text
stringlengths
3
252k
Көкжота – Жетісу Алатауының шығыс бөлігіндегі тау сілемі. ## Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшбұлақ ауылының оңтүстігінде 45 км жерде орналасқан. Орта Тентек өзенінің сол саласы Аттапқан өзенінің суайрығында. Ең биік жері 3500 – 3600 м шамасында. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 18 км-ге созылып жатыр, енді жері 4 км. ## Геологиялық құрылымы Жер қыртысы төменгі палеозой қабаттары кристалдық тақтатас, кварцит, гнейс, әктас, мәрмәр жыныстарынан құралған. Таудың биік көтеріңкі жерлерінде палеозой граниттері кездеседі. ## Өсімдігі Биік таулы белдеуде Тянь-Шань шыршасы мен самырсын ағаштары және шалғынды субальпілік ландшафтармен сипатталады. ## Дереккөздер
Көкбұлақ – Сарыарқаның оңтүстігіндегі тау. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы, Жамбыл кентінің оңтүстігінде 28 км жерде. Батыстан шығысқа қарай оқшауланған тау массивінің ұзындығы 5 км, ені 2,5 км. Абсолют биіктігі 585 м. ## Геологиялық құрылымы Девон жүйесінің төменгі және орта бөлімінің жыныстарынан түзілген. ## Жер бедері Таудың солтүстік-шығыс етегінде Көкбұлақ көлі, шығысқа қарай 6 км жерде Әлібек құдығы орналасқан. ## Өсімдігі Сортаңдау қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, көкпек, бұталар өседі. Ақбөкеннің жазғы жайлауы. ## Сыртқы сілтемелер * Қарағанды облысы ## Дереккөздер
Көкнәр(лат. Papáver) – көкнәрлер тұқымдасына жататын бір не көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда далалы, шөлейт және таулы аудандарда тараған 11 түрі бар. Ең маңызды сортына дәрілік Апиын көкнәрі (P. somnіferum) жатады: ол Қазақстанның оңтүстік мен таулы аудандарда өседі. Оның піспеген қауашағының шырынынан дәрі алынады. Піскен Көкнәр тұқымында алкалоид болмайды, бірақ майы көп (55%). Көкнәрдің биіктігі 20 – 90 см. Сабағы жіңішке, түкті жапырағы жалпақ, гүлдері ақ, сары, қызыл қызғылт, гүл сағағы ұзын, олар шар тәрізді гүлшоғырына топталған. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Көкнәрда сүт тәрізді ақ шырын болады. Сондай-ақ республикада тоты Көкнәрін (P. pavonіnum) бояу өндірісінде пайдаланады. Егістікте арамшөп ретінде сеппе Көкнәр (P. rhoeas) кездеседі. Қазақстанда өте сирек кездесетін жіңішке көкнәр Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Апиын (Опий) — көкнәрдің піспеген кездегі сүтті сөлінің ауада қатайғанда беретін қоспасы. Күшті наркотик. ## Таралуы Көкнәр Еуропада, Солтүстік және Оңтүстік Америкада және Азияда өседі. ## Химиялық құрамы. Көкнәрдің өз құрамында папаверин, морфин, кадеин, апиын деп аталатын алколоидтар болады. Тұқым шашар алдында осы алколоидтар оның қалпақшасына жиналады, ал тұқымының құрамында алколоидтар болмайды. Сондықтан да, көкнәрдің тұқымы тамақ, өнер кәсібінде жиі қолданылады. ## Малдың улануы. Мал дәрігерлігі практикасында бұл өсімдіктің шикізаты тікелей қолданылмайды. Бірақ одан арнайы орындарда дайындалған дәрілер емдік жұмысқа жиі пайдаланады. Көкнәрдың павлиндік түрін жаңадан өсіп келе жатқанда барлық мал түлігі жей береді. Бірақ оны көп жеп қойған мал уланады. Уланған малдың тыныс алуы қиындайды, тітіркену қасиетін жоғалтады, көзінің көруі, құлағының естуі нашарлайды. Байлауда тұрған ірі қара тартынып, мойнындағы жібін үзіп, қашып кетуге тырысады.Егер көкнәрмен мал уланса онда дереу мал дәрігеріне хабар беру қажет. Ол келгенше, табылса, сүт ішкізуге болады. Жалпы көктем айларында осы көкнәрдің қалың өсетін жерлеріне малды байқап жаю қажет. ## Дереккөздер Шәріпбаев Н. Малдыңтынысалумүшелерініңауруларынемдеуүшінқолданылатындәрілікөсімдіктер // Мүйіздішөңгебас — "Қайнар", 1988. — Б. 25. — (Пайдалыөсімдіктерді мал дәрігерлігіндеқолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5. ## Тағы қараңыз * Көкгүл * Көкжалбыз * Көкнәр қосылған орама * Көкнәр ұрықтары * Көкнәр күлшесі ## Дереккөздер
Көкқора– Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы қыстау. Маңырақ жотасының солтүстік етегінде, Талды өзенінің тармақтары аралығында орналасқан. Көкқораны Кеңсай, Аққырын, т.б. қыстаулар қоршап жатыр. ## Дереккөздер
Көкмұрынтой – Мойынқұм құмының солтүстік-батысындағы төбе. ## Географиялық орны Түркістан облысы Созақ ауданы Жуантөбе ауылының солтүстік-батысында 60 км жерде орналасқан. Шу өзені аңғарында. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 165 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Солтүстігінде Асқазансор соры, шығысында Қоңырсай қонысы, оңтүстігінде Қырғызөлген, т.б. артезиан құдықтары, батысында Ақжайқын көлі орналасқан. ## Өсімдігі Сор, сортаңды топырақ жамылғысында сексеуіл, жусан, жүзгін, еркек шөп, теріскен, т.б. өседі. ## Дереккөздер
Көкөзек сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: Елді мекендер: * Көкөзек – Абай облысы Үржар ауданындағы ауыл. * Көкөзек – Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл. * Көкөзек – Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ауыл. * Көкөзек – Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл. * Көкөзек – Жетісу облысы Сарқан ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Көкөзек ауылдық округі * Көкөзек бөгені * Көкөзек (қыстау) * Көкөзек өзені
Көкмойын – Алакөл көлінің алабындағы өзен. ## Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 40 км. ## Бастауы Өзен бастауын Тастау тауларының шығыс беткейінен алып, Орта Тентек өзенінің оң жағынан құяды. ## Гидрологиясы Жоғарғы және орта ағыстарындағы арнасы тар, тік жарлы, төменгі ағысында арнасы кеңейеді. Мұздықтармен, жауын-шашын суларымен толығады. Желтоқсанның ортасында суы қатып, наурыз – сәуірде еріп, тасиды. Суы тұщы. Төменгі ағысы мал жайылымы. ## Дереккөздер
Көкөзек бөгені — Алматы облысы Қарасай ауданы жерінде. 1965 жылы салынған. ## Сипаты Суының көлемі 3,62 млн. м3. Ақсай, Қарғалы магистральды каналдар суымен толысады. Бөген суымен 0,4 мың га жер суғарылады. ## Дереккөздер
Көкөсім, Көгесім – Қарынжарық ойпатының солтүстік-шығысындағы оқшауланған төбе. Маңғыстау облысы Қарақия ауданында орналасқан. Абсолют биіктігі 262 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Батыс Үстірт кемерінің орталық бөлігінде, құрғақ өзен арналары мен жыраларының тілімденген бөлігінде жатыр. Беткі қабаты неогендік әктастан, гипстен түзілген. Беткейлерінің әр түрлі пішіндері эрозиялық және денудациялық процестерден түзілген. Сортаң, сор топырақ жамылғысында бұйырғын, көкбуын, баялыш, жусан өседі. ## Дереккөздер
Көкөзек-2 – Мыржық жотасының солтүстігіндегі қыстау. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Айрық ауылының солтүстік-шығысында 25 км жерде орналасқан. Түндік өзені аңғарында. Жонды-белесті келген қыстаудың маңында ұсақ тұзды көлдер, солтүстігінде Балтабек көлі мен Сарықияқ жайлауы, шығысында Айғыркөмген тауы, оңтүстігінде Сарықасқа көлі, батысында Үшқара тауы мен Айрық аңғары орналасқан. Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, селеу аралас дала өсімдіктері өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Көкпекқолат – Абай облысы Абай ауданындағы Ащысу өзенінің ескі аңғары. ## Жер бедері Бойлық бағытта 40 км-ге созылып жатыр, ені жалпақ жерінде 10 км. Аңғардың орта және жоғарғы бөлігі антропогендік малтатас, қиыршықтас, құм, саз, т.б. өзен шөгінділерінен түзілген. Беткейлері Сарыарқаның ұсақ шоқылы аласа тауларына ұласады. Табанындағы жер асты сулары жер бетіне таяу (1 – 2 м), кейбір жерінен бұлақтар шығып жатады. Сұр топырағында жусан, сораң шөп өседі. ## Дереккөздер
Көкпекті – Жем өзені алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 56 км, су жиналатын алабы 1750 км². ## Бастауы Бастауын Мұғалжар тауының оңтүстік сілемдеріндегі (390 м) бұлақтардан алып, Ескімола тауынан солтүстік-батысқа қарай 10 км жерде Атжақсы өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Арнасы тар, көктемде тасиды. Саралжындысай, Ақшолақ, Байсарысай салалары бар. Суымен мал суарылады. Жайылмасы шабындық. ## Дереккөздер
Көкпөкті– Жусандала жазығының орт. бөлігіндегі құдық. Жамбыл облысы Шу ауданы Хантау кентінен солт.-шығысқа қарай 36 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 540 м биіктікте. Тереңд. 4 м, су шығымы 250 л/сағ. Солт-нде Шеңгелді құдығы, шығысында Ақсүйек өз., оңт-нде Тасбастау тауы, батысында Қарақұдық құдығы бар. Шығысымен Транссібір т. ж. өтеді. Суы мал суаруға пайдаланылады.
Көкпекті – Есіл алабындағы өзен, Терісаққан өзенінің оң саласы. ## Географиялық орны Ақмола, Қарағанды облыстары жерімен ағады. ## Гидрологиясы Ұзындығы 54 км, су жиналатын алабы 781 км2. Аңғары тар, арнасы гранитті, тастақты, құм-саздақты. Қар суымен толығады. Жазда қарасуларға бөлініп қалады. Алабының бедері жазық. ## Өсімдігі Қоңыр сортаңды жағалауында бұталы, жусанды, қылқан селеулі өсімдіктер өседі. Суы жайылымдарды суландыруға, мал суаруға пайдаланылады.‎ ## Дереккөздер
Көкпекті – Ертіс алабындағы өзен. ## Географиялық орны Абай облысының Көкпекті ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 206 км, су жиналатын алабы 9030 км2. ## Бастауы Бастауын Тарбағатайдың солтүстік-батыс бөлігіндегі Сарытау, Қайрақты тауларынан алып, Зайсан көлінің батысына құяды. ## Гидрологиясы Аңғары кең (0,3 – 0,6 км). Су жайылмасы орта ағысында 80 м-ден 400 м-ге, төменгі ағысында 6 – 7 км-ге дейін жетеді. Жағалауы құмды-сазды, тіктеу жарқабақты (2 м), кейбір тұсы гранитті тік жарлы. Көкпектінің жалпы ұзындығы 126 км болатын 50-ден астам саласы бар. Ірілері: Кіндікті, Қарасу, Тамды, Шігілік, т.б. Өзен жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Көкпекті ауылы тұсында 4,31 м3./с. Шабақ, аққайран, сазан, қарабалық, т.б. балықтар бар. Суы егін суғаруға пайдаланылады. Жайылмасы шабындық. ## Дереккөздер
Көкқиясай, Төрқора, Итқырылған – Сырдария алабындағы өзен. Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс беткейінде. ## Географиялық орны Түркістан облысы Кентау қалалық әкімдігіне қарасты аумақпен ағады. Ұзындығы 68 км, су жиналатын алабы 274 км2, су ағымы Ойық ауылы тұсында 0,4 м3/с. ## Бастауы Бастауын Тұрлан асуының оңтүстігінен алып, Арыс-Түркістан каналына құяды. ## Гидрологиясы Жоғарғы ағысында тауаралық шатқалмен ағады, төменгі ағысы жаз айларында тартылып, қарасуларға бөлініп қалады. Көктемде мал суаруға пайдаланылады.‎ ## Дереккөздер
Көкпекті су құбыры– Алматы облысы Көксу ауданында орналасқан. 1971 жылы пайдалануға берілді. Ұзындығы 60 км. Бастауын жер асты суларынан алады. 14500 га жерді суландырады. ## Дереккөздер
Көксарай – Сырдария алабындағы өзен. ## Географиялық орны Түркістан облысы жерінде. Ұзындығы 46 км, су жиналатын алабы 228 км2. ## Бастауы Қаратау жотасынан Ақалтын өзені болып басталып, оңтүстік-батысқа қарай Кентау қалалық әкімдігі аумағының жерімен ағып, Арыс-Түркістан каналына құяды. ## Гидрологиясы Үлгілі ауылы тұсында бойына бөген салынған. Орта ағысында аты Жаңақорған өзені деп аталады. Жоғарғы ағысында аңғары тар, тік жарлы. Қар, жер асты суларымен толығады. Суы жайылымдарды суландыруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Көксеңгір – Шыңғыстау жотасының батысындағы оқшауланған тау массиві. ## Географиялық орны Абай облысы Абай ауданы Байқошқар ауылының оңтүстік-шығысында 52 км жерде орналасқан. Шаған өзенінің төменгі ағысында. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1013 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 9 км-ге созылып жатыр, енді жері 7 км. Таудың солтүстік беткейі тіктеу, жартасты, оңтүстік, оңтүстік-шығыс беткейлері көлбеуленіп жазыққа айналады. Оңтүстік беткейіндегі бұлақтардан Құрбақанас өзенінің салалары бастау алады. Солтүстігінде Қарақашық қонысы орналасқан. ## Геологиялық ұрылымы Жер қыртысы палеозойдың кварцит, құмтас, әктас, конгломерат, эффузивті жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Баурайындағы қоңыр топырақ жамылғысында далалық өсімдіктер, бұта өседі. Мал жайылымына қолайды. ## Дереккөздер
Көкпекті – Сам құмды алқабының солтүстік-батысындағы төбе. Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 37 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 119 м. Пішіні дөңгелек тәрізді келген. Солтүстігін Сайқұдық құдығы мен сор алқабы алып жатыр, шығысында Аманқұл төбесі, оңтүстігінде Ұялы құмы мен Тасқұдық, Борқұдық құдықтары, батысында Ашықтайпақ соры орналасқан. Төбенің баурайын сексеуіл шоғырлары мен қалың бұталар қоршаған. ## Дереккөздер
Көксеңгір – Матайқұм құмының оңтүстік-шығысындағы оқшауланған төбе. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Байғанин ауданында орналасқан. Үстірт жазығының оңтүстік бөлігіндегі аласа дөң жондарының бірі. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 127 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Солтүстігінде Атақұдық қонысы, оңтүстігінде Қарақалпақстанның шекарасы, батыс, шығыс бөліктерінде зираттар орналасқан. ## Өсімдігі Сұр бозғылт қоңыр топырағында бұта аралас жусан, бұйырғын, сораң өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Көксеңгір – Жақсы Айыртау тауының оңтүстігіндегі оқшауланған шоқылы тау. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Жыланды ауылының солтүстігінде 27 км жерде орналасқан. Сарысу өзені аңғарында. Абсолюттiк биіктігі 438 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 4 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км. ## Жер бедері Беткейі көлбеу, бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Солтүстігінде Сарыапан тауы, шығысында Қабыршақты көлі, Күйіс (Койус) тауы орналасқан. Оңтүстігінен Жезқазған – Қарағанды темір жолы өтеді. ## Геологиялық құрылымы Девон жүйесінің жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Аласа таудың сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында қара жусан, көкпек, бұйырғын, т.б. өседі.‎ ## Дереккөздер
Көксеңгірсор – Есіл алабындағы тұзды көл. ## Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Баянбай ауылының шығысына қарай 5 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 158,8 м биіктікте. ## Гидрографикасы Аумағы 46,3 км 2 (су көп жылдары 63,0 км 2-ге дейін ұлғаяды), ұзындығы 12,4 км, енді жері 7,2 км, жағалау бойының ұзындығы 45,1 км, орташа тереңдігі 0,7 м. Көлдің шығыс жағалауы тік құламалы келген. Оңтүстік-батысынан Саға және Қарасу өзендері құяды. Ортасы мен оңтүстік-батыс бөлігінде ұзындығы 0,4 – 0,7 км болатын үш арал орналасқан. Шаруашылық мәні зор. ## Дереккөздер
Көксу – Балқаш алабындағы өзен. ## Географиялық орны Жетісу облысының Ескелді, Көксу аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 205 км, су жиналатын алабы 4670 км2. ## Бастауы Бастауын Жетісу Алатауындағы Басқан мұздығының оңтүстігінен алып, Көксу темір жол станциясында тұсында Қаратал өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Қараарық пен Қазан бастауларының қосылған жерінен Көксу аталады. Жоғарғы бөлігінде тар шатқал арасымен өтеді. Арнасының жағасы тік, биіктігі 4 м-ге жетеді. Су жайылмасының ені 5 – 10 м-ден аспайды. Ағысы қатты, суы мол. Жылдық орташа су ағымы Көксу а. тұсында 37 м3/с. Өзен суы шабындықтарды суландыруға, егін, бау-бақша суғаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Көксу – Алтай тау жүйелерінің батысындағы таулы жота. ## Географиялық орны Ресей Федерациясы құрамындағы Алтай Республикасы мен Қазақстан шекарасында орналасқан. Үбі және Ертіс өзендерінің суайрығы саналады. ## Жер бедері Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 70 км-ге созылып жатыр. Абсолюттiк биіктігі 2599 м. ## Геологиялық құрылымы Орта девон кезеңінің эффузивті жыныстарынан, саздақты тақтатас, граниттен түзілген. ## Өсімдігі Беткейлерінде самырсын, шырша, майқарағай, өзен аңғарларында көк терек, қайың, ал 2200 – 2500 м биіктікте альпілік шалғын өседі.‎ ## Дереккөздер
Көксу – Жетісу Алатауы мен Бежінтау аралығындағы асу. ## Географиялық орны Қазақстан мен Қытай шекарасында. Биіктігі 3210 м. Көксу өзенінің саласы – Қазан арқылы шығысындағы Боратала өзенінің бастауына қарай соқпақ жол өтеді.‎ ## Дереккөздер
Көкпекті – Жаркөл көлінің солтүстік-батысындағы тұзды тұйық көл. Тобыл өзені алабында. ## Географиялық орны Қостанай облысы Қостанай ауданы Майкөл ауылының оңтүстік-батысында 13 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 188,7 м биіктікте. ## Гидрографикасы Аумағы 4,5 км2, ұзындығы 4,7 км, енді жері 2,3 км, жағалау бойының ұзындығы 21 км. Көктемгі еріген қар, жауын-шашын суларымен толығып, жазда тартылып батпаққа айналады. ## Жағалау сипаты Жағалауы жайпақ, пішіні доға тәрізді келген. Жағасында қамыс, құрақ, т.б. өседі. ## Дереккөздер
Көксу – Көксу жотасының оңтүстік бөлігіндегі асу. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық әкімдігіне қарасты аумағы мен Ресей шекарасында орналасқан. Ең биік жері 2000 м шамасында. Асудан сәуір – қазан айлары аралығында салт атты адам өте алады. Беткейлерін қылқан және жалпақ жапырақты орман ағаштары басқан.‎ ## Дереккөздер
Көксу бұлақтары– Алматы облысында, Көксу өзенінің аңғарында, Текелі қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде орналасқан. Олар шығыс (2800 м биіктікте) және батыс (2200 м биіктікте) бұлақтар деп бөлінеді. «Кремнийлі жылы су» минералды тұмалар қатарына жатады. Кей жерлерде аллювийлі шөгінділердің жұқа қабаты жапқан гранит жарықшаларынан шығады. Жиынтық шығымы тәулігіне 210 м3. Суы мөлдір, температурасы 25,5°С, минералдылығы 0,25 – 0,30 г/л, құрамы жағынан гидрокарбонатты сульфатты-натрийлі, сәл сілтілі (рН 8,2), әлсіз радиоактивті, радонының мөлшері 17,6 эман (Е), кремний қышқылы 57 мг/л. Газының құрамында азот басымырақ (98,5%). Бальнеол. мақсатта пайдаланылады. ## Дереккөздер
Көксеңгір4– Қаратау жотасының солтүстік-батысындағы артезиан құдығы. Қызылорда облысы Шиелі ауданы Еңбекші ауылының солтүстік-шығысында 67 км жерде. Көксеңгір құдығы теңіз деңгейінен 140 м биіктікте. Солтүстігінде Сейіт, Қатынқұдық құдықтары мен Қатыншоқай құмды алқабы, шығысында Саумалкөл соры, оңтүстігінде Қызылжар құдығы, батысында Ақтау, Дәуіт таулары мен Жетімтау қонысы орналасқан. Мал суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Көксуат – Алакөл алабындағы өзен. ## Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Тастау жотасының 3300 – 3500 м биіктіктегі мұздықтарынан бастау алып, Ырғайты өзеніне құяды. Ұзындығы 41 км. Ұзынды-қысқалы 11 саласы бар. ## Гидрологиясы Жоғарғы ағысында аңғары мен арнасы тар шатқалды. Еріген қар, мұз суларымен толығады. Наурыз – сәуір айларында тасиды. Суы тұщы. Ауыз су ретінде пайдалануға қолайлы. ## Дереккөздер
Көксу ауданы — Жетісу облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Балпық би. ## Географиялық орны Аудан солтүстігінде Қаратал ауданымен, шығысында Ескелді ауданымен, оңтүстігінде Кербұлақ ауданымен, батысында Алматы облысының Балқаш ауданымен шектеседі. ## Жер бедері Ауданның шығыс, оңтүстік-шығыс бөлігі таулы-қыратты. Оңтүстік-шығысында Шаған тауы, шығысында Албасу (Лабасы), Қызылауыз, Сарыбастау, Жуантөбе, оңтүстігінде Ашудасты, Достар, Ақшоқы таулары, батыс бөлігінде Көкшиелі жотасы орналасқан. Батысын Мойынқұм, Аралқұм, Жетіжал құмдары алып жатыр. Ауданның ең биік жері Шаған тауларында (2551 м). Кен байлықтарынан Желдіқара кен орнында алтын және күміс кендерінің қоры барланған, сондай-ақ құрылыс материалдарының қоры бар. ## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Көксу ауданының климаты тым континенттік, қысы біршама суық, жазы ыстық. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы –9 – 11°С, қыс айларының кейбір күндерінде ауа температурасы –35°С-қа дейін төмендейді. Шілде айының жылдық орташа температурасы 22 – 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері жазық өңірлерде 150 – 250 мм, шығысындағы таулы өңірлерде 400 – 550 мм. Аудан жерімен Көксу, Быжы, Қарасу, Мұқыр өзендері ағып өтеді. Батысының топырағы сұр, құмдақты сұр, сортаң, орталық бөлігінде қоңыр, қызғылт қоңыр, тау өңірлерінде қара қоңыр, қара топырақтар таралған. Жазық және құмды өңірде эфемерлі өсімдіктер, жусан, ши, ақ сексеуіл, теріскен, сүттіген, бұйырғын, баялыш, жүзгін, тау бөктерлері мен өзен аңғарында итмұрын, тобылғы, долана, тал, жабайы алма, тау шатқалдарында терек, шырша, қарағаш, т.б. өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, елік, жабайы шошқа, шиебөрі, суыр, сарышұнақ, қосаяқ, құстардан кекілік, бұлдырық, бүркіт, қырғауыл, дуадақ, шіл, бозторғай, бөдене, т.б. кездеседі. ## Шаруашылығы Аудандағы ірі өнеркәсіп кәсіпорны – «Көксу-Шекер» АҚ қант зауыты. Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің жалпы аумағы 638,2 мың га (2008), оның ішінде жыртылған жері 29,8 мың га, шабындығы 9,3 мың га, жайылымдары 600 мың га. Өсімдік шаруашылығында астық дақылдары басым (13,3 мың га). ## Халқы Аудан халқының саны 41 578 адам (2019), ұлттық құрамы: қазақтар (82,18%), орыстар (10,65%), ұйғырлар (0,49%), әзербайжандар (3,22%), татарлар (0,91%), шешендер (0,38%), немістер (0,44%), корейлер (0,95%), басқалары (0,78%). ## Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 34 елді мекен 10 ауылдық округке біріктірілген: ## Дереккөздер
Көксу полиметалл кен орны – Жетісу облысы Талдықорған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 100 км жерде орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Кен алаңы Текелі-Боратала синклинорийі мен Оңтүстік Жоңғар антиклинорийінің аралығында. Кен солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс бағыттарда созылған жарылымдармен блоктарға бөлініп күрделенген. Геологиялық қиманың төменгі қабатында әктас пен доломиттер, одан жоғарғы төменгі палеозойдың құмтастары мен тақтатастары солтүстік-батыс бағытта созылған Көксу синклиналінің ядросын құрайды. ## Жатыс сипаты, минералдары Кен денесі линза пішіндес. Кен құраушы минералдары: галенит, сфалерит, пирит, пирротин, халькопирит, аз мөлшерде буланжерит, джемсонит, бурнонит, арсенопирит бар. Кеннің тотығу белдемі 130 м тереңдікке дейін тараған. ## Құрамы Кентас құрамындағы қорғасынның мөлшері 2,98%, мырыш 0,97%, мыс 0,54% және акцессор элементтерден сүрме, күшәла, никель, кадмий, ванадий, т.б. бар. ## Дереккөздер
Көксерке (лат. Sander lucioperca) – алабұға тұқымдасына жататын жыртқыш балық. Бұлар табиғи жағдайда Балтық, Қара, Азов, Каспий, Арал теңіздерінің су алаптары және Эгей теңізіне құятын Марица өзенінде кездеседі. Қазақстанда Жайық – Каспий, Сырдария – Арал, Сарысу, Балқаш – Алакөл, Талас, Ертіс, Нұра су алаптарында тіршілік етеді. Ұзындығы 35 – 45 (91) см, салмағы 400 – 900 (11,3 кг) г. 10 – 12 (16) жыл тіршілік етеді. Ұзынша денесі екі бүйірінен сәл қысыңқы. Жақтары мен таңдайында шошақ тістері бар. Майда қабыршағы құйрық қанатының түбіне шейін, басында желбезек қақпағына дейін жауып жатады. Бүйірінде 9 – 14 қоңыр көлденең жолақтары бар, майдаларында анық көрінеді. Жақын орналасқан екі арқа қанатының біріншісі тек тікенекті талшықтардан тұрады. Кеуде, құрсақ және аналь қанаттары ақ немесе солғын сары түсті болады. Арқа және құйрық қанаттары көптеген майда қоңыр дақтардан шұбар болып көрінеді. Жыныстық жағынан көпшілік жағдайда 2 – 4 жасында жетіледі. Әрбір аналық уылдырығын (54,6 мыңнан 170 – 180 мыңға дейін) су температурасы 12 – 15°С болғанда (наурыздың аяғы – сәуірдің басынан мамырдың аяғына, кейде маусымға дейін), суы таза, майда тасты, өсімдік қалдығы бар тұнба-топырақты жерлерге шашады. Оны аталықтары қорғайды, бұл мезгілде олар қоректенбейді. Өте майда шабақтары зоопланктонмен, сәл ересектері зообентоспен (мизидалар, креветкалар, бүйірімен жүзушілер, хирономидтердің дернәсілі, т.б.) қоректенеді. Мөлшері 5 см-ге жеткенде балықпен қоректенеді. Басқа жыртқыш балықтар сияқты бұларға каннибализм тән. Көксеркенің еті дәмді, қылтанақсыз, кәсіптік маңызы бар балық. Сондай-ақ олар сулардың тиімді биомелиораторы болып саналады. ## Дереккөздер
Көкпекті – Байсары тауының оңтүстігіндегі қыстау. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Кемерши ауылының солтүстігінде 22 км жерде орналасқан. Сағыз өзенінің аңғарында. ## Қыстаулары мен бұлақ жазықтары Маңында Бұлақ, Ақсай, Қызылшоқы, Қосағаш қыстаулары мен Егіндібұлақ бұлағы бар. Қырқалы жазықтағы сортаң топырақ жамылғысында жусан, жантақ, өлеңшөп өседі. ## Дереккөздер
Көктал – Қаратал өзені алабындағы өзен. ## Географиялық орны Жетісу облысы Ескелді ауданы мен Талдықорған қалалық әкімдігі аумағына қарасты өзен. ## Бастауы Мыңшұңқыр (Жетісу Алатауы) жотасының солтүстік-батыс беткейінен бастау алатын Балықты және Теректі өзендерінің қосылуынан түзіліп, Алмалы өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 67 км, су жиналатын алабы 1030 км2. Жоғарғы ағысында тар шатқалмен ағып, төменгі ағысында алабы мен аңғары ұлғаяды. Көктемде еріген қар суымен арнасынан тасиды. Егін және мал суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Көксу-Текелі кенді ауданы - Алматы облысының шығысында, Жетісу металлогения аймағында шоғырланған кен орындары тобы. ## Геологиялық құрылымы Бұл аудан каледон қатпарлығы және герцин қатпарлығы кезінде қалыптасқан, геологиялық дамуы тұрақсыз және әр түрлі тектоникалық қозғалыстары бір-біріне қарама-қайшы аймақтардың шектескен орны. Көксу-Текелі кенді ауданы бір шеті Оңтүстік Жоңғар антиклинорийімен Солдатсай бойындағы жарылымның қиылысқан жерінде, екінші шеті Алтынемел жарылымдарының бойымен созылып жатыр. Төменгі палеозойдың карбонатты жыныстары араласқан құмтастар мен тақтатастардың қабаттары Текелі және Суықтөбе шоғырларының ішінде орналасқан. Каледон кешеніне жататын тау жыныстары қатты метаморфталуға шалынып, күрделі қатпарлар құраған. Кен денелері кен алаңының құрылымымен бағыттас. ## Кен орындары Алаңдағы басты кен орындары: Текелі, Көксу, Үсек, т.б. Кентас негізінен қорғасынды-карбонатты және кварц-тремолитті кешендерден құралған, сондай-ақ скарндық және кварц-карбонатты түрлері де кездеседі. ## Дереккөздер
Көктал – Нұра алабындағы өзен, Жарлы өзенінің бір саласы. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Қарақуыс және Үлкен Қарақуыс таулары арасымен ағып өтеді. Жарлы ауылының тұсында Жарлы өзеніне сол жағынан құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 50 км-ден астам. Арнасы ирелең, жағалары құламалы, жайпақ, кей жерінде тал өскен. Қарашаның басында суы қатып, сәуірде ериді. Көктемгі қар суымен толығады. Суы тұщы, таза, елді мекендерді ауыз сумен жабдықтауға және мал суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Көксала — Абай облысы Аягөз ауданы, Айғыз ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Аягөз қаласынан батысқа қарай 111 км-дей жерде, Көксала өзенінің оң жақ аңғарында орналасқан. ## Дереккөздер
Көктал – Жамбыл облысы, Талас өзені алабындағы өзен. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Талас ауданы жерімен ағып өтеді. ## Гидрологиясы Ұзындығы 61 км, су жинау алаңы 482 км². Ұшы Қаратаудың солтүстік баурайында басталды. Солтүстік-шығысқа кетеді. Ол Ащикөлге құяды. Арна тар, банктер бөлшектелген. Орташа тұтыну - 1,2 м³/с. Ортаңғы курста демалыс орындары (диспансер, жазғы лагерлер) бар. ## Бастауы Қаратаудың солтүстік беткейінен басталып Ащыкөлге құяды. ## Дереккөздер ## Әдебиет * Коктал//Казахстан. Национальная энциклопедия. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. — Т. III. — ISBN 9965-9746-4-0.
Көктал — Ащымиір алабындағы өзен. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 34 км. ## Бастауы Ұлытау тауларының оңтүстік-батыс беткейінен ағатын бұлақтардың қосылуынан құралып, Ащымиір өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Ұсақ 3 саласы бар. Аңғарының ені 1 км-дей, жайылмасы екі жақты. Өзен көбінесе ирелеңдеп ағады. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толығады. Сәуірде тасиды, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Өзен алабында жайылымдар мен қыстаулар бар. Суы мал суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Көксеңгір – Қызылқұм құмының солтүстігіндегі төбе. ## Географиялық орны Қызылорда облысы Сырдария ауданы Айдарлы ауылының оңтүстік-батысында 55 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 171 м. Батыстан шығысқа қарай 4,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км. Беткейі көлбеу, пішіні күрделі. Құмды жалдардың орта бөлігіндегі төбенің солтүстігінде Іңкәрдария құрғақ арнасы мен Тектұрмас төбесі, шығысында өзімен аттас артезиан құдығы, оңтүстігінде Масақұдық, батысында Шалғынбай, т.б. көптеген артезиан құдықтары орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Төбе төрттік кезеңінің жаңа түзілімдерінен тұрады. ## Өсімдігі Құмды сұр топырағында шөл өсімдіктері өседі. ## Дереккөздер
КӨКТАЛ– Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Кіші Қамқалы а-ның солт-нде 80 км жерде орналасқан тұщы құдық. Теңіз деңгейінен шамамен 400 м биіктікте жатыр. Батысында Ұзынтау төбесі мен Қылышқыр құдығы, солт-нде Үлкен Сарықамыс, Кішіқыр, Белқұдық құдықтары, шығысында Түлкіқаран (Түлкіқараны), оңт-нде Сарықамыс құдығы орналасқан. К. арқылы Кіші Қамқалы – Шалқия – Атасу автомобиль жолы өтеді.‎
Көктал-Арасан минералды қайнары - Алматы облысы Панфилов ауданындағы бұлақтар. Көктал ауылынан солтүстікке қарай 23 км қашықтықта, Тоқсанбай жотасының оңтүстік баурайындағы Долантау тауында, Бурақожыр өзенінің аңғарында, 1280 м биіктікте орналасқан. Бұл бұлақтарды "Қу-Арасан" немесе "Жаркент-Арасан минералды сулар кені"деп атайды. Қайнар сулары корбон кезеңінде қалыптасқан фальзит-профирлерді тілгілеп өтетін тектоникалық белдемге шоғырланған. Қайнар суларының дебиті 1,7-104 м3/ тәуліктей, жұмсақтығы 30,435,2°С, минералдылығы 1-1,1 г/л. Бұлар сулыратты-хлоридті натрийлі суға жатады, құрамында 80-96 мг/л кремний қышқылы, 7-8 мг/л фтор, аз родон бар. Осы минералды қайнарлар негізінде Жаркент-Арасан емдеу орталығы жұмыс істейді, олар полимиелитке, қозғалу органдарының, жүйке жүйесінің және гинекологиялық ауруларына шипалы. ## Дереккөздер
Көксор – Көкшетау қыратының солтүстік бөлігіндегі тұзды тұйық көл. ## Географиялық орны Ақмола облысы Біржан сал ауданы Андықожа батыр ауылының солтүстік-шығысында 25 км жерде орналасқан. Көксеңгірсор көлі алабында. Теңіз деңгейінен 222 м биіктікте. ## Гидрографикасы Аумағы 6,2 км2, ұзындығы 3,4 км, енді жері 2,5 км, жағалау бойының ұзындығы 12,2 км. Орташа тереңдігі 0,5 м. Жағалауы түйетайлы, қоға аралас қамыс өседі. Көктемгі еріген қар, жауын-шашын суларымен толысады. Қараша айының аяғында суы қатып, сәуірде ериді. Жазда су айдыны тартылып қалады.
Елді мекендер: * Көктас – Жамбыл облысы Жуалы ауданына қарасты ауыл. * Көктас – Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты ауыл. * Көктас – Баткен облысы Баткен ауданындағы айыл. * Көктас – Баткен облысы Лейлек ауданындағы айыл. * Көктас – Жалалабат облысы Алабұқа ауданындағы айыл. * Көктас – Жалалабат облысы Наукен ауданындағы айыл. * Көктас – Жалалабат облысы Майлысу қаласына қарасты кент. * Көктас – Талас облысы Бақайата ауданындағы айыл. Таулар: * Көктас – Қарағанды облысы Абай ауданындағы тау. * Көктас – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы тау. Өзен: Көктас – Сарысу алабындағы өзен.
Көктал боксит кен орны - Қостанай облысының Әулиекөл ауданы және Наурызым ауданы аралығында жатыр. Торғай иін ойысының орта тұсында орналасқан кен 1960 жылы ашылған. Кен орны Көктал және Наурызым атты екі телімнен тұрады. ## Жатыс сипаты Іздестіру жұмыстары нәтижесінде Көктал телімінде 44 кен денесі анықталды, оның ішінде 10 кен денесі ірі саналады және оның қоры С2 категориясына жатқызылады. Кен денелерінің пішіні: ұзындығы 3 км-ге жуық, ені 0,4-тен 1,2 км аралығында. Бокситті кен денелерінің орташа қалыңдығы 4,0-11,3 м аралығында. Олар 151,3-тен 165,5 м тереңдікте жатыр. Кен денесінің пішіні линза тәрізді тақташа түрге ие. Наурызым телімінде 40 кен денесі анықталған, оның екеуінің өнеркәсіптік маңызы бар. Бұл кен денелері пішімі 750 және 2500 м, ені 500 м. Орташа қалыңдығы 5,0 м және 5,7 м. Кен денесі 153,1 және 183,6 м тереңдікте. Бокситтің есептелген қорының мөлшері 13,8 млн. т. Екі телімдегі кен денелерінің жиынтық қоры 91,3 млн. т-ны, болжамдық қоры 310 млн. т-ны құрайды. ## Дереккөздер
Көктас – Нұра және Сарысу өзендерінің аңғарындағы шоқы. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Абай ауданы Есенгелді ауылының оңтүстігінде 32 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 564 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км. ## Жер бедері Тіктеу келген беткейлері етегіне қарай жайпақталып жазыққа ұласады. Солтүстігінде Балықты көлі мен Кеңсай қыстауы, батысында Ақтасты шоқысы, оңтүстігінде Ақшоқы шоқысы орналасқан. Шығысынан Ертіс-Қарағанды каналы өтеді. ## Геологиялық құрылымы Силур жүйесінің жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Тауалдының қоңыр топырағында боз, селеу, бетеге, жусан, бұталар өседі. ## Дереккөздер
Көктасжал мыс кен орны - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында орналасқан. Кен орны 1953-1958 жылдары барланған. ## Геологиялық құрылымы Спасск антиклинорийінің шығыс шетіндегі Көктасжал жаншылу аймағына жатады. Плагиогранит-порфир интрузивтері қиып өтетін тас көмірдің эффузивті-туфтекті жыныстарынан тұрады. Кентасталуы плагиогранит-порфирдің ұсақталу және кварцтену белдеміне байланысты. Кенге хлориттану, эпидоттану, кварцтену тән болып келеді. Кентасы мүжіліп-теңбілденген. Қышқылдану белдемінің тереңдігі 20 – 50 м. ## Минералдары, құрамы Минералдары: сульфидтік кентаста – халькопирит, борнит, пирит, молибден, гематит, күңгірт кентас қышқылданған кентаста – малахит, азурит, хризоколла. Негізгі пайдалы компоненттері: мыс, алтын, қосымша компоненттер – күміс, молибден, селен, теллур. ## Дереккөздер
Көктас – Сарысу алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ұлытау облысындағы Жаңаарқа ауданының оңтүстігінде, шығыстан батысқа қарай ағады. Ұзындығы 142 км, су жиналатын алабы 6560 км². ## Бастауы Бастауын Желдітау, Қу тауларынан алып, Жетіқоңыр құмының солтүстігінде тартылып қалады. ## Гидрологиясы Оң жағынан Ақтассу (10 км), Еспенбек (20 км), сол жағынан Сарыбие (31 км), Қарасай (73 км), Сағынтай (38 км), т.б. салалар келіп құяды. Жоғарғы және орта ағыстарының аңғары тар, тастақты. Негізінен қар, жер асты суларымен толығады. Жазда қарасуларға бөлініп қалады. Шөл далада орналасуына байланысты бұл өзеннің мал суаруда, жайылымдарды суландыруда маңызы зор. ## Дереккөздер
Көктау – Жалпы Сырт қыратының солтүстік-батысындағы қырқалы тау массиві. ## Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Амангелді ауылының солтүстік-батысында 33 км жерде, Ресеймен шекаралас орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 227 м. Беткейі көлбеу, пішіні доға тәрізді келген. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, енді жері 8 км. Беткейі сай-жыралармен тілімденген. Жер бедеріне күмбез пішінді денудациялық тау жұрнақтары тән. ## Геологиялық құрылымы Жер қыртысы мезо-кайнозой кезеңінің бор-мергельді жыныстарынан түзілген. Кейбір жерін палеогеннің құмды-саздақты шөгінділері жапқан. ## Өсімдігі Аласа таудың қоңыр топырақ жамылғысында боз, селеу, бетеге аралас дала өсімдіктері өседі. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * [1](қолжетпейтін сілтеме) Батыс Қазақстан облысы
Көктал– Мешкейсор көлінің солт.-шығысындағы қыстау. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы. Шұбаркөл кентінің оңт-нде 25 км жерде орналасқан. Солт-нде Әбілжаппас қыстауы, шығысында Түгел тауы мен қыстауы, батысында Әбушахман қыстауы бар. Карбонатты қоңыр топырағында бұталар, жусан, боз, селеу өседі. Қыстау мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
Көктау – Қалба жотасының солтүстік бөлігіндегі тау массиві. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылының шығысында орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1449 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 24 км-ге созылып жатыр, енді жері 18 км. Солтүстік, солтүстік-батыс беткейі көлбеу келген, оңтүстік беткейі тік жарқабақты. Сибинка (Себе) және Ұраңқай өзендерінің суайрығында. Таудан осы өзендердің бірнеше салалары бастау алады. Солтүстік-шығысында Медведка тауы, оңтүстігінде Шалқар көлі орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Палеозойдың тақтатас, құмтас және интрузивті жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Баурайындағы қызғылт қоңыр, қара топырақ жамылғысында дала өсімдіктері, шатқалдарында қарағай, терек, т.б. өседі. ## Дереккөздер
‎‎ Көкпекті бөгені — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының жерінде орналасқан. Көкпекті өзенінің ағысын реттеп отырады. 1959 жылы пайдалануға берілген. ## Гидрологиялық сипаты Су айдынының аумағы 37,5 га, ұзындығы 2,1 км, енді жері 1 км-ге жуық. Ең терең жері 8 м, суының көлемі 1,5 млн. м³. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді. Шаруашылық мақсатында суаруға және ауыз суына пайдаланылады. Бөгенде табан, алабұға, шабақ, таутан кездеседі. ## Дереккөздер
Көктау – Теңіз көлінің оңтүстігіндегі оқшауланған аласа шоқылы тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Талдысай ауылының солтүстігінде 47 км жерде орналасқан. Көң өзені аңғарында. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 409 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 7,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Беткейі көлбеу, пішіні доға тәрізді келген. Шығысында Қособа тауы, оңтүстігінде Қияқты соры, батысында Сарытау тауы орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Пермь кезеңінің жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, селеу, жусан, ажырық, бұталар өседі. ## Дереккөздер
Көксу суғару жүйесі– Алматы облысы Көксу, Қаратал, Ескелді аудандары жерімен өтетін арна. 1939 – 40 жылдары салынып, 1959 жылы бірнеше гидротехникалық құрылыстармен ұлғайтылды. Көксу өзенінің бойындағы Көксу темір жол бекетінің тұсынан басталады. Жалпы ұзындығы 103 км, негізгі магистралі 42 км, одан тарайтын 10 тармақтың ұзындығы 61 км. Канал табанының ені 5 – 10 м, беті 8 – 15, тереңдігі 1,2 м. Орташа су ағымы 25 м2/с. Қаратал, Ескелді аудандары тұрғындарының 23 мың га-дай егістік пен бау-бақша алқаптарын суландырады. ## Дереккөздер
Көктал, Сатылы – Қаратал алабындағы өзен. ## Географиялық орны Жетісу облысы Панфилов ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 63 км, су жиналатын алабы 1550 км2. ## Бастауы Жетісу (Жоңғар) Алатауының сілемі Тоқсанбай жотасынан басталып, Рудничный кенті тұсында Көксу өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Аңғары тар шатқалды. Ағысы қатты. Ұзындығы 10 км-дей 81 саласы бар. Жылдық орташа су ағымы Аралтөбе ауылы тұсында 6,61 м3/с. Суымен бау-бақша суғарылады. ## Дереккөздер
Көктеке(Sіttіdae) – әнші торғай тәрізді құстардың бір тұқымдасы. Көктекенің 3 туысқа жататын 25 түрі Солтүстік Американың, Еуразияның, Солтүстік-батыс Африканың, Жаңа Гвинея мен Австралияның орманды алқаптарында, жартасты тау жоталарында кездеседі. Олардың көпшілігі отырықшы құстар. Денесінің ұзындығы 9,5 – 19 см. Дене бітімі шағын әрі жұмыр, құйрығы қысқа. Аяқтары қысқа, тұтқыр тырнақтары арқылы ағаш діңінің бойымен, тік жартастарда жоғары және төмен қарай өте жылдам өрмелеп жүре береді. Тұмсығы тік әрі өткір. Тұмсығымен қатты ағаш тұқымдары мен жаңғақтарын өте оңай ұсақтай алады. Ұяларын ағаш діңінің, жартастардың қуыстарына салады да, ұясының аузын балшықпен көмкеріп тарылтады. Ұясында көбінесе 6 – 8 жұмыртқа болады. Жұмыртқасын мекиендері шайқайды. Ұсақ жәндіктермен, өрмекшілермен, ұлулармен және өсімдіктердің жемістерімен, тұқымдарымен қоректенеді. Қазақстанда Көктекенің 2 түрі: орман Көктекесі және жартас Көктекесі бар. Орман көктекесі (Sіtta europaea) – Ертіс өзенінің аңғарында, Алтай тауының орманды жерлерінде кездеседі, ол қыста Қазақстанның батыс өңіріне қоныс аударады. Арқасы көкшіл сұрғылт, бауыры ақшыл, тұмсығы, басының екі жағы қара жолақты. Жартас көктекесі (Sіtta tephronota) – Тянь-Шаньда, әсіресе, Талас Алатауында, Піскем, Өгем, Қазығұрт, Боралдай, Қаратаудың оңтүстігінде, Іле Алатауының батыс бөлігінде, Шу-Іле тауларының шатқалдарында ұя салады. Түрлі жәндіктерді, әсіресе, қоңыз және өсімдік қандалаларын, өрмекшілерді жейді. Олар шәмшат жаңғақтарын, үйеңкі, жөке, қарағаш тұқымдарын ағаш қабығының қуыстарына тығып қойып та қоректенеді. Көктеке орман шаруашылығына өте пайдалы құс. ## Дереккөздер
Көктау – Ақдала қонысының оңтүстік-батысындағы төбе. Қарағанды облысы Шет ауданында орналасқан. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Жер бедері биік төбелі қырқалардан етегіне қарай бірте-бірте аласа жазыққа ұласады. Солтүстігінде Сусызтау тауы, шығысында Айбат тауы, оңтүстік-шығысында Күзек төбесі (503 м) мен Ағашжайлау тауы, батысында Бесбақыр, Балшық, Көр (430 м) төбелерімен Көкбұлақ бұлағы орналасқан. Девон жүйесінің төменгі және ортаңғы бөлімі жыныстарынан түзілген. Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, көкпек, бұталар өседі. Қарақұйрық пен ақ бөкеннің жазғы жайылымы. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * [1] Қарағанды облысы
КӨКТАЛ– Шағырлы тауының батысындағы оқшауланған төбе. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Тасбөгет а-ның солт.-батысында 62 км жерде орналасқан. Абсолютiк биіктігі 335 м. Беткейі көлбеу, пішіні дөңгелек тәрізді келген. Солт-нде Жаманжол төбесі, шығысында Байқара тауы, оңт-нде Сарыой аңғары, батысында Құрманшат төбесі орналасқан. Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, баялыш, тасбұйырғын өседі.‎
«Көктем» — таза ауамен және шипалы сумен емдейтін санаторий. Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 2 км жерде, Іле Алатауының етегінде, теңіз деңгейінен 1100 м биіктікте орналасқан. Бір мезгілде 350-ден астам адам емделеді. 1981 жылға дейін «Көктем» санаторийі «Ремизовка» демалыс үйі болып аталып келген. Таудың таза ауасы мен сұлу табиғаты, табиғи шипалы минералды суы санаторийге келушілердің жақсы емделуі мен демалуын қамтамасыз етеді. Қаңтар айының орташа температурасы –3,8°С, ал шілдеде 20,7°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 780 мм-ге жетеді. 1990 жылы санаторий аумағынан минералдылығы аз, гипертермальды (42 – 44°С) құрамы азотты-сілтілі және хлорид-сульфатты натрийлі, кремний қышқылы мен фторға қаныққан табиғи шипалы жер асты ыстық су көзі табылған. Бұл судың құрамы мен температурасы «Сарыағаш» суына ұқсас болғанымен құрамы одан да күрделі, сондықтан табылған шипалы судың адам организміне тиімді әсері жоғары. Шипалы суды ішу арқылы ас қорыту жүйесінің ауруларын (созылмалы гастрит, асқазаннан бөлінетін сөлдің қышқылдығының жоғары не төмен болуы), асқазан ішек жараларын, бауыр және өт, несеп жолдарының ауруларын, бүйрекке тас байлану, созылмалы цистит және простатитті емдейді. Сондай-ақ асқазанға және өт жолдарына жасалған операциядан кейін осы шипалы суды ішу – организмге өте пайдалы екені анықталған. Санаторийдің осы заманғы құралдармен жабдықталған емдеу ғимараттарында шипалы су толтырылған 4 камералы ванналар, су асты массаж жасау, омыртқа жотасын су астында тік бағытта созып емдеу, шипалы су құйылған бассейнде арнайы емдік жаттығулар жасау жолға қойылған. Санаторийде функционалдық диагностика қою, физиотерапия, инемен емдеу, микротолқындық терапия, лазермен емдеу, су-джок терапия, сүлік қою, массаж (қолмен нүктелік, вакуумдық) жасайтын, емдік дене шынықтыру және стоматол. кабинеттер бар. Жаз кезінде күнмен емдеу (гелиотерапия) жолға қойылған. ## Дереккөздер
Көктерек – Алтынемел жотасының оңтүстік беткейіндегі өзен. ## Географиялық орны Жетісу облысы Панфилов ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 40 км, су жиналатын алабы 856 км2. ## Бастауы Бастауын Алтынемел жотасындағы Қатутау жотасының оңтүстік беткейінен алып, Іле аңғарындағы Айдарлы ауылы маңындағы құмға сіңіп кетеді. ## Гидрологиясы Өзен жағалауы жайпақ, тек орта ағысындағы Атыжек тауында жағалауы тік жартасты келген. Көктеректің бірнеше шағын салалары бар. Олардың басым бөлігі жаз айларында құрғап, қарасуларға бөлініп қалады. Аңғары мал жайылымы. ## Дереккөздер
Көк терек саңырауқұлағы(Leccinum aurantiacum) – базидиомицеттер класы, болет тұқымдасына жататын саңырауқұлақ. Қалпағының диаметрі 4 – 20 (сирек жағдайда 30) см, түсі сарғыш, сарғыш қызғылт, қоңыр қызыл түсті (кейде қалпағы ақ түстілері де кездеседі). Пішіні жартылай шар тәрізді, құрғақ, төмен қарай иіліп, гименофорға (гимений орналасқан саңырауқұлақ жемісті денесінің үстіңгі беті) бекиді. Аяғының ұзындығы 6 – 20 см, қалыңдығы 2 – 3,5 см, төмен қарай жуандап, сыртын әуелі ақ , саңырауқұлақ піскенде қоңыр түске айналатын қабыршақтар жауып жатады. Жемісті денесінің түсі ақ, тығыз болады. Жемісті денесін сындырғанда ақ түсі көк түске өзгереді. Бұл саңырауқұлақтар негізінен көктеректі, қайыңды, сирек еменді, қарағайлы және шыршалы ормандарда маусымнан қыркүйек айына дейін өседі. Жеуге жарамды. ## Дереккөздер
Көктөбе – Іле Алатауының бөктеріндегі көрікті жерде орналасқан төбе. Алматы қаласының оңтүстік-шығысында. Абсолют биіктігі 1070 м, салыстырмалы биіктігі 370 м-дей. ## Сипаттамасы мен тарихы Беткейлері тіктеу келген. Оларда бұта, жусан аралас таудың әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндері өскен. Көктөбеде биіктігі 372 м болатын телевизиялық мұнара, қала тұрғындарының демалыс аймақтары, т.б. орналасқан. Көктөбе – Алматы қаласына панорамалық шолу жасайтын орын саналады.1967 жылы Көктөбе мен "Қазақстан" қонақ үйінің арасына аспалы жол салынды. Ұзындығы 1272 метр, екі аралықты 6 минутта жүріп өтеді. 2004 жылы күшті жауын-шашын салдарынан біраз жері жарылып, суға ақты.Содан кейін қалалық әкімдік таудың бөктеріне бетон төсеп, реставрация жасады. 2006 жылы Төбеде "Көктөбе" саябағы ашылды. 2007 жылы "Битлз" ескеркіші салынды. ## Дереккөздер
Көктөбе – Тарбағатай жотасының оңтүстік-батысындағы төбе. ## Географиялық орны Абай облысы Үржар ауданы Таскескен ауылының батысында 45 км жерде орналасқан. Ай өзенінің аңғарында. Абсолюттік биіктігі 578 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай ұзындығы 18 км-ге созылып жатыр, ені 11 км. ## Жер бедері Беткейі көлбеу, пішіні доға тәрізді келген. Солтүстігінде Кенжебай, Ащықұдық көлдері, шығысында Шұбарқұдық қонысы мен Қараоба төбесі, оңтүстігінде Ақөзек құдығы мен Құттыбике бұлағы, батысында Байтілеу төбесі мен Көктөбебастау бұлағы орналасқан. ## Өсімдігі Құмды, сұр қоңыр топырағында еркек шөп, жусан, теріскен, баялыш, бұталар өседі. Мал жайылымына қолайлы. ## Дереккөздер
Көктөбе – Ұлытау тауларының оңтүстік-шығысындағы төбе. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қарсақпай кентінің оңтүстігінде 112 км жерде орналасқан. Сарысу өзені аңғарында. Абсолютiк биіктігі 372 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Беткейі жайпақ, пішіні доға тәрізді. Солтүстігінде Жыландытөбе төбесі мен Рахметқора құдығы, шығысында Қызылқақ қонысы, оңтүстігінде Қисықсай, Еспесай құрғақ өзен арналары, батысында Байжаннұра қонысы мен Түлкібай, Қарақұдық құдықтары орналасқан. Сұр және сортаң топырақ жамылғысында қара жусан, боз жусан, теріскен, жүзгін, сораң өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Көктөбе – Балқаш көлінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі түбек. ## Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданында орналасқан. ## Сипаты Абсолютiк биіктігі 375 м. Жер бедеріне пермь және тас көмір кезеңдерінің ойпатты аккумуляциялық жазығы тән. Жер бедері солтүстікке қарай еңістейді, батыста Жалаңаш сорына ұласады. Батыстан шығысқа қарай 5 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 7 км-ге созылып жатыр. ## Өсімдігі Сұр қоңыр топырақ жамылғысында эфемерлі сұр жусан, баялыш, күйреуік, бұйырғын өседі. Көл жағалауы қамысты. ## Дереккөздер
Көктас – Нарын жотасының шығыс бөлігіндегі асу. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Балғын ауылының оңтүстігінде 11 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Ең биік жері 1900 м шамасында. Маусым – қараша айларында салт атты адам өте алады. Асу бойынан Балғын өзенінің саласы бастау алады. Көлбеу беткейлі кең өзен аңғарлары мен жартас жоталар жоғары қарай біртіндеп тар аңғар, құлама беткейлі шатқалдар, қырлы жоталар мен үшкір шыңдарға ұласады. ## Өсімдігі Жоғарғы белдеуінде қайың, көктерек, шырша, самырсын өседі. ## Дереккөздер
Көктөбе – Шолақ және Көктөбе өзендерінің аңғарындағы төбе. Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қонысынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 377 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Беткейі көлбеу, пішіні доға тәрізді келген. Денудациялық жазықтағы бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, селеу өседі. Төбенің батысымен Ақтөбе – Қандыағаш темір жолы өтеді. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ақтөбе облысы Мұрағатталған 23 мамырдың 2011 жылы.
Көктырнақ – Кіші Арал теңізінің солтүстік-шығысындағы түбек. ## Географиялық орны Қызылорда облысы Арал ауданында орналасқан. ## Сипаты Солтүстіктен оңтүстікке қарай 30 км-ге созылып, теңізге сұғына еніп жатыр. Батыстан шығысқа қарай 37 км-ге созылған. Теңіз деңгейінен ең биік жері 188 м. Жер бедеріне төрттік кезеңнің ойпатты аккумуляттік жазығы тән. Ол түбектің орта бөлігіне қарай еңістеніп, батысында Бутаков шығанағына, шығысында Үлкен Сарышығанақ қонысына ұласады. Түбекте Үшшоқы, Бұлтық төбелері мен Кенжембай, Аққұдық, Кержығылған құдықтары бар. Түбектің теңізге сұғынған оңтүстік жағалауы 10 – 70 м аралығындағы жыралармен тілімденген. Аймақ мал жайылымы ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Көктау – Жетісу Алатауының орталық бөлігіндегі асу. ## Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданы және Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының шекарасында орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 3067 м. Беткейлік шайылумен бірге бойлық эрозия әрекеттері қатты дамыған. Солтүстік-шығысынан Тентек, оңтүстік беткейінен Боратала өзендерінің салалары таудың биік жоталарындағы мұздықтардан бастау алады. Жатық беткейлі кең өзен аңғарлары мен жайпақ жоталар жоғары қарай біртіндеп тар аңғар, құлама беткейлі шатқалдар, қырлы жоталар мен үшкір шыңдарға ұласады. Асудан мамыр – қыркүйек айларында салт атты адам өте алады. ## Дереккөздер
Көктөрткіл – Қаратау таулары мен Маңғыстау үстірті аралығындағы сайлы-жыралы келген жазықтағы тау. ## Географиялық орны Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы жерінде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 271 м. ## Жер бедері, геологиялық құрылымы Шағын төрткілді келген таудың беткейі көлбеуленіп, төңіректегі жазықпен ұласып кетеді. Неогеннің әктас, бор жыныстарынан түзілген. Куэстер жиі кездеседі. Солтүстік-батысында Бекі ауылы мен құдығы (тереңдігі 12 м, су шығымы 800 л/сағ) орналасқан. ## Дереккөздер
Көктұма, Бақты – Алакөл алабындағы өзен. ## Географиялық орны Абай облысы Мақаншы ауданы жерінде. Ұзындығы 65 км, су жиналатын алабы 1360 км². ## Бастауы Тарбағатай тауының оңтүстік беткейіндегі бұлақтардан басталып, Бақты ауылының тұсында Еміл өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Жалпы ұзындығы 28 км болатын 6 саласы бар. Жайылмасында құрақ, қамыс өседі. Сағасы батпақты. ## Дереккөздер
Көктемдік жанаргүл (лат. Adonis vernalis) - көп жылдық, сарғалдақтар тұқымдасы жанаргүл туысына жататын шөп тектес өсімдік. Көктем жанаргүлі — сарғалдақтар тұқымдасына жататын бір немесе көпжылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 20 см-ге дейін. Сабағын қоңыр қабыршақтар жауып тұрады, қабыршақтарына жаңару бүрлері орналасады. Жапырақтары сағақсыз, ашық сары түсті үлкен гүлкүлтелі гүлдері жалғыз, қоңыр тамыр сабағы бар. Тұқымынан және тамырсабағы арқылы вегетативті жолмен көбейеді. Мамыр айында гүлдеп, шілдеде, жеміс береді. Жемісі күрделі, көптеген біртұқымды жаңғақшалардан тұрады. Көктем жанаргүлі - сирек кездесетін еуроазиялық далалық түр. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. ## Сипаты * Биіктігі 50 см-ге жетеді. * Тамыр сабығы жуандау келген қоңырқай қара. * Жапырақтары жіңішке әрі қалың, төменгілері кезектесіп орналасқан. Сабақтарының бұтақтары көп, сырты тегіс, түп жағындағы жапырақтары қабыршық секілді қоңыр болып келеді. * Гүл жапырақтарының саны 14-20, гүл шеңбері ірі,5 см-ге дейін жетеді. Гүл тостағаншасының жапырақтары бесеу. Гүлі сары, сәуір айында гүлдейді. * Орманды аймақтардың шетінде, далалы жерлерде өседі. ## Химиялық құрамы Көктемгі угүлжапырақ шөбінде адонитоксин гликозиды, цимарин және сапониндер болады. ## Қолданылуы Дәрі мақсатында оның шөптері пайдаланылады. Оны жүрек қызметін реттейтін, сондай-ақ жалпы седативті және несеп жүргізетін дәрі ретінде қолданады. Угүлжапырақ препараты жүрек соғуын күшейтіп, ұсақ артерияларды жіңішкерту арқылы қан қысымын арттырады.Халық медицинасында мұны ұстамалы нерв ауруын, шемен, қызба, іш өту сияқты ауруларды емдеуде тыныштандыратын дәрі ретінде қолданған. Оны ұнтақ күйінде - іш жүргізетін, шеменді, асқазан ауруларын, қарын ауырсынуларын қалыпқа келтіретін дәрі ретінде ішеді. Угүлжапырақ препаратын В. Дерикер рецептісі бойынша, алкоголизмге қарсы да қолданады. ## Емдік қасиеті Қазақстанда көктемдік жанаргүлдің басқа да 7 түрі кездеседі. Бірақ олардың көбінде жүрек глюкозидтері аз болады. Тек түркістандық жанаргүлдің емдік қасиеті ғана көктемдік жанаргүлмен бірдей. * Дәрілік мақсат үшін көктемдік жанаргүлдің жердің үстіндегі жапырақты бөлігін сәуір айында гүлдегеннен бастап, шілде айының басында тұқымы шашылғанға дейін жинайды. Өсімдікті пышақпен кесіп, орақпен орып алады. Тамырымен жұлуға болмайды. Өйткені одан өсімдіктің бір жола жойылып кетуі мүмкін. Орылып алған шөпті жел қағатын жерде көлеңкеде дереу кептіріп алу керек. Дайындалған шикізат құрғақ бөлмеде қағазға оралып, ағаш жәшікте сақатлаған жөн. * Өсімдік құрамында цимарин, адонитоксин деген жүрек глюкозидтері бар. * Көктемдік жанаргүл жүрек неврозына қарсы және орталық жүйке жүйесін тыныштандыратын, несеп жүргізетін дәрі орнына қолданылады. * Бұл бронх демікпесі ауруын емдейтін дәрінің құрамына кіреді. * Шикізаты дәріханаларда тұнба жасау үшін, ал зауыттарда галенді препараттар мен глюкозидтер алу үшін қолданылады. ## Тағы қараңыз * Дәрілік өсімдіктер ## Дереккөздер
Көктікен (лат. Tragus) – астық тұқымдасына жататын шөптесін өсімдіктер туысы. Тропиктік және қоңыржай белдеулерде тараған 7 түрі белгілі. Қазақстанда Маңғыстаудың құмды жерлері мен жол бойларында өсетін жалғыз түрі – шашақты Көктікен (T. racemosus) кездеседі. Бұл бір және екі жылдық өсімдік. Шоғырлана бұталанған көп сабақтарының биіктігі 10 – 30 см, буындарынан тамырланады. Жапырақтарының ұзындығы 4 – 6 см, ені 2 – 3 мм, шет жағы бұдырлы, қынабы жалпақ, тілшесі қысқа, кірпікшелі келеді. Сары түсті гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Шілде – қыркүйекте гүлдейді. Масағы 3 – 4-тен шоғырланған, жемісі піскенде тобымен түсіп қалады. Көктікен– дәрілік өсімдік. Оның тамырының несеп жүргізетін, тер шығаратын, жүйкені тыныштандыратын қасиеті бар. Көктікеннен жасалған препарат жыланның уын қайтарады. ## Дереккөздер
Көктөбе – Матай тауларының оңтүстігіндегі қыстау. Алматы облысы Кербұлақ ауданы Басши ауылының оңтүстік-батысында 30 км жерде орналасқан. Солтүстігінде Шынарбассай қыстауы, шығысында Қызылбелбеу қонысы, оңтүстігінде Құлантөбе қыстауы, батысында Көтекасу, Жүзасу асулары орналасқан. Тау баурайындағы қыстаудың шөбі шүйгін, мал жайылымына қолайлы.‎ ## Дереккөздер
Көкүйдің көлі – Қосқұдық орманды алқабының солтүстік-батысындағы қоныс. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Сарыөзек ауылының оңтүстігінде 15 км жерде орналасқан. Шу өзенінің жайылмасында. Теңіз деңгейінен 290 м биіктікте. Көктем айында Шу өзенінің жайылмасымен қосылып, ұсақ көлшіктер құрайды. Жазда суы тартылып, сор батпаққа айналады. Шеттерінде сексеуіл, т.б. бұта шоғырлары өседі. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Жамбыл облысы
Көкқұйық – Дариялық тақыр жазығының солтүстік-батысындағы төбе. Қызылорда облысы Байқоңыр қонысынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде орналасқан. Сырдария өзені алабында. Абсолюттік биіктігі 159 м. Шығыстан батысқа қарай 2 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Беткейі көлбеу, пішіні доға тәрізді. Батысында Суық (тереңдігі 15 м, су шығымы 1000 л/сағ), т.б. құдықтар орналасқан. Төрттік кезеңінің жаңа түзілімдерінен құралған. Құмды сұр қоңыр топырақ жамылғысында жусан, теріскен, жүзгін, ебелек өседі. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қызылорда облысы Мұрағатталған 22 шілденің 2011 жылы.
Көктіңкөлі – Сарысу алабындағы ағынды көл. ## Географиялық орны Қарағанды облысының Шет ауданында. Жаңаарқа кентінен (Жаңаарқа ауданы) оңтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде, теңіз деңгейінен 540 м биіктікте орналасқан. ## Гидрографикасы Аумағы 12 км2, суы мол жылдары 13,2 км2-ге дейін жетеді. Су жиналатын алабы 2584 км2. Орташа тереңдігі 1,1 м, ең терең жері 2,5 м. Суының көлемі 13 млн. м3. Суы тұздылау, кермек татиды. Жалпы минералдылығы 4,2 г/л. Көлге солтүстік-шығыстан Жаман Сарысу өзені келіп құяды да, солтүстігінен ағып шығады. Сондықтан көлдің деңгейі осы өзен суының молдығына қарай жылына 1,5 м-ге ауытқып тұрады. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында көлдің деңгейі жоғары, ақпанда өте төмен болады. Жаздың 2-жартысында өзен қарасуларға бөлініп қалады. ## Жер бедері Батыс жағасы тік жарлы, биіктігі 2 м-ге жетеді, саздақ аралас сұр құмтастан тұрады. Қалған жағалары жайпақ тегіс, саздақты. Солтүстік, солтүстік-шығыс жағаларында көл суын реттейтін топырақтан бөгет салынған. ## Өсімдігі Жағаларында қамыс, өлең, шалаң, қараған, жусан, т.б. түрлі шөптесіндер өседі. ## Балықтары Күміс мөңке, алабұға, торта балық, шортан, т.б. балықтар кездеседі. ## Дереккөздер
Көкше – Көкшетаудың ең биік жері. ## Географиялық орны Көкшетау қыратының солтүстігінде орналасқан. Батысында оны Кіші Шабақты, солтүстігінде Үлкен Шабақты, шығысында Бурабай көлдері қоршап жатыр. Абсолюттік биіктігі 947 м, төңірегіндегі жазықтан салыстырмалы биіктігі 600 – 700 м. ## Жер бедері мен геологиясы Гранитті интрузивті жыныстардан түзілген. Жақпарлы беткейлері тектоникa және эрозиялық-денудациялық әрекеттерге көп ұшыраған. Солардың салдарынан ғажайып пішінді сан алуан тас мүсіндер, үңгірлер пайда болған. ## Өсімдігі Беткейлерінде қарағай, қайың, түрлі бұталы орман, етегінде әр түрлі шалғынды шөп өседі. Туристерге тау басына шығып, төңірегіндегі көркем табиғатты тамашалауға өте қолайлы биіктігі Оңтүстіктен етегінде Оқжетпес санаторийі орналасқан. ## Дереккөздер
Көктіңкөлі молибден кен орны - Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 80 км жерде орналасқан. Кен орны 1956 жылы ашылған. Барлау жұмыстары 1958 жылы жүргізілді. ## Геологиялық құрылымы, сипаты Геолиялық құрылымы ортаңғы және жоғарғы девон кезеңінің фран ярусының эффузивті қабатынан және фамен ярусының шөгінділерінен түзілген. Кентас гранит интрузиясы үстіндегі мүйізтасқа айналған эффузивті жыныстар мен граниттер арасында шоғырланған. Тотығу белдемі баяу дамыған. Бұл аймақта 15-35 м тереңдікке дейінгі минералдардың 25-50%-ы повеллиттен тұрады. ## Құрамы, минералдары Кентас құрамын негізінен молибден құрайды, одан басқа вольфрам, мыс, висмут кездеседі. Кентас минералдары – молибденит, пирит, вольфрамит, тотығу белдемінде повеллит, ярозит. Кен ашық әдіспен өндіруге қолайлы. ## Дереккөздер
Көкшегүлдер тұқымдасы (лат. Polemoniaceae) – қос жарнақты бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік. Ол негізінен Солтүстік Американың батысы мен оңтүстігінде, Еуразияда (көкшегүл мен флокс) кездеседі. Көкшегүлдер тұқымдасы әр түрлі геогр. ендіктерде: арктикалық тундра мен биік таулы аймақтардан ылғалы мол тропиктік ормандар мен шөлейтті жерлерге дейін таралған. Көкшегүлдер тұқымдасының дүние жүзінде 18 туысы 330 түрі бар. Қазақстанда тек 1 туысы – көкшегүл кездеседі. ## Дереккөздер
Көкшегүл (лат. Polemonіum) – өзімен аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Дүние жүзінде кең тараған. Еуразияның, Солтүстік және Оңтүстік Американың салқын және қоңыржай белдеулерінде тараған 50-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда орманды, ылғалды-шалғынды жерлерде, бұталар арасында және өзен жағалауларында өсетін 3 түрі: Кавказ көкшегүлі, көкшіл көкшегүл және әсем көкшегүл бар. Бұларға жататын өсімдіктің сабағы мен жапырақтарын қалың жабысқақ түктер басқан. Өсімдік түрлеріне қарай сабағының түбіне жақын орналасқан жапырақтары қынапты әрі сабаққа қарама-қарсы орналасады. Сабақ ұшына жақындаған сайын сабаққа кезектесе орналасады. Көк, көгілдір түсті гүлдері сабақ ұшында жеке немесе 2 – 3-тен топталып сыпыртқы гүлшоғырына жиналған. Жеке гүлі бірікпеген 5 тостағаншадан, түбі ұзын түтікке айналып біріккен 5 күлтеден, 5 аталықтан, аузы 3 тілімді, жатыны 3 ұялы аналықтан құралған. Күлте түтігіне аталықтары орналасады. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі – 3 жақтаулы қауашақ. Тұқымдары піскенде жемісі жақтауының тігісінен (жігінен) қақырап ашылып тұқымдары жерге шашылады. Көкшегүлдің арасында құрамында сапонин, шайыр, органик. қышқыл және эфир майы бар (көкшегүл) және әдемі гүлдері сәндік үшін өсірілетін түрлері (флокс, кобея) кездеседі. ## Дереккөздер
Көкшетау – Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының солтүстік-шығыс бөлігінде оқшау орналасқан, жақпартасты, орманды көлді тау. ## Жер бедері Оңтүстіктен солтүстікке қарай 20 км-ге доғаша иіле созылып жатыр, ені 5 км-дей. Ең биік жері – Көкше шоқысы (947 м). Ақылбай кезеңі Көкшетауды екіге бөледі: солтүстігінде Көкше, Бура, Жеке-Батыр, оңтүстігінде Айыртөбе (Седловатка), Шортан шоқылары бар. Тектоникалық жарықтардан, граниттің үгіліп мүжілуінен, денудаттанудан беткейлері көп тілімделген. Соның салдарынан гранит ашылымдары сан алуан қат-қабат тастардан, ғажайып мүсіндерден, қираған мұнара тәріздес тастардан тұратын аласа таулы жартасты бедер құрайды. Қылшықты өзені осы таудан бастау алады. ## Геологиялық құрылымы Тау девон, силур кезеңі граниттерінен түзілген. ## Өсімдігі Тау беткейлерінің шымды күлгін топырағында қарағай, қайың, терек, әр түрлі бұта, тау етегіндегі аңғарлардың шалғындық топырағында бидайық, арпабас, бұтақты бидайық, айрауық аралас әр түрлі шөптер өседі. ## Емделу, демалыс орындары Көкшетауда Бурабай, Оқжетпес, Щучинск, т.б. санаторийлер, көптеген демалыс үйлері, оқушылар лагерьлері орналасқан. ## Дереккөздер
Көкшекөл – Қамыстыбас көлінің оңтүстік-шығысындағы қоныс. Қызылорда облысы Арал ауданы Қамыстыбас ауылының оңтүстік-шығысында 11 км жерде орналасқан. Сырдария аңғарында. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 10 км-ге созылып жатыр, енді жері 4 – 5 км. Жер бедері жазық келген. Басықара (Алтай) каналының суайрығында жатқан қоныс алқабына күріш егіледі. Көктемгі – күзгі мал жайылымы. Шығысынан Шалқар – Қазалы автомобиль жолы өтеді. ## Дереккөздер
Көкшетау – Ақкөл көлінің солтүстік-батысындағы төбе. Шу өзенінің аңғарында. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Сарысу және Түркістан облысы Созақ аудандарының шекарасында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 325 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 6,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. ## Жер бедері Беткейлері көлбеуленіп тақырға ұласады. Солтүстігінде Соқыртөбе төбесі, шығысында Баймұрын құдығы, оңтүстігінде Саржан тұмасы, батысында Қырыққұдық, Сәулебай құдықтары орналасқан. ## Өсімдігі Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, тасбұйырғын, баялыш, тағы басқа өседі. ## Дереккөздер
Көк шыбын (ағылш. Callіphorіdae) – қос қанаттылар немесе шыбындар тобының қысқа мұрттылар тармағының дөңгелек тігісті тұқымдасына жататын өлексе шыбыны. Шыбын денесінің ұзындығы 5 – 16 мм, түсі қоңыр-күлгін, немесе металдай жылтыр көк реңкті (мыс., ет көк шыбыны – (ағылш. Callіphora vіcіna), жасыл (мыс., ет жасыл шыбыны – ағылш. Lucіlla serіcuta). Бұл шыбындардың дүние жүзінде 900-ден астам, ал Қазақстанда оннан астам түрі кездеседі. Жұмыртқа салатын және дернәсілін тірідей туатын түрлері бар. Дернәсілдері жануарлар өлексесінде (мысалы, өлексе шыбыны – (ағылш. Cynomyіa nartuorum), бұзыла бастаған етте, кейде мал қиында тіршілік етеді. Балаң құрттары әр түрлі омыртқасыздардың денесінде (ұлу, шұбалшаң, көбелек), сондай-ақ омыртқалы жануарларда (құдыр, құс балапанының тері астында, бақа мен құрбақа тіндерінде) паразиттік тіршілік етеді. Ересек шыбындар гүлдермен, шіріген органикалық қалдықтармен қоректенеді. Кейбір түрлері адам мен жануарлардың ішек-асқазан ауруларын таратады. ## Түрлері ## Дереккөздер
Көкшетау антиклинорийі– Көкшетаудан Қырғызстанға дейін созылып жатқан Ортa Қазақстанның сыртқы (үлкен) қатпарлы доғасының солтүстік бөлігін алып жатқан аймақ. Оның аумағы әрбір кезеңде пайда болған үш түрлі құрылым кешендерінен тұрады: 1) рифейге дейінгі қатпарлы кешендер; 2) жоғары каледонидтік құрылым бөлігі; 3) каледонидтік, герциндік құрылымдар. Рифейге дейінгі жыныстардан (метаморфизмге шалынған эффузивті бурабай және кварциттік Көкшетау сериялары) құралады. Батыс және шығыс бағыттарға созылған қабаттар кешендерінен тұрады. Бұл кешендердің орта тұсынан палеозой граниттері жарып шыққан. Рифейге дейінгі күйреулер қатарына Александров-Дорогов, Шағалалы және Үлкенкөл жарылымдары жатады. Жоғары каледонидтік құрылым кешенді үш ауданда: Новомихайлов мульдасының шығыс қанатында, Есілдің бойында және Жақсы Жалғызтау көлінің оңтүстік-шығысында кездеседі. Бірінші ауданда силур шөгінділері, қалған екеуінде төм. девонның жанартаудан пайда болған жыныстары жатады. Силурдың шөгінді жыныстары Новомихайлов мульдасының шығысында, ені 5 – 7 км, ұзындығы 40 км жолақ болады да, құлама бұрышы солтүстік-батысқа бағытталып, 10 – 12°-тан аспайды. Төм. девонның жанартаудан пайда болған жыныстары Жақсы Жалғызтау көлінің оңтүстік-шығыс жағындағы синклинальды қатпар жасайды, ұзындығы 60 км, ені 5 – 10 км, солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа бағытталған. Аққанбұрлық бойындағы девон жыныстары да бірталай алаңды алып жатыр. Герцин құрылымдары рифейге дейінгі және каледонид кезеңіндегі жыныстардың үстіне орналасып, орта және жоғары девонның кесек жыныстары шөгінділерінен, жанартаулы жыныстардан, қызғылт түсті Жақсыкөң сериясынан және тас көмір кезеңіндегі шөгінділерден құралған. Бұлар Новомихайлов және Аққанбұрлық мульдасын құрайды. Новомихайлов мульдасы оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Ұзындығы 100 км, ені 10 – 12 км, Аққанбұрлық мульдасының ұзындығы 45 км, ені 10 – 12 км, Жақсыкөң сериясына жататын жыныстардан тұрады. ## Дереккөздер
Көкшоқы – Хантау тауының оңтүстік-шығысындағы тау. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Шу ауданы Хантау кентінің оңтүстік-шығысында 38 км жерде орналасқан. Шу өзені аңғарында. Абсолюттік биіктігі 824 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км. ## Жер бедері Беткейі көлбеу, бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Батысынан Үлкен Жиделі өзенінің саласы бастау алады. ## Геологиялық құрылымы Тау каледон-герциндік тау түзілу процесінде қалыптасқан. Палеозойдың гнейстерінен, кристалды тақтатастан, каледондық граниттен түзілген. ## Өсімдігі Таудың саздақты бозғылт топырағында жусан бітік өседі. Кейбір жерлерінде ши шоғырлары кездеседі. ## Дереккөздер
Көкшолаққопа – Шежін (Шыжың) жайлмасының оңтүстік-шығысындағы көлтабанды жайылма. ## Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Талдықұдық ауылының шығысында 27 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км-ге, енді жері 4 км-ге созылып жатыр. Көшім өзені аңғарында. Теңіз деңгейінен 5 – 7 м биіктікте. Саз балшықты теңіз шөгінділерінен түзілген. Жер бедері тегіс жазық келген. Маңындағы Балықты көлі көктемде қар және жауын-шашын суларымен көтеріліп, жайылмаға таралады. Жайылмада шалғын, еркек шөп, қамыс, құрақ, т.б. өседі. ## Дереккөздер
Көкшағыр жусан (лат. Artemisia marschalliana) – астралылар тұқымдасының жусан туысының бір түрі. Қазақстанда Тобыл – Есіл, Ертіс, Жем өзендері, Каспий, Арал маңында, Көкшетауда, Мұғалжарда, Сарыарқаның шығысы мен батысында, Қарқаралыда, Бетпақдала, Балқаш – Алакөл аймағында, Алтайда, Тарбағатайда, Қызылорда облысында далалы, шөлейт, құмды жерлердегі өзен аңғарларында, тың жерлерде, тастақ беткейлі төбелерде өседі. Биіктігі 30 – 80 см-дей шала бұта. Өсімдік түгелдей тықыр, жасыл не сұрғылт жасыл, тамыры жуан, сүректенген. Жеміс бермейтін бұтақтарының жапырағы сопақша келген, ұзындығы 4 – 8, ені 2 – 6 см, қара жасыл. Шілде – тамыз айларында гүлдейді. Көкшағыр жусанды жаз бойы қой мен түйе жақсы жейді, сиыр мен жылқы онша жемейді. ## Дереккөздер
Көкшөп, Кокшуб – Бетпақдаланың солтүстік бөлігіндегі құдық. Ақдала қонысының оңтүстігінде орналасқан. Қарағанды облысы Шет ауданында. Тереңдігі 1 м, су шығымы 700 л/сағ. Солтүстігінде Болаттау тауы, шығысында Қызылтөбе, оңтүстігінде Айбат, батысында Сусызтау таулары орналасқан. Мал суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Көкшіл шиқылдақ (лат. Juno coerulea) – құртқашаштар тұқымдасы, шиқылдақ туысына жататын көп жылдық жуашықты өсімдік. Қазақстанда Қаратау мен Талас Алатауындағы тасты, қиыршықтасты және балшықты беткейлер мен таудың төмeнгі белдеулерінде кездеседі. Биіктігі 15–25 см, тамыры жіп тәрізді шырматылып жатады. Жуашығы жуан, қалыңдығы 3 см-дей. Сабағы қысқа. Орақ сияқты иіліп келген жапырақтары сабаққа екі қатар болып орналасады. Гүлдерінің саны 2–6, кейде дара жетіледі, иіссіз, көкшіл түсті, олар жапырақ қолтығынан шығады. Гүлсерігінің сыртқы бөліктерінің ұзындығы 5 см-дей, ішкілерінің ұзындығы 3 см, қандауыр тәрізді. Тұқымынан көбейеді. Сәуір–мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді. Көкшіл шиқылдақтың гүлі әдемі және ұзақ гүлдеп тұрады, сондықтан сәндік үшін өсіріледі. Бұл – өте сирек кездесетін эндемик түр. Жылдан-жылға таралу аймағының азаюына орай қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер
Көкшеқолаяқ – Жақсықылыш көлінің оңтүстігіндегі құдық. Қызылорда облысы Арал ауданы Сапақ темір жолы станциясының солтүстік-шығысында 5 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 60 – 70 м биіктікте. Тереңдігі 3 м, су шығымы 500 л/сағ. Шығысында Мойнақ құдығы, оңтүстігінде Нұрлыбай төбесі, батысында Түйеқұдық құдығы, т.б. орналасқан. Құдық қырқалы төбешіктер мен құм шағылдарының ортасында. Мал суару үшін пайдаланылады. ## Дереккөздер
Көктөбе – Қарқаралы тау жүйесінің оңтүстік-батыс сілеміндегі тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында. Жатаған тау тізбектерінен тұрады. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 8 км-ге созылып жатыр, ені 5 км. Абсолюттік биіктігі 1254 м. ## Геологиялық құрылымы Соңғы тас көмір және пермь кезеңінің гранитоидтарынан түзілген. ## Өсімдігі Толық жетілмеген қызғылт қоңыр және қиыршықтасты топырақ жамылғысы бұта мен шалғын аралас қарағайлы-қайыңды орманмен көмкерілген. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қарағанды облысы
Көлденеңшоқы – Арқат тауларынан оңтүстікке қарай 15 км жерде орналасқан тау. ## Географиялық орны Абай облысы Абай ауданындағы оқшауланған тау. ## Геологиялық құрылымы, жер бедері Тау тас көмір кезеңінің жыныстарынан түзілген. Оның бетін төрттік кезеңнің шөгінділері жапқан. Абсолюттік биіктігі 676 м. Дөңгелек пішінді шағын таудың ұзындығы мен ені 1,5 – 2 км. Беткейлері көлбеу, сәл тілімденген. Таудың солтүстік етегінен Ащыайрық, оңтүстігінен Қараайрық өзендері ағып өтеді. ## Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырағында бұта аралас бетеге, қау, теріскен, қараған, т.б. шөптесіндер өскен. ## Дереккөздер
КӨЛ– Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық әкімдігі аумағындағы қыстау. Шаған кентінен оңт.-шығысқа қарай 10 км, К. т. ж. айырмасынан 2 км оңт-те орналасқан. Қыстаудың шығысында көктем айларында суға толатын, жазда батпаққа айналатын таяз көл жатыр. К-дің алабы шабындыққа және мал жайылымына пайдаланылады.‎
Көлқайнар – Айғыржал жотасының солтүстік-шығысында 14 км жерде орналасқан тау. ## Географиялық орны Абай облысы Жарма ауданындағы оқшауланған тау. ## Жер бедері, өсімдігі Абсолюттiк биіктігі 928 м, ұзындығы мен ені 2-2,5 км. Беткейлері көлбеу келген, сәл тілімденген. Таудың қиыршықтасты бозғылт қоңыр топырағында далаға тән шөптесіндер өскен. Оңтүстігінен 3 км жерде Батырбек өзені бастау алады. Тау етегінде бірнеше бұлақтар бар.‎ ## Дереккөздер
Көлбұлақсай – Іле алабындағы өзен. ## Географиялық орны Алматы облысы Жамбыл ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Ақадыр шоқысының солтүстігіндегі бұлақтардан бастау алады. Жоғарғы ағысында аңғары тар жонды қырқалармен ағып, төменгі ағысында Бозой үстіртіндегі Тасқатын каналына жетпей құмға сіңіп кетеді. ## Гидрологиясы Ұзындығы 41 км. Көктемгі еріген қар және жауын-шашын суларымен толығады. Жазда суы тартылып, қарасуларға бөлініп қалады. ## Дереккөздер
Көкімбай – Өзен кен орнының (Жаңаөзен қаласы маңында) оңтүсік-шығысындағы шағын көлдеу ойпаң. Маңында өзімен аттас құдықтар мен қоныс орны бар. 1960 – 70 ж. Көкімбай мұнай-газ барлау алаңы болды. Қазір өңірден газ құбыры жолдары өтеді. ## Дереккөздер