text
stringlengths 3
252k
|
---|
Алматы асуы – Іле Алатауындағы асу.
## Жер бедері
Теңіз деңгейінен 3599 м биіктікте орналасқан. Іле Алатауының солтүстігіндегі Үлкен Алматы өзенінің саласы – Проходнаяның бастауы мен оңтүстігінде Шоң-Кемін (Қырғызстан) өзенінің оң саласы – Алматы өзенінің бастауы аралығын қосып жатыр. Жол 1850 м биіктіктен өтеді.
## Өсімдігі
Асу орманды белдеммен, ал ең жоғары шегінде альпілік шалғынды жазықпен ұласады. Алматы асуының оңтүстігінде шыңдарын қар мен мұз басқан Күнгей Алатауы орналасқан.
## Дереккөздер |
Алматы қорықшасы – сирек кездесетін әрі жойылып бара жатқан жануарларды қорғау мақсатында Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Қарасай, Райымбек және Талғар аудандары аумағында 1978 жылы құрылған мемлекеттік қорықша. Теңіз деңгейінен 1000 – 3400 м биіктікте орналасқан. Аумағы 724 мың га.
## Флорасы мен фаунасы
Қорықшада өсімдіктің 590-нан астам түрі (мүк, қына, саңырауқұлақ, жабайы алма, өрік, долана, сарыағаш, ұшқат, т.б.); аң мен құстың 180 түрі (марал, арқар, таутеке, елік, барыс, жабайы шошқа, аю, сілеусін, ұлар, кекілік, бұлдырық, жетісу қырғауылы, т.б.) мекендейді. Алматы қорықшасында тіршілік ететін Тянь-Шань қоңыр аюы, шұбар күзен, Орта Азия тас сусары, Түркістан сілеусіні, арқар, барыс, орақтұмсық, сақалтай, жұртшы, бүркіт, көкқұс Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Сондай-ақ онда тоғай бұғысы, бұлғын, қоян, сарышымшық пен ақ тиін жерсіндірілген.
## Дереккөздер |
Алматы тоған шаруашылығы , республикадағы балық шаруашылығының бірі; толық жүйелі (уылдырықтан үлкен балықтарға дейін өсіріледі) арна. Алматы қаласынан солт.-батыста орналасқан Ащыбұлақ өз-не салынған (1937). Тоғанның жалпы аумағы 278 га, мақсатына байланысты тереңд. 0,5 – 3 м аралығында. А. т. ш-ның Ащыбұлақ бөгені (су сыйымд. 1,8 млн. м3) каналдар жүйесімен байланысатын Орт. және Боралдай телімдері бар. Тоған жылына 400 т балық (карп, толстолобик, ақ амур) пен 2 млн-ға жуық шабақтар өсіреді. Балық өнімдерімен Алматы қаласын және қала маңындағы ауылдарды қамтамасыз етеді. |
Алматы ақжапырағы (лат. Jurinea almaatensis) – астралылар тұқымдасы, ақжапырақ туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның Іле және Күнгей Алатауларында тау беткейлері мен шатқалдарда, шалғынды-далалы жерлерінде, бұталы қопа арасында өседі. Биіктігі 25 – 40 см. Жай немесе бұтақталған сабағы бар. Қасаңдаған жапырағының жоғарғы жағы жасыл, түксіз, жіңішке, ал төменгі жағы тілімденген бозғылт. Дара гүлшоғырының орамжапырақтары сыртқа қарай қайрылып келеді. Гүл күлтесі ашық қызыл түсті болады. Тұқымынан көбейеді. Маусым – шілдеде гүлдеп, тамызда жеміс береді. Алматы ақжапырағы – өте сирек кездесетін өсімдік. Сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Дереккөздер |
Алматы кекіресі (Oxуtropіs almaаtensіs) – бұршақтар тұқымдасы, кекіре туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Ол Іле Алатауы мен Сөгеті тауының шатқалдарындағы, сондай-ақ Қарғалы, Талғар және Шілік өзендерінің жағаларындағы тастақ топырақты, шалғынды, бұталы, далалы орман алқаптарында өседі. Биіктігі 30 см. Түктенген бозғылт түсті, сабағы көрінбейді. Жапырақтары ұзындығы 20 см-ге жетеді, дөңгелек қатар орналасқан қос жапырақшалары болады. Гүлдері қызғылт күрең түсті, шашақты гүлшоғырына топталған. Мамыр – маусым айларында гүлдейді, шілде – тамызда жеміс береді. Алматы кекіресі – дәрілік өсімдік. Таралу аймағының біраз жері Алматы қорығына қарайды. Өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Алексеев каолин кен орны - Ақмола облысы Ақкөл қаласы жанындағы ірі кен орны.
## Геологиялық құрылымы
Ол Қырыққұдық (жоғарғы ордовик – төменгі силур) және Бурабай – төменгі девон интрузивтері түйіскен жердегі мезозойлық үгілу қыртысынан орын алған. Кварцты диориттер, граниттер мен сазды тақтатастардың үгілуінен пайда болған бастапқы каолин қабатының қалыңдығы бірнеше см-ден 77 м-ге, ал ауданы 123 км2-ге дейін жетеді. 3 телімде каолин кенінің 9 линзасы бар.
## Жатыс сипаты
Каолиннің түсі ақ, отқа төзімділігі 1740°С. Құрғақ, ылғалды күйінде байытуға болады. Концентрат шығымы 46,3 – 86,7%. Байытылмаған каолиннен отқа төзімді бұйымдар, ақ және түсті цемент алуға болады. Байытылған каолин нәзік керамика, санитарлық-техникалық, фаянс бұйымдарын, құрылыс плиталарын, жоғары сортты қағаз, кабель, резина, т.б. материалдар жасауға жарамды. Жылына 1 млн. т-дан аса каолин өндіретін карьер бар. Ол Астана, Қарағанды керамика зауыттарын, Павлодардың 2 целюлоза-қағаз және Төменгі Тагилдің (Ресей) металлургия комбинаттарын шикізатпен қамтамасыз етеді.
## Дереккөздер |
Алқакөлқұм – Сырдария өзенінің оң жағын алып жатқан құмды алқап.
## Географиялық орны
Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігі жерінде орналасқан.
## Жер бедері
Теңіз деңгейінен 220 – 280 м биіктікте. Ұзындығы 65 км, ені 8 – 18 км. Жер бедері қырқалы-төбелі келеді. Төрттік дәуірдің жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Шалғынды сұр және кәдімгі құмдақты сұр топырағында жүзгін, қоянсүйек, жусан, еркек шөп, ал сортаң жерінде алабота өседі. |
Алтай арқары (лат. Ovis ammon ammon) – жұптұяқтылар отряды, қуысмүйізділер тұқымдасының бір түрі. 19 ғ-дың басында батыс және оңт. Алтай тауларында кең таралған. 19 ғ-дың 70-жылдарында бұл тауларда ол жойылып кетті. Қазақстанда қазіргі кезде А. а. Күршім жотасында, Қалмашық өзенінің жоғарғы ағынындағы биік тау беткейлерінде және Бұқтырма су қоймасының солт.-шығыс жағындағы тауларда тіршілік етеді. Негізінен теңіз деңгейінен 800 – 3000 м биіктіктегі тау шалғындарында мекендейді. Жазда таудың альпі және субальпі белдеулерін мекендесе, күз түсе тау етектеріне қарай қоныс аударады. Қошқарының шоқтығының биікт. 125 см-ге, мүйізінің ұзындығы 129 см-ге дейін жетеді. Алтай арқары дәнді дақылдармен, шөптесін өсімдіктермен қоректенеді. 3 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Қазан – қарашада күйлеп, сәуір – мамыр айларында төлдейді. Әдетте жалқы қозықа туады. Алтай арқары – өте бағалы аң. Саны азайып, таралу аймағы қысқарып бара жатқандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» еңгізілген.
## Дереккөздер |
Алтай – Күршім және Оңтүстік Алтай жоталарының қиылысындағы тау.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы жерінде.
## Жер бедері
Абсолюттiк биіктігі 1792 м. Өзімен аттас асудан мамыр – қазан айларында салт атты адам өте алады. Таудан бастау алатын өзен салалары оңтүстік-батысындағы Марқакөл көліне келіп құяды. Батысында Ақсубас тауымен, солтүстік-батысында Сарымсақты жотасымен, солтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік бөліктері тауаралық аңғарлармен ұласады.
## Өсімдігі
Таулы орманның сұр топырағында майқарағай, қарағай, самырсын өседі.
## Дереккөздер |
Алтай ботаника бағы – ғылыми-зерттеу мекемесі, еншілес мемл. кәсіпорын. Биол. зерттеулер орт-на қарайды. 1935 ж. Шығыс Қазақстан обл-ның Лениногор (қазіргі Риддер) қ-нда құрылған. Аумағы 176 га, теңіз деңгейінен 760 – 860 м биіктікте тау етегінде орналасқан. Оның 50 га-дан астам жері табиғи қорық ретінде сақталған. А. б. б-ның негізгі ғыл.-зерт. жұмыстары: Алтайдағы өсімдіктер дүниесін қорғау және олардың маусымдық өзгеру заңдылықтарына фенолог. бақылаулар жүргізу; пайдалы өсімдіктер түрлерін өсіріп, халық ш-на пайдалану; басқа жерлерден әкеліп отырғызылған өсімдіктерді жерсіндіру; өлкедегі өндіріс орталықтарын көгалдандыру. Ондағы жоғ. сатыдағы өсімдіктердің 4000-дай түрінің 200-ы жергілікті флораға жатады. Соның ішінде ағаш және бұталардың 570-тен астам түрі, қылқанжапырақтылардың 47, раушангүлдердің 90, зеректің 17, ал жеміс-жидек өсімдіктерінің 10-ға жуық, гүлді және дәрі-дәрмек өсімдіктерінің 1000-нан астам түрлері өседі. А. б. б. осы уақыт ішінде өндірістік орталықтарды көгалдандыру үшін ағаш-бұталардың 100-ден артық түрін, жеміс-жидек өсімдіктерінің ондаған сорттарын, малға жемшөптік өсімдіктің 25 түрін, бал-шырынды өсімдіктің 34 түрін халық ш-на пайдалануға енгізді. Сондай-ақ А. б. б. табиғатты қорғау бағытында Шығыс Қазақстанда сирек кездесетін өсімдік түрлерін зерттеу жұмысын жүргізеді. Қазақстанның «Қызыл кітабын» құрастыруда да үлкен үлес қосып келеді. |
Алтайит (1830 ж. алғаш Алтайда табылуына байланысты аталған) – теллурид тобындағы минерал. Хим. формуласы: PbTe. Кристалдары сирек кездеседі, негізінен, майда түйіршікті агрегаттар түзейді. Түсі ақ, сарғылт реңді. Қатт. 3 – 3,5, менш. салм. 8,1 – 8,2 г/см3. Гидротермальдық кендерде пайда болады. Алтайдың Тишин, Риддер-Сокол, Заводин полиметалл кендерінде, көбінесе галенит минералы ішінде басқа теллуридтермен бірге микроқосынды түрінде кездеседі. Солт. Қазақстан алтын кен орындарындағы (Жаңатөбе, Майқайың, Степняк, т.б.) көптеген минералдарда микроқосынды түрінде таралған. А. – Қазақстанда алғаш табылған сирек кездесетін минералдардың бірі. |
Алтай гимноспермиумы (Gymnospermіum altaіcum) – бөріқарақаттар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Алтайдан Солт. Тянь-Шаньға дейінгі аралықта шалғындық, далалық тау беткейлерінде, далалық алқаптарда, сирек орман, бұталар арасында өседі. Биікт. 15 – 20 см, түйнек тамырлы. Гүлшоғыр сабағы үш тармақты, отырыңқы жапырақтан тұрады. Жапырақ бөліктері саусақ тілікті. Гүл жапырағы дөңгелекше, төмен қарай иілген, гүлдері сары түсті. Тостағанша жапырақшасы сары, сырт жағы көкшілдеу, желегінен 2,5 еседей ұзындау. Гүлшоғыры – жоғары шашақ. Тұқымынан көбейеді. Наурыз – сәуір айларында гүлдеп, сәуір – мамырда жемістенеді. Жемісі – домалақ, жарғақ қауашақ. А. г. өте сирек кездесетін өсімдік, жылдан-жылға таралу аймағы тарылуда. Алматы қорығында қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. |
Алтай қасқыржидегі (лат. Daphne altaica) – көкендер тұқымдасы, Сирек кездесетін, дәрілік эндемиктік, қалдық түрі. қасқыржидек туысына жататын бұта. Алтай, Сауыр, Маңырақ, Тарбағатай, Сарыарқа өңірлерінің тау бөктерлерінде, жапырақты ормандарында, бұталар арасында өседі. Биікт. 40 – 80 см, жапырақтары ұзынша эллипс тәрізді, ұзындығы 2 – 6 см болады. Ақ жұпар иісті. 3 – 7 гүлдері қысқа бұтақтарының ұшында орналасқан. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. Жемісі – қара түсті сүйекше. А. қ-не өзінің өсетін табиғи ортада жиі болатын өрт үлкен зиян келтіреді. А. қ. – сәндік өсімдік әрі өте сирек кездесетін реликті түр. Сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. негізгі кауіп төндіруші - өрттер мен малды шектен тыс бағу. Азутау жотасының оңтүстік баурайында (Мрамор тауы) ботаника қорықшысын ұйымдастыру қажет
## Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы"
* Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы |
Алтай құмы – Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы құмды алқап. Әйтеке би кенті кентінен шығысқа қарай 3 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Ұзындығы 22 км, енді жері 15 км-ге жетеді. Құм алқабы төбешікті келген. Мұнда Алтай темір жол айрығы, Көбек елді мекені орналасқан. Осы жердегі құм төбелердің бірінде Кенесары хан басқарған ұлт-азаттық көтерілісте (1837 – 47) қаза тапқан батырлардың бірі – Алтайдың бейіті бар.
## Дереккөздер |
Алтай-саян қатпарлы аймағы - бір бөлігі Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма өзені алабын қамтиды.
Оңт.-шығысында Қара Ертіс жарылысы арқылы Зайсан қатпарлы жүйесімен шектеседі. Каледон дәуірінде бұл аймақта бірте-бірте қатпарлық тау сілемдері қалыптаса бастады. Сол қатпарлық құрылымдардың бірі – Холзун-Чун антиклинорийі. Оны негізінен кембрийдің, ордовик-силурдың өзара қабаттаса жатқан сұр, жасыл сұр түсті жыныстары түзген. Аймақта девондық, пермьдік интрузивтер де кездеседі. А.-С. қ. а-нда кен байлықтарының мол қоры анықталған.
## Дереккөздер |
Алтай таутобылғысы немесе Алтай сибиркасы (лат. Sіbіracеa altaіensіs) – раушангүлділер тұқымдасы, таутобылғы туысына жататын бұта. Алтай эндемигі. аз ғана топтармен өзен аңғарларының ашық алқаптарында, таудың ортаңғы белдеуінде өседі. Алтайдың Үбі, Нарын, Иванов қырқаларындағы шалғындық беткейлерде, орман шеттері мен алаңдарында сирек немесе жеке түп болып өседі.
Биіктігі 1 м-дей, жуан бұтақтарының қызғылт қоңыр қабығы бар. Сағақсыз жапырақтары түксіз келеді, 5 – 8 см болады. Бұтақтары барынша жуан, қызғылт-қоңыр қабықты.
Гүлдері дара жынысты. Тостағанша мен желектерінің саны бестен. Тостағанша диаметрі 0,5 см. Маусым-шілдеде гүлдеп, шілде-тамызда жеміс береді. Жемісі қынап түсті.
Алтай таутобылғысы – сәндік өсімдік. Алтай ботаника бағында өсіріледі, таралу аймағы сиреп бара жатқандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Алтай сибиркасының жапырақтары кейде шайдың орнына пайдаланылады. Ал халық медицинасында безгек, бауыр ауруларын (гепатит), жүрек ауруларын емдеуде қолданады. |
Алтай рауғашы (лат. Rheum altaicum) – тарандар тұқымдасы, рауғаш туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Алтай, Тарбағатай, Сауыр тауларының қиыршықтасты жағаларында, бұталар арасында, шалғынды жерлерде өседі. Биікт. 1 м-дей, тамыры жуан, сабағы тік тілімденіп келген. Жапырақтары үшбұрышты, бүтін жиекті, тамыр маңындағы жапырақтары өте ірі болады. Ұсақ сары түсті гүлдері тығыз жіңішке келген гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, қыркүйекте жеміс береді. Жемісі – домалақ, қара түсті жаңғақ. А. р. – тағамдық, дәрілік өсімдік. Таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. |
Алтай металлогения аймағы – Алтай таулары сілемдеріндегі белгілі геологиялық заңдылықпен орналасқан кенді белдеулер мен белдемдер жүйесі. Ол Алтай тауларын және Қалба жотасын, Дегелең мен Шыңғыстау тауларының бөлігін қамтиды.
## Кенді белдеулері
Аймақ оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай бір-біріне тетелес созылған 8 кенді белдеулерден тұрады. Олардың алтауы: Таулы Алтайдың сирек металды (W, Mo), Кенді және Оңтүстік Алтайдың полиметалды, Қалба мен Нарын жоталарының сирек металды (W, Mo, Sn, Ta, Nb т.б.), Батыс Қалбаның алтынды, Дегелең мен Қандығатай тауларының сирек металды (W, Mo), Шыңғыстаудың мысты-алтынды белдеулері Қазақстан аумағына толық немесе ішінара енеді. Бұлардан басқа кейбір белдеулердің ішінен кенді белдемдер (Шар алабының сынап және Қаршыға пирротинді мыс белдемдері) өз алдына жіктеледі.
## Кен аудандары және қорлары
Белдеулердің алып жатқан ауданы мен олардағы кен қоры әр алуан. Мысалы, Кенді Алтайдың полиметалл белдеуінде Зырянов, Лениногор (Риддер), Тишин, Березовка сияқты алып кен орындары орналасқан. Олардан қорғасын, мыс, мырыш, сондай-ақ алтын, күміс, кадмий, селен, теллур, күшәла, сүрме, индий, галлий, т.б. 20-дан астам сирек кендер алынады. Аймақтың кенді белдеулері терең жарылымдармен бөлінген. Әр белдеуде тек белгілі кентас формациялары мен металдар тобы басым болып келеді. Сондай-ақ жоғары және төменгі температурада пайда болған белдеулер өзара ауысып, қатарласып отырады. Алтай кендерінің белдеулене орналасу заңдылығын ашу (Қ.И. Сәтбаев, И.Ф. Григорьев, В.П. Нехорошев, А.Қайыпов, Ж.Айталиев, Г.Н. Щерба, т.б.) кен іздеу және барлау жұмыстарын ғылыми негізде жүргізуге мүмкіндік берді.
## Дереккөздер |
Алтыайнұра – Қалмаққырылған өзенінің сол жағалауындағы қоныс. Қарағанды облысы Ұлытау ауданында орналасқан.
Оңтүстігінде Жылантөбе және Көктөбе таулары жатыр. Батысында Ақшеңгел бұлағы бар.
## Дереккөздер |
Алтайсор – Ерейментау тауының солтүстігінде орналасқан көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Ерейментау ауданы, Бөгенбай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 12 км жерде. Теңіз деңгейінен 205 м биіктікте.
## Аумағы
Аумағы 5,9 км2, ұзындығы 7,9 км, ені 3 км. Жағалау бойының ұзындығы 27,2 км. Ең терең жері 0,2 м. Су жиналатын алабы 1310 км2.
## Гидрографикасы
Жағалауы жазық, түбі лайлы. Қар суымен толысады. Кей жылдары кеуіп қалады. |
Алтыайғыр – Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 75 км жерде, Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан тау.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Целиноград ауданында. Абсолютiк биіктігі 377 м. Беткейі жазық, ұзындығы мен ені 2,5 – 3 км.
## Геологиясы
Ортаңғы ордовик жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Тау баурайы сортаңдау. Қара қоңыр, сортаң топырағында шөптесін өсімдіктер өскен.
## Дереккөздер |
Алтуайт – Айғыржал жотасы мен Сарытау тауы аралығындағы тау.
## Географиялық орны
Абай облысы Жарма ауданында орналасқан.
## Жер бедері, өсімдігі
Абсолюттiк биіктігі 907 м. Беткейлері жартасты шатқалдармен, сайлармен тілімденген. Таудан Талды өзені бастау алады. Тау бөктерінде бетеге, боз, ақ селеу өседі.
## Дереккөздер |
Алтықұдық – құдық
## Орналасқан жері
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауданындағы Үстірттің оңтүстік-шығысында 52 км жерде орналасқан.
## Сипаттамасы
Тереңдігі 8 м., су шығымы сағатына 300 литр. Құдықтың оңтүстік-шығысында Қаратүлей соры жатыр. Батысындағы төбешікті алқапты қалың сексеуіл тоғайы мен бұталар қамтыған.
## Дереккөздер |
Алтыбайсор – Ертіс алабындағы көл.
## Географиялық орны
Павлодар облысы Ақсу қаласына қарасты аумақта орналасқан көл.
## Гидрографикасы
Аумағы 13,6 км2. Ұзындығы 6,2 км, ені 3,2 км. Жағалауы тегіс, шығысы сор батпақты, батысы мен оңтүстігінде Кіші және Үлкен Қалқаман көлдері жатыр. Өңір мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Алма жемірі (лат. Cydia pomonella) – жапырақ ширатқыштар тұқымдасына жататын көбелек, әсіресе жеміс ағаштарын зақымдайтын, алма ағашының ең қауіпті зиянкесі.
Қазақстанда кең таралған. Түсі қара қоңыр немесе сұр, қанаттарының жайғандағы ұзындығы 20 мм. Жұлдызқұрттары ақшыл қызғылт түсті, басы қара болады. Олар алма ағаш діңінде, кеуектерінде бұтақ қабықтары және әр түрлі паналар астында қыстайды. Көктемде қуыршаққа айналады. Көбелектер алма ағашы гүлденуінің аяқталар кезінде ұшып шығып, аналығы жұмыртқаларын (180-ге жуық) бір-бірлеп жапырақтарға, жеміс түйіндеріне салады. Жұлдызқұрт жемістің ішіне еніп, тұқым дәнегін жеп, келесі жеміске ауысады. Зақымдалған алмалар пісуі жетілмей үзіліп түседі, сақтауға жарамайды. Залалсыздандыру шаралары: ағаш бұтағына тор іледі немесе жерге түскен жемісі жиналып алынады, ерте көктемде ағаштың діңі мен бұтақтары ескі қабықтарынан тазартылып, сызаттар мен жарықтар бітеліп, сыпырынды өртеледі. Сондай-ақ жылына бірнеше рет Алма жемірінің жұлдызқұрттары көбелекке айналмай тұрғанда инсектицидтер шашады.
## Дереккөздер |
Алтықұлаш – Қызылқұмның шығыс бөлігінде орналасқан құдық. Түркістан облысы, Отырар ауданында.
Тереңдігі 17 м, су шығымы 720 л/сағ. Теңіз деңгейінен 200 метр биіктікте. Жонды-қырқалы төбешіктермен қатар құдықты қоршай қалың сексеуіл өскен.
## Дереккөздер |
Алтынемел асуы – Жетісу Алатауының оңтүстік-батыс сілемдері – Алтынемел жотасы (2928 м) мен Матай тауының (2880 м) арасында, теңізі деңгейінен 1711 м биіктікте орналасқан асу.
## Геологиялық құрылымы
Алтынемел асуы өтетін орталық қырқа палеозой және пермь дәуірлерінің гранитті, эффузивті, базальтты, андезитті, туфты шөгінділерінен құралған.
## Өсімдігі
Асудың қызғылт қоңыр және қара топырағында бұталар араласқан бозды-бетегелі, шалғынды өсімдіктер өседі. Қыс айларында 4 – 5 ай ауа температурасы –10 – 15°С болады. Бірақ соған қарамастан ол қолайлы өткел саналады. Ш.Уәлиханов 1858 жылы Қашқарияға сапарында осы асу арқылы құрамында 43 адам, 101 түйе, 65 салт және жүк тиеген аты бар керуенмен өткен. Асудың солтүстік-батысындағы Қоғалы тауаралық ойысынан оңтүстік-шығыстағы Қоңырөлең тауаралық ойысына қарай Алматы – Сарыөзек – Жаркент автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Алтыкөл мұнай кені — Каспий маңы ойысының оңтүстік-шығыс ернеулік белдеміндегі мұнай кен орны.
## Географиялық орны
Атырау облысында, Құлсары станциясының солтүстік батысында 35 км жерде орналасқан. Құрылым 1940 жылы сейсмобарлаумен дайындалған, сол жылы іздестіру және барлау-бұрғылаулары жүргізілген. Кен орны 1942 жылы ашылды. Барлау 1961 жылы аяқталды. 1977 жылы пайдалануға берілді.
## Геоогиялық құрылымы
Тектоникалық тұрғыдан алғанда, кен орны қос қанатты (шығыс және батыс) тұзкүмбезді құрылымнан орын алған. Шығыс қанаттағы мұнайлы аумақ ауданы 350 мың м2, батыс қанаттағы бұл көрсеткіш 1273 мың м2. Төменгі бор мен ортаңғы юраның шөгінділері мұнаймен қаныққан, осылардың аумағында бөлінген 13 мұнайлы горизонттардың біреуі апт, төртеуі неоком, сегізі юра таужыныстарында. Апт-неоком горизонттары 158-243 м, юра горизонттары 671-761 м тереңдікте жатыр. Апт-неоком жатындарының биіктігі 35-93 м, юра жатындарының биіктігі 5-49 м. Су-мұнай жапсары, тиісінше, 261 м, - 277 м және 175 м,- 792 м абсолют белгілерде. Жатындар қойнауқаттық күмбезді, тектоникалық және литологиялық тұрғыдан қалқаланған. Мұнайға қаныққан қалыңдық апт-неоком горизонттарында 1,8-3,7 м, юра горизонттарында 1,7-8,1 м. Жинауыштардың ашық кеуектілігі 26-28%, өтімділігі 0,008-0,805 мкм. Мұнайдың бастапқы шығымдары 0,24-67,2 м3/тәу болды. Бастапқы қойнауқаттық қысым 0,9-6,77 МПа, температура 13-38°С-қа жетті. Мұнайдың тығыздығы 810-830 кг/м3.
## Құрамы
Мұнайда 0,16-0,8% күкірт, 0,5-2% парафин бар. Хлоркальцийлі қойнауқаттық сулардың тығыздығы 1056-1550 кг/м3, минералдылығы 73,18-180,4 г/л. Кен орны 1976 жылдан игерілуде.
## Дереккөздер |
Алтынжал – Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қызылқұмның шығыс бөлігінде орналасқан қоныс.
Батысында Қарамола тауының беткейі мен баурайында қалың сексеуіл тоғайы өскен. Маңайында Қосымбет, Мырзахмет, т.б. құдықтар бар.
## Дереккөздер |
Алтынбек – Қызылқұмның шығыс бөлігінде орналасқан құдық. Оңттүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданында, Тереңдігі 20 м, су шығымы 400 л/сағ. Шардара бөгенінің батысында 110 км жерде, оңтүстігінде Өзбекстанмен шектеседі. |
Шаңкөбелектер немесе Алтынкөзділер (лат. Chrysopidae) — жәндіктердің тор қанаттылар тұқымдастары.
Олардың дене тұрқы аса үлкен емес. Қанат құлашы 40 мм, көзі шығынқы, алтын түсті. 800 - дей түрі белгілі, олардың 40-тайы ТМД да кездеседі. Ересектері мен дернәсілдері жыртқыштар, бітелермен және сымырлармен қоректенеді. Жұмыртқаларын жапыраққа бітелерге жақын салады.
Көздері үлкен әрі сыртқа қарай дөңестеліп айқын байқалады және көздері алтын түстес болып жарқырап тұруына байланысты Алтынкөзділер деп аталған. Алтынкөзділердің ересектері де, дернәсілдері де жыртқыш. Ересектері көбіне ашық жасыл түсті. Екі жұп қанаттарын жайған кездегі ұзындығы 40 мм-ге жетеді. Қанаттары жұқа, мөлдір, ондағы жіп тәрізді жүйкелер торланып жатады. Екі жұп қанаттары да жақсы жетілген. Бір жұп мұртшалары ұзынша жіп пішінді. Ауыз аппараты сорғыш. Жұмыртқаларын жапырақтарға топ-тобымен бекітіп қояды. Алтынкөзділерді көбіне ормандар мен бақтардағы ағаш жапырақтарынан жиі кездестіруге болады. Дүние жүзінде Алтынкөзділердің 800-дей түрі белгілі және олар Антарктидадан басқа барлық құрлықта кездеседі. Қазақстанда көбірек кездесетін түрі – кәдімгі алтынкөз. Оның дене тұрқы 1 см, қанаттары жылтыр әрі нәзік, үлбіреген өте жұқа. Ол күндіз көп ұшпайды, тиіп кетсең жағымсыз иіс шығарады. Жұмыртқалардан дамыған дернәсілдерінің жақтары ұзын әрі орақ тәрізді иілген үшкір келеді. Дернәсілдері ақ пілләға оранып, қуыршаққа айналады. Алтынкөзділердің көп түрлері толық зерттелмеген.
## Дереккөздер |
Алтынкөл – Жетісу облысы Панфилов ауданы, Қарақұм және Мойынқұм құмдарының аралығындағы көл. Ават ауылының оңтүстік-шығысында 13 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Теңіз деңгейінен 657 м биіктікте жатыр. Шығысынан Қорғас өзені ағып өтеді. Қорғас – Іле өзендері алып келген аллювийлі жыныстарында орналасқан. Көлдің айналасын биіктігі 20 – 25 м-дей құм шағылдары қоршап жатыр. Маңында ақ сексеуіл, жүзгін, жыңғыл, ала тораңғы өседі.
## Дереккөздер |
Алтынсарин мұздығы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейінде Қора өзенінің бастауында орналасқан тау аңғарлық мұздық. Негізгі бөлігі Алтынсарин шыңының беткейінде жатыр. 1950-1952 жылдары мұздықты Қазақстан Ғылым Академиясы география секторының экспедициясы зерттеген. Мұздыққа ағартушы Ы.Алтынсарин есімі берілген (1952).
## Аумағы
Ұзындығы 1,8 км, ашық бөлігі 1,3 км, ауданы 1,0 км2. Мұздықтың ең биік нүктесі 3810 м, ең төмен нүктесі 3250 м, фирн сызығы 3450 м биіктікте. Мұзының жалпы көлемі 0,064 км3, пішіні жарты ай тәрізді. Аумағы жылдан-жылға кішіреюде.
## Дереккөздер |
Алма жасыл бітесі (лат. Aphis pomi) – теңқанаттылар отрядының бітелер тұқымдасына жататын, алма ағашының теңқанаттылар зиянкес жәндігі. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Көбінесе жас алма ағаштарын зақымдайды. Түсі көк және сұр, ұзындығы 3 мм-дей. Алма жасыл бітесі жұмыртқаларын (ұрығын) жас өркен бүршігінің түбіне салып, сонда сақтайды. Көктемде олардан шыққан дернәсілдер бітеге айналып, олардың әрқайсысы 40 – 50-ден қайтадан тірі дернәсіл шығарады. Бір жылда 10-шақты рет көбейеді. Жазда қанатты бітелерге айналып, бау-бақшаларға таралады. Ағаштың жас сабақшалары мен жапырағының сөлін сорады. Соның кесірінен жеміс өркенінің өсуі тоқтап, қисайып немесе қурап қалады. Күрес шаралары: зиянкестерге қарсы карбофос, метафос, антио, фосфамид, т.б. инсектицидтер қолданылады.
## Дереккөздер |
Алтынтас вермикулитті кен орны - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылының оңтүстік-батысында 40 км жерде.
## Жатыс сипаты
Көлемі 330×142×16 м3, қабатының ұзындығы 19-37 м болатын лента секілденіп жер бетіне көтерілген 10 кен көзі барланған. Теңбілденген кен плагиоклазамфибол-вермикулит құрамдас. Кен орнының өнеркәсіптік қоры 5,1 – 5,4 млн. т вермикулит кеннің құрамындағы вермикулиттің мөлшері 11,5%. Көлемдік салмағының аздығына, жылуды баяу өткізуіне байланысты вермикулит құрылыс үшін жылу жібермейтін материалдар шығаруға (керамоцемент, битум вермикулит тақталары, құбырлар, т.б.) пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Алтынсарин шыңы – Жетісу Алатауының орталық бөлігіндегі шың. Биіктігі 3918 м. Шың Безсонов пен Тронов мұздықтарын бөліп тұрады. Алтынсарин шыңына 1950 жылы Б.И. Зимин бастаған альпинистер көтерілген.
## Дереккөздер |
Алтынтау – Ерейментау тауының батысында орналасқан тау.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Ерейментау қаласынан оңтүстікке қарай 26 – 27 км жерде. Абсолюттік биіктігі 750 м. Солтүстік-шығыс баурайында Алғабас ауылы орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 3 – 4 км-ге созылған, эллипс тәріздес, ені 2,5 – 3 км.
## Жер бедері мен өсімдігі
Беткейі тік, жыралармен тілімденген. Таудың қара топырағында шөптесін өсімдіктер өскен.
## Дереккөздер |
Алуа – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Амангелді ауылынан солтүстік-батысқа қарай 75 км жерде орналасқан тұзды көл.
## Гидрографикасы
Аумағы 7,7 км2. Теңіз деңгейінен 117,5 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 4,4 км, енді жері 2,7 км, жағалау бойының ұзындығы 11,8 км. Жағалауы жайпақ, қамыс, құрақ өскен. Көл табаны лайлы. Көл негізінен жауын-шашын, қар суларымен толысады. Жағалауы шабындыққа пайдаланылады.
## Аңыздар
Алуа деген сұлу қызға, Жарылқамыс дейтін жігіт ғашық болады да, елдің рушылдық тәртібі қатал кезде, әдет-салтын бұзып, алып қашады. Екі ғашық осы көлдің шығыс жақ жағасына өскен қалың мойылға жеткенде, арттарынан қуғыншылар да кеп үлгіреді... Жарылқамыс найзагер батыр жігіт екен дейді. Қуғыншылармен ол соғысады да, кепке топырақ шаша алмай өледі, оны көрген Алуа өзін-өзі өлтіреді. Ғашықтар сол араға көміледі, көл содан Алуа» аталып кетеді.
("Өмір мектебі-ІІ". Сәбит Мұқанов) |
Алтынтөбе мыс кен орны – Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданында орналасқан. 1940 жылдан 1951 жылға дейін бірнеше рет зерттеліп, 1975 –1976 жылдары барланған.
## Геологиялық құрылымы
Орта девонның андезиттерінен, андезитті-базальтты порфириттерінен, туфтарынан, фамен-турнаның кремнийлі-көмірлі сазды әктастарынан түзілген. Ащысу синклиналінің сол орамына сәйкес келеді. Андезитті порфириттерге ұштасып жатқан әктастардағы линза және қабат пішінді көлбеу келген солтүстік-шығыс оралымдағы Орталық және Батыс кен жүлгелері айырмаланған. Кентасы жүлгелі-желілі келеді. Тотықты, аралас, ілкі (сульфидті) кентастар ажыратылған.
## Минералдары
Кентас минералдары: тотықты-малахит, азурит, аширит, теонрит, куприт; аралас халькозин, борнит; ілкі-халькопирит, пирит, галенит, сфалерит. Кентастар жақсы байытылады.
## Мыс туралы дерек
Бұл минералдың тазалығы мен түс тереңдігі соншалықты, өзіне кереметтей ұқсайтын изумруд асыл тасынан тек арнайы маман ғана ажыратуы мүмкін. Аңыз бойынша, кен орнын XVIII ғасырдың екінші жартысында бухара саудагері Ашир ашып, алғашында табысын изумруд деп есептеген. Кейінгі талдаулардың дәлелі бұл тастың изумрудтай қатты емес, тек сыртқы ұқсастығы бар. Ал біраздан кейін неміс минерологы Абраам Готтлиб Вернер екі тастың таңқаларлық қасиеті үшін минералға «мыс изумруд» атауын қойды. Аширит-диоптаз – зергерлік өндеуге іс жүзінде жарамсыз болып табылатын таза коллекциялық тас. Бірақ, бұған қарамастан, жер жүзінде өте сирек кездесетін минерал болғандықтан коллекционерлер үшін үлкен құндылықтар қатарына жатады.
## Дереккөздер |
Алунит , ашудас – сульфаттар класына жататын минерал. Химиялық формуласы: Kal3[SO4]2·OH6. Тригональдық сингонияда ұсақ куб пішінде кристаллданады. Ұсақ түйіршікті немесе талшықты агрегаттар түзейді. Түсі сұрғылт, сарғылт немесе қызғылт реңді ақ, шыныдай жылтыр. Қаттылығы 3,5 – 4, меншілік салмағы 2,6 – 2,8 г/см3. Алунит сілтілі дала шпаттарына бай ортада не қышқыл құрамды магмалық жыныстарда, кейде алюминий тотығына бай жыныстарға сульфатты судың әсер етуінен пайда болады. Бұл процесс Алуниттену деп аталады. Алуниттену алтын, мыс полиметалл кендерін іздеу кезінде кен белгілері болып табылады. Күйдірілген Алуниттен ашудас пен алюминий сульфатын алады, сонымен бірге отқа төзімді материалдар өндіретін шикізат ретінде де пайдаланылады. Қазақстанда Алунит кендері Торғай ойпатында (Қашар), Сарыарқа өңірінде (Баян, Ақтайлақ, Тарғыл, т.б.) бар.
Алунит (фр. alunite— квасцтер)— алунит — квасцтер көбіне негізінен калий мен алюминий сульфаттарынан тұратын минерал. Бұл квасцтер мен глинозем алу үшін шикізат ретінде пайдаланылады. .
## Сілтеме |
Алша – раушангүлділер тұқымдасына жататын ағаш не бұта тектес өсімдік түрі. Биіктігі 1,5 – 10 м-ге дейін болады. Жабайы Алша түрлері Балқан, Кавказ, Орта Азия, Қырым, Иран және Қазақстанның оңтүстік-шығыс таулы аймақтарында кездеседі. Кәдімгі Алшаның бүршігі жалаңаш, майда, ағашқа жеке немесе топталып орналасады. ЖемісЖемісінің]] пішіні – дөңгелек, сопақша келген, сары қызғылт немесе қара түсті, жұмсағы шырынды, жемісі сүйекті. Алша жемісінің құрамында қант 4 – 9%, органик. қышқыл (1 – 4%), сондай-ақ витаминдер, пектиндер болады. 3 – 4 жылда жеміс салады, өнімділігі жоғары, әр га-дан орта есеппен 120 – 200 ц өнім алынады. Алшаның тіршілік ету ұзақтығы 15 – 60 жыл, өнімді 5 – 20 жыл береді. Құрғақшылыққа, суыққа төзімді, топырақ талғамайды. Ол тұқымынан, қалемшеден, тамыр атпасынан көбейеді. Оңтүстік Қазақстанда аудандастырылған екі сорты өседі (Фиолетовая десертная және Малиновая). Алшадан көбінесе сусын және мармелад жасалады.
## Сілтеме |
Алшағыр – Ерейментау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 55 км жерде орналасқан тау, Өлеңті өзенінің оң саласында.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Ерейментау ауданында. Абсолюттік биіктігі 416 м. Батыстан шығысқа қарай 6 – 7 км-ге созыла орналасқан. Ені 2,5 – 3 км.
## Жер бедері, өсімдігі
Солтүстік және оңтүстік беткейлері тік жарлы. Қара қоңыр топырағында шөптесін өсімдіктер өскен.
## Дереккөздер |
Алтықыз – Оңтүстік Алтай жотасының батыс бөлігіндегі тау.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы жерінде.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 2906 м. Тау солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай созылып жатыр. Таудың солтүстік-батыс беткейі тік, сай, шатқал, қырқааралық аңғарларға бөлінген.
## Өсімдігі
Солтүстігі қалың қарағай орманымен көмкерілген. Оңтүстік-шығысында сирек орман бұталары өскен.
## Дереккөздер |
Алтын кентастары – құрамынан алтын ажыратып алынатын минералдық шикізат. Алтын өндірісін ұйымдастыру үшін оның түпкі кендердегі мөлшері 3 – 5 г/т-дан, ал кенқайраңдардағы мөлшері 0,1 г/т-дан кем болмауы керек. Түпкі жыныстардағы Алтын кентастары кварц желілері түрінде криптозойлық, палеозойлық гранитоидтарда, минералданған және кварцтенген метаморфтық жыныстарда, мыс және полиметалл кендерінде кездеседі. Алтын кенқайраңдары түзілу жағдайына байланысты аллювийлі, элювийлі, теңіздік, т.б. болып бөлінеді. Химиялық құрамына сәйкес Алтын кентастары жеке элементтерге және теллуридтерге бөлінеді. Жеке элементтерге саф алтын (Аu) және электрум (AuAg), ал теллуридтерге петцит [(Ag,Au)2Te], калаверит (AuTe2), креннерит (AuTe2), сильванит (AuAgTe4), т.б. жатады. Теллуридтермен салыстырғанда саф алтын мен электрум табиғатта анағұрлым жиі кездеседі. Саф алтын минералы химиялық таза түрде өте сирек тараған, оның құрамында 4 – 10%-ға дейін күміс болады. Құрамындағы қоспа элементтерге байланысты Алтын кентастары мысты (купроаурит, Cu – 20%), палладийлі (порпецит, Pd – 11%) және висмутты (висмутоаурит, Bі – 1%) болып келеді. Түпкі кендердегі алтынды бөлу үшін кентасты ұнтап, алтынды сынап жұқтыру арқылы жинайды (амальгамалау) немесе көгерткіш қышқылмен ерітіп, химиялық жолмен тұндырады. Кенқайраңдағы алтын арнаулы науаларда шайылып, тұндыру арқылы ажыратылады. Алтын кентастарының барланған қоры бойынша Қазақстан дүние жүзіндегі алдыңғы 10 мемлекет құрамына кіреді, ал түбір кендердегі қоры бойынша Оңтүстік Африка республикасынан кейінгі 2-орында. Елімізде алтынның 30-дан астам ірі кен орындары ашылған (Арқарлы, Бақыршық, Майқайың, т.б.). Бұлардан басқа кейбір ірі мыс және полиметалл кендерінен алтын қосымша өнім ретінде алынады (Ақжал, Балқаш, Зырян кеніштері). Дүние жүзінде жылына 2300 т-дан астам алтын өндіріледі.
## Сілтеме |
Альберт құртқашашы (лат. Iris albertii) – құртқашаштар тұқымдасына жататын көп жылдық, жуан тамырсабақты өсімдік. Қазақстанда Іле Алатауының орталық бөлігі мен Қастек жотасында кездеседі. Биіктігі 40 см, көгілдір, күлгін, кейде ақ түсті гүлі сабақ ұшында орналасады. Сабағының түп жағында ені 2,5 см-ге жуық, тік өсетін жапырақтары болады. Тұқымынан көбейеді. Сәуір айында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. Жемісі – қауашақ. Альберт құртқашашы өте сирек кездесетін, жойылып бара жатқан өсімдік түрі болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген
## Сілтеме |
Алыпқаш – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы тұйық көл. Комсомол ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 20,94 км2, ұзындығы 8,4 км, енді жері 3,1 км, жағалауының ұзындығы 22,8 км, ең терең жері 2,76 м. Су жиналатын алабы 332,0 км2. Оның 90%-ы жыртылған, жағалау бойындағы жалды телімдері 3%, су алабындағы қайыңды тоғайлар мен бұталар 6%-ды қамтиды. Шөгінді тұнбаның қалыңдығы 0,3 – 0,4 м. Атмосфералық жауын-шашынмен толығады. Судың минералдылығы 1,2-ден 8,0 г/л-ге дейін ауытқиды, жыл бойғы кермектілігі 15,0 – 35,0 мг/экв суы тым хлоридті.
## Жағалау сипаты
Көл жағалауы көбіне құлама жарлы, биіктігі 4-5 м, шыммен бекіген. Жағалау маңы шалғынды, кей жері сор, сортаңды. Қамыс құрағы бүкіл су айдынының 71%-ын алып жатыр. Көктемде суы мал суаруға пайдаланылады. Жағалау алабы шабындық.
## Дереккөздер |
Альберт қызғалдағы (Tulіpa albertі) – лалагүлділер тұқымдасы, қызғалдақ туысына жататын жуашықты көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Балқаш-Алакөл ойысында, Қаратауда, Батыс Тянь-Шаньда, Шу-Іле тауларында өседі. Биіктігі 12 – 20 см, қара қоңыр түсті жуашығы жұмыртқа тәрізді. Тік сабағына көкшіл сұр түсті, сыртына қарай қайрылған 3 – 4 жапырақтары кезектесіп орналасады. Дара гүлі сары, қызғылт немесе қан қызыл түсті болып келеді де, ал ішкі жағында қара дақтары болады. Тұқымынан және өсімді жолмен (вегетативті) көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, маусымда жеміс береді. Жемісі – үш ұялы, көп тұқымды қауашақ. Альберт қызғалдағы өте сирек кездесетін өсімдік. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Ақсу-Жабағылы қорығы мен Андасай қорықшасында қорғауға алынған.
## Жалпылама
Биіктігі 12-20 см,пиязшығы жұмыртқа тәрізді,диаметрі 2-3 см,қара қоңыр түсті,шамалы сопақшалау,қабығының ішкі жағы түкті(ұщ жағында қвлыңдау) қабықты.
Сабағы жоғарғы жағындағы гүл серігімен қоса үлпілдек түкті;жапырақ саны 3-4,қайырылған,жақын орналасқан,көкшіл сұр,үлпілдеген,жиегі кірпікшелі және бұйра,жоғырғы жағына қарай бірден қысқарады,көбіне гүлден биік,төменгі жапырағы жалпақ сопақша немесе эллипс тәрізді дерлік,ені 3-7 см.
Гүлі біреу;гүл серігі қызыл,қызғылт немесе ашық сары,түб жағы сары,кейде қара дақты,сыртқыларының ұзындығы 3,5-6 см,ішкілерінен шамалы ұзын,сырты түкті,бірден үшкірленген түкті ұштары қайырылған,кері сопақшалы,ішкілері кері үшбұрышты жұмыртқа тәрізді,түбіне қарай сына тәрізді,ойыс,жоғарғы жағы шұңқыр;аталығы гүл серігінен 2-3 есе қысқа;олардың жіптері жалаңаш,сары,тозаңдықтары сары,жіптен шамалы ұзын;түйіні аталықтан шамалы қысқа,жасылдау,аналық аузы орнықты;қорапшаның ені 2-2,5 см,ұзындығы 3-5 см.Сәуір - мамыр айларында гүлдейді.
## Қазақстанда таралуы
Аласа таудың шағыл тасты баурайында өседі.Шығыста - Балқаш- Алакөл флористикалық ауданында,Шу - Іле тауларында,оңтүстікте - Бетпақдалада,Қаратау тауы мен шоқыларында кездеседі.
Қазақстан Республикасының "Қызыл кітабына" енгізілген.
## Дереккөздер
Қазақстанның қызғалдақтары
## Сілтемелер
Қаратау мемлекеттік табиғи қорығында кездеседі. |
Алтыншар (лат. Rudbeckia) – астралылар тұқымдасына жататын бір, екі немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Табиғи жағдайда Солтүстік Америкада өсетін 30-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда мәдени түрде өсірілетін 2 түрі бар. Олардың биіктігі 1,5 – 2,5 м. Себеттері ірі, диам. 10 – 15 см, көп гүлді. Гүлдері сап-сары алтын түсті болғандықтан өсімдіктің аты осыған байланысты қойылған. Гүлорамы домалақ, екі қатарлы жапырақтан тұрады. Гүлтұғыры сүйірлеу. Маусым – қыркүйек айларында гүлдеп, қыркүйек – қазанда жемістенеді. Тұқымдары төрт қырлы, айдаршасыз, оның орнына кішкене тісті тәжі шығады.
## Өсімдік туралы
Алтыншар – көпжылдық шөптесін өсімдік. Оның табиғатта 40-қа жуық түрі бар. Шығыс Америкадан таралған. Бүгінгі күні әлемнің барлық жерінде өсіреді. Шілде-тамыз айларының аралығында гүлдейді. Алтыншардың түрлері көп болғанымен, барлығының гүлінде сары түс басым болып келеді. «Алтыншар» деген атауы да осы алтындай сары түсіне бола шықса керек. Ортаңғы күлтесі қоңыр, жиектегі гүл күлтесі сары немесе гүлі толығымен сары болады. Тіпті қоңыр қызыл гүлдерінің де жиегі сарымен жалғасып жатады. Ауланың үздіксіз гүлдеп тұруы үшін алтыншарды түймедақ, бақытгүлімен шахмат тәрізді егіп, жағалауына құртқашаш гүлін отырғызған жөн.
## Күтімі
Алтыншар гүлі ерекше күтімді қажет етпейді. Тек топырағын құрғатпай суғарып, көшетін күн жақсы түсетін жерге отырғызу керек.
## Көбейтілуі
Тұқымын себу және түбін бөлу арқылы көбейтеді. Ең оңай жолы түбін бөлу арқылы көбейту. Түбін екі жылда бір рет бөліп көбейткен дұрыс. Алтыншар маусым-шілде айларында гүлдеуі үшін түбін сәуір айының басында бөледі. Жас көшеттерді 50-70 см арақашықтықта еккен дұрыс. Сонда жайылып тез өсетін болады. Жай түрдегі алтыншар 5 жыл, гүлпарлы түрлері 3 жылға дейін бір орында жақсы өседі.
## Алтыншар туралы тақпақ
Бақша гүлдері тобында,
Гүлдейді шілде, тамызда.
Әдемі, әсем сары гүл,
Өседі аулаларыңда.
## Дереккөздер |
Альпілік белдеу – субальпілік белдеуден жоғары, нивальдік белдеуден төмен орналасқан, биік таудағы табиғи белдеу. Белдеудің қандай биіктікте орналасуы географиялық ендікке, таулардың ылғалды жағдайына және беткей экспозициясына байланысты. Альпілік белдеу Альпі тау жүйесі мен Кавказ тауының батысында 2200 м-ден 3000 м, Гималайдың оңтүстік беткейлерінде 3600 – 5000 м, Іле Алатауы мен Жетісу Алатауында 2800 – 3500 м, Алтайда 2500 – 3000 м биіктікте орналасқан. Альпілік белдеуде таулық мұздықтар кең таралған. Климаты суық, қысы ұзақ, 8 – 10 айға созылады. Қары қалың, желі қатты, өсімдіктің өсіп-өну мерзімі қысқа. Қаңтар айының орташа температурасы 15°С, шілдеде 14°С-дан аспайды. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1000 мм-ге жетеді. Белдеуде қар көшкіні жиі болып тұрады. Альпілік белдеулерде альпілік шалғын мен аласа келген бөртпе бұталар өседі. Арқар, тауешкі, тур, қодас мекендейді. Қазақстанның биік тауларындағы Альпілік белдеулер жазда мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
Альпі белдеуі - ландшафтысы, негізінен, ылғалды болып келетін қоңыржай және субтропиктік ендіктердегі тауларға төн табиғи биікгік белдеуі. Субальпі белдеуінен жоғары орналасады, едеуір биік тауларда нивальді белдеумен ауысады. Альпы белдеуінің биіктік орны географиялық ендікпен, беткейлердің экспозициясымен, климаттың континенттік дәрежесімен анықталады.
## Дереккөздер |
Алтынсарин ауданы — Қостанай облысындағы әкімшілік бөлініс. Жер аумағы — 5,4 мың км². Аудан орталығы — Обаған ауылы.
## Тарихы
Обаған ауданы алғаш рет 1928 жылы құрылды. Орталығы Урицкий ауылы болды.
1935 жылы Обаған ауданынан Урицкий ауданы бөлініп, орталығы Большая Чураковка болып қалды.
1963 жылы 2 қаңтарда Обаған ауданы таратылып, аумағы Қостанай, Семиозёр, Урицкий аудандары арасында бөлінді.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасының 1985 жылғы 9 қазандағы Қаулысымен Обаған ауданы қайта құрылды. Құрамына Қостанай ауданынан Большечураков, Владимиров, Димитров, Маяковский, Силантьев, Совхозный, Щербаков, Урицкий ауданынан Докучаев, Лермонтов, Новоалексеев, Свердлов, Семиозёр ауданынан Приозёрный ауылдық кеңестері еніп, әкімшілік орталығы Большая Чураковка ауылы болып бекітілді. Ыбырай Алтынсариннің туғанына 150 жыл толуына орай 1991 жылы 5 шілдеде Обаған ауданы Алтынсарин ауданы болып өзгертілді.
## Географиялық орны, жер бедері
Солтүстігінде Меңдіқара, батысында Қостанай, шығысында Сарыкөл, Қарасу, оңтүстігінде Әулиекөл аудандарымен шектеседі.
Аудан Қостанай облысының солтүстік және орталық бөлігінде, Батыс Сібір жазығындағы Тобыл, Обаған өзендерінің суайрығында орналасқан. Жері жазық, теңіз деңгейінен 150—200 м биіктікте. Кен байлықтарынан саз, боксит, қоңыр көмір барланған.
## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы қоңыржай жылы. Қаңтардағы орташа температура — -17—-18°С, кей жылдары -40°С-тан төмен, шілдеде — 21—22°С, кей жылдары 37°С-қа дейін жоғарылайды. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 – 300 мм шамасында. Су қоры шығысында Обаған өзенінің орта ағысын, оңтүстік-шығысында Құсмұрын көлінің солтүстік бөлігінен және көптеген ірілі-ұсақты көлдерден тұрады. Ірілері: Талы, Байжарық, Ұзынкөл, т.б. Топырағы тұтастай қара қоңыр және сортаң қара қоңыр. Бетеге, селеу аралас әр түрлі шөптер өседі. Ауданның солтүстік-батысын Арақарағай орманы, солтүстік-шығысын Сарыкөл орман шаруашылығына қарасты қайыңды тоғайлар алып жатыр. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, орманда аздап бұлан мен тиін; құстардан бүркіт, кезқұйрық, қарақұр, жазда көл мен өзен бойларында қаз, үйрек, қызғыш, тауқұдірет, жылқышы, аққу, т.б. мекендейді.
## Халқы
Тұрғындар саны – 13 846 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 37,74%, орыстар – 38,34%, украиндар – 11,85%, немістер – 5,29%, татарлар – 1,85%, беларустар – 1,51%, басқа ұлт өкілдері – 3,42%.
## Әкімшілік бөлінісі
25 елді мекен 1 ауылдық әкімдік пен 8 ауылдық округке біріктірілген:
## Ірі елді мекендері
## Шаруашылығы
Аудан негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Ауыл шаруашылығына жарамды аумағы 345,1 мың га, оның 221,3 мыңы егістік, 0,5 мыңы шабындық, 117,8 мыңы мал жайылымы. Аудан арқылы Қостанай—Көкшетау–Қарасу темір жолы және Қостанай—Көкшетау—Қарасу автомобиль жолдары өтеді.
## Дереккөздер |
Алюминий ашудастары – күкірт қышқыл алюминий мен бір валентті сілтілік металдар қостұздарының кристалл огидраттары. Мысалы, K2SO4·Al2(SO4)3· ·24H2O. Алюминий ашудастары – түссіз кристалды зат, суық суда нашар, ыстық суда өте жақсы ериді; ерітіндіде құрамындағы барлық иондарға диссоцияланады. Алюминий ашудастары боксит не сазға ыстық күкірт қышқылын құйып, ол ерітіндіге сульфат қосу арқылы алынады. Мата бояуда басытқы есебінде, тері илеуде, медицинада, т.б. қолданылады.
## Сілтеме |
Алюминий кентастары – өндірістік мақсатта алдымен алюминий оксидін (Al2O3), кейін электролиз жолымен алюминий алуға жарамды минералдық шикізат. Жердің беткі қабаты – литосфера 8,2% алюминийден тұрады. Алюминий мөлшері жағынан оттегі (46,6%) мен кремнийден (27,7%) кейінгі 3-орында. Алюминий 500-ге жуық минералдардың құрамында кездеседі. Олардың 300-дейі алюмосиликаттар, 76-сы фосфаттар, 47-сі оксидтер, 33-і сульфаттар, 12-сі фторидтер, 5-еуі хлоридтер. Негізгі Алюминий кентастары диаспор, гиббсит, бёмит, диккит (каолинит), алунит, нефелин, лейцит. Бұл минералдардың алғашқы үшеуі боксит тау жынысын құрайды, ал қалғандары алюмосиликаттарға жатады. Дүниежүзілік тәжірибеде алюминийдің 75 – 80%-ы бокситтен өндіріледі. Боксит емес кентастардың ішіндегі геологиялық, экология және экономика жағынан тиімдісі – нефелин-лейцит кендері. Олардың Қазақстан жерінде мол қорлары ашылған. Нефелин-лейцит жыныстарынан алюминий оксидінен басқа 30-дан аса бағалы заттар: сілтілі элементтер (K, Na, Lі, Rb, Cs), сондай-ақ сирек металдар: (Zr, Ga, Sc, Nb, Ta, La, Ce, т.б.) алынады. Қазақстанда Алюминий кентастары Торғай боксит аймағында өндіріледі.
## Сілтеме |
Аманбөктер – Жетісу облысы, Ақсу және Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы аудандарының (Қытай) шекарасындағы асу. Жетісу Алатауы жотасының орталық бөлігінде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 3754 м. Аманбөктер асуынан мамыр – қыркүйек айларында жаяу адам жүре алады. Асудың солтүстік беткейінен Кіші Басқан өзені бастау алады. Биік таудың бөктерінде жер бедерінің альпілік пішіндері мен мұздық белдемдер басып жатыр. Таудың биік көтеріңкі жерлерінде палеозой граниттері бар.
## Дереккөздер |
Амангелді бөгені — Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Тобыл өзенінің сол жағында орналасқан.
## Гидрологиялық сипаты
Теңіз деңгейінен 131,5 м биіктікте жатқан бөгеннің аумағы — 4,2 км², көлемі — 8,1 млн м³, ең терең жері — 13 м. Бөген суын ауыл шаруашылығында, т.б. салаларда пайдаланады. Балықтардан шортан, алабұға, тыран, шабақ, т.б. кездеседі.
## Дереккөздер |
Амангелді жер асты су кен орны – Қостанай облысы Амангелді ауданында, Жалдама және Қараторғай өзендерінің құйылысында орналасқан.
## Геологиялық құрылымы мен сипаты
Сулы қабат орта төрттік кезеңінің аллювийлі құмдарындағы террасасында, қалыңдығы 6-23 м. Тәуліктік сүзілу коэффициенті 9-65 м, қайтарымдылығы 0,18. Ұңғыманың тәуліктік дебиті 15,3 л/с. Суы тұщы (0,3-1 г/дм3). Бекітілген тәуліктік қорының мөлшері 5,8 мың м3. Суы Амангелді ауылын ауыз сумен қамтамасыз етеді.
## Дереккөздер |
Аманғали – Атырау облысы, Махамбет ауданы, Томан ауылының оңтүстік-батысында 5 км жерде орналасқан қыстау. Оңтүстік-батысында мұнай кен орындары мен Қызылбалық, Шалық, т.б. қыстаулар бар. Солтүстігінен 5 км жерде Астрахан – Атырау темір жолы өтеді.
## Сілтеме |
Амангелді бокситті кен орны – Қостанай облысы, Арқалық қалалық әкімдігі аумағында орналасқан. 1932 жылы ашылған. Кенді аймақта 5 кен орны орналасқан. Олар негізінен Торғай ойысының (қолатының) шығысында, Терісаққан және Қараторғай өзендері суайрығында жатыр.
## Геологиялық құрылымы
Кен денелері тез бұзылатын палеозой тау жыныстарындағы негізі мезозойдың борпылдақ шөгінділері мен палеоген-неоген шөгінділерінде шоғырланған. Кентасты қабаттар сазбалшықтан, оолиттен және бокситтерден тұрады (қалыңдығы 20 м). Тез бұзылатын қабыршақтар астында жоғары девонның фран ярусының терригенді шөгінділері мен фабен ярусының карбонатты қабаты жатыр. Кен қабаттарын синклинальды жазықтықтағы төбешік қабаттар жапқан эрозиялық-карсты депрессиясы алып жатыр. Олар көрші белдемдегі ярустармен (Арқалық, Ашұт, Терісаққан) жалғасқан.
## Жатыс сипаты
Беткейлік кентасты қабаттың қалыңдығы әр түрлі пішінді келеді. Олардың мөлшері 125 м-ден 3547 м аралығында. Өндіруге болатын кен қабатының литологиялық құрамы тастан, борпылдақтан, сынып-уатылатын сазбалшықтан тұрады. Олардың қалыңдығы 1-6 м-дей.
## Минералдары
Негізгі минералдары: гиббсит, каолинит, гематит. Кендердегі алюминий оксидінің (Al2O3) мөлшері – 41,1-50,3%, кремний диоксиді зиянды қосылысының (SіO2) мөлшері – 8,22-16,2%. Кен денелері бір-біріне жақын жатыр. Мұнда еліміздегі ең сапалы деген алюминий кентастары шоғырланған. Кентастар карьерлік әдіспен өндіріледі. Өнімі Павлодар алюминий зауытының шикізаты болып табылады.
## Дереккөздер |
Амангелді ауданы — Қостанай облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлініс. Аумағы — 22,6 мың км². Алғаш "Батпаққара ауданы" деген атпен 1928 жылы құрылды. 1936 жылы оған халық батыры Амангелді есімі берілді. Аудан орталығы — Амангелді ауылы.
## Географиялық орны, жер бедері
Батысында Жангелдин, Науырзым аудандарымен, шығысында Арқалық қаласымен, солтүстігінде Ақмола облысының Жарқайың ауданымен, оңтүстігінде Ұлытау облысының Ұлытау ауданымен шектеседі.
Торғай үстіртінің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Оңтүстік-шығысын Жыланшықтүрме (абсолюттік биіктігі 250–300 м) қыраты, Айғыржал (300–350 м) және Қырғыш тауларының солтүстік сілемдері (500 м) алып жатыр. Батыс жағының едәуір бөлігін “Торғай қолаты” деп аталатын ескі аңғардың шығыс беткейі қамтиды. Оған шығысынан Сарыөзен, Торғай, Жыланшық өзендерінің аңғарлары келіп түйіседі. Жер бедері ойлы-қырлы, таулы-ойысты болып келеді. Кен байлықтары: қоңыр көмір, темір кентасы, боксит және құрылыс материалдары.
## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық және қуаң. Қаңтардың орташа температурасы — -16–-22°С, шілдеде — 22–24°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері — 250–350 мм. Топырағы солтүстік пен солтүстік-шығыста қоңыр, оңтүстік мен оңтүстік-шығысында ашық қоңыр. Сортаң топырақ та кездеседі. Ауданның Торғай және оның саласы Жалдама өзендеріне дейінгі солтүстік бөлігін жусан аралас бетегелі, селеулі, жусанды, көкпекті шөп өскен құрғақ дала алып жатыр. Оңт-ндегі шөлейт аймақта ақ жусан, көде, еркек шөп, қара жусан, көкпек және бұйырғын өседі. Өзен жағалауында, ойпаңдарда галофит өсімдіктері аралас бидайықты, өлеңшөпті шалғын өседі. Жабайы аңдардан: қасқыр, түлкі, киік-сайғақ, борсық, ондатра, жабайы шошқа, қоян, дала бүркіті, көкек, қарға, ұзақ, сауысқан, жабайы көгершін, тоқылдақ, аққу, тырна, дуадақ, кекілік, бөдене тағы да басқа түрлері бар. Су айдындарында шортан, алабұға, ішінара, тұқы, сазан балық түрлері тараған.
## Су торабы
Аудан Торғай, Ұлы Жыланшық өзендерінің бас жағы мен салалары — Сарыөзен, Жалдама және Қараторғайдың орта және төменгі ағыстары алабын қамтиды. Сарыөзеннің салалары — Үлкен Дәмді, Мойылды және Жалдама өзендері және Амангелді бөгені жер суғаруға кеңінен пайдаланылады. Аудан аумағында Балықты, Топалаң, Қоғалыкөл, Шақпақ, т.б. көлдер бар.
## Шаруашылығы
Ауыл шаруашылық жерінің аумағы — 2689,6 мың га. Оның ішінде егістік — 244,0 мың га, шабындық — 95,2 мың га, жайылым — 2339,4 мың га (2006). Аудан аумағын Қостанай–Амангелді, Амангелді–Арқалық, Арқалық–Есіл автомобиль жолдары, Арқалық–Есіл темір жолының оңтүстік бөлігі басып өтеді.Аудан қалыпты көлік желілерімен қамтамасыз етілген. Жалпы пайдаланыстағы авто көлік жолдарының ұзындығы — 806 шақырым, оның ішінде 262 шақырым — асфальтталған жолдар.
## Халқы
Тұрғындар саны – 16 475 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 98,48%, орыстар – 1,52%, украиндар – 0,18%, немістер – 0,17%, басқа ұлт өкілдері – 0,23%.
## Әкімшілік бөлінісі
30 елді мекен 10 ауылдық округке біріктірілген:
## Ірі елді мекендері
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Селолық округтер(қолжетпейтін сілтеме) |
Амангелді газ конденсаты кен орны – Шу-Сарысу шөгінді алабының Мойынқұм ойысындағы газ кен орны. Құрылым 1974 жылы сейсмобарлаумен іздестіру бұрғылауын жүргізуге дайындалды. 1975 жылы газ бұрқағы атқылап, кен орны ашылған.
## Географиялық орны
Жамбыл облысында, Тараз қаласының солтүстігінде 165 км жерде орналасқан.
