text
stringlengths
3
252k
Аққарға алтын кен орны – Қостанай облысы Жітіқара ауданының оңтүстігіндегі Тобыл өзені аңғарында орналасқан. Аққарға ауылдық округінің аумағында. Бірнеше кен орындарынан (Аққарға-алтын, Аққарға, Оңтүстік Аққарға, Оңтүстік Леонидов) тұрады. ## Жатыс сипаты 1980-1994 жылдары кен орындарында бұрғылау ұңғымалары арқылы 30 м тереңдікке дейін барлау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде Аққарға кен торабының алтыны алтынды-сульфидті типке жататындығы анықталды. Гидротермальды өңдеуден өткізгеннен кейін өнімді қабаттың қуатты қалыңдығы 150-250 м аралықта және одан да терең қабатта жатқаны белгілі болды. Кен дененің пішіні қат, линза және бағана тәрізді, құлау бұрышы 60-80°. Кен денесінің созылымы 50-ден 1200 – 1500 м-ге дейін, құлауы 15 м-ден 110 – 150 м-ге, қалыңдығы 2 – 3 м-ден 40 – 50 м-ге дейін жетеді. Алтынның 1 тоннадағы мөлшері 0,3-тен 27 г аралығында, орташа мөлшері 3-5 г. ## Құрамы, минералдылығы Кен мономинералды және алтыны қоспасыз. Ашудастың кендегі мөлшрі 0,02-0,08%. Сульфидтік минералдануында пирит 1,0 – 1,8, кейде 5%-ға дейін жетеді. Қышқылданған кентас 3-50, сирек жағдайда 100 м-ге жетеді. Мұндай кентас қоры жалпы қордағы мөлшердің 10-15%-ын құрайды. Аққарға алтын кеніндегі алтынның жалпы қоры 110-120 т. Кен орны Қазақстан және Канаданың «Голд-Ленд» Мұрағатталған 29 мамырдың 2011 жылы. бірлескен кен орны барлауды жалғастырып, одан әрі игеруде. ## Дереккөздер
Ақмолакөл – Қостанай облысы Науырзым ауданы Ақжол қыстауының солтүстік-шығысында 13 км жерде орналасқан көл. ## Гидрографикасы Аумағы 4,0 км2. Теңіз деңгейінен 230,0 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 2,5 км, ені 2,1 км, жағалау бойының ұзындығы 8,2 км. ## Жағалау сипаты Көл жағалауының біршама жерін қамыс құрағы басқан. Жазық келген жағалауында бұта аралас астық тұқымдас шөптесіндер өскен. Олар шабындыққа пайдаланылады.
Ақмырза – Сілеті өзенінің оң саласы. ## Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Ерейментау тауының солтүстік тарамдарынан ағып шығатын Қуаныш пен Қарасу өзендерінің қосылуынан пайда болады. ## Гидрологиясы Ұзындығы 46 км, су жиналатын алабы 2780 км2, ең терең жері 3 м. Қар суымен толығады. Суы шаруашылық қажетіне пайдаланылады. ## Дереккөздер
Аққұм каньоны – Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы каньон. ## Жер бедері Тұрбат ауылынан 5 – 6 км жерде басталып Таң ауылының етегіне дейін жетеді. Негізінен тасқа айналған ақ құмдардан құралған. Жергілікті халық әк орнына осы құмдарды пайдаланады. Каньонның аты «Аққұм» аталуы да осыдан шыққан. ## Дереккөздер
Ақоба — Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданындағы ауыл, Ақоба ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жәнібек ауылынан шығысқа қарай 40 км-дей жерде, далалық белдемде орналасқан. Жақын темір жол стансасы - Жәнібек (52 км жерде). ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1340 адам (675 ер адам және 665 әйел адам) болса, 2009 жылы 891 адамды (451 ер адам және 440 әйел адам) құрады. ## Шаруашылығы Бұрынғы кеңшар негізінде ұйымдасқан “Ақоба” өндірістік кооперативі жұмыс істейді. ## Инфрақұрылымы Орта, бастауыш мектептер, емхана, кітапхана бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Танымал тұлғалары Төлеш Әбдірахманов — шопан, Социалистік Еңбек Ері. ## Дереккөздер
‎ Ақмыш – Орталық Қаратаудың солтүстігіндегі бұлақ.Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы жерінде. Қалың ши өскен жыраны бойлай ағып жатыр. Бұлақты жиектей ағаш егілген. Төменгі жағынан тоған жасалған. Ақмышта 1920 ж. уездік қаржы бөлімінің бастығы Хажы Оңғалбаевтың басшылығымен балалар үйі ашылған. Кейіннен ол Қаңғаға көшірілді. Ақмыш қазіргі саяхатшылар демалатын аялдама. ## Дереккөздер
Ақ Үбі – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық әкімдігі аумағына қарасты жердегі өзен. Ұзындығы шамамен 65 км-ге жуық. ## Бастауы Иванов жотасының шығысынан бастау алып, солтүстігіндегі Үбі өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Ақ Үбі өзеніне Иванов жотасының солтүстік беткейінен көптеген өзендер келіп қосылады. Аңғары мен жағалауы мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Ақорпа – Бозащы түбегінің солтүстік бөлігіндегі құдық.Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы жерінде орналасқан. Тереңдігі 4 м, су шығымы 1400 л/сағ. Солтүстігі тақыр жазықты, батысы сортаңды болып келеді. Батысында Үлкенсор қонысы мен мұнай кен орындары орналасқан. Маңында Кіндікті, т.б. қыстаулар бар. ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Ақөзек – Алматы облысы Қонаев қалалық әкімдігіне қарасты ауыл. * Ақөзек – Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл, темір жол айрығы. Басқа мағыналар: * Ақөзек – Балқаш көлінің солтүстігінде, Арқарлы тауларының батысындағы аңғар.
Ақростошь бор кен орны - Атырау облысы Индер ауданы. Индербор кентінің оңтүстік-батысында орналасқан. ## Жатыс сипаты Шөгіндінің ұзындығы 10 км-ге жетеді, ені 100-300 м, қалыңдығы 3-10 м. Кен әк және әк тыңайтқыштар өндірісінің шикізаты. Мұндағы бор және бор-мергельді жыныстар өздерінің сапалык көрсеткіштері бойынша халық шаруашылығының көптеген салаларында пайдалануға жарамды. Атап айтқанда, Индер боры сола өнеркәсібінің жоғары талаптарына сай келеді, сондай-ақ әк және әк тыңайткыштары өндірісін қанағаттандырады. ## Химиялық құрамы Химиялық құрамы (% есебімен): * СаСО3 – 91,23; * МgСO3 – 1,27; ерімейтін қалдығы: * СаSО4 – 3,26; * Аl2О3 – 0,07; * Ғе2О3 – 0,59; * NаСl – 2,2. Бордың үлес салмағы 2,58 т/м3. ## Дереккөздер
Ақмола бокситті ауданы – Ақмола облысындағы Есілдің бас жағы мен Нұра, Сілеті өзендерінің суайрығындағы бірнеше алюминий кені бар және ондағы кентас белгілері байқалған өңір. Сорты төмен гиббсит бокситтері (Б-4, Б-6) геологиялық жасы жоғарғы протерозойдан бастап (Софиевское) төменгі тас көмірге дейін кететін әктастар бетінде бор дәуіріне дейін жаралған карст шұңқырларында жатыр. Белгілі кентасты жерлердің көпшілігі палеоген дәуірінің олигоцен бөлімінің континенттік шұбар сазы арасындағы дөңбек тастар шоғыры не ұсақ шоқылар беткейлеріндегі сыдырындылар болып саналады. Кентасты ашық әдіспен алуға болады, бірақ кендер бір-бірінен қашық және қорлары аз болғандығынан пайдаланылмай келеді. Палеоген, неоген, антропоген дәуірлерінің шөгінділерімен жабылған бұл аудандағы карбонатты жыныстарда әзірге белгісіз карст типті боксит кендерінің болуы ықтимал. Сол себепті бұл ауданның келешегі зор. ## Дереккөздер
Ақсаз газконденсат кен орны — Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай кентінен 80 км жерде орналасқан. 1988–1989 жылдары барланып, 1995 жылы ашылған. ## Геологиялық құрылымы Ортаңғы триастық көтерілімнің күмбездік бөлігі юралық құрылымға қарағанда батыс бағытқа ығысқан. ## Жатыс сипаты 3950 м-лік изогипспен шектелген, өлшемдері 4×3 км, амплитудасы 75 м. Сынау деректерінің негізінде әр түрлі режимдерде зерттелулермен анықталған иірілімдер қанығуының сипаты, флюидтердің физикалық-химиялық қасиеттері, иірімді газконденсатты және оны ортаңғы триастың карбонаттық бөлігіндегі жанартаутектік-доломиттік жыныстарда орналасқан деп жорамалданған. ## Дереккөздер
## Қысқаша мәлімет Ақмола суғару жүйесі , Алматы облысы. Панфилов ауданында орналасқан. 1975 жылы іске қосылды. Бастауын Тышқан өзенінен ала отырып, 8236 га жерді суғарады және суландырады. Жалпы ұзындығы 24,9 км, су сыйымдылығы 7,71 млн. м3. Жүйенің бас тоғаны Тышқан өзенінің бойына салынған. ## Дереккөздер ## Қысқаша мәлімет Ақмола суғару жүйесі , Алматы облысы. Панфилов ауданында орналасқан. 1975 жылы іске қосылды. Бастауын Тышқан өзенінен ала отырып, 8236 га жерді суғарады және суландырады. Жалпы ұзындығы 24,9 км, су сыйымдылығы 7,71 млн. м3. Жүйенің бас тоғаны Тышқан өзенінің бойына салынған. ## Дереккөздер
Ақпан кварц кен орны - Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысынан 110 км жерде, уралид гранитті-метаморфтық кіндігінде орналасқан. ## Жатыс сипаты Ақпан сілемінің кембрийге дейінгі гнейс-тақтатас қабаты мен граниттерінде жатқан алтыны бар көптеген кварц тіндерімен көрінеді. Ұсақ тіндері тек бет жағынан бағаланған, ал барлау аяқталғанда оның қоры 8-10 т-ға дейін ұлғаяды. ## Дереккөздер
Ақсай – * Солт. Үстірттің шығысында 15 км жерде орналасқан өзек. Сай бойында бірнеше бұлақтар мен құдықтар бар. Бұлақтар сай түбінде, құдықтар беткейінде орналасқан. Құдықтар суы кермек татиды; * Солт. Үстірттегі Айрақты тауының солт.-шығысындағы сай. Басы 5 тарам болып басталады. Етегі борпылдақ сортаң топырақты жазық.
