text
stringlengths
3
252k
Жыланды – Қараүңгір тауларының солтүстік-шығысындағы тау. ## Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы жерінде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 760 м. Дөңгелек пішінді келген таудың ұзындығы мен ені 2,5 км шамасында. Аласа келген тау беткейлері көлбеуленіп, төңірегіндегі жазық даламен ұласып кетеді. ## Геологиялық құрылымы Жер қыртысы төменгі және орта палеогеннің жанартаутекті шөгінділерінен, құмтас, тақтатас, т.б. тау жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Беткейлері мен етегінде бетеге, қоңырбас, қылқан, боз, т.б. шөптесіндер өскен. Баурайы мал жайылымына пайдаланылады.‎ ## Дереккөздер
Жанаргүл (лат. Adonis) – сарғалдақтар тұқымдасына жататын бір не көп жылдық шөптесін өсімдік. Оның шалғында, далалық және таулы жерлерде өсетін 8 түрі бар. Ең көп тарағаны – көктем жанаргүлі (A. vernalі) биіктігі 10 – 40 сантиметр 3 – 4 сабағы болады, бұтақтары аз. Жапырағы жұмыртқа пішінді, бүтін жиекті. Ашық сары түсті дара гүлі сабағының ұшында жетіледі. Тұқымынан және вегетативті (өсімді) жолмен, сондай-ақ, тамырсабағы арқылы да көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Жемісі – тұқымша. Көктем Жанаргүлі – дәрілік өсімдік, одан алынатын «Адонизид» препараты және сұйық тұнбасы жүрек ауырғанда, сондай-ақ тыныштандыратын дәрі ретінде қолданылады. Жылтыр жанаргүл (A. chrysocyathus) – биіктігі 15 – 45 см, өте сирек кездесетін реликт, бағалы дәрілік өсімдік. Тұқымынан көбейеді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Гүлі (жылтыр, сары түсті) әдемі болғандықтан сәндік үшін де өсіріледі. Тянь-Шаньжанаргүлі (A. tіan»chanіca) – биіктігі 7 – 10 см, өте сирек кездесетін, сабағын түк басқан, дәрілік өсімдік. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, маусым – шілдеде жемістенеді. шілдедің бұл үш түрі таралу аймағының жылдан жылға азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер Үлгі:Stb
Жылқышөп (лат. Trientalis) – наурызшешек тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы. Негізінен қылқанжапырақты ормандарда шоқ-шоқ тоғай құрап өседі. Қазақстанда Көкшетаудың (Имантау, Сандықтау), Сарыарқаның аралас ормандары мен бұталары арасында Еуропа Жылқышөпті (Т. europaea) өседі. Биіктігі 7 – 15 см. Тік сабағының түп жағындағы жапырақтары ұсақ болады да, сабақтың ұшына қарай іріленіп шоқтанып орналасады. 4 ақ түсті гүлі болады. Күлте жапырақшалары жеті бөліктен тұрады. Ұсақ жәндіктермен тозаңданады. Мамыр айынан қыркүйекке дейін гүлдейді. Тұқымы – жұмыртқа тәрізді, үстіңгі жағы торлы келеді. ## Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы"
Жымбұлақ– Бұқтырма бөгенінің батыс жағалауындағы қыстау. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының шығысындағы қыратты-төбелі келген тауаралық аңғарында орналасқан. Жымбұлақты қайың, терек орманы қоршап жатыр. Орман арасында қарақат, мойыл, итмұрын, т.б. бұта аралас қалың шөптесіндер өскен. Қыстау мал қыстатуға қолайлы жерде орналасқан. Жанынан шағын тау өзені ағып өтеді. ## Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы"
Жымпиты – Бұлдырты өзенінің оң саласы. ## Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Бастауын Көкөріс ауылының шығысынан алып, Бұлдырты өзеніне оң жағынан құяды. Амансай жайлауына дейін Райымқарасу деп аталады. Ұзындығы 70 км шамасында. ## Гидрологиясы Арнасы тар, жағалауын құм төбелер алып жатыр. Суы қарашаның соңында қатып, сәуірдің басында ериді. Жылдық орташа су ағымы 0,8 м3/с. Қар және жер асты суларымен толығып, көктемде тасиды. Суы шабындықтарды суғаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
ЖЫЛҚЫ ӨСІРУ– жылқы шаруашылығы – мал шаруашылығының негізгі бір саласы. Бұған жылқы санын көбейту, сапасы мен өнімін арттыру, әр түрлі мақсаттарда ( ет және қымыз өндіруге, күш көлігі ретінде, спорттық жарыстарға қосуға, шет елдерге сатуға, т. б.) тиімді пайдалану жатады. Ж. ө. және бие сауу қазақ халқының ата кәсібі болып табылады. Қазақ халқы жылқыны үйірге (25–30 бие) бөліп, жақсы тұқымнан айғыр салатын болған. Мұндай айғырлар үйірін шашау шығармай, ит-құсқа жегізбей, қысы- жазы қорғайды. Бірнеше үйір қосылып қос құраған. Бір қоста 500-ден 1000-ға дейін жылқы болады. Айғырдан шыққан биелер 10 айдан кейін (сәуір-мамыр айларында) құлындайды. Құлындар отығып, жетілген кезінде байланып, бие сауылады. Алғашқы кезде бие тәулігіне 3 немесе 4 рет сауылады, ал онан кейін саууды көбейте береді (5 – 6 ретке дейін). Ағытылған бие құлынымен бірге жайылымда бағылады. Қазақ халқы биені 6 ай бойы сауады. Бие қымызының хим. құрамы үнемі тұрақты бола бермейді, ол малдың физиол. күшіне, азықтандырылуына, күтіп-бағылуына және тұқымына қарай өзгеріп отырады. Қымызда 1,8–2,2%-тей белок болады, сондай-ақ адам денсаулығына қажетті витаминдердің барлығы кездеседі. Әсіресе қымыз А және С витаминдеріне бай (қ. Қымыз). Жылқы етінің сапасы өте жоғары, сіңімді. Сондай-ақ, жылқыдан көптеген мал ауруларын емдеу үшін қолданылатын қан сарысуы алынады. Қазір Қазақстанда 1 млн-нан астам жылқы өсіріледі (2002). Жылына олардан 40 мың т-дан астам ет, 35 мың т-ға жуық қымыз өндіріледі. Ж. ө-дің жалпы мамандандырылу бағыты республикамыздың табиғи-шаруашылық аймақтарына байланысты айқындалған. Жылқының асыл тұқымдарын көбейту мақсатында Қазақстанда 13 асыл тұқымды жылқы з-ттары (Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, т.б. облыстарда), жылқы тұқымын асылдандыратын 39 мемл. шаруашылықтар (Ақтөбе облысы, Атырау облысы, т.б.) ат жарыстыратын алаңдар және асыл тұқымды жылқы фермалары ұйымдастырылған. Қазақстанда асыл тұқымды жылқы саны 9 мыңнан асты (2000). Республикада жылқының міністік, сыдыра желісті тұқымдары және қазақ жылқысы өсіріледі. Дала және құрғақ дала аймақтарында жылқы негізінен жұмыс көлігі ретінде пайдаланылады. Қуаң, қуаңшылық және тау бөктеріндегі аймақтарда ауа райы жылы, жылқыны жыл бойы жайылымда бағудың мүмкіншілігі бар. Бұл жерлерде жылқы ш. ет алу мақсатында ұйымдастырылған. Қазақстанның кең байтақ жайылымы бар орт., оңт., шығыс және батыс аймақтарының көптеген аудандарында жылқы үйірлеп бағылады. Жылқыны үйірлеп бағудың бірнеше әдісі бар. Бос бағуда жылқы жыл бойы жайылымда болады, қатты боран не көк тайғақ болғанда ғана пішен, жем беріледі. Табындап баққанда жылқы жынысына және жасына қарай табынға бөлінеді. Шаруашылықтағы жылқының санына байланысты табында 150 – 180 бие, 180 – 200 бойдақ жылқы, ал жазық далада 350 жылқыға дейін болады. Боран және аяздан қорғау үшін жайылымда жеңіл-желпі жылқы қора, қалқа, ықтасын лапас салынады, құдық қазылады, суаттар жасалады. Жайылым орталығына әр жылқыға 3 – 5 ц пішен, 0,5 – 1 ц жем қорын дайындайды. Құлынды 10 – 12 айлығында енесінен айырады. Қорада не қоршалған шарбақта 1 айғырға 20 – 25 биеден үйірлеп шағылыстырады. Қ ұстап баққан жылқыны қыста ашық, жылы күндері жайылымға шығарады, қатты боран, аязды күндері қорада ұстап пішен және жем береді. Орта есеппен әр жылқыға 30 ц пішен, 6 – 8 ц жем дайындайды. Қ ұстап баққанда бие мен айғырды сұрыптап таңдап алып шағылыстырады және қолдан ұрықтандырады. Жылқыларды 1,5 жасынан мінуге, жегуге үйретеді, үйірдегі жылқыны таңбалайды. Биелерді қорада құлындатады. Құлындаған биелерді күн жылынғанша құлынымен бірге қорада ұстап, құнарлы пішен мен жем береді. Құлынды 6 – 8 айлығында енесінен айырып бөлек күтеді. Қазақстанның оңт., орталық және батыс аймақтарында бие сәуір-мамырда құлындайды. Ерте туған құлын күзге дейін өсіп жетіледі де, қыста бағуға көнбісті келеді. Ет өндіру бағытында Ж. ө. кезінде жыл басында табын құрамында 35% бие, 6%байтал, 14% ұрғашы тай, 14% ұрғашы жабағы, 2% айғыр, 5% құнан, 10% еркек тай, 14% еркек жабағы; ет-сүт бағытында өсіргенде 45% бие, 5% байтал, 5% ұрғашы тай, 18% ұрғашы жабағы, 2% айғыр, 3% құнан, 4% еркек тай, 18% еркек жабағы болуы қажет. Қазақстанның әрбір аймақтарының табиғи экон. жағдайларына байланысты асыл тұқымды фермада ат қора-жайылым (көбінесе, қолда ұсталады) әдісін қолданғанда ат қорада әр жылқыға едені 10 – 14 м2 орын болады; ат қораның ауласын екіге бөледі: а) биенің күйтін байқайтын және шағылыстыратын алаң; ә) Тай мен құнандарды үйрету және баптау алаңы. Ат қораларда тайлар мен құнандарды жаттықтыратын және айғырларды серуендететін тапталған жол жасайды. Асыл тұқымды Ж. ө-тін фермасы жанынан мал емханасы салынады. Асыл тұқымды фермада жайылым – ат қора (көбінесе жайылымда бағылады) әдісін қолданғанда бие, айғыр және жас жылқылар тұратын жылқы қораларын салады, бас үйрететін және жаттықтыратын алаң жасайды. Жаттықтыруға және сатуға бөлінген жылқыны жеке қорада ұстайды. Ат қора жанына мал емханасын салады. ## Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы" ## Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы"
Жым таспасы (лат. Astragalus hoantchy subsp. dshimensis) – бұршақ тұқымдасы, таспа туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауларының тасты, тастақты беткейлерінде, тау ойпаңдарында кездеседі. Биіктігі 50 см-дей, тамыры жуан өсімдік. Сабақтары көп, тік өседі. Жапырақтарының ұзындығы 20 см-дей, жалаң. Гүлдері ақшыл көк түсті, олар шашыраңқы, аз гүлді шашақ гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Сәуір айында гүлдеп, маусымда жемістенеді. Жемісі – жалпақтау, қандауыр тәрізді бұршақ. Жым таспасы жылдан-жылға жойылып бара жатқан реликт түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер
Жымпиты бұлақтары - Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданы жеріндегі бұлақтар. 1964 – 67 ж. Өлеңті өзенінің аңғарынан ашылған су көздері, Жымпиты ауылынан шығысқа қарай 2 – 4 км жерде. Жер асты тұщы сулары апшерон континенттік қабатының пайда болу кезеңіне жатқызылады. Қабаты неоген-төрттік құмды саз шөгіндісінің тұтас бөлігінде орналасқан. Құмның аралығы 17 – 29 м, құрамында 0,3 – 0,7 дм3 минералды кермек суы бар. 10 – 11 м тереңдіктен шығатын суының ағымы 1 – 4,5 л/с. Ж. б. атмосф. жауын-шашынның жер қыртысында сүзілуінен толығады. ## Дереккөздер
Жымықы – Шалқартеңіз алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 105 км, су жиналатын алабы 1460 км2. ## Бастауы Ұлытаудың оңтүстік-батысындағы Лақбай қонысы маңынан басталып, Қоңыртөбе тауына (166 м) 12 км-дей жетпей тартылып қалады. ## Гидрологиясы Арнасы тік жарқабақты келген. Өзен жауын-шашын, бұлақ суларымен толығады. Ұзындығы 10 км-ден аспайтын 50-ге жуық салалары бар. Жымықының суы мал суаруға, алабы мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Жыландыбұлақ – Ащысу өзені алабындағы өзен. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Бұқар жырау және Павлодар облысы Баянауыл аудандарының жерінде. ## Бастауы Бастауын Рудничное көлінің солтүстік-шығысындағы Победа қонысының маңынан алып, Ащысу өзеніне сол жағынан құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 30 км. Суы қарашада қатып, сәуірде ериді. Арнасы өте тар. Жағалары тік жарлы келеді. Қуаңшылық жылдары тартылып қалады. Жайылмасында қыстаулар орналасқан. Жайылымы мал шаруашылығына қолайлы. ## Дереккөздер