## Геологиялық құрылымы, жатыс сипаты
Кен сыйыстырушы құрылым оңтүстік-шығыс қанаты біршама тікшіл келген брахиантиклиналь қатпар болып табылады. Өлшемдері (-1920 м-лік изогипса бойынша) 7x3 км, амплитудасы 240 м-ге жуық. Өнеркәсіптік газдылығы жоғарғы турне, төменгі визе, төменгі Серпухов жікқабаттарының және төменгі пермь бөлімінің шөгінділерімен байланысқан. Қойнауқаттық күмбездік типтегі жоғарғы турне жатынының биіктігі 12,5 м. Газ су жапсары шартты түрде -1776,5 м-лік белгіде қабылданған. Газды горизонттың жалпы қалыңдығы 50 м, оның тиімдісі 5,6 м. Қойнауқаттың күмбезді литологиялық қалқаланған төменгі турне жатынының шартты түрде қабылданған газ-су жапсары -1939 м-лік аюсолют белгіде, биіктігі 236 м. Газды горизонттың жалпы қалыңдығы 30 м, оның тиімдісі 19 м. Жинауыштар кеуекті және жарықшақты-кеуекті типтес. 11,5 мм-лік шайбадағы газдың алғашқы шығымы 213,4 мың м3/тәу болды. Қойнауқаттың қалыңдығы 6-8 м. Серпухов әктастарындағы қойнауқаттық-күмбездік, литологиялық тұрғыдан қалқаланған газ жатынының күмбездегі ең аз тереңдігі 1722 м, биіктігі 120 м. Газ-су жапсары шартты түрде - 1426 м-лік белгіде қабылданған. Екі-төрт қойнауқаттан тұратын газ горизонтының жалпы қалыңдығы 20 м-ден 26 м-ге дейін жетеді, оның тиімдісі 10,4 м. Кеуекті және ұралы-кеуекті типтердегі жинауыштары бар. Төменгі пермнің сульфатты-галогендік, терригендік шөгінділеріндегі жатын қойнауқаттық-күмбездік, литологиялық тұрғыдан қалқаланған типке жатады. Күмбездегі оның жатыс тереңдігі 850 м. Газ-су жапсары -782 м-лік белгіде қабылданған.
## Құрамы
Жоғарғы турне-төменгі визе шөгінділеріндегі газдардың құрамы мен мөлшері мынадай (%-бен): метан - 67,25-86,2, этан - 4,52-10,53, пропан - 2,86-5,2, изобутан - 0,42-0,57, н-бутан - 0,82-0,95, т.б., 30 г/м3 дейінгі мөлшерде конденсат бар екендігі анықталды. Серпухов жікқабатына тиесілі жатында 81 - 0,45% метан, 9,99% этан, 3,0% пропан, 0,38% изобутан, 0,54% н-бутан т.б. бар. Конденсат мөлшері 12,85 г/м3. Конденсатта 0,016%-ға дейін күкірт бар. Төменгі пермь жатындарындағы газдар құрамы мен мөлшері былайша сипатталады (%-бен): метан - 9,47-26,05, этан - 0,21-1,97, пропан - 0,02-0,49, изобутан - 0,03-0,05, н-бутан - 0,07-0,09 т.б. Жатындардың режимі серпінді газарынды болып келген. Кенорын 2003 жылдан игерілуде.
## Дереккөздер |
Аманжол асуы – Іле Алатауындағы асу.
## Жер бедері
Теңіз деңгейінен 3115 м биіктікте орналасқан. Іле Алатауының солтүстігіндегі Кіші Түрген өзенінің жоғарғы ағысы Аманжол өзені аңғарымен Асы жайлауын басып өтіп, альпілік шалғын арқылы асуға көтеріледі. Іле Алатауының оңтүстігінен – асу маңынан Шілік өзенінің сол салалары Аманжол, Жіңішке өзендері ағып өтеді.
## Дереккөздер |
Амангелді шыңы – Іле Алатауының Кіші Алматы сілеміндегі Тұйықсу мен Богданович мұздықтары алабын бөліп тұрған шың. Биіктігі - 4010 м. Алматы қаласына таяу жердегі Абай шыңымен қатарлас.
## Жер бедері
Амангелді шыңы – әсем гранит жартас. Алғашқы рет шыңға 1939 жылы В.И.Зимин бастаған Алматы альпинистері шыққан. Шыңның төбесінен Абай мен Мәншүк Мәметова шыңдарының, Богданович, Тұйықсу мұздақтарының, оңтүстік пен батыс жартасты тау бөктерінің және солтүстік пен шығыс кішкене мұз басқан тау бөктерінің керемет көрінісі бейнеленеді.
## Альпинстік жорықтар
Қазіргі таңда Амангелді шыңы – альпинистердің арасында ең танымал «1 Б» маршрут. Жылы бойы бұл маршрут ашық болады.1999 жылдан бастап әр желтоқсан айында Амангелді шыңында альпинистер арасында жарыс ұйымдастырылады. Жарыс қазақстандық белгілі альпинист Букреев Анатолий Николаевичтің құрметіне арналған. Жүгіріс «Тауларда қайтыс болғандарға» деген мемориалдан басталып (Тұйықсу) Амангелді шыңының 3970 метр биіктігіне дейін болады. Ең жоғары рекорд – 1 сағат 15 минут 42 секунд – Қазақстанның аты шыққан альпинисті – Денис Урубкода. Осы жетістіктен асырған адамға ұйымдастырушылар сыйлық белгіленген.
## Сілтеме
* Описание маршрута восхождения
* Схема забега на пик Амангельды Мұрағатталған 15 қаңтардың 2014 жылы. |
Алтынсандық – Қызылтас тауларының оңтүстік-батысындағы тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде. Абсолюттік биіктігі 839 м. Тау солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр.
## Жер бедері
Солтүстік беткейі көлбеу, оңтүстік тіктеу келген оқшаулау тау массиві.
## Геологиялық құрылымы
Тас көмір граниті және гранодиориті қиып өткен пермь, тас көмір, силур және девонның эффузивті-тұнбалы шоғырларынан түзілген.
## Өсімдігі
Таудың ашық қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында ойдым-ойдым қайыңды-көктеректі шоқ талды орман, әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндер өседі.
## Дереккөздер |
Амантау – Ерейментау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 45 км жерде орналасқан тау, Қарсақпай мен Тенек өзендерінің аралығында.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Ерейментау ауданында. Абсолюттік биіктігі 373 м. Ұзындығы мен ені 2,5 – 3 км.
## Жер бедері
Шығыс беткейінің баурайын көптеген көлдер, батысын сор алып жатыр. Беткейі жазық, жыралармен тілімденген.
## Өсімдігі
Қара қоңыр топырағында қараған, сұлыбас, қылқанбоз, т.б. шөптесін өсімдіктер өскен.
## Дереккөздер |
Анартастар – силикаттар класына жататын минералдар тобы. Ортақ химиялық формуласы: A3B2[SіO4]3, мұндағы A=Mg, Fe2+, Mn2+, Ca; B=Al, Fe3+, Cr3+, Mn3+, Tі. Химиялық құрамы А және В топтарындағы элементтердің изоморфты орын алмастыруымен анықталады. Анартастар құрамында қоспа түрінде өте аз мөлшерде калий, фосфор, ванадий, бериллий оксидтері кездеседі. Кубтық сингонияда кристалданады. Анартастар тұтас дәнді агрегаттарды жиі түзейді. Түсі қызыл, сары, жасыл. Шыныдай, кейде алмастай жылтыр. Қаттылығы 6,5 – 7,5; меншікті салмағы 3,5 – 4,2 г/см3. Анартастар кристалдық тақтатастардың тау жынысын құраушы минералы болып табылады. Негізгі бөлігі жапсарлы-метасоматиттік жағдайда қышқыл магма мен карбонатты жыныстардың жапсарында түзіледі. Бояуы қанық, мөлдір түрлері зергерлік істе, сапасы төмендері абразивті материал ретінде ағаш өңдеу, т.б. өндірісте қолданылады.
## Сілтеме |
Ангор ешкісі – ежелден келе жатқан, жүні аса бағалы ешкі тұқымының бірі. Орта ғасырда Түркияның Анкара (Анкора) уәлаятында өсірілгендіктен осылай аталған. 19 ғасырда АҚШ, Африка, Австралияға тараған. Қазақстанға алғаш 1929 жылы АҚШ-тан әкелінген. Ешкісі 30 – 35 кг, текесі 45 – 50 кг тартады. Түбіті өте берік, біркелкі, жылтылдаған ақ майда биязы қылшықты. Қылшығының ұзындығы 35 – 40 см. Текесінен 4 – 7 кг, ешкісінен 2 – 4 кг түбіт алынады. Таза түбіт түсімі 65 – 80%. Сауын маусымында 60 – 100 л сүт береді, сүтінің майл. 4,4%, 5 – 10%-ы егіз туады. Ангор ешкісі негізінде кеңестік түбітті ешкі тұқымы шығарылды. Ангор ешкісінің будандары Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында өсіріледі. Ол өзге ешкі тұқымын асылдандыру үшін пайдаланылады. Еті сапалы, дәмді келеді, терісінен қымбат бағалы былғары дайындалады. Түбітінен мата, кілем, мақпал тоқылады.
## Сілтеме |
Ангрен қалпақбасы (Ugamіa angrenіca) – күрделігүлділер тұқымдасы, қалпақбас туысына жататын шала бұта. Қазақстанда Талас Алатауы мен Қаратауда, Өгем жотасында кездеседі. Қиыршықтасты беткейлерде, жартасты қырқаларда, 3000 м-ден жоғары тау қияларында өседі. Биіктігі 2 – 8 см, қалың түк басқан түбінен бұтақталған. Сабағы әбден сүректеніп кеткен. Жапырақтары ұсақ, қысқа сағақты. Ақшыл сары түсті, қос жынысты гүлдері себет гүлшоғырына топталған. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, жеміс береді. Тұқымынан көбейеді. Жемісі – қатпарлы, қалың түк басқан тұқымша. Ангрен қалпақбасы Ақсу-Жабағылы қорығында қорғауға алынған. Өте сирек кездесетін өсімдік түр болғандықтан, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
## Сілтемелер |
Андағұл – Бетпақдаланың оңтүстігіндегі тау.
## Географиялық орны
Жамбыл облысы Сарысу ауданы жерінде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 330 м. Тау батыстан шығысқа қарай 20 – 22 км-ге созылып жатыр, енді жері 4 км.
## Геологиялық орны
Жер қыртысы жоғарғы ордовик жыныстарынан түзілген. Аласа келген таудың салыстырмалы биіктігі 90 – 95 м. Беткейлері жайдақ келген.
## Өсімдігі
Беткейлерінде боз жусан, ақселеу, теріскен, т.б. шөлдің сораң шөптесіндері өскен. Баурайы жыл бойғы мал жайылымы.
## Дереккөздер |
Аңдасай қорықшасы – зоологиялық қорықша.
## Географиялық орны
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының солтүстік бөлігі мен Бетпақдаланың оңтүстігінде орналасқан.
## Құрылуы
Мойынқұм, Бетпақдала шөлдеріндегі, Шу-Іле тауларындағы арқар, құлан, таутеке, елік, жабайы шошқа, ақ бөкен, қарақұйрық, дуадақ, безгелдек, қырғауыл, т.б. пайдалы аңдар мен құстарды және ойпаң дала көлдеріндегі балықтарды қорғау, көбейту мақсаттарымен 1966 жылы құрылған. Аумағы 1 млн. га.
## Фаунасы
Жер бедері [қ сексеуіл өскен тоғайлы төбешік пен құмды қырқалар, беті тегіс аумақты тақырлар болғандықтан жануарлар үшін өте қолайлы келеді. Қорықшада балық пен бауырымен жорғалаушылардың 10-нан, құстардың 200-ден, сүтқоректілердің 40-тан астам түрлері (кірпі, қоян, сарышұнақ, борсық, қасқыр, қарсақ, түлкі, елік т.б.) тіршілік етеді. Аңдасай қорықшасы Оңтүстік Қазақстандағы ақ бөкендердің қыстап шығатын қонысы болып есептеледі. Ондағы бірқатар аң-құстар (қарақұйрық, шұбар күзен, қалбағай, жалман, арқар, аққу, т.б.) мен өсімдіктер (Альберт қызғалдағы, Бетпақдала сылдыршөбі) Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Қорықша аумағында аң-құстарды аулауға тыйым салынған.
## Дереккөздер |
Аңқаты – Есенаңқаты өзенінің саласы.
## Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 29 км.
## Бастауы
Бастауын Бөрлі ауданындағы Қарақұдық ауылының батысынан алып, Күтіраңқаты өзеніне сол жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Жоғары арнасы жарлы, ортаңғы және төменгі ағысында аңғары кеңейіп жайыла ағады. Қарашада суы қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. Суы тұщы. Аңғары жайылым ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Аң өсіру – құнды терісі, шипалы мүйізі үшін аңды көбейту; мал шарушылығының бір саласы. Құнды аң терісін дайындап, өткізуде республикамыз бұрынғы Одақ көлемінде 2-орынды иемденген. Аң өсірудің үш түрі бар: 1) торда өсіру. Мұнда әр аң жеке не үйірімен торда ұсталады; 2) еркіне жіберіп өсіру. Мұнда аң еркімен жүреді, бірақ телім қоршаулы болады; 3) азды-көпті еркімен жіберіп өсіру. Мұнда аңның ересегі торда ұсталады да, күшігі қоршалған телімге жіберіліп, үнемі қосымша жем беріледі. Еркіне жіберіп өсірілген аңның терісі сапалы болады. Аңды дұрыс қоректендірудің айрықша маңызы бар. Азықта А т.б. витаминдер (құрғақ ірімшік, балық қалдықтары, итбалық еті, т.б.) мол болуға тиіс. Аң шаруашылықтары мен қожалықтарында жыл маусымына қарай әр түрлі жұмыстар жүргізіледі: аңды шағылыстыру, буаз кезінде күту, күшігін өсіру, бонитировкалау, сою, т.б. Терісі құнды қара және көк түлкі, полярлық ақ түлкі, қара күзен, бұлғын, қама, т.б. көбінесе көктемде немесе жазғытұрым күшіктейді. Қазақстанда марал, теңбіл бұғы, қара түлкі өсіретін шаруашылықтар да бар.
## Сыртқы сілтемелер
* Аң өсіру және аң шаруашылығы
* Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы (қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Аңырақай – Жамбыл облысы Шу ауданы жеріндегі тау сілемі. Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тарихи жер аты. Абсолюттік биіктігі 1295 м. Ұзындығы 75 км, ені 5 км.
## Геологиялық құрылымы
Архей гнейстері мен кристалды тақтатастардан түзілген.
## Жер бедері
Беткейлерінің оңтүстік-батысы жазық, солтүстік-шығысы құлама жар, қорым тасты, шыңды келеді.
## Өсімдігі
Қиыршықтас араласқан қоңыр топырағында жусан, бетеге, селеу, қараған, тобылғы, ал тау аңғарларында бұта аралас қау өседі.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі |
Аңқал (Clіnopodіum) – еріндігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда Іле, Күнгей Алатауларының беткейлеріндегі жапырақты ормандарында, өзен бойларында өсетін 1 түрі – тегісжиек А. (С. іntegerrіmum) бар. Биікт. 30 – 40 см. Сабақтары түкті, төрт қырлы. Жапырақтары ұзынша, сыртын түк басқан. Гүлшоғыры көп гүлді, қалың. Гүлжапырағы көп, тостағаншасы түкті, кейде тықыр. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, маусым – тамызда жемістенеді. .
## Сыртқы сілтемелер
* Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлері мен киiктерді сақтаудың және қалпына келтiрудiң 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы Мұрағатталған 7 наурыздың 2014 жылы.
* Аңшылық(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Апан шынытас кен орны - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы жерінде орналасқан.
## Жатыс сипаты
Әйнек өндіруге арналған құм құрамындағы темір қышқылының мөлшері 0,78%-ды құрайды. А+В+С, категориялы шикізат қорының мөлшері 18,6 млн. т. Кен орны ірі саналады. Әйнек өндіру үшін шикізатты байытудың флотациялық және сепарациялық тәсілдері қажет.
## Дереккөздер |
Араб жылқысы (араб.: الحصان العربي Үлгі:IPA-ar, DMG ḥiṣān ʿarabī) – ертеден белгілі жылқы тұқымының бірі. Оны қазақтар «араби жылқы» деп атаған. Араб жылқысы 7 ғ-дан белгілі. Ол 15 ғ-дан бастап Еуропада көптеген жаңа жылқы тұқымдарының (таза мініс жылқысы, тракенеп, венгр жылқысы, орлов желгіші, т.б.) өсірілуіне себеп болды. Оның айғырларын қазақ халқы өзінің жылқы тұқымдарын жақсартуға пайдаланды.Араб жылқысы ірі емес, шоқтығына дейінгі биікт. 151,9 см, тұрқы 149,3 см, кеуде орамы 175 см, жіліншігінің орамы 19,2 см. Тұяғы берік, өте сымбатты, ұзақ жүріске төзімді әрі жүрдек келеді. Араб жылқысының тірідей салмағы 420 кг, сойғанда 54 – 56% таза ет береді, биелерінен 11 – 15 л сүт сауылады. Шөлге шыдамды, күтім таңдамайды. Қазақстанда таза Араб жылқысы өсірілмейді. Түпкі нәсіліне тән қасиеттерін сақтаған Араб жылқысы Каспий теңізі өңіріндегі елді мекендерде кездеседі.
## Сыртқы сілтемелер
* Қазақтың Құлагері мен Тайбурылының тұқымдары қайда?
## Дереккөздер |
Аражегіш (лат. Pernis apivorus) – сұңқартәрізділер отряды, қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс.
Қазақстанның батыс аудандарында, Тянь-Шань тауларында кездеседі.
Дене тұрқы 45 – 62 см, қанатының ұзындығы 37 – 47 см, салмағы 500 – 800 г-дай. Тұмсығы онша биік емес, танау тесігі саңылауланған және көлбеу орналасқан. Езуі мен маңдайы бірін-бірі бастыра өскен қысқа қауырсыншалармен тығыз жабылған. Сондықтан оны ара шаға алмайды. Тырнақтары үшкір болғанымен әлсіз, арқа жоны қоңырқай, мойны ақшыл, бауыры қошқыл қоңыр не шұбар болады. Жеңіл ғана қалықтап ұшады. Ұясын ағаш басына салады, кейде құзғын, қарға, т.б. құстардың ұяларын пайдаланады. Мекиені 2 – 4 жұмыртқаны 34 күндей басады, балапандары 40 – 45 күнде ұядан ұшады. Негізгі қорегі – ұсақ жәндіктер және шоғырланып тіршілік ететін аралар.
Аражегіш қаршыға – жыл құсы. Сәуірде ұшып келіп, қыркүйекте қоныс аударып, Оңтүстік Африкада қыстайды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Құстардың аттары Мұрағатталған 10 тамыздың 2011 жылы. |
Арал албырты (Salmo trutta aralensіs) – албырт тұқымдасына жататын жыртқыш балық. Арал теңізінде тіршілік еткен. Соңғы 30-40 жылда ол туралы ешқандай дерек кездеспеген, жойылып кетуі де мүмкін. Дене тұрқы 100 см, салмағы 13 – 14 кг. Денесі жұмыр, арқасы қара қоңыр, күмістей аппақ бүйірінде х тәрізді қара дақтары бар, май қанаты бауырында орналасқан. Жақтары мен ауыз қуысында майда тістері болады. Осы белгілері Арал албыртын Арал суындағы басқа түрлерден ерекшелендіреді. Арал албырты – өткінші балық. Уылдырығын қараша-желтоқсан айларында Әмударияға шашады. Майшабақтары теңізге шыққанша 2 жылдай өзендерде тіршілік етеді. Бұрын Арал теңізінде бірен-саран ауланатын, Әмударияда да кездесетін, осы өзенмен Кафирниган және Вахш салаларына дейін өрістейтін. Осы маңайда Әмудария бахтағымен будандасуы мүмкін болатын. Қолдан өсірілмеген, бұл түрдің қалпына қайта келуін Әмудариядағы жергілікті бахтахты пайдаланып іске асыру мүмкін сияқты, бірақ оның да әуесқойлық аулануын шектеу қажет.
Арал албырты майда балықтармен және ірі шаянтәрізділермен қоректенеді. Ол өте дәмді балық, бірақ кәсіптік маңызы жоқ. Саны аз, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Дереккөздер |
Арал қазба фаунасы – Арал теңізінің солтүстік жағалауындағы (Ақеспе елді мекені маңынан) олигоцен дәуірінің аяқ кезіндегі құрлық шөгінділерінен табылған жануарлар қалдығы. Қазба жұмыстарын 1930 ж. КСРО Ғылым Академиясының Палентология институты және Қазақстан Ғылым Академиясының Зоология институты (1952, 1966, 1981, 1990 – 91 ж.) жүргізді. Қазбадан: мүйізтұмсықтар (Paraceratherіum, Aceratherіum, Protaceratherіum, Aprotodon, Gіgantamynodon), бұғытәрізділер (Lophіomeryx, Mіomeryx, Prodrematherіum, Amphіtragulus), кемірушілер (Propaleocator, Aralomys, Argіromys, Agіspelagus, Protalactaga, Eumysodon), бауырымен жорғалаушылар (Chelonіa, Testudo), құстар (Anas) қалдықтары табылды. Олар шамамен 25 – 26 млн. жыл бұрын ылғалды ормандар мен көлді, батпақты аймақтарда тіршілік еткен. Арал қазба фаунасының жер қабатының геологиялық салыстырмалы жасын анықтауда маңызы зор.
## Cілтемелер
* Фауна
* Арал
## Дереккөздер |
Аңшылық – түз жануарларын аулау кәсібі.
