text
stringlengths 3
252k
|
---|
Ащыболды – Батыс Үстірт кемерінде орналасқан құдық. Маңғыстау облысы Қарақия аудында. Тереңд. 21 м, су шығымы 500 л/сағ. Сұрғылт қоңыр топырағында бұйырғын, ақ жусан, т.б. өсімдіктер өседі. Жануарлардан ақ бөкен, қарақұйрық, қоян, т.б. мекендейді.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Ащықұдық – Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы тұйық, ащы көл. Тоғыз темір жол стансасының солтүстік-шығысында 39 км жерде.
## Гидрографикасы, жағалу сипаты
Ұзындығы 8 км, ені 2 км-ден астам, аумағы 15,1 км2. Жауын-шашынға байланысты аумағы өзгеріп отырады. Жағасы жазық. Қарашаның аяғында суы қатып, сәуірдің аяғында ериді. Құрғақ жылдары өте ащы болып, тұнба тұзға айналады. Көл жағаларында сораң өсімдіктер өседі. |
Ащыбай – Обаған өзенінің сол саласы.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Әулиекөл ауданы жерімен ағады.
## Гидрологиясы
Бастауын Ащы жарлы сайынан алып, Құсмұрын кентінен оңтүстік-батысқа қарай 4 км-дей жерде Обаған өзеніне құяды. Ұзындығы 81 км, су жиналатын алабы 30 мың км2, жылдық су ағымы 60 млн. м3. Көктемгі су тасу кезіндегі судың минералдығы 02 – 0,8 г/дм3, сабасына түскен кезінде 15,0 г/дм3-ді құрайды. Өзен аңғары шабындық және мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Ащықұдық – Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет ауылының батысында 19 км жердегі құдық.
Тереңдігі 6 м, су шығымы 210 л/сағ. Жанынан Бағырлай, Бұғылыөзек өзендері ағып өтеді. Аллювий жазығының қоңыр сортаң топырағында бұйырғын, тасбұйырғын, қара жусан, т.б. өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Ащылы – Жабай өзенінің сол саласы.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Сандықтау ауданы жерінде. Ұзындығы 58 км, су жиналатын алабы 1060 км2.
## Бастауы
Бастауын Ұлан ауылы тұсындағы өзектен алып, Атбасар ауданындағы Борисовка ауылынан жоғарыда Жабай өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Үлкенді-кішілі 22 саласы бар. Қар, жер асты суларымен толығады.
## Дереккөздер |
Ащықұмкөл – Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Екпінді ауылының солтүстік-шығысында 2 км жерде орналасқан көл.
## Гидрографикасы
Аумағы 5,4 км2. Көл теңіз деңгейінен 356,0 м биіктікте жатыр. Ұзынкөл көлінің оңтүстік-батысында 3 км жерде, Кеңбидайық ауылының оңтүстік-шығысында 23 км жерде орналасқан. Ұзындығы 4,6 км, енді жері 2,7 км, жағалауының ұзындығы 15,6 км,су жиналатын алабы 36,5 км2. Сопақ пішінді көл жағалауын қамыс басқан. Көл түбінде қалыңдығы 0,4 м тұнба шөккен. Жағалауы шабындыққа пайдаланылады. |
Ащықұдық – Батыс Қазақстан облысы. Казталов ауданы. Жұлдыз а-ның солт.-батысында 8 км жердегі қыстау. Оңт-нен Сарыөзен өзен. ағып өтеді. Сұрғылт қоңыр сортаң топырағында жусан, бетеге басым өсімдік жамылғылары өседі.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Ащылы – Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы өзен. Торғай алабындағы Дулығалы Жыланшық өзенінің оң саласы. Ұзындығы 72 км, су жиналатын алабы 885 км2.
## Бастауы
Жалтау тауының шығыс беткейіндегі бұлақтардан басталады.
## Гидрологиясы
Жағасы жарқабақты. Ащылыға ұзындығы 10 км-ден аспайтын 14 сала құяды. Сәуір айының ортасында су деңгейі көтеріліп тасиды. Жаздың ыстық айларында өзеннің суы қарасуларға бөлініп, кей жері құрғап қалады. Көктемде суы тұщы, жазда суы ішуге жарамсыз. Көбінесе мал суаруға, т.б. шаруашылық қажеттеріне пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Ащылысай – Қалмаққырылған алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады.
## Бастауы
Сарыоба тауының оңтүстік-батыс беткейіндегі бұлақтар суының қосылуынан құралады. Қумола өзеніне сол жағынан құяды. Биіктігі 426 м, ұзындығы 46 км, жағасы жарқабақты.
## Гидрологиясы
Орта және төменгі ағысында өзен кең аңғарымен ағады. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толығады. Өзен алабында жайылымдық жерлер мен қыстаулар бар. Суымен мал суарылады.
## Дереккөздер |
Ащымиір – Шалқартеңіз көлі алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 118 км, су жиналатын алабы 2150 км2.
## Бастауы
Ұлытаудың оңтүстік-батыс беткейінен басталады. Ащымиір батысқа қарай Байқоңыр, Қалмаққырылған өзендерімен қатар ағып, құмды өңірде Ақмола ауылының оңтүстік-батысында 18 км жерде қарасуларға бөлініп қалады.
## Гидрологиясы
Алабында жалпы ұзындығы 97 км шағын 29 саласы бар. Аңғарының ені 1,0 – 1,2 км, сағасында аңғары байқалмайды. Екі жағында жайылмасы бар, арнасы жарқабақты. Көбіне қар еріген кезде суы молаяды. Көп жылдық орташа су шығымы сағасында 0,30 м3/с. Жылдық ағымының мөлш. 9,5 млн. м3. Мал суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Ащының сайы , Бұралқысор – Қызылорда облысы Қазалы аудындағы құрғақ арна. Сырдарияның ертедегі Арал теңізіне құятын тарамы. Ұзындығы 198 км, арнасы кең, табаны тегіс, “U” пішінді. Көпшілік жері үрме құммен толған. А. с-нда тұрақты ағын жоқ. Арна жағалауында жүзгін, қоянсүйек, шеңгел өседі.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Ащыкөл – Қостанай облысы Қарабалық ауданы Аққұдық ауылынан солтүстікке қарай 6 км жерде орналасқан көл.
## Гидрографикасы
Аумағы 5,4 км2. Көл теңіз деңгейінен 96,1 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 2,4 км, ені 1,3 км, жағалау бойының ұзындығы 9,2 км. Жағалауы жазық қамыс, құрақ өседі. Аңғарының басым бөлігі жыртылған. |
Ащыорпа – Маңғыстау Үстіртінің шығыс бөлігіндегі төбе.
## Географиялық орны
Маңғыстау облысы Қарақия ауданында орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттiк биіктігі 195 м. Солтүстігінде Бостанқұм, Сеңгірқұм құмдары жатыр.
## Өсімдігі
Тақыр типті топырағында қара жусан, бұйырғын, тасбұйырғын, т.б. өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Ащыкөл – Ақмола облысы Ақкөл аудындағы көл.
## Аумағы
Көлем аумағы 8,7 км2, су жиналатын алабы 148 км2. Теңіз деңгейінен 373 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 4,7 км, енді жері 2,3 км, жағалау сызығының ұзындығы 11,4 км. Жағалауы жазық келген, көл түбінде тұнба (ұйық) шөккен. Қар және жер асты суларымен толысады.
## Өсімдігі
Солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығыс жағалауында қарағайлы-қайыңды орман, жағалауында қамыс, құрақ өскен. Суы мал суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Ащымұрын – Түпқараған түбегінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі мүйіс.
## Географиялық орны
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында орналасқан.
## Сипаттамасы
Ащымұрын Маңғыстау шығанағына ұзындығы 3 км болып сүйірлене еніп жатыр. Солтүстік-батысында Зеленый, Жығылған мүйістері бар. Мүйіс жағалауында су асты тастары шығып тұрады. Жағалау бойы тік жарқабақты.
## Дереккөздер |
Ащыөзек – Балқаш алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Абай облысы Аягөз және Қарағанды облысы Ақтоғай аудандары жерінде. Ұзындығы 108 км, су жиналатын алабы 8600 км2.
## Бастауы
Балқаш көлінің солтүстігіндегі Қалмақеміл, Түлкілі тауларындағы бұлақ, қайнарлардан (110-нан астам) басталып, Тұрламбек бейітінің солтүстік-батысында 8 км жетпей тартылып қалады.