Жыңғыл(ағылш. Tamarix) – жыңғылдар тұқымдасына жататын бұта не ағаш. Негізінен Оңтүстік Еуразия мен Солтүстік-Батыс Африкада кездесетін 60 (кейбір деректерде 90) түрі белгілі. Қазақстанның далалы, шөлді аймақтарында таралған 11 түрі, 2 буданы бар. Ең көп тарағаны: қызыл жыңғыл (ағылш. Tamarix ramosіssіma). Ол өзен бойларында, тоғайлардың арасында, құм, саз, сортаң топырақты далада кездеседі. Биіктігі 1 – 3 м, қабығы қою қызыл не сарғыш қызғылт түсті. Жапырағы ұсақ жұмыртқа тәрізді, сабақ бойына кезектесіп орналасады. Гүлі қос жынысты қызғылт, ақшыл көк не ақшыл түсті. Мамыр айынан қыркүйекке дейін гүлдейді. Гүлшоғыры – масақ не сыпыртқы. Жемісі – үш қырлы қауашақ. Құрғақшылыққа, сортаң жерге, суыққа төзімді. Қабығы, жапырағы, тамыры және жас өркендерінің құрамында илік заттар (8%-ға дейін) бар. Шірнелі өсімдік. Шөлді аймақтарда боз жыңғыл (ағылш. Tamarix elongata) жиі кездеседі. ## Дереккөздер
ЖЫҢҒЫЛДЫ– Түркістан облысы Отырар ауданында орналасқан құдық. Қызылқұмның шығыс бөлігінде, Өзбекстан шекарасынан 5 км жерде. Оңтүстік төбелі-қырқалы, шығысында құмды қырқалар мен құм шағылдар орналасқан. Тереңдігі 19 м, су шығымы 1080 л/сағ. Батысында сексеуіл шоғырлары кездеседі. Маңында Ормақұдық, Талас, Андрей, т.б. құдықтар бар. ## Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы"
Жыңғылды – Іле алабындағы өзен. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Қордай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 82 км, су жиналатын алабы 1180 км2. ## Бастауы Бастауын Айтау тауының солтүстік-шығыс беткейіндегі бұлақтардан алып, Алматы облысы Жамбыл ауданында Жусандала жазығындағы Қоңыртөбе тауына 9 км жетпей тартылып қалады. Өзен алабы қысқы мал жайылымы. ## Дереккөздер
Жылқыбай – Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы көл. Ауданның оңтүстігіндегі Игілік ауылынан солтүстікке қарай 21 км жерде, теңіз деңгейінен 305 м биіктікте орналасқан. ## Гидрографикасы Аумағы 14 км2, ұзындығы 7,6 км, енді жері 3 км-ге жуық. Ирелең келген жағалауының ұзындығы 33,5 км, ең терең жері 1,5 м, суының көлемі 8,2 млн. м3. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Жағалауы жайпақ, қамысты-құрақты келген. Суы кермек татиды, қуаң жылдары кеуіп қалады. Көл жағалауы мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Жыңғылтүбек – Арал теңізінің қазақстандық бөлігіндегі түбек. ## Географиялық орны Қызылорда облысы Арал ауданы Қасқақұлан аралынан шығысқа қарай 21 км жерде орналасқан. ## Сипаты Аумағы 1,8 мың км2. Түбек тұсында теңіз жағасының ені 3 – 4 км болатын абразиялық жиынды жазық сәл ылдилап теңізге түседі. Теңіз толық кезінде мұнда өсімдік жамылғысы өте қалың өскен. Қазір олардың түрлік құрамы сақталғанымен биомассасы азайып кеткен. ## Дереккөздер
Жыңғылдыөзексор – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында орналасқан тұзды тұйық көл. Торғай өзені алабында Жайсаңбай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 22 км жерде. ## Гидрографикасы Аумағы 12,3 км2, ұзындығы 5 км, ені 1 км, жағалау бойының ұзындығы 13 км. Сілтілігі орташа. Суы қарашаның аяғында қатып, наурыздың аяғында ери бастайды. ## Жағалау сипаты Шығысында Құрдым көлі, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігін сор басқан. Жағасында Төрткүл, Өсербай қыстаулары орналасқан. Мал шаруашылығына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Жыңғылдар тұқымдасы(Тamarіcaceae) – қос жарнақты өсімдіктер. Аласа ағаш, бұта, шала бұталар. Еуразияда және Африкада, әсіресе, Жерорта теңізі маңында, Орталық Азияда кездесетін 4 туысы, 120-дай түрі белгілі. Шөлде, құмда, далалық және сортаңды жерлерде, өзен-көл жиегінде өседі. Қазақстанда 3 туысқа жататын 17 түрі бар. Жапырақтары ұсақ, негізінен, қабыршақты немесе біз сияқты, кезектесіп орналасады. Гүлі қос жынысты, аталығы 4 – 10 не бұдан да көп, аналығы біреу, ақ, қызыл немесе көгілдір түсті, олар ұсақ, масақ, шашақ кейде сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Тұқымы ұсақ, жемісі – қауашақ. Жыңғыл тұқымдасының қабығы мен тамырында илік және бояу заттар болады. Кейбір түрін сәндік үшін өсіреді, отынға, себет тоқуға, құм тоқтатуға пайдаланады. Түйе, қой, ешкі жейді. ## Дереккөздер
Жыңғылдысор – Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігі аумағында орналасқан тұзды тұйық көл. Ақкөл аулынан оңтүстік-батысқа қарай 36 км жерде, Шығанақ көлінің оңтүстік-шығысында. Теңіз деңгейінен 105 м биіктікте жатыр. ## Гидрографикасы Аумағы 5,6 км2, ұзындығы 4 км, ені 2,1 км. Жағалау бойының ұзындығы 10,8 км. Суы қарашаның басында қатып, сәуірдің аяғында ериді. ## Жағалау сипаты Көлдің батысы сор болып келген. Жағалауында сораң өсімдіктер өседі. Суының кермектілігі жоғары. Мал суаруға жарамды.
Жыңғылшығанақ – Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты аумақта орналасқан көл. Сырдария өзені бойында. Арыс темір жол станциясынан батысқа қарай 42 км жерде, теңіз деңгейінен 201 м биіктікте. ## Гидрографикасы Аумағы 1,6 км2. Сырдария өзені жағасынан 500 м жерде. Ұзындығы 2 км, енді жері 500 м, жіңішкеленіп доғаша иіліп созылып жатыр. Суы желтоқсанның басында қатып, наурызда ериді. Оңтүстігінде Жаманжиде қыстауы бар. Кей жылдары Сырдария өзеніне қосылып кетеді. Суы тұщы. Мал шаруашылығына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Жіңішке – Солтүстік Балқаш алабындағы өзен. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 65 км, су жиналатын алабы 611 км2. ## Бастауы Бастауын Қызыларай тауынан алып, Ақтұмсық ауылы тұсында Тоқырау өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Арнасы тар, жағасы тік жарлы болып келеді. Жауын-шашын, бұлақ суларымен толығады. Көктемде еріген қар суы ағып, жазда тартылып қалады. Кішігірім салалары бар, ірісі – Миөзек. Суы мен жайылмасы түрлі шаруашылықтарға пайдаланылады.‎ ## Дереккөздер
Жіңішке – Жоғарғы Ертіс алабындағы өзен. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 79 км, су жиналатын алабы 630 км2. ## Бастауы Нарын жотасының оңтүстік-шығыс беткейінен басталып, Топтерек және Сарыөлең ауылдары аралығында бірнеше тармаққа бөлініп, Күршім өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Арнасы тар, шатқалмен ағады. Өзен жауын-шашын суымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 1,37 м3/с. Өзенмен ағаш ағызылады. ## Дереккөздер
Жібекқұм – Алматы облысы Алакөл ауданында орналасқан құм. Арқарлы тауының оңтүстік-батысында 30 км жерде, Лепсі оң жағалауында. Теңіз деңгейінен 400 м биіктікте. Солтүстік-батысында Қызқаш (740 м) тауымен шектеседі. Құм төбелі-қырқалы келеді. ## Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы"
Жіңішке, Шақарты – Аягөз алабындағы өзен. ## Географиялық орны Абай облысы Ақсуат және Аягөз аудандары аудандары жерімен ағады. ## Бастауы Бастауын Өкпекті және Желдіқара тауларынан алып, Тарбағатай ауылы тұсында Аягөз өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 53 км, су жиналатын алабы 412 км2. Арнасы негізінен жазық жермен өтеді. Ұзындығы 10 км-ден аспайтын 24 саласы бар. Арнада суы жыл бойы болады. Қарашаның 3-онкүндігінде суы қатып, сәуірдің 1-онкүндігінде ериді. Өзен алабы мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Жіңішке – Ырғыз өзені алабында. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында орналасқан. ## Бастауы Бастауын Мұғалжар тауындағы Шортай тауының солтүстігіндегі бұлақтан алып, Қайыңды ауылының шығысында Қайыңды өзеніне сол жағынан құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 35 км. Арнасы тар, жағалауы тік жарқабақты келеді. Бастауында бірнеше қыстаулар бар. Жаз айларында суы тармақталып, қарасуларға бөлініп қалады. Мал шаруашылығына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Жіңішкекебір– Қарақұм құмды алқабы мен Бағатай-беніке ойысы аралығында жатқан сор. Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында орналасқан. Ендік бағытта созылып жатқан сордың ұзындығы 26 км, ені 5 км. Жер бедері тегіс. Сор және сортаңды топырағында бұйырғын, сарысазан, т.б. өседі. ## Дереккөздер
Жіңішкежапырақты сетен (лат. Lepidolopha filifolia) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық бұташықты өсімдік. Қазақстанда Қаратаудың тасты, тастақты беткейлерінде кездеседі. Биіктігі 1 м-дей. Жапырақтарының ұзындығы 1 – 3 см, сағақты, қалың түк басқан, екі не үш рет ойықты тілімденген, жоғарғы жағындағылары ұсақ, көбінесе жиектері тұтас болады. Гүлдері қос жынысты, сары түсті, олар күрделі шатырша пішінді қалқан құрайды. Тұқымынан көбейеді. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, қыркүйекте жемістенеді. Тұқымы қырлы, ұзындығы 3 мм-дей, айдаршасы оймақ тәрізді. Сәндік үшін өсіріледі. Жіңішкежапырақты сетен – өте сирек кездесетін реликт түр, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер
Жіңішкеқұм – Арал қарақұмының оңтүстігіндегі құмды алқап. ## Географиялық орны Қызылорда облысының Қазалы ауданы жерінде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттiк биіктігі – 80–100 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 100 км-ге созылған, енді жері – 20 км. Аумағы – 2,1 мың км2. Жер бедеріне қырқалы-төбелі (биіктігі – 10–12 м) құмдар тән. Олар желдің әсерінен пайда болған. ## Өсімдігі Өсімдік жамылғысынан құмжусан, бидайық, сұржусан, теріскен басым өскен. Одан басқа ақ сексеуіл мен жүзгін өседі. Грунт суы жақын жатқан ойпаңды жердің шалғынды және сор топырағында құрақ, ши, бұйырғын өскен. Алқап жайылым ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Жібеккөбелек (лат. Bombyx mori) — Bombycidae тұқымдасының жібектің өндірісінде маңызыды экономикалық рөлін атқаратын көбелек. Қытайда 3000 жыл б.з.д. пайдалана басталған. Осы күндерге дейін жібеккөбелекті бастапқы жабайы түрі Шығыс Азияда: Қытайдың солтүстік облыстарында және Ресейдің Приморский крайда жабайы түрінде таралған. Қолға үйретілген түрі – Тұт жібек көбелегінің (Bombyx morі) маңызы зор. Ол Қазақстанның оңтүстігінде (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысы) өсіріледі. Қанатын жайғандағы ұзындығы 4 – 6 см, ақ түсті. Ұрпақ беруіне қарай моно және поливольтинді болып бөлінеді. Жұмыртқасы қыстап шығады. Пілләдан шыға салысымен шағылысады. Ұрғашысы 2 – 3 тәулікте 500 – 700 жұмыртқа салады. Жұмыртқаның даму кезеңі 10 – 12 тәулікке созылады. Жұлдызқұрттары жалаңаш, жотасының артқы бөлімінде мүйізгек өскін болады, тұт ағашы жапырағымен қоректенеді. Жұлдызқұрттар қуыршаққа айналар алдында өздерінен бөлінетін жібек талшықтарын піллә құруға жұмсайды. Өте берік, ұзындығы 1000 – 1500 м жібек талшығынан тұратын пілләні 3 тәулікте түзеді. Бұл талшықтар жұлдызқұрттарының өрмек бездерінен бөлінеді. Жібек талшықтары құрамында күрделі Aмин қышқылдарының кешені болуына байланысты өте берік әрі эластик. (созылғыштық) қасиетке ие болады. Олардан әйгілі Жібек матасын алады. Ұрғашыларына қарағанда еркектерінде жібек талшығы 20%-ға көп болады. Қуыршағы 10 тәулікте дамиды. Тұт Жібек көбелегі б.з.б. 3-мыңжылдықта Қытайда қолдан өсірілген. Қазіргі кезде Жапонияда, Қытайда, Үндістанда, Кореяда, Үндіқытай елдерінде өсіріледі. Тұт Жібек көбелегінің пілләсі жібек мата тоқу үшін пайдаланылады. Жібек көбелегінің кейбір түрлері (сақиналы, дара) жеміс ағаштарына, ал Қарағай жібек көбелегі және Сібір жібек көбелегі Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарындағы қылқан жапырақты ормандарда болады. Өсімдіктерге зиян келтіреді. ## Биологиялық сипаттама Салыстырмалы түрде қарағанда - ірі көбелек, қанатын жазған кездегі ені 40-60мм. Түсі - сатал ақ. Алдынғы қанаттарының сырт жағында ойық бар. Мұрттары тараққа ұқсаған ирек тісті. Бұл көбелектердің ерекшелігі - іс жүзіде ұшу қабылетін жоғалтқан. Және де афагия бақыланады - ауыз қуысы жетілмегендіктен көбелек өмір бойы азықтанбайды. Ұрғашы көбелек бір салғада 500-700 жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан жұлдызқұрт тез өсіп 26-32 күнде дамып шығады. Осы уақыттың ішінде 4 рет түлеп үлгереді. Соңғы түлегеннен кейін түсі сарғаяды. Жұлдызқұрт тек түт ағаштың жапырақтарымен көректенеді. Көбелекке айналған кезінде жұлдызқұрт піллә тоқиды, жібектің ұзыдығы 300-500 метрден 1500 метрге дейін болады. Пілләнің түсі түрлі болуы мүмкін: қызғылт, жасыл немесе сары. Өнеркәсіп үшін тек ақ түсті жібекті пайдаланады. 15-18 күні пілләдан көбелек шыгады. Бірақ бұл сатыға жібеккөбелекті жеткізбейді: пілләні 2-2,5 сағат 100 °C температурада ұстап ішіндегі жұлдызқұртын өлтіреді. Бір жағынан жібек жібін ажырату процессін де жеңілдетеді. ## Пайдалануы Жібек шығару жеңіл өнеркәсібінен басқа жібеккөбелектің құрттарын Қытайда азық ретінде қуырып қолданады. Қытай халық медицинада жұлдызқұрттарын кептіріп, әр түрлі дәрілік жиынтыққа қосып ем ретінде пайдаланады. ## Сыртқы сілтемелер * Стриганова Б. Р., Захаров А. А. Пятиязычный словарь названий животных: Насекомые (латинский-русский-английский-немецкий-французский) / Под ред. д-ра биол. наук, проф. Б. Р. Стригановой. — М.: РУССО, 2000
