text
stringlengths
3
252k
Шекер Ермағамбетова (1903, Жалағаш ауданы – 22.1. 1986, Алматы) – қоғам қайраткері. Кеңес партия мектебін (1932), Жоғарғы коммунистік ауыл шаруашылық мектебін бітірген. Еңбек жолын 1928 жылы Қызылордада инспектор болып бастаған. 1938 жылға дейін Шымкент (Оңтүстік Қазақстан) облысы партия комитетінде әйелдер бөлімінің меңгерушісі, Қазалы ауданы атқару комитетінің төрағасы, Жаңақорған ауданы партия комитетінің 1-хатшысы болып істеді. 1938 және 1955 жылы Қазақ КСР Жоғарғы кеңесіне депутат болып сайланып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Төралқасы Төрағасының орынбасары (1938 – 1955) болды. 1955 – 1959 ж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасында марапаттау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Майя Төлегенқызы Бекбаева (12 ақпан 1979, Семей, Абай облысы) — қазақстандық журналист, тележүргізуші, редактор және продюсер. Қазақстан тарихы туралы көптеген танымал бағдарламалар мен деректі фильмдердің авторы. Ол 2019-2022 жылдар аралығында «Jibek Joly» (бұрынғы Kazakh TV) халықаралық спутниктік телеарнасының бас директоры қызметін атқарған. ## Өмірбаяны Майя Бекбаева 1979 жылы 12 ақпанда Абай облысы (бұрынғы ШҚО аумағы), Семей қаласында дүниеге келген. Орта мектепті үздік бітіріп, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен көптеген қалалық, республикалық олимпиадаларға қатысып, мектептің үлгісі мен мақтанышы болды. Майя өз мамандығын бала кезінде 12 жасында «Пульс времени» жергілікті газетінде жас тілші болып жұмыс істей бастағанда шешті. 2000 жылы «Шаһар» телеарнасында алдымен журналист, содан кейін жаңалықтар жүргізушісі болып жұмыс істеді. 2002 жылы ҚазҰУ-дың халықаралық журналистика факультетін үздік бітірді. 2005 жылы Майя журналист және Алматы «Таң» телеарнасының бас редакторы болды. 2009 жылы «Қазақстан» телеарнасында 2011 жылға дейін жаңалықтар бағдарламасын жүргізді. 2010 жылы ол «Мәртебелік астана», «Жеке аумақ» бағдарламаларының авторы және жүргізушісі, кешкі жаңалықтар блогы болды. 2012 жылы «Жетінші арнада» жаңалықтар жүргізушісі, «Басқаша айтқанда», «Шешім бар» және «Менің оқиғам» ток-шоуларында жұмыс істеді. 2016 жылы «Хабар» телеарнасындаға «Құпиялар. Тағдырлар. Есімдер» деректі фильмдер тізбегінің авторы әрі жүргізушісі болды. 2019 жылдан бастап «Kazakh TV» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды. ## Сілтеме * Майя Бекбаеваның youtube видеохостингіндегі жеке арнасы ## Дереккөздер
Арынғазы Қайсақанов (1912 жыл, Семей губерниясы, Көкен ауылы (бұрынғы Жаңа Семей ауданы - 7.03.1976) – экономист, партия кеңес қызметкері. Уақ тайпасынан шыққан. БК (б)П ОК жанындағы жоғары партия мектебін бітірген (1949). Еңбек жолдары: Семей облыстық мал шаруашылығы басқармасы қаржы-өндіріс бөлімінің бастығы (1935), Алматыда мемлекеттік жоспарлау комитетінде экономист (1935 – 37), есеп-санақ комитетінде экономист (1937 – 39), Жамбыл облыстық есеп-санақ мекемесінің бастығы (1939 – 41), Жамбыл облаткомы төрағасының орынбасары (1941 – 44), Жамбыл облыстық парткомы хатшысының орынбасары (1944 – 46), Жамбыл облаткомы төрағасының орынбасары (1946), Қарағанды облаткомы төрағасының орынбасары (1949 – 50), Қызылорда облаткомының төрағасы (1950 – 53), ҚКП ОК-нде жауапты ұйымдастырушы, Алматы облысы, Қаскелең аудандық парткомының 1-хатшысы (1953 – 57), Гурьев (Атырау) облаткомының төрағасы, Семей облаткомы төрағасының орынбасары (1957 – 73). Бүкілодақтық, республикалық партия съездеріне бірнеше мәрте делегат болып қатысты, Жоғарғы Кеңеске (3,5 шақырылмдарына) депутат болып сайланды. 3 мәрте Ленин орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Төлеутай Еламан Талғатұлы - 1998 жылы 20 шілдеде Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақжал кентінде дүниеге келген. Павлодар облысы, Екібастұз қаласы «Зерде» дарынды балалар мектебінің түлегі. Республикалық «Ақберен» байқауының «Поэзия» аталымы бойынша жеңімпаз атанып, Халықаралық Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің грантын жеңіп алған. ## Қызмет жолы * 2020-2021 жылдары Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығының» маманы; * 2022 жылы Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы; * 2023 жылдан "Түркістан" телеарнасында редактор, жүргізуші. ## Шығармашылығы * "Көбелек қанат қаққанша..." (2014 ж.) * "Аспан - Əке ..!" (2015 ж.) * "Ол қайтып келеді бүгін .." (2016 ж.) * «Құдай жайлы ойланатын қала» жыр антологиясына жинақтары енген.
Төлеуғали Мұхамеджанұлы Тайтөлеев (1960 жылы 2 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы) - Қазақстан футзал ассоциациясының президенті, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті, Алматы қаласы Мәслихатының депутаты, Алматы энергетика колледжінің директоры . ## Өмірбаяны 1960 жылы 2 мамырда Шығыс Қазақстан облысында (бұрынғы Семей облысы) Аягөз қаласында дүниеге келген. 1983 жылы Семей педагогикалық институтын тарих және қоғамтану мамандығы бойынша бітірген. 2008 жылы Қазақ қатынас жолдар университетін транспорт эксплуатациясы мен қозғалысы, тасымалдауды ұйымдастыру магистрі. Техника ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Аягөз қ. №5 орта мектебінің сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы ретінде бастады. 1989-1996 жылдар аралығында Алматы машинақұрылыс техникумында оқытушы, бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. 1996-2007 жылдары Алматы политехникалық колледжінде бөлім меңгерушісі, директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. 2007 жылдың маусымынан бастап Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің директоры. ## Қоғамдық жұмысы Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі (2017-2019) «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Қазақстан Республикасының NSL колледждерінің төрағасы Алматы қалалық Мәслихатының депутаты Қазақстан футзал ассоциациясының Президенті (2022) ### Қазақстан футзал Ассоциациясы 2022 жылы Қазақстан футзал ассоциациясы Қазақстан футбол федерациясымен келісім-шарт жасасып футзалдан Қазақстан чемпионатын, Футзалдан Қазақстан кубогы мен Суперкубогын өткізу туралы келісімге келеді. Футзал Ассоциациясы 4 жылдан бері қызметін тоқтатқан болатын. ## Дереккөздер
«Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі, қысқаша атауы — «Baytaq» Жасылдар партиясы — Қазақстандағы жасыл саяси партия, ресми түрде тіркелген 7 партияның бірі. Партия оппозициялық болып есептелмейді. Оның тұңғыш съезінде олар Тоқаев саясатын қолдайтынын мәлімдеді. ## Тарихы ### Құрылуы және тіркелуі Партия басшысы Азаматхан Әміртай айтуынша, партияны тіркеу жұмыстары 2015 жылдан бері жүргізіліп келген. 2022 жылдың 24 қыркүйегінде партияның тұңғыш съезі жүргізілді. Оның барысында партия басшылығы және бағыты таңдалды. 2022 жылдың 30 қарашасында партия ресми түрде тіркелген партиялар тізіміне енді. Ол соңғы 20 жылда алғаш рет тіркелген партия болды. ### 2023 жылғы парламент сайлауы 2023 жылы 20 қаңтарда Байтақ партиясы сол жылғы парламент сайлауына қатысатынын мәлімдеді. Партиядан тізім бойынша 20 кандидат ұсынылды, оның ішінде әйелдер квотасы бойынша 4 кандидат, жастар квотасы бойынша – 1 кандидат және мүгедектер квотасы бойынша – 1 кандидат бар. ### Партия төрағалығы үшін күрес (2023) 6 мамыр күні Алматыда партияның 3-съезі орын алды. Оның барысында Әміртай өзінің партиядағы мүшелігі мен төрағалығынан айырылды. 2023 жылдың 10 мамырында партия төрағасы Азаматхан Әміртайдың айтқан сөзінше партияны «олигархтар мен бизнесмендер» басып алғысы келеді, және оны сондықтан партия мүшелері тізімінен алып тастаған. Әміртай Алматыда өткен съезді мойындамады. Алматы мәслихатының депутаты және «Байтақ» партиясының алматылық саяси бюросының төрағасы Бейбіт Әпсенбетов «конференция өткізбей-ақ филиал директорларын тағайындап, партияға қатысы жоқ тұлғалардан саяси бюро құрып жүргеніне сүйеніп оның мүшелігі тоқтатылды» деген. ## Дереккөздер
Үшкөлтай Хасенқызы Субханбердина (15.1.1927 ж.т., Павлодар облысы Баянауыл ауданы - 2008, Алматы) - ғалым, филология ғылымдарының кандидаты (1964). Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бітірген (1948). . Үш жасында анасынан айырылып 10 жасында «халық жауының қызы» аталды. ## Отбасы Әкесі Субханбердіұлы Хасен Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында туып өскен, Алтай селосында мектеп директоры болып, математика пәнінен сабақ берді. Үшкөлтай Хасенқызы естелігінде былай деген: «Әкем өте көп оқығаны есімде. Оның қызыл шкафы кітаптар, газет пен журналдарға толып тұрған. 1937 жылы Кеңес өкіметі әкемді тұтқындағанда, мен 10 жаста едім. Біздің халжайымыз өте қиын болды. Біздің, балалардың, өмірімізді сақтау үшін әкемнің кітаптары жойылды. Бұл менің көкірегімде қалды. Мен өнебойы ойланатынмын: «Әкемді тұтқындап, біздерді қайғыға қалтыратындай ол кітаптар мен газеттерде не болды екен?». Жалған дерек бойынша «революцияға қарсы әрекеті үшін» Краснояр өлкесіне 10 жылға жіберілген Хасенұлы Субханберді 1942 жылы қайтыс болды. ## Еңбек жолы * 1952-1965ж. Орталық ғылыми кітапхананың библиографиясы қазақ кітаптары мен сирек кездесетін кітаптар және колжазба бөлімінің меңгерушісі. Осы кезден ғалымның еңбек ғұмырнамасы басталып, кітаппен тығыз байланысты ғылыми ізденістері белгіленді. * 1966-1973 ж. Әдебиет және өнер институтының текстология және қолжазба бөлімінің аға ғылыми қызметкері, * 1973-1982 ж. фонофото болімінің меңгерушісі, * 1982-1999 ж. қолжазба және текстология орталығының аға ғылыми қызметкері болып қызмет атқарған. ## Еңбек жолы және шығармашылығы * 1956 жылы, Қ. И. Сәтбаевтың инициативасымен, Орталық ғылыми кітапхана кітапханашыларды Мәскеу, Ленинград, Қазан, Томск, Ташкент және тағы басқа қалаларға әріптестердің тәжірибесімен және Қазақстанға байланысты кітап басылымдарымен танысу үшін жіберді. * 1961 ж. Ү.Х. Субханбердинаның бірінші ғылыми еңбегі - «Айқап» бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар. Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар» атты мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш. 1 бөлім. («Материалы, опубликованные на страницах казахской периодической печати. Ч.1,1961) * 1963 ж. - «Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар. Қазақ газеттеріндегі мақалалар мен хат-хабарлар: Түркістан уалаятының газеті. Дала уалаятының газеті. Қазақстан» атты мазмұндалған библиографиялық көрсеткіштің 2-ші бөлімі шығарылды. * 1964 жылы Ү. Х. Субханбердина «ХІХ ғ.аяғы – ХХ ғасырдағы Қазақтың революцияға дейінгі мерзімді баспасөз және көркем әдебиеті» деген тақырып бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. Ғылыми жетекшілері академик Ә.Х.Марғұлан, корреспондент-мүше Е.С.Ысмайылов. * 1989-1996 жылдары «Ғылым» баспасында Ү.Х.Субханбердинаның «Дала уалаятының газеті» («Киргизская степная газета») тақырыпты 4 жинақ шықты. ## Дереккөздер
Галкин ауданы — 1944-1957 жылдары болған Қазақ КСР Павлодар облысының әкімшілік бөлінісінің бірлігі. Орталығы — Галкино ауылы. ## Тарихы Галкин ауданы 1944 жылы 8 мамырда Цюрупин ауданының шағындалуынан Павлодар облысының құрамында құрылды. Аудан құрамына Александровка, Алексеевка, Бөрібай, Галкин, Еленовка, Жаңаауыл, Николаевка, Ниязовка, Радужный, Тайбағар, Тереңкөл, Өндіріс, Чигириновка ауылдық кеңестері кірді. 1951 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аудан құрамына 13 ауылдық кеңес кірді: Александровка, Алексеевка, Бөрібай, Галкин, Еленовка, Жаңаауыл, Николаевка, Ниязовка, Радужный, Тереңкөл, Өндіріс, Чигирин және Шоқтал. 1952 жылы Радужный ауылдық кеңесі таратылды. 1954 жылы Еленов ауылдық кеңесі Галкин ауылдық кеңесіне, Николаев ауылдық кеңесі Александров ауылдық кеңесіне, Ниязов ауылдық кеңесі Өндіріс ауылдық кеңесіне, Тереңкөл ауылдық кеңесі Чигирин ауылдық кеңесіне қосылды. 1956 жылы «Қарабидай» астық кеңшарының орталығында Қарабидай ауылдық кеңесі құрылды. 1957 жылы 25 қазанда Галкин ауданы таратылып, аумағы Цюрупин ауданына берілді. ## Дереккөздер
Маринов ауданы — Целиноград облысының 1973-1988 жылдары болған әкімшілік-аумақтық бірлігі. Әкімшілік орталығы — Мариновка ауылы. ## Тарихы Аудан Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1973 жылғы 25 желтоқсандағы Жарлығымен құрылған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1988 жылғы 9 шілдедегі Жарлығымен Маринов ауданы таратылды. Аудан аумағы Астрахан, Атбасар, Балкашин, Макин аудандары арасында бөлінді: Ескi Қалқұтан ауылдық кеңесі Астрахан ауданына, Адыр, Мариновка, Новоалександровка ауылдық кеңестері Атбасар ауданына, Бірлік, Гвардия ауылдық кеңестері Балкашин ауданына, Журавлёв, Красноводск, Новобрат, Острогор ауылдық кеңестері Макин ауданына қосылды. Бірнеше жылдан кейін Острогор ауылдық кеңесі Макин ауданынан Астрахан ауданына қосылды. ## Әкімшілік бөлінісі 1986 жылғы мәлімет бойынша аудан құрамында 10 ауылдық кеңес пен 23 елді мекен болған: ## Тұрғыны 1979 жылғы Бүкілодақтық халық санағы бойынша Маринов ауданында 22 554 адам немесе облыс халқының 2,79%-ы тұрған. Жынысына қатысты құрамында ерлер 10 839 адамды немесе 48,06%, әйелдер — 11715 адам немесе 51,94% құрады. Қала халқы болмады. ## Дереккөздер
Михайлов ауданы (орыс. Михайловский район) — 1944–1957 жылдары болған Қазақ КСР Павлодар облысының әкімшілік бөлінісінің бірлігі. Орталығы — Михайловка ауылы. ## Тарихы Михайлов ауданы 1944 жылы 8 мамырда Өрлітөбе ауданын бөлу арқылы Павлодар облысының құрамында құрылып, Ілияс, Қазақстан, Партизан, Есқара, Ворошилов, Михайлов, Будённый, Благодатный, Ново-Кузьмин, Жамбыл, Жаңа Жұлдыз, Краснов ауылдық кеңестері берілді. 1951 жылы 1 қаңтарда аудан құрамына 12 ауылдық кеңес кірді: Благодатное, Будённый, Ворошилов, Жамбыл, Жаңа Жұлдыз, Ілияс, Есқара, Қазақстан, Красновка, Михайлов, Ново-Кузьмин және Партизан. 1954 жылы Қазақстан ауылдық кеңесі Ворошилов ауылдық кеңесіне, Будённый ауылдық кеңесі Есқара ауылдық кеңесіне, Ілияс және Благодатный ауылдық кеңестері Михайлов ауылдық кеңесіне қосылды. Жаңа Жұлдыз ауылдық кеңесі таратылды. 1957 жылы 7 қаңтарда «Озёрный» астық кеңшарының орталығында Озёрный ауылдық кеңесі, ХІХ партсъезд атындағы астық кеңшарының орталығында Алакөл ауылдық кеңесі құрылды. 1957 жылы 30 шілдеде Есқара, Ворошилов ауылдық кеңестері Ново-Кузьмин ауылдық кеңесіне, Жамбыл ауылдық кеңесі Озёрный ауылдық кеңесіне қосылды. Ново-Кузьмин ауылдық кеңесі Қазақстан ауылдық кеңесі болып өзгертілді. «Михайлов» астық кеңшарының орталығында Совхозный ауылдық кеңесі құрылды. 1957 жылы 16 тамызда Петропавл ауылдық кеңесі құрылды. 1957 жылы 25 қазанда Михайлов ауданы таратылып, аумағы Өрлітөбе ауданына берілді. ## Дереккөздер