## Гидрологиясы
Арнасы тар, көктемгі қар суы кезінде ағысы байқалады. Жаздың ыстық айларында арнасы құрғап қалады. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Өзен мал суаруға, жайылмасы қысқы мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Ащышиөзек – Түндік өзенінің оң саласы.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерімен ағып өтеді.
## Бастауы
Арқалық тауының оңтүстік-батыс беткейіндегі бұлақтан басталады.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 80 км. Бастапқыда Тоқтысу, орта ағысы Шабасшиөзек, төменгі ағысы Ащышиөзек деп аталды. Таулы-тасты жерді жарып өтеді. Қарашада суы қатып, сәуірде мұзы ериді. Ащыөзек жайылмасы шөбі шүйгін шабындықтар.
## Дереккөздер |
Ащыөзек суландыру жүйесі – Алматы облысы Алакөл ауданы жерінде орналасқан. Суды Лепсі өзінен алады. Ұзындығы 46,5 км. Арна бойында 6 су тартқыш қондырғы орнатылған. Ащыөзек суландыру жүйесінің су өткізу мүмкіндігі 10 – 12 м³/с. Ащыөзек суландыру алабы арқылы 6,0 мың га жер суландырылады.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Ащысай – Сырдария алабындағы Құркелес өзенінің оң саласы.
## Географиялық орны
Түркістан облысы Шардара, Келес аудандары жеріндегі өзен. Ұзындығы 84 км, су жиналатын алабы 1060 км².
## Бастауы
Белтаудың оңтүстік-шығыс беткейінен басталып, Бірлік ауылынан оңтүстікке қарай 20 км жерде Құркелеске құяды.
## Гидрологиясы
Арнасы жоғарғы ағысында тік жарлы, төменгі ағысында жайпақ болып келеді, өзен табанын батпақ сор басып жатыр. Басты саласы – Ақсай. Қар еріген кезде өзеннің деңгейі көтеріледі. Жазда ұсақ қарасуларға бөлініп қалады. Желтоқсанның аяғында суы қатып, ақпанның аяғында мұзы ериді. Егін суғаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Ащысай – Сағыз өзенінің сол саласы.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы өзен. Ұзындығы 60 км, су жиналатын алабы 619 км2.
## Бастауы
Шұқыркөл қыстауы маңынан басталып, Алтай батыр ауылынан төменде Сағыз өзеніне сол жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 10 км шамасында 40-тан астам уақытша ағатын саласы бар. Арнасы кең, жағасы жазық. Жауын, қар суларымен толығады. Көктемде ғана ағын болады, жаз айларында құрғап қалады. Желтоқсанның басында суы қатып, сәуірдің басында мұзы ериді. Суы ащы, көктемде мал суаруға жарайды.
## Дереккөздер |
Ащысай, Ащысай-Өлеңті – Жайық алабындағы өзен, Өлеңті өзенінің оң саласы.
## Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 59 км, су жиналатын алабы 1510 км².
## Гидрологиясы
Арнасы кең, жағасы жайпақ, ағысы баяу. Жауын, қар, жер асты суларымен толығады. Ұзындығы 10 км-ден аспайтын 17 саласы бар. Қарашаның аяғында суы қатып, сәуірдің басында мұзы ериді. Көктемде тасыған су шабындықтарды көлдетіп суғаруға, ал тоспалар мен қарасулар жазда жайылымдарды суландыруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Ащысай – Шалқар алабындағы Ырғыз өзенінің оң саласы.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 93 км, су жиналатын алабы 1150 км2.
## Бастауы
Мұғалжар тауының шығыс беткейінен басталып Ырғыз өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Арнасы тар, жиегі тік жарлы. Қар, жауын, жер асты суларымен толығады. Жаздың ыстық айларында құрғап қалады. Қарашаның басында суы қатып, наурыздың аяғында мұзы ериді. Көктем, күз айларында өзен аңғарына мал жайылады.
## Дереккөздер |
Ащысай қорғасын-мырыш кен орны - Түркістан облысы Кентау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 24 км жерде орналасқан. Полиметалл кендеріне жатады.
## Тарихы
Кен орны ежелгі заманнан белгілі. 1866 жылы орыс табиғат зерттеушісі Н.А. Северцов сипаттаған. 1868 жылы орыс көпесі И.Первушин Қаратау аймағындағы басқа кендермен бірге Ащысай кенін де қазақтардан 1200 сом ақшаға сатып алған. Ал орыстың басқа бір көпесі Иванов 9 жыл аралығында (1883-1886 және 1895-1899 жылдары) Ащысай кенінен 357 т таза қорғасын өндірген. Бұл кен орны 1934 жылы Шымкент қорғасын зауытын салуға негіз болған. 1936 жылдан қорғасын кентасы өндіріледі.
## Геологиялық құрылымы
Ащысай қорғасын-мырыш кен орны бірнеше тектоникалық жарылымдар бойынша қыртысталған Белмазар синклиналінің шығысындағы девон, тас көмір кезеңдерінің әктас, доломит және саздан тұратын аралас тау жыныстарынан құралған.
## Жатыс сипаты
Кен орнының ұзындығы 500 м, ені 100, тереңд. 450 м-ге дейін. Ол діңгек, талшыбық, желі, тамыр сияқты тармақталған кен денелерінен тұрады. Олардың қалыңдығы 2-5 м аралығында. Кен сульфид және оксид кентастарынан құралған.
## Минералдары
Негізгі минералдары – пирит, сфалерит, галенит, кальцит, доломит, барит, церруссит, гидрогетит, гетит, смитсонит, липсонит, халцедон. Шикізат Шымкент қорғасын зауытына жіберіледі.
## Дереккөздер |
Ащылыөзек суғару жүйесі , Алматы облысы Сарқант аудында орналасқан. Ұзындығы 46,5 км. Су жүйесімен аудан шаруашылықтарының 2,0 мың га жері суғарылады және суландырылады.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Ащылы, Талды – Ақмола облысы Қорғалжын ауданының солтүстік-батысындағы өзен, Есіл алабындағы Терісаққанның оң саласы. Ұзындығы 50 км, су жиналатын алабы 1070 км2.
## Бастауы
Ақсу көлінің оңтүстігіндегі жазықтан басталып, Терісаққан өзеніне оң жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Өзеннің жоғарғы арнасы жазық, орта, төменгі арнасы тік жарлы. Ащылыға ұзындығы 10 км-ден аспайтын 4 сала құяды. Қарашаның басында суы қатып, сәуірдің басында мұзы ериді. Мал суаруға, алабы мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Ащысай үңгірі – Түркістан облысы Созақ ауданы, Ащысай ауылы маңында орналасқан.
## Сипаты
Үңгір карст типіне жатады. Қаратау беткейінің әктасты қабатында жер асты суының жебір әрекетінен пайда болған. Ұзындығы 30 м, ені мен биіктігі 3 м-дей. Қабырғаларында әктастың еруі нәтижесінде әр түрлі ою-өрнекті бейнелер қалыптасып қатып қалған. Табанында түрлі пішінді карбонат үйінділері кездеседі.
## Дереккөздер |
Ащысор – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы ойыс.
## Сипаттамасы
Ұзындығы мен ені орта есеппен 10 – 12 км, аумағы 105 км². Ойыс теңіз деңгейінен 38 м төмен жатыр. Сор басып жатқан ойысты құм төбешіктер қоршаған. Батыс жағалауындағы құм қырқасында Апаша құдығы бар. Жағалау бойында шөлге тән сораң шөптер өседі. Ойыстың солтүстігінде мұнай кен орындары бар.
## Орналасқан жері
Қарақия аудының орталығы Құрық ауылының солтүстік-батысында 14 км жерде орналасқан.
Каспий теңізі жағалауына жақын орналасқан (теңізден 5 км жерде) ойыстың пішіні дөңгелек келген.
Болашақта ойыстың орнын Каспий теңізінің суымен толтырып, жасанды көл құру көзделген.
## Дереккөздер |
Ащысу бөгені – Ащысу өзенінің бойындағы бөген. Қарағанды – Қарқаралы автомобиль жолынан 4 км жерде, Бұқар жырау ауданында орналасқан. 1984 жылы салынған.
