text
stringlengths 3
252k
|
---|
Ақмарал – таза қазақ сөздерінен құралған есім. Қазақ арудың әдемілігін бейнелегенде ақ маралға теңеп жатады. Бұл теңеу ауыз әдебиетінде, лиро-эпостық жырларда көп кездеседі. Алайда жалқы есім ретінде бертінде ғана қолданыла бастады. Өмір есігін жаңа ашқан қыз балаға «сұлу, ақылды, көрікті болып бойжетсін» деген ниетпен қойылады. Бұл күнде жиі кездесетін есімге айналып отыр. |
Қалдыбек – қалың мұсылман жамағаты мен түркі қауымы арасында тек қазаққа ғана тән есім болып келеді. Әдетте бір жерінде қалы бар нәрестелерге қояды. Сондағы ырым «қал» сөзі көп айтылса, қалы кетіп қалады немесе кішірейіп кетеді деген түсінікпен астасады. Соған сай, қазақ арасында Қалдыбек, Қалдыбай, Қалдыгүл тағы басқа есімдер қойылып жатады. Әйгілі Шәмшінің әкесі, орденді ұста Қалдаяқтың есімі де осы негізге саяды.
## Дереккөздер |
Мұхит – араб сөзі. «Бәрін қамтушы, мұхит (су қабаты)» деген мағынаны білдіреді. Қазақ бұл есімді жаңа туған сәбиге құшағы кең, бәрін қамтыған, жан-жақты, білімді азамат болсын деген ниетпен қояды. Ел ішінде жиі ұшырасатын ныспылардың бірі. |
Үтік — киім-кешектердің қыртыстарын тегістейтін, яғни үтіктейтін тұрмыстық техника. Үтіктер киімдерді тегістеп алғашқы әдемі қыртыссыз қалпына келтіруде өздерінің салмағын және температурасын пайдаланумен қол жеткізеді.
## Тарихы
I ғасырда жазық жылтыр металдарды сумен қыздырып үтіктеу Қытайда қолданыла бастады.Үтіктеудің принциптері Көне Юнанстанда IV ғасырда пайда бола бастады.
XI ғасырда М. Қашқари «Диуанда» былай деп жазған: "YTYK (اُتُكْ): Үтік. Күрек пішінді бір темір құрал, киімнің қыртыстарын жазу үшін оны қыздырып киімді бастыра сылайды".
Алғашқы электрлі үтікті 1882 жылы Генри Силей ойлап тапты, ол өз үтігін Нью Йоркте Маусымның 6, 1882 жылы патенттеді (патен нөмірі 259,054). Оның үтігі 15 поунд болып ұзақ қызатын.
## Дереккөздер |
Батырхан – қазақтың «батыр» және «хан» сөздерінің бірігуінен құралған есім. Жалпы, мұсылман жұртшылығында тек қазақ халқына ғана тән ат. Қазақта хан да, батыр да – қастерлі ұғым, қасиетті атақ. Сондықтан да жақсы ырымға балап, сәбиге осындай есім беруі мүмкін. Батырхан – сирек кездесетін есімдердің бірі.
## Дереккөздер |
Замартас – минерал, силикаттар класына жататын берилдің жасыл мөлдір түрі. Химиялық формуласы Bе3Al2[Si6O18]. Гексогендік сингонияда кристалданып, ұзынша призма, баған пішінді болып түзіледі. Әдетте, жеке кристалл түрінде кездеседі, сирек друзалар түзеді. Ең ірі кристалл 1974 жылы Бразилияда табылған, оның салмағы 28,2 кг. Құрамында аздаған хром қоспасы (Cr2O3) болуына байланысты түсі қою жасыл, шыныдай жылтыр болып келеді. Қаттылығы 7,5–8,0, меншіктік салмағы 2,6–2,9 г/см³. Замартас кристалдарының ірілігі 0,5×3,0 см-ден 35×45 см-ге дейін, салмағы 5–30 каратқа дейін жетеді. Қышқыл интрузивті жыныстардың арасындағы пегматиттік желілерде немесе пневматикалық процестермен өзгерген гранит-грейзендерде түзіледі. Соңғы кезде жасанды түрлері синтез арқылы алынады. Замартастар зергерлік бұйымдарға ендірме жасауға пайдаланылады. Қазақстанда замартас Оңтүстік Қу және Делбегетей кендерінде (Қарағанды облысы) кездеседі.
## Дереккөздер |
Рауғаш (лат. Rheum) – тарандар тұқымдастарға тиесілі өсімдіктердің тегі болып табылады. Ол Орта Азия, Болгария және Оңтүстік Сібір аумағынан шығады. Рауғаш көкөніс ретінде өсіріледі.Бұл көкөністің пайда болуы қызықты болып табылады. Онда рауғаш 3000 жыл бойы белгілі қытай асханасынан ол - Волга жағалауына, ал одан Ежелгі Грекияға және Ежелгі Римге қоныс аударды. Грек тілінде рауғаш «рабарбарос» деп аталады, аударғанда «Волга жағалауынан әкелінген жат көкөніс» дегенді білдіреді.
## Құрамы
100г рауғашта – 16 ккал
Рауғаштың құрамында магний, калий, кальций, темір, фосфор, натрий, B тобының дәрумендері, C дәрумені және каротин бар.
## Пайдасы
Рауғаштың еліктіруі Рауғаш алғашқы көктемгі жемістердің бірі болып табылады. Әсіресе ол бізді өзінің жаңа піскендігімен қызықтырады. Рауғаш тамаққа оның жасыл немесе қызыл түсті сабақтарын қолдану үшін өсіріледі. Оның өзгеше қышқыл және шөл басатын дәмі бар және одан шырын, компот, ұннан пісірілген өнімдерге салынды әзірлеу үшін тамаша болып табылады.
## C дәрумені
Рауғаш темір мен С дәруменінің молшылығымен белгілі. Ол ас қорытылуына мүмкіндік туғызады, гастритті емдейді, тәбетті жақсартады. Әсіресе ішекті тазартып, оның жиырылуын жақсартады. Рауғаш асқазан сөлінің және өт бөлінуіне себепші болады, бұл зат алмасуын жеделдетеді. Рауғаш тіпті семірумен күресте пайдаланылады. Бірақ оның құрамында қымыздық қышқылы бар, осыдан нашар еритін кальций оксалаты түзіледі, ол бүйрек тасы түрінде шөгуі мүмкін. Сондықтан оны тым жиі және көп мөлшерде қолданудың керегі жоқ. Артриттен, бүйрек тасы ауруынан және асқазан-ішек жолы ауруынан азап шегуші тұлғалар емдәмінде рауғаштан аулақ болуы тиіс.
## Дереккөздер |
Ас бұршақ (лат. Pisum sativum) — шырмалғыш немесе жер тағандап өсетін, біржылдық бұршаққынды өсімдік, асқа жасыл дәндері қолданылады.
Бұршақ, тіпті, ежелден-ақ әйгілі көкөністерге жатады. Ол Таяу Шығыста және Балкандарда өсіріле бастаған көкөністердің ең алғашқыларының бірі болды. Итальян бағбандары шикі түрінде қолдануға арналған сұрыпты шығарғанша, оны асқа кептірілген дәндер түрінде XVI ғасырға дейін қолданды. Бұршақты Версаль бақтарында өсіруге бұйрық берген XVI Людовик оны өте қатты жақсы көрген.
## Құрамы
Ас бұршағының 100 г - 79 ккал. Ағуыздың, көмірсулардың, жасұнықтың тамаша көзі, құрамында темір, калий, фосфор, мырыш, С дәрумені, В тобының дәрумендері бар.
## Пайдасы
Холестерин деңгейін төмендетеді. Қатерлі ісіктен қорғайды және сүйек жүйесіне жақсы әсер етеді. Ол өте дәмді ғана емес, сонымен қатар пайдалы заттардың ерекше үйлесімділігі болып табылады. В1, В2, В6 мен С дәрумендерінің, сондай-ақ темірдің бар болуының арқасында, ол шаршағандыққа, қаназдыққа қарсы дәрі болып табылады, ақыл-ой қабілетін жақсартады, төзімділік жүйесінің мәселелерін шешуге көмегін тигізеді. |
Олжас Омарұлы Сүлейменов (18 мамыр 1936 жыл, Алматы) — қоғам қайраткері, қазақ ақыны, жазушы, лингвист-ғалым, Қазақ КСР Халық жазушысы (1990), Қазақстанның Еңбек Ері (2016). Халықаралық антиядролық "Невада-Семей" қозғалысының негізін салушысы.
## Өмірбаяны
Олжас Сүлейменов 1936 жылғы мамырдың 18 күні Алматы қаласында дүниеге келген. Әкесі – Омархан Сүлейменұлы, қазақ кавалерия полкінің офицері. Шешесі – Бәтима Насыржанқызы Беделбай. Нағашы атасы Насыржан Беделбай – белгілі көпес Ғабдұлуәлиевтің сауда үйінде коммерциялық басқарушы еді.
Арғын тайпасы Сүйіндік руының Айдабол тармағынан тарайды. Олжас – Жаяу Мұсаның бесінші ұрпағы. Шежіресі: Айдабол — Малғозы — Толыбай — Орман — Төбет — Байжан — Жаяу Мұса — Тайжан — Ақтай — Сүлеймен — Омархан — Олжас.
Белгілі түркітанушы ғалым Лев Гумилев Олжасқа әкесі Омархан атылмай тұрып, екеуі бірге Норильскідегі лагерьде бірге отырып шыққанын айтқан.
### Алғашқы жылдары
1954 жылы Олжас мектеп бітіріп, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Геология факультетіне түседі. 1959 жылы оқуын аяқтап, инженер-геолог мамандығын алып шығады. Студент кезінде геологиялық барлау жұмыстарына қатысқан.
1955 жылдан бастап әдеби жолы басталады. Ал 1959 жылы Мәскеудегі А.М. Горький атындағы Әдебиет институтының ақындық аударма ісі бөліміне түседі. 1961 жылы оқуын аяқтамас бұрын тоқтатуға мәжбүр болды.
1959 жылғы маусымда Олжастың өлеңдер топтамасы алғаш рет орталық басылымда жарық көрді.
1962–1971 жылдарда "Казахстанская правда" газетінің әдеби қызметкері; "Қазақфильм" киностудиясы сценарлық-редакциялық алқасының бас редакторы; "Простор" журналында журналистика бөлімінің меңгерушісы болып қызмет атқарды.
### Жарқын шағы
1971–1981 жылдарда Қазақстан жазушылар одағының басқарма хатшысы;
1972 жылдан бастап Азия мен Африка елдерінің жазушыларымен байланыс жөніндегі қазақ комитеттің төрағасы болды. 1975 жылы Азия мен Африка жазушыларының 5-конференциясын Алматы қаласында өткізу идеясының құрылтайшысы еді.
1970 жылдардың басынан 1980 жылдардың соңына дейін Азия мен Африка жазушыларымен байланыс жөніндегі Кеңестік комитеттің төраға орынбасары болып қызмет етті.
1975 жылы "Аз и Я" кітабы жарық көрді. Бұл кітап Мәскеуде теріс резонанс тудырып, оған тыйым салынды. Олжастың туындылары 8 жыл бойы басылымға түспей, ақын мүлде жазбай кетті.
1980–1984 жылдарда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, әрі Президиум мүшесі. 1984—1989, 1989—1991 жылдарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
1981 жылы КОКП ХХVI съезінің делегаты.
1981–1983 жылдары Қазақ КСР кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болды. Олжас Сүлейменовтың арқасында 1984 жылғы жазда Сергей Соловьевтің ВГИК-тегі шеберханасы Республикалық байқау жарияланды. Сөйтіп қазақ киноматографиясында "тың толқынның" пайда болуына ықпалын тигізді.
1984–1992 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, КСРО Жазушылар Одағының хатшысы болды.
1989 жылғы ақпанда халықаралық "Невада-Семей" ядролық қаруға қарсы қозғалысын құрып, оның Президенті атанды. Қозғалыс мақсаты – Семей ядролық сынақтар алаңын және дүниежүзіндегі басқа да ядролық сынақ алаңдарын жабу еді. Антиядролық қозғалыс түпкі мақсатына жетіп, сынақтар тоқтатылды, ал полигон жабылды. Кейіннен "Невада-Семей" қозғалысы "Қазақстан халық конгресі" партиясы болып жаңадан құрылды.
1991–1995 жылдары Олжас Сүлейменов "Қазақстан халық конгресі" партиясының төрағасы болды. Оған қоса, 1994–1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.
1995 жылғы тамыздан бастап Италия республикасындағы, оған қоса 1996 жылғы сәуірден бастап Грекия республикасы мен Мальта республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елші қызметін атқарды.
Елші қызметінде әдеби миссиясын жалғастырып, Рим қаласында 1998 жылы "Жазу тілі" ("Язык письма", адамзат жазуы мен тілінің шыққан тегі туралы) мен "Құдайдың күлкісі" ("Улыбка бога"), 2001 жылы "Айқас параллельдер" ("Пересекающиеся параллели"ғ түркі-славян тілдері туралы), 2002 жылы "Ежелгі түркілер" ("Тюрки в доистории", ежелгі түркілердің тілі мен жазуының шыққан тегі туралы) кітаптары жарық көреді. 2002 жылы "Тюрки в доистории" атты кітабы түркітану саласында көрнекті жетістіктері үшін Күлтегін сыйлығын алды.
2001 жылдан бастап Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі.
2022 жылы "Байтақ" халық экологиялық партиясы" Олжас Сүлейменовты Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсыну идеясын қозғады.
### Отбасы
Жұбайы – Маргарита Владимировна, 2023 жылы қайтыс болды.
Қыздары: Динара, Мәдина, Ләйлә.
Динара қызынан екі жиені бар: Дәмелі мен Димаш.
Өз атына жазып алған жиені Ескендір Сүлейменовты 2018 жылғы 22 маусым күні Қызылорда облыстық ІІД басшысының қызы көлікпен қағып кетті. Ескендір апатта дүниеден өтті.
## Ақындық
Олжас Сүлейменов өлеңдерін орыс тілінде жазып, басында тек Қазақстанда ғана танымал еді. Бүкіл одаққа есімі алғаш рет 1961 жылғы көктемде шыққан. Әдеби институттағы оқуынан шығып кеткен соң, Алматыға қайтып оралып, "Казахстанская правда" газетінде жұмыс істей бастады. 11 сәуір күні Байқоңырда болып жатқан оқиғаларды біліп, газет редакторы Федор Боярский Олжасқа "адамның ғарышқа ұшуы туралы" өлең жазуды ұсынды. Түні бойы тыңбай жазып, 12 сәуір күні Гагарин ғарышқа ұшқанын елге жария салғанда Сүлейменовтың өлеңі газет бетіне шығып, Қазақстанның бүкіл қалаларында қуанышты хабар ретінде таратылды. Бұл оқиғадан шабыттанған Олжас небәрі бір аптаның ішінде осы өлеңін ірі "Адамға табын, Жер, енді!" поэмасына айналдырды. Бұл поэма мамыр айында жарық көрді.
Кейін Сүлейменов бұл туралы: "Менің поэмам бүкіл Орталық телеарналар мен радиотолқындарды паш етті, ірі газеттерде басылып жатты. Апта сайын мені зауыттарға, фабрикаларға, студенттік аудиторияларға шақырып, кездесу өткізетін. Бұл менің үлкен жетістігім!" деп айтқан. Олжастың бұл поэмасы Қазақстан комсомолы Орталық комитетінің сыйлығына ие болды. Бұл Олжастың алғашқы мемлекет тарапынан берілген сыйлығы еді.
25 жасар Олжас Сүлейменовты АҚШ пен Еуропаға баратын кеңестік делегацияларға қоса бастады. Олжас өз поэмасын Париждегі Сорбонна мен Нью-Йорктегі Колумбия Университетінде оқыған. Сүлейменовты оқуынан шығарған әдеби институт директоры Серегин жақын арада оған телеграмма жолдап, әдеби институтқа оралуын сұраған. Кейіннен Олжас Сүлейменовтың "Адамға табын, Жер, енді!" поэмасынан үзінді Гагариннің бейіттасына қашалады.
Сүлейменовтың танымалдық лебіне ілесіп, 1961 жылы "Арғымақтар" атты алғашқы өлеңдер жинағы жарық көрді. 1962 жылы "Жарық түндер" ("Солнечные ночи") өлеңдер жинағы жарық көрді. Бұл өлеңдер жинағы IV Бүкілодақтық жас жазушылар жиналысында атап өтіліп, Николай Тихонов Олжасты ауыз толтырып мақтады.
1964 жылы шыққан "Шығыстың құтты уақыты" ("Доброе время восхода") атты өлеңдер жинағы Бүкілодақтық Лениндік коммунистік жастар одағының Орталық Комитетінің сыйлығына ие болды. Әдеби сыншы Лев Аннинский Олжастың одақтық деңгейдегі танымалдығын келесідей түсіндіреді:
Сүлейменовтың өлеңдері мен поэмалары қоса алғанда ағылшын, француз, неміс, испан, чех, поляк, словак, болғар, мажар, моңғол және түрік тілдеріне аударылған. Ақын шығармашылығы Францияда ерекше танымал болды. Оның өлеңдері былай тұрсын, бірнеше тұтас өлең жинақтары тәржімаланды.
1969 жылы Олжас КОКП қатарына кірді. 1970 жылы Ленинның туғанына 100 жыл толуына орай, Олжастан поэмаға тапсырыс берді. Бірақ поэманың орнына баспаға өзінің "Глиняная книга" шығармасын алып келіп, бүкіл кеңестік зиялы қауым оны өте жоғары бағалады. Бұл поэмасы Сүлейменовтың ең үздік туындысы болып саналады. Бірақ Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты мүлде басқа "Синие острова" поэмасы үшін алады.
## Зерттеулері
Олжас тілтанушы ретінде көбінекей көне түркі тілін зерттеді, әсіресе шумерлер және шумер тілі туралы зерттеулері батыс ғалымдарының көне тіл үнді-еуропа тілдерінен бастау алады дейтін қасаң теориясына пәрменді соққы берді.
Зерттеулері ретінде төмендегі бірнеше кітапті айтуға болады:
* 1975 жылы жарық көрген «Аз и Я» кітабі түркі және славян халықтарының ежелгі жазба ескерткіштеріне арналған. Тым-тым арғы, есте жоқ ескі замандағы ұлт пен ұлыстардың тілі, ғұрып-әдеті сөз болған бұл кітапті кейінгі зерттеушілердің тамаша қолғанаты, оқушылардың, қызығушылардың сүйіп оқыр ғылымнамасы деуге болады. Әсіресе кітаптың Шумернама бөлімі оқырманды тың да, тілсім қиялдарға бастайды. Кітаптың соңы 1001 сөз атты этимологиялық сөздікке ұласып, бұрынғыдан кемелдене түсті.
* «1001 сөз» жазу мен таңбаның тарихы туралы шығарма, кітап әрқилы мәдениеттің кездейсоқ, жеке дара пайда болмастан бір-біріне тығыз байланыса отырып туылатынын, дамитынын осы 1001 сөзді дәйек ете отырып дәлелдеуге тырысады.
* 1998 ж. жарық көрген «Жазу тілі» кітабы тарихқа дейіңі мәдениетке көзқарас, мұнда автор шығандай шырқап сонау майя тілі мен қытай тілі арасындағы байланысты зерттейді.
* «Тaрихқа дейінгі түркілер» кітабында славян және түркі тілдерінің, атап айтқанда, көне қазақ және көне орыс тілдерінің ежелгі өзара байланысы туралы айтылады. Жазушының ондаған жылдар бойы тынымсыз ізденуінің нәтижесінде табылған екі халықтың осындай әрекетке түсуіне қатысты материалдар көне қазақ тілі деген терминді алғаш рет қолдануға мүмкіндік берді. Кітапта бұл терминнің дұрыс екендігі толық дәлелденеді.
### Аз и Я
"Слово о полку Игореве" немесе "Игорь жасағы туралы жыр" –Ежелгі Русь әдеби ескерткіші. Жырда 1185 жылы Игорь Святославұлы бастаған русь кінәздерінің половшыларға сәтсіз аяқталған жорығы туралы айтылады. Жыр шамамен 1185 жылы жазылған деген болжам бар. Бұл дастан ежелгі орыс тілінде жазылған деп есептеледі, бірақ орыс лингвистері бірнеше ғасыр бойы дастанның біраз бөлігін түсіне алмай, бұрмалап түсіндірген. Олжас Омарұлы Сүлейменов бұл дастанға алғаш рет 1960 жылы әдеби институт студенті кезінде қызығушылық танытқан.
Олжастың шығармалары орыс тілінде жазылса да, өзі қазақ тілін жақсы меңгерген. Оған қоса, Олжас лингвист, яғни тіл ғылымының маманы болған соң, "Слово о полку Игореве" дастаны ол үшін мүлде қиындық тудырған жоқ. Жас лингвист жырдың түсініксіз сөздерінің сырын ашып, ауқымды зерттеу жұмысын жаза бастайды. 1962 жылдан бастап жыр туралы еңбектері жарық көре бастайды.
АЗиЯлық пайымдау
1963-1966 жылдар аралығында Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде аспирантурада жүрген кезінде "Игорь жасағы туралы жырдағы" тюркизмдер" ("Тюркизмы в "Слове о полку Игореве") атты кандидаттық диссертация әзірлейді. Олжас Сүлейменов дастанды қостілді деп санап, бұл тақырып аясында ауқымды зерттеу жүргізді. Автор дастан половец-орыс тілдері араласқан шығарма, екі тілдің арасында айқын шекара болмай, бірі екіншісін жалғап жырлайтын дастан екенін дәлелдеді. Оған қоса, автор дастандағы тюркизмдер, яғни түркі сөздері кейін орыс тіліне еш өзгеріссіз енгені туралы пайымдайды. Бұл тақырыпты кеңінен 1975 жылы жарық көрген "АЗиЯ. Книга благонамеренного читателя" атты кітабында ашады.
Олжас Сүлейменов "АЗиЯ" кітабында ежелгі русь халқы билингв – қостілді екенін ашық тұжырымдайды. Бұл идеясын жыр екі тілді түсінетін аудиторияға арналғанын, яғни орыс тілін білген адам, половшылар тілін де білгенін көрсету арқылы негіздейді. Сүлейменов қостілді русь халқы идеясын тек бір "Игорь жасағы туралы жыр" негізінде ғана емес, саналуан дереккөздер арқылы дәлелдеуге тырысты.
Кеңестік қыспақ
Империализм мен руссоцентризмді ұстанған Кеңес идеологиясы Моңғол шапқыншылығы, Русь кінәздерінің Алтын ордаға бағынған кезеңінде орыс тіліне мардымсыз ғана "кумыс", "аркан" сияқты тюркизмдер енді деп қабылдайтын. Бірақ Олжас Сүлейменов "АЗиЯ" кітабында Кеңес идеологиясының көзіне көрінбейтін, әркез орыс сөздері болып саналған орыс тіліндегі тюркизмдерді ашып көрсетті. Орыс академиктер қауымы бұл кітапты "ұлы" орыс тіліне бұрын-соңды болмаған қол сұқпа деп қабылдады.
"АЗиЯ" кітабы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Кітапқа кеңестік заманға тән «ұлтшылдық», «пантюркизм», «әдістемелік қателер» сияқты айыптар тағылды. Партия басшылығы тез арада кітапқа қатысты жедел шаралар қолданды. Мәскеудегі басшылықтың нұсқауымен Қазақстан компартиясының орталық комитеті кітапқа теріс баға берді. "АЗиЯ" кітабы сатылымнан шығып, дүкен сөрелерінен, кітапханалардан алынды және жойылды. Бұл кітапты басуға рұқсат берген баспа директоры қызметінен босатылды. Ал автор Олжас Сүлейменовтың шығармалары санкцияға түсіп, 8 жыл бойы мүлде жарық көрмей кетті.
Республика басшысы Дінмұхамед Қонаевтың КСРО басшысы Брежневке жеке өтінішімен ғана Сүлейменов "қатаң сөгіс" алып қана құтылды. Сүлейменов сол заманда үлкен танымалдыққа ие болған соң, Сүлейменов ісін КОКП ОК қарауы тиіс еді. Бірақ Брежнев нұсқауымен іс Орталық комитеттен КСРО Ғылым Академиясының қарауына тапсырылды. "АЗиЯ"-ға тыйым салынғаннан кейін, бұл кітапқа КСРО-ның түркі халықтары қызыға бастады. Тәуелсіздік алған соң, бұл кітап қайта басылды.
"АЗиЯ" кітабы Ресей славист ғалымдарымен теріс бағаланды. Олар Сүлейменовті кәсіпқой лингвист емес, әуесқой зерттеуші, әрі фантаст деп атады. Олжастың көзқарасы нақты зерттеу нәтижесі емес, фантастикалық тұрғыдан қарастырылған деп айыптады. Славистер былай тұрсын, Ресейдің тюркологтері де Сүлейменовті жақтамады. Олар Сүлейменов жаңа сөздер ойлап тауып, жаңа грамматика құрастырды. Оның сөзі ойдан шығарылған, ал жазғаны - білімсіздіктің нәтижесі деп айып тақты.
Мұндай қарсы пікірге қарамастан, Тәуелсіздік жылдары Олжас Сүлейменов пікірін өзгеріссіз қалдырып, кітапты кішкене ғана өзгеріс енгізілген редакциясында жариялады.
## Саяси-қоғамдық қызметі
Қазақстанда атом сынақтарына тыйым салу - 1989 жылдың басындағы КСРО халық депутаттығына үміткер болған Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Олжас Сүлейменовтің сайлау алды бағдарламасындағы ең бірінші пункт еді.
1973 жылы Сүлейменов «Сынақтарға тыйым салынсын!» деген сөздермен аяқталатын, Қазақстан үшін сол кезде ауыр тақырыпқа «Дикое поле» атаулы өлең жазған. Семей ядролық полигонындағы сынақтар туралы сөз қозғаған болатын. Тек 1949-1963 жылдар аралығында Семей маңында сыналған барлық атом және сутегі бомбаларының жарылу күші Хиросимаға тасталған американдық атом бомбасының қуатынан 2500 есе артық болды, бүкіл аймаққа жан түршігерлік экологиялық зиян келтірді.
1989 жылы ақпанда Сүлейменов Қазақстан халқына теледидар арқылы үндеу жасады, келесі күні Алматыдағы Жазушылар одағы ғимарытының алдында ядролық қаруға қарсы «Невада — Семей» қозғалысының құрылғанын жариялады . Ядролық сынақтарға тыйым салу үшін небәрі бір айдың ішінде петицияға 4 миллионнан астам адам қол қойды. Кейін Семей қаласынан депутаттыққа сайланды. Сол жылдың жазында Сүлейменов КСРО халық депутаттарының I съезінде сөз сөйлеп, қозғалыстың мақсаты мен талаптары туралы баяндады. 1989 жылы 19 қазан ядролық сынақтар аяқталғаннан кейін, 1990 жылғы мамыр бірінші үкіметсіз «Антиядролық конгресс» өткізілді. Қозғалысты қолдау үшін шахматтан бұрынғы әлем чемпионы Анатолий Карпов бастаған бейбітшілік қорынан 400 мың рубль аударылды. Сүлейменов Қазақстан шахмат федерациясының төрағасы болды (1977—1995). Қазақстан Президенті Назарбаевтың 1991 жылғы 29 тамыздағы жарлығымен полигон түпкілікті жабылып, ядролық қаруды сынауға халықаралық мораторий жарияланды. Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа көптеген елдер қол қойды.
Осындай табыстардан кейін «Қазақстан халық конгресі» (1991-1995) қозғалысы саяси партиясына айналды. Осы жылдар бойы оның басшысы Сүлейменов болды.
## Жыр жинақтары
«Біз жаңаша өлең жазуды Олжастан үйрендік» дейді — Сергей Марков, бұл болса Олжас өлеңдерінің тынысы өзгешелігін әйгілегендей. 1961 жылғы тырнақ алды жинағы «Арғымақтар» кітабінан бері ол жиырма шақты жыр жинағына автор болды. «Халықтың тарихы айналып келгенде ақынның үлесіне тиеді» - дейді А.С. Пушкин, оқып отырсаңыз Олжастың өлеңдері қазақ халқының талай ғасырлық мұңы мен қуанышын, сыры мен сипатын айтады, енді сіз бір ақынның жырын ғана емес бір ұлттың сан ғасырлық сәлихалы тарихын аралағандай боласыз. Олжас өлеңдері қазақ пен орыс арасында ғана емес, Еуропа елдері, Кіші Азия, Қытай, Америка елдері арасында өзінің асқақ қазақы үнін аспандата саңқылдатады.
* «Арғымақтар», Қазақтың мемлекеттік көркем әдеби баспасы, Алматы, 1961 ж.
* «Олжас Сүлейменов жинағы», Жазушы, Алматы, 1967 ж.
* «Қыш кітап», Жазушы, Алматы, 1969 ж.
* «Атамекен», Жазушы, Алматы, 1972 ж.
* «Каждый день — утро», Правда, Мәскеу, 1973 ж.
* «Повторяя в полдень», Жазушы, Алматы, 1973 ж.
* «Круглая звезда», Художественная литература, Мәскеу, 1975 ж.
* «Берега. Определение», Жазушы, Алматы, 1976 ж.
* «Olzsasz Sulejmen versei» (мажар тілінде), Еуропа кёнивкадо, Будапешт, 1976 ж.
* «Тұңғыш космонавт», Жалын, Алматы, 1979 ж.
* «Sakalai virs smevlus» (литван тілінде), Бага, Вильнюс, 1980 ж.
* «Земля, поклонись человеку!» (түркімен тілінде), Магарыф, 1985 ж.
* «Свиток», Молодая гвардия, Мәскеу, 1989 ж.
* «Аргамак» (моңғол тілінде), Улань газар, Улаанбаатр, 1990 ж.
* «Айналайын», Жібек жолы, Алматы, 1996 ж.
* «Исправляя метафорой мир», Қаржы-қаражат, Алматы, 1996 ж.
* «Im Azimut der Nomaden», Интердрюк, Лейпциг, 1997 ж.
* Собрание сочинений в 7 томах (в 8 книгах, орысша). Алматы, Атамұра баспасы, 2004.
* Таңдамалы туындылары, Жібек жолы, Алматы, 2005 ж.
* «Olzhas Sulejmenow gedichte» (неміс тілінде), Қазақстан, Алматы
* «Fizikçinin Duası» (түрік тілінде), Ыстамбұл, 1976 ж.
## Шығармалары:
* Нұрлы түндер, А., 1962;
* Қылықты түн, А., 1963;
* Мешін жылы, А., 1967;
* Таңдамалы лирика, М., 1968;
* Ақ дария аспанында, Таш., 1970;
* Атамекен, А., 1972;
* Қалаулы қайырма, А., 1973;
* Жұмыр жұлдыз, М., 1975;
* Көңіл көкжиегі, А., 1976, 1980;
* Определение берега, А., 1976, 1979;
* Трансформация огня. А., 1985;
* Асқардан асу (Преодоление), А., 1987;
* От января до апреля, А., 1989;
* Тюрки в доистории, А., 2002.
## Марапаттары
### Мемлекеттік марапаттар
* 1967 — Еңбектегі ерлігі үшін медаль;
* 1981 — Құрмет Белгісі ордені;
* 1984 — Еңбек Қызыл Туы ордені;
* 1986 — Қазан төңкерісі ордені — 50 жасқа толуына орай;
* 1990 — Қазақ КСР халық жазушысы;
* 2001 — 1-дәрежелі "Барыс" ордені — Қазақстандағы ядролық сынақтарға қарсы жүргізген күресі үшін;
* 2006 — Отан ордені — 70 жасқа толуына орай;
* 2014 — Нәзір Төреқұлов атындағы "Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін" медалі;
* 2016 — Қазақстанның Еңбек Ері атағы;
* 2016 — "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі;
* 2020 — "Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл" медалі;
### Шетелдік марапаттар
* 2004 — «За заслуги» ордені (Ингушетия, Ресей) — Ингушетия халқына сіңген еңбегі үшін;
* 2006 — V дәрежелі кәніз Ярослав Мудрый ордені (Украина) — Қазақстан мен Украина халықтарының достығына қосқан үлесі үшін;
* 2006 — «Шохрат» ордені (Әзербайжан) — Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы достықты орнатуға қосқан үлесі үшін;
* 2007 — "Дружба" ордені (Ресей) — Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын орнатуға қосқан үлесі үшін;
* 2007 — Өнер мен әдебиет орденінің кавалері (Франция).
* 2011 — "Достлуг" ордені (Әзербайжан) — Әзірбайжан мәдениет таратуға қосқан үлесі үшін;
* 2016 — Әзербайжан Республикасы Президентінің құрмет дипломы (Әзербайжан) — Әзербайжан мәдениет өз шығармаларында таратқаны үшін;
* 2017 — 4-дәрежелі Күншығыс ордені (Жапония) — ядролық қарудың таралуына қарсы жүргізген саясаты және Жапон-Қазақ қарым-қатынасына қосқан үлесі үшін;
* 2021 — "Шараф" ордені (Әзербайжан) — Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы мәдени сабақтастыққа қосқан үшесі үшін;
* 2022 — Құрметті легион орденінің офицері (Франция).
### Сыйлықтар
* 1961, 1963 — Қазақстан комсомолының Орталық комитет сыйлығының лауреаты;
* 1967 — «Доброе время восхода» өлеңдер жинағы үшңн Бүкілодақтық Лениндік коммунистік жастар одағы сыйлығының лауреаты;
* 1973 — «Синие острова» поэмасы үшін Абай атындағы Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
* 2000 — Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты;
* 2002 — Күлтегін атындағы халықаралық сыйлық лауреаты – "түркітану саласындағы жетістіктері үшін";
* 2003 — Халықаралық Түркия сыйлығының лауреаты – "түркі әлеміне қосқан үлесі үшін";
* 2013 — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының бейбіт және даму Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
* 2018 — Шыңғыс Айтматов атындағы ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясы сыйлығының лауреаты;
* 2020 — Мемлекетаралық ТМД "Достастық жұлдыздары" сыйлығының лауреаты.
### Шығармашылық одақтардың марапаты
* 2017 —"ЛиФФт" Еуразиялық әдеби фестиваль алтыны (Еуразия).