Қазіргі Қазақстан жерінде адамдар аңшылықпен ежелгі палеолит дәуірінен айналысқан. Мысалы, Үшбұлақ қойнауында (Қаратау қаласының солтүстік-батыс жағында 36 км жерде) мустье дәуірінде өмір сүрген аңшылардың шағын топтарының қысқа мерзімді тұрақтарының ізі сақталған. Ондай тұрақтар суатқа келетін аңдарды (бизон, бұғы, киік, жылқы) аңдуға қолайлы бұлақ түбіне салынған. Соңғы палеолит дәуірінде ірі жануарларды аулау, адам қорегінің басты негізі болды. Мысалы, адамдар Жайық өзенінің бойынан мамонттар мен жүндес мүйізтұмсықтарды аулап, олардың сүйектерінен әр түрлі кескіштер, қырғыштар, найзалар мен сүңгілердің ұштары, шанышқылар, лақтырылатын найзалар, сүйек инелер, біздер жасаған. Сонымен қатар адамдар аң терісінен киім тігуді де үйренген. Аң аулау дәстүрлері мен тәжірибелері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, аң аулау шаруашылығы дамыған. Соған байланысты қазақтар арасында аңшылықты жақсы меңгерген мамандар – аңшы (аңды аулаушы), аңкөс (аң аулаудың сырларын жетік меңгерген аңшы), құсбегі (қырандарды түрге, топқа жақсы ажырататын), бүркітші (бүркітті баптай алатын) және қағушы (бүркітшілерге қолғанат болатын) пайда болды. Олар аң аулаудың айла-шарғыларын (ор қазып, ұшпалардан ұшырып, қарға омбылатып аулау, тасқақпанмен, тормен, құмқақпанмен, тұзақпен ұстау, құспен, итпен қуу, түтін, жемтік салу, мұзға отырғызу, т.б.) жетік меңгерген. Аңшылық мақсатына қарай кәсіптік, спорттық-әуесқойлық және ғылыми болып бөлінеді. Кәсіптік аңшылықтың мақсаты – аңдар мен құстардан ет, тері, мамық, қауырсын, мүйіз, т.б. өнімдерін алу. Өнімнің сапасы аңның түлеуіне, балалау мерзіміне байланысты белгіленеді. Спорттық-әуесқойлық аңшылық аңдар мен құстарды белгілі тәртіппен аулап, табиғат саясында дем алу. Әуесқой аңшыға мемлекет тарапынан шек қойылады. Ғылыми аңшылықтың құрамына: аң шаруашылығының экономикасы, кәсіптік аңдар мен құстардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу, олардың сан мөлшерін көбейту, алынатын өнімді арттыру және сапасын жақсарту, аң аулау әдістерін, құралдарын жетілдіру мәселелері жатады.
## Тарихы
Адамзат алғаш әлемде пайда болған кезден-ақ өзін қоршаған ортаға үйлесе өмір сүруге талпынған. Күн көріс қарекетімен әуелден әртүрлі табиғаттағы жабайы жеміс-жидекті теріп жей келе, аң-құс аулауға машықтана бастады. Мұны дала мәдениетінде сақталып қалған көне жәдігерлер дәлелдеуде. Әсіресе тасқа «қашалған» аң-құс аулаудағы бейнелер соның айғағы іспетті. Аңшылық - адамзаттың ең көне және ең алғашқы күнкөріс қарекетінің бірі болғанымен, уақыт өте келе кәсіпке ұласып, орта ғасырдың соңына дейін шаруашылықтың негізгі бір түріне айналды. Тарихи даму барысында табиғат ананың қорының, дәлірек айтсақ аң-құс фаунасының қатарының сиреуі, адамзат баласының санының күрт өсіп, экологиялық апаттың қылаң беруі мен технократтық өркениеттің кең қанат жаюы аңшылықты тежеуге мәжбүрледі. Әрі діни фактордың күшеюі, адамдардың ақыл-парасатының арта түсуі, өркениетті қоғам элементтерінің дамуы табиғатқа деген қамқорлықты арттырды. Сондықтан аң-құстарды жөн-жосықсыз, шектен тыс аулауға, құртуға шек қойыла басталды. Әсіресе, адамдардың санасындағы мифтік түсініктері мен байырғы дүниетанымындағы табиғат ананы қастерлеу, оның аң-құсын, әсіресе қазақтар «Құдайдың малы», «қоңыр аң» деп қастерлеген бұғы, қарақұйрық, тауешкі, құлжа қатарлы аңдарды және киелі құстарды шектен тыс аулауға, жөн-жосықсыз қыруға жол берілмеді. Осы кезден аң аулаудың көптеген тәсілдерінің бірі алға шықты, ал қайсыбірі екінші қатарға ысырылды. Аңшылық тәсілдерінің аңды қыран құспен алу, құмай тазымен аулау, ату қаруларымен (садақ, мылтықпен), түрлі жабдық-саймандармен (тұзақ, абақ, шаншу, қақпан, атқы), әр алуан тәсілдермен (құм қақпан, орға жығу, қысаңға қамап, сойылмен ұру) аулау деген негізгі түрлері бар.
Осылайша табиғи тәсілдермен аң аулаудың өрісі тарылып, оның кейбір түрі, айталық құсбегілік пен тазы баптау кәсіптен гөрі, өнер сипатына ие болды. Ұлы Мұхтар Әуезов айтқандай: «Аңшылықтың үміт, қуанышы көп. Ыстық оттай қызулы минуты көп, мағыналы өмір. Аңшылықта кісіні ақын күйіне жеткізетін сезім күйі көп. Бұл - салқындап кеткен кәрі ақылдың өмірі емес, сүйген ғашығыңды сағынып келіп, күліп-ойнап өткізген күндіз-түніндей ыстық сезім өмір. Өйткені бір минуттың ішінде қуантатын да, жүдететін де сәттерді басынан кешіреді. Соның бәрін айтып жүргендіктен аңшының тілі шешен, қиялы жүйрік. Бүркіттің ұшқанына, түлкінің құтылмақ болған айласына, құсшының ебіне арналған талай шешен сөздер бар. Аңшылық өмірінен ілгері-соңғыдан қалған талай қызықты, жанды, сұлу әңгімелер көп». Шынымен-ақ құсбегіліктің адамды ақындық деңгейге жеткізетін «өнер», әрі халықтың көне дәстүрінің мәйегін сақтап, насихаттайтын, ел арасындағы «еркелері» - салдар мен серілердің жан жолдасы, жұрттың ермегі ғана емес, кие тұтар құндылығы болып қалды. Оның дәлеліндей, аушы құстарға қатысты толып жатқан ырым-тыйымдар жұқанасы (реликтері) күні бүгінге дейін өмір сүріп келеді.Құсбегілікте олжа алу негізгі мәселе емес, керісінше тұз тағысын қолға үйретіп (дрессировка) жуасыту арқылы бейне бір құс тілін білетін орнитолог-этолог мамандай немесе цирк өнерпазындай тұз тағысына өз "әмірін" жүргізу маңызды, әрі адамның өзі баптаған аушы құсының көкте самғауы мен оның аспанда қалықтап, шүйіле келіп аңға түсуін тамашалау жанға ғанибет, саятта қүсбегіге еріп жүрген жұртқа рахат сыйлайтын көрініс. Өйткені, аспанда қалықтап ұшу адамзаттың бағзыдан бергі арманы, оны қолға үйреткен құсы арқылы тамашалау үлкен ләззат.
Саятқа топ-тобымен шыққан жұрт бұл тамаша көріністің куәсі ғана болып қоймай, оған өзінің сақадай-сай әзірлігін сынайды. Өйткені жылы киім, дұрыс қайырылып үйретілген құс, тазының ұшқырлығы, бапты ат, мықты денсаулық бәрі-бәрі саятта сыналады. Сондай-ақ серуендеген серілер «ақ қар, көк мұз» аязды шақта табиғаттың екінің бірі бажайлай бермейтін қыр-сырына тереңірек үңіле түседі...
Дегенмен, қазірге дейін мәлім болғандай сұңқаршылыққа қатысты дерек бағзы дәуірдегі мысырлықтарға барып тіреледі. Көне Мысырдың XVIII династиясы дәуірінде, яғни б.д.д. 1580-1350 жылдары жазылған магиялық мәтіндер арасындағы бір кестеде басына томағаға ұқсас "бірдеңе" кигізілген, тұғырға ұқсас бөрене үстінде отырған, қарақұйрық жотасына "қонған" бірқатар сұңқардың бірнеше бейнесі салынған. Мысырлықтарда сұңқар патшалық биліктің рәмізі, Хорус құдайының бейнесі, иероглиф таңбасы орнына жүрді. Түркия жеріндегі Богазқап қалашығы қиратындылары арасынан саздан жасалған барельефте бірі қолына сұңқар ұстаған (балақбау тәрізді бауы төмен салбыраған) қолдарына шабатын қару ұстаған екі жігіт бейнеленген. Ескерткіш б.з.д. XIII ғасырдікі, хеттер мәдениетінікі, сұңқаршылықтың 3300 жылдықтарихын көрсетеді. Ал Саргон ІІ патша заманындағы (б.з.д. 722-705 жылдары) Ассирия барельефінде осыған ұқсас деректер бейнеленген ескерткіш Лувр музейінде сақтаулы. Бұлардан шығатын қорытынды сұңқаршылықтың ежелгі мекені туралы мағлұмат береді.
Адамзат тарихындағы аңшы құстарға қатысты заттық айғақ б.з.д. 2400 жыл бұрын Месопотамия жерінен Нойон ула тауынан табылған атақты ғұн қазынасы арасындағы кілем, сырмақтарда тауешкіге түсіп жатқан жыртқыш аңның айқасы, Есіктегі сақ обасынан табылған «Алтын адам» қазынасының жәдігерлерінде дәл сондай көріністі бейнелеген алтын тоға - Орта Азиялықтарда аушы құс культінің аса көнеден келе жатқандығының айғағы. Ертедегі қазақтар тұлпарды ғана емес, сонымен бірге құсты да кие тұтып, мәйітпен бірге жерлейтін болған.
Қазақ жерінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері орта ғасырда адам мүрдесімен бірге қыран бүркітті қоса жерлегендігін келтіріп отыр. Айталық, Атырау облысы Құлсары кентінің солтүстік шығысындағы атақты Бекет Ата - Ақмешіт культтік-жерлеу кешенінен алты шақырым жердегі Аралтөбе қорымындағы үш -қорғанның (II) бірінен еркек пен әйел мүрдесімен аң стилінде жасалған алтын бұйымдар, бүркіт пен протомалары бірге жерленген). Үш бөліктен тұратын кеңістікке киелі құс бүркіт адам жанын көкке алып шығады деген танымнан туған. Шығыс Қазақстан облысындағы Маңырақ, Тарбағатай арасындағы Шілікті жазығындағы ерте темір дәуіріне жататын аттас қорғандарынан табылған алтын әшекейлер арасынан бастары артқа қайырылған шеңгелі мен жанары перуза тастармен көмкерілген 36 дана жыртқыш құс (бәлкім бүркіт) кескініндегі құйма алтын қапсырмалары ұшырасады. Ал Алтайдағы әйгілі Берел қорымында жерленген көсемнің табытының төрт бұрышында «мүрдені күзететін» грифон бейнесі ертедегі далалықтар өмірінде жыртқыш құсқа қатысты танымның (бәлкім олардың өмірінде құсбегіліктің) қаншалықты маңызды болғандығын аңғартады". Өскемен қаласынан қырық шақырымда Құрық, қорганының (б.д.д. IV—II ғғ.) бірінен мәйітпен бірге жерленген 4 бүркіт қаңқасының табылуы, атақты Есік «Алтын адамының бас киіміндегі стильденген құс бейнелі фигуралар тәрізді көне археологиялық жәдігерлердің көптеп ұшырасуы - жыртқыш құстардың қазақ жеріндегі тарихи тамырының тереңге жайылғандығын көрсетеді...
Бұл қазақтарда қыран құс культінің ерекше дамығандығының көрінісі. Мұндай культтің жоғары деңгейін қазақ мемлекет тілігінің рәміздерінде және халық санасында, ауыз әдебиет пен тілдік деректерде өміршеңдікпен жалғасқандығынан байқауға болады. Шығыс халықтарының аңыз-ертегілерінде феникс, грифон, сенмурв, самұрық, шойынқара т.б. ертегілік «арыстан денелі, бүркіт басты» алып құбыжықтар туралы мәліметтер жиі кездесіп жатады. V ғасырда Сасанид патшасы V Баһрам Гурдің ермегі сұңқармен аң аулау болғандығын және қытайлықтардың оған сұңқарды сыйға тартқандығын жазады. Еуропаға жасаған жойқын жорықтарында қолданған қару-жарақтар мен қалқан бетінде хандық белгі (таңба) ретінде ақсұңқар бейнеленген. Ежелгі Қытайда да сұңқаршылық екі мың жылдық тарихы бар дегенімен бұлтартпас айғақ VI ғасырдың еншісінде. Лианг әулеті (502-557 жылдары) заманында мұрагердің бірі тазымен бірге үйретілген сұңқарды қырғауылға салған деген. Осындай деректер ежелгі Эллада, Үнді, Парсы жұрттары көптеп кездеседі. Тіптен 720 жылдары аяқталған жапон жылнамасы "Нихон Шохи" императордың сұңқар ұстағаны туралы баяндайды. Ал батыс елдеріндегі құсбегілік туралы мәлімет эпикалық "Нибелунга туралы жырда" Кримгильд патшайымның сүйікті сұңқарын басқа екі су бүркіт өлтіріп тастағаны айтылса, Сигурд жырында екі ақсұңқардың тырнаға жарысып түскенін жазады. Екі дерек те ғұндардың Бургундиялықтарды жаулап алған кезіне дөп келеді. Батыс ғұндарының қолбасшысы Еділдің (Атилла) Еуропаға жасаған жойқын жорықтарында қолданған қаружарақтар мен қалқан бетінде хандық белгі (таңба) ретінде ақсұңқар бейнеленген.Немістердің заң жинағында ұядан өз бетімен балапан алса, құсты ұрласа үлкен айыппұл салынады делінген. Тіптен аушы құс ұя салған ағаш арнайы таңбаланған. VI-VIII ғасырлар тазы мен құс, оның құрал-жабдық, киімдері немістердің ажырамас атрибутына айналған.Құс бейнесі көне түркі дәуіріндегі ескерткіштер, тас мүсіндерде молынан көрініс тапқан. Айталық:
* 1. Күлтегіннің бас тас мүсініндегі құс бейнесі.
* 2. Күлтегін, Білге қаған ескерткіш кешені маңындағы тас қорғанындағы құс бейнесі.
* 3. Алтын тамған тархан бітіктасындағы құс бейнесі.
* 4. Күлі-чүр ескерткіш кешені тас қоршауындағы құс бейнесі.
* 5. Жетісу тас мүсініндегі құс бейнесі және т.б. жүздеген деректерді келтіруге болады.
Көне түрік таным түсінік Тәңірлік ұғым бойынша құс көктің иесі, аспанның киесі, жоғарғы әлемнің елшісі, қанаттылардың төресі саналады. Аталған құс бейнелерін зерттеушілер бүркіт, көгершін, самұрық тәрізді деп жорамалдайды. Демек, байырғы түріктердегі таным-түсінік бойынша төрелік билік мәңгілік көк аспаннан жаратылады. Ал Тәңір жарылқаушының киесі де, иесі де құс деп таныды. Соның ішінде қыран құстың қырағылығы мен алғырлығына ерекше қастерлеп, биліктің рәмізі ретінде көшпелілер ту-байрақтарын да қыран құстардың бейнесімен әшекейлеген.Түркі халықтарында саятқа салатын құстарды аушы (аңшы, аң алатын) құс немесе қысқартып құс деп атайды. Атаудың ілкі тұлғасы баба түрік тіліндегі qut «құт» болып, одан тілдік даму заңдылығымен құт > qus құс болып өрбіді деуге саяды. Құт тұлғасы құс, құр, қыр+ғи, құз+ғын, қаз, сұң+қар, кезқұйрық т.б. атаулардағы ұқсас құрылымдармен түбірлес, тектес осы семантикалық өрісіне «құс, қос, қыз, қыр+қын» т.б. сөздері де төркіндес. Басқаша айтқанда осы атаулардың морфемалық мағынасы «екі, қос, жұп қанатты, қос қанатты» дегенді білдіреді. Қыр+ан, қыр+ғи, қар(а)+ға, қар+ға, қар+шыға, қар+лығаш, қыр+ғауыл, сұң+қар деген атауларындағы қар, қыр тұлғалары да осы құт, құс түбірлерімен бір желілес, ұқсас дүниелер.Әбілғазы Баһадүрханның «Шежіре-и Түрк» еңбегінде Оғұз қаған аңызына байланысты оның 24 ұл немересінің құстары, таңбалары жайлы да осы құт, құс танымымен сабақтастырып айтуға болады. Мысалы, шежіреде аталатын құстардың атауы: сұңқар, күйгенек, көбек сары, тұрымтай, қыр+ғұ, қыз+ыл қар+жығай, көж+ген, жере лажын, сарыша, баһари (қарға), су бүр+кіт, ала тұғанақ, бұғдайнақ, құмай, енчары, йағалбай, біқұ, қар+шығай, ителгұ, тұйғұн, чере қар+чығай*.Махмұт Қашғаридың «Түрік тілдерінің жинағы» (Диуани-лұғат-ат-Түрік) сөздігінде «ым білсе ер өлмес» деген сөз бар. Мұның себебін, М.Қашғари былай түсіндіреді. Ордадағы қолбасшылардың жауынгерлігіне жасырын ым белгілері (пароль) ретінде қару-жарақ немесе құс аттары(!) қолданылады. Егер түнде екі жауынгер кездесе қалса бір-біріне сол ым-белгіні сұрасады. Ым біліссе өз адамы деп жолымен жүре береді...VI-XI ғасырларда оғыздардың және IX ғасырда Моңғолия, Қытай ортағасырлық Орта Азия аумағында халықтар құсбегілікпен айналысқаны бізге тарихтан белгілі. X ғасырда селжүктерде көптеген құсбегілердің болуы және селжүк әулетінен шыққан бір көсемнің Тоғрұл есімді (Тоғрұл мағынасы Алтай сұңқары дегенді білдіреді) болуы құсбегіліктің селжүктер кезеңінде де маңызы арта түскендігін байқатады. Ал сол әулеттің 1194 жылы қайтыс болған Тұйғыншах атты билеу шісінің де есімі құсбегілікке қатысты ұғымнан туған, яки ақ қаршыға деген мағынаны береді.Кіші Азияны иеленген селжүк, оғыз, қыпшақ бектері мен бағыландары Босфор бұғазында қаршыға, сұңқарларды теңіз жағасындағы су құстарына салып, олардың «қырғидай тиген» көрінісін тамашалайтындықтары туралы деректер көнеден жеткен. 1032-1083 жылдар аралығында жазылған «Қабуснаме» еңбегінің бір тарауында құсбегілік туралы егжей-тегжейлі жазылған мәлімет бар. Онда ақсүйек, хандардың асыл тұқымды атқа мініп, қолына сұңқар ұстап, саятшылық құрып, қабыланмен аң аулауы туралы баяндалады. Мұндай өнер тек ақсүйектердіңғана кәсібі болған, ал қарапайым адамдарға онымен айналысуға рұқсат берілмейтіні жазылған.
Көз тойғысыз қызығы мол құсбегілік өнер сол кездегі хан, патшалардың сән-салтанатына айналған еді. Әлемді дүр сілкіндірген әмірші Шыңғыс хан сұңқар салғандығы туралы парсы жылнамашысы Ата Малик Жувейни жазады. Оның тұстасы Керей Тұғырыл хан, Шыңғыс мұрагерінің бірі Құбылай хан, сондай-ақ Әмір Темір сияқты адамзат тарихындағы атақты тұлғалардың сүйікті ермегі, пір тұтқан киесі құс салу болғандығын тарихи жазбаларда хатталған. Шыңғыс ханның құсбегілік өнерді жоғары бағалағаны соншалық, ол бұл өнерді мемлекет деңгейіне дейін көтерген болатын. Қызықты да тамаша құсбегілік өнері моңғолдардың Орта Азияға жасаған шапқыншылығы кезінде әскери жаттығудың ең маңызды мәртебесіне ие болды. Қағанға қыран құстар, соның ішінде ақсұңқарлар көбінесе сый ретінде келіп отыратын болса, кейбір сұңқарлар салық ретінде алынатын. Орта ғасырда құсбегілік өнері көшпенділер арасында тоқтаусыз дами берді. Себебі ең алдымен, саятшылық көшпенділер үшін тіршіліктің өзекті бір саласы болып келген; сондай-ақ ол әскери жаттығудың, шынығып-шыңдалудың тамаша үлгісі болған. Марко Поло хан ордасында қыран құстардың көптігі және олардың барлығы құсбегілікке қолданылатындығы жайлы қызықты күнделіктер жазған. Гильом де Рубруктың 1253-1255 жылдары саяхат күнделігінде "Оларда (көшпенділерде) ителгі және сұңқар құстары өте көп. Олар құстарын оң қолдарына отырғызады және сұңқарлардың мойындарында құс кеудесінің ортасына дейін салбырап тұратын жіңішке қайыс тағады", - деп жазады.Күйік ханның ордасында 4 айға жуық өмір сүрген, табиғат аясында құсбегілік өнерінің қызықты сәттерінің куәсі болған жиһанкез Марко Поло жазбасы өте қызық. Ұлы ханның Баян және Минган атты екі ағайын бектерін жергілікті халық Куничи деп атайды. Себебі олар ханның қол астындағы 20 мың құсбегілер мен аңшыларды басқаратын. Минган басқарған 10 мың адам қызыл, Баян басқарған 10 мың адам көк түсті киім киіп ханмен бірге саятқа шығады. Бөлінген 10 мыңдықтың 2 мың адамының әрқайсысы көп тазы мен төбет иттер жетектеген. Екіге бөлінген аңшы-құсбегілер күншілік жерді шеңбер тәрізді етіп қоршап, аң-құстарын үркітіп қыспаққа алады. Дәл осы сәтте аңшылардың да, иттердің де өте шеберлігін көру тамаша көрініс еді...