## Гидрологиялық сипаты
Су айдынының ауданы 670 га, толған кездегі көлемі 20 млн. м3, ұзындығы 9 км, ені 2 км-ге дейін, ең терең жері 15 м, жағалауының ұзындығы 23 км. Суының минералдығы су тасу аяқталған кезде 300 мг/л-ден күзгі және қысқы төмен деңгей кезінде 1 г/л-ге дейін ауытқып отырады. Қарашада суы қатып, сәуірде мұзы ериді. Ащысу бөгенінде мөңке, оңғақ, шортан, алабұға, шабақ тіршілік етеді. Ащысу бөгенінің суы аудандағы шаруашылықтардың жерлерін суландыру үшін пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Ащысу – Қарағанды облысының Бұқар жырау, Павлодар облысының Баянауыл аудандары арқылы ағатын өзен.
## Бастауы
Айыр мен Желтаудағы бұлақтардан басталып, Жаркөл көліне құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 276 км. Ірі салалары – Жыландыбұлақ, Қорған, Айрық, Қарасу және Күртіөзек. Аңғарының ені 7,5 км. Қар, жер асты суларымен толығады. Жазда тартылып қарасу тізбектеріне айналады. Теңдік ауылы тұсында жылдық су ағымы 0,44 м3/с. Қараша – сәуір айларында суы қатады. Суы мол кезде тұщы, сабасына түскенде ащы келеді. Мал суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Ащылыайрық – Сілеті өзенінің сол саласы.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Шортанды, Ақкөл аудандарының жері арқылы өтетін өзен. Ұзындығы 58 км, саласы Сарықамыспен қосқанда 96 км.
## Гидрологиясы
Су деңгейі көктемде көтеріледі, ағысы баяу, жазда құрғамайды. Жағасы жоғарғы ағысында тік жарлы, төменгі ағысында жазық. Жауын-шашын, қар, жер асты суларымен толығады. Суы қарашаның басында қатып, сәуірдің аяғында мұзы ериді. Су жиналатын алабы 3520 км². Егін, мал жайылымдарын суландырады. Ащылыайрыққа 7 сала құяды. Ішіндегі ірілері: Сарықамыс, Қаражар, Тасмола, т.б.
## Дереккөздер |
Ащысу – Алматы облысының Жамбыл, Қарасай аудандары арқылы ағатын өзен.
## Бастауы
Іле Алатауының солтүстік баурайындағы 2000 – 2500 м биіктіктегі текшелерден бастау алып, Көлбұлақ ауылының солтүстігінде суы сарқылып қалады.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 93 км, су жиналатын алабы 1070 км2. Жоғары ағысында өзен тік беткейлі тар арнамен ағады, ал төменгі ағысындағы арнасы жазық келеді. Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Аңғары мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Ащытайпақ – Маңсуалмас (Мыңсуалмас) қонысы мен Бағытбай – Беніке ойысының оңтүстігінде жатқан сор. Бейнеу ауданында орналасқан. Доғаша созылған сордың ұзындығы 45 км, енді жері 6 км. Сордың шығысы мен оңтүстік кемерлі жарқабақты келген. Салыстырмалы биіктігі 43 м, абсолютті биіктігі 126 м. Бағытай – Бенікемен ұласып жатқан батысы сайлы-жыралы, жайпауытты келген қиыр оңтүстігінде Қарабұлақ құдығы орналасқан.
## Дереккөздер |
Ащытақыр — Ертіс өзені алабына жататын көл.
## Географиялық орны
Павлодар облысы Шарбақты ауданы, Каховка ауылының солтүстік-шығысында, 3 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 125,6 м биіктікте.
## Гидрографикасы, жағалау сипаты
Аумағы 4,4 км2. Географиялық орны бойынша Ұзындығы 3,3 км, енді жері 1,7 км, жағалау бойының ұзындығы 8,0 км. Көл суы негізінен еріген қар суымен толысады. Қараша айында суы қатып, сәуірде мұзы ериді. Суы ащы. Жағалауы жазық далалы. |
Ащытасты – Торғай алабындағы Тасты өзінінің оң саласы.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігі аумағында. Ұзындығы 130 км, су жиналатын алабы 5240 км2.
## Бастауы
Арқалық тауының оңтүстік-шығыс беткейінен басталып, Тасты өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Аңғарының ені жоғарғы ағысында 400 м, төм. ағысында 2 км-ге, сағасында 5 км-ге дейін жетеді. Басты салалары: Байқожа, Ақжар, Түлкісай, Жосалысай. Жауын-шашын, қар, жер асты суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 2,76 м3/с. Ащытасты жайылымдарды суландыруға және малға суат есебінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Ащытас – Күршім жотасының оңтүстігіндегі төбе.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы жерінде орналасқан.
## Географиялық орны
Абсолюттiк биіктігі 574 м. Қара Ертіс өзенінің аңғарында орналасқан. Төбе ендік бағытта созылып жатыр. Оңтүстігі құз жартасты келген.
## Өсімдігі
Сұрғылт қоңыр және сортаңды топырағында қарабарақ басым әр түрлі өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Ащытасты жер асты су кен орны - Қостанай облысы Амангелді ауданында, Ащытасты және Қарынсалды өзендерінің құйылысында орналасқан.
## Жатыс сипаты
Сулы қабат жоғары төрттік жүйенің қалыңдығы 8-15 м болатын аллювийлі террасасына шоғырланған. Тәулігіне 75 м3 су сүзіледі. Ұңғыманың дебиті секундына 2-9 л, суы сәл минералды (0,4-1,0 г/дм3). Кен орнының тәуліктік қоры 20,7 мың м3, оның ішінде Амантоғай телімінде 3,0 мың м3. Кен суы Амантоғай елді мекенін сумен қамтамасыз етеді.
## Дереккөздер |
Ащысай кен орны - Ақтөбе облысы Темір ауданы жерінде, Шұбарқұдық темір жол стансасынан солтүстікке қарай 60 км жерде орналасқан.
## Жатыс сипаты, минералдары
Барлық негізгі геологиялық белгілері бойынша қоры 1,3 млн. т. Мұнда титан кентасының басты минералдары ильменит, рутил, ликоксен, циркон өндіріледі.
## Дереккөздер |
Аютас қыраты , Аютас – ендік бағытта созылып жатқан көтеріңкі келген қыратты жерлер. Cолтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудында. Аудан орталығы Сергеевка қ-на таяу жерде орналасқан. Жер бетіне байырғы кристалл жыныстары шығып жатыр. Есіл өзенінің аңғары осы жерде тарылған. Сол жерде Сергеев бөгені салынған. Қырат үстінде қиыршықтас өндіретін карьер бар. А. қ. жайлы ел ішінде әр түрлі аңыз айтылады.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Аяқбас ақжапырақ (лат. Jurinea cephalopoda) – астралылар тұқымдасының ақжапырақ туысына жататын бұта. Қазақстанның Қаратау, Қызылорда, Түркістан өңірлерінде кездеседі. Биікт. 70 см. Бұтақталған сабағы тік өседі. Жапырақтары жіңішке, шеті сыртына қарай қайрылып келеді, ұзындығы 10 – 20 см, ені 2 – 5 мм-дей болады. Күлте жапырақшалары қошқыл қызыл түсті. Ақ түсті гүлдері дара себет гүшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Мамыр айында гүлдеп, маусымда жеміс береді. Тұқымы – төбесі төмен қараған пирамида тәрізді, 4 қырлы. Аяқбас ақжапырақ өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
## Сілтемелер
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Аяқбұлдырық – Сарысу өзенінің төменгі бойындағы тау.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Ұлытау ауданының оңтүстігінде, батыстан шығысқа қарай 25 км-ге созылып жатыр, ені 10-12 км.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 261 м. 2 шоқыдан (Аяқбұлдырық, Басбұлдырық) тұрады. Оңтүстік беткейінен Бұлдырық бұлағы басталады.
## Өсімдігі
Шөл өсімдіктері (сарысояу, баялыш) өседі. Мал қыстатуға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Аяққарасай – Үстірт жазығының оңт.-шығыс бөлігіндегі құдық. Маңғыстау облысы Қарақия ауданында орналасқан.
Тереңдігі 6 м, су шығымы 50 л/сағ. Маңайын қалың сексеуіл басқан. Батысында Сыртшаңжал, "Қолыниязқолқа" қоныстары орналасқан. Оңт-нде Түрікменстанмен шектеседі.
