text
stringlengths 3
252k
|
---|
Балықты – Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының солтүстік-шығысындағы тұйық көл. Талдықұдық ауылының оңтүстік-шығысында 27 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 10,8 км2, ұзындығы 5,5 км, ені 2,7 км. Қараша айының бірінші жартысында суы қатып, сәуірдің басында мұзы ериді. Көктемде қар суымен молайып, жаздың ыстық кезінде тартылып қалады. Суы тұщы. Малға суат есебінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Балықты — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы көл. Қараағаш ауылынан оңтүстікке қарай 4 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 10,7 км2, ұзындығы 5,2 км, енді жері 3,2 км, жағалауының ұзындығы 35 км. Су жиналатын алабы 200 км2. Суы тұщы, сілтілі, егіс суғаруға пайдаланылады.
## Жағалау сипаты, су байлығы
Жер бедері жайпақ, көлге қарай еңіс келген. Жағалауында қамыс, құрақ, қияқ, қоға балықтардан күміс табан, тұқы, алабұға, шортан, т.б. тіршілік етеді. |
Балтүк , гипогомфия (лат. Hypogomphia) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдіктер туысы. Қазақстанда тау бөктерлерінің балшықты жерлерінде, өзен бойларында, егістіктерде өсетін 1 түрі – Түркістан Б. (Н. turkestana) бар. Биікт. 5 – 20 (30) см. Сабақтары түбінен бұтақталған. Жапырақтары ұзынша, шеті тісті, кейде бүтін. Тостағанша жапырақтары қоңырау тәрізді, ұзындығы 8 мм-дей. Күлтесі ақ түсті. Гүлдері күлтебас гүлшоғырына топталған. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, мамыр – маусымда жемістенеді. Жемісі – жаңғақша.
## Түрлері
* Hypogomphia bucharica Vved. –
* Hypogomphia purpurea (Regel) Vved. ex Kochk. –
* Hypogomphia turkestana Bunge – Түркістан балтүгі
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Балшытыр (лат. Pulmonarіa) – айлауықтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
## Ботаникалық сипаты
* Биіктігі 15 – 35 см, жіңішке, қырлы, тік сабақты.
* Жұмсақ қылтанақты бұтақшаларындағы жапырағы – ұсақ қабыршақ тәрізді, сабақ бойындағылары – сағақсыз үшкір, ал тамыр мойнына жақын орналасқандары сопақша, ірі болады.
* Гүлдері сабақтың ұшында қалқан сияқты жинақталған, гүл сағағы қысқа, тостағанша жапырақтары қоңырау пішінді, ал күлтесі тозаңданғанша қызғылт, кейін көкшіл, қызғылт не көк түсті келеді. Мамыр – маусым айларында гүлдейді.
* Жемісі – ұзындығы 3,5 мм-дей жаңғақша. Ерте көктемде балшытырдың құрамында бал шырыны мол болады. Балшытырды сәндік гүл ретінде де өсіреді.
## Өсетін жері мен таралу аймағы
Еуразияның қоңыржай белдеулерінде өсетін 10-нан аса түрі белгілі. Қазақстанда Есіл, Тобыл өзендерінің бойында, Ұлытау, Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы өңірінде өсетін бір түрі – жұмсақ балшытыр (P. mollіssіma) бар.
## Дереккөздер |
Балықтыкөл – Балқаш көлінің солтүстік жағасындағы шығанақ.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерінде. Құрлыққа 14 км сұғына енген. Кіре берістегі ені 5 км, орташа тереңдігі 5 м, ең терең жері 13 м. Батыс және солтүстік жағалауы қатты тілімденген. Оңтүстік-шығыс бөлігінде ұсақ аралдары бар, ірісі – Шайтанарал. Суы ащы. Солтүстік және шығыс жағасында қалың қaмыс өскен.
## Дереккөздер |
Балықтыкөл – Абай облысы Жаңасемей ауданындағы тұзды, тұйық көл.
## Гидрографикасы, сипаты
Аумағы 6,05 км2, ұзындығы 5,8 км, ені 1,5 км. Көлге Шаған өзенінің бір тармағы құяды. Жағасы жайпақ. Суы қараша айының ортасында қатып, сәуірдің бірінші онкүндігінде мұзы ериді. Шаруашылыққа пайдаланылмайды.
## Дереккөздер |
Балықты Сарқыл – Жайық алабындағы көл.
## Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында, Қараөзен және Сарыөзен өзендері аралығында, Жалпақтал ауылының оңтүстік-батысында 8 км жерде орналасқан. Көл теңіз деңгейінен 4,8 м биіктікте.
## Гидрографикасы
Айдынының аумағы көктемде 60 км2 жетеді, орташа тереңдігі 3,2 м. Негізінен Қараөзен суымен толығады. Суында минералды қоспалар көп. Саз балшығы кейбір ауруларға ем. Суы қараша айында қатып, сәуірдің басында ериді. |
Балықты жер асты су кен орны - Қостанай облысы Рудный қаласының оңтүстігінде, Тобыл өзенінің сағасында орналасқан. 1972 жылы барланып, 1986 жылы іске қосылған. Су қоры тәулігіне 3550 м3. Жақын орналасқан елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету ұңғымалар арқылы жүзеге асырылады.
## Дереккөздер |
Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы – Алматы қаласында орналасқан ғылыми мекеме.
1959 ж. Қ.И.Сәтбаевтың басшылығымен Қазақстанда балық ш-н дамыту мақсатында құрылған. Алғашқы кезде Атырау облысының Балықшы кентінде орналасты.
1963 ж. Балқаш қаласына, 1987 ж. Алматы қаласына көшірілді. Атырауда, Аралда, Балқашта, Өскеменде (Аблакетка кентінде) ин-ттың бөлімшелері ұйымдастырылды. Бастапқыда 1959–1997 ж. ин-т 179 жобаны іске асырды, 300-дей биол. негіздемелер жасады.
## Зерттеу жұмыстары
### Бірінші кезең
Бастапқыда (1959 – 1964) негізінен Жайық өңірінде, Солтүстік Каспийде, Арал теңізінде, Алакөл, Балқаш көлдерінде, Бұқтырмада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
### Eкінші кезең
Зерттеу жұмыстарының екінші кезеңі (1965 – 1970) бірнеше облыстың (Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай) шағын көлдерін қамтыды. Республикада тоған және көл шаруашылықтарын ұйымдастыру биологиялық және экономикалық жағынан негізделе бастады.
### Үшінші кезең
Зерттеу жұмыстарының үшінші кезеңінде (1970 – 1990) балық өнімділігін көтеруге байланысты жұмыстар қолға алынды. Тоғандарға балықтың жаңа түрлері жерсіндірілді. Тұқы және шөппен қоректенетін балық тұқымдарын зауыттық әдіспен өсіру жүзеге асырылды. Гидрологиясы мен гидрохимиясы өзгерген жағдайда су айдындарына жаңа балық тұқымдарын жіберу негізделді. Арал теңізіне тұзды суға төзімді камбала балығы жерсіндірілді.
## Сыртқы сілтемелер
* http://www.kaznau.kz/web_kz/index.php?option=com_content&view=category&layout=blog&id=34&Itemid=41 Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
* http://www.agun.kz/?id=726&lang=kz
## Дереккөздер |
Барақкөл – Торғай алабындағы тұйық көл.
## Географиялық орны
Ұлытау облысында Ұлытау ауданының солтүстігінде, Арғанаты тауының орта тұсындағы қазаншұңқырда орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 12 км2, тереңдігі 2,9 м. Жылдық су деңгейінің ауытқуы 0,5 м. Суының минералдығы 1,33 г/л. Негізінен жауын-шашын суымен толысады. Қарашаның басында суы қатып, сәуір айында мұзы ериді. Көл мал суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Барбастау, Борбастау – Жайық өзенінің сол саласы.
## Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының жерімен ағады. Ұзындығы 45 км.
## Бастауы
Бастауын Федоровка ауылының батысындағы Барбастау қыратынан алады.
## Гидрологиясы
Арнасы ирелең келген. Жайыққа құяр тұсы көктемде тасып, жайылып кетеді. Ұзындығы 20 км-ден аспайтын 5 саласы бар. Қараша айының ортасында суы қатып, сәуірде мұзы ериді. Суы тұщы. Аңғары шабындыққа пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Балқарағай (лат. Lárix) — қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты биік ағаш. Қазақстанда Алтайда, Тарбағатай және Сауыр тауларында өсетін бір ғана түрі — Сібір Балқарағайы (Lárix sіbіrіca) бар. Оның биіктігі 30 м-дей, діңінің диаметрі 175 см-ге жетеді. Ине тәрізді жіңішке, жұмсақ қылқан жапырақтарының ұзындығы 3–4 см, ені 1–1,5 мм, қыста түсіп қалады. Сібір Балқарағайы — қос жынысты, бір үйлі өсімдік. Аталық бүрі сопақша шар тәрізді, ақшыл, сары түсті. Ол жапырақсыз қысқа өркенде өніп, жетіледі. Аналық бүрі ұзынша қызыл, қызғылт, жасыл түсті, негізгі діңінде пайда болады. Жел арқылы тозаңданады. Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Тамыз-қыркүйекте жемісі бүрімен қатар піседі. Дәні сарғыштау, күңгірт жолақты болады. 15–20 жылдан кейін жеміс бере бастайды, 300–500 жыл жасайды. Сібір Балқарағайы тез өсетін, жарық сүйгіш, суыққа, ыстыққа, күшті желге төзімді болғандықтан Солтүстік және Шығыс Қазақстан өңірлерінде екпе орман ағашы ретінде өсіріледі. Оның сүрегінен қағаз және спирт, қабығынан илік зат, бояу, ал қылқанынан бағалы эфир майы алынады.
## Сипаттамасы
Біржылдық қылқандары жұмсақ, нәзік болады. Кәдімгі шырша, қарағай секілді биік болып өседі. Табиғатта 80 метрлік алып балқарағайларды да кездестіруге болады. Тамыры тереңге бойлап жайылады. Сондықтан да оны сел, көшкін жүретін маңдарға еккен абзал. Қылқандарын түріне қарай әр мезгілде түсіреді. Сібірлік балқарағай қылқанын қазан айының екінші жартысында түсірсе, американдық балқарағай қараша айында түсіреді. Балқарағай ерте көктемде, қылқаны шыққан уақытта гүлдейді. Гүлі деп қызыл, сары түсті әдемі бүрлерін айтады.
Балқарағай екі үйлі өсімдік болып саналады. Аталығының бүрі - дөңгелек қоңыр түсті болса, аналығы - қызыл, күлгін, сары түсті. Ол тез өсетін және ұзақ өмір сүретін ағаштар қатарына жатады. Туысында 20-ға жуық түрі бар. Оның ішінде еуропалық балқарағай суыққа шыдамсыз болып келеді. Ал, елімізде көбінесе сібірлік балқарағайлар өсіріледі. Олар көктемгі үсікке, қысқы суыққа өте төзімді. Балқарағайдың барлық түрлерінің (еуропалық, жапондық және т.б) бұтақтары төменге салбырап өседі. Арнайы жалғанбалы түрлері де бар. Бірақ, жалғанбалы түрлері суыққа шыдамсыз.
## Қолданылуы
Ағашы шірімейтін мықты болғандықтан құрылыста, химиялық өндірістерде кеңінен қолданылады. Кәрі балқарағайдың діңінен шайырды көруге болады. Оны кір жуғанда сабын ретінде қолданған. Ежелгі рим мен араб медицинасында таптырмас дәрі ретінде пайдаланған. Шайыр-сағызы ауыз қуысын, тісті тазартып, қызыл иекті нығайтады. Ағаштың қабығы да бағалы шикізат. Одан тері илегіш, эфир майын және тоқыма бояуларын алған.
## Күтімі
Балқарағай — жарықты сүйетін ағаш. Отырғызылатын жері көлемді, әрі кең болуы қажет. Жаз кезінде мол суғаруды қажет етеді.
## Көбейтілуі
Тұқымын себу және қалемшелеу арқылы көбейтеді.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы. |
Барлық-Арасан бұлақтары – Абай облысы, Мақаншы ауданы Қабанбай (Жарбұлақ) ауылынан шығысқа қарай 16 км жерде табылған жер асты су көздері. Мұнда тас көмір жыныстарындағы (кварцтық альбитофир) тектоникалық жарылымның 1,5 км-лік бойында 13 бұлақ бар. Олардың жалпы су ағымы 2,6 л/с. Судың температурасы 20 – 42°С, минералдығы 1,4 – 1,8 г/л, кремний қышқылының мөлшері 45 – 64 мг/л, радон 0,6 – 2,5 нКи/л. Химиялық құрамы негізінен сульфатты натрийлі болып келеді. Барлық-Арасан бұлақтарының негізінде 1963 жылдан бальнеологиялық емдеу орны жұмыс істейді. Онда тері, буын, ас қорыту, жүйке және гинекологиялық аурулар емделеді.
## Дереккөздер |
Барқын – Ақтөбе облысы Ойыл ауданы жеріндегі құмды алқап.
## Географиялық орны, жер бедері
Ойыл және Қуырдақты өзендері аралығында, Ойыл ауылының оңтүстік-батысында орналасқан. Аумағы 3,4 мың км2.
## Өсімдігі
Шөптесін өсімдіктерден жүзгін, құланқұйрық, құмаршық, жыңғыл, сондай-ақ қарағай да жиі кездеседі. Олар құм көшкінін тоқтату мақсатымен 1873, 189, 1903, 1907, 1913 жылдары отырғызылған. Бүгінде қарағайлы қалың орман пайда болып шоқ тал, қараған, қара терек, қайың өсіп тұр. Құмның етектеріндегі шалғындарда орхидейдің, шатырлы гүлбұтаның, құртқагүлдің сирек кездесетін түрлері пайда болған.
