text
stringlengths
3
252k
Айыртау белгі тасы , Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы Ұлытау ауылына жақын, Айыртау етегінде орналасқан. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Ұлт және мәдениет мәселелері жөніндегі комитетінің Жезқазған – Ұлытау өңірінде өткізілген көшпелі мәжілісіне қатысушылар қойған белгі тас. Оған «қазақ халқының бірлік тұтастығын паш ететін оқиғалардың ескерткіші ретінде қойылды» деп жазылған. Сол белгі тас басында; * 1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен жиын өткізілді. Осы жерде 2005 жылы «Қазақстан мемлекеттігінің тұтастығы мен халықтар бірлігі» монумент]і бой көтерді. ## Дереккөздер
Акантодтар (лат. Acanthodii) – жойылып кеткен балықтардың қарапайым жеке класы. Кейде А-ды жақжелбезектілер деп те атайды. Бұлар тұщы суларда таралған. Акантодтың дене тұрқы орташа, тығыз жауып тұратын сүйекті тақташалармен қапталған. Жүзбеқанаттарының негізі жалпақ болып келген, ірі жұп көкірек, құрсақ жүзбеқанаттарының аралығында қосымша ұсақ жүзбеқанаттары болған. А-дың осы ерекшелігіне қарап ғалымдар, олардың ерте кезде денесінің екі бүйірінде болған тұтас қатпарлардың қалдығы, жұп жүзбеқанаттарының пайда болуына бастама берген деп жорамалдайды. Акантодтардың арғы тектеріне тән жақ доғаларында жеке бунақтар сақталған. Денесі ұзынша, ұршық пішінді болған. Басы, денесі сүйекті тақташалармен және көптеген қабыршақтармен қапталған. Бас қаңқасы көбіне шеміршекті кейде сүйектенген. Жақ доғасы үлкен, үстіңгі жағы 3 – 4, ал астыңғы жағы 1 – 2 элементтен түзілген. Көпшілік түрлерінде желбезек саңылаулары сыртқа жеке-жеке ашылып, кейбіреулерінде сүйекті желбезек қақпақтар пайда болған. Жақ және тіласты доғаларының арасында желбезек саңылаулары сақталған. Олардың белдеулері мен жұп желбезекқанаттарының қаңқасы қазіргі кездегі шеміршекті балықтардың қаңқасына ұқсас болған. А. палеозойдың девон кезеңінде тіршілік етіп, пермьде біржола жойылған. Қазіргі кезде А-дың бір тармағынан шеміршекті балықтар, екінші тармағынан сүйекті балықтар пайда болған деп болжам жасалады. ## Дереккөздер
Ақаба сулар — тұрмыстық қоқыстар және өндірістік қалдықтармен ластанып, елді мекендер аумағынан арнаулы канал жүйелері арқылы сыртқа шығарылатын сулар. Ол тұрмыстық (мысалы: аурухана, асхана, монша, жеке пәтерлерден тағы басқа шығарылған сулар), өндірістік (мысалы: кен байлықтарын өндіру кезінде жер астынан айдап шығарылған, жылу агрегаттарын суыту кезінде пайдаланылған тағы басқа сулар) және атмосфералық (жаңбыр және қар мен мұздан еріген тағы басқа сулар) болып бөлінеді. Қоршаған табиғи ортаны ластайтын болғандықтан мұндай суларды дер кезінде тазарту қажет. Ақаба суларды тазарту механикалық (судағы тез тұнатын немесе су бетіне қалқып шығатын заттарды техникалық құралдармен арылту, ол үшін көбіне қиыршық тасты, құмды сүзгіні пайдаланады), биологиялық (микроорганизмдердің көмегімен органикалық заттарды суда жақсы еритін минералды не қарапайым затқа дейін ыдырату), физикалы-химиялық (ақаба суды ластағыш заттардан коагуляция, адсорбция және хлорлау арқылы тазарту) сияқты әдістермен жүзеге асырылады. ## Дереккөздер
Акцессор минералдар, акцессориялар (латынша accessorіus — қосымша) — тау жыныстары құрамында өте аз (мөлшері 1 пайыздан аспайды) тараған минералдар. Акцессор минералдар тау жыныстарын құрайтын минералдар құрамында сирек және кентасты элементтердің минералдық шашырауы мен шоғырлануының ерекше түрі болып табылады. Акцессор минералдары: * апатит; * циркон; * турмалин; * танталит; * анартастар; * ортит; * титанит; * флюорит; * топаз; * магнетит; * ильменит; * пирит; * рутил; * монацит; * сфен. Тау жыныстары бұзылғанда акцессор минералдар әдетте тотығу белдемінде жиналады, кейде өндірістік маңызы бар кендер түзеді. Әсіресе, сирек металды акцессор минералдардың (тантал-ниобаттар) маңызы зор. Сонымен бірге, олар стратиграфиялық және петрографиялық корреляттауда, тау жыныстарының жасын анықтау үшін қолданылады. ## Дереккөздер
Ақажансай дария – Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы Сырдария өзенінің тармағы, ескі құрғақ арна. ## Гидрологиясы Ұзындығы 72 км. Қар ерігенде ғана арнасымен су ағады. Осы аймақта болып тұратын күшті желдердің әсерінен Ақажансай дария арнасы бастапқы көрінісін мүлде өзгерткен. Табаны кең әрі тегіс, саяз. Арнасының басым көпшілік бөлігі үрінді құмға толған. Құм төбелер мен шағылдар тікелей арнаға тіреліп жатады. ## Дереккөздер
Ақбақай (лат. Petasites) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Солтүстік жарты шардың орманды белдемдерінде кездесетін 18 түрі белгілі. Қазақстанда өзен-көлдердің құмды жағалауында өсетін 1 түрі – жалған Ақбақай (Petasіtes spurіous) бар. Биіктігі 15 – 50 см, тамыр сабағы бұтақты, сабағын қалың түк басқан. Жапырақтары ірі (ені 60 см болады). Гүлдері ұсақ, білінбейді, масақ гүлшоғырына топталған. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – сүйекше. А-ды халық медицинасында жөтелді, демікпені, жүйке ауруларын емдеуге пайдаланады. ## Дереккөздер
Ақбас – Есіл алабындағы тұщы көл. ## Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Сырымбет ауылынан солтүстік-батысқа қарай 2 км жерде, теңіз деңгейінен 220,4 м биіктікте жатыр. ## Гидрографикасы Ауданы 11,08 км2, ұзындығы 6 км, ені 3,1 км, жағалау бойының ұзындығы 19,0 км, су жиналатын алабы 110 км2. ## Жағалау сипаты Көлдің жағасы жайпақ, түбі лайлы. Жағалау бойының кей жерінде қамыс, құрақ өседі. Су жиналатын алабының 20%-ға жуығы жыртылған. Қар және жер асты суларымен толығады.
Ақауыл , Белый аул – Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы қыстау. Мүктікөл ауылының солтүстік-шығысында 5 км жерде орналасқан. Шығысынан Тобыл өзені ағады, батысынан 30 км жерден Ресейдің шекарасы өтеді. Көлді-аллювийлі жазықтағы қара топырағында боз, селеу өседі. Жануарлардан қоян, сұр тышқан, сасық күзен, атжалман; құстардан ителгі, үйрек, дала тырнасы бар. ## Дереккөздер
Ақбақалы – Қызылорда облысы Жалағаш ауданының қиыр оңтүстігінде, Қызылқұм құмының солтүстігінде орналасқан құдық. Тереңдігі 29 м, су шығымы 2000 л/сағ. Тізбекті төбешік құмдарда сексеуіл шоғырлары мен жусан өседі. Жануарлардан қоян, сарышұнақ, ақ бөкен, қарақұйрық, т.б. мекендейді. ## Дереккөздер
Ақбақай алтын кен орны — Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы Мойынқұм ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 60 км жерде орналасқан. 1968 жылы геолог Д. Дүйсенбеков ашқан. ## Жатыс сипаты, геологиялық құрылымы Кен орны негізгі 5 тік құлайтын (Басты, Түкен т.б.) және 9 көлбеу жатқан желілерден тұрады. Желілердің ұзындығы 250 м-ден 600 м-ге дейін, қалыңдығы бірнеше см-ден 1,5-2 м-ге жетеді. Олар жан-жағынан березит тау жынысымен қоршалған кварц-желілі өзек түзейді. Кентас 900-1300 м тереңдікке дейін таралған. Кен түзілу процесі габбропорфирит және ашафит дайкалары жыныстарды жарып шыққаннан кейін, алтын-сүрмелі минералданумен аяқталған. Кен Қызылжар интрузивті кешенінің ішінде және девон жанартау тастекті шөгінді жыныстарының бойында қалыптасқан. ## Кен орнындағы алтын түрлері Кен орнында алтынның 4 түрі кездеседі: * 1) арсенопирит минералы бойындағы ұнтақдисперсті алтын; * 2) кварцтағы сеппе, ұя, желі түрінде шоғырланған бос алтын (өлшемдері 0,01-0,1 мм-ден бірнеше мм дейін); * 3) кварц-карбонатты желілердегі түйіршік және қабыршақ түріндегі алтын; * 4) гипергендік процеспен байланысты қабыршықты және дендритті алтын. Алтынның орташа мөлшері жер бетіне жақын аралықта аса жоғары — 60-109 г/т, ал 500-600 м тереңдікте 7-10 г/т-ға дейін төмендейді. Ақбақай алтын кені Қазақстандағы ірі кен орны қатарына жатады, оның негізінде Ақбақай кен-байыту комбинаты салынған. ## Дереккөздер
Айыркезең – Алматы облысы, Кербұлақ ауданы Сатылы асуының солтүстік-шығысындағы асу. Арасан, Көксу өзендерінің аңғарында орналасқан. Асудан маусым – қыркүйек айларында жаяу және салт атты адам өте алады. ## Дереккөздер
Ақбас қаз (лат. Anser indicus) – қазтәрізділер отрядының үйректер тұқымдасына жататын қаздың бір түрі. Орталық Азияның биік таулы аймақтарында (Алтай, Тянь-Шань, Памир, Алай), көлдер мен өзендердің аңғарын мекендейді. Басы мен мойнындағы қауырсыны ақ түсті болғандықтан ақбас қаз деп аталған, кейде биік таулы аймақтарда кездесетіндіктен «тау қазы» деп те атайды. Ақбас қаздың салм. 2 – 3 кг, аяғы біршама ұзындау келеді, құрлықта жылдам жүріп, тез жүгіре алады. Тіршілігінің көп уақыты құрлықта өтеді, түлеген кезде ғана суда жүзіп жүреді. Су жағалауындағы өсімдіктердің тамырымен, жапырағымен, тұқымдарымен, балдырлармен, кейде ұсақ омыртқасыз жәндіктермен қоректенеді. Қазақстанның оңт.-шығыс аймағындағы (Алматы, Жаркент, Райымбек өңірінде), Зайсан қазаншұңқырының сулы-батпақты жерінде кей жылдары кездесіп қалады. Соңғы жылдары саны азайған, қорғауды қажет етеді. ## Суреттер * * * * * * * * * * * ## Дереккөздер
Ақбастау – Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы өзен. Ұзындығы 44 км. ## Бастауы Бастауын Қараш тауындағы Жамбас асуының бөктерінен алып Толқын (Есдәулет) тоғанына құяды. ## Гидрологиясы Жоғарғы ағысында тік жарлы шатқалмен ағады, орта ағысында Талдыбұлақ аулынан төменде аңғары кеңейеді. Жаз айларында құрғап, қарасуларға бөлініп қалады. ## Дереккөздер