## Дереккөздер |
Аяққалқан минералды суы – Іле өзенінің сол жағалауындағы палеоген, неоген құмды қабаттарындағы тектоник. жарылымдардан бұрғыланған ұңғымалар арқылы шығып жатқан, арыны мол шипалы су. Ол Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек а-нан солт.-батысқа қарай 45 км жерде, Іле өз-нің сол жағалауында орналасқан. 1956 ж. бұл жерде аудандық санаторий ашылды. 1960 – 70 ж. суы шипалы сусын ретінде “Алматы минералды суы” деген атпен сатуға шығарылды. Суының температурасы 29°С, құрамы хлорлы-сульфатты натрийлі, минералд. 4,5 г/л. Асқазан, ішек, қол-аяқ, бел сырқаттарын және әйел ауруларын емдеуге пайдаланылды. 1970 жылдан кейін минералды су шығып тұрған ұңғымалар, бұлақтар Қапшағай бөгенінің астында қалып, Аяққалқан курорты жабылды. Кейін 1989 – 91 ж. Қапшағай бөгенінің шығыс жағалауында жүргізілген гидрогеол. барлаудың нәтижесінде антропоген құмды қабаттарынан, бұл минералды судың жаңа көздері табылды. Ұңғымалардан атқылаған судың мөлш. тәулігіне 8 – 20 мың м3-ге жетеді.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Аяққамыс, Аққамыс – Қостанай облысы Жангелді ауданындағы Тоқанай ауылының оңтүстік-батысында 32 км жердегі тұйық көл.
## Гидрографикасы
Ұзындығы 6,7 км, ені 2,5 км, аумағы 12 км2 (жауын-шашынға байланысты өзгеріп отырады). Жағасы жазық. Қарашаның аяғында суы қатып, сәуірдің аяғында мұзы ериді. Суы ащы. Жағалауы мал жайылымы, алабының 30 – 40%-ы егіндік.
## Дереккөздер |
Ащыойыл – Ойылдың сол саласы
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Байғанин, Ойыл аудандарының жерінде. Ұзындығы 114 км, су жиналатын алабы 5210 км2.
## Бастауы
Шилісай, Шұбаржылан өзендерінің тоғысқан жерінен бастап Ащыойыл деп аталады. Құрман аулының тұсында Ойылға құяды.
## Гидрологиясы
Көктемде құятын негізгі салалары – Ащыөзек, Қандыағаш, Жарлы, Қаңбақтысай, Қуырдақты. Аңғарының ені 0,3 – 1,5 км-ге, ал жардың биіктігі 1,5 – 2,5 м-ге жетеді. Қар суымен толығады. Суы қарашаның басында қатып, наурыздың аяғында мұзы ериді. Көп жылдық орта су ағымы 2,0 – 2,5 м3/с. Суында шортан, табан балық бар. Төменгі ағысында жайылымдарды суғаруға пайдаланады.
## Дереккөздер |
Аяққарауыл – Балқаш көлінің солтүстік-шығысындағы төбе.
## Географиялық орны
Абай облысы Аягөз ауданында орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттiк биіктігі 465 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Шығысынан Бақанас өзені ағып өтеді.
## Өсімдігі
Төбеде бұталы ағаштар өседі.
## Дереккөздер |
Аяққұм – Аққұмсағыз құмының оңтүстік-батысындағы құмды алқап.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сағыз өзенінің бойында орналасқан.
## Жер бедері, өсімдігі
Ұзындығы 12 км, ені 7 – 10 км. Қырқалы-төбешікті келген. Құмдақты сортаң топырағында жусан, ебелек, т.б. шөптесіндер өседі.
## Дереккөздер |
Әбдіраман – Қызылорда облысы. Шиелі ауданы. Қызылқұмның солт. бөлігіндегі құдық. Тереңд. 6 м, су шығымы 160 л/сағ. Құдық тізбекті құм төбешікте орналасқан. Құмдауыттың тақыр топырағында жүзгін, сексеуіл, т.б. өседі.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Аюоты , брахиактис (Brachyactіs) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын бір немесе екі жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда ылғалды, сазды, көбінесе тұзды топырақты жерлерде, өзен-көл жағалауларындағы шалғындарда өсетін 1 түрі – кірпікшелі А. (В. cіlіate) бар. Биікт. 2 – 60 см, жіңішке тамырлы. Сабағының төм. бөлігі қызғылт, жоғ. бұтақтарын бытыраңқы түктер жапқан. Жапырақтары жіңішке, ұзын кейде қауырсынды. Себеттері көп гүлді, шеткілері аналық гүлді, түзсіз, түтікшелі. Табақшагүлдері гүлтәжілерінен қысқа, қос жынысты, 5 тықыр тісті. Тамыз – қазан айларында гүлдеп, жемістенеді. Тұқымдары ұсақ, қоңыр түсті, түкті.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Әбді – Ойыл, Қобда өзендері аралығында орналасқан тау.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Қобда ауданы жерінде.
## Жер бедері
Абсолюттiк биіктігі 304 м. Солтүстік-батыстан оңтүстікке қарай созылып жатыр.
## Өсімдігі
Баурайының қызғылт қоңыр топырағында бетеге, боз, селеу өседі.
## Дереккөздер |
Әбдірахман – Шығыс Қазақстан облысы. Аягөз ауданы. Ақшатау жотасының оңт-ндегі қыстау. Маңайынан Бүрген, Көксала, Қорымбай өзендері ағып өтеді. Жанында бұталы шабындық, қызыл сұлыбас өседі.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Әбдірекше – Талдыбұлақ сілемінің солтүстік-шығысындағы тау.
## Географиялық орны
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ащысай ауылының оңтүстік-батысында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1474 м.
## Өсімдігі
Жонды-қырқалы беткейінде шырша, қарағай орманы мен таудың қоңыр шалғынды топырағында бұта аралас шөптесіндер өседі.
## Дереккөздер |
Аяқсаз – Үйгентас асуының оңт.-шығысындағы қоныс. Алматы облысы Панфилов аудында орналасқан.
Қоныстың бойынан Бурақожыр (Борохудзир) өз. ағып өтеді. Оңт.-батысында Алтынемел жотасы жатыр. Тауалдының қара топырақты даласында бұта аралас астық тұқымдас өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Әбуақан – Қызылқұмның солт.-шығыс бөлігіндегі құдық. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында орналасқан. Тереңд. 20 м, су шығымы 1080 л/сағ. Құдықтың маңайында қалың сексеуіл шоғырлары мен құмды тақыр топырағында жусан өседі.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Әжі – Ерейментау тауының солтүстік-шығысындағы тау.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Ерейментау ауданында орналасқан. Өлеңті өзенінің оң жағасында.
## Өсімдігі
Баурайындағы сортаң, қызғылт қоңыр топырағында сұлыбас, боз, селеу, қозықұлақ шөптесіндері өседі.
## Дереккөздер |
Әжімбай – Қараөзен алабындағы канал.
## Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Казталов, Жаңақала аудандарында орналасқан.
## Гидрологиялық сипаты
Ұзындығы 55 км. Бастауын Фурманов каналы арқылы Көшім өзенінен алып, Қараөзен өзеніне құяды. Каналдың бойында Жас, Қорған, Жұмағұлқұдық, Батырбай, Қарамыс, Шөкей ауылдары бар. Сонымен қатар каналдан Талдыапан, Аққұс, Атақұдық, Талсай, Қайшақұдық ауылдарына арықтар тартылған. Әжімбай каналы түрлі шаруашылықтарға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Әбдіқай – Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Өнеге а-ның батысында 4 км жердегі қыстау. Солт.-шығысынан Волга каналы өтеді. Сұрғылт қоңыр сортаңды топырағында бетеге, боз, селеу, т.б. өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Әйет темір кен орны, Әйет темір кентасты алабы – Қостанай облысының Әйет өңіріндегі темір кені тараған аймақ. Ол Торғай Бас темір кентасты алабы, Елтай – Қоржынкөл ауданы құрамына кіреді.
## Жатыс сипаты
Темір кентасының қалыңдығы 3-5 м, кейде 9 м-ге дейін жетеді. Қабат бор жүйесінің төменгі бөлімі мен палеозойлық үгілу қыртысының үстінде жер бетіне жақын жатыр. Кеннің барланған бөлігіндегі темірдің орташа мөлшері 37,1%.