## Дереккөздер |
Барқытжапырақ, мысық жалбыз (лат. Glechoma) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы.
## Ботаникалық сипаты
* Сабағы жоғары қарай бұтақталып өседі.
* Биіктігі 4 – 80 см.
* Жапырақтары бүйрек немесе жүрек тәрізді.
* Гүлдері үштен жарты шатыршалы сабақ жапырақтарының қолтығынан шығады. Тостағанша жапырақтары түтік не қоңырау тәрізді, күлтесі көкшіл түсті. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, жемістенеді.
* Жемісі – жылтыр жаңғақша, ашық қоңыр түсті.
* Барқытжапырақтың құрамында эфир майы мен илік заттар болады, мал жемейді.
## Өсетін жері мен таралу аймағы
Еуразияның орманды аймақтарында кездесетін 12 түрі белгілі. Қазақстанда ылғалды жерлерде, ормандарда өсетін 1 түрі – шырмауық барқытжапырақ (Glechoma hederaceae) бар.
## Дереккөздер |
* Барлық-Арасан (ауыл) – Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы ауыл.
* Барлық-Арасан (шипажай) – Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы республикалық мәні бар бальнеологиялық шипажай.
* Барлық-Арасан бұлақтары |
Балуанкөл – Қайрақты өзенінің сол жағалауындағы көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Бұланды ауданы жерінде орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 9,5 км2, теңіз деңгейінен биіктігі 256,6 м. Ұзындығы 4,6 км, енді жері 2,8 км, жағалау бойының ұзындығы 12,2 км. Негізінен қар және жер асты суларымен толысады. Қараша айында суы қатып, сәуірде мұзы ериді. Қуаң жылдары кеуіп қалады. Суы тұзды, кермек, сілтілігі төмен. Жағалауы жайпақ, жусан мен сор өсімдіктері өседі. |
Баран, Жембайсор – Ақмола облысы Ақкөл қаласынан солтүстікке қарай 6 км жерде орналасқан көл. Теңіз деңгейінен 371,2 м биіктікте.
## Гидрографикасы
Аумағы 7,49 км2. Ұзындығы 3,75 км, енді жері 2,8 км, жағалауының ұзындығы 10,6 км. Жағалауы аласа, жайпақ, айдынында қамыс, құрақ, қияқ, қоға, боз, селеу, т.б. өскен. Көлдің деңгейі мамырда көтеріліп, төменгі межесі шілде, тамыз айларында болады. Су деңгейінің жылдық ауытқуы 0,6 м. Суы тұщы, сілтілі. Егіс, мал суаруға пайдаланылады. |
Барғана – Павлодар облысы Аққулы ауданы жерінде, Майқарағай ауылынан шығысқа қарай 10 км жерде орналасқан көл.
## Гидрографикасы
Аумағы 9,4 км2, теңіз деңгейінен 148,0 биіктікте жатыр. Ұзындығы 4,5 км, енді жері 2,7 км, жағалау бойының ұзындығы 13,2 км.
## Жағалау сипаты
Солтүстік және шығыс жағалаулары жарлауытты, қалған жағалары жайпақ батпақты, сортаңды келген. Көктемде, жазда мал суаруға пайдаланылады, күзге қарай суы кермек татып кетеді. Тұзды көл. |
Бартылдақты – Атырау облысы Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 21 км жерде орналасқан көл.
## Гидрографикасы
Аумағы 6,4 км2, теңіз деңгейінен 22,7 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 5,0 км, енді жері 1,9 км, жағалау бойының ұзындығы 13,5 км. Су жиналатын алабы батпақты сор. Көктемгі қар, жауын-шашын суларымен толысады. Қарашада қатып, сәуірде мұзы ериді. Суы тұзды. Солтүстік-батысында Тентексор қонысы орналасқан.
## Дереккөздер |
Баршын, Барсен – Ақмола облысы, Астрахан ауданындағы ағынды көл. Есілдің сол жағасындағы Қаратүбек ауылының оңтүстік-батысында 4 км жерде.
## Гидрографикасы
Аумағы 13,0 км2, ұзындығы 8 км, ені 4 км-дей. Терең жері 8 м. Қараша айының басында қатып, сәуірдің аяғында мұзы ериді. Суы тұщы. Жағасындағы қамыс шаруашылық қажетіне пайдаланылады. Жайылмасы – шабындық. Көлден балық, құс ауланады. |
Барқытшөп , барқытгүл (лат. Tagetes) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Оның 35 түрі белгілі. Барқытшөп табиғи жағдайда тек Мексикада өседі. Қазақстанда ұсақ барқытшөп, тік барқытшөп, ауытқы барқытшөп деген түрлері қолдан өсіріледі. Биіктігі 10 – 150 см-дей. Сабағы тік, оған қауырсынды, тілімденген жапырақтары қарама-қарсы орналасады. Сары, қызғылт сары, қоңыр түсті гүлдері себет гүлшоғырына топтасқан. Қорғаныш қызметін атқаратын 5 орамжапырағы жұмыр білікше тәрізді бірігіп өседі. Оның сыртында майлы зат (эфир майы) бөлетін бездері болады. Қос жынысты, тұқымынан көбейеді. Шілдеден қазан айына дейін гүлдеп тұрады. Жемісі – қара түсті, ұзынша келген тұқымша. Барқытшөп жарық сүйгіш, шөл мен суыққа төзімді өсімдік болғандықтан алаңдарды, гүлзарларды, саябақтарды, көшелерді көгалдандыру мақсатында өсіріледі.
## Өсімдік туралы
Барқытгүл – қашқаргүлдер тұқымдасына жатады. Отаны – Орталық Америка. Табиғатта оның 30-ға жуық біржылдық түрлері бар. Американың тропикалық аймақтарында көп таралған. Гүлінің әдемілігі мен хош иісі үшін голландық гүл жинақтаушылар аз уақыт ішінде барқытгүлінің 100 сұрыпын өсіріп шығарды. Олардың ішінде гүлі аппақ «Ванилла» гүлін ерекше атап айтуға болады. Барқытгүлдің көп сұрпы тік және жайыла өсетін түрлерінен таралған. Қазақстанда екі түрі де қолданыста. Биіктігі сұрпына қарай 15-см ден 90 см-ге дейін жетеді. Барқытгүл жай күлтелі және гүлпарлы болып екіге бөлінеді. Гүлінің пішіні шар тәріздес, диаметрі 5-12 см аралығында болады. Барқытгүлдің сары, қызғылт сары, лимон түстес сары, ақ және қызыл-қоңыр аралас түстері бар. Сабағының биіктігі 10 см-ге жеткен сәттен бастап гүл түйін салады. Гүлдеген сәті тіпті керемет. Оның гүлпарлы түрі бір түптен 100 гүлге дейін шығарса, жәй күлтелі түрлері бір түптен 200-ге дейін гүл жарады.
## Қолданылуы
Біржылдық гүлдердің ішіндегі ең ұзақ, көктемнен алғашқы суыққа дейін гүлдейтін өсімдік. Ою-өрнек, кескіндер, гүлмен көмкерілген сөздер жазуға, гүлзардың жиектеріне, гүлді кілем жасауға көп қолданылады. Жалпы гүлінің молдығына, әдемілігіне және төзімділігіне байланысты қала көгалдандыруында көп қолданыста. Көшеттерді еккенде, арақашықтығы биіктігінің жартысындай болуы керек.
## Күтімі
Барқытгүлдің кез келген түрі тіке түскен күн көзін ұнатады. Суға өте шыдамды, дегенмен, жақсы гүлдеу үшін аптасына 2-3 дүркін суғарған дұрыс. Егер топырағы өте қатты болса, сабағы қатайып, гүлдеуі нашарлайды. Жаз айында бірнеше дүркін түбін қопсытып тұрған дұрыс. Өсімдікке көңді гүл түйін салғанға дейін қосу керек, ал одан әрі қарай өте көп қолдануға болмайды, себебі көңде азот көп болғандықтан, жапырақтары мол болып өсуіне пайдалы, ал біз жапырағы емес, гүлі үшін өсіретіндіктен, гүлдейтін гүлдерге арналған тыңайтқыштармен қоректендіріп тұрған абзал. Ұзақ, әрі мол гүлдеуі үшін, гүлшоғыры тұқымданып кетпей тұрып, гүл күлтелері қоңырқай тарта бастағанда, жұлып тұрған дұрыс. Тұқымын тамыз айынан бастап жинауға болады.
## Көбейтілуі
Біржылдық гүлдерді жыл сайын тұқымнан көбейтіп өсіріп отырады. Мамыр айында гүлдету үшін, ақпан айының соңы, наурыз айының басында жылыжайда немесе үйде 20-22ºС жылылықта тұқым арқылы көбейтеді. Тұқым 7-10 күнде өніп, өскін шығарады. Өскінде бір-екі жапырақ пайда болғанда, көшеттеп, әрқайсысын жеке отырғызады. Сәуірдің соңында немесе мамыр айының басында, көктемнің ызғарлы суығы өткеннен кейін, көшеттерді далаға егеді. Өскін өніп шыққан уақытынан бастап, 40-50 күннен кейін гүлдей бастайды. Бақшаға сәуірдің аяғы, мамырдың басында тұқымынан егетін болсаңыз, жаздың ортасында гүлдейді.
## Барқытгүл туралы тақпақ
Оттай жанған Барқытгүл,
Ажарымен тартып тұр.
Өзі әдемі, төзімді,
Жаулап алар көзіңді.
Көрік берген көшеге,
Болар сұлу десе де.
## Сілтемелер
* Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
## Дереккөздер
Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Біржылдық гүлдер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б; ISBN 978-601-7237-49-3 |
Баршынгүл , қамысгүл, гладиолус (лат. Gladiolus) – құртқашаштар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы.
* Гладиолус (Gladiolus) — жыңғылдықтар тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдіктердің бір туысы. Гладиолус гүлі әдемі декорациялық өсімдік. Көп тараған жері: Оңтүстік және Солтүстік Африка, Еуропа мен Шығыс Азия. Гладиолустың 200 шақты түрі бар, олардың 9 түрі бұрынғы КСРО-ның көбінесе жайылым жерлерінде жабайы күйінде өседі. Гладиолус шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді, құрамында витамин мол болады.
* Гладиолус(Gladіolus), қамысгүл – құртқашаш тұқымдасына жататын көп жылдық түйнекті-баданалы өсімдік. Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында сәндік үшін өсіріледі. Қатпарлы және будан түрлері бар. Тік сабағының биіктігі 35 – 220 см. Таспа пішінді жапырақтары семсер тәрізді. Гүлі ақ, сары, қызыл, қызғылт түсті. Гладиолус негізінен түйнек баданасы арқылы көбейтіледі. Мамыр – шілде айларында гүлдейді. Гүл шоғыры суда 14 – 15 күнге дейін солмайды. Гладиолус терең жыртылған (25 – 30 см) саздақ және құмдақ топырақты жерлерге егіледі. Гладиолус дұрыс өсуі үшін жарық, желден таса орын қажет. Күзгі суық түскенше түйнек-бадананы қазып алып, кептіреді де, ауасының ылғалдылығы 70%, температурасы 4–5С қоймада сақтайды.
## Өсімдік туралы
Баршынгүл – құртқашаштар тұқымдасына жататын, Африка, Орталық және Оңтүстік Еуропа, Орталық Азия және Батыс Сібірде таралған көпжылдық тамыртүйнекті пиязшық өсімдік. ТМД аймағында Қырым, Кавказда өссе, Қазақстанда Тобыл өзенінің жоғарғы сағасынан кездестіруге болады. “Gladiolus” сөзін латын тілінен аударғанда «семсер» деген мағына береді. Шынында оның 50-80 см ұзындықтағы жұқа, көкшіл жасыл түсті сүйір жапырақтары семсердің пішініне ұқсас. 200-ден аса түрлері бар болса, оның оншақтысы еліміздің көгалдандыруында кеңінен қолданылады. Будандастыру, телу жұмыстары арқылы мамандар баршынгүлдің 5000-ға жуық сұрпын шығарған. Гүлдеу мерзімдері түрі мен сұрпына қарай шілде айы мен күздің соңына дейінгі аралыққа сәйкес келеді. Тік, дара сабақты, биіктігі 50-150 см аралығында. Жапырақ қынабы сабақты айнала орналасқандықтан, ұзын жапырақтары сабақтың беріктігін арттыра түседі. Гүлдерінің орналасуы әртүрлі, көлемдері түріне қарай ірі, орташа, ұсақ болып келеді. Олар 80 см ұзындықта сабақтың бір жақ бойына қатарласа немесе екі жағына тізіле немесе спираль тәрізді сабақты айнала отырып орналасқан. Гүлдерінің түсі ақ, күлгін, ақшыл сары, көк, қызыл болып келеді. Баршынгүлдің бір сабағында 45-100 гүлге дейін болады. Дөңгелек, сопақ пішінді тұқымдары мол, қоңыр түсті.
## Күтімі
Баршынгүл ашық күн көзінде, ылғалды, құнарлы топырақты жерлерде өседі. Мол суғарғанды ұнатады. Әйтсе де оны мөлшерден артық суғаруға болмайды. Күзде пиязшығын қазып алып жертөледе сақтап, көктемде тұрақты орнына қайта егеді.
## Көбейтілуі
Пиязшықтарын бөлу арқылы көбейткен тиімді. Бұлай көбейту бір жағынан оңай тәсіл болса, екінші жағынан түрі мен сұрпын өзгеріске ұшыратпай, сол қалпында сақтау үшін пайдалы. Тұқымын себу арқылы да көбейтеді.
## Баршынгүл туралы тақпақ
Ұрықтары ірі оның,
Бейне түйме пішіндес.
Қыста үйде сақтайды,
Сонда аязға үсімес.
Сабағының бойымен
Бірнеше гүл жарады.
Әдемі ғып гүлшоғыр
Жасауға одан болады.
## Сілтемелер
* Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
## Пайдаланылған әдебиеттер
"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727
## Пайдаланылған әдебиеттер
* Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев |
Бартоғай бөгені — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында, Шілік өзенінің таудан шыға беріс аңғарында, Асысаға ауылының оңтүстік-шығысында 10 км жерде орналасқан.
## Гидрологиялық режімі және сипаты
Су қоймасы 1980 жылдары ауыл шаруашылығына қажетті суды жинақтау үшін Асысаға ауылының оңтүстік-шығысында 10 км-дей жерде Шелек өзенін 60 метрлік темір-бетонды бөгенмен бөгеліп, салына басталды. Абсолюттік биіктігі – 1067 м. Солтүстіктен оңтүстікке 6 км-ге созылған, ені 3 км, орташа тереңігі 25 м, ең терең жері 60 м-ге жетеді. Аумағы 13 км2, суының көлемі 320 млн./м3 (пайдалы көл. 250 млн./м3). Жағалауы жарқабақты. Бөген 1986 жылы толық пайдалануға берілді. Бөген суымен Іле Алатауы етегіндегі 150 мың га жер суғарылады. Бөгенге ағып келетін судың жылдық орташа мөлшері 1 млрд./м3-ге жетеді немесе бөгеннің сыйымдылығынан 3 есе артық. Су деңгейінің өзгеруі жылына 25 м-ге дейін жетеді, сондықтан аумағы 13 – 5,6 км2 аралығында өзгереді. Суқоймаға Түрген, Есік, Қаскелең сынды өзендері құяды, ұзындығы 170 км болатын Үлкен Алматы каналы бастау алады. Суының минералдығы төмен (0,172 – 0,234 мг/л). Химиялық құрамы бойынша гидрокарбонатты кальций тобына жатады. Суы жұмсақ, әлсіз сілтілі.Бартоғай бөгенінде сазан, тұқыбалық, мөңке, форель, т.б. балықтар тіршілік етеді.
Суды жіберу маусымы ауылшаруашылығы маусымы саналатын жаз айларында жүзеге асады. Атап айтқанда маусым айынан бастап, қыркүйек айына дейінгі аралықта суқоймасынан секундына 100 куб метр су жіберіледі. Бұл кезде 100 метрден асатын ерекше үлкен фонтанды көруге болады. Бұл фонтандар тауды тесіп салынған 3 метрлік тоннел арқылы аққандықтан, қысым салдарынан туады.
## Табиғаты
Су қоймасы әдемі табиғатпен қатар суасты жәндіктеріне де бай. Суқоймасы маңында экологиялық туризмді дамып келеді. Өйткені Алматы қаласынан 200 шақырым қашықтықта, орналасқан. Әрі табиғаты әсем. Мұнда жыл сайын мыңдаған туристер келіп, демалады. Бөген маңында табиғат аясында серуендеп, балық аулаумен қатар, Шелек өзені бойымен рафтинг ұйымдастыруға болады. Шелек өзені Іле, Күнгей Алатауларының сілемдеріндегі қар суларынан бастау алады. Өзен 3500 шақырым биіктіктен ағып келеді. Бастау алған тұсынан бастап, Бартоғай бөгеніне дейін 70 өзен-көл құйылады. Сондықтан, өзен рафтингпен айналысатындар үшін таптырмас мекен. Бөгенге Алматы-Нарынқол тасжолымен Бәйтерек, Бәйдібек би, Шелек, Байсейіт ауылдары арқылы баруға болады. Еңбекшіқазақ ауданы аумағындағы Көкпек ауылынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Бартоғай қазақ тілінде тоғайлы жер, орманды жер деген мағына береді. Аты айтып тұрғандай бөгеннің тау жақ беткейі тоғайлы болса, айналасы жартасты, тықыр болып келеді. Мұнда Бартоғай бұғысы, дала жыланы, түлкі, қасқыр сынды аңдарды кездестіруге болады. Сондай-ақ, «Қызыл кітапқа» енген сирек өсімдіктер жиі кездеседі.
Бартоғай - ежелгі шатқал. Шатқалдың барлық жағын таулармен қоршаған, олар желден қорғалған. Шатқалдың ортасында кең шалғын жатыр. Бір кездері егістік жері болған, ескі арықтардың іздері сақталған. Бартоғайда көне ежелгі қорғандар көп. Қойылған тастар топырақпен жабылған және одан әрең көрінеді. Мұндағы қорғандардың көп болуы кездейсоқ емес. Бартоғай ежелден адамдарды тарта отырып, қасиетті саналған. Онда салт-дәстүрлер орындалды, мерекелер тойланды.
## Сыртқы сілтемелер
* Бартоғай су қоймасы [1]
## Дереккөздер |
Басарал – Балқаш көлінің оңтүстік-батысындағы арал.
## Географиялық орны
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының аумағында орналасқан.
## Жер бедері
Ұзындығы 12 шаршы шақырым, енді жері 8 км. Абсолюттік биіктігі 395 м. Жағалары түгелдей дерлік жарқабақты. Солтүстігінің біраз жері жырамен тілімденген. Оңтүстігінің ойпаңдарында кішігірім көлдер бар. Тас көмір шөгінділерінен түзілген. Оның бетін неоген кезеңінің қызғылт сары құмды балшығы жауып жатыр.
## Өсімдігі
Сұр, сортаң топырағында бұйырғын аралас баялыш, қараған, т.б. шөптер өседі.
## Дереккөздер |
Балшөп (Megacarpaea) – орамжапырақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Моңғолия, Қытай, Орта Азияда өсетін 10-нан аса түрі белгілі. Қазақстанда шөлейт, сортаң жерлерде, далаларда, тау беткейлерінде, өзен аңғарларында өсетін 5 түрі бар. Оның ішінде Мұғалжар Балшөбі – эндемик болып саналады. Жиі кездесетін түрі – ірі жемісті Балшөп (M. megalocarpa). Оның биікт. 20 – 40 см, дара сабақты, жапырақтары түкті, көкшіл сұрғылт түсті болады. Гүлдері селдір шашақ тәріздес гүлшоғырына топталған. Күлтелері көкшіл қызғылт. Сәуір – мамыр айларында гүлдейді. Қызғылт жемісінің пішіні жалпақ, беті тегіс келеді. Балшөптің крахмалға бай тамырын пісіріп не шикі күйінде жеуге болады. Тұқымында күнжіт майы сияқты май бар. Жайылымда түйе сүйсініп жейді. Көкөніс ретінде қолдан да өсіріледі.
## Дереккөздер |
Балшықшылар (лат. Charadrii) — Татреңтәрізділер отрядының тармағы, жер шарында кең тараған (тек Антарктидада кездеспейді), 2 тұқымдасы, 160-тан астам түрі белгілі. Қазақстанда 50-ден астам түрі кездеседі, олар далалар мен шөлдердегі өзен-көл жағалауына, кішкене шалшық сулардың маңына өте көп жиналады. Дене тұрқы 14 – 62 см, салм. 20 г-нан 1 кг-ға дейін. Көпшілігінің аяғы ұзын, сирағы қауырсынсыз, 3 – 4 бармақты, артқы бармағы өте кішкене (сондықтан жерге тимейді) немесе мүлдем болмайды. Б-дың (қызғыштан басқасының) қанаты ұзын, жіңішке әрі үшкір, құйрығы қысқа болады, жерде жақсы жүгіріп, суда жақсы жүзеді. Тұмсықтарының пішіні әр түрлі келеді. Б-дың көпшілігі арнайы ұя жасамай, шұбар түсті 2 – 4 жұмыртқасын шұңқырға салады. Кейбір түрлері басқа құстардың тастап кеткен ағаш басындағы ұясын да пайдаланады. Балшықшылар құрттармен, моллюскілермен, шаянтәрізділермен, жәндіктермен және оның дернәсілдерімен қоректенеді. Олар – жыл құсы. Сәуір айында ұшып келіп, қазанда жылы жаққа ұшып кетеді. Балшықшылардың кейбір түрінің еті дәмді, сапалы.
Бөрте балшықты немесе қалшықдақ - дене мөлшері де (60-65 г, қанат алымы - 40 см мөлшерінде), реңі де бұлыңғыр балшықтыға ұқсас балшықты құс. Алайда бөрте балшықшының жоны лнша қара емес, ұшып жүргенде қара мен ақтың қарсыластығы бірден көзге шалынбайды, қоңырқай түс пен ақ түс айқынырақ көрінеді. Құйрығының үстінде бірнеше жіңішке қошқыл жолақшалар болады. Қалшылдақтың үстіне бұл балшықшының аяғы ұзынырақ, оны ұшқан кезде құйрық жиегінен айқын байқай аламыз. Оның дауысы да ерекше – «фи-фи» дейтін әуезі екі буынды, селкілдеп тұрып сайрайтын болғандықтан, «қалшылдақ» деп те атайды.
Бұлыңғыр балшықты сияқты Еуразиялың тап сол ендігін мекендейді, дегенмен солтүстікке қарай алысырақ кетеді. Қазақстанда солтүстік-батыс және солтүстік облыстарда ұялайды, әйтсе де барлық жерде ұшып жүрген дарақтары кездеседі. Ағаш және бұталарға жиі қонақтанғанымен, ұясын жерге салады. Салындыда 4 жұмыртқа болады, оны аналығы мен аталығы басады. Аналығы ұяда көбірек болады. Балапандар 3 аптадан соң жұмыртқадан жарып шығады . Қазақстанда наурыз-қыркүйек болады.
## Дереккөздер |
Басащысай – Бабатай және Ащықұмды өзендерінің аралығындағы жайлау. Ақтөбе облысының Темір ауданының Рождественское ауылының батысында 28 км жерде орналасқан. Қызғылт қоңыр, бозғылт қоңыр сортаңды топырағында көкшұнақ, бетеге, боз, селеу өседі. Жылдың жылы мезгілінде мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Басаяқтылар (Cephalopoda) – жұмсақденелілер типіне жататын омыртқасыз жануарлар класы. Екі класс тармағына бөлінеді: төрт желбезектілер немесе сыртқы бақалшақтылар (Тetrabranchіa – Еctocochlea) және екі желбезектілер немесе ішкі бақалшақтылар (Dіbranchіa – Coleoіdae). Бұлардың 650-ден астам түрлері теңіздер мен мұхитта тіршілік етеді. Денесі жалаңаш (наутилус деген түрінің ғана бақалшағы бар), тұрқы 1 см-ден 18 м-ге (алып кальмарлар) дейін. Басы денесінен анық жіктелген, аузының айналасындағы жемін ұстауға арналған 8 – 10 қармалауыштарының жабысқақ сорғыштары бар, кейде мүйізденген ілмешегі болады. Басаяқтылардың басының бауыр жағында орналасқан мантия қуысына жалғасатын түтікше бар. Басаяқтылар мантия қуысынан енген суды түтікше арқылы қысыммен сыртқа шығарып, соның екпінімен қозғалады. Олардың жұтқыншағында үккіші (радула) орналасқан. Ауыз қуысына бір немесе екі жұп сілекей бездері ашылады (осьминогтардың артқы сілекей бездері у шығарады). Кейбір түрінде жіңішке шегі қапшық тәрізді қарынға жалғасады, онда қорғаныш қызметін атқаратын ерекше секреция (сия) безі бар. Жұп не қос жұп желбезегімен тыныс алады. Тұйық қан айналу жүйесі өте күрделі, себебі, омыртқасыздардың ішінде тек Басаяқтылардың ғана жүрегі бір қарынша және екі жүрекшеге бөлінеді (ішкі бақалшақтыларда төртеу болады). Миы, сезім мүшелері, әсіресе, көзі жақсы дамыған. Бұлар негізінен дара жыныстылар, аталықтары жалған қолға (гектокотильге) айналған қармалауышымен ұрықтарын аналықтарының мантия қуысына салу арқылы ұрықтандырады. Басаяқтылар – жыртқыштар, олар көбінесе балықтарды, шаянтәрізділерді жейді. Ал өздері – судағы сүтқоректілердің (әсіресе, кашалоттардың) жемі. Басаяқтылардың кәсіптік маңызы зор. Қытай, Жапония, Корея, т.б. елдерде тағамға пайдаланылады. Бұлардың етінің сапасы балық етінен де артық, сондықтан жыл сайын 1,64 млн. т (оның 1,2 млн. т-сы кальмарлар) Басаяқтылар ауланады.