### Конфессиялық марапаты
* 2023 — «Мир и согласие» ордені (Қазақстан Православиелік Шіркеуі)
### Құрметті ғылыми атақтары
* 2004 —Әлиев атындағы Қарашай-Шеркеш Мемлекеттік университеттің құрметті докторы;
* 2005 — Маржани атындағы тарих институтының құрметті докторы; (Татарстан Республикасының Ғылым Академиясы)
* 2006 — Баку мемлекеттік университетінің құрметті докторы;
* 2009 — Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеттің құрметті профессоры;
### Құрметті азамат
* 2009 — Семей қаласының құрметті азаматы;
* 2014 — Баянауыл ауданының құрметті азаматы;
* 2015 — Павлодар облысының құрметті азаматы;
* 2019 — Алматы қаласының құрметті азаматы;
## Әдебиеттер:
* Ахметов З.А., Национально-характерные черты языка поэзии Олжаса Сулейменова // в кн. О языке казахской поэзии, А., 1970;
* Гусев В., Национальное, интернациональное и общечеловеческое: об Олжасе Сулейменове и его “Глиняной книге” // в кн. Герой и стиль, М., 1983;
* Бузаубагарова К.С., Стих Олжаса Сулейменова, А., 1984;
* Диканбаева С., О стилистическом комплексе в творческом контексте О.Сулейменова // Сб. научных тр., А., 1984;
* Толмачев Г., Повесть об Олжасе, А., 1996;
* Вместе с Олжасом, А., 1996;
* Ким Н.С., Эпидигматические отношения в языке и их реализация в русской художественной речи (на материале поэзии О.О. Сулейменова), Таш., 2002;
* Жуминова А.Б., Тезаурус языковой личности поэта О.Сулейменова, А., 2004;
* Сарсембаева А.Ж., Анафора в поэзии О.О. Сулейменова, А., 2005.
## Сыртқы сілтемелер
* «Аз и Я» (орысша)
* «Язык Письма» Мұрағатталған 8 тамыздың 2011 жылы. (орысша)
## Дереккөздер |
Мұхаметжан Тынышбайұлы (1879-1937) — қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш Орда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері.
## Биография
Найман тайпасынынң Садыр руынан шыққан.
Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысында (қазір Алматы облысы Қабанбай ауданы) туған.
Ауыл молдасынан хат таныған соң, 1890 жылы Верный ерлер гимназиясының даярлық сыныбына қабылданады. Мұхамеджан Тынышбаевтың тағдыр-талайы білім мен ағартуға, ұлттық теңдік пет өркениетке ұмтылған қазақ халқының тағдырымен бір.
Даярлық сыныпты қоса есептегенде, 10 жыл аталған гимназияда оқыған М.Тынышбаев оны үздік (алтын медальмет) аяқтайды.
1900 жылы оқушыны ұлтқа бөліп алаламайтын, білімдіні қадірлейтін гимназия директоры М.В. Вахрушевтің Жетісу губернаторына дәлелдеп жүріп стипендия бөлгізуінің арқасында (ол шақта мемлекет есебінет оқу тек осылай жүргізілген) Мұхамеджан император I Александр атындағы Петербор темір жол транспорты институтына қабылданады. Бұл институтты 1906 жылы бітірген.
## Ресейде болған жылдары
XX ғасырдың басында Ресейге ептеп батыс демократиясының лебі жетеді. Бұл осы империядағы зиялыларды оятты.
Мысалы, 1905 жылы Ресей, Әлихан Бөкейхан айтқандай, "тұңғыш және соңғы рет Еуропа болды". Яғни, сол жылы 17 қазанда патшаның манифесті жарияланып, елге біраз сөз, ой бостандығы берілтін. Ал, 1906 жылы Ресейде тұңғыш Мемлекеттік Дума шақырылды.
Осындай тарихи оқиғалардың ортасында жүрген Мұхамеджан Тынышбаев саяси күрестің әліппесін үйрене бастады. Мұны жас қайраткер тез меңгерді. Оның саяси жетілгенін растайтын деректер аз емес. Мысалы, ол 1905 жылы қазақ сынды шет ұлттарды билеуде өкіметтің әскери тәртіптен арылып, азаматтық жолға түсуін ұсынған дәлелді хатын министрлер комитетінің төрағасына жолдаған. Сондай-ақ, сол жылы қарашада автономияшылардың бірінші сиезіне қатысып, «Қазақтар жәш азаттық қозғалысы» атты баяндама жасаған («Русский Туркестан», №1,1906). Баяндамасында М.Тынышбаев былай дейді: «Үкіметтің нені көздегені белгілі: біріншіден, жабайы да тағылық репрессияларымен және тіл, салт-сана, дін һәм руханият атаулыны орыстандырмақ; екіншіден, түрлі әкімшілік шаралармен, әкімдермен, ережелермен қазақты құқықсыз, заңнан тыс етпек; үшіншіден, оларды қаны сіңген, сүйегі көмілген өз жері пен айырып, шөл- шөлейт жерге қуып, өлім құшағына тапсырмақ. Міне, қазақ бұрынғы дербестігі мен еркіндігінің орнына, орыс бодандығына қантөгіссіз кіргендігінің ақысына жалғандығы. Қайраткердің осы рухтағы өткір мақалаларының бірі - «Қазақтың қазіргі жағдайы мен өмірге қажетті сұранымының жалпы сипаттамасы» деп аталады .
Бұл М.Тынышбаевтың 1993 жылғы жинағына ел бей қалыпты. Мақалада автор халқының ауыр жағдайға тап болу себебін және одан құтылудың жөн-жобасын ұсынады. Осындай ашық пікірінен соң, патша тыңшылары Мұхамеджанның артынан аңду қояды.
## Темір жолда жұмыс істеуі
М.Тынышбаев 1906 жылы елге келіп, біраз уақыт Жетісу теміржолын жобалау ісіне қатысады.
I Мемлекеттік Думаның қуғындалғанынан хабардар ол ел құқына қажетті табанды қоғамдық-саяси жұмысымен көрінеді. Нәтижесінде 1907 жылы 28 жасында II Мемлекеттік Думаға Жетісу облысы атынан депутат болып сайланады. Сөйтіп, енді ол биік саясатқа көтеріледі. Алайда II Думаны да патша қуғындап таратады.
1907 жылы 3 маусымдағы жарлығымен империя исі қазақ сынды шет ұлттарды (ресми жер иелігі жоқ ұлттарды) Думаға сайлану құқынан айырады.
Бұл жағдай қазақ зиялыларының ашу-ызасын тудырғаны тарихтан мәлім (елді ояту рухындағы еңбектер осы кезден кешірек жариялана бастайды).
Дума таратылған соң М.Тынышбаев қайта кәсіби қызметіне кіріседі. Енді ол Түркістан генерал-губернаторлығы қарамағындағы аймақтың теміржол құрылысына инженер ретінде атсалысады.
1907- 1914 жылдар аралығында Әмудәрия үстіне салынған көпір құрылысына, Ұрсат (Урсатьевск) - Әндіжан теміржол құрылысына жетекші маман, бас инженер есебінде қатысады.
Теміржол саласына байланысты еңбегін ғана парықтағанның өзінде М.Тынышбаев - Кіндік Азия көлемінде еленуге лайықты инженер-теміржолшы.
1914 жылы қайраткер Жетісу темір жол құрылысына қайта ауысады. Бұл жолы ол Арыс - Әулие ата учаскесінің басшысы және бас инженері болып қызмет атқарды.
Осы шақта инженер Мұхамеджанға Ташкент Мұғалімдер институтына оқуға бармақ болып қаржыдан қысылып жүрген Т.Рысқұлов ұшырасады.Бұл 1915 жыл еді. М.Тынышбаев бір кезде өзі де осылай қиналғаны есіне түсіп, Тұрарға әжептәуір ақша ұсынады және мұндай керекті қаражатты кейін де адресіне салып тұратынын айтады.
Екі азаматтың осы риясыз көңілі адал бауырластыққа ұласады.
## Тынышбайұлы жазған мақалалары
Елшіл Мұхамеджан XX ғасырдың 10 жылдары Орынборда шығып түрған «Қазақ» газеті төңірегіндегілермен де араласып-хабарласып тұрады. Аталған газетте публицистің «Соғысушы патшалар әскері», «Сүңгуір қайық», «Темір жол һәм Еуропа соғысы», «Соғыс кемелері һәм мина», «Барлыбек Сыртанов», «Садуақас Шалымбеков» т.б. мақалалары жарық көреді.
М.Тынышбаевтың саясат сахнасында аса күрескерлік танытқан уақыты - 1916-1917 жылдар. 1916 жыл оқиғасы тұсында ол «Қазақ» тобында болды. Сол себепті де Қытайға кетуге мәжбүр болған қандастарын елге қайтару жұмысының жуан ортасында жүрді.Мұхамеджан анықтаған мына дерек кісіні селт еткізбей қоймайды: Жетісуға қатысты 44 болыс елде 47 мың 759 түтін болған, соның 40 мың 250 түтіні қашып-босқан, ал өлген адамның саны 95200 . Бұл да алапат қырғын еді.
1917 жылы сәуірде Уақытша үкімет М.Тынышбаев пен О.А. Шкапскийді Жетісу облысындағы комиссарлар етіп тағайындайды. Түркістан автономиясы 1917 жылы қараша айының соңында Қоқан қаласында жарияланғанда, қайраткер осы автономия үкіметінің төрағасы (премьер-министр) болып сайланды. Алайда Қоқанда құрылған Түркістан автономиясы бірер ай ғана өмір сүріп, большевиктер тарапынан аяусыз жанышталды. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ сиезіне де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ сиезіне де Жетісу облысы атынан қатынасты. Соңғысында ол Ұлт кеңесі (Алаш Орда) құрамына кірді.
Күрделі кезеңде түрлі саяси-мемлекеттік жүйеде қилы жауапты іс жасаған қайраткердің ұлтқа болысқан еңбегі нәтижесіз емес еді. Мұхамеджанның орасан жұмысын былайша топтап-таразылауға болады:
* саяси қайраткер ретінде құқы аяққа тапталған ұлтының теңдігі жолында дәйекті іс атқарды;
* маман-теміржол инженері ретінде төңкеріске дейін де, одан кейін де шойын жолды салуда ұлт мүддесін бірінші кезекке қойды;
* публицист ретінде орыс тілінде шыққан мақалаларында Петербордың зиялы қауымына патша шенсуніктерінің әділетсіздігін жеткізсе, қазақ тіліндегі мақалаларында қандастарына теңдік алудың жөн-жобасын көрсетті;
* тарихшы ретінде қазақ елінің көне дәуірден бүгінге дейінгі шынайы тарихын жасаудың батыл бағыттарын іс жүзінде анықтап берді.
## Түркістан-Сібірдегі қызметі
1921-1922 жылдары Түркістан кеңестік автономиясының Жер-су комиссариатында су шаруашылығын басқарды.
Ал, 1925-1932 жылдар аралығында Қазақстан кеңестік автономиясында жаңа астананы (Қызылорда) жасақтау ісінің бас инженері. Түркістан-Сібір құрылысының жетекші маманы қызметін атқарды.
1922 жылы Ташкентте құрылған «Талап» атты мәдени-ағарту ұйымына басқарма мүшесі болып сайланады. Осы шақта ол бірнеше тарихи еңбек жазды.Оның ел алдындағы елеулі еңбегі - Түркістан-Сібір теміржол құрылысына маман ретінде қатынасуы еді.
1932 жылы сәуір айында тұтқындалып, Мәскеу- Донбасс теміржол құрылысына жұмысқа жіберілді. Бұдан қайтып елге келгенде, 1937 жылы қарашада қайта тұтқындалып, ату жазасына кесілді.
1879 жылы 12 мамырда бұрынғы Жетісу облысы, Лепсі уезі, Мақаншы-Садыр болысында (қазіргі Қабанбай ауданы) дүниеге келген.
1889-1900 жылдары Верный ерлер гимназиясында оқып, оны үздік бітіріп шығады. Верный гимназиясын алтын медальмен тәмамдады. Жыл сайын кластан класқа І-ші дәрежелі марапатпен көшіп, үздік үлгірім, өнегелі тәртібімен ұстаздарының ықыласына бөленеді. Гимназияны бітіргенде педагогикалық кеңестің шешімімен ол ғылымда, әсіресе, математикада үздік жетістікке жеткені үшін Алтын медальмен марапатталады.
Жиырма жасар Мұхаметжанның Жетісу әскери губернаторының кеңсесіне тілмаш болып орналасуына жол ашады. Бірақ оқуға ынталы жас жоғары білім алуға ұмтылып, император Александр І атындағы Петербург теміржол транспорты институтына түсуге тілек білдіреді. Бұл жолы да тағдыр оған күле қарайды. Өзінің мұғалімі, гимназия директоры М.В.Вахрушевтің көмегімен қазынадан 360 сом жылдық стипендия алып, Петербургке аттанады.
1900-1906 жылдары Санкт-Петербургтегі І Александр атындағы жол қатынасы инженерлерін даярлайтын институтта оқып, мұнда да ол ерен қабілетімен ұстаздарын таңқалдырып, институтты үздік бағамен бітіреді.
Институттың соңғы курсында жүргенде 1905 жылғы төңкеріске қатысады. Сол жылы өткен автономистерінің съезіне қатысып, онда «Қазақтар және қоғамдық қозғалыс» деген тақырыпта баяндама жасайды, өз халқының мұңын жеткізіп, Министрлер комитеті атына өтініш жолдайды. Онда қазақтарды басқарудың басты принциптерінің қазақтардың мүддесімен сай келмейтіндігін ғылыми тұрғыдан негіздеуге күш салады және басқарудың әскери жүйесінен азаматтық жүйеге көшуді талап етеді. Жас саясатшының бұл талабының атақты «Қарқаралы петициясы» талабымен үндесіп жатуы — халқым деген қазақ азаматтарының әр жерде жүріп, бір мақсатқа қызмет еткенін айқын көрсетеді.
1905 жылдың аяғында Оралда өткен Қазақстанның бес облысының делегаттар съезінің жұмысына қатысады. Осы съезде болашақ "Алаш" партиясының сұлбасын құруға ниет жасалған болатын.
Институт қабырғасында оқып жүрген кезде-ақ ол туған халқының, мұңын мұңдап, жоғын жоқтап баспасөзде уытты мақалалар жариялайды және әр түрлі жиындарда сөз сөйлейді.Осындай бір жиында 1905 жылы 19 қарашада өткен автономшылар одағының 1 съезінде ол баяндама жасайды. Онда ол былай өткір сөйлепті: Қазақтардың жер мәселесі — сөзсіз аса маңызды… Үкіметтің нені көздеп отырғаны түсінікті: біріншіден, … қазақтарды дербес ұлт ретінде жою және бүкіл өлкені орыстандыру; екіншіден, қазақтарды … қауқарсыз тобырға айналдыру; үшіншіден, …ежелгі атақонысынан айыру… қандай қанқұйлы, зымиян мақсат?!Жалпы М.Тынышбаев 1905-1907 жылдары Ресей империясының қоғамдық саяси өміріне белсене араласа бастайды. 1907 жылы Ресей ІІ-ші Мемлекеттік Думасына Жетісу облысынан депутат болып сайланады. Қазақ депутаттарының Дума трибунасынан Столыпиннің аграрлық саясатын сынаған үндері естіледі, әсіресе Бақытжан Қаратаевтың жасаған баяндамасы үлкен шу тудырды. Мұның аяғы 1907 жылдың 3 маусымдағы заң бойынша «еркіндікшіл» Дума таратылып, қазақтардың Мемлекеттік Думаға өз өкілдерін сайлау құқығынан айырылуымен тынады.
ЖОО бітірген соң Орта Азия өңірі мен Жетісу теміржол құрылысында инженер болып қызмет істейді.1916 жылғы көтеріліс туралы Түркістан генерал-губернаторына берген түсініктеме нұсқасында оны кеңінен толғап, отаршылдық зорлық-зомбылық қимыл-әрекеттеріне қысқаша шолу жасауы — тобықтай түйіндеп айтылған зор ғылыми еңбек болып табылады. Ақпан төңкерісіне дейін Мұхаметжан өзінің темір жол инженері мамандығы бойынша Орта Азияда, Жетісу облысында біраз жыл қызмет етеді.
1917 жылғы Ақпан төңкерісінен өзге қазақ зиялылары сияқты ол да үлкен үміт күткен еді. Сондықтан да ол бұл кезде бел шеше қызмет етіп, қоғамдық-саяси қайраткер ретінде тез танылады. Сол жылы көктемде Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі, сонымен қатар осы үкіметтің Жетісу облысындағы комиссары болып тағайындалады.
1917 жылы қазан айында Том қаласында өткен Жалпы Сібірлік съезге өзге алаш қайраткерлерімен бірге қатысып, Сібір кеңесінің құрамына енгізіледі.Сол жылғы желтоқсанда өткен Жалпықазақтық съезде Алашорда үкіметінің мүшелігіне сайланып, кейін Алашорда үкіметінің төрағасының орынбасары ретінде көптеген заң актілеріне қол қояды.
Алаштың арысы Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан ұлттық-демократиялық интеллигенция өкілдерімен бірге М. Тынышбаев та жалпыұлттық «Алаш» партиясын құруға тікелей араласады.
1911-1918 жылдары темір жолдың Урсатьев-Әндіжан бөлімшесінде бастық, бас инженер болып қызмет атқарды. Одан кейін Жетісу темір жол бөлімшесінің Арыс-Әулиеата құрылысын басқарды.
1917 жылы шілдеде өткен Жалпы қазақтық съезде Жетісу облысынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады.
1917 жылғы желтоқсан айында жарияланған Алаш автономиясы үкіметінің он бес мүшесінің бірі болады, «Алаш автономиясы аумағындағы уақытша жер пайдалану туралы Ереженің» жобасын қабылдауға қатысады.
1918 жылы бүкілтүркістандық ІV-ші мұсылмандар съезіне қатысып, онда жарияланған Түркістан («Қоқан») автономиясының премьер-министрі болып сайланады.
1919 жылы Бүкілодақтық Атқару комитеті бұрынғы алашордалықтарға кешірім жариялағаннан кейін, ол Түркістан өлкесінің Семей халық ағарту комиссариатында жауапты қызметтер атқарады.
Түркістан автономиясын Кеңес өкіметі күшпен талқандағаннан кейін М. Тынышбаев Алашорда қайраткерлерімен бірге сол кезде бірінен соң бірі құрылып жатқан көптеген әр түрлі үкіметтермен (Уақытша Сібір үкіметі, Уфа директориясы, Колчак үкіметтері сияқты) келіссөздер жүргізіп, хат-хабар жазысады, азамат соғысы жылдарында қызылдарға қарсы күреседі. Бірақ одан күткендей нәтиже болмайтынын көргеннен соң 1920 жылдан бастап, Кеңес өкіметінің жағына шығып, «буржуазиялық маман» ретінде Ташкентте, Қызылордада, Алматыда әр деңгейдегі шаруашылық мекемелерінде еңбек етеді.
1924 жылдан бастап қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУде оқытушы болды.
1925-1926 жылдары жаңа астана Қызылорда қаласын көріктендіру жүйесінің бас инженері болып тұрғанда қаланы сумен қамтамасыз ету жолын және көптеген жаңа объектілер салу туралы ұсынады.
1926 жылдан бастап Тұрар Рысқұловтың қолдауымен Түркістан-Сібір жолын салуға қатысады.
1926 жылы Тұрар Рысқұловтың ұсынуымен Түркісіб темір жол жобасы мен құрылысына қатысты. Бір жолы қолына А.П.Чулошниковтың қазақ халқы тарихына қатысты еңбегі түседі. Осы кітаптағы ұлттың намысына тиетін пікірлерге қарсы сын жазып, академик В.В.Бартольдке жібереді. Ғалым бұған қатты риза болып, қазақ халқының тарихын зерттеп, жазуға кеңес береді, ең болмаса болашақ зерттеушілер үшін тарихи деректер мен материалдарды жазып қалдыруға ақыл қосады. Осы жолда Мұхаметжан Тынышбайүлының 1926-1927 жылдарда жазған еңбектері: "Материалы по истории киргиз-казахского народа", "Киргиз-казахи в XVII-XVIII веках", "Ақтабан шұбырынды" және тағы басқалар.
Сталиндік зобалаңда ол 1930 жылы 3 тамызда тұтқындалып, бес жылға сотталып Воронежге бес жылға жер аударылады.
1933-1937 жылдары ол айдауда жүріп Мәскеу-Донбас темір жол құрылысында жұмыс істейді.
Онда ауырып, оралғанымен 1937 жылы қараша айында қайта тұтқындалады да, 1937 жылы Ташкент түрмесінде "Халық жауы" деген желеумен атылады.
1959 жылдың 29-қыркүйегінде Мұхаметжан Тынышбаев Қазақ КСР-сы Жоғарғы сотының, және де 1970 жылы КСРО прокуратурасы мен Түркістан әскери округының прокурорының шешімімен ақталып шықты.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Мұхаммеджан Тынышбай. Жас Алаш газеті Мұрағатталған 29 маусымның 2011 жылы. |
Нұрғали Сәдуақасұлы Әшім (10 қазан, 1959, Шымкент) — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономика ғылымдарының кандидаты.
## Қысқаша өмірбаяны
* Мәскеу экономика-статистика институтын (1981 ж.) инженер-математик мамандығы бойынша бітірген.
* Мәскеу экономика-статистика институтының аспирантурасын тәмамдаған.
* ҚазССР-і Мемжоспары жанындағы ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері (1981 ж.), бөлім меңгерушісі (1987 ж.);
* ҚазССР-і Министрлер Кеңесінің кадрларды қайта даярлау жөніндегі республикалық институтының аға оқытушысы
* Қазақ химия-технология институтының аға оқытушысы (1990 ж.) қызметтерін атқарған.
* Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі
* Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары — Оңтүстік Қазақстан территориалдық мемлекеттік меншік жөніндегі комитетінің төрағасы (1992 ж.) қызметтерін атқарған.
* Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (1993 ж.)
* Ұлттық Банктің Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасының бастығы (1996 ж.)
* ҚР Экономика және сауда вице-министрі (1997 ж.)
* «ТұранӘлем банкі» жабық акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (1997 ж.)
* Қостанай облысы әкімінің орынбасары (1998 ж.)
* Қостанай қаласының әкімі (1998 ж.) лауазымдарында болды.
* «Қазтрансгаз» ЖАҚ-ң коммерция және маркетинг жөніндегі вице-президенті (2000 ж.)
* «Intergas CentraI Asia» ЖАҚ-ң бас директоры (2000 ж.)
* «Қазтрансгаз» ЖАҚ-ң президенті (2001 ж.).
* Тағайындауға дейін ҚР Энергетика және минералдық ресурстар бірінші вице-министрі қызметінде болды.
* 2007 ж. тамызына дейін — Батыс Қазақстан облысының әкімі.
* 2007 ж. тамыздың 28 — Түркістан облысының әкімі.
* 2009-2012 жж. - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі.
* 2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
## Марапаттары
* «Құрмет» (2005) ордені
* «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001)
* «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» (2005) медальы.
## Отбасы
Үйленген. 2 қызы, ұлы бар.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Мәжілістің құрамы мен құрылымы, ӘШІМ Нұрғали Сәдуақасұлы |
Әскербасы — қазақ халқының ежелгі әскери құрылымдарында белгілі бір әскер қосынын, жасақты басқаруға тағайындалған адамдардың жалпылама атауы. Әскербасылар қарамағындағы әскер санына байланысты онбасы, жүзбасы, мыңбасы, түменбасы, бас қолбасшы болады да, әскер түріне сәйкес жасақбасы, мергенбасы, қарауылбасы деп аталады. Жоғары дәрежелі әскербасының түркі тілінде “бек”, арабша “әмір”, моңғолша “ноян” деген атаулары бар. Парсы тілінен енген “салар”, сардар сөздері әскербасы дегенді білдіреді. Әскербасылыққа тағайындалған адамға әртүрлі әскери белгілер — ту, байрақ, дабыл, шыңдауыл, керней тапсырылған. Жоғары дәрежелі әкербасылардың меншігіне елді мекен, ұлыстар берілген. Әскербасылыққа тағайындалған адам бұл қызметіне өзінің жауынгерлік ерлігімен, әскерді басқара білетін қабылетімен ие болған. Шығыс елдерінде кейбір әскербасы дәрежесі әкеден балаға мұрагерлікке қалдырылған, мысалы, әмірлік, тархандық дәрежелер.
## Дереккөздер |
Геологиялық құрылымы және кен байлықтары. Маңғыстау жер қыртысының құрылымы негізінен пермь, триас, юра, бор дәуірі шөгінділерінің нәтижесінде пайда болған әр түрлі жыныстардан тұрады. Каспий теңізінің жартылай қоршап жатуы және оның деңгейінің бірде жоғарылап, бірде төмендеуі маңайында орналасқан аймақтардың ауа райына немесе өсімдіктер дүниесіне ғана емес, геол. құрылымына да айтарлықтай әсер еткен. Түбектің кез келген бұрышынан мұнай мен газдың атқылауында бір кездегі осы аймақта болып, кейін тартылып қалған Тетис т. мен оның қазіргі көзі – Каспийдің атқарар орны орасан зор. Қазіргі Маңғыстаудың жер қыртысындағы геол. түзілімдердің көпшілігі бұл аймақтың түгелімен су астында жатқан көне дәуірімен тұстас келеді. Палеозой дәуірінің соңы мен мезозой дәуірінің басында пермь, триас кезеңдерінен (190 млн жыл бұрын) қалған құмтас, саз, тақтатас, көкшіл сұр әктастар қазіргі Қаратау баурайында жиі кездеседі. Батыс және Шығыс Қаратау мен оның сілемдері сол пермь және триас кезеңінің шөгінділерінен түзілген.
Юра кезеңінің (бұдан 140 – 150 млн жыл бұрын) қалдықтары құм, карбонатты саз жыныстар күйінде түбектің барлық жерінде кездеседі.Маңғыстаудағы юра қабаты шамамен 1300 м тереңдікте жатыр. Жетібай, Өзен кен орындарында бұл қабаттан қазірде мұнай өндіріледі.
Маңғыстауда ең көп кездесетін тау жыныстарының бірі – бор кезеңінің (бұдан 115 – 120 млн жыл бұрын) қалдықтары. Солт. пен Оңт. Ақтау және олардың арасындағы ірілі-уақты алқаптар негізінен бор дәуірінің шөгінділерінен (құмтастан, ақ мергельден, бор, әктас, саз тастардан) тұрады. Бор дәуірінен қалған жел мен судың және күннің әсерінен адам таңқаларлық әр түрлі бейнедегі қотыр тастарды жиі кездестіруге болады. Кайнозой дәуірінің палеоген кезеңінің (30 – 65 млн жыл бұрын) жұрнақтары түбектің кез келген жерінде кездеседі. Палеогеннің соңы олигоцен тұсында (бұдан 30 – 40 млн жыл бұрын) теңіз қайтадан көтеріліп, қазіргі Маңғыстауды түгелімен су басады. Кейіннен теңіз қайтадан қайтып, тау жоталары пайда болып, қара жер көріне бастайды.
Неоген тұсы (20 – 30 млн жыл бұрын) кезінде Каспий оқтын-оқтын көтеріліп, Оңт. Маңғыстау жоталарын қайта-қайта су басып, қазіргі ұлутастар қабатын түзген. Ең соңғы бір млн жыл ауқымымен шектелетін геол. жас дәуір төрттік (антропогендік) кезеңнің қалдықтары да бұл түбекте өте мол. Каспий жағалауындағы Қарақия ойысы мен Бозащы түбегі сол төрттік кезең шөгінділерінен тұрады. Жоғарыдағы көріністерге қарағанда Маңғыстауда алғашқы құрғақ жер триас дәуірінің аяқ кезеңінде, бұдан 190 – 200 млн жылдар шамасында қазіргі Қаратау қыраты жатқан тұстан пайда болған. Қалған өңір көп уақытқа дейін су астында жатқан. Қаратаудан кейін Орт. Маңғыстау мен Орт. Үстірт судан босаған. Ал Бозащы түбегі тіптен беріде (төрттік кезеңнің соңында) құрғаққа айналған.
Сан ғасырлар бойы табиғаттың осыншама таңқаларлық мол өзгерістері Маңғыстау жер қойнауын қат-қабат қазынаға толтырған.
Маңғыстау даласын зерттеген көрнекті географ, КСРО ғылым академиясының корр. мүшесі Б.Феодоровичтің пайымдауынша, ежелгі Палео-Әмудария, Палео-Еділ, Палео-Кура өз-дері Оңт. Каспий ойпатына құйғанда, теңізге орасан көп тұнба ағызып әкеліп отырған. Әр түрлі қалыңдықта қордалана жинақталған тұнбалар, шөгінділер кейін мұнайлы алқаптарға айналған. Белгілі палеогеограф, геол.-минерал. ғыл. докт. Н.Марковскиннің пікірінше, Жетібай және Өзен кендері ежелгі Өзен сағасының орнынан табылып отыр. Өзен шамасы осыдан екі мың жыл бұрын Каспийге құйып жатқан көне Яксарт (Әмудария) болса керек («Природа» журналы, ғ2,1976). Маңғыстауда мұнаймен бірге табиғи газдың да қоры өте көп. Сондай-ақ бұл өлкенің төм. және жоғ. юра қабатынан тас көмір табылды. Ал бор дәуірінің шөгінді қабаттарында фосфорит кені көп кездеседі. Н.Андрусов олигоцен қалдықтары қабатынан марганец кен көзін ашты. Қаратаудағы пермь, триас қабаттарының бірнеше жерінен мыс, темір кендері табылды. Темір кендері сол сияқты юра және төмендегі бор қабаттарында ұшырасады. Маңғыстау мен Үстірттегі плиоцен қалдықтары қабаттарынан аса құнды құрылыс материалдары – ұлутас кен орындары көптеп ашылуда. Аймақта бұлардан басқа силикат, құм, кобальт, қорғасын, калий, магний, ас тұздары, кесек күкірт, бор кендері бар. |
Маңғыстау климаты мұхиттан тым қашық. 41 – 46С солтүстік ендік аралығындағы қоңыржай белдеу жатқан аймақтың климаттық ахуалын қоңыржай белдеумен тропиктік ауа массалары анықтайды. Олар Маңғыстаудың да ауа райына мол ықпал етеді. Жоғары (арктик.) ендіктерден суық және құрғақ ауа массаларын әкелсе, соңғысы (тропиктік) жылу мен ылғал, аңызақ пен аптапты ыстықты келеді.
Мұндай ықпалдылықтың айрықша айқындалған кезеңі Маңғыстауда голоценнің (Мұз басу дәуірі аяқталғаннан кейінгі 10 – 12 мың жылдық) ортасы мен 7 – 8 ғ-лар кезеңіне келеді. Ақкетік, Қаңға баба, Қызылқала, Үстірт, Хиуа, Ұлы Жібек жолының тау етектерін шалғынды орман басқан, аң мен құстың небір түрлерінің мекендеп өсіп-өнген кезеңі деп археологтар тұжырымдайды. Соңғы климаттық салқындау (12 – 13 ғ-лар) Маңғыстау ауа райының қуаңданып, шөлге айналуына ықпал еткен. Соңғы кездегі Каспий т. деңгейінің көтерілуін ғалымдар жаһанды жылынумен байланыстырады. Бұл табиғи өзгеріс 21 ғ-дың ортасына дейін созылмақ. Демек, ауа райының жылынуы мен ылғалдану ауқымының артуы әбден мүмкін. 1993 жылдан бері Маңғыстауда айтарлықтай қыс болған жоқ. Ауа райынан азды-көпті жылылық пен ылғалдылыққа бейімділік байқалады.
Маңғыстаудың ауа райы континенттік. Жазы ыстық, қысы суық, жыл маусымдары бір-біріне шұғыл ауысады, жауын-шашын өте аз, ауа ылғалдылығы болымсыз, күн радиациясы жоғары және желі тұрақты болады. Түбекті жартылай қоршап жатқан Каспий т-нің жақындығы (теңіз жағалығын қоспағанда) ауа райына онша әсер ете қоймайды. Температураның жылдық абсолюттік минимумы 26 – 30С шамасында, максимум 35С. Ауа температурасының жылдық амплитудасы 70 – 75С. Жылдық температура жиынтығы 4300 – 4600С-ты құрайды. Буланатын ылғалдың жылдық мөлш. 1500 мм-ге дейін жетеді.
Көп жылдық (55 жылдық) зерттелген мәліметтер бойынша ауаның орташа жылдық температурасы (С) Форт-Шевченкода 11,2, Тұщыбекте 10,4, Қарақияда 11,2, Аққұдықта 11,4, Самда 8,5 болады. Ал жауын-шашынның жылдық орташа жиынтығы тиісінше аталған жерлерде 214, 247, 175, 155, 179 мм болып келеді. Жыл бойына күшті дауылды күндер саны (секундына 15 м) Самда 17, Бейнеуде 25, Форт-Шевченкода 32, Құрықта 37 тәулікке жетеді. Жалпы аймақ бойынша ауаның темп-расы қыста 0С-тан төмен, ал 0С-тан 15С-қа дейінгі темп-раны көктем және күз, 15С-тан жоғары темп-раны жаз деп айтуға болса, онда әр маусымның ұзақтығы төмендегідей:а) көктем – наурыз, сәуір – 61 күн;ә) жаз – мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек –153 күн; б) күз – қазан, қараша – 61 күн;в) қыс – желтоқсан, қаңтар, ақпан – 90 күн.
Көп жылдық бақылау нәтижесінде аязсыз күндердің саны 273 тәулікке, 5С-тан жоғары күндер саны 232 тәулікке жуықтайды. Ал жылдық жауын-шашынның маусым бойынша түсуі төмендегідей:көктем айларында 25 мм, жазда – 57 мм, күзде – 20 мм, қыста – 30 мм. Облыстағы жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. – 132 мм.Облыс аумағын агрометеорогиялық тұрғысынан үш аймаққа бөлуге болады.1. Құрғақ ыссы шөл аймақ – Бейнеу ауданын алып жатыр. Мұнда 10С-тан жоғары темп-раның жалпы жиынтық мөлш. 3500С, жауын-шашынның мөлш. 80 – 100 мм шамасында. Көктемгі суық, орта есеппен сәуірдің екінші онкүндігінде бітеді де, күзгі суық қазанның бірінші онкүндігінде түседі. Ал жылы кезең орта есеппен 180 күнге созылады. Қар әдетте желтоқсанның үшінші онкүндігінде жата бастайды. Қардың тұрақты жатуы орта есеппен 60 – 70 күнге созылады. 2. Теңіз жағалығы құрғақ және ыстық шөл аймағы Маңғыстау және Қарақия әкімш. аудандарының жағалық бөліктерін алып жатыр.10С-тан жоғары темп-раның жалпы жиынтық мөлш. 3600 –3850С. Жауын-шашын мөлш. 80 – 85 мм шамасында. Қардың қалыңдығы орта есеппен 5 см-ден аспайды. 3. Өте ыссы құрғақ шөл аймақтың алып жатқан жері – Үстірт жоны мен Маңғыстау таулары, негізінен Маңғыстау мен Қарақия әкімш. аудандарының оңт.-шығыс бөлігі. 10С-тан жоғары темп-раның жалпы жылдық жиынтық мөлшері 3800 – 4300С. Жылдық жауын-шашынның мөлш. 90 – 160 мм. Қардың жату ұзақтығы солт.-шығысында 60 – 70 күнге, оңт.-батысында 30 – 40 күнге созылады.
Маңғыстаудың ауа райы (ауытқу жылдарын айтпағанда) жайылымдарда малды жыл бойы бағуға қолайлы келеді. Мал ш-на байланысты барлық шараларды жүргізу мерзімдері әрбір нақты жағдайда, ауа райына орай белгіленеді. |
Тұрар Рысқұлов ауданы — Жамбыл облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1938 жылы Луговой ауданы болып құрылған. 1999 жылдан қазіргі атымен аталады. Жер аумағы 10,5 мың км². Аудан орталығы – Құлан ауылы.
## Географиялық орны
Солтүстігінде Мойынқұм ауданымен, шығысында Меркі ауданымен, батысында Байзақ, Жамбыл аудандарымен, оңтүстігінде Қырғызстанмен шектеседі.
## Жер бедері
Аудан аумағының басым бөлігі жазық, тек Оңтүстік ғана таулы. Мұнда Қырғыз Алатауының Ашамайлы, Қорғантас, Қарақыр, Көкқия, Көгершін, Шөңгір, Құттыжан, Ойранды, Шал, Қайыңды, Сөгеті, Мамай, Қарауылшоқы және Көкдөнен таулары орналасқан. Ауданның солтүстік Мойынқұм шөліне ұласып кетеді. Жер қойнауынан құрылыс материалдары барланған. Климаты континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, солтүстік қуаң. Ауаның қаңтар айындағы орташа температурасы –6 – 8°С, шілдеде 22 – 26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 – 350 мм, таулы бөлігінде 500 мм-ге дейін жетеді. Аудан жерінен бастауын Қырғыз Алатауынан алатын Қорағаты, Қарасу, Шалсуы, Жарлысу, Талды, Қарақыстақ, Әулиебұлақ, Қорғантас, Қарақат, Шөңгір, Көкдөнен, Қайыңды және Сарыбұлақ өзендері ағып өтеді. Аудан аумағында аумағы шағын келген (5 км²-ден аспайтын) Белогорка, Байтелі, Шілік, Ақкүшік, Мақбел, Әбілқайыр, Қосапан, Сұңқайты, Сандықкөл, Мөңке, Қарамақау, Көккөл және Қалғанкөл көлдері бар. Тау бөктері қара, қызғылт қоңыр, қоңыр топырақты (тәлімі жердің 80%-ы осында), орталығында сұр, сортаңды сұр, солтүстігінде құмды, құмайтты топырақ қалыптасқан.
## Жануарлары мен өсімдіктері әлемі
Өсімдіктерінен тау шатқалдарында бұта аралас қайың, терек, жеміс ағаштары, тау бөктерінде сұлыбас, қылқан боз, бетеге, Қорағаты өзенінің солтүстік жағалауынан бастап жусан түрлері басым, күйреуік, баялыш, жыңғыл, сексеуіл, ши, т.б. шөлге төзімді өсімдіктер өседі. Аңдардан қасқыр, түлкі, қоян, таутеке, арқар, ақбөкен мекендейді.
## Халқы
Тұрғындары 64 512 адам (2019). Аудандағы халықтың басым көпшілігі қазақтар (92,13%), одан басқа орыстар (4,13%), т.б. басқа ұлт өкілдері (3,75%) тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге шаққанда 6,6 адамнан келеді, басым көпшілігі (87 – 89%-ы) ауданның оңтүстігінде қоныстанған. Мұнда 1 км²-ге 18 адамнан келеді.
## Әкімшілік бөлінісі
42 елді мекен 15 ауылдық округке біріктірілген:
## Экономикасы
Ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жері (2005) 845,6 мың км², оның ішінде жыртылған жері 148,1 мың га, шабындығы 19,9 мың га, жайылымы 685,7 мың га.
Ауданда 1997 жылға дейін негізінен биязы жүнді қой, астық, қант қызылшасы, етті-сүтті мал, жылқы өсіруге маманданған 8 ұжымшар, 4 кеңшар, 1 жылқы, 1 асыл тұқымды қой болған. Кейіннен олар әр түрлі шаруашылық субъектілерге біріктірілген. 2005 жылы 12 өнеркәсіп кәсіпорны, оның ішінде 2 мемлекеттік, 10 мемлекеттік емес кәсіпорындары тіркелген. Аудан аумағында 100-ден астам шағын кәсіпорын тіркелген, оның жұмыс істейтіні – 88. Жеке кәсіпкерлік саны – 239. Аудандағы барлық жұмысшылардың саны 11,8 мың адам, ал еңбек ресурстарының жалпы саны 31,0 мың адам.
Тұрар Рұсқылов ауылында жоғары оқу орнының бөлімшесі, ауылы шаруашылығының колледжі бар. Жалпы білім беретін мектептердің саны (2005) – 44, оның ішінде 1 музыка, 1 спорт мектебі, 2 оқу өндірістік комб. бар, одан басқа 1 балабақша, мәдениет үйі, 6 клуб, 9 кітапхана, мұражай, аудандық аурухана, емхана, диспансер, 13 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 31 фельдшер-акушерлік пункт тіркелген.
## Архитектура
Аудан ежелгі (1 – 16 ғасырлар) тарихи-мәдени ескерткіштерге бай. Тарихи-археология ескерткіштерге Көкдөнен, Қызылшаруа елді мекендері аумағында орналасқан 1 – 4 ғасырлардың қорғандары, Көгершін және Құлан ауылдарының (Шөңгір шатқалы) тұсында “Қорғандар даласы” деп аталатын үйсіндердің 20-ға жуық ежелгі тұрақты мекендері, Қызылшаруа ауылы маңында сақаласы үйсін дәуірінің қорғандар тобы (12), Қарақат ауылынан 1 км жерде 7 – 9 ғасырлардағы Төрткүл бекінісі, Ақбұлақ шатқалынан (бұрынғы Луговой жылқы зауыты) 400 м жерде петроглифтер, Қаракемер ауылы жанында 7 – 13 ғасырлардағы Байтымбет елді мекенінің орны бар. Ауданның басқа да елді мекендерінде (Абай, Алғабас, Құрамыс, Ақыртөбе, Жаңатұрмыс, Каменка, Қарақыстақ шатқалы және Мөңке сайы, т.б.) ежелгі қалалар, қорғандар мен бекіністер жұрттары көптеп кездеседі. Жалпы, Тұрар Рұсқылов ауылында 68 ескерткіш, оның 3 тарихи, 7 монументті-архитектуралық және 54 археологиялық ескерткіштер тіркелген. Аудан жерінен Түрксіб, Луговой – Бішкек темір жолы өтеді.
## Дереккөздер |
## Театр және кино әртістері
* Шәкен Айманов
* Ыдырыс Ноғайбаев
* Серке Қожамқұлов
* Фарида Шәріпова
* Әмина Өмірзақова
* Сәбира Майқанова
* Бикен Римова
* Шахан Мусин
* Хадиша Бөкеева
* Шара Жандарбекова
* Әнуар Молдабеков
* Асанәлі Әшімов
* Меруерт Қаратайқызы Өтекешeва
* Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков
* Гүлфайруз Исмайылова
* Досқан Қалиұлы Жолжақсынов
* Тұңғышбай Жаманқұлов
* Құдайберген Сұлтанбаев
* Мейірман Нұрекеев
* Уайыс Сұлтанғазин
* Тоқсын Құлыбеков
* Дулыға Досмахамбетұлы Ақмолда
* Бекжан Асаубайұлы Тұрыс
## Қазақ арулары
* Қыз Жібек
* Еңлік
* Баян сұлу
* Ләйлі
* Зылиха
## Суретшілер және сәулетшілер
* Телжан Шонанов
* Әбілхан Қастеев
* Гүлфайруз Исмайылова
* Евгений Матвеевич Сидоркин
## Жазушылар, драматургтар, ақындар
* Абай Құнанбайұлы
* Ахмет Байтұрсынұлы
* Жамбыл Жабаев
* Мұхтар Әуезов
* Ғабит Мүсірепов
* Мұқағали Мақатаев
* Бердібек Соқпақбаев
* Ғабиден Мұстафин
* Сәбит Мұқанов
* Жүсіпбек Аймауытов
* Мағжан Жұмабаев
* Спандияр Көбеев
* Сәкен Сейфуллин
* Ілияс Жансүгіров
* Бейімбет Майлин
* Міржақып Дулатов
* Төлеген Айбергенов
* Сырбай Мәуленов
* Ғабиден Мұстафин
* Фариза Оңғарсынова
* Шерхан Мұртаза
* Әбдіжәміл Нұрпейісов
* Мұхтар Мағауин
* Тахауи Ахтанов
* Сәбит Дөнентаев
* Мұхтар Шаханов
* Дулат Исабеков
* Шәкәрім Құдайбердіұлы
* Мағауия Абайұлы
* Тұрағұл Абайұлы
* Арғынбай Жұмажанұлы
* Ақыт Үлімжіұлы
* Ақтан Бабиұлы
## Музыканттар
* Құрманғазы
* Дина Нұрпейісова
* Нұрғиса Тілендиев
* Молықбай қобызшы
* Мұқан Төлебаев
* Ахмет Жұбанов
* Ғазиза Жұбанова
* Қаршыға Ахмедияров
* Рахимов Тұрсынғазы
## Кино саласындағы қайраткерлер
* Сұлтан Қожықов
* Шәкен Айманов
* Серік Апрымов
## Ғалымдар
* Қожа Ахмет Ясауи
* Қадырғали Жалаири
* Махмұт Қашқари
* Әбу Насыр әл-Фараби
* Абай Құнанбайұлы
* Шәкәрім Құдайбердиев
* Мұхаметжан Тынышбаев
## Мемлекеттік қайраткерлер
* Абылай хан
* Әлихан Бөкейханов
* Тұрар Рысқұлов
* Дінмұхамет Қонаев
* Әйтеке би
* Бұхар Жырау
* Мөңке би
* Тәуке хан
* Төле би
* Қазыбек би
## Ұлт азаттығы жолындағы қайраткерлер
* Кенесары Қасымов
* Сырым Датұлы
* Махамбет Өтемісұлы
* Исатай Тайманов
* Амангелді Иманов
* Әлихан Бөкейханов
* Ахмет Байтұрсынұлы
* Тұрар Рысқұлов
* Қайрат Рысқұлбеков
* Ләззат Асанова
## Театр және кино әртістері
* Шәкен Айманов
* Ыдырыс Ноғайбаев
* Серке Қожамқұлов
* Фарида Шәріпова
* Әмина Өмірзақова
* Сәбира Майқанова
* Бикен Римова
* Шахан Мусин
* Хадиша Бөкеева
* Шара Жандарбекова
* Әнуар Молдабеков
* Асанәлі Әшімов
* Меруерт Қаратайқызы Өтекешeва
* Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков
* Гүлфайруз Исмайылова
* Досқан Қалиұлы Жолжақсынов
* Тұңғышбай Жаманқұлов
* Құдайберген Сұлтанбаев
* Мейірман Нұрекеев
* Уайыс Сұлтанғазин
* Тоқсын Құлыбеков
* Дулыға Досмахамбетұлы Ақмолда
* Бекжан Асаубайұлы Тұрыс
## Қазақ арулары
* Қыз Жібек
* Еңлік
* Баян сұлу
* Ләйлі
* Зылиха
## Суретшілер және сәулетшілер
* Телжан Шонанов
* Әбілхан Қастеев
* Гүлфайруз Исмайылова
* Евгений Матвеевич Сидоркин
## Жазушылар, драматургтар, ақындар
* Абай Құнанбайұлы
* Ахмет Байтұрсынұлы
* Жамбыл Жабаев
* Мұхтар Әуезов
* Ғабит Мүсірепов
* Мұқағали Мақатаев
* Бердібек Соқпақбаев
* Ғабиден Мұстафин
* Сәбит Мұқанов
* Жүсіпбек Аймауытов
* Мағжан Жұмабаев
* Спандияр Көбеев
* Сәкен Сейфуллин
* Ілияс Жансүгіров
* Бейімбет Майлин
* Міржақып Дулатов
* Төлеген Айбергенов
* Сырбай Мәуленов
* Ғабиден Мұстафин
* Фариза Оңғарсынова
* Шерхан Мұртаза
* Әбдіжәміл Нұрпейісов
* Мұхтар Мағауин
* Тахауи Ахтанов
* Сәбит Дөнентаев
* Мұхтар Шаханов
* Дулат Исабеков
* Шәкәрім Құдайбердіұлы
* Мағауия Абайұлы
* Тұрағұл Абайұлы
* Арғынбай Жұмажанұлы
* Ақыт Үлімжіұлы
* Ақтан Бабиұлы
## Музыканттар
* Құрманғазы
* Дина Нұрпейісова
* Нұрғиса Тілендиев
* Молықбай қобызшы
* Мұқан Төлебаев
* Ахмет Жұбанов
* Ғазиза Жұбанова
* Қаршыға Ахмедияров
* Рахимов Тұрсынғазы
## Кино саласындағы қайраткерлер
* Сұлтан Қожықов
* Шәкен Айманов
* Серік Апрымов
## Ғалымдар
* Қожа Ахмет Ясауи
* Қадырғали Жалаири
* Махмұт Қашқари
* Әбу Насыр әл-Фараби
* Абай Құнанбайұлы
* Шәкәрім Құдайбердиев
* Мұхаметжан Тынышбаев
## Мемлекеттік қайраткерлер
* Абылай хан
* Әлихан Бөкейханов
* Тұрар Рысқұлов
* Дінмұхамет Қонаев
* Әйтеке би
* Бұхар Жырау
* Мөңке би
* Тәуке хан
* Төле би
* Қазыбек би
## Ұлт азаттығы жолындағы қайраткерлер
* Кенесары Қасымов
* Сырым Датұлы
* Махамбет Өтемісұлы
* Исатай Тайманов
* Амангелді Иманов
* Әлихан Бөкейханов
* Ахмет Байтұрсынұлы
* Тұрар Рысқұлов
* Қайрат Рысқұлбеков
* Ләззат Асанова |
Мағжан Жұмабаев ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жер аумағы 7,8 мың км². 1997 жылы Возвышен ауданымен бiрiккен. 2000 жылы Булаев ауданы Мағжан Жұмабаев ауданы болып қайта аталды. Орталығы – Булаев қаласы (1893 жылы құрылған), 1969 жылы қала мәртебесін алды. Булаевтан облыс орталығына дейiнгi қашықтық 106 км.
## Географиялық орны мен жер бедері
Аудан солтүстiгiнде және шығысында Ресей Федерациясының Омбы және Түмен облыстарымен, батысында - Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың және Қызылжар, оңтүстiгiнде - Тайынша және Ақжар аудандарымен шектесiп жатыр. Солтүстік бөлігі - орманды дала, оңтүстігінде шағын көл қазаншұңқырлары кездеседі.
## Климаты, топырағы және өсімдіктері мен жануарлар дүниесі
Климаты тым континеттік, қаңтар айының жылдық орташа температурасы -18-19°С, шілдеде 18-19°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300-350 мм. Топырағы карбонатты қара топырақты, шалғынды-қара топырақты, орманды және сортаң топырақ. Ауданның өсімдік жамылғысы бетеге, боз, селеу, сәбізшөп, бидайық, жусан, т.б. құрайды. Орманды дала белдемінде қайың, терек, сібір үйеңкісі басым. Бұталардан итмұрын, шие, шаттауық, тал, т.б. өседі. Сирек өсімдіктеріне ашық құндызшөп, сарғыш құндызшөп, шүйіншөп, альпі астрасы, шайқурай, бетеге, шолпанкебіс жатады. Жануарлардан бұлан, елік, қасқыр, түлкі, күзен, борсық, қоян, ондатр, т.б. мекендейді. Құстардан қаз, үйрек, аққу; жыртқыш құстардан - қаршыға, т.б. кездеседі. Су айдындарында шабақ, мөңке, алабұға мол.
## Су торабы
Шағын көлдер бар. Ірілері: Келтесор, Майбалық және Қамыстысай өзені аңғарында Половинное, Соленое, Қамысты, Медвежье, Баранье. Бұл көлдердің басым бөлігінің суы ащы және тұзды келген.
## Халқы
Тұрғындары 29 924 адам (2019). Ұлттық құрамы: орыстар (57,47%), қазақтар (28,54%), немістер (5,00%), украиндар (4,16%), татарлар (1,38%), поляктар (1,54%), беларустар (0,84%), поляктар (0,48%), литвалықтар (0,16%), шешендер (0,15%), чуваштар (0,14%), басқа ұлт өкілдері (1,06%).
## Әкімшілік бөлінісі
63 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 17 ауылдық округке біріктірілген:
## Аудан экономикасы
Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 313 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 2 - iрi, 25 - орта, 286 - шағын кәсiпорындар. Олардан 176 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 133 - жеке меншiк, 4 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады.2009 жылдың қорытындысы бойынша:Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 10,5%-ы (25 101,6 млн.теңге) өндiрiлген. Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 570,6 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 0,8%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 102,8% құрайды. Бөлшек тауар айналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 255,9 млн.теңге сомасын құрайды. Тауар айналымның физикалық көлемiнiң индексi 52,5% кұрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 6 146,9 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 37,3% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 1 558,5 млн.теңге құрады. Пайдалануға 8,5 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 24,4 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 18,2% өсiп, 38 250 теңгенi құрады. Нақты жалақы 10,5% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 25 963 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 10 952 теңге құрады. Ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 637,2 мың га, жайылым мен шабындық 176,8 мың га.Аудан арқылы Сібір темір жолы Мәскеу-Владивосток темір жолы, сондай-ақ Петропавл-Омбы-Новосібір автомобиль жолы, Булаев-Молодогвардейский, Қарақоға-Конюхов автомобиль жолдары өтеді.
## Дереккөздер |
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы электрондық мемлекеттік сатып алулар – жеңімпазды анықтау үшін басты шарт болып әлеуетті өнім берушінің тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызметке ұсынған ең арзан бағасы болып табылатын электрондық мемлекеттік сатып алудың ең қарапайым түрі.
Электрондық конкурс – электрондық мемлекеттік сатып алудың бір түрі, мұнда мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын анықтауға әсер ететін тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызметке байланысты құнмен қатар басқа да белгіленген шарттар есептеледі.
Электрондық аукцион – электрондық мемлекеттік сатып алудың бір түрі, мұнда тапсырыс беруші тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызметті онлайн аукцион барысында анықталған ең арзан баға ұсынған әлеуетті өнім берушіден сатып алады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстандағы мемлекеттік сатып алуды электрондық пішімде өткізуді ұсынды. Бүгін жүйе (www.goszakup.gov.kz) мемлекеттік сатып алу саласындағы электрондық қызметке біртұтас қол жеткізе отырып мемлекеттік сатып алуда тапсырыс беруші, ұйымдастырушы және жабдықтаушы ретінде Интернет желісіне қосылған кез келген компьютерден қатысуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде жүйе баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы мемлекеттік сатып алуды толық автоматтандырылған түрде, сондай-ақ пилоттық түрде электрондық конкурстарды өткізуді жүзеге асыруда.
Электрондық мемлекеттік сатып алудың басты артықшылықтары мыналар:
1. Жемқорлықпен тиімді күрес тәсілі; 2. Бюджеттік қаражаттың үнемделуі; 3. Мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыстың ыңғайлылығы; 4. Салауатты бәсекелестік үшін тиімді жағдайлар туғызу; 5. Отандық шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау.
## Сілтемелер
Отандық электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесі әділетті бәсеке кеңістігін қамтамасыз етеді – С. Ахметов(қолжетпейтін сілтеме)
«Электрондық мемлекеттік сатып алу» жүйесінің жұмысы нәтижесінде 10 млрд теңге көлемінде бюджеттік қаражат үнемделді(қолжетпейтін сілтеме)
Кедендік одаққа қатысушы елдердің мемлекеттік сатып алуының басым бөлігі электрондық пішімде өтеді(қолжетпейтін сілтеме)
Өңдеуші өнеркәсіп өнімдері мемлекеттік мекемелер тарапынан айтарлықтай сұранысқа ие(қолжетпейтін сілтеме) |
Уәлихановтың мемориалдық кешені, 1985 ж. Алтынемел баурайында (Кербұлақ ауданы) ұлы ғалымның туғанына 150 жыл толу құрметіне ашылды. Авторлары: архитекторлары Б.Ибраев, С.Рүстембеков, Р.Сейдалин; инженерлері А.П.Котов, А.И.Гусев; суретшісі А.Ермекбаева. Мемориалдық кешен ғалымның бейітіне қойылған құлпытастан, ескерткіштен, музейден, қонақүйден және хауызды алаңнан тұрады. Ансамбльдің басты ғимараты — Ш.Уәлихановтың ғылыми-шығармашылық мұрасын бейнелейтін музей үйі. Музей үйінің сыртқы пішіні қазақ халқының мемориалды архитекторның дәстүрінен ("төрт құлақ") туындаса, ішкі кеңістігі киіз үйді, жолаушының шатырын елестетеді. Интерьердің негізінен үш түсті — еденнің қара, қабырғаларының қызыл, төбесінің шымқай ақ болуы дәстүрлі көркемөнер мәдениетіндегі үшкіл әлем символын білдіреді. Үйдің едені бұрандалы түрде бірте-бірте биіктеп, екінші қабатқа көтерілуге мүмкіндік жасайды. Орталық зал (ауданы 18x18 м) бұрыштарынан бастап ортасына қарай еңіс диагоналды арқалықтармен жабылған. 30 орындық кинозал мен келушілерге қызмет көрсететін жайлар бөлек орналасқан. Қонақүйдің (30 орынды) әсем интерьері музейдің композицияның құрылымын сақтай отырып, жалпы ансамбльдің ішкі, сыртқы түтастығымен ұласып кетеді. Уәлихановтың мемориалдық кешенінің жобасы 1987 жылы Софияда өткен "Интерарх" халықаралық байқауында 2-орын алып, күміс медальға ие болды.
Уәлихановтың мемориалдық кешеніне Алматы-Шеңгелді-Қоянкөз-Матай-Жаркент және Семей-Аякөз-Қапал-Алтынемел маршруты бойынша сапар шегуге болады. Кешенге автомобиль жолдары барады. Сарыөзек-Жаркент тас жолының бойында орналасқан. Ол негізгі жолдан 20 км қашықтықта, Шоқан ауданында орналасқан.
## Дереккөздер |
Батыс Қазақстан — Қазақстанның батысындағы төрт облысынан тұратын Экономикалық аймақ. Ішіне Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары кіреді. Республика ішінде, солтүстік-шығысында Қостанаймен, шығыстан Қарағанды, ал оңтүстік-шығыстан Қызылорда облысымен шектеседі. Солтүстігінен Ресей, ал оңтүстігінен Өзбекстан мен Түрікменстанмен шектеседі. Бай табиғи ресурстар, қолайлы географиялық мекен, Ресей қалалары мен өзге мемлекеттер арасындағы дамыған экономикалық байланыстар сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына көп септігін тигізеді.
Батыс Қазақстанда Жайық пен Ембі өзендері ағып өтеді. Аумақтағы ең ірі көлдері – Индер, Аралсор, Қамыс-Самар. Аумақтың оңтүстік-батысында Каспий теңізі орналасқан. Мұнай газының қоры көп болғаны - регионның экономикасында үлкен рөл ойнайды. Атырау қара уылдырықты дайындау және сақтау орталығы болып табылады. Бұл жердің климаты - қатаң континенталды, құрғақ.
Қазіргі Батыс Қазақстан жерлері XVI ғасырда Қасым ханның шабуылдары арқасында Қазақ хандығына қосылған. XVII ғасырға дейін, аумақ Ноғай орданың шабуылдарға құрбан болған. Хандық ыдырағанда, Батыс Қазақстан жерлері - Кіші жүз болып шықты. 1822 жылда Кіші жүз жерлері Ресейге қосылып, 1917 жылға дейін Орал мен Торғай облысы ретінде қалған. Ресей отаршылығынның уақытында қалалар құрылып, жартылай көшпелі тұрмыс дәстүрі дамыған. 1917 жылда, Алаш партиясы құрылғанда, Батыс Қазақстан Алаш Автономиясына кірген. Кеңес үкіметі келген соң, Батыс Қазақстанда индустриализация өтіп, өнеркәсіптік жұмыстар мен кен орындары ашыла бастаған.
2000 жыл бойы Ұлы Жібек Жолы бүкіл Маңғыстау аймағынан өткен. Қазіргі таңда бұл жол туристердің қызығушылығын туғызуда. Әдемі табиғат көріністері пен Үстірт қорығының әр түрлі жануарлары, Маңғыстау жеріндегі көптеген ерекше тарихи және мәдени ескерткіштер, Каспий жағалауының көркем көріністері туристердің айрықша қызығушылығын туғызатыны сөзсіз.
Ақтөбе Облысы Қазақстанның ең маңызды өнеркәсіп ауданы болып табылады. Оның көлемі шамамен 300 мың шаршы км. Ақтөбе облысы солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Өзбекстанмен шекараласады. Бұл аймақ шығыс пен батыста әр жағынан үш облыспен шектеседі. Шығыс жағында – Қостанай, Қарағанды және Қызылорда облыстары. Батысында - Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары.
Атырау облысы 400 метрлі жыраларға және диаметрі 2 метр болатын аппақ, домаланған тастарға толы. Бұл жерлерді көне заманғы мұхит түбінен қалған әктасты қыраттар құрайды. Каспий және Арал теңіздері осы мұхиттың қалдықтары. Шөлді жазық дала Урал өзенімен (қазақша - Жайық) тоғысады да, кейбір жерлер Флорида саз батпақтарын еске түсіреді. Бұл шынымен де су құстарына жұмақ жер болып табылады. Бұл жерлерде тек ауалық жастықшалы қайықтардың жүруі рұқсат етілген. Аққу, үйрек және қаздар тобы туристердің үстінен ұшып өткенде, олардың көптігі әркімді таң қалдырады.
## Археологиялық ескерткіштер
Өліқолтық жағасында, Қызанның солтүстігінде көне қорғандар табылған.
Олар біз заманыздың IV-V ғасырларына жатқызылады. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл ашулар осы жерлерде өмір сүрген Сақ-Массагет дәуіріндегі адамдар жайлы толық ақпарат береді.
Шетпеден 18 км-де орналасқан Ақмыш жері туристерді өз әсемдігімен ғана емес, сонымен қатар көне Қызыл Қала тарихи жерлерімен таң қалдырады. Ақмышсайдан 3 км жүрген соң, сіз Самал мен Сазанбай атты терең шатқалдарға тап боласыз. Келесі әсем жер - Қаңлы Баба Форт-Шевченкодан 30 км жерде орналасқан. Сіз бұл жерде қайнар көздерін, долана ағаштарын, қожақат, қып-қызыл жидек бұталарын, ильм және терек тоғайларын көре аласыз. Көне Қаңлы Баба Мазары мен мешіт осы жерде орналасқан.
## Өнеркәсібі
Батыс Қазақстанның әрбір облысы өзіне тән маманданған. Мұнай және газ өндіру ауданның барлық облысында жүргізіледі. Олардың арасында мұнайды көп өндіретіні Атырау облысы (республикалық өнімнің 30%), ал газды Атырау (49%) және Батыс Қазақстан (25%) облыстары . Атырауда республикамыздағы ірі мұнай өндеу зауыты жұмыс істейді (республика бойынша өнеркәсіп өнімінің үлес салмағы (26%). Ауданның батысында Қарашығанақ мұнай газ конденсаты кен орны бар. Бұл жерде мұнайды өндірумен бірге жаңадан салынған зауытта мұнайды өңдеу жұмыстары қатар жүргізіліп, өндірісті одан ары дамытуда Жаңаөзен қаласында этан шығаратын газ өңдеу зауыты жұмыс істейді. Бұл газ Ақтау қаласындағы пластмасса зауытының шикізаты. Атырауда полиэтилен, полипропилен және пластмассадан жоғары температураға шыдамды заттар шығаратын зауыт бар. Ақтөбе облысындағы хром кені базасында қара және түсті металлургия салалары дамыған. Кен орнында Хром қосылыстары және ферроқорытпа зауыттары жұмыс істейді. Хром кенінің және хром қосылыстарының негізгі бөлігі жақын және алыс шетелдерге экспортқа шығарылады. Облыс аумағында никель де өндіріледі.
Химия өнеркәсібі негізінен Ақтөбе облысында шоғырланған. Ақтөбе лак-бояу зауыты және күкірт-бор қышқылы мен минералды тыңайтқыш шығаратын Алға химкомбинаты бар. Машина жасау өнеркәсібі көбінесе қосымша сала ретінде дамыған. Атырау, Орал және Ақтөбе қалаларындағы зауыттарда жетекші өнеркәсіп салаларына арналған машина және құрал-жабдықтар шығарады. Атырау зауыты мұнай-газ өнеркәсібіне арналған құрал-жабдықтар шығарады. Балықшы кентінде кеме жөндеу зауыты, Ақтөбеде рентген құрал-жабдықтарын шығаратын зауыт жұмыс істейді.
## Ауыл шаруашылығы
Агроклиматтық жағдайының күрделілігіне қарамастан ауыл шаруашылығының бірнеше салаларын дамыту қолға алынған, жетекші саласы — мал шаруашылығы. Ауданның солтүстігінде жаздық бидай егіледі және ірі қара өсіріледі. Оңтүстік аймақтарында судың жетіспеуінен егіншілікпен айналысу шектеулі түрде ғана, сондықтан да түйе және қой шаруашылығын дамыту тиімді. Егіншіліктің жалпы ауданы бар-жоғы 3%, оған дәнді дақылдардан жаздық бидай, тары, қара бидай, техникалық дақылдардан - күнбағыс, жүгері және қыша егіледі.
Тамақ өнеркәсібінде балық аулау және балық өңдеу салалары (Атырау қаласындағы балық өңдеу комбинаты, Балықшы балық консерві зауыты) ерекше орын алады. Тамақ өнеркәсібінің (ұн тарту,нан пісіру және т.б.) жақсы дамыған облыстарына Батыс Қазақстан және Ақтөбені жатқызуға болады.Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жеңіл өнеркәсіп біршама жақсы дамыған. Негізгі кәсіпорындарына тігін және былғары аяқ киім өнеркәсібі (Орал киіз байпақ және тері фабрикасы) жатады.
Басқа экономикалық аудандарға қарағанда Батыс Қазақстан республикамыздағы көліктің барлық түрін (темір жол, құбыр, автомобиль, өзен, теңіз, әуе жолдары) пайдаланатын аймақ. Көлік жүйесінің барлық түрінің дамуы кершілес жаткан Ресей және Орта Азия республикаларымен қарым-қатынас жасауға мүмкіншілік береді.
Аймақтың аумағы арқылы жоғары деңгейде механикаландырылған және автоматтандырылған магистральды құбыр жолдары салынған. Олардың бірнешеуі мемлекетаралық маңызға ие: Ақтау- Атырау-Самара (Ресей), Орта Азия-Орталық, Бұқара-Орал (Ресей), Атырау-Ор (Ресей), Қарашығанақ-Орынбор (Ресей) және Жаңаөзен-Атырау-Самара (Ресей). Құрлық көліктері арасындағы маңыздысы - темір жол.
Каспий теңізінің Шығыс жағалауында республикамыздағы жалғыз Ақтау порты орналасқан. Порт әр түрлі құрғақ жүктерді, шикі мұнайды, мұнай өнімдерін шет елдерге тасымалдауға арналған. Порттың айналасындағы су қатпайтын болғандықтан жыл бойы жүк тасымалдауға мүмкіншілік бар. Бір мезгілде сыйымдылығы 12 000 тонна болатын, төрт танкерге қызмет жасай алады.
Аймақ шаруашылығының карқынды дамуы нәтижесінде төрт ірі өнеркәсіп орталықтары қалыптасты.
* Атырау-Ембі өнеркәсіп торабы өнеркәсіптің мұнай және балық өңдеу салаларына маманданған. АӨК құрамына енетін өндірістер: Атырау қаласындағы мұнай өңдеу зауыты, республикамыздағы ең ірі балық өңдеу комбинаты мен машина жасау зауыты (мұнай- газ өнеркәсібіне арналған құрал-жабдықтар шығарады) және Балықшы кентіндегі кеме жөндеу зауыты мен балық консерві комбинаты.
* Маңғыстау өнеркәсіп торабының (құрамында Ақтау, Жаңаөзен, Форт-Шевченко қалалары мен бірнеше кенттер бар) негізгі маманданған саласы - мұнай-газ өнеркәсібі. АӨК құрамында: газ өңдеу зауыты (Жаңаөзен қаласы), пластмасса зауыты (Ақтау қаласы), балық консерві комбинаты (Баутина кенті), балық зауыты мен токыма фабрикасы (Ералиев кенті) бар. Кешеннің дамуына Маңғыстау түбегіндегі мұнай, газ, құрылыс материалы сияқты ресурстардың тигізер үлесі зор. ТМД көлеміндегі мұнай өндіретін аудандар арасында Маңғыстау 6-шы орынды иемденеді, кешеннің аумағы 128 мың км², қала халқы 87%.
* Ақтөбе өнеркәсіп торабы никель, хром өндірісіне маманданған, хромды өндіретін және байытатын кәсіпорны Хромтау қаласында орналаскан.
Сонымен бірге маманданған салаларына ферроқорытпа, минералды тыңайтқыштар, суперфосфат, мұнай құрал-жабдықтары мен рентген жабдықтары өндірісі жатады (Ақтөбе).
* Орал өнеркәсіп торабы ауыл шаруашылығы, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өңдеуге маманданған. Өнеркәсіп торабының құрамы: механикалық, жөндеу, аспап жасау зауыттары, құрылыс-монтаж құралдарын дайындайтын зауыт, кеме жөндеу кәсіпорны, металл бұйымдары зауыты, былғары зауыты, байпақ-киіз фабрикасы, ет консерві және ұн тарту - жарма комбинаты, мия зауыты және т.б. Соңғы кездерде Батыс Қазақстанның экономикасының көтерілуі aуданның көптеген экономикалық-әлеуметтік проблемаларын шешуге мүмкіншілік береді. Былтырғымен салыстырғанда жаңа жұмыс орындары 30%-ға көбейді. Жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында кәсіби деңгейін көтеру орталықтары ашылды. Нәтижесінде жұмыссыздар саны 2%-ға төмендеді.