## Құрамы
Кентас құрамында 16% күкірт, 0,39% фосфор бар. Бұл кен Қазақстан қара металлургиясының негізгі шикізат базасы болып табылады.
## Дереккөздер |
Әйет боксит кен орны – Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданындағы алюминий кентасы өндірілетін кен орны.
## Геологиялық құрылымы
Бокситті қабаттар мезозойдың үгілу қыртысында түзілген. Үгілу қыртысының табанында ішіне гранодиорит, диорит, порфирит интрузивтері енген тас көмір кезеңінің әктастары, аргиллиттері, жанартаутекті жыныстары жатыр. Карбонатты жыныстардағы эрозиялық-карст депрессиялары мен карст шұңқырлары сазға, лигнитке, бокситке, аллитке толған. Бұларды палеоген – антропоген кезеңінің құмы, сазы, саздақтары жауып жатыр.
## Жатыс сипаты
Кентас негізінен гиббситтен тұрады, сапасы әр түрлі, кен денелері линза, ұя пішінді, ұзындығы 50-600 м, ені 50-350 м, орташа қалыңдығы 5,1-25,3 м, олар 15-48 м тереңдікте қалыптасқан. Кен құрамында 39 – 52° алюминий оксиді (Al2O3), 7-19% кремний оксиді (SіO2) бар. Бокситтің абразивтік түрлері кездеседі. Әйет боксит кені Павлодар алюминий зауытының шикізат базасы болып табылады.
## Дереккөздер |
Әйтен – Тұздықақ сорының солт.-шығысындағы қыстау. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Сейітқали а-ның шығысында 21 км жерде орналасқан. Өңірдің сортаң қоңыр топырағында теріскен, еркек шөп, боз, селеу өседі.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Әйтек суғару-суландыру жүйесі , Қызылорда облысы Сырдария, Жалағаш аудандары жерінде. Бастауын Сырдария өзенінен алып, Қараөзек т. ж. ст-сын бойлай ағып, Жалағаш ауданының батысында аяқталады. Су жүйесі негізінен күріш танабын суғаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Әйке – Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Әйке ауылының батысында орналасқан тұйық көл. Торғай Үстіртінің солтүстігіндегі Сыпсыңағаш қолатында.
## Аумағы
Аумағы 31,0 км2, теңіз деңгейінен 244,1 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Су жиналатын алабы 2010 км2. Ұзындығы 18,0 км, енді жері 2,3 км. Қуаңшылық жылдары құрғап қалады. Көлге 5 маусымдық ағын сулар құяды. Алабы мал жайылымы, шабындық ретінде пайдаланылады. Қарашаның аяғында суы қатып, сәуірдің аяғында мұзы ериді. |
Альзина , әлзина (Alsіne) – қалампырлар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда ылғалы мол құмды жерлерде өсетін 1 түрі – егістік Альзина (Альзина segetalіs) бар. Биіктігі 3 – 10 см, сабағы жалаң, бұтақты. Жапырақтары жіңішке, ұзындығы 0,5 – 1 см, ені 0,5 мм. Гүлдері ұзын гүлсағақты, жазылыңқы сыпыртқыға топталған. Тостағанша жапырақшалары ұзынша домалақ, желектері ұзынша. Қорапшасының ұзындығы 3 – 4 мм, үш тісті ашылады. Мамыр – маусымда гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – қорапша (ұзындығы 4 мм). |
Әбіқай – Меңкесер көлінің оңт-ндегі қоныс. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында орналасқан. Көлді-аллювийлі жазықтағы қара топырағында батпақты жұлдызшөптер мен қоянқұлақ, боз, селеу өседі. |
Әлжанит – Қазақстан жерінде табылған, бораттар тобына жататын жаңа минерал. Хим. формуласы CaBOCl. Каспий т-нің солт-ндегі кішігірім Әлжан көлінен табылған. Кристалдары қос пирамидалы келеді. Түссіз немесе қызғылт, мөлдір, алмастай жылтыр. Менш. салм. 2,21 г/см3. Галит-карналлит-бишофит құрамды жыныстардың ерімеген қалдығында ангидрит, шалқарит, т.б. минералдармен бірге қалыптасады. |
Әкімшілік-аумақтық бөлініс – мемлекеттің аумақтық ұйымдастырылу жүйесі. Оның негізінде үкімет пен басқару органдары құрылып, тиісті жұмыстар атқарады. Қазақстан Республикасында Әкімшілік-аумақтық бөлініс облыстық, қалалық, аудандық, округтік бірліктерден тұрады.
Әдетте елдерде әкімшілік бөліністің бірнеше деңгейі бар. Бірінші деңгейдегі әкімшілік бірліктердің жалпы атаулары: штаттар, провинциялар, жерлер, өлкелер, облыстар, губернаторлықтар, кантондар, префектуралар, өңірлер, департаменттер, әмірліктер және т. б. олар өз кезегінде көбінесе округтер, комаркалар, аудандар, аймақтар, уездер сияқты атаулармен белгілі кішігірім әкімшілік бірліктерге бөлінеді. Олар әрі қарай ең кіші әкімшілік-аумақтық бірліктерді құрайтын муниципалитеттерге, қауымдастықтарға, ұлыстарға, гминдерге немесе коммуналарға бөлінеді.
ӘАБ жиынтығы әр деңгей аумақты басқарудың, салық жинаудың және басқа да мемлекеттік функциялардың белгілі бір құрылымдық міндеттеріне жауап беретін жүйені құрайды.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Елді мекендер:
* Әйет – Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданындағы ауыл.
* Әйет – Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған.
* Әйет – Қостанай облысы Денисов ауданындағы ауыл.
Өзен:
* Әйет – Тобыл өзенінің саласы. |
Әйтеке би ауданы — Ақтөбе облысының солтүстік-шығыс бөлігіндегі әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Темірбек Жүргенов ауылы.
## Географиялық орны
Аудан Ақтөбе облысынан 320 шақырым жерде, облыстың солтүстік-шығысында, Ресеймен шекаралас Ырғыз өзенінің бойында орналасқан. Батысында облыстың Хромтау, Мұғалжар, оңтүстігінде Шалқар, Ырғыз, шығысында Қостанай облысының Қамысты, Жангелдин аудандарымен, солтүстігінде Ресей Федерациясымен шектеседі.
## Тарихы
1966 жылдың 31 қаңтарында Қазақ ССР-і Жоғарғы Советі Президиумның Жарлығымен Комсомол ауданы болып құрылған. Аудан орталығы Бөгеткөл селосы болып белгіленді. Оның құрамына Қарабұтақ ауданының 8 селолық Кеңесі енді: Жамбыл, Жаңадәуір, Қызылжар, Құмқұдық, Псков, Талдысай, Тереңсай, Ұшқатты. Сол кездегі берілген мәліметтерге сүйенсек, аумағы 870 мың га, ауыл шаруашылығына жарамды жерлері 819 мың га болды. Егінді аудан ретінде қалыптасқан шаруашылыққа «Восточный», «Псков», «Северный», «Урожайный», «Щербаковский», «Ярославский» және ХХІІ Партсъезд атындағы тың совхоздары біріктірілген. 1993 жылы Комсомол ауданының атауы Бөгеткөл ауданы болып өзгертілді. 1997 жылдың 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен Бөгеткөл ауданы көршілес Әйтеке би (бұрынғы Қарабұтақ) ауданымен біріктіріліп, Әйтеке би есімін иеленді де, Комсомол селосы аудан орталығы болып белгіленді.
## Халқы
Тұрғыны 24895 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (93,68%), орыстар (4,05%), басқалары (2,27%).
## Әкімшілік бөлінісі
Аудандағы 27 елді мекен 15 ауылдық округке біріктірілген:
## Ірі елді мекендері
## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Аудан жері негізінен үстіртті жазық (биіктігі 100 – 400 м) келеді. Солтүстік-шығысын Мұғалжар тауы алып жатыр. Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы –17°С, шілдеде 22°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 – 250 мм. Аудан жерінен солтүстіктен оңтүстікке қарай Ырғыз өзені мен оның Қарабұтақ, Қайрақты, Шолаққайрақты, Ұлыталдық, Балаталдық, т.б. салалары ағып өтеді. Аудан аумағында Белқопа, Әйке, Тегіссор көлдері бар. Аудан жері негізінен қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты келеді. Өсімдіктерден боз, бетеге, жусан, қамыс, киікоты, жоңышқа, изен, тобылғы, көкпек, қараған, алабота өседі. Жануарлардан түлкі, қарсақ, қоян, қасқыр, күзен, борсық, ақ бөкен, киік; құстардан қаз, үйрек, тырна, дуадақ, жылқышы, тауқұдірет, балықшы, қызғыш, қарақұс, жапалақ, бозторғай, бүркіт, т.б. мекендейді. Ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 188,9 мың га. Оның ішінде жыртылатын жері 69,3 мың га, шабындығы 4,3 мың га, жайылымы 835,8 мың га.