Басаяқты ұлулар - жоғары ұйымдастырылған теңіз ұлулар классы. Мезо-кайнозой кезеңінен бастап басаяқты ұлулар балықтармен бәсекелістікте пайда болған, негізгінен сүйектестілермен. Соның нәтижесінде биологиялық ұқсас бейімдеушілік пайда болған. Денесі 1 см-ден 5 м, билатериальді, симмметриялы, әдетте ірі денемен юасқа бөледі. Түрі өзгерген аяғы шанаға айналған воронкаға айналған. Денесін мантия жапқан, мантиясы мен воронкасы реактивті түрде жүзуге мүмкіндік беретін пропульсивті мүшеге айналған. Көпшілігінде қосалқы жүзу мүшелеріне, жұп жүзбеқанаттар немесе мантияның екі жақ қабырғалары. Аяқтарында еміздіктері, кейбір кальмарларда олар ілмектерге айналған. Басаяқты ұлулардың бақылшықтары ішінде, (наутилустан басқа), кейбіреулерінде жетілмеген немесе жойылған; ұрғашы аргонавтарда жұмыртқапы сақтау үшін ерекше сыртқы бақалшақтары бар. Шеміршекті бас сүйектерлер бар. Миы күрделі. Басының жағында екі ірі жақсы дамыған көздері орналасқан. Басаяқты рулар денесінің реңін жылдам өзгертеді. Жарықтандыру мүшелері бар. Қан жүйес тұйық. Даражыныстылар, кейде жыныстық диморфизм байқалады. Тіршілігінде 1-ак рет көбейеді, содан кейін өледі. Басаяқты рулар жұмыртқалары ірі, сарыуызға бай. Пелагиалық немесе су түбінде қармақтың дернәсілдері шығады. Көпшілік түрлерінде ұрпақтарына қарқомшылығы байқалады. 7 клас тармағы бар, оның 6 жойылған түрлер, (наутилоиден және жойылып кеткен аммониттер), 1, қазіргі заманғы, 2 желбезекті 7 отряды бар, (қазіргі кальмарлар, каракатицалар, сегізаяқтар, вампироморфтар мен жойылып кеткен Aulacocevatida Fhragmoteutida мен белемниттер). ТМД-да 60 түрі бар, олар Солтүстік және Қиыр Шығыс теңіздеріндетаралған. Пелагикалық жануарлары, жыртқыштар және су түбі организмдері. Көптеген басаяқты ұлулар кәсіпшілік нысаны, кейбір түрлері, фармацевтикалық шикізат ретінде қолданылады.
## Дереккөздер |
Басқағыл – Ұлытау тауларынан шығысқа қарай 45 км жердегі жота.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерінде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 642 м. Жота солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Солтүстік-шығысынан Қаракеңгір өзені ағып өтеді. Батысынан Ұлытау – Жезді автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Басқан суғару жүйесі – Басқан өзенінен бастау алатын Алматы облысы Сарқант ауданындағы суғару жүйесі. Суы 12309 га жерді суғаруға пайдаланылады. Жүйенің арықтары мен каналдарының жалпы ұзындығы 92,5 км. Жүйе бойында 39 гидротехникалық қондырғы мен 1 тоған салынған.
## Дереккөздер |
Басқұнша суару жүйесі, 1973 жылы Панфилов ауданында іске қосылды. Басты су көзі — Қорғас өзені, одан суды тоған арқылы алып, 4544 га жерді суарады. Суару жүйелерінің 15,6 км ғана ылғал сіңбейтін етіп беті жабылған, құрамында 39 гидротехникалық қондырғы бар.
## Дереккөздер |
Баспансор – Шағырай үстіртінің батысындағы сор. Ақтөбе облысы Шалқар ауданында орналасқан. Батысында Үлкен Борсық құмы мен Берденсор көлі жатыр. Сордың ұзындығы 18 км, енді жері 8 км. Маңайында сұрғылт, сортаңды қоңыр топырағында эфемерлі сұр жусан, баялыш, күйреуік өседі.
## Дереккөздер |
Бастұз – Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Шұға ауылынан солтүстікке қарай 14 км жерде орналасқан көл.
## Гидрографикасы
Аумағы 7,6 км2, теңіз деңгейінен 87,8 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 4,4 км, енді жері 2,7 км, жағалау бойының ұзындығы 14,6 км. Негізінен қар және жер асты суларымен толысады. Қарашада суы қатып, сәуірде мұзы ериді. Суы тұзды.
## Жағалау сипаты
Көлдің маңында Қарқаралы, Қарақасқа, Қойбағар, Ақтөбесор, т.б. көлдер бар. Шығыс жағалауы жарлауытты, солтүстік-батысы жазық келген. Көл жағалауында бетеге, жусан, ажырық, т.б. шөптесіндер өседі. |
Бастышөп (лат. Cephalaria) – ұшқаттар тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық өсімдіктер туысы. Жерорта теңізі жағалуларында, Батыс және Орта Азияда, Оңтүстік Африкада кездесетін 70-ке жуық түрі белгілі. Қазақстанда далалық жерлер мен тау бөктерлерінде, құм арасында және егістіктерде өсетін 2 түрі (Орал бастышөбі , Сирия бастышөбі) бар. Олардың биіктігі 20 – 90 см. Сабақтары қатпарлы, сыртын сирек түктер жапқан. Жапырақтары қанат тілікті, кейде тегіс. Тостағанша жапырақтары табақша тәрізді, шеті тісті, күлтесі сары немесе боз көкшіл түсті, төрт қалақты. Гүлдері көбінесе сәулелі келеді. Аталығы төртеу, аналық мойны жіпше тәрізді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, мамыр – тамызда жемістенеді. Тұқымы төрт қырлы, ұршық тәрізді. Тұқымында 22% май болады.
## Дереккөздер |
Басүйген – Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы ағынсыз, тұзды көл. Қарағанды – Жезқазған аралығындағы Қызылжар темір жол станциясының оңтүстік-батысында 22 км жерде. Аумағы 9,5 км2, ұзындығы 4,3 км, ені 2,4 км. Жағалауы жазық. Суы ащы, тұйық көл. Қараша айының басында суы қатып, наурыздың аяғында мұзы ериді. Жағалауы жайылымға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Басшорым – Солтүстік Ақтау жотасының батысындағы құдық. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында орналасқан. Тереңдігі 4 м, су шығымы 180 л/сағ. Солтүстігінде Алаторпа, Қошақ таулары орналасқан. Батысында Бүліш, Қақпақты бұлақтары бар. Құдықтың батысынан Ақтау – Қаламқас автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Баршақұм – Арал қарақұмының солтүстігіндегі құмды алқап.
## Географиялық орны
Қызылорда облысы Арал және Ақтөбе облысы Ырғыз аудандары жерінде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 112 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 110 км-ге созылып жатыр, енді жері 40 км, аумағы 1,7 мың км2. Жер бедері қырқалы-төбешікті, бірен-саран шағылдар (биіктігі 7-12 м) кездеседі. Құм төбелері арасында Берді, Аймаңдай, тағы басқа құдықтар кездеседі.
## Өсімдігі
Құмның сұр, сортаңды топырағында жусан мен бұта аралас эфемерлі өсімдіктер, грунт суы жер бетіне жақын жатқан ойысты жерлерде жыңғыл, ши, құрақ өседі. Жыл бойына мал жайылымына пайдаланылады. Мұнда Бөбешек, Мейірман, Жыланды, Манасбай, Көкқабақ қыстаулары орналасқан.
## Дереккөздер |
Басши-Қоңырөлең артезиан алабы – Жетісу облысы Панфилов ауданы жерінде, Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік-батыс сілемдері – Қатутау мен Алтынемел тауларының арасында орналасқан. Аумағы 2 мың км2.
Су табанының тереңдік деңгейіне байланысты Басши және Қоңырөлең жер асты ағыны болып екіге бөлінеді. Біріншісі Оңтүстік Іле артезиан алабымен жалғасады, ал екіншісі Көктерек өзеніне қосылады. Қалыңдығы 300 – 800 м ойыста 5 – 428 м тереңдікте гидрокарбонатты-кальцийлі, натрийлі тұщы су кездеседі. Ұңғымадан тәулігіне 43 – 870 м3 су шығады. Судың болжамдық қоры 16 млрд. м3. Суы елді мекендерде ауыз су, егістік суғару үшін пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Батпайсағыр, Бетпақшағыр – Нарын құмының оңтүстігіндегі құмды алап.
## Географиялық орны
Атырау облысы Құрманғазы ауданында орналасқан.
## Жер бедері
Теңіз деңгейінен 8 – 14 м төмен жатыр. Ұзындығы 60-65 км, ені 35-40 км. Аумағы 1000 км2, абсолюттік биіктігі 14 м (оңтүстік-шығысындағы Бесшоқы төбесі). Солтүстігінде Қосдәулет, оңтүстігінде Мыңтөбе, шығысында Бұзанай құмдарына, ал батысында Еділ жағалауына ұласып кетеді. Жер бедері жартылай көшпелі құм шағылдарынан тұрады. Ойыс жерлерінде суы ащы көлшіктер кездеседі. Жер асты су қоры мол.
## Өсімдігі
Құмдауыт топырағында шағыр, қияқ, еркек шөп, құмаршық, жыңғыл, жүзгін, тастақты жерлерінде бұйырғын, жантақ өседі. Алап қысы-жазы мал жайылымы.
## Дереккөздер |
Батпақ – Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданындағы сор. Аралсор көлінің шығысында, ендік бағытта 40 км-ге созылған. Теңіз деңгейінен 16 м биіктікте орналасқан. Қар, жауын-шашынның әсерінен шалшық көлдерге айналып, мамырдың ортасынан бастап тартылып, батпақты сорға айналады. Жер бедерінде сораң шөптер, жағалауында қамыс, құрақ өскен. Батпақ соры шабындыққа және жыл бойғы жайылымға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Басқарқара – Орталық Тянь-Шань тауындағы тау массиві.
## Географиялық орны
Алматы облысы Райымбек ауданы Теріскей Алатауының солтүстік-батысында, Текес өзенінің сол жағалауында орналасқан.
## Жер бедері, геологиялық құрылымы
Ең биік жері шығысында 4059 м. Гранит, диорит, кристалды тақтатас, мәрмәрланған әктастан түзілген. Солтүстік беткейін Қарқара, т.б. көптеген өзендер терең шатқалдар жасап, қатты тілімдеген. Солтүстігінде 2100-3000 м биіктікте шыршалы орман өседі.
## Дереккөздер |
Батпақбалдырған (Heloscіadum) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда батпақты, ылғалы мол жерлерде, су жағалауларында өсетін 1 түрі – буынгүлді Батпақбалдырған (Н. nodіflorum) бар. Биіктігі 15 – 40 см. Тамырсабақты, сабағы қуыс өсімдік. Жапырақтары ұзынша не жұмыртқа тәрізді, шеттері тілімденген. Тостағанша жапырақтары тіссіз, күлтесі ақ түсті, жалпақ. Себеті 10 – 15 гүлден тұрады. Шілде айында гүлдеп, тамызда жемістенеді. Жемісі ұсақ, екі жағынан қысыңқы.
## Дереккөздер |
Батпақ – Тарбағатай жотасының солтүстік-батысындағы тау.
## Географиялық орны
Абай облысы Аягөз ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1307 м. Оңтүстік-батысынан Аягөз өзені ағып өтеді. Солтүстігінде Биесыймас, оңтүстігінде Қарашатпақ таулары орналасқан.
## Өсімдігі
Тауалды жонды-қырқалы беткейіндегі қара топырағында боз, селеу, бетеге, бұталы өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Батпақгүл (лат. Nymphoides) – субеделер тұқымдасына жататын көп жылдық су өсімдігі. Қазақстанда Ертіс, Тобыл, Есіл, Зайсан, Балқаш, Алакөлде, өзен-көл жағалаулары мен ағысы тынық суларда өсетін қалқанжапырақты батпақгүл (N. peltatum) деген бір ғана түрі кездеседі. Оның тамыр сабағынан өсіп-жетілетін жатаған бунақты сабақтарына суда қалқып жүретін қалқанша жапырақтары орналасады. Гүлдері ашық сары түсті, күлте жапырақшалары масақша пішінді болады. Шатырша гүлшоғыры сабағының ұшында жетіледі. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, қыркүйекте жеміс береді. Жемісінің ұзындығы 6 мм-дей қорапша тәрізді, піскен кезде қақ жарылады. Қалқанжапырақты батпақгүл мен батпақгүлдің сұрыпталып қолдан өсіріліп шығарылған сорттары бау-бақшаны, қала саябақтарындағы су айдындарын безендіру үшін қолданылады. Су құстары мен балықтар батпақгүлді қорек етеді.
## Дереккөздер
## Сілтеме
* Батпақгүл Мұрағатталған 28 маусымның 2011 жылы. |
Батпақты – Жайық алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Қобда ауданы жерінде.
## Бастауы
Ақшат тауының солтүстік беткейінен басталып, Қосөткел ауылынының тұсында Қобда өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 57 км, су жиналатын алабы 555 км2. Жағалауы жайпақ. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Су деңгейі көктемде көтеріледі, қуаңшылық жылдары өзен қарасуға бөлініп қалады. Суы шаруашылық қажетіне пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Батпақкөл – Бұлдырты, Жымпиты өзендері алабындағы көл.
## Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Шағырлой (Коминтерн) ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 11 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Теңіз деңгейінен 28,4 м биіктікте. Аумағы 7,36 км2, ұзындығы 5,7 км, ені 2,7 км. Көлге Шұбаршық өзені құяды.
## Дереккөздер |
Батпақты – Ойыл алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Қобда ауданы жерімен ағады.
## Бастауы
Бастауын Бесқұдық ауылының батысынан алып, Қиыл өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 51 км. Су жиналатын алабы 912 км2. Жағалауы жазық, арнасы құмды келген. 73 саласы бар.
## Дереккөздер |
Батпақшөп (лат. Limosella) – сабынкөктер тұқымдасына жататын жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Қазақстанда далалық және таулы аймақтарда, жайылмалы шалғындарда өсетін 1 түрі – су Батпақшөп (L. aquatіca) бар. Биіктігі 2 – 11 см. Жіңішке жайылған көп бұтақтары болады. Жапырақтары ұзынша, шеті бүтін. Тостағанша жапырақтары қоңырау тәрізді, бес тісті. Күлтесі ақ немесе қызғылт түсті, бес қалақты. Аталығы төртеу, аналық мойны қысқа. Гүлдері ұсақ, бір-бірден жетіледі. Сәуір – қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – екі қақпалы қорапша. Тұқымы ұсақ, қоңыр түсті.