‎ Ақсай – Жайық алабындағы өзен. ## Географиялық орны Атырау облысы Индер, Махамбет аудандарында орналасқан. ## Бастауы Көктоғай ауылынан солтүстікте Жайық өзенінен бөлініп шығып, Қаратөбе сайында шалшықтарға айналады. ## Гидрографикасы Ұзындығы 110 км. Өзен оң жағалауынан Бағырлай каналын суландырады. Төменгі ағысы жаз айларында құрғап қалады. Жағалауында ұсақ көлдер кездеседі. ## Дереккөздер
Ақсай — Оңтүстік Үстірт кемерінің солтүстігіндегі өзек. Маңғыстау облысы Қарақия ауданында. Солтүстік-батысқа қарай тармақталып бітетін сайдың ұзындығы 30 км, ені 0,5 – 2,5 км. Кемерінің биіктігі төменгі бөлігінде жарқабақтанып 60 м-ге дейін жетеді. Сай табанында көктемгі қар, жауын-шашыннан пайда болатын құрғақ арна жатыр. ## Ішкі сілтемелер * Қарақия ойысы ## Дереккөздер
Ақсай бор кен орны - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы, Қазақстан темір жол станциясының шығыс жағында 9 км жерде орналасқан. ## Жатыс сипаты Кен қабатының қалыңдығы 8,7-9,8 м аралығында. Бұл кен орны бордан құрылыстық әк өндіру және жазуға қолдану мақсатымен барланған, әзірше пайдаланылмайды. ## Дереккөздер
Аққұдық сөзі мынадай мағыналарға жатуы мүмкін: Құдықтар: * Аққұдық (құдық, Ақтөбе облысы) * Аққұдық (құдық, Қостанай облысы) * Аққұдық (құдық, Қарағанды облысы) * Аққұдық (құдық, Маңғыстау облысы) * Аққұдық - Атырау облысы Елді мекендер: * Аққұдық – Ақтөбе облысы, Хромтау ауданындағы ауыл. * Аққұдық – Атырау облысы, Жылыой ауданының Жем ауылдық округі құрамындағы ауыл. * Аққұдық – Атырау облысы, Жылыой ауданының Майкөмген ауылдық округі құрамындағы ауыл. * Аққұдық – Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданындағы ауыл. * Аққұдық – Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданындағы ауыл. * Аққұдық – Жетісу облысы, Панфилов ауданындағы ауыл. * Аққұдық – Қостанай облысы, Әулиекөл ауданындағы ауыл. * Аққұдық – Қостанай облысы, Қарабалық ауданындағы ауыл. * Аққұдық – Маңғыстау облысы, Қарақия ауданындағы ауыл. * Аққұдық – Павлодар облысы, Павлодар ауданындағы ауыл. * Аққұдық – Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданындағы ауыл. * Аққұдық – Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданындағы ауыл. Шоқы: * Аққұдық – Қарағанды облысы Нұра ауданы жерінде орналасқан шоқы. Көл: * Аққұдық көлі Тағы қараңыз: * Аққұдық ауылдық округі (Мәртөк ауданы) * Аққұдық ауылдық округі (Хромтау ауданы) * Аққұдық - қыстау, Қызылқоға ауданы
Ақсай бұлағы – Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданындағы Қазақстан темір жол станциясынан солтүстік бағытта 5 – 10 км жерде орналасқан жер асты су көзі. Сулы қабаттың қалыңдыдығы 10 – 15 м. Ұңғымадағы су шығымы 3 – 21,7 дм³/с. Тұщы суының минералдары 1 г/дм3. Бұлақ суы Ақсай қаласының кәсіпорындарын сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. ## Ішкі сілтемелер * Жер асты суы * Тұщы су ## Дереккөздер
‎ Ақсай бөгені — Алматы облысы Қарасай ауданы жерінде, Ақсай өзені бойында орналасқан. ## Гидрологиялық сипаты Аумағы 0,5 км², суының көлемі 2,7 млн. м3, пайдалы көлемі 2,4 млн. м3. Бөгеннің ұзындығы 3 км-ге жуық, енді жері 0,8 км, орташа тереңдігі 1,56 м, ең терең жері 2,1 м. Жалпы су шығымы 20 м³/с. Бөгеннің ұзындығы 13,1 м, биіктігі 1,75 м. Бөгетте секундына 1,5 м³ су жіберетін реттеуіш орнатылған. Суы қаңтар – ақпан аралығында қатады. Бөгеннен Ақсай-қарғалы суғару жүйесі бастау алады. ## Дереккөздер
## Географиялық орны Ақсай – Алматы облысы Қарасай ауданындағы өзен. Қаскелең өзенінің оң саласы. Ұзындығы 70 км, су жиналатын алабы 566 км2. ## Бастауы Бастауын Іле Алатауының мұздықтарынан алып, әр түрлі ландшафт белдемдерінен өтеді. ## Гидрологиясы Ақжар ауылы тұсындағы аңғары 8 м, орташа тереңдігі 0,2 – 0,7 м, ең терең жері 1,2 м. Жылдық орташа су ағымы 2,63 м3/с. Ақсай және оның салаларынан сел жүріп тұрады. Осындай ірі селдің бірі 1921 жылы Ақсай өзенінің бойымен өткен. Сел жүргендегі су шығымы 307,0 м3/с-қа жеткен. Басты салалары: Ақсай, Тастыбұлақ, Ойжайлау, Қырғауылды. Суын елді мекендер егін суғаруға пайдаланады. ## Дереккөздер ## Географиялық орны Ақсай – Алматы облысы Қарасай ауданындағы өзен. Қаскелең өзенінің оң саласы. Ұзындығы 70 км, су жиналатын алабы 566 км2. ## Бастауы Бастауын Іле Алатауының мұздықтарынан алып, әр түрлі ландшафт белдемдерінен өтеді. ## Гидрологиясы Ақжар ауылы тұсындағы аңғары 8 м, орташа тереңдігі 0,2 – 0,7 м, ең терең жері 1,2 м. Жылдық орташа су ағымы 2,63 м3/с. Ақсай және оның салаларынан сел жүріп тұрады. Осындай ірі селдің бірі 1921 жылы Ақсай өзенінің бойымен өткен. Сел жүргендегі су шығымы 307,0 м3/с-қа жеткен. Басты салалары: Ақсай, Тастыбұлақ, Ойжайлау, Қырғауылды. Суын елді мекендер егін суғаруға пайдаланады. ## Дереккөздер
Ақсай-Қарғалы суғару жүйесі , Алматы облысы Қарасай ауданында Ақсай және Қарғалы аудандары аумағында орналасқан. Жалпы ұзындығы 33 км. Су жүйесі 2,5 мың га жерді суғарады және суландырады. Ақсай-Қарғалы суғару жүйесі бірімен-бірі байланысқан бірнеше шағын каналдардан тұрады. Бастылары: Аққарғалы (ұзындығы 23,7 км, су шығымы 1,77 м³/с), Қаскелең (су шығымы 0,88 м³/с), Бесоба (0,07 м³/с), Көкөзек (0,5 м³/с) және суды таратып реттеп отыратын Мыңжылқы каналы (0,6 м³/с). Су жүйесі Қарасай ауданының және Алматы қаласының маңындағы елді мекендер шаруашылықтарын сумен қамтамасыз етеді. ## Ішкі сілтемелер * Су жүйесі * Канал ## Дереккөздер
Ақсай мұздығы – Іле Алатауындағы аңғарлық мұздық. ## Географиялық орны Алматы облысы Қарасай ауданы Ақсай өзенінің бастауында орналасқан. Жалпы аумағы 1,3 км2, ұзындығы 2,0 км, жерінің аумағы 1,1 км2, оның ішінде абляция аумағы 0,9 км2. Фирн (мұзқар) сызығы 3860 м биіктіктен өтеді. Ақсай мұздығының батысында Шнитников мұздығы жатыр. ## Дереккөздер
Ақсайит , ақсаит – бораттар тобына жататын минерал, магнийлі бораттың сулы оксиді. Химиялық формуласы: MgB6O105H2O. Табылған орнымен аталынған (1962). Ромбылық призма түрінде кристалданады. Ірілеу кристалдарының түсі ақшыл сұр, ұсақтары түссіз. Қаттылығы 2,5; меншікті салмағы 2,01 г/см3. Галоидты шөгінділердің арасында кездеседі. Ақсайит Қазақстанда алғаш ашылған сирек кездесетін минералдардың бірі. ## Ішкі сілтемелер * Галоид * Кристал ## Дереккөздер
Ақсай мұнай-газ кен орны — Қызылорда облысы Жалағаш ауданында (Қызылорда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 130 км жерде) орналасқан. 1988 жылы ашылған. ## Географиялық құрылымы Кен құрылымының өлшемдері 11×7 км, амплитудасы 100 м. Ол бор кезеңінде түзілген Арысқұм қабатының терригенді шөгінділеріндегі үш кен шоғырынан тұрады. Біреуі мұнайлы-газды болса, қалған екеуі – мұнайлы. Олар тектоникалық жарылымдар және литол өткізбейтін жыныстар арқылы оқшауланған. ## Жатыс сипаты Өнімді қабаттардың жалпы қалыңдығы 11 – 18 м, оның ішінде мұнайлы қабаттардың тиімді қалыңдығы 4 – 11 м, газды қабаттардың тиімді қалыңдығы 3 – 6 м. Мұнай мен газды сіңірген терригенді коллекторлардың ашық кеуектілігі 13,1 – 14,9%, өткізгіштігі 0,02 – 0,86 мкм2. Олар қалыңдығы 10 – 150 м саз қабатымен жабылған. Кен шоғырларындағы бастапқы қабаттық қысым 15,6 – 16,73 МПа, температурасы 71°С. ## Құрамы Мұнайының тығыздығы 0,855 – 0,950 г/см3; күкіртті аз (0,11%), парафин (16 – 20%) мен шайыры (10,6%) біршама жоғары келеді. Газдың тәуліктік шығымы 137,6 м3. Оның құрамындағы метан 81,55%, этан 9,73%, пропан 3,3%. Кен орны толық барланып бітпеген. ## Дереккөздер
Ақмия (Goebelіa, Sophora) – бұршақтар тұқымдасына жататын ағаш не бұта; көпжылдық өсімдіктер туысы. Тропиктік және субтропиктік аймақтарда 50-ден астам түрі белгілі. Сабағы тік, оған тақ қауырсынды күрделі жапырақтары қарама-қарсы орналасады. Гүлшоғыры – шашақ. Әрбір гүлінің 5-тен тостағанша және күлте жапырағы болады. Аталығы 10, жіптері бос боп жетіледі, аналығы біреу, бір жеміс жапырағынан тұрады. Жемісі көп тұқымды ұзын бұршаққап, буынданып келген, екі жақтаумен ашылады. Тұқымының сырты жылтыр, түсі қоңыр. Бұлар негізінен бояу,бал беретін және бағалы дәрілік өсімдіктер. ## Түрлері мен сипаттамасы Ақмияның Қазақстанда кәдімгі aқмия және есекмия aқмия деп аталатын 2 түрі өседі. Кәдімгі ақмия немесе софора (G. alopecuroіdes) – Қазақстанның барлық жерлерінде кездеседі. Биіктігі 40 – 100 см. Сабағы тік, жоғары жағы бұтақтанған. Тақ қауырсынды жапырағының ұзындығы 10 – 20 см. Ақшыл не сарғыш гүлдері шашақ гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Оның құрамында алкалоид бар. Сондықтан тұқымы улы. Есекмия (G. pachycarpa) тау бөктері мен қыратта, сары құм топырақты жерлерде өседі. Биіктігі 30 – 60 см. Сабағы бұтақты, қалың жапырақты, тықыр, түкті болады. Дара жапырағы қауырсын тәрізді, жапырақшалары 6 – 12 жұптан тұрады. Гүлі ақшыл сары түсті. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. Тұқымы – қоңыр, сырты біркелкі тегіс. ## Дереккөздер