## Жол жүйесі
Әйтеке би ауданы арқылы Астана-Ақтөбе теміржол сапар желісі өтеді. Негізгі автокөлік жолы Қарабұтақ — Комсомол — Северный — Жайылма елді мекендер үстінен өтеді.
## Дереккөздер |
Аяқмалайсор — Павлодар облысы Май ауданы, Жамантұз қыстауының оңтүстік-батысында, 18 км жерде орналасқан көл.
## Гидрографикасы
Аумағы 5,1 км2. Теңіз деңгейінен 199,0 м биіктікте жатыр. Сопақ пішінді көлдің ұзындығы 6,5 км, енді жері 1,4 км, жағалау бойының ұзындығы 26,6 км. Көл түбінде тұз шөккен. Алқамерген көлі мен Аяқмалайсор көлдері аралығында бірнеше ұсақ тұзды көлдер бар. Көктемгі еріген қар суы, жауын-шашын су көлемін арттырып, көлдерді тұтастырып кетеді. Жаз айларында су деңгейі төмендеп, орны тұзды батпаққа айналады. Жағалау бойы қамыс, құрақпен көмкерілген.
## Дереккөздер |
Әлпелік , иберия (лат. Iberis) – орамжапырақ тұқымдасына жататын шөптесін немесе бұташық өсімдіктер туысы.
Негізінен Жерорта теңізі жағалауларында, Кавказда және Кіші Азияда кездесетін 30-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда сортаңды жерлерде өсетін 1 түрі – ащы Ә. (І. amara) бар. Биікт. 15 – 40 см, сабағы тықыр немесе сирек түк жауып жатады. Жапырақтары ұзынша, шеті тісті. Гүлдері ақ немесе күлгін түсті, қалқанша гүлшоғырына топталған. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – бұршаққын. Ә-ті әсемдік үшін өсіреді.
## Дереккөздер |
Әлпен (лат. Chaerophyllum) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Еуразия және Америкада кездесетін 40-қа жуық түрі белгілі. Қазақстанда ылғалы мол шабындықтарда, жазық далалы аймақтарда және тал-терек өскен шоқыларда өсетін 1 түрі – прескот Ә-і (Ch. Prescottіі) бар. Биікт. 50 – 90 см, тамыры түйнекті, шар тәрізді. Сабағы қуысты, тік өседі, жоғары жағы бұтақтанған. Жапырақтарының шеті тілімденген. Тостағанша жапырақтары тіссіз, желектері ақ немесе қызғылт түсті. Ұсақ гүлдері күрделі шатырша гүлшоғырына топталған. Маусым айында гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Жемісі қысыңқы, ұзынша. Ә. астық тұқымдас өсімдіктердің арамшөбі болып саналады. Оларды жою үшін ерте көктемде жерді терең жыртып, тұқымын тазалап, гербицидтер шашады.
Үлгі:Фоторяд
## Дереккөздер |
Әлшінжал – Мыржық жотасының солтүстік-шығысындағы тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында орналасқан. Абсолюттiк биіктігі 452 м.
## Өсімдігі
Баурайындағы қоңыр топырағында бұта аралас боз, селеу, жусан өсімдіктері өседі.
## Дереккөздер |
Әлібекмола – Жем өзенінің бойында, Жұрын а-нан батысқа қарай 14 км жердегі қыстау. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданынды орналасқан. Батысында Темір өзені ағады. Шығысынан Ақтөбе – Ембі автомобиль жолы өтеді. Денудациялық жазықтағы қоңыр қызғылт және сортаңды топырағында көкшұнақ, бетеге өседі.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Әлібекмола мұнай кен орны — Ақтөбе облысы Темір ауданындағы кен орны. Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 240 км жерде орналасқан. Кен орны 1988 жылы ашылған.
## Геологиялық құрылымы
Кен орны тектоникалық бұзылыс нәтижесінде оқшауланған антиклинальдық иілімді алып жатыр. Сейсмикалық зерттеулер бойынша құрылым өлшемдері 17×5 км, биіктігі 450 м. Өнімді қабаттар тас көмір кезеңінің әктасты шөгінділерінде түзілген.
## Қанығу сипаты
Коллектордың кеуектектігі 6,5 – 12,1%, мұнай сіңімділігі 70 – 81,8. Бастапқы қабат қысымы 31,3 МПа, температурасы 70°С. Ұңғыманың тәуліктік өнімділігі 269 м3.
## Құрамы
Мұнайдың меншеңді салмағы 0,845 г/см3, құрамында күкірт (1,31), парафин (8,08%), шайыр (5,61%) бар. Мұнайлы қабаттардың режимі – арынды серпінді-сулы келеді. |
Әмзе – Ханшыңғыс жотасының солт-ндегі қыстау. Шығыс Қазақстан облысы Абай аудында, Шаған өзенінің бойында орналасқан. Жанында Аршалы, Қоянбай құдықтары бар. Сұрғылт қоңыр топырағында жусан, боз, селеу шөптесіндері өседі.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Әменшақ – Қызылқұмның солт.-шығыс бөлігіндегі құдық. Қызылорда облысы Жаңақорған аудында орналасқан. Тереңд. 26 м, су шығымы 720 л/сағ. Маңайында Бектемір, Жоғ. Мұсабай, 2-Әліп құдықтары бар. Құдықты тізбекті төбешікті құмдар мен сексеуіл шоғырлары қоршап жатыр.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Әмірбек – Қызылқұмның солт.-шығыс бөлігіндегі құдық. Қызылорда облысы Шиелі ауданында. Сырдария өз-нің сол жағалауында 13 км жерде орналасқан. Тереңд. 5 м, су шығымы 800 л/сағ. Құмның тақыр типті топырағында теріскен, жусан, сексеуіл өседі.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Әмір сөзінің бірнеше мағынасы бар:
* Әмір (атақ) - шығыс елдеріндегі әскербасылық атақ. Араб тілінен енген бүл әскери дәреже түркі тіліндегі «бек» дәрежесімен сәйкес.
* Әмір Темір - тарихи тұлға
* Әмір, қолбасшы
* әмір-Әль-бахр - теңiз әмірiшici (адмирал)
## Дереккөздер
Әмір- шығыс елдеріндегі әскербасылық атақ. Араб тілінен енген бұл әскери дәреже түркі тіліндегі "бек" дәрежесімен сәйкес. Мыңдық, он мыңдық (түмен) әскерді басқаратын қолбасылар Әмір атағына ие болған. Әмір атағына ие болған адамға әскери ту, дәреже белгісі- байрақ, соғыс кезінде әскерді басқаруға қолданатын дабыл, шындауыл тапсырылған. Сонымен қатар Әмірлердің иелігіне, әкімшілік басқаруына елді мекендер, ұлыстар, уәлаяттар беріліп, олар сол әкімшіліктен түсетін кірістің не салықтың белгілі бір бөлігін алу құқына ие болған. Бұл иелік Әмірге белгілі бір мерзімге, не мұрагерлікке берілуі мүмкін. Сондықтан Әмірлер әскербасылықты және елбасылықты бірдей ұстаған. |
Әміржанов – Атырау облысы Индер ауданы Көктоғай (Зеленый) ауылының оңтүстік-батысында 15 км жердегі қыстау. Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан. Төбешікті құмдар мен аңғардағы қоңыр топырағында жусан, түрлі жұлдызшөптер өседі.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Әлпаш, Алпаш – Ақсуат көлінің солтүстігіндегі батпақ.
Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданында орналасқан. Топырағы батпақты-шалғынды келген.
## Дереккөздер |
Әсемгүл (Hyalea) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда кәдімгі әсемгүл (H. pulchella) түрі кездеседі. Ол Торғай үстіртінде, Зайсан қазаншұңқырында, Маңғыстау түбегінде,Балқаш – Алакөл ойысында, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларында, Қаратауда өседі. Биіктігі 70 – 80 см болады. Бұтақты келеді. Оған бүтін жиекті, ұзынша жапырақтары кезек орналасады. Қызғылт, кейде ақ түсті гүлдері себет гүлшоғырына топталған. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, жеміс береді.
