text
stringlengths 3
252k
|
---|
Бақытжан Әкімханұлы Жұмаділов (26 қазан 1947, Жалаңаш ауылы, Алматы облысы — 3 наурыз 2010) — кеңестік және қазақстандық әнші, жүргізуші, композитор және ақын.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003). «Дос-Мұқасан» вокалдық-аспаптық ансамблінің солисі.
## Өмірбаяны
1947 жылы 26 қазанда Алматы облысы Жалаңаш ауылында қаржы қызметкерінің отбасында дүниеге келген. 1959 жылы отбасымен бірге Алматыға көшіп келді. 1964 жылдан 1968 жылға дейін Алматы индустриалды техникумында оқыды. 1968–1974 жылдары Қазақ политехникалық институтының «Сәулет және қала құрылысы» факультетінде оқыды.
1970 жылы «Дос-Мұқасан» вокалдық-аспаптық ансамбліне солист ретінде қосылды. Ансамбль құрамында Еуропа, Америка және Азия елдерінде болды. 1974 жылы кәсіби сахнаға өтуіне байланысты «Қазақконцерт» республикалық гастрольдік-концерттік бірлестігінде жоғары санатты солист-вокалист ретінде жұмыс істеді.
1984 жылы әкімшілік жұмысқа ауысып, «Қазақконцерт» республикалық бірлестігі директорының орынбасары, 1988 жылы Оқушылар сарайының бас режиссері, кейін Алматы қалалық мәдениет басқармасының аға инспекторы қызметтерін атқарды. 1989 жылы Алматы қалалық атқару комитеті директорының орынбасары, кейін демалыс және туризм аймақтары бірлестігінің бас директоры болып тағайындалды. 1998 жылы «Азия дауысы» халықаралық фестивалінде ансамбль «Қазақстандық эстрада аңызы» атанды.
2000 жылы «Дос-Мұқасан» тобының бірінші құрамында музыкалық қызметке оралды. «Хабар» телеарнасында «Асыл арман» авторлық бағдарламасының жүргізушісі болды. 2008 жылы ол 1971 жылдан бері жүргізіп келе жатқан күнделік жазбаларына негізделген ансамбль тарихы туралы «Дос-Мұқасан: Жылдар мен жолдар» кітабын шығарды.
## Дереккөздер |
Досым Қасымұлы Сүлеев (7 наурыз 1947, Сарыағаш, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақ КСР, КСРО) — кеңестік және қазақстандық ғалым, техника ғылымдарының докторы (2003), профессор (1992), Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі (2004), ХИА академигі (2003) және ҚР ЖМ (2004 жылдан). Жер туралы ғылымдар бөлімі төрағасының орынбасары, Қазақстан ҰҒА Президиумының мүшесі.
## Дереккөздер |
Демеу Иманғалиұлы Жадыраев (2 қараша 1989, Үшарал ауылдық округі, Панфилов ауданы, Жетісу облысы) — грек-рим стиліндегі қазақстандық балуан, 2024 жылғы Париж қаласында өткен Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.
Суан руынан шыққан.
## Мансабы
Күреспен 2001 жылдан бастап айналысады, 2007 жылдан бері Боранбек Қоңыратовпен жаттығады.
2015 жылы 66 келіге дейінгі санаттағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2016 жылы әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
2017 жылғы әлем чемпионатының 71 келіге дейінгі санаттағы күміс жүлдегері.
2024 жылы Париж қаласында өткен Жазғы Олимпиада ойындарында 77 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды.
## Дереккөздер |
Қазіргі уақытта Атырау облысында барлығы 204 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді.
## Атырау қаласы
9 мектеп-гимназия, 5 мектеп-лицей мен 1 негізгі, 49 орта мектеп бар:
## Жылыой ауданы
20 орта мектеп бар:
## Индер ауданы
15 орта мектеп бар:
## Исатай ауданы
1 мектеп-гимназия мен 4 бастауыш, 1 негізгі, 10 орта мектеп бар:
## Құрманғазы ауданы
3 бастауыш, 3 негізгі, 26 орта мектеп пен 1 мектеп-интернат бар:
## Қызылқоға ауданы
1 мектеп-гимназия мен 3 бастауыш, 14 орта мектеп бар:
## Мақат ауданы
1 бастауыш, 6 орта мектеп пен 1 мектеп-интернат, 1 мектеп-бөбекжай кешені бар:
## Махамбет ауданы
1 негізгі, 14 орта мектеп бар:
## Жабылған мектептер
## Мамандандырылған мектептер
## Басқа мектептер
## Қосымша білім беру ұйымдары
* Абай атындағы Атырау қаласының оқушылар орталығы
* Оқушылар үйі (Аққыстау а.)
* Құрманғазы аудандық оқушылар үйі (Құрманғазы а.)
* Жас техниктер станциясы (Құлсары қ.)
Өнер (саз) мектептері
* Құрманғазы атындағы балалар саз мектебі (Атырау қ.)
* М. Қойшыбаев атындағы балалар саз мектебі (Атырау қ., Балықшы ш/а)
* Атырау селолық саз мектебі (Қызылбалық а.)
* Дамба өнер мектебі (Дамба а.)
* Еркінқала балалар саз мектебі (Еркінқала а.)
* Қайыршақты балалар саз мектебі (Томарлы а.)
* Д. Нұрпейісова атындағы балалар өнер мектебі (Құрманғазы а.)
* Дәулеткерей атындағы балалар музыка мектебі (Хиуаз а.)
* З. Ещанова атындағы балалар өнер мектебі (Махамбет а.)
* Индер балалар өнер мектебі (Индербор к.)
* Жарсуат балалар саз мектебі (Жарсуат а.)
* Құлсары балалар өнер мектебі (Құлсары қ.)
* Т. Култумиев атындағы №1 Құлсары балалар саз мектебі (Құлсары қ.)
* №2 Құлсары балалар саз мектебі (Құлсары қ.)
* Мақат балалар өнер мектебі (Мақат к.)
* Р. Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебі (Доссор к.)
* Миялы балалар өнер мектебі (Миялы а.)
* А. Өміров атындағы балалар өнер мектебі (Сағыз а.)
* Қоныстану балалар өнер мектебі (Қоныстану а.)
* Ш. Шәріпов атындағы балалар саз мектебі (Аққыстау а.)
* Жанбай балалар саз мектебі (Жанбай а.)
* Новобогат балалар саз мектебі (Х.Ерғалиев а.)
## Спорт мектептері
Атырау қаласы
* Олимпиадалық резервтегі облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі (Вокзал маңы-5 ш/а)
* №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (Авангард-4 ш/а)
* №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (Авангард-2 ш/а)
* №3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (Өрлеу ш/а)
* №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (Мирас ш/а)
* №5 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (Нұрсая ш/а)
* №6 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі
* Ақжар балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (Ақжар а.)
* Дамба балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (Жаңаталап а.)
* Олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебі (Нұрсая ш/а)
Жылыой ауданы
* №1 Жылыой аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (Құлсары қ.)
* №2 Жылыой аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (Ақкиізтоғай а.)
* №3 Жылыой аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (Шоқпартоғай а.)
* №4 Жылыой аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (Жаңа Қаратон к.)
* №5 Жылыой аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (Майкөмген а.)
* Жем балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (Тұрғызба а.)
* Қосшағыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (Қосшағыл а.)
Индер ауданы
* Индер аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі
* Есбол, Жарсуат, Өрлік балалар-жасөспірімдер спорт мектептері
Исатай ауданы
* Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі
* Жанбай, Тұщықұдық балалар-жасөспірімдер спорт мектептері
Құрманғазы ауданы
* Құрманғазы аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі
* Ақкөл, Бөкейхан, Шортанбай балалар-жасөспірімдер спорт мектептері
Қызылқоға ауданы
* Қызылқоға аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі
* Сағыз балалар-жасөспірімдер спорт мектебі
Мақат ауданы
* Мақат аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі
* Доссор балалар-жасөспірімдер спорт мектебі
Махамбет ауданы
* Махамбет аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі
* Ақжайық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі
## Жекеменшік мектептер
"BINOM ATYRAU" ЖШС мектептері
* QSI International School (Атырау, Сұлтан Бейбарыс №473)
* "Тағылым" ЖШС (Атырау, Әліпов №3а)
* "Abyroi School Atyrau" ЖШС (Атырау, Сауырғалиев №2)
* "Qazbilim Atyrau ұлттық лицейі" ЖШС (Атырау, Сұлтан Бейбарыс №458)
* "Сенім" элитарлық мектеп-балабақша кешені (Атырау, Абай №39)
* "Alash United Gymnasium School" ЖШС (Атырау, Уәлиханов №116)
* "Happy Choice" ЖШС (Атырау, Автобаза №8а)
* "Oi-Sana" мектеп-лицейі (Атырау, Сейфуллин №109)
* "Кастл Стайл" ЖШС Парасат жекеменшік мектебі (Атырау, Бейбарыс №25/1)
* "Кайнар Центр" ЖШС "Қайнар" жекеменшік мектебі (Атырау, Самал ш/а, 31-көше №4)
* "Келешек" мектеп-балабақша" ЖШС (Атырау, Азаттық №83а)
* "Baby city" ЖШС (Атырау, Халелов №1)
* "Sova School жекеменшік мектеп-лицейі" ЖШС (Атырау, Бейбарыс №494Б)
* "Sayakhatschool" ЖШС "Zhana Urpaq" Алғашқы Ұлттық ізгілік педагогика мектебі (Атырау, Нұрсая ш/а, Шырдабаев №2)
## Дереккөздер |
Демеу Иманғалиұлы Жадыраев (2 қараша 1989, Үшарал ауылдық округі, Панфилов ауданы, Жетісу облысы) — грек-рим стиліндегі қазақстандық балуан, 2024 жылғы Париж қаласында өткен Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.
Суан руынан шыққан.
## Мансабы
Күреспен 2001 жылдан бастап айналысады, 2007 жылдан бері Боранбек Қоңыратовпен жаттығады.
2015 жылы 66 келіге дейінгі санаттағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2016 жылы әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
2017 жылғы әлем чемпионатының 71 келіге дейінгі санаттағы күміс жүлдегері.
2024 жылы Париж қаласында өткен Жазғы Олимпиада ойындарында 77 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды.
## Дереккөздер |
Жаслық — Өзбекстанның солтүстік-батысында, Қарақалпақстан Республикасындағы аттас ауылдан 9 км солтүстік-шығысқа қарай орналасқан бұрынғы әскери аэродром. Ағылшын тіліндегі деректерде Beleuli North деп белгіленген.
1980 жылдардың ортасында ауыл маңында орналасқан «Сегізінші химиялық қорғаныс станциясы» әскери полигонына қызмет көрсету үшін салынған, химиялық қару мен одан қорғану құралдарын сынақтан өткізуге арналған. Полигонды Нөкіс қаласында орналасқан әскери бөлімдердің: химиялық сынақ полкінің (44105 әскери бөлімі) және химиялық қарудан қорғану құралдарын әзірлеу орталығы (26382 әскери бөлімі) әскери қызметшілері басқарды. Сынақ полигонын авиациялық қамтамасыз ету үшін Нүкіс аэродромында орналасқан 287-ші жеке сынақ авиация эскадрильясы (Ан-26 ұшағы, Ми-8 тікұшақтары) пайдаланылды.
1990 жылдардың басында аэродром мен полигон жабылып, әскери қызметкерлер Ресейге шығарылды.
1999 жылы Әскери қалашық пен аэродром аумағында УЯ-64/71 түзеу еңбек мекемесі – қатаң режимдегі колония (оның ішінде 500-ге жуық тұтқындар бар, олардың жартысына жуығы саяси айыппен – діни қызмет үшін және т.б.) құрылды. 2019 жылдың тамыз айында Өзбекстан президенті колонияның жабылатынын мәлімдеді.
Ауылдың жанында жергілікті әуежай да бар.
## Дереккөздер |
Талғат Сәбитұлы Мұхтаров (5 наурыз 1966, Теміртау, Қарағанды облысы, Қазақ КСР) — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жоғары қолбасшылығының өкілі, генерал-лейтенант, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары (2020-2021), Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары (2014-2015).
## Өмірбаяны
1966 жылы 5 наурызда Қарағанды облысы Теміртау қаласында дүниеге келген.
1985 жылдың сәуірінен 1987 жылдың мамырына дейін Кеңес Әскері қатарында шұғыл әскери қызметін атқарды.
1990 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
1992 жылдың қыркүйегінен 1994 жылдың қарашасына дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әскери прокуратурасында қызмет етті.
1994 жылдың желтоқсанынан 1996 жылдың тамызына дейін «Сана» (Қарағанды қ.) фирмасында заңгер болып жұмыс істеді.
1996 жылдың тамызынан 1997 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінің органдарында қызмет етті.
1997 жылдың желтоқсанынан 2011 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарында тергеуші, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы, департамент басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2011 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне іссапарға жіберіліп, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадр жұмысы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
2014 жылдың 9 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» № 153 Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 6 мамырдағы №472 Жарлығымен генерал-лейтенант әскери атағы берілді.
2019 жылдың 22 сәуірінен 2020 жылдың 16 қаңтарына дейін — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі болды.
2020 жылдың 16 қаңтарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары болып тағайындалды.
2021 жылдың 27 шілдесінде Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Мұхтаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары қызметінен босатылды.
Үйленген, 7 баласы бар.
## Марапаттары
* I дәрежелі «Даңқ» ордені (2021)
* II дәрежелі «Даңқ» ордені
* «Жауынгерлік ерлігi үшін» медалі (5 мамыр 2004 жылы)
* ҰҚК құрметті қызметкері
* ҚР Әскери ғылымдар академиясының құрметті мүшесі (2014)
* Офицерлік көпсайыс бойынша спорт шебері
## Сілтеме
* Параграф (орыс.)
## Дереккөздер |
Қазақстан күрдтері, (күрд. کوردێن قازاخستانێ) — Қазақстаннан шыққан Күрдтер. 2011 жылғы ең соңғы қазақ санағы бойынша күрдтер 38 325 немесе халықтың 0,2% құрайды, бірақ күрд-қазақ қауымдастығының президенті Мәлікшах Гасанов халық саны 46 мыңға дейін жетеді деп есептейді, өйткені Кеңес Одағы кезінде көптеген күрдтер түрік және әзірбайжан деп жазылған. Қазақстандағы күрд халқының басым бөлігі – Кавказдан және оларды Иосиф Виссарионович Сталин Қазақстанға жер аударған.
## Дін және тіл
Қазақстандағы күрдтердің барлығы дерлік сунниттік исламды ұстанады. Олар күрд тілінің Құрманжы диалектісінде бірінші тіл ретінде сөйлейді, ал қазақ тілі және орыс тілдерін қосалқы тіл ретінде сөйлейді.
## Тарих
Күрдтер көп тұратын қалаларда бастауыш және орта мектептерде күрд әдебиеті мен күрд тілі оқытылады. Қашқабұлақ ауылында күрд оқушылары 12-сыныпқа дейін күрд тілін оқи алады. Ал 1990 жылдан бастап күрдтердің де өз газеті бар. Күрдтер Кавказдан Орталық Азияға екі рет жер аударылды. Бірінші депортация 1937 жылы болды, онда Сталин күрдтерді Нахчываннан депортациялады, ал екінші депортация 1944 жылы Грузияда болды. Сталин күрдтер мен түріктерді ажыратпады және ол түріктердің басып кіруінен қорықты және көптеген күрдтер кеңес әскерінде қызмет еткеніне қарамастан, күрдтерді сенімсіз деп санады. Олардың көпшілігі жер аудару кезінде қайтыс болды. Ош оқиғасы мен Ферғана алқабындағы қырғыздар мен өзбектер арасындағы тәртіпсіздіктерден кейін көптеген күрдтер қырғыз бен өзбектің ортасында қалып, мал-мүлкінен айырылып, ақыры Қазақстаннан баспана сұрады.
## Дереккөздер |
Габон — Қазақстан қатынастары — Габон Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
23 мамыр 2009 жылы Қазақстан мен Габон арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшілігі Қазақстан мен Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымымен (ИСЕСКО) ынтымақтастық және Батыс Африка құрылығындағы Бенин, Буркина-Фасо, Габон, Гвинея-Бисау, Кот д’Ивуар, Кабо-Верде, Гамбия, Мавритания, Мали, Сенегал, Сьерра-Леоне, Тогоға, яғни Батыс Африкадағы 12 мемлекетпен байланыстар үшін жауапты болып келеді.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Габонгға бару үшін электронды виза керек.
Габон азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Гамбия — Қазақстан қатынастары — Гамбия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
26 сәуір 2011 жылы Қазақстан мен Гамбия арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшілігі Қазақстан мен Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымымен (ИСЕСКО) ынтымақтастық және Батыс Африка құрылығындағы Бенин, Буркина-Фасо, Габон, Гвинея-Бисау, Кот д’Ивуар, Кабо-Верде, Гамбия, Мавритания, Мали, Сенегал, Сьерра-Леоне, Тогоға, яғни Батыс Африкадағы 12 мемлекетпен байланыстар үшін жауапты болып келеді.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Гамбияға бару үшін виза керек.
Гамбия азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Кабо-Верде — Қазақстан қатынастары — Кабо-Верде Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
30 шілде 1992 жылы Қазақстан мен Кабо-Верде арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшілігі Қазақстан мен Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымымен (ИСЕСКО) ынтымақтастық және Батыс Африка құрылығындағы Бенин, Буркина-Фасо, Габон, Гвинея-Бисау, Кот д’Ивуар, Кабо-Верде, Гамбия, Мавритания, Мали, Сенегал, Сьерра-Леоне, Тогоға, яғни Батыс Африкадағы 12 мемлекетпен байланыстар үшін жауапты болып келеді.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Кабо-Вердеге бару үшін келген кездегі виза керек.
Кабо-Верде азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Қазақстан — Мавритания қатынастары — Қазақстан Республикасы мен Мавритания Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
28 сәуір 1993 жылы Қазақстан мен Мавритания арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшілігі Қазақстан мен Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымымен (ИСЕСКО) ынтымақтастық және Батыс Африка құрылығындағы Бенин, Буркина-Фасо, Габон, Гвинея-Бисау, Кот д’Ивуар, Кабо-Верде, Гамбия, Мавритания, Мали, Сенегал, Сьерра-Леоне, Тогоға, яғни Батыс Африкадағы 12 мемлекетпен байланыстар үшін жауапты болып келеді.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Мавританияға бару үшін келген кездегі виза керек.
Мавритания азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Тукаспадак (twk'sp'δ'k, d/n — 698) — 690-698 жж. соғдының 3-ші ихшиді (қожасы). Қытай деректерінде — Дусабот немесе Дудобот.
## Өмірбаяны
Ихшид Вархуманның ұлы. 690 шамасында мұрагерлік билік. Бұхархудат Тугшадамен одақ құрды. Батыс түріктер жаңа әлсіреуді толық тәуелсіздік алу үшін пайдаланды. 695 жылы Тан үкіметімен танылды. 690-жылдары Бұхар регенті Берхан-Хатунмен және Ферғана ихшиді Алту-Чормен бірге қаңғар тайпалық одағының билігіне қарсы шыққан Сырдария қалаларын қолдауға шықты.
Тукаспадак 698 жылы белгісіз жағдайда, мүмкін эпидемия кезінде қайтыс болды. Оның орнына ағасы Мастан-Навиан келді.
## Әдебиеттер
* Bosworth, C.E. (1986), Ихшид, Ислам энциклопедиясы, Жаңа басылым, III том: H-Iram, Leiden and New York: BRILL, p. 1060, ISBN 90-04-08118-6 |
Қазақстан — Мали қатынастары — Қазақстан Республикасы мен Мали Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
26 қараша 1992 жылы Қазақстан мен Мали арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшілігі Қазақстан мен Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымымен (ИСЕСКО) ынтымақтастық және Батыс Африка құрылығындағы Бенин, Буркина-Фасо, Габон, Гвинея-Бисау, Кот д’Ивуар, Кабо-Верде, Гамбия, Мавритания, Мали, Сенегал, Сьерра-Леоне, Тогоға, яғни Батыс Африкадағы 12 мемлекетпен байланыстар үшін жауапты болып келеді.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Малиға бару үшін виза керек.
Мали азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Қазақстан — Сенегал қатынастары — Қазақстан Республикасы мен Сенегал Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
13 наурыз 2008 жылы Қазақстан мен Сенегал арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшілігі Қазақстан мен Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымымен (ИСЕСКО) ынтымақтастық және Батыс Африка құрылығындағы Бенин, Буркина-Фасо, Габон, Гвинея-Бисау, Кот д’Ивуар, Кабо-Верде, Гамбия, Мавритания, Мали, Сенегал, Сьерра-Леоне, Тогоға, яғни Батыс Африкадағы 12 мемлекетпен байланыстар үшін жауапты болып келеді.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Сенегалға бару үшін келген кездегі виза керек.
Сенегал азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Қазақстан — Того қатынастары — Қазақстан Республикасы мен Того Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
8 қазан 2014 жылы Қазақстан мен Того арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшілігі Қазақстан мен Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымымен (ИСЕСКО) ынтымақтастық және Батыс Африка құрылығындағы Бенин, Буркина-Фасо, Габон, Гвинея-Бисау, Кот д’Ивуар, Кабо-Верде, Гамбия, Мавритания, Мали, Сенегал, Сьерра-Леоне, Тогоға, яғни Батыс Африкадағы 12 мемлекетпен байланыстар үшін жауапты болып келеді.
## Сапарлар
28 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Того Республикасының президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Астанаға ресми сапармен келді.
Того президентін Астана әуежайында Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қарсы алды.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Тогоға бару үшін электронды виза керек.
Того азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Замбия — Қазақстан қатынастары — Замбия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
25 наурыз 1996 жылы Қазақстан мен Замбия арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
Елдер арасында дипломатиялық миссиялар жоқ.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Замбияға бару үшін электронды виза керек.
Замбия азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Гвинея — Қазақстан қатынастары — Гвинея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
6 маусым 1992 жылы Қазақстан мен Гвинея арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
Елдер арасында дипломатиялық миссиялар жоқ.
2017 жылғы 27 қарашада Гвинея елшісімен кездесу барысында Гүлшара Әбдіқалықова биыл Қазақстан мен Гвинея арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толғанын атап өтті. Гвинея Республикасының Президенті Альфа Конденің Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технология жөніндегі бірінші саммитіне қатысу үшін Астанаға келгені екіжақты қарым-қатынастың маңызды оқиғасы саналды.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Гвинеяға бару үшін электронды виза керек.
Гвинея азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Мастан-Навиан (Мастан-Навьян, Мастан-авиан) (m'stn-n'wy'n, d/n — 705/707) — сәйкесінше 698—705/707 жж. соғдының үшінші ихшиді (билеушісі). Қытай деректерінде Нинье-шиши, араб деректерінде Мастич-Унаш деген атпен белгілі.
## Өмірбаяны
Ихшид Тукаспадақтың ағасы немесе ұлы. Ол туралы мәлімет аз. 698 жылы таққа отырды. Тұтастай алғанда, ол өзінен бұрынғы патшаның саясатын ұстанды: ол өзінің Таң империясына тәуелділігін растады, бұл оған Түргеш қағаны Үшлікпен 699/700 жылы қорғаныс одағын жасауға мүмкіндік берді.
Ол арабтардың Трансоксианаға жаңа шабуылының басында қайтыс болды, қытай деректері бойынша бұл 705-707 жылдар аралығында болған. Оның орнына туысы Тархун болды.
## Әдебиеттер
* Bosworth, C.E. (1986), Ихшид, Ислам энциклопедиясы, Жаңа басылым, III том: H-Iram, Leiden and New York: BRILL, p. 1060, ISBN 90-04-08118-6 |
Зимбабве — Қазақстан қатынастары — Зимбабве Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
10 сәуір 1992 жылы Қазақстан мен Зимбабве арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
Елдер арасында дипломатиялық миссиялар жоқ.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Зимбабвеге бару үшін электронды виза керек.
Зимбабве азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Джибути — Қазақстан қатынастары — Джибути Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
5 мамыр 2005 жылы Қазақстан мен Джибути арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
Елдер арасында дипломатиялық миссиялар жоқ.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Джибутиға бару үшін электронды виза керек.
Джибути азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Гана — Қазақстан қатынастары — Гана Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
14 тамыз 1992 жылы Қазақстан мен Гана арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
Елдер арасында дипломатиялық миссиялар жоқ.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Ганаға бару үшін виза керек.
Гана азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Камерун — Қазақстан қатынастары — Камерун Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
14 мамыр 2009 жылы Қазақстан мен Камерун арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
Елдер арасында дипломатиялық миссиялар жоқ.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Камерунға бару үшін электронды виза керек.
Камерун азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Бурунди — Қазақстан қатынастары — Бурунди Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
4 желтоқсан 2014 жылы Қазақстан мен Бурунди арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
Елдер арасында дипломатиялық миссиялар жоқ.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Бурундиге бару үшін электронды виза керек.
Бурунди азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Коморлар — Қазақстан қатынастары — Коморлар Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
29 наурыз 2012 жылы Қазақстан мен Коморлар арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
Елдер арасында дипломатиялық миссиялар жоқ.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Коморларға бару үшін келген кездегі виза керек.
