text
stringlengths
3
252k
Қарабарақ (Halostachys) – алабұталар тұқымдасына жататын бұта немесе ағаш. Еуропаның, Алдыңғы, Орта және Орталық Азияның сазды жерлерінде кездесетін 1 түрі белгілі. Қазақстанда Каспий маңы ойпаты, Сарыарқа, Үстірттің солтүстік және оңтүстік бөлігі, Зайсан алабы, Бетпақдала, Арал маңы, Мойынқұм, Балқаш-Алакөл ойысының сортаңды жерлері мен тұзды көлдердің жағалаулары, сондай-ақ өзен бойларында өсетін – төбесораң қарабарағы (H. belangeriana) бар. Қарабарақты кейде түйесораң деп те атайды. Оның биіктігі 3,5 м-дей, көп бұтақты өсімдік. Ұсақ жапырақтары үш бұрышты, сабаққа қарама-қарсы орналасқан. Гүлі қос жынысты, аталығы – 1, аналығы – екеу. Шілде – қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді. Тұқымы майда (0,75 мм). Қарабарақтан негізінен сақар алынады. Өсімдіктің құрамында алкалоид бар (итсигектің құрамындағы алкалоидқа ұқсас), одан өсімдік зиянкестеріне қарсы қолданылатын заттар алынады. ## Дереккөздер
Қарабасқұм – Іле өзенінің сол жағалауындағы құмды алқап. ## Географиялық орны Алматы облысы Ұйғыр ауданының солтүстігінде жатыр. ## Жер бедері Ең биік жері 533 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 46 км-ге созылып жатыр, енді жері 23 км шамасында. Іле өзенінің әсерінен пайда болған аллювийлі жыныстардан тұрады. Құм шағылдардың биіктігі 20 – 22 м. ## Өсімдігі Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында жүзгін, сарсазан, қарабарақ, ақ сексеуіл, жыңғыл, етегінде қамыс, тораңғыл өседі. Мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Қарабас, Досан, Қарабассай, Қарабассу – Сырдария алабындағы өзен. ## Географиялық орны Түркістан облысының Бәйдібек ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Бастауын Қаратау жотасының солтүстік беткейінен алып, Бөген өзеніне жетпей тартылып қалады. ## Гидрологиясы Ұзындығы 71 км (салаларын қосқанда). Аңғары тік жарлы. Жауын-шашын суымен толығады. Ағыны ақпан – наурыз айларында болады. Жылдық орташа су ағымы 0,23 м3/с. Суы егін суғаруға пайдаланылады.‎ ## Дереккөздер
‎ Қарабақыр бөгені — Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан. 1948 жылы салынды. 1973 – 75 жылдары қайта жөнделді. ## Гидрологиялық сипаты Су сыйымдылығы 1,2 млн. м³. Бөген суымен ауданның Қапал, Төңкеріс, т.б. елді мекендерінің 1 мың га егістігі суғарылады. ## Дереккөздер
Қарабастұз – Абай облысы Жаңасемей ауданындағы тұзды көл. Шаған кентінен оңтүстікке қарай 15 км жерде, теңіз деңгейінен 219 м биіктікте жатыр. ## Аумағы Аумағы 7,5 км2, ұзындығы 5,2 км, енді жері 2,3 км, жағалау бойының ұзындығы 12 км, ең терең жері 0,3 м, су жиналатын алабы 94 км2. ## Жер бедері Көл жағалауы жазық, онда қамыс, құрақ өседі. Түбіне тұнба шөккен. Негізінен қар суымен толысады, жазда құрғап қалады. Суы шаруашылыққа, мал суаруға жарамсыз. ## Дереккөздер
Қарабастау – Жарлы мен Жарым өзендерінің аралығындағы тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының солтүстігінде, Қарқаралы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 30 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі батыс бөлігінде 727 м, шығысында 797 м. Батыстан шығысқа қарай 11 км-ге созылып жатыр, ені 1 – 3 км. ## Геологиялық құрылымы Девон және пермь жыныстарынан түзілген. ## Жер бедері Беткейлері эрозиялық процестерге ұшыраған, түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатады. Солтүстігінде Жантөлекөл, шығысында Байтаркөл, оңтүстігінде Қойтас тұзды көлдерімен қоршалған. Солтүстік беткейінен бұлақтар бастау алады. ## Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында әр түрлі дала өсімдіктері өседі. ## Дереккөздер
Қантөбе – Кішітау тауларының оңтүстігіндегі шоқылы тау. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Ақтас кентінің шығысында 10 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 676 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 – 3 км шамасында. ## Жер бедері Беткейі тіктеу, сай-жыралармен тілімденген. Таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. ## Геологиялық құрылымы Протерозойдың гнейстері мен кристалды тақтатастарынан құралған. ## Өсімдігі Таудың бозғылт қоңыр топырағында бұта аралас селеу, сұлыбас, жусан, т.б. шөптесіндер өседі. ## Дереккөздер
Қарабауыр бұлдырық (лат. Pterocles orientalis) – бұлдырықтәрізділер отряды, бұлдырық тұқымдасына жататын құс. Салмағы 300 – 400 г. Қазақстанның оңтүстік-батыс бөлігінде Қамыс-Самар көлінде, Бетпақдала шөлі мен Зайсан қазаншұңқырында, Кіші Азия және Солтүстік Африканың шөл далаларында мекендейді. Дене тұрқы 35 см, қанатының жайғандағы өрісі 70 см, құйрығының ұзындығы 11 см. Басы, мойнының артқы жағы және кеудесі қызыл сұр түсті. Кеудесі мен бауырында қара немесе қара қоңыр түсті жолақтар анық көрінеді. Сирағындағы қауырсындары қоңыр сары түсті, тұмсығы көк түсті болады. Ұяны жеке салғанымен Қарабауыр Бұлдырықтар суатқа, жем жеуге топтасып барады. Қоразы мен мекиенін реңінен ажыратуға болады. Қарабауыр Бұлдырық – жыл құсы. Қазақстанға наурыздың ортасынан бастап ұшып келеді. Ұясы қарапайым, жерді шұңқырлайды да оған ештеңе төсемейді, кейде ұя салмай-ақ, басқа құстың ұясын пайдаланады. Сәуірдің соңы мамырдың басында ұяға 3 жұмыртқа салып, оны мекиені мен қоразы кезектесіп басады. Бір маусымда екі, кейде үш рет балапан ұшырады. Олар көбінесе шөлді аймақ өсімдіктерінің тұқымымен қоректенеді, кейде ұсақ жәндіктерді де жейді. Күзде үлкен топ құрып, қазан – қараша айларында жылы жаққа ұшып кетеді. Үндістанда, аздаған бөлігі Қызылқұмда қыстайды деп есептеледі. Қарабауыр Бұлдырықтың жылдан-жылға саны азайып келеді. Қазір олар Үстірт қорығы мен «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер
Қарабау – Ойыл өзенінің тармағы. ## Географиялық орны Атырау облысы Қызылқоға ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 47 км. ## Бастауы Бастауын Ойыл өзенінің тармағы – Жарыпшыққан өзенінің Қарабау ауылы тұсынан алып Айғыркөл көліне құяды. ## Гидрологиясы Аңғары сор, сортаңды өңірмен өтеді. Орта ағысындағы (Қошқар, Жалын қыстаулары) енсіз алабы шалшықты-батпақты келген. Онда шөлді, шөлейтті сораң шөптер өседі. Өзенге Қарабау ауылынан жоғарыда Шеткөл саласы құяды. Алабы жайылымға және шабындыққа пайдаланылады. ## Дереккөздер
Елді мекен: * Қарабауыр – Ақмола облысы Бурабай ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Қарабауыр – Қазақстан және Қарақалпақстан жеріндегі қыратты жон. * Қарабауыр – Қарабауыр жонындағы төбе.
Қарабауыр Жоны – Қазақстан және Қарақалпақстан жеріндегі қыратты жон. Үстірттің оңтүстік-шығысында, Мұзбел жонына іргелес. Маңғыстау облысы Қарақия ауданында орналасқан. Биік жері – Ақмешіт тауы (290 м). Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 125 км-ге созылып жатыр. Жон сармат, әсіресе, тұзды мергель мен саз кезектесіп жататын жоғ. миоценнің ашық түсті әктастарынан түзілген. Карстық жемірілу кездеседі. Беткейінде жусан аралас бұйырғын өседі. Оңтүстік-батыс беткейінде көптеген құдықтар бар. Маусымдық жайылым. ## Сілтемелер
Қарағаштау – Шұнақ тауларының оңтүстігіндегі төбе. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Сарышаған кентінің солтүстік-батысында 81 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 601 м. ## Жер бедері Пішіні дөңгелек тәрізді, беткейі тіктеу, бірнеше жонды-қырқалы сай, аңғарлармен тілімденген. Солтүстік-шығысында Ақсортопырақ қонысы мен Жүрісбай төбесі, оңтүстік-шығысында Бұлақтау төбесі, батысында Қарабас тауы орналасқан. ## Өсімдігі Сортаң, ашық қоңыр топырақ жамылғысында жусан, т.б. шөл даланың өсімдіктері өседі. ## Дереккөздер
Қарабидайық – Ертіс алабындағы тұзды көл. ## Географиялық орны Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігі аумағында, теңіз деңгейінен 192 м биіктікте. ## Гидрографикасы Аумағы 6,7 км2, ұзындығы 3,4 км, енді жері 3 км, жағалау бойының ұзындығы 10,2 км. Жағалауында қамыс шоғырлары кездеседі. Көл түбіне тұз тұнбалары шөккен. Қар және жер асты суларымен толысады. Суы шаруашылыққа жарамсыз. ## Дереккөздер
Мәдени қарабидай (лат. Secale cereale) – астық тұқымдасының қарабидай туысына жататын бір түрі және тағамдық дақыл.Құнарлы мал азығы ретінде де пайдаланылады. Республикада негізінен күздік Қарабидай Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында өсіріледі. ## Ботаникалық сипаттамасы Сабағы – қуыс сабан, биіктігі 110 – 180 см. Жапырағы таспа пішіндес. Тамыр жүйесі – шашақты, топыраққа 2 м-дей тереңдейді. Гүлшоғыры – күрделі масақ. Гүлінің 2 гүл қауызы бар. Жемісі – дәнек. 1000 түйір дәні 15 – 37 г тартады. Қарабидай жел арқылы тозаңданады. Ол күздік дәнді дақылдардың ең суыққа төзімдісі, тұқымы 1 – 2°С жылылықта өніп, 9 – 14°С жылылықта көктейді. Көктегеннен кейін 12 – 16 күн өтісімен түптенеді. Көктемде 5°С жылылықта (кейде одан да жоғары) арамшөптерді басып өсе бастайды. Оңтүстікте вегетац. кезеңі 257 – 272 күн, солтүстікте 345 – 375 күн. Қарабидай сондай-ақ ауыспалы егісте де өсіріледі. Қарабидай егісіне түйіршіктелген суперфосфат, азотты, фосфорлы тыңайтқыштар, калий тыңайтқыштары беріледі. Қосымша қорек ретінде әр га жерге 0,75 – 1,0 ц аммиакты селитра және 1,5 – 2,0 ц суперфосфат шашылады. Республиканың солтүстік батыс және шығыс облыстарында қарабидай әдетте, тамыздың 10 – 25-інде қатарлап себіледі; бөлектеп ору әдісімен 4 – 6 күн ішінде жинап алынады. Қазақстанда күздік қарабидайдың егіс көлемі 49,3 га (2008). 1 га-дан ортa есеппен 14,0 ц өнім алынады. Аудандастырылған сорттары: Шолпан, Саратовская 4, Долинская, Харьковская 55, т.б. Негізгі зиянкестері – күздік шыбын, күздік көбелек, астық қандаласы т.б.; аурулары – қастауыш, қатты және сабақ қаракүйесі, қара зең және склеротиниоз. * * * * ## Дереккөздер
Қарабиік – Бауырлыөзек пен Балатүндік өзендерінің аралығындағы тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылынан солтүстікке қарай 35 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 476 м. ## Геологиялық құрылымы Ордовик жыныстарынан түзілген. ## Жер бедері, өсімдігі Беткейлері сай-жыралармен тілімденген. Қызғылт қоңыр топырағында дала мен тау өсімдіктері өседі. Солтүстік беткейлерінде бұта, оңтүстігінде шалғын кездеседі. ## Дереккөздер
Қара бозторғай (лат. Melanocorypha yeltoniensis) – торғайтәрізділер отряды бозторғай тұқымдасына жататын құс. Қазақстанның жусанды-бозды далалы алқаптарында кездеседі. Қара бозторғай торғайдан ірі, оның тұрқы 20 см, қанатының өрісі 14 см, құйрығының ұзындығы 8 см, салмағы 60 г. Мекиенінің реңі өзге бозторғайларға ұқсас болады, ал қоразы жазда – қара, қыста жотасы бозғылттанып, қара түс бауырында ғана сақталады. Оның сирағы да қара түсті, ал тұмсығы сарғыштау болып келеді. Бұлар жазда жұптасып жүреді де, ұя салмаған кезде топтасып ұшады. Жерде жорғалап жылдам жүре алады, ұзақ шырылдап, тез ұшады. Қара бозторғайлар жазда және күзде өсімдік тұқымдарымен, ал көктемде шекшектерді, шегірткелерді, қоңыздарды қорек етеді. Астық тұқымдастарының дәнін де теріп жейді. Су маңындағы жерді шұңқырлап, ұя жасайды. Кейде қазылған шұңқырларды да ұяға пайдаланады. Сәуірдің ортасынан бастап мекиені ұясына 5 – 6 жұмыртқа салып, 15 – 16 күн шайқап, балапан шығарады. Балапандарын қоразы мен мекиені бірігіп қоректендіреді. Қара бозторғайлар жаз айында 2 рет балапан өргізеді. ## Дереккөздер
