text
stringlengths
3
252k
Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігі — Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы дипломатиялық миссиясы. Елшілік Вьетнам астанасы Ханой қаласында орналасқан. ## Тарихы 1991 жылы 27 желтоқсанда Вьетнам Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады. 1992 жылы 29 маусымда дипломатиялық қатынастар орнатылды. 2008 жылы Қазақстанда Вьетнамның Елшілігі ашылды. 2013 жылы Вьетнамда Қазақстанның Елшілігі ашылды. 2019 жылдың 18 мамырынан бастап Ерлан Байжанов Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі қызметін атқаруда. 2022 жылдың 3 ақпанынан бастап Фам Тхай Ньы Май ханым Вьетнамның Қазақстандағы Елшісі қызметін атқаруда. ## Байланыс ## Дереккөздер
Қазақстанның Грузиядағы Елшілігі — Қазақстан Республикасының Грузиядағы дипломатиялық миссиясы. Елшілік Грузия астанасы Тбилиси қаласында орналасқан. ## Тарихы Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 23 шілдеде орнатылды. 1992 жылы Алматы қаласында Грузия Елшілігі ашылып, ол 2003 жылы Астана қаласына көшірілді. 1996 жылғы қыркүйекте Әзірбайжан Республикасында Грузияны қамтитын Қазақстан Елшілігі ашылды. 2003 жылы Тбилиси қаласында Қазақстан Дипломатиялық миссиясы ашылып, ол 2008 жылдың қаңтарында ҚР-дың Грузиядағы Елшілігі болып өзгерді. 2018 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Бауыржан Мұхаметжанов тағайындалды. 2017 жылдың наурыз айында Грузияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Зураб Абашидзе тағайындалды. ## Байланыс ## Дереккөздер
Қазақстанның Ауғанстандағы Елшілігі — Қазақстан Республикасының Ауғанстан Республикасындағы дипломатиялық миссиясы. ## Дипломатия Тағы қараңыз: Ауғанстан — Қазақстан қатынастары Дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 12 ақпанда орнатылды. 1993 жылы Қазақстан Республикасында Ауғанстан Ислам Республикасының Елшілігі ашылды. 2003 жылы Ауғанстанда Қазақстан Елшілігі ашылды. 2018 жылы сәуірден бастап Ә.О.Есенгелдиев Ауғанстандағы Қазақстан Елшісі. 2018 жылы қазаннан бастап М.Ф.Азими Қазақстандағы Ауғанстан Елшісі. ## Байланыс ## Дереккөздер
Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі — Қазақстан Республикасының Жапониядағы дипломатиялық миссиясы. Елшілік Жапония астанасы Токио қаласында орналасқан. ## Тарихы 1991 жылы 28 желтоқсанда Жапония Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады. 1992 жылы 26 қаңтарда дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды. 1993 жылы қаңтарда Алматы қаласында Жапонияның Елшілігі ашылды (2005 жылы қаңтардан бастап Астана қаласында қызмет етуде). 1996 жылы ақпаннан бастап Токио қаласында Қазақстанның Елшілігі қызмет етеді. 2021 жылы мамырдан бастап Қазақстанның Жапониядағы Елшісі - Сабыр Есімбеков. 2021 жылы сәуірден бастап Жапонияның Қазақстандағы Елшісі - Джун Ямада. ## Байланыс ## Дереккөздер
Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігіі — Қазақстан Республикасының Иордания Хашимит Корольдігіндегі дипломатиялық миссиясы. Елшілік Иордания астанасы Амман қаласында орналасқан. ## Тарихы ### Иордания Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылы 8 ақпанда орнатылды. Қазақстанның Аммандағы Елшілігі 2007 жылы шілдесінде ашылды. Иорданияның Қазақстандағы Елшілігі 2007 жылы сәуір айынан бастап қызмет етуде. 2019 жылы 6 маусымнан бастап Айдарбек Әнұарбекұлы Тұматов Қазақстанның Иорданиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады. 2019 жылы 11 ақпаннан бастап Юсуф Абделгани Иорданияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ретінде қызмет атқаруда. ### Ирак Дипломатиялық қатынастар 1995 жылдың 14 қыркүйегінде Хаттамаға қол қою арқылы орнатылған. 2020 жылғы 22 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Айдарбек Тұматов болып табылады. Ирактың Қазақстандағы Елшілігі 2008 жылы 12 қазанынан бастап жұмыс істейді. 2015 жылғы 20 тамыздан бастап Юнис Салим Сархан Қазақстандағы Ирактың Уақытша сенімді өкілі болып тағайындалды. ### Палестина Қазақстан Республикасы мен Палестина Мемлекеті арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 6 сәуірде орнатылды. Палестинаның Қазақстандағы Елшілігі 1993 жылдың маусымынан бері жұмыс атқарады. 2015 жылдың қазан айынан бастап Палестинаның Қазақстандағы Елшісі Монтасер Абу Зейд. 2020 жылғы 22 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Айдарбек Тұматов болып табылады. ҚР Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Елшілігі Қазақстан мен Палестина арасындағы қарым-қатынастарға жетекшілік етіп келеді. ## Байланыс ## Дереккөздер
Қазақстанның Израильдегі Елшілігі — Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі дипломатиялық миссиясы. Елшілік Израильдегі Тель-Авив қаласында орналасқан. ## Тарихы Дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы 10 сәуірде орнатылған. 2019 жылы қазан айынан бастап Израиль Мемлекетіндегі Қазақстанның Елшісі Сатыбалды Бұршақов болып табылады. 2018 жылы қазаннан бастап Қазақстандағы Израиль Елшісі – Лиат Вексельман. Израиль аумағында Қазақстан Елшілігі 1996 жылы мамыр айынан бастап қызмет атқарады. Қазақстан аумағында Израиль Елшілігі 1992 жылы тамыздан бастап қызмет атқарады ## Байланыс ## Дереккөздер
Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігі — Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы дипломатиялық миссиясы. ## Дипломатия Тағы қараңыз: Қазақстан — Эфиопия қатынастары Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 745 Жарлығымен ашылды. Қазақстан мен Эфиопия, Батыс, Орталық және Шығыс Африканың бірқатар басқа мемлекеттер арасындағы саяси, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық, сауда, инвестиция, қорғаныс, ғарыш, спорт және т.б. салаларда екі жақты ынтымақтастықты дамыту Елшіліктің негізгі жұмыс бағыты болып табылады. ## Юрисдикция Елшілік Африка Одағымен, UNECA, IGAD, БҰҰ Найроби офисімен аккредитациясы бар ынтымақтастықты дамытуға атсаласуда. Африка Одағы - Африканың 55 мемлекетін біріктіретін халықаралық үкіметаралық ұйым, Африка бірлігі ұйымының мұрагері. Штаб-пәтері Аддис-Абеба қ., Эфиопия. UNECA –БҰҰ-ның Африка үшін экономикалық Комиссиясы - БҰҰ-ның аймақтығы бес комиссиясының бірі. Комиссия мандаты – оған мүше мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік дамуына ықпал ету, аймақтық интеграция және Африканың дамуы үшін халықаралық ынтымақтастықтың кеңеюі болып табылады. Штаб-пәтері Аддис-Абеба қ., Эфиопия. IGAD – Шығыс Африканы дамыту жөніндегі үкімет аралық орган. Джибути, Судан, Сомали, Эфиопия, Эритрея, Кения және Уганда мемлекеттері кіреді. Штаб-пәтері Жибути-сити қ., Жибути. БҰҰ Найробидегі офисі – БҰҰ-ның Найроби қаласы (Кения) ресми кеңсесі,  БҰҰ-ның Африкадағы штаб-пәтері және БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (ЮНЕП) және БҰҰ-ның адам қоныстану бағдарламасы (БҰҰ-Хабитат) офистері орналасқан. ## Байланыс ## Дереккөздер
Қазақстанның Армениядағы Елшілігі — Қазақстан Республикасының Ауғанстан Республикасындағы дипломатиялық миссиясы. ## Дипломатия Тағы қараңыз: Армения-Қазақстан қатынастары 1992 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1992 жылғы қазан айынан бастап Қазақстан Республикасында Армения Республикасының Елшілігі жұмыс істейді. 2007 жылғы 1 наурыздан бастап Армения Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігі жұмыс істейді. 2021 жылғы 12 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Болат Иманбаев тағайындалды. ## Байланыс ## Дереккөздер
Кельтибериялықтар (лат. Celtiberi, көне грекше: Κελτίβηρες) — Римге дейінгі кезеңдегі Испания мен Португалиядағы орталық және солтүстіктегі тайпалар тобы. Кельтибериялықтар атауы олардың мәдениетінде кельт және ибериялық элементтердің бар екенін көрсетеді. Кельтибериялықтар кельттер мен ибериялықтар аралас болды ма, әлде олар осы екі топтың бірі екіншісінен маңызды мәдени әсерге ие болды ма, белгісіз. Олардың тәуелсіз тарихы қаншаға созылғаны да белгісіз. Кең таралған қателік — «кельтибериялықтар» терминін испан-кельт тілдерінде сөйлеген Рим дәуіріне дейінгі Пиреней түбегінің барлық халықтарына тарату. Бұл қателік тек кельтибериялықтардың Пиреней түбегінің салыстырмалы түрде аз бөлігін алып жатқанымен, жазба ескерткіштерді қалдырғандығына байланысты. Ежелгі авторлар кельтиберліктерді соғысқұмар халық деп сипаттаған. Біздің заманымызға дейінгі 2 ғасырда кельтибериялықтарды римдіктер жаулап алды. Кельтибериялық мұра Испанияның Галисия провинциясында кездеседі. Кельтибериялық тілінің жазба ескерткіштері сақталған. ## Тарих * Б. з. д. 218 ж.: көптеген кельтибериялықтар мен оңтүстік Галлиялар Ганнибалдың Италияның солтүстігіндегі жорығына қатысады * Б. з. д. 197 ж. — б. з. д. 179 ж.: кельтибериялық соғыстарының басталуы. Римдіктерге қарсы бірінші соғыс * Б. з. д. 154 ж. — б. з. д. 133 ж.: римдіктерге қарсы екінші соғыс (бірінші Нумантин соғысы немесе екінші кельтибериялық соғысы) * Б. з. д. 133 ж.: Римдіктер келтибериялық Нуманция қаласын қиратып, содан кейін ұзақ бейбітшілік кезеңі болды. ## Тағы қараңыз * Ежелгі Испанияның халықтары мен тайпалары * Серториан соғысы ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Циркин Ю. Б. Ежелгі Испанияның тарихы. — СПб.: Филологический факультет СПбГУ; Нестор-История, 2011. — 432 с. — (Тарихи кітапхана). — 500 экз. — ISBN 978-5-8465-1009-8. ## Сілтемелер * Диодор Сицилиялықтың кельтиберліктердің сипаттамасы (Тарихи кітапхана, V, 33). «Ежелгі Рим тарихы» веб-сайтындағы жарияланым
Қазақстанның Индонезиядағы Елшілігі — Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы дипломатиялық миссиясы. Елшілік Индонезия астанасы Джакарта қаласында орналасқан. ## Тарихы Индонезия Республикасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін 1991 жылы 28 желтоқсанда таныды. Қазақстан мен Индонезия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1993 жылы 2 маусымда орнатылды. 2012 жылғы сәуірде Жакартада Қазақстан Республикасының Индонезиядағы Елшілігі ашылды. 2023 жылғы 23 қазаннан бастап - Қазақстан Республикасының Индонезиядағы Елшісі С.О. Әбдікәрімов. ## Байланыс ## Дереккөздер
Тікқорғасын (немесе тікқорғасын өлшеуіш, ағылш. plumb bob, орыс. Отвес) — көбінесе қорғасын секілді ауыр металдардан жасалатын, төмен қараған конус пішінді, төменгі жағында сүйір ұшы бар, салмақты зат болып, жіпке ілінеді де, төмен тасталады, сөйтіп кез келген тірек нүктеден төменгі вертикал нүктеге дейінгі сызықты бағытты дәл табуға, нақты белгілеуге және дұрыс есептеуге қолданылады. Бұл тік деңгейдің алғашқы прекурсоры, көбінесе тік құрылғыларды орнату үшін керек. Ол әдетте тастан, ағаштан немесе қорғасыннан жасалған, бірақ басқа металдардан да жасалуы мүмкін. Егер ол безендіру үшін қолданылса, ол сүйектен немесе піл сүйегінен жасалуы мүмкін. Тікқорғасын құралын конструкциялардың «плюб» немесе тік болуын қамтамасыз ету үшін ең алғашында Ежелгі Мысырлықтар қолданғаны туралы дерек бар. Ол сонымен қатар маркшейдерлік жұмыстарда, кеңістіктегі нүктенің гравитациясына қатысты минималды (зенитке қарама-қарсы) белгілеу үшін қолданылады. Ол әртүрлі құралдармен (соның ішінде нивелирлер, теодолиттер және болат таспалар) аспапты тұрақты түсіру маркерінің үстіне дәл орнату немесе маркерді орналастыру үшін позицияларды жерге көшіру үшін қолданылады. ## Этимологиясы Plumb bob - латынның plumbum («қорғасын») сөзінен және боб (тербелу, тіктелу) сөздерінен жасалған. Қазақша Тікқорғасын осы сөздің әдеби бейнелеп аударылуы. ## Дереккөздер
Әркен Батталұлы Уақ (15 тамыз 1930 жыл – 1 наурыз, 2003 жыл) – геолог, геология ғылымдарының кандидаты, доцент, кеңестік және қазақ диссиденті, қазақ оппозициясының қайраткері, публицист, саяси және қоғам қайраткері, «Материалы геноцида, организованного Н. А. Назарбаевым против казахского народа в декабре 1986 года» аты шулы кітабының авторы, 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына қатысушы және КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің айыптауымен 8 жылға сотталып, ұйымдастырушы ретінде Қазақстаннан тыс жерге, Магаданға жіберілген жалғыз желтоқсаншы. ## Білімі Орта мектепті бітірген соң 1949 жылы Орджоникидзе атындағы Мәскеу геологиялық барлау институтына оқуға түседі. 1965-1966 жылдары Мәскеу геологиялық барлау институтының аспирантурасында оқып, геология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды. ## Мансабы 1966 жылы Алматы политехникалық институтына аға оқытушы болып тағайындалды. 1971 жылдан Қазақ мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері. Одан кейінгі жылдары Алматы сәулет-құрылыс институтында сабақ берді. 1975 жылы Торғай геологиялық экспедициясына бас инженер болып тағайындалды. Сол жылдары бұрғылау туралы 2 көлемді монография жазды. Оның басшылығымен 1976 жылы Орлов геологиялық экспедициясы бұрғылауда жақсы нәтижелерге қол жеткізді. КОКП (КПСС) мүшесі болмаған, жастайынан Қазақстан тәуелсіздігін қолдаушы болғаны оның еңбек жолына әсер етті. Кафедра басшысы қызметінен жоғары қызметтерге тағайындауға кедергі келтірілді. ## Саяси ұстанымы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы күндері студенттердің Мәскеу диктатурасына қарсы келу талаптарын қолдап, шерулерге қатысты. ҚазССР ҚК-нің 60, 65 б., Қазақ КСР ҚК-нің 146-б. 1-бөлігімен, Қазақ КСР ҚК-нің 65-бабымен мүлкі тәркіленіп, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеумен 8 (сегіз) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚазКСР ҚК-нің 26 б. бойынша 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды және ұлттық араздық тудырды деген айыппен негізгі жазасын өтегеннен кейін бес жыл мерзімге педагогикалық қызметпен айналысуға тыйым салды, Магаданға аударылды. Уваков А.Б. ісі бойынша 70-тен астам мұғалім жұмыстан шығарылды, олардың арасында Валерий Каро-Маде, Шәріп Омаров және Нинель Фокина да бар еді. Сотталған кезде де Әркен қоғамдық жұмыстарға араласуын тоқтатпаған, атап айтқанда, зонадағы басқа тұтқындардың құқықтарын қорғауға көмектесіп, олардың атынан хаттар жазған. Алматы Хельсинки комитетінің басшысы Нинель Фокинаның, қоғам қайраткері Валерий Каро-Маденің және оның зайыбы Тоқтар Рахметованың ұйымдастыруымен Уваков А.Б. сотталуы үлкен қоғамдық резонанс тудырды. 1991 жылы қоғамдық белсенділердің қысымы арқасында, кінәсін мойындамай, кешірім сұраудан бас тартып бостандыққа шығып, 1994 жылы ақталды. Босағаннан кейін де ұстаздық қызметпен айналысуға рұқсат етілмеді. 2000 жылы Мәскеуде 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы туралы материалдардан тұратын «Материалы геноцида, организованного Н. А. Назарбаевым против казахского народа в декабре 1986 года» атты кітабы жарық көрді. Бірақ оның таралымы түгелдей Қазақстанға барар жолда жоғалып кетті. Әркен Уақ тайынбай, кітаптың жалғасын жазды. Оның «Геноцид» деп аталатын екінші жұмысы авторы қайтыс болғаннан кейін жарық көрді, бірақ оның таралымы да арнайы қызметтің қолына түсіп жоғалды. ## Ғылыми еңбектері * Уваков А.Б. Шароструйное бурение. М: Недра. 1969 * Расчет движения шара в струйном аппарате // Математика и механика: Тез.докл. 5-й Казахст. межвуз.науч. конф. по математике и механике, 9-11 сент. 1974 г. 4.2: Механика. — Алма-Ата, 1974. / Соавт.: А.Б. Уваков, Т. Сейтбеков. * Экспериментальное исследование гидродинамики шароструйного аппарата // Прикладная и теоретическая физика. - Алма-Ата, 1972.-Вып.З. / Соавт.: Т. Сейтбеков, А.Б. Уваков. * Движение шара в камере смешения шароструйного аппарата // Прикладная и теоретическая физика. - Алма-Ата, 1972.-Вып.4./ Соавт.: Т. Сейтбеков, А.Б. Уваков. * К методике исследования гидродинамики шароструйного аппарата // Физика: Сборник статей аспирантов и соискателей. - Алма-Ата, 1969.- Вып. 4. / Соавт.: С.И. Тналиев, А.Б. Уваков. * Гидродинамика шароструйного аппарата (Плоская модель) // Вопросы общей и прикладной физики: Труды первой респ. конф. по вопросам общей и прикладной физики 15-19 мая 1967 г. - Алма-Ата, 1969.-С.122-124 / Соавт.: С.И. Тналиев, А.Б. Уваков. * Уваков А.Б. Исследование и разработка шароструйного способа бурения направленных геологоразведочных скважин: дис. на соискание ученой степени канд. техн. наук. – Москва, 1965 * Уваков А.Б., Штрассер В. В. Патент № 417599, E 21 B 7/18. Шароструйный снаряд для бурения скважин. № 1451266; Заявлено 15.06.1970; Опубл. 28.02.1974. * Баталов К. К., Уваков А. Б. Круговое фотографирование скважин. М. Недра 1972г. * Уак А.Б. "Материалы геноцида, организованного н. А. Назарбаевым против казахского народа в декабре 1986 года" Москва, 2000 ## Сыртқы сілтемелер * Уголовное дело Увакова Аркена Батталовича * Уак А. Материалы геноцида, организованного Н.А.Назарбаевым против казахского народа в 1986 году * #Қазақ диссиденттері: Әркен Уақ * ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІНІҢ АҚИҚАТЫ * Аркен УАК: «Нам было нечего терять» * Вместе с Аркеном Уаком умерла эпоха романтиков-правдоискателей * Книга Аркена Уак * Сочувствующий «желтоксановцу» добивается справедливости четверть века * Арон Атабек. Желтоксану – 18 лет! * ӘРКЕН УАҚ қалай СОТТАЛДЫ * Через 20 лет после декабря 1986 года семья Аркена Увакова остается без крова * Казахстан - десять и пятнадцать * Мырзақұл Әбдіқұлов: Желтоқсанды жекешелендіруге ешкімнің моралдық құқы жоқ * Тоқтар Рахметова: Әркен Уақты соттаған адам Жоғарғы сотта әлі жұмыс істейді * Азаткерлер анықтамасы * Судья, отправивший участника Декабрьских событий на Колыму, и сегодня работает в Верховном суде * Профессор, который назвал Декабрьские события 1986 года — "геноцидом казахского народа". Аркен Уак. * Геноцид, организованный Н. А. Назарбаевым против казахского народа в декабре 1986г
Елмұрат Зұлыпқарұлы Тасмурадов (өзб. Elmurod Tasmurodov, 1991 жылы 12 желтоқсанда туған) — тегі қазақ Өзбекстандық грек-рим күресшісі. Азияның 5 рет чемпионы, әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері және 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. ## Өмірбаяны 1991 жылы Ташкент облысы, Бостандық ауданы, Қызыл-ту ауылында дүниеге келген. 2004 жылы ата-анасы оны тарихи Отаны Қазақстанға жіберіп, Түркістан қаласындағы Бекзат Саттарханов атындағы мектеп-интернатында 4 жыл оқыды. Ол Қазақстан құрамасына үміткерлердің бірі болды. 2008 жылы Дәулет Тұрлыханов турнирінде жеңілгеннен кейін бұл мүмкіндігінен айырылды. 2012 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанса, Лондонда өткен Олимпиада ойындарында 16-орынға ие болды. 2013 жылы Азия чемпионы атанып, әлем чемпионатында қола жүлдегер атанса, бұл нәтижені 2014 жылы да қайталады. Жартылай финалға шыққан ол финалға жолдама ала алмағанымен, 3-орын үшін күресте жеңіске жетіп, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанса, 2018 жылы Азия чемпионы атағын жеңіп алды. Грек-рим күресі төртінші рет. 2019 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 2020 жылдың ақпан айында Нью-Делиде Азия чемпионы атанды. 2021 жылдың желтоқсанында ол спорттық мансабын аяқтайтынын жариялады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Эльмурат Тасмурадов — Sports-Reference.com сайтындағы олимпиадалық статистика (ағыл.) * Эльмурат Тасмурадов: «Опыт, полученный в Венгрии — хороший фундамент для успеха в Ташкенте в 2014 году», интервью на сайте Ассоциации спортивной борьбы Узбекистана * «Гюзель Манюрова, Эльмурат Тасмурадов и Нурсултан Турсунов, стали сегодня Чемпионами Азии по борьбе»
Татьяна Акбарқызы Кәрімова (26 тамыз 1948 жылы туған, Хабаровск) — Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімовтың әйелі. 1991 жылдан 2016 жылға дейін Өзбекстанның бірінші ханымы. ## Өмірбаяны Татьяна Кәрімова 1948 жылы 26 тамызда Хабаровск қаласында әскери қызметкердің отбасында дүниеге келген. Ол тәжік және орыс ұлтынан (әкесі тәжік, анасы орыс). 1952 жылы ата-анасымен Ферғана облысына көшіп келді. Оның отбасы ықпалды деп сипатталды. Өзбекстан Ғылым академиясының Экономика институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеп, сонымен бірге қоғамдық жұмыстармен де айналысқан. Ол экономика ғылымдарының кандидаты. ## Белсенділігі Кәрімова 2016 жылы күйеуі Ислам Кәрімов қайтыс болғанға дейін ел тәуелсіздігінен Өзбекстанның бірінші ханымы болды. Ол әртүрлі қайырымдылық жобаларына қатысып, мемлекеттік қызметтерді атқарғаны белгілі, сонымен қатар күйеуінің көптеген саясаттарында өте ықпалды кеңесші болған. Татьяна Кәрімова 2016 жылы күйеуінің мұрагерін таңдауда шешуші тұлға болады деп күтілген, бірақ ол президенттікке өзі барады деп күтпеген еді. Татьяна Ұлттық қауіпсіздік қызметінің төрағасы Рустам Иноятовтың одақтасы болып саналды, ол сондай-ақ елдің келесі президентін таңдауда ықтимал көмекші ретінде қарастырылды. Артынша 2016 жылы желтоқсанда өткен сайлауда премьер-министр Шавкат Мирзиёев Өзбекстан президенті болып сайланды. ## Жеке өмірі Татьяна Кәрімова болашақ күйеуі Ислам Кәрімовпен Самарқанта оқып жүргенде танысқан: Көп ұзамай, Татьяна Акбарқызының айтуынша, Кәрімов оның жатақханасына келіп, саябақта серуендеп жүріп, оған үйлену туралы күтпеген ұсыныс жасайды. Болашақ ерлі-зайыптылар халықаралық әйелдер күні қарсаңында отбасылық жиындарда бір-екі кездесуден және саябақта бір серуендеуден кейін шаңырақ көтерді. Ислам Кәрімов бұрын бірінші әйелі Наталья Петровна Кучмимен (1938 - 28 сәуір 2008 ж.) 1964 жылдан 1968 жылы ажырасқанға дейін үйленді. Бірінші некеден ұлы бар - Петр Исламович Каримов. Кәрімовтар отбасының екі қызы болды - Гүлнәр Кәрімова (1972 жылы туған) және Лола Кәрімова-Тилляева (1978 жылы туған). Сонымен қатар, олардың бес немерелері болды: кіші Ислам Кәрімов, Иман Кәрімова, Мариям Тилляева, Умар Тилляев және Сафия Тилляева. Татьянаның Тамара Собирова деген қарындасы бар. 2013 жылы Twitterде Татьяна Кәрімова мен оның үлкен қызы Гүлнар Кәрімова арасында кикілжің орын алған. Гүлнәр анасын жеңгесі Акбарәлі Абдуллаевты тұтқындауға жол бермеуге тырысқаны үшін оны «жойып жібермек болды» деп айыптады. Сондай-ақ ол өзінің сіңлісі Лола Кәрімова-Тилляеваны бақсылық жасады деп айыптады. Гүлнәр Кәрімованың Twitter парақшасы айып тағылған соң көп ұзамай бұғатталды. 2014 жылы ол үй қамаққа алынды.. ## Дереккөздер
Барақшын қатын (Бұрақшын, Борақшын; ? - 1257) — Батудың бәйбішесі, жас бала Ұлақшы тұсындағы Алтын Орданың регенті (1256 - 1257). Араб дереккөздерінің айтуынша, ол «ақыл-парасат пен басқару қабілетінің» иесі болған. ## Өмірбаяны Барақшын шығыс Моңғолияны жайлаған татарлардың бір бөлігі алшы-татарлардан шыққан. Ал татарлардың қалған бөліктері 1202 жылы Шыңғыс ханның бұйрығымен қырып тасталған еді. Алшы-татарлардан қазіргі қазақ руы алшындар тарайды. Барақшын қатын алшы-татарлардың сақталуына көп үлес қосып, өз кезегінде бүгінгі алшындардың бар болуына өз үлесін қосты. Рашид ад-Дин шежіресінде Үгедейдің бәйбішесіде осы атпен аталады. Олардың жеке басына қатысты дереккөздермен расталмаған пікір бар: Барақшын Үгедей қайтыс болып (1241), Төрегене билікті басып алғаннан кейін, Төрегене мен оның ұлы Күйікке дұшпан Батуға қашып кетуі мүмкін. Барақшынның Батудың әйелі болғаны туралы ең алғашқы мәлімет 1250 жылдан басталады: Галиц-Волын жазбасы Батудың хан ордасына алғаш келген Данил Галицкий билеушінің өзін қабылдағаннан кейін, «Барақшын патшайымға тағзым етуге» барады делінген . Батудың 26 әйелінің қайсысының Сартақ, Тұқан (Тоған, Тукуқан) және Әбуқан деген ұлдарының анасы екені белгісіз. Барақшынның баласы Сартақ деген болжам бар, бірақ дереккөздерде бұл туралы ешқандай дәлел жоқ. Барақшын Тұқанның анасы болуы мүмкін емес, өйткені ол оған Бату қайтыс болғаннан кейін (1255/1256) тұрмысқа шыққан, 1256 жылы бәлкім Туда Менгу осы некеден туған. Батудың орнына келген Сартақтың кенет қайтыс болуынан кейін Мөңкенің жарлығымен Ұлақшы кәмелетке толғанша Барақшын ұлыс билеушісі болып тағайындалды. Ұлақшы да көп ұзамай қайтыс болды. Сартақ пен Ұлағшының өліміне себепкер болған Беркенің билікке келуіне жол бермеуге тырысқан Барақшын өзінің ұлы Туда Менгуді таққа отырғызып, регенттік орнын сақтап қалуды ұйғарды . Бұл болжам XIV ғасырдағы араб авторы Ән-Нувейридің хабарламасына негізделген, оған сәйкес: «Тоғанның әйелі Барақшын... Сартақ өлгеннен кейін Солтүстік елдердің оның ұлы Тудаменгудің басқаруында қалуын қалады. Оның ақыл-ойы және басқара алатын қабілеті болды. Бірақ хандар да, Батуханның ұлдары да, оның ұлының нағашылары да, түменбасылар да мұнымен келіспеді. Олардың бұл қарсылығын көріп, Барақшын Төленің ұлы Құлағумен қарым-қатынас орнатып, оған қауырсынсыз жебе, белбеусіз шапанды елші арқылы жіберіп: «Қорамсақта жебе жоқ, садақ жебесіз қалды, патшалықты алу үшін кел» дейді. Содан кейін ол елшінің соңынан барып, Құлағуға жетіп, оны Солтүстік елдерге әкелуге тырысады. Оның не істемекші болғанын білген халық оның соңынан қуып жетіп, қарсылық көрсеткеніне қарамастан, оны қайтарып алып келді де, өлтірді». . Осы хабарды негізге ала отырып, орыс тарихшысы Е. П.Мысков Бату қайтыс болғаннан кейін Барақшын оның екінші ұлы Тұқанға үйленіп, көп ұзамай Туда-Мөнкені (Туда-Менгу) туып, оны таққа отырғызбақшы болды деген тұжырым жасайды . Барақшын Туда-Мөңкенің анасы және оны таққа отырғызбақшы болды деген нұсқаға бұрынғы зерттеушілер де күмән келтірмеген. Алайда, кейіннен Р.Ю. Почекаев Ан-Нувайридің бұл хабары бірнеше себептерге байланысты сенімді емес деп болжайды . Біріншіден, Туда-Мөңке Тұқанның үлкен ұлы емес еді - оның екі ағасы болды, олардың әрқайсысында Алтын Орда тағына көбірек құқықтары болды. Екіншіден, Рашид ад-Дин қалдырған дереккөздің айтуынша, Туда-Мөнкенің де, оның ағасы Меңгу Темірдің де анасы мүлде Барақшын емес, тәрізі ойрат тайпасынан шыққан Кучу қатын болған. Сонымен қатар, басқа араб тарихшысы Ибн Халдун осы оқиғалар туралы баяндай отырып, Барақшынның таққа отырғызғысы келген адамы ретінде оның өгей ұлы (Ан-Нувайридің айтуы бойынша - туған ұлы) Туда-Мөнке емес, оның жаңа күйеуі - Туда Менгудің әкесі, Батудың ұлы - Тұқан (аттың басқа нұсқалары - Тудан немесе Тудакан) деп көрсетеді . Барақшын кімнің таққа отыруын ұйғарса да, оны Жошы Ұлысының ақсүйектері қолдамады. Бұл Барақшынды Иранда соғысып жүрген хақанның бауыры Құлағудан көмек сұрауға мәжбүр етті. Бірақ оның жоспарын Берке біліп қойып, Барақшын Иранға қашпақ болған кезде тұтқынға түсіп, өлім жазасына кесілді (1257), Барақшынды қапқа салып, Еділ өзеніне батырып өлтірген. ## Көркем әдебиетте Барақшын - Алексей Юговтың «Жауынгерлер» дилогиясындағы кейіпкерлердің бірі. Автор оны «құс дауысты және жас Будданың жүзі бар кішкентай, томпақ моңғол қызы» деп сипаттайды. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті — ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомствосы. ## Тарихы ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 16 қаңтардағы қаулысымен ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комиссиясының қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Бiлiм және ғылым министрлігінiң Жоғары аттестациялау (аттестаттау) комитетi 2004 жылы Бiлiм және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетi, 2007 жылы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, 2019 жылы Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті болып өзгертілді. 2022 жылы комитет ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне бөлінді. ## Міндеттері * Ведомство құзыреті шегінде ғылым, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысу * Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында білім беру жүйесін сырттай бағалау жолымен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру, сондай-ақ ғылыми кадрларды даярлау сапасын бақылау ## Құрылымы Комитеттің 4 басқармаcы бар (2023 жылға): * Сыртқы бағалау және талдау басқармасы * Рұқсат беру саясаты басқармасы * Реттеу саясаты басқармасы * Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау басқармасы ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті — жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомствосы. ## Тарихы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті 2022 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің құрамында құрылды. ## Міндеттері * жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру * жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау ## Құрылымы Комитеттің 6 басқармаcы бар (2023 жылға): * Статистика және ЖЖОҚБҰ қызметін үйлестіру басқармасы * Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұны басқармасы * Стратегия және жобалау қызметі басқармасы * Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді интернационалдандыру басқармасы * Білім алушылар контингентін қалыптастыру және кадрлар даярлау басқармасы * Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларын әлеуметтендіру және тәрбиелеу басқармасы ## Дереккөздер
Қазақстан — Украина қатынастары — Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы дипломатиялық қатынастар. 1992 жылғы 23 шілдеде орнатылды. 1991 жылға дейін қазақ-украин қатынастары тәртіпсіз, көбінесе кездейсоқ сипатта болды немесе одақішілік байланыстардың жалпы жүйесімен және сәйкесінше орталық билікпен реттелді. Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана екі елдің де, олардың халықтарының да ұлттық мүдделеріне сүйене отырып, оларды қарқынды дамыту, тереңдету және жетілдіру мүмкіндігі пайда болды. ## Тарихы 1991 жылғы 16 желтоқсанда Украина алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады. Қазақстан Украинаны сол жылдың 23 желтоқсанында егемен мемлекет деп таныды. 1992 жылдың қаңтарында Украинаның Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық қатынастар орнату туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне нота жіберді. 1992 жылғы 23 шілдедегі жауап нотасымен Қазақстан СІМ осы нотаны, сондай-ақ 1992 жылғы 4 қаңтардағы Украина СІМ нотасын Қазақстан мен Украина арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы келісім деп санауды ұсынды. Дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері — 1992 жылғы 23 шілде — екі ел арасындағы ынтымақтастық қоғамдық өмірдің барлық салаларында тұрақты дамып, нығайып келеді. 2007 жылы Қазақстан жылы Украинада өткізілді. 2008 жыл Қазақстанда Украина жылы ретінде атап өтілді. Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы екіжақты қатынастар тәуелсіздік алған кезден бастап дәстүрлі достық қарым-қатынаста болып келеді және өзара сыйластықпен және ізгі ниетпен сипатталады, халықаралық деңгейде ашықтықпен және өзара қолдаумен ерекшеленеді. Бұл жағдай бірлескен тарихи өткенге, әлеуметтік-экономикалық қайта құру процестерінің ұқсастығына, екі елдің кәсіпорындары мен тығыз адами байланыстар арасындағы тұрақты кооперациялық байланыстарға байланысты.Алайда, Президент Тоқаевтың Қырым туралы сөзінен кейін Украина Қазақстанға демарш ұсынбақшы. 2019 жылдың 4 желтоқсанында Тоқаев сұхбатында: "Біз Қырымда болған оқиғаны аннексия деп атамаймыз. Біздің ойымызша, болған оқиға болды. "Аннексия" - бұл Қырымға қатысты өте ауыр сөз". 2019 жылғы 5 желтоқсанда Украинаның Киевтегі Сыртқы істер министрлігіне Қазақстанның Елшісі Самат Ордабаев шақырылды. Украиналық тарап "Ресейдің украиналық Қырымды заңсыз аннексиялау әрекетіне қатысты Қазақстанның ұстанымы қалай қабылданатынына" алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы ақпарат украин СІМ сайтында жарияланды. Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың болашағы мен халықаралық ұйымдардағы өзара іс-қимылды талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап та тәуелсіздікті, мемлекеттік егемендікті, аумақтық тұтастықты және шекаралардың мызғымастығын өзара құрметтеу қағидаттарына берік ұстанымдарын растады ## Елшілік Украинаның Қазақстан Республикасындағы елшілігі Алматыда 1994 жылдың мамырында ашылып, 2001 жылдың қаңтарында жаңа елорда — Астанаға көшті. 1994 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Киевте жұмысын бастады. ## Экономикалық ынтымақтастық 2011 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Украина арасындағы сыртқы сауда айналымы 4,4 млрд. АҚШ доллары Қазақстаннан Экспорт 2010 жылмен салыстырғанда төрт есеге ұлғайып, 2,7 млрд долларды құрады. АҚШ долларын құрады, ал Украинаның Қазақстанға импорты 28% - ға өсіп, 1,7 млрд. АҚШ доллары. 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда Украина капиталының қатысуымен 250-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. ## Мәдени байланыс 2021 жылдың 23 қазанында Харьковта Украина, Қазақстан және Әзірбайжан арасындағы достық қатынастарға арналған Ойшылдар алаңы ашылды. ## Қазақстанның Украинадағы елшілері * Ю. Клочков (1994-96) * Н. Искалиев (1997-99) * Р. Чердабаев (1999-2003) * А. Жумабаев (2003-11) * З. Турисбеков (2012-2015) * С. Ордабаев (2016—2020) * Д. Калетаев (2020- қазіргі уақыт) ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті — тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомствосы. ## Тарихы Тіл комитеті болып Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 Қаулысына сәйкес ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің құрамында құрылды. 2006 жылы ол ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне, 2010 жылы ҚР Мәдениет министрлігіне, 2012 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне, 2014 жылы наурызда ҚР Мәдениет министрлігіне беріліп, тамызда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті болып құрылды. 2018 жылы ҚР Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің бөлініп шығуына байланысты, Тіл саясаты комитеті болып өзгертілді. 2021 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігіне беріліп, 2022 жылы министрліктің екіге бөлінуіне байланысты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қарамағына өтті. ## Міндеттері * тілдерді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету * мемлекеттік тілді дамыту, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету * мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасын іске асыру саласындағы қызметін үйлестіру * тіл реформасын жүргізу, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіруді қамтамасыз ету * халықты мемлекеттік тілге оқытуды және Қазақстан халқының тілдерін үйретуді әдістемелік қамтамасыз ету * мемлекеттік тілді ғылым тілі ретінде дамыту, терминологиялық жұмысты жүйелендіру ## Құрылымы Комитеттің 4 басқармаcы бар (2023 жылға): * Тіл заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету басқармасы * Тіл саясатын іске асыру басқармасы * Лингвистикалық жұмыстар басқармасы * Әдістемелік қамтамасыз ету басқармасы ## Қарамағындағы мекемелер * «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ ## Төрағалары * Сұлтан Оразалинов (1993 – 95) * Георгий Ким * Арыстанбек Нұрмаханұлы Нұрмаханов 2001-2004 жж. * Шерубай Құрманбайұлы 2005-2006 * Ерден Задаұлы Қажыбек (2006-2009) * Ербол Шаймерденұлы 2008 қазан - 2010 сәуір * Бауыржан Жұмаханұлы Омаров 2010—2011 * Бауыржан Жұмаханұлы Омаров * Мақсат Нұрлыбекұлы Сқақов 2012 - 2015 * Данияр Таумұратұлы Таумұрат (2014-2015) * Қуаныш Жұмабекұлы Асылов (2014-2017) * Әділбек Күнесханұлы Қаба (09.2020-2022) * Ербол Ердембекұлы Тілешов 2023 жылғы 27 наурыз ## Дереккөздер
Қазақстанның Ирандағы Елшілігі — Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы дипломатиялық миссиясы. Елшілік Иран астанасы Тегеран қаласында орналасқан. ## Тарихы Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 29 қаңтарда орнатылды. 1993 жылы Қазақстанның Ирандағы Елшілігі ашылды. ## Дипломатия 2019 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанның Ирандағы Елшісі – Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай болып табылады. Елшілік Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жүйесіне кіреді және Қазақстанның Ирандағы мүдделеріне өкілдік етеді. Елшіліктің негізгі міндеттері: * Қазақстан Республикасының Ирандағы ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету және оның сыртқы саясатын іске асыру; * Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының Ислам Республикасындағы құқықтары мен мүдделерін қорғау; * Қазақстан Республикасының Иранмен ынтымақтастығын дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстанның мемлекеттік органдарының, қоғамдық ұйымдарының және іскер топтар өкілдерінің Ислам Республикасымен байланыстарын орнату және қатынастарын дамыту; * Қазақстан Республикасының Иранмен халықаралық келісімшарттары жобаларын, келісімшарттарды жасасу, орындау және тоқтату жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, Қазақстанның болу елімен жасасқан келісімшарттарының орындалуына бақылау жүргізу; * консулдық қызмет; * өзге де міндеттер. Елшіліктің сайты көпшілік жұртшылықты Тегеран қаласындағы ҚР дипломатиялық өкілдігінің қызметімен таныстыру, сондай-ақ Қазақстанға турист ретінде келуге немесе елмен іскерлік байланыс орнатуға ниет білдірген Иран азаматтарына, Иранда тұратын қазақстандықтарға және шетелдік азаматтарға ақпараттық қолдау көрсету үшін ұсынылған. ## Байланыс ## Дереккөздер
78-Невел Қызылтулы танк дивизиясы (78-тд) — КСРО Қарулы Күштері Құрлық әскерлері мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің (11-Қабанбай батыр атындағы танк бригадасы — 11-тбр) құрамасы. ## Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлік жолы 78-тд-ның алдыңғы нұсқасы — 1942 жылы ақпанда құрылған 78-танк Невел Қызылтулы бригадасы (78-тбр). Ол 1942 жылы 17 қаңтардан 14 ақпанға дейін Мәскеу әскери округінде құрылды. 1942 жылы 10 ақпанға қарай полк 32 танкпен қаруланған, оның ішінде 10 КВ-1, 22 Т-34. Бастапқыда, Иваново облысының Владимир қаласында, ал 1942 жылы 6 ақпанда Мәскеуге көшірілді. Бригада 1942 жылдың 28 қаңтарында дайын болды. 14-атты әскер корпусына арналған. 1942 жылы 20 ақпанда құрылғаннан кейін Калинин майданының 4-соққы беретін әскердің қарамағына өтті. 1943 жылы 6 қаңтарда 4-соққы беретін әскердің құрамынан шығарылып, Великие Луки қаласындағы Калинин майданының 3-соққы беретін әскердің қарамағына ауыстырылды. 1943 жылдың күзінде Невел шабуыл операциясына қатысты. Осы операция кезіндегі шайқастардағы үздіктілігі үшін Жоғарғы Бас қолбасшының бұйрығымен 1943 жылы 7 қыркүйекте бригадаға «Невел» құрметті атауы берілді. 1944 жылы 4 сәуірде 2-Балтық майданының 10-гвардия әскерінің қарамағына ауыстырылды.1945 жылы 10 ақпанда 10-гвардия әскерінен шығарылып, 2-Балтық майданының 42-әскерге бағындырылды. ## Дереккөздер
155-мотоатқыш дивизиясы, қысқаша 155-мад — КСРО Қарулы Күштері Құрлық әскерлері мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері құрамындағы құрама. 4-жеке механикаландырылған бригадасы — 4-жмехбр болып жаңадан жасақталды. ## Құраманың тарихы ### Кеңес уақыты Дивизия 1969-1971 жылдар аралығында құрылды. 1969 жылы Кеңес-Қытай бөлінісінің шиеленісуіне байланысты Орта Азия әскери округі жаңадан құрылды. Онымен бірге 32-жалпыәскери армиясы құрылды және оның құрамы басқа әскери округтерден келетін құрамалар есебінен толықтырылды. ОАӘО құрлықтағы күштерін тартуға барлығы жеті дивизия: бір танк (78-ші) және алты мотоатқыш дивизиялары (8-ші және 80-гвардиялық, 68-ші, 201-ші, 203-ші және 155-мад) қатысады. 155-мотоатқыштар дивизиясы Шығыс Қазақстанға Түрікмен КСР-нің Тежен қаласынан келген 78-танк дивизиясынан бөлініп шыққан Богдан Хмельницкий атындағы 374-Стрыевский ордені мотоатқыштар полкінің негізінде құрылды. Осы кезде 5-гвардиялық мотоатқыштар дивизиясынан шыққан 369-гвардиялық мотоатқыштар полкі 78-дивизиядан шыққан 374-полктің орнына келді. 155-мад әскери бөлімдері Шығыс Қазақстанның екі облысына қайта орналастырылды. Дивизия штабы, бір мотоатқыштар полкі және танк полкі Шығыс Қазақстан облысының Жаңа Ахмер ауылына (Өскемен қаласының маңы) орналастырылды. Семей облысы, Жарма ауданы, Георгиевка ауылында дивизияның мотоатқыштар мен артиллериялық полктері, сондай-ақ 3-Георгиевка белгісімен әскери қалашықта орналасқан жекелеген жауынгерлік және тыл жағынан қамтамасыз ету батальондары орналастырылды. Семейде бір мотоатқыштар полкі мен зениттік-зымыран полкі орналасты. Сонымен қатар, дивизия өзінің толық штатқа айналдырылмады және кадрленген құрама болды. 1980 жылы қаңтарда 155-мад Ауғанстанға енгізілген құрамаларды толықтыруға қатысты. — «Қара майор жасағы». Жантасов Амангелді. 155-мад 374-мап офицерінің естелігі 1989 жылға қарай 155-ші мад құрамы: * 155-мад басқармасы (95876 ә/б) — Жаңа Ахмер * 96-танк полкі (47165 ә/б) — Жаңа Ахмер * 374-Богдан Хмельницкийдің Стрыевский ордені мотоатқыштар полкі (10944 ә/б) — Георгиевка * 515-мотоатқыш полкі (5203 ә/б) — Жаңа Ахмер * 511-мотоатқыш полкі (13281 ә/б) — Семей * 931-артиллерия (06004 ә/б) — Георгиевка * 481-зениттік зымыран полкі (14410 ә/б) — Семей (1989 жылы ГКӘТ ауыстырылды , 15508 әб/пп) * 236-жеке шолғыншы батальон (07002 ә/б) — Георгиевка * 395-жеке зымыран дивизионы (06401 ә/б) — Жаңа Ахмер * 1030-жеке инженерлік-саперлік батальон (08390 ә/б) — Георгиевка * 1069-жеке байланыс батальоны (64554 ә/б) — Георгиевка * жеке жөндеу-қалпына келтіру батальоны (28664 ә/б) — Жаңа Ахмер * жеке материалдық қамтамасыз ету батальоны (02256 ә/б) — Жаңа Ахмер * жеке танкіге қарсы дивизион — Георгиевка * 148-жеке медициналық батальон — Жаңа Ахмер * жеке химқорғау ротасы (32147 ә/б) — Георгиевка * коменданттық рота — Жаңа Ахмер 1989 жылы 155-мотоатқыш дивизиясы Жаңа Ахмерде орналастырумен 5203-Қару-жарақ пен Техниканы Сақтау Базасы (5203-ҚТСБ немесе 95876 ә/б) болып қайта құрылды. ### 71-ші мотоатқыш дивизиясы 155-ші мотоатқыш дивизиясы құрылғаннан кейін, құрамадан штаттардың бөлінуі есебінен Семейде кадрланған 71-ші мотоатқыш дивизиясы құрылды, оған 71-ші Торун Қызыл ту дивизиясының құрметті регалиялары мен марапаттары берілді. Бұл атқыштар дивизиясы Жоғарғы Бас қолбасшылық ордасының 1945 жылғы 29 мамырдағы №11095 нұсқауымен таратылды. 1989 жылдың күзіне дейін бұл құрама әскери бөлім болып саналып, қару-жарақ пен техниканың резервтерін дайындау және сақтау бойынша Аумақтық оқу орталығы деп аталды (30217 әскери бөлімі). 1989 жылы 1 қарашада КСРО Қорғаныс министрінің бұйрығымен Аумақтық оқу орталығы 5202-ші Қару-жарақ пен Техниканы Сақтау Базасы болып қайта құрылды (5202 ҚТСБ немесе 30217 ә/б). ## Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі құрама 1992 жылы 7 мамырда 5203-ші Қару-жарақ пен Техниканы Сақтау Базасы Қазақстан Республикасының қарамағына өтті. Мемлекеттік шекараның қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1993 жылғы 26 сәуірдегі №6/1/085 нұсқауы негізінде 5203-ші ҚТСБ бөлімі, 511-ші мотоатқыштар полкі (511-ші мап немесе 27943 ә/б) болып жаңадан құрылды. 511-ші мап орналасқан жер Семей облысы, Георгиевка ауылы болды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1996 жылғы 2 маусымдағы № Б 3/0294 нұсқауы негізінде 1998 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 511-ші мотоатқыштар полкі 4-ші жеке мотоатқыштар бригадасы болып қайта құрылды. ҚР Қорғаныс министрлігінің 2004 жылғы 28 қарашадағы № 1/14/1/0569 нұсқауы негізінде 4-ші жеке мотоатқыштар бригадасы 4-жеке механикаландырылған бригада (4-жмехбр) болып қайта құрылды және Өскеменнің маңайына — Шығыс Қазақстан облысының Жаңа Ахмер ауылына орналастырылды. 4-ші жмехбр «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының құрамына кіреді («Шығыс» ӨңҚ).4-ші жмехбрдің құрамы (27943 ә/б): * Бригада басқармасышолғыншы ротабайланыс ротасыинженерлік-саперлік ротаматериалдық қамсыздандыру ротасыхимиялық қорғаныс ротасыжөндеу ротасымедициналық ротаоркестр * шолғыншы рота * байланыс ротасы * инженерлік-саперлік рота * материалдық қамсыздандыру ротасы * химиялық қорғаныс ротасы * жөндеу ротасы * медициналық рота * оркестр * 1-ші мотоатқыштар батальоны (БМП-2) * 2-ші мотоатқыштар батальоны (БМП-2) * 3-ші мотоатқыштар батальоны (БМП-2) * танк батальоны (Т-72Б) * артиллерия дивизионы (122-мм гаубица Д-30, БМ-21) * зениттік зымыран-артиллерия дивизионы (Стрела-10 мен ЗСУ-23-4) Шығыс Қазақстанға тән көктемгі су тасқыны кезеңінде жергілікті тұрғындарға көмек ретінде 4-ші жмехбр бөлімшелері тұрақты түрде қатысады. 2008 жылдың 25 тамызынан 4 қыркүйегіне дейінгі аралықта 4-ші жмехбр Ресейдің Челябі облысындағы Шабаркөл полигонында өткен «Орталық-2008» бірлескен орыс-қазақстандық әскери жаттығуларына қатысты. 4-ші жмехбрдан оқ-дәрілер мен жанар-жағармай қорларын қоса алған штаттық әскери техникамен келген 700-ге жуық әскери қызметшілер қатысты. 4-ші жмехбр бөлімшелері ЕОӘО-нің 34-ші мотоатқыштар дивизиясының 239-шы танк полкінің бөлімшелерімен және 31-ші жеке гвардия әуе-шабуыл бригадасымен бірлесіп әрекет етті. ## Әдебиет * В.И., Голиков В.И., Калашников К.А., Слугин С.А. Орта Азия Қызыл Ту әскери округі // «Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі КСРО Қарулы Күштері: Қызыл Әскерден Кеңеске дейін. 1 бөлім: Құрлық күштері» — Томбы: Издательство Томского университета, 2013. — Б. 551—554. — 640 б. — 500 таралым. — ISBN 978-5-89503-530-6. * «Менің өмірім, Майор Козлов». Екінші кітап. Козлов Виктор Алексеевич. 155-ші мад 374-ші мап офицерінің естеліктері. ## Дереккөздер
Рум сұлтандығы, Кония сұлтандығы, Икония сұлтандығы немесе Селжүк сұлтандығы (парсы: سلجوقیان روم‎, Saljūqiyān-i Rūm) — ирандалған қала мәдениеттің элементтерін, қарапайым түрікмен көшпелілерінің мал шаруашылығы мен әскери дағдыларын, сондай-ақ жаулап алынған жергілікті христиандардың (негізінен гректердің) ежелгі қолөнері мен мәдениетін біріктірген ортағасырлық Кіші Азиядағы түрік-мұсылман мемлекеті. 1077 жылы Византия империясынан тартып алынған жерлерде пайда болған сұлтандық XI ғасырдың соңына дейін осында болған христиан халқын ығыстыра ассимиляциялап, аймақ тарихында маңызды рөл атқарды. Мемлекеттің бастапқы орталығы Никея болды, 1096 жылдан бастап астана Кония (Иконий) қаласына көшірілді. Түрік мемлекеттілігінің өз жерінде қалыптасуында маңызды рөлді Константинополь тағына азаматтық соғыстарда көшіп келген түріктерді, сондай-ақ жалдамалыларды саяси жағдай қажет еткен Батыс елдермен күресу үшін пайдаланған Византия ақсүйектерінің өзі атқарды. Рум сұлтандығы I Алаеддин Кейқұбат сұлтан (1219-1236 жж.) кезінде өзінің ең үлкен өркендеуіне жетті. Ішкі қақтығыстар мен моңғолдардың шапқыншылығы нәтижесінде 1307 жылға қарай Рум сұлтандығы бірқатар бейліктерге бөлінді, олардың бірі ақырында Осман империясына айналды. ## Тарихы ### Негізінің қалануы Рум сұлтандығы Кіші Азияны селжүк түріктерінің (араб және парсы авторларының арасында - Рум) XI—XIII ғасырларда жаулап алуы нәтижесінде құрылды. 1070-жылдары батыс Анадолыда билікке селжүк әскери қолбасшысы, сұлтан I Мәлік шаһтың немере інісі Сүлеймен Құталмышоғлы келді. 1075 жылы ол Никея мен Никомедия қалаларын басып алды. Екі жылдан кейін ол өзін тәуелсіз Селжүк мемлекетінің сұлтаны деп жариялап, орталығын Никеяда орналастырды. 1081 жылға қарай селжүктер Кіші Азиядағы барлық Византия қалаларын жаулап алды (Понтикалық Гераклийден басқа) және Босфор мен Дарданеллге дейін жетті. ### Кеңеюі ## Дереккөздер:
Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Бас консулдығы, Горган — Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы дипломатиялық миссиясы. Бас консульдық Иранның Горган қаласында орналасқан. ## Тарихы Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 29 қаңтарда орнатылды. 1993 жылы Қазақстанның Ирандағы Елшілігі ашылды. ## Дипломатия Елшілік Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жүйесіне кіреді және Қазақстанның Ирандағы мүдделеріне өкілдік етеді. Елшіліктің негізгі міндеттері: * Қазақстан Республикасының Ирандағы ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету және оның сыртқы саясатын іске асыру; * Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының Ислам Республикасындағы құқықтары мен мүдделерін қорғау; * Қазақстан Республикасының Иранмен ынтымақтастығын дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстанның мемлекеттік органдарының, қоғамдық ұйымдарының және іскер топтар өкілдерінің Ислам Республикасымен байланыстарын орнату және қатынастарын дамыту; * Қазақстан Республикасының Иранмен халықаралық келісімшарттары жобаларын, келісімшарттарды жасасу, орындау және тоқтату жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, Қазақстанның болу елімен жасасқан келісімшарттарының орындалуына бақылау жүргізу; * консулдық қызмет; * өзге де міндеттер. Елшіліктің сайты көпшілік жұртшылықты Тегеран қаласындағы ҚР дипломатиялық өкілдігінің қызметімен таныстыру, сондай-ақ Қазақстанға турист ретінде келуге немесе елмен іскерлік байланыс орнатуға ниет білдірген Иран азаматтарына, Иранда тұратын қазақстандықтарға және шетелдік азаматтарға ақпараттық қолдау көрсету үшін ұсынылған. ## Байланыс ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті — бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру саласында басшылықты жүзеге асырады, реттеу және іске асыру функцияларын орындайтын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ведомствосы. ## Тарихы Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті 2019 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрамында құрылды. 2022 жылы министрліктің екіге бөлінуіне байланысты ҚР Оқу-ағарту министрлігіне өтіп, Орта білім беру комитеті болып өзгертілді. ## Міндеттері * Орта білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру * Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау ## Құрылымы Комитеттің 4 басқармаcы бар (2023 жылға): * Орта білімнің мазмұны және әдіснамасы басқармасы * Мониторинг және талдау басқармасы * Инклюзивтік білім беру басқармасы * Педагог кадрлармен жұмыс басқармасы ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті — мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейлерінде, қосымша білім беру, балалар мен педагогтердің құқықтарын қорғау саласында, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі қызметіне қатысты іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ведомствосы. ## Тарихы ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 16 қаңтардағы қаулысымен ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комиссиясының қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Бiлiм және ғылым министрлігінiң Жоғары аттестациялау (аттестаттау) комитетi 2004 жылы Бiлiм және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетi, 2007 жылы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, 2019 жылы Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті болып өзгертілді. 2022 жылы комитет ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне бөлінді. ## Міндеттері * мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу * білім беру жүйесінің сапасын сырттай бағалау, мемлекеттік бақылау жүргізу жолымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында білім беру саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру ## Құрылымы ## Қарамағындағы мекемелер * Облыстық және Алматы, Астана, Шымкент қалалық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері * «Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы» ШЖҚ РМК ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті — көші-қон саласындағы мемлекеттік және іске асыруды, көші-қон процестерін мониторингілеуді, талдауды және болжауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомствосы. ## Тарихы Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 наурыздағы №110 Қаулысымен құрылды. ## Міндеттері * Көші-қон процестерін мониторингілеу, талдау және болжау * Сыртқы көші-қонды реттеу және заңсыз көші-қонға қарсы күресті ұйымдастыру * Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктермен жұмысты ұйымдастыру * Халықты құжаттандыру және тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру * Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау ## Құрылымы Комитеттің 4 басқармаcы бар (2023 жылға): * Халықты құжаттандыру және ішкі көші-қонды есепке алу басқармасы * Сыртқы көші-қон басқармасы * Азаматтық, иммиграция және эмиграция басқармасы * Көші-қон процестерін бақылау және мемлекеттік қызметтерді үйлестіру басқармасы ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті — атом энергиясын пайдалану және электр энергетикасы салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ведомствосы. ## Тарихы 2014 жылы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті мен Атом энергиясы комитетін біріктіру жолымен ҚР Энергетика министрлігінің құрамында құрылды. ## Міндеттері * Электр энергетикасы және атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру ## Құрылымы Комитеттің 9 басқармаcы бар (2023 жылға): * Қаржы және мемлекеттік сатып алу басқармасы * Ішкі әкімшілік ету басқармасы * Ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасы * Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасы * Лицензиялау басқармасы * Аумақтық департаменттерді мониторингілеу, құқықтық қамтамасыз ету және білімді біліктілік тексеру басқармасы * Материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасы * Электр желілері және қондырғыларын бақылау басқармасы * Электр-жылу өндіруші станцияларын бақылау басқармасы ## Қарамағындағы мекемелер * Облыстар және Алматы, Астана, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменттері ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті — ветеринария және ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомствосы. ## Міндеттері * реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын орындау, сондай-ақ ветеринария және ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі салаларында стратегиялық функцияларды орындауға қатысу; * жануарларды аурулардан қорғау және емдеу; * халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау; * ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; * Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау; * ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздігі мен сапасын бақылау; * жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қары күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану; * жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруы кезінде қоршаған орта ластаудың алдын алу және оны жою; * ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау және олардың біліктіліктерін арттыру ## Қарамағындағы мекемелер * Комитеттің облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекциялары * «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ * «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК * «Ветеринариядағы ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК ## Дереккөздер
Ильяс Юсуф (Юсупжанов Ильяс Халмуратович, 2002 жылғы 20 желтоқсанда Алматыда туған) — Қазақстандық жас жазушы, ақын, Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының федерациясы мүшесі. Қазақстандағы ең жас қаламгер деген атақпен жергілікті Гиннес рекордтар кітабына енген. 18 жасында 4 түрлі кітабы жарық көрген. ## Өмірбаяны Ильяс 2002 жылғы 20 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 2008 жыл мен 2015 жыл аралығы Алматыдағы №111 гимназияда, 2015 мен 2020 жылдары Алматы «Білім-Инновация» ер балалар лицей-интернатында оқып, тәмамдаған. 2020 жылдан бері Сүлейман Демирел атындағы университеттің құқық пен әлеуметтану ғылымдары факультетінде халықаралық қатынастар мамандығын оқып жатыр. ## Шығармашылығы 2020 жылы «Мен білетін өмір» (орыс. «Жизнь моими глазами») атты психология және мотивация жанрындағы алғашқы туындысы жарық көрді. Аталмыш кітабы авторға бірден үш түрлі рекорд әкелді: психология мен мотивация жанрында жазатын ең жас қаламгер, элегия мен арнау жазатын ең жас ақын және шынайы оқиғаға негізделген өлең жазатын ең жас ақын. 2021 жылы өзінің алғашқы өлеңдер жинағы («Түнгі симфония» (орыс. «Ночная симфония»)) мен «Періште ізі» (орыс. «Тень ангела») деп аталатын үшінші кітабын жазып бітірді. ## Мәслихатқа үміткерлігі Иляс Юсуф мәслихат депутаттығына ең жас үміткер боп 2023 жылғы сайлауға түсті. Ол Алматы қаласы №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округінен үміткер боп тіркелген еді. Алайда сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 104-бабы 6-1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, яғни декларация тапсыру барысында анықталған мәліметтегі қатеге қатысты Ильясты үміткерлер қатарынан алып тастады. Автор өзінің жарық көрген кітаптарын мүлік болып есептелмейтін интеллектуал меншік екенін алға тартып, декларацияға тапсырмағанын айтады. ## Дереккөздер
## Дереккөздер ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсі — Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органның төменгі палатасы. Бес жылға сайланатын Мәжілістің 98 депутаты бар, олардың барлығы да тікелей сайланады. ## Тарихы 1994 жылғы күзде журналист және Қазақстан Жоғарғы Кеңесі депутаттығына бұрынғы үміткер Татьяна Квятовская 1994 жылғы парламент сайлауының қорытындысын жоққа шығаруды талап етіп сотқа шағым түсірді. 1995 жылы наурызда ұзаққа созылған сот процестерінен кейін Қазақстанның сол кездегі Конституциялық соты Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Жоғарғы Кеңес төрағасы Әбіш Кекілбайұлының қарсылықтарына қарамастан, 1995 жылғы 6 наурызда Квятковскаяның талаптарын негізді деп таныды. Сот ұйғарымының нәтижесінде Назарбаев 11 наурызда Жоғарғы Кеңесті тарату туралы жарлық шығарды, Кеңесте қабылданған барлық заң жобалары «жарамсыз» деп танылды. Сол себептен Қазақстанда заң шығарушы билік болмады, оның орнына барлық заңдар Президент Жарлықтары негізінде қабылданды. 1995 жылғы 30 тамызда өткізілген бүкіл халықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Ол Парламентті заң шығару қызметiн жүзеге асыратын, қос Палатадан: Мәжіліс пен Сенаттан тұратын жоғары өкiлдi орган ретінде айқындады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қолданыстағы Конституцияны қабылдағаннан кейін Қазақстандағы экономикалық реформаны жүргізу үшін «даңғыл жол» ашылды. Бейнелеп айтқанда, барлығын да басқарған, бірақ ештеңені басқара алмаған Жоғарғы Кеңестің орнына, осы жылдардың ішінде елдің бет-бейнесін өзгерткен заңдарды қабылдаған қос палаталы кәсіби Парламент келді», – деп атап көрсетті. Осы Конституцияда «Парламент» деген ұғым алғаш рет ресми түрде бекітілді. Ел Президенті Конституция қабылданғаннан кейін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес қос палаталы Парламентке депутаттар сайлауы болып өтті. 2021 және 2022 жылдардағы конституциялық өзгерістер мен сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер Қазақстан халқы ассамблеясына бөлінген тоғыз орынды алып тастады, пропорционалды мандаттардың сайлау шегін 7 пайыздан 5 пайызға дейін қысқартты, бір мандатты сайлау округтері қайта енгізілді. ### Бірінші сайланым (1996–1999) Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне алғашқы сайлау 1995 жылы 9 желтоқсанда болды. Мажоритарлық жүйе негізінде 67 депутат сайланды. Бірінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының өкілеттіктері 1996 жылы 30 қаңтарда бірінші сессияның ашылуынан басталды. Депутаттық корпуста жергілікті атқарушы органдардың және мәслихаттың басшылары мен қызметкерлері басым болды - олар 19 адам. Әрбір бесінші депутат кәсіпорынның, қауымдастықтың, фирманың, қордың және басқа құрылымдардың басшылары болып жұмыс істеген. 9 депутат ғылым, жоғары оқу орындары қызметкерлері, мұғалім болған. Әрбір оныншы депутат Президент Әкімшілігінің, министрліктер мен республикалық комитеттердің қызметкерлері болған. 4 парламентарий уақытша жұмыс істемеген. 11 депутат - аграрлық салада, 3 депутат мәдениет саласында жұмыс істеген. Екі депутат құқық қорғау органдарының қызметкері және инженер-экономист болып істеген. Бір депутат – заңгер, біреуі әскери қызметші және біреуі зейнеткер болған.Мәжілісте 7 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты жұмыс істеді. Парламентарийлердің арасында 9 депутат әйел болды. * Мәжіліс Төрағасы — Марат Тұрдыбекұлы Оспанов. * Мәжіліс Төрағасының орынбасары — Василий Иванович Осипов. ### Екінші сайланым (1999–2004) 1999 жылдың күзінде енгізілген конституциялық өзгерістерге сәйкес алғаш рет Орталық Азия өңірінде аралас схема бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау өтті, бұл саяси партияларға тең өкілдік негізінде партиялық тізім бойынша Парламентке сайлану мүмкіндігін берді.Осындай жаңалықтардың нәтижесінде бұл сайлау, парламенттік үлгідегі саяси партиялар құру процесін ынталандыра отырып, жоғары саяси мәнімен және баламалы түрде өтуімен ерекшеленді. Сайлауға 10 саяси партия қатысты. Мажоритарлық бір мандатты округтарда 547 кандидат тіркелді. Жалпы сайлау барысында сол кезеңде Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған кандидаттар саны – орташа есеппен бір орынға сегіз адам тіркелді. Парламент Мәжілісіне сайлау қорытындылары бойынша бір мандатты округтар бойынша 67 депутат және біртұтас жалпыұлттық округ бойынша партиялардан 10 депутат сайланды. Олар жеті проценттік барьерді еңсерген төрт партияның – «Отан», Азаматтық, Аграрлық және Коммунистік партияның өкілдері болды.Сайланған 77 депутаттың 8-і - әйелдер, 74-і – жоғары білімді, 30-ға жуығы екі жоғары оқу орындарын бітірген адамдар болды. Депутаттар арасында 1 академик, 7 доктор және әртүрлі мамандықтары бар 20 ғылым кандидаты болды. Депутаттық корпустың басым көпшілігі инженерлер – 30, заңгерлер – 22, экономистер – 16, педагогикалық білімі барлар – 14, ауыл шаруашылық ғалымдары мен мамандары – 8, сондай-ақ журналист, дәрігер, тарихшы, менеджер, әскери қызметші, халықаралық қатынастар маманы және т.б болды. * Мәжіліс Төрағасы — Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай. * Мәжіліс Төрағасының орынбасары — Мұхамбет Жұманазарұлы Көпеев. * Мәжіліс Төрағасының орынбасары — Сергей Александрович Дьяченко. ### Үшінші сайланым (2004–2007) Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін сайлау 2004 жылғы қыркүйекте болып өтті. Сайлауға 12 саяси партия қатысты, олардың ішінде 4-уі – екі сайлау блогының құрамында. Сайлау нәтижесінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 77 депутат сайланды. 67 депутат Республиканың әкімшілік-аумақтық бірлігі ескеріле отырып құрылған, шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланды. 10 депутат барабар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланды. Олардың ішінде 7 депутат «Отан» республикалық саяси партиясынан, бір-біреуден «Асар» республикалық партиясынан, «Ақ жол» демократиялық партиясынан және Қазақстанның Аграрлық және Азаматтық партияларының «АИСТ» сайлау блогынан (Еңбекшілердің аграрлық-индустриялық одағы) сайланған. Сайланған парламентарийлердің жалпы санынан 59 депутатты саяси партиялар ұсынды: «Отан» республикалық саяси партиясынан – 42, «АИСТ» сайлау блогынан - 11, «Асар» республикалық партиясынан – 4, «Ақ жол» демократиялық партиясынан – 1, Қазақстан Демократиялық партиясынан - 1. Өзін өзі ұсынғандар – 18 депутат. Палата құрамында 69 ер адам және 8 әйел бар. Үшінші сайланған Мәжілістің депутаттық құрамының орташа жас мөлшері – 53 жас, ең жасы – 28 жаста, ең егдесі – 73 жаста. Барлық депутаттар жоғары білімді болды. 28 депутаттың ғылыми дәрежесі мен атағы бар, олардың ішінде 13 ғылым кандидаты мен 15 ғылым докторы болды. Парламентарийлер арасында әртүрлі мамандықтағы инженерлердің саны едәуір, олар – 21, заңгерлер – 14, экономистер – 16. Бұдан басқа, үшінші сайланған Мәжілісте ауыл шаруашылығы, халықаралық қатынастар мамандарының кәсіби біліктілігін иеленгендер, менеджерлер, дәрігерлер, педагогтар, әскери қызметшілер, журналистер, мәдениет қайраткерлері және т.б. болды. 37 парламентарий екі жоғары оқу орнын бітірген. Соңғы жылдар ішінде Палатада парламенттік стажы бар депутаттар саны өскен. Мәжілістің 29 депутаты бұрынғы сайланымда жұмыс істеген, 3 – бірінші және екінші сайланымда, екеуі - Сенатта, 12 депутат бұрын әртүрлі сайланған Жоғарғы Кеңестің депутаттары болған. * Мәжіліс Төрағасы — Орал Байқонысұлы Мұхамеджанов * Мәжіліс Төрағасының орынбасары — Сергей Александрович Дьяченко Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығының қабылдануына байланысты 2007 жылғы 20 маусымда өз қызметін аяқтады. ### Төртінші сайланым (2007–2011) Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауы Конституцияға 2007 жылғы мамырда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2007 жылғы тамызда өтті. Жаңартылған Конституцияға сәйкес Мәжіліс 107 депутаттан құралды. 98 депутат біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша жасырын дауыс беру жағдайында жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде партиялық тізімдер бойынша сайланды. Қалған депутаттар Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланды. Жеті саяси партия қатысқан 2007 жылғы 18 тамыздағы сайлауда 7 пайыздық барьерді тек «Нұр Отан» Республикалық Халықтық-Демократиялық партиясы ғана еңсерді, одан сайланған депутаттар Парламент Мәжілісіндегі барлық 98 орынды алды. Палатадағы 9 орын Қазақстан халқы ассамблеясы 2007 жылғы 20 тамызда сайлаған депутаттарға берілді. Мәжілістің құрамына бұрынғы сайланымның депутаттық корпусынан – 39 депутат, мемлекеттік басқару органдарынан – 24 адам, жергілікті басқару органдарынан – 19 адам, бизнес құрылымдарынан – 8 адам, білім беру, ғылым және мәдениет саласынан – 8 адам және басқа салалардан 9 адам кірді.Палатада білімі бойынша әр түрлі біліктілігі бар инженерлер – 42, заңгерлер – 34, бір бөлігі басқа бейін бойынша екінші жоғары білім алған педагогтар басым – 23 депутат. 21 депутаттың – экономикалық білімі, 9-ның ауыл шаруашылық білімі болды. Депутаттық корпуста сондай-ақ дәрігерлер, халықаралық қатынастар мамандары, журналистер, мәдениет пен өнер және басқа да мамандықтар қызметкерлері болды. Мәжілісте 15 ғылым докторы және 27 ғылым кандидаты жұмыс істеді, 35 парламентарийдің екі жоғары білімі болды. Палатада әр түрлі ұлттардың өкілдігі кеңейді. Депутаттық корпустың құрамына 82 қазақ, 17 орыс, 2 неміс және бір-бірден белорус, балқар, кәріс, украин, өзбек және ұйғыр кірді. Әйелдердің саны екі еседен астам артты – 17 депутат. Төртінші сайланған Мәжілістің депутаттық корпусының орта жасы – 52 жас, бұл үшінші сайланымдағыдан бір жасқа төмен. Жасы бойынша саны ең көп топ 50-ден 59 жасқа дейінгілер болып табылады – 44 депутат, одан кейінгі топ 40-тан 50 жасқа дейінгілер – 36 депутат, 60 жастан асқандар – 23 адам және саны ең аз топ 30-дан 40 жасқан дейінгілер – 4 депутат. * Мәжіліс Төрағасы — Аслан Есболайұлы Мусин * Мәжіліс Төрағасы — Орал Байғонысұлы Мұхамеджанов * Мәжіліс Төрағасының орынбасары — Сергей Александрович Дьяченко * Мәжіліс Төрағасының орынбасары — Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов * Мәжіліс Төрағасының орынбасары — Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов * Мәжіліс Төрағасының орынбасары — Владимир Яковлевич Бобров Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» 2011 жылғы 16 қарашадағы Жарлығына байланысты өз жұмысын аяқтады. ### Бесінші сайланым (2012–2016) Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жаңа құрамы 2012 жылғы қаңтарда жасақталды. Сайлауға жеті саяси партия қатысты, олардың үшеуі сайлау қорытындысы бойынша сайлаушылардың 7%-дан астам дауысына ие болып, Парламент Мәжілісіне өтті, олар: «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы (80,99%), «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы (7,47 %), Қазақстан коммунистік халық партиясы (7,19%). Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» партиясынан 83 депутат, «Ақ жол» партиясынан 8 депутат, ҚКХП-дан 7 депутат жұмыс істейді. Қазақстан халқы ассамблеясынан 9 депутат бар. Мәжілісте барлығы 107 депутат жұмыс істейді. Мәжілістің құрамына бұрынғы сайланымның депутаттық корпусынан 43 депутат өтті. Палатада білімі бойынша әр түрлі біліктіліктегі инженерлер – 30 депутат, 21 педагог, 13 заңгер депутат бар. 21 депутаттың экономикалық білімі, 10 депутаттың ауыл шаруашылығы білімі бар. Мәжілісте 2 академик, 17 ғылым докторы және 25 ғылым кандидаты жұмыс істейді, 60 парламентарийдің екі жоғары білімі бар. Палатада түрлі ұлт өкілдерінің құрамы кеңейді. Депутаттық корпус құрамында 76 қазақ, 21 орыс, 3 украин, 2 неміс және бір-бірден татар, шешен, корей, өзбек және ұйғыр бар. Депутат әйелдердің саны – 26. Мәжілістің депутаттық корпусының орта жасы – 56 жасты құрайды, бұл төртінші сайланымдағыдан төрт жасқа жоғары. Жасы бойынша саны ең көп топ 50-ден 59 жасқа дейінгілер болып табылады 47 депутат, 60 жастан асқандар 34, содан кейінгі топ 40 жастан 47 жасқа дейінгілер 22 депутат және ең аз топ 30 жастан 39 жасқа дейінгілер 4 депутат. ### Алтыншы сайланым (2016–2021) * Мәжіліс Төрағасы — Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин * Мәжіліс Төрағасы — Ерлан Жақанұлы Қошанов * Мәжіліс Төрағасының орынбасары — Сергей Александрович Дьяченко * Мәжіліс Төрағасының орынбасары — Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов ### Жетінші сайланым (2021–2023) VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарда өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың қыркүйек айында Қазақстан халқына Жолдауында Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында өтетінін хабарлады. 2023 жылғы 19 қаңтар күні Президент Қ.Тоқаев Парламент палаталарының төрағаларымен және Премьер-министрмен Парламент Мәжілісін тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңес өткізді. Президенттің Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге қатысты мәлімдемесінде 2023 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығымен жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін таратып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындағанын хабарлады , . Сайлауға қатысқан бес партияның үшеуі сайлаушылардың 7 пайыздан астамының дауысына ие болып, Парламент Мәжілісінің құрамына кірді. Олар: «Nur Otan» партиясы (71,09%), Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы (10,95 %) және Қазақстан Халық партиясы (9,10 %). «Нұр Отан» партиясынан Парламент Мәжілісінде 76, «Ақ жол» партиясынан 12, Қазақстан Халық партиясынан 10 депутат қызмет етеді. 9 депутат Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланды. ### Сегізінші сайланым (2023–) VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда өтті. Сайлау нәтижесінде сайлауға қатысқан жеті партияның алтауы Мәжіліске кірді (тек Байтақ Жасылдар партиясы ғана беспайыздық нәтижеге жете алмады) және өзін-өзі ұсынған үміткерлердің жетеуі Мәжілістегі мандаттарын алды. ## Басшылығы ### Төраға Мәжілістің спикері оның төрағасы деп аталады. Төраға Мәжіліс сессияларын ашады, палатаның кезекті бірлескен отырыстарын шақырады, оның кезекті және кезектен тыс бірлескен отырыстарына төрағалық етеді. Бұл лауазымның қазіргі иегері — Ерлан Жақанұлы Қошанов. ### Төраға орынбасарлары Төрағаның екі орынбасары бар, олардың кандидатурасын Төрағаның өзі ұсынады және Мәжілісмендер сайлайды. Орынбасарлар Төраға қоятын міндеттерді орындайды. ## Сайланымдар тізімі ## Тұрақты комитеттері * Аграрлық мәселелер комитеті * Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті * Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті * Әлеуметтік-мәдени даму комитеті * Қаржы және бюджет комитеті * Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті * Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті ## Сыртқы сілтемелер * Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің ресми сайты * Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесінің ресми сайты Мұрағатталған 20 қыркүйектің 2012 жылы. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті — мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ведомствосы. ## Тарихы Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті 2019 жылы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрамында құрылып, 2023 жылы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне берілді. ## Міндеттері * Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын қазіргі заманғы әскери мақсаттағы тауарлармен (өнімдермен), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлармен (өнімдермен), әскери мақсаттағы жұмыстармен және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету * Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуын салааралық үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру * Ведомстволық бағынысты ұйымдардың, сенімгерлік басқарудағы ұйымдардың қызметін ұйымдастыру ## Құрылымы Комитеттің 7 басқармасы бар (2023 жылға): * Заң басқармасы * Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау басқармасы * Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты бюджеттік жоспарлау басқармасы * Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс бюджетінің атқарылуы басқармасы * Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орналастыру басқармасы * Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру басқармасы * Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты талдау басқармасы ## Қарамағындағы мекемелер * «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» ШЖҚ РМК ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті — халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ведомствосы. ## Тарихы 2007 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрамында Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті болып құрылды. 2014 жылы Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті мен Көші-қон комитеті бірігіп, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті болып өзгертіліп, 2017 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді. 2022 жылы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті, 2024 жылы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті болып өзгертілді. ## Міндеттері * Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жөніндегі, арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру * Еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және міндетті әлеуметтік сақтандыру, ақталған азаматтарды, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды, Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау саласындағы өз құзыреті шегіндегі мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асыру ## Құрылымы Комитеттің 6 басқармаcы бар (2023 жылға): * Персоналды басқару қызметі * Медициналық әлеуметтік сараптама басқармасы * Әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша басқармасы * Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру басқармасы * Еңбек жағдайларын бақылау және еңбекті қорғау басқармасы * Еңбек заңнамасын бақылау басқармасы ## Қарамағындағы мекемелер * Облыстар және Алматы, Астана, Шымкент қалалары бойынша департаменттер ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті — балалардың құқықтарын қорғау саласында реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ведомствосы. ## Тарихы Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2006 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрамында құрылды. 2022 жылы министрліктің екіге бөлінуіне байланысты ҚР Оқу-ағарту министрлігіне берілді. ## Міндеттері * баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру * балаларды кемсітуге жол бермеу арқылы олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету * балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін нығайту, сондай-ақ бұзылған жағдайларда олардың құқықтарын қалпына келтіру ## Төрағалары * Оспанова Насымжан Жамбекқызы (10.2022 жылдан бастап) * Иманғалиев Есенғазы Нұртілеуұлы (07.2020-09.2022) * Оршыбеков Нұрбек Әбубекұлы (11.2017-2018) * Оразалиева Забира Жандарқызы (08.2014-04.2017); * Шер Раиса Петровна (11.2009-08.2014); * Жүкенов Жұмажан Қамкенұлы * Сыздықова Бақыт Ахметқызы (02.2006-07.2007); ## Құрылымы ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті — қоғамдық маңызы бар нарықтарда табиғи монополиялар салаларында басшылықты, сондай-ақ энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың Заң талаптарын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ведомствосы. ## Тарихы * ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi (1998) * ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi (1998-1999) * ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі (1999) * ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі (1999-2002) * ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі (2002-2004) * ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (2004-2014) * ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (2014-2017) * ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (2017-2019) * ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (2019-) ## Міндеттері * табиғи монополиялар салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға, сондай-ақ бағаларды мемлекеттік реттеуді және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібі мен міндеттерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қатысу ## Құрылымы Комитеттің 12 басқармаcы бар (2023 жылға): * Ішкі әкімшілендіру басқармасы * Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) * Ақпараттық қауіпсіздік басқармасы * Қаржы және мемлекеттік сатып алу басқармасы * Стратегиялық талдау және халықаралық интеграция басқармасы * Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы * Әдіснама басқармасы * Темір жол көлігі саласындағы реттеу басқармасы * Мұнай және газды тасымалдау саласындағы реттеу басқармасы * Электр энергетикасы саласындағы реттеу басқармасы * Жылу энергетикасы саласындағы реттеу басқармасы * Бақылау және наразылық талап-арыз жұмысы басқармасы ## Қарамағындағы мекемелер * Облыстар және Алматы, Астана, Шымкент қалалары бойынша департаменттер ## Дереккөздер
Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев (31 қазан 1970 жыл, Алматы) — қазақстандық саяси қайраткер, экономист, 2023 жылғы сәуірден Энергетика министрі. 2021–2023 жылдары аралығында ол Самұрық-Қазына төрағасы болды. ## Өмірбаяны Алмасадам Сәтқалиев 1970 жылғы 31 қазанда Алматыда, Майдан мен Валентина Сәтқалиевтердің отбасында дүниеге келген. Жалайыр тайпасының андас руынан шыққан. 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі «механик, математик — қолданбалы ғылым маманы» мамандығына оқуын бітірді. Өз мансабын ол 1992 жылғы тамызда «ТаССат» ЖШС директоры ретінде бастады. Бұл қызметте 1997 жылғы қыркүйекке дейін болды. Одан кейін, 1998 жылғы тамызға дейін ол «ҚазТрансОйл» компаниясында менеджер, клиринг бөлімінің бастығы, жобаларды басқару бөлімінің бастығы болды. Бұл қызметін аяқтап, ол 2001 жылғы қаңтарға дейін сол компанияның вице-президенті, басқарушы директоры болып тағайындалды. 2001–2006 жылдары аралығында ол «KEGOC» АҚ бірінші вице-президенті лауазымында болды, одан кейін, 2007 жылға дейін «Самұрық» АҚ электр энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры болды. 2007 жылғы 24 қаңтардан 2 қыркүйекке дейін ол Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі болды. Оған қоса ол сол жылғы наурыздан қыркүйегіне дейін «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды. Келесі жылғы қазаннан 2009 жылғы желтоқсанға дейін ол «KEGOC» бірінші вице-президенті қызметін атқарды. 2009–2011 жылдары ол KEGOC президенті болды, одан кейін, 2012 жылғы қаңтарға дейін Самұрық-Қазына атқарушы директоры қызметінде болған. 2012 жылдан 2018 жылға дейін Сәтқалиев Самұрық-Энерго директоры болды. 2018 жылы KAZENERGY басқарған қысқа мерзімнен кейін ол Самұрық-Қазынаға қайта көшті, активтерді басқару жөніндегі Басқарушы директор қызметіне тағайындалды. Бұл қызметін әлі де жалғастыруда. 2021 жылғы 29 наурызда Сәтқалиев Самұрық-Қазына төрағасы болды. Бұл қызметте басқа лауазымға көшірілу себебінен 2023 жылғы сәуірге дейін ғана болды. 2023 жылғы 4 сәуірде Алмасадам Сәтқалиев Президент Тоқаев жарлығымен Энергетика министрі лауазымына тағайындалды. Алмасадам Сәтқалиев — WEC (Дүниежүзілік энергетикалық кеңес) Қазақстандық комитетінің төрағасы, ҚазМұнайГаз бен Қазатомөнеркәсіп Директорлар Кеңестерінің мүшесі, КОРЭМ АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы, 2007 жылдан бері ҚазҚуат АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі, 2008 жылдан Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы, белгісіз жылдан бері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының мүшесі. ## Жеке өмірі Алмасадам Сәтқалиев Марфуга Оразәліқызы Сәтқалиеваға үйленген. Олардың 4 ұлы және 1 қызы бар: Әсет (1994 туған), Асхат (2002 туған), Анадэль (2005 туған), Асат (2007 туған) және Аслан (2013 туған) Майдановтар. Алмасадам Майданұлы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. ## Марапаттары және атақтары Алмасадам Сәтқалиев — экономика ғылымдарының кандидаты және докторы, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі және Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі. Алмасадам Сәтқалиевтың марапаттары және өзге де атақтары: * Құрмет ордені (2008); * Парасат ордені; * Барыс ордені (2021); * Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі (2005); * Астанаға 10 жыл медалі (2008); * Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі; * Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл медалі; * KAZENERGY ассоциациясына 10 жыл медалі; * Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев атынан алғыс хат; * Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов атынан алғыс хат; * «ТМД еңбек сіңірген электригі»; * «Еңбек сіңірген электрик» (Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы). ## Дереккөздер
ҚР Президентінің 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Жарлығымен Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. Министрлікке: қайта ұйымдастырылған Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің геология және жер қойнауын қорғау саласындағы, ҚР Инвестициялар жөніндегі агенттігінің жер қойнауын пайдалану саласындағы өкілеттіктері берілді. Үкіметтің 2001 жылғы 25 қаңтардағы қаулысымен министрлік туралы ереже бекітілді. Мына ведомстволар: ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитеті - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитеті болып; ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитеті - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитеті болып; ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Аэроғарыштық комитеті - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Аэроғарыштық комитеті болып; ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитеті - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитеті болып қайта ұйымдастырылды. Ережеге сәйкес министрлік атом энергетикасын қоса алғанда энергетика, минералдық ресурстар, кен-металлургия, химия, мұнай-химия және атом өнеркәсібі салаларында басқаруды жүзеге асыратын, өз құзіреті шегінде мемлекеттік басқару мен бақылау қызметін орындауға уәкілетті ҚР орталық атқарушы органы болып табылды. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болды: * атом энергетикасын қоса алғанда энергетика, минералдық ресурстар, мұнай-химия және атом өнеркәсібі салаларында мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру; * өз құзіреті саласында ресурстық және технологиялық базаны қайта құру негізінде отын-энергетика кешенін, өнеркәсіп салаларын дамыту және реформалау бағдарламаларын әзірлеу, осы салаларда жарғылық капиталдарына мемлекет қатысатын шаруашылық жүргізуші субъектілерді қайта ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар дайындау; * ҚР жер қойнауын зерделеу, пайдалану және қорғау саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу; * атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы туралы заңнаманы және жер қойнауын пайдаланудың белгіленген тәртібін сақтауына бақылауды қамтамасыз ету; * ҚР инвестициялық саясатын әзірлеу және іске асыруға қатысу; * ҚР инвестициялық ахуалды жақсарту және тікелей инвестицияларды ынталандыру жөнінде шаралар әзірлеуге және іске асыруға қатысу; * энергетика ұйымдары қызметіне мемлекеттік энергетикалық қадағалау жүргізу; * мемлекеттік активтерді тиімді басқару, республикалық меншікті жекешелендіру саясатын жүргізуте қатысу; * мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып экспорттық бақылау саласында мемлекеттік саясат жүргізуге қатысу; * өз құзіреті шегінде ғылыми-техникалық салада кәсіпкерліктің, инновациялық қызметтің дамуына, ғылыми-техникалық өнімдер рыногының қалыптасуына қажетті жағдайлар жасау; * атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметті мемлекеттік қадағалау және реттеу, ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету; * "Байқоңыр" ғарыш айлағының, бұрынғы Семей ядролық полигонының объектілерін тиімді пайдалану; * ҚР бірыңғай ақпараттық кеңістігін қүруға қатысу. ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі қаулысымен министрлік магистральды мұнай құбырларымен мүнай мен газ тасымалдауға,кейіннен оларды сақтауға және көліктің басқа түрлеріне қотарып құюға байланысты мұнай-газ тасымалы инфрақүрылымы нысандарын жоспарлау, жобалау, салу мәселелері бойынша, сондай-ақ мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымының бар нысандарын пайдалану мәселелері бойынша құрылыс қызметі саласында реттеуді және бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қатысатын мемлекеттік басқару органы болып айқындалды. Мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру мәселелерін және бақылау мен қадағалау функцияларын қоспағанда, жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жұмыс органының функциялары "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамына жүктелді. ҚР Президентінің 2002 жылғы 28 тамыздағы Жарлығымен министрлік қайта ұйымдастырылды: өнеркәсіп басқару (жылу-энергетикалық өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалану саласынан басқа) жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Индустрия және сауда министрлігіне; аэроғарыштық қызмет саласындағы функцияларымен өкілеттіктері ҚР Көлік және коммуникация министрлігіне берілді.ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі қаулысымен министрліктіңқұқықтық мәртебесіне өзгертулер енгізілді: министрлік атом энергетикасын қоса алғанда энергетика, минералдық ресурстар, мұнай-химия және атом өнеркәсібі салаларында басқаруды жүзеге асыратын, өз құзіреті шегінде мемлекеттік басқару мен бақылау қызметін орындауға уәкілетті ҚР орталық атқарушы органы болып табылды.Осыған сәйкес министрліктің негізгі міндеттерінен кен-металлургия, химия өнеркәсібі саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру, "Байқоңыр" ғарыш айлағының объектілерін тиімдіпайдалану міндеттері алынып тасталынды. ҚР Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі Жарлығымен министрлік жер қойнауын қорғау жөніндегі бақылау-қадағалау функциялары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне, сондай-ақ энергетикалық ұйымдарды күзгі-қысқы кезеңге дайындауды ұйымдастыру (ұлттық компаниялардың қызметін үйлестіруден басқа) жөніндегі функциялары жергілікті атқарушы органдарға беріле отырып қайта ұйымдастырылды. ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы қаулысымен министрлік туралы жаңа ереже бекітілді. Министрлік атом энергетикасын қоса алғанда энергетика, минералдық ресурстар, мұнай-химия және атом өнеркәсібі салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, басқару үрдісін жүзеге асыратын ҚР орталық атқарушы органы болып табылады.Министрліктің негізгі міндеті өз құзіреті шегінде ҚР экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету болып табылады. ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы қаулысымен министрліктің Геология және жер қойнауын қорғау комитеті ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Геология және Жер қойнауын пайдалану комитеті болып қайта ұйымдастырылды. Осыған сәйкес комитеттің аумақтық басқармалары-мемлекеттік мекемелері де қайта ұйымдастырылды. Комитет туралы ереже, оның құрылымы мен оның аумақтық басқармалары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі бекітілді. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті — агроөнеркәсіптік кешен саласында өсімдіктер карантині мен оларды қорғау, астық нарығын реттеу, өсімдік шаруашылығы, асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомствосы. ## Міндеттері * өсімдіктер карантині саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын орындау, сондай-ақ стратегиялық функцияларды орындауға қатысу * өсімдіктерді қорғау саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын орындау, сондай-ақ стратегиялық функцияларды орындауға қатысу * асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында іске асыру және бақылау функцияларын орындау * астық нарығын реттеу саласындағы реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын орындау * тұқым шаруашылығы саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын орындау * агроөнеркәсіптік кешен саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын орындау * мемлекеттік мүлік саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын орындау ## Құрылымы Комитеттің 9 басқармаcы бар (2023 жылға): * Мемлекеттік қызметті өткеру басқармасы * Бюджеттік жоспарлау, бухгалтерлік есеп басқармасы * Құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы * Персоналмен жұмыс басқармасы * Астық, асыл тұқым инспекциясы және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу басқармасы * Сыртқы бақылау және қадағалау басқармасы * Өсімдіктер карантині және цифрландыру басқармасы * Лицензиялау және пестицидтерді тіркеу басқармасы * Өсімдіктерді қорғау басқармасы ## Қарамағындағы мекемелер * Облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекциялары * «Фитосанитария» ШЖҚ РМК * «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» ММ * «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті — медицина және фармацевтика өнеркәсібі, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысын бақылау, медициналық қызметтер (көмек) көрсету, құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыру салаларында басшылықты және оны іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомствосы. ## Тарихы 2001 жылы қайта ұйымдастырылған ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрамында Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi болып құрылды. 2004 жылы ол Фармация комитеті, 2007 жылы Фармацевтикалық бақылау комитеті болып өзгертілді. 2009 жылы Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті және Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті болып екіге бөлініп, Фармацевтикалық бақылау комитеті Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетіне қосылды. 2014 жылы екі комитет ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің құрамына енді. 2017 жылы қайта құрылған ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрамына еніп, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Фармация комитеті болып өзгертіліп, желтоқсан айында оған Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті қосылды. 2019 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мен Фармация комитеті Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті болып бірікті. 2020 жылы аталған комитет Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті болып екіге бөлінді. ## Міндеттері * Медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы салаларында реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыру, құзыретінің шегінде Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу * Құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз ету ## Құрылымы Комитеттің 12 басқармаcы бар (2023 жылға): * Медициналық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасы * Медициналық қызметті профилактикалық бақылау басқармасы * Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау басқармасы * Медициналық қызметті талдау және мониторинг басқармасы * Фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы * Фармацевтикалық инспекторат және интеграциялау басқармасы * Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы * Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бағаларды мониторингілеу басқармасы * Кадрлық және ұйымдастыру-құқықтық жұмысы басқармасы * Қаржылық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алулар басқармасы * Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту басқармасы * Қаржылық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу басқармасы ## Қарамағындағы мекемелер * Облыстар және Алматы, Астана, Шымкент қалалары бойынша департаменттер * «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК ## Дереккөздер
Борука — Коста-Рикадағы үндіс халқы. Жалпы саны 3 мыңнан аспайды. ## Тілі Тілі - борука немесе брунка тілі, чибчан тілдер тобына жатады. Шын мәнінде қазіргі боруканы құрайтын бірнеше халықтардың сөйлеуінің қоспасы болып табылады. Борука тілі жойылып барады. Қоғамның жас мүшелері әдетте тілді түсінеді, бірақ сөйлемейді. Негізгі тіл - испан тілі. ## Діні Дінге сенушілердің діни байланысы: католиктер. ## Кәсібі Негізгі кәсіптері: өзеннен балық аулау және аңшылық, қолмен атқарылатын егіншілік (мақта, түйнектер). Олар шошқа мен ірі қара өсіреді. ## Тұрмыс салты Материалдық мәдениеті креол типінде. Неке негізінен неолокалдық болып табылады. Неке қонысы негізінен неолокалдық болып табылады. Борука - сүт ішетін жалғыз Коста-Рика үндістері. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті — экологиялық реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомствосы. ## Тарихы 2004 жылы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрамында Табиғатты қорғауды бақылау комитеті құрылды. 2007 жылы ол Экологиялық реттеу және бақылау комитеті болып өзгертілді. 2013 жылдың басында комитет ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, жыл соңында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің құрамына берілді, ал 2014 жылы ҚР Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитетімен бірігіп, ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті болып қайта ұйымдастырылды. 2016 жылы Экологиялық реттеу және бақылау комитеті болып өзгертіліп, 2019 жылы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне, 2023 жылы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне берілді. ## Міндеттері * қоршаған ортаның сапасын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды сақтау және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу * табиғи ресурстарды сақтау, ұтымды пайдалану және қалпына келтіру болып табылады * қоршаған ортаны қорғау және мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін өз құзыреті шегінде жетілдіру * Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және өткізу * эмиссияларды ұйымдастыру, үйлестіру, нормалау және экологиялық рұқсаттарды беруді жүзеге асыру * кешенді экологиялық рұқсат беруді жүзеге асыру * мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру * Комитеттің аумақтық экология департаменттеріне басшылықты және олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру, сондай-ақ оларды әдістемелік қамтамасыз ету * қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпаратты тарату және ағарту жүйесін дамыту ## Қарамағындағы мекемелер * Облыстар және Алматы, Астана, Шымкент қалалары бойынша экология департаменттері ## Дереккөздер
Кабекар — Коста-Риканың шығысындағы чибча тобының үндіс халқы (Таламанка облысы, Сишаола және Чиррипо өзендерінің бассейндерінде). Саны 17 мың адам. ## Тілі Олар кабекар тілінде сөйлейді. Диалектілері: кабекар, хорру. Испан тілі кеңінен таралған.[[1]] ## Діні Дәстүрлі нанымдар сақталып, католицизм таралуда. ## Кәсібі Кәсібінің негізі қолмен атқарылатын егіншілік болып табылады. Жетекші дақылдар маниок, бұршақ, күріш, таро, ямс, какао, банан, асқабақ. Сату үшін кофе мен жеміс өсіріледі. Олар шошқа мен тауық өсіреді, ірі қара мал – негізінен сату үшін өсіріледі. Аңшылық, балық аулау және терімшілік – қосалқы кәсіп. Қолөнерден - тоқымашылық, қоржын және гамак тоқу дамыған. Құрылыс жұмыстары мен орман шаруашылығында жалдамалы жұмысшылар кеңінен таралған. ## Тұрмыс салты Дәстүрлі әлеуметтік бөлінісі: әртүрлі әлеуметтік топтармен байланысты 9 матрилиндік рулар (діни қызметкерлер, көсемдер, белгілі бір санаттағы қолөнершілер).Ерлі-зайыптылық нормалары адамның анасымен байланысты туыстарымен некеге тұруға тыйым салады. Әке жағынан неке қиюға тыйым салынбайды. Әрбір матрилиндік ру некеге тұру мүмкіндігін бақылайды, жерге меншік құқығын реттейді және оның мүшелеріне мүліктің мұрагерлігін анықтайды. Әрбір ру дәстүрлі түрде өз мүшелерінің өмір сүруі үшін өз аумағын ұстады. Дәстүрлі тұрғын үйлері – төбесі жерге дейін жететін үлкен конустық үй (көп балалы отбасы үшін). Қазіргі заманғы тұрғын үйлері - бұрыштары дөңгеленген төртбұрышты үй немесе креол типіндегі үйлер, кейде қадаларда орналасқан. Дәстүрлі киімдері - ерлер орама жабындылар мен қысқа жейделер, ал әйелдер белдемшелер киеді. Әйелдердің шаш үлгісі көбінесе гүлдермен, лентамен және тарақтармен безендірілген. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті — туристік қызмет, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ведомствосы. ## Тарихы 2004 жылы ҚР Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi таратылып, оның туризмдi дамыту функциялары ҚР Индустрия және сауда министрлігінiң Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетiне берілді. Туризм индустриясы комитеті 2006 жылы ҚР Туризм және спорт министрлігі құрамында құрылды. 2012 жылы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне беріліп, 2014 жылы таратылды. 2017 жылы комитет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің құрамында қайта құрылып, 2023 жылы ҚР Туризм және спорт министрлігінің қарамағына берілді. ## Міндеттері * туристік қызмет саласындағы, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру * туристік қызмет, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі саласындағы басшылықты, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру ## Құрылымы Комитеттің 5 басқармаcы бар (2023 жылға): * Мониторинг және мемлекеттік бақылау басқармасы * Ішкі және келу туризмі басқармасы * Ойын бизнесін үйлестіру және лотерея қызметі басқармасы * Ішкі әкімшілендіру басқармасы * Инвестицияларды тарту, ілгерлету, жарнама және маркетинг басқармасы ## Қарамағындағы мекемелер * "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" АҚ * "Халықаралық туризм және меймандостық университеті" КеАҚ ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті — дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ведомствосы. ## Тарихы 2004 жылы ҚР Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi таратылып, ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт істері комитеті болып құрылды. 2006 жылы ол ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті болып өзгертілді. 2012 жылы комитеттің орнына ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі құрылды. 2014 жылы агенттік таратылып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті болып құрылды. 2023 жылы комитет ҚР Туризм және спорт министрлігінің қарамағына берілді. ## Міндеттері * дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу * дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру ## Құрылымы Комитеттің 10 басқармаcы бар (2023 жылға): * Жазғы спорт түрлері басқармасы * Қысқы спорт түрлері басқармасы * Спорт резерві және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасы * Олимпиадалық емес спорт түрлері басқармасы * Бұқаралық спортты дамыту басқармасы * Жиынтық-талдау басқармасы * Ұлттық спорт түрлері және спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалармен жұмыс басқармасы * Экономика және қаржы басқармасы * Спорт инфрақұрылымын дамыту басқармасы * Мемлекеттік қызметтер және цифрлық дамыту басқармасы ## Қарамағындағы мекемелер * «Республикалық спорт колледжі» РМҚК * «Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы» ШЖҚ РМК * «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК * «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» РМҚК * «Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК * «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК * «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК * «Алматы» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК * «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК * «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК * «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК * «Допингке қарсы ұлттық орталық» РМҚК * «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы» ШЖҚ РМК * «Қазспортинвест» АҚ * «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК * «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ * «Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ * «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ * «Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ ## Дереккөздер
Кайова — АҚШ-тағы Оклахома штатында мекендейтін үндіс халқы. Үндіс істері бюросының мәліметі бойынша – 12,5 мың адам. (2000 ж.) ## Тілі Тілі - кайова тілі, кайова-таноан отбасының тобын құрайды. Ағылшын тілі де кеңінен таралған. ## Діні Діні – баптистер мен методистер, сонымен қатар дәстүрлі дінді ұстанушылар мен американдық шіркеудің ізбасарлары бар. ## Тарихы Тарихи деректерге сәйкес, кайовалар бастапқыда Миссури өзенінің солтүстігіндегі Монтана штатында өмір сүрген. Содан кейін оңтүстікке қарай Платт өзенінің бассейнінен Арканзас өзенінің аймағына қарай жылжыды. Онда олар жерді басып алған команчтармен шайқасты.1790 жылдың көктемінде, Нью-Мексико штатында, әскери қолбасшы Гикат бастаған кайовалар тобы команч тобына бейбітшілік туралы ұсыныс жасады. Екі топ бір аңшылық алқапты бөлісу үшін одақ құрып, өзара қорғау туралы шартқа отырды. Осы уақытта кайоваларға қосымша топ, жазық апачилері қосылды. 1840 жылдан кейін кайова және олардың бұрынғы жаулары шайенндер, сондай-ақ олардың одақтастары команчтар мен апачтар шығыстағы жергілікті тұрғындармен соғысып, оларға шабуыл жасады, содан кейін Үндістан аумағына басып кірді. Америка Құрама Штаттарының әскері араласып, 1867 жылғы келісімге сәйкес, кайовалар Оклахоманың оңтүстік-батысындағы резервацияда тұруға келісті. Оның орнына кайова мен олардың одақтастары буйвол аймағына басып кірген ақ аңшылардан қорғалуы, белгілі бір жалдау ақысын төлеуі, мектептермен, шіркеулермен, ауылшаруашылық құралдарымен қамтамасыз етілуі және жалпы еуропалық қоныстанушылар стилінде өмір сүруге үйретілуі керек еді. ## Кәсібі Негізгі қызметі – атпен бизон аулау. Жылқы саны (әр жанұяға 17-18) басқа жазық тайпаларға қарағанда басым болды. Қазіргі кайовалар ауыл шаруашылығында және шағын бизнесте жұмыс істейді. ## Тұрмыс салты Тайпаны мұрагерлік жолмен келген көсем және топотога көсемдері мен әскери қолбасшылар кеңесі басқарды. Дәстүрлі әлеуметтік бөлініс: нгоп – шайқаста ерекше көзге түскен және жомарттығымен танымал жауынгерлер; ондейгупа ​​- әскери атақ-даңқы жағынан нгоптардан төмен ауқатты адамдар; кен – жылқысыз үнділер; даплом - кедейлер. Отбасы шағын, неке неолокалдық. Тұрғын үйлері - былғарыдан, кейінірек кенептен жасалған конустық үйлер (типи). Типи оңай жиналады және оларды шамалы уақыт ішінде көтеруге болады. Кайова халықтары үшін ең маңызды азық көзі - американдық бизон немесе буйвол болды. Әйелдер бизон етін әртүрлі тәсілдермен дайындады (қуырылған, қайнатылған және кептірілген). Кептірілген ет тағамға пеммикан жасау үшін пайдаланылды. Пеммикан - кептірілген майсыз етті ұнтақтау арқылы жасалады.Бизонның кейбір бөліктерін кейде шикі түрде жеді. Аң тапшылығы кезінде кайовалар кесіртке, суда жүзетін құстар, жыландар және ұсақ жануарлармен күн көрді. ## Дереккөздер
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (орыс. Международный инженерно-технологический университет, МИТУ) — Қазақстан Республикасының, Алматы қаласындағы жоғары оқу орны. 2001 жылы Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті (ҚазИТУ) деген атпен құрылған, 2022 жылғы қарашада МИТУ болып өзгертілген. Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингіне кіреді.. МИТУ-де техникалық, технологиялық, аграрлық, сондай-ақ экономикалық мамандықтардың бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша даярлау жүргізіледі. Университетте 4000-нан астам студент оқиды. Оқу және әкімшілік ғимараттар мен студенттер үйлері Академия қалашығында. орналасқан. 2023 жылдың соңына дейін жаңа оқу корпусы мен жаңа жатақхана ашу жоспарлануда.. Университетте Колледж жұмыс істейді, онда әртүрлі технологиялық, экономикалық және басқа мамандықтар бойынша оқыту жүргізіледі. ## Университет құрылымы ### Басшылық Президент – Жұмағұлов Руслан Бақытжанұлы, экономика ғылымдарының докторы, Халықаралық Инженерлік Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі.. Ректор – Сәрсенбекова Гүлнар Әлібекқызы, қауымдастырылған профессор, философия ғылымдарының кандидаты. Академиялық мәселелер және өндірістік практика жөніндегі проректор –Ақпанбетов Дархан Берікұлы, техника ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Тау-кен ғылымдары Ұлттық Академиясының корреспондент-мүшесі. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Университеттің ресми сайты
Зуни (суньи) — Америка Құрама Штаттарының оңтүстік-батысындағы пуэбло тобындағы үндіс халқы. Олар негізінен Нью-Мексиконың батысындағы Аризонамен шекарадағы Зуни резерватында тұрады. Халық саны 9,3 мың. (2000, халық санағы) ## Тілі Тілі - зуни тілі. Ағылшын тілі де кең таралған, екі тілді жағдайларда бірінші тіл - зуни тілі. ## Діні Зуни дәстүрлі культтерді ұстанады. Олардың діни сенімдері ең құдіретті үш құдайға негізделген - Жер-Ана, Күн әке және Ай сәулесі. Күнді ерекше құрметтейді, күн өмір беруші ретінде қарастырылады. ## Тарихы Еуропалықтар келгенге дейін олар Зуни өзенінің бойында саны 4-6 мың адамды құрайтын 6 пуэбло қонысында тұрды.1540 жылдан бастап испандармен байланыстар, олардан металл өңдеу техникасын, бірқатар ауыл шаруашылығы дақылдарын және қой шаруашылығын алып, бұл кәсіп 19 – 20 ғасырдың бірінші жартысында негізгі кәсіпке айналды. Зунилерді христиандандыру әрекеттері сәтсіз аяқталды. 1680 жылы Пуэбло көтерілісінен кейін және 1692 жылы испандар түпкілікті жаулап алғаннан кейін олар бір пуэблоға шоғырланды, оның айналасында 1877 жылы резервация құрылды, оған Зуни этникалық территориясының негізі кірді.1850 жылы саны 1,3 мың адамды құрады. Теократия бірте-бірте зайырлы тайпалық кеңестің билігімен ығыстырылды. ## Кәсібі Олар суармалы және құрғақ егіншілікпен (жүгері, бұршақ), қолөнермен (боялған керамика), сонымен қатар терушілікпен және аңшылықпен айналысты.Қазіргі кәсіптері – қолөнер, жалдамалы жұмыс, мал шаруашылығы. Дәстүрлі қолөнерден – зергерлік бұйымдар (күмістен әшекей бұйымдар жасау, тастан жасалған әшекейлер жасау), тоқу, өру, моншақ тігу, керамика жасау, тері өңдеу дамып келеді. ## Тұрмыс салты Дәстүрлі әлеуметтік ұйым матрилиндік руларға негізделген (қазіргі Зуниде 14 ру бар). Салттық корпорациялар: «Качин қоғамы» (котиканне), ұлдардың бастамасын жүзеге асыратын 6 ғұрыптық ер кива қоғамы және 12 емшілер қоғамы, сондай-ақ екі діни бірлестіктер - жаңбыр діни қызметкерлері мен садақ діни қызметкерлері.Рулық қауымдастық – үй шаруашылығы (матрилокалды некелік қонысы бар) негізгі әлеуметтік-экономикалық бірлік болып қала береді, бірақ шағын неолокалдық отбасылар да жиі кездеседі. ХХ ғасырдың екінші жартысында өмір салтын біршама модернизациялағанына қарамастан, зунилер негізінен дәстүрлі қоғамдық ұйымын, материалдық және рухани мәдениетін сақтап қалды. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті — ақпараттандыру саласындағы, дербес деректер және оларды қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын сақтау тұрғысынан электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясындағы реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ведомствосы. ## Тарихы Ақпараттық қауіпсіздік комитеті 2016 жылы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құрамында құрылды. 2019 жылы ақпанда комитет ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң, ал маусым айында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құрамына берілді. ## Міндеттері * ақпараттандыру саласындағы, дербес деректер және оларды қорғау саласындағы ақпараттық қауіпсіздік саласындағы сондай-ақ Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын сақтау тұрғысынан электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру * мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу * ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларының, оның ішінде әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайларда алдын алу және оларға жедел ден қою ## Құрылымы Комитеттің 5 басқармаcы бар (2023 жылға): * Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерін үйлестіру басқармасы * Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыздандыру саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасы * Ақпараттық қауіпсіздік жобаларын іске асыру жөніндегі басқармасы * Дербес деректерді қорғау басқармасы * Киберқауіпсіздікті дамыту және әкімшілік жұмысы басқармасы ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті — мемлекеттік көрсетілетін қызметтер салаcында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ведомствосы. ## Міндеттері * өз құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету * мемлекеттік қызметтер көрсету және "электрондық үкімет" саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру * өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету * Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету және "электрондық үкімет" саласындағы халықаралық ынтымақтастық ## Құрылымы Комитеттің 7 басқармаcы бар (2023 жылға): * Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы әкімшілендіру басқармасы * «Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру басқармасы * Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы үйлестіру басқармасы * Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру басқармасы * «Электрондық үкіметтің» сыртқы контур жобалары басқармасы * «Электрондық үкіметтің» ішкі контур жобалары басқармасы * Көрсетілетін қызметтерді бақылау басқармасы ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті — геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласында басшылықты жүзеге асырған Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұрынғы ведомствосы. ## Тарихы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті 2019 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінен бөлініп шығып, 2024 жылы таратылды. ## Міндеттері * Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласында мемлекеттік саясат шараларын іске асыру ## Құрылымы Комитеттің 4 басқармаcы бар (2023 жылға): * Әкімшілік-құқықтық жұмыс басқармасы * Кеңістіктік деректерді дамыту басқармасы * Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар басқармасы * Мемлекеттік геодезиялық бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасы ## Қарамағындағы мекемелер * «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» ШЖҚ РМК ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті — байланыс саласындағы реттеушілік және стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ведомствосы. ## Тарихы 2014 жылы ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті болып құрылды. 2016 жылы ол ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті, ал 2017 жылы Телекоммуникациялар комитеті болып өзгертілді. 2019 жылы ақпанда комитет ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң, ал маусым айында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құрамына берілді. ## Міндеттері * байланыс қызметтері нарығының тиімді жұмыс істеуі үшін, оның ішінде телекоммуникация және пошта байланысы саласында байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру * өз құзыреті шеңберінде байланыс, пошта саласындағы қызметті, сондай-ақ байланыс саласында қызмет көрсететін немесе оларды пайдаланатын адамдардың қызметін мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыру * ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру * өз құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғау * байланыс саласындағы инфрақұрылымның дамуын жүзеге асыру ## Құрылымы Комитеттің 11 басқармаcы бар (2023 жылға): * Телекоммуникациялар саласындағы рұқсат беру құжаттары басқармасы * Байланыс саласындағы бақылау басқармасы * Сымсыз байланыс жобаларды дамыту және мониторинглеу басқармасы * Тіркелген байланыс жобаларды дамыту және мониторингілеу басқармасы * Байланыс саласындағы тарифтерді талдау және реттеу басқармасы * Радиожиілік спектрді жоспарлау және халықаралық үйлестіру басқармасы * Қаржы басқармасы * Әкімшілік-құқықтық жұмыс басқармасы * Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат басқармасы * Пошта байланысын дамыту басқармасы * Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту басқармасы ## Қарамағындағы мекемелер * Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы * Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы * Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы * Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы * Алматы қаласы және Алматы, Жетісу облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы * Астана қаласы және Ақмола, Қарағанды, Ұлытау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитеті — Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, сондай-ақ көрсетілген мақсаттарда өзге де қызмет салаларында оң имиджін нығайту және мемлекеттік саясатын іске асыру мәселелері бойынша арнайы іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомствосы. ## Міндеттері * Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын icкe асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделін нығайтуға жәрдемдесу ## Құрылымы Комитеттің 6 басқармаcы бар (2023 жылға): * Ақпарат басқармасы * Имидждік жұмыс басқармасы * Баспасөз қызметі (басқарма) * ҚР шетелдік мекемелерінің имидждік жобаларын жүзеге асыру басқармасы * Ахуалдық орталық (басқарма) * Ақпараттық-басылым кеңесі басқармасы ## Дереккөздер
Какчикели (өз аты - «қызыл ағаштан шыққан» немесе «от адамдары») — Гватемаладағы майя халықтарының бірі. Олар Таулы Гватемаланың орталық бөлігінде тұрады. Халық саны 505 мың адам. ## Тілі Олар майя тобының киче тілінде сөйлейді, испан тілі де кеңінен таралған. ## Діні Какчикелилер — католиктер, бірақ христианға дейінгі нанымдардың қалдықтарын сақтаған. ## Тарихы Этногоникалық аңыздар бойынша, олар кичелердің одақтастары болған, олармен бірге Мексикадағы Лагуна-де-Терминос жағалауына (Тулан-Суйва) келген, 10 ғасырда кичелермен бірге оңтүстік-шығысқа көшіп, Гватемала таулы жерлерін жаулап алған. 15 ғасырдың ортасында, сарай төңкерісі әрекеті кезінде Какчикели гвардиясы Киче патшасы Кикабты қорғады, марапат ретінде какчикельдер олардың астанасы Ишимчеге (қазіргі Гватемала қаласының маңында) орын алды. Олар кичелермен және цу­ту­хи­лямилермен шайқасты, 1524 жылы испандармен одақтың арқасында оларды жеңді, бірақ кейін оларды Альварадо жаулап алды. ## Кәсібі Дәстүрлі кәсіптері – қолмен атқарылатын егіншілік (жүгері, бұршақ, асқабақ, кейбір қауымдар бидай, картоп, пияз, сарымсақ, анис, құлпынай өсіруге маманданған), құс шаруашылығы, аз дәрежеде аңшылық, ара шаруашылығы, балық аулау (Атитлан көлінде балық аулауға монополия болған), мал шаруашылығы.Қолмен өрнек тоқу, керамика өндірісі, тоқу, ағаш ұстасы, қайық пен музыкалық аспаптар жасау дамыған. ## Тұрмыс салты Отбасы шағын, қарым-қатынас патрилинейлік, неке патрилокальды немесе неолокалдық, қалыңдық үшін жұмыс істеу әдеті, некеден кейінгі уақытша матрилокалдылық сақталған. Ертеде какчикелилер баспаналарын балшықпен сыланған, бір бөлмелі, нығыздалған топырақты едені және пальма төбесі бар шыбықтардан тұрғызған.Бүгінгі таңда бір-үш бөлмелі, едені цементтен, төбесі жабынқышпен немесе металлмен жабылған ағаш үйлерде тұрады. Көптеген отбасылардың үйлерінде шағын шеберханалары бар - олар көбінесе қолөнер бұйымдарын сатумен өмір сүреді. Дәстүрлі әйелдер киімі – ою-өрнекті ұзын қызыл немесе көк түсті орама белдемше, үлкен қызыл жамылғы орамалдар.Ерлер киімі – қызыл түсті өрнектері басым ұзын шалбар мен жейделер және балтырға дейін жеңіл кең жолақты шалбар, жеңіл күртешелер, қызыл орамалдың үстіне сабан қалпақ киедң.Мерекелік костюм, қара жүннен тоқылған ұзын жеңсіз жейде (габан), жүннен жасалған қара-ақ немесе көк түсті тізеге дейін оралған белдемше, қызыл немесе ақ жолақты жейделер. ## Дереккөздер
Масатеки — Мексикадағы үндіс халқы. Олар тауларда (Жоғарғы Масатека) және ойпаттарда (Төменгі Масатека), Оахака штатының солтүстігіндегі (Сьерра-Мадре Шығысындағы Сьерра-Масатека тарихи аймағы, Ла Каньяда және Тустепек-Папалоапан), Веракрустың оңтүстігінде және Пуэбланың оңтүстік-шығысында тұрады.Халқы 206,6 мың адамнан (2005 ж. Ұлттық үндіс тілдері институтының мәліметтері) 305 мың адамға дейін (2000, халық санағы). 2 мыңнан астам адам АҚШ пен Канадада тұрады. ## Тілі Тілі - масатек тілі. ## Діні Дінге сенушілердің діни байланысы: католиктер, кейбірі протестанттар. ## Кәсібі Негізгі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (жүгері, бұршақ, асқабақ, сату үшін- қант қамысы, темекі, күріш, жемістер). Қолөнерден – тоқу, керамика, ағаштардан ыдыс жасау дамыған. Кофе және қант қамысы плантацияларында жалдамалы жұмыс кең таралған. ## Тұрмыс салты Қауымдастық Масатектер өмірінде негізгі рөл атқарады (күнделікті мәселелерді шешу және қуанышты сәттерді тойлау - барлығына ортақ қиындықтар). Қоғамдастық мерекелерді ұйымдастыру немесе үй салу сияқты қиын уақытта бір-біріне қолдау көрсетеді. Бұл бірлік сезімі мүшелер арасындағы байланысты нығайтады және бейбіт және үйлесімді өмір сүру атмосферасына кепілдік береді. Ерлер киімі негізінен мексикалық типке жатады, жекелеген аудандарда тобыққа бекітілген ақ шалбар және қызыл мойын орамал тағылады. Әйелдер киімі — ұзын белдемше мен уипиль, кесте мен ленталармен безендірілген (әр ауылда әр түрлі өрнек бар). Масатектер жүгері, бұршақ, сквош және жаңа піскен шөптер сияқты қоршаған ортада кездесетін көптеген ингредиенттерді пайдаланады. Бұл өнімдер олардың асханасының негізін құрайды. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Бас консулдығы, Бендер-Аббас — Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы дипломатиялық миссиясы. Бас консульдық Иранның Бендер-Аббас қаласында орналасқан. ## Тарихы Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 29 қаңтарда орнатылды. 1993 жылы Қазақстанның Ирандағы Елшілігі ашылды. ## Дипломатия Елшілік Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жүйесіне кіреді және Қазақстанның Ирандағы мүдделеріне өкілдік етеді. Елшіліктің негізгі міндеттері: * Қазақстан Республикасының Ирандағы ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету және оның сыртқы саясатын іске асыру; * Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының Ислам Республикасындағы құқықтары мен мүдделерін қорғау; * Қазақстан Республикасының Иранмен ынтымақтастығын дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстанның мемлекеттік органдарының, қоғамдық ұйымдарының және іскер топтар өкілдерінің Ислам Республикасымен байланыстарын орнату және қатынастарын дамыту; * Қазақстан Республикасының Иранмен халықаралық келісімшарттары жобаларын, келісімшарттарды жасасу, орындау және тоқтату жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, Қазақстанның болу елімен жасасқан келісімшарттарының орындалуына бақылау жүргізу; * консулдық қызмет; * өзге де міндеттер. Елшіліктің сайты көпшілік жұртшылықты Тегеран қаласындағы ҚР дипломатиялық өкілдігінің қызметімен таныстыру, сондай-ақ Қазақстанға турист ретінде келуге немесе елмен іскерлік байланыс орнатуға ниет білдірген Иран азаматтарына, Иранда тұратын қазақстандықтарға және шетелдік азаматтарға ақпараттық қолдау көрсету үшін ұсынылған. ## Байланыс ## Дереккөздер
Кри — Канада мен АҚШ-тағы Алгонкин тобындағы үндіс халқы. Олар резервацияларда тұрады: Канадада - Джеймс шығанағы мен Гудзон шығанағының батысы мен шығысында. Канададағы халық саны 200 мыңнан асады. (ең үлкен аборигендер; 2006, санақ), АҚШ-та 2,5 мың адам (2000, санақ). ## Тілі Олар кри тілінің диалектілерінде сөйлейді. Ағылшын тілі де кеңінен таралған. ## Діні Кри – католиктер мен протестанттар (англикандар және т.б.). ## Тарихы Бұрын Кри топ болып тұрып, жылына бірнеше рет лагерьлерін ауыстырып, жануарлардың табындарын немесе жаңғақтарға, жидектерге және жеуге жарамды өсімдіктерге бай аумақтарды іздеп өмір сүрді. Төрттен үш бөлігі орманда, төрттен бірі жазықта өмір сүрді. 1800 жылдары Крилер Канаданың көп бөлігін бақылауда ұстады. Еуропалықтар келгенде, Кри француздар мен ағылшындармен аң терісін саудалай бастады. Бірақ ақ қоныстанушылар көп ұзамай жерлерін алып, оларды одан әрі құнды емес аймақтарға шегінуге мәжбүр етті. Уақыт өте келе, колонистердің Кри өміріне әсері қайғылы түрде қайтымсыз болды және жергілікті халық өздерінің жартылай көшпелі өмір салтынан бас тартып, резерват жерлерге қоныстануға мәжбүр болды. ## Кәсібі Негізгі дәстүрлі қызмет түрлері - аңшылық және балық аулау.20 ғасырдың ортасына қарай аңшылықтың рөлі төмендеді. Қалаларға көшу және жалдамалы жұмыс кең таралған. Аң аулау белгілі бір маңыздылығын сақтайды.Аңшылық маусымында олар туысқан отбасылар топтарына бөлінді (10-30 адам). ## Тұрмыс салты Жазда олар көлдер мен өзендердің жанында жиналып, көсемдер басқаратын қауымдарға (бірнеше жүз адам) біріктірілді. Отбасы шағын, неке билокальды немесе неолокальды. Полигиния (орман Кри көсемдерінде жеті әйелге дейін болған), әмеңгерлік, сорорат, немере некелері болды. Кри әйелдері әдетте шешілетін жеңдері бар ұзын көйлектер киді, ал Кри еркектері әдетте леггинстер мен жамылғы маталар киді, ол жыныс мүшелерін жабу үшін пайдаланылды, ал қолайсыз ауа-райында олар жылы және құрғақ болуы үшін пончолар мен плащтарды киетін. Кри әйелдері де, ерлер де аяқтарына мокасин киетін.Дәстүр бойынша, крилер былғарыдан немесе жүннен жасалған қалпақ киген, әдетте қауырсындармен безендірілген. Ұзын қауырсын бас киімдер 1800 жылдары кри арасында танымал болды.Еуропалықтар келген кезде, кейбір крилер кесте, лента аппликациялары және бисер бөлшектерін қосу арқылы еуропалық курткалар мен блузкаларға бейімдей бастады.Қазіргі крилер кейде ата-бабаларының дәстүрлі көйлектері мен мокасиндерін киеді, бірақ олар сонымен қатар джинсы сияқты заманауи киімдерді киеді. Ерте кезеңде кри үндістері аң аулауға және бұлан, құндыз, карибу және аю сияқты жануарлардың етін жеуге сүйенді. Орман крилері жабайы жануарларды аулады, бірақ олардың тапшылығына байланысты олар негізінен қояндарды аулауға сүйенді, құстардың әртүрлі түрлерін іздеді.Кейіннен - асқабақ және жүгері сияқты дақылдарды қарқынды өсіруді қамтитын шаруашылықтар пайда болды. Көлдердегі жабайы күріш олардың негізгі тағамының біріне айналды. Крилер жылқыларға ие болған кезде, көпшілігі ашық жазықтарға бизон аулауға барды. ## Дереккөздер
Команчилер — АҚШ-тағы шошон тобының үндіс халқы (Оклахоманың оңтүстік-батысындағы резервациялар). Халық саны 10,5 мың адам (2000, халық санағы). ## Тілі Тілі команч тілі, шошон тіліне жақын, юто-ацтек тілдер отбасына жатады. Қазіргі уақытта команчтардың көпшілігі ағылшын тілінде сөйлейді. ## Діні Команчтар діні мен сенімдері анимизмге негізделген, ол ғаламның және барлық табиғи заттардың, жануарлардың, өсімдіктердің, ағаштардың, өзендердің, таулардың, жартастардың және т.б. жаны немесе рухы бар деген рухани немесе діни идеяны қамтыды.протестанттар (реформаттар) бар. ## Тарихы Еуропалықтармен кездескенге дейін команчтар Платт өзенінің жоғарғы ағысында (қазіргі Вайоминг штатының шығыс бөлігі) шошонның негізгі елді мекендерінің оңтүстігінде тұратын Шығыс шошон құрамына кірді.Команчтар XVIII ғасырдың басында шошондардан бөлініп, оңтүстікке қарай жылжи бастады. Бұл процесс ақырындап бүкіл ғасырға созылды; Команчтардың соңғы топтары өз туыстарына тек 1830 жылы ғана қосылды. Келесі елу жыл ішінде тайпаның негізгі бөлігі Платт пен Арканзас арасындағы аймақта (Шығыс Колорадо және Канзастың көршілес аудандары) болды. XVIII ғасырдың 40-жылдарынан бастап команчтар Арканзас өзендерін кесіп өтіп, Льяно Эстакадо жазықтар кеңістігінде тұруды таңдады. Өзінің шарықтау шегінде Команчтар Льяно Эстакадодан асып, Арканзас өзенінен оңтүстікке қарай Сан-Антониоға дейін батыста Жартасты таулардың етегіне дейін созылған үлкен аумақты өз бақылауына алды. Бұл аймақ Команчерия деп аталды. ## Кәсібі Негізгі кәсібі – буйвол аулау, жылқы өсіру, жылқы саны көршілес тайпалардан асып түсті.Қазір мал бағып, жалдамалы жұмыс істеп, жерлерін жалға берумен айналысуда. ## Тұрмыс салты Отбасы үлкен болды, патрилиналды және көп әйелділік болды. XVIII - XIX ғасырдың басында 3 топқа бөлінді: кучанек («буйвол жегіштер»), ямпарки («ит жегіштер») және юпи («орман адамдары»), кейінірек - 7 немесе одан да көп топқа (ең үлкендері пенатека және квахади болды).Әскери иерархия болды: әскери қолбасшылар – «қыран қауырсынынан жасалған тәж киген», әскери басшылар – буйвол бас терісінің белгісімен, ал қарапайым жауынгерлер – «қарға қауырсынының шоқтарын киген». Әрбір қауымда әскери қоғамдардың дербес жүйесі де болды (ең үлкендері «бизон», «қарғалар», «түлкілер» және «аттар»). Тұрғын үйлері типи деп аталды. Топырақ еденнің ортасында отқа арналған шұңқыр бар, қыста жылынуға пайдаланды. Типи өте ыңғайлы үй болды, оларды тез орнатуға немесе бұзуға болады. Команчи киімі қарапайым және ыңғайлы болды. Ерлер денелерінің үстіңгі жағында ештеңе кимейтін, қыста олар буйвол терісінен (кейде аю немесе қасқыр терісінен) тізеге дейін биік тігілген етік киген. Ұлдар әдетте суық ауа райын қоспағанда, киімсіз жүрді. Олар сегіз-тоғыз жасында ересектердің киімін кие бастады.Олар көйлектерін және мокасиндерін киік терісінен, аң терісінен және адам шашынан жасалған шашақтармен безендірді. Сондай-ақ олар жейделерін моншақтар мен материал қалдықтарынан жасалған өрнектер мен пішіндермен безендірді.Команчи әйелдері бұғы терісінен тігілген ұзын көйлек киген. Көйлектердің жалпақ белдемшелері және кең ұзын жеңдері болды. Киік терісінен жасалған мокасин киген. Қыста олар да терісі астарлы буйвол терісінен тігілген жылы және биік етік киген. ## Дереккөздер
Миштектер — Оңтүстік Мексикадағы ото-манг тобының үндіс халқы (батыс Оахака, шығыс Герреро және оңтүстік Пуэбла штаттары). Халық саны 557 мың адам. (2000, халық санағы). 100 мыңға жуығы АҚШ-та тұрады - Сан-Диегода (Калифорния), Туссонда (Аризона) т.б. ## Тілі Ото-манган отбасының миштек тілдерінде сөйлейді, испан тілі де кең таралған. ## Діні Бүгінгі күні ежелгі Миштектер мәдениетінің ұрпақтары католиктер болып табылады, бірақ жаулап алу мен отарлау алдындағы дәуірде олардың өз діні болды. Месоамериканың көптеген басқа байырғы халықтары сияқты, миштектердің де көптеген әртүрлі құдайлары болды, олар да адам мен жануарларды құрбандыққа шалды. ## Тарихы Этногоникалық аңыздарға сәйкес, олар Миштек-Альта таулы аймағының Апоала маңайындағы қасиетті ағаштың тамырынан шыққан (Қазіргі Оахака штатының батысында). Миштектердің Оахака алқабына басып кіруі сапотек мемлекетінің құлдырауына, кейінірек аралас миштек-сапотек мәдениетінің өркендеуіне әкелді (астанасы Монте-Албан, кейінірек Митле).11-12 ғасырларда Миштектердің қазіргі Пуэбла және Тлашкала Штаттарының аумақтарындағы науалармен өзара әрекеттесуі нәтижесінде Орталық Мексиканың көптеген халықтарына, соның ішінде ацтектер мен сапотектерге үлкен әсер еткен миштек-пуэбла мәдениеті пайда болды. Пуэбладан науалар миштектерді Шығыс Оахакаға ығыстырды, онда олар сапотектерді оңтүстік пен шығысқа ығыстырып, кейінірек Чатин соғыстарын жеңіп, Тынық мұхитына жетті. 15 ғасырда бір-бірімен соғысқан Миштек княздіктері (Тилантонго, Тутутепек және т.б.) ацтектерге тәуелді болды. 1523 жылы испандықтар жаулап алды. ## Кәсібі Миштекткр негізінен ауыл шаруашылығына негізделген. Олардың ең маңызды дақылдары жүгері, бұршақ, чили және асқабақ, сондай-ақ климаты қолайлы жерлерде мақта және какао сияқты азық-түлік емес өнімдер болды.Дегенмен, аймақта олар су тапшылығына үнемі тап болды, сондықтан олар ку юу деп аталатын террассалық егіншілік жүйесін дамытты.Олар жақын маңдағы шахталардан селитра (кальций карбонаты) өндірді. Олар сондай-ақ тікенді алмұрт кактусының паразиттік түрі кошинеяны өсірді және Тынық мұхиты жағалауынан балық аулады.Миштектер шебер қолөнершілер болды және олардың бұйымдары көршілес халықтар арасында жоғары бағаланды. Олар ашық түсті қыш бұйымдарын жасап, бағалы көгілдір мозаикаларды жасап, металл өңдеуде шебер болды. ## Тұрмыс салты Елді мекендер 2 немесе 4 кварталға бөлінген, бұрын экзогамдық, әрқайсысында ақсақалдар басқарды. Аралас халқы бар елді мекендерде миштектер жеке квартал құрайды. Отбасы шағын немесе үлкен, неке патрилокальды, көп әйел алушылық орын алады. Альтада қалыңдық үшін еңбек ету (2 жылға дейін) кездеседі. Неолокальдық қоныс кең таралуда. Тұрғын үйлері негізінен жалпы орталық американдық типте, конустық төбесі бар дөңгелек тұрғын үйлер, ағаштан жасалған үйлер. Тіректерге орналасқан дөңгелек қосалқы құрылыстар (қабырғаларында тоқылған себеттердегі ара ұялары бар), бу ванналары бар. Дәстүрлі әйелдер киімі – үшбұрышты мойын сызығы бар ақ әшекейлі уипилилер, алды және артқы жағы бүктелген өрнекті белдемшелер, көк немесе қызыл белдік, қою көк орамалдар.Ерлер ақ түсті тігілген қысқа шалбар, ақ кең жейде, сандалдар, тоқылған қалпақ, жүннен жасалған серапалар мен хоронголар (пончо сияқты) киіп, тоқылған белдіктер тағады, белдікке өрнекті тоқылған сөмкелер байланады.Ақсақалдар кең жиектері мен тәждері биік қара киіз қалпақ киеді. Қалаларда креол тиріндегі киімдер жиі кездеседі. ## Дереккөздер
Канза (өз аты - «оңтүстік желдің адамдары»), кау (сиу тілінде - «оңтүстік жел») — АҚШ-тағы Сиу тобындағы үндіс халқы (Оклахомадағы резервация). Саны 650 адам. ## Тілі Ағылшын тілінде сөйлейді. ## Діні Сенушілер протестанттар (методистер).Канза діні анимизмді және әртүрлі дәрежеде рухани болмыстарды қамтыды. ## Кәсібі Канза дәстүрлі түрде аңшылық (бизон аулау) пен егіншілікті біріктіретін жартылай отырықшы халық болды.Қазіргі канзалар – жалдамалы жұмыспен айналысады. ## Тұрмыс салты Отбасы үлкен және патрилокалды, рулық екі фратрияға біріктірілді. Тайпаны әр фратриядан екі мұрагерлік жолмен көсемдер және тайпа көсемдерінің кеңесі басқарды. Тұрғын үйлері 8 бағаналы төбесі бар жер үй. Ерлер белбеумен ұстайтын белдемше киіп, иығына жамылғы ілді. Әйелдер тізеге дейін матадан жасалған белдемше киіп, ал суық мезгілде сол иығына жамылғы киді. ## Дереккөздер
Куна — (туле, тельмалтола) — Панамадағы чибча тобындағы үндіс халқы. Панамадағы халық саны шамамен 65 мың адам, Колумбияда – 800–900 адам. (2000, бағалау). ## Тілі Олар куна тілінде сөйлейді. Испан тілі кеңінен таралған. ## Діні Олар христиан дінін ұстанады (католиктер мен протестанттар). ## Тарихы Куна үлкен чибча халқының бір бөлігі болды және испандықтар келгенге дейін континентте өмір сүрді. Олардың саны - миллионға жуық адам болды. Олар жеткілікті дамыған - металлургияға иелік еткен және ірі тайпалық одақтар құрып, Кариб теңізінің басқа халықтарымен соғыс жүргізген.Алайда 1536 жылы бұл аймаққа испандықтар келді, бұл жергілікті халыққа ұнамай, оларға қызу қарсылық көрсете бастады. Алайда, мүмкіндіктер тең болмады және нәтижесінде үндістер теңізге ығыстырылды, олардың саны айтарлықтай қысқарды және қалғандары аралдарға кетуге шешім қабылдады. Бұл шешім халықты құтқарды, сонымен бірге әлеуметтік және отбасылық құрылымда өзгерістерге әкелді. Куна тайпасында әйелдер толық билікке ие болды, бұған дейін оларда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ерлердің, жауынгерлердің және аңшылардың үстемдігімен стандартты патриархат болған. Куна аңызына сәйкес, испандықтар үшін соңғы шайқасты әйел басшылары жүргізген (ер адамдар дерлік қалмаған). Қазір олардың көпшілігі 350-ден астам аралдары бар Сан-Блас архипелагында тұрады. Елдің орталық бөлігінде шағын Куна елді мекендері бар. Билікпен жақсы қарым-қатынаста, сыртқы әлеммен тұрақты байланыста болғанына қарамастан, тайпа әлі күнге дейін ата-баба дәстүрін сақтай отырып, өз ережелерімен өмір сүреді. ## Кәсібі Куна ауыл шаруашылығына, балық аулауға және халықаралық саудаға негізделген. Сан Блас - бүкіл Панамадағы кокос жаңғағының негізгі жеткізушісі. Өткен ғасырдан бері кокос жаңғағы ең маңызды экспорттық өнім және сауда мен айырбастың нысаны болды. Сондықтан жергілікті тұрғындар азық-түлік пен қажетті заттарды әлі күнге дейін кокоспен төлейді.Дәстүрлі қолөнер - сатуға арналған жейделер, себеттер, гамактар ​​жасау. Көпшілігі жұмыспен қамтылған, кеңсе қызметкерлері, шағын кәсіпкерлер, зиялы қауым өкілдері бар. ## Тұрмыс салты Қауымдастықтарды көсем және жалпы жиналыс (ерлер мен әйелдер бөлек) басқарады. Басшылар (бірнеше қауымдастықтың бірі) жылына екі рет жалпы жиын үшін жиналады. Отбасы шағын немесе үлкен матрилокальды, билік үлкен күйеу балаға мұрагер болады. Елді мекендері әдетте жағалау бойына созылып орналасады, үйлер төртбұрышты бір отбасылық. Киімдері негізінен креол түріне жатады. Әйелдер геометриялық бейнелері бар, үнді және христиан мифологиясының көріністері жемпірлер (мола, молакана) киеді. ## Дереккөздер
Маках — Америка Құрама Штаттарының солтүстік-батыс бөлігіндегі Вашингтон штатында тұратын Тынық мұхитының солтүстік-батысының байырғы халқы. Олар Мака Үндіс қорығының Маках үндіс тайпасының құрамында тіркелген, әдетте Маках тайпасы деп аталады. ## Тілі Мака тілі - маках халқы сөйлейтін жергілікті тіл. Маках тілі лингвистикалық жағынан Вакашан тілдер отбасының оңтүстік-нуткан тармағына жатады.Ағылшын тілі де кеңінен таралған. ## Тарихы Хуан-де-Фука бұғазымен және Тынық мұхитымен шектесетін Маках тайпасы ішкі және жағалаудағы кең аймақты иемденді. 1855 жылғы келісім бойынша олар жерлердің көп бөлігін АҚШ билігіне берді. Қазіргі Макахтың 80%-ға жуығы Флаттери мүйісі маңындағы Маках резервациясындағы 4 дәстүрлі ауылда (негізі Ней-Бэй) өмір сүруді жалғастыруда.1970 жылдары аборигендік мәдениеттің жандануы басталды. 1979 жылы Маках мәдени-тарихи орталығы құрылды. Ана тілін жаңғырту бағдарламасы сәтті жүзеге асуда. Жыл сайын маках күні өткізіледі. ## Кәсібі Жүздеген ғасырлар бойы Маках үндістері өздерінің мәдениеті мен дәстүрлерін кит аулау төңірегінде айналдырды. Бұл бұрыннан бері олардың дәстүрлерінің бір бөлігі болды. 1969 жылы кит жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілгенде, аң аулауға ресми түрде тыйым салынды. Макахтар ресми түрде кит аулаудан бас тартуға мәжбүр болды.Қазіргі макахтар балық аулау, ағаш кесу және саудада жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Бора — Перудің солтүстік-шығысында, Колумбия мен Бразилияның шекаралас аймақтарындағы үндіс халқы. Саны 2,5 мың адам. ## Дереккөздер
Масауа — Мексиканың оңтүстігіндегі үндіс халқы. Олар Мексика штатының солтүстік-батысындағы таулы аймақтарда және Мичоакан штатының шығысында (Ситакуаро және Сусупуато муниципалитеттері), Мехико федералды округінде, сондай-ақ Та­мау­ли­пас, Ке­ре­та­ро, Гуа­нахуа­то және Чиуа­уа штаттарында тұрады.Саны 140 мың адам, оның ішінде Мичоаканда шамамен 20 мыңнан (2000, санақ), 200 мың адамға дейін. (Үндіс тілдері институтының мәліметі бойынша, 2005 ж.).3 мыңға жуық адам АҚШ-та (Калифорния) тұрады. ## Тілі Негізгі тілі - масахуа тілі, бірақ испан тілінде де сөйлейді. ## Діні Сенушілер негізінен католиктер, протестанттарда бар. ## Кәсібі Дәстүрлі кәсіптері - қолмен атқарылатын егіншілік (жүгері, бұршақ, асқабақ, бұрыш, агава), 19 ғасырдан бастап соқа мен кетмен суармалы және жаңбырлы егіншілікке (бидай, темекі, кофе, арпа) ауыстырылды. Асыл тұқымды қойлар (жүн үшін), ешкі, шошқа (сату үшін), қашыр, бұқа, тауық, күркетауық өсіріледі. Аң аулау (қоян, бұғы), шаян аулау, жинау (жабайы агава жапырақтары, қоңыз дернәсілдері) қосалқы рөл атқарады.Қолөнерден – керамика, өрнекті өру (тік қол станогында), тері өңдеу, сабан және агава талшықтарынан өру (кілемшелер, бас киімдер, арқандар, торлар) дамыған. Ауыл шаруашылығында және қалаларда жалдамалы жұмыс істейді. ## Тұрмыс салты Дәстүрлі отбасы үлкен патриархалдық, жергілікті патрилиндік топтар болған, қазіргі отбасы шағын. Неке патрилокальды немесе неолокальды. Әйелі үшін төлем төленді. Елді мекендері Мексиканың үндістеріне тән. Тұрғын үй бір және екі бөлмелі ағаштан жасалған, төбесі сабанмен немесе тақтайшамен жабылған, қасбетінің алдында веранда мен тіректер бар. Үй ішінде астық қоймасы, үйдің жанында жүгері кептіруге арналған биік торлы сарайлар, бу моншалары бар. Ерлер киімі негізінен жалпы мексикалық үлгіде, домалақ жағалы, көбінесе кесте тігілетін үй көйлекімен, өрнекті белбеулі ақ шалбармен, жүннен тоқылған сераппен, ою-өрнегі бар тоқылған немесе өрілген сөмкемен, сандалдармен, сабан қалпақпен ерекшеленеді.Әйелдер түрлі-түсті кестелері бар қысқа жеңді ақ көйлек, ұзын белдемше (кейде ұзындығы 5 м-ге дейін мата, түрлі-түсті белдемшемен) немесе бірнеше юбка, ою-өрнекпен тоқылған сөмкелер. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті — теміржол және су көлігі саласындағы стратегиялық функцияларды орындауға қатысатын Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ведомствосы. ## Тарихы 2007 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитеті Көлік және қатынас жолдары комитеті болып өзгертілді. 2014 жылы Көлік және қатынас жолдары комитеті мен Көліктік бақылау комитеті біріктіріліп, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті болып құрылды. 2018 жылы комитет ҚР Индустрия және инфрақұрылым министрлігіне берілді. 2023 жылы Көлік комитеті ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті және Теміржол және су көлігі комитеті болып екіге бөлінді. ## Міндеттері * теміржол және су көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және оны кейіннен іске асыру * республика экономикасының және халықтың тасымалдарға, жұмыстардың орындалуына және қызмет көрсетулерге қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ теміржол және су көлігінің тасымалдары мен инфрақұрылымын одан әрі дамыту * заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғау, сондай-ақ бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау, оның ішінде халықаралық тасымалдау саласында ## Құрылымы Комитет 9 басқармадан тұрады: * Норма шығару қызметі басқармасы * Теміржол көлігі және тарифтік саясат басқармасы * Су көлігі басқармасы * Жолаушылар тасымалы басқармасы * Қаржы және бюджеттік жоспарлау басқармасы * Теміржол логистикасы басқармасы * Салааралық үйлестіру басқармасы * Теңіз порттары басқармасы * Теміржол инфрақұрылымы басқармасы ## Қарамағындағы мекемелер * «Қазақстан су жолдары» РМҚК * «Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі» РММ ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті — автомобиль көлігі саласында реттеуші, іске асыратын, автомобиль, теміржол және су көлігі саласында бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ведомствосы. ## Тарихы 2007 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитеті Көлік және қатынас жолдары комитеті болып өзгертілді. 2014 жылы Көлік және қатынас жолдары комитеті мен Көліктік бақылау комитеті біріктіріліп, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті болып құрылды. 2018 жылы комитет ҚР Индустрия және инфрақұрылым министрлігіне берілді. 2023 жылы Көлік комитеті ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті және Теміржол және су көлігі комитеті болып екіге бөлінді. ## Міндеттері * автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және оны кейіннен іске асыру * республика экономикасы мен халықтың автомобиль тасымалдарына, жұмыстардың орындалуына және қызмет көрсетулерге қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ автомобиль тасымалдарын және автомобиль көлігінің инфрақұрылымын одан әрі дамыту * заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғау, сондай-ақ оның ішінде халықаралық тасымалдау саласында бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау * әуе және құбыржолдарды қоспағанда, көліктің барлық түрлерінде қауіпсіз пайдалану және қызметті қамтамасыз етуді бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру * әуе және құбыржолдарды қоспағанда, көлік саласындағы заңнама талаптарының қызметіне, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың сақталуына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру ## Құрылымы Комитеттің 11 басқармасы бар: * Республикаішілік автомобиль тасымалдары басқармасы * Көліктегі цифрландыру басқармасы * Су көлігіндегі бақылау басқармасы * Персоналды басқару жұмысы басқармасы * Норма шығармашылық қызмет,превенция және Мемлекеттік сатып алу басқармасы * Автомобиль көлігі басқармасы * Қаржы басқармасы * Ахуалдық орталығы * Теміржол көлігіндегі бақылау басқармасы * Автомобиль көлігіндегі бақылау басқармасы * Мультимодалды тасымалдау басқармасы ## Қарамағындағы мекемелер * Облыстық және Алматы, Астана, Шымкент қалалық көліктік бақылау инспекциялары ## Дереккөздер
Кашинауа — Бразилия мен Перуде тұратын үндіс халқы. ## Дереккөздер
Каража — Бразилияда тұратын үндіс халқы. ## Дереккөздер
Кокама — Амазонканың бойында тұратын үндіс халқы. ## Дереккөздер
Астана қаласының мәслихаты — Қазақстан елордасы Астана қаласының жергілікті бірпалаталы заң шығарушы органы, мәслихат. Мәслихат депутаттары Мәжіліс депутаттарымен қатар сайланады. Қалалық мәслихат депутаттары өз міндеттерін қаланы дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын бекіту арқылы орындайды. ## Сайлау жүйесі Мәслихат пен Мәжіліс депутаттарының сайлануы қатар өтетіндігінен сайлау барысында республикалық маңызы бар қалалардың, яғни Астана, Алматы және Шымкенттің сайлаушыларына төрт бюллетень беріледі. Бюллетеньнің екеуі Мәжіліс депутаттарын; біреуі партиялық тізіммен, басқасы мажоритарлық жүйемен және қалған екеуі дәл сол жүйе арқылы Мәслихат депутатын сайлайды. Мәслихат депутаттарының бір жартысы партиялық тізім бойынша, қалған жартысы бірмандатты округ бойынша сайланады. Сайлауға саяси партиялар да, өзін-өзі ұсынғандар да қатыса алады. Партиялар үміткерлерін ұсынуы үшін аймақтарда тіркелген филиалы болуы керек. Қазақстанның 20 жастан асқан кез келген азаматы мәслихат депутаттығына үміткер бола алады. 2023 жылғы сайлауларға дейін 31 депутаттың барлығы да пропорционалды сайлау жүйесі арқылы сайланатын. ## Тарихы Астана қаласының мәслихаты 1993 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы» заңының қабылдануымен құрылды. Қаланың тұңғыш мәслихат сайлауы 1994 жылғы 10 наурызда орын алды, нәтижесінде оның тұңғыш шақырылымы сайланды. 2021 жылға дейін депутаттар бірмандатты округ бойынша өкілдік етті және Қазақстан Конституциясының 86-бабының 2-тармағының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» 8-бөліміне сәйкес 5 жыл сайын жасырын дауыс беру арқылы сайланатын болды. 2019 жылғы наурыздағы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасына орай Астана мәслихаты депутаттарының бірауыздан дауыс беруінен кейін Астана қаласы Нұр-Сұлтан деп өзгертілді, сол себептен мәслихаттың атауы да Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты деп ауыстырылды. 2021 жылы мәслихат сайлауы орын алды, бұл мәслихаттар тарихында 31 депутаттың барлығы да партиялық тізім бойынша сайланған тұңғыш сайлау болды. Нәтижесінде 26 орынға ие болған Нұр Отан көпшілік алды, азшылық партиялар қатарында Ақ жол ДП мен ҚХП болды. 2022 жылғы қыркүйекте қала атауы Астана қайта ауыстырылды, нәтижесінде мәслихат атауы да қайта Астана қаласының мәслихаты болды. 2023 жылғы наурызда Қазақстанда кезектен тыс парламент сайлауы орын алды, онымен қатар әр мәслихаттың сайлауы да жүрді. Осы жолы Астана қаласының мәслихатының сайлауы барысында, басқа мәслихаттардағыдай, депутаттың бір жартысы партиялық тізім бойынша, басқа жартысы бірмандатты округ бойынша сайланды. ## Міндеттері Мәслихат ресми сайтының мәліметінше ол шегінде елорданың даму жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, қала бюджетін бекітеді және оның орындалуын бақылайды, жер қатынастарын, әкімшілік-аумақтық орналастыру мәселелерін реттеуді жүзеге асырады, азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Конституциясының, заңдарының номаларын, Қазақстан президентінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін орындауына жәрдемдеседі. ## Құрылымы Астана қаласының мәслихатының 4 тұрақты комиссиясы бар: * бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі; * заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі; * әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі; * құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі комиссиялар. Тұрақты комиссиялар оларды сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемінде бір рет өз қызметтері туралы есеп береді. ## Сайланымдары ## Соңғы сайлауы ## Депутаттар тізімі ## Қосымша ақпарат ## Дереккөздер
Астана қаласының мәслихаты — Қазақстан елордасы Астана қаласының жергілікті бірпалаталы заң шығарушы органы, мәслихат. Мәслихат депутаттары Мәжіліс депутаттарымен қатар сайланады. Қалалық мәслихат депутаттары өз міндеттерін қаланы дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын бекіту арқылы орындайды. ## Сайлау жүйесі Мәслихат пен Мәжіліс депутаттарының сайлануы қатар өтетіндігінен сайлау барысында республикалық маңызы бар қалалардың, яғни Астана, Алматы және Шымкенттің сайлаушыларына төрт бюллетень беріледі. Бюллетеньнің екеуі Мәжіліс депутаттарын; біреуі партиялық тізіммен, басқасы мажоритарлық жүйемен және қалған екеуі дәл сол жүйе арқылы Мәслихат депутатын сайлайды. Мәслихат депутаттарының бір жартысы партиялық тізім бойынша, қалған жартысы бірмандатты округ бойынша сайланады. Сайлауға саяси партиялар да, өзін-өзі ұсынғандар да қатыса алады. Партиялар үміткерлерін ұсынуы үшін аймақтарда тіркелген филиалы болуы керек. Қазақстанның 20 жастан асқан кез келген азаматы мәслихат депутаттығына үміткер бола алады. 2023 жылғы сайлауларға дейін 31 депутаттың барлығы да пропорционалды сайлау жүйесі арқылы сайланатын. ## Тарихы Астана қаласының мәслихаты 1993 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы» заңының қабылдануымен құрылды. Қаланың тұңғыш мәслихат сайлауы 1994 жылғы 10 наурызда орын алды, нәтижесінде оның тұңғыш шақырылымы сайланды. 2021 жылға дейін депутаттар бірмандатты округ бойынша өкілдік етті және Қазақстан Конституциясының 86-бабының 2-тармағының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» 8-бөліміне сәйкес 5 жыл сайын жасырын дауыс беру арқылы сайланатын болды. 2019 жылғы наурыздағы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасына орай Астана мәслихаты депутаттарының бірауыздан дауыс беруінен кейін Астана қаласы Нұр-Сұлтан деп өзгертілді, сол себептен мәслихаттың атауы да Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты деп ауыстырылды. 2021 жылы мәслихат сайлауы орын алды, бұл мәслихаттар тарихында 31 депутаттың барлығы да партиялық тізім бойынша сайланған тұңғыш сайлау болды. Нәтижесінде 26 орынға ие болған Нұр Отан көпшілік алды, азшылық партиялар қатарында Ақ жол ДП мен ҚХП болды. 2022 жылғы қыркүйекте қала атауы Астана қайта ауыстырылды, нәтижесінде мәслихат атауы да қайта Астана қаласының мәслихаты болды. 2023 жылғы наурызда Қазақстанда кезектен тыс парламент сайлауы орын алды, онымен қатар әр мәслихаттың сайлауы да жүрді. Осы жолы Астана қаласының мәслихатының сайлауы барысында, басқа мәслихаттардағыдай, депутаттың бір жартысы партиялық тізім бойынша, басқа жартысы бірмандатты округ бойынша сайланды. ## Міндеттері Мәслихат ресми сайтының мәліметінше ол шегінде елорданың даму жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, қала бюджетін бекітеді және оның орындалуын бақылайды, жер қатынастарын, әкімшілік-аумақтық орналастыру мәселелерін реттеуді жүзеге асырады, азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Конституциясының, заңдарының номаларын, Қазақстан президентінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін орындауына жәрдемдеседі. ## Құрылымы Астана қаласының мәслихатының 4 тұрақты комиссиясы бар: * бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі; * заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі; * әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі; * құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі комиссиялар. Тұрақты комиссиялар оларды сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемінде бір рет өз қызметтері туралы есеп береді. ## Сайланымдары ## Соңғы сайлауы ## Депутаттар тізімі ## Қосымша ақпарат ## Дереккөздер
SDU University (ағылш. SDU University) —1996 жылы 17 желтоқсан күні Алматы қаласында ашылды. SDU – оқу үдерісін халықаралық үлгідегі бағдарламаға сай жүргізетін оқу орны. SDU University материалдық-техникалық базаны нығайтуға, халықаралық серіктестермен байланыс орнатуға және білікті кадрлар даярлауға қабілетті ауқымды білім беру және ғылыми мекемелердің бірі. Университеттің стратегиялық жоспары оны тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда танылған әлемдік беделі бар жетекші жоғары оқу орнына айналдыруды көздейді. Университет 2010-2011 оқу жылынан бастап өз жұмысын заманауи оқу-зерттеу құралдарымен жабдықталған «Smart Campus» қалашығында бастады. Кампустағы білім беру жүйесі 80% - ағылшын, 20%-қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. 14 гектар аумағында орналасқан жаңа оқу ғимараты өзінің 16 анфер лекция залы, 130-ға жуық аудиториясы, арнайы зертханалар, 1 стадион, конференц-зал, медициналық пункт, заманауи оқу құралдарымен, электронды ресурстармен жабдықталған 3 қабатты кітапханасымен білім алушыларға қолайлы жағдай жасайды. Сонымен қатар университет аумағында 4 370 шаршы метрлік SDU Life спорт және мәдениет орталығы қаланды. Орталық ішінде 2 тренажер залы, асхана,  мәдени іс-шараларға арналған алаңдар мен 300 шаршы метрлік акт залы бар. ## Бағдарлама түрлері SDU University бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейінде 4 факультет бойынша бірқатар мамандықтарды ұсынады. Білім беру бағдарламалар саны – 56. Оның ішінде бакалавриат – 28, магистрлік бағдарлама – 21, докторлық – 7 бағдарлама бар. Дамыған тіл мектебі кәсібилігін арттыру мақсатында ағылшын және түрік тілдерін үйренуді қалаушыларға әртүрлі деңгейдегі бағдарламаларын ұсынады. Жалпы айтқанда, Тіл мектебіне барлық қалаушылар қабылданады. IELTS және TOEFL тесттері бойынша да біліктілігі жоғары мұғалімдер көмектесе алады. ## Факультеттер ### Педагогика және гуманитарлық ғылымдары факультеті Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті ұжымының басты мақсаты - терең білімі бар, кәсіптік деңгейі жоғары бүгінгі күннің біліктілік талабына сай педагог мамандар дайындау. Факультет түлектері алыс–жақын шетелдерде тәжірибеден өтіп, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ мемлекеттерінің беделді университеттерінде ғылыми зерттеулермен айналысуда. ### SDU Бизнес мектебі Бизнес мектебі әлемде өзгеріп жатқан экономикалық және саяси мәселелерден үнемі хабардар және студенттерге өз білімдерін сол мәселелер бойынша тәжірибеде қолдануға бірегей мүмкіндіктер беруде. Факультет - бәсекелестікке қабілетті халықаралық үлгідегі жоғары деңгейде білім беру арқылы студенттерін өз қатарластарынан ажыралып тұруына себепші. Факультет білім, ғылыми зерттеу, экономика және менеджмент ғылымында терең білім алу саласында заманауи үстемдік ретінде өсуде. Факультет түлектері – кәсіпкерлік, коммерциялық кәсіпорындарда, қаржылық, сақтандырушылық, банктік, басқарушылық және басқа да шетелдік компанияларда, өкілеттіктерде, бірлескен кәсіпорындарда, әлеуметтік–экономикалық, ұйымдастырушылық – технологиялық, ғылыми – зерттеушілік және инновациялық қызмет түрлерімен айналысатын сан салалы мамандар. ### Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультеті Қоғамның барлық салаларында әрқашан қажеттілік тудыратын мамандықтың бірі – заңгер мамандығы. Құқық пен заңды білумен құқық әлемінде бағдарлану қабілеті өмірге кең көзқарас қалыптастырып, үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Жалпы оқу бағдарламасы келешекте құқықтану бакалавры академиялық дәрежесін алған түлекті ҚР-ның құқық қорғау органдарында, заң шығару органында және сот жүйесінде, нотариат, адвокат мамандықтары бойынша ағылшын және түрік тілдерін терең меңгерген жаңа заман заңгерлерін даярлайды. Жоғарғы курстарда сабақ өткізу үшін Түркия мен Еуропа елдерінің беделді ЖОО профессорлары шақырылады. Оқу процесі заңгерді болашақта заң мамандығын талап ететін кез-келген қызметте жұмыс істей алатын, сонымен қатар құқықтың белгілі бір саласында терең білімі бар, жан-жақты маман ретінде дайындау үшін ұйымдастырылған. ### Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультеті Инженерлік факультет - университеттің бағдарлама әзірлеу бойынша озық зертханасы бар, сапалы білім беру орталығы. Университет қабырғасында ақпараттық технологияларды программалық жабдықтауға арналған ғылыми зерттеу орталығы қызмет етеді. Факультет түлектері Қазақстанға және шетелде танымал. Факультетте халық шаруашылықтың, бизнестің әр алуан салаларында табысты жұмыс істей алатын математика, ақпараттық технологиялар және механика мамандықтары бойынша біліктілігі жоғары мамандарды даярлауда; студенттердің, магистранттар мен PhD докторанттардың оқуына, шығармашылықтарына арналған мүмкіншіліктерді беру, ойдың және жекелік өздігінен жетілуіне жайлы шарттарды жасауда. Мемлекеттік органдарды, түрлі мекемелер мен компанияларды сапалы білімді мамандармен қажеттілігінше толық қамтамасыз ету мақсатымен, сондай-ақ студенттердің сапалы және қажетті білім алуын қанағаттандыру мақсатымен, қазіргі технологиялардың даму динамикасын қадағалайтын икемді бағдарламалар бойынша білім беру қызметтерінің ашық және айқын жүйесін құру; ғылыми, педагогикалық және нақты өндірістік қарым-қатынасты нығайту мақсатымен мемлекеттік ұйымдармен, мекемелермен ынтымақтастықты дамыту – факультеттің басты мақсаты. ## SDU Extension School SDU University және Қазақстан бойынша педагогтердің біліктілігі мен инновацияларын арттыру, ресурстарды қамтамасыз ету және жоғары сапалы, кезеңді және қаржылық тиімді іс-шараларды өткізу. Сонымен қатар, орталық ішкі және сыртқы серіктестердің көмегімен дәстүрлі және онлайн бағдарламаларды жүзеге асыру, семинар-тренинг сарапшылары мен ішкі мүдделі тараптардың тұрақты кері байланысын қамтамасыз ету арқылы мүмкіндіктерді кеңейтеді. SDU оқытушылардың академиялық қажеттіліктерін қанағаттандыратын ресурстар мен кәсіби даму мүмкіндіктерін ұсынады. ## Магистратура және PhD бағдарламалары SDU University магистратура және PhD бағдарламалары халықаралық бағдарламалар негізінде ағылшын тілінде оқытылады. Сабақ кестелері студенттің уақыт талабына қарай түзіледі (кредиттік оқу жүйесі) SDU жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламасы бойынша төмендегідей магистратура мамандықтарын даярлауды іске асыруда. Магистратурада мамандар дайындау екі бағытта жүргізіледі: ғылыми- педагогикалық бағыт және бейіндік бағыт. ## SPT/ISPT олимпиадасы SPT олимпиадасы  - талапкерлерге болашақта мамандық таңдауға көмектесіп, түрлі деңгейдегі грант пен жеңілдік ұтып алу мүмкіндігін береді. ISPT олимпиадасы халықаралық студенттерге арналған. Онда әрбір оқушы таңдаған бағыты бойынша өз білім деңгейін көрсете отырып, SDU-дың 4 жылға жарамды 297 грант немесе жеңілдігіне ие бола алады. ## Әлеуметтік орта SDU студенттерінің өз мүмкіндіктерін академиялық, қоғамдық және әлеуметтік өмірде қалыптастыруға арналған, қызығушылықтарына байланысты әртүрлі 38 студенттік ұйым бар. Университеттің қоғамдық өміріне араласу студенттің көшбасшылық қабілеттерін дамытып, топта бірігіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Студенттік клубтар мен дәстүрлі жыл сайынғы іс-шаралар шығармашылық және интеллектуалды қызығушылықтарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 38 студенттік ұйым, 25 студенттік спорт клубтары, 1000 аса белсенді студент, жылына 80 іс-шара өтеді. ## Жұмысқа орналасу мүмкіндіктері SDU University Қазақстандағы сапалы білім беретін университеттердің бірі. Университет түлектеріне жергілікті компаниялармен қатар халықаралық компаниялар да қызығушылық танытуда. Түлектердің 85%-университетті бітіргеннен соң жұмыспен қамтамасыз етілуі соның айғағы. Университет сапалы кәсіби мамандарды жетілдіріп шығаруда өз күшін салуда ## Халықаралық қатынастар Университетаралық ынтымақтастықтың бірден-бір басты бағыты - білім алушыларға шетелдік жоғары оқу орындарында іс-тәжірибесін өтеуге мүмкіндік беруге және екі диплом алуға бағытталған бірлескен білім бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға барынша көмек көрсету болып табылады. Университеттің халықаралық қатынастар офисінің қызметі - әлемдік білім беру және ғылыми қауымдастыққа ары қарай ықпалдастыру, университеттің имиджін нығайту жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған. Бұл жұмыс шетелдің жетекші университеттерімен ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде, халықаралық білім бағдарламалары мен жобаларды жүзеге асыру, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметтерін жүзеге асыру, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, оқытушы мамандармен өзара алмасу және студенттердің білімін дамыту бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады. Университет 60-тан астам білім-мекемелер, халықаралық ұйымдар және университеттермен серіктестік қатынас орнатқан. SDU келісім негізінде АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария, Оңтүстік Корея, Қытай, және Пакистан елдерінің серіктестерімен, сондай-ақ ТМД (Ресей, Армения, Азербайжан және Қырғызстан) университеттерімен тұрақты және перспективті байланыс орнатты. SDU University даму стратегиясы жаһандық кеңістікті дамыту қажеттілігін, соның ішінде республикадан тыс жерлерде бақшаны тану қажеттілігін қамтиды. Дүние жүзіндегі жетекші жоғары оқу орындарымен мұндай ынтымақтастық әлемдік мәдениетке баулуға ықпал етеді, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстардың үздік тәжірибелерін қолданудың нақты мүмкіндіктерін ашады, халықаралық деңгейдегі болашақ мамандарды даярлау бағдарламаларын, соның ішінде Америка, Азия және Еуропа университеттерінің студенттерімен алмасу шеңберінде іске асырады. ## Сыртқы сілтемелер * Сулейман Демирел атындағы Университетінің ресми торабы Мұрағатталған 29 қаңтардың 2012 жылы. * bil.edu.kz Мұрағатталған 19 мамырдың 2022 жылы. — «Білім-Инновация» қоғамдық қорының ресми сайты.
Шеренте — Орталық Бразилиядағы үндістер тобы. Гояс штатының солтүстігіндегі Токантиния қаласына жақын 4 ауылда тұрады. Саны 700-ге жуық адам. ## Дереккөздер
Хакару — Перунің таулы аймақтарында тұратын үндіс халқы. ## Дереккөздер
Тукуна (тикуна) — Бразилиядағы (Иса өзенінің төменгі ағысында) және Перу мен Колумбияның көршілес аудандарындағы үндіс халқы. Бразилияда халық саны 5 мыңға жуық, Перуде 8-10 мың адам, Колумбияда 1 мың адам. ## Дереккөздер
Екуана — Оңтүстік Америкада тұратын үндіс халқы. ## Дереккөздер
Екуана — Оңтүстік Америкада тұратын үндіс халқы. ## Дереккөздер
Тлапанектер — Мексикада тұратын үндіс халқы. Атаулары бұрынғы бас қаласы Тлапанға байланысты болып отыр. ## Дереккөздер
Танаина — Америкадағы Аляска штатында тұратын үндіс халқы. ## Дереккөздер
Шауни (шауануа) — АҚШ-тағы (негізінен Оклахома штатында) алгонкин тобына жататын үндіс халқы. Саны 3 мыңға жуық адамды құрайды. ## Дереккөздер
Шайендер (дзи-тсис-тас) — Америка Құрама Штаттарындағы алгонкин тобындағы үндіс халқы. Олар солтүстік (Монтана, 4,5 мың адам) және оңтүстік (Оклахома, 7 мың адам) шайендер болып бөлінеді. ## Дереккөздер
Шошондар (ны­вы, ны­мы) — АҚШ-тағы шошон тобындағы үндіс халықтары. Батыс шошондар (5,8 мың адам – 2010 жылғы санақ, Юта штатындағы 18 резервация), солтүстік шошондар (Форт Холл қорығы 5,3 мың адам) және шығыс шошондар (Wind River қорығы 2,8 мың адам) болып бөлінеді. ## Дереккөздер
Тохолабальдар — Майя құрамына кіретін үндіс халқы. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының Оңтүстік Кореядағы Бас консулдығы, Пусан — Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы дипломатиялық миссиясы. Бас консульдық Корея қаласы Пусан қаласында орналасқан. ## Тарихы 1992 жылғы 28 қаңтарда дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1993 жылы Корея Республикасының Қазақстандағы Елшілігі ашылды. 1996 жылы Қазақстандың Корея Республикасындағы Елшілігі ашылды. 2020 жылдан мамырдан бастап Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі Ку Хонг Сок. 2021 жылғы 23 тамыз: Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапарына орай Пусанда Қазақстанның Бас консулдығын құру туралы Заңға қол қойды.  2022 жылғы 12 мамырда Қазақстанның Пусандағы Бас консулдығының ресми ашылуы өтті ## Байланыс ## Дереккөздер
Джоэл Дэвид Коэн (ағылш. Joel David Coen; 29 қараша 1954) және Итан Джесси Коэн (ағылш. Ethan Jesse Coen; 21 қыркүйек 1957) — американдық кинорежиссёрлер, сценарийшілер және кинопродюсерлер. Голливудтың ең маңызды сценарийшілер қатарында.Төрт «Оскар» (1997, 2008 — үш рет) екі «BAFTA» (1997, 2008) және «Алтын глобус» (2008) сыйлықтарының иегерлері. «Қарттарға орын жоқ», «Фарго», «Үлкен Лебовски» сияқты жұмыстармен кеңінен танымал. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Джоэл Коэн (ағыл.) Internet Movie Database сайтында * Итан Коэн (ағыл.) Internet Movie Database сайтында
Чол (чоль) — Мексикадағы майя халықтарының бірі (Чьяпас штатының солтүстігінде және Табаско штатының шекаралас аудандарында). Саны 100 мың адам. ## Дереккөздер
Чинантектер — Мексикадағы үндіс халқы (Оахаканың солтүстігіндегі Чинантла аймағы). Саны 75 мың адам. ## Дереккөздер
Цельтальдар — Мексикада тұратын үндіс халқы. ## Дереккөздер
Хуастектер — Майялардан тарайтын үндіс халқы. ## Дереккөздер
Тепеуа — Мексикада тұратын үндіс халқы. ## Дереккөздер
Успантектер — Гватемалада тұратын үндіс халқы. Майялардан тарайды. ## Дереккөздер
Хакальтектер — Гватемалада тұратын үндіс халқы. Майялардан тарайды. ## Дереккөздер
Пурепеча — Мексикадағы үндіс халқы. Басқа мексикалықтар оларды тараско деп атайды. ## Дереккөздер
Масауа — Мексиканың оңтүстігіндегі үндіс халқы. Олар Мексика штатының солтүстік-батысындағы таулы аймақтарда және Мичоакан штатының шығысында (Ситакуаро және Сусупуато муниципалитеттері), Мехико федералды округінде, сондай-ақ Та­мау­ли­пас, Ке­ре­та­ро, Гуа­нахуа­то және Чиуа­уа штаттарында тұрады.Саны 140 мың адам, оның ішінде Мичоаканда шамамен 20 мыңнан (2000, санақ), 200 мың адамға дейін. (Үндіс тілдері институтының мәліметі бойынша, 2005 ж.).3 мыңға жуық адам АҚШ-та (Калифорния) тұрады. ## Тілі Негізгі тілі - масахуа тілі, бірақ испан тілінде де сөйлейді. ## Діні Сенушілер негізінен католиктер, протестанттарда бар. ## Кәсібі Дәстүрлі кәсіптері - қолмен атқарылатын егіншілік (жүгері, бұршақ, асқабақ, бұрыш, агава), 19 ғасырдан бастап соқа мен кетмен суармалы және жаңбырлы егіншілікке (бидай, темекі, кофе, арпа) ауыстырылды. Асыл тұқымды қойлар (жүн үшін), ешкі, шошқа (сату үшін), қашыр, бұқа, тауық, күркетауық өсіріледі. Аң аулау (қоян, бұғы), шаян аулау, жинау (жабайы агава жапырақтары, қоңыз дернәсілдері) қосалқы рөл атқарады.Қолөнерден – керамика, өрнекті өру (тік қол станогында), тері өңдеу, сабан және агава талшықтарынан өру (кілемшелер, бас киімдер, арқандар, торлар) дамыған. Ауыл шаруашылығында және қалаларда жалдамалы жұмыс істейді. ## Тұрмыс салты Дәстүрлі отбасы үлкен патриархалдық, жергілікті патрилиндік топтар болған, қазіргі отбасы шағын. Неке патрилокальды немесе неолокальды. Әйелі үшін төлем төленді. Елді мекендері Мексиканың үндістеріне тән. Тұрғын үй бір және екі бөлмелі ағаштан жасалған, төбесі сабанмен немесе тақтайшамен жабылған, қасбетінің алдында веранда мен тіректер бар. Үй ішінде астық қоймасы, үйдің жанында жүгері кептіруге арналған биік торлы сарайлар, бу моншалары бар. Ерлер киімі негізінен жалпы мексикалық үлгіде, домалақ жағалы, көбінесе кесте тігілетін үй көйлекімен, өрнекті белбеулі ақ шалбармен, жүннен тоқылған сераппен, ою-өрнегі бар тоқылған немесе өрілген сөмкемен, сандалдармен, сабан қалпақпен ерекшеленеді.Әйелдер түрлі-түсті кестелері бар қысқа жеңді ақ көйлек, ұзын белдемше (кейде ұзындығы 5 м-ге дейін мата, түрлі-түсті белдемшемен) немесе бірнеше юбка, ою-өрнекпен тоқылған сөмкелер. ## Дереккөздер
Цельтальдар — Мексикада тұратын үндіс халқы. ## Дереккөздер
Хайда — Солтүстік Америкада тұратын үндіс халқы. ## Дереккөздер
Абдулхафиз Марахимұлы Жалалов (өзб. Abdulhafiz Marahimovich Jalolov) — кеңестік және өзбекстандық мемлекеттік, саяси, партиялық және ғылым қайраткері, философия ғылымдарының докторы. 2000 жылғы президенттік сайлауда ресми түрде 4,17% дауыс алған Ислам Кәрімовтың жалғыз қарсыласы ретінде белгілі. ## Өмірбаяны 1947 жылы Наманған облысы, Янгиқорған ауданы, Бірлашган ауылында дәрігердің отбасында дүниеге келген. 1964 жылы сол ауылдағы 14 орта мектепті бітірген. 1969 жылы Ташкент мемлекеттік университетін философия мамандығы бойынша бітірген. 1969—1971 жылдары Термез қаласындағы шекара заставасы бастығының орынбасары болып Шекара әскерлері қатарында мерзімді әскери қызметте болды. ### Акдемиялық жұмысы 1971—1972 жылдары Ташкент мемлекеттік университетінің философия кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді. 1972-1977 жылдары - Өзбек КСР ҒА Философия және құқық институтының ғылыми қызметкері. 1976 жылы «Гегель және Шығыс халықтарының философиялық ойы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1977—1981 жылдары - Өзбекстан мемлекеттік дене шынықтыру институтының философия кафедрасының меңгерушісі. 1981—1992 жылдары Ташкент мемлекеттік университеті жанындағы Біліктілікті арттыру институтында философия кафедрасының доценті, директордың ғылым жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 1992 жылы «Адамның жан-жақты дамуы және қоғамды ізгілендіру мәселелері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Біраз уақыт Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Әлемдік мәселелер институтының бөлім меңгерушісі болды. 1993—2001 жылдары Өзбекстан Ғылым академиясының Философия және құқық институтын басқарды. ### Саяси жұмыстары 1986—1991 жылдары Өзбекстан Компартиясы Орталық Комитетінің оқытушысы, лекторийлер тобының меңгерушісі, идеологиялық бөлім меңгерушісінің орынбасары болды. 1991 жылы Өзбекстан Халықтық Демократиялық партиясы құрылғаннан бері партияның орталық кеңесінің бөлім меңгерушісі. 1994 жылы тамызда ХДП орталық кеңесінің бірінші хатшысы болып сайланды, 1999 жылы қазанда қайта сайланды. 2003 жылы 27 желтоқсанда ол қызметінен босатылды. 1994 жылы желтоқсанда Олий Мәжіліс депутаты болып сайланды. Ол парламенттегі ХДП фракциясының төрағасы болды. 2000 жылғы президенттік сайлауда ол қазіргі президент Ислам Каримовтан жеңіліп қалды. Ресми деректер бойынша Жалалов 4,17% дауыс жинаған. 2019 жылдың 29 шілдесінде Янгиқорғанда қайтыс болды. Туып-өскен Бірлашган ауылында жерленген. Үйленген, 4 баласы бар. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Абдулхафиз Марахимұлы Жалалов (карточка) * Өзбекстан президенттігіне бұрынғы үміткер Абдулхафиз Жалолов қайтыс болды Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2019 жылы. * 2000 жылы президенттік сайлауда Ислам Кәрімовпен бәсекеге түскен Абдулхафиз Жалолов қайтыс болды.
2023 жылғы 19 наурызда Қазақстанда кезектен тыс парламент сайлауы орын алды. Сайлау барысында Мәжіліс депутаттарымен қатар елдегі барлық мәслихаттардың, соның ішінде Астана қалалық мәслихатының депутаттары сайланды. Сайлау нәтижесінде елорда мәслихатының VIII сайланымы құрылды да, өз жұмысын бастады. Астана қаласының 788 931 сайлаушысы бар, бұл сайлауда олардың 332 694 (42,17%) ғана дауыс берді. Дауыс бергендердің көпшілігі (68,32%) Аманат партиясына дауыс берді, нәтижесінде партия 12 мандатқа ие болды. Мәслихатта өкілеттікке қол жеткізген басқа тағы үш партия болды: 3 мандаты бар Ақ жол ДП пен бір-бір мандаттан алған ҚХП мен Байтақ. ## Алғышарттары 2023 жылғы сайлауға дейін 31 депутаттың барлығы да пропорционалды сайлау жүйесі арқылы сайланатын. Бұл жолмен 2021 жылғы мәслихат сайлау өткен еді. 2023 жылғы наурызда Қазақстанда кезектен тыс парламент сайлауы орын алды, онымен қатар әр мәслихаттың сайлануы да жүрді. Осы жолы Астана қаласының мәслихатының сайлауы барысында, басқа мәслихаттардағыдай, депутаттың бір жартысы партиялық тізім бойынша, басқа жартысы бірмандатты округ бойынша сайланды. ## Сайлау жүйесі Бұл сайлау — депутаттың бір жартысы партиялық тізім бойынша, қалған жартысы бірмандатты округ бойынша сайлайтын жүйе арқылы өткен тұңғыш мәслихаттық сайлау. Бұл жаңа жүйе арқылы енді сайлауға саяси партиялар да, өзін-өзі ұсынғандар да қатыса алады. ## Нәтижелері Тағы қараңыз: Астана қалалық мәслихаты 8-сайланымының депутаттары ### Депутаттар тізімі Сайлау нәтижесінде 34 депутат сайланды. Олардың 19 жаңадан сайланса, қалғаны қайта сайланып, өз депутаттығын жалғастыра берді. Бірмандаттық округ арқылы тәуелсіз сайланғандардың барлығы да Аманат партиясының мүшесі және сол себептен 34 депутаттың 29 бір партиядан. VIII сайланым депутаттарының арасында 25 ер адам, 9 әйел бар, барлығының орташа жасы — 44. Сайланғандар қатарында бірнеше белгілі тұлға болды, соның ішінде футболшы Давид Григорьевич Лория мен шоу-бизнес өкілі Ләйлә Сұлтанқызы Сеңгірбекованы атап кетуге болады. Партиялық тізім бойынша сайланғандар Бірмандатты округ бойынша сайланғандар ## Қосымша ақпарат ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Астана қаласының мәслихаты * Астана қалалық мәслихаты 8-сайланымының депутаттары
Мандандар — Американың Солтүстік Дакота штатында тұратын үндіс халқы. ## Дереккөздер
Қаламқас Асқарқызы (12 наурыз 1994 жыл) — қазақстандық жазушы, дәрігер, балалар психологі, реабилитолог. Ерекше балаларды педагогикалық түзеп, балалардың ой-танымын тұрақтандырумен айналысады. ## Фактілер Тұрмыста. “Ерекше” ерекше балаларды педагогикалық түзету-оңалту орталығының негізін қалаушы, клиникалық балалар психологі, реабилитолог. “Аутизм” проектісінің зерттеушісі. «Ерекше Баланың ой-танымын қалыптастыру» - кітабының авторы. ## Марапаттары * Қасым-Жомарт Кемелұлының алғыс хатының иегері. * "Ел Жанашыры" “Намыс” төсбелгісі иегері. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Қаламқас Асқарқызы: «Ерекше балаларға көмектесу парызымыз!»