text
stringlengths
3
252k
Сақтағанов Сайын (1942 ж. т., Түрікменстан, Ташховуз облысы) – педагог, оқу ісінің үздігі. Чарджоу қаласыдағы Түрікмен мемлекеттік педогогикалық институтын математика-физика мамандығы бойынша бітірген (1963). 1968 – 77 ж.Бейнеу ауданы Сам орта мектебінде оқытушы, оқу ісінің меңгерушісі, 1977 – 82 ж. мектеп директоры, 1982 – 2003 ж. М.Бегенов атындағы орта мектептің директоры болды. Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағының иегері. ## Дереккөздер
Салманов Өтеген Әжібайұлы (1934, Маңғыстау ауданы, Шебір ауылы – 1995) – ауыл шаруашылығы саласының маманы. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университетті) бітірген (1957). 1957 – 73 ж. бас зоотехник, басқарма бастығы, кеңшар директоры, 1973 – 95 ж. Маңғыстау облысы асылтұқымды мал шаруашылығының мекемесінде бас директор болды. «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» медалімен (1970), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, ҚР Ауыл шаруашылық минстірінің Құрмет грамотасымен марапатталған. ## Дереккөздер
Сағындықұлы Зәкәрия (1890 – 1933) – жыршы, ақын. Жасынан іскер, шаруашылықты жүргізе білетін қабілетті, дәулетті адам болған. Жаламен 1928 ж. ұсталып, әуелі Ойыл, одан кейін Әулие ата (қазіргі Тараз) қаласындағы түрмеде қамауда болады. Ескіше хат таныған сауатты, Сағындықұлы өлең шығарумен ғана шектелмей, жыршы-домбырашы, жан-жақты өнерпаз адам болған. Атбегілікпен және құсбегілікпен де айналысқан. Сағындықұлының «Қапаста жазылған хаттар», «Зәкәрияның ұстауда жүргенде шығарған сөзі», «Зәкәрияның зындандағы зары», т.б. толғаулары сақталған. "Жеке меншікті көксейтін қоғамға зиянды адам" деген жаламен 1928 - 30 жылдары. Ойыл түрмесінде отырып, 1930 жылы он жылға концлагерге айдалады. Бірақ, түрмеден қашып, Қоңырат каласында дүние салады. "Адамзаттың баласы", "Құдіреті күшті Құдайым", "Адай деген ел едік", "Колденең жатқан Маңғыстау", "Шатылу бүгін емес, бұрыннан бар", тағы басқа жырлары бар. Зәкәрия толғаулары мерзімді баспасөз беттерінде және "Қапаста жазылған хаттар" (97, 1992), "Жырдария" (Актау, 1995) жинақтарында жарияланған.Әдебиет: Сыдиықұлы, Халқымен қайта табысқандар. 1997. ## Дереккөздер
Сақтағанов Зұлхарнай (1919, Форт-Шевченко қаласы – 1989) – теміржолшы, еңбек ардагері. 1965 – 89 ж. Шетпе темір жол станциясында теміржолшы болды. Еңбек Қызыл Ту, Қызыл жұлдыз, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған. «Құрметті теміржолшы» атағының иегері. ## Дереккөздер
Саймағанбетов Дила (1914, Маңғыстау ауданы, Иірдің ойы – 1995) – педагог, соғыс ардагері. Астрахан қаласына оқуға жіберіліп, оқуды бітірісімен, Шағала елді мекеніндегі ересектердің сауатын ашу жұмысымен шұғылданған. 1954 жылға дейін Шетпе, Оңды, Жармыш, Үштаған, Ақтөбе мектептерінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директор қызметтерін атқарды. 1956 ж. Үштаған ауылында көлемі 10 га бау-бақша паркін жасақтауды ұйымдастырды. Саймағанбетов өз қолымен 14 түрлі жеміс ағаштарын өсірген. Қазір бұл бақ «Дила бағы» деп аталады. Қазақстан «Халық ағарту ісінің озаты» деген құрметті атақтың иегері. «Ерлігі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен, КСРО және Қазақ КСР-і Оқу мин-нің Құрмет грамоталарымен марапатталған. ## Дереккөздер
Сағымбаев Әнуар Әлімжанұлы (1972 ж. т., Ақтөбе қаласы) – ғалым, медицина ғылымының кандидаты (2002). ## Білімі Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (Батыс Қазақстан медицина академиясы) бітірген (1995). ## Еңбек жолы Маңғыстау облыстық ауруханасында дәрігер-уролог (1995), 1996 – 99 ж. Қазақ Тағамтану академиясының аспиранты болды. 2002 – 03 ж. Ақтауда «Мейірбике» медицина колледжінде директордың орынбасары, 2003 – 05 ж. ҚР денсаулық министрлігінің медицина қызметін талдау және болжау ұлттық ортаның директоры, 2005 жылдан ҚР Денсаулық сақтау мин-нің мед. қызмет саласын бақылау к-тінің, Маңғыстау облысы басқармасының бастығы. Аурухана менеджменті бойынша Германияда білім алған (2006). ## Ғылыми жұмыстары Негізгі ғыл. жұмысының бағыты созылмалы пиелонефритпен ауыратын науқастар үшін арнайы тағам өнімдерін дайындауға арналған. ## Марапаттары ҚР «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған (2007). ## Дереккөздер
Сағындықов Өмір (1938 ж. т., Маңғыстау ауданы, Ұланақ қонысы) – инженер-механик, педагог. 1959 жылдан Маңғыстау аудандық ғ5 кәсіптік-техникалық мектепте өндірістік оқу мастері, оқытушы, директордың орынбасары, директор қызметтерін атқарған. «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, «Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің үздігі» белгісімен марапатталған. ## Дереккөздер
Сағызбаев Теңізбай (1922 ж. т., Маңғыстау ауданы, Оңды ауылы) – еңбек ардагері, шопан. 1937 жылдан бастап бақташы болған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1-дәрежелі «Отан соғысы» (1985) орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. ## Дереккөздер
Сағымбайұлы Нәсірқұл (1892, Маңғыстау ауданы, Сұрмешіт қыстауы – 1968) – халық емшісі. Ауыл молдасынан оқып сауатын ашқан. 1939 – 46 ж. Таушықтағы ғ7 шахтадағы забойда алдыңғы қатарлы көмір қазушы болып, стахановшы атағын алған жұмысшы. Сонымен қатар Сағымбайұлы ел арасында түрлі ауруларды емдеп, емшілік қасиетімен құрметке бөленген. ## Дереккөздер
Үсен Дүсікбайұлы Сағымбаев (1909, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Қурайлы ауылы – 1983, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Ақтөбе ауылы ) – заң қызметкері. ## Білімі Қостанай қаласындағы жұмысшы-шаруа милиция мектебін (1932), Алматы жоғары заң мектебін (1939) бітірген. ## Еңбек жолы 1932 – 37 ж. Байғанин ауданында ішкі істер бөлімінде телімдік милиционер, 1939 – 42 ж. Гурьев (қазіргі Атырау) облысы Жылыой аудандық соты, 1942 – 69 ж. Маңғыстау аудандық соты қызметтерін атқарған. ## Дереккөздер
Сағымбаев Әлімжан Үсенұлы (18.09.1943 ж. Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Таушық ауылында т.) – дәрігер, медицина ғылымының кандидаты (1974). ## Білімі Ақтөбе медицина институтын (қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясы) бітірген (1966). ## Еңбек жолы 1976 – 83 ж. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1983 – 85 ж. облысы аурухананың бас дәрігері, 1992– 97 ж. медицина училищесінің Ақтау бөлімшесінің, 1997 жылдан «Мейірбике» медицина колледжінің директоры. ## Ғылыми еңбектері Алматы қаласындағы Химия ғылымдары институтының ғалымдарымен бірлесіп жаңа дәрі шығарғаны үшін КСРО Мин. Кеңесінің авторлық куәлігін алған. ## Марапаттары «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. ## Дереккөздер
Сабытаев Біләл (1916, Маңғыстау ауданы, Тиген ауылы – 1993) – соғыс ардагері. 40 жылдан астам уақыт облыстық ұжымшар, кеңшарларда құрылысшы болған. 1-дәрежелі Отан соғысы ордені және «Соғыстағы ерлігі үшін» медалімен марапатталған. ## Дереккөздер
Рысбаева Меруерт (1927 ж. т.) – еңбек ардагері, шопан. «Куйбышев», «Комсомол» кеңшарларында көмекші шопан болып еңбек еткен. «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970), «Еңбек ардагері» (1982) медальдарымен марапатталған. ## Дереккөздер
Сабырбаев Айжарық (1951 ж. т., Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылы) – еңбек ардагері. Маңғыстау өңірінде К-701 тракторын алғаш жүргізгендердің бірі. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған (1981). ## Дереккөздер
Сабыров Сармағамбетұлы (Дүйсенұлы) Базарбай (1950 ж. т., Өзбекстан, Шоманай ауданы, Майлыөзек ауылы) – жыршы, жырау. 13 жасынан бастап жыр додасына түскен. Бесқала өңіріндегі Жарқынбек, Дүзмағанбет, Сүгір, Наурызбек, Алдаберген, Жолжан мен Рейім жыраулардан орындаушылық мәнерді үйренген. Маңғыстау өңірінен 1966 ж. Алматы қаласында өткен жыраулар конференциясына қатысқан. Байұлы тайпасы Адай руы Құнанорыс бөлімінен шыққан. ## Дереккөздер
Павел Николаевич Киреенко (14 маусым 1994 жыл, Санкт-Петербург) — ресейлік футболшы, қорғаушы. ## Жүлделері * Ресей 2 дивизионының жеңімпазы: 2016/17 * Қазақстан кубогы: 2023 ## Дереккөздер
Павел Николаевич Киреенко (14 маусым 1994 жыл, Санкт-Петербург) — ресейлік футболшы, қорғаушы. ## Жүлделері * Ресей 2 дивизионының жеңімпазы: 2016/17 * Қазақстан кубогы: 2023 ## Дереккөздер
Рысбаев Әбдікерім (1926 ж. т., Форт-Шевченко қаласы) – соғыс ардагері, педагог. Орал педоггогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша бітірген (1960). 1943 – 48 ж. Маяк, Тельман атындағы мектептерде мұғалім, 1948 – 50 ж. Шевченко аудандық оқу бөлімінде мектеп инспекторы, 1950 – 55 ж. Сенек мектебінің директоры, 1955 – 96 ж. Құлалы, Түбіжік, В.И. Ленин атындағы, Қарақия аудандық орта мектептерінде мұғалім, оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі, директор қызметтерін атқарған. «Еңбектегі ерлігі үшін» (1946), «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970) медальдарымен, «Соғыс ардагері» белгісімен марапатталған. ## Дереккөздер
Сағымбаев Асқар Әлімжанұлы (1968 ж. т., Ақтау қаласы) – ғалым, медицина ғылымдарының докторы (2007). ## Білімі Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясы) бітірген (1991). ## Еңбек жолы 1991 – 98 ж. Маңғыстау облыстық ауруханасында дәрігер, анестезиолог-реаниматологы болды. 2002 жылдан Маңғыстау облыстық ауруханасының операциялық блок меңгерушісі болып жұмыс ісейді. ## Ғылыми жұмыстары Сағымбаевтың ғылыми жұмысының бағыты эндоск., урологиялық операцияларда қолданылатын әр түрлі жансыздандыруды салыстырмалы бағалауды зерттеуге және жедел ми қан айналымы бұзылған ауыр жағдайдағы ауруларға нейромониторинг және қарқынды емдеу жүргізуді жетілдіру мәселелеріне арналған. ## Дереккөздер
Рзаханұлы Амангелді - (1953 ж. т., Маңғыстау ауданы, Жармыш ауылы) – дәрігер. ҚР «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (1991). Ақтөбе медицина институтын (қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясы) бітірген (1976). 1976 – 79 ж. Маңғыстау аудандық ауруханасында хирург, Жаңаөзен қаласында хирург-уролог, 1979 – 2000 ж. Жармыш дәрігерлік емханасының бас дәрігері, 2000 жылдан Е.Оразақов атындағы «Облыстық туберкулезге қарсы емдеу шипажайының» бас дәрігері қызметін атқарып келеді. ## Дереккөздер
Рзаев Жеткізген (1936 – 1997) – педагог, Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» (1979). Бұрынғы Гурьев педогогикалық институтын бітірген (1959). 1959 – 62 ж. Сам орта мектебінің директоры, 1962 – 74 ж. Тұрыш мектебінде мұғалім, Амангелді мектебінің директоры, 1974 – 80 ж. Бейнеу аудандық білім бөлімінің меңгерушісі, 1980 – 83 ж. Бейнеу аудандық партия комитетінде үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, 1983 – 91 ж. Абай орта мектебінің директоры, 1991 – 94 ж. Бейнеу кенттік кеңесінің төрағасы, 1994 – 96 ж. ауданы тіл жөніндегі басқарма бастығы, 1996 – 97 ж. ауданы білім беру бөлімінде әдіскер. «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл» (1970) медалімен марапатталған. ## Дереккөздер
Панабекова Сұлупан - (1938 ж. т., Ақтөбе облысы Шалқар ауданы) – педагог, Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» (1977), КСРО «Оқу-ағарту саласының үздігі» (1982), аға мұғалім (1988). Орал педагогикалық институтын бітірген (1962). Еңбек жолын 1962 ж. С.Жанғабылов атындағы орта мектепте мұғалім болудан бастаған Панабекова зейнеткерлікке шыққанша ұстаздық қызмет атқарған. «Еңбектегі ерлігі үшін» (1971) медалімен, бірнеше Құрмет грамоталарымен марапатталған. ## Дереккөздер
Римаренко Михаил Павлович (1939 ж. т., Ресей, Курск облысы, Михайловск селосы) – жұмысшы. Каспий аймақтық кен-металлургия комбинатының, химия-металлургия зауытының байыту фабрикасында жұмысшы, аппаратшы, технолог, ауысым бригадирі болып еңбек етіп келеді. Ленин орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Рзаханов Асқар Киікбайұлы (1961 жылы туған, Маңғыстау ауданы) – инженер-механик, заңгерлік Қазақ политехникалық институтын (қазіргі ҚазҰТУ) (1984) және Орта Азия университетін (2001) бітірген. 1984–1987 жылдары Маңғышлақ барлау-бұрғылау басқармасы комсомол комитетінің хатшысы, 1987–1988 жылдары Мұнайлы аудандық комсомол комитетінің 1-хатшысы, 1988–1990 жылдары Атырау облыстық Ембі аудандық комсомол комитетінің 1-хатшысы, 1990–1991 жылдары Маңғыстау облысы комсомол к-тінің 1-хатшысы, 1992–1995 жылдары Маңғыстау облысының Жастар мәселесі жөніндегі комитетінің төрағасы, 1995–1997 жылдары Маңғыстау аймақтық баға және монополияға қарсы саясат комитеті төрағасының орынбасары, 1997–2002 жылдары Маңғыстау облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы болды. 2002 жылдан Маңғыстау облыстық ішкі саясат департаментінің директоры. «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «ҚР Конституциясына 10 жыл» (2005), «Ерен еңбегі үшін» (2007) медальдарының иегері. ## Дереккөздер
Рзаханов Биқас - (1924, Маңғыстау ауданы Ауыздыбас ауылы – 1979) – педагог, соғыс ардагері. 1946 – 79 ж. Маңғыстау аудандық орта мектептерінде директорлық қызмет атқарған. Қызыл жұлдыз, 3-дәрежелі Даңқ, Октябрь революциясы ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер
Өтешов Тасқара Қаратайұлы (1932 жылы туған, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы - 2016 жылы қараша айында қайтыс болды. Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы) – емші, Қазақстанның халық емшісі. (1997 ж.) Мыңкісі әулиенің ұрпағы. Он алты жасынан бойына сынық салу, құмалақ ашу қасиеті дарыған. Қатты қиналып, ауырған адамдарға қол ұшын беретін, алақаны шипалы емші. Ол сынықшы, емші ретінде халық арасына кеңінен танымал. ## Дереккөздер
Өтесінов Бұқар (1925 ж. т., Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылы) – соғыс және еңбек ардагері. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін Маңғыстау ауданының әр түрлі шаруашылық салаларында, сауда жұмыстарында қызмет еткен. 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Өтемағанбетов Мүслетдин (1917, Ақтөбе облысы Ойыл ауданы – 1966, Алматы) – ғалым, география ғылым кандидаты, доцент (1956). Душанбе педогогикалық институтын бітірген (1940). 1944 – 46 ж. Абай атындағы педогогикалық институтың (қазіргі ҚазҰПУ) оқытушысы, география факультетінің деканы, физика-география кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. География ғылымының ландшафтану, әр өңірге орай ауа райы жүйесі, Қазақстан геоморфологиясы саласындағы көрнекті ғалым болды. Қазақстан географиялық қоғамын ұйымдастырушылардың бірі. 1959 ж. Киев қаласында өткен КСРО география қоғамының 3-съезіне Орта Азия республикалары мен Қазақстан атынан қатысқан. «Қазақстанның физикалық географиясы» оқулығының, «Қазақстанның климаты» (Л., 1959), «Физикалық география терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі» (А., 1959), «Қазақстанның физикалық-географиялық аймақтары» (Таш., 1965), «Қазақстан» (М., 1969), т.б. еңбектердің авторы. ## Дереккөздер
Өтегенұлы Ақмұхан (1895, Бозащы түбегі – 1967, Шетпе ауылы) – белгілі атбегі. 1957 – 61 ж. екі Қаратөбел аты облыстық, республика көлемінде бәйгеге қосылып, жүлделі орындарды иеленіп отырған. Өтегенұлының екі Қаратөбел аты да Қызыл таң ұжымшарындағы жылқы үйірінен болған. Үлкен Қаратөбел 1962 ж. Маңғыстау ауданы атынан қазақтың биші қызы Ш.Жиенқұловаға сыйға тартылды. ## Дереккөздер
Алпанов Мұрат Алдажанұлы (1951 ж. т., Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылы) – мұнайшы. 1972 – 87 ж. мұнай барлау мекемесінде слесарь, көлік жүргізушісі, бұрғышының көмекшісі, оператор болды. 1995 жылдан «Қаражанбасмұнай» мекемесінде Мұнай өндіру цехының аға-операторы. «Құрмет белгісі» орденімен (2001), мерекелік медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Аманиязов Қанат (1938, Маңғыстау ауданы, Оңды ауылы – 2002, сонда) – журналист, ҚазМУ-ды бітірген (1971). Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. 1971 – 72 ж. Маңғыстау ауданы, ішкі істер бөлімінде жауапты қызметкер, 1977 – 90 ж. «Коммунистік жол» газетінің Бейнеу ауданындағы меншікті тілшісі, автоклуб меңгерушісі, 1990 – 94 ж. Маңғыстау ауданы Оңды ауылында кеңес төрағасы бастығы болды. ## Дереккөздер
Амандықов Шоқай (1924 ж. т., Маңғыстау ауданы Ортаеспе ауылы – 2002) – партия, кеңес қызметкері. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1945 – 49 ж. аудан партия комитетінде хатшының көмекшісі, нұсқаушы, бөлім бастығы, 1949 – 58 ж. «Сталин жолы» газетінің редакторы, 1958 – 61 ж. Октябрьдің 40 жылдығы ұжымшарының төрағасы, 1967 – 82 ж. облысты қамтитын ауданаралық дайындау кеңесінің директоры болды. 2 мәрте «Даңқ» орденімен, «Ерлігі үшін», т.б. жауынгерлік медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Алмұратов Жолдас (т.ж.б., қазіргі Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылы) – соғыс және еңбек ардагері. Ауыл шаруашылық саласында еңбек еткен. Қызыл жұлдыз орденімен, «Ерлігі үшін», «Сталинград үшін шайқас», «Ленинградты қорғағаны үшін», т.б. мерекелік медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Албытов Жейенай (1954 ж. т., Ақтөбе қаласы) – экономист. Қарағанды кооператив институтын бітірген (1977). 1977 – 83 ж. Ақтөбе облысы Қобда ауданы Ерназар ауылдық тұтынушылар қоғамы басқармасының төрағасы, Геология мин-не қарасты жұмысшылар бөлімінің инспекторы, Ақтөбе облысы тұтынушылар қоғамы шикізат дайындау базасында тауартанушы, Ақтөбе қаласы кооперативтік саудасында директор, 1983 – 94 ж. Маңғыстау облысы қаржы бөлімінде бөлімше бастығының орынбасары, Мұнайлы ауданы қаржы бөлімінің бастығы, «Комсомолмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасының жұмысшыларды жабдықтау бөлім бастығы, 1994 – 2006 ж. Ақтау қаласы Салық инспекциясының бастығы, Маңғыстау облысы салық комитеті бастығының орынбасары болды. 2006 жылдан Маңғыстау ауданының әкімі. ## Дереккөздер
Ақшабаев Халық Алғалиұлы (1956 ж. т., Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Атакент кенті) – мұнайшы. 1994 ж. АқтМУ-ды бітірген. 1973 – 74 ж. Жетібайдағы «Геофизика» мекемесінде жұмысшы, «Мұнайгазбарлау» мекемесінде мастер, бұрғышының көмекшісі, 1976 – 93 ж. УБР бұрғышының көмекшісі, бұрғышы. 1994 жылдан «Бұрғылау» ЖШС-нің ЦИТС бастығы. 3-дәрежелі Еңбек даңқы ордені (1986), ҚР-ның Құрмет грамоталарымен марапатталған. ## Дереккөздер
Ақшабаев Алдаберген (1941 ж. т., Маңғыстау ауданы Ақтөбе ауылы) – ауыл шаруашылығы қызметкері, өлкеге белгілі аңшы. 1967 – 96 ж. Ленин атындағы ұжымшарда бас шопан, зоотехник, ферма меңгерушісі, карьерде тас кесуші болды. 3-дәрежелі Даңқ, «Халықтар достығы» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Алдабергенов Сисембай (1933 ж. т., Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық ауылы) – кеңес қызметкері. ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1956). 1956 – 60 ж. Шахта, Ленин атындағы орта мектептерде мұғалім, директор, 1960 – 72 ж. Маңғыстау ауданы партия комитетінде насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі, партком хатшысы, аудан мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 1972 – 89 ж. аудан жоспарлау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1990 – 91 ж. ауылдық кеңес атқару комитеті төрағасының орынбасары. «Еңбекте үздік шыққаны үшін», «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» медальдарының иегері. Халық шаруашылығының жоспарлау ісінің үздігі. ## Дереккөздер
Брайнина Берта Яковлевна (1902-1978), орыс әдебиет сыншысы. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952). «Даналық орындаған арманнан туындайды» деген мақаласында «Абай жолы» романының көркемдік шеберлігін өте жоғары бағалаған («Москва», 1959, N9 3). 1959 ж. 6 сеуірде Әуезовке жазған хатында эпопеяны оқығаннан кейін қатты толқып, ерекше сезімге беленгенін жазған («М. 0. Әуезовтің емірі мен шығармашылық шежіресі», А., 1997, 654-бет). ## Дереккөздер
Алексеев Петр Вагапович (1809 ж. т., Уфа губерниясы – ө. ж. б.) – әскери топограф. 1832 ж. Ново-Петровск (Қызылтас) қамалының геодезиялық түсірімін жасады. Қайдақ, Қаракешу, Өліқолтық шығанақтарының картасын сызды. Бозащы, Солтүстік Үстірттің топографиялық сипаттамасын жазды (1851 – 52 ж.). Өңірдегі 9 тарихи ескерткіштің суретін салған. 1838 – 40 ж. генерал Перовскийдің Хиуа, 1841 ж. подполк. Бларамбергтің Хиуа, Бұқара экспедицияларына қатысты. 1843 – 47 ж. Орынбор губерниясында түсірім жасап, қазақ даласының картасын сызды. 1855 ж. Орыс геогр. қоғамының жаршысында Жем өзенінің сипаттамасын жариялады. Алексеевтің Бозащы қазақтарының тұрмыс-салты туралы жазғандарының үзіндісі С.Асфендияров құрастырған «Қазақстан тарихы» очерктеріне енді. ## Дереккөздер
Евгений Владимирович Рымарев (9 қыркүйек 1988, Өскемен, Қазақ КСР) — қазақстандық хоккейші, оң жақ шабуылдаушы. Өскемендік хоккейдің түлегі, жаттықтырушысы – Сергей Старыгин. 2008 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының үздік мергені – 6 шайба. 2011 жылғы Қысқы Азия ойындарының чемпионы. 2008 жылғы Құрлық кубогының қола жүлдегері. ## Статистикасы ### Клубтық мансабы ### Халықаралық ## Жетістіктері ### Командалық ### Жеке ## Сілтеме * Ойыншы бейіні. ҚХЛ ресми сайты. Басты дереккөзінен мұрағатталған 30 тамыз 2013. Тексерілді, 31 шілде 2013. * Ойыншы бейіні. БХЛ ресми сайты. Басты дереккөзінен мұрағатталған 30 тамыз 2013. Тексерілді, 31 шілде 2013. * Ойыншы статистикасы. r-hockey.ru. Тексерілді, 31 шілде 2013. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы — Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы тиімді іс-қимыл жасау үшін қажетті және жеткілікті жағдай жасау, қолдау және дамыту мақсатында жұмыс істейтін консультациялық-кеңесші орган. ## Негізгі міндеттері * терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар дайындау * терроризмге қарсы іс-қимыл саласында тұжырымдамалық көзқарастар әзірлеу, негізгі басымдықтарды айқындау, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін практикалық шаралар тұжырымдау * терроризм профилактикасы бойынша мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін үйлестіру; террористік іс-әрекеттерді анықтау, жолын кесу, террористік қылмыстарды ашу және тергеу терроризмнің зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бірлестіктермен және ұйымдармен олардың өзара іс-қимылдарын ұйымдастыру * террористік қатерлер мен көріністердің мониторингі, оларды бағалау және болжау * терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың іс-қимылын ұйымдастыру * терроризмге қарсы іс-қимыл саласында халықаралық озық тәжірибені енгізу ## Дереккөздер
Досжан Русланұлы Есіркенов (15 қыркүйек 1989, Өскемен, Қазақ КСР) —— қазақстандық кәсіпқой хоккейші, оң жақ шабуылдаушы. ## Мансабы Досжан өскемендік хоккейдің түлегі. Ол өзінің мансабының негізгі бөлігін «Қазмырыш-Торпедо» шайбалы хоккей клубында өткізді. Ол жоғары лигада 193 ойын өткізіп, 46+57 ұпай жинаған. Ресей чемпионатының бірінші лигасында 14 ойын өткізіп, «Сарыарқаның» құрамында ойнап, 9+10 ұпай жинады. Қазақстан чемпионатында 47 ойын өткізіп, 15+13 ұпай жинаған. Қазақстанның екі дүркін чемпионы (2004/05, 2006/07). 2010 жылдан бастап «Қазмырыш-Торпедо» шайбалы хоккей клубы қатарында БХЛ ойнап, 124 ойынға қатысып, 23+35 ұпай жинады. 2000 жылдан бастап жастар мен жасөспірімдер құрамаларына қатысты. 2007 және 2008 жылдардағы әлем чемпионаттарында 10 ойын өткізіп, 2+3 ұпай жинаған. 2007 жылы Қазақстан құрамасы 1-дивизионда қола, ал 2008 жылы дивизионда күміс алды. ## Сілтеме * Досжан Есіркенов «Eliteprospects.com» сайтындағы статистикасы  (ағыл.) * БХЛ сайтында * «Спутник» шайбалы хоккей сайтында
Рүстем Русланұлы Есіркенов (28 маусым 1980, Өскемен, Қазақ КСР) —— қазақстандық хоккейші. ## Мансабы Өскемендік хоккей мектебінің түлегі. Ресей чемпионатының жоғарғы лигасында (екінші күшті дивизион) гол+пас жүйесі бойынша 47+49 ұпай жинап, 248 ойын өткізген. Ресей бірінші лигасында 87 ойында 40 гол соғып, 30 нәтижелі пас берді. Қазақстан чемпионатында 193 ойын өткізіп, 67+60 ұпай жинаған. Ұлттық құраманың тұрақты ойыншысы болды. 1997 және 1998 жылдары жасөспірімдер құрамасында өнер көрсетті. 1999 және 2000 жылдары жастар құрамасында өнер көрсетті. Ол негізгі құрамда төрт чемпионатта (2001, 2002, 2003, 2004) ойнады.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты — Қазақстанның сот жүйесіне кірмейтін, Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган. ## Тарихы Қазақстанда Конституциялық сот 1992 жылы 6 маусымда қабылданған "Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы" заңы негізінде құрылды. Оған 11 адам: төраға мен он судья кірді. Конституциялық соттың алғашқы және жалғыз төрағасы Мұрат Баймаханов болды. 1995 жылы наурызда Конституциялық сот сол кездері парламент рөлін атқарған Жоғарғы кеңес сайлауын заңсыз деп танып, Жоғарғы кеңес таратылды. Сол жылы тамыз айында жаңа Конституция қабылданып, Конституциялық кеңес құрылды. Соған сәйкес Конституциялық сот жұмысы тоқтады. 2022 жылы 5 маусымда жалпыұлттық референдум өтіп, Конституцияға өзгерістер мен түзетулер енгізілді. Конституциялық соттың құрылуы да сол кездегі түзетулердің бір бөлігі болды. Соған орай 2023 жылы 1 қаңтарда Конституциялық сот жұмысын бастады. ## Мәртебесі Конституциялық Сот өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде дербес және азаматтардан, ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз, Қазақстан Республикасының Конституциясын және осы Конституциялық заңды басшылыққа алады, соттардың немесе басқа да мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін барлық жағдайларда өзге мәселелерді анықтаудан, зерттеуден және тексеруден қалыс қалады. ## Соттың құрамы және оны құру тәртібі * Конституциялық Сот Төрағаны және оның орынбасарын қоса алғанда, он бір судьядан тұрады. * Конституциялық Соттың Төрағасын лауазымға Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімімен тағайындайды. * Қазақстан Республикасының Президенті Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуымен Конституциялық Сот судьяларының арасынан тағайындайды. * Конституциялық Соттың төрт судьясын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды, Конституциялық Соттың үш-үш судьясын Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары төрағаларының ұсынуымен Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі тағайындайды. ## Өкілеттік мерзімі * Конституциялық Сот Төрағасы мен судьяларының өкілеттігі 8 жылға созылады. Бір адам Конституциялық Соттың судьясы болып бір реттен артық тағайындала алмайды. * Өз өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда Конституциялық Соттың Төрағасы мен судьялары Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен ауыстырылады. ## Соттың құзыреті * Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Конституциялық Сот дау туған жағдайда: * Қазақстан Республикасы Президентiнің сайлауын; * Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының сайлауын; * республикалық референдумды өткізудің дұрыстығы туралы мәселенi шешедi. * Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2), 2-1) және 3) тармақшаларына сәйкес Конституциялық Сот: * Қазақстан Республикасының Президенті қол қойғанға дейін Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған заңдардың; * Қазақстан Республикасының Парламенті және оның Палаталары қабылдаған қаулылардың; * ратификацияланғанға дейін Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарайды. * Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес Конституциялық Сот: * Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына ресми түсiндiрме; * тиiсiнше, Қазақстан Республикасының Парламенті Қазақстан Республикасының Президентiн лауазымынан мерзiмiнен бұрын босату туралы шешiм, Қазақстан Республикасының Президентiн лауазымынан кетiру туралы түпкiлiктi шешiм қабылдағанға дейiн – белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталуы туралы қорытынды бередi. * Конституциялық Сот: * Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 6) тармақшасына сәйкес конституциялық iс жүргiзу практикасын жинақтап қорыту нәтижелерi бойынша жыл сайын Қазақстан Республикасының Парламентіне Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдау жiбередi; * Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларда – Қазақстан Республикасы Президентінің жолданымдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабында көзделген жағдайларда соттардың жолданымдарын қарайды; * Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 3-тармағына сәйкес азаматтардың жолданымдары бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген олардың құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарайды; * Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жолданымдарын қарайды. * Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жолданымдарын қарайды. * Конституциялық Сот тек қана құқық мәселелерін шешеді және жүгінуге себеп болған нақты мән-жайларға баға бермейді. ## Конституциялық сот төрағалары ### Конституциялық кеңес төрағалары ## Судьяларының тізімі * Эльвира Әбілхасымқызы Азимова — Төраға * Бақыт Маратұлы Нұрмұханов — Төраға орынбасары * Асан Қайруллаұлы Ескендіров * Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев * Айжан Ержанқызы Жатқанбаева * Айгүл Қуанышбайқызы Қыдырбаева * Қанат Сергейұлы Мусин * Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев * Роман Анатольевич Подопригора * Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев * Сергей Федорович Ударцев ## Дереккөздер
Ербол Абылайұлы Оспанов (9 маусым 1955, Өскемен, Қазақ КСР) — қазақстандық ұшқыш, әуе кемесінің командирі. Қазақстан Республикасы Президенті флотының бас ұшқышы (1992-2009). ## Өмірбаяны 1955 жылы 9 маусымда Өскемен қаласында дүниеге келген. Ұшқыш мансабын 1972 жылы Ресейдегі Краснокутск ұшу мектебінде кадет офицері ретінде бастады. 1985 жылы инженер-ұшқыш біліктілігін алып, Ленинградтағы Азаматтық авиация академиясының командалық бөлімін бітірді. 2002 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің заңгер мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. Еңбек жолын 1974 жылы Өскемен Біріккен авиациялық жасағының Ан-2 ұшағында екінші ұшқыш болып бастады. 1992-2009 жылдары — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Ту-154, Боинг-747, Боинг-767 ұшақтарында экипажының бас ұшқышы, директордың ұшуға қызмет көрсету жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басқармасы «Бүркіт» мемлекеттік әуе компаниясының Боинг-757, 767 командирі, бас ұшқышы, «Orient Eagle Airways» АҚ ұшу қауіпсіздігі инспекциясының басшысы. 2005-2018 жылдары — «Air Astana» АҚ вице-президенті болды. 2018-2020 жылдары — Boeing 757/767 «Air Astana» ұшағының командирі болды. ## Марапаттары * Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 тамыздағы Жарлығымен мемлекет алдындағы ерекше қызметі және кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейі үшін 2-дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. * Құрмет ордені (2006) * «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001) * Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Алғыс хатымен марапатталған. * Қазақстан Республикасының үкіметтік пен мерейтойлық медальдары және т.б. ## Дереккөздер
Аслан Фархадұлы Жанұзақов (6 қаңтар 1993, Өскемен) — қазақстандық футболшы, «Жеңіс» клубының жартылай қорғаушысы. ## Мансабы Футболдық мансабын 2012 жылы «Восток» клубының құрамында бастады. 2013 жылдың 30 наурызында «Жетісу» клубына қарсы матчта, 79-минутта Бағдат Нұрлыбаевты алмастыра шығып, Қазақстан Премьер-Лигасындағы дебютін өткізді (1:1). 2016 жылдың қаңтар айында «Қызылжар» клубымен келісімшартқа отырды. ## Жетістіктері «Восток» * Бірінші лиганың күміс жүлдегері: 2015 «Қызылжар» * Бірінші лига жеңімпазы: 2019 * Бірінші лиганың күміс жүлдегері: 2017 * Бірінші лиганың қола жүлдегері: 2016 ## Клубтық статистикасы