Тобымен саят құру - салбурын аталатын бұл оқиғаны жиһанкез автор ары қарай былай өрбітеді:" Ұлы хан өз ордасындa үш ай болып наурыз айында ол нөкерлерімен екі күншілік жерге аттанады. Ол өзімен бірге 10 мың құсбегісін және 500 ақсұңқарын алып жүреді. Әр жерге бір-екіден аралары алшақ тұрған құсбегі мен тосқауылшыларда құс шақыратын ысқырық және түрлі үлгіде тігілген томағалар бар. Ал ұлы хан қолынан ақсұңқарынұшырған кезде тосқауылда тұрған құсбегілер сұңқардың қай жерге олжасын алып түсетінін бақылап тұрады».
Алты мың сұңқаршысы болған Түрік сұлтаны I Баязид (1354-1403) тәрізді болуға өз заманының тұстастары тек армандаған деседі. Ұлы Моғол империясының негізін қалаған Темір әулетінің ұрпағы Захир-ад-дин Мұхаммед Бабыр (1483-1530). «Бабырнама» еңбегінде: Жұт жылы азық-түліктен тарықпайтындай, ал жау қоршауда ұстаған жағдайда аштықтан әлсіремейтіндей жерде болуымыз оңды деген мақсатпен Рабатек-и Урчини ауданында қыстағаны айтылады. «Бұл өлке аң аулауға таптырмайтын жер. Айламыш өзенінің маңындағыну толған бұғы, марал, қабан шошқа; қамысы сиректеу жерінде қырғауыл, қоян жыртылып айырылады. Қыс бойы екі-үш күнде бір рет аң аулауға шығып тұрады. Қалың жынысты өртеп бұғы, марал ауласақ, қамысты жерден киік аулап, құс ұшырып, қырғауылға қаршыға салдырдық. Мұнда қырғауылдың көптігі соншалық, осында қыстаған жылы қырғауылдың етіне қарық болдық», — деп жазған. Мұнан құсбегіліктің қоғамдық маңызының нендей дәрежеде болғандығын болжаймыз.Сондай-ақ осы еңбектің «Кабул» атты екінші бөлімінің «Сұлтан Құсайын мырзаның әкімдері» деп аталатын тақырыбында былай деп жазады: «Мұхаммед Бұрындық білгір, ұлы басшы бол атын. Ол қыран құс салуға құмар еді. Егер қырандарының бірі жоғалып, немесе өліп қалса, Мұхаммед Бұрындық мырза ұлдарын ауызға алып: «Қыранжоғалғанша, қыршындардың неге желкесі үзілмейді» деп қарғанатын. Сұлтан Құсайын мырзаның Хасан Әли Жалайыр деген әкімі де болды. Оның шын аты-жөні Құсайын Жалайыр, бірақ жұртқа Хасан Әли деген есіммен көбірек танымалды. Оның әкесі Әли Жалайырға Бабыр мырза қамқорлық көрсетіп, бек дәрежесін берді, содан кейін Жәдігер Мұхаммед Гератты алған кезде Әли Жалайырдан жоғары адам жоқты. Хасан Әли Жалайыр құсбегі, әрі ақын еді. Өлеңді жазғанда Тахаллус Туфеил тәсілін пайдаланатын», - деп жазды. Мұндағы Жалайыр (Жалайыр Шора) қазақ құсбегілерінің пірі екендігі тарихи сабақтастықты аңғартады. Орта ғасырдан бастап шарықтау шегіне жеткен сұңқаршылық туралы Генрих IV патшаның ұлы Фридрих II Гогенштауфен (1195-1250) "Die Arte Venandi Cum Avibus" (Сұңқармен аң аулау өнері) атты көлемді еңбек жазған. 30 жыл бойы автор аса құнды деректермен мәселені егжей-тегжейлі жазған еңбек XVIII ғасырда баспадан шыққан 6 бөлімнен тұратын кітап антикалық дәуірден бергі аушы құстарға, құсбегілікке қатысты мәліметті өз тәжірибесімен сараптай отырып жазған көлемді еңбек.Ағылшындарда аушы құспен шұғылдануға көп шектеу болмаған әр, адам өз еркінше шұғылданған. 1486 жылы хатқа түскен "Қасиетті періні үйрету" деген еңбекте тоғыз түрлі құсты атап, онымен қандай әлеуметтік топ шұғылдануға болатындығын былай келтіреді: императорға бүркіт, корольге ақсұңқар, принц пен графқа лашын, рыцарға ителгі, әйелге тұрымтай, бозбалаға жағалтай, шаруа мен діндарға қырғи дейді...Атақты Шекспир сұңқаршылықты ұнатса, француз королі XIII Людовиктің 99 құсы болған екен.Сұңқар, бүркіт салудың Орта Азияда пайда болып, әлемнің басқа өңіріне - Еуропаға, Азияға таралғандығын әлем зерттеушілері бір ауыздан мойындайды. Бұл өнерді Еуропаға Азиядан барған жұрт мадиярлар (венгрлердің) өзімен бірге ала барып, дамытып қана қоймай күні бүгінге дейін ардақтап келеді...Қазақ хандығы дәуірінде аң-құсқа бай Ібір-Сібір өлкесі мен қазақ даласы әлемдегі саят ісін жабдықтайтын қазыналы өңірге айналған. Онда өсірілген бапталып қайырылған қыран құстар қолдан-қолға өтіп Хорезм мен Иранға кетеді, орыс князьдері мен батыс бекзадаларына жетеді.
Көне Русияда Киевте алғашқы сұңқар үйі IX ғасыр соңында дүниеге келген. Князь Олег, Ізбасары Игорь Рюрикович, оның ұлы Святослав барлығы мықты құсбегілер болған. Ярослав Мудрый (1019-1054 жылдары билеген) құсбегілік туралы заң қарарлар қабылдады... Қыпшақтар тұсында күшейе түскен сұңқаршылықты дамыту үшін 1318 жылы Мәскеу төңірегінде сұңқар бекеті ұйымдастырылған. Оның бүгінгі ізі Сокольник аталатын аумақ баршаға таныс. Құсбегіліктің дипломатия өмірінде жоғары маңызға ие болғаны соншалық, Мәскеу князьдері мен бекзадалары жақсы үйретілген құсты Еуропа патшалары мен шығыстың бекзадаларына тарту ретінде жіберіп тұрған. Тіптен патша құсханасынан тыс жерде құс қайырып, саятқа шыққан адам өлім жазасына кесілсін деген жарлық та шыққан екен. Еуропада үлкен қызығушылыққа ие болған құсбегілік өнер аристократтардың ермегі орнында жүргенімен жалпы-халықтық қолдауға ие болып, XVI ғасырда шарықтау шегіне жетті дейді венгр ғалымы Ласло Дьюла. XX ғасырда адамзаттың технократтық өркениеті мен ату қару түрінің көптеп өндірілуі және жалпы адамзат санасының қатыгезденуі салдарынан көптеген құстармен бірге жыртқыш, аушы құстар оққа ұшып, олардың қатары сиреп кетті. Бұл тенденцияны экологиялық факторлар мен табиғатты игеру, қалалану (урбанизация) үрдісі де ушықтырып жіберді. 1905 жылы бір ғана Венгрияда 6115 бүркіт, 57923 сұңқар тектесті, 11 мыңдай үкіні атып құртқан екен. Құсбегілікхан, би, төре, батыр, сал-серілердің саятының сәні, саяхатының ермегі, құмарлық түрі болса, орташалар мен жарлылар үшін күнкөріс көзі болған. Кішірек қыран құстармен аққу, қоңыр қаз, сары ала қаз, үйрек, ұлар, бұлдырық, шіл, кекілік, ақ құр, қоян сияқты еті адал аң-құстарды аулап, ауыл болып кәсіп еткен. Бұлардың қатарында ұлар, ақ құр, шіл тектестерді «хан тамағы» ретінде құрметтеген. Жаугершілік, аштық-жұт жылдары кішірек қыран құстармен дүйім елді асыраған құсбегілердің болғанын тарихи деректер айқындайды. Қиян-кескі соғыс кездерінде әскерлердің азық қорын аң-құс етімен толықтырып отырған. Аңшы құсбегілерден елінің қамын жеп, саяткерлікпен "алпыс үйлі арығын, тоқсан үйлі тобырын" құс етін беріп асыраған, еліне жау тисе еңіреп шығып, елін, жерін қорғаған Қамбар батыр баршаға белгілі. Ерте кездерде қазақ даласына саяхаттап немесе елшілік қызметін атқарып келген адамдарға әрқашан қонақжайлылық көрсетіп, иығына шапан жауып, қолына қыран құс қондырып, астына жүйрік ат мінгізіп еліне сый-сыяпатпен қайтарып отырған. XVI ғасырдың соңында қазақ мемлекетінің саяси қүрылымында, басқару жүйесінде болған үлкен реформалар барысында дүниеге келген, ұлттық мүддеге үйлесетін жаңаша заңдар ережесі - әйгілі «Жеті Жарғыда» қазақтың аңшылығына ерекше ден қойып, оны бұзғандарды жазаға тарту туралы арнайы бап енгізген. «Жеті Жарғының» 19-бабында «Аңға салатын итті, құсты (бүркітті) өлтірген адамнан олардың иесі бір құл немесе бір күң беруді талап ете алады», - делінген. Халқымыз ұзақ уақыт бойы «төренің иті бір күңдік» деп төренің итін де құрметтеген. Көкге самғаған түз тағысын қолға үиретіп, өз кәдесше жарату - аң аулауға бағыттау, адамзатқа ортақ құбылыс болғанымен, оның тамаша үлгісі далалық көшпенділердің арасында - қазақ, кырғыздарда жақсы сақталған. Тек сақталып қана қоймай оның нақты үлгісі аз да болса табиғи түрде өмір сүреді, ең бастысы құсбегілікке қатысты таным - ырым, тыйым, бейнелі сөз, поэтикалық метафора, теңеу қазақтардың санасында берік орын алғандығы сонша, құсбегіліктегі кең тараған түрі - қыранмен аң аулау, бүркіт баптауды бүгінгі әлем ҚАЗАҚТАРДЫҢ ТӨЛ МҰРАСЫ деп түсінетінд ігі ұлт үшін мақтаныш. Бүгінгі егемен еліміздің мемлекеттік рәміздерінде қыран құс соның айқын дәлелі. Сонымен қатар елдің бейресми рәміздерінде барыс, бабыр, бөрі, қабылан сияқты жыртқыштармен әспеттелу сол тамыры терең тарихи сабақтастықтан бастау алған үрдістің жалғасы деуге тұрады. Ұлы Абай да құсбегілікті жан-тәнімен ұнатқан адам. Бұл өнерден ләззат алған даланың дүл-дүл ұлдары Біржан мен Ақан, Сегіз Сері мен Қанапия бұл өнерді ұлттық ерекшелік деңгейінде жырлады.
Саяттың денсаулыққа пайдалы спорттық қасиеттері де бар. Кең сахараның бойын шүйіп, таза ауасында серуен құрып, сәйгүлікпен заулатып қансонарда із қуып, сан қилы қызықты көзбен көргенде шаршағаның сейіліп, жақсы тынығасың. Саят дертке шипа, бойға қуат беретін өнер, әрі спорт.
## Аң аулауда қолданылатын құрал-жабдықтар
* Арқан - атпен қуып жеткен аңды шалма тастап ұстап алуға арналған құрал.
* Атқы - өзінен-өзі атылатын садаққа ұқсас құрал.
* Дырау қамшы - азулы аңдарды соғып алуға арналған құрал.
* Жемтұзақ - түйір-түйір етті тізіп бүркітке жұтқызып ұстайтын құрал.
* Қылтұзақ - бөдене т.б. құстарды ұстау үшін аттың жалы, кекілі, құйрығынан жасалатын құрал.
* Мылтық:
* Шиті - дәріні мылтықтың аузына құйып, кейін домалақ қорғасын салып, білтемен от беріп атылатын құрал.
* Берданка - дайын оқ салып атылатын құрал.
* Пышақ - жекпе-жекте аңды есіп, орып өлтіруге арналған құрал.
* Садақ - аңды атып алуға арналған жауынгерлік құрал.
* Сойыл - арқар, қасқыр, еліктерді соғып алуға арналған құрал.
* Сымтұзақ - суыр аулауға арналған, сымнан жасалған тұзақ.
* Темір қақпан:
* Қандыауыз - үлкен аңдарға құратын құрал.
* Қолқақпан - кішірек аңға құратын құрал.
* Тор - аң, құсты ұстап алуға арналған, ширатылған жіптерден жасалған жабдық.
* Шоқпар - азулы аңдарды (қасқырды, түлкіні) соғып алуға арналған құрал.
## Аң аулаудағы айла-тәсілдер
* Бұлғап (шақырып) ату: суыр аулағанда түлкі, қарсақ құйрығынан бұлғауыш жасап, шақырып атып алады.
* Итпен аулау: аң аулауда аңшы иттер тұқымы қолданылады.
* Қарды омбылатып аулау: киік, қарақұйрықтарды қарға қарай қуып, омбылатып соғып алады.
* Құмқақпанмен аулау: түлкі, қарсақ аулағанда аң інінде болғанда қар аралас құмды інге нығыздап, аузын үлкен жалпақ таспен бастырып қойып аулауда қолданылады.
* Құспен аулау: аң аулауда қыран құстар қолданылады.
* Мойын қатыру: аңды ұзақ уақыт бір жағына қара мойнын бұрғызып қуса, мойын сіресіп келесі жағына қарына қарай алмай қалады. Сол кезде аңшы соғып алады.
* Мұз қатыру: қасқырларды сары аязда күні бойы дамылсыз қуып, терлетіп, келесі күні денесінің мұзы ерімей саудырлата қуады. Мұз бөгет жасап, аң қаша алмай қалады.
* Мұзға отырғызу: мұз үстіне жемтік тастайтды. Аң жемтікті кеміріп отырғанда, құйрығы жабысып қалады. Көбінесе мұндай жағдайға түлкі тап болады.
* Ор қазып аулау: аңның ірілігіне қарай (терең, таяз, кең, тік, көлбеу) ор қазып, марал, елік, т.б. аңдарды аулауда қолданылады.
* Тасқақпанмен аулау: жалпақ тастардан қақпан жасап, күзен, сусыр сияқты аңдарды аулайды.
* Тормен аулау: аң аулағанда тор қолданылады.
* Тұзақпен аулау: аң аулағанда тұзақтар қолданылады.
* Түтін салу: аңның ініне түтін жіберіп аулайды.
* Тік жардан немесе жартастардан ұшырып аулау: тобымен, үйірімен жүретін киік, арқар, тау ешкілерді көп адамдар топтасып, қаумалап жүріп, таулы сырғыма, ұшпа жартастардан немесе тік жардан ұшырып аулауда қолданылады.
* Ұлып ату: қасқыр жүретін жерге барып, аңшы жалғыз қалып, жасырынып қасқыр болып ұлиды. Сол сәт қасқыр ұлып дауыс беріп, аңшыға қарай жақындағанда аңшы атып алады.
* Із шалу, ізге түсу: құмды жерде ірі аша тұяқты аңдардың ізі, қансонарда қасқыр, түлкі іздері жақсы байқалады. Аңшы ізге түсіп аулайды.
* Ін қазып аулау: суырдың іні түбіне дейін қазып, суырды соғып алады.
* Інге су құю: таяз інге кірген аңды аулау үшін інге су құяды.
* Шақырып ату: аңшылар шөпке жасырынып тышқан болып шиқылдап, түлкі шақырады. Жүгіріп келген түлкіні аңшы бірден атып алады.
## Аңшылық туралы компьютерлік ойындар
Аң аулауға арналған бірнеше компьютерлік ойындар сериясы бар. Олардың ішінде: Deer Hunter, Hunting Unlimited, сонымен қатар бірнеше түрлі сериялардан тұратын Cabela’s ойындарының желісі.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Аңшылық ерекшеліктері Мұрағатталған 11 қаңтардың 2012 жылы. |
Арал қарақұмы – Арал теңізінің солтүстік-шығысында жатқан құмды шөл.
## Географиялық орны
Арал теңізі мен Торғай үстіртінің аралығын, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстары аумағының бір бөлігін алып жатыр. Аумағы 35 мың км² шамасында.
## Жер бедері
Құм алқабы бор және палеоген жыныстарының үгілуінің нәтижесінде түзілген. Қазіргі кезде оған жел айдап әкелген Арал теңізінің құм шөгінділері қосылуда. Алқап беті солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте аласарып, Арал теңізі маңында жағалық құм белдеуіне ұласады. Біртұтас құм алқабы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай ойысты жеке бөліктерге бөлшектенген. Одан жоғары Көлқұдыққұм, Жіңішкеқұм, Алаайғырқұм, Үлкенқұм орналасқан. Арал қарақұмы жер асты суына бай. Тұщы суы жер бетінен 2 – 3 м тереңдікте, артезиан суы бор және палеоген жыныстарының қабаттарында, яғни 100 – 200 м тереңдікте жатыр. Олардың минералдану дәрежесі әр түрлі (тұщы, кермек, ащы).
## Климаты
Арал қарақұмының климаты тым континенттік, құрғақ. Қаңтардың орташа темпертурасы –12 – 14°С, шілдеде 25 – 26°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 100– 150. Булануы 1400 – 1600 мм. Қыста қар жұқа түседі (қалыңдығы 5 – 6 см-ден аспайды). Сусыма құмды алқаптар мен ойпаңдарда қоңырқай топырақ арасынан сорлар ұшырасады.
## Өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Белесті құмды жазықтарда еркек шөп, жусан, жүзгін, құм сұлысы, қияқ, ойпаңдарда ши, айрауық, қамыс, сор жерлерде сарсазан, көкпек, бұйырғын өседі. Ұсақ кемірушілерден сарышұнақ, қосаяқ; бауырымен жорғалаушылардан кесіртке, жылан, тасбақа: жыртқыштардан қасқыр, қарсақ, сондай-ақ қыста ақ бөкен мекендейді. Арал қарақұмында жыл бойы мал жайылады.
## Дереккөздер |
Аралқұм – Балқаш көлінің оңтүстігіндегі Лепсі мен Басқан өзендері аралығында орналасқан қырқалы төбешікті құм.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Ақсу ауданы жерінде.
## Жер бедері
Солтүстік−батыстан оңтүстік−шығысқа қарай 45 км-ге созылып жатыр. Енді жері 18 км. Төбешікті құмдардың биіктігі 15–20 м-ге жетеді.
## Өсімдігі
Өзен аңғарымен ұласқан жерлерінде жыңғыл, баялыш, бұйырғын, құрақ, жүзгін, қоянсүйек, жусан, селеу, т.б. өседі.
## Дереккөздер |
Аралқұм – Қызылорда облысы Арал ауданы жеріндегі жайлау. Арал қ-нан шығысқа қарай 40 км жерде орналасқан, аумағы 5836 га, оның 4923 га-сы қырдың жайылымы.
Жерінің климаты өте қатаң. Ауаның температурасы 10°С-тан жоғары болатын кезең 175 – 195 күн. Шілде айының орташа температурасы 25 – 27°С, қаңтарда –9 – 13°С, жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 115 – 130 мм. Геоморфол. тұрғыдан Арал өңіріндегі Қарақұм алабына кіреді. Мұндағы өсімдік жамылғысы үш топқа бөлінеді: бұталы, бұта аралас және еркек шөп, жусан, қамыссүйек, жүзгін. А. аймағындағы бұйрат және жалы бұйратты құмдарына тән шөл өсімдіктері (қара сексеуіл аралас жүзгін, баялыш, жусан) мен эфемерлер өседі. А. жерінен т. ж. өтеді. |
Аралқұм – Афон тауының оңтүстік-батысындағы құмды алқап.
## Географиялық орны
Алматы облысы Алакөл ауданында орналасқан. Аралқұмның шығысынан Шынжылы өзені ағады. Солтүстік-батысында Тасқарақұм құмды алқабы жатыр. Қырқалы-төбешікті келген құмның биіктігі 5–7 м-ге жетеді. |
Арал ойысы – Арал теңізі ойпатын және оның солтүстігін, шығысы мен оңтүстік-шығысын алып жатқан мезозой-кайнозой шөгінділерінен құралған тектоник. құрылым; геоморфол. тұрғыдан алғанда солтүстік Қызылқұмға жалғасып жатқан ойпат. Тұран плитасының құрамына енеді. Ауданы 350 мың км² шамасында. Арал ойысының солтүстік-шығысы, Тұран шығысы, оңтүстігі жайпақ жазық, ал Үстіртке жалғасатын батыс жағы тік жарлы болып келеді. Арал ойысы солтігінде Торғай ойысының оңтүстік шетімен, шығысында Аққырқақұм қыратымен, оңтүстігінде төменгі Әмудария мегаантиклиналімен шектеседі. Ойыстың оңтүстік-шығысындағы Бозкөл қырқасы оны шығыс Арал және Тәжіқазған қазаншұңқырларына бөледі. Арал ойысы табанының жоғары бөлігі палеозой мен триас шөгінділерінен түзілген. Оның үстін мезозой мен кайнозойдың қалыңдығы 1800 – 2000 м шөгінді жыныстары (саз, құмтас, әктас, мергель) жауып жатыр. Арал ойысының юра мен бор шөгінділерінде мұнай мен газ, палеоген жыныстарында қоңыр көмір, темір кендері кездеседі, сондай-ақ жер асты суының мол қоры бар.
## Сілтемелер
* Арал
## Дереккөздер |
Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Орталық Азия президенттерінің 1993 жылдың қаңтарында Ташкент қаласында қабылдаған шешімі бойынша 1993 жылғы 26 наурызда Қызылорда қаласында өткен Арал теңізі мәселелері жөніндегі 1-конференцияда жасалған келісім. Ол «Арал теңізі және Арал аймағы мәселелерін, экологиялық сауықтыруды, аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз етуді бірлесіп шешетін ортақ шаралар туралы Келісім» деп аталды. Келісімге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев, Қырғыз Республикасының Президенті Ақаев, Тәжікстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Э.Ш. Рахмонов, Өзбекстан Республикасының Президенті И.А. Каримов, Түрікменстан Президенті С.А. Ниязов қол қойды.
Келісімнің арнайы баптарында Арал теңізі айдынындағы экологиялық дағдарысқа байланысты негізгі мәселелер нақтылы қаралды. Апаттың алдын алуға, қоршаған ортаны сауықтыруға және Арал аймағының әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау, тұрмыстық қажеттіктерді өтейтін істерге тікелей назар аударылды. Келісімді орындаудың алғашқы шарты есебінде Халықаралық Арал қоры, Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес құрылып, олардың ұйымдық мәселелері шешілді. БҰҰ-ның Бас хатшысына Орталық Азия елбасыларының атынан Үндеухат жолданды. Онда Аралды сақтап қалуға, Арал аймағының келелі мәселелерін шешуге арналған шараларға дүниежүзілік қауымдастықтың назары аударылды.
Арал мәселелерімен айналысатын Орта Азия елдері (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыз республикасы, Түрікменстан) елбасылары кеңесінің атқарушы органы. 1993 жылы 26 наурызда Қызылорда қаласында құрылған (қала Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім). Кеңеске Орталық Азияның әр республикасы үкімет басшыларының орынбасарлары бастаған 5 кісі және бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының өкілдері енді. Мемлекетаралық Кеңесті әр жылда Орталық Азия елдерінің біреуі әліпби тәртібі бойынша кезекпен басқаратын болып шешілді. Алғашқы кезек Өзбекстан Республикасына берілді. Кеңес өзінің атқарушы комитетін, су мәселелері жөніндегі, әлеуметтік - экономикалық , ғылыми-техникалық және экологиялық даму жөніндегі комиссияларын бекітті. «Сырдария» және «Әмудария» айдындық су шаруа басқармаларын кеңестің су мәселелері жөніндегі комиссиясы басқаратын болды. Кеңес өз жұмысын Халықаралық Арал қорымен және Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып жүргізеді.
## Дереккөздер |
Арал-Сарыбұлақ су құбыры — Қызылорда облысы Қазалы, Арал аудандары халқын ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған.
Алғашқы желісі (Бердікөл су тартқысы) 1985 ж., Қосаман су тартқысы 1993 ж. іске қосылды. Су құбырының ұзындығы 345 км. Екі су тартқыда 12 су көтергіш сорғы ст., хлорлау қондырғылары, 38 ұңғыма жұмыс істейді. Сорғы станцияларының қуаты тәулігіне 275 мың м3.
## Дереккөздер |
Аралтөбе – Алматы облысы Кербұлақ, Қаратал және Көксу аудандары тұрғындарының жаз айларында пайдаланатын жайлауы.
Жайлаудың ауданы 150 мың га, ұзындығы 84 км, ені 18 км. Солт-нде Ескелді ауданымен, шығысында Шағанмен, оңтүстігінде Панфилов ауданымен шектеседі. А. жайлауы арқылы Көксу, Кескентерек, Көктал өзендері ағып өтеді. Жайлаудың шөбі шүйгін, дәнді шабындық өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Арал тұз кендері – Арал теңізі алабындағы түбіне тұздар шөккен көлдер.
Тұз кені, негізінен Болғасынтұз, Қорғантұз, Жақсықылыш, Кішкенетұз, Бұғажайлы (Арыс көлі), Қаратұз ойпаттарындағы көлдерде орналасқан. Олардан галит (NaCІ), тенардит (Na2SO4), мирабилит (Na2SO4Һ10H2O), эпсомит (MgSO4Һ7H2O), астраханит (Na2SO4ҺMgSO4Ә4H2O) тұздары өндіріледі. Аталған тұздардың ішінде тенардит барлық көлдерден алынып біткен. Оның 20 ғасырдың соңғы жылдарындағы жаңадан шөгуі бірнеше мм-ден аспайды. Жақсықылыш көлдеріндегі аралас тұздар – мирабилит пен эпсолиттің қоры 10 млион тонна шамасында, гектар литтің қоры 29 милион тонна (1998). Көлдердегі тұз шөгінділері тақта немесе линза пішінде түзілген. Галит минералының кристалдары мен түйіршіктері көлдер түбіндегі қара түсті лаймен араласқандықтан қара сұр, кейде қара болып келеді. Тұз кендері құрамында бром көп мөлшерде, аздап бор мен магний кездеседі, ал иодтың мөлшері өте аз немесе мүлдем жоқаласы Тұз өндіру жұмыстары механикаландырылған және жоғары өнімді агрегаттар – тұз сорғылары, фрезалы кескіш кешендер, экскаватор, т.б. арқылы жүргізіледі. Арал теңізін игеру көп қаржы, материал және еңбекті талап етпейді. Олардағы әр түрлі пішінді және өлшемді кен шоғырлары тұздардың бірнеше түрінен тұрады. Сондықтан мұндай көп құрамды шикізатты кешенді игеру өте тиімді.
## Дереккөздер |
Аралша мыс-мырыш кен орны - Ақтөбе облысындағы гидротермальдық процестерден өзгеріске ұшыраған девон дәуірінің диабазспилит құрамды жанартаутектік жыныстарының Көженсай гранит массивімен жапсарласқан жерінде.
## Жатыс сипаты
4 кентасты белдемнің ені 750-800 м. «Западная» белдемінде 3 кентасты қабат бар. «Пограничная» кентасты қабатының ұзындығы 600 м-ге, құламасы 350 м-ге дейін зерттелген. Қалыңдығы 40-50 м.
## Минералдары
Негізгі кентастың минералдары: пирит, халькопирит, сфалерит. Кентастың құрамында күкіртті колчедан, мыс, мырыш басым. Олардан басқа кобальт кездеседі.
## Дереккөздер |
Тұқытәрізділер отряды – Cypriniformes. Тұқытектестер тұқымдасы – Cyprinidae.
Шип немесе Арал бекіресі — Арал, Азов және Қара теңіздерінен, Каспий теңізінің оңтүстік бөлігінен және оған құятын өзендердің сағаларынан ауланады. Балқаш көліне жіберіліп, жерсіндірілген. Оның еті дәмділігі мен тағамдық қасиеті жағынан бекіренің етінен сәл төмендеу.
Арал бекіресі, пілмай (Acіpenser nudіventrіs) – бекіретәрізділер отрядының бекірелер тұқымдасына жататын балық.
* Каспий және Арал теңіздерінде кездеседі; Балқашта жерсіндірілген.
* Дене тұрқы 210 см, салмағы 60 кг-дай.
* Аталығы 9 – 13, аналығы 13 – 16 жаста жыныстық жағынан жетіледі.
* Уылдырығын шашу үшін сәуір – қараша айларында өзендерге өрлейді.
* Өзендерде қыстап шығып, наурыз – мамыр айларында су температурасы 10°С-тан асқанда уылдырығын (1 млн-ға дейін) ағысы қатты қайраңдарда, тасты, қиыршақ топырақты жерлеріне шашады. Тіршілік ортасына сәйкес Арал бекіресінің қорек құрамы өзгеріп отырады.
* Арал бекіренің еті өте дәмді, уылдырығы бағалы келеді, кәсіптік түр, сондықтан кезінде өте көп ауланған.
* Арал бекіре қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1996).
## Статусы
I-ші санат. Популяциялар жойылып кету қаупінде тұр. Оны «Пілмай» деп атау дұрыс емес, ол оның түрікменше аты.
## Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы.
Республикамыздағы түрдің үш популяциясының екеуі. Үшіншісі Жайық-Каспий бассейнінде тіршілік етеді.
## Таралуы
Бұрын Арал теңізі мен оған құятын өзендердің барлығында кездесетін еді. Сырдария өзенінде оның сағасынан 2600 км жоғары көтеріліп, Чиназ қаласына дейін мекендейтін. Қазірде өзеннің қазақстандық бөлігінде кездеспейді. Бекіренің арал поппуляциясы 1933-1934 жж. Балқаш көліне жерсіндерілген. Бүгінде осы көлде, Іле өзені мен Қапшағай суқоймасында таралған, аздап |Қаратал өзенінде кездеседі. Іле өзені суын реттегенге дейін бекіре мемлекеттік шекараға дейін көтерілетін.
## Мекендейтін жерлері
Семіру кезінде Арал теңізіне (бұрын), Балқаш көліне, Қапшағай суқоймасына шығады. Қоныс аудару, шабақтарының өрлеуі және қыстауы өзендерде өтеді.
## Саны
30-шы жылдары бекіренің арал популяциясынан жылына 620 т балық ауланып тұрды. Кейінірек (1963-1968 жж.) аулау 6-9 тоннаға дейін қысқарды. Бекіренің қоры 1936-1937 жылдары болған эпизоотия салдарынан көп қырылуынан тым азайып кетті. Сондай-ақ Сырдария суын шаруашылық мақсат үшін реттеу әсер етті. Іле популяциясының саны оны кәсіптік жолмен аулауға жеткен жоқ. 1955-1982 жж. мұнда жылына 6-32 т көлемінде ауланғаны белгілі болды.
## Негізгі шектеуші факторлар
Іле және Сырдария өзендерінің суларын реттеу. Арал теңізінің суалуы және тұздануы.
## Биологиялық ерекшеліктері
Көшпелі балық. Жыныстық жағынан 12-14 жасында жетіледі. 2-3 жылда бір рет уылдырық шашады. Сырдария суын реттегенге дейін Арал популяциясы Чиназ қаласы маңында, ал Іле популяциясы – Қапшағай сайында, Дубуниде, кейде Қытайда кездесетін. Сырдарияға ересек балықтардың қоныс аударуы жаздың екінші жартысында басталатын, ал Іледе – сәуірдің ортасынан – қарашаға дейін өтетін. Сол кезде жыныстық жағынан толық өзендерде жетіледі. Бекіре шұңқырларда қыстап шығады. Арал популяциясы уылдырықтарын наурыз айының аяғында – маусымда су температурасы 10-150°С болғанда тасты немесе қиыршақ топырақты жерлерге шашады. Іле популяциясы уылдырықтарын су температурасы 10-120°С болғанда шашады. Арал бассейнінде бекіренің өсімталдығы – 200-1290 мың уылдырық, ал Балқашта зерттелген жоқ. 5 күнде уылдырықтардан майда шабақтар шығады. Уылдырықтардың диаметрі 1.5-3 мм. Уылдырық шашып болған соң олардың кейбіреулері Сырдариядан теңізге жететін, ал Іле өзенінен Қапшағай су қоймасына және Балқаш көліне сапар шегетін. Шабақтарының бір бөлігі өзендерде жылдан аса қалып қояды. Сырдарияда шабақтарының мөлшері – 3.3-25 см, ал Іле өзенінде – 9.2-14.3 см. Бекіренің арал популяциясы теңізде тіршілік еткенде моллюскалармен, балықтарымен қоректенеді. Іле популяциясы да көлде және суқоймасында семіру кезінде сондай азықтармен тамақтанады. Бекіренің өсу қарқыны Арал теңізінде, Балқаш көлдегіге қарағанда, нашар: соған сәйкес 7 жасында – 4-5 және 7-9 кг, ал 17 жасында – 14-16 және 18-20 кг. Ең ірілерінің мөлшері Арал бассейнінде: ұзындығы 2 м-ден аса, салмағы – 50-60 кг, жасы – 30-да; Балқаш бассейнінде соған сәйкес – 1.7 м, 35 кг және 25 жас.
## Қолда өсіру
Қолға алынған жоқ. Мүмкін, қолда өсіру әдісі барлық бекіреге тән болуы керек.
## Қабылданған қорғау шаралары
Аулауға тиым салынған. Қазақстанның, Түркменияның және Өзбекстанның Қызыл кітаптарына енгізілген.
## Қажетті қорғау шаралары
Генофондысын сақтау үшін криобанкасын даярлау, қолда өсіру жұмыстарын ұйымдастыру, балықтарды қорғайтын құрылыстарды жетілдіру қажет.
## Зерттеу жөніндегі ұсыныстар
Елімізден тыс жерлердегі таралуы мен санын анықтау, қолда өсіру, генофондысын сақтау жолдарын зерттеу керек.
## Тағы қараңыз
* Арал
* Бекіре
## Сыртқы сілтемелер
* Үміт желкенін көтерген теңіз(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Аралтөбе – Абай облысы Үржар ауданы Сасықкөл көліндегі арал.
## Сипаты
Аумағы 11,2 км², ұзындығы 5 км, ені 3 км-ге жуық. Аралды төрттік кезеңнің шөгінділері жапқан. Батысы мен оңтүстік-батыс бөлігі тік, тастақты келген. Солтүстік-шығыс жағалауында қамыс араласқан ну тоғай өседі.
## Дереккөздер |
Арамқоға (лат. Juncellus) – қияқөлеңдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда батпақты жерлерде, жайылымдарда, күріш өскен алқаптарда өсетін 1 түрі – кеш Арамқоға(J. serotіnus) бар. Биікт. 30 – 100 см, сабақтары жеке-жеке шығады, үш қырлы. Жапырақтары ұзынша, көлденең 5 – 9 мм. Өте көп масақтарының ұзындығы 5 – 20 мм, олар күрделі шатырша гүлшоғырын құрайды. Аталығы 3, тозаңқабының ұзындғы 1 мм, аналық аузы – екеу. Тамыз – қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – жаңғақша, қоңыр түсті.
## Сілтемелер
* Арамжебір
* Арам жуа
* Арамсәбіз
## Дереккөздер |
Арал экологиясы – шөлейт аудандарда суды көп қажет ететін өндірістерді орналастырудағы стратегиялық қателіктердің нәтижесінде пайда болған экологиялық жағдай. 1961 жылға дейін Арал теңізінің көп жылдық орташа деңгейі 53 абс. м, орташа аумағы 66,1 км², көл. 1062 км3 болған. Өзендердің теңізге құйылу мөлшерінің кемуі, теңіздің су деңгейінің азаюына, оның 2-ге бөлінуіне әкеп соқтырды. Енді ол Үлкен Арал және Солтүстік Арал теңізі болып аталады (1992 ж.). Бұл 2 көлдің арасын бөліп тұрған құрғақ жердің ауданы жылдан-жылға ұлғаюда. Арал теңізінің тартылуы және оңтүстік ендікте суғармалы егіндік жерлердің көбеюі қуат, жылу, ылғал алмасуының тапшылығы сол өңірдің экологиясын және ландшафты мен ауа райын өзгертті. 1970 ж. Арал теңізіне құйылатын өзен суының көл. 7 – 11 км3-ге дейін азайса, ал 1980 ж. теңізге құятын өзен сулары мүлдем сарқылды. Су тазартудың және бірнеше рет пайдаланған сулардың шығыны шөлді жерлерді жарамсыз батпақ шалшыққа айналдырды. Ғарыштан түсірілген суреттерді талдағанда 1985 ж. табиғи көлдің саны 28 (аумағы 287,48 км²), антропогендік көлдің саны 195 (аумағы 6421,71 км²), ал қолдан жасалған Сарықамыс және Арнасай көлдерінің су қорының көл. 55 км3 болды. Жылдық түсетін ылғал мөлшері де өзгерді. Мыс., 1950 – 59 ж. ақпан – наурыз айлары ылғал көп түсетін, ал қыркүйек ең аз жауатын кезі болса, 1970 – 79 ж. жауынның көп жауатын кезі сәуір айына, аз түсетін айы шілдеге сәйкес келді. Тұздың атмосфераға таралуы 6 – 7 есе өсті. Арал өңіріндегі жаз айларындағы ең жоғ. температура орта есеппен 1,8 – 2,5°С-қа жоғарылады. Бұл жалпы дүние жүзіндегі жылудың көтерілу тенденциясына байланысты болуы да мүмкін. Сырдария атырауы мен Қазалыда жылдық орташа салыстырмалы ауаның ылғалд. 15 – 20%-ға, ал 1960 жылдан Арал қ-нда 25 – 30%-ға азайды. Бұл жағдай Арал құмды аймағындағы конденсаттық ылғалды азайтты. Соның нәтижесінде жер қыртысының сулануы және шөл өсімдіктерінің ылғалдануы едәуір қысқарды. Теңіз жағасындағы аймақта көктем және күз кезінде теңізден келетін бриздер мүлдем жойылды. Өйткені көктемгі соңғы суықтар ұзаққа созылып, ал алғашқы күз суықтары керісінше, 10 – 12 күн ертерек түсетін болды. Егістік жерлерді суландырудың ұлғаюынан, шалшықтанған аумақтың көбеюінен судың булануы өсті, ал каналдар (жасанды арналар) мен сүзгілік (фильтрлік) көлдерден шыққан су булары микроклиматты өзгертуге әсер етті Теңіз деңгейінің төмендеуі ауа райының өзгеруіне, сол өңірдің сусыздануына әкелді. Бұл жерлерде 1950 – 90 ж. аралығында шаңды дауыл жиілігі 60 есе көбейіп, кеуіп кеткен теңіз түбінен көтерілген тұзды шаң жылына 15 – 75 млн. т-ға жетті. Жыл сайын суғармалы жердің 1 га-сынан 15 т-дан 90 т-ға дейін тұз жиналды. Бірнеше рет пайдаланған сумен суғарылғандықтан, Әмудария және Сырдария өзендерінің төм. құйылысында орналасқан аудандардағы жер қыртысы сортаңға (мыс., Қызылорда облысының 52%-ы) айналды. Тұзды шаңның көтерілуі атмосфераның бір тәуліктік радиац. балансын 2 есе азайтты. Өсімдіктерге қонған тұзды шаң, оның биол. өнімділігін төмендетті (мыс., сортаң жерге егілген мақтаның 1 га-сынан 7 – 8 ц-ден өнім алынды, ал бұл сортаң емес топыраққа егілген мақта өнімділігінен 4 есе аз). Экол. жағдайдың аэротүсіру арқылы алынған суретін талдау нәтижесінде жыл сайын 40 км3 су тиімсіз шығынданатыны белгілі болды. «Арал-2006» бағдарламасы бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының мәліметтері бойынша өсімдіктердің өсіп-өнуі кезінде пайдаланылған судың мөлшері (брутто) суғарылу мөлшерімен (нетто) салыстырғанда 1,5 – 2 есе көп екені анықталды. Жыл сайын Әмудария су алқабында суғарылатын егістік жерден 11 – 15 км3 су, ал Сырдария су алқабынан 8 – 11 км3 су буланып, жылдан-жылға қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Өсімдіктердің бағалы түрлерін арамшөптер басуда. «Қызыл кітапқа» енгізілген 70-тен астам жергілікті өсімдіктер сирек кездесетін өсімдіктердің қатарына жатады және олардың болашақта мүлдем жойылып кету қаупі бар. Табиғи ортаның азып-тозуы жергілікті халықтың денсаулығына да зардабын тигізіп отыр. Тұрғындар пестицидтерден, т.б. химикаттардан, түрлі улы тыңайтқыштар мен тұздан тазартылмаған сапасы төмен суды пайдалануда. Соның нәтижесінде бұл аймақта рак ауруы, баланың өлі тууы, генетик. ауытқулар, сүзек, сары ауру және жүрек қан тамырлары аурулары көбеюде. Арал т. мен Әмудария және Сырдария өзендерінде 1963 жылға дейін жылына 25 – 45 мың т балық ауланса, 1970 ж. бұл көрсеткіш 15 мың т, ал 1982 ж. су тұздылығының 12%-дан 40%-ға дейін өсуіне байланысты балық мүлдем ауланбады. 1994 ж. Орта Азия мемлекеттері «Аралды құтқару» қорын ұйымдастырды. Қазақстанның «Байқоңыр» аэроғарыштық экол. орталығының басшылығымен алғаш рет «Арал өңірінің экологиялық картасы» жасалды (1992).
## Сілтемелер
* Арал
* Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім
* Арал теңізі
## Сыртқы сілтемелер
* / Арал теңізі және экологиясы
## Дереккөздер |
Арасанқаба – Қарақаба өзенінің сол саласы.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы жерімен ағады.
## Бастауы
Оңтүстік Алтай жотасынан бастау алады. Оңтүстік Алтай жотасының оңтүстік бөлігіндегі тау бөктерін қақ жарып терең құз-жартасты даралардан ағып өтеді.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 52 км, су жиналатын алабы 435 км2. Өзен суы тау мұздықтарының еруімен толығып, жаз айларында ағады. Алабында жайылымдық жерлер мен қыстаулар бар. Суы түрлі шаруашылыққа пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Арғанақ , кенигия (Koenіgіa) – тарандар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанның таулы аймақтарындағы өзен бойларында, шалғындықтарда, жартастарда кездесетін жалғыз түрі – исландия Арғанақғы (К. іslandіca) бар. Биікт. 1,5 – 7 см, жалаң, бұтақты. Жапырақтары сабақты, пішіні дөңгелек тәрізді. Гүлдері қос жынысты, сабақ ұшына топталған. Гүл серігі үш бөлікті, ақшыл жасыл түсті, аталық, аналығы одан қысқа. Шілдеде гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – жаңғақша, ұсақ, домалақ, ұсақ дәнді.
## Сыртқы сілтемелер
* Кёнигия Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. на сайте Агбина
* Кёнигия в определителе высших растений Мурманской области и Карелии Мұрағатталған 15 маусымның 2009 жылы.
## Дереккөздер |
Арғанаты – Ұлытау облысы Ұлытау ауданының солтүстігіндегі тау сілемдері. Ұлытау тауының солтүстігінде орналасқан. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай 80 км-ге созыла жалғасқан шоқылар тізбегінен тұрады. Ені 20 – 25 км. Ең биік жері – Дондығұл (757 м).
## Жер бедері
Таулардың беткейлері көлбеуленіп бірте-бірте аласарып, төңірегіндегі жазыққа ұласады. Арғанаты тауларынан Қаратоғай, Сарытоғай, Қаракеңгір, Терісаққан өзендерінің көптеген салалары бастау алады. Батысын Қоскөл, Қамыстыкөл, шығысын Барақкөл, Құркөл, Басбайтал көлдері алып жатыр. Тауда бұлақ көп. Арғанаты таулары көптеген тарихи оқиғалардың куәсі. Мық, Домбауыл, Айыршоқы тауаралық аңғарларында ертедегі Арғанаты тау мүсіндері сақталған. Аңыз кейіпкері Асан Қайғы да осы өңірге жерленген деген аңыз бар. Осы маңда Ешкіөлмес жерінде көгілдір асбестің қоры мол.
## Геологиялық құрылымы
Солтүстік бөлігі протерозой, оңтүстігі девон мен тас көмір жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Беткейлерінің қоңыр, ашық қоңыр топырағында селеу, бетеге, қылқан селеу, жусан, тобылғы, т.б. өсімдіктер мен бұталар өседі. Жануарлардан арқар, киік, жабайы шошқа, байбақ, суырлар, балпақ зорман; құстардан дуадақ, сажы, құр мекендейді.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ұлытау(қолжетпейтін сілтеме)
* САРЫАРҚА ТАУЫ |
Аридтік жер бедері – шөлдерге, шөлейттерге және құрғақ далаларға тән жер бедерінің түрі. Эолдық әрекеттердің, үгілудің, жазықтық шайылудың, мезгілдік ағын сулардың және т.б. әсерінен қалыптасады. Қыраттарға, үстірттерге, тауалды өңірлер мен тауларға аридтік денудация және эрозия пішіндері, ойпаттар мен жазықтарға тастақты шөлдердің әр түрлі түрлері, сорлар мен көл ойпаңдары, тақырлары бар бедердің эолдық пішінді құмды шөлдері (шағылдар, қырқалы және ұяшық құмдар) тән.
## Сілтемелер
* Ареал
* Аридтік климат
* Аридтік литогенез
## Сыртқы сілтемелер
* Рельеф Земли Мұрағатталған 20 қазанның 2012 жылы.
* Литосфера и рельеф Земли(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Ара шаруашылығы немесе Омарта шаруашылығы – ауыл шаруашылығының ара өсіріп, бал жинаумен айналысатын бір саласы. Ара шаруашылығы. ерте заманнан бері бал ғана емес, басқа да құнды өнімдердің (ара уы, прополис, балауыз, ара желімі, т.б.) көзі болды. Қазақстанда Ара шаруашылығы кәсіпшілік ретінде алғаш Шығыс Қазақстан өңірінде дамыған. 1777 ж. Ресей ғалымы П.С. Паллас Үлбі өз-нің бойы бал арасын өсіруге қолайлы екендігін жазған. 1812 ж. Үлбінің ара өсірушілері бірнеше рет Ірбіт жәрмеңкесіне қатынасып, балдарының дәмі мен тамақтық сапасы жоғары екенін іс жүзінде дәлелдеді. 19 ғ-дың ортасынан бастап омарталар Жетісу мен Іле Алатауларының көптеген жерлерінде, Ыстықкөл маңайына, Орта Азия елдеріне тарады. Тянь-Шань тау жүйесінің табиғаты бал арасы үшін ең қолайлы жер болды. Қазақстанда Ара шаруашылығының дамуы алмалы-салмалы омартаны кең қолданудан басталады, оған дейін бал аралары ағаш ұяларда өсіріліп келген болатын. Ара шаруашылығын дамытуға ғалымдар – Б.Герасимов, П.А. Ермаков, Е.П. Михаэлис, А.Н. Федоров, т.б. зор үлес қосты. Федоров ара өсіру мектебін ашып, өзі онда ақысыз дәріс берді. Ол Шығыс Қазақстанға бал беретін өсімдіктердің тұқымын алдырып, оны жергілікті ара өсірушілерге таратты және омартаға қажетті жаңа құрал-жабдықтар әкелдірді. 1915 – 16 ж. оның басшылығымен Оңт.-батыс Алтай ара өсірушілерінің 2-съезі өткізілді. Бал араларын өсірумен атағы шыққан алғашқы қазақ Алматы облысы Қабанбай ауылының тұрғыны Ә.Құрманбаев болды. 1934 жылға дейін Ара шаруашылығы республиканың тау және тау етектеріндегі аудандарда ғана дамыды. Кейін омарталар Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында және Солтүстік Қазақстан облысының орманды, егінді алқаптарында қанат жайды. Араның балы тағам ретінде, ал балауызы өнеркәсіптің металлургия, радиотехника, автомобиль, химия, т.б. салаларында шикізат ретінде пайдаланылады. Ал прополис, ара уы, т.б. осы сияқты ара өнімдері медицинада, ветеринарияда және косметикада кеңінен қолданылады.
*
*
*
*
## Ара шаруашылығы өнімдері
Ара шаруашылығы ауылшаруашылығының дамыған бір саласы болып табылады. Арадан алынатын өнімдер халық шаруашылығында кеңінен қолданылып келеді. Балды тағам ретінде, ара балауызын кәсіпорын салаларында шикізат ретінде қолданылуда. Кейінгі жылдары медицина мен ветеринария тәжірибесінде, сонымен қоса косметика саласында ара шаруашылығы өнімдерін пайдалануда. Олар: аналық ара сүті, прополис, бал ара уы; Бал бүгінгі таңда жоғарғы тағамдық өнім ғана емес, сонымен қатар көптеген ауруларда емдік зат болып табылады. Қазіргі кезде ғылыми зерттеулер ежелгі дәрігерлер мен философтар ұзақ жасау диетасы ретінде жоғарғы баға берген. *Лабораториялық зерттеулермен клиникалық бақылаулардың нәтижесінде балдың құрамы өте күрделі екендігі анықталған.Бүгінгі таңда бал тек қана жоғарғы тағамдық өнім ғана емес сонымен қатар көптеген ауруларда емдік зат болып табылады. Ара балы табиғаттың керемет сыйы. Қазіргі кезде ғылыми зерттеулер ежелгі дәрігерлер мен философтар ұзақ жасау диетасы ретінде жоғарғы баға берген.Лабораториялық зерттеулер мен клиникалық бақылаулардың нәтижесінде балдың құрамы өте күрделі екендігін анықтаған. Оның құрамында организмге бағалы жүздеген компоненттер бар: глюкоза, лебулеза, витаминдер, ферменттер, органикалық қышқылдар, микроэлементтер, минералдар, горманалды, антибактериалды тағы басқа заттар. Осы бір пайдалы да дәмді өнімді белгілі жәндіктер бал аралары өндіреді.
* Балауыз- аралардың арнайы сөлінен түзілетін қатты, ұсақ түйіршікті, түссіз, қошқыл-қоңыр түсті зат. Өндірістің 40-тан астам салаларда, соның ішінде авиациялық, текстильді, фармацевтикалық, сонымен қатар медицинада, парфюмерияда және косметикада кең қолдану тапқан.
* Гүл тозаңы- аралар гүлден жинайды, моносахаридтерге, минералды және белоктық заттарға, ферменттерге, витаминдерге, өсу гормондарына өте бай. Ол ара тұқымын азықтандыру үшін, аналық сүтін ферментті және балауызды өндіретің бездерді қамту үшін қызмет етеді. Тозаң концентрленген өнім болып саналады және медицинада, косметикада қолданылады.
* Перга- аралармен жинап алынған және өңделеген әр түрлі өсімдіктердің тозаңдары. Ол маңызды белокты азық, оның жеткіліксіздігі ар жанұясының өмір сүруінің нашарлауына әкеледі. Ферменттердің әсерінен тозаңда сүт қышқылды ашу жүреді, осыдан түзілген сүт қышқылы тозаң мен бал қосылысын консервілеп оны пергаға айналдырады. Құамында белок, қант, май, минералды заттар, сүт қышқылы, витаминдер, гормондар бар.
* Прополис- араның желімі, бал алып жүруші аралар дайындайтын шайырлы зат. Аралар прополиспен ұяның қабырғаларына жағып, тесіктерін бітеп, кәрезі ұяшықтарын сылайды. Олар стерильді және берік болу үшін. Прополистің негізгі бөлігі ретінде өсімдік шайыры, балауыз, эфирлі майлар, гүл тозаңы саналады. Құрамында әртүрлі элементтер, витаминдер, бактероицидтік, антитоксидтік, қабынуға қарсы анестезирлеуші және стимульдеу қасиеттеріне ие.
* Ара уы- аралардың секторлы сөлінің өнімі, түссіз өткір иісті, күйдіргіш дәмі бар өте қою сұйықтық. Медицинада кеңінен қолданылады.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Ара
* Ара ұясы
* Арат
## Сыртқы сілтемелер
* Ара шаруашылығы араша сұрайды Мұрағатталған 12 наурыздың 2016 жылы.
## Дереккөздер |
Арқа (лат. dorsum) — көкірек керегесінің жоғарғы (адамда - артқы) жағындағы дене аумағы. Арқаның сүйектік негізін көкірек омыртқалары мен екі бүйіріндегі қабыртқалар құрайды. Дене аумағы ретінде арқа — аталған сүйектер ден басқа, олардың бұлшық еттерінен және сыртындағы теріден, олардағы қан және лимфа тамырлары мен жүйкелерден құралған. Жануарларда арқаның екі жауырын арасындағы бөлігін шоқтық ({{lang-la| regio interscapularis) деп атайды.
## Дереккөздер |
Арқалық – Абай облысындағы Семейтау тауының оңтүстік-шығысында, Суықбұлақ көлінен 30 км жерде орналасқан ұсақ шоқылар тізбегінен тұратын тау. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 60 – 65 км-ге созылып жатыр. Енді жері 10-15 км, абсолюттiк биіктігі 519 м.
## Жер бедері
Ұсақ шоқыларының беткейлері көлбеуленіп, қырқалы жазыққа ұласады. Солтүстігінен Мұқыр, Қорғанбай, оңтүстігінен Ақтас, Сарыбұлақ, т.б. өзендердің салалары бастау алады.
## Геологиялық құрылымы
Арқалық тауы төменгі тас көмір кезеңінің жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Таудың ашық қоңыр топырақты беткейлерінде тобылғы, қараған, қылқан селеу, жусан, етегінде ши, ажырық, т.б. өсімдіктер өседі. Тау етегі қысқы мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Арал ауданы — Қызылорда облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлік. 1928 жылы құрылған. Орталығы – Арал қаласы. Жер аумағы 68,4 мың км².
## Географиялық орны, жер бедері
Оңтүстік бөлігін түгелдей Арал теңізі алып жатыр. Аудан батысы мен солтүстігінде Ақтөбе облысының Шалқар және Ырғыз аудандарымен, солтүстік-шығысында Ұлытау облысының Ұлытау ауданымен, оңтүстік-шығысында Қызылорда облысының Қазалы ауданымен, оңтүстігінде Қарақалпақстанмен шектеседі. Тұран ойпатында орналасқан аудан батыста Үлкен және Кіші Борсық құмдары, солтүстік-шығысын Баршақұм, шығысын Арал қарақұмы алып жатыр. Арал теңізі жағалауында Көкарал, Көктырнақ, Барсакелмес, Шұбартарауыз, Құланды түбектері, Чернышев, Тұщыбас, Шевченко, Бутаков шығанақтары және Берг мойнағы орналасқан. Қарашоқы (283 м), Алтыншоқы су (209 – 247 м аралығында), т.б. таулар кездеседі.
Жер бедері, негізінен қоңыржай белдеудің Солтүстік Арал провинциясын алып жатқан жазық ландшафттан тұрады. Солтүстік-батысында біршама көтеріңкі, аласа келген қыраттар мен таулар орналасқан. Аудан жерінің ең биік жері – Шевченко шығанағынан солтүстік-батыста жатқан тау (324 м). Солт-нде Алтыншоқысу (абсолютiк биіктігі 249 м), Тербенбес (208 м), Көлқарашоқы (240 м), Көкарал түбегінде Дәуіт (161 м), Көктырнақ түбегінде Үшшоқы (188 м) таулары орналасқан. Бірнеше ірі құмды алқаптар бар. Олар – солтүстік-батысындағы Кіші Борсық құмы, солт-нде Баршақұм, орталығы бөлігінде Арал Қарақұмы, Жіңішкеқұм, Дарбас құмы. Арал т. жағалауында Көкарал, Көктырнақ, Барсакелмес, Шұбартарауыз, Құланды түбектері, Чернышев, Тұщыбас, Шевченко, Бутаков, Сарышығанақ шығанақтары және Берг мойнағы орналасқан. Түбектерде Изенарал, Ұзынарал, Қаратөбе, Домалақ, Айдарлы, т.б. мүйістер бар. Ауданның солтеңізінің құмды-төбелі өңірінде малға жайлы шұратты жерлер көп. Әсіресе қыстаулар (Бөбешік, Мейірман, Манасбай, Көкқабақ, Дөңгелексор, Науша, Шұрық, т.б.), жайлаулар (Қарабұлақ, Шағатай, т.б.) және құдықтар (Төртқұдық, Берді, Аймандай, Ұзақбай, Нұраөлген, Ақтан, Сабырбай, т.б.) орналасқан. Аудан аумағы геол. тұрғысынан Тұран плитасының мезозой-кайнозой шөгінділерінен түзілген. Оңтүстігінде Әмудария мегаантиклиналімен шектеседі. Шөгінділерінің қалыңд. 1000 – 1500 м-ден (шығысында) теңіз жағалауында 2000 м-ге жетеді.
## Су торабы
Ауданды екі бөліп Аралға құятын Сырдария өз. ағып жатыр. Оның атырауында аудандағы көлдердің басым бөлігі орналасқан. Ірілері: Қамыстыбас, Тұщыбас, Шөмішкөл, Ақшатау көлдері, т.б. Атырауынан біршама алыста жатқан көлдерге Жақсықылыш к. жатады. Жер асты суы солтүстігінде сәл кермек татиды (5 – 8 г/л), солтүстік-шығысында тұщы (1 г/л), орталығы бөлігі мен Сырдың атырауында сәл кермек және кермекті (3 – 5 г/л). Грунт сулары ауданның солтүстігінде 3 – 10 м, орталығы 2 – 3 м тереңдікте. Су қабаты негізінен құмдақты-сазды, кейде сазды-батпақты қабатта кездеседі. Аудан аумағында Арал – Сексеуіл артезиан алабы жайласқан. Артезиан суы альб-сеномен, және палеоген-неоген (негізінен, эоцен және палеоцен) қабатында. Солтүстік-шығысында артезиан суы 100 – 200 м, ортасында 200 – 300 м, теңіз жағалауында 20 – 150 м тереңдікте жатыр. Судың минералд. сәл кермектен (5-тен 50 г/л) тұщыға дейін (1 – 3 г/л) өзгереді. Аудан өте қуаң шөлді белдемде жатқандықтан оның топырағының басым бөлігі сұр, сортаңды сұр, құмды және тақыр тәрізді топырақтан тұрады. Сыр бойы (аңғары мен жайылмасында) шалғынды сұр, бозғылт сұр және батпақты-сазды топырақ қалыптасқан
## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Арал ауданының климаты тым континенттік. Орташа ауа температурасы қаңтарда – 13 – 15°С, шілдеде 24 – 35°С. Жауын-шашынның мөлшері 100 мм-ге жуық. Аязсыз күндер саны 160 тәулік, қар жамылғысы жұқа (10 см), ол 80 күндей жатады. Вегетация кезеңінің жылдық температура жиынтығы солтүстігінде 3400 °C, оңтүстігінде 3800 °C. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. солтүстігінде 150 мм, оңтүстігінде 105 мм. Оның 80%-ға жуығы көктем мен күз айларына келеді. Атмосфера қуаңшылықтың орташа мөлшері 50 тәулік. Аудан өте құрғақ агроклиматтық ауданға жатады. Сондықтан гидротермиялық коэффицент 0,3-ті құрайды, яғни ылғалдылығы өте төмен аймаққа жатады. Аудан аумағында желдің басым бөлігі солтүстік-шығыс (22%) және оңтүстік-батыстан (18%) соғады. Қыста солт-тен соғатын жел 24%-ды құраса, жаздағы жел 26%-ды құрайды. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 4 – 4,5 м/с. Аудан жерінде өсімдіктерден жусан, селеу, жыңғыл, сексеуіл, жиде, қамыс, т.б. өседі. Жануарлар дүниесінен құм қояны, сарышұнақ, қосаяқ, түлкі, қасқыр, қарақұйрық мекендейді. Жан-жануарлары зоогеографиялық тұрғыдан Жерорта теңізі облысы, Иран-Тұран провинциясының Тұран округіне қарайды. Мұнда, негізінен, ақ бөкен, құм қояны, қарсақ, борсық, қамыс мысығы (мәлін) дала тышқандарының бірнеше түрлері мекендейді. Өзен-көлдерінде қаз, үйректердің бірнеше түрі мен туыстары, т.б. құстар ұя салады, кейбіреулері жыл бойы Сыр бойы мен теңіз жағалауында қалады. Ауданның өзен-көлдері балыққа бай.
## Халқы
Тұрғындар саны – 79 150 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 99,91%, орыстар – 0,04%, басқа ұлт өкілдері – 0,05%.
## Әкімшілік бөлінісі
50 елді мекен 1 қалалық, 2 кенттік әкімдік пен 21 ауылдық округке біріктірілген:
## Әлеуметтік құрылымдары
Жалпы білім беретін – 45 мектеп. Мәдениет саласында 6 мәдениет үйі, 16 клуб, 37 кітапхана, бір музей, бір кинотеатр тіркелген. Аудандық «Толқын» газеті шығып тұрады. Н. Кенжеғұл атында мәдениет үйінде Қазанғап атында халық аспаптар оркестрі, Сыдықовтар жанұясының ансамблі, «Көңілашар» үгіт-көркемдік бригадасы жұмыс істейді. Денсаулық сақтау саласында ауданы аурухана, балалар босанатын үй, психоневрол. диспансер, кеңес беру диагностик. емхана, 2 аурухана, 31 фельдш.-акушерлік және фельдш. пункт, 12 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, тіс емдейтін «Жансая» және «Аралстоммед» ЖШС-тері, 4 дәріхана, ауданы санэпидстанса, лепропункт, т.б. медицина мекемелер халыққа қызмет көрсетеді. Спорт саласында ауданда 192 спорт ғимараттары тіркелген. Ауданда көптеген қоғамдық бірлестіктер («Қайрат», «Ана үміті», «Байқоңыр», «Арал теңізі», «Ұстаз ұлағаты», «Көкжиек», т.б.) жұмыс істейді. А. а. аумағымен Орынбор–Ташкент т. ж. (162 км) өтеді. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 502 км, оның ішінде респ. маңызы бар жолдың ұзындығы 211 км. Байланыс кәсіпорындары мен мекемелерінен 1 ауданы байланыс бөлімі, 18 пошта бөлімшесі, 1 телекоммуникация жүйесі елге қызмет көрсетеді. Ауданда ұзындығы 570,6 км су құбыры тартылған. Электр энергиясын «Дәу летэнерго» ЖШС-і береді. Аудан өңірінен көптеген археол. және мәдени ескерткіштер табылған.
## Шаруашылығы
Аудан негізінен қаракөл қойын, ірі қара жылқы және түйе өсіруге маманданған. Қазір бұрынғы кеңшарлар негізінде ұжымдық шаруашылықтар мен шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. Аудан арқылы Орынбор – Ташкент темір жолы, Қызылорда – Ақтөбе автомобиль жолдары өтеді. Арал ауданы елімізге балық аулау және өңдеумен танымал. Теңіз жағалауындағы елді мекендердің негізгі кәсіпшілігі – балық аулау болып саналады. Кейінгі 20 жыл ішінде Арал теңізінің тартылуына байланысты балық ш. да біршама азайды. Ауданда өнеркәсіп біршама дамыған. Бұрынғы кәсіпорындар мен мекемелер, өндіріс орындары нарық экономикасына өтуіне байланысты жекешелендірілді. Олардың негізінде аудан аумағында 300-ге жуық шаруашылық нысандары ұйымдастырылды (2001). Салалық қатыстығына қарай а. ш-нда, орман ш-нда және аңшылық бағытында 19 нысан, балық аулау ш-нда 37, кен өндіруде 1, өңдеу өнеркәсібінде 13, электр энергиясын өндіру және оны тарату, газ және су мекемелерінде 7, құрылыста 11, сауда, автомобиль жөндеу және үйге пайдаланылатын бұйымдар жасау мекемелері 31, көлік және байланыс мекемелері 11, қаржылық іспен айналысатын мекемелер 2, мемлекет басқару мекемелері 39, білім саласында 36, денсаулық сақтау және әлеум. қызмет көрсетуде 27, басқа да коммунальдық, әлеум. және қоғамдық ұйымдар саны 51 (2001). Ірі өнеркәсіп кәсіпорындарына «Аралтұз», АҚ, Вагон жөндеу зауыты, Сексеуілді локомотив жөндеу зауыты, «Қамыстыбас» балық питомнигі т.б. жатады. Ауданда 1995 жылға дейін 25 ұжымшар, 16 балық зауыты, балық қабылдайтын 75 пункт, механикаландырылған 4 машина ст-сы болған. Жылына 500 т балық ауланып отырған. Еділ жағалауы өңіріне қуаңшылық пен аштық жылдарында (1930 – 40) Арал өңірінен 14 вагон балық жөнелтілген. Арал т. суының тартылуы және еліміздің нарық экономикасына өтуіне байланысты ауданның ауыл шаруашылық біршама өзгерістерге ұшырады. Қазір аудандағы а. ш-на пайдаланылатын жердің аумағы 12,93 мың км², оның ішінде ерекше қорғалатын жердің аумағы 167,9 км² (Барсакелмес қорығы), орман қорының аумағы 6,37 мың км², су қоры 22,3 мың км², мемлекет жер қоры 10,86 мың км². Ауданда 2001 жылдың басында а. ш-нда 101 агроқұрылым болды. Оның ішінде 4 ЖШС, 2 АҚ, 5 ӨК, 90 шаруа қожалығы болды. А. ш-на жарамды жердің аумағы 2,03 млн. га, оның ішінде жыртылған жері 619 га, тыңайған жер 2715 га, шабындық 9442 га, жайылымы 2,02 млн. га, бау-бақша 357 га. Аудан бойында 2000 ж. 930 т күріш жиналды. Ірі қара малдың саны 21,14 мың бас, қой мен ешкі 90,33 мың бас, жылқы 11,7 мың бас, түйе 13,3 мың бас болды. Шағын кәсіпкерлік саласында (жалпы саны 98) 2001 жылдың басында заңды тұлғалар бойынша өнеркәсіп саласында 5, балық ш-нда 31, а. ш-нда 13, құрылыста 2, көлік және байланыста 2, саудада 23, басқа шаруашылық нысандарының саны 22.
## Тұлғалары
* Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.