## Дереккөздер:
Қазақстан энциклопедия 1-том |
Әсем сарықас, әсем сайрауық (лат. Phylloscopus proregulus) – торғайтәрізділер отряды, сандуғаштар тұқымдасына жататын әдемі құс. Ол Сахалинді, Шығыс Сібірдің оңтүстік бөлігі мен Солтүстік-Шығыс Алтайды, Қытайды, Гималай, Тибет, Гиндукуш таулары аралығын мекендейді. Қанатының ұзындығы 47 – 58 мм, салмағы 5 – 6 г. Арқасы, басы, тұмсығы, бауыры күрең, қоңыр жасыл, сарғыш түсті келеді, басының орта бөлігінен құйрығының ұшына дейін сары жолағы болады. Әсем сайрауық негізінен ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Тіршілігі әлі толық зерттелмеген. Әсем сайрауық – жыл құсы. Оңтүстік Қытай, Үндіқытай, Бирма және Солтүстік Үндістанда қыстайды. Әсем сарықасты Алтай өңірінде «жылпылдақ торғай» деп те атайды.
## Дереккөздер |
Әлпешік (Іberіdelіa) – орамжапырақтар тұқымдасына жататын бұташық өсімдіктер туысы. Қазақстанда Қаратауда, Батыс Тянь-Шаньда өсетін 1 түрі – үшжүйкелі Ә. (І. trіnerva) бар. Биікт. 10 – 30 см, сабағы бұтақты. Жапырақтары етжең, тегіс жиекті. Тостағанша жапырақшалары ұзынша, желектері ақ, кейде қызғылт түсті. Мамыр айында гүлдеп, маусымда жемістенеді. Жемісі – бұршаққынша, пішіні ұзынша, сырты тықыр.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Әбілжаппас – Мешкейсор көлінен солтүстік-шығысқа қарай 10 км жердегі қыстау. Ұлытау облысы Ұлытау ауданында орналасқан. Жанында Түгел, Көктал қыстаулары бар. Солтүстігінен Қарасу өзені ағып өтеді. Сұрғылт қоңыр топырағында бетеге, селеу, боз, жусан, т.б. өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Әспет – Қостанай облысы Жангелді ауданы Көкалаат а-ның оңт-нде 25 км жерде орналасқан құдық. Тереңд. 2 м, су шығымы 50 л/сағ. Оңт-нде Ащытастысор көлі жатыр. Батысынан Қабырға, Торғай өзендері ағып өтеді. Құдық маңындағы бозғылт сұр және сортаңды қоңыр топырағында қара жусан, көкпек, жалманқұлақ, бұйырғын шөптесіндері өседі. |
Әуезов шыңы , Алматы облысы Талғар ауданы, Іле Алатауы жоталарының тоғысқан жерлерінде орналасқан.Абсолют биіктігі 4200 м. Шыңның солтүстік-батысқа қарай созылып жатқан сілемі Ақсай мен Мыңжылқы өзендерінің аңғарларын бөліп тұр. Шыңға алғаш рет 1949 жылы В.Н. Колодяж бастаған альпинистер тобы көтерілген.
## Дереккөздер |
Әуелбек керамзит шикізат кен орны - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы жерінде орналасқан, 1957 –1962 жылдары барлау жүргізілген. 1962 жылдан бастап Саран темір-бетон бұйымдары зауыты пайдалануда.
## Геологиялық құрылымы
Өнім беретін қабаттары төменгі тас көмірдің тығыз алевролиттерінен тұрады. Олар бетон бұйымдары арасына жылуды ұстап тұруы үшін толтырылатын ұсақ керамзит дайындау үшін қолданылады.
## Дереккөздер |
Әулиеата саржауы (лат. Trichanthemis aulieatensis) – астралылар тұқымдасына жататын саржау туысының бір түрі. Ол Қаратау мен Батыс Тянь-Шаньның қиыршық тасты беткейлерінде, жартастарында, орта белдеуінде өседі. Биіктігі 20—40 см болады. Көп сабақты, сабағы түп жағынан сүректеніп, тармақталып өседі. Сағақты жапырақтары ұзынша, қауырсынданып тілімденген. Гүлсебеті дара гүлді, күлтесі ақ-қызыл түсті болады. Тұқымынан көбейеді. Мамыр—маусым айларында гүлдейді. Әулиеата саржауы — өте сирек кездесетін сәндік өсімдік. Ақсу-Жабағылы қорығында қорғауға алынған. Таралу аймағының жылдан-жылға азаюына байланысты, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
## Дереккөздер |
Әукелбек – Ақмола облысы Атбасар ауданындағы көл. Сарыкемпір өзенінің сағасынан оңтүстік-батысқа қарай 3,5 км, Бала Көкпекті өзенінің сағасынан солтүстікке қарай 5 км жерде, теңіз деңгейінен 316 м биіктікте орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 6,3 км2. Ұзындығы 1,7 км, енді жері 1,1 км. Жағалау сызығының ұзындығы 7,4 км. Көл жағалауы жазық, түбі лайлы. Жауын-шашын, жер асты суларымен толысады. Кей жылдары құрғап қалады. Суы тұщы. Жағалауында бұталар өседі. |
Әулиебұлақ , Әулие қыз бұлағы – Шығыс Қазақстан облысы. Аягөз ауданы. Баршатас елді мекенінен батысқа қарай 110 км жерде, Жорға тауының солтүстік беткейінен ағып шығып жатқан шипалы қайнарлар. Таудың кварцит және порфирит жыныстарының тектоник. жарылым бойымен жер бетіне шыққан үш бұлақ қосылып (ағын мөлш. 0,17 л/с), жылға болып ағып жатады. Суы мөлдір, дәмі қышқылтым (рН=3), температурасы 6 – 9°С, минералд. 0,7 – 0,9 г/л, хим. құрамы сульфатты магнийлі. Суында темір (90 – 100 мг/л), алюминий (15 мг/л), мыс (4,3 мг/л), т.б. бар. Бұлақ суынан көмір қышқыл газы шығады. Ә-тың суы хим. құрамы жағынан Карелиядағы Ресейде) әйгілі «Марциалдық су» курортының шипалы бұлақтарына өте ұқсас. Ә. суын қан толықтыру, қан айналымын жақсарту мақсатында пайдалануға болады.
## Дереккөздер |
Әулиеата аққаңбағы(Gypsophіla aulіeatensіs) — қалампыр тұқымдасына жататын аққаңбақ туысының бір түрі, көп жылдық шөптесін өсімдік. Қаратау адырлары мен Мойынқұмның тастақты, балшықты жерлерінде өседі. Шоғырлана өскен сабағының биіктігі 40 — 50 см. Жапырақтары ұзынша, үшкір болады, ерте түседі. Гүлдері ақ түсті келеді. Тұқымынан көбейеді. Шілде — тамыз айларында гүлдейді, тамыз — қыркүйекте жеміс береді. жеміс қорапшасы домалақ, тұқымы ұсақ болады. Әулиеата аққаібағы — сирек кездесетін өсімдік, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
## Cілтеме |
Әулиекөл – Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты Қаражар ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2 км жерде орналасқан көл.
## Гидрографикасы
Аумағы 7,5 км2. Теңіз деңгейінен 126,0 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 3,7 км, ені 2,9 км, жағалау бойының ұзындығы 11,4 км.
## Жағалау сипаты
Көлге оңтүстік-батыстан Өлеңті өзені құяды. Маңайында Есенсор, ірілі-ұсақты көлдер бар. Жағалауындағы сор батпақта жусан, боз селеу, қозықұлақ, қылқұрт, т.б. шөптесіндер өседі. |
Әулиекөл сиыры — сиырдың етті тұқымы. Ол қазақтың ақбас сиыры тұқымын абердин-ангус және шароле тұқымдарымен күрделі түлетпе будандастыру жолымен алынған. Әулиекөл сиыры тез жетілгіш, жергілікті жағдайларға тез бейімделеді. Қыста жүні қалың өседі, қатал ауа райына жақсы көнбіс келеді. Түсі — ақшыл сұр. Бұқалары — 900 — 1125 кг, сауын сиырлары — 500 — 700 кг ет береді. Бордақыланған 15 айлық өгізшелерінің тірідей салм. 450 кг болады. Қазақстанның Солтүстік аудандарында өсіріледі.
