text
stringlengths 3
252k
|
---|
Кеуелдер тұқымдасы (Capparaceae) – қос жарнақты, бір не көп жылдық өсімдіктер, кейде бұта не ағаш түрінде кездеседі.
Жапырақтары кезектесіп орналасқан, гүлі қос жынысты (кейде дара жынысты) болады. Жемісі — қорапша, бұршаққын, жидек тәрізді. Кеуелдер тұқымдасының 45 туысқа жататын 700-ден астам түрі тропиктік, субтропиктік және сирек те болса қоңыржай аймақта өседі. Қазақстанда Кеуелдер тұқымдасының 2 туысы кеуел және бұршақбас бар.
## Дереккөздер |
Кешенгүл, мавзолея (Mausolea) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын монотипті шала бұта. Орта Азия мен Иранда кездеседі. Қазақстанда шөлді аймақтардағы құмды жерлерде өсетін 1 түрі – түкжемісті Кешенгүл (Mausolea еriocarpa) бар. Биіктігі 45 – 65 (70) см, сүректенген жуан тамырлы өсімдік. Бұтақты сабағының сыртын тегіс, ақшыл, жарылып кеткен қабықтар жауып жатады. Сабағының төменгі жағындағы жапырақтары сағақты, сабақ бойындағылары – қауырсынды тілімденген (ұзындығы 3 – 10 мм, ені 1,5 мм). Гүлдері қос жынысты, гүлорамының жапырақшалары екі қатарға орналасқан, гүлдеп болғаннан кейін түсіп қалады. Күлтесі түтікше немесе конус тәрізді. Гүлсебеті жарты шар тәрізді, олар шашақты сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, мамыр – шілдеде жемістенеді. Тұқымы ұсақ, сыртын қалың түктер жапқан.
## Дереккөздер |
Кеш қызғалдақ (лат. Tulipa tarda) – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын көп жылдық жуашықты өсімдік. Қазақстанда Іле Алатауының батыс бөлігінде (Қастек, Суықтөбе, Ұзын Қарғалы) ғана кездеседі. Тастақты, қиыршықтасты далалық өңірде өседі. Биіктігі 5 – 15 см, жуашығы жұмыртқа тәрізді, жуандығы 3 см-дей, сырты қара қоңыр қатпарлы. Жапырақтары жіңішке және ұзын, төменгі жапырақтары қауырсын немесе таспа тәрізді. Гүлі ақ, сирек сары түсті, сабақ ұшында дара кейде бірнешеу болады. Тұқымынан көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – қорапша, ені 2 см-дей. Әсемдік өсімдік ретінде өсіріледі. Кеш қызғалдақ – өте сирек кездесетін эндемик түр. Жылдан-жылға таралу аймағының азаюына байланысты Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Дереккөздер |
Кермеккөл – Тобыл өзені алабындағы, Қазанбасы қонысының солтүстік-батысында 32 км жердегі тұзды тұйық көл.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Луговое қонысының оңтүстік-шығысында 7 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 193 м биіктікте.
## Гидрографикасы
Аумағы 4 км2, ұзындығы 2,8 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 8,8 км, орташа тереңдігі 0,5 м. Көктемгі еріген қар және жауын-шашын суларымен толысады. Жазда су айдыны тартылып, ұсақ көлшіктерге айналады. Жағасы түйетайлы, сор батпақты болып келеді. Қуаңшылық жылдары суы тартылып қалады. |
Киров-Шежін каналы – Жайық-Көшім суғару-суландыру жүйесіне жататын арна.
## Географиялық орны, сипаты
Батыс Қазақстан облысы Тасқала, Казталов аудандары жерінде. Киров бөгенінің суын жинап, секундына 21 м3 су өткізеді. Каналдың ұзындығы 130,6 км. Негізінен Тасқала және Казталов аудандарының елді мекендерін сумен қамтамасыз етеді.
## Дереккөздер |
Керегежайған – Сарысу және Жаманкөң өзендерінің аралығындағы тау.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Қызылжар кентінің солтүстігінде 26 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 425 м. Беткейі көлбеу келген. Етегінен Бала Сарыөзен, Сарыөзен өзендері ағып өтеді.
## Геологиялық құрылымы
Тас көмір жыныстарынан және гранитоидтарынан түзілген.
## Өсімдігі
Қызғылт қоңыр топырағында шілік аралас дала өсімдіктері өседі.
## Дереккөздер |
Керуенкөл – Шар өзені алабындағы тұзды тұйық көл. Теңіз деңгейінен 235 м биіктікте.
## Географиялық орны
Абай облысы Жаңасемей ауданы, Бұлақ ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 18 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 5,5 км2, ұзындығы 4,1 км, енді жері 2 км. Жағалау бойының ұзындығы 10,8 км, су жиналатын алабы 227 км2, ең терең жері 0,5 м. Пішіні доға тәрізді келген. Жағасы жайпақ. Көл көбінесе жауын-шашын суымен толысады. Қарашаның аяғында суы қатып, наурыздың аяғында ериді. Жағалауы мал жайылымына пайдаланылады. Батысынан Түрксіб темір жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Киікбай– Табақкеңтатыр аңғарының батыс бөлігіндегі құдық. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақжайдақ темір жол станциясынан солтүстікке қарай 66 км жерде орналасқан. Киікбай құдығы шамамен теңіз деңгейінен 500 м биіктікте жатыр. Жонды-белесті жазықтағы құдықтың маңын бұталар қоршаған. Киікбай құдығы мал суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер
Санат:Қарағанды облысы құдықтары |
КИІКСУ– Үшқайың тауларының шығысындағы қыстау. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Қарабұлақ ауылының солтүстік-батысында 33 км жерде орналасқан. Сарыөзек өзені аңғарында. Батысында Шаншар, тағы басқа көптеген қыстаулар мен артезиан құдығы орналасқан. Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында эфемерлі сұр жусан, баялыш, күйреуік, астық тұқымдас өсімдіктер өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* [1] Мұрағатталған 11 тамыздың 2011 жылы. Шығыс Қазақстан |
КИІКОТЫ, көкемарал (Zіzіphora) – еріндігүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік немесе шала бұта. Дүние жүзінде Жерорта теңізі жағалауларынан Орталық Азия аймағына дейінгі аралықта тараған 30-ға жуық түрі бар. Қазақстанда Көкшетауда, Алтай тауларында, Балқаш – Алакөл ойысында, Жетісу (Жоңғар), Күнгей, Іле Алатауларында, Қаратауда (Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында), көбінесе тау беткейлерінде, сондай-ақ далалық өңірлер мен шөлді жерлердегі аласа тау етектерінде өсетін 6 түрі бар. Олардың ішіндегі жиі кездесетіні – иісті Киікоты (Z. clіnopodіoіdes). Биіктігі 8 – 50 см, жуан тамырлы, тік сабақты. Жапырағының ұзындығы 0,6 – 2,5 см, ені 0,3 – 1,2 см, түкті кейде түксіз болады. Гүлі сабақ ұшында топтасқан, түсі жасыл не күлгін, қос ерінді, жоғарғы ерні тұтас, төменгісі 3 айырымды. Тостағаншасы цилиндр пішінді, ұзындығы 5 – 7 мм. Күлтесінің ұзындығы 10 – 12 мм, 2 аталық гүлі аналық мойнымен бірге күлтеден шығып тұрады. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Иісті Киікотынан парфюмерияда пайдаланылатын эфир майы алынады. Киікотының құрамында алкалоидтар, гликозидтер, органик. қышқылдар бар. Бұлардың бәрі дерлік – балды өсімдіктер. Кейбір түрі (Бунге Киікоты) медицинада дәрі жасау үшін пайдаланылады.
## Дереккөздер |
КИІКМОЛА– Дариялық тақыр жазығының оңтүстік-шығысындағы құмды жалдардың орта бөлігіндегі қоныс. Қызылорда облысы Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылының солтүстігінде 25 км жерде орналасқан. Сырдария өзені аңғарында. Енсіз қоныс солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Теңіз деңгейінен 140 м биіктікте. Шығысында Құржайлау, солтүстігінде Телікөл, оңтүстігінде Биіксарықұм қоныстары бар.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* [1] Мұрағатталған 13 маусымның 2011 жылы. Қызылорда облысы |
Киікбай – Шілік алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Алматы облысы Райымбек ауданы жерімен ағады.
## Бастауы
Бастауын Күнгей Алатауының солтүстік беткейінен алып, Шілік өзенінің оң жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 31 км, су жиналатын алабы 123 км2. Жоғарғы және орта ағысында жағалаулары тік жартасты. Көктемде суы тасиды. Суы жыл бойы болады. Орта ағысының алабы шабындыққа және мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
КИІКТАБАН– Ақсақалбелгі құмының шығысындағы қоныс. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қоскөл ауылының оңтүстік-шығысында 30 км жерде орналасқан. Жер бедері жазық. Теңіз деңгейінен 135 – 137 м биіктікте орналасқан. Қоныс бойында Кішікиік, Садық, Тазтөбе, Қоңыртөбе қыстаулары бар. Солтүстігінде Шұбартеңіз, шығысында Бұланты, оңтүстігінде Үлкен Тастемір, батысында Ұзыншұңқыр қоныстары орналасқан. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* [1] Қарағанды облысы |
Киіктөбе– Өліқолтық сорының шығысындағы төбе. Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу кентінің солтүстік-батысында 69 км жерде ұялы құмды жалдардың орта бөлігінде орналасқан. Төбе теңіз деңгейінен 2 м биіктікте жатыр. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Палеоген және төрттік кезеңдерінің шөгінділерінен құралған. Құмды, сортаңды сұр топырағында бұйырғын, қара жусан, тасбұйырғын, еркек шөп өседі.
## Дереккөздер |
Киіктау – Ақдала қонысының батысындағы оқшауланған тау.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Жамбыл ауылының оңтүстік-батысында 27 км жерде орналасқан. Абсолюттiк биіктігі 656 м. Оңтүстік-батыстан шығысқа қарай 3,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км.
## Жер бедері
Беткейі көлбеу, бірнеше шоқылардан тұрады. Батысында Торғайшоқы, солтүстігінде Арқарлы, шығысында Сасырлы, оңтүстігінде Жалтас, Пыстан таулары орналасқан. Жанында Мыңбұлақ, Аққұдық бұлақтары бар.
## Геологиялық құрылымы
Девонның интрузивті гранитоид жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Сортаңды ашық қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, боз өседі.
## Дереккөздер |
КЕУҚҰДЫҚ – Тасқарақұм және Сарықұм құмдарының аралығындағы бұлақ. Жетісу облысы Алакөл ауданы Арқарлы ауылының оңтүстік-шығысында 15 км жерде орналасқан. Батысынан Шілікті, шығысынан Шынжылы өзендері ағып өтеді. Маңында Қарабөгет, Құмтөбе, Тоғыз, тағы басқа қыстаулар бұлақ суын пайдаланады. Бұлақтың етегіндегі сұрғылт қоңыр топырағында эфемерлі сұр жусан, астық тұқымдас шөптесіндер өседі.