Тұрабай Тұраров (1876 жылы — 1949 жылы тамыз) — Қазақ КСР, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы «Қызыл Жеменей» ұжымшарының аға шопаны. Социалистік Еңбек Ері (1949). ## Өмірбаяны 1876 жылы Қарақұмда көшпелі отбасында дүниеге келген. 1896 жылдан бастап батырақшылықпен айналысты. 1925 жылдан бастап байларға қарсы күрескен қазақ кедейлерінің «Кедей тобы» қоғамының қызметіне қатысты. 1929 жылы Семей облысы Зайсан ауданындағы №2 ауылда «Жаңа Тірлік» ұжымшарын (1932 жылдан бастап Қара Ертіс кеңшары) ұйымдастырушылардың бірі болды. 1939 жылдан бастап Зайсан ауданындағы «Қызыл Жеменей» кеңшарында шопан болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында әр биеден бір төлден алуды өз мойнына алған. Кейін сол кеңшарға аға шопан болып тағайындалды. Тұрабай Тұраровтың бригадасы 1945 жылы 70 биеден 67, 1946 жылы 83 биеден 79 құлын өсірді. 1947 жылы бригада 93 биеден 92 құлын өсірді. Мал шаруашылығының жоғары өнімділігін алғаны үшін 1947 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығымен Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалімен бірге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1948 жылы бригада 105 биеден 105 құлын алып, толық алынған төлді сақтап қалды. 1948 жылы ауыр науқастанып, бір жылдан кейін 1949 жылы тамызда қайтыс болды. Марапаттары * Социалистік Еңбек Ері * Ленин ордені * 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалі ## Әдебиет * Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін]: энциклопедия. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. — Тұраров Тұрабай: б. 757. ## Сілтеме * Сергей Каргапольцев. Тұрабай Тұраров. «Герои страны» сайтында. * Тұраров Тұрабай, Шығыс Қазақстан: белгілі аттар/ А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан кітапханасы * Тұраров Тұрабай, Шығыс Қазақстан облысының ардагерлері
Біз ғана тірі (ағылш. The last of us, тікелей аудармасы – Соңғы тірі қалғандарымыз) — америкалық HBO арнасы үшін Крейг Мейзин мен Нил Дракман түсірген апокалипсистен кейінгі өмірді баяндайтын драма. Naughty Dog студиясы жасаған 2013 жылғы видеоойынға негізделген бұл хикаядағы оқиғалар 2023 жылы орын алады. Сериал жасөспірім Еллиді (Белла Рамзи) жеткізіп тастау үшін постапокалипстік АҚШ-ты кезіп өтуді көздеген контрабандист Жоел (Педро Паскаль) туралы. Сондай-ақ хикаяда зомби тәрізділерге айналдыратын саңырауқұлақ инфекциясы (Ophiocordyceps unilateralis) жайлы баяндалады. Қосымша әртістер арасында Жоелдің қызы Сараны ойнаған Нико Паркер, Жоелдің інісі Томмидің рөлін ойнаған Габриел Луна, қарсыласу қозғалысының жетекшісі Марлиннің рөлінде Мерл Дандриж және Жоелдің контрабанда серіктесі Тесстің рөлінде Анна Торв бар. 2023 жылғы 15 қаңтарда алғашқы сериясы шықты. Сериал сыншылардың да, көрермендердің де көңілінен шығып, олар сценариін, актерлердің ойнын және қоюшы суреткерлердің жұмысын аса жоғары бағалады. ## Актерлер құрамы ### Басты рөлдерде ### Қосалқы рөл * Нико Паркер Жоелдің 14 жасар қызы Сараны сомдайды. Паркер рөлді алмай тұрып, бірнеше жыл бұрын ойын туралы бейнелер қараған. Ол «ойын нұсқасынан аулақ болуды» және кейіпкердің өзіндік интерпретациясын беруді қалады; ойынның әсерінен Сараның өлімін дұрыс ойнамай қалу қаупінен қорықты. Паскал Паркермен алғашқы сахналарды түсірген кезде, «әкесі мен қызы арасындағы байланысты» сезіне білді. Бірінші ойында Сараны Хана Хейс сомдайды. * Джон Ханна 1968 жылғы ток-шоуда саңырауқұлақтардың қаупі туралы ескерту жасайтын эпидемиолог доктор Ньюман рөлін ойнайтын актер. * Мерл Дендриж әскери күштерден бостандық алуға ұмтылған қарсылық қозғалысы, яғни "Жарқырауықтардың" басшысы Марлен рөлінде ойнайды. Дендриж – ойындағы өз рөлін сомдаған жалғыз актер. Мейзин мен Дракманның (продюсерлер) ойынша, Дендриж басқа актерларға қарағанда кейіпкеріне көбірек ұқсайды, сондықтан оған тек жасанды шаш керек болды. * Жош Бренер 1968 жылы ток-шоудың жүргізушісі Мюррей рөлінде ойнайды. Ток-шоу идеясы Дик Кевит пен оның "Дик Кевитт шоуынан" туындаған. * Кристофер Хейердал – 1968 жылғы ток-шоуда Ньюманның пікіріне күмәнмен қараған эпидемиолог дәрігер Шонхайс. * Брендан Флетчер – Роберт. Бостон карантин аймағында қара базардағы баскесер әрі қару-жарақ сатушысы. Бірінші ойында Роберттің рөлін Робин Аткин Даунс ойнады. * Анна Торв індеттен аман қалған, Жоелдің контрабандист серіктесі Тесстің рөлін сомдайды. Торв пен Паскалдың пікірінше, Тесс пен Жоел біраз уақыт қарым-қатынаста болған, бірақ оны жария етпейді. Торв бұл ойын туралы білсе де, оны ойнап көрмеген, бірақ ол туралы бейнероликтер қараған. Бірінші ойында Тестің рөлін Енни Вершиң ойнады. * Гебриел Луна – Томми. Жоелдің інісі және идеализм мен бақытты болашаққа деген үмітін жоғалтпаған бұрынғы сарбаз. Паскал мен Рамсидің рөлі бекітілгеннен кейін шамамен бір ай өткен соң, Лунадан тыңдалымға жазба жіберуді сұрайды. Луна Мейзин мен Керолин Страусстың еңбектерімен жақсы таныс болған және өзі бұрын HBO түсірген «Нағыз детектив» телехикаясында ойнаған. Тыңдалым жазбасын алғаннан шамамен бір аптадан кейін Мейзин, Штраусс және Дракман Лунаға рөл ұсынды. Лунаның айтуынша, жоба жетекшілері оның дәл өздері іздеген адам екенін бірден түсінді. Луна бұл рөлге қатты қуанды, себебі ол Техастағы Остин қаласында (Жоел мен Томмидің туған қаласы) ойынның сюжетімен бірдей уақытта тұрған. Түсірілім кезінде ол өзінің рөлін жақсырақ меңгеру үшін PlayStation 5 ойнады. Луна Томмидің костюмін толықтыруға үлес қосты: оның етіктері Техастағы кастиллея өсімдігімен безендірілген, ал оның белбеуін канадалық үндістер жасаған, бұл кейіпкерінің бейнесіне маңызды деталь қосты. Бейне ойындарда Томмидің рөлін Жеффри Пирс ойнады. * Мюррей Бартлетт – Биллмен бірге оқшауланған қалада тұратын «жанталасушы» Френктің рөлін сомдаған актер. Бартлет ойын туралы бұрын білмеген, бірақ сценарийді оқығаннан кейін телехикаяға қатысқысы келді. Рөлі расталғаннан кейін ол ойынды зерттеп, оны «киноға жарамды» деп тапты, әсіресе кейіпкерлерді, сюжетті және қозғалған тақырыптарды ұнатады. Френк алғашқы ойында тек мәйіт ретінде қысқаша көрсетілді. Дракман кейбір жанкүйерлер Френктің пайда болуына ренжиді деп ойлады, өйткені ол ойынның сюжетінде жоқ еді. * Ник Офферман – френкпен бірге тұратын «жанталасушы» Билл. Бастапқыда бұл рөлге Кон О'Нил тағайындалды, бірақ тығыз түсірілім кестесіне байланысты жобадан кетуге мәжбүр болды. Бірінші ойында Билл рөлін У. Ерл Браун ойнады. * Мелани Лински Канзас-ситидегі бүлікшілердің жетекшісі Кетлинді сомдайды. Кетлин – ойынға қатысқан аңшылар тобының жетекшісі ретінде Мейзин ойлап тапқан телехикаяның бастапқы кейіпкері. * Кейвон Монреаль Вудард саңырау бала Семнің рөлінде ойнайды. Бүлікшілер ағасы Генри екеуінің ізіне түседі. Бірінші ойында Семнің рөлін Нажи Жетер сомдайды. ## Бөлім ## Өндіріс ### Әзірлеу ### Кастиң ### Сценарий ### Түсірілім ### Музыка ### Дизайн ### Пост-продакшін ## Релиз бен жарнама ## Қабылдау ### Сын-пікір ### Рейтиң ### Қаржылық ықпалы ## Қызықты факт Сериалда зомби сөзін ешкім қолданбайды, тек infected (жұқтырған) деген сөз бар. Өйткені бұл зомби туралы емес, адамдар туралы сериал. 3-бөлімде Биллдің кіреберісінде ілініп тұрған өлең жолдарын ирланд жазушысы һәм ұлтшылы Томас Озборн Девис (1814-45) жазған. The Welcome (Кездесу) деп аталады.Кадрдағы мәтін: Come in the evening, or come in the morning; Come when you’re look’d for, or come without warning. Аудармасы: Кел маған кешпен, кел таң сәріде, Кел маған кенет, күтем әлі де. Бұдан әрі And the linnets are singing, “True lovers don’t sever!” деген жолдар бар, яғни нағыз ғашықтар ешқашан ажырамас деп құстар ән шырқайды деген мағына. Бұл өлең Билл мен Френктің махаббатын бейнелеп тұрса керек.
Барбалар (берба, бариба, баргу, боргава, богунг) — Бениннің солтүстігіндегі халық.Бениндегі саны 495 мың адам. (2005), Нигерияда – 62 мың адам, Тогода – 14 мың адам. Жалпы саны 571 мың адам.Халықтың бірнеше атаулары бар. Кейбір жерлерде берба, баргу, богунг немесе бариба сияқты атауларды көруге болады. Бірақ қалай аталса да тұрмысы, мәдениеті бір. ## Тілі Тілі - нигер-кордофан отбасының гур тобының берба тілі. ## Діні Барбалар дәстүрлі нанымдарды сақтайды, шамамен 10% мұсылмандар. ## Тарихы Болжам бойынша, бұл халық 14-15 ғасырларда Боргу деп аталатын ерте саяси формация құрылғаннан кейін қалыптасқан. 16 ғасырда ол Бариба деп аталатын басқа ерте мемлекеттік формацияның бөлігі бола бастады. Дәл осы уақыт олардың Африкада қалыптасуының басы болып саналады. ## Кәсібі Негізгі кәсібі – қолмен атқарылатын ауыспалы егіншілік (күріш, фонио, құмай, жүгері, жержаңғақ және т.б.). Кен орындары елді мекендердің айналасында шоғырланған. Ірі қара және ұсақ мал өсіріледі, олар тыңайған жерлерде немесе орылған егістіктерде жайылады. Қолөнерден - ағаш ою, керамика, тоқыма, кілемше тоқу дамыған. ## Өмір салты Билеушілердің күрделі иерархиясы болды. Тайпалық жіктелу сақталған. Дәстүрлі қоғамдық ұйым көп балалы отбасылардан тұратын ауылдық қауымдастықтарға негізделген. Туыстық есеп аналық жақтылық элементтері бар патрилинейлік болып табылады. Неке вирилокалды, яғни күйеу мен әйел күйеуінің ата-анасымен немесе оларға өте жақын тұрады. Еркектер бірден бірнеше әйел алған кезде полигиния да қолданылады. Сорорат одан да сирек кездеседі. Бұл жағдайда ер адам өзінің қарындасына үйленеді. Барбалардың тұрғын үйлері, олардың пішіні орналасқан жеріне байланысты. Мәселен, оңтүстік орман аймағында олардың пішіні дөңгелек және конус тәрізді шатыры бар. Ал солтүстікте кәдімгі шатырлы төртбұрышты үйлер бар. Бұл ерекшеліктер бір ғасырдан астам уақыт бойы жалғасып келеді және бүгінгі күнге дейін сақталған. Ерлердің киімдері әртүрлі және олардың әлеуметтік жағдайын көрсетеді. Олардың күнделікті киімдері Туру - әдетте жеңсіз туника. Дансиги- тізеге дейінгі көйлек кейде іш киім ретінде пайдаланылады. Сокото - мата белдігі бар конустық шалбар. Негізгі тағам - көкөністер (жарма, бұқтырылған ботқа) және ет. ## Дереккөздер
Қазақстан КП Павлодар облыстық комитеті — Қазақстан КП Павлодар облыстық партия ұйымының басқару органы (1938-1991). Павлодар облысы 1938 жылы 15 қаңтарда Қазақ КСР құрамында Шығыс Қазақстан облысының құрамынан құрылды. Орталығы — Павлодар қ. 1960 жылдың 26 желтоқсанынан 1965 жылдың 16 қазанына дейін Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Целиноград облыстарымен бірге Тың өлкесінің құрамында болды. ## Қазақстан КП Павлодар облыстық комитетінің бірінші хатшылары СТАЛИННЫҢ ЗАМАНЫНДА (1925-1953 жж.) * 02-06.1938 Александр Онишин * 06.1938-1939 Сайдахмет Ысқақов * 1939—1940 Георгий Колмогоров * 1940—1941 Анатолий Мойсеев * 1941—1943 Михаил Арменков * 1943—1944 Джек Кулитов * 1944—1950 Иван Ивандаев * 1950—1954 Михаил Золотухин ХРУЩЕВТЫҢ ЗАМАНЫНДА (1953-1964 жж.) * 02.1954-1957 Иван Афонов * 04.1957-03.1961 Семен Елагин * 03.1961-1962 Василий Шишонков * 12.1962-1963 Иван Слажнев * 1963-12.1964 (ауылдық) Иван Слажнев БРЕЖНЕВТІҢ ЗАМАНЫНДА (1964-1982 жж.) * 12.1964-1965 Иван Слажнев * 1965—1975 Иван Буров * 12.1975-01.1982 Борис Исаев * 01.1982-22.10.1988 Петр Ерпилов ГОРБАЧЕВТЫҢ ЗАМАНЫНДА (1985-1991 ж.) * 22.10.1988-6.01.1991 Юрий Мещеряков ## Тағы қараңыз * Облыс әкімі ## Әдебиет * РСДЖ(б)П, РК(б)П, БК(б)П, КОКП орталық комитеті: Тарихи-өмірбаяндық нұсқаулық / Құрас. Ю. В. Горячев. М., 2005.
Әубәкір Әбдірайымұлы Арыстанбеков (7 қаңтар 1908, № 2 ауылы, Қарабалық болысы, Қостанай уезі, Торғай облысы, Ресей империясы — 13 наурыз 1970, Алматы, Қазақ КСР) — кеңестік мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қайраткері, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы МҚК төрағасы (1960-1963). Генерал-майор (14.01.1956). ## Өмірбаяны Батырақ отбасында дүниеге келген. 1931 жылдың желтоқсанынан бастап БК(б)П мүшесі. 1929 жылы Қостанай педагогикалық техникумын, 1953 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. 1929-1930 жж. — БЛКЖО Қостанай аймақтық комитетінің есеп бөлімі меңгерушісі, 1930-1931 жылдары — БЛКЖО Семиозер аудандық комитетінің хатшысы. Одан кейін БМСБ-ға жұмысқа жіберілді. 1931 жылдың қарашасынан бастап мемлекеттік қауіпсіздік органдарында: * 1931-1934 жж. — тәжірбеден өтуші, одан кейін жедел уәкілдің көмекшісі, Семиозер аудандық бөлімі МСБ тәжірибеленушісі, * 1934-1936 жж. — Ақтөбе облысы бойынша ІІХКБ Мемлекеттік қауіпсіздік басқармасының уәкілетті экономикалық бөлімнің көмекшісі, * 1936-1937 жж. — Ақтөбе облысы бойынша ІІХКБ Амангелді аудандық бөлімнің бастығы, * 1937-1939 жж. — Қостанай облысы бойынша ІІХКБ мемлекеттік қауіпсіздік басқармасының 3-бөлімі бастығының көмекшісі, * 1939-1940 жж. — Қостанай облысы бойынша ІІХК басқармасының тергеу бөлімінің бастығы, * 1940-1941 жж. — Қазақ КСР ІІХК тергеу бөлімінің аға тергеушісі, Қазақ КСР ІІХК мемлекеттік қауіпсіздік басқармасының 5-бөлімі аға жедел уәкілі, * 1941-1944 жж. — Қазақ КСР МҚХК (сосын ІІХК және қайтадан МҚХК) бірінші бөлімі бастығының орынбасары. Содан соң ол мемлекеттік қауіпсіздік органдарында басшы қызметтерінде болды: * 1944-1947 жж. — Жамбыл облысы бойынша Қазақ КСР МҚХК-МҚМ басқармасының бастығы, * 1947-1951 жж. — Семей облысы бойынша Қазақ КСР МҚМ басқармасының бастығы, * 1951-1952 жж. — Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақ КСР МҚМ басқармасының бастығы, * 1952-1953 жж. — Қазақ КСР мемлекеттік қауіпсіздік министрінің орынбасары, * 1953-1954 жж. — Қарағанды облысы бойынша Қазақ КСР ІІМ басқармасының бастығы, * 1954-1956 жж. — Қарағанды облысы бойынша Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы МҚК басқармасының бастығы, * 1959-1960 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы МҚК төрағасының бірінші орынбасары, * 1959 ж. мамыр-тамыз — төраға м.а., * 1960-1963 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы МҚК төрағасы. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылым депутаты. 1963 жылы 19 желтоқсанда денсаулығының нашарлауына байланысты МҚК-ден зейнеткерлікке шықты. 1967-1970 жж. Қазақстан ҒА кадр бөлімі басшысының м.а. болды. 1970 жылы 13 наурызда қайтыс болып, Алматының Орталық зиратына жерленді. ## Атақтары * Мемлекеттік қауіпсіздік аға лейтенанты (6 қараша 1942) * Мемлекеттік қауіпсіздік майоры (11 ақпан 1943) * Мемлекеттік қауіпсіздік полковнигі * Генерал-майор (14 қаңтар 1956) ## Әдебиет * Петров Н. Кто руководил органами госбезопасности, 1941—1954: Анықтамалық. — М.: Звенья, 2010. ISBN 5-7870-0109-9. Сафидулла Қалмағамбетұлы Сақбаев ## Сілтеме * Сенің генералдарың, Қарабалық!  (орыс.) ## Дереккөздер
Сара Абдурахманқызы Ишантураева (8. 11. 1911 ж. т., Наманган обл., Жаңақорған ауд.) — өзбек совет актрисасы, КСРО халық артисі (1951). 1942 жылдан КОКП мүшесі. 1927 ж. Москвадағы Ағарту үйі жанындағы өзбек театр студиясын бітірді. Сахналық жолыда сол жылдан басталды. 1943—46 ж. және 1953—60 ж. Өзбек драма театрынын директоры. Өзі ойнайтын ролъдерінің әлеуметтік және психол. мінез-кейпін терең ашып көрсететін, реалистік багыттағы актриса. Басты рольдері: Онахон (Яшеннің «Намыс пен махаббатында»), Офелия, Дездемона (Шексппрдің «Гамлеті» мен «Отоллосында»), Хуррият (Ұйғырдың осы аттас пьесасын-да) т. б. КСРО Мемл. сыйлығьшың лауреаты (1949). 2—4-сайланган КСРО Жоғ. Советінің және Өзб. ССР Жог. Советінің (1939) депутаты. 2 рет Ленин орденімен, басқа 5 орденмен марапатталған. ## Әдебиет * Уваров Г„ Сара Ишантурае-ва. М., 1951; Авдеева Л„ Сара Ишан-тураева, Таш., 1960.
Оспан Байсейітов (1910 жылы, Жарсу ауылы — 17 қаңтар 1977) — Қазақ КСР, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, «Правда» ұжымшарының аға шопаны. Социалистік Еңбек Ері (1948). ## Өмірбаяны 1910 жылы Жарсу ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1920 жылдары Зайсан ауданындағы «Правда» ұжымшарына қызметке орналасады. Шопан болып жұмыс істеді. 1943 жылдан бастап Ұлы Отан соғысына қатысқан. Демобилизациядан кейін Қазақстанға оралып, «Азаттық» ұжымшарында жылқышы, кейін «Правда» ұжымшарында шопан қызметін жалғастырады. Аға шопан болып тағайындалды. Кейін Зайсан ауданындағы «Мичурин» кеңшарында еңбек етті. 1947 жылы Оспан Байсейітов бригадасы 74 биеден 74 құлын өсірді. Мал шаруашылығының жоғары өнімділігін алғаны үшін 1947 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығымен Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалімен бірге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1949 жылы 80 биеден 80 құлын өсіріп, сол үшін екінші рет Ленин орденімен марапатталды. 1977 жылы көз жұмғанша «Мичурин» кеңшарында еңбек етті. Марапаттары * Социалистік Еңбек Ері * Ленин ордені — екі рет (23.07.1948; 22.10.1949) * Қызыл жұлдыз ордені * Ерлігі үшін медалі ## Әдебиет * Музалевский М. В. Герои Социалистического Труда. Биобиблиографический словарь. — М.: РИЦ «Кавалер», 2008. — Т. 2. — 200 с. * Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. — Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. — Байысқақов Т.: б. 242. ## Сілтеме * Сергей Каргапольцев. Байсейітов Оспан. «Герои страны» сайтында. * Байсейітов Оспан, Шығыс Қазақстан: белгілі аттар/ А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан кітапханасы
Баса (коко, мвеле) - Камерундағы банту халықтарының тобы. Жалпы саны 130 мың адам. Олар Санага өзенінің орта ағысының бойында тұрады. ## Тілі Тілі - банту тілдері, басаа тілі. Диалектілері: солтүстік коко немесе солтүстік бакоко, оңтүстік коко немесе оңтүстік бакоко, мбене. ## Діні Бастардың көпшілігі христиандар (католиктер мен протестанттар), кейбіреулері дәстүрлі нанымдарды сақтайды. ## Кәсібі Негізгі кәсіптері — қолмен атқарылатын егіншілік (тары-элеусин, жержаңғақ, жүгері, маниок, ямс, бұршақ дақылдары), майлы пальма өсіріледі. Ер адамдар даланы орманнан тазартады. Әйелдер дән сеуіп, егін жинайды. Қалаларға көші-қон дамуда. Дәстүрлі қолөнерден - ағаштан ою (ыдыс-аяқ, жиһаз, маскалар), геометриялық ою-өрнектері бар қызыл және қоңыр керамика жасау дамыған. ## Өмір салты Тайпалық жіктелу сақталған, туыстық есеп патрилинейлік. Басалардың көпшілігі шашыраңқы орналасқан ауылдарда тұрады. Қаңқасын пальма бұтақтары мен жапырақтары жауып тұратын төртбұрышты тұрғын үйлер басым. Қабырғалары ағаштан немесе саздан жасалған, жақтаулы. Дәстүрлі киімдері – денені орайтын мата, белдік және зергерлік бұйымдар, мақта матадан тігілген заманауи еуропалық киімдер де жиі кездеседі. Тағамның негізі - өсімдік тектес (тарыдан жасалған ботқа, көкөністер, жемістер). Балықтан жасалған тағамдар да кең тараған. ## Дереккөздер
Сарықамыс каналы – Шідерті алабындағы су жүйесі. ## Географиялық орнығ сипаты Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігі аумағымен ағады. Ұзындығы шамамен 70 км-дей. Бастауын Шідерті каналының (Үлкен Бетқұдық жайлауынан батыста) сол жағалауынан алып, Шүрексор (Шөрексор) көліне құяды. Сарықамыс ауылынан төменде канал Көкөзек деп аталады. Көкөзектің суы жазда қарасуларға бөлініп қалады. Каналдың суымен маңындағы елді мекендердің егістігі мен шабындығы суғарылады жəне суландырылады. ## Дереккөздер
Сарыой каналы – Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Қособа ауылы аумағында орналасқан. ## Гидрологиялық сипаты Ұзындығы 39,5 км. Өлеңті көлтабанды суландыру жүйесінен 2 м3/с су алынып, Қособа ауылының 21,9 мың га жайылым жерін суландырады. ## Дереккөздер
Қазақстан КП Жезқазған облыстық комитеті — 1973-1991 жылдары Қазақ КСР-дегі аймақтық партиялық басқару органы. Жезқазған облысы Қазақ КСР құрамында 1973 жылы 20 наурызда Қарағанды облысының оңтүстік бөлігінен құрылды. Орталығы — Жезқазған қаласы. 1997 жылы 3 мамырда Жезқазған облысы таратылып, аумағы Қарағанды облысына қосылды. ## Облыстық комитеттің бірінші хатшылары * 04.1973-11.1982 Константин Лосев * 11.1982-23.01.1988 Николай Давыдов * 23.01.1988-29.12.1990 Евгений Ежиков-Бабаханов * 29.12.1990-7.09.1991 Юрий Груздев ## Тағы қараңыз * Облыс әкімі ## Әдебиет * РСДЖ(б)П, РК(б)П, БК(б)П, КОКП орталық комитеті: Тарихи-өмірбаяндық нұсқаулық / Құрас. Ю. В. Горячев. М., 2005.
Қазақстан КП Қостанай облыстық комитеті — Қазақстан КП Қостанай облыстық партия ұйымының басқару органы (1937-1991). Қостанай облысы 1936 жылы 29 шілдеде Қазақ АКСР Қарағанды облысы аумағының бір бөлігінде құрылды; 1936 жылдың 5 желтоқсанында — Қазақ КСР құрамына кірді. Орталығы — Қостанай қаласы. 1960 жылдың 26 желтоқсанынан 1965 жылдың 16 қазанына дейін Көкшетау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Целиноград облыстарымен бірге Тың өлкесінің құрамында болды. ## Қазақстан КП Қостанай облыстық комитетінің бірінші хатшылары СТАЛЛИНІҢ ЗАМАНЫНДА (1925-1953 жж.) * 02— ??.1937: Артавазд Саакянц * 1937: Николай Кузнецов * 1937— 23.05.1938: Петр Богданов * мамыр 1938— қыркүйек 1938: Мәмекбай Бисопанұлы * 1939— 08.1939: Михаил Алешин * 08.1939— күз 1941: Николай Журин * күз 1941— 1944: Владимир Мельников * 1944—1947: Михаил Золотухин * 1947—1948: Виктор Козлов * 1948—1954: Сағалбай Жанбаев ХРУЩЕВТЫҢ ЗАМАНЫНДА (1953-1964 жж.) * 01.1954— 01.1959: Иван Храмков * 01.1959— 12.1962: Андрей Бородин * 12.1962— 12.1964 (ауылдық): Андрей Бородин БРЕЖНЕВТІҢ ЗАМАНЫНДА (1964-1982 жж.) * 12.1964— 04.1981: Андрей Бородин * 04.1981— 10.09.1988: Василий Демиденко ГОРБАЧЕВТЫҢ ЗАМАНЫНДА (1985-1991 жж.) * 10.09.1988— 7.09.1991: Николай Князев ## Тағы қараңыз * Облыс әкімі ## Әдебиет * РСДЖ(б)П, РК(б)П, БК(б)П, КОКП орталық комитеті: Тарихи-өмірбаяндық нұсқаулық / Құрас. Ю. В. Горячев. М., 2005.
Қазақстан КП Маңғыстау облыстық комитеті — Қазақ КСР партиялық басқарудың аймақтық органы (1973-1988 және 1990-1991). Маңғыстау облысы Қазақ КСР құрамында 1973 жылы 20 наурызда Гурьев облысының оңтүстік бөлігінен құрылды. Орталығы – Шевченко қаласы. 1988 жылы 2 маусымда облыс таратылып, аумағы Гурьев облысына қайтарылды. 1990 жылы 17 тамызда Маңғыстау облысы қайтадан құрылды. Орталығы – Шевченко қаласы. ## Маңғыстау обкомының бірінші хатшылары (1973-1988) * 1973—1980 Тұтқабай Әшімбайұлы * 1980-15.11.1985 Саламат Мұқашұлы * 15.11.1985-06.1988 Юрий Казаченко ## Маңғыстау обкомының бірінші хатшылары (1990—1991) * 08.1990-09.1991 Федор Новиков ## Тағы қараңыз * Облыс әкімі ## Әдебиет * РСДЖ(б)П, РК(б)П, БК(б)П, КОКП орталық комитеті: Тарихи-өмірбаяндық нұсқаулық / Құрас. Ю. В. Горячев. М., 2005.
Қазақстан КП Оңтүстік Қазақстан (1962 кейін Шымкент) облыстық комитеті — БК(б)П (1932-1937), Қазақстан КП (1937-1991) Шымкент облыстық партия ұйымының басқару органы. 1932 жылы 10 наурызда Қазақ АКСР-нің алғашқы 6 облысының ішінде орталығы Шымкент қаласы болып табылатын Оңтүстік Қазақстан облысы құрылды. 1936 жылдың 5 желтоқсаны — Қазақ КСР құрамына кірді. Шағындап қайта ұйымдастыру барысында облыс аумағынан Қызылорда (1938 жылы 15 қаңтар) және Жамбыл (1939 жылы 14 қазан) облыстары бөлініп шықты. 1962 жылдың 3 мамырынан 1964 жылдың 1 желтоқсанына дейін Қызылорда және Жамбыл облыстарымен бірге Қазақ КСР Оңтүстік Қазақстан өлкесінің құрамында болды. ## Оңтүстік Қазақстан обкомының бірінші хатшылары (1932-1962) * 1932-1934 Рубен Восканов * 1934-1937 Василий Лазарев * 1937 Әбілқайыр Досов * 1937-1938 Біржан Манкин * 1938-1944 Никита Нечаев * 1944-1947 Хабир Пазиков * 1947-1952 Мұхамеджан Ерлепесов * 1952-1953 Мінайдар Салин * 1953-01.1954 Нұрдәулет Күзембайұлы * 02.1954-05.1955 Жұмабай Шаяхметұлы * 1955-1959 Ысмайыл Юсупов * 1959-3.05.1962 Виктор Макаров ## Шымкент обкомының бірінші хатшылары (1962-1991) * 3.05.1962-1962 Виктор Макаров * 1962-1963 Василий Ливенцов * 1963-12.1964 (ауылдық) Василий Ливенцов * 12.1964-1972 Василий Ливенцов * 1972-25.04.1978 Аманолла Рамазанов * 25.04.1978-10.07.1985 Асанбай Асқарұлы * 10.07.1985-18.04.1987 Рысбек Мырзашұлы * 16.05.1987-25.11.1988 Қасым Төлебеков * 25.11.1988-13.05.1990 Валерий Темірбаев * 13.05.1990-7.09.1991 Сергей Терещенко ## Тағы қараңыз * Облыс әкімі ## Әдебиет * РСДЖ(б)П, РК(б)П, БК(б)П, КОКП орталық комитеті: Тарихи-өмірбаяндық нұсқаулық / Құрас. Ю. В. Горячев. М., 2005.
Қазақстан КП Торғай облыстық комитеті — Қазақ КСР партия басқармасының аймақтық органы (1971-1988 және 1990-1991). Торғай облысы Қазақ КСР құрамында 1970 жылы 23 қарашада Қостанай және Целиноград облыстарының бір бөлігінен құрылды. Орталығы – Арқалық қаласы. 1988 жылы 2 маусымда облыс таратылып, аумағы Қостанай және Целиноград облыстарының құрамына енді. 1990 жылы 17 тамызда қайта құрылды. ## Қазақстан КП Торғай облыстық комитетінің бірінші хатшылары * 01.1971-01.1978 Сәкен Құсайынұлы * 01.1978-29.01.1985 Еркін Әуелбеков * 29.01.1985-2.06.1988 Оразбек Қуанышев * 1990-7.09.1991 Кенжебек Үкин ## Тағы қараңыз * Облыс әкімі ## Әдебиет * РСДЖ(б)П, РК(б)П, БК(б)П, КОКП орталық комитеті: Тарихи-өмірбаяндық нұсқаулық / Құрас. Ю. В. Горячев. М., 2005.
Қазақстан КП Оңтүстік Қазақстан (1962 кейін Шымкент) облыстық комитеті — БК(б)П (1932-1937), Қазақстан КП (1937-1991) Шымкент облыстық партия ұйымының басқару органы. 1932 жылы 10 наурызда Қазақ АКСР-нің алғашқы 6 облысының ішінде орталығы Шымкент қаласы болып табылатын Оңтүстік Қазақстан облысы құрылды. 1936 жылдың 5 желтоқсаны — Қазақ КСР құрамына кірді. Шағындап қайта ұйымдастыру барысында облыс аумағынан Қызылорда (1938 жылы 15 қаңтар) және Жамбыл (1939 жылы 14 қазан) облыстары бөлініп шықты. 1962 жылдың 3 мамырынан 1964 жылдың 1 желтоқсанына дейін Қызылорда және Жамбыл облыстарымен бірге Қазақ КСР Оңтүстік Қазақстан өлкесінің құрамында болды. ## Оңтүстік Қазақстан обкомының бірінші хатшылары (1932-1962) * 1932-1934 Рубен Восканов * 1934-1937 Василий Лазарев * 1937 Әбілқайыр Досов * 1937-1938 Біржан Манкин * 1938-1944 Никита Нечаев * 1944-1947 Хабир Пазиков * 1947-1952 Мұхамеджан Ерлепесов * 1952-1953 Мінайдар Салин * 1953-01.1954 Нұрдәулет Күзембайұлы * 02.1954-05.1955 Жұмабай Шаяхметұлы * 1955-1959 Ысмайыл Юсупов * 1959-3.05.1962 Виктор Макаров ## Шымкент обкомының бірінші хатшылары (1962-1991) * 3.05.1962-1962 Виктор Макаров * 1962-1963 Василий Ливенцов * 1963-12.1964 (ауылдық) Василий Ливенцов * 12.1964-1972 Василий Ливенцов * 1972-25.04.1978 Аманолла Рамазанов * 25.04.1978-10.07.1985 Асанбай Асқарұлы * 10.07.1985-18.04.1987 Рысбек Мырзашұлы * 16.05.1987-25.11.1988 Қасым Төлебеков * 25.11.1988-13.05.1990 Валерий Темірбаев * 13.05.1990-7.09.1991 Сергей Терещенко ## Тағы қараңыз * Облыс әкімі ## Әдебиет * РСДЖ(б)П, РК(б)П, БК(б)П, КОКП орталық комитеті: Тарихи-өмірбаяндық нұсқаулық / Құрас. Ю. В. Горячев. М., 2005.
Зада Сепсекенов (14 тамыз 1914, Жаңаталап ауылы, Зайсан уезі, Семей облысы — 17 қазан 1996, Шілікті ауылы, Зайсан ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан) — КСРО кеңшарлар министрлігі, Қазақ КСР, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, «Шілікті» қой өсіру кеңшарының аға бақташысы. Социалистік Еңбек Ері (1948). Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылым депутаты. ## Өмірбаяны 1914 жылы Семей облысы, Зайсан ауданы, Жаңаталап ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. 14 жасынан бастап батырақтықпен айналысқан. 1932 жылдан Тарбағатай ауданындағы «Шілікті» кеңшарында еңбек етті. 1942 жылдан Ұлы Отан соғысына қатысқан. 8-гвардиялық атқыштар дивизиясында сапер болып қызмет еткен. Үш рет жараланып, үшінші ауыр жарақаттан кейін демобилизацияланып, еліне оралып, 1944 жылдан «Шілікті» кеңшарында аға бақташы болып жұмысын жалғастырды. 1947 жылы Зада Себсекеновтің бригадасы 50 биеден 50 құлын өсірді. Кеңшардың мемлекетке мал шаруашылығы өнімдері мен егістік дақылдарын тапсыру жоспарын орындап, мал шаруашылығының барлық түрі бойынша мал шаруашылығын дамытудың мемлекеттік жоспарын орындағаны үшін 1947 жылы мал шаруашылығының жоғары өнімділігін алғаны үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалімен бірге берілді. Кейін «Шілікті» кеңшарының жылқы шаруашылығын басқарды. Оның басқаруымен 1948 жылы жылқы фермасында 120 биеден 118 құлын өсірілді. Оның басшылығымен кеңшардың мал басы он жылда 11 есе өсіп, бір жарым мың басқа жетті. 1959 жылдан — Шілікті ауылдық кеңесі атқару комитетінің төрағасы. Тарбағатай сайлау округінен, Шығыс Қазақстан облыстық және Тарбағатай аудандық халық депутаттары кеңестерінен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі (1951-1955) шақырылым депутаты болып сайланды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін Зайсан ауданы Шілікті ауылында тұрды. 1996 жылы дүниеден өтті. Ол жергілікті ауылдық зиратқа жерленді. Марапаттары * Социалистік еңбек ері * Ленин ордені * 1 дәрежелі Отан соғысы ордені * Ерлігі үшін медалі * Жауынгерлік еңбегі үшін медалі * Тың жерлерді игергені үшін медалі ## Әдебиет * Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін]: энциклопедия. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. — Сепсекенов Зада: б. 695. * Герои Социалистического Труда — казахстанцы [Текст]. Т. 1. — Алма-Ата : Казахстан , 1969. ## Сілтеме * Темір Кәрімов. Зада Сепсекенов. «Герои страны» сайты. * Сепсекенов Зада, Шығыс Қазақстан: танымал есімдер/ А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан кітапханасы ## Дереккөздер
Бассари - африкалық этникалық қауымдастықтардың бірі, тенда тектес халықтар тобына кіреді. Бассари халқының екі негізгі тобы бар - каселе және тоботе.Қоныстану аймағы – Гамбия, Гвинея, Сенегал, Гвинея-Бисау.Саны 40 мың адам. ## Тілі Нигеро-Кордофан отбасының гур тобының басари тілінде сөйлейді; диалектілері: касселе және тотботе. ## Діні Бассарилердің көпшілігі дәстүрлі нанымдарды ұстанады, кейбіреулері сүнниттік мұсылмандар, католиктік христиандар, еврейлер бар. ## Кәсібі Бұрынғы уақытта ұсталық өнері болған. Қазір қолмен атқарылатын егіншілік (ямс, тары, құмай, жүгері, фонио, бұршақ дақылдары, көкөністер) және мал шаруашылығы (ірі қара және ұсақ мал, шошқа). Қолөнерге керамика, көркем ағаш оюы және піл сүйегі жатады. ## Өмір салты Дәстүрлі қоғамдық ұйымның негізін ауылдық және көпбалалы қауымдар, патрилинейлік рулар құрайды. Отарлауға дейінгі кезеңде тұрмыстық құлдық болды. Неке вирилокальды, көп әйел алу кездеседі. Елді мекендері ықшам, дәстүрлі тұрғын үйлері – конус тәрізді саман төбесі бар, жерден 30-40 см биіктікте орналасқан (судың өтуінен қорғау үшін) кіреберісі бар дөңгелек үйшік. Дәстүрлі киімдер (денені орайтын мата) еуропалық киімдермен ығыстырылған. Негізгі тағам - өсімдік тектес тағамдар (жарма, бұқтырылған, қуырылған, қайнатылған және пісірілген ямс және пальма майы, ащы дәмдеуіштер қосылған бұршақ) және ет. ## Дереккөздер
Қазақстан КП Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті — Қазақстан КП Солтүстік Қазақстан облыстық партия ұйымының басқару органы (1936-1991). 1932 жылы 10 наурызда Қазақ АКСР-нің алғашқы 6 облысының ішінде орталығы Петропавл қаласында болған Қарағанды облысы құрылды; 1936 жылы 29 шілдеде облыс аумағын шағындап қайта ұйымдастыру барысында Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары бөлініп, орталық Петропавлдан Қарағандыға көшірілді. 1936 жылдың 5 желтоқсанынан бастап — Қазақ КСР құрамына кіреді. Орталығы — Петропавл қ. 1960 жылдың 26 желтоқсанынан 1965 жылдың 16 қазанына дейін Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Целиноград облыстарымен бірге Тың өлкесінің құрамында болды. ## Қазақстан КП Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшылары СТАЛИННІҢ ЗАМАНЫНДА (1925-1953 жж.) * 07.1936— 03.3.04.1937: Максим Аммосов * 3.04.1937— 1937: Сұлтан Сегізбайұлы * 1937—1938: Николай Кузнецов * 1938—1939: Нұрмұхамед Бозжанов * 1939—1940: Иван Шеренгин * 1940/01.1941— 1944: Василий Николаев * 1944—1945: Никита Нечаев * 1945—1948: Григорий Мельник * 1948—1953: Николай Бобров ХРУЩЕВТЫҢ ЗАМАНЫНДА (1953-1964 жж.) * 1954—1956: Алексей Попадько * 1956— 01.1958: Григорий Бойкачев * 01.1958— 1963: Николай Журин * 01.1963— 12.1964 (ауылдық): Кузьма Подгорбунский БРЕЖНЕВТЫҢ ЗАМАНЫНДА (1964-1982 жж.) * 12.1964— 11.1965: Кузьма Подгорбунский * 11.1965— 04.1981: Василий Демиденко * 04.1981— 27.04.1988: Владимир Степанов ГОРБАЧЕВТЫҢ ЗАМАНЫНДА (1985-1991 жж.) * 27.04.1988— 7.09.1991: Святослав Медведев ## Тағы қараңыз * Облыс әкімі ## Әдебиет * РСДЖ(б)П, РК(б)П, БК(б)П, КОКП орталық комитеті: Тарихи-өмірбаяндық нұсқаулық / Құрас. Ю. В. Горячев. М., 2005.
Көкарт (қыр. Көгарт) — Қырғызстанның Жалалабат облысы Созақ ауданындағы өзен. Қарадария өзенінің оң саласы. Ұзындығы 105 км, су жинайтын алабы — 1370 км². Жылдық орташа шығыны 18,3 м³/с. Қар-жаңбырбен толады. Ол Ферғана жотасының оңтүстік-батыс беткейлерінен бастау алады. Ең ірі салалары: Қызылсу, Өрімбасы, Қараалма, Шаңет. Сәуірден тамызға дейін су тасиды. Мамырдағы орташа максималды шығын 58,8 м³/с, ең азы қаңтарда 5,43 м³/с. ## Әдебиет * Ильин Иван Андреевич Көкарт өзені // Ферғана аңғарының су ресурстары / В. Л. Шульц — Гидрометеоиздат, 1959. — Б. 129—130. — 247 б.
Сол жақ Күрті каналы – Күрті өзенінің аңғарына салынған су арнасы. ## Географиялық орны Алматы облысы Қарасай жəне Жамбыл аудандары жерінде орналасқан. ## Гидрологиялық сипаты Жалпы ұзындығы 76 км, ені 10–12 м, тереңдігі 8–15 м. Су сыйымдылығы 102 млн. м3. Бастауын Күрті бөгенінен алады. Арна арқылы 23,4 мың га жер суғарылып, 100 мың га жер суландырылады. ## Дереккөздер
Сәмбет каналы – Талас өзені бойындағы суғару-суландыру жүйесі. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Байзақ ауданы жерімен ағады. Каналдың ұзындығы 26,5 км. Бірнеше гидротехникалық құрылысы салынған су жүйесі ауданның 2,2 мың га егістігі мен шабындығын суғарады жəне суландырады. ## Дереккөздер
Сорбұлақ каналы – Алматы облысы Іле ауданында орналасқан су арнасы. ## Гидрологиялық сипаты Жалпы ұзындығы 24 км. Бастауын Сорбұлақ көлінен алады. ## Дереккөздер
Бүргем — Түркістан облысы Кентау қалалық әкімдігіне қарасты Қарнақ ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Кентау қаласының оңтүстік-батыс іргесінде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Футзалдан Қазақстан Чемпионаты 2022-23 - 2022 жылдың 25 қыркүйегінен бастап 2023 жылдың 25 наурыз аралығында өтті. Чемпионатқа Қазақстанның 9 қаласынан 10 команда қатысты. Ақтөбе қаласынан Ақтөбе және Рахмет клубтары. Осы маусымнан бастап біріншілікке шымкенттік Ордабасы футзал клубы қосылды. Ал қызылжарлық Оқжетпес футзал клубы таратылғандықтан Чемпионатқа қатыспады. ## Қатысушылар ### Формат ### Трансферлер ### Қорытынды кесте ### Үздік ойыншылар Маусымның үздік қақпашысын анықтау клубтардың бапкерлері мен капитандары арасындағы сауалнама негізінде анықталды. Барлығы 55 маман қатысқан сауалнама қорытындысында 16 ұпаймен Ақтөбе клубының қақпашысы Дмитрий Бондарев үздік болып танылды. ### Турлар кестесі ## U-19 ## U-17 ## U-15 ## U-13 Футзалдан U13 Қазақстан біріншілігі екі айналымда өтті. Бірінші айналым 2023 жылғы 3-6 қаңтар күндері Рудный қаласында «Аят Арена» негізінде өтті. Ал екінші айналым 19-26 наурыз аралығында Алматы қаласында Қайрат клубының негізгі базасында өтті. Бұл жас категориясына 2010 жылдың 1 қаңтарынан кейін дүниеге келген 13 жасар балалар қатысты. Жарысқа жалпы саны 15 команда қатысты. Турнир жеңімпазы Қайрат U-13, 2 орын Ақтөбе, ал 3-орынды қарағандылық Тұлпар командасы жеңіп алды. ## Қосымша сілтемелер ## Дереккөздер
Сырдария — Түркістан облысы Отырар ауданы Қарақоңыр ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шәуілдір ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 32 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Футзалдан Қазақстан чемпионаты (бұрын Мини-футбол деп аталатын) - қазақстандық футзал кулубтары арасында өткізілетін негізгі футзал біріншілігі. Чемпионат ресми түрде 1998 жылдан бері өткізіліп келеді. 2022-2023 жылғы маусымда чемпионатқа 10 клуб қатысса, 2023 жылы 11 команда болды. 2022 жылы Шымкент «Ордабасы» футзал клубы қосылды, ал 2023-2024 жылғы маусымда жаңадан құрылған Семей футзал командасы қосылды. Алғашқы маусымнан бастап қатысып келете жатқан бірнеше клуб бар. Олар алматылық «Қайрат» футзал клубы мен Рудный қаласынан «Аят» футзал клубы. Ежелгі клубтардың бірі қарағандылық «Тұлпар» футзал клубы қаржы мәселесіне байланысты 2016 жылы таратылды. 2023 жылы Қарағанды атынан команда қосылады деген ақпарат болды. Олардың арасында Тұлпар, Шахтер және Биосфера аталды. Алайда, 2023 жылдың қыркүйегінде Чемпионат 11 командамен өтетіндігі хабарланды. ## Тарихы ### Клубтар бойынша ### Маусымдар ## Чемпионаттың үздік ойыншылары * 2002 — Александр Бондарев («Жігіттер») * 2003 — Александр Бондарев («Жігіттер») * 2005/06 — Какау («Қайрат») * 2006/07 — Какау («Қайрат») * 2007/08 — Рафаэл («Қайрат») * 2008/09 — Динмухамбет Сулейменов («Актөбрентген») * 2009/10 — Келсон («Қайрат») * 2010/11 — Дінмұхамбет Сұлейменов («Қайрат») * 2011/12 — Шыңғыз Есенаманов («Тұлпар») * 2012/13 — Дінмұхамбет Сүлейменов («Қайрат») * 2013/14 — Нунес Жоан Дос Сантос («Қайрат») * 2014/15 — Шыңғыс Есенаманов («Тұлпар») * 2015/16 — Алешандре Диваней Менино («Қайрат») * 2016/17 — Серік Жаманқұлов («Қайрат») * 2017/18 — Дуглас Жуниор («Қайрат») * 2018/19 — Қайрат Иманалин («Ақтөбе») * 2020/21 — Дәурен Тұрсагұлов («Қайрат») * 2021/22 — * 2022/23 — * 2023/24 — * 2024/25 — ## Дереккөздер
Ақын Жақып — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты Ақдала ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2023 жылы таратылды. ## Географиялық орны Арыс қаласынан батысқа қарай 45 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Пәкентай Арапов (1999 жылға дейін – Еңбекші) — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты Ақдала ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Арыс қаласынан шығысқа қарай 9 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Әйгерім Жанатқызы Әбілқадырова (2 ақпан 1996, Ақмола, Қазақстан) — кәсіби спортшы, фотомодель, актриса, грэпплингтен Қазақстандағы тұңғыш және жалғыз әлем чемпионы (2018). Дзюдодан Азия чемпионы (2011). Қазақстан Республикасының 11 дүркін чемпионы (2008-2018). Бірқатар халықаралық турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері. ## Өмірбаяны Әйгерім Әбілқадірова 1996 жылы 2 ақпанда дүниеге келді. Арғын ішінде Қуандық руының Темеш руынан шыққан. Ол 5 жасында спортпен (дзюдо) айналыса бастады. 2005 жылдан бастап түрлі республикалық турнирлерге қатысып, чемпион және жүлдегер атанды. 2012 жылдан бастап дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында Қазақстанды әлемдік аренада көрсете бастады. 2018 жылдан бастап грэпплингтен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі. Сол 2018 жылы грэпплинг тарихындағы Қазақстаннан шыққан тұңғыш және жалғыз әлем чемпионы атанды. 2018 жылы өзін модель және актриса ретінде байқап көре бастады. Ол «Причуда» піспенанның жарнамасына түсті, қазақстандық «Сезім сыры» көркем фильмінде басты рөлді сомдады, ал 2020 жылы Прагада «Garnier» әлемдік брендіне түсті. 2019 жылы дизайнер Лидия Исмағұлованың сән көрсетілімін ашты, сонымен қатар әртүрлі фотосессияларға, жарнамаларға және музыкалық бейнебаяндарға қатысты. Әкесі — Әбілқадыров Жанат Сейілбекұлы, анасы — Әбілқадырова Гүлім Қайдарқызы. ## Марапаттары мен сыйлықтары * Қазақстандағы грэпплингтен тұңғыш және жалғыз әлем чемпионы — 09.11.2018 ж. Қазақстан (Нұр-Сұлтан). * Дзюдодан Азия чемпионы — 2011 ж. Ливан, Бейрут. * 2008-2018 жж Қазақстан Республикасының 11 дүркін чемпионы. * Еуропа кубогының қола жүлдегері — 2012 ж. Чехия, Теплисе. * Еуропа кубогының күміс жүлдегері — 2012 ж. Румыния, Питешти. * Азия чемпионатының қола жүлдегері – 2012 ж. Қытай, Ханиаң. * Еуропа кубогының күміс жүлдегері — 2013 ж. Түркия, Анталия. * Халықаралық турнирдің жеңімпазы — 2013 ж. Испания, Малага. * Азия чемпионатының күміс жүлдегері — 2013 ж. Тайван, Тайбэй. * Азия чемпионатының күміс жүлдегері — 2014 ж. Гонконг. * Халықаралық турнирдің жеңімпазы — 2014 ж. Ресей, Жаңасібір. * Жастар арасындағы әлем чемпионаты — 5 орын — 2015 ж. БАӘ, Абу-Даби. * Еуропа кубогының қола жүлдегері — 2016 ж. Мажарстан, Пакш. * Грепплингтен Азия чемпионы — 2018 ж. Қырғызстан, Бішкек. * Дзюдодан Азия кубогының чемпионы — 2018 ж. Қазақстан, Ақтау. ## Танымалдылығы 2018 жылы Нұр-Сұлтан (Астана) қаласында Қазақстанда алғаш рет өткен грэпплингтен әлем чемпионатынан кейін Әйгерім грэпплингтен алғашқы және жалғыз әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар Әйгерім Instagram желісіндегі өзінің @ab_aigerimm парақшасында жекпе-жек пен жекпе-жек өнерін кеңінен насихаттайды. 2018 жылы Әйгерім «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының мүшесі болды. 2019 жылы Қазақстанның ең сүйкімді дзюдошысы атанды. Сондай-ақ 2019 жылы «Қазақстанның ең әдемі ТОП-10 спортшысының» қатарына енді. ## Сілтеме * Қазақстанның ең сұлу дзюдошысы.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 11 наурыз 2020. * «Қауіпті»: қазақстандық өзінен төрт есе ауыр дөңгелегі бар трюк көрсетті.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 11 наурыз 2020. * "С детства мечтала стать «Мисс Казахстан». Чемпионка мира по грэпплингу — о конкурсах красоты и цели выиграть Олимпиаду в дзюдо.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 11 наурыз 2020. * Быть чемпионкой в мужском спорте и фотомоделью одновременно. Это реально?.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 11 наурыз 2020. * «То, чем я жила, рухнуло»: Травма поставила крест на спортивной карьере астанчанки, но она не сдалась.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 11 наурыз 2020. * https://tengrinews.kz/allsports/10-samyih-krasivyih-sportsmenok-kazahstana-pokazali-smi-373800/Мұрағатталған 15 шілденің 2019 жылы. * https://www.sports.kz/news/noga-opuhla-i-ne-dvigalas-kazahstanka-o-pobede-na-chempionate-mira-po-grepplinguМұрағатталған 20 қыркүйектің 2018 жылы. * https://24.kz/ru/tv-projects/olimp/item/287807-istoriya-kazakhstanskoj-dzyudoistki-ajgerim-abilkadirova-olimp * https://www.ktk.kz/ru/news/video/2019/06/20/122610/Мұрағатталған 8 қарашаның 2019 жылы. * https://100esim.ruh.kz/ru/bio/aigerim_abilkadirovaМұрағатталған 8 шілденің 2019 жылы. * https://qazsporttv.kz/ru/videos/12699/ * https://neonomad.kz/chempionka-mira-iz-kazahstana-hochet-otkazatsya-ot-uchastiya-v-konkurse-krasoty/Мұрағатталған 23 қазанның 2020 жылы.
Бежа (бедауйе, бедавир) — Суданның солтүстік-батысында, Мысырда, Эритреяда тұратын кушит тобының халқы.Суданда Ніл мен Қызыл теңіз жағалауы аралығында (1,75 млн адам), Мысырда Қызыл теңіз жағалауында (20 мың адам), Эритреяның солтүстік-батысында Барка өзені алабында (80 мың адам) тұрады. Жалпы саны 1850 мың адам. ## Тілі Бишарин, хадендуа - семит-хамит тілдерінің кушит тармағының бедауйе тілінде сөйлейді, бени-амерлер - семит тобындағы тигр тілінде сөйлейді. Бежалардың едәуір бөлігі араб тілін де біледі. ## Діні Діни ұстанымы бойынша бежалар - сүнниттік мұсылмандар. ## Тарихы Тайпаның қазіргі өкілдері көне мысырлықтардың тікелей ұрпақтары екенін ескерсек, аты аңызға айналған Рамзес немесе патшайым Нефертити, тіпті Клеопатра тұсында олардың ата-бабаларының мал баққанын елестеткен жөн. Бежалар ежелгі грек және рим тарихшыларына біздің дәуірімізге дейінгі 6-3 ғасырларда белгілі болды, оны тарихи ескерткіштер бойынша бағалауға болады.Ескі және жаңа дәуірлер тоғысында Бежа өте қуатты мемлекетке айналды, тіпті Ніл жағалауындағы үлкен қаланы басып алып, өз мемлекетін құрды. Бірақ христиандықтың таралуына байланысты пұтқа табынушы малшылар билікті ұстай алмады, біздің эрамыздың IV ғасырында олар қайтадан әдеттегі өмір салтына оралды. XVIII ғасырда түріктер мен еуропалықтар өз территориясында соғысқан кезде халық ауыр соғысқа кірісуге мәжбүр болды.Ең қызығы, беджалар ішінде екіге бөлініп, біреулер бір жаққа, біреулер екінші жаққа кетті. Бірақ барлық тарихи қиыншылықтарға қарамастан, ежелгі адамдар өздерінің бірегей тілі мен мәдениетін сақтап қалды. ## Кәсібі Бежа халқы ғасырлар бойы малдары мен түйелерімен шөлдің ұлан-ғайыр жерлерін басып өтті. Олар сүт, май және ет өндіреді, бұл олардың негізгі тағамдық өнімі болып табылады.Көшпелі бежа топтары түйе, қой және ешкі өсіреді. Отырықшы бежа топтары зебу малын өсіреді. Көшпелі бежалар салыстырмалы түрде қысқа қашықтыққа көші-қон жасайды, олар ауыл шаруашылығымен нашар байланысты. Қолөнерден - былғары (тері өңдеу, былғары өңдеу), теріден, ағаштан тұрмыстық ыдыс жасау, тоқу, металл өңдеу дамыған. ## Өмір салты Бежалар патриархалдық-генеологиялық байланыстарға негізделген тайпалық құрылымды сақтайған, әлеуметтік және жастық байланыстар да бар. Туыстық есеп патрилинейлік, неке вирилокалды. Көшпелілердің дәстүрлі баспанасы – ағаш бұтақтардан немесе арқанмен байланған сырықтардан құрастырылған, матамен, төсеніштермен, терілермен жабылған төртбұрышты жылжымалы шатыр. Көшу кезінде шатырды жүк түйелері тасымалдайды, шатырды бөлшектеп, әйелдер орнатып, жинайды. Отырықшы бежаның баспанасы – домалақ немесе төртбұрышты, шатыры конустық лашық. Ерлерге арналған дәстүрлі киім ақ мақта матадан тігіледі, кең шалбар мен ұзын кең көйлектен тұрады, оның үстіне қазір еуропалық күрте немесе жилет киеді. Бежалар сәлде киіп, аяқтарына былғары сандал киеді. Әйелдер киіміне қара түсті мақта көйлек, шаровар (кең шалбар) және шәлі кіреді. Негізгі тағамы сүт (түйе, ешкі, сиыр сүті, көбіне қышқыл, сүт өнімдері) және көкөністер (әртүрлі дәмдеуіштері бар жарма), етті сирек жейді. Балықты Қызыл теңіз жағалауындағы абабде тобы ғана пайдаланады. ## Дереккөздер
Тоғайлы — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты Ақдала ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2023 жылы таратылды. ## Географиялық орны Арыс қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 47 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Тақыркөл — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты Ақдала ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2023 жылы таратылды. ## Географиялық орны Арыс қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 48 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
* Тақыркөл — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл. * Тақыркөл — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты таратылған ауыл.
Қарақат Башанова — қазақтың жас әншісі. Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектепте оқиды. Вокалмен бес жасынан бастап айналысады, фортепиано мен скрипкада ойнайды. «Балалар дауысы 2018» республикалық байқауының финалисі, «Бақытты бала 2019» фестивалінде 3-орын алды. ## Junior Eurovision-ге қатысуы 2020 жылы Junior Eurovision ән байқауына қатысты. Жарыс Польшада өткенімен, пандемияға байланысты Қарақат Башанова Польшаға бармай Қазақстандағы студиядан қатысты. Ол «Forever» (Мәңгілік) әнін орындап, 152 ұпай (83 ұпай әділқазылардан+62 ұпай көрермендердің дауысынан) жинады және екінші орынға ие болды. Жас орындаушы өз әнін 7 жасында айырылған әкесіне арнаған. Осы өлеңді композитор Хамит Шаңғалиев шығарған. Ән байқауы үшін түсірілген бейнебаянда қызы мен әкесінің түрлі кезеңдегі өмір тарихы көрсетіледі. ## Кейінгі мансабы 2022 жылдың күзінде Қарақат Бакуде өткен ислам елдері арасындағы конкурста Үзембаеваның «Дударай» атты композициясын орындап, 3-орын алды. Сондай-ақ жас композиторлар арасындағы Prima Nota Fest байқауында арнайы номинация бойынша марапатталды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Инстаграмы * Youtube-арнасы
Күркіреуік (басқаша атауы Громотуха) — Қазақстандағы Шығыс Қазақстан облысының солтүстігіндегі тау өзені. Тынық өзенімен қосылатын жерінде Үлбі өзенін құрайды. Риддер қаласына жақын жерде ағып жатыр. Ол Иванов жотасының оңтүстік беткейінен және Үлбі жотасының солтүстік-батыс беткейінен Оң және Сол Күркіреуік деп аталатын көптеген өзендер мен бұлақтардан бастау алады. Кіші Үлбі өзені ағынының бір бөлігі өзеннің жоғарғы ағысына беріледі, ал Лениногорск каскадының Хариузовская және Тишинская СЭС-і өзеннің төменгі ағысында орналасқан.
Мейірім Төлегенұлы Нұрсұлтанов (27 шілде 1993, Аягөз, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан) — қазақстандық боксшы, ХДСШ, 2014 жылғы Қазақстан чемпионы, 2015 жылғы Дүниежүзiлiк бокс сериясының (WSB) чемпионы. Орта салмақтағы кәсіпқой боксшы (middleweight). Америка Құрама Штаттарында жеңіліссіз өткен тоғызыншы жекпе-жекте NABF Junior Middleweight чемпиондық белбеуін жеңіп алды (2018). Әуесқойлар арасындағы Азия-2013 және 2013 жылғы әлем чемпионы — Мерей Ақшаловтың інісі. ## Өмірбаяны «Менің ағам әрқашан менің кумирім болды. Мен оның қадамдарын үнемі бақылайтынмын. Ол тамаша боксшы. Бокс — нағыз спорт түрі. Әр адам өзін және отбасын қалай қорғау керектігін білуі керек». — Мейірім Нұрсұлтанов. Мейірімнің боксшы болып қалыптасуында оның ағасы, Азия-2013 және 2013 жылғы әлем чемпионы (64 келі салмақта) Мерей Ақшалов басты рөл атқарды. Содан бері әуесқойлық деңгейде Нұрсұлтанов 250-ге жуық жекпе-жек өткізді. ### Әуесқой айқастарындағы мансабы 2009 жылдың қараша айында 16 жасар Нұрсұлтанов Орал қаласында өткен 64 келі салмақтағы 1992-1993 жылдардағы жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанып, Азия чемпионатына жолдама алды. 2010 жылдың наурыз айында Тегеран қаласында (Иран) 64 келі салмақта жастар арасында Азия чемпионы атанды. 2012 жылы 19 жастағы Нұрсұлтанов 69 келі салмақта Астанада өткен бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды, осы салмақта Қазақстан Республикасының чемпионы болып одан кейін сол жылы әлем және Азия чемпионы болып Данияр Елеусінов атанды. Ол 2014 жылдың желтоқсан айында Тараз қаласында 75 келі салмақта финалда оңтүстікқазақстандық Нұрзат Сабировты ұтып, Қазақстан чемпионы атанды. «Astana Arlans» Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) «Astana Arlans» қазақстандық жартылай кәсіпқой командасына шақырылды. 2015 жылғы маусымның басты кейіпкерлерінің біріне айналды. Ол 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде барлық жекпе-жекте жеңіске жетіп, финалда «Cuba Domadores» командасынан кубалық Лопес Кардонаны (3:0) сенімді түрде ұтып, «Astana Arlans» екінші рет WSB чемпионы атанды. ### Кәсіби мансабы 2016 жылы 23 жастағы боксшы кәсіпқойға ауысу туралы шешім қабылдап, Кэти Дува басқаратын Main Events компаниясымен келісімшартқа отырды. Боксшының менеджері Эгис Климас ресейлік Сергей Ковалев пен украиналық Василий Ломаченко мен Александр Усиктің ісімен де айналысады. Жаттықтырушысы: Роберто Гарсиа. Жаттығу алаңы Окснард, Калифорния, АҚШ. Ол жерлесі Мадияр Ашкеевпен бір командада жаттығады. Ол 2016 жылы 19 қарашада АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Сергей Ковалев - Андре Уорд жекпе-жегінің андеркартында дебюттік жекпе-жегін өткізіп, бірауыздан қабылданған шешіммен (60:54, 60:54, 60:54) 6 раундта Генри Бекфордты жеңді. Екі жылдан кейін, 2018 жылы 13 қазанда Лас-Вегаста (АҚШ) өзінің тоғызыншы жеңіліссіз жекпе-жегінде ол төрешілердің бірауыздан қабылданған шешіммен (80:71, 80:71, 80:71) афроамерикалық Джамар Фриманды (15-6-2) жеңіп, NABF Солтүстік Америка чемпионы атағын жеңіп алды. ## Кәсіби жекпе-жек кестесі ## Дереккөздер
Айдай Қуанышбекқызы Исаева (19 сәуір 1989, Шымкент, Қазақ КСР) — Қазақстандық модель, «Шымкент аруы-2008», екінші Алматы вице-мисс 2013, «Қазақстан аруы-2013» сұлулық байқауының жеңімпазы, «Әлем аруы-2014» байқауының қатысушысы. ## Өмірбаяны Т.Тәжібаев атындағы №47 тарихи-гуманитарлық гимназияны бітірген. С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі. Кардиолог. Гольф, волейбол, теннис, гимнастика, сондай-ақ халықтық және бал билерімен айналысады. Ол ізгі ниет елшісі және «Универсиада — 2017» елшісі. Болашақта қазақ ою-өрнектерімен өзіндік этникалық киім үлгісін жасауды жоспарлап отыр. 2014 жылы Coca-Cola Novruz Kazakhstan жарнамасына түсті. Ұлы Жүздің Ысты руынан шыққан. 2017 жылы қазақстандық әнші Ғазизхан Шекербековтің «Көріктім» әніне түсірген бейнебаянына түсті. 2018 жылы қазақстандық әнші Луинаның «Hey Yo!» әніне түсірген бейнебаянына түсті. 2022 жылы ұлттық сұлулық байқауының президенті және «Қазақстан аруы» жобасының келбеті болып тағайындалды. ## Жеке өмірі 2015 жылдың сәуір айында үш жыл бойы кездескен консалтингтік компанияның бас директоры және қайырымдылық қорының штаттан тыс президенті болып табылатын Мақсат Мамытханұлына тұрмысқа шықты. Алғашқы той Шымкентте өтті. Неке қию рәсімі 25 сәуірде Алматыдағы «Бақшасарай» салтанат сарайында өтті. Той көйлегі ретінде Айдай қазақстандық дизайнер Наил Байкүшіковтың киімін таңдады. Тойда Әлфина Насырова, Салтанат Бекжігітова, Әйгерім Үзембаева-Мырзагереева, Регина Вандышева және т.б. болды. Қыз жолдас болып «Әлем аруы-2014» байқауында танысып, дос болған «Ресей аруы-2014» — Юлия Алипова болды. 2015 жылы 6 қазанда Әл-Фараби есімді ұлды дүниеге әкелді. 2018 жылдың 29 қарашасында Алсу есімді қызды дүниеге әкелді. ## Дереккөздер
Шәріп Дәуітбаев (1924 жылы, Орловка ауылы — 1953 жылы) — Қазақ КСР, Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы «Пограничник» ұжымшарының аға шопаны. Социалистік Еңбек Ері (1948). 1924 жылы Орловка (қазіргі Күршім ауданы, Шағанатты) ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Марқакөл ауданындағы «Пограничник» ұжымшарында шопан, аға шопан болып жұмыс істеген. Шәріп Дәуітбаевтың бригадасы бірнеше жыл жылқы өсіру жоспарын асыра орындады. 1945 жылы — 36 биеден 36 құлын, 1946 жылы — 53 биеден 53 құлын, 1947 жылы — 55 биеден 55 құлын алынды. Жылқы шаруашылығын дамытуда қол жеткізген табыстары үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығымен оған Социалистік Еңбек Ері атағы Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалімен бірге марапатталды. 1953 жылы қайтыс болды. ## Әдебиет * Герои Социалистического Труда — казахстанцы [Текст]. Т. 1. — Алма-Ата : Казахстан , 1969. * Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. — Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. -Дәуітбаев Шәріп: б. 315. ## Ссылки * Дәуітбаев Шәріп, Шығыс Қазақстан: танымал есімдер/ А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан кітапханасы ## Дереккөздер
Жайна Құрманбекқызы Шекербекова (17 желтоқсан 1989, Шымкент, Қазақ КСР) — қазақстандық спортшы (әйелдер боксы). ## Мансабы Шымкентте жаттығады (бапкері — Виктор Ничай). Жайнаның алғашқы ірі бастамасы 2009 жылғы Азия ойындары болды, онда Жайна жеңіс тұғырынан бір қадам қалды. Қазақстан чемпионы (2013, 2014). 2013 жылы Феликс Штаммды (Польша) еске алуға арналған халықаралық турнирде жеңімпаз атанды. Азия чемпионы (2010). Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері (2014). 2016 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Жеңіп алған жүлде Жайнаға 2016 жылғы Олимпиадаға лицензия берді. Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына қатысқан Жайна ширек финалда 2008 жылғы әлем чемпионы француз Сара Урамунға қарсы өнер көрсетті. Отандасымыз лайықты қарсылық көрсете алмай, жекпе-жектен шығып қалды. 2017 жылғы Қазақстан чемпионатында финалда Назым Қызайбайдан ұтылып, 2017 жылы Вьетнамда өтетін Азия чемпионатына дайындалу үшін Қазақстан құрамасына кірмей қалды. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2018 жылдың 24 қарашасында Үндістанда өткен әйелдер арасындағы бокстан 10-әлем чемпионатында Жайна финалдық кездесуде кәріс спортшысы Пан Чхол Мимен кездесіп, оған 0:5 есебімен есе жіберіп, жекпе-жекті күміс жүлдемен аяқтады. ## Сілтеме * Жайна Шекербекова(қолжетпейтін сілтеме) * Жайна Шекербекова * Olympedia
Шәкір Қарсыбайұлы Қарсыбаев (1 шілде 1913, Сейтен ауылы, Ақмола облысы, Ресей империясы — 5 мамыр 1995) — кеңестік партия және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1955-1959). ## Өмірбаяны 1939 жылдан бастап БК(б)П мүшесі. 1933 жылы Петропавл педагогикалық техникумын, 1948 жылы — БК(б)П ОК қарамағындағы жоғары партия мектебін, 1958 жылы — КОКП ОК қарамағындағы қайта даярлау курстарын бітірді. 1933-1935 жж. — «Қазалтын» тресінің оқу-жаттығу кешенінің оқытушысы. 1935-1936 жж. — Еңбекшілдер аудандық Кеңесі атқару комитетінің хатшысы (Қарағанды облысы). 1936-1937 жж. — ЖШҚӘ құрамында болды. 1937-1939 жж. — Еңбекшілдер аудандық Кеңесі атқару комитетінің хатшысы, төрағасының орынбасары (Солтүстік Қазақстан облысы). 1939-1940 жж. — Солтүстік Қазақстан облыстық Кеңесі атқару комитетінің хатшысы. 1940-1941 жж. — Қазақстан К(б)П Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті кадр бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1941-1944 жж. — Солтүстік Қазақстан облыстық Кеңесі атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 1944 ж. — Қазақстан К(б)П Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің хатшысы. 1944-1945 жж. — Қазақстан К(б)П Көкшетау облыстық комитетінің екінші хатшысы. 1948-1951 жж. — Қазақстан К(б)П Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің екінші хатшысы. 1951-1956 жж. — Қазақстан К(б)П – КП Талдықорған облыстық комитетінің бірінші хатшысы. 1955-1959 жж. — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы. 1958-1959 жж. — Қазақстан КП Ақтөбе облыстық комитетінің бірінші хатшысы. 1959-1962 жж. — Ақтөбе облыстық Кеңесі атқару комитетінің хатшысы, Қазақстан Компартиясы Ақтөбе облыстық комитеті қайта даярлау курстарының меңгерушісі. 1962 жылдан бастап зейнеткер атанады. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің III, IV, V шақырылымдары депутаты болып сайланды. ## Марапаттары мен атақтары «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске отыз жыл», «ХШЖК алтын медалі», «Еңбек ардагері», «Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл мерекелік» медалдарымен және Республика Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. ## Сілтеме * 1898-1991 ж. Коммунистік партия мен Кеңес Одағы тарихының анықтамалығы ## Дереккөздер * Ашимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008
Тынық (басқаша атауы Тихая) — Қазақстанның Шығыс Қазақстан облысындағы өзен. Журавлиха және Филипповка өзендерінің қосылуынан қалыптасады, бастауы Риддер қаласының аумағында орналасқан. Күркіреуік өзенімен қосылып Үлбі өзенін құрайды. Риддер қаласының солтүстік шетімен қалалық үйінді мен «Қазмырыш» АҚ өнеркәсіптік түсті металлургия нысандарының арасымен ағады. Өзен жақын жердегі шахталардың үйінділерінен суға түсетін ауыр металл қосылыстарымен (марганец, мырыш, мыс) қатты ластанған. 1937 жылы өзенде Үлбі су электр станциясы салынды, оның негізінде 1954 жылдан бастап Лениногорск су электр станциялар каскады жұмыс істейді. 1979 жылы болған ірі су тасқынынан және 1985 жылғы басқа да бірқатар апаттардан кейін Үлбі СЭС-і тоқырауға ұшырады, бірақ 2016 жылдан бастап ауқымды қайта құрудан кейін қайтадан жұмысын жалғастыруда. ## Дереккөздер
Бена (вабена) — Танзанияның оңтүстік-шығысындағы Руфиджи және Үлкен Руаха өзендерінің бассейндеріндегі банту тобының халқы (Иринга аймағы). Халқы 693 мың адам. (2005).Хехе, поло (погоро), сангу, матумби, денденуле халықтарына жақын. ## Тілі Олар бена-кинга тілінде сөйлейді. ## Діні Беналар дәстүрлі нанымдарды, католицизмді және исламды ұстанады. ## Кәсібі Дәстүрлі кәсіптері – қолмен атқарылатын егіншілік (маниок, күріш, жүгері, тары-элевсина, тәтті картоп, бұршақ және басқа да көкөністер), сондай-ақ мал шаруашылығы (ұсақ мал). Дәстүрлі қолөнерден тоқу, киім-кешек пен ыдыс жасау, ағаш ою дамыған. ## Өмір салты Туыстық есеп патрилинейлік, неке патрилокалды. Әлеуметтік құрылым патриархалдық-тайпалық генеалогиялық байланыстар жүйесіне негізделген. Бена елді мекендері жаңбырлы маусымда су басқан өзен аңғарлары арасындағы төбелер мен биік тауларда орналасқан. Дәстүрлі тұрғын үйлері – төбесі тегіс, ауласы бар, қабырғалары қаңқалы, балшықпен сыланған төртбұрышты үй. Дәстүрлі киімдері – мата кесіндісі, ерлер үшін – ақ, әйелдердікі – ашық түсті. Қазіргі заманғы маталардан тігілген еуропалық киімдер кең таралған. Аяқ киімдері сандалдар. Негізгі тағамдары - өсімдік тектес тағамдар (жармалардан жасалған бұқтырылған тағамдар, көкөністер, шикі және пісірілген банандар, жемістер). ## Дереккөздер
Сартық Шоқақов (1888 жылы, Орловка ауылы — қайтыс болған уақыты белгісіз) — Қазақ КСР, Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы «Шекарашы» ұжымшарының аға табыншысы. Социалистік Еңбек Ері (1948). ## Өмірбаяны 1888 жылы Орловка (қазіргі Күршім ауданы, Шағанатты) ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1930 жылы Марқакөл ауданының «Шекарашы» ұжымшарына қызметке орналасады. Табыншы болып жұмыс істеген, кейін аға табыншы болып тағайындалған. 1947 жылы Сартық Шоқақовтың бригадасы 59 биеден 59 құлын өсірді. 1947 жылы ұжымшар ауыл шаруашылығы өнімдерін міндетті түрде қамтамасыз етуді және мал шаруашылығын дамыту жоспарын орындаған кезде жоғары мал өнімділігі үшін оған КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалімен бірге марапатталған. 1957 жылдан бастап «Қаба» ет-сүт кеңшарының жұмысшысы болды. 1958 жылы зейнеткерлікке шыққан соң Марқакөл ауданында тұрды. Дүниеден өткен жылы белгісіз. ## Әдебиет * Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. — Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. — Шоқақов Сартық: б. 811. * Герои Социалистического Труда — казахстанцы [Текст]. Т. 1. — Алма-Ата : Казахстан , 1969. ## Сілтеме * Темір Кәрімов. Сартық Шоқақов. «Герои страны» сайты. * Шоқақов Сартық, Шығыс Қазақстан: танымал есімдер/ А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан кітапханасы
Асланбек Әбдікәрімұлы Шымбергенов (9 қазан 1993, Тараз, Қазақстан) — Жартылай орта және бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық әуесқой боксшы. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия ойындарының күміс жүлдегері (2018), Азия чемпионы (2022), Қазақстанның екі дүркін чемпионы (2014, 2017) және екі дүркін вице-чемпионы (2013, 2018), әуесқойлар арасындағы 2021 жылғы әлем чемпионатының ширек финалисті. Жартылай кәсіпқой «Дүниежүзілік бокс сериясының» екі дүркін чемпионы (2015, 2017). Қазақстан Республикасының әуесқой бокстан ұлттық құрамасының капитаны. ## Өмірбаяны «Әкеміз Әбдікәрім Шымбергенов әскери адам болған, қазір отставкадағы офицер. Анамыз Анар балабақшада жұмыс істейді. Жақсылық Үшкемпіров атындағы Байзақ балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бокс секциясына Әділбек ағамыз әкелгенде бесінші сыныпта оқып жүрген кезім еді. Алғашқы бапкерім Болат Жарымбеков болды. Сонда, әрине, болашақта үлкен рингте өнер көрсетуім керек болатынын елестету қиын болды. 11-сыныпта Тараз қаласындағы спорт мектебіне оқуға ауыстым. Сол уақыттан бері белгілі бапкер Ермек Ертаевта жаттығамын». Асланбек 2017 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің (ТИГУ) дене шынықтыру және спорт факультетін бітірген. ## Әуесқойлық мансабы 2013 жылы 19 жасында облыс біріншілігінде жеңіп, одан кейін Атырауда өткен ел біріншілігінде 64 келі салмақта күміс жүлдегер атанды. «Жамбыл» бокс клубында сол кезде облыстың бас бапкері ретінде америкалық паспортты кубалық маман Мануел Кастилио Элизондо қызмет атқарып, оның ақыл-кеңесі Асланбекке көп нәрсені үйретті. 2014 жылы желтоқсанда Тараз қаласында өткен Қазақстан чемпионатында Шымбергенов алғаш рет 69 келі салмақта өз жерлесіміз, осы салмақта өткен жылғы чемпион Сағадат Рахманқұловты жеңіп, ел чемпионы атанды және ел чемпионатының үздік боксшысы деп танылды. Одан кейін «Astana Arlans» бокс клубында өнер көрсетті. 2017 жылдың қараша айында Шымкентте Шымбергенов 69 келі салмақта финалда 2016 жылғы вице-чемпион Қанағат Мараловты жеңіп, екінші рет Қазақстан чемпионы атанды, Қазақстан бокс федерациясы (ҚБФ) оны чемпионаттың үздік боксшысы деп атады, ал жүлдені оған осы салмақтағы 2004 жылғы Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев табыс етті. 2018 жылдың ақпан айында Асланбек Дебресенде (Мажарстан) Иштван Бочкайды еске алуға арналған 62-халықаралық турнирде финалда мажар чемпионы Андраш Вадашты жеңіп, наурыз айында Варшавада (Польша) Феликс Штамм мемориалында финалда 2016 жылғы Ресей чемпионы Сергей Собылинскийді жеңді. Маусым айында тараздық Қазақстан Республикасы Президенті Кубогының финалында 69 келі салмақта Қазақстан құрамасының сапында 2018 жылы Индонезияда өтетін Азия ойындарына қатысу үшін оның басты бәсекелесі 2017 жылғы Азия вице-чемпионы Абылайхан Жүсіповті жеңген болатын. Ал қыркүйекте Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, ол жартылай финалда тәжірибелі иорданиялық Зеяд Ишайшты (5:0) ұпаймен жеңді, бірақ финалда тәжірибелі өзбек боксшысы Баба-Осман Батыровтан ұпай санымен (1:3) ұтылды. Ал қараша айында Ақтауда өткен Қазақстан чемпионатының финалында сол Абылайхан Жүсіповтен нокдаунмен ұтылды. 2019 жылы сәуірде Бангкок қаласында (Таиланд) өткен Азия чемпионатында ширек финалда сол өзбек Баба-Осман Батыровтан жеңіліп қалды, ол ақыры 2019 жылы Азия чемпионы атанды. 2019 жылдың қазан айында Ухан қаласында (Қытай) өткен Дүниежүзілік әскери ойындарда 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда өзбек Біләлбек Мырзарахимовты жеңіп, жеңімпаз атанды. 2021 жылдың қазан айының соңында Белградта (Сербия) өткен әлем чемпионатына 71 келіге дейінгі салмақта қатысып, жарыстың 1/32 финалында ирандық боксшы Фархад Моради Аташгахты (5:0) ұпай санымен жеңді, одан кейін жарыстың 1/16 финалында ұпай саны бойынша (5:0) тәжірибелі өзбек боксшысы Шахрам Гиясовты, 1/8 финалда мерзімінен бұрын неміс боксшысы Магомед Шахидовты 3-раундта техникалық нокаутпен жеңді, бірақ ширек финалда ұпай саны бойынша (2:3) ақыры 2021 жылы әлем чемпионы атанған украиналық Юрий Захариевке есе жіберді. 2022 жылдың қараша айында Амманда (Иордания) 71 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанды. Финалда ол тағы да тәжірибелі иорданиялық Зеяд Ишайды төрешілердің екіге бөлінген шешімімен жеңді. ## «Astana Arlans» 2014 жылдың қарашасында Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев «Astana Arlans» қазақ бокс клубының бас директоры болып тағайындалды. 2014 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы Асланбекті осы бокс командасына шақырады. Ал 2015 жылдың 8 ақпанында Қарағандыда өткен бірінші жекпе-жекте американдық «USA Knockouts» (АҚШ Нокаутерлер) командасының мүшесі қара нәсілді Брайан Себаллоны жеңді. Жаңа тізіммен клуб 5-маусымның финалында Астанада кубалық «Cuba Domadores» (Кубалық жуасытушылары) командасын 6-4 есебімен жеңіп, Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) әлем чемпионы атағын екінші рет жеңіп алды. Асланбек 2009 жылғы әлем чемпионы мен 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Ронел Иглесиас Сотолонгоны сөзсіз (3:0) жеңді. 2016 жылдың мамыр айында Лондонда (Ұлыбритания) Astana Arlans күтпеген жерден жартылай финалда жергілікті «British Lionhearts» (Британдық Арыстан жүректілер) командасына 3:7 есебімен ұтылып, финалда осы еуропалық клубты өткізіп алды, онда олар Америка құрлығынан келген «Cuba Domadores» командасынан ұтылды. Бірақ сол жартылай финалда Асланбек Джош Келлиді сенімді түрде жеңіп, жыл соңында Азия бокс конфедерациясының «2016 жылғы Азияның ең үздік WSB боксшысы» атағына ие болды. 2017 жылдың шілде айында Астанада өткен Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) финалдық кездесуінде «Astana Arlans» командасы 2-5 есебімен ұтылып бара жатқанда, Кубаның «Cuba Domadores» командасынан 6-5 есебімен жеңісті жұлып алды. Жеңіске үміт арттырып, есеп теңестірілді, ол Лондон-2012 Олимпиадасының чемпионы Рониел Иглесиасқа қарсы жекпе-жекте тағы да бірауыздан сенімді жеңіске жетті. Асланбекті Азия бокс конфедерациясы тағы да «WSB турниріндегі Азияның үздік боксшысы» деп таныса, «Astana Arlans» үшінші рет чемпион атанды. Осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов ақыры тараздық спортшыны ұлттық құрамаға шақырды. 2018 жылдың ақпан айында Талдықорғанда Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) үш дүркін чемпионы қазақстандық «Astana Arlans» клубы «Uzbek Tigers» (Өзбек жолбарыстары) командасын 4:1 есебімен ұтып, іргелі жеңіске жетті. Асланбек командасына үшінші шешуші ұпай әкеліп, онымен кездесуде мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ол 4-ші және 5-раундтарда толқынды бұрып, өте маңызды қарсыласы – 2017 және Азия 2017 жылғы әлем чемпионы — 2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері және 2017 жылғы Азияның үздік боксшысы Шахрам Гиясовты жеңді, ол осы жекпе-жектен кейін кәсіпқойға өтті. Бірақ 28 қыркүйекте Қытайда «Cuba Domadores» командасымен өткен WSB финалында Шымбергенов төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен дәл сол Рониел Иглесиасқа 0:3 есебімен жеңіліп қалды, ал команда кубалықтардан 3:7 есебімен жеңіліп қалды. ## Дереккөздер
