text
stringlengths 3
252k
|
---|
Кішкентай тастемір– Қалмаққырылған өзеннің төменгі ағысындағы қоныс. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Тастемір төбесінің бойында орналасқан. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта созылып жатыр. Жер бедері белесті-төбешікті және маңындағы Иткеткен артезиан құдығының жылғаларымен тілімденген. Солтүстігінде Киіктөбе төбесі, шығысында Ақсай қонысы, оңтүстік-шығысында Көкбұлақ бұлағы, оңтүстік және оңтүстік-батыс бөліктерінде Мойынқұм құмы орналасқан.
## Сілтемелер |
Кіші айыркөл – Торғай және Өлкейек өзендерінің суайрығындағы сор алқабы. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Дүкен ауылының шығысында 17 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 90 м биіктікте жатыр.
Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 18 км-ге созылған, енді жері 5 км. Көктем айларында Өлкейек өзенінің сағасындағы ұсақ көлшіктерден жылғалар ағып, кіші айыркөл сорына құяды. Сор алқабының басым бөлігі батпақты. Жазда кеуіп, топырағы тұзды сортаңға айналып, құнарсызданады.
## Дереккөздер |
Кіші Алматы мұздықтары – Іле Алатауының солтүстік беткейінде, Кіші Алматы өзені бастауындағы мұздықтар тобы. Алматы қаласының оңтүстігінде 30 км жерде. Ең биік жері Орджоникидзе шыңы (4410 м). Мұздықты 1902 жылы С.Дмитриев ашқан.
## Аумағы
Кіші Алматы мұздықтары 12 мұздықтан тұрады; бастылары: Орта Тұйықсу, Игілі Тұйықсу, Молодежный, М.Мәметова, З.Космодемьянская. Жалпы ауданы 11,4 км2, оның 3,86 км2-і фирн алаңы, 4,74 км2-і ашық жатқан мұздық тілі, 2,8 км2-і борпылдақ жыныстармен жабылған. Мұздық көлі 0,39 км3. Беткі мұздықтар жауып жатқан мореналық қабат астында қалыңдығы 100 м-ге жететін көп жылғы тоң мұз жатыр, одан көбіне сел тасқыны бастау алады. Селден қорғану мақсатында Кіші Алматы өзені аңғарында (Медеуде) күрделі тосқауыл (плотина) салынды.
## Дереккөздер |
Кіші Алакөл – Алакөл көлінің оңтүстік-шығысындағы шығанақ.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Алакөл және Абай облысы Үржар аудандарының жерінде орналасқан.
## Сипаты
Құрлыққа 15 км шамасында еніп жатыр. Шығанақтың енді жері 5 км. Оңтүстікнен Ырғайты өзені құяды. Жағалауы төрттік кезеңнің құмды-сазды топырағынан, қиыршықтасты ұсақ құмдарынан тұрады. Бетінде қамыс, қоға, т.б. өседі.
## Дереккөздер |
Кіші Арқалы – Арқалы тауларының қиыр оңтүстік-батысындағы оқшауланған тау.
## Географиялық орны
Абай облысы Үржар ауданында, Емел (Еміл) өзенінің аңғарында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 690 м. Дөңгелек пішінді таудың ұзындығы мен ені 2 – 2,5 км.
## Жер бедері, өсімдігі
Солттүстік беткейі көлбеуленіп Егізқызыл, Кіші Арқалы қыстаулары маңындағы жазыққа ұласып кетеді. Қалған беткейлері біршама тіктеу, сай-жыралармен сәл тілімденген. Еміл өзеніне қарай төмпешікті құм төбелер кездеседі. Беткейлерінде жусан аралас баялыш, көкпек, бетеге, еркек шөп, т.б. өседі.
## Дереккөздер |
Кіші Әжболат – Үлкен Әжболат көлі алабындағы ағынды көл.
## Географиялық орны
Павлодар облысы Успен ауданы Лозовое ауылының оңтүстік-батысында 12 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 93 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 7,7 км2, ұзындығы 4 км, енді жері 2,8 км, жағалау бойының ұзындығы 11 км. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толысады. Суы тұзды. Жазда су айдыны тартылып, жағалауы батпақты келеді. Қараша айында суы қатып, сәуірде ериді. Жанындағы Құлақсор, Осолодочное көлдерімен тармақтар арқылы жалғасып жатыр. |
Кішкене Жыланды – Қараүңгір тауларының солтүстік-шығысында 17-19 км жердегі төбе.
## Географиялық орны
Абай облысы Аягөз ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 651 м, ұзындығы мен ені 3,0–3,5 км.
## Жер бедері
Ендік бағытта созылып жатқан Кішкене Жыланды төбесінің көлбеу беткейлері нашар тілімденген. Солтүстік-батысында 8 км жерде Жыланды тауы (760 м) орналасқан.
## Өсімдігі
Етегінде жусан аралас көкпек, бетеге, қараған, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Кіші Борсық – Солтүстік Арал маңындағы құмды алқап.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Шалқар және Қызылорда облысының Арал аудандары жерінде.
## Жер бедері
Кіші Арал теңізінің солтүстігінде 80 км-ге созылған. Ені 10-25 км. Орташа биіктігі 150-170 м, абсолюттік биіктігі 213 м (орта тұсында). Тұран тақтасының синклинальдық иінінде. Әр түрлі бұта және шала бұта басқан құм төбешіктерден, шағыл құмдардан тұрады. Құм шөл белдемінде жатыр.
## Геологиялық құрылымы
Құмды алқап бор және палеоген тау жыныстарының жел (эол) әрекетінен үгілу нәтижесінде пайда болған.
## Климаты
Климаты тым континенттік, қысы суық (қаңтардың орташа температурасы –12–15°С), жазы ыстық, құрғақ (шілденің орташа температурасы 25–26°С). Жылдық жауын-шашын мөлшері 150 мм, көктемнің соңы мен жаздың басында жауын көп жауады. Грунт суы 2-40 м тереңдікте кездеседі, көбінесе тұщы.
## Өсімдігі
Құмайт қоңыр топырағында еркек шөп, жусан, бетеге, жүзгін, т.б. өседі. Құмда қыстаулар, тұщы құдықтар көптеп кездеседі.
## Дереккөздер |
Кіші Бергіел, Кіші Берел – Алтайдағы Қатын жотасының оңтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Бұқтырма алабындағы Ақ Берел өзенінің бастауында; 3830 м биіктіктен басталады, қарлы жиегі 2810 м-ден өтеді.
## Аумағы
Ұзындығы 8,3 км. Жалпы аумағы 6,5 км2, көлемі 0,37 км3. Орташа қалыңдығы 80 м. Мұздық жылдан-жылға қысқаруда.
## Дереккөздер |
Кіші аққұтан (лат. Egretta garzetta) – ескекаяқты құстар отряды, құтандар тұқымдасына жататын құс.
Негізінен Еуропаның оң түстік бөлігін, Солтүстік Кавказды, Еділ өзенінің төменгі сағасын, Азияның оң түстігін мекендейді. Жерорта теңізінде қыстайды. Қазақстанда Каспий теңізінің сол түстігінде Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында кездеседі. Дене тұрқы 62 см, қанатының ұзындығы 32 см, қанатын жайғанда ұзындығы 110 см, құйрығының ұзындығы 32 см. Қауырсынының бәрі ақ түсті. Көзі сары, тұмсығы, аяғы қара, аяғындағы буындары жасыл-сарғыш түсті болады. Жыл құсы. Мамыр айында ағаш басына ұя жасап, оған 4 – 6 жұмыртқа салады. Балапандары маусымның басында пайда болып, шілденің басында ұядан ұшып шығады. Кіші аққұтандар шоғыр (колония) құрып тіршілік етеді. Негізінен ұсақ балықтармен, кейде қосмекенділермен, моллюскалармен, су жәндіктерімен және ұсақ кеміргіштермен қоректенеді. Бұлардың тіршілігіне қамыс құладыны, сұр қарға көп қауіп төндіреді. Олар Кіші аққұтандың ұясын бұзып, жұмыртқаларын жеп кетеді.Сырдарияда мекендеген.Қазір Қазақстанда бар-жоғы 500-дей құс ұялады.Санының төмендеу себептері -басқа қанаттыларға әсер ететін жағдайлар Кіші аққұтанның саны жылдан-жылға азаюда, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Статусы
3-ші санат. Таралу аймағының шекарасында сирек кездесетін түр.
## Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы
Қазақстан фаунасындағы ақ құтандардың екі түрінің бірі.
## Таралуы
Европаның оңтүстік бөлігі, Солтүстік Кавказ, Еділ өзенінің төменгі сағасы, Азияның оңтүстігі, Жерорта теңізінде қыстайды. Қазақстанда тек Каспий теңізінің солтүстік жағалауында, Еділ мен Жайық өзендерінің айрықтарында мекендейді. Аса алыс емес өткен жылдарда Қызылорда қаласының маңында Сырдария өзенінде және Арал теңізінде мекендеген.
## Мекендейтін жерлері
Қамыс-талдар қалың өскен көлдер, өзен сағалары, теңіз жағалары.
## Саны
Өткен жылдары әдеттегідей болған , қазіргі кезде саны кәдімгідей азайды. Еділ өзені атырабының қазақстандық бөлігінде (Атырау облысы Теңіз ауданы) 1972-1974 жылдары Қуаңқы шоғырында, өзі аттас аумағы 3 га аралда, 792 ұясы есепке алынған; Старо-Иголкин, аумағы 10 га-ға жуық, шоғырында 400 ұя тіркелген. 1985 жылы Қуаңқы шоғырында барлығы 60 жұп құс ұялаған . Атырау қаласынан солтүстікке қарай 60 км Жайық өзенінде 1975 жылы 20-25 жұп мекендеген . Еділ өзені атырабының қазақстандық бөлігінде 1985 жылы 13-15 қыркүйекте Ганюшкин, Шаронов және Қамысты каналдарында 200-ге жуық құс байқалған. Солтүстік Каспий өңірінде шамамен 500-дей бас мекендейді.
## Негізгі әсер ететін факторлар
Өзен ағындарын реттеуге және суды суландыруға алуға байланысты қоректену биотоптарының ауданы тарылды және мекендейтін орындары тозды; ластануға байланысты құстың өнімталдығы төмендеді және өлім-жітімге ұшырауы артты; ұялау кезінде мазалау факторы; қаскерлік (браконьерство).
## Биологиялық ерекшеліктері
Жыл құсы. Түркістан қаласының маңындағы Шошқакөлде 1988 жылы 27 наурызда үлкен ақ құтандар тобының арасынан жалғыз кіші ақ құтан байқалған. Басқа құтандар, қалбағайдар және қарабайлармен бірге аралас шоғырланып ағаштарда ұялайды. Мамырдың екінші онкүндігінде 4-6 жұмыртқа салады. Балапандары маусымның басында шығады, шілденің басында ұясын тастайды. Осы кезден бастап құстардың негізгі тобы ұялаған жерлерінен кетеді. Майда балықтармен қоректенеді, аздап та болса қорегінде қосмекенділер, моллюскалар, су насекомдары мен майда кеміргіштер болады. Жаулары – саз құладыны және ала қарға, бұлар ұяларын бұзады.
## Қолда өсіру
Деректер жоқ. Алматы хайуанаттар паркінде 2 құс бар.
## Қабылданған қорғау шаралары
Территориялық жағынан қорғау қамтамасыз етілмеген.
## Қажетті қорғау шаралары
Еділ өзенінің атырабындағы шоғырлары бар ауданда маусымдық қорықша ұйымдастыру керек.
## Зерттеу жөніндегі ұсыныстар
Қазіргі орналасуы мен санын анықтау, көбею биологиясы мен шектеуші факторларын зерттеу.
## Дереккөздер |
Кіші Боғда, Кіші Бөгде – Тұздықақ сорының оңтүстік-батысын ала орналасқан аласа оқшау қырат.
## Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында, Шонай темір жол стансасынан оңтүстік-шығысқа қарай 22 км жерде.
## Жер бедері, геологиялық құрылымы
Абсолюттік биіктігі 37,5 м, шығысындағы Тұздықақ сорымен салыстырғандағы биіктігі 45 м. Кіші Боғда палеоген-неогеннің құмтас, әктас, балшық жыныстарынан түзілген. Карст құбылысының әсерінен пайда болған кішігірім үңгірлер мен ұңғыма тәрізді қуыстар жиі кездеседі. Топырағында жусан және сораң шөптер өседі.
## Дереккөздер |
Кіші Бүркітті – Үлкен Бүркітті тауынан солтүстік-шығысқа қарай 3,5 км жерде.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бүркітті ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 22 км жерде орналасқан тау. Ең биік жері 1022 м. Батыстан шығысқа қарай 4 км-ге созылып жатыр, ені 2 км.
## Жер бедері, геологиялық құрылымы
Жайпақ төбелі тау тізбектерінен тұрады. Тас көмір жыныстарынан түзілген. Беткейлері сай-сала, жыралармен тілімденген.
## Өсімдігі
Қызғылт қоңыр топырағында селеу, мысыққұйрық, бетеге, көде өседі.
## Дереккөздер |
Кішкенесортаң – Арал қарақұмының солтүстік-шығысындағы қоныс. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында орналасқан.
Солтүстігінде Байқұм төбесі, шығысында Кеңшағыл құмы, оңтүстігінде Шәмбет артезиан құдығы, батысында Барғақұм төбесі жатыр. Кішкенесотаң қонысы солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 13 км-ге созылған, енді жері 2–3 км. Теңіз деңгейінен шамамен 95 м биіктікте.Жер бедері құрғақ аңғарларға ұқсас сор немесе көл тізбектерінің ойыстарынан қалыптасқан.
## Дереккөздер |
Кіші Емболат – Жайық алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 50 км, су жиналатын алабы 269 км2.
## Бастауы
Бастауын Жалпы Сырттың оңтүстік беткейінен алып, Балабаново ауылы тұсында Емболат өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Аңғары тар, арнасы тік жарлы. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады.
## Дереккөздер |
Кіші Көкдөнен – Қырғыз Алатауының орта бөлігіндегі асу.
## Географиялық орны
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылының оңтүстік-батысында 30 км жерде орналасқан. Қырғызстанмен шекаралас. Ең биік жері 3589 м.
## Дереккөздер |
Кіші Бөкен – Ертіс алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Абай облысы Көкпекті ауданы жерінде. Ұзындығы 55 км, су жиналатын алабы 320 км2.
## Бастауы
Кіші Бөкен бастауын Қалба жотасының оңтүстігіндегі Жаңасу тауынан алып, Үлкен Бөкен өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Аңғары тар, жағасы тік жарлы. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 1,32 м3/с. Суы шаруашылық мақсаттарына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Кіші Кетпен – Кетпен (Ұзынқара) жотасының солтүстік беткейіндегі өзен.
## Географиялық орны
Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Кетпен ауылының шығысымен ағады.
## Бастауы
Бастауын таудың солтүстік беткейінен алып, Іле өзеніне 20 км жетпей жерге сіңіп кетеді.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 42 км, су жиналатын алабы 153 км2. Көктем айларында суы тасиды. Суы негізінен егін шарушылығына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Кіші Жаркөл – Жарман көлінің солтүстік-шығысындағы көл.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Науырзым ауданы Шолақсай ауылының оңтүстік-батысында 12 км жерде орналасқан. Теректі өзені алабында. Теңіз деңгейінен 116 м биіктікте.
## Гидрографикасы, сипаты
Аумағы 3,7 км2, ұзындығы 3,5, енді жері 1,5 км, жағалау бойының ұзындығы 15,4 км, орташа тереңдігі 0,4 м. Жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Кей жылдары суы мол болып, жанындағы Үлкен Жаркөл және т.б. ұсақ көлдермен қосылады. Жазда айдыны тартылып, жағасындағы батпақта қамыс, қоғаөседі. Көл Наурызым қорығы аймағындағы көлдер құрамына кіреді. Су көлдерінің мол болуы көктемде жыл құстарының ұшып келуіне, ұя басуына мүмкіндік береді. |
Кіші Қалқан тауы – Жетісу Алатауының оңтүстігіндегі Қалқан тауларының бір бөлігі. Іле өзенінің оң аңғарында. Кіші Қалқан тауы Үлкен Қалқан тауының батысында 3 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 956 м. Екі тау аралығында шағын құмды алқап жатыр.
## Геологиясы, жер бедері
Түзілуі, геологиялық құрылымы және жер бедері жағынан Үлкен Қалқан тауына ұқсас.
## Дереккөздер |
Кіші Қарақуыс – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының оңтүстігінде, Көктал өзенінің сол жағалауындағы тау.
## Жер бедері
Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 8 км-ге созылып жатыр, ені 5,5 км. Ең биік жері 1327 м. Күмбез тәріздес жота тау тізбектерінен тұрады. Солтүстік беткейлері тік, жартасты, оңтүстік мен солтүстік-батысы көлбеулеу келген.
## Геологиялық құрылымы
Тас көмір және пермь гранитоидтарынан түзілген.
## Өсімдігі
Қызғылт қоңыр топырағында селеу, мысыққұйрық, бетеге, көде, тауаралық аңғарларда тал, терек өседі.
## Дереккөздер |
Кіші Басқан, Үлкен Теректі – Лепсі алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Сарқан ауданы жерімен ағады.
## Бастауы
Бастауын Жетісу Алатауының орта тұсындағы Дальний асуынан алып, Үлкен Басқан өзеніне Екіаша ауылы жанында сол жағалық аңғарынан құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 38 км, су жиналатын алабы 379 км2. Үлкен Басқан өзенімен қосылған кезде Екіаша (Покатиловка) ауылының ауданында өзен Басқан өзенін құрайды, одан әрі Лепсі өзеніне құйылады. Кіші Басқан өзенінің 6 саласы бар. Ол Қараңгүрт және Тереңсей бастаулары қосылғаннан кейін пайда болады. Үлкен Басқанның шатқалында тік беткейлер және шырша орманының шағын аралдары бар. Кіші Басқан өзенінің ең үлкен ағыны - Арчевая өзені. Өзен өз бастауын Шумский мұздығының астында теңіз деңгейінен 4442 м биіктікте алады. Жергілікті "сәукеле" мұздығы - қазақ келінінің бас киімінің атауы деп аталады. Кеңес ғалымы, гляциология кеңестік мектебінің негізін қалаушылардың бірі, Арктика мен Антарктика зерттеушісі, Петр Александрович Шумскийдің құрметіне мұздыққа ғалымның есімі берілді. Мұнда қысы жазы қар. Жазда қарлы шыңның көрінісінен ләззат алуға болады. Жоғарғы және орта ағысындағы жағалау бойы тік жартасты келген. Өзен суы көктем айларында тасиды. Төменгі жағалаулық аңғары шабындыққа және мал жайылымына пайдаланылады.
### Кіші Басқан шатқалы
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Алматы облысы туризмінің ресми сайты Мұрағатталған 3 мамырдың 2020 жылы.
* Жоңғар Алатау ұлттық паркінің ресми сайты Мұрағатталған 25 сәуірдің 2020 жылы.
* Жоңғар Алатау |
Кіші Қараой – Есіл алабындағы тұзды көл.
## Географиялық орны
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының солтүстік бөлігінде орналасқан.
## Гидрографикасы
Теңіз деңгейінен 53,6 м биіктікте. Аумағы 100,8 км2, ұзындығы 12,7 км, ені 12,1 км, жағалау бойының ұзындығы 73,4 км. Көл қазаншұңқыры дөңгелек пішінді, түбі тегіс, біраз бөлігі тұнбалы. Жағалаулары жайпақ, батпақты.
## Өсімдігі
Су жиналатын алабының 80%-ы жыртылған, қалған бөлігінде бетеге, сұлыбас, боз өскен. Жағалауы мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Кіші Ачинахкөлсай – Іле өзені алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Алматы облысы Ұйғыр ауданы жерімен ағады.
## Бастауы
Кетпен (Ұзынқара) жотасының солтүстік-шығыс беткейінен бастау алады.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 41 км. Жоғарғы ағысында тауаралық тік шатқалдармен ағып, Кіші Диқан ауылының тұсында тармақтарға бөлініп, Іле аңғарындағы құм төбелерге дейін жетеді. Тау басындағы мұз, қарлармен толығады. Жазда төменгі ағысы тартылып, қарасуларға бөлініп қалады. Негізінен мал суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
КІШІ ҚАРАТАУ КЕНДІ АУДАНЫ– өзімен аттас антиклинорий құрылымды қамтитын Тараз қ-нан солт.-батысқа қарай созылған кенді өңір. Негізгі кен байлықтары палеозойдың шөгінді қабаттарымен байланысты. Кенді ауданның атын шығарған төм. кембрий жыныстарымен қабаттасқан әйгілі Қаратау ]]фосфорит]] алабы 100 км-ге созылып, 45 кен орнын біріктіреді. Ең ірілері: Ақсай фосфорит кені, Көкжон фосфорит кені, Шолақтау фосфорит кені. Олар Қаратау, Тараз және Шымкент қалаларында орналасқан хим. өндірістердің шикізат базасы болып табылады. КІШІ ҚАРАТАУ КЕНДІ АУДАНЫның жалпы қоры 2 млрд. т-дан астам деп болжанған. Ауданда қазір қоры сарқылған Сүлейменсай, Байжансай сияқты гидротермальды қорғасын-мырыш кен орындары бар. КІШІ ҚАРАТАУ КЕНДІ АУДАНЫнда әктас, доломит, гипс (Бурыл), шақпақтас (Шабақты, Қызыләуіт), целестин (Тұзкөл) көп тараған, аздаған тас көмір қоры да (Бурыл) ұшырайды. Көкжон жотасында кварц-желілі формацияға жататын алтын кендері барланған. Кішігірім вольфрам-молибден, темір-марганец кендері каледон интрузивтерімен байланысты.
## Дереккөздер |
Кіші Қаратау қатпарлы белдемі - Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында. Солтүстік-батыс бағытта Үлкен Қаратау қатпарлы белдеміне қатарласа орналасқан. Ұзындығы 150 – 200 км, ені 35 – 40 км.
## Геологиялық құрылымы
Кіші Қаратау аймағы ірі асимметриялық Қаратау антиклинорийінің солтүстік-шығыс қанаты болып қалыптасқан. Қаратау антиклинорийінің ядросы Көкжота (Көкжон) сериясының метаморфталуға шалдыққан тақтатастарынан, солтүстік-шығыс қанаты Қараой мен Тамды серияларының тау жыныстарынан түзілген. Палеозой дәуірінде геосинклинальдық белдеулер жедел дамып қатпарлы тау сілемдері бой түзеген. Кіші Қаратау қатпарлары белдемінің пайда болуы, негізінен, каледон тектогенезімен байланысты герцин циклінде қалыптасуы жалғасқан. Каледон тектоникалық түзілімдерінде солтүстік-батысқа қарай созылған ерте палеозой қатпарлары түзілген. Көкжота сериясының тау жыныстары енді белдеу құрып, солтүстік-батыс бағытта созылған, қатпарлардың қанаттары оңтүстік-шығысқа бағытталған. Қараой мен Тамды серияларының тау жыныстары Көкжота сериясының жыныстарына қатарласа созылған. Олардың изоклиндік қанаттары оңтүстік-шығысқа қарай бағытталған. Тек Кіші Қаратау қатпарлары белдемінің оңтүстік-шығыс шетінде қанаттары тік оңтүстік-батысқа қарай төңкерілген.
## Негізгі жарылымдары
Каледон және герцин тектогенездерінде кіші Қаратау қатпарлары белдемінде бірнеше бойлық бағыттағы ірі жарылымдар орын алған. Бұл жарылымдардың негізгілері: Бас Қаратау жарылымы, Үлкен Қараой, Кіші Қараой және Ақтау жарылымдары. Бас Қаратау жарылымы бойының екі жағындағы блоктар бір-бірінен 500-700 м-ге ысырылған. Каледон тектогенезі кезінде жарылымдар бойымен қышқыл магма еніп граниттер қалыптасқан. Герцин тектоникалық циклінде орта палеозой шөгінділері қатпарланған. Осы кезде ірі дизъюнктивтік жарылымдар орын алды. Герциндік тектогенез нәтижесінде Кіші Қаратау сілемі бірнеше ірі блоктарға бөлінді. Мезозой (триас, юра, бор кезеңдері) және альпі қатпарлықтары циклдерінде герциндік жарылымдар қайта жаңғырып, кіші Қаратау қатпарлары беледемі жалпылама жоғары көтерілуге ұшыраған.
## Дереккөздер |
Кіндікті – Ертіс алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Абай облысы Аягөз, Көкпекті, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандарының жерімен ағады. Ұзындығы 91 км, су жиналатын алабы 1220 км².
## Бастауы
Бастауын Тарбағатай жотасы ның солтүстік бөлігіндегі Қосмұрын, Сарымсақты, Сылдырама, тауларынан алып, Биғаш ауылынан шығысқа қарай 14 км жерде Көкпекті өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Жағалауы құмды-сазды, кейбір жері гранитті тік жарлы. Өзен жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Суы егін суғаруға пайдаланылады. Жайылмасы шабындық.
## Дереккөздер |
Кіші қаратау жер асты су алабы, Жамбыл облысы Сарысу және Талас аудандарының аумағында орналасқан. Жер асты суын алғашқы зерттеулер 1946 – 47 ж. басталған. 1947 – 92 ж. Оң түстік Қазақстан геология басқармасы Кіші Қаратауда фосфор кен орындарының ашылуына байланысты шахталар жүйесіне құйылатын жер асты суының көлемін анықтау және ауыз сумен қамтамасыз ету үшін кең көлемді гидрогеологиялы жұмыстар жүргізді (Т.Айтуаров, М.Жұмағұлов, Р.Ахметов, Р.Айымбетов, т.б.). Жер асты суы кембрий-ордовик кезеңдерінің карстық-жарықшақты әктастарында таралған. Сулы қабаттың қалыңдығы 40 – 300 м. Осы тереңдікке бұрғыланған гидрогеология ұңғымалардан тәулігіне 2,2 – 86,4 мың м3 су шығады. Жер асты суының мол көзі тектоникалық жарылымдарда қалыптасқан. Өзен аңғарларында және тектоникалық жарылымдарда көптеген қайнар бұлақтар (Жылыбұлақ, т.б.) бар. Олардан тәулігіне 4,3 – 34 мың м3 су шығады. Жер асты суы тұщы, минералдары 1,0 г/литрлерден аспайды, химиялық құрамы гидрокарбонатты-кальцийлік түрге жатады. Алапта 10 кен орны жете зерттелген. Оның ішінде Бүркітті, Көктал, Майтөбе, Тамды су кен көздері Қаратау, Жаңатас қалаларын, т.б. елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге пайдаланылуда. Жер асты суының пайдалануға болатын тәуліктік жалпы қоры 216 мың м3 көлемдей деп болжанған.
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, 9-том |
Кіші қызылоба – Көшім алабындағы көл.
## Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Бөрік ауылынан солтүстікке қарай 5 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 3,5 км2, ұзындығы 3,6 км, ені 1,7 км, жағалау бойының ұзындығы 19,7 км. Жағалауы жарлы келген. Суы ащы. Негізінен жауын-шашын, жер асты суларымен толысады. Суы қарашаның 1-жартысында қатып, сәуірдің ортасында ериді. Жазда құрғап қалады. Жағалауы жайылым ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Кіші Қоскөл – Есіл алабындағы көл.
## Географиялық орны
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Антоновка ауылының оңтүстігінде орналасқан. Теңіз деңгейінен 275 м биіктікте.
## Гидрографикасы
Аумағы 9 км2, ұзындығы 4 км, енді жері 2,7 км, жағалау бойының ұзындығы 11 км. Оңтүстік жағалауға жақын бөлігі көктеректі-қайыңды шоқ тоғайлармен көмкерілген, қалған бөлігі ашық, жағасында қамыс, құрақ өседі. Суы тұзды. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толысады. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді. Мал суаруға пайдаланылады. |
Кішімайлан – Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы күмбез тәрізді тау. Ауданның батысында, Сілеті өзеннің оң жағалауында орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 352 м, ұзындығы мен ені 600-800 м. Тіктеу келген батыс беткейі Сілеті өзеніне тіреледі, шығысы – көлбеу.
## Геологиялық құрылымы
Жоғарғы девонның интрузивті тау жыныстарынан түзілген жер қыртысын аллювийлі шөгінділер жапқан.
## Өсімдігі
Қызғылт қоңыр және шалғынды топырақтарында әр түрлі шөптесінді бетеге, ал кейбір жерлерінде астық тұқымдас шалғынды өсімдіктер өскен.
## Дереккөздер |
Кіші Өсек, Кіші Үсек – Іле алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Панфилов ауданы жерімен ағады.
## Бастауы
Бастауын Жетісу Алатауының оңтүстік сілемі Тоқсанбай жотасындағы мұздықтардан алып, Өсек өзеніне сол жағалауынан құяды. Ұзындығы 41 км, су жиналатын алабы 407 км2.
## Гидрологиясы
Аңғары жоғарғы және орта бөлігінде таулық сипатта. Көктемде ағыны қатты, суы мол болады. Су иірімділігі орташа. Жылдық орташа су ағымы 15 м3/с. Төменгі алабы мал жайылымы. Өзен суын ауыз су ретінде пайдалануға болады.
## Дереккөздер |
Малоубинка — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы ауыл, Малоубинка ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Глубокое кентінен солтүстік-шығысқа қарай 57 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Кішітау – Ұлытау жотасының оңтүстік-батысындағы тау.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Ұлытау ауданының орта тұсында, Дулығалы Жыланшық өзенінің бастауында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 793 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 10-12 км-ге созылып жатыр, ені 6- 8 км.
## Геологиялық құрылымы
Протерозой жыныстарынан түзілген.
## Жер бедері
Тау басы тегіс, көлбеу беткейлері қорымтасты. Кішітаудан батысқа қарай Дулығалы жыланшық, оңтүстікке қарай Қумола, шығысқа қарай Жезді өзендері бастау алады.
## Өсімдігі
Беткейлеріндегі аласатаулық сұр топырағында қара жусан, көкпек өседі. Баурайы мал жайылымына қолайлы.
## Дереккөздер |
Кіші Тораңғыл – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы көл. Есіл су алабына жатады.
Новопокровка және Белоглинка ауылдары аралығында орналасқан. Теңіз деңгейінен 179,2 м биіктікте.
## Гидрографикасы
Аумағы 25,5 км2, ұзындығы 6,4 км, ені 5 км, жағалау бойының ұзындығы 18,4 км. Суының көлемі 89 млн. м3, су жиналатын аумағы 970 км2.
## Жағалау сипаты
Жағалауы құмдақты, тік жарлы келген. Көл түбі негізінен тегіс, тұнбасының қалыңдығы 0,1 – 0,3 м. Суының минералдылығы 2,5-тен 8 г/л-ге дейін. Балдырларға бай (52 түрі кездеседі), олар 4 түрге (көк жасыл, жасыл, диатомды және эвгленді) бөлінеді. Балықтың 19 түрі кездеседі. Көл облыстағы балық аулайтын негізгі нысандардың бірі. Суы түрлі шаруашылықтарға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Кіші Қобда – Жайық алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысының Қобда ауданы және Ресей (Орынбор облысы) жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 116 км, су жиналатын алабы 1240 км².
## Бастауы
Бастауын Ресейдегі Сабындыкөл атырабындағы қыратты бұлақтан алып, Жиренқопа ауылы тұсында Қобда өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Ағыны баяу, су деңгейі көктемде 18 – 20 тәуліктей көтеріледі. Жылдық орташа су ағымы 0,44 м³/с. Суында сазан, шортан, қарабалық бар. Егін суғарылады. Жағалауы – жайылым.
## Су тізілімінің мәліметтері
Ресей мемлекеттік су тізілімінің мәліметі бойынша Жайық су алабы өңіріне жатады, өзеннің сушаруашылық бөлігі — Елек. Өзен саласы болмайды, өзен алабы — Жайық (су алабының Ресейдегі бөлігі).
Ресей су ресурстары федералды агенттігі дайындаған РФ аумағын сушаруашылығы бойынша аудандастыру жөніндегі геоақпараттық жүйе мәліметтері бойынша:
* Мемлекеттік су тізіліміндегі су нысанының коды — 12010000912112200009168
* Гидрологиялық тұрғыдан зерттелу (ГЗ) коды — 112200916
* Су алабының коды — 12.01.00.009
* ГЗ томының нөмірі — 12
* ГЗ бойынша шығарылуы — 2
## Дереккөздер |
Кіші Үлбі – Ертіс алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысының Алтай, Глубокое аудандары жеріндегі өзен. Ұзындығы 119 км, су жиналатын алабы 2300 км2.
## Бастауы
Үлбі жотасының солтүстік-шығыс бөлігінде Жоғарғы Үлбі бөгенінен басталып, Жаңа Үлбі ауылы тұсында Үлбі өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Аңғары тар, жағасы тік жарлы. Жаңбыр, қар және жер асты суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 6,45 м3/с.
## Дереккөздер |
Кіші Шабақты – Ақмола облысының Бурабай ауданындағы ағынсыз тұзды көл. Бурабай ауылының жанында.
## Гидрографикасы
Ауданы 21,4 км2, ұзындығы 13,6 км, енді жері 2,7 км, жағалау бойының ұзындығы 29,2 км, терең жері 6,6 м. Көлдің тасты, саздақты келген солтүстік және батыс жағалауы түйетайлы, оңтүстік-шығысы ұсақ шоқылы төбеге тіреледі. Суы тұзды (2,7 г/л). Мал суаруға пайдаланылады. |
Кіші Қатпаған – Ұлы Жыланшық алабындағы, Жыланшықтүрме қыратының батыс бөлігіндегі тұзды көл.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Амангелді ауданы Рахмет ауылының солтүстік-шығысында 36 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 193 м биіктікте.
## Гидрографикасы
Аумағы 3,2 км2, ұзындығы 2,2 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 8 км. Жағалауы жарлауытты, аз тілімденген. Оңтүстік жағалауынан көктем айларында бұлақтан бастау алатын ұсақ арна құяды. Қараша айының аяғында суы қатып, сәуірде ериді. Жағалауында қамыс, құрақ өседі. |
Кіші Сарыоба – Есіл алабындағы тұзды көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Аршалы ауданында, Сарыоба ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан. Теңіз деңгейінен 400 м биіктікте.
## Аумағы
Аумағы 5,2 км2, ұзындығы 3,4 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 8,6 км. Орташа тереңдігі 2 м.
## Жер бедері мен гидрографикасы
Көл төбелер қоршаған қазаншұңқырлы ойыста жатыр. Кіші Сарыобаға көктемде кішігірім өзен құяды. Жағасы тік жарлы, биіктікігі 2 – 3 м. Көл айдыны ашық, жағасынан 100 – 150 м жерде су асты өсімдіктері кездеседі. Көктемде деңгейі көтеріліп, орта сулы жылдары тереңдігі 0,4 – 0,5 м-ге, суы мол жылдары 1,0 – 1,2 м-ге жетеді. Мұзының қалыңдығы 0,7 – 0,8 м, қыста 1 м-ге дейін жетеді. Суының минералдылығы жоғары. |
Қабанқұлақ – Бақырлытау тауының солтүстігіндегі төбе.
## Географиялық орны
Түркістан облысы Созақ ауданы Бақырлы ауылының солтүстігінде 45 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 185 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 4 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км. Оқшауланған төбенің етегі тегіс, жазық келген. Солтүстік бөлігін Шу сағасындағы көл қазаншұңқырлары мен сор алқаптары алып жатыр. Маңында Бұғыжел құдығы мен қоныс орындары бар.
## Дереккөздер |
Кішітақыр – Шағырай үстіртіндегі қоныс. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Бегімбет ауылының оң түстік-батысында 85 км жерде орналасқан.
Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 10 км-ге созылып жатыр, енді жері 7 – 8 км. Теңіз деңгейінен шамамен 200 м биіктікте. Үстіртті жазықтағы қоныстың бойынан көктемде Шаған өзенінің саласы ағады. Жазда құрғақ арнаға айналады. Шаған өзеніне құятын батыс бөлігіндегі жыралы жарқабақтардың биіктігі 5 – 6 м. Қоныстың басым бөлігі тақыр келген.
## Дереккөздер |
Қабыланқыр – Үстірттің оңтүстігінде орналасқан үстіртті жазық.
## Географиялық орны
Қазақстан мен Түрікменстан мемлекеттері аралығында, солтүстік-батыстан оңтүстікке қарай доғаша иіліп 190 км-ге созылып жатыр.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 305 м, енді жері 45 км-ге жетеді. Қазақстан бөлігіндегі абсолюттік биіктігі 229 м (Құлантақыр тауы). Құлантақырдың кемерленіп келген батысын бойлай солтүстіктен оңтүстікке қарай 100 км-ге созылған Гекленқұм (Қарасор) соры жайласқан. Үстірттің жер бедері қиыршықты-сазды келген жазық.
## Геологиялық құрылымы
Жер қыртысы орта плиоцен дәуірінің әктас, теңіздің сазды-батпақты шөгінділерінен түзілген.
## Өсімдігі
Сұр, сортаң сұр топырағында қара сексеуіл, тетір, баялыш, бұйырғын, тасбұйырғын, т.б. шөлдің сораң өсімдіктері өседі. Шығысында Қабыланқыр қорығы орналасқан (Түрікменстанда, 570 мың га). Батыс бөлігінің табанында минералдылығы 3 г/л-ден астам тұзды көлшіктер мен қайнар бұлақтар кездеседі. Қорықта қарақұйрық, қарақал, т.б. жануарлар мекендейді.
## Дереккөздер |
Кіші Қосқопа – Сарықопа көлінің алабындағы тұзды тұйық көл.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Амангелді ауданы жерінде орналасқан. Теңіз деңгейінен 111 м биіктікте.
## Гидрографикасы
Аумағы 6,8 км 2, ұзындыңы 4 км, енді жері 3 км. Жағалау бойының ұзындығы 11,2 км. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толысады. Жазда айдынының көп бөлігі тартылып, шалшықты көлге айналады. Суы желтоқсанда қатып, сәуірде ериді.
## Жағалау сипаты
Жағалауында қалың қамыс, құрақ өскен. Көл түбі лайлы. Кейбір бөліктерінде тұз тұнбалары шөккен. Кейбір жылдары айдынында суы тартылып, батпақты сорға айналады. Жағалауы – шабындық.
## Дереккөздер |
Кіші Майтөбе – Қаратал алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Кербұлақ ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 38 км, су жиналатын алабы 261 км2.
## Бастауы
Бастауын Дегерес тауының сол беткейінен алып, Майтөбе стансасынан төменде Дос өзеніне оң жағалауынан құяды.
## Гидрологиясы
Өзеннің жоғарғы ағысындағы жағалаулары тік жартасты келген. Төменгі ағысы біршама аласа және ашық. Жаз айларында суы тартылып, қарасуларға бөлініп қалады. Аңғары мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Елді мекен:
* Қабылсай – Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты ауыл.
Өзен:
* Қабылсай – Арыс алабындағы өзен. |
Қабыланқыр кемері – Үстірттің оңтүстігінде, Маңғыстау облысы Қарақия ауданында орналасқан.
## Географиялық орны
Қазақстан мен Түрікменстан шекарасы бойымен ендік бағытта 85 км-ге созылып жатыр.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі орта тұсында 310 м-ге жетеді. Миоценнің қатпарлы құрылымдарынан тұрады. Кемер табанында теңіз деңгейінен 28 м төмен жатқан Қазақсор, Селдепме сорлары бар. Онда шөлдік белдемнің сораң шөптері өседі. Қабыланқыр кемерінің шеткі бөліктерінде Қазақ, Құмсебшен, т.б. құдықтар орналасқан.
## Дереккөздер |
Қабақ (лат. Lagenarіa ) – асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Ежелден тропиктік, субтропиктік аймақтарда кездеседі. 1 түрі (кейбір деректерде 5 – 6 түрі) белгілі. Қазақстанның оңт-нде жемісі үшін және әсемдік өсімдік ретінде қолдан өсірілетін – кәдімгі Қабақ немесе ожау Қабақ (L. vulgarіs) бар. Буынды сабағы төселмелі немесе шырмалып өседі, ұзындығы 2 – 5 м. Дөңгелек пішінді бұйра жапырақтарының сыртын түкбасқан. Жапырақ қолтығынан дара, түтік тәрізді ақ гүлдері жетіледі. Олар масақ гүлшоғырын құрайды, бір үйлі. Маусым – қыркүйек айларында гүлдеп, тамыз – қарашада жемістенеді. Піскен жеміс қабы қатаң, су өткізбейді, пішіні құмыра, алмұрт, шар, цилиндр, табақ тәрізді болады. Жеміс қабы ыдыс ретінде пайдаланылады, сондай-ақ одан муз. аспаптар, балалардың ойыншығын жасайды. Ал Орта Азияда ежелден қабақтың жемісін кептіріп, шақша (табакерка) жасайды. Тұқымынан жоғары калориялы тағамға қосатын май алынады, жұмсақ, иілгіш сабағынан кәрзеңке және қалпақ тоқиды.
## Дереккөздер |
ҚАБЫРҒАТАУ, Қабырғайтау – Үлкен Борсық құмының шығысындағы қоныс. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Алақозы ауылының сол түстік-шығысында 35 км жерде орналасқан. Сол түстіктен оң түстікке қарай бойлық бағытта 25 км-ге созылған. Енді жері 7 – 9 км. Жонды-қырқалы келген жер бедерінің теңіз деңгейінен биіктігі 263 м. Қоныс бойында Сорқұдық, Қараөлең, т.б. қыстаулар орналасқан. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
## Сілтемелер |
Кіші Тобылжан – Ертіс алабындағы тұзды тұйық көл.
## Географиялық орны
Павлодар облысы Успен ауданы Равнополь ауылының шығысында 10 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 92 м биіктікте.
## Гидрографикасы
Аумағы 10,9 км2, ұзындығы 7,2 км, енді жері 2,8 км, жағалау бойының ұзындығы 18 км. Жағалауы жайпақ, көбіне сортаңды, оңтүстік батпақты болып келеді. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толысады. Қараша айының аяғында суы қатып, сәуірде ериді. Түбі лайлы. Көлден кәсіптік маңызы бар ас тұзы алынады.
## Дереккөздер |
Қабырға – Торғай алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Жангелді ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 144 км, су жиналатын алабы 3870 км2.
## Бастауы
Тікбұлақ және Ащыбұлақ өзендері құйылысынан басталып, Өлкейек өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Аңғары бас жағында тар, төм. бөлігінде кең, жайпақ өзектерге бөлінеді. Су деңгейі көктемде көтеріледі. Жазда суы тартылып, қарасуларға бөлініп қалады. Жылдық орташа су ағымы сағасында секундына 1,11 м3-ді құрайды. Өзен суы мал суаруға, шабындықты көлтабандатып суландыруға пайдаланады.
## Дереккөздер |
Қабыршақты – Сарысу өзенінің алабындағы көл.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Қызылжар кентінің солтүстік-батысында 8 км жердегі көл. Теңіз деңгейінен 354 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 5,8 км2, ұзындығы 4 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 14 км, ең терең жері 1,3 м, су жиналатын алабы 916 км2. Қабыршықты көліне солтүстіктен Сарыөзен өзені құяды.
## Жағалау сипаты
Жағалауы жазық, пішіні доғаша келген. Өзен және жауын-шашын суларымен толысады. Суы қарашада қатып, наурызда ериді. Көл жағасында, қамыс, құрақ, сораң өседі. Алабы шабындық пен жайылымға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Қағанақ (гр. funiculus amnion — сулы қабық, амнион) - эмбриональдық даму кезеңінде ұрықты қаптап жатқан сулы қабық. Қағанақ ұрық денесімен кіндік арқылы байланысып, өзінен сұйық бөлу арқылы ұрықтың айналасында, оның дамуына қолайлы сулы орта түзіп, оны әртүрлі механикалық әсерлерден қорғап, қорғаныс қызметін атқарумен қатар, ұрықты кеуіп кетуден сақтап, оның қоректенуін қамтамасыз етеді. Қағанақ — амниоттарда, яғни адам мен қағанақты омыртқалы жануарларда (құстар мен сүтқоректілерде) жақсы дамыған ұрық қабығы. Құстардың жұмыртқадағы ішбалапандары — эмбриогенездің 16-17 тәуліктерінде қағанақ сұйығын жұтып, қоректік зат ретінде пайдаланады. Қағанақ — ұрық денесінің сыртқы жағындағы эктодерма мен мезодерма спланхнотомының қабырғалық (париетальды) жапырағынан дамып, ұрықты сыртынан қоршай қаптап өскен қағанақ қатпарларының қосылуынан пайда болады. Оның ішкі бетін астарлайтын эктодерма жасушалары қағанақ қуысына сұйық бөледі. Ал қағанақтың сыртқы париетальды мезодерма қабаты несепқабықтың сыртқы висцеральды мезодерма қабатымен бірігіп, қан тамырларының торлары жақсы дамып жетілетін алланто-амнион қабатын құрайды.
## Дереккөздер
Амнион |
Қабыршөп (лат. Vinca) – кендірлер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Негізінен Жерорта тeңізі жағалауларында кездесетін 12 түрі белгілі. Қазақстанда таудың тастақты және қиыршықтасты беткейлеріндегі бұталар арасында өсетін 2 түрі (кіші Қабыршөп, түзу Қабыршөп) бар. Соның ішінде жиі кездесетіні – кіші Қабыршөп (V. mіnor). Оның биікт. 25 – 30 см, сабағы жалаңаш, бұтақтанған. Гүлдейтін бұтақтары түзу өседі. Жапырақтары эллипс тәрізді (ұзындығы 3 – 5 см, ені 1,5 – 2,5 см), үшкір, қысқа сағақты. Тостағанша жапырақшалары терең бес бөлікке бөлінген, күлтелері түтік тәрізді, ортаңғы бөлігі аздап кеңейіп келеді, бес қалақты, көк түсті. Дара гүлдері жапырақ қолтығынан шығады. Мамыр айында гүлдеп, шілде – тамызда жеміс салады. Жемісі – бүйіріндегі тігісінен ашылатын қос жапырақша. Тұқымдарының айдаршасы болмайды. Кіші Қабыршөп гүлі әдемі болғандықтан негізінен бақтарда, парктерде мәдени түрде өсіріледі.
## Дереккөздер |
Қабыскөл – Ойыл алабындағы көл.
## Географиялық орны
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ақшілік қыстауының оңтүстік-шығысында 52 км жерде, теңіз деңгейінен 67 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Ендік бағытта жатқан көлдің аумағы 5,3 км2, ұзындығы 3,8 км, енді жері 1,6 км, жағалау бойының ұзындығы 11 км. Шаруашылыққа жарамсыз.
## Дереккөздер |
Қадырбай – Ертіс алабындағы тұзды көл.
## Географиялық орны
Павлодар облысы Аққулы ауданындағы Жабағылы ауылының оңтүстігінде 4 км жерде орналасқан. Көл теңіз деңгейінен 94 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 3,7 км2, ұзындығы 2,8 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 8 км.
## Жағалау сипаты
Ендік бағытта созылып жатқан көлдің жағалауы жайпақ, онда қамыс, құрақ шоғырлары кездеседі. Алабы шабындыққа пайдаланылады. Солтүстік-батысында 2 км жерде қарағайлы-қайыңды шоқ орманы орналасқан. |
Қыдырғали (Қадырғали) - қазақ ер есімі:
* Қадырғали Жалайыр
* Қадырғали Жәлелұлы Ахметов
* Қадырғали Қонысбайұлы Жаманбалин |
Қабыршақ (squama) – балықтардың, бауырымен жорғалаушылардың, құстардың және кейбір сүтқоректілердің тері қаңқасының метамерлі қатты тақташықтары (пластинкалары). Қорғаныштық қызмет атқарады. Қабыршақтың пішіні мен құрылысы әр түрлі жүйеленімдік топтарда әр алуан. Қазбадан табылған жақсыздар мен балықтардың Қабыршақты – мезодермадан пайда болған сүйекті тін (дентин, сүйек), жануарлар денесінде диагональ орналасады әрі қорғаныштан басқа тірек-қозғалыс қызметін атқарады. Төменгі сатыдағы омыртқалыларда (дөңгелекауыздылар, балықтар, қосмекенділер) алғашында плакоидты Қабыршақ (шеміршекті балықтарда) пайда болып, сол қабыршақтан құрылысы күрделі сүйекті балықтардың: ганоидты, космоидты және сүйекті қабыршақтары дамиды. Балық Қабыршақтарының барлық түрі де организмнің дамуына сәйкес циклде өседі, яғни жазда, қорегі мол кезде Қабыршақта тез ұлғаяды, ал қыста қорегінің аздығынан Қабыршақ нашар өседі және жылдық сақина пайда болады. Жылдық сақиналар арқылы балықтың жасын анықтауға болады. Саусаққанатты балықтардың Қабыршақына ұқсас сүйекті қабыршақтар кейбір стегоцефалдар мен қазіргі аяқсыз қосмекенділерде (құртша, балықжылан) кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардың, құстардың және кейбір сүтқоректілердің мүйізді Қабыршақтары эпидермистің сыртқы қабатынан түзіледі. Мүйізді Қабыршақтар әдетте, түлеу арқылы жаңарып отырады. Бауырымен жорғалаушылардың мүйізді Қабыршақы кейде қайта сүйектенген терімен тұтасып кетеді де денесін түгел жабады (қолтырауын, тасбақа), құстарда – тек аяқтарында, сүтқоректілерде (қалталылар, кеміргіштер, жәндікқоректілер, т.б.) негізінен құйрығында болады. Құстардың қауырсыны мүйізді Қабыршақтың туындысы деп саналады. Сүтқоректілердің филогенезінде мүйізді Қабыршақтың орнында түк пайда болған. Денедегі қалың Қабыршақтың қайталап дамуы сауыттылар (броненосец) мен панголиндерде байқалады.
## Термин аудармасы
Корка( лат. corticulus) — қабыршақ. Жара болған ткань қалпына келе бастағанда пайда болатын морфологиялық түзіліс.
Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі
## Дереккөздер |
Қазақбай бөгені — Жамбыл облысы Талас ауданы жерінде, Талас өзені бойында 1973 жылы салынған.
## Гидрологиялық сипаты
Су сыйымдылығы 2 млн. м³. Бөгеннің суымен 1 мың га жер суғарылады және суландырылады.
## Дереккөздер |
Кіші Үлбі бөгені — Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының оңтүстік-шығыс жағында 35 км жерде орналасқан бөген. 1938 жылы іске қосылған.
## Гидрологиялық сипаты
Аумағы 6,5 км², ұзындығы 5 км, енді жері 3 км, жағалауының ұзыындығы 40 км, орташа тереңді 13,4 м, шарасының су сыйымдылғы 87,8 млн. м³. Су жиналатын алабы 40,5 км². Энергетика мақсатта салынған.
## Дереккөздер |
Қабантақыр – Павлодар облысы Шарбақты ауданы Орловка ауылының солтүстігіндегі тұзды көл. Теңіз деңгейінен 125,1 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 3,3 км2, ұзындығы 2,5 км, енді жері 1,5 км, жағалау бойының ұзындығы 6,8 м. Көлдің су сыйымдылығы 0,8 млн. м3, тереңдігі 0,4 м, су жиналатын алабы 218 км2.
## Жағалау сипаты
Сопақ пішінді Қабантақыр көл қазаншұңқырында жатыр. Жағалаулары жайпақ, сортаң басқан. Кейбір жерлерінде қамыс шоғырлары кездеседі. Саздақ және құмдақтардан тұратын су жиналатын алабы сәл белесті жазық. Тұзды суы шаруашылыққа жарамсыз. |
Қазақ ешкісі – ет, сүт, түбіт өнімдерін мол беретін ешкі тұқымдарының бірі. Бірнеше ешкі тұқымдарын будандастыру арқылы, олардың өнімділігі арттырылып, жергілікті табиғат жағдайларына бейімдендірілді. Бұл ешкілер ыстық пен суыққа төзімді, етті әрі ірі келеді. Сақа ешкілер орта есеппен 20 – 40 кг салмақ тартады. Тәулігіне 250 – 1000 мл сүт береді (сүтінің құрамы ана сүтінің құрамына жақын). Егіз тууға бейім (әрбір 100 аналықтан 120 – 200 төл алынады). Терісі өте құнды, одан сафиян, шегірен сияқты сапалы былғары түрлері алынады. Қазақстанның оңтүстік-батыс және солтүстік облыстарында өнімділігі мен өсімділігін арттыру мақсатында қазақ ешкісі ангор ешкісімен, дон ешкісімен және заанен ешкісімен (19 ғ-дан Швейцарияның Заане өз-нің бойында өсіріледі) будандастырылып, бірге бағылады. Қазақ ешкісін асылдандыру жұмысын Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институтының ғалымдары жүргізеді.
## Дереккөздер |
Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы – Алматы қаласында орналасқан ғылыми мекеме.
1959 ж. Қ.И.Сәтбаевтың басшылығымен Қазақстанда балық ш-н дамыту мақсатында құрылған. Алғашқы кезде Атырау облысының Балықшы кентінде орналасты.
1963 ж. Балқаш қаласына, 1987 ж. Алматы қаласына көшірілді. Атырауда, Аралда, Балқашта, Өскеменде (Аблакетка кентінде) ин-ттың бөлімшелері ұйымдастырылды. Бастапқыда 1959–1997 ж. ин-т 179 жобаны іске асырды, 300-дей биол. негіздемелер жасады.
## Зерттеу жұмыстары
### Бірінші кезең
Бастапқыда (1959 – 1964) негізінен Жайық өңірінде, Солтүстік Каспийде, Арал теңізінде, Алакөл, Балқаш көлдерінде, Бұқтырмада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
### Eкінші кезең
Зерттеу жұмыстарының екінші кезеңі (1965 – 1970) бірнеше облыстың (Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай) шағын көлдерін қамтыды. Республикада тоған және көл шаруашылықтарын ұйымдастыру биологиялық және экономикалық жағынан негізделе бастады.
### Үшінші кезең
Зерттеу жұмыстарының үшінші кезеңінде (1970 – 1990) балық өнімділігін көтеруге байланысты жұмыстар қолға алынды. Тоғандарға балықтың жаңа түрлері жерсіндірілді. Тұқы және шөппен қоректенетін балық тұқымдарын зауыттық әдіспен өсіру жүзеге асырылды. Гидрологиясы мен гидрохимиясы өзгерген жағдайда су айдындарына жаңа балық тұқымдарын жіберу негізделді. Арал теңізіне тұзды суға төзімді камбала балығы жерсіндірілді.
## Сыртқы сілтемелер
* http://www.kaznau.kz/web_kz/index.php?option=com_content&view=category&layout=blog&id=34&Itemid=41 Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
* http://www.agun.kz/?id=726&lang=kz
## Дереккөздер |
Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, В.Р. Вильямс атындағы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағында; егіншілік және өсімдік шаруашылығы бойынша аймақтық мәселелермен айналысатын жетекші үйлестіруші орталық.
Қазақ КСР-і Халық комиссарлары кеңесінің қаулысымен 1934 ж. құрылған. 2002 ж. ҚР Үкіметінің қаулысымен «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы» ғылыми-өндірістік орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбалық кентінде орналасқан. Құрамында 19 бөлім мен зертхана бар (2008). 1961 жылдан аспирантура жұмыс істейді.
## Институтың негізгі ғылым бағыттары
* аймақтық топырақ және су, т.б. ресурс қорларын сақтай отырып, кез келген шаруашылық құрылым жағдайына лайықтап, экологиялық таза әрі жоғары өнімді агроландшафтық егіншілік жүйесін құру;
* астық, бұршақ тұқымдастарының техникалық дақылдар мен жармалық дақылдарының, дәрілік өсімдіктердің құрғақшылыққа, өсімдік аурулары мен зиянкестеріне төзімді жаңа мол өнімді сорттары мен будандарын шығару, сондай-ақ оларды тұқымынан өсіру тиімділігін арттыру;
* әлемдік ғылыми жетістіктер мен озат тәжірибені өндіріске енгізу.
Институт суғарылмалы, суғарылмайтын және тәлімі жерлер үшін аймақтық егіншілік жүйелерін, негізгі танаптық дақылдарды өндіруде топырақ құнарлылығын сақтауға, шикізаттық және энергет. қорларды тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін тиімді әдістерді жасады; минералдық және органика тыңайтқыштарды қолдану, суғару мерзімі және қолдан суғарудың әдістері мен технологиясы, республиканың оңтүстік-шығыс аймағын гидромодульді аудандастыру жұмыстары жүргізіліп, оның қорытындылары республиканың 9 облысында өндіріске енгізілді. Қазақстанның батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында аумағы 0,4 млн. га жерге биоклиматтық ресурстармен және егіншілік жүйелерді сәйкестендірудің нәтижесінде астық тұқымдас дақылдарды агроэкология аудандастыру іске асырылды.
Институт ауыл шаруашылығы дақылдарының 250-ден астам сорттары мен буданын шығарып, оның 88-ін аудандастырды. Ғылыми жаңалықтары мен өнертабыстары үшін институт 24 патент алған (2008).
## Дереккөздер |
ҚАҒАНАҚСЫЗДАР, анамниялар (Anamnіa) – ұрығының дамуы кезінде арнайы ұрық қабықтары болмайтын төм. сатыдағы омыртқалы жануарлардың жеке тобы. Қағанақсыздарға дөңгелекауыздылар, шеміршекті балықтар және сүйекті балықтар, қосмекенділер жатады. Қағанақсыздарға жататын омыртқалы жануарлардың көпшілік түрлерінің тіршілігі тікелей сулы ортада өтеді. Қағанақсыздардың көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады, кейде іштей ұрықтанатын түрлері де кездеседі. Қағанақсыздардың ұрықтанған жұмыртқа клеткалары сулы ортада (кейде ылғалы мол жерлерде) дамиды. Олардың жұмыртқаларында жеткілікті мөлшерде сары уызы болады. Жұмыртқасы біркелкі бөлшектенбей дамиды. Жұмыртқадан сулы ортада тіршілік етуге бейімделген дернәсіл пайда болады. Қағанақсыздардың кейбір түрлерінің (балықтардың) дернәсілдері ересектеріне біршама ұқсас келеді. Ал кейбір түрлерінің (құйрықсыз қосмекенділердің) дернәсілдері күрделі түрленіп барып, ересектеріне айналады. Қағанақсыздардың кей түрлерінде (дөңгелекауыздыларда) үстіңгі және астыңғы жақ сүйектері болмайды. Ал балықтар мен қосмекенділерде жақ сүйектері жақсы дамыған. Қағанақсыздардың барлық түрі омыртқалы жануарлардың салқынқандылар (пойкилотермиялы) тобына жатады.
## Сілтемелер |
ҚАЗАҚСОР, Қазақ соры – Қазақстан (Қарақия ауданы), Түрікменстан және Өзбекстан шекараларының түйіскен жерінде жатқан сор. Аумағының басым бөлігі (75 – 80%-ы) Түрікменстанда. Ұзындығы 35 км, енді жері 10 км-ден астам. Қабыланқыр кемерінің шығысында жатқан сор табаны теңіз деңгейінен 35 м төменде. Оңтүстік, оңтүстік-батысын Құмсебшен құмды алқабы алып жатыр. Солтүстік, сол түстік-шығыс және шығысы Қабыланқыр кемерлі шыңымен шектелген. Кемердің салыстырмалы биіктігі 100 – 105 м. Батысында көктемгі қар, жаңбыр суларынан уақытша пайда болатын Селдепше құрғақ арнасы жатыр.
## Сілтемелер |
Қазақ лақсасы (лат. Echinops kasakorum) – астралылар тұқымдасына тұқымдасының лақса туысына жататын көпжылдық өсімдік.
## Таралу аймағы
Қазақстанда Қаратаудың солтүстік-шығысында, Түркістан облысы Созақ ауданы Созақ ауылының маңында кездеседі. Тау беткейлерінің тасты, тастақты және сары топырақты жерлерінде өседі.
## Биологиялық сипаттамасы
Биіктігі 60 см-дей, тамыры сүректеніп кеткен, оның жоғары бөлігі ақшыл түсті келеді. Сабағы дара тік өседі, сыртын ақшыл түк жапқан. Жиегі тілімденіп келген, тікенді жапырақтарының екі бетін қалың түк жауып жатады. Дара, домалақ, көкшіл түсті гүлі сабағының ұшында жетіледі. Гүл себеттерінің ұзындығы 12 – 15 мм, олар 18 – 20 ұзынша ромб тәрізді жапырақшалардан тұрады. Тұқымынан көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемістенеді. Қазақ лақсасы – өте сирек кездесетін, эндемик өсімдік. Оның таралу аймағы жылдан-жылға тарылып бара жатыр, сондықтан қорғауға алынып, ]]Қазақстанның «Қызыл кітабына»]] енгізілген.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Echinops kasakorum Pavlov |
Қазақ сербегі, қазақ брахантемумы (лат. Brachanthemum kasakhorum) – астралылар тұқымдасы, сербек туысына жататын шала бұта. Қазақстанда Тобыл – Есіл өзендерінің аңғарларында, Бетпақдала мен Балқаштың сол түстік-шығысында ғана кездеседі. Биіктігі 5 – 15 см, сабағы өте көп, қарапайым, жоғары қарай бұтақтана өсетін өсімдік. Жапырақтары ұзын, сағағынан шығатын жерінде жалпайып келеді (ұзындығы 1 см, ені 1,3 см). Жапырақтарының тақталары жартылай шеңбер тәрізді, тек жоғaрғы жапырақтарынікі саусақ салалы 3-ке бөлінген қысқа немесе ұзын, біз сияқты үшкір болады. Гүлдерінің саны 1 – 6, сары түсті, олар тісше тәрізді тілімденіп, дара себет гүлшоғырына топталған. Тамыз – қыркүйек айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – тұқымша, пішіні ұршық сияқты, ондағы 5 – 7 жүйкелері көзге әрең көрінеді, айдаршасы болмайды. Қазақ сеобегі таралу аймағы шектелген түр болғандықтан, Қазақстанның эндемигі болып саналады.
## Дереккөздер |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРМАН ҚОРЫ, Республиканың флорасы жоғары сатыдағы өсімдіктердің 6000-нан астам түрлерін қамтиды, соның ішінде 90%-ға жуығы орман қоры болып есептелінеді. Әсіресе тек Қазақстан жерінде ғана кездесетін ағаш түрлері (мыс., Шренк шыршасы, т.б.) өте бағалы. Республиканың жер қорының 60%-ға жуық жері өсімдік жамылғысымен қамтылған. Қазақстан жерінің орманды алқабы шамамен 3,8%-дай болса, кейбір облыстарда (Ақтөбе, Жезқазған, т.б.) бұл көрсеткіш 0,1%, ал Шығыс Қазақстан, Сол түстік Қазақстан облыстарында 14%, кейде одан жоғары болады. Орман қорының ауданы 24,3 млн. га, оның ішінде бұл жерлердің 50%-ынан астамы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының пайдалануына берілген. Республикада жыл сайын 506 мың м2 ағаш сүрегі, 94 мың м2 кеспе ағаш материалдары, 170-тей дәрі-дәрмектік шикізат дайындалады. Дегенмен соңғы кезде ормандардағы ағаштарды жаппай кесу, өрт, ауа райының қолайсыз жағдайларынан (қатты жел соғу, ұзақ уақыт жауған нөсер жаңбыр, т.б.) ағаштардың құлап өз тіршілігін жоюы жиі кездеседі. Соның нәтижесінде орман алқаптары азаюда. Ал ормандарды қалпына келтіру, орман алқаптарын ұлғайту жұмыстары қарқынды қолға алынбай отыр.
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасының экологиялық статусы, ҚР БҰҰ субъектісі ретінде Дүниежүзілік Мемлекеттер Қауымдастығына 1992 ж. қабылданды. Халықаралық құқық ұстанымдарына сәйкес өзінің меншікті ресурстарын пайдалану жөніндегі қоршаған орта мен даму саласындағы саясатқа сәйкес табиғи-тарихи тұрғыдан негізделіп, Ата заңмен бекітілген толық егеменді құқығын жүзеге асырады. Қазақстан Дүниежүз. Қауымдастыққа кіретін басқа елдердің мүдделерін сақтай отырып, экол. қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне жауапты болады. Қазақстан жері табиғи ресурстарға бай. Сондықтан энергет., т.б. табиғи ресурстардың ғаламдық және аймақтық нарықтарындағы табиғатты пайдалану мен интегр. процестер жүйесіне белсене қатысады. Республика аумағының біраз жері сейсмик. қауіпті болғандықтан зілзала қаупі табиғатты пайдалану мен экол. қауіптің техногендік факторына үстеме болып қосылады. БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму жөніндегі Рио-де-Жанейро декларациясының 6-ұстанымына сәйкес ұлттық экол. доктринада ҚР статусы жөнінен экологиясы әлсіз ел деп сипатталады. Сондықтан республикадағы табиғатты пайдаланудың экология проблемалары ұлттық, аймақтық және ғаламдық тұрғыдан өзекті мәселе болып саналады.
## Дереккөздер |
Қазақ күнтізбесі, байырғы қазақ күнтізбесі – табиғат құбылыстарын бақылаудан туған халықтың көп жылдық тәжірибелері қорытылған, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен білімдер жинағы. Табиғат құбылыстарының қайта айналып келіп отыруын, күн мен түннің, жыл мезгілдерінің (жаз, қыс, күз, көктем), айдың тууы мен батуының алмасуын; жұлдыздардың орналасу тәртібін, мұқият бақылап, есептеп ұғынудың қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы үшін орасан зор маңызы болды. Қазақтар өзінің байырғы күнтізбесі арқылы жайлауға қай уақытта көшу, күзеуге және қыстауға қай уақытта қайту, қой мен қозыны қырқу, күйекке алу, мал төлдету, соғым сою, егін егу, шөп шабу шаруашылық жұмыстарын жүргізу мезгілдерін негізінен есептеп белгілеп отырды. Бұл есептен жаңылу шаруашылық үшін қауіпті болды. Мысалы, күйек дәл уақытында алынбай, ерте алынса – мал суық айларда төлдеп шығынға ұшырайды, кеш алынса – қой қысыр қалады немесе төл кенже туып, жетіліп үлгермей қыс түседі. Мұндай жәйттер уақыт есебін мұқият білуді, айналадағы табиғат құбылыстарын қатаң бақылап отыруды қажет етті. Табиғат құбылыстарын, қоршаған ортаны, жұлдызды, аспанды бақылаудан туған, халықтың көп жылдық тәжірибесінде жинақталған, қорытылған, зерделенген астрон. құбылыстар мен білімдер жүйесі негізінде Қазақ күнтізбесі қалыптасты. Бұл күнтізбе шетсіз-шексіз кең далада мал бағуға, көшіп-қонуға, жол жүруге, жоқ іздеуге, аң аулауға, төрт құбыласын айыруға, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт-бағдарды ажыратып, өткел, суат, қоныс, құдықтарды адаспай табуға көмектесті. Халық арасында ауа райын болжайтын және уақыт есебімен шұғылданатын арнайы есепшілердің білім-тәжірибелері атадан балаға мирас болып қалып отырды. Есепшілер көптеген ұрпақтардың білім тәжірибесін жинақтап, жылма-жыл табиғат құбылыстарына бақылау жүргізіп, күн райын болжады. Олар Қазақ күнтізбесі нің толық жыл есебін жүргізді, маусымдық жұмыс кезеңдерін белгіледі, қыстың қандай болатыны туралы болжам жасады. Әр айдағы ауа райының шұғыл бұзылатын кезеңдерін, яғни үш, бес күндік амалдарды алдын-ала болжап, жұртқа хабарлап отырды. Осымен қатар қазақ қауымы планеталарды, жұлдыздарды жаңылыспай таныған. Олар, жайында өлең-жыр, сан алуан аңыздар шығарды.
Қазақтардың аспан денелеріне қойған аттары да өздерінің мал бағушылық өмірінен алынды. Жұлдызды аспан картасын олар Темірқазықтан бастады. Темірқазық – қазақтардың түнде жол жүргенде бағыт-беталысын бағдарлайтын астрон. компасы іспетті болды. Оның жанындағы екі жұлдыз “Ақбозат”, “Көкбозат” деп аталды. Жетіқарақшы қазақтың мал күзеткен күзетшілерінің астрон. сағаты еді. Күздің ұзақ таңында күзетшілер Жетіқарақшыға қарап кезек ауыстырды. Юпитерді – “Есекқырған”, Марсты – “Қызыл жұлдыз”, Сириусты – “Сүмбіле” деп атады. Бұлардың аспан күмбезіндегі орнын, қозғалысын біліп отырды. Үркер шоқжұлдызының қазақтар үшін мәні болды. Қазақтар Үркердің аууынан күн райы өзгереді деп білді. “Үркер жерге түспей жер қызбайды” деген содан қалса керек. Халық есепшілері Үркердің тууы мен батуын ұдайы қадағалаған, бақылап отырған, шаруашылық маусымдарын соған сәйкестендірген. Орион шоқжұлдызына ерекше көңіл бөліп, оны әр алуан аттармен: Арқар, Үш арқар, Таразы, Шідер деп атады. Шілденің аяғында “Таразы жұлдызының” тууы жаздың өтіп, аптаптың беті қайтқандығын аңғартады. Қазақ есепшілері бұл жұлдыздың көрінуіне қарап: “Таразы туса, таң салқын, бидай, тары піседі” деп тұжырымдайды. Сүмбіле туған соң жаз аяқталып, малдың тынышын алатын шыбын-шіркей кешікпей жоғалады. “Сүмбіле туса – су суыр” деген сөз егін орып, отын-су жинап, жылы үй дайындап, қыстың қамын ойлауды аңғартады. Қазақ есепшілері жыл айларын дұрыс есептеу үшін Айдың қозғалысын үнемі бақылап отырды. Олар бір жылды он екі айға, айды үш ондыққа (отыз күнге) бөлген; жыл мезгілдерін Күннің Үркерге қарағандағы жайына қарай да белгілеген. Күн көзіне негізделген жылдың айларын қазақтар “жұлдыз” деп атады. Бұл Жердің, Айдың он екі фазасына сәйкес он екі зодиактық шоқжұлдыздардың санын еске салады. Қазақтар дүниенің төрт тарабын күн көзінің күндізгі жайына қарай “күншығыс”, “күнбатыс”, “оңтүстік”, “солтүстік” деп атады. Ерте заманнан келе жатқан мүшел жылы есебінің қазақ өмірінде үлкен мәні болды. Қазақтар уақыт есебін осы мүшел жылы бойынша жүргізді. Әрбір жыл хайуан атымен: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз деп аталды. Мүшел жылы күн мен түннің көктемдегі теңелу кезі жиырма екінші наурызда ауысады. Байырғы Қазақ күнтізбесінде он екі айды бір жылға, үш айды бір тоқсанға, жеті күнді бір аптаға, бір күн мен бір түнді бір тәулікке есептеді және айлардың өз аттары болды: наурыз, сәуір (‘’көкек’’), мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қазақ есепшілері күннің түнге қатысты ұзару, қысқару құбылыстарын да мұқият бақылаған: күн желтоқсанда торғай адым, қаңтарда қарға адым, ақпанда ат адым ұзарды, шілдеде шіл адым қысқарды деседі. Қазақ күнтізбесі нде уақыт есебінің Үркер шоқжұлдызы бойынша жүргізілетін жүйесін тоғыс есебі деп атайды (Тоғыс есебі). Байырғы Қазақ күнтізбесі нде жыл басы көктемдегі күн мен түннің теңелуі (жиырма екінші наурыз) күнінен басталады. Бұл күні жаңа жыл – наурыз мейрамы өткізілді.
## Дереккөздер |
Қазақстанның ежелгі қорықтары – Қазақстан аумағындағы әр түрлі тарихи кезеңдерде ортa не жергілікті билік тарапынан немесе жеке меншік жер иесі тарапынан қорғауға алынып, шаруашылық айналымнан шығарылған, табиғаты ерекше сұлу, тарихи құнды жерлер.
Қазақстан жерінде табиғаты бай аймақтар ерте кездерден «қорықты жер» деп аталып, қатаң қорғауға алынғандығы тарихи жазба деректерден белгілі. Белгілі шығыстанушы ғалым А.Н. Бернштамның ұзақ жылдар бойы Қазақстан мен Қырғызстан өңіріне жүргізген археология зерттеулерінде Тянь-Шань тау бөктерлерінде қола дәуірден (б.з.б. 2 ғ.) 15 ғ-ға дейінгі мекендеген тайпалардың арнайы қорықты жерлері болғандығы туралы жазылған. Табиғаты әсем мұндай жерлерде ел қоныстанбаған. Сондықтан осындай қорықты жерлер жабайы жануарлардың емін-еркін өсіп көбеюіне өте қолайлы болған. Шығыстанушы ғалым Н.Я. Бичурин өз еңбектерінде б.з.б. 3 – 2 ғ-ларда Жетісу өңірінде мал шаруашылығымен шұғылданатын көшпелі үйсін тайпаларының мекендегенін және олардан шыққан дәулетті адамдардың табиғаты көркем жерлерді «қорық» деп белгілеп, ол жерлерге рұқсатсыз мал жаюға, аң аулауға тыйым салғаны туралы жазған. Қытай жиһанкезі Сюань Цзан Жетісу өңіріне жасаған саяхатында (7 ғ.) қазіргі Талас өзeнiнің таулы аңғарындағы Мыңбұлақ қойнауында орналасқан қорықты жер туралы жазған. Оның қолжазбаларында бұл қорықты жерде мойнына қоңырау тағылған жабайы бұғылардың өте көп болғаны және оларды ешкімнің атуына рұқсат етілмейтіні туралы деректер келтірілген. Сондай-ақ Талас өңірінде ертеде жабайы жылқының бір түрі – құланның да арнайы қорықта қорғалғандығын, сол өңірдегі жер-су атаулары да дәлелдей түседі. Белгілі тарихшы ғалым М.Е. Массон өз еңбектерінде Талас өзенінің жоғарғы ағысының аңғарында 7 – 9 ғ-ларда аң аулауға арналған қорықтың болғандығын жазады. Бұл қорықта негізінен жабайы құландар қорғалып «Құланқорық» деп аталған. Қазақстан жеріндегі ежелгі қорықтар негізінен Сырдария, Шу, Талас, Іле, Аягөз және Ертіс өзендерінің бойында, Сарыарқа өңірі мен Жайық алабында болған. Мысалы, Сыр бойындағы әйгілі «Кеңқорық», «Шаян», «Жаңақорған», Сарыарқадағы «Ерейментау», «Басқорық», «Ханқорық», «Киікті қорық», «Алтынқорық», Шыңғыстаудағы «Жидебай», Зайсан өңіріндегі «Сарышоқы» қорықтарын атауға болады. Ертеде республика жерінде қорықты жерлердің болғандығын дәлелдей түсетін география жер-су атаулары да көптеп кездеседі. Орта Азия және Қазақстан жерінде 90-ға жуық жер-су атаулары тікелей қорық атымен байланысты қойылған.
## Сілтемелер |
Қазақтың ақбас сиыры – сиырдың етті тұқымы. Қазақ және қалмақсиырларын герефорд бұқасымен будандастыру арқылы 1932 – 50 ж. Қазақстан мен Ресейде шығарылған.
Тұқым құрамында 11 зауыттық желісі бар, оның 9-ы Қазақстанда. Бұл тұқым республиканың далалы және шөлейт аудандарының табиғи жағдайына бейімделген. Түсі қызыл, басы, құйрығының ұшы, әукесі, бауыры мен сирағы ақ болады. Етті малға тән белгілері өте айқын, тез жетіледі. Кеудесі кең, етті, аяқтары қысқа, берік келеді. Сақа бұқасы орта есеппен 800 – 900 кг (кейде 1100 – 1300 кг), сиыры 450 – 500 кг (кейде 520 – 580 кг), 7 – 8 айлық еркек танасы 200 – 220 кг, ұрғашы танасы 180 – 200 кг тартады. 15 – 18 айлығында еркек тайынша тәулігіне 900 – 1000 г, ұрғашы тайынша 700 – 800 г салмақ қосады. Ет түсімі 57 – 60%.
Қазақтың ақбас сиыры Ақмола облысының «Қазақстан», «Саха»; Шығыс Қазақстан облысының «Қалбатау», «Коростолевское»; Батыс Қазақстан облысының «Чапаевский»; Қостанай облысының «Ключевое», «Степное»; Павлодар облысының «Глазырина», «Дархан»; Сол түстік Қазақстан облысының «Алабота» шарушылықтарында өсіріледі. Тұқымды шығарған бір топ ғалымдарға (Н.З. Ғалиакберов, Б.М. Мусин, т.б.) КСРО Мемлекет сыйлығы берілді (1950).
## Дереккөздер |
Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты – ғылыми-тәжірибелік мекеме. 1932 жылы Бүкілодақтық Күріш тәжірибе станциясының (Краснодар қаласы) қарамағындағы Қызылорда күріш тәжірибе егістігі болып құрылған. 1950 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының (кейіннен оның Шығыс бөлімшесі) Қазақ бөлімшесінің Қазақ егіншілік институтының құрамына енді. 1956 жылы 21 тамызда Қызылорда мемлекеттік ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы болып құрылды. 1964 жылы 25 тамызда КСРО Мелиорация және шаруашылық минстрлігінің «Главриссовхозстрой» қарамағына берілді. 1972 жылы 25 ақпанда Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты, ал 1991 жылы бұл институт Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының құзырындағы Қызылорда ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды. 1994 жылы Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты деп аталды. 2003 жылдан Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылық ғылыми-өндірістік орталығының,2007 жылдан «ҚазАгроинновация» АҚ-ның еншілес мемлекеттік кәсіпорны болды. 2008 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «ҚазАгроинновация» АҚ «Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС болып қайта құрылды. 2011 жылы институтқаа Ы.Жақаевтың есімі берілді. 2017 жылдан «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы» КеАҚ құрамындағы «Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС деп аталады. Институтта: күріш селекциясы, тұқым шаруашылығы, агротехника, ғылыми-аналитика, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу және коммерцияландыру бөлімдері бар; тәжірибе шаруашылығынданда (Қарауылтөбе ғыл.-өндірістік тірек пункті) күріш, бидай және көпжылдық шөптердің аудандастырылған сорттарының элиталық және өнімділігі жоғары тұқымы өндіріледі. Институтта кейінгі жылдары 50-ге жуық елдің 1400 күріш сортынан тұратын Қазақстанның күріш текқоры жинақталған. Көп жылғы селекция жұмысы барысында 7 күріш сорты шығарылып, «КзРОС358»; «Маржан», «АШ-16», «Арал-202», «Ару», «Түгіскен-1» сорттары аудандастырылған. Қазіргі шетелдік жоғары өнімді, сабағы нығыз (дәндерінің орналасуы) сорттарына балама түрде қылтықсыз «Каз-НИИР-5», «КазЕр-6», «Арал-7» жаңа перспективті сорттар шығарылуда. 2008 жылдан Ресей күріш селекциясының аудандастырылған «Янтарь», «Новатор», «Лидер» сорттарының бастапқы тұқым шаруашылығын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Кейінгі жылдары пайдалануға жіберілген сорттардың мемлекеттік тізіміне түйе жоңышқасының жаңа «Аркас» сорты енгізілген (2006 ж.). Жоңышқаның «Түркістан-15» сорты, жүгерінің «Жадыра-21» буданы, сары түйе жоңышқасының «Арал-19», картоптың «Бірлік» сорты, қауынның «Дәмелі», «Сырдария» атты жаңа сорттары тіркелген.Институтта 8 докторлық, 38 кандидаттық диссертациялар қорғалды, ауыл шаруашылығы дақылдарының 8 сортына авторлық куәлік және 25 жаңалық құжаты алынды. Институт тарапынан «Қызылорда облысының ауылшаруашылық жүйесін жүргізу жайлы» 3 ұсыным, 97 өндіріске арналған ұсынымдар мен әдістемелер, 12 монография, 1150 ғылыми еңбек жарық көрді.
Сондай-ақ, ЮНЕСКО, Инко-Коперникус, БҰҰ жобаларын қолдау қоры, Ғаламдық экол. қор, Дүниежүз. банк, т.б. ұйымдар мен бірге Арал өңірінің экологиясын сауықтандыру жөніндегі бағдарламаларды дайындауға қатысады. Ин-тта ғылым докторлары С.Тәуіпбаев, С.Өмірзақов, Қ.Бәкірұлы, Х.Жамантіков, Л.Тохетова, Ә.Тоқтамысов, т.б. белгілі ғалымдар жұмыс істейді.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
ҚАЗАҚСТАН СПАРАССИСІ (Sparassіs kazachtanіcus) – базидиялы саңырауқұлақтар класы, гименомицеттер тобының афиллофоралар қатарына, рогатиктер тұқымдасына жататын саңырауқұлақ. Сол түстік Қазақстан облысының орташа гумусты (қара шірінді), қара топырақты жерлерінде өсетін топ қайыңдардың арасынан табылған. Қазақ спарассисінің жемістік денесі етжеңді қалпақша мен аяқшадан тұрады. Қалпақшасы дөңгелек сфера немесе шар тәрізді, диаметрі 6 – 8 см. Жас кезінде саңырауқұлақтың сыртын ақшыл перде жауып тұрады. Өсе келе пердесі жыртылып, астынан жапырақ тәрізді бір-бірімен жабысып, тарамдалып өскен қалпақшасы көрінеді. Аяқшасы жемістік денесінің ортасынан шығады. Оның биіктігі 6 – 8 см, ені 1,2 – 2 см, төменгі жағы жуан, ақшыл сұр түсті, ал жоғары қарай жіңішкере түседі, қоңырқай түсті болады. Қзақстан спарассисі – жеуге жарамсыз саңырауқұлақ. Өте сирек кездесетін, жойылып бара жатқан түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Сілтемелер |
Қазақтың етті-биязылау жүнді қойы – тез жетілгіш, жоғары сапалы етті, бағалы кроссбред және кроссбред типтес жүн беретін қой тұқымы.
1945 – 91 жылы 3 тұқымдық тип (сүле) құрамымен сынақтан өтті. Қаншеңгелдік сүле құйрықты қылшық жүнді саулықтарды прекос қошқарларымен ұрықтандырудан алынған будандарды өзара төлдетіп, бұдан алынған будандарды линколь, корридель тұқымдарымен кірістіре будандастыру нәтижесінде алынды. Ақсеңгірлік сүле – қазақтың биязы жүнді қойларын линкольн, ромни-марш, корридель қой тұқымдары қошқарларымен; ал шулық сүле – жергілікті биязы-қылшық жүнді қойларды ставрополь, оңтүстік қазақ мериносы, қазақтың етті – биязылау жүнді қой тұқымы қошқарларымен; қаншеңгелдік сүле – cолтүстік кавказ, ромни-марш, линкольн қой тұқымдары қошқарларымен кіріспе будандастыру жолдарымен шығарылды. Алынған қой тұқымының қошқарлары 90 – 110 кг, саулықтары 55 – 62 кг салмақ тартады, қошқарларынан 4,7 – 6,0 кг, саулықтарынан 2,5 – 3,0 кг таза жүн қырқылады. Кроссбред жүні жеңіл өнеркәсіп үшін аса бағалы шикізат болып табылып, арнайы мата және тоқыма бұйымдар жасау үшін пайдаланылады. Әрбір 100 саулықтан 120 – 140 қозы алынады. Бұл қой тұқымы Алматы, Жамбыл облыстарының түрлі меншік иелігіндегі қожалықтар мен Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институтының “Ақсеңгір” және К.Мыңбаев тәжірибе ш-тарында өсіріледі.
## Дереккөздер |
Қағыл – Желдіадыр тауларының солтүстік-шығысындағы шоқылы тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Нұра ауданы Жанбөбек ауылының оңтүстік-батысында 25 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттiк биіктігі 570 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта шамамен 10 км-ге созылған, енді жері 6 км. Беткейлері көлбеуленіп жазыққа ұласады. Солтүстігінде Қашырлы таулары, шығысында Сарыоба, оңтүстігінде Ақтасты, батысында Жидебек таулары орналасқан.
## Өсімдігі
Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында дала өсімдіктері өседі. Етегі мал жайылымы, шабындық ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Қазақстанның су ресурстары – Қазақстанның жер үсті суларының ресурсы сулылығы бойынша орташа көлемі 100,5 км3; соның ішінде не бары 56,5 км3-і ғана республика аумағында қалыптасқан, қалған көлемі Орта Азия мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келетін өзен суларынан құралады.
## Сипаттама
Өзен ағынының көлемі бойынша Қазақстан планетаның сумен неғұрлым аз қамтылған елдерінің қатарына жатады. Қажетті су тұтыну көлемі 54,5 км3-ді құрайды, мұның сулылығы бойынша орташа есеппен жылда шаруашылыққа пайдаланылу мүмкіндігі 46,0 км3-ден аспайды. Су тапшы жылдары су ресурстарының көлемі 58 км3-ге дейін, ал пайдаланылатын су тиісінше 26 км3-ге дейін төмендейді. Тұщы жер асты суларының қоры 15,1 км3-ді құрайды, оларды пайдалану деңгейі 11,3% немесе 1,7 км3. Қайтымды сулардың көлемі 4 км3, су көздеріне қайта құйылған су 2 км3-ден аспайды, қалған ағынды құрамы сейіледі немесе жерге сіңіп кетеді. Қайтымды сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаны ластаудың негізгі көзі болып табылады.
Соңғы кезде су ресурстарының сандық және сапалық сарқылуы жүріп жатыр. Адамзат өз қажеттілігіне негізінен гидросфера жалпы көлемінің 1% құрайтын тұщы суды пайдаланады. Бұл мәселені шешу үшін әлемдік мұхит, жер асты және мұздықтардың суын тұщыландыруды қарастыру керек. Бұлардың ішінде жер асты суларының біршама болашағы бар.
Қазақстан Республикасының меншікті сумен қамтамасыз етілуі-жылына бір адамға 37 мың м3/км2 немесе 6 мың м3. Қазақстанның үлкен аумағы мұхитқа шыға алмайтын ішкі көлдердің ағынсыз бассейндеріне жатады. Таулы аймақтарды қоспағанда, жауын-шашын шамалы.
Өзендердің жалпы су ресурстары 101 км3 құрайды, оның 57 км3 Қазақстан аумағында қалыптасады. Қалған көлем көршілес мемлекеттерден келеді: Ресей — 8 км3, Қытай — 19 км3, Өзбекстан — 15 км3, Қырғызстан-3 км3.
## Теңіздері
### Каспий теңізі
Каспий — дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды.
Ауданы — 376 000 км2. Ұзындығы шамамен 1200 шақырымға созылса, орташа ені — 300 шақырым. Теңіз жағалауының ұзындығы — 7000 км, оның солтүстік жағалауының басым бөлігі және шығыс жағалауының солтүстік жартысы Қазақстанға тиесілі (2340 км). Қалғаны Ресей, Әзірбайжан, Түрікменстан және Иран жерімен шектеседі.
Ең терең жері — 1025 м, орташа тереңдігі — 180 м. Маңғыстау, Қазақ, Қарабұғазкөл және т.б шығанақтары, 50-ге тарта аралдары бар (ірілері: Құлалы, Шешен, Артем, т.б). Ірі түбектері: Маңғыстау, Апшерон, Аграхан, Түрікменбашы, Шелекен.
Қыста солтүстігінің таяз бөлігі қатады. Каспийге 130-дай өзен құяды. Ағын су көлемінің 80%-ын Еділ, 5%-ын Жайық өзендері береді.
Теңізден бекіре тұқымдастары, майшабақ, табан, торта, көксерке, сазан көптеп ауланады. Каспий теңізі қара уылдырық өндіруден дүние жүзі бойынша алдыңғы орындардың бірінде.
### Арал теңізі
Арал теңізі Қазақстанның Қызылорда және Ақтөбе облыстары мен Өзбекстан елінің аумағында орналасқан.
Арал теңізіне Орталық Азияның 2 аса ірі өзені — Әмудария мен Сырдария құяды.
Бірақ 1970 жылдан бастап көлге құятын өзен суының көлемі жоққа тән болғандықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға шамасы жетпейді. Сондықтан теңіз суы жылдан жылға тартылып келеді. 1998 жылы теңіз деңгейі 18 метрге төмен түсіп. кетті.
Қазірде теңіз екі бөлікке бөлінген. Қыс бойы теңізді толығымен мұз басады. Суы 25 метрге дейінгі тереңдікті көруге болатын өте мөлдір болған. Арал теңізінде арал шоқыры, сазан, қаяз, торта, т.б балықтар бар. Соңғы кезде камбала жерсіндірілген.
## Көлдері
Қазақстан Республикасында 48 262 көл бар, оның 45 248-нің ауданы 1 км2-ден аз. Ауданы 100 км2 — 21-ден асатын ірі көлдер. Қазақстанды жер бетіндегі ең үлкен көл, Каспий теңізі және басқа да ірі көл, Арал теңізі жуады. Сонымен қатар, республика аумағында әлемдегі ең үлкен көлдердің бірі-Балқаш орналасқан.
Қазақстан аумағы бойынша көлдер біркелкі емес орналасқан. Елдің солтүстік бөлігі барлық көлдердің 45% — приходится, орталық және оңтүстік бөліктері 36% - приходится құрайды, қалған аймақтарда тек 19% көлдер бар.
Қазақстан көлдерінің жиынтық бетінің ауданы 45 002 км2-ге жетеді. Судың жалпы көлемі — 190 км³.
## Өзендері
Қазақстанда 85 022 өзен бар; оның 84 694-і ұзындығы 100 км-ге дейін, 305-і 500 км-ге дейін, 23-і ұзындығы 500-1000 км-ден асады. Өзен желісінің ең тығыздығы (0,4-1,8 км/км2) Алтай, хр таулы аудандарымен ерекшеленеді. Жетісу және Іле Алатауы. Өзен желісінің ең аз тығыздығы Арал және Каспий маңы құмды шөлдерінің аудандарында байқалады (0,03 км/км2-ден аз). Қазақстанда ұзындығы 10 шақырымдық белгіден асатын 7000-ға жуық өзен бар. Қазақстандағы өзендердің басым бөлігі Каспий және Арал теңіздерінің, Балқаш және теңіз көлдерінің ішкі тұйық бассейндеріне жатады, тек Ертіс, Есіл, Тобыл өз суларын Қара теңізге жеткізеді.
## Жерасты сулары
Қазақстанның жер асты сулары — Қазақстан Республикасында жер асты суларының едәуір қоры бар. Оның пайдаланылатын болжамды қоры жылына 55 млрд м³ деп есептеледі. Барланған 456 кен орны мен 122 телімнен жылына 16 млрд текше метр тұщы және тұздылығы аз су қорларын пайдалануға болады деп белгіленген. Жер үсті сулары секілді жер асты сулары да өте-мөте әркелкі болып бөлінген. Бұл қорлардың 70%-нан астамы еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында. Жер асты суларының барланған жалпы қорынан 261 кен орны (57%) мен 71 телім (58%) пайдаланылады.
## Су қоймалары
Қазақстан аумағында 309 су қоймасы бар, оның 83-і республикалық меншікте, 191-і коммуналдық меншікте және 35-і жеке меншікте. "Қазсушар" РМК қарауында 78 су қоймасы бар, қалған 5-і сенімгерлік басқаруда
## Мұздықтары
Қазақстан аумағындағы мұздықтар — жер суару мен гидроэнергетиканың басты көзі. Мұздықтар тұщы судың орасан зор қоймасы. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы География институтының ғалымдары республика мұздықтарының каталогын құрастырды. Соның нәтижесінде Қазақстанның тау мұздықтарының картасы жасалды. Қазақстан жерінде қазіргі мұздықтары таралған аудандары шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы - Алтай, Сауыр жоталары, Жетісу Алатауы, Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы, Күнгей Алатау, Теріскей Алатау жоталары. Республиканың барлық тауларында 2724 мұздық бар. Олардың алып жатқан ауданы - 2033,3 км². Бұл мұздықтардағы мұздың жалпы көлемі 100 км3.
## Су тұтыну
2014-2016 жылдары Қазақстанда жыл сайынғы су тұтыну көлемі орта есеппен 22,5 км3 құрады, оның 95 % — ы жер үсті сулары. Өнеркәсіптік қажеттіліктерге арналған су 5,23 км3 немесе суды тұтынудың жалпы көлемінің 25% құрады. Негізгі тұтынушылар-жылу энергетикасы, түсті металлургия, мұнай өнеркәсібі кәсіпорындары. Ауыл шаруашылығындағы суды тұтыну-12,1 км3, ол толығымен қайтарымсыз, барлық судың 98% - ы суару үлесіне жатады.
Суды тұтынудың жалпы құрылымында ауыз суды пайдалану 4-5 аспайды %.
## Су көздері
Қазақстан аумағын шартты түрде сегіз су шаруашылығы бассейніне бөлуге болады:
* Арал-Сырдария су шаруашылығы бассейні
* Балқаш-Алакөл су шаруашылығы бассейні
* Ертіс су шаруашылығы бассейні
* Жайық-Каспий су шаруашылығы бассейні
* Есіл су шаруашылығы бассейні
* Нұра-Сарысу су шаруашылығы бассейні
* Шу-Талас су шаруашылығы бассейні
* Тобыл-Торғай су шаруашылығы бассейні
## Сілтеме
* Водные ресурсы КазахстанаМұрағатталған 13 мамырдың 2008 жылы.
## Дереккөздер |
Қазақтың оңтүстік мериносы – жүн, ет өндіру бағытында өсірілетін қой тұқымы. Еліміздің оңтүстік өңірлерінің шөл, шөлейт және таулы аймақтарының құбылмалы табиғат жағдайларына жақсы бейімделген.
## Пайда болуы
1932 – 1966 жылы жергілікті қылшық жүнді құйрықты қойларды кавказ, алтай, ставрополь, грозный және кеңес мериносы қой тұқымдарымен күрделі будандастыру нәтижесінде Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институты шығарды. Кейінгі кезде жүн өнімділігінің сапасы мен түсімін арттыру мақсатында алынған қой тұқымы австралия мериностарымен кіріспе будандастырылды.
## Биологиялық сипаттамасы
Қошқары 80 – 110 кг, саулығы 50 – 55 кг тартады, олардан тиісінше 5 – 6 кг және 2,5 – 3,5 кг таза жүн қырқылады. Жүнінің жіңішкелігі 64-сапаға жатады, ұзындығы 8 – 10 см. Қой тұқымы Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, ал асыл тұқымды мал басы “Мерке”, “Ақбұлақ”, “Күйік” шаруашылықтарында өсіріледі. Қазақтың оңтүстік мерион асылдандыру жұмыстарымен Қазақ қой шаруащылық технологиясы ғылыми-зертхана институтының ғалымдары айналысады.
## Дереккөздер |
Қазақ шығанағы – Каспий теңізіндегі шығанақ.
## Орналасқан жері
Каспий теңізінің шығыс жағалаулық бөлігінде, Маңғыстау түбегінің оң түстік жағалауында. Маңғыстау облысы Қарақия аудaны жерінде, құрлыққа 46 км еніп жатыр.
## Сипаты
Пішіні доға тәріздес, ені теңізге шығар жерінде 83 км. Орташа тереңдігі 13 – 15 м, ең терең жері 32 м. Жағалауы көтеріңкі келген. Шығысында Қазақ шығанағынан суы таяз Кендірлі бұғазы арқылы бөлінген Кендірлі қойнауы және Кендірлі (Ада) құмқайыры (ұзындығы 35 км) бар. Суының тұздығы 13 – 14‰. Жазда су беті 26 – 27°С-қа дейін жылынады, ал қыста 0°С-қа дейін суынады, 2 – 3 айдай жұқа мұз басады.
## Дереккөздер |
ҚАЗАҚЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАҒИДАЛАР– табиғатты аялау жөніндегі ұлттық салт-дәстүрлер қағидасы. Қазақ халқы табиғат аясында тіршілік етіп, мезгіл ауанымен көшіп-қонғандықтан табиғатты қастерлеп, қадір тұтқан. Адамзат баласы да өзге жан-жануар, өсімдік секілді тіршілік етеді деп ұққан. Табиғатқа зиян келтірмеген, оны қорғау шараларына үлкен маңыз берген. Бұған: «Көкті жұлма, көктей соларсың», «Бұлақ көрсең, көзін аш» делінетін ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ереже іспетті қанатты сөздер куә. Қазақ ешқашан жасыл желекті, көкті таптамаған, құмырсқа илеуін бүлдірмеген, құс ұясын бұзбаған, жас балапандар мен хайуан төлдеріне тиіспеген, өсіп тұрған талды, ағашты жұлмаған. Эколoгия ортаға өсімдік пен жан-жануарлардың тигізетін пайдасын жете түсініп, ұрпақтарын жастайынан табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға баулып, өнегелі тәлім-тәрбие берген.
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Қазақтың ұяң жүнді құйрықты қойы – ет, май, жүн бағытындағы қой тұқымы.
Еділбай қойы қошқарымен жақсартылған қазақтың қылшық жүнді жергілікті құйрықты қой саулықтарын cараджа, дегерес етті-жүнді және тәжік қойы қошқарларымен күрделі будандастыру арқылы 1994 жылы шығарылған. Қарғалы, ақтөбе және байыс атты үш тұқымдық типтерден (сүлелерден) тұрады.
Шөл, шөлейт және құрғақ дала аймақтарында өсіруге жақсы бейімделген, жыл бойы дерлік жайылымда бағылады. Түсі, көбінесе қоңыр, қызғылт сары, ішінара көк, сұр, ақ түстілері де кездеседі. Бітімі шымыр, сүйегі мықты, тұлғасы орташадан жоғары, жоталы, кеудесі кең, құйрығы үлкен. Жүні ұяң, ақ және ақшыл түсті. Қошқарлары орта есеппен 90 – 112 кг, саулықтары 58 – 62 кг салмақ тартады. Жүн түсімі – осы ретпен 4,5 – 5,2 кг және 2,5 – 3,2 кг-ды, таза жүн шығымы 66 – 72%-ды құрайды. Әр 100 саулықтан 105 – 110 қозы алынады. Төлдері өте тез өсіп жетіледі. Енесінен бөлген кездегі 4 – 4,5 айлық қозының салм. ересек қойлардың 38 – 57%-ын, 1,5 жастағы төлдердің салм. 69 – 93%-ын құрайды. 4 – 4,5 айлық еркек қозылардың сойыс шығымы 52 – 54%-ды, 1,5 жастағыларында 54 – 56%-ға тең. Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облысының шаруашылықтарында өсіріледі.
## Дереккөздер |
Қазан – Көксу өзенінің алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы өзен. Ұзындығы 45 км.
## Бастауы
Бастауын Жетісу Алатауындағы Тоқсанбай, Қоңыроба тауларындағы мұздықтарының оңтүстігінен алып, Айыркезең асуының тұсында Қараарық өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Жоғарғы ағысында тар шатқалдармен ағады. Арнасының жағасы тік, биіктігі 4-10 м-ге жетеді. Су жайылмасының ені 25 – 30 м. Ағысы қатты, суы мол. Өзен суы жайылымдарды суландыруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Қазақсай – Іле алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Алматы облысы Ұйғыр ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 51 км, су жиналатын алабы 620 км2.
## Бастауы
Бастауын Кетпен (Ұзынқара) жотасының батыс бөлігінің солтүстік беткейіндегі бұлақтардан алып, Шонжы ауылына 2 км жетпей тартылып қалады.
## Гидрологиясы
Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Су деңгейі сәуірдің 2-жартысынан шілдеге дейін көтеріледі. Ең көп су ағымы 216 м3/с. Суы бау-бақша суғаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
“ҚАЗАҚ ТҰЛПАРЫ” – тұқымдық, спорттық, міністік және жегуге арналған (көліктік) асыл тұқымды жылқылар өсіретін зауыт. 1888 жылы “Қостанай зауыттық ат қорасы” деген атпен Қостанай қаласында ұйымдастырылған. 1921 жылы Қостанай жылқы з-ты болып өзгертілді, ал 2000 жылы 10 қаңтарда “Қазақ тұлпары” республикадағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды. “Қазақ тұлпары” жылқы зауыты спорттық жылқы шаруашылығы бойынша республикалық селекциялық-генетологиялық орталығы. Зауыттың негізгі міндеті – Қостанай тұқымын сақтап, селекциялық жұмыстар жүргізіп, жылқының таза қанды жаңа – “Қазақ тұлпары” жылқы тұқымын шығару. 1951 жылы мұнда Қостанай жылқысы шығарылған. Қостанай жылқысы тұқымын жетілдіру барысында аталық іздері және аналық ұяларымен жұмыс істеуге үлкен мән беріледі. Осы тұқымның салт мініс пен ауыр жұмыстарға мықты, жүріске берік, ұшқырлық және төзімділік қасиеттерін жақсарту мақсатында Қостанай биесін (Нарта) Нальчик атты айғырмен будандастырып, 1974 жылы Неон деп аталған жылқы шығарылды. Бұл – республикалық ат жарысында бірнеше жүлделерге ие болған жоғары класты айғыр. Одан атақты жылқылар – Настил, Нагар, Набой, Набег, Фанфара, 13 классик. жүлделердің жеңімпазы Фортуна, бәйге жеңімпаздары Нагрев (аталық айғырлар: Наигрыш, Норд) туды. Қазір Қостанай жылқысы тұқымы 3 тұрпатқа бөлінеді: негізгі, міністік және далалық тұқымдар. 1) Негізгі тұқымдар – жегуге арналған асыл тұқымды жылқылар. Денесі шомбал, мықты, бітімі ұзындау. Бұлар үйірлеп жайылуға бейім. Зауыттағы жылқылардың 30%-ын осы тұқым құрайды. 2) Міністік тұқымдар – жұмысқа, суыққа төзімді, күшті, салт мінуге де, жегуге де ыңғайлы жылқылар. Бұлардың шоқтығының биіктігі денесінің бітімімен тең болады. Тебіндеп жайылуға жіберілмейді, қорада, үйдің маңында ұсталады. Бұл жылқыларда таза қанды мініс тұқымының белгілері айқын байқалады. Зауыттағы жылқылардың басым көпшілігі (70%-ға жуығы) осы тұқымға жатады. 3) Далалық тұқымдары – далада, жайылымда тебіндеп, өсіп-жетілетін жылқылар. Бұлардың денесі онша ірі емес, шомбал келеді. Биелері сүтті болады және құлындары жақсы өседі. Бұларда жегуге арналған жылқылардың белгілері айқын байқалады. Жылқыларды баптауды жақсарту үшін зауытта қосымша жаттығу бөлімдері ұйымдастырылған. Ұлттық ат спорты ойындарын дамыту мақсатында ұлттық ойындар (көкпар, қыз қуу, бәйге, аламан бәйге, т.б.) жарыстары өткізіліп тұрады. Ат жаратудың технологиялық процесін жетілдіру үшін әр түрлі аймақтық бәйге мектептерінің озық тәжірибелері енгізіліп отырады. Зауыт соңғы 10 жылда Ресей жылқы шаруашылықтарына 227 асыл тұқымды қостанай жылқыларын сатты.
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Қазанбай – Шошқакөл бұйратының батысындағы төбе.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Байғанин ауданында орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 185 м. Төбенің етегі жазық. Шығыстан ағып өтетін Мәнісай (Маныссай) өзенінің алабы терең жыралармен тілімдеген.
## Өсімдігі
Тақыр, сұр қоңыр топырақ жамылғысында сұр жусан, күйреуік, бұйырғын, т.б. өседі.
## Дереккөздер |
Қазаншат – Тарбағатай жотасының солтүстігіндегі тау.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Құлбабас қыстауының оңтүстік-батысында 13 км жерде орналасқан. Тебескі өзенінің аңғарында. Абсолюттік биіктігі 1723 м. Енсіз тау батыстан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 15 км-ге созылған.
## Жер бедері
Беткейлері сай, аңғарлармен тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Шығысында Сарытолағай, оңтүстігінде Көкбастау, батысында Қоянды таулары орналасқан. Баурайында Төлеуіш, Жаңабай, Сағындық қыстаулары бар.
## Өсімдігі
Тауалдының қара, қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, боз, селеу аралас астық тұқымдас өсімдіктер, бұталар өседі.
## Дереккөздер |
Қазантабан – Жетісу Алатауындағы Тоқсанбай және Бежінтау таулары аралығындағы асу.
## Географиялық орны
Қазақстан (Жетісу облысы Панфилов ауданы) және Қытай шекарасы аралығында орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 3891 м. Оңтүстігінен Қорғас өзені бастау алады. Мұз басып жатқан асудан салт атты адам мамыр – қазан айларында ғана өте алады.
## Дереккөздер |
Қазанбасы қорықшасы – Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Қазанбасы шоқ орманы аумағында орналасқан. Аумағы 140 мың км².
## Жер бедері
Қорықшаның жер бедері төбелі-жонды-белесті келген жазық. Теңіз деңгейінен 210 – 220 м биіктікте жатыр, ені 8 км. Құм төбелер арасында су айдынында өсімдік жамылғысы көмкерген шағын тұзды көлдер бар. Қорықшада таза қарағай және қайыңды-қарағайлы экожүйе қалыптасқан. Бұл бореалдық (суықты сүйгіш) флораны қорғайтын бірден-бір жері саналады.
## Дереккөздер |
Қазбауыр, птилотрихум (лат. Ptilotrichum) — орамжапырақ тұқымдасына жататын шала бұта. Жерорта теңізі жағалаулары мен Орта Азияда кездесетін 13 түрі белгілі.
Қазақстанда далалық аймақтардың малтатасты және құмды жерлері мен тау беткейлерінің құрғақ бөліктерінде өсетін 2 түрі бар. Соның ішінде жиі кездесетіні — көк қазбауыр (лат. Ptilotrichum canescens). Оның биіктігі 2 – 10 см, өсімдіктің өркендері сүректенген, түп жағы қалың жапырақты. Жапырақтары таспа тәрізді немесе ұзын болады (ұзындығы 4 – 10 мм, ені 1,5 мм-дей). Тостағанша жапырақшалары түп жағынан қапшық сияқты болып келеді де, тік өседі. Күлтелері ақ түсті, гүлдері қалқанша гүлшоғырына топталған.
Мамыр–маусым айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі — жұмыртқа тәрізді бұршаққын, оның сыртын жұлдызша тәрізді түктер жауып жатады. Тұқымы ұзынша эллипс сияқты, ұзындығы 1,5 мм-дей.
## Дереккөздер |
Қазжуа (лат. Gagea) – лалагүлдер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Жіңішке таспа тәрізді жапырағы, сары немесе сарғыш жасыл гүлдері болады, көктемнің басында өсіп, көп ұзамай қурап қалады. Көктемде мұны мал сүйсініп жейді (көбінесе қой мен сиыр). Қазжуаның 100 шақты түрі бар. Негізгі түрлері: ауған қазжуасы (G. afghanica) — бойы 10—30 см, бұл көбінесе Түркменстанның құмдауыт жерінде өседі. Мал мұны, әсіресе, көктемнің аяғында өте сүйсініп жейді. Сары қазжуа (G. lutea) — сабағының ұзындығы 10—30 см; бұл Ресейдің европалық бөлігінің, Кавказдың, Сибирьдің, Орта Азияның орманды, шілік бұталы жерлерінде өседі; мұны қой мен ешкі ғана жемейді. Пиязшық қазжуа (G. bulbifera) — мұның бойы 5—20 см, сабағы жіңішке; шар немесе жұмыртқа тәрізденген пиязшығы бар өсімдік. Малдың қай түлігі болса да жақсы жейді. Кіші қазжуа (G. minima) — сабағының ұзындығы 8—18 см шөптесін өсімдік. Бұталардыц арасында, өзектерде, көлеңкелеу теріскей беткейлерде өседі. Мұны әсіресе көктем кезінде қой, ешкі, сиыр жақсы жейді, түйе жемейді. Аласа қазжуа (G. pustilla) — бойы 5—12 см болатын майда өсімдік, түйеден басқа малдың барлығы да мұны көктемде жақсы жейді. Әсіресе асыранды қаздың сүйкімді жемі. Тор қазжуа (G. reticulata) — көбінесе Кавказ бен Қырымның даласында өседі; қой мен ешкі жейді.
## Тағы қараңыз
Қызыл кітапқа тіркелген өсімдіктер
## Дереккөздер
* Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев |
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы – ет-май өндіру бағытында шығарылған ежелгі қой тұқымы.
Дене пішіні бір-біріне ұқсас, тек өнімділігіне және өсірілетін өңіріне қарай бөлінетін 22 тармағы белгілі. Дене бітіміне байланысты 3 топқа бөлінеді. Ірілеріне:
* еділбай
* қостанай
* терісаққан
* ырғыз-шалқар
* бағаналы
* бесата, т.б.;
орташаларына:
* торғай
* сарысу
* шу
* қарқаралы, т.б.;
ұсақтарына:
* мерке
* жетісу
* ертіс
* түрікмен-шымкент, т.б. тармақтары жатады.
Бұл тармақтардың ішінде дене бітімі мығым, ет, жүн түсімі жоғары, түбіті қалыңырағы – еділбай қойы.
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы – дене бітімі шымыр, сүйегі берік, басы орташа, тұмсығы түзу, не сәл дөңестеу. Мойыны аса ұзын емес, кеудесі кең, жоталы. Сирақтары ұзын, тұяқтары өте мықты. Қойлардың түсі, көбінесе қоңыр, қызғылт сары, көк және қара болады. Қошқарының тірідей салмағы 90 – 110 кг, саулығы 60 – 65 кг тартады, олардан тиісінше 3 – 3,5 кг және 1,8 – 2,2 кг жүн қырқылады. Әр 100 саулықтан 105 – 112 қозы алынады. Енесінен бөлген кезде еркек қозылар 34 – 37 кг, ұрғашылары 32 – 35 кг салмақ тартады. 4 – 5 айлық еркек қозылардың сойыс шығымы 50 – 52% болады. Қазақстанның барлық облыстарында өсіріледі.
## Дереккөздер |
Қазсанбай– Саран (Сораң) тауының сол түстік-батысындағы қыстау. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Жаңатаған ауылының оң түстік-батысында 20 км жерде орналасқан. Жер бедері жонды төбелер мен ұсақ шоқылардан тұрады. Оң түстігіндегі Қызылтас тауларынан Байқожа өзенінің салалары: Керегетас, Ұзынбұлақ, т.б. бастау алады. Батысында Керегетас қыстауы мен бұлағы бар.
## Сілтемелер |
Қазтамақ тұқымдасы — қос жарнақты өсімдіктердің бір тұқымдасы. Көпшілігі көп жылдық шөптесін өсімдіктер, ішінара бұта немесе шала бұта түрінде де кездеседі, Қазтамақ тұқымдасының негізінде қоңыржай аймақта таралған 10 туысқа жататын 800-дей түрі белгілі, ал Қазақстанда қазтамақ, құтаншөп және биберштейния (қоқтын) туыстарына бірігетін 21 түрі бар. Қазтамақ тұқымдасының сабағы қалың түкті, жиегі тілімденген жапырақтары кезектесіп немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері қос-жынысты көпшілігінде оларды қос қабатты гүлсерігі қоршап жатады. Тостағаншасы 4-5 түбі біріккен тостағанша жапырақшасынан тұрады. Күлтесі қызыл, көкшіл, күлгін түсті. Аталығы әдетте 10, кейде 5, аналығы біреу. Жемісі - бес тұқымды. Қазтамақ тұқымдасының кейбір түрі парфюмерияда және медицинада қолданылады, араларында арам шөп түрінде өсетіндері де кездеседі, әсемдік үшін де өсіріледі.
## Сыртқы сілтемелер
* Stevens, P. F. (2001 onwards). Angiosperm Phylogeny Website. Version 7, мамыр 2006 [and more or less continuously updated since]. [1]
* Үлгі:It Sandro Pignatti, Flora d'Italia, Edagricole, Bologna 1982. ISBN 88-506-2449-2 |
Қазбасқазған – Латыпқазған қонысының оң түстік-шығысындағы құдық. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында орналасқан.
Теңіз деңгейінен 150 м биіктікте жатыр. Тереңдігі 21 м, су шығымы 500 л/сағ. Сол түстігінде Апан, оң түстігінде Шегенқазған, батысында Өтеу, Мысық құдықтары бар.
## Дереккөздер |
Қазтабан - раушангүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Бір-екі жылдығы өте сирек кездеседі. Қазақстанның биік таулы аймақтарында орман-тоғай шетінде, далалы жерлер мен шалғындықта, су жағасында өсетін (тек шөлді жерде өспейді) 48 түрі бар. Олардың биікт. 3-70 см. Тамыры жуан, тамырсабағы түйнек тәрізді болады. Сабақтары тік, кейбір түрлерінде төселмелі келеді. Жапырақтары үшқұлақты, саусақ салалы, қауырсын тәрізді күрделі. Ақ, сары, қызыл гүлдері қалқанша - сыпыртқы гүлшоғырын құрайды, кей түрлерінде жеке орналасады. Гүліндегі тостағанша жапырақшалары 5 немесе 4-тен сыртқы және ішкі шеңбер құрып орналасады. Күлте жапырақшаларының саны 5, кейбір түрінде — 4. Аталық саны 10-нан 30-ға дейін, басым көпшілігінде 20. Аталық жіпшелері біз тәрізді жіңішке. Гул табаны дөңес, ойыс келеді. Көктемнен қоңыр күзге дейін гүлдейді. Жемісі - құрғақ келген, көп жаңғақша. Қның шөбінде, әсіресе түйнек тәрізді тамырсабағында илік заттар мол, балауыз, крахмал, қына қышқылы бар. Қ. — дәрілік өсімдік, оның суда дайындалған тұнбасын тырыспаға, ішек түйілгенде және асқазан ауруларына қарсы қолданады. Сондай-ақ, сіңір тартылғанда, тері ауруларына қарсы ванна немесе компресс жасауға болады. Жапырақтары мен жас өркендерін үй құстарына жем ретінде береді. |
Қазақтың қатпарлы өлкесі, Сарыарқа қатпарлы аймағы – Жер қыртысының қалыптасу тарихындағы тектоникалық ерекшеліктеріне сай, геологиялық құрылысы жағынан біртұтас қарастырылатын Қазақстан жерінің ірі аумағы; Орал – Моңғол белдеуінің ірі құрылымдық бөлігі. Оның ауқымы географиялық тұрғыдан Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Қазақстан аймақтарының едәуір бөлігіне сәйкес келеді. Қазақтың қатпарлы өлкесінің солтүстік шекарасы Батыс Сібір жазығына тиесілі мезозой-кайнозой түзілімдерімен жаппай көмкерілген Ертіс маңы синеклизасының оңтүстік жиегімен шектеледі. Оңтүстік шекарасы шартты түрде республиканың оңт-тегі мемлекет шекарасымен өтеді. Шығысында Обь – Зайсан қатпарлы өлкесіне тиесілі Зайсан қатпарлы жүйесімен жапсарласса, батысында Торғай ойысымын (солтүстік бөлігінде) және Тұран тақтасын (оңтүстік бөлігінде) жаппай көмкеріп жатқан мезозой-кайнозой шөгінділерінің астына қарай сұғына енген. Бұл өлке ауқымындағы тектоникалық құрылымдар, негізінен, палеозой эрасында қатпарланып тұрақтанған түзілімдердің жер бетіндегі ашылымдарымен сипатталады, сондай-ақ мезозой-кайнозой түзілімдерімен көмкерілген шағын ішкі ойыстар ұшырасады (мысалы, Теңіз, Шу-Сарысу, Балқаш, Іле, Алакөл, т.б.). Өлкені құрайтын тау жыныстары қатарында палеозойлық түзілімдердің арасынан кембрийге дейін қатпарланып тұрақтанған біршама ірі орт. массивтер (мысалы, Көкшетау, Ұлытау-Қарсақпай) мен ірілі-ұсақты блоктар (Ешкіөлмес, Aқдің], Ерейментау, Бозшакөл, Шу жақпартасы, Қаратау, Кіндіктас, Атасу-Мойынты, т.б.) ұшырасады. Оны құрайтын палеозойлық жарылымдардың қатпарланып тұрақтану уақыты бірнеше қатпарлы жүйелерге жіктеледі. Кембрийге дейінгі құрылымдар кең тараған, бірақ каледон, герцин тектогенездерінде геосинклинальдік процестерге қайтадан ұшырағандықтан, бұлар сақталмай, кейінгі жас құрылымдар (ойыстар) астында қалған. Ең көне саналатын төменгі протерозойдың тау жыныстары (абстракты жасы 1,7 миллард жыл) карел тектогенезі кезінде қалыптасқан платформаның қалдықтары (бөлшектері) ретінде Ұлытауда, Көкшетауда, Солтүстік Тянь-Шаньда, ортаңғы және жоғарғы протерозой, рифей жыныстары каледондық геосинклинальдың төменгі ярусы ретінде Ерейментауда, Ешкіөлместе, Майқайың-Екібастұзда, Шу-Іле тауларында, Кіндіктаста, Қаратауда кездеседі. Бұлар амфиболит, гнейс, тақтатас, эклогит, кварц, мәрмәр сияқты метаморфогендік жыныстардан құралады. Каледон құрылымдары кембрийге дейінгі жыныстармен бірге Қазақтың қатпарлы өлкесінің негізін – құрлымдық іргетасын құрайды. Тұтас алғанда Қазақтың қатпарлы өлкесінің сыртынан каледон құрылымдарымен қоршалған. Сарыарқаның батыс, оңтүстік-батыс жағында каледонидтер протерозой-рифей құрылымдарымен бірге дөңесі батысқа бағытталған доға тәрізді, миогеосинклинальдық белдеу құрайды. Бұл белдеу Солтүстік Есіл бойынан басталып Сарыарқа сыртымен Ұлытау, Қаратау арқылы Солтүстік Тянь-Шаньмен жалғасады. Қатпарлы аймақтың шығысында эвгеосинклинальдік каледондық құрылым – Шыңғыс-Тарбағатай белдеуі қалыптасқан. Ол Сарыарқаның солтүстік мен шығысында басымырақ тараған каледонидтер эвгеосинклинальдарға тән жанартаутекті-шөгінді жыныстардан құралады. Каледонидтер негізінен салаир, такон тектогенез сатылары нәтижесінде қалыптасқан. Герциндік құрылымдар тектогенез процестерінің соңғы туындылары ретінде аймақтың қатпарлық сипатын анықтайды. Бұлар Сарыарқаның ішкі бөлігіндегі геосинклинальдық жолмен дамыған жүйелерде, протерозой, каледон құрылымдары бетіндегі ойпаңдарда үстеме (қондырма) мульдалар түрінде, миогеосинклиналь типтес аралық белдемдерде кеңінен тараған. Аймақтың каледонидтері мен ішкі герциндік геосинклиналь жүйесі аралығында Сарыарқаның девондық-жанартаулық белдеуі аталатын ірі геол. құрылым орналасқан. Бұл белдеу Семізбұғы маңынан бастап, Жақсыкөң, Сарысу алабы, Бетпақдала шеті, Желтау арқылы Ілеге өтеді де, Жоңғар-Балқаш қатпарлы жүйесін сырт жағынан доғаша қоршайды. Аталған жүйе ішінде жоғарғы палеозойдың орогендік жағдайында қалыптасқан Балқаш-Іле жанартаулық белдеуі бар. Интрузиялық жыныстар геологиялық құрылымдарда, жанартаулық белдеулерде, терең жарылымдар бойында белгілі заңдылықпен орналасқан. Қазақтың қатпарлы өлкесінде гранитоид интрузиялары мол. Кейбір құрылымдар, кең алаптар (Көкшетау, Іле сырты антиклинорийлері) түгел дерлік граниттен тұрады. Жоғарғы протерозойдың (рифейдің) кішігірім граниттері Ұлытауда, Шу-Іле тауларында, аймақтың солтүстігінде кездеседі. Солтүстікте Қырыққұдық, Бурабай, оңтүстікте Қордай, Талғар кешендері сияқты ордовик пен силур интрузиялары да мол. Бұлар шағын массивтерден бастап ауданы ондаған мың км²-ге жететін (Көкшетаудағы Зеренді батолиті – 30 мың км², Іле Алатауындағы Алматы интрузиясы – 15 мың км²) орасан ірі батолиттер ретінде де қалыптасқан. Мұндағы каледон гранитоидтарының абстракты жасы 540 – 420 млн. жыл. Герциндік гранитоидтер Сарыарқаның жанартаулық белдеуінде, Жоңғар-Балқаш жүйесінде тараған. Жоғарғы палеозой интрузиялары габбро, диорит, гранодиорит, қалыпты гранит, аляскит, монцонит, граносиенит, сиенит құрамды келеді, көбірек тарағандары – гранодиорит пен гранит. Бұлар Балқаш-Іле орогендік белдеуінде, аймақтың солт.-шығысында, Шыңғыс-Тарбағатайда, т.б. орындарда кездеседі. Қазақтың қатпарлы өлкесінде – бірнеше тектогенез процестерінің ұзақ уақытқа созылуынан қалыптасқан жасы әр түрлі ірі және шағын жарылымдар өте көп тараған. Бұлар Сарыарқаның үлкенді-кішілі геологиялық құрылымдарын әр бағытта тіліп тор тәрізді жүйе құрайды. Ірілері әрі тереңдері (жер қыртысының төменгі қабатына жетеді) – Шығыс Орал және Сарыарқа жер жарылымдары. Біріншісі аймақты Орал–Тянь-Шань жүйесінен, екіншісі аймақты бойлық бағытта қақ ортасынан тіліп өтеді. Солтүстік-батыс бойлық және солтүстік-шығыс бағыттардағы жарылымдардың қиылысуынан аймақта сұлбасы ромб тәрізді шағын құрылымдар қалыптасқан. Қазақтың қатпарлы өлкесі әр түрлі кенге бай. Республиканы минералдық шикізатпен, әсіресе, металдармен қамтамасыз ететін кен орындарының басым көпшілігі осы өлке аумағында орналасқан.
## Дереккөздер |
Қазы – Ертіс алабындағы көл.
## Географиялық орны
Павлодар облысы Аққулы ауданы, Қазы ауылынан оңтүстікке қарай 1,5 км жерде орналасқан. Көл теңіз деңгейінен 119 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 6 км2, ұзындығы 3 км, енді жері 2,7 км, жағалау бойының ұзындығы 8,9 км, тереңдігі 1,6 м, суының көлемі 5 млн. м3, суын 106 км2 жерден жинайды. Тұйық көлдің пішіні сопақша келген. Солтүстік-батыс және шығыс жағалаулары жайпақ, батпақты, оңтүстігі жарқабақты келген. Суы қатты минералданған хлорлы-натрийлі, өте кермекті. Мал суаруға жарамсыз.
## Дереккөздер |
Қазыбек – Сарысу алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 59 км.
## Бастауы
Бастауын Ұлытау тауларыың солтүстік бөлігіндегі бұлақтардан алып, Қаракеңгір өзеніне сол жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Арнасы кең, жағасы тік жарлы. Көктемде 10-15 күндей ағады да, жазда құрғап қалады. Суы шаруашылық қажетіне пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Қазыбек – Бозой үстіртінің оңтүстігіндегі шоқылы тау.
## Географиялық орны
Алматы облысы Жамбыл ауданы Айдарлы ауылының оңтүстігінде 16 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 785 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 4 км-ге созылған. Енді жері 2 км шамасында. Беткейі жайпақ, көктемгі еріген қар, жауын-шашын суларымен бастау алатын өзектер ағады. Таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр.
## Өсімдігі
Сұр, сортаң топырақ жамылғысында жусан, изен, ебелек, т.б. өседі. Етегі мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Қазтамақ - қазтамақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда шалғындық жерлерде өзен аңғарында, орманда, тау беткейлерінде өседі, 15 түрі бар. Биікт. 10-80 см. Сабағы тік, сыртын түк жапқан. Тілімденген жапырақтары қарама-қарсы не кезектесіп орналасады. Қызыл, көкшіл, күлгін, ақ түсті гүлдері, көбінесе шоқталып, кейде жеке дара шығады. Маусым-тамыз айлароында гүлдеп, шілде- қыркүйекте жемістенеді. Жемісі - дәнек. Қазтамақ илік заттарға бай, оның гүлдерінің құрамында, сабағында танин, бояғыш заттар, кальций мен каротин, С дәрумені мен геранин (эфир майы алынады) бар. Қазтамақтың кейбір түрлері: орман қазтамағы, шалған қазтамағы, Роберт қазтамағы және сібір қазтамағы - дәрілік өсімдіктер. Қазтамақтың тамырынан немесе кепкен шөбіненалынған тұнбаны бүйреккебайланған тасты ерітуге, ревматизм мен радикулитті емдеуге, сондай-ақ, баспамен ауырғанда тамақ шаюға, сүйек сынғанда ванна жасауға, түсе бастаса шашты жууға пайдаланады. Кейбір түрлері әсемдік үшін де өсіріледі.
ҚАЗТАМАҚ (PELARGONIUM ПЕЛАРГОНИЯ (ГЕРАНЬ)) – герань тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Негізгі отаны – Оңтүстік Африка. 280-ге жуық түрі белгілі. Сәуірден қазан айына дейін үздіксіз гүлдейтіндіктен, қазтамақ көптеген гүлпаздардың сүйікті гүлі. Гүлпаздар қазтамақты әдемі гүлі үшін ғана емес, сонымен қатар хош иісті жапырақтары үшін де өсіреді. Жапырақтарының емдік қасиетімен бірге ауа тазарту қасиеті де өте жоғары. Ол ауадағы зиянды микробтарды, стафилакокк бактерияларын жоюға пәрмені бар өсімдік. Қазтамақ тез өсетін, аса құнарлы топырақты қажет етпейтін, оңай көбейтілетін, күтімі жеңіл гүлдерге жатады. Мамыр айында аулаға шығарып, гүлзарларға егіп қоюға болады. Күзде қайтадан қазып алып, түбекке отырғызып үйге кіргізеді. Қараша айында жапырағы сарғайып, түсе бастағанда сабағын тамырдан жоғары 10-15см-дей биіктікте кесіп, жыл сайын өсімдікті жасартып, жаңартып отыру қажет.
## Жарығы:
Жарық сүйгіш. Жаз айларында аулада күн астында өсіруге болады.
## Жылуы:
Қыста 10ºС төмен болмағаны абзал.
## Суғарылуы:
Топырағының беті құрғаңқырағанда суғарып тұру қажет.
## Ылғалдылығы:
Ылғалдандыруды қажет етпейді.
## Қоректендірілуі:
Көктемнен күзге дейін 10-15 күнде гүлдейтін гүлдерге арналған тыңайтқышпен қоректендіріп тұру қажет.
## Аурулары:
Ауруға көп шалдыға бермейді, төзімді өсімдік.
## Көбейтілуі:
Тұқымы, түбін бөлу және сабағын қалемшелеу арқылы көбейтіледі.
## Қызықты дерек
Ең жағымды гүлдердің бірі қазтамақ деп есептелінеді. Қазтамақ тұрған бөлмеде ұрыс-керіс те болмайды, ал бола қалған жағдайда өсімдік адамның жүйке жүйесіне әсер ететін зат бөле бастайды. Содан ұрысып қалғандар тез татуласып кетеді екен. Сондықтан болар, бұл гүлді бұрындары әр үй өсірген.
## Сыртқы сілтемелер
* ITIS Қазтамақ түрлерінің тізімдері Мұрағатталған 30 қыркүйектің 2006 жылы.
## Сілтемелер
* Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
## Дереккөздер
"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727 |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.