## Дереккөздер |
КИІКШИ– Алақайдың ақтақыры қонысының батысындағы артезиандық құдық. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Байқоңыр қонысынан оңтүстікке қарай 34 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 90 м биіктікте жатыр. Құдықтың бойында сексеуіл шоғырлары өскен. Мал суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Киікшөптес бөденешөп (лат. Veronica serpyllifolia) – бақажапырақ тұқымдасына, бөденешөп туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.
Жетісу (Жоңғар) Алатауындағы альпі белдеуінің қиыршықтасты бөліктерінде өседі. Биіктігі 8 см-дей, өте көп жіңішке тамырлары бар өсімдік. Сабақтары жіңішке, түбінен бұтақтанып шығады. Төменгі жағындағы жапырақтары жұмыртқа тәрізді, жоғарғылары ұзынша, эллипске ұқсайды, сағақсыз, өркен бойына қарама-қарсы орналасады. Тостағанша жапырақшалары 4 бөлікті, сырты тікенекті. Күлтелері ақшыл немесе көкшіл түсті, пішіні дөңгелек тәрізді, іші жалаңаш. Тұқымынан көбейеді. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – қауашақ. Киікшөптес бөдене – өте сирек кездесетін эндемик түр. Таралу аймағының жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Қызыл кітап |
Кобальтин, кобальт жылтыры – сульфидтер класының минералы. Химялық формуласы CоAsS. Құрамындағы Со мөлшері 26 – 34%. Кубтық сингонияда кристалданады. Кристалдары октаэдр, куб пішінді, ал агрегаттары түйірлі, сеппелі, желілі масса түрінде кездеседі. Түсі ақшыл, қалайы түсті, кейде қызғылт реңді, металдай жылтыр. Қаттылығы 5,5; меншікті салмағы 6,2 г/см3; морт сынғыш. Кобальтин жапсарлық-метасоматиктік және пирротин, пирит, арсенопирит, халькопирит, сфалерит, тағы басқа сульфидтермен бірге гидротермальдық алтынды-кварцты және күмісті-арсенопиритті кен желілерінде шоғырланады. Кобальтин – кобальт кентасы.
## Кобальтпентландит
Mинерал, құрамында 49%-ға дейін кобальты бар пентландиттің түрі.
Кобальттық жылтырақ -минерал, кобальтиннің синонимі.Кобальтты-күшәнды колчедан — минерал, глаукодоттың синонимі.Кобальтты-никельдi колчедан — минерал, зигениттің синонимі.
## Дереккөздер |
Қарасу, Ковалевка – Ертістің сол салаларының бірі.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы өзен.
## Бастауы
Бастауын Қойсары тауының баурайынан алып Ертіс өзеніне сол жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 48 км, су жиналатын алабы 377 км². Привольное ауылына дейін арнасы тік жарқабақты келеді, төменгі ағысы сайлы-жыралы жазық өңірмен ағады. Ковалевканың жалпы ұзындығы 24 км болатын 4 саласы бар. Суы қарашаның 2-онкүндігінде қатып, сәуірдің ортасында ериді. Төменгі алабы шабындық және мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
КОБАЛЬТ КЕНТАСТАРЫ– құрамында экономикалық тұрғыдан тиімді мөлшерде кобальты бар, өндірістік игеруге жарамды табиғи минералдық шикізат. Табиғатта кобальт құрамды 130-дан астам минерал белгілі. Кобальт кентастарын минералдық және химиялық құрамына қарай күшәланы (мышьякты), күкіртті және тотыққан деп үшке бөледі. Күшәланы Кобальт кентастарының басты минералдары: арсенидтер мен сульфоарсенидтер. Aрсенидтерге скуттерудит (20%-ға дейін Co); шмальтин-хлоантит (1 – 20% Co), саффлорит-леллингит (23 – 28%-ға дейін Co), раммельсбергит, ал сульфоарсенидтерге кобальтин-герсдорфит пен глаукодот-арсенопирит қатарларының минералдары жатады. Қосымша құраушылары Cu, Au, Ag, Bі, U. Күкіртті Кобальт кентастары кешенді типке жатады. Олар магмалық кобальт құрамды мыс-никельді кентастар және скарндық, магнетитті, гидротермальды мысты, күкіртті-колчеданды кентастар болып бөлінеді. Мыс-никельді кентастарда басты минерал пентландит (3%-ға дейін Co), басқаларында басты минерал пирит. Тотыққан Кобальт кентастары да кешенді кентастар қатарына жатады. Олардың ішінде кобальт құрамды никельді кен орындарының кентасы (0,03 – 0,1% Co) және сульфидті кобальт-мысты кен орындарындағы тотығу белдемдерінің кентастары (0,1 – 0,2% Co) ажыратылады. Қазақстанда Кобальт кентастары Кемпірсай кобальт-никель кен орындар тобында (Ақтөбе облысы) игерілуде.
## Дереккөздер |
Киікбай – Сілеті өзенінің сол саласы.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Ерейментау және Ақкөл аудандары жерімен ағады.
## Бастауы
Бастауын Сазды бұлақ ауылының шығысынан (Ақкөл ауданында) алып, Сілеті бөгеніне құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 44 км. Ұзындығы 4 км болатын 2 саласы бар. Суайрығының жер бедері таулы-денудациялық қыратты жазықтағы төбелі-жонды келген. Аңғары жіңішке, айқын байқалады. Жайылмасы бүкіл өзен бойында бар. Негізінен қар, кейде грунт суларымен толығады. Жазда бірнеше ұсақ қарасуларға бөлініп қалады.
## Өсімідігі
Алабының қызғылт қоңыр сортаңды топырағында (шалғынды-қоңыр және шалғынды-далалық сортаң топырағы қалыптасқан) жайылмасында бетегелі-сұлыбасты-қызыл қаулы өсімдіктер өскен. Суын жақын жатқан елді мекендер пайдаланады.
## Дереккөздер |
Колпаковский қызғалдағы (лат. Tulipa kolpakowskiana) – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын көп жылдық жуашықты өсімдік. Қазақстанда Солтүстік Тянь-Шаньдағы Іле Алатауында, Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Кетпен (Ұзынқара) жотасында кездеседі. Таудың тасты, қиыршықтасты беткейлерінде, жарықтарында, құздарында өседі. Биіктігі 15 – 35 см, жуашығының пішіні жұмыртқа тәрізді, қалыңдығы 3 см-дей, сыртын қара қоңыр қабық жапқан. Сабақтары жіңішке. Жапырақтарының саны үшеу, төменгілері қандауыр, жоғарғылары таспа сияқты. Дара гүлі сары түсті, сабағының ұшында жетіледі. Тұқымынан көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – қауашақ, ұзындығы 2 – 4 см, ені 1,5 см-дей. Колпаковский қызғалдағы – сәндік өсімдік, жылдан-жылға таралу аймағы қысқаруда. Сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Сипаттама
Биіктігі 15-35 см, пиязшығы жұмыртқа тәрізді, жуандығы 1,5-2 см, қара қоңыр, терілі, ішкі жағының ұшы жатаған қалың түкті қабықты.Сабағы жалаңаш; жапырақ саны - 3-5, шамалы алшақ орналасқан, кірпікшелі, әдетте гүлден биік, төменгісі таспа тәрізді, ені 1- см.Гүлі біреу ; гүл шанағында бүтілген, гүл серігі сары, ұзындығы 2,5-6 см, сүйір, сыртқыларының жотасы көбіне күлгін реңді, кері сопақша, ішкілерікері сопақша таспа тәрізді; аталықтары гүл серігінен 2-3 есе қысқа, тозаңдықтары сары, жіпшелерімен тең; түйіні аталықтардын шамалы қысқа, аналық аузы орнықты дерлік
## Дереккөздер |
Колчедан, колчедан кентастары (грек. Сhalkedon – Халкедон, Кіші Азиядағы көне грек колониясы) – сульфидтер мен арсенидтер тобындағы темір, мыс, никель және қалайы құрамдас минералдар. Колчедандар бірнеше түрге ажыратылады: магнитті Колчедандар немесе пирротин (Fe1–nS); күкіртті немесе темірлі Колчедандар – пирит (FeS2); мысты Колчедандар немесе халькопирит (CuFeS2); темір-никельді Колчедан немесе пентландит [(Fe, Nі)9S8]; никельді Колчедандар немесе никелин (NіAs); қалайылы Колчедан немесе станнин (Cu2FeSnS4). Темір және мыс құрамды Колчедан жанартаулық базальтты жыныстар кешенінде ірі колчеданды кен орындарын түзеді (Кенді Алтай, Шыңғыстау – Тарбағатай). Мұндай кен орындарындағы кен денелері қабат, линза, шток, желі пішінді болады. Магнитті, никельді және мысты Колчедандар ликвациялық магмалық кен орындарында ірі сульфидті мыс-никельді кен шоғырларын түзеді (Орталық Қазақстандағы Қамқор кені, Жарма–Сауыр кенді белдеміндегі Мақсұт кені, Көкшетаудағы Златогорск кені). Колчедандың барлық түрі де скарндық кен орындарымен байланысты. Мысалы, Саяқ, Солтүстік Балқаш, Ешкіөлмес кендері. Магнитті және темірлі Колчедандан түзілген кен шоғырлары күкірт қышқылын өндірудегі негізгі шикізат көзі ретінде пайдаланылады. Мысты, темір-никельді және никельді Колчедан кентасынан мыс пен никель алынады. Қалайылы Колчедан өте сирек кездеседі және айтарлықтай үлкен кен орындарын түзбейді.
## Дереккөздер |
Комаров алтын кен орны – Қостанай облысы Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласынан 10–15 км жерде орналасқан. 1969 жылы ашылды.
Іздеу және бағалау жұмыстары 1986–1993 жылдары тереңдігі 200–300 м-лік ұңғымаларда штректік тікқазбада 40 м-лік горизонтта індетпе жүргізу арқылы анықталған.
## Геологиялық құрылымы
Геологиялық құрылымы Шығыс Орал сырты көтеріліміндегі Комаров антиклиналінің солтүстік бөлігінде жоғарғы протерозойдан тас көмірге дейінгі жанартаутекті-шөгінді метаморфты құрылымдардан түзілген. Кейбір тұстарында палеозойдың интрузиялары және ультранегізден қышқыл құрамға дейінгі сығылмалары кездеседі.
## Жатыс сипаты
Белдеш шегінде кен денесі меридиандық бағытқа таяу ені 250–300 м, ұзындығы 4 км-ге жуық, құлау бұрышы 30–50° болып созылып жатыр. Кендену сипаты бірдей емес. Алтынның 1 т-дағы мөлшері 0,3-тен 20 г-ға дейін және одан да көп, орташа мөлшері 6–7 г. Кен денесінің нақты қалыңдығы 1,0–1,5 м, орташа қалыңдығы 2–3 м. Кентастағы алтын жұқа дисперсті (0,1 мм), ондағы еркін алтынның мөлшері 30%-ға дейін жетеді. Зиянды қоспалары жоқ. Кентасты тікелей циандау кезінде 95–97%, ал флотациялық тәсілмен 75–80% алтынды алуға болады. 250 м-лік тереңдікке дейінгі (1 т. кентастағы алтынның орташа мөлшері 6,3 г-ға тең) алтынның қоры 35-40 т деп бағаланып отыр. Кен орнын одан әрі барлап, нобайын анықтаған жағдайда алтынның қорын 1,5 есеге дейін ұлғайтуға болады.