Жіңішке көкнәр (Papaver tenellum) – көкнәрлер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Орталық Қазақстанның ұсақ шоқыларының шығыс бөлігінде, Қарқаралы тауларында, Кент және Қызыларай шоқыларында тасты, жартасты беткейлерінде, шалғынды жерлерде, көлеңкелі сайларда кездеседі. Биіктігі 30 см-дей, тықыр кейде сыртын ақ түк жауып жатады. Жапырақтары сағақты, гүлсидамынан 2-3 есе қысқа. Гүлсидамы жіңішке, түзу. Гүлшанағы домалақ, сирек қылтанды келеді. Гүлдері ақ немесе сары түсті. Тұқымынан көбейеді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жеміс салады. Жемісі – домалақ қорапша. Жіңішке көкнәр – өте сирек кездесетін эндемик түр, жылдан-жылға таралу аймағы тарылуда, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Қызыл кітап * Көкнәрлілер
Жігер– Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданындағы қыстау. Өркен ауылынан оңтүстікке қарай 23 км жерде, Бақанас өзенінің оң жағалаулық аңғарында орналасқан. Кезінде Бақанас ауылының бөлімшесі болған. Көктаудың солтүстік-батысында, Бақанас өзенінің жағалауында Тұғыл атты бейіт және өзімен аттас қыстау орны бар. ## Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы"
Жіңішкесабақты таспа (Аstragalus leptocaulіs) – бұршақ тұқымдасына жататын көп жылдық бұташықты өсімдік. Қазақстанда Оңтүстік Алтайдың тасты, тастақты баурайлары мен бұталар арасында өседі. Биікігі 30 см-дей, жайылған сабағы бар өсімдік. Жас бұтақтары жылтыр ақ түсті. Жапырақтары ұзынша, 3 – 6 жұптан құралады. Гүлсидамы жіңішке, жапырағынан ұзындау. Гүлдері күлгін көк түсті, шашыраңқы ұзын шашақ гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, маусым – шілдеде жемістенеді. Жемісі – жіңішке қабықты, ұзынша қандауыр тәрізді бұршақ (ұзындығы 12 мм-дей). Жіңішкесабақты таспа өте сирек кездесетін эндемик түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы"
ЖЫЛҒАЛЫҚТАР, қылшық қанаттылар (Trichoptera) – жәндіктер класының бір отряды. Дене тұрқы 0,5 – 3 см. Жарғақ қанаттарын түк басқан. Мұртшалары талшық тәрізді. Ауыз аппараты жұмсақ, біршама редукцияланған (тарихи даму кезінде қандай да бір органның жойылуы не жетілмей қалуы), сұйық заттарды жалап қоректенуге бейімделген. Жер шарында кең таралған 3 мыңдай (кейбір мәліметтерде 7 мыңдай) түрі бар. Ересек жәндіктер су жағалауларында тіршілік етеді, көбінесе ымыртта және түнде ұшады. Толық түрлену (метаморфоза) жолымен дамиды. Жұмыртқаларын (300-ден 1000-ға дейін) суға салады. Дернәсілі, көбінесе суда құмнан, қиыршықтастардан немесе өсімдік қалдықтарынан, пішіні әр түрлі қуыс үйшіктер (сілекей бездері бөліп шығаратын жіпшелердің көмегімен желімденген) құрып тіршілік етеді. Кейбіреулерінің үйшіктері жіпшелерден ғана тоқылады. Олар су түбінде баяу жорғалап қозғалып, үйшіктерін өздерімен бірге сүйретіп те жүреді. Өсімдік қалдықтарымен және өсімдіктердің шырынымен қоректенеді. Қозғалмалы қуыршақтары да үйшік ішінде дамиды. Бірқатар түрлерінің дернәсілі жыртқыш келеді. Олар үйшік тоқымай, суда шапшаң қозғалып тіршілік етеді. Жылғалықтардың кейбір түрлерінің дернәсілі қауға, қапшық, түтік тәріздес ау тоқып, соған түскен майда омыртқасыз жануарлармен және балдырлармен қоректенеді. Дернәсілі таза, оттекке бай, ағынды суларда ғана тіршілік ететіндіктен, Жылғалықтар су сапасының жоғары екендігін көрсететін биол. индикатор болып есептеледі. Олар оттегіне бай, таза ағынды сулардағы балықтардың қорегі болып та есептеледі. Кейбір азиялық түрлері күріш егісіне зиянын тигізеді. ## Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы"
Жіңішкесай – Елек алабындағы өзен. ## Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Бастауын Қотантал ауылының шығысынан алып, Жаңакүш ауылының шығысында Елек өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 40 км. Арнасы тар, жағалауын бойлай тегіс жазық алып жатыр. Тасмола ауылының оңтүстігінде сол саласы қосылады. Суы қарашада қатып, сәуірде ериді. Жылдық орташа су ағымы 0,9 м3/с. Қар және жер асты суларымен толығады. Шабындықтарды суғаруға, мал шаруашылығына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Жіңішке – Іле алабында, Шілік өзенінің сол саласы. ## Географиялық орны Алматы облысы Талғар және Райымбек аудандары жерімен ағады. ## Бастауы Бастауын Іле Алатауындағы Саз тауынан (4241 м) алады. Тау шатқалдарымен аға отырып, Жаңаталап ауылының тұсында Шілік өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 60 км. Мұздық пен жауын-шашын суларымен толығады. Өзен суы толықтай шаруашылық қажетіне пайдаланылады. ## Дереккөздер
Жіңішкесу — Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы, Қаратал ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Зайсан қаласының солтүстік-шығысында 28 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Заготскот– Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек (Батыс Қазақстан облысы)ның солтүстік-шығысында 15 км жердегі қыстау. Тегіс жазық жерде орналасқан. Маңында Қасым, Бірінші қыстаулары бар. Шығысынан шағын келген Волжский каналы және оның тармақтары өтеді. Сұрғылт қоңыр, сортаңды топырақ жамылғысында көкшұнақ, бетеге басым өседі. Мал жайылымы пайдаланылады. ## Дереккөздер
Заготскот– Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы жеріндегі қыстау. Аудандағы Қабанбай ауылынан оңтүстікке қарай 15 км жерде, Қарасу өзенінің тармақтарының бірінде орналасқан. Жазықтағы Заготскоттың топырағы қызғылт қоңыр болып келеді. Онда далаға тән астық тұқымдас өсімдіктер өскен. Қыстау маңында Қарасу өзенін бойлай Алыбай, Бақаши , т.б. қыстаулар бар. Қыстау аумағымен Қабанбай – Ақжар автомобиль жолы өтеді. ## Дереккөздер
Жіңішкеөзек– Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Мәдениет ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 – 22 км жерде орналасқан қоныс. Солтүстік-батысында Үлкен Күйкентай тауы, солтүстік-шығысында Тасжарған төбесі орналасқан. Біршама көтеріңкі келген қоныстың солтүстік-батысында Белсу қонысы, батысында Жайдақсу құдығы, т.б. қыстаулар бар. ## Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы"
Жітіқара – Қостанай облысы Жітіқара ауданында орналасқан тау. Жітіқара қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км жерде, Тобыл өзенінің сол аңғарында. Етегінде Подгорный ауылы бар. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 349 м. Батыстан шығысқа қарай 8 км-ге созылып жатыр. Ені 4 км. ## Геологиялық құрылымы Тас көмір кезеңінің төменгі бөлігі жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Қара топырағында астық тұқымдас өсімдіктер өседі. Етегі егін шаруашылығына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Заготскот– Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы қыстау. Аудандағы Қарабұлақ ауылынан солтүстікке қарай 13 км жерде, Тоқай өзенінің сол жағалауында орналасқан. Жер бедері тегіс жазық келген. Аллювий шөгінділерінен түзілген жер қыртысында қызғылт қоңыр, құмдақты қоңыр топырағында бұта, ши аралас сұлыбас, қылқанбоз, т.б. астық тұқымдас шөптесіндер өскен. Суы мол, шөбі шүйгін Заготскот қыстауы мал жайылымына қолайлы. ## Дереккөздер
Заготскот– Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданындағы жайлау. Аудандағы Бидайық ауылдық округі аумағында, Бақанас өзенінің оң жағалауында орналасқан. Жайлаудың маңында Изенді, Қызбейіт , т.б. бірнеше қыстаулар бар. Аласа келген екі тау аралығындағы Заготскоттың шөбі шүйгін, мал жайылымына қолайлы. ## Дереккөздер
Жітіқара ауданы — Қостанай облысының батыс бөлігіндегі әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы — 7 311,99 км². Орталығы — Жітіқара қаласы. ## Географиялық орны Солтүстігінде Денисов, шығысында Қамысты аудандарымен, батысында Ресей Федерациясымен шектеседі. ## Жер бедері Ауданның аумағы шығысқа қарай еңіс келеді. Орал сырты үстіртінің орта бөлігін алып жатыр. Оның ең биік жері — ауданның оңттүстік-батыс жағындағы Жітіқара тауы (414 м). Кен байлықтарынан асбест, каолин сазы, құрылысқа жарамды тас, құм, әктас т.б. кездеседі. ## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Климаты шұғыл континенттік, қаңтардың орташа ауа температурасы — 17°С, шілдеде 20°С шамасында. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері шығыстан батысқа қарай 250 мм-ден 350 мм-ге дейін өзгереді. Жер беті сулары ауданның оңтүстік және шығыс шекараларымен ағып өтетін Тобыл өзенінен, оның сол салалары — Бозбие, Ақтастысай, Шортанды, Желқуар өзендерінен және Тобылдың бойында орналасқан кішігірім көлдерден тұрады. Топырағы қара, қызыл қоңыр карбонатты, оларда, көбінесе, бетеге мен жусан, селеу, өзен бойларында шалғынды шөптер басым өседі. Жабайы жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, саршұнақ, тышқандардың бірнеше түрі, құстардан кезқұйрық, бозторғай, бөдене, сары және ақ шымшық, қызғыш, қарға мен сауысқан мекендейді, өзен-көлдерде: қаз, үйрек, қасқалдақ, шағала кездеседі, аздап балық ауланады. ## Халқы Тұрғындар саны – 47 661 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 44,76%, орыстар – 37,69%, украиндар – 7,42%, немістер – 3,39%, татарлар – 2,23%, беларустар – 1,55%, башқұрттар – 0,68%, молдовандар – 0,33%, корейлер – 0,25%, әзербайжандар – 0,24%, басқа ұлт өкілдері – 1,47%. ## Әкімшілік бөлінісі 18 елді мекен 2 ауылдық, 1 қалалық әкімдік пен 8 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Кәсіпорындары мен шаруашылығы Өнеркәсібі “Костанайасбест” акционерлік қоғамы, мемлекеттік “Жітіқара жылу энергетикалық компаниясы” қазыналық кәсіпорны, “Булудов” жекеменшік кәсіпорны, одан басқа нан, сүт зауыттары, т.б. кәсіпорындардан тұрады. Жітіқара аданының ауыл шаруашылығына пайдаланатын жері 440,5 мың га, оның ішінде жыртылған жері 259,2 мың га, шабындығы 1,3 мың га, жайылымы 180,0 мың га (2000). 1996 жылға дейін 10 астық, 2 қой, 1 көкөніс-сүт кеңшары және Львов тәжірибе станциясы болды. Қазір олардың негізінде ауданда 340-тан астам шаруа (фермер) қожалықтары мен 18 серіктестік құрылды. ## Инфрақұрылымы Ауданда 30 мектеп, 1 мәдениет үйі, 2 кітапхана, 1 аудандық аурухана, 18 фельдшерлік-акушерлік, 6 дәрігерлік-амбулаторлық пункттер жұмыс істейді. Экономикалық-әлеуметтік байланыстары Қостанай — Жітіқара темір жолымен және Қостанай — Жітіқара, Жітіқара — Забеловка, Жітіқара — Волгоградское — Жалтыркөл автомобиль жолдары арқылы жүзеге асырылады. ## Дереккөздер