Aitube.kz – 2021 жылы іске қосылған Қазақстандағы YouTube аналогы. Қазақстандықтардың көпшілігі, әсіресе жасөспірімдер бұл видеохостингтің БАҚ пен қазақстандық блогерлер арасында белсенді түрде насихатталып жатқанын мақтан тұтады. Ол сонымен қатар әртүрлі бизнес-форумдарда IT-медиа жобаларының сәтті үлгісі ретінде жиі айтылады. ## Интерфейс Көрермен үшін сайттың интерфейсі ешқандай ыңғайсыздықсыз өте жағымды және тәуелді. Барлығы өте жақсы ойластырылған көрінеді, сіз сайттың фонын қараңғы немесе ақ түске өзгерте аласыз. Сіз сондай-ақ 8 тілдің – қазақ, орыс, өзбек, қырғыз, тәжік, әзірбайжан және ағылшын тілдерін таңдай аласыз. Өзбек, қырғыз, тәжік, әзірбайжан үшін орыс тілін емес, олардың тілін таңдасаңыз болады. ## Аналитика және трафик Aitube сайтына 1 айда 3 миллионға жуық адам кіреді. Аудитория негізінен Қазақстаннан 52% және 36% Ресейден, қалғаны бүкіл әлемге тараған. ## Монетизация Aitube-де монетизация жылдам. Сізге көру немесе жазылу қажет емес, серіктестік бағдарламаға қосылу үшін түймені басыңыз. Болашақ табыстар туралы жазба болғанымен: Жалақы құны пайданы бөлу жүйесіне сәйкес динамикалық түрде қалыптасады және жарияланғаннан өзгеше болуы мүмкін. 1000 қаралым үшін ~ 450 теңге (~ 73,48 рубль немесе 1 доллар) тұрады екен. Егер сізде 2000 бірлік болса, сіз пайда ала аласыз. ## Бүгінгі Aitube.kz * 4 500 000-нан астам ай сайынғы пайдаланушылар * 11 000-нан астам арна * Қазақстанның ресми медиа арналары ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Aitube.kz ресми сайты * Google Play ресми қолданбасы * AppStore ресми қолданбасы * AppGallery ресми қолданбасы
Георг (Жорж Жан Франц) Келер (нем. Georges Jean Franz Köhler; 17 сәуір, 1946, Мюнхен, Германия — 1 наурыз 1995, Фрайбург, Германия) — неміс биологы және иммунологы, 1984 жылғы «Иммундық жүйені дамытуда және бақылауда ерекше салыстырмалы теориясы үшін және моноклональді антиденелердің өндіріс принципін ашықаны үшін» Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты. Сезар Мильштейнмен бірге ол моноклоналды антиденелерді өндіру техникасын әзірленген. ## Өмірбаян Георг Келер биологияны 1965—1971 жылдары Фрайбург университетінде оқыған. Сонда 1974 жылы профессор Фриц Мельхерстың төрағалығымен Базелдегі (Швейцария) Иммунология институты негізінде иммунологиялық зерттеулер бойынша бета-галактозидазаның ферменттері тақырыбында диссертация қорғады, институт директоры Нильс Ерне болған еді. Кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейін Келер Кембридж университетіне көшіп келіп, екі жыл (1974—1976) пост-докторантураны профессор Сезар Мильштейнде өтті. Кембриджде Келер лимфоциттерді біріктіруге жұмыс істеді. Осы қысқа мерзім ішінде ол миелома жасушасымен антидене қалыптастыратын плазматикалық жасушаларды біріктіретін жаңа технологияны әзірледі (гибрид арқылы әдісі). Нәтижесінде алынған гибридті мәңгілік жасушалар антиденелер өндіруін жалғастырды, сондай-ақ, бір уақытта сансыз көбейе алатын.Бұл іс жүзінде шектелмеген мөлшерде моноклоналды антиденелерді алуға мүмкіндік береді.Гибридомдық әдісті дамыту «денсаулық сақтау және ғылым саласындағы антиденелерді қолдануда төңкеріс болды. Таңқаларлық дәл нақты құрылымына сәйкес сирек антиденелер қазір көп мөлшерде өндіріле алады. Гибродомды жасушалар зертханалық ыдыста сақтауға болады және мүлдем бірдей моноклоналды антиденелерді әлемде пайдалануға болады, және қайнар көзі мәңгі» (Ханс Вигзель). 1976 жылы, Келлер Базель Иммунология институтына оралды, ол онда гибридтік лимфоциттермен жұмысын жалғастырды. 1984 жылы Келер Мильштейнмен моноклоналды антиденелерді өндіру технологиясын ашқаны үшін Нобель сыйлығын алды. 1984 жылдан 1995 жылы қайтыс болғанға дейін Жорж Келер Макс Планк атындағы иммунология институтының (Фрайбург) директоры болды. ## Негізгі публикациялары * Köhler G, Milstein C (1975). "Continuous cultures of fused cells secreting antibody of predefined specificity". Nature 256 (5517): 495-7. PMID 1172191.  текст был воспроизведен в:Köhler G, Milstein C (2005). "Continuous cultures of fused cells secreting antibody of predefined specificity. 1975". J. Immunol. 174 (5): 2453-5. PMID 15728446. ) ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Моноклональдық антидене * Ерне, Нильс * Мильштейн, Сезар ## Сілтемелер * КеЛЕР, Георг (русс.) * Келер на Нобелевском сайте
Джон Р. Р. Толкин жазған Сақиналар әміршісі романы желісімен Питер Джексонның түсірген трилогиясы. Келесі фильмдерден тұрады: * Сақиналар әміршісі: Сақина бауырластығы (2001), * Сақиналар әміршісі: Екі қамал (2002), * Сақиналар әміршісі: Патшаның оралуы (2003). ## Түсіру тобы ## Қызықты деректер •"Сақиналар әміршісі" кітабы бойынша кино түсіруге рұқсат 1969 жылы алынған. Алғашқы фильмге «The Beatles» тобының әншілері түспекші болған. Джон Леннон Голлумды, Пол МакКартни - Фродо, Ринго Старр – Фродоның досы Сэмді, ал Джордж Харрисон Гендальф ролін сомдамақшы болған. Алайда, режиссер Стэнли Кубрик мұндай фильм түсіру мүмкін емес деп бас тартқан. •Питер Джексон алғаш рет фильмді түсіре бастаған кезде "Сақиналар әміршісі" кітабының 27 данасын құртқан, ол әр кітапқа өз ойларын жазып, сол беттерді түсірілім кезінде жыртып алып отырған. •Фродоның ағасы Бильбо Беггинстың ата-анасының суретін Питер Джексон өз қолымен салған. •"Сақиналар әміршісі" фильмі бас-аяғы 17 Оскар сыйлығын алған. Фильмнің 3- бөлімі 11 оскарға ие болды. Бұндай жетістік тек "Титаник" пен "Бен-Гур" фильмдерінде ғана бар. •Фильмді түсіру барысында барлық актерлар парик киіп жүрген. Тек Питер Джексонның ұлы Билли ғана парик кимеген. Себебі, режиссер өзінің ұлының шашын "нағыз хоббиттердің шаш үлгісі" санаған. Айтпақшы, фильмнің 3 бөлімінде режиссердың ұлы мен қызы және өзі түскен. •Фильмді түсіру кезінде хоббитердің «аяғы» мен «құлақтарының» 1800 сыңары қолданған. Себебі, киноны түсірудің әр күні жаңа аяқ киім киюге тура келген. Ал киілген аяқ киімдер сол күні өртеліп отырған. •9 бауырды сомдаған 9 актердың сегізінде эльфтер таңбасы бойынша жазылған "9" бейнеленген татуаж бар. Элайджи Вудта ол таңба ішінің төмен жағында, ал Блумда иығының астында, ал 2 актерда тобығында болса, қалған төртеуінің иығында орналасқан. Бұл татуажды салудан гном Гимли Джонды сомдаған актер Рис-Дэвис бас тартқан. • Фильмді Жаңа Зеландия аралдарында түсірген. Түсіру жұмыстары Жаңа Зеландия мемлекетіне 200 миллион доллар пайда әкелген. Жаңа Зеландия мемлекеті киноның түсірілуіне көп көмектескен, тіпті "Сақина әміршісі" фильмі бойынша министірлік құрған. •Фильмді түсіру кезінде Жаңа Зеландия аралдарына өте көп мөлшерде шаштар алынып келінген. Бұл шаштардан актерларға париктер жасалған. Шаштардың басым бөлігі Ресейден сатылынып алынған екен. • Weta Workshop компаниясы "Сақиналар әміршісі" фильміне арнайы 10 мың жебе, 500 садақ және 48 мың қорғаныш құралдарын жасап шығарған. ## Тағы қараңыз * Хоббит (кинотрилогия) ## Сыртқы сілтемелер * http://www.lordoftherings.net/
Шеймас (Шеймус) Джастин Хини (ағылш. Seamus Justin Heaney; 13 сәуір 1939, Кастледоусон, Солтүстік Ирландия — 30 тамыз 2013, Дублин) — ирланд жазушысы, ақын, аудармашы және оқытушы. 1995 жылғы әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты. Доктор, Американдық Философиялық Қоғамның шетелдік қызметкері (2000). Ол тіпті Уильям Батлер Йейтстен бері Ирландияның ең ұлы ақыны деп аталды. ## Өмірбаяны Солтүстік Ирландияның Лондондерри графтығындағы Моссбон фермасында католик отбасында дүниеге келген. 1961 жылы Белфасттағы Квинс университетін бітірді. Жазушы Майкл МакЛаверти директор болған мектепте сабақ берді, ол оны Патрик Каванахтың поэзиясымен таныстырды. Ол өлең жаза бастады, көп ұзамай әдеби журналдарда жариялана бастады. Оның алғашқы шағын кітабы «Он бір өлең» 1965 жылы қарашада жарық көрді. 1966 жылы «Натуралист өлімі» атты тұңғыш толық пішінді жинағы жарық көрді. Оның соңынан басқалар да ілесті. 1972 жылы ол отбасымен Ирландияға көшіп, Дублинде тұрды, онда кейін колледжде сабақ берді. 1980 жылдары Гарвард университетінде профессор (1982-1996 жж.), ал 1989-1994 жылдары Оксфорд университетінде (поэзия профессоры) болып жұмыс істеді. 1995 жылы әдебиет бойынша «Бізге күнделікті өмірдегі таңғажайыпты ашатын және өткенді тірілтетін поэзияның лирикалық сұлулығы мен этикалық тереңдігі үшін» Нобель сыйлығының лауреаты атанды. Дэвид Коэн әдеби сыйлығының лауреаты (2009). * Т.С. Элиот сыйлығы (2006) * Cunningham Medal (2008) Шеймас Хинидің англо-саксондық эпикалық «Беовульф» поэмасының аудармасы Англия мен Америка Құрама Штаттарында бестселлерге айналды. ## Мәлімдемелер Нобельдік сөйлеген сөзінен: «Сыртқы дүниенің ықпалына да, поэтикалық табиғаттың ішкі заңдылықтарына да бірдей бағынатын мұндай тәртіпті тек поэзия ғана орната алады». Хини «Поэзияның мақсаты» (1988) лекциясында поэзия мен тарихи шындық арасындағы байланыстың болмай қоймайтындығын мойындайды — негізінен символдық-мифологиялық формада. ## Библиография
Шавкат Бақтыбайұлы Рахмонов (23 қазан 1994 жыл дүниеге келген, Шурчи, Өзбекстан) — жартылай орта салмақта UFC демеушілігімен өнер көрсететін қазақ аралас жекпе-жек шебері. Кіші жүздің Алшын руының Шекті руынан шыққан. Бұрынғы жартылай орта салмақтағы M-1 чемпионы. Ол UFC жартылай орта салмақтағы ресми рейтингінде 3-ші орында тұр. ## Өмірбаяны Өзбекстанда туған Рахмонов Қазақстан азаматтығын алған. Әкесі екеуі үлкен Алшын руының Әлімұлы тармағының Шекті руының Алтынбай руынан шыққан қазақ, шешесі қоңырат руынан шыққан өзбек. Шавкат – Кіші жүзге жататын Алтынбай руынан.. ## Мансабы Әуесқой бола отырып, Рахмонов WMMAA әлем чемпионы мен Азия чемпионы атағын жеңіп алды. Рахмоновтың кәсіпқой мансабы 2014 жылдың қазан айында басталды, онда Шавхат M-1 Challenge 52 турнирінде Адам Цуровпен бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіске жетті. Ол негізінен М-1 туының астында өнер көрсетуді жалғастырды, оның жеті кәсіби жекпе-жегі осы промоушенде өтті, ал қалған бес жеңісі Қазақстан Аралас жекпе-жек Федерациясында (KZMMAF) жеңіске жетті. Ол осы екі ұйымда кезектесе бола отырып, жартылай орта салмақтағы KZMMAF белбеуі үшін Фаридун Одиловқа қарсы күресте өзінің алғашқы кәсіби атағын алды. Ол үшінші раундта техникалық нокаутпен титулды жеңіп алды. 2013 жылы Рахмонов WMMAA нұсқасы бойынша әуесқой MMA-де әлем чемпионы болды. ## Дереккөздер
Боа (бабоа, абабуа) — Конго Демократиялық Республикасындағы этникалық топ. Баолар Конго Демократиялық Республикасының солтүстігіндегі саванна аймағында тұрады. Олар Жбету, Занде халықтарымен тығыз байланыста. Жалпы саны 900 000 адам. (2007 ж.). ## Тілі Тілі — либаоа тілі, диалектілері бар. ## Діні Дәстүрлі нанымдарды ұстанады. ## Кәсібі Негізгі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (элевсина, құмай, күнжіт, ямс, тәтті картоп, таро, маниок, бұршақ, банан). Кейбір топтар балық аулаумен айналысады. Какао және каучук плантацияларында, шахталарда жұмыс жасайды. Негізгі қолөнерден - ағаш өңдеу, тоқу, тоқыма және музыкалық аспаптар жасау, әйелдер арасында керамика жасау дәстүрлері сақталған. ## Өмір салты Тайпалық бөлінудің қалдықтары қалды. Туыстық есеп патрилинейлік, неке вирилокальды, көп әйел алушылық кездеседі. Рухтарға, ата-бабаларға табыну, сиқыршылыққа деген сенімдерін сақталған. Фольклорға бай, (оның ішінде музыка). Елді мекендері өзендер бойында ықшам орналасқан. Тұрғын үйлері – цилиндр тәріздес, биік конустық төбесі шөп пен пальма жапырақтарынан жасалған, бір қатарда орналасқан, олардың артында қосалқы құрылыстар орналасқан. Дәстүрлі киімдері сақталмаған, фабрика маталарынан жасалған еуропалық киімдер таралуда. Негізгі тағамы - пальма майы мен бұрыш қосылған көкөністер. Олар пальма шараптарын пайдаланады. ## Дереккөздер
Бекдәулет Салқынбекұлы Ибраһимов (16 қазан 1995 жылы) — қазақстандық боксшы. Қазақстанның екі дүркін чемпионы (2016-2017). 2017 жылғы бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері. ## Мансабы Шымкентте тұрады және жаттығады. Жаттықтырушысы — Нұркен Андасов. 64 келі салмақта Павлодарда өткен 2016 жылғы Қазақстан чемпионы. 64 келі салмақта Шымкентте өткен 2017 жылғы Қазақстан чемпионы. 2017 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатында 64 келі салмақта жартылай финалда өзбекстандық Икболжан Холдаров есе жіберіп, қола жүлдегер атанды. 2018 жылдың сәуір айында қазақстандық жартылай кәсіпқой «Astana Arlans» командасында өнер көрсетіп Гуйянда Куи Чинзені сенімді түрде жеңіп, қытайлық «China Dragons» командасына есе бермей, мерзімінен бұрын жеңіске (3:0) жеткізді. 2018 жылдың маусым айында Астанада өткен Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогын финалда 2017 жылғы Азия чемпионы Икболжон Холдаровтан есесін қайтарды. ## Дереккөздер
Әлфина Робертқызы Насырова (12 маусым 1988, Алматы, Қазақ КСР) — Қазақстандық модель, актриса, «Алматы аруы-2007» байқауының жеңімпазы, «Қазақстан аруы 2007» ұлттық сұлулық байқауының жеңімпазы. ## Өмірбаяны Қазақ отбасында дүниеге келген. Байқауда жеңімпаз атанған кезде Алматы технологиялық университетінде оқыды. Ұлты татар. Оның бойы 178 см, дене өлшемдері 90-60-90. ## Сұлулық байқаулары 2008 жылғы 13 желтоқсанда Нячангта (Вьетнам) өткен «Ғалам аруы-2008» және Йоханнесбургте (Оңтүстік Африка) өткен «Әлем аруы-2008» халықаралық сұлулық байқауының қатысушысы. Әлемнің үздік 15 аруының қатарына енді. Miss Globe International 2011 халықаралық сұлулық байқауында 4-вице-мисс атағын алды. Miss New World 2017 байқауында 3-орын алды. ## Дереккөздер
Орта Шыршық ауданы — Ташкент облысындағы аудан. Территориясының көп бөлігі Шыршық өзені мен Ташкент каналының арасында орналасқан. Ол 1926 жылы 29 қыркүйекте құрылған. Солтүстік-шығысында Жоғарғы Шыршық, шығысында Оханғарон аудандары, солтүстігінде Ташкент қаласы, Зангиота ауданы, батысында Төменгі Шыршық, оңтүстікінде Аққорған және Піскент аудандарымен шектеседі. Ауданы 0,51 мың км². Халық саны 163400 адам (2004). Ауданда 1 қала (Нұрафшон), 2 қала (Тұябоғыз, Янгихаят), 13 ауыл (Ангор, Достлик, Истиқлал, Навои, Охунбобоев, Ақота, Үйшун, Пахтакор, Пахтаабад, Юнучқала, Янгитұрмуш, Ортасарой, Қарасув). Аудан орталығы – Қарасув қаласы. Аудан әкімі - Ихтияр Қосимов. ## Табиғаты Аудан аумағы Шыршық өзенінің сол жағалауындағы жазықта орналасқан. Климаты континенттік. Қысы суық, жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы 0-4°С, ең төменгі температурасы 19°С, -20°С. Шілде 28-30°С, ең жоғарғы температурасы 41-42°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 450-460 мм. Вегетациялық кезең 300 күн. Ауданның солтүстік-батысынан Полвонов атындағы Ташкент, Қарасув каналдары, Шыршық өзені ағып жатыр. Бірнеше коллекционер бар. Ауданның оңтүстігінде Тұябөғіз су қоймасы («Ташкент теңізі») орналасқан. Топырағы сұр топырақ. Жабайы өсімдіктердің ішінде қамыс, шалшық, т.б. Жануарлардан шиебөрі, түлкі, сарышұнақтар, сарыбас жыландартәрізділер бар. ## Халық саны Халқы негізінен өзбектер, сонымен қатар қазақ, татар, орыс, корей және басқа ұлт өкілдері. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 320,3 адам (2004). Қала халқының саны 38700 адам, ауыл тұрғындарының саны 124700 адам. ## Өнеркәсіп Ауданда ірі және орта бизнес, 125 шағын кәсіпорын, 1143 шағын кәсіпорын жұмыс істейді. Өзбекстан – Корея «Кабул – Тойтепа ЛТД» жіп иіру – тоқыма («Кабул текстиль» қараңыз), Өзбекстан – Германия «Хакипет», «Хусайн Мирза» бірлескен кәсіпорындары. Орта Шыршық ауданының бірлестіктері, металл конструкциялары, темірбетон, асфальтбетон, 2 мақта тазалау зауыты, тігін фабрикасы, астық қабылдау кәсіпорны бар. 13 колхоз, оқу тәжірибесі кәсіпорындары бар. ## Ауыл шаруашылығы Ауданның ауыл шаруашылығы негізінен мақта және астық шаруашылығына маманданған. Орта Шыршық ауданында 28 мың 600 гектар суармалы жерге мақта, 11 мың 500 гектар жерге дәнді дақыл, сондай-ақ картоп, көкөніс пен қант қамысы, мал азықтық дақылдар, жоңышқа егіледі. Аудандағы колхоздар мен жеке шаруашылықтарда 32 мың ірі қара, 321,7 мың қой-ешкі, 205,2 мың құс, 21,7 мың жылқы бар (2005). ## Білімі Орта Шыршық ауданында 74 жалпы білім беретін, балалар шығармашылығы, спорт мектептері, академиялық лицей, гимназия, 2 кәсіптік-техникалық колледж бар. Аудандық орталық кітапхана, орталық мәдениет үйі, 2 мәдениет және демалыс саябағы, 8 клуб мекемесі бар. 3 стадион, спорт залдары, тирлер, футбол, волейбол, баскетбол, гандбол алаңдары бар. 72 және 3 мектептер белгілі бір пәндер бойынша мамандандырылған. ## Денсаулық сақтау жүйесі Аудандық орталық аурухана, 3 емхана, перзентхана, дәріхана, 20 ауылдық дәрігерлік пункт, 21 фельдшерлік пункт халыққа қызмет көрсетеді. ## Тасымалдау жолдары Орта Шыршық ауданы Ташкент қаласымен және басқа қалалармен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Аудан арқылы Ташкент-Ангрен темір жолы өтеді. ## Дереккөздер
2017 жылғы бокстан Азия чемпионаты 30 сәуір мен 7 мамыр аралығында Ташкент қаласында (Өзбекстан) өтті. Оған 29 елден 183 боксшы қатысты. 2017 жылғы бокстан әлем чемпионатының 10 марапат жиынтығы мен 60 лицензия ұтыс ойыны ойнатылды. ## Басты жүлдегерлер ## Медалдік есеп ## Сілтеме * Толық нәтижесі (ағыл.)
2015 жылғы бокстан Азия чемпионаты 26 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Бангкок қаласында (Тайланд) Тхаммасат университетінің аренасында өтті. Жүлделер 10 салмақ дәрежесі бойынша берілді. ## Басты жүлдегерлер ## Медалдік есеп ## Сілтеме * Нәтижелері  (ағыл.)
Бозо (баман тілінде – «бамбук үйі», өз атауы - сорко) — Малидегі халық, Нигер өзенінің бойында шашыраңқы тұрады. Сонинкаға жақын, жалпы саны 143 мың адам. (2005). ## Тілі Бозо тілі манде (нигер-конго) кіші тобына жатады. ## Діні Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі наным-сенімдер, ислам діні таралуда. ## Тарихы Бозолар 6000 жыл бұрын салынған жартастағы суреттермен белгілі. Дегенмен, олардың қазіргі тарихы 10 ғасырда Гана империясының Нигер жағалауын басып алуынан басталады. Бозолар Малидегі Дженне және Мопти қалаларының негізін салушылар болды. Бозо халқы Нигер жағалауында отырықшы өмір салтын жүргізе бастаған және бірте-бірте балық аулау үшін аңшылықты ауыстырған ежелгі аңшылық топтардан пайда болған деген болжам бар. ## Кәсібі Қазір негізгі кәсібі - балық аулау. Ұзындығы 10 метрдей ағаш қайықтар жасайды. Балық аулау және өзенде аң аулау құралдары: бұл әртүрлі торлар, қармақ, гарпун, садақ пен жебе. Балықтарды көрші халықтарға пияз, фульбе, сүт пен ет, дәнді дақылдар, және көкөністерге алмастырады. ## Өмір салты Көп балалы отбасылар балық аулайтын жерлерді бөлісетін топтар құрады. Патрилинейлік құрылымдар бар. Бозоларға әйелдердің жоғары әлеуметтік рөлі тән, олар өмірді ұйымдастырып қана қоймайды, сонымен қатар ерлер қызметінің жеке өндірістік салаларын басқара алады, балық өнімдерін айырбастау қатынастарына түседі және т.б. Кейбір бозо топтары басқа этникалық қоныстарда квартал құрады, басқалары этникалық ерекшелігін сақтай отырып, уақытша қоныстарда тұрады. Тұрғын үйлері жылжымалы дөңгелек саман үйшік болып табылады. ## Дереккөздер
Расул Қыдырәлиұлы Көшербаев (өзб. Rasul Xidralievich Kusherbayev; 12 қаңтар 1987, Жаңажол ауданы, Ташкент облысы) — өзбекстандық саясаткер, редактор және журналис, Олий Мәжілісі Заң шығару палатасының бұрынғы депутаты. ## Өмірбаяны Шанышқылы тайпасы Қарақалпақ руынан шыққан. 1987 жылы 12 қаңтарда Жаңажол ауданы, Қушяғоч ауылында қазақ отбасында дүниеге келген. Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университетін халықаралық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы Либерал-демократиялық партиясының Ташкент облыстық әкімшілігінің жастар бөлімінің меңгерушісі болып бастаған. 2012-2014 жылдар аралығында «Янгийол» (Жаңа жол) газетінің бас редакторы қызметін атқарған. Өзбекстан либералдық-демократиялық партиясының мүшесі. 2014 жылдан Өзбекстан парламентінің төменгі палатасының депутаты. 2020 жылға дейін Инновация, ақпараттық саясат және АКТ-ны дамыту комитетінің мүшесі болды. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап Олий Мәжлістің Заң шығару палатасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сот-құқықтық мәселелер жөніндегі комитетінің мүшесі. Ол ашықтықты, сөз бостандығын, соттардың тәуелсіздігін, жеке меншікке қол сұғылмаушылықты және т.б. қамтамасыз етудің белсенді жақтаушысы. Ол сондай-ақ еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін ырықтандыру мен нарықтық тетіктерді енгізуді жақтаушы. Соңғы жылдары ол бұқаралық ақпарат құралдарында университеттерде студенттермен оқу келісім-шарттарын қысқарту, жеке тұлғаларға монополияны жою, халықтың орта және төменгі топтарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, соттардың тәуелсіздігі және т.б. 2022 жыл 23 желтоқсан күні Расул Көшербаев депутаттық қызметін аяқтауын айтты және 26 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясы Олий Мәжліс заң шығару палатасының депутаты Расул Көшербаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені қарады. Комиссия мүшелері оның өкілеттігін тоқтатуды бірауыздан қолдады. 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап Өзбекстан Республикасы Табиғи ресурстар министрлігінде министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. 2023 жыл 31 шілде ӨзЛиДеп партия мүшелігінен шықты. ## Дереккөздер
Бибісара Бейшеналиева (қыр. Бүбүсара Бейшеналиева; 17 мамыр 1926, Воронцовка, Фрунзе еуропалық кантоны, Қырғыз АСКР — 10 мамыр 1973, Фрунзе) — қырғыз, кеңестік балерина, биші, ұстаз. КСРО халық әртісі (1958). Қырғызстанның алғашқы балеринасы. ## Өмірбаяны 1926 жылы 17 мамырда (басқа деректер бойынша — 15 қыркүйек және 8 сәуір) Воронцовка ауылында (қазіргі — Шу облысы, Аламудун ауданындағы Тастөбе) шаруа отбасында дүниеге келген. 1936 жылы он жасында бір топ қырғыз балаларымен бірге Ленинград хореографиялық училищесіне (қазіргі А. Я. Ваганова атындағы Орыс балет академиясы) жіберіліп, А. Ваганованың жетекшілігінде оқыды. 1941 жылы училищені бітірді. 1948-1949 жылдары сол училищеде тағыда А.Вагановада жетілдіру сыныбында оқыды. Оның дебюті 1939 жылы Үлкен театрдың сахнасында «Қырғыз өнері мен әдебиетінің бірінші онкүндігі» кезінде өтті. 1941 жылдан бастап Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласында орналасқан А.Малдыбаев атындағы Қырғыз опера және балет театрының солисті. Оның он сегіз жыл бойы болған серіктесі Қырғыз КСР халық әртісі Ұран Сарбағышев (1934-2012) болды. Ол жеке билерімен концерттерде өнер көрсетті. КСРО қалаларында және шетелде гастрольдік сапарлармен болды. 1949 жылдан бастап М.Күреңкеев атындағы Фрунзе музыкалық-хореографиялық училищесінде сабақ берді. (қазіргі Ш.Базарбаев атындағы Бішкек хореографиялық училищесі). КСРО Жоғарғы Кеңесінің 6-7-шақырылымдарының және Қырғыз КСР Жоғарғы Кеңесінің 4-5-шақырылымдарының депутаты. 1973 жылы 10 мамырда (басқа деректер бойынша — 11 мамырда) Бішкек қаласында қайтыс болды. Аларша зиратына жерленді. ### Отбасы * Күйеуі — Ақмат Аманбаев (1920—1964) — Қырғыз композиторы, дирижер, ұстаз. Қырғыз КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1963) * Ұлы — Ермек Бейшеналиев, мемуарлар авторы. ## Марапаттары және атақтары * Тоқтықұл Сатылғанов атындағы Қырғыз КСР Мемлекеттік сыйлығы (1970) * Еңбек Қызыл Туы ордені (1960) * КСРО халық әртісі (1958) * Қырғыз КСР халық әртісі (1954) * «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі (1951) * Қырғыз КСР еңбек сіңірген әртісі (1947) * «Құрмет Белгісі» ордені (7 маусым 1939) — қырғыз театр өнерін дамытудағы ерекше қызметтері үшін * Медалдар ## Балеттік топтамалары ## Фильмографиясы * 1959 — «Шолпан — таңғы жұлдыз» (фильм-балет) — Айдан. ## Қызықты ақпараттар Б.Бейшеналиеваның ұлы Ермектің айтуынша, балерина 1926 жылы 8 сәуірде дүниеге келген. Күйеуі, композитор Ақмат Амамбаевпен ажырасқаннан кейін туған күні көрсетілген төлқұжатын - 17 мамыр деп ауыстырды. Бұл Ермектің туған күні еді. Анасы мұны әдейі жасады, өйткені ол олардың ортақ мерекесі болғанын қалады. Оның шын есімі — Бүбүсара, бірақ төлқұжатта — Бюбюсара деп жазылған, өйткені бәрі оны осылай атаған. ## Естелік * 1994 жылдың 11 сәуірінен бастап Қырғызстан аумағында Б.Бейшеналиеваның суреті бар белгіленген бағасы 5 сомдық қағаз ақша айналымға шығарылды. * Бішкекте балеринаның атымен көше аталған. * Б.Бейшеналиеваның есімі Қырғыз мемлекеттік өнер институтына берілді.. * Бішкекте опера және балет театрының жанынан балеринаға ескерткіш орнатылды.. * Б.Бейшеналиева мен жазушы Ш.Айтматовтың махаббат хикаясына драматург Ж.Құлмамбетовтің «Шыңғыс пен Бибісара» пьесасы мен оның желісі бойынша түсірілген аттас фильм арналған.. * «Air Manas» әуекомпаниясы ұшақтарының бірін Бейшеналиеваның құрметіне Bubusara деп атады. ## Дереккөздер
2023 жылдың 19 наурызында Қазақстанда кезектен тыс Мәжіліс депутаттарының сайлауы өтті, оның нәтижесінде Мәжілістің 8-сайланым депутаттары сайланды. Бұл сайлаумен қатар барлық деңгейдегі (аудандық, қалалық, облыстық) мәслихаттар депутаттарының сайлануы өткен еді. Сайлау нәтижесінде ресми тіркелген жеті партияның алтауы мандат алды: Байтақ Жасылдар партиясы Мәжілісте өкілеттік ала алмады. Бұл сайлау — тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тоғызыншы парламент сайлауы. ## Жүргізілуі 2022 жылғы референдум қорытындысы бойынша Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістерден кейін Мәжіліс депутаттарының 70% партиялық тізім бойынша, 30% бір мандатты округтерден сайланатын болады. 2023 жылдың 20 қаңтарында елдің Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) сайлауды тағайындауға, күнтізбелік жоспарды бекітуге, сайлау құжаттарының нысандарын белгілеуге қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың сөзінше 2023 жылғы 1 қаңтар санағы бойынша Қазақстанда белсенді сайлау құқығы бар 11,976,406 азамат бар. ### Бағдарламасы 2023 жылдың 20 қаңтарында Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) отырысында төрағаның орынбасары Константин Петров 2023 жылғы сайлаудың күнтізбелік жоспарын жариялады. ## Партиялары ### Қатысушы партиялар және олардың төрағалары 2023 жылы 21 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) жалпы тіркелген саяси партиялардың жетеуі сайлауға қатысатыны туралы хабарлады. ### Партиялар және үміткерлер саны ## Партия науқандары ### Қазақстан Халық партиясы 21 қаңтарда жүргізілген отырысының нәтижесінде Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) өзінің бұл сайлауда «белсенді қатысатынын» жариялаған. Қантардың 31-і күні партияның ХХІІІ-съезі өтті, оның барысында ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаев «қазақстандықтарды алаңда емес, сайлау учаскелеріне келіп, барлық талаптарды өркениетті, демократиялық жолмен орындау үшін шақырамыз» деді. Съезде энергетика және өнеркәсіп, сондай-ақ жерді беру, көші-қон жұмыспен қамту және әйелдер зейнеткерлік жасын төмендету сияқты мәселелер көтерілді. Съезден бұрын ҚХП құрамынан оның бірнеше мүшелері шыққан еді, солардың ішінен бұрынғы Мәжіліс депутаттарының үшеуі (Жамбыл Ахметбеков, Ерлан Смайлов және Ғазиз Құлахметов) де болған еді. Партиядан шығу себебін олар "нашарланған партия басшылығын" атап кетті. Ермұхамет Ертісбаев айтуынша партияның бекітілген тізімінде 52 адам бар. ### Ақ жол демократиялық партиясы 20 қаңтар күні Ақ жол демократиялық партиясы өзінің осы сайлауға қатысатынын жариялады. 1 ақпан күні партияның ХХІ-съезі өтті, оның барысында партияның сайлауда қатысуы ресми түрде шешілді. «Ақ жол» партиясынан жалпы 77 кандидат ұсынылды, оның ішінде 54-і партиялық тізімге енгізілген, осы тізімде төраға Азат Перуашев, бұрынғы президенттікке үміткер Дания Еспаева, ақын Қазыбек Иса және Сенат аппаратының басшысы болған Әлия Рақышева. Съезде Азат Перуашев пен партияның басқа мүшелері жемқорлыққа қарсы шықты және елдегі демократия, де-офшоризация, әлеуметтік әділеттілік, нарықтық экономика және сыртқы саясат мәселелерін көтерді. ### Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 21 қаңтар күні бұрынғы сайлауларға бойкот жасаған, өзін «елдегі жалғыз оппозициялық күш» деп атайтын Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өзінің 2023 жылғы Мәжіліс және мәслихаттар сайлауына қатысатынын жариялады. 2 ақпан күні болған партияның XX-съезінің барысында партиялық тізім бойынша 19 адам, мажоритар жүйе бойынша партия 6 адам түсетіні белгілі болды. 13 ақпан күні ЖСДП Орталық сайлау коммисиясының қатысушы партиялар тізіміне қабылданды. ### "Байтақ" Жасылдар партиясы 2022 жылы ғана тіркелген "Байтақ" Жасылдар партиясы 2023 жылғы 20 қаңтарда Қазақстанның экологиялық саясатын өзгертуін мақсат қылып, сайлауға алғаш рет қатысатынын мәлімдеді. 21 қаңтарда партия төрағасы Азаматхан Әміртай партияның осы сайлауда экологиялық проблемаларды көтеруге ұмтылатынын айтты. Партиядан тізім бойынша 20 кандидат ұсынылды, оның ішінде әйелдер квотасы бойынша 4 кандидат, жастар квотасы бойынша – 1 кандидат және мүгедектер квотасы бойынша – 1 кандидат бар. ### Ауыл ХДПП 24 қаңтар күні Ауыл Халықтық Демократиялық партиясының төрағасы Әли Бектаев «партияның жаңа сайлау циклінде адал және ашық күреске дайын екендігін» және «партиялық өрістің кеңейгені мен саяси күштер арасындағы бәсекелестіктің дамып келе жатқандығын» айтып кеткен. 4 ақпан күні өткен партияның съезі нәтижесінде партия атынан сайлауда 34 үміткер қатысатыны белгілі болды, сайлауалды бағдарлама қабылданды. Партия үміткерлерінің тізіміне 2022 жылғы президент сайлауына қатысқан үміткердің екеуі: Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден бар. ## Нәтижелері Сайлау нәтижесінде сайлауға қатысқан жеті партияның алтауы Мәжіліске кірді (тек Байтақ партиясы беспайыздық нәтижеге жете алмады) және өзін-өзі ұсынған үміткерлердің жетеуі Мәжілістегі мандаттарын алды. ## Дереккөздер
2019 жылы өткен бокстан ХХХ Азия чемпионаты 16 мен 27 сәуір аралығында Бангкок қаласында (Тайланд) өтті. Бокстан Азия чемпионаты тарихында тұңғыш рет ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстар біріктірілді. Марапаттар ерлер мен әйелдер арасында 10 салмақ дәрежесінде ойналды. Жарысқа Азияның 34 елінен барлығы 304 спортшы қатысты, оның ішінде 112 әйел және 192 ер адам болды. ## Ерлер арасындағы басты жүлдегерлер ## Әйелдер арасындағы басты жүлдегерлер ## Марапаттарды үлестіру ## Төрешілер ## Сілтеме * Asian Championships 2019 ## Дереккөздер
Азамат Тұрарұлы Исақұлов (26 қазан 1991 жылы) — қазақстандық боксшы, Қазақстан Республикасының спорт шебері. ## Өмірбаяны Ақтауда тұрады және жаттығады. Жаттықтырушысы – Марат Жәкиев. 2016 жылғы Қазақстан чемпионы. 2017 жылғы Азия чемпионатында 52 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды. ## Сілтеме * Бокстан Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы ## Дереккөздер
Ерік Мәлікұлы Әлжанов (2 қазан 1991 жылы) — қазақстандық боксшы. ## Өмірбаяны 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Жәкиевтің жетекшілігімен 2015 жылғы маусымның жеңімпазы атанған «Astana Arlans» кәсіпқой бокс клубының құрамында жаттығады. 2017 жылғы Азия чемпионатының финалында өзбек боксшы Бектемір Меликузиевтен ұтылды. ## Сілтеме Kazakhstan is hunting for a title in the Hamburg 2017 AIBA World Boxing Championships  (ағыл.)
Қима ауданы — 1970-1997 жылдары Целиноград және Торғай облысының құрамында болған әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы — Жаңақима ауылы. ## Тарихы Аудан 1970 жылы 4 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен әкімшілік орталығы Қима ауылында құрылды. 1988 жылғы 2 маусымдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Торғай облысы таратылды. Аудан Целиноград облысының құрамына енді. 1990 жылғы 17 тамыздағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының «Қазақ КСР құрамында Торғай облысын қалпына келтіру туралы» Жарлығымен қайтадан Торғай облысының құрамына енді. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегi N 3466 «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын оңтайлы ету жөнiндегi шаралар туралы» Жарлығымен Торғай облысы таратылды. Аудан Ақмола облысының құрамына енгізілді. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 23 шiлдедегi N 3604 «Ақмола облысының Жаңадала және Қима аудандарын тарату туралы» Жарлығымен Қима ауданы таратылып, аумағы Жақсы ауданының құрамына енді. ## Әкімшілік бөлінісі 1986 жылғы мәлімет бойынша аудан құрамында 11 ауылдық кеңес пен 27 елді мекен болған: ## Халқы ## Дереккөздер
Елнұр Нұрғалиұлы Әбдірайымов (10 маусым 1994, Ғазалкент, Бостандық ауданы, Ташкент облысы, Өзбекстан) — Екінші жеңіл салмақта, жеңіл салмақта және бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақ текті өзбекстандық кәсіпқой боксшы. Бокстан Өзбекстан құрамасының сапында өнер көрсеткен, 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, әлем чемпионатының қола жүлдегері (2015), Азия чемпионы (2017), әуесқойлар арасындағы Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2015, 2021). ## Өмірбаяны 1994 жылы 10 маусымда Өзбекстан, Ташкент облысы, Бостанлық ауданы, Ғазалкент қаласында дүниеге келген. Ұлы Жүздің Дулат руынан шыққан. ## Әуесқойлық мансабы Бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы, бокстан әлем чемпионаты мен Азия чемпионатының бокстан ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегері. Сондай-ақ бокстан бірқатар республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері. Әлем чемпионатындағы қола боксшыға Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына қатысу құқығын берді. Бірақ Өзбекстаннан тағы бір боксшы — APB чемпионы Хуршид Тәжібаев жалғыз Олимпиада лицензиясын алды. Нәтижесінде Өзбекстан ҰОК Тәжібаевтың пайдасына шешім шығарды. ## Қол жеткізген нәтижелері ## Сілтеме * Elnur Abduraimov  (ағыл.). Tapology.com. Тексерілді, 24 желтоқсан 2022. * Әбдірайымов Елнұр — Sportbox.ru сайтындағы бейіні * Amateur Boxing — Elnur Abduraimov  (ағыл.). The-Sports.org. Тексерілді, 24 желтоқсан 2022. * Amateur Boxing — Elnur Abdurakhimov  (ағыл.). The-Sports.org. Тексерілді, 24 желтоқсан 2022. ## Дереккөздер
Жаңадала ауданы — 1966-1997 жылдары Целиноград және Торғай облысының құрамында болған әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы — Тасты-Талды ауылы. ## Тарихы Аудан 1966 жылы 28 мамырда Целиноград облысының құрамында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен әкімшілік орталығы Тасты-Талды ауылында құрылды. 1970 жылғы 23 қарашадағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Жаңадала ауданы жаңадан құрылған Торғай облысының құрамына енді. 1988 жылғы 2 маусымдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Торғай облысы таратылды. Аудан Целиноград облысының құрамына енді. 1990 жылғы 17 тамыздағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының «Қазақ КСР құрамында Торғай облысын қалпына келтіру туралы» Жарлығымен қайтадан Торғай облысының құрамына енді. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегi N 3466 «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын оңтайлы ету жөнiндегi шаралар туралы» Жарлығымен Торғай облысы таратылды. Аудан Ақмола облысының құрамына енгізілді. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 23 шiлдедегi N 3604 «Ақмола облысының Жаңадала және Қима аудандарын тарату туралы» Жарлығымен аудан таратылып, аумағы Державин ауданының құрамына енді. ## Әкімшілік бөлінісі 1986 жылғы мәлімет бойынша аудан құрамында 11 ауылдық кеңес пен 13 елді мекен болған: ## Халқы ## Дереккөздер
Расул Қыдырәлиұлы Көшербаев (өзб. Rasul Xidralievich Kusherbayev; 12 қаңтар 1987, Жаңажол ауданы, Ташкент облысы) — өзбекстандық саясаткер, редактор және журналис, Олий Мәжілісі Заң шығару палатасының бұрынғы депутаты. ## Өмірбаяны Шанышқылы тайпасы Қарақалпақ руынан шыққан. 1987 жылы 12 қаңтарда Жаңажол ауданы, Қушяғоч ауылында қазақ отбасында дүниеге келген. Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университетін халықаралық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы Либерал-демократиялық партиясының Ташкент облыстық әкімшілігінің жастар бөлімінің меңгерушісі болып бастаған. 2012-2014 жылдар аралығында «Янгийол» (Жаңа жол) газетінің бас редакторы қызметін атқарған. Өзбекстан либералдық-демократиялық партиясының мүшесі. 2014 жылдан Өзбекстан парламентінің төменгі палатасының депутаты. 2020 жылға дейін Инновация, ақпараттық саясат және АКТ-ны дамыту комитетінің мүшесі болды. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап Олий Мәжлістің Заң шығару палатасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сот-құқықтық мәселелер жөніндегі комитетінің мүшесі. Ол ашықтықты, сөз бостандығын, соттардың тәуелсіздігін, жеке меншікке қол сұғылмаушылықты және т.б. қамтамасыз етудің белсенді жақтаушысы. Ол сондай-ақ еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін ырықтандыру мен нарықтық тетіктерді енгізуді жақтаушы. Соңғы жылдары ол бұқаралық ақпарат құралдарында университеттерде студенттермен оқу келісім-шарттарын қысқарту, жеке тұлғаларға монополияны жою, халықтың орта және төменгі топтарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, соттардың тәуелсіздігі және т.б. 2022 жыл 23 желтоқсан күні Расул Көшербаев депутаттық қызметін аяқтауын айтты және 26 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясы Олий Мәжліс заң шығару палатасының депутаты Расул Көшербаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені қарады. Комиссия мүшелері оның өкілеттігін тоқтатуды бірауыздан қолдады. 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап Өзбекстан Республикасы Табиғи ресурстар министрлігінде министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. 2023 жыл 31 шілде ӨзЛиДеп партия мүшелігінен шықты. ## Дереккөздер
Октябрь ауданы — 1955-1997 жылдары Қостанай және Торғай облысының құрамында болған әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы — Октябрьское ауылы. ## Тарихы Октябрь ауданы 1955 жылы 22 қазанда Қостанай облысының құрамында құрылды. Құрамына Семиозёр ауданының Жаркөл, Октябрь, Шолақсай ауылдық кеңестері, Герцен, «Айдарлы», «Железнодорожный» кеңшарлары, Науырзым ауылдық кеңесінің Жамбыл ұжымшары, Қарасу ауданының Кошевой, «Молодёжный», Чкалов, «Октябрь», «Искра» кеңшарлары, Амангелді ауданының Ушаков, Панфилов кеңшарларының аумағы еніп, аудан орталығы «Железнодорожный» кеңшарының орталығы болды. 1956 жылы аудан орталығына Октябрьский атауы берілді. 1963 жылы 2 қаңтарда ауылдық аудан мәртебесін алып, 1965 жылы қаңтарда жай ауданға өзгерді. 1970 жылы 23 қарашада жаңадан құрылған Торғай облысының құрамына берілді. 1988 жылы 2 маусымда Торғай облысының таратылуына байланысты Октябрь ауданы Қостанай облысының құрамына енді, алайда 1990 жылы 17 тамызда Торғай облысы қалпына келтіріліп, құрамына кері қайтарылды. 1997 жылғы 22 сәуiрде Торғай облысы таратылып, аудан қайтадан Қостанай облысының құрамына енді. 1997 жылғы 17 маусымда Октябрь ауданы таратылып, аумағы Қарасу ауданының құрамына енді. ## Әкімшілік бөлінісі 1986 жылғы мәлімет бойынша аудан құрамында 16 ауылдық кеңес пен 26 елді мекен болған: ## Халқы ## Дереккөздер
Асықата ауданы — 1940-1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан (Шымкент) облысының құрамында болған әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы — Асықата кенті. ## Тарихы Киров ауданы Мырзашөл өңірін игеру мақсатында 1940 жылы 29 шілдеде Қазақ КСР-інің Оңтүстік Қазақстан облысы құрамында құрылды. Аудан орталығы Бағара ауылы болып, Мақтаарал және Қызылқұм ауданы жерлерінің бір бөлігі енді. 1944 жылы 8 мамырда Амангелді, Калинин ауылдық кеңестері мен Ильич кенттік кеңесі Ильич ауданына берілді. 1951 жылғы мәлімет бойынша ауданда 4 ауылдық кеңес болды: Жамбыл, Интернационал, Киров, Фрунзе. 1951 жылы Жаңадала, Андреев ауылдық кеңестері құрылды. 1952 жылы Октябрь ауылдық кеңесі құрылды. 1956 жылы 27 сәуірде Киров ауданына таратылған Қызылқұм ауданы қосылды. 1956 жылы 27 тамызда Жаңадала ауылдық кеңесі Октябрь ауылдық кеңесіне қосылды. 1957 жылы Шардара ауылдық кеңесі құрылды. Фрунзе ауылдық кеңесі Интернационал ауылдық кеңесіне, Киров ауылдық кеңесі Жамбыл ауылдық кеңесіне қосылды. Интернационал ауылдық кеңесі Киров ауылдық кеңесі болып өзгертілді. 1959 жылы аудан құрамында 9 ауылдық кеңес болды: Абай, Жамбыл, Жаңа Шардара, Қызылқұм, Киров, Мақталы, Октябрь, Шардара, Шымқорған. 1962 жылы 9 шілдеде аудан орталығы Кировское болып өзгертілді. 1963 жылы 26 қаңтарда Киров ауданы Өзбек КСР-інің Сырдария облысына берілді. 1971 жылы 28 маусымда Киров ауданы Шымкент облысына қайтарылды. 1986 жылғы мәлімет бойынша ауданда 1 кенттік кеңес (Киров) және 8 ауылдық кеңес (Абай, Жамбыл, Қоғалы, Куйбышев, Мақталы, Октябрь, Первомай, Победа) болған. 1996 жылы 9 қазанда Киров ауданы Асықата ауданы болып қайта аталды. 1997 жылы 24 сәуірде Асықата ауданы таратылып, аумағы Мақтаарал ауданына берілді. ## Халқы ## Дереккөздер
Бони (вабони, валангуло) — кушиттер тобының халқы. Кения және Сомали республикаларының шекаралас аудандарында тұрады. Жалпы саны 9 мың 200 адам. ## Тілі Тілі - бони тілі. ## Діні Дәстүрлі нанымдарды ұстанады. Ата-бабалар культі, табиғат күштері, тотемизм кең тараған. ## Тарихы Бони - Шығыс Африканың ежелгі бушменоид тұрғындарының қалдықтары, олардың негізгі бөлігі көші-қон процесінде Африканың оңтүстігіне ығыстырылды. ## Кәсібі Бонилар дәстүрлі түрде аңшылықпен, жинаумен айналысады. Олар найза, сойыл, уланған жебемен балық, аң аулайды. Басқа тайпалармен араласу нәтижесінде мал шаруашылығын игерді. Тоқу, тері өңдеу және киім тігу және тұрғын үйлердің шатырын жабу сияқты қолөнер кеңінен таралған. ## Өмір салты Қоғамдық ұйымның негізі рулық құрылым. Отбасы патрилокальды, кейбір бони топтарында көп әйелділік кездеседі. Елді мекендері шағын шашыраңқы орналасқан. Тұрғын үйлері – құрастырмалыв күмбезді үйшік – шөп, жапырақ, бұтақтармен тоқылып, терілермен жабылған. Дәстүрлі киімдері - былғарыдан жасалған денені орайтын кесінді немесе өсімдік талшықтарынан жасалған қысқа белдемше. Тамағы әр түрлі, негізінен жинау арқылы алынады. Олар балық, жабайы аңдардың қайнатылған еті, бәліш, қызыл бұрыш дәмдеуіштерін пайдаланады. ## Дереккөздер
Икболжан Баһадүржанұлы Холдаров (өзб. Iqboljon Xoldarov; 8 наурыз 1997 жылы) — өзбекстандық боксшы, 64 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. Бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының мүшесі. Ол «Uzbek Tigers» жартылай кәсіпқой бокс клубының құрамында жаттығады. 2017 жылы Ташкентте өткен ерлер арасындағы бокстан Азия чемпионатының чемпионы. Фарман Салмановты еске алуға арналған мұнайлы елдердің бокстан XIV әлем кубогының жеңімпазы. Сондай-ақ бокстан бірқатар республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері. 2017 жылы Гамбургте өткен бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері. ## Ссылки * 2017 жылғы бокстан Азия чемпионатының қорытындысы * 2017 жылғы бокстан әлем чемпионатының қорытындысы * XIV әлем чемпионатының жарысына қатысуы
Буби (өз атауы - бубе, буби) — Экваторлық Гвинеядағы банту тобының халқы. Биоко аралының байырғы халқы. Саны 49 мың адам. (2005). Олар солтүстік (ней, сакато) және оңтүстік (абба, локето, биом, тете т.б.) болып бөлінеді. ## Тілі Буби тілі банту отбасының солтүстік-батыс тілдер тобына жатады және туыстық дуала тіліне өте жақын. ## Діні Діні – христиандық (католиктер). ## Тарихы Биоко аралын бубилар 13 ғасырда басқа банту халықтары құрлықтан қуылғаннан кейін қоныстанды. 1968 жылы ел Испаниядан толық тәуелсіздік алған кезде Франсиско Маиас Нгема президент болды. Бубидің Испанияға және басқа елдерге үлкен эмиграциясынан кейін олардың Экваторлық Гвинеядағы саны 300 мыңға жуық адамды құрады. Нгема режимі кезінде адамдардың 2/3-ден астамы өлім жазасына кесілді, түрмеде өлді немесе эмиграцияға кетті (80 мың адам қалды) ## Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсіптері - тауарлық дақылдар (кофе, какао және т.б.) қолмен атқарылатын егіншілік (ямс, банан, тары, күріш), майлы пальма жинау, аңшылық, балық аулау. Қолөнердің ең дамығаны ағаш ою. ## Өмір салты Әлеуметтік ұйымның негізін ауыл қауымдары, көп балалы отбасылар, матрилинейлік рулар және жасырын қоғамдар құрайды. Негізгі фольклорлық жанрларға ән, ертегі, мақал-мәтелдер жатады. Елді мекендері жинақы. Олар қабырғалары ағаш діңінен, төбесі құрғақ папоротниктермен жабылған төртбұрышты үйшіктерде тұрады. Дәстүрлі киімдері еуропалық киімдермен ауыстырылған. Тағамдарының негізі - өсімдік тектес (жарма, бұқтырылған тағамдар, пісірілген және қайнатылған тамыр дақылдары, ащы дәмдеуіштер). ## Дереккөздер
Бәтима Есмұратқызы Зәуірбекова (29 қыркүйек 1946, Фурманов ауылы, Мойынқұм ауданы, Жамбыл облысы) – суретші. Алматы көркемсурет училищесін (1969), Алматы мемлекеттік университетін (2001) бітірген. ## Өмірбаяны ҚазКСР, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Фурмановка ауылында дүниеге келген. Мерке ауылында өскен. 1964 жылы мектепті бітіргеннен кейін, Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет техникумына оқуға түсті. Оны 1969 жылы қолданбалы суретші мамандығы бойынша бітірді. Сол жылы оның алғашқы Гобелен көрмесі өтті. 1997-2000 жылдары Түркияда тұрып, жұмыс істеді, 9 көрме ұйымдастырды, бірақ Қазақстанғаоралды. 2001 жылы (басқа деректер бойынша 1990 жылы) Алматы мемлекеттік университетін (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітірген. 1974 жылдан Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі. Ресей суретшілер кәсіптік одағының мүшесі. ## Шығармашылығы Алғаш “Жіп иіруші” (1972), “Қодық” (1972), “Керуен” (1973), “Көктем” (1974), “Сазды әуен” (1975) гобелендері арқылы танымал болды. “Байтақ дала” (1976), “Дала аруы” (1979), “Мәңгілік өнер” (1982) туындылары астарлы философия мазмұнымен ерекшеленеді. “Күй” (1978), “Жастық” (1979), “Тоқымашы”, “Кешкі саз” (1982) шығармалары ұлттық гобелен өнеріндегі жаңа принциптерді қолданудың озық үлгісі болып тарихта қалды. Сызба, кескіндеме өнері тәсілдерін біріктіру және түрлі түстердің өзара үйлесімін табу шеберлігі суретшінің “Қыс”, “Көктем”, “Жаз” және “Күз” гобелендерінен (1984 – 86) анық байқалады. Зәуірбекова басқа шеберлермен бірлесіп, “Қазақстан” қонақ үйіне қойылған “Қазақстан шұғыласы” атты монументтік гобеленді (1977 – 78; Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы, 1980) жасауға қатысты. Жарық пен сәулені шарпыстыру әдісі арқылы бейнені көлемді түрде көрсету мақсаты “Жер-ана” монументті панносында ұтымды орындалған. Зәуірбекова еңбектерінің жеке көрмесі Францияда, Швецияда, Түркия, т.б. елдерде өтті. Суретші туындыларының түпнұсқасы Қазақстанның Орталық өнер мұражайына және Астана мұражайына қойылған. ## Марапаттары * Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1980); * КСРО, Қазақ КСР, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Құрмет грамоталары; * Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы (2004) * «Мәдениет пен өнерді дамытуға сіңірген еңбегі үшін» құрмет белгісі (2014 ж. 27 қараша, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы) – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің ортақ мәдени кеңістігін қалыптастыру мен дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін, мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық идеяларын жүзеге асырған үшін. * «Парасат ордені» (2014 ж.) ## Дереккөздер
Зәкір Наилұлы Сафиуллин (11 қараша 1986 жылы) — қазақстандық боксшы. ## Мансабы Шымкентте тұрады және жаттығады. Жаттықтырушысы — Заңғар Қасқаев. 2013 жылғы Қазақстан чемпионы. 2015 жылғы Азия чемпионатында 60 келі салмақта күміс жүлдегер атанды. ## Сілтеме * Бокстан Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы * Olympedia сайтында * Токиодағы 27 татар-олимпиадашылар: Ғалымжан Ибраһимовтың шөбересінен АҚШ әскерінің сержантына дейін.  (орыс.)
Кәрімжан Балтабайұлы Әбдірахманов (11 мамыр 1964, Қызыл Жұлдыз, Байзақ ауданы, Жамбыл облысы, Қазақ КСР) — Бірінші аса жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен кеңес боксшысы. 1984-1991 жылдары КСРО құрамасының мүшесі болды. 1985 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, 1986 жылғы Жақсы ниет ойындарының күміс жүлдегері, «Достық-84» халықаралық турнирінің күміс жүлдегері, 48 келі салмақта әуесқойлар сайысында КСРО-ның екі дүркін чемпионы (1984, 1990). Халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Еңбек жолын аяқтаған соң бокстан жаттықтырушы болып жұмыс істейді. AIBA халықаралық санаттағы төрешісі. ## Өмірбаяны Кәрімжан Әбдірахманов 1964 жылы 11 мамырда Жамбыл облысы, Қызыл Жұлдыз ауылында дүниеге келген. Бокспен айналысуды белгілі боксшы Серік Қонақбаев мектеп оқушыларымен кездесуге келгеннен кейін 6-сыныпта бастаған. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Андреевич Цхайдың жетекшілігімен жаттықты. Ол рингтегі алғашқы елеулі табысына 1982 жылы Чехословакияның Устинад Лабем қаласында өткен халықаралық турнирде минималды салмақта жеңіске жеткен кезде қол жеткізді. Бір жылдан кейін ересектер арасындағы КСРО чемпионатында дебют жасап, бірден жартылай финалға