## Дереккөздер |
Киікбай – Қарағанды облысы Шет ауданы жеріндегі тау. Ақадыр кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 30 км жерде орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, ені 4 км. Абсолюттік биіктігі 929 м.
## Жер бедері, геологиясы
Бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Силур жүйесінің жоғарғы бөлім жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Сортаңдау қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, қараған, тағы басқа бұталар өседі. Жайылымдық және қыстау (Қараоба) ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
КОМСОМОЛ– Возрождения аралының солтүстігіндегі қоныс. Қызылорда облысы Арал ауданында орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта созылып жатыр. Теңіз деңгейінен шамамен 40 м биіктікте. Қоныс атауы Комсомол жастарының құрметіне қойылған.
## Дереккөздер |
Комсомол бөгені — Үлкен Құндызды өзені бойында, Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы Комсомольское ауылынан солтүстікке қарай 1 км жерде салынған. 1959 жылы пайдалануға берілді.
## Гидрологиялық сипаты
Аумағы 0,4 км². Ұзындығы 900 м, ені 550 м-ге дейін, тереңдігі 10 м-ге жетеді. Топырақ бөгетінің ұзындығы 323 м, ең биік жері 12 м. Бөгеннің көлемі 1,1 млн. м3, жалпы су ағымы 38 м³/с. Қараша айында суы қатып, сәуір айында ериді. Комсомольское ауылының жерін суландыруға пайдаланады. Суында шортан, алабұға, шабақ, тағы басқа кездеседі.
## Дереккөздер |
Комсомол мұнай кен орны — Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында орналасқан. Кен орны 1984 жылы ашылған.
## Тығыздығы, құрамы
Шөгінділердің жоғарғы қалыңдығы 4458 м. Коллекторлары түрліше түйірлі құмтастардан құралған, кеуектігі 15 – 17%, өткізгіштігі 0,002 – 0,038 мкм2. Мұнайы өте жеңіл, тығыздығы 791 кг/м, құрамында 0,35% күкірт, 9,7% парафин, 3%-дай шайырлар, 0,33% асфальтендерар. Мұнайда еріген газдар құрамы жағынан ауыр, олардағы ауыр көмірсутектердің мөлшері , метан 57%, азот 4,9%, көмір қышқыл газы 1,5%. |
Конституция мұздығы – Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Талғар өзенінің бастауында орналасқан. 1910 жылы С.Е. Дмитриев ашқан.
## Аумағы, жер бедері
Мұздық 4520 м биіктіктен 3270 м биіктікке дейін созылып жатыр. Ұзындығы 6,0 км (оның ішінде ашық бөлігі 5,7 км), жалпы ауданы 6,0 км2, мұз көлемі 0,4 км3. Мұздық тілінің ашық жері 1,9 км2. Мұздық еріп, жылына 15-20 м-дей қысқаруда.
## Дереккөздер |
КООПМАН ӨГЕЙБҰТАСЫ(Euonymus koopmannii) – өгейбұта туысына жататын мәңгі жасыл бұта. Қазақстанда Талас Алатауында, Өгем жотасында кездеседі. Таудың көлеңкелі тастақты беткейлерінде, орманды жерлер мен өзен аңғарларында, сондай-ақ бұталы тоғайлар арасында өседі. Биіктігі 1 м-дей. Сабағы жер астынан жетіледі, өркендері тік, көбінесе жоғары қарай бағытталған. Бұтақтары жіңішке, көп қырлы, қалың жапырақ жауып тұрады. Жапырақтары етжең, пішіндері әр түрлі (таспа, жалпақ қандауыр тәрізді), қысқа сағақтарынан шығады. Гүлі дара немесе 2 – 3-тен жиналып, жарты шатырша гүлшоғырын құрайды. Тұқымынан және вегетативті көбейеді. Маусым айында гүлдеп, шілде – тамызда жемістенеді. Жемісі – алмұрт немесе жүрек тәрізді, 4-қалақты қауашақ. Бұлар піскен кезде қызғылт түске айналады. Коопман өгейбұтасы – сәндік өсімдік, тамырының қабығында гуттаперчи (қатты тері тәрізді өнім) болады. Бұл өте сирек кездесетін реликт түр, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* [1] Қызыл кітап |
Корнух-Троцкий өгізкөзі (лат. Anthemis trotzkiana) – астралылар тұқымдасы, өгізкөз туысына жататын шала бұта.
Қазақстанда солтүстік аймақтарда кездеседі. Таудың бор қабаттары мен әктасты беткейлерінде өседі. Биіктігі 10 – 30 см. Сабағы қарапайым немесе аз бұтақтанған. Жапырақтары сағақты, екі рет қауырсынды тілімденген. Жас жапырақтарын ақ киіз сияқты түк басып жатады. Жалпақ тілшелі, сары түсті күлтелері гүлдерінің шетінде орналасады. Ортаңғы гүлдері қос жынысты, олардың желектері түтікше тәрізді. Гүлдері себет гүлшоғырына топталған, олар сабағының ұшында дара жетіледі. Тұқымынан көбейеді.
Шілде – тамыз айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі – төрт қырлы тұқымша. Олардың айдаршасы қысқа болады.
Корнух-Троцкий өгізкөзі өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Қызыл кітап |
Королев мұнай кен орны — Атырау облысы Жылыой ауданында, Құлсары қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан. Кен орнының құрылымы 1960–1975 жылдары аймақтық геологиялық-геофизикалық жұмыстардың нәтижесінде анықталған.
## Геологиялық құрылымы, қанығу сипаты
Өнімді қабаттар тұзүсті және тұзасты кешендерден табылған. Кен шоғырлары қабат, дөңес пішінді, тектоникалық құрылымға сәйкес орналасқан. Қимасы терригендік тау жыныстарынан құралған, коллекторы кеуекті. Ашық кеуектегі 26%, мұнайға қаныққан қабаттың қалыңдығы 8,4 м.
## Тығыздығы, құрамы
Мұнайы ауыр, тығыздығы 0,965 г/см3, күкірті 2%, парафині аз (0,52%). Палеозойдың мұнайлы қабаттары төменгі пермь кезеңінің арт ярусының карбонатты түзілімдерімен байланысты. Тереңдігі 3952 м. Өнімді қабаттар әктастан құралған. Коллекторы карбонатты кеуекті, ашық кеуектігі 7,8%. Мұнайы жеңіл, тығыздығы 0,797 – 0,8 г/см3. Мұнайда еріген газ майлы, этан-пропанды, метан 43,36%, ауыр көмірсутектер 21%. Кен орны барлануда. |
Корольков бәйшешегі (лат. Crocus korolkowii) – құртқашаштар тұқымдасы, бәйшешек туысына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстанда Оңтүстік Қаратау мен Талас Алатауының сілемдерінде кездеседі. Таудың төменгі белдеулеріндегі ұсақ қиыршықтасты беткейлерінде өседі. Биіктігі 10 – 20 см, тамыр түйнектері шар тәрізді домалақ болады, сыртын торлы қабық жапқан. Жапырақтары ұзын таспа тәрізді (ұзындығы 15 см, ені 3 мм). Гүлі ашық сары түсті, оның ұзын түтікшесі болады. Тұқымынан кейде вегетативті көбейеді. Наурыз – сәуір айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – цилиндр тәрізді қауашақ. Корольков бәйшешегі – сәндік өсімдік. Жылдан-жылға таралу аймағы азайып бара жатқандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* [1] Қызыл кітап |
Корольков қызғалдағы (лат. Tulipa korolkowii) – лалагүлдер тұқымдасы, қызғалдақ туысына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстанда Қызылқұмда және Өзбекстанмен шекаралас жерлерде кездеседі. Аласа таулардың ұсақ қиыршықтасты беткейлері мен құмды жерлерінде өседі. Биіктігі 10 – 15 см, жуашығы жұмыртқа тәрізді (қалыңдығы 2 см-дей), сыртын қара қоңыр ұзынша қабықтар жапқан. Сабағы жіңішке, онда шеттері иректелген 3 жапырақтары болады. Дара гүлі сабағының ұшында жетіледі, гүл тозаңдары сары, ал гүл жүйкелері қанық қызыл түсті. Тұқымынан көбейеді. Наурыз – мамыр айларында гүлдеп, мамыр – маусымда жемістенеді. Жемісі – қауашақ. Корольков қызғалдағы – сәндік өсімдік. Өте сирек кездесетін болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Жалпылама
Биіктігі 10 – 20 см, пиязшығы жұмыртқа трізді, жуандығы 1 – 2 см, қатты терілі, қара, кейде жер бетіне дейін созылғын, жоғарғы жағы түкті жүнді қабықты.
Сабағы жалаңаш; жапырақ саны үшеу, қайырылған, едәуір алшақ орналасқан, бұйра, көкшіл, сұр, әдетте гүлден биік, төменгі таспа тәрізді, ені 0,5 – 1 см.
Гүлі біреу; гүл серігі қызыл, кейде сары немесе ала, ұзындығы 2 – 4 см, ішкі жағының түбінде шағын қима дағы бар, әдетте доғал, түкті ұшы қысқа, сыртқыллары кер жұмыртқа тәрізді, ішкілері шамалы жіңішке; аталықтары гүл серігінен 2,5 есе қысқа, олардың жіпшелері қара, көбіне төменгі жағы сары, тозаңдықтары сары, жіптерінен 1,5 – есе қысқа, түйнің аналық ауызы орнықты.
Наурыз айының соңы мен сәуірде гүлдейді.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* [1] Қызыл кітап |
Костычев жер асты су кен орны - Қостанай облысы Фёдоров ауданындағы Костычевка елді мекені жанында орналасқан. 1979-1980 жылдары темір кентасын барлау экспедициясы ашқан.
## Геологиялық құрылымы, сипаты
Тоғызақ-Тобыл аралығында шөгіп жатқан аллювийлі аңғар орта олигоцен шөгінділеріне шоғырланған. Сумен толығуы негізінен жауын-шашынның жер қыртысына сүзілуі арқылы болады. Кендегі су қорының мөлшері 5500 м3/тәулік. Суы [1979-1987 жылдары пайдаланылды.
## Дереккөздер |
Котляков мұздығы – Алматы облысы Талғар аудaны Құтырғанбұлақ өзенінің аңғарында орналасқан. Жалпы бағыты аңғар бойынша шығысқа, оңтүстік-шығысқа қарай бағытталған.
## Аумағы, жер бедері
Мұздықтың жалпы ұзындығы 2,6 км, ашық бөлігінің ұзындығы 2,2 км. Жалпы аумағы 2,9 км2, ашық бөлігі 2,4 км2. Мұздықтың төменгі шекарасы 3315 м, жоғарғы шекарасы 3880 м, мұзқар (фирн) сызығының биіктігі 3770 м. Мұздықтың көлемі 0,11 км3. Мұздықтан Құтырғанбұлақ өзені бастау алады.
## Дереккөздер |
Көбейтұз – Теңіз көлінің шығысындағы тұзды тұйық көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Ерейментау ауданы Ерейментау қаласының солтүстік-шығысында 25 км жерде орналасқан. Өлеңті өзені алабында. Теңіз деңгейінен 253 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 6,9 км2, ұзындығы 3,5 км, енді жері 3,1 км, жағалау бойының ұзындығы 11 км. Жағалауы құмды, саздақты ойлы жазық. Жағасы күрделі пішінді, су көп жылдары пішінін жиі өзгертіп тұрады. Қараша – сәуір айлары аралығында суы қатып жатады. Суы тұзды. Жауын-шашын және жер асты сулары мен толысады. Көл айдынында жыл бойы су болады. Мал суарылады, жағалауы шабындық.
## Дереккөздер |
Кошевой – Іле Алатауының орталық бөлігіндегі Талғар – Алақыр тау сілеміндегі шың.
## Географиялық орны
Қазақстан (Алматы облысы Талғар ауданы) мен Қырғызстанның шекарасында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 4253 м.
## Геологиялық құрылымы
Шың протерозой мен палеозойдың граниттерінен түзілген. Кошевойдың солтүстік-шығыс етегінде Дмитриев, солтүстік-батысында Городецкий, оңтүстігінде Сапожников мұздықтары жатыр.
## Дереккөздер |
Көбелей, Көбелейтемір – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы өзен. Ұзындығы 55 км, су жиналатын алабы 825 км2.
## Бастауы
Бастауын Мұғалжардың батысындағы Мұзбел тауының солтүстігінен алып, Қаракөл ауылының маңындағы Лаққырған қонысынан 12 км жоғарыда, Көлденеңтемір өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Арнасы тар, жарлы. Жер асты және жауын-шашын суларымен толығады. Сәуір – мамыр айларында суы тасып, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Мал суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Коробиха – Бұқтырма өзенінің саласы.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 29 км, су жиналатын алабы 295 км².
## Бастауы
Коробиха ауылы тұсында Бұқтырма өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Өзеннің арнасы өн бойы тік тау шатқалымен ағады. Арнасының беткейлерін қылқан жапырақты орман көмкерген. Қарашаның 1-онкүндігінде суы қатып, мамыр айының 1-онкүндігінде ериді. |
Көбенқопа – Тобыл өзені аңғарындғы тұйық көл. Тентексор көлдерінің оңтүстік-батысында орналасқан.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Қамысты ауданы Қарабатыр ауылының оңтүстік-батысында 20 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Теңіз деңгейінен 250 м биіктікте. Аумағы 3,2 км2, ұзындығы 3,3 км, енді жері 1,9 км, жағалау бойының ұзындығы 10,8 км, орташа тереңдігі 0,3 м. Жазық келген жағалауында қамыс, құрақ өскен. Жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Жазда көл айдыны тартылып, жағалауы батпаққа айналады. Қараша айында суы қатып, сәуірде ериді. Суы кермек, сілтілі келген.
## Дереккөздер |
Көбенқұйрық (лат. Cousinia) – астралылар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық өсімдіктер туысы. Дүние жүзінде кең тараған. Негізінен Батыс және Орта Азияда кездесетін 600-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық жерінде кездесетін 56 түрі бар. Сабақтары жалаң немесе бұтақты. Шеті иректелген, тұтас жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлдері қос жынысты, аталық жіпшелері бос жатады, тозаңқаптары түтік тәрізді өседі. Себет гүлдері қалқанша, сыпырғы немесе шашақ гүлшоғырына топталған. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, шілде – қыркүйекте жемістенеді. Тұқымы жұмыртқа тәрізді ұзынша келген. Кейбір түрінің тұқымында айдаршасы болады. Көбенқұйрықтардың 21 түрі – Қазақстанда сирек өсетін өсімдіктер. Олардың ішіндегі өте сирек кездесетіні жылдан-жылға таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген түрі – ірі жапырақты Көбенқұйрық (C. grandіfolіa). Оның биіктігі 1 м-дей. Сүректенген тамыры болады. Сабағы тік, жоғары жағы бұтақтанып келеді. Ірі жапырағының ұзындығы 40 см, ені 20 см-дей. Сары гүлдері себет гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, маусым – шілдеде жемістенеді. Тұқымы ұзынша келген, сырты тегіс, қара қоңыр дақтары болады. Ірі жапырақты Көбенқұйрық Ақсу - Жабағылы қорығында қорғалады.
## Түрлері
* Cousinia grandifolia – Іріжапырақ көбенқұйрық
* Cousinia karatavica – Қаратау көбенқұйрығы
* Cousinia mindshelkensis – Мыңжылқы көбенқұйрығы
* Cousinia rigida – Қатты көбенқұйрық
* Cousinia vavilovii – Вавилов көбенқұйрығы
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* [1] Қызыл кітап |
Көгел – Батыс Үстірт кемерінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі тау.
## Географиялық орны
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылының оңтүстік-батысында 25 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 116 м. Солтүстіктен оңтүстік-шығысқа қарай 20 км-ге созылып жатыр, енді жері 15 км.
## Жер бедері
Батыс, оңтүстік-батыс кемері жарқабақты (биіктігі 10 – 15, кейде солтүстігінде 20 м-ге жетеді). Батыс кемері Өліқолтық сорына ұласып кетеді. Эрозиялық және денудациялық процестердің нәтижесінде пайда болған. Беткі қабаты неогендік әктастан, гипстен түзілген.
## Өсімдігі
Сортаң топырағында бұйырғын, жусан, тағы басқа өседі. Оңтүстік етегінен шағын Манашы өзені ағып өтеді.
## Дереккөздер |
Көгал , газон (фр. gazon – гүл алаңы) – біркелкі етіп тегіс жерге өсірілген, шөбі қысқа, шырпылған көп жылдық өсімдіктер алаңы.
Көгалдың бірнеше түрі ажыратылады: фонтан мен мүсіндерді көркемдеп, әсемдік үшін отырғызылған, ағаш пен гүл айналасында өсірілетін партерлік көгал, саябақтар мен көше жағалауларында өсірілетін саябақтық көгал, стадиондарда өсірілетін спорттық көгал, астық тұқымдасына жататын және әдемі гүл жаратын бір жылдық өсімдіктерден (гүлкекіре, көкнәр, т.б.) өсірілетін мавритан көгалы түрлері бар. Көгал жасайтын жерді алдын ала тастан, арамшөп тамырынан тазартып тегістейді де, терең етіп (30 см) жыртады. Органикалық және минералдық тыңайтқыштар шашылады. Топырағы сазды жерге құм, құмды жерге саз топырақ қосады, оның бетіне қалыңд. 10 – 15 см-дей құнарлы топырақ төсейді. Көгалға, әдетте, дәнді және бұршақ тұқымдас шөптер: қоңырбас, бетеге, сиыр жоңышқа, бидайық, беде, тарғақшөп, суоты, райграс, т.б. егіледі. Көгалға арналған шөптердің дайын қоспалары да сатылады. Көгал (мавритан көгалынан басқасы) шөбін ұдайы шауып, шабылған шөпті жинап алады, жақсылап суарып, отап, оған тыңайтқыш сеуіп отыру керек, сондай-ақ қыстың басында көгалға ағаш күлімен араластырылған майлы компост (2 – 3 см етіп) жайып тастау қажет, бұл Көгалды мүк басып кетуден сақтайды.
## Дереккөздер |
Көбен, Кубан – Жуанқұм құмындағы төбе.
## Географиялық орны
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Тасарық ауылының солтүстік-шығысында 11 км жерде орналасқан. Қуаңдарияның аңғарында.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 71 м. Солтүстігінде Қалтөбе артезиан құдығы, шығысында Бұлақ артезиан құдығы, оңтүстігінде Түлкішоқат төбесі орналасқан.
## Геологиялық құрылымы
Жер бедері Қуаңдария өзенінің атыраулық аллювийлі шөгінділерінен түзілген.
## Өсімдігі
Құмды, сұр топырақ жамылғысында жусан, еркек шөп және астық тұқымдас өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
КӨГЕНТАМЫР(rhizoma) – көп жылдық шөптесін өсімдіктердің, бұталардың жер асты ұзын немесе ұзақ қызмет атқаратын қысқа өркендері. Көгентамырлар өсімдіктерде қоректік заттардың жиналу, вегетативті органдардың пайда болуы және көбеюі үшін қажет. Ол өсімдіктердің нағыз тамырынан қабыршақты жапырақтарының, түскен жапырақтардан қалған тігісінің, бүршігінің және қосымша тамырларының болуымен ерекшеленеді. Көгентамыр жыл сайын моноподийлі (қарғакөзде) және симподийлі (қырлышөпте) өсіп, жоғарғы және қолтық бүршіктерінен өсімдіктердің жер үсті өркендерін құрайды. Ұзын Көгентамырлар өсімдіктердің вегетативті көбеюіне; ал қысқа Көгентамырлар қоректік заттардың жиналып, вегетативті органдардың пайда болуына қатысады. Көгентамыр негізінен топырақта өсіп жетіледі.
## Дереккөздер |
КӨЖЕКСОР– Бозащы түбегінің оңтүстік бөлігіндегі қоныс. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шайыр ауылының оңтүстік-шығысында 38 км жерде орналасқан. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 15 км-ге, енді жері 6 км-ге созылып жатыр. Теңіз деңгейінен 26 м төмен орналасқан. Солтүстігінде Сарытақыр, солтүстік-шығысында Қайрақты, шығысында Құрмұсасор қоныстары, оңтүстігінде Солтүстік Ақтау жотасы, батысында Ақкетік қонысы жатыр. Қоныстың жайпақ жағасында сораң өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Көзжетпес, Құсжетпес – Арал теңізінің шығыс бөлігіндегі бұрынғы арал.
## Географиялық орны, сипаты
Қызылорда облысы Арал ауданы жерінде, Жыңғылдытөбе мен Қосарал аралдарының аралығында орналасқан. Теңіз суы тартылғанға дейін ол теңіз жағасынан батысқа қарай 19 км жерде, аумағы 3 км², ұзындығы 7 км, ені 0,8 км, теңіз деңгейінен 3 – 6 м көтеріңкі болған. Құмайтты топырағында бұта, жағалауында шалғынды сораң өседі. Қазір арал құрлықпен бірігіп кеткен.
## Дереккөздер |
Қоқай – Нұра алабындағы ағынды көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысының, Қорғалжын ауданы жерінде орналасқан. Ауданның батыс бөлігінде, Теңіз көлінің шығысында, Асаубалық пен Сұлтангелді көлдерінің аралығында.
## Гидрографикасы
Теңіз деңгейінен 307,5 м биіктікте орналасқан. Ауданы 24 км2, ұзындығы 8,1 км, ең енді жері 4,5 км. Көлді Нұра өзені жарып ағады. Суы тұщы. Жағасы – жайылым, шабындық.
## Жағалау сипаты
Көлдің солтүстік-шығыс жағалауы аласа төбешікті, басқа бөліктері жатық, түйетайлы, жазыққа ұласады. Пішіні күрделі, жағалауы аз тілімденген. Желтоқсанда суы қатып, сәуірде ериді. Көлге Нұра өзені құяды. Суында мөңке, оңғақ, нәлім, алабұға, шортан, т.б. балықтар мекендейді. Оңтүстік жағалауы батпақты, қамысты келген. |
Елді мекендер:
* Көкбастау – Абай облысы Ақсуат ауданындағы ауыл.
* Көкбастау – Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ауыл.
* Көкбастау – Жетісу облысы Көксу ауданындағы ауыл.
* Көкбастау – Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Көкбастау – Тарбағатай жотасының солтүстігіндегі тау.
* Көкбастау – ипподром. |
Көкбайтал – Кеңтарлау аңғарының батыс бөлігіндегі оқшауланған тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Нарманбет ауылының оңтүстік-шығысында 33 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 570 м.
## Жер бедері
Шатқал, сайлармен тілімденген, бірнеше ұсақ шоқылар мен жеке тау массивтерінен тұрады. Оңтүстік-шығыс бөлігінде тұщы сулы Киікбай және өзімен аттас құдықтар бар.
## Геологиялық құрылымы
Силур жүйесінің жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Сортаңды сұр және қоңыр топырақ жамылғысында жусан, баялыш, көкпек өседі. Баурайы күзгі, көктемгі жайылым.
## Дереккөздер |
Көкбайсор – Сілетітеңіз көлінің оңтүстік-батысындағы тұзды көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Біржан сал ауданы Бөгенбай ауылының оңтүстігінде 13 км жерде орналасқан. Сілеті өзені алабында. Теңіз деңгейінен 207 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 7,3 км2, ұзындығы 4,6 км, енді жері 2,6 км, жағалау бойының ұзындығы 12,4 км. Жағалауы жазық, түбі тұнба балшықты келген. Жағасы күрделі пішінді, су көп жылдары пішінін жиі өзгертіп тұрады. Орта бөлігінде ұсақ аралдар бар. Қараша – сәуір айлары аралығында суы қатып жатады. Солтүстігінен бұлақ суы құяды. Жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Көл айдынында жыл бойы су болады. Мал суарылады, жағалауы шабындық. |
Көкбасгүл, көкшешек (лат. Echium) – айлауыктар тұқымдасына жататын бір, екі немесе көп жылдық өсімдіктер туысы. Қазақстанның далалы аймақтарында, жол жағаларында, кейде тасты шатқалды таулардың етегінде кәдімгі Көкбасгүл (E. vulgare) және Италия Көкбасгүлі (E. іtalіcum) өседі. Олардың биіктігі 30 – 80 см, кейде 1 м-дей болады. Сабағы тік, сыртын тікенекті қылтандар жауып тұрады. Тұтас келген жапырақтары кезектесіп орналасады. Көк, көгілдір немесе күлгін түсті гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына топталған, сабағының ұшына орналасады. Тостағанша жапырақшалары 5 бөлікке бөлінген, күлтесі – түтік тәрізді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, маусым – тамызда жемістенеді. Жемісі – төрт жаңғақша. Өте улы өсімдік. Кәдімгі Көкбасгүлдің құрамында сапонин, улы алкалоидтар (циноглоссин, холин, консолидин, консолицин) бар. Өсімдіктен алынған дәрілік препараттар жүйке жүйесін тыныштандыруға пайдаланады. Сондай-ақ қақырық түсіретін және антисептикалық қасиеті бар. Мал жемейді, омарта шаруашылығынданда маңызы бар.
## Дереккөздер |
Көкбұлақ – Іле Алатауының солтүстік беткейінде орналасқан мұздық.
## Географиялық орны
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік өзенінің саласы – Көкбұлақ өзенінің бастауында. Мұздықтың оңтүстігінде өзімен аттас тау, оңтүстік-шығысында Григорьев мұздығы орналасқан.
## Аумағы
Көкбұлақтың ұзындығы 1,7 км, көлемі 1,4 км3, ашық жері 1,4 км3. Мұзқар (фирн) сызығы 4 мың м биіктікте жатыр, мұздық тілі 3730 м биіктікте.
## Дереккөздер |
КӨКБҰЛАҚ– Арал қарақұмының оңтүстік-шығысындағы бұлақ. Мойынқұм құмының шығыс етегінде орналасқан. Қарағанды облысы Ұлытау ауданында. Солтүстік-батысында Тастемір тауы, Иткеткен артезиан құдығы, Кішкентай Тастемір қонысы, шығысында Ақсай, оңтүстігінде Мыңбұлақ қоныстары орналасқан. Су көзі теңіз деңгейінен 78 м биіктіктен шығып жатыр. Етегін сексеуіл шоғырлары қоршаған.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* [1] Қарағанды облысы |
Көкбұлақ – Маңғыстау тауларының батысындағы бұлақ.
## Орналасқан жері
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Таушық ауылының солтүстік-батысында 28 км жерде орналасқан.
## Сипаттамасы
Теңіз деңгейінен 170 – 180 м шамасында. Тауаралық аңғарлардағы терең жарқабақты жыралардың бойымен ағады. Солтүстігін Сарытас шығанағы, шығысын жер асты Шақпақ ата мешіті, оңтүстігін Үдек құдығы, батысын үлкен аумақты Түпқараған түбегі алып жатыр.
## Сыртқы сілтемелер
* [1] Мұрағатталған 5 қарашаның 2011 жылы. Маңғыстау облысы |
КӨКДАЛА – Жаңадария өзенінің аңғарындағы артезиандық құдық. Қызылқұм құмының солтүстік бөлігінде. Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Көкшоқы ауылының оңтүстік-батысында 41 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 105 м биіктікте. Солтүстігінен Қуаңдария, Майлыөзек каналдары өтеді. Ұялы құм шағылдардың орта бөлігінде орналасқан құдықты сексеуіл шоғырлары қоршаған.
## Дереккөздер |
Көкдомбақ – Үлкен Күйкентай тауының батысындағы тау.
## Географиялық орны
Абай облысы Аягөз ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 807 м. Шағын таудың ұзындығы мен ені 2-2,5 км.
## Жер бедері, өсімдігі
Беткейлері көлбеу, жатық келген. Олар біртіндеп далаға ұласып кетеді. Етегінде жусан аралас қараған, бетеге, теріскен, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Көкдомбақ – Теңіз көлінің оңтүстігіндегі ұсақ шоқылы оқшауланған тау массиві.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Нұра ауданы Ақтүбек ауылының оңтүстік-батысында 35 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 427 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 3 км.
## Жер бедері, геологиялық құрылымы
Беткейі жайпақ, пішіні доға тәрізді келген. Протерозой және девон жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, боз, жусан, т.б. дала өсімдіктері өседі.
## Дереккөздер |
Көкдомбақ – Арқарлы тауларының батысындағы төбе.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Алакөл ауданы Арқарлы ауылының солтүстік-батысында 40 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 575 м. Солтүстік-шығыстан оңүстік-батысқа қарай 3,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км. Жайпақ келген беткейлері далаға ұласады.
## Геологиялық құрылымы
Палеозойдың құмдақты тақтатасынан және әктасынан түзілген.
## Өсімдігі
Сортаң түсті қоңыр топырағында жусан, бұйырғын, қараған, т.б. өседі. Мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Көкдомбақ – Жақсыкөң және Жаманкөң өзендерінің аралығындағы оқшауланған тау массиві.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Нұра ауданы Баршын ауылының оңтүстік-батысында 40 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 549 м.
## Жер бедері, геологиялық құрылымы
Беткейі көлбеу, пішіні бес жұлдыз тәрізді келген. Девон және тас көмірдің тау жыныстарынан түзілген. Оңтүстік бөлігінде Алтуайт, Әжіке қыстаулары бар.
## Өсімдігі
Беткейіндегі бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, селеу, жусан, бұталар өседі. Етегі мал жайылымына қолайлы.
## Дереккөздер |
Көген – Балқаш көлінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі оқшауланған тау массиві.
## Географиялық орны
Абай облысы Аягөз ауданы Ақтоғай кентінен солтүстік-батысқа қарай 30 км жерде орналасқан. Бақанас және Аягөз өзендерінің аралығында. Абсолюттік биіктігі 507 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 17 км-ге, енді жері 7 км-ге созылып жатыр.
## Жер бедері, геологиясы
Беткейі көлбеу келген. Жер қыртысы герцин қатпарлығының андезит, дацитриолиттерінен түзілген.
## Өсімдігі
Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында эфемерлі сұр жусан, баялыш, терек өседі. Баурайы мал қыстағы ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Көкбұта тұқымдасы (лат. Erіcaceae) – қос жарнақты өсімдіктер.
Бұлардың арасында шалабұта, бұта, кейде жерге төселіп өсетін шөптесін өсімдіктер және биіктігі 20 м-ге дейін жететін ағаш та кездеседі. Көкбұталар тұқымдасының дүние жүзінде кең тараған (Арктикадан тропиктік шөл-шөлейтті аймақтарға дейін кездеседі), 100-ден аса туысы, 3000-нан артық түрі бар. Көкбұталар тұқымдасының өсетін жерлері мен түрлеріне қарай сабақтары да алуан түрлі (сүректенген қатты тік сабақ, төселіп өсетін өрмелегіш сабақ, т.б.) болады. Сүрегі өте тығыз, шайырлы. Басқа тұқымдастардан ең негізгі ерекшелігі – жапырақ тақтасы жалпақ, жиектері сыртқа қарай сәл қайырылып тұрады, қарағайдың жапырағына ұқсаған ине тәрізді қылқанды, қабыршақтанған майда жапырақтары болады. Қазақстанда Көкбұталар тұқымдасының 3 туысы қазанақ, Арктоус (Arctous), оның 1 түрі – Альпі арктоусы (A. alpіno) және көкбұта (Calluna), оның 1 түрі – кәдімгі көкшегүл (C. vulgarіs) өседі. Бұлар Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар), Күнгей Алатауларында кең таралған. Негізінен ылғалы көбірек, мүк, қына басқан батпақтар, қылқан жапырақты ормандардың арасы, бұлақ жағаларында жиірек кездеседі. Көкбұта Тұқымдасының өсетін жерлері мен түрлеріне қарай сабақтары да алуан түрлі: сүректенген қатты тік сабақ; төселіп өсетін, өрмелегіш (лиана) сабақ, т.б. болады. Сүрегі өте тығыз, шайырлы (қарағайдың шайыры тектес). Көкбұта Тұқымдасының басқа тұқымдастардан ең негізгі ерекшелігі – жапырақ тақтасы жалпақ, жиектері сыртқа қарай сәл қайырылып тұрады, қарағайдың жапырағына ұқсаған ине тәрізді қылқанды, қабыршақтанған майда жапырақтары болады. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктердің кейбір түрлерінің (көкбұта) жапырақтары ауа райының өзгеруін алдын-ала болжайды. Құрғақшылық болған жағдайда көкбұтаның жапырағы дереу қусырылып бүктеліп (ширатылып) қалады, соның нәтижесінде судың булануы азайып, өсімдік қурамай, тіршілігін сақтап қалады. Гүлдері сабақ ұшында, жапырақ қолтығында жеке немесе топтанып орналасады. Топтанған майда гүлдері шашақ, шатыр, сыпыртқы тәрізді гүлшоғырларын құрайды. Жеке гүлінде 4 – 5 тостағанша жапырақша, 5 күлте, 10 аталық, жатыны 5 ұялы аналығы болады. Аталықтарының жіпшесі аналықтың түбіндегі жалпақ табақшаға бекініп тұрады. Аналық жатынында тұқым бүршігі көп болатындықтан, жемісі – көптұқымды қауашақ, тұқымбүршігі аздау болса, аз тұқымды сүйектіжеміс деп те аталады. Көкбұта Тұқымдасы – негізінен, жәндіктермен (кейде өздігінен де) тозаңданатын өсімдіктер. Көбінесе, батпақты жерлерде өсетіндіктен, азоты жеткіліксіз ортаға бейімделу үшін саңырауқұлақтармен селбесіп тіршілік етеді. Көкбұта Тұқымдасы балды өсімдіктерге жатады. Тұқымының шетінде болатын бұртиған өсіндісімен құмырсқалар, жидектерімен құстар мен сүтқоректілер қоректенеді. Гүлдері әдемі болғандықтан бақтарда, оранжереяларда сәндік үшін де өсіріледі7
## Дереккөздер |
Көкдөңгелек – Қарағанды тауларының батыс бөлігіндегі қыстау. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Шешенқара ауылының оңтүстік-шығысында 42 км жерде орналасқан. Нұра өзенінің аңғарында. Солтүстігінде Шадырадыр тауы мен қыстауы, батысында Айнабұлақ бұлағы, оңтүстігінде Жамбасқұдық қыстауы бар. Қызғылт қоңыр топырағында бетеге, боз, селеу өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Көкдомбақ – Сарықұм құмының солтүстік-шығыс бөлігіндегі тұзды тұйық көл.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Көкдомбақ темір жол бекетінің солтүстік-батысында 10 км жерде орналасқан. Балқаш көлінің алабында. Теңіз деңгейінен 419 м биіктікте.
## Гидрографикасы
Аумағы 3,4 км2, ұзындығы 4 км, енді жері 1,3 км, жағалау бойының ұзындығы 8,9 км. Айдыны көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толысып, жазда тартылып, сор батпаққа айналады.
## Дереккөздер |
## Географиялық орны
Көке – Ақмола облысы Жарқайың ауданы Державинск қонысының солтүстік-батысындағы жонды қырқалардан бастау алатын өзен. Ұзындығы 65 км, су жиналатын алабы 817 км2.
## Бастауы
Бастауын Есіл және Мойылды өзендерінің суайрығынан алып, Пятигорское ауылы тұсында Есіл өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Аңғарының ені жоғарғы ағысында 9 км-ден төменгі ағысында 2,5 км-ге дейін тарылады. Жылдық орташа су ағымы 0,4 м3/с. Көктемгі еріген қар, жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Өзен жайылымдарды суландыруға және малға суат есебінде пайдаланылады.
## Дереккөздер
## Географиялық орны
Көке – Ақмола облысы Жарқайың ауданы Державинск қонысының солтүстік-батысындағы жонды қырқалардан бастау алатын өзен. Ұзындығы 65 км, су жиналатын алабы 817 км2.
## Бастауы
Бастауын Есіл және Мойылды өзендерінің суайрығынан алып, Пятигорское ауылы тұсында Есіл өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Аңғарының ені жоғарғы ағысында 9 км-ден төменгі ағысында 2,5 км-ге дейін тарылады. Жылдық орташа су ағымы 0,4 м3/с. Көктемгі еріген қар, жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Өзен жайылымдарды суландыруға және малға суат есебінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Көкектер (лат. Cuculіdae) – көкектәрізділер отрядының бір тұқымдасы. Қазба қалдықтары жоғарғы эоценнен белгілі. Жер шарында кең тараған 39 туысы, 129 түрі белгілі. Дене тұрқы 15 – 70 см. Көкектердің көпшілік түрі моногамды. Қазақстанның барлық облыстарында кездесетін кәдімгі көкектер (Cuculus canorus) және Оңтүстік Алтайда ғана мекендейтін меңіреу көкектер (Cuculus saturatus) бар. Дене тұрқы 25 – 40 см. Қауырсыны айқын түсті емес, аяқтары 4 бармақты (екі-екіден қарама-қарсы біткен), ағаш басында жүруге бейім. Көкектертер тіршілігін, негізінен, ағаш, бұта басында өткізеді. Олардың Қазақстанда кездесетін түрлері ұя салмайды (басқа құстардың ұясын пайдаланады), балапан баспайды. Көкектер балапаны жұмыртқадан шығысымен-ақ ұядағы басқа балапандарды немесе жұмыртқаларды ұядан бір-бірлеп құлата бастайды. Бұған оны итермелеуші – табиғи түйсігі (инстинкт). Көкектер балапанының арқасына өте сезімтал бүртік пайда болады. Осы бүртікке басқа зат жанасса-ақ балапан оны лақтырып тастауға бейімделе қалады. Көкектер негізінен зиянкес түкті жұлдызқұрттармен қоректенеді. Сондай-ақ олар орманның зиянды жәндіктерін жеп пайда да келтіреді. Көкектерді халқымыз аты жоқ құс деп те атайды, өйткені ол өз атын өзі шақырады. Көкектер – жыл құсы. Олар жылы жақтан біздің республикамызға сәуір айында ұшып келеді. Бұл айда қар кетіп, күн жылынып, Көкектер шақыра бастайды. Қазақтың дәстүрлі күнтізбесіндегі сәуір айының көне атауының көкек деп те аталуы осыған байланысты.
## Галерея
*
*
*
*
*
*
*
*
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Қызыл кітап |
Көкекшөп (лат. Gymnadenia) – сүйсіндер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Еуразия мен Солтүстік Американың қоңыржай белдеулерінде кездесетін 10 түрі белгілі. Қазақстанда Ертіс өзенінің бойында, Алтай аймақтарында өседі. Шалғынды жерлерде, орманды алаңдарда, ағаш, бұта, жыңғылдардың арасында өсетін 1 түрі – масалы көкекшөп (G. conopsea) бар. Оның биіктігі 25 – 65 см, өсімдік түйіні саусақ салалы қалақша тәрізді болады. Сабағы бұдыр, 4 – 7-ден топталған жапырақтары кезектесе орналасқан. Гүлшоғыры қалың, көп гүлді масақ, оның ұзындығы 6 – 15 см, ені 2 см. Гүлжарнағы ұзынша, үшкір, төменгі бөлігі гүлінен ұзындау немесе соған тең, ал жоғарғысы – қысқалау, гүлдері қызғылт, қызғылт көк түсті. Гүлсерігінің сыртқы жапырақшалары ұзынша домалақ, мұқыл, үш жүйелі келеді. Гүлтепкісі имек орақша. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Қалампыр, ванилдің исі шығатын хош иісті гүлдері ұсақ жәндіктерді өзіне тартады.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Қызыл кітап |
Көкен (лат. Thymelaea) — өзімен аттас тұқымдасқа жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Негізінен Жерорта теңізі жағалауларында тараған 20-ға жуық түрі бар. Қазақстанда тасты, тастақты, құмды, балшықты жерлерде, сортаңды шалғындықтарда, егістіктерде өсетін 1 түрі – кәдімгі көкен (T. passerina) бар.
Биіктігі 12 – 110 см, сабағы жіңішке, жапырақтары ұзын, үшкір (5 – 15 см). Гүлдері ұсақ (1,5 – 3 мм), жеке немесе екеуден жапырақ қолтығына орналасқан. Гүл сағағы өте қысқа, шоғырлана орналасқан ақ түктері бар. Гүлсерігі құмыра тәрізді, жасыл сары, сырты қалың түкті. Аталығы 4 – 6, кейде 2 – 8. Маусым – қыркүйекте гүлдейді. Жемісі – алмұрт пішінді жаңғақша.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* [1] Қызыл кітап |
Көкдомбақ – Қосқамбай тауының оңтүстік-шығысындағы шоқылы тау.
## Географиялық орны
Павлодар облысы Баянауыл ауданы Мұса Шорманов ауылының солтүстік-шығысында 17 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 584 м. Батыстан шығысқа қарай 6 км-ге, енді жері 2,5 км-ге созылып жатыр.
## Жер бедері
Солтүстік-шығысы тіктеу, қалған бөліктері беткейі көлбеу шоқылардан тұрады. Батысында Бегедай, Өлеңқұдық жайлаулары бар.
## Геологиясы
Силур жүйесінің жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, селеу, бетеге аралас астық тұқымдас өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Елді мекен:
* Көкентау – Абай облысы Семей қалалық әкімдігіне қарасты ауыл.
Тау:
* Көкентау – Семейтау тауларының оңтүстігіндегі тау. |
Көкенжон – Балқаш көлі мен Лепсі өзені аралығындағы қырқалы үстірт.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Сарқан ауданында.
## Жер бедері
Батыстан шығысқа қарай 40 – 45 км-ге созылып жатыр, ені 17 – 20 км. Орташа биіктігі 350 – 420 м, абсолюттік биіктігі 467 м. Шығысында Белсексеуіл, оңтүстігінде Лепсі өзені арқылы Күшікжал құмды алқабымен шектелген. Орта тұсында сор батпақ кездеседі.
## Геологиялық құрылымы
Үстірт палеоген кезеңінің құмтас, туф және туфтектес тақтатастарынан түзілген.
## Өсімдігі
Шөлдің қоңыр сұр топырағында бұйырғын, еркек шөп, теріскен, көкпек, баялыш, жусан өседі.
## Дереккөздер |
КӨКЕСКЕН, Көгескен – Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданындағы құдық. Тереңдігі 4 м, су шығымы 450 л/сағ. Құдық жанынан Дағанделі өзені ағып өтеді.
## Дереккөздер |
Көкеспе – Ақбастау төбесінің шығысында орналасқан қоныс. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ұланбел ауылының солтүстік-шығысында 112 км жерде. Қоныс солтүстіктен оңтүстік-шығысқа қарай доға тәріздес иіле созылып жатыр. Теңіз деңгейінен 400 м биіктікте. Қоныс орны тақыр және сор болып келеді. Маңында Шошқабұлақ, Ақбастау, Қарақұдық құдықтары бар.
## Дереккөздер |
Көкжал – Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Лбищенское ауылының оңтүстік-батысында 27 км жердегі жайлау. Жайық өзені аңғарында, Тайпақ каналының бойында орналасқан. Солтүстігінде Тентек, Мыңбай қыстаулары, шығысында Антошкин, Ащықұдық қыстаулары, оңтүстігінде Ащықұдық құдығы бар. Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, тарақ бидайық, еркек шөп, теріскен, т.б. астық тұқымдас шөптесіндер өседі. Көктемгі-күзгі мал жайылымы.
## Дереккөздер |
Көкалақұм – Үлкен Борсық құмының оңтүстік бөлігіндегі құмды алқап.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қаңбақты ауылынан 7 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 10 км-ге созылған, енді жері 5-6 км. Теңіз деңгейінен шамамен 140 м биіктікте жатыр. Жалды шағыл құмдардың шетінде Қызғалдақ, Жиек, т.б. қыстаулар орналасқан. Жер асты суы 1-25 м тереңдіктен шығады.
## Геологиялық құрылымы
Палеоген тау жыныстарының үгілуінен қалыптасқан.
## Өсімдігі
Қоңыр топырағында жусан, шеңгел, жүзгін, изен, сексеуіл, т.б. өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Көкеспе – Желтау тауларының солтүстік-батысындағы төбе.
## Географиялық орны
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылының солтүстік-батысында 77 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолютiк биіктігі 472 м. Солтүстігінде өзімен аттас құрғақ өзен арнасы, шығысында Жақынжол тауы, оңтүстігінде Жамбасшы құдығы бар.
## Өсімдігі
Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, баялыш, эфедра, тасбұйырғын өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер
|
Көкдомбақ – Балқаш көлінің солтүстігіндегі шоқы.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Балқаш қалaсының солтүстік-батысында 33 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 542 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км.
## Жер бедері
Беткейі көлбеу, пішіні сопақша келген. Түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Маңында Қызыладыр, Шеңгелбай, т.б. көптеген шоқылар бар.
## Өсімдігі
Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында эфемерлі сұр жусан, күйреуік, баялыш, бұталар өседі.
## Дереккөздер |
Көкжалбыз, көкбасшөп (лат. Nepeta) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын бір не көп жылдық өсімдіктер туысы. Дүние жүзінде кең тараған, әсіресе, Иранда және Батыс Гималай таулы аймағында кездеседі. 250-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық өңірінде кездесетін 16 түрі бар. Ең көп тарағаны – мысық көкжалбызы (N. catarіa). Ол шалғынды тау беткейлерінде, сортаң және тастақты жерлердегі бұталар арасында өседі. Оның биіктігі 27 – 32 см, тік өскен, бұтақты қалың жапырақ басқан сабағы бар. Жапырақтары жүрек не жұмыртқа пішіндес, бозғылт түк басқан, сағақты келеді. Күлтесінің ұзындығы 7 – 10 мм, жоғарғы ерні күлгін ақ түсті, төменгі ерні қызыл көк. Гүлдері шатырша немесе сыпыртқы тәрізді, қос жынысты. Маусым – шілдеде гүлдеп, тамыз айында жемістенеді. Жемісі – сырты тегіс, қоңыр түсті жаңғақша. Өсімдік құрамында парфюмерия өндірісінде қолданылатын эфир майы бар (0,3%). Шірнелі өсімдік ретінде қолдан да өсіріледі. Көкжалбыз – дәрілік өсімдік, оның шөбінің қайнатпасын суық тигенде, іш ауырғанда және қан азайғанда дәрі ретінде пайдаланады. Тамырындағы заттардың жүйке жүйесін қоздыратын қасиеті бар. Жапырағының иісі лимонның иісіне ұқсас болғандықтан шай, сусындарға қосып бас ауырғанда ішеді.
## Тағы қараңыз
* Көкгүл
* Көкнәр
## Дереккөздер |
Көкжар – Іле өзені алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Алматы облысы Райымбек ауданы және Қырғызстан жеріндегі өзен. Ұзындығы 47 км.
## Бастауы
Бастауын Теріскей Алатауының 4000 м биіктікте орналасқан мұздықтарынан алып, Қарақұдық асуының тұсында Қарқара өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Өзен Қақпақ асуы мен Аюсай тауының аралығында, аңғары тар, терең шатқалды келеді. Суы тұщы.
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Көкжиде – Алматы облысы Балқаш ауданындағы ауыл.
* Көкжиде – Жетісу облысы Сарқан ауданындағы ауыл.
* Көкжиде – Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты ауыл.
Басқа мағыналар:
* Көкжиде – Құмжарған құмының оңтүстік-батысындағы құмды алқап. |
Көкжон фосфорит кен орны — Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласының оңтүстік-батысында 12 км жерде орналасқан. Кен орны 1939 жылы ашылған. Барлау жұмыстары 1969-1971 жылдары жүргізілді. Кен алаңы 4 телімнен (Аралтөбе, Қыштас, Қисықтөбе, Атқұм) тұрады.
## Геологиялық құрылымы
Кен ортаңғы кембрий кезеңі шөгінділерімен (Шолақтау шоғыры) жапсарласқан. Төсеніш жыныстар төменгі кембрийдің малтатас, тақтатас, құмайт және аргиллиттерінен тұрады.
## Жатыс сипаты
Фосфорит қабатының орташа қалыңдығы Қыштаста 15 м, Аралтөбеде 10 м. Фосфорит қабатында қалыңдығы 2-2,5 м фосфорит-кремний жыныстары кездеседі. Қыштаста 400-600 м, Аралтөбеде 300 м тереңдікте де фосфорит қабаты бар екені анықталды. Фосфорит құрылымы кристалды, жабық кристалды, түйіршікті, оолитті; оның түйіршіктері карбонатты, кремнийлі, фосфатты заттармен тұтасқан; құрамындағы Р2О5 мөлшері 22,8%-дан 36%-ға дейін. Көкжон фосфорит кен орны Қаратау фосфорит алабындағы ірі кендер қатарына жатады.
## Тағы қараңыз
* Жаңатас фосфорит кен орны
## Дереккөздер |
Көкжиде су құбыры - Алматы облысы Сарқан ауданында 1985 жылы іске қосылған су жүйесі.
Бастауын Лепсі өзенінен алады. Ұзындығы 85 км. Құбыр Балқаш көлінің оңтүстік жағалауындағы 40,3 мың га шабындықты суландыруға байланысты салынған.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* [1] Алматы облысы |
Елді мекендер:
* Көкжыра – Абай облысы Ақсуат ауданындағы ауыл.
* Көкжыра – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы ауыл.
* Көкжыра – Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Көкжыра – Қараөзен аңғарындағы сор. |
Көкжиек – Баршақұм құмды алқабының орталық бөлігіндегі төбе. Қызылорда облысы Арал ауданы Сазды ауылының солтүстік-шығысында 32 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 112 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 1,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 0,5 км. Солтүстігінде Ақтабанқұм құмы, шығысында Баласораң қонысы, оңтүстігінде Кесеқұм (Кесекқұм) төбесі мен Түкпірши, Ескене қыстаулары, батысында Берді құдығы мен Қотырқора қыстауы орналасқан. Жер бедері сайлы-жыралы, бірен-саран шағылдар кездеседі. Құмның сортаңды сұр топырағында жусан мен бұта аралас эфемерлі өсімдіктер өседі. Жыл бойы мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Қызылорда облысы Мұрағатталған 13 маусымның 2011 жылы. |
Көкжиде мұнай кен орны — Ақтөбе облысы Жем қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 120 км және Ақтөбе қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 230 км жерде орналасқан. Солтүстік жағында Кеңқияқ мұнай-газ кен орны бар. Құрылым 1973 жылы барланып, анықталды.
## Геологиялық құрылымы
Төменгі триас шөгінділерінен үш мұнай шоғырлары ашылды. Орта юраның 300 – 375 м тереңдігінде екі шоғыр бар.
## Қанығу, тығыздығы, құрамы
Табиғи сыйымдылық түрінің сипаты бойынша тұнбалар жалғасып, қосылып жатқан қабатты қалыңдығы 20 м-ден астам сазды қақпақтар жапқан. Мұнайдың өнімді қабаты 6-27 м, 6-18,7 м, мұнай қанықтылығының коэффиценті 0,7-0,8. Юра қабаттарындағы мұнай тығыздығы орташа және ауыр (884 – 950 кг/м2), күкірттілігі (0,29 – 1,9%) және парафинділігі (0,6 – 2,43%) аз. Кен орны барлануда. |
Көкиірім – Алқамерген көлінің солтүстігіндегі тұзды тұйық көл.
## Географиялық орны
Павлодар облысы Май ауданы Жұмыскер ауылының батысында 82 км жерде орналасқан. Ертіс өзені алабында. Теңіз деңгейінен 151,8 м биіктікте.
## Гидрографикасы
Аумағы 5,7 км², ұзындығы 5 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 14,6 км. Жағалауы негізінен жайпақ, пішіні доға тәрізді. Көктемгі қар, жауын-шашын суларымен толысады. Қарашаның алғашқы жартысында суы қатып, сәуірдің басында ериді. Жағалауы мал жайылымына пайдаланылады. |
Көкжартас– Абай облысы, Семей қалалық әкімдігіне қарасты аумақтағы қыстау.
Қарабастұз, Балықтыкөл көлдері және Семейтау таулары аралығында сайлы-жыралы өңірде орналасқан. Семейтаудан бастау алатын шағын Қарасу жылғасы қыстау жанындағы жарқабақты саймен ағады.
## Дереккөздер |
Көккөл – Түркістан облысы Отырар ауданы Аққұм ауылдық округі аумағындағы көл.
## Географиялық орны
Түркістан облысы Отырар ауданы Аққұм ауылының оңтүстік-шығысына қарай 8 км жерде, Сырдария өзенінің сол жағасында орналасқан. Пішіні таға тәрізді.
## Гидрографикасы
Көккөлге сыр суы көтерілген кезде жоғарғы арнасынан құйылады. Көл толғаннан соң артық сулар төменгі арнамен қайтадан дарияға құйылады. Көлдің ені 250-300 м, ұзындығы 3,5 км, тереңдігі 5 метрге дейін жетеді.
## Жағалау сипаты
Көл ортасындағы аралда қалың тоғай өседі. Көл суы шаруашылыққа пайдаланылады. Шәмші Қалдаяқовтың "Көккөл кештері" атты әні осы көл жағасында дүниеге келген.
## Дереккөздер |
Көккезең – Оңтүстік Алтай жотасының солтүстік-батысындағы тау массиві.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Жамбыл ауылының солтүстік-батысында орналасқан. Бұқтырма өзені аңғарында. Абсолюттік биіктігі 2367 м. Солтүстіктен оңтүстік-батысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, енді жері 9 км.
## Геологиялық құрылымы, жер бедері
Таудың жер қыртысы гранит, тақтатас, құмтастардан түзілген. Оңтүстік-батыс беткейінен Черновая, Тихая өзендері бастау алады.
## Өсімдігі
Беткейлерін қылқан және жалпақ жапырақты орман алқаптары алып жатыр. Оңтүстік баурайы мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Көкқамыс суғару жүйесі - Жетісу облысы Ақсу ауданында 1968 жылы іске қосылды.
Суды Ақсу өзенінің бойына салынған бас тоған арқылы алады. 1033 га жерді суғарады. Жүйедегі су тораптарының ұзындығы 15 км, бойында 2 гидротехникалық қондырғы бар.
## Сыртқы сілтемелер
* Алматы облысы
## Дереккөздер |
Көкқабақ – Баршақұм құмының оңтүстік-шығысындағы қыстау. Қызылорда облысы Арал ауданы Абай ауылының оңтүстік-шығысында 10 км жерде орналасқан. Солтүстігінде Керішқұдық, оңтүстігінде Жаураған құдығы мен төбесі, шығысында Жыланды төбесі, батысында Қылыш қыстауы бар. Ұялы құм төбешіктер етегінде жусан, сексеуіл, ебелек, ажырық өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
## Сыртқы сілтемелер
* [1] Мұрағатталған 13 маусымның 2011 жылы. Қызылорда облысы
## Дереккөздер |
Көкқарға (лат. Coracias garrulus) – көкқарғатәрізділер отрядының бір түрі. Қазақстанның оңтүстігіндегі шөлейт аумақты мекендейді, сондай-ақ Жайық өзенімен оның тармақтарындағы аңғарларда, Ертіс өзені маңында кездеседі. Дене мөлшері кептерден сәл кішірек, қанатының ұзындығы 18 – 20 см, салмағы 180 – 200 г. Көкқарғаны басқа құстардан жабын қанатының жасылдау көгілдір реңі бойынша және өте жылдам ұшатынына байланысты оңай ажыратуға болады. Жерде қолапайсыз жүретіндіктен, көбінесе Көк қарға ағаш бұтағына қонақтайды. Көкқарға әдетте, жұп құрады және ұяны бір жұбынан екінші жұбы едәуір алшақ салады. Көкқарға – жыл құсы. Қазақстандағы орманды-далалы аймақтарға, жалғыз ағаш өскен ашық далаға, шөлейтті жерлерге мамырда ұшып келіп, өзен жарқабақтарынан ін қазып не ағаш қуысына, түрлі құрылыстардың бұғат, саңылауларына ұя салады. Ұядағы ақ реңді 2 – 7 жұмыртқаны аталығы мен аналығы кезектесіп басады. 18 – 19 күнде жұмыртқадан қызылшақа балапан шығады. Балапандары 26 – 28 күнде қанаттанады. Қыркүйекте қыстау үшін жылы жаққа (Африкаға) ұшып кетеді. Көкқарға бұзаубас, шегіртке, шекшек, қоңыздармен қоректенеді. Кейде кесірткелерді, бақаларды, тіпті ұсақ кемірушілерді де жейді. Көкқарға әр түрлі зиянды жәндіктерді жеп, пайда да келтіреді.
## Дереккөздер |
Көкқатын, Жуан Садырбай – Сырдарияның солтүстік аңғарлық жайылмасында орналасқан көл.
## Географиялық орны
Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстікке қарай 12 км жерде.
## Гидрографикасы, сипаты
Көлдің аумағы 3,9 км2, ұзындығы 6 км, ені 1,1 км, көлемі 3,2 млн. м3. Ол солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Жуан Садырбай жайылмасы осы көл арқылы суландырылады. Су деңгейі көтерілгенде оның тереңдігі 3–4 м-ге дейін жетеді, ал күзге қарай сабасына түсіп 1,5 – 2,0 м-дей ғана болады. Көл жағалауын қамыс, қоға басқан. Жайылмасы шабындыққа пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Көкқұтан(лат. Ardea cinerea) – ескекаяқты құстар отряды, құтан тұқымдасына жататын құс.
Еуропа, Азия және Африкада тараған. Қазақстанда Сырдария алабында, Шу-Іле тауларында, Балқаш – Алакөл қазаншұңқырында, Зайсан көлінде, Қара Ертіс өзенінде, Каспийдің солтүстігінде, негізінен, далалық жерлерде кездеседі. Тұрқы 1 м-дей, денесі бүйірінен қысыңқы тұмсығы ұзын (13 см-дей), түзу, өткір. Аяқтары ұзын. Желкесінде қауырсында қара айдары бар. Арқасы, бүйірі сұр, бауыры, мойны, басы ақ, бірақ мойнында қара дағы болады. Қанаты қара жолақты. Өсімдігі мол өзен, көл, батпақ жиектерін мекендейді. Ағаш басына не жерге ұялайды. 5 – 10 жасыл жұмыртқа салып, 26 – 27 күнде әлсіз балапандары шығады. Аталығы мен аналығы 1,5 ай, тіпті ұядан шыққаннан кейін де асырайды. Көкқұтан ұялаған жерінде 7 айдай болады, кейде Қазақстанның оңтүстігінде қыстап та қалады. Бақа, балық, жәндіктер, бауырымен жорғалаушылар, кемірушілермен қоректенеді. Көкқұтан кейде балық шаруашылығына зиян келтіреді.
## Дереккөздер |
Көкқия – Қоңыртау тауындағы Көкқия жотасының орталық бөлігіндегі асу.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Ақсу ауданы Арасан ауылының солтүстік-батысында 15 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 1554 м. Жылдың барлық мезгілінде асудан көлікпен салт атты адам өте алады. Беткейлік шайылумен бірге бойлық эрозия әрекеттері күшті дамыған. Шығысындағы Бүйен өзені Қаракүнгей тауларының аралығындағы суайрығы. Жатық беткейлі кең өзен аңғарлары мен жайпақ жоталар жоғары қарай біртіндеп, қырлы жоталар мен үшкір шыңдарға ұласады.
## Дереккөздер |
Көкбұта (лат. Callúna vulgáris) – Көкбұталар тұқымдасының Көкбұта тегіне жататын мәңгі жасыл бұта.
## Таралуы
Еуропада, Азияның қоңыржай аймақтарында, Солтүстік Американың Атлант мұхиты жағалауында, Гренландияда, Солтүстік Африка мен Азор аралдарында кездеседі. Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар), Күнгей Алатауларында бар. Негізінен ылғалы көбірек, мүк, қына басқан батпақтар, қылқан жапырақты ормандардың арасы, бұлақ жағаларында жиірек кездеседі.
## Сипаттамасы
Биіктігі 25 – 100 см. Жіңішке қабыршақты төртқырлы жапырақтары болады. Көкбұтаның жапырақтары ауа райының өзгеруін алдын ала болжайды. Құрғақшылық болған жағдайда оның жапырағы дереу қусырылып бүктеліп (ширатылып) қалады, соның нәтижесінде судың булануы азайып, өсімдік қурамай, тіршілігін сақтап қалады. Гүлдері ұсақ, өте көп, олар сабақ ұшында, жапырақ қолтығында жеке немесе топталып орналасады. Топталған ұсақ гүлдері шашақ, шатыр, сыпыртқы тәрізді гүлшоғырларын құрайды. Жеке гүлінде 4 – 5 тостағанша жапырақша, 5 күлте, 10 аталық, жатыны 5 ұялы аналығы болады. Аталықтарының жіпшесі аналықтың түбіндегі жалпақ табақшаға бекініп тұрады. Аналық жатынында тұқым бүршігі көп болатындықтан, жемісі – көптұқымды қауашақ, тұқымбүршігі аздау болса, аз тұқымды сүйектіжеміс деп те аталады. Көкбұта негізінен жәндіктермен (кейде өздігінен де) тозаңданатын өсімдіктер. Көбінесе батпақты жерлерде өсетіндіктен, азоты жеткіліксіз ортаға бейімделу үшін саңырауқұлақтармен селбесіп тіршілік етеді. Көкбұта балды өсімдіктерге жатады. Тұқымының шетінде болатын бұртиған өсіндісімен құмырсқалар, жидектерімен құстар мен сүтқоректілер қоректенеді. Гүлдері әдемі болғандықтан бақтарда, оранжереяларда сәндік үшін де өсіріледі.
## Химиялық құрамы
Көк бұтаның құрамында арбутас, арбутин, кверцитин, крахмал, камедь, аздаған катехин танин, сапониндер бар.Дәрілік шикізат ретінде көк бұтаның майда, жас бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін теріп алып, көлеңке жерде қуратпай, кептіріп алады. Дәрілік шикізат өсімдік гүлдеген кезде жиналады.
## Қолданылуы
Мал дәрігерлігі практикасында көк бұтаны кәріқыз тамырымен, ақ қайын жапырағымен қосып бүйрек және зәр шығару органдары ауруларын емдейді.Бұл үш шөптін әрқайсысының 28 грамы алынады да, бір литр ыстық суға салынып, 4-5 сағат бойы тұндырылады. Сөйтіп 10-15 минут, бүлкілдетіп қайнатылады да, суытылып, дәкемен сүзіледі. Дайын тұнба жылқы мен ірі қараға – 150 – 250 мл, бұзау мен құлынға – 50 – 100 мл, қойға – 30 – 70 мл мөлшерінде күніне үш рет ішкізіледі
## Дереккөздер |
Көкқорым – Матай тауларының шығысындағы тау.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Шанханай ауылының оңтүстік-шығысында 22 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 2352 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 12 км-ге созылып жатыр.
## Жер бедері
Солтүстік-батыс беткейі тік шатқалды, оңтүстік-шығыс, оңтүстік беткейлері тіктеу келген. Ол біртіндеп жазыққа ұласады. Беткейлері мен етегінде қорымды тастар көп кездеседі. Көкқорымның батыс және шығыс етегінен шағын өзендер бастау алады. Шығысында Алтынемел асуы орналасқан (1711 м).
## Геологиялық құрылымы
Жер қыртысы палеозой дәуірінің герцин қатпарлығынан пайда болған.
## Өсімдігі
Тау баурайындағы бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында бұта аралас жусан, изен, бетеге, селеу өседі. Етегі мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Көкмаңдай (лат. Porphyrio porphyrio) – тырнатәрізділер отряды, сутартарлар тұқымдасына жататын құс.
Африка, Оңтүстік Азия, Аустралия, Полинезия, Малайзия топаралының тропиктік және субтропиктік аймақтарында мекендейді. Қазақстанда Жайық өзенінің аңғарында 4 – 5 жұбы ғана анықталған. Тұрқы 45 см-дей, қанатын жайғанда ұзындығы 83 см, қанатының ұзындығы 24, құйрығының ұзындығы 10 см. Қауырсыны көк күлгін түсті. Маңдайында үлкен қалқаны бар, тұмсығы және аяқтары қызыл. Моногамды құс. Ұяларын қамыс, құрақ өскен жерлерге немесе судағы төмпешіктерге салады. 6 – 9 жұмыртқа салып, 22 – 25 күндей шайқайды. Негізінен өсімдіктердің тұқымымен, бұтағымен және тамырларымен, сондай-ақ ұсақ жәндіктермен, бақалармен, кейде тышқандармен қоректенеді.
Көкмаңдайдың жылдан-жылға саны азаюда, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.