Зайсан титанды кенқайрандар тобы, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан каласының батысында орналасқан. Мұнда Бакланий, Қиын Керіш, т.б. кішігірім кен орындары шоғырланған. Олар циркон-рутил-ильменитті формацияға жатады. Кен денелері бұрыс пішінді, кен минералдарының таралуы біркелкі емес. Негізгі кен минералдары ильменит, лейкоксен, рутил. Қосымша эпидот, гранат, хромшпинелид, турмалин және темір мен марганецтің оксидтері, гидрооксидтері кездеседі. Кендердегі титан минералдарының ала құла таралуына байланысты бұл кендер тобы қазіргі уақытта пайдаланылмайды. ## Дереккөздер
Зайсан қазаншұңқыры – Қазақстанның шығыс бөлігіндегі ойыс. ## Географиялық орны Алтай тау сілемдері мен Тарбағатай-Сауыр таулары аралығында, Шығыс Қазақстан облысы аумағында, теңіз деңгейінен 395-1000 м жоғарыда жатыр. Жалпы ұзындығы 250 км, енді жері 140 км-ге дейін. Қазаншұңқыр батысында Шар-Көкпекті шоқыларына ұласады. ## Геологиялық құрылымы Палеозойдың қатпарлық іргетасы қазаншұңқырдың осьтік бөлігі арқылы 1600-1700 м тереңдікте өтеді. Оның бетін бор, палеоген, неоген және төрттік кезеңдерінің құрлықтық шөгінділері жауып жатыр. ## Жер бедері Өңірде шөлге және шөлейтке тән ландшафт басым. Ең ойыс жерінде Зайсан көлі мен Бұқтырма бөгенінің оңтүстік бөлігі орналасқан. ## Климаты, топырағы Климаты тым континенттік. Қаңтар айындағы ауаның жылдық орташа температурасы –21°С. Кейбір жылдары температура –49°С-қа дейін төмендейді. Шілде айындағы жылдық орташа температура 22°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300 мм шамасында. Қазаншұңқыр аумағында батыс, оңтүстік-батыс бағыттан күшті желдер соғады. Топырағы қоңыр, қызғылт қоңыр, шығыс бөлігінде құмды топырақтар басым. Суғармалы егіншілік, мал шаруашылығы дамыған. ## Дереккөздер
Зайсан Артезиан Алабы, Оңтүстік Алтай мен Тарбағатай тауларының арасында орналасқан, ауданы 30 мың км² жуық қазаншұңқырды қамтитын жер асты суы бар өңір. Алаптың батысы мен оңтүстігінде, көбінесе, арынсыз жер асты суы тараған. Олар антропоген кезеңінің құм аралас дөңбектасында, малтатасында және таза құмда шоғырланған. Жер асты суларының жалпы тереңдігі 100 – 120 м, Зайсан көлінің маңында 3 – 5 м. Судың орташа минералдығы 1,2 – 1,5 г/л, ұңғымалардың су өнімділігі 1 – 5 л/с. Оңтүстік Зайсан маңында 120 – 150 м тереңдікте орналасқан жоғарғы плиоцен шөгінділеріндегі жер асты сулары арынды. Олар саз қабатшаларымен бөлінген малтатас пен құмда шоғырланған. Су қабаттарының жалпы қалыңдығы 2 – 15 м. Судың минералдығы 0,3 – 0,8 г/л. Ұңғы-малардың су өнімділігі 3 – 7 л/с. Жер асты су алабының солүстік. бөлігіндегі жоғарғы бор-палеоген және палеоген-неоген шөгінділерінде қалыңдығы 1 м-ден 10 – 15 м-ге дейін жететін үш сулы қабат бар. Алаптың шет жағындағы тереңдігі 300 м, ортаңғы бөлігінде 1200 м. Судың минералдығы 0,3 – 1,0-ден 3 – 8 г/л-ге дейін, өнімділігі 0,2 – 3,0 л/с. Зайсан артезиан алабының суы елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге, жер суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Замартас – минерал, силикаттар класына жататын берилдің жасыл мөлдір түрі. Химиялық формуласы Bе3Al2[Si6O18]. Гексогендік сингонияда кристалданып, ұзынша призма, баған пішінді болып түзіледі. Әдетте, жеке кристалл түрінде кездеседі, сирек друзалар түзеді. Ең ірі кристалл 1974 жылы Бразилияда табылған, оның салмағы 28,2 кг. Құрамында аздаған хром қоспасы (Cr2O3) болуына байланысты түсі қою жасыл, шыныдай жылтыр болып келеді. Қаттылығы 7,5–8,0, меншіктік салмағы 2,6–2,9 г/см³. Замартас кристалдарының ірілігі 0,5×3,0 см-ден 35×45 см-ге дейін, салмағы 5–30 каратқа дейін жетеді. Қышқыл интрузивті жыныстардың арасындағы пегматиттік желілерде немесе пневматикалық процестермен өзгерген гранит-грейзендерде түзіледі. Соңғы кезде жасанды түрлері синтез арқылы алынады. Замартастар зергерлік бұйымдарға ендірме жасауға пайдаланылады. Қазақстанда замартас Оңтүстік Қу және Делбегетей кендерінде (Қарағанды облысы) кездеседі. ## Дереккөздер
Зарқын, арнебия (лат. Arnebia) – айлауыктар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда Қызылорда, Маңғыстау облыстарының, Балқаш – Алакөл ойыстарының құмдарында және Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларының тастақты беткейлерінде өсетін шұбар Зарқын (A. guttata), ірі гүлді Зарқын (A. grandіflora), Каспий Зарқыны (A. transcaspіca) және жатаған Зарқын (A. decumbens) деген 4 түрі кездеседі. Биіктігі 5 – 30 см. Өсімдіктің жер бетіндегі бөлігі ұзын қылтанақты түкті келеді. Жапырақтары өркенге кезектесіп орналасқан. Күлгін, қызғылт, сары түсті гүлдері түтікше тәрізді 5 тостағанша, 5 күлте жапырақшаларынан, бес аталық және бір аналықтан құралған. Аналық мойны жіп тәрізді өте жіңішке, ұзын, аузы қос тілімді болады. Жәндіктер арқылы тозаңданады, сәуір – маусым айларында гүлдеп, мамыр – шілдеде жемісі піседі. Жемісі піскенде 2 немесе 4 бөлшекке ажырайтын жаңғақша. Гүлдері шырын бөлетіндіктен балды өсімдіктердің қатарына жатады. ## Дереккөздер
Заңғар – Қуаңдария өзенінің ортаңғы ағысындағы төбе. ## Географиялық орны Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылының оңтүстік-батысында 25 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 160 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 900 м. Маңында №61, №48, Шибұлақ, Тектұрмас артезиан құдықтары бар. ## Өсімдігі Құмды, қырқалы келген беткейінде сексеуіл, жусан, жүзгін, т.б. өсімдіктер өседі. Етегі мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Жіңішкесор — Ертіс алабындағы тұзды тұйық көл. ## Географиялық орны Павлодар облысы Май ауданы Май ауылынан солтүстік-батысқа қарай 52 км жерде, Қарасор көлінің оңтүстігінде орналасқан. Теңіз деңгейінен 141 м биіктікте. Батысында Ақмола қыстауы бар. ## Гидрографикасы Аумағы 5,7 км2, ұзындығы 4 км, енді жері 2,6 км. Жағалау бойының ұзындығы 11,4 км. Солтүстік-шығысында Жамантұз көлі орналасқан. Суы қарашада қатып, сәуірде ериді. Жағалауы жайпақ. Тұздылығы жоғары, сілтілігі орташа.
ЗАМСТАҚ– Шағырай үстіртінің батысындағы тау. Ақтөбе облысы Байғанин ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 206 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 4,9 км-ге, енді жері 4,5 км-ге созылып жатыр. Үстіртті тау беткейлері көлбеу келген. Жер қыртысы жоғарғы миоценнің оолитті әктастарынан түзілген. Сұр топырақ жамылғысында сұр жусан, бұйырғын, тасбұйырғын, күйреуік басым өскен. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Жыңғлдыарал – Арал теңізінің шығыс бөлігіндегі арал. ## Географиялық орны Қызылорда облысы Арал ауданы жерінде. ## Сипаттамасы Аумағы 7 км². Солтүстіктен оңтүстікке қарай 6 км-ге созылып жатыр, ені 2 км. Теңіз деңгейінен биіктігі 1 – 2 м. Аралды қоршаған судың тереңдігі 2 – 3 м. Жиегінде құрақ, қамыс, қоға, ортасына қарай сексеуіл аралас жыңғыл өскен. ## Дереккөздер
Затобол жер асты су кен орны — Қостанай облысы Қостанай ауданында орналасқан. Тобыл өзені аңғарында. Жер асты су кенін алғаш рет 1965 жылы В.П. Овчинников пен В.Н. Гниломедов зерттеген. 1967 жылдан бері Заречное, Октябрь, Шоққарағай, Щербаково ауылдарын сумен қамтамасыз етеді. ## Жатыс сипаты Аллювийлі жазықтағы кешенді су кені тәулігіне 7500 м3 су береді, минералдар 0,3-0,8-ден 1,3 г/дм3-ге дейін. Жер асты су кенін кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығына пайдаланады. ## Дереккөздер
Зәуре– Шанышқылы көлінің оңтүстік-батысындағы көл. Қостанай облысы Амангелді ауданында, Торғай өзені алабында. Жыланшықтүрме қыратының орталық бөлігінде орналасқан. Теңіз деңгейінен 193 м биіктікте. Аумағы 2,27 км². Ұзындығы 1,7 км, енді жері 1,5 км, жағалау бойының ұзындығы 5,7 км-ге созылған. Жағалауы батпақты және сор болып келеді. Жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Суы қарашада қатып, сәуірде ериді. Суының тұздылығы орташа. Алабы мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Зәкірбұлақ– Кеңқұс тауының шығысында 6 км жердегі қыстау. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы Борлы және Төлепсай өзендерінің аңғарында орналасқан. Солтүстігінде Аққұдық, Бөгетбұлақ, Жалтырбұлақ бұлақтары бар. Кеңқұс, Сарытау және Ақтасты тауларының баурайы жазда мал жайылымына, қыста мал қыстауына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Зейнолла– Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Сейітқали ауылының оңтүстік-шығысындағы қыстау. Қарағали құмының солттүстік-шығысындағы төбешікті құмды жерде орналасқан. Маңында Құрман, Тасқали, Қиянды қыстаулары бар. Қыстаудың маңы мал жайылымына пайдалануға қолайлы. ## Дереккөздер
Зәкен жері– Көлденеңтемір өзенінің батыс аңғарындағы қыстау. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылының оңтүстік-батысында 12 км жерде орналасқан. Қыстаудың Көлденеңтемір өзені бойында Қарасу, Лаққараған, Қоған, Соңғыжол қыстаулары жайласқан. Қыстау мал жайылымына пайдаланылады. Солтүстік-шығысынан Қандыағаш – Жем темір жолы өтеді. ## Дереккөздер
Зеренді – Есіл алабындағы тұйық көл. ## Географиялық орны Ақмола облысының Зеренді ауданы жерінде орналасқан. Көлдің табиғаты өте әсем, оны қалың қарағайлы аласа таулар қоршаған. Оңтүстік-батыс жағасында демалыс үйлері, жазғы оқушылар дем алатын лагерьлер орналасқан. ## Гидрографикасы Аумағы 11,9 км2, ұзындығы 6,1 км, енді жері 3,8 км, тереңдігі 4-4,8 м. Оңтүстік және оңтүстік-батыс жағалауының биіктігі 10 м, батыс жағалауының биіктігі 4 м-ге жетеді. Оңтүстік жағалауы сай-жыралармен тілімденген. Суы тұщы, ауыз суға жарамды. Көлдің беті толық ашық, тек жағалауға жақын 100-150 м сызығы қамыспен өсіп кеткен. Көлдің түбі тегіс, құмды, малталы және қойтасты болып келеді. Көл құмды-малтасты жағажаймен қоршалған. Зеренді ауылының маңында, солтүстік-шығыс жағалауында, жағажай үстінде қызықты рельеф құрайтын граниттердің шығуы байқалады, ол алыстан дәу жағажайға ұқсайды. Жалпақ бұрышты қойтастардың диаметрі 1-3 м, жалпақ жағы көлге қарай 20 градус бұрышпен қаралған, бір-біріне басылған. Көлдің жағалауы ағашсыз, биік емес (4 м дейін). Оңтүстік және оңтүстік-батыс жағалауларында биіктігі 10-30 м-ге жететін, кейде шыңды немесе құзды жерлер кездеседі. Жағалауының оңтүстігі жартылай бөлігі қарағайлы және қайыңды орманмен жамылған, негізгі бөлігі егістік жерлер. ## Аңыз Мұнда Зеренді көлінің атауы қайдан шыққаны жөнінде аңыз айтылады. «Казак отряды станица құру үшін «ащы жолақ» деп аталатын Петропавл-Павлодар бағытымен келе жатады, түнде судың жағалауына шығып, бұл көл немесе өзен екенін ешкім де білмеді. Олардың бағына қарай жақын жерде малшы-қазақтың алауы жанып тұрады. Олар көл ме, өзен бе екенін білгілері келгенде, қазақ жерді іздеп жүр деп ойлайды. «Жер ме?» деп сұрайды да, қолын «Жер анда!» деп сілтейді. Казактар не қылған «Жеранда» деп ойлады, ал таңертең олар көлді көрді, орман – станица құру үшін жақсы жер болды. Содан станицаны Зеренді деп атап кеткен. Бұл 1824 жылы болған. ## Дереккөздер
Зеренді таулары – Көкшетау қыратының орталық бөлігіндегі орманды-таулы алқап. ## Географиялық орны Ақмола облысы Зеренді ауданында орналасқан. Батыстан шығысқа, солтүстік-шығысқа қарай 28 км-ге созылған, енді жері 18 – 20 км. Батысында Жыланды тауына ұласады. Абсолюттік биіктігі 587 м. ## Геологиялық құрылымы Жер қыртысы палеозойға дейінгі гнейс, мәрмәр және кристалды тақтатастан, сондай-ақ девон және тас көмір кезеңдерінің шөгінділерінен түзілген. ## Өсімдігі Зеренді тауларын шоқ қарағайлы-қайыңды ормандар көмкеріп жатыр. Тау төңірегінде тұщы көлдер бар. ## Дереккөздер