Коморлар азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Конго — Қазақстан қатынастары — Конго Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
21 қыркүйек 1999 жылы Қазақстан мен Конго арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
Елдер арасында дипломатиялық миссиялар жоқ.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Конгоға бару үшін электронды виза керек.
Конго азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Қоңырау сырға – қоңыраушалары бар сырға түрі. Мұндай сырғаның қоңыраушаларына қосымша жеңіл салпыншақтар салынады. Олар құлаққа таққанда бір-біріне тиіп нәзік дыбыс шығарады.
## Сипаты
ҚР ҰМ қорындағы қоңырау сырға (суретте) өзінің бітімімен ерекшеленеді. Сырғаға бірнеше қоңырау және жоғары тұсына шілтерлі сырға доға түріндегі сырғалықтан және күрделі әшекей пішінді негізгі бөліктерден тұрады.Құлаққа ілінетін сырғалық баулары тұтас құйылып оның доғасына шілтері орнатылған. Доғаның төменгі жағына бес дана жарты шығыршық пішініндегі кішкене доға дәнекерленіп, оған ширатылған бес шынжырбау ілінген. Шынжырбаудың әрқайсысына екі-екіден маржан, ортасына қоңырау өткізілген. Ал, олардың ұшына екі кішкене және үш үлкен қоңырауша орнатылған. Қоңыраушалардың үлкені конус пішінді, кішкенелері – домалақ. Қоңыраушалардың жиегін айналдыра металдан шашақ тәрізді етіп салпыншақтар бекітілген.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Шойбеков Р.Н. Қазақ зергерлік өнерінің сөздігі. Алматы: Ғылым, 1991;
* ҚӘТС. 10-том. Алматы: Арыс, 2009;
* ҚР МОМ – материалдарынан;
* ОМЭЭ – материалдарынан. |
Гвинея-Бисау — Қазақстан қатынастары — Гвинея-Бисау Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
26 сәуір 2013 жылы Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшілігі Қазақстан мен Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымымен (ИСЕСКО) ынтымақтастық және Батыс Африка құрылығындағы Бенин, Буркина-Фасо, Габон, Гвинея-Бисау, Кот д’Ивуар, Кабо-Верде, Гамбия, Мавритания, Мали, Сенегал, Сьерра-Леоне, Тогоға, яғни Батыс Африкадағы 12 мемлекетпен байланыстар үшін жауапты болып келеді.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Гвинея-Бисауға кіру үшін виза керек.
Гвинея-Бисау азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Лесото — Қазақстан қатынастары — Лесото Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
2 сәуір 2015 жылы Қазақстан мен Лесото арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
Елдер арасында дипломатиялық миссиялар жоқ.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Лесотоға бару үшін электронды виза керек.
Лесото азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Қазақстан — Маврикий қатынастары — Қазақстан Республикасы мен Маврикий Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
15 қазан 2014 жылы Қазақстан мен Маврикий арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Маврикийге бару үшін келген кездегі виза керек.
Маврикий азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Либерия — Қазақстан қатынастары — Либерия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
27 сәуір 2016 жылы Қазақстан мен Либерия арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
Елдер арасында дипломатиялық миссиялар жоқ.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Либерияға бару үшін виза керек.
Либерия азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Қазақстан — Намибия қатынастары — Қазақстан Республикасы мен Намибия Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
7 қазан 2014 жылы Қазақстан мен Намибия арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Намибияға бару үшін 3 айға виза керек емес.
Намибия азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Қазақстан — Судан қатынастары — Қазақстан Республикасы мен Судан Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
19 маусым 2008 жылы Қазақстан мен Судан арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Суданға бару үшін виза керек.
Судан азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Қазақстан — Сан-Томе және Принсипи қатынастары — Қазақстан Республикасы мен Сан-Томе және Принсипи Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
20 қараша 2014 жылы Қазақстан мен Сан-Томе және Принсипи арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Сан-Томе және Принсипиге бару үшін электронды виза керек.
Сан-Томе және Принсипи азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Қазақстан — Танзания қатынастары — Қазақстан Республикасы мен Танзания Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
13 ақпан 2019 жылы Қазақстан мен Танзания арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Танзанияға бару үшін виза керек.
Танзания азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Қазақстан — Уганда қатынастары — Қазақстан Республикасы мен Уганда Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
20 маусым 2008 жылы Қазақстан мен Уганда арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Угандаға бару электронды үшін виза керек.
Уганда азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Қазақстан — Нигер қатынастары — Қазақстан Республикасы мен Нигер Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
22 қыркүйек 2017 жылы Қазақстан мен Нигер арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Нигерге бару үшін виза керек.
Нигер азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Қазақстан — Эритрея қатынастары — Қазақстан Республикасы мен Эритрея Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
7 желтоқсан 2016 жылы Қазақстан мен Эритрея арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Эритреяға бару үшін виза керек.
Эритрея азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Қазақстан — Эсватини қатынастары — Қазақстан Республикасы мен Эсватини Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
16 мамыр 2016 жылы Қазақстан мен Эсватини арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Эсватиниға бару үшін виза керек.
Эсватини азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
Қазақстан мен Эсватини төлқұжаттары күші жағынан бірдей деңгейде.
## Дереккөздер |
Қазақстан — Экваторлық Гвинея қатынастары — Қазақстан Республикасы мен Экваторлық Гвинея Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
24 мамыр 2017 жылы Қазақстан мен Экваторлық Гвинея арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Экваторлық Гвинеяға бару үшін виза керек.
Экваторлық Гвинея азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Қазақстан — Чад қатынастары — Қазақстан Республикасы мен Чад Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
21 шілде 1999 жылы Қазақстан мен Чад арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Чадқа бару үшін виза керек.
Чад азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Қазақстан — Науру қатынастары — Қазақстан Республикасы мен Науру Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
Қазақстан мен Науру арасында дипломатиялық қатынастар орнатылмаған.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Науруға бару үшін виза керек.
Науру азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Қазақстан — Малави қатынастары — Қазақстан Республикасы мен Малави Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
Қазақстан мен Малави арасында дипломатиялық қатынастар орнатылмаған.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Малавиға бару үшін виза керек.
Малави азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Қазақстан — Орталық Африка қатынастары — Қазақстан Республикасы мен Орталық Африка Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
Қазақстан мен Орталық Африка арасында дипломатиялық қатынастар орнатылмаған.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Орталық Африкаға бару үшін виза керек.
Орталық Африка азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Ботсвана — Қазақстан қатынастары — Ботсвана Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
Қазақстан мен Ботсвана арасында дипломатиялық қатынастар орнатылмаған.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Ботсванаға бару үшін виза керек.
Ботсвана азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Конго Демократиялық Республикасы — Қазақстан қатынастары — Конго Демократиялық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстары.
## Дипломатия
Қазақстан мен Конго Демократиялық Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылмаған.
## Визалық режим
Қазақстан азаматтарына Конго Демократиялық Республикасына бару үшін виза керек.
Конго Демократиялық Республикасы азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.
## Дереккөздер |
Қазақ хандығы — Осман империясы қатынастары — Қазақ хандығы мен Осман империясы арасындағы қатынастар.
Екі халық арасындағы қарым-қатынастың тамыры тереңде жатыр және алғашқы ресми дипломатиялық қатынастар 1713 жылы Қазақ хандығы мен Осман империясы арасында басталды. Алайда, тарихи жағдайлармен бөлісе отырып, бір-бірімен байланыс үзілді.
## Екі арадағы хаттар
2018 жылғы 15 мамырда Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы "Рухани жаңғыру" жобасы аясында көрменің ашылуын өткізді. ҚР Ұлттық музейінде Қазақстандағы Түркия елшілігінің қолдауымен "Осман Мемлекеті мен Орта Азия хандықтары арасындағы байланыстар туралы мұрағаттық құжаттар" таныстырылды.
Көрмеде Осман мемлекеті мен Орта Азия хандықтарының қарым-қатынасын сипаттайтын 40 құжат ұсынылады. Көрмеге арналған құжаттар Түркия Республикасы Үкіметінің мемлекеттік мұрағат басқармасының Османлы мұрағатынан алынды. Көрмеде алғаш рет елорда қонақтары мен тұрғындары үшін 1713 жылы жазылған Қайып Мұхаммед хан мен Осман мемлекетінің сұлтаны Селим II хаттары сияқты маңызды құжаттар ұсынылады.
Оның ішінде маңызды құжаттар бар:
* Қазақ ханы Қайып Мұхаммед ханға жіберілген Осман сұлтан хатының көшірмесі (21 тамыз, 1713 жыл);
* Қазақ ханы Қайып Мұхаммед ханның 10 түрлі сыйлықтарының тіркеу дәптерінің көшірмесі ( 21 тамыз, 1713 жыл);
* Қайып Мұхаммед ханның елшісі Сайид Мұхаммедқұл жіберген хатының көшірмесі (16 қаңтар, 1714 жыл);
* Мұхаммедқұл, Қайып Мұхаммед ханның елшісі ауызша баяндама хатының көшірмесі (16 қаңтар, 1714 жыл);
* Қайып Мұхаммед ханның хатының көшірмесі (1716 жылғы 14 желтоқсандағы Осман мемлекетімен жылы қарым-қатынас туралы хат);
* М. Лессардың Орталық Азияға сапары туралы "Central Asia No1" рапортының көшірмесі;
* Берлинде басылған Түркістан өңірі картасының көшірмесі (1862 жыл).
## Дереккөздер |
Құмөзек (орыс. Камызяк) — Ресейдегі Астрахан облысының оңтүстігіндегі қала, Құмөзек ауданының әкімшілік орталығы.
Құмөзек қаласы қалалық елді мекенін құрайды. Облыстың әкімшілік-аумақтық бірлігі ретінде аудандық маңызы бар қаланы білдіреді.
Құмөзек муниципалдық білім беру кеңесі 5 жылға сайланады. Депутаттардың белгіленген саны: 15. Кеңес мажоритарлық жүйе бойынша құрылады.
## Дереккөздер |
«Отан алдындағы қызметі үшін» ордені (кейде тағы «Отанға сіңірген еңбегі үшін», орыс. Орден «За заслуги перед Отечеством») — Ресей Федерациясының мемлекеттік марапаты. 1994 жылдың 2 наурызында президенттің 442-Жарлығымен бекітілді. 1998 жылы Әулие Андрей ордені қайта құрылғанға дейін Ресей Федерациясының ең жоғары ордені еді.
## Регалиялары
## Тарихы
Марапат 1994 жылдың 2 наурызында президент Борис Ельцинның 442-Жарлығымен бекітілген, және 1998 жылға дейін елдегі ең жоғары орден болған. Орденнің статусы 1999 жылдың 6 қаңтарында президенттің 19-Жарлығымен өзгертілді.
2010 жылдың 7 қыркүйегінде орденнің статусы Президенттің 1099-Жарлығымен қайта өзгертілді.
## Статуты
«Отанға сіңірген еңбегі үшін» ордені — төрт сыныпта құрылған азаматтық және әскери аралас орден. Ол Ресей мемлекеттілігінің дамуына, еңбектегі, бейбітшіліктегі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықтағы жетістіктері үшін немесе Отанды қорғауға қосқан елеулі үлесі үшін беріледі.
Соғыс, не қақтығыста ерекшеленген еңбегі үшін «Отан алдындағы қызметі үшін» орденін алған жауынгерлер орденнің қылышпен нұсқасын алады. Бұрын Франция президенті Жак Ширак сияқты шетелдік мәртебелі тұлғалар мен мемлекет басшыларына марапатталғанымен, 2010 жылғы жарлық бұл тәжірибені жойып, Ресей Федерациясының азаматтарын жалғыз мүмкін алушыларға айналдырды.
## Сипаттамасы
Орденнің «жағасы» және 4 түрлі дәрежесі бар. Жағасы — Ресей Федерациясы Президентінің бірегей белгісі. Орденнің төрт дәрежесі өлшемі мен кию үлгісі бойынша ерекшеленеді.
* Кресті — алдыңғы жағында Ресей Федерациясының алтын жалатылған мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген күміс жалатылған лағыл эмальмен қапталған крест. Кресттің сырт жағында дөңгелек медальоны бар, оның айналасы «ПАЙДА, ҚҰРМЕТ, ДАҢҚ» ұранымен қоршалған. Медальонның ортасында «1994» орденінің құрылған жылы. Төменгі жақтың сырт жағында крест, лавр жапырақтары және орденнің реттік нөмірі.
* Жұлдызы — Орденнің жұлдызы сегіз бұрышты. Ені 82 мм және жоғары жылтыратылған күміс. Ортасында Ресей Федерациясының алтын жалатылған мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген дөңгелек медальонның бет жағында орналасқан. Медальонның айналасында «ПАЙДА, ҚҰРМЕТ, ДАҢҚ» орденінің ұраны бар қызыл эмальданған жазу бар.
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Шишпир (* šyšpyr; 655 ж. қайтыс болды) — 642—655 жылдары соғдының 1-ші белгілі ихшиді. Бұл атау «Сенім таратушы» деп аударылған (ежелгі дәуірде жаулаушы терминімен бірдей), сондықтан Шишпір тақ атауы деп болжанады. Қытай деректерінде Куэ-мужи және Шәшеби, Тайшепи деп аталады.
## Өмірбаяны
Ол 567 жылдан бері Түрік қағанатының вассалы болған Кеш «кінездігінің» афшиндер (билеушілер) әулетінен шыққан. Кеште оның билікке келген күні белгісіз. Шишпір Соғдиананың жетекші қаласы ретінде Кештің беделін одан әрі нығайтып, Батыс түрік қағаны Тун-Ябғудың қызына үйленді.
642 жылы қағанаттағы билік үшін күресті пайдаланып, Самарқанды басып алды. Мүмкін бұл бейбіт жолмен болған шығар, өйткені Шишпір әйелі арқылы Самарқанд афшинінің туысы болған. Ол бұл қаланы мемлекеттің астанасына айналдырды. Ол арабша Малик деген атаққа сәйкес ихшид атағын алды. Сондай-ақ Пандж, Маймург, Иштихан, Кушания, Нахшаб «кінездіктерін» басып алып, автономиясын сақтап қалды.
Бір жағынан түріктердің әлсіреуі Соғдының тәуелсіздігін арттыруға ықпал етсе, екінші жағынан ішкі әлсіздік қауіп төндірді. Қытай үлгісі бойынша өзінің мыс теңгелерін соға бастады. Теңге сарайлары Самарқанд пен Кеште орналасты.
654 жылы биліктің соңында Маймурғ қаласына арабтар шабуыл жасады. Шишпир 655 жылы қайтыс болды. Оның орнына ұлы Вархуман отырды.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Смирнова О. И., Соғды монеталарының жиынтық каталогы, М., 1981 ж.
* Bosworth, C. E. (1986), Ихшид, Ислам энциклопедиясы, Жаңа басылым, III том: H-Iram, Leiden and New York: BRILL, p. 1060, ISBN 90-04-08118-6 |
Кетмонов Хотамжон Абдурахмонович (өзб. Ketmonov Xotamjon Abduraxmonovich; 1969 жылы 22 мамырда туған, Өзбек КСР, КСРО) — Өзбекстандағы саяси қайраткер, Өзбекстан Халық Демократиялық партиясының төрағасы.
## Өмірбаяны
1969 жылы Әндіжан облысының Балықшы ауданында дүниеге келген.
1993 жылы Әндіжан мемлекеттік педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Х.А.Кетмонов еңбек жолын Ферғана облысы Ташлақ ауданындағы №28 мектепте мұғалім болып бастаған. 1995—2004 жылдары Ферғана облысы халыққа білім беру басқармасының бас маманы, бөлім меңгерушісі, орынбасары, 2004—2013 жылдары Әндіжан облысы әкімінің қоғаммен байланыс және дін істері жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. ұйымдар.
2013 жылдан осы уақытқа дейін Х.А.Кетмонов Өзбекстан Халық Демократиялық партиясы Орталық Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
2014 жылғы 21 желтоқсандағы сайлау қорытындысы бойынша Х.А.Кетмонов №11 Боз сайлау округі бойынша Өзбекстан Республикасы Олий Мәжлісінің Заң шығару палатасының депутаты болып сайланды. 2015 жылдың қаңтар айынан бастап ол сонымен бірге. ХДП фракциясының жетекшісі, Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Заң шығару палатасы спикерінің орынбасары болды.
2016 жылдың 17 қыркүйегінде оны ХДП Орталық кеңесі 2016 жылдың 4 желтоқсанында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауда Өзбекстан президенті лауазымына кандидат етіп ұсынды.
Өзбекстан Халық Демократиялық партиясының мүшесі. 2015 жылғы президенттік сайлауда ол өз партиясынан үміткер.
## Жеке өмірі
Үйленген. Үш баласы бар.
## Марапаттары
* «Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 15 жылдығы» төс белгісі (2006)
* «Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы» төс белгісі (2011)
* «Мехнат Шухрати» ордені (2018 ж.)
## Дереккөздер |
Қазақ хандығы — Парсы елі қатынастары — Қазақ хандығы мен Парсы елі арасындағы қатынастар.
## Қызылбас мемлекеті
Тарихи әдебиеттерде Қазақ хандығы мен Қызылбас (Сефевид) мемлекеті арасындағы алғашқы тікелей байланыс XVІ-XVІІ ғғ. немесе тіпті XVІІІ ғ. орын алған деген пікір қалыптасқан. Алайда, ортағасырлық тарихи еңбектерде бұл мемлекеттердің алғашқы қарым-қатынасы XVІ ғ. бас кезіне сәйкес келетіні туралы деректер бар. Ондай мәліметтер «Алам ара-йи Сефеви» (Әлемді арайландырушы Сефевидтер [әулеті тарихы]) атты авторы белгісіз шығармада кездеседі. Қазақ-қызылбас қарым-қатынасы туралы мәліметтер төл тарихнамада тұңғыш рет келтіріліп отырғандықтан, ең әуелі осы еңбек туралы бірер сөз айту қажет. Бұрынғы кеңестік мемлекеттердің шығыс қолжазбалары қоймаларында «Алам ара-йи Сефеви» нұсқалары әзірге кездескен жоқ. Шетелдерде бұл еңбектің қолжазбасының әртүрлі атпен белгілі бірнеше нұсқасы бар. Бізге жеткен шығарма қолжазбаларының ең ерте нұсқаларының бірі «Тарих-и шах Исмаил» деп аталады (21 миниатюрасы бар 307 парақ). Ол Ұлыбританияда сақтаулы. 1971 ж. «Алам ара-йи Сефеви» шығармасы иран зерттеушісі Я. Шокри тарапынан екі нұсқа негізінде жарияланды. Сол жылы Тегеранда осы шығарманың басқа нұсқасын М. Сахеб «Алам ара-йи шах Исмаил» деген атпен жарыққа шығарды.
## Қолжазбалар
Қазақстандық тарихшылар Қазақ хандарының Персияға сапары туралы бұрын белгісіз құжаттар мен қолжазбаларды тапты.
Соңғы жылдары Қазақ хандығының тарихына қатысы бар құжаттарды жинау бойынша ғылыми экспедициялар жанданды. "Тарих ағымындағы Халық" бағдарламасы бойынша Иран мен Үндістанның ғылыми қорларына ғылыми археографиялық экспедиция жасалды.
Шығыстану институтының ғылыми қызметкері Ғалия Қамбарбекова құжаттарды жинау бойынша осындай ғылыми экспедициялардың біріне қатысты.Бұл бағдарламаға қатысушы Тегеран университетінің Орталық кітапханасында жұмыс істеді және жалпы парсы тілінде бұрын зерттелмеген және аз зерттелген 30-дан астам қолжазбаны анықтады. Бұл қолжазбалар мұсылман әулеттерінің жалпы тарихына арналған тарихи жазбалардан, Шығыстың белгілі бір билеушілерінің (XIII-XVII ғасырлар) өмірбаяндары мен жорықтарының сипаттамаларынан, сондай-ақ XVI-XVII ғасырлардағы Иран шахиншахтарының сарай хаттамаларының жинақтарынан тұрады.
Бұл қолжазбаларда Орталық Азияның түркі тайпалары және Қасым-хан, Таваккуль-хан, Есіл хан, Жақанғыр хан (Салқам Жәңгір), Тәуке хан және Жалаңтөс Бахадур сияқты қазақ хандары туралы құнды мәліметтер бар.
"Силсилат ас-салатин" эссесінде Дешті және Қыпшақтың алып жатқан аумағы туралы мәліметтер табылды. Осы дереккөзге сүйенсек, Дешт - и Қыпшақ солтүстіктен оңтүстікке қарай 600 фарсахқа дейін созылып, шығыстан батысқа қарай 1000-ға жуық фарсахты қамтыды (әр фарсах 6 км-ден асады). Бұл Дешті және Қыпшақтың аумағы қазіргі Қазақстанның аумағынан үлкен болғанын білдіреді.
"Тарих-и Сафавия", "Тарих-и Шах Исмаил" және "Тарих-и алам ара-и шах Исмаил" қолжазбаларында Қасым ханның ставкасы туралы мәліметтер бар. Иран тарихшылары Қасым ханның ставкасы Иран шахының ставкасынан алты ай ішінде еңсеруге болатын қашықтықта орналасқанын жазды, Сол жерде қазақтар сунниттік мұсылмандар деп айтылады. Сонымен қатар, Қасым ханның сыртқы келбетінің нақты сипаттамасы бар, ол Шах тағында отырды, онда гепардтар мен арыстандар бейнеленген, ол өзінің ұлы атасы Шыңғыс хан сияқты киінген, тіпті оған ұқсайтын.
Мұсылман дипломатиясы туралы табылған қолжазбалар да құнды құжаттар болып табылады. Өйткені, қазақ сұлтандары мен хандары көрші мемлекеттердің билеушілерімен дипломатиялық хат алмасуды жүргізгені бұрыннан белгілі,бірақ бұл ғылыми экспедиция барысында жазбаша дереккөздер негізінде дәлелденген. Бұл экспедицияның маңызды нәтижесі қазақ хандарының анықталған дипломатиялық хат-хабарлары болып табылады, мысалы: ирандық шах Аббас II-нің қазақ ханы Тәукеге (1660-1661) жауап хаты, сондай-ақ Қоқан билеушісі Абдурахим бии Тәуке-ханға (шамамен 1716-1717) жауап хаты.
## Дереккөздер |
Кетмонов Хотамжон Абдурахмонович (өзб. Ketmonov Xotamjon Abduraxmonovich; 1969 жылы 22 мамырда туған, Өзбек КСР, КСРО) — Өзбекстандағы саяси қайраткер, Өзбекстан Халық Демократиялық партиясының төрағасы.
## Өмірбаяны
1969 жылы Әндіжан облысының Балықшы ауданында дүниеге келген.
1993 жылы Әндіжан мемлекеттік педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Х.А.Кетмонов еңбек жолын Ферғана облысы Ташлақ ауданындағы №28 мектепте мұғалім болып бастаған. 1995—2004 жылдары Ферғана облысы халыққа білім беру басқармасының бас маманы, бөлім меңгерушісі, орынбасары, 2004—2013 жылдары Әндіжан облысы әкімінің қоғаммен байланыс және дін істері жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. ұйымдар.
2013 жылдан осы уақытқа дейін Х.А.Кетмонов Өзбекстан Халық Демократиялық партиясы Орталық Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
2014 жылғы 21 желтоқсандағы сайлау қорытындысы бойынша Х.А.Кетмонов №11 Боз сайлау округі бойынша Өзбекстан Республикасы Олий Мәжлісінің Заң шығару палатасының депутаты болып сайланды. 2015 жылдың қаңтар айынан бастап ол сонымен бірге. ХДП фракциясының жетекшісі, Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Заң шығару палатасы спикерінің орынбасары болды.
2016 жылдың 17 қыркүйегінде оны ХДП Орталық кеңесі 2016 жылдың 4 желтоқсанында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауда Өзбекстан президенті лауазымына кандидат етіп ұсынды.
Өзбекстан Халық Демократиялық партиясының мүшесі. 2015 жылғы президенттік сайлауда ол өз партиясынан үміткер.
## Жеке өмірі
Үйленген. Үш баласы бар.
## Марапаттары
* «Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 15 жылдығы» төс белгісі (2006)
* «Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы» төс белгісі (2011)
* «Мехнат Шухрати» ордені (2018 ж.)
## Дереккөздер |
Қазақ хандығы — Қырым хандығы қатынастары — Қазақ хандығы мен Қырым хандығының дипломатиялық қатынастары. Орыс деректерінде және қазақтың тарихи жырларында 1519 жылы Қазақ хандығы Еділдің сол жағалауындағы өңірлерге де билік жүргізгендігі, Еділ-Жайық аралығы қазақ тайпаларының көшіп-қонатын жеріне айналғандығы айтылады. Осы кездерде Қырым, Астрахан хандықтарымен қарым-қатынастар орнаған.
## Қасым хан дипломатиясы
XVI ғасырдың 20-шы жылдарына таман Қасым хан басқарып отырған Қазақ хандығы батыс бағытта да нәтижелі сыртқы саясат жүргізеді. Орыс тіліндегі дерек мәліметтерінде және қазақ халқының тарихи жырларында 1519 жылы Қазақ хандығы Еділдің сол жағалауындағы өңірлерге де билігін таратқандығы, Еділ-Жайық аралығы қазақ тайпаларының көшіп-қонатын жеріне айналғандығы туралы айтылады. Осы кездерде Қазақ хандығы Қырым, Астрахан хандықтарымен қарым-қатынастар орнатады. Қасым хан Сарайшық қаласын саяси орталық етеді. Осылайша, Қазақ хандығы XVI ғасырдың бірінші ширегінде Қасым ханның билігі тұсында бұрынғы Жошы және Шағатай ұлыстары аумағындағы ең күшті мемлекетке айналады. Қазақ хандығының күшеюі барысындағы Қасым ханның рөлін сол кездегі тарихшылардың өздері де түсініп, ол туралы әртүрлі мәліметтер береді.
XVI ғасырдың 20-шы жылдарында Қазақ хандығы батыста Астрахань хандығымен шектесіп, Қырым хандығына елшіліктер жібереді. Бұрынғы Жошы ұлысының аумағында Қазақ хандығының күшеюі, Алтын Орда езгісінен енді-енді құтылған, бірақ оның салдары әлі де болса Мәскеу билеушілерінің жадында сақталғандықтан өте қорқынышты еді. Сондықтан да Мәскеуде Қасым хан туралы, Қазақ хандығы және қазақтар туралы мәліметтер арнайы жинақтала бастаса керек.
## Хақназар хан дипломатиясы
Ал 1570 жылы тамыз айында Қырымдағы Мәскеу елшісі Афанасий Нагой Жем мен Жайық өзендері аралығында көшіп-қонып жүрген Шейх-Мамай ұрпақтарына Хақназар ханның келесі жорығын ұйымдастырғанын баяндайды: «А сказывали деи царю, что Казатцкие Орды Акназар царь ногайских мурз Шихмамаевых детей побил...». 1570 жылдары қазақ-ноғай қарым-қатынасы одан әрі шиеленісе түседі. Әскери әрекеттермен қатар, дипломатия да іске кірісіп кетеді. Ноғай биі Дін-Ахмедтің Қырым ханы мен орыс патшасына жіберген елшілерінің хабарламаларынан және алынған жауаптардан Хақназар ханға қатысты мынадай мәліметтерді көреміз: Ноғайларға қарсы күрес барысында Хақназар хан Қырым хандығымен байланыс орнатады. Бұл жағдай Дін-Ахмед биге жетеді де, ол Қырым ханына мынадай сипатта хат жібереді. Хақназар хан «Сарайшықты менің жерім деп отыр, ертең ол Сарайшықты алғаннан кейін, одан әрі Қырымды да алмақ ойы бар». Осы хат арқылы Дін-Ахмед би Ноғай Ордасына қарсы Қырым хандығы мен Қазақ хандығы арасында қалыптаса бастаған одақты болдырмауға тырысқаны анық байқалады. 1577 жылдың сәуірінде Қазы мырзаның Қырым ханына жазған хатында қазақтардың Сарайшықты алғаны жөнінде айтылады.
Қазақ-ноғай қатынасы барысында Хақназар хан Қырым ханымен байланысқа түссе, Сібір хандығымен қатынастың шиеленіскен кезінде Хақназардың Мәскеумен жақындаса бастағаны байқалады. Мәскеу үшін де өз кезегінде бұрынғы Алтын Орда аумағындағы саяси күштер арасында сенімді одақтас қажет болатын. 1560-1570 жылдары Мәскеудің басты қарсыласы Қырым хандығы да, сенімді одақтасы Ноғай Ордасы болса, Сібір хандығының осы жылдары алтынордалық кеңістікте жаңа саяси ойыншы ретінде көрініп, Мәскеуге жаулық ниетте болуы, соңғысына жаңа одақтас іздеуге мәжбүрлейді.
## Тәуке ханның дипломатиясы
Тәуке ханның дипломатиялық қарым-қатынастары тарихи шығармаларда, тарихи жазбаларда, ғылыми зерттеулерде ерекше мән берілген, әлі де тарихшыларымыз тарапынан зерделеніп, түрлі дереккөздерден іздестірілуде. Қазақ хандығының халықаралық қатынастары тарихи дереккөздер негізінде XVI–XVIII ғасыр басындағы Мәскеу (Орыс) мемлекетімен, Қырым хандығы, Осман империясы Сефевид (Қызылбас) мемлекеті, Ұлы Моғолдар империясы, Моғұл мемлекеті және Орта Азиядағы Шибан әулеті мен Аштархан әулеті мемлекеттері тәрізді мемлекеттер және халықтармен қарым-қатынастары туралы мәліметтерге назар аударған тарихшылар XVII ғасырдың екінші жартысында орын алған Қазақ хандығы мен Сефевид мемлекеті дипломатиялық қатынастары жазбаларының Тәукемен де байланыстылығы барын алға тартады.
## Дереккөздер |
Мүслім Мұхаммедұлы Магомаев (әз. Müslüm Məhəmməd oğlu Maqomayev; 17 тамыз 1942 жыл, Баку, Әзірбайжан КСР – 25 қазан 2008 жыл, Мәскеу, Ресей) — Кеңес Одағының, Әзірбайжанның және Ресейдің опера және эстрада әншісі (баритон), КСРО Халық әртісі (1973).
## Өмірбаян
Мүслім Магомаев 1942 жылы тамыздың 17-сінде Әзірбайжанның астанасы - Баку қаласында дүниеге келген.
Әкесі Магомет Мүслімұлы Магомаев театрда суретші болып жұмыс істеген, Ұлы отан соғысының қатысушысы, 1945 жылы мамыр айында, Жеңіс күніне 2 күн қалғанда қаза тапқан.
Анасы - Айшет Магомаева (тұрмысқа шыққаннан дейін — Кинжалова), драматикалық театрының әртісі. Атасы— Мүслім Магомаев, атақты әзірбайжанский сазгер, Әзірбайжан филармониясы оның атында. Әжесі Байдигуль — татар еді.
Баку консерваторияның музыкалық мектебінде оқыған. 1968 жылында Әзірбайжан консерваториясын бітірген .
1962 жылы Кремлдегі Съезд сарайында әзірбайжан өнер фестивалінің соңғы күнінде концертке қатысып, бүкіл Кеңес одағына әйгілі болып кетті. 1963 жылы қарашаның 10-ында Чайковский атындағы концерт залында Мүслім Магомаевтың алғашқы концерты өтті.
Әзірбайжан опера және балет театрының опера әншісі болып істеді. Соңымен қатар бүкіл Кеңес одағын аралып эстрадада ән айтқушы еді.
1969 жылы Сопотадағы фестивалінде I-ші жүлдесін алады, ал Канныда — «Алтын күйтабағын» алады.
1973 жылы КСРО халық әртісі деген атағының иесі болып кетті.
«Низами», «Поёт Муслим Магомаев» және «Москва в нотах» деген филмдерінде түсті. 20-дан астам әндерін авторы, филмдерге музыкасын жазған..
Әйелі — Тамара Ильинична Синявская, әнші, КСРО халық әртісі. Бірінші әйелінен — Марина деген қызы бар.
1997 жылы оның есіміне (4980 Magomaev) деп Күн жүйесінің астероидтарының бірі аталған еді, бұл астероид 1974 SP1 коды ретінде белгілі.
Соңғы жылдары Мәскеуде өмір сүрді. 2008 жылы қазанның 25-інде дүниеден қайтты. |
Қазақ хандығы — Ресей мемлекеті қатынастары — Қазақ хандығының Ресей империясымен, Орыс патшалығымен қарым-қатынастары.
## Дипломатия
Қазақ хандығы билеушілерінің Ресей мемлекетімен дипломатиялық байланыстарының негізгі мақсаты тату көршілік қатынастарды орнату және дамыту болды. Дипломатиялық комиссиялардың алдына негізінен сауданы дамытуға немесе әскери одақтар құруға бағытталған нақты, практикалық міндеттер қойылды.
Қазақ хандығы мен Мәскеу (орыс) мемлекетінің дипломатиялық байланыстарының болу фактісі екі мемлекеттің — қазақ пен орыс арасындағы тең құқылы әріптестік туралы Куәлігімен ерекшеленеді. Сол кездегі орыс тарихи деректерінде қазақ дипломаттарына қатысты "Елші" термині қолданылады.
Патша соты мен елшілік қызметі дипломатиялық келіссөздердің деңгейін өте мұқият бақылағаны белгілі. Мысалы, 1532 жылы олар Үндістандағы Моғол империясының негізін қалаушы Захир-ад-дин Бабурдың елшілеріне тең дипломатиялық қатынастар орнатудан бас тартты. Бас тарту Мәскеудің Үндістандағы Бабур билігінің заңдылығына күмәндануынан туындады.
Ресейлік зерттеуші, ортағасырлық құқық тарихы бойынша маман Р. Ю. Почекаев XVI — XVII ғасырларда қазақ және орыс мемлекеттерінің билеушілері алмасқан грамоталар (шерттік грамоталар-шартнама) халықаралық—құқықтық сипаттағы актілер мәртебесіне ие болғанын, олар ерік білдіру еркіндігіне ие болған халықаралық құқықтың дербес субъектілері арасында жасалғанын атап өтті.
## Тахир хан
Тахир ханның кезінде сыртқы саясатта ең үлкен тарихи оқиғалар болды. Тарихи шежірелерге сәйкес 1573 жылы Қазақ хандығына орыс елшілігін бірінші болып үшінші Чебуков басқарған. Ресей архивтерінде сақталған мәліметтерге сәйкес, Ресей үкіметінің елшіге берген тапсырмасында: "Қазақ хандығындағы саяси-экономикалық жағдайды егжей-тегжейлі зерделеу, оның Орта Азия хандықтарымен қандай байланыста екенін білу, сондай-ақ қазақ даласындағы әскери жағдайға назар аудару" делінген.
## Тәуекел хан
Шығай ханның орнын басқан Тәуекел (1586-1598) кезінде Ресей империясы мен Қазақ хандығы арасындағы дипломатиялық қатынастар күшейе түсті. Ресейдің мақсаты-Қазақ хандығымен одақтасып, Сібір Кучум ханымен күресу, осы одақтасты пайдалану және Орта Азия хандарымен келіссөздер жүргізу. Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін белсенді күрес жүргізді. Алғаш рет 1594 жылы ол Ресеймен достық қарым-қатынас орнату, онымен әскери одақ құру және сауда мәселелерін шешу мақсатында Құл Мұхаммед бастаған қазақ елшілігін Мәскеуге жіберді. Бұл екіжақты саяси қатынастардың нығаюына әкелді.
## Тәуке хан
Жәңгір ханның ұлы Тәуке ханның (1680-1718) тұсында Қазақ хандығының бірлігі едәуір нығайды. Сол кезде қазақ жүздерін басқаруды реттеу мәселелерінде Төле-би, Әйтеке-би және Қазыбек-би үлкен рөл атқарды. Қазыбек би Ресей, Бұхара және Хива арасындағы мемлекетаралық мәселелерді шешуге қатысты, бейбітшілік пен достықты жақтады, елдерді жақындастырды. Сондықтан, тарихшының пікірінше, оны елшілік қызметін мінсіз атқарған алғашқы қазақ дипломаттарының бірі деп атауға болады.
## Әбілхайыр хан
XVIII ғасырдың басында Орталық Азиядағы Халықаралық қатынастар жүйесі айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.
1731 жылы хан ставкасы орналасқан Майтөбе қаласында Әбілқайырдың Ресей елшісімен тарихи маңызды кездесуі өтті
К.М. Тевкелев Қазақ хандығының Ресей империясының құрамына кіруі туралы келіссөздер жүргізді.
Сол жылы Әбілқайыр хан Ресей империясына адал болуға ант береді. Бұл ант 1738, 1740, 1742 жылдары қайталанды.
Амангелді Әлімбаев ант қабылдап, Әбілқайыр хан Ресеймен бейбіт өмір сүруді, башқұрттар мен Еділ қалмақтарының қазақ жеріне басып кіруін тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғарлар басып алған жерлер мен қалаларды қайтаруды көздеді.
## Дереккөздер |
Қазақстан футзал қауымдастығы (KFA, ағылш. Kazakhstan Futsal Association) — Қазақстандағы футзалдан ұлттық біріншіліктер мен чемпионаттарды ұйымдастыру және өткізумен айналысатын коммерциялық емес ұйым. Қауымдастық Қазақстан футбол федерациясымен арадағы келісім-шарт негізінде футзалдан жоғарғы лига ойындары мен Футзалдан Қазақстан кубогы ойындарын өткізеді.
## Тарихы
2022 жылы төрт жыл өткеннен кейін Қазақстан футзал қауымдастығының жұмысы қайта басталды. Оның басшысы болып педагог, Алматы мемлекеттік энергетика және электр технологиялары колледжінің директоры Төлеуғали Тайтөлеев тағайындалды. Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) мен Футзал қауымдастығы арасында келісімшарт жасалып, оған сәйкес ҚФФ Қазақстан чемпионатын, Кубогын және Суперкубогын өткізу өкілетін береді.
2023 жылы Қазақстан футзал ассоциациясының жаңа президенті сайланды. Қауымдастықтың жаңа басшысы болып Талғат Қосмұхамбетов сайланды. Сонымен қатар журналист Нұрсұлтан Құрманов та қауымдастықтың медиа мәселелер бойынша вице-президенті қызметіне тағайындалды.
## Құрылымы
2022 жылдың күзінде Қауымдастық президенті болып Төлеуғали Тайтөлеев сайланды.
2023 жылдың шілдесінде Қауымдастық президенті болып Талғат Қосмұхамбетов сайланды.
2024 жылы Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Талғат Қосмұхамбетов ҚФФ атқарушы комитетіне сайланды.
## Деректер
### Футзалдан 2024 жылғы Әлем чемпионаты
Қазақстан Ұлттық құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатында D тобында ойнайды. Бұл топта Қазақстан құрамасымен бірге Жаңа Зеландия, Ливия, Испания құрамалары ойнайды.
### U19 футзалдан 2025 жылғы Еуропа чемпионаты
Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан футзал қауымдастығымен бірлесіп 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында футзалдан 2025 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін өткізуге өтініш берді.
Еуропа чемпионатын қабылдайтын ел туралы шешім 2024 жылдың қыркүйегінде УЕФА Атқару Комитетінің отырысында қабылданады. Өтініш қабылданған жағдайда турнир Астанада өтеді, ал Қазақстан жасөспірімдер құрамасы автоматты түрде Еуро-2025 финалдық кезеңінің қатысушысы болады. 19 жасқа дейінгі футзалдан Еуропа чемпионаты 2025 жылдың қыркүйегінде өтеді.
### Футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионаты
### Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы
2023-24
2024-25
Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті. Қазақстандық «Семей» мен «Қайрат» клубтары португалияның «Спортинг» және венгриялық «Халадаi» клубтарымен бірге бір топқа енді. Матчтар 2024 жылдың 22-27 қазаны аралығында Алматыда өтеді.
## Ұйымдастыратын жарыстары
* Футзалдан Қазақстан чемпионаты
* Футзалдан Қазақстан кубогы
* Футзалдан Қазақстан U-19 біріншілігі
* Футзалдан Қазақстан U-17 біріншілігі
* Футзалдан Қазақстан U-15 біріншілігі
* Футзалдан Қазақстан U-13 біріншілігі
## Ұлттық құрама командалары
* Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы
* Футзалдан Қазақстан U-19 ұлттық құрамасы
## Дереккөздер |
«Аманат» (ағылш. Legacies) — Джули Плек әзірлеген американдық телехикая. Бірінші маусымның премьерасы 2018 жылы 25 қазанда өтті . Бірінші маусым 16 бөлімнен тұрады. Бұл Аларик Зальцман мен Кэролайн Форбс жетекшілік ететін алпауыт күші бар балаларға - вампирлерге, құбылғыштарға және мыстандарға арналған Сальваторе мектебінің түлектері туралы әңгімелейтін, «Ежелгілер» шоуының спин-оффы.
2019 жылдың 31 қаңтарында The CW арнасы сериалды 20 эпизодтан тұратын екінші маусымға ұзартты. Екінші маусымның премьерасы 2019 жылдың 10 қазанында өтті . 2020 жылдың наурыз айында өндіріс COVID-19 пандемиясына байланысты тоқтатылды . 2020 жылдың 26 наурызында сол күні кешке шыққан 16-шы эпизод көктемгі финалға айналады деп жарияланды, өйткені топ пандемияға дейін жарияланған 20 эпизодтың 16-сын ғана түсіре алды. Түсірілім тобы түсірілім 2020 жылдың күзінде жалғасады, ал қалған 4 эпизод кейінге қалдырылады және 3 маусымда (2021 жылдың қаңтарында) көрсетіледі деген шешімге келді.
2020 жылдың қаңтарында The CW арнасы сериялды үшінші маусымға ұзартты, оның премьерасы 2021 жылдың қаңтарында болды. 2021 жылдың ақпанында The CW серияны төртінші маусымға ұзартты . Төртінші маусымның премьерасы 2021 жылдың 14 қазанында өтті . 2022 жылдың 12 мамырында CW төрт маусымнан кейін телехикаяны жауып тастады .
## Сюжет
Сериалдағы оқиғалар «Ежелгілер» сериясының соңғы эпизодындағы оқиғалардан бірнеше жыл өткен соң орын алады. Сериал ежелгі будан Клаус Микаэлсон мен қасқырлар тобының жетекшісі Хейли Маршаллдың қызы - Хоуп (Үміт) Майклсонның (Дэниель Роуз Рассел) болашақ өмірін баяндайды. Ол директор Аларик Зальцманның (Меттью Девис) жетекшілігімен үлкен күштерге ие балаларға арналған Сальваторе мектеп-интернатында оқиды. Мектепте Хоуппен бірге егіз сиқыршылар Лиззи (Дженни Бойд) және Джози Сальцман (Кайли Брайант), вампир Милтон "МГ" Гриззли (Квинси Фоуз ) және қасқыр Рафаэль Уэйт (Пейтон Алекс Смит) бар. Мектеп оқушылары үшін басты ереже – жергілікті тұрғындардың ешқайсысы мектеп қабырғасында жасырылған құпияларды білмеуі керек, бірақ қасқыр Рафаэль алғаш рет қасқырға айналған күні оның туған інісі куә болды. Ландон Кирби (Ария Шахгасеми), мектеп қауіпсіздігіне қауіп төнді.
## Шығармашылық топ
### Актерлер
= Маусымдағы басты рөл = Маусымдағы кішігірім рөл = Маусымдағы қонақ рөлі = Көрінбейді
### Екінші дәрежелі каст
## Маусымдарға шолу
## Дереккөздер |
Зироатхан Махмудқызы Хошимова – Өзбекстанның бірінші ханымы.
## Өмірбаяны
1957 жылы 4 желтоқсанда Ферғана аңғарыдағы Қоқан қаласында дүниеге келген. Әкесі Махмуджон Хашимов Ферғана аңғарының бай шенеуніктерінің бірі болған және Қокандағы Орта Азия темір жолын қамтамасыз ету басқармасын басқарған.. Зироатханның өзі Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтында оқиды, бірінші әйелімен сол жерде танысады. Зироатхон Мирзиееваның анасы туралы нақты мәлімет жоқ, жақындары оны Ойхон деп атаған Кейбір деректерде Зироатхонның отбасы мүшелері оның үйленуіне қарсы болған. Оның инженер-экономист біліктілігі бар.
## Бірінші ханым
Өзбекстанның қазіргі президенті әрі бұрынғы премьер-министрі Шавкат Мирзиёевке үйленеді. Ислам Кәрімов кезінде Шавкат Мирзиеев премьер-министр болып тұрғанда мемлекеттік телеарналарға шықпай, көпшілік алдына шығудан аулақ болған. Күйеуі президент болып тағайындалғаннан кейін ол онымен бірге Қырғызстан, Қытай, Оңтүстік Корея, АҚШ және Түркия сияқты бірқатар шетелдік сапарларда болды.
### Қоғамдық жұмыстары
«Замин» халықаралық қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы. Қор атынан онлайн сөйлеген сөздерінің бірінде ол мүгедектік «енді медициналық мәселе емес, адам құқығы мәселесі» деп мәлімдеді.
## Дереккөздер |
«Міржақып. Оян, Қазақ» — Міржақып Дулатұлы туралы түсірілген тарихи, көркем фильм. Фильм Қазақстан ұлттық телеарнасының тапсырысымен түсірілген 6 бөлімнен тұратын сериалдың ықшамдалған нұсқасы ретінде дайындалды.
Фильм 2023 жылдың қыркүйегінде қазақстандық прокатқа шықты. Тарихи туындының түсірілім жұмыстары Алматы облысында, Алматы қаласында, Міржақыптың туған жері Қостанай облысында өтті.
Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылады. Міржақыптың «Оян, қазақ!» кітабының жарыққа шығуы, «Бақытсыз Жамал» романының жазылуы, революциядан кейінгі жылдардағы, ашаршылық кезіндегі қоғамдық -саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы жылдары және жан жары Ғайнижамалмен махаббат хикаясы баяндалады.
Фильмнің қоюшы режиссері — Мұрат Есжан, продюсері — Айсауле Әбілда, сценариін жазғандар — Мұрат Есжан, Ұларбек Нұрғалымұлы, алаштанушы ғалым Ұшқын Сәйдірахман. Басты рольді Астана қаласы Жастар театрының актері Бақыт Қажыбаев сомдайды.
## Тарихы
Фильм 2022 жылы Қазақстан ұлттық телеарнасының тапсырысы бойынша 6 сериядан тұратын телехикая ретінде түсірілді және арна эфирінен көрсетілді. Фильмді түсіруге 8 ай уақыт жұмсалды. Деректерді іздеу және сценаридің алғашқы нұсқасын дайындауға 3 ай, дайындыққа 2 ай, таза түсірілімге 1,5 ай, монтажға 1,5 ай уақыт кетті.
Актерлерге қойылған талаптардың ішінде таңдағалы жатқан актердің болмысы ойнағалы жатқан кейіпкердің болмысымен үндесу басты критерий болды. Сонымен қатар қазақы үн. Тарихи кейіпкерлердің жас шамасы пропорциясының сақталуы. Фильмнің негізгі бөлігі Алматы қаласында түсірілді. Сонымен қатар Торғай жерінде, әйгілі Қызбелдің бауыры, Қоңыраулының жағасында түсірілім жасалды.
Түсірілім 55 локацияда өткен. Кинода «Оян, қазақ» кітабының оригиналына ұқсатып 1000 данасы жасалды.
2023 жылдың 23 казан күні кәсіпкер Сырымбек Тау фильмнің режиссері Мұрат Есжанға «ел жанашырына алғыс ретінде» деген ұстаныммен көлік сыйлады.
### Кинотеатрдағы прокат
Фильм 2023 жылғы 21 қыркүйек күні прокатқа шығып, екі апта кинотеатрларда көрсетілді. Прокат негізінен Kinopark пен Kinoplexx желісінде көрсетілді. Компанияның PR-директоры Ерлан Бұхарбаевтың айтуынша, халық тарапынан сұраныс жоғары болғанын, бірақ «Қазақстан» телерадиокорпорациясы аяқ астынан прокатты тоқтатуға шешім қабылдағанын жеткізді. Олар сұраныс жоғары екенін көріп, фильмді телеарнадан көрсетеміз деп шешті. Құқық иесінен келген тиісті хаттың да бар екенін ескертті. Фильм кинотеатрларда көрсетілуі 4 қазаннан бастап күрт аяқталған кезде халық кинотеатрда билет таба алмай, әлеуметтік желіде өз наразылықтарын айтты. Мұрат Есжан осы жағдайға қатысты берген сұхбатында фильмнің кинопрокаты 2 аптаға ғана жоспарланғанын және басқа себептің жоқ екенін хабарлады. Кейін Qazaqstan телерадиокомнаиясы фильмнің прокаты қосымша бір аптаға созылатынын хабарлады. Кинокөрсетілімде аншлаг болып, залдар толды. Қазақтан телеарнасының хабарлауынша фильмді 15 күнде 140 000 адам қараған. Прокатқа қатысты жағдайға Қазақстанның Ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева да пікір білдірді. Оның хабарлауынша әр фильмнің прокат кестесі болатындығы және онлайн форматта жарияланған сериалдың қаралымын ескере отырып, фильмге мұндай сұраныстың болатынын жоспарламағандарын айтты.
Прокатқа шыққан фильмнің танымалдығына ТикТоктағы жарнама әсер еткен деген пікір жиі айтылды. Youtube-ке орналастырылған фильмнің сериал нұсқасы үлкен сұранысқа ие болмады. Бірінші серияны 2,2 млн адам қараса, екінші сериясын 762 мың, ал 6-шы сериясын 265 мың адам қараған.
Тикетон сайтында 2023 жылдың 12-15 қазаны аралығында кинотеатрларда көрсетілген фильмдердің кассалық түсімі туралы деректер жарияланды. «Оян, Қазақ» фильмі 3 күнде 107 067 000 теңге табыс тапқан. Көрермендер қазақстандық Kino.kz сайтында фильмге 10 балдан 9,8 балл берген.
TikTok желісінде «Оян, қазақ!» фильміне дейін» атты тренд таралды. Онда жастар кинотеатрға барып, көргенге дейінгі және одан кейінгі реакциясын көрсетеді.
## Мазмұны
Фильм төрт бөлімнен тұрады.
Құпия әдебиет деп аталатын бірінші бөлімнің желісі 1911 жылы Қызылжар мен Омбы қалаларында өтеді. Міржақып өзінің Оян, Қазақ өлеңдер жинағын жариялаған. Өлеңде айтылатын идеялар мен ойлар халық арасында кеңінен қолдау тауып жатады. Міржақып сонымен бірге қоғамдық-саяси тақырыпта жазатын "Қазақ" газетіне қажетті қаржы жинаумен айналысады. Ақынның атын пайдаланып ел арасында алаяқтықпен мал жинап жүрген адамдар да көбейеді. Міржақып осы кезеңде өзінің алғашқы романы "Бақытсыз Жамалды" жазады. Патша полициясы Міржақыпқа күдікпен қарап, шығармаларында революцияға шақырып, патша билігіне қарсылық көрсетуге үндеу бар деп бағалайды. Сондықтан қасына жансыздар мен құпия агенттерін қосады. Осындай агенттің бірі Базарбек образы керемет көрсетілген.
Екінші бөлімнің атауы — Ағыбайдық қылышы. Бұл бөлімнің мазмұны 1918 жылы яғни 1917 жылғы революциялар мен азаматтық соғыстан зардап шекеен халықтың жағдайына арналады. Бір жағынан Колчак қысса, екінші жағынан Совет өкіметі қыспаққа алған кезең. Алаш-Орда көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатов ақтар мен де, қызылдармен де келеіссөз жүргізіп елдің қауіпсіздігін және мемлекеттігін сақтау амалдарын іздейді. Федерация құрамында автономия болуды мақсат етеді. Алайда мұндай шешім екі тараптан да қолдау таппайды.
Үшінші білім — "Әке, қарным ашты" деп аталады. Бұл бөлімде 1921 жылғы Қазақ даласының өңтүстігі мен Торғай өңірінде болған аштық кезеңі қамтылады. Міржақып Ахмет Байтұрсынұлымен, Мұхтар Әуезов және Жүсіпбек Аймауытовтармен бірге аштық жайлаған аудандарға көмек көрсету комитетін басқарады. Күшіне мінген Совет өкіметімен қазақ даласындағы аштық тимеген өңірлерден аштық қатты тиген өңірге көмектесу үшін мал айдау туралы шешім шығару жолында күреседі.
Қорытынды, төртінші бөлім Қара мысық деп аталады. Бұл кезең 1929 жылдан басталып, Міржақып өміріндегі ең ауыр кезеңді қамтиды. Бұл кезеңде Міржақып тұтқындалып, Бутырка түрмесіне қамалып, Соловецк лагеріне айдалған кезеңі баяндалады. Атылуға кесілген және ату жазасы орындалып жатқан жерден тоқтату туралы шешім келіп, 9 ай бойы белгісіздік жағдайында ату жазасын күтеді.
### Кейіпкерлер
* Міржақып
* Базарбай
* Тілмаш
* Ғайнижамал
* Мұхтар
* Жүсіпбек
* Әлихан
* Ахмет
* Алагөз
Цитаталар
## Шығармашылық топ
Фильмнің негізгі идеясы мен сценариін Мұрат Есжан, Ұларбек Нұрғалымұлы және алаштанушы Ұшқын Сәйдірахман дайындады. Сценарий жазу барысында Алашты зерттеген ғалымдар да кеңес берді. Оның ішінде Тұрсын Жұртбай, Айгүл Ісмақова, Дихан Қамзабекұлы, Ербол Тілешов, Марат Әбсемет, Елдос Тоқтарбай. Жазушы Қайсар Әлім, Міржақыптың қызы Гүлнәр апайдың ұлы Ерлан мен қызы Жанат құнды мәліметпен қанықтырды.
### Түсірілім тобы
* Қоюшы-режиссер: Мұрат Есжан
* Бас продюсер: Айсәуле Әбілда
* Сценарий авторлары: Мұрат Есжан, Ұларбек Нұрғалымұлы, Ұшқын
* Сәйдірахман
* Қоюшы-оператор: Жанат Өмірәлі
* Қоюшы-суретші: Еламан Айнабеков
* Композитор: Нұрболат Қадырбаев
* Монтаж: Райымбек Аман
### Актерлер
* Бақыт Қажыбаев — Міржақып ролінде
* Зарина Кәрмен — Ғайнижамал ролінде
* Байғали Есенәлиев - Ахмет Байтұрсынұлы ролінде
* Бауыржан Қаптағай — Әлихан Бөкейханов ролінде
* Мерей Мұхтарұлы — Ахметсафа Юсупов ролінде
* Жұмағали Маханов — Тұңғаншин ролінде
* Кәусар Рысқұлбек — Гүлнар ролінде
## Пікірлер
Марат Әбсемет, тарих ғылымының докторы, филология ғылымының кандидаты, профессор, міржақыптанушы:
Фильмді түсірген жігіттер сериалды бастамас бұрын менімен сөйлесті. Жеті сағат тапжылмай тыңдады. Оларға бар жиған кітабымды, тіпті қолжазба еңбегімді де бере салдым. Көздері жанып тұрған жас жігіттерге қолдау көрсеткім келді. Қолжазба ешкімге берілмейді ғой, дегенмен «жұмыс істесін» деген ниетпен еңбегімді бердім. Менің еңбегіме сілтеме жасалмапты, дегенмен оларға тек сәттілік тілеймін. Фильмде ойдан ештеңе құрастырылмаған. Бәрі шынайы. Бар нәрсені көрсеткен. Сол үшін де керемет әсер етті. Өзім көріп отырып, бір жылап алдым. Соның басы-қасында жүрген соң ба, өмірім көз алдымнан өтті. Гүлнәр апайым тірі болғанда, осыны көріп, бір марқайып қалар еді. Рухы шат болған болар. Мен өзім дән ризамын. Алғашқы міржақыптанушы ретінде қуанышым қойныма сыймады.
Алтынбек Нұхұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты:
Бұл фильмнің қазақ халқы үшін маңызы зор. Бастапқы бөлімдерін теледидардан, кейін іссапар кезінде интернеттен көрдім. Өзіме қатты ұнады. Мұрат Есжан бастаған жігіттердің еңбегі зор. Бұған дейін мен «Абай жолы» туралы, одан кейін «Ахмет. Ұлт ұстазы» фильмдері туралы да пікірімді жазғанмын. Бұл жігіттердің жұмысы ұнады өзіме. Сценарийін жазған Ұларбек Нұрғалымның да еңбегі көрініп тұр. Бұл жігіттердің басты артықшылығы: қазақы болмысты, қазақы менталитетті, қазақы сөйлеу мәнерін қаз-қалпында қаймағын бұзбай жеткізетінінде. Жасыратыны жоқ, қазіргі фильмдердің көбі тіл қолдану жағынан ақсап тұр. Дүбәра тілмен сөйлейді. Ал мұндай таза қазақы болмысты көретін фильмдер азайып барады. Сондықтан осы фильмдердің маңызы арта түспек.
Галия Байжанова, Курсив басылымының журналисті:
''Двухчасовой байопик Мурата Есжана получился на редкость удачным, ведь обычно продукт, рассчитанный на телевизионную аудиторию в широком прокате кажется лишь скомканной версией сериала. Даже сама манера съемок у телевизионных режиссеров, и у кинорежиссеров, как правило, разная. Здесь же все наоборот, сериал снят по всем законам кино, а не ТВ, и он хоть не идеальный, но довольно органично смотрится в кинотеатре и этому поспособствовали несколько причин: во-первых, сериал состоит всего из 6 серий и, вероятно, вырезать лишнее было легче, чем из такого же проекта в 10 или 12 серий, во-вторых, к тому располагает сама форма фильма, к примеру, картина разбита на главы, некоторые из них повторяют название серий, другие же названы совсем иначе, более ярко. Например, в эпизоде, касающемся голодомора киноглава называется «Папа, я есть хочу!», есть эпизод озаглавленный как «Черная кошка».Сдержать эмоции мало кто сможет — на протяжении двух часов нам рассказывают не только о драматичной жизни писателя — с предательствами, постоянной слежкой и тюремными заключениями, но и о наших коллективных травмах: последствиях жесткой политики царской России и бездушности советской власти, в лице Голощекина устроившей нам массовый голодомор. Проект говорит о бесчисленных жертвах режима как среди обывателей, так и казахской интеллигенции, лучших представителей которой репрессировали в 1937 году. Таких фильмов сейчас намного больше, чем раньше, но далеко не каждый из них может в хорошей художественной форме донести главное — рассказать о жизни истинного казахского патриота, радеющего за независимость, сохранение языка, культуры и традиций. При этом это нескучный пересказ, а смотрибельное зрительское кино, тут найдется место и дуэлям, и шикарным балам, и свадьбе, и любви, и творчеству.''
«Qazaqstan» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Танысбай:
Бұл біз үшін тәжірибе деуге болады. Себебі фильм түсіру корпорацияның міндетіне жатпайды. Өткен жылы «Міржақып. Оян, қазақ!» сериалын шығардық. Сұраныс өте көп болды. Түсірген тарихи сериалға бірде-бір сын болған жоқ. Мұны мақтанышпен айта аламыз. Біріншіден, ол – режиссер Мұрат Есжанның жұмысы. Екіншіден, біз осы уақытқа дейін жинаған тәжірибемізді, бар күшімізді соған салдық. Сондықтан да керемет туынды шықты. Халықтың сұрайтыны, әсіресе жастарға керек фильм екенін түсінеміз. Сондықтан сол туындыны қайтадан монтаждадық, керек жерлерін қайта түсіртіп, өңдеп шығардық. Бүкіл қазақ көретін, санамыз үшін, қоғам үшін пайдалы фильм болды деп ойлаймын.
## Фильмде пайдаланылған әдебиеттер тізімі
* Гүлнәр Дулатова — «Шындық шырағы»
* Вирь Галиев — «Книга, разбудившая народ»
* Тұрсын Жұртбай — «Ұраным — Алашым…»
* Дүкенбай Досжан — «Абақты»
* Мәмбет Қойгелді — «Алаш қозғалысы»
## Қосымша қараңыз
* Режиссер Мұрат Есжанның сұхбаты (UlysMedia) (25.09.2023)
* «Оян, қазақ!» разбудил всех казахстанцев (exclusive.kz) (9.10.2023)
* Көрермен «Міржақып. Оян, қазақ» фильміне не үшін жаппай барып жатыр? Кинотанушы талдап берді
## Дереккөздер |
Қазан ауданы — 1955-1963 жж. Көкшетау облысының құрамында болған әкімшілік бірлік. Орталығы — Қазан ауылы.
## Тарихы
Қазан ауданы 1955 жылы 22 қазанда құрылып, құрамына Айыртау ауданының Каменный брод, Камышный, Қаратал, Красный, Украин; Рузаев ауданының Андреев, Үлкенкөл ауылдық кеңестері енді.
1959 жылы 1 шілдеде ауданда 8 ауылдық кеңес (Андреев, Каменный брод, Камышный, Қаратал, Красный, Новосель, Украин, Үлкенкөл) болды.
1963 жылы 2 қаңтарда Қазан ауданы таратылып, Андреев, Каменный брод, Камышный, Қаратал, Красный, Новосель, Украин ауылдық кеңестері Володар ауданына берілді.
## Сілтеме
* Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бөліну тарихы туралы анықтамалық (1936 ж. 29 шілде — 2007 ж. 1 қаңтар). — Петропавлов, 2007. — 361 б. — ISBN 978-601-7029-04-3.
## Дереккөздер |
Қазақстанның Еуропалық бөлігі немесе Қазақстанның Еуропалық аумағы немесе Еуропалық Қазақстан — географиялық жағынан Еуропаға жататын Қазақстан аумағының батыс бөлігі.
Орал таулары мен Жайық өзені бойынша Еуропа мен Азия арасындағы шекара жүргізілген жағдайда Қазақстанның еуропалық бөлігінің құрамына Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының Батыс (оң жағалау) бөліктері (Орал және Атырау облыстарының әкімшілік орталықтарын қоса алғанда) кіреді, олардың жалпы халқы 1 млн адамнан сәл аз, бұл осындай еуропалық мемлекеттердің халқынан көп Исландия мен Черногория сияқты. Алайда, географтар көбінесе Орал таулары мен Мұғалжардың шығыс жағында, Ембі өзенінде және Каспий теңізінің солтүстік жағалауында шекара өткізеді.
## География
Аумағы шамамен 148 000 км2, бұл Қазақстанды Еуропадағы аумақ бойынша 14-ші орынға қояды (кеңестік жіктеу бойынша 381 567 км2 және 7-ші орын). Қазақстанның Еуропалық бөлігі негізінен Каспий маңы ойпатында және жалпы сыртта орналасқан. Батыс және солтүстік жағынан Ресей Федерациясының аумағымен шектелген, шығыс жағынан Жайық өзенімен, оңтүстігінен Каспий теңізімен және Еділ атырауының кішкене бөлігімен шектелген.
## Қазақстанның еуропалық бөлігіндегі әкімшілік бірліктер
Қазақстан — әлемнің екі бөлігінде, Еуропа мен Азияның шекарасында орналасқан мемлекет; елдің көп бөлігі Азияның батыс бөлігінде, сондай-ақ оның орталық бөлігінде, кішісі - Шығыс Еуропада орналасқан. Сонымен қатар, Еуропа мен Азия арасындағы шекараны өткізудің әртүрлі нұсқалары бар.
Шекара көбінесе Орал таулары мен Мұғалжардың Шығыс табаны, Ембі өзені және Каспий теңізінің солтүстік жағалауы бойымен өтеді.
Басқа дереккөздерге сәйкес, шекара Орал таулары мен Жайық өзені арқылы өтуі мүмкін. Бұл жағдайда Қазақстанның еуропалық бөлігінің құрамына толығымен Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Тасқала аудандары, сондай-ақ облыстың облыстық орталығы — Орал қаласы кіреді. Ақжайық ауданы өзінің оң жағалауының бөлігі болып табылады. Атырау облысында Қазақстанның Еуропалық бөлігінің құрамына Исатай және Құрманғазы аудандары, сондай-ақ облыс орталығының батыс бөлігі Атырау қаласы және Индер және Махамбет аудандарының оң жағалау бөліктері кіреді.
*
*
## Саяси қатынастар
Еуропалық Одақ Қазақстанның ең ірі экономикалық серіктесі болып табылады, оның үлесіне оның жалпы саудасының шамамен 30%-ы тиесілі және қазақстандық экспорттың 41% - алады. Қазақстан ЕО-дан тікелей шетелдік инвестициялардың ірі алушысы болып табылады.
Қазақстанда Еуропалық аумақтың болуы оның географиялық тұрғыдан еуропалық мәртебесі мен Еуропалық Одаққа әлеуетті мүшелігі пайдасына дәлелді дәлел болып табылады. 2009 жылы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Әділбек Жақсыбеков: "біз болашақта Еуропалық Одаққа қосылғымыз келеді, бірақ Эстония мен Латвия ретінде емес, тең құқылы серіктес ретінде қосылғымыз келеді", - деді.
Еуропалық Одақпен екіжақты қатынастар 1994 жылы жасалған серіктестік және ынтымақтастық туралы келісіммен реттеледі. Қазақстанның Еуропалық Одақпен және оған мүше мемлекеттермен әріптестігі мен ынтымақтастығын кеңейту 2016 жылғы наурызда ел Парламентінде ратификацияланды. Қазақстан да жаңа әріптестік үшін ЕО Орталық Азия бағдарламасының бөлігі болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Еуропа кеңесінде бақылаушы, Еуропалық комиссияның құқық арқылы демократия үшін (Венеция комиссиясы) ұйымының толыққанды мүшесі, Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінің, Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) мүшесі және т. б. болып табылады.
Осыған қарамастан, Қазақстан қазіргі уақытта Еуропа мен Азия арасында орналасқан Ресей, Түркия, Кипр, Әзірбайжан, Армения және Грузиядан (Еуропа Кеңесінің және басқа да көптеген еуропалық ұйымдар мен институттардың мүшелері) айырмашылығы Еуропамен тығыз геосаяси және экономикалық байланыстарға ие.
## Дереккөздер |
Ислам Ынтымақтыстық Ұйымы мен Қазақстан қатынастары — Ислам Ынтымақтыстық Ұйымы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қатынастар.
## Дипломатия
Қазақстан 1995 жылы 9-12 желтоқсанда Конакри қаласында (Гвинея Республикасы) өткен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 23-ші сессиясында ИЫҰ-на мүше болды.
Қазақстан Республикасының ИЫҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі 2010 жылдың наурыз айында Джидда қаласында жұмыс істей бастады.
2019 жылдың наурыз айынан бастап Берік Арын Сақбайұлы, Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі әрі Қазақстан Республикасының ИЫҰ жанындағы тұрақты өкілі.
## Төрағалық
Қазақстан Республикасы мен ИЫҰ арасындағы ынтымақтастық тарихындағы маңызды оқиға 2011-2012 жж. Қазақстан Республикасының ИЫҰ-ға төрағалығы болды. Төрағалық ету барысында 2011 жылғы 28-30 маусымда Қазақстан Астанада ИКҰ СІМК 38-ші отырысын өткізді, оның қорытындысы бойынша Ислам конференциясы ұйымының(ИКҰ) атауынИслам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) өзгерту туралы тарихи шешім қабылданды. Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар ИЫҰ-ның Астана декларациясын қабылдады, ол Ұйымның ХХІ ғасырдағы модернизациясы мен реформасын жариялай отырып, Ұйымның ең прогрессивті құжаты болды.
Ерекша атап өтетін жайт бұл, Қазақстанның ИЫҰ-ға төрағалығы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған Бес бастамасы негізінде қалыптастырылды: Азық-түлік қауіпсіздігі жүйесін құру, Шағын және орта бизнесті қолдау тетігін құру, жетекші ислам экономикалары үшін диалог алаңын құру, энергетика саласындағы инвестициялық және технологиялық ынтымақтастық құруды талап етуіжәне ИЫҰ өкілдерінің «G-20» жұмысына қатысуын қамтамасыз етуі.
Сондай-ақ, СІМК-нің 38-сессиясы аясында жүзден астам тарихи шешімдер қабылданды, оның ішінде Қазақстанның бастамасымен ұсынылған - Ауғанстаннан есірткінің заңсыз өндірісі мен айналымына қарсы күрес және бұрынғы Семей ядролық полигоны мен Арал теңізінің қалпына келтіру кіреді.
Қазақстандық төрағалықтың қамқорлығымен өткізілген кең ауқымды науқан аясында Сомалиге жалпы сомасы 500 миллион доллардан асатын қаржылық ресурстар жиналды.
## Қазақстан бастамалары
Қазіргі кездегі ИЫҰ қызметіне Қазақстанның қатысуы үшін мүше мемлекеттердің сұранысына ие және қолдауын тапқан Н. Назарбаевтың ислам әлемі үшін жасаған ауқымды бастамалары негіз болып табылады:
* Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын (АҚИҰ) құру;
* Исламдық татулықты ілгерілету (Islamic Rapprochement);
* «Исламдық инфрақұрылымның интеграциясы» стратегиялық бағдарламалық құжатын әзірлеу (Triple І).
Қазіргі уақытта барлық үш бастама ИЫҰ-дағы Қазақстанның маңызды күн тәртібін құрайды.
2018 жылғы наурызда АҚИҰ Жарғысы толық заңды күшіне енді. Ұйымның штаб-пәтері Астана қаласында орналасқан және өз қызметін ресми түрде 2018 жылғы 19 ақпанда бастады, ал 2019 жылғы 12 желтоқсанда оның ресми ашылуы болды. АҚИҰ-дың негізгі мақсаты - ИЫҰ мүше мемлекеттерінің Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы мүмкіндіктерін шоғырландыру.
Қазіргі уақытта АҚИҰ-ға 34 мемлекет мүше, олардың 12-сі (Қазақстан, Нигер, Буркина-Фасо, Кувейт, Ауғанстан, Гамбия, Палестина, Бангладеш, Катар, БАӘ, Сауд Арабиясы, Мысыр) Ұйымның Жарғысын ратификациялады және бұл құжат толық заңды күшіне енді.
## Сапарлар
2016 жылғы 14-15 сәуірде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ыстанбұлда өткен ИЫҰ кезекті 13-ші саммитіне қатысты. Саммитте Мемлекет басшысы Түркия Президенті Р. Ердоғанмен бірлесе отырып, Исламдық татулықты ілгерілету (Islamic Rapprochement) процесін бастау туралы бастама көтерді.
Бастама аясында 2019 жылдың 22-24 сәуірінде ҚР СІМ ИЫҰ Бас хатшылығымен бірге Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің базасында Алматы қаласында ИЫҰ мүше мемлекеттеріндегі бейбітшілік пен жанжалдарды шешудің перспективалары туралы семинар өткізді.
## Байланыстар
«Исламдық инфрақұрылымның интеграциясы» (TripleI) бастамасының негізгі мақсаты - Орталық Азия, Африка, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка үшін ИДБ дамытудың арнайы үш бағдарламасын біріктіру арқылы ИЫҰ кеңістігінде жұмыс істейтін көліктік-логистикалық жүйелердің максималды интеграциясы болып табылады.
Бұл бастамаларды ИЫҰ Стамбул саммитінің қатысушылары қолдады және оның қорытынды коммюникасында бекітілді. Қазіргі уақытта ИДБ «Орталық Азия», «Африка», «Таяу Шығыс және Солтүстік Африка» бойынша ИДБ дамытудың үш арнайы бағдарламасын біріктіру жолымен ИДБ кеңістігінде жұмыс істейтін көлік-логистикалық жүйелерді барынша интеграциялау туралы мәселе пысықталуда.
2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Астана қаласында Н. Назарбаевтың бастамасымен ИЫҰ тарихындағы «Ислам әлемінің ғылымы, технологиялары, инновациялары және модернизациясы»тақырыбында Ғылым және технологиялар жөніндегі 1-ші Саммиттің өткізілуі Қазақстанның ИЫҰ-мен ынтымақтастық желісі бойынша ірі оқиға болды. Саммиттің басты қорытындысы Астана декларациясының және «2026 жылға дейін ғылымды, технологиялар мен инновацияларды дамыту жөніндегі ИЫҰ бағдарламасының» қабылдануы болды.
2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Астана қаласында өткен ИЫҰ Ғылым және технологиялар жөніндегі 1-ші саммитінде ислам елдерінің білім және ғылыми әлеуетін арттыру мақсатында Н. Назарбаев осы саладағы он бес жетекші мұсылман елдерінің ішінен ИЫҰ-15 халықаралық тобын құру бойынша кешенді механизм орнатуды ұсынды.
ҚР Ғылым және технологиялар саласындағы бастамаларын жүзеге асыру мақсатында ИЫҰ Бас хатшысының ғылым және технологиялар жөніндегі орынбасары қызметіне Қазақстан азаматы Елші А. Мусинов сайланды.
ИЫҰ-15 бастамасын іске асыру мақсатында 2019 жылғы 19 қарашада Алматы қаласында ИЫҰ Бас хатшылығының, ИЫҰ ғылыми және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитетінің (COMSTECH) және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қолдауымен ҚР СІМ ұйымдастырған семинар өтті.
## Инвестиция
Өзара іс-қимылдың маңызды аспектісі Қазақстан Республикасының ИЫҰ қаржы құрылымдарымен, әсіресе мұсылман әлеміндегі неғұрлым ірі инвесторлардың бірі болып табылатын және 1997 жылғы тамызда Алматы қаласында Шығыс Еуропа, ТМД, Моңғолия және Қытай елдерімен банктеріменқызметін үйлестіруге жауапты өзінің төрт аймақтық кеңселерінің бірін құрған Ислам даму банкімен ынтымақтастығының дамуын мойындаған жөн. ИДБ-нің Қазақстандағы жалпы инвестициялық портфелі шамамен 700 млн. долларды құрайды.
ИЫҰ Орталық Азия бойынша ИЫҰ арнайы бағдарламасын құруды қолдайды. Бұл жоба Орталық Азия үшін де, мұсылман қоғамдастығы елдері үшін де өзара қызығушылық тудыратын сауда операцияларын, инвестицияларды ынталандыруда, өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыруда ұйым тарапынан қолдау мен өзара іс-қимылды көздейді.
## Дереккөздер |
Әбиба Рахманәліқызы Әбужақынова (4 шілде 1997) — қазақстандық дзюдошы, 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2021 және 2022 жылдардағы Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері.
## Өмірбаяны
Әбиба Әбужақынова 1997 жылы 4 шілдеде туған. Дзюдоға 11 жасында келді. Қаңлы руынан шыққан. Ташкентте тұрып, жаттықты. Кейін Алматыға жалғыз көшіп келіп, Республикалық спорт колледжіне түсті. Түрлі республикалық және әлемдік турнирлерде өнер көрсетті.
## Мансабы
2021 жылы Бішкекте өткен Азия чемпионатының финалында қытайлық спортшы Ли Янаннан жеңіліп, күміс медаль алды.
2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен құрлықтық чемпионатта Әбиба тағы да күмісті жеңіп алды, бұл жолы финалда жапондық Вакане Когаға жол берді.
Ташкентте өткен 2022 жылғы әлем чемпионатында қола медаль ұтты.
2023 жылы Португалиядағы Гран-при сериясындағы турнирде жеңімпаз атанды. Ол дзюдодан осындай беделді турнирде жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық болды.
## Дереккөздер |
Нұрсұлтан Шыңғысбекұлы Тұрсынов (30 қаңтар 1991, Семей) — грек-рим стиліндегі қазақстандық балуан, Азия чемпионы, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қатысушысы.
## Спорттық мансабы
2015 жылдың мамыр айында Азия чемпионатында екінші болып, финалда Өзбекстан өкілі Рустам Ассакаловқа ұтылды. 2021 жылдың сәуір айында Қазақстандағы Азиялық лицензиялық турнирге Үндістан атынан шыққан Сунил Кумарды жеңіп, Токиодағы Олимпиадаға жолдама алды.
## Жетістіктері
* Әлем чемпионатынан 10-шы орын (Мажарстан, 2013)
* Азия чемпионы (Қазақстан, 2014)
* Азия ойындарынан 5-ші орын (Корея Республикасы, 2014)
* Әлем чемпионатынан 5-ші орын (АҚШ, 2015)
* Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Доһа, 2015)
## Дереккөздер |
Қазыбек би — Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауыл, Қазыбек би ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жетісай қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 9 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жезқазған ауданы — 1928-1963 жылдары болған Қызылорда округі, Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының әкімшілік бөлінісі.
## Тарихы
Орталығы Қарсақпай ауылында орналасқан Қарсақпай ауданы 1928 жылы 3 қыркүйекте Қызылорда округінің құрамында құрылды.
1930 жылы 17 желтоқсанда Қызылорда округінің жойылуына байланысты аудан тікелей республиканың қарамағына өтті.
1932 жылы 10 наурызда жаңадан құрылған Оңтүстік Қазақстан облысының құрамына енді.
1936 жылы 29 шілдеде Қарсақпай ауданы Оңтүстік Қазақстан облысынан Қарағанды облысына берілді. Сол уақытта ауданда Байқоңыр, Жезқазған, Қарсақпай кенттері мен Алғабас, Аралтөбе, Білеуті, Жангелдин, Жезді, Кеңгір, Кішітау, Первомай, Социалды, Сталин, Терісаққан, Ұлытау ауылдық кеңестері болды.
1939 жылы 16 қазанда Қарсақпай ауданының Ұлытау ауылдық кеңесі мен 1-ден 8-ге дейінгі нөмірленген ауылдық кеңестер жаңадан құрылған Ұлытау ауданына берілді.
1940 жылы 13 мамырда аудан Жезқазған ауданы болып өзгертілді.
1941 жылы 23 мамырда Үлкен Жезқазған елді мекеніне жұмысшы кенті мәртебесі берілді.
1941 жылғы жағдай бойынша ауданда Байқоңыр, Жезқазған, Қарсақпай, Үлкен Жезқазған кенттері мен Аралтөбе, Білеуті, Жезді, Жангелдин, Киров, Сталин ауылдық кеңестері болды.
1944 жылы 27 маусымда Жезді марганец кеніші маңындағы елді мекенге жұмысшы кенті мәртебесі беріліп, Жезқазған ауданынан Ұлытау ауданына ауыстырылды.
1954 жылы 2 маусымда Жезді марганец кеніші маңындағы жұмысшы кенті Жезқазған ауданына қайтарылып, атауы Марганец жұмысшы кенті болып өзгертілді. 1954 жылы 16 шілдеде Сталин ауылдық кеңесі Жангелдин ауылдық кеңесіне (орталығы Школа а.) қосылды. 1954 жылы 20 желтоқсанда Үлкен Жезқазған кенті Жезқазған қаласы болып қайта құрылып, әкімшілік бағынысына Жезқазған кенті берілді.
1957 жылы 11 қаңтарда орталығы Жыланды ауылында Сарысу ауылдық кеңесі құрылды. 1957 жылы 30 шілдеде Ақтас елді мекеніне жұмысшы кенті мәртебесі берілді.
1958 жылы 10 қаңтарда Жезді, Аралтөбе ауылдық кеңестері таратылып, «Сарысу» кеңшарының орталығында Аралтөбе ауылдық кеңесі; Білеуті, Киров ауылдық кеңестері таратылып, «Қарсақпай» кеңшарының орталығында Киров ауылдық кеңесі құрылды. Байқоңыр кенті ауылдық елді мекенге айналды. Байқоңыр кенттік кеңесі мен Жангелдин ауылдық кеңесі таратылып, «Байқоңыр» кеңшарының орталығында Жангелдин ауылдық кеңесі құрылды.
1959 жылы 29 маусымда Аралтөбе ауылдық кеңесі Сарысу ауылдық кеңесіне қосылды.
1959 жылы ауданда 3 ауылдық кеңес (Жангелдин, Киров, Сарысу) және 3 кент (Ақтас, Қарсақпай, Марганец) болған.
1960 жылы 18 қазанда «Жетіқоңыр» кеңшарының орталығында Жетіқоңыр ауылдық кеңесі құрылды.
1962 жылы 24 желтоқсанда Марганец кенті Жезді кенті болып өзгертілді.
1963 жылы 2 қаңтарда Жезқазған ауданы жойылды. Жангелдин, Жетіқоңыр, Киров, Сарысу ауылдық кеңестері Жезді ауданының құрамына енді. Ал 1963 жылы 10 қаңтарда Ақтас, Жезді, Қарсақпай кенттері Жезқазған қалалық кеңесінің қарамағына өтті.
## Дереккөздер |
Ресми түрде XIX Азия ойындары деп аталатын 2022 жылғы Азия ойындары Азия Олимпиадалық кеңесі өткізетін Азиядағы ең ірі спорттық іс-шара болып табылады. Қазіргі уақытта олар 2023 жылдың 23 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді және ойындарда 40 спорт пен пән бойынша 481 іс-шара бар.
Бруней мен Оман Азия ойындарында алғашқы күміс медальдарын жеңіп алды.
Үндістан Азия ойындары тарихында Жапония, Қытай және Оңтүстік Кореядан кейін бір уақытта 100 медаль жеңіп алған төртінші елге айналды.
Қабылдаушы ел, Қытай Азия ойындарында алғаш рет 200 алтын медаль жеңіп алды, барлығы 201 алтын медаль жеңіп алды және 2010 жылы Гуанчжоуда өткен Азия ойындарында 199 алтын медаль жеңіп алды.
## Медальдар кестесі
## Медаль алмаған Ұлттық Олимпиада комиттетері
Бұл Ұлттық Олимпиада комитеттері әлі 19-шы Азия ойындарында медаль жеңіп алған жоқ.
* Бутан (BHU)
* Шығыс Тимор (TLS)
* Мальдив Республикасы (MDV)
* Йемен (YEM)
## Дереккөздер |
Құрбан ата — Түркістан облысы Жетісай ауданы, Қазыбек би ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жетісай қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 5 км-дей жерде.
## Дереккөздер |
* Баянды — Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы ауыл.
* Баянды — Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауыл. |
Абдулхашим Муталович Муталов (өзб. Abdulhoshim Mutalovich Mutalov; 27 сәуір 1947 жыл, Ташкент облысы, Өзбекстан КСР, КСРО, Телау, Ахангаран ауданы) — кеңестік және өзбек саяси және мемлекеттік қайраткері, республиканың тұңғыш премьер-министрі ретінде белгілі. Өзбекстан 1992 жылғы 13 қаңтардан 1995 жылғы 21 желтоқсанға дейін.
## Өмірбаяны
### Алғашқы жылдар және еңбек өмірі
1947 жылы 14 ақпанда Ташкент облысы Ахангаран ауданы Телау (немесе Телов) ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1965 жылы Ташкенттегі 2-нан комбинатында наубайшы болып бастады, кейін Кеңес әскері қатарына шақырылды. Әскерден кейін Бүкілодақтық сырттай тамақ өнеркәсібі институтына (қазіргі Мәскеу мемлекеттік технология және менеджмент университеті) оқуға түсіп, 1976 жылы инженер-технолог мамандығы бойынша диплом алды. Институтты бітіргеннен кейін оны Ташкентке нан зауыттарына жұмысқа жібереді. 1979-1986 жылдары Ақанғаран ауданындағы нан-тоқаш комбинатының директоры қызметін атқарды.
### Саяси карьерасы
1986-1991 жылдары Өзбек КСР министрінің орынбасары, кейін астық өнімдері министрі болды. Өзбекстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі болып сайланды. 1991 жылы Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары болды. Ол жойылған және тыйым салынған Өзбекстан Коммунистік партиясын ауыстырған биліктегі президентті қолдайтын Өзбекстан Халық Демократиялық партиясына қосылды. Өзбекстанның вице-президенті лауазымы жойылып, оның орнына Өзбекстанның Премьер-министрі лауазымы тағайындалғаннан кейін 1992 жылы 13 қаңтарда Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында ол сайланды. республиканың Министрлер кабинетін басқаратын тәуелсіз Өзбекстанның тұңғыш премьер-министрі.
Ол Өзбекстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында елде әлеуметтік-экономикалық жағдай қиын болған кезде премьер-министр және іс жүзінде мемлекеттің екінші басшысы болды. Ол 1992 жылы қаңтарда Ташкент қалашығында орын алған студенттік тәртіпсіздіктерді тергеу жөніндегі комиссияның төрағасы болды. Сарапшылардың пікірінше, «саяси тұрғыдан ол тәуелсіз тұлға болған жоқ, ол Министрлер кабинеті тікелей бағынатын республика президентіне толығымен адал болды». 1995 жылы 21 желтоқсанда премьер-министр қызметінен босатылып, «Уздонмахсулот» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы болды. Оның орнына Өткір Сұлтанов жаңа премьер-министр болды. Қазір зейнеткер.
## Жеке өмірі
Үйленген, балалары, немерелері мен шөберелері бар, өзбек тіліне қоса орыс тілін де жетік меңгерген.
## Марапаттары
* Дустлик ордены
* Еңбек Қызыл Туы ордені
* «Ерен еңбегі үшін» медалі
## Дереккөздер |
Футзалдан Қазақстан чемпионаты 2023-2024 — қазақстандық кәсіби футзал клубтары арасындағы ең жоғарғы лига. Чемпионат 2023 жылдың 23 қыркүйегінен бастап 2024 жылдың 25 наурыз аралығында өтеді. Чемпионатқа Қазақстанның 10 қаласынан 11 команда қатысты. Ақтөбе қаласынан Ақтөбе және Рахмет клубтары. Осы маусымнан бастап чемпионатқа семейлік Семей футзал клубы қосылды. Осы маусымда Қарағанды облысынан бір команда қатысады деп күтілді. Олардың арасында Тұлпар, Шахтер және Биосфера аттары аталды. Алайда чемпионат басталар алдында Қарағандыдан команда қосылмайтындығы белгілі болды.
## Клубтар
## Турнирлік кесте
### Үздік ойыншылар
## Плейофф ойындары
### 1/4 финал
### 1/2 финал
### Финал
## Маусым жаңалықтары
### Игита дауы
2024 жылғы 9 маусым күні Алматыда өткен «Қайрат» пен «Семей» арасындағы Қазақстан чемпионатының финалдық сериясының екінші матчы аяқталғаннан кейін «Қайрат» жанкүйерлері клубтың автобусына дейінгі жолды басқа командалардың шарфтары мен жалауларымен төсеп қойған болатын. Алғашында назар аудармаған Лео Игита сол атрибутикадан тапап өтіп, кейін жанкүйерлердің өтініші бойынша қарсыластардың шарфтарында билеген Лео Игитаның видеосы әлеуметтік желіде тарай бастады.
Игитаның бұл әрекеті жанкүйерлердің ызасын оятып, ұлттық құрамадан аластату және қазақстандық азаматтығын кері алу туралы пікірлері айтыла бастады. Наразылық пікір білдіргендер арасында басқа клубтардың ойыншалыра мен футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары да бар. Лео Игита сол күні арнайы видео түсіріп, чемпионаттың басқа қатысушылары мен спорт қауымдастығынан кешірім сұрады, өзінің іс-әрекетінің салдарын видеоны көргенге дейін түсінбегенін айтты. «Қайрат» футзал клубы да «Ақтөбе» мен «Астана» футбол клубтарынан да ресми түрде кешірім сұрады:
"Қайырлы кеш баршаңызға! Егер "Ақтөбе" және "Астана" жанкүйерлерінің көңілін қалдырсам, кешірім сұраймын. Шынымды айтсам, олар не туралы сұрап жатқанын толық түсінбедім. Бұл қате көптеген жанкүйерлерді және мені де ренжітті, осыған қатты өкініп тұрмын. "Ақтөбе" және "Астана", сіздердің шарфтарыңызда суретке түскенім үшін кешіріңіздер. Бұл менің шынайы ниетім болған жоқ. Барлығы өте тез болды, тек видеоны көргеннен кейін ғана бұл "Ақтөбе" және "Астана" шарфтары екенін түсіндім. Екі қалада да маған әрқашан жақсы қарады, және менде оларға қарсы жаман ниет болмады. Мен Қазақстан футзалын жақсы көремін және біздің елімізде осы спорт түрінің дамып жатқанына мақтанамын. Әсіресе, "Ақтөбе" бұл дамуда маңызды рөл атқарады, және мен актөбеліктерге футзалға деген қызығушылықтары мен құмарлықтары үшін ризамын. Кешірім сұраймын, баршаңызға үлкен құрметпен қараймын!"
Қайрат футзал клубының бас директоры Әсем Кужанова болған оқиғаға өкініш білдіріп, Игитаның кешірім сұрағанын айтты. Сонымен қатар, бұл әрекет Қайрат футзал клубының жакүйерлері жасамағынан, «Қайрат» футбол клубының ультрас фанаттарының ісі екенін атап өтті.
Қазақстан футзал қауымдастығы (АФҚ) мен Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) ресми мәлімдемелер жасап, Игитаның әрекетін айыптап, мұндай оқиғаларға жол берілмейтінін айтты. Тәртіптік тексеру нәтижесінде АФҚ «Қайратқа» 500 АЕК (шамамен 1 миллион 846 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынды, ал АФҚ «Қайрат» бас директорына тәртіптік ескерту жасалды.
«Қайрат» футзал клубына инцидентті бастаған адамдарды анықтап, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу міндеттелді, болашақта осындай жағдайларға жол бермеу міндеттелді. Барлық жағдайларға қарамастан, Лео Игита команда құрамында қала береді, ал клуб пен федерация ойыншылар мен жанкүйерлер арасында жоғары этика мен кәсіпқойлық деңгейін сақтауға жұмыс істейді.
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) баспасөз қызметі де Лео Игитаға қатысты жағдай туралы ресми мәлімдеме жариялады: "Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың капитаны және АФК «Қайрат» ойыншысы Лео Игита және алматылық клубтың басқа ойыншылары қатысқан оқиғаға қатысты жағдайды ұйымның тиісті заңды органы қарайтынын мәлімдейді. Федерация мұндай әрекеттерді қабылдауға болмайды деп есептейді және ойыншылар арасында жоғары деңгейдегі этика мен кәсіпқойлықты сақтау үшін барлық күш-жігерін жұмсайды, сондай-ақ жанкүйерлер арасында осындай жағдайларды болдырмауға тырысады. Барлық жағдайлар зерттеліп, тиісті шаралар қабылданатын болады".
## Маусымның үздік ойыншылары
### Үздік жас ойыншы
* Ержан Кәрменов («Семей») – 17 балл;
* Ерасыл Шарапиденов («Атырау») – 11;
* Иван Марахов («Аят») – 5;
* Ақжол Дәрібай («Семей») – 2;
* 5-9. Нургелді Абдұлла («Каспий») – 1;
* 5-9. Жахангир Рәшит («Қайрат») – 1;
* 5-9. Дәурен Қайратұлы («Жетісу») – 1;
* 5-9. Әлихан Хасен («Рақмет») – 1;
* 5-9. Сәбит Узақбаев («Каспий») – 1.
### Үздік қорғаушы
* 1. Алиссон Тайлан Сантос («Атырау») – 14 балл;
* 2. Шынғыс Есенаманов («Семей») – 5;
* 3. Леандерсон («Аят») – 4;
* 4-7. Кайо Торрес («Семей») – 3;
* 4-7. Жахангир Рашит («Қайрат») – 3;
* 4-7. Қайрат Иманалин («Ақтөбе») – 3;
* 4-7. Абдірасул Абдуманапұлы («Аят») – 3;
* 8. Дуглас («Қайрат») – 2;
* 9-12. Лукас Монтейро («Аят») – 1;
* 9-12. Біржан Оразов («Қайрат») – 1;
* 9-12. Ерсұлтан Сагындықов («Жетісу») – 1;
* 9-12. Болат Сарбасов («Жетісу») – 1. https://kazfutsal.kz/news/318-alisson-tailan-santos-2023-24-mausymynyn-uzdik-qorgaushysy/ Алиссон тайлан сантос - 2023/24 маусымының үздік қорғаушысы.
### Үздік қақпашы
* 1. Джайми («Семей») – 31 балл;
* 2. Ерасыл Шарапиденов («Атырау») – 3;
* 3. Дмитрий Бондарев («Аят») – 2;
* 4-8. Далтон («Ордабасы»/«Жетісу») – 1;
* 4-8. Канат Жеткирбаев («Ақтөбе») – 1;
* 4-8. Тьяго Феликс («Ақжайық») – 1;
* 4-8. Деннис («Қайрат») – 1;
* 4-8. Игита («Қайрат») – 1.
https://kazfutsal.kz/news/314-dzhaime-2023-24-mausymynyn-uzdik-qaqpashysy/ Джайме - 2023/24 маусымының үздік қақпашысы.
### Сұрмергендер
* 56 – Алиссон Невес («Қайрат»)
* 50 – Денер («Қайрат»)
* 48 – Андерсон Алвес («Семей»)
* 37 – Алекс Виана («Қайрат»), Джефферсон («Аят»)
* 33 – Леандро Батиста («Аят»)
* 31 – Валиуллин («Аят»)
* 30 – Эдсон («Қайрат»)
* 27 – Лукас Мигуэль («Ақтөбе»), Кнауб («Жетісу» – 6, «Қайрат» – 21), Лукас («Аят»)
* 26 – Борханов («Астана»), Габриэль Аугусто («Атырау»)
* 25 – Андре Энрике («Атырау»), Розенски («Аят») https://kazfutsal.kz/news/308-alisson-neves-olimpbet-qazaqstan-chempionatynyn-uzdik-surmergeni/ Алиссон невес - olimpbet-қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені
### Үздік бапкерлер
* 1. Дави Мендонса ("Семей") – 28;
* 2. Василий Смолин ("Аят") – 5;
* 3-5. Марлон Веласко ("Кайрат") – 2;
* 3-5. Биро Жаде ("Жетысу") – 2;
* 3-5. Жаксылык Байсариев ("Атырау") – 2;
* 6-7. Серик Унбаев ("Рахмет") – 1;
* 6-7. Алексей Попов ("Байтерек") – 1.
## Дереккөздер |
Талдықорған әуежайы — Талдықорған қаласында орналасқан әуежай. Жетісудың әуе қақпасы.
Әуежай 1946 жылы құрылды, топырақпен ұшу-қону жолағы болды, онымен 2 ұшақ ұшып жүрді. Бірте-бірте әуе кемелері паркі ЯК-12 ұшақтарымен толықтырылды, содан кейін олар АН-2 ұшақтарын ауыстырды. 1974 жылы ЖІӨ-нің құрылысымен Әуежай жаңа орынға көшіріліп, ЯК-40, АН-24, ал 1981 жылдан бастап ТУ — 134 ұшақтарын қабылдай бастады. 2004 жылы сағатына 100 жолаушының өткізу қабілеті бар заманауи технологиялық және тексеру жабдықтарымен жабдықталған аэровокзал ғимараты қайта жаңартылды.
Әуеайлақта әскери авиация орналасқан.
## Маршруттық желі
### Жолаушылар рейстері
## Әскери күшьтер қабылданатын түрлері
Ан-12, Ан-24, Ан-26, Ан-28, Ан-30, Ан-32, Ан-72, Ан-74, Ил-76, Ту-134, Ту-154, Як-40, Як-42 және т. б. 3-4 сыныпты ӘК түрлері, барлығының тікұшақтары түрлері. Әуе кемесінің максималды ұшу салмағы 87 тонна. ҰҚЖ (PCN) жіктеу саны 15/R/A/X/T.
## Жолаушылар саны
* 2015 — 24 295
* 2016 — 26 768
## Дереккөздер |
Осакаров ауданы — Қарағанды облысының солтүстігіндегі әкімшілік бөлік. Аудан 1940 жылы құрылған. Аумағы 11,2 мың шаршы километрге тең. Орталығы – Осакаровка кенті.
## Географиялық орны
Шығысында Павлодар облысының Баянауыл ауданы және Екібастұз қаласымен, солтүстігінде Ақмола облысының Аршалы, Ерейментау, батысында Нұра, оңтүстігінде Бұқар жырау аудандарымен шектеседі.
## Тарихы
Осакаров ауданы 1940 жылы 28 желтоқсанда құрылды. Аудан құрамына Тельман ауданының Вольский, Краснокутский, Тельман; Нұра ауданының Скобелев; Ақмола облысы Вишнёв ауданының Окольный ауылдық кеңестері енді. 1941 жылы 23 мамырда Красное озеро, Родник, Шортанды елді мекендері Ақмола облысының Вишнёв ауданына берілді.
1946 жылы 17 маусымда ауданда Батпақты, Коллективный, Красноармейский, Пионер, Осакаров, Трудовой, Ударный ауылдық кеңестері құрылды.
1951 жылы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аудан құрамында Батпақты, Вольский, Коллективный, Красноармейский, Краснокутский, Окольный, Осакаров, Пионер, Скобелев, Тельман, Трудовой және Ударный ауылдық кеңестері болды.
1952 жылы 14 ақпанда арнайы қоныс аударушыларды НКВД органдарының арнайы есебінен шығаруға байланысты, 1930-1931 жж. құрылған нөмірленген ауылдарға атау берілді:
* Осакаров а/к №3 ауыл — Озёрное ауылы (Тоқсумақ көлінің жағасында орналасуына байланысты)
* Пионер а/к №4 ауыл — Центральное ауылы (ауданның орталық бөлігінде орналасуына байланысты)
* Красноармейский а/к №5 ауыл — Литвинское ауылы (Литвин МТС-іне байланысты)
* Окольный а/к №6 ауыл — Октябрьское ауылы ("Октябрь" ұжымшарына байланысты)
* Красноармейский а/к №7, 8 ауыл — Колхозное ауылы
* Пионер а/к №9 ауыл — Пионерское ауылы ("Пионер" ауылдық кеңесі мен ұжымшарына байланысты)
* Коллективный а/к №10 ауыл — Коллективное ауылы ("Коллективный" ауылдық кеңесі мен ұжымшарына байланысты)
* Ударный а/к №11 ауыл — Приишимское ауылы (Есіл өзенінің бастауында орналасуына байланысты)
* Трудовой а/к №23 ауыл — Первомайское ауылы ("1-ші Май" ұжымшарына байланысты)
* Трудовой а/к №24 ауыл — Трудовое ауылы (Трудовой МТС-іне байланысты)
* Трудовой а/к №25 ауыл — Степное ауылы (аудан шетінде орналасуына байланысты).
1954 жылы 26 маусымда "Родников" кеңшарының орталығында Родников ауылдық кеңесі құрылды. 1954 жылы 29 маусымда "Осакаров" кеңшарының орталығында Өлеңді ауылдық кеңесі құрылды.
1961 жылы 31 мамырда Батпақты, Краснокут ауылдық кеңестері Батпақты ауылдық кеңесіне бірікті (орталығы Вильгельм Пик атындағы кеңшар орталығы Батпақ ауылы);Вольский және Ударный (бір бөлігі) ауылдық кеңестері Вольский ауылдық кеңесіне бірікті (орталығы Коммунар кеңшары орталығы Вольское ауылы); Пионер және Ударный (бір бөлігі) ауылдық кеңестері Пионер ауылдық кеңесіне бірікті (орталығы ХХІ партсъезд атындағы кеңшар орталығы Пионерское ауылы). Осы шешіммен Осакаров ауылдық кеңесі Осакаров және Озёрный ауылдық кеңесіне; Скобелев ауылдық кеңесі Құндызды және Теміртау ауылдық кеңесіне; Тельман ауылдық кеңесі Тельман және Тракторист ауылдық кеңесіне бөлінді. 1961 жылы 3 шілдеде Окольный ауылдық кеңесі Октябрь ауылдық кеңесі болып өзгертілді.
1962 жылы 30 қазанда кеңшар орталықтарына атау берілуіне байланысты ("Осакаров" кеңшары - Дальнее а., "Тракторист" кеңшары - Молодёжное а., №4 кеңшар - Николаевка а., "Родников" кеңшары - Родниковское а., "Теміртау" кеңшары - Садовое а., Тельман атындағы кеңшар - Тельманское а.) 1962 жылы 7 желтоқсанда ауылдық кеңестердің атауы өзгертілді:
* Құндызды а/к - Николаев а/к (орталығы Николаевка а.)
* Теміртау а/к - Садовый а/к (орталығы Садовое а.)
* Тракторист а/к - Молодёжный а/к (орталығы Молодёжное а.)
* Өлеңді а/к - Дальний а/к (орталығы Дальнее а.)
1963 жылы 2 қаңтарда Осакаров ауданының шекарасында орталығы Осакаровка ауылында орналасқан Осакаров ауылдық ауданы құрылып, төмендегі ауылдық кеңестер құрамына енді: Батпақты, Вольский, Дальний, Красноармейский, Молодёжный, Николаев, Озёрный, Октябрь, Осакаров, Пионер, Родников, Садовый, Тельман, Трудовой.1963 жылы 24 қаңтарда Шідерті ауылында Шідерті ауылдық кеңесі құрылды.
1964 жылы 20 сәуірде Осакаровка ауылы кент санатына жатқызылып, ауылдық кеңес кенттік кеңес болып қайта құрылды.
1967 жылы 16 қыркүйекте Садовый ауылдық кеңесінің бөлігінен құрылған ауылдық кеңеске Скоболев ауылдық кеңесі (орталығы Скобелевка а.) атауы берілді.
1972 жылы 10 наурызда Вольский, Дальний, Молодёжный, Родников, Тельман, Трудовой және Шідерті ауылдық кеңестері жаңадан құрылған Молодёжный ауданына берілді. 1972 жылы 11 сәуірде Нұра ауданының Маржанкөл, Чапаев ауылдық кеңестері берілді.
1975 жылы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аудан құрамында Осакаровка кенті мен Батпақты, Красноармейский, Маржанкөл, Николаев, Озёрный, Октябрь, Пионер, Садовый, Скобелев, Чапаев ауылдық кеңестері болды.
1991 жылы 22 қарашада "Құндызды" кеңшары аумағында Құндызды ауылдық кеңесі (орталығы Богучар а.) құрылды.
1997 жылы 23 мамырда таратылған Молодёжный ауданының аумағы енгізіліп, Молодёжный кенті мен Вольский, Дальний, Звёздный, Ертіс, Қаратомар, Мирный, Пролетар, Родников, Тельман, Трудовой, Шідерті ауылдық округтері қосылды.
2020 жылы Чапаев ауылдық округі таратылды.
2022 жылы Үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясы Қарағанды облысының Осакаров ауданы атауын өзгертуге байланысты шешім қабылдады.
2023 жылы Звездный ауылдық округі – Жұлдыз ауылдық округі, Тельман ауылдық округі – Нияз ауылдық округі, Звездный ауылдық округіндегі Звездное ауылы – Жұлдыз ауылы, Николаевка ауылдық округіндегі Комсомольское ауылы – Қайыңды ауылы, Қаратомар ауылдық округіндегі Сенокосное ауылы – Қаратомар ауылы, Тельман ауылдық округіндегі Тельманское ауылы – Қаракөл ауылы, Садовый ауылдық округіндегі Чапаево ауылы – Жаңатоған ауылы болып өзгертілді.
## Халқы
Тұрғындары 31 243 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (44,60%), орыстар (33,29%), немістер (6,21%), украиндар (5,18%), татарлар (2,36%), беларустар (1,87%), шешендер (1,54%), гректер (1,08%), басқа ұлт өкілдері (3,87%).
## Әкімшілік бөлінісі
52 елді мекен 2 кенттік әкімдік пен 21 ауылдық округке біріктірілген:
## Ауыл шаруашылығы
2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы құрады. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 660,2 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлер пайдаланылады, оның ішінде 410,3 мың га - егістік алқаптар.2006 жылғы астыққа 256,7 мың га ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде 200,7 мың га дәнді дақылдар, картоп – 0,8 мың га, көкөніс – 0,3 мың га.
* 2006 жылы 120,9 мың тонна дәндер, 14,0 мың тонна картоп, 6,2 мың тонна көкөніс дақылдары, 10,1 мың тонна ет (тірі салмақта); 44,3 мың тонна сүт, 5016,3 мың дана жұмыртқа өндірілді.
* 2007 жылғы 1 қаңтар: ірі қара мал саны 34,4 мың бас; қой мен ешкі – 23,5 мың бас; шошқа – 15,6 мың бас; жылқы - 4,5 мың бас; құс – 54,5 мың басты құрады.
* Өндірілетін өнеркәсіптік өнімнің негізгі түрлері: нан және нан өнімдерін, ұн, өсімдік майы, табиғи су.
2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 1833,1 млн. теңгені құрады.
## Әлеуметтік құрылымдары
* 49 күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді, онда 7067 оқушы оқиды;
* 35 кітапхана;
* 33 клуб типті мекеме;
* 1 кино көрсету қызметін жүзеге асыратын ұйым;
* 1 мұражай;
* 1 мәдениет және демалыс паркі жұмыс істейді.
2006 жылғы ауданның ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 3420 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы 21233 теңге. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 2215,9 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемінен 101,8%-ды құрайды. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 185,0 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемнің 68,1%-ын құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 954,2 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 94,5 млн. теңге.
## Дереккөздер |
(973) Аралия — Негізгі белдеу тобының астероиды.
Оны 1922 жылы 18 наурызда Карл Вильгельм Рейнмут Гейдельберг обсерваториясында ашты.
Аралия деп аталатын өсімдіктер туысының атымен аталды.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Астероидтар тізімі (901—1000) |
Болысбек Мухаммед Әбдіәшімұлы (23 қыркүйек 1992, Арыс) — «Аманат» партиясы Астана қалалық филиалы Төрағасының орынбасары.
## Білімі
• 2010-2014 жж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, мамандық "Ақпараттық жүйелер".
• 2014 - 2016 жж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, мамандық "Саясаттану".
• 2018 - 2020 жж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, мамандық "Құқықтану".
## Ғылыми дәрежесі
• Әлеуметтік ғылымдар магистрі. PhD әлеуметтік ғылымдарының докторы.
## Жұмыс тәжірибесі
• 23.07.2014 - 18.02.2015 жж. «Нұр Отан» партиясы Астана қаласындағы «Нұр» филиалының эксперті.
• 19.02.2015 - 10.01.2017 жж. «Нұр Отан» партиясы Астана қаласындағы «Нұр» филиалының консультанты.
• 16.10.2014 - 20.10.2016 жж. «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Түлектері ассоциация» Қоғамдық бірлестігінің Төрағасы.
• 11.01.2017 - 29.05.2017 жж. «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалының Төрағасы.
• 30.05.2017 - 10.09.2018 жж. Астана қаласының әкімдігінің «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы.
• 10.10.2018 - 25.12.2019 жж. «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» аудандық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары.
• 26.12.2019 - 07.02.2022 жж. «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» аудандық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары.
• 08.02.2022 - 19.03.2022 жж. «AMANAT» партиясы Орталық аппараты аумақтық – ұйымдастыру департаментінің инспекторы.
• 20.03.2022 - 31.05.2023 жж. «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының Коммуникация департаментінің директоры.
## Марапаттар
• АЛҒЫС ХАТ (Астана қ.) 2023 - «AMANAT» партиясының төреғасы Қошанов Ерлан Жақанұлы.
• ТӨСБЕЛГІ «Астана» (2022) – «AMANAT» партиясы Саяси кеңесі Бюросының №025pq қаулысы бойынша №2416 куәлігі «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды. «AMANAT» партиясының Төрағасы Е.Қошанов
• АЛҒЫС ХАТ «Астана қ.» (2022) – Қазақстан Республикасының Президенті ТОҚАЕВ Қасым - Жомарт Кемелұлы ҚР Президенті сайлауының аясында.
• АЛҒЫС ХАТ «Астана қ.» (2022) – Қазақстан Республикасының Президенті ТОҚАЕВ Қасым - Жомарт Кемелұлы Референдумды қолдау науқаны аясында.
• АЛҒЫС ХАТ «Астана» (2021) – ҚР Тұңғыш Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы, НАЗАРБАЕВ Нұрсұлтан Әбішұлы.
• АЛҒЫС ХАТ «Астана» (2020) – ҚР Тұңғыш Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы, НАЗАРБАЕВ Нұрсұлтан Әбішұлы.
• АЛҒЫС ХАТ «Нұр-Сұлтан қ.» (2019) – Қазақстан Республикасының Президенті ТОҚАЕВ Қасым - Жомарт Кемелұлы.
• АЛҒЫС ХАТ «Астана» (2016) – ҚР Тұңғыш Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы, НАЗАРБАЕВ Нұрсұлтан Әбішұлы.
• АЛҒЫС ХАТ «Астана» (2015) – ҚР Тұңғыш Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы, НАЗАРБАЕВ Нұрсұлтан Әбішұлы.
## Сертификаттар
• СЕРТИФИКАТ (Нұр-Сұлтан 2022) – «Тренингтер өткізу құралдары және фасилитация». «AMANAT» ПАРТИЯСЫ Саяси менеджмент академиясының директоры Д.Мұқитанов
• СЕРТИФИКАТ (Нұр-Сұлтан 2022) – «Фасилитация для тренеров». Основатель и управляющий партнер Агентства «Ренессанс» Крутских С.В.• СЕРТИФИКАТ (Астана 2018) – «Self - менеджмент», Тренер: Бизнес тренер НПП Атамекен Успаева Арай.
• СЕРТИФИКАТ (Астана 2018) – «Тайм - менеджмент», Тренер: Медиа волонтер Алия Абсеметова.
• СЕРТИФИКАТ (Астана - 2018) – «Life skills» - «Жизненно важные навыки», Тренер: Жастар ғылыми орталығының бөлім меңгерушісі Наурызбаев Нұрлыбай.
• СЕРТИФИКАТ (Астана 2018) – «Управление личными финансами», Тренер: Айнур Калмагамбетова.
• СЕРТИФИКАТ (Актау - 2017) – «Критерии успешного проекта», «Управление проекта», «Дизайн жизни и Лидерство», «Эффективные технологии продвижения проекта», Тренер: Ректор AlMau Гульмира Курганбаева.
• СЕРТИФИКАТ (Астана - 2017) – «Современные методики управления персоналом», Тренер: Генеральный директор учебного центра ТОО «Центр повышения квалификации специалистов» Д. Байзакова.
• СЕРТИФИКАТ (Astana 2015) – «Innovation methods of political research» Тренер: Professor, doctor of Political Science of the University of Zagreb Davor Boban.
• СЕРТИФИКАТ (Астана 2015) – «Партияның мемлекеттік билік органдарымен және әріптестерімен өзара іс-қимыл технологиялары», «Халықпен тиімді жұмыс дағдылары». «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебінің директорының міндетін атқарушы Қ.Қалышев.
• СЕРТИФИКАТ (Астана 2014 ж.) – «Студенттік өзін -өзі басқару органдары мен студенттік жастар ұйымдарының қызметінің тиімділігін арттыру», Тренер: Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры Ғ. Дүйшенова.
• СЕРТИФИКАТ (Астана 2014 ж.) – «Тиімді жұмысқа орналасу дағдыларын дамыту». «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебінің директоры Ә.Абдуалиев.
• СЕРТИФИКАТ (Астана 2014 ж.) – «Партия қызметінің ұйымдастырушылық-партиялық аспектілері». «Нұр Отан» партиясы Саяси менеджмент мектебінің директоры Ә.Абдуалиев.
## Қоғамдық жұмыстар
• 2012-2016жж. «Нұр» филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының Төрағасы.
• 2015ж. Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Н. Назарбаевтың Астана қалалық сайлауалды штабының мүшесі.
• 2015ж. Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Н. Назарбаевтың сенімді өкілі.
• 2016ж. «Астана қалалық филиалы» бастауыш партия ұйымының Төрағасы.
• 2016-2017жж. ҚР Парламенті Мәжілісі және жергілікті мәслихат сайлау науқаны Астана қалалық мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды штабының жетекшісі.
• 2019ж. Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Қ.К. Тоқаевтың сенімді өкілі.
• 2020ж. Праймериз партияішілік сайлауының қатысушысы.
• 2021ж. ҚР Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихат сайлауында «Nur Otan» партиясы Елордалық филиалы жанындағы қалалық қоғамдық штбатың мүшесі.
• 2022ж. Референдумды қолдау аясында құрылған республикалық қоғамдық штабтың медиа – тобының жетекшісі.
• 2022ж. Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Қ.К. Тоқаевты қолдау жөніндегі сайлауалды штабының ақпараттық қауіпсіздік тобаның басшысы. |
(978) Айдамина — Негізгі белдеу тобының астероиды.
Оны 1922 жылы 18 мамырда Сергей Иванович Белявский Симеиз обсерваториясында ашты. Өз досы Аида Минаеваның құрметіне орай атады.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Астероидтар тізімі (901—1000) |
Амантау ауылдық округі – Қарағанды облысы Нұра ауданында болған әкімшілік бірлік. 2009 жылы таратылып, Тассуат ауылдық округіне қосылды.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Амантау ауылы кірді. Орталығы – Амантау ауылы болды.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 27 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Аршалы ауылдық округі – Қарағанды облысы Нұра ауданында болған әкімшілік бірлік. 2009 жылы таратылып, Баршын ауылдық округіне қосылды.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Қарақасқа ауылы кірді. Орталығы – Қарақасқа ауылы болды.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 121 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Генрих Рорер (нем. Heinrich Rohrer; 6 маусым, 1933, Кітаптар — 16 мамыр, 2013, Воллерау) — швейцариялық физик, 1986 жылғы физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (жүлденің жартысын Герд Биннигпен «сканерлеуші туннельдік микроскопты ойлап тапқаны үшін» бөлісті; сыйлықтың екінші жартысын «электрондық микроскоптағы жұмысы үшін» Эрнст Рускаға берілді).
## Өмірбаяны
1951 жылдың күзінде мектепті бітіргеннен кейін Рорер кездейсоқ (өмірбаянына сәйкес) Цюрихтегі Жоғары техникалық училищенің физика факультетіне түсті. Оның ұстаздары Вольфганг Паули мен Пол Шеррер болды. 1955 жылы Рорер Йорген Олсен кафедрасында магнит өрісінен туындаған асқын өткізгіштік күйге өту кезіндегі асқын өткізгіштердің ұзындығының өзгеруі тақырыбында диссертациямен жұмыс істей бастады. 1963 жылы Рорер Рушликондағы IBM зерттеу зертханаларына көшті, онда ол Кондо эффектісімен жұмыс істеді және Герд Биннигпен кездескеннен кейін онымен бірге сканерлеуші туннельдік микроскопты әзірледі.
АҚШ Ұлттық ғылым академиясының шетелдік мүшесі (1988), Ресей ғылым академиясының (2006).
## Жарияланымдар
* К. В. Блэзи, Х. Ререр. Антиферромагнетизм және GdAlO 3 магниттік фазалық диаграммасы.(қолжетпейтін сілтеме) // Физ. Аян. V. 173, № 2, С. 574—580 (1968).
* Gerd Binnig, Heinrich Rohrer. Vakuum-Tunneleffekts bei kryogenischen Temperaturen Ausnutzung unter Rasterartigen Oberflächenuntersuchung. // Europäische Patentanmeldung 0 027 517, Priorität: 20.9.1979 CH 8486 79.
* Г. Бинниг, Х.Ререр, Ч.Гербер, Э.Вейбель . Сканирлеуші туннельдік микроскоп арқылы бетті зерттеу. // Физ. Аян. Летт. V. 49, № 1, 57 — 61 б (1982).
* Герд Бинниг, Генрих Рорер, К.Гербер, Э.Вейбель. Басқарылатын вакуумдық саңылау арқылы туннельдеу. (қолжетімсіз сілтеме) Категория:Википедия:Статьи с нерабочими ссылками // Appl. Phys. Lett V. 40, 178-бет (1982).
* Г. Бинниг, Г.Ререр. Сканерлеуші туннельдік микроскопия — туғаннан жасөспірімдікке дейін: Нобель дәрісі. // УФН, Т. 154, No 2 (1988).
* Г. Бинниг, Г.Ререр. Сканерлеуші туннельдік микроскопия — туғаннан жасөспірімдікке дейін: Нобель дәрісі. // Электрондардың «көздері» арқылы атомдар. — М.: Знание, 1988.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Нобель комитетінің сайтынан ақпарат (ағыл.) |
Тұрғар немесе Тұрхар — ата-бабаларының соғуы негізінде теңгелер шығарған Соғдының соңғы ихшиді; Соғдыда күміс теңге шығарған жалғыз билеуші.
Тұрғар арабтар жаулап алғаннан кейін әкесінің орнын басып, билігін номиналды түрде сақтап қалды және өзінің ата-бабалары — Соғды патшаларының ежелгі дәстүрін жалғастырды.
## Тарих
Соғды нумизматикасының мәліметі бойынша Гуректен кейін Самарқандта соғдының Тұрғар немесе Тұрхар деген патшасы тиындар шығарған, ол қытай деректеріндегі Ду-ге (немесе Ду-хэ) деп аталады. Тұрғар монеталарының екі түрі бар: бірінші түрі Гурек монетасының үлгісі бойынша шығарылған, ал екінші түрі 740 жылдардың қытай монеталарының бір түріне тән ай түріндегі қосымша белгінің болуымен ерекшеленеді.
Зерттеушілердің пайымдауынша, Тұрғар өз теңгелерінің бірінші түрін әкесі қайтыс болғаннан кейін, 738 жылға дейін, яғни Іштіханның әкімі болғанға дейін шығарған. Араб жаулап алулары дәуірінде билеушілері Соғды және Орталық Азияның басқа да иеліктері Қытаймен тығыз байланыста болды және арабтарға қарсы әскери көмек алу үмітімен оған бірнеше рет жүгінді. Тұрғар да Қытай сотына елшіліктерін жіберді. Дәл осылар 740-772 жылдар аралығында Қытай сарайына Самарқандтан сыйлықтармен келген елшіліктерді жіберді.
Тұрғар өмірінің соңында Оңтүстік Соғдыдағы Нахшабқа қоныстанды. Мұнда ол өзінің монеталарының екінші түрін де шығара алады. Тұрғардың қашан қайтыс болғаны белгісіз. Оның да мұсылмандық есімі Язид және оның ұлы (әл-Хасан) болған және немерелері араб-мұсылман есімдерін алған деген пікір бар.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Камолиддин Ш. С. Соғды патшасы Гурек ұрпақтары туралы жаңа деректер // Өзбекстандағы әлеуметтік ғылымдар. — 2003. — № 3. |
Ағалақ хан (орыс. Агалак царевич, Авалак царевич, Агалак салтан, Солтохан, туған жылы белгісіз - 1508) - Шибан әулетінен шыққан Түмен хандығының билеушісі (1496-1505). Ибақ және Мамық хандардың інісі, қазан ханы Шах-Әлидің арғы атасы.
## Өмірбаяны
Ағалақ ханның билік басына келуі туралы нақты деректер жоқ. «Бахр ал-Асрар» шығармасында Махмұтектің үшінші ұлы, Никонов жылнамасында «сұлтан, Мамықтың інісі» ретінде аталып өтті. 1496 жылы ағасы Мамықтың Қазанға қарсы ұйымдастырған жорығына қатысқан. Никонов жылнамасындағы ақпаратқа сәйкес 1499 жылдың көктемінде, ал Разряд кітабында сол жылдың қыркүйегінде Ағалақ хан мен «қазан бектерінің бегі» Орақтың бастаған әскері Қазанға ұмтылды. Разряд кітабында Орақ «хан», ал Ағалақ «сұлтан» мәртебесінде көрсетілген. III Иванның Мәскеуден жөнелтілген көмегі түмен әскерін кері шегінуге мәжбүрледі. Сыртқы саясаттағы сәтсіздіктер Ағалақ хан мен Аққұрт сұлтанды Ноғай Ордасына қоныс аударуға итермеледі. В.В. Трепавловтың пікірі бойынша 1500 жылғы ноғай билеушілерінің Қазанға қарсы әскери қимылдарына Ағалақ қатысқан жоқ. Оның есімі 1507 жылдың тамыз-қыркүйек айларында орын алған орыс-ноғай елшілік хат алмасуы барысында кездеседі. 1508 жылы өзінің саяси ықпалын арттыру мақсатында ноғай биі Хасан Ағалақты ноғай тағына отырғызып, оның тұсында беклербек болуды жоспарлаған. Алайда бұл ұсыныс Ноғай Ордасының билеуші топтарынан қолдау тапқан жоқ. 1508 жылдан кейін Ағалақ пен Хасанның есімдері жазба деректерде кездеспейді.
## Әдебиет
* Парунин А.В. Политическая история Тюменского ханства в 1430-1508 гг.: монография / А. В. Парунин. - Челябинск : Фонд содействия сохранению культурного наследия «Общественный фонд "Южный Урал"», 2023. - 247 с.
* ПСРЛ. Т. 37. Устюжские и Вологодские летописи XVI-XVII вв. Л.: Наука, 1982. С. 51.
* Трепавлов В. В. История Ногайской Орды. — М.: Издательская фирма «Восточная литература» РАН.
* Тюменское и Сибирское ханства / под ред. Д. Н. Маслюженко, А. Г. Ситдикова, Р. Р. Хайрутдинова. — Казань: Издательство Казанского университета, 2018. — 560 с. — ISBN 978-5-00130-021-2. |
Робахон Анваровна Махмудова (өзб. Robaxon Anvarovna Maxmudova; 9 қараша 1958 жыл, Ферғана ауданы, Ферғана облысы) — өзбекстандық заңгер, судья, 2020 жылдан бері Олий Мәжілісі Сенатының депутаты және сол жылдың 13 шілдесінен бастап Өзбекстан Жоғарғы соты төрағасының бірінші орынбасары, әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.
## Өмірбаяны
Робахон Махмұдова 1958 жылдың 9 қарашасында, Ферғана облысының Ферғана ауданында, мемлекеттік қызметкерлер отбасында дүниеге келген.
Еңбек жолын Махмудова 1976 жылы Ферғана облыстық сотында хатшы болып бастады. 1979—1983 жылдары Ферғана қаласындағы №1 мемлекеттік нотариат кеңсесінің нотариусы, 1983—1987 жылдары Ферғана облысы әділет басқармасы бастығының орынбасары, 1987—1990 жылдары партия комитетінің нұсқаушысы болып жұмыс істеді. Ферғана облысы, 1990—1999 жылдары Ферғана облысы Әділет департаменті бастығының бірінші орынбасары, 1999—2001 жылдары Ферғана облыстық сотының судьясы, 2001—2004 жылдары Ферғана сотының төрағасы, 2004—2008 жылдары аудандық сотының судьясы. 2008—2013 жылдары ол Ферғана облыстық сотының төрағасы, 2013—2017 жылдары Ферғана заң колледжінің оқытушысы, 2017—2020 жылдары Ферғана облысының халық қабылдау бөлімінің меңгерушісі болды.
Ферғана облысының қылмыстық істер жөніндегі сотының төрағасы қызметін атқарды. 2008 жылдың 29 тамызына дейін Өзбекстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы қызметін атқарған. 2017–2020 жылдары Өзбекстан резидентінің Ферғана облысындағы халық қабылдау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
2020 жылдың қаңтарында Махмудова Ферғана облысынан Өзбекстан Республикасы Олий Мәжлісінің IV-шақырылымының сенаторы және Ғылым, білім және денсаулық сақтау комитетінің төрағасы болып сайланды. 2020 жылдың 13 шілдесінде Өзбекстан Сенаты Робахон Махмудованы Өзбекстан Жоғарғы соты төрағасының бірінші орынбасары етіп онжылдық мерзімге сайлады, сондай-ақ оны білім және ғылым, денсаулық комитетінің төрағасы қызметінен босатты.
2023 жылы 12 мамырда Робахон Махмудованың «Әділет» социал-демократиялық партиясынан сол жылғы президент сайлауына үміткер ретінде қатысатыны белгілі болды. Осыған байланысты Робахон Махмудова Өзбекстан Республикасы Судьяларының жоғары біліктілік алқасы судьялығын уақытша тоқтатты. Сайлау нәтижесінде Махмудова жалпы дауыстың 4.43% (693,634 дауыс) жинап, екінші орынға жайғасып, жеңіліп қалды.
Робахон Махмудова сот жүйесін реформалаудың және соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз етудің бастамашысы және іске асырушысы болып табылады. Сондай-ақ, Жоғарғы Соттың бірқатар пленумдарының қылмыстық жазаны жеңілдету және жаза тағайындауда әділдікті қамтамасыз ету туралы қаулыларының авторы. Әйелдердің құқықтарын қорғау және осы бағыттағы заңнаманы жетілдіру, әкімшілік соттарды дамыту және сот жүйесін білікті мамандармен толықтыру бағытында көптеген жұмыстар атқарды.[дереккөзі?]
Р.Махмудованың 140-тан астам ғылыми-көпшілік мақалалары жарық көрген. Судьяларға арналған 10 әдістемелік құралдардың авторы.[дереккөзі?]
## Жеке өмірі
Махмудова тұрмыста, екі баласы бар, жұбайы Т.Махмудов — зейнеткер.
## Марапаттары
2020 жылы 6 наурызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің жарлығымен ол «Фидокорона хизматлари учун» орденімен марапатталды.
## Дереккөздер |
Марат Рахымұлы Құсайынов (20 мамыр 1967, Амантау ауылы, Нұра ауданы, Қарағанды облысы, Қазақ КСР) — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жоғары қолбасшылығының өкілі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының басшысы, генерал-лейтенант.
## Өмірбаяны
1967 жылы 20 мамырда Қарағанды облысы, Амантау кеңшарында дүниеге келген.
1988 жылы Челябі жоғары танк қолбасшылық училищесін бітірген.
Офицерлік қызметін Беларусь әскери округінде взвод командирі болып бастады. 1993 жылдың қаңтарынан маусымына дейін — танк дивизиясының танк полкінің танк ротасының командирі болды.
1993 жылдың маусымынан 1994 жылдың шілдесіне дейін — танк дивизиясы танк полкінің оқу-танк батальонының командирі болды.
1994 жылдың шілдесінен 1997 жылдың шілдесіне дейін — Ресей Қарулы Күштерінің құрышты танк күштері Әскери академиясының тыңдаушысы болды.
1997 жылы Ресей Қарулы Күштерінің құрышты танк күштерінің Әскери академиясын бітірген.
1997 жылдың шілдесінен 2000 жылдың желтоқсанына дейін — мотоатқыштар бригадасы командирдің орынбасары — штаб басшысы болды.
2000 жылдың желтоқсанынан 2002 жылдың шілдесіне дейін — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери-ғылыми орталығының әскери-арнайы зерттеулер бөлімінің басшысы болды.
2002 жылдың шілдесінен 2003 жылдың желтоқсанына дейін — мотоатқыштар бригадасының командирі болды.
2003 жылдың желтоқсанынан 2004 жылдың қарашасына дейін — мотоатқыштар бригадасы командирдің орынбасары — штаб басшысы болды.
2004 жылдың қарашасынан 2005 жылдың ақпанына дейін — жағалау қорғанысы бригадасының командирі болды.
2005 жылдың ақпанынан 2006 жылдың наурызына дейін — механикаландырылған бригаданың техника және қару-жарақ сақтау бөлімінің басшысы болды.
2006 жылдың наурызынан 2008 жылдың тамызына дейін — «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасы штаб басшысының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары — жедел басқармасының басшысы болды.
2008 жылдың тамызынан 2010 жылдың шілдесіне дейін — Ресей ҚК Бас штабы Әскери академиясының тыңдаушысы болды.
2010 жылы Ресей ҚК Бас штабы Әскери академиясын (үздік және алтын медалмен) бітірді.
2010 жылдың шілдесінен 2013 жылдың шілдесіне дейін — «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары — өңірлік қолбасшылығы басқармасының штаб басшысы болды.
2013 жылдың шілдесінен 2014 жылдың қаңтарына дейін — «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары — өңірлік қолбасшылық басқармасының штаб басшысы болды.
2014 жылдың қаңтарынан 2016 жылдың маусымына дейін — «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары — өңірлік қолбасшылық басқармасының штаб басшысы болды.
2016 жылы маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.
2019 жылдың 4 мамырынан 2020 жылдың 5 қарашасына дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы болды.
2021 жылы 6 қыркүйекте Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас штабының басшысы болып тағайындалды.
## Марапаттары
* I дәрежелі Даңқ ордені (2023)
* II дәрежелі Даңқ ордені
* Мерейтойлық медалдар
* Ұзақ қызмет үшін берілген медалдар
## Сілтеме
* М.Р. Құсайынов (орыс.)
## Дереккөздер |
Жаңаауыл — Қарағанды облысы Қарағанды қалалық әкімдігінің Әлихан Бөкейхан ауданына қарасты ауыл.
## Географиялық орны
Қарағанды қаласынан солтүстік-батысқа қарай 36 км, Көкпекті станциясынан 8 км-дей жерде орналасқан. Елді мекен Қарағанды қаласына қарағанымен, жеріБұқар жырау ауданының аумағында.
## Халқы
## Дереккөздер |
Евгений Александрович Эктов (1 қыркүйек 1986, Петропавл, Солтүстік Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық жеңіл атлетші (үш рет қарғып секіру), Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
## Өмірбаяны
Жаттықтырушылар: Александр Эктов пен Нина Эктова. 2011 жылы Кобеде өткен Азия чемпионатының жеңімпазы. Азия чемпионаттары мен Азия ойындарының бірнеше жүлдегері. Ғұсман Қосанов мемориалында (Алматы) үш рет қарғып секіруде 17,22 м нәтиже көрсетіп, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына лицензия жеңіп алды. Олимпиадада небәрі 16,31 м секіріп, 19-орын иеленіп, алдын ала кезеңде өз өнерін аяқтады.
## Үздік нәтижелері
ашық алаңда
* ұзындыққа секіру — 7,77 — Бішкек (31.05.2008)
* үш рет қарғып секіру — 17,22 — Алматы (30.06.2012)
жабық ғимаратта
* үш рет қарғып секіру — 16,44 — Ханой (02.11.2009)
## Отбасы
Үйленген. Әйелі — Ирина Литвиненко — қазақстандық жеңіл атлетші (үш рет қарғып секіру). Яна есімді (2010 ж.т.) қызы бар.
## Сілтеме
* Евгений Эктов «Worldathletics» сайтында |
Қарақұла – көбінесе жабайы аңдарда болатын, қара жонды басып өтіп, құйыршықтың ұшына дейін қақ жарып тұратын табиғи сызық.
## Атау мәні
Дәстүрлі ортада оны "қарақұла" деп атаса, ғылымда "медиана" дейді. Қарақұла – 2/1, жарты, 0,5, қақ жартыға тең. Латын тілінде медиана – қарақұла, қарақұладан қақ жару, тең жару, тең бөлу дегенді білдіреді.
## Сипаты мен мағынасы
Қарақұла жануар денесіндегі түктен бөлек, көбінесе қара түсті, ұзындау келген, жылтыр болады. Ол жануарлардан бөлек, жәндік, құрт-құмырсақалардың да денесінде болады. Сондай-ақ, өсімдіктердің діңінің ұзынынан қақ жарып тұрған ішкі өзегі бар, ал жапырақтарда оны екіге бөліп тұратын сызық бар. Қарақұла дәстүрлі ортада тепе-теңділік, тең өлшемділік, тең үлгілілік, тең пішінділік, тең мүшелілік, тең денелілік, тең көлемділік, тең жарты, қақ жартысынды тіркестердің мағынасын айғақтайтын ұғым іспетті.Қазақта «қарақұладан қақжарып бөліп алдық», «қарақұладан қақжарып бөліп беру» деген теңеу сөздердің болуы осының дәлелі. Сондай-ақ, дәстүрлі ортадағы дау-дамай, шиеленіскен мәселелерді әділ шешетін билерге қаратыла айтылатын «қарақылды қақжарған» деген теңеудің болуы – осы қарақұладан қақ жарғанды білдірсе керек.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Бабалықұлы Ж. Мал ауруларының қазақша атаулары. Алматы. Қайнар, 1986;
* ҚР МОМ – материалдарынан;
* ОМЭЭ – материалдарынан. |
Тоқтарбек Таңатхан (қыт. 托合塔尔别克·唐拉提汗; 1996 жылы 18 қарашада дүниеге келген) — қытайлық әуесқой боксшы, этникалық қазақ, орта және жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Бокстан Қытай ұлттық құрамасының мүшесі, 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2023), халықаралық және республикалық әуесқойлар турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері.
## Өмірбаяны
Тоқтарбек Таңатхан 1996 жылы 18 қарашада Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы Үрімжі қалалық ауданында дүниеге келген. Ұлты бойынша – этникалық қазақ.
## Әуесқойлық мансап
### Әлем чемпионаты 2019
2019 жылдың қыркүйегінде Екатеринбургте (Ресей) 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен әлем чемпионатына қатысты. Ол 1/32 финалда шотландиялық Шон Лаззериниді ұпай санымен (5:0), ал 1/16 финалда Үндістандық боксшы Ашиш Кумарды ұпай саны бойынша (3:3) ұтты. 2) ресейлік, бірақ 1/8 финалда ұпай бойынша (0:5) ирандық боксшы Сейедшахин Мусавиден жеңіліп қалды.
### 2020 жылғы Олимпиада ойындары
2020 жылдың наурыз айында Амманда (Иордания) Азия/Океания елдерінен іріктеу турнирінде 4-орынға ие болды және 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 2020 жылғы Олимпиадаға жолдама алды.
2021 жылдың шілдесінде Токиода (Жапония) өткен Олимпиада ойындарына қатысушы болды, онда жарыстың 1/16 финалында Үндістанның боксшысы Ашиш Кумарды жеңді (5:0), бірақ 1/8 финалда Ол 2020 жылғы Олимпиада чемпионы атанды бразилиялық Хеберт Консейсаудан бөлінген шешіммен (2:3) жеңілді.
### 2023 жылғы әлем чемпионаты
2023 жылдың мамыр айында Ташкентте (Өзбекстан) 80 келі салмақта әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Жарыстың 1/8 финалында ол мысырлық боксшы Абдельрахман Салах Орабини 2-раундта ерте нокаутпен жеңсе, ширек финалда ұпай саны бойынша бөлінген (4:3) атақты кубалық Арленді жеңді. Лопес, жартылай финалда ұпай саны бойынша бөлек шешіммен шешімімен (5:2) Испания атынан сынға түсетін тәжірибелі ресейлік Газимагомед Джалидовты жеңді, бірақ финалда қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбайдан ұпай саны бойынша жеңілді (1:4).
2023 жылдың шілде айының басында ол Астанада (Қазақстан) өткен «елорда кубогы» халықаралық турнирінде 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда өзбек боксшысы Жасурбек Юлдошевты жеңіп, жеңімпаз атанды.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Танаткан Токтарбек (Тохэта Эрбекэ) — профиль на сайте Sportbox.ru
* Тохтарбек Танатхан — новости на сайте Sports.kz
* Amateur Boxing — Tuohetaerbieke Tanglatihan (ағыл.). The-Sports.org.
* Amateur Boxing — Erbieke Tuoheta (ағыл.). The-Sports.org.
* Boxing: Tanglatihan Tuoheta Erbieke (ағыл.). NBColympics.com.
* Профиль: Erbieke Tuoheta (ағыл.). Olympics.com. |
Тамшалы сайы – Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласынан 35 км шығыс бағытта, Тамшалы жерінде орналасқан табиғи нысан.
## Ескерткіштің сипаттамасы
Еділ-Орал археологиялық экспедициясымен 1982 жылы анықталып, қосымша зерттеулер 2009 жылы жүргізілген. Алғаш рет 07.05.1993 жылы облыс әкімінің №487 шешімімен мемлекеттік қорғауға алынған. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді.
Бекіністік қамал екі нысаннан құралады. №1- нысан, қамал қабырғасы, 200 м ұзындықтағы мүйістің шетін жағалай орналасқан. Жоспарда қабырға сызығы сәл қисайған. Қабырғалардың қалыңдығы 1,2-1,5 м. Қабырғалар биік емес, 1,5 м, өте биік нүктелері 2-2,3 м. Құрылысы 2 қабатты табиғи таспен және Маңғыстау облысының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы топырақпен толтыра қалау әдісімен тұрғызылған. Кей жерлерде төменгі қаландылардың деңгейінде тік қойылып жалпақ тастар орнатылған. Қабырғалар алаңдық жағынан жартылай дөңгелектенген, диаметрі 3,5-4 м, 3-5 м қабырға сызығынан шығыңқы келген 5 мұнарамен нығайтылған. Мұнараның ішкі бөлме қуысы бар. Кей жерлерде мұнаралар мен қабырғаларда биіктігі 40-50 см жақтаулар байқалады. Қабырғаның СБ бөлігінде шамамен ені 2 м болатын өткел бар. Қабырға мен мұнаралардың алдында алаңдық жағында жүзіп барған ені 2 м, тереңдігі 50 см болатын есік қуысын жағалай ор жатыр. Ені 3 м, биіктігі 30-50 см ордың алдында қатты сырғыған топырақ жал болып үйілген үйінді және мұнаралар мен есік қуысына қарсы доғаланған тас қаландылар бар. Бұл мүмкін маңдай үстінің құлаған қалдықтары болуы мүмкін. Мүйістің С жағында арнайы төмен түсетін соқпақ анықталды. Қамалдың аймағында жалғыздан кремний сынықтары кездеседі. Қамал қабырғаларының құрылысы мен сақталуы кейінгі орта ғасырларға меңзейді. 2- нысан - мүйістелген шошақтың бітер жеріндегі үйілген көлемді үйінді сипатында. Үйіндінің ұзындығы 48 м, ені 10-12 м, орташа биіктігі шамамен 2 м. Жоспарда қиғаш (зигзаг) пішінде келген. Мүйіс аумағындағы біршама жер үйіндімен қалқаланған. Осы маңда қолдан жасалған қыш ыдыс сынығы, мыс рудасының және сирек кездесетін пышақ тәрізді кремний тасының сынықтары кездеседі. Бұл материалдар қола дәуірімен мерзімделеді. Ескерткіш (1986 ж.) құжатталған.
## Дереккөздер |
Батеке — Конго өзенінің орта ағысы бойында, Конго Демократиялық Республикасында, Конго Республикасында, Габон Республикасында тұратын халық. Жалпы саны 900 мыңға жуық адам.
## Тілі
Тілі - китеке тілі, банту тілдер тобына жатады.
## Діні
Батектердің көпшілігі дәстүрлі нанымдарды сақтайды, кейбіреулері христиандар.
## Кәсібі
Негізгі кәсібі – егіншілік (маниок, бұршақ дақылдары), балық аулау және жеміс жинау. Бір бөлігі майлы пальма плантацияларында және Киншасада, Браззавильде және т.б. қалаларда кәсіпорындарда жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Введен ауданы — Қазақ КСР-нің Қостанай облысында 1944-1957 жылдары болған аудан. Орталығы — Введенка ауылы.
## Тарихы
Введен ауданы 1944 жылы 8 мамырда құрылды. Құрамына Меңдіқара ауданының Ақжар, Алёшин, Введен, Камен, Надеждин және Тобыл ауылдық кеңестері кірді.
1951 жылдың 1 қаңтарына қарай аудан құрамына 6 ауылдық кеңес кірді: Ақжар, Алёшин, Введен, Камен, Надеждин және Тобыл.
1954 жылы Ақжар ауылдық кеңесі таратылды.
1957 жылы 27 қарашада Введен ауданы таратылды. Алёшин, Введен, Камен және Тобыл ауылдық кеңестері Меңдіқара ауданына, ал Надеждин ауылдық кеңесі Қостанай ауданына берілді.
## Ақпарат құралдары
Ауданда орыс тілді «Знамя победы» газеті шығарылып тұрған.
## Дереккөздер |
Құтлық хан (орыс. Кулук-Салтан, Кулук, Тулук, туған жылы белгісіз — 1510 жылдан кейін) — Шибан әулетінен шыққан Түмен хандығының билеушісі (1505-1510). Ибақ ханның ұлы.
## Өмірбаяны
Құтлық хан туралы жазба деректер өте аз. Шығыс шежірелері оны Ибақтың екінші, ал «Бахр ал-Асрар» үлкен ұлы деп хабарлайды. Хан мәртебесінде Әбілғазы Баһадүр ханның шығармасында кездеседі. Құтлық Қадырғали Жалайырдың шығармасында Махмұтектің ұлы, Қажы-Мұхаммедтің немересі, Ибақтың әкесі болып көрсетілген. 1505-1506 жылдары Вычегод-Вым жылнамасында «түмен және сібір ханы» ретінде аталып өтті. Жылнамадағы ақпаратқа сәйкес Шыңғы-Тұрадан Ұлы Пермь жерін шабуылдаған. «Кіші мұз дәуірі» мен Шибан әулетінің сыртқы саясаттағы сәтсіздіктері 1510-1511 жылдары кейбір ұлыстардың Ноғай Ордасы мен Орталық Азияға қоныс аударуымен аяқталды.
## Әдебиет
* Парунин А. В. Политическая история Тюменского ханства в 1430-1508 гг.: монография / А. В. Парунин. — Челябинск: Фонд содействия сохранению культурного наследия «Общественный фонд „Южный Урал“», 2023. — 247 с.
* Тюменское и Сибирское ханства / под ред. Д. Н. Маслюженко, А. Г. Ситдикова, Р. Р. Хайрутдинова. — Казань: Издательство Казанского университета, 2018. — 560 с. — ISBN 978-5-00130-021-2. |
Санжар Тәкенұлы Ташкенбай (1 маусым 2003 жылы туған, Астана) — қазақстандық әуесқой боксшы, 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатында және 2021 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған.
## Дереккөздер |
Сериндия өнері — біздің дәуіріміздің 2-11 ғасырлары аралығында Қытайдың батыс аймағындағы Сериндия немесе Шыңжаңда дамыған өнер.
Ол қазіргі Ауғанстан мен Пәкістандағы Гандхара аймағының грек-буддистік өнерінен шыққан. Гандхараның мүсіні үнді дәстүрлерін грек әсерімен үйлестірді.
Заманауи ғалымдар Жібек жолы бойымен саяхаттап жүрген буддист миссионерлері бұл көркем әсерлерді буддизмнің өзімен бірге Сериндияға әкелді, нәтижесінде грек, қытай және парсы гибридті стиль пайда болды деп болжайды.
Қазіргі заманда Сериндия өнері 20 ғасырдың басында сэр Аурель Стейнның Орталық Азияға жасаған экспедицияларының арқасында қайта ашылды.
## Галерея
*
*
*
*
*
*
## Тағы қараңыз
* Сериндия
* Гандхара өнері
## Әдебиеттер
* Хопкирк, Питер (1980). Жібек жолындағы шетелдік шайтандар: Қытайдың Орталық Азиядағы жоғалған қалалары мен қазыналарын іздеу. Амхерст: Массачусетс Издательство Массачусетского университета. ISBN 0-87023-435-8.
## Сілтемелер
* Франсин Сливка, Сериндия өнерінің екі аспектісі: Сериндия — этимология мен география кездесетін жер |
Халдун Халифа Әл-Мүбәрак (араб.: خلدون المبارك) — Біріккен Араб Әмірліктерінің кәсіпкері, Mubadala Investment Company бас директоры және басқарушы директоры.
Абу-Дабиде дүниеге келген. АҚШ-та білім алған ол құрылыс және жылжымайтын мүлік саласындағы мансабын Mubadala Development бас директоры қызметінен бастады. Ол First Abu Daphi Bank, Aldar Properties және Ferrari сияқты бірқатар директорлар кеңесінде отырады. Әл-Мүбарак сонымен қатар Абу-Даби Әмірлігінің Атқарушы кеңесінің мүшесі және атқарушы органның төрағасы болып табылады.
2008 жылдың қыркүйегінде Абу-Даби Юнайтед тобы клубты сатып алған кезде Әл Мубарак «Манчестер Сити» футбол клубының төрағасы болды. Әл-Мүбарак «корольдік отбасының ең сенімді кеңесшілерінің бірі» болып саналады.
## Ескертпелер |
Қаратөбе — Түркістан облысы Төле би ауданы, Кемеқалған ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Леңгір қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 47 км-дей жерде, Қазығұрт ауданының аумағында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жекпе-жек – майдандағы үлкен шайқас алдында кәсіби әскерилердің-батырлардың жауынгерлерлік жеке ұрысы.
## Жекпе-жек маңызы мен тарихи деректер
Көшпелі халықтардың әскери өнерінде соғыс кезінде батырлар жекпе-жегін өткізу дәстүрі өте маңызды орын алды. Майдандағы айқас алдында кәсіби әскерилердің жауынгерлік жекпе-жек айқасын өткізу – өткен ғасырларда барлық халықтардың әскерилер сословиесінің соғыс өнеріне тән ортақ дәстүр болатын. Эпостық қаһармандардың және тарихи батырлардың жау батырларымен соғыс кезінде жекпе-жек айқасының өтуі – түркі халықтарының өз қаһармандық эпостарында да, тарихи жазба ескерткіштерінде де кездесетін тұрақты сюжеттердің бірі. Көшпелі түркі халықтарында жауынгерлердің жекпе-жекке шығуы туралы ең көне жазба деректер түркі заманына (VII ғ.) сәйкес келеді.Орта ғасырлардағы соғыстар кезінде көшпелі халықтар батырларының көршілес отырықшы халықтардың әскерилерімен жекпе-жек айқастары туралы деректер ол халықтардың да тарихи, әдеби жазбаларында сақталған. Орыс князі Мстиславпен жекпе-жекке шыққан касог (половец) тайпасының батыры Редедейдің (XI ғ.), Куликов шайқасы кезінде (ХV ғ.) орыс жауынгері Пересветпен айқасқан Алтын Орда батыры Челубейдің (Тимур мурза) есімдері орыс жылнамаларында аталса, Әмір Темір мен Алтын Орда ханы Тоқтамыстың соғысын суреттейтін ортағасырлық автор Шереф-ад-дин Али Йездидің «Зафар-наме» («Жеңіс кітабы») атты тарихи шығармасында Алтын Орда әмірі Яғлы-бий бахриннің Әмір Темірдің әмірлерінің бірі Осман-баһадурды жекпе-жекке шақырып, айқасқаны суреттеледі.Айқастың тағдырын батырлардың жекпе-жегімен шешуге тырысу дәстүрі қазақтарда XIX ғ.-ға дейін сақталып келді. Батырлар жекпе-жегі қазақ-жоңғар соғысы кезінде де, кейінгі ұлт-азаттық көтерілістер кезіндегі айқастарда да өткізіліп отырды. Қазақтың тарихи жырларында жекпе-жекте жоңғардың Шарыш батырын жеңіп басын алған Абылай, көптеген жекпе-жекте жау батырын жеңіп жеңіске жеткен Қабанбай, Бөгенбай және т.б. батырлардың, Аңырақайда қалмақтың атақты батырын жеңген Бөлек батыр, Кенесары әскерлерінде жекпе-жекте аты шыққан Наурызбай, Ағыбай сияқты көптеген батырлардың ерліктері тарихта, халық жадында бүгінге дейін сақталып келеді.
## Батырлар жекпе-жегінің мақсаты
Жауынгерлік жекпе-жекке қатысу көшпелі қоғамның кәсіби әскерилер әлеуметтік жігі өкілдерінің – батырлардың соғыстағы басты міндеттерінің бірі болды, жауынгерлік борышы саналды. Көбінесе жауынгерлер батыр (баһадур) титулына осындай жекпе-жекте жеткен жеңісінің нәтижесінде ие болатын. Осындай жеке айқаста ғана кәсіби жауынгердің жауынгерлік өнері сынға түсіп, шеберлігі шыңдалып, ерлігі жетілді. Жеке айқаста жау батырларын жеңу батырлардың атын шығарып, дәрежесін өсіретіндіктен кәсіби жауынгер үшін оған қатысу үлкен абырой да болды.Батырлар жекпе-жегінің мақсаттары – аз қантөгіспен, кәсіби жауынгерлердің жеке айқастарымен соғыс тағдырын шешу, айқас алдында жауға күш көрсету, жаудың басты батырларын құрту, екі жақтың батырларының күшін сынасу болды. Майдандағы жекпе-жекте бір жақтың батырлары өте басым түскен жағдайда батырлары жеңілген қарсы жақ кейде айқасқа кірмей, соғысты жалғастырмай кері шегініп кетуі соғыс тарихында жиі кездесетін жәйт. Яғни әскери тактика тұрғысынан алғанда бұл – батырлардың жеке айқастары арқылы әскерді көп шығыннан сақтаудың бір жолы да болды. Сондықтан қолбасшылар да майдандағы айқасты мүмкіндігінше кәсіби әскерилердің күшімен шешуге тырысып, шайқас алдында жауынгерлік жекпе-жектің өткізілуін соғыста әскери тактикалық тәсіл ретінде қолданды.
## Жекпе-жек өткізудің қалыптасқан дәстүрі
Көшпелілердің соғыс өнерінде шайқас алдында батырлардың жауынгерлік жекпе-жегін өткізудің қалыптасқан дәстүрі болған. Екі әскер майданда кезде-скенде екі жақтың қолбасшылары арнаулы жаушы жіберіп, айқас алдында батырлар жекпе-жегін өткізу туралы келісім жүргізіп, оны өткізудің реті, уақыты, саны анықталған. Жекпе-жекке шақыру арнаулы әдіспен әскери дабылды ұру арқылы жарияланды. Ол үшін әр батырдың ерінің алдыңғы қасына оң жақтан байлаған өз әскери дабылы болды. Әскери дабыл батырлардың жауынгерлік атрибутарының бірі саналды. Қазақтардың қаһармандық эпостарында, әдетте, батырлар «артына сауыт бөктерген, алдына дабыл төңкерген» деп сипатталады. Батырдың осы жеке дабылын немесе үлкен жалпы әскери дабылды немесе ханның үлкен дабылын – «нағараны» (парс. «накара», «нагара» – дабылдың үлкен түрінің атауы) ұру арқылы шайқас алдында батырлардың жекпе-жегінің өтуіне дыбыстық сигнал берілді.
## Жекпе-жектің этикалық нормалары
Көшпелі халықтардың әскери өнерінде жауынгердің әскери жекпе-жектегі әрекетін анықтайтын, регламенттелген, хатқа жазылмаған, ауызша ұрпақтан ұрпаққа ұласқан, бірақ кәсіби әскерилердің бәрі қатаң сақтап отыратын, кейін институциялану барысында өзіндік әскери салтқа айналған белгілі бір моральдық-этикалық нормалары болды. Жекпе-жек ер қаруының әр түрімен айқасудан: жақпен атысудан, найзаласудан, қылыштасудан, шоқпарласудан, балталасудан кезектесіп ұрыс жүргізу арқылы өткен және айқас жауынгердің біреуі жеңіске жеткенше жүргізілген.Фольклорлық деректерде жекпе-жек алдында батырлар өз қарсыласынан: «Атыспақ керек пе, шабыспақ керек пе, найзаласпақ керек пе?» – деп сұрайтыны жиі айтылады, яғни қай қарумен айқасатынын сұрап, сайыс жүргізуде қарсыласына қару таңдауға, яғни оған шебер меңгерген қару түрін қолдануға мүмкіндік берген. Бұл қарсыласты құрметтеу, яғни оған жақсы қорғануға мүмкіндік беру болатын.Жекпе-жек кезінде алғашқы ату кезегі, бірінші соққы жасау кезегі, әдетте, жасы немесе жолы жағынан үлкендерге берілді. Жекпе-жекке екі жақтан көбінесе дәрежесі бірдей батырлар шығатын, хан – ханмен, атақты батыр – атақты батырмен, жас жауынгер – жаспен. Егер қарсыласы өз дәрежесіне сай келмесе батыр бұл жекпе-жектен бас тартуға құқылы болды, бұл өз абыройын кетірмеудің, намысын түсірмеудің белгісі болғандықтан ондай жағдайда ешкім оны кіналамаған, оның талабын екі жақ та мойындап отырды.Жекпе-жек алдында батырлар міндетті түрде өз есімін, өз руының атын айтып өздерін таныстыруға тиісті болды. Сол арқылы айқасқа қатысушы екі жақ та жекпе-жектен кейін оған қатысқан батырлардың есімін еске сақтап, жеңімпаздың есімін біліп, батырдың атағы барлығына жайылып, қаһарманның есімімен бірге оның руының да, халқының да аты адақталатын.
## «Сүйекке шабу»
Жазбаша және ауызша тарихи деректерде жекпе-жек кезінде жеңген батыр жеңілген қарсыласының басын кесіп, атын, сауыт-сайманын олжалап алатыны жиі айтылады. Жеңген жауының басын алу әрекетінің астарында қаталдық емес, сол арқылы жауының күшін иеленуге болады деген ертедегі көне діни сенім жатқанын айта кету керек. Батыры жекпе-жекте өлген жақ батырының денесін жауға бұлай қорлатқызбай сақтап қалу үшін «сүйекке шабу» деп аталатын әрекетке барған, ол үшін әскердің ішінен бірнеше батыр жауынгерлер өлген батырының денесін майданнан алып шығу үшін айқасқа шыққан, ал батыры жеңген жақтан бірнеше жауынгерлер оның денесін бермеуге тырысқан. Әсіресе, хандардың, атақты батырдың «сүйегі» үшін талас екі жақтан көп адам қатысқан кішкентай, бірақ қанды шайқас түрінде өткен.Батырлар жекпе-жекке шығар алдында өз қаруластарынан жаудың қолынан өлген жағдайда денесін жауға қорлатпай, «сүйегіне шабуды» арнайы өтінетін болған. Жекпе-жекте өлген батырдың сүйегіне талас қазақтың тарихи жырларында да жиі суреттелетін оқиғалардың бірі. Өлген батырдың денесін жауға бермей алып қалу үшін екі әскердің ортасында айқасқа түсу – «сүйекке шабу» әрекеті жауынгерден жекпе-жекке шыққанмен бірдей батырлықты, ерлікті талап етті, сол себепті әркімнің жүрегі дауалай бермейтін бұл күреске де жүректі де, шебер жауынгерлер түсетін. Сондықтан оған барған батырлар да бүкіл әскердің құрметіне бөленді.
## Жекпе-жектің ғұрыптық аспектісі
Орта ғасырларда соғыс кезіндегі батырлардың жауынгерлік жекпе-жегінің ғұрыптық аспекті де болды. Фольклорлық деректер ертеде батырлар жекпе-жек алдында арнаулы магиялық сөздік формулаларды айту арқылы «қаруды арбау» ырымын жасағанын көрсетеді. Қазақтың қаһармандық эпостарында кездесетiн батырдың қарумен серттесу сөздерi – әскери магиялық ырымдарда қолданылған жауынгерлiк қаруды арбау сөздерiнiң бiзге жеткен үлгiсi. Айқас алдында магиялық арбау сөз арқылы қарумен серттесуден кейiн қаруды қолдану әрекетінiң өзi магиялық әрекет болады да, магиялық арбау сөз бен магиялық әрекеттiң қосылуы арқылы жекпе-жек айқас магиялық ғұрыпқа айналады. Бұдан көшпелi халықтарда соғыстың маңызды сәтi болатын айқас – ғұрып ретiнде, ал қаруды қолданудың мақсаты қан төгу, адам өлiмi болғандықтан, батырлар жекпе-жегі нақтылы функциясы жағынан құрбандық ғұрпы түрiнде түсiнiлгенiн көруге болады. Осы ғұрыпта адам – ғұрыпты орындаушы да, онда құрбандыққа берiлетiн объектiнің өзi де болды, яғни ол екi функцияны бiрден атқарды. Ғұрыптық мақсат тұрғысынан келгенде жекпе-жек айқас – жауынгерлердiң ел үшiн, әміршісі үшiн құрбандыққа баруы, немесе жаудың жауынгерiн құрбандыққа шалуы, сол құрбандық арқылы құдіреттен, құдайдан майдандағы жеңiстi тiлеп алу.Қазақ батырларының өз өмірін ел үшін құрбандық ретінде түсінуі қаһармандық эпоста да, жыраулар поэзиясында да анық көрініс тапқан. Жекпе-жектiң түпкi астарындағы жасырын мағынасы, сол магиялық-ғұрыптық мәнiнiң жұрнағы қазақ тiлiнде бүгінге дейін сақталған. Осы күнге дейiн соғыста өлген жауынгерлерге байланысты айтылатын «соғыста құрбан болды», «ел үшiн құрбан болды», «халық үшiн жанын құрбан ету» сияқты сөз тiркестерiнiң қолданылуы ғұрыптық салттың өзi ұмытылғанмен оның мағынасының тiлде көркем метафора түрiнде сақталып қалған белгiсi.Танымал ағылшын этнологы Э.Б. Тэйлор әр тiлдегi осындай мағынасы күңгiрт, қызметi ұмытылған сөз тiркестерiнiң, көне сөздердiң халық санасында «этнографиялық естелiк» болып сақталған көне магия мен дiни сенiмдердiң қалдығы екенiн, сондықтан оларды тануға этнографиялық кiлт ретiнде қолдануға болатынын жазады. Жоғарыда айтылған сөз тіркестері, алғашқыда өмiрiн соғысқа арнаған кәсiпқой әскерилердiң ел үшiн соғыстағы құрбандығы түрiнде өтетiн ғұрыптық әрекетiне мағыналаса, кейiн өзiнiң бастапқы мағынасынан айырылып, соғыста өлген барлық адамдарға қатысты да айтылып, уақыт өте тек символдық мәнге ие болды.Кейін қазақтарда жекпе-жектегі адам құрбандығын басқа құрбандық түрімен ауыстыруға тырысқан. Батыр жекпе-жекке шығар алдында арнайы құрбандыққа ақсарбас шалынып, дін иелері дұға оқып, айқасқа шығатын батырға хан, бас қолбасшы немесе жасы үлкен батыр бата беріп оның айқастан аман-есен оралуын тілеген.
## Батырлардың жекпе-жекке дайындығы
Батырлар жекпе-жекке жақсы дайындалып, бес қаруын сайлап, берік сауыт, шарайналар киіп шыққан. Майдандағы жауынгерлік жекпе-жек батырлардан ер қаруының барлық түрін қолдану тәсілдерін шебер меңгеруді, жеке ұрыс жүргізудің түрлі әдіс-тәсілдері мен тактикасын игеруді талап ететін болғандықтан батырларға да, олардың жауынгерлік аттарына да жақсы әскери дайындық, тұрақты түрде жаттығу қажет болды. Сондықтан бейбіт уақыттарда әртүрлі бүкілхалықтық астар мен тойларда өтетін жамбы ату, бәйге, көкпар тартыс, аударыспақ, балуан күрес және жауынгерлік қарулармен өтетін жеке сайыс кәсіби әскерилер үшін осындай әскери жаттығулар қызметін атқарды.Ертеде қазақтарда әртүрлі тойларда ұйымдастырылатын жекпе-жек сайыс та ер қаруының барлық түрімен өтті және сипаты жағынан майдандағы әскери жекпе-жекке жақын түрде болды. Мұндай сайыстарда адамның жарақат алуы, кейде өліп кетуі де болып отырған, сондықтан бұл сайысқа да бұрынғы кезде батырлар жауынгерлік сауытпен жарақтанып және бес қарумен толық қаруланып шығатын. Бұл сайыстардың әскери-қолданбалық мәнін жақсы түсінген ХIХ ғ.-дағы орыс авторлары оларды қазақтардың «рыцарлық ойындары»деп атаған.Батырларға сайыс ер қарумен айқасу әдістерін меңгеруге жаттығу болса, ат үстіндегі күрес – аударыспақ, көкпар, жаяу күрес сияқты тартыстар батырларға қарусыз айқасуда жаттығатын дайындық түрлері болды. Ал бәйге, көкпар батырлардың жауынгерлік аттарын соғысқа дайындауға, жаттықтыруға мүмкіндік берді.Қазақта елді шапқан жауға қарсы соғыстарда жекпе-жекте жеңіске жеткен батырлар әскердің, елдің ұранына айналып, жекпе-жекте қаза болғандардың есімдері өздері шейіт болған жерлерге қойылып, елі үшін басын бәйгеге тігіп, жанын құрбан еткен ерлер есімі киеленіп, осы күнге дейін ұрпақтан ұрпаққа сақталып келеді.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Сборник материалов относящихся к истории Золотой Орды.Т.II (Извлечения из персидских сочинений собранное В.Г. Тизенгаузеном и обработанное А.А. Ромаскевичем и С.Л. Волиным. М.-Л.: АН СССР, 1941;
* Материалы по истории туркмен и Туркмении. Т.I. Арабские и персидские источники в VII-ХV вв. М.-Л.: АН СССР, 1939; Рыцарские забавы киргиз-кайсаков. Сын отечества. №5. 1845;
* Материалы по истории Казахских ханств ХV-ХVIII веков (извлечения из персидских и тюркских сочинений). Алма-Ата: Наука, 1969;
* Липец Р.С. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. М.: Наука, 1984;
* Ахметжанов Қ.С. Жараған темір кигендер (батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері). Алматы: Дәуір, 1996;
* Тайлор Э.Б. Миф и обряд в первобытной культуре. Смоленск: Русич, 2000;
* Ахметжан Қ.С. Батырлардың жауынгерлік жекпе-жегінің әскери, моральдық-психологиялық және ғұрыптық аспектілері. Қазақ білім академиясының баяндамалары. Астана, 2011;
* ҚР МОМ – ма-териалдарынан;
* ОМЭЭ – материалдарынан. |
Ахмет-Керей хан (орыс. Ахметкиреи царевич, туған жылы белгісіз - 1577 немесе 1578) - Шибан әулетінен шыққан Сібір (Түмен) хандығының 1563-1569, 1574-1577/1578 жылдардағы билеушісі. Ибақ ханның немересі, Көшім ханның ағасы.
## Өмірбаяны
Ахмет-Керейдің туған жылы және жастық шағы туралы жазба деректер сақталған жоқ. Орыс патшасы IV Иванның ноғай биі Исмаилге 1563 жылдың 22 қыркүйегінде жіберген хатына сәйкес сібір тағына Көшім емес, Мұртаза сұлтанның үлкен ұлы Ахмет-Керей отырды.
## Әдебиет
* Тюменское и Сибирское ханства / под ред. Д. Н. Маслюженко, А. Г. Ситдикова, Р. Р. Хайрутдинова. — Казань: Издательство Казанского университета, 2018. — 560 с. — ISBN 978-5-00130-021-2.
* Посольские книги по связям России с Ногайской Ордой. 1561-1566 гг. Публикация текста / [сост. Д. А. Мустафина ; авт.предисл. В. В. Трепавлов]. - Казань : Татар. кн. изд-во, 2018. - 231 с., илл. |
Ибақ хан, кейде Ибрахим хан (тат. Айбәк хан, Ибәк хан, орыс. Ивак-царь, Ибрагим Ивак царь, Упак-царь, Бреим-царь, туған жылы белгісіз – 1493 немесе 1495) — Шибан әулетінен шыққан Түмен хандығының билеушісі (1468-1493/1495). Мамық сұлтанның ағасы, сібір хандары Ахмет-Керей мен Көшімнің атасы, Қажы Мұхаммед ханның немересі.
## Өмірбаяны
Жазба деректерде Ибақ ханның есімі XV ғасырдың екінші жартысынан бастап кездеседі. Ол Әбілхайыр ханның мұрагері Шейх-Хайдар ханға қарсы бағытталған ауқымды коалицияның құрамында аталып өтті. Бұл жорық туралы «Таварих-и гузида-йи Нусрат-наме», «Фатх-наме», «Шайбани-наме» және «Бахр ал-Асрар» жан-жақты баяндайды. Шығыс жылнамаларына сәйкес коалицияның құрамында Ұлы Орданың билеушісі Ахмет хан, Қажы-Мұхаммед ханның ұлы Сейтек, Орыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек, Жәдігер ханның ұлы Бүреке сұлтан болған. 1469 жылы орын алған бірнеше қақтығысқа қарамастан, ешбір қарсыласушы жақ жеңіске жете алмады. Шейх-Хайдардың Ибақтың қолынан қаза тапқандығын «Таварих-и гузида-йи Нусрат-наме», «Шайбани-наме» хабарлайды. 1469 жылы Ибақ хан Дешті Қыпшақтағы Көшпелі өзбектер мемлекетін құлатуға қатысып, Әбілхайыр ханның немерелері Мұхаммед Шайбани және Махмұд паналаған Қажы-Тарханды қоршауға алады. Жорықты Ұлы Орданың билеушісі Ахмет хан, маңғыт биі Аббас және Ибақ басқарды. 1460-шы жылдардың аяғында Ибақ Түмен жұртының билеушісіне айналды.
Архангелогород жылнамасының ақпаратына сәйкес 1481 жылдың қаңтар айында ноғай мырзалары Мұса мен Жамқұршының қолдауына ие болған Ибақ Ұлы Орданың билеушісі Ахмет ханға кенеттен ұйымдастырылған шабуыл жасап, оны мерт қылған. Ахмет ханның қызы мен ұлысындағы «ордабазардың» Ноғай Ордасына немесе Түмен жұртына көшірілгендігін Вологод-Пермь, Устюг және Вологод жылнамалары хабарлайды. Ордабазардың көмегімен Ибақ Түмен хандығының әскери және экономикалық күшін арттыруды көздеген. Қаңтар айындағы оқиғалар қырым ханы Меңлі-Керейдің поляк-литва королі Казимир IV жазған хатында да баяндалған. Ибақ ханның батыс бағыттағы алғашқы әскери жетістіктері оның орыс елшілік құжаттарындағы лауазымына әсер етті. Устюг жылнамасында «шибан», ал Никонов жылнамасында «ноғай» ханы ретінде аталып өтті.
1487 жылы Қазан хандығындағы мемлекеттік төңкерістен кейін хан тағына ІІІ Иванның жақтасы Мұхаммед-Әмин отырды. Қазандағы билеуші топтың бір бөлігі (Алқазы, Қасым Сейіт, Бегіс, Өтеш және т.б.) қаладан қашып, Түменді паналауға мәжбүр болды. Кейбір болжамдарға қарағанда, олар Ибақты таққа отырғызу рәсімін өткізіп, оны қазан ханы ретінде мойындады. 1489 жылы «ноғай ханы» Ибақтың Мәскеуге аттандырған елшілігі тұтқынға түскен бұрынғы қазан ханы Әлиді босатып, Түменге жіберуді жоспарлаған. Сәтсіз аяқталған келіссөздердің қорытындысы бойынша Ибақ ханның кейбір экономикалық талаптары орындалып, Қазан хандығы арқылы өтетін дипломатиялық бағыттарды орнату келісілді.
1492 және 1493 жылдары Ахмет ханның ұлдары Шейх-Ахмет пен Сейіт-Махмұтқа қарсы ұйымдастырылған біріккен ноғай-түмен одағының жорықтарына қатысқан. Алайда ноғай билеушілерінің Қажы-Тархан тағына ағайынды Ибақ пен Мамықты отырғызу жоспары іске аспады.
XVII ғасырда жарық көрген сібір жылнамаларындағы ақпаратқа сәйкес 1493 немесе 1495 жылы жергілікті тайпалардың билеуші тобының бір бөлігі Ибақ ханның билігіне наразылық білдіреді. Олар Тайбұға әулетінің өкілі Мұхаммедтің басшылығымен Чинги-Тура қаласына шабуыл жасап, Ибақ ханды өлтірген. Ханның өлімінен кейін түмен тағын інісі Мамық сұлтан иеленді. Ибақ хан ұрпақтарының ішіндегі ең танымалы – Сібір (Түмен) хандығының билеушісі Көшім хан.
## Әдебиеттер
* Архангелогородский летописец // Полное собрание русских летописей / Отв. ред. акад. Б. А. Рыбаков. — Л.: Наука, 1982. — Т. 37. Устюжские и вологодские летописи XVI—XVIII вв. — С. 95. — 227 с. — 5400 экз.
* Ахмедов Б. А. Государство кочевых узбеков. — М.: Наука, 1965. — С. 55, 60-61, 68-69. — 194 с.
* Исхаков Д. М. Об общности этнической истории волго-уральских и сибирских татар (булгарский, золотоордынский и позднезолотоордынский периоды) // Сибирские татары. Монография / Отв. ред. С. В. Суслова. — Казань: Институт истории им. Ш. Марджани АН РТ, 2002. — С. 41—44, 48-49. — 240 с. — 500 экз. — ISBN 5-94981-009-0.
* Исхаков Д. М. Тюркско-татарские государства XV—XVI вв. — Казань: Институт истории им. Ш. Марджани АН РТ, 2004. — С. 17, 19, 41. — 132 с. — (Biblioteka TATARICA). — 500 экз.
* Камал ад-Дин Али Бинаи. Шайбани-наме // Материалы по истории казахских ханств XV-XVIII веков (Извлечения из персидских и тюркских сочинений) / Отв. ред. Б. Сулейменов. — Алма-Ата: Наука, 1969. — 652 с.
* Парунин А.В. Политическая история Тюменского ханства в 1430-1508 гг.: монография / А. В. Парунин. — Челябинск: Фонд содействия сохранению культурного наследия «Общественный фонд "Южный Урал"», 2023. - 247 с.
* Почекаев Р. Ю. Цари ордынские. Биографии ханов и правителей Золотой Орды. — СПб.: Евразия, 2010. — С. 226—227, 234. — 408 с. — 1,000 экз. — ISBN 978-5-91852-010-9.
* Сабитов Ж. М. Генеалогия Торе. — Алма-Ата, 2008. — С. 290. — 326 с. — 1.000 экз. — ISBN 9965-9416-2-9. Архивная копия от 27 января 2012 на Wayback Machine
* Трепавлов В. В. История Ногайской Орды. — М.: Восточная литература, 2002. — С. 113—118. — 752 с. — ISBN 5-02-018193-5.
* Тюменское и Сибирское ханства / под ред. Д. Н. Маслюженко, А. Г. Ситдикова, Р. Р. Хайрутдинова. — Казань: Издательство Казанского университета, 2018. — 560 с. — ISBN 978-5-00130-021-2.
* Файзрахманов Г. Л. История татар Западной Сибири: с древнейших времен до начала XX века. — Казань: Татар. кн. изд-во, 2007. — С. 120—128. — 431 с. — 1,000 экз. — ISBN 978-5-298-01536-3. |
Төленді Арыстанбеков (15 тамыз 1939; Бөрлі, Қостанай облысы — 16 қараша 2002, Қостанай, Қазақстан) — Қазақстан Респуликасы Аудиторлардың арасынан шыққан тұңғыш жазба және айтыскер ақын. Облыстық ақындар айтыстарының жүлдегері.
## Қызмет жолы
Арғынның Шақшақ — Томай руынан шыққан
* 1959 жылы Торғайдағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепті бітірді.
* 1961 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы техникумын тәмамдады.
* 1964-1965 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде дәріс алды.
* 1971-1976 жылдары Алматы халық шаруашылығы институтында «экономист-бухгалтер» мамандығын алып шықты.
* 1962-1995 жж. Қостанай және Торғай облыстарында бірнеше ауыл шаруашылық мекемелерінде бас экономист, бас бухгалтер қызметтерін атқарды.
* 1996-2002 жж. тәуелсіз «Қостанай-Факторинг» Аудиторлық фирмасының негізін қалаушы, Бас директоры, Қазақстан Республикасы Аудиторлар палатасының толық мүшесі.
## Шығармашылығы
* Тұңғыш өлеңдері Қостанай, Торғай облыстарының және аудандық газеттерінде жарияланды (1957-1960 жж.).
* Қаламы ұшталғасын, шеберлігі артқасын үздік өлеңдері республикалық баспаларда жариялана бастады (Жас Алаш (Лениншіл жас), Жалын, Жұлдыз т.б.).
### Ұлттық мүдде мен патриотизм тақырыбы бойынша
* - Тәуелсіздік жыры;
* - Жеңіс күніне;
* - Төрт құбылам бар менің;
* - Мәңгі жаса қазағым;
* - Ата заң;
* - т.б.
Туған жер мен туған өңір бойынша
* - Тобылдың толқындары-ай;
* - Қостанай, бір өзіңе махаббатым;
* - Қыздай сұлу Қостанай, мәңгі жаса;
* - Қостанайдың аққу ару қызына;
* - «Қостанай таңы» газетіне;
* - Туған жерім – Қарабалығым;
* - Қостанайдың көшесі;
* - Туған жер ең биікке шығарғаным;
* - Туған ел Ақмола;
* - т.б.
Ұлы тұлғаларға арнаған өлеңдері
* - Ахаңа;
* - Мұхтар аға;
* - Жамбыл баба тойына;
* - Мұқағалимен сырласу;
* - Нұржан ата;
* - Пушкинмен сырласу;
* - т.б.
Махаббат тақырыбы бойынша
* - Талай сыр жатыр ашылмай;
* - Тойда бүгін қыздар көп;
* - Жігіт сыры;
* - Асыл жарым;
* - Қарындас, қарай берші;
* - т.б.
*
Өзге де тақырыптар бойыша
* - Көңіліміз кең болсын;
* - Жел;
* - Алғыс туралы ой;
* - Бұл қазақта ырым көп;
* - Тазалық туралы;
* - Бажалар;
* - Көршілерім;
* - т.б.
## Музыка
Төленді Арыстанбеков бірнеше ән мәтіндерінің авторы.
* "Тобылдың толқындары-ай" (музыкасы Әбдіғани Бәзілханұлыныкі)
## Өлеңдер жинағы
* Төленді Арыстанбековтің алғашқы өлеңдер жинағы 2010-2012 жылдары Қостанай қаласының типографиясында жарияланды.
* 2023 жылы "Тобылдың толқындары-ай" атты өлеңдер жинағы Алматы қаласының «Arshyn» баспасында шығарылды.
ӘӨЖ 821.512.122
КБЖ 84 (5Қаз) А 86
## Демеушілігі
* 1996-2002 жж. «Қостанай-Факторинг» аудиторлық фирмасы мұқтаж кісілер мен әлеуметтік жағынан осал жанұяларға да, Қостанай қаласының мешітіне де демеушілік етті. Айта кететін жайт, Мешіттің шаруашылық сұрақтары бойынша аудиторлық бағалауды тегін жасаған.
## Отбасы
Өмірлік серігі, жары – Арыстанбекова Елена Хамитқызы.
Ұлдары – Бақытбек (1962 жылы туған), Дәуренбек (1964), Исламбек (1965), Қайырбек (1970), Жәнібек (1977);
Қыздары - Мира (1968), Базаркүл (1975).
## Дереккөздер
Төленді Арыстанбеков. ТОБЫЛДЫҢ ТОЛҚЫНДАРЫ (неопр.) / ред. Серік Әкірамұлы. — Алматы: АСТ, 2023. — 122 с. — 2000 экз. — ISBN 978-601-7560-24-9.
Төленді Арыстанбеков. Таңы боп Костанайдың арайладың (казах.) // Қостанай таңы : газета. — 1998. — 11 August. |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.