Ақсай фосфорит кен орны — Жамбыл облысы Талас ауданында, Қаратау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 км жерде орналасқан. Қаратау фосфорит алабына енеді. ## Жатыс сипаты Кен орнының ұзындығы 8 км, ені 100 м. Барлау жұмыстары 1951-1956 жылдары жүргізілген. Кен орны 1959-1987 жылдары ашық кеніш әдісімен игерілді. Ал 1987 жылдан бастап кентас жер астындағы кеніштен өндіріледі. Оны 1938 жылы геологтар П.Л.Безруков пен Б.М. Гиммельфарт ашқан. ## Геологиялық құрылымы, құрамы Ақсай фосфорит кен орны төменгі кембрийге жататын Шолақтау шоғырларынан тұрады. Бұл шоғырдың төменгі кентассыз бөлігі шақпақтасты доломиттер мен доломитті әктастардан (қалыңдығы 3-15 м) және фосфоритті шақпақтастардан (қалыңдығы 3-10 м) құралған. Бұлардан жоғары әрқайсысының қалыңдығы 1,5-12 м, фосфор ангидридінің (Р2О5) орта мөлшері 20- 27% 4 кентас қабаты бар, олардың литологиялық құрамы негізінен фосфатты, шақпақтасты, карбонатты болып келеді. Алынған фосфорит кентасы Қаратау кен-химия комбинатында өңделеді. ## Дереккөздер
Ақсан – Обаған өзені алабындағы көл. ## Географиялық орны Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қарақалпақ темір жол санциясынан солтүстік-шығыста 7 км жердегі көл. Теңіз деңгейінен 208,6 м биіктікте жатыр. ## Гидрографикасы Аумағы 4,2 км2. Ұзындығы 2,8 км, енді жері 2,4 км. ## Жағалау сипаты Жағасы жайпақ. Көлдің деңгейі көктемде көтеріліп, жазға қарай тартылады. Оңтүстік-шығысында Аманқарағай шоқ орманы, солтүстік-батысында Қазанбасы қоныстары орналасқан. Алабы жайылым, шабындыққа пайдаланылады.
Ақсақал тәуіп – Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы жер аты. Қызылқұм құмды алқабының солтүстігінде орналасқан. Жер бедері бұйрат құмдардан тұрады, аралығында ойпауыт жерлер кездеседі. Ойпауытты жерлерінде бұйырғын, баялыш, тасбұйырғын, теріскен, т.б. шөлге тән өсімдіктер өседі. ## Ішкі сілтемелер * Бұйрат құм * Қызылқұм ## Дереккөздер
Жамансары, ақсары (лат. Buteo buteo) — сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Солтүстік Қазақстанда, Алтай мен Тянь-Шань тауларының орманды алқаптарын мекендейді. Мекиені қанатының ұзындығы 42-45 см, салмағы 1 кг-нан асады. Қоразы оған қарағанда кішілеу келеді. Қанатының ұзындығы 33-38 см, салмағы 1 кг-ға жетпейді. Дене түсі қара-қоңыр, ұшы қаралау қанаттарының астында ақшыл шұбар дақ болады. Басқа өзіне тектес жыртқыштардан айырмашылығы — құйрығы қысқа, сұр не қоңыр түсті көлденең жолақты келеді. Ұясын ағаш басына салады. Мекиені мен қоразы 3-5 теңбіл түсті жұмыртқаны 1 айдай кезектесіп басып, балапандарын 40 күнде ұядан ұшырады. Ақсары — жыл құсы. Тамыз — қазан айларында жылы жаққа ұшып кетеді. Оңтүстік Азия, Африкада қыстайды. Наурыз — мамыр айларында қайта оралады. Ұсақ кеміргіштермен, құстармен, кесірткелермен, бақалармен т.б. жәндіктермен қоректенеді. ## Дереккөздер
Ақсарлы – Сарыарқаның орталық бөлігіндегі тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Босаға ауылының солтүстік-шығысында 7 км жерде. Абсолюттік биіктігі 995 м, ені 3 км. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км-ге созылып жатыр. ## Жер бедері, геологиялық құрылымы Оқшау тұрған тау массивінің шығыс беткейі жайпақ, батысы тіктеу келеді, оңтүстік беткейінде тас қорымдары мол жиналған. Девон жүйесінің төменгі және ортаңғы бөлімінде түзілген. ## Өсімдігі Тау жамылғысында жусан, сұлыбас, селеу, боз, бұталар өседі. Жазғы жайылым және қыстау ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Ақсай минералды суы – Алматы қаласынан батысқа қарай 13 км жерде, Төменгі Каменка ауданы маңында орналасқан шипалы жер асты суы. Ол 1900 – 2600 м тереңдіктегі палеоген және неоген сулы қабаттарында таралған. Ақсай минералды суының химиялық құрамы хлорлы натрийлі-кальцийлі келеді. Суы арынды. Нөмірі 5-Т ұңғымасынан атқылап шығатын судың секундтық мөлшері 11 л, температурасы 55,5°С, минералды 6,1 г/л. Суының құрамында бром (12,5 мг/л), фтор (2,9 мг/л), йод (1,34 мг/л) және кремний қышқылы (52 мг/л) бар. Суында еріген газ негізінен азоттан (80,5 – 84,0%) тұрады. Ақсай минералды суы Алматы қаласының төңірегінде орналасқан санаторийлер мен профилакторийлерде, ауруханаларда қол-аяқ буындарын, асқазан-ішек, жүйке, гинекология ауруларын емдеуде қолданылады. ## Ішкі сілтемелер * Ақсай өзені * Санаторий ## Дереккөздер
Ақсарыгүл , кастиллея (лат. Castilleja) – сұңғыла тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда құрғақ далалық жерлерде, сортаңды, жайылмалы шалғындарда, қайыңды-қарағайлы ормандар мен бұталар арасында, тау беткейлерінде, егістіктер арасында өсетін 1 түрі – түссіз Ақсарыгүл (Cаstіlleja pallіda) бар. Биіктігі 14 – 32 (50) см, сабағы тік, 2 – 10-нан шоғырланып немесе жеке өседі. Жапырақтары ұзынша. Гүлшоғыры масақ тәрізді, ұзындығы 3 – 8 (12) см, ені 1,8 см. Күлтесі ақшыл сары не ақ түсті, кейде үстіңгі жағы қызғылт болады. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – ұзынша, екі бөлікті, қоңыр түсті қорапша. Тұқымы ұсақ, үшбұрышты, сырты жылтыр. ## Дереккөздер
АҚСАРЫ — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша Орта жүздегі Керей (Ашамайлы) тайпасынан таратылады. Шәкәрім Құдайбердіұлы шежіресінде Ақсары — Тоқымбет, Матақай, Самай руларына бөлінсе, Ө.Ахметовтің шежіре-кітабында Ақсарыдан алты ата — Тоқболат, Ақпамбет, Нұралы, Нұрымбет, Есенәлі, Есенбақты тарайды. Қостанай өңірін, Ақмола облысының Ақкөл, Макин (Бөрілі) аудандарын, Есіл өзенінің бойын мекендеген. ## Тұлғалар * Біржан Қожағұлұлы * Қажымұрат Ыбырайұлы Нағыманов * Қанапия Темірболатұлы Телжанов * Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев * Нұрлы Байкенов * Жайық Бектұров
Ақсары жуантамыр (лат. Rindera ochroleuca ) – айлауықтар тұқымдасына жататын жуантамыр түрі. Қазақстанда Балқаш-Алакөл ойысында Ақсу, Лепсі, Шілікті өзендерінің төменгі ағыстарындағы құмдарда өседі. Бұтақтала өскен сабағының биіктігі 60 – 65 см келеді. Тамыр жапырақтары ірі, ұзындығы 20 см, ал сабақ жапырақтары ұсақ бүтін жиекті 2 – 4 см-дей болады. Ақсары түсті гүлдері қалқан тәрізді сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. Табиғи жайылымдарды ретсіз пайдаланудың салдарынан бұл сирек кездесетін өсімдік түрінің жойылып кету қаупі бар. Сондықтан Ақсары жуантамыр қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. ## Ішкі сілтемелер * Жуантамыр * Қызыл кітап ## Дереккөздер
Ақсахалар (Coregonіdae) – албырттәрізділер отрядының бір тұқымдасы. Солтүстік Мұзды мұхита, Атлант және Тынық мұхиттардың солтүстік жағындағы суларда тіршілік ететін 3 туысы, 30-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда Ертіс өзенінде мекендейтін 1 туысы, 1 түрі (таймен) бар. Ақсахалардың денесінің ұзындығы 8 – 150 см, салмағы түріне қарай 4 г-нан 40 кг-ға дейін (нельма) жетеді. Қабыршақтары ірі. Аузы үлкен емес, жағы тіссіз. Ұсақ уылдырықтарын күзде шашады. Негізінен планктондар, бентостармен және ұсақ балықтармен қоректенеді. Ақсахалар еті дәмді, сондықтан кәсіптік маңызы жоғары балықтар, көп ауланады. ## Ішкі сілтемелер * Балықтар * Уылдырық ## Дереккөздер
Ақ сексеуіл (Haloxylon persіcum) – алабұталар тұқымдасы, сексеуіл туысына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстанда шөл және шөлейтті аймақтарда өседі. Биіктігі 5 метрдей, кіндік тамыры топырақта ылғал аз болса, жер астына тереңдеп (11 метрге дейін) кете береді. Діңінің жуандығы 20 – 60 см, дің қабығы ақшыл сұрғылт түсті, жылдан-жылға қарая береді. Гүлі төрт-төрттен қабыршақты гүл жапырағы қолтығынан жетіледі. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, қыркүйек – қазанда жеміс береді. Жемісі – қанатты жаңғақша. Ақ сексеуілдің сүрегі тығыз, қатты, арамен кесілмейді. Ағаштың жылдық сақинасы болмайды. Шөлге төзімді, жас өркендерін қыста қой, түйе жақсы жейді. Ақ сексеуіл Маңғыстау облысының Қызыл кітабына енгізілген. ## Сілтемелер * Алабұта * Қызыл кітап ## Дереккөздер
Ақ селеу (лат. Stipagrostis pennata) – астық тұқымдасының селеу туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық облысында, әсіресе, оңтүстік аймақтарда жиі кездеседі. Ақ селеу көбінесе құмды және құмдауыт жерлерде, орманды алқаптардағы қара топырақты аудандарда жақсы өседі. Биіктігі 30 – 40 (60) см, сабағы түбінен шоғырланған, жалаң тықыр. Тамыр сабағының ұзындығы 10 м-ге дейін жетеді. Жапырағы жіңішке (3 мм). Мамыр – маусым айларында гүлдейді. Дәнегі пісісімен жер бетіндегі бөлегі қурап қалады. Ақ сеуел масақтанғанға дейін жақсы мал азығы. Шөбінің сапасы орташа, өнімділігі 3 – 5 (10) ц/га. Жайылмалы құмды жақсы бекітеді. Тамыры сапалы щетка жасауға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Ақсеңгір – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл. * Ақсеңгір – Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл. * Ақсеңгір – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Ақсеңгір – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы өзен. * Ақсеңгір – Ұлытау тау жүйесінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тау. * Ақсеңгір – Нұра өзенінің оң жағалауындағы биік төбе. * Ақсеңгір – Алматы облысында өсірілетін қой түрі. * Ақсеңгір – Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақсеңгір өзенінің бойында орналасқан бөген.
Ақсақалқопа – Тобыл өзенінің алабындағы көл. ## Географиялық орны Қостанай облысы Қамысты ауданы Қарабатыр ауылының жанында орналасқан. ## Гидрографикасы Аумағы 4,5 км2. Теңіз деңгейінен 233,1 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 3,5 км, енді жері 2 км. Суы тұзды. Деңгейі көктемде көтеріліп, жазға қарай тартылып, жағасы батпаққа айналады.
Ақсары жоңышқасы (Medіcago ochroleuca) – бұршақ тұқымдасына жататын жоңышқа туысының бір түрі, көп жылдық өсімдік. Қазақстанда Талас Алатауының батысындағы Ақсу-Жабағылы тауының солтүстік тасты беткейлерінде, биік тау белдеулерінде, аршалы бұта, орман арасында өседі. Биіктігі 75 – 80 см, сабағы тік, жапырақтары үш құлақты, жапырақшалары ұзынша, түкті, кейде жалаң болады. Гүлі сары түсті, бұршағы имек, бозқоңыр түсті келеді. Маусым – шілде айларында гүлдейді. Тамыз – қыркүйекте жеміс береді. Тұқымынан және өсімді жолмен көбейеді. Ақсары жоңышқа – құнарлы мал азығы. Сирек кездесетіндіктен Ақсу-Жабағылы қорығында қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. ## Ішкі сілтемелер * Ақсу-Жабағылы * Алатау ## Дереккөздер
Ақсексеуіл – Оңтүстік Үстірт кемеріндегі қоныс. Маңғыстау облысы Қарақия ауданында. Енсіз келген қоныс теңіз деңгейінен 185 – 190 м биіктікте. Жазық келген жер бедерінде сортаңды сұр топырақ қалыптасқан. Онда сирек сексеуіл шоғырлары, бұйырғын, баялыш, күйреуік өседі. ## Дереккөздер
Ақсеңгір – Нұра өзенінің оң жағалауындағы биік төбе. ## Географиялық орны Ақмола облысы Целиноград ауданы жерінде. Астана қаласынан оңтүстікке қарай 33 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 395 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы 7-8 км-ге созылған, ені 1,5-2 км. ## Геологиялық құрылымы Тас көмір жүйесінің жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Қара қоңыр сортаңдау топырағында астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер өскен. ## Дереккөздер
‎ Ақсеңгір бөгені — Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақсеңгір өзенінің бойында орналасқан. 1980 жылы пайдалануға берілді. ## Гидрологиялық сипаты Су сыйымдылығы 3,6 млн. м3, ұзындығы 3 км, енді жері 1,1 км. Бөген суын Ақсеңгір, Көкдала ауылдарының және Қазыбек темір жол станциясының шаруашылықтары пайдаланады. ## Дереккөздер
Ақсор – Қалмас жотасының солтүстігінде 7 км жердегі тау. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар және Қызылорда облысы Арал аудандары аралығында орналасқан. ## Жер бедері Таудың батысы мен шығысы тегіс жазық, солтүстігінде Сарыбұлақ құмы және Ырғыз өзені жатыр. Беткейі көлбеу келген. ## Өсімдігі, жануарлары Құмдақты топырағында қара сексеуіл, сұр жусан, күйреуік өседі. Жануарлардан қасқыр, ақ бөкен, қарақұйрық, сарышұнақ, қоян, т.б. мекендейді. ## Дереккөздер
Ақсораң – Қызыларай тау массивінің оңтүстік бөлігіндегі тау, Сарыарқаның биік жері. ## Географмялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының жерінде, Шылым ауылынан шығысқа қарай 12 км-ге созылып жатыр. Биіктігі 1565 м, ені 7 км. ## Геологиялық құрылымы Пермьнің граниттерінен, төменгі пермь, орта тас көмір дәуірі жыныстарынан түзілген. ## Жер бедері Солтүстікке қарай еңістеу келген аласа таудан тұрады. Қаратал, Жіңішке, Сарыөлең өзендері бастау алады. ## Өсімдігі Тау беткейлерінде қарағай орманы, тауаралық аңғарлардағы қызыл қоңыр топырағында қайың, көктерек, тал, арша, қараған; ойпаң жерінде тобылғы, астық тұқымдас әр түрлі шөпті шалғын өседі.Таудың табиғи көркі мен табиғат байлығы шаруашылық әрекеттерге көп ұшырай қоймауы мұнда болашақта қорық ұйымдастыруға толық мүмкіндік береді. ## Дереккөздер
Ақсора (Suaeda) – алабұталар тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы, кейде жартылай бұталар. Жер шарында кең тараған (тек арктикалық белдемдерде кездеспейді), Ақсоралардың тұзды жерлерде, теңіздер және тұзды тоғандардың жағалауларында өсетін 100-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанның шөл даласындағы гипсті, борпылдақ сортаң топырақты жерлерде, сор мен тақырларда қаулап өседі не ірі бұта күйінде жеке-жеке кездесетін 16 түрі бар. Жиі тарағаны – ұсақжапырақты ақсора, кейде оны ақсора (Suaeda mіcrophylla) деп атайды. Биіктігі 30 – 75 см. Сабағы көп бұтақты, бір жылдық өркендері күлгін түсті. Жапырағы етті, көкшіл, оның ұзындығы 3 – 10 см. Гүлшоғыры жапырақ қолтығынан сәл төмен орналасқан. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Түйнектеген кезде өсімдік құрамында клетчатка, протеин, май, азотсыз экстрактивтік заттар болады. Күлінен алынған сақар сабын қайнату үшін пайдаланылады. Жақсы мал азығы. ## Ішкі сілтемелер * Алабұта тұқымдасы * Гүлшоғыр * Өркен ## Дереккөздер
Ақсәуле , агератум (Ageratum) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.Мексикадан тараған жалғыз түрі – гаустон Ақсәулесі (А. haustonіanum) Қазақстанда да кездеседі. Ол республиканың жазық аймақтарында әсемдік ретінде өсіріледі. Сабағы тік, бұтақты, сыртын түк жапқан. Жапырағы сағақты, пішіні үшбұрыш, төменгі жағы ойма тәрізді. Себеттері домалақ 8 – 10 мм, қалың қалқаншаға топталған. Күлтесі көк түсті, айдаршасы 5 жапырақшалы. Қазан – қараша айларында гүлдеп, жемістенеді. ## Өсімдік туралы Ақсәуле – қашқаргүлдер тұқымдасына жатады. Отаны – Орталық және Оңтүстік Америка. Мексика, Перу және Боливияда көп таралған. Табиғатта тұқымдасының 30-ға жуық түрі бар. Отаны жылы тропикалық аймақ болғандықтан, көпжылдық мәңгіжасыл өсімдік, ал Қазақстанда климаттық жағдайымызға байланысты біржылдық гүл болып саналады. Биіктігі: сұрпына қарай – 26-45 см, орташа – 15-25 см, ергежейлі – 10-15 см болады. Сабағы, жапырағы түкті. Жапырағы жүрек пішіндес, иектері аратісті. Гүлінің пішіні шар тәріздес, диаметрі 15-20 см аралығында. Көгілдір, күлгін, ақшыл, қызғылт түсті түрлері бар. Көгілдір және күлгін түстілері ою-өрнек, кескіндер, гүлмен көмкерілген сөздер жазуға, гүлзардың жиектеріне, гүлді кілем жасауға көп қолданылады. Көшеттерді еккенде арақашықтығы – 15-20 см болуы керек. Біржылдық гүлдердің ішіндегі ең ұзақ, көктемнен алғашқы суыққа дейін гүлдейтін өсімдік. ## Қолданылуы Көгалдандыруда жаз айларында вазондарға, жол бойына егеді. ## Күтімі Жылы және ашық жерлерде жақсы өседі. Алакөлеңкеге де шыдамды, бірақ жарық жердегідей мол гүлдемейді. Жеңіл топырақта жақсы өседі. Құрғақшылыққа шыдамды, бірақ мол гүлдесін десеңіз, біркелкі, құрғатып жібермей суғару қажет. Өсімдікке көңді гүл түйін салғанға дейін, ал әрі қарай өте көп қолдануға болмайды, себебі көңде азот көп болғандықтан жапырақтары мол болып өсуіне пайдалы, ал біз жапырағы емес, гүлі үшін өсіретіндіктен, гүлдейтін гүлдерге арналған немесе толық минералды тыңайтқыштармен қоректендіріп тұрған абзал. Ұзақ, әрі мол гүлдеуі үшін, гүлшоғыры тұқымданып кетпей тұрып, гүл күлтелері қоңырқай тарта бастағанда жұлып тұрған дұрыс. Тұқымын тамыз айында жинайды. ## Көбейтілуі Біржылдық гүлдерді жыл сайын тұқымнан көбейтіп өсіріп отырады. Мамыр айында гүлдету үшін, ақпан айының соңы, наурыз айының басында жылыжайда немесе үйде 20-22ºС жылылықта тұқым арқылы көбейтеді. Тұқым 7-10 күнде өніп, өскін шығарады. Өскінге бір-екі жапырақ шыққанда, көшеттеп, әрқайсысын жеке отырғызады. Сәуірдің соңында немесе мамыр айының басында, көктемнің ызғарлы суығы өткеннен кейін, көшеттерді далаға егеді. Өскін өніп шыққан уақытынан бастап 60 күннен кейін гүлдей бастайды. Сондай-ақ, қалемшелеп те көбейтуге болады. Бақшаға сәуірдің аяғы, мамырдың басында тұқымынан ексеңіз, жаздың ортасында гүлдейді. ## Ақсәуле туралы тақпақ Гүлдің аты - Ақсәуле, Тербелер жел өткенде. Шар тәрізді гүлтәжі, Жайнар мамыр жеткенде. Әр шоғында - жүз талшық, Күнге қарап тұр шалқып, Түсі болар сиякөк, Қуант гүлден сый тартып. ## Ішкі сілтемелер * Күрделігүлділер * Агератум ## Сілтемелер * Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы. ## Дереккөздер Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Біржылдық гүлдер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б; ISBN 978-601-7237-49-3
Ақсеңгір қойы - Алматы облысында өсірілетін қой түрі. 1960-1992 ж. аралығында қазақы биязы жүңді саулықтарды ағылшынның линкольн, ромни-марш, бордерлейстер қошқарларымен будандастыру арқылы алынған. Ақсеңгір қойының дене бітімі ірі, етті. Қошқарларының тірідей салмағы 108 – 112 кг, таза жүн түсімі 4,7 – 5,5 кг, қылшығының ұзындығы 13 – 14 см. Саулықтары тиісінше 55 – 60 кг; 2,5 – 2,7 кг; 11 – 13 см. Әр 100 саулықтан 120 – 130-дан қозы алынады. Асылдандыру жұмысы аталық із бойынша өсіру және жаңа зауыттық аталық іздер құру арқылы жүзеге асырылады. Ақсеңгір қойының таңдаулы отарлары Ақсеңгір тәжірибе шаруашылығында бағылады. Ақсеңгір қойы негізінен Алматы облысы Жамбыл ауданының шаруашылықтарында өсіріледі. ## Дереккөздер
Ақсораң тауы – Айыртау тауының оңтүстік-шығысындағы тау. ## Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында орналасқан. ## Жер бедері Беткейі тік жарқабақты келген. Маңайында Белое, Имантау көлдері мен орман алқаптары бар. Солтүстігінен темір жол және автомобиль жолдары өтеді. ## Дереккөздер
Ақсораң полиметалл кен орны - Қарағанды облысы Шет ауданының жерінде орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Ақсораң – Ақжал тектоникалық белдемінің батысында, ортаңғы және жоғарғы палеозой гранитоидтары мен жоғарғы девон-төменгі тас көмір шөгінділері жапсарындағы скарн, мүйізтас, мәрмәрлары арасынан орын алады. ## Минералдары, құрамы Шақпақтасты әктастардың созылым бағытына сәйкес жатқан қабатша, линза пішінді кен массасының қабаттарындағы галенит, сфалерит, халькопирит, пирит сияқты кен минералдары сеппе, сеппе-тарам, тамыршалар түрінде тараған. Кенді емес минералдардан кварц, волластонит, кальцит бар. Кенді ашық әдіспен қазып алуға болады. ## Дереккөздер
Ақсу – Жетісу облысы Ақсу, Алакөл аудандарындағы өзен. Ұзынды-қысқалы 132 саласы бар. Ақсудың ұзындығы 316 км, су жинау алабы 5040 км2. ## Бастауы Жетісу Алатауы ның 4000 м. биіктікте орналасқан мұздықтарынан бастау алып, Балқаш көліне құяды. ## Гидрологиясы Көпжылдық орташа су шығыны Жансүгіров ауылы тұсында 11,2 м3/сек. Өзен жоғарғы ағысында тауаралық Қапал аңғарын кесіп өтіп, жазыққа шыққан соң көптеген саяз тармақтар мен арналарға бөлініп кетеді. Төменгі ағысында тарамдар, өзектер, көлдер мен батпақтар құрай отырып, Балқаш маңы жазығын кесіп өтеді. Өзен алабының мұз құрсану аумағы 139 км2, көлемі 0,77 км3 болатын 162 мұздық бар. Негізгі салалары: Сарқан, Қожамберді өзендері. Ақсу шаруашылыққа пайдалануға байланысты суы көктем мен жазда тасиды, осы кезеңде жылдық ағындысының 80%-і өтеді. Суы тұшы, минералдылығы 0,2-1,5 г/л аралығында ауытқиды. Минералдары химиялық құрамы жағынан гидрокарбонат класының кальций және магний тобына жатады. Суы егін, мал суаруға және техн. қажеттіліктерге пайдаланылады. ## Дереккөздер
Ақсорлы – Қызылқұмның шығыс бөлігіндегі құдық. Түркістан облысы Отырар ауданы Сырдария өзенінің сол жағалауында, Қарақтау тауының солтүстік-батысында орналасқан. Тереңдігі 10 м, су шығымы 100 л/сағ. Солтүстігінде бірнеше қыстаулар бар. Тізбектелген құм төбелерде сексеуіл шоғыры, эфемерлі сұр жусан, күйреуік, баялыш өседі. ## Ішкі сілтемелер * Түркістан облысы * Құдық ## Дереккөздер
Ақсейіт – Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы қыстау. Қаражар ауылының солтүстігінде 1 км жерде. Жем өзенінің сол жағалауында, Қазантоғай, Ақсейіт ауылдарының қыстаулары саналады. ## Дереккөздер
‎ Ақсу — Ақсу алабындағы бөген. ## Географиялық орны Жамбыл облысы, Шу ауданы Ақсу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км-дей жерде орналасқан. 1985 жылы іске қосылды. ## Гидрологиялық сипаты Су жиналатын алабы 5,7 млн. м³. Бөген 1,34 мың га егіндік пен жайылым, шабындықтарды суландыра алады. Негізінен Ақсу өзені суымен толығады. ## Дереккөздер
Ақсу – Сарысу өзенінің алабындағы өзен. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Ордабасы тауы беткейінен ағатын бұлақтардың қосылуынан түзіледі. Жақсы Сарысу өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 42 км, 5 саласы бар. Жағасы жайпақ, өзеннің бастауы бұта өскіндері арасымен өтеді. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толығады. Сәуірде тасып, шілдеде төменгі деңгейге түседі, жаздың ыстық айларында қарасуларға бөлініп қалады. ## Дереккөздер
Ақсу, Белая – Бұқтырманың оң саласы. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 71 км, су жиналатын алабы 1130 км2. ## Бастауы Қызылқарағай жотасының оңтүстік-шығыс беткейінен басталады. ## Гидрологиясы Қар, жауын, жер асты суларымен толығады. Арнасы тік жарлы, ағысы жылдам. Мал суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Ақсу алтын кен орны – Ақмола облысы Ақкөл ауданы Степногорск қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 17 км жерде орналасқан. Кен орны 1929 жылы көне кен қазбалардың ізімен ашылған. 1930 жылы бұл жерде кеніш ашылып, 1931 жылы алғашқы 147 кг алтын алынған. Кен орнынан 1931-1997 жылдары аралығында 25 т алтын өндірілген. ## Геологиялық құрылымы Ақсу алтын кен орнындағы кварц желілері мен кварциттерден тұратын кентастар кембрий-ордовик жыныстары аумағында жатыр. ## Жатыс сипаты Кен орны өз алдына бөлек 5 кен орнынан тұрады. Оларда өндірістік маңызы бар 192 желі кездеседі. Желілердің қалыңдығы 0,12-0,31 м, ұзындығы 107-154 м аралығында. Желілер кварцты габброидтерден, диориттерден, тонолиттерден және гранодиориттерден тұратын ордовик интрузивтерінің бойында қалыптасқан. Алтынның орташа мөлшері 23,6-45,9 г/т. Көлбеу жатқан желілер қалың келеді (1,1-2,3 м), бірақ олардағы алтынның орташа мөлшері төмен (6,4-23,8 г/т). Кен орнында алтынға бай кварц желілерімен қатар алтын-мыс-скарнды кентастар және әлі толық зерттелмеген березит сығылмалары бар. Ақсу алтын кен орны кентастары Ақсу алтын байыту фабрикасының шикізат базасы болып табылады. ## Дереккөздер
Ақсеңгір тауы – Ұлытау тау жүйесінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тау. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Борсеңгір ауылының оңтүстік-шығысында 5 км жерде. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 20 км-ге созылып жатыр, ені 5 км. Ең биік жері 431 м (Үңгірлісай). ## Жер бедері, геологиялық құрылымы Ұсақ шоқылы 2 тау массивінен тұрады. Тас көмір жүйесінің төменгі тау жыныстарынан түзілген. Оңтүстік беткейінен Сарысу өзеніне оң жағынан құятын 5 өзен бастау алады. ## Өсімдігі Сортаңдау қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, сұлыбасы, бұталар өседі. Жазғы жайылым және қыстау ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Ақсу асуы – Күнгей Алатауындағы асу. ## Географиялық орны Қырғызстан жерінде. Теңіз деңгейінен 4151 м биіктікте орналасқан. Шығыс Ақсу мұздығы мен Шоң Ақсу өзені аңғары аралығын қосып жатыр. Асуға көтерілу үшін Шығыс Ақсу мұздығының оң қапталын бетке ала отырып, морена аумағымен өтетін жалғызаяқ жолға шығу керек. Жол жоғары көтеріле келе біртіндеп сырғыма жарқабақтанған тұста оңтүстік-шығысқа бұрылады. ## Жер бедері Асудың батыс беткейі ұсақ қиыршықтасты келеді. Онымен көтерілу қиындық туғызбайды. ## Дереккөздер
Ақсуат — Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы ауыл, Ақсуат ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Жайық өзенінің сол жағалауында, аудан орталығы — Теректі ауылынан батысқа қарай 25 км жерде орналасқан. Жақын темір жол стансасы — Орал (25 км жерде). ## Тарихы Іргесі 1936 жылы қаланған. 1997 жылға дейін ұжымшар, селолық кеңес орталығы болған. Кейін (1997) ұжымшар негізінде шаруа (фермер) қожалықтары ұйымдастырылған. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1078 адамды (548 ер адам және 530 әйел адам) құрады. Ақсуатта машина-трактор жөндеу шеберханасы, орта мектеп, клуб, дәрігерлік пункт, сауда және тұрмыс қажетін өтеу мекемелері бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Ақсуат — Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы ауыл, Ақсуат ауылдық округі орталығы, темір жол стансасы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Тимирязево ауылынан оңтүстікке қарай 22 км-дей жерде, Обаған және Есіл өзендерінің су айрығындағы дала белдемінде, Ақсуат көлінен оңтүстік-шығысқа қарай 7 км-дей жерде орналасқан. ## Тарихы Іргесі 1958 жылы Жаңа Қорған- Пески (Новошиимский) темір жолын салуға байланысты қаланған. Ақсуат мал бордақылауға мамандандырылған “Целинное” бірлестігі мен ауылдық кеңестің орталығы болып келді. Мұнда бұрынғы кеңшар негізінде әртүрлі шаруа (фермер) қожалықтары құрылған. Элеватор, май зауыты, 8 жылдық мектеп, клуб, дәрігерлік пункт бар. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1653 адам (817 ер адам және 836 әйел адам) болса, 2009 жылы 1099 адамды (536 ер адам және 563 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ақсу ауданы — Жетісу облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Жансүгіров ауылы. ## Географиялық орны, жер бедері мен су жүйесі Ақсу ауданы Балқаш–Алакөл ойысы мен Жетісу Алатауы аралығын алып жатыр. Солтүстігінде Сарқан ауданымен, шығысында Алакөл ауданымен, батысында Қаратал ауданымен, оңтүстігінде Ескелді ауданымен және Қытай аумағымен шектеседі. Жерінің оңтүстік-шығысын Жетісу Алатауының Қоңыртау, Қайрақкөл, Желдіқарағай, Ешкіөлмес таулары, солтүстік, солтүстік-шығыс және батыс бөлігінде Тораңғықұм, Кемерқұм, Сымбатқұм, Күшікжал және Жалқұм құмды алқаптары алып жатыр. Ақсу өзенінің салалары мен тармақтары ауданның біршама жерін кесіп өтеді. Ірі өзендері: Бүйен, Бұрхан, Сарқан, Қарасу, Қапал, Қызылағаш. ## Климаты Климаты қатаң континенттік. Қысы суық. Қаңтар айының орташа температурасы –10 – 15°С, шілдеде 20 – 23°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері жазық жерлерде 150 – 250 мм, таулы аймақтарда 400 – 600 мм. Топырағының басым бөлігі шөлейттік сұр топырақ. Тау етектері мен тау аңғарларында қоңыр топырақ қалыптасқан. Өзен аңғарлары мен жайылмаларда шалғынды-далалы топырақ басым. Құмды алқаптарда сор, сортаң кездеседі. ## Өсімдігі мен жануарлар дүниесі Даласында жусан, ебелек, изен, қияқ, т.б. өсімдіктер өседі. Аудан аумағында «Лепсі» қорықшасы (33,0 мың га) орналасқан. Аңдардан қасқыр, түлкі, қоян, борсық, қабан, ондатр; құстардан үйрек, қаз, тырна, т.б. мекендейді. Кен байлықтарынан Ілдерсай барит кені, Арасан гранит және мәрмәр кен орындары бар. Ауданның ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерінің ауданы 1,17 млн. га, оның ішінде жыртылуға жарамды жері 56,6 мың га, жайылымы 1,03 млн. га, шабындығы 55,2 мың га (2006). Ақсу ауданы аумағында Матай, Молалы, Алажиде темір жол стансалары орналасқан. Аудан жері арқылы Алматы – Өскемен мемлекеттік маңызы бар автомобиль жолы өтеді. ## Халқы Тұрғындар саны – 39675 (2019). * ұлттық құрамы – қазақтар (95,74%), орыстар (3,05%), немістер (0,11%), шешендер (0,16%), татарлар (0,43%), ұйғырлар (0,13%), басқалары (0,41%). ## Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 49 елді мекен 17 ауылдық округке біріктірілген: ## Дереккөздер
Ақсұргүл , ллойдия (Lloіdіa) – лалагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанның таулы аймақтарында өсетін 1 түрі – кеш Ақсұргүл (L. serotіna) бар. Биіктігі 10 – 20 см, бір не бірнеше сабақты. Тамыр түбіндегі жапырақтары ұзын, кейде сабағынан да ұзын. Сабақ жапырақтары кезектесе орналасқан, қысқа, жіңішке. Гүлдері жеке кейде екеуден орналасқан. Гүлсерігі ақ, оның бөлшектеніп тұратын ортасы қызғылт түсті. Аталығы жіңішке, сары жіпшелі. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – сопақша қорапша, көп тұқымды.
Ақсу каналдары – Жетісу облысы Ақсу ауданы жерінде салынған су жүйесі. ## Гидрологиялық сипаты Жалпы ұзындығы 130 км-ге жуық 8 канал 23,0 мың га жерді суғарады және суландырады. Ең ірі каналға сол жағалаулық бас канал жатады. Оның ұзындығы 52,3 км, суғаратын және суландыратын жерінің ауданы 12,0 мың га. Бүйен суғару жүйесіндегі каналды Ақсу және Сарқан аудандары бірігіп пайдаланады. ## Дереккөздер
‎Ақсырқын, ильиния (лат. Iljinia) – жанжабілдер тұқымдасына жататын бұташық өсімдіктер туысы. Қазақстанда Балқаш, Алакөл маңы, Іле, Күнгей Алатауларының ұсақ малтатасты-тастақты, шөлде, сортаңды жерлерінде, әбден күн күйдіріп қурап қалған топырақта өсетін 1 түрі – Регель А-ы (І. regelіі) бар. Биікт. 20 – 50 см, қалың бұтақты, ашық көкшіл қабықты өсімдік. Бұтақшалары ақшыл жылтыр, кепкенде қараяды. Жапырақтары кезектесе орналасқан, доғал, жалаң, жоғары қарай орақша иректеліп иіліп келген. Гүлдері қос жынысты, жапырақ қолтығынан жеке орналасады, отырыңқы. Аталығы бесеу. Шілде – қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді. Мал азықтық шөп.
Ақтал , әулиеағаш (Salіx alba) – тал тұқымдасына жататын ағаш. Қазақстанның барлық жазық далалы аудандарында, шөлейт-далалық аймақтардағы өзен аңғарларында өседі. Биікт. 15 – 20 м. Қандауыр тәрізді жапырағының ұшы түкті болып келеді. Сырға сияқты шоғырланған гүлдері сәуір – мамыр айларында гүлдеп, тұқым береді. Табиғи жағдайда тұқымымен және өсімді жолмен де көбейеді. Ақталды құм тоқтату, елді мекенді көгалдандыру үшін өсіреді. Қабығы тері илеу үшін, бояуыш зат ретінде пайдаланылады. Жапырағы мен бұтағын мал сүйсініп жейді.
Ақтайлақ – Солтүстік Балқаш алабындағы өзен. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы және Ақтоғай аудандары жерінде. Ұзындығы 89 км, су жиналатын алабы 1370 км2. ## Бастауы Қарқаралы ауданындағы Кешубай тауынан бастау алады. Қусақ өзеніне жетпей, Қошқар ауылының маңында сарқылып қалады. ## Гидрологиясы Өзен бастауы Қазанғап (кісі есімі) болып, ал төменгі сағасы Ақтайлақ (белгілі қазақ биінің есімі) аталады. Ақтайлаққа Сарықұрақ, Құрөзек салаларынан басқа, ұзындығы 10 км-ден аспайтын 26 жылға құяды. Өзен қар, жер асты суларымен толығады. Мал жайылымдарын суландыруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Ақтан – Қамыстыбас көлінің солт.-шығысындағы құдық. Қызылорда облысы Арал қаласының оңт.-шығысына қарай 46 км жерде. Тереңд. 2 м, су шығымы 100 л/сағ. А-ның батысынан Орынбор – Ташкент т. ж. және Ақтөбе – Қызылорда автомобиль жолдары өтеді. Құмды топырағында эфемерлі сұр жусан, баялыш, т.б. өседі. ## Дереккөздер
Ақтас саз балшық кен орны - Қарағанды облысы Абай ауданы орналасқан. 1960-1962 жылдары «Орталық Қазақстан геология» өндірістік бірлестігі барлаған. Кен орнын №3 кірпіш зауыты 1963 жылдан пайдаланып келеді. ## Геологиялық құрылымы Өнімді қабаты жел әсерінен жұмсақ саз күйіне жеткен юраның аргиллиттері мен алевролиттерінен түзілген 5 саз балшық қабатынан тұрады, қалыңдығы 5-8, 10-35 м-лік 2-қабатының өнеркәсіптік маңызы бар. ## Қабаттар қасиеті Кеннің 1-қабатының саз балшығы 20% шамот қосылған шихта түрінде 1110-1150°С-қа күйдіру арқылы 100-150 маркалы аязға төзімді блоктар жасау үшін қолданылады. 5-қабатының саз балшығынан шихтаға 20% сұйылтқыш араластырып, 1060-1100°С температурада күйдіру арқылы құрылыс кірпіштері өндіріледі. ## Дереккөздер
Ақтасты – Сарысу өзенінің оң саласы. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы жеріндегі өзен. Ұзындығы 58 км, су жиналатын алабы 1060 км². ## Бастауы Айғыржал тауының шығысынан басталып, Жаңаарқа кентінен 35 км төменде Сарысу өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Орташа жылдық су ағымы 0,11 м³/с. Жазда кеуіп қалады. Көктемде жайылымдарды суландыруда маңызы зор. ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Ақтас – Абай облысы Аягөз ауданындағы ауыл. * Ақтас – Абай облысы Көкпекті ауданындағы ауыл. * Ақтас – Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы ауыл * Ақтас – Алматы облысы Талғар ауданындағы ауыл. * Ақтас – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл. * Ақтас – Қарағанды облысы Саран қалалық әкімдігі құрамындағы кент. * Ақтас – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауыл. * Ақтас – Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты ауыл. * Ақтас – Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы ауыл. * Ақтас – Түркістан облысы Сайрам ауданы, Бадам ауылдық округі құрамындағы ауыл. * Ақтас – Түркістан облысы Сайрам ауданы, Жұлдыз ауылдық округі құрамындағы ауыл. * Ақтас – Ұлытау облысының Ұлытау ауданындағы кент.
Ақсүйір-көксүйір – Ақтау жотасында орналасқан шоқылар. ## Географиялық орны Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы жерінде. ## Жер бедері Шоқылардың оңтүстік беткейлері құз жартасты, солтүстігі жайпауытты. Дүние жүзіне белгілі сапалы бор кен орны бар. ## Дереккөздер
Ақтасты – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының солтүстік-шығысындағы көл. ## Гидрографикасы Аумағы 15,4 км2, жауын-шашынға байланысты аумағы өзгеріп тұрады. Қуаң жылдары тартылып, құрғап қалады. Суы ащы. Жағалауы жазық. Қарашаның аяғында суы қатып, сәуірдің аяғында мұзы ериді. ## Дереккөздер
Ақтасты – Қарағанды облысы Нұра ауданының оңтүстігінде, Құланөтпес өзенінің сол жағалауындағы шоқы. Шошқакөл көлінен солтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде. ## Жер бедері Ең биік жері 573 м. Беткейлері жайпақ, батысы мен оңтүстігінде құрғақ арналар және өзектермен тілімденген. Негізгі жыныстардың жер бетіне шығуы байқалады. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 4-5 км-ге созылған, ені 2-3 км. ## Геологиялық құрылымы Жер қыртысы элювийлі-делювийлі шөгінділермен жабылған силур жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Топырағы дамымаған ашық қызыл қоңыр. Селеу, жусан, бетеге өседі, тобылғы шоғырлары кездеседі. ## Дереккөздер
Ақтасты әктас кен орны - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігі аумағында, ауданның қиыр батысында Белогорка ауылына таяу жерде орналасқан. ## Жатыс сипаты Әктасы кунгур қабатында. Кен орнының әктасы 400-800 маркалы қиыршықтас және 1-сортты құрылыс әгін алуға пайдаланылады. Химиялық құрамына қарай солтүстік телімінің әктасы флюсті шикізат ретінде ферроқорытпа өндірісінде қолданылады. Кен 1968 жылдан ауданның қиыр батысында өндіріледі. ## Дереккөздер
Ақтау бұйраты – Маңғыстау түбегіндегі екі ірі қия беткейлі жоталардан құралған бұйратты тау. ## Геологиялық құрылымы Ақшыл түсті мергельдер, жоғарғы бор және неогеннің әктастарынан түзілген. ## Жер бедері Ұзындығы 70 км, ені 12 км. Ең биік жері 322 м. Қаратауға қараған солтүстік беткейлері тік құлама келген. Оңтүстік беткейлері көлбеуленіп (8 – 120), Солтүстік Ақтау жотасында жазылып, Бозащы даласына ұласады. Солтүстік Ақтау Оңтүстік Ақтауға қарағанда аумақты. Жотаның бұл тұсы сайлы-жыралы келеді. Көктемде уақытша су көздеріне айналады. Солтүстік Ақтаудың баурайында минералдығы төмен тұщы бұлақтар бар. ## Топырағы, өсімдігі Жер бедерін ірі түйіршікті, құнарлығы төмен сұр топырақ жапқан. Шөлді даласында боз жусан, баялыш, бұйырғын өседі. Ақтау бұйраты жыл бойы мал жайылымы ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
‎ Ақтастысай – Тобыл өзенінің сол саласы. ## Географиялық орны Қостанай облысы Жітіқара ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Қондыбай ауылы маңындағы жазықтан басталып, Приречное ауылының оңтүстігінде Тобыл өзеніне құяды. Ұзындығы 52 км, су жиналатын алабы 888 км2. ## Гидрологиясы Қар суымен толығады. Сәуірдің 2-жартысында тасиды. Жазда тартылып, құрғап қалады. Саласындағы көп жылдық орташа су ағымы 0,31 м3/с. Арнасына көлемі 171 мың м3 бөген салынған. ## Дереккөздер
Ақтау-Жетібай су құбыры-Маңғыстау облысы Ақтау қаласынан Жетібай кенті арқылы Жаңаөзен қаласына дейін тартылған. Елді мекендерді ауыз сумен және мұнай кәсіпшіліктерін техникалық сумен қамтамасыз ету үшін 1966 – 78 ж. салынған. Ауыз су құбырының ұзындығы 166 км, жылына 186 млн. м3 су береді, техникалық су құбырының ұзындығы 152 км, құбырдан жылына 6,7 млн. м3 су өтеді. ## Дереккөздер
Ақсуат – Ақсуат ойысында орналасқан тұйық көл. ## Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы жерінде орналасқан. ## Гидрографикасы Орташа аумағы 14 км2. Ауа райы құрғақ кезде тартылып, жауын-шашын мол жылдары аумағы 24 км2-ге дейін ұлғайып, өзгеріп отырады. Тереңдігі 1,0-1,5 м. Суы кермек. Табаны тегіс. Көлде қалың қамыс, қоға, т.б. өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Ақтас хрустальды кен орны – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының оңтүстігінде орналасқан. ## Сипаты Кені кіршіксіз мөлдір хрусталімен ерекше бағаланады. Өнім сапасының құндылығы 1995 жылы шілде айында Жезқазғанда өткен шетелдік бизнесмендер мен кәсіпкерлерге арналған тұсаукесерде жоғары жетістікке ие болды. Кен өнімдерін сараптауда Швейцарияда Ақтастың тау хрусталі мен кварцы дүние жүзіндегі ең сапалы кварц деген баға алып, «Алтын глобус» жүлдесі берілді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде осы кен орнының кварцы халық тұтынатын тауар ретінде жоғары сапалы оптикалық шыны жасау мен хрусталь алуға және фарфор өндірісіне, оптикалық талшықты байланысқа пайдалануға жарамдылығы дәлелденді. ## Дереккөздер
Ақсуат – Қостанай облысы Науырзым ауданы жеріндегі тұщы көл. Құсмұрын, Сарықопа көлдерінің арасында орналасқан. ## Гидрографикасы, сипаты Аумағы 20,3 км2. Ұзындығы 18,1 км, ені 4,2 км, жағалауының ұзындығы 57 км-ге жуық. Ең терең жері – 3 м. Жауын-шашын көп жауған жылдары көлдің аумағы ұлғайып тұрады. Жаздың құрғақ мезгілінде көл екіге бөлініп қалады. Қарашаның аяғында суы қатып, сәуірде мұзы ериді. Көлде алабұға, мөңке, сазан өседі. ## Дереккөздер
Ақтау палеонтологиялық қазба орны - әр түрлі өзен-көл тұнбаларының шөгінді қабаттарынан тұратын тау жыралары. Палеоген заманында (эоценнің ортасы, шамамен 50 млн. жыл) тіршілік еткен жануарлардың сүйектері сақталған, биіктігі 1000 м-ден асады. Ол Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 200 км жерде, Айдарлы ауылыныңның маңында орналасқан. Алғаш 1948 жылы бұл жерден ертеде тіршілік еткен жануарлар сүйегі табылды. Соның негізінде миоцен дәуірінің басында тіршілік еткен мастодонттардың, мүйізтұмсықтардың (соңғы анықтау бойынша бұрын Жәйрем қазба орнынан табылған түрі) сүйектері зерттелді. 1996 жылы Қазақстанда алғаш рет эоцен дәуірінде тіршілік еткен бронтотерийдің екі толық қаңқа сүйегі, миоценнің алғашқы кезеңінің батпақ шөгінді қабатынан сол заманның өсімдіктерінің жапырақ таңбалары табылды. Мұны ғалымдар күзде жапырақтары түсетін ағаштар мен бұталардың жапырақ таңбалары деген болжам айтады. Қазба орнынан өсімдіктердің 56 түрі анықталды. Жануарлар сүйектерімен қатар, өсімдіктер таңбаларының да кездесуі сол заманның табиғат көріністерін миоцен дәуірінде өзен-көл жағалауларын тоғайлар қоршап жатқанын, жануарлардың көпшілігі осы ортаға сәйкес тіршілік еткенін анықтауға мүмкіндік береді. Ақтау палеонтологиялық қазба орнының тағы бір ерекшелігі – мұнда палеоген кезеңінен бастап, қазіргі уақытқа дейінгі көпшілік кезеңдердің шөгінді қабаттары ретімен сақталған. ## Дереккөздер
Ақтау – Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі жота. ## Географиялық орны Түркістан облысы Бәйдібек ауданы жерінде. Ең биік жері – Көктау тауы (1287 м). ## Геологиялық құрылымы Тас көмір кезеңінің әктас, құмтас, конгломерат жыныстарынан түзілген. Ақтау жотасының қойнауында Байжансай қорғасын кен орны шоғырланған. ## Өсімдігі Беткейінде бетеге, боз, жусан, өзен аңғарларында әр түрлі бұталы өсімдіктер өседі. Аңғары – жайылым. Жота етегін Шаян, Бөген өзендерінің аңғарлары алып жатыр. ## Дереккөздер
Ақтерек — Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Ақтерек ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ұзынағаш ауылының батысында 85 км жерде, Жетіжол жотасының солтүстік етегінде, қоңыржай-қуаң тау алды агроклиматтық белдемде жатыр. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Онда орта мектеп, клуб, аурухана т.б. мәдени орындар бар. Ақтерек тұрғындары аудан орталығы — Ұзынағаш ауылымен, елді мекендермен автокөлік жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Ақтекше – Шаған тауының солтүстік-батысындағы тау. ## Географиялық орны Жетісу облысы Көксу ауданы, Ақтекше ауылының батысында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1352 м. ## Жер бедері Ақтекше тауынан Мұқыр, Көксу өзендерінің салалары бастау алады. Беткейі көлбеу келген. ## Өсімдігі Таудың сұр қоңыр топырағында жусан, боз, селеу, т.б. өседі. Баурайы ауданның жайлауы саналады. ## Дереккөздер
Ақтоғай мыс кен орны - Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстарының түйіскен жерінде орналасқан. Ақтоғай темір жол станциясынан шығысқа қарай 22 км жерде. ## Жатыс сипаты Мыс-молибдені бар кенді штокверк 800 м тереңдікке дейін бойлайды, оның ұзындығы 2500 м, ені 50-830 м. Кенді штокверктегі мыс пен молибденнің мөлшері оның ішкі және сыртқы шекарасына қарай азаяды және бұл екі құраушының ең үлкен шоғырлануы бір-біріне сәйкес келеді. Керісінше, пирит минералының мөлшері штокверктің сыртқы контурына қарай көбейеді. Штокверктің сыртқы контуры пирит қабығымен шектелген. Кендегі мысты минералдар да осы заңдылық бағытында алмасады. ## Минералдары Кенді штокверктегі күкірттің мысқа орташа қатынасы 2:1, мыстың молибденге қатынасы 42:1. Штокверктің сыртқы контурында аз мөлшерде қорғасын мен мырыштың минералдануы байқалады. Кен орны бойынша мыстың мөлшері 0,2-1,6%, орташа-0,39%. Ақтоғай мыс кені орнының кентастары жеңіл байытылады, ашық әдіспен өндіруге қолайлы. Темір жол қатынасына жақын орналасқан. ## Дереккөздер
‎ Ақтомар – Қарасу мен Қуаныш өзендерінің аралығындағы батпақ. Ақмола облысыЕрейментау ауданында орналасқан. Батпақтың жағасынан Астана – Ерейментау т. ж. өтеді.
Ақкөл – Жамбыл облысы Талас ауданындағы көл. ## Гидрографикасы Аумағы 52 км2, ұзындығы 14 км, ені 7,6 км. Суының көлемі 166 млн. м3. Орташа тереңдігі 3 м, ең терең жері 5 м. Көл негізінен Аса өзені суымен толысады. Суы тұщы, кермек. ## Жағалау сипаты, су байлығы Жағалауы көлбеу, кей жерлері тік құлама (1-5 м) келеді. Ақкөлде сазан, шармай, жайын өседі. Үйрек, қаз, шағала, қызғыш құс, аққұтан мекендейді. ## Дереккөздер
Ақтоған – Іле алабындағы өзен. ## Географиялық орны Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 47 км. ## Бастауы Бастауын Қызылшарық ауылының солтүстігіндегі бұлақтардан алып Шілік өзенінің сол жағынан (Бабатоған қонысынан) Іле өзеніне құяды. Өзен бойының орта ағысында жиде, шілік, жүзгін, т.б. бұта аралас тоғай өскен. ## Дереккөздер
Ақтолағай қырқасы – Орал алды үстіртінің оңтүстік-батысындағы қырқалы тау сілемі. Моңғол тілінде "тологой" – шың, тау басы деген мағынаны білдіреді. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерінде орналасқан. Сағыз бен Жем өзендері аралығында солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай 90 км-ге созылып жатыр, ені 5-10 км, ең биік жері – Қияқты тауы (217 м). Каспий маңы ойпатымен жапсарласып, Жем өзенінің оң жағалауында жатыр. ## Жер бедері Батыс бөлігі жарқабақты сай-жыралармен тілімденген. Ақтолағай қырқасынан Терісаққан өзені бастау алады. Батысында Толағайсор көлі жатыр. Ақтолағайдың беткі жазығы оның батыс жапсарында тереңдігі кейде 140 м-ге дейін жететін тік құлайтын кертпештен шектелген. Кертпеш шатқалдарындағы геологиялық қабаттар бүгінгі Венгрияға дейін көлкіген жылы теңіз түбінде түзілген. Үстіртті қоршаған аймақтардың бедері биіктігі 60-80 м-лік төбелер мен қырқалар түріндегі тұзды күмбездердің күмбезаралық кеңістіктердегі сорлармен және тақырлармен алма-кезек ауысып отыруымен сипатталады. Үстіртпен төрт тұзды күмбез жапсарласады, олар Құлдықұдық күмбез, Толағай күмбез, Шиелісай күмбез және Алашақазған күмбез. ## Геологиялық құрылымы Бор, бор-мергельді жыныстардан түзілген. Аппақ түсті бор және бор тектес әксаз қойнауқаттары миллиардтаған өте ұсақ көне организмдердің қазба қалдықтарынан құралған. Мұнда біршама ірі таснұсқаларды да, мәселен, бор кезеңі акулаларының тістерін, белемниттерді, аммониттердің, тіржандардың, маржандардың, теңіз лалаларының, теңіз кірпілерінің т.б. қазба қалдықтарын да тауып алуға болады. Тереңдіктерде орналасқан ас тұзының қойнауқаттары оларды үстінен жаныштаған қатқабаттар салмағының әсерінен аққыштық қасиетті иеленеді де, әр түрлі жарықтар мен өзге де осал өңірлер арқылы жоғары қарай жылыстайды, осылайша тұзды ядродан тұратын, ал жербедерде көтерілімдермен сипатталатын арнаулы қатпарлар қалыптасады. Бұл процесс тұз тектоникасы деп аталады. Каспий маңы ойысының көптеген тұзды күмбездері мұнай-газ кен орындарын кіріктіреді. ## Өсімдігі Боз және сортаңды топырағында жусан, бұйырғын, тасбұйырғын, боз жусан, баялыш өседі. ## Дереккөздер
Ақторғай (лат. Plectrophenax nivalis) – торғайтәрізділер отряды, сарыторғайлар тұқымдасына жататын құс. Негізінен Солтүстік жарты шарда тараған. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Денесінің ұзындығы 15 – 19 см, салмағы 35 – 40 г. Қауырсындары ақ, қара түсті, күзде және қыста жаңа түлеген қауырсындарының жиегі жирен түспен көмкерілген. Аналығы қоңыр түсті. Ұясын маусым – шілденің басында жердегі тастардың арасына салады, онда 4 – 7 жұмыртқа болады. Жұмыртқасын аталығы мен аналығы 12 – 13 күндей шайқайды. Өсімдіктің жапырағымен, тұқымымен және жәндіктермен қоректенеді. ## Дереккөздер
Ақтопырақ – Баянауыл тауының солтүстік-батысындағы тау. ## Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданында орналасқан. Таудың маңынан автомобиль жолы өтеді. Ақтопырақ беткейі тегіс көлбеу келген. ## Өсімдігі Аймақтағы қоңыр топырағында бұталы-шалғынды өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Ақтөбе – Зайсан көлінің солтүстігінде, Бұқтырма бөгенінің оң жағалауындағы тау. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы жерінде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 663 м. Оңтүстігінде Күршім өзені Бұқтырма бөгеніне келіп құяды. Беткейлері жартасты шатқалдармен, сай-жыралармен тілімденген. ## Дереккөздер
Ақтөбе – Көкшетау қыратының солтүстік-шығысындағы тау. ## Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 230 м. Таудан Мұқырөзек өзені бастау алады. ## Өсімдігі Көлбеу келген беткейінің қара топырағында қайың, қайыңқұлақ, бұталар мен боз селеу өседі. ## Дереккөздер
Ақтөбе – Өскемен қаласының солтүстік-батысындағы тау. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Ертіс өзенінің аңғарында орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 476 м. Таудың беткейлері жонды қырқалармен, сай-жыралармен тілімденген. ## Өсімдігі Баурайындағы қара топырағында бұталы ағаштар, боз, селеу, көкшұнақ, бетеге өседі. ## Дереккөздер
Ақтөбе – Атырау облысы Жылыой ауданы жеріндегі төбе. Қосшағыл кентінен оңтүстікке қарай 47 км жерде. ## Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 15 м. Төбенің маңайында сор алқаптары мен мұнай өндіріс орындары бар. ## Дереккөздер
Ақтөбе марганец кендерінің тобы - Ақтөбе облысындағы Біршоғыр темір жол санциясының солтүстік-шығысында 20 км-дегі Шуылдақ қонысында орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Ұсақ кендер мен кентас белгілері девон мен тас көмірдің шөгінді-эффузивті, бордың, төменгі палеогеннің жоғарғы бөлімдерінің шөгінді жыныстары мен көне дәуір жыныстарының үгілу қыртысында кездеседі. Кен Біршоғыр синклиналінің солтүстік бөлігінде, девонның қышқыл эффузивтерінің туфтекті құмтастарымен жапсарласқан. ## Сипаты Кентас денелерінің созылымы меридиандық бағытта құлау бұрышы 27-35°С-қа тең. Кен орнында екі кентас денесі бар. Олардың ұзындығы 250 – 350 м, құламасы 130 – 150 м тереңдікке дейін жетеді, орташа қалыңдығы 0,85-1,10 м. Марганец мөлшері 1-сінде 3,56 – 40,9%, 2-сінде 13,7 – 41,3%. Кентастың негізгі минералы – пиролюзит. Кен қоры 150 мың т шамасында. ## Дереккөздер
Ақтөбе – Мұзбел қыратының шығысындағы дөңгелене келген шоқы. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Осакаров ауданында орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 476 м. Шоқының жанынан Үлкен Құндызды, Нұра, т.б. өзендер ағып өтеді. ## Өсімдігі Етегіндегі қара топырақта ксерофитті өсімдіктермен бірге түрлі жұлдызшөптер, көкшұнақ, бетеге өскен. ## Дереккөздер