## Экологиялық проблемалары
Каспий теңізі алабындағы мұнай және газ кен орындарын кең көлемде игеру теңіздің және жағалаудың экожүйесіне қолайсыз әсер етуде. Игеру нәтижесінде мұнай қалдықтары топырақ қабатын, теңіз суларын ластауда. Мұнаймен ластанған аймақтың жалпы ауданы 200 мың га, қуаттылығы 100 мкР/сағ өлшемде болатын радиоактивті заттармен ластанған жердің ауданы 600 гектардан артық. Каспий теңізінің Маңғыстау облысы жағалауындағы теңізі суының ластануы белгіленген концентрациядан 8-13 есе артық. Физикалық география курсынан сіздерге таныс Каспий теңізінің деңгейі соңғы кездері жоғары көтерілуде. Нәтижесінде мұнай-газ кешендерінің біраз нысандары су астында қалып, экологиялық жағдайын одан бетер ушықтырып жіберді. Каспий теңізінің дүниежүзілік маңызының бірі - бекіре тұқымдас балықтарының мекенжайы. Қазіргі таңда Каспийдін, биологиялық байлығын сақтап калу дүниежүзі қауымдастығының өзекті мәселесі болып отыр. Мұнайды өндіру кезінде әр түрлі заң бұзушылықтар орын алады. Ілеспе газ ашық ауада алау күйінде жануда, қоршаған орта қалдық сулармен ластануда. Алдағы уақытта теңіздің қазақстандық бөлігіндегі көмір сутегін жан-жақты игеру тек осы аймаққа емес, бүкіл мемлекетіміздің экологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін.
## Қалалары
Батыс Қазақстан аймағында 15 қала, 6 кент бар. Қалалар пайдалы қазбаларды игеру барысында қалыптаскан. Облыс орталықтарынан Ақтау теңіз жағалауында, қалған үшеуі өзен жағалауында орналасқан. Қалалардың іргесі қаланған кезеңде маңызды көлік түрі - су жолы болған.
### Атырау
Атырау (268 мың адам) - Каспий теңізінің іргесі солтүстігінде, Жайық өзенінің жағалауында орналаскан. Іргесі XVII ғасырда балықшылар елді мекені ретінде қаланған (ол кезде Гурьев деп аталды). Алғашкы кезде Жайық өзенінің құяр жерінде пайда болған елді мекенді Үйшік деп атады. Үйшіктің мағынасы балықты торға түсіретін жер деген мағынаны білдірген. Елді мекеннің салынуы бекіре балықтарының көбеюі кезінде Жайықтан жоғары жібермей үстау мақсатында қаланған болатын. Ол кездерде Атырау балық шаруашылығы дамыған кішкене ғана уезд орталығы болған. Теңіз жолының ашылуы Ембі алабындағы мұнай өнеркәсібінің орталығына айналдырды. Республикамыздағы тұңғыш мұнай өңдеу зауыты да осында салынды. Сонымен бірге мұнай құралдарын шығаратын, механикалық және кеме жөндеу зауыты, балық консервісі, ет, сүт және нан комбинаттары бар.
Ұлы Отан соғысы жылдары Атырау ерекше маңызды қалалардың бірі болды. Бір жағынан Қазақстанды фронт болып жатқан аудандармен байланыстырса, екіншіден, батыстан көшірілген өнеркәсіп орталықтары мен адамдарды тасымалдады. Атырау арқылы Баку мұнайы Орал және Сібір аудандарына тасымалданды. Су жолы арқылы соғысқа қару-жарақ, азық-түлік, әскерлер жіберілді.
Атырау қаласы үш аудандан тұрады: Ескі, Жаңа және Гипсті. Ескі бөлігі Жайықтың Еуропа бөлігінде орналасқан. Бұл аймағында ескі, бір қабатты ағаш кірпіш үйлер мен әкімшілік үйлері орналасқан. Сол жағалауында (Азия бөлігі) жаңа үй құрылысы жүргізілуде (Ембі мұнай қалашығы). Жағалаудың осы бөлігіндегі мұнай өңдеу зауыты маңында Гипс қалашығы бар. Бұлай аталу себебі үйлердің құрылыс материалдары гипс блоктарынан салынған.
### Ақтөбе
Ақтөбе (389 мың адам) - Батыс Қазақстанның индустриалды және мәдени орталығы. 1869 жылы Ақтөбе бекінісінің орнында салынған. Қазіргі таңда Ақтөбе - облыс орталығы. Ресейдің Орынбор және Батыс, Солтүстік, Оңтүстік, Орталық экономикалық аудандарының облыстарымен шектеседі.Қаланың географиялық орны қала халқының ұлттық құрамына және экономикасы мен мәдениетінің дамуына әсер етті. Қаладағы негізгі ұлт өкілдері қазақтар, татарлар, башқұрттар, немістер, еврейлер, орыстар және т.б. Ферроқорытпа зауыты, мұнай құрал-жабдықтарын және ауыл шаруашылық машиналарына қажетті бөлшектер шығаратын зауыттар мен хром қосылыстары зауыты жұмыс істейді. Қазіргі таңда қаладағы 11 жоғары оқу орны мен 16 колледж экономика саласының көптеген мамандарын даярлауда. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті, Медицина академиясы, Т. Бигелдинов атындағы республикамыздағы жалғыз Әскери Жоғары авиация училищесі және т.б. бар. Жайық өзенінің оң жағалауындағы жазық далада Орал (236 мың адам) қаласы орналасқан.
### Орал
Орал - көрікті калалардың бірі. Қаланың іргесі XVII ғасырда Жайық қалашығы деген атпен қаланған болатын. 1773-75 жылдар аралығында Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің орталығы болатын. Қаланың қазіргі атауы 1775 жылдан бері аталады. Ресей патшайымы Екатерина кетерілістің атауын халық санасынан шығару мақсатында Жайық қалашығын Орал деп өзгертті. Жергілікті қазақтар Теке деп атаған.Қала Ресей, Қазақстан, Орта Азия аралығындағы сауда жолында орналасқандықтан тез дами бастады. Өзенде кеме қатынасының басталуы мен темір жолдың салынуы өнеркәсіптің дамуына әсер етті. Ұлы Отан соғысы жылдарында Орал Сталинград шайқасының жақын тылына айналды. Сол кезде қалаға әскери қорғаныс саласының 14 өнеркәсібі және 20 әскери госпиталь көшіріліп әкелінді.
Бүгінгі күнде ет консерві комбинаты (Қазақстанда 4-орын) ұн-жарма және мия зауыты жергілікті шикізат негізінде жұмыс істеуде. Мия зауыты фармацевтика, кондитер және химия кәсіпорындарына мия экстрактын дайындайды. Еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірі - Орал былғары және байпақ, киіз зауыты.
Батыс аймақтың болашағы бар жас қаласы - Ақтау (168 мың адам). Іргесі 1960 жылдары қаланған. Мұнай және газ өнеркәсібінің мұнай химиясының орталығы және Каспий теңізіндегі портты қала. Ақтаудан Маңғыстаудың барлық мұнай өндіру аудандарына автомобиль жолы, ал Жетібай мен Жаңаөзенге темір жол тартылған.
Қала Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан. Қаланың оңтүстік шығысында 40 шақырым жерде әйгілі Қарақия ойысы жатыр. Жер бедері тегіс, ол негізінен коррозиялық және дефляциялық әрекеттерден түзелген.
Кеңестік ғылымға сәйкес Еуропа мен Азияның шекарасы Мұғалжардан басталып, Ембі өзенінің бастауына дейін, одан Ембі бойымен Каспий теңізіне дейін жүргізілетін. 1950 жылдарға дейін Қазақстан аймағындағы Еуропаның шекарасы Жайық өзенінің бойымен өтетін. |
Қорғаныш орман алқабы – арнайы жүйемен егілген орман ағаштары. Олар, әдетте, егістіктің ауыспалы жүйесінің шекараларында жергілікті жерлерге бейімделген ағаш түрлерінен 3 – 5 қатардан отырғызылады. Егіс алқаптарында қар тоқтатып, желдің күшін бәсеңдетуге, топырақ бетіндегі ылғалдың сақталуына әсерін тигізетіндіктен қоршаған ортаны сақтау шараларының бірі болып табылады. Сондай-ақ, Қорғаныш орман алқабы жаңбыр мол жауатын тау беткейлеріндегі алаптарды қар көшкіндерінен сақтайды. Суармалы егіншілік дамыған оңтүстік аймақтарда каналдар мен арықтардың су эрозиясынан бұзылмауы үшін олардың жағалауларына ағаш жолақтарын отырғызады. Республикада мыңдаған шақырымдарға созылған тау жолдары мен автотрассалар бойларында да бірнеше қатар орман жолақтары отырғызылған. Бұлар қатты желдердің әсерінен жолдарды қар басып қалудан, құм көшкінінен сақтайды.
## Пайдаланған әдебиетттер
(Е. Жамалбеков) |
Үлкен Тобылжан – Ертіс алабындағы көл.
## Географиялық орны
Павлодар облысы Успен ауданы жерінде орналасқан.
## Гидрографикасы
Теңіз деңгейінен 92,0 м. биіктікте. Ауданы 12,5 км2. Ұзындығы 7,7 км, ең енді жері 2,1 км. Жаға сызығы 17,4 км. Жағалауы жайпақ, көбіне сортаңды, шығысы батпақты болып келеді. Көлден кәсіптік маңызы бар шөкпе ас тұзы алынады. Бұл тұзды Қазақстан және Батыс Сібірдің кейбір аудандары пайдаланады.
## Дереккөздер |
Қорғас – Іле алабындағы өзен. Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара бойында орналасқан.
## Географиялық орны
Жетісу облысының Панфилов ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 176 км, су жиналатын алабы 1310 км2. Жалпы ұзындығы 270 км-ден асатын 170-тен астам салалары бар. Қазақстандағы ең ірі салалары: Күзембайсай, Нанзышоқы (Қарасу), Шұқырбұлақ, Желдісай, т.б.
## Бастауы
Бастауын Бежінтау жотасының оңтүстік-шығысындағы Қорғас тауының (Қытайда) солтүстік баурайынан алып, Іле өзенінің оң жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Жоғарғы ағысы тар шатқалмен ағып, Басқұншы ауылы тұсында таудан шығып, ағысы баяулайды, аңғары кеңейеді. Көп жылдық орташа су ағымы Алмалы өзені сағасынан төменде 16,5 м3/с. Басқұншы, Алмалы ауылдары тұсынан бірнеше каналдар (Бозарық, т.б.) тартылған. 20-ға жуық шағын салалары бар. Жағалауы мал жайылымы.
## Дереккөздер |
Қорғас — Жетісу облысы Панфилов ауданы, Атамекен ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жаркент қаласынан шығысқа қарай 31 км-дей, округ орталығы – Атамекен ауылынан 15 км-дей жерде.
## Халқы
## Тарихы
Ауыл 1950-1997 жылдары жүгері тұқымын өсіретін ұжымшардың бөлімшесі болған. Оның негізінде 1997 жылы Қорғас Өндірістік кооперативі және 40-тан астам шаруа қожалығы құрылды. Республикаға белгілі Қорғас кедені осы елді мекенде.
## Дереккөздер |
ӘДІБАЕВ Хасен 26.8.1924 ж.т., қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау ауданы Қосағаш а.) —жазушы, ғалым, филология ғылымынын докторы (1970), проф. (1973), Қазақстанның еңб. сің. Жоғары мектеп қызметкері. Ұлы Отан соғысына қатысқан. ҚазМУ-ды бітірген (1955). Абай атынд. қазақ мемлекеттік педагогикалық ин-тының аспирантурасын (1959) бітірген. 1959 жылдан Абай атынд. Алматы мемл. ун-тінде ұстаздық етіп келеді. “Уақыт және суреткер” (1967), “Талант, талғам, тағдыр” (1971), “Көкжиек” (1978) атты сын-зерттеу кітаптары қазақ әдебиетінің келелі мәселелері әдеби шеберлік пен жанрлар типологиясына, көрнекті қаламгерлердің шығармашылықтарын саралауға арналған. Оның “Таңбалы адам” (жинақ, 1975), “Отырар ойраны” (роман, 1986), “Әупілдек” (1987) повестер мен әңгімелер жинағы жарық көрген. Орыс мектептеріне, арнаулы және жоғары оқу орындарына арналған бірнеше азақ әдебиеті оқулықтарын жазған. 2-дәрежелі “Отан соғысы”, “Қызыл жұлдыз” ордендермен марапатталған. |
Каспий мен Арал, Жем өзені мен Қарабұғазкөл (Түрікменстанда) шығанағы аралығын алып жатқан байтақ дала Маңғыстау жері болып табылады. Маңғыстауды 1950 ж. далалық байқаудан өткізген жайылымдық-мелиоративтік трестің мәліметіне қарағанда түбектегі жер бедерінің алуан түрлілігі айқын байқалады. Осы экспедиция байқау жүргізген 6 млн. 245 мың га жерден егіншіліктің үлесі 0,01%, жайылымдық 75,1%, құмдық жер 5,5%, сор 10,2%, аңғардағы егістік алқап 6,4%, тақырлар 0,6%, сулы жерлер 1,3% пайдасыз, қолайсыз жерлер 0,89% болып келеді. Жер бедерінің осыншама қилы-қилы болып қалыптасуының басты себептерінің бірі – Каспий т. деңгейінің оқтын-оқтын көтеріліп қайтуы.
...Кестеде көрсетілгендей Каспийдегі су балансының кезеңдік орта ауытқу көрсеткіштері осыған куә (Р.Е. Никонова, В.Н. Бортник). Сөйтіп, жалпы ауданы 300 мың га-ның аумағына орналасқан жайылымдық және өндірістік нысандар мен жағалауға жақын орналасқан елді мекендерге су астында қалу қаупі туды. Бірқатар сортаңды, ойысты көлдеулі жерлер су астында қалды. Сондай-ақ жауын-шашыны аңғар, сайлар мен жыралардың қалыптасуын, биік жерлердің баяу да болса шайылып аласаруын, ойыстарға ағызылып әкелінген жыныстармен толуын сан ғасырлар бойы тоқтаусыз қалыптастырып келген. Тау жыныстарының суда еруінің нәтижесінде үңгірлер мен ойықтар (карстық бедер) пайда болған.
Түбекті жартылай қоршап жатқан Каспий т-нің деңгейі дүниежүз. мұхит деңгейінен көп төмен жатыр.
1837 жылдан бастап үнемі бақылауда тұрған теңіз суының 1882 жылдың бас кезіндегі көрсеткіші 25,2 м болған. Теңіз суы 1900 – 29 жылдары кейін қайтып, деңгейі 26,0 м болса, 1930 – 41 жылдар аралығында оның деңгейі 26,8 м болды.
Бұл табиғи құбылыс жыл өткен сайын тартылып отырған. 1970 – 77 ж. аралығында теңіздің орташа деңгейі 28,7 м болды. Сөйтіп, 1900 – 77 ж. ішінде Каспийдің аумағы орта есеппен 42 мың км²-ге азайған. Ал осыдан кейінгі жылдарда су деңгейі 2,35 м-ге тосын көтеріліп, 1995 ж. 26,66 м-ге тең болды. 1997 ж. ол 26,95 м болды.
Жер бедерін өзгертуде Маңғыстау желдерінің әсері мол. Ол ұсақ тау жыныстарын (құм, шаң-тозаң) тасымалдап, неше түрлі құм массивтерін қалыптастырды. Тау-тасты тесіп үрлеп, сыртқы пішінін үнемі өзгертіп отырды. Маңғыстауда жиі кездесетін тесік тас, бұжыр тас, саңырауқұлақ, диірмен тас, тасбақа, т.б. әр түрлі пішіндес тастар температура, су мен желдің үздіксіз соққан іс-қимылының жемісі.
Осындай жер бедерлерімен қатар Маңғыстауда мыңдаған, миллиондаған жылдар бойы әлденеше рет қайталанған табиғат апаттарының да жер бедерінің үлкен аумақта өзгеруіне айтарлықтай үлес қосты. Мәселен, олардың қатарына Тұран мен Каспий ойпатын, Үстірт пен Қаратау жотасын, Қарақия ойысын, т.б. мыңдаған нысандарды жатқызуға болады. Қаратау жотасымен жарыса орналасқан Ақтау жотасы небір заманғы куэстерден тұратын шөгінді қабаттың бұзылып, көтерілуінің нәтижесінде бір жағы биік, тік, екінші беткейі жатаған болып, құлама беткейі жазыққа ұласып, бірыңғай жер бедерін қалыптастырған. Ойыстарда (көбіне теңіз жағасы, теңіз түбі) геолог. уақыт ішінде шөгінді қабатпен толып тегістелген. Елімізде тек Маңғыстау түбегіне тән жер бедерінің тағы бір түрі – ағынсыз ойыстар. Олар: Тұзбайыр, Есеттің соры, Қарақия, Қарынжарық, Қауынды, Базыгүрлі-Жазыгүрлі, Қарамая – Кендірлі, Кендірліқиясай ойыстары.
Маңғыстаудың жер беті түзілімінің 10,2%-ын құрайтын сор жерлер түбектің батыс бөлігінде кездеседі. Олар тау жыныстарының әр түрлі тұздармен қанығуынан немесе теңіздің тартылуы мен жаңбыр, қар суының ойыстарда жиналып қалып қойған жер бедерінде пайда болды.
Сор жерлердің кеуіп, тақтайдай болып қатқан қайырлы түзілімдері көлікке жол саналады. Мұнда Бәймен мен Айранның тақыры, Елей мен Ұланақтың, Құсқонбасты мен Көктөбенің тақыры, т.б. тақырлар жер бедерінің өзіндік бір түзілімі саналады.
Маңғыстаудың жер түзілімінің енді бір ерекше түрлері – жер асты үңгірлері (Бұлыойық, Балаұйық 120 м, Өтебай 96 м, т.б.). Аймақта ірілі-уақты 20-дан астам үңгір бар. Сондай-ақ таулы алқаптарда Сулықапы, Құрқапы, Құмаққапы, Жыңғылдықапы, Шақырған, Артқапы, Көгездің қапысы, т.б. аңғарлар көптеп кездеседі.
Шығу тегі жағынан көне бедердің бірі, талай заманғы тау түзілімдерінің бұзылуынан жазық жерде орналасқан төрткілдер жер бетіне айрықша сән береді. Олар Айрақты, Татам, Шерқала, Жалған, Қосшолпан, Қаншымтұран, Сұлутөрткіл, Серікбайтөрткіл, Жалпақтөрткіл, Көлбайдың төрткілі, Үшшоқы, Базыгүрлі, Қозыбайтөрткіл, Боқтының төрткілі болып бөлінеді.
Жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай аймақтарға бөлінуі. Маңғыстаудың жер бедері ерекшеліктеріне қарай бірнеше аймақтарға бөлінеді.
Бозащы түбегі. Бұған Бозащы түбегі түгелімен кіреді. Түбектің орта жоны бірқалыпты ойпатты, құмды, бұйратты жазықтық болады да, теңізге қарай ойысқан етегі сортаң, сор мен сораңды кебір, кейбір жері қайраңды тегістік болып келеді. Шығысы теңіз деңгейінен 26 м төмен жатқан Қайдақ сорымен ұласа келіп, оңт-нде теңіз деңгейінен 24 м төмен жатқан Қаракешу, батысқа қарай 19 м белгідегі Қошақ сорымен жалғасады. Ал солт.-батысы мен солт. бөлігі теңіз деңгейінен 19 – 27 м төмен жатқан Каспий теңізімен қоршалған.
Орталық таулы Маңғыстау. Бұған Батыс және Шығыс Қаратау жоталары мен Оңт. және Солт. Ақтау жоталары кіреді. Бұл өңір өзінің жер бедері жағынан тектоникалық-эрозиялық және аридті-денудациялық (су, жел мен мұздан беті тегістелген) аласа таулар тіркесіне жатады. Бұл ауданның жер бедері сан алуан биік шоқылар, кемерлер, таулар, жоталар, адырлар мен аңғарлар, бөктерлер, жекелеген төрткілдер, эрозиялық өңірлер және су ағатын сайлардан тұрады. Таулы Маңғыстаудың ұзындығы 117 км, ені 10 – 15 км. Ол Батыс және Шығыс Қаратау жоталарынан тұрады. Оған жарыса Оңт. және Солт. Ақтау сілемдері жатыр. Маңғыстау тауларының ең биік жері 556 м (Бесшоқы шыңы). Қаратау сілемдері тек Шығыс Қаратаумен бітпейді, ол одан әрі жалғасып Бесоқты тауы, Қарашық, Қарамая, Кендірлі сілемдерімен ұштасып жалпы ұзындығы 300 км-ге дейін созылады. Сол сияқты Солт. және Оңт. Ақтау сілемдері батыс басын Таушық, Даныспан маңынан бастап шығысында Үстірт шыңына, солт. бөлігі Күйекжол арқылы Тұзбайыр тауына жетсе, екінші бөлігі Алаешкі, Жабайұшқан таулары арқылы Бекет ата шыңы тұсында Үкінің ойына жетеді. Солт. Ақтаудың орташа биікт. 300 – 327 м. Тау жоталары солт-ке қарай көлбеуленіп ірілі-уақты салаларға тарамдалып Бозащы жазығына жалғасып кетеді.Оңт. Ақтау Солт. Ақтау сілеміне қарағанда аласа болып келеді де оңт. және оңт.-батысқа қарай аласарып, бірте-бірте Оңт. Маңғыстау жазығына жалғасады.
Батыс Түпқараған түбегі аймағы. Түбектің солт. және батыс бөлігі Каспий теңізімен қоршалған, үстіңгі беті тегіс жазық келеді және теңіз деңгейінен биікт. 140 – 200 м болып келетін жағалық шыңдар сілемін құрайды. Шың жағалауында солт-тен оңт-ке қарай әр түрлі ұзындықта орналасқан және тарамдалған сулы, сусыз алқаптар, тұйық сайлар кездеседі. Түпқараған түбегінің оңт. бөлігі солт-не қарағанда аласалау: 200 м-ден 70 м-ге дейін, кей жерлері 30 м-ге дейін аласарып сай-салалары адырлы алқаптарға айналады. Бұлардың ішіндегі ең ірілері: Саура, Түлкілі, Сақақұдық, Қарлыбас тау аңғарлары Түпқараған дөңінен басталып теңізге барып тіреледі. Аңғардың аяқталар жерінде азды-көпті су көздері бар, оларды шаруашылықтар пайдаланады.
Оңтүстік-батыс адырлы аймақ. Таулы Маңғыстаудың оңт-ндегі Ақтау сілемдерінен оңт.-батысқа қарай аласара түседі де бірқатар жазыққа ұласады. Оның көпшілік жері жыра, сай, әр түрлі өзектермен жинақтала келіп, сусыз үлкен аңғарды құрайды. Батыс жағының ені 5 – 6 км-дей болып Шақырған, Сартаған, Қарақыз, т.б. шатқалдардан басталған алқап Құйылысқа келіп жинақталып, одан әрі оңт-ке қарай Ұзынбас сайымен ұласып Байқасқа тауының етегімен Қарақия ойысына жетеді. Қарақия ойысын Қарақия кемерлі тауы қоршап жатыр. Сордың батысы Боржақты адыры арқылы Исан түбегіне жалғасып, одан әрі құмды мүйіс арқылы теңізге сұғына бітеді. Сордың жалпы аумағы 27000 га. Теңіз деңгейінен 132 м төмен жатқан ойыстың беті тегіс 0,30 м-лік белгідегі ойыс болып келеді және табанында ұзындығы 20 км-ге жуық ағысты алқап жатыр.
Шығыс құмдық аймақ. Бұл аймақтың жер бедері мен өсімдік құрамына сәйкес ерекше оқшауланады. Бұл ауданға кіретін Мырзайыр, Басқұдық, Ит Қарақұмы, Тышқанқұм, Сеңгірқұм, Бостанқұм, Сенек, Аққұдық, Қарынжарық құмдары бірі жақын, бірі алыс әр түрлі биіктіктегі шың таулармен қоршалған. Аймақтың тау сілемдері қойнауына орналасқан аралық сор, одан әрі құмға ауысып бұталы болып келуі өзіндік микроклиматтық ерекшеліктерімен Маңғыстаудың шаруамен айналысатын тұрғындары үшін қолайлы қыстақ орындары болып саналады. Аймақтың жалпы жер аумағы 220 мың га-ға жуық.
Оңтүстік Маңғыстау жазығы. Жазық солт-нде Өзен, Жетібай дөңінен бастап оңт-ке қарай бірте-бірте аласарып, оңт.-батыс жағы Каспий т-н жағалай Бекдашқа (Қарабұғазкөл) тірелсе, оңт.-шығысы Тайғыр, Көкімбай дөңі арқылы Сақсорқа, Қарынжарық құмдарын жағалай Шағала сорына барып тіреледі. Бүкіл Маңғыстау жерінің 1/7-іне жуығын алып жатқан бұл жазық өзінің жер бедері, топырақ және климаттық ерекшеліктерімен өз алдына бір аймақ болып есептеледі. Оңт. Маңғыстау жазығының ең бірінші ерекшелігі – мұнда су көздері өте тапшы, бар суының өзі ащы болып келеді. Топырағы оңт-те сор, сортаңды-карбонатты келеді және көпіршіктеніп, қабыршақтанып жатады. Жаңбыр, қар сулары топыраққа тез сіңіп кетеді, сондықтан бұл жазықта сай-сала, суағар жыра өте сирек кездеседі. Керісінше ойдым-ойдым қазаншұңқырлар, ортасы сор (Қауынды, Жазыгүрлі) немесе әр түрлі пішіндегі жан-жағы төрткіл қыраттарымен көмкерілген терең шұңқырлар, астау тәрізді ойлар, төбелер, бір-біріне тіркесе қатар түзілген төрткілдер белесті қара жалдар, адырлар болып келіп, шыңға жақындағанда топырағы қатайып, қабыршықтас араласып, соған сәйкес жер бедері, өсімдіктер дүниесі өзгере бастайды.
Оңт. Маңғыстау жазығының негізгі өсімдігі татыр мен боз жусан көлдеуде ғана кездеседі. Сонымен қатар қатқылды жазыққа ұласар тұста күйреуік, бұйырғын, қаттықара бұтасы өседі. Оңт. Маңғыстау жазығы жерінің сортаңдығы мен шөбінің ащылығына байланысты тек күз, қыс айларында ғана мал ұстауға болады.
Үстірт жоны немесе Оңтүстік Үстірт. Үстірт жонын Маңғыстаудың Қаройынан Күйкеннің түмсығынан басталатын Ақшабас, Қаратүйе, Кертті, Аққуыс, Жосалы, Қараған – Босаға, Көгесем (Көкесілі), Кендірлі, Елшібек, Сүйірше сияқты кемерлі шыңдар мен жарқабақты таулар бөліп тұрады. Солт-гі Бейнеу мен Ақжігіттен шыға басталып, оңт-тегі түрікмен жеріне сұғына кіріп, Қырықсегіз теппеден аяқталатын, ал батысы Қараған – Босағадан шығып, Қарақалпақтың жолына тірелетін ұлан-ғайыр даланы Үстірт жоны алып жатыр. Оңт-нде Қожантай, Ботақан, Алтынтапқан, Түзелбай, Жаңбыршы құдықтарының үстімен Қараелді қонысына қарай тартылған шекара бойынша Қарақалпақ пен Маңғыстау малшылары жылма-жыл көктем шыға кездесіп жатады.
Үстірт жонына Қаратүлей, Есенқазақ, Елтеже, Шылпық, Ақсексеуіл, Белсексеуілдің түлейлері орналасқан. Түлейдің өзі және оның төңірегіндегі топырағы сортаң тартқан. Соған сәйкес шөбі де бұталы-күйреуік келеді. Оңт.-шығыс Үстіртке қарай шөп, жусан азайып көбіне бұйырғын, сиректеу күйреуікпен алмасады. Одан әрі солт.-шығысқа қарай қаптаған қара баялыш, ойдым-ойдым жусан, бұйырғында құба жондар жалғасып кетеді. Үстірт жонының шұратты жері негізінен Көгесем құдығынан басталып Сарықамыс бағытына қарай созылып жатқан Мұзбел жонының солт-не қарай, сондай-ақ ең жақын деген Сыпыра шың ернегінен бастап Үстіртке қарай есептегенде 50 – 70 км-ге дейінгі Қарнау деп аталатын жердің жайылымы құнарлы болып келеді.Үстірт жонын негізінен көктемнен бастап қоңыр күзге дейін пайдаланады. Оңт. Үстірт жоны мен Солт. Үстірт жонын Сам және Матай (Асмантай – Матай) құмдары бөліп жатыр. Құмдардың солт-нен басталатын Солт. Үстірт жоны батысында Қарақұм, Жем ойпаты мен солт.-шығысында Шалқар, шығысында Борсықтың құмы мен Арал т-не тіреледі.
## Дереккөздер |
Бөкенбай Бозқозұлы (17 ғасырдың 2-жартысы - 18 ғасырдың басы) - батыр. Арғынның сүйіндік руынан. Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Жоңғар шапқыншылығы кезінде арғын-қыпшақ қолын басқарған сардар. Бөкенбай кейін Бөгенбай батырдың жасағында мыңбасы болған. Батырдын ерлігіне ақын Дәстем сал Қарабасұлы «Бөкенбай Бозқозұлы» атты қисса арнаған.
## Дереккөздер |
Ақмола сыртқы округі — Ресей империясының билігі кезеңіндегі әкімшілік-территориялық бөлік (22.8.1832). Архивтік құжатта бұл округтің құрылу себебін “Біздің бодандығымыздағы руларды бодандыққа кірмеген рулар барымтасынан қорғау үшін” деп дәлелдеген. Омбы облысы әкімшілігінің өкілі полковник С.Б.Броневский 1825 жылдың күзінде Петропавл қамалынан Нұраға дейін сапар шегіп, кезекті сыртқы округ дуанына лайықты деп Ақмола деген жерді белгілейді. 1830 жылдың жазында мұнда дуан салуға кіріседі. Үйлерін су алып кеткендіктен дуан орны Есілдің Қараөткел тұсына көшіріледі де, құжатқа түскен Ақмола аты қала береді. Ақмола сыртқы округінің аға сұлтаны болып Құдаймендіұлы Қоңырқұлжа төре, орынбасарлығына Қоңырқұлжаұлы Арыстан төре, қазылары болып Қарпық руынан Қабанбайұлы Қотыраш би, Алтай руынан Бектасұлы Матақбай би сайланады. Құрамына мына болыстар енді: Тоқа-Қарпық (болысы Құдаймендіұлы Өмірбек төре), Тінәлі Қарпық (Құдаймендіұлы Арыстан төре), Қареке Алтай (Құдаймендіұлы Бекәлі төре), Қырғыз Төртуыл (Дайырұлы Байқара төре), Темеш (Бөлтікұлы Төбет төре), Сарымұрат (Қоңырқұлжаұлы Шыңғыс төре), Сайдалы Алтай (Бөлекұлы Томан төре), Айтқожа Қарпық (Тәңірбергенұлы Сапан би), Тама (Сеңгірбекұлы Итемген би), Жағалбайлы (Байғұлұлы Қабанбай би), Алтай (Сармантайұлы Жұман би), Тарақты (Әбітайұлы Шикі төре), Түнқатар Қарпық (Ескенұлы Құлбек би). А.с.о-на 34740 адамы бар 5180 шаңырақ қарады. Бұл халықтың есепте 140488 жылқысы, 28939 сиыры, 216875 қойы және 16011 түйесі болған. Ресей императоры І Александр қол қойған 1838 ж. 25 наурыздағы “Ереже” негізінде дала генерал-губернаторлығы (орталық Омбы қаласы) құрамында Ақмола облысы құрылды. 1869 жылы осы облыс құрамында Ақмола уезі ашылды.
## Әкімшілік бөлінісі
Мұрағаттық құжатта Ақмола сыртқы округінің құрамына кіретін қазақ болыстарының тізімі, әр болыстағы ауыл мен үй саны және руладың жазғы жайлау, қысқы қыстаулары туралы мәліметтермен бірге көрсетілген. Құжат 1841 жылдың 2 қазанында басталып, 29 қарашада аяқталған [2, 20қп.-23п.]
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтеме
* Қараөткелден Ақмолаға дейін(қолжетпейтін сілтеме) |
Қотантау – Қарқаралы тауларының оңтүстігінде орналасқан тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының оңтүстігінде, Қарқаралы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 62 км жерде орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 5-5,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1-1,5 км. Абсолюттік биіктігі 1106 м.
## Геологиясы, жер бедері
Девон жыныстарынан түзілген. Беткейлері тік, оңтүстік жағы жайпақ, түпкі жыныстар жер бетіне шығып жатады. Қотантаудан көптеген бұлақтар бастау алады.
## Өсімдігі
Қызғылт қоңыр топырағында көде, жусан, тобылғы, сұлыбас өседі. Оңтүстік және шығыс бөктерінде аласа қараған шоғырлары, түрлі шөпті шалғын кездеседі.
## Дереккөздер |
Абд әл-Қадыр (Абд әл-Қадар (Кадир), Насыр-ад-дин ибн Мұхиддин әл-Хасани араб.: عبد القادر الجزائري; (06.09.1808 — 25.05.1883, Дамаск) — Алжир халқының Франция отаршыларына қарсы күресінің (1832 — 1847) көсемі, қолбасшы, ғалым, ақын.
* Алжир халқы 1832 ж. АБД ул-ҚАДЫР-ды сұлтан, кейін әмір сайлады.
* 1832 — 1834 жылдардағы француздарға қарсы көтерілісте үлкен жеңістерге жетті. Франция 2 жылға бейбіт бітім жасауға мәжбүр болды.
Алжирдің ішкі бөлігінде әмірлік құрылды. АБД ул-ҚАДЫР елде реформа жүргізіп, мектептер аштырды, сирек кітаптар мен қолжазбаларды жинатты, тұрақты армия құрды, бекіністер салдырып, қару-жарақ жасаттырды.
* 1835 ж. қайта жанданған соғыста француз әскерлері тағы жеңіліс тапты.
* 1837 ж. 30 мамырда әмір билігіне Алжир жерін түгел дерлік қайтаруға мәжбүр болған шартқа қол қойды.
* 1843 ж. француздар келісімді бұзып, Алжирге қайта шабуыл жасады.
* 1847 ж. олар Алжир жерін түгелдей басып алды.
* АБД ул-ҚАДЫР 1847 — 1852 ж. Францияда тұтқында болды. Босағаннан кейін Дамаскіде тұрды.
* Дамаскіде 1860 ж. француз жансыздары ұйымдастырған христиандарға қарсы бүлікте АБД ул-ҚАДЫР жауласқан екі жақты арашалап, 1,5 мың христианның өмірін аман алып қалды. Бұл үшін оны Франция үкіметі Құрметті Легионның үлкен кресімен, Ресей Ақ Қыран орденімен марапаттады.
## Дереккөздер |
Қорғасын, Шеңбер — Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы ауыл, Шеңбер ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ұлытау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 66 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 687 адам (354 ер адам және 342 әйел адам) болса, 2009 жылы 514 адамды (269 ер адам және 245 әйел адам) құрады.
## Тарихы
19 ғасырдың 70-жылдары ағылшын концессионерлері бұл жерді жергілікті байлардан сатып алып, қорғасын өндірген. Қ.Cәтбаевтың басшылығымен жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары кезінде (1936) экспедиция қызметкерлерінің қонысы ретінде іргесі қаланған. 1942–1959 жылдары мұнда қорғасын кентасын өндіретін кеніш жұмыс істеді. 1957 жылдан қой өсіретін кеңшар орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Құқықтық акт, заңды акт – мемлекеттік орган шығаратын, жалпы нормативтік және бейнормативтік міндеттеу мазмұнындағы ресми жазбаша құжат. Заңда көзделген тәртіппен жазылған, белгілі бір құқықтық нәтиже туғызатын құжаттар да құқықтық актіге жатады. Құқықтық акт қоғамдық қатынастарды реттейді. Құқықтық акт қоғамдық қатынастардың белгілі бір аясын реттейтін құқық нормаларынан құралған нормативтік актілерден, тек тиісті субъектілерде ғана құқықтар мен міндеттіліктер туғызатын жеке (бейнормативтік) актілерден құралған құқықтық актілерге бөлінеді.
## Пайдаланған әдебиетттер
* Қазақ энциклопедиясы |
Бөкенбай Қараұлы (туған жылы белгісіз — 1741) — батыр, қолбасы. Кіші жүздің табын руынан.
Жастайынан өзінің ағаларымен бірге жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске шығып, ерлігімен көзге түсті. 18 ғасырдың бас кезінде табын руына рубасы болып сайланды. 1710 жылы Қарақұмдағы халық құрылтайына қатысып, онда жауға тегеурінді соққы беру үшін бытыраңқы қазақ жасақтарын біріктіру жөнінде ұсыныс білдірді. Жоңғарлармен күресте Әбілқайыр ханмен бірге болып, қазақ жасақтарының үлкен бір тобына қолбасылық жасады. 1726 жылы Әбілқайырдың Еділ қалмақтарына жасаған жорығына қатысты.
Кіші жүз қазақтарының Ресей империясы қол астына өтуін қолдады. 1731 жылы қазанда Ресей бодандығын мойындайтындығы жөнінде ант берді. Ол мұндай антты 1740 ж. тамызда Ор бекінісінде екінші рет қайталады. Ресей патшайымы Анна Иоанновна Бөкенбайға күміспен өрнектелген қылышты арнайы сый ретінде жіберген. Бөкенбай 1741 жылы 500 адамнан тұратын жасақпен түрікмендерге жорық ұйымдастырды. Ол осы жорық кезінде түрікмендермен болған шайқаста қаза тапқан.
Қазіргі Ақтөбе облысының Ырғыз ауданындағы қыраттың бірін халық Бөкенбайдың құрметіне “Бөкенбай шоқысы” деп атап кеткен.
## Дереккөздер |
Бөкенбай Мергенұлы (1717, Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында — 1758, Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында) — батыр, қолбасы. Орта жүздің керей тайпасының ашамайлы руынан. Жоңғарларға қарсы күресте қол бастап, ерлігімен көзге түскен. Тарбағатайөңірін жоңғарлардан тазарту кезінде жараланған. Сол жарақаттан қайтыс болған. Бөкенбай жерленген жер Бөкенбай сайы деген атқа ие. Оның ерліктерін Қожаберген жырау өз жырларына қосқан.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том |
Үрпек — Қостанай облысы Амангелді ауданындағы ауыл, Үрпек ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Амангелді ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км жерде, Қараторғай өзенінің сол жағалауында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1621 адам (839 ер адам және 782 әйел адам) болса, 2009 жылы 1342 адамды (661 ер адам және 681 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Ауыл 1960-95 жылы аралығында асыл тұқымды қой өсіретін А.Иманов атындағы кеңшардың орталығы болған. Оның негізінде Үрпекте және округке қарасты Ағаштыкөл, Қарашатөбе, Қосжан, Күлік ауылдарында шаруа қожалықтары құрылған.
## Дереккөздер |
Бөкен Жарғақ — жұмсақ иленген бөкен терісінен тігілген астарлы тыс киім. Оны жасау үшін ақбөкеннің терісін бірнеше күн жылы суға салып, түгін жидітіп, кебек, ұн, айран немесе сарысу қосылған малмада иі қанғанша ұстап, сосын оны шығарып, болар-болмас дегдітіп алған соң, ұн жағып сүргілеп әбден жұмсартады. Әрі қарай томар бояу, рауғаштың түбірі, еменнің қабығы сияқты бояулық қасиеті бар өсімдіктің біріне ермен мен жусанның бүрін, басытқы ретінде ашудас қосып суға салып қайнатады. Мұны кермек деп те атайды. Жылы кермекке иленген теріні батырып, бояу сіңгенде көлеңкеге керіп кептіреді. Тобарсыған кезде талқыға салуға да болады. Жауын-шашынға төзімді болу үшін жарғақты қойдың отқа қақтаған бір білем құйрығымен сылайды. Мұны жарғақ дейді. Жарғақ дайын болған соң, оны әркім өз қалауынша, өзінің денесіне қарай не дайын үлгі бойынша пішіп, тігіп алуына болады. Терінің қай жануардікі екеніне қарай: Бөкен жарғақ, құлын жарғақ, тай жарғақ, ешкі жарғақ, қозы жарғақ, т.б. деп атала береді.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том |
Айдарлы — Қостанай облысы Қарасу ауданындағы ауыл, Айдарлы ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қарасу ауылынан оңтүстікке қарай 55 км жерде. Қойбағар, Тімтуір өзендерінің айрығында орналасқан. Маңайында Астана-Қарталы (Ресей) темір жолына қарасты Тімтуір бекеті бар.
## Тарихы
Ауылдың іргесі 1954 жылы тың жерлерді игеруге байланысты қаланды.
## Инфрақұрылымы
Ауылда мектеп, клуб, аурухана, балалар бақшасы бар. Аудан орталығы мен Қойбағар темір жол бекетіне автомобиль жолы арқылы қатынайды.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 909 адам (441 ер адам және 468 әйел адам) болса, 2009 жылы 723 адамды (342 ер адам және 381 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Абдуллаев Микаил Гусейноғлы — Әзірбайжан кескіндемешісі, графикашы.
* 19.12.1921 жылы Бакуде туған.
* 1939 — 49 жылдары В.И.Суриков атындағы Мәскеу көркемсурет институтында оқып, С.В. Герасимов, В.А.Фаворскийден дәріс алған.
Абдуллаев негізінен әзірбайжан халқының өткені мен бүгінгі өмірі жайында, лирикалық тақырыпта кескіндемелік және графикалық туындылар салумен шұғылданады.
Жеткен жеістіктері:
* КСРО халық суретшісі (1963).
* КСРО Көркемсурет академиясының корроспондентер мүшесі (1958).
* Ленин орденімен марапатталған.
Туындылары:
* [[Қорқыт ата кітабы| “Қорқыт ата кітабы”]] (1956) мен Физулидің “Ләйлі— Мәжнүн” дастанын (1958) безендірді.
* Абдуллаевтың кескіндеме саласындағы “Кеш” (1947), “Мингәчевир оттары” (1951) картиналары, “Әзірбайжан даласында” (1963 — 65), [Күрішші қыздар | “Күрішші қыздар”] (1970) триптихы Бакудегі Әзірбайжан мемлекеттік өнер мұражайында сақтаулы.
* “Аракс өзенінің арғы бетінде” (1950), “Үндістан көріністері” (1957 — 60) картиналары Мәскеудегі Шығыс халықтарының өнері мұражайына қойылған.
* “Жүз жастағы А. Бабаев” (1961) портреті Третьяков галареясына қойылған.
1965 жылдан Әзірбайжан өнер институтында сабақ береді.
## Дереккөздер
* Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Алагоу обалары — ежелгі сақ тайпаларынан қалған ескерткіш. Шығыс Тянь-Шань жоталарының оңтүстігінде Үрімші қаласынан 130 км. Тұрфан қаласының шығысына қарай 160 км жердегі Алагоу аңғарында орналасқан. 1976 — 78 ж. Шыңжаң Ұйғыр автономиялық районы мұражайының Ваң Бинхуа жетекшілік еткен археолог экспедициясы зерттеген. Алагоу аңғарынан 80-ге тарта көне оба орны қазылды. Қазба кезінде ежелгі сақ ақсүйектерінің мәдениетін әйгілейтін жәдігерліктерге бай 4 оба ашылды. Обалар тастан үйілген, айналасы да тастармен төртбұрышты етіп қоршалған. Терең (6-7 м) қазылған қабірлердің түбінде шырша бөренелерінен тік төртбұрышты етіп қиюластырылған жандама жасалған. Мәйіттер басы батысқа беріліп, шалқасынан жерленген. Қабірлерден қыш ыдыстар, Сақ мәдениетіндегі дәстүрлі “хайуанаттық нақышпен” алтыннан, күмістен, қоладан жасалған сәндік және ғұрыптық бұйымдар табылды. Олар — бір-біріне айбар шегіп тұрған барыс бейнесі бедерленген 4 ұзын алтын пластина (26х3,5 см), артқы аяқтары арқасына қарай қайырылған арыстан (жолбарыс) бейнесі түсірілген алтын пластина (20,5х11 см), диамертлері 5,5-6 см келетін барыс бейнесі түсірілген 8 дөңгелек алтын қапсырма, тағы да осындай жыртқыш аңдардың басы бейнеленген төртбұрышты не қалқан пішіндес 7 күміс қапсырма, алтын алқа, сонымен қатар жүзге тарта әр түрлі алтын әшекей заттар. Ғалымдар Алагоу обалары ескерткіштерін қабір құрылысы мен жерлеу салты, табылған өнер бұйымдарының жасалу стилі мен мазмұны және антропол. материалдарға жасаған талдаулар нәтижелеріне қарап, дәуірі жағынан тұстас келетін сақтардың Жетісудағы әйгілі Есік пен Бесшатыр және Алтайдағы Пазырық мәдениеті ескерткіштеріне ұқсас екенін, оларды жасаушылардың туыстас, жақын тайпалар болғанын дәлелдеді. Алагоу обаларынан керамикалық ыдыстар, жібек тоқыма бұйымдарының табылуы сақтардың Тарым ойпатындағы халықтармен, Қытаймен тығыз мәдени-сауда байланыстарының болғанын көрсетеді.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Алай аңғары — Алай — Памир тау жүйесіндегі тауаралық тектоникалық аңғар. Ол Қырғызстан Республикасы аумағында орналасқан. Ұзындығы 150 км, ені 8-25 км, ауданы 1700 км2. Батысында теңіз деңгейінен 2240 м, шығысында 3536 м биік (Тамурун асуы). Алай аңғарының табаны аллювий және пролювий шөгінділерінен түзілген. Қызылсу өзені және оның салалары аңғардағы егін мен бау-бақшаларды суландырады. Алай аңғары — шұрайлы тау жайылымы.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Ала жіп кесу — қазақ халқының дәстүрлі іс жүргізу құқығының арнайы институты. Қалыптасқан дәстүр бойынша Ала жіп кесу рәсімі негізінде талапкер мен жауапкердің арасындағы дау-дамайдың аяқталғандығын білдіреді. Әдетте, жіптің бір шетін — талапкер, екінші шетін — жауапкер, ұстап, керіп тұрады. Төрелік айтып, дауды шешкен би, немесе ауылдың құрметті ақсақалы бүкіл халық алдында дауласушылардың арасында керулі тұрған ала жіпті екіге бөліп, кесіп тастайды. Ала жіп кесуден кейін дауласушы жақтардың бір-біріне талап қоюға құқылары жоқ. “Ала жіпті аттамаған” деген сөз осыдан шыққан. Ала жіп кесу дәстүрлі құқықтық санада әділеттіліктің рәмізі, әдептіліктің нышаны ретінде қалыптасып кеткен.
## Дереккөздер |
Мемлекеттік меншік — өндірістің жекелеген немесе барлық құралдарына мемлекеттің меншігі. Бұл термин командалық экономикада мемлекеттік меншікке қатысты қолданса да, оның басты қолданылуы-мемлекеттік меншіктегі аралас экономика секторы.
Мемлекеттік меншік — мемлекеттің жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, сақтандыру сақтық қорлары, кәсіпорындар мен шаруашылық кешендері, көлік, жоғары және арнаулы орта оқу орындары түріндегі меншігі, әлеуметтік-мәдени саладағы объектілер және басқадай мүлік.
## Дереккөздер |
Ұлытау антиклинорийі - Ұлытаудан Арғанаты тауына дейінгі 400 километрге созылған каледондық қатпарлы құрылым.
Құрылымының өзегі меридиандық бағытқа созылған, күшті қатпарлануға шалынған және қуатты метаморфтану салдарынан гнейстерге, кристалдық тақтатастарға айналған төм. және ортаңғы протерозойдың жанартаулық-шөгінді тау жыныстарының қалың қабаттары мен гранит интрузияларынан құралған.Ұлытау антиклинорийінің қанаттарында жоғ. Протерозой мен төм, палеозойдың жанартаулық, миогеосинклиналдық кремнийлі-терригендік шөгінділері дамыған. Бойлық бағыттағы ірі жарылымдармен тілінген бұл құрылым:
* Майтөбе
* Ұлытау антиклинорийлеріне
* Байқоңыр
* Қарсақпай синклинорийлеріне бөлінеді.
Соңғылары көлденең грабендер арқылы бірнеше блоктарға бөлінген және девон мен төм. Карбонның терригендік-карбонаттық шөгінділерімен толған. Протерозой тау жыныстарында темір, кембрий шөгінділерінде алюмофосфат кендері бар.
## Дереккөздер |
Үлкен Тоқтамыс суару жүйесі Алматы облысы Ескелді ауданында 1940 жылы іске қосылған.
368 гектар жерді суарады, бастауын Көксу өзеніндегі бас тоғаннан алады. Арнасы мен арықтарының жалпы ұзындығы 18,0 км. Олардың бойында 7 гидротехникалық қондырғы орнатылған.
## Дереккөздер |
Алай жотасы — Алай аңғары мен Ферғана аңғарын бөліп тұрған Гиссар-Алай тау жүйесіндегі жота. Ол Қырғызстан мен Тәжікстан республикалары аумағында орналасқан. Ұзындығы 400 км, ең биік жері — 5539 м. Құмдақ сазды тау жыныстары мен тақтастардан түзілген. Биік таулы бедерінің көпшілік бөлігін қар мен мұздықтар басып жатыр. Тау етектері бетегелі-бозды құрғақ дала, орманды дала болып келеді. Альпі шалғындарын бұталар алмастырып отырады. Алай жотасында жалпы ауданы 811 м2 болатын мұздықтар, сондай-ақ шығыс бөлігінде Талдық асуы бар.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Ұлытау артезиан алабы - Қарағанды облысының солтүстік-батыс бөлігін алып жатқан жер астысуы бар өңір. Ауданы 23500 км². Бір-бірімен кезектесе келген бірнеше антиклиналдық және синклиналдық құрылымдардан тұрады. Олар қалыңд. 100 — 150 м болатын сулы горизонттар төм. карбонның турне ярусының әктастары және құмтастарымен байланысқан. Мульдалардың орт. бөлігіндегі жер асты суларының арыны күшті, шет жақтарында төмендейді. Арыны күшті сулар 30 — 150 м тереңдікте кездесіп, жауын-шашын мен жер асты суларының ағынынан қалыптасады. Суының минералд. 1 — 5 г/л шет жақтарында, ал төм. горизонттарында 3 — 5 г/л-ге жетеді. Химикалық құрамы гидрокарбонатты, гидрокарбонатты-хлоридті, хлоридті. Ұңғымаларындағы су шығымы тәулігіне 450 — 2651 м3. Карсты әктастардың су шығымы өзгелерден жоғары. Алаптың жалпы қоры 30 млрд. м3 шамасында. Алаптың суы тереңд. 50 — 80 м-лік құдықтар қазу, ұңғымалар бұрғылау арқылы жер бетіне шығарылып, елді мекендерді, а. ш-н сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
## Ciлтемелер :
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том |
Үсе Төлегенұлы (т.-ө. ж. б.) — белгілі батыр, старшын. 1827 — 1829 жылы Қайыпқали Есімов бастаған қозғалысқа, 1836 — 1837 жылы Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліске қатысқан. Атасы Отарбай Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа белсене қатысып, “Өт жирен атты Отарбай” деген атпен даңқы шыққан. Үсе 5 старшынмен бірге Исатай қолына алғаш рет 1835 жылы қосылып, көтеріліске бастан-аяқ қатысқан. Исатайдың патша әкімшігіліне жолдаған хаттарына Үсе де қолын қойып, мөрін басып отырған. 1837 жылы желтоқсанның басында Қарауыл қожаның қолына түсіп, Орал қаласындағы әскери соттың үкімімен “1-дәрежелі қылмыскер” атанды. 1000 дүре соғылып, Сібірге жер аударылды. Содан қайтып оралмаған. Үсенің ұлы Үбі батыр да, інісі Әуес старшын да көтеріліске белсене қатысқан.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Аламан — жортуылшы топ.
Көбіне олжа түсіру үшін шапқыншылық жасауға жиналады. Сонымен бірге елге жау шапқанда қолына қару ұстай алатын адамдардан жиналған халық жасағын да кейбір түркі мемлекеттерінде аламан деп аталған. Қоқан, Бұхар хандықтарында аламан — осындай әскери жасақ болған.
Қазақ тілінде аламан сөзінің бұқара, қауым, көпшілік, жалпы халық, бүкіл ел мағынасы сақталған. Сонымен қатар ертеректе хан тұқымына жатпайтын қара халықта да аламан деп атаған.
## Дереккөздер |
Хасен Әдібаев 1924жылы 26 тамызда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Шұбартау ауданы, Қосағаш ауылында дүниеге келген. Қазақ жазушысы, ғалым. 1970 жылы филология ғылымының докторы, 1973 жылы профессор болып тағайындалады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жоғары мектеп қызметкері.
Абақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан.
Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1955 жылы ҚазМУ-ды бітірген. Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының аспирантурасын 1959 жылы бітіреді. 1959 жылдан бастап Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде ұстаздық етеді. “Уақыт және суреткер” (1967), “Талант, талғам, тағдыр” (1971), “Көкжиек” (1978) атты сын-зерттеу кітаптары қазақ әдебиетінің келелі мәселелері әдеби шеберлік пен жанрлар типологиясына, көрнекті қаламгерлердің шығармашылықтарын саралауға арналған. Оның “Таңбалы адам” (жинақ, 1975), “Отырар ойраны” (роман, 1986), “Әупілдек” (1987) повестер мен әңгімелер жинағы жарық көрген. Орыс мектептеріне, арнаулы және жоғары оқу орындарына арналған бірнеше қазақ әдебиеті оқулықтарын жазған. 2-дәрежелі “Отан соғысы”, “Қызыл жұлдыз” ордендерімен марапатталған.
## Сыртқы сілтемелер
* [1]
## Дереккөздер |
Алақ көтерілісі — бұрынғы Семей губерниясы Қызылтас ауданының орталығы Қызылкесік ауылы тұрғындарының Кеңес өкіметінің күштеп коллективтендіру саясатына қарсы 1931 ж. болған бой көтеруі. Көтеріліске қазіргі Ақсуат және Көкпекті аудандарының тұрғындары да қатысқан. Осы өңірде елге беделді, кезінде Омбы Орталық фельдшерлер мектебін 1985 жылы бітірген, 1911-1920 жылдары Зайсан уезі Өкпекті болысының болысы болған Жәкула Күшіков , Мұқыш Қуанов (Зайсан уезі Боғас болысының болысы болған), Қасым Қозыбаев т.б. тәркілеуге ұшырады. ОГПУ қызметкерлері Трайыс қажыны атып өлтірді. Елдің мал-мүлкін заңсыз тәркілеу, күштеп ұжымдастыру және басқа да заңсыздық пен жүгенсіздік жергілікті халықтың ашу-ызасын тудырды Қызылтас аудан тұрғындарын қамтыған көтерілісті басуға Көкпектіден жіберілген ОГПУ және милиция қызметкерлерімен қақтығыста жазалаушы отрядтың басшысы Кулюкин, қызыл командирлер Зезев, Чешмаркин оққа ұшты. Тірі қалған отряд мүшелері қашып құтылды. Алайда Кеңес үкіметіне қарсы тұра алатын күштері жоқтығын түсінген көтерілісшілер көп ұзамай Қытайға асып кетті.
Алақ көтерілісін басуға Көкпектіден шыққан жаңа отряд бастығы Протопов бейбіт ауылдарға оқ жаудырып, атқа мінген қазақтың бәрін “бандыға” санап қырғынға ұшыратты. Осыдан кейін Алақтағы қанды қырғын Саршоқы оқиғасына ұласты. Зорлық-зомбылықтан үдере көшкендерді Нарын өзені бойындағы Саршоқы деген жерде қуып жеткен қызыл әскерлер пулемет оғының астына алып, жусатып салды.
## Дереккөздер
* Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Аламан батыр (туған-өлген жылы белгісіз) — 15 ғасырда ғұмыр кешкен батыр. Руы — Шекті. Ел аузында әділ би, ақылгөй парасат иесі ретінде қалған. Кейбір деректерде өзбек ханы Әбілхайыр ханның қолбасшыларының бірі ретінде аталады. Аламан батыр Әбілқайырдың Орта Азияға жасаған жорығына қатысқан.
## Дереккөздер |
Бөлтірік Атыханұлы 1870-1928 жылдары өмір сүрген. Ақыны, жыршы, күйші. Алматы облысы Райымбек ауданы Қарабұлақ ауылында тұрған.
Ұлы жүздің Албан тайпасы Қызылбөрік руынан шыққан.
Құланаян Құлмамбеттің шәкірті. Бала кезінде ауыл молдасынан дәріс алған. Жасынан ел аралап, өнер қуған. Жетісу өлкесіне шұрайлы өлеңдерімен ақын ретінде танылған. Атақты Жамбыл, Майкөт, Үмбетәлі ақындармен айтысының үзінділері ғана жеткен.
Күйлері "Терме күй", Жыр күй", "Ән күй" шығармалары сақталынған. Ақын жырларының сақталуына үлес қосқандар Байниет Малыбекұлы, Қайырбек Мәңкеұлы, Садықожа Моштайұлы, Бура молда, Саурықов Сыдық, Әбдірасылов Шәуен ауыздан-ауызға жатқа айтып, ұрпаққа жеткізді. Академиктер Рахманқұл Бердібаев, Кеңес Нұрпейісов, ғалымдар Сәрсенбі Дәуітов, Сағатбек Медеубеков ақын шығармашылығы туралы зерттеулер жазды.
Алматы қаласындағы №36 қазақ орта мектебіне ақын есімі берілді. "Бөлтірік-Қасенбай" атындағы қор жұмыс істейді. Қор төрайымы Бөлтірік атаның немере қызы Бақытгүл Қасенбайқызы Бөлтірікова.
## Шығармалары
1916 жылғы Қарқара ұлт-азаттық көтерілісі жайлы “Ел жарыла көшкенде” атты дастаны “Жаңа мектеп” журналында (1926, 1929 — 10), “16 жыл” (1936, 1940) кітаптарында басылды. Шығармаларының көбі хатқа түспеген. Кейбір айтыстары мен өлең-жырлары “Қазақ совет фольклоры” (1935), “Айтыс” (1 т., 1965), “Жамбыл” (1946) жинақтарында жарияланды. “Азамат болсаң” (1993), “Ел жарыла көшкенде” (1998) атты жеке жинақтары жарық көрді. Жинақталып 2001 жылы "Ұрпаққа өсиет" атты кітабы жарық көрді. Бөлтірік шығармаларының қолжазбалары Қазақстан Орталық ғылыми кітапханасының сирек қоры мен Әдебиет және өнер институты Қолжазба орталығында сақтаулы.
## Дереккөздер |
Аламан бәйге — ат жарысы. Қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық ойыны. Аламан бәйгеге 20-60, кейде одан да көп сәйгүлік қосылады. Ат 25-100 шақырым қашықтыққа шабады. Жолда өзен, көл кездесуі де мүмкін. Жарыс тәртібін бақылайтын арнаулы адамдар белгіленеді. Бәйге атына салмағы жеңіл жас балалар мінгізіледі. Аламан бәйге елге күні бұрын хабарланып, жүйрікті ерте баптауға мүмкіндік жасалады. Той (ас) иесінің шамасына қарай, 1-ден 9-ға дейін жүлде аталады. Аламан бәйге кейін ипподромдарда бастады.
## Жеңімпаздарды анықтау
Бәйгеге шабар жерде жарысқа қатысушылардың алды сызықпен белгіленген. Шабандоздар төрешінің белгісі бой-ынша сол сызықтың алдында сапқа тұрады. Бұл жерде сәйгүліктің алдыңғы тұяқтары сызықты басып немесе өтіп тұруына болмайды. Төреші жалаушасын көтеріп, «Дайын-далыңдар!» деген белгі береді. Осы кезде шабандоздар ат-тарының тізгінін тежеп, сақ тұрулары керек. «Тартыңдар!» деген командадан кейін және жалауша төмен түскенде спортшылар аттың басын жібереді.
## Шабу
Аттарды айналым бойынша жібергенде оларды сағат тілінің қозғалысына қарсы бағытта жіберу керек. Шауып келе жатқан бір шабандоз келесісіне кедергі келтірмеуі тиіс. Алға алдыңғы аттының сырт жағынан, яғни оң жағынан орап өтуі керек. Жарыста ойын тәртібін бұзып, шауып келе жатқан аттылардың қозғалысына кедергі келтірген жағдайда спортшы сол мезетте жарыстан шығарылады. Бұл төрешілердің жіті бақылауының арқасында жүзеге асырылады. Қарақшыға (мәреге) жету. Қарақшыға жеткен соң ша-бандоздардың барлығы да жеткен жетістігіне қарай бірін-ші орын алса – бір ұпай, екінші орын алса – екі ұпай, үшінші орын алса – үш ұпай есептелінеді. Бұл жарыс жеңімпаздарын ең аз ұпай санымен анықтау жүйесі.
## Қауіпсіздік шаралары
Шабандоз атқа тіке отыруы керек. Тізгінді үнемі жинап ұстау қажет. Шабандоздың өкшесі башпайларының деңгейінен төмен болуы тиіс.
## Дереккөздер |
Ұлыс — аймақ, мекен, әкімшілік бірлік мағынасын беретін көне түркі сөзі.
Түркі-моңғол халықтарында ұлыс бірнеше мағынада айтылады. 6 ғасырда Ұлыс мекен, қала мағынасында қолданылған. Мысалы, көне түркі қолжазбаларында “халықтан халыққа, ұлыстан ұлысқа, елден елге жүрдім” деген сөз бар. 13 ғасырда Шыңғыс хан әрбір ұлына иелік бөліп бергенде, олар ұлыстар деп аталды. 16 — 19 ғасырларда Сібірді мекендеген буряттар мен қалмақтарда рулық бірлестіктегі әкімшілік “Ұлыс” аталған. Бұл халықтардың көшпелі тіршілігінде ұлыстар арасында жер бөлісі болған. Әрбір Ұлыс орда саналып, оны ноян биледі. Ұлыстар аймаққа, хотанға бөлінді. Ал бірнеше ұлыстың нояны тайшыға бағынды. Бұл халықтар отырықшы тіршілікке көшкенде де ұлыстың әкімшілік сақталды. Орталық Азия халықтарында ұлыс негізінен аймақ мағынасында қолданылды. Мысалы, ноғай ұлысы, он сан ноғай ұлысы. “Ұлыстың ұлы күні” дегенде ұлыс “аймақтың, елдің” деген мағына берген, яғни сол елге тиесілі ең қасиетті мейрамды білдіреді.
## Дереккөздер |
Үлкен тұзды көл (ағылш. Great Salt Lake) — Үлкен Алап қыраты мен Сеңгір таулары аралығындағы 1282 м биіктікте, АҚШ-тың батысында орналасқан ағынсыз, тұйық тұзды көл.
Плейстоцендегі тұщы Бонневилл көлінің қалдығы. Көлдің ауданы түсетін жауын-шашын мөлшеріне байланысты 2,5 мың км2 -ден 6 мың км2-ге дейін өзгеріп отырады.
Орташа тереңд. 4,5 — 7,5 м, ең терең бөлігі 13 — 15 м. Тұздылығы 137‰ (деңгейі төмен кезде 300‰). 1916 жылы тұздарды өнеркәсіпте қолдану мақсатында (натрий, магний, бром т.б. тұздар) пайдалана бастады. Химиялық құрамы 1936 жылдан тұрақты; 1959 жылы көл екіге бөлінген (бөгет тұрғызып, т. ж. салынды), оңтүстік бөлігі Бэр, Джордан, Уибер өзендерінің суымен толығып тұрады (судың минералд. 6 — 7 м тереңдікте 130 — 150 г/л, одан төменде 240 — 280 г/л); солтүстік бөлігі булану алабының қызметін атқарады (минералд. 334 — 345 г/л). Тұзының жалпы қоры 6 млрд. т. Шығыс жағалауында ірі қалалар Солтүстік-Лейк-Сити, Огден орналасқан.
Көлді Оңтүстік Тынық мұхиттық т.ж. (ұзындығы 40 км болатын дамба үстімен) қиып өтеді.
## Дереккөздер |
Ұлысбегі, Ұлыбек — Моғолстан мемлекетіндегі жоғарғы лауазым. Ұлысбегі мемлекетте ханнан кейінгі адам болған. Ішкі және сыртқы саясатта ханға ақыл-кеңес беріп отырған. Бахр әл-Асрар шығармасында Моғолстанда мемлекет басқаруға ханға дулат тайпасының әмірлерінен тағайындалатын Ұлысбегі көмектесіп отырғандығы жазылған. Моғолстанда хандардың және мемлекеттің бірден-бір тірегі әрі ұйтқысы ұзақ уақыт бойы дулат тайпасы мен оның көсемдері болды. Елге сіңірген қызметтеріне орай Моғолстанның шағатайлық хандары бастапқыда дулат билеушілеріне жеті “артықшылықтар” берсе, кейін Тоғылық Темір мен Қызыр Қожа хандар тұсында олардың саны он екіге жеткен. Дулат билеушілері Моғол ұлысының әмірі саналған. Ұлысбегі мансабы ұрпақтан ұрпаққа өтіп отырды. Хан жарлығы ханның және Ұлысбегінің мөрлерімен бекітілді. Ұлысбегі мөрі хан мөрінен төмен тұрған.
## Дереккөздер |
Үлкен Ұласты – Ертіс алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Қазақстан (Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы) мен Қытай аралығындағы шекара бойымен ағып өтеді.
## Бастауы
Сауыр жотасының солтүстік-шығыс беткейіндегі Мұзтау тауының (3816 м) етегіндегі бұлақтан басталып, Кіші Ұласты өзенін қосып алып, шекараны бойлай ағып отырып, Зимунай ауылынан (Қытай аумағында) солтүстік-батыста 14,5 км жерде Айғырқұмға (Бозайғырқұм) сіңеді.
## Гидрологиясы
Қыратты жермен ағады. Аңғар беткейі тік, кей жері жақпартасты. Жайылмасы сол жағалауында, ұзындығы 67 км, ені 40 м-ге жетеді. Жауын-шашын, аздап жер асты суымен толығады. Мамыр — шілде айларында суы мол. Орташа жылдық су ағымы сағасы тұсында 1,30 м3/с.
## Дереккөздер |
Мемлекеттік реттеу – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өмірге қатысу нысандарының бірі, мемлекеттің жалпы мемлекеттік ресурстарды бөлуге және үйлесімділікті қалыптастыруға тікелей немесе жанама түрде ықпал етуі. Нарықтық және корпоративтік реттеумен қатар қазіргі шаруашылықты экономикалық реттеу жүйесінің құрамдас нышаны болып табылады. Қазіргі кезде әкімшілік және құқықтық реттеу, тікелей және жанама экономикалық реттеу түрлері қолданылып жүр.
* Әкімшілік реттеуге үлестеу, контингенттеу, лицензиялау, бағаны, табысты, валюта бағамын, есептеу пайызын, т.б. бақылау шаралары жатады.
* Құқықтық мемлекеттік реттеу азаматтық және шаруашылық заңдар негізінде осы заңдармен белгіленетін нормалар мен ережелер жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
* Тікелей экономиканы реттеуде секторларды, салаларды, аумақтарды, кәсіпорындарды өтеусіз қаржыландырудың алуан түрлері пайдаланылады. Бұған қарыз, демеуқаржы, жәрдемақы, бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан төленетін үстеме ақы, арнаулы қаржы, жеңілдікті несие және салық жеңілдіктері жатады.
* Жанама экономиканы реттеуде несие-ақша, салық, амортизация, валюта, сыртқы экономика, кедендік-тарифтік саясаты сияқты тетіктер пайдаланылады. Осы тетіктердің көмегімен экономика мүдделер мен ынталандыруға әсер ете отырып, мемлекет тікелей өндіріс пен тұтынудың өзіне емес, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірушілер мен тұтынушылар ретіндегі іс-әрекетіне ықпал жасайды.
1930 – 1970 жылдары кейнстік пос-тулаттарға негізделген жаңа мемлекеттік реттеу пайда болды. Мысалы, индикативтік және стратегия жоспарлау, жаңа қаржылық бюджеттік тетік қалыптастыру, экономиканы тұрақтандыру, жұмыспен қамту, кезеңдік ауытқуларды жұмсарту сияқты тәсілдер пайдаланылды. Қазіргі заманда ғылыми техника реттеу үдерісі жүріп жатыр. Ол мемлекеттік реттеудің “қатаң” амалдарынан “жеңілдеу” амалына немесе тікелей әсер ететін әдістерден жанама әсер ететін әдістерге көшу арқылы жүзеге асырылуда. Қазақстанда нарыққа өту барысында экономика тетіктерді қалыптастыру мемлекеттік реттеудің басты шарты болды. Мұндай шараларға елде жүргізілген баға мен сыртқы сауданы ырықтандыру, жекешелендіру, ақшаны және банктерді реформалау, валютаны реттеу және қатаң қаржы-несие саясатын жүргізу, жеке меншікті кеңінен енгізу, кәсіпорындарды сауықтыру, институционалдық өзгерістер жасау сияқты амалдарды жатқызуға болады.
## Дереккөздер |
Есет батыр ауылы (2017 жылға дейін — Ақарық) — Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы ауыл, Аламесек ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жалағаш кентінен оңтүстікке қарай 40 км жерде, Аламесек көлінің жағасында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 2705 адам (1369 ер адам және 1336 әйел адам) болса, 2009 жылы 2295 адамды (1183 ер адам және 1112 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 19 ғасырдың ақырында қаланған. 1928-1930 жылдары аудан орталығы болды. Жері құнарлы, шөбі шүйгін, балық, аң-құсы мол болғандықтан бұл аймақтың халқы ашаршылыққа ұрынбаған. Шымбай, Төрткүл, Қазалы уездерінің саудагерлері Аламесекте сауда жәрмеңкелерін өткізіп, “Жаңа базар” аталып кеткен. 1900 жылы Аламесекте 220 үйдей қазақ, 50-60 үй өзбек, 20-30 үй ноғай тұрған. 2 сыныптық орыс-қазақ түземдік мектебі (1898), кірпіш зауыты (1903), қасапхана жұмыс істеді. 1925 жылы Аламесек болысына 44 ауылды кеңес қарады. Аудан орталығы болып тұрған кезде мектеп, интернат, почта, аурухана, кітапхана, клуб, астық қабылдау пункті жұмыс істеді. Аламесек МТС-ы ұйымдастырылды. 1932-1933 жылдары Тереңөзек ауданының (қазіргі Сырдария ауданы) жетім балалар үйі, 1941-1944 жылдары Украина мен Белоруссиядан әкелінген балалардың мектеп-интернаты болды. Аламесек көліне құятын сулар бөгеліп, көл табаны құрғаған соң, Аламесектен ел еріксіз көшіп кетті.
## Қазіргі жағдайы
1996 жылға дейін күріш өсіретін «Ақарық» кеңшарының орталығы болып келді. Кеңшар негізінде Аламесекте және округке қарайтын Жаңадария ауылдарында ЖШС және шаруа қожалықтары ұйымдастырылған.
## Дереккөздер |
Ұлытау кеңесі — 1752 ж. Ұлытауда болған үш жүз өкілдерінің жиыны. 1750 ж. Жоңғарияда Лама-Доржының билік басына келуі өзара қырқысқан күрестің қайтадан тұтануына әкеп соқты. Бұл күресте жеңіліс тапқан Даваци жиендері Әмірсана мен Байнджурмен 1751 ж. көктемде қазақтарға қашып келіп, абақ-керейлердің билеушісі Қожаберген батырды паналады.Лама-Доржы қазақ билеушілерінен өзінің саяси бақталастарын қайтарып беруді талап етті. 1752 жылдың жазында ордада Орта жүз бен Ұлы жүз батырлары мен рубасыларының құрылтайы болып, онда Абылай және батырлардың көпшілігі Давациді қолдауды жақтады. Бұл шешімді қабылдау кезінде содан аз уақыт бұрын елшілікті бастап Жоңғарияда болып қайтқан және Лама-Доржы жағдайының әлсіздігін жақсы білген Төле би шешуші рөл атқарды. Қазақтардың Давациді беруден бас тартқанына ашуланған Лама-Доржы Орта жүзге Сайын-Бөлек пен Шадыр басқарған әскер жіберді. Жоңғарлар Орталық Қазақстанда көшіп жүрген үйсін, уақ және керейлердің қоныстарына шабуыл жасады. 3 мыңнан астам қазақ тұтқынға алынып, орасан көп мөлшерде мал мен мүлік қолға түсірілді. Бұған жауап ретінде Абылай Сайын-Бөлекке қарсы Давациді жіберді, оған Қожаберген басқарған абақ-керейлердің жасағын және қазақ ұлыстарында тұтқында жүрген барлық жоңғар жауынгерлерін қосып берді. Сонымен бірге ірі ауқымды соғысқа дайындық басталды, қазақ ауылдары асығыс Тобыл мен Обағанға көшіріліп, қазақ жасақтары Торғай өз-нде жиналатын болып белгіленді.
## Ciлтемелер :
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том |
Үлкен Шабақты — Көкшетау қыратының солтүстік етегіндегі орналасқан тектоникалық көл. Теңіз деңгейінен 301,6 м биіктікте.
## Географиялық орны
Ақмола облысының Бурабай ауданы жерінде.
## Гидрографикасы
Су айдыны 25,5 км2, ұзындығы 8,3 км, ені 5,1 км, орташа тереңдігі 10,8 м, ең терең жері 33,3 м.
Аумағы 1900 га, орташа тереңдігі 10 м, ең терең жері 24 м. Су жиналатын алабының (150 км2). Суы қарашаның ортасында қатады, мұздан 15-25 мамырда арылады. Көктемде еріген қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Суы тұщы, ауыз суға, т.б. шаруашылық қажеттеріне пайдаланылады. Минералдылығы жазда 550 — 750 мг/л-ден қысқа қарай 1000 мг/л-ге дейін өзгереді.
## Жер бедері
Оңтүстік бөлігі Көкшетау қыратында, қалған бөлігі ұсақ шоқылықта жатыр. Оңтүстік жағасы биік, жарқабақты (18-20 м дейін). Солтүстік және шығыс жағалары жайпақ. Түпкі бедері күрделі. Терең шұңғымалар мен су асты қырқалары кезектесіп келеді. Кей жерлерде су асты қырқалары шағын аралдар түрінде көл бетіне шығып жатады (ең үлкен аралы 120 - 200 м). Көлге Бурабай көліненен ағып шығатын Күркіреуік (Громотуха) өзені құяды. Тереңдігі (38 м) мен үлкендігіне байланысты көлді Кіші Байкөл (Байкал) деп те атайды.
## Өсімдігі
Ірі аралдарда қайың, тал, бұта және қарағай өседі. Түбі орталық бөлігінде лай-балшықты, жағаға жақын маңда тастақты. Көл беті таза, ашық. Су беті өсімдіктері (қоға, қамыс, елекшөп) тек таяз солтүстік-шығыс шығанақта ғана бар.
## Кәсіпшілік мәні
Балығының кәсіпшілік мәні бар. Негізінен торта, алабұға, мөңке ауланады. Сондай-ақ аққайран, тұқы балық, таутан мекендейді. Қолдан табан балық өсіріледі. |
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.
2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып келеді. Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде "Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын" мәлімдеді. Ал ЮНЕСКО болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап).Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік секілді халықтардың арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, ал Орталық Азия елдерінде және Әзербайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.
## Шолу
Иран күнтізбесінің бірінші күні наурыздың теңелу нүктесіне, көктемнің бірінші күніне, шамамен 21 наурызға сәйкес келеді. Біздің заманымыздың XI ғасырында күнтізбелік жылдың басын, яғни Наурыз мейрамын көктемгі күн мен түннің теңесуіне бекіту үшін Иран күнтізбесі өзгертілді. Осыған сәйкес, ирандық астроном Туси берген Наурыздың анықтамасы: «Ресми Жаңа жылдың бірінші күні әрқашан күн түске дейін тоқтыға кірген күн болды». Наурыз - Фарвардин айының бірінші күні, Иран күн күнтізбесінің бірінші айы, Иранда және бұрын Ауғанстанда қолданылған ресми күнтізбе болып табылады.
Наурыз иран күнтізбесі жаңа жылды тойлау үшін біздің дәуіріміздің XI ғасырында жасалған реформадан бері тойланса, 2010 жылдың ақпаныда БҰҰ Бас Ассамблеясының 64/253 қарарын қабылдау арқылы Біріккен Ұлттар Ұйымы «Халықаралық Наурыз күнін» ресми түрде мойындады.
### Этимологиясы
Наурыз сөзі парсы тіліндегі نو now – «жаңа» деген мағынаны білдіреді – және روز ruz – «күн» деген сөздердің бірігуінен жасалған. Шығыс диалектілері [nawˈɾoːz] (дари және классикалық парсы тілдеріндегідей, алайда тәжік тілінде бұл navrūz [жазылған наврӯз]), батыс диалектілері [nowˈɾuːz] және Tehranis [noːːːz] айтылуымен айтылуы парсы диалектілері арасында өзгереді. Ағылшын тілінде новруз сөзінің әртүрлі емле нұсқалары бар, соның ішінде norooz, novruz, Novruz, Navruz, Nauruz және newroz.
### Уақыттың дәлдігі
Наурыздың уақыты көктемгі күн мен түннің теңелуіне негізделген. Иранда бұл дәл астрономиялық бақылауларға негізделген хижри күнтізбесі алгоритмдік күнтізбесіндегі жаңа жыл күні, сонымен қатар оны еуропалық аналогы Григориан күнтізбесіне қарағанда дәлірек ететін күрделі интеркалация жүйесі қолданылады.
Әрбір 2820 жылдық үлкен циклде 365 күннен тұратын 2137 қалыпты жыл және 366 күннен тұратын 683 кібісе жыл бар, үлкен үлкен циклдегі орташа жыл ұзақтығы 365,24219852. Бұл орташа тәулігіне небәрі 0,00000026 (2,6×10−7) – секундтың 1/50 бөлігінен сәл артық – Ньюкомбтың орташа тропикалық жылдағы 365,24219878 күндік мәнінен қысқа, бірақ көктемгі күн мен түннің теңелуінің ағымдағы орташа жылынан айтарлықтай ерекшеленеді. 365,242362 күн, яғни көктемгі күн мен түннің теңесуіне келетін жаңа жыл цикл бойына жарты тәулікке жылжиды. Дереккөз түсіндіргендей, 2820 жылдық цикл қате және іс жүзінде ешқашан пайдаланылмаған.
## Тарихы
Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады.
Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуар, алтыбақан, тең көтеру, т.б.) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.
Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңдерінде (1920 – 25) шығыс халықтары бұл мерекені атап өткенімен, 1926 жылы ол “діни мейрам”, “ескілік сарқыншағы” деп танылып тоқтатылды, бірақ Қазақстанның бар аумақтарында жасырын түрде сақталып қалды. 1988 жылдан Алматы қаласында, республиканың көптеген аудандарында Наурыз жалпыхалықтық мейрам ретінде қайта тойлана бастады.
## Қазақ салты
Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.
Наурыздан кейінгі 2-ші күні жұрт жаппай көктемгі егіске кірісетін. Малшы қауым да төл алуға қатысты іс-қарекетімен айналысатын. Наурызды кейінге қалдыра тұратын ауылдардың өзінде де мейрамнан кейінгі 2-ші күні жаппай егіске кірісетін.
Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі. Наурыз туралы көптен бері, жыл сайын газеттерде жазылып келеді. Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ. Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар. Ызғарлы қыстың кетіп, жан иесі өмір қуатын туғызған жыл, жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. ˝Қыс бойы өлімнің есігін күзетіп, үңгірде жатқан кәрі құйрық, мертік-шортықтар да қыбырлап дүниеде бар екендіктерін білгізе бастайтын, аурулар сауығамын деп, аттар тойынамын деп, жалаңаштар киімсіз де күн көремін˝ дегендей жұрттың бәріне үміт, әркім де жылы шырай сезіне бастап, ˝бәріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз˝ дегендей сағынышты көрісулері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алатын. ˝Бүгінгі күні Самарқанның көк тасы да жібіпті˝, - десіп Наурыз күні пейілін кеңітпеген адамды тастан да қатты қылып шығарғысы келіп, аңыз қылысатын.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер |
Ұлытау, Үлкен Қаратау қатпарлы жүйесі — Қазақстан облысының батыс бөлігіндегі геологиялық құрылым. Ұзындығы 1500 км-ге созылған. Ұлытау — Үлкен Қаратау қатпарлы жүйесін алғаш академик Н.Г. Кассин анықтап, зерттеген (1934 ж.). 1971 ж. В.Ф. Беспалов оған Көкшетау мегаантиклинорийінен басталып, Орталық Қазақстан, Үлкен және Кіші Қаратау, Орталық Тянь-Шань арқылы шығысқа созылып жатқан Ұлытау — Орталық Тянь-Шань қатпарлы жүйесі деген ат берді. Бұл жүйенің құрамына Көкшетау, Ұлытау, Үлкен Қаратау, Талас, Мақпал антиклинорийлері және Байқоңыр, Кіші Қаратау, Қалмақкөл синклинорийлері кіреді. Жүйенің құрамында байкалдық, каледондық және герциндік үстемеленген ойыстар кешені байқалады. Байкал кешені антиклинорийлер ядросын қосып, ішінара екі қабатқа бөлінеді: төменгі (бектұрған сериясының шөгінділері) және жоғарғы (аралбай және қарсақпай сериясының шөгінділері). Төменгі қабат граниттенген және натрийлік метасоматоздану нышандары бар терең метаморфтанған тау жыныстарынан (амфиболиттер, тақтатасты слюдалар, гнейстер, кварциттер), ал жоғарғы қабат терригенді-метадацит-риолит-базальтты және темірлі-кварцит-вулканитті формациялардан тұрады. Каледондық кешен көбінесе карбонат-кремнийлі-көмірлі формациялардан (байқоңыр, құрым, шынсай свиталары) тұрады. Аймақта көлбеу мен ығысу типтес құрылымдар кең таралған. Олардың ішіндегі ең ірісі ұзындығы 800 км, қанаттарының жылжуы 100 км-ге дейін жететін Бас Қаратау ығысуы болып саналады. Жүйе кен орындарына өте бай: темір кені (Қарсақпай кен тобы), ванадий (Баласауысқан, Құрымсақ, Жабағылы), фосфорит (Жаңатас, Ақтас, Ақсай, Шолақтау), қорғасын-мырыш (Мырғалымсай, Ащысай, Шалқия), алтын (Күмісті, Жолбарысты, Тобылғысай, Увальное, Мийке). Бұл кен орындары кешенді болып есептелінеді. Себебі құрамында Ba, Au, Ag, Cu, Zn, Mo, Ta, т.б. қоспалары бар.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Аламан соғысы — бүкіл халық қатысқан үлкен соғыс; елге жау шапқанда халық болып атқа қонып, жаппай соғысу.
## Дереккөздер |
Үлкен Шаған — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауыл, Көшім ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталық - Перемётное ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 42 км жерде, Жайықтың Көшім тармағы бойындағы қамыс, құрақ, аралас боз, бетеге, т.б. әр түрлі шөптесін өсімдіктер өскен шалғынды қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты құрғақ далалық белдемде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1571 адам (734 ер адам және 837 әйел адам) болса, 2009 жылы 1562 адамды (755 ер адам және 807 әйел адам) құрады.
## Тарихы
1961-1997 жылы “Көшім” астық өсіру кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылдан Үлкен Шағанда және округке қарасты Ақсу, Колесово, Көшім, Кіші Шаған елді мекендерінде ЖШС-тер мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Алаң — қоғамдық құрылыстардың орталығындағы, қала немесе кент көшелерінің құрамына кіретін біртұтас сәулеттік ашық жер. Көлемі мен пайдалану шарты бойынша, қаланың орт. алаңы, театр алаңы, стадион алаңы, құрылыс алаңы т.б. болып бөлінеді. Құрылыс алаңы деп құрылыс жүріп жатқан жерді айтады. Алаң көне шығыс елдерінде ертеден жобаланып салынған. Мысалы: Париждегі атақты Марс алаңы көне Гераттың атақты жабық базары орналасқан алаңына ұқсатылып жобаланған. Алматы қаласындағы Республика алаңы, Қарағанды қаласының Орталық алаңы т.б. бірегей сәулет ансамбльдер болып табылады.
## Дереккөздер |
Ұлытау марганец кенді ауданы - Қарағанды облысының батыс бөлігінде орналасқан.
## Геологиялық құрылымы
Құрылымдық жағынан девон түзілімдерімен жабылған Ұлытау-Арғанаты мегантиклинорийінің шөккен бөлігін және онымен шекаралас жатқан Сарысу-Теңіз жақпартасты қатпарлы алқабының бір бөлігін қамтиды. Ұлытау-Арғанаты мегантиклинорийі меридиан бағытында созылған кембрийге дейінгі қатпарлар мен төменгі палеозойдан түзілген күрделі қатпарлы құрылыс болғандықтан Сарысу-Теңіз жақпартасты қатпарлы алқабымен бірігіп, геосинклиндік каледон іргетасын құрайды. Девон, карбон, пермь түзілімдері каледон мен герциннің орогендік және субплатформалық герцин кешендерін құрап, төменгі түзілімдерді жауып жатады. Мегантиклинорий ортаңғы және жоғарғы девонның қалың континенттік түзілімдерінен тұратын Тамды-Шағырлы квазисинклинорийі, Арғанаты және Қарсақпай көтерілімдері мен Ұлытау, Есқұла күмбездеріне жіктеледі. Бірнеше стратиграфиялық горизонттарда орналасқан, генезисі жағынан әр түрлі марганец кенбілінімдері квазисинклинорийдің оңтүстік бөлігін алып жатыр. Барлық кен орындар (Жезді, Аралық, Жақсықотыр) мен кенбілінімдер (Ақтас, Сарыадыр) төменгі фаменнің қызыл түсті конгломерат-құмтас түзілімдерінде орналасқан. Кендену ірі сынықты фациялар мен түзілімдер қалыңдығы азайған телімдерінде жатыр. Жезді типіндегі бұл кен орындары жанартаутекті-шөгінді жолмен түзілген.
## Кенді ауданның зерттелуі
А.Г. Богданчиков, А.С. Богатырев, Д.Д. Топорков, Е.А. Немов, В.Я. Ушаков,Х.Г. Шаңгереев. Геологиясы мен заттық құрамын зерттегендер: А.Г. Бетехтин, Ф.В. Чухров, А.А. Максимов, А.И. Наливкин (1928-1958 жылдары), т.б. жүргізген.
## Дереккөздер |
Үлкен Шошқалы – Есіл алабындағы көл.
## Географиялық орны
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы жерінде.
## Гидрографикасы
Көл теңіз деңгейінен 162,8 м биікте жатыр. Аумағы 7,41 км2, ұзындығы 3,4 км, енді жері 2,8 км, жағалауының ұзындығы 13,6 км. Түбі тегіс, саз батпақты шөгінділер басым. Суы ащы. Жаз бен күз айларында мұнда алуан түрлі құстар жиналады.
## Дереккөздер |
ҰЛЫҚ — әкім, төре, билеуші. Көне түркі тілінде “ұлы”, “ұлылық” деген мағынада қолданылған. Таптық қоғамның пайда болуына байланысты жекелеген иеліктерді, не болмаса тайпалық одақтарды билегендерді де Ұлық деп атаған. Мысалы, үйсін тайпалық одағының бастығы гуньмо (ұлы бек).
## Ciлтемелер :
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том |
Үлкен Шыған — Жетісу облысы Панфилов ауданындағы ауыл, Үлкен Шыған ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жаркент қаласынан шығысқа қарай 5 км-дей жерде, бұйырғын, жусан, баялыш, т.б. шөптесін өскен сұр, қиыршықты сұр топырақты құрғақ дала белдемінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Үлкен Шыған 1970-1996 жылы жеміс-жидек өсірумен айналысатын Панфилов кеңшарының орталығы болған. Үлкен Шығанда және округке қарасты Ақкент, Қырыққұдық, Кіші Шыған ауылдарында ӨК құрылды. Үлкен Шыған арқылы халықаралық маңызы бар Жаркент - Қорғас автомагистралі өтеді.
## Дереккөздер |
Үйлену Тойы — жігіттің некелесуіне байланысты өз үйінде ұйымдастыратын той-думаны. Мұны кейде келін түсіру тойы деп те атайды. “Үйлену” деген атау еркектің әйел алып үйлі болуына, жеке түтін түтетіп, отау тігуіне байланысты қалыптасқан. Дәстүрлі қазақ қоғамында ұзатылатын қызға міндетті түрде отау (киіз үй) тігіп беретін, яғни жігіт әйел алып, неке құрумен бірге үйлі болып бөлінетін. Сондықтан да осы қуанышқа байланысты ұйымдастырылатын мереке Үйлену тойы деп аталған. Оның барысында түрлі жосын-жоралғылар (қ. Беташар; Той; Салт-дәстүр) жасалып, тойшылар рухын, көңіл-күйін көтеретін бәсеке, сайыстар, сауық думандар өткізілген (қ. Ұлттық ойындар). Қазақ халқының ұлын үйлендіріп, қызын ұзатуда ғасырлар бойы желісін үзбей жалғасып келе жатқан өзіндік салт-дәстүрлері бар. Олар ұрпақ болашағын, келешегін ескеруден туындаған. Ата-ана екі жасты үйлендірмес бұрын жігіт қалыңдықты туыстық араға жеті ата салып іздестіруін, жастарының ерекшелігін ескеріп отырған. Үйлену тойы алдында құда түсіп, жаушы жіберген. Құда түсу, ұрын тойын өткізген. Құдалар бір-біріне есік көрсеткен. Қалың малын алып, жасауын берген. Қыз ұзату тойынан кейін Үйлену тойы, яғни келін түсіру тойы өткізілген. Ауыл әйелдері жасаулы көштің алдынан шашу шашып қарсы алған. Кімде-кім көш бастар түйенің бұйдасын қабылдап алып ауылға жетектеп енсе, “мұрындық апа” атанып, тиісті сыйлығын алған. Ауыл адамдары жүкті түсіріп, ақ отауды әке үйінің оң жағына тігеді. Мұнда жас отау шаңырағын көтеруге балалы-шағалы, төңірекке жақсы атағы жайылған салиқалы ана таңдалады. Отау дайын болған соң, ауыл шетінде хабар күтіп тұрған келінді шымылдықпен бүркемелеп, ана-енесінің үйіне түсіреді. Жас келінді босағадан оң аяқпен аттатқызып, үш рет сәлем бергізеді. Ошақтағы отқа май құю рәсімі жүргізіледі. Келінді қарсы алған қыз-келіншектерге түрлі сыйлықтар (жүзік, білезік, т.б.) үлестіріледі. Қонақтарға табақ тартылып, ақсақалдар бата бергенде ақ отауға сыбаға жіберіледі. Жас келін оны сәлем етіп қабылдайды. Беташардан соң сауық-сайран басталады. Тойдан соң құдаларға киіт кигізіп, ат мінгізіп құрметпен шығарып салады.
## Кезеңдері
* Қыз таңдау: Бойжеткеннің тал бойынан табылуға тиіс қасиеттер бағаланған соң, жігіттің қасындағылар оның әке-шешесіне сездіреді.
* Қыз айттыру: Жігіт әкесі қыз үйінің төріне қамшысын іліп, "қызыңның қарғыбауына" деп бір жорға байлатады. Бойжеткенге үкілі тақия, сырға, сақиналар сыйланады.
* Жаушы жіберу: жаушы шалбарының бір балағын етігінің қонышының сыртына шығарып, екінші балағын қонышқа сұғындырып, ақ түсті атқа мініп, қыздың үйіне келіп "қарағым көрпе сал" деп бұйырады. Қыз үйі жаушыға "шеге шапан" кигізеді.
* Құда түсу тойы: жігіттің туған-туысқандары құдалыққа қыз ауылына барады. Мал сойылып, оның бауыздау қанына құдалар қол батырып, бата бұзбауға серттеседі. Құйрық-бауыр жегізу, құда тарту, ұн жағу т.б. орындалады.
* Есік-төр көрсету тойы: қыздың туған-туысқандары жігіт ауылына қарсы тойға барады. Құда түсу тойындағы кәделер қайталанады.
* Ұрын той: күйеу баланың қалыңдылығымен кездесуіне мүмкіндік туғызу үшін ұрын той өткізіледі. Ентікпе, шатыр байғазысы, балдыз көрімдігі, қыз қашар, күйеу үйге кірере, кемпір өлді, шымылдық ашар, төсек салар, қызқұшақтатар, шаш сипар, көрпе қимылдатар кәделері алынады.
* Қыз ұзату тойы: ат байлар, құдай жолы, шаңырақ көтерер, уық шаншар, туырлық жабар, түндік жабар, үзік жабар, бау-шу байлар, отау байғазысы кәделері алынады. Қыз бен жігіт ақ отауда оңаша кездеседі. Некесі қиылады. Түрлі ойын-сауық өткізіледі. Жар-жар айтылады. Қыз аттанарда "сыңсу" айтады.
* Келін түсіру тойы: "Беташар" айтылады. Той, негізінен, қыз ұзату тойымен бірдей өткізіледі. |
Ұлы жазықтар (ағылш. Great Plains) - Оңтүстік Канаданы алып жатқан, Сеңгір таулары мен Миссисипи өзенінің арасындағы кең алқапты қамти отырып, оңтүстікке қарай созыла түседі.
АҚШ-та Ұлы жазықтарда Солтүстік Дакота, Оңтүстік Дакота, Монтана, Вайоминг, Колорадо, Небраска мен Канзас штаттары, сондай-ақ неғұрлым оңтүстік штаттар: Оклахома, Нью-Мексико мен Техас орналасқан. Өте ежелгі заманда Ұлы жазықтардың көпшілік бөлігін ішкі теңіз алып жатқан, шөгінді жыныстар жер бетінің астында горизонталь қабаттар түзеді. Климатына Тынық мұхиттан желмен келетін ылғалды жібермейтін Кордильера таулары үлкен әсер етеді. Қыста қар аз түседі, жазы құрғақ, нөсер жауындар сирек жауады, күшті желдердің әсерінен шаңды дауылдар болып тұрады.
Бұрынғы замандарда Ұлы жазықтар жалпы саны 50 млн-нан асатын бизондардың алып үйірлері жайылып жүрген, дүние жүзіндегі Ұлы далалардың бірі болған. Бұл далалардың даңқы құнарлы топырағымен шықты, ол XIX ғасырдың басынан бастап қарқынды түрде жыртыла бастады. Ұзақ жылдар бойы жыртқыштықпен пайдалану және шаңды дауылдар топырақтың эрозияға ұшырауына әкеп соқты. Алайда шаруашылықтың қазіргі заманғы технологиясы мен суландырудың нәтижесінде солтүстік америка далалары қыруар мал үшін жайылым, сондай-ақ бидай, қара бидай, арпа тәрізді дақылдар мен жоңышқа себілетін егіс даласы ретінде тиімді пайдаланылуда. Мұнда дүниежүзілік нарыққа шығарылатын бүкіл астықтың 75%-дан астамы өсіріледі. Дегенмен бұл аграрлық штаттарда өнеркәсіптің дамуы мен пайдалы байлықтарын өндіруге де үлкен көңіл бөлінеді. Мысалы, Оңтүстік Дакотадан алтын өндіріледі, ал Солтүстік Дакота, Небраска мен Канзаста мұнай мен газдың ірі кен орындарын игеру жұмыстары жүргізілуде.
## Дереккөздер |
ҮЛПЕРШЕК —
* біріншіден, ұлттық тағам. Мал жүрегінің сыртындағы қапшығы Улпершектен қазақтар дәмді тағам дайындаған. Оны дайындау үшін екі жағындағы құлақшаны кесіп алып қаны әбден сорғыған жүректің жіңішкелеу жағын тіліп, ішіне ұсақтап туралған ет пен іш май тығылады. Содан соң тілінген жағы мұқият тігіледі. Қазанға салып үстіне су құйып, тұз қосып қайнатады. Суығаннан кейін қиялап турап табаққа салып, бетін көк жуамен әсемдейді.
* екіншіден, Қазақ қолөнерінде қолданылатын өрнек түрі. Пішіні үлпершекке ұқсас.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
ҰЛЫТАУ ӨҢІРІНІҢ ЕСКЕРТКІШТЕРІ — Сарыарқаның батыс бөлігіндегі Ұлытау тарихи өлкесінің шеңберінде орналасқан, тас дәуірінен бастап бертінгі қазақ заманына дейінгі аралықты тұтас қамтитын ескерткіштердің аса үлкен тобы. Қарағанды облысы
Ұлытау ауданының негізгі аумағын алып жатқан өлкенің тарихи тұрғыдағы шартты шекараларын Ж.Смайылов былай ұсынды:
* солтүстікте — Қараторғай мен Терісаққан өзендерінің жоғ. ағысы;
* шығыста — Сарысу өз-нің орта ағысы мен Желдіадыр тауы;
* оңтүстікте — Бетпақдала шөлді алқабы;
* батыста: Арал қарақұмы,Ұлытау, Кішітау, Алтыншоқы, Арғанаты тау жүйелері, Қаракеңгір,Сарыкеңгір, Жезді (Жездікеңгір), Терісаққан, Байқоңыр өзендері,Барақкөл, Қоскөл,Ащыкөл, Құркөл көлдері, Жаманайбат, Жетіқоңыр сияқты құмайтты жазықтары бар, қойнауы түрлі пайдалы қазбалар, шикізатқа бай құтты өлкені бағзы замандардан бастап халық тығыз қоныстанған.
## Өлкені зерттеуде еңбектері маңызды:
* Ә.Марғұлан
* Ә.Оразбаев
* М.Н. Клапчук
* Ж.Құрманқұлов
* С.Жолдасбаев
* Ж.Таймағамбетов
* Л.Н. Ермоленко
* В.С. Волошин
* А.С. Ермолаева
* О.А. Артюхова
* В.В. Варфоломеев
* Б.Қожахметов .
Ұлытау жәдігерлерін кешенді түрде зерттеу ісін алғаш рет Марғұлан 1946 ж. бастады. Бұл жұмысты Орт. Қазақстан археол. экспед. күні бүгінге дейін жалғастырып отыр. Есепке алынған, түрлі деңгейде зерттеулер жүргізілген көне ескерткіштер тас дәуірінен басталады. 20 ғ-дың ортасынан бастап ашылып келе жатқан бұл жәдігерлердің ең көнелерінің бірі ерте палеолиттік ашель уақытының екінші жартысымен мерзімделетін Обалысай тұрағы (Жезді алқабында). Мұндағы шағын төбенің оңт. беткейінен жиналған кварциттік малтатас нуклеустері мен екі жақты шапқы құралдарды бұдан 400 мың жыл бұрын өмір сүрген адамдар қалдырған. ґлкенің шығыс шетіне таман, Сарысу өз. бойындағы Мұзбел шоқысынан осы дәуірдің мустье уақытына тән 100-ден астам малтатас құралдары табылды. Бір немесе екі жақты малтатас нуклеустер аңшылық құралдары екені анықталды. ґлкенің оңт-ндегі Жаманайбат алқабынан бірнеше палеолиттік орындар ашылды. Мезолит, неолит дәуірлеріне қарасты ескерткіштердің неғұрлым көрнектілеріне Талдысай (Балажезді) өз-нің Жездіге құяр сағасында орналасқан Тоқтауыл, Аяқбұлақ тұрақтары жатады. 2002 — 04 ж. Тоқтауыл тұрағының 100 м2 жері қазылып, 10 мыңға жуық зат табылған. Мұның дені шақпақтас кесектерін нуклеус, жаңқалар сияқты бұйымдар алу мақсатында шағудың өнімдері, сонымен қатар садақ, келте найза, қырғыш, кескіш, трапеция, т.б. түріндегі құралдардың өзі көптеп саналады. Ғалымдардың пікірінше, бұл тұрақтың соңғы 10 — 12 мың жыл аясындағы голоцендік ескерткіштердің мерзімдемелік, стратиграф. ерекшеліктерін анықтауда үлгі бола алады. Қола дәуірінде Ұлытау өңірі тұрғындары мәдениетінде өте маңызды жетістіктер орын алғанын осы уақыт ескерткіштерінің күрт көбейгені, көптеп ашылған кен орындары, металлург. қоныстар және осыларды зерттеу барысында табылып отырған құнды ғыл. деректер айғақтайды. Ғалымдардың пікірінше, Жезқазған төңірегінде шоғырланған көне кен орындарынан қола дәуірінде сан мыңдаған тонна кентас өндірілген, алынған мыс пен одан дайындалған қола айырбас арқылы айналымға түсіп, көршілес тайпалар ғана емес, алыстағы өлкелерге де экспортқа кетіп отырған. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың 2-жартысымен мерзімделетін Талдысай, Ұлытау қоныстары, Айбас дарасы, Жанайдар, Үйтас-Айдос, т.б. зираттарынан құнды деректер алынды. Жезді өз-нің сол жағасында, оған Талдысайдың құйылысы тұсында орналасқан Талдысай қонысында 1992 жылдан бастап бірнеше рет қазба жұмыстары жүргізілді. Мұнда ашылған көптеген үйлер, өндірістік шеберханалар мен металлург. пештерді, қыш ыдыс сынықтары, шаруашылық-тұрмыстық бұйымдар сияқты молынан табылған заттай деректерді сараптай келе, зерттеушілер бұл қоныстың өлкедегі ірі металлург. орт. болғанын анықтады. 1972 ж. зерттелген Айбас дарасы кесенесінен алтыннан құйылған салмақты білезік, қыш ыдыс бөлшектері табылды, құрылымдық деректері мен заттай айғақтарға қарағанда, бұл ескерткіш қола дәуірінің соңында өркендеген беғазы-дәндібай мәдениетіне жатады. ґлкеде ерте темір дәуірінің қорымдары, сондай-ақ ғұрыптық ескерткіштерге жататын “мұртты обалар” кеңінен тараған. Бұл кезеңге байланысты дәйекті зерттеулер жүргізілмегенімен, ґрезайыр, Жанайдар “мұртты обаларынан” көне сақ тайпаларының Күн тәңірін, қасиетті отты қастерлеу, жылқыны пір тұту сияқты наным-сенімдерімен тығыз байланысты жәдігерлер алынды. Талдысай қорымынан табылған, шеттерінде қосымша саңылаулары бар қола ауыздық ерте сақ сатысына жатады және сақ дәуірі ауыздықтарының неғұрлым байырғы түрінен салынады. Орта ғасырлар дәуірінен сақталған жәдігерлер қатарына түркі, қыпшақ кезеңдерінің обалары, тас мүсін, қоршау, балбалдардан тұратын ғұрыптық кешендер және ондаған қала-қоныс жұрттары жатады.
## Қалалық орындар типологиялық тұрғыдан 4 түрге ажыратылады:
* бекіністер қызметін атқарған орындар — Алаша хан, Тоғызбайкөл;
* күшейтілген сарай іспеттес орындар — Шотқара, Айбас дарасы, Топыраққорған;
* ауыл деңгейіндегі қоныстар — Аяққамыр, Жошы Ордасы;
* орда қызметін атқарған қалалар — Басқамыр, Нөгербек дарасы, Хан ордасы, Домбағұл.
Сыртқы сипаттамаларымен қатар, бірнеше қала орындарына жүргізілген қазба жұмыстарының қорытындылары мен деректері бұл ескерткіштердің архитектурасы, құрылымы, өмір сүрген уақыты жайлы аса маңызды ғыл. мәліметтерді берді. Бұларға сүйене отырып, ғалымдар Ұлытау ортағасырлық қалаларын мерзімі жағынан 3 топқа ажыратты. Бірінші топ — ерте орта ғасырлар кезеңіне жататын және 9 — 11 ғ-лардағы оғыз тайпалары мәдениетінен деректер берген Басқамыр, Аяққамыр, Хан ордасы, Нөгербек дарасы, Құлман, Милықұдық сияқты ескерткіштер. Екінші топ — 13 — 14 ғ-ларға жататын Жошы ордасы, Шотқара, т.б. Алтын Орда қыпшақтары заманының ескерткіштері. Үшінші топ — мәдени қабаты жоқ, негізінен бекініс-сарай қызметін атқарған Алаша хан, Тоғызбайкөл, Айбас дарасы, Топыраққорған сияқты Қазақ хандығы кезеңінің ескерткіштері. 15 — 17 ғ-ларда Ұлытау қ-ларын алыс-жақындағы аймақтармен бірнеше ірі керуен жолдары байланыстырған. Мұның аса маңыздысы — Ұлы Жібек жолынан басталып, Түркістан өңірін баса өтіп, Ұлытау тұсында тармақталатын атақты Сарысу жолы. Тарихи зерттеулер бойынша оғыз-қыпшақ заманында іргелі ұлыс болып қалыптасқан Ұлытау өңірі бұдан кейін Жошы ұлысының орт-на айналған. Жошы ханның өзі осы жерді мекендеп, осында өлгенін оның күмбезді мазары айғақтайды. Ақ Орда, Қазақ хандығының алғашқы кезеңіндегі саяси оқиғалар тұсында да Ұлытау өңірі маңызды рөл атқарған. Сарысу өз. бойындағы Таңбалытаста үш жүздің рулары бірнеше рет кеңес өткізіп, таңбаларын салған. Тарихи сәулет ескерткіштері — сағаналар типтес құрылыстар, күмбезді мазарлар мен кесенелер көптеп сақталған. Алтыншоқыда Ақсақ Темірдің жарлығымен естелік сөз жазылған әйгілі тас Санкт-Петербургтегі Эрмитажда сақтаулы. Көне дәуірлерден, орта ғасырлардан сақталған ескерткіштердің ерекше тобын тастағы таңбалар құрайды.
## Петроглифтер :
* Арғанаты
* Зыңғыртас
* Теректі тауларында
* Байқоңыр
* Тамды
* Жанғабыл
* Жетіқыз өзендері алқаптарынан табылды.
Бұл ерекше мекеннің тарихи ландшафтын, ескерткіштерін қорғау мен пайдалануды бүгінгі күн талабына сәйкес қамтамасыз ету үшін мұнда “Ұлытау” тарихи-мәдени, табиғи қорығы ұйымдастырылған.
## Дереккөздер: |
Аласа таулы аймақ ландшафтысы — Қазақстанның аласа таулы аймақтарындағы жеке дара тау массивтері мен Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Тарбағатай, Сауыр, Алтай тау жүйелерінің 1900-2100 м-ге дейінгі бөктерлері енетін аймақ бедері. Бұл аймаққа Маңғыстау таулары, Мұғалжар тауы, Ұлытау, Көкшетау қыраты, Қарқаралы, Қызылтас, Баянауыл, Ерейментау, Шыңғыстау, Қаратау, Шу, Іле таулары, Қалба жотасы жатады. Олардың Маңғыстау тауларынан басқасы палеозой кезіндегі каледондық және герциндік қатпарлану кезеңінде түзілген. Бұл таулардың жер бедері аса куаң келеді. Олар денудациялық жолдармен түзілген шоқылы-белесті аласа таулармен текшеленген беткейлер мен тау бөктеріндегі еңісті жазықтардың тізбегінен тұрады. Климаттық және гидрогеолог. жағдайының әртүрлі болуына орай, қалыптасқан топырақ жамылғысы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі де әртүрлі болып келеді. Бұл аймақта шөл, шөлейт, дала, орманды дала және орман ландшафтылары тараған. Аласа таулы шөл ландшафтысы Маңғыстау тауларында, сонымен қатар Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Тарбағатай, Сауыр, Алтай тауларының 500-700 м-ге дейінгі бөктерлік жоталарында, тау етегі мен жотааралық ішкі жазықтарында тараған. Бұл жерлерде табиғи ландшафттар өте құрғақ континентті климат жағдайында қалыптасқан. Қысы қара суық, қатты, бірақ қарсыз болып келеді. Көктемі жылы, қысқа, тез өте шығады. Бұл кезеңде эфемерлер мен эфемероидтердің ғана көктеп, өсіп жетілуіне болады. Жазы ыстық, құрғақ және ұзаққа созылады. Жаз бойына өсімдіктері қурап қалады, көптеген жануарлары биол. самарқаулық күй кешеді. Негізгі маусымы — күз. Ол жылы, ылғалды болып келеді, өсімдіктердің күздік вегетациясы өтеді, жануарлары қысқа коң жинап күйленеді. Көктем мен күз кезінде кейде арктик. ауа массасының осы аймаққа жетуіне байланысты жиі-жиі үсік жүреді. Таудан басталатын Талас, Шу, Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі сияқты өзендер шөл белдеміндегі суармалы егістіктердің ауқымын кеңітіп, қолтума шұратты ландшафт түзейді. Басым тараған топырақ жыныстарының литологиялық құрамына қарай топырағы саз-балшықты (сорлар мен тақырлар), саздақты (сұр қоңыр және сұр топырақты жерлер) және тасты шөл (гаммада) болып бөлінеді. Аласа таулардағы көлдер маңында, өзен аңғарларында, ыза сулы жерлерінде гидроморфты сипаттағы интразональды ландшафт тараған. Оларға: дәнді дақылдар мен жусанды, шилі, ажырықты шалғын өсетін топырақты-саздақты аллювийлі жазықтар; қамысты қопа; әртүрлі шөптесіндер мен дәнді-дақылды шалғындар, тоғайлы-аллювийлі шөгінділерден түзілген саздақты өзен жайылмалары; өзен бойындағы шұраттар мен тартпа сорлар және тақырлар жатады.
## Аласа таулы шөлейт ландшафты
Аласа таулы шөлейт ландшафтысы Алтай, Сауыр, Тарбағатай тауларындағы 500-600 м-ден 900-1100 м-ге , Жетісу Алатауындағы 600-700 м-ге, Солт. Тянь-Шаньдағы 800 м-ден 1500 м-ге дейінгі жоталар мен тау беткейлерінде орналасқан. Жеке дара тау массивтерінен бұл аймаққа Қызылтау, Қызылтас және Шыңғыстау таулары жатады. Жер бедері негізінен ұсақ шоқылы, белесті жазық болып келеді де, ірі тау сілемдерінің етегі ысырынды конустар тізбектерінен түзілген еңісті жазықтардан тұрады. Оларға айналасындағы шөлдермен салыстырғанда жылына 50-100 мм жауын-шашын артық түседі. Ауаның орташа температурасы шілдеде 2-30С-ға кемиді. Мұнда өзен торы сирек, көл сулары аз. Жер асты сулары жарықшақтар арқылы жиналған. Ашық сарғылт топырағында сораңды, жусанды, дәнді-дақылды шөптер, қараған, тобылғы т.б. өсімдік өседі. Жануарлар дүниесі кедейленген, ежелгі қарақұйрық, құлан сияқты түяқтылар жер ауып кеткен. Сарыарқалық шөлейтте ақ бөкен ғана сақталған. Ландшафт кешендерінің құрамына таулардан басталатын кішігірім өзен аңғарлары да кіреді, бұлар тоғайлы, шалғынды болып келеді. Сондықтан бұл өңірлерде халық жиі қоныстаған, жарамды жерлері түгелдей егістік үшін пайдаланылады. Көкөніс, тех. дақылдар егіледі, жеміс бақтары мен жүзім отырғызылған.
## Аласа таулы дала және орманды дала ландшафты
Аласа таулы дала және орманды дала ландшафтысы Мұғалжар, Ерейментау массивтері мен Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань тауларының 1600-1800 м-лік биіктігіне дейін тараған. Ал ол Қаратау, Шу, Іле, Қалба жоталарында 1200-2100 м-ге дейін көтерілген. Бұл өңір ұсақ шоқылы тегістелген тау жоталарынан және текшеленген тау бөктерлерінен тұрады. Тау бастары жартасты немесе қорым тасты келеді, бөктерлері малта тастан түзілген, беткі қабатын борпылдақты (лесті) немесе саздақты жамылғылар жапқан. Орташа жылдық жауын-шашыны 500-600 мм-дей. Жергілікті мәні бар өзен-жылғалар, бастау сулары баршылық. Топырағы құнарлы, қара қошқыл, сарғылт және қара топырақты. Өсімдігі дәнді дақылдардан, сондай-ақ қараған, тобылғы, ырғай, итмұрын сияқты бұталардан құралған. Тау шатқалдарында шоқ тоғай-орман өскен. Оларда борсық, қасқыр, түлкі, үкі, ителгі, бөктергі, құладын т.б. мекендейді. Сай-саладағы тоғайлы алқаптарында тал, терек, қайың және жеміс ағаштары аралас өскен субдоминантты ландшафт кездеседі. Олардың беткей эрозиясын бекітудегі, ылғал жинаудағы рөлі орасан зор. Жалпы осы өңірдің ландшафтысы егіс үшін кеңінен пайдаланылуына байланысты қатты өзгерген.
## Аласа таулы орман ландшафтысы
Аласа таулы орман ландшафтысы негізінен Көкшетау, Баянауыл, Қарқаралы тауларындағы гранитті беткейлер мен күлгін топырақты тұщы көлдер маңындағы саздақты жазықтарда қалыптасқан. Көбінесе көктерек, қайың, қарағай өседі. Олардың арасында бұлғын, шошқа, суыр тіршілік етеді. Айналасы дала ландшафттармен қоршалғандықтан қасқыр, түлкі мекендейді. Тас мүсіндер, орман шоқтары, тұщы көл тізбектері бір-бірімен әсем үйлесім тауып, табиғи ландшафтысына ерекше көрік береді. Сондықтан бұл жерлерге маңызды туристік және саялы демалыс орындары орналасқан.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Аластау — дәстүрлі тәңіршілдік дүние-танымнан, отқа табынудан қалған ырым. Мақсаты - көз, тіл тигенді қайтару, ауру-сырқау, індет-кесел сияқты жамандықтарды, үйді бәле-бетерден аластау арқылы тазалау. Ол екі түрлі мәнде — ел аумағын, мал өрісін, мекен-жайды кесір-кесапаттан сақтау үшін және адам мен малды ауру-сырқаудан айықтыру үшін қолданылған:
* ежелгі қазақтар отты тазалық иесі, зұлымдыққа қарсы тұратын құдіретті күш, киелі нәрсе санаған. Б.з. 4 ғ-ында Византия елшісі Земархты, кейіннен Еуропа елшілерін дала жұртының от арасына өткізіп, “тазартып” қарсы алғандығы көне Қазақстан туралы жазылған саяхатшылар еңбектерінен белгілі. Сондай-ақ, қазақтар қыстаудан-жайлауға, жайлаудан-қыстауға қоныс аударарда көш керуенін лаулап жанған екі оттың арасынан айдап, “алас-алас, әр пәледен халас” (араб. — арылу, бостандық алу; төлеу, өтеу) деп дуалаған. Жаңа үйге қоныстанарда бөлменің бұрыш-бұрышына от жағып, немесе адыраспан, арша тәрізді емдік қасиет мол өсімдіктердің түтінімен бәле-бәтірді Аластау салты қазіргі кезге шейін сақталған;
* жамандық наным-сенімді ұстанған ежелгі қазақтар адам мен малға тиетін індет атаулының иесі, яғни, құдайы — “бәдік” деп түсінген. Бақсылар от айнала қобыз тартып, сарнау айтып, мал-жанның кеселін Аластауға, жансыз нәрселерге көшіруге тырысқан. Жауыздық пен кесапат кесік (Аңғырат —Майныу) жоқшылық пен ізгілік иесімен, (Ақұра-Мазда) көмегімен жеңіп шығуға болады деп ұғынған. Бәдік айтып, ауруды Аластау нышандары ауыз әдебиетінің нұсқаларында мол ұшыратады. Мыс., “Айт дегеннен айтамын-ау бәдікті, Қара мақпал тоным тозды әдіпті, от оттамай, су ішпей жата берсе, Бәдік емей немене бұл кәдікті. Көш! көш, көш!…” Сонымен қатар аурудан өлген малдың басын сырлап, адам мен жан-жануардың аяғы баспайтын жерге көміп тастау немесе сырқат адамды күн батарда далаға алып шығып, су бүркіп, от айналдырып Аластау ырымы да бар.
## Дереккөздер |
Гәуірқала — Байрамәлідегі (Түрікменстан) көне қаланың орны. 1948 — 70 ж. акад. М. Е. Массон басқарған Оңт. Түрікменстан археолог экспедициясы зерттеген. Қала жұртының аумағы 3,5 км, солтүстігінде Эркқала қамалы бар. Гаусс б.з.б. 4 — 3 ғ-ларда қала дуалдарымен қоршалған. Кейіннен, б.з.б. 250 — 224 ж. қала көркейген кезде дуалдар бірнеше рет қайта салынған. Қазба жұмыстары кезінде 3 ғ-ға жататын көне үйлердің, темір бұйым соғатын шеберханалардың, диірмендердің орны, т.б. ескерткіштердің қалдықтары табылды.
## Дереккөздер
* «Қазақ Энциклопедиясы», 2-том |
Шора (Александр) Бисемәліұлы Yмбетәлиев (16.6.1941, қазіргі Астрахан облысы Володар ауданы Тюрино ауылы — 8.1.2007, Алматы) — әнші (бас), Қазақ КСР-інің халық артісі (1984).
## Өмірбаяны
* 1970 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) вокалдық ф-тін (профессор Н.Шәріпованың класы бойынша) бітірген.
* Өнер жолын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастаған.
* 1968 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жеке (соло) әншісі.
Негізгі партиялары:
* Сырттан (А.Жұбанов пен Л.Хамиди, “Абай”),
* Бекежан мен Қожақ (Е.Г. Брусиловский, “Қыз Жібек” пен “Ер Тарғын”),
* Мазамхан (Қ.Қожамияров, “Садыр палуан”),
* Мылқау және Абылай хан (С.Мұхамеджанов, “Ақан сері — Ақтоқты” мен “Жұмбақ қыз”),
* Кеңгірбай (Ғ.Жұбанова, “Еңлік — Кебек”),
* Тайшық (Е.Рахмадиев, “Алпамыс”),
* Гремин (П.И. Чайковский, “Евгений Онегин”),
* Мельник (А.С. Даргомыжский, “Су перісі”),
* Пимен (М.П. Мусоргский, “Борис Годунов”),
* Кончак пен Галицкий (А.П.Бородин, “Князь Игорь”),
* Сперафучиле Мантероне, Рамфис және патша (Дж.Верди, “Риголетто” мен “Аида”),
* Лепорелло (В.А. Моцарт, “Дон Жуан”).
Yбетәлиев өзінің концерттік репертуарымен қазақтың халық әндерін (“Япурай”, “Бір бала”, “Қара торғай”, т.б.) насихаттауға да белсене ат салысты.
* 1983 жылдан қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясында ұстаздық етті.
## Марапаттары
Орта Азия мен Қазақстан әншілері байқауының лауреаты (1969).
## Дереккөздер |
Пневмония (гр. pneumon — өкпе), өкпе қабынуы — өкпе тінінің қабынуынан немесе басқа аурулардың асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы. Ол көбіне қызылша, көкжөтел, тұмау, бронхит, демікпе сияқты тыныс ауруларын немесе әсіресе жас балалар мен қарт адамдарда болатын қатаң аурулардан кейін пайда болады. Сонымен қатар ол ЖИТС-пен ауырған кезде де болуы мүмкін.
Ауруды әр түрлі вирустар (аденовирус, риновирус), бактериялар (пневмококк, стафилококк, стрептококк) қоздырады. Аурудың дамуына дененің қатты мұздауы, ауыр жұмыс пен жүйкелік-психик. күш түсу, улану, т.б. факторлар әсер етеді.
## Түрлері мен белгілері
Сырқаттың ұзақтығына қарай: жедел пневмония және созылмалы пневмония, ал қабынудың жайылып тарауына қарай: бөлікті пневмония және ошақты пневмония болып бөлінеді.
Жедел пневмония кенеттен басталады, дене қызуы 39 — 40oС-қа, кейде одан да жоғары көтеріледі, науқас қалтырап, алғашқыда құрғақ, кейіннен қақырықты жөтел пайда болады. Науқастың бүйірі шаншиды, біртіндеп тынысы тарылып, ауа жетпейді, буындары сырқырайды. Ем қабылдаған соң аурудың беті 3 — 5 күннен кейін қайта бастайды.
Созылмалы пневмония ауру асқынып, өкпе тінінің құрылымы мен қызметінің толық қалпына келмеуінен, сондай-ақ созылмалы бронхиттің салдарынан болады. Бұл кезде өкпенің белгілі бір тұстары қайталап қабынады. Сырқаттың дем алысы әлсіреп, сәл күш түссе деміге бастайды. Ауру асқынғанда пневмонияның жедел түріндегі клиникалық белгілер қайталанады. Созылмалы пневмония ұзаққа созылады. Дер кезінде емделсе, науқас 2 — 3 аптадан соң жазыла бастайды. Балаларда болатын пневмонияның кейбір ерекшеліктері бар. Олар пневмониямен ауырғанда демігумен бірге бетінің әр жері, әсіресе үстіңгі ернінің айналасы әлсін-әлсін көгереді; диспепсия белгілер байқалуы мүмкін. Көп жағдайда тәбеті мен ұйқысы бұзылады. Жаңа туған сәби пневмониямен ауырғыш келеді. Кейде кеудесі сырылдап, сілекейі көбіктенеді. Жас балалар мен сәбилерде болатын пневмония өте қауіпті, көп жағдайда ауру асқынып, отитке немесе плевритке ауысады. Емі: өкпе жедел қабынса, ауруханада стационарлық ем қабылдау қажет. пневмонияны кең спектрлі әсер ететін антибиотиктермен, соңғы кезде цефолоспориндермен емдейді. Физиотерапия, емдік денешынықтырумен айналысу, құнарлы, витамині көп тағамдар ішу пневмонияның алдын алуға көмектеседі.
### Белгілері
* Бірден қалтырау, дене қызуының көтерілуі;
* Демалыстың жиілеуі, одан қырылдаған немесе сырылдаған дыбыстың шығуы;
* Әр дем алған кезде пневмония дем шығарған сайын мұрынның желбезегі көтеріліп пневмония басылып тұрады;
* Дененің ысуы (кейде жаңа туған нәресте немесе қарт адамдар, әсіресе әлсіз адам-дар, ауыр екпе қабынуымен ауырғанда қызу айтарлықтай кетерілмейді);
* Жөтел (түсі сары, жасыл немесе қошқыл қоңыр, не сілекейге аздап қан араласқан);
* Кеуде ауырады;
* Науқастың халі ауырлайды;
* Бетіне және ерніне салқын тигенде ұсақ жаралар шығады. Өте қатты ауырған бала минутына 50-ден астам ентіге дем алса, ол өкпе қабынуымен ауыруы мүмкін. Егер дем алысы жиі және терең болса, тексеріп көріңіз, бұл дегидрация немесе ұстамалы жүйке ауруы болуы мүмкін.
## Микоплазмалы пневмония
Микоплазмалар химиялық құрамы бойынша бактерияларға, ал өсіп-өну мүмкіншілігін ескергенде, вирустарға жақын. Ол бұрын атипиялық пневмония деп аталып келген аурудың қоздырушысы болып саналады.
Микоплазмалар эпителий жасушаларының ішінде көбейіп, оларды дистрофиялық өзгерістерге душар етеді, олардың цитоплазмасы бояулармен әлсіз боялып, көбіктеніп тұрады. Осы жасушалар кейінірек альвеола ішіне көшіп түсе бастайды. Олардың айналасында нейтрофилді лейкоциттер, эритроциттер топталып қабыну ошағы пайда болады. Қабыну сіңбесінің аралық ұлпасында көбеюі осы инфекция үшін өте тән құбылыс. Қабыну ошақтары майда, бірақ қоңыр-қызыл түсті болады. Оларды ателектаз және эмфизема ошақтары қоршап жатады. Микроплазмалы пневмонияға әдетте вирусты немесе бактериялы инфекциялар қосылып аралас инфекциялы пневмония дамиды.
## Саңырауқұлақтар шақыратын ошақты пневмония (пневмомикоз)
Бұл пневмонияларды негізінен ашытқы саңырауқұлақтар тобына жататын С.albicans қоздырады(кандидамикоз). Кандидамикоздар көбінесе антибиотиктерді өте көп және ретсіз қолдану нәтижесінде пайда болатын дисбактериозға байланысты дамиды. Өкпеде үлкенді-кішілі, қызғылт-сұр түсті, тығыз ошақтар пайда болады. Осы ошақтардың ортасында саңырауқұлақтардың жуан жіпшелерін, олардың айналасында лейкоциттер мен макрофагтар көрінеді. Кейін осы жерде эпителоидты және алып клеткалы грануляциялы ұлпа өседі. Өкпе әдетте ауыз қуысында, өңеште кандидалы процесс болғанда аспирация жолымен дамиды.
## Өзге түрлері
* Абецедирлейтін пневмония — аденовирустар туғызатын интерстициальдық пневмония, әдетте жара некрозды трахеиттермен және күшті байқалатын паренхима некрозымен бірге жүреді.
* Алейкоцитарлық пневмония — бұл жағдайда альвеолярлық экссудат құрамында лейкоциттер болмайды, лейкопениялық күй кезінде, мәселен, сәуле ауруы кезінде байқалады.
* Ареактивтік пневмония (анергиялық пневмония) — әлсіреген адамдардың немесе кәрілік жасындағы адамдардың ағзаның реакциясы төмендеген кезде байқалатын температуралық реакциясы айқын болмайтын аурудың босаң ұзақ барысы.
* Аспирациялық пневмония — бөтен заттармен және сұйықтармен аспирациялау нәтижесінде дамитын жедел пневмония.
* Ателектаздъқ пневмония — өкпе учаскесіне инфекция арқылы пайда болған ауру.
* Өкпенің мөлшерден ауытқып қабынуы — аурудың әдеттегі түрінен ауытқып кетуін сипаттайды.
* Өкпенің ацинозды қабынуы — ацинусты құрайтын альвеола тобын қамтиды.
* Өкпенің ацинозды-нодозды қабынуы — бөлек ацинустарды қалай қамтыса, ацинус тобын да солай қамтиды.
* Өкпенің билиозды қабынуы — өт арқылы асқазан ішіне бөгде заттардың түсуі салдарынан жаңа туған балада дамиды. Ауру жағдайында ас ішектен асқазанға түседі. Өкпедегі ұлпаның тез қорытылуын сипаттайды.
* Өкпенің сырқырамалы сары ауруынан қабынуы — сары ауруымен ауыратын адам өкпесінің қабынуы, құрғақ немесе сұйық заттан болатын сірі қабықтың қабынып және кеңірдек бездеріне салқын тиіп құятын ошақтардың пайда болуымен альвеоланың қабынуы түрінде өтеді.
* Өкпенің іш сүзектен қабынуы — іш сүзек ауруының 3—4 аптасында басталады, регионарлы лимфа түйіндеріндегі өкпе тканінде іш сүзектен тері талаурап іседі.
* Өкпенің вагусты қабынуы — көкірек қуысына зақым келгенде, жылжымалы жүйкелердің тітіркенуден өкпенің қатты қабынуы.
* Өкпенің үстіңгі бөлшек қабынуы — өкпенің жоғарғы жағына жайылмай қабынуы.
* Жаңа туған бала өкпесінің ана құрсағы ішінде қабынуы — ана құрсағы ішінде даму кезінде немесе туар кезінде пайда болған.
* Шіріген пневмония — өкпе шіруімен асқынған пневмония.
* Өкпеге қанның жиналуынан қабынуы — альвеолды сұйық затта және қақырықта көптеген қанның қызыл түйіршіктері байқалады, мысалы, тұмау кезінде, өкпеден тиетін чума түрінде, түйнеменің іріңді түрінде байқалады.
* Өкпенің жансызданып, қанды қабынуы — өкпедегі ұлпаның жансызданып, альвеолды қанды сұйық заттың жиналуы. Тұмау кезінде өкпеден тиетін оба түрінде байқалады.
* Өкпенің аса ірі клеткалық қабынуы — альвеолды сұйық зат құрамында бір ядролы көп клеткалар болады. Цитомегалия кезінде және кейбір басқа вирусты ауруларда байқалады.
* Ауа тазартқыштың жетіспеуінен өкпенің қабынуы — өкпедегі ұлпаның инфицирлі бөліктерінде ауаның төмендеуінен, мысалы өкпедегі ателектаздың толық болмауынан болады.
* Өкпенің гипостатикалық қабынуы — өкпе тканінің кіші күре тамырында қан кернегенде пайда болады, мысалы, ұзақ уақыт шал қасынан жатқан кезде өкпенің артқы бөліктерінде пайда болады.
* Өкпенің тұмауратқаннан қабынуы — 1. Тұмау асқынған кезде, әдетте бактериялы көбіне стафилокок жұқпалы ауру жинақталғанда дамиды, ауру созылмалы түрде өтеді және бейімділікпен іріңді ісікке айналады; 2. өкпенің тұмауратқаннан алғашқы қабынуы — өкпенің қанды қабынуы қан айналымының бұзылуынан қатты өтетін түмаудың пирусын қоздырады.
* Өкпенің бөлік аралық қабынуы — көбінесе бөлік аралығындағы дәнекер болып тұратын ұлпаның ісіп қызару әрекетінің кеңейген өкпенің интерстициальді қабынуы.
* Өкпенің микоплазмадан қабынуы (саңырауқулақ бактериясындағы сұйық бөлік) — өкпенің мөлшерден ауытқып қабынуы, алғашқы түрі — микоплазманы қоздырып өкпе ошағының немесе бір бөлігінің қабынуы.
* Өкпенің миллиарлы қабынуы — көп, ұсақ, диаметрі 1—2 мм ісу, қызару ошақтарының пайда болуы.
* Өкпенің обтурациялы қабынуы — кеңірдек тарамындағы саңылаудың шырышпен немесе бөгде заттармен бітеліп қалуына себепші болатын ауру.
* Өкпенің орнитозды қабынуы — орнитозда өкпенің интерстициальді немесе ұсақ ошақтарының қабынуы ауру белгісі әлсіз көрінеді, ауру ұзақ өтеді және бейімділікпен қайталанады.
* Өкпенің жедел қабынуы — сұйық заты болатын қабыну түрі бойынша өкпе қабынуының тез дамуы.
* Өкпенің ошақты қабынуы — өкпедегі ұлпаның шамалы бөліктерін қамтиды.
* Өкпенің паравертебральді қабынуы — омыртқасымен жатқандардың өкпе бөліктерінің бірінде болады; көбіне жаңа туған балада байқалады.
* Кеңірдек тарамдарындаты ұлпаның талаурап ісуінен өкпенің қабынуы — көбінесе кеңірдек тарамдары айналасында болады: кеңірдек тарамдарында ұлпаның талаурап ісіп, лимфа жолымен өкпедегі ұлпа де ісіп қызару әрекетінің таралуы салдарынан пайда болады.
* Өкпенің перифокальды қабынуы — табиғаты жағынан ісіп қызармайтын өкпенің зақымдану ошағы (мысалы жансыздану ошағы) айналасында дамиды.
* Өкпенің пневмококтан қабынуы — өкпедегі шар тәрізді бактерияны қоздырып, өкпенің ісіп қабынып ауруы немесе өкпе ошағының қабынуы талшықпен және іріңмен жиі араласқан ұйыма альвеолды сұйық заттан тұрады.
* Өкпенің операциядан кейін қабынуы — өкпенің көбінесе орнықпай немесе ауа тазартқыштың жетіспеуінен қабынуы, хирургиялық операциядан кейінгі жақын күндерде дамиды, кәрі адамдарда немесе әлсіз ауруларда жиі болады.
* Өкпенің полифераттық қабынуы өкпенің созылмалы түрде қабынуы, альвеола мен кеңірдек тарамындағы кілегейдің ұлғаюынан болады.
* Өкпенің жалған лобарлы қабынуы өкпе ошағының араласып қабынуы рентген сәулесімен тексергенде және емдегенде өкпе бөлігінің қабынуын мысалы крупозды ісінуін еске салады.
* Өкпенің реаматизмнен (сарнтап) қабынуы ревматизм асқынғанда, өкпе ошағының көбіне бір бөлігінің қатты қабынуы, өкпе қан тамырларындағы бұлшық ет сіңірінің жансыздануы себепші болады.
* Өкпенің бір текті қабынуы — өкпенің сегментін (бар тектестігін) қамтпды.
* Өкпенің септикалық қабынуы — іріңдеткіш мпкробтардың қанға жайылып асқынуы немесе қанды іріңнің организмге жайылуының білінуі.
* Өкпенің сары суланып қанның жиналуынан қабынуы — қанның қызыл түйіршектерінің нашар жағымен араласқан сары сулы альвеолды сұйық заттан болады, мысалы тұмау кезінде, обада байқалады.
* Өкпенің сары суланып фибринді қабынуы — фибринмен араласқан сары сулы альвеолды сұйың заттан болады.
* Өкпенің түйнемеден қабынуы — өкпе ошағының қатты жансызданып, қанның жиналып қабынуы өкпеге түйнеме бацилласының енуінен болады, түйнеменің іріндеткіш микробтары қанға және ұлпаға жайылады.
* Өкпенің араласып қабынуы — жеке, ұсақ ісіп қызару ошақтарының тым ірілеріне келіп қосылуы.
* Өкпенің стафилокктан қабынуы өкпе ошағының кейде араласып қабынуын cтафилококк қоздырады. Өкпедегі ұлпаның жансыздануы және іріңдеуі көбінесе балаларда, кәрі және әлсіз адамдарда байқалады.
* Өкпенің зақымдалудан қабынуы — өкпеге зақым келгенде, мысалы, қабырға сынғанда, өкпе зақымданып қабынады.
* Өкпенің зақымданудан екіншілей қабынуы — қарама-қарсы жарақат жағында дамиды.
* Өкпенің зақымданудан қабынуы, алғашқы түрі — жарақат түскен өкпеде дамиды.
* Қан ұйып тамырдың бітеліп қалуынан өкпенің қабынуы — өкпедегі үлкен күре тамырдың бітеліп қалуынан немесе оның тарамдарының кішкентай бөлшектерінде қанның ұюынан болады.
* Өкпенің туляремиядан қабынуы — өкпеге туляремия таяқшасының енуінен өкпе ошағының сары суланып, фибринді қабынуы, ұзақ уақыт жансызданады және іріңді ісікке айналады. Лимфа бездерінің ауруы және ірі қабықтың қабынуы дамиды. Осының негізінде өкпе туляремиясы дамиды.
* Өкпенің фибринозды — қанды қабынуы — сары сулы альвеолды сұйық затта фибрин мен қанның қызық түйіршіктерінің саны көп болады, мысалы, обада байқалады.
* Өкпенің созылмалы түрде қабынуы — ұзақ уақыт асқынады және өкпедегі ұлпаның зақымдалған бөлімі біртіндеп тыртықтанып тыржиып дәнекер ұлпаға айналып қатаяды.
* Өкпенің орталықта қабынуы — қабыну ошағы өкпе бөлігінің тамырында болады, ал сірі қабық ауру күйінде тартылмайды.
* Өкпенің обадан қабынуы — өкпеге оба таяқшасының енуінен өкпенің сары суланып және қанның жиналып фибринді және қанның жиналып немесе жансызданып қабынуы. Осының кезінде өкпеге оба ауруы тарайды.
* Қан тамырының бітеліп қалуынан өкпенің қабынуы — өкпедегі үлкен күре тамырдың немесе оның тарамдарының бітеліп қалуынан болады.
* Иллинос өкпенің қабынуы — хламида тобынан ұсақ ағзалар қоздыратын қатты жұқпалы ауру, өкпенің қабынуы ауыр жағдайда өтеді.
* Луизиан өкпенің қабынуы — хламида тобынан ұсақ ағзаны қоздыратын қатты жұқпалы ауру. Өкпенің қабынуы ауыр жағдайда өтеді.
* Сүйекті қалпына келтіргеннен өкпенің қабынуы — ауру себебі белгісіз, негізінде перфокальды қабынудың пайда болуымен өкпедегі дәнекер болып тұратын ұлпаның сүйектену ошағының тууы жатыр.
## Пневмонияғы әкелетін жағдайлар
Жас балалар:
* құрсақтық гипоксия және асфиксия;
* туу жарақаттары;
* жаңа туған кезедегі пневмопатия ;
* туа біткен жүрек ақаулары;
* өкпенің туа біткен ақаулықтары;
* муковисцидоз;
* тұқым қуалайтын иммунитет тапшылығы;
* аштық;
* гиповитаминоздар.
Мектеп жасындағы балалар:
* жұтқыншақ инфекциясының созылмалы ошақтары;
* қайталанбалы бронхит;
* муковисцидоз;
* Жүрек қақпақшасы аурулары;
* иммундық жетіспеушілік ;
* темекі шегу.
Ересектер:
* темекі шегу және созылмалы бронхит;
* өкпенің созылмалы аурулары;
* эндокриндік аурулары;
* жүрек жеткіліксіздігі;
* иммундық жетіспеушілік;
* кеуде және іштің хирургиясы;
* маскүнемдік;
## Емдеу жолдары
Уикипедия медициналық кеңес беретін орын емес, мұндағы кеңестер шындыққа жанаспауы мүмкін (Дереккөздер):
* Өкпе қабынуын антибиотиктермен емдеу емір немесе өлім мәселесіне келіп тірелуі мүмкін. Пенициллин, немесе эритромицин беріңіз. Науқастың халі нашарлап бара жатса прокаин-пенициллин шанышыңыз, ересек адамдарға: күніне 2—3 рет 400 000 ед (250 мг) немесе күніне 4 рет 500 мг ампициллин ішкізіңіз. Жас балаларға ересектерге берілетін дәрі мөлшерінің 0,5—025 мөлшерін беріңіз, 6 жасқа дейінгі балаларға ампициллин берген жөн.
* Ыстықты түсіру және ауырғанды қойғызу үшін аспирин немесе ацетаминофен беріңіз.
* Науқасқа мейлінше көп сұйық беріңіз. Егер науқас тамақ іше алмаса, онда оған сұйық тағам немесе регидрат сусынын беріңіз.
* Жөтелді жеңілдету және қақырықты босату үшін де көп сұйық ішу және су буы ингаляциясын жасау ұсынылады.
* Сырыл болған жағдайда теофиллин немесе эфедрин түріндегі демікпеге қарсы дәрілер қолдану қажет.
## Дереккөздер |
Ғаяз Ысқақи (22 ақпан 1878; Яуширма ауылы — 22 шілде 1954, Анкара) — қоғам қайраткері, татар публицисті. XX ғасырдың I-жартысы аяғында татар, жалпы алғанда, түркі халықтарының болашағы үшін дәйекті күрес жүргізген, оны өмірінің ең үлкен мақсатына айналдырған ұлт ұлдарының ең көрнектісі.
## Өмірбаяны
1897 жылы Қазанда медресе бітірді. 1903 жылы Ресей империясындағы мұсылман халықтарының ауыр тағдырына арналған “200 жылдан соңғы апат” деген еңбегін жариялады. 1905 жылы Қазан қаласындағы қазақ, татар, башқұрт жастарын біріктірген “Хуррият” (“Бостандық”) ұйымын құруға жетекшілік етті. “Тан иолдызы” (“Таң жұлдызы”) газетін шығарды. 1-орыс революциясы жылдары өткен Бүкілресейлік мұсылман съездеріне қатысты. 1906 жылы Архангельскіге жер аударылды. 1908 жылы айдаудан қашып құтылып, Түркияға өтіп кетті. 1913 жылы Ресейге оралып “Ил” (“Ел”), “Сюз” (“Сөз”) газеттерін шығарды. 1916 жылы Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясының бюросы құрамына сайланып, онда Ә. Бөкейхановпен және М. Шоқаймен тығыз қарым-қатынаста қызмет етті. 1917 жылы мамырда Мәскеуде өткен Ресей мұсылмандары съезінде Бүкілресейлік мұсылман кеңесіне мүше болып сайланды. Ж.Досмұхамедов, У.Танашев, Ж.Ақпаевтармен бірге бұл ұйымның атқару комитеті құрамына кірді. 1917 жылы қарашада Қазан, Үфі, Орынбор губ-ларының террриториясын қамтыған Еділ — Орал автономиясын құруға қатысып, оның сыртқы істер жөніндегі департаментін басқарды.
### Эмиграцияда
Эмиграцияда Ғаяз Ысқақи негізінен саяси жұмыстармен айналысқан, бірақ өзінің әдеби қызметін де тоқтатқан жоқ. Қуғын-сүргін кезінде жазылған ең танымал туындылары - «Екі оттың арасы» мен «Толқындарда» драмалары, «Үйге барар жолда», «Күз», «Ұлы мереке» романдары мен әңгімелері және «Жан Байвич» комедиясы. Бұл жұмыстарда басты арқауы - патша үкіметінің татар халқына жасаған езгісі, татарлардың езілген мемлекеті және олардың Ресейдегі қайғылы тағдыры. Большевиктер Ғаяз Исхакидің қоғамдық-саяси және әдеби қызметін жасырды, ал Кеңес заманында оның аты татарлардың басым көпшілігіне белгісіз болды.
1928 жылы Берлинде «Милли юл» (Ұлттық жол) журналын шығара бастады. Бұл журнал өте бай материалдарға сүйене отырып, Татар және Башқұрт республикаларында большевиктердің саясатын талдады.
1934-1938 жылдары Ғаяз Ысқақи Манчжурия, Корея, Жапония, Арабия түбегі және Финляндияны аралады. Бұл елдерде ол татар эмигранттарын ұйымдастырумен айналысқан. Татар эмигранттарының едәуір бөлігі өмір сүрген Қиыр Шығыста болған кезінде Ысқақи «Милли байрак» (Ұлт байрағы) газетінің шығуын ұйымдастырды. Сол кезде Қиыр Шығыста шақырылған Ұлттық Құрылтай Ғаяз Ысқақты Ұлттық Кеңестің төрағасы етіп сайлады.
Мүкден қаласында 1935 жылы ақпанда оның бастамасымен Мүкден конгресі шақырылды.
Польшаға сапары кезінде Ғаяз Ысқақи «Прометей» Варшава ұйымының қызметіне белсене қатысты, оның «Сіздердің және біздің бостандығымыз үшін!» деген ұраны әйгілі болды. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін Прометей бірқатар халықтардың большевиктерге қарсы азаттық қозғалысының негізгі орталығы болды. Өзара шабуыл жасамау туралы кеңес-герман пактісі, сонымен қатар Польшаны кейін бөлшектеу Ысқақидың саяси қызметін уақытша тоқтатты. «Прометей» ұйымының мүшелері Варшавадан кетуге мәжбүр болды. Берлиндегі «Милли Юл» журналы 1939 жылы қыркүйекте Германия үкіметінің бұйрығымен жабылды.
### Түркияда
Кейінірек Ғаяз Ысқақи Түркияға қоныс аударып, өзінің саяси және әдеби қызметін жалғастырды. Елу жылдық саяси, публицистикалық және әдеби қызмет барысында Ғаяз оннан астам татар газет-журналдарын шығаруға бастама көтерді және елуге жуық әдеби-публицистикалық шығармалар жазды, олар әлі күнге дейін өз маңызын жоғалтпаған.
Ғаяз Ысқақи 1954 жылы Анкара қаласында дүниеден өтті. Оның денесін Ыстанбұлда жерледі.
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том |
Айдауыл -
* Көлікті, жүкті, тұтқындарды, қамалғандарды күзетуге және алып жүруге арналған әскери жасақ (команда, бөлімше).
* Ұрыс кемелері мен ұшақтарының тікелей қорғауымен теңізде бірлесе жүруді жүзеге асыратын көліктер мен көмекші кемелер тобы. Тікелей күзету арқылы кемелерді алып жүру айдауылдау деп аталады. Тікелей күзету кемесі немесе ұшағы айдауыл деп аталады.
## Дереккөздер |
Ұлыкөл — Есіл алабындағы тұщы көл.
## Географиялық орны
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданының Березовка ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5 км жерде, теңіз деңгейінен 235,3 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 19,1 км 2, ұзындығы 5,6 км, ені 4,3 км, жағалауының ұзындығы 16,8 км, ең терең жері 3,2 м. Жағасы көбіне құлама жарлы болып келеді, оңтүстік-батысы мен солтүстік-батыс жағасы жайпақ. Түбі тегіс, сазды. Қар және жауын-шашын суымен толығады. Су жиналатын алабының 30%-ы жыртылған, қалған бөлігіне бетегелі-жусанды шөптесін өсімдіктер өскен. Көл суын маңындағы шаруашылықтар пайдаланады.
## Дереккөздер |
Алатау — кент, әкімшілік округ орталығы. Алматы қаласының шығысында 18 км жерде орналасқан. Әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғысынан Алматы қаласының Медеу ауданына бағынады. Тұрғыны 4,6 мың адам (1999). Алатау ғылыми мекемелер орналасқан қалашық ретінде 1958 ж. пайда болды. Мұнда Қазақстан ғылым академиясының Ядролық физика институты және Физика-техника институты, тағы басқа бірнеше ғылыми-зерттеу орындары орналасқан. Алатауда 2 орта мектеп, Мәдениет үйі, стадион, аурухана, жас техниктер стансасы, кітапхана, тағы басқа мекемелер бар. Іле Алатауының ылғалды агроклиматтық белдемінде орналасқан. Тұрғындарының Алматы қаласымен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Үсек балшығы, Үсек көлінің шипалы балшығы, Алматы облысы Жаркент қаласының оңтүстікінде 30 км жерде. Үсек өзеннің Іле аңғарына шығар жеріндегі ұзың 3 км, ені 2 км келген қазаншұңқырда шөккен. Ауданы 200 га. Батпағына қамыс өседі. Орта бөлігінде тұщы көл бар, оның түбіндегі ми батпақ құрамында 3,42% күкіртті сутек бар. Балшықтың қою бөлігінің 40,3%-ы гипстен, карбонаттан, саздан тұрады; ылғалд. 47,07%, тығызд. 1,55 г/см³. Балшықты ерітіндінің минералд. 71 г/л, құрамы сульфатты натрийлі-магнийлі (pH 8.3). Шипалы балшығының орташа қалыңд. 0,4 м, жалпы қоры 27 мың м³. Жергілікті тұрғындар емдеуге пайдаланады.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Үсенов Асқар Садықұлы (1.1.1928, Алматы — 19.11.2005, сонда) — боксшы, бокстан спорт шебері (1946), Бүкіл-одақтық дәрежедегі төреші. Бапкері — Ш.Бөлтікұлы. 1945 — 1953 ж. 9 рет Қазақстанның, 5 рет Қазақстан мен Орта Азия республикаларының чемпионы. КСРО біріншілігінің күміс жүлдегері (1947). 1954 жылдан Қазақ а. ш. ин-тында ұстаздық етті. КСРО спорт шеберлерін (С.Қасенов, А.Өтепов) даярлады.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Алатағы қорымы — Сарысу өзенінің төменгі оң жағасында, Алатағы жазығындағы ескерткіш-қорым. Тікбұрышты шикі кірпіштен салынған. Бейіттерден сақталғандарының ең үлкенінің көлемі 4,5 х 4,5 м. Алатағы қорымы кейінгі ортағасырлық құрылыс деген болжам бар. Қорымда осы өңірге әйгілі Талмас атаның (оның кесенесі Сарысу өз.-нің жоғарғы жағындағы Қаражарда) тұлпары жерленген деген де аңыз бар. Ә.Марғұлан Алатағы жазығын Сығанақ хандарының жазғы мекені дейді.
## Дереккөздер |
Үсенов Оралхан (1929 ж. т., Ақмола облысы Көкшетау қаласы) — альпинист, спорт шебері (1959), Қазақ КСР-інің еңб. сің. жаттықтырушысы (1977). КСРО чемпионы (1956). “Горельник” тау дайындығы нұсқаушылары мектебін бітірген (1947). Қазақтың респ. альпинистер клубының нұсқаушысы болды (1947 — 1997). Мәрмәр қабырға (6400), Петровский (5860), Горький (6050), Мушкетов (4550), Пржевальский (6350) шыңдарын алғашқы бағындырушылардың бірі. 1956 жылы Қазақтың республикасының альпинистер клубы командасының құрамында Тянь-Шаньның ең биік шыңы — Жеңіс (7439) шыңына бірінші болып шықты.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Ұн кенелері (лат. Tyroglyphіdae) — кене отрядының бір тұқымдасы. Топырақта және шіріген өсімдіктің қалдықтарында тіршілік етеді. Дене тұрқы 0,35 — 1 мм, сопақша, түсі жылтыр. Дернәсілдері 6 аяқты, нимфалары мен ересек кенелерде 8 аяқ болады. Жылына 6 рет, кейде одан көп өсіп-өнеді, аналығы 3 — 4 (кейде 60-қа дейін) жұмыртқа салады. Ересек кенелер мен дернәсілдері ұн, астық, жарма; майлы дақылдардан — зығыр, мақта, қыша, күнбағыс; көкөніс дақылдарының тұқымдарын, кептірілген жеміс-жидектерді, саңырауқұлақтарды, т.б. зақымдайды. Ұн кенелері дәннің ылғалдығы — 13%, ал ұнда — 12%-дан жоғары болса, тез дамып, көбейеді. Астық пен ұнды зақымдағанда оларды қоңыр ұнтаққа айналдырады және иісі шіріген заттың иісіндей, қышқыл дәмі болады. Ұн кенелерінің аса қауіпті түрлері: ұн кенесі (Acarus sіro), кәдімгі түкті кене (Glycyphagus destructor), ұзынша кене (Tyrophagus putrescentіae). Бұлар республиканың солтүстік аймақтарында кең тараған. Ұн кенелерімен күресу шаралары: күзде жаңадан астық қабылдағанша қойма ішін, қамба төңірегін бүрку немесе фумигациялау арқылы залалсыздандыру; қамбадағы тұқымды тазарту; астықты немесе ұнды салқындатып, ылғалдылығын кемітіп, қоймада ауаның құрғақ болуына жағдай жасау.
## Дереккөздер |
Александр Константинович Гейнс (21.08.1834, Ресей — 29.12.1893, Ницца) — қазақ халқының этнографиясын зерттеуші.
2-Константиновское әскери уч-щесін, 1859 ж. Бас штабтың академиясын бітірген. 1865 — 66 ж. қазақтардың әдет құқығы мен қазақ даласының түрлі аудандарындағы шаруашылықты жүргізудің ерекшеліктерін зерттеумен айналысты. Г-тің “Қырғыз очерктері” аталатын еңбегінде Өскемен, Семей, Петропавл, Көкпекті, Аягөз, Қапал, т.б. қалалар мен бекіністер, Орынбор, Есіл, Ертіс, Бұқтырма бекініс жүйелерінің салынуы, Жетісу өңіріндегі қазақ-орыс қатынастары, Абылайкит бұтханасының құлаған орны, Лепсі өз. бойындағы қалмақ бейіттері туралы маңызды мәліметтер бар. Ш. Уәлихановтың өмірбаянына қатысты деректер келтірілген. Гейнс қазақ өлкелерін басқару жөніндегі 1867 — 68 ж. сот-әкімш. реформаларын, “Дала облыстарын басқару туралы ереженің” (1891) бастапқы нұсқасын даярлауға қатысты.
Севастополь қорғанысына қатысты. 1863 ж. Полына көтерілісін басуға қатысты. 1867-68 ж. реформа қарсаңында (1865-66) қазақтардың дәстүрлі құқығы мен қазақ даласының түрлі аймағында шаруашылықты жүргізудің ерекшеліктерін зерттеу мақсатымен шыққан комиссия құрамында болды. Гейнс — "Сырдария, Жетісу облыстарын басқару жөніндегі ереже жобасының" авторы. 1867-69 жылдары Түркістан генерал-губернаторы кеңсесінің басқарушысы, Гейнстің 1865-66 ж. Батыс Қазақстанды аралаған саяхатында кең көлемді күнделігі жарық көрді.
## Дереккөздер |
Алатау — Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Күнгей Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы, Iле Алатауы, т.б. жатады. Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан ақтаңдақтары тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байланысты. Әдетте, мұндай таулар заңғар биік болып келеді. Тау етектерінде орман, аңғарында таулық шалғын және дала белдемдері алма-кезек орналасқан.
* Жетісу және Iле Алатауының халық ұғымындағы жалпылама атауы.
## Жетісу Алатауы, Жоңғар Алатауы
Қазақстандағы ірі әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің бірі. Ол солтүстігінде Балқаш-Алакөл ойысы, оңтүстігінде Іле аңғары аралығында батыстан шығысқа қарай 450 км-ге созылып жатыр. Жетісу Алатауы Сарқанттау мен Бежінтаудың басталар жерінен шығысқа қарай Солтүстік және Оңтүстік Жетісу Алатауы болып екі жотаға бөлінеді. Жетісу Алатауының ең биік шыңы – Бесбақан орналасқан (4464 м). Жетісу Алатауының жер бедері мен геологиялық құрылысы өте күрделі. Төменгі палеозой қабаттары кристалдық тақтатас, кварцит, гнейс, әктас, мәрмәр жыныстарынан құралған. Биік тау басында және беткейлерінде көп жылдық омбы қар мен мұздықтар жатыр. Бұл өлкенің Жетісу атанып, суы мол өзендердің ағып шығуы осы мұздықтармен байланысты. Жетісу Алатауы кен байлықтарына бай. Мұнда алтын, қорғасын, мырыш, т.б. кентастары өндіріледі.
## Күнгей Алатауы – Тянь-Шаньдағы тау жотасы
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы аралығында. Оңтүстігінде Ыстықкөл қазаншұңқырымен шектеседі, солтүстігіндегі Іле Алатауынан оны Шоңкемін және Шілік өзендері бөледі. Орташа биіктігі 3800 – 4200 м. Ең биік жері Шоқтал шыңы (4771 м). Ұзындығы 280 км. Күнгей Алатауы граниттерден, төменгі палеозойдың құмтастарынан және әктастардан түзілген. Шатқалдарында Тянь-Шань шыршасы өседі. Жалпы ауданы 237 км2 болатын мұздықтары бар.
## Қырғыз Алатауы - Қырғызстандағы таулы жота
Батыс бөлігінің солтүстік беткейі Қазақстан жерінде (Жамбыл облысы). Жалпы ұзындығы 375 км. Жотаның ең биік жері шығысындағы Батыс Аламедиан шыңы (4875 м). Қырғыз Алатауы метаморфты жыныстардан, шөгінділерден және профирит, граниттен түзілген. 2500 – 3000 м-ге дейін биік таулы шалғынды дала белдемі орналасқан. 3700 м-ден жоғарыда көп жылдық қар және мәңгі мұздықтар кездеседі. Мұздықтардың аумағы 223 км2.
## Талас Алатауы – Тянь-Шаньның батыс сілеміндегі жота
Қазақстан мен Қырғызстан жерінде. Орташа биіктігі 4000 м, ең биік жері Манас шыңы (4484 м). Қазақстандық бөлігінде Талас Алатауы Ешкіөлмес, Алатау, т.б. бірнеше аласа тау сілемдеріне тармақтаналады, ең биік жері Ақсуат тауы (4027 м). Көп жылдық қар жамылған мұздықтары бар. Метаморфтанған тақтатас, құмтас, әктастан түзілген. Етегінде дала өсімдіктері, шырша, т.б. өседі. Жотаның батыс бөлігінде Қазақстандағы алғашқы қорықтардың бірі – Ақсу-Жабағылы орналасқан.
## Іле Алатауы – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі жота
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында. Ұзындығы 35 км. Бірқатар шыңдары 4500 – 5000 м биіктікке жетеді (Талғар шыңы, 4973 м). Қазіргі мұздықтар да сонда шоғырланған. Іле Алатауы кембрийге дейінгі дәуірдің және төменгі палеозойдың гранит, конгломерат, әктас, құмтас, тақтатастардан түзілген. Іле Алатауында жалпы ауданы 478 км2 болатын 381 мұздық бар. Тау бастарын мәңгі қар мен мұз басқан. Жотаның солтүстік бөктерінде Алматы қаласы, солтүстік беткейінде Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағы орналасқан.
## Дереккөздер |
Ұнаққұм, Уаққұм – Бозащы түбегінің оңтүстік-батыс бөлігіндегі төбешікті-қырқалы құмды алқап.
## Географиялық орны
Маңғыстау облысы Түпқараған және Маңғыстау аудандары жерінде, Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы Қошақ шығанағының солтүстігінде 7 км жерде доғаша созылып жатыр.
## Жер бедері
Теңіз деңгейінен 22,6 м төменде, ауданы 240 км2, 5-6 м тереңдікте кездесетін грунт суының минералдығы 3-22 г/л. Шығысының көтеріңкі жерлерінде Қияқты, Тұщықұдық ауылдары орналасқан. Құм ішінде бірнеше құдықтар (Ақши, Қожамқұл, т.б.) қыстаулар мен құмды төбелер (Шөлшағылқұм, Қызылқұм, т.б.) кездеседі.
## Өсімдігі
Құмда жусан, жүзгін, еркекшөп, сораң шөптер өседі.
## Дереккөздер |
Үсенов Әнуәрбек (14.2.1933, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Сабынды аулында — 6.4.1997, Алматы) — металлург, техниқалық ғылымдар кандидат (1973). Қазақ металлургия және тау-кен ин-тын бітірген (1957). 1957 — 1966 жылдары Өскемен қорғасын-мырыш комб-нда мастердің көмекшісі, технолог, цех бастығының орынбасары, 1966 — 1973 жылдары Лениногорск мырыш з-тының директоры. 1973 — 1985 жылдары Қазақ КСР-і түсті металлургия министрінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 1986 — 1991 жылдары Қазақ мемлекеттік бағалы металдар және алмас ғыл.-зерт., жобалау-конструкторлық және технол. ин-тының директоры, 1991 — 1993 жыдары Қазақ мемлекттік “Қазалмасалтын” консорциумында вице-президент, бас директор болды. 1993 жылдан ұлттық акционерлік “Алтыналмас” компаниясының бірінші вице-президенті, “Алтын” АҚ-ның президенті қызметтерін атқарған. Үсеновтің ғылым еңбектері Қазақстанның түсті металлургия және алтын шығару салаларына арналды. Оның тікелей басшылығымен Қазақстанда алғаш рет шикізаттың әр түрінен хим. таза алтын мен күміс алу технологиясы жасалып, “Целинный кен-химия комбинаты” өндірістік бірлестігімен және ғыл.-зерт. ин-ттарымен бірлесе отырып “Құмдыкөл” кен орнынан тех. алмас өндіру бойынша ғыл. зерттеулер жүргізілді. Ү-тің енгізген жаңалықтары ғылымда, өндірісте кеңінен қолданылады. Үсенов Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйл.-ның иегері (1984), КСРО-ның Құрметті металлургі, Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Үскірік — халықтық үрлемелі музыка аспабы. Дауысы қыстың аязды күндері соғып тұратын үскірік салқынның ызыңдаған дыбысына келгендіктен ел арасында Үскірік деген атауға ие болған. Үскіріктің дыбыс бояуы сазсырнайдың тембріне ұқсас; дыбыс диапазоны 2-октаваның до, ми, фа, соль ноталары ғана ойналады. Үскіріктің ұзындығы 12 см, биіктігі 5,8 см, ал үрлейтін тесігінің кеңдігі 7,7 см болса, оның оң жағындағы тесігі 0,5 см, ал сол жағындағы тесігі 0,4 см-дей. Халықтың аңыз әңгімелерінде Үскіріктің тасбақаға, түйеге, құсқа ұқсайтын түрлері болғандығы айтылады; оны көбіне балалар ойнаған әрі жеңіл әндерді орындауға пайдаланған. Қазақтың музыка аспаптары тарихын зерттеуші Б.Сарыбаевтың еңбегі нәтижесінде қайта туған Үскірік аспабы қазіргі уақытта «Отырар сазы», «Сазген», т.б. оркестрлер мен ансамбльдерде кеңінен пайдаланылады.
## Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том."Қазақтың музыкалық аспаптары", А., 1998 |
Бөрдек —— қымыз немесе шарап ашытатын торсық, ыдыс; Иленген, ысталған көннен (теріден) істелетін ыдысты Кавказдың түркі халықтары бүрдүк дейді. Осы сөз қазақ тілінде Бөрдек болып қалыптасқан. Түркі тілдеріндегі үлкею, бұртию, қампию мағынасын білдіретін бөр, бүр, тұлғалы сөздеріне есім тудыратын — дүк, жұрнағы жалғану арқылы (түндүк, күздік сияқты) Бөрдек атауы жасалған.
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том |
Алакөл — Қазақстандағы Абай облысы және Жетісу облысының аумағында орналасқан тұйық көл, Қазақстандағы ең ғажайып көлдердің бірі.
Сонымен қатар аумағы 20 мың гектардан асатын бұл өлкеге денсаулығын түзеткісі келетіндерден басқа, теңдесі жоқ көлде шомылу мен балық аулағанды ұнататындар келеді.
Орта ғасырларда "Гургенор", кейін "Алактогол", "Алатеңіз", "Алакта" деп те аталған. Алакөл — Жетісудың Балқаштан кейінгі үлкен көлі. Ол Алакөл ауданының солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Көл ағынсыз, солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Теңіз деңгейінен 247,3 м абсолюттік биіктікте орналасқан. Көлдің аралдарымен қоса есептегендегі аумағы 2696 км2, ұзындығы 104 км, ең шығыңқы ені 52 км, жағалауларының ұзындығы 384 км, орташа тереңдігі 22,1 м, ең терең жері 54 м, көлдің су көлемі 58-60 км3. Су жиналатын алабы 47859 км2. Алакөлдің ең ірі шығанағы — Алакөл шығанағы. Ол көлдің оңтүстік-шығысындағы тау аралық ойыста орналасқан.
## Алакөлге 15-тен аса өзен құяды
Олардың негізгілері:
* Үржар (Ұрыжар);
* Қатынсу;
* Емелқұйса;
* Жаманөткел;
* Ырғайлы;
* Жаманты (өзен).
Алакөл жағалауы, негізінен төрттік дәуірдің түрлі тау жыныстарынан (саз балшық, құмды топырақ, қиыршық тас, ұсақ құм) тұрады. Көл суының қатуы әрқалай. Тайыз бөлігі қараша айының аяғында, орта тұсы ақпанның басында тегіс қатады. Мұзқұрсау 2 айға дейін созылады. Алакөл суында фтор мен бром көп. Көл жағасында қамыс, қияқ, қоға, шалаң, су қарақұмығы, жебежапыақ, мүйізжапырақ, тағы басқа өседі.
## Көлден ауланатын балықтар:
* сазан;
* көксерке;
* алабұға;
* шармай.
Көл маңы құсқа (жылқышы, аққу, шағала, көкқұтан, тағы басқа) бай. Сондай-ақ бұл көлді әлемде сирек кездесетін, "Қызыл кітапқа" енгізілген реликті шағала мекендейді. Аңдардан: ондатра, қамыс мысығы, жабайы шошқа, қамыс түлкісі, су тышқандары бар.
## Толығырақ
Алакөл - Балқаш-Алакөл қазаншұңқырының шығысында, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары шекарасының қиылысында және Балқаш-Алакөл жазығында орналасқан ағынсыз тұзды көл. ХІІ және ХІХ ғасырлар арасында оның бірнеше атауы болған: Түрге - Нұр (моңғол тілінен аударғанда «көпір-көл»), Алақтакөл, Алатеңіз, Алақта. Көлге 15 өзен құяды, олардың ішінде негізгілері - Үржар, Қатынсу, Емелқұйса, Ырғайты, Жаманаткөл, Тасты. Алакөл - өте келбетті, табиғи рельефі сұлу қазаншұқырға жатады. Оған батыс жағалауындағы Тоқта тауы, шығысындағы Барлық жотасы, түстік шығысындағы Жоңғар Алатауы, сол жағындағы мұнартқан Тарбағатай жотасы, сондай-ақ, жергілікті жұрт «Арал төбе» атайтын ортасындағы аралдар айрықша әр береді.
Жалпы, Алакөл - емдік қасиеті өте мол ағынсыз су қоймасы. Мұндағы Арқаның қуаң даласындағы құрғақ ауа теңіз бетіндегі дымқыл ауамен араласып жағасындағы адамға жағымды әсер береді. Көл суы да минералды ресурстарға, йодқа, тұзға, химиялық элементтерге бай болғандықтан, судың денсаулыққа пайдасы медицинада дәлелденген. Бір замандарда Жібек жолының керуендері де көл жағасын басып өткендіктен, оның суы мен ауасы ұзақ жолдан науқас меңдеген адамдардың денсаулығын құр аттай қылып, емдеп жіберетіндігі ерте кезден байқалған. Кеңес кезінде Алакөлде Ғарышкерлер үйі жұмыс істеді. Онда тек кеңестік ғарышкерлер ғана емес, басқа капиталистік алпауыт елдердің де, көктен оралған ұшқыштары бойындағы радиациядан осы көлде демалу арқылы арылатын. Көл жағасы құстар мен өсімдік дүниесіне бай.Алакөл фитопланктоны құрамында балдырдың 58 түрі, зоопланктонның 80 түрі бар. Балыққа бай (алабұға, шармай, көксерке, көкбас, сазан т.б.). Аққу, қаз, үйрек, балықшы, бірқазан т.б. құстар, қамыс арасында теңбіл мысық, өзен сағаларында ондатр кездеседі. Жағалауы – шабындық және жайылым. Алакөл – ағынсыз тұзды көл. ХІІ және ХІХ ғасырлар арасында оның бірнеше атауы болған: Түрге - Нұр ( моңғол тілінен аударғанда «көпір-көл»), Алақтакөл, Алатеңіз, Алақта. Жоңғар қақпасының аузында, Жоңғар Алатауы мен Тарбағатай тауларының арасында тербеліп жатқан Алакөл суының емдік қасиеті туралы көпшілік біле бермейді.
## Дереккөздер |
Үсенов Жандос Жолдасұлы (21.2.1960 ж. т., Қызылорда облысы Арал қаласы) — дойбыдан Қазақстандағы халықаралық дәрежедегі тұңғыш төреші (2000), халықаралық дәрежедегі спорт шебері (2004), Қазақстанға еңб. сің. жаттықтырушы (1994), шахматтан ұлттық дәрежедегі төреші (2001). Орынбор қаласының (1984) және Қазақстан кәсіподақтары спартакиадасының чемпионы (1987). Түркістан облысынның 15 дүркін жеңімпазы. Халықараралық дойбы федерациясының вице-президенті (2003). 2004 және 2006 жылғы әлем чемпионы атағы үшін болған матчтардың бас төрешісі. 2003 — 2006 жылдар аралығында халықаралық дойбы федерациясының (ФМЖД) таңдаулы 10 төрешісінің қатарына енген. Дойбыдан 34 Қазақстан чемпионын және 12 спорт шеберін тәрбиелеген.
## Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том |
Ешкі (лат. Capra hircus) — мүйіз қуыстылар тұқымдасына жататын жұп тұяқты, күйіс қайыратын жануар. Үй ешкілерінің бастапқы тегіне ешкілердің жабайы екі түрі (безоар ешкісі, иір мүйізді ешкі), сондай-ақ жойылып кеткен C. prіsca түрі жатады. Ешкі – қолға алғаш үйретілген жануарлардың бірі. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді. Оның түбіті, жүні, терісі, еті мен сүті пайдаланылады. Ешкінің сүтті (мегрель, заане, орыс ешкілері), жүндес (ангор ешкісі), түбітті (придон, орынбор, башқұрт ешкілері), сүтті-етті жүндес (өзбек, қазақ-қырғыз, кавказ, бурят-моңғол ешкілері) тұқымдары бар. Ешкі тоғыз – он жыл тіршілік етеді. Ешкі бір – екі, кейде бесеуден лақтайды. Жақсылап күтсе жылына екі рет төлдейді. Текесі 60 – 65 кг-ға дейін, ешкісі 40 – 60 килограмға дейін тартады. Жемденген ешкіден 20 – 28 кг ет, 4 – 6 кг май, жеті – он айлық лақтан 12 кг ет, 1,5 кг май алынады. Сүтті ешкілер жылына 450 – 550 кг, кейбір шаруашылықтарда 1 т-ға дейін сүт береді. Сүтінің майлылығы 3,8 – 4,5%. Жүндес тұқымды ешкі қылшығының ұзындығы 15 – 18 см болады. Ешкілерді көктемде, жылы аудандарда екінші рет тамыз – қыркүйек айларында қырқады. Текесінен 4 – 6 кг, ешкісінен 3 – 5 кг қыл алынады. Түбітті ешкіден 0,2 – 0,5 кг, кейде 2 кг түбіт алынады. Ешкі терісінен сафиян, шевро сияқты бағалы былғары жасалады.
## Ешкілер
## Дереккөздер |
Алатау батыр (шамамен 1560 — 1640 жылдары) — қолбасшы, саяси қайраткер. Қоңыраттың Құлшығаш руынан шыққан.
## Өмірбаяны
Алатау батыр Тәуекел ханның Самарқан, Бұқараға жасаған жорығында бас қолбасшы болған. Кейін Есім ханның құба қалмақпен шайқасқан жорықтарында қазақ жасақтарының құрметті қарт ағасы атанған. Алатау батыр қырғыз, өзбек, түрікмен жасақтары арасында да кеңінен танымал болды. Самарқан шаһарына “қала-мемлекет” статусын әперіп, оған Жалаңтөс батырды әмір етіп қоюда Алатау батырдың Бұхара, Хиуа хандары алдындағы беделінің көмегі тиген. Алатау батыр есімі қоңырат руының ұраны болған. Оңтүстіктің данагөй шежіре-тарихшысы әйгілі Бекасыл әулиенің шәкірті Қазанғап Байболұлының 1941 жылы жазып бітірген "Еңсегей бойлы ер Есім" дастанында Алатау батырдың ерлігі кеңінен баяндалған. Қазанғап жоғарыда көрсетілген дастанда Бекасыл бабадан өзге, Шәкәрім мен қазір көпшілік оқырманға аттары белгісіз болып келген Әбдірәйім, Жақыпбек, Әлдеке, Шойбек, Астай имам, Арғынбай Баймағанбетұлы, Ботбай Тұрта, Тайқы, қара молда Еркебек т.с.с. кісілердің жазбаларын да пайдаланғанын атап көрсетеді. 1940жылы Қазанғаптың көп еңбегі ұрланған. Оның ішінде Бекасыл әулиеден мұраға қалған теңдессіз өте бағалы шығармалар болған. Қалған ескі араб тілінде жазылған көптеген кітабын таудағы үңгірге апарып жасырған. Яғни, аталған кіслердің жазбалары Бекасыл әулиенің кітапханасында болуы мүмкін. Ол жер ұрпағына белгілі. Тек үкімет тарапынан қаржы бөлініп іздеу жұмыстары ұйымдастырылса жөн болар еді.
## Дереккөздер |
Алатау округі - Жетісудың Ресей құрамына енген аймағын басқару үшін "Үлкен Орда" приставы негізінде құрылған (1856) әкімшілік-аумақтық бөлік. Оның құрамына Семей облыс Қапал округінің оңтүстік бөлігі, Қаратал және Іле өзенінің арасындағы жерлер, Іле, Күнгей және Теріскей Алатау аумағы енді. Орталығы Қапалдан Верныйға көшірілді. Жер көлемі - 162 мың км2, халқының саны — 160 мың адам, оның ішінде: қазақтар - 100 мың, қырғыздар — 50 мың, орыстар — 6900, басқа ұлттар — 3100 адам болды. Алғашында Семей облыс әскери губернаторлығына, 1865 жылдан Түркістан облысына қарады. 1867 ж. Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғаңда Алатау округі — Жетісу облысына айналды.
## Дереккөздер |
* Фёдоров үстелшесі – минерал кристалдарындағы кристаллографиялық және кристаллоптикалық элементтерді анықтауға арналған аспап. Анықтау кезінде шлиф айналдыра және көлбете қаралады. Фёдоров үстелшесі бір-бірінің ішіне енгізілген, айналу осьтері әр түрлі бағытта орналасқан, теодолиттік принциппен қозғалатын бірнеше сақинадан тұрады. 3, 4, 5, 6 осьті Фёдоров үстелшесін пластинка арқылы үйектегіш микроскопқа бекітіп, ал шлифт жарты шар пішінді екі шыны сегменттің арасына орнатылады. Сегментке түскен сәуле сақиналарды қозғағанда ауытқымайды. Әр осьті айналдыра қозғаудың мөлшері лимбалар немесе градустарға бөлінген көтермелі доғашалар бойынша өлшенеді. Фёдоров үстелшесімен тиісті бағыттардың сфералық координаталары да анықталады.
* Федоров әдісі - Федоров үстелшесі көмегімен минералдың кристалоптикалық қасиетін зерттеу жолы. Федеров әдісі арқылы жүргізілетін зерттеулерге:
* 1. кристаллография бағыттарды анықтау;
* 2. кристалдар индикатрисасының қасиеттерін білу (индикатрисаның симметриялық осьтерін анықтау кезінде кристалдарды топтарға бөледі), мысалы, оптикалық бір осьті кристалда индикатрисаның симметриялық осьтерінің саны бірнешеу, оптикалық екі ості кристалда үшеу болады;
* 3. оптикалық осьтер арасындағы бұрышты анықтау жатады. Мұнда стереографиялық проекция арқылы оптикалық индикатриса мен кристаллография элементтердің қарым-қатынасын табады.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.