Зәріп– Бұлдырты және Қалдығайты өзендерінің аңғарындағы қыстау. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Жусандыой ауылының оңтүстік-батысында 31 км жерде орналасқан. Маңында Қарақұдық, Темірбек , Есшан қыстаулары мен Орлықұдық , Баба, Үлкенкөл жайлаулары бар. Өңірдің шұрайлы жерлері жазда жайылым, қыста қыстау ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Зеренді демалыс аймағы - Ақмола облысы Зеренді ауданының табиғаты көрікті жерінде орналасқан. Аймақтың қыратты-төбелі жер бедері шоқылар және қырқалармен үйлесім тапқан. Олардың баурайында қайың, реликті шырша өскен орман қалыптасқан. Бұлардың барлығы туризм индустриясын дамытуға және санаторийлер мен курорттар, демалыс үйлері мен балалардың денсаулығын сауықтыратын, таулы шаңғы базаларын, табиғи ұлттық парк құруға өте қолайлы. Зеренді демалыс аумағында «Қарағайлы», «Зерен Плюс», «Сұңқар», «Құлпынай мүйісі», Мәлік Ғабдуллин атындағы және Еуразия университетітінің спорттық сауықтыру лагерьлері, «Аққайың шипажайы», «Жасыл мүйіс», «Ұшқын», «Шығыс», тағы басқа демалыс базалары шоғырланған. Демалушыларға «Керемет», «Нұр ауыл», тағы басқа кафелері, «Көмек» кемпингі, «Оазис» мотелі, «Қалқаман» қонақ үйі, тағы басқа қызмет көрсетеді. Уақытты толық әрі тиімді өткізу үшін демалушыларға шаңғы трассалары, стадион салынған. Сонымен қатар 11 эколагиялық туристік маршрут ұйымдастырылған. Бұл маршруттар бойында Барлаутөбе, Шиелі, Беріктас, Жазықтөбе, Бөрік, Қалқантас, Ақшабұлт, Құс базары, Аюлы, Қоянды, Сұлутөбе, Әулиешың, Қойтас, Жекетау, Жайынауыз, тағы басқа шоқылар мен жартастар және балбалтастар кездеседі. Зеренді демалыс аймағында Зеренді табиғи зоологиялық қорықша аумағында орналасқан. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтеме Зеренді демалыс аймағы(қолжетпейтін сілтеме)
Зеренді ауданы – Ақмола облысының солтүстігіндегі әкімшілік бөлініс. 1935 жылы құрылған. 1997 жылы Көкшетау ауданымен біріктірілді. Жер аумағы 7,8 мың км². Аудан орталығы – Зеренді ауылы. ## Географиялық орны, жер бедері Солтүстігі мен батысында СҚО-ның Тайынша және Айыртау аудандарымен, шығысында Бурабай, оңтүстігінде Сандықтау аудандарымен шектеседі. Зеренді ауданы Көкшетау қыратының солтүстігін алып жатыр. Жер бедері аласа таулы, ұсақ шоқылы, ойлы-белесті жазық. Ірі таулары: Зеренді (587 м), Жыланды (609 м), Қараүңгір, Қаратау, Қошқарбай, Шымылдықты, Байөтер (551 м), Елікті (502 м), Нарөлген (489 м), т.б. Кен байлықтарынан алтын, қызғылт гранит, доломит, құрылысқа жарамды тас, құм, каолин, емдік саз, т.б. кездеседі. ## Климаты Климаты тым континенттік: қысы ұзақ (қар 140 – 160 күн жатады) суық, қары аз (20 см), жазы жылы әрі құрғақ. Ауаның орташа темпепатурасы қаңтарда –18°С, шілдеде 19°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 350 – 400 мм. Ауданның оңтүстіктен солтүстігіне қарай Шағалалы өзен мен оның оң саласы Қылшықты өзен ағып өтеді. Оңтүстігінен Есілдің оң салалары – Жабай, Аршалы, Қошқарбай бастау алады. Аудан аумағында көлдер көп. Ірілері: Зеренді, Қарағайлыкөл, Айдабол, Бірқыз, Шымылдықты, Құмдыкөл (тұщы), Қараүңгір, Жамантұз, Жолдыбай, Ақметжансор. ## Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Аудан жерінде шіріндісі мол қара және күңгірт қоңыр топырақ кең тараған, сортаңдар да кездеседі. Тың игеру жылдары ауданның көп жері жыртылған. Ауданның солтүстік бөлігін қайың, терек шоқтары өскен ормандар алып жатыр. Қыраттың биік жерлері мен шоқыларда қарағай, Зеренді өңірінде қылқан жапырақты орман, Кіші Түкті өңірінде қайыңды, теректі ормандар өседі. Орманда қарақат, таңқурай, мойыл, итмұрын, бүлдірген бар. Ашық жерлерде қараған, тобылғы, т.б. бұталар, бітік шалғындық, астық тұқымдас түрлі шөптер, қызғылт селеу, сәбізшөп, бетеге, жусан, тастақты жерлерінде қына өседі. Орманда қасқыр, бұлан, елік, қоян, түлкі, қарсақ, суыр, тиін, даласында кемірушілер кездеседі. Дала, су құстарының 200-ден аса түрі мекендейді. Ауданда Куйбышев, Самарбай, Зеренді, Кіші Түкті, т.б. орман шаруашылықтары мен олардың бөлімшелері орналасқан. Ірі елді мекендері: Айдабол, Алексеевка, Бірлестік, Зеренді, Шағалалы, Еленовка, Викторовка, Куропаткино, Симферопольское, Ақкөл. ## Шаруашылығы Зеренді ауданы экономикасының басты салалары егін және мал шаруашылығы. Ауыл шаруашылығын пайдаланылатын жері 642,4 мың га (2008), оның ішінде егістігі 233,7 мың га, тыңайған жері 112 мың га, шабындығы 3,1 мың га, жайылымы 278,2 мың га. Орман 85,9 мың га жерді қамтиды. Аудан жері арқылы Алматы – Петропавл, Қостанай – Барнауыл темір жол, Алматы – Петропавл, Атбасар – Көкшетау, Саумалкөл – Шортанды, т.б. автомобиль жолдары өтеді. ## Тұрғыны Тұрғындар саны: 38682 адам (2019) * Ұлттық құрамы: қазақтар (67,05%), орыстар (23,71%), немістер (2,75%), украиндар (2,34%), татарлар (1,17%), басқалары (2,97%) ## Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 79 елді мекен 1 кенттік, 1 ауылдық әкімдік пен 20 ауылдық округке біріктірілген: ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтеме Зеренді ауданы(қолжетпейтін сілтеме)
Зеренді қорықшасы – Ақмола облысы Зеренді ауданындағы облыстық мәні бар зоологиялық қорықша. 1979 жылы құрылған. ## Жер бедері Ауданы 23 мың га. Қорықша аумағында қыратты-төбелі жазық жерлер гранитті шоқылар мен адырлы қырқаларға ұласады. Олардың баурайында қарағайлы қалың орман, астық тұқымдас өсімдіктер мен түрлі шөптесін өсімдіктер аралас өседі. Қорықшада бұлан, елік, борсық, қасқыр, тиін, т.б. мекендейді. Қазіргі уақытта «Көкшетау» ұлттық паркінің құрамында. ## Дереккөздер
Зире, зере, тмин (лат. Carum) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын екі немесе көп жылдық шөптесін өсімдік. Еуразияда кездесетін 30-ға жуық түрі белгілі. Зире республикамыздың өзен, бұлақ жағалары мен шалғынды жерлерінде және қалың бұталардың арасында өседі. Қазақстанда Торғайда, Жетісу Алатауының, Алтайдың, Тарбағатайдың тау етектерінен бастап, субальпілік белдеулеріне дейін кең таралған кәдімгі Зире (C. carvі) және күңгірт Зире (C. atrosanguіneum) түрлері кездеседі. Олардың биіктігі 40 – 60 см. Сабағы көп қырлы. Жапырақтары жылтыр, түксіз. Сабағының түбіне жақын орналасқандары қысқа сағақты келеді де, ұшына қарай жалпайып мөлдір жарғақты қынапты болады. Жапырақ тақтасы қауырсын тәрізді терең ойықталып салаланған. Ақ, қызғылт, қара қошқыл түсті гүлдері 5 тостағанша, 5 күлте, 5 аталық және жатыны 2 ұялы бір аналықтан құралған. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Жемісі – екі бөлшекті (әр бөлшегінде бір тұқым болады) құрғақ тұқымша. Зиренің тұқымының құрамында 5 – 75% май болады, ол медицинада, ветеринарияда кеңінен пайдаланылады. Тұқымынан, сондай-ақ сабын қайнатады, тамаққа қосады. Жемісінің сығындысынан (күнжарасынан) мал азығын дайындайды. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Carum
Зейнеп– Мойынқұм құмының алқабындағы қыстау. Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үмбет ауылының батысында 20 км жерде орналасқан. Оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Астықкөл, Шортанқұдық, т.б. ұсақ көлдер орналасқан. Маңында Түйеқарын, Еден, Жапырақты, Жаңатұрмыс қыстаулары бар. Төбелі-қырқалы жерлерінде сексеуіл, теріскен, жусан, еркек шөп өседі. Қыстау мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Зиягүл (лат. Senecio) – астралылар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық шөптесін өсімдік, кейде сүректенген сабағы бар шырмауық немесе аласа ағаштар. Арктикадан тропиктік аймақтарға дейін, негізінен, Оңтүстік Африка, Жерорта теңізі жағалауы мен Азия, Оңтүстік және Солтүстік Американың қоңыржай белдеулерінде кездесетін 1500 (кейбір мәліметтерде 3000) түрі белгілі. Көпшілік түрі – суккуленттер болып табылады. Қазақстанның далалы аймақтары мен сортаңды жерлерінде, тоғай шеті мен арық жағаларында, кейде тау беткейлерінде өсетін 25 түрі кездеседі. Соның ішінде ең жиі кездесетіні – жіңішке жапырақты Зиягүл (Senecіo erucіfolіus). Биіктігі 40 – 100 см. Жатаған тамыры болады. Тік сабағына қауырсынша тілімденген жапырақтары кезектесіп орналасады. 10 – 15 сары түсті гүлдері жиналып, себет гүлшоғырын құрайды. Себеттің сыртында орамжапырақшалары болады. Қос жынысты. 5 аталығы кірігіп түтік түзеді. Аналығы – біреу. Маусым – тамыз айларында гүлдеп,шілде – қыркүйекте жемісі піседі. Тұқымы ұзынша, сыртында 5 – 10 қыры болады.Зиягүлдердің арасында бау-бақшада өсетін арамшөп (мысалы, кәдімгі Зиягүл), сондай-ақ құрамында алкалоид бар дәрілік (мысалы, жалпақжапырақты Зиягүл) түрлері кездеседі. Негізінен Зиягүл гүлдері әдемі болғандықтан, әсемдік үшін өсіріледі. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтеме Зиягүл
Золоторунная– Жыңғылдысор көлінің солтүстігінде 1 км жердегі қыстау. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында. Маңында Целинное, Талдыкөл ауылдары орналасқан. Солтүстігінен Көкшетау – Кішкенекөл темір жолы өтеді. ## Дереккөздер
Зикенқұдық – Көшім өзенінің аңғарындағы қыстау. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Төртқұлақ ауылының оңтүстік-батысында 11 км жерде орналасқан. Маңында Жаңаұран, Қызылоба, Байбоз қыстаулары және Жаңғыршық жайлауы бар. Көшім өзінің алабы мал қыстағы мен жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Зинаида шөлмасағы(Eremostachys zenaidae) – еріндігүлділер тұқымдасы, шөлмасақ туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Іле Алатауының шығыс жағындағы Торайғыр жотасында, Кетпен жотасының солтүстік-батысында кездеседі. Биіктігі 40 – 70 см, жуан түйнекті тамыры болады. Сабағы көп емес, қарапайым, жалаң. Тамыр түбіндегі жапырақтары тұтас, ұзынша жұмыртқа тәрізді, сабақ бойындағылары ұсақ келеді. Гүлі қара қошқыл күлгін түсті. 8 – 10 гүлді күлтебас гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, маусымда жемістенеді. Жемісі – жаңғақша. Сәндік өсімдік. Зинаида шөлмасағы өте сирек кездесетін эндемик түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер
Зорман (лат. Spermophilus fulvus) – кемірушілер отрядының тиін тұқымдасына жататын ірі тышқан. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының жерінен Іле өзеніне дейінгі өңірлерді мекендейді. Негізгі мекені – сазды топырақты, шөлді қоныстар, құмды төбелер мен шөлейтті жазықтар. Дене тұрқы 23 – 35 см, құйрығының ұзындығы 6 – 10 см, салмағы 0,7 – 1,6 кг. Арқасы сарғыш, жүні қалың, ұзын, жұмсақ болады. Зорман өсімдіктің 30-40 түрімен қоректенеді. Маусым – шілде айларында ұйқыға кетіп, ақпан – наурызда оянады. Көктемде ұйығып, шағылысқаннан кейін 1 айдан аса уақытта балалайды (1 – 9). 25 күннен кейін балалары інінен шығады. Қорегін күндіз аулайды. Зорман құнарлы мал азықтық шөптерді, баданалы өсімдіктерді жеп, ауыл шаруашылығына зиян да келтіреді. Қысқа қор жинамайды. Зорман мамық терілі бағалы аң болғандықтан, кәсіптік жолмен ауланады. Қазақстанда жылына 150 – 200 мыңдай зорман терісі дайындалады. ## Дереккөздер
Зорманкөл – Теңіз-Қорғалжын ойысының шығысында орналасқан көл. ## Географиялық орны Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Кеңбидайық ауылының оңтүстік-шығысындағы көл. Нұра өзені алабында. ## Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 348 м биіктікте. Аумағы 4,13 км2, ұзындығы 3,7 км, енді жері 2 км. Жағалауының ұзындығы 9,1 км. Орташа тереңдігі 0,7 м. Жағалауы жайпақ келген. Суы негізінен жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді. Жағасында қамыс, құрақ өседі.