Құлшәріп Өміршин (1913, Тайсойған ауылы, Қызылқоға ауданы Гурьев облысы – 7 қаңтар 1987, Атырау) – Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, мемлекет және қоғам қайраткері. ## Өмірбаяны Өміршин Құлшәріп 1913 жылы Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылында кедей шаруаның отбасында дүниеге келді. Руы Қаратоқай Беріш, Кіші жүз. 1930 жылы Ойыл аудандық жетіжылдық мектебін бітірді. 1930 жылы Ақтөбедегі партия-кеңес мектебіне қабылданды. Одан КомВУЗ-ға ауысып партия қызметінің қырлары, насихатшылық жұмыстың үйренеді. 1933-1935 жылдары Қарабұтақ аудандық комсомол ұйымдарын басқарды. 1935 жылдың 11 қантарында НКВД кавалериялық полк құрамына әскерге алынып, әуелі курсант, кейін взвод командирінің көмекшісі қызметтерін атқарды. 1937 жылдың желтоқсанында әскери қызметінен босағасын ком.состав даярлайтын шекаралық мектепті үздік бітірді. 1937 жылы Ашхабадта шекаралық войскіде взвод комиссары болып істеді. 1937-1939 жылдары Ақтөбе облыстық партия комитеті Қарабұтақ аудандық комсомол комитетіне бірінші секретарь болды. 1938 жылы Қазақстан комсомолдарының екінші съезіне делегат. Қазақстан ЛКСМ Орталық комитетінің пленум мүшесі етіп сайланды, бұл құрметті 1945 жылға дейін иеленді. 1939 жылдың мамырында партия мүшелігіне қабылданды. 1939-1941 жылдары Ақтөбе облыстық партия комитетіне нұсқаушы инструктор, кейін сектор хатшы-меңгеруші қызметіне жоғарылатылды. 1941 жылы тамыздың бірінде Тайпақ әскери комиссариатына, Қазақ КСР-іне, Батыс Қазақстан облысына, Тайпақ ауданына әскери қызметке шақырылды. Облыстық партия комитетінде істейтін 19 жігіт бірден Ақтөбеде құрылған 312-атқыштар дивизиясына алынады. Олардың ішінде Жүсіп Әлсейітов, В.Тананайский, Т.Школьников, Я.Малиновский сынды облыстық партия комитетінің хатшылары, лауазымды жауапты жұмыстағы азаматтары бар. Құлшәріп Өміршиннің бұрынғы саяси жетекші деген әскери атағы, комитеттің әскери жұмылдыру бөлімін басқарғаны ескеріліп, бірден барлау ротасының саяси жетекшісі болып тағайындалады. Сол арада 19 күн өткенде Ленинград майданының Старая Русса деген жерінде ұрысқа түседі. 1942 жылы ауыр жарақатына, басшы-генералдардың майдан шегінен қашып кетуіне қарамастан, сол кездегі саяси басқарма бастығы Емельяновтың командованиені топтастыруы нәтижесінде өз алдына полк құрып, командир қызметін атқарады. 1942 жылдың сәуірінде Қ.Өміршин құрған әскери құрамалар қатары бірте-бірте көбейіп, қалаға жау аяғын бастырмау үшін жанталасады. Бұдан әрі әскери қызметі тағы да өзгертіліп, енді ол Новороссиядағы 217-полкте (Қара теңіз әскери тобы) батальон комиссары болып осы жылдың тамыз айынан 1943 жылдың наурызына дейін И.Петров бастаған 53-армия құрамында қызмет істейді. 1943-1944 жылдары Ворошиловград қаласы Степной майданына 27 армияға 206 дивизиясының 748 полкына партбюро жауапты хатшысы етіп тағайындалды. 1943 жылдың қазан айында сол полкпен Курск доғасындағы шайқасқа қатысып, фашистерді Днепр өзенінен қуып шығарды. Сол ерлігі үшін І дәрежелі Ұлы Отан соғысының орденін алды. Артынан 142 биіктікті алғаны үшін Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі орденімен марапатталды. Богдан Хмельницкий атындағы орден полктың ерен ерлігі үшін берілді, ал полк Корсун Шевченконың атағын алды. 748 полк, 206 дивизия, 27 армия Украиның Сума, Полтава, Киев, Бело-Церковь облыстары неміс фашистерінен босатылды. 1944 жылдың ақпан айында Құлшәріп Өміршин қаруластарымен бірге жаудың ең ірі ұшақ алаңын қоршап алып, 9 ұшақ, 200 солдат, офицерін қолға түсіреді. Одан кейін Корсуно-Шевченко тобын да жояды. Осы кездердегі ұрысты ұйымдастыру мен басқарудағы ерлігі үшін Қ.Өміршиннің омырауына 1-ші дәрежелі Отан соғысы ордені тағылады. Ізінше 142-биіктікті алғаны үшін ол тағы да 2-ші дәрежелі Отан соғысының орденіне ие болады. 1944 жылы 24 наурыздан Пруд өзенінен өтіп, Батон қаласын алып, Бухаресті, Плоешті, Будапешті, Балатон көлін, Дебрецен, Вена қалаларын босатуға қатысты. Жеңісті 1945 жылы май айында Вена қаласында қарсы алды. Тоғыз рет жаралы болды, бірақ соңғы күніне дейін қатардан шыққан жоқ. Әскери борышын капитан шенімен аяқтады. 1946-1949 жылдары Гурьев облыстық партия комитетінің әскери бөлімінің меңгерушісі, одан кейінгі жылдары Форт-Шевченко аудандық, Бақсай аудандық партия комитеттерінің екінші хатшысы болды. 1952-1954 жылдары Қызылқоға аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болды. 1954-1962 жылдары Бақсай аудандық Кеңесі атқару комитетінің хатшысы болды. 1962-1964 жылдары “Путь Ильича” колхозының төрағасы ретінде болды. 1964 жылы Соғыс ардагері ретінде Қ.Өміршинге республикалық дәрежедегі дербес пенсия тағайындалды. 1964-1985 жылдары еңбектен қол үзбей, Махамбет аудандық автомобиль жолдары бөлімінде жұмыс жасады. 1981 жылға дейін құрылыс учаскесінің бастығы қызметін атқарды. 1983 жылы Республикада өткен еңбек және соғыс ардагерлері кездесуіне қатысып, сөз сөйледі. ## Қоғамдық қызметі Әлденеше рет облыстық партия комитетінің мүшесі, облыстық, аудандық Кеңес депутаттары болып сайланды. ## Отбасы Ол үлкен отбасы иесі, адал жар, өнегелі әке болатын. 1938 жылы Садирова Нағимамен отау тігіп, Райыс, Сәлімжан, Бағытжан есімді ұлдар мен Райхан, Нұрбике, Нұржамал атты қыздар өсірді. Бәріне де заман талабына сай жоғары білім алып берді. Олар бұл күнде халық шаруашылығының түрлі салаларында архитектор, геолог, геофизик, дәрігер, мұғалім, энергетик қызметтерін атқарып жүр. Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ғылым кандидаттары. Олардан өрбіген немере, шөбере, жиендерінің өзі жиырмадан асады. ## Марапаттары Отан соғысындағы ерлігі мен ұйымдастырушылық қабілеті үшін командованиесі 42 құрмет, 4 орден, 18 медальмен марапатталды. Орталық Комитет, ЛКСМ, облыстық комитет, облыстық атқару комитетінің, республика автомобиль жолдары министрлігінің қаншама Құрмет, мақтау грамоталарына ие болды. 1960 жылы “Республика халық ағарту ісінің үздігі” белгісін алды. 1983 жылы “Махамбет ауданының Құрметті азаматы” атағы берілді. Махамбет ауылында орталығындағы көшелердің бірі оның есімімен аталды . * Қызыл Жұлдыз ордені (1.1944) * Ұлы Отан соғысының II дәрежелі ордені (3.1944) * Ұлы Отан соғысының II дәрежелі ордені (5.1945) * Ұлы Отан соғысының I дәрежелі ордені (4.1985) * Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскеріне ХХ жыл» медалі (1938) * Мәскеуді қорғағаны үшін медалі (1.1945) * «Кавказды қорғағаны үшін» медалі (4.1945) * Ерлігi үшін медалі * Ерен еңбегі үшін медалі * Ерен еңбегі үшін медалі * “1941-1945 Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін” медалі (1945) * Венаны алғаны үшін медалі (1945) * Будапештті алғаны үшін медаль (1945) * Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі (1960) * «Еңбек ардагері» медалі * "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20 жыл" мерейтойлық медалі” (1965) * "КСРО Қарулы Күштеріне 50 жыл" мерейтойлық медалі (1967) * “В.И.Ленин туғанына 100 жыл толуына орай" медалі (1970) * "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30 жыл" мерейтойлық медалі (1975) * "КСРО Қарулы Күштеріне 60 жыл" мерейтойлық медалі (1977) * "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл" мерейтойлық медалі (1985) ## Жарияланымдар Құлшәріп Өміршин және басқа авторлар “Варшава тас жолында”, 1968 Ұлы Отан соғысында Москва қаласы үшін болған ұрыстарға қатысушы ретінде орталық баспадан 1968 жылы жарық көрген “Варшава тас жолында” деп аталатын кітап авторларының бірі болды. ## Әдебиеттер * “Коммунистік еңбек”, 23 мамыр 1965 * “Коммунистік еңбек”, 31 қазан 1980 * “Лениншіл жас”, 8 шілде 1983 * “Социалистік Қазақстан”, 30 қыркүйек 1983 * "Егемен Қазақстан", 10 тамыз 1993 * Ұлағатты өмір. Қүлшәріп Өміршинді еске алу кітабы. – Алматы: "Арыс" баспасы, 2003. ISBN 9965-17-106-8 ## Дереккөздер
Әлихан Әсетұлы Әсетов (26 қыркүйек 1996, Өскемен) —— қазақстандық хоккейші, шеткі шабуылдаушы. Қазіргі уақытта Астананың «Барыс» ҚХЛ клубының ойыншысы. ## Өмірбаяны Әлихан хоккейді туған жері Өскеменде, жергілікті «Торпедо» мектебінде бастады. 2012/2013 жылғы маусымда ол жасөспірімдер құрамасы сапында Ресей чемпионаты деңгейінде, Сібір-Қиыр Шығыс аймағында дебют жасады, сондай-ақ «Қазмырыш-Торпедо-2» ересектер командасында Қазақстан чемпионаты деңгейінде бір матч өткізіп, осылайша кәсіби деңгейде дебют жасайды. 2013 жылдан бастап Әлихан астаналық «Барыс» жүйесінде өнер көрсетіп келеді. Алғашында ЖХЛ чемпионаты деңгейінде «Қар барыстары» командасында тұрақты ойнады, кейін Қазақстан чемпионаты деңгейінде өнер көрсететін «Номад» командасына және 2015 жылдың 10 қазанында «Барыстың» өз алаңында жаңасібірдің «Сібір» командасына қарсы ойынына қатысып, ҚХЛ-да дебют жасады. 2016/2017 маусымында Номад құрамында Әсетов Қазақстан чемпионы атанды. 2018 жылдан бастап Әлихан Әсетов «Барыстың» негізгі ойыншысы атанды, тек мезгіл-мезгіл фарм-клубына күшейту үшін шақырылады. 23/24 маусымының басынан бері ол ҚХЛ титулдық серіктесі Фонбеттің Қазақстандағы амбассадоры болды. ## Құрамада Әлихан кіші жастан бастап, Қазақстанның негізгі құрамасына қосылғанға дейін дамудың барлық таптарынан өтті. 2017 жылы Алматыда өткен өз алаңындағы Универсиадада ұлттық құрамамен бірге жарыста күміс жүлдегер атанды. 2021 жылы алғаш рет 2021 жылдың 21 мамыры мен 6 маусымы аралығында Латвияда өткен әлем чемпионатына қатысып, осы турнирде Қазақстан құрамасының капитаны болды. 2023 жылы әлем чемпионатының ашылу матчында оның оң қолы сынып, жарыстағы өнерін мерзімінен бұрын аяқтады. ## Жетістіктері * 2013 жылғы U-18 әлем чемпионы (1 дивизион В тобы) * 2014 жылғы U-18 әлем чемпионатының қола жүлдегері (1 дивизион А тобы) * 2015 жылғы U-20 әлем чемпионы (1 дивизион В тобы) * 2016 жылғы U-20 әлем чемпионатының қола жүлдегері (1 дивизион А тобы) * 2017 жылғы Қазақстан чемпионы * 2017 жылғы Универсиаданың күміс жүлдегері * 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері (1 дивизион А тобы) * 2019 жылғы әлем чемпионы (1 дивизион А тобы) ## Дереккөздер
Азамат Несіпбайұлы Есқараев (7 қазан 1979 жыл, Алматы) — қазақстандық саяси қайраткер, 2023 жылғы қаңтардан Әділет министрі, Қазақстан президенті жанындағы Адам құқығы бойынша комиссия мүшесі. ## Жастық шағы және білімі Азамат Есқараев 1979 жылғы 7 қазанда Алматыда дүниеге келген. Жоғары білімін Қазақ гуманитарлық заң университетінде алды. ## Мансабы Өз еңбек жолын Есқараев 1996 жылы коммерциялық саудада және Алматыдағы ДЭЗ-2 жұмысшысы болып бастаған. 2000–2002 жылдары ол Әділет министрлігінің Заңнама департаментінде бас маман болды. 2002 жылдан 2003 жылға дейін Есқараев сол департаментте бөлім, кейін басқарма басшысы болды. 2003–2005 жылдары аралығында Есқараев Заңға тәуелді актілер департаментіндегі бөлімді басқарып кетсе, одан кейін, 2006 жылға дейін Алматы қалалық әкімдігінің бас инспекторы болды. Астанаға көшкесін 2006–2007 жылдары ол елордадағы «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Заң қызметтері департаментінің бас менеджері және 2007 жылы Әділет министрлігінің құқықтық мәселелері жөніндегі консультанты, Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы қызметтерінде болды. 2007 жылғы шілдеден 2008 жылға дейін ол Әділет министрі Зағипа Балиеваның көмекшісі болса, одан кейін, 2009 жылға дейін министрліктің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры болды. Оған қоса Есқараев 2012–2014 жылдары Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (ЭҚСЖҚКА) инспекциясының ұйымдастыру-бақылау департаментінің бастығы болған. 2014 және 2019 жылдары аралығында ол Премьер-министр Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған. Одан кейін, 2023 жылғы қаңтарға дейін Есқараев Қазақстан премьер-министрі Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі қызметінде болды. 2023 жылғы 4 қаңтарда Азамат Есқараев президент Тоқаевтың жарлығы бойынша Әділет министрі лауазымына тағайындалды. Сол жылғы 4 сәуірде ол сол лауазымына қайта тағайындалды. Смайылов үкіметінің отставкасына қарамастан, 2024 жылғы 6 ақпанда Есқараев өз лауазымына қайта тағайындалды. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Әділет министрлігінің ресми сайты * Премьер-министр сайтындағы өмірбаяны
Оңдасын (Оқан) Абдуллаұлы Абдуллаев (13 қыркүйек 1948, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы — 8 қыркүйек 2023, Алматы) — кеңестік және қазақстандық баяншы, музыка педагогы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1996). ## Өмірбаяны 1948 жылы 13 қыркүйекте Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Киров атындағы колхозда дүниеге келген. 1968 жылы П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін, ал 1980 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Еңбек жолын 1968 жылы Есік педагогикалық училищесінде музыка және ән мұғалімі болып бастаған. 1968–1970 жылдары дейін Есік педагогикалық училищесінде баян сыныбы бойынша педагог. 1971–1978 жылдары Есік қаласындағы Балалар музыка мектебінің баян сыныбы бойынша педагог. 1979–1980 жылдары ҚазКСР Халық Ағарту министрлігінің Музыкалық білім беру және эстетикалық тәрбие зертханасының әдіскері. 1980–1982 жылдары Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка мектебінің баян сыныбы және оркестрлік дирижерлық бойынша педагог. 1982–1984 жылдары ҚазКСР Халық Ағарту министрлігінің тәрбие бөлімінің инспекторы. 1984 жылдың қарашасынан 2020 жылдың тамызына дейін Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка мектебінің директоры (36 жыл). Директор қызметінен кеткеннен кейін осы лауазымдағы өзінің мұрагері Бақтияр Әбдірашевтің ұсынысы бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың келісімімен Күләш Байсейітова атындағы РММӨМ директорының кеңесшісі болып тағайындалды. Қобыз және баян кафедрасының аға оқытушысы және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры. 2023 жылы 8 қыркүйек күні кешке 75 жасқа толуына 5 күн қалғанда Алматыда үйінде қайтыс болды. ## Марапаттары мен атақтары * 1988 — «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» төс белгісі; * 1990 — «КСРО мәдениет үздігі» төсбелгісі; * 1996 (24 қазан) — «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» — қазақ музыка педагогикасын дамытудағы және қоғамдық қызметі үшін; * 2002 — «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісі; * 2008 — «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі — білім және педагогика ғылымындағы ерекше еңбегі үшін; * 2008 (7 желтоқсан) — «Парасат» ордені — қазақ музыка педагогикасының дамуына қосқан зор үлесі мен қоғамдық қызметі үшін; * 2011 — «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі; * 2018 (2 шілде) — «Астанаға 20 жыл» медалі; * 2020 — «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» медалі; ## Дереккөздер
2023 жылдың 1 қаңтарына Қазақстанда тіркелген санаторийлар тізімі. ## Статистикасы 2023 жыл басына Санаториялық-курорттық ұйымдар. Дереккөз. ## Дереккөздер
2024 жылы Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіне қатысып, ЕУРО-2024 жолдамасын сарапқа салып, сәтсіз өнер көрсетті. Көктемгі матчтар сериясынан соң Магомед Адиев өз еркімен қызметтен кетті. Оның орнына екі ойында құрманы Руслан Балтиев баптады. Күзгі матчтарда бас жаттықтырушы боп Станислав Черчесов баптады. ## Матчтар ### Жолдастық ойын №239 ### УЕФА Ұлттар лигасы 2022/23 Жартылай финал № 240 ### Үшінші орын ### Жолдастық кездесулер ### УЕФА ұлттар лигасы 2024/25 ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Шәмші Қалдаяқов ауылдық әкімдігі – Ақтөбе облысы Қарғалы ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Шәмші Қалдаяқов ауылы. ## Тарихы 2023 жылы Желтау ауылдық округінен жеке әкімшілік бірлік болып бөлініп шықты. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша халық саны 1934 адамды құрады. ## Дереккөздер
Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов (31 наурыз 1967 жыл, Жамбыл облысы) — қазақстандық саяси қайраткер, экономист, 2023 жылғы қыркүйектен Су ресурстары және ирригация министрі, 2022–2023 жылдары Жамбыл облысының әкімі. ## Жастық шағы және білімі Нұржан Нұржігітов 1967 жылғы 31 наурызда, Жамбыл облысында дүниеге келген. Нұржігітов — техника ғылымдарының кандидаты және Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры. ## Мансабы Еңбек жолын Нұржігітов 1988 жылы, Ленинград ауылшаруашылық институтында техник, комендант болып бастаған. 1991 жылы ол Жуалы ауданында, Максим Горький атындағы колхозында механик болды. 1992–1996 жылдары ол Жуалы ауданындағы Төле би атындағы агроұйымның бас инженері болса, 1996–1997 жылдары ол Жуалы ауданы әкімі аппаратының ауыл шаруашылығы бөліміндегі бас маман болған. 1997 жылдан 2003 жылға дейін Нұржігітов Жуалы ауданы әкімдігінің экономика бөлімінде бас маман қызметінде болды, 2003–2006 жылдары ол Жуалы ауданы әкімдігінің бір бөлімін басқарып кетті. Одан кейін, 2008 жылға дейін ол әкімдіктің кәсіпкерлік бөліміне басшылық етті. 2008 жылы ол аудандық әкімдіктен Жамбыл облыстық әкімдігі деңгейіне жетті, ол кезде ол облыс әкімінің ұйымдастыру-инспекторлық және кадр жұмысы бөлімінде облыс әкімінің бас инспекторы болған еді. 2008 жылдан 2011 жылға дейін Нұржігітов облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мониторингі жөніндегі даму бөлімінің басшысы болса, 2011–2014 жылдары Қазақстан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болды. 2014–2015 жылдары ол Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы және 2015 жылғы тамыздан 2018 жылғы ақпанға дейін Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болды. 2018 жылғы 23 ақпаннан тамызға дейін ол Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметінде болған. 2018 жылғы тамыздан 2021 жылғы сәуірге дейін Нұржігітов Байзақ ауданының әкімі болды. Одан кейін, 2022 жылғы 7 сәуірге дейін ол Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметінде болды. 2022 жылғы 7 сәуірде Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды. Нұржігітов әкімдігі тұсында Жамбыл облысында су жетіспеушілігі себебінен бірнеше ауданда төтенше жағдай жарияланып, дағдарыс орын алды. 2023 жылғы 4 қыркүйекте президент Тоқаевтың жарлығымен Нұржан Нұржігітов жаңа құрылған Су ресурстары және ирригация министрі лауазымына тағайындалды да, бұрынғы барлық лауазымынан босатылды. 2023 жылғы 6 ақпан сол лауазымына қайта тағайындалды. ## Жеке өмірі Нұржан Нұржігітов үйленген, 6 баласы бар. ## Дереккөздер
Пекин трактаты — 1860 жылы Англия мен Францияның Қытайға күшпен таңған келісім шарты. Цин үкіметі 2-апиын соғысында жеңілгені жөнінде 1858 жылы Англия және Франциямен қол қойған әділетсіз Тяньцзин келісімін мойындаудан бас тартып, оның талаптарын бекітпеуге тырысты. Қытай Тяньцзинге келетін барлық теңіз жолдарын мықтап бекітуді, әсіресе әскери жағын нығайтуды қолға алды. Шетелдіктермен алдағы уақытта соғыс бола қалса жеңе алмайтынына көзі толық жетпеген Қытай императоры Тяньцзиньшартын жеңілдету жолдарын дипломат. жолмен іздестірді. Бірақ Қытай өкіметінің бұл әрекеттері нәтиже бермей, ақыры тағы да соғыс ашқан ағылшын-француз әскерлерінен жеңілді. 1860 жылы 24 қазанда Бейжіңде ағылшын-қытай, француз-қытай келісімдеріне қол қойылып, Тяньцзин келісіміндегі талаптарға сәйкес келетін құжаттар қабылданды. Пекин трактаты бойынша Цинь үкіметі шетелдік елшіліктердің тұрақты жұмыс істеуіне, Тяньцзин қаласын шетелдік саудаға ашық деп жариялауға, қытайларды өз елдеріне арзан жұмыс күші ретінде әкетулеріне рұқсат беруге мәжбүр болды. Сондай-ақ құжатта Сянганға жақын орналасқан Цзюлун аралын Англияның иемденуіне және француз миссионерлерінің барлық Қытай провинцияларында жерді кепілдікке немесе сатып алуға, өз қалауынша құрылыстар салуына рұқсат берілген баптар көрсетілді. Ресей де осы қолайлы сәтті пайдаланып, 2 қарашада Қытаймен жаңа келісімге қол қойды. 1858 жылғы Айгунь келісімінің шарттарын толық бекітіп, Амур өзені бойындағы шекараны және Амур мен Уссуридің қосылар тұстарынан шығысқа қарай жүретін шекаралық иеліктерді бекітіп, Қиыр Шығыстағы аумақтық талаптарын шешіп алды. Бұл әділетсіз келісімшарт Қытайды бұдан кейін де шетелдіктермен басқа да ауыр келісімдерді мойындауына, сөйтіп, еріксіз жартылай отар елге айналуына жол ашты. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
Беньямин Шешко (словен. Benjamin Šeško; 31 мамыр 2003) — словениялық футболшы, Словения Ұлттық футбол құрамасы мен "РБ Лейпциг" клубының шабуылшысы. 2022 жылы "Словения жыл футболшысы" атанды. ## Карьерасы ### Халықаралық Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2021 жылы 1 маусымда Солтүстік Македонияға қарсы ойында алаңға шықты. 2023 жылы 20 қарашада ЕУРО-2024 іріктеу ойынында Қазақстан қақпасына пенальтиден құрама сапындағы 9-шы голын соғып, құраманың ЕУРО-2024 турниріне жолдама алуына көмектесті. Бұл ойында Словения 2:1 есебімен жеңіске жетті. ## Жүлделері ### Командалық «Ред Булл Зальцбург» * Аустрия чемпионы (3): 2020/21, 2021/22, 2022/23 * Аустрия Кубогы: 2021/22 ## Дереккөздер
Әміреш Дәрменов (10 мамыр 1922, Жалтырша ауылы, Ақмола облысы, Ресей империясы — 12 желтоқсан 2002, Жалтырша ауылы, Жамбыл ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан) — атқыш; барлаушы; 139-атқыштар Суворов дивизиясының Рославль Қызыл Ту орденді 609-атқыштар полкінің жаяу барлау взводының барлау бөлімі командирі, сержант, «Даңқ» орденінің толық иегері. ## Өмірбаяны 1922 жылы 10 мамырда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Жалтырша ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 6 сыныпты бітірген. Ұжымшарда есепші, есеп жүргізуші болып істеген. 1941 жылдың желтоқсанынан бастап Қызыл Әскер қатарына және Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қатысты. 1944 жылдан бастап БК(б)П/КОКП мүшесі болды. 609-атқыштар полкінің (139-атқыштар дивизиясы, 10-армия, 1-Беларусь майданы) атқышы, Қызыл Әскер жауынгері Әміреш Дәрменов 1944 жылы 8 наурызда Беларустың Могилев облысы Чаусск ауданындағы тактикалық маңызды биіктікке шабуыл жасағанда, жау орларына алғашқылардың бірі болып жетіп, автоматтан оқ жаудырып жеті нацисті өлтірді, содан кейін жараланған кеңес жауынгерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ұрыста көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін 1944 жылы 22 сәуірде Қызыл Әскер жауынгері Дәрменов Әміреш 3-дәрежелі Даңқ орденімен (№509751) марапатталды. Қазіргі Беларустың Могилев облысы Горбачи ауылы үшін болған шайқаста 609-атқыштар полкінің (139-атқыштар дивизиясы, 50-армия, 2-Беларусь майданы) жаяу барлау взводының барлаушысы, Қызыл Әскер жауынгері Әміреш Дәрменов бір топ батылдардың қатарында бірінші болып ауылға басып кіріп, бір нацисті тұтқынға алды. 1944 жылы 28 маусымда Могилев қаласы үшін болған шайқаста Дәрменов 8 нацистік жауынгерді жойып, бесеуін тұтқынға алды. Ұрыста көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін 1944 жылы 10 тамызда Қызыл Әскер жауынгері Дәрменов Әміреш 2-дәрежелі Даңқ орденімен (№13493) марапатталды. 1945 жылы 24-25 наурызда Данциг қаласына (Гданьск, Польша) жақындаған кезде 609-шы атқыштар полкінің (139-шы атқыштар дивизиясы, 49-армия, 2-ші майдан) жаяу барлау взводының барлау бөлімі командирі , сержант Әміреш Дәрменов жау орныққан орнына басып өтіп, танкке қарсы гранаталармен үш пулеметпен бірге олардың тобын жарып жіберді. Жауды қуып жүріп, ол басқа жауынгерлермен бірге он бестен астам нацисті тұтқынға алды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 жылғы 29 маусымдағы Жарлығымен сержант Дәрменов Әміреш неміс-нацистік басқыншылармен шайқастарда командалық тапсырмаларды үлгілі орындағаны үшін 1-дәрежелі Даңқ орденімен (№ 1285) марапатталып, «Даңқ» орденінің толық иегері атанды. 1946 жылы Ә.Дәрменов әскерден қайтты. Отанына оралды. Зейнеткерлікке шыққанға дейін қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Озерное ауылындағы кеңшарда еңбек етті. ## Дереккөздер
Алатау (2024 жылға дейін — Жетіген) — Алматы облысындағы облыстық маңызы бар қала, темір жол стансасы. ## Географиялық орны Облыс орталығы - Қонаев қаласынан оңтүстікке қарай 38 км, Алматы қаласынан солтүстікке қарай 54 км-дей жерде, Кіші Алматы өзенінің оң жағалауындағы әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өскен, сұр, бозғылт қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1959 жылы “Рассвет” сүт өндіру кеңшарының құрылуына байланысты қаланды. 1997 жылдан оның негізінде өндірістік кооператив, серіктестіктер мен шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. 2024 жылғы 9 қаңтардағы Президент Жарлығымен Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылып, Алатау қаласы болып өзгертілді. ## Инфрақұрылымы 2 орта, бір орталау мектеп, клуб, кинотеатр, кітапхана, стадион, мешіт, аурухана, дәріхана, т. б. әлеуметтік инфрақұрылымдар бар. Ауылдың солтүстігінде Жетіген әуеайлағы орналасқан. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль және темір жолдары арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Ақынқали Дәуітбайұлы Дәрменов (18 наурыз 1978, Боровское кенті, Меңдіқара ауданы, Қостанай облысы, Қазақ КСР) — полиция генерал-майоры, заң ғылымдарының кандидаты. 2019 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенова атындағы Қарағанды академиясының басшысы. ## Өмірбаяны 1978 жылы 18 наурызда Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Боровское ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары мектебіне оқуға түсіп, одан кейін Қостанай облысы Меңдіқара аудандық ішкі істер бөлімінің ПБ тергеушісі болып қызмет атқарды. 1999 жылдың қыркүйегінен 2000 жылдың қазанына дейін — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай заң институтының қылмыстық құқық және криминология, қылмыстық-атқару құқығы кафедрасының оқытушысы. 2000 жылдың қазанынан 2003 жылдың сәуіріне дейін — ҚР ІІМ Академиясының қылмыстық-құқықтық саясат және криминология кафедрасының адъюнктурасы. 2003 жылдың сәуірінен 2006 жылдың қарашасына дейін ҚР ІІМ Академиясының Ғылыми-зерттеу институтында ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және діни экстремизмге қарсы күрестің өзекті мәселелерін әзірлеу зертханасының ғылыми және аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. 2006 жылдың қарашасынан 2010 жылдың наурызына дейін — ҚР ІІМ Академиясының адъюнктура бөлімінің бастығы. 2010 жылдың наурызынан қазанына дейін — ҚР ІІМ Академиясының докторантура кафедрасының доценті болды. 2010 жылдың қазанынан 2012 жылдың наурызына дейін «Болашақ» бағдарламасы бойынша Кембридж университетінде (Ұлыбритания) «Сот билігі, құқық қорғау органдары, Құқық қорғау қызметін ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алды. Оқуды аяқтаған соң Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы Заң институты арнайы факультетінің жалпы заң пәндері кафедрасының доценті қызметін атқарды. 2013 жылдың сәуірінен 2014 жылдың маусымына дейін — Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр жұмысы департаменті Мекемелік оқытуды ұйымдастыру басқармасының бастығы, 2014 жылдың маусымынан 2018 жылдың наурызына дейін — Қазақстан Республикасы ІІМ Теміртау қаласындағы Оқу орталығының бастығы болды. 2018 жылдың наурызынан 2019 жылдың қаңтарына дейін — Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы болды. 2019 жылдың қаңтарынан бастап — ҚР ІІМ Бейсенова Б. атындағы Қарағанды академиясының бастығы болып келеді. ## Білімі * ҚР ІІМ Алматы заң институты («Құқықтану» мамандығы) * ҚР ІІМ академиясы * Д.Маршалл атындағы Еуропалық қауіпсіздік орталығы, Германия, Гармиш-Партенкирхен қ. («Leaders program in advanced sekurity studies» бағдарламасы бойынша оқыту) * Кембридж университеті, Ұлыбритания («Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу) ## Марапаттары және атақтары Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі және қол жеткізген табыстары үшін Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің 15-тен астам мемлекеттік және мекемелік марапаттарына ие болды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен келесі медальдармен марапатталды: * III дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызмет еткені үшін» медалі; * II дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызмет еткені үшін» медалі; * «Қазақстан полициясына 20 жыл». Төсбелгілері: * «ҚР ІІМ мінсіз қызметі үшін»; * «ІІМ үздік қызмет үшін». ## Дереккөздер
Руслана Сергеевна Коршунова (2 шілде 1987, Алматы — 28 маусым 2008, Манхэттен, Нью-Йорк) — орыс текті қазақстандық модель. Ол Вера Вонг және Nina Ricci брендтерінің келбеті ретінде кеңінен танымал болды. Белгісіз жағдайда қайтыс болды. Оның өлімі бүкіл әлемде талқылау мен назардың тақырыбы болды. ## Өмірбаяны 1987 жылы 2 шілдеде Чукоткада дүниеге келген, кейін отбасымен Алматыға көшіп келген. Әкесі Сергей Коршунов 1992 жылы қайтыс болды. Анасы Валентина (тұрмысқа шықпай тұрғандағы тегі Кутенкова) мен ағасы Руслан Қазақстанда тұрады. Алғашында анасымен бірге Алматының іргесіндегі әскери қалашықта тұрып, кейін қалаға қоныс аударған. Ол төрт тілде сөйледі: қазақ, орыс, ағылшын және неміс. ## Мансабы 2003 жылы оның All Asia журналындағы фотосуреті MODELS 1 ірі модельдік агенттігінің өкілі Дебби Джонстың назарын аударды, ол кейін оны тауып, келісім-шартқа қол қойды. Коршунова ұзын шашы үшін «Орыс Рапунцелі» деген лақап атқа ие болды. 2005 жылы ол Нью-Йорк сән апталығының басты жаңалықтарының бірі деп аталды. 2008 жылға қарай Коршунова DKNY, BCBG, Blugirl by Blumarine, Clarins, Ghost, Girbaud, Kenzo Accessories, Marithé & François, Max Studio, Moschino, Old England, Pantene Always Smooth, Paul Smith, Vera Wang lingerie және Nina Ricci 'Nina' fragrance жарнамалық науқандарына қатысты, сонымен қатар ELLE журналының француз басылымы, ресейлік және поляк Vogue журналының мұқабаларында пайда болды. «Парфюмерші» фильмінің басты кейіпкерінің рөліне кастингке қатысты. ## Дүниеден өтуі 2008 жылы 28 маусымда, 21 жасқа толуына 4 күн қалғанда Коршунова Манхэттендегі (Уотер-стрит, 130) тоғызыншы қабаттағы пәтерінің терезесінен құлап қайтыс болды. Полиция мұны өзін-өзі өлтіру деп санады, бірақ өлім алдында жазылған ешқандай хат табылмады. Сонымен қатар, оның барлық жақындарының, достарының және таныстарының мәлімдемесіне сәйкес, оның өз-өзіне қол жұмсауға нақты себебі жоқ және бұл кісі өлтіру болуы мүмкін. Олар оның жақында Париждегі сән көрсетілімінен оралғанын және «әлемнің шыңында» екенін айтты. Британдық телепродюсер Питер Померанцев Коршунованың өз-өзіне қол жұмсауы модель үш ай бойы қатысқан «Әлем раушаны» ұйымының жеке өсу жаттығуларымен байланысты деп санайды. Мамандар оның тырнақ астынан бөгде терінің іздерін таппады. Коршунованың анасы Валентина Кутенкова қызының өзіне қол жұмсағанына сенбеді. Коршунованың үйінде жұмыс істейтін консьерж Мұхаммед Накиб былай деді: Мәскеу мәйітханасында модельдің макияжын жасаумен айналысқан мердігер Сергей былай деді: Коршунова 2008 жылы 7 шілдеде Мәскеудегі Хованское зиратында жерленді. 2008 жылдың күзінде «Новая газета» журналисі Елена Костюченко Коршунованың өліміне қатысты тергеу жүргізіп, ол үшін «Әлем раушаны» сектасына енуге тырысты. Оқу орталығында төрт сабаққа қатысқаннан кейін Костюченко қатты депрессияға ұшырап, психиатриялық клиникаға жатқызылды, ал бұл тергеу туралы материал тек 2019 жылы жарияланды. 2009 жылы «Әлем раушаны» сектасының тренингтеріне бірге қатысқан Коршунованың құрбысы, модель Анастасия Дроздова өз-өзіне қол жұмсады. Ресей Федерациясының Тергеу комитеті Мәскеудегі Бүкілресейлік көрме орталығында орналасқан «Әлем раушаны» оқу орталығында тексеру жүргізді, бірақ оларға қарсы ешқандай айғақ таппады. Алайда бұл тексеруден кейін орталық 2011 жылдың тамыз айында жабылды. ## Дереккөздер
Норман Таурог (ағылш. Norman Taurog; 23 ақпан 1889(18890223), Чикаго, Иллинойс — 7 сәуір 1981, Ранчо-Мираж, Калифорния) — америкалық кинорежиссёр және сценарийші. 1920 жылдан 1968 жылға дейін Таурог 180 фильм түсірді. Ол 1931 жылы «Скиппи» фильмі үшін «Үздік режиссер» номинациясында «Оскар» алды (сол кезде жүлде тарихындағы осы санаттағы ең жас иегер болды). Элвис Преслимен көптеген жұмыстармен танымал (9 бірлескен фильм). ## Дереккөздер
* Амансай – Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл. * Амансай – Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы ауыл.
Тұлға: * Кенен Әзірбаев – қазақтың әйгілі халық ақыны, жырау, сал-серілік дәстүрдің соңы, әнші және композитор. Елді мекен: * Кенен – Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Кенен – 2011 жылы Астана қаласы «Шаңырақ Медиа» баспасында басылып шыққан кітап. * Кенен – Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы қыстау. * Кенен – Теңіз көлінің батысындағы шоқы.
Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві — Президент пен оның Әкімшілігінің, Президент жанынан құрылған мемлекеттік органдардың, сондай-ақ басқа да ұйымдардың қызметін ақпараттық-архивтік қамтамасыз ету саласындағы міндеттерді атқаратын республикалық мемлекеттік мекеме. Архив ҚР Президентінің 1994 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен ҚР Қазіргі заман тарихы орталық мемлекеттік архивінің негізінде құрылды. ## Қызметі * Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының, қоғамдық бірлестіктердің, жеке тұлғалардың қызметі процесінде жасалатын, Ұлттық архив қорының түрлі ақпарат жеткізгіштердегі құжаттарын жинақтау және сақтау; * Қазақстан Республикасы Президентінің жеке архивінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; * ретроспективті құжаттық ақпарат беру, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық қызмет көрсету; * Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының, қоғамдық бірлестіктердің, жеке тұлғалардың қызметі процесінде жасалатын, Ұлттық архив қорының құжаттар көшірмелерінің Мемлекеттік сақтандыру қорын құру, есепке алу және сақтау. ## Архив тарихы Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мемлекет басшысының жарлығымен 1994 жылы Орталық мемлекеттік жаңарған тарих архивінің базасында ұйымдастырылған Ұлттық архив қорының құжаттарында мемлекет пен қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени қызметінің жан-жақты қырлары көрініс табады. Аталған аса құнды қазынаның арасында, Қазақстанның жаңа саяси тарихы жөніндегі құжаттардың едәуір бөлігі Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде ұқыпты сақталуда және нәтижелі пайдаланылу арқылы ерекше орын алады. Қазіргі таңда Архив Қазақстан Республикасы Президенті мен оның әкімшілігінің, Президентке тікелей бағынатын басқа да мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттық-архивтік қамтамасыз етудегі негізгі міндеттерін орындайтын қазіргі заманғы технологиялармен жабдықталған кешен болып табылады. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде 1921-2010 жылға дейінгі құжаттар сақталуда. ## Архив ғимараты Архив 1974 жылы типтік жоба бойынша салынған ғимаратта орналасқан, 8 архив қоймасы мен қызметі жайлары бар. Архив қоймаларының ұзындығы 29000 метр темір сөрелермен жарақталған, жасанды ішкі шағын ауа райын өлшейтін автоматтандырылған жүйелерге және күзет-өртсөндіргіш дабылдар жүйесіне қосылған. ## Архив құжатына сипаттама 2023 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіш бойынша Президент Архивінде 1 134 950 іс сақтаулы. ### Жеке тектік құжаттар 1998 жылдан бастап Архив жеке текті құжаттарды жинауды бастады. Бұл ең алдымен – Қазақстанның саяси, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің құжаттары. Қазір мемлекеттік сақтауға 51 жеке қорда 5000-ға жуық жеке адамдардың құжаттары сақталуда. Оның ішінде Қ.К.Тоқаев, М. Бейсебаев, М. Т. Оспанов, Ә. Т. Әлімжанов, М. Қ. Қозыбаев, Г.К.Бельгер, С. Қ. Құбашев, А. П. Рыбников, М. А. Жихарев, О. Батырбеков, З. С. Омарова, А. А. Алыбаев, М. И. Исиналиев тағы да басқа көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің құжаттары бар. Жеке текті қорлар бойынша анықтамалықтың бірінші және екінші басылымдары жарыққа шықты. ## Архив құжаттарын насихаттау және пайдалану Архив ғылыми жұмыстардың бір түрі болып табылатын Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жариялау мен қолдануды, Қазақстанның қазіргі заман тарихы мәселелері жөнінде зерттеулер жүргізуге және қазіргі заман саясаттану мәселелерін әзірлеуге қатысуды ұйымдастырады.Өткен жылдарда 46 құжатты жинақтар мен анықтама-ақпараттық басылымдар 51 томда шықты. (Толық тізімін – «Архивтің басылымдары мен жарияланымдары» айдарын қара). 1998 ж. Архив Атаулы күндер күнтізбесін (Архивтің құжаттары бойынша) жыл сайын шығарадыАрхив ұжымы ғылыми мекемелермен қоғамдық ұйымдарымен қарым-қатынасын жақсы жолға қойған. Архив қызметкерлері Қазақстанның жаңа тарихының мәселелері бойынша 70 баяндама және ақпаратты хабарламалармен 68 ғылыми-іс-тәжірибелік конференцияларға қатысты. Құжатты жинақтардың тұсаукесерлері, түрлі тақырыптар бойынша дөңгелек үстелдер, сонымен қатар, аса көрнекті қоғам және мемлекеттік қайраткерлерімен, ғылыми қызметкерлермен ұдайы кездесулер өткізіледі. Архивте сақтауға алынған істердің мазмұнын ашатын, 3,1 мың архивтік тізімдеме есепке алынған. Аса маңызды қорларға әртүрлі көрсеткіштер құрастырылған. Қазақстан Компартиясының республикалық бақылау органдарының құпиясыздандырылған қорларына тізімдеме-көрсеткі құрылған. 2001 жыл алғашқы рет «Архив Президента Республики Казахстан. Путеводитель» атты анықтамалық басылып шықты. Онда архив қорлары, оның ішіндегі айрықша маңызды қорлардың құрамы мен мазмұны туралы толық көрсетеді. Қазақстанның жаңа тарихы бойынша жан-жақты ақпаратты қамтитын 180 мыңға жуық карточка зерттеушілердің пайдалануына ұсынылады. Архив құжаттарының ғылыми-анықтамалық аппаратының жүйесін дамыту мен жетілдіру жөніндегі жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі. 2011 жылдан бастап барлық бірінші категориялық қорларда міндетті түрде ғылыми-анықтамалық аппарат жұмыс жасайды. ### Архив пен БАҚ Архив осы жылдары бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыс байланыс орнатты. Саяси тарих мәселелері бойынша «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Аргументы и факты», «Алматы ақшамы», «Коре ильбо», «Дойче Альгемайне Цайтунг» және басқа да газеттер мен «Мысль», «Ақиқат», «Жұлдыз», «Простор», «Нива», «Мир закона», «Отан тарихы», «Қазақ тарихы», «Қазақстан мұрағаттары», «Отечественные архивы» (Мәскеу), «Archion» (Варшава) сияқты журналдарға 230-дан астам мақала мен сұхбат және 98 радио және телехабарлар даярланды. Архив «Хабар» телеканалы дайындаған «Бірінші» атты теледидарлық құжатты көрсетілім дайындауға қатысты. өз күшімен және сонымен қатар ҚР Президентінің мәдениет орталығымен, ҚР Орталық мемлекеттік музейімен, ҚР Орталық мемлекеттік архивімен, Алматы облысының мемлекеттік архивімен бірлесіп 60-тан астам көрме даярланды және 180-ден астам дәріс-экскурсия өткізілді. ## Архивтік деректер базасы Архивтің жұмысы барысында 14 автоматтандырылған есеп және ақпаратты-іздеу деректер базасы құрастырылып енгізілді:«Мұрағаттық қор»; «Қазақ КСР Президентінің Актілері»;«Қазақстан Республикасы Президентінің Актілері»; «Мекемелер – ҚР ПМ жинақтау көздері»; Жоғарғы үкімет органдарының директивті шешімдері»; «Жеке істер»; «Жеке текті құжаттардын атаулы каталогы»; «Жеке текті құжаттардын атаулы картотекасы» «Жеке текті құжаттармен ҚР ПМ жинақтау қорларын толықтыру»; «Аса құнды құжаттар тізбесі» «Кітапхана қоры»; «Ақпаратты-анықтама қоры»; «Бухгалтерия–1С»; «Кадрлар». ҚР Президентінің Мұрағаты бұл кезеңде Қазақстанның саяси тарихы бойынша ірі құжаттар қоймасы ғана емес, басқа мемлекеттік архивтердің, музейлердің және ғылыми мекемелердің ішінде, өткенді шолатын құжаттық ақпараты мен тарихи білімді көпшілікке тарату орталықтарының бірі ретінде маңызды орын алады. ## Дереккөздер
Салтанат Қадырбекқызы Сапарбекова (23 мамыр 1984 жыл, Шымкент қаласы, Шымкент облысы, Қазақ КСР) – тоғызқұмалақтан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Әлем чемпионы және әлем чемпионаттарының 6 дүркін жүлдегері. Қазақстан кубогы мен жекелей чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, Әлем кубогы мен Азия чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері. Қазақстандағы және әлемдегі ең үздік тоғызқұмалақшылардың бірі. ## Өмірбаяны 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Шымкент қаласының және Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы. Тоғызқұмалақты өзінің әкесі әрі жеке бапкері, ұлттық спорт қайраткері Қадырбек Сапарбеков үйреткен. 8 жасынан бастап ойынды меңгеріп, оқушы кезінен республикалық, халықаралық жарыстарда жеңіске жете бастаған. Анасы – Назирахан Алиякбарова. Білікті ұстаз. Қазіргі бапкері – інісі, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сәбит Сапарбеков. Білімі: Жоғары, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ды «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітірген. Шымкенттегі №66 «Қазығұрт» орта мектебінің түлегі. Тоғызқұмалақты 8 жасынан ойнай бастаған Салтанат Сапарбекова ресми әрі кешенді жарыстардың бәрінде дерлік өзі туып-өскен өңірдің намысын абыроймен қорғап келеді. 1999 жылы тұңғыш рет ересектер арасында классика түрінен ҚР чемпионы атанды. 2003 және 2014 жылдары осы жетістікті қайталады. 1995-2018 жылдар аралығында ҚР жастар арасындағы біріншіліктерінде, командалық әрі жекелей сайыстарында топ жарған. Кешенді спартакиадалар мен фестивальдердің бірнеше дүркін жеңімпазы. Рапид және блиц түрлері бойынша еліміздің 5 дүркін, ҚР командалық чемпионаттарының 5 дүркін чемпионы. Швейцария, Моңғолия, Қырғызстан, Литва, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Румыния, Түркия және өзге де елдерде өткен Әлем кубоктары мен халықаралық сайыстарда жеңімпаз, жүлдегер атанған.Салтанат Сапарбекова 31 жылдан бері тоғызқұмалақпен шұғылданып, ел намысын абыроймен қорғап келеді. Өзі – білікті бапкер. Шәкірттері ел чемпионаттарында олжа салып жүр. Еңбекқор әрі ізденімпаз спортшы үлкенн тенниспен де шұғылданған. Бос уақытында кітап оқып, саяхаттағанды ұнатады. 2014 жылы республикалық «Алтын тұғыр» сыйлығын иеленген. ## Жеңістер хронологиясы * 1999, 2003, 2014 жылдар – Әйелдер арасында ҚР жекелей чемпионаты, І орын. * 1995-2018 жылдар – ҚР жастар, командалық және жекелей чемпионаттарында І орын. * 2006-2015 жылдар – ҚР кешендік спартакиадалар мен фестивальдер – І орын. * 2004 жыл – Чолпан-Атадағы (Қырғызстан) халықаралық турнир, І орын. * 2006 және 2011 жыл – ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесіне арналған халықаралық турнирлерде – І орын. * 2006 жыл – Павлодар, Халық ойындары – І орын. * 2007 жыл – Ыстықкөлдегі (Қырғызстан) халықаралық турнир, І орын. * 2007 жыл – ҚР Әейлдер арасындағы жекелей чемпионатында – І орын (блиц) * 2008 жыл – Ресей Федерациясы мен Қырғызстандағы халықаралық жарыстарда – І орын. * 2009 жыл – І Азия чемпионаты, Шымкент, ІІІ орын. * 2010 жыл – Ташкенттегі (Өзбекстан) халықаралық жарыс – І орын. * 2010 жыл – ҚР жекелей чемпионаты, І орын (рапид). * 2010 жыл – І Әлем чемпионаты, Астана қаласы, ІІ орын (классика), ІІІ орын (блиц). * 2011 жыл – Чолпан-Ата (Қырғызстан), халықаралық жарыс – І орын. * 2012 жыл – Канн (Франция), халықаралық жарыс – ІІ орын. * 2013 жыл – Павлодар, Азия чемпионаты, ІІІ орын. * 2013-2014 жылдар – Бішкек, Чолпан-Ата (Қырғызыстан), халықаралық жарыстар – І,ІІ,ІІІ орындар. * 2014 жыл – «Алтын тұғыр» сыйлығының иегері. * 2015 жыл – Алматы, Әлем чемпионаты – І орын (блиц), ІІІ орын (классика). * 1998, 1999, 2001, 2017, 2018 жылдар – ҚР командалық чемпионатының жеңімпазы. * 2012, 2014, 2016, 2017, 2018 жылдары – Қазақстан кубогының жеңімпазы. * 2015 жыл – Бішкек, халықаралық турнир – І орын. * 2015 жыл – Швейцариядағы халықаралық жарыс – ІІ орын * 2016 жыл – Ұлы дала ойындары (Алматы) – І орын. * 2016, 2017 жылдар – Баян Өлгей (Моңғолия), халықаралық турнир – І орын. * 2016, 2018 жылдар – Бішкек (Қырғызстан), Орта Азия кубогы – І, ІІ орын. * 2018 жыл – Анталья (Түркия), халықаралық жарыс – І орын. * 2018 жыл – ҚР классикадан жекелей чемпионаты – ІІ орын * 2018 жыл – VI Республикалық халық ойындары – ІІ орын * 2019 жыл – Анталья (Түркия) V Әлем чемпионаты – ІІ орын (классика). * 2019 жыл – Ақтөбе, Ұлттық спорт түрлерінен 5-фестиваль – ІІІ орын * 2019 жыл – ҚР жекелей чемпионаты – І орын (рапид), ІІІ орын (блиц). * 2019 жыл – ҚР командалық чемпионаты – ІІІ орын * 2020 жыл – Вильнюс (Литва), халықаралық жарыс – І орын. * 2021 жыл – ҚР кубогі – ІІ орын * 2022 жыл – Халық ойындары – командалық есепте – І, жекелей – ІІ орын. * 2022 жыл – Ыстықкөл, халықаралық жарыс – ІІІ орын. * 2022 жыл – ІІ Азия кубогі – ІІІ орын (блиц). * 2022 жыл – ҚР кубогі – І орын * 2022 жыл – Әлемнің 6-шы чемпионаты (Ақтөбе) – 3 орын (рапид). * 2023 жыл – «Ұлы қазақ ойындары» (Шымкент) – ІІ орын. * 2023 жыл – Қазақстан чемпионаты (Түркістан) – І орын (блиц), І орын (рапид). * 2023 жыл – Моңғолия, Азия чемпионаты – ІІ орын (блиц). * 2023 жыл – Констанца (Румыния), әлем кубогы – ІІІ орын (рапид). ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Салтанат Қадырбекқызы Сапарбекова (23 мамыр 1984 жыл, Шымкент қаласы, Шымкент облысы, Қазақ КСР) – тоғызқұмалақтан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Әлем чемпионы және әлем чемпионаттарының 6 дүркін жүлдегері. Қазақстан кубогы мен жекелей чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, Әлем кубогы мен Азия чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері. Қазақстандағы және әлемдегі ең үздік тоғызқұмалақшылардың бірі. ## Өмірбаяны 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Шымкент қаласының және Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы. Тоғызқұмалақты өзінің әкесі әрі жеке бапкері, ұлттық спорт қайраткері Қадырбек Сапарбеков үйреткен. 8 жасынан бастап ойынды меңгеріп, оқушы кезінен республикалық, халықаралық жарыстарда жеңіске жете бастаған. Анасы – Назирахан Алиякбарова. Білікті ұстаз. Қазіргі бапкері – інісі, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сәбит Сапарбеков. Білімі: Жоғары, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ды «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітірген. Шымкенттегі №66 «Қазығұрт» орта мектебінің түлегі. Тоғызқұмалақты 8 жасынан ойнай бастаған Салтанат Сапарбекова ресми әрі кешенді жарыстардың бәрінде дерлік өзі туып-өскен өңірдің намысын абыроймен қорғап келеді. 1999 жылы тұңғыш рет ересектер арасында классика түрінен ҚР чемпионы атанды. 2003 және 2014 жылдары осы жетістікті қайталады. 1995-2018 жылдар аралығында ҚР жастар арасындағы біріншіліктерінде, командалық әрі жекелей сайыстарында топ жарған. Кешенді спартакиадалар мен фестивальдердің бірнеше дүркін жеңімпазы. Рапид және блиц түрлері бойынша еліміздің 5 дүркін, ҚР командалық чемпионаттарының 5 дүркін чемпионы. Швейцария, Моңғолия, Қырғызстан, Литва, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Румыния, Түркия және өзге де елдерде өткен Әлем кубоктары мен халықаралық сайыстарда жеңімпаз, жүлдегер атанған.Салтанат Сапарбекова 31 жылдан бері тоғызқұмалақпен шұғылданып, ел намысын абыроймен қорғап келеді. Өзі – білікті бапкер. Шәкірттері ел чемпионаттарында олжа салып жүр. Еңбекқор әрі ізденімпаз спортшы үлкенн тенниспен де шұғылданған. Бос уақытында кітап оқып, саяхаттағанды ұнатады. 2014 жылы республикалық «Алтын тұғыр» сыйлығын иеленген. ## Жеңістер хронологиясы * 1999, 2003, 2014 жылдар – Әйелдер арасында ҚР жекелей чемпионаты, І орын. * 1995-2018 жылдар – ҚР жастар, командалық және жекелей чемпионаттарында І орын. * 2006-2015 жылдар – ҚР кешендік спартакиадалар мен фестивальдер – І орын. * 2004 жыл – Чолпан-Атадағы (Қырғызстан) халықаралық турнир, І орын. * 2006 және 2011 жыл – ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесіне арналған халықаралық турнирлерде – І орын. * 2006 жыл – Павлодар, Халық ойындары – І орын. * 2007 жыл – Ыстықкөлдегі (Қырғызстан) халықаралық турнир, І орын. * 2007 жыл – ҚР Әейлдер арасындағы жекелей чемпионатында – І орын (блиц) * 2008 жыл – Ресей Федерациясы мен Қырғызстандағы халықаралық жарыстарда – І орын. * 2009 жыл – І Азия чемпионаты, Шымкент, ІІІ орын. * 2010 жыл – Ташкенттегі (Өзбекстан) халықаралық жарыс – І орын. * 2010 жыл – ҚР жекелей чемпионаты, І орын (рапид). * 2010 жыл – І Әлем чемпионаты, Астана қаласы, ІІ орын (классика), ІІІ орын (блиц). * 2011 жыл – Чолпан-Ата (Қырғызстан), халықаралық жарыс – І орын. * 2012 жыл – Канн (Франция), халықаралық жарыс – ІІ орын. * 2013 жыл – Павлодар, Азия чемпионаты, ІІІ орын. * 2013-2014 жылдар – Бішкек, Чолпан-Ата (Қырғызыстан), халықаралық жарыстар – І,ІІ,ІІІ орындар. * 2014 жыл – «Алтын тұғыр» сыйлығының иегері. * 2015 жыл – Алматы, Әлем чемпионаты – І орын (блиц), ІІІ орын (классика). * 1998, 1999, 2001, 2017, 2018 жылдар – ҚР командалық чемпионатының жеңімпазы. * 2012, 2014, 2016, 2017, 2018 жылдары – Қазақстан кубогының жеңімпазы. * 2015 жыл – Бішкек, халықаралық турнир – І орын. * 2015 жыл – Швейцариядағы халықаралық жарыс – ІІ орын * 2016 жыл – Ұлы дала ойындары (Алматы) – І орын. * 2016, 2017 жылдар – Баян Өлгей (Моңғолия), халықаралық турнир – І орын. * 2016, 2018 жылдар – Бішкек (Қырғызстан), Орта Азия кубогы – І, ІІ орын. * 2018 жыл – Анталья (Түркия), халықаралық жарыс – І орын. * 2018 жыл – ҚР классикадан жекелей чемпионаты – ІІ орын * 2018 жыл – VI Республикалық халық ойындары – ІІ орын * 2019 жыл – Анталья (Түркия) V Әлем чемпионаты – ІІ орын (классика). * 2019 жыл – Ақтөбе, Ұлттық спорт түрлерінен 5-фестиваль – ІІІ орын * 2019 жыл – ҚР жекелей чемпионаты – І орын (рапид), ІІІ орын (блиц). * 2019 жыл – ҚР командалық чемпионаты – ІІІ орын * 2020 жыл – Вильнюс (Литва), халықаралық жарыс – І орын. * 2021 жыл – ҚР кубогі – ІІ орын * 2022 жыл – Халық ойындары – командалық есепте – І, жекелей – ІІ орын. * 2022 жыл – Ыстықкөл, халықаралық жарыс – ІІІ орын. * 2022 жыл – ІІ Азия кубогі – ІІІ орын (блиц). * 2022 жыл – ҚР кубогі – І орын * 2022 жыл – Әлемнің 6-шы чемпионаты (Ақтөбе) – 3 орын (рапид). * 2023 жыл – «Ұлы қазақ ойындары» (Шымкент) – ІІ орын. * 2023 жыл – Қазақстан чемпионаты (Түркістан) – І орын (блиц), І орын (рапид). * 2023 жыл – Моңғолия, Азия чемпионаты – ІІ орын (блиц). * 2023 жыл – Констанца (Румыния), әлем кубогы – ІІІ орын (рапид). ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Зарина Болатқызы Тұрдиева (14 мамыр 1992 — 16 қаңтар 2016) — футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы. Ол футболдағы мансабын алматылық ЖСШММ сапында бастады. 2012 жылы Талдықорған Жетісуына көшіп, онда 22-ден астам ойын өткізген. 2014-2015 жылдары көкшетаулық «Көкше» клубында өнер көрсетіп, мансабын осы клубта жалғастырмақ болған. Бірақ қаржыландырудың болмауына байланысты Көкше Әйелдер лигасының жарысына қатыспауы мүмкін (кейінірек солай болды) еді. 2016 жылдың қаңтарында Заринаны апасы үйіндегі сарайда асылып қалған күйде тауып алған. ## Сілтеме * Зарина Турдиева была лучиком света в нашей команде - тренер. vesti.kz (18 қаңтар 2016). * 55-й навсегда... В память о Зарине Турдиевой. vesti.kz (18 қаңтар 2016). ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Меркі – Жамбыл облысы Меркі ауданындағы ауыл, аудан және Меркі ауылдық округі орталығы, темір жол бекеті * Меркі – Жамбыл облысы Меркі ауданындағы ауыл, темір жол бекеті. * Меркі шипажайы — Жамбыл облысы Меркі ауданындағы елді мекен, шипажай. Басқа мағыналар: * Меркі – көне қала орны. * Меркі – ерте темір дәуірі қорғаны. * Меркі – Шу алабындағы өзен. * Меркі – Жамбыл облысы Меркі ауданы аумағында орналасқан тау.
Тілеужан Мұқашұлы Мұқашев (1881, №1 ауыл, Ақтөбе уезі, Торғай облысы, Ресей империясы — 1937, КСРО) — кеңестік мемлекет және партия қайраткері. ## Өмірбаяны 1911-1917 жылдары — Ақтөбе уезінің 3-бөлімі кеңсе хатшысы, белсенді әскерге мал сатып алу жөніндегі хатшы (Ор қ.). 1917 жылдың тамызынан бастап — Ақтөбе земство басқармасының; 1918 жылдың қыркүйегінен бастап – уездік милиция іс жүргізушісы болды. * 1918-1921 жылдары — Ақтөбе атқару комитетінің бөлім меңгерушісі болды, * 1921-1923 жылдары — Ақтөбе губерниялық атқару комитеті мен қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, кейін төрағасы болды, * 1923-1924 жылдары — Қырғыз (Қазақ) АКСР орталық атқару комитетінің бөлім меңгерушісі болды, * 1924 жылдың наурызы — 1925 жылдың маусымы — РКФСР Жоғарғы Сотының Қазақ бөлімшесі төрағасы болды, * 1925-1926 жылдары — РКФСР Жоғарғы Сотының Қазақ бөлімшесі мүшесі болды, * 1926-1928 жылдары — Орал губерниялық сотының төрағасы болды, * 1928-1930 жылдары — Орал аймақтық прокуратурасының прокуроры болды, * 1930 жылы ақпан-тамыз — РКФСР Жоғарғы Сотының Қазақ бөлімшесі мүшесі болды, * 1930 жылы — «Гигант» ұжымшарының төрағасы және бір уақытта Еңбекшіқазақ аудандық ұжымшарлар одағының төрағасы, * 1931-1932 жылдары — Еңбекшіқазақ аудандық атқару комитетінің төрағасы болды. * 1932 жылдың қазанынан 1937 жылдың қарашасына дейін — Қазақ АКСР Жоғарғы соты (1936 жылдан бастап - Қазақ КСР Жоғарғы Соты) төрағасының орынбасары болды. ## Сілтеме * Қазақстан ЖС сайтындағы өмірбаяндар
Қызыл-Тура (орыс. Кызыл-Тура) — Ескер жұртының, Түмен (Сібір) хандығының құрамындағы ортағасырлық қала. Қазіргі Ресей Федерациясы, Омбы облысының Усть-Ишим ауданында орналасқан. ## Тарихы Қалашық «Сібірдің хорографиялық кітабының» 87 бетінде бейнеленген. Қираған қалашықтың орына 1771 жылы И.П Фальк келген. Ол қираған мешіттің мұнарасы мен тас үйдің қалдықтарын көрген. ## Әдебиет * Матвеев А.В., Татауров С.Ф. Сибирское ханство: военно-политические аспекты истории. Казань: Фэн АН РТ, 2012. 260 с. * Тюменское и Сибирское ханства / под ред. Д. Н. Маслюженко, А. Г. Ситдикова, Р. Р. Хайрутдинова. — Казань: Издательство Казанского университета, 2018. — 560 с. — ISBN 978-5-00130-021-2.
Қазақ КСР Жоғарғы Соты, Қазақстан және РКФСР Жоғарғы Сотының Қазақ бөлімшесі төрағаларының тізімі. Тізім хронологиялық ретпен келтірілген. Жұмыс істеген жылдары жақшада көрсетілген. ## РКФСР Жоғарғы Сотының Қазақ бөлімшесі төрағалары * Нығмет Нұрмақұлы (қазан 1921 — сәуір 1923) * Тілеужан Мұқашұлы (наурыз 1924 — маусым 1925) * Мырзағұл Атаниязұлы (наурыз 1925 — наурыз 1927) * Сермұхамед Бекбатырұлы (сәуір 1927 — сәуір 1929) ## Қазақ АКСР Жоғарғы Сотының төрағасы * Нығметулла Сырғабекұлы (мамыр 1929 — қараша 1929) * Нағима Ыдырысқызы Арықова (1929—1930) * Ғұмар Сейітәліұлы Жүнісов (шілде 1931—1932) * Қазмұхамед Кәрібұлы Күлетов (шілде 1932—1934) * Шәймерден Бейсенбайұлы Бектұрғанов (мамыр 1934—1937) ## Қазақ КСР Жоғарғы Сотының төрағасы * Шәймерден Бейсенбайұлы Бектұрғанов (мамыр 1934—1937) * Әбдірахман Есалыұлы Құскелдиев (желтоқсан 1937 — тамыз 1938) * Петр Иванович Громов (тамыз 1938 — сәуір 1939) * Темірғали Қожабергенов (сәуір 1939 — мамыр 1941) * Мырзақадыр Нұрбаев (1941—1942) * Тәңірберген Әділбаев (сәуір 1943 — қазан 1945) * Омадияр Байжанұлы Адамбаев (1946) * Әбидулла Үмбетжанұлы Биекенов (с 24 мая 1946) * Әбдірахман Досанов (тамыз 1946 — тамыз 1958) * Әмір Нұрышев (1958—1959) * Күнтуар Әлібайұлы Сүлейменов (1958—1962) * Бекайдар Жүсіпов (маусым 1962 — қыркүйек 1970) * Қайыр Ерденбайұлы Мыңбаев (ноябрь 1970 — мамыр 1981) * Ғалым Бәжімұлы Елемісов (маусым 1981 — қаңтар 1984) * Тамас Қалмұхаметұлы Айтмұхаметов (1984—1993) ## Қазақстан Жоғарғы Сотының төрағасы * Тамас Қалмұхаметұлы Айтмұхаметов (1984—1993) * Михаил Федорович Малахов (желтоқсан 1993—1996) * Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев (1996—2000) * Қайрат Әбдіразақұлы Мәми (қыркүйек 2000 — сәуір 2009) * Мұсабек Тұрғынбекұлы Әлімбеков (2009—2011) * Бектас Әбдіханұлы Бекназаров (2011—2013) * Қайрат Әбдіразақұлы Мәми (2013—2017) * Жақып Қажманұлы Асанов (2017—2022) * Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев (2022 жылдан бастап) ## Дереккөздер
Асқар Ахметұлы Мусинов (11 сәуір 1961, Алматы – 10 ақпан 2024) – қазақ дипломаты, 2024 жылдан бері Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының Бас директоры. ## Өмірбаяны 1984 жылы А.А. Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетінің "шығыстанушы-филолог" мамандығын бітірген. * 1984-1987 – Ливиядағы әскери аудармашы; * 1987-1991 – Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің екінші, бірінші хатшысы; * 1991-1992 – Ресей Федерациясының Сауд Арабиясындағы Елшілігінің екінші хатшысы; * 1993 – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының халықаралық бөлімінің аға референті; * 1993-1996 – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық басқармасының бастығы; * 1996 – Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің бірінші хатшысы – консулдық бөлімнің меңгерушісі; * 1996-1997 – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Бас консулдық басқармасының бастығы, Консулдық қызмет департаментінің директоры; * 12.1997-09.1999 – Қазақстан Республикасы Президенті хаттамасының меңгерушісі; * 09.1999-06.2002 – Қазақстан Республикасының Мысырдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі; * 07.2002-06.2006 – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі; * 06.2006-05.2008 – Қазақстан Республикасының Бахрейндегі, Кувейттегі, Омандағы, Қатардағы, БАӘ-дегі Төтенше және Өкілетті Елшісі; * 05.2008-06.2013 – Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі; * 06.2013-06.2014 – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы; * 07.2014-03.2016 – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары; * 2016-2018 жылдары – Ислам ынтымақтастық ұйымының Бас хатшылығының Бейбітшілік, қауіпсіздік және жанжалдарды шешу бөлімінің басшысы (2016 жылдан бастап); * 2018 жылдың 6 мамырында Дакка қаласында өткен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 45-ші сессиясында ИҰЫ Бас хатшысының ғылым және технологиялар жөніндегі орынбасары болып сайланды; * 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап – Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының Бас директоры. 2024 жылдың 10 ақпанында 62 жасында қайтыс болды. ## Отбасы Әкесі Ахмет Оспанұлы Мұса мен Рената Серәліқызы Қожамқұлова – тіл білімі мамандары. Әйелі – Жанар Жүсіпәліқызы Нөкетаева. ## Еңбектері * Мусинов А.А. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Таяу және Орта Шығыс: монография / А.А. Мусинов. – Алматы: Қазақ универ­ситеті, 2018. – 245 б. ## Марапаттары * Парасат ордені (2015) * 2-ші дәрежелі Достық ордені (2005) ## Дереккөздер
Дәрібай Ханкерейұлы Ханкереев (1890, №24 ауыл, Елек уезі, Орал облысы, Ресей империясы — 2 наурыз 1938, Алматы, Қазақ КСР) — қазақ кеңестік саясаткер, мемлекет қайраткер. ## Өмірбаяны 1890 жылы Ресей империясының Орал облысы Елек уезінің 24-ауылында шаруа және қызметкердің отбасында дүниеге келген. Қазақ, БОАК ұйымдастыру бөлімінің сауалнама барағында қырғыз деп көрсеткен. 1920 жылдан бастап Коммунистік партияның мүшесі. 1905 жылы Електегі 2 сыныптық мектепті бітірген. 1906-1914 жылдары таратушы, аудармашы, түптеуші, іс жүргізуші қызметтерін атқарған. 1914-1917 жылдары іс жүргізуші болып жұмыс атқарып, 1917-1919 жылдары қожалықпен айналысты. 1920 жылдың ақпан-мамыр айларында ҚАКСР ІІХК нұсқаушысы болып жұмыс істеді. 1921 жылдың қазан-қарашасы — ҚАКСР ІІХК Елек БСК басқарма бөлімінің меңгерішісі болды. 1921 жылдың қарашасы – 1922 жылдың мамыры — ҚАКСР ІІХК басқарма бөлімінің меңгерішісі және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болды. 1922 жылдың қыркүйегінен 1923 жылдың қыркүйегіне дейін Қырғыз (Қазақ) АКСР Қырмилициясы басшысы, ҚАКСР ІІХК алқасының мүшесі. 1923 жылдың 2 желтоқсанынан бастап Ақтөбе губерниялық атқару комитетінің төрағасы. 1925 жылдың наурызына дейін Семей губерниялық революциялық комитет-атқару комитетінің төрағасы болды. 1925 жылдың мамыр-қазан айларында ҚАКСР әлеуметтік қамсыздандыру халық комиссары болды. 1925-1927 жылдары — «Қосшы» одағының төрағасы болды. 1927-1928 жылдары — Мақат мұнай кәсіпшілігі басшысының орынбасары болды. 1928-1929 жылдары — Гурьев округіндегі Доссор мұнай кәсіпшілігі басшысының көмекшісі болды. 1929-1932 жылдары — Гурьев қаласындағы «Ембімұнай» тресі басшысының орынбасары болды. 1932 жылдың наурыз-қазан айларында ҚАКСР жеңіл өнеркәсіп халық комиссарының бірінші орынбасары болды. 1932 жылдың тамызынан 1933 жылдың шілдесіне дейін ҚАКСР жеңіл өнеркәсіп халық комиссары болды. 1934 жылы — БК(б)П Маңғыстау, Форт-Александровский аудандық комитетінің жауапты хатшысы қызметін атқарды. 1937 жылы 23 қыркүйекте Гурьев облысы бойынша ІІХКБ қызметкерлерімен тұтқынға алынды. 1938 жылы 2 наурызда КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасы РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-2, 58-7, 58-8, 58-11-баптарында көзделген қылмыстар туралы айыпты дәлелденген деп танып, оған ең қатаң жазалау шарасы жайлы үкім шығарды. Үкім шығарылған күні атылды. 1959 жылы 19 ақпанда КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасы: қылмыс құрамының жоқтығы үшін ақтады. ## Қоғамдық жұмысы * 1920 жылы болыстық, 1920 және 1921 жылы уездік, 1921 жылы губерниялық, 1924 жылы бүкілресейлік Кеңестер съездеріне қатысушы. * 1921 жылы мамыр-шілде. Орал губерниялық атқару комитетінің хатшысы. * 1924 жылдың 13 қаңтарынан бастап Қырғыз орталық атқару комитетінің мүшесі. ## Сілтеме * Қазақстан наркомдары, 1920—1946 жж: өмірбаяндық анықтамалық / Құрас. М. Х. Жакыпов, А. С. Зулкашева, А. Н. Ипмагамбетова, Е. В. Чиликова. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. — Б. 347. ## Дереккөздер
Махмуд Марди (араб.: مَحمُود نَايِف أَحمَد الْمَرضِيّ‎; 6 қазан 1993, Акаба қаласы, Иордания) — иорданиялық футболшы, шабуылшы. 2023 жылы Азия кубогына қатысты. ## Жүлделері ### Клубтық Әл-Мухарраб * АФК Кубогы: 2021 * Бахреин кубогы: 2021 Әл-Фаисали * Иордания чемпионы: 2018–19 * Иордания кубогы: 2018–19 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Махмуд Марди (араб.: مَحمُود نَايِف أَحمَد الْمَرضِيّ‎; 6 қазан 1993, Акаба қаласы, Иордания) — иорданиялық футболшы, шабуылшы. 2023 жылы Азия кубогына қатысты. ## Жүлделері ### Клубтық Әл-Мухарраб * АФК Кубогы: 2021 * Бахреин кубогы: 2021 Әл-Фаисали * Иордания чемпионы: 2018–19 * Иордания кубогы: 2018–19 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Мұрат Қажымұратұлы Нұғманов (30 қаңтар 1964, Орал, Қазақ КСР) — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы қолбасшылығының өкілі, полковник, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы (2013-2015). ## Өмірбаяны 1967 жылы 8 наурызда Орал қаласында дүниеге келген. 1988 жылы Челябі жоғары танк командалық училищесін бітірген. Қызметін жеке гвардиялық армия корпусының жеке гвардиялық механикаландырылған бригадасында танк взводының командирі болып бастады. 1988-2005 жылдар аралығында штаб басшысы — танк батальоны командирінің орынбасары, гвардиялық оқу танк полкі командирінің орынбасары, мотоатқыштар дивизиясы командирінің орынбасары қызметтерін атқарды. 1997 жылы құрышты танк күштері Әскери академиясын бітірген. 2005 жылдың мамырынан 2006 жылдың тамызына дейін — механикаландырылған бригада командирі болды. 2006 жылдың тамызынан 2007 жылдың тамызына дейін — ҚР ҚМ штабтар басшылары комитетінің Жедел жоспарлау департаменті Жауынгерлік дайындық басқармасы басшысының орынбасары болды. 2007 жылдың тамызынан 2008 жылдың желтоқсанына дейін — ҚР ҚМ штабтар басшылары комитетінің Жауынгерлік даярлық және әскер қызмет департаменті Жауынгерлік даярлықты есепке алу және бақылау басқармасының басшысы болды. 2008 жылдың желтоқсанынан 2009 жылдың тамызына дейін — ҚР ҚМ штабтар басшылары комитетінің Жедел жоспарлау департаменті басшысының орынбасары болды. 2009 жылдың тамызынан 2011 жылдың тамызына дейін Ресей Қарулы Күштері Бас штабы Әскери академиясының тыңдаушысы болды. 2011 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясында болды. 2011 жылдың тамызынан 2012 жылдың шілдесіне дейін — өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының Басқарма штаб басшысы болды. 2012 жылдың шілдесінен 2013 жылдың шілдесіне дейін — Бас қолбасшысы орынбасары (жауынгерлік даярлық жөніндегі) - ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысы басқармасы Бас жауынгерлік даярлық басқармасының басшысы болды. 2013 жылдың шілдесінен 2015 жылдың қазанына дейін — «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болды. 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті басшысының орынбасары – Бас штаб факультетінің басшысы болды. ## Дереккөздер
Сим(е)он Илеуші (Симон Тері илеуші, копт. ⲫⲏⲉⲑⲟⲩⲁⲃ ⲥⲓⲙⲱⲛ ⲡⲓⲃⲁⲕϣⲁⲣ (ⲡⲓϩⲟⲙ, Ϧⲁⲣⲣⲁⲍ, араб.: سمعان الخراز‎; әл-Харраз) — копт әулиесі, оның аты Мукаттам тауының қозғалысы туралы аңызбен байланысты. Каир маңында (қазіргі Маншият Насыр ауданы) Фатимид халифасы Әл-Муиз билігі кезінде. ## Таумен ғажайып туралы аңыз Симон Илеуші 9 ғасырдың аяғында Мысырда өмір сүрген және көптеген копт христиандары сияқты қолөнермен айналысқан. Ол айналысқан қызмет түрі Каирде әлі де кең таралған, сонымен қатар басқа да өндірістік процестерді қамтиды, соның арқасында Саймон былғары өнеркәсібіне қатысты басқа лақап аттармен танымал — Тері илеуші, Етікші. 972-975 жылдар аралығында Каирді басқарған халиф Әл-Муиз өзінің қатысуымен пікірталасқа қатысуға әртүрлі конфессиялардың діни жетекшілерін шақырды. Осы кездесулердің бірінде Рим Папасы Ыбырайдың қатысуымен және еврей Якуб ибн Киллис (осы әңгіменің басқа нұсқаларында оның аты Мұса), жеңіс Ибраһимге берілді. Ибн Киллис кек алу үшін Матфейден Інжіліндегі (17:20) Исаның сөзін келтіреді: «Егер сен қыша дәніндей сенімің болса және мына тауға: «Осы жерден сол жаққа көш» десең, ол қозғалап және сен үшін мүмкін емес ештеңе болмайды», — деп пападан өз сенімінің ақиқаттығын көрсетілген жолмен дәлелдеуді сұрады. Мұны естіген халиф Ыбырайымнан оның Інжілі солай айтылған ба деп сұрайды және ол мұны растаған соң, мұндай ғажайыпты папа жасауын талап етеді, әйтпесе Ибраһим және барлық копттер өлтіріледі. Патриарх дайындалуға үш күн уақыт берді. Ибраһим монахтарды, діни қызметкерлерді және ақсақалдарды жинап, оларға үш күн дұға етуді бұйырды. Үшінші күні таңертең Ыбырайым ілулі шіркеуде дұға етіп жатқанда, оған Мәриям көрініп, үлкен базарға баруды және сол жерден су терісі бар бір көзді адамды табуды бұйырды. Ол керемет жасай алатын адам. Ыбырайым мойынсұнып, оған сипатталған жерде кездестірді, ол оның бір көзін жұлып алды, Матфейден Інжіліндегі (5:29) «Егер оң көзің сені күнәға итермелесе, оны жұлып алап, оны өзіңнен лақтырып таста, өйткені бүкіл денең тозаққа тасталмай, бір мүшеңнің өлгені сен үшін жақсы». Ыбырайым Симонға халифа мен сарбаздармен бірге тауға еріп жүруді бұйырды. Сол жерде Симон Ыбырайымға «Ием, рақым ет» деп үш рет айқайлауын бұйырды. Патриарх бұл кеңесті орындап, тау көтерілді. Бір керемет жасап, Ыбырайым Симонды іздеуге бұрылды, бірақ ол жоғалып кетті. Халиф христиандық сенімнің ақиқатын мойындады, содан бері осы оқиғаны еске алу үшін Копт православие шіркеуі Рождестволық ораза басталғанға дейін қосымша үш күнді атап өтеді. ## Ойда Симон Танер және ол жасаған керемет туралы негізгі дереккөз — Патриарх Ыбырайымның өмірбаяны, Севир Ибн аль-Мукаффабен кіреді. «Александриялық патриархтардың тарихында». 1989-1991 жылдары копт діни қызметкерлері мен археологтары Симон Танердің қалдықтарын іздеді. Олар Симонды Ескі Каирдегі әл-Хабаш зиратында жерленген деп болжады, алайда 1991 жылы 4 тамызда Вавилондағы Құдай Ана Эль-Дараг шіркеуіде қалпына келтіру кезінде Симонның қаңқасы Копттық Каир табылды. Каирдегі (Етікші әулие Симеон монастырі) және Асуандағы монастырьлар Теріші Симонға арналған. ## Тағы қараңыз * Никита Кожемяка * Етікші Әулие Симеон монастырі ## Әдебиеттер * Loubser J. A. How Al-Mokattam Mountain Was Moved: The Coptic Imagination and the Christian Bible // Gerald O. West, Musa W. Dube Shomanah The Bible in Africa: transactions, trajectories, and trends. — BRILL, 2000. — С. 103-126. — ISBN 9004106278.
* Көкарық – Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы, Абай ауылдық округі құрамындағы ауыл. * Көкарық – Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы, Тереңөзек ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Константин Николаевич Сафронов (2 қыркүйек 1987) — қазақстандық жеңіл атлетші, ұзындыққа секіру бойынша маман. 2003-2015 жылдары жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетті, жабық ғимараттағы Азия ойындарының қола жүлдегері, ел чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері, бірқатар ірі халықаралық жарыстарға, соның ішінде 2009 жылы Берлинде және 2013 жылы Мәскеуде өткен әлем чемпионаттарына қатысушы. ## Өмірбаяны Константин Сафронов 1987 жылы 2 қыркүйекте дүниеге келген. Павлодарда тұрып жаттығады. Алғаш рет 2003 жылғы маусымда жеңіл атлетикадан халықаралық деңгейде өзін танытып, Қазақстан құрамасының сапына кіре, Шербрук қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысып, ұзындыққа және үш рет қарғып секіру жарыстарына қатысты. 2005 жылы Инчхонда өткен Азия чемпионатында және Бангкокта өткен жабық ғимараттағы Азия ойындарында ұзындыққа секіруден бақ сынады. 2006 жылы Бейжіңде өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында секіріп, Дохадағы Азия ойындарында 12-орын алды. 2007 жылы Амманда өткен Азия чемпионатында бесінші, Бангкоктағы Универсиадада алтыншы орын иеленіп, Макаода өткен жабық ғимараттағы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды. 2008 жылы Дохада өткен жабық ғимараттағы Азия чемпионатында ұзындыққа секіруден бесінші орынға қол жеткізді. 2009 жылы Берлинде өткен әлем чемпионатында, Гуанчжоуда өткен Азия чемпионатында және Ханойда өткен жабық ғимараттағы Азия ойындарында өнер көрсетті – соңғысында жетінші орын алды. 2010 жылы Гуанчжоуда өткен Азия ойындарында сегізінші болды. 2011 жылы Кобеде өткен Азия чемпионатында сегізінші нәтиже көрсетсе, Шэньчжэньдегі Универсиадада барлық мүмкіндіктерінен айырылып, нәтижесіз қалды. 2012 жылы Ханчжоуда өткен жабық ғимараттағы Азия чемпионатында алтыншы орынға ие болды. 2013 жылы маусымда Алматыда өткен жарыста ұзындыққа секіруден өзінің жеке үздік нәтижесін жаңартты — 8,10 метр. Мәскеуде өткен әлем чемпионатына қатысып, 7,47 нәтижемен финалға шыға алмады. 2014 жылы Ханчжоуда өткен жабық ғимараттағы Азия чемпионатында бесінші, Инчхондағы Азия ойындарында сегізінші орынға ие болды. 2015 жылы Уханьда өткен Азия чемпионатында сегізінші орын алып, Кванджудағы Универсиадаға қатысты. Ол 2017 жылғы маусымның соңында спорттық мансабын аяқтады. Үздік спорттық жетістіктері үшін «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» құрметті атағы берілді. Жұбайы Ольга Сафронова (Блудова) - қысқа қашықтыққа жүгіруден қазақстандық атақты жүгіруші. ## Дереккөздер
Болат Керімжанұлы Дарбеков (21 қазан 1957, Тоқмақ, Фрунзе облысы, Қырғыз КСР) — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы қолбасшылығының өкілі, генерал-лейтенант, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы (2007-2008). ## Өмірбаяны 1957 жылы 21 қазанда Қырғыз КСР Тоқмақ қаласында дүниеге келген. 1979 жылы Алматы жоғары жалпыәскери қолбасшылық мектебі үздік бітірді. Офицерлік қызметін Германиядағы Кеңес әскерлері тобында мотоатқыштар взводының командирі болып бастады. 1979 жылдың қарашасынан бастап — ГКӘТ 35-жеке гвардиялық десанттық-шабуылдаушы бригадасының десанттық-шабуылдаушы взводының командирі болды. ЖДШБр құрамында командирдің орынбасары — парашютті-десанттық ротаның әуе-десанттық даярлығы бойынша нұсқаушысы, десанттық-шабуылдаушы ротасының командирі, штаб басшысы — парашютті-десанттық батальон командирінің орынбасары қызметтерін атқарған. 1988 жылы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны үздік бітірді. Академияны бітіргеннен кейін ОАӘО жеке мотоатқыштар бригадасының мотоатқыштар батальоны командирі қызметін атқарды. 1992 жылы Қырғызстан Республикасы Ұлттық ұланының штаб басшысы — қолбасшысының орынбасары болып тағайындалды. 1993-1995 жылдары — Қырғызстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас штабының басшысы — қолбасшысының бірінші орынбасары болды. 1995 жылы Қырғызстаннан Қазақстанға ауысты. 1995 жылдың қарашасынан 1998 жылдың мамырына дейін мотоатқыштар дивизиясының мотоатқыштар полкінің командирі, 23260 әскери бөлімінің бөлім офицері, Алматы жоғары әскери училищесінің тактика кафедрасының оқытушысы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери академиясының оперативтік өнер және тактика кафедраның аға оқытушысы қызметтерін атқарды. 1998 жылдың мамырында армия корпусының танк дивизиясы командирінің орынбасары болып тағайындалды. 2001 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын үздік бітіріп, Жедел жоспарлау департаментінің басшысы — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының жедел жоспарлау жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 2003 жылдың қаңтарынан — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас штаб басшысының бірінші орынбасары — Жедел жоспарлау жөніндегі департаменттің басшысы болды. 2003 жылы шілде Қазақстан Республикасы Президентінің № 389 Өкімімен Штабтар басшылары комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2007 жылдың 10 қаңтарында басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. 2007 жылдың 17 сәуірінен 2008 жылдың 6 қарашасына дейін — «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болды. ## Марапаттары * II дәрежелі Даңқ ордені (2005) * «Төтенше жағдайлардын алдын алуда және жоюда уздіқ шыққаны үшін» медалі (2008) ## Дереккөздер
Жел өтіндегі тағдырлар (ағылш. Gone with the Wind) — 1939 жылы Маргарет Митчеллдің аттас романы негізінде түсірілген тарихи мелодрама жанрындағы американдық көркем фильм. Фильмнің оқиғалары азаматтық соғыс кезінде АҚШ—тың оңтүстігінде өтеді, сюжет Джорджия штатындағы плантация иесінің қызы Скарлетт О' Хараның оқиғасына негізделген. Фильм «Оскардың» 12-ші марапаттау рәсімінде 13 номинацияның ішінен 8 «Оскар» жүлдесін жеңіп алды, оның ішінде «Үздік фильм», «Үздік режиссер» (Виктор Флеминг), «Үздік бейімделген сценарий» (Сидни Ховард, қайтыс болғаннан кейін), «Үздік актриса» (Вивьен Ли) және «Үздік көмекші актриса» (Хэтти МакДэниэль, «Оскар» алған алғашқы афроамерикалық әйел). Фильм номинациялар мен жүлделер саны бойынша рекорд орнатты. «Жел өтіндегі тағдырлар» фильмі премьерасынан кейін керемет танымалдылыққа ие болды.Тарихтағы ең көп табыс әкелген фильмге айналып, 25 жылдан астам рекордты ұстады. Инфляцияны есепке алғанда, фильм тарихтағы ең жоғары табыс әкелген фильм болып қала береді, ол 3,7 миллиард доллардан астам табыс жинады. Фильм барлық уақыттағы ең керемет фильмдердің бірі деп танылды. ## Рөлдерде ## Жүлделер Фильм келесі номинациялар бойынша «Оскар» жүлдесін алды: * Үздік фильм * Үздік режиссер (Виктор Флеминг) * Үздік актриса (Вивьен Ли) * Үздік көмекші актриса (Хэтти МакДаниел) * Үздік бейімделген сценарий * Үздік операторлық жұмыс (түсті фильмдер – Эрнест Халлер және Рэй Реннахан) * Үздік қоюшы суретші жұмысы * Үздік монтаж Ол тағы бес номинация бойынша «Оскар» жүлдесіне ұсынылды. Суретші Уильям Кэмерон Мензис түсті қолданғаны үшін «Оскар» құрмет медалін алды. 1940 жылы «Photoplay» журналынан «Құрмет» медалін алды. 1989 жылы ол АҚШ-тың ұлттық фильмдер тізіліміне енгізілді. ## Дереккөздер
Жел өтіндегі тағдырлар (ағылш. Gone With The Wind) бірнеше сөзге мағына беруі мүмкін: * «Жел өтіндегі тағдырлар» — американдық жазушы Маргарет Митчеллдің романы (1936). * «Жел өтіндегі тағдырлар» — Маргарет Митчеллдің романына негізделген Виктор Флемингтің фильмі, алғашқы түсті фильмдердің бірі (АҚШ, 1939).
Салах Саид Сәлім Әл-Яхьяи (араб.: صلاح سعيد سالم اليحيائي‎; 17 тамыз 1998), қысқаша Салах Әл-Яхьяи — омандық футболшы, жартылай қорғаушы. 2019, 2023 жылдары Азия чемпионатына қатысты. ## Дереккөздер
Қайдар Сәмиғоллаұлы Қарақұлов (9 маусым 1974, Рабочий ауылы, Бұқарыслан ауданы, Орынбор облысы, РКФСР, КСРО) —— қазақстандық әскери қолбасшы. 2019 жылдан бастап «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор (2017). 2022 жылы 15 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатты. ## Өмірбаяны 1974 жылы 9 маусымда Орынбор облысы Бұқарыслан ауданы Рабочий ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Алматы жоғары жалпыәскери қолбасшылық мектебін, 2005 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетін, 2012 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясының курстарын бітірген. Танк взводының командирі, мотоатқыштар ротасының командирі, мотоатқыштар батальоны командирінің орынбасары, жеке батальон командирі, бригада командирінің орынбасары, бригада командирі, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері командирінің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшылығы басқармасының штаб басшысының бірінші орынбасары — басшысы, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысы басқармасының штаб басшысының бірінші орынбасары — басшысы қызметтерін атқарды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қарашадағы Жарлығымен «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды. 2010 жылы Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен Жеңіс шеруіне қатысушы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері өкілдерінің колоннасын басқарды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 6 мамырдағы №472 өкімімен генерал-майор әскери атағы берілді. 2018 жылғы 18 сәуірде Мемлекет басшысының Өкімімен Қайдар Сәмиғоллаұлы Қарақұлов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды. 2019 жылдың 4 мамырынан 2022 жылдың 15 наурызына дейін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болды. 2022 жылғы 19 сәуірде прокуратурамен келісе отырып, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында орын алған өрт және жарылыс фактілері бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында ҚК-нің 453-бабы (Салақтық) бойынша күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды, ал 21 сәуірде қамауға алу түріндегі сайлауалды бұлтартпау шараларын қолдану қажеттілігінің болмауына байланысты босатылды. ## Марапаттары * 2-дәрежелі Даңқ ордені * Мерейтойлық медалдар * Ұзақ қызметі үшін медалдар ## Дереккөздер
Маржан — Джон Стейнбек жазған повесть, 1947 жылы жарияланды. Бұл Стейнбектің ең танымал шығармаларының бірі, және оны мектептерде кеңінен оқытады. Шығармада теңіз түбінен маржан тауып жүрумен айналысатын адамның және оның жанұясының өмірі жайында баяндалады. ## Дереккөздер
Сермұхамед Бекбатырұлы Бекбатыров (1899, Жымпиты уезі, Орал губерниясы, Ресей империясы — 1938, КСРО) — Кеңестік мемлекет және партия қайраткері, РКФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімшесінің төрағасы (1927-1929). ## Өмірбаяны * 1920 жылы — Жымпиты уездік халық ағарту бөлімінің меңгерушісі, кейін сол жылы ЖШҚӘ саяси қызметкері, * 1921 жылы — Орал губерниялық комитетінің бөлім меңгерушісі, «Қызылту» газетінің редакторы, * 1921-1922 жылдары — Жымпиты уездік атқару комитеті және уездік комитеті төралқасының мүшесі, * 1925-1926 жылдары — РКФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімшесі алқасы төрағасының орынбасары, * 1927-1929 жылдары — РКФСР Жоғарғы соты Қазақ бөлімшесінің төрағасы, 1929 жылы қазанда БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті оны Жұмысшы-шаруа инспекциясы халық комиссариатының қарауына жіберді. * 1931 жылы — САИИНТИ директорының орынбасары – теориялық саясиэкономия доценті, Ташкент қ., * 1934-1935 жылдары — Қазақстан қой шаруашылығы институтының директоры, * 1935 ж. ақпан — Қазақ ОАК қарамағындағы Кеңестік құрылыс институтының директоры. Қазақ орталық атқару комитетінің мүшесі (1927-1931). БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті Төралқасының мүшесі (1927-1930). 1938 жылы КСРО Жоғарғы Соты Әскери алқасының үкімімен тұтқындалып, атылды. 1961 жылы ақпанда ақталды. ## Источники * Өмірбаяны Мұрағатталған 20 желтоқсанның 2016 жылы.  (орыс.) * Қазақстан ЖС сайты
(279) Туле — Негізгі белдеудегі ірі астероид. Оны 1888 жылы 25 қазанда Иоганн Пализа Вена обсерваториясында ашты. Бұл 4 астрономиялық бірліктен асатын қашықтықта ашылған алғашқы астероид. Жалпы, Туле — ежелгі гректер картографиясындағы солтүстікте орналасқан ең шалғай мекен. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Астероидтар тізімі (201—300)
Аббосбек Сайджон огли Файзуллев (өзб. Abbosbek Saydjon o'g'li Fayzullayev; 3 қазан 2003 жыл, Сырдария, Сырдария облысы, Өзбекстан) — өзбекстандық футболшы, Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы мен "ЦСКА (Мәскеу)" клубының жартылай қорғаушысы. ## Карьерасы ### Халықаралық 2023 жылы Азия кубоғына қатысып, екінші турда Үндістанның қақпасына ұлттық құрама сапындағы тұңғыш голын соқты. ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Аббосбек Сайджон огли Файзуллев (өзб. Abbosbek Saydjon o'g'li Fayzullayev; 3 қазан 2003 жыл, Сырдария, Сырдария облысы, Өзбекстан) — өзбекстандық футболшы, Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы мен "ЦСКА (Мәскеу)" клубының жартылай қорғаушысы. ## Карьерасы ### Халықаралық 2023 жылы Азия кубоғына қатысып, екінші турда Үндістанның қақпасына ұлттық құрама сапындағы тұңғыш голын соқты. ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Нығметулла Сырғабекұлы Сырғабеков (1900, №7 ауыл, Петропавл уезі, Ақмола облысы, Ресей империясы — 25 ақпан 1938) — Кеңестік мемлекет қайраткері, Қазақ АКСР Жоғарғы Сотының төрағасы (1929). ## Өмірбаяны Ақмола облысы, Петропавл уезінің №7 ауылында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы) дүниеге келді. Петропавл қаласындағы екінші үш жылдық жоғары бастауыш мектепті бітірген. 1921 жылдан бастап РК(б)П мүшесі болды. * 1921 жылы — Петропавл уездік революциялық комитетінің нұсқаушысы, * 1921—1923 жылдары — Ақмола губерниялық революциялық комитеті мен губерниялық атқару комитетінің нұсқаушысы, Ақмола губерниялық трибуналының алқа мүшесі, Ақмола губерниялық соты төрағасының орынбасары, * 1923 жылы — БК(б)П Қырғыз (Қазақ) облыстық комитетінің нұсқаушысы, * 1924—1926 жылдары — Төралқа мүшесі, РКФСР Жоғарғы соты Қазақ бөлімшесіндегі сот-қылмыстық алқасы төрағасы, * 1926—1929 жылдары — Жетісу губерниялық сотының төрағасы, * 1928—1929 жылдары — алқа мүшесі және Қазақ АКСР прокурорының көмекшісі, * 1929 ж. мамыр-қарашасы — Қазақ АКСР Жоғарғы Сотының төрағасы, * 1929—1931 жылдары — Ауыл шаруашылығы халық комиссариаты басқармасының басшысы, Қазақ АКСР Ауыл шаруашылығы халық комиссарының орынбасары, * 1931 жылы — Қазақ АКСР халық комиссарлары кеңесі қарамағындағы Қазақ халқын қоныстандыру комитеті төрағасының орынбасары, * 1932 ж. қаңтар-наурыз — Қазақ АКСР-нің қамсыздандыру халық комиссары, * 1932—1933 жылдары — Шығыс Қазақстан облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, * 1933—1937 жылдары — Қазақ АКСР және Қазақ КСР Егін шаруашылығы халық комиссары. БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің (1929-1936), Қазақстан К(б)П ОК мен оның бюросы (1937) мүшесі, БОАК және Қазақ ОАК мүшесі болып сайланды. 1937 жылы қудаланды. 1938 жылы 25 ақпанда атылды. 1958 жылы ақпанда ақталды. ## Сілтеме * Қазақстан ЖС сайты
Әулие Сергий мен Вакх шіркеуі (түр. Küçük Ayasofya) — Ыстанбұлдағы ең көне шіркеулердің бірі болып табылады, ол Сан Витале (орталық ғибадатхана) және Айя София (күмбезді базилика) (сондықтан екінші атауы — «кіші Айя София») прототипі болған. Шамасы, бұл бірдей шеберлердің — Исидор Милеттік мен Антемий Траллдықтің жұмысы. Ғибадатхана әулие Сергий мен Бахусқа арналған. Қазіргі ғибадатхана 527-529 жылдары император [[I Юстиниан] жастық шағын өткізген үйдің жанында салынған. «Кішкентай София» бұрынғы Әулие Петр мен Павел шіркеуімен бір ансамбль құрады, оның бар болуының соңғы дәлелі 20 ғасырда Ыстамбұл билігімен жойылды. Әулие Сергий және Вакх шіркеуі императорлық отбасының ерекше сүйгенін дәлелдейді, көптеген астаналарда Юстиниан мен Феодораның бас әріптері бар. 536 жылы Феодора шіркеу кешенін монофизиттік монастырь ретінде берді, ал 551 жылы Рим Папасы Вигилий тобырдың қаһарынан осында жасырынған. Шіркеудің бай мозаикалық әшекейі сол жылдары иконокластар таңдаған кезде жойылды. Константинополь құлағаннан кейін Әулие Сергий бен Вакх шіркеуі 1506 жылға дейін жұмысын жалғастырды, белгілі бір сарай қызметкері оны мешітке айналдырып, мозаикаларды әктеп, тамбур мен медресе қосқанға дейін. 1742 жылы ғимараттың ауласында салттық субұрқақ салынды, ал 1762 жылы мұнара пайда болды (1952 жылы толығымен қайта салынды). Сұлтан II Махмұт бірнеше рет болған жер сілкіністерінен кейін мешітті жөндеуге бұйрық берді. Балқан соғысы кезінде мыңдаған босқын осы жерден пана тапты. Ескерткіштің жай-күйіне Кіші Софияға жақын маңда теміржол құрылысының жүргізілуіне елеулі зиян келтірілді. Осы себепті ЮНЕСКО бұрынғы Әулие Сергий бен Вакх шіркеуін жойылу қаупі бар дүниежүзілік мұра нысандарының тізіміне енгізді. ## Сілтемелер * Әулие Сергий бен Вакх ғибадатханасы: ғибадатхананың тарихы мен сипаттамасы Р. Джанин кітабынан, Le siège de Constantinople және Patriarcat Oecuménique. Les églises et les monastères (Париж, 1969), саяхатшының бірнеше жазбалары және көптеген фотосуреттер.
Әулие Ирина шіркеуі (түр. Aya İrini, гр. Αγία Ειρήνη, Агия Ирини) — Константинопольдегі «Қасиетті әлемге» (Әулие Иринаға емес) арналған ең ерте сақталған шіркеулердің бірі. Шіркеу Ыстанбұлдың тарихи орталығында Сұлтанахмет ауданында Топқапы сарайының бірінші ауласында орналасқан. Агия Ирини 6 ғасырдағы крест түріндегі базиликадың жаңа түрін білдіреді. Шіркеудің нартексі I Юстиниан дәуіріндегі мозаикалармен қапталған. Ішінде аңыз бойынша Константиннің қалдықтары жатқан саркофаг бар. Бұл сайтта алғашқы христиан базиликасы 4 ғасырдың басында Рим императоры Константиннің тұсында ежелгі Афродита ғибадатханасының қирандыларының орнында тұрғызылған және Айя София салынғанға дейін қаланың басты ғибадатханасы болған. Екі ғибадатхана да құдайландырылған абстрактілі ұғымдардың атымен аталды — сәйкесінше Бейбітшілік пен Даналық. 381 жылдың мамыр-шілде айларында Құдайдың бейбітшілік ғибадатханасында Екінші Экуменикалық кеңестің отырыстары өтті. 346 жылы ғибадатхананың жанында діни келіспеушіліктер салдарынан 3000-нан астам адам қайтыс болды. 532 жылы Ника көтерілісі кезінде шіркеу өртеніп, содан кейін 548 жылы I Юстинианның басшылығымен қайта салынды. Шіркеу 740 жылы жер сілкінісінен қатты зардап шекті, содан кейін ол негізінен қайта салынды. Фигуралы мозаика иконоклазизм дәуірінде жойылды; дәстүрлі Құтқарушы Пантократордың орнына мозаикалық крест конуста жарқырайды. 1453 жылы Константинополь жаулап алғаннан кейін шіркеу мешітке айналмады және оның сыртқы көрінісінде айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. Осының арқасында осы күнге дейін Әулие Ирен шіркеуі қаладағы өзінің бастапқы атриумын (шіркеуге кіре берістегі кең, биік бөлме) сақтап қалған жалғыз шіркеу болып табылады. 15-18 ғасырларда Османлылар шіркеуді қару-жарақ қоймасы ретінде пайдаланды, ал 1846 жылдан бастап ғибадатхана археологиялық мұражайға айналды. 1869 жылы Әулие Ирен шіркеуі императорлық мұражайға айналды. Бірнеше жылдан кейін, 1875 жылы, оның экспонаттары, орын жеткіліксіз болғандықтан, Изразцовый павильон. Ақырында, 1908 жылы шіркеуде Әскери мұражай ашылды. 1980 жылдан бастап ол (жыл сайынғы) халықаралық музыка фестивалінің негізгі орны болды. 21 ғасырдың басында Әулие Ирина шіркеуі концерттік зал ретінде қызмет етті. 2021 жылдан бастап ол қайта құру үшін ішінара жабылды және жартылай қараусыз күйде. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Әулие Ирина ғибадатханасы — ғибадатхананың тарихы мен сипаттамасы Р кітабынан. Джанин, Le siège de Constantinople және Patriarcat Oecuménique. Les églises et les monastères (Париж, 1969) және фотосуреттер.
Аймен Хусейн (араб.: أيمن حسين‎; 21 қаңтар 1996) — ирактық футболшы, шабуылшы. 2019, 2023 жылдары Азия Кубогына қатысты. ## Жүлделері ### Командалық Сфаксьен * Тунис Кубогы: 2018–19 Әл-кува * Ирак чемпионы: 2020–21 * Ирак кубогы: 2020–21 Ирак құрамасы * Араб шығанағы кубогы: 2023 ### Жеке * Ирак чемпионатының үздік мергені 2020–21 ## Дереккөздер
Яхья Әли Саид Әл-Гассани (араб.: يحيى الغساني‎; 18 сәуір 1998) — Біріккен Араб Әмірліктері футболшысы, шабуылшы. 2023 жылғы Азия кубогына қатысты. ## Жүлделері ӘЛ-Уахда * БАӘ суперкубогы: 2018 Шабаб Әл-Ахли * БАӘ чемпионы: 2022–23 * БАӘ президенті кубогы: 2020–21 * БАӘ лига кубогы: 2020–21 * БАӘ суперкубогы: 2020, 2023 ## Дереккөздер
Елді мекен: * Бөлтірік – Жамбыл облысы Шу ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Бөлтірік – сабағының ұшында ұсақ бүрі бар өсімдік түрі. * Бөлтірік – жастарға арналған мистико-драма жанырында АҚШ елінде түсірілген телесериал.
Ғұмар Сейітәліұлы Жүнісов (1900-1938) — кеңестік және қазақ партия әрі мемлекет қайраткері. ## Өмірбаяны Жүнісов Ғұмар Сейітәліұлы 1900 жылы Семей қаласында шаруа отбасында дүниеге келген. 1928 жылдан бастап КОКП мүшесі болды. 1912 жылы мамырда Семейдегі «Қайырымдылық қоғамы» татар мектебін, 1914 жылы Семейдегі орыс приход мектебін бітіріп, Семейдегі сауда мектебінде оқыды. 1917 және 1918 жылдардағы каникулда Семей қаласындағы «Өзара несиелік қоғам» банкінде кеңсе қызметкері болып жұмыс істеді. 1920 жылы Семей губерниялық тұтынушылар қоғамдары одағының нұсқаушысы болды. 1921 жылдың сәуірінен 1923 жылдың мамырына дейін Семей губерниясының уездік соттарында кеңсе қызметкері, одан кейін сот болып жұмыс істеді. 1925 жылы мамырдан қарашаға дейін Семей губерниясының халық соты болып жұмыс атқарды. 1925 жылдың қарашасынан 1926 жылдың тамызына дейін Губерния сотының Семей уезі бойынша уәкілетті тұлға болды. 1926 жылдың тамызынан 1928 жылдың ақпанына дейін Семей губерниялық сотының мүшесі болды. 1928 жылдың ақпанынан 1929 жылдың мамырына дейін Қарқаралы уезінің прокуроры болды. 1929 жылдың 25 маусымынан Қызылорда аймақтық прокуратурасының прокуроры болды. 1930 жылдың 13 қаңтарынан Қызылорда аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы болып істеді. 1930 жылдың сәуірінен желтоқсанына дейін Қызылорда қаласындағы БК(б)П Қызылорда аудандық атқару комитетінің төрағасы болды. 1930 жылдың желтоқсанынан 1931 жылдың ақпанына дейін КСРО Жоғарғы Сотының Алматы қаласындағы Қазақ бөлімшесі төрағасы болды. 1932 жылдың тамызынан Алматы қаласындағы ҚАКСР Халық комиссарлар кеңесі төрағасының Отырықшыландыру жөніндегі орынбасары болды. 1933 жылдың сәуірінен БК(б)П Көкшетау аудандық атқару комитетінің төрағасы болды. 1934 жылдың қарашасынан Қарағанды облысы БК(б)П Ақмола аудандық атқару комитетінің төрағасы болды. 1937 жылы 9 шілдеде тұтқынға алынды. 1938 жылы 13 наурызда КСРО Жоғарғы Соты РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-2, 58-8, 58-11-баптарында көзделген қылмыстар туралы айыпты дәлелденген деп танып, ең қатаң жазалау шарасына үкім шығарды. 1959 жылы 31 қаңтарда КСРО Жоғарғы соты оны ақтады. ## Дереккөздер
Қазмұхамед Кәрібұлы Күлетов (1897-1938) — кеңестік партия әрі мемлекет қайраткері. ## Өмірбаяны 1897 жылы Сырдария облысы Қазалы уезінде дүниеге келді. 1918 жылдан бастап БК(б)П мүшесі. 1929 жылы РКФСР Әділет халық комиссариаты қарамағындағы жоғары заңгерлік курсты бітірген. * 1918-1919 жылдары — Арал теңізі поссоветінің өндіріс секциясыңда есепші болып істеді. * 1919-1920 жылдары — Қазалы уездік комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді. * 1920 жылы (қараша) — Сырдария облыстық революциялық комитетінің төрағасы, БК(б)П облыстық атқару комитетінің мүшесі болды (Ташкент қ.). * 1922-1923 жылдары — Облыстық комитеттің бөлім меңгерушісі (Ташкент қ.), Облыстық комитеттің бөлім меңгерушісі (Орынбор қ.) болды. * 1925 жылы — Оңтүстік Қазақстан губерниялық комитетінің бөлім меңгерушісі болды. * 1926-1927 жылдары — Орал губерниялық прокуратурасының прокуроры болды. * 1927-1930 жылдары — Петропавл округтік прокуратурасының прокуроры, Петропавл округтік атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. * 1930 жылы — Өлкелік комитеттің шекара комиссиясының төрағасы (Зайсан қ.) болды. * 1931 жылы — «Казхлебживсоюз» басқармасы төрағасының орынбасары, «Каззаготскот» кеңсесінің басқарушысы болды. * 1932 жылдың маусым-шілде айлары — 1934 жылы — Қазақ АКСР Жоғарғы Соты төрағасы төрағасы болды. * 1934-1935 жылдары — «Казкрайсоюз» басқармасы төрағасының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облыстық тұтынушылар одағының төрағасы болды. * 1935 жылы (тамыз) — 1937 жылы — Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеттің бөлім меңгерушісі болды. РК(б)П Қырғыз (Қазақ) облыстық комитеті бюросының, БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің, Түркістан КП ОК және ТүрОАК мүшесі болды. 1937 жылы қуғындалды. 1957 жылы ақталды. ## Дереккөздер
Тон-Тура, кейде Вознесенск қалашығы (орыс. Тон-Тура, Тонтура, Тонтур, Вознесенское городище, Кузнецова гора) — Ескер жұртының, Түмен (Сібір) хандығының құрамындағы ортағасырлық қала. Қазіргі Ресей Федерациясы, Новосібір облысының Венгеров ауданында (Ом өзенінің сол жақ жағалауында) орналасқан. ## Тарихы Барабы даласында қалашықтың қалдықтары туралы XVIII ғасырдың екінші жартысында швед саяхатшысы, ғалымы, тарихшысы Иоганн Петер Фальк баяндаған. 1925 жылы Е.А. Клодт және А.М. Жихарев Вознесенск қалашығында алдын ала барлау жұмыстарын жүргізген. 1926 жылы П.А. Дмитриев және В.П. Левашова қалашық орнын жүйелі түрде зерттеп, оны 1928 жылы қаза бастады. 1974-1976 жылдары қалашық қалдықтарын В.И. Соболев бастаған археологиялық экспедицияның отряды зерттеген. Археологиялық ескерткіштің қазылған аумағы 800 шаршы метрге дейін жеткен. Тон-Тура мүйіс үстінде орналасып, дуалдардан тұратын үш қорғаныс сызығынан тұрған. Зерттеу кезінде ескерткіштің сақталған бөлігі 500 м құрады. Қалашық үш қорғаныс шебінен тұратын төрт бөлікке бөлінген. Бірінші және екінші бөліктердің арасында биіктігі 1,5 м-ге, ені 3 м-ге дейін жететін 2 дуал және тереңдігі 4 м-ге, ал ені 19 м-ге дейін жететін ор орналасқан. Екінші және үшінші бөліктердің арасында екінші қорғаныс сызығынан тұратын биіктігі 0,77 м дуал мен тереңдігі 0,5 м ор табылды. Үшінші қорғаныс сызығы екіншісінен 110 м алшақ орналасқан (дуалдың биіктігі 0,3 м, ордың тереңдігі 0,4 м). Төртінші бөліктің ұзындығы, шамамен, 138 м. Едәуір мөлшерде керамика, сүйектен жасалған бұйымдар, жебенің ұштары табылған. Қазба жұмыстарының барысында табылған материалдар Омбы мемлекеттік тарихи-өлкетану мұражайында, Новосібір мемлекеттік өлкетану мұражайы мен Новосібір мемлекеттік педагогикалық университетінде сақтаулы. 1996 жылы С.В. Колонцов ескерткіштің топографиялық сұлбасын дайындаған. Соболевтің зерттеу жұмыстарының арқасында бүгінгі таңда Тон-Тура Сібір хандығындағы елді-мекендердің арасында жан-жақты зерттелгені болып саналады. ## Әдебиет * Матвеев А.В., Татауров С.Ф. Сибирское ханство: военно-политические аспекты истории. Казань: Фэн АН РТ, 2012. 260 с. * Молодин В.И., Соболев В.И., Соловьёв А.И. Бараба в эпоху позднего средневековья.// Новосибирск: 1990. 262 c. ISBN 5-02-029366-0 * Тюменское и Сибирское ханства / под ред. Д. Н. Маслюженко, А. Г. Ситдикова, Р. Р. Хайрутдинова. — Казань: Издательство Казанского университета, 2018. — 560 с. — ISBN 978-5-00130-021-2 * Фальк И.П. Записки путешествия от С.-Петербурга до Томска // Полное собрание ученых путешествий по России. – СПб., 1824 – Т.6.
* Балуан Шолақ ауылы — Ақмола облысы Бұланды ауданындағы ауыл. * Балуан Шолақ ауылы — Жамбыл облысы Шу ауданындағы ауыл.
North Caspian Operating Company (NCOC) — Солтүстік Каспий бойынша өнім бөлісу туралы келісімнің (СКӨБК) аясында құрылған операциялық компания. Қазақстандағы Атырауда орналасқан. Келісімге жеті компания кіреді: ҚазМұнайГаз, Eni, ExxonMobil, Shell, Total S. A. (әрқайсысы 16,81%), Қытай ұлттық мұнай корпорациясы (8,4%) және Inpex (7,56%). North Caspian Operating Company, басқалай Солтүстік Каспий жобасы — Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы қайрандық кенорындарды игеру жобасы. 1993 жылдың желтоқсан айында құрамына қазақстандық "Қазақстанкаспийшельф" компаниясы (оператор) және тағы да алты шет елдік компаниялар - "Аджип" (Италия), "Бритиш Газ" (Ұлыбритания),"Би-Пи/Статойл"(Ұлыбритания/Норвегия), "Мобил" (АҚШ), "Шелл" (Нидерландтар) жене "Тоталь" (Франция) - кіретін Халықаралық консорциум құру туралы Келісімге қол қойылды. Консорциумның мақсаты - Каспий теңізі қазақстандық секторындағы жер қойнауының геологиялық құрылысын зерттеу жене ондағы көмірсутектерді игеру туралы кешенді бағдарламаны жүзеге асыру. 1997 жылы Консорциумға қатысушылар өздерінің зерттеу блоктарын таңдау құқығына сәйкес 11 блокты таңдап алды. Бұл блоктардың ауқымында Қашаған, Қаламқас, Қайраң, Ақтоты және Оңтүстік-Батыс Қашаған құрылымдары болды. 1997 жылдың 18қарашасында Солтүстік Каспий өнімін бөлісу Келісіміне (ӨБК) қол қойылды, бұл Келісім 1998 жылдың 28 сәуірінде күшіне енді. Бұл келісімнің қатысушылары - "Аджип", "Бритиш Петролеум", "Бритиш Газ", "Статойл", "Мобил", "Тоталь", "Шелл", "Қазақстанкаспийшельф". Бұл сегіздің алтауының әрбіреуі өнімнің 1/7 бөлігіне иелілік ететін болды, ал "Бритиш Петролеум" өнімнің 2/21 бөлігіне, "Стстойл" 1/21 белігіне иелік ету құқығын иеленді. Кейіннен Келісімге қатысушылар құрамында мынадай өзгерістер болды. 1998 жылы "Қазақстанкаспийшельф" жобаға қатысудан бас тартты, сөйтіп өз үлесін "Инпекс" жене "Филипс Петролеум" компанияларына 50%-дан сатты. Кейінірек, 2001 жылы "Бритиш Петролеум" жене "Статойл" компаниялары өз үлестерін Келісімнің өзге қатысушыларына сатты. 2005 жылдың басындағы жобаға қатысушылардың құрамы және олардың үлестері төмендегідей: "Аджип", "Бритиш Газ", "ЭксонМобил", "Шелл", "Тоталь-ФинаЭльф" компанияларының әрбіреуі үлестің 16,67% ал "Инпекс" және "КонокоФилипс" компанияларының әрбіреуі 8,33*-дан иеленген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылдың 25 ақпанындағы Қаулысына сәйкес, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы 1997 жылдың 18 қарашасындағы Солтүстік Каспий өнімін бөлісу Келісімі бойынша Өкілетті Орган болып тағайындалды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде төмендегі кенорындар анықталды: Қашаған - 2000 жылдың 30 маусымында; Қаламқас-теңіз - 2002 жылдың 3 қыркүйегінде; Оңтүстік-Батыс Қашаған-2003 жылдың 10 тамызында; Ақтоты - 2003 жылдың 2 қыркүйегінде; Қайраң - 2003 жылдың 10 қыркүйегінде. Қазіргі кезде Қашаған кенорынында оны қосымша бағалау және тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жұмыстары жүргізілуде: бағалау және игерім ұңғымалары бұрғылануда, жасанды аралдар салынуда, құрлықта да жұмыстар жүргізілуде, яғни Атырау облысының Ескене кентінің маңында автомобиль жолдары және темір жол торабы салынуда, вахталық кент және мұнай мен газды кешенді түрде дайындау қондырғысы тұрғызылуда. Бір сөзбен айтқанда, Қашаған кенорнын толығымен игеру концепциясын іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Солтүстік Каспий жобасының өзге кен орындарында да бағалау жұмыстары жалғасуда. ## Сондай-ақ қараңыз * Қашаған кен орны ## Дереккөздер ## Сілтемелер * НКОК компаниясының 2022 жылғы брошюрасы Мұрағатталған 15 қазанның 2023 жылы. (PDF) ncoc.kz