Ақбастау – Бетпақдаланың оңтүстігіндегі оқшау тау. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы жерінде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 491 м. Тау солтүстіктен оңтүстікке, оңтүстік-батысқа қарай доғаша созылып жатыр. Ұзындығы 8 км, енді жері 3-3,5 км. ## Геологиялық құрылымы Жер қыртысы палеоген жүйесінің әктас, құмтас, саз, малтатастарынан түзілген. Батысы мен оңтүстік беткейлері көлбеу келген, шығысы мен солтүстігі тіктеу. ## Өсімдігі Тау етегінде теріскен, еркек шөп, бұйырғын, қара жусан, беткейлерінде сұр жусан аралас астық тұқымдас шөптесін өседі. Беткейлерінде сұр, сортаң топырақ жамылғысы қалыптасқан. Жыл бойы мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Ақбас құмай (лат. Gyps fulvus) – сұңқартәрізділер отряды, қырғилар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақстанда негізінен Іле, Күнгей, Теріскей және Жетісуларында (Жоңғар) кездеседі. Бірақ ұясы Шолақ тауларынан ғана табылған. Денесінің ұзындығы 1,12 м, қанатының ұзындығы 68 см, қанатын жайғанда ұзындығы 2,56 м, құйрығының ұзындығы 30 см. Түсі ақшыл сары, қоңыр. Отырықшы құс. Жұп құрып (2 – 5 кейде 20) тіршілік етеді. Ұясын тік жарлардың қуысына бір-бірінен 30 – 50 м жерде салады. Көбеюі жөнінде деректер шамалы. Жұмыртқасын ұябасары мен шәулісі кезектесіп басады. Өлекселермен қоректенеді. Ақбас құмайдың таралу аймағы өте аз, саны жылдан-жылға азаюына байланысты Алматы облысының «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Суреттер * * * * * ## Дереккөздер
Ақбастау – Нұра алабындағы өзен. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының батысындағы өзен. ## Бастауы Шет ауданының солтүстігіндегі Жақсы Қаражал тауының бұлақтарынан басталып, Жуантөбе, Егізқызыл тауларының батыс тұсында Нұра өзеніне құяды. Ұзындығы 83 км, су жиналатын алабы 1570 км2. Жылдық орташа су ағымының мөлшері 0,18 м3/с. ## Гидрологиясы Сол жағынан Айнасу, Қамыстыбұлақ, оң жағынан Қасқақұдық сияқты ұзынды-қысқалы 8 сала құяды. Суы жыл бойы ішуге жарамды. Желтоқсанның 1-жартысында суы қатып, сәуірдің 1-жартысында мұзы ериді. ## Өсімдігі Аңғарының шалғындық ақшыл қара қоңыр топырағында бидайықты шалғын, тал бұталар, алабының қыратты жерінде бетеге, қызғылт селеу, т.б. өседі. Жайылмасы шүйгін шабындық болғандықтан жайылым ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Ақбас еменшөп (лат. Teucrium polium) – ерінгүлділер тұқымдасы, еменшөп туысына жататын шала бұта. ## Таралуы Қазақстанда тек Маңғыстаудың құрғақ төбелерінде, сазды және тасты тау баурайларында, шөгінді жерлер мен құм шеттерінде өседі. ## Ботаникалық сипаттама Биіктігі 5 – 30 см, кіндік тамырлы өсімдік. Сабақтары түп жағынан көтеріліп өсіп, жоғарылаған сайын сыпыртқы немесе қалқан тәрізді бұтақтанып кетеді. Жапырақтары таспа не қандауыр тәрізді, ұзындығы 0,5 – 3 см, ені 1,8 мм-дей. Тостағанша жапырақшалары қысқа түтікті қоңырауға ұқсас, сыртын қалың ақталшықтар жапқан, жолақты. Күлтесі тостағаншадан ұзындау, сырты талшықты-жалбырақ. Аталықтары гүлден сәл қылтиып шығып тұрады. Гүлдері ақшыл не сарғыш түсті, жалған күлтебас гүлшоғырына топталған. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс береді. ## Экология Ақбас еменшөптің таралу аймағы өте аз болғандықтан Маңғыстау облысының «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер
Ақбасты – Арал теңізінің солтүстік-шығысында, жағалаудан 12 км жерде, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатқан бұрынғы арал. ## Сипаты Жер аумағы 8 км2, ұзындығы 10 км, ені 1,3 км. Ақбастының жер бедері жазық, құмдақты шөгінділерден түзілген. Кезінде сан түрлі құстар мекендеген, суы балықтарға бай болған, жағалауында ну қамыс, қоға өскен Ақбасты теңіз суының саяздануына байланысты көршілес жатқан Қосарал, Күшжетпес (Құсжетпес), Қараарал және Орысқамыс аралдарымен бірігіп, теңіз жағалауына айналған. ## Дереккөздер
Ақбасшөп (лат. Karelinia) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанның шөлді аймақтарында кең таралған. Оның Қазақстанда каспий Ақбасшөп (K. caspica) түрі ғана бар. Ол сор, сортаң топырақты жерлерде, өзен-көл жағалауларында, көшпелі, сусымалы құмды аймақтарда өседі. Биіктігі 1,5 м-дей. Тік, қырлы сабағына бұтақтары кезек орналасады. Жапырағы қалың, жиегі бұдырлы келеді, гүлшоғырына дейін жапырақтанады. Сағақсыз жапырақшалары (ұзындығы 2 – 6 см, ені 0,5 – 2 см) сабақты орай кезектесіп орналасады. Ұсақ гүлдері себет гүлшоғырына шоғырланады. Маусым – шілде айларында гүлдейді. Тамызда жеміс береді. Ақбасшөпті мал сүйсініп жейді. ## Дереккөздер
Ақбауыр айқабақ (лат. Acrocephalus stentoreus) – торғайтәрізділер отрядының сандуғаштар тұқымдасына жататын құс. Ол Орталық Азияның және Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі Сырдария, Келес, Арыс, Шу, т.б. өзендердің жағалауындағы қалың қамыс өскен жерлерде тіршілік етеді. Ақбауыр айқабақтың тіршілігі әлі толық зерттелмеген. Жылына қанша рет көбейетіні де анықталмаған. Оның арқа жоны сарғыш қоңыр, бауыры ақшыл, тұмсығы қара қоңыр болады. Дауысы ащы. Ақбауыр айқабақ – жыл құсы. Сәуірде ұшып келеді де, қыркүйекте Оңтүстік Азияға, Африкаға қыстауға ұшып кетеді. Ұясын қамыс сабақтарының басына тостақ пішінді етіп салады. Жылына 4 – 6 жұмыртқадан табады. Ұсақ жәндіктермен және олардың дернәсілдерімен қоректенеді. ## Дереккөздер
Ақбауыр сұрқарлығаш (лат. Apus melba) – ұзынқанаттылар отрядының сұрқарлығаштар тұқымдасына жататын құс. Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында кездеседі. Аласа тау сілемдерін, үңгір, жартастарды мекендейді. Қанатының ұзындығы 20 – 22 см, салмағы 70 – 120 г. Арқасы мен мойнының түсі сұр. Қанаттары ұзын әрі орақ тәрізді имек келеді. Тұмсығы мен аяғы қара түсті. Аяқтары өте қысқа. Жерге қонбай, үнемі әуеде ұшып жүреді. Басқа сұрқарлығаштардан бауырының ақ болуымен ерекшеленеді. Ірі тастар арасындағы терең қуыстарға ұя салады. Ұясы кездейсоқ бұзылса, қайта жұмыртқалайды. Мекиені мен қоразы 3 – 4 ақ түсті жұмыртқаны кезектесіп, 18 – 21 күндей басады. Балапандарын 40 шақты күнде ұядан ұшырады. Ақбауыр сұрқарлығаш – жыл құсы. Тамыз – қазан айларында жылы жаққа ұшып кетеді. Оңтүстік Африкада қыстайды. Сәуір – мамыр айларында қайта оралады. Ақбауыр сұрқарлығаш зиянкес жәндіктермен қоректеніп, пайда келтіретін құс. ## Дереккөздер
Ақ Берел (Бергіел) – Бұқтырма өзенінің оң саласы. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданындағы өзен. Ұзындығы 65 км. ## Бастауы Бастауын Қатын жотасының мұздықтарынан алады. Тік тау шатқалдарымен ағып, Қара Берел өзеніне қосылған тұста арнасы кеңейеді. Берел (Бергіел) ауылы тұсында Бұқтырма өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Қар, мұздықтармен толығады. Суы қараша айының 2-жартысында қатып, мамыр айында мұзы ериді. Өзен аңғарында қарағай, самырсын, терек, қайың ормандары өседі. Аңғары мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Ақбет тауы – Сарыарқаның солтүстік-шығысындағы Баянауыл тауларының ең биік сілемі. ## Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданының жерінде орналасқан. Ең биік жері 1026 м. Батыстан шығысқа қарай 17 км-ге созылып жатыр, ені 5-7 км. ## Жер бедері Беткейлері құзды-қиялы, жартасты және жақпартасты болып қатты тілімденген. Торайғыр, Жасыбай, Сабындыкөл көлдері Ақбет тауының баурайында орналасқан. Бұлақтар көп. Табиғаты сұлу. ## Геологиялық құрылымы Силур мен девон дәуірінің кристалды гранит, сиенит, порфирит, тақтатас жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Беткейлерінде қарағай, арша және тобылғы, т.б. бұталар, етегінде қайың, терек, тал өседі. ## Дереккөздер
Ақбейіт алтын кені – Ақмола облысы, Астрахан ауданында Жалтыр темір жол станциясынан шығысқа қарай 12 км жерде орналасқан. 1933 жылы геолог А.К. Комиссаров ашқан. Қорының шектеулігінен онда ірі тау-кен өндірісі ұйымдастырылмаған, кенді негізінен жеке артельдер өндірді. Кен орны қойнауынан 10 тоннадан астам алтын алынған. ## Геологиялық құрылымы Ақбейіт алтын кені кварц-желілі кендерге жатады, ол ордовиктің жанартаутекті-шөгінді жыныстарының және шток пішінді диорит интрузивтерінің ішінде жатыр. ## Жатыс сипаты Кен денелерінің ұзындығы ондаған метрден 300-500 м-ге дейін жетеді, қалыңдығы 0,3-0,5 м болады. Жер асты қазбалары кварцты желілерді 120 м тереңдікке бойлайды. Алтын негізінен микронмен өлшенетін ұнтақ түрінде ғана таралған. Ұсақ түйір, жұқа қабыршақ түрінде көзге көрінетін алтын сирек кездеседі. Балансты кентастардағы алтынның орташа мөлшері32,3 г/т. ## Минералдары Ақбейіт алтын кенінде алтыннан басқа пирит, халькопирит, арсенопирит, сфалерит, галенит, висмут, электрум, таза күміс кездеседі. Олардың кендегі жалпы мөлшері 3-5%-ға дейін. ## Дереккөздер
Ақбиік – Бүйіртас тауылы қыратының орта тұсындағы тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерінде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1268 м. Ақбиіктен Тайшек, Саттыбай өзендері бастау алады. Таудың беткейі тік жартасты. ## Өсімдігі Баурайының қара және сортаң топырағында көкшұнақ бетеге, боз, селеу, қозықұлақ өседі. ## Дереккөздер
‎ Ақбұйрат – Қоңыртемірші және Көкшетау таулары аралығындағы тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 903 м. Ақбұйрат тауындағы бұлақ суы (көзі) батысындағы Сарыөзек өзеніне құяды. ## Өсімдігі Тау баурайының сортаң топырағында қызылқұрт, көкшұнақ бетеге, селеу өседі. ## Дереккөздер
Ақбұлақ – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік бөктеріндегі жота. ## Географиялық орны Жетісу облысы Сарқан ауданы жерінде. Үлкен Басқан және Кіші Басқан өзендерінің аралығында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 3004 м. ## Өсімдігі мен жануарлар дүниесі Таулы-орманды және таулы-шалғынды топырағында шырша ормандары мен түрлі бұталы ағаштар өседі. Жануарлардан Тянь-Шань орман сұр тышқаны, сілеусін, арқар бар. ## Дереккөздер
Ақбұлқақ – Бұқтырманың оң саласы. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 57 км. Су жиналатын алабы 1050 км2. ## Бастауы Қатын жотасындағы Мұзтаудың мұздықтарынан басталып, Берел (Бергіел) ауылының жанында Бұқтырма өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Басты салалары: Қараайрық, Балықтыбұлақ. Өзеннің арнасы тар, шатқалды, жарлы келеді. Жылдық орташа су ағымы 30,0 м3/с. Ақбұлқақ өте ағынды, жазда қатты тасиды, мал суаруға, ағаш ағызуға пайдаланылады. Қараша айының аяғында суы қатып, сәуір айында мұзы ериді. ## Дереккөздер
Ақбауыр үңгірі – қола дәуірінің ескерткіші. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы, Бестерек ауылының солтүстігінен 3 км жерде Ақбауыр тауының етегіне орналасқан. ## Сипаты Жүйелі зерттеу жұмыстарын 1970–1990 жылдары ҚР ҒА археолог экспедициясы (жетекші З.Самашев) жүргізді. Үңгір қабырғасындағы қызыл күрең охрамен салынған суреттер б.з.б. 3-мыңжылдықтың басына жатады. Төбесі қуыс, іші конус тәріздес күркеге ұқсайтын үңгір, әсіресе, оның кіре берісіне қарсы суреттер салынған негізгі қабырғасы көп адам табынатын, киелі орын болған. Үңгір таудың етегінен 5–6 метр биік орналасқан. Оның алдындағы алаңда жылдың белгілі бір мерзімінде (жыл басы – наурызда) үлкен діни жиындар, құрбандық шалу, т.б. рәсімдер өткізілген. Суреттердің мазмұны өте күрделі. Композицияның семантик. орталығында қос аяқты арба, өгіз, таутекенің суреттері бейнеленген. Олардың айналасында әр түрлі ирек сызықтар, нүктелер, үшбұрыштар, төртбұрыштар және адамдар, үш-төрт күрке бейнеленген. Энеолит, қола дәуірлерінде салынған бұл суреттер жердің құнарлы болуын, мал-жанның өсіп-өрбуін тілеу мағынасын білдіреді. Сол кездегі діни ғұрып бойынша өлген адам қабіріне қос аяқты арбаны бірге қойған. Ол адамдардың жанын, рухын басқа дүниеге тасымалдайтын құрал деп саналған. ## Ғалымдардың пікірлері Зейнолла Самашев: Жаңалық ретінде бірінші қабаттан қола дәуірінің соңы мен ерте темір дәуірінің басында салынған елді мекенді анықтадық. Тас астық үккіштер, ұштауыш тастар, жылқылар мен қойлардың сүйектері көшпенді сақтардың отырықшы өмір салтын да ұстанғанын көрсетеді. Археологтардың ойынша, оларда жер өңдеу дамыған, олар тастарды қашаған, киім тіккен, керамиканы күйдіріп, темірден қару-жарақтар жасаған.2019 жылы үңгірге жақын аумақты қаза отырып, ерте сақтар дәуіріне жататын стационарлық елді мекенді анықтадық. ## Ақ бауырдың қолданылуы бойынша теориялар Теория 1: батысқа қаратылған, ашық аспан астындағы ғибадатхана. Ол жерлеу рәсімдері, құрбан ету, ғұрыптарды іске асыру үшін қолданылған. Ақ бауыр мен Қызыл тас тауының жанында жасалынған ғұрыптар ең ежелгі табынушылықтардың қатарына кіретін тауларға табынушылықпен тікелей байланысты болуы мүмкін. Тауға, аспанға, күнге, нөсерге, жануарлар мен өсімдіктерге табынушылықтан діндердің ежелгі түрлері қалыптасқан. Ғалымдардың пайымдауы бойынша, тастардан жасалынған дөңгелектер діндік немесе басқа да ғұрыптарды жасайтын орын, ал тастар қатарлары діни үдерістерге арналған аллеялар болған. Қабырғадан шамамен 100 м жерде саңырауқұлақ пішінді үлкен тасты көруге болады. Мамандардың айтуынша, бұл жартас құрбандық үстел болған. Теория 2: Ежелгі адамдар аспан денелеріне жүйелік бақылаулар жүргізген ежелгі обсерватория, өйткені ол жерде ежелгі құрылыстар, күн сағаты бейнеленген алаң, астро тордың ақпараты, сақталып қалған биіктіктері 2,5-4 м құрайтын граниттік тастары бар диаметрі шамамен 25 м құрайтын «астрономикалық зертхана» табылған. Осы тастарда діни қызметкерлердің-астрономдардың, неолит пен қола дәуірінің Күн мен Айды бақылаушы адамдардың әрекеттерін тамашалаушы көрермендерді отыруы әбден мүмкін. Теория 3: Адамзаттың құтқарылу картасы. Ерекше тастағы жазуда инаквазусқа және Жердегі күрт климаттық бес зоналылықтың пайда болуына себеп болған бүкіл ғаламшарлық мәселе туралы ақпарат қамтылған. Құпияланған жазу бойынша құтқарушы бағытша Ертісті көрсеткен. Теория 4: Тауға табыну ежелгі мәдениеттерде таралған, себебі таулар жергілікті құдайлардың орын деп саналған. Олар әлемнің ортасын, жер мен көктің түйісу орнын, мәңгілік пен жоғарғы дүниеге талпынысты білдірген. Ақ бауыр – көкжиек тұстары бойынша дәл шектелген полярлығы бар энергетикалық және ақпараттық генератор. Екі оң және екі теріс аймақтар бар. Бұл 5 мың жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан ұдайы қызмет ететін ақпараттық генератор. Бұл жерге ақпарат үлкен аумақтан жиналып, ғарышқа жіберіледі. ## Тастағы суреттер Қазіргі кезге дейін Қазақстанда басқа жерде кездеспейтін 80 таста салынған суреттер мен петроглифтер сақталған: адамның, тауешкінің, бұқаның, екі дөңгелекті арбаның, тұрғылықты орындардың суреттері, қалғандары әрқыйлы белгілер. Суреттер қоңыр охрамен (немесе құрбандыққа шалынған жануарлардың қанымен) салынған және б.з.д 3 мың жылдарға тиесілі. Көптеген суреттердің арасы 90, 60 және 180 сантиметрлерді құрайды. Бұл сурерттер Қазақстан үшін өзгеше және ерекше, біріншіден олар таста қашалмай қызыл охрамен салынған, екіншіден, ежелгі қарапайым суретшілердің жұмыстарына ұқсас емес. Суреттердің салыну себебі әлі де құпия, алайда адамзаттың құтқарылу картасы, жазудың ең алғаш пайда болуы (Е.Курдаков), өзгеғаламшарлықтардың келуі (А.Юрченко) және аспан картасы сияқты болжамдар бар. Зерттеуші Леонид Марсадолов Ақ бауырдың пирамидтік пішіні қасиетті кеңістік және ғарыштық дөң екендігіне сенімді. Кресттер – Күн немесе жұлдыздар белгісі, сол үшін алдымызда ежелгі адамдардың жұлдызды аспанды көруі бойынша жасалынған карта. Ол толық емес, бірақ киелі орынның оңтүстік-батыс аумағы үшін маңызды. Ақ және қара бұғылар, тауешкілер құрбандыққа шалу ғұрыптарының бір бөлігі болуы мүмкін. Мүйіздерінде күн орналасқан бұғылар көне Евразия көшпенділелрі үшін киелі жануардың маңызын білдіреді. Жануардың сұлулығы мен күші, оның бебітшілдігі мен өзін қорғай алуы, түрлерінің ауқымды тарау аумағы, жыл сайын мүйіздеріне бір тарам қосылу және тағы да басқа қасиеттері көшпенділердің бұғыны көшпенділік белгісінің бірі қылып таңдауының себептері. Тіпті скифтік уақытта Қазақстан жерінде тіршілік еткен «сака» тайпасын кейбір лингвисттер «бұғы» деп аударады. ## Жартастар мен тастардың болжамды қолданыстары Үңгірдің жартылай домалақ кеңістікті жүрек пішінді тесігі бар тас жауып тұрады. Кейбір жорамалдар бойынша, пішінде түнгі аспандағы шоқжұлдыздарды бақылау үшін жасалынған түзетулер бар. Табиғи емес тастағы үңгімелер. Егер астыңғы үңгімелердің біреуіне су құйса, су күн мен түн теңелген күні жоғарғы үңгімеде көрінеді. Мүмкін бұл тастағы үңгімелер құрбан шалу орындарының белгіленулері. Немесе бұл ежелгі металлургтердің балқытылған жынықа арналған құймақалып болуы да мүмкін. Сонымен қатар, бұл жерде үңгімелерге сәйкес келетін руда құймалары табылған. Осы шатқал аумағында пештердің қалдықтары да табылған, кейбіреулері кішірек тек 1-2 адам сиярлықтай, ал кейбіреулері өте дәу. Джон Обри сипаттаған үңгімелерге аса қызығушылық арттырылады. Ол 1663 жылы Карл ІІ патшаның тапсырмасымен қазақстандық Стоунхенджді қарастыра отырып, тастарды бір үңгімеден екінші үңгімеге сала отырып, күн және ай тұтылу күндерін анықтаған деп болжады. Хойлдың пайымдауы бойынша, үңгімелер бұрыштарды есептеуге арналған алып транспортир. Сонда ежелгі адамдар да нақты ғылымдарды зерттей отырып, уақыт пен кеңістікті өлшеуге талпынған. ## Жол сипаттамасы Ақ бауыр шамамен Өскеменнен 38 км-де орналасқан. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Шығыс Қазақстан облысының тарихи орындары
Ақдала суландыру жүйесі - Балқаш ауданы аумағында орналасқан, Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі ірі суару-суландыру жүйесі. Ол осы аумақтағы су көздерін (негізінен, Іле өзені) және жер ресурстарын (Ақдала жазығы) толық пайдалану мақсатында салынған. Құрылысы 1965 ж. басталды. Ақдала жазығы Қапшағай бөгенінің пайдалануға берілуіне байланысты дәңді дақылдар (негізінен, күріш) егілетін ірі өңірге айналды. Ондағы суландыру жүйесінің жалпы ұзындығы 2570 км, ал су жинау жүйесінің ұзындығы 216 км. Ақдала суару-суландыру жүйесіне Тасмұрын және Бақанас суландыру алқаптары енеді. Тасмұрын суландыру алқабы 1967 ж., ал Бақанас суландыру алқабы 1974 ж. пайдалануға берілді. Олар орта есеппен тиісінше 25 мың га жерді суарады және суландырады. ## Дереккөздер
Айыртарақ , триходесма (лат. Trichodesma) – айлауыктар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін не бұташық өсімдіктер туысы. Қазақстанда Қаратау, Батыс Тянь-Шань, Қырғыз Алатауында өсетін 1 түрі – ақбас А. (Т. іncanum) бар. Биікт. 30(50) – 100 см. Тамырсабағы тармақталған, бұтақты, сабақтары тік кейде жатаған болады, киіз сияқты түк басқан. Жапырақтары ұзынша-қандауыр тәрізді. Тостағаншасы жұмыртқа-қоңырау тәрізді, күлтесі көкшіл түсті. Аталығы отырыңқы, аналық мойны ұзын, гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемістенеді. Жемісі – көкшіл қоңыр түсті жаңғақша. ## Суреттер * * * * * * ## Дереккөздер
Ақ дегелек , ләйлек (лат. Ciconia ciconia) – дегелектер тұқымдасына жататын ірі, ақ құс. Ол Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында ғана кездеседі. Соңғы деректер бойынша Қазақстанда 15 – 30 жұптай ғана ақ дегелек бар. Кейбір Еуропа елдерінің зоологиялық бақтарында өсіріледі. Тұмсығы түзу, ұшына қарай үшкірлеу келеді. Қанатының ұзындығы 58 – 61 см, салмағы 3,5 – 4 кг. Қанаты қара, тұмсығы мен сирағы қызыл, мекиенінің дене тұрқы қоразынан гөрі кішілеу әрі тұмсығы жіңішкелеу болып келеді. Ақ дегелек тұмсықтарын бір-біріне тиістіріп қана дыбыс шығарады. Ұшқан кезде мойынын алға қарай созып ұшады. Ақ дегелек – жұбын жазбай, бір орынға бірнеше жыл қатарынан келіп, елді мекендерге жақын су айдындарының маңындағы шалғынды, батпақты жазық аңғарларға ұя салады. Жыныстық жағынан 2 – 3 жылда жетіледі. Жылына 1 рет 2 – 5 жұмыртқа салып, оны 32 – 34 күндей мекиені мен қоразы кезектесіп басады. Балапандарын ұядан 70 – 72 күнде ұшырады. Ақ дегелек ұсақ жәндіктермен, сондай-ақ жыланмен, көлбақамен, құрбақамен және кемірушілермен қоректенеді. Ақ дегелек – жыл құсы. Тамыз – қыркүйекте жылы жаққа қоныс аударады. Африка, Азияның оңтүстігінде қыстап шығады да, наурызда қайта ұшып келеді. Кейбір зерттеушілер Ақ дегелекті “ләйлек” деп жазады, қазақ халқы оны “дегелек” деп атайды. Себебі: Ақ дегелек құсына байланысты халқымызда мақал-мәтел, аңыз, әңгімелер көптеп кездеседі. (мысалы, “Жылқының жауы — бөгелек, жыланның жауы — дегелек”, “Дегелек келді жаз болды, бала-шаға мәз болды”). Қазақ халқы Ақ дегелекті киелі құс деп есептейді де, оның ұясын бұзуға, жұмыртқасын алуға, атуға мүлде рұқсат етпейді. Ақ дегелек санының азаюына байланысты қорғауға алынған. ## Дереккөздер
Ақдөң (Ақдің) қорықшасы – республикалық маңызға ие зоологиялық қорықша. Ерейментау тауының орталық бөлігінде 1971 жылы ұйымдастырылған. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Осакаров ауданының солтүстік бөлігінде Молодёжный кентінің солтүстігінде — 40 км жерде орналасқан. Ауданы 3000 га. Қорықшаның аты кейбір әдебиеттерде “Белодымский” деп те айтылады. Қорықша жері арқылы батыстан шығысқа қарай Тасбұлақ өзені ағады. ## Флорасы иен фаунасы Далалық селеулі өсімдіктер басым. Кей жерінде итмұрын, үшқат бұталары, таудың жартасты жерінде ұсақ жапырақты үшқат, қарақат, зерек (бөріқарақат), ырғай, ал өзен аңғарларында мойыл, долана, қандыағаш өседі. Жануарларға да бай. Құстардың 80-нен астам түрі (құр, кекілік, шіл т.б.), сүтқоректілердің 33 түрі (аққоян, борсық, түлкі, қарсақ, елік, кірпі, дала суыры немесе байбақ, ақкіс, аққалақ, сасық күзен т.б.) мекен етеді. Қорықшада мекен ететін бүркіт, арқар қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына”енгізілген (1996). ## Дереккөздер
Ақдің – Ерейментаудың оңтүстік сілеміндегі тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Осакаров ауданының солтүстік шетінде. Ең биік жері 901 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 14 км-ге созылып жатыр, ені 3 – 7 км. Биік тұсы үлкен шоқы тәріздес. ## Геологиялық құрылымы Тау протерозой және девон жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Қызыл қоңыр топырағында қау, бетеге мен көде, түрлі шөптер, тауаралық аңғарларда қайың, көктерек ормандары, шілік өседі. ## Дереккөздер
Ақжайық бұлағы – Батыс Қазақстан облысындағы минералды су көзі. Жайық өзенінің аңғарында, Орал қ-нан 50 км жерде орналасқан. 60 – 185 м тереңдіктегі суының температурасы 10 – 11°С, 320 – 350 м тереңдікте 13 – 14°С. Суының құрамында хлор, күкірт, натрий, магний, бром, т.б. әр түрлі микроэлементтер, судағы еріген газдың құрамында азот пен метан бар. Суы ас қорыту және қозғалыс-тірек органдары, жүйке жүйесі сырқаттарын, гинекол. ауруларды емдеуге шипалы. Суы «Ақжайық» Мұрағатталған 7 наурыздың 2011 жылы. санаторийінде ауруларды емдеуде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Ақжайдақ – Балқаш көлінің солтүстік жағасындағы шығанақ. ## Сипаты Құрлыққа 8 – 10 км еніп жатыр. Мүйіз пішінді шығанақтың көлге шығар ені 7 км. Орташа тереңдігі 3 – 5 м. Жағасы негізінен жайпақ, таяз қойнаулары көп. Суы ащы, жаз айларында беткі қабаты 26 – 28°С-қа қызады. Қыста 3 – 4 ай қатып жатады. Кәсіптік балықтардан сазан, алабұға, көксерке, т.б. кездеседі.Ақжайдақ жағасында Ақжайдақ, Ақөлең балықшы ауылдары орналасқан. ## Дереккөздер
Ақжал — Қарағанды облысы Шет ауданындағы кент. ## Географиялық орны Аудан орталығы Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 116 км-дей жерде, белесті өңірде орналасқан. Ең жақын теміржол станциясы - Ақадыр (120 км). ## Қалыптасу тарихы Іргесі алғаш полиметалл кенін өндіретін кен орны ретінде қаланған, 1964 жылы кентке айналған. Ақжалда қорғасын, мырыш өндіріліп, Өскемен қорғасын-мырыш комбинатына (Kazzinc) балқытуға жіберіледі. Кент аумағында өткен ғасырдың 30-жылдарында «Қызыл өркен», «Ұйымшыл», «Жақсылық» ұжымшарлары ұйымдастырылған. 60-жылдардың басында 3 ұжымшарды біріктіру негізінде «Қарабұлақ» кеңшары құрылды. 1997 жылдан бастап Қарабұлақ ауылдық округі таратылып Ақжал кенттік әкімдігі аумағына кіргізілді. Жерінің жалпы ауданы — 303,0 мың га. Кеңшардың негізінде 42 шаруа қожалығы құрылған. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Кенттің әкімшілік-аумақтық бағынысындағы елді мекендерінде (Ақжал кенті, Қарабұлақ ауылы) 2 мектеп, учаскелік аурухана, ФАП, мәдениет үйі, кітапхана, комплексті спорт кешені, басқа да мәдени-тұрмыстық орындар бар. Кент тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. ## Экономикасы Кент аумағында «Жаңа-Мырыш» ЖШС-і жұмыс атқарады. Негізгі бағыты — қорғасын, мырыш өндірісі. Пайдалы кен қазбалар орындары: Ақжал, Қызылеспе, Ақсораң. Кентте Ақжал кен байыту фабрикасы жұмыс істейді. ## Атақты адамдары Қазақстандағы белгілі күресші Мейіржан Шынкеев туған. ## Дереккөздер
Ақжал полиметалл кен орны – Қарағанды облысы Шет ауданындағы ендік бағыт бойымен созылған Ақжал-Ақсораң синклинориінің шығысында орналасқан. Оны 1886 жылы жеке кәсіпкер А.С.Попов ашқан. ## Геологиялық құрылымы Жоғарғы девон — төменгі карбон кезеңінің карбонат жыныстарын жарып өткен гранит интрузиялары мен дайкалары оларды мәрмәрға, кварцқа, мүйізтасқа, гранатты скарндарға айналдырған. Кен орнындағы тау жыныстары күрделі тектоникалық процестер әсерінен өте қатты қатпарланып, жарықшақтанып, ұнтақталып, әуелгі кейпін өзгерткен. Кентастар қабат, линза, желі, ұя, өркеш сияқты түрлі пішінде кездеседі. ## Минералдары Негізгі кентасты минералдар — сульфидтер (сфалерит, галенит, халькопирит, пирит). Олардан мырыш және қорғасын алынады. Қоспа элементтерден алтын, күміс, кадмий, индий, таллий, галлий, селен, теллур бар. Кеннің тотығу белдемінде церуссит, смитсионит, англезит, гидрокарбонаттар кең тараған. Кен денелері тереңге бойлай орналасқан. Ақжал полиметалл кенінің негізінде кеніш және байыту фабрикасы жұмыс істейді. Байытылған кентас концентраттары Ақшатау комбинатына, Өскемен, Шымкент металлургия кәсіпорындарына жіберіледі. ## Дереккөздер
Ақжан сөзінің мағыналары: Елді мекен: * Ақжан – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Ақжан – Есіл алабындағы көл. * Ақжан – құмды алқап.
Ақжар-ырмақ , Ырмақ-Ақжар – Батыс Үстірттің Қайдақ сорына қараған сайы бойындағы бұлақтар мен құдықтар атауы. Маңғыстау облысы. Маңғыстау ауданы. жерінде орналасқан. Суы мол бұлақтардың көбі тайыз құдықтарға айналған және теңіз суының көтерілуіне байланысты суы ащы бола бастаған. Тек кейбір бұлақтар шегенделіп, мал ішетін суаттар жасалған. Ырмақ су көздері Ақжар су көздерінен оңтүстікке қарай 5 км жерде. Сай ішінде тұщы және кермек сулы бұлақтар кездеседі. Ақжар-ырмақ су көздерінің 10-нан астамы Ырмақ сулары деп аталады. ## Дереккөздер
Ақжар (1993 ж. дейін — Дальний) — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Қайыршақты ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Облыс орталығы – Атырау қаласынан солтүстікке қарай 8 км-дей жерде Жайық өзеніне жақын, Каспий маңы ойпатында орналасқан. Жақын теміржол станциясы – Атырау (8 км-дей жерде). ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2406 адам (1179 ер адам және 1227 әйел адам) болса, 2009 жылы 3337 адамды (1609 ер адам және 1728 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 5815 адамды (2831 ер адам және 2984 әйел адам) құрады. ## Әлеуметтік және мәдени нысандары * №26 С.Датов атындағы орта мектеп * «Ақбөбек» бөбекжай-балабақшасы * Дәрігерлік амбулатория * Мәдениет үйі * Музыка мектебі * Спорт кешені * Әр-Рахман мешіті — 2023 жылы шілде айында ашылды. Қос қабатты зәулім мешіттің сыйымдылығы 500 адамға арналған. Құран оқу, ерлер және әйелдер бөлмесі, асхана таһаратханасы бар. Және имам үйі мен діни сауат ашу орталығы да жапсарлас орналасқан. ## Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктер Ақжарда көптеген жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жұмыс жасайды. Олар: жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау, тұрғын үй ғимараттарының құрылысы, бөлшек саудада сату, тауарларға арналған пластмасса қаптамалар өндіру, жүк автомобиль көлігінің қызметі, мұнай мен табиғи газды өндіруге ықпал ететін қызметтерді көрсету, құрылыс-монтаж жұмыстары, құбырлардың құрылысы, мейрамханалардың кызметі және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер, әрлеу жұмыстары, тамақ өнімдерін өндіру, компьютерлер мен жабдықтарды жөндеу т.б. бағыттарда қызмет көрсетеді. ## Ауыл суреттері ## Елді мекендегі көшелер * Ақжайық көшесі * Асабай Хисметов көшесі * Әшім Уәлиев көшесі * Бауыржан Момышұлы көшесі * Бейбітшілік көшесі * Достық көшесі * Жастар көшесі * Құрманғазы көшесі * Мөтиолла Маташов көшесі * Сағидолла Нұржанов көшесі * Сырым Датұлы көшесі ## Дереккөздер
Ақбүйрек (Fіcarіa) – сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Еуразияда кездесетін 8 – 10 түрі белгілі. Қазақстанның шалғындық, далалық ойпаңдарда, бұталар және бау-бақша арасында өсетін 1 түрі – көктем Ақбүйрекгі (F. verna) бар. * Биіктігі 15 – 30 см тамырының бір бөлегі түйнектеліп жуандаған, көбінесе сабағы қысқарып кетеді. * Жапырақтарының шеті бүтін, көбінесе етті, пішіні бүйрек тәрізді, беті жылтыр. * Дара гүлдерінің желектері алтын немесе сары түсті. * Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді. * Жемісі – көп жаңғақша, түкті. Дәрілік өсімдік. ## Дереккөздер
Ақжар гипс кен орны - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қарғалы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 10 км жерде, Қарғалы өзенінің оң жағалауында орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Кен орны Жылантау брахиантиклиналына ұштасқан. Қатпарлары 4 қабаттан тұратын гипс 4,0-14,0 м-ге дейінгі тереңдікте. Сапасына қарай бұл шикізат ауыл шаруашылығы үшін ұнталған гипс өндіруге жарамды А класына жатады. ## Дереккөздер
Ақжар мұнай кен орны — Каспий маңы ойысының шығыс ернеуі маңындағы мұнай кен орны. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Жарқамыс кентінің солтүстігінде 30 км жерде орналасқан. Құрылым 1961 жылы сейсмобарлау көмегімен табылды. Терең бұрғылау 1962 жылы басталды. Сол жылы Г-1 ұңғымадан өндірістік мәні бар мұнай алынды. Барлау қызметтері 1968 жылы аяқталды. ## Геологиялық құрылымы Кенорын тұзүсті шөгінділері бойынша үш қанатты құрылысы бар, беймәлім жарылымдармен тілгіленген тұз күмбезінен орын алған. Күмбездің орналасу тереңдігі 451-1248 м. Тұз штогының амплитудасы 800-1000 м. Солтүстік қанаты түсіңкі. Оның маңындағы ортаңғы юра мен төменгі бордың баррем және апт шөгінділерінің німділігі анықталды. Өнімді қойнауқаттар бетінің орналасу тереңдігі 273 м-ден 515 м-ге дейін жетеді. Қанат өлшемдері -260 м изогипса (баррем шөгінділерінің беті) бойынша 3,8x1,3 км. Оңтүстік-шығыс қанаты солтүстік қанатқа қарағанда көтеріңкі, тұйықталмаған, солтүстігі мен батысынан доға тәрізді лықсымамен шектелген. Қанаттың өлшемі -280 м изогипса бойынша (ортаңғы юраның беті) 3,3x1,2 км, онда тек ортаңғы юра шөгінділерінің ғана өнімділігі анықталған. Ашылған қима төменгі пермнің тұзды қатқабатынан, жоғарғы пермнің, триастың, юраның, төменгі бордың шөгінділерінен құралған. Барлық өнімді горизонттардың жинауыштары кеуекті, олар арасында саз қабаттары бар құмтастар мен алевролиттер болып табылады. Юра өнімді қабатының жалпы қалыңдығы 6 м-ден 40 м-ге, тиімдісі 2 м-ден 38 м-ге, мұнайға қаныққаны 7 м-ден 15,6 м-ге дейін өзгеріп отырады. Ашық кеуектілігі 16-27%, өтімділігі 0,8-0,32 мкм2. мұнайға қанығу коэффициенті 0,60-0,87. Жапқыш қалыңдығы әртүрлі сазды таужыныстардан құралған. Тұтқыштардың түрі жағынан жатындар қойнауқаттық, тектоникалық тұрғыдан қалқаланған. Жатындардың биіктігі 30-49 м. ## Тығыздығы Оңтүстік-шығыс қанаттың мұнайы тығыздығы бойынша орташа және ауыр салмақты (867-907 кг/м3), аз күкіртті (0,1-0,14%), бәсең парафинді (0,52-2,06%), молшайырлы (15-21,5%) болып сипатталады. Солтүстік қанат жатындарындағы бастапқықойнауқаттық қысым 31-32°С-та 4,6-4,8 МПа. Горизонттар бойынша мұнай шығымы солтүстік қанатта 12,8-14,8 м3 тәу-ке, оңтүстік қанатта 86 м3/тәу-ке дейін өзгеріп отырады. ## Құрамы Газдылығы 2-4 м3/м3. Кен орнының мұнайы ауыр салмақты (890-927 кг/м3), тұтқыр, күкірті аз (0,25-0,42%), аз парафинді (0,25-1,5%), шайыры мол (28-54%) екені анықталды. Кен орны сынама игеру сатысында. ## Дереккөздер
Ақжелкек ,ж е л к е к (лат. Armoracia) – орамжапырақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның барлық аудандарында егіледі. Оның бір түрі — к ә д і м г і Ақжелкек(A. rustіcana) — жабайы түрінде бақтарда, егістіктерде өседі. Қазақстанның көптеген аймақтарында қолдан өсіріледі. Ақжелкектің биіктігі 1 м-дей, сабағы тік, жоғарғы жағы бұтақты келеді. Тамырға жақын өскен жапырақтары сопақша, жұмыртқа пішінді, ортаңғы сабақтан шыққан жапырақтары ұзынша қандауыр, ал сабақ ұшындағы жапырақтары таспа тәрізді, жиектері тегіс, кейде тісшелі болады. Гүлі ақ түсті, хош иісті. Тұқым салмайды. Маусымда гүлдейді, өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Суыққа төзімді. Оның тамыры мен жапырақ құрамында тұздар (калий, натрий, фосфор, темір, хлор, мыс), эфир майы, С витамині, фитонцидтер, лизоцим ферменті т.б. бар. Ақжелкектің тәбет ашатын ерекше иісі оның құрамындағы аллил майы мен глюкозид-сингринге байланысты. Ақжелкек көкөніс, дәрілік заттар ретінде қолданылады, тамыры мен жасыл жапырағы қияр, томат, саңырауқұлақтарды тұздап, бұқтырғанда пайдаланылады. ## Сілтемелер
Ақжелкен , петрушка (лат. Petroselinum) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын бір немесе екі жылдық өсімдік. Отаны — Жерорта теңізінің маңы. Жабайы түрлері Испанияда, Грекияда және Алжирде кездеседі. Жапырағынан көктей салат жасалады және бұқтырылған ет тағамдарға тұздық ретінде қосылады. Ақжелкенді косметикада пигменттік дақтарды, сепкілді кетіру үшін, медицинада бүйрек, жүрек ауруларына, асқазан, ісік және көздің көру қабілетін сақтау үшін профилактикалық зат ретінде кеңінен пайдаланады. Ақжелкен С, А, В1, В2, РР витаминдеріне және жұпарлы майға өте бай. Ақжелкеннің екі тобы бар: тамырлы және жапырақты және олар бір-бірінен жапырақ саны мен тамырдың даму ерекшеліктері арқылы ажыратылады. Қазақстанда Ақжелкеннің 5 түрі өседі. ## Галерея * * * * ## Дереккөздер
Ақжолақ сасыр (лат. Ferula leucographa) – шатыршагүлділер тұқымдасының сасыр туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Талас Алатауының батыс бөлігінде (Машаттауда), Қаратаудың оңтүстік-шығысындағы (Үлкенбурыл т.) қиыршықтасты тау бөктерлерінде өседі. Биіктігі 1 м-дей дара, кейде бірнеше сабақты болады. Сабағының жоғарғы жағы (ұшы) сыпыртқы пішіндес жапырақсыз келеді. Ірілі-ұсақты жапырақтары тілімденген. 10 – 12 ұсақ гүлден тұрады. Гүлшоғыры шатыр тәріздес. Тұқымы – дәнек. Тұқымынан көбейеді. Маусым айында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. Ақжолақ сасырөте сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Сілтемелер
Ақ жусан (лат. Artemisia lercheana) – астралылар тұқымдасының жусан туысына жататын, жусан туысының бір түрі; көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Алматы Мұрағатталған 31 желтоқсанның 2013 жылы. облыстарындағы шөлді және дала аймақтарының құмайт, құмды және сортаң топырақты жерлерінде, кейде ескі егістік алқаптарда өседі. Биіктігі 18-45 см, сабағы мен жапырақтарын ұйысқан қалың бозғылт сұр түк басқан. Тамыры жуан, сүректі келеді. Сабағы бұтақты, жоғарғы жағындағы жапырағы сағақты, орта шетіндегілері сағақсыз қауырсын тәрізденіп 2-3 рет тілімделген. Гүлі қос жынысты, күлтесі сары, не қызғылт түсті. Гүл шоғында 2-3 гүл болады. Тамыз — қазан айларында гүлдейді. Ақ жусан — қорегі мол, малды тез семіртетін күздік және қыстық жайылымдық шөп. ## Дереккөздер
Ақдаласор – Қарағанды облысы Нұра ауданынындағы Егізқара тауының оңтүстігінде орналасқан тұзды көл. ## Гидрографикасы Аумағы 8,2 км2. Су жиналатын алабы 92,6 км2. Суы қарашаның 1-жартысында қатып, сәуірдің 2-жартысында ериді. Батыс және оңтүстік жағалауы батпақты.
Ақбасбалау (лат. Asterothamnus) – астралылар тұқымдасына жататын бұта; өсімдіктер туысы. Қазақстанда Жетісу (Жоңғар) Алатауының әктасты, құмды, тастақты беткейлерінде, өзеннің тасты арнауларында өсетін 1 түрі – бұталы Ақбасбалау (Asterothamnus frutіcosus) бар. Биіктігі 45 см-дей, көп сабақты, қалың түкті. Жапырақтары қауырсын тәрізді (ұзындығы 10 – 25 см, ені 4 мм). Гүлдері қос жынысты, ақшыл көк түсті, ұсақ себеттері қалқанша гүлшоғырын құрайды. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Тұқымы жұмыртқа тәрізді, ұзын қылшықтары бар. Айдары ақ немесе сұр түсті, тұқымынан екі есе ұзын болады. ## Дереккөздер
Ақжүзгін, ақ қабық жүзгін (лат. Calligonum leucocladum) – тарандар тұқымдасына, жүзгін туысына жататын эндемик өсімдік. Қазақстанда Каспий, Арал теңіздері жағалауларында, Атырау, Қостанай, Семей, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары, Қызылқұмның шөлді аймақтарында, Балқаш-Алакөл ойысында кездеседі. Биіктігі 1,5-2 м. Көп жылдық бұтақтарының қабығы ақ түсті, жас бұтақтары түзу де, қисық та болып бунақтанып өседі. Жапырағы жіңішке, таспа тәрізді, ұзындығы 2-4 мм келеді. Гүлдері өте ұсақ (ұзындығы 4 мм) және ол жапырақ қолтығында орналасқан. Көкек — мамыр айында гүлдеп, мамыр — маусымда жеміс береді. Тұқымы арқылы көбейеді. Жемісі – сопақ, қатты қабықты жаңғақ тәріздес. Ақжүзгіннің пісіп қатпаған жемісіне ашқылтым шырын жиналады. Ол шырын аз да болса адамның шөлін басады. Сондықтан Ақжүзгінді кейде “қандым” деп атайды. Піскен жеміс құрамында 8%-ке дейін илік заттар болады. Гүлінен аралар бал жинайды. Тері илеуге, сондай-ақ бояуыш зат, отын, жемшөп ретінде пайдаланады. Қой мен түйе сүйсініп жейді. Бұталарынан алынатын фенол препараты медицинада қолданылады. Сусымалы құмда, қарға тосқауыл ретінде шөл, шөлейт жерлерде арнайы өсіріледі.. ## Дереккөздер
Ақжайық қойы — биязылау жүнді, етті-жүнді өнім бағытындағы қой тұқымы. ## Тарихы 1967 — 97 жылдары аралығында Батыс Қазақстанда жергілікті қылшық жүнді қойлардың будандарын линкольн, ромни-марш, қазақтың биязы жүнді аталық қошқарларымен күрделі зауыттық будандастыру арқылы шығарылған. Жаңа тұқым ретінде 1967 жылы мойындалған. ## Жалпы сипаттама Ақжайық қойының дене бітімі ірі, еттілік қасиеттері айқын білінеді. Еркек қошқарларының тірілей салмағы 96-103 кг, таза жүн түсімі 4,6-5,1 кг, тұрқы — 13,5-14,2 см. Саулықтары тиісінше 54-60 кг, 2,5–2,8 кг; 11,5–12,8 см. Жүн талшығының жіңішкелігі 50-58 сапалар аралығында. Әр 100 саулықтан 120-130-дан қозы алынады. 7-8 айлық еркек тоқтыларының тірідей салмағы 40-45 кг, ұшасының (таза етінің) салмағы 18-20 кг, сойыс шығымы 47-50 % болады. Еліміз бойынша өндірілетін кроссбред және кроссбред тектес жүннің 60 %-тен астамы оның жүні өзінің шиырымдылығымен және өз қалпына қайта келу қасиеттерімен ерекшелінеді. Мұндай жүннен тоқылған маталар өте құнды. Ақжайық қойының асылдандыру жұмысы аталық із бойынша және Австралия корриделімен будандастыру арқылы іске асырылды. Ақжайық қойы Батыс Қазақстан облысының Тасқала және Казталов аудандарындағы шаруашылықтарда өсіріледі. ## Дереккөздер
Ақкөбелек (лат. Pіerіdae) – қабыршаққанаттылар отрядына жататын ақшыл сары түсті көбелек. Оның дүние жүзінде 100-ге жуық түрі бар. Қазақстанда 70 түрі кездеседі. * Қанатының ішкі шеті тегіс, бояуы ақ, жайған кезде ұзындығы 55-60 мм, жұлдыз құртының ұзындығы 20-25 мм, денесін барқыт тәрізді түк басқан. * Қуыршақ сатысында қыстайды. * Қазақстанның барлық облыстарында кең таралған түрлері — қырыққабат, шалқан, долана ақ көбелегі, Жетісуда сирек кездесетіні — Ершов көбелегі. * Долана ақкөбелегі алма, алмұрт, қара өрік, мойыл, долана ағаштарының көктемде бүршіктерін, жазда жапырағын зақымдайды.Дернәсілдері ағаш діңі мен бұта сабағында, үй керегесінде, дуалдарда қуыршақ күйінде сақталады. Оның жұлдызқұрттарының қысқы ұяларын жинап, өртеу қажет. Қүрес шаралары капуста бас салғанша, жеміс ағаштары бүршік атқанша жүргізіледі. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. * * * * * ## Дереккөздер
Ақешкі – Қызылағаш өзенінің сол саласы. ## Географиялық орны Жетісу облысы Ақсу ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Жетісу (Жоңғар) Алатауының батыс сілемдерінің бірі — Ошағанды тауынан басталып, Үшқара таулы етегіндегі құмға жете тартылып қалады. ## Гидрологиясы Ұзындығы 92 км. Су жиналатын алабы 847 км2. Төменгі сағасы қараша-көкек айлары аралығында қатады. Жылдық орташа ағымы 0,43 м3/с. Ауыз суға жарамды, негізінен бау-бақша суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
‎ Ақешкі бөгені — Жетісу облысы Ақсу ауданы жеріндегі Ақешкі өзеніні бойында орналасқан. 1978 жылы іске қосылды. ## Гидрологиялық сипаты Бөгеннің ұзындығы 2,2 км, сыйымдылығы 2,6 млн. м³. 8 гидротехникалық қондырғы және 1 бас тоғаны бар. Бөген суымен 0,5 мың га жер суғарылады. ## Дереккөздер
Ақкөл – Арал теңізінде, Қаратерең түбегі мен Тоқпан теліміндегі қолтық. Қызылорда облысы Арал ауданында. Аумағы 22,0 мың га. Теңіз суы толық кезде Ақкөл. балығы мол, жағалауының шөбі шүйгін әрі малға жайылым болды. Сырдария тасығанда ғана жергілікті тұрғындар шығанақ суын шаруашылыққа пайдаланды. Қазірде суы тартылған. ## Дереккөздер
Ақкөл — Жамбыл облысы, Талас ауданындағы ауыл, Ақкөл ауылдық округінің орталығы (1997 жылдан). ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қаратау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 36 км-дей жерде, Аса өзенінің Ақкөл көлінен шыққан тұсында орналасқан. ## Тарихы Іргесі 1934 жылы егіндік жерді суғару үшін канал салуға байланысты қаланған. Ақкөл 1934-1997 жылдары алғаш ұжымшар, кейін кеңшар және Талас ауданының орталығы болған. Ақкөлде бұрынғы кеңшардың негізінде акционерлік қоғам, кооперативтік шаруашылықтар мен шаруа (фермер) қожалықтары құрылған. Баспахана, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, тері қабылдау пункті бар. Тұлғалары: Әбілхайыр Сатыбалдин, Мейірхан Әбілқайырұлы Сатыбалдин, Көлбаев Есбөкен, Әбдиев Қанжан, компазитор Әуезхан Салабеков, Көсембекова Райхан, Тамабек Қартабаев, ақын Нарша Қашағанов, боксшы Жаңқош Тұраров секілді Қазақстанға танымал тұлғалар дүниеге келген. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Аурухана, емхана, мал емдеу пункті, мәдениет үйі, 2 орта мектеп т.б. мекемелер бар. Ақкөл арқылы Тараз – Саудакент автомобиль жолы өтеді. Ең жақын теміржол станциясы — Қаратау (36 км жерде). ## Дереккөздер
Ақкелін , ханделия (Handelіa) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік туысы. Қазақстанның шөлді, таулы аймақтарында, тау беткейлерінде, өзен бойларында өсетін 1 түрі – түкті Ақкелін (H. trіchopella) бар. Биіктігі 30 – 100 см, тамыры жуан. Сабағы көбіне жеке өседі, төм. жағы қалың түкті, жоғары бөлігі тықыр. Жапырақтары ұзынша, үш рет қауырсында тілімденген. Көп гүлді, пішіні түтікше тәрізді, шеті бестісті, сары түсті. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, маусым – тамызда жемістенеді. Тұқымы ұсақ, қоңыр сары түсті. ## Дереккөздер
Ақжайылым – Кент тауының оңтүстік-батысындағы тау сілемі. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кентінің оңтүстік-шығысына қарай 30 км жерде, Талды өзенінің оң жағалауында орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1065 м, ұзындығы 1-1,5 км, ені 0,5 км. Қия беткейі жартасты келген, солтүстік-батысы Қызымбет сайына, оңтүстік-шығысы Тұяқ сайына ұласады. ## Геологиялық құрылымы Девон жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Таудың қызыл қоңыр сазды және саздауыт топырағында бетеге, сұлыбас өседі, қараған шоғырлары кездеседі. ## Дереккөздер
Ақкөл – Маңғыстау облысы Бозащы түбегінің солтүстік-батысында Ақшағыл шығанағына жақын жатқан көл. Енсіз келген сор көл-теңізбен жалғасып жатыр. ## Гидрографикасы Ұзындығы 8 км, енді жері 5,5 км. Жағалауы құрғақ, ортасын жұқа тұз жамылғысы басқан.
Алакөл – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Алакөл қыстауының солтүстік-батысында 2 км-дей жердегі көл. ## Гидрографикасы Аумағы 5,5 км2. Көл теңіз деңгейінен 84,6 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 3,7 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 11,0 км. Ақкөл Өлкейек өзенінің аңғарында жатқан Алакөл көлдер тобына кіреді. Көктемгі қар, жауын-шашын кезінде жанындағы көлдермен бірігіп кетеді. Сәл кермек татитын суы мал суаруға, шабындықты суландыруға пайдаланылады. Жаз айларында құрғап, батпаққа айналады. ## Дереккөздер
Ақкөл – Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Қаражал әкімдігі аумағындағы құдық. Тереңдігі 2,0 м, су шығымы 200 л/сағ. Жетіқоңыр құмының солтүстік-шығысын ала орналасқан құдықтың батысы жарлы-сайлы келген. Солтүстік-шығысының ойпаңдау жеріне жазда құрғап қалатын шағын өзен келіп құяды. Құдықтың төңірегінде жусан, баялыш, күйреуік басым шөлге тән сораң шөптесіндер өседі. ## Дереккөздер
‎‎ Ақкөл бөгені — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы жерінде орналасқан. 1980 жылы іске қосылды. ## Гидрологиялық сипаты Су сыйымдылығы 97 млн. м³, аумағы 2,6 га, тереңдігі 5,5 м. Суы 14100 га шабындықты көлдете суғару үшін пайдаланылады. Жағасында мектеп оқушыларының жазғы демалысы үшін лагерь салынған. Бөгеннен балық ауланады. ## Дереккөздер
Ақкөл шипалы балшығы – Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл көлі жағасындағы емдік қасиеті бар лай шөгінділері. Тараз қаласының оңтүстік-батысында 30 км жерде орналасқан. Ақкөл шипалы балшығы Үлкен Бурыл тауының етегінде, теңіз деңгейінен 700 м биіктікте. Көлдің аумағы 2,5 км², оған бірнеше суы тұщы бұлақ құяды. Оның шипалы балшығы 1932 – 34 жылы зерттеліп, қалыңдығы 0,2 м, жалпы қоры 65000 м3, пайдалы қоры 15000 м3 екені анықталды. Буын кеселдері, әйел аурулары, т.б. емделеді. ## Дереккөздер
Ақкөл мәрмәр кен орны – Ақмола облысы Ақкөл ауданында орналасқан. Барлау жұмыстары 1961-1962 жылы жүргізілген. ## Геологиялық құрылымы Кен орны тас көмір қабатының жанартаутекті шөгінді қабатында шоғырланған. Кеннің өнімді қабаты ірі түйіршікті ақшыл сұр түсті мәрмәрдан түзілген. ## Жатыс сипаты Құлау бұрышы 70-80°, диорит-порфириттен тұратын дайканың қалыңдығы 0,5-5,0 м. Кеннің үгілу қабатының қалыңдығы 4 м. Беріктілігі құрғақ жағдайда 721 кг/см2, сумен қанығу беріктілігі 671 кг/см2, көлемдік массасы 2,72 г/см3. Кен 400 маркалы құрылыс материалдарына сай келеді. Кен орнынан өндірілетін қиыршық тас — құрылыс жұмыстарының барлық түрінде қолданылады. ## Дереккөздер
Ақкіс (лат. Mustela erminea) – сусарлар тұқымдасының сусарлар туысына жататын жыртқыш сүтқоректі аң. Қазақстанның солтүстіктегі орманды-далалы аймақтарында, оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы тауларында кездеседі. Қоныс таңдамайды. Ол өзен-көл бойында, бұталы ағаш арасында, сай-салаларда, тау бөктерлерінде жиі ұшырайды. Дене тұрқы 16 – 30 см, құйрығының ұзындығы 6 – 12 см, салм. 120 – 370 г. Жазда арқасы мен бүйірі қоңыр, бауыры ақ түсті болса, қыста денесінің жүні аппақ келеді. Өзіне ұқсас ақ қалақтан айырмашылығы – құйрығының ұшы қара болады. А. негізінен тоқалтістермен, су тышқандарымен, бақа, кесіртке, балық, ондатрлармен және сондай-ақ ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Азығын аулауға көбіне түнде шығады. Ақпан – мамырда ұйығып, 9 айдан соң 8 – 9-дан күшіктейді. А. жылына екі рет – көктем мен күзде түлейді. Терісі бағалы болғандықтан ауланады. Зиянды кеміргіштермен қоректенгендіктен ауыл және орман шаруашылығына да едәуір пайдасын тигізеді. ## Галерея * * * ## Дереккөздер
Ақкірме – Балқаш көлінің батысындағы шығанақ. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы жерінде. ## Сипаты Ұзындығы 5 км, енді жері 2 км-ге жуық. Құрлыққа сүйірлене еніп жатқан Ақкірменің жағалауы құмды, жайпақ келген. Оңтүстігінде өзімен аттас сор жатыр. ## Дереккөздер
Ақ қайран (лат. Leucіsсus іdus) — Қауырсын қанаттылар класының Тұқытәрізділер отрядының Тұқылар тұқымдасына жататын тұщы су балығы. Қазақстанда кең тараған. Дене тұрқы 60 – 70 см-ге жуық, салмағы 2,5 – 4 кг-ға жетеді. 4 – 6 жасында жыныстық жағынан толысып, наурыз – сәуір айларында тасқа, су өсімдіктеріне уылдырық (114 мыңға дейін) шашады. Шабақтары 3 – 4 жылда толысады. Жәндіктермен, ұлулармен және су өсімдіктерімен қоректенеді. Европадағы Рейн өзенінен бастап Шығыс сібірдегі Колымаға дейінгі өзен-көлдерде кездеседі. Ақ қайран – кәсіптік маңызы бар балық. Еті дәмді, азықтық сапасы жоғары. Онда 19%-ке дейін белок бар. Түсі ақ, аздап сарғыштау, кейде қызғылтым болады, қылқан сүйегі көп. Аққайранды тұздайды, ыстап келтіреді, одан консерві дайындайды. Сонымен бірге, оны қуыруға, асуға, қақтан кептіруге, сондай-ақ одан бәліш үшін начинка (фарш) жасауға болады. Қолға үйретілген сәндік түрі тоғандарда өсіріледі, спорттық мақсатпен де ауланады. ## Дереккөздер
Аққалақ (лат. Mustela nivalis) – сусарлар тұқымдасының сусарлар туысына жататын жыртқыш сүтқоректі аң. Аққалақты кейде ақ қия немесе ақ құлақ деп те атайды. Дене ұзындығы 11 ден 26 см дейін, құйрығы 1,3—4 см, салмағы 43-250 г келеді. Денесі жіңішке, икемді. Жазда түсі күңгірт—жирен, (денесінің астыңғы жағы ақ), қыста, ақ. Солтүстік Америкамен Еуразияда таралған; ТМД—да барлық аймақтарда кездеседі. Әртүрлі табиғи жағдайларда тіршілік етеді. Қазақстанның орман-тоғайларында, өзен-көл жағаларында, сай-салаларында, тау алқаптарында, шөл-шөлейтті жерлерінде кездеседі. Жыртқыш, ұсақ кемірушілермен қоректенеді. 3—10—ға дейін, негізінде 4—7 күшігі болады. Кәсіпшілік маңызы шамалы. Аққалақ - пайдалы аң. Оның әрбіреуі жылына ауыл және орман шаруашылықтарына орасан зор зиян келтіретін 2,5-3 мыңдай ұсақ кеміргіштерді құртады. ## Дереккөздер
Ақкісі – Байқожа өзенінің оң жағалауындағы тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, аудан орталығы Қарқаралы қаласының оңтүстік-батысына қарай 50 км жерде орналасқан. Ол бірнеше шыңдардан тұрады. Ең биік жері 1140 м. Батыстан шығысқа қарай 6-7 км-ге созылып жатыр, ені 1-2 км. ## Жер бедері, геологиялық құрылымы Көп бөлігінің түпкі жыныстары жалаңаштанған, тік беткейі сай-жыралармен тілімденген. Орта және жоғары тас көмір гранитоидтарынан түзілген. ## Өсімдігі Таудың қызыл қоңыр, сазды және саздауыт топырағында жусан, тобылғы, бетеге, түрлі шөптер, қараған бұталары өседі. Етегінде көптеген бұлақтар бар. ## Дереккөздер
Аққанат , калла (лат. Calla) – шаяноттар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік туысы. Солтүстік жарты шардың қоңыржай және субтропиктік аймақтарында (Қазақстанда да) өсетін 1 түрі – батпақ аққанат (С. palustrіs) бар. Осы түрді Солтүстік Қазақстандағы Қамысты көлінің жағасынан 1958 ж. алғаш рет С.Арыстанғалиев жинаған. Оның биіктігі 10 – 35 см. Тамыр сабағы жуан, бөлшектенген, жатаған. Жапырақтары ұзын сағақты, пішіні жүрек тәрізді (ұзындығы 16, ені 11 см). Көктемнің басында аппақ жабынмен жабылған гүлшоғыры, кейін қызыл жемісі бар, жеке гүлдегі бірігіп өскен тығыз, қысқа жемістер тобы алыстан көз тартады. А-тың жемісі негізінен су құстары арқылы таралады. Улы өсімдік. Оңтүстік Африкада өсетін зантедесхия (Zantedeschіa) деген туыстың кейбір түрлерін «калла» деген атпен оранжереялар мен жылыжайларда қолдан өсіреді. ## Дереккөздер
Ақкөл ауданы — Ақмола облысының солтүстігіндегі әкімшілік аудан. 1928 жылы құрылған. 1997 жылға дейін "Алексеев ауданы" деп аталып келді. Орталығы — Ақкөл қаласы. ## Географиялық орны Аудан солтүстігінде Біржан сал ауданымен және Степногорск қаласымен, шығысында Ерейментау ауданымен, батысында Бұланды, Астрахан аудандарымен, оңтүстігінде Шортанды ауданымен шектеседі. ## Жер бедері Ақкөл ауданы жері (абсолют биіктігі 200-400 м) ұсақ, шоқылы, белесті болып келеді. Орталық бөлігінде Домбыралы тауы (471 м) орналасқан. Пайдалы қазбалардан: алтын, гранит, қиыршықтас, т.б. құрылыс материалдары өндіріледі. ## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Климаты континенттік, қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы — 170-18°С, шілдеде 19-20°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 350-400 мм. Басты өзендері: Қалқұтан, Талқара, Ақсуат. Көлдері ұсақ, негізінен сор болып келеді. Ірі көлдері: Итемген, Ақкөл, Балықтыкөл, Шортанкөл, Жарлыкөл. Жерасты сулары ауыз сумен қамтамасыз етуде үлкен маңыз атқарады. Топырағы карбонатты, сортаң, оңтүстікке қарай қара. Өсімдіктерден: түрлі шөп, қызғылт және қылқан селеу, сулыбас т.б. өседі. Орманының аумағы 50,5 мың га (қарағай, қайың, терек). Жануарлардан: бұлан, елік, сілеусін, қасқыр, түлкі, борсық, қарсақ, ақтиын, дала тышқаны, өзен-көлдерінде шортан, алабұға, оңғақ тіршілік етеді және жыл құстары мекендейді. ## Шаруашылығы Аудан орталығында жөндеу-механикалқ, темір-құйматас бұйымдары және ет, сүт заттары, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, 3 орман шаруашылығы, баспахана жұмыс істейді. Ақкөл ауданының тұрғындары негізінен астық, мал өсірумен шұғылданады. Ауыл шаруашылық жерінің аумағы 567,2 мың га (1997), оның 226,0 мың га-сы егістік, 24 мың га-сы шабындық, 317,1 мың га-сы жайылымдық жер. Ақкөл ауданында. Ауыл шаруашылығы жерінің ауданы 822974 га, оның 165886 га-сы егістік, 24 мың га-сы шабындық, 317,1 мың га-сы жайылымдық жер. Ақкөл ауданында 12 кәсіпорын, 3 құрылыс, 4 көлік мекемесі бар, ауданы мамандандырылған бірлестік, қожалық, акционерлік және кооперациялық шаруашылықтар құрылған. Егіншілікте негізінен дәнді дақыл (80%) өсірумен айналысады. Мал шаруашылығы бойынша ірі қара, қой мен ешкі, жылқы, шошқа, құс өсіріледі. Ақкөл ауданында кәсіптік-техникалық училище, 34 мектеп, бала-бақшалары, мәдениет үйлері, клубтар, кітапханалар, денсаулық сақтау мекемелері бар. Ауданы «Знамя Родины» газеті шығады. Аудан облыс орталығы — Көкшетау қаласы, елді мекендермен темір және автомобиль жолдары арқылы қатынасады. ## Халқы Тұрғындар саны: 25 793 адам (2019). * Ұлттық құрамы: қазақтар (42,86%), орыстар (38,96%), украиндар (4,26%), немістер (5,85%), беларустар (1,43%), татарлар (2,23%), еврейлер (0,34%), башқұрттар (0,33%), ингуштар (0,17%), корейлер (0,20%), әзербайжандар (0,29%), поляктар (1,31%), армяндар (0,12%), басқалары (1,99%). ## Әкімшілік бөлінісі 29 елді мекен 7 ауылдық округ пен 1 ауылдық, 1 қалалық әкімдікке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Танымал тұлғалары * Айтпай Бекболатұлы Құсайынов - Социалистік Еңбек Ері * Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов - Кеңес Одағының Батыры ## Дереккөздер
Аққанбұрлық – Есіл алабындағы өзен. ## Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысының Есіл және Айыртау аудандарының жерімен ағып өтеді. ## Бастауы Жақсы Жалғызтау көлінің батысынан бастау алып, Есіл өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 176 км. Су жинау алабының ауданы 6720 км2. Құлаайғыр, Тайсары, Солянка, Бабықбұрлық деп аталатын салалары бар. ## Дереккөздер
Аққарағай , қ. Самырсын. ## Дереккөздер
Ақирек – Желдіадыр тауының оңтүстік-шығысындағы тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 573 м. Таудан бастау алатын сағалары Талдысай, Жақсы Көң өзендеріне құяды. Маңайында Сарыбұлақ, т.б. қыстаулар бар. ## Дереккөздер
Аққоңырдаң – 1) Солтүстік Үстірттің Қаратүйе тауы етегіндегі ойпаң. Ұзындығы 1 км-ге жуық. Көктем, күз айларында жауын-шашыннан іркілген сулар жиналады. Ертеден керуен, көш жолының бойында орналасуына байланысты Аққоңырдаң деп аталған; 2) Ақтау бұйратының солтүстігіндегі Жыңғылды сайында жатқан ойпаң. Ойпаң түбі әктастан түзілген. Жағасы жайылма, шығыс беткейі әктасты жарлауыт. Негізгі су көздерінің бірі болған. Кейде Тасқоңырдаң деп те аталады. ## Дереккөздер
Аққар мұнай кен орны – Маңғыстау облысы Ақтау қаласынан солттүстік-шығысқа қарай 58 км жерде орналасқан. Кен орны 1986–88 жылдары барланып, 1989 жылы ашылды. ## Геологиялық құрылымы Ортаңғы триас кезеңінің тау жыныстарындағы күмбездің өлшемдері 3050 изогипс контуры бойынша 1,5×1,2 км, амплитудасы 60 м-дей. Коллекторлары аралас карбонатты, кеуектігі 10 – 17%, өткізгіштігі 1 – 47,7 мД. Мұнай иірімдері қабаты – күмбезді, біртұтас шомбал, тектоникалық қалқаланған, литологиялық шектелген. ## Тығыздығы, құрнамы Мұнайға қаныққандығы 59 – 78%, мұнайға қаныққан қабат қалыңдығы 2,6-19,2 м. Мұнайдың тығыздығы 0,847 – 0,887 г/см3, күкірт мөлшері 0,1%, парафин 19,1%-ға, асфальтендер 19,4%-ға, силикагел шайырлары 7,6%-дан 22,7%-ға жетеді. ## Дереккөздер
Аққоңыр – Шығыс Каспий алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы өзен. Ұзындығы 52 км, су жинау алабының ауданы 704 км2. ## Бастауы Сағасы Нұржан бейітінің оңтүстік-шығысындағы Теңізтау қыстауына жетпей құрғап қалады. ## Гидрологиясы Көктемде еріген қар суымен толысып тасиды. Өзен суы шабындық суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Аққоңырдөң – Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы құдық. Тереңдігі 6,0 м, су шығымы 200 л/сағ. Шығысында 20 км жерде Көктұма қыстағы орналасқан. ## Дереккөздер
‎ Аққурай (Psoralea) – бұршақ тұқымдасына жататын бұта, көп жылдық шөптесін өсімдіктер.Маңғыстаудың құмды жерлерінде қаулап өседі. Қазақстанда сүйекті Аққурай (P. drupacea) түрі кездеседі. Ол Оңтүстік Қазақстанның тау бөктерлерінде, құмды жерлерде қаулап өседі. Биіктігі 100 – 120 (200) см. Тамыры тереңге кетеді. Бұтақталған түкті сабағы тік болады. Жабысқақ безді жапырақтары жай, бүтін жиекті, үшқұлақты келеді. Ұсақ ақ, қызғылт түсті гүлдері жапырақ қолтығында орналасады. Мамыр – маусым айларында гүлдейді. Тамыз – қыркүйекте жеміс береді. Жемісі – көп тұқымды бұршақ. Аққурайдан жақсы сүрлем шөп дайындалады. Бұл өсімдікті қой мен түйе қыста сүйсініп жейді. Оның 1 га-сынан 10 – 25 ц шөп жиналады. Аққурай құрамында эфир майы болғандықтан, медицинада дәрілік өсімдік ретінде қолданылады. Жапырағынан желім, тамырынан илік заттар, сабағының талшығынан арқан есетін жіп алынады. ## Дереккөздер
Аққұдық – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құйылыс ауылының солтүстік-шығысында 55 км жердегі құдық. Шалқарнұра тауының орталығында орналасқан. Оңтүстік-батысынан Торғай өзені ағып өтеді. Құдықтың маңында сұрғылт қоңыр, қоңыр сортаңды топырағында көкпек, жалманқұлақ, бұйырғын, қара жусан, т.б. өседі. ## Дереккөздер
Аққошқар – Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы Құланөтпес өзенінің жайылмасындағы тұйық көл. ## Гидрографикасы Аумағы 11,6 км2, су жиналатын алабы 21,6 км2. Суы қараша айының 1-жартысында қатып, сәуірдің 2-жартысында мұзы ериді. ## Өсімдігі, жануарлары Жағалауында қамыс, шалғын өседі. Көлде шортан, алабұға, табан, сазан балықтар бар, көктемде су құстары ұя салады. ## Дереккөздер
Аққұдық – Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Мойынқұм құмының солтүстік-батысындағы құдық. Қырқалы-төбелі жерде орналасқан. Жер асты су жолы құдық жанынан өтіп, Сарысу өзеніне құяды. Сортаңды сұр топырағында баялыш, сұр жусан, т.б. өседі. ## Дереккөздер
Аққұдық мұнай кені — Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде. Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 64 км жерде орналасқан. Барлау жұмыстары 1981 жылы жүргізіліп, кен орны 1982 жылы ашылды. ## Сипаты Кен қос қанатты тұз күмбезді құрылымнан орын алған. Орналасу тереңдігі 1737-1759 м аралығында. ## Құрамы Мұнайы аз күкіртті (1,18%), парафинді (1,67 – 1,85%), 12-14% асфальтені бар. Аққұдық мұнай кені 1995 жылы пайдалануға берілді. ## Дереккөздер
Аққаңбақ (Gуpsophіla) – қалампырлар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Еуразияның қоңыржай белдеулерінде, Африкада (Египетте), Австралия мен Жаңа Зеландия(қолжетпейтін сілтеме) (бір-бір түрден) таралған. Қазақстанның барлық аймақтарында 20 түрі өседі. Әсіресе ең көп тараған түрі – шашақбас Аққаңбақ (G. panіculata). Ол шалғынды, құмды далаларда, өзен бойларында, сортаң жерлерде өседі. Биіктігі 20 – 100 см. Тамыры жуан. Тік бұтақталған дара, кейде бірнеше сабағы түзу болып келеді. Ұсақ ақ, шоғырланған гүлдері сыпыртқы тәрізденіп бытыраңқы орналасады. Маусым – шілде айларында гүлдейді. Егістік орнына өскен Аққаңбақтан 1 га жерінен 40 – 50 ц шөп алынады. Аққаңбақтың тамырында ветеринария мен медицинада пайдаланылатын сапонин алкалоиды (30%-ға жуық) бар. Тамыр ұнтағы жүн жуу, сабын, шампунь өндіру өнеркәсібінде қолданылады. Шөбінің тұнбасы бауыр ауруын емдеуге пайдаланылады. Пішенін түйе мен қой сүйсініп жейді. Аққаңбақты әсемдік үшін қолдан да өсіреді. ## Дереккөздер
Аққұм – Балқаш көлінің оңтүстігіндегі құмды түбек. ## Географиялық орны Алматы облысы Балқаш ауданы жерінде. ## Сипаты Балқаш көліне оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай сұғына еніп жатыр. Аумағы 23 км2, ұзындығы 9 км, ені 2 – 4 км. Жағалауы құмдауытты. Жері үйме және сусыма құмды келеді. ## Өсімдігі Жүзгін, қоянсүйек, теріскен, жағаға жақын ойыста жыңғыл, жағалауында құрақ, қамыс өседі. Аққұм – қысқы мал жайылымы. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 – 200 мм. Қаңтар айының орташа темпертурасы –15 – 16°С, шілде айында 22 – 24°С. ## Дереккөздер
Аққұдық – Қарағанды облысы Нұра ауданының орталығы бөлігіндегі шоқы. Кенжарық ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 км жерде. Биіктігі 404 м, ұзындығы 1-1,5 км, ені 0,5-1,0 км. ## Жер бедері, геологиялық құрылымы Беткейлері жайпақ. Шоқы элювийлі-делювийлі шөгінділермен жабылған девон жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Сортаң, қызғылт қоңыр топырағында бетеге, [елеу, көде өседі. ## Дереккөздер
Аққұм – Қостанай облысы Жангелді ауданындағы құмды алқап. ## Географиялық орны Ұлы Жыланшық өзенінен солтүстік-шығысқа қарай бойлай созылып жатыр. Шөл белдемінде орналасқан. ## Жер бедері мен өсімдігі Ұзындығы 63 км, жалпы аумағы 375 км2. Теңіз деңгейінен биіктігі 160 м. Құмдағы төбелер мен жалдар арасындағы ойысты шұраттарда (ойпаңдарда) ылғалдың мол болуына байланысты өсімдіктер (селеу, беде, жусан, еркек шөп, т.б.) қалың өседі. Аққұм – жыл бойғы мал жайылымы. ## Дереккөздер
Аққұмсағыз – Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы Аяққұм құмының солтүстігіндегі құмды алқап. ## Географиялық орны Сағыз өзенінің оң жағалауында орналасқан. ## Жер бедері Абсолют биіктігі 128 м. Ұзындығы 40 км, ені 15 км. Құмның етегінде Қызылтаң, Қамысқора, Ербас, Бисек, Қарабұйрат қыстаулары бар. Шағылда құмсағыз, жусан өседі. ## Дереккөздер
Аққұр(лат. Lagopus lagopus) – тауықтәрізділер отрядының құр тұқымдасына жататын орта денелі құс. Ол Қазақстанның солтүстік шығыс және орталық аймақтарында таралған. Аққайыңдар арасында тіршілік етеді. Салмағы 400-900 г, қыста сирағы мен саусақтары тырнағына дейін қалың қауырсынды, жазда қауырсынсыз болады. Басқа тауықтәрізділерден ерекшілігі - бір жылда қоразы 4 рет, мекиені 3 рет түлейді. Қыста түстері аппақ болады, ал жазда түсі тіршілік еткен жеріне сәйкес өзгеріп отырады. Аққұрлар топтанып тіршілік етеді де, көбею кезінде екі-екіден жұп құрады. Жерді шұңқырлап қазып, ішіне шөп төсеп, ұя жасайды. Оған 10-12 жұмыртқа салып, оны мекиені 18-20 күндей басады. Балапандарын мекиені мен қоразы бірігіп асырайды. Олар ағаш бүршігімен, жапырағымен, жемісімен, жаз айларында кейде омыртқасыз жәндіктермен қоректенеді. Аққұр — кәсіптік маңызы бар құс. ## Сілтемелер
Аққұдық – Бозащы түбегінің солтүстігі бөлігіндегі құдық. ## Географиялық орны Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында орналасқан. Тереңдігі 2 м, су шығымы 150 л/сағ. Оңтүстік-шығысын Үлкенсор соры алып жатыр. Маңайында Қаражанбас, Қаламқас мұнай кен орындары бар. ## Дереккөздер
Аққұрыш – Қағыл тауының солтүстік-шығысындағы тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 432 м. Көң өзені аңғарының солтүстік-батысында Теңіз көлі жатыр. ## Өсімдігі Қоңыр топырағында бұталы ағаштар, жусан, боз, селеу, т.б. шөптесіндер өседі. ## Дереккөздер
Ақмамық , Алмалық – Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы көл. Балықты жайылмасының солтүстік-батысында орналасқан. Теңіз деңгейінен 3,7 м биіктікте. ## Гидрографикасы Аумағы 4,03 км2, ұзындығы 2,5 км, ені 2,5 км. Жағалауының ұзындығы 8,6 км. Көл қар, жауын-шашын суларымен толысады. Суы қарашаның 1-жартысында қатып, сәуірдің басында мұзы ериді. Жазда суы тартылып қалады. ## Жағалау сипаты Жағалауы жайпақ, астық тұқымдас ақмамық шөбінің өсуіне орай көлді Ақмамық деп атаған. Дәмі кермек, жазғытұрым ащы. Жағалауы шабындық және жайылым ретінде пайдаланылады.
Ақмарқа (лат. Aspius aspius) – тұқы тұқымдасына жататын жыртқыш балық. Дене тұрқы 70 см, салмағы 7 кг-дай. Тұрқы ұзын, екі бүйірі сәл қысыңқы. Астыңғы жақтарының ұшындағы кішкентай бұдырмақ оның үстіңгі жақтарының қосылған жеріндегі ойыққа дәл келеді. Бауырының құрсақ қанаттарынан кейінгі жері қырлы, арқасы боз жасыл, екі бүйірі күміс түстес, бауыры ақ болады. Балтық теңізі мен Қара теңізде кездеседі. Қазақстанда Ақмарқаның 2 түршесі бар: Бір түршесі – Каспий су алабында (Балқаш – Іле су алабында жерсіндірілген); екіншісі – Арал теңізінде, Сырдария мен Сарысу, Шу өзендерінде тіршілік етеді. Соңғысын Сыр, Шу ақ балығы деп те атайды. Ақмарқа 3 – 5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын (300 мыңға дейін) сәуір – мамырда өзендердің ағысты, майда тасты жеріне шашады. Шабағы – майда омыртқасыздармен, ересектері шабақтармен, майда балықтармен қоректенеді. Кәсіптік маңызы бар. ## Ақмарқа еті Ақмарқа етінің дәмділігі жағынан ең таңдаулысы — оңтүстік Каспий ақмарқасы (хашам). Ақмарқаның еті дәмді болғанымен қылтаны көп. Қақтап кептірілген және ысталған күйінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Ақметжансор – Ақмола облысы Зеренді ауданы Қызылтаң ауылынан шығысқа қарай 15 км жерде орналасқан көл. ## Гидрографикасы Аумағы 7,7 км 2. Көл теңіз деңгейінен 229 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 3,7 км, енді жері 3,0 км, жағалау бойының ұзындығы 10,6 км. Жағалауы жайпақ, ашық. Көл табаны лайлы. Оңтүстігінде 5 км жерде шоқ қайыңды-қарағайлы орман өседі. Аңғарының басым бөлігі жыртылған.
Ақмая вольфрам-молибден висмут кен орны - Қарағанды облысының Шет ауданы жерінде. ## Геологиялық құрылымы Ол туфогенді шөгінді жыныстардың әктастарынан пайда болған мүйізтас скарн және мәрмәр тастардың арасында жатыр. Кен кварц-грейзен формациясының штокверкті типіне жатады. ## Жатыс сипаты, минералдары Кентасты штокверктер мен оларды сыйыстырушы жыныстардың созылым бағыты бірдей. Кентастың қалыңдығы тереңдеген сайын ұлғая түседі. Оның басты құраушысы – вольфрам. Онымен бірге кездесетін молибден, висмут, қалайы, бериллийдің де өндірістік мәні бар. Қорының шамасы жөнінен орта кен орындарының қатарына жататын Ақмая вольфрам-молибден висмут кенінде барлау 1952 жылы аяқталған. Кенді ашық әдіспен өндіруге болады. ## Дереккөздер
Аққұдық – Қостанай облысы Жангелді ауданындағы Қарақамыс көлінің шығысындағы құдық. Тереңдігі 1 м, су шығымы 75 л/сағ. Солтүстігінде Құмкөл, шығысында Шыңырау, оңтүстігінде Егінкөл, т.б. қыстаулар орналасқан. Батысынан Өлкейек өзені ағып өтеді. Құдықтың маңайы мал жайылымына қолайлы. ## Дереккөздер
Ақмешіт әулие үңгірі – Түркістан облысы Бәйдібек ауданында орналасқан, әктасты жыныстар қабатында пайда болған ойық жарқабақ үңгір. ## Сипаты Ұзындығы 254, ені 65, биіктігі 25 м. Жарқабақ саңылауларынан мезгіл-мезгіл су тамып тұрады. Ішінен қарағанда ернеуі киіз үйдің шаңырағы секілді көрінеді. Ел арасында бір кездері онда бір әулие әулетімен киіз үй тігіп, сатымен шығып-түсіп жүрген деген де аңыз айтылады. Үңгірге перзент көрмеген кейбір ерлі-зайыптылар, ауру адамдар әлі күнге дейін түнеп, мінәжат етеді. ## Шығу тарихы Ақмешіт үңгірі туралы аңыз-әңгімелер өте көп. Солардың бірі – Есіркеп Қойгелді батырға қатысты айтылған аңыз. Батыр қалмаққа қарсы жорыққа шығарда кенеттен нөсер жауып кетеді. Он мыңнан астам сарбаз пана іздеп, осы үңгірге түседі де, таңғы намазға жығылыпты. Атауы жоқ үңгірді жауынгерлердің бірі батырдың есімімен атауға ұсыныс тастайды. Алайда Есіркеп Қойгелді батыр бұл ұсынысқа үзілді-кесілді қарсылық танытады. "Бұл Қаратаудың қасиеті дарыған таудың етегі. Бізді және астымыздағы аттарымызды жаңбырдан қорғап қалды. Сәждеге жығылып, намаз оқуымызға мүмкіндік берді. Үңгір ішіндегі тастары да ақ ұлпадай әппақ, керемет әсер қалдырады. Мұның қасиеттілігі сол шығар, сондықтан оны "Ақмешіт" деп атайық" депті. Міне, содан бері қасиетті орын ұрпақтан-ұрпаққа Ақмешіт деп аталып кетіпті. ## Дереккөздер
Ақлақ тоспасы – Сырдарияның Кіші Арал теңізіне құяр сағасындағы бөгет. Қызылорда облысы Арал ауданы жерінде. Ақлақ тоспасы Кіші Арал теңізін сумен толтыру мақсатында салына бастады. 2006 жылы іске қосылды. Тоспаға баратын жолдың ұзындығы 19,5 км, ені 12 м, биіктігі 5,5 м, радиусы 9 м, үш су өткізгіші бар. Жобалық су өткізгіштігі: жазда 515 м3, қыста 400 м3, қалыпты жағдайдағы су деңгейі 53,5 м, табалдырығының биіктігі 48,5 м, құдық түбінің тереңдігі 37,2 м, су жүретін жарманың ұзындығы 100 м. Тоспа іске қосылғанда теңіз жағалауындағы құрғақ көлдер мен қолтықтар суға толады. ## Дереккөздер
Аққаба – Шығыс Қазақстан облысы Марқакөлдің шығысындағы Қаба жотасын бойлай ағып жатқан өзен, Қаба өзенінің сол саласы. Ұзындығы 99 км, су жинау алабының ауданы 1570 км2. ## Бастауы Бастауын Оңтүстік Алтай жотасынан алады. Қазақстан мен Қытай Мұрағатталған 19 қазанның 2011 жылы. шекарасын бойлай аққан өзен, әуелі Қарақаба өзеніне, сонан кейін Қытайдағы Қаба өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Арнасының ені 0,5 км, жағасының биіктігі кейбір тұсында 10 м-ге дейін жетеді, жазықпен аққан жерлерінің биіктігі 2-2,5 м, жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. ## Дереккөздер