Зорқара – Сарыесікатырау құмының батысында, Ортакөкдомбақ төбесінің оңтүстік-батысындағы төбе. ## Географиялық орны Алматы облысы Балқаш ауданы Көктал ауылының оңтүстігінде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 377 м. Іле өзенінің аңғарында оқшауланған төбе солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 500 м. Маңында әр түрлі тереңдікте тұщы жер асты сулары кездеседі. ## Геологиялық құрылымы Жоғарғы төрттік кезеңінің құм, құмдауытты жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Өсімдікпен жақсы бекіген Зорқарада ақсексеуіл, теріскен, жусан, еркек шөп, т.б. өседі. Мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Зортөбе – Берікқара тауларының батысында орналасқан оқшауланған тау. ## Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданының орта тұсында. ## Геологиялық құрылымы, жер бедері Абсолюттік биіктігі 847 м. Ендік бағытта созылып жатқан таудың ұзындығы 5 км, енді жері 3 км-ге жуық. Жер қыртысы палеозойдың эффузивті жыныстарынан түзілген. Беткейлері көлбеу келген. Таудың батысы мен шығысынан Қарақатын өзенінің салалары ағып өтеді. ## Өсімдігі Бозғылт, қызғылт қоңыр топырағында бұта аралас бетеге, қылқанбоз, т.б. астық тұқымдасты шөптесіндер өседі. Етегі мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Зығыр (лат. Lіnum) – зығыр тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы; тінді, талшықты, майлы дақылдар. Зығырдың 230-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда 13 түрі кездеседі. Республиканың солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарындағы қара және қоңыр топырақты жерлерде өсіріледі. Сабағының биіктігі 50 – 100 см., жапырағы қандауыр пішіндес, қондырмалы, гүлшоғыры – шатыр тәрізді шашақ. Гүлдері ұсақ, басым бөлігі көкшіл түсті, өсімдіктің жоғарғы жағында шоғырланып өседі. Жемісі – қауашақ. Зығырдың талшығын және тұқымын алу үшін, негізінен, дақылдық зығыр (L. usіtatіssіmum) өсіріледі. Ол 5 түр тармағына бөлінеді. Олардың ішінде кең тарағаны: салалы (талшықты) зығыр, майлы (шашақты) зығыр, жатаған зығыр, т.б.Салалы зығыр – бір жылдық өсімдік. Қоңыр салқын ауа райында жақсы өседі. Салалы зығыр салқынға шыдайды. Вегетациялық өсу мерзімі 75 – 90 тәулік. Өздігінен тозаңданады, кейде айқас тозаңдануы да мүмкін.Майлы зығыр (шашақты зығыр) – бір жылдық, жылу сүйгіш, ылғалды аса қажет етпейтін (салалы зығырмен салыстырғанда) өсімдік. Вегетациялық мерзімі 150 тәулік. Желмен тозаңданады. Майлы З-дың тұқымында 52%-ке дейін май болады. Салалы зығырдың майы сияқты мұны да олифа, лак, бояу дайындауға және тағамға пайдаланады. Зығыр күнжарасы – өте құнарлы мал азығы талшығының бір гектарынан 7 – 11 центнер өнім алынады. Зығыр тұқымы мен зығыр майын медицинада, талшығын кенеп мата, брезент, кендір жіп жасау үшін пайдаланады. Маусым айынан гүлдеп, шілденің аяғында жеміс береді. Қазақстанда аудандастырылған сорттары: “Сибиряк”, “Авангард”, “Қарабалық 3”, “ВИР-1650”, т.б. Негізгі зиянкестері: зығыр бүргесі, көк көбелек, трипстер; аурулары: антракноз, фузориоз. ## Тағы қараңыз * Зығыр бүргесі * Зығыр тұқымдасы * * * ## Сілтемелер * «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Зұқаш– Нарын құмының батысында жатқан қыстау. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Куйбышев ауылының оңтүстік-батысында 9 км жерде. Маңында Тұрсынәлі, Сығай, т.б. көптеген қыстаулар бар. Қыстау құмды алқаптағы қалың сексеуіл шоғырларымен қоршалған. ## Дереккөздер
Зырянов кенді ауданы – Шығыс Қазақстан облысындағы (Кенді Алтай) бір топ полиметалл және мыс кендері шоғырланған өңір. Бұл өңірдегі алғашқы қорғасын кенін 1791 жылы орыс геологы Г. Зырянов ашқан. 1795 жылдан үздіксіз кен өндіріліп келеді. ## Геологиялық құрылымы, сипаты Мұнда ең ірі Зырянов кенінен басқа ондаған кішігірім кен орындары бар. Олар әр түрлі генетикалық және морфологиялық типке жатады. Бірқатары (Зырянов, Путинцев, Грехов, Богатырев, Малеев, Сажаев, тағы басқа) ортаңғы девонның құмтас, алевролит, тақтатас, эффузив, пирокластық жыныстар бойына орналасқан. Бұл жыныстар ендік бағытқа созылған Зырянов антиклиналін құрайды. Кен денелері осы антиклиналь бойында Березовка және Маслянка шоғырлары арасындағы жарылымдар мен қабатаралық қуыстарда көлбеу бұрыш, линза пішіндес болып түзілген. Кен құрамында мырыш, қорғасын, мыс бар. Майда кен орындарының (Бұқтырма, Долинное тағы басқа) қоры шамалы, кені кедей. ## Дереккөздер
Иваншай (лат. Chamerion) – күреңоттар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда 2 түрі бар. Жиі кездесетін – жалпақ жапырақ иваншай (chmaenerium). Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар), Іле және Күнгей Алатауларының альпілік белдеулері мен тау өзендерінің жағалауларында өседі. Биікт. 50 см-дей, тамырсабақты өсімдік. Жапырағы қалыңдау, қияқты әрі сабақты болады. Жоғарғы жапырағы ірі (ұзындығы 3,5 см, ені 1,5 см) болып кезектесе орналасса, төмендегілері қарама-қарсы орналасқан. Гүлшоғыры қалың емес, ірі (диаметрі 3 см-ге дейін), тостағанша жапырақшалары қызыл күрең, ал күлтелері ашық қызғылт немесе күлгін түсті. Аталығы – 8, оның төртеуі ұзындау, күлгін түсті қысқа сағатындағы сопақтау түйіні төрт бөлікті аналығымен қосылып аяқталады. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемісі піседі. Жемісі – төрт жармалы қорапша тәрізді собық. Жалпақ жапырақты Иваншайдың ұзын айдарлы, түк тәрізді тұқымдары жануарлар мен жел арқылы таралады. Олар топырақта өзінің өнгіштік қасиетін ұзақ уақыт сақтаумен бірге алыс жерлерге таралып кетеді. Өсімдіктің жемістері халық медицинасында жарақат пен күйікті емдеуге қолданылады. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтеме * Иван-чай узколистный - Chamaenerion angustifolium
Зығыр бүргесі (лат. Aphthona) – жапырақжегіш тұқымдасының қатты қанаттылар тобына жататын қоңыз; Солтүстік Қазақстанда өсетін шашақты зығырдың негізгі зиянкесі. Зығыр бүргесінің үш түрі бар: көк зығыр бүргесі (Aphthona cuphorbіae Schrank), ұзындығы 1,8 – 2 мм;қоңыр зығыр бүргесі (Aphthona slavіceps Payk);қара зығыр бүргесі (Longіlarsusparvulus Payk), ұзындығы 1,2 – 1,5 мм. * көк зығыр бүргесі (Aphthona cuphorbіae Schrank), ұзындығы 1,8 – 2 мм; * қоңыр зығыр бүргесі (Aphthona slavіceps Payk); * қара зығыр бүргесі (Longіlarsusparvulus Payk), ұзындығы 1,2 – 1,5 мм. Зығыр бүргесі жыртылмаған жерлерде және зығыр егістіктерінде қыстайды. Бүргелер сәуірдің ортасында не аяғында тіріледі. Зығыр егістігіне қоныстанып, өсімдік жапырақтарымен, бүршіктерімен қоректенеді. Бұдан зығырдың түсімі төмендейді, өсіп-өну мерзімі 10 – 15 күнге кешігеді. Қоректену кезінде бүргелер жұмыртқаларын топыраққа және зығыр тамырына салады, дернәсілдері өсімдік тамыры бойын жаралап қоректенеді, оларды сарғайтып кептіреді. Зығыр бүргесі дернәсілдерінің түсі ақ, ұзындығы 2 – 4 мм, даму кезеңі 26 – 29 күнге созылады. Жылына бүргелер бір рет көбейеді. Маусым – шілде айларында ересек қоңыздары шығады, зығырды зақымдайды, сабағының қабығын жейді. Көк зығыр бүргесі зығырдың 15 – 20%-ын, қалғандары 80 – 85%-ын зақымдайды. Тамыз – қыркүйек айларының аяғында қыстық ұйқыға кетеді. Күресу шаралары: дернәсілдері мен қоңыздарына қарсы 0,2 – 0,3% анабазин-сульфат, никотин-сульфат ерітінділеріне 0,4% сабын ерітіндісін араластырып шашады. 1 га-ға тиофосфаттың 0,025 – 0,05%-дық 400 – 500 л ерітіндісін бүркеді. ## Тағы қараңыз * Зығыр ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтеме * Aphthona flava (insect) -- Britannica Online Encyclopedia
Изенді – Мұзбел қыратының оңтүстігіндегі тұйық көл. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Изенді ауылының оңтүстігінде 2 км жерде орналасқан. Құланөтпес өзені аңғарында. ## Аумағы Аумағы 5,7 км2, ұзындығы 4,6 км, енді жері 1,8 км, жағалауының ұзындығы 11 км, ең терең жері 7 м, суының көлемі 1,9 млн м3. Су жиналатын алабы 127 км2. ## Жер бедері Көл жағалауы көбіне тегіс, жайпақ келген. Жағалауы шалғынды, кей жері сор, сортаңды. Оңтүстік бөлігін қамыс құрағы су айдынының көп бөлігін алып жатыр. Шөгінді тұнбаның қалыңдығы 0,2 – 0,3 м. ## Гидрографикасы Негізінен атмосфералық жауын-шашынмен толысады. Солтүстігінен көлге құятын өзен саласы жазда құрғап қалады. Судың минералдылығы 1,2-ден 8,0 г/л-ге дейін ауытқиды. Суы кермекті. Көктемде суы мал суаруға пайдаланылады. Жағалауы шабындық. ## Дереккөздер
Изосызықтар(изо... және сызық) – белгілі бір шамалардың бірдей мәндері арқылы өтетін географиялық картадағы, графиктердегі, тік қималардағы сызықтар. Мәндеріне қарай олар бірнешеге бөлінеді. Мысалы, карталардың бетінде белгілі бір уақытта болатын қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изобаралар дейді. Сол сияқты карталардағы суқоймалардың (теңіз, көл, өзен, бөген, т.б.) бірдей тереңдік нүктелерін қосатын сызықтарды изобаталар десе, тәулік, ай, жыл ішінде жауатын атомсфералық жауын-шашын мөлшерінің бірдей нүктелерін қосатын сызықтарды изогиеталар, орташа бір кезеңдегі (жыл, ай) ауаның, судың және топырақтың бірдей температуралы нүктелерін қосатын сызықтарды изотермдер десе, картадағы, сұлбадағы кез келген табиғи құбылыстың (найзағай, өзеннің мұздан арылуы, т.б.) басталу уақытының бірдей нүктелерін қосатын сызықтарды изохроналар дейді. Кейде мәні бірдей, бірақ екі көрсеткіштен тұратын сызықтар да болады. Мысалы, картадағы магниттік қисаюдың сызығын және желдің бір бағыттағы нүктелерін қосатын сызықты да изогондар деп атайды. Сонымен қатар теңіз деңгейінен біркелкі биіктіктегі нүктелерді қосатын сызықтарды изогипстер дейді. Карта жасау мен топография өндірісінде және карта бетінде бұл сызықтар горизонталдар деп аталады. ## Дереккөздер
## Ботаникалық сипаттамасы. Изен (Kochia) – алабұталар тұқымдасынажататын бір немесе көп жылдық бұташық өсімдіктер туысы. Сабағының биіктігі 10 – 100 см, гүлдері гүлжапырақсыз, қос жынысты, 5 мүшелі, 2 – 4-тен топталып жапырақ қолтығына орналасқан, кейде жеке жапырақты, масақты гүлшоғын құрайды. Аталығы – бесеу. Қазақстанда кең тараған түрі: жатаған Изен (K. prostrata) және сыпыртқы Изен (K. scoparia). Бұлар қуаңшылыққа төзімді, биіктігі 10 – 75 см, сабағы қара қоңыр қабықты бұташықтар. Тамыры жусан, діңгекті келеді. Сабақтары көп, қалың жапырағының сыртын түк басқан. Солғын жасыл, жіңішке гүлі қос жынысты болады. Тамыз – қыркүйекте гүлдеп, қазан айында жемістенеді. Тұқымы – сопақша дән. Изен бағалы жайылымдық, кейде шалғындық жоғары өнімді өсімдік. 1 га-дан 6,2 – 9,8 ц пішен түседі. Изен – тамыры мықты жетілген, көп жылдық, жабайы бұршақша тәріздес, алабота тұқымына жататын өсімдік. Ол құрғақшылыққа және сортаң жерге өте төзімді келеді оның сабағы қызғылт түсті, жапырақтары өте ұсақ, гүлі реңсіз болады. ## Табиғатта таралуы. Жер шарына кең тараған Солтүстік Америкада, Еуропа, Азия және Австралияда кездесетін 80-ге жуық түрінің Қазақстанда 9 түрі кездеседі. Сор, сортаң, тасты, құмды дала мен шөлдерде өседі. Бұл өсімдік республикамыздың шөл және шөлейт аймақтарында өседі. Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстарының құмды жерлерінде жиі кездеседі.Дәрілік шикізат ретінде жаз, күз кезінде сабақтары орылып алынады. Орылған шөп көлеңкеде кептіріліп, құрғақ жерде сақталады. ## Химиялық құрамы. Гүлдеген кезде құрамында 8,4 – 17,3% протеин, 24,2 – 37,9% жасұнық, 3,5 – 4,3% май болады. Жемісі мен тұқымында 34,9% протеин, 8,2% май, 16,3% жасұнық бар.Изеннің жапырағы мен сабағында нәруіз, көмірсулар, минералды және дәреумен заттар, май бар. ## Қолданылуы. Изеннің кейбір түрлері (K. prostrata) әсемдік өсімдік ретінде өсіріледі. Жас өскіні тағамға, емге, сыпырғыш жасауға пайдаланылады. Мал дәрігерлігі практикасында асқазан – ішек органдарының жұмысын жақсартады, малдың азыққа деген тәбетін арттырады.Оның құрамындағы белоктың мөлшері күз, қыс айларында жаздағымен салыстырғанда көп болады. Изен шөбі қыс айларында қойға, жылқыға таптырмайтын азық. Сондықтан туралған изен шөбі көктем кезінде арықтаған, әлсіреген саулықтарға жемге араластырылып беріледі. Оны жеген қойдың асқорытуы жақсарып, тез оңалады.Изен шөбінен тұнба және қайнатпа жасап әлсіз, арықтаған бұзауларға, қозыларға ішкізуге болады. ## Дереккөздер Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // изен — "Қайнар", 1988. — Б. 79-80. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5. ## Сыртқы сілтемелер * Kochia * Прутняк веничный - Kochia scoparia - Описание таксона - Плантариум ## Ботаникалық сипаттамасы. Изен (Kochia) – алабұталар тұқымдасынажататын бір немесе көп жылдық бұташық өсімдіктер туысы. Сабағының биіктігі 10 – 100 см, гүлдері гүлжапырақсыз, қос жынысты, 5 мүшелі, 2 – 4-тен топталып жапырақ қолтығына орналасқан, кейде жеке жапырақты, масақты гүлшоғын құрайды. Аталығы – бесеу. Қазақстанда кең тараған түрі: жатаған Изен (K. prostrata) және сыпыртқы Изен (K. scoparia). Бұлар қуаңшылыққа төзімді, биіктігі 10 – 75 см, сабағы қара қоңыр қабықты бұташықтар. Тамыры жусан, діңгекті келеді. Сабақтары көп, қалың жапырағының сыртын түк басқан. Солғын жасыл, жіңішке гүлі қос жынысты болады. Тамыз – қыркүйекте гүлдеп, қазан айында жемістенеді. Тұқымы – сопақша дән. Изен бағалы жайылымдық, кейде шалғындық жоғары өнімді өсімдік. 1 га-дан 6,2 – 9,8 ц пішен түседі. Изен – тамыры мықты жетілген, көп жылдық, жабайы бұршақша тәріздес, алабота тұқымына жататын өсімдік. Ол құрғақшылыққа және сортаң жерге өте төзімді келеді оның сабағы қызғылт түсті, жапырақтары өте ұсақ, гүлі реңсіз болады. ## Табиғатта таралуы. Жер шарына кең тараған Солтүстік Америкада, Еуропа, Азия және Австралияда кездесетін 80-ге жуық түрінің Қазақстанда 9 түрі кездеседі. Сор, сортаң, тасты, құмды дала мен шөлдерде өседі. Бұл өсімдік республикамыздың шөл және шөлейт аймақтарында өседі. Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстарының құмды жерлерінде жиі кездеседі.Дәрілік шикізат ретінде жаз, күз кезінде сабақтары орылып алынады. Орылған шөп көлеңкеде кептіріліп, құрғақ жерде сақталады. ## Химиялық құрамы. Гүлдеген кезде құрамында 8,4 – 17,3% протеин, 24,2 – 37,9% жасұнық, 3,5 – 4,3% май болады. Жемісі мен тұқымында 34,9% протеин, 8,2% май, 16,3% жасұнық бар.Изеннің жапырағы мен сабағында нәруіз, көмірсулар, минералды және дәреумен заттар, май бар. ## Қолданылуы. Изеннің кейбір түрлері (K. prostrata) әсемдік өсімдік ретінде өсіріледі. Жас өскіні тағамға, емге, сыпырғыш жасауға пайдаланылады. Мал дәрігерлігі практикасында асқазан – ішек органдарының жұмысын жақсартады, малдың азыққа деген тәбетін арттырады.Оның құрамындағы белоктың мөлшері күз, қыс айларында жаздағымен салыстырғанда көп болады. Изен шөбі қыс айларында қойға, жылқыға таптырмайтын азық. Сондықтан туралған изен шөбі көктем кезінде арықтаған, әлсіреген саулықтарға жемге араластырылып беріледі. Оны жеген қойдың асқорытуы жақсарып, тез оңалады.Изен шөбінен тұнба және қайнатпа жасап әлсіз, арықтаған бұзауларға, қозыларға ішкізуге болады. ## Дереккөздер Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // изен — "Қайнар", 1988. — Б. 79-80. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5. ## Сыртқы сілтемелер * Kochia * Прутняк веничный - Kochia scoparia - Описание таксона - Плантариум
Имантау — Сарыарқадағы Имантау тауының солтүстік-шығысындағы көл. ## Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. ## Гидрографикасы Аумағы 49 км2, ұзындығы 13,1 км, енді жері 4,8 км. Орташа тереңдігі 5,7 м, ең терең жері 10 м-дей. Су жиналатын алабы 483 мың км2. Суы гидрокарбонатты, минералдану мөлшері 780–840 мг/л. ## Жағалау сипаты Имантаудың оңтүстік жағалауында қарағай, қайың аралас орман өседі. Оңтүстік-батыс жағасы биік, тік жарлы. Басқа жағалары жайпақ. Көлдің солтүстік-батыс бөлігін көлге сұғына енген мүйіс оқшаулайды. Орта бөлігінде тасты арал бар. Түбі оңтүстік-шығысында тастақ, солтүстігінде сазды-құмды, қалған бөлігінде лай батпақты. Көл жағалауында қоға аралас қамыс қопасы өседі. Көлге бірнеше жылға келіп құяды. Оңтүстік-шығысынан Иманбұрлық өзені ағып шығады. Мал суаруға, т.б. шаруашылықтарға пайдаланылады, көлден балық ауланады (торта, аққайран, алабұға, шортан, күміс түсті және сарғыш мөңке). ## Дереккөздер
Ирекжапырақ, иконниковия (Ikonnikovia) – қорғасыншөптер тұқымдасына жататын көп жылдық бұта. Қазақстанда Іле Алатауының бөктерлері мен Кетпен (Ұзынқара) жотасының етегіндегі тасты шатқалдарда кездесетін 1 түрі – Кауфман ирекжапырағы (Ikonnikovia kaufmanniana) бар. Оның биіктігі 15 – 60 см, тамыры жуан. Қысқарған сабағы алдыңғы жылғы жапырақ сағақтарының қалдығымен жабылған. Етжең, қалың, қауырсын тәрізді иректелген жапырақтары тамыр түбінен шығады. Күлгін, қызғылт түсті гүлдері бір-бірімен тығыз орналасып, сабақ ұшында ірі шашақ гүлшоғырын құрайды. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп (15 – 17 күндей), маусым – шілдеде жемістенеді. Жемісі ұзынша жіңішке, кішкентай дөңгелек қақпағы арқылы ашылады. Мәдени түр ретінде ашық грунтта 20-ғасырдың аяғынан бастап егіле бастады. Қазақстанда негізінен Бас ботаникалық бақта мәдени түрде өсіріледі. Кауфман Ирекжапырағы – өте әдемі, сирек кездесетін эндемик түр. Жылдан-жылға таралу аймағы азайып бара жатқандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтеме * Иконниковия Кауфмана
Итауыз– Ақжол тауының солтүстігіндегі қыстау. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Жезді кентінің солтүстік-батысынан 11 км жерде орналасқан. Қыстау Бала Жезді және Үлкен Жезді өзендерінің аңғарында, жонды-белесті ойпатта жатыр. Маңында Талдысай, Қарабұлақ қыстаулары бар. Ұсақ шоқылардың бойынан бұлақтар бастау алады. Балажезді өзенінен мал суаруға арналған су айдағыш станциясы орналасқан. Өңір мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Итарқа – Баянауыл тауларының оңтүстік-шығысындағы тау. ## Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жүсіпбек Аймауытов ауылының солтүстік-батысында 4 км-дей жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 471 метр. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 17 км-ге, енді жері 7 км-ге созылып жатыр. ## Жер бедері, геологиялық құрылымы Беткейі көлбеу келген. Тау силур мен девон кезеңдерінен, кристалды гранит, тақтатас жыныстарынан түзілген. Аймақ магнитті аномалиялық ауданға жатады. Батысында бірнеше ұсақ көлдер бар. Таудан Еспе және Қарасу өзендерінің салалары бастау алады. ## Өсімдігі Тауалды қоңыр топырағында жусан, сұлыбас, боз, селеу, бетеге өседі. ## Дереккөздер
Итжон – Сексеуілдідала даласының солтүстігіндегі төбе. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылының оңтүстігінде 41 км жерде. Жамбыл тауының аңғарында орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 336 м. Маңында Қояндыөзекқұдық, Жыңғылдыбұлақ, Шиелібастау бұлақтары, Серікбай құдығы бар. Шөгінді малтатастардан, құм мен саздақтан түзілген. ## Өсімдігі Белесті құмды жалдар мен ойыстардың аралығында шөлді табиғатқа бейімделген сексеуіл, күйреуік, баялыш, сарсазан, теріскен, жүзгін, жыңғылбас, т.б. өседі. ## Дереккөздер
Итбас – Төретай таулары мен Балқаш көлінің аралығындағы оқшауланған тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ащыөзек қонысынан солтүстікке қарай 25 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 612 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км. ## Жер бедері Беткейлері көлбеу, түпкі жыныстары жалаңаштанған. Маңында Тесіктас бұлағы, Қызылқұдық құдығы орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Силур жүйесінің төменгі кезеңінің тау жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Сұр қоңыр, тақыр типтес сортаңды топырақ жамылғысында эфемерлі сұр жусан, күйреуік, баялыш, бұйырғын өседі. Тау етегі мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Итмұрын – Шу өзені мен Мойынқұм құмының аралығындағы төбе. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайлаукөл ауылының шығысында 3 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 276 м. Итмұрын төбесі солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта созылып жатыр. Ұзындығы 2 км, енді жері 1 км. Маңында көптеген тұзды көлдер, солтүстігінде Жиделі қонысы, оңтүстігінде Қарақаңлы бұлағы орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Аллювийлі жазықтағы шөгінділер төменгі төрттік кезеңінің жыныстарынан түзілген. ## Дереккөздер
Иірдің ойы – Маңғыстаудағы Айрақты тауының солтүстік етегіндегі ойпаң. ## Жер бедері Солтүстік-батысы белесті жал, солтүстігінде Ақтау жотасы, оңтүстігінде-шығысы адырлы жал. Беткей ағысы ойпаңға тоғысып көктемде көл түзіледі. Жазда көлдің кепкен орнына өлі шөп қалың шығады. Иірдің ойында ертеде тары егілген, маңында мал қыстаулары көптеп кездеседі. Жер атауы су иіріліп, көп жатуына байланысты Иірдің ойы деп аталған. ## Дереккөздер
Иректіс, берула (лат. Berula) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық батпақ өсімдіктері. Қазақстанда Іле, Күнгей Алатаулары мен Батыс Тянь-Шаньдағы Қаратаудың өзен-көл, жылғалар мен арықтардың жағалауларында өсетін 1 түрі – түзу Иректіс (В. erecta) бар. Оның биіктігі 50 – 60 см, тамыры шашақталған, сабағының іші қуыс, сырты жіңішке тілімденген. Жапырақтары негізінен судың ішінде жатады, су бетіне шыққандарының сағақтары әлсіз, ұзынша немесе қауырсынды тілімденіп келеді. Тостағанша жапырақшаларының жіңішке тісшелері анық көрінеді, күлтелері ақ түсті, пішіндері жұмыртқа тәрізді. Гүлдері 15 – 20-дан топталып, шатырша гүлшоғырын құрайды. Шілде айында гүлдеп, тамызда жемістенеді. Жемісі домалақ, ұзындығы 2 мм-дей болады ## Түрлері * Berula bracteata (Roxb.) Spalik & S.R.Downie * Berula burchellii (Hook.f.) Spalik & S.R.Downie * Berula erecta (Huds.) Coville – түзу иректіс * Berula imbricata (Schinz) Spalik & S.R.Downie * Berula repanda (Welw. ex Hiern) Spalik & S.R.Downie ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтеме * Берула - семена растений
Итмұрын– Қойтас тауының солтүстік-шығысындағы қоныс орны. Ақмола облысы Ерейментау ауданында орналасқан. Өлеңті және Тінеке өзендерінің аңғарында. Қоныстың бойында Құмдыкөл, Қоңқа, т.б. көптеген көлдер бар. Оңтүстік-шығысында өзімен аттас жайлау орналасқан. Итмұрын Павлодар облысымен шекаралас жатыр. ## Дереккөздер
Иіркөл – Ырғыз өзені алабындағы тұйық көл. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы жерінде орналасқан. Ақкөл ауылының оңтүстігінде 40 км жерде орналасқан. ## Гидрографикасы Аумағы 4 км2, ұзындығы 3 км, енді жері 1 км, жағалау бойының ұзындығы 17 км. Жағасын қамыс кұрақтары басқан. Көл көктемгі жауын-шашын және жер асты суларымен толысып, жазда тартылып қалады.‎
КАЛИЙ ТҰЗДАРЫНЫҢ КЕНДЕРІ, калий тұздары – суда оңай еритін калий не калий-магний минералдарының шөгінді түрінде түзілген хемогендік тау жыныстары. Олардың басты минералдары: сильвин (KCl; 52,44% K), карналлит (KCl·MgCl2·6H2O; 35,8%К), кайнит ([[KMg [SO4]Cl·3H2O]]; 14,07% K), полигалит ([[K2MgCa2 [SO4]4·2H2O]]; 12,97% K), лангбейнит ([[K2Mg2[SO4]3]]; 18,84% K), қосымша минералдары: леонит, шенит, сингенит. Калий тұздарының кендері құрғақ және жылы климат жағдайларында галитке қаныққан су бассейндерінен бөлініп, калийге байыған сулардағы тұздықтың булану нәтижесінде түзіледі. Қалыңдығы ондаған, жүздеген метрге жететін қабат және линза түріндегі калий тұздары тас тұздарының арасында кездеседі. Құрамында тұзы бар тау жыныстары деформацияға шалынғанда, тұз антиклиньдары, брахисинклиньдары, штоктары пайда болады. Мұндай жағдайлар девон, пермь, неоген кезеңдерінде орын алған. Калий тұздары металлургияда, медицинада, пиротехникада, шыны, сабын, бояу өндірісінде, тері илеуде, химия өндірісінде қолданылады. Қазақстанда Калий тұздарының кендері Атырау (Индер) және Ақтөбе (Жилянское) облыстарында бар. ## Сілтемелер
Каменная – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жаңаталап ауылының оңтүстік-батысында 22 км жердегі шоқылы тау. Терісаққан өзенінің аңғарында. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 259 м. Беткейі көлбеу, пішіні доға тәрізді келген. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 2 км-ге созылған, енді жері 600 м шамасында. Бор жүйесінің шөгінділерінен құралған. ## Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге аралас дала өсімдіктері өседі. Етегі шабындық. ## Дереккөздер
Тастыкөл, Каменное озеро – Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречное ауылының шығысында 3 км жерде орналасқан ботаникалық қорықша. ## Сипаты Табиғаттың бірегейі саналатын бұл жер суықты сүйгіш (бореалды) флораның қорғанышы саналады. Плиоценнің соңы, төрттік кезеңнің басында қалыптасқан «Каменное озеро» Тобыл өзенінің жағалаулық ескі арнасын алып жатыр. Ауданы 100 га. ## Флорасы Қорғалатын өсімдік типтеріне көлдің солтүстік террасалы беткейлеріндегі қайың шоқ ормандары жатады. «Мас орман» деп аталатын бұл шоқ орманда салпыншақ қайың мен көктерек басым өскен. Орманның төселмесінен тікенекті раушан, қара жемісті ырғай, алқызыл долана, қара қарақат және кәдімгі мойыл құрайды. Орман алаңқайларында даланың кәдімгі бұталары: бояу бекіш, талбұршақ, даланың сары қарағаны өседі. Сирек кездесетін өсімдіктерге: орман қырықбуыны, сепкілгүл, өзгермелі сайсағыз, хош иісті қырлышөп жатады. Кейде сирек болса да сынықша цистоптерикс, кәдімгі түйеқұсшөп пен таға кездеседі. ## Дереккөздер
Каменка газ конденсат кен орны – Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы аумағында, Орал қаласынан батысқа қарай 75 км жерде орналасқан. 1986 жылы ашылған. ## Жатыс сипаты Кен орны төменгі қазан қабатындағы Калинов шоғырының тұзаралық қабатының карбонатты жыныстарында (156 – 180 м). Газды, аздап конденсат бар. Шоғырлары қабатты-күмбезді, қабатты. Шоғыр қоры 2662 м-де анықталған. Жабындысы қазан қабатының тұзды қабатынан тұрады. Коллекторы кеуекті және кеуекті-жарықшақты типке жатады. Орташа кеуектігі 5,7 – 12,6%, орташа өткізгіштігі 156 фм2. Бастапқы қабат қысымы 2700 м-де 45,4 МПа, қабаттық температурасы 78°С. Газдың бастапқы қысымы тәулігіне 6,4 – 1280 мың м33. ## Құрамы Газдағы конденсаттың мөлшері орта есеппен 40 г/м3, тығыздығы 760 – 790 кг/м3. Газ құрамында метан (87%), этан (1,2%), пропан (0,6 – 0,8%), бутан (0,19 – 0,28%) кездеседі. ## Дереккөздер
Каменный Карьер — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы, Ушанов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Глубокое кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Каменные ворота, Тасқақпа – Сайқан жотасының қиыр шығысындағы асу. ## Географиялық орны Қазақстан (Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы) мен Қытай шекарасы аралығында орналасқан. ## Жер бедері Теңіз деңгейінен 1469 м биіктікте. Шығыс етегіндегі шатқалдан Ұласты өзені ағып өтеді. Асудан салт атты адам наурыз – қазан айларында өте алады. ## Дереккөздер
КАНЫЧИН ТАРМАҒЫ– Атырау облысы Құрманғазы ауданы теңіз жағалауы бойындағы тармақ. Қиғаш өзенінің теңіздегі жалғасы саналады. Ең тар жері 2,5 км. Жағалаулары жырымдалған, шығанақ, бұғаздар көп. Қиғаш өзенінің сағасында тоғай өскен. ## Сілтемелер
«КАМЕНСКОЕ ПЛАТО»– таудың таза ауасы және қымызбен емдейтін санаторий. Іле Алатауының беткейінде, Алматы қ-нан 10 км, теңіз деңгейінен 1360 м биіктікте орналасқан. Жаз айларының орташа температурасы 18,1 – 20°С, қыста –2,7 – 4,4°С, құрғақ; ең суық айы – желтоқсан (–24,5°С). Алғашқыда демалыс үйі болып құрылып, 1932 ж. өкпе туберкулезін емдейтін санаторийге айналды. Қазір санаторий Алматы қалалық әкімш-не қарайды. Жыл бойы жұмыс істейді, бір мезгілде 150 адам емделеді (2008). 1971 жылдан бастап 75 орындық урол., гинекол. бөлімдер ашылған. «К. п.» санаторийіндегі негізгі ем: қымыз, климаттық факторлар (тау бөктеріндегі шыршалы орман, шипалы таза ауа, сұлу табиғат), сондай-ақ физиотерапия, гелиотерапия тәсілдері қолданылады. Жақсы жабдықталған рентген кабинеттері, лабораториялар бар. Санаторийде өкпеге операция да жасайды.‎
Каспий албырты (ағылш. 'Salmo trutta caspіus') – албырттар тұқымдасының бір түр тармағы. Негізінен Каспий теңізінің оңтүстік-батыс аймағын мекендейді. Солтүстік Каспийде сирек кездеседі. Кавказ жотасынан ағатын өзендерге өрлейді. 20 ғ-дың басында аз да болса Еділ мен Жайық зендеріне өрлейтін. Албырттардың ішіндегі ең ірісінің ұзындығы 100 см, жыныстық жағынан жетілгендерінің салмағы 2 – 7 кг. Қара теңіз албыртына (S. trutta labrax) ұқсас, айырмашылығы – құйрық сабағы жіңішке келеді. Каспий теңізінің Қазақстан бөлігінде мекендейтіндерінің тіршілігі аз зерттелген. Әдетте, бұл өткінші (өрістегіш) балық. Алғашқы жылдарын өзенде, кейін теңізге шығып, сонда 3 – 5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын (45 мыңға дейін) өзеннің түбіндегі малтатасты жерлерге, қазан – қаңтар айларында (судың температурасы 3 – 13°С-қа жеткенде) шашады, ұрығы 26 – 90 тәулік аралығында жетіледі. Теңізге шықпай, тек өзенде тіршілік ететін аталықтары да болады. Каспий албырты 10 жылдай тіршілік етеді. Басқа албырттар сияқты Каспий албыртының көлемінің өсуі, салмағының артуы теңіздегі тіршілік жағдайына байланысты. Шабақтары жәндіктердің дернәсілдерімен, бүйірімен жүзушілермен қоректенсе, ересектері – балықтармен (килька, атерина, майшабақ), мизидалармен, креветкалармен) қоректенеді. Каспий албыртының саны қай кезде де көп болған емес. Каспийдің оңттүстік-батыс бөлігінен басқа жерде сирек кездеседі. Оның жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер