text
stringlengths 3
252k
|
---|
North Caspian Operating Company (NCOC) — Солтүстік Каспий бойынша өнім бөлісу туралы келісімнің (СКӨБК) аясында құрылған операциялық компания. Қазақстандағы Атырауда орналасқан. Келісімге жеті компания кіреді: ҚазМұнайГаз, Eni, ExxonMobil, Shell, Total S. A. (әрқайсысы 16,81%), Қытай ұлттық мұнай корпорациясы (8,4%) және Inpex (7,56%).
North Caspian Operating Company, басқалай Солтүстік Каспий жобасы — Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы қайрандық кенорындарды игеру жобасы. 1993 жылдың желтоқсан айында құрамына қазақстандық "Қазақстанкаспийшельф" компаниясы (оператор) және тағы да алты шет елдік компаниялар - "Аджип" (Италия), "Бритиш Газ" (Ұлыбритания),"Би-Пи/Статойл"(Ұлыбритания/Норвегия), "Мобил" (АҚШ), "Шелл" (Нидерландтар) жене "Тоталь" (Франция) - кіретін Халықаралық консорциум құру туралы Келісімге қол қойылды. Консорциумның мақсаты - Каспий теңізі қазақстандық секторындағы жер қойнауының геологиялық құрылысын зерттеу жене ондағы көмірсутектерді игеру туралы кешенді бағдарламаны жүзеге асыру. 1997 жылы Консорциумға қатысушылар өздерінің зерттеу блоктарын таңдау құқығына сәйкес 11 блокты таңдап алды. Бұл блоктардың ауқымында Қашаған, Қаламқас, Қайраң, Ақтоты және Оңтүстік-Батыс Қашаған құрылымдары болды. 1997 жылдың 18қарашасында Солтүстік Каспий өнімін бөлісу Келісіміне (ӨБК) қол қойылды, бұл Келісім 1998 жылдың 28 сәуірінде күшіне енді. Бұл келісімнің қатысушылары - "Аджип", "Бритиш Петролеум", "Бритиш Газ", "Статойл", "Мобил", "Тоталь", "Шелл", "Қазақстанкаспийшельф". Бұл сегіздің алтауының әрбіреуі өнімнің 1/7 бөлігіне иелілік ететін болды, ал "Бритиш Петролеум" өнімнің 2/21 бөлігіне, "Стстойл" 1/21 белігіне иелік ету құқығын иеленді. Кейіннен Келісімге қатысушылар құрамында мынадай өзгерістер болды. 1998 жылы "Қазақстанкаспийшельф" жобаға қатысудан бас тартты, сөйтіп өз үлесін "Инпекс" жене "Филипс Петролеум" компанияларына 50%-дан сатты. Кейінірек, 2001 жылы "Бритиш Петролеум" жене "Статойл" компаниялары өз үлестерін Келісімнің өзге қатысушыларына сатты. 2005 жылдың басындағы жобаға қатысушылардың құрамы және олардың үлестері төмендегідей: "Аджип", "Бритиш Газ", "ЭксонМобил", "Шелл", "Тоталь-ФинаЭльф" компанияларының әрбіреуі үлестің 16,67% ал "Инпекс" және "КонокоФилипс" компанияларының әрбіреуі 8,33*-дан иеленген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылдың 25 ақпанындағы Қаулысына сәйкес, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы 1997 жылдың 18 қарашасындағы Солтүстік Каспий өнімін бөлісу Келісімі бойынша Өкілетті Орган болып тағайындалды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде төмендегі кенорындар анықталды: Қашаған - 2000 жылдың 30 маусымында; Қаламқас-теңіз - 2002 жылдың 3 қыркүйегінде; Оңтүстік-Батыс Қашаған-2003 жылдың 10 тамызында; Ақтоты - 2003 жылдың 2 қыркүйегінде; Қайраң - 2003 жылдың 10 қыркүйегінде. Қазіргі кезде Қашаған кенорынында оны қосымша бағалау және тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жұмыстары жүргізілуде: бағалау және игерім ұңғымалары бұрғылануда, жасанды аралдар салынуда, құрлықта да жұмыстар жүргізілуде, яғни Атырау облысының Ескене кентінің маңында автомобиль жолдары және темір жол торабы салынуда, вахталық кент және мұнай мен газды кешенді түрде дайындау қондырғысы тұрғызылуда. Бір сөзбен айтқанда, Қашаған кенорнын толығымен игеру концепциясын іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Солтүстік Каспий жобасының өзге кен орындарында да бағалау жұмыстары жалғасуда.
## Сондай-ақ қараңыз
* Қашаған кен орны
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* НКОК компаниясының 2022 жылғы брошюрасы Мұрағатталған 15 қазанның 2023 жылы. (PDF) ncoc.kz |
Азизбек Муродуллаевич Тургунбаев (өзб. Azizbek Murodullayevich Turg'unboyev; 1 қазан 1994 жыл) — өзбекстандық футболшы, Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Пахтакор" клубының жартылай қорғаушысы.
2019, 2023 жылдары Азия кубогына қатысты.
## Жүлделері
Навбахор
* Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері: 2018
Пахтакор
* Өзбекстан чемпионы: 2021, 2022
* Өзбекстан суперкубогы: 2021, 2022
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Азизбек Муродуллаевич Тургунбаев (өзб. Azizbek Murodullayevich Turg'unboyev; 1 қазан 1994 жыл) — өзбекстандық футболшы, Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Пахтакор" клубының жартылай қорғаушысы.
2019, 2023 жылдары Азия кубогына қатысты.
## Жүлделері
Навбахор
* Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері: 2018
Пахтакор
* Өзбекстан чемпионы: 2021, 2022
* Өзбекстан суперкубогы: 2021, 2022
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
* Әулиеағаш — Жетісу облысы Панфилов ауданындағы ауыл.
* Әулиеағаш — Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы ауыл. |
Пржевал уезі — Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Жетісу облысының әкімшілік-аумақтық бірлігі.
## Тарихы
Пржевал уезі 1867 жылы құрылды.
## Әкімшілік бөлінісі
1906 жылы екі аумақтан тұрды: Пржевальск және Атбасы.
Пржевальск аумағына екі шаруа болысы кірді:
* Пржевальская
* Сазановская
Бір дүнген болысы:
* Марийнская
Он бір қырғыз болысы:
* Жетіөгіз
* Заукинская
* Кеңсу
* Күнгей Ақсу
* Күрмекті
* Семізбел
* Тоң
* Торайғыр
* Түрген
* Түп
* Ұлыкөл
* Сарт қалмақтардың бірлігі
Атбасы аумағына екі шаруа болысы кірді:Екі сауда слободасы:
* Атбасы
* Нарын
Нарын слободасының маңында Нарын бекінісі мен 10 қырғыз болысы тұрды:
* Әджі
* Бұрушы
* Жуанарық
* Есенқұл
* Нарын
* Он арша
* Саяқ
* Шаштөбе
* Шарын
* Шаркратминская |
Ясан Абдуллах әл-Наймат (4 маусым 1999 жыл) — иорданиялық футболшы, жартылай қорғаушы. 2023 жылғы Азия кубогына қатысты.
## Жүлделері
### Жеке
* Арабия кубогының үшінші үздік ойыншысыы: 2021
## Дереккөздер |
* Томарлы — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты ауыл.
* Томарлы — Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы ауыл. |
Әбдірахман Есалыұлы Құскелдиев (1901, Редут ауылы, Гурьев уезі, Орал облысы, Ресей империясы – 1951) – Қазақ КСР саясаткері, заңгер.
## Өмірбаяны
1920-1922 жылдары — Самара, одан кейін Симбирск болыстық атқару комитеттерінің іс жүргізушісі болды. 1922-1924 жылдары — Ново-Богатинск «Ембімұнай» кәсіпшілігінде кеңсеші болды. 1924-1926 жылдары — алдымен хатшы, кейін Редута болысының атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
1926 жылдың мамырынан тамызына дейін Редут «Қосшы» одағының төрағасы болды. 1926 жылы тамызда Гурьев уездік «Қосшы» одағына ауысып, 1927 жылға дейін төрағасы болды. 1927 жылы сот жүйесіндегі еңбек жолын бастап, 1928 жылға дейін Батыс Қазақстан облысы Гурьев ауданындағы «Қызыл отауда» халық соты қызметін атқарды. 1928-1930 жылдары — Гурьев аймақтық нотариалдық кеңсенің нотариусы болды.
1930 жылы БК(б)П қатарына қабылданды.
1930-1932 жылдары — РКФСР Жоғарғы Сотындағы Қазақ бөлімшесінің мүшесі болды.
1934 жылы РКФСР Әділет халық комиссариаты қарамағындағы жоғары заң курсын бітірді, 1932 жылдан бері осы курстардың тыңдаушысы болды.
1934-1936 жылдары — КСРО Жоғарғы Сотындағы Қазақ бөлімшесінің мүшесі болды. 1936 жылы Қазақ КСР құрылуымен 1937 жылға дейін республика Жоғарғы Сотының мүшесі болды. 1937 жылдың қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін Алматы облыстық сотының төрағасы қызметін атқарды. 1937 жылдың желтоқсанынан 1938 жылдың тамызына дейін — Қазақ КСР Жоғарғы Сотының төрағасы болды.
1949 жылы 3 қазанда қамауға алынды. 1949 жылы 12 қарашада КСРО МҚМ Арнайы жиын Қылмыстық кодекстің 58-бабы бойынша: «Мемлекеттік өнеркәсіпке, көлікке, саудаға, ақша айналымына немесе несие жүйесіне, сондай-ақ ынтымақтастыққа нұқсан келтіргені үшін, контрреволюциялық мақсаттарда мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды тиісінше пайдалану немесе олардың қалыпты қызметіне қарсы тұру, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды пайдалану немесе олардың қызметіне қарсылық жасау, бұрынғы меншік иелерінің немесе мүдделі капиталистік ұйымдардың мүдделері үшін жасалған, болып табылады, яғни өндірістік іріткі» (58.7-бап); «Кеңес үкіметінің өкілдеріне немесе революциялық жұмысшылар мен шаруалар ұйымдарының қайраткерлеріне қарсы бағытталған лаңкестік әрекеттер» (58.8-бап); «Осы тарауда көзделген контрреволюциялық қылмыстарды дайындауға немесе жасауға бағытталған ұйымдастырушылық қызметтің кез келген түрі осындай қылмыстарды жасауға теңестіріледі және қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша жауапқа тартылады». (58.11-бап). Жазасы – жер аудару.
1956 жылы 16 қазанда Түркістан әскери округінің әскери трибуналы қылмыс құрамының жоқтығын ескере ақтады.
## Сілтеме
* Жоғарғы Сот Төрағалары // Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты (16.11.2013). Тексерілді, 14 наурыз 2023.
## Дереккөздер |
Qarmet АҚ — Қарағанды облысы Теміртау қаласында орналасқан Қазақстандағы ең ірі металлургиялық зауыт "Қарағанды металлургиялық зауытына" иелік ететін қазақстандық болат және тау-кен өндіруші компания. 2023 жылдың желтоқсанынан бастап «Қазақстан инвестициялық корпорациясына» тиесілі. 1995-2004 жж. «Испат Кармет» АҚ, 2004-2007 жж. «Миттал Стил Теміртау» АҚ, 2007-2023 жж. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ деп аталды.
1995 жылы 17 қарашада Қарағанды металлургия комбинатын жекешелендіру жөнінде өткен жабық тендерде төрт бәсекелестен басым түсіп штаб-пәтері Лондонда орналасқан «Испат Интернэшнл ЛТД» компаниясы жеңіске жетті. Соның нәтижесінде «Испат Кармет» ААҚ құрылды. Келісім бойынша компания Қазақстан Республикасы Үкіметіне Қарметкомбинаттың қарыздарын жабу үшін бірінші кезекте 52 млн АҚШ долларын беруді және жинақталып қалған жалақы қарызы үшін 11 млн АҚШ долларын төлеуді мойнына алды. Мұнымен бірге бір жыл ішінде мемлекет басқаруында болған ҚарМК-ын сауықтыруға жұмсалған қаржыларды Республикалық қалпына келтіру банкіне қайыруды міндеттеді. Бұл кезде «Испат Интернэшнл» жылына 12 млн тоннаға дейін сұйық металл өндіре алатын әлемдегі ең ірі жеке меншік компаниялардың бірі саналатын. Қарметкомбинатты сатып алғаннан кейін әлемдік болат өндіруде 32-орыннан 14-15-орынға шықты.
Бүгінде компанияның зауыттары 4 құрлықтың 14 елінде (Франция, Германия, Польша, Чехия, Румыния, Босния, Македония, АҚШ, Канада, Мексика, Тринидад, Оңтүстік Африка Республикасы мен Алжир) бар. Оларда 164 мың адам жұмыс істейді. Жылына 70 млн тонна болат өндіреді. 19% ж. «Испат Кармет» АҚ комбинаттың негізгі отын базасы болып табылатын Қарағанды көмір бассейнінің 15 шахтасы мен 12 кәсіпорнын иелігіне алып, көмір департаментін, 1999 жылы Лисаковск, Кентөбе, Атасу, Атансор кен орындарын иелікке алып, «Өркен» атты темір рудасы департаментін құрды. 10 жыл ішінде комбинатты әлемдік деңгейге көтеру үшін 1,5 млрд доллар инвестиция салды. Осы заманға сай технологиялар енгізіліп, жаңа өндірістер салына бастады, басы артық, ескі цехтар мен құрылымдардан (мәселен, сортты прокат өндірісі, әлеуметтік нысандар) арылды.
1998 жылы тамыз айында жылына 320 мың тонна өнім бере алатын ыстықтай қалайылау және мырыштау цехы салынды, 2003-2005 ж. №3 және №4 домна пештері, 7 кокс батареясы күрделі жөндеуден өткізілді. 2005 жылы болатты үздіксіз құю машинасының алғашқы кезегі іске қосылды. Өнім өткізу географиясы кеңейді. Бүгінде КМК өнімдері Еуропа мен Америкаға, Қытайға жөнелтіледі. Қолға алынған шаралар нәтижесінде сұйық болат өндіру 1995 жылғы 3,1 млн тоннадан 2004 жылы 5,1 млн тоннаға дейін, дайын прокат өндіру 2,2 млн. тоннадан 3,9 млн. тоннаға дейін өсті. Стратегиялық мақсат ретінде темір рудасын фосфорсыздандыру, кенді байыту, көмір өндіретін қуатты жабдықтар шығару, Атансор кенішінің қуатын арттыруға инвестициялар салынып отыр. АҚ қаланы жылумен және электр энергиясымен (ЖЭО-2, ЖЭОПВС) камтамасыз етеді, жаңа ғимараттар (Металлургия институтының жаңа қорпусы, спорт кешені, теннис орталығы) салды, Астана, Қарағанды, Теміртау қаласындағы әлеуметтік шараларға қатысады. Теміртауда жаңа сортты прокат өндірісінің Ақтауда (Маңғыстау облысы) болат құбырлар зауыт құрылысын жүргізуде (2006). Компания иесі Лакшми Миттал мырза. ААҚ бас директорлары Малай Мукхерджи, Иоханнес Ситтард, Норендра Чаудхари, 2004 жылдан Навал Чоудхари.
## Дереккөздер |
Верный уезі — Ресей империясындағы Түркістан генерал-губернаторлығына (1882-1899 ж. — Дала генерал-губернаторы) қарасты Жетісу облысының әкімшілік-аумақтық бірлігі.
Уездік қаласы – Верный (1921 жылдан бастап — Алматы).
## Тарихы
Верный уезі 1867 жылы 14 сәуірде құрылды.
Қазан төңкерісінен кейін Верный уезі Түркістан АСКР Жетісу облысының (1918-1922; 1924 ж. бастап Қазақ АКСР Жетісу губерниясы) құрамына енді. Верный уезінің аумағын уақытша басқару үшін Әскери-революциялық комитет құрылып, ол 1918 жылы сәуірде өз өкілеттіктерін Верный уездік-қалалық жұмысшы, солдат, казак, шаруа және мұсылман депутаттары кеңесіне берді. 1918 жылы тамызда Верный уезі Кеңестерінің бірінші съезі болды. Кеңестің алдында 49 ауылдық Кеңестерді ұйымдастыру, Кеңестердің 11 болыстық съезін, Жетісу облысының барлық уездерінен келген делегаттардың жиналысын өткізу (1918 ж. 25-26 мамыр) болды.
1921 жылы 3 наурыздағы Түркістан АСКР ОАК шешімімен Верный қаласы Алматы болып өзгертілгеннен кейін уез де Алматы болып аталды.
1923-1929 жылдардағы әкімшілік-аумақтық реформаның нәтижесінде Жетісу губерниясының Алматы уезі Алматы округінің ауданы болып өзгертілді (БОАК 1928 жылғы 3 қыркүйектегі шешімі).
## Болыстары
1921 жылы уез құрамына 20 болыс кірді.
1926 жылы уездің құрамына 9 болыс кірді, ауданы 57 350,26 ш.км болды.
## Сілтеме
* Вяткин М. П. Очерки по истории Казахстана. — М. — Л., 1941
* Галузо П. Г. Аграрные отношения на Юге Казахстана в 1867—1914 гг. — Алма-Ата, 1965.
* Первая всеобщая перепись населения Российской империи 1897 г.
* Джетысу (семиречье) экономический обзор 1926 г.
## Дереккөздер |
Жызақ уезі — 1868 жылдан бастап 1924 жылға дейін Ресей империясының Сырдария және Самарқан облыстары құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. Уез орталығы – Жызақ қаласы болды.
Уез 1868 жылы Сырдария облысының құрамында құрылды. 1886 жылы Самарқан облысына берілді.
## Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
Жызақ уезі мынадай болыстардан тұрды:
* Қорғантөбе
* Қызылқұм
* Атақорған
* Фисталитау
* Шардара,
* Синтаб
* Фариш
* Богдан
* Көктөбе
* Накрут
* Сәурік
* Қожамұқыр
* Шашмаоб
* Өзбек
* Рабат
* Заамин
* Жам
* Жаңақорған
* Осмат-қатартал
* Санзар
* Қаратас |
Жетісу губерниясы — 1924-1928 жылдары болған Қырғыз (1925 ж. бастап — Қазақ) Автономиялық Социалистік Кеңестік Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі. Орталығы – Алматы қаласы.
Губерния 1924 жылы Жетісу облысының солтүстік уездерінен құрылған. 4 уезге бөлінді:
* Алматы уезі. Орталығы — Алматы қаласы.
* Жаркент уезі. Орталығы — Жаркент қаласы.
* Лепсі уезі. Орталығы — Лепсі ауылы (1926 жылдың қаңтарынан 1927 жылдың наурызына дейін Лепсі қала мәртебесіне ие болды)
* Талдықорған уезі. Орталығы — Талдықорған ауылы (1926 жылдың ақпанынан бастап — қала)
1925 жылы 3 маусымда уездік құқығымен Шу ауданы құрылды.
1928 жылы 17 қаңтарда губерния таратылды. Оның аумағы Алматы және Семей округтері арасында бөлінді.
1926 жылғы халық санағы бойынша губернияда 886,7 мың адам тұрған. Соның ішінде қазақтар – 63,5%; орыстар – 16,2%; украиндар – 10,0%; ұйғырлар – 7,0%; татарлар – 1,1% болды. |
Хожант уезі — Ресей империясының Самарқан облысы құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік.
Уездік орталығы – Хожант қаласы.
## Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
Хожант уезі мынадай болыстардан тұрды:
* Ержар
* Сабат
* Орал
* Үнжі
* Ұлытөбе
* Ғаншы
* Нау
* Гүлқандаз
* Қостақаз
* Шапқұлық
* Шаһристан
* Далия
* Бақсы-себерген
* Исфаней
* Матшы
## Сілтеме
* Ходжентский уезд Самаркандской области на сайте Pomnirod.ru. (орыс.) |
Феликс Нарти (ағылш. Felix Nartey) - ганалық қоғамдық кәсіпкер және еркін адвокат. Оны 2017 жылдың тамыз айында Wikimania сайтында Уикипедия негізін қалаушы Джимми Уэйлс «Жыл Уикимедиашысы» деп атады. Ол West Africa Open Foundation және Creative Commons Ghana ұйымының тең құрылтайшысы, онда ол сонымен қатар бөлім жетекшісі болып табылады.
## Жастық шағы
Нарти Гананың Тема қаласында дүниеге келген. Ол 2008 жылы Рим Папасы Джон орта мектебін, Ган Орталық университетті бакалавр дәрежесімен бітірген. 2013 жылы «Банк ісі және қаржы» мамандығы бойынша және Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінде магистратураны аяқтады. Орталық университетте оқып жүргенде ол Google студенттік елшісі болып тағайындалды, бұл оның технологияға деген қызығушылығын арттырды.
## Мансап жолы
Нарти бірінші дәрежесін алғаннан кейін банкир болып жұмыс істеді және басқа салаларда ерікті болды. Ол Wikimedia Gana қауымдастығының менеджері қызметін атқарды. Кейінірек ол ашық контенттер бойынша мазмұнды құруды ынталандыру болып табылатын коммерциялық емес ұйымның Open Foundation West Africa негізін қалады.
2017 жылдың тамыз айындағы жағдай бойынша Нартей Уикимедиа қорында Уикипедия кітапханасының жаһандық үйлестірушісі ретінде кеңесші болып жұмыс істеді. Нартей Уикимедиа қорында әртүрлі қызметтерде жұмыс істейді, қазір ол бағдарламаның аға қызметкері лауазымында.
Ол сондай-ақ кеңестер мен кеңесші ретінде әртүрлі лауазымдарда қызмет етті. Ол бес жылдан астам Батыс Африкадағы Open Foundation басқарма төрағасы болып қызмет етті, қазіргі уақытта Kiwix үшін консультативтік кеңестің мүшесі және Open Access Week үшін консультативтік комитеттің мүшесі болып табылады.
## Ашық қозғалыстағы үлестер
Нарти Wikimedia қозғалысына 2012 жылы қосылды. Ол өзінің туған елі Гана туралы мазмұнды қосады және Уикипедияны өңдеудің маңыздылығын насихаттау үшін бірнеше бастамаларды басқарады, соның ішінде GLAM әрекеттері, Wikipedia білім беру бағдарламасы, гендерлік алшақтықты жоюға бағытталған іс-шаралар және Уикипедия Кітапхана.
Ол Уикимедиа қозғалысы стратегиясын әзірлеу комитетінің мүшесі, Creative Commons жаһандық желілік стратегиясын көшіру жөніндегі консультативтік топтың мүшесі және Creative Commons жаһандық желілік уақытша кеңесінің мүшесі болды. Ол сонымен қатар Firefox Africa Group тобының негізгі командасының мүшесі болды.
Уэйлс өзінің «Жыл Уикипедияшысы» арнауында Нартидің Аккрадағы екінші Wiki Indaba 2017 конференциясын ұйымдастыруда жетекші рөл атқарғанын және Африкадағы жергілікті қауымдастықтарды құруда маңызды рөл атқарғанын атап өтті.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер |
Парвизджон Абдуллоевич (Парвиз) Умарбаев (тәж. Парвизчон Абдуллоевич Умарбоев; 1 қараша 1994 жыл, Худжанд, Тәжікстан) — ресейлік және тәжікстандық футболшы, жартылай қорғаушы. 2023 жылы Азия кубогына қатысты. Ресейдің бірнеше жастағы құрамаларында ойнады, бірақ 2015 жылдан бері Тәжікстан Ұлттық футбол құрамасында ойнайды.
## Жүлделері
### «Истиклол»
* Тәжікстан суперкубогы: 2015
### «Локомотив» Пловдив
* Болгария Кубогы (2): 2018/19, 2019/20.
* Болгария Суперкубогы: 2020.
## Дереккөздер |
Нуриддин Ахатович Хамрокулов (25 қазан 1999, Қорғантөбе, Хатлон облысы) — тәжікстандық футболшы, Тәжікстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Регар-ТадАЗ" клубының шабуылшысы. 2023 жылы Азия кубогына қатысты.
## Дереккөздер |
Парвизджон Абдуллоевич (Парвиз) Умарбаев (тәж. Парвизчон Абдуллоевич Умарбоев; 1 қараша 1994 жыл, Худжанд, Тәжікстан) — ресейлік және тәжікстандық футболшы, жартылай қорғаушы. 2023 жылы Азия кубогына қатысты. Ресейдің бірнеше жастағы құрамаларында ойнады, бірақ 2015 жылдан бері Тәжікстан Ұлттық футбол құрамасында ойнайды.
## Жүлделері
### «Истиклол»
* Тәжікстан суперкубогы: 2015
### «Локомотив» Пловдив
* Болгария Кубогы (2): 2018/19, 2019/20.
* Болгария Суперкубогы: 2020.
## Дереккөздер |
Одилжон Алишерович Абдурахманов (18 наурыз 1996, Қызылқия, Ош облысы) — қырғызстандық футболшы, жартылай қорғаушы.
## Карьерасы
2018 жылы Жазғы Азия ойындарына қатысты.
2018, 2023 жылдары Азия кубогына қатысты.
## Дереккөздер |
Нуриддин Ахатович Хамрокулов (25 қазан 1999, Қорғантөбе, Хатлон облысы) — тәжікстандық футболшы, Тәжікстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Регар-ТадАЗ" клубының шабуылшысы. 2023 жылы Азия кубогына қатысты.
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві — қоғамның материалдық және рухани өмірін бейнелейтін Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылатын тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени маңызы бар тарихи жинақталған және үнемі толықтырылып отыратын архивтік құжаттар қоры. Ұлттық архив Қазақстанның архив мекемелері жүйесіндегі маңызды буын, жалпыұлттық маңызы бар ғылыми-ақпараттық және мәдени-тарихи орталық болып табылады.
## Тарихы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2002 жылдың 12 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві ғимаратын 2003 жылғы Астана қаласындағы құрылыс нысандары Тізіміне енгізу туралы № 01-8. 15 тарихи және тағдырлы хаттамалық шешіміне сәйкес құрылды.
2006 жылдың 19 шілдесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағаттар комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» мемлекеттік мекемесін құру туралы» № 692 қаулысы шықты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ресми ашылуы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15-жылдығы қарсаңында 2006 жылдың 14 желтоқсанында салтанатты түрде өткізілді.
## Мақсаттары
* барлық жеткізгіштер түріндегі архивтік құжаттарды толықтыру, сақтау және пайдалану;
* құжаттар көшірмелерінің Мемлекеттік сақтандыру қорын құру, есепке алу және сақтау;
* архив ісі мен құжаттама жүйелерінің Біртұтас автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру және қызмет ету.
## Мұрағат құжаттарын пайдалану
Мұрағат құжаттарын пайдалану мәселесінде мұрағаттардың кеңестік дәуірде алдымен Коммунистік партияның мүддесіне қызмет атқарып, тек кеңестік жүйе ыдырығаннан кейін барлық пайдаланушыларға бірдей қызмет ете бастағаны белгілі.
Бүгінде еркін қол жеткізуге болатын мұрағат құжаттарын кез келген пайдаланушы өз мақсатына ашық пайдалана алады. мемлекеттің аса құпия мағлұматтары бейнеленген құжаттарды оның қауіпсіздігін қорғау мақсатында пайдалануға шек қойылған.
Мұрағат құжаттарымен жұмыс істеуде арнайы қабылданған ережелерді, яғни ақпаратты іздестіруде анықтамалық аппаратты пайдалануды, көне мәтіндерді оқи білу қажет.
Тарихи деректерді кеңінен пайдалану мәселесінде барлық мұрағаттардың ақпараттық қызметі интеграциялануы маңызды болып табылады. Ақпаратты пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтетін осы бағыт кең көлемді ақпаратты жылдам алуды қамтамасыз етеді.
Қоғамның білімге деген қажеттіліктері қазір жаңа тасушылардағы ақпараттарды қабылдауға мүмкіндік береді. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында шетелдерде Қазақстан тарихына қатысты жазба деректерді іздестірумен айналысатын археографиялық комиссиялар нәтижелі жұмыстар атқарды.
Шетелдік мұрағаттар, кітапханалар, ғылыми-зерттеу мекемелерінің сирек қолжазбалар бөлімдерінен іздеп табылған тарихи құнды құжаттардың біраз бөлігінің көшірмелері алынды. 2002-2005 жылдар аралығында барлығы 35 мыңнан аса тарихи құжаттар анықталды.
Отандық мұрағаттарда сақтаулы құжаттардың басым бөлігімен көпшілік және ғылыми орта таныс. Тарихи, мәдени, саяси маңызға ие құжаттарды түрлі салаларда пайдалану да кеңінен жүргізілуде. Мұрағат мекемесі құжаттарды мүлтіксіз қорғап, сенімді жерде сақтауды қамтамасыз етеді және ұлттық тарихи-мәдени мұраны іске пайдаланады.
## Ұлттық мұрағат ғимараты
Жаңа астанада бүгінгі уақыт талабына сай Ұлттық мұрағат құру идеясы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен 2002 жылы 12 желтоқсандағы № 01- 8.15 тарихи хаттамалық шешімімен Ұлттық мұрағат ғимаратты 2003 жылы Астана қаласында салынатын мемлекеттік нысандар тізбесіне енгізілді.
Бұл ТМД-ға елдеріне халықаралық стандарттар мен талаптарға сай жоғары технологиялық мұрағаттық құралдармен жабдықталған бірден – бір мекеме болып табылады.
### Ғимаратқа сипаттама
Бұл қазіргі заман талабына сай көркем де әсем ғимарат, оның тоғыз қабатты, көк тіреген күмбезді қоймасы шығыстық стилдегі шексіздік пен тұрақтылықты бейнелейді, ал әкімшілік бөлігінің еуропалық стилі Есіл өзенінің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік елорда орталығын толықтырып тұрғандай.
Егерде Министрліктер ғимаратын аспанда қалықтап жүрген құстың бейнесіне ұқсатсақ, Ұлттық мұрағат ғимараты өткеннен болашаққа көз салған көз жанарына ұқсайды. Жалпы аумағы 12725 шаршы метрді алып жатқан ғимарат дәстүрлі түрдегі және электронды тасымалдаушылардағы мұрағаттың құжаттарды сақтауға арналған екі блоктан тұрады.
* 1 блок – 9 қабатты мұрағат сақтау қоймасы (тік доминантты күмбез пішінінде);
* 2 блок – 4 қабатты доға пішініндегі әкімшілік-басқару және зерттеу үшін қолданылады.
Бірнеше оқу залдары, синхронды аудармамен қамтылған конференц–зал, кино, көрме және интернет залдары, Ұлттық мұрағат қорларға арналған экспозициялық холлдар бар. құжаттарды консервациялау, өңдеу, микрофильмдеу және көшірме жасау лабораториялары орналасқан.Ғимарат ішкі ылғалдылығын бақылау үшін, өрт дабылы, газдық өрт сөндіру құралдары, бейнебақылау камералары, электронды рұқсат жүйесі және т.б. құралдармен жабдықталған.
Жалпы алғанда, мұнда халықтың құжаттық естеліктерін сақтаушы және жинақтаушы – мұрағатшылар қызмет атқаруға және құнды құжаттарды алдағы жүзжылдыққа сақтап жеткізуге жағдайлар жасалған. мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыруда мұрағат ісі, басқару қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және құжаттама жүйесін дамыту мәселелері бойынша 70-тен аса нормативтік-құқықтық кесімдер мен әдістемелік құжаттар дайындалды.
## Халықаралық қатынастары
Қазақстан үшін тарихи-мәдени құндылығы бар құжаттарды шетел мұрағаттарынан, кітапханаларынан және ғылыми мекемелерінен іздестіру және сатып алу жөнінде қабылданған шаралар нәтижесінде Ұлттық мұрағат қорының құрамы мен мазмұны едәуір байи түсті. Арменияда, Египетте, Ұлыбританияда, Германияда, Ресейде, АҚШ-та, Түркияда, Қытайда, Венгрия мен Польшада 35 мыңнан аса құнды тарихи құжаттық деректер анықталды.
Олардан отандық мұрағаттарда баламасы жоқ
* 147 377 кадр микрофильм,
* 16808 парақ құжат,
* 785 мұрағаттық іс,
* 27 шығыс қолжазбасының көшірмесі,
* 52 киноқұжат,
* 1819 фотонегатив,
* 113 түрлі-түсті слайдтар,
* 12 ортағасырлық карта көшірмесі,
* 400 мұрағаттық құжаттар жинағы, анықтамалықтар сатып алынды.
Мұрағат ісі саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Араб Египет Республикасы Мәдениет министрлігімен,Арменияның аумақтық басқару министрлігімен, Польша мемлекеттік мұрағаттары, Бас дирекциясымен, Түркия Премьер-Министрі жанындағы мемлекеттік мұрағат Бас дирекциясымен, Моңғолия және Өзбекстанның мұрағат ісі жөніндегі басқармаларымен, АҚШ Холокост мемориалдық мұражайымен келісімдер жасалды.
Ұлттық мұрағатта Мұрағат және ақпарат комитетінің Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттары және дыбыстық жазбалар мұрағаты Қазақстандағы АҚШ елшісінің грантын қолдана отырып өңдеген документальды фильмдерінің тұсау кесері, «Оқитын ел- бәсекеге қабілетті қоғамның негізі» атты Халықаралық Оқу Конгресі секциясының жиналысы, «Мұрағаттық мекемелердің баспасөз қызметі: қазіргі жағдайы және болашағы» атты республикалық ғылыми-практикалық семинары, «Электронды құжатайналым және мұрағаттар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өткізілді.
Осы іс-шараларға Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының төрағасы Қ.Қ.Тоқаев, Мәдениет және ақпарат министрі Е.Е.Ертісбаев, Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, АҚШ елшісі Джон Ордвей, Словакия елшісі Душан Подгорски, ғалымдар, жазушылар, мәдениет, мұрағат және кітапхана мекемелерінің қайраткерлері, журналистер, астананың жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты.
2007 жылдың 14-18 сәуір аралығындағы француз және неміс киносының фестивалі аясында Франция Елшілігі мен неміс тілі Орталығының бірігуімен әлемге әйгілі Клод Шаброль, Ренер В. Фассбиндер режиссерларының кинофильмдерінің көрсетілімі өтті.
*
*
*
*
*
*
*
*
*
## Көрмелер
### "Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партияның ХII -ші съезі
"Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партияның ХII -ші съезіне арнап мұрағаттық құжаттар көрмесі 2009 жылдың 15 мамырында Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында өтті.
"Нұр Отан" ХДП-ның қызметіне арналған стендіде мұрағаттық құжаттар мен материалдар келесі бөлімдерде қойылды:
* "Нұр Отан" ХДП-ның көшбасшысы-Н.Ә.Назарбаев,
* "Нұр Отан" ХДП-ң құрылуы,
* "Қазақстан Республикасының Президенттігіне Н.Ә.Назарбаевтың кандидаттығын ұсыну туралы партияның сайлау алдындағы блогының қызметі",
* "Нұр Отан" ХДП-ның кезектен тыс съездерінің материалдары",
* "Партияның шет елдері саяси партияларымен ынтымақтастығы",
* "Партияның Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастығы".
Құрамы мен мазмұны жағынан көрмеге қойылған құжаттар мен материалдар ерекше сипатқа ие және партияның құрылу кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі даму тарихына жан-жақты шолу жасайды.
Бұл көрмеде қойылған құжаттар
* Қазақстан Республикасы Президенті мұрағаты,
* Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты,
* "Нұр Отан" ХДП-ң Орталық аппаратының ведомстволық мұрағаты мен партия филиалдары қорларынан,
* Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, партия ардагерлері мен белсенділерінің материалдарынан пайдаланылды.
### Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтар
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында 2010 жылдың 6 мамырында «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» Қоғамдық бірлестігімен бірге Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтар» атты құжатты көрмесі өтті.
Көрме төменгі алты бөлімнен тұрады:
* «Соғыс осылай басталып еді...»;
* «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майданында»;
* «Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін!»;
* «Великий подвиг ваш история хранит»;
* «Тарихта қалған ұлы ерліктер»;
* «Астана қаласының «Мемориальдық зона» және Хромтау қаласының «Естелік» іздестіру отрядының қызметі».
Көрмеге
* Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты қорынан,
* Ақпарат және мұрағаттар комитетінің Орталық мемлекеттік мұрағатынан,
* Астана, Алматы қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс-Қазақстан және басқа облыстардың мұрағаттық мекемелерінен,
* Республиканың ардагерлер ұйымынан таңдап, іріктеліп алынған 200 астам құжаттар мен материалдар қойылды.
### Қазақстан Республикасының Коституциясы – тұрақтылық, келісім, өрлеу
2010 жылдың 10 тамызында Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатының көрме залында Конституцияның қабылданғанына 15 жыл толуына орай «Қазақстан Республикасының Коституциясы - тұрақтылық, келісім, өрлеу» атты құжаттық көрменің ашылуы салтанаты өтті. Бұл құжаттылық көрмесі 2010 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасды. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында мемлекеттік мерекелер мен айрықша даталаға арнап Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендік кезеңіндегі жаңа тарихына қатысты мұрағаттық құжаттар мен материалдардан көрме ұйымдастыру әдеп-ғұрыпқа айналды.
### Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы
Ел тәуелсiздiгінiң 20 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» атты құжаттық көрмесін өткізді.
Көрме 7 бөлімнен тұрды:
«Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы» бөлiмі:
* Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісу туралы» 1991 жылдың 10 желтоқсанындағы қаулысы
* Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылдың 26 желтоқсанындағы Конституциялық Заңы және тағы да басқа құжаттар арқылы көрсетілген.
«Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі Декларацияны қабылдау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялау» бөлімін:
* Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың 1991 жылдың 9 желтоқсанында «Қазақ КСР атауын өзгерту» туралы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесіне жолдаған хаты;
* 1991 жылдың 16 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы;
* 1991 жылдың 20 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
* 1991 жылдың 21 желтоқсанындағы ТМД-ға мүше мемлекет басшылары Кеңесінің хаттамасы;
* Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» 1991 жылдың 21 желтоқсанындағы қаулысы атты құжаттар ашды.
Құжаттар құрамы бойынша «Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері», «Қазақстан және халықаралық ұйымдар», ««Қазақстан - 2030» стратегиясы - экономиканың қазақстандық үлгісі», «Арманы биік Астана» көрме бөлімдері де болды.
Көрмеге қойылуға Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты, Орталық мемлекеттік мұрағат және Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар мұрағатының 250 мұрағаттық құжаттары мен материалдары іріктелініп алынды.
## Басылымдар
### Журналдар, нұсқағыштар, анықтамалар
«Қазақстан мұрағаттары» журналы - Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты тоқсанына 1 рет «Қазақстан мұрағаттары» атты ақпараттық және ғылыми-практикалық журналын шығарады. Бұл журналы қазақ және орыс тілдерінде басылып шығады. Қазақстан және ТМД елдеріне таралады.
Басылымда жарияланатын мақалалар мұрағаттану, құжаттану және деректану, халықаралық қарым-қатынас мәселелерін қамтиды және Қазақстан Республикасы мемлекеттік мұрағаттарының жұмысы туралы ақпарат береді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты қорлары бойынша жөнсілтер – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты» мемлекеттік мекемесі дайындаған Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында сақтауда тұрған 1991–2008 жылдарғы құжаттар қорларының құрамы мен мазмұнын ашатын, құжаттық ақпараттармен алдын ала таныстыруға арналған ақпараттық-анықтамалық басылым.
Басылым негізінен мұрағаттан тыс жерде, сыртқы ортада базалық құрылымдық анықтамалық ретінде пайдалануға арналған.
### Жинақтар
* Нормативтік құқықтық актілер, мұрағат ісі саласындағы ғылыми-методикалық құжаттар жинағы туралы мәліметтер. (2001-2007)
Басылым 1998-2001 жылдар аралығындағы нормативтік құқықтық актілер, мұрағат ісі жайлы ғылыми-методикалық құжаттар жинағының жалғасы болып табылады. Жинаққа енгізілген құжаттар 2001-2007 жылдар аралығын қамтиды. Жинақ екі бөлімнен тұрады: І. Нормативтік құқықтық актілер; ІІ.Ғылыми-методикалық құжаттар. Басылым – орыс тілінде.
«Қазақстан астаналары» құжаттар мен материалдар жинағы
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты «Қазақстан астаналары» атты құжаттар мен материалдар жинағын шығарды. Бұл жинақ Қазақстан Республикасының Президенті мұрағаты, Алматы, Батыс-Қазақстан, Қызылорда облыстары және Астана қаласының мемлекеттік мұрағаттары, Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағаты, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты, Президенттік мәдениет орталығы және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағаттар Комитетінің Орталық мемлекеттік мұрағаты қорларының құжаттары негізінде құрастырылған.
Жинаққа 135 құжат, 12 материал және 30 фотоматериал енгізілді.
«Электронды құжатайналым және мұрағаттар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары
Басылымда 2007 жылдың 7 қарашасында Халықаралық мұрағаттар кеңесінің Еуразия аймақтық бөлімшесінің (ЕВРАЗИКА) 8-ші жалпы конференциясы аясында өткен «Электронды құжатайналым және мұрағаттар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның баяндамалары, сөйлеген сөздер, ұсынымдар жарияланған. Жарияланған материалдар электронды құжатайналым және мұрағаттар жүйесінің дамуын, енгізу барысындағы талаптар мен негізгі принциптердің өзекті мәселелерін ашып көрсетеді.Басылым –орыс тілінде.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Қазақстан Республикасының заны», 1998ж
* Мұрағат жаршысы 2002ж №1
* “Қазақ Совет Энциклопедиясы”
* Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшының жанынан құрылдған 2004-2006 арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңес туралы ЕРЕЖЕ
* "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қарашадағы N 1083 Қаулысы
* Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1044 Қаулысы
* «Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың ережелерін және пайдалану режимін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 218 Бұйрығы
* Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 1277
* «Мұрағат және тарих» Рысты Сариева 2004 ж. |
Қарақұлжа (қыр. Кара-Кулжа суусу) — Қырғызстанның Ош облысы аумағынан ағып өтетін өзен. Өзеннің ұзындығы 104 км. Су алабының ауданы — 1300 км².
Суын Ферғана жотасының оңтүстік-батыс беткейінен жинайды. Қарақұлжа – Қарадария өзенінің оң жақ бөлігі болып келеді. Өзен алабында Қарақұлжа ауылы орналасқан. |
Серік Қарабекұлы Төлбасы (1965 жылы 17 қыркүйекте туған, Қызылорда) — қазақстандық кәсіпкер, меценат, «Серік Төлбасы қоры» қайырымдылық қорының жалғыз құрылтайшысы (2007 жылы құрылған), «Tennis League TS» жеке қорының негізін қалаушы және құрылтайшысы (2022 жылы құрылған), «IQanat» білім беру қорының облыстық қамқоршысы (Түркістан облысы). TS Development компаниялар тобының негізін қалаушы.
## Өмірбаяны
1965 жылы 17 қыркүйекте Қазақ КСР Қызылорда қаласында дүниеге келген. Дулат руынан шыққан.
Алты жасында оның отбасы Шымкент қаласына көшіп келіп, Алпамыс батыр атындағы № 40 мектепті үздік бітірді.
1984-1986 жылдары зымыран әскерлерінің сержанты атағымен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінде қызмет етті.
1989 жылы Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша үздік бітірді. Кейін сол институтта көпір салу зертханасында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.
1990-1992 жылдары Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласында В. А. Кучеренко атындағы орталық құрылыс конструкциялары ғылыми-зерттеу институтында аспирантурада оқыды.
1992 жылы TS Development компаниялар тобын құрды.
1992 жылдан 2020 жылға дейін TS Development компаниялар тобы 485 000 шаршы метр коммерциялық жылжымайтын мүлік салды. Жобаларға салынған инвестициялардың жиынтық көлемі 624 000 000 АҚШ долларын құрады. Топтың іске асырылған жобаларына Crystal Air Village (Алматы қ.) коттедж қалашығы, Fidelity фитнес-орталығы (Алматы қ.), Шаляпин көшесінен батыс бағыттағы автомобиль жолы (Алматы қ.), «Аэлита» және «Bukhar Zhyrau Towers» элит-класты тұрғын үй кешендері, (Алматы қ.), «Кең Дала» (Алматы қ.) және Atyrau Plaza (Атырау қ.) бизнес-орталықтары, «Спутник» (Алматы қ.), «Dostyk Plaza» (қ. Алматы) және «Shymkent Plaza» (Шымкент қ.) сауда ойын-сауық орталықтары жатады.
2020 жылдың қыркүйегінен бастап Cерік Төлбасы TSPM. (TS Property Management) консалтингтік компаниясының құрылтайшысы және Директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады.
Forbes журналының мәліметі бойынша, 2023 жылы Қазақстанның ең бай 50 бизнесменінің тізімінде 34-ші орында тұр.
Сол дереккөзге сәйкес, Төлбасы активтерінің құны 2023 жылдың мамырында 220 миллион АҚШ долларын құрайды.
2022 жылы Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның 10 ірі рантье рейтингінде 3 орын алды.
2022 жылы «Tennis League TS» жеке қорын құрды, оның негізінде TS Теннис лигасы немесе TLTS құрылды. TS Теннис лигасының қызметі әуесқой теннисті дамытуға және Қазақстанда ерлер арасындағы жұптық разрядта шеберлік деңгейін арттыруға бағытталған. 1
2007 жылы денсаулық сақтау, білім беру, спорт және мәдениет салаларындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларға қолдау көрсететін «Серік Төлбасы қоры» қорын құрды.
2016 жылы «Серік Төлбасы қоры» стартаптарды қолдау мақсатында StartTime краудфандингтік платформасын іске қосты.
2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Түркістан облысының IQanat қорының облыстық қамқоршысы болып табылады, ол ауыл оқушылары мен мұғалімдерін қолдауға бағытталған әлеуметтік-білім беру жобалары мен бағдарламаларын іске асырады.
«Серік Төлбасы қоры» 2018 жылы британдық пианист Джон Ленеханның орындауындағы Celestial неоклассикалық жанрындағы альбомын таныстырған Еркеш Шакеевтің музыкалық жобасын қолдады.
2020 жылы COVID-19 коронавирустық індетімен күресте «Серік Төлбасы» қоры медициналық мекемелерге көмек көрсету туралы үндеуге алғашқылардың бірі болып үн қосты. Қор Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына коронавирусты анықтауға арналған экспресс-тесттер сатып алуға және өкпені жасанды желдету құралдарын сатып алуға 25 миллион теңге бөлді. 2
«Мен ел үшін қиын-қыстау кезеңде әлеуметтік белсенді бизнес ел азаматтарын қолдаудың драйвері болуы керек деп сенемін. Біз барлығын коронавируспен күресте бірігуге және үкіметке мәселені шешуге көмектесуге шақырамыз. Уақытты жоғалтуға болмайды. Дәл қазір әрекет ету керек», – деп Серік Төлбасы өз пікірімен бөлісті. 3
Сол жылы «Серік Төлбасы қоры» «Планета» әні – музыкалық жобасына бастамашылық жасап, қаржыландырды. 4
2021 жылы «Серік Төлбасы» қоры Шымкент қаласында бірқатар спорт алаңдарын салуға 100 млн теңгеден астам қаражат бөлді. 5
## Отбасы
Жұбайы – Гүлнар Ермекқызы Төлбасы (Байтураева) (1990 ж. б.).
Балалары – Әлішер Төлбасы (1991 ж.т.), Алихан Төлбасы (1997 ж.т.), Алуа Төлбасы (2003 ж.т.), Арманжан Төлбасы (2009 ж.т.).
## Марапаттар мен сыйлықтар
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Серік Төлбасы
* Досье Тулбасов Серік Қарабекұлы
* Forbes Kazakhstan ең бай рейтингіне қатысушылардың бірі тегін өзгертті
* Серік Толбасы мен Анатолий Побияхо бірлескен жобаны іске қосты
* Кім кім болады?: Серік Тулбасов
* Қамқоршылық картасы: Түркістан облысы - Тулбасов Серік Қарабекұлы Мұрағатталған 13 шілденің 2023 жылы.
* Бизнесмендер ауыл жастарының интеллектуалдық әлеуетіне инвестиция салуда
* Серік Түлбасов атындағы қор спорт алаңдарын салуға 100 миллион теңгеден астам қаржы бөлді
* Қазақстанның мүгедектер арбасындағы теннисінің алғашқы халықаралық жетістігі
* Шымкентте жаңа жобаға 11 млрд теңге инвестиция салынды
* Алматыда жүлде қоры 1,1 миллион теңгені құрайтын TS CUP 2021 теннис турнирі өтеді(қолжетпейтін сілтеме)
* Британдық пианист Еркеш Шәкеевтің шығармаларын орындады
* Бірлікті көрсету |
Тентексай (бастауы — Қараүңгір) — Қырғызстанның Жалалабат облысы Базарқорған ауданындағы өзен, Қарадарияның оң саласы. Ұзындығы 126 км, су алабының ауданы 4130 км².
Ферғана жотасының оңтүстік-батыс беткейлерінен бастау алады. Күребес пен Қызылүңгір өзендерінің қосылуынан пайда болады. Негізгі салалары: (оң жақта) Қызылүңгір, Күміссу, (сол жақта) Отызарт және Күребес. Ірі салалары: Арыстанбаб, Ғауасай, Шайдансай, Алашсай, Сарқырама.
Орташа жылдық шығыны 29,6 м³/с, орташа максималды шығыны 85,7 м³ және минималды шығыны 9,6 м³/с.
Өзеннің су жинайтын алабы 7,1 км² аумақты алып жатқан алты шағын көл мен 23 шағын мұздықты қамтиды.
## Дереккөздер |
Тар (қыр. Тар суу) — Қырғызстанның Ош облысы Қарақұлжа ауданындағы өзен, Қарадарияның сол жақ саласы. Ұзындығы 147 км, су алабының ауданы 3840 км². Өзен Ферғана жотасының оңтүстік-батыс беткейлері мен Алай жотасының солтүстік беткейлерінен бастау алады. Ойтал мен Алайқу өзендерінің қосылуынан пайда болады. Орташа жылдық су шығыны 46,7 м³/с, ең көбі 248 м³/с (маусым), ең азы 8,19 м³/с (қаңтар). Су тасқыны маусым-шілде айларында болады.
## Дереккөздер |
Ляля Нагуқызы Қожабаева (2 шілде 1937, Ақтөбе облысы, Жұрын ауданы— 16 қаңтар 2024, Ақтөбе облысы, Ырғыз) — орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі (1967), КСРО білім беру ісінің үздігі (1973).
## Өмірбаяны
Қожабаева Ляля Нагуқызы 1937 жылы 2 шілдеде Жұрын ауданында дүниеге келген. Әлім, Шекті руының тумасы, Кіші жүз.
1959 жылы Алматы қыздар педагогикалық институтын бітіріп, еңбек жолын Шалқар сегізжылдық мектебінде бастаған.
1961-1970 жылдар аралығында Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет жасады.
1970-1987 жылдары орыс орта мектебінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры қызметтерін атқарды.
1987 жылдан құрметті еңбек демалысында.
Бірнеше жыл білім саласында басшылық қызмет жасап, өзінің іс тәжірибесімен, адами болмысымен кейінгі жастарға үлгі бола білді.
Шәкірттері бүгінгі республиканың түкпір-түкпірінде қызмет жасап жүр. Мұғалім іс-тәжірибесін насихаттау мақсатында өткізген ашық сабақтары оның шығармашылықпен жұмыс жасайтын, шебер әрі өз ісіне бар ынта-ықыласымен берілген ұстаз екеннің куәсі бола білді.
## Қоғамдық қызметі
Облыстық IV, V мұғалімдер съездерінің делегаты болып сайланды.
## Жеке өмірі мен отбасы
Жұбайы Жақас Ыбраев екеуі 4 ұл, 3 қыз тәрбиелеп, өсіріп, немере-шөбере көрді.
## Марапаттары
Ляля Нагуқызы халық ағарту саласындағы белсенді қызметі үшін 1967 жылы «Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі», 1973 жылы «КСРО білім беру ісінің үздігі» атақтарына ие болды. Қазақ КСР білім министрлігінің, облыстық, аудандық білім бөлімдерінің Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.
Жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан зор үлесі үшін Ляля Нагуқызына Ырғыз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №95 шешімімен «Ырғыз ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.
Алтын алқаның иегері.
## Дереккөздер |
Майлысу (қыр. Майлуу-Суу суусу; бастауы — Керей) — Қырғызстанның Жалалабат облысы Наукен ауданындағы өзен. Ұзындығы 87 км, су алабының ауданы 748 км². Жылдық орташа шығыны 9,7 м³/с, су тасқыны кезеңі сәуір-мамырда басталып, ең жоғары ағыны 108 м³/с жетіп, ең азы қаңтар-ақпан айларында 5-6 м³/с байқалады. Мұздық және қарлармен қоректенеді. Өзеннің бастауында 4000 метрден астам биіктікте жалпы ауданы 3,2 км² болатын 9 мұздық бар.
Ірі салалары: Дабансай, Мамасай, Көгейсу, Қайрағаш, Бедресай (оң), Семендік және Сарыби (сол).
Өзен бастауын Бабашата жотасының батыс және солтүстік-батыс беткейлерінен, сонымен қатар 4000-4427 метр биіктіктегі Ферғана жотасының оңтүстік-батыс беткейлерінен алады. Бұлақ екі кішігірім өзен Шоң Керей мен Керейдің қосылуынан басталады, содан кейін ол Құтманкөл көліне құяды, оған тағы бір кішкентай Қабыркөл өзені құяды, бірақ ол көл бөгеті арқылы ағып шығып, басқа шағын көлге құйып, сол жерден жер үсті ағынымен ағады, Бабашата жотасының беткейлерінен сәл төмен Мұзтар деген шағын ағын қосылады, және оң жағында Қызқорған өзенімен қосылып, Сересу өзенін құрап, батыс бағытта ағады, ал сол жерде оң салалары Мамасай және ең ірі саласы Дабансай келіп қосылады. Ағын бойымен сәл төмен қарай сол жақ саласы Семендік құяды. Одан әрі өзен батысқа қарай тар шатқал арқылы ағады, одан әрі оңтүстікке бұрылып, Майлысу қаласының солтүстік шетіне жетеді, ол жерден тағы бірнеше салаларды: Көгейсу, Сарыби және Қайрағашпен бірігеді. Тағы төмен түсе, соңғы сала Бедресаймен бірігіп, аттас қаланы кесіп өтіп, Ферғана алқабына жете, Тентексай өзеніне құяды.
## Дереккөздер |
«Қара жесір» (ағылш. Black Widow) — 2021 жылы шыққан америкалық суперқаһармандық фильм. Фильмді Marvel Studios шығарды және Walt Disney Studios Motion Pictures таратты. Бұл Marvel кинематографиялық әлемі (MCU) медиафраншизасындағы 24-ші фильм. Фильмнің режиссері — Кейт Шортланд, сценарий авторы — Эрик Пирсон. Скарлетт Йоханссон Наташа Романофф / Қара жесір рөлін сомдады; сондай-ақ фильмде Флоренс Пью, Дэвид Харбор, О-Т Фагбенли, Ольга Куриленко, Уильям Херт, Рэй Уинстоун және Рэйчел Вайс ойнады. Сюжет бойынша Капитан Америка: Азамат соғысы (2016) фильміндегі оқиғалардан кейін Наташа Романофф өзінің өткенін жанымен қабылдауға тырысады.
«Қара жесір» АҚШ-та 2021 жылдың 9 шілдесінде кинотеатрларда және бір уақытта Disney+ ағындық қызметінде, ал Ресейде 8 шілдеде шығарылды. Қара жесір MCU-дегі 4-кезеңнің бірінші фильмі болды. Фильмнің шығуы алғашқыда 2020 жылдың мамырына белгіленген күннен COVID-19 пандемиясына байланысты үш рет кейінге қалдырылды. «Қара жесір» фильмі пандемиялық жағдайдағы бірнеше кассалық рекордын орнатты, фильм бүкіл әлем бойынша 379 миллион доллардан астам және Disney+ сервисінде 125 миллион доллар жинады. Фильм негізімен сыншылардан оң пікірлер алды, олар актерлік шеберлікті (әсіресе Йоханссон мен Пьюдің ойнауын) және экшн-қойылымдарды жоғары бағалады.
## Актёрлер
* Скарлетт Йоханссон — Қара жесір Наташа Романофф: кек алушы, бұрынғы КГБ агенті, бұрынғы S.H.I.E.L.D. агенті. Эвер Андерсон — жас Наташа.
* Флоренс Пью — Қара жесір Елена Белова: Наташаның «қарындасы», Қызыл бөлмеде арнайы дайындықтан өткен. Вайолет Макгроу — жас Елена.
* Дэвид Харбор — Алексей Шостаков / Қызыл Қорғаушы: орыс суперсолдаты, Капитан Американың эквиваленті, Наташа мен Еленаның «әкесі».
* О.Т. Фагбенли — Рик Мейсон: S.H.I.E.L.D. кезінен Наташаның одақтасы.
* Ольга Куриленко — Антония Дрейкова / Таскмастер: Дрейковтың қыз баласы, Қызыл бөлмеге қызмет етеді. Райан Кира Армстронг — жас Антония.
* Уильям Хёрт — Таддеус Росс: АҚШ Мемлекеттік хатшысы.
* Рэй Уинстон — Дрейков: орыс генералы және Қызыл бөлменің жетекшісі.
* Рэйчел Вайс — Қара жесір Мелина Востокофф: тәжірибелі тыңшы, Наташа мен Еленаның «шешесі», Қызыл бөлменің басты ғалымы.
## Дереккөздер |
Арабансай немесе Арабан (қыр. Араван-Сай, өзб. Aravonsoy) — Өзбекстан мен Қырғызстан аумағын басып өтетін Ферғана аңғарындағы өзен (сай). Қазіргі уақытта Шаһрихансай арнасына құяды (төменгі ағысында арнасын бұрған).
Бастауы (Ақарт саласымен біріккенге дейін) Көзарт, одан кейін (Қырғызата саласымен біріккенге дейін) — Шіле, содан соң (Қосжан саласымен біріккенге дейін) — Ішкіжан деп аталады.
## Жалпы сипаттамасы
Өзеннің ұзындығы 90 км, су алабының ауданы — 464 км².
Өзінің режимі бойынша Арабансай мұздықпен қоректенетін ерекше өзен болып табылады. Оның алабында жалпы ауданы 49,1 км² болатын 18 салыстырмалы түрде үлкен мұздықтар бар. Судың жоғары кезеңі наурыздан қыркүйекке дейін созылады. Вегетациялық кезеңде өзен ағынының 80% егістіктерді суаруға жұмсалады. Қоректенудің көп бөлігі қардан немесе жер асты суларынан келеді (соңғысы жылдық ағынның шамамен 1/3 бөлігін құрайды). Өзеннің сағасы қатпайды, бірақ жазда суды суару қажеттілігіне бұру салдарынан жиі кеуіп қалады.
## Өзен ағысы
Көзарт Кіші Алай жотасындағы (Қырғызстан) Көзарт мұздығынан, шамамен 3950 м биіктікте түзіледі. Таулы бөлігінде тар және терең шатқалдарды құрайды. Таулы жерден өткеннен кейін өзеннің бірінші ысырынды конусы орналасқан Науқат қазаншұңқырына құяды. Мұнда Шіле Қырғызата мен Косжан салаларын сіңіріп, Арабансай аталады. Содан кейін өзен шағын Қарашатыр тау жотасын кесіп өтеді. Бұл аймақтағы сай аңғары ені 3 рет өзгереді, әктас массивтері арқылы өткенде кішірейеді, ал тақтатастарда ұлғаяды. Қарашатырдан төмен өзен Ферғана алқабының жазық жеріне құяды, мұнда оның ағыны толығымен дерлік бұрма-арналары арқылы суаруға бағытталған.
Аравансай сағасының жағасында Араван кенті орналасқан. Одан әрі сай Қырғызстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өтіп, Әндіжан облысының Асака ауданына кіреді. Мұнда да оның суы суаруға пайдаланылады.
Сағаға дейінгі жерде әдетте ағын судың әсерінен өзен толығымен құрғайды, ал жаз айларында құрғақ арна ретінде өтеді. Құлла және Бесмырза қыстақтарының аралығында Арабансай өзеннің тарихи арнасының бойымен әрі қарай төселген Шаһрихансай арнасына құяды.
## Әдебиет
* Қырғызстанның географиясы. Энциклопедиялық оқу кітабы / бас. ред. Ү. Асанов — Қырғыз ұлттық энциклопедиясының басты редакциясы. — Бішкек, 2004. — Б. 182. — 718 б. — ISBN 9967-14-006-2.
## Дереккөздер |
Ақбура (қыр. Ак-Буура, өзб. Oqboʻyra) — Қырғызстан мен Өзбекстандағы өзен, Шаһрихансайдың сол жақ саласы.
Өзеннің ұзындығы 148 км, ал су алабының ауданы 2540 км² құрайды. Төлейкен гидробекетінде (Ош қаласының оңтүстік шекарасы) өзеннің орташа көпжылдық шығыны 21,4 м³/сек, су тасқыны кезіндегі өзенге құйылуы (маусым-шілде) 50-67 м³/сек, ал саба кезінде (қаңтар) 5-6 м³/сек болып келеді.
Өзен Алай жотасының солтүстік беткейінде, Ақжылға ауылы маңындағы Шалқұйрық өзені мен Сарықой өзенінің қосылуынан пайда болады. Оштан жоғары өзенде Папан суқоймасы орналасқан. Оның ар жағында Ақбурадан сол жағында Арабан-Ақбура арнасы мен Қайырма арығы бөлінеді. Ош қаласынан өткен өзен Өзбекстанның Әндіжан облысының аумағына келіп, сол жақтан Шаһрихансай арнасына құяды.
Өзеннің атауы не түйеге қатысты, не рудың атауына негізделген.
## Әдебиет
* Қырғызстанның географиясы. Энциклопедиялық оқу кітабы / бас. ред. Ү. Асанов — Қырғыз ұлттық энциклопедиясының басты редакциясы. — Бішкек, 2004. — Б. 179. — 718 б. — ISBN 9967-14-006-2.
## Дереккөздер |
«Өркендеу күзетшісі» операциясы (ағылш. Operation Prosperity Guardian) — хуситтердің Қызыл теңіздегі кемелерге жасаған шабуылдарына жауап ретінде 2023 жылғы желтоқсаннан бері жалғасудағы АҚШ бастаған әскери операция.
2023 жылғы қазанда басталған және әлі де жалғасудағы Хамас−Израиль қақтығысына жауап ретінде Йемендегі хуситтер Қызыл теңіздегі израильдік коммерциялық кемелердің жүруіне кедергі жасады. 2023 жылғы 18 желтоқсанда АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин блокаданы тоқтатуға және хуситтер байбаламаларының орындалуына жол бермеуге арналған халықаралық қауіпсіздік күштерінің құрылып қойғанын айтты.
АҚШ бастаған коалицияның құрамында дәл қазір 20 мүше-мемлекет бар. Қақтығыс орын алған аймақтағы коммерциялық транспортқа тәуелді Сауд Арабиясы мен Мысыр коалиция құрамына кірген жоқ. Франция, Италия мен Испания операцияға ат салысудан бас тартты. Суэц каналы әкімшілігінің төрағасы Усама Рабия «Суэц каналындағы транспорт қозғалысы Қызыл теңіздегі болып жатқаннан оқиғалардан зардап шеккен жоқ» деген. 10 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі хуситтердің сауда кемелеріне шабуылын тоқтату бойынша қарар қабылдады.
Қауіпсіздік Кеңесінің қарар жасаған күні хуситтер өзінің ең ірі шабуылын жасаған еді: Қызыл теңіздегі түр-түрлі халықаралық та, әскери де кемелерге дрондар жіберілді. Жауап ретінде, 12 қаңтарда коалиция Йемендегі хуситтерге қарсы өзінің тұңғыш әуе операциясын бастады, осыған болса хуситтер кек аламыз деп уәде берді.
## Дереккөздер |
III Интернационал ауылдық округі – Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына III Интернационал ауылы кіреді. Орталығы – III Интернационал ауылы. Округ құрамында болған Бірлік ауылы 2018 жылы таратылған.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2561 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Керкі округі — 1924 жылдың желтоқсанынан 1930 жылдың шілдесіне дейін және 1933 жылдың ақпанынан 1939 жылдың қарашасына дейін болған Түрікмен КСР-нің әкімшілік бөлініс бірлігі. Әкімшілік орталығы — Керкі қаласы.
## 1924—1930 жылдардағы округ
1924 жылы Бұхара ХКР Түрікмен АО бұрынғы Керкі уәлаятының аумағында құрылған.
Бастапқыда 4 түменге бөлінді: Керкі, Қызылаяқ, Халаш, Қожамбаз.
1925 жылы қаңтарда түмендердің орнына 6 аудан құрылды: Келиф, Керкі, Қызылаяқ, Тасрабад, Халаш, Қожамбаз. Жыл аяғында Қарлұқ ауданы құрылды.
1926 жылы тамызда Келиф және Тасрабад аудандары жойылып, Шаршан ауданы құрылды.
Округ КСРО-ның көптеген округтары сияқты 1930 жылы шілдеде таратылды. Аудандары Түрікмен КСР-іне тікелей бағынуға берілді.
1926 жылғы халық санағы бойынша халық саны 128,3 мың адам болды. Соның ішінде түрікмендер – 81,5%; өзбектер – 13,9%; орыстар – 3,0%.
## 1933—1939 жылдардағы округ
Округ 1933 жылы ақпанда шекаралық округ (сол кезде КСРО шекарасы бойында құрылатын) ретінде қайтадан құрылды.
Құрамына 7 аудан кірді: Бұрдалық, Қарлұк, Керкі, Қызылаяқ, Халаш, Қожамбаз, Шаршан.
1939 жылы қарашада Түрікмен КСР-де облыстық бөліністердің енгізілуіне байланысты жойылды.
## Әдебиет
* Кулиев О. Түрікменстанның әкімшілік-аумақтық құрылымы: (XIX ғ. басы - 1980 ж.) — Ашхабад: Ылым, 1980. — 319 б. |
Шаржүй округі — Түрікмен КСР-нің 1924 жылдың желтоқсанынан 1930 жылдың шілдесіне дейін болған әкімшілік бөлініс бірлігі. Әкімшілік орталығы – Жаңа Шаржүй қаласы.
1924 жылы Ленин округі деген атпен бұрынғы Ленин-Түрікмен уәлаятының аумағында құрылған.
Бастапқыда 5 ауданға бөлінді: Бұрдалық, Дейнау, Ленин (Ескі Шаржүй), Саят, Фарап. Көп ұзамай Дарғаната, Қарабекауыл аудандары құрылды.
1927 жылы 18 мамырда Ленин округі Шаржүй болып өзгертілді.
Округ КСРО-ның көптеген округтері сияқты 1930 жылы шілдеде таратылды. Аудандар Түрікмен КСР-іне тікелей бағынуға берілді.
1926 жылғы халық санағы бойынша 192,1 мың адам болды. Соның ішінде түрікмендер – 68,5%; өзбектер – 22,7%; орыстар – 4,6%; қазақтар – 1,7%.
## Әдебиет
* Кулиев О. Түрікменстанның әкімшілік-аумақтық құрылымы: (XIX ғ. басы - 1980 ж.) — Ашхабад: Ылым, 1980. — 319 б. |
Фарап атырабы (түрікм. Farap etraby) — Түрікменстанның Лебап уәлаятында бұрын болған атырабы.
## Тарихы
1925 жылы қаңтарда Түрікмен КСР Ленин округінің Фараб ауданы болып құрылған.
1927 жылы мамырда Ленин округі Шаржүй болып өзгертілді.
1930 жылы қыркүйекте Шаржүй округі таратылып, Фараб ауданы Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды.
1939 жылы қарашада Фараб ауданы жаңадан құрылған Шаржоу облысына берілді.
1963 жылдың қаңтарында Фараб ауданы таратылды, бірақ 1965 жылдың желтоқсанында Түрікмен КСР-не тікелей бағынуымен қалпына келтірілді.
1970 жылдың желтоқсанында бұл аудан қайтадан қалпына келтірілген Шаржоу облысының құрамына енді.
1992 жылы Фараб ауданы Лебап уәлаятының құрамына еніп, Фарап атырабы деп өзгертілді.
2022 жылдың 9 қарашасында Фарап атырабы жойылып, оның аумағы Шәржеу атырабына берілді.
## Дереккөздер |
Қарлұқ ауданы — Түрікмен КСР-нің 1925 жылдың желтоқсанынан 1951 жылдың сәуіріне дейін болған әкімшілік бөлініс бірлігі.
## Тарихы
Қарлұқ ауданы 1925 жылы желтоқсанда Керкі округінің құрамында құрылды.
1930 жылы қыркүйекте Керкі округі таратылып, аудан Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды.
1933 жылы ақпанда Қарлұқ ауданы қалпына келтірілген Керкі округінің құрамына енді.
1939 жылы қарашада Түрікмен КСР-да облыстық бөлінудің енгізілуіне байланысты Қарлұқ ауданы Шаржоу облысының құрамына енді.
1943 жылы желтоқсанда Қарлұқ ауданы жаңадан құрылған Керкі облысына берілді.
1947 жылы қаңтарда Керкі облысы жойылып, Қарлұқ ауданы қайтадан Шаржоу облысының құрамына енді.
1949 жылы аудан 6 ауылдық кеңеске бөлінді: Калинин ат., Молотов ат., Сталин ат., Құйтап, Ләйләмқан, Қожабіл.
1951 жылы сәуірде Қарлұқ ауданы таратылды.
## Дереккөздер |
Қарабекауыл атырабы (түрікм. Garabekewül etraby) — Түрікменстанның Лебап уәлаятында бұрын болған атырабы.
## Тарихы
1925 жылы ақпанда Түрікмен КСР Ленин округінің Қарабекауыл ауданы болып құрылған.
1927 жылы мамырда Ленин округі Шаржүй болып өзгертілді.
1930 жылы қыркүйекте Шаржүй округі таратылып, Қарабекауыл ауданы Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды.
1939 жылы қарашада Қарабекауыл ауданы жаңадан құрылған Шаржоу облысына берілді.
1963 жылдың қаңтарында Қарабекауыл ауданы таратылды, бірақ 1964 жылдың желтоқсанында Түрікмен КСР-не тікелей бағынуымен қалпына келтірілді.
1970 жылдың желтоқсанында бұл аудан қайтадан қалпына келтірілген Шаржоу облысының құрамына енді.
1992 жылы 14 желтоқсанда Қарабекауыл ауданы Лебап уәлаятының құрамына еніп, Қарабекауыл атырабы деп өзгертілді.
2017 жылы 25 қарашада Түрікменстан парламенті Қарабекауыл атырабын жойып, оның аумағы Халаш атырабына берілді.
## Дереккөздер |
Бұрдалық ауданы — Түрікмен КСР-нің 1925 жылдың қаңтарынан 1955 жылдың желтоқсанына дейін болған әкімшілік бөлініс бірлігі.
## Тарихы
Бұрдалық ауданы 1925 жылы қаңтарда Ленин округінің құрамында құрылды.
1927 жылы мамырда Ленин округі Шаржүй деп өзгертілді.
1930 жылы қыркүйекте Шаржүй округі таратылып, аудан тікелей Түрікмен КСР-ға бағынышты болды.
1933 жылы ақпанда Бұрдалық ауданы Керкі округінің құрамына кірді.
1939 жылы қарашада Түрікмен КСР облыстық бөліністің енгізілуіне байланысты Бұрдалық ауданы Шаржоу облысының құрамына кірді.
1943 жылы желтоқсанда Бұрдалық ауданы жаңадан құрылған Керкі облысына берілді.
1947 жылдың қаңтарында Керкі облысы жойылып, Бұрдалық ауданы қайтадан Шаржоу облысының құрамына кірді.
1949 жылы аудан 4 ауылдық кеңеске бөлінді: Бұрдалық, Калинин ат., Құлтақ, Шекіш.
1955 жылы желтоқсанда Бұрдалық ауданы жойылды.
## Дереккөздер |
2023 жылғы 11 желтоқсанда Маңғыстау облысындағы екі көлік компаниясының біршама жұмысшы жұмыс берушілеріне бірнеше талап қойып, ереуіл бастады. Қойылған талаптар қатарында жалақыны тең қылу жүйесін орнату, West Oil Software компаниясын ҚазМұнайГаз құрамына енгізу және техниканы жаңарту болған.
Ереуіл салдарынан компанияға шамамен 499 миллион теңге залал келтірілген. 2024 жылғы 13 қаңтарда ереуіл мүшелерінің жұмыстарынан босатылатыны жарияланды.
## Барысы
ЖЕЛТОҚСАН-ҚАҢТАР:
11.12.2023: Қарақия аудандық әкімдігінің мәліметінше, West Oil Software мұнай сервистік компаниясы мен Great Wall Drilling компаниясының бірнеше жұмысшыларына жалақының тек бір жартысы ғана беріліп қалды. 2023 жылғы 11 желтоқсанда Маңғыстау облысында жұмысшылар жұмыс берушілеріне бірнеше талап қойып, ереуілге шықты.
West Oil Software ЖШС компаниясы жұмысшылардың жалақыны тең қылу мен компанияны ҚазМұнайГаз құрамына енгізу деген талаптарын орындау мүмкін болмайды деді, бірақ арнайы техниканы жаңарту ұсынысы орындалады деген. Компанияның мәселені келіссөз арқылы шешу әрекеттері сәтсіз болды. 2024 жылғы 13 қаңтардан бастап заңсыз аталған бұл ереуілдің барлық қатысушылары жұмыстарынан босатылатын болды. Бұл шешімнің жасалғанына қарай ереуілдің 50 астам мүшесі жұмыс орындарына оралған еді делінген. 17 қаңтарға қарай ереуіл мүшелері санының отызға жуық төмендегені белгілі болды.
АҚПАН:
11.02: 11 ақпан күні таңертең Маңғыстау облысындағы Қаражанбас кенішінде "Мобил Сервис Групп" компаниясының 100-ге жуық қызметкері ереуілге шықты, 150 жұмысшы компанияның Ақтаудағы кеңсесінде.
13.02: 11 ақпаннан бері Маңғыстау облысында "Мобил Сервис Групп" компаниясының жүзден аса жұмысшысы ереуілге шығып, тәуелсіз кәсіподақ мүшесі болғаны үшін жұмыстан шығарылған әріптестерін қызметке қайтаруды талап етіп тұр.
Жұмысшылардың айтуынша, оларда екі кәсіподақ бар, бірі — тәуелсіз, екіншісі — компания жанынан ашылған. Компания 1 ақпанда тәуелсіз кәсіподаққа қосылған 20 адамды жұмыстан шығарған. Ақпаратқа қарағанда, олардың 5–10 жылдан астам еңбек өтілі бар.
## Реакция
Жетібай: Қарақия аудандық соты ереуілді заңсыз болып таныды. Әкімдік хабарлауынша компания енді еңбек кодексіне сәйкес ереуілшілермен еңбек шартын бұза бастады.
Қаражанбас: "Власть" сайтының жазуынша, 11 ақпанда ереуілге "Мобил Сервис Групп" компаниясының директоры барған. Ол жұмыстан босатылған азаматтар қайта алынбайтынын айтып, ереуілшілерден жұмысқа оралуды талап еткен.
## Дереккөздер |
Қызылаяқ ауданы — Түрікмен КСР-нің 1925 жылдың қаңтарынан 1959 жылдың наурызына дейін болған әкімшілік бөлініс бірлігі.
## Тарихы
Қызылаяқ ауданы 1925 жылы қаңтарда Керкі округінің құрамында құрылды.
1930 жылдың қыркүйегінде Керкі округі таратылды, ал аудан тікелей Түрікмен КСР-ның бағышысына өтті.
1933 жылы ақпанда Қызылаяқ ауданы қалпына келтірілген Керкі округінің құрамына кірді.
1939 жылы қарашада Түрікмен КСР-не облыстық бөлінісінің енгізілуіне байланысты Қызылаяқ ауданы Шаржоу облысының құрамына кірді.
1943 жылы желтоқсанда Қызылаяқ ауданы жаңадан құрылған Керкі облысына енгізілді.
1947 жылдың қаңтарында Керкі облысы жойылып, Қызылаяқ ауданы қайтадан Шаржоу облысының құрамына кірді.
1949 жылы аудан 3 ауылдық кеңеске бөлінді: Қызылаяқ, Қуақ және Хатап.
1959 жылы 4 наурызда Қызылаяқ ауданы таратылды, ал оның аумағы Керкі ауданына берілді.
## Дереккөздер |
Мезгеу - троптың бір түрі. Бір ұғым орнына екінші ұғым айтылуы.
Мезгеу мынадан шығады:
* Ана ауылға Омар, Оспан, Асан, Үсен келді деудің орнына ана ауылға Омарлар келді дейміз. Омарлар келді деуіміз мезгеу болады.
* Үй кімдікі екенін ұмытпа, үйге қара деудің орнына шаңыраққа қара дейміз. Шаңырақ мезгеу болады.
* Осы ауылдың адамдары жүдеу екен деудің орнына осы ауылдың адамы жүдеу екен дейміз. Адамы мезгеу болады.
* Абайдай ақын қазақтан туа бермейді ғой деудің орнына Абайлардай ақын қазақтан туа бермейді ғой дейміз. Мұнда Абайлар мезгеу болады.
* «Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге жайылады» дейміз. Отыз тістен шыққан сөз отыз емес, қырық рулы, яки жиырма рулы елге жайылатын шығар, біз білмейміз. Отыз деп кесіп айтуымыз мезгеу болады.
Мезгеумен айтылған сөз жай айтылған сөзден жайнақы, ширақ келеді. Сондықтан мезгеу акындар сөзінде көп ұшырайды. |
Вахдат Ханнонов (тәж. Ваҳдат Ҳаннонов, 25 шілде 2000 жыл, Гисар) — тәжікстандық футболшы, қорғаушы, 2023 жылғы Азия кубогына қатысты.
## Жүлделері
### Кулбтық
Истиқлол
* Тәжікстан чемпионы: 2020
* Тәжікстан суперкубогы: 2021
Персеполис
* Иран чемпионы: 2022–23
## Сілтемелер |
Вахдат Ханнонов (тәж. Ваҳдат Ҳаннонов, 25 шілде 2000 жыл, Гисар) — тәжікстандық футболшы, қорғаушы, 2023 жылғы Азия кубогына қатысты.
## Жүлделері
### Кулбтық
Истиқлол
* Тәжікстан чемпионы: 2020
* Тәжікстан суперкубогы: 2021
Персеполис
* Иран чемпионы: 2022–23
## Сілтемелер |
Қызыл Қорғаушы — Marvel Comics-тегі суперқаһарман.
Ол орыс суперсолдаты, Капитан Американың эквиваленті, Қара жесір Наташа Романофф мен Елена Белованың әкелік фигурасы.
Алғаш рет Avengers #43 комиксте 1967 жылдың тамыз айында таныстырылады.
2021 жылы шыққан Қара жесір фильмде оның рөлін Дэвид Харбор сомдады.
## Тұлғалар
Әр комикстерде Қызыл Қорғаушы атымен әртүрлі адамдар болған:
* Алексей Лебедев
* Алексей Шостаков
* Таня Белински
* Жаңа Қызыл Қорғаушы
## Дереккөздер |
Азамат Берадорович Абдураимов (өзб. Azamat Birodarovich Abduraimov; 27 сәуір 1966, Ташкент) — өзбекстандық футболшы, шабуылшы, мини-футболшы, футбол жаттықтырушысы. 1994 жылғы Жазғы Азия ойындарының жеңімпазы. 1996 жылғы Азия кубогына қатысты.
## Жүлделері
### Ойыншы ретінде
«Пахтакор»
* КСРО бірінші лигасы кубогы (2): 1988, 1989
* Өзбекстан Кубогы: 1997
* Өзбекистан чемпионы: 1998
«Мохаммедан»
* Бангладеш чемпионатының күміс жүлдегері: 1992
* Бангладеш чемпионатының үздік мергені: 1992 (17 гол)
«Навбахор»
* Өзбекстан Кубогы: 1992
«Паханг»
* Малайзия чемпионы: 1994
«Әл-Уахда»
* Сауд Арабиясы 1-лигасының жеңімпазы: 1996
Өзбекстан
* Азия ойындарының чемпионы: 1994
### Бапкер ретінде
«Ардус»
* Мини футболдан Өзбекстан чемпионы: 2005
### Мемлекеттік
* Медаль «Шухрат» медалінің иегері.
## Дереккөздер |
Азамат Берадорович Абдураимов (өзб. Azamat Birodarovich Abduraimov; 27 сәуір 1966, Ташкент) — өзбекстандық футболшы, шабуылшы, мини-футболшы, футбол жаттықтырушысы. 1994 жылғы Жазғы Азия ойындарының жеңімпазы. 1996 жылғы Азия кубогына қатысты.
## Жүлделері
### Ойыншы ретінде
«Пахтакор»
* КСРО бірінші лигасы кубогы (2): 1988, 1989
* Өзбекстан Кубогы: 1997
* Өзбекистан чемпионы: 1998
«Мохаммедан»
* Бангладеш чемпионатының күміс жүлдегері: 1992
* Бангладеш чемпионатының үздік мергені: 1992 (17 гол)
«Навбахор»
* Өзбекстан Кубогы: 1992
«Паханг»
* Малайзия чемпионы: 1994
«Әл-Уахда»
* Сауд Арабиясы 1-лигасының жеңімпазы: 1996
Өзбекстан
* Азия ойындарының чемпионы: 1994
### Бапкер ретінде
«Ардус»
* Мини футболдан Өзбекстан чемпионы: 2005
### Мемлекеттік
* Медаль «Шухрат» медалінің иегері.
## Дереккөздер |
Кристегі Әулие Андрей шіркеуі (гр. Μονή του Άγίου Άνδρέου ἐν τῆ Κρίσει) — Мәрмәр теңізінің жағасында, Ыстанбұлдың жетінші төбесінің баурайында орналасқан шіркеу.
Дәстүр бойынша, император Феодосий ІІ-нің тақуа қарындасы Аркадия Сатурнин қақпасынан 600 метр қашықтықта Әулие монастырының негізін қалады. Бірінші Андрей шақырылған. Тарихи құжаттарда ол алғаш рет 792 жылы «Кристегі Эндрю» монастырьі ретінде аталды. Иконокластардың қолынан қайтыс болғаннан кейін, Сент. Криттік Андрей, оның реликтері ұқсас атаумен монастырьге орналастырылды, ол кейіннен осы шейіттің құрметіне қайта бағышталды.
Василий I кезінде собор шіркеуі толығымен қайта салынды. Латын тілін ондаған жылдар бойы елеусіз қалдырғаннан кейін, монастырьді 1284 жылы Михаил VIII-тің жиені Феодора қайта ашты, ол мұнда монастырьлық ант берді. Палеологтар астындағы «әйелдер шіркеуінің» жай-күйі туралы ақпарат өте аз және негізінен Әулие Пётрдің реликтері бар ғибадатханаға үнемі баратын ресейлік қажылардың саяхат Андрей Криттік жазбаларынан алынған.
Ғибадатхана 1486-1491 жылдар аралығында Сұлтанның осы есімді алған уәзірінің талабымен Мұстафа Паша мешітіне (түрікше: Koca Mustafa Paşa Camii) айналдырылды. Ол 1512 жылы өлім жазасына кесіліп, мешіт дервиштерге берілді. Сұлтан І Селим Топкапы сарайын кеңейту үшін мешітті бұзуға шешім қабылдағанда, дервиштер оған қарсы болып, осылайша Византия сәулетінің інжу-маржанын сақтап қалды.
Османлы дәуірінде ғимарат айтарлықтай қайта құрудан өтті. 17-18 ғасырларда төртбұрыш әртүрлі кеңейтулермен қоршалған, оның ішінде медресе мен бағана тәрізді субұрқақ бар. 1766 жылғы жер сілкінісінен кейін күмбез толығымен қалпына келтірілді, ал 19 ғасырда кіреберіс пен қоршау қайта салынды. Ең соңғы реставрация 1953 жылы жүргізілді, бірақ Османлы кезеңінің барлық қабаттары бүлінбеген күйде сақталды.
## Сілтемелер
* 3dmekanlar жанындағы Кожа Мұстафа Паша мешіті (Түрікше) |
Сафидулла Қалмағамбетұлы Сақбаев (1907 жылы жазда (құжат бойынша — 1 қаңтар 1910), жартылай көшпелі № 15 ауылы, Ақтөбе уезі, Торғай облысы, Ресей империясы — 1993 ж. қаңтар, Алматы, Қазақстан) — кеңестік мемлекет, партия және шаруашылық қайраткері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген заңгері, әділет майоры, депутат, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Целинный облысы бойынша тұрақты отырысының төрағасы, Целинный өлкелік сотының төрағасы, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының мүшесі, Жоғарғы Соттың мүшесі, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының соты, Жоғарғы Сот Төралқасының мүшесі, ІІ және ІІІ шақырылымдағы өлкелік Кеңестің депутаты, Алматы облыстық сотының төрағасы, V және VI шақырылымдағы Алматы облыстық еңбекшілер депутаттары кеңесінің депутаты, Қазақстан Компартиясы VII съезінің депутаты, арнайы құрамның төрағасы, Қарағанды облыстық сотының төрағасы, ӘТ ҚарТЖ төрағасы, Құрметті теміржолшы, «Білім» қоғамының мүшесі, Әділет комиссариатының (Министрлік) ревизоры , заң мектебінің директоры және оқытушысы, заңгер, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Жиздра операциясының қатысушы.
## Өмірбаяны
Сафидулла 1907 жылы жазда кедей шаруа отбасында, жартылай көшпелі № 15 ауылы (Жаңажол кеңшары), Ақтөбе уезі, Торғай облысы, Ресей империясында (қазіргі — Мұғалжар ауданы, Ақтөбе облысы) дүниеге келді. Жетірудің ішінде Тама руынан.
## Жастық шағы
1925 жылдан бастап комсомол қатарына кірді.
1927 жылы ауылдық кеңестің хатшысы болып жұмыс істеді.
Сафидулла Қалмағамбетұлы Сақбаев «Қазөлкекооптехникумында» студент болып жүргенде 1930 жылы комсомол жасағының құрамында Қызылқұм мен Қарақұмның құмында әрекет еткен басмашыларды басып-жаншу ісіне белсене қатысты.
Техникалық мектептен кейін кооперативтік жүйеде жұмыс істейді.
1930-1936 жылдары аудандық комсомол комитетінің жолдамасымен Сафидолла Қалмағамбетұлы «Машина-трактор станциясында» қызмет етті.
1931 жылдан бастап сот және прокуратура одағының мүшесі.
1933 жылдан бастап Темір аудандық аң терісі одағының меңгерушісі болды.
1934 жылдан бастап Ақтөбе облысы Михайловская кентіндегі Күнжар МТС-інде сауықшыл-нұсқаушы болды. Темір ауданындағы артта қалған ұжымшардың бірі (№ 9 ауыл) «Ащықұдықтың» төрағасы болды.
Егіншілік пен мал шаруашылығындағы жақсы көрсеткіштері үшін, мемлекетке астық тапсыру жоспарын асыра орындағаны үшін КСР Одағы Егін шаруашылығы халық комиссариаты мен ҚАКСР Халық комиссариатының сыйлықтарымен марапатталды.
## Білімі
Темір қаласындағы орыс мектебінде оқыды.
1929 жылы Қызылорда қаласындағы Қазақ өлкелік кооперативтік техникумында (Қазөлкекооптехникум) оқыды.
1936 жылы облыстық партия комитеті мен комсомолдың ұсынысымен Алматы қаласындағы «ҚазКСР Заң халық комиссариатының 1 жылдық заң мектебінің» студенті болып, республикалық заң мектебіне оқуға жіберілді.
Мәскеу қаласындағы Жоғары заң академиясында (қайта ұйымдастырылғанға дейін) сырттай оқыды, кейіннен Алматы мемлекеттік заң институтын (АМЗИ) бітірді.
1952 жылы ҚКП Алматы қалалық комитеті қарамағындағы кешкі Марксизм-ленинизм университетін (МЛУ) бітірді.
1956 жылы Мәскеу қаласындағы заңгерлердің біліктілігін арттыратын жоғары (заң) курстарын бітірді.
## Еңбек қызметі
1937-1938 жылдары ҚазКСР Заң халық комиссариаты сот қорғау бөлімінің инспектор-ревизоры қызметін атқарды.
1938 жылы КСРО Әділет халық комиссариаты аппаратында жұмыс істеді: Алматы заң алқасы президиумының төрағасы, ҚазКСР әділет халық комиссариаты сот қорғау бөлімінің меңгерушісі болды. 1938-1939 жылдары Алматы қаласындағы «ҚКСР Әділет халық комиссариатының 2 жылдық заң мектебінің» директоры қызметін атқарды. Заң мектебінде оқу-тәрбие жұмысын үздік ұйымдастырғаны және заң кадрларын дайындағаны үшін КСРО Әділет халық комиссариатының бұйрығымен алғыс және сыйлық жарияланды.
1939-1942 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ КСР Жоғарғы Сотының мүшесі болды.
1942 жылы Қарағанды облыстық сотының төрағасы болды.
## Отбасы
Әкесі — Қалмағамбет Сақбайұлы, туған бауырлары: ағасы Мүдәріс (1896), Мүфтәк, қарындасы — Рахила.
## Дереккөздер |
Жұмекенқызы Ғазиза (12 қаңтар 1954, Байғабыл, Аманкелді ауданы, Қостанай облысы, Қазақ КСР — 3 қыркүйек 2023, Астана,) – әртіс, әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі.
## Білімі
Ы. Алтынсарин атындағы Қостанай педагогикалық училищесін (1974), Арқалық педагогикалық институтын (1985) бітірген.
## Өмірбаяны
Халқының қызына айналған Ғазиза Жұмекенова – қарт Торғай топырағында, Батпаққара табанында, суы тұнық, нуы бітік Байғабыл өзені жағасында дүниеге келген. Әкесі Жұмекен (1926-2004) – Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жастайынан домбыраны серік еткен, ән мен жыр десе көңілі алабөтен жан болған. Әйгілі Торғайдың Топжарғаны Нұрхан Ахметбековтың дастандарын, Мұхиттың әндерін әуелеткенде таңды таңға жалғаған өнерпаз еді. Сол өнерлі шаңырақта дүниеге келген Ғазизаның ән салмауы мүмкін емес-ті.
Анасы Сағытжан (1930-1990) –халық батыры Амангелді Имановтың атбегісі болған Молдабек Байтөриннің қызы. Бала тәрбиесімен айналысқан, үй шаруасындағы адам болған.
Ғазиза туған ауылында онжылдықты бітіріп, Меңдіғарадағы мұғалімдер даярлайтын училищеге оқуға түседі. Алғаш еңбек жолын өзі оқыған Байғабыл орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімдігінен бастайды. Бірнеше рет аудандық, облыстық конкурстарға қатысып, лауреат атанады.
Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтының музыка бөлімін аяқтап, Өзбекәлі Жәнібековтің назарына ілігеді де, облыстық «Шертер» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің әншісі болып қабылданады.
Әке көрген оқ жонар деген дана халқымыз. Ғазиза да кішкентайынан ән салып, ағайын-туыстың тойында көпшіліктің көңілінен шығады. Ұстаздық жолға түскенмен табиғат берген талант жетелеп киелі сахнаға алып келді. Халық әндері, халық композиторларының шығармашылығын жетік меңгеріп, кейін Шәмші Қалдаяқов, Ескендір Хасанғалиев, Илья Жақанов сынды өнер иелерінің шығармашылығын насихаттауға барын салды. Ақтөбе қаласында өткен жас орындаушылардың республикалық конкурсында ерекше көзге түсіп, сол сапардан соң үлкен өнерге жолдама алды. Мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Әуелбековтың қамқорлығы арқасында үлкен өнер жолындағы алғашқы қадамын жасады. Өнердегі жолын Торғай облыстық филармониясында бастады.
Ғ. Жүмекенқызы көптеген республикалық конкурстар мен байқаулардың жүлдегері атанады. Торғай облысының мәдениеті мен өнеріне қосқан зор үлесі үшін «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген әртісі» атағымен марапатталады. Зейнетке шыққанға дейін Көкшетау қаласының облыстық филормониясында еңбек етті.
1997 жылы Торғай облысының жабылуына байланысты Көкшетау қаласына қоныс аударды.
2000 жылдан Ақмола облыстық филармониясында әнші-вокалист болып жұмыс жасады.
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясына әнші болып орналасып, аталған өнер ошағынан құрметті демалысқа шықты.
Жұмакенова негізінен әндерін домбырамен, қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуінде жеке дауыста орындайды. Алматы қаласында өткен «Қазақстан халықтар достығы» фестиваліне, ҚР-ның 10 жылдығына арналып Астана қаласында өткен концертке қатысқан (2002). «Ресейдегі Қазақстан жылы» негізінде Ресейдің Омбы, Челябі, Магнитогорск қалаларында болған концертте халық Жұмакенова өнерін тамашалаған.
## Шығармашылығы
Ғазиза Жұмекенова өзінің сахнадағы жарты ғасырлық еңбек жолында Ғафу Қайырбеков, Фариза Оңғарсынова, Серікбай Оспанов, Серік Тұрғынбек, Несіпбек Айтұлы, Қонысбай Әбіл сынды ақиық ақындармен, Еркеғали Рахмадиев, Ермұрат Үсенов, Қалибек Деріпсалдин, Бақытжан Сәуекенов сынды сазгерлермен шығармашылық тығыз байланыста болды. Осындай шығармашылық байланыс нәтижесінде «Сағыныш сазы», «Жан еркем», «Біздің Торғай осындай!», «Ақ тырналар» , «Ерке құсым» сынды қайталанбас дара туындылар дүниеге келді.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* ЖЕЗТАҢДАЙ ӘНШІ ҒАЗИЗА ЖҰМЕКЕНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ |
Бассель Закария Жради (араб.: باسل زكريا جرادي, дат. Bassel Zakaria Jradi; 6 шілде 1993 жыл, Копенгаген, Дания) — даниялық және ливандық футболшы, Ливан Ұлттық футбол құрамасы сапында 2023 жылғы Азия кубогына қатысып, бір гол соқты.
Данияның бірнеше жастағы құрамасында ойнады.
## Жүлделері
Стремгодсет
* Норвегия чемпионатының күміс жүлдегері: 2015
Аполлон Лимасоль
* Кипр чемпионы: 2021–22
* Кипр суперкубогы: 2022 |
Ақбұлақ уезі — Қырғыз АКСР-дағы Ақтөбе губерниясының 1922-1924 жылдары болған әкімшілік-аумақтық бірлігі.
Орталығы Ақбұлақ ауылы болған Ақбұлақ уезі 1922 жылы 5 шілдеде құрылған. Құрамында 15 болыс болды:
* Ақбұлақ. Орталығы — Ақбұлақ а.
* Астрахан. Орталығы — Астрахан а.
* Бабатай көшпелі
* Жиренқопа көшпелі
* Елек көшпелі
* Калинин. Орталығы — Калинин а.
* Ново-Алексеев. Орталығы — Ново-Алексеев а.
* Петропавлов. Орталығы — Петропавлов а.
* Сазды. Орталығы — Сазды а.
* Тамды көшпелі
* Томарөткел көшпелі
* Тұзтөбе көшпелі
* Харьков. Орталығы — Харьков а.
* Қобда көшпелі
* Жайсан. Орталығы — Жайсан а.
1922 жылы 27 шілдеде Ойыл ауданынан Ақбұлақ уезіне 6 болыс: Беловодск (орталығы - Беловодск ауылы), Қайыңды көшпелі, Қарағанды көшпелі, Киелі-Ойыл көшпелі, Ново-Надеждинск (орталығы - Ново-Надеждинск ауылы), Преображенск (орталығы – Преображенск ауылы) көшірілді.
1923 жылдың басында Темір уезінің Бабатай болысы Қайыңды болысына қосылды.
1923 жылы 26 сәуірде Беловодск және Ново-Надеждинск болыстары Преображенскіге, Калинин және Петропавлов — Ново-Алексеевкіге, Николаев және Харьков — Жайсанға қосылды. Елек болысының орталығы Шашқан, Қарағанды болысыныкы — Қарағанды ауылы, Преображенск болысыныкы — Сазды ауылы, Тұзтөбе — Томарөткел ауылы болды. Қайыңды болысы Темір уезіне берілді.
1924 жылы 16 қаңтарда Ақбұлақ уезі таратылды. Оның аумағы Ақтөбе уезіне қосылды.
## Әдебиет
* Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) / Базанова Ф. Н. — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — 288 б. — 1500 таралым. |
Шалқар уезі — 1922-1928 жылдары болған Қырғыз (1925 жылдан бастап - Қазақ) АКСР Ақтөбе губерниясының әкімшілік-аумақтық бірлігі.
Орталығы Шалқар ауылында орналасқан Шалқар уезі 1922 жылы 5 шілдеде Шалқар ауданынан құрылған. Құрамында 6 болыс болды:
* Қабырға көшпелі
* Қарасай көшпелі
* Құланды көшпелі
* Толағай көшпелі
* Орда Қонған көшпелі
* Шыңғыл көшпелі
1924 жылы 15 қаңтарда Ырғыз уезі Шалқар уезіне қосылды. Оның аумағында 3 болыс: Ырғыз (орталығы – Ырғыз қ.), Қарабұтақ (орталығы – Қарабұтақ а.), Жаркөл көшпелі құрылды.
1924 жылы 25 қазанда Қабырға және Толағай болыстары Қарашоқат (орталығы – Қарашоқат стансасы), Қарасай мен Шыңғыл – Шалқар (орталығы – Шалқар ауылы), Құланды мен Орда Қонған болыстары – Шолақ Жиден (орталығы – № 7 ауыл) болыстарына біріктірілді.
1925 жылы 6 наурызда Ырғыз қаласы ауылға, ал Шалқар ауылы қалаға айналды.
1928 жылы 17 қаңтарда Қазақ АКСР-нің барлық уездері сияқты Шалқар уезі де таратылды.
## Әдебиет
* Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) / Базанова Ф. Н. — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — 288 б. — 1500 таралым. |
Можар ауданы — 1921 жылы сәуірден желтоқсанға дейін болған Ақтөбе губерниясының әкімшілік бөлінісінің бірлігі. Аудан орталығы Романкөл ауылы болды.
Можар ауданы 1921 жылы 12 сәуірде Ор уезі болыстарынан құрылған. Ауданда 21 болыс болды: Анастасьевск, Аралтөбе (көшпелі), Ащыбұтақ, Ащылысай (көшпелі), Борисовск, Жоғарғы Киімбай, Домбар, Екатеринославск, Естемес (көшпелі), Қайрақтысай, Қомсақ, Қомсақты (көшпелі), Қотан, Көшенсай, Можар, Тастыбұтақ (көшпелі), Теректі (көшпелі), Тоқан (көшпелі), Херсон, Ерзерум, Яковлевск.
1921 жылы 5 қазанда 7 болыс Орынбор губерниясына берілді. 1921 жылы 21 қазанда Теректі болысы жартылай Ақтөбе уезіне, бір бөлігі Орынбор губерниясына берілді.
1921 жылы 19 желтоқсанда Можар ауданы таратылды.
## Дереккөздер |
Хосият Рустамова (өзб. Xosiyat Rustamova; 1971 жыл 19 наурыз, Чустский ауданы, Өзбекстан КСР) — ақын, аудармашы, бірнеше сценарийдің авторы. Қазіргі уақытта «Китоб дунёси» («Кітап әлемі») газетінің бас редакторы. 2022 жылдан бастап – Өзбекстанда The World Poet Movement Дүниежүзілік поэзия қозғалысының үйлестірушісі.
## Өмірбаяны
1971 жылы 19 наурызда Наманган облысы, Чустский ауданы, Олмос ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Ташкент мемлекеттік университетінің (қазіргі Өзбекстан ұлттық университеті) журналистика факультетін бітірген. 2003 жылы Өзбекстан ұлттық университетінің өзбек әдебиеті факультеті жанындағы Жоғары әдеби курстарды бітірген. 2021 жылы АҚШ-тың Айова университетінің Халықаралық жазушылар бағдарламасын аяқтады.
## Марапаттар
Хосият Рустам 2004 жылы Өзбекстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Шухрат» медалімен және 2016 жылы «Өзбекстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» естелік белгісімен марапатталды. Ол бірнеше халықаралық поэзия фестивальдеріне қатысты. 2012 жылы Түркияның Бурса қаласында өткен поэзия бағыты бойынша халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды.
2015 жылы Әзірбайжанның Ұлттық және халықаралық Микаил Мушфик сыйлығымен,
2020 жылы – Нурангиз Гун атындағы халықаралық поэзия сыйлығы,
2021 жылы-Расул Ризо атындағы Халықаралық сыйлығымен марапатталды.
2017 жылы АМЕА Низами Ганджеви атындағы әдебиет институтының «Әзірбайжан мен Өзбекстан арасындағы ғылыми және әдеби қызметі үшін»сыйлығын алды.
2018 жылы Таиландта Поэзия бағыты бойынша халықаралық әдеби фестивальдің жоғары сыйлығын жеңіп алды.
2003 жылдан бастап - Өзбекстан Жазушылар Одағының мүшесі.
2019 жылдан бастап - Әзірбайжан Жазушылар Одағының мүшесі.
2021 жылы Наджи Нааман атындағы Халықаралық сыйлықтың жүлдегері атанды.
2021 жылы Ресей Жазушылар Одағының беделді «Алтын рыцарь» сыйлығымен марапатталды.
2022 жылы Ливандағы «Наджи Нааман Мәдениет Қоры» Халықаралық ұйымы (FGC) Хосият Рустамды «Мәдениеттің төтенше елшісі» деп жариялады.
## Қызметі
Хосият Рустам сонымен қатар жазушы, драматург, бірқатар әңгімелер, пьесалар, киносценарийлер жазды.
2015 жылы оның «Птица, не вместившаяся в небо» («Аспанға сыймайтын құс») пьесасы Өзбекстанның халық әртісі Мырза Азизовтың режиссурасымен Мукими атындағы Өзбекстанның жетекші театрларының бірінде қойылды. 2016 жылы Х. Рустам танымал өзбек кинорежиссері Хилол Насимов түсірген «Ковер» («Кілем») әңгімесіне негізделген «Магия смерти» («Өлім сиқыры») фильмінің сценарийін жазды. Сондай-ақ, ол Марина Цветаева, Евгений Евтушенко, Анна Ахматова, Борис Пастернак, Рамиз Равшан, Нигор Рефибейли, Ризо Халил, Фазил Кисакурак, Хусну Догларджи және әлемнің көптеген ақындарының өлеңдерін өзбек тіліне аударды. 2015 жылдан бастап елдің беделді «Китоб дунёси» газетінің бас редакторы.Хосият Рустамның шығармалары әлемнің 30-дан астам тіліне аударылған. Оның кітаптары бірқатар шет елдерде жарық көрді. Әлемге әйгілі жазушылар мен ақындардың өзбек тіліндегі Хосият РУСТАМ туралы мақалалары мен эсселері негізінде құрылған «Хосият» кітабы Өзбекстандағы және оның «KHOSIAT» ағылшын тіліндегі нұсқасы – Лондондағы «EGG London» баспасынан шығарылуға дайындалуда.
Әзербайжан мен Өзбекстан ТВ-мен бірлесіп іске асырылатын Хосият РУСТАМ туралы екі бөлімнен тұратын фильмнің түсірілімдері жалғасуда.
## Хосият Рустамның Өзбекстанда жарық көрген кітаптары
* “Осмондаги уй” (Аспандағы үй»)- Г. Гулям атындағы баспа үйі (1997)
* “ Нажот” («Құтқару») - «Маьнавият» баспасы (2003)
* “ Ридо” («Мантия») – «Янги аср авлоди» баспасы (2004)
* “ Юпанч” (« Жұбаныш») – «Наманган» баспасы (2005)
* “Девор” («Дуал») - Г. Гулям атындағы баспа үйі (2006)
* “ Август” - «Янги аср авлоди» баспасы (2008)
* “ 40:0 “ – «Академнашр» баспасы (2011)
* “Ишгол” («Жеңу»)- «Академнашр» баспасы (2011)
* “Унутилган йиллар”(«Ұмытылған жылдар»)- (өзбек және түрік тілдерінде, «Орзу» баспасы, (2014)
* «Бебош булутлар” (Непослушные облака») - «Узбекистан» баспасы, (2019)
* “Туннинг боши қоронгу” («Басында түн қараңғы») - «Янги аср авлоди» баспасы (2021)
* “Саргардон соялар” («Кезбе көлеңкелер»)– «Адабиёт» баспасы (2021)
* “Жигарранг дафтар” (Қоңыр дәптер») - Г. Гулям атындағы баспа үйі (2021)
* “44 кун“-өзбек және әзірбайжан тілдерінде, «Аржуманд медиа» (2021) Ташкент
## Шетелде шығарылған кітаптар
* «Болашақсыз күндер» – түрік тілінде. «Yeni kitaplar» баспасы, (2006) Түркия
* «Үрей» – әзербайжан тілінде, «Vektor» баспасы (2008) Әзербайжан
* «Махаббат анатомиясы» – қазақ тілінде, «Үш Қиян» баспасы, (2019) Қазақстан
* «Түрлі-түсті көз жасы»- ағылшын, «EGG London» баспасы, (2020) Ұлыбритания
* «Шаббу» – тәжік тілінде, «Балоғат» баспасы, (2020) Тәжікстан
* «Екі күн»- на турецком, «Günce Yayinlari» баспасы, (2020) Түркия
* «Желдің қаһар»- вьетнам тілінде, «NHA XUAT BAN HOI» баспасы, (2020) Вьетнам
* “ Лейли ағаштары» - әзербайжан, «Avropa» баспасы (2020) Әзербайжан
* «Оның есімі Лала»- әзербайжан, «Avropa» баспасы, (2020)
* «Ива ағашы» - әзербайжан және өзбек тілдерінде, «Türksoy» баспасы, (2020) Әзербайжан
* «Покоренный ветер»- белорус тілінде, «Вiшнёўка» баспасы, (2021) Беларусь
* «Қайралған бостандық» - татар тілінде, «Доля» баспасы, (2021) Симферополь
* «Алақандағы жұлдыз ” – украин тілінде, «Бураго» баспасы, (2021) Украина
* «По пятам за душой» («Адымдап жанға жеткенше») – серб тілінде, «Liberland Art» баспасы, (2021) Сербия
* «Бір уыс жел» – түркмен тілінде, «Günce Yayinlari» баспасы, (2021)
* «Восемь» - орыс тілінде, «Четыре» баспасы, (2021) Ресей
* «Мен қазip осьıндамьıн» – қазақ тілінде, «Аннур Сана» баспасы, (2022) Қазақстан.
* «Он үшінші ай» - испан тілінде, «Ayame-Editotial» баспасы, (2022) Мексика, Mexico
* «Ашық терезелер»- қарақалпақ тілінде, «Билим» баспасы, Нүкүс, (2022)
* «Мені жүрегіңнен ізде», - ағылшын, «Mundus Atrium Press» баспасы, (2023) АҚШ
* «Түссіз көз жастары» – араб тілінде, «Hassanbook» баспасы. Сауд Арабия, (2023 )
* “ Стихи и дневники ” – румын тілінде, «Bistrita-Nasaud» баспасы, (2023) осы жылы қарашада Румынияда жарық көреді.
## Дереккөздер |
Shakhmardan Yessenov Foundation немесе Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры – академик Шахмардан Есенов құрметіне Ғалымжан Есенов құрған қазақстандық коммерциялық емес ұйым. Қордың мақсаты негізгі білім беруді жалғастыру, кәсібилік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша нақты және жаратылыстану ғылымдарына маманданған студенттер мен қазақстандық жас ғалымдарды қолдау. Қор миссиясы – Қазақстанның зияткерлір әлеуетін арттыру.
## Тарихы
Shakhmardan Yessenov Foundation 2013 жылы Алматыда құрылды.
Ұйымға қазақ ғалым-теоретигі және практигі, геологі, ғылым ұйымдастырушысы, Қазақстанның қоғам және мемлекет қайраткері Шахмардан Есенов есімі берілген. Оның ісін жалғастыру арқылы Қор Қазақстанның зияткерлік әлеуетін дамытуды өз миссиясы ретінде анықтады.
2013-2023 жылдар аралығында демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуді ескере отырып, қордың бағдарламалары мен жобаларының саны - 50, қаржыландырудың жалпы сомасы - 3.9 млрд.тенге құрады. Көрсетілген кезеңдегі қайырымдылық қорының тікелей және жанама бенефициарларының саны 27 000-нан астам адамды құрады.
Қор жаратылыстану-ғылыми пәндермен, медицинамен, ақпараттық технологиялармен айналысатын студенттермен жас қазақстандық мамандарға оқуын жалғастыруға, біліктілігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектесумақсатында құрылған.
## Бағдарламалар
### Әлем университеттеріндегі ғылыми тағылымдамалар
Ұйым бакалавриат, магистратура, ординатура, интернатура студенттерін және жұмыс істейтін жас мамандарды (жаратылыстану ғылымдары, медицина, ақпараттық технологиялар саласындағы), өз оқу процесін (PhD, магистратура, тағылымдамалар, тренингтер, курстар және т.б.) жалғастыруға мақсаты бар, елдегі ғылымды дамытуға ынталы және белсенді қатысатын адамдарды қолдайды.
Қор жыл сайын ғылым саласында жұмыс істейтін қазақстандық студенттер мен мамандарға әлемнің ғылымизертханаларында үш айлық тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. 2023 жылдың желтоқсан айының деректері бойынша Satbayev University, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Сулейман Демирел университеті, Назарбаев Университеті, Шәкірім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицинауниверситеті сияқты және т.б. қазақстандық ЖОО 110 студенті бағдарламаның бенефициарлары болды. Бағдарламаның бенефициарлары Австралия, АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария, Оңтүстік Корея, Австрия, Франция, Испания, Малайзия және басқа елдердің университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
### Есенов стипендиясы
Шәкіртақы бағдарламасы - Шахмардан Есенов шәкіртақысы - Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында техникалық және жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша оқитын үздік бакалавриат студенттеріне жыл сайын қолдаукөрсетуге бағытталған. Shakhmardan Yessenov Foundation (2013-2023) ашылғалы бері 157 жас қазақстандық шәкіртақы иегері атанды. Қор бөлетін қаражат студенттерге тұру, үйге барып қайту, қосымша білім беру курстары, әдебиет алу, зерттеулер жүргізу, халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу және т.б. шығындарды төлеуге көмектеседі.
### IT-құзыреттерді дамыту
2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін қор жыл сайын Кремний алқабының IT-стартаптарында жарты жылдық тағылымдамадан өтуге 5 грант бөлген. 2018 жылдан бері деректер талдаушыларына Yessenov Data Lab жазғы мектебін өткізіп жатыр. 94 қазақстандық бағдарламаның бенефициарына айналды.
### Есенов оқулары
Есенов оқулары — бұл қазақстандық университеттерде Shakhmardan Yessenov Foundation өткізетін түрлі саладағы белгілі мамандардың қонақ дәрістері. Сарапшылардың сөз сөйлеуі студенттерге еңбек нарығына қойылатын талаптар туралы нақты түсінік алуға, соңғы трендтерді білуге, әлеуетін бағалауға және өзін-өзі дамытудың жаңа мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік береді.
Бағдарлама 2014-2020 жылдар аралығында жүзеге асырылды. Осы уақыт ішінде қор Қазақстанның 17 жоғары оқу орнында 88 дәріс өткізді. Онда 90 сарапшы сөз сөйлеп, дәрістерге 8 мыңға жуық тыңдаушы қатысты. «Есенов оқуларының» лекторлары Кембридж университетінің Жер туралы ғылымдар департаментінің басшысы Джеймс Джексон, пауэрлифтинг бойынша әлем, Еуропа мен Азия чемпионы Валихан Тен, альпинист Мақсұт Жұмаев, архитектор Әсел Есжанова, ресейлік биолог Петр Власов және McKinsey & Company басқарушы серіктесі Юкка Максимайнен, қор құрылтайшысы Ғалымжан Есенов, азаматтық қоғам маманы Айнура Абсеметова, энергетик Руслан Рақымбай, банкир Мағжан Әуезов және т.б. болды.
2019 жылдан бастап бағдарлама жоғары сынып оқушылары үшін Find Your Way (қаз. - Өз жолыңды тап) конференциясына айналды. 2019 жылдан бері Алматы қаласы мектептері мен университеттерінде төрт рет өтті. Бағдарлама шеңберінде мектеп оқушыларына пайдалы әрі қызық болатын, болашақ мамандықты таңдауға, жоғары білімді және өзін-өзі дамытудағы салаларды: психология, фактчекинг және журналистика, HR, спорт, ғылым, кәсіптік бағдар, бизнес, волонтерлік қызмет, IT меңгеруге көмектесу арқылы мотивациялық жаттықтырушылар, мамандар және әр түрлі саладағы сарапшылар сөз сөйлейді. Конференцияны өткізу барысында оған 1000-нан астам жас қазақстандық және 63 шақырылған сарапшы қатысты.
### Ағылшын тілін оқыту бағдарламасы
Ағылшын тілі бағдарламасы — бұл аймақтық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларынмамандықтары бойынша ағылшын тілін оқыту бағдарламасы. Қор екі жылда бір рет Қазақстанның аймақтық жоғары оқу орындары арасында конкурс өткізу, оқытушылардың, яғни тіл иелерінің еңбегі үшін ақы төлеу арқылы бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді және әрбір оқу жылының қорытындысы бойынша үздік студенттерге IETLS емтиханын тапсыру ақысын қаржыландырады.
2013–2016 жж. бағдарлама Ақтау қаласында Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде өтті.
2017–2019 жж. Қорқыт Ата ат. Қызылорда мемлекеттік университетінде өтті.
2019–2021 жж. ол «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-та жүзеге асырылды.
2022–2024 жж. – Петропавлдағы Kozybayev University-де.
Жалпы алғанда бағдарламаға Қазақстанның аталған жоғары оқу орындарынан 1181 студент пен оқытушы қатысты.
## Қор шығарған кітаптар
* П. Капица «Все простое — правда» (2000 дана)
* Б. Стадничук «Сократ» (2000 дана)
* В. Тен «Другой ты» (2000 дана)
* «Землетрясения: Что? Почему? Как?»
* Ш. Есенов. Библиография (700 дана)
* Шетелдік жоғары оқу орындары мен PhD тағылымдамаларына түсу бойынша нұсқаулық
* А. Костенюк «Шахмат жазбалары» қазақ тілінде (2000 дана)
* «Қазақстандағы ҮЕҰ және волонтерлік» бойынша нұсқаулық (электронды басылым)
* «Үстiрт құпиясы» жолсерігі (1200 дана, қазақ, орыс, ағылшын)
* Физика комиксте (10 шығарылым, 14 720 дана, қазақ, орыс)
* В. Тен «Биохакинг твоего тела» (1 000 дана)
* В. Тен «Биохакинг твоего тела» қазақ тілінде (500 дана)
* Қазақ және орыс тілдеріндегі 2,3,4 сыныптарға арналған шахмат бойынша оқу-әдістемелік кешен.Әдістемелік құралдан, оқулықтан және жұмыс дәптерінен тұрады (14 000 дана).
Қор ұйымдастырған ғылыми конференциялардың ішінде 2016 жылдың қыркүйегінде «Орталық Азиядағы жер сілкінісі және оның қауіптері туралы ғылым» атты конференция болып өтті, оған 10 елден 34 ғалым қатысты.
### Пилоттық бағдарламалар
2018 жылы қор «Магистратурада оқу» пилоттық бағдарламасын өткізді. Бағдарлама шеңберінде 4 жас қазақстандық конкурсты жеңіп алып, магистратура оқуын аяқтады.
2022 жылы Shakhmardan Yessenov Foundation алғаш рет аз қамтылған қазақстандықтар үшін «Өрлеу» бағдарламасының конкурсын өткізді. Оның жеңімпаздары – төрт мектеп түлегі – қор есебінен өздері таңдаған жоғары оқу орнының бакалавриатында бір жыл оқу мүмкіндігін алды. Сондай-ақ қор 2023 жылы осы бағларламаның конкурсын өткізіп, нәтижесінде 5 жас адам (оның екеуі – бағдарламаның бірінші жылының жеңімпаздары) Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болды.
2023 жылы қор алғаш рет Yessenov Launch Pad, яғни «икемді» («soft», – кәсіби емес) және «қатты» («hard», – кәсіби) дағдыларды дамыту бойынша қосымша оқытуға арналған гранттар бағдарламасын жүргізді. Оның жеңімпаздары – қор бенефициарлары 14 жас қазақстандық болды.
### Волонтёрлік және демеушілік қызмет
«SOS командасы» волонтерлердің үйлестіру орталығы – бұл волонтерлердің күш-жігерімен әлеуметтік маңызы бар істерді іске асыруға, азаматтық қоғамды дамыту құралы ретінде Қазақстандағы ерікті қызметті ілгерілетуге бағытталған жоба. «SOS командасының» жыл сайынғы маңызды жобалары — «Тілектер шыршасы» (250-ден астам бала оның бенефициарлары болды) және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған Special Olympics Kazakhstan спорттық лагері (70 волонтер және 235 бала лагерь қатысушылары болды). 2018 жылдың тамыз айында «SOS командасы» «7 үшін 7» қайырымдылық акциясын өткізді, нәтижесінде Алматы қ. арнайы түзету білім беру мекемелерінен ерекше қажеттіліктері бар 115 бала мектепке дайындалды.
2015 жылдың шілдесінен 2020 жылдың наурызына дейін қор Қазақстан шахмат федерациясы[34] мен оның барлық спорттық іс-шараларының демеушісі болды, олардың ішінде Орталық Азия кубогы (2015), блиц бойынша Еуразия кубогы (2016), Ерлер мен әйелдер арасындағы ҚР ашық халықаралық турнирі (2016-2019), ерлер мен әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты (2019), Сеньорлар арасындағы Азия чемпионаты (2019), әлемнің үздік балалар командалары арасындағы В. Дворкович кубогы (2019) және т. б. 2015 жылдың маусымынан 2020 жылдың қаңтарына дейін барлығы 25 халықаралық және 63 республикалық турнир өткізілді. Қазақстан шахматшылары 66 халықаралық турнирге қатысты.
2017 жылдың наурыз айында қор «Алматы Марафоны» атты Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру іс-шарасының құрылтайшысы болды.
2017 ж. бастап 2019 ж. дейін қор Жер туралы ғылымдар бойынша халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар командасының демеушісі болды.
## Дереккөздер |
Байрамалы атырабы (түрікм. Baýramaly etraby) — Түрікменстанның Мары уәлаятындағы атырап.
## Тарихы
1925 жылы қаңтарда Түрікмен КСР Мерв округінің Байрамалы ауданы болып құрылған.
1926 жылы тамызда Мерв округі таратылып, Байрамалы ауданы Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды.
1939 жылы қарашада Байрамалы ауданы жаңадан құрылған Мары облысына берілді.
1957 жылы 12 желтоқсанда таратылған Уәкілбазар ауданы аумағының бір бөлігі Байрамалы ауданына қосылды.
1963 жылы қаңтарда Мары облысы таратылып, Байрамалы ауданы қайтадан Түрікмен КСР-не тікелей бағынышты болды.
1970 жылдың желтоқсанында аудан қайтадан қалпына келтірілген Мары облысының құрамына енді.
1988 жылы тамызда Байрамалы ауданы таратылды.
1992 жылы Байрамалы ауданы Мары уәлаятының құрамына еніп, Байрамалы атырабы деп атауын өзгертті.
## Сілтеме
* Дүниежүзілік тарихи жобаМұрағатталған 27 желтоқсанның 2010 жылы.
## Дереккөздер |
Уәкілбазар атырабы (түрікм. Wekilbazar etraby) — Түрікменстанның Мары уәлаятындағы атырап. Әкімшілік орталығы — Молланепес атындағы кент.
## Тарихы
1938 жылы желтоқсанда Түрікмен КСР Уәкілбазар ауданы болып құрылған. 1939 жылы қарашада Уәкілбазар ауданы жаңадан құрылған Мары облысына берілді. 1957 жылы 12 желтоқсанда Уәкілбазар ауданы таратылып, оның аумағы жартылай Мары ауданына, бір бөлігі Байрамалы ауданына берілді.
1975 жылы ақпанда Мары облысының құрамында Уәкілбазар ауданы қалпына келтірілді. 1992 жылы Уәкілбазар ауданы Уәкілбазар атырабы болып өзгертіліп, Мары уәлаятының құрамына енді.
## Сілтеме
* Дүниежүзілік тарихи жоба
## Дереккөздер |
Астана әкімі — Астана қаласы атқарушы билігінің жоғары органын басқаратын жоғары лауазымды тұлға. Лауазым Қазақстан елордасының 1997 жылы Алматыдан Астанаға көшірілген салысымен құрылған. Оның қазіргі иесі — Жеңіс Қасымбек.
## Тарихы
1992 жылғы 6 шілдеде Целиноград қаласына оның "Ақмола" тарихи атауы қайта берілді. Сол жылы қала басшысы болып Аманжол Қуанышұлы Бөлекпаев тағайындалған еді және оның көшбасшылығы тұсында лауазым атауы Ақмола қалалық әкімшілігінің басшысы атауынан Ақмола қаласының әкімі атауына көшті. 1997 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан елордасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді. 1998 жылғы 6 мамырда президент Назарбаевтың жарлығымен қала атауы Астана етіп ауыстырылды және қала басшысының лауазымы сәйкесінше Астана әкімі болды.
Билікке жаңа келгенде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласы атауының Нұрсұлтан Назарбаев құрметіне Нұр-Сұлтан болып аталғанын ұсынды. Парламент кейін бұл шешімді қолдады да, қала атауы өзгертілді және қала басшысының лауазымы сәйкесінше Нұр-Сұлтан әкімі болды. 2022 жылғы 17 қыркүйекте қалаға "Астана" атауы қайтарылды да, қала әкімдігінің басшысы қайта Астана әкімі болды.
## Әкімдер тізімі
## Дереккөздер |
Жақыпбек Жанғозин (20 қазан 1913, №2 ауыл, Ақмола облысы, Ресей империясы — 10 қазан 1969, Қарағанды, Қазақ КСР) — кеңестік қазақ партия әрі мемлекет қайраткері. Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің төрағасы (1947 – 1951). Қазақ КСР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары (1951 – 1953).
## Өмірбаяны
1931 жылы Семей кооперативтік техникумын, 1936 жылы — Мәскеу кеңестік кооперативтік сауда институтын, 1941 жылы — БК(б)П ОК қарамағындағы жоғары партия мектебін бітірді.
* 1936-1937 жылдары — Алматы қалалық БЛКЖО комитетінің бөлім меңгерушісі болды,
* 1937-1938 жылдары — Қазақстан ЛКЖО ОК бөлім меңгерушісі болды,
* 1938-1939 жылдары — №51 орта мектеп директоры болды,
* 1939-1940 жылдары — Алматы педагогикалық училищесінің директоры болды,
* 1940 жылы — Қазақстан КП(б) Алматы қалалық комитеті ұйымдастыру-нұсқау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды,
* 1941-1942 жылдары — Қазақстан КП(б) ОК кадр бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан КП(б) ОК сауда және қоғамдық тамақтандыру бөлімінің меңгерушісі болды,
* 1942-1943 жылдары — Қазақстан КП(б) Қарағанды облыстық комитетінің сауда және қоғамдық тамақтандыру жөніндегі хатшысы болды,
* 1943-1945 жылдары — Қазақстан КП(б) Алматы облыстық комитетінің екінші хатшысы болды,
* 1945—1951 жылдары — Қазақстан КП(б) Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшысы болды,
* 1947—1951 жылдары — Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің төрағасы болды,
* 1951-1953 жылдары — Қазақ КСР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары болды,
* 1953-1957 жылдары — Қазақ КСР Сауда министрі болды,
* 1957-1960 жылдары — Ақмола облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы болды,
* 1960—1963 жылдары — Павлодар облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы болды,
* 1963-1964 жылдары — Павлодар ауылдық облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болды,
* 1964-1968 жылдары — Павлодар облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы болды.
* 1968-1969 жылдары — Қарағанды облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы болды.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылым депутаты (1946-1950).
## Марапаттары мен атақтары
* Ленин ордені,
* II дәрежелі Отан соғысы орденімен,
* екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен,
* «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.
## Әдебиет
* XXI съезд КПСС. Стенографический отчёт, тт. 1-2. — Москва, 1959.
* Meissner B. The Communist Party of the Soviet Union. — Westport, 1975.
## Сілтеме
* 1898-1991 ж. Коммунистік партия мен Кеңестік одағының тарихы жайлы анықтамалық |
Шыңғыс Талғатұлы Әбдібек – қазақстандық кинорежиссер, кинематограф және актер.
## Балалық шағы және білімі
1990 жылы 12 маусымда Жамбыл облысында туған. 2006 жылы Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжіне «Кино және драма актері» бөліміне оқуға түсті. Оқу ордасының қабырғасында актерлік шеберлікпен қатар, сахна тілі, хореография, тележүргізушілік секілді бағыттар бойынша сабақ алды. Кейін, 2009 жылы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына «Кино және телевидение режиссурасы» атты мамандыққа оқуға түсіп, 2014 жылы тәмамдады.
## Өнер жолы
### Жүргізуші
Өнер жолын 2008 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Айгөлек» бағдарламасынан басталды. Тележүргізуші ретінде көпшіліктің көзайымына айналып, балалармен тіл табысу және камера алдында жұмыс істеу машығын меңгерді. 2010 жылы "Балапан" арнасындағы "Шеберхана" деген бағдарламаны жүргізді. Қазіргі таңда YouTube бейнехостингінде «Ғибратнама» атты авторлық арнасын жүргізеді.
### Актер
Шыңғыс актер ретінде «Тарзаман» тарихи кинокартинасы арқылы көпшілікке танылды. Елімізде кинотеатрларда көрсетілімге шыққан бұл картинада Қазихан рөлін сомдады. Бұл алғаш болып, қызылдар қатарына өтіп кеткен сатқын рөлі көрермендер мен сыншылар арасында жоғары бағаға ие болды. Сондай-ақ, қазақстандық республикалық телеарналарда көрсетілген «Тасөткел», «Қаламгер», «Бекзат», «Сарай сыры» секілді тарихи фильмдерде әр түрлі рөлдерде ойнады.
### Режиссер
Ал, режиссерлік кәсіби мансабын «Балапан» телеарнасына «Күлегеш», «Еуразия» арнасына «Ұшқалақ» секілді балаларға күлдіргі кинофильмдерді түсіруден бастады. Бұл жұмыстар балалар арасында аса танымал болды. Оған YouTube хостингіндегі милиондаған қаралым дәлел. Сонымен бірге, отандық телеарналарға қоюшы режиссер ретінде «Мектеп», «Алпыстан асып барамын» атты 30 бөлімнен тұратын сериалдар түсірді. Ал, 2022 жылы «Біз» атты драмасымен көрерменді қуантты.
Кино индустриядағы толықметражды режиссерлік тырнақалды туындысы «Бауыр» атты фильмі 2021 жылы түсіріліп, 2022 жылы республика бойынша кинотеатрларда көрсетілді.
Қамшы сайты Бауыр фильмі жайлы “Бюджетсіз фильм”: Алматылық энтузиастер түсірген фильм кинотетрларға шықты деп жазды.
Кино индустриядағы толықметражды режиссерлік тырнақалды туындысы «Бауыр» атты фильмі 2021 жылы түсіріліп, 2022 жылы республика бойынша кинотеатрларда көрсетілді. Бүгінде “Карточный долг” деген атаумен бұл фильм Кинопоиск хостингі арқылы Ресей және барша орыстілді әлемге шығарылды.
## YouTube-жобалары:
2023 жылдан бастап “Білім-Қазына” қорының қолдауымен “Бабалар ізімен” атты көпциклі подкасттар сериясын түсіреді. Түркістан, Шымкент, Өзбекстандағы бабаларымыздан қалған мұраны қайта жаңғыртуға, жаңашыл көзқараспен түсіріп, көрерменге ұсынуда. Өзі автор-жүргізуші ретінде “Ғибратнама” подкастын жүргізеді.
## Фильмография
## Актер ретінде түскен телехикаялар
## Телеарналарда жүргізген бағдарламалары
## БАҚ беттерінде
Балаларға арналған фильм түсіріліп жатыр.
Youtube-та "КҮЛЕГЕШТІ" екі миллионнан аса адам көрді.
Қазіргі қоғамды қаз-қалпында көрсеткім келді.
## Киноафишалар
## Фотогалерея
## Басқа да мәліметтер:
### Марапаттары
2022 жылы Шу ауданына сіңірген еңбегі үшін медалінің иегері.
### Отбасылық жағдайы:
Үйленген, үш баласы бар.
## Сыртқы сілтемелер
Алтын тамыр 19.01.2023 Шыңғыс Әбдібек, Жандос Дүйсенбаев
История о двух братьях, пытающихся найти выход в безвыходной ситуации. Криминальная драма, основанная на реальных событиях.
«БАУЫР» ФИЛЬМІ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ
«Бауыр»: Түрмеде қарызға кірген бауырын құтқара алды ма?
Режиссер Шыңғыс Әбдібек: «Бауыр» атты фильм арқылы өзіміздің менталитетімізді көрсеткім келді.
Шыңғыс Әбдібектің «Бауыр» атты фильмінің тұсаукесері өтті.
Шыңғыс Әбдібек - актёр режиссёр.
## Дереккөздер |
Темірғали Қожабергенов (1905, №24 ауыл, Ақбұлақ ауданы, Орынбор облысы, Ресей империясы — ?) — кеңестік партия және мемлекет қайраткері, заңгер.
## Өмірбаяны
1905 жылы Орынбор облысы Ақбұлақ ауданының №24 ауылында дүниеге келді. 1938 жылдан бастап БК(б)П мүшесі. 1929 жылы Орта Азия заң техникумын бітірген.
* 1929-1930 жылдары — Ақтөбе облысы Ақтөбе ауданының халық соты болды.
* 1930-1933 жылдары — Ақтөбе облысы Темір ауданының халық соты болды.
* 1933-1936 жылдары — Ақтөбе облыстық сотының мүшесі болды.
* 1936-1937 жылдары — Бір жылдық академиялық курстың тыңдаушысы (Мәскеу қ.) болды.
* 1937-1938 жылдары — Орал облыстық соты төрағасының орынбасары болды.
* 1938-1939 жылдары — Қазақ КСР Жоғарғы Соты төрағасының орынбасары болды.
* 1939 ж. (сәуір) - 1941 ж. (мамыр) — Казақ КСР Жоғарғы Сотының төрағасы болды.
* 1941-1945 жылдары — Семей облыстық сотының төрағасы болды.
* 1945 жылы (наурыздан бастап) — Алматы адвокаттар алқасының төрағасы болды.
## Дереккөздер |
Қазақстан Ғарыш Сапары — Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы салааралық бағдарламаларды әзірлейтін және іске асыратын ұлттық компания.
«Қазғарыш» Ұлттық компаниясы» АҚ жарғы капиталында 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен 2005 жылы 17 наурызда құрылды. 2007 жылы 2 тамызда компания «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы болып өзгертілді. Компанияның жалғыз акционері - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті.
## Негізгі қызметтері
* Қазақстан Республикасының ғарыш қызметi саласында ағымдағы, ұзақ мерзiмдi салааралық бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
* Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерiн шешуге және ұлттық қауiпсiздiгін қамтамасыз етуге бағытталған тиiмдiлiгi жоғары ақпарат және ғарыш технологияларын құру;
* ғылымды қажетсiнетiн ғарыш технологиялары мен техникасын құру жөнiнде ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргізу;
* халықаралық ғарыш станциясында iргелi және қолданбалы зерттеулердi орындау үшiн ұшқыш басқаратын ғарыш ұшыруларын пайдалану
* ұлттық қауiпсiздiкті, қорғанысты, қоршаған ортаны қорғауды, төтенше жағдайларды болжауды және мониторингтеудi қамтамасыз ету жөнiндегі мемлекеттік тапсырысты орындауға қатысу
## Басшылары
* Серік Тұржанов 2005-2006
* Азамат Батырқожа 2006-2008
* Ғабдуллатиф Мырзақұлов 2008-2013
* Марат Нұрғожин 2013-2016
* Ерғазы Нұрғалиев 2016-2018
* Азамат Батырқожа 2018-2019
* Еркін Шаймағамбетов 2020-2021
* Айдын Айымбетов 2021-2024
* Қайыржан Қожаев 2024-
## «Ghalam» компаниясы
"Ghalam" ЖШС — 2010 жылы құрылған қазақ-француз бірлескен кәсіпорны. Жоба 2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан мен Франция үкіметтері арасындағы "Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін және ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы" келісім шеңберінде іске асырылды. "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясының үлесі 72 %, Аэроғарыш комитетінің үлесі 0,5 %, Airbus Defence & Space компаниясының үлесі 27,5 %-ды құрайды.
## Жобалары
### Жерді қашықтықтан зондтау
* "KazEOSat-1" спутнигі — Қазақстанның жерді қашықтықтан зондтаушы (жерді ғарыштық құрылғымен бақылаушы) бірінші жер серігі. 2014 жылғы 30 сәуірде Астана уақыты бойынша таңғы сағат 7:35-те Францияның «Куру» ғарыш айлағынан сәтті ұшырылды. Айыру қабілеті жоғары жерсерік – «KazEOSat-1» қалалық ортадағы, сондай-ақ қорғаныс мақсаттарындағы объектілер мен өзгерістерді анықтау үшін егжей-тегжейлі түсірілім жүргізуге мүмкіндік береді.
* "KazEOSat-2" спутнигі — Жерді қашықтықтан зондтаушы (ЖҚЗ) екінші қазақстандық спутник. Орынбор облысындағы (Ресей) «Ясный» ұшыру базасынан 2014 жылғы 20 маусымда Астана уақытымен сағат 01:11-де ұшырылды. «KazEOSat-2» айыру қабілеті орташа жерсерігі кең аумақтарға мониторинг жүргізуге және ауыл шаруашылығы алқаптары, табиғи ресурстар және т.б. сияқты алаңдық объектілердің жай-күйін тіркеуге арналған.
* "KazSTSat" микроспутнигі — 2018 жылғы 4 желтоқсанда Астана уақытымен 00:32-де Ванденберг базасынан (Калифорния, АҚШ) ұшырылды. Спутникті 2015 жылдан бастап SSTL (Surrey Satellite Technology Ltd) британиялық компаниясының базасында «Ғалам» бірлескен компаниясындағы қазақстандық мамандар құрастырған.
### Жердің магниттік өрісін зерттеу
* "KazSciSat 1" кубсаты — 2018 жылғы 4 желтоқсанда Ванденберг базасынан "KazSTSat" спутнигімен бірге ұшырылды. «Ғалам» бірлескен компаниясы (LLP Ghalam) құрастырған. Ғылыми наноспутник Жердің магниттік өрісін өлшеуге арналған.
### Ашық геосервистер
* agroopen.gharysh.kz
* forestopen.gharysh.kz
* geokgsopen.gharysh.kz
* pastureopen.gharysh.kz
* wasteopen.gharysh.kz
* wateropen.gharysh.kz
* zheropen.gharysh.kz
* mchsopen.gharysh.kz
* nedroopen.gharysh.kz
* jerkarta.gharysh.kz
* landuse.gharysh.kz
* emer.gharysh.kz
* fpopen.gharysh.kz
## Дереккөздер |
Азаматтарға арналған үкімет — мемлекеттiк қызмет көрсету саласында қызметтердi «бiр терезе» қағидаты бойынша жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы бiрегей провайдер.
Корпорацияның жалғыз акционері — ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі. Ал құрылтайшысы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
## Құрылу тарихы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы «100 нақты қадам» бағдарламасына енгізілген қадамдардың бірі - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясын құру болды. Мемлекеттік корпорация Канададағы Canada Service және Австралиядағы Centrelink үлгісі бойынша барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарын бір жүйеге біріктіру арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай провайдеріне айналып, Қазақстан азаматтарына мемлекеттік қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №39 қаулысында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы», ҚР Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы», ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын біріктіріп, жарғылық капиталына мемлекет 100% қатысатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы айтылды.
2016 жылы 7 сәуірде ҚР Үкіметінің осы қаулысы негізінде аталған мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды.
ҚР Әділет министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі №820 бұйрығымен 2023 жылы 1 шілдеден бастап Азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі (АХАТ) жергілікті атқарушы органдардан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілді. Бұл ретте некені тіркеу үшін өтініш беру рәсімі өзгеріссіз қалды. Оны аудандық және қалалық АХАТ бөлімдері орындайды. АХАТ функциясының мемлекеттік корпорацияға берілудегі басты себептің бірі – АХАТ электронды базасында жүргізілген цифрландырудың сапасыздығы болды.
## Құрылымы
* Персоналды басқару департаменті
* Бухгалтерлік есеп департаменті
* Экономика департаменті
* Мемлекеттік сатып алу департаменті
* Әкімшілік-шаруашылық қызмет департаменті
* Заң жұмысы департаменті
* Бақылау-ұйымдастыру және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті
* Маркетингтік талдау және коммерцияландыру департаменті
* Ақпараттық технологиялар департаменті
* Халыққа қызмет көрсету орталықтарын дамыту департаменті
* Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын дамыту дирекциясы
* Стратегия, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру және жобаларды басқару департаменті
* Жер кадастры департаменті
* Тіркеу қызметі департаменті
* Жылжымайтын мүлік департаменті
* Мониторинг және әлеуметтік әріптестік департаменті
* Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры департаменті
* «E-Өтініш» пен «Е-Нәтиже» жөніндегі жобалық кеңсе
* Азаматтарды қабылдау орталығы
* Жылжымайтын мүлік саласындағы сервистік технологиялар қызметі
* Сапаны бақылау департаменті
* Ахуалдық орталық
* Бірыңғай байланыс орталығы
* Тәуекел-менеджмент қызметі
### Филиалдары
Республиканың әр облыс орталығында корпорацияның филиалы, әр аудан орталығында сол филиалдың халыққа қызмет көрсету бөлімдері жұмыс істейді.
## Қызметтері
* мемлекеттік қызметтер көрсету
* табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беруге
* табиғи монополия субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру
* квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету
* коммерциялық ұйым түріндегі заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептік тіркеу
* жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын дайындап беру, жер учаскесіне құқықты мемлекеттік тіркеу
* бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатынан төленетін зейнетақы төлемдерін ұйымдастыру, атаулы әлеуметтік көмек пен өзге де төлемдерді төлеу
* азаматтық хал актілерін тіркеу
## Жұмыс уақыты
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
## Басқарма төрағалары
* Данияр Қағазбекұлы Ереншінов (2016-2017)
* Абылайхан Есенұлы Оспанов (2017-2019)
* Әсемгүл Серікқызы Балташева (2019-2021)
* Әділ Ғалымжанұлы Қожықов (2021-2022)
* Сүйеніш Төлеуханұлы Әбділдин (2022-2023)
* Арман Шоқанұлы Кенжеғалиев (2023-)
## Халыққа қызмет көрсету орталығының даму тарихы
2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «бір терезе» қағидасы бойынша халыққа қызмет көрсететін орталық ашу көзделді.
2005 жылғы 24 мамырдағы Үкімет қаулысымен пилоттық жоба ретінде Астана қаласында 2 және Алматы қаласында 6 халыққа қызмет көрсету орталығы ұйымдастырылды.
2007 жылы 5 қаңтарда Үкімет қаулысымен Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi — халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) құрылды. Сол кезде республиканың 16 қаласында 30 ХҚКО жұмыс істеді. Осы уақыттан бастап аудандарда да жаппай халыққа қызмет көрсету орталықтары ашыла бастады.
2011 жылы 11 қарашада Үкімет қаулысымен Байланыс және ақпарат министрлігінің комитетіне қарайтын «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Кәсіпорын сол кезде болған 25 республикалық мемлекеттік мекемені біріктірді.
2012 жылы 8 желтоқсанда Президент жолдауына орай Қарағанды қаласында автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметтерін көрсететін елдегі алғашқы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды.
## Халыққа қызмет көрсету орталықтарының саны
## Дереккөздер |
Құлын (қыр. Кулун) — Қырғызстанның Ош облысындағы бірінші ірі тау көлі. Құлыната мемлекеттік қорығының аумағында Ферғана жотасының батыс беткейінде орналасқан. Көл үйінділерден шыққан су қоймасы болып табылады. Көлге Құлын өзені құяды. Үйінділер арқылы ағып жатқан су шағын Құлын көлін құрайды.
Судың көлемі — 0,118 км³. Ауданы — 3,25 км². Теңiз деңгейiнен биіктігі — 2856 м.
## Әдебиет
* Кулун көлү // Қырғызстанның географиясы. Энциклопедиялық оқу кітабы / бас. ред. Ү. Асанов — Қырғыз ұлттық энциклопедиясының басты редакциясы. — Бішкек, 2004. — Б. 218. — 718 б. — ISBN 9967-14-006-2. |
Қарасу (қыр. Кара-Суу) — Тәңір тауында, Қырғызстанның тау үйінді көлі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылған. Теңіз деңгейінен биіктігі 2022 (1998) метр. Ферғана жотасына жатады. Жалалабат облысы, Тоқтағұл ауданында, Тақталық (солтүстік-шығысында) және Кеңкөл (оңтүстік-батысында) жоталарының арасында орналасқан. 2303 метр биіктікте орналасқан Қапқатас көліне қосылады. Көлге Шібе өзені құяды. Көлден Қаракөлде Нарынға құятын Нарынның (Сырдария алабының) сол жақ саласы аттас өзен ағып шығады. Көл Қаракөлден 60 шақырым жерде орналасқан.
Әсем көлдің жағасында құрылысы 1962 жылы басталған Тоқтағұл су электр станциясының құрылысшылары мен операторларына арналған демалыс үйі салынған болатын.
Қарасу мен Қапқатас көлдері жер сілкінісі кезінде үйінділерден пайда болды.
Қарасу көлі балық шаруашылығында маңызды.
## Әдебиет
* Карасуу көлү // Қырғызстанның географиясы. Энциклопедиялық оқу кітабы / бас. ред. Ү. Асанов — Қырғыз ұлттық энциклопедиясының басты редакциясы. — Бішкек, 2004. — Б. 217. — 718 б. — ISBN 9967-14-006-2.
## Дереккөздер |
Хаасан Айюб (араб.: حسن أيوب; 4 сәуір 1967) — ливандық футболшы, жартылай қорғаушы.
## Жүлделері
Сафа
* Ливан кубогы: 1986–87; финалист: 1989–90, 1990–91, 1994–95
Саджессе
* Ливан 2-дивизионының жеңімпазы: 1998–99
* Ливан чемпионатының күміс жүлдегері: 2001–02
Олимпик Бейрут
* Ливан чемпионы: 2002–03
* Ливан кубогы: 2002–03
Ахаа Ахли Алей
* Ливан 2-дивизионының жеңімпазы: 2002–03 |
Махсуд Суфи (араб.: محمود صوفي; 20 қазан 1971, Могадишо, Сомали — 2 маусым 2019, Қатар) — қатарлық футболшы, шабуылшы. 1988, 1992 жылы Азия кубогына, 1992 жылы Жазғы Олимпиадаға қатысты.
## Жүлделері
### Командалық
Әл-Иттихад
* Қатар чемпионатының қола жүлдегері: 1999/2000
Катар
* Парсы шығанағы ұлттары турнирінің жеңімпазы: 1992
## Дереккөздер |
Махсуд Суфи (араб.: محمود صوفي; 20 қазан 1971, Могадишо, Сомали — 2 маусым 2019, Қатар) — қатарлық футболшы, шабуылшы. 1988, 1992 жылы Азия кубогына, 1992 жылы Жазғы Олимпиадаға қатысты.
## Жүлделері
### Командалық
Әл-Иттихад
* Қатар чемпионатының қола жүлдегері: 1999/2000
Катар
* Парсы шығанағы ұлттары турнирінің жеңімпазы: 1992
## Дереккөздер |
QazBioPharm — биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, биофармацевтикалық нарықтың инфрақұрылымын орнықты дамыту және жетілдіру, биофармацевтикалық ғылым мен өнеркәсіпті дамытуды ынталандыру мақсатымен құрылған ұлттық холдинг.
Холдингтің жалғыз акционері ҚР Денсаулық сақтау министрлігі болса, құрылтайшысы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
## Тарихы
«Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2021 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев елдің биологиялық қауіпсіздігін болжаудың және отандық биофармацевтиканы дамытудың ұлттық жүйесін құру қажеттігін атап өтті.
Соған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 910 қаулысымен Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "QazBioPharm" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы құрылды.
Холдингтің жарғылық капиталы «Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығы» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін беру есебінен қалыптастырылды. Холдинг акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі алды.
## Бас директорлары
* Күнсұлу Дальтонқызы Закария (2022-2023)
* Ерғали Орынбасарұлы Абдураимов (2023-)
## Еншілес ұйымдары
## Дереккөздер |
Абай атындағы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы - Қазақстан Республикасының әдебиет саласындағы үздік шығармаларына екі жыл сайын берілетін мемлекеттік марапат.
Сыйлық жалпы жұртшылық таныған, халыққа саналы тәрбие беруге жәрдемдесетін, неғұрлым талантты, жоғары идеялы, аса көрнекті әдеби туындыларға беріледі. Мемлекеттік сыйлық әдебиетті одан әрі дамыту, көрнекті шығармаларды кетермелеп отыру мақсатымен 1966 жылдан бастап жыл сайын беріліп келеді.
Кейін 1971 жылғы 14 сәуірдегі қаулыға сәйкес бұған кейбір өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, әдебиет, енер және архитектура салалары бойынша мемлекеттік сыйлық екі жылда бір рет берілетін болды. Мемлекеттік сыйлық алған адамдарға «Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты» деген атақ беріліп, диплом және омырауға тағатын құрметті белгі қоса тапсырылады.
## Тарихы
Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы Қазақстан КП ОК мен ҚазКСР Министрлігі Кеңесінің каулысымен 1965 жылғы 15 наурыздан беріліп келеді.
## Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары (1968 - 2004)
* Тахауи Ахтанов - "Дала сыры" (Боран") повесі үшін,
* Хамит Есенжанов "Ақ жайық" трилогиясы үшін,
* Сәбит Мұқанов "Өмір мектебі" трилогиясы үшін,
* Әнуар Әлімжанов - "Көгілдір таулар" кітабы үшін,
* Ілияс Есенберлин - "Айкас" романы үшін,
* Н.Анов (Иванов) - "Выборг жағы" романы мен "Кашир аңызы" кітабы үшін,
* Ғабит Мүсірепов - "Кездеспей кеткен бір бейне" кітабы үшін,
* Сырбай Мәуленов "Апрель жауыны" және "Қызыл арша" өлеңдер жинақтары үшін,
* Жұбан Молдағалиев - "Кісен ашқан" өлеңдер кітабы үшін,
* Олжас Сүлейменов - "Эскиздер", "Сөз сарасы", "Когілдір аралдар" олеңдер жинағы үшін,
* Мұхамеджан Қаратаев - "Асулар алда" монографиясы үшін,
* Әбділда Тәжібаев - "Көне қоңырау" өлеңдер кітабы үшін,
* Бауыржан Момышұлы - "Үшқан үя" кітабы үшін,
* И.Шухов - "Преснов хикаялары" кітабы үшін,
* Ғабиден Мұстафин - "Ой әуендері" мака- лалар жинағы үшін,
* Қалижан Бекхожин - "Менің құрдастарым" өлеңдер жинағы үшін,
* Шерхан Мұртаза "Қара маржан" романы үшін,
* Е. Қайырбеков - "Бақыт жүлдызы" өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін,
* Қадыр Мырза Әлі - "Құдіретті жер" өлеңдер жинағы үшін,
* Әзілхан Нұршайықов - "Ақиқат пен аңыз" роман дилогиясы үшін,
* Хамит Ерғалиевтің "Алтын зерең" өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін,
* М.Зверев - "Ормандағы қыстау", "Бетпақ дала бөлтірігі" кітаптары үшін,
* Тұманбай Молдағалиев - "Жүректегі жазулар" өлеңдер жинағы үшін,
* Мұзафар Әлімбаев - "Аснандағы әпке" өлеңдер, ертегілер, жүмбақ-жаңылтпаштар жинағы үшін,
* Мұхтар Мағауин - "Аласапыран" тарихи роман дилогиясы үшін,
* Фариза Оңғарсынова - "Үйім менің - отаным", "Революция және мен" өлеңдер циклі үшін,
* Әбіш Кекілбаев - " Үркер" және "Елең-алаң" романдары үшін,
* Марис Симашко - І.Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогясын және Ғ. Мүсіреповтің "Оянған өлке" дилогиясының екінші кітабын аударғаны үшін,
* Сәкен Жүнісов "Өлара" пьесасы үшін,
* Рымғали Нұрғали "Айдын", "Телағыс", "Қазақтың революциялық поэзиясы" атгы әдеби -сын трилогиясы үшін,
* С.Шәймерденов - "Әдеби толқындар" және "Ағалардың алақаны" атты повестер, әңгімелер жә не эсселер жинақтары үшін,
* Қабдеш Жұмаділов "Тағдыр" романы үшін,
* Дулат Исабеков - "Ай-Петри ақиқаты" повестер мен оңгімелер жинағы үшін,
* Сейіт Қасқабасов - "Ертегіден тыс қазақ прозасы" монографиясы үшін,
* Қалихан Ысқақов - "Ақсу - жер жәннаты" романы үшін,
* Әнес Сарай - "Еділ - Жайық" романы үшін,
* З.Ахметов, С.Қирабаев, Ж.Ысмгүлов, ҚМүхамедханов, М.Құл -мұхаммед, М.Мырзахметов - Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу және бастырып шығару жоніндегі жүмыстары үшін,
* Зейнолла Қабдолов - "Әуезов" эссе-кітабы үшін,
* Ш.Елеукенов - "Мағжан" зерттеуі үшін,
* Дүкенбай Досжан - "Қүм кітабы" хикаят- тар мен әңгімелер жинағы үшін,
* Сатыбалды Нарымбетов "Көзімнің карасы" көркем фильмнің сценарийі үшін,
* Асқар Сүлейменов - М.Әуезов атындағы академиялык драма театрында қойылған "Жетінші палата", "Қыздай-жесір - ІИтат қысқарту", "Төрт тақта - жайнамаз" пьесалары үшін,
* Мұқағали Мақатаев - "Аманат" өлеңдер жинағы үшін,
* Темірхан Медетбек - "Тағдырлы жылдар жырлары" өлеңдер жинағы үшін,
* Баққожа Мұқай - "Омірзая" ро- маны үшін,
* Оразбек Сәрсенбаев - "Шеңбер" романы үшін,
* Рамазан Тоқтаров - "Абайдың жүмбағы" ро- маны үшін,
* Марфуға Ғалиқызы Айтхожа - "Аңсау" өлеңдер жинағы үшін,
* Әкім Тарази - "Жаза" романы үшін,
* Ұлықбек Есдәулет - "Киіз кітап" өлендер жинағы үшін,
* Нұрлан Оразалин - "Ғасырмен қоштасу" өлендер жинағы үшін,
* И.Оразбаев- "Қорқыттың көрі" балладалар жинағы үшін,
* З.Серікқалиүлы - "Алтын жамбы" кітабы үшін.
## Дереккөздер |
ҚазАвтоЖол — халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын басқару жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық операторы.
Ұлттық операторға халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу, күтіп ұстау және автомобиль жолдары бойындағы қызмет көрсету нысандарын дамытуды бақылау функциялары жүктелген. Сонымен қатар «ҚазАвтоЖол» – ақылы жолды ұйымдастырушы компания.
Қоғамның құрылтайшысы – Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті атынан).2023 жылдан бастап Қоғамның 100% мемлекеттік акцияларының пакетін иеленуші және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (Жалғыз акционер).
Қоғам қызметін қаржыландырудың негізгі көздері республикалық бюджет қаражаты және мемлекеттік кепілдікпен тартылатын және республикалық бюджет қаражаты есебінен толық көлемде өтелетін мемлекеттік емес қарыздар, сондай-ақ автомобиль жолдарының ақылы учаскелерінің алымдары болып табылады.
## Тарихы
ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 9 желтоқсандағы № 1266 Қаулысымен Облыстық автомобиль жолдары қазыналық кәсіпорындары мен "Инжирингавтожол" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны біріктіріліп, "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылды.
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 1 ақпандағы № 79 Қаулысымен Көлiк және коммуникация министрлiгi Автомобиль жолдары комитетiнiң «Қазақавтожол» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының «Қазақавтожол-Көкшетау» еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны қайта ұйымдастырылып, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы болып құрылды.
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 30 шілдедегі № 744 қаулысымен "ҚазАвтоЖол" акционерлік қоғамы Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор болып белгіленді.
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 21 тамыздағы № 822 қаулысымен «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып қайта аталды.
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 393 қаулысымен Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Қазақавтожол" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталында мемлекеттің 100% қатысу үлесі бар "Қазақавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта ұйымдастырылды.
Президент 2022 жылы шілдедегі үкіметтің кеңейтілген отырысында жол бойындағы сервисті қалыптастыру жұмысын сынға алып, «ҚазАвтоЖол» мен «Қазақавтожол» компанияларын біріктіруді тапсырды. Осыған орай ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 670 қаулысымен "Қазақавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 100% мемлекеттік қатысу үлесі "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беріліп, біртұтас автожол компаниясы құрылды.
## Басқарма төрағалары
* Ерік Хамзаұлы Сұлтанов (2013-2014)
* Берік Сайлауұлы Камалиев (2014-2015)
* Ермек Әнуарбекұлы Қизатов (2015-2019)
* Ұлан Тоқтарбайұлы Әліпов (2019-2021)
* Асқар Мұратұлы (2021-2022)
* Мейірхат Мейрамханұлы Қасымбаев (2022-2023)
* Дархан Серікұлы Иманашев (2023-)
## Дереккөздер |
Мақсат Мәлікұлы Толықбаев (11 сәуір 1988 жыл, Күршім, Күршім ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) — қазақстандық саясаткер, журналист, 2023 жылдан бері Қазақстан Парламенті Мәжілісінің 8-сайланым депутаты.
## Өмірбаяны
1988 жылғы 11 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылында дүниеге келген. Найман тайпасындағы Қаракерей руынан шыққан. Жастайынан оның тәрбиесіне әжесі араласты. Әкесі Мәлік – еңбек мұғалімі, ағаш шебері, анасы Алмагүл – дәрігер.[дереккөзі?]
2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2016 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде магистратураны аяқтап, әлеуметтану ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.
2020 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірді.
Жастайынан спортқа құмар болып, жүгіру мен жеңіл атлетикадан спорт шебері атанды.
## Мансабы
2009–2010 жылдар аралығында 31 телеарнадағы «Замандастар» бағдарламасында жүргізуші және редактор болып жұмыс істеген.
2011–2019 жылдар аралығында Алматы қаласындағы 31 телеарнасының «Информбюро» жаңалықтар қызметінде тілші, диктор және редактор қызметтерін атқарған.
2019–2020 жылдары ол «Еуразия» бірінші арнасының «Басты бағдарлама» апталық-сараптамалық хабарламаның жүргізушісі, редакторы болды.
2020–2022 жылдары Толықбаев «Qazaqstan» телеарнасындағы «Ашық алаң» саяси-қоғамдық ток-шоуының жүргізушісі-продюсері болып істеді.
2022 жылдан бастап «Хабар» Агенттігі» АҚ-да «Біздің мақсат» саяси-қоғамдық ток-шоуының жүргізушісі болды.
## Депутаттық қызметі
2023 жылғы 28 наурыздан бастап — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты. «Аманат» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланды. 29 наурызда Мәжіліс Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болып тағайындалды.
## Марапаттары
* Құрмет ордені (2021)
* Қазақстан Президентінің БАҚ саласындағы грантының иегері (2021).
* «Үздік тележүргізуші-2016», «Халық сүйіктісі-2020», «Адал тұлға-2021» номинацияларының жеңімпазы.
## Дереккөздер |
Торайғыров университеті – Павлодар қаласында орналасқан жоғары оқу орны, Қазақстанның үлкен университеттерінің бірі.
## Тарихы
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 1960 жылы 20 қыркүйекте КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысы негізінде, 1996 жылы мамыр айында Индустриалды институт негізінде құрылған. Институт бұрынғы 24-ші әскери мектептің бір қабатты 10 барағында және екі ғимаратта орналасқан. Үш факультетте – машина жасау, инженерлік-құрылыс және энергетикалық – 400 студент оқыған. Дәрісті 16 оқытушы жүргізген, оның біреуінде ғана доцент атағы болған.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті – ұзақ жылғы өз тарихы және даңқы бар жоғары оқу орны: жарты ғасырдан астам уақытта жоғары білікті мамандарды даярлады. Қазіргі кезде бұл инновациялық типтегі көп салалы университет, аймақтың басты жоғары оқу орны, орасан зор ғылыми орталық, Қазақстан Республикасы және оның аймақтарында өз жаңалықтарымен және жетістіктерімен кең танымал болып отыр.
С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері саны жағынан және сапалы білім беру қызметі бойынша Павлодар облысының жоғары оқу орындары арасында сөзсіз көшбасшы болып табылады. ЖОО 66 бакалавриат, 46 магистратура, 4 PhD докторантура мамандықтары бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде әртүрлі бағытта жоғары кәсіби мамандарды дайындайды. Дайындықты 567 оқытушы, соның ішінде 47 ғылым докторы, профессор, 227 ғылым кандидаты, доценттер жүзеге асырады. Университетте ғылыми-зерттеу жұмыстары 41 кафедрада және 13 ғылыми-тәжірибелік орталығында, «Ертіс» ғылыми-технологиялық паркінде, аймақтық инновация және трансферттік технологиялар орталығында және студенттік ғылыми орталығы базасында жүргізіледі.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті әлемдік білім беру кеңістігінде бірігу үрдісі бойынша халықаралық танымалдыққа жетті, еуропалық білім беру үрдісінің толық құқылы қатысушысы болып табылады. С. Торайғыров атындағы ПМУ бизнес, ғылым және өнер көшбасшыларының Оксфордтық Саммит аясында «Еуропалық сапа» халықаралық сыйлығымен марапатталды.
Жыл сайын өтетін басты рейтингке сәйкес, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қазақстанның таңдаулы көп салалы жоғары оқу орындары арасында көшбасшылар қатарының бесіншісі орынға енді.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті - әлемдегі классикалық университеттердің Болондық хартиясының, LAESTE студенттік машықтану бойынша алмасу халықаралық қауымдастығының, Сібірлік ашық университет қауымдастығының, Қазақстан жоғары оқу орындар қауымдастығының және Шанхай серіктестік ұйымының мүшесі. Университет аймақтағы үш сатылы кадрларды дайындау бойынша: бакалавриат, магистратура және PhD докторантура білім беруді жүргізетін бірден-бір беделді жоғары оқу орны.
2011 және 2012 жылдары С. Торайғыров атындағы ПМУ білім беру бағдарламаларының Халықаралық аккредитациясын сәтті өткізді: университеттің қызметі Германияның ACQUIN халықаралық аккредитациялық агенттігінің және білім беру сапасын қоғамдық бақылау және АККОРК мансапты дамыту бойынша ресейлік агенттіктерінің жоғары бағасын алды.
## Ректорат
1. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры — Арын Амангелдіұлы Өрсариев;
2. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректоры — Нұрлан Телманұлы Ержанов;
3. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры — Ақышев Арман Айтмұхаметұлы.
4. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Академиялық жұмыс жөніндегі проректоры — Ахметова Гаухар Ғалымқызы.
## Университет факультеттері
«Физика, математика және ақпараттық технологиялар», «Металлургия», «Машинажасау және көлік», «Cәулет–құрылыс», «Қаржы-экономика», «Энергетика», «Гуманитарлық-педагогикалық», «Химиялық технологиялар және жаратылыстану», «Құқық және тарих», «Агротехнологиялық» факультеттері бар.
Гуманитарлық-педагогикалық факультетінде 9 кафедра жұмыс істейді. Олар:— Психология және педагогика кафедрасы — меңгерушісі п.ғ.д., профессор Е. И. Бурдина;— Қазақ филология кафедрасы — меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Н. Қ. Жүсіп;— Журналистика кафедрасы — меңгерушісі т.ғ.д., профессор Қ. М. Алдабергенов;— Қазақ тілі кафедрасы — меңгерушісі ф.ғ.к., профессор А. Ф. Зейнуллина;— Орындаушылық өнер кафедрасы — меңгерушісі Д. М. Мерғалиев;— Орыс филология кафедрасы — меңгерушісі ф.ғ.к., Г. Н. Кенжебалина;— Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы — меңгерушісі ф.ғ.к., Г. Х. Демесінова;— Шетел филологиясы кафедрасы — меңгерушісі п.ғ.к., А. Қ. Қайырбаева;— Шет тілдер кафедрасы — меңгерушісі Б. К. Жұмабекова.
1998 жылдан' магистратура және аспирантура, мектеп-лицей мен колледж жұмыс істейді.
Университеттің материалдық-техникалық базасы 7 оқу корпусынан, ғылыми кітапханадан (6 оқу залы, 900 мың дана кітап), лабораториядан тұрады.
## Жатақхана
Торайғыров атындағы ПМУ 500 орындық жатақханасы, Ақ. Шокин көшесі, 139/1 үй, 2015 жылдың қазан айында пайдалануға берілді.
Ғимарат 5 қабатты, 3 корпустан тұратын сызықты-арқалық жоспарлау жүйесі бар.
Бірінші ғимаратта зал, 36 орындық бар, компьютер сыныбы, мәжіліс залы бар.
Екінші және үшінші корпустар жатын бөлмелері болып табылады, мұнда 220 екі орынды және 20 үш орынды бөлмелер бар.
Әрбір бөлме раковинасы бар ас үй шкапымен, жұмыс алаңымен, екі көзді электр плитасымен жабдықталған, бөлмеде екі бір кісілік кереует, екі тумбочка, екі орынды оқу үстелі, екі орындық бар.
Дәлізде гардероб, жуынатын бөлме дәретхана, душқа арналған науалар, ыстық және суық су құбыры бар қолжуғышпен жабдықталған, балкон бар.
Кір жуу орталықтандырылған, бөлме ақысы бір айға 3142 теңге (2016 жылғы жағдай бойынша), жатақханада тазалаушылар бар.
## Спорттық база
С. Торайғыров атындағы ПМУ университеті мынадай спорт кешендері бар Ломов көшесі 64, және Р. Люксембург көшесі 138:
720 орындық стадион трибунасымен және футбол алаңы бар.
1. Спорт ядро, 4 жүгіретін 400 қашықтық жолы бар.
2. Ойын алаңдары бар:
3. — баскетбол — 1;
— волейбол — 2;
— бадминтон — 1;
— шағын-футбол — 3.
4. гранат, диск, лақтыратын секторлары бар.
5. Ұзындыққа секретін шұңқыры бар.
Спорт залы:
36 м х 18 м — түрлі ойын ойнайтын залы бар (волейбол, баскетбол, бадминтон)
Стандартқа сай емес залдар бар:
— бокс-залы;
— үстел теннис залы;
— қүрес залы;
— тренажёр залы.
Қыс айларында сырғанақ бар (60 пар коньки).
Шаңғы базасы бар трассаның ұзындығы — 1,5 км, 120 пар шаңғы.
## Университет ректорлары
## Университет кітапханасы
## Дереккөздер |
## Дереккөздер
## Дереккөздер |
Нұрлан Серікұлы Байбазаров (10 қазан 1975 жыл) — қазақстандық саясаткер, экономист және 2024 жылғы 6 ақпаннан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары және Ұлттық экономика министрі.
## Білімі
1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Банк ісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген.
## Еңбек жолы
Еңбек жолын 1997 жылы Қаржы министрлігінің Бюджет департаментінде бастаған.
2004–2011 жылдары Байбазаров «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-да басқарма бастығынан бастап басқарушы директорға дейін әртүрлі лауазымдарды атқарды.
2013–2016 жылдары ол Ұлттық экономика министрлігінде Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.
Бұдан басқа, әр жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз Консалтинг» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жұмыс істеді.
2016 жылдан 2022 жылғы қарашаға дейін ол «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және Басқарма төрағасы болды.
2022 жылғы 16 қарашада Байбазаров «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
2023 жылғы 5 қазанда «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ холдингі басшысы болып тағайындалды.
2024 жылғы 6 ақпанда президент Тоқаев жарлығымен Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
## Марапаттары
* «Ерен еңбегі үшін» медалі.
## Дереккөздер |
Светлана Қабыкенқызы Жақыпова (16 қаңтар 1968 жыл, Қарағанды) — қазақстандық саясаткер, 2023 жылғы 2 қыркүйектен бері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
## Білімі
1991 жылы Целиноград Мемлекеттік педагогикалық институтын, 2006 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын аяқтаған.
## Еңбек жолы
1984 – 1986 жылдары Қарой бастауыш мектебінде ұзартылған күн тобының тәрбиешісі, бастауыш сыныптардың мұғалімі болып жұмыс істеді.
1991 – 1995 жылдары - № 16 орта мектебінде, № 36 бастауыш орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болды.
1997 – 1998 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола қалалық бөлімшесі операциялық есеп жүргізу бөлімінің аға маманы, бас маманы болды.
1998 – 2001 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола (Астана) қалалық филиалының экономикалық талдау бөлімінің бас маманы, бастығы, филиал директорының орынбасары болды.
2001 – 2008 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола облыстық филиалының директоры болды.
2008 – 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры болды.
2011 – 2013 жылдары – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Жобалау офисі бағдарламалар басшысы болып қызмет атқарды.
2013 жылғы 19 тамыздан бастап 2014 жылғы тамызға дейін - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2014 жылғы тамыздан бастап - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып тағайындалды.
2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2023 жылғы 12 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл.
2023 жылғы 2 қыркүйекте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.
2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып қайта тағайындалды.
## Марапаты
* «Құрмет» ордені (2007)
* «Парасат» ордені (2018)
## Дереккөздер |
Шыңғыс Сайранұлы Әрінов (29 қазан 1983 жыл) — қазақстандық саясаткер, 2024 жылғы 6 ақпаннан Төтенше жағдайлар министрі.
## Білімі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген. Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында «Құқықтану», Азаматтық авиация академиясында «Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» бойынша білім алған.
## Еңбек жолы
2006-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдарда қызмет атқарды.
2022 жылы ҚР Президентінің Өкімімен ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — Президент күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.
2024 жылы 6 ақпанда Қазақстан республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.
## Марапаттары
ІІ, ІІІ дәрежелі «Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін» медалімен және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ ҚР Президентінің атынан алғыс хаттармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Уткир Давлатбекович Юсупов (қаз. Өткір Дәулетбекұлы Жүсіпов; 4 қаңтар 1991, Сайрам, Шымкент облысы, Қазақ КСР) — өзбекстандық футболшы, қақпашы.
2019, 2023 жылдары Азия кубогына қатысты.
## Дереккөздер |
Мәди Төкешұлы Такиев (кейде Тәкиев, 1 сәуір 1978 жыл, Балқаш ауданы, Алматы облысы) — қазақстандық саясаткер, заңгер және 2024 жылғы ақпаннан елдің Қаржы министрі. Бұрын Такиев Мәжілістің VIII сайланым депутаты (2023–2024) және Қаржы вице-министрі (2019–2020) сияқты лауазымдар иесі еді.
## Жастық шағы және білімі
Мәди Төкешұлы Такиев 1978 жылғы 1 сәуірде, Алматы облысының Балқаш ауданындағы Бақанас ауылында дүниеге келген.
Такиев 1998 жылы бухгалтерлік есеп және аудит мамандығына Қазақ мемлекеттік басқару академиясында, 2005 жылы заңгер мамандығына Дінмұхамед Қонаев атындағы гуманитарлық университетінде білім алды да, 2011 жылы Халықаралық бизнес университетін бітіріп, іскерлік әкімшілдендіру магистрі болды.
## Мансабы
Өз еңбек жолын Мәди Такиев 1998 жылы, Ғылым министрлігі – Ғылым Академиясының мемлекет және құқық институтының бас есепшісі болып бастаған.
Кейін, 2000–2008 жылдары ол Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің инспекторы, жетекші, бас салық инспекторы, ШКС жұмыс, аудит жөніндегі бөлімдердің басшысы болса, 2008–2009 ол Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы болды.
2009 жылдан 2012 жылға дейін ол Алматы қаласы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды. Бұдан кейін, 2013 жылға дейін ол Қаржы министрлігінің Салық департаментінде басқарма басшысы болды.
2013 жылдан 2014 жылға дейін Такиев Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры болып тағайындалған. 2014 жылы ол қысқа уақытқа Премьер-Министр Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас консультанты болған.
2014–2017 жылдары аралығында ол Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы еді. 2017–2019 жылдары ол Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Салықтық бақылау департаментінің директоры қызметінде болды.
Такиев 2019 жылғы 12 наурызда Қаржы министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл қызметте ол 2020 жылғы 24 қыркүйекке дейін болды.
2020 жылғы 24 қыркүйекте Такиев президент Тоқаев өкімімен Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл қызметін ол 2023 жылғы наурызда аяқтады.
2023 жылғы 15 ақпанда Такиев Аманат партиялық тізімі бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидат болды. 28 наурызда ол партия атынан VIII сайланым депутаты болып сайланды.
2024 жылғы 5 ақпанда Екінші Әлихан Смайылов үкіметі қызметінен босатылды. Жаңа премьер Олжас Бектенов болды да, жаңа үкіметтің Қаржы министрі болып Мәди Такиев тағайындалды.
## Жеке өмірі
Мәди Такиев үйленген, оның үш ұл баласы бар.
## Марапаттары
Такиевтің марапаттар тізімі:
* Ерен еңбегі үшін медалі (2014);
* Құрмет ордені (2021);
* Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі;
* Салық қызметінің үздігі.
* Қаржы қызметінің үздігі.
## Дереккөздер |
Динара Рустамқызы Наумова (8 қыркүйек 1997, Ақмола, Қазақстан) — қазақстандық қоғам қайраткері. Қазақстан Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты.
## Өмірбаяны
Динара БМС диагнозымен дүниеге келді. Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылындағы №41 мектептің 9-сыныбын бітірген. 2017 жылы Технология және бизнес колледжін «Мұнай және газды өңдеу технологы» мамандығы бойынша, 2021 жылы — Қазақ технология және бизнес университетінде «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.
2018 жылы «Startup Bolashak: Менің арманым» республикалық бизнес жобалар конкурсының жеңімпазы болды. 2018 жылы – Алматы қаласындағы «Professionalize Kazakhstan» бизнес мектебінің түлегі.
2021 жылдың желтоқсанында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Динараға ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған емдік дене шынықтыру-сауықтыру орталығын салу идеясын жүзеге асыру үшін «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыс етті.
2022 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі болды.
2022 жылдан бастап — ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі қоғамдық кеңесінің мүшесі болды.
2022 жылдың шілдесінде Қабанбай батыр ауылында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған Қазақстандағы бірінші инклюзивті фитнес орталығын ашты.
2023 жылдың 29 наурызынан бастап — «Respublica» партиясының партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты болды.
## Марапаттары
* «Ерен еңбегі үшін» медалі (2023)
## Дереккөздер |
Уткир Давлатбекович Юсупов (қаз. Өткір Дәулетбекұлы Жүсіпов; 4 қаңтар 1991, Сайрам, Шымкент облысы, Қазақ КСР) — өзбекстандық футболшы, қақпашы.
2019, 2023 жылдары Азия кубогына қатысты.
## Дереккөздер |
Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова (16 ақпан 1971 жыл, Қызылорда) — қазақстандық саясаткер, 2024 жылғы 6 ақпаннан Денсаулық сақтау министрі.
## Білімі
* Алматы мемлекеттік медицина институты (1994)«Педиатрия» мамандығы
* Қорқыт ата университеті (2006)«Экономист» мамандығы, Экономика бакалавры
* Қазақстанда да, шетелде де қосымша оқудан өтті
* Жоғары санатты ұйымдастырушы-дәрігер-гигиенист, жоғары санатты дәрігер-педиатр
## Еңбек жолы
* Қызылорда қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігері
* Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Қызылорда филиалының кіші ғылыми қызметкері (1997-1999)
* Бөлім бастығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары (1999-2001)
* Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері (2001-2003)
* Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы (2003-2004)
* ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің облыстық басқармасының бастығы (2005-2007)
* Қызылорда медициналық колледжінің директоры (2007-2013)
* Қызылорда облысы әкімінің орынбасары (02.2013-12.2014)
* Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы (12.2014-11.2015)
* Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (11.2015-04.2019)
* «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (04.2019-06.2020)
* Қызылорда облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (13.08.2020-06.02.2024)
* Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі (06.02.2024 бастап)
## Отбасылық жағдайы
Тұрмыста, үш баласы бар.
## Партиясы
«Аманат» партиясының мүшесі (2007 жылдан бастап)
## Марапаттары
* «Парасат» ордені
* «Құрмет» ордені
* Медальдері: «Шапағат», «Астанаға - 10 жыл»
* «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі
* «Nur Otan» партиясы Қызылорда филиалы төрағасының Алғыс хаты (06.2020)
## Дереккөздер |
Олжас Абайұлы Бектенов (13 желтоқсан 1980, Алматы, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық саясаткер, заңгер және 2024 жылғы 6 ақпаннан Қазақстан премьер-министрі.
Бұрын Бектенов Президент Әкімшілігінің басшысы (2023–2024), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикор) төрағасы (2022–2023) сияқты лауазымдар иесі болған.
## Білімі
2001 жылы Олжас Бектенов Қазақ мемлекеттік заң академиясындағы заңгер мамандығы бойынша оқуын бітірді.
2005 жылы Бектенов заң ғылымдарының кандидаты болды. Оның орысша диссертациясының тақырыбы «Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың әкімшілік құқық бұзушылықтарының алдын алудың ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелері» болған.
## Еңбек жолы
Өз еңбек жолын Бектенов 2002 жылы Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы ретінде бастады. Бұл қызметте ол 2005 жылға дейін болды.
2005–2006 жылдары ол Премьер-министр кеңсесінің заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы болды. Одан кейін ол 2009 жылға дейін Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді.
2009 жылдан 2012 жылға дейін ол Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары болды.
2012 жылы ол — Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы. Бұл қызметі 2014 жылы аяқталды.
2015–2016 жылдары ол Астана әкімі аппаратының басшысы, Президент Әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі болса, 2016–2017 жылдары ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Антикор) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы болған.
2017 жылдан 2018 жылға дейін ол — Ақмола облысы әкімінің орынбасары және 2018 жылдан 2019 жылға дейін ол Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары еді.
2019–2022 жылдары Бектенов Антикор төрағасының бірінші орынбасары болса, 2022–2023 жылдары ол бұл агенттіктің төрағасы болған.
2023 жылғы 3 сәуірден бастап ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарды.
### Премьер-министр (2024–)
2024 жылғы 5 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер Әлихан Смайылов басқарған үкіметті қызметінен босатты да, 6 ақпанда Олжас Бектеновті елдің жаңа премьер-министрі болып тағайындады. Бектеновтің кандидатурасын Мәжілістің 69 депутаты қолдаса, 7 депутат дауыс беруден қалыс қалды.
## Марапаттары және атақтары
Олжас Бектенов 2-дәрежелі "Айбын" (2014), 2-дәрежелі "Даңқ" (2021) ордендерімен марапатталған.
Оған қоса Бектенов — Жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-лейтенанты.
## Жеке өмірі
Олжас Бектенов үйленген және оның үш баласы бар. Бірнеше болжам мен теория бойынша, Бектеновтің қайын атасы — Президент Әкімшілігінің бұрынғы басшысы, Астананың бұрынғы әкімі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков. Бұл теория екі тұлға мансаптарының ұқсастығынан және Бектеновтің қысқа еңбек жолы мен жұмбақ болған жеке өмірінен шыққан.
## Дереккөздер |
Константин Иванович Ерофеев (7 қазан 1969, Ленинабад, Тәжік КСР, КСРО) — КСРО-лық және тәжікстандық футболшы. Тәжікстан Ұлттық футбол құрамасы сапында 1994 жылы 4 ойын өткізді
## Жүлделері
### Клубтық
* Тәжікстан кубогы: 1998
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Константин Иванович Ерофеев (7 қазан 1969, Ленинабад, Тәжік КСР, КСРО) — КСРО-лық және тәжікстандық футболшы. Тәжікстан Ұлттық футбол құрамасы сапында 1994 жылы 4 ойын өткізді
## Жүлделері
### Клубтық
* Тәжікстан кубогы: 1998
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Ораз Шарифович Назаров (3 ақпан 1970 жыл) — КСРО-лық және тәжікстандық футболшы, жартылай қорғаушы.
## Жүлделері
### Командалық
* Тәжікстан чемпионы 1992
* Тәжікстан Кубогы 1992
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Ораз Шарифович Назаров (3 ақпан 1970 жыл) — КСРО-лық және тәжікстандық футболшы, жартылай қорғаушы.
## Жүлделері
### Командалық
* Тәжікстан чемпионы 1992
* Тәжікстан Кубогы 1992
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Шәріпова
* Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы Шәріпова — көрнекті театр актрисасы. Қазақ КСРнің xалық артисі (1966)
* Нәдия Әбдірахменқызы Шәріпова - әнші, педагог, Қазақстанның халық артисі (1997)
* Фарида Шәріпова — актриса, Қазақ КСР-інің (1976) және КСРО-ның (1980) халық артісі, Қырғызстан Респупбликаның еңб. сің. мәдениет қайраткері (1996) |
2017 жылғы Қысқы Универсиада аясында сноуборд жарыстары 30 қаңтар мен 7 ақпан аралығында Алматы қаласындағы "Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты және "Табаған"спорттық-ойын-сауық кешенінде өтті. 10 алтын жиынтығы ойналды.
## Медалистер
### Ерлер
### Әйелдер
## Медаль есебі
## Дереккөздер |
2017 жылғы Қысқы Универсиада конькимен жүгіру спортынан жарыс 2017 жылғы 29 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Қазақстанның Алматы қаласындағы "Медеу" биік таулы мұз айдынында өтті. 14 медаль ойнатылды.
## Медалистер
### Ерлер
### Әйелдер
## Медаль есебі
## Дереккөздер |
2017 жылғы Қысқы Универсиадада фристайл бойынша жарыстар 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Қазақстанның Алматы қаласында өтті. 9 марапаттар жиынтығы ойналды
## Медалистер
### Ерлер
### Әйелдер
### Микст
## Медаль есебі
## Дереккөздер |
Вандалдар мен аландар мемлекетінің флоты — 5-6 ғасырлардағы Вандал мемлекетінің флоты.
Тіпті 5 ғасырдың басында Испанияда болған кезде вандалдар Жерорта теңізін айналып өтуге қызығушылық танытты. Осы кезеңде, шамамен 425 жылдан бастап, олар римдіктерден теңіз дағдыларын үйрене бастады. айтуынша, Э. Ф. Готье, ал кейіннен кемелердің экипаждары негізінен басқа ұлт өкілдерінен – пуниктер мен маврлардан тұрды, ал вандалдардың өздері тек командалық құрамды құрады. Бас қолбасшы әдетте патша болды.
Әскери-теңіз флотын 435 жылы астық тасымалдайтын карфагендік кемелерді басып алғаннан кейін Гейзерих құрды. Осылайша, А. И. Корсунский мен Р. Гюнтер атап өткендей, бұл патша Батыс және Орталық Жерорта теңізі бойынша үстемдікке ие болды. 440-441 жылдары вандалдар оңтүстік Италия мен Сицилия жағалауларын тонап, содан кейін 442 жылы бүкіл аралды басып алды. 455 жылы Тибрдің сағасына келіп, Гейзерик Римді басып алып, оны екі апталық қапқа салды. Император Майорианның тұсында вандалдар Картахенадағы римдік кемелердің бір бөлігін басып алды, содан кейін Италияның жағалау аймақтарын қирату жалғасты. Олар Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде де пайда болды. 468 жылы Вандал флоты Василисктен жеңілді, бірақ Гейзерих бес күндік бітімге қол жеткізіп, содан кейін жау кемелерін жоя алды.
Г.-И. Диснер, вандал флотының күші сәйкес келмейтін сияқты. Гейзерих патшасы 477 жылы қайтыс болғаннан кейін ол төмендеді, дегенмен бұл билеушінің өзі теңізде жеткілікті сақтықпен әскери операциялар жүргізді. Вандалдардың қатысуымен белгілі ірі теңіз шайқастары жоқ; дереккөздер әртүрлі әскери айла-тәсілдерді қолдану туралы көбірек хабарлайды. Мысалы, 468 жылы отты кемелердің шабуылы.
Ең көп тарағандары әдетте 40-50 адамды тасымалдай алатын шағын кемелер болды, дегенмен вандалдарда да үлкен кемелер болды.
Негізгі теңіз базасы Карфаген мемлекетінің астанасы болды, онда кеме жасау зауыттары мен арсеналдар болды. Диснердің болжамы бойынша, Корсикада кемелердің құрылысы да жүргізілген.
Диснер атап өткендей, жалпы вандал флоты өзінің жауынгерлік тиімділігі бойынша құрлықтағы күштерден жоғары болды, дегенмен зерттеуші Вандал патшалығының теңіз күштерін жалпы асыра бағалаудан сақтанды.
## Әдебиеттер
Зерттеу
* Диснер Г.-И. Вандал патшалығы: көтерілу және құлдырау / онымен бірге аударылған. Санина В. Л. және Иванова С. В. — Санкт-Петербург., 2002. ISBN 5-8071-0062-X. 150-151 беттер.
* Корсунский А. Р., Гюнтер Р. Батыс Рим империясының құлдырауы мен өлуі және неміс патшалықтарының пайда болуы: (6 ғ. ортасына дейін) / одан аударған. М. И. Левина. — М., 1984 ж. 75, 78-79 беттер. |
2017 жылғы қысқы Универсиада аясында керлинг бойынша жарыс 30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Алматы қаласында, "Алматы Арена" мұз сарайында өтті. 2 алтын ойнатылды.
## Медалистер
## Ерлер
### Құрама
(Скиптер қалың қаріппен жазылған)
### Турнир
Басталу уақыты UTC+6.
Іріктеу кезеңі
Турнир кестесі
плей-оффқа
### Плей-офф
### Қорытынды классификация
## Әйелдер
### Құрама
(Скиптер қалың қаріппен жазылған)
### Турнир
Басталу уақыты UTC+6.
Іріктеу кезеңі
Турнир кестесі
плей-оффқа тікелей плей-оффқа тай-брейк арқылы
### Плей-офф
### Қорытынды классификация
## Дереккөздер |
Шорт-трек 2017 Жылғы Қысқы Универсиадада 5-7 ақпан аралығында Қазақстанның Алматы қаласындағы "Балуан Шолақ" Спорт сарайында өтті
## Медалистер
### Ерлер
### Әйелдер
## Дереккөздер |
Бақыт Жалғасбайұлы Қызылбаев (26 желтоқсан 1976, Бестамақ, Алға ауданы, Ақтөбе облысы) — қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы.
Кейін төреші болды. Бірнеше жыл Қазақстан чемпионаты ойындарына қазылық жасады.
## Жүлделері:
### Командалық
* Қазақстан кубогының финалисі: 1994
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* https://prosports.kz/kz/news/280631 |
2017 жылғы Қысқы Универсиадада хоккей турнирі Қазақстанның Алматы қаласында 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтті. Хоккейшілер Универсиада наградаларын тарихта 24-ші рет, ал әйел хоккейшілер бесінші рет ойнады. Турнирдің барлық матчтары "Халық Арена" сарайында және Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайында өтті.
## Медалдар
### Медаль есебі
### Медалистер
## Ерлер
### Іріктеу кезеңі
12 команда қатысты
A группасы
В группасы
С группасы
3-ші орын алған командаларды салыстыру
### Плей-офф
## Әйелдер
### Іріктеу кезеңі
7 команда қатысты
А группасы
В группасы
### Плей-офф
## Дереккөздер |
Бақыт Жалғасбайұлы Қызылбаев (26 желтоқсан 1976, Бестамақ, Алға ауданы, Ақтөбе облысы) — қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы.
Кейін төреші болды. Бірнеше жыл Қазақстан чемпионаты ойындарына қазылық жасады.
## Жүлделері:
### Командалық
* Қазақстан кубогының финалисі: 1994
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* https://prosports.kz/kz/news/280631 |
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті — 1943 жылы құрылған Қазақстан Республикасының Шымкент қаласындағы 76 техникалық мамандықтар және гуманитарлық мамандықтар бойынша білім беретін көпсалалы жоғары оқу орны.
## Тарихы
Сонау сұрапыл соғыстың нағыз қайнап тұрған кезінде, 1943 жылдың 19 маусымында КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің №679 қаулысымен Құрылыс материалдары технологиялық институтын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Осы жылдың 29 маусымында КСРО Халкомы жанындағы жоғары мектеп істері жөніндегі Бүкілодақтық Комитет пен КСРО құрылыс материалдары өнеркәсібі комисарының «Қазақ КСР-і Шымкент қаласында Құрылыс материалдары технологиялық институтын ұйымдастыру туралы» білескен бұйрығы шықты. Бұл ел басына күн туған сол бір ауыр кезде ертеңгі жеңіске деген нық сенімнің көрінісі еді. Қирап қалған мыңдаған қалалар мен елді мекендерді қалпына келтіру үшін құрылыс ісінің инженер мамандарын даярлау қажеттігін ел басшылары күні бұрын ойластырған болатын.
Ал 1958 жылы оқу орнынның басшылығына Қ. Біләлов келді. Ол басшылық еткен аз уақыт ішінде институтта республика экономикасының дамуына аса қажетті салалар бойынша мамандар даярлауға ерекше көңіл бөлініп, Қазақ технология институты болып қайта құрылған институт еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының біріне айналды. Институттың материалдық-техникалық базасын нығайтуға мол еңбек сіңіріп, оқу ғимараттар кешенін салу үшін қаржы бөлуге көп ықпал етті.
КСРО Жоғары білім министірлігінің бұйрығымен 1958 жылы Жамбыл қаласында Қазақ технологиялық институтының кешкі филиалы ашылып, ол 1959 жылы күндізгі факультет құрылды. Осының негізінде кейінірек Жамбыл жеңіл және тамақ өндірісі технологиялық институты ашылды.
1963 жылы Қазақ КСР Жоғары және орта арнаулы білім министірлігінің бұйрығымен Семей қаласында Қазақ технологиялық институтының филиалы ашылып, соңынан Тамақ өнеркәсібі технологиялық институтына айналды. Осылайша Шымкенттегі Қазақ технологиялық институты екі дербес жоғары оқу орнына өмірге жолдама берді, олар кейінірек ірі білім ошақтарына айналды.
1993 жылы Қазақ химия-технология институты Оңтүстік Қазақстан Техникалық университеті болып қайта құрылып, оқу орны еліміздегі жетекші техникалық оқу орнының бірі болды.
1996 жылы ҚР Үкіметінің №573 қаулысымен оқу орны Қазақ химия-технологиялық университеті болып аталды, ал 1998 жылы Үкіметтің №256 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан техникалық университеті мен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің бірігуі негізінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті болып қайта құрылды. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті Шымкент педагогикалық мәдениет институты мен Шымкент дене тәрбиесі институтының қосылуы нәтижесінде пайда болған еді.
## Құрылымы
* Ректорат
* Ғылыми Кеңес
* Оқу-әдістемелік Кеңес
* Оқу-әдістемелік басқарма
* Тіркеу кеңсесі
* Тәрбие ісі жөніндегі басқарма
* Орталықтар
* Кәсіподақ
* Бітіруші түлектер Ассоциациясы
## Университет құрамындағы факультеттер
Университеттің құрамында – 14 факультет:
* Агроөнеркәсіп факультеті
* Ақпараттық технологиялар факультеті
* Заң факультеті
* Жаратылыстану-педогогикалық факультеті
* Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті
* Құрылыс және көлік факультеті
* Механика және мұнайгаз ісі факультеті
* Педагогика және мәдениет факультеті
* Дене шынықтыру және спорт факультеті
* Кешкі және қашықтықтан оқыту факультеті
* Филология факультеті
* Химия-технологиялық факультеті
* Экономика және қаржы факультеті
* Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу жөніндегі факультеті
* Әскери кафедра
## Оқу процесі
Шет ел студенттерімен жұмыс жасау факультеті және колледж бар. Университет білім берудің халықаралық стандарттарына ауысқан, бакалавриатта, магистратурада, phD докторантурада мамандарды дайындау барысында оқытудың кредиттік технологиясы мен үш деңгейлі жүйесі жұмыс истейді. Университет жоғары кәсіптік білімі бар кадрларды дайындау бойынша білім беру қызметтеріне ИСО 9001:2000 сәйкес халықаралық сертификациядан өткен. Университетте елге танымал ғалымдар мен мамандар, білім беруге, мәдениетке және спортқа еңбегі сіңген қызметкерлер жұмыс атқарады: 120 – ғылым докторы, 604 – ғылым кандидаты, 4 ҚР ҰҒА академигі, 4 ҚР ҰИҒА академигі, 1 Қазақ білім беру академиясының академигі, 1 педагогикалық білім беру Халықаралық ғылым акадмиясының академигі. Білім беру үрдісіне практикалық тәжірибесі бар ең үздік ғалымдар мен мамандар, жақын және алыс шетелдерден, оның ішінде АҚШ, Германия, Испания, Бельгия, Ресейдің ғалымдары шақырылған.
## Материалдық-техникалық базасы
Университеттің материалдық-техникалық базасы қазіргі үлгідегі он оқу ғимараттарынан, алты студенттер жатаханасынан және екі спорт кешенінен тұрады. Университет барлығы 457 оқу, 130 лабораториялық аудиториялармен және 46 компьютерлік класстармен жабдықталған. Оқу процессінде 1700 компьютер, олардың жартысынан көбі – жаңа үлгідегі компьютерлер, 1200 Интернет желісіне қосылған компьютерлер қолданылады.Университетте 87 мамандық бойынша 31 мыңнан астам студенттер оқиды. Олардың ішінде 8873 студент – мемелекеттік грант бойынша оқиды. Жүзеге асырылған шаралар нәтижесінде инженерлік мамандық студенттері контингентінің артуының тұрақты тенденциясы қалыптасты. Соңғы екі жыл көлемінде біздің университет ұтып алған грант нәтижесінде республикадағы 2-ші орынды иеленіп келеді. ОҚУ Германиялық ASIIN агенттігінде білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредитациялаудан өткізу арқылы техникалық сала мамандарын даярлаудың жоғары сапасын дәлелдеген қазақстандық ЖОО-лардың алғашқысы болды. Университет ректорының бастамасымен кәсіпорындармен, ұйымдармен тығыз байланыс жасау негізінде университет бітірушілерінің жұмысқа орналасуына ат салысу, еңбек және білім нарығындағы қызмет көрсету және маркетингтік зерттеулер жүргізумен айналысатын мансап және маркетинг орталығы ашылды. М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры – ҚР ҰҒА академигі,
## Студенттік өмір
ОҚУ – бұл, Қазақстанның 50 дамыған елдің қатарына қосылу мақсатында, республиканың өсіп-өркендеуіне әрдайым жаңа идеялар шығаратын белсенді студент жастар ордасы. Университеттегі тәрбиелік және әлеуметтік жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Студент жастардың құқығын, еркіндігі мен көзқарасын сақтау, жастар мәселесіне қатысты 2002 жылдан бастап университетте өзінің Жарғысы мен құрылымы бар студенттік Кеңес қызмет атқарады. Университетте жалпы ЖОО басқарудың ажырамас бөлігі, студенттік өмірдің маңызды қызметі ретінде студенттік өзін-өзі басқару болып табылады. Студенттік Кеңестің іс-әрекетіне ректорат тарапынан қолдау жоғары деңгейде көрсетіледі. Университет ректоры жүйелі түрде студенттермен кездесіп, әр ай сайын студент белсенділері мәжілістерінде оқу мәселелерін, студенттердің қоғамдық өмірінің ұйымдастырылуы мен дамуын, олардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық потенциалдарын талқылап отырады. Студент белсенділері университеттегі оқу Кеңесімен ректораттың мүшелері болып табылады. Әр айда университетте студенттік өзін-өзі басқару күні өтіп тұрады. Бұл күні университеттің оқу тәрбиелік және ғылыми үрдісті жақсарту мәселелері шешімге алынады. Әр сессия соңында тәуелсіз студенттік анкеталау жүргізіледі, студенттік «Сенім поштасы» қызмет көрсетеді. Студенттер мен ректор арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Студенттер Интернет желісі мен ректор e-mail поштасына жалпы білім беру үрдісін ұйымдастырудағы ұсыныстарын, ескертулері мен идеяларын жазып жібере алады. Студенттердің әр ұлттың мәдениетіне әрекеттесуімен өзара толысу үшін, университет ректоры У.Қ.Бишімбаевтың бастамасымен университетте студент белсенділерінің базасымен, құрамында 29 ұлт өкілдерінен тұратын ОҚУ-да Кіші халықтар Ассамблеясы құрылған. Университет базасында 2005 жылдан бастап, жалпы ОҚУ-дың 450 студенттерінен құралған 20 облыстық студенттік құрылыс отряды (СҚО) штабы жұмыс жасайды. Университетте барлығы 250 студенттен 10 отрядтан тұратын «Жасыл ел» штабы құрылған. Отряд бағдарламасының мақсаты ОҚО-ның табиғатын қорғау заңдарын, қалалар мен аудандардағы табиғатты қорғаудағы экологиялық және оны көгалдандыру мәселелерін қамту болып табылады. Университет студенттері арасында жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында, студенттердің түрлі сала бойынша қызмет көрсете білуі үшін Жастар ісі жөніндегі Комитет (ЖІК) жұмыс жасайды. Университет факультеттерінде дебаттар, дөңгелек үтелдер, нашақорлықтың алдын алу, жемқорлық пен құқықбұзушылық жөніндегі семинарлар, Еңбек және ҰОС ардагерлерімен, интернационал әскерлерімен, ғылым және мәдениет қайраткерлерімен, ҰҚК, СІД, наркодиспансер, СПИД, СӨС насихаттау орталықта-рының қызметкерлерімен жүйелі түрде кездесулер өткізіп тұратын 20 клуб қызмет атқарады.Университет студенттерінің көркем-шығармашылық қабілеттерін, таным іс-әрекеттерін, рухани, өнегелі және физикалық потенциалын телінуі үшін қоғамдық мамандықтар факультеті (ҚМФ) жұмыс істейді.Бүгінгі таңда университеттің студент жастары республикалық және жергілікті ұйымдардың мүшелері ретінде, Қазақстанның өзін көрсете білу үрдісіндегі мемлекеттік жастар саясатына белсенді қатысады. 6500 студент жастар «Жастар Рухы», 3200 студент «Қазақстан студенттерінің Альянсы» атты жастар қозғалысының мүшелері болып табылады.Университетте университет әкімшілігімен, ішкі саясат бөлімімен, қоғамдық мамандықтар факультетімен, университеттің ақпарат орталығымен (газет, телестудия), студенттік кеңеспен, жатақханалармен, спорт кешендерімен, университет қызметкерлерінің кәсіподақтық комитетімен тығыз қарым-қатынас жасайтын «М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттік кәсіподақ комитеті» қызмет атқарады. Студенттік кәсіподақ комитеті жаппай мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мен қаржыландыруға белсенді түрде қатысады.Спорт, университет қызметінде ерекше орынға ие. Университетте жыл сайын күздік және көктемгі студенттік спартакиада, «Президенттік миля» атты денсаулық фестивалі, институтаралық түрлі спорт түрлерінен жарыстар, профессор-оқытушылардан құралған спартакиада, сонымен қатар Президенттік тест нормативтерін тапсыру өткізіледі. Студенттер үшін гимнастика, шейпинг, күрес, бокс, жеңіл атлетика және волейбол, баскетбол, үстел теннисі мен шұғылдануға арналған тренажерлық залдармен қамтылған арнайы «Денсаулық» және «Буревестник» спорт кешендері қызмет атқарады. Университетте жыл бойы жүзу бассейні жұмыс істейді. Студенттер мен ПОҚ абонементінің бассейнге түсу ақысы 50%-ға төмендетілген. Жазғы демалыста «Машат» және «Біргөлік» шатқалдарында орналасқан университеттік спорттық-шипалы лагерьлер жұмыс істейді.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Университеттің ресми сайты Мұрағатталған 7 қарашаның 2023 жылы. |
2017 жылғы Қысқы Универсиада шаңғы жарыстары 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында "Алатау" шаңғы-биатлон кешенінде өтті. 11 алтын ойнатылды.
## Медалистер
### Ерлер
### Әйелдер
### Микст
## Медаль есебі
## Дереккөздер |
2017 жылғы Қысқы Универсиада шаңғы қоссайысынан жарыстар 30 қаңтар мен 5 ақпан аралығында Алматыдағы Халықаралық "Сұңқар" шаңғы трамплиндерінің кешені, "Алатау"шаңғы-биатлон кешенінде өтті.
## Медалистер
## Медаль есебі
## Дереккөздер |
Олжас Бектенов үкіметі — Қазақстан үкіметінің 15-құрылымы, басшылығында премьер-министр Олжас Бектенов. Үкімет 2024 жылғы 6 ақпанда, Екінші Смайылов үкіметінің отставкасынан кейін құрылған еді. 6 ақпан күні, Мәжіліс депутаттарының 69–7 дауыс бергенінен кейін Бектенов премьер болып тағайындалған еді.
## Құрылуы
2024 жылғы 5 ақпанда президент Тоқаев премьер Әлихан Смайылов пен оның үкіметін қызметінен босатқан еді. Үкімет отставкасынан кейін Премьердің Бірінші орынбасары Роман Скляр премьер-министрдің міндетін атқарушысы болып тағайындалды.
Әдеттегідей, Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысы ұсынған жаңа үкімет басшысының кандидатурасына дауыс берді. Бектенов кандидатурасын Тоқаев та, биліктегі Аманат партиясы да қолдады. Мәжіліс дауыс беруі бойынша депутаттың 69 қолдаса, 7 дауыс беруден бас тартты. Дауыс беруден қалыс қалған депутаттар ЖСДП және ҚХП партиялардан болған.
Бектеновтің Бірінші орынбасары болып Роман Скляр тағайындалды. Үкімет құрылғанынан кейін премьердің басқа тағы 4 орынбасары тағайындалды: Ғалымжан Қойшыбаев, Тамара Дүйсенова, Серік Жұманғарин және Нұрлан Байбазаров. Бектенов министрлер кабинетінің көпшілігі өзгермеген; Екінші Смайылов үкіметінен салыстырғанда ол тек 4 жаңа министрмен ерекшеленді: Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Қаржы министрі Мәди Такиев және Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов.
2024 жылғы наурыз–сәуір аралығында Қазақстанның он облысын су басты. Сол себептен 31 наурызда Тоқаев жарлығы бойынша Қанат Бозымбаев Бектеновтің жетінші орынбасары болып тағайындалды; Бектеновтің өзі Бозымбаевтың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және су ресурстары саласындағы өңірлік саясатты, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелерін қадағалайтын болатынын айтты.
## Құрылымы
## Қосымша ақпарат
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.