## Дереккөздер |
Әңгірен – Ертіс алабындағы көл.
## Географиялық орны
Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Майқайың кентінен солтүстік-батысқа қарай 10 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 204,9 м биіктікте.
## Гидрографикасы
Аумағы 7,7 км2, ұзындығы 4,0 км, енді жері 2,9 км. Жағалау бойының ұзындығы 18,0 км. Оңтүстік-батысынан Қарасу өзені келіп құяды.
## Жағалау сипаты
Қоңыр қызыл және шалғынды топырағында жусан, боз, селеу, қозықұлақ, қылқұрт, т.б. шөптесіндер өседі. Жағасы жазық келген. Мал жайылымына пайдаланылады. Екібастұз – Майқайың автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Әулиекөл ауданы — Қостанай облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік аудан, құрғақ дала белдемінде орналасқан. Жерінің аумағы — 11,1 мың км². Орталығы — Әулиекөл ауылы. Аудан 1928 жылы "Семиозёр ауданы" болып құрылған, 1997 жылдан Әулиекөл ауданы аталады.
## Географиялық орны
Солтүстігінде Қостанай, Алтынсарин, батысында Бейімбет Майлин, Қамысты, шығысында Қарасу, оңтүстігінде Науырзым аудандарымен шектеседі.
## Жер бедері
Аудан жерінің көпшілік бөлігін жазықтық және қазаншұңқырлы-көлді өңір алып жатыр. Аудан аумағы оңтүстік-батысында Торғай Үстіртімен (абсолют биіктігі — 250 м), шығысында Торғай қолатымен (абсолют биіктігі — 103–115 м) шектеседі. Кен байлықтарынан: қоңыр көмір, көмір, отқа төзімді саз, боксит кездеседі. Климаты шұғыл континенттік — қысы суық, жазы ыстық. Қаңтар айындағы орташа температурасы — 18–19°С, шілдеде — 21–22°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері — 260–280 мм. Топырағы қара, қара қызғылт, қоңыр, құмдақ болып келеді. Селеу, көкпек, жусан, т.б. шөп өседі. Ауданның шығысында Басаман, Аманқарағай орман алқабы бар. Жабайы жануарлардан: қасқыр, түлкі, қоян, сарышұнақ, орманды өңірінде тиін, елік, бұлан; құстардан: шіл, қарақұр, бүркіт, кезқұйрық, қаз, үйрек, аққу, тырна, қызғыш, тауқұдірет, шымшық, бозторғай, т.б. мекендейді.
## Су торабы
Жер беті суларын ауданның Солтүстік-батыс бөлігі мен Торғай қолатындағы көлдер, Обаған өзенінің жоғарғы салалары, Шилі өзені құрайды. Көлдері: Құсмұрын, Шилі, Қарасор, Аласор, Сұлукөл, Шұбанкөл, т.б.
## Халқы
Тұрғындар саны – 42 178 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 51,05%, орыстар – 30,78%, украиндар – 7,41%, немістер – 3,14%, татарлар – 2,11%, шешендер – 1,49%, беларустар – 1,17%, башқұрттар – 0,33%, әзербайжандар – 0,28%, басқа ұлт өкілдері – 2,23%.
## Әкімшілік бөлінісі
33 елді мекен 3 ауылдық, 1 кенттік әкімдік пен 9 ауылдық округке біріктірілген:
## Ірі елді мекендері
## Шаруашылығы
Ауданда май, сыра, нан, құрама азық заводтары, шағын тігін және жиғаз фабрикалары, құрылыс-монтаж кәсіпорындары мен тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, баспахана, жол құрылыс кәсіпорыны, автобаза бар. Әулиекөл ауданы негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы — 1,1 млн га (1997), оның ішінде: 447,8 мың га егістік, 17,7 мың га шабындық, 501,4 мың га мал жайылымы бар. Ауданда негізінен қой, сиыр, жылқы, шошқа өсіріледі, астық, жемшөп, көкөніс, картоп, т.б. егіледі.
## Дереккөздер |
Әулиетас – үңгір.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Сарқан ауданы жерінде. Лепсі кентінен солтүстікке қарай 20 км жерде Балқаш көлінің жағасында орналасқан.
## Сипаты
Аумағы 75 м2. Үңгірдің кіре берістегі бөлмесінен кейін, тағы да кішірек екі бөлмесі бар. Екінші бөлмеге еңбектеп кіруге болады. Оның төбесіндегі 5 – 6 м қалың тастан еденіне сәуле түседі, тамшы тамады. Әулиетасты жергілікті тұрғындар қасиетті, киелі орын санайды. Балқаш көлінде демалушылар да осы орынға тәу етіп, шапағат-шипа тілейді.
## Дереккөздер |
Әлпігүл , ломатогониум (лат. Lomatogonium) – көкгүлдер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның таулы аймақтарының биік тау белдеулерінде, өзен-көл жағаларында мәңгі мұздар маңайында өседі. Оның карантий әлпігүл (L. carіnthіacum) және дөңгелек әлпігүл (L. rotatum)деген түрлері кездеседі. Олардың биіктігі 5 – 30 см-дей келеді. Сабақтары тықыр, жіңішке болады. Қандауыр пішіндес жапырақтары қарама-қарсы орналасады. Көкшіл, кейде қоңыр жасыл гүлдері масақ гүлшоғырына топтасқан. Жемісі қорапша тәріздес. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс береді.
## Дереккөздер:
Қазақстан энциклопедиясы 1-том |
Әулиешоқы, Томарашы – Қалба жотасының солтүстігінде Қызылсу өзені аңғарындағы тау.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында орналасқан. Абсолюттiк биіктігі 791 м. Беткейі жонды-қырқалы келген.
## Өсімдігі
Таудың қара, қызғылт топырағында бұталы өсімдіктермен қатар сұлыбас, боз, селеу, бетеге өседі.
## Дереккөздер |
Әшір суғару жүйесі , 1930 ж. Алматы облысы Панфилов ауданында іске қосылды. Бурақожыр өзенінің суын 2000 га егістік жерге шығарады. Жүйенің жалпы ұзындығы 5,9 км, құрамына 11 гидротех. қондырғы және бас тоған кіреді.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Үлкен әупілдек (лат. Botaurus stellaris) – Ескекаяқты құстар отрядының құтан тұқымдасының Әупілдек немесе Көлбұқалар туысына жататын құс.
Өзен-көл жағасын, қалың қамыс арасын мекендейді. Түсі сарғылт, маңдайы, төбесі және желкесі қара қоңыр, көзінің алды жасыл сары түсті болады. Қанатының ұзындығы 320 – 350 мм, салмағы 900 г-ға дейін жетеді. Жемін аулауға түнде шығады, бақа, итшабақ, ұсақ балықтармен және су жәндіктерімен қоректенеді. Көбейер кезде ғана жұптасып, басқа уақытта жеке тіршілік етеді. 2 – 3 қоңырқай жұмыртқасын қамыс-қопа ішіндегі ұясына салады. Балапандары екі айлығында ұшады. Әупілдек – жыл құсы. Наурыз – сәуірде Қазақстанға ұшып келіп, қазан айында жылы жаққа қоныс аударады. Әупілдек жемсауына су толтырып алып, қайта шығарғанда ерекше дыбыс естіледі, аты соған байланысты аталған.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Әшірит , диоптаз, мысты зүмірет – силикаттар класының минералы. Хим. формуласы: CuSіO3·H2O. Қазақстанның Алтынтөбе кенішінен ірі кристалдарын өндіріп, 1780 ж. Ресей орталығына жеткізген қазақ көпесі Әшірдің есімімен аталған. Кристалдары қысқа сүйір бағана тәрізді болып келеді. Друзалары жиі кездеседі. Түсі зүміреттей жасыл, шыныдай жылтыр, мөлдір. Қаттылығы 5,0, меншікті салмағы 3,28 – 3,35 г/см3. Мыс кендерінің үгілу-тотығу қабаттарында малахит, каламин, т.б. минералдармен бірге түзіледі. Хим. әсерге төзімді және қатты болғандықтан алтын кенқайраңдарында да кездеседі. Зергерлік бұйымдар жасауға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.