Қарабұға, Қарабұғы – Ертіс алабындағы өзен. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Қарабұға Тарбағатай жотасының орта бөлігіндегі Тастау, Жалаулы тауларының солтүстік беткейіндегі бұлақтардан басталып, Қараой ауылынан батыста 7 км жерде Базар өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 128 км, су жиналатын алабы 2660 км2. Аңғары жоғарғы бөлігінде тар, шатқалды, төменгі ағысында кеңейеді. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Қызылқайың ауылына 25 км жетпей, Жылытау тауы тұсында 3,70 м3/с. Суымен егін суғарылады. Жайылмасы шабындық. Өзен бойында Ақсуат және Қаратал ауылдары орналасқан. ## Дереккөздер
Қарабарғы – Жаңаасу тауының оңтүстік-шығысындағы шоқылы тау. ## Географиялық орны Абай облысы Көкпекті ауданы Үлкен Бөкен ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 18 км-дей жерде орналасқан. Үлкен Бөкен өзенінің аңғарында. Абсолюттік биіктігі 973 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км шамасында созылған, енді жері 10 км. ## Жер бедері Өзен аңғарларымен, сай-жыралармен тілімденген. Беткейлері көлбеу, бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Оңтүстігінен Бектемір, Еспе өзендері бастау алады. ## Өсімдігі Таудың қоңыр топырақ жамылғысында боз, селеу, жұздызшөп аралас астық тұқымдас өсімдіктер, көк терек, бұталар өседі. Етегі мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Қарабұдыр – Нарын құмының оңтүстік-батысындағы құмды алқап. ## Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылының оңтүстік-шығысында 55 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Теңіз деңгейінен ең биік жері 11 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 30 км-ге созылып жатыр, енді жері 8 км шамасында. Тізбекті төбешіктердің бойында бірнеше қыстаулар орналасқан. Солтүстік-батысында Қызыл, Мешітқұм, Қарағали құмдары, оңтүстік-батысында Тұздықақ соры жатыр. ## Геологиялық құрылымы Неоген мен ортаңғы және жоғарғы төрттік кезеңінің жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Сортаңды сұр, ашық қоңыр топырақ жамылғысында қияқ, құмаршық, жүзгін, еркек шөп, жусан, етектерінде бұталар өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Қараадыр – Ақмола облысы Жарқайың ауданының орта тұсындағы тау. ## Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 330 м. Есіл өзенінің оң жағалық аңғарынан 6 км жерде, батыстан шығысқа қарай 4 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 2,5 км-ге созылып жатыр. Есілге қараған оңтүстік, оңтүстік-шығыс беткейлері тіктеу келген, қалған бөлігі көлбеулеу. Оңтүстігінде 6 км жерде Тассуат елді мекені орналасқан.‎ ## Өсімдігі Беткейлерінде құрғақ далаға тән бетеге, көкпек, баялыш, т.б. шөптесіндер өскен. ## Дереккөздер
Қарабаян – Қарадүлей сор алқабының оңтүстік-батысындағы төбе. ## Географиялық орны Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Төлеп темір жол станциясының оңтүстік-шығысында 50 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 129 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 3 км-ге созылған, енді жері 1,5 км шамасында. Беткейлері жайпақ, пішіні доға тәрізді келген. Солтүстігінде Қарадүлей қонысы, шығысында Қызыластау, Қызылгүл құдықтары, оңтүстігінде Ердалы төбесі, батысында Айдарқарабас, Жасаған қоныстары орналасқан. ## Өсімдігі Сортаңды сұр және тақыр тәрізді топырақ жамылғысында жусан аралас шөл өсімдіктері өседі. ## Дереккөздер
Қарабұжыр – Желдіадыр тауларының солтүстік-шығысындағы тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Шұбаркөл кентінің солтүстік-батысында 58 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 592 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта шамамен 7 км-ге созылған, енді жері 5 км. Беткейі көлбеу, солтүстік, оңтүстік бөктеріндегі таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Қарабұжыр тауының баурайындағы бұлақтардан Керей өзенінің салалары Барақбай, т.б. бастау алады. ## Өсімдігі Карбонатты бозғылт қоңыр топырағында бетеге, селеу, боз, жусан, аңғарларда тал, көктерек, қараған аралас бұта өседі. ## Дереккөздер
Қарабек – Арқарлы тауларының оңтүстік-батысындағы шоқылы тау. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Шалқия молибден кен орнынан оңтүстік-батысқа қарай 52 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 450 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км шамасында. Оқшауланған шоқылы таудың беткейі көлбеуленіп жазыққа ұласады. ## Өсімдігі Ашық қоңыр, сұр топырақ жамылғысында боз жусан, қара жусан, баялыш, бұйырғын, сораң, т.б. шөптесіндер өседі. ## Дереккөздер
Қарағай газ кен орны — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында орналасқан. Кен орны 1968 жылы ашылған. ## Жатыс сипаты, құрамы Аумағы 2 – 4 км. Газдылығы 910 – 915 м тереңдікте саз бен құмайт аралас жатқан ярустың жоғарғы құмды қабатымен байланысты. Қабатының қалыңдығы 5 м, өндірістік газ қоры 924 м тереңдікте. Шоғырдың биіктігі 12 м. Коллекторлары сұр құмды, ұсақ түйіршікті. Кеуектері 18 – 35,5% аралығында. Қабат қысымының мөлшері 10,9 МПа, қабаттағы температура 36°С. Газдың ауаға қатысты тығыздығы 0,546. Ол негізінен аздаған азоты бар метаннан тұрады. ## Дереккөздер
Қарағайлыкөл – Ақмола облысы Жарқайың ауданы Тасөткел ауылдық округі аумағындағы көл. Тасөткел ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 16 км жерде, теңіз деңгейінен 283 м биіктікте жатыр. ## Гидрографикасы Аумағы 2,3 км 2, ұзындығы 2,6 км, енді жері 1,3 км, жағалау бойының ұзындығы 6,2 км. Қарашаның аяғында суы қатып, сәуірде ериді. ## Су байлығы Суында қарабалық, табан балық, кейде шортан кездеседі. Қаз, үйрек, аққу, тырна, т.б. жыл құстары ұя салады. Жағалауының топырағы қызғылт қоңыр. Көл аңғарының басым бөлігі жыртылған, кейбір жерлерінде қайыңды шоқ орманы мен шабындық жерлер кездеседі. Жағалауында биіктігі 2,5 м болатын қамыс, құрақ өседі. Оларды үй салуға пайдаланады.
Қарағайлы Орман, қарағайлы тоғай – қарағай өсетін мәңгі жасыл қылқан жапырақты орман алқабы. Негізінен солтүстік жарты шарда өседі: Солтүстік Америка жерінде қарағайдың бірнеше түрі бірігіп, тоғай құрайды немесе секвойя ағашымен бірігіп аралас орман түрінде кездеседі; Канадада Веймутов қарағайы басым; Мексикада қарағай аршамен бірігіп өседі; бұрынғы КСРО жерінде орманды және орманды-далалы белдемдерде тараған. Жалпы қылқан жапырақты ормандар суыққа төзімді. Таулы аймақтарда Қарағайлы Ормандар таулардың орта биіктік белдеулерінде өседі. Қазақстанда Қарағайлы Ормандардың басым бөлігі Қазақстанның шығысында Алтай таулары, Сауыр жотасы қойнауларында (371 мың га) орналасқан. Қостанай облысының Торғай қолатында Қарағайлы Ормандар біраз алқапты алып жатыр. Бұл жерлерде бірнеше орман шаруашылықтары (Аманқарағай, Бурабай, Әулиекөл, Басаман) және Наурызым қорығы орналасқан. Қарағайлы Ормандардың біраз бөліктері Шығыс Қазақстан облысының Ертіс бойындағы құмды алқаптарда, Баянаула, Қарқаралы және Көкшетау, Ақмола аймақтарында орын алса, біраз бөлігі Орталық Қазақстанның солтүстігіндегі майда шоқылар арасындағы ойпаңды жерлерде кездеседі. Жер шарында қарағайдың 100-ге жуық түрлері бар. Қарағай ағашы орман түзуші негізгі ағаш бола тұрып, ол сонымен қатар аса бағалы құрылыс материалы (қ. Қарағай). Қарағайлы Орман тез буланғыш заттар бөліп шығарады, олар ауадағы зиянды, әсіресе, туберкулез бактериясын жояды. Шығыс Қазақстан облысындағы Березовка, Көкшетаудағы Бурабай, Қостанайдағы Боровское санаторийлері Қарағайлы Орманды жерге салынған. ## Сілтемелер
Қарағайлы қорғасын-барит кен орны - Қарағанды облысы Қарқаралы қаласының оңтүстік-шығысындағы кен орны. 19 ғасырдан белгілі, 1950–1960 жылдары жүйелі зерттеліп барланды. Кен орнын М.П. Русаков, М.П. Ваганов, Ж.Айталиев, т.б. зерттеген. Ол «Бас», «Қиыр» және «Оңтүстік» телімдерінен тұрады. Өнеркәсіптік мәні бары – «Бас» телімі, ол Үлкен және Кіші кентас линзаларын қамтиды. Оңтүстік телім қоры бойынша шағын. ## Геологиялық құрылымы Кенді алаң девон кезеңінің шөгінді тау жыныстарынан тұрады, олар құрамы бойынша төменгі және жоғарғы қат-қабаттарға жіктеледі. Төменгі қат-қабат (төменнен жоғары қарай) ұсақ малтатасты конгломерат пен полимиктілі құмтастардан тұрады, олардың үстінде полимиктілі құмтас пен кремнийлі-сазды тақтатастар қабаттасқан жоғарғы қат-қабат үйлесімді жатыр. Қима бойынша жоғары қарай, негізінен, кремнийлі-сазды және құмайт құрамды, туф пен әктас қабатшалары бар тау жыныстары орналасады. Девон түзілімдерін төменгі тас көмірдің габбро-пироксенит, гранодиорит және гранит құрамды шағын интрузиялары жарып өткен. Жасы әр түрлі диабаз және диорит-порфирит, гранит-порфир мен альбитофир сығылмалары кең тараған. Кен орны Успен тектоникалық белдемінде, солтүстік-батысқа созылған Қарағайлы синклиналінің қанаттарында орналасқан. Әр түрлі жарылымдармен қиылған. ## Жатыс сипаты, құрамы Кен денелері өздерін сыйыстырушы тау жыныстармен үйлесімді және соған жуық синклиналь қанаттарына сәйкес әр түрлі бағытта күрт еңіс (60 – 85°) жатыр. Кен денелерінің пішіні линза және қабат тәрізді. Ұзындығы 990 м-ге жетеді, ені 500 м-ден асады, қалыңдығы 130 м-ге дейін. Қорғасын мен мырыштың мөлшері Бас телімінде 1,36 – 1,67%; Қиыр телімінде 0,95 – 1,25%; Оңтүстік телімінде 0,81 – 2,04%. Кеннің құрамында мыс, күміс және алтын кездеседі. Кен баритке бай, оның мөлшері «Бас» телімде 42,53%, ал «Қиыр» телімінде 13,81%. ## Дереккөздер
Қарағали – Мешітқұм құмының оңтүстік-шығысындағы құмды алқап. ## Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Хан Ордасы ауылының оңтүстік-шығысында 31 км жерде орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Ортаңғы және жоғарғы төрттік кезеңі мен неоген жыныстарынан түзілген. ## Жер бедері Теңіз деңгейінен 11 м биіктікте жатыр. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 13 км-ге созылған, енді жері 5 – 6 км шамасында. Қырқалы құм төбелер бойында Сырға, т.б. қыстаулар бар. Құмның ойысты-сайлы жерлері мен етектерінде тұщы грунт судың тереңдігі 2 м. ## Өсімдігі Бозғылт қоңыр, сортаң топырақ жамылғысында еркек шөп, жүзгін, қияқ, құмаршық, ойыстау жерлерінде жыңғыл, қандыағаш, т.б. бұталар өседі. ## Дереккөздер
Қара бүлдірген – раушангүлділер тұқымдасы, рубус туысына жататын бұталардың ортақ атауы. Солтүстік Америка мен Еуропада 400-ден астам түрі белгілі. Жиі кездесетіні – Rubus caesius. Көп жылдық тамыр сабақтары және жер бетінде екі жылдық тікенекті өркендері болады. Саусақ салалы жапырақтарының шеті иректелген. Гүлі қос жынысты, негізінен, ақ кейде қызғылт түсті, шашақ гүлшоғырына топталған. Жемісі – ұсақ, шырынды, сүйекті, қара немесе қызыл қара түсті. Жемісінің құрамында 4 – 8% қант, 0,8 – 1,4% органикалық қышқыл, С витамині және каротин бар. Жемісі – жеуге жарамды және одан тосап, джем қайнатады. Қара бүлдірген – суыққа төзімді, топырақ талғамайтын өсімдік. Қара бүлдіргеннің өзара оңай будандасып жаңа сорттар беретін 300-ге жуық түрі Америка және Еуропада мәдени түрде өсіріледі. Қара Бүлдіргенді көбеюіне қарай тік сабақты Қара бүлдірген (негізінен атпа тамырларымен көбейеді) және жатаған сабақты Қара бүлдірген (сабақ бүршігімен көбейетін) деп бөледі. Қара бүлдірген Қазақстанның солтүстік облыстарында, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында, орман алаңқайлары мен бұталы қопаларда және өзен жағалауларында өседі. Сондай-ақ саяжайларда қолдан өсіріледі. Жабайы түрінде барлық жерде кездеседі, әсіресе Кавказда кең тараған. Қазақстанның солтүстік облыстарында, Талдықорған, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында өседі. Жемісі шырынды, түсі қара немесе қара қошқыл, қара қоңыр болып келеді. Формасы жағынан таңқурайға ұқсас. Дәмі тіл үйіретін қышқылтым-тәтті, кейде қышқылтым болады. Қара бүлдірген құрамында қант, органикалық қышқылдар, азотты заттар, пектинді минералды тұтқыр заттар, 22 мг % С витамині каротин (А провитамині) бар. Шілдеде піседі, ауа райының құрғақ кезінде жинайды. Ең жақсы сорттары: Кавказская, Длинноплодная, Сизая. Қара бүлдірген өте нәзік жидек, қалыпты жағдайда 1—2 күн, ал температура 0ᵒС болғанда бір апта сақталады. Қара бүлдіргеннен қайнатпа (дайындау әдісі таңқурай мен қой бүлдірген қайнатқандағыдай), джем, шырын, кисель дайындайды. ## Қара бүлдірген киселі Таңдап алып, тазартылып жуылған жидекті езіп електен өткізеді. Су құйылған кастрюльге қант салып ысытады да, картоп ұнын қосып (аз мөлшерде суық сумен арал асырылған) қайнатады. Үстіне езілген пюре салып әбден араластырады. 1 стакан қара бүлдіргенге: 3/4 стакан қант, 2 стакан су, әркім өз қалауынша картоп крахмалын қосады. ## Дереккөздер
Қарағанды артезиан алабы, Сарыарқаның орталығында жатқан жер асты суы бар өңір. Ауданы 1200 км²-дей. Қарағанды артезиан алабы гидрогеология құрылымы жағынан өте күрделі екі қабатты синклинальдық құрылымнан тұратын қазаншұңқырда орналасқан. Қазаншұңқыр девон, тас көмір әктастары мен құмтастарынан құралған. Жер асты суы арынды. Ұңғымалардың шығымы 0,5 – 2 л/с, суының орташа минералдары 3 г/л. Алаптың шет жақтарында су жер бетіне өздігінен шығып жатыр. Су арыны қазаншұңқыр ортасына қарай арта береді. Сулы қабаттардың жату тереңд. 50 – 100 м-ге жетеді. Конгломерат, құмды конгломерат, ұсақ түйірлі құмды борпылдақ жыныстардан құралған, қалыңд. 500 м-дей юра жүйесі жыныстарындағы сулы қабаттар Қарағанды Артезианы ауылының орталық, шығыс бөліктерін алып жатыр. Қазаншұңқырдың ортасына қарай бұл жыныстар антропоген, неоген, палеоген жүйелерінің аргиллиттері, алевролиттері, ұсақ түйірлі құмтастарымен жабылған. Юраның сулы қабаттарындағы ұңғымалардың су өнімд. 1 – 3 л/с-тан 20 – 25 л/с-қа дейін жетеді. Су құрамы натрий-кальцийлі хлорлы және гидрокарбонатты-сульфатты. Суының минералдылығы алап шетінде 0,7 – 1,0 г/л, өйткені мұнда жер асты суларының қоры жауын-шашын, еріген қар, тасыған өзен суларының жерге сіңуінен молаяды. Алаптың ортасына қарай 1,5 – 2,0 г/л-ге дейін артады. Қарағанды артезианы алабының жер асты сулары көптеген ұңғымалар арқылы Қарағанды өнеркәсіп торабында пайдаланылады. ## Дереккөздер
Қарағанды – Ұлы Жыланшық алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағып өтеді. ## Бастауы Бастауын Кішітау тауларының батысындағы Қарағандысай қонысындағы бұлақтардан алып, Қосшоқы тауының батысында Шағырлы өзеніне сол жағынан құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 43 км. Жаз айларында ағыны тоқтап, қарасуларға бөлініп қалады. Негізінен қар, жер асты суларымен толығады.‎ ## Өсімдігі Алабында құрғақ далаға тән бетеге, көкпек, жусан, баялыш, т.б. шөптесіндер өседі. ## Дереккөздер
Қарағай (лат. Pínus)– қарағай тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш кейде бұта. Еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақтыты мәңгіжасыл өсімдік. 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50-60 метрге жетеді. Шыршаныкіндей емес қарағайдың қылқаны ұзын, жуандау. Қылқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл және қою жасыл болады. Қарағай сондай-ақ тез өсетін қылқанжапырақтылардың бірі. Жер шарында жүзден аса түрі болса, оның жиырма шақты түрі көгалдандыруда қолданылады. Олардың ішінде бұтағы тік өсетін және жайыла өсетін түрлері де бар. Өсе келе жан-жағына 6-7 метрге дейін жайылатындықтан, бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кем дегенде 5-6 м болуы керек. Оның барлық түрі бой жасап өсіргенге ыңғайлы. Жай және тез өсетін түрлері бар. Биіктігі екі метрден аспайтын “тау қарағайы” деген түрі бар. Көгалдандыруда оларды түрлі композицияларға қолдануға болады. Қарағайдың қылқанымен қоса, өте жиі орналасатын бүршіктері де өте әдемі. Осы бүршіктерін сәндік үшін теріп алып, қолөнер бұйымдарына қолданып жатады. Қарағайдың ағашы мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында, авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады. Қарағайдың діңінде шайыр көп мөлшерде болады.Одан скипидар мен канифоль алынады. Канифольді сүргіт және лак дайындауда қолданады. Қарағайдың бүршіктері, эфир майы және шайыры бронхит, өкпе ауруларына қарсы пайдаланылады. Қылқанын С дәрумені жетіспегенде және алдын-алу үшін қолданады. Қарағайдың қара майын тері ауруларына жақпа май ретінде пайдаланады. ## Күтімі Жас көшетін ашық күн көзіне, құнарлы топыраққа отырғызу керек. Жыл сайын көктемде қалқанжапырақты ағаштарға арналған минералды заттармен қоректендірген жөн. Қоректік заттары жеткілікті қарағай қылқанының түсі қанық болады. Кейбір жұмсақ қылқанды түрлері қысқы суыққа шыдамсыз келеді. ## Көбейтілуі Тұқымы және қалемшелеу арқылы көбейтіледі. ## Сипаттамасы Бұл ағаштардың биіктігі 35 м-дей, діңі мықты, бұтақ шоғыры дөңгелек болып келеді. Қабығы үгілмелі, қызыл қоңыр түсті, бұтағында жарықтары болады. Жапырағы (инесі) 2 – 5-тен шоқтанып бүршігінде орналасқан, бүршіктері күрделі. Бүрі 2 – 3 жылда піседі, оны жеуге болады. Мамыр айында гүлдейді. Аталық гүлі масақты, сары не қызыл түсті. Аналық бүрі жас өркен ұшында 2 – 3-тен орналасады, 2 жылда пісіп жетіледі. Тұқымы – қара, не сұр түсті; қанатты кейде қанатсыз болады. Қарағай ағашы 300 – 500 жыл жасайды. Еуразияның қоңыржай және субтропиктік аймақтары мен Солтүстік Америкада өсетін 100-ге жуық түрі белгілі. ## Емдік қасиеті Қарағайдан жоғары сапалы ағаш сүрегі, қарамай, шайыр алуға болады. Қарағай – дәрілік ағаш, одан терпентин майы, скипидар, сірке суы; жас қылқанынан С витамині (концентрат), эфир майы алынады. Сондай-ақ құм тоқтатуда, әсемдік ретінде (елді мекенді көгалдандыруда) маңызы зор. ## Қазақстанда Қазақстанда 2 түрі: кәдімгі Қарағай (P. sіlvestrіs) және самырсын Қарағайы (P. sіbіrіca) бар. Бұлар республиканың солтүстік-шығыс, орталық бөліктеріндегі аралас ормандарда, басқа қылқан немесе жалпақ жапырақты ағаштар арасында өседі. Қазақстанда ботан. бақтарда Қарағайдың: сары Қарағай, тау Қарағайы, Веймутов Қарағайы түрлері қолдан өсіріледі. ## Қызықты дерек * АҚШ-тың оңтүстік-батыс бөлігінде өсетін Қарағай ағашының жасы 4900 (кейбір деректерде 6000) жыл. * * * * ## Сілтемелер * http://www.gulstan.kz/ Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы. Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт ## Дереккөздер
Қарабұлақ, Байпақ – Өлеңті алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 49 км. ## Бастауы Бастауын Ерейментаудың тауаралық аңғарынан алып, Қоржынкөл көліне құяды. ## Гидрологиясы Жалпы ұзындығы 25 км болатын ұсақ 9 саласы бар. Алабының жоғарғы бөлігіндегі жер бедері тектониктік эрозиялық қырқалардан, жалдар мен жондардан тұрады, төменгі бөлігі делювийлі-пролювийлі жазық. Түпкі жыныстары кейбір жерлерінде жер бетіне шығып жатыр. Қар суымен толығады. Жер асты суы шығып жатқан жоғарғы бөлігінде ғана ағын суы тұрақты болып тұрады. Жазық бөлігі жаз айларында құрғап, қарасуларға бөлініп қалады. ## Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында бұта аралас сұлыбасты шөптесіндер өскен. Жақын жатқан елді мекендердің жайылымдық жерлерін суландыруға пайдаланады. ## Дереккөздер
Қарағанды Ботаника Бағы – ғылыми-зерттеу мекемесі. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Фитохимия институты қарамағында. 1939 ж. Қарағандыда ауа райы құрғақ, шөлейтті аймақ – Орталық Қазақстан жағдайында көгалдандырудың ғыл. негізін жасау мақсатында КСРО ҒА Қазақстан бөлімшесінің ботаника секторының зерттеу станциясы болып ашылды. 1940 ж. интродукция жөнінде зерттеу және тәжірибелік жұмыстар жүргізу үшін қаланың оңтүстік-батыс шетінен аумағы 32 га жер бөлінді. 1948 ж. ботан. бақтың аумағы 50 га-ға жеткізілді. Дендрология, өсімдік қорлары, жеміс-жидек өсімдіктері, сәндік-гүл өсіру шаруашылық лабораториясы жұмыс істеді. Осы жылдары бақта арборетум, табиғи флора өсімдіктерінің және көп жылдық сәндік өсімдіктер коллекциясын, жеміс-жидек өсімдіктері бағын отырғызу және гербарий қорын қалыптастыру мақсатында ғылыми жұмыстар жүргізілді. 1965 ж. жаңа лабораториясы-әкімшілік ғимараты мен қор оранжереясы салынды. Аумағы 18 га болатын дендрология саябақ егілді. 1990 жылдан бақта ағаштар мен бұталардың 1300-ден астам, гүлді сәндік өсімдіктердің 2000-ға жуық түрлері мен сорттары, жеміс-жидектің 600-ден астам сорттары, тропиктік және субтропиктік өсімдіктердің 700-ге жуық түрлері мен табиғи флора өсімдіктерінің 400-ден астам түрі (оның ішінде «Қызыл кітапқа» кірген 14 түрі бар) сынақтан өтті. Бақтың гербарий қоры 15 мыңнан астам беттен тұрады. 1995 жылдан бері осы аймақта өсетін өсімдіктің 3 жаңа түрі анықталды. Раушан гүлінің 40-тан астам сорты Орталық Сібір ботаника бағынан (Ресей, Новосибирск қ.) және бір жылдық гүлді өсімдіктер Норфолк (АҚШ) ботаника бағынан әкелініп, бақтың гүлді сәндік өсімдіктер қоры толықтырылды. 70 тұқымдас 256 туысқа жататын келешекте мәні бар 494 түрлі дәрілік өсімдіктердің, 23 мың гербарий парағына жазылған коллекциясы жиналды. 1999 жылдан Қарағанды Ботаника Бағы өсімдік қорғау жөніндегі Халықаралық ботаника бақтар кеңесінің құрамына кірді. 100-ге жуық мемлекеттің ботаника бақтарымен әріптестік байланыс жасайды. ## Сілтемелер
Қарабалық ауданы – Қостанай облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс (1997 жылдың 17 маусымына дейін Комсомол ауданы деп аталды). 1928 жылы құрылған. Жер аумағы 6,9 мың км². Орталығы – Қарабалық кенті. ## Географиялық орны, жер бедері Шығысында Фёдоров ауданымен, солтүстігі мен батысында Ресей Федерациясымен шектеседі. Ауданның географиялық орны қолайлы, теңіз деңгейінен 200 – 260 м биіктікте. Орал сырты үстіртінің орта жазық бөлігін алып жатыр. Жер бедері беті көл қазаншұңқырларымен, Үй, Тоғызақ өзендерінің аңғарларымен, сай-жыралармен тілімденген. Кен байлықтарынан аздаған мөлшерде темір кентасы, алтын, отқа төзімді саз, т.б. кездеседі. ## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Климаты тым континенттік. Қысы суық, бұрқасынды. Қар жамылғысы әдетте қарашаның 2-онкүндігінде қалыптасады, сәуірдің 1-онкүндігінде ериді. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы –18°С. Жазы қоңыржай жылы, ең ыстық айы – шілде. Шілденің орташа температурасы 18°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300 – 350 мм. Жер қыртысы кәдімгі құнарлы қара топырақтан тұрады. Тоғызақ пен Үй өзендерінің бойында шалғынды құмдақ топырақ таралған. Астық тұқымдас түрлі шөптесіндер (селеу, бетеге, т.б.) басым өскен. Ауданның оңтүстік-шығысында қайың, терек, итмұрын, шие бұтасы аралас шоқ ормандар кездеседі. Айтарлықтай жерді қолдан егілген қарағай, қараағаш, үйеңкі, терек, қараған ормандары алып жатыр. Ормандарында жидектер мен саңырауқұлақтар көптеп өседі. Жануарлар дүниесінен бұлан, елік, жабайы шошқа, қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, сарышұнақ, қоян мекендейді. Құстардан қаз, үйрек, аққу, бүркіт, кезқұйрық, тырна, құтан, т.б. кездеседі. ## Су торабы Аудан жерімен Үй өзені және оның саласы Тоғызақ өзенінен ағып өтеді. Аудан көлге бай. Мұнда 90-нан астам ірілі-ұсақты көлдер бар, олардың 75%-ының суы тұщы. Ірі көлдері: Шұбар, Сасықкөл, Қарасор, Үлкен Бөрілі, Өлеңді, Аршалы, Өрнек, Қулықкеткен, т.б. Жер асты суы негізінде Смирнов су жүйесі жұмыс істейді. Одан тартылған су құбырлары Қарабалық кентін, Бөрілі, Смирнов, Станционный, Михайлов округтерінің елді мекендерін сумен қамтамасыз етеді. Бөгендерінде мөңке, шортан, таутан, алабұға, табан, тұқа, оңғақ және аққайран, т.б. балықтар мекендейді. ## Халқы Тұрғындар саны – 27 534 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 29,47%, орыстар – 43,46%, украиндар – 12,90%, немістер – 5,24%, беларустар – 1,73%, татарлар – 3,38%, башқұрттар – 0,97%, армяндар – 0,50%, басқа ұлт өкілдері – 2,35%. ## Әкімшілік бөлінісі 35 елді мекен 4 ауылдық, 1 кенттік әкімдік пен 8 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Шаруашылығы Ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 602 мың га (2008), оның 33 мың га-сы егістік жер, 3,5 мың га-сы шабындық, 234,6 мың га жайылым. Аудан орталығы Қарабалық кентінен солтүстікке қарай 17 км жердегі Научное ауылында Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы орналасқан. Аудан бойынша 5 темір жол станциясы және Еманкин темір жол айырмасы бар. ## Дереккөздер
Қарағандысай– Ойыл өзенінің аңғарындағы өзек. Ақтөбе облысының Темір ауданы Шұбарқұдық кентінің оңтүстігінде 10 км жерде орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 28 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 – 3 км шамасында. Сайдың екі беткейі көктемгі еріген қар және бұлақтардың жылғаларымен тілімденген. Қарағандысайдың бойында Қарағанды, Бесқарағансай қыстаулары бар. Солтүстігінде Қаратөбе, батысында Құмбауыроба, оңтүстігінде Төрткіл, оңтүстік-шығысында Қарағанды төбелері орналасқан. ## Дереккөздер
Қарабасшөп (Poterium) – раушангүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Еуропада, Орта Азияда, Батыс Сібір мен Кавказда кездесетін 5 түрі белгілі. Қазақстанда Жетісу (Жоңғар), Алатауының жоталарында, Батыс Тянь-Шань тауларының тасты, құрғақ беткейлерінде, өзен бойларында өсетін 2 түрі (жемісті Қарабасшөп, қойоты Қарабасшөбі) бар. Соның ішінде жиі кездесетіні – қойоты Қарабасшөбі (Р. polgamum). Биіктігі 25 – 80 см, тамырлары сүректеніп келген. Сабағы тік, жалаң немесе төм. бөлігі түктенген, жоғарғы жағы бұтақтанып келеді. Жапырақтары күрделі, жұп қауырсынды емес, олардың 15 – 20 ұсақ жапырақшалары болады. Тамыр түбінен шығатын жапырақтары ұзын сағақты. Ұсақ гүлдері жасыл түсті, қалқанша гүлшоғырына топталған, пішіні эллипс тәрізді, ұзындығы 2 см-дей. Қос жынысты. Аталығының саны 10 – 30, аналығы – екеу. Тұқымынан көбейеді. Мамырдан тамызға дейін гүлдеп, тамыз – қыркүйек айларында жеміс береді. Жемісі – қос тұқымды жаңғақша. Қойоты Қарабасшөбі – илік өсімдік, сондықтан оны тері илеуде пайдаланады. Өсімдіктің құрамында 17% протеин, 4% май, 40%-дай азотсыз өте белсенді заттар бар. Жапырағы С витаминіне бай, оны салат ретінде пайдаланып, сорпаға және балыққа дәм-татымдық ретінде қосады. Өте жақсы мал азықтық шөп болғандықтан, оны қой сүйсініп жейді. Гүлінен аралар бал жинайды. ## Сілтемелер
Қаражан – Солтүстік Балқаш алабындағы Қусақ өзенінің саласы. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы, Ақтоғай ауданындары жерімен ағатын өзен. Ұзындығы 58 км, су жиналатын алкабы 480 км2. ## Бастауы Қоңыртемірші тауының солтүстік-шығысынан басталып, Татан ауылы тұсында Қусақ өзеніне құяды. ## Гидрографикасы Арнасы тік жарлы. Жер асты, жауын-шашын суымен қоректенеді. Ағын көктемде 10-12 күндей болады, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Жылдық орташа су шығыны 0,06 м3/сек. Жайылмасы — шабындық. ## Дереккөздер
Қарағаштар тұқымдасы (Ulmaceae) – қос жарнақты гүлді өсімдіктер негізінен ағаш, сирек бұталарда кездеседі. Жер шарында Қарағаштар Тұқымдасының 6 туысы 50-дей түрі белгілі. Қазақстанда 2 туысы (қарағаш, таудаған), 7 түрі өседі. Қарағаштар өзен жағаларында, сортаң топырақты жерлер мен шөлде, қорымтасты беткейлерде, құмда, жартастарда, жыраларда қаптап өседі. Діңдері жуан, қабығы қара сұр түсті, жыл өткен сайын қалыңдай береді. Тамыр жүйесі топыраққа терең енеді және біраз бөлігі топырақ бетіне жайылып өседі. Бұлардың Биіктігі 10 – 35 м-дей, жапырақтары жай, қауырсын жүйкелі, өркенге кезектесіп орналасады. Жапырағының ерекшелігі – бір бұтақта өскен жапырақ тақтасының мөлшері әр түрлі болуында. Қоңыржай климатта өсетін Қарағаштар Тұқымдасының жапырақтары жыл сайын түседі. Субтропиктік, тропиктік аймақтарда Қарағаштар Тұқымдасының жапырақтары жартылай түседі, араларында мәңгі жасыл түрлері де кездеседі. Қоңыржай аймақта қарағаштың гүлі бүршікте жаздың басында дамығанымен, келесі жылы ғана гүлдейді, бүршікте бітеугүлі 10 ай сақталады. Орта Азия, Жерорта теңізінде өсетін қарағаштар қаңтар мен ақпанда; субтропиктік аймақта өсетін түрлерінде сол жылдың күзінде гүлдейді. Бұлардың гүлдері бүршікте 3 – 4 ай ғана сақталады. Гүлшоғыры күзде жапырақтарының көбі түспей тұрғанда дамиды. Гүлдері жай гүлсерікті, дара және қос жынысты. Гүлінде 4 – 8 тостағанша жапырақшасы, 4 – 8 аталығы, бір аналығы болады. Аналық жатыны бір ұялы, аузы қос тілімді. Жемісі – қанатшалы жаңғақша. Қарағаштар Тұқымдасы 500 жылға дейін өсіп тұрады. Қарағаштар Тұқымдасына жататын ағаштардың тінінен бөлінетін шырышты сұйықтықтың зиянды бактерияларды жоятын қасиеті болғандықтан халық медицинасында қолданылады. Тұқымынан бағалы техникалық май алынады. Сүрегі шірімейтіндіктен кеме, көпір құрылысында кеңінен қолданылады. Мәдени түрлерімен көшелерді, аулаларды, саябақтарды көгалдандырады. ## Дереккөздер
Қаражар– Шығыс Каспий алабындағы құрғақ арна. Маңғыстау облысының Құрық ауданы жерімен ағады. Қарынжарық сорының солтүстігінде. Ұзындығы 127 км. Су жиналатын алабы 2260 км². Суы көктемде 4 – 5 күндей ғана болады. Жауын-шашын, қар аз жылдары суы болмайды. Көктемде мал суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Қаракешу – Бозащы түбегінің оңтүстік-шығысындағы сор. Маңғыстау ауданы жерінде. Қаракешу Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінде 1941 жылы пайда болған шығанақтың орны. Каспий теңізі деңгейінен 3 м төмен. Қайдақ сорының батыс бөлігінен (Қошақ мүйісіне қарай) солтүстік-батысқа қарай 50 км-ге созылып жатыр, ені 20 км шамасында. Ауданы 900 км²-дей. Сор табанына шөккен құмды-саздақтың үстін тұз қабыршақ жауып жатады. Орта тұсында сазды-батпақты бірнеше аралдар бар. Ең ірісі – Ақшығанақ аралы. Жайпақ жағасында сораң өсімдіктер өседі. Сордың солтүстік-шығысында өзімен аттас тұзды көл жатыр. Оның ұзындығы 16 км, ені 6 км. Бұл жерден ас тұзы өндіріледі. ## Дереккөздер
Қаракөл – Қарағанды облысы Осакаров ауданының орталық бөлігіндегі тұйық көл. ## Гидрографикасы Аумағы 7,2 км2. Теңіз деңгейінен 512,3 м биіктікте. Ұзындығы 4,6 км, енді жері 2,3 км, жағалау бойының ұзындығы 12,5 км, ең терең жері 3 м. Қар, жауын-шашын және грунт суларымен толысады. Суы қарашада қатып, сәуірдің 2-жартысында ериді. Суы тұщы, сәл сілтілі, мал және бау-бақша суғарылады. ## Дереккөздер
Қаражиде – Кіші Арал теңізінің оңтүстік-батысындағы төбе. ## Географиялық орны Қызылорда облысының Арал ауданы Ақбасты ауылының оңтүстігінде 6 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 148 м. Батыстан шығысқа қарай 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км шамасында. Оңтүстік бөлігі тік жарлы, қалған беткейлері жайпақ. ## Өсімдігі Құмайтты топырағында шөл өсімдіктері өседі. ## Дереккөздер
Қаракөз – Қарасай алабындағы өзен. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Бастауын иен даладағы бұлақтардан алып, Қарасай өзеніне сол жағынан құяды. ## Гидрологиясы Орта ағысына дейін сайлы-жыралы өңірмен ағады. Төменгі арнасы кеңейіп жағалауы жайпақ келеді. Алабының басым бөлігінде шөлейт далаға тән бұйырғын, баялыш, жусан, т.б. шөптесіндер өседі. Жаз айларында қарасуларға бөлініп қалады. Бастауында қыстау және Жер атты құдық бар. ## Дереккөздер
Қаракөл – Шу алабындағы көл. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ұланбел ауылының шығысында 23 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 262 м биіктікте жатыр. ## Гидрографикасы Аумағы 3,8 км2, ұзындығы 3,2 км, енді жері 1 км, жағалау бойының ұзындығы 20,5 км. Көктемгі еріген қар, жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. ## Жағалау сипаты Жағалауы сор батпақты, күрделі тілімденген, түбі лайлы. Солтүгінде Лебяжье, оңтүстігінде Қамқалы, т.б. маңында көптеген ұсақ көлдер бар. Суы ащы, суатқа пайдаланылады. ## Дереккөздер
Қаракөл – Есіл алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақмола облысының Есіл ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 92 км, су жиналатын алабы 1620 км2. ## Бастауы Ақмола облысының батысындағы белесті жазық даладан басталып, Бұзылық ауылының тұсында Есілге құяды. ## Гидрологиясы Жалпы құламасы 76 м. Аңғары айқын қалыптасқан, ені жоғарғы ағысында 1 км, ортаңғы және төменгі ағысында 1,5 – 2,5 км. Жоғарғы бөлігінде оң жағалауы, ортаңғы және төменгі бөлігінде сол жағалауы тік жарлы келеді. Жайылмасы тек төменгі ағысында қалыптасқан. Ені 300 – 600 м-ге жететін жайылмасы тек су деңгейі қатты көтерілгенде ғана көлдейді. Арнасының ені 80 – 100 м, биіктігі 5 – 11 м, бастауына қарай жыраларға ұласады. Көп жылдық орташа су ағымы Бұзылық ауылы тұсында 0,71 м3/с. Тасынды ағындысы жылына (жылдық су шығыны) 4150 м³. Минералдылығы көктемгі су тасқыны кезінде 100 – 150 мг/л, ал жазда және қыста 250 – 300 мг/л. Суы егін суғаруға кеңінен пайдаланылады. ## Дереккөздер
Қаракөл, қаракөл елтірісі – туғаннан кейін 2 – 3 күн ішінде сойылған қозы терісі. Елтірі қойдың қаракөл, соколов, решетилов сияқты арнайы тұқымдарының қозыларынан ғана алынады. Ең сапалы және көп өндірілетіні – қаракөл елтірісі. Енесінен буаздығының 135 – 140-күндері, мерзімінен бұрын, шала туған қозының елтірісі қаракүлше, жылбысқы деп аталады және жоғары бағаланады. Елтірінің шелі жұқа әрі берік. Осыған байланысты елтіріден тігілген киім жеңіл болады, ұзақ киіледі. Сапасы мен құндылығы түсіне, түгінің бұйралығына, мөлшеріне байланысты. Түсі, көбінесе қара (мөлдір қарадан солғын қараға дейін), көк (ашық көктен қара көкке дейін), кейде сұр, қоңыр, қызғылт, ақ болады. Елтірінің толқын бұйралысы жоғары бағаланады. Елтірі бұйра гүлінің жалпақтығына қарай ұсақ бұйра гүлді (ені 4,5 мм-ге дейін), орташа бұйра гүлді (ені 4,5 – 7 мм), ірі бұйра гүлді (7 мм-ден артық) болып бөлінеді. Орташа бұйра гүлді елтірі жоғары бағаланады. Қаракөл елтірісін өндірумен республикада Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының қой шаруашылықтары айналысады. Елтіріден бөрік, ішік, т.б. тігіледі, жаға жасалады. ## Дереккөздер