## Дереккөздер
## Сілтеме
Батпақшөп |
Басықара – Қызылқұмның солтүстік бөлігіндегі құдық. Қызылорда облысы Жалағаш ауданында. Тереңдігі 20 м, су шығымы 800 л/сағ. Солтүстігінде Қарақұдық, батысында Ақбақалы құдықтары орналасқан. Құмды, тақыр типті топырағында жүзгін, сұр жусан, еркек шөп, теріскен өседі.
## Дереккөздер |
Бастуайт – Табақкеңтатыр аңғарының солтүстік-шығыс бөлігіндегі тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 790 м. Оңтүсігінде Керегетас (732 м), Қалмақеміл таулары жатыр.
## Өсімдігі
Қоңыр топырағында жусан, астық тұқымдас шөптесіндер өседі.
## Дереккөздер |
Батыс Қалба алтынды белдеуі – негізінен алтын кені тараған Алтай металлогения аймағының бір бөлігі; Зайсаннан Семейге дейін солтүстік-батыс бағытта 600 км-ге созылып, ені 150 км-ден 190 км-ге дейін жететін ірі геологиялық құрылым. Ол бірқатар өндірістік маңызы бар алтын кен орындарын (Ақжол, Бақыршық, Большевик, Васильев, Суздаль, Жанан, Жұмба, Құлынжон, Миялы, Еспе, т.б.) біріктіреді.
## Геологиялық құрылымы, құрамы
Тектоникалық тұрғыдан белдеу – тас көмірдің жанартаутекті-терригенді жыныстарынан тұратын синклинорий болып табылады. Шөгінді-жанартаутекті девон жыныстары белдеу ішінде, Шар өзенін бойлай қалыптасқан горст-антиклинорийде тараған. Осы антиклинорий мен кейбір терең жарылымдар бойында, ультрабазиттер, ал белдеудің өн бойында кіші интрузивтер мен дайкалар (гранит, гранит-порфир]], диорит, диорит-порфирит, диабаз, т.б.) кездеседі. Алтын, негізінен, кварц желілерінде және шашыранды сеппе түрде таралған сульфидтік минералдармен бірге жаншылу, уатылу белдемдерінде шоғырланған.
## Алтынды қайраңдары
Батыс Қалба алтынды белдеуі ірі алтын кен орындарымен қатар (жалпы саны 100-ден астам) алтынды қайраңдарға да бай. Жанама, Қызылсу, Шар, Лайлы, Бөкі, Құлынжон өзендерінде алтын 19 ғасырдың басынан жуылып алынған. Салмағы 0,9-2 кг болатын жоғары сапалы (905-940 сынамалы) саф алтындар жиі кездескен. Ең үлкен (салмағы 6,5 кг) саф алтын 1912 жылы Жұмба кен орнында табылған. Батыс Қалба алтынды белдеуінде 1925-1994 жылдары алтынды «Алтайзолото» тресі өндірген. Трест 1986-1994 жылдары жылына мемлекетке 1,5-3,4 т алтын тапсырып отырған. 1995 жылдан алтын кентастарын шығару және өңдеу жұмыстарын бірқатар кәсіпорындар жүргізеді. |
Батыс Қаратау жотасы – Маңғыстау тау сілемдерінің бірі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 130 км-ге созылып жатыр, ені 10 км-дей. Биік жері – Отпан тауы (532 м).
## Геологиялық құрылымы
Пермь, триас кезеңдерінің метаморфтанған құмтасты, тақтатасты, конгломератты жыныстарынан түзілген. Олар төрттік кезеңде жиналған делювийлі-пролювийлі саздақты шөгінділермен жабылған. Жер қыртысының жаңа тектоникалық қозғалысы нәтижесінде көтеріліп жаңғырған. Қойнауында мұнай, газ, темір, мыс, көмір кендері бар.
## Жер бедері
Таудың ұшар бастары қырлы, беткейлері жыра, сай, шатқалдармен тілімденген.
## Өсімдігі
Құнарсыз сұр қоңыр топырағында жусан, тасбұйырғын, т.б. өсімдіктер өседі. Тау етегінде тұщы бұлақтар бар.
## Дереккөздер |
Батыс Обаған боксит кен орны - Қостанай облысы Сарыкөл ауданында орналасқан. Кен орны 1956 жылы ашылған.
## Геологиялық құрылымы
Батыс Обаған боксит кен орны Торғай ойпатының орталық бөлігіндегі төмен тас көмір шөгінділері мен триас эффузивтерінің тектоникалық жапсарын қамтитын белдемде орналасқан. Қалыңдығы 50 м-дей бокситті жыныстар төменгі тас көмірдің құмды-карбонатты-сазды шөгінділерінің үгілу бетіндегі эрозиялық-карстық шұңқырларды толтырған. Мұнда бірнеше боксит қабаты бар.
## Құрамы
Бокситтер минералогия құрамы жағынан гиббситті түрге жатады. Оның тасты, борпылдақ, сазды түрлері бар. Бокситтегі алюминий тотығының орташа мөлшері 44,7%, кремний тотығы 8,6%; кремнийлік модулі 5,5. Бокситтен алюминий тотығын Байер және қақтап пісіру әдістерімен алуға болады. Батыс Обаған боксит кен орны кішігірім кендер қатарына жатады.
## Дереккөздер |
Баттауық (лат. Imperata) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы. Оның жұмыр баттауық немесе тышқанқұйрық баттауығы (І. сylіndrіca) деген бір түрі Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі. Биіктігі 30 – 125 см, жатаған өркенді өсімдік. Сабағы түксіз, майда болады. Түбіндегі жапырақтары қалың таспа тәрізді жалпақ, ал сабақ бойындағы жапырақтары жіңішке түтік пішінді келеді, тілшесі өте қысқа. Гүлшоғыры күміс сияқты жылтыр, ұзындығы 5 – 10 см. Сәуір – мамыр айларында гүлдейді. Баттауық – сәндік өсімдік; жылтыр ақ масақтары гүлшоғыр жасау үшін пайдаланылады. Шөлді аймақтарда гүлдегенге дейін мал азығы үшін жиналады. Сабағын әр түрлі өрме заттар жасауға қолданады.
## Дереккөздер
## Сілтеме
* Wydział Nauk Biologicznych Мұрағатталған 6 наурыздың 2014 жылы. (ағыл.) |
Батыс сібір артезиан алабы – Сарыарқадан Солтүстік Мұзды мұхитқа, Орал тауынан Енисей өзеніне дейін 3 млн. км2-ге жуық жерді алып жатқан дүние жүзіндегі ең үлкен артезиан алабы. Жалпы қалыңдығы 3 км-ден астам мезо-кайнозой шөгінділеріндегі минералдануы 1 – 3-тен 10 – 12 г/л-ге дейін өзгеретін ондаған сулы қабаттар бар. Практикалық мәні зор сулы қабаттар бор дәуірінің құмы мен құмтастарында. Бұл қабаттар Батыс сібір артезиан алабының орта шенінде 1200 – 2000 м тереңдікте, ал Қазақстандық, Алтай тауы, Енисей жағында жер бетіне жақын орналасқан. Алаптың шетінен ортасына қарай судың минералдануы 1 – 2-ден 20 – 30 г/л-ге дейін өседі, су арыны да осы бағытта артады, кейбір ұңғымалардан 30 – 40 м биіктікке дейін су атқылайды. Батыс сібір артезиан алабының Қазақстанды қамтитын Ертіс бойындағы бөлігінде сулы қабаттардан қазылған әр ұңғыма тәулігіне 3500 – 4300 м3=3 су береді. Бұл су елді мекендерді, кәсіпорындарды сумен қамтамасыз етуге, жер суғаруға кеңінен пайдаланылады. Оңтүстік жағындағы 2000 – 2500 м тереңдіктегі артезиан суының температурасы 55 – 80°С, алаптың орта шенінде 65 – 95°С. Бұл жылы су қалалар мен ауылдарға, парник шаруашылықтарына жылу беруге пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Батыс Үстірт кемері — Үстірт жазығының тік құлама жарлармен шектелген батыс жиегі.
## Орналасқан жері
Оңтүстігіндегі Қарынжарық сорынан (Маңғыстау облысында) солтүстігіндегі Желтауға (Атырау облысында) дейін 900 км-ге созылған.
## Сипаттамасы
Кемерінің биіктігі 60-220 м. Беткі қабаты неогендік әктастан, гипстен түзілген, олардың астындағы қабаттар палеоген мен мезозойдың көлбеу қыртыс шөгінділерінен тұрады. Беткейлерінің әр түрлі пішіндері эрозиялық және денудациялық процестердің нәтижесінде пайда болған. Гипс пен әктастың шаймалануынан карстық құбылыс кең тараған.
## Климаты
Бұл өңірдің климаты континенттік. Қаңтар айының орташа температурасы солтүстігінде - 10°С, оңтүстігінде - 4°С. Шілденің орташа температурасы 27°С, кейде 47°С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 130-200 мм.
## Гидрографиясы және топырақ құрамы
Кемер бойында суы кермек татитын бұлақтар жиі кездеседі. Жер асты суы 1-5 м тереңдікте. Тұрақты ағыны бар өзендер жоқ. Жер бетінде сортаң, сор және тұзды сор топырақ қалыптасқан.
## Өсімдіктер пен жануарлар әлемі
Бұйырғын, көкбуын, баялыш, жусан, күйреуік, т.б. сораң шөптер мен бұталар (сексеуіл, жүзгін) өседі. Кемердің шың-қияларында Үстірт муфлоны, қарақұйрық, қарақал, жорға дуадақ, қарабауыр бұлдырық, бүркіт, жыланжегіш, т.б. жануарлар, құстар тіршілік етеді.
## Дереккөздер |
Баум тоғайы – мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің бірі. ҚР Үкіметінің арнайы №1074 қаулысы бойынша 2006 жылдан республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесіне енгізілді. Алматы қаласының Түрксіб ауданына қарайды, аумағы 130 га. Баум тоғайы қазіргі кезде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңға сәйкес Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағының Ақсай бөлімшесінің қарамағына берілген. Тоғай 1868 ж. «Верный бағы» ретінде қолдан отырғызылған. Кейін Верный қаласының бас бағбаншысы Э.О.Баумның (1850 – 1921) тікелей басшылығымен бақ аумағы кеңейтіліп, көгалдандыру жұмыстары қайтадан жүргізілді. Сондықтан бағбанның құрметіне арнап баққа Баум есімі берілді. Баққа Мәскеу, Пенза, Ялта, Ташкент қалаларынан алуан түрлі жеміс ағаштары мен жалпақ және қылқан жапырақты ағаштарының көшеттері әкелініп отырғызылды. Алғашқы кезде тоғайда алманың 74, алмұрттың 49, қылқан жапырақты ағаштың 17, жалпақ жапырақты ағаштың 44, әр түрлі бұталардың 52 түрі болды. 1894 ж. Баум Баум тоғайын көгалдандыру жөнінде бағдарлама жасап, оны қалалық Думаға ұсынды. Бұл бағдарлама 1899 ж. толығымен жүзеге асып, тоғай Алматы қаласының жасыл желекті аймағына айналды. Осы күні Баум тоғайында 250 мыңдай әр түрлі ағаштар өсуде. Мұнда 2009 – 11 ж. арналған респ. Баум тоғайы мемлекеттік табиғи ескерткішін қалпына келтіру және сақтау туралы іс-шаралар жоспары нақтыланып бекітілген. Баум тоғайының Алматы қаласының ауасын тазартуда рөлі мен қала тұрғындарының демалыс орны ретіндегі маңызы зор.
## Дереккөздер |
Бауыршөп (Hepatіca) – сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Еуразия мен Солтүстік Америкада кездесетін 6 түрі белгілі. Қазақстанда тау бөктерлері мен тасты беткейлерде өсетін 1 түрі – фальконер бауыршөбі (Н. falconerі) бар. Биіктігі 20 – 25 см. Сабағы тік жеке шығады. Жапырақтары етжеңді, 3 – 5 қалақты, сағағы ұзын болады. Гүлдері көкшіл, қызғылт түсті, дара жетіледі. Ерте көктемде қар ерісімен гүлдейді. Жемісі – ұзынша, түкті жаңғақша. Жаңғақшасында құмырсқаларды тартатын май болады. Тұқымын негізінен құмырсқалар таратады. Бауыршөпті әдемі гүлі үшін мәдени түрде көп өсіреді.
## Дереккөздер
## Сілтеме
* Энциклопедии декоративных садовых растений
* Үлгі:EOL (ағыл.) (Тексерілді 12 мамырдың 2009) |
Бахтах, кейде Бақтақ, Форель (лат. Salmo) - Албырттар тұқымдасына жататын балық. Тау өзендері мен көлдерінде тіршілік етеді. Бахтах - құмжаның тұщы суда тіршілік ететін түрлері (өзен бахтағы, көл бахтағы) мен болатбас албырттың (құбылмалы бахтах) жалпы атауы.
Өзен бахтағының ұзындығы 37 см-дей, салмағы 200 - 500 г (кейде 2 кг-ға дейін) болады. Жыныстық жағынан 3 - 4 жыл жетіледі. 200-ден 500 мыңға дейін жететін уылдырығын қиыршық тасты су түбіне күзде не қыста шашады. Көл Бахтағы ірі, салмағы 8-10 кг (кейде 34 кг-ға жетеді). Бахтахтың тағы бір түрі - ишхан (армянша - “князь”) Севан көлінде тіршілік етеді, оны көбінесе “севан форелі” деп те атайды. 1964 жылы Қазақстанда құбылмалы бахтах (S. gaіrdnerі) – Шелек өзеніне жерсіндірілді. Оның ұзындығы 50-90 см, салмағы 6 кг-дай. Денесі ұзын, аузы үлкен, жақтарында өткір тістері болады. Басы қара, жүзу жарғақтарында анық дақтары бар, түсі құбылмалы, жолақтары айқын көрінеді. Арқасы қанық сары, ал бауыры күмістей ақ келеді. 2-4 жыл жыныстық жағынан жетіледі. Ақпан-сәуір айларында судың температурасы 4-5°С-қа жеткенде уылдырығын (5-6 мыңға дейін) өзендердің қиыршық тасты жеріне шашады. Ұрығы 2 айда дамиды. Оның шабағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдерімен, ересектері майда балықтармен қоректенеді. Бахтах - кәсіптік маңызы бар, қолдан көбейтілетін балық.
## Дереккөздер
## Сілтеме
* Форель-пеструшка
* Әмудариялық бахтах Мұрағатталған 4 ақпанның 2006 жылы. |
Баялыш (Salsola arbuscula) – алабұталар тұқымдасының сораң туысына жататын бұта. Қазақстанда Каспий, Арал теңіздері маңында, Маңғыстауда, Бетпақдалада, Қызылқұмда, Мойынқұмда, Қаратауда кездеседі. Биіктігі 40 – 100 см. Ақшыл сұр қабықты, ретсіз бұтақтанған сабағы бар. Тықыр немесе қысқа қылтанақты жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлшоғыры масақ тәріздес, қызғылт түсті келеді. Шілде – қыркүйек айларында гүлдейді. Баялыш шөлді аймақтарда мал азығы және отын ретінде пайдаланылады.
## Сілтеме
* Баялыш
## Дереккөздер |
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі — 1985 жылы ҚССР Министрлігі № 276 қаулысымен құрылған. Баянауыл ауданының аумағында орналасқан, жалпы аумағы 50 688 га құраған. ҚР Үкіметінің қаулысымен 2007 жылы 27 желтоқсанда №1305 парк аумағы кенейтілді. Қазіргі кезде БҰМТП 68 452,8 га құрайды. Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің шешімімен «Қызылтау» қаумалы БҰМТП қорғауға бекіттілді, жалпы аумағы 60 000 га құрайды.
Ұлттық парктің аумағы үш орманшылығына бөлінген.
* Баянауыл орманшылығы — 19 188 га,
* Жасыбай орманшылығы — 22 904 га,
* Далба орманшылығы — 8 596 га.
* Кенейтілген парк аумағы — 17 764,8 га
Климаты тым континенттік (жазы - ыстық, қысы суық). Жер бедері жекелеген жақпар тасты тау шоқыларынан тұрады. Баянауыл тауларының етегінде көптеген бұлақтар, суы мөлдір көлдер (Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр) бар. Саябақта 20-дан аса археологиялық ескерткіштер, қола дәуірінен қалған қорғандар, тастағы жазулар мен таңбалар, үңгірлер (“Әулиетас”, “Драверт”, “Құмыра”, т.б.) бар. Ұзақ жылдар бойы жел мен судың әрекетінен түрлі мүсіндерге айналған жартастар (“Найзатас”, “Жұмбақтас”, “Көгершін”, “Атбасы”, т.б.) саябақ табиғатына ерекше көрік береді.
Саябақтың өсімдіктер дүниесі мен жануарлар әлемі де алуан түрлі. Өсімдіктердің 400-ден астам түрі (қарағай, қайың, қандыағаш, таңқурай, мойыл, долана, т.б.), сондай-ақ, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген жабысқақ қандыағаш, көктем жанаргүлі де осында өседі. Омыртқалы жануарлардың 100-ден аса түрі кездеседі. Сүтқоректілердің 40-тан аса түрлері (арқар, елік, қасқыр, түлкі, сілеусін, борсық, тиін, т.б.) мекендесе, құстардың 50-ден астам түрлері (аққу, қаз, үйрек, құр, шіл, бүркіт, т.б.) ұялайды. Арқар, бүркіт, сұңқылдақ аққу Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Балықтың 8 түрі (шортан, сазан, оңғақ, алабұға, т.б.) бар.
Саябақ аумағы атқаратын қызметіне қарай қорықтық, қорықшалық және демалыс белдемдеріне бөлінген. Қорықтық белдемде шаруашылық жұмыстардың қай түріне болса да тыйым салынып, биологиялық алуан түрлілік, экожүйелер қорғалады. Қорықшалық белдемде шаруашылық жұмыстар белгілі бір тәртіппен шектеулі түрде жүргізіледі. Демалыс аймағына келушілер саны да реттеліп отырады. Баянауыл ұлттық табиғи саябағының табиғат қорғауды, адам игілігі үшін ұқыпты пайдалануды насихаттау ісінде алатын орны ерекше, ғылыми, мәдени және эстетикалық маңызы зор.
## Галерея
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
## Тағы қараңыз
* Баянауыл тауы |
Баянауыл кенді ауданы – Қазақстанның солтүстік-шығысындағы геологиялық тұрғыдан біртұтас құрылымдық-металлогендік белдем. Баянауыл кенді ауданы Жетісу (Жоңғар) Алатауы мен Балқаштың герциндік, Көкшетау қыраты мен Шыңғыстаудың және Тарбағатайдың каледондық құрылымдары түйіскен жерде орналасқан. Солт., шығысы мен оңт-нен терең жарылыстармен, батысынан Майқайың – Екібастұз антиклинорийімен шектелген. Ауданның гравитациялық өрісінің мәні әр түрлі болып келеді. Магнит өрісі тау жыныстарының күшті өзгеріске ұшырап ұнтақталған жерлерінде теріс мәнді (-1000 гаммаға дейін), гранит массивтері орналасқан орындарда теріс және оң мәнді (-100 гаммадан +100 гаммаға дейін), негізді және ультранегізді жыныстар аумағында тек оң мәнді (+100 гаммадан +600 гаммаға дейін) болады. Баянауыл кенді ауданы Майқайың – Екібастұз (жоғ. протерозой), Баянауыл, Александров (кембрий-төм. ордовик) антиклинорийлері, Ащысу (ордовик-силур), Қызылтау (силур-төм. девон) синклинорийлері және Майкүбі грабені сияқты құрылымдардан тұрады. Майқайың – Екібастұз антиклинорийі солтүстік-шығысқа, қалғандары ендік бағытқа, ал жарылыстар ендік және солт.-батыс бағытқа созылған. Протерозой жыныстарында ультранегізді интрузиялар, гранодиориттер тараған. Силур кезеңінің басынан жоғарғы палеозойдың аяғына дейінгі аралықта енген интрузиялар қышқыл және сілтілі құрамды болып келеді. Баянауыл кенді ауданының темір (Мырзашоқы, Сарытөбе) және қорғасын (Александров) кендері скарндермен байланысты. Серпентиниттердің үгілу қыртысында никель кендерінің белгілері байқалады. Ордовиктің порфириттерінде, жоғарғы палеозой граниттері мен силур құмтастары ішіндегі кварц желілерінде алтын (Найзатас), Баянауыл гранитінің кварцты грейзендерінде күміс, алтын, т.б. сирек кездесетін металл кендері бар. Баянауыл кенді ауданында флюорит, барит кендері де кездеседі.
## Дереккөздер |
Баянжүрек – Жетісу (Жоңғар) Алатауының Қаратау сілеміндегі оқшау тау.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Ақсу ауданында орналасқан. Ұзындығы 12 – 15 км, ені 8 – 10 км. Абсолюттік биіктігі 2079 м.
## Жер бедері
Тау беткейі қиыршықтасты жазық болып келеді. Тау қыртысы тақтатас, әктас және құмдақ шөгінділерінен түзілген. Баянжүрек тауы бөктерінен Бүйен өзенінің салалары бастау алады.
## Өсімдігі
Боз, селеу, жусан, көде, т.б. шөптесіндер өскен беткейі мен жазық өңірі мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Бәден , анис (лат. Anisum) – шатыршагүлділер тұқымдасының балбырауын туысына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік.
Кавказда, Оңтүстік Еуропада, Жерорта теңізі жағалауларында өсетін 2 түрі кездеседі. Ал Қазақстанда 1 түрі кәдімгі Бәден (A. vulgare) бар. Оның биіктігі 60 – 75 см. Тамыры жуан, тік сабақты. Тамыр түбіндегі жапырақтары қысқа сағақты, ал сабақ ұшындағы жапырақтары сағақсыз болады. Ақ түсті гүлдері күрделі шатырша гүлшоғырын құрайды. Маусым айында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. Жемісі – қос тұқымды қорапша, сыртын жіп сияқты түк басқан. Бәденнің құрғақ жемісінің құрамында 2,2 – 3,2% эфир майы, 18 – 20% май, 17 – 20% белок болады. Майы сабын қайнатуда, жемісі тамақ өнеркәсібінде және парфюмерияда қолданылады. Ал күнжарасын ұсақ мал сүйсініп жейді.
## Дереккөздер |
Бәбісек, сасық көкек (лат. Upupa epops) – көкқарғатәрізділер отрядына жататын құс.
Қазақстанның барлық жерінде дерлік кең таралған шөлді, далалы өңірде өзен-көлге, т.б. су маңына жақын жерлерді мекендейді. Дене тұрқы 25 – 28 см, салм. 70 г-дай. Тұмсығы жіңішке, ұзын, желпуіш тәрізді жазылатын айдары бар. Түсі алабажақ болғанымен, өте тартымды, бүйіріндегі көлденең жолақтар бозғылт қара түспен алмасып, бауыр жағы қызғылт сары түсті болып келеді. Бәбісек – жыл құсы, ақпанның аяғы, наурыздың басында ұшып келіп, тас арасына, үй шатырына ұялайды. Мекиені 3 – 12 жұмыртқасын 16 – 18 күн басады. Балапандарын аталығы жемдейді. Қарашаның басында жылы жаққа ұшып кетеді. Б. жәндіктермен және олардың дернәсілдерімен қоректенеді. Етінің жағымсыз иісі бар. «Сасық көкек» деп аталуы осыған байланысты болу керек.
## Дереккөздер
## Сілтеме
* Бәбісектің әні Мұрағатталған 30 қазанның 2005 жылы. |
Батпақшағыл – Батпақ көлінің оңтүстік-шығысындағы тау.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 257 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 5 км, енді жері 1,5 км-ге созылып жатыр. Оңтүстігінен Көкпекті өзені ағып өтеді.
## Өсімдігі
Сортаңды топырағында бұйырғын, сұр жусан, қара жусан, астық тұқымдас шөптесіндер өседі.
## Дереккөздер |
Бәйбіше – Арал Қарақұмы мен Бетпақдала аралығындағы таулы жота.
## Жер бедері
Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 25-27 км-ге созылған, абсолюттік биіктігі 254 м. Оңтүстік-батыс беткейі тік жарқабақты. Шығыс беткейі еңіс, батыс және оңтүстік беткейлері сай-жырамен тілімденген.
## Геологиялық құрылымы
Палеоген жыныстарынан тұратын тау үсті жазық, мүжілген.
## Топырағы, өсімдігі
Шөлді белдемнің бұл өңірі сұр, бозғылт сұр топырақты. Онда бұйырғын, тасбұйырғын, астық тұқымдас өсімдіктер мен ақ жусан өседі. Бәйбішетау маңайы жайылым ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Беғазы – Қаратал өзенінің сол жағындағы тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерінде орналасқан. Ақтоғай ауылынан шығысқа қарай 27 км жерде. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км-ге созылып жатыр, ені 4,5 км. Ең биік жері 1169 м.
## Жер бедері, геологиялық құрылымы
Беткейі жайпақ, оңтүстік және батыс бөлігі сай-аңғарлармен тілімденген. Тас көмір жүйесінің ортаңғы бөлім кезеңінің тау жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, селеу, бетеге, боз, қараған, арша, аңғарларда астық тұқымдас шалғындар өседі.
## Дереккөздер |
Бәшек (Hymenolobus) – орамжапырақтар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөлді, далалы, таулы аймақтардың сор, сортаңды жерлерінде, өзен бойларында өсетін 1 түрі – жатаған Б-і (Н. procumbens) бар. Биікт. 2 – 27 см. Жапырақтары қанат не қауырсын бөлікті. Тостағанша жапырақтары бірдей, күлтесі ақ түсті. Гүлдері шашақ гүлшоғырына топталған. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – ұзынша бұршаққынша. Тұқымдары қоңыр түсті.
## Дереккөздер |
Бәйшешек, Запырангүл (лат. Crocus) – құртқашаштар тұқымдасына жататын көп жылдық тамыр түйнекті өсімдіктер. Еуразияда, Жерорта теңізінің жағалауларында өсетін 80-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда Іле, Жетісу (Жоңғар), Теріскей Алатауларында, Ұзынқара (Кетпен) жотасында, Қаратауда өседі. Запырангүлдің Алатау бәйшешегі (C. alatavіcus) және Корольков бәйшешегі (C. korolkovіі) деген түрлері бар. Биіктігі 10 – 30 см-дей. Тамыр түйнектері ұзынша немесе шар тәрізді домалақ болады. Шоғырланып біткен таспа жапырақтарының саны 6 – 9, ұзындығы 10 – 12 см. Сары немесе көкшіл түсті дара гүлінің гүл қоршауы қарапайым күлте жапырақшалардан тұрады. Гүл қоршауының ортасынан ұзындығы 10 см-дей түтік шығады да, гүлі сол түтіктің ұшында жетіледі. Аталығы үшеу, аталық жіптері қысқа болады. Аналығы біреу, ол 3 жеміс жапырағынан тұрады. Жемісі – үш ұялы, көп тұқымды қауашақ. Наурыз – мамыр айларында гүлдейді. Гүлдері түнге қарай және бұлтты күндері жабылып қалады. Оларды аралар немесе көбелектер тозаңдандырады. Запырангүлдер негізінен сәндік өсімдіктер.
## Табиғатта таралуы
Республикамыздың Шығыс Қазақстан, Алматы, Талдықорған облыстарының, жабайы өсетін бұталардың арасында өседі.
Дәрілік шикізат ретінде бәйшешектің жапырағы, тамыр – сабақтары және тамырдың өзі пайданылады.
## Химиялық құрамы
Дәрілік шикізатының құрамында сапониндер, эфир майлары, С дәреумені,глюкозидтер, флавондар және примевериндер бар.
## Қоланылуы
Мал дәрігерлігі практикасында бәйшешектің тұнбасы зәр, тер шығаруды үдету үшін, сондай–ақ тыныс алу органдары қабыгнып ауырған малдың қақырығын түсіру үшін пайдаланады. Тұнба 1:10 қатынаста жасалып, бұзауға – 50 – 80 мл, қозыға — 10-15 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі.
Көктем кезіеде бәйшешектің жапырағы төлге дәреумендік шөпиретінде жемге қосып беріледі.
Бәйшешектің дәрілік шикізатының малға ешқандай зияны жоқ, дәлірек айтсақ ол улы емес. Сондықтан оның жапырағын дәрумендік – С дәрумені – қоры ретінде бұзаудың, қозының жегенінше беруге болады.
## Дереккөздер |
Бекетов бипаны (лат. Parrya beketovii) – орамжапырақ тұқымдасы, бипан туысына жататын көп жылдық өсімдік. Орта Азия мен Қазақстанның өсімдік жамылғысын зерттеген орыс ботанигі А.Н. Бекетовтің құрметіне аталған. Іле, Күнгей, Теріскей Алатауларының, Ұзынқара (Кетпен) тауының орта белдемдерінде, тасты, тастақты, сортаң жерінде өседі. Биіктігі 15 – 40 см. Негізгі сабағында жапырақ болмайды. Жапырағы сабақ түбіне шоқталып орналасқан, пішіні сопақша болады. Сабағы мен жапырағының сыртын түк басқан. Тостаған пішінді жапырақшаларының ұзындығы 9 – 11 мм, түсі қоңыр қызыл, желегінің ұзыдығы 20 – 23 мм, ол көкшіл немесе қызғылт түсті келеді. Бекетов бипаны тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс береді. Жемісі – бұршаққын, ұзындығы 4 – 8 см, ені 3 – 4 мм. Жемісі жас кезінде түкті, піскеннен кейін жалаң болады. Бекетов бипаны сирек кездесетін эндемик өсімдік, таралу аймағы жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Дереккөздер |
Безсонов мұздығы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік-батыс бөлігінде, Қора өзенінің бастауында орналасқан аңғарлық мұздық. Алғаш рет мұздықты 1909 жылы орыс топырақтанушысы А.И. Безсонов зерттеген. 1950 жылы Қазақстан ҒА География секторының экспедициясы мұздыққа топографафиялық түсірім жүргізді, мұздың еруін, қозғалыс процестерін бақылады.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 3902 м, аумағы 12,6 км2, ұзындығы 6 км, көлемі 1,2 м3. Кең ауқымды фирндік (мұзқарлы) алаңнан құралған. Мұздық тілі 2937 м-ге дейін төмен түседі, фирн (мұзқар) сызығы 3420 м-ден өтеді.
## Дереккөздер |
Безсонов шыңы – Жетісу (Жоңғар) Алатауындағы Солтүстік Орта жотаның батыс бөлігіндегі шың. Биіктігі 3954 м. Шыңға академик А.И. Безсонов есімін берген (Қазақстан ғылым академиясының География секторының экспедициясы (1950–1952 жж.)).
## Жер бедері
Безсонов шыңының құзды массиві өзі аттас мұздықты 2 камераға бөледі.
## Дереккөздер |
Су бидайық (лат. Beckmannia) – астық тұқымдасына жататын көпжылдық шөп өсімдіктерінің бір туысы.
Түрлері — 2, олардың бірі байырғы су бидайық, екіншісі — шығыс су бидайығы, бұлар бидайық тәрізді өседі. Сондықтан да оны су бидайығы дейді. Жұғымды мал азығының бірі.
## Дереккөздер |
Батырша – Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кентінен солтүстік-шығысқа қарай 38 км жерде орналасқан көл.
## Гидрографикасы
Аумағы 6,8 км2, теңіз деңгейінен 138,0 м биіктікте. Ұзындығы 3,5 км, енді жері 2,4 км, жағалау бойының ұзындығы 10,2 км. Көл жағалауы төбелі жазықты келген. Суының ең жоғары деңгейі сәуірде, төменгісі қазан айында, су деңгейі жылына 0,6 м-ге ауытқып отырады. Қарашада суы қатып, сәуірде мұзы ериді. Суы тұзды, сілтілі және кермек. Көл мал суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Бекболат газ-мұнай кен орны — Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Боранқұл ауылының оңтүстік-шығысында 55 км жерде орналасқан. 1994 жылы ашылған.
## Геологиялық құрылымы
Жоғары палеозойдың терригендік-карбонатты шөгінділері өнімді қабат болып саналады.
## Жатыс сипаты
Мұнайлы алаң 2253 мың м2, пластың жалпы мұнайлы қалыңдығы 50 м, коллектордың кеуектігі 0,1, қаныққандығы 0,75, тығыздығы 0,78. |
Бектауата – Сарыарқаның оңтүстігіндегі тау.
## Этимологиясы
Бұл таудың атауын сөзбе-сөз аудару қиын. Көптеген аңыздардың бірі - қазақтар жоңғарлармен соғысқан ғасырларда өмір сүрген әулие Атабек туралы баяндайды. Бірде ол қуғыншылардан бас сауғалап, осы таудың ең үлкен үңгіріне тығылыпты. Ал Аллаһ тағала әулие қарияға үңгірдің ең түкпірінде тұщы су көзін ашыпты-мыс. Жау қаншама іздесе де, бұл үңгірді таба алмапты, өйткені ол таудың етегінде емес, биік жартасында екен. Мүмкін Бектауата - "Атабек тауы" деп аталуы осыдан болар. Қазақтың белгілі ғалымы Әлкей Марғұлан бұл сөзді "Бек тауы" деп түсіндірсе, топоном Еркебай Қойшыбаев оны ертедегі түрік сөзі "биік" сөзімен байланыстырады да, Бектауата деген топонимді түгелдей алғанда "қасиетті биік тау" деп тәржімалайды. Толып жатқан аңыздар бұл тауға, әсіресе әулие үңгіріне қажылық етіп келушілердің қатарын көбейтті. Балқаш өңірін зерттеушілердің бірі Н.И. Красовский 1868 жылы былай деп жазды: "Шамамен 600 фунт жерді алып жатқан алаңға жақын тұста бой көтерген Бектауата гранитті жартастары шоғырланған жер ең биік жер болып саналады. Гранитті құздар өсімдік атаулыдан ада, мүлде жалаң, айтарлықтай биіктікте су шайып жасаған үңгірлерді Карсон Керней ауылдарының тұрғындары қасиетті жер деп таниды.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында, Балқаш қаласынан солтүстікке қарай 60 км жерде, ұсақ шоқылы-белесті жазықта орналасқан. Солтүстік-шығыстан оңтістік-батысқа қарай 7 км-ге созылып жатыр, ені 3 км, абсолюттік биіктігі 1213 м. Құбылтайөзек аңғары оны батысындағы Сарықұлжа (1082 м) тауынан бөліп тұрады.
## Жер бедері
Бектауатаның беткейлері тік, жалтыр тақыр тасты, төбесі үшкірлеу келген. Пьезооптикалық минералдардың ұсақ кен орындары мен табиғи үңгірлер бар. Олардың ішіндегі ең ірісі – Бектауата үңгірі.
## Геологиялық құрылымы
Тас көмір кезеңінің қызғылт граниттерінен түзілген.
## Өсімдігі
Беткейлерінде өте сирек бұта мен селдір шөп өседі, тауаралық аңғарларында көктерек, тал, түрлі бұта кездеседі. Олардың 45 сирек кездесетін болса, 8-і Қызыл кітапқа енгізілген. Некен-саяқ елік, арқар мекендейді.
## Галерея
*
*
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Бектауата тиынтығы (Hedysarum bectauatavicum) – бұршақ тұқымдасы, тиынтық туысына жататын көп жылдық өсімдік. Орталық Қазақстанның Бектауата тауының тасты беткейлерінде, жартастардың қуысына жабыса өседі. Биіктігі 20 см, бұтақталған жер асты сабағы бар. Жапырақтары ұзын сағақты, 4 – 5-тен жұптаса орналасқан дөңгелек жапырақшалары болады. Гүлсағақтары жапыраққа тең немесе ұзындау келеді. Желегі қызғылт көк түсті, ұзындығы 15 мм. Маусым – шілдеде гүлдеп, тамызда жемістенеді. Жеміс бұршағы 2 – 3 бөлікке жіктелген, маржан тәрізді тізбектеліп орналасқан, әрбір бөлігі жалаңаш болады. Бектауата тиынтығ өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Дереккөздер |
Бектауата үңгірі – Бектауата тауының оңтүстік-батыс беткейінде, Балқаш қаласынан солтүстікке қарай 60 км жерде орналасқан.
## Сипаты
Үңгір биотитті гранит пен аплит тау жыныстарының жапсарындағы жіктің үгіліп, еріп бұзылуынан пайда болған. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Ұзындығы 45 – 48 м-дей. Үңгірдің аузы тау етегінен 80 – 100 м биіктікте орналасқан, оған тас қорымы арқылы көтеріледі. Алдында ұзындығы 6 – 7 м, көлденең 4 – 5 м тегіс ашық алаң бар. Үңгірге кірер қуыстың биіктігі 3 м-дей, ені 1,5 м, одан әрі ені 2 – 2,5 м-ге дейін кеңейеді, табаны 15 – 16 м-ге дейін тегіс, одан әрі сәл көтеріңкі, сонан соң төмендейді. 29 м-ден әрі үңгір түбін тереңдігі 1,5 м-дей көлшік алып жатыр. Үңгір бірте-бірте жоғарылап, ені 1,5 м-ге дейін тарылады. Жоғарғы жағы мұржа тәрізді дөңгелек тар тесікке айналып жер бетіне шығады. Суы мөлдір, өте салқын, түбі лай. Су деңгейі бір қалыпта сақталады. Ертеректе Бектауата үңгірі ауру адамдар, бала көтермейтін әйелдер басына түнеп, құрбан шалып, құдайдан тілектерінің орындалуын сұрап жүретін орын болған. Кейін туристерді қызықтыратын мекенге айналған.
## Дереккөздер |
Бектібай – Бәйбіше жотасының оңтүстігіндегі құдық. Қызылорда облысы Қармақшы ауданында орналасқан. Тереңдігі 6 м, су шығымы 500 л/сағ. Бектібайдың оңтүстігі-батысында Тарғыл тауы орналасқан. Құдық 180 м биіктікте, төбешікті, жалды жерде орналасқан.
## Дереккөздер |
Бекі — Маңғыстау түбегіндегі құдық.
## Сипаттамасы
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында орналасқан. Тереңдігі 12 м, су шығымы 800 л/сағ. Құдық шамамен 250 м биіктікте жатыр. Бекі, Көктөрткіл тауының баурайында орналасқан. Құдықтың оңтүстігінде өзімен аттас елді мекен бар.
## Дереккөздер |
Бектемір – Қызылқұмның солтүстік-шығыс бөлігіндегі құдық.
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында. Тереңдігі 16 м, су шығымы 500 л/сағ. Құдық маңындағы тізбекті төбешіктердің теңіз деңгейінен биіктігі 200 м шамасында. Оңтүстігінде Әменшақ, Жоғары Мұсабай, Әліп құдықтары орналасқан. Бектемірдің айналасын сексеуіл тоғайы қоршаған.
## Дереккөздер |
Бектау бұғазы – Арал теңізінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі бұғаз.
## Географиялық орны
Қызылорда облысының Арал ауданының жерінде.
## Сипаты
Кезінде бұғаз батысындағы Биіктау аралын шығысындағы бірнеше ұсақ аралдан бөліп, Көшенбай және Алтынкөл шығанақтарын жалғастырған. Ұзындығы 6 км, ең енсіз жері 1 км-дей, тереңдігі 3 м-ге жуық болған. Арал теңізінің тартылуына байланысты бұғаз пішінін өзгертіп, сор далаға ұласып кеткен.
## Дереккөздер |
Бектұрлы газ конденсат кен орны — Маңғыстау облысы Ақтау қаласының шығысында 80 км жерде орналасқан. Құрылым 1967–1968 жылдары аймақтық геологиялық-геофизикалық жұмыстар жүргізу кезінде анықталды.
## Геологиялық құрылымы
Терең іздестіру бурғылауы 1973 жылы басталған. Осы жылы-ақ ортаңғы юра шөгінділерінде газконденсат жатындары анықталды, ал 1975 жылы төменгі юрада жаңа жатын ашылды. Құрылым ендікке жуық созылған броахиантиклин екені анықталды. Бат жікқабаты шөгінділерінің беті бойынша құрылымның өлшемдері 2x1 км, амплитудасы 15 м. Өнімділік ортаңғы юраның байос жікқабатының бір горизонтында, аален жікқабатының екі горизонтында және төменгі юраның бір горизонтында анықталған. Бір горизонттың жатыны мұнай-газ-конденсатты, өзге үш горизонттың жатындары мұнайлы.
## Жатыс сипаты
Мұнай иірімдерінің биіктігі 16 – 62 м, мұнай-газ конденсат иірімі 37 м. Коллекторлардың ашық кеуектігі 11 – 17%, өткізгіштігі 0,018 – 0,02 мкм2. Қабаттардың жалпы қалыңдығы 73 – 122 м, мұнайға қаныққан қалыңдығы 3,7 – 8,6 м, газдық фактор 91 – 145,2 м3/м3.
## Құрамы
Мұнай тығыздығы 855 – 870 кг/м3, күкірттілігі 0,2%, жоғары парафинді (23 – 25%), шайырлар мөлшері 11,8%-ға, асфальтендер мөлшері 6,2%-ға жетеді. Еріген газ құрамы жағынан ауыр, олар этан кіріктіруші болып келеді. Ауыр көмірсутектердің мөлшері 14%- дан 25%-ға дейін ауытқиды, газдың метандық құраушысы тереңдеген сайын 68%-дан 82,5%- ға дейін өседі. Газ құрамында 3-6%-ға дейін азот бар екендігі байқалады, көмірқышқыл газы жоқ. Жатынның режимі суарынды. Кен орны 1974 жылдан бері пайдаланылып келеді.
## Дереккөздер |
Батыс Торғай никельді аймағы - Торғай ойысының батыс кемерінде (Қостанай облысында) орналасқан кобальт-никельді кенді өңір.
## Геологиялық құрылымы
Бұл аймақ Орал антиклинорийлік жарылымын субмеридиандық белдеу түрінде бойлай орналасқан силур-девондық Тобыл-Аққарға гипербазит кешенді интрузивтік үгілу қабаттарымен генетикалық байланысты.
## Сипаты, құрамы
1959 жылы бұл аймақта кобальт-никель кендерінің бар екені анықталып, 1984 жылға дейін іздеу, барлау жұмыстары жүргізілді. Мұндағы Шевченко, Құндыбай және Подольское ірі кен орындары габбро-гипербазитті массивте орналасқан. Жітіқара, Аққарға және Милютин кен орындары Аққарға-Жітіқара белдеуінің массивтерімен байланысты. Бұл кен орындары темір-марганец-кобальт-никель кендері формациясына жатады да, үш минералдық кентас түрінен тұрады: 1) асболан-гидрогематитті; 2) керолит-нонтронит-охралы; 3) никель-кобальт-меланитті. Үгілу қабатындағы металдар мөлшері Ғе(13 - 33%), Nі(0,1 - 0,66%), Co(0,06 - 0,35%). Батыс Торғай никельді аймағындағы силикатты кобальт-никель кенінің жалпы қоры 100 млн. тонна. Кентас қабаттары жер бетіне жақын орналасқандықтан оларды ашық әдіспен өндіруге болады.
## Дереккөздер |
Бекіре , қызыл балық (лат. Acipenser gueldenstaedtii) – бекіретәрізділер отрядына жататын ірі балық. Қазақстанда Каспий теңізінде, Еділ-Жайық өзендерінде тіршілік ететін 2 түр тармағы бар: кәдімгі бекіре (A.g. gueldenstaedtі) және парсы бекіресі (A.g. persіcus). Олардың дене тұрқы 2 м-ден астам, салмағы 10 – 30 кг, кейде 80 кг-ға жетеді. Бекіренің тұмсығы қысқа, доғал не сүйрік, мұртшалары тұмсығының ұшына жақын, жотасында 5 – 19, бүйірінде 24 – 30, ал бауырында 6 – 14 қырлы сүйектері болады. Бекіренің аталығы 7 – 8, аналығы 9 – 10 жылда жыныстық жағынан жетіледі. 50 жылға дейін тіршілік етеді. Өзенге көктемде шыққандары сол жылы, ал күзде өрістегендері келесі жылы көктемнің аяғы – жаздың бас кезінде өзеннің ағысы қатты, тасты, тығыз қиыршық құмды жерлеріне 0,1 – 1 млн-дай уылдырығын шашады да, теңізге қайтып оралады. Шабақтары ұзындығы 15 – 20 см-ге жеткенде теңізге шығады. Бекіренің шабақтары шаян тәрізділермен, құрттармен, ал ересектері моллюскілермен, балықтармен (бұзаубас, майшабақ, т.б) қоректенеді. Бекіре – еті дәмді, қара уылдырығы өте бағалы кәсіптік балық. Бекіре қортпа, арал бекіресі, шоқыр, сүйрікпен табиғи будан береді. Бекіре санын көбейту үшін шабақтары тоғандар мен питомниктерде қолдан өсіріледі.
## Дереккөздер |
Бекіш (Genіsta) – бұршақтар тұқымдасына жататын көп жылдық бұташық өсімдіктер туысы. Негізінен Жерорта теңізі жағалаулары мен Батыс Азияда кездесетін 75 түрі белгілі. Қазақстанда далалық аймақтардың орман, бұта арасында, құмды немесе әктасты топырақты жерлерде өсетін 1 түрі – бояулы бекіш (G. tіnctorіa) бар. Биіктігі 0,5 – 1,5 м. Сабағы тікенді. Жапырағы қарапайым не үш салалы. Гүлдері ашық сары түсті шашақ кейде ұзын сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – ұзынша бұршақ. Тұқымы қара қоңыр түсті, жылтыр, улы. Бекіштің гүлінің құрамынан бояу алынады. Онымен жүн және кенеп маталарды бояйды. Сондай-ақ цитизин алкалоиды бар, оны медицинада пайдаланады. Бекіш гүлдеген кезде өте әдемі болғандықтан әсемдік үшін өсіріледі.
## Дереккөздер |
Белгітөбе – Қызылқұмның солтүстік-шығыс бөлігіндегі төбе.
## Географиялық орны
Қызылорда облысы Шиелі ауданы жерінде орналасқан.
## Жер бедері, өсімдігі
Абсолюттiк биіктігі 225 м. Солтүстігінде Далақұдық, 2-Ұзынқұдық, Шекара құдықтары орналасқан. Батысында 10 км-де Өзбекстанмен шектеседі. Құмында ақ сексеуіл, жусан, жүзгін, еркек шөп, т.б. өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Белқопа – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы көл.
## Гидрографикасы
Ауданы 14 км2. Ұзындығы 5,6 км, ені 4 км, тереңдігі 1-1,8 м. Ырғыз алабындағы Жоса өзенінің құяр сағасының оңтүстік-батысында 22 км жерде. Аумағы 15,2 км2. Су жиналатын алабы 274 км2. Көл көбіне қар суымен толысады. Қарашаның 1-онкүндігінде қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді.
## Жағалау сипаты
Көлге солтүстік-батыстан және оңтүстігінен кішігірім 9 өзен құяды. Жағасы жайпақ. Жазда жиі-жиі құрғап қалады. Көлдің тұщы суы мал суаруға пайдаланылады. |
Белинский боксит кен орны - Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданында орналасқан. 1964 жылы ашылған.
## Геологиялық құрылымы
Кен орны Ворошилов синклиналінің шығыс қанатындағы жоғарғы бордың сеноман шөгінділерінде, жанартаутекті жыныстар мен әктас жапсарында орналасқан. Бокситті жыныстардың орташа қалыңдығы 40 метрдей. Белинский боксит кен орнының төрт телімі («Солтүстік», «Оңтүстік», «Батыс», «Қарасор») бар.
## Құрамы
Құрамы әр түрлі, қабат, линза, ұя пішінді кен денелері әктастардағы карст шұңқырларында. Бокситтер минералдық құрамы жағынан гиббситті типке жатады. Оның тасты, борпылдақ, сазды түрлері бар. Негізгі құраушылары: Al2О3 – 41,80%, SіО2 – 8,34%, FeO – 22,10%, TіО2 – 0,61%, S – 0,23%; бокситтер Б-5 маркасына жатады.
1985–1986 жылдардан бастап Белинский боксит кен орны Павлодар алюминий зауытының өндірістік мұқтаждығы үшін игеріле бастаған.
## Дереккөздер |
Белқайың – Жетісу Алатауының солтүстік-шығысындағы тау массиві.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Алакөл ауданы жерінде, Тастау өзенінің оң жағалауында орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 2087 м. Тау батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Батыс беткейі өзен арналарымен тілімденген, етегі қорымтасты.
## Геологиялық құрылымы
Көбінесе палеоген шөгінділерінен түзілген.
## Өсімдігі
Таудың қоңыр және шалғынды топырақ жамылғысында бетеге, боз, селеу, бұталар, солтүстік-батыс беткейінде шыршалы орман өседі.
## Дереккөздер |
Белқұдық – Бетпақдаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі құдық. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданыннда орналасқан.
Тереңдігі 2 м, су шығымы 360 л/сағ. Құдықтың маңайындағы шүйгін шөбі мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Белоусов полиметалл кені – Кенді Алтайдағы полиметалл өндірілетін ірі кен орны. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында, Өскемен қаласынан солтүстік-батысқа қарай 18 км жерде орналасқан. Ол ежелгі кен қазбаларының орнында ашылған. 1931 жылы жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде 250-500 м тереңдікте жатқан бірнеше кен денелері ашылды.
## Геологиялық құрылымы
Кен өрісінің астында ордовик кезеңінің терең метаморфталған амфибол-пироксенді гнейстері және слюдалы-кварцты тақтатастары, ал үстінде жоғарғы девон кезеңінің кварц-дала шпатты порфирлері, туфтекті альбитофир-тақтатасты қабаттары, тас көмір кезеңінің шөгінді жыныстары жатыр. Кен орны осы қабаттар аралығында орналасқан.
## Минералдары, құрамы
Кентастарды құрайтын минералдар – халькопирит, сфалерит, галенит, пирит, барит, ал мысты-колчеданды кентастарды борнит, халькозин, пирит, сондай-ақ күміс минералдары; сирек кездесетін элементтерден селен, теллур, висмут, алтын, кадмий, т.б. бар. Тотығу белдемі 65 м тереңдікке жетеді. Белоусов полиметалл кені орнынан өндірілген кентас Ертіс кен-металлургия комбинатының шикізаты.
## Дереккөздер |
Белтау – Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы жота. Орташа биіктігі 400 – 500 м, ең биік жері 592 м. Ұзындығы 25 – 30 км.
## Жер бедері
Аласа қырқалы, төбелерінің беткейі жайпақ. Белтау жотасының батысында Бесқотан, солтүстігінде Қырыққұдық, т.б. құдықтар бар.
## Өсімдігі
Оңтүстік аймаққа тән ашық сұр топырағында қияқ, қоңырбас, т.б. шөлейт белдемінің эфемерлі өсімдіктері өседі.
## Дереккөздер |
Белое – Есіл алабындағы ащы көл.
## Географиялық орны
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Әлжан ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2 км жерде, теңіз деңгейінен 375,3 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 18,3 км 2, ұзындығы 5,6 км, енді жері 4,4 км, жағалауының ұзындығы 17,4 км. Жауын-шашын, қар суларымен толысады.
## Жағалау сипаты
Көл қазаншұңқырының пішіні сопақша, түбі күрделі келген, жағасы жайпақ. Су жиналатын алабының 25%-ы жыртылған, қалған бөлігінде бетеге, боз өскен. Заря ауылының тұсында (көлдің оңтүстік бөлігі) көктеректі-қайыңды тоғай шоғырлары кездеседі. |
Белтерек — Абай облысы Жарма ауданындағы ауыл, Белтерек ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан батысқа қарай 63 км-дей жерде.
## Дереккөздер |
Белсексеуіл – Балқаш көлінің оңтүстік-шығысында Көкенжоны мен Тауқұм аралығында орналасқан құмды алқап.
## Географиялық орны
Алматы облысы Балқаш ауданы жерінде.
## Жер бедері
Ұзындығы 40 км шамасында, ені 8-12 км. Орташа биіктігі 340 – 500 м. Жер бедері негізінен құм төбешіктерден тұрады. Көшпелі сусыма құмды жерлер жиі кездеседі. Төбешіктердің биіктігі 5-8 м, беткейі өсімдікпен бекіген құм төбелер 20 – 25 м-ге дейін көтеріледі. Олар ойыс, қазаншұңқырлармен бөлінген. Кейбіреуі сорға айналған.
## Өсімдігі
Өсімдік жамылғысында жүзгін, теріскен, қоянсүйек, жусан басым өскен. Грунт суы жақын жерлерде шеңгел, жыңғыл өседі.
## Дереккөздер |
Белое (Большое Белое) – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петропавл қаласынан 7 км солтүстік-шығысқа қарай орналасқан көл.
## Гидрографикасы
Теңіз деңгейінен 128,9 м биіктікте. Аумағы 10,03 км2. Ұзындығы 4,5 км, енді жері 3,2 км. Есіл өзенінің алабында орналасқан. Жаз айларында көл аумағы бірқалыпты деңгейін сақтайды. Қар және жауын-шашын суларымен толысады. Қарашада суы қатып, сәуір – мамырда мұзы ериді. Суы кермек, тұтқыр, аздап сілтілі келген.
## Өсімдігі
Көл жағалауында бұта аралас емен, қайыңнан тұратын орман, қара топырақты шалғындарда астық тұқымдас шөптесіндер өседі. |
Белтоған суғару жүйесі , Алматы облысы, Райымбек ауданындағы егістікке жарамды алқапты игеру мақсатында іске қосылған. Темір-бетон, т.б. жапқыштармен қапталған бас каналдың ұзындығы 14 км. Белтоған суғару жүйесінен ауданның 1,0 мың га-дан астам егістік суғарылады және суландырылады.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.