text
stringlengths
3
252k
Баба – Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Жусандыой а-ның оңт.-батысында 25 км жердегі жайлау. Солт.-шығысында Сабын көлі жатыр. Шалғынды сұрғылт қоңыр топырағында түрлі жұлдызшөптер, жусан, еркек шөп өседі. Жазғытұры мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы
Бабалы – Әулие тауының оңтүстік-шығысындағы тау. ## Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданында орналасқан. Абсолюттiк биіктігі 528 м. ## Жер бедері Дөңгелек пішінді таудың шығысынан Түндік өзені ағып өтеді. ## Өсімдігі Бозғылт топырағында бұта аралас сұлыбас, боз, селеу, т.б. шөптесіндер өседі. ## Дереккөздер
Әулиетөбе – Қарағанды облысы Осакаров ауданының шығыс бөлігінде, Молодёжный кентінен солтүстік-шығысқа қарай 10 км жерде, Ертіс-Қарағанды каналының оң жағалауындағы шоқы. ## Жер бедері мен геологиялық құрылымы Ең биік жері 571 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 3,5 км-ге созылып жатыр, ені 2,5 км. Тас көмір жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында жусан, бетеге, қызыл селеу, сұлыбас, қозықұлақ, т.б. өседі. ## Дереккөздер
Бабаң, Берекетті – Шерубайнұраның оң саласы. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 42 км, су жиналатын алабы 831 км². ## Бастауы Айыртаудың шығысынан басталып, Шерубайнұра өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Қар, жер асты суларымен толығады. Ұзындығы 10 км-ден аспайтын 4 саласы бар. Сәуір – мамыр айларында тасиды. Жер суландыруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Әулиеоба – Үлкен Қарақамыс көлінің солт.-шығысындағы батпақ. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында орналасқан. Көлді-аллювийлі жазықтағы топырағы батпақты келген. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы
Әулиемола – Құмжарған құмының солтүстігіндегі тау. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 320 м. Беткейі көлбеу келген. ## Өсімдігі Сұр бозғылт және қызғылт сортаң топырағында жусан, еркек шөп, түрлі жұлдызшөптер өседі. ## Дереккөздер
Бабатай – Ойыл алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Қобда, Ойыл аудандарының жерімен ағады. Ұзындығы 59 км, су жиналатын алабы 856 км². ## Бастауы Әбді тауының шығыс беткейінен басталып, Бабатай аулының тұсында Ойыл өзеніне құяды. ## Гидрологиясы 27 саласы бар. Өзен қар, жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Желтоқсанның 1-онкүндігінде суы қатып, сәуірдің басында мұзы ериді. Жайылымдарды көлдетіп суғаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Бабатоған – Алматы облысындағы Шілік өзенінің Қапшағай су қоймасына құяр тұсындағы төрттік кезеңнің шөгінділерінен түзілген жазық. ## Жер бедері Ұзындығы 15–18 км, ені 5–7 км. Теңіз деңгейінен 495–510 м биікте жатыр. Қапшағайға жақын ойысты жерлерінің сортаң тартқан шалғынды топырағында қамыс, ортасының дөңесті сортаңдау топырағында ши мен жусан араласқан сирек тоғайлар мен бұта шоғырлары өседі. ## Дереккөздер
Бабелян суландыру жүйесі – Алматы облысы Панфилов ауданында Іле өзенінің суын а. ш-на тиімді пайдалану мақсатымен 1968 ж. салынған суландыру жүйесі. Аумағы 10 мың га-дан астам жердегі жүгері, көкөніс, бақша дақылдары мен шабындықтар суғарылады. Су өзен арнасынан ылдиға қарай өздігінен ағады, бас қондырғыдан жүйеге секундына 12,5 м3 су құйылады. ## Дереккөздер
Бағатай-беніке – Каспий маңы ойпаты Өліқолтық сорының шығысындағы ойыс. ## Географиялық орны Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы жерінде. ## Жер бедері, геологиялық құрылымы Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 35 – 38 км-ге созылған, ені 9 – 10 км. Теңіз деңгейінен 57 м төмен жатыр. Олигоцен және төрттік жүйе шөгінділерінен түзілген. ## Өсімдігі Сұр және бозғылт сортаң топырағында бұйырғын, тасбұйырғын, жусан басым өскен. ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Бадам – Түркістан облысы Сайрам ауданы, Бадам ауылдық округі құрамындағы ауыл. * Бадам – Түркістан облысы Сайрам ауданы, Қаратөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл. * Бадам – Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауыл. * Бадам – Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Бадам өзенінің бойында орналасқан станция. Басқа мағыналар: * Бадам – Арыс алабындағы өзен. * Бадам (өсімдік) – раушан гүлдер тұқымдасына жататын жеміс ағашы. * Бадам – Түркістан облысы Төле би ауданында, Бадам, Тоғыз, Сайрамсу өзендерінің тоғысқан жерінде орналасқан бөген. * Бадам барит кен орны – Шымкент қаласының оңтүстік-шығысында, Бадам өзені бойында орналасқан кен орны. * Бадам қорымы – Бадам өзенінің сол жағалауында сүйірлене көзге түсетін археологиялық ескерткіш.
Бабықбұрлық – Есіл алабындағы өзен. ## Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы өзен. Ұзындығы 84 км, су жиналатын алабы 1 320 км2. ## Бастауы Көкшетау қыратының солтүстік бөлігінен басталып, Рухловка ауылының оңтүстігінде Аққанбұрлық өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Өзеннің 8 саласы бар. Қар, жауын-шашын суларымен толығады. Қараша айының басында қатып, сәуірдің аяғында мұзы ериді. ## Дереккөздер
Бадам барит кен орны - Түркістан облысы Шымкент қаласының оңтүстік-шығысында, Бадам өзені бойында орналасқан кен орны. 1926 жылы ашылған. Онда 20 ғасырдың 60-жылдары барлау, шикізат сапасын бағалау жұмыстары жүргізілген. 210 м-ге дейінгі тереңдіктегі барит қоры есептелген. ## Геологиялық құрылымы Бадам барит кен орны Шатқал-Құрама құрылымдық-фациялық алабының солтүстік бөлігін алып жатыр. Ол төменгі карбон қабатының андезитті порфириттерінің шөгінді жыныстармен түйіскен тұсын қамтиды. ## Жатыс сипаты, құрамы Ұзындығы 270 м-ге, қалыңдығы 0,5-4 м-ге жететін қабатаралық линза, желі, ұя түріндегі кентас денелері бойлық бағытта созылған. Оларды қоршаған жыныстар кварцтенген, бариттенген, флюориттенген күйде кездеседі. Сондықтан құрамы жағынан кентас баритті, флюоритті, кварцты-баритті болып ажыратылады. Бадам барит кентасында 19,6- 55% барит, 1,3-35% флюорит бар. Олардың әрқайсысынан дербес концентрат алуға болады. Алынған барит негізінен бұрғылау ісіне қажетті ауыр ерітінді дайындауға қолданылады. ## Дереккөздер
Бағырлайсай – Жайық алабындағы өзен, Жайықтың оң жақ тармағы. ## Географиялық орны Атырау облысының Махамбет ауданы арқылы өтеді. Ұзындығы 132 км, су жиналатын алабы 904 км². ## Бастауы Ақжайық ауылы тұсында Жайықтан бөлініп шығады да оңтүстік-батысқа қарай ағып, Жалтыр көліне құяды. ## Гидрологиясы Жауын-шашын және Жайықтың жайылма суымен толығады. Аңғары кең, оң жағасы тік жарлы. Желтоқсан — сәуір айларында бетіне мұз қатады. Суы тұщы. Жайылмасында шабындық алқаптар бар. ## Дереккөздер
Әулиетұма – бұлақ көзі. Алматы облысы Ақсу ауданы Қапал а. арқылы өтетін Қапал өз-нің іргесіне орналасқан. Қайнаған қазанға ұқсас шұңқыр суының көз, тері, асқазан ауруларын емдеуге шипалық қасиеті бар. Жергілікті тұрғындар тұма басындағы ағашқа орамал байлап, түбіне тиын тастап тәу етеді. Халық арасында бұлақ киелі орын саналады. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы
Әулиешоқы – Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде, Ақшатау ауылының шығыс жағындағы тау. Солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр, ұзындығы 8 км, ені 3 км. ## Жер бедері Солтүстігі және шығыс беткейлері тегіс, жұмыр оқшауланған ұсақ шоқлы. Ең биік жері 926 м. Шығыс тау етегінде қорым тастар мол жиналған. ## Геологиялық құрылымы Силур жүйесінің жоғарғы бөлімі жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Нашар дамыған қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, бетеге, бұта өседі. Жазғы, қысқы мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Бадана (лат. bulbus), пиязшық, жуашық – өсімдіктің топырақ астындағы өркені. Лалагүл және амариллис тұқымдастары сияқты дара жарнақты өсімдіктер де болады. Бадананың пішіні әр түрлі келеді, оның дамып жетілмеген ішкі сабағында (түбіршегінде) бір немесе бірнеше вегетативті (өсу) және генеративті (гүл) бүршіктері болады. Жапырақтары түссіз, қабаттасқан сыртқы қабығы құрғап, қатайып қабыршаққа айналған. Бұл қабық ішкі шырынды қабыршақтарды кебуден және зақымданудан қорғайды. Бадананың жапыраққа ұласар тұсы – жалған сабақ немесе мойынша деп аталады. Ол піскен кезде солып, қурап қалады. Бадананың түбіршегінен тамыр сабақ өседі де, кішкене бүршік шығарып, тамырланады. Бадана кейбір өсімдіктердің гүлшоғырларында (пиязда, астық тұқымдастарында) немесе жер бетіндегі өркеніндегі жапырақ қойнауында (тісшөпте, лалагүлділерде) орналасады. Бадана бір немесе бірнеше жылда (жауқазында, нәркесте) жетіледі. Өсімдіктердің Баданасында су және басқа да қоректік заттар жиналады. Бадана арқылы олар көбейеді. Көкөніс 6 айдан асса, кейде собықты деп те аталынады. Ол консервілеу және кулинарияда пайдалану үшін өсіріледі. Тағам ретінде пайдаланылатын көкөніс баданасы піспей тұрып — собықтану сатысында жиналады. Бұл кезде олар әлжуаз (собығы иілген кезде тез сынады), ірі талшықсыз әрі пергаментті қабықсыз келеді. Дәні онша жетілмейді, көлемі бидай дәніндей ғана болады. Бадана собығының құрамында белок, крахмал, қант, 20 мг процент С витамині бар. Бадананың бұршақ собықты сорты құрылымы мен сапасы жағынан көкөністік, жартылай көкөністік және аршымалы болып бөлінеді. Көкөністік бадана сорттарының (мысалы, Юбилейная 287, талшықсыз Сакса 615, Триумф сахарный 764) бұршақ-собықтарында пергаментті қабық пен ірі талшықтар болмайды. Жартылай көкөністік бадана сорттары (мысалы, Шедрая) ірі талшықты келеді. Тамақ үшін жас бұршақ-собықтары пайдаланылады. Аршымалы бадана сорттарының (мысалы, Грибовская) бұршағы қатты, етсіз, талшықтары көп болады. Піскен кезде бүршақтары жарылып кетеді. Бадана собықтарының өсіп-жетілуіне қарай маусым айының аяғынан тамыз айына дейін жиналады. Әдетте бадана бір тәуліктен артық сақталмайды (өйткені собықтары тез пісіп, қатайып және кеуіл кетеді). Төменгі температурада (0оС шамасындай) және ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығында (90% шамасындай) 5—7 тәулікке дейін сақталады. ## Дереккөздер \
Базыгүрлі-жазыгүрлі – Маңғыстау түбегінің оңтүстігінде қатар жатқан ойыстар. ## Географиялық орны Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жерінде орналасқан. ## Жер бедері Базыгүрлі ойысының аумағы 40 км2 шамасында, ұзындығы 12 км, ені 2,5 км, теңіз деңгейінен 4 м төмен жатыр. Жазыгүрлі ойысының аумағы 63 км2, ұзындығы 15 км, ені 6,0 км-дей, теңіз деңгейінен 6 м төменде жатыр. Ойыстар неогеннің саз балшықты жыныстарынан, сарматтың бақалшақты әктастарынан түзілген. Табаны тегіс, сор батпақ. Кей жерлерінде құдықтардың (орпалардың) іздері сақталған. Батыс беткейлерінен басқа жерлері жарқабақты, батысы баспалдақ тәрізді. Жарқабақтарының (кемерлерінің) биіктігі 80 – 90 м-ге жетеді. Кемерлер басында Жаздыгүрлі, Базыгүрлі құдықтары орналасқан. ## Өсімдігі Өсімдіктерден негізінен бұйырғын, күйреуік, ащы жусан, жарқабақ беткейлері мен сай-салаларда көктемде әр түрлі астық тұқымдас эндемик өсімдіктер өседі. Полковник Ф.Берг экспедициясының жолбасшылары Қосым Тигенов пен Нарынбай Исслин 1825 ж. 9 ақпанындағы көрсетілімдерінде Базыгүрлі ойысы туралы «Ойыс табанындағы қалың сексеуіл ішінде барыс бар. Қыр асып түсіп шығатын жолы қолайлы, жайылымы мен отыны мол, құдықтары сулы» – дейді. Қазір құдық сулары ащы. ## Дереккөздер
Байбала – Жетісу облысы Алакөл ауданы Сасықкөл көлінің оңтүстік бөлігіндегі көл. ## Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 350 м биіктікте орналасқан. Аумағы 5,1 км2. Жанында Байбол, Қошқаркөл (Ұялы) көлдері жатыр. Көл өзен суымен толысып отырады. ## Өсімдігі Жағасындағы шалғынды сұр қоңыр топырағында сұр жусан, баялыш, күйреуік және сортаңды жерлерде қамыс өседі. Желтоқсанда қатып, наурыз – сәуірде мұзы ериді. Суы кермек, тұтқыр, аздап сілтілі келеді. ## Дереккөздер
Байболат – Дариялықтақыр жазығының солт.-батыс бөлігіндегі құдық. Қызылорда облоблысы Жалағаш ауданында. Тереңд. 4 м, су шығымы 1000 л/сағ. Құдықтың солт.-шығысында Қараойсор тоғайы, солт.-батысында Шақша тауы, оңт-нде Балғынбай төбесі орналасқан. Тақыр құмдақты топырағында қара сексеуіл, еркек шөп, жусан, бұйырғын, т.б. өседі. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы
Базарбай каналы – Талас өзенінен бастау алып Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы Түймекент, Суханбаев, Амангелді, Үшбұлақ елді мекендеріндегі егістіктерді ылғалдандыру үшін пайланылатын өздігінен ағатын канал. ## Гидрологиялық сипаты Ұзындығы арықтарын қоса есептегенде 120 (өз ұзындығы 39,6) км. Талас өзеніндегі бөгеттен басталатын бұл канал Базарбай-Төрекелді су жүйесіне кіреді. Канал 11 м³/с су өткізеді. Аумағы 6600 га-дан астам жерді суғаруға пайдаланылады. Каналдың бау-бақша мен егін шығымдылығын арттыруда маңызы зор. ## Тарихи дерек Канал 1864 жылы қазылған. Жергілікті халық Базарбай тоғаны деп атаған. Базарбай Байзақтың ағасы, Бәйтеректің тұңғыш ұлы. Ертеде Күнбасұлы Мәмбет бабадан 6 ұл болған. Оның бірі - Бәйтерек. Ол кісінің бір ұлынан бала болмаған екен. Ол Базарбай еді. Базарбай ағайындарын жинап, кеңес құрып: "Менде артта қалар ұрпақ болмады, мен өз атымды қалдыру үшін тоған қазамын" деген. Сосын ағайындары адам жинап, тоған қаздырған, ел аузында "Базарбай" деген ат қалған. ## Дереккөздер
Байбота — Саумалкөл көлінің шығысындағы тұзды көл. ## Географиялық орны Ақмола облысы Қорғалжын ауданында. Теңіз деңгейінен 316,5 м биіктікте. ## Гидрографикасы Аумағы 5 км 2, ұзындығы 3,3 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 8,6 км. Қар және жер асты суларымен толысады. Қарашада қатып, сәуірде мұзы ериді. Суы тұзды, сілтілі және кермек. ## Өсімдігі Батпақты жағалауларындағы қызғылт қоңыр топырағында жусан, бетеге, ажырық, боз, селеу өседі. ## Дереккөздер
Байғұлы – Ақмола облысы Ерейментау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде орналасқан тау. Абсолюттiк биіктігі 507 м. Солтүстіктен оңтүстік-шығысқа қарай ұзындығы 8 км, ені 4 км доғаша созыла орналасқан. ## Жер бедері мен геологиясы Беткейлері жазық, сай-жыралармен тілімденген. Батыс беткейінің баурайында көлдер бар. Байғұлы девондық граниттер мен гранодиориттерден түзілген. ## Өсімдігі Қара қоңыр топырағында қау, бетеге, т.б. астық тұқымдас өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Байғұтты – Жайық өзенінің аңғарында, Итмұрынкөл, Рахмансор көлдерінің оңт-нде орналасқан сор. Сор солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 13 км-ге, енді жері 3 км-ге созылып жатыр. Солт., солт.-шығыс бөліктеріндегі батпақта қамыс, қоға өседі. Оңт., оңт.-батыс бөліктері жазық келген. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы
Байбақ , пентанема(Рentanema) – орамжапырақтар тұқымдасына жататын бұташық өсімдіктер туысы. Қазақстанда Қаратау мен Батыс Тянь-Шаньның тасты, тастақты беткейлерінде, жартас жарыншақтарында өсетін 1 түрі – Альберт-РегельБ. (Р. albertoregelіa) бар. Биікт. 10 – 25 см. Тамырсабағы ағаштанған. Сабағы көп, жіңішке, имек келген. Сыртын қалың түк басқан. Жапырақтары дөңгелек ұзынша, екі жағы да түкті. Боз сарғыш түсті гүлдері себет гүлшоғырына топталған. Маусым – шілде айында гүлдеп, шілде – тамызда жемістенеді. Тұқымы ұсақ, қоңыр түсті. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы
Байдәулет – Қарағанды облысы Абай ауданының шығысындағы тау. Спасск елді мекенінің оңтүстік-батыс жағында 5 – 6 км жерде орналасқан. Ең биік жері 815 м. ## Жер бедері Солтүстік-батыс беткейі құламалы жартасты, оңтүстік-шығысы жайпақ келген. Солтүстігінен Көкөзек өзені, оңтүстігінен Бауырөзек өзені бастау алады. ## Геологиялық құрылымы Тау элювийлі-делювийлі шөгінділер жауып жатқан ордовиктің гранитоидты жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Қызғылт қоңыр және сортаң топырағында бетеге, көде, тобылғы өседі. Етегінде көптеген бұлақтар бар. ## Дереккөздер
Байғыз (лат. Athene noctua) — жапалақтәрізділер отрядына жататын Нақтылы жапалақ тұқымдасы Байғыздар туысының құсы. ## Таралуы Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысынан басқа жерлердің бәрінде мекендейді, әсіресе, Үстіртте, Маңғыстауда, Арал, Балқаш жағалауында, Қаратауда, Алтайда жиі кездеседі. Республикамызда байғыздан басқа, орман байғызы (Aegolius funereus), байғызша (Glaucidium passerinum) деген түрлері бар. ## Биологиялық сипаты Байғыздың қоразы қанатының ұзындығы 153—172 мм, салмағы 154—157 г, мекиенінің денесі ірілеу, қанатының ұзындығы 157—175 мм, салмағы 195—260 граммдай болады. Арқасы қоңыр теңбілді, бауыры ақшыл тарғыл, тұмсығы сүйір, имекті келеді. Жарқабақтардағы індер мен жартастағы үңгірлерге ұя жасап, оған 4—6 ақ жұмыртқа салады. Оны мекиені бір айға жуық басады, балапандарын 35—40 күнде ұядан ұшырады. ## Қорегі Байғыз — отырықшы құс. Олар майда кеміргіштермен, торғай тәрізді құстармен, ұсақ жәндіктермен қоректенетіндіктен, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді. Алайда қазақ халқының дәстүрлі ұғымында байғыздың шақыруы жаман ырымға баланып, бұл құсқа қатысты әр түрлі аңыздар пайда болған. ## Дереккөздер
‎‎ Бадам бөгені — Түркістан облысының Төле би ауданы жерінде, Бадам, Тоғыз, Сайрамсу өзендерінің тоғысқан жерінде орналасқан. Төле би, Сайрам аудандары жерін суландыру мақсатында 1974 жылы іске қосылған. ## Гидрологиялық сипаты Аумағы 4,75 км², көлемі 59,0 млн м³, ең терең жері 42,6 м. Топырақтан үйіліп жасалған бөгетінің биіктігі 42 м, ені 10 м. Диаметрі 1,2 м, өнімділігі 13,0 м³/с қос құбыр арқылы су ағыны реттеледі. ## Дереккөздер
Базыгүрлі – Кендірліқиясай үстіртінің солт.-шығыс бөлігіндегі құдық. ## Сипаттамасы Маңғыстау облысы Қарақия ауданында. Тереңд. 18 м, су шығымы 100 л/сағ. Құдықтың оңт.-батысында өзімен аттас ойыс бар. Солт.-шығысында Сұлутөрткөл тауы орналасқан. Тақыр және қоңыр сұр топырағында сұр жусан, баялыш, күйреуік, эфемерлі өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы
Байелі – Арал қарақұмының оңтүстігінде Қызылорда облысы Қазалы ауданында орналасқан құдық. Тереңдігі 10 м, су шығымы 300 л/сағ. Құдықтың солтүстік-батысы ірілі-ұсақты төбешіктер, оңтүстігі мен шығыс бөлігі тегіс жазық келген. Құмды, сортаң қоңыр топырағында жүзгін, жусан, баялыш, күйреуік, сексеуіл, т.б. өседі. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы
Байжансай қорғасын кен орны — Түркістан облысы Бәйдібек ауданында орналасқан. Кен орны алғаш 1904 жылы орыс зерттеушілері В.Н. Вебер мен М.М.Бронниковтың мәліметінен белгілі болған. Геология барлау жұмыстары 1930 жылы басталған. ## Геологиялық құрылымы Байжансай қорғасын кенінің геология құрылымына шөгінді тау жыныстары кіреді. Кен Ақсұран синклиналі мен оны қиып өтетін Байжансай жарылымы бойында девон-карбон кезеңдерінде түзілген. Литологиялық-петрографиялық құрамында қызыл түсті құмтас, ұсақ малтатасты конгломерат, алевролит (Түлкібас қабаты) және карбонат шөгінділер кездеседі. ## Жатыс сипаты, құрамы Негізгі кен денелері шоғырланған конгломерат, құмтас пен әктастан тұратын қабаттың қалыңдығы 200-250 м. Кентастар негізінен галениттен, аз мөлшерде пирит пен сфалериттен тұрады. Олар жыныс массасында түйіршікті, сызықша, брекчия тәрізді және тұтас сульфид құрылымды болып таралған. Кен денесінің ұзындығы жоғарғы горизонттарда 340 м, тереңдеген сайын 150 метрге дейін азаяды, қалыңдығы 0,5-3 м, кей жерлерде 11 метрге жетеді. Байжансай қорғасын кен орны — Шымкент қорғасын зауытының шикізат көзі. ## Дереккөздер
Байғанин ауданы — Ақтөбе облысының оңтүстік-батыс бөлігіндегі әкімшілік аудан. Орталығы — Қарауылкелді ауылы. Жер аумағы 61,0 мың км². ## Географиялық орны Солтүстігінде Ойыл, Темір, шығысында Мұғалжар, Шалқар ауданы аудандарымен, оңтүстігінде Өзбекстанның Қарақалпақстан Республикасымен, батысында Атырау облысының Жылыой, Қызылқоға, Маңғыстау облысының Бейнеу аудандарымен шектеседі. ## Тарихы Аудан 1928 жылы құрылды. Ол кезде аудан Табын деп аталып Адай уезінің солтүстік-шығысындағы ірі бөлінісі еді. Кейін 1932 жылы Ақтөбе облысының әкімшілігіне еніп, 1940 жылы ауданға халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің есімі берілді. ## Атақты тұлғалары Бұл өлкеде қазаққа атақты жырау Ақтан ақын дүниеге келген. Халыққа белгілі тұлғалар: Түрікпенбай палуан, Көбен би, Таймас Ишан, Байтақ мақсым, Мыңбай батыр осы өлкенің бетке ұстар мақтаныштары. Сондай-ақ кезінде бұл өлкені би әрі болыс болған Мыңбай батыр басқарған. ## Халқы Тұрғыны 22809 адам (2019). Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 0,37 адамнан келеді. Ұлттық құрамы: қазақтар (99,80%), орыстар (0,08%), басқалары (0,12%). ## Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 24 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Жер бедері Байғанин ауданының жері негізінен үстіртті (биіктігі 200—300 метр), оңтүстігін Доңызтау тауы және Шағырай үстірті алып жатыр. Ауданның солтүстігі оңтүстігімен салыстырғанда биіктеу болып келеді, мұнда адырлар жиі ұшырасады. Қарауылкелдінің батысындағы шоқының биіктігі 276 м., Аша елді мекенінен шығысқа қарай 12 км шамасында 299 метрлік биіктік сияқты шоқылар ауданның солтүстігі мен солтүстік-шығысында жиі ұшырасқанымен олардың абсолютті биіктігі көзге оғаш біліне қоймайды, себебі жалпы жер бедерінің өзі едәуір көтеріңкі болып келеді. Ауданның оңтүстік-шығысында аласа тау жоталары, адырлы қырқалар кездеседі, бұл төңірекке Шағырай жонының сілемдері кіріп жатыр (батыс бөлігі), оның батыс беткейінде Құтымның шоқысы (250 м), Зымыстан (206 м) шоқысы оқшаулау тұр. Ауданның оңтүстік бөлігінде шығыстан батысқа қарай Доңызтау таулары созылып жатыр, мұндағы шоқылардың биіктігі 209 метрден аспайды, алайда Каспий маңы жазығының шығыс бөлігіне кіретін бұл аймақта Доңызтау қыраттары әжептәуір биік болып көрінеді. Жем өзенінің оңтүстік-шығыс жақ өңіріндегі аласалау, адырлы қырқалар арасында бос тақырлар мен ойдым – ойдым құмайтты шағылдар бар. Бұл төңіректе Қантөрткүл (262м), Әлитау (354 м) шоқылары мен Шерғала жоны араларындағы жазықтар едәуір ауқымды алқапты алып жатыр. ## Пайдалы қазбалар Кен байлықтарынан гипс, әктас, бор, қиыршық тас, т.б. құрылыс материалдары өндіріледі. Аудан жері мұнай мен газ қорына бай. Ірі кен орындары Жаңатаң, Лақтыбай, Ақжар, Шығыс Ақжар, Қаратөбе, Оңтүстік Қаратөбе, бұлар негізінен Жем өзенінің сол жағалауында орналасқан. Жол құрылысында пайдаланылатын шикізат - кир Мортық, Алтай, Дөңгелексор, Ақшоқы, Алашқазған маңында кездеседі. Табиғи газдың қоры аудан оңтүстігінде бар деп есептелінеді. ## Климаты Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы –10°С, шілденің орташа температурасы 25°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшер ауданның оңтүстігінде 150 мм, солтүстігінде 250 мм. Байғанин ауданы жерінің солтүстік бөлігі шөлейтті белдемге, ал оңтүстік бөлігі шөлді белдемге жатады. ## Өзен-сулары Ірі өзендері: Жем, Сағыз, сонымен қатар Ащысай, Шетірлі, Кенжалы, Алшынсай, Шаған, Қияқты, Тереңсай, Жиделі, Жарлы, Ебейті, Дауылды, Қарауылкелді, Саралжынды, Қамысты, Мәні, Жайынды, Терісаққан сияқты шағын өзендер мен сайлар бар. Қар суымен қоректенетін бұлар жаз айларында кеуіп қалады, кей жылдары Жем, Сағыз өзендеріне құяды. Жем, Сағыз өзендерінің өзі жаздың ыстық айларында бөлшектеніп, қарасулар тізбегін құрап жатады. Өзендердің көпшілігі мал суаруға, ішінара көкөніс суаруға, алаптары – жайылым ретінде пайдаланылады. Аудан территориясында жазда құрғап қалатын Сарыкөл, Күйгенкөл, Ақкөл, Көкбұлақ, Шөптікөл, Қоскөл, Қаракөл, Дәуіткөл, Тамдыкөл, Үлкен Жуалы, Шалқаркөл, Толағайсор, Соркөл, Тоғысқан, Мыңжасар көлдері бар. ## Топырағы Ауданның жері — топырақ зоналары бойынша үш аймаққа бөлінеді. Солтүстік аймақ, яғни Қарауылкелді, ішінара Ащы, Көлтабан ауылдық округтерінің жері ашық - қоңыр топырақты зонаға жатады. Орталық аймақ, яғни құба топырақты шағын зонаға Жем өзенінің екі жақ беткейін алып жатқан территория кіреді. Доңызтаудың оңтүстік жағындағы алқап оңтүстік аймаққа, немесе сұр – құба топырақты шағын зонаға кіреді. ## Өсімдік пен жануарлар әлемі Аудан жеріндегі өсімдіктер дүниесі түр – тұқымы бойынша әр түрлі. Тамырлы өсімдіктің 90-ға жуық тұқымының 1000 – нан астам түрлері өседі. Ауданның солтүстігі мен солтүстік-шығыс беткейінде аз да болса ақ селеулі боз, сондай – ақ жусан, өткінші шөптері өседі. Жем өзенінің оңтүстік жағы, Сам, Матайға дейінгі аймақ жыл бойы мал жайылымы үшін қолайлы, азықтық сапасы құнарлы шөптерге бай. Мұнда изен мен жусанның бірнеше түрлері, бұйырғын, көкпек, теріскен, күйреуік сияқты қара оттық шөптер өседі, олар қатаң жерге өскендіктен біраз уақыт құнарлылығын жоймайды, күзгі жауын сілтісін шайғаннан кейін малға азық болады. Жазғытұрым жердің ылғалы мен түскен жауын – шашынның мөлшеріне байланысты малға жұғымды шөптер өседі. Олар: беде, мортық, қаз оты, сорышуда, ебелек, еркек, қияқбоз, шытыр. Бұлар құмақ шағылды жерде өседі. Сонымен бірге алабұта, жантақ, баялыш, қоянсүйек те әр жерде кездеседі. Жануарлар дүниесінен аудан территориясын түлкі, қарсақ, борсық, қасқыр, күзен, қоян сияқты аңдар, кеміргіштердің біраз түрлері (саршұнақ, атжалман) мекендейді, кесіртке, жыландар да кездеседі. Шағырай, Ащыбұлақ, Айрық қырларында жабайы шошқа, даланың әр жерінде киіктер тобы жайылады. Құстардан бұлдырық, тырна, торғайлар мекендейді, көктемде үйрек, қаз, шағаланың кейбір түрлері, жылқышы, қоңыр қаз, қараторғай келеді. Азайып бара жатқан құстардың бір түрі – дуадақ та кездеседі. Киіктер қысты (егер қыс жылы болса) ауданның оңтүстік шекарасына таяу жазықта өткізеді, сонымен қатар «Қызыл кітапқа» енген қарақұйрық та кездесіп қалады. Бұларды аулауға тыйым салынған. ## Шаруашылығы Мал шаруашылығы (ірі қара, қой мен ешкі, жылқы, түйе) және ішінара суармалы егіншілік (дәнді дақылдар, жемшөптік дақылдар, картоп) дамыған. Бұл өлкеде шөлге, аязға төзімді келетін жүйрік адай жылқыларымен ерекшеленеді. Ауданның солтүстігінен Атырау — Қандыағаш темір жол және автомобиль жолы өтеді. Ауданда оқу-тәрбие, мәдени-ағарту, денсаулық сақтау мекемелері бар. ## Дереккөздер
Байжарықкөл – Қостанай облысы Қостанай ауданы Бирюковский қонысының солтүстік-шығысында 8 км жердегі көл. Теңіз деңгейінен 178 м биіктікте орналасқан. ## Гидрографикасы Аумағы 5,4 км2, ұзындығы 4,1 км, енді жері 1,6 км, жағалау бойының ұзындығы 11,6 км. Қар және жер асты суларымен толысады. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді. Жағалауы мал жайылымына пайдаланылады.
Байқошқар — Абай облысы Аягөз ауданындағы ауыл, Байқошқар ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Аягөз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 210 км-дей жерде, Байқошқар өзенінің Бақанас өзеніне құяр тұсында орналасқан. ## Дереккөздер
Байқат – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылының оңтүстік-шығысында 17 км жерде орналасқан төбе. ## Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 259 м. Төбе батыстан шығысқа қарай ендік бағытта созылған. Солтүстік-батысында Шалқар-Қарашатау соры жатыр. ## Өсімдігі Карбонатты қоңыр топырағында көкшұнақ, бетеге, боз, селеу, т.б. өседі. ## Дереккөздер
Байқара, Бұрма – Нұра өзені алабында. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерімен өтеді. Шерубайнұра өзенінің сол саласы. Ұзындығы 40 км, су жиналатын алабы 661 км2. ## Бастауы Бастауын Қосшоқы тауынан алып, Шерубайнұра өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Жағалауы жазық, арнасы құмды, малтатасты келеді. Жер асты, қар суларымен толығады. Орташа су ағымы 0,4 м3/с. Өзен суы егін, мал суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Баймана (лат. Cardamine) – орамжапырақ тұқымдасына жататын бір, екі немесе көп жылдық өсімдіктер. Баймана Қазақстанның Ертіс өзенінің бойында, Семей өңірінің Зайсан көлесінде, Балқаш—Алакөл ойысында, Алтай, Тарбағатай, Батыс Тяньшаньда, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларының ормандарында, бұталар арасында, өзен-көл жағаларында өседі. Қазақстанда 7 түрі бар, соның ішінде ең көп кездесетіні — шіңк етер Баймана (C. іmpatіens). Ол — екі жылдық өсімдік. Биіктігі 20 — 50 см. Сабағы жалаң, жұмыр, жоғары жағы қырлы, көп жапырақты болып келеді. Жапырағы түкті, ұзындығы 4—9 см, ені 2—4 см-дей болады. Гүлжелектері ақ түсті, шашақ гүлшоғырына топталған. Маусым — шілде айларында гүлдейді. Баймананы мал сүйсініп жейді, кейбір түрлері тағам ретінде де пайдаланылады. Сондай-ақ, медицинада шемен, жүйке сырқатын, сары ауруды емдеуге қолданылады. ## Дереккөздер
Баймұрын – Мойынқұм құмының солтүстігінде, Бетпақдала жазығындағы құдық. Жамбыл облысы Сарысу ауданынданда. * Тереңдігі 14 м, су шығымы 650 л/сағ. * Құдықтың батысында Көкшетау тауы, шығысында Қазанғап төбесі орналасқан. Солтүстігі тегіс тақырлы келген. ## Дереккөздер
Байназар – Жақсы Тағылы және Қызылтас таулары аралығындағы тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданында орналасқан. Абсолюттiк биіктігі 1053 м. Таудан Қарағанды, Қарабидайық өзендері бастау алады. Маңайында Сасықбұлақ, Орташоқы қыстаулары бар. Батысынан Қарағанды – Балқаш автомобиль жолы өтеді. ## Өсімдігі Таудың қоңыр қызғылт топырағында бұта, боз, селеу, қозықұлақ өседі. ## Дереккөздер
Байсары – Оңтүстік Үстіртке таяу, Жосалы асуының оңтүстік-шығысындағы жота. ## Жер бедері Батыстан шығысқа қарай 17-18 км-ге созылған, ені 6-8 км. Үсті тегіс, күйреуік, бұйырғын басым өскен. Жан-жағы құлама шың. Солтүстік-шығыс шетінде тік түсетін жол аузында Байсары деп аталатын қыстау бар. Табанында жауын, қар сулары түсетін тас қақтар кездеседі. Байсарының солтүстік-шығысқа қараған шетінде үстіңгі беткейден төрт бұрышты етіп қашап жасалған бөлме бар. Ол құрылыс аяқталмай қалған мешіт делінеді. ## Дереккөздер
Байсарысай – Жем алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы өзен. Ұзындығы 50 км, су жиналатын алабы 611 км². ## Бастауы Байсары тауының оңтүстігінен басталып, Кемерші аулынан жоғары Жем өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Өзен арнасы жоғарғы жағында тар, құяр жерінде кеңейеді. Су деңгейі көктемде қар суымен көтеріліп, тасиды. Суы егін, мал суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Байсат, адокса (лат. Adoxa) – байсаттар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда шыршалы және аралас ормандар арасында, қандыағаш, көктерек, талдар өскен тау етектерінде кездесетін 1 түрі – мускус Б-ы (А. moschatella) бар. Биікт. 5 – 12 (20) см. Тамыр сабағы қысқа, ақшыл түсті. Тамыр түбіндегі жапырақтары екі, сабақ бойындағылары үш салалы. Жаздың алғашқы жартысында қурап қалады (эфемероидтар). Гүлдері көзге көрінбейді, өте ұсақ, ашық жасыл түсті. Олар шоғырбас гүлшоғырына топталған. Ерте көктемде әлсіз мускус иісін шығарып гүлдейді. Жемісі – қорапша. ## Дереккөздер
Байсаттар тұқымдасы (лат. Adoxaceae) – көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында, Қаратауда, Іле, Күнгей Алатауларында кездеседі. Байсаттар тұқымдасының Байсат туысы (Adoxa), оның 1 ғана түрі — мускус Байсаттар тұқымдасыты (A. moschatellіna) бар. Биіктігі 5 — 15 см, төсемелі тамыр сабағы қысқа болады. Тілімденген жапырағы үш-үштен қарама-қарсы орналасады. Гүлі ұсақ, сарғыш жасыл түсті, қалың гүлшоғырына топтасқан. Вегетативті өсімді жолмен көбейеді. Мамыр — маусым айларында гүлдейді. Жаздың алғашқы жартысында пісіп жетіледі. Жемісі — сүйекті. ## Дереккөздер
Байсерке суғару жүйесі, Алматы облысы, Талғар ауданындағы егістікке жарамды алқапты игеру мақсатында іске қосылған. Бастауын Талғар өз-ндегі бөгеттен алады. Темір-бетон жапқыштармен қапталған бас каналдың ұзындығы 4,5 км. Б. с. ж. ауданның 1,20 мың га егістігін суғарады және суландырады. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы
Байменей – Іле алабындағы өзен ## Географиялық орны Алматы облысы Балқаш ауданындағы өзен. Ұзындығы 56 км. ## Бастауы Сегізбай-Қамыс шым батпағынан басталып, Саламбай көліне (аумағы 1км²) құяды. ## Гидрологиясы Өзен арнасы құмды, жағалауы жазық. Жайылмасында қалың қамыс өседі. Қараша айының аяғында қатып, наурыздың аяғында мұзы ериді. Балығы көп, көктемде құс ұялайды. ## Дереккөздер
Байсерке — Алматы облысы Іле ауданындағы ауыл, темір жол стансасы, Байсерке ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Өтеген батыр кентінің солтүстігінде 3 км-дей жерде, Үлкен және Кіші Алматы өзендері тармақтары аралығында, Іле жазығының шөлейтті қуаң агроклиматтық белдемінде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі Түрксіб темір жолның салуына байланысты қаланған. Халық композиторы Байсерке Құлышұлының (1841-1906) құрметіне аталған. Байсеркеде жүгері сұрыптау фабрикасы, өңдеу кәсіпорындары, шаруа қожалықтары жұмыс істейді. ## Инфрақұрылымы Оқу-тәрбие, денсаулық сақтау мекемелері бар. Ауылда 3 мектеп, 2 мешіт бар. Керемет ауыл, ауылдың қасында "Бастау" және "Мереке" аквапарктері бар. ## Дереккөздер
Байтайлақ – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының оңтүстік-батыс шетінде, Қарағайлы кентінің солтүстік-шығыс жағында 30 км жерде орналасқан тау. ## Жер бедері, геологиялық құрылымы Ең биік жері 1002 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8 км жерге созылып жатыр, ені 5 км. Девон гранитоидтарынан түзілген. ## Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында тобылғы, бетеге, қара сұлы, әр түрлі дала өсімдіктері өседі, қараған қопалары бар. ## Дереккөздер
Байназар вольфрам кен орны - Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр темір жол стансасының солтүстік-шығысында орналасқан. 1944 жылы ашылып, 1958 жылға дейін барланған. ## Геологиялық құрылымы Гидротермаль текті бұл кен кварц желілі, грейзенді формацияға жатады. Кентасты кварц желілері мен кварц порфирлерінің дайкалары силур жүйесінің шөгінді жыныстары мен тас көмір жүйесінің төменгі бөлімінің шөгінді эффузивті жыныстарын қиып өтеді, ал 350-400 м тереңдікте гранитпорфирлердің интрузиясы бары анықталды. ## Минералдары Басты кентас минералдарынан пирит, вольфрамит, молибденит, висмутин, халькопирит, сфалерит, галенит кездеседі. Вольфрам мөлшері жағынан кентасы аз, жалпы қоры жағынан орташа кендер қатарына жатады. ## Дереккөздер
Байзақ ауданы — Жамбыл облысының оңтүстігіндегі әкімшілік аудан. 1938 ж. құрылған. 1995 жылға дейін Свердлов ауданы болып аталды. Жерінің аумағы 4,5 мың км². Тұрғыны 105 654 адам (2023). Орталығы – Сарыкемер ауылы. ## Тарихы Қазақстанның оңтүстік өңірін игеру біздің заманымыздың VI – VII ғасырлардан басталғаны белгілі. XIX ғасырдың 80-жылдары бұл өңірде орыс шаруалары келе бастаған. Олар сол кезде Михайловка, Шаповаловка, Ровное, Ново-Ивановка селоларға қоныс тепкен. 1930-1931 жылдары жаппай жүргізілген ұйымдастыру науқаны кезінде мал шаруашылығын кәсіп қылған көшпелі жерлестер отырықшылық өмірге еріксіз көндірілген. Отызыншы жылдардың бас кезінде жүргізілген сол ұжымдастырудың нәтижесінде аудан бойынша кішігірім 42 ұжымшар ұйымдастырылған. Содан 20 жыл өткеннен кейін 1950 жылы, олар 13 шаруашылыққа біріктіріліп, іріленген, көп салалы ауыл шаруашылығы өндірісіне айналған. 1938 жылдың 4 ақпаныңда Оңтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің №89 қаулысымен құрылған, сол кездегі саясаттын ауанымен Компартия көсемінің үзеңгілес серігі Я.Свердлов есімі берілген жаңа аудандағы 42 ұсақ ұжымшар, 1 кеңшар, 2 МТС-тің айналысар басты саласы ауыл шаруашылығы болған еді. Мирзоян (қазіргі Жамбыл) ауданынан бөлініп шыққан елді мекендерді 17 ауылдық Кеңеске қарады. 1991 жылдан бері Қазақстан тәуелсіз, егеменді ел болып, нарықтық қатынастарға көше бастағанда ауданда жекешелендіру процесі кең өріс алды. Сондықтан ауданның саяси және шаруашылық құрылымдары түбегейлі өзгерістерге ұшырады: аудандық партия комитеті, бастауыш партия ұйымдары мен ауылдық Кеңестер өздерінің қызметін тоқтатты. Бұрынғы колхоздар мен совхоздар таратылып, солардың негізінде жеке шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтер құрыла бастады. 13 ауылдық Кеңестердің қамтуында болып келген елді мекендер аумақтық 10 округке топтастырылды, аудан мен ауыл аттары өзгертілді. Барлық билік тізгіні аудан мен ауыл әкімдеріне берілді. Қоқан хандығының тепкісінен азат ету жолында қаза тапқан Байзақ батырдың есімі берілді. Содан бері Байзақ ауданы болып атанып келеді. Елбасының осы жөніңдегі Жарлығы 1995 жылдың 20 желтоқсаныңда шықты. Ал, 1998 жылы Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылы болды. ## Географиясы Солтүстігінде Мойынқұм ауданымен, шығысында Тұрар Рысқұлов ауданымен, батысында Талас, Жамбыл аудандарымен, оңтүстік-батысында Тараз қаласымен шектеседі. Аудан жерінің басым көпшілігі жазық, тек оңтүстігінде ғана Қырғыз Алатауының тау алды аласа қыраттары мен қырқалары орналасқан. Ауданның ең биік жері оңтүстігінде (1637 м). Солтүстігінде Мойынқұмның қырқалы-ұялы және шағылды құмды алқабы, орта бөлігінде Талас өзенінің аңғары жатыр. Жер қойнауынан фосфорит кені, құрылыс материалдары барланған. Климаты тым континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, қуаң, солтүстігі (Мойынқұм) аңызақты. ## Табиғаты Ауаның орташа температурасы қаңтарда –6 – 9С, шілдеде 23 – 26С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 150 – 300 мм. Аудан аумағынан Талас, Көделі өзендері және олардың салалары мен тармақтары оңтүстіктен солтүстікке қарай ағады. Жерінің топырағы негізінен сұр, солтүстігінде құмды, оңтүстігінде (тау алды) бозғылт қоңыр топырақты. Оларда жусан, еркекшөп, көкпек, бұйырғын, күйреуік, жыңғыл, сексеуіл, өзен бойында қамыс, құрақ өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, суыр, борсық, жабайы шошқа, ақбөкен, сарышұнақ, аламан тышқаны, құстардан дуадақ, құр, көкқұтан, қырғауылды кездеседі. Өзендерінде сазан, алабұға, шортан, шабақтың бірнеше түрі кездеседі. ## Халқы Аудандағы халықтың негізін қазақтар құрайды (83,1%). Одан басқа 30-дай ұлт өкілдері тұрады. Байзақ ауданы облыстағы халықтың тығыз орналасқан аудандарының бірі. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 15,5 адамнан келеді. Бұл ауданнан елге белгілі көптеген атақты адамдар шыққан. Олардың қатарында, айтыскер ақын, "Асыл арна" арнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков, айтыскер ақын Әзімбек Жанқұлиев, ақын, журналист Назира Бердалы, журналист Әйгерім Шәймерден, композитор Есжан Әміров, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов бар. ## Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 43 елді мекен 18 ауылдық округке біріктірілген: ## Ауыл шаруашылығы Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің жалпы аумағы 411,2 мың га (2001), оның ішінде жыртылған жері 63,8 мың га. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің жалпы аумағы 332,6 мың га, оның 69,5 мың га-сы шаруа қожалықтарына берілген. Жан басына шаққанда 1 адамға 5,9 га жерден келеді. Аудан аумағындағы шабындықтың аум. 6,6 мың га, жайылымы 339,3 мың га. Ауыл шаруашылығындағы бүкіл жыртылған жердің (63,8 мың га), басым көпшілігіне (54,2%) бидай егілген. Жүгері 1,3 мың га жерді қамтыған. Көкөністер (3,1 мың га) мен майлы дақылдар (1,8 мың га) бүкіл егістіктің 10,7%-ын құрайды. Ауданда одан басқа қант қызылшасы (1124 га), картоп (400 га), жүзімдік (150 га) және жеміс ағаштары (166 га) отырғызылған (2001). Аудан бойынша барлық шаруашылық категорияларын қоса есептегенде 2001 ж 26,9 мың тонна астық алынған. Басқа ауыл шаруашылық дақылдарының көрсеткіші төмендегідей: қант қызылшасынан 12,8 мың тонна, көкөністерден 47,6 мың тонна, 0,7 мың тонна майлы дақылдар, 3,4 мың тонна ет, 26,6 мың тонна сүт, жүн 281 тонна, жұмыртқа 18,7 млн. дана. А. ш. өнімдерінің көлемі 2,789 млн. теңге, оның ішінде: өсімдік ш-нда 1,724 млн. теңге, мал ш-нда 1064,3 млн. теңге. Ауданда 2001 ж. ірі қара мал саны 18499 бас болды, оның ішінде сиырлардың жалпы саны 10532 бас. Одан басқа 120,6 мың қой мен ешкі, 7,4 мың жылқы, 1,8 мың шошқа, 510 түйе және 205,3 мың құс болды. ## Өнеркәсібі Байзақ ауданы қант қызылшасы мен биязы жүнді қой, оларға қосымша астық, етті-сүтті мал, көкөніс, бақша, құс, жылқы өсіруге және омарта шаруашылығына маманданып келген. Бұрынғы 9 ұжымшар, 4 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі, 2 құс фабрикасы, 1997 жылдан әр түрлі саладағы шаруашылық субъектілеріне біріктірілген. Ауыл шаруашылықтың әр түрлі салаларында 1711 шаруашылық нысаны бар. Оның ішінде ӨК – 8, ЖШС-тер – 17, шаруа қожалықтары – 1686. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың саны – 4, жол-құрылыс кәсіпорны – 1, көліктік кәсіпорындар – 3, коммуналдық шаруашылық кәсіпорны – 2, сауда және тұтыну кәсіпорындары – 1, әкімшілік-басқару органы және мекемелер саны – 26. Одан басқа банк, байланыс кәсіпорны, пошта, автоматтық телефон станциялары (14), отын-энергетика кәсіпорындары (2) мен газ шаруашылықтары (2) т.б. бар. Шағын, жеке кәсіпорындар (229), базар, жанармай құю станциялары (32), және 3 мыңға жуық автокөлік тіркелген (2001). ## Инфрақұрылымы Әлеуметтік және мәдени-ағарту саласында Байзақ ауданында жалпы білім беретін 43 мектеп, 3 балабақша, 16 мәдениет үйлері мен клубтар, 20 кітапхана, стадион, 2 аурухана, емхана, 8 фельдшерлік-акушерлік пункт, 13 отбасылық-дәрігерлік амбулатория және 21 фельдшерлік пункттер халыққа қызмет істейді. Қоғамдық ұйымдардан: түрік мәдениет орталығы, корей мәдениет орталығы, әлеуметтік қорғау саласында «Парасат» қайырымдылық қоры, облыстың «Қызыл крест» ұйымының бөлімшесі жұмыс істейді. Аудан аумағында 17 мешіт, 100-ден астам сәулеттік, археологиялық-тарихи ескерткіштер орналасқан. Ауданда жол торабы жақсы дамыған. Жолдардың жалпы ұзындығы 636 км, оның ішінде қатты жабындымен (асфальтты) 334 км жол төселген, қиыршық тасты жолдың ұзындығы 114 км. Аудан орталығы – Сарыкемер ауылынан Таразға қаласына дейінгі қашықтық 12,5 км-ді құрайды. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Байзақ аудан әкімінің ресми сайты Мұрағатталған 14 қазанның 2010 жылы.
Байшонас мұнай кені — Ембі мұнайлы ауданындағы ескі мұнай көздерінің бірі. ## Географиялық орны Атырау облысы Атырау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 85 км жерде орналасқан. ## Тарихы Алғашқы мұнай 1931 жылы алынған. Құрылымды дайындау 1925-1941 жылдары құрылымдық карта жасау бұрғылауы және сейсмобарлау барысында атқарылды. Барлау бұрғылауы 1930 жылы басталған. 1933 жылы Шығыс Байшонас, 1939 жылы Солтүстік Байшонас бөлікшелері ашылып пайдалануға берілді. ## Геологиялық құрылымы Мұнай қорын молайтуды көздеп, гравийметриялық сейсмикалдық зерттеулер кеңінен жүргізілген. Геологиялық құрылымында юра және бор кезеңдерінің шөгінділері басым, мұнай қоры да осы шөгінді қабаттардан шығады. Кенорын қос қанатты тұз күмбезді құрылымнан орын алган. Мұнайлы таужы- ныстар бор және юра жүйелері қимасында. Осыларда бөлінген жеті горизонттың үшеуі сеноман, қалғандары жоғарғы альб, апт, неоком жікқабаттарында жене юра шөгінділерінде. Сеноман жікқабатына тиесілі өнімді горизонт 18 м, төменгі бор горизонттары 27-394 м, юра горизонттары 450-524 м тереңдіктерде жатыр. Жатындардың биіктігі осы ретпен 69,7 м, 12-102 м, 20-50 м, орналасу белгілері (тереңдіктері) -109,7 м (сеноман горизонты) -100 -430,5 м (апт-неоком), -230 -825 м (юра) болып анықталған. Жатындар қойнауқаттық, олар тектоникалық, литологиялық және стратиграфиялық тұрғыдан қалқаланған болып келеді. Горизонттар терригендік тау жыныстардан құралған, жинауыштары кеуекті. Мұнайға қаныққан қалыңдық сеноман горизонтында 3,63 м, апт-неоком горизонттарында 1,7-11,0 м, юра жүйесінде 3,7-6,9 м. Жинауыштардың ашық кеуектілігі 27,7-32,8%, өтімділігі 0,851-2,13 мкм2, мұнайға қанығу коэффициенті 0,68-0,78. Мүнайдың алғашқы шығымдары 0,2-54,1 м3/тәу. Бастапқы газдық фактор 10-350 м3/м3. Бастапқы қойнауқаттық қысым 0,77-7,95 Мпа, температура 18-42°С. Жылына 12 мың т мұнай өндіріледі. Негізгі мұнайлы қабаттың қалыңдығы 5-10 м, бұл қабаттардың жалпы аумағы 5-96 га. Мұнайлы шөгінділер саздақ құмды жер қыртысынан орын алған, бұлар негізінен 25-570 м тереңдік аралығында шөккен. ## Құрамы Мұнайының техно-экономикалық сипаттамасы: әрбір см3 шөгіндіде 0,8963 – 0,9078 г мұнай, 0,13 – 0,30% парафин бар. ## Дереккөздер
Байылдыр — Түркістан облысы Кентау қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Байылдыр ауылдық әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Кентау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 6 км жерде, Байылдыр өзенінің жағалауында, жусан, күйреуік шөп өскен шөлейт белдемде орналасқан. ## Халқы Байылдырда өндірістік кооператив жұмыс істейді, орта мектеп, клуб, бала бақшасы, т.б. мекемелер бар. ## Дереккөздер
Байзақ датқа каналдары – 18 ғ-дың ортасында Байзақ Мәмбетұлының қаздырған каналдары. Б. д. к. әлі күнге дейін халық игілігіне қолданыста. Каналдардың жалпы саны 20-дан астам, ұзындығы 120 км. Олардың көбісі батырдың ұлдары мен туыстарының атымен (Базарбай, Төрекелді, Әйтімбет, т.б.), сондай-ақ өз атымен аталып келген. Байзақ датқа әр каналдың басынан су диірмен, мешіт салдырған. Каналдар басына салынған су диірмендер мен мешіттер кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында да жұмыс істеп тұрған. Кейін большевиктер тарапынан мешіттер қиратылып кеткен. Мешіттердің әлі күнге дейін үйінділері, қалдық іздері жатыр. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы
Байынқол – Іле алабындағы өзен, Текес өзенінің оң саласы. ## Географиялық орны Алматы облысының Райымбек ауданы арқылы өтеді. Ұзындығы 88 км, су жиналатын алабы 1180 км2 . ## Бастауы Шығыс Тянь-Шаньдағы Сарыжаз жотасынан бастау алады. ## Гидрологиясы Таудың қар-мұз суымен толығады. Аңғары мен арнасы тар, терең шатқалды. Жылдық орташа ағыны 36,1 м3 /с. Суы егістікке және мал суғаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Байыр – Сарысу алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы өзен. Ұзындығы 66 км. ## Бастауы Бастауын Шашты (622 м) тауынан алып, Бозкөл көлінің солтүстігіне жетпей жерге сіңіп кетеді. ## Гидрологиясы Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады, көктемде тасиды. Байыр өзеніне кішігірім 5 сала құяды. Жағасы жайпақ, арнасы құмды. Қарашаның басында суы қатып, наурыздың аяғында ериді. Жағалауындағы жайылмасы шабындыққа, суы мал суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Байтабын соры , Қостанай облысы Жангелді ауданы жерінде орналасқан. Аумағы 8 км². Сор осы жерде қайтыс болған, Кенесары ханның батыры Байтабынның құрметіне аталған. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы
Бақай – Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Бөрілі а-ның оңтүстік-батысында 9 км жердегі жайлау. Солтүстік-батысында Аралсор тұзды көлі жатыр. Құмды қоңыр сортаң топырағында жұлдызшөптер, еркек шөп, жусан өседі. Солтүстіктен Сайқын – Жаңақазан автомобиль жолы өтеді. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы
Бақ айқабағы (лат. Acrocephalus dumetorum) – сандуғаш тұқымдасына жататын кішкентай құс. Қазақстанның оңтүстік-шығысында кездеседі. Салмағы 10 – 15 г-дай, жоны сарғыш қоңыр түсті келеді. Ылғалды жерлердегі қалың өскен бұталарға, қалақай арасына тостаған тәрізді ұя жасап, құбылмалы реңді 4 – 6 жұмыртқа салады да, оны 13 – 14 күн қоразы мен мекиені кезектесіп басады. Ұсақ жәндіктермен және олардың дернәсілдерімен қоректенеді. Бақ айқабағы – жыл құсы, мамыр айында ұшып келеді, қыркүйекте оңтүстікке ұшып кетеді. Аталықтар ұялау орнына келісімен дереу сайрай бастайды және жұп түзеді. Сөйтіп, аналықтар кешіктірмей, бұтада орналасқан ұяға тебіл түсті 3-6 жұмыртқадан 13 күнде балапандар шығады. ## Дереккөздер
Бақанас суғару жүйесі , Алматы облысы Балқаш ауданындағы күріш ш-на жарамды алқапты игеру мақсатында іске қосылған. Бастауын Бақанас өзеніндегі бөгеттен алады. Темір-бетон және т.б. жапқыштармен қапталған бас каналдың ұзындығы 37,8 км. Б. с. ж-не ауданның 15,6 мың га егістігі суғарылады және суландырылады. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы
Бақай тауы – Іле Алатауының қиыр шығыс бөлігіндегі тау. Абсолюттік биіктігі 3010 м. Ендік бағытымен 30 км-ге созылған, ені 15—17 км. ## Жер бедері Солтүстік және шығыс беткейлері тік жарқабақты, оңтүстігі көлбеу келген. Шығысы мен оңтүстігінен Асы өзені ағып өтеді, оңтүстігінде Жамбас тауы орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Протерозой мен палеозойдың гранодиорит, кварцитті тақтатастарынан түзілген. ## Өсімдігі Таудың етегі — қара және қызылқоңыр топырақты, беткейлері — шыршалы-қарағайлы орманды, шатқалдары әр түрлі жеміс ағаштарына бай. ## Дереккөздер
Бақанас – Сарымсақты жотасының солтүстік-шығысындағы асу. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы жерінде орналасқан. ## Жер бедері Абсолютiк биіктігі 2385 м. Асудағы автомобиль жолынан маусым – қазан айларында көлік жүре алады. Солтүстігі жонды, белесті келген. ## Дереккөздер
Бақаоты, Сукөрік (лат. Hydrocharis) — сукөріктер тұқымдасына жататын көп жылдық су өсімдіктер тегі. Дүние жүзінде 6 түрі, ал Қазақстанда 1 түрі: Кәдімгі бақаоты (лат. Hydrocharis morsus-ranae) түрі бар. ## Биологиялық сипаттамасы Бақаоты — су бетінде қалқып жүретін ұсақ та әсем шөптесін өсімдіктер. Олар көлде, тынық және баяу ағатын, көбінесе, қалың қамыс, қоға арасында, суда өседі. Аквариумда өсіруге болады. Сабағы көптеген бунақтардан тұрады. Бүтін жиекті, жұмыртқа пішіндес жапырағы сабағына шоғырланып орналасады. Гүлі ақ, үш желекті келеді. Бақаоты көбінесе, өсімді (вегетативті) жолмен, әсіресе, жазда пайда болған жас өскіндерінен көбейеді. Күзде өркендерінің ұшында бүршік пайда болады да, ол үзіліп түсіп, су түбінде қыстайды. Көктемде сол бүршіктер су бетіне қалқып шығып, олардан жаңа өсімдік дамиды. Жемісі — жидек. Бақаотының сабақтарымен, жапырақтарымен су құстары және балықтар қоректенеді. Келте сабақшасына ұзын сабақты жапырақтары шоғырлана орналасқан, жапырағы дөңгелекше келген, жүрек пішіндес, су бетінде қалқып тұратын кішкене, әсем өсімдік. Гүлі дара жынысты (қос үйлі), гүл сағағының ұзындығы 5-6 см. Көбінесе көлбеу орналасқан өркендерімен вегетативті түрде көбейеді. Күзде өркендерінің ұшында бүршік пайда болады да, үзіліп түсіп су түбінде қыстап шығады. Көктемде сол бүршіктер су бетіне қалқып шығып, олардан жаңа өсімдік дамиды . ## Дереккөздер
Бақажапырақ , тартар, жолжелкен (лат. Plantago) – бақажапырақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін, кейде шала бұта түрінде өсетін өсімдіктер туысы. ## Биологиялық сипаттамасы Жер шарының барлық жерінде өседі, 260-қа жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық облыстарында таралған 16 түрі бар. Оның ішінде үлкен бақажапырақ (P. major), орташа бақажапырақ (P. medіa), қандауыр бақажапырақ (P. lanceolata) түрлері көбірек тараған. Олар өзен-көл жағалауларында, тарда, шөлді-далалы, арамшөп өскен бос жерлерде, жол бойында, құрылыс маңында өседі. Сабағының биіктігі 20 – 70 см-дей. Жапырақтары сопақша, жалпақ қандауыр пішінді, бүтін жиекті, олар тамыр түбіне шоғырланып өседі. Сабақ бойына қарама-қарсы, кейде кезектесіп орналасады. Ұсақ гүлдері ақшыл қоңыр, сиректеу ашық көгілдір түсті, масақ тәрізді гүлшоғырына топталған. Мамыр – қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – қос ұялы қорапша. Піскен кезде жарылып ашылады. Тұқымы мен жапырақ құрамында гликозид, каротин, фитонцид болады, сондықтан оны медицинада пайдаланады. ## Жинау мерзімі Гүлдеп тұрғанда дәрігер бақажапырақтың жапырағын жинайды. Қағазға немесе шүберекке жайып кептіреді. Ауық-ауық аудандастырып тұру керек, жапырақ сағағының морт сына бастауы кепкені. Кепкен жапырақты сақтау мерзімі- 2жыл. Мерзімі өткенді қабылдауға болмайды, емдеудің орнына улаы ғажап емес. Күзде тұқымдарын жинайды. ## Медицинада қолданылуы Бақажапырақты білмейтін адам жоқ деуге болады, себебі дәрілік мақсатта ата-бабаларымыз жиі қолданған. Оның ең бастысы: теріне шыққан жараның барлық түріне тартқан. Асқазан ауырғанда жапырағын езіп шырынын ішкен. Осы күнгі халық медицинасында бақажапырақты әртүрлі ауруларға пайдаланады. Бақажапырақтың жапырағында аукубин глюкозиді, ащы зат, илік заттар, калий тұзы, лимон қышқылы, 11% шырышты зат, каротин майы, нәруызды заттар мен майлар болады. ## Дереккөздер
Бақсай – Жайық өзенінің оң тармағы. ## Географиялық орны Атырау облысы Махамбет ауданы арқылы ағады. Ұзындығы 106 км, су жиналатын алабы 1204 км2. ## Бастауы Жалғансай ауылы тұсында Жайықтан бөлініп шығып, Каспий теңізіне жетпей құмға сіңіп кетеді. ## Гидрологиясы Батыс жағасы тік жарлы, шығысы жайпақ. Сәуір – мамыр айларында арнасы суға толығады. Осы мезгілдегі су ағымы 60 м3/с-қа дейін жетеді, орташа жылдық су ағымы 0,8 – 1,5 м3/с. Суы қараша айының соңында қатып, сәуірдің басында ериді. Жайылымдарды суландыруға, егін суғаруға пайдаланылады. Өзен бойында Бақсай суландыру жүйесі салынған. ## Дереккөздер
Бақауыз (Cymbarіa) – сабынкөктер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда 1 түрі – дауыр Б-ы (С. dahurіca) бар. Биікт. 10 – 15 см. Өсімдіктің сыртын қалың ақ түк басқан. Сабақтары бірнешеу, сирек дара болады. Сабақ түбіндегі жапырақтары қандауыр, сабақ бойындағылары ұзын, қарама-қарсы орналасады. Гүлі жапырақ қолтығынан шығады, күлтесі ірі, ашық сары түсті. Аталығы төртеу. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, маусым – шілдеде жемістенеді. Жемісі – жұмыртқа пішінді қорапша. Әсемдік үшін өсіріледі. Дауыр Б-ы Алтайда ғана кездесетін өсімдік болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы
Бақыршық алтын кен орны – Абай облысы Жарма ауданында, Семей қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 112 км-дей жерде орналасқан. Кен орны 1953 жылы ашылған. Барланған қорының көлемі жағынан ірі кен орындарына жатады. 1956-1996 жылдары 20 т-дан астам алтын өндірілді. ## Геологиялық құрылымы Бақыршық алтын кені бойлық бағыттағы Батыс Қалба терең жарылымы мен ендік бағыттағы Қызыл жаншылу белдемінің түйіскен тұсында орналасқан. Мұндағы төменгі тас көмірдің құмтастарын, көмірлі-сазды тақтатастарын интрузивті штоктар, дайкалар, кварц желілері қиып өткен. Солтүстікке қарай 35 – 40° еңіс жатқан кварцталған қабаттардағы пирит, халькопирит, арсенопирит, антимонит, галенит, сфалерит, т.б. сульфидті минералдарда алтын мен күмістен басқа қорғасын, вольфрам, висмут, сүрме, молибден кездеседі. ## Жатыс сипаты Ұзындығы 120-250 м-ге, қалыңдығы 15-20 м-ге жететін кентас қабаттарында алтынның орташа мөлшері 9,4 г/т. Олар кентас құрамында ірі түйірлі (0,2 мм), шатасқан талшықты (0,2 – 0,5 мкм) және кристалды түйіршікті (0,005 – 0,02 мм) морфологиялық түрлерінде кездеседі. Кеніштер мен карьерлерде өндірілген кен 1992 жылға дейін Бақыршық кен байыту комбинатында өңделді, бірсыпыра өнім Шығыс Қазақстанның металлургия зауыттарына флюс ретінде жіберілді. 1992 жылдан бері Бақыршық алтын кен орнын «Бақыршық Гоулд» кен өндіру кәсіпорны игеруде. ## Дереккөздер
Бақыртау – Мұғалжар тауындағы Шошқакөл бұйратының батысындағы тау. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерінде. Ұзындығы 30 – 35 км, енді жері 10 км, абсолюттік биіктігі 318 м. ## Жер бедері Мүжілген қыраттың беті тегіс келген, суайрығы анық байқалады, беткейлері тік сай-жыралармен тілімденген. ## Геологиялық құрылымы Палеогеннің құмды-саздақты шөгінділерінен түзілген. ## Өсімдігі Сортаң және сұр топырағында тасбұйырғын, жусан, күйреуік, баялыш, көкпек, т.б. өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Бақытжан суарау жүйесі, Көксу ауданындағы Мұқаншы және Бозтоған елді мекендерінің жанындағы Мұқаншы өзенінен бас¬тау алады. 1985 жылы пайдалануға берілген. Магистралды тоған ауданының "Игілік", "Жетіжал", "Мұқаншы" ұжымдық шаруашылықтары арқылы етеді, 988 га суармалы жерді қамтиды. Ұзындығы 8,8 км тоғанның 5,5 км-не бе¬тоннан жасалған суағар орнатылған. Тоған бойында секундына 1,5 м3 су ағып өтетін 31 гидротехникалық қондырғы бар. ## Дереккөздер
Балабөген – Сырдария алабындағы Бөген өзенінің саласы. ## Географиялық орны Түркістан облысы Бәйдібек ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Қаратаудың оңтүстік беткейінен басталып, Бәйдібек ауданы Ақбастау ауылының батысындағы Үлкен Бөген (Қаттыбөген) өзенімен қосылып, Бөген өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 70 км, су жиналатын алабы 366 км2. Арнасы тар, ағысы қатты. Көктемде өзен деңгейі қар суымен 30 – 35 күндей көтеріледі. Суы егіс, бау-бақша суғаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Бақытгүл , хризантема (лат. Chrysanthemum) – астралылар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық өсімдіктер туысы. Олар негізінде Еуропа, Азия, Африкада таралған, 200-дей түрі белгілі. Қазақстанда бау-бақшаларда, саябақтарда, гүл шаруашылықтарында шеңберше тәрізді Бақытгүл (C. coronarіum) түрі қолдан өсіріледі. Бақытгүл биіктігі 0,5 – 1,5 м-дей, көп сабақты бұта. Жапырақтары күңгірт жасыл, шеті тегіс не тілімденіп келеді, сабақта кезектесе орналасады. Ақ, қызыл, күлгін түсті гүлдері ірі гүл себетіне топтасып, күрделі гүлшоғырын құрайды. Қазан – қараша айларында жаппай гүлдейді. Бақытгүлді көктем айларында арнаулы жылыжайда, көшетханада қалемшелеу әдісімен көбейтеді. Кесіліп, суға салынған Бақытгүл 20 – 25 күнге дейін сақталады. ## Өсімдік туралы Бақытгүлі – көгалдандыруда алғашқы орындарға ие болып келе жатқан көпжылдық, шөптесін бақша гүлі. Гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта алуан түрлі. Биіктігі мен гүлдеу уақыты сұрыптарына байланысты әртүрлі боп келеді. Ол жаздың күзге ауысқан мезгілінен қар жауғанға дейін молынан гүлдейтін бірден-бір өсімдік. Сондықтан да оны мектеп, балабақша аулаларына еккен тиімді. Үш айлық демалыстан соң білім нәрін игеруге құлшына кіріскен оқушылардың көңіліне мектеп ауласында құлпырып тұрған бақытгүлі ерекше қуаныш сыйлары сөзсіз. Бақытгүлін әсіресе, жапондар қатты қадірлейді. Жапон елінде бақытгүліне қатысты жыл сайын тойланатын дәстүрлі “Бақытгүлі” мерекесі бар. ## Күтімі Бақытгүлі қар түскенге дейін гүлдейтіндіктен, қураған сабағын тек көктемде ғана кесу керек. Егер күзде кесер болсаңыз, қысқы суықта тамыры зақымданып, өліп қалуы мүмкін. Бақытгүлінің түбі үлкейіп кетсе де гүлдемей қалуы мүмкін. Сондықтан уақыт оздырмай, жыл аралатып түбін бөліп отырған жөн. Қышқыл топырақты ұнатпайды. Сол себепті қарағай, шырша секілді қылқанжапырақты ағаштардың түбіне егуге болмайды. ## Көбейтілуі Тұқымы, қалемшелеу және түбін бөлу арқылы көбейтеді. Ең оңай жолы, ерте көктемде түбін бөлу. Сұрыпты түрлерін тұқымы арқылы көбейтуге болмайды. ## Бақытгүлі туралы тақпақ Жаз өтіп, күз келгенде, Бақ сарғыш түрге енгенде. Гүлдейді Бақытгүлі Мектепке біз келгенде. ## Сілтемелер * Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы. ## Дереккөздер "Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727 ## Дереккөздер
Бақтай – Балқаш көлінің солтүстігінде, Тоқырау өзенінің аңғарындағы қоныс. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында. Балқаш қаласының солтүстік-шығысында 30 км жерде орналасқан. Оңтүстіктен Балқаш – Саяқ темір жолы өтеді. Қоныстың солтүстік бөлігінде Беккөл, Жалғызтас таулары мен Шұңқыр қонысы бар. Батысы тегіс, тақыр келген. Сонымен қатар Қоңырат, Шығыс Қоңырат мыс кен орындары бар. ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Бақты – Абай облысы Мақаншы ауданындағы ауыл. * Бақты – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл. Таулар: * Бақты – Сарыарқадағы тау * Бақты – Тарбағатайдың оңтүстік бөктеріндегі тау.
Бақсай бөгені, Атырау облысы Махамбет ауданында. Жайық алабындағы Бақсай өз. бойында 1929 ж. салынған. Бөгенге су көктемдегі қар суынан жиналады. Б. б. 20 мың га жайылым мен шабындық жерді суландырады. Мал азығының мол қорын жасауда оның маңызы зор. ## Дереккөздер
Бала Құндызды – Үлкен Құндызды өзенінің саласы. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 80 км, су жиналатын алабы 1480 км2. ## Бастауы Құндызды тауының солтүстік-шығысынан басталып, Нұра кентінің шығысында Үлкен Құндызды өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Аңғары жазық жермен өтеді. Қар, жер асты суларымен толығады. Көктемде тасиды. Қараша айының аяғында суы қатып, сәуірдің ортасында ериді. Жазда тартылып, жеке қара суларға бөлініп қалады. Шабындықты суландыруда маңызы зор. ## Дереккөздер
Балапан – Ертістің оң жағалауындағы жон. ## Географиялық орны Абай облысы Бесқарағай ауданы жерінде орналасқан. ## Жер бедері Батыстан шығысқа қарай 90 км-ге созылып жатыр, енді жері 30 км-дей. Ең биік нүктесі 351 м. Солтүстігінде Құлынды жазығына ұласады. ## Өсімдігі Қоңыр топырақты, беткейінде қарағайлы орман, селеу, бетеге т.б. өседі. Балапанда 1949-1991 жылдары жасалған ядролық қару сынағының іздері - ұңғымалар мен штольнялар сақталып қалған. ## Дереккөздер
Бала Көкпекті – Көкпекті өзенінің оң саласы. ## Географиялық орны Ақмола облысы Атбасар ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Бастауын Әукелбек өзенінен оңтүстік-шығысқа қарай 8 км жерден алады. Атбасар ауданының оңтүстік бөлігімен ағады. ## Гидрологиясы Ұзындығы 25 км. Бала Көкпекті өзеніне ұзындығы 5 км 2 сала құяды. Қар суымен толығады. Жазда құрғап қалады. Жайылымдарды суландыру үшін пайдаланылады. ## Дереккөздер
Балаталдық мәрмәр кен орны - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жем темір жол стансасынан солтүстік-шығысқа қарай 110 км жерде. ## Жатыс сипаты Жыныстарының түсі ақ, қоңыр қызғылт, қара сұрдан шымқай қараға дейін, құрылымы – ұсақ түйіртпекті. Физикалық-механикалық қасиеті бойынша қаптырма тас ретінде пайдаланылады. Аумағы 1,8 км2, пайдалы қабат қалыңдығы 20 м-ге дейін. Шамадағы қоры 2,5 млн. м2. ## Дереккөздер
Балаталдық – Шалқар алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақтөбе облысының Хромтау ауданы арқылы өтеді. Ұзындығы 97 км, су жиналатын алабы 1140 км2. ## Бастауы Өзен Мұғалжар тауының шығыс беткейінен бастау алып, Талдық өзеніне сол жағынан құяды. ## Гидрологиясы Балаталдық жауын-шашын суымен толығады. Жаз айларында суы тартылып, жеке көлшіктерге бөлінеді. Жылдық орташа су ағыны 0,23 м3/с. Суы мал жайылымына, т.б. шаруашылық қажетіне пайдаланылады. ## Дереккөздер
Бала Терісаққан – Есіл алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы өзен. Ұзындығы 64 км, су жиналатын алабы 1,3 мың км2. ## Бастауы Бастауын Жезді өңіріндегі Қоскөл маңынан алып, Жалғызтал аулының тұсында Терісаққан өзеніне құяды. ## Гидрологиясы 13 саласы бар. Қар суымен толығады. Суы ауыз суға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Бала Түндік – Ертіс алабындағы өзен. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерімен ағып өтеді. ## Бастауы Саумалкөл көлінің шығысындағы қыраттан бастау алып, Ақтасты ауылынан солтүстікке қарай 20 км жерде Түндік өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 122 км. Су жиналатын алабы 1837 км2. Көктемде қар суымен толығып, тасиды. Өзен аңғары жайылымға, мал суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Балауса — 1) Ылғалды жерде өсетін шүйгін шөптер; 2) шырынды мал азығы. Балауса құрамында ылғалы көп (70%-тен жоғары) бақша өнімдерінен, табиғи және екпелі жайылымдардың шырынды шөптерінен дайындалады. Балаусаның құрамында протеин, май, клетчатка, азотты және минералды заттар, витаминдер көп болады. Балаусаның қоректік заттары жақсы қорытылады, мал өнімдерінің сапасы артады. ## Дереккөздер
Балатопар – Іленің саласы – Топар өзенінің оң тармағы. ## Географиялық орны Алматы облысы Балқаш ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Топар өзенінен Балатопар аулының шығысында 10 км жерде бөлініп, Іле атырауындағы көлге құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 59 км. Жағасы жазық, арнасы құмды. Жағалауында қамыс, шалғын шөп өседі. Желтоқсан айында суы қатып, сәуірдің басында мұзы ериді. Өзенде сазан, көкбас, көксерке, т.б. балықтар бар. ## Дереккөздер
Балғын (Myrіcarіa) — жыңғылдар тұқымдасына жататын бұта. Қазақстанда түлкіқұйрық Балғын (M. alopecuroіdes) және қауызды Балғын (M. squamosa) деген түрлері бар. Олар Тарбағатайдың, Жетісу (Жоңғар), Күнгей, Іле Алатауларының субальпілік, альпілік белдеулерінде, тау өзендері мен жылғалардың жағасында өседі. Биіктігі 1—2 м-дей. Сабағы сұрғылт қоңыр, ал жас бұтағы сарғылт жасыл түсті болады. Жапырақтары ұсақ, ұзындығы 1—12 мм, үшкір, жиегі тегіс келеді. Гүлі ақ, қызғылт, қос жынысты, сыпыртқы тәрізді топтанған. Мамыр — тамыз айларында гүлдейді. Жемісі — көп тұқымды қорапша, жапырағы С витаминіне бай. Балғыннан қарабояу, илік заттар алынады және көгалдандыруға пайдаланылады. Балғынды мал жемейді. ## Дереккөздер
Балбырауын темір кен орны — Қарағанды облысының Ұлытау ауданында, Қарсақпай кентінен оңтүстікке қарай 5 км жерде орналасқан. Барлау жұмыстары 1931-1949 жылдары жүргізілді. Оны Қаныш Сәтбаев басқарған. ## Геологиялық құрылымы Геология құрылымы өте күрделі, Қарсақпай синклинорийінің орта бөлігінде жатыр. Кенді горизонт төменгі протерозойдың қатпарланған базальт порфироидтарынан, серицитті тақтатастардан, кварциттерден, темірлі кварциттерден тұратын балбырауын қабатының құрамына енеді. Жер бетінде бұл қабат жоталар қатарын түзейді. ## Жатыс сипаты Горизонтта 30-ға жуық кен денелері бар, олардың өлшемдері әр түрлі: бірнеше м-ден 5 км-ге дейін жетеді. Ұсақ түйіршікті кварц және гематит агрегаттарынан тұратын темір-кварцит кентасындағы Ғе мөлшері 40%-ке жетеді. Барланған қоры 125,5 млн. т, оның 80%-ін ашық әдіспен өндіруге болады. Кеннің байытылуы қиын болғандықтан Балбырауын темір кен орны толық игерілмей келеді. ## Дереккөздер
Балдыркөк , сельдерей (лат. Apium) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық өсімдіктер туысы. Оның 20-ға жуық түрлері Еуропа, Азия, Африка, Америка, Австралияда таралған. Теңіздер мен өзендердің жағалауларындағы ылғалды топырақта өседі. Иісті Б. (A. graveolens) – қолдан егілетін, суыққа төзімді, екі жылдық, көкөністі, хош иісті өсімдік. Тіршілігінің бірінші жылында тамыры немесе тамыр жемісі және жертаған жапырағы түзіледі. Екінші жылында – сабақтары және ұсақ ақ гүлдер шоғыры (күрделі шатыршагүлі) түзіледі. 3 түр тармағы белгілі: жапырақты Балдыркөк , сағақты Балдыркөк және тамыр жемісті Балдыркөк көшет түрінде егіледі. Қарашірігі мол ылғалды саз топырақта жақсы өседі. Орташа өнімдігі 200 – 250 ц/га. Балдыркөк жапырақтары аскорбин қышқылына және каротинге бай. Тамыр жемісінде 4,3% қант, сондай-ақ калий, кальций және фосфор тұздары, ал басқа бөліктерінде витаминдер, тиамин, рибофлавин, никотин қышқылы және эфир майы бар. Жапырақты Балдыркөк , тамыр жемісті Балдыркөктің жапырақтары, сағақтары және тамыр жемістері тамақ және сүрлеу (консервілеу) өнеркәсіптерінде, эфир майы – дәрі-дәрмек өнеркәсіптерінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Майқаңбақ (Corispermum) — мареліктер тұқымдасына жататын біржылдық шөп өсімдіктерінің бір туысы. Майқаңбақтың 50—60 түрі бар, олардың 34 түрі бұрынғы КСРО жерінде өседі. Бүларды түйе, кой, ешкі жақсы жейді. Майқаңбақтың біздегі көбінесе өсетін жері — Сібір, Орта Азия, Қиыр Шығыс, бұрынғы КСРО-нің еуропалық бөлігі. ## Тағы қараңыз ## Дереккөздер * Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
Балжапырақ, қоянжоңышқа (Zygophyllum brachypterum) — түйетабан туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Алакөл, Зайсан, Балқаш көлдерінің маңындағы ши, шеңгел арасында, сортаң топырақты жерлерде өседі. Биіктігі 20—50 см, жуан тамыры сүректеніп кеткен. Сәл имектеу сабағына етті, сопақша, дара қатарлы жапырақтары жұптасып орналасады. Гүлдері қысқа сағақты, екі-екіден жапырақ қолтығында болады, иісі жағымсыз. Мамыр — маусым айларында гүлдеп, шілдеде жемісі піседі. Жемісі — сопақша, құты, қауашақ тәрізді, тұқымы ұсақ келеді. Балжапырақ — бал-шырынды, дәрілік өсімдік. Халық арасында жас жапырақтарын бітеу жараның аузын ашу үшін жараға таңады. Жемісінен жүн мен тері бояйтын сары бояу алынады. ## Дереккөздер
Балжұран, брайя (лат. Braya) – орамжапырақ тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда Алтайдың альпі шалғындарында өсетін 1 түрі – бұршаққын Б. (В. sіlіquosa) бар. Биікт. 7 – 15 см. Сабағы жапырақсыз, түкті. Тамыр жапырақтары ұзынша, шеті тегіс немесе тісті тілімді, сыртын түк жапқан. Тостағанша жапырақшаларының ұзындығы 2,5 мм-дей, күлтесі ақ немесе көкшіл қызғылт түсті. Гүлдері қысқа шашақ гүлшоғырына топталған. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – ұзынша бұршаққын, сырты түкті. Тұқымдары қызғылт қоңыр түсті. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы
Балжүгері, шайжүгері, балқұмай (Sorghum cernuum) — астық тұқымдасы құмай туысына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Ол Оңтүстік Қазақстанның суармалы жерлерінде қолдан өсіріледі. Биіктігі 2—3 м, шашақ тамырлы, сабағы жуандау, өзегі кеуек болады. Жапырағы майда, таспа тәрізді, жиегі аздап бүрілген, тілшесі кірпік тәрізді, ал, гүлшоғыры төмен қарай иілген, масақшаларының қауызы қалың, түкті келеді. Дәні домалақ, құрамында 70-тен аса крахмал бар. Маусым — шілде айларында гүлдеп, шілде — тамызда жеміс береді. Тамыры жақсы жетілген, құрғақшылыққа төзімді, сондықтан оны жемшөп, сүрлем, дән алу үшін егеді. Балжүгері — мал азықтық және тағамдық өсімдік; сондай-ақ, ол спирт өндірісінде қолданылады. ## Пайдаланылған әдебиет
Балқарағай орманы — таза балқарағай немесе қарағай тектес тұқымдасына жататын қылқан жапырақты ағаштармен аралас өскен орман. Қазақстанның шығысында (Алтай, Сауыр, Тарбағатай) көп таралған, теңіз деңгейінен 2200 м биіктікке дейін өседі. Солтүстік Қазақстан, Павлодар өңірлерінде балқарағайдан тұратын екпе ормандар көп кездеседі. Балқарағай орманы суыққа, ыстыққа, дауылға, түтінге, шаңдаққа және ауа ылғалына өте төзімді келеді. ## Дереккөздер
Бала Жезді – Жезді өзенінің оң саласы. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады.Ұзындығы 66 км, су жиналатын алабы 655 км2. ## Бастауы Ұлытаудың оңтүстік сілемдерінен басталады да, Үлкен Жездімен қосылып, Жезді өзенін құрайды. ## Гидрографикасы Аңғары (ені 30 – 40 м-дей) жазық жермен өтеді. Қар, жер асты суларымен толығады. Көктемде тасиды. Қараша айының аяғында суы қатып, сәуірдің басында мұзы ериді. Жазда тартылып, жеке қара суларға бөлініп қалады. Жайылымдарды суландыруда маңызы зор. ## Дереккөздер
Балқаш борасы , Қоңырат желі – Шыңғыстау жотасынан Балқаш көліне қарай соғатын құрғақ, суық жел. Жотаның солтүстік-шығыс беткейіне жиналатын суық ауа оның оңтүстік-батысындағы жылы ауамен әрекеттесуінен пайда болады. Негізінен қыста байқалады. Желдің жиі қайталану себебінен тау беткейлерінде өсімдік сирек өседі. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы
Балқызыл (лат. Melampyrum) – сұңғыла тұқымдасына жататын бір жылдық жартылай паразитті өсімдіктер туысы. Солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеулерінде кездесетін 30-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда далалық аймақтардағы қайыңды-көктеректі ормандарда, бұталы-қаулы шалғынды жерлерде өсетін 2 түрі (күмісайдар балқызыл, тарақша балқызыл) бар. Сабақтары тықыр немесе түкті, жапырақтары ұзынша кейде дөңгелек, тамыр түбіне шоғырлана орналасады. Тостағанша жапырақшалары төрт қырлы, күлтесі қос ерінді, көбінесе түкті. Аталығы төртеу. Гүлдері сары түсті, масақ немесе шашақ гүлшоғырына топталған. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қазанда жемістенеді. Жемісі – қысыңқы, екі ұялы қорапша. Онда 1 – 4 ірі тұқымы болады. Балқызылдың құрамында ринантин глюкозиді бар, улы, мал жемейді. ## Дереккөздер
Балқымбай алтын кен орны – Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 210 км жерде орналасқан кен орны. ## Геологиялық құрылымы Балқымбай грабен синклинорийінің (аумағы 60 км2) мұғалжарлық алтын кенінің жаңа түрі анықталды. Неғұрлым болашағы мол аймақ тас көмір кезеңінің қабатында кездеседі. Бұл аймақтағы алтын құрамының орташа мөлшері 10 г/т. Кен орнының болжамдық қоры 5 т. ## Дереккөздер
Балпан балық , шұбарбалық (лат. Blicca bjoerkna) – тұқы тұқымдасына жатады. Батыс Қазақстанның өзендерінде (Жайық, Жем, Ойыл, Сағыз) кездеседі. Ірі және ұсақ түрлері бар. Дене тұрқы 35 см-дей, салм. 400 г-ға (кейде 1,2 кг-дай) дейін, ұсақтарының тұрқы 10 – 15 см, салмағы 110 г-дай болады. Пішіні тыранға ұқсас, айырмашылығы: жұтқыншақ тістері екі қатарлы, қабыршағы ірілеу, арқа және құйрық асты қанаттарының талшықтары аз тарамдалған. Кеуде және құрсақ қанаттарының түсі қызғылт немесе қызыл, кейде сұр түсті болады. 3 – 4 жасында (ұсақ түрлері 1 – 2) жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын мамыр – маусым айларында су түбіндегі шөптерге шашады. Ұсақ жәндіктердің дернәсілдерімен, моллюскілермен, өсімдіктермен, балдырлармен қоректенеді. Балпан балықтың кәсіптік маңызы шамалы. ## Дереккөздер
Балқаш ауданы — Алматы облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. 1932 жылы құрылған. Аудан орталығы – Бақанас ауылы. ## Географиялық орны, жер бедері Солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданымен, шығысында Жамбыл облысының Мойынқұм ауданымен, батысында Жетісу облысының Қаратал, Көксу, Кербұлақ аудандарымен, оңтүстігінде Жамбыл, Іле, Талғар аудандарымен шектеседі. Аудан жері Жетісу (Жоңғар) Алатауының Малайсары жотасынан Іле бойымен Балқаш көлінің оңтүстік жағалауына дейін созылып жатыр. Солтүстігінде Сарыесікатырау шөлін, батысы мен оңтүстігінде Тауқұм құмды алқабын қамтиды. Жер бедері негізінен жазық. Аудан жеріндегі ең ірі өзен – Іле. Оның тармақтары ескі арналар мен көлшіктер құрай отырып Балқаш көліне құяды. ## Климаты, топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Климаты континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі қуаң. Қаңтардың орташа температурасы (–13 – 15°С), шілдеде 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 – 150 мм. Шөлді қуаң белдемде орналасқан Балқаш ауданының негізгі топырақ жамылғысы – құмдақ және тақырлық топырақтар, өзен арналары мен жайылымдарында шалғынды-сазды топырақ қалыптасқан. Құмды өңірде сексеуіл, тобылғы, жиде, жусан, ши, сораң, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Аңдардан қасқыр, түлкі, борсық, қоян, ақ бөкен, елік, қабан, ондатр тіршілік етеді. Өзен аңғарлары мен жайылымдарда қырғауыл, құр, тырна, қоқиқаз, бірқазан, т.б. құстар мекендейді. Өзендерде сазан, алабұға, мөңке, шармай бар. Іле өзенінің Балқаш көліне құяр сағасында көмір, марганец, уран кендері барланған. Жалпақтас кен орнынан мәрмәр, гранит өндіріледі. ## Ауыл шаруашылығы Аудан экономикасының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы. Өсімдік шаруашылығында тәлімі және суғармалы егін шаруашылығы қалыптасқан. Аудандағы ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің аумағы 1,8 млн. га. Жыртылған жердің (25 мың га) 17 мың га жері игерілген. Оған бидай (7,8 мың га), күріш (8,1 мың га), көкөніс (335 га) және картоп (411 га) егіледі. ## Халқы Тұрғындар саны – 30747 (2019). * ұлттық құрамы – қазақтар (93,03%), орыстар (5,09%), украиндар (0,09%), немістер (0,29%), қырғыздар (0,10%), корейлер (0,64%), өзбектер (0,07%), ұйғырлар (0,41%), басқалары (0,29%). ## Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 28 елді мекен 15 ауылдық округке біріктірілген: ## Дереккөздер
Балтатарақ – Абай облысы Аягөз ауданының шығысындағы өзен. Ұзындығы 78 км, су жиналатын алабы 2000 км2. ## Бастауы Тарбағатайдың солтүстік сілеміндегі Көкетау және Бала Қосмұрын тауынан басталып, Аягөз өзеніне оң жағынан құяды. ## Гидрологиясы Арнасы тар, жағасы тік жарлы. Үлкенді-кішілі 24 саласы бар. Суы тұщы, қараша айының 1-жартысында қатып, сәуірдің 1-жартысында мұзы ериді. ## Дереккөздер
Балтакеткен – Үстірттің орталығы бөлігіндегі құдық. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында орналасқан. Тереңд. 12 м, су шығымы 600 л/сағ. Солт-нде Латыпқазған қонысы мен Нұрсен төбесі жатыр. Тақыр, сұр, сортаң қоңыр топырағында қара жусан, сұр жусан, бұйырғын, тасбұйырғын, сексеуіл шоғырлары өседі. ## Дереккөздер
Балқаш экологиясы – Балқаш көлі алабындағы табиғи ресурстарды (әсіресе, су қорларын) тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында 20 ғасырдың аяғында қалыптасқан табиғи, әлеуметтік және экономикалық жағдай. Оны негізгі 2 себеп тудырды. Ішкі себеп – Қапшағай су электр стансасының салынуына байланысты (1970) Іле өзені арнасының бөгелуі. Оған дейін Балқаш көлінің экологиялық тепе-теңдігін көлге құятын өзендер суы мен көл айдынынан буланған ылғал мөлшерінің тұрақтылығы қамтамасыз ететін. Жыл сайын көл алабындағы 15,0 км³ су қорының 11,9 км³-і (80%) Іле өз-мен келсе, қалған 3,0 км³ су көлдің батыс бөлігінен шығыс бөлігіне ығысады. 1970 –1985 жылдардағы Балқаш көліне құятын өзендер суының жалпы ағымы 14,9 км³-ден 11,8 км³-ге кеміді, яғни көл жылына шамамен 3,0 км³ су жоғалтып отырды. Көл алабынан алынатын су мөлшері жылына 7,0 – 8,0 км³-ге дейін өсті, оның 6,5 км³ суы егін суғаруға, Қапшағай және басқа да бөгендерді толтыруға жұмсалды. Булануға кететін шығыны жылына 2,0 км³-ге жетті. Осы себептерден 1970 жылдан су деңгейі күрт төмендеді. 1986 жылдың аяғында көл деңгейінің абсолют биіктігі 340,54 м болды. Көл деңгейінің құлдырау жылдамдығы жылына 15,6 см-ге жетті, бұл көрсеткіш 1908 – 1946 жылдардағы төмендеу жылдамдығынан (9,2 см/жыл) біршама жоғары. Іле өзені атырауындағы батпақты-сулы алаптардың 2/3 бөлігі қысқарды. Қапшағай СЭС-і іске қосылған соң, тасқын су шығымы 1600 – 1800 м³/с-тан 700 – 800 м³/с-қа дейін төмендеді. Электр стансасы қажетіне байланысты су ағымы жылдам өзгеретін (0 – 1000 м³/с) болды. СЭС-тен төмен қарай өзен тасындылары (судағы қатты заттар) тоқтап, олар толығымен Қапшағай бөгенінде шөгетін болды. 1986 жылдың аяғында Балқаш көліне құятын Іле өзенінің тармақтарынан Шұбарқұнан, Иір, Базарбай және Қалғаніле ғана қалды. Су шығымының 90%-ы тек Иір тармағымен қосылған Қоғалы тармағына жинақталып, бір арнаға айналды. Кезінде суы арнасына сыймай жататын Жиделі тармағы шөгіндіге тола бастады. Көлдің оңтүстік жағалауындағы балықтардың уылдырық шашу аймағы түгелдей жойылып, атыраудағы 15 көл жүйелерінен тек 4 – 5-еуі ғана қалды. Осының салдарынан жыл сайын ауланатын балық мөлшері 17 – 18 мың тоннадан 10 – 11 мың тоннаға дейін төмендеп, балық сапасы да нашарлады. Мысалы, бұрын негізінен сазан ауланатын болса, кейін ауланатын балықтың 90%-ын табан, жайын, көксерке, т.б. құрады. Ал аты әйгілі көкбас, Балқаш қарабалығы 1970 жылдан бері кездеспейтін болды. 1980 жылдан бастап көлдегі балықтар судағы пестицидтер мөлшерінің көбеюінен жаппай фибриалды саркома (қатерлі ісік жаралары) кеселімен ауыра бастады. Көл суының минералдығы күрт өсті. Балқаш металлургия кәсіпорындарының өндіріс қалдықтарының әсерінен суда ауыр металдар (мыс, мырыш, қорғасын, кадмий, т.б.) мен күкірт оксидтерінің мөлшері көбейді. Балқаш алабынан атмосфераға түсетін әр түрлі газдардың көлемі жылына 250 мың тоннаға жетті. Бұл газдар көл бетінен буланған ылғалмен қосылып, жерге қайтадан қышқыл жаңбыр болып жауады. Жауын-шашынның минералдығы 3 еседен астам өсті. Құрғап қалған аумақтардан көтерілген шаң-тозаңның әсері биік таулы аймақтардағы мұздықтардың еріп, ұсақтануына әкелді. Мысалы, 1974 жылдан бері Іле Алатауындағы аумағы 1 км²-ден астам 86 ірі мұздықтың 6-уы ғана қалды. 1980 – 1990 жылдры Іле – Балқаш табиғи-шаруашылық жүйелеріне кешенді ғылыми-зерттеу жүргізіліп, олардың қорытындысы бойынша берілген ұсыныстарға сәйкес, Қапшағай бөгенінің деңгейі 10 метрге төмендетілді, сөйтіп, көлемі 2 есеге (28 км³-дің орнына 14,5 км³) кеміді де, жер суғаруға алынатын су мөлшерінің өсуі тоқтатылды. Осы шаралар Балқаш көлінің деңгейін тұрақтандырғанмен, су сапасы жылдан-жылға нашарлады. Сыртқы себеп – Балқаш алабындағы су қорының жартысына жуығы Қытай мемлекетінің аумағында қалыптасады. ## Дереккөздер
Балқаш туристік маршруты , Балқаш көлінің оңт.-шығыс бөлігін қамтиды. Туристік базаның орт. Алматы облысы Қаратал ауданы Лепсі а-нан 17 км жерде, Балқаш көлінің жағалауында. Суы, көлшіктердегі батпағы әр түрлі тері ауруларына бірден-бір ем. Ал құмы мен ауа райы аурудың алдын алу және емдеу шараларын ұйымдастыруға қолайлы. Көл жағасында облыстың ірі кәсіпорындары мен мекемелерінің демалыс орындары бар. Облыс орт. Талдықорған қ-нан 200 км жерде орналасқан. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы
Балықсор – Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы көл. Қорғалжын ауылынан оңтүстік−шығысқа қарай 4 км−дей жерде, теңіз деңгейінен 329 м биіктікте орналасқан. ## Гидрографикасы Аумағы 6,4 км 2, ұзындығы 4,4 км, енді жері 1,6 км, жағалауының ұзындағы 12,4 км. Су жиналатын алабы 50 км 2. Жағалауы жазық, көл түбі лайлы. Суы ащы, жаз айында кеуіп қалады. Қар суымен толысады.