Қараберік – Күршім жотасының оңтүстік-батысындағы шоқылы тау. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылының оңтүстік-батысында 37 км жерде орналасқан. Қара Ертіс өзенінің аңғарында. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 691 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 12 км-ге созылып жатыр, енді жері 6 км шамасында. Беткейі көлбеуленіп, жазыққа ұласады. Солтүстігінде Ақжал, шығысында Үшқара тауларымен, оңтүстігінде Төрткүл төбесі, батысында Зайсан көлімен шектеседі. ## Өсімдігі Сортаңды сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында сарсазан, қарабарақ, сексеуіл, т.б. шөптесіндер өседі. ## Дереккөздер
Қаракөл – Бұғылы тауларының солтүстік-батысындағы шоқы. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Мұхтар аулының солтүстік-батысында 52 км жерде орналасқан. Сатық-Қараөзек және Қосбақ өзендерінің аралығында. Абсолюттік биіктігі 572 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 7 км шамасында созылған, енді жері 4 км. ## Жер бедері Ұсақ шоқылардың беткейлері еңістеніп жазыққа ұласады. Шоқының түпкі жыныстары жалаңаштанған. ## Өсімдігі Делювийлі-пролювийлі жазықтарындағы бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, боз, селеу, сұлыбас, бұталар өседі. ## Дереккөздер
Қарақамыс – Балқаш көлінің батысындағы шығанақ. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы аумағында орналасқан. ## Сипаты Құрлыққа 8 шақырым сұғына еніп жатыр, ені 10 шақырым, тереңдігі 5 м. Түбі сазды, кей жері тастақты. Солтүстік және оңтүстік жағасы жарқабақты, төменгі девонның порфирит, кварцит, т.б. жыныстарынан түзілген. Құм саздақты батыс жағалауы өзімен аттас сорға ұласады. ## Дереккөздер
Қарағанды көмір бассейні, Қазақстан Республикасының Қарағанды облысы жеріндегі кен орны. Ендік бағытта 120 км-ге созылып жатыр, ені орта есеппен 30 км. Ауданы — 3 600 км2, карбонның көмірлі қабаттары 2000 км2 шамасында Г, Ж, К, ОС маркалы тас көмір шығады. Бассейннің орталық және шығыс бөліктеріндегі юра қабаттарында қоңыр көмір бар. Кен жер астынан қазу жөне ашық әдіспен шығарылады. Негізгі кен өндіру орталықтары - Қарағанды, Саран, Абай, Шахтинск қалалары. Қарағанды көмірін алғаш ашқан Аппақ Байжанов 1833 ж. Қарағансай шатқалының, бұрынғы №3 шахтаның (өзге деректерде №1 шахтаның) солтүстік жағындағы калың бұталы сайдан беті ашық жатқан көмір қабатын табады (жергілікті тұрғындар жер бетіндегі көмірді Саран шатқалынан да тауып жүреді). Патша заманының кен өнеркәсіпшілері бұл жаңалыққа назар аудара қоймайды - 1847 ж. кәсіпкер көпес Н. Ушаков мұны пайдаланып, кен орның өзі ашқандығы жөнінде Ақмола округтік басқармасына мәлімдеме түсіреді. 1848 ж. ол көмірге бай Саран учаскесінің 10 шаршы км жерін «тас көмір қазып шығарғанша» деп 114 сом 30 тиынға жалға алады. 1856 ж. Ушаков пен оның сыбайластары (Рязанов және Зотов) жергілікті байлардан (Ордабай, Кешубай, Тәти Игіліқов және Игілік Отепов) Қарағанды шатқалының 100 шаршы шақырым (114 км2) жерін «Тас көмір қазып шығарғанша» деп 250 сомға сатып алады. Сату және сатып алу ақтісі 1856 ж. 14 наурызда Омбыда ресми түрде жасалынады. 1856-1919 ж. аралығында көмір кендері мен шахталардан 1 млн 117 мың 798 т көмір шығарылды. 1917 ж. революциядан кейін көмір кендері мемлекеттік қарамағына өтіп, Қарағандыға белгілі геолог А. А. Гапеев бастаған бір топ ғалымдар мен инженерлер жіберілді. Бассейнді аралап көріп және көмір қабаттарынан кен шығару жағдайларын зерттеп, Гапеев көмірлі ауданды өнеркәсіп жолымен қазудың болашағы туралы қорытынды жасады. Алайда Азамат соғысы жылдарында, 1-дүниежүзілік соғыста болған бүліншіліктен және кажетті қаражат пен мамандардың жоқтығынан кен орындары мен шахталар 1929 ж. дейін ашылмады, әрі жұмыс істемеді. Қарағанды көмір бассейнінің өнеркәсіптік мәніне Гапеев тобының берген зор бағасы және Қарағанды көмірінін негізгі тұтынушысы — сол кезде салынып жатқан Магнитогорск металлургия комбинатына жақын жерде болуы бассейнді жедел игеруде шешуші рөл атқарды. Жаңа жоба бойынша Оралдын қара металлургиясы, бастапқыда белгіленгендей, Кузнецк көмірімен емес, енді Қарағанды көмірімен жабдықталатын болды. 1930 жылдың бас кезінде Қарағанды көмірлі ауданының өнеркәсіп учаскесінде геолог Д. Н. Бурцевтың бастауымен геологиялық жедел барлау жұмыстары қолға алынды. Жалпы қуаты 47,7 м. геологиялық қоры 8,6 млрд т, 28 көмір қабаты барланды. 1930-31 ж. 23 барлау пайдалану шахтасы салынды, мұның ішінде 10 шахта пайдалану орындары болып кайта құрылды. Соғыстан бұрынғы жылдары Қарағанды көмір бассейні шығыстың көмір-металлургиялық жаңа базасының маңызды буынына айналды-1940 ж. мұнда 6,3 млн т көмір өндірілді. Ұлы Отан соғысы жылдарында бассейн Кузбасс және Қызыл көмір кендерімен катар еліміздің отын проблемасын шешуде, Орал мен Сібір металлургиясын кокспен қамтамасыз етуде аса манызды рөл атқарды. Көмір өндіру 1941 ж, — 7,2, 1942 ж. — 7,0, 1943 ж. — 7,0, 1944 ж. — 10,9, 1945 ж — 11,3 млн т болды. Соғыстыңаяғына таман, кокстелетін көмір өндіру 2,3 есе ұлғайды. Соғыс жылдарында жүзеге асырылған кешенді шаралар КСРО-да шығарылатын көмірден Қарағанды көмір бассейнінің алатын үлес салмағын 1940 жылғы 3,8%-дан 1945 ж. 7,6%-ға дейін өсіруді камтамасыз етті. 1949 жылға дейін Қарағанды көмір бассейнінде геологиялық барлау жұмыстарын КСРО Көмір енеркөсібі министрлігінің «Қазақ көмірбарлау» тресі жүргізді. 1949 жылданбастап барлауды «Қазақ көмірбарлау» тресімен қоса, Қарағанды геологиялық Басқармасының (қазіргі «Қазгеология» мемлекеттік өндірістік бірлестігі. Орталық Қазақстан өндірістік геологиялық бірлестігі) арнаулы бөлімшелері (партиялар мен экспедициялар) және КСРО Көмір өнеркәсібі министрлігі «Союзуглегеология» бірлестігінің Қарағанды экспедициясы атқарды. Қарағанды көмір бассейнінің географиялық және геологиялық сипаттамалары мынадай ендік бағытқа бейімделіп біжен ойыстың орта бөлегін құрайды: ол каледон құрылымдарына салынған девондық жаңарту белдеуі шегінде орналасқан, бассейннің геологиялық құрылысына жоғарғы девон, карбон, юра, кайнозой шөгінділері; бассейннің солтүстік канатында жыныстар 20-30° бұрыш жасап, көлбеу; ал оңтүстік қабаты көбінесе ендік катпарлардың күрделі желілі жүйесінен тұрады, неғұрлым тіктеу біткен (60-70°) қабаттарының ысырынды әрі шашыранды беткейлерінде тежеуі бар. Қарағанды көмір бассейні батыс жағынан ірі меридиандық Тентек опырылмасымен шектеседі, ал шығысында тайыз біткен Ащысу синклиналына ауысады. Бассейн көлемінде батыстан шығысқа қарай Шерубай-Нұра, Қарағанды, Жоғары Соқыр синклинальдары айқын аңғарылады, бұлар тиісінше Алабас антиклиналімен жөне Майқұдық дөңесімен белінген. Тиісті көмірлі аудандар синклинальдармен астасып біткен, ал Шерубай-Нұра синкпиналінің бат. бөлігінде Тентек көмірлі ауданы жатыр. Синклинальдар неғұрлым ұсақ брахисинклинальді (Тентек, Долинка, Қарақек, Дубовка т. б.) жөне брахиантиклинальды (Делдел, Мәнжі, Күмісқұдықт. б.) қатпарларына күрделі жыныстар араласып біткен бұлардың көпшілігі көмірлі учаскеге сай келеді. Барлық құрылымдардың күрделі әрі сансыз көп орташа және ұсақ амплитудалы үзіктері бар. Қарағанды және Жоғары Соқыр еңістері юра катпарларынан түзілген, олар бассейннің палеозой іргесіне барып шөккен. Бұл еңістер кең де тайыз, әрі асимметриялы катпарлар болып табылады, солтүстік канаты ылдилы (5-15 %). оңг. канаты неғұрлым тік (30-40°) біткен белдіктері суббелдеулік бағытта; еңістердің ылдилы ұсақ катпарлары және үзік опырылымдары күрделі болып келеді. Еңістердің оңтүстік жағы ендік шашыранды жыныстармен тұйықталған. Карбон және юра шөгінділері көмірлі келеді. Қалыңдығы 4000 м шамасында карбонның көмірлі қабатының қалыңдығы 7 свитаға бөлінеді (төменнен жоғары қарай): аққұдық свитасы (қуаты 500-700 м), Ашылыарық (500-600), Қарағанды (630-800), үстіңгі Қарағанды (600-650), Долинка (430-560), Тентек (515-560), Шахан (350). Сұр түсті аргиллиттерден, алевролиттерден, құндақтардан, көмір қабаттары мен шала қабатшалардан, туф құмдақтары мен күлді туфтардын жұқа қабатты жыныстарынан қаланған Ащылыарық, Қарағанды, Долинка, Тентек свиталары көмірлі келеді. Карбон жыныстарына және онан да ежелгі құрылымдарға бұрыштары үйлесімсіз қонған юра шөгінділері 4 свитаға белінеді (төменнен жоғары қарай): Саран, Дубовка, Күмісқұдық, Михайловка; бұлардың ішінде Дубовка (төм. юра) және Михайловка (орт. юра) свиталары көмірлі болады. Юра шөгінділерінің калыңдығы 500900 м. Бассейннің барлық жерінде дерлік карбон және юра шөгінділерінің бет қуаты 10-100 м құм балшықты кайнозой құрылымдарымен жабылған. Карбонның өнеркәсіпке жарамды көмір қабаттары Ашылыарық, Қарағанды, Долинка, Тентек свиталарымен ұштасып жатады, бұларда көмірдің 80 қабаты мен қабатшалары бар, оның ішінде 65 қабаттың іске жарамды (қондициялы) қуаты бар. Барлық көмір қабатшрының жалпы қуаты орта есеппен 110 м. Бассейннің жалпы көмірлілігінің орт. қоэффициенті 2,8, өнеркәсіпке жарамдысы 1,5; көмірінің жалпы тығызд. 1800 м тереңдікке дейін 229,6 млн т/км2-ге тең, өнеркәсіпке жарамдысы — 18,3 млнЧ/км. Қарағанды және Долинка свиталары мен Тентек свитасының төменгі бойы көмірге неғұрлым толы келеді. Бассейн бойынша батыстан шығыска қарай, ал әрбір көмірлі аймақ көлемінде солтүстіктен онтүстікке қарай көмір қабаттарының қуаты мен свиталардың көмірлілігі артып отырады. 33-қабат жұқа деп саналады, калыңдығы 0,6-1,3 м. 29-қабатқа жуығының кзлынд. 1,3-3,5 м, 3 қабаттың (К10, К12, Д6) калыңдығы 3,5 м-ден асады. қабаттардың құрынысы негізінен күрделі болып келеді (жай құрыным тек қуаты шамалы қабаттарға ғана тән), олардың көпшілігі құрылысы мен қуаты жағынан едәуір дәрежеде бірыңғай болады. Карбон көмірлері - тас көмір, зат құрамы күлді, сапасы кең ауқымда өзгеріп отырады. Көмір күлі 25-40%-дан (Ащылыайрық свитасы) 15-25%-ға дейінгі (Долинка және Тентек свитасының төм. бойы) разрез бойынша азая береді. Тентек және Қарағанды свиталары көмірлерінің күлі тиісінше 25-35 және 10-35%, жыныс қабаттарының араласуы есебінен көмірлердін қабаттық күлі көмір массасының күлінен 1-10% және одан да көп болады. Күлдің балқу t°-сы 1250-1500°С. Көмірдің аналитикалық дымқылдылығы - 0,5-2 %, қазып алынған кездегі дымқылдылығы - 3,5-0,5%. Қоспалары (% есебімен): С - 84-89, 3-0,5-2,5. Ащылыайрық свитасында 3,5-ға дейін), Р—0, 0,2-0,1. Байытылған көмірден ұшпалы заттардың шығуы 15%-дан 38%-ға дейінгі разрез бойынша көбейе береді. Көмір күрамындағы ұшпалы заттар: Ащылыайрық свитасында 15-28%, Қарағанды свитасында — 18-32%, Долинка свитасында -28-38 %, Тентек свитасында -32-40%. Көмірдің иленіп пісуі де разрез бойынша жоғарылап отырады және 6 мм-ден 30 мм-ге дейінгі "пластикалық" қабаттың қалыңдығымен сипатталады. Көмірдің пластикалық қабатының калынд. (мм есебімен): Ащылыайрық свитасында 8-10, Қарағанды свитасында -10-14, Долинка свитасында — 20 шамасында, Тентек свитасында -23-24. Жану - 35-37, 1 МДж/кг (8370 - 8870 ккал/кг), жылу мелшері-22,3 МДж/кг(5320 ккал/кг). Көмір негізінен киын байытынады. Тығызд. 1,4 г/см3-ден кем қонцентрат шығымы 80%-дан 30%-ға дейін ауыгқып отырады, соның өзінде күлділігі тиісінше 5%-дан 19%-ғадейінболады.Терендігінеәрішығыстан батыска қарай және солтүстіктен онтүстікке қарай бағытталған сайын көмір метаморфозалануы жоғарылай береді. Бұған сәйкес көмірлердің маркасы да өзгереді; мыс., Тентек және Долинка свиталары көмірінің марқалары — ГЖ, Ж, КЖ, Қарағанды свитасында — К, К2, ОС, Ащыныайрық свитасында -Кг, К, ОС. Бассейннін барлық көмірлері кокстеуге жарайды, алайда байьгғылуы қиын болғандықтан Долинка, Тентек (Т1, Т3), Қарағанды (К<sub18, К14, К13, К12 К10, К9, К7) свиталары қабаттарының көмірлері кокстелегін көмірлер қатарына жатқызынған. Юра қабатының қоңыр көмірлері Дубовка жөне Михайловка свиталарымен байланыста Қарағанды көмірлі ауданының шығыс жағында (Күмісқұдық кен орны) Дубовка свитасының көмірлілігі барынша молая түседі. көмір шығатын екі қабаттыңтөменгісі өнеркәсіптік мәні жағынан неғұрлым тиімді екені белгілі. Дубовка кен орнында қалынд. әр түрлі болып біткен 4 қабат бар, бұлардың кайсыбір шағын жерлерінде қазып алынатын көмір қабатының калынд. 2-4 м-ден келеді. Жоғарғы Соқыр ауданына калынд. 40 м-ге дейін жететін горизонтка бір-біріне жақын орналасқан жай және күрделі құрылысты 5 қабат енеді. Қабаттардың жалпы калынд. 22,7 м, орта калынд. 2-8 м. Михайловка свитасына сай келегін Михайловка кен орнында 8 қабат бар, мүндағы 3 қабаттың қуаты 2-4 м, біреуінің қуаты 10-21 м-ге дейін жетеді (бұл қабат пайдалануда болын көмірі толық қазып алынған). Юра көмірлері метаморфозаланған маркасы — Б3. Отынға пайдаланынатын көмірлердің ынғалдығы 15-21%, көмір массасының күлділігі 16-21%, қабаттағы көмірдің күлділігі 21-29%. Күлдің балқу температурасы 1300-1400°С. Көмір құрамында С-75%, Н- 5,4%, 5-0,5-0,8%, Р-0,01- 0,08%. Ұшпа заттардың шығуы 47-50%. Отынның жануындағы еңазжылуы 15,9-18,8 МДж/кг. Көмірдің байығылуы 29% мөлшерінде. Күлдің балқу температурасы орта мөлшерден жоғарылап, қиындай береді. Тығыздығы -1,4 г/см3 және 1,8 г/см3, қонцентраттардың шығуы тиісінше 72–80 %және 85–89 %болады (күлі 10 және 14-15% деп есептегенде). Кен қазу орындарына судың келуі әр ауданында әр түрлі: Қарағанды ауданында — 3-12 м3/сағ., Шерубай-Нүра мен Тентекте — 25-60 тектоникалық бұзыныстар болған ауданыдарда—150-250 м3/сағ. Көмір қабаттарындағы газ терендеген сайын үлғая береді. Алғашқы 100 м интервалда метан аймағынан төменде газ 10-15 м3/т-ға жетеді, одан төменде сәл азайып, 400 мтерендікге 22-27 м3/тболады. Газдың желмен ұшу тереңдігі Қарағанды, Шерубай-Нұра ауылдарында 600-170 м-ден Тентек ауданында 250-350 мге дейін жетеді. Шерубай-Нұра ауданыдарында 140240 мың м3/тәулікке барады, яғни 20-40 м3/т. Бассейн шахталарының 93%-ы метан жөне көмір мен газдын кенеттен жарылу каупі бар категориядан тыс топка жатқызынды. Бассейннің 1800 м терендікке дейінгі геологиялық жалпы қоры 43,4 млрд т, оның ішінде барланған және мемлекет балансына алынғаны — 16,5 млрд т, оның ішінде тас көмір 14,3 млрд т, қоңыр көмір —2,2 млрд т, кокстелетін көмір қоры — 11,7 млрд т деп есептеледі. Болжамалы қоры 26,9 млрд т деп бағаланады. ## Дереккөздер
Азынабай-тайпақ каналы – Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы жасанды су жүйесі. ## Гидрологиялық сипаты Ұзындығы 32,3 км, арнасындағы ағынды су мөлшері 13 м3/с. Бойында мал суаратын 6 тоған, су реттегіш 3 қақпа және 3 көпір салынған. Арна арқылы аудан аумағында 0,4 мың га көлтабандық жайылым суғарылады. ## Дереккөздер
Айбас — Қайбас — Каспий маңы ойпатындағы шалғынды жазық сор. Ол Батыс Қазақстан облысы Орда ауданындағы Нарын құмының солтүстік жағын, шағын Берішарал өзен мен Аралсор көлі аралығын алып жатыр. Ұзындығы 20 км, ені 10 км, абсолют биіктігі 45 м. Төрттік кезеңнің құмдақты және құмды шөгінділерінен түзілген. Оның шалғынды қызыл қоңыр және бозғылт қызыл қоңыр сортаңды топырағында жусан, қоңырбасты, көкпек тағы басқа өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Аиздар тұқымдасы (Aіzoaceae) – бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Негізінен Оңтүстік Африка аймағында өседі. Қазақстанда 1 туысы шоғыршақ бар. Аиздар тұқымдасына жататын өсімдіктердің жапырақтары таспа тәрізді, сабақтың буынына шоғырланып сағақсыз орналасады. Гүлдер пішіні дұрыс, қос жынысты, тостағанша жапырақшалары 5 бөлікке бөлінген, күлтелері болмайды. Ұсақ гүлдері сабағының ұшында, шатырша гүлшоғырына топталған. Аталығының саны 5 – 20, көбінесе шоқ-шоқ болып өседі. Жатыны 3 – 5 ұялы. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді.Жемісі 3 – 5 жақтаулы қауашақ. ## Дереккөздер
Айгүл — Алматы облысы Кербұлақ ауданындағы тау. Арқарлы асуының оңтүстік-шығысында шамамен 10 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1275 м. ## Дереккөздер
Айғыз (туған - қайтыс болған жылы белгісіз) — Құнанбайдың Күңке (Әйбөбек) мен Ұлжаннан кейінгі үшінші әйелі. Басқа әйелдеріне қарағанда, Ұлжан мен Айғыздың ауыл-үй, қонысы бір болып, балалары араласып, бірге өседі. Құнанбайдың шешесі Зере өз қалауымен осылардың қолында тұрған. Әуезовтің ел аузынан жинаған деректерінде мынадай жолдар кездеседі: Сондықтан жеңгелері екі шешені тел еміп өсті деп, Абайды «Телқара» атандырған. Жазушы «Абай жолы» эпопеясында Айғыздың шынайы, әсем тұлғасын жасаған. ## Дереккөздер
Қаракөз, Арал қаракөзі (Abramіs safa aralensіs) – тұқы тұқымдасына жататын балық. Abramіs safa түрінің түр тармағы. Қаракөз Қара, Каспий, Арал теңіздеріннің су алаптарында таралған. Ал Қаракөз түр тармағы – Арал теңізінің су алабында – Сырдария мен оның көлдерінде тіршілік етеді. Бұрын тамыз – қыркүйек айларында жайылымы Арал т. болатын. Ұзындығы 28 см, салм. 420 г-дай. Пішіні тыранға ұқсас, одан айырмашылығы – қабыршағы үлкен, құйрықасты (аналь) қанаты ұзындау болады. 7 – 8 жыл өмір сүреді. Жыныстық жағынан 3 жасында жетіледі, ұзындығы 15 – 17 см-дей болғанда толады. Уылдырығын (көлеміне қарай 2,2 – 33,5 мыңдай) су температурасы 12 – 16°С-қа жеткенде өзен арнасына қатты ағысты құмды-тасты, құмды-сазды, сазды жерлерге шашады. Қорегі – бүйірімен жүзушілер, бақалшақты шаяндар, қос жақтаулы моллюскілер, мизидтер, әр түрлі дернәсілдер, детриттер (өлекселер). Арал Қ-і Арал т-нің экол. жағдайына байланысты саны кеміп келеді. Бұрын еті жақсы бағаланатын, кейінгі кезде ол майдаланып, кәсіптік маңызын жоғалтқан. ## Дереккөздер
Айғыржал – Қаратау жотасының оңтүстік-батысында орналасқан тау. ## Географиялық орны Алматы облысы Райымбек ауданындағы тау. Абсолюттiк биіктігі 2475 м. ## Жер бедері Тау етегінен ірілі-ұсақты бірнеше өзендер бастау алады. Беткейлері жайпақтау келген. ## Дереккөздер
Айғыржылқының жыныс қуаты жетілген еркегі. Мінезіне, түр-түсіне қарай қойылған атаулары өте көп: * шақар айғыр * желқуық айғыр (мінезі) * құр айғыр * шу асау айғыр (бұрын қолға ұсталған-ұсталмағаны) * сәурік (үйірге түспеген) * шалқұйрық * құбақай (түсі), т.б. Ертеде айғырды тек сыртқы мүсіні мен ата-енесінің ерекшелігіне қарай бағалаған. Жыныс қуаты жетілген, піштірілмеген жылқы тынышсыз болады, секірмейді. Сондықтан үйірге салатын айғырдан басқа жылқылар піштіріледі. Еркек жылқының жыныс қабілеті 1,5 жасында (тай) жетілгенімен, оны 3 жасқа (дөнен) толмай үйірге салуға болмайды. Жас айғырдың үйірінде 10 – 15, толысқан айғырдың үйірінде 20 – 25, сақа айғырдың үйірінде 12 – 15 биеден болады. Бұл әдістің артықшылығы – айғыр үнемі үйірде болады да, бие дер кезінде тоқтайды, кемшілігі – айғырдың жыныс қуаты үнемді пайдаланылмайды, тіпті оның күші үздігуі де ғажап емес. Айғыр қолдан ұрықтандыру үшін де пайдаланылады. Бір айғырдың ұрығы 150 – 200 биеге жетеді және ішкі жыныс мүшесінде кемшілігі бар (жатыры қисық, т.б.) биелер Айғыр қосқанда үнемі қысыр қалатын болса, бұл әдісті қолданғанда құлындайды. Ғылымның дамуына байланысты үйірге салынатын айғыр жан-жақты зерттеліп, тексеруден өткізіледі. Осы ерекшеліктерге қарай айғырды бағып-күту әдістері де сан алуан. Айғыр (жеребец) - жыныстық қуаты толық жетілген жылқының еркегі. Биеден гөрі А. ірі, салмағы да едәуір ауыр,шоқтығы биік, кеудесі кең омыраулы, мойны жуан, басы үлкен, сүйегі ауыр әрі берік, терісі қалың келеді. Тұқымына қарай еркек кұлынының жыныс қабілеті 8-9 айлығында жетілгенмен, шағылысуға алғашқы рет 3-4 жасында қосылады.Шағылыстыруға түскен А. үйірге тегіне, дене бітіміне, өнімділігіне, ұрпағының сапасына карап тандап қосу арқылы өсіріліп отырған жылқы тұқымын асылдандыруға болады. Үйірдегі бие саны айғырдың жасына және шағылыстырутәсіліне байланысы өзгереді. Қолдан шағылыстырғанда 5-14 жасар А. бір маусымда - 35-40, 15 жастан асқандары - 20-30, ал алғашқы шағылысқа түскен жас 3-4 жасар А. - 15-20 биегедейін ұрыктандыра алады. Үйірге түскен ересек А-ға - 20-25, ал жас және сақайған А.-ға - 12-15 биеден бөлінеді. Қолдан ұрықтандырғанда бір А. ұрығымен бір маусымда 300 биеге дейін ұрықтандыруға болады. Тұқымдық А. шаруашылықтың бағытына қарай (мініс, жегіс, спорт не ет өндіру) тандалады. Осы ерекшеліктеріне байланысты А. бағып-күту әдістері де өзгешеленеді ## Дереккөздер
Айғыржал — Абай облысы Аягөз ауданы, Аягөз қалалық әкімдігі құрамындағы темір жол бекеті. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Аягөз қаласынан солтүстікке қарай 31 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Айғыржал – Өлеңті өзенінің сол жағалауында орналасқан тау. ## Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде. Абсолюттк биіктігі 440 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай ұзындығы 9 – 10 км, ені 2 – 3 км доға тәріздес созыла орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Эрозия-тектоникалық ыдырау нәтижесінде түзілген аласа таулар қатарына жатады. ## Жер бедері Шығысы, батысы мен оңтүстігі жазық, солтүстігі тік жарлы келген. Солтүстік беткейінің баурайында Қызылсор тұзды көлі жатыр. ## Дереккөздер
Айғыржал – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының шығыс шетін ала Егіндібұлақ ауылының шығысына қарай 50 км жерде орналасқан тау. Абсолюттiк биіктігі 761 м. Ұзындығы 2 км, енді жері 1 км. ## Жер бедері, геологиясы Солтүстік беткейі тік, түпкі жыныстары жалаңаштанған тас көмір дәуірінің гранитоидтарынан түзілген. ## Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында бетеге, қызғылт көде өседі, шоқ-шоқ қараған кездеседі. ## Дереккөздер
Айғыржал – Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының солтүстігіндегі тау массиві. Жаңаарқа кентінен солтүстік-батысқа қарай 30 км-ге созылып жатыр, ені 7 км. Ең биік жері 803 м (Омарбек). ## Геологиялық құрылымы Тау массиві тас көмір жүйесі мен протерозойдың гранитті интрузивтерінен түзілген. ## Жер бедері Беткейлері жайдақ, тегіс болып келеді. Солтүстік беткейінен Құланөтпес өзені, оңтүстігінен Сарысу өзенінің салалары бастау алады. ## Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында жусан, боз, бетеге, бұталар өседі. Беткейлері жайылымдыққа, шабындыққа кеңінен пайдаланылады. ## Дереккөздер
Айғыркөл – Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау кентінен оңтүстікке қарай 19 км жерде орналасқан көл. ## Гидрографикасы Аумағы 16,1 км2. Ұзындығы 5,1 км, ені 1,7 км. Суы тұщы. Көлді Жарыпшыққан өзені кесіп өтеді. Табан балық өседі. Қараша айының аяғында мұзы қатып, сәуір айының бас кезінде ериді. ## Дереккөздер
Айғыр құмы – Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданындағы құмды алқап. ## Жер бедері Құмды алқап Нарындағы Аймекен қонысын шектеп жатқан Қаратоқай құмына ұласады. Ұзындығы 7 – 8 км, ені 2 – 3 км, шағыл жоталарының биіктігі 2 – 5 м-ге жетеді. ## Дереккөздер
Айдар сөзінің бірнеше мағынасы бар: Елді мекендер: * Айдар – Жетісу облысы Қаратал ауданындағы ауыл. * Айдар – Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігі құрамында болған ауыл, 2014 жылы таратылған. Басқа мағыналар: * Айдар қазақтарда ер адамдар есімі * Айдар — Батыс Қазақстан облысындағы көл аты. * Айдар — төбесінің орайындағы тумысынан алынбаған бір шоқ қарын шашы арнайы қалдырылады. * Айдар – сандықтың құлып салатын кекіл темірі. * Айдар (сөздің мағыналары)
Айғыркөмген – Павлодар облысы Май ауданындағы тау. Төресор көлінің оңтүстік-батысында, Қарқаралы ауданының (Қарағанды облысы) шекарасында. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 456 м. Маңында бірнеше ұсақ көлдер бар. ## Дереккөздер
Айғыршағыл – Атырау облысы. Қызылқоға ауданындағы қыстау. Тасшағыл ауылының солтүстік-шығысында 16 км жерде. Қаттыкөл, Аппақкөл көлдері аралығында орналасқан. ## Дереккөздер
Айжан сөзінің бірнеше мағынасы бар: * Айжан – қазақтарда әйел есімі, ай және жан деген сөз тіркесінен шыққан * Айжан — Қостанай облысындағы көл
Айдаргүл (Alcea) – құлқайырлар тұқымдасына жататын екі немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Дүние жүзінде Жерорта теңізі жағалауында, Орта және Орталық Азияда тараған 60-қа жуық түрі белгілі. Қазақстанда далалық, шөлдік, шалғындық, тасты, тастақты, құмды, егістік жерлерде өсетін 4 түрі бар. Жиі кездесетін түрі – жалаңгүл (nudіflora). Биіктігі 50 – 200 см, сабағы тік, кейде иіле өседі. Гүлдері ірі (30 см), қос жынысты, саусақ салалы гүлшоғырына топталған. Тостағаншасы 5 жапырақты, қара қызылдан ақ түске дейін өзгеріп тұратын күлтесінің жоғарғы жағы ойма, төменгі жағы тырнақша тәрізді созылған. Мамыр – қазан айларында гүлдеп, шілде – қазанда жемістенеді. Жемісі бөлшекті, 18 – 40 жемісшеден тұрады. Тұқымы бүйрек пішіндес. Айдаргүл – мал азықтық, дәрілік, әсемдік өсімдік. Гүлінен ара бал жинайды. Сабағынан алынатын талшықты қап, жіп, арқан жасауға пайдаланады. ## Дереккөздер
Айдархан бөгені — Қараөзеннің төменгі сағасындағы бөген. ## Географиялық орны Батыс Қазақстан облысының Казталов және Жаңақала аудандары жерінде орналасқан. 1974 жылы іске қосылды. ## Гидрологиялық сипаты Аумағы — 55,7 км², ұзындығы — 21,0 км, енді жері — 4,5 км, орташа тереңдігі — 0,95 м, ең терең жері — 9,1 м. Суының көлемі — 52,3 млн м³. Су жиналатын алабы — 12 700 км². Бөген суымен 14,6 мың га жер көлдете суғарылады. ## Дереккөздер
Айдарлы: Елді мекендер: * Айдарлы – Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы ауыл. * Айдарлы – Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл. * Айдарлы – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл. * Айдарлы – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы ауыл. * Айдарлы – Жетісу облысы Панфилов ауданындағы ауыл. * Айдарлы – Қостанай облысы Қарасу ауданындағы ауыл. * Айдарлы – Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы ауыл. Таулар: * Айдарлы – Ақмола облысы Бұланды ауданындағы шоқы. * Айдарлы – Ерейментау тауының солтүстік тарамдары.
Айкене құмы – Жамбыл облысының батыс бөлігіндегі құмды алқап. Қаратау жоталарының солтүстік-шығыс жағындағы Талас өзенінің төменгі салалары мен Мойынқұм құмының аралығында орналасқан. Ұзындығы 80 км-ге жуық, ені 35 км, жалпы аумағы 3200 км². Құм алқабының оңтүстік жатаған жонды, солт. төбелі болып келеді. Климаты тым континенттік. Қаңтардағы ауаның температурасы –8 – 10°С, шілдеде 25 – 27°С. Жауын-шашынның орташа мөлшері жылына 150 – 200 мм. Негізінен сексеуіл, жүзгін, эфедра, жусан, ал сортаң жерлерінде қара сексеуіл, күйреуік өседі. Айкене құмы мал жайылымы үшін пайдаланылады. ## Дереккөздер
Айбикешақпақ – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының солтүстік-шығыс шетін ала орналасқан шоқы. ## Жер бедері, сипаты Абсолюттік биіктігі 608 м. Ұзындығы мен ені бірдей 5-6 км. Беткейлері аз тілімделген, солтүстік-шығысы едәуір тік, жартасты келеді. Топырағы қызыл коңыр. Дала өсімдіктері мен аң-құстары көп тараған. ## Геологиялық құрылымы Негізінен кембрий жыныстарынан түзілген. ## Дереккөздер
Айқайың (лат. Malcolmia) – орамжапырақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. ## Жалпы мәліметтер Еуразияның және Солтүстік Африканың қоңыржай белдеулерінде өсетін 30-дан астам түрі белгілі. Қазақстанның Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарындағы тау беткейлерінде, өзен аңғарларында, құмды, сортаң жерлерде өседі. ## Қазақстанда тарауы Алматы облысының тау беткейлерінде, өзен аңғарларында, құмды, сортаң жерлерде өседі. Сондай-ақ Қазақстанның басқа аймақтарындада кездеседі. Ең көп тараған түрі — Түркістан Айқайыңы, Африка Айқайыңы, тағы басқа Биіктігі 5-40 см, сабақтары түбінен тарамдалған. Жапырағы сопақша, бүтін жиекті, кейде ойық, бедерлі келеді. Гүлдері күлгін қызғылт түсті, қалың гүл шоғырына топтасқан. Наурыз-мамыр айларында гүлдейді. Наурыз-шілдеде жеміс береді. Жемісі — қысқа, жуан сағақты бұршаққын. Тұқымы бір не қос қатарлы орналасады. Айқайың — құнарлы мал азығы. Оны халық медицинасында да пайдаланады. Елімізде Айқайыңның 9 түрі бар, оның ішінде ең көп тарағандары: Түркістан Айқайыңы, түкті Айқайың, жеміс Айқайыңы, Aфрика Айқайыңы. Олардың биіктігі 5 – 40 см, сабақтары түбінен тарамдалған. Жапырағы сопақша бүтін жиекті, кейде ойық, тісті келеді. Гүлдері күлгін қызғылт түсті, қалың гүлшоғырына топталған. Наурыз – мамыр айларында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. Жемісі – қысқа, жуан сағақты бұршаққын. Тұқымы бір не қос қатарлы орналасады. Айқайың – құнарлы мал азығы. Оны халық медицинасында да пайдаланады. ## Дереккөздер
Айлауықтар тұқымдасы (лат. Boragіnaceae) – бір, екі немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер. 100-ге жуық туысы, 2000-дай түрі бар. Қазақстанда айлауықтар тұқымдасының 40 туысы, 130-дай түрі кездеседі. Сабағы цилиндр тәрізді, оған жай жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырағының сыртын қалың түк басқан. Гүлшоғыры бұйра, кейде қос бұйра. Толық жетілгенде жазылып, шашақ гүлшоғырына ұқсайды. Әрбір гүлінің 5 тостағанша және 5 күлте жапырақтарының негізі кірігіп, түтік түзеді. Аталығы 5, аналығы біреу болады, ол екі жеміс жапырағынан тұрады. Алдымен екі ұялы, кейін жалған пердемен бөлініп төрт ұялы, әр ұясында бірден тұқым бүршігі жетіледі. Жемісі – 4 жаңғақша. Жемістері гүл қасы жапырақшаларының қасаңданып кеуіп кеткен түкті өсінділері арқылы мал жүніне жабысып таралады. Айлауықтар тұқымдасы негізінен бал беретін және бағалы дәрілік өсімдіктер. Оның көптеген түрінің гүлінен ара бал жинайды. Бояғыштар жасау үшін де пайдаланылады. Мал сүйсініп жемейді. ## Дереккөздер
Айқоныс, Айқамыс – Тобыл алабындағы көл. ## Географиялық орны Қостанай облысы Денисов ауданы Шұңқыркөл ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан. ## Гидрографикасы Аумағы 7,3 км2, теңіз деңгейінен 228 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 3,7 км, енді жері 2,7 км, жағалауының ұзындығы 11,1 км. Негізінен еріген қар суымен толысады. Қуаң жылдары суы аздап тартылады. Суы тұзды кермек, сілтілігі төмен. Жағалауы жайпақ, боз, селеу, жусан өседі.
Айлауық (лат. Onosma ) – айлауыктар тұқымдасына жататын екі немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер, кейде бұта; өсімдіктер туысы. Дүние жүзінде Жерорта теңізі маңында, Батыс және Орта Азияда, Батыс Қытайда өсетін 150-дей түрі белгілі. Қазақстанда 10 түрі анықталған, топырақ талғамайды, тастақты, сортаңды жерлерде де өсе береді. Жиі кездесетін түрі – гмелина Айлауығы (Onosma gmelіnі). Биіктігі 20 – 50 см, сабақтары бірнешеу, бұталы, түкті. Жапырақтары ұзын, 15 см-дей. Тостағаншасы 5 бөлек жапырақшалы, күлтесі ақ, сары, қызғылт не көгілдір түсті, ернеуі 5 бөлікке тілімденген, сыртын тікен тәрізді қатты түк басқан. Аталығы 5, аналығы біреу. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, тамызда жемістенеді. Жемісі – жаңғақша. Айлауық – халық медицинасында дәрілік өсімдік, кейде бал арасы үшін қолдан өсіріледі. Аналық айлауық (Onosma stamіneum) деген түрі Солтүстік Үстіртте өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Маңғыстау облысының «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер
Аймекен – Нарын құмының оңтүстік-батысындағы Қаратоқай және Мешітқұм құм шағылдарының арасындағы алаңқай қоныс. Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданында. Ұзындығы 7 – 8 км, ені 2 – 3 км, шағын құм төбелерінің биіктігі 2 – 5 м-ге жетеді. Жердің аймекен аталуы Аймекен қыздың оқиғасына байланысты шыққан деген аңыз бар. ## Дереккөздер
Аймекен жер асты суы алабы , Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданындағы Орда ауылынан 32 км жерде. Сулы қабаттар аумағы 297 км². Суы 0,9 – 0,7 м тереңдік аралығында кездеседі. Суды жер бетіне шығаратын арнаулы қондырғылар бар. Әр ұңғымадан секундына 4,0 – 6,6 дм3 шамасында тұщы су алынады. Суын негізінен ауданның алапқа жақын орналасқан елді мекендері пайдаланады. ## Дереккөздер
Айкинит – сульфидтер класына жататын минерал. Қорғасын мен мыстың висмут сульфиді, химиялық формуласы: PbCuBіS3, ромбылық сингонияда кристалданады, кристалдары призма, ине тәрізді. Түсі қара, сұр, металдай жылтыр, жымдастығы тым шала. Полиметалл және алтын кендеріндегі гидротермальдық кварц-сульфид желілерінде кездеседі. ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Айнабұлақ – Абай облысы Жаңасемей ауданындағы ауыл. * Айнабұлақ – Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданындағы ауыл. * Айнабұлақ – Жетісу облысы Көксу ауданындағы ауыл. * Айнабұлақ – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Абай ауылдық округі құрамындағы ауыл. * Айнабұлақ – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Балқантау ауылдық округі құрамындағы ауыл. * Айнабұлақ – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Темірші ауылдық округі құрамындағы ауыл. * Айнабұлақ – Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы ауыл. * Айнабұлақ – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Айнабұлақ – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы бұлақ.
Айнабұлақ су құбыры – Алматы облысының Көксу ауданындағы су құбыры. Ұзындығы 7,8 км, диаметрі 200 мм. Ол Түрксіб т. ж. салынуына байланысты Айнабұлақ т. ж. ст. тұрғындарын ауыз сумен және паровоздарын сумен қамтамасыз ету мақсатында салынған. Су айдағыш 2 сорғының қуатымен биік мұнараға көтерілген су (165 м³/сағ.) үйді-үйге тарайды. ## Дереккөздер
Айнакөл – Қостанай облысы Жангелді ауданындағы көл. Торғай өзенінің оң жағалық жайылмасында, Ақшығанақ ауылының оңтүстік-батысында 18 км жерде орналасқан. ## Гидрографикасы Көлдің аумағы 4,3 км2, ұзындығы 2,8 км, ені 2,0 км, жағалау бойының ұзындығы 8,4 км. Жағалауының біраз бөлігін қамыс басқан. Торғай өзенінің бір тармағы арқылы Айнакөл көлі өзенмен байланысады. Жағалауы мен аңғары шабындыққа пайдаланылады. ## Дереккөздер
Шегірбалық немесе Ақкөз балық немесе Айнакөз (лат. Ballerus sapa) – Тұқылар тұқымдасындағы табан балыққа ұқсас балықтың бір түрі. Ұзындығы 15—18 см, кейде — 33 сантиметрге дейін болады. Қара теңізде, Дунай, Днепр, Днестр, Дон, Еділ, Терек өзендерінде, ал Қазақстанда Каспий, Арал теңіздерінде және Жайық өзендерінде кездеседі. Тұщы су мен теңізді жайлайтын 2 түрі бар. Екеуі де уылдырығын тұщы суға шашады. Дене тұрқы 15-25 cм, кейде 33 см., салмағы 800 г-нан аспайды. Теңіз ақкөз балығы уылдырық шашу үшін күз бен қыста өзенге ауысады. Сәуір мен Май айларында судың температурасы 12-15˚C-қа жетісімен өзен арнасына уылдырық шаша бастайды. Қазіргі таңда бұл балық түрінің саны өте аз. Кәсіптік бизнес жасауға қолайсыз. ## Дереккөздер
Айрантақыр мұнай кен орны — Маңғыстау облысы Жетібай кентінен солтүстікке қарай 20 км жерде орналасқан. 20 ғасырдың 60-жылдары аумақтық геология-геофизикалық зерттеу нәтижесінде барланып, кен орны 1989 жылы ашылған. ## Геологиялық құрылымы Тектоникалық тұрғыдан кен сыйыстырушы құрылым амплитудасы 30 м, бұрғыланған жыныстардың қалыңдығы 2700 м. Өнімді қабат орта юраның аален ярусына 2429 – 2449 м тереңдікте, мұнай иірімі қабаттық, мұнай су жапсары 2279 м-лік белгіде жатыр. Коллектор құмтастардан құралған ашық, ашық кеуектілігі 16%, өткізгіштігі 0,021 мкм2, Иірім қалыңдығы 50 м-дей, сазды жыныстармен бүркелген. Коллектордың жалпы қалыңдығы 20,4 м, тиімді және мұнайға қаныққан қабаты 7,4 м. Температурасы 99°С, бастапқы қабаттық қысымы 27,48 МПа. ## Құрамы Мұнайы жеңіл, тығыздығы 850 кг/м3, күкірті аз (0,08%), парафинділігі жоғары (18,5%), 1,7% асфальтен және 9,8% силикагелді шайыры бар. Мұнай құрамындағы еріген газдар ауыр, этанды. Кен 1991 жылдан бері игерілуде. ## Дереккөздер
Айрақты, Жаманайрақты – Батыс Үстірт кемерінің қиыр солтүстік-батысы және Өліқолтық сорының түйіскен жеріндегі тау. ## Географиялық орны Маңғыстау ауданындағы Шетпе ауылының солтүстік-батыс жағында орналасқан Иір ойындағы оқшау тау. Абсолюттік биіктігі – 148 м. 1931 жылға дейін өзімен аттас айлақ және елді мекен болған. Қазан төңкерісіне дейін Айрақтыдан Қоңырат қаласына (Қарақалпақстан) дейін тұрақты сауда керуені қатынап тұрған. Қазақстандағы ірі ас тұзы және мирабилит тұздарының кен орны ретінде белгілі. ## Сипаттамасы Айрақтының жан-жағы – құз жартас, оңтүстік жағында бір ғана шығар жолы бар, үсті тақтайдай тегіс, жауын-қар сулары сақталатын тастақтары мол. Оның үңгірлерінде сақталған шимайлы суреттер кезінде Алан Медоевтің зерттеу объектісіне айналды. Бұл жердің етегі су жолының бастау алар жері, Г.С.Карелиннің 1832 жылы мұнай белгісін аңғарған мекені. Қатал табиғатына орай ол Жаманайрақты аталып, қазіргі карталарда солай көрсетіліп жүр. Айрақты – малмен қоса егіншілікті, балық аулауды кәсіп еткен қазақтардың мекені. ## Дереккөздер
Айпан – Маңғыстау түбегіндегі Ақтау жотасының солтүстігіндегі Жетікүп, Кеңсай аңғарларында орналасқан тау. ## Географиялық орны Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы жерінде. Оңтүстік-батысқа қарай доғаша иілген таудың ұзындығы 5 км. ## Геологиялық орны Жер қыртысы әктастан түзілген. ## Жер бедері Оңтүстік беткейі жарлауытты келген. Батыс беткейінен қиялап шығатын соқпақ жол тау басына шығады. Таудың үсті тегіс, етегіндегі Қабақтыда Маната арқылы Хиуаға баратын ежелгі керуен жолы өтеді. ## Дереккөздер
Айрауық (лат. Calamagrostis) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.Оңтүстік және Солтүстік жарты шарда да кең тараған, 150-ден аса түрі белгілі. Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Іле Алатауы және Күнгей Алатауында кездесетін 16 түрі бар. Көп тараған түрі – Құрғақ айрауық (С. epіgeіos) топырақты жерлерде өсетін шалғындық өсімдік. Сабағы тік, биіктігі 80 – 150 см, жатаған, тамырсабақты өсімдік. Жапырақтары ұзын, жалпақ болады. үлсыпыртқысы тығыз, ұсақ тікенді, бұташықтанған. Масақтары шоғырлана орналасқан. Маусым – тамыз айларында гүлдейді, гүлі дара, қос жынысты. Гүлдегенге дейін шабылған шөпте қоректік заттар көп сақталады, кейін қатайып, қоректік маңызы кемиді де, мал нашар жейді, гектарынан 20 – 80 центнер өнім береді. Сабағында талшық көп болғандықтан қағаз жасау үшін пайдалануға болады. Еркек айрауық (C. gіgantea) Балқаш – Алакөл алабында ғана өсетін эндемик түр. Биіктігі 150 – 180 см. Сабағы жуан, жапырақсыз болады. Ұзын масақтары шоғырлана орналасады. Жайылымда мал нашар жейді. Сабанынан шыпта төсеніш тоқылады. Өлеңшөп, немесе айрауықтар — астық тұқымдастардың жабайы өсетін бір туысы, көпжылдық шөп өсімдігі, биіктігі 0,5—1 метрге дейін болады. Барлық түрлері — 150. Мұның бұрынғы КСРО-да есетіні 50 шамалы. Негізгі түрлері: батөлең, ақөлең, қандауыр өлең, сазөлең, Лангсдорф өлеңі т. б. Өлеңшөп малға онша жұғымды болмайды, өйткені оның құрамында небәрі 5 проценттей ғана ақуыз бар. ## Дереккөздер
Елді мекен: * Айтуар – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы ауыл. Өзен: * Айтуар – Байқоңыр алабындағы өзен. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады.
Айтман – Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы құдық. Үстірт жазығының батыс бөлігінде, Қарабауыр жонының оңтүстік-шығысында орналасқан. Тереңдігі 11 м, су шығымы 100 л/сағ. ## Дереккөздер
Айуантөбе – Қаратау жотасының орталық бөлігіндегі тау. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Сарысу ауданы жерінде орналасқан тау. Абсолюттік биіктігі 1024 м. ## Геологиялық құрылымы Жер қыртысы, негізінен, протерозойдың тақтатас пен құмтастарынан түзілген. ## Жер бедері Тау үсті тегістеу келген. Оңтүстік, оңтүстік-батысы көлбеуленіп жазыққа ұласып кетеді. Солтүстік беткейлері шамалы тілімденген жартасты келеді. ## Өсімдігі Айуантөбенің етегінде шөлді ландшафт түзілген. Онда селеу, боз, кейбір жерлерінде ши, жусан өседі. Етегі жыл бойы мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Айтілес – Қарағанды облысы Абай ауданындағы құдық. Бұғылы таулары мен Нұра – Сарысу каналы аралығында, Шахтинск қаласынан оңтүстік-батыста шамамен 52 км жерде орналасқан. Тереңд. 2 м, су шығымы 20 л/сағ. ## Дереккөздер
Айыртам – Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы қыстау. ## Географиялық орны Оймауыт ауылының оңтүстік-шығысында 6 км жерде орналасқан. ## Құдық пен Жануарлар мен Топырақтары Маңында Төртқұдық, Шатай құдықтары бар. Шығысында Қараоба төбесі жатыр. Тақыр және сұрғылт қоңыр топырағында эфемерлі сұр жусан, баялыш, күйреуік, бұйырғын өседі. Жануарлардан қоян, қарақұйрық, қасқыр, т.б. кездеседі. ## Дереккөздер
Айыраша (Erіosynaphe) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөлді, далалық аймақтарда өсетін 1 түрі – ұзынжапырақ Айыраша (Erіosynaphe longіfolіa) бар. Биіктігі 50 – 60 см, тамыры жуан, сабағы жеке дара. Жапырақтары тамырына шоқтана өседі. Гүлдері ұсақ, жасыл сары түсті. Гүлшатыршалары әр түрлі, төменгісі ірі, жемісті, 10 – 15 салалы, жоғарғылары ұсақ. Маусым айында гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Жемісі ұзынша, домалақ (ұзындығы 8, ені 4 мм-дей). Піскен жемісінің өзекшелері байқалмайды. ## Дереккөздер
Айталы , Айтелі – Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданындағы қыстау. Көкқамыс ауылының солтүстік-шығысында 22 км жерде орналасқан. Оңтүстік-батысын тұзды сор алып жатыр. ## Дереккөздер
Айырқызыл – Торғай қолатының оңтүстік-батысындағы құмды алқап. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылынан батысқа қарай орналасқан. ## Жер бедері Теңіз деңгейінен 130 м биік. Ұзындығы 32 км, ені 14 км. Жалпы аумағы 284 км2. ## Өсімдігі Жүзген, құмыршық, ақ селеу, еркек шөп, ақжусан, жиде, т.б. шөптер өседі. Айырқызыл жыл бойғы мал жайылымы. ## Дереккөздер
Айыртау – Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты кентінің оңтүстік-батысында 27 км жерде. ## Жер бедері Солтүстіктен оңтүстікке 5 км-ге созылып жатыр. Ені 3-4 км. Ең биік жері 836 м. Оқшауланған тау массивінен тұрады. ## Геологиялық құрылымы Девон жүйесінің теменгі және ортаңғы бөлігінің жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Сортандау қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, боз, тобылғы, арша өседі. Баурайы мал жайылымдық. ## Дереккөздер
Айыртау – Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Имантау және Шалқар көлдері аралығында орналасқан тау. Ұзындығы 25 км. ## Жер бедері, геологиялық құрылымы Айыртау көл қазаншұңқырлары, өзен аңғарлары мен сайлар бөліп жатқан бірнеше шоқылар мен төбелерден тұрады. Ең биік жері 555 м. Силур граниттерінен түзілген, бетін плиоцен шөгінділері жауып жатыр. ## Өсімдігі Сұр топырағында қарағай, қайың, қараған, тобылғы және түрлі шөптер өседі. Тау ішінде суы тұщы шағын көлдер бар. ## Дереккөздер
Айыртау (2007 жылға дейін – Завидное) — Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы ауыл, Айыртау ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қасым Қайсенов кентінен оңтүстік-батысқа қарай 20 км-дей жерде, Ұлан өзенінің сол жағалауында, Қалба тауының солтүстік баурайындағы орманды-шоқылы дала белдемінде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1914 жылы қаланған. 1930 жылдың басында ұжымшар орталығы, 1954 жылдан “Передовой” астық кеңшарының орталығы болды. 1997 жылдан кеңшар негізінде 29 шаруа қожалықтары мен 2 серіктестік ұйымдастырылды. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, дәрігерлік амбулатория бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер