің табылуы қола дәуірінде сол жерлерді мекендеген тайпалардың мал ш-мен шұғылданғанын көрсетеді. Бүйреккөл зираттарындағы жерлеу ерекшеліктеріне қарағанда, бұл тайпалар қола дәуірінің Нұра кезеңінен Атасу кезеңіне өту сатысында болған.
## Дереккөздер |
Жанашырлық — бір адамның қиын жағдайға тап болған өзге адамға, ет жақын туған-туыстарына, тілектес, ниеттес, сыйлас кісілеріне деген ерекше көңіл күйі, қамқорлығы. Үлкен зиян шегіп, шығынға ұшыраған немесе қайғы-қасіретке душар болған, сондай-ақ, қандай да бір ауыр қиындыққа тап болған адамдарға жанашырлық көрсету, оларға қолдан келгенінше көмектесу — адамгершіліктің белгісі болып табылады. Қиналған жанға нәсіліне, дініне қарамастан жанашырлық таныту, әсіресе, қазақ халқына ерекше тән ұлттық қасиет болып табылады.
## Дереккөздер |
Дулебтер - Батыс Волынь жерін қоныстанған ежелгі тайпалар бірлестігі. 7 ғасырда аварлар шапқыншылығынан қатты күйзеліске ұшыраған. 907 жылы Дулебтер жасақтары Киев князі Олегтің жорығына қатысады. 10 ғасырда Дулебтер бірлестігі ыдырап, Киев Русінің құрамына бужан және волындық деген атауларымен енді.
## Дереккөздер
Қазақ энцклопедиясы |
Алмасов Омар (Ғұмар) (т.ж.б. — 1920) — Алаш қозғалысының қайраткері.
Найман тайпасы Қаракерей руының Болатшы тармағынан шыққан.
* Мұғалімдер семинариясында оқыған.
* 1916 ж. тамызда Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Жетісу облыстары өкілдерінің Орынборда өткен кеңесінің хатшысы болды. Онда патша өкіметінің маусым жарлығына қарсы қазақ халқының көтерілісі жөніндегі Алаш қозғалысы басшыларының (Ә.Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М.Дулатов) пікірін қолдады.
* 1917 ж. 2-8 сәуірде Торғай облысы қазақтарының съезін ұйымдастырушылардың бірі әрі хатшысы (Орынбор).
* 2-Бүкілқазақ съезінде (Орынбор, 5-13.12.1917). Алмасов Қазақ автономиясын Қазақстандағы өзге ұлттар өкілдерінің көзқарасын анықтаған соң және халық милициясын құрғаннан кейін жариялауды жақтаған көпшіліктің қатарында дауыс берді. Съезде ол Халық Кеңесінің мүшелігіне кандидат етіп сайланды.
* Алмасов Торғай өңірінде Кеңес өкіметіне қарулы қарсылықты ұйымдастыруға белсене қатысты.
* Алашорданың Торғай облысы әскери сотының бастығы болды.
* Алашорда атынан А.Байтұрсыновпен бірге Кеңес үкіметімен келіссөз жүргізді (1918 ж., наурыз).
* Аққұмда (Торғай) өзін тұтқындауға келген қызыл әскерлермен атыста оққа ұшты.
## Дереккөздер |
Жанар Ғабиденқызы Мұстафина (26.7.1936 жылы туған, Ресей, Новосібір қаласы) – ғалым-офтальмолог, қоғам қайраткері, профессор (1988), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1990).
Арғын тайпасы Қуандық руы Мұрат бөлімінен шыққан.
Қазақ мемлекеттік медицина институтынтын бітірген (1960). 1960 жылдан қазірге дейін Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында қызмет істейді (1988 – 2001 жылы директоры). Негізгі ғылым-зерттеу жұмысы көру мүшесінің патологиясы (глаукома, қан тамырлары патологиясы, миопияның генетикалық аспектілері, т.б.) бар ауруларды анықтауға, емдеуге және сауықтыруға арналған. Мыс қорыту өндірісінде жұмыс істейтін адамдардың көз патологиясына ұшырау себептерін зерттеді. МҰСТАФИНА Жанар Ғабиденқызының басшылығымен глаукома ауруын анықтау, емдеу және одан зағип болып қалмау әдістері жетілдірілді; офтальмол. жұмыстарға қажетті директивті-нормативтік құжаттар әзірленді; халыққа офтальмологиялық көмек көрсету мәселесі және Қазақстанда көз микрохирургиясы ұйымдастырылды; оқу-әдістемелік және ғылыми-өндірістік “Офтальмология” бірлестігі құрылды. “Құрмет белгісі” және “Парасат” ордендерімен марапатталған.
## Дереккөздер
## Сыртқы cілтемелер
* МҰСТАФИНА Жанар Ғабиденқызы Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. |
Асқар Дулатов - (1865 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы - 1932 жыл, Карелия) - Алаш қозғалысы қайртакері. Арғын тайпасының Мадияр руынан.
* Сауатын ауыл мектебінен ашқан зерек те, сұңғыла Асқар өзі ізденіп орысша тіл үйреніп, өз заманының пән кітаптарын оқып, білімін толықтырған. Сауатты, көзі ашық, дәулетті ел иелерінің бірі болған. Ол - Алаштың атақты ақыны Міржақыптың туған ағасы. Інісінің ықпалы болды ма, әйтеуір, А.Дулатовта Алаш қозғалысының тілеуқор қайраткері болған.
* 1918 жылға дейін Торғай уезінде би болып жұмыс істеген. Билікке жету жолы қай заманда да қиын. Алайда, әр заманның, әр қоғамның ел ұстайтын адамға қоятын талабы, сайлау дәстүрі әртүрлі болатыны анық. Қазақтың билік жүйесінде биді халық өзі таңдайтын. Би болатын адам әуелі билік мансап алмай тұрып, ел алдында беделді, сөзіне елі тоқтаған азамат болуы шарт. Қолында ресми билігі жоқ, бірақ ел арасында сөзінің салмағы бар адамдарды ел «қара би» деп атайды екен. «Қара билер» ел ұстаған ұлықтармен бірдей саналып, елдің дау-шарын шешуге араласып отыратын болған. «Қара бидің» атағы елге жайылып, жұрттың бәрі оның билігіне мойынсұнатын деңгейге жеткенде халық оны ресми түрде билікке сайлайды. Осыдан-ақ А.Дулатовтың ел арасындағы салмағы мен беделін тануға болады. А.Дулатовты мансапты елінің жоғын жоқтауға, ел үшін қызмет етуге пайдаланған ұлы билердің сарқыны деуге болады. Кезінде патша үкіметі М.Дулатовтың «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағының елге таралуына тыйым салып, оны ел арасынан тәркілеген. Отаршылар ақынның ойын, кітаптың маңызын жақсы таныған ғой. Қазақ ұлықтары да бұл кітаптың құндылығын патша үкіметінен кем бағаламайды. «Оян, қазақтың» қазақ үшін аса қажетті кітап екенін білген қазақтың атқамінерлері кітаптың елге таралуына барынша күш салады. «Оян, қазақ!» кітабын жасырын түрде ел арасына таратқандардың басында осы А.Дулатов тұрады.
* Қазақстанда кеңестік билік орнағаннан кейін де біраз уақыт жұмыс істеген А.Дулатов кеңес үкіметіне ұнай қойған жоқ. Өйткені ол қазақтың ұлттық мемлекетін құруды армандаған ғұлама А.Байтұрсынұлының шәкірті, Ахаңмен бірге Алаш партиясының саяси бағдарламасын жазған М.Дулатовтың туған ағасы еді.
* Күштеп ұжымдастыру түсында, 1928 жылы А.Дулатовтың мал-мүлкі тәркіленіп алынады да, өзі «халық жауы» болып, 1929 жылы Мәскеудегі Бутырка түрмесіне айдалады.
* 1930 жылы 4 сәуірде ату жазасына кесіледі.
* Бірақ, 1931 жылы 30 сәуірде бұл жаза он жылға бас бостандығынан айырумен ауыстырылып, Карелиядағы Майгуба лагеріне айдалады. Онда М.Жұмабаев, Е.Омаровтармен бірге ауыр азапты жұмысқа жегіледі.
* 1932 жылы туған елден шалғайда аянышты жағдайда көз жұмады.
## Дереккөздер |
Дулыңа - сарбаздардың ұрысқа кірерде бастарына киетін темір қалпағы. Түркі жауынгерлері дулыңасының екі жағы мен артқы етегіне темір тор тағылатын болған. Дулыңалар жасалуына қарай бірнеше түрге бөлінген. Ең көне түрі көбелі дулыңалар киіз, мата, теріден тігілген бас киімге сүйек, металл көбелерді бастыра тігіп жасалынған. Көбелері бас киім астарына қайыспен не шегемен бекітілген. Мұндай дулыңалар көбіне көбе сауытпен киілген. Қаттама дулыңалар күләпара пішінде жасалып, жібек матадан тігілген астарының ішіне жүн, мақта, кіреуке үзіктері салынған. Кейде бетті қорғау үшін маңдайдан төмен темір тілшелер орнатылады. Орта ғасырлардан бастап дулыңалар темірден жасалды. Ыңғайлы болу үшін олар, көбінесе, бірнеше бөліктен құрастырылып, құрама дулыңа деп аталды. Темір дулыңаның бір түрі металдан тұтастай құйылып, тұтас дулыңа деп аталды. Тұтас дулыңаның кейбіреуінде бетті жауып тұру үшін темір томағалары болған. Томағалы дулыңалардың қорғаныстық қана емес, ырымдық, магиялық та сипаты болды.
## Дереккөздер
Қазақ энцклопедиясы |
Ефремовка — Павлодар облысы Павлодар ауданындағы ауыл, Ефремов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Павлодар қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 35 км-дей жерде, Павлодар - Қарасуық автомобильді магистралінің бойындағы қылқан селеу, боз, бетеге, көде өскен қызыл қоңыр топырақты дала белдемінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1905 жылы қаланған. Шаруа Ефрем Мельниченконың есімімен “Ефремовка” деп аталды. 1930 жылдың басында мұнда коммуна, 1931 жылы оның негізінде ұжымшар және МТС ұйымдастырылды. 1960 жылы тың жерлерді игеруге байланысты “Ефремовский” шошқа өсіру кеңшарының орталығына айналды. 1997 жылдан шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтер жұмыс істейді.
Ефремовкада май зауыты, орта мектеп, клуб, дәрігерлік-амбулаторлық пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобильді жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Алмат Тобабергенұлы (1805 — 1897) — Алшын тайпасының атақты байы.
Алшынның Шөмекей руының Бозғұл бұтағынан шыққан.
Шежіре: Алмат-Тобаберген-Киікбай-Әлібек-Қалақ-Шобдар-Бекет-Сейін (Желдер)-Келдібай-Бозғұл-Шомекей
Жасынан Ресей (Орынбор) мен Бұхар арасындағы керуен саудасына белсене делдалдық жасап, орыс тілін меңгерді. 1868 жылға дейін 54-әкімшілік дистанциясының бастығы болды. Орыс армиясының хорунжий офицерлік шенін алды. Халық оны сардар деп атады. Ел арасындағы түрлі дау-жанжалдарды шешумен қатар, Орынбор шекаралық комиссиясының жұмысына араласты. Алмат білімі мен тәжірибесін көшпелі елінің мәдениетін көтеруге, тұрмыстық жағдайын жақсартуға жұмсады. Оларды орыс әкімшілігінің жүгенсіздіктерінен қорғап отырды. Бұл бағыттағы жұмыстары қазақтардың жартылай отырықшылыққа көше бастауымен тұспа-тұс келді. Алмат қыстаулардың салынуына, үйлердің құрылысына, қысқы мал азығын дайындауға барынша көңіл бөлді. Өз тарапынан Ырғызда бірнеше ағаш және кірпіш үй-жай салдырды. Орынбор генерал-губернаторына арнайы хат жазып (9.1.1866), егіншілікпен айналысатын қазақтарға көмек алды. Малы көп, бай болған Алмат балаларын оқытуға көңіл бөлді. Атақты батыр Есет Көтібарұлымен құда болды. Бір баласы Самұрат Алматұлы (1842 — 1922) көп жыл Ырғыз уездінің бастығының көмекшісі, Кенжеғара болысы қызметтерін атқарған, Романовтардың 300 жылдығы құрметіне алтын медальмен марапатталған. Алмат Ақтөбе облысы Ырғыз қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 22 км жердегі ата қорымына жерленген. Ұрпақтары басына күмбез тұрғызған.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Жангелдин экспедициясы — азамат соғысы кезінде Ә.Жангелдин басқарған әскери отрядтың Мәскеуден Шалқар ст-на дейінгі жауынгерлік жорығы. Отрядтың 600 адамдық алғашқы тобы словак, хорват, поляк, неміс, чех, венгр, серб, татар, орыс, қазақ халықтарының өкілдерінен құралды. Отрядтың алдына ақ гвардияшылармен шайқаста ауыр жағдайда қалған Ақтөбе майданының әскери бөлімшелеріне қару-жарақ, дәрі-дәрмек және қаржы жеткізу міндеті қойылды. Жангелдинге берілген 68 млн. сомның 30 млн-ы Қазақстанда ұлттық дивизиялар құруға, 38 млн-ы ақ гврадияшылар Ресей орталығынан бөліп тастаған Түркістан майданына тапсырылуға тиісті болды. Экспедициялық отряд жол бойы бүлікшілермен соғыс жүргізе отырып, 1918 жылы 13 тамызда Царицындегі Халық банкісіне қымбат мүлікті тапсырды да, И.В.Сталинмен байланысып, Түркістан майданына 3 млн. сомға оқ-дәрі, басқа да соғыс жабдықтарын жеткізу туралы нұсқау алды. 15 тамызда Астрахандағы бүлікті басуға әскери көмек көрсетті. Жангелдин мұнда бірнеше күн болып, Астраханда жұмыс істейтін қазақтармен байланыс орнатты. Отряд Красноводск, Ашғабад қалаларының ақ гвардияшылар қолына көшуіне байланысты орталықта бекітілген алғашқы бағыттан бас тартып, Каспийден Түркістан майданына Торғай даласы арқылы жетуді белгілейді. Экспедиция қажетті оқ-дәрі мен соғыс жабдықтарын “Абассия” және “Мехди” кемелеріне тиеп, Каспий теңізі арқылы 25 тамызда Александровск портына (қазіргі Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Баутино порты) тоқтады. Олар мұнда кескілескен ұрыста ағылшын басқыншылары мен ақ гвардияшыларды қарусыздандырып, Кеңес өкіметін қалпына келтірді. Отрядқа порттағы балықшы қазақтар келіп қосылды. Дегенмен, шөлде жүруге қолайлы керуенді Бозащы түбегіне келіп, негізгі тұрғындары — адайлардың көмегімен ғана ұйымдастырудың сәті түсті. Олар Жангелдин экспедициясына 600 түйе, 600 ат берді. Отрядқа өз еріктерімен жолбасшы ақсақалдар қосылды. Экспедиция бүлікшілердің шағын топтарымен соғыс жүргізе отырып, 2 мың шақырымнан астам жол жүріп, 11 қарашада Орынбор — Ташкент т.ж. бойындағы Шалқар ст-на келіп жетті.Жангелдин экспедициясы. өзінің алға қойған саяси және әскери мақсатын орындап, нағыз қаhармандық пен табандылықтың үлгісін көрсетті.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
Алмасбек Нұрмаханұлы Алматов (1956 жылы 13 ақпанда Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қорқыт станциясында туған) — қазақ халықының жыршылық, жыраулық дәстүрін жалғастырушы жырау, домбырашы, фольклор зерттеушісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003). Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2003).
## Толығырақ
* Алмасбек Нұрмаханұлы 1956 жылғы 13 ақпанда Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қорқыт станциясында дүниеге келген.
* 1982 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының музыка - педагогика факультетін бітірген.
* 1982–1987 жылдары Қызылорда Облыстық кәсіптік білім беру мәдениет басқармасы мен Облыстық халық шығармашылығы орталығында жетекші маман қызыметін атқарды.
* 1987–1988 жылдары Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми ізденушісі болып қабылданды.
* 1988–1990 жылдары Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық әні» кафедрасын ұйымдастырушылардың бірі және алғашқы меңгерушісі болып сайланды.
* 1990–2011 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасын ұйымдастырушы және алғашқы меңгерушісі болып қызмет атқарды.
* 1994–1998 жылдары Қызылорда облыстық маслихат депутаты.
* 2011 жылғы қазаннан Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, Қорқыт атындағы өнер зерттеу орталығының директоры,
* 2012 жылдан Қазақ ұлттық өнер университеті «Дәстүрлі ән» кафедрасының профессоры қызметінде.
* Алматовтың әуендік ортасы ұлы Қорқыт пен оның ізбасарлары Рүстембек, Көшеней, Бидас өмір сүрген мекен. Композитор М. Қалауов пен танымал фольклоршы, профессор А. Қоңыратбаевтан оның дәріс алуы творчестволық қалыптасуына ерекше ықпал етті. А. Алматовтың ұланғайыр тақырыпты орындаушылық өнері бүгінде елімізден тыс шетелдерге де танымал. Ол қазақтың жыршылық өнерін Мәскеу, Самарқант, Париж, Франция, Италия, Швейцария, Моңғолия өнерсүйер қауымына адамзат мәдениетінің асыл қазынасы ретінде таныстыра білді. Ол қай жерде өнер көрсетсе де,Қармақшы өңірінің жырлау мәнерін танытумен болды. Ол Асан Қайғыдан бастап, Қазақстанның қазіргі замандық ақындардың шығармаларын орындайды. Эпикалық жыр өнерінің адам сезіміне әсері ерекше. А. Алматов жыр өнерін жалынды жалғастырушы айрықша өнер иесі.
## Марапаттары
* 1985 – КСРО Композиторлар одағының Құрмет грамотасы
* 1986 – Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты
* 1992 – Ыбырай Алтынсарин атындағы құрметті төсбелгі
* 1993 – доцент ғылыми атағы
* 2003 – Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері атағы
* 2003 – Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері
* 2006 жылғы 8 желтоқсандағы президент жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы берілді
* 2008 – Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры ғылыми атағы
* 2011 – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі
* 2013 жылғы 9 желтоқсандағы Елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекетік марапат Парасат орденімен марапатталды.
* Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры.
## Дереккөздер |
«Алматы» — Алматы қаласына арналған энциклопедиялық-анықтамалық басылым. 1983 ж. Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы әзірлеп, баспадан шығарған. Қазақ және орыс тілдерінде жеке-жеке басылған. Кітапқа барлығы 1722 мақала енгізілген. Басылым түрлі-түсті суреттермен көркем безендірілген. Көлемі — 7,5 б.т., таралымы — 30 мың дана.
Кітап Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы қаласы мен оның төңірегіндегі табиғаты, халқы, тарихы, экономикасы, қала құрылысы мен архитектурасы, халық ағарту ісі, физкультура мен спорт, бейнелеу өнері, театры, музыкасы, кино өнері, халықаралық байланыстары туралы мәліметтер береді.
Энциклопедияның алфавиттік бөлімінде астана аудандары, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, мәдениет ошақтары мен оқу орындары, денсаулық және спорт орталықтары, алаңдар мен көшелер, тарихи орындар мен ескерткіштер жайындағы материалдар топтастырылған. Қалада бұрын-соңды қызмет атқарған көрнекті қоғам қайраткерлері, соғыс және еңбек ардагерлері, ғалымдар мен өнер адамдары, ақын-жазушылар өмірімен таныстырады.
## Тағы қараңыз
* Қазақ энциклопедиясы
* Алматы (кітап, 1996)
## Дереккөздер |
Алдабергенов ауылы — Жетісу облысы Ескелді ауданындағы ауыл, Алдабергенов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылының батысында 22 км-дей жерде, Көксу өзенінің оң жағалауында, қоңыржай-ылғалды агроклиматтық белдемде жатыр.
## Халқы
## Тарихы
Бұрын “КОКП 22-партсъезі” атындағы ұжымшардың орталығы болған.
## Инфрақұрылымы
Алдабергенов ауылында диірмен, машина-трактор шеберханасы, тұрмыстық үй, орта мектеп, мәдениет үйі, Н.Алдабергенов атындағы мұражай, 2 клуб, саяжай, стадион, аурухана, наубайхана т.б. кәсіпорындар мен мәдени орындар, сондай-ақ елді мекеннен шыққан 18 Социалистік Еңбек Еріне және Кеңес Одағының батыры Матай Байысовқа арналған “Батырлар аллеясы” бар. Бұрынғы ұжымшар негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. Тұрғындары Қарабұлақ кентімен, елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
“Алматы” — Алматыдағы қонақ үй ғимараты. 1967 ж. салынған. Сәулетшілері — И.А. Карташ, А.Я. Коссов, В.Г.Чиркин, Н.Н. Рипинский, инженер С.И. Қаламжаров (КСРО Министр кеңесінің сыйлығы 1974 ж.) 8 қабатты ғимарат иілген пластина сияқты жасалып, маңайындағы бульварлар мен гүлзарлар, алдындағы Опера және балет театры ғимаратымен әдемі жарасымдылық тапқан. “АЛМАТЫ” қонақ үйінің ғимараты 20 ғасырдың 70-жылдарындағы сәулет өнерінің озық үлгісі саналады. Бірыңғай көлденең жолақтар арасында биік қабаттағы терезелері, фасадқа үйлесіп, ауада қалқып тұрған сияқты жеңілдік береді. Қонақ үйде 540 орындық 280 бөлме, 250 орындық банкет залы, 1 қабатты мейрамхана бар.
## Дереккөздер |
«Алматы» — Алматы қаласына арналған энциклопедиялық-анықтамалық басылым. Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы орыс тілінде әзірлеп, 1996 ж. баспадан шығарған. Көлемі — 43 беттен тұрады, таралымы — 20 мың дана. Түрлі-түсті суреттермен безендірілген. Қазақстан Республикасының бұрынғы астанасы — Алматы қаласы туралы құнды мағлұматтар беретін бұл кітап шартты түрде екі бөлімнен тұрады. Оның 1-бөлімі Алматы мен оның айналасындағы өңірдің табиғаты, халқы, тарихы, экономикасы, қала құрылысы мен сәулет өнері, халыққа білім беру жүйесі, ғылым мен ғыл. мекемелері, физкультура мен спорт, әдебиет, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, театр, музыка, кино өнері мәселелерін қамтитын шолу мақалалардан құрастырылған.
Алфавиттік тәртіппен жинақталған 2-бөлім астана аудандары мен кәсіпорындарын, мәдени-ғыл. мекемелерді, институттар, демалыс және сауықтыру орындарын, алаңдар мен көшелерді, тарихи ғимараттар мен ескерткіштерді қамтиды. Өмірі мен қоғамдық қызметі Алматы қаласымен байланысты тарихи тұлғалармен, мемлекеттік қайраткерлерімен, ғалымдармен, еңбек және соғыс ардагерлерімен, көрнекті әдебиет және өнер қызметкерлерімен таныстырады. Кітап соңында маңызды оқиғалар тізімі, есім көрсеткіші берілген.
## Тағы қараңыз
* Қазақ энциклопедиясы
* Алматы (кітап, 1938)
## Дереккөздер |
Бөгетсай — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы ауыл, Бөгетсай ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Хромтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 47 км-дей жерде, трассамен 55 км. Ор өзенінің жағалауында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1653 адам (814 ер адам және 839 әйел адам) болса, 2009 жылы 1354 адамды (643 ер адам және 711 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Бұрынғы кеңшар негізінде өндірістік кооператив құрылған. Ауылда мектеп, емхана, дәріхана, сауда орындары бар. Бөгетсай арқылы Ақтөбе — Қарабұтақ — Темірбек Жүргенов автомобильдік жолы өтеді.
## Шаруашылығы
Ауылдың тұрғындары мал бағу және шөп шабумен айналысады. Бөгетсай ауылында 30 дан аса шаруа қожалығы бар.
## Тағы қараңыз
* Бөгетсай асбест кен орны
## Дереккөздер |
Алмат тамы — 19 ғасырдың ақырында салынған сәулет өнері ескерткіші. Ақтөбе облысы Ырғыз кентінен оңтүстік шығысқа қарай 22 км жерде орналасқан. 1886—1888 ж. халық шебері Жыға тұрғызған, көлемі 12,70 м х 12,10 м, 7 бөлмелі, комп. жобасы мен архитектура шешімі жағынан өте сирек кездесетін құрылыс. Кесененің солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс жақтарынындағы бөлмелерін дөңгелендіре шығыңқы қалаумен өрген. Солтүстік-батыс қабырғасының оң жақ бұрышындағы кіретін есік, оңтүстік қабырғаны бойлай аралық бөлмеден өтіп, орталық дөңгелек залға апаратын дөңестеп жабылған дәлізбен жалғасқан. Осы дөңгелек залдан мүрдеге арналған 5 бөлмеге аркалы ойықтар арқылы өтеді. Сыналай қалап, қосарлай шығарған аркалар өте әсем көрінеді. Құрылыс Алмат Тобабергенұлының отбасылық мемориалы ретінде жобаланған: өзіне және бес ұлына (Төремұрат, Мақмұрат, Қосмұрат, Пірмақан және ең үлкені Самұрат, бірақ ол Қызылорда облысының Байғожа станциясы маңында жерленген) арналған 6 бөлмеде де сағана бар. Кесене шикі кірпіштен іргетассыз тұрғызылып, екі жағынан күйдірілген кірпішпен қапталған. Оңтүстік-батыс бетінен оны үшке бөліп, әсемдеп қалау арқылы құрылысқа айрықша салтанаттылық берілгені байқалады. Осындай салтанат ортаңғы дөңгелек бөлменің ішінен де байқалады. Архивольттардың үстімен әшекейлі белдеулері бар, арасынан бірыңғай өрнекті метопалық тақталар қатары бар фриз өтеді. Алмат тамының мұншалықты күрделі композициясы мәйіт жерлеудің өте көне ғұрыптарынан хабар береді. Мұнда бұрынғы мәйітті бөлменің бір бұрышына ығыстырады да орнына жаңа мәйітті қояды. Кесене Алмат Тобабергенұлының тірі кезінде тұрғызылған. Осында әкесі және жастай өлген бірнеше баласы жерленген. Басына құлпытастар қойылған қоршаулы қорым бар.
## Дереккөздер |
Алматы ауыр машина жасау зауыты — металлургия кәсіпорындарына созу станы мен прокат жабдықтарын, көпшілік тұтынатын басқа да бұйым шығаратын ірі кәсіпорын. Зауыт 1941 ж. көшіріліп әкелінген Луганск паровоз жасау зауытының үш цехы негізінде құрылды.
## Тарихы
* Зауыт 1941 ж. көшіріліп әкелінген Луганск паровоз жасау зауытының үш цехы негізінде құрылды. 1942 жылдың наурыз айынан майданға қажетті өнімдер, ал 1946 жылдан прокат жабдықтарын шығарды. 1946 жылдан зауыт бейбітшілік өнімдеріне қатысты прокат (илеу) жабдықтарын шығаруға кірісті. 1951 жылы 84 түрлі өнімдерге қосымша тегістеу, созу стандарын 1/650, 1/750, 6/350 игерді. Осы жылдан бастап зауыт алғашқы халықаралық нарыққа экспортқа қадам басты. 1982 жылы ААМЖЗ шығаратын өнімдерінің номенклатурасында (атауында) 300 ден артық, әр түрлі машина жасау жабдықтары болып, өнімдер әлемнің 32 елдеріне экспортқа шықты, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Германия және т.б.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* http://www.aztm.kz/ |
Алдар (Алдарбай) Исекеев (Исянгельдин) (туған жылы белгісіз — 16-шы маусым 1740 жыл) — башқұрт батыры, Ноғай жолы Бүржан болысының старшыны, 1705–1711 жылдары башқұрт көтерілісі басшыларының бірі. Кейін Ресей империясына көрсеткен қызметтері үшін және беделді башқұрт старшындарын өзіне тарту мақсатымен оған “тархан” атағы берілді. А.Тевкелев елшілігі құрамында (1731–1733) Қазақстанда болып, қазақтардың орыс бодандығына өтуіне үгіт жүргізді, осы мәселелер жөнінде Тевкелевтің жақын көмекшісі әрі ақылшысы болды. Осы қызметіне және 1735–1736, 1737–1739 және 1740 жылдардағы башқұрт халқының көтерілістеріне тікелей араласа қоймағанына қарамастан, Алдар “бұрынғы ұрылар, жаңа бүлікті бастаушылар санатында” (Башқұрт істері жөніндегі комиссия бастығы Л.Я.Соймоновтың сөзі) дарға асылды. Алдар (18 ғасыр, Жайық бойы, Атырау сағасы) - шешен, би. Алдар есімі Шынияз, Мұрат, Ы.Шореков толғауларында, Х.Досмұхамедұлы зерттеулерінде құрметпен аталады. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда Алдар Әбілқайыр ханмен замандас, достық көңілдегі кісі болған. Үлкен ұлы Нұралыға енші берерде Әбілқайыр Алдардан бата сұрапты. Осы оқиғаны Мұрат Мәукеұлы жылқышымен айтысқанда мақтан ете толғайды. Сырым Датұлы Нұралы ханмен дүрдараз болып, оны шабарда Алдардан ақыл сұрапты. Бұл деректер Шернияз ақын жырлары арқылы жеткен.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
“Алдаспан” — тәуелсіз журнал. 1997 жылдың тамыз айынан бастап қазақ тілінде, Алматы қаласында ай сайын шығып тұрады. Таралымы — 10000 дана. Құрылтайшысы — қоғамдық “Алдаспан” батырлар қоры. Журналдың негізгі мақсаты — жас ұрпақты отаншылдық патриотизм, ата-бабалар дәстүріне адалдық рухында тәрбиелеп, ел, жер тарихымен, имандылық қағидаларымен таныстыру. “Алдаспан”-да қасиетті кітап — Құран Кәрімнің ғылыми мәнін ашуға арналған материалдар және Мұхаммед пайғамбардың хадистері, сондай-ақ шығыс ойшылдарының кейбір еңбектері жарияланды.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Алдашбай Ерназарұлы (1858—1936, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Майлыөзек ауылы) — ахун, дін уағыздаушы. Бала кезінде әкесі Ерназар палуан мен Қалдан бидің көмегімен Ораз ахуннан мұсылманша білім алған. 1876 — 86 жылдары Бұхарада медреседе оқыған. Медресе бітіріп келгеннен кейін елінде Кете Шораяқтың көмегімен салынған мешітте 1928 жылға дейін бала оқытқан. Кеңес өкіметінің қудалауына ұшырап, бірнеше мәрте Қазалы, Қармақшы түрмелеріне қамалды. Алдашбай ахун туралы Балқы Базардың, Шораяқтың Омарының,Тұрмағамбеттің өлеңдерінде айтылған. 1997 жылы 20 қазанда Қармақшыда Алдашбай ахунға ескерткіш орнатылды, оның атында ауыл бар.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Әмір Тұрлыбайұлы Алданазаров (1.5.1915, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы — 22.1.1975, Алматы) — гематолог, медицина ғылымдарының докторы (1972), профессор (1973), Ұлы Отан соғысының ардагері.
Ташкент медицина институтын бітірген (1941). 1948 — 56 жылдары Қазақстан ғылым академиясыныңӨлкелік патология (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы) институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы, 1956 жылдан бөлім меңгерушісі болды.
Алданазаровтың негізгі ғылыми еңбектері: Қазақстанда қорғасыннан уланудан болатын қан жүйесіндегі өзгерістердің белгілері мен дамуын (патогенезін), сақтандыру шараларын және емдеу әдістерін зерттеуге арналған. 2 дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдарменмарапатталған.
## Сілтемелер |
Алдашбай ахун ауылы — Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы ауыл, Алдашбай ахун ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жосалы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 55 км жерде.
## Тарихы
Іргесі 1929 жылы Карл Маркс атындағы ұжымшар орталығы ретінде қаланған. 1986 жылдан бастап "Майлыөзек" кеңшарының орталығы. 1996 жылы кеңшар жекешелендіріп “Майлыөзек” шаруа серіктестігі құрылды. Дауылкөл ауылдық округіне қарайды.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 947 адам (490 ер адам және 457 әйел адам) болса, 2009 жылы 927 адамды (470 ер адам және 457 әйел адам) құрады.
## Инфрақұрылымы
Ауылда орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт т.б. мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері бар.
## Дереккөздер |
Алдаберген Нұрманұлы 1887 жылы қазіргі Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, "Жүзімдік"ауылында дүниеге келген. Ысты руынан шыққан.
1936 жылы Беломор- Балтық құрылысында мерзімді кесімін өтеп, ақталып елге қайтып келе жатқанында қайтыс болған. Жерленген жері белгісіз. Албадергеннің ата- тегі туралы "Жүзімдік" ауылыньң көне көз шежіре қариялары былай таратады. Арғы бабасы Бәйдібек би, одан Жауатар (Ысты), Доспанбет (Тілік) - Мұса - Ақментай - Құралай - Досай, одан Есен (Байқараған) - Жылкелді, одан - Қара. Қарадан - Өмірзақ. Оның Дәулен, Маңсары, Нұрман, Достан деген төрт баласы болыпты. Нұрманынан Алдаберген туыпты.Ауыл молдасынан хат таныған Алдаберген ел басқару ісіне жастай араласады. Болыс, билерге хатшылық қызмет атқарып жүріп, өзінің зеректігі, алғыр тапқырлығы арқасында ел құрметіне бөленеді.
Оқу, білімнен хабары бар әкесі Нұрман баласын оқып, білім алуды армандайды. Алдаберген 1918-1920 жылдары әуелі Ташкент, кейіннен Самархан медреселерін үздік тәмамдап елге оралады. Ауылдастары оны болыс етіп сайлап алады. Содан ол 1927 жылға дейін болыс, кейіннен би болып ел басқару ісіне қызу араласып кетеді. 1928-1930 жылдары "Жүзімдік" ауылын артел, кейін колхоз етіп ұйымдастырады да, оны өзі басқарады. Сөйтіп, коллективтік шаруашылықтың алғашкы қиын-қыстау ахуалын бастан кешіреді. Өзінің Күзембай Нәлібайүлы, Ыдырыс Битабарұлы тәрізді жақын туыстарымен ақыл қоса отырып жұртты еңбекке жұмылдырады. Бұрын ойда-қырда бытырап жүрген халықтың басын біріктіріп, отырықты ел етуге күш салады. Алдабергеннің елге қамқорлык, ұйымдастырғыш қабілеті күшті болатын дейді көз көргендер. Оның мұндай асыл қасиетіне, ең алдымен шешендігі мен көреген көсемдігі, ақпа-төкпе ақындығы, елге деген қамқорлығы себеп болса керек.
1931 жылдың бас кезінде Алдаберген Ташкент, Шыршық жағына қызметке ауысады. Онда ол аудандық оку бөлімінің меңгерушісі және аудандық атқару комитетінде кызмет атқарады. Бұл жылдары Кеңес өкіметі басшыларының ел арасынан шыккан нағыз жанашыр, аяулы азаматтарға "Халық жауы" деген жалған айып тағып, қуғын-сүргінге душар еткені тарихтан белгілі. Сонымен Алдаберген би де "Халық жауы" болып айыпталады да, абақтыға жабылады. Ол өзінің айыпты емес екенін, ел үшін адал еңбек етіп жүрген кедей-шаруа екенін дәлелдеп бағады. Оған жала жауып, асыра сілтеп кіналап жүрген жергілікті әпербақандар оны тыңдасын ба? Қайта өшіге түседі. Алдаберген ақын сонда былай деп облыстық сотқа өлеңмен шағым жолдайды:
(Ботабекұлы Адырбектің айтуынан жазып алған Тәйтеліүлы Болысбек)
Бұл арыздан нәтиже шықпайды. Ол жазықсыз жаланың құрбаны болып сотталады да, Беломор-Балтық каналы құрылысына қара жұмысқа жегіледі. Сол еріксіз азапты жұмыста жүргенде ол ауылдағы ағайын-туыстарына, бала-шағасына өлең-хат жазып түрған. Өзінің ізбасар інісі Ыдырысқа жазған хатында былай депті:
(Ыдырыстың айтуынан жазып алған Төйтеліұлы Болысбек).- "Сәлем хат", "Анама хат" "Сәлем де Беломордың каналынан", "Ел ағасы Касекеңе", "Қабылбекке" т.б. азапты тұрмысын, қайғы-қасыретін, мұң-зарын баян еткен хат-өлеңдерін өзінің Ыдырыс Битабарұлы, Адырбек Ботабекұлы дейтін жақын туыстары күні кешеге дейін домбыраға, гармонға қосып айтып келген еді дейді. Бізге мәлімет жазып жіберген Алдабергеннің жақын ағайындары бүгінде 84 жастағы Төрекелді Амаятайұлы, 73 жастағы Ибадүлла Байсейітұлы, ауыл әкімі Пайыз Тұрлыбеков, Алматы тұрғыны Шора Күзембайұлы.
Алдаберген би болып тұрған жылдары Каратаудың күңгей жағындағы ауылдар әлі колхоз болып ұйыса қоймаған, баяғы мамыражай қалпында еді. Ата-баба салт-дәстүрін сақтаған елдер ағайын-жекжат болып, алыс-беріс жасап катынасып-сапырылысып жатқан кезтін. Осы жылдары Алдаберген болыстың ауылына көршілес Жетімтаудан Зұлпықар Балғабаев, Шәуілдір жағынан Айтбай Белгібаев, Мырзабек Байжанов (Қызыл жырау) Бәйірбек Елеусізов, Түркістаннан Мұсабек Байзақов (Молда Мұса) Қызылорда, Шиелі елінен Нартай Бекежанов, Қаратаудан Орынбай Тайманов тәрізді атағы елге жайылып кеткен ақындар барып, кейде олардың аулына Алдаберген би шақырылып той-думандатып, өзара айтысқа түсіп, шешендік билік сөз жарыстырып жататын.Осындай думанды бір жиын жөнінде Зұлпықар ақынның аталас туысы 1940-1955 жылдары Досан аулы, Досан колхозының төрағасы болған шежіреші қария Махат Ақтайлақовқа 1962 жылы жолығып сұрағанымызда мынаны айтқанды.- Сәуірдің шуақты бір күнінде Жетімтаудағы Зұлпыкеңнің (Зұлпықар ағасын айтады) үйіне үш аттылы түсіп жатты. "Бұлар кім екен" деп барсам, төменгі Байқараған елінің болысы Алдаберген екен. Қасындағы екеуін танымадым. Алдаберген мен Зұлпыкең жекжат, олардың жиі араласып, қатысып тұратынын бұрыннан білетінмін. Екеуінің өлең айтысып, шежіре, шариғаттан әңгіме шертісіп отыратынын талай рет тыңдағанмын. Ағай Бұшай жеңешеме қарап "шай қайнат, қазан көтер" деді де, "Махат сен өрістегі малға шап, бір қой әкеліп, мына кісілерден бата сұра?" деді. Мен Керегетасқа қарай өріп кеткен малға шауып жеттім де, нән бір ісекті өңгеріп әкеп, қонақтардан бата сұрадым. Сонда Алдаберген болыс:- Кәне, Нареке, батаны сіз беріңіз. Бұл ауылға алғаш рет келіп отырған құрметті қонақсыз ғой, - деп қасындағы мұртты кісіге кезек берді. Ол қолын жайып жіберіп, үй иесіне жақсы тілек, ізгі ниеттерін білдіріп, алғысын термелеп, пернелеп жаудырды. Бәрі "Аумин!" деп бет сыйпасты.Қонақтар әуелі шай ішіп шөлін басып алды. Шай үстінде жөн сұрасып танысып жатырмыз. Сөйтсем, бата берген мұртты кісі Ақмешіт жактың кәдімгі Нартай дейтін ақыны екен де, шоқша сакалды кісі шәуілдірлік Айтбай жыршы боп шықты. Бұл екеуін бірінші рет көруім. Алғашқыда анау айтқан күрделі әңгіме жыр бола қойған жоқ. Әшейін ауыл арасы, ағайын-жегжаттың өзара алыс-беріс, барыс-келіс, калжың сөздері кезекпе-кезек жарыса айтылып күлісіп отырды. Шай ішіп касқа мақдайы жіпсіген Нартай ақын, кестелі қоржынынан он екі тілді сырнайын алды да, аңыратты-ай кеп. "Құлақ сал, ей, ағайын", "Өздерің білер Нартаймын" деп басталатын екі-үш өнін шырқады да, қасында отырған Алдабергенге қарап былай деді: - Болыс-еке, сіздің көңіліңізге келмесін. Ел-жұрт сізді ақын болыс, халқына жақын болыс, әділ болыс" деп айтады, ана бір жылы біздің Шиеліде бір болыс болды. Өзі кыдырымпаз, парақор елге жайсыз еді. Соның бір жесір дауына билік айтып, кедейдің жалғыз атын жетектеп кеткенін, сөйтіп ауыл жігіттерінен соққы жеп, күлкі болған жайын жырға айналдырып берейін, ал тыңдаңыздар.Нартай осылайша бұл жырының мән-жайын баяндап алды да жесір дауын термелей жөнелді. Ара-арасында жұртты дүркін-дүркін күлдіріп алды. Қонақтар алдына үйме табақ ет келгенде барып ол жырын бітірді, сырнайын қабыстырып жанына қойды да дәмге қарады. Осы естелікті айтып отырған Махат жәкемнен Нартайдан басқаларының не айтқанын сұрағанымда ол кісі:- Ой, қалқам, несін айтасың, тамаша үш күнге созылды. Зұлпықардың үйіне Нартай, Алдаберген, Айтбай ақындар келіпті деген хабарды есіткен Керегетастағы, Қарабас бойындағы, Сарыбай бұлағындағы, Бестоғайдағы халық аттылы-жаяу Жетімтауға ағылсын кеп. Зқлпекеңнін қоржынбас екі үй тамына сыймаған жұрт дәлізде, есік, терезе тұсында тұрып: "Өй, пәлі- ай", "бәрекелді, айтысыңа, болайын!" - деп шу-шу етеді.- Қай ақын, не айтты? - дегенімде, Махат жәкем көп жыр айтылды ғой, өңкей сақадай-сақадай ірі ақындар бірінен-бірі асып түседі. Оның бәрі бүгінде есте қала береді дейсің бе?Бұл естеліктен мынаны аңғарамыз: демек, Алдаберген би де кезінде осал ақын болмаған. Ол өзінің Нартай, Айтбай, Зұлпықар тағы сондай ділмәр, заңғар шешен ақындармен бірге өлең жарыстырып, өнер сынасып, ақындық алғырлык, шешендігін шыңдай бергені аян.Алдаберген билік, шешендік пен ақындық өнерді катар алып жүрген, әрі би, әрі ақындар санатына қосылатын дарын иесі. Оның бірқатар өлен, жырларын, шешендік, тапқырлык, билік шешімдерін, әсіресе, Бибігүл қыз атынан сөйлейтін Зұлпықар ақынмен хат айтысын ауылдастары осы күнге дейін аузынан тастамай айтып келеді. Бұл айтыстың өзінің жақын туысы Ыдырыс Битабарұлының айтуынан хатқа түскен қысқаша нұсқасы мынау:
Алдаберген ақынның жастау кезінде өзінің Анаркүл деген сүйген қалаулы қызымен айтысының бас жағын бізге Болысбек Төйтеліүлы жазып жіберіпті. Енді соған көңіл аударайық:
Бір жолы Алдаберген Жүзімдіктің өзенінен өтіп, Шуақбай жотасына өрлеп бара жатса, алдынан бала көтерген бір әйел шығады.- Қай ауылдан келесін?- Ақбұлақтан- Онда кімнің әйелісің?- Сайырбектің келінімін.- Сайырбегің қайсы, әлгі Анарбай - орыс Қайырбек шал ма?- Иә.- Қайда барасың?- Шаяндағы төркініме.- Неге?- Иесіз қалғырлар күн көрсететін емес, - деп ол күйеуінен, енесіненбалағат сөз естіп, таяқ жей берген соң, төркініне қашып бара жатқанынайтады.Алдаберген:- Сәл сабыр ете түр, - дейді. Жан-қалтасынан қағаз, калам алады да,бір ауыз өлең жазып әлгі әйелге береді:- Ауылыңа қайт, ашуыңды бас, үйіңе барғанда мына кағазды Қайырбекатана бер.- Бұл хатты кім жазды десе, не деймін?- Алдаберген жазды деп айт.- Е-е сіз Алдаберген би екенсіз ғой.- Иә, мен, - дейді де ол жоғарғы таздар ауылына бет алып кете береді. Балалы әйел ауылына қайтып барады.Болыстың қағазын атасына береді. Атасы қағазды окып қараса:Қойдан козы туады шөп жейтүғын, Иттен күшік туады боқ жейтүғын. Осындай бейсауат сөз сөйлегенге, Ауылыңнан шықпады ма қой дейтүғын,-деп жазыпты. Қайырбек келініне:- Әй, балам-ай, бекер істеген екенсің, бидің мына сөзі сүйекке таңба салатын болды ғой. Оран бәрін айтып нең бар еді. Ол иттерді осында өзіміз-ақ жөнге салатын едік қой, енді қайттік! - деп санын бір соғып отыра кетіпті.Алдабергеннің бүл әңгімесін 1995 жылдың тамыз айында Шымкент каласында тұратын Шәйім жеңгейдің айтуынан жазып алдық. Бүгінде сексенге жуықтап отырған Шәйімнің жұбайы Дәулетберді Әбдиев ол жылдары "Жүзімдік" МТС-ында бас бухгалтер болып істеген.- Біздің үйге Алдаберген, Зұлпықар тары бірқатар ақындар, би-болыстар жиі-жиі келіп түстеніп, өлең-жыр айтысып тұратын, - деп өткенін еске алады ол.
Алдаберген бидің кезінде қара қылды қақ жара айтқан билік кесім сөздері, өлең-жырлары хатқа түсе бермеген. Бірлі-жарым жазылғандары, жазықсыз жазалау, қуғын-сүргін, айдау, қамау кезінде жойылып, жоғалып кеткен.Алдабергеннің арты ұрпақсыз емес. Оның екі зайыбы болған. Бірінші әйелі Мырзакүлден қалған қыз Бабаатада тұрмыста, екінші әйелі Минайдан Зауытбек деген ұл бар. Ол да есейген өсіп-өнген. Кентау каласында тұрады. Жоғарыда аталған Дәуен, Меңсары, Нұрман, Достан аталарынан тарайтын Уайды Жайықбайұлы, Манатай Абылайұлы, Бимырза, Қалмырза Мұсаұлы, Пересеп Күзембайұлы "Жүзімдік" ауылында. Құлатай Абылайұлы, Баймырза Ержанұлы, Нұрмахан Байқабылұлы, Құлмырза Ержанұлы, Серікбай Дәулетбайұлы, Алғабас ауданында Баймахан Байқабылұлы, Пернехан Нұрмаханұлы, Ордабек Махатайұлы Шымкент каласында жауапты кызметте, ұжымшардың жеке шаруашылықтарын басқарады.
## Дереккөздер |
Бөгеуіл (Помеха; crosstalk).
1. Пайдалы сигналға немесе процескежағымсыз әсер ететін зиянды сигнал.
2. Электрондық күшейткішке өтеәлсіз сигналдарды күшейтуге мүмкіндік бермейтін, сезімталдығын төмендететін пайдасыз сигнал. Бөгеуілдің себептері: сыртқы бөтен сигналдардыңәсері, бұрмалауы; түзетілген қоректену кернеуінің тұрақсыздығынанболатын фон; микрофондық құбылыс бөгеулігі, жылулық шуылдар.
3. Әртүрлі себептермен бұзылғансигналдардың жиынтыгы. Бөгеуіл қабылдау құрылғыларына келетін сигналдарға қосымша кернеу түрінде беріледі. Осы бөгеуілдердің әсеріненсигналдардың өзгеруі, яғни артуынемесе кемуі (тіпті өшуі) мүмкін.Сигналдарға тигізетін әсеріне байланысты бөгеуілдер әртүрлі болады.Белгілі бір заңдылықпен анықталып,қарапайым түрде сигналдарға қосылатын кернеуді "Аддитивті бөгеуіл"деп атайды. Ал құрылымы белгілі бірзандылықпен анықталмайтын жәнеқарапайым кернеу түрінде қосылмай,сигналдың параметрін барлық спектрде өзгертетін бөгеуілді "мультипликативті бөгеуіл" деп атайды.
Аддитивті бөгеуілдер пайда болусебептеріне қарай әртүрлі болады.Дегенмен аддитивті бөгеуілдердіңбарлығын негізгі үш түрге бөлуге болады. Олар: флуктуациялық, гармоникалық және импульстік бөгеуілдер.
Флуктуациялық бөгеуіл берілгенорташа қуатымен сипатталып, энтропиясы ең көп болғандықтан, каналдың өткізу қабілетін төмендетеді.Бірыңғай түрде кездесетін флуктуациялық бөгеуіл барлық нақтыканалдарда кездеседі.
Олар электр схемасындағы элементтерде электрондардың жылулықтәртіпсіз қозғалысынан пайда болып,уақыт бойынша үздіксіз кездейсоқпроцесс болып саналады. Флуктуациялық бөгеуіл сымдардағы зарядтардың жылулық флуктуациясынан шыққан әртүрлі ұсаққозғалыстардың қабаттасуынанпайда болатын кездейсоқ процесс.Флуктуациялық бөгеуілдің ықтималдығын белгілі заңдылықпен таралатын тұрақты кездейсоқ процесс депсипаттауға болады. Ол орташа қуатымен және энергетикалық спектріменсипатталады. Флуктуациялық бөгеуілдің оң және теріс таңбалы мәндерінің ықтималдықтары бірдейболады.
Сондықтан оның кернеуінің орташа шамасы нөлге тең болып, алоның дисперсиясы орташа қуатынатең болады. Мұндай бөгеуіл ықтималдығының тығыздығы Гаусс теңдігіменжазылып, қалыпты заңдылықпенанықталады.
Гармониялық бөгеуілдің спектріарнаның өткізу жолағынан әлдеқайдааз болады. Оны кейбір еңбектердешоғырланған бөгеуіл деп атайды.Гармониялық бөгеуіл, негізінен,байланыс арналарының арасындағыауыспалы өшуінің төмендеу салдарынан бір арнамен берілген сигналдыңекінші арнаға өтуінен пайда болады.
Импульстік бөгеуіл — спектрбойынша емес, уақыт бойынша пайдаболатын бөгеуіл. Импульсті бөгеуілдіңбиіктігі сигналдың амплитудасыменқарайлас немесе одан да биік болуымүмкін. Бірақ оның ұзақтығы арнаменжүретін сигналдың ұзақтығынан қысқаболады. Импульстік бөгеуіл бір арнаданекінші арнаға өтуден, қоректендірукөздерін ауыстырғыш қосудан, өндірістікқұрылғылардың әрекеттерінен жәнеатмосфералық құбылыстардың әсерінен пайда болады.
Мультипликативті бөгеуілдерсигналдардың спектрлік құрамыныңбарлық жиіліктерінің салыстырмалытүрде өзгеруіне байланысты пайдаболады. Байланыс арнасының түзу сызықты емес сипаттамасының салдарынан пайда болатын және жүйелібір заңдылыққа бағынбайтын, сигналдың бұзылуына соқтыратын бөгеуілді аддитивті емес немесе мультипликативті бөгеуіл деп атайды.Оларға байланыс арналары параметрлерінің уақыттық флуктуациясынаншығатын бөгеуілдер де жатады. Сөйтіп мултипликативті бөгеуілге байланыс арнасының сигнал беру коэффициентінің кездейсоқ өзгерісі жатады.Сымды байланыс жолы арналарындағы мультипликативті бөгеуілдердіңкөп кездесетін түрі — сол байланысарналарындағы әртүрлі себептерденқалдық өшудің өзгеруі. Ондай себептерге мысал ретінде сигнал деңгейінавтоматты реттейтін құрылғылардыңдұрыс жұмыс істемеуі, генератор жәнебасқа қоректеңдіру көздерінің ауыстырылып қосылуы, қызметшілердің қатеәрекеттерін келтіруге болады.
Қалдық өшулік өзгерісінің екітүрі болады. Біріншісі — қалдықөшуліктің азаю немесе көбею ықтималдығының баяу өзгеруі. Мұндайөзгерісті сигнал беру коэффицентініңтұрақсыздығы дейді. Екіншісі —қалдық өшудің аз уақыт ішінде тезөзгеруі. Олар сигнал деңгейінің тезөзгеруінен пайда болады. Егер сигналдеңгейі қабылдау аппаратураларыдеңгейінен төмен түсіп кетсе, ондайөзгеріс үзіліс туғызады.
Сигнал 17,4 дБл төмендесе, оныүзіліс туғызатын терең өзгеріс депатайды. Ондай өзгеріс туғызатынсебептерге мыналар жатады: байланыс жолындағы түйіспенің (контакт)жылжуы, жалғау кезіндегі тізбектердің үзілуі, топтық күшейткіштер жүктемесінің көбейіп кетуі, қызметкерлер әрекеттерінің қателігі және т.б.келтіруге болады.Егер үзіліс 300 мс-тан артық болса, онда ол үзіліс емес, тоқтап қалғанболып саналады.
## Дереккөздер |
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты (ескі атауы: Кеңес Одағының Маршалы И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскерлік қолбасшылық мектебі) — 2002 жылы Әскери академияның екіге бөлінгенінен пайда болған құрлық әскерлерін дайындап шығаратын әскери институт. Әскери академия Құрлық әскерінің институты мен Ұлттық қорғаныс әскери универстеті болып бөлінді. Негізі 1918 ж. Түркістан әскери округінің училищесі болып құрылған. Кейін Орта Азия әскери округінің училищесі (1969), Алматы жоғары әскери училищесі (1970) болып аталды. Қазақстан Президентінің Жарлығымен 1997 ж. 11 ақпанда Алматы жоғары әскери училищесі Алматы Жоғарғы Әскери Академиясы болып қайта құрылды. Алматы жаяу әскерлер училищесі, Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектептер осы академияның құрамына енеді. Академияда әскери тактика, қоғамдық ғылымдар, шет тілі, автомобиль даярлығы және соғыс машинасы, артиллериялық қарулар мен техникаларды пайдалану, әскери инж. байланыс және жалпытехн. пәндер, физ.-мат., дене шынықтыру және спорт кафедралары жұмыс істейді. Академияда жоғары, арнаулы және орта әскери білімді маман кадрлар даярланады. Мұнда 4 ғыл. докторы (1998), сондай-ақ техника, тарих, физика-математикалық, филология ғылымының кандидаттары дәріс береді. Оқу орны негізі қаланғаннан бері 7000-нан астам офицер кадрлар даярлап шығарды. Ауған соғысының батырлары С.Н. Гущин, Н.Акрамов, Кеңес Одағының Батыры лейт. Шахворостов, генерал-полковник. А.Х. Қасымов, ҚР ІІМ Ішкі әскері қолбасшысының бірінші орынбасары генерал-майор Б.Б. Жанасаев, генерал-майор А.Б. Тасболатов, ген.-майор Ж.К. Рыспаев және генерал-майор Б.Е. Ертаев осы академия түлектері. Академияның сырттай оқытатын бөлімдері бар.
## Мамандықтары
Құрлық әскерлерінің әскери институты мынадай мамандықтар бойынша офицерлер дайындайды:
* тактикалық мотоатқыштар әскерлерінің командашысы;
* тактикалық танк әскерлерінің командашысы;
* тактикалық артиллерия командашысы;
* тактикалық автомобиль әскерлерінің командашысы;
* тактикалық инженерлің әскерлерінің командашысы;
* тәрбиелеу құрылымдарыныі командашысы;
* тактикалық сауыттанк әскерлерінің командашысы;
* тактикалық азық түлікпен қамтамасыз ету әскерлерінің командашысы;
* тактикалық киім кешекпен қамтамасыз ету әскерлерінің командашысы;
* жанар жағар маймен қамтамасыз ету әскерлерінің командашысы
* тактикалық әуе десант әскерлерінің командашысы.
## Дереккөздер |
Думан - ойын-сауық, той-тамашаға құрылған көңілді жиын, кеш.
Сондықтан “той-думан” деген қос сөздің құрамында да жиі қолданылады.
## Дереккөздер |
Алматы Бизнес Колледжі — арнаулы орта оқу орны. Республиканың оңтүстік өңірлеріндегі сауда және қоғамдық тамақтандыру мекемелеріне бизнес және басқару мамандықтары бойынша кадрлар даярлайды. 1950 ж. Алматы кеңес сауда техникумы болып құрылған. 1992 ж. Алматы коммерциялық техникумы болып өзгерді. Нарықтық-экономика қатынастарға сәйкес 1991 жылдан коммерциялық қызмет, Аудитор, маркетинг, менеджмент мамандықтары бойынша кадрлар даярлана бастады. 1995 ж. Алматы бизнес колледжі болып қайта құрылды. Колледждің күндізгі бөлімінде 400-ден астам, сырттай оқу бөлімде 120-дан астам оқушы экономика, бух. есеп және бақылау, менеджмент, сауда маркетингі, тағам технолог, кеден ісі, қаржы мамандықтары бойынша білім алады. 1 ғылым кандидаты, 25 жоғары білікті оқытушы дәріс береді. Басқару және бизнес мамандықтары бойынша Респ. оқу-әдістемелік бірлестік жұмыс істейді. Колледжде 300 орындық жатақхана, 75 орындық асхана, 87380 дана қоры бар кітапхана, мед. пункт бар.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Алматы жоғары би өнері мектебі — би өнері саласына жоғары білімді мамандар даярлайтын мемлекеттік оқу орны.
Негізі Алматы би өнері училищесі (1934) болып қаланған. 1936 А.В. Селезнев атынд. Алматы би өнері училищесі болып қайта құрылды. 1994 ж. 22 маусымда училищенің базасында Алматы Жоғары би өнері мектебі ұйымдастырылды. 1996 ж. 10 маусымда мектеп Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының құрамына “Би өнері” факультеті болып енді. Онда 60 студент би өнері педагогі және би өнері режиссері мамандықтары бойынша білім алады. Факультет шәкірттері арасында атақты балет бишілері Қазақстан Республикасының халық артистері және еңбек сіңірген артистері, халықаралық фестивальдардың жеңімпаздары Г.Тұтқыбаева, М.Түкеев, Л.Әлпиева, Г.Саитова, Е.Асылғазинов, Л.Ли т.б. бар. Мұнда балетмейстер өнері, классикалық, халықтық-сахналық, дуэттік-классик., қазақ билері, би өнері мұрасы, қазіргі би өнерінің бағыттары, музыка тарихы, би өнері театры, би сазы әдебиеті, фортепиано т.б. пәндерден дәріс беріледі. Факультетте белгілі өнер шеберлері Б.Аюханов, З.Райбаев, Д.Әбиров, С.Көшербаева, М.Тлеубаев т.б. сабақ береді. 1997 ж. факультет алғашқы 10 жоғары білімді маманды даярлап шығарды.
## Дереккөздер |
“Айсаның ұлы Ахмет” — “Қырымның қырық батыры” топтамасына енетін батырлық жыр.
Авторы белгісіз. Қазақ-қалмақ алмакезек шабысқан аласапыран заманда күш қосып ата жауына ойран салған Ахмет, Абат, Алау, Тоған, Қазтуған батырлардың азаттық жолындағы күресі көркем баяндалған. Жырдың негізгі тақырыбы — ерлердің ынтымағы, елдің тәуелсіздігі. Жыр аракідік қарасөз түсініктемелерімен, айтуға жеңіл, аралас ұйқас түрінде, кейіпкерлердің әңгімесі ретінде құрылған. Жырды 1944 жылы ақын Мариям Хакімжанова атақты Мұрын жыраудан жазып алған. Өзінің айтуынша жырау бұл жырды Қашаған жыраудан үйренген. “Айсаның ұлы Ахмет” алғаш рет 1960 жылы жарық көрген “Батырлар жырының” 6-томында жарияланды.
## Сілтемелер
* Қазақ энциклопедиясы, 1-том |
“Айсаұлы Әмет” — көне тарихи жыр.
Жырдағы Айсаұлы Әмет қазақ тайпаларының ең алғаш басын біріктірушілердің бірі болған (14 ғасыр). Жас кезінде Алтын Орда ханы Жәнібектің қарамағында қызмет істеп, кейін оған бағынбай, қырға шығып кетеді. “Қырға шығып кетудің” басы осы Әметтен басталады.
## Аңыз
Ел аузында Әмет туралы тарихи аңыз сақталған: Жәнібек хан аңға шыққанда Әмет оның қызын алып қашады. Хан аңнан оралған соң болған оқиғаны біліп, қыз бен жігітті іздетеді, бірақ таба алмайды. Екі жыл өткен соң қыз жүкті болғанын айтып, әкесіне хабар береді. Жәнібек Алшын Алау бастаған үш жүз кісіні қырға жібереді. Олар қайтпай, сонда тұрып қалады. Жәнібек өлген соң, Әмет Бердібекке келіп қосылады. Ханның жарты жұртын билейді. Ел аузындағы бұл аңызды Орынбордағы Неплюев корпусының оқытушысы Салихджан Кукляшев хатқа түсірген. Аңыздың тарихи негізі: Әметтің Өріс (Орыс) ханнан бұрын Қыпшақ мемлекетінің бір бөлігі Ақ Орданы билеген кісінің бірі болғанын аңғартады. Әмет төңірегіне біріккен “Үш жүз кісі” (қазақтың үш жүзі) не Алшын қауымы түрінде суреттеледі. Бұл аңыз Қадырғали Жалаирдың “ Жамиғ ат-тауарих” кітабында да кезігеді. Мұнда, Әмет пен Сәмет қазақ ұлысының бірінші хандары ретінде баяндалады. 14 ғасырдың 2-жартысында Ақсақ темірмен жауласып жүрген кезде оның қолынан екеуі де қаза табады. Айсаұлы Әмет туралы ескі қыпшақ тілінде басқа да тарихи жырлар бар.
## Сілтемелер
* Қазақ энциклопедиясы, 1-том |
Алматы жоғары мектебі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары мектебі — заң мамандарын даярлайтын мемлекеттік жоғары оқу орны. 1956 ж. шілденің 23-де құрылған.
Күндізгі бөлімінде: қылмыстық атқару, тергеуші-криминалист және сыртқы бөлімінде: жедел іздестіру, тергеуші-криминалист, әкімшілік құқық, қылмыстық атқару мамандықтары бойынша кардрлар даярланады. Техникалық құрал-жабдықтармен жасақталған 4 оқу ғимараты, дәріс залдары, оқу аудиториялары, оқыту-әдістемелік кабинеттер мен лабораториялар, 700 орынды стацион. киноқондырғымен жабдықталған мәжіліс залы, спорт кешені, стадион, тир бар. Тәрбие және әлеум. құқық жұмыстары бөлімі, ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа бөлімі және сырттай оқыту ф-ттері, жалпы және арнайы кітапхана, 16 кафедра жұмыс істейді. 1956 — 97 ж. Алматы жоғары мектебі ҚР Ішкі Істер Министірлігінің құқық қорғау органдарына 13 мыңға жуық офицер даярлап шығарды.
## Дереккөздер |
Үшқорған — қаланың орны. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Үшқорған кентінің жерінде. Оны 1940 ж. Жамбыл археологиялық пункті (жетек. Г.И. Пацевич) зерттеген. Үшқорған — шаршы сипатты алаң. Ол биіктігі 3 м соқпалы дуалмен қоршалған. Соқпа қабырғаларының орталарында және бұрыш-бұрыштарында биіктігі 7 м мұнаралар бой түзеген. Қала шамамен 18 — 19 ғасырларда өмір сүрген.
## Дереккөздер |
Мәдімар — Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ауыл, Ынтымақ ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Сарыкемер ауылынан солтүстікке қарай 15 км-дей жерде.
## Халқы
## Тарихы
1996 жылдан Ынтымақ ауылы (Кеңес өкіметі тұсында ынтымақтасып өмір сүрейік дегеннен шыққан) деп аталып келді. 1950 — 1997 жылдары жүгері тұқымын өсіретін Октябрьдің 40 жылдығы атындағы ұжымшардың орталығы болды. Оның негізінде Мәдімар “Мәдімар” ЖШС және 40-тан астам шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
## Атау тарихы
Ауыл бұрын - Теспе ауылы аталған. Талас өзені бойында орналасқан ауыл. Ауылдың жанында "Ынтымақ" бөгеті бар. Осы бөгетке байланысты ауыл да солай аталған. Облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың 27.01.1996 жылғы ІХ сессия отырысында бірлескен шешіммен аталмыш ауыл "Мәдімар" ауылы болып аталды. Ауыл атауы елге танымал, сауабы мол бұрынғы Көшенай болысының басқарушысы Мәдімар Райымбекұлының есімімен аталған.
## Дереккөздер |
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты - ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетіне қарасты ғылыми зерттеу институты. Институт қазақ фольклортануы, әдебиеттану және өнертану ғылымдарының өзекті мәселелері бойынша іргелі және кешенді ғылыми зерттеу жүргізетін республикадағы бірден-бір ғылыми орталық. Институтта ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі қазақ әдебиеті мен өнері саласына жан-жақты талдау жасалып, әдебиет, фольклор, музыка, театр және кино, бейнелеу өнері, қолжазба және мәтінтану (текстология) мен библиография теориясы бойынша зерттеулер жүргізіледі, қазақ әдебиеті классиктері шығармаларының академиялық жинақтары, ұжымдық ғылыми монографиялар, сериялық басылымдар жарыққа шығады. Әр жылдары институт ғалымдары мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Бабалар сөзі» 100 томдығын, М.О.Әуезовтің 50 томдық академиялық шығармалар жинағын, «Қазақ әдебиетінің тарихы» (10 том), «Қазақ музыкасының антологиясы» (5 том), «Қазақ өнерінің тарихы» (3 том), «Классикалық зерттеулер» (34 том), «Ұлы дала тұлғалары» сериясымен «Жамбыл», «Абай», «Күләш», «Құрманғазы», «Әбілхан Қастеев» зерттеу еңбектері және т.б. ғылыми кітаптарды жарыққа шығарды.
Институттың құрылымындағы ғылыми салалық бөлімдер:
- Фольклортану бөлімі;
- Ежелгі және орта ғасырлар әдебиеті бөлімі;
- Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімі;
- Тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиет және көркем публицистика бөлімі;
- Сыртқы әдеби байланыстар және аналитика бөлімі;
- Қолжазба және инновация бөлімі;
- Музыкатану бөлімі;
- Театртану және кино бөлімі;
- Бейнелеу өнері бөлімі;
- Әуезовтану бөлімі («М.О. Әуезовтің мұражай үйі» ғылыми-мәдени орталығы);
## Тарихы
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 1934 жылы ашылып, тарих, археология, тіл, әдебиет және фольклорды, бейнелеу, музыка, театр, хореография өнерін зерттеумен айналысқан Қазақтың Ұлттық мәдени ғылыми-зерттеу институтынан бастау алады. 1936 жылы КСРО Ғылым Академиясы Қазақ филиалының қазақ тілі мен әдебиеті және халық шығармашылығы секторы болып ашылды. 1941 жылдан бастап бұл сектор Тарих, тіл және әдебиет институты құрамына еніп, 1945 жылы Тіл және әдебиет институты болып қайта құрылды. 1961 жылы мамыр айында осы институт негізінде Қазақ ССР Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты болып жеке бөлініп шықты. Сол жылдың тамыз айында институтқа М.О.Әуезов есімі берілді. 1963 жылы қарашада институт құрамында М.О.Әуезовтің әдеби-мемориалды музейі мен жазушының мұрасын зерттейтін ғылыми бөлім ашылды. 1996 жылдан бастап бұл мұражай «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығына айналды.
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты құрылған уақытынан бері қазақ әдебиеті мен фольклорын және өнерін зерттейтін бас ғылыми мекемеге айналды. Институт ғалымдары ұлттық әдебиет пен өнердің тарихы мен теориясын, аса көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын зерттеу ісіне үлкен үлес қосып келеді.
Институтта әр жылдары М.О.Әуезов, З.А.Ахметов, Л.М.Әуезова, М.Базарбаев, И.Х.Ғабдиров, М.Ғабдуллин, Ә.Ж.Дербісәлин, Ы.Т.Дүйсенбаев, М.Т.Дүйсенов, Б.Г.Ерзакович, М.Жармұхамедұлы, А.Қ.Жұбанов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, М.Қ.Қаратаев, Б.Құндақбаев, Ә.Қ.Нарымбетов, Е.В.Лизунова, Ш.Қ.Сәтбаева, М.С.Сильченко, Н.С.Смирнова, Ә.Тәжібаев, Е.С.Ысмайылов, Ж.Ысмағұлов, Ә.Шәріпов және т.б. аса көрнекті ғылым, әдебиет және мәдениет қайраткерлері жұмыс істеді.
Институттың қалыптасуына М.О. Әуезов үлкен үлес қосты. Ол 1943 ж. қаңтар айынан институттың әдебиет секторының аға ғылыми қызметкері, 1946 жылдан - қазақ әдебиеті тарихы секторының, 1957 ж. халық ауыз әдебиеті бөлімінің меңгерушісі болды.
1946 ж. Ғылым академиясы құрылған кезде академияның тұңғыш толық мүшелігіне сайланды. Институтта жұмыс істеген жылдары Мұхтар Омарханұлы ауыз әдебиеті, әдебиет тарихы бойынша, Абай шығармашылығы туралы көп еңбек етіп, іргелі зерттеулер жазды. Абайдың 100 жылдық мерекесіне орай, Абай мұрасын зерттеу белімі ашылып, жетекшілік етті, сонда М. Сильченко, Б. Жақыпбаев, Ғ. Сағди, С. Мұқанов т. б. қызмет етті.
«Қазақ әдебиеті тарихының» (1948, 1960) 1-томының әрі авторы, әрі бас редакторы болды. 1959 ж. «Әр жылдар ойлары», 1962 ж. «Уақыт және әдебиет» атты ғылыми жинақтары жарық көрді. Абайтану ғылымының негізін қалап, 30 жылдан астам уақытын ұлы ақын өмірін, әдеби мұрасын зерттеу, жинақтау, бастыру ісіне арнады. Абай шығармаларының 1933, 1939, 1940, 1945, 1949 ж. толық жинақтары М.О. Әуезов редакциясымен жарық көрді. «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» атты көлемді монографиясы 1967 ж. басылып шықты.
Институтта 1991 ж. Абайтану белімі қайта ашылып, оның құрамындағы шығармашылық топ (3. Ахметов, С. Қирабаев, Қ. Мұқаметханов, М. Мырзахметов, Ж. Ысмағұлов) Абайдың шығармашылық мұрасын басып шығарғаны және ол туралы ғылыми-зерттеу еңбектері үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды (1996). Институт ғалымдары М.О. Әуезов мұрасын 1967-1969 жылдар аралығында М. Базарбаевтың басшылығымен 12 том, 1979-1985 жылдары 20 том етіп жариялады. 1997 жылы 50 томдық толық жинағын шығару қолға алынды. М.О. Әуезовтің шығармашылығы туралы 3. Ахметов, Р. Бердібай, М. Мырзахметұлы, Б. Құндақбайұлы, Т. Жұртбай, Т. Әкімов т. б. еңбектері жарық көріп, кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды. Институттың қатысуымен Әуезовтің 80 жылдығына арналған салтанатты жиналыстар мен ғылыми-теориялық конференциялардың материалдары «Мұхтар Әуезов - совет әдебиетінің классигі» (1980), 90 жылдығына байланысты мерекелік шаралар мен ғылыми конференциялар материалдары «Мұхтар Әуезов және қазіргі заманғы әдебиет» (1989) жинақтары жарық көрді.
Ұлы суреткердің ЮНЕСКО көлемінде аталып өткен 100 жылдық мерейтойына арналған мерекелік сессиясы мен халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылып, олардың материалдары жеке жинақ болып шықты. Институт ғалымдарының «Мұхтар мұрасы. Наследие Мухтара» атты ғылыми зерттеулер мен мақалалар жинағы екі тілде жарық көрді (1997).
2002 жылдан бастап «Әуезов оқулары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді.
"Әуезов үйі" ғылыми-мәдени орталығының негізгі ғылыми бағыттары М.О.Әуезовтің шығармашылық мұрасын зерттеп жариялау және насихаттау болып табылады. Орталық "М.О.Әуезов өмірі мен шығармашылығының жылнамасы", "М.О.Әуезов шығармашылығы бойынша библиографиялық көрсеткіш", "Неизвестный Ауэзов", "Мухтар Ауэзов" энциклопедиясын және т.б. дайындап шығарды. Орталық қызметкерлерінің басты жетістігі – ұлы жазушының 50 томдық академиялық шығармалар жинағын дайындап бітіруі. 2011 жылы бұл көп жылғы еңбектің соңғы 50-томы жарық көрді.
Институт ғалымдары ерте дәуірдегі қазақ әдебиетін жемісті зерттеп келеді. XIII-XIV ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың әдеби ескерткіштері - "Оғыз-нама", "Мухаббат-нама" дастандары 1986 жылы қазақ тіліне алғаш рет аударылып, түпнұсқа мәтіндерімен бірге жарыққа шықты. 1993 жылы XII ғасырда өмір сүрген бүкіл түркі әлемінің ұлы ақыны, әрі ойшылы А.Иассауидің "Диуани хикмет" кітабының көне түркі тіліндегі транскрипциясына ғылыми түсінік бере отырып, аудару алғаш рет жүзеге асырылды.
XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде жарық көрген қазақ баспасөзі беттерінде жарияланған Казақстан тарихы мен мәдениетіне қатысты материалдар Институт дайындап шығарған "Дала уалаятының газеті" (5 кітап), "Айқап" бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар", "Қазақ. Алаш. Сарыарқа", "Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар", "Қазақ халқының ата-мұралары", "Түркістан уалаятының газеті","Айқап", "Қазақ" жинақтарында кеңінен қамтылған.
Институт ғалымдары сталиндік репрессияға ұшыраған Алаш қайраткерлерін ақтау мен олардың мұрасын жинап бастыру, зерттеу ісінде үлкен еңбек етті. Соның нәтижесінде Ш.Құдайбердиев, М.-Ж.Көпеев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ғ.Қарашев, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Ж.Аймауытов, С.Садуақасов және т.б. кеңес дәуірінде жазықсыз жазаланған әдебиет пен өнердің аса көрнекті өкілдерінің академиялық басылымдарын жарыққа шығару жүзеге асырылды.
2004-2011 жылдары Институт Қазақстан Республикасының "Мәдени мұра" ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыруға белсене қатысты. Осы мемлекеттік маңызы зор бағдарлама аясында 10 томдық "Қазақ әдебиетінің тарихы", 8 томдық "Қазақ музыкасының антологиясы", 3 томдық "Әлемдік әдебиеттану", "Әлемдік фольклортану" жарыққа шықты. Тұңғыш қолға алынған 100 томдық "Бабалар сөзі" сериясының 75 томы және 20 томдық "Әдеби жәдігерлер" сериясының 11 томы жарық көрді.
Әлем және қазақстандық әдебиеттің қазіргі жай-күйі туралы зерттеулер жазылып, "Литература народов Казахстана" (2004), "Очерки по мировой литературе рубежа ХХ-ХХІ столетий" (2006), "Международные связи казахской литературы в период независимости" (2008) ұжымдық еңбектері жарық көрді.
2006 жылдан бері институтта ғылыми зерттеулер бағыттарын қалыптастырудың жаңа кезеңі басталды. Институт ұжымы Тәуелсіз Қазақстан әдебиеттануы мен өнертануының қазіргі үдерістерін зерттеуге жете көңіл бөлді. Отандық әдебиеттегі Тәуелсіздік идеясының көркемдік тұрғыда тану заңдылықтары жалпытүркілік әдеби үдеріспен байланыстырыла қарастырылды. Тоталитарлық жүйенің көркем әдебиетіндегі ұлттық идеясы мен ұлттың тәуелсіздік идеясы мәселелері айшықтала отырып зерттелді. Коммунистік идеологияның әсерімен жазылған шығармалар жаңа тұрғыда қарастырылып, М.Әуезов шығармаларындағы тәуелсіздік идеясының көрініс табу принциптері мен әдістері көрсетілді.
Қазіргі кезеңдегі әлемдік әдеби үдеріс зерттеліп, соның нәтижесінде "Жаңа дәуірдегі әлем әдебиеті» атты ұжымдық монография дайындалды. Онда түрлі елдер әдебиеттері дамуындағы заманауи тенденциялар жинақталып, бүгінгі жаһандану дәуіріндегі қоғамдық мәселелер қарастырылды. Еңбекте алыс (румын, неміс, француз, испан, ағылшын, болгар, корей, словак, американ, араб) және жақын (орыс, украин, молдаван, қырғыз, әзербайжан) елдерінің әдебиеттері қамтылған. Еңбектің тарауларын жазуға институт пен еліміздегі жоғары оқу орындарының мамандары және Әзербайжан, Молдован, Ресей, Румыния, Болгария, Словакия және Германия әдебиеттанушылары мен сыншылары катысты.
XX ғасырдағы Қазақстан өнерінің әр саласындағы классикалық бағыттардың ерекшеліктері қарастырылып, Тәуелсіздік кезеңдегі өнер туындылары негізгі зерттеу нысанына айналды.
Институттағы Қолжазба және инновация бөлімі мен Орталық ғылыми кітапхана қорларында сақталған фольклорлық және музыкалық мұраларды электрондық нұсқаларға көшіру жұмысы атқарылуда. XX ғасырдың екінші жартысында жиналған музыкалық мұралар цифрлық форматқа көшірілуде.
Институт үкіметаралық келісімдер негізінде бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу, бірлескен фольклорлық экспедицияларға шығу, халықаралық конференцияларға қатысу, ғылыми кадрлармен алмасу сияқты шет елдермен ғылыми байланысты жүзеге асырып келеді.
Мәскеудегі «Художественная литература» баспасымен бірлескен екі томдық «Льется песня под домбру» (2009) және «Небосвод над моей головой» (2010) атты еңбектер жарыққа шықты. Томдарға фольклорлық мұралар мен қазақ әдебиетінің асыл маржандары, жазба ескерткіштері, оның ішінде ортағасырлық және ежелгі әдебиеттің озық үлгілеріне жататын жәдігерліктер кірді. «Художественная литература» баспасымен бірігіп «Под парусом вечного неба» («Sailing under eternal skies Monuments of Folklore and Literature of the CIS Countries») (Москва 2010) атты ТМД халықтарының әдеби ескерткіштерінің екі томдығына қазақ халқының 6 мәтінін дайындап, енгізді. Жарық көрген кітаптар Сорбонна, Вена, Берлин қалаларында таныстырылып, ТМД әдебиеті бойынша курстар өткізу жоспарланып отырған Сорбонна кітапханасына берілді. Корей Республикасының Мәдениет, спорт және туризм министрлігімен бірлесе отырып, «Корей және Орталық Азия мифтері, ертегілері және эпостарының зерттелуі мен оларды цифрлық сақтау» жобасы бойынша жұмыстар іске асырылуда. Осының негізінде Корей тіліндегі «Kazakhstan» кітабында қазақ фольклорының 9 шығармасы жарық көрді.
Институтта 2005 жылдан бастап, «Керуен» атты ғылыми-көпшілік және әдеби-көркем журнал жарыққа шығып келеді. Журнал беттерінде алыстағы (Германия, Франция, Румыния, Түркия, Корея) және жақын (Ресей, Белорусь, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б.) шет ел әдебиетшілері мен онертанушыларының ғылыми мақалалары жарияланып тұрады. Журнал Париждегі ISSN орталығында тіркелген.
## Институт басшылығы
Әр жылдары институт директоры болып М.О. Әуезов, М. Базарбаев, Ә. Шәріпов, 3. Ахметов, Ш. Елеукенов, Ш. Ыбыраев, С. Қасқабасов, С. Қирабаев қызмет атқарды.
Институт директоры қызметін:
2012 - 2018 жылдар аралығында ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Уәлихан Қалижанұлы Қалижанов атқарды;
2018 жылы Институт директоры болып ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Ісләмжанұлы Матыжанов тағайындалды.
## Дереккөздер |
Алматы жоғары банкі ісі мектебі — арнаулы орта оқу орны.
1931 ж. Алматы есеп-несие техникумы болып ашылған. 1945 ж. КСРО банкісінің есеп-несие техникумы, 1949 ж. ҚазКСР қаржы министрлігінің Қаржы-несие техникумы, 1955 ж. КСРО мемлекеттік банкісінің Есеп-несие техникумы, 1992 ж. Ұлттық банктің Есеп-несие техникумы, 1994 ж. ҚР басқару академиясының Банк колледжі, ал 1996 ж. Қазақстан білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Банк колледжі болып өзгерді. 1998 ж. мамыр айынан бастап қазіргі атымен аталады.Мектептің күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінде: қаржы және несие, бух. есеп және аудит, кеден ісі, сақтандыру ісі мамандықтары бойынша 735 студент білім алады. Мектепте — 34 оқытушы дәріс береді. Оқу мерзімі — 1 жыл 8 ай және 1 жыл 10 ай.
## Дереккөздер |
Үшқылтан (лат. Trisetum) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Жер шарының қоңыржай аймақтарында 60-қа жуық түрі тараған, Қазақстанда 4 түрі (масақты үшқылтан, Литвинов үшқылтаны, Сібір үшқылтаны, Алтай үшқылтаны) кездеседі. Бұлар альпілік, субальпілік белдеулерде, ылғалы мол шалғынды жерлерде, ормандағы ашық алаңдар мен тоғайлардың шетінде өседі. Биіктігі 50 — 150 см. Сабағы түзу, жалаң, жылтыр. Гүлдері қосжынысты, аталығының саны үшеу. Гүлшоғыры шашыраңқы немесе масаққа ұқсас сыпыртқы. Масағы 2 — 4 гүлді, масақ қылтаны екеу. Маусым — шілде айларында гүлдеп, жемісі піседі. Үшқылтан — бағалы, құнарлы мал азығы. Кейбір түрлері мәдени өсіріледі.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Алматы Индустриалдық Колледжі — мемлекеттік арнаулы орта оқу орны. 1948 ж. Семей қаласында индустриалдық техникум болып ашылған. 1954 ж. Алматыға көшіп келді. 1996 жылдан қазіргі атымен аталады. Негізі қаланғалы 14 мың маман бітіріп шықты. Колледжде сабақ қазақ және орыс тілдерінде жүреді. Күндізгі бөлімінде машина жасау өндірістерінің жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету, ағаш өңдеу технологиясы, жиһаз бұйымдарын көркемдеп өңдеу және оның технологиясы, ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі экон., есеп-қисап және бақылау, автокөлік қатынасын басқару және жүк тасымалдауды ұйымдастыру, машина жасау өндірісінің автоматтандырылған жүйелерін басқару мамандықтары бойынша 412 оқушы білім алады. Сырттай оқу бөлімі бар. Жоғары білікті 49 мұғалім дәріс береді. Оның біреуі ғылым докторы, екеуі ғылым кандидаты. 45 мың дана қоры бар кітапхана, 16 орындық асхана, 80 орындық жатақхана, ағаш шеберханасы жұмыс істейді. Жаңа оқу кабинеттері мен компьютерлік кластар іске қосылды.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Әбубәкір Бермұхамедұлы Алдияров (1878 жыл, Торғай облысы Қостанай уезі Сарыой болысы — 27.09.1938 жыл, Тараз ) — қоғам қайраткері.
## Өмірбаяны
Әкесі Бермұхамед болыс болған, атасы Қаумен ел басқарған.
* Ы.Алтынсарин ұйымдастырған Қостанайдағы 2 сыныптық мектепті, Орынбор ер балалар гимназиясын (1899) тәмамдаған соң Қазан императорлық университетінің медицина факультетіне түсіп, генерал-адьютант Н.А.Крыжановский атындағы стипендиямен оқыған.
* 1904 жылы университетті күміс медальмен бітіріп, Ақтөбе, Қостанай өңірінде және Троицк қаласында (1916 жылға дейін) дәрігер болып қызмет істеді.
* 1916 жылы қазақтың тұңғыш заңгері Ж.Сейдалиннің қызы Ажарға үйленіп, зайыбымен Белоруссияға (Пинск қаласына) қара жұмысқа алынған қазақтар арасына өз еркімен барып, дәрігерлік қызмет атқарды, Халықаралық Қызыл Крест қоғамында жұмыс істеді.
* 1917 жылы елге оралған соң Алаш қозғалысына белсене араласты.
* 1917 жылғы 1 және 2 жалпықазақ съезіне қатысты.
* Алашорданың Қостанай уезі комитетінің төрағасы және Торғай облысы комитетінің мүшесі болды.
* 1918 жылы қазанның 14-17 аралығында өткен Қостанай уезі қазақтарының төтенше съезінде Алашорда автономиясы туралы баяндама жасады. Баяндама бойынша съезд “Қостанай уезі Алаш автономиясына қосылып, тек Алаш және Бүкілресейлік үкіметтердің билігін мойындайды” деген қарар қабылдады.
* Кеңес өкіметі тұсында Алдияров Тройцк қаласының ауруханасында дәрігер болып істеді.
* Алаш қозғалысына белсене араласқаны үшін 1928 жылы Өскеменге жер аударылды.
* 1936 — 38 жылдары Қырғызстанның Қаракөл қаласында және Тараздағы темір жол ауруханасында қызмет істеді.
* Алдияров — 1938 жылы жала жабылып, ату жазасына кесілген саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі. 1956 жылы 20 қыркүйекте ақталды.
## Дереккөздер |
Бөдене Байтілеуұлы (туған-өлген жылы белгісіз) — 18 ғасырда өмір сүрген би, Кіші жүздегі Беріш руының старшыны. Ол Сырым Датұлының Орынбор шекаралық комиссиясына жолдаған наразылық хатына қол қоюшылардың бірі болды. Кейбір мәселелерге келгенде Бөдене Сырым Датұлын қолдамаған. Оған 1791 жылы Сырым Датұлы: “Жайық бойынан қырға көшіңдер, орыстармен сауда-саттық жасағанды қойыңдар, Орынбор жәрмеңкесіне мал айдамаңдар” деп хат жолдаған. Бөдене ол хатқа жауап қайтармаған. Атырау облысының Индер ауданында Бөдене атты ауыл бар. Бөдененің бейіті сол ауыл маңында.
## Дереккөздер |
Ерғали Баймұхамедұлы Алдоңғаров (1901, Торғай облысы Қостанай уезі Қарабалық болысы, Шұбартеңіз ауылы — 1930) — Қазақстан Жастар Одағын, қазақ баспасөзін ұйымдастырушылардың бірі.
Қостанайда екі жылдық училище, екі жылдық мұғалімдік курсты бітірген. 1919 жылы Қостанай губерниясында кеңес қызметіне белсене араласып, РКЖО губерниялық комитетінің мұсылман секциясын ұйымдастырды. 1919 — 1925 жылдары РКЖО Қырғыз (Қазақ) өлкелік комитетінің төралқа мүшесі, Түркістан РКЖО Орталық Комитеті “Жас қайрат” газетінің, Қырғыз (қазақ) өлкелік “Жас қазақ”, “Лениншіл жас”, “Пионер” журналдарының редакторы, “Еңбекші қазақ” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарған.
## Дереккөздер |
Үшлік хан (т. ж. б. — 708) — 699 — 708 жылдар аралығында билік еткен Түргеш қағанатының алғашқы билеушісі.
## Басқаруы
Түргештер 6 ғасырдан бері Жетісудағы Шу мен Іле өзендері аралығын мекендеп, кейіннен Батыс Түрік қағанатының құрамына енген. Қағандықты қытайлар талқандағаннан кейін, бұл өңірлерде Ашина әулетінің Қытай берілген өкілдері билік жүргізді. 7 ғасырдың соңында болған Шығыс Түрік қағанаты мен Қытай арасындағы соғыстар және Қытайдың қол астындағы көшпелі тайпалардың көтерілістері нәтижесінде Жетісуда түргеш тайпалары күшейді. Үшлік ханның түргеш тайпаларының көсемі және Қытай үкіметі бекіткен тархан-кеңесші деген атағы болды. Ол 699 ж. Ашиналық Хусэлоны Жетісу ығыстырып, өзін хан етіп жариялады. Үшлік хан мемлекетте әкімш. реформа жүргізіп, елдің басқару жүйесін қайта құрды. Ол елді әрқайсысы 7 мың әскер шығара алатын 20 әкімш. аймаққа бөлді. Хандықтың астанасы болып Шу бойындағы Суяб қаласы таңдалды. Үшлік ханның екінші жазғы ордасы Іле бойындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үшлік хан 8 ғасырдың басындағы Қытай мен Шығыс Түрік қағанаты арасындағы саяси жағдайды пайдаланып, Қытайға өзін мойындатты. 708 жылға дейін Үшлік хан Жетісудағы барлық ұсақ тайпаларды бағындырып, әскер санын 200 мыңға дейін жеткізді. Ол 708 ж. қыс айларының бірінде қайтыс болған. Тағына үлкен ұлы Саға (Сақал) отырды.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
## Тағы қараңыз |
Үштаған — Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы ауыл, Ақтөбе ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орналасуы
Аудан орталығы - Шетпе ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 59 км жерде, Бостанқұмының солтүстік-батыс етегіндегі жазықта орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1969-шы жылы ұжымшар негізінде ұйымдастырылған қаракөл қой кеңшарының орталығы есебінде қаланған. 1996-шы жылдан кейін кеңшардың таратылуына байланысты оның негізінде Үштағанда және округтегі Жарма, Сазды ауылдарында бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Үштағанға Сауысқан темір жолы айырмасынан тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ұзын 30 км су құбыры тартылған. Үштаған арқылы Шетпе — Жаңаөзен автомобиль жолы өтеді.
## Тарихи ескерткіштер
Округ аумағында Масат әулие қорымы сақталған.
## Дереккөздер |
Мырзаш Алдиярұлы (1824-1888) — Зайсан уезіне қарасты найманның дөртуыл ішінде тұзақшы руынан шыққан атақты қазақтың батыры, жолбасшы, саяхатшы.
Қазақ-қалмақ арасындағы шапқыншылық кезеңді (XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ұраңқайлармен ұрыс) қатысқан батыры. Қалмақтардың талай соққысынан қазақты аман алып қалған. Барымташылар айдап әкеткен талай малды қарсыласып жүріп қайтарып әкелген.
Қытайдың, әсіресе көрші Жоңғария жерінің географиясын өте жетік білген. Алдиярұлы 1877 жылы Орталық Азияны зерттеуге шыққан орыс саяхатшысы Н.М.Пржевальскийдің 2-экспедициясының жолбасшысы болып, оны Құлжадан Гаченге дейін, ал 1879 жылы оның 3-экспедициясын Зайсаннан Орталық Азиядағы Гашун-Нор көліне дейін бастап апарды.
Осы экспедицияларды Азияның асқар таулары мен құлазыған шөлдерінен, орыс саяхатшыларына наразылық көрсетіп отырған жергілікті халықтың арасынан аман өткізіп, көп көмегін тигізді. Н.М.Пржевальский Алдияров туралы: “Мырзаш, біздің шекарамен өңірлес Жоңғарияны өте жақсы білетін жолбасшы болды... Оны біз еңбегіне орай Гашун-Нордан сыйлығын беріп қайтарып отырмыз” — деп жазды.
## Мырзаш батыр туралы жырлар
Жырдың үш нұсқасы белгілі. Бірі — Ержан Ахметовтің «Әл-қисса Мырзаш батырдың қиссасы», екіншісі — Сағидолла Нұралиннің Мырзаш батыр Алдиярұлы», үшіншісі — Ниязбек Қыдырмоллаұлының үш бөлімді «Мырзаш батыр» атты жыры. Осы томға жырдың үш нұсқасы да ұсынылып отыр.
Соның ішінде ақын С.Нұралин «Мырзаш батыр» жырын екі қайтара жырлаған. Алғашқы нұсқасы М.Әуезов атындағы Әдебиет жөне өнер институтына 1963 жылы, қайыра жырлағаны 1967 жылы тапсырылған. Бұл туралы: «Мен, Нұралин Сағидолла, «Мырзаш батыр» жөніндегі өлең-әңгімені осымен екінші рет жырлап отырмын. Екінші жырлауым одан гөрі толығырақ жазылды, бірақ негізгі түйіні бір сарында» деп, ақынның өзі де ескертіп өтеді.
Осылардың ішінде Н.Қыдырмоллаұлының «Мырзаш батыр» туындысы — жырдың ең көлемді нұсқасы. Мырзаштың өз өміріндегі үш үлкен ерлігі жырдың үш бөліміне арқау олған.
«Мырзаш батыр» жырын алғаш рет ғалым З.Сейітжанұлы зерттеп, оны Шығыс Түркістан өлкесіне де кең тараған жырлардың бірі дей отырып, тарихи типологиялық салыстырулар ж үргізді. Автор: «Әртүрлі тарихи оқиғаларға байланысты ж аңа эпикалы қ жырл ар («А рқалық батыр»), («Қабанбай батыр»), («Мырзаш батыр» т.б.) туа бастады. Басқаша айтқанда, нақты тарихи эпос қалыптасты. Тарихи жырлар тарихилық сипатын көп жоғалтпай, дәстүрлі эпос түрінде дамыды. Ал нақты тарихи эпос — сол тарихи жырлардың даму жолындағы белгілі бір кезеңі, сатысы», — деген пікір айтады. Яғни З.Сейітжанұлы «Мырзаш батыр» жырын нақты тарихи эпостың қатарына жатқызып, оның жанырлық-сюжеттік сипатына, образдар жүйесіне, поэтикалық ерекш еліктеріне талдау жасайды.
«Тарихи деректерге және жыршылардың таныстыруына қарағанда, Мырзаш бұрынғы Зайсан уезіне қарасты дөртуыл ішінде тұзақшы руынан. 1824-1888-жылдар арасында өмір сүрген», — дейді З.Сейітжанов. Яғни:
Алтайдың Сауыр таумен арасында,
Оқушым сөзге қүлақ саласың ба?
Баласы Алдиярдың Мырзаш батыр
Өсіпті осы өңірдің даласында, —
деп, жыр жолдарында көрсетілгендей, Мырзаш аталмыш өңірде өмір сүріп, елін-жерін сырт жаулардан қорғап өткен батыр адам. Ал:
Орта жүз, руы — найман арғы заты,
Аз мөлшер сауын сиыр, мінер аты.
Жалғыз қызы — әжеміз Шәкежан мен
Қара лашық, Шәмшигүл жамиғаты.
Найманнан қалған ұрпақ Төлегетай,
Жомарт бопты қайырымды, дәулеті бай.
Төрт ұлы Төлегетайдың бір-ақ найман,
Төрт тулы Қаракерей, Садыр, Матай.
Дөртуыл Мырзаш батыр шыққан тегі, —
деген жолдар Мырзаштың ата-тегін айқын көрсетсе керек. Сол сияқты:
Мырзаштың өз дәулетін еске алғанда,
Болыпты кедей түрмыс, ауыр халда.
Көп олжа кезіксе де көз тоярлық,
Өмірде қызықпаған дүние-малға, —
деген үзінділерден Мырзаштың астында мінер аты, қолында сауын сиырынан басқа түгі жоқ сіңірі шыққан кедей, бірақ кедей болса дағы өзіне кезіккен мыңғырған мал, аста-төк дүниемүлікке мойын бүрмаған жан болғандығын аңғарамыз.Мырзаштың өмірде расымен болған адам екенін ақын (Ниязбек Қыдырмоллаүлы) жырдың барысында қарасөзбен де, жыр жолдарымен де ауық-ауық еске түсіріп отырады. Сондай кезекті ескертпеге құлақ түрсек:
«Менің мойнымдағы парызым — Мырзаш батырдың келтелеу өміріндегі елді сырт жаудан қорғаудағы үш ерлігін жинақтап, қағаз бетіне түсіру, алайда жоқты бар ғып түсіру емес, неғұрлым ақиқат, адалдыққа баса назар аудара отырып, болған оқиғаның өңін айналдырып бүзбай немесе әңгіменің түпкі негізіне бағынып, сол негіз бойынша түсіру болып табылады. Олай болса, Мырзаштың бүл үшінші бөлімінде сөзге арқау, негіз болып отырған екі дәлелдің бірі — Мырзаш қызы Шәкежан. Ол әкесі Мырзаштан үйреніп, Шәкежан өзінің ұлы Қыдырмоллаға (менің әкем) жеткізіп, Қыдырмолладан маған жетіп отырғандықтан. Ал, екіншісі — ұрпақтан-ұрпаққа, ауыздан-ауызға қала берген халық ішіндегі көнекөз адамдардың Мырзаштың бұл ерлік істерін ауыз әдебиеті мен қазіргі біздің заманымызға жеткізуінен. Міне, осы екі дерек бір арнаға түскенде ғана мен Мырзаштың үш ерлік жинақтарын қағаз бетіне түсірдім. Қайқайсысының түпнұсқасын осы жоғарғы екі негізге тіредім. Мырзаштың жаудан елдің намысын қорғаудағы екінші қызыл аяқ шапқыншылығындағы ерлігін, шектен асқан атақты помещик Баты-байыр мырза елге әкелген үш қыздың бірі Дадимадан туған Ақпалуан, Тауалпаннан күні бүгін ұрпақтар бар деп алдыңғы жинақтарға жазғам. Сол сияқты осы үшінші бөлімде Мырзашпен бірге жүріп, бірге тұрған, осы соңғы айқаста дабірге болған Ертісбайдан да қазір ұрпақтар бар. Ертісбай Мырзашпен бұндай жағдайларда бірге болған адам екен. Осы Ертісбайдың ұлы Уалхан жетпістің ішінде қайтыс болған. Осы Уалхан әкесі Ертісбайдың Мырзашпен бірге болғандағы ерліктерін баласы Уалханға жеткізіп еді. Мырзаштың ерлік істерін халық арасына бүлжытпай көп таратқан осы тахуа Уалхан екеніне күмән жоқ», — деп, жыр арасында қара сөз түрінде дерек көздерін нақты көрсетеді.
Жырдың барлық нұсқаларында Мырзаштың орыс саяхатшысы Н.М.Пржевальскиймен достығы арнайы сөз етіледі. Өйткені батырдың саяхатшыны Құлжадан Гучинге дейін ертіп, жол бастап жүргені — тарихи шындық. Ал тарихта болған оқиғадан жыршылардың аттап өте алмайтыны белгілі. Мырзаштың саяхатшы ғалыммен бірге жүрген сәттері — оның өмірінің бір бөлігін құрайды. Бүл оқиға жырда көрініс таппаған күнде Мырзаш өмірінің бір қыры, яғни елді-мекенді көп аралаған саяхатшы екендігі және жер жағдайын жетік білген зеректік қасиеті ашылмай қалғандай болар еді. Мырзаштың саяхат барысында көп көмегі тигендігі туралы Н.М.Пржевальский өз еңбегінде арнайы атап көрсетеді:
«Проводником на первое время взят был нами киргиз (қазақ - Г.Р.) Зайсанского пристава Мирзаш Аллиаров, тот самый, который осеныо 1877 года водил нас из Кульджи в Гучен. Мирзаш отлично знал прилежащую к нашей границе западную часть Чжунгарии, где много лет занимался барантою, т. е. воровством лошадей. Как известно, подобный промысел нисколько не презирается у киргизов, наоборот, искусный барантач считается удальцом, заслуживающим удивления и похвалы. Мирзаш своими подвигами снискал себе даже почетное прозвище батыр, т. е. богатырь. Этот богатырь сам сознавался нам, что в продолжение своей жизни (ему тогда было 53 года) украл более тысячи лошадей; неоднократно бывал в самом трудном положении, но обыкновенно выпутывался из беды. Впрочем, болыпой шрам на лбу, нанесенный топором хозяина украденной лошади, ясно свидетельствовал, что не всегда благополучно проходили нашему герою его воровские похождения. Как проводник, Мирзаш был очень полезен; только необходимо было его держать, как говорится, в ежовых рукавицах».
Алайда Мырзаш Н.М. Пржевальский айтқандай ел шауып, мал айдаған барымташы немесе біреудің малын ұрлаған ұры емес.
Жау десе, жалақтаған алмас қылыш,
Өзі барда жасаған елі тыныш.
Жаудан елге кек алған елдің ерін
Кім айтыпты бейпіл сөз жылқы қуғыш, —
деп жырланғандай, Мырзаш тек өзі келіп соқтыққан жаудан ел кегін қайтарушы. Ол ел намысын қолға ұстатып қоя беретін жан емес. Сондықтан да халықтың жоғын жоқтап, намысын қорғауда алға шыққан ержүрек ұлдарының бірінен саналады. Н.М.Пржевальский біржақты баға берген.
«Мырзаш батыр» жырының Н.Қыдырмоллаұлы нұсқасының бірінші тарауының өзі 3480 жолдан (ал барлығы — 10258 жол) тұрады, яғни өте көлемді; екіншіден, тілі де аса шұрайлы, сұлу; үшіншіден, әрбір оқиға, әр құбылыс кеңінен суреттеліп, сан қырынан ашылады. Жырдың өте көлемді, әрі қою сюжетті болуының, Мырзаштың әрбір қасиетінің терең ашылуының бірден-бір себебі — бұл нұсқаны тікелей батыр ұрпағының жырлағандығымен байланыстыруға болады. Сол себепті, жырда Мырзаштың батырлығымен қатар, халқының қамқоршысы, әрі адал азамат және халқының салтын қадірлеген ұлағатты ұлы болғандығы мақтаныш пен, зор құрметпен жырланады. Жинақтай айтқанда, Мырзаштың жалпы адамдық болмысы түгел қамтылады.
Жырда Мырзаш өмірінің көп қыры қамтылған, оқиғалар бірінен-бірі туындап, сан қырынан өрбіп отырады. Және де оның барлығы нанымды, шындыққа жанасымды етіп, өмірдегі қалпында суреттеледі. Әрі жырдың көркемдік деңгейі де жоғары. Әр оқиғаның зор шабытпен жырланғаны соншалық — «ары қарай не болар екен, оқиға қалайша жалғасын табады?» деген зор қызығушылықпен оқылады, яғни жыр оқырманын жалықтырмайды, керісінше, өзіне баурап, елітіп өкетеді. Сондықтан жырдың осындай ерекшеліктерін ескере отырып, оны негізгі нұсқа ретінде қабылдауға болады. Ал, жалпы, Мырзаш туралы жырлардың үш нұсқасының оқиғалар желісін салыстырып қарағанда, үшеуіне де ортақ боп келетін бірнеше сюжет — мотивтерді аңғарамыз. Олар:
— Мырзаштың өз өмірінде үш ірі соғысқа қатысып, елін жаудан қорғауы;
— Әулиелік қасиетінің болуы;
— Н.М.Пржевальскийге жол көрсетіп, елді мекендерді көп аралаған саяхатшы болғандығы;
— Мырзаштың кедей отбасынан шыққандығы;
— Соңғы жорыққа барғысы келмегендігі, оған еркінен тыс аттанған дығы;
— Қолды болған дүние-мүлік, олжаларды қара басының қамына жаратпай, кедей-кепшікке таратып бергендігі;
— Мырзаштың ақкөңіл, адал, әділ адам болғандығы.
Міне, осы сюжет-сарындар жырдың әр нұсқасында негізгі оқиғаларды баяндауға тірек болып, әрқайсысында өзінше өрнектеледі. Томға ұсынылып отырған мәтін ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында сақталған түпнұсқасынан (ӘӨИ. ҚҚ: Ш .874) дайындалды.
Г. Рахымбаев. «Бабалар сөзі»: Жүзтомдық.— Астана: Фолиант, 2010. том 63: Тарихи жырлар. 422 бет - Мырзаш батыр.
Ержан Ахметов нұсқасы. Е.Ахметов нұсқасының көлемі — 448 жол. Жырда алдымен Мырзаштың әкесі Алдиярдың батырлығы, оның Алтайдағы ұранқайлардың қолынан қазатапқаны айтылады. Оның баласы Мырзаш батыр ұранқайларға бірнеше рет аттанып, ел намысын қорғайды. Әкесінің кегін алады. Бір жолы Мырзаш батырдың жолы болмайды. Қанжары жоғалады, қасындағы жолдасы мұны тастап қашып кетеді. Батыр жалғыз өзі жаумен шайқасады. Атынан түскенде ол өзінің қатты ауырғанын біледі. Оны сезген қуғыншылар батырды сойылга жығады, батыр жапанда жалғыз қалып қаза табады. Мырзашты ел-жұрт болып іздейді. Садырбай, Салжан сияқты батырлар бастаған бір топ жігіттер Мырзаштың сүйегін тауып алып қайтады. Батырдың зираты Алтай аймағындағы Қаба деген жерде. Шығарманың соңында жыршы Мырзаш батыр өміріне байланысты түсінік берген. Шығарма бұрын жарияланбаған, тарауға бөлінбеген, 7-8 буынды жыр үлгісінде жазылған. Жыр мәтіні араб әрпінде жазылған түпнұсқадан (ӘӨИ:Ш .194, 2-дәп.) еш өзгеріссіз дайындалды.
Сағидолла Нұралин нұсқасы. С.Нұралин нұсқасының көлемі — 620 жол. 1963 жылғы Шығыс Қазақстан, Семей экспедициясының мүшелері Т. Қанағатов, Т. Бекқожина жинаған. Жырда Мырзаш батырдың жорықтары, орыс ғалымы Н.М.Пржевальскиймен кездесуі баяндалады. Оқиға XIX ғасырдың екінш і жартысында болған. Сағидолла Нүралин «Мырзаш батыр» жырын ел аузындағы аңыз-әңгімелерге сүйеніп шығарған. Мырзаш батыр жиһан кезіп, Құлжа, Үрімжі, Гучін, Хами, Қашқар, Хотан, Тибетке барады. Одан Зайсанға бет алған сапарында орыс саяхатшысы Н.М.Пржевальскиймен кездесіп, оған жолкөрсетуші қызметінатқарған. 1877 жылғы Гучін, 1879-1880 жылдарғы Тибет экспедициясына қатысады. 1888 жылы ел намысы үшін Алтайдағы ұраңқайларға аттанады. Ру басшылары Шотан төре, Қоқы батырлар ұраңқай гүңі (төресі) Сандыжаппен ауыз жаласып, батырды қапылыста қазаға душар етеді. Жыр он бір буынды қара өлең үлгісімен жазылған.
Сағидолла нұсқасында Мырзаштың жиһанкездігі, Н.М.Пржевальскиймен достығы басымырақ жырланған. Шығарманың басында автор тарапынан берілген түсінік сөзінде: «Мен осы Мырзаш Алдияр туралы ел аузындағы әңгімелерді әрбір адамдардан бытыраңқы түрде көп уақыттардан бері естіп келген едім. Әр адам әртүрлі жорамалдармен әңгіме етеді. Кейбіреулер Мырзашты әулие, шарафатты адам болған, оның бастаушы қызыл түлкісі бар. Сол түлкі қайда бастаса, Мырзаш сонда барады. Және күн жайлататын қасиеті болған. Жауымен шайқасқанда екі арасына қалың тұман қараңғылық салып қоятын болған деп те айтады. Атақты ғалым Пржевальскиймен кездесіп жолдас болуы анықталады. Мырзаш алпыс жасынан асқан кезінде ел тілегімен ел есесін алу үшін Қытайға қарасты Қанас деген жердегі мұңғыл тайгасы Ораңқайға барып, сонда қаза тауып, сүйегі алынбай тасқуысында қалған адам екен. Мырзаштың өлімі 1888 жыл екен. Мұны сол жылы туған Шөкір Бекбаев деген ақсақал растайды. Мырзаш шешен тілді адам болмаған, сөзінің көбінде «ана бар ғой» деп сөйлейтін сөзге шорқақ адам болыпты. Ел намысына, ел есесіне жанын құрбан ететін. Елді қанаушыларға қарсы қайрат істейтін. Мал ұрыларын аңдып, олардың ұрлап әкелген малдарын тартып алатын. Оны иесіне немесе ел кедейлеріне үлестіріп беретін адам болыпты. Мырзаш көп жерді аралап, жиһан кезген. Шығыстағы Қашқар Қонан, Қарашар, Құлжа, Орбы, тіпті сонау Тебеттің бергі бетіне дейін барып қайтқан адам екен. Бірақ осы сапарынан белгілі мәлімет жоқ. Мырзашоқымаған қараңғы адам болған. Пржевальскиймен кездесуі осы сапарында болса керек », — дей келе жырда кем іліктердің болуын жоққа шығармайды. Жырдың түпнұсқасы ӘӨИ-дің Қолжазбалар қорында (Ш.ЗЗО, 9-дәп.) сақтаулы тұр. Томға ұсынылып отырған мәтін аталған материалдар бойынша еш өзгеріссіз әзірленді.
Т. Әкімова. «Бабалар сөзі»: Жүзтомдық.— Астана: Фолиант, 2010. том 63: Тарихи жырлар. 422 бет - Мырзаш батыр.
## Мырзаш батыр Серікбай Байхоновтың Алтай Асу этно-романында
Байхонов С. Алтай Асу. Этно-роман. Серікбай Байхонов. - Алматы: "Алматы - Болашак" АК, 2019.-544 бет. ISBN 978-601-7461-56-0
"Алтай асу " - деп аталатын деректі - көркем этнографиялық романға аты әйгілі жиhанкез ғалым Николай Михайлович Пржевальскийдін 1879-1880 жылдары Төр Алтайдағы Зайсан каласынан басталған Үшінші Тибет сапары кезіндегі жолбасшысы Алдиярулы Мырзаш батыр екеуі бастан өткерген кызғылыкты оқиғалар аркау болған.
Аты-жөні , суреті КСРО заманында " Казакстан тарихы " окулыгына енген Пржевальский - аңыз адам .Ал оның жеке басына катысты тарихи фактілер жоктын касы .Өйткені ол - барлаушы.Жер бетіндегі көптеген саяхатшылар секілді кәдімгі барлаушы. Осыны бүгінгі окырман біле ме?
Кезінде дүние жүзі мойындаған жаналыктар ашқан ғалымды бүгінде көп адам жабайы түйе мен "Пржевальский жылкысын" ашкан адам ретінде таниды. Сол баяғы " Казакстан тарихы " оқулығына енген түйе мен жылкы. Ол кандай түйе ?.. Кандай жылкы ?..
Аты - жөні мен суреті "Казакстан тарихы "окулығына енген Мырзаш батыр да аңыз адам.Осы екі аңыз адам аңызға бергісіз түйе мен жабайы жылкыны іздеп ,аңыз өлке Тибетке сапар шегуі окырман кауымды бей - жай калдырмайды деп ойлаймыз.
## Пікірлер
## Дереккөздер |
Үштам қорымы — діни құрылыс кешені; Үстірттің батыс сілеміндегі көрікті Оғландыда тұрғызылған Бекет ата кешендерінің солтүстік-шығыс жағына қарай орналасқан бейіттер тобы. Оның Үштам қорымы аталуы осы қорымдағы ерекше көзге түсетін күмбезді, тақта тастан тұрғызылған үш кесенеге (Үшшоңқол) байланысты шыққан. Үштам қорымындағы кесенелер 19 ғасырдың аяғы мен 20 асырдың басында тақта тастардан қашалып жасалған ескерткіштер тобын құрайды. Әсіресе, 19 ғасырдың соңына қарай бой көтерген қорымдағы кесене архитектуралық композиция сәулетімен ерекшеленеді. Оның қабырғаларын қызғылт түсті құмдауыт тақташаларды бір-бірімен тығыз жымдастыра қалап шығарған. Әр қабырғасына жоғары жағындағы маңдайшасы иілмелі етіп жасалған үлкен, жалған еңселі есік іспетті және екі жағынан да осыған ұқсас етіп, кішігірім сүйірленіп бітетін ойықтар түсірілген. Бұл кесененің оңт. жағындағы алдыңғы беті ажарын аша түсіп, өзінің сәулеттілігімен көз тартады. Жалпы кесененің архит. жоспары төртбұрышты етіп жасалған. Алдыңғы жағы биік, ал артқы екі қабырғасы үшкір пошымды, одан жоғары орналасқан дөңгелек тақтаның үстіңгі қабаты жартылай шар іспетті күмбезделіп, ұшы дулыға тәрізді үш бунақты сүйірленіп бітетін кесене 19 ғасырдың 70-жылдары Батыс Қазақстанда діңгегі барабансыз салынған көптеген бейіттер тобы құрылысын (мысалы, Сисем ата қорымындағы Ерғали кесенесі, т.б.) еске түсіреді. Үштам қорымындағы бұдан басқа екі кесене өзінің сәулеттілігі жағынан қарапайым әрі дәстүрлі түрде шешім тапқан. Дегенмен, оның тастан қашалып салынған шағын түрі, сондай-ақ оған таяу орналасқан сандықтас пен үстіңгі қабатына орнатылған қобдиша түріндегі “қойтас” бейнесі де өзіндік ерекшелігі бар көз тартарлық сәулет өнерінің жәдігері саналады.
## Дереккөздер |
Френ Христиан Данилович (Christian Martin Joachim Frähn) (23.5.1782, Росток — 16.8.1851, Санкт-Петербург) — шығыстанушы ғалым, философия ғылымының докторы (1805), Петербург ғылым академиясының академигі (1817). 1803 ж. Росток университетін бітірген. 1807 — 1817 ж. Қазан университетінде шығыс тілдерінің профессор және деканы болды. Ол Шығыс нумизматикасының негізін салушы, Азия музейінің негізін қалаушы әрі бірінші директоры (1818 — 1842), сол музейдегі араб, парсы, түркі жазбаларын зерттеуге жетекшілік етті. Әбілғазының “Түрік шежіресі” атты еңбегін латын тілінде бастырып шығарып (Қазан, 1825), оған көлемді алғы сөз жазды. Бұлғар, хазар, башқұрт, т.б. түркі халықтарының тарихы жайында еңбектері бар. Френ Ресейдің шығыстану тарихында елеулі із қалдырды.
## Шығармашылық
* Ибн Фоцлан (Фадлан) и другие арабские источники о русах древних времен, СПб., 1823.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Еңлік-Кебек ескерткіші. Махаббат мұнарасы — билер сотының кесімі бойынша 1780 жылы шілдесінде құрбан болған қос ғашық — Еңлікпен Кебектің зиратына қойылған ескерткіш мұнара. Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Ералы жайлауының шығыс жағында, Семей — Қарауыл тас жолынан 5 км жерде.
Ескерткіштің қазіргі тұрған жері бұрын “Шұбартөбе” аталған. Ол ғасырлар бойы жаугершілік уақытта қарауыл қарайтын, ас пен тойларда бәйгеге қарақшы тігіп, көмбе болатын жиын орны болған. Оның басындағы Еңлік-Кебек ескерткішінің өз тарихы бар. 18 ғасырдың 80-жылдарында сүйіп қосылған екі ғашықты мейірімсіздікпен ат құйрығына сүйретіп өлтіруші топ олардың денесін өздерінің ақтық тілектері бойынша бірге көмеді. Келесі жылы Шұбартөбені қоныс еткен рулар Еңлік пен Кебектің қабірін таспен сандықшалап, қайтыс болған ағайындарын “ер-азамат жалғыз жатпасын” деп сол араға жерлейтін болған. Сөйтіп, бара-бара Шұбартөбе үлкен қорымға айналады. 1875 — 80 жылы Абай ауылына қонақ болып, тобықты елін аралаған Біржан сал Ералы бойын жайлайтын мамай руындағы Салсары (Смағұл Мақышұлы) мен Құсайын Бейсенұлы деген атақты тоғызқұмалақшы, домбырашы, әнші салдарға сәлем бере келген жолы Еңлік — Кебек бейітін көреді. Келесі жылы Біржанның тапсыруымен Рыскелді деген тас қалаушы шебер Еңлік — Кебектің қабірін сандықшалап, басына құйма кірпіштен шағын мұнара тұрғызған. Қабір сандықшасының тұрқы тұтас, құбыла жақ басы екі айыр болған. Бұл қабірдегі адамның екеу екендігін білдірген ишара болса керек. Кейін мұнара құлап, оның ізі ғана қалған. . «Абай жолы» романында «Ералы жазығындағы кішкене төбе» деп суреттелетін мұнда күллі ғашықтар символы болған Еңлік-Кебек мазары бар. «Көп жасамай, көк орған, Жарасы үлкен жас өлім» деген Абай сөзі құлпытасқа қашалыпты.
1960 ж. Абай ауданының тұрғындары Еңлік пен Кебек бейітінің басына қазіргі жаңа ескерткішті тұрғызды.
## Дереккөздер |
Үштерек — Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Евгеньев ауылдық округі құрамында.
## Географиялық орны
Ақсу қаласынан батысқа қарай 10 км жерде, Ертіс-Қарағанды каналы бойында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1970 жылы жұмыртқа өндіру бағытындағы кеңшар құруға байланысты қаланған. 20 ғасырдың 90-жылдарының орта кезінен кейін кеңшар таратылып, оның негізінде шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Үш сүю — Абай шығармашылығындағы діни сенімнің, жоғары ақылақтың асылы деп таныған адамгершілік қағидасы. Абай Құнанбаевтың “Алланың өзі де рас, сөзі де рас” атты өлеңінде “Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті. Осы үш сүю болады имани гүл, Иманның асылы үш деп сен тәхқиқ біл” — деген шумағында дін иманның, тағат-ғибадаттың негізгі қағидасын осы Үш сүю деп анықтайды. Махаббат Абай шығармашылығын көктей өтіп, негізгі өзекті мәселені құрайтынын “Махаббатсыз дүние бос”, “Күні-түні ойымда бір-ақ Тәңірі , Өзіне құмар қылған оның әмірі” деген жыр жолдарынан анық көреміз. Көкейкесті махаббат мәселесі Абай шығармаларының өзегі болуымен қатар, көптеген өлеңдерінде мейлінше жан-жақты ашылған және осы Үш сүю — иманигүл ұғымымен тұжырымдалған. Сондықтан да Үш сүю адамдық кәмелеттіктің, ақылақтық қағидаттың, рухани кемелдіктің толыққанды көрінісі, адам бойынан көрінуге тиіс абзал қасиет ретінде анықталады.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Үштөбе — қала (1961 жылдан), Жетісу облысы Қаратал ауданының және Үштөбе қалалық әкімдігі орталығы, темір жол бекеті.
## Тарихы
Іргесі 30-жылдардың бас кезінде Түрксіб темір жолының салынуына байланысты қаланған.
1961 жылы 21 маусымындағы ҚазКСР–нің Жоғарғы Кеңес президиумының бұйрығымен Үштөбе посткеңесі жойылып, Үштөбе қалалық кеңесі құрылды.
Қазақстан Республикасының «Жергілікті өкілетті атқарушы және органдар туралы» Заңына сәйкес 1993 жылы 10 желтоқсанда № 2578-х 11 Үштөбе қалалық әкімшілігі құрылды.
1995 жылдың 6 - қазанындағы Талдықорған облысы әкімінің №6 – 1 ө, өкімі бойынша Үштөбе қалалық әкімшілігі Үштөбе қалалық округіне ауысты. 1996 жылдың 20 қарашасында Талдықорған облысының Маслихатымен және Талдықорған облысы әкімінің № 13-132/182 шешіміне байланысты Ойсаз, Үшкөмей (Приморец), Достық ауылдары Үштөбе қалалық әкімдігі аумағына енді. 12 – қыркүйекте Қаратал ауданы әкімінің № 223 қаулысына сәйкес Үштөбе қалалық округі «Қаратал ауданының Үштөбе қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылды.
## Географиялық орны
Облыс орталығы – Талдықорған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 51 км жерде, Қаратал өзенінің оң жағасында орналасқан.
## Кәсіпорындары
Өндіріс орындарынан Үштөбеде жөндеу механикалық, май зауытттары, киіз үй, тігін факультеткалары, ет комбинатқа, “Фрунзе” тәжірибе-шаруашылық стансасы, “Палтел” ЖШС-і, “Опытное” ауыл шаруашылықғы ӨК, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері, баспахана, құрылыс-монтаж пойызы, 2 жылжымалы механикалық колонна, астық қоймасы, мұнай тасу, автомобиль базалары бар.
Бүгінгі күнде шағын және орта кәсіпорындар саны – 48, жеке меншік кәсіпкерлер саны 1455, шаруа қожалықтар саны – 82.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Әлеуметтік салада 4 орта, спорт, музыка мектептері, балабақша, 3 кітапхана, ауданы және темір жолы ауруханалары, тубдиспансер, санэпидстансасы, 2 дәріхана, т.б. мекемелер қызмет істейді.
Сауда үйлер саны – 6, дүкендер – 143, базар – 4, мейрамханалар – 3, кафелер – 9, асханалар – 5, қонақ үйлер – 3, шаштараздар – 12, киім тігу және жөндеу – 6, монша - 2, сауналар – 3, бильярд клубтары – 1, АЖҚС ( АЗС) – 8, жерлеу салт жоралары қызмет көрсету – 3, ТҚКО (СТО) және көлік жуу тұрақтары – 8, компьютер орталықтары – 3, ломбард – 3.
## Дереккөздер |
Алексеевка — Ақмола облысының Зеренді ауданындағы кент, Алексеев кенттік әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Зеренді ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 67 км-дей жерде, Шағалалы өзенінің оң жағасында, қаратопырақты дала белдемінде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1880 жылы қаланған. 1962 жылы маңындағы доломит тасты кен орнын игеруге және доломит, темір-құйматас бұйымдары зауыты салынып, іске қосуларына байланысты Алексеевка кентке айналды.
## Халқы
8 жылдық мектеп, клуб, аурухана бар. Алексеевка арқылы Петропавл—Көкшетау темір жолы және автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Үштөбе — Абай облысы Ақсуат ауданы, Қызылкесік ауылдық округінің құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақсуат ауылынан батысқа қарай 160 км, округ орталығы Қызылкесік ауылынан оңтүстікке қарай 50 км жерде, Өкпекті тауының солтүстік етегіндегі Боғас өзені аңғарында орналасқан.
## Тарихы
Ауыл 1963–1996 жылдары қой өсірумен шұғылданатын "Ленин жолы" кеңшарының 1 және 2 бөлімшесінің орталығы болып келді. Оның негізінде Үштөбеде шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Уштобе- алтын бесiгiм...
* 2014 (эфир 21.02.2014), «Біздің ауыл». Үштөбе ауылы
* Белгісіз батырлар қорымы
* Тарбағатай тауында көне санскрит жазулары табылды Мұрағатталған 24 сәуірдің 2014 жылы.
* Қайнар Олжай. Тарбаған қайда бармаған десеңізші, мына жалпақ жер үстінде
* Белгісіз батырлар қорымы М.Асылбеков Мұрағатталған 24 сәуірдің 2014 жылы.
* Барқытбел тауым — байтағым менің!» (1 бөлім) Мұрағатталған 14 шілденің 2014 жылы.
* Карта Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. |
Үштөбе — Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігі аумағындағы ауыл, Үштөбе ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Ауыл Арқалық қаласынан солтүстік-батысқа қарай 53 км жерде, Тасты өзенінің жағалауында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 751 адам (345 ер адам және 406 әйел адам) болса, 2009 жылы 602 адамды (284 ер адам және 318 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Ауыл 1960-1996 жылдары астық өсірумен айналысқан Сарыөзен кеңшарының орталығы болған. Кеңшар негізінде Үштөбеде шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Мәжібаев Қуаныш Әбдікерімұлы (10.1.1944 жылы туған, Жамбыл облысы Талас ауданы Тамды ауылы) — ғалым, медицина ғылымының докторы (1992), профессор (1994). Алматы медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген (1966). 1966 — 1969 ж. қазіргі Астана, Алматы қалаларында балалар ауруханасында, Алматы медицина институтында (1972 — 1990), 1990 — 2001 ж. Урология ғылыми орталығында, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында ғылыми-педагогикалық және басшылық қызметтер атқарған. 2001 жылдан Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры. Негізгі ғылыми жұмыстары балалар урологиясына арналған. Бала уронефрологиясы тәжірибесінде алғаш рет сцинтирграфия әдісін енгізді. Осы әдіс арқылы бүйректің “мылқау” (жарамсыз) деп аталатын бөлігінің жартылай болса да (40%-дай) белсенді қызмет атқара алатынын анықтады. Сондай-ақ жарықтың, тоқ ішек патологиясын емдеудің жаңаша тиімді әдістерін енгізді. Нефроптоз, гипоспадия, гидронефроз, қуық экстрофиясы аурулары және қуық-зәр жолдары рефлексін пластикалық жолмен қалпына келтіру операцияларын жасаудың өзіндік модификациясын ұсынды. Ол балалардың туа біткен обструктивті уропатия-сын хирург. жолмен емдеуді ретроспективті тұрғыдан зерттей отырып, бұрыннан қолданып жүрген хирургиялық коррекция тәсілдерін жетілдірді. Мәжібаев — Қазақстандағы балалар урологиясының негізін қалады. Ол осы сала бойынша бірінші докторлық диссертация қорғап, профессор болған тұңғыш қазақ ғалымы.
## Дереккөздер |
Үштөбе — 1) қорған. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Тастөбе өзеннің оңтүстіктенен 2,5 км жерде. Зерттеу жұмысын 1936 ж. Жетісу археологиялық экспедиция (жетек. А.Н. Бернштам) жүргізген. Қорған аумағы 42×50 м, биіктігі 2,3 — 5 м солтүстіктен оңтүстікке тізбектеле орналасқан бірнеше обадан тұрады. Зерттеушілердің пікірінше, байырғы үйсіндерден қалған (б.з.б. 3 ғасыр — б.з. 2 ғасырлар) мұра.
## Дереккөздер: |
Үштөбе алтын кен орны - Павлодар облысы Баянауыл ауданының орталығынан солтүстік-батысқа қарай 23 км жерде орналасқан.
## Геологиялық құрылымы
Кен орны аймақтық субендік және жергілікті солтүстік-батыс бағыттардағы жарылымдардың түйіскен жерінде орналасқан. Кенденуге жоғары ордовиктің орта құрамды вулканиттері ұшыраған.
## Жатыс сипаты, құрамы
Солтүстік-батыс бөлігіндегі қалыңдығы 200 м кварцты желілер солтүстік-батыс бағытта тік құлаған. Кен денесінің ұзындығы 200-500 м-ге, басты желінің ұзын 1000 м, қалыңдығы 0,8-1,0 м-ге жетеді. Желінің құрамында кварц, барит, пирит, алтын бар. Алтынның мөлшері 4-6 г/т. Қоры бойынша ұсақ кен орындарына жатады.
## Дереккөздер |
Александрия шамшырағы — “Әлемнің жеті кереметінің” бірі саналатын, б.з.б. 280 ж. салынған архитектуралық құрылыс. Александрия шамшырағын Ніл аңғарына таяу, Фарос аралының шығыс бөлігіне Мысыр патшасының (Птоломей әулетінің өкілі) бұйрығымен Книдтік Сострат тұрғызған. Кейінгі ұрпаққа өз атын қалдырғысы келген сәулетші шамшырақтың мәрмәр қабырғасына “Книдтен шыққан Декстифонұлы Сострат, теңізшілердің амандығы үшін құтқарушы-құдайларға бағыштайды” деп жазған. Бірақ патшаның қаһарынан қорқып жазудың үстін сылап бетіне әміршінің атын жазған. Уақыт өте келе сылақ түсіп қалып, ел сәулетшінің өз атын білді.
Александрия шамшырағы өз заманындағы өнер мен ғылымның ғажайып үлгісі болып табылады. Биіктігі 120 м шамасындағы үш қабатты мұнараның бірінші қабаты орасан зор шаршы көлемде әктастан тұрғызылған. Екінші қабат сегіз қырлы мұнарадан тұрады, оның сегіз қыры белгілі сегіз желдің бағытына қарай орналастырылған. Бізге жеткен деректерден осы екінші қабатта флюгер желдің бағыты мен жылдамдығын анықтайтын құрал) міндетін атқарған ескерткіш-мүсіндердің болғаны анықталды. Мәрмәрмен қапталған мұнара зәулім шамшырақпен аяқталады. Осы үшінші қабат гранит колонналар тіреп тұрған күмбезбен жабылған. Күмбез басына өте алыстан анық көрініп тұрған теңіз құдайы Посейдонның 7 метрлік қола мүсіні қойылған. Александрия шамшырағы өзінің негізгі міндеті — теңізшілерге жол көрсетуден басқа, бекініс қызметін де атқарған. Құрылыстың ішінде ауыз су құйылған күбі сақталған. Ішкі бұрама баспалдақ арқылы алауға жанармай беріліп тұрған. Темір айналарды шебер қолдану нәтижесінде алау оты бірнеше еселеніп, өте алыстан көрінетін болған. Александрия шамшырағы 14 ғ-да жер сілкінісінен қираған.
## Александрия маягы
Александрия маягы керемет көрініс болды: ол түнде жарық шашып, кемелерді су астындағы жартастарға соғылып қалмауларынан сақтандырып тұратын. Әлемнің жеті кереметінің ең соңғысы болып салынған маяктың практикалық пайдасы да болды, ол әрі бекініс, әрі қарауыл мұнарасы болды. Жүз жылдар бойы Фарос әлемдегі адамдар тұратын ең биік құрылыс қатарына жатты. Ол 1700 жыл бойы тұрған ол осы кезге дейін салынған маяктардың ішіндегі ең биігі болып табылады.
## Салыну себептері
Александр Македонский Александрия қаласының негізін б.з.б. 332 ж. қалады. Алғашында бұл шағын балықшылар тұратын ауыл болатын, оның жағасындағы жартастарға үнемі кемелер соғылып апат болған. Қаланың өсіп, дамуына байланысты қалаға келетін кемелердің портқа шығынсыз жетулері үшін маяк қажеттілігі туған. Б.з.б. 229 ж. Александрдың мұрагері Птолемей Сотер жақын жердегі Фарос аралында маяктың құрылысын бастайды. Бұл 20 жыл мезгілге созылады.
## Маяктың құлауы
Ақырында Александрияны арабтар басып алып, қала құлдырап, төмендеп кетті, кеме тоқтайтын жерді батпақ басты, Фаростың енді қажеті болмады. Жер сілкіністерінің тербеліс салдарынан ғимарат қирап, біртіндеп теңізге құлаған.
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
## Ғажайып фактілер
• Фарос кереметтердің қатарына шамамен біздің заманымыздың 6-ғасырында енгізілген.
• Бір жазушының айтуына қарағанда, маяктың биіктігі "360 фатом" – көп қабатты үйлерден де биік болған.
• Бір дерекке байланысты Фаростың құрылысына "800 талант" күміс жұмсалған. Бұл қазіргі 6,4 млн долларға барабар.
• Кейбірлеулердің пайымдауынша, ең бас жағындағы айна 1250 км Византиядан (Стамбул) келген сигналдың сәулесін түсіріп тұрған.
• 20-ғасырдың 90-шы жылдары француз археологы Жан-Ив Эмперер және оның командасы су астынан маяктың қалдықтарын, сонымен бірге мүсіндер тапқан, мүмкін бұл мүсіндер маякта болған шығар.
## Бүгінгі келбеті
Көптеген сарапшылар мұсылмандардың Каит Бей бекінісі Александрия маягының орнында тұр деп болжайды. Каит Бей сұлтан 1840 жылы салғызған форттың кейбір бөліктерін салуға қираған маяктың кейбір материалдары пайдаланылған болуы керек. Қалған бөліктері жер сілкінісі кезінде суға батып кеткен.
## Дереккөздер
1) Қазақ энциклопедиясы
2) Әлемнің ұлы кереметтері, Алматыкітап. Авторы - Рассел Эш. |
Алепауыл қорымы — қола дәуірінен (б.з.б. 15-13 ғ.) сақталған ескерткіш. Қарағанды облысы Нұра өзенінің сол жақ жағасында, Алепауыл қыстағының тұсында орналасқан.
Алепауыл қорымында дөңгелек және төртбұрышты жұмыр және текше тастардан тігінен қалаған 10 қоршау бар (1933). Материалдық мәдениет тарихы мемлекет академиясының Нұра экспедициясы (жетекшісі П.С.Рычков) зерттеген. Қазақстан жерінде алғаш ашылған Андронов мәдениеті ескерткіштерінің қатарына жатады. Алепауыл қорымындағы қабірлердің бірқатарының қабырғалары жалпақ тастармен жәшік сияқты етіп шегенделген. Мәйіт бүктетіліп, бір қырынан, басы оңтүстік-шығысқа немесе солтүстік-шығысқа қаратылып жерленген. Қабір ішінен адам сүйегімен бірге геометриялық өрнегі бар қыш ыдыстар, алтынмен апталған мыс сырға, қоладан құйылған жебе ұштары табылды. Олар Орталық Қазақстанда қола дәуірінің өркендеген кезеңінде мекен еткен тайпалардың рухани және материалдық мәдениетінің белгісі болып табылады.
## Дереккөздер |
'Үңгуіш — металл, пластмасса, т.б. тетіктерде цилиндр пішінді тесік үңгуге арналған көп жүзді кескіш аспап. Оның тегіс бетті және сатылы болып келген ойықты өңдейтін, сондай-ақ біртұтас, құрама (кескіш бөлік пен корпусы ауыстырмалы), саптамалы, т.б. түрлері бар.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
ҮҢГУБЕТ — кен қазу кезінде кеңістікте жылжып отыратын кен массивінің немесе бос тау жыныстарының беті. Үңгубет қолдану әдісіне қарай тазалап алу, дайындау (аршу және даярлау) болып бөлінеді. Үңгубет, сондай-ақ қолданыстағы Үңгубет, қосалқы Үңгубет және қордағы Үңгубет болып жіктеледі.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Үңгір арыстаны (лат. Panthera leo spelaea) — мысық тұқымдасына жататын жойылып біткен жыртқыш.
Үңгір арыстаны антропоген кезеңінде Еуропа мен Азияда тіршілік еткен. Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда, үңгір арыстаны Солтүстік Америкаға Еуразиядан (плейстоценнің соңында) тараған. Қазақстанда Жайық, Есіл және Ертіс өзендерінің бойынан табылған. Олардың ең жақын арғы тектерінің бірі плиоцен кезеңіндегі Батыс Еуропада тіршілік еткен Арверн пантерасы.
Үңгір арыстанының 2 түрі анықталған:
* еуразиялық (Panthera leo spelaea);
* америкалық (Panthera leo atrox).
Үңгір арыстанының тұрқы осы кездегі ірі арыстан не жолбарыстай болған, сүйек қаңқасы, соның ішінде бас сүйегі құрылысында бұл екеуіне де тән ұқсастықтар табылған. Сондықтан үңгір арыстаны қазіргі кезде тіршілік ететін Африка және Азия арыстандары мен жолбарыстарының арғы тегі болу керек деген ғыл. тұжырым бар. Олар қазіргі арыстандарға қарағанда, суыққа төзімді болған. Тас ғасыры кезінде адамдар тасқа салған жануарлар суреттерінің ішінде Үңгір арыстанының суреті жиі кездеседі. Олар бұдан 10 — 11 мың жыл бұрын құрып біткен.
## Дереккөздер |
Үңгір аюы (лат. Ursus spelaeus) – аюлар тұқымдасына жататын қазбадан табылған аю түрі.
Үңгір аюы плейстоцен кезеңінің 2-жартысында (шамамен 400 мың жыл бұрын) Еуропаның оңтүстік және Азияның батыс аймақтарында тіршілік еткен. Қазақстанда оның қаңқа сүйектері Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарынан табылған.
Сүйек қаңқасының құрылысы қоңыр аюға ұқсас болған. Биіктігі 1,5 — 2 м. Ұрт тістері шошқаның тістеріне ұқсас және тегістеліп желінуіне қарағанда, өсімдіктермен қоректенген. Маңдай сүйектері сәл ойыстау, танау тесіктері сопақша келген. Ертеде тас ғасырында өмір сүрген адамдар оларды көп аулаған. Олардың қаңқа сүйектері үңгірлерден көп табылған, аты соған байланысты қойылған.
Ертедегі адамдар салған Үңгір аюыларының бейнесі Испания, Франция және бұрынғы КСРО мемлекеттері аумағындағы үңгірлерден табылған.
## Дереккөздер |
Үмбетәлі Кәрібаев ауылы — Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Шолаққарғалы ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ұзынағаш ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 5 км-дей жерде, тауалды жазығының бетеге, баялыш, көде, т.б. астық тұқымдас шөптесін өскен қоңыр, бозғылт қоңыр топырақты құрғақ далада орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Бұрынғы сүт-көкөніс өндіретін “Прогресс” кеңшары негізінде Үмбетәліде ЖШС және 190 шаруа қожалығы құрылды. Ауыл белгілі ақын Үмбетәлі Кәрібаев есімімен аталған."
## Дереккөздер |
Үмбетәлі Кәрібаев (1889, қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданы Үмбетәлі Кәрібаев ауылы — 1969, сонда) — ақын, Қазақ КСР-інің халық ақыны (1961). Шапырашты тайпасының Айқым руынан.
Жасынан домбыра тартып, өлең-жыр шығарған. Ауылда оқып, хат таныған. Бақтыбай мен Тезек, Жамбыл мен Құлмамбет айтыстарын, “Мың бір түн”, “Тотынама” дастандарын жатқа айтып, ел арасына таратты. Орынбай, Иса, Кенен Әзірбаев, Саяділ, Есдәулет, Қалқа, Жақсыбай, т.б. белгілі халық ақындарымен айтысқан. Қырғыз жыршылары Оспанқұл, Жаманқұлдармен шығармашылық байланыста болды. Шығыс әдебиетінің мазмұнында “Үш өнерпаз”, “Патша мен ұрылар”, тарихи сюжетке құрылған “Кемпірбай мен Қисық батыр”, бүгінгі өмірге байланысты “Марқа”, “Мәлікбек” дастандарын шығарды. 1916 жылғы Жетісудағы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып, оны жырға қосты.Үмбетәлі шығармалары “Өлеңдер мен дастандар” (1938), “Өлеңдер” (1951), “Өлеңдер мен толғаулар” (1958) деген атпен жарияланды, 1962 жылы таңдамалы шығармалары жарық көрді. Үмбетәліге Алматы облысында ауыл аты берілген және аудан ортасында ақынға мұражай-үй ашылған.
## Дереккөздер |
Үштөбе — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы ауыл, Үштөбе ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ботақара кентінің оңтүстік-батыс жағында 45 км-дей жерде.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1933 жылы қаланған. 1969 жылдан Энгельс атындағы сүт өндіретін кеңшардың орталығы болып келді. Соның негізінде Үштөбеде және округке қарасты Ақжар, Заречное, Құрылыс, Соқыр ауылдарында жекеменшік ауыл шаруашылығы кәсіпорындары құрылды.
## Дереккөздер |
Алматы киноактерлер мектебі — мемлекеттік арнаулы орта оқу орны.
1943 Ж. Алматы көркем және хроникалық-деректі фильмдер киностудиясы жанынан құрылып, 1948 жылға дейін жұмыс істеді. Мектепте режиссерлер Ю.Л. Рутковский, Л.Ғ. Ғалымжанова, Н.Бейсеков, Д.Тінәлина, Г.Шомбалова т.б. сабақ берді. Жұмыс істеген кезеңде әр ұлт өкілдерінен 30-ға тарта кино мамандары даярланды. Олардың қатарында кейін қазақ өнеріне айтарлықтай үлес қосқан К.М.Қожабеков, З.Н.Шәріпова, Т.Қосыбаева, Т.Аверкова, С.Мұхамеджанов, А.Қарсақбаев, Қ. және М. Әбусейітовтер т.б. бар.
## Дереккөздер |
Алматы Қазақ Педагогикалық Колледжі — бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепке дейінгі мекемелерге тәрбиеші мамандар даярлайтын мемлекеттік арнаулы орта білім беретін оқу орны. 1978 ж. Алматы қалалық мектепке дейінгі тәрбие педагогика училищесі болып құрылған. 1993 жылдан №1 Алматы қазақ педагогика колледжі болып аталып келеді. Колледждің күндізгі бөлімі қазақ тілі және әдебиет пәні мамандарын, бастауыш сынып мұғалімдерін және мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілерін даярлайды. 44 мың дана қоры бар кітапхана жұмыс істейді. Жоғары білікті 50 оқытушы дәріс береді. 1997 — 98 ж. колледжде 550, сыртай оқытатын бөлімінде 300 шәкірт оқыды.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Ұрымдар — Украинадағы Донецк облысыныңның Азов теңізі жағалауында, Запорожье облысыныңның Куйбышев ауданында тұратын түркі тілдес халық. Жалпы саны 71 мың адам (2002).
Ұрымдар ертедегі Шығыс Рим империясына қарайтын грек ұлысының жаңа өлкеге қоныс аударған өкілдерінің ұрпағы. Қырымдағы түркі тілді ұрымдар мен грек тілді румейлер христиан дінін тұтынатын бір этникалық топ құраған. XVIII ғасырдыңдың орта шенінде Қырымның теңіз жағалауы мен далалық бөлігіне қоныс тепкен гректер қырым татарлары тілін қабылдап, түркі тілді қауымға айналды. Оларды ұрымдар немесе грек татары деп атаған. Ал таулы өңірге орналасқан гректер өз ана тілін сақтап қалды. Оларды румейлер немесе грек-эллиндер деп атаған. XVIII ғасырдыңдың соңында Ресей үкіметі грек саудагерлерін Қырым түбегінен Украинаға, қазіргі Донецк облысындағы жаңадан салынып жатқан Мариуполь қаласына қоныс аудартты. Көшіп келгендердің едәуір бөлігі ұрымдар тілін сақтап қалған. Алайда діні бір болғандықтан, уақыт өте келе жергілікті украин және орыс халықтарымен сіңісе бастаған.
Тілі түркі тілінің қыпшақ бұтағына жатады. 71 мыңдай адам сөйлейтін ұрымдар тілі азды-көпті зерттелсе де, олардың өздері жеке халық ретінде аталып, санаққа кіріп, бөлек көрсетілмеген. Ұрымдар тілі қырым татары тілінің негізінде қалыптасқан. Ресми аты жоқ. Оны түркі тілінің Мариуполь диалектісі (Н.Ф. Катанов), татар тілі, қырым татары тілі, грек татары тілі деп әрқалай атайды. Аға буын өз тілін “урум дили” деп атайды. Ұрымдар тілінде қысқа және созылыңқы айтылатын он дауысты фонема бар. Дауыссыз дыбыстар саны — 30. Орыс әліпбиіндегі әріптерге қосымша д, ә, ц, я, э, ж, ї, қ, ң әріптері бар. Жалпыға ортақ әдеби нормасы жоқ, үй ішілік тұрмыста ғана қолданылады.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Елді мекен:
* Ұрымқай – Ақмола облысы Бурабай ауданындағы ауыл.
Көл:
* Ұрымқай – Ақмола облысы Бурабай ауданындағы көл. |
Алматы мектеп оқушылары сарайы — Алматы қаласындағы сәулетті архитектуралық ғимарат. 1983 ж. салынған (архитекторлар В.К. Ким, А.П. Зуев). Ғимараттың архитектура пішімі ерекше: бірнеше қатар спиральдық құрылымдарды бір жерге топтастырып, сол жерден тұрғызылған биіктігі 12 м алып күмбез бүкіл құрылысты біріктірген. Күмбездің сол жағында биіктігі 40 м обсерватория мұнарасында екі қанатқа жайыла жатқан спираль тәрізді құрылыстар түйіседі. Сарай қысқы бақтан, 800 орындық жартылай дөңгелек залдан, диаметрі 7 м, салмағы 3,5 т. 288 шамы бар алып люстралы салтанат залынан, спорт залының көлемі 1104 м3, жүзу бассейінінен, натуралистер бөлмесінен, көркемөнер студиясынан т.б. қосалқы құрылыстардан тұрады. Құрылысына Қаратау мәрмәрі, Қордай мен Балқаш граниті, Маңғыстаудың ұлутасы, ағаш, металл қолданылған.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Алматы құрылыс және менеджмент колледжі — құрылысшы мамандарына арнаулы орта білім беретін мемлекеттік оқу орны. 1930 ж. Алматы құрылыс техникумы болып ашылған. Алғашқы жылы “Өнеркәсіп және азаматтық құрылыс” мамандығына 120 адам қабылданды. Техникум 1993 ж. 23 наурыздағы ҚР Білім мин-гінің бұйрығымен Алматы құрылыс және менеджмент колледжі болып қайта құрылды. Колледждің күндіз оқытатын бөлімінде: ғимараттар мен үй салу және пайдалану, сәулеттік ортаның дизайны, газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін пайдалану, менеджмент, экономика, шаруашылық талдаудың бух. есебі, ішкі тех. сан. жүйелерді құру және пайдалану, есептеу машиналары, кешені, жүйелері және торабы мамандықтары бойынша кадрлар даярланады. 1997-98 оқу жылында 325 студент мамандық алды. Сырттай оқу бөлімі жұмыс істейді. Кітапхана, спорт кешені, жатақхана, 150 орындық асхана, ағаш шеберханасы бар. Жоғары білікті 55 оқытушы дәріс береді. Колледж жаңа ақпараттық оқу тех. мен компьютерлік тех-ны жасау, оларды оқу процесіне енгізу тұрғысынан аймақтық тірек орталығы болып табылады.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Алматы көлік және коммуникациялар колледжі — темір жол мамандарын даярлайтын мемлекеттік арнаулы орта оқу орны. Түркістан — Сібір темір жол политехникумы (1930) негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 ж. 8 мамырдағы қаулысымен Алматы көлік және коммуникациялар колледжі болып құрылды. Колледжде темір жол салу, жол және жол ш., темір жолдың составтарын техникалық күту, жөндеу және пайдалану, вагондар мен рефрижераторлы жүріс составтарын техникалық күту, жөндеу және пайдалану, темір жолды электрмен жабдықтау, темір жол көлігіндегі басқарудың автоматтандырылған жүйелерін техникалық күту және жөндеу, темір жол көлігіндегі тасымалды ұйымдастыру және жүрісті басқару, шаруашылық қызметін басқару, талдау және оның бух. есебі, экономикасы, темір жол транспортындағы коммерциялық қызмет мамандықтары бойынша кадрлар даярланады. 1625 студент (күндізгі және сыртай оқу бөлімдерінде) оқиды (1998). Әдістемелік құралдарымен жабдықталған 40 кабинет, лабораториялар, 3 жатақхана, спорт зал жұмыс істейді. 1930 — 98 ж-дар аралығында бұл оқу орнын 30 мыңнан астам орта-техникалық білімі бар маман кадрлар бітіріп шықты. Социалистік Еңбек Ерлері: М.К. Мұхамеджанов, А.П. Салықбаев, Мемл. сыйлықтың иегері А.Ж. Қаптағаев, физ.-мат. ғылым докторы Э.Е. Сои т. б. осы колледждің түлектері.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Ұсақ мал — қой мен ешкі түліктері. Зоотехникалық есептеулер бойынша ірі малдармен (түйе, жылқы, сиыр) салыстырғанда, тірідей салмақ көрсеткіші мен қоректік заттарға мұқтаждығы жөнінен орта есеппен 10 еседей төмен болады. Ұсақ малдардың тез өсіп-жетілуі мен төлшеңдігінің шаруашылық мәні зор, биологиялық ерекшеліктерге жатады. Ұсақ малдардан 2 жылда 3 рет, ал кейбіреулерінен жылына 2 рет төл алуға болады. Олар 15—17 жылға дейін тіршілік ететіндігіне қарамастан пайдалы өнімділік қасиеттерінің төмендейтіндігіне байланысты 6—7 жасқа дейін ғана бағылады.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Ұсақ титан-цирконий кен орны – Ақтөбе облысы Шалқар теңіз жағалауынан оңтүстікке қарай 182 км жерде орналасқан.
## Жатыс сипаты
Кенді құм жоғарғы олигоценнің жағалаулық-теңіз фацияларына жатады. Кен орташа қалыңдығы 5-7 м болып келетін екі кенді горизонттан тұрады. Ол 20 м тереңдіктен ашық әдіспен өндіріледі.
## Дереккөздер |
Алматы мемлекеттік экономикалық колледжі — экономикалық және политехникалық білім беретін мемлекеттік арнаулы орта оқу орны. Бұрынғы Алматы политехникумының (1942) негізінде 1996 ж. ҚР Үкіметінің қаулысымен қайта құрылды.
Колледж:
* нан пісіру, макарон, кондитерлік өндірісі;
* астық сақтау және өңдеу технологиясы;
* биохим. өндірісі;
* коммерция саласы;
* іс жүргізу және архивтану;
* өндірістегі тексеру;
* бух. есеп және экономика
мамандықтары бойынша кадрлар даярлайды. Колледждің оқу-материалдық базасы, оқу-лабораториялық ғимараты, наубайхана, оргтехника шеберханасы және Қапшағайда демалыс орны бар.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Алматы мешіттері — Алматы қаласындағы мұсылмандардың Аллаға құлшылық ететін орталықтары, қасиетті діни-ғұрыптық ғимараттар.
Қалада Кеңес өкіметі орнағанға дейін және оның бастапқы кезеңдерінде 12 мұсылман мешіті болған.
19 ғ-дың орта шенінде қазіргі Райымбек даңғылы мен Қазан көшесі қиылысында “Татар мешіті” салынған. 1887 жылғы жер сілкінісі кезінде оған едәуір зақым келіп, кейін қалпына келтірілген соң 1940 ж-ға дейін жұмыс істеп тұрды. Сол жылы мешіт ғимараты зат сақтайтын қойма ретінде Алматы пима жасау ф-сының есебіне өтті де, 1986 ж. ол “қойма” өртеніп кетті. Кейін саябаққа айналған ескі мешіт орнына алғашқы қалпындағыдай мешіт ғимараты салынды (1998). Қалада 19 ғ-да ең көп мешіт салдырған адам татар ұлтынан шыққан Ысқақбай деген кісі. Сол мешіттердің бірі қазіргі Д. Қонаев пен М. Мақатаев атындағы көшелер қиылысында (Алматы нан зауыты жанында) әлі тұр. Қазіргі Абылайхан даңғылы мен Жібек жолы көшелерінің қиылысына жақын жерде — “Сарттар мешіті” болған. “Дүңген мешіті” аталған мешіт те болыпты. Бірақ оның қай тұста орналасқаны ұмытылған. Қазіргі Фурманов және Гоголь көшелері қиылысында 20 ғ-дың бас кезінде әрі мешіт, әрі медресе болған ғимарат сақталған. Алматының 1998 ж-ға дейінгі Орталық мешіті ғимаратын өткен ғ-да аты беймәлім бір азамат (руы “шалақазақ”) өз қаражатына салдырған. Кейін оның жанынан жаңа үлгіде зәулім мешіт ғимараты бой көтерді. Бұл мешіт порталды-күмбезді әрі мұнаралы құрылыс үлгісіне жатады. Алдыңғы жағы әсем безендірілген аркалы портал, төрт бұрышында төрт мұнара, қырлы және дөңгелек қос барабан үстінен шығарылған көгілдір түсті үлкен күмбез және порталдың оң жағынан азан шақыратын дербес биік мұнарасы бар. Мешіт ғимаратының қас беті, күмбездің дөңгелек барабан-белдеуі, ішкі көріністері ұлттық ою-өрнектермен және арабша жазу-нақыштармен безендірілген. Қазақстан дербес мемлекетке айналғаннан кейінгі 7-8 жыл ішінде Алматыдағы мешіттер саны 18-ге жетті. Бұл мешіттердің ең көріктілері — Әл-Фараби даңғылы бойына салынған Хосни Мубарак атындағы кешендік Ислам мәдени қалашығы мен Алматы орталық мұсылмандар мешітінің жаңа ғимараты. 2023 жылы бойынша Алматы қаласында 58 мешіт бар.
## Дереккөздер |
Ұста — шебер, ісмер адам. Түрлі материалдардан тұрмысқа, күнделікті өмірге қажетті заттар, бұйымдар жасаған. Ұстаның негізгі құралдары: көрік, төс, ерітетін ожау, балғалар, көсеу, бұрғы, қашау, егеу, шеге, сым, қалыптар. Ұста қалыпта құю, соғу, шегендеу, қара бағдар қондыру, зер жүргізу, сіркелеу сияқты тәсілдерді қолданған. Қазақстан аумағындағы ұсталық өнер қола дәуірінен бастап кеңінен дамыған. Жасайтын материалына не бұйымына қарай дәстүрлі қазақ қоғамында ұсталар мүйізші, ерші, тоқушы (шыбық тоқушы), ағаш оюшы, сазгер, майдагер, мыскер, балғашы, таспашы, бәдізші, темірші, т.б. болып бөлінген. Көпшілік ұсталар ұсталықтың бірнеше түрін меңгерген. Халық арасындағы мәліметтерге қарағанда ұсталықпен бастапқыда бақсылар айналысқан. “Тәңірдің өзі жіберген іс істеуші адамдар” деп оларға халық аса құрметпен қараған. Темірші ұсталар өз ісіне кірісер алдында мал сойып, қан жағу, сүт шашу сияқты жоралғыларды жасап отырған және рухани тазалыққа мән берген. Ұсталар темірді төске басар кезде “менің қолым емес, Тәңірдің қолы” деп табынған. Мұнда “мен жасағам” деген менмендіктен арылу, сақтану бар. Жаугершілік заманда темірші ұста мен берен ұста өнері батырлықпен бірдей бағаланған. Себебі олар әрбір жауынгерге ең кемі бес қаруын, сауыт-дулығасын, т.б. қажетті заттарын тез арада дайындап беріп отырған. Ерші ұстаның қолынан шыққан ер-тұрмандар бірнеше малға бағаланған. Ұлттық саз аспаптарын жасайтын белгілі сазгер ұсталардың да туындыларын қазақ сал-серілері арнайы алдыртқан, тапсырыс берген. Дәстүрлі қазақ қоғамында ұсталық киелі кәсіп ретінде бағаланған. Ұста дүкенін, көрігін, құрал-саймандарын да киелі санаған. Ұсталық кәсіп ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырады.
## Ұста құралы
Үсталық әбзел (оснастка кузнечная) — ұсталық қалыптау өндірісінде қолданатын құралсайман.Үсталық көрік (горн кузнечный) — көмір отынына арналған ұсталық көрік, дайындама қыздыру жүретін, көмір салатын, ұя тәрізді шұңқыр ошақ — шойын қорапша орнатылған, қаланған кірпіштен тұрады.Үсталық ошақ (горн кузнечный) — шойын қорапшадан және іргетасы қаланған кірпіштен тұратын, көмір отынды қодданып дайындаманы қыздыратын, ұя тәрізді шұңқырлы ошақ.Үсталық пісіру (сварка кузнечная) — құймакесектің немесе дайындаманың ішкі ақауларын соғумен пісіру.Үсталық үзындатқанда өту; өтпе; юре беріс (проход при кузнечной протяжке) — дайындаманы өз осі бойымен бұрмай, соққышпен жүйелі кезекпен жаншудың жиынтығы.Үсталық үзындатқыш (протяжка кузнечная) — дайындаманың көлденең қимасының ауданын азайту арқылы ұзындығын үлкейтетін операция.
## Ұстахана
Ұстахана (Кузница) - соғужабдықтары орналасқан арнайы ғимарат.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Ашина Дучжы қаған (Ашина Шиюйбэйтин) — 676 жылдан 679 жылға дейін билік еткен Батыс Түрік қағанатының қағаны.
## Өмірбаяны
Ашина Мише шад қаза болған соң қағанаттың ыдырауына алғышарттар қалыптасты. 671 жылы Ашина Дучжы фуянь губернаторлығының басшысы болып тағайындалып, жауласқан тайпаларды тыныштандыру жайлы тапсырма алды. 676 жылы Дучжы айтарлықтай күш жинап өзін 10 аймақтың (дулу мен нушеби) ханы, яғни қаған деп жариялады.676 жылы Дучжы Тибетпен (патша Мансон Мацэн མང་སྲོང་མང་བཙན немесе Дуйсон Манпочжэ འདུས་སྲོང་མང་པོ་རྗེ) Қытайға қарсы одақтасты. Түріктер Кучке шабуыл жасады. Пэй Синцзянға қағанға тойтарыс беруге бұйрық берілді, алайда Синцзянь қулыққа басты. Синцзянь парсы ханзадасын отанына дейін апарып саламын деп, Тұрфанда қалып қойды. Ол жергілікті билеушілерге шақырту жіберді. Дучжы да сақтықпен Синцзянға келді. Ол қағанды, оның одақтастарын, түрік ханы Личжефуды бірден тұтқындап, Чанъаньға жөнелтті.
## Тағы қараңыз |
Дүйсенова Шолпан (18.03.1927 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы) — қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш баскетболшы.
1950 — 60 жылдары Қазақстан құрама командасында ойнап, команда капитаны болды. Дүйсенова Алматы дене тәрбиесі институтын бітіргеннен (1950) кейін Алматы дене тәрбиесі техникумында, №30 мектепте, “Динамо” командасында, кейnіннен Қарағандының политехнология, кооп. институттарында жаттықтырушылық әрі ұстаздық қызмет атқарды. Дүйсенова көптеген шәкірт баулап, оларды республика құрама командасына қосты. Алматы қаласы командасының құрамына Дүйсенова Қазақстанның (1947 — 1960), Қазақстан мен Орта Азия республикалары спартакиадасының (1954 — 1956) чемпионы атанды. 1954 — 55 жылдары Дүйсенова КСРО жастар құрама командасына қабылданды. КСРО Жоғары Кеңесінің “Құрмет” грамотасымен (1955), Бүкілодақтық спорт комитетінің дипломдарымен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің грамоталарымен, дипломдарымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Дүлдүл — халық ұғымындағы ең ұшқыр ат. Ислам дінін уағыздап, оны тарату жолында аянбай күрескен Әзірет Әлінің (Әли Әбу Талиб) мінген тұлпары да Дүдлүл деп аталған. Сондықтан бұл ат жылқы тұқымының ең асылы әрі қасиетті мал саналады.
## Дереккөздер
Қазақ энцклопедиясы |
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) — Қазақстан Республикасының ең алғашқы Жоғарғы оқу орны.
## Тарихы
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) – 1928 жылы 1 қыркүйекте қазақ мемлекеттік университеті атты бірінші қазақ жоғары оқу орны ашылады..
Онда бір ғана педагогика факультеті болады, ол үш бөлімнен тұрды: физика-математика; жаратылыстану; лингвистика-педагогика. Үш факультетті жаңадан қалыптастыру жоспарланды: педагогика, ауыл шаруашылығы, медицина. Олар өз қызметін 1932-33 оқу жылында бастауға міндетті еді. Халыққа білім беруді қарқынды дамыту үшін қайта ашылған ЖОО жеке педагогикалық институт ретінде жетілдіру қажет болды.
Сондықтан 1930 жылы университет қазақ мемлекеттік педагогикалық институты (ҚазПИ) болып аталды, ал 1935 жылы оған ұлы Абайдың есімі берілді. ҚазПИ бұрынғы Верный әйелдер гимназиясының бір қабатты ғимаратында орналасқан. Оқуға түсушілерге арнайы 5 айлық курстар жұмыс істей бастады, сонымен қатар педагогика техникум, педогогикалық училище және жұмысшыларға арналған факультет ашылды.
Жоғарыда көрсетілген оқу орындарына көбінесе жетім балалар үйінің тәрбиеленушілері, жалшылардың және орта шаруалар мен қызметкерлердің балаларының шектеулі саны қабылданатын болған. Республиканың халық ағарту ісінің оқу орындарын аймақтық бөлу 1928 жылы өтті. Институтқа қабылдау екі бөліктен тұрды: қыркүйек және қазан айларында. Нәтижесінде 124 адам қабылданды, оның 28-і әйел адам. Студенттер құрамы көпұлтты болды. Олардың ішінде қазақтар саны 76, орыстар саны 42, басқа ұлттар өкілдерінің саны 6 болды. 75%-ға жуық студенттер шәкіртақымен қамтамасыз етілді.
Мұқтаж болғандарға жатақханадан орын берілді. Студенттердің төмен деңгейдегі дайындығына байланысты оларға жалпы ғылыми пәндер бойынша атап айтатын болсақ, орыс тілі, қазақ тілі, математика, физикадан косымша сабақтар өткізілетін болған. 1 курста 9 оқытушы сабақ берген, оның үшеуі профессор, бесеуі доцент, біреуі ассистент. Институт халық арасында ғылыми-ағарту жұмыстарын жүргізген. ҚазПИ жанында 190 тындаушысы бар жексенбілік институт қалыптасқан. Оқытушылар еңбекшілерге дәрістер оқып, ғылыми баяндамалар жасады, институттың жанында сауатсыздықты жою мақсатымен мектеп ашылды. Қала тұрғындары арасында тақырыптық кештер, пікірталастар, конференциялар және басқа да мәдени-ағарту іс-шаралары жиі өткізілетін болған.
Кәсіби мамандандырылған ғылыми-педагогикалық кадрларды жинақтау ҚазПИ-дің сол уақыттағы маңызды мәселесінің бірі болды. Бұл мәселе екі жолмен шешілді: мамандардың жартысы орталық ЖОО шақырылды, ал қалғандары жергілікті кадрлардан дайындалды. Институттың қалыптасуы мен дамуына туыс республикалардың көптеген оқу орындары, атап айтсақ, Мәскеу мен Ленинградтың ЖОО үлкен үлесін қосты. Олар өз кітапханалары және кабинеттерге арналған құралдарымен бөлісті. Сол жылдары ҚазПИ-ге жұмыс істеуге атақты ғалымдар, мысалы: әдебиеттанушы Н.Фатов, математик Б.Кругляк, физик В. Литвинов, биолог С.Логинов, эмбриолог А.Захваткин және т.б. келген. Институтта қазақ халқының көрнекті өкілдері Ораз Жандосов, Сәкен Сейфуллин, Баймен Алманов, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмүхамедов, Ілияс Қабылов, Темірбек Жүргенов және т.б. жұмыс істеді.
Соғыс жылдарына дейінгі уақыт ЖОО үшін қызметтің қалыптасуы мен дамуындағы ең маңызды кезең болды. Институт қабырғасында дайындалған мұғалімдер санынын өсуі байқалды, қадрларды дайындау сапасы жақсартылды, студент жастарды тәрбиелеу мен оқыту дэстүрі қалыптастырылды. Институт ғылыми ой орталығының бірі болып табылды. Бұл жерде қазақстан тарихының дамуы мен қазақ тілі және әдебиетінің мәселелері қарастырылды, жаратылыстану ғылымдары саласында алғашқы зерттеу жұмыстары басталды.
Институт үшін Ұлы Отан соғысы жылдары қиын жылдар болды. Соғыс жылдарының қиындығына қарамастан студенттер қайсарлықпен білім алды. Көптеген оқу пәндері бойынша ғылыми және әдістемелік оқытудың деңгейі көтерілді, оған себеп соғысқа байланысты Алматыға көшірілген КСРО-ның әртүрлі қалаларынан шақыртылған ғалымдар еді. Олардың кұрамында ақадемиктер И.Мещанинов, В.Чернышев, В.Фесенко, профессорлар А.Глаголов, М.Рубинштейн, И.Палунск, Р.Фридман және т.б. болды. Соғыс жылдары енбектегі ерліктері үшін институттын онға жуық оқытушылары, қызметкерлері, студенттері Отанның жоғары жүлдесі Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды: Мәлік Ғабдуллин, Лесбек Жолдасов, Қанаш Камзин, Рахымжан Тоқтаев, Ахмедияр Хұсайнов, Саду Шакирим.
Соғыс жылдарынан кейін Абай атындағы ҚазПИ-дің қызметінің барлық салалары сапалы өзгерістерге ұшырады, ол Қазақстанның экономика және мәдениетінің дамуы жаңа кезенінің белгілі мақсаттарына байланысты. Осыған сәйкес оқу-тәрбие қызметінің әдістері мен тұлғалары, ғылыми мәселелер және институттың құрылымы белгіленді. Профессор-оқытушылар құрамының мақсаты, тандаған мамандықтары бойынша терең ғылыми білімді меңгеру, кәсіби қасиетті және мұғалімдік мамандыққа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Мектептегі кәсіби мұғалімдерге сұраныстың өсуіне байланысты институтқа студенттерді қабылдау кеңейтілді. Егер соғыстан кейінгі 1946 жылы 1 курстың күндізгі бөліміне 362 студент қабылданса, ал 1956 жылы оның саны 567-ге өсті. Мәселені шешу үшін университет мамандарды дайындауды халықаралық стандарттарға сәйкестендірді.
Жоғары оқу орны 1993/94 оқу жылынан бастап кадрларды дайындау үшін көп деңгейлі жүйеге, сондай-ак, екі кезеңдік білім берудің "4+2" моделі бойынша өтеді. 1 кезең бакалаврлық атаққа иелік ету үшін 4 жыл дайындық, 2 кезең болашақта аспирантураға түсу мақсатымен магистр атағына ие болу 2 жыл дайындықты қажет етеді. Сонымен қатар мамандарды дайындау құрылымы қайта қаралады. Соңғы жылдары "Банк ісі", "Салық салу", "Маркетинг және сауда", "Шығыстану", "Араб тілі", "Мүсін", "Информатика және ағылшын тілі", "Биология психология", "Халықаралық туризм", "Халықаралық кұқық", "Психология" сияқты жаңа мамандықтар ашылды. Факультеттер мен кафедралар да құрылымдық өзгерістерге ұшырады.
Екі факультет құрылды: халықаралық қатынастар және қаржы-экономика. Оқу процесін қамтамасыз ету үшін жаңа мамандықтар бойынша қажетті кафедралар құрылды. Университет дамуының қысқаша тарихы: 1928 жылы 1 қыркүйек Алматы қаласында қазақ мемлекеттік университеті жұмыс істей бастады. 1930 жылы қазақ мемлекеттік университеті қазақ мемлекеттік педагогикалық институты (ҚазПИ) болып өзгертілді.
1935 жылы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына ұлы қазақ ағартушысы Абайдың есімі берілді. 1990 жылы Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогикалық институты Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті болып өзгертілді.1992 жылы 24 қарашасында ҚР Министрлер Кабинетінің Қаулысымен Абай атындағы ҚазМПУ Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті болып өзгертілді. 1993 жылы екі кезеңдік білім беру "4+2" моделі бойынша кадрларды дайындау үшін университет көп денгейлі жүйеге өтті.1996 жылы "ТАСИС" бағыты бойынша оқу және ғылым қызметінің халықаралық аудитін Қазақстанда сәтті жүзеге асырғандардың бірі Абай атындағы АлМУ. 1998 жылы орнатылған кесте бойынша Абай атындағы АлМУ қызметі мемлекеттік аттестациялаудан сәтті өтті.
2000 жылы тамыз айында КР Үкіметінің Қаулысымен Абай атындағы АлМУ "Абай атындағы Алматы университеті" ЖАҚ болып өзгертілді. 2001 жылы мемлекеттік аккредитациядан, 2003 жылы мемлекеттік аттестациядан сәтті өтті. 2003 жылы желтоқсан айында ҚР Үкіметінің Қаулысымен ЖАҚ "Абай атындағы Алматы университеті" Білім және ғылым министірлігінің шаруашылықты жүргізу құқығы бойынша "Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті" Республикадағы мемлекеттік кәсіпорны болып өзгертілді.
2005 жылы МС ИСО 9001:2000 сапа саласындағы халықаралық стандарттарға университеттің сапа менеджмент жүйесінің сәйкестігін (СМЖ) сыртқы сертификациялық аудит анықтайды, оған IQNet халықаралық Сертификат және "Русский Регистр" Сертификаты (тіркеу номірі RU05.334.026) 2005 жылы 10 қарашада дәлел болады. 2006 жылы ҚР БҒМ өткізген оқытудың несие жүйесі бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ эксперимент базасы болып табылады. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) Қазақстандағы ең ірі жоғары оқу орындарының бірі. Жоғары оқу орнында үздік білім беру жүйесі қалыптасты және жүзеге асты.
## Ректорлар тізімі
Университет ашылғалы бірнеше ректор болды, олар:
* Санжар Жапарұлы Аспандияров (медицина)
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры1928-1931 жж.
* Алманов Баймен Алманович
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры1931 - 1934 жж.(қуғын-сүргін құрбаны)
* Сакаев Ш
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1934 - 1935 жж.(қуғын-сүргін құрбаны)
* Бекжанов Шаихислам
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры1935 - 1937 жж.
* Толыбеков Серғали Еспембетұлы
(экономика)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1937 -1941 жж.1946 - 1950 жж.1963 - 1974 жж.
* Әділгереев Халел Мұхамеджанұлы
(тарих)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1941 - 1942 жж.
* Ахмеди Ысқақұлы Ысқақов
(қазақ филологиясы)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1942 - 1946 жж.
* Закарин Асқар
(математика)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1950 - 1953 жж.
* Мәлік Ғабдуллин
(қазақ филологиясы)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1953 - 1963 жж
* Жүнісбек Жұмабеков
(тарих)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1974 - 1980 жж.
* Қасымов Құлжабай Әбдіхалықұлы
(математика)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1980 - 1987 жж.
* Тоқмұхамед Сәлменұлы Садықов (тарих)
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1987 - 2008 жж.
## Проректорлар
* Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Ермағанбетов Мүбарак Ермағанбетұлы
* Oқу ісі жөніндегі проректоры Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы
* Ғылыми ісі жөніндегі проректоры Косов Владимир Николаевич
* Халықаралық байланыс ісі жөніндегі проректоры Медеуова Дана Темиртайқызы
* Тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ішпекбаев Жанатбек Ешенқожаұлы
* Экономика және өндіріс мәселелері бойынша проректоры Кулжабаев Бауржан Джамалбекович
* Аппарат жетекшісі Сманов Бақтияр Өрісбайұлы
## Факультеттері
Қазіргі таңда университет құрамындағы 8 факультет, 1 институт және әскери кафедра бойынша білім беріледі:
* Математика, физика және информатика факультеті
* Педагогика және психология факультеті
* Филология факультеті
* Жаратылыстану және география факультеті
* Өнер факультеті
* Тарих және құқық факультеті
* Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті
* Foundation факультеті
* Сорбонна-Қазақстан институты
* Әскери кафедра
## Университет кафедралары
* Мемлекеттік тіл кафедрасы
* Философия және ғылымдар әдіснамасы кафедрасы
* Педагогика кафедрасы
* Ұлттық тәрбие кафедрасы
* Академик С.Т. Садыков атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы
* Шет тілдер кафедрасы
* Әскери кафедрасы
Мамандарды дайындау 60 кафедрада 54 мамандық бойынша жүргізіледі.
Университетте күндізгі, кешкі, сырттай және қашықтан оқыту формалары бойынша 25 мыннан астам студенттер білім алуда. Сонымен қатар жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті бар (1,5 мың тындаушы). ҚазҰПУ Ұлы Еуропалық университеттер одағына косылды (Magna Charta Universitatum). Magna Charta косылу Келісімшарттың қатысушысы ғылым және білім беру саласындағы халықаралық стандарттарға жауап беретін унивеситеттердің және әлемнің алдыңғы қатарлы білім беру және ғылыми орталықтарының қатарына кіретіндігін білдіреді.
## Кітапхана
Университеттің ғылыми кітапханасы 1928 жылы ашылады. Кітапхана құрылған кезде оның қорында 40 000-ға жуық кітап болады. Оның негізін Верный гимназияның кітапханасы мен жеке коллекциядағы кітаптардан құралған. Алғаш рет кітапханада 1-ақ кітапханашы қызмет істейді. Кітапхана қазіргі таңда Республика бойынша жоғары оқу орындарының ірі ғылыми кітапханаларының біріне айналды. Дәл қазіргі таңда кітапхана - 1-категорияға ие. Кітапхана қорында 2 520 722 дана кітап бар, ал оған тағы басқа басылымдарды қоссақ, әлдеқалай арта түседі. Кітап қоры - әр түрлі ғылым салаларының әдебиеттеріне бай. Кітапхана қорында ХYIII –XX ғасырларда түрлі білім саласы бойынша жарық көрген сирек кітаптар да кездеседі. Алматы және Алматы облысының жоғарғы және орта оқу орындарының кітапханалары үшін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасы 1997 жылғы 31 қантардың ҚР білім және ғылым Министрінің №33 бұйрығы бойынша оқу-әдістемелік орталығы болып саналады. Кітапхана - Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының Ассоциация мүшесі болып саналады.
Материалдық-техникалық база. Кітапханада 56 компьютер бар. Оның барлығы қазіргі заманға сай лиценцияланған Windows XP операциялық жүйемен, офистік және вирусқа қарсы бағдарламамен қамтамасыз етілген. Офистік техникасының жалпы саны: 9 принтер, 4 сканер, 2 ксерокс. 56 компьютердің – 45-і студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне арналған. Қосымша электрондық ресурс залы бар. Барлық компьютерлер Интернет жүйесіне қосылған және қосымша 2 локалдық жүйесі бар. Бірінші жүйесі - кітапхана бөлімдерінің автоматтандырылған жұмыс орындарын біріктіреді, ал екіншісі - электронды ресурс залы үшін қосылған. Қазіргі таңда кітапхана автоматтандырылған «РАБИС-АБАЙ» бағдарламасы бойынша жұмыс істелінеді. Оқырмандарға қызмет көрсету тиімділігін арттыру мақсатында жаңа «ИРБИС» жобасы пайдаланады.
Күнделікті қызмет. Кітапханада оқырмандарға қызмет көрсету үшін үш абонемент, 12 оқу залы ашылған. Кітапхана бөлімшесінің оқу залында диссертация және авторефераттар қоры бар. Олармен университеттің аспиранттары, бітіруші студенттері, ізденушілері пайдаланылады. Электрондық зал ашылғанына байланысты оқырмандар электрондық баспаларды осы залда пайдаланады және де басқа оқулықтар мен оқу құралдарын осы залдан табуға болады. Кітапханада «Юрист» электрондық-құқық жүйесі бар, онда зандар, қаулылар, министрдің бұйрықтары, ережелері және тағы басқа да заңдар бар. Бұл залда оқырмандарға ерекше жағдай жасалынған. Жаңа «ИРБИС» бағдарламасы бойынша оқырманға қызмет көрсету бөлімі «кітап беру» модулімен жүзеге асырады. Кітапхана университет кафедраларымен тығыз байланыста бола отырып, тапсырыс алып, үнемі ізденісте жүреді. Әсіресе, анықтамалық-библиографиялық бөлімнің еңбектері көрініп-ақ тұрады. Олар оқу залына түскен жаңа әдебиеттерге көрме ұйымдастырады, оқырмандарға жолдама береді, әдебиеттер тізімін жаңартып отырады. Тіпті, студенттерге анықтама-библиографиялық сабақ өткізеді, және де дипломдық жұмыстың орындалуына анықтама-библиографиялық және ақпараттық басшылық жасайды. Кітапхана қызметкерлері университеттің оқу және ғылыми процесін қамтамасыз етуге қатысып қана қоймай, студенттер арасында мәдени-көпшілік жұмыстар жүргізеді. Атап айтқанда, конференциялар ұйымдастырады, факультеттермен біріге отырып ақын-жазушылар мен кездесулер ұйымдастырып, көрмелер қояды.
Бөлімшелердің құрылысы Кітапханада 7 бөлім бар:
* 1.Қызмет көрсету бөлімі
* Барлық факультеттерге арналған жалпы абонемент
* 1-ші курс студенттеріне арналған абонемент
* 1) физика-математика факультетінің оқу залы
* 2) география-экология факультетінің оқу залы
* 3) заң факультетінің оқу залы
* 4) тарих факультетінің оқу залы
* 5) психология-педагогика және филология факультеттерінің оқу залдары
* 6) көркем-сурет факультетінің оқу залы
* 7) қаржы-экономика факультетінің оқу залы
* 8) халықаралық қатынас факультетінің оқу залы
* 9) қазақ филология факультетінің оқу залы
* 10)электрондық ресурс залы
* 11) жатақханада 2 оқу залы
2)Әдебиеттерді жинақтау бөлімі 3) Әдебиеттерді ғылыми өңдеу және каталогизациялау бөлімі 4) Кітап қорын сақтау бөлімі 5) Анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық бөлімі 6) Кітапхана процесінің автоматтандыру және компьютерлендіру бөлімі 7) Жаратылыстану-география факультетіндегі филиал
Электрондық каталог Кітапханада электронды каталогта 15 мың жазбалар құрайды –кітапхана бөлімінің www.Kaznpu.kz сайте орналасқан. 1997 жылдан бастап әдебиеттер ұсынылған
## Сыртқы сілтеме
http://www.kaznpu.kz/kz/?lnk=jhj
## Дереккөздер |
Құтбай Дүрбаев (Құттыбай) (25 мамыр 1906, бұрынғы Ақмешіт уезі, Өзгенттөбе ауылы — 4 қаңтар 1971, Өзбекстан, Жоғары Шыршық ауданы) — Өзбекстанда тұратын қазақ диаспорасының музыкалық-поэтикалық мұрасын жинап насихаттаушы, орындаушылық дәстүрді жалғастырушы.
Қожа руынан шыққан.
* Дүрбаевтың “Құтбайдың өзімен таныстыруы”, “Құтбайдың Нартайға айтқаны” деген термелерін өнер зерттеуші Т.Бекхожина жазып алып, “Қазына” этнографиялық жинағында жариялаған (1979).
* “Кенжеқожаның термелері”, “Кенжеқожаның ақындарға берген сыны”, т.б. Құтбайдың орындауында нотаға түскен.
* Оның репертуарындағы “Аю мен адамның достығы”, “Мерт болған жолбарыс”, “Кенжеқожаның 1-термесі”, т.б. “Қазақтың 200 әні” (1972), “Қазақтың музыкалық фольклоры” (1982) жинақтарына енген.
* Дүрбаевтың түрікмен халқының аса көрнекті ақыны Мақтымқұлының сөзіне жазылған “Сұлу” (“Қалқа”) атты әні халыққа кең танымал.
## Дереккөздер: |
Дүрбіт, дөрвөт — қазіргі моңғолдардың құрамындағы ежелгі тайпа.
Көне моңғол жазбаларында дүрбіттерді Оғыз тайпалары одағының қият тайпасынан шыққан Бөрте Чинөнің (Н.Бичурин “Бертеченьхан” деп атаған) 12-ұрпағы, Добун Мергеннің ағасы Дува Соқырдан өрбиді деп көрсеткен.
Дува өлгеннен кейін оның төрт ұлы ағасы Добун Мергенге бағынбай бөлініп, Дөрвөндер (төрттік) атанып кетеді. Шыңғыс хан Жамұқадан бөлініп, жеке шаңырақ көтергенде Дүрбіттің Мөчи будун бастаған тобы Шыңғыс ханға келіп қосылады. Дүрбіт бұл кезде Орман елінің негізгі тобын құрайтын төрт ойраттың құрамында болған. Алғашында Дүрбіттер Шыңғыс ханның жарлығымен Хорчы Ноянның қол астында болады да, 1207 жылы Орман елін бағындыру үшін әдейі келген Жошыға бағынды. Дүрбіттің негізгі бөлігі 14 ғасырда бұрынғы қырғыз, наймандар мекен еткен Увс, Қарқара жотасы маңына қоныс аударып, сонда тұрақтап қалды. Мұнда қоныс тепкен Дүрбіттер кейін төрт ойрат тайпасы (чорос, дүрбіт, торгут, хошуд) құрамында Жоңғар хандығын құрып, жоңғарлардың қазақ даласына, Орталық Азияға жасаған шапқыншылығына қатысқан. Ал дүрбіттердің тағы бір бөлігі Шыңғыс хан әскерлерімен Орталық Азияға келіп, қалып қояды. Олардың ұрпақтары қазір өзбек, қырғыз, ноғай халықтары арасында кездеседі. Дүрбіт тайпасының ежелгі атауы, этно салты қазіргі Батыс Моңғолияда сақталған. Моңғолияның Увс аймағын, негізінен, баяуд, Дүрбіттер құрайды. Моңғол тілінде сөйлейді, будда дінін ұстанады, бірақ ежелгі салт-дәстүрі, этникалық ерекшеліктері сақталған.
## Дереккөздер |
Мәзмұлы Ікей (1916, Алтай тауы — 24.7.1939, Халхин-Гол, Моңғолия) — Моңғолия қазақтары арасында “Моңғолияның Халық батыры” (18.08.1979) атағын алған тұңғыш қазақ. 1931 ж. Тұлба бастауыш мектебінде, кейіннен Қобда қаласындағы моңғол мектебінде оқыды. Ұланбатыр қаласындағы әскери мектепті бітірген соң арнаулы дивизияға жіберіледі. 1939 жылы шілдеде жапон басқыншыларына қарсы Халхин-Голда болған шайқасқа қатысты. Мәзмұлы басқарған бөлімше ұөлөгт-Манхан биіктігіне жасалған шабуылда ерекше көзге түсті. Мәзмұлының өзі әскери тапсырманы орындау барысында ерлік көрсетіп, қаза тапты. Мәзмұлы Жауынгерлік Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. Өлгий қаласындағы қазақ орта мектебінің алдына Мәзмұлына арнап ескерткіш орнатылған.
## Дереккөздер |
Бодун, бойун (“халық”, “қауым”, “бағынышты ел”) — ежелгі және орта ғасырларда түркілер арасында қандас туыстықты, саяси тұтастықты білдірген атау. Алғаш рет ежелгі түркі сына жазбаларында ұшырасады. Күлтегін тас жазуында “Мен өзім тардуш халқына (бодун) шад болдым… Тоғыз оғыз халқы (бодун) “менің өз халқым болды (бодуным ерті)” деп жазылған. Бодун атауы “ру”, “тайпа” мағынасындағы түріктің ежелгі “бод” сөзіне көптік жалғауы жалғану арқылы шыққан. Әдепкі кезде ол тілі мен этникалық жағынан өзара жақын түркі тайпаларының бірлестігін білдірген. Кейін мағынасы өзгеріп, Бодун жалпы халық, бұқара (қара бодун) деген мәнге ие болды.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том |
Бөкеева Зәуреш Мұхаметкерейқызы, бұрынғы Бөкей Ордасы — 1956, Ташкент) — суретші.
Жәңгір хан әулетінен. Әкесінің інісі Ш. Бөкеевтің қолында тәрбие алған. Оның арнайы шақыруымен келген италиялық суретшіден дәріс алған. Бірнеше шет тілдерін білген. Ж. Сейдалин, А. Бірімжанов, А. Қалменов, Ғ. Қарашев секілді қазақ зиялыларымен пікірлесіп тұрған. Бөкеева салған суреттер Азамат соғысы жылдарында және одан кейінгі кезеңдерде жоғалып, бүгінгі күнге дейін жетпеді.
## Дереккөздер |
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) — Қазақстан Республикасының ең алғашқы Жоғарғы оқу орны.
## Тарихы
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) – 1928 жылы 1 қыркүйекте қазақ мемлекеттік университеті атты бірінші қазақ жоғары оқу орны ашылады..
Онда бір ғана педагогика факультеті болады, ол үш бөлімнен тұрды: физика-математика; жаратылыстану; лингвистика-педагогика. Үш факультетті жаңадан қалыптастыру жоспарланды: педагогика, ауыл шаруашылығы, медицина. Олар өз қызметін 1932-33 оқу жылында бастауға міндетті еді. Халыққа білім беруді қарқынды дамыту үшін қайта ашылған ЖОО жеке педагогикалық институт ретінде жетілдіру қажет болды.
Сондықтан 1930 жылы университет қазақ мемлекеттік педагогикалық институты (ҚазПИ) болып аталды, ал 1935 жылы оған ұлы Абайдың есімі берілді. ҚазПИ бұрынғы Верный әйелдер гимназиясының бір қабатты ғимаратында орналасқан. Оқуға түсушілерге арнайы 5 айлық курстар жұмыс істей бастады, сонымен қатар педагогика техникум, педогогикалық училище және жұмысшыларға арналған факультет ашылды.
Жоғарыда көрсетілген оқу орындарына көбінесе жетім балалар үйінің тәрбиеленушілері, жалшылардың және орта шаруалар мен қызметкерлердің балаларының шектеулі саны қабылданатын болған. Республиканың халық ағарту ісінің оқу орындарын аймақтық бөлу 1928 жылы өтті. Институтқа қабылдау екі бөліктен тұрды: қыркүйек және қазан айларында. Нәтижесінде 124 адам қабылданды, оның 28-і әйел адам. Студенттер құрамы көпұлтты болды. Олардың ішінде қазақтар саны 76, орыстар саны 42, басқа ұлттар өкілдерінің саны 6 болды. 75%-ға жуық студенттер шәкіртақымен қамтамасыз етілді.
Мұқтаж болғандарға жатақханадан орын берілді. Студенттердің төмен деңгейдегі дайындығына байланысты оларға жалпы ғылыми пәндер бойынша атап айтатын болсақ, орыс тілі, қазақ тілі, математика, физикадан косымша сабақтар өткізілетін болған. 1 курста 9 оқытушы сабақ берген, оның үшеуі профессор, бесеуі доцент, біреуі ассистент. Институт халық арасында ғылыми-ағарту жұмыстарын жүргізген. ҚазПИ жанында 190 тындаушысы бар жексенбілік институт қалыптасқан. Оқытушылар еңбекшілерге дәрістер оқып, ғылыми баяндамалар жасады, институттың жанында сауатсыздықты жою мақсатымен мектеп ашылды. Қала тұрғындары арасында тақырыптық кештер, пікірталастар, конференциялар және басқа да мәдени-ағарту іс-шаралары жиі өткізілетін болған.
Кәсіби мамандандырылған ғылыми-педагогикалық кадрларды жинақтау ҚазПИ-дің сол уақыттағы маңызды мәселесінің бірі болды. Бұл мәселе екі жолмен шешілді: мамандардың жартысы орталық ЖОО шақырылды, ал қалғандары жергілікті кадрлардан дайындалды. Институттың қалыптасуы мен дамуына туыс республикалардың көптеген оқу орындары, атап айтсақ, Мәскеу мен Ленинградтың ЖОО үлкен үлесін қосты. Олар өз кітапханалары және кабинеттерге арналған құралдарымен бөлісті. Сол жылдары ҚазПИ-ге жұмыс істеуге атақты ғалымдар, мысалы: әдебиеттанушы Н.Фатов, математик Б.Кругляк, физик В. Литвинов, биолог С.Логинов, эмбриолог А.Захваткин және т.б. келген. Институтта қазақ халқының көрнекті өкілдері Ораз Жандосов, Сәкен Сейфуллин, Баймен Алманов, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмүхамедов, Ілияс Қабылов, Темірбек Жүргенов және т.б. жұмыс істеді.
Соғыс жылдарына дейінгі уақыт ЖОО үшін қызметтің қалыптасуы мен дамуындағы ең маңызды кезең болды. Институт қабырғасында дайындалған мұғалімдер санынын өсуі байқалды, қадрларды дайындау сапасы жақсартылды, студент жастарды тәрбиелеу мен оқыту дэстүрі қалыптастырылды. Институт ғылыми ой орталығының бірі болып табылды. Бұл жерде қазақстан тарихының дамуы мен қазақ тілі және әдебиетінің мәселелері қарастырылды, жаратылыстану ғылымдары саласында алғашқы зерттеу жұмыстары басталды.
Институт үшін Ұлы Отан соғысы жылдары қиын жылдар болды. Соғыс жылдарының қиындығына қарамастан студенттер қайсарлықпен білім алды. Көптеген оқу пәндері бойынша ғылыми және әдістемелік оқытудың деңгейі көтерілді, оған себеп соғысқа байланысты Алматыға көшірілген КСРО-ның әртүрлі қалаларынан шақыртылған ғалымдар еді. Олардың кұрамында ақадемиктер И.Мещанинов, В.Чернышев, В.Фесенко, профессорлар А.Глаголов, М.Рубинштейн, И.Палунск, Р.Фридман және т.б. болды. Соғыс жылдары енбектегі ерліктері үшін институттын онға жуық оқытушылары, қызметкерлері, студенттері Отанның жоғары жүлдесі Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды: Мәлік Ғабдуллин, Лесбек Жолдасов, Қанаш Камзин, Рахымжан Тоқтаев, Ахмедияр Хұсайнов, Саду Шакирим.
Соғыс жылдарынан кейін Абай атындағы ҚазПИ-дің қызметінің барлық салалары сапалы өзгерістерге ұшырады, ол Қазақстанның экономика және мәдениетінің дамуы жаңа кезенінің белгілі мақсаттарына байланысты. Осыған сәйкес оқу-тәрбие қызметінің әдістері мен тұлғалары, ғылыми мәселелер және институттың құрылымы белгіленді. Профессор-оқытушылар құрамының мақсаты, тандаған мамандықтары бойынша терең ғылыми білімді меңгеру, кәсіби қасиетті және мұғалімдік мамандыққа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Мектептегі кәсіби мұғалімдерге сұраныстың өсуіне байланысты институтқа студенттерді қабылдау кеңейтілді. Егер соғыстан кейінгі 1946 жылы 1 курстың күндізгі бөліміне 362 студент қабылданса, ал 1956 жылы оның саны 567-ге өсті. Мәселені шешу үшін университет мамандарды дайындауды халықаралық стандарттарға сәйкестендірді.
Жоғары оқу орны 1993/94 оқу жылынан бастап кадрларды дайындау үшін көп деңгейлі жүйеге, сондай-ак, екі кезеңдік білім берудің "4+2" моделі бойынша өтеді. 1 кезең бакалаврлық атаққа иелік ету үшін 4 жыл дайындық, 2 кезең болашақта аспирантураға түсу мақсатымен магистр атағына ие болу 2 жыл дайындықты қажет етеді. Сонымен қатар мамандарды дайындау құрылымы қайта қаралады. Соңғы жылдары "Банк ісі", "Салық салу", "Маркетинг және сауда", "Шығыстану", "Араб тілі", "Мүсін", "Информатика және ағылшын тілі", "Биология психология", "Халықаралық туризм", "Халықаралық кұқық", "Психология" сияқты жаңа мамандықтар ашылды. Факультеттер мен кафедралар да құрылымдық өзгерістерге ұшырады.
Екі факультет құрылды: халықаралық қатынастар және қаржы-экономика. Оқу процесін қамтамасыз ету үшін жаңа мамандықтар бойынша қажетті кафедралар құрылды. Университет дамуының қысқаша тарихы: 1928 жылы 1 қыркүйек Алматы қаласында қазақ мемлекеттік университеті жұмыс істей бастады. 1930 жылы қазақ мемлекеттік университеті қазақ мемлекеттік педагогикалық институты (ҚазПИ) болып өзгертілді.
1935 жылы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына ұлы қазақ ағартушысы Абайдың есімі берілді. 1990 жылы Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогикалық институты Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті болып өзгертілді.1992 жылы 24 қарашасында ҚР Министрлер Кабинетінің Қаулысымен Абай атындағы ҚазМПУ Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті болып өзгертілді. 1993 жылы екі кезеңдік білім беру "4+2" моделі бойынша кадрларды дайындау үшін университет көп денгейлі жүйеге өтті.1996 жылы "ТАСИС" бағыты бойынша оқу және ғылым қызметінің халықаралық аудитін Қазақстанда сәтті жүзеге асырғандардың бірі Абай атындағы АлМУ. 1998 жылы орнатылған кесте бойынша Абай атындағы АлМУ қызметі мемлекеттік аттестациялаудан сәтті өтті.
2000 жылы тамыз айында КР Үкіметінің Қаулысымен Абай атындағы АлМУ "Абай атындағы Алматы университеті" ЖАҚ болып өзгертілді. 2001 жылы мемлекеттік аккредитациядан, 2003 жылы мемлекеттік аттестациядан сәтті өтті. 2003 жылы желтоқсан айында ҚР Үкіметінің Қаулысымен ЖАҚ "Абай атындағы Алматы университеті" Білім және ғылым министірлігінің шаруашылықты жүргізу құқығы бойынша "Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті" Республикадағы мемлекеттік кәсіпорны болып өзгертілді.
2005 жылы МС ИСО 9001:2000 сапа саласындағы халықаралық стандарттарға университеттің сапа менеджмент жүйесінің сәйкестігін (СМЖ) сыртқы сертификациялық аудит анықтайды, оған IQNet халықаралық Сертификат және "Русский Регистр" Сертификаты (тіркеу номірі RU05.334.026) 2005 жылы 10 қарашада дәлел болады. 2006 жылы ҚР БҒМ өткізген оқытудың несие жүйесі бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ эксперимент базасы болып табылады. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) Қазақстандағы ең ірі жоғары оқу орындарының бірі. Жоғары оқу орнында үздік білім беру жүйесі қалыптасты және жүзеге асты.
## Ректорлар тізімі
Университет ашылғалы бірнеше ректор болды, олар:
* Санжар Жапарұлы Аспандияров (медицина)
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры1928-1931 жж.
* Алманов Баймен Алманович
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры1931 - 1934 жж.(қуғын-сүргін құрбаны)
* Сакаев Ш
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1934 - 1935 жж.(қуғын-сүргін құрбаны)
* Бекжанов Шаихислам
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры1935 - 1937 жж.
* Толыбеков Серғали Еспембетұлы
(экономика)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1937 -1941 жж.1946 - 1950 жж.1963 - 1974 жж.
* Әділгереев Халел Мұхамеджанұлы
(тарих)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1941 - 1942 жж.
* Ахмеди Ысқақұлы Ысқақов
(қазақ филологиясы)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1942 - 1946 жж.
* Закарин Асқар
(математика)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1950 - 1953 жж.
* Мәлік Ғабдуллин
(қазақ филологиясы)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1953 - 1963 жж
* Жүнісбек Жұмабеков
(тарих)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1974 - 1980 жж.
* Қасымов Құлжабай Әбдіхалықұлы
(математика)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1980 - 1987 жж.
* Тоқмұхамед Сәлменұлы Садықов (тарих)
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1987 - 2008 жж.
## Проректорлар
* Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Ермағанбетов Мүбарак Ермағанбетұлы
* Oқу ісі жөніндегі проректоры Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы
* Ғылыми ісі жөніндегі проректоры Косов Владимир Николаевич
* Халықаралық байланыс ісі жөніндегі проректоры Медеуова Дана Темиртайқызы
* Тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ішпекбаев Жанатбек Ешенқожаұлы
* Экономика және өндіріс мәселелері бойынша проректоры Кулжабаев Бауржан Джамалбекович
* Аппарат жетекшісі Сманов Бақтияр Өрісбайұлы
## Факультеттері
Қазіргі таңда университет құрамындағы 8 факультет, 1 институт және әскери кафедра бойынша білім беріледі:
* Математика, физика және информатика факультеті
* Педагогика және психология факультеті
* Филология факультеті
* Жаратылыстану және география факультеті
* Өнер факультеті
* Тарих және құқық факультеті
* Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті
* Foundation факультеті
* Сорбонна-Қазақстан институты
* Әскери кафедра
## Университет кафедралары
* Мемлекеттік тіл кафедрасы
* Философия және ғылымдар әдіснамасы кафедрасы
* Педагогика кафедрасы
* Ұлттық тәрбие кафедрасы
* Академик С.Т. Садыков атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы
* Шет тілдер кафедрасы
* Әскери кафедрасы
Мамандарды дайындау 60 кафедрада 54 мамандық бойынша жүргізіледі.
Университетте күндізгі, кешкі, сырттай және қашықтан оқыту формалары бойынша 25 мыннан астам студенттер білім алуда. Сонымен қатар жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті бар (1,5 мың тындаушы). ҚазҰПУ Ұлы Еуропалық университеттер одағына косылды (Magna Charta Universitatum). Magna Charta косылу Келісімшарттың қатысушысы ғылым және білім беру саласындағы халықаралық стандарттарға жауап беретін унивеситеттердің және әлемнің алдыңғы қатарлы білім беру және ғылыми орталықтарының қатарына кіретіндігін білдіреді.
## Кітапхана
Университеттің ғылыми кітапханасы 1928 жылы ашылады. Кітапхана құрылған кезде оның қорында 40 000-ға жуық кітап болады. Оның негізін Верный гимназияның кітапханасы мен жеке коллекциядағы кітаптардан құралған. Алғаш рет кітапханада 1-ақ кітапханашы қызмет істейді. Кітапхана қазіргі таңда Республика бойынша жоғары оқу орындарының ірі ғылыми кітапханаларының біріне айналды. Дәл қазіргі таңда кітапхана - 1-категорияға ие. Кітапхана қорында 2 520 722 дана кітап бар, ал оған тағы басқа басылымдарды қоссақ, әлдеқалай арта түседі. Кітап қоры - әр түрлі ғылым салаларының әдебиеттеріне бай. Кітапхана қорында ХYIII –XX ғасырларда түрлі білім саласы бойынша жарық көрген сирек кітаптар да кездеседі. Алматы және Алматы облысының жоғарғы және орта оқу орындарының кітапханалары үшін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасы 1997 жылғы 31 қантардың ҚР білім және ғылым Министрінің №33 бұйрығы бойынша оқу-әдістемелік орталығы болып саналады. Кітапхана - Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының Ассоциация мүшесі болып саналады.
Материалдық-техникалық база. Кітапханада 56 компьютер бар. Оның барлығы қазіргі заманға сай лиценцияланған Windows XP операциялық жүйемен, офистік және вирусқа қарсы бағдарламамен қамтамасыз етілген. Офистік техникасының жалпы саны: 9 принтер, 4 сканер, 2 ксерокс. 56 компьютердің – 45-і студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне арналған. Қосымша электрондық ресурс залы бар. Барлық компьютерлер Интернет жүйесіне қосылған және қосымша 2 локалдық жүйесі бар. Бірінші жүйесі - кітапхана бөлімдерінің автоматтандырылған жұмыс орындарын біріктіреді, ал екіншісі - электронды ресурс залы үшін қосылған. Қазіргі таңда кітапхана автоматтандырылған «РАБИС-АБАЙ» бағдарламасы бойынша жұмыс істелінеді. Оқырмандарға қызмет көрсету тиімділігін арттыру мақсатында жаңа «ИРБИС» жобасы пайдаланады.
Күнделікті қызмет. Кітапханада оқырмандарға қызмет көрсету үшін үш абонемент, 12 оқу залы ашылған. Кітапхана бөлімшесінің оқу залында диссертация және авторефераттар қоры бар. Олармен университеттің аспиранттары, бітіруші студенттері, ізденушілері пайдаланылады. Электрондық зал ашылғанына байланысты оқырмандар электрондық баспаларды осы залда пайдаланады және де басқа оқулықтар мен оқу құралдарын осы залдан табуға болады. Кітапханада «Юрист» электрондық-құқық жүйесі бар, онда зандар, қаулылар, министрдің бұйрықтары, ережелері және тағы басқа да заңдар бар. Бұл залда оқырмандарға ерекше жағдай жасалынған. Жаңа «ИРБИС» бағдарламасы бойынша оқырманға қызмет көрсету бөлімі «кітап беру» модулімен жүзеге асырады. Кітапхана университет кафедраларымен тығыз байланыста бола отырып, тапсырыс алып, үнемі ізденісте жүреді. Әсіресе, анықтамалық-библиографиялық бөлімнің еңбектері көрініп-ақ тұрады. Олар оқу залына түскен жаңа әдебиеттерге көрме ұйымдастырады, оқырмандарға жолдама береді, әдебиеттер тізімін жаңартып отырады. Тіпті, студенттерге анықтама-библиографиялық сабақ өткізеді, және де дипломдық жұмыстың орындалуына анықтама-библиографиялық және ақпараттық басшылық жасайды. Кітапхана қызметкерлері университеттің оқу және ғылыми процесін қамтамасыз етуге қатысып қана қоймай, студенттер арасында мәдени-көпшілік жұмыстар жүргізеді. Атап айтқанда, конференциялар ұйымдастырады, факультеттермен біріге отырып ақын-жазушылар мен кездесулер ұйымдастырып, көрмелер қояды.
Бөлімшелердің құрылысы Кітапханада 7 бөлім бар:
* 1.Қызмет көрсету бөлімі
* Барлық факультеттерге арналған жалпы абонемент
* 1-ші курс студенттеріне арналған абонемент
* 1) физика-математика факультетінің оқу залы
* 2) география-экология факультетінің оқу залы
* 3) заң факультетінің оқу залы
* 4) тарих факультетінің оқу залы
* 5) психология-педагогика және филология факультеттерінің оқу залдары
* 6) көркем-сурет факультетінің оқу залы
* 7) қаржы-экономика факультетінің оқу залы
* 8) халықаралық қатынас факультетінің оқу залы
* 9) қазақ филология факультетінің оқу залы
* 10)электрондық ресурс залы
* 11) жатақханада 2 оқу залы
2)Әдебиеттерді жинақтау бөлімі 3) Әдебиеттерді ғылыми өңдеу және каталогизациялау бөлімі 4) Кітап қорын сақтау бөлімі 5) Анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық бөлімі 6) Кітапхана процесінің автоматтандыру және компьютерлендіру бөлімі 7) Жаратылыстану-география факультетіндегі филиал
Электрондық каталог Кітапханада электронды каталогта 15 мың жазбалар құрайды –кітапхана бөлімінің www.Kaznpu.kz сайте орналасқан. 1997 жылдан бастап әдебиеттер ұсынылған
## Сыртқы сілтеме
http://www.kaznpu.kz/kz/?lnk=jhj
## Дереккөздер |
## Мұхаббатнама
МҰХАББАТНАМА – жазба ескерткіш. Еңбек 1353 жылы Сыр бойында жазылған, авторы Хорезми. Туынды 473 бәйіттен (946 тармақ) тұрады: 156 бәйіті (312 тармақ) парсыша, 317 бәйіті (634 тармағы) қыпшақ-оғыз тілдерінде жазылған. Біздің заманымызға “Мұхаббатнаманың” екі нұсқасы жеткен: бірі-араб (1508-1509), екіншісі-ұйғыр (1432) жазуымен жазылған. Екеуінің де түпнұсқасы Лондонның Британ музейінде сақтаулы. Сонымен қатар, 1971 жылы Стамбұл кітапханасынан арабша екі көшірмесі табылды. Бұл көшірмелер жырдың толық нұсқасы емес, жеке үзінділері ғана. Дастанды В.В. Бартольд (1924), А.Н. Самойлович (1928), Ә.Нәжіп, т.б. ғалымдар зерттеп, А.М. Щербак орыс тіліне аударды. “Мұхаббатнама” 1954 жылы орыс тілінде (Т.Жололов), 1985 жылы қазақ тілінде (А.Қыраубайқызы) басылды. Дастанда Хожа бек атына дәріптеу, мадақ сөздері айтылғанымен, тұтастай махаббат тақырыбын жырлауға арналған хаттар жинағы деуге болады. Еңбекте бүгінге дейін құнын жоймаған алуан түрлі философиялық, эстетикалық ойлар мен бейнелі көріністер орын алған. Жырда сопылық поэзияға тән-жар, отқа ұмтылған көбелек, теңіз бен тамшы, бұлбұл, т.б. астарлы мәні бар ұғымдар кездеседі. “Пақырлықта азға қанағат ете білсең, Сонда өзіңе шаһ һәм әмірсің” немесе “Өтті өмір құмарлықпен өзіңе, қанша жүзбек адам дария ішінде” секілді сопылық таным аясындағы ой түйіндердің молдығы шығарманың орта ғасырдағы түркі жазба жәдігерліктері арасында шоқтығы биік тұрғандығын танытады.
## Сілтемелер
* әл-Хорезми
* орыс тілі
* философия
* Дастан
## Сыртқы сілтемелер
Бейсембай Кенжебайұлы(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер
## Толықтыру
## Мұхаббатнама
МҰХАББАТНАМА – жазба ескерткіш. Еңбек 1353 жылы Сыр бойында жазылған, авторы Хорезми. Туынды 473 бәйіттен (946 тармақ) тұрады: 156 бәйіті (312 тармақ) парсыша, 317 бәйіті (634 тармағы) қыпшақ-оғыз тілдерінде жазылған. Біздің заманымызға “Мұхаббатнаманың” екі нұсқасы жеткен: бірі-араб (1508-1509), екіншісі-ұйғыр (1432) жазуымен жазылған. Екеуінің де түпнұсқасы Лондонның Британ музейінде сақтаулы. Сонымен қатар, 1971 жылы Стамбұл кітапханасынан арабша екі көшірмесі табылды. Бұл көшірмелер жырдың толық нұсқасы емес, жеке үзінділері ғана. Дастанды В.В. Бартольд (1924), А.Н. Самойлович (1928), Ә.Нәжіп, т.б. ғалымдар зерттеп, А.М. Щербак орыс тіліне аударды. “Мұхаббатнама” 1954 жылы орыс тілінде (Т.Жололов), 1985 жылы қазақ тілінде (А.Қыраубайқызы) басылды. Дастанда Хожа бек атына дәріптеу, мадақ сөздері айтылғанымен, тұтастай махаббат тақырыбын жырлауға арналған хаттар жинағы деуге болады. Еңбекте бүгінге дейін құнын жоймаған алуан түрлі философиялық, эстетикалық ойлар мен бейнелі көріністер орын алған. Жырда сопылық поэзияға тән-жар, отқа ұмтылған көбелек, теңіз бен тамшы, бұлбұл, т.б. астарлы мәні бар ұғымдар кездеседі. “Пақырлықта азға қанағат ете білсең, Сонда өзіңе шаһ һәм әмірсің” немесе “Өтті өмір құмарлықпен өзіңе, қанша жүзбек адам дария ішінде” секілді сопылық таным аясындағы ой түйіндердің молдығы шығарманың орта ғасырдағы түркі жазба жәдігерліктері арасында шоқтығы биік тұрғандығын танытады.
## Сілтемелер
* әл-Хорезми
* орыс тілі
* философия
* Дастан
## Сыртқы сілтемелер
Бейсембай Кенжебайұлы(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер
## Толықтыру |
Бугер-Ламберт-Бер заңы — бір түсті (монохромат) жарық шоғының орта арқылы өткендегі әлсіреуін анықтайтын заң. Қалыңд. І-ге тең жұтатын қабат арқылы өткен жарық шоғының қарқындылығы І0 шамадан І шамаға дейін төмендейді. Ол былай анықталады: І=І0Һе-kҺl, мұндағы k — жұту көрсеткіші, ол заттың қасиетін сипаттайды; kжұтылатын жарықтың толқын ұзындығына () тәуелді, ал қарқындылығына тәуелсіз болады. Ерітінділер үшін k=СҺ болып жазылады, С — ерітілген зат концентрациясы, — ерітілген зат (жұтатын зат) молекуласының толқын ұзынд. -ға тең жарықпен өзара әсерлерін сипаттайтын коэффициент, ол С-ке тәуелсіз. Бұл заңды тәжірибе арқылы француз ғалымы П. Бугер ашқан (1729), неміс ғалымы И.Г.Ламберт оны теориялық жолмен қорытқан (1760), ал тағы бір неміс ғалымы А.Бер ерітінділер үшін тұжырымдаған (1852). Бугер-Ламберт-Бер заңы ерітінділердің жарықты жұтуын өлшеу арқылы ерітілген заттың концентрациясын анықтау әдісінің негізіне алынған. Бугер-Ламберт-Бер заңының орындалу ауқымы кең, бірақ жарық қарқындылығы өте жоғары (мыс., импульсті лазердің фокусталған шоғы) болған жағдайда kкоэффициенті жарық қарқындылығына тәуелді болады да, бұл заңнан ауытқушылық байқалады.
## Пайдаланылған әдебиет
“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том |
## Мұхаджір
МҰХАДЖІР, Мухаджир, әл-Муһажир (арабша қоныс аударушы) – Алла ризалығы үшін Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) соңынан Мединеге қоныс аударушылар. Құран Кәрімде Мұхаджір туралы: “Расында иман келтіргендер, һижрат еткендер (Мұхаджірлар) және Алла жолында аянбай күрескендер – Алланың рахметінен үміт күткендер” (Бақара, 218) делінген. Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) хадисінде де Мұхаджірлар аса құрметпен аталып, олардың ниеті түзу болуына ерекше мән беріледі. Имандарын сақтап қалу мақсатында туған жері мен дүние-мүлкін тастап, туыстарынан безіп, күпірлік билеген ортадан мұсылмандар арасына қоныс аудару дін жолында күресумен теңестірілген. Алғашқы һижрат Хабашыстанға (Эфиопия) көшкен Мұхаджірлардан басталды. Олар 14 еді, оның 10-ы ер, 4-еуі әйел еді. Дінсіздер мен мүшріктер азабына шыдамаған мұсылмандар бірқұдайшылықты ұстанған әл-Нәжәши патша тұсында Эфиопияға көшті, аз уақытта һижрат етушілер саны 100-ге жетті. Пайғамбарлықтың 13-жылында Алла әмірімен Мұхаммед (ғ.с.) Меккеден Ясрибке (Медине) қоныс аударды, ол “үлкен һижрат” аталды.
## Сілтемелер
* Мекке
* Ясриб
* Эфиопия
## Сыртқы сілтемелер
Мұхаджір Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
## Дереккөздер
## Толықтыру
## Мұхаджір
МҰХАДЖІР, Мухаджир, әл-Муһажир (арабша қоныс аударушы) – Алла ризалығы үшін Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) соңынан Мединеге қоныс аударушылар. Құран Кәрімде Мұхаджір туралы: “Расында иман келтіргендер, һижрат еткендер (Мұхаджірлар) және Алла жолында аянбай күрескендер – Алланың рахметінен үміт күткендер” (Бақара, 218) делінген. Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) хадисінде де Мұхаджірлар аса құрметпен аталып, олардың ниеті түзу болуына ерекше мән беріледі. Имандарын сақтап қалу мақсатында туған жері мен дүние-мүлкін тастап, туыстарынан безіп, күпірлік билеген ортадан мұсылмандар арасына қоныс аудару дін жолында күресумен теңестірілген. Алғашқы һижрат Хабашыстанға (Эфиопия) көшкен Мұхаджірлардан басталды. Олар 14 еді, оның 10-ы ер, 4-еуі әйел еді. Дінсіздер мен мүшріктер азабына шыдамаған мұсылмандар бірқұдайшылықты ұстанған әл-Нәжәши патша тұсында Эфиопияға көшті, аз уақытта һижрат етушілер саны 100-ге жетті. Пайғамбарлықтың 13-жылында Алла әмірімен Мұхаммед (ғ.с.) Меккеден Ясрибке (Медине) қоныс аударды, ол “үлкен һижрат” аталды.
## Сілтемелер
* Мекке
* Ясриб
* Эфиопия
## Сыртқы сілтемелер
Мұхаджір Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
## Дереккөздер
## Толықтыру |
Бугисалар (өзд. атауы — таугик) — Индонезияның Сулавеси, Риау, Калимантан аралдарында тұратын халық. Жалпы саны — 4,5 млн. адам (1995). Бугисаларды ертеректе — буги, бугинез деп те атаған. Моңғол расасының оңтүстік азиялық нәсіліне жатады. Австронезия тілдер шоғырына жататын батыс австронезия тілдері тобындағы буги тілінде сөйлейді. Жазуы латын әліпбиіне негізделген. Мұсылман-сүнниттер. Бугисалар ерте кезден-ақ сауда-саттықпен айналысқан кәнігі теңізшілер болды. 15 — 16 ғасырларда бірнеше князьдіктер құрылып, 17 ғасырдың басында Бугисалар арасында ислам діні тарай бастады. Бугисалардың негізгі кәсібі — егін шаруашылығы. Ойпаң жерде күріш, биік қыратты жерде жүгері өсіреді. Техникалық дақылдардан темекі, кофе, какос пальмасын өсіреді. Қосалқы кәсібі — мал шаруашылығы. Буйвол, сиыр, ешкі бағады, сондай-ақ үй құстарынан тауықты көп асырайды және теңіз жағалауында балық ауланады. Дәстүрлі қолөнерінде тоқымашылық пен өрмешілік, ұсталық пен зергерлік өнері, қайық пен кеме жасау дамыған. Бугисалардың біразы қалаға қоныстанып, портта, өнеркәсіпте еңбек етеді. Ақсүйектер, еріктілер, басыбайлылар болып бөлінеді. Аласа қадаларға орналасқан каркасты үйлерде тұрады. Ерлер саронг, қысқа шалбар, бастарына орамал тартады. Қазір еуропалықтарша киінеді. Әйелдері саронг, қызыл немесе қоңыр-қызыл түсті баджу (көйлектің түрі) киеді. Кейбір ауқатты ер адамдар ұзын шаш қояды. Ұлттық тағамдары — күріштен, жүгеріден, балықтан жасалатын тағамдар. Етті тамаққа аз пайдаланып, мереке күндері ғана буйвол, тауық етін жейді. Согуэр аталатын пальма шарабын ішеді. Ұлттық мерекелерде сықақ ән “пантун” орындап, қыз бен жігіт айтысы өткізіледі. Сонымен қатар, қораз төбелестіріп көңіл көтереді. Бақсылардың құдайы Батара Гуру мен оның әйелі Ве Ньилитимоға сиыну сияқты дәстүрлі діни наным-сенім сақталған.
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том |
Мұхамбет, Мұхаммед би– Тәуке хан билерінің бірі. Тәуке хан Қазақ хандығындағы орталық билікті нығайту барысында Орданы “Алты алаш” деген атпен мәлім алты топқа бөліп, сенімді адамдарына билеткен.
Солардың ішінде құрама мен жайла тайпалық одағын Мұхаммед би басқарды. Бұл тайпалық одақ Қазақ хандығын Ақназар хан билеген жылдары қалыптасты. Ол: қатаған, дүрмен – барлас, баршылық, қоңырат, қыпшақ, тарақты, маңғытай, моғалтай, ноғайлы, алтай – қарлық тайпадан тұрды. Бұхарада бір-біріне қарсы екі партия құрылды: Мұхаммед би бастаған қоңыраттар және Мұхаммет Рахым би (Марайым) бастаған маңғыттар. Бұл тартыста маңғыттар жеңіске жетіп, қоңыраттар Үргеніш және Сыр бойына қоныс аударды. Оларға басшы етіп, Тәуке хан Мұхаммед биді жіберді.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
Тәуке хан Мұрағатталған 18 сәуірдің 2010 жылы. |
Будагов Лазарь Захарович(12.4.1812, Ресей, Астрахан — 30.12.1878, Санкт-Петербург) — шығыстанушы ғалым, түрколог, аудармашы. Қазан университетін бітірген (1840). Тифлис гимназиясында Әзірбайжан, парсы тілдерінен (1840 — 44), Санкт-Петербург университеттінде Әзірбайжан, түрік тілдерінен дәріс оқыды (1845—70). 1861 жылдан бастап оқытушылықпен қатар Ресей Сыртқы істер министрлігінің Азия департаментінде аудармашы қызметін атқарды. Будагов — тек оқытушы, аудармашы ғана емес, сондай-ақ, түркі тілдерін салыстыра зерттеген алғашқы орыс ғалымдарының бірі. Оның “Түрік-татар тілдерінің салыстырмалы сөздігі” (екі томдық, 1225 бет. 1869, 1871 жылы) түркология тарихында ерекше орын алады. Сөздікте 24 тілге тән материалдар қатар беріліп, өзара салыстырылып, жолма-жол орыс тіліне аударылған. Жүйелі зерттелген осман түріктерінің тілінен бастап, сол кезеңде әлі зерттеле қоймаған Сібір, Шығыс Түркістан түркілерінің тілінен мол тілдік деректер берілген. Сөздік оғыз (оңтүстік-батыс) және қыпшақ (шығыс) бұтағына жататын тілдердің лексикасы негізінде құрылған. Түркі тілдерінің кейбір диалектілерін Будагов жер аттарына қарай: бұқарлықтардың, қоқандықтардың, хиуалықтардың, ферғаналықтардың, қашқарлықтардың тілі, т.б. деп жіктейді. Еңбекте осман, шағатай тілдерінің сөздік қорынан алынған түркі тілдерінің көне сөз үлгілері жиі кездеседі. Сөздікке 6 мыңдай қазақ сөзі, 205 мақал-мәтелі және жұмбағы енген.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том |
Бозақор — ежелгі қоныс орны. Ортағасырлық Сауран қаласының батыс жағында 5 — 6 км жерде. 1973 ж. Оңтүстік Қазақстан археология экспедициясы (жетекшісі С. Жолдасбаев) зерттеген. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Бозақор деп аталу себебі — бұл жерде боза жасалынып, өткен-кеткен жолаушыларға сатылып тұрған. Бозақор мекенінің жанынан өтетін үлкен керуен жолы осыны айғақтайды. Бозақор сыртқы көрінісі төртбұрышты, аум. 24х20 м, биіктігі 80 см төбе. Мекен жайдың төрт жағында құдықтардың орны сақталған. Қазба жұмысы оңтүстік-шығыс жағындағы 15х8 м аумаққа жүргізілді. Екі бөлменің едендері мен қабырғалары ашылып, көзе сынықтары алынды. Алынған заттардың барлығы кезінде күнделікті шаруада пайдаланылған қарапайым керсен, күбі, көзелер. Боза сияқты сұйық тамақ сақтайтын ақшыл, көк бояумен сырланған ыдыстар көптеп кездеседі. Қыш ыдыстарының жасалу түрлеріне және сырлану тәсіліне қарағанда, Бозақор мекені б.з. 8 — 10 ғасырларында болған мекен жайға ұқсайды.
## Дереккөздер |
Үңгіректер (лат. Troglodytіdae) — сайрағыш құстар тұқымдасы. Негізінен Оңтүстік Америка мен Оңтүстік-Батыс, Солтүстік Америкада таралған 14 туысқа жататын 60 түрі белгілі.
Үңгірек тұқымдастар(Troglodytidae)- америкалық шығу текті торғайәріздес құстар отрядына жататын түпкі тұқымдас құстар. Үңгірек тұқымдастың 12-16 туыстармен берілген барлық 63 түрі әжептәуір біртекті құрылысты болып келеді, олар- шағын денелі (10-20 г), қысқа құйрықты және тұмсығы біз тәрізді тығыз, мығым денелі құстар. Көпшілігі орман құстары , кейбір түрлері ғана жартастарда немесе қалың скен шөл бұталарында өмір сүреді. Аталық және аналығана қысқа құйрығын жоғары көтеру тән қасиет, тат түсті қоңыр шұбар реңді болып келеді. Бунақденелілермен қоректенеді, жұптасып өмір сүреді, үйір түзбейді. Көптеген түрлерінің әуені үнді және әдемі.
## Сипаттамасы
Дене тұрқы 9,5 — 22 см, салмалмағы 10 граммнан аспайды. Тұмсығы жіңішке, үшкір, әрі қатты. Қанаты қысқа, көп ұша бермейді, көбінесе, бұталар мен дауыл құлатқан ағаштарда өрмелеп жүреді. Қысқа құйрығы жоғарыға қарай көтеріліп тұрады. Қазақстанда Солтүстік Тянь-Шань мен Жоңғар (Жетісу) Алатауының қылқанды таулы ормандарында және Тарбағатай тауында кездесетін 1 түрі — үңгірек (T. troglodytes) бар. Оның тұрқы 10 см, қанатын жайғанда өрісі 16 см, қанатының ұзындығы 4,5 см, құйрығының ұзындығы 3,5 см, салмағы 8 — 9 грамм. Денесін қара қоңыр толқын тәрізді сызығы бар қоңыр сұр түсті қауырсындар жапқан. Мекиендері ақшыл түсті болады.
Ол дауыл құлатқан ағаштардың асты мен олардың түбірлерін тіміскілеп жүретіндіктен, аты соған байланысты қойылған. Әдемі сайрайды. Ұсақ жәндіктермен, омыртқасыздармен қоректенеді.
Шар тәрізді ұясын жасырын қалтарыстарға салады. Мекиені ұядағы 5 — 6 жұмыртқаны 15 — 16 күндей шайқап, балапан басып шығарады. Мекиені мен қоразы 16 — 18 күндей ұядағы балапандарына жемді кезектесіп тасиды. Кейде балапандары ұядан ұшып кеткен соң да бір аптадай қоректендіреді. Үңгіректер топ түзбейді, қыста тау етегіне түседі немесе жылы жаққа қарай жылыстайды. Үңгіректердің 2 түрі және 3 түр тармағы қорғауға алынып, Халықараралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.Түрлердің көпшілігі тропикке үйренген- тек қана кішкене Косто-Рикке үңгіректердің 22 түрі тіршілік етеді. Көне Дүниеге –кәдімгі үңгірек қана енді және еуразиялық контитнентке кеңінен орнықты. Атап айтқанда, сол түр ғана Қазақстанда кездеседі. Үңгіректердің негізгі туысы- 4 түрден тұратын торғайтәріздестер отрядының үңірек тұқымдастарға жататын құстардың егізгі туысы. Қазақстанда бір түр- үңгірк тіршілік етеді.Үңгірек-біздегі фаунаның ең кішкене денелі (8-10 г) құсы. Үңгірек тұқымдастардың ең ересекше өкілі үңгіректің дене бітімі мығым, реңі қоңырқай қызылтсары және ұдайы қысқа құйрығын сілкіп қалып, жоғары көтеріледі. Қолды-аяққа тұрмай, қунақ қимыл жасап , ағашта ұшып-қонып жүргені құстан гөрі тышқанды еске түсіреді. Мұндайда ашуланғандай «чирр» немесе «чок-чок» деген үзбелі дауысты жиі шығарады. Үңгіректің осы ерекшелігі сансыз халық атауларында: түбіршек , қабықжегі , жаңғақшыл, чок-чок және т.б. атауларда көрініс берді. Ешқашан йір түзбейді, ұялас балапандардың ұшуға дейінгі қысқа кезеңін қоспағанда , жалғыз-жарымнан кездеседі.Аталықтар өте әдемі сайрайды. Бұл ормандарымыздағы ең жақсы сайрағыш құс. Үңгірек қатты, сыңғырлата ұзақ сайрағанда әуеніне орман жадырақтың әуен басауына ұқсас шумақтарынан, жадырақ әуенінен бірдемелерді пайдаланады. Дегенмен үңгірек әуені баққунақтың тамаша сайраған үнін еске түсіреді. Үңгіректер Тәңіртаудың қылқанды ормандарында сәуірден тамызға дейін сайрайды.Қысқа қарай үңгіріктер оңтүстікке және батысқа қарай орын ауыстыраы. Олар Қазақстанда Батыс Тәңіртауда ұдайы қыстап шығады.
## Дереккөздер |
Бозаншар, Бозанша — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Кіші жүздегі қаракесек бірлестігінің кете тайпасынан тарайды. Бозаншардан Адамқожа, Сәду, Түменқожа (Төменқожа) аталары өрбиді. Бұл үшеуі Шөмекеймен бірге өсіп, қоныстас болғандықтан, қазірге дейін “Кете — Шөмекей” деп аталады. Кейбір шежіре деректерінде Байсарыдан Бозаншар, Майлыбай, Түменқожа таратылады. Ел аузында: “Бітеді қамыс қатар еменменен, Байсары бірге туған Шөменменен. Бозаншар әкесінен жастай қалып, қайғының қарнын тіккен тебенменен” деген сөз бар. Бозаншар руының ұраны — Майлыбай, таңбасы — П, Х.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том |
Бөке Жырғалаңұлы (1844, Қытай, Алтай аймағы, Шіңгіл өзені бойы — 1899, Тибет тауы) — Шығыс Түркістан қазақтарының ұлт-азаттық күресіне қатысқан батыр.
Моңғол-торғауыт сұлтаны Сары Уаңның қазақ ауылдарына жасаған зорлық әрекеттеріне қарсы жас кезінде-ақ қол бастаған. 1883 жылы Бөке Шонжы қаласына әкім (шаңя) болып тағайындалады. 1886 жылы Еренқабырғаға, Боғдаға барып керей, Найман руларына қорған болады. Қытай-манжұр, моңғол билеушілерінен зәбір көріп ығысқан қалың ел Боғдаға қарай көшіп, Бөке батырды паналайды. Бұл жағдай Үрімжі ұлықтарының оның үстінен іс қозғауына себепші болып, 4 ай абақтыда отырады. 1887 жылы Бөке батыр қазақтарға жаңа мекен іздеп, оңтүстікке ауа көшеді. 1890 жылы Шақылық-Шаршенде Бөке батыр жасағы Үрімжі әкімшілігінің қуғынға жіберген 500 шерігіне тойтарыс береді. Соңынан қалмаған өкімет әскерлері Тибетке жетіп, ауырып қайтыс болған Бөкенің қабірін қазып, басын Үрімжі ұлығы ген. Люге әкеледі. Кейін батырдың басы Алтайдағы Шіңгіл өзені бойындағы Аралтөбе ауылының зиратына жерленеді де, денесі Тибетте қалды.
## Дереккөздер |
Бозанбай — Шығыс Қазақстан облысында Ұлан ауданындағы ауыл, Бозанбай ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қасым Қайсенов кентінен оңтүстікке қарай 45 км жерде, Қалба жотасының солтүстік беткейінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1912 жылы қаланған. 1928 жылдан 1997 жылға дейін "Никитинка" ет-сүт кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде шаруа (фермер) қожалықтары құрылған. Май, нан зауыттары жұмыс істейді. 1935-1963, 1966-1997 жылдар аралығында Ұлан ауданының орталығы болды.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, мәдениет үйі, стадион, аурухана, дәріхана, санитарлық-эпидемиологиялық станса бар. Тұрғындары аудан орталығымен, т.б. елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Монтайтас — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, темір жол бекеті, Монтайтас ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Арыс қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 45 км-дей жерде орналасқан. Ауыл төңірегінде эфемероидті өсімдіктер аралас қоңырбас, өлең, т.б. өсімдіктер өседі.
## Халқы
## Тарихы
Ауыл 1954–96 жылдары асыл тұқымды қой зауыты кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде Монтайтаста және округтегі Ақтас, Бақырша, Қабылсай, Қожатоғай, Тоғансай, Шағыр ауылдарында ӨК-тер және ЖШС-тер құрылды. Монтайтас арқылы Орынбор-Ташкент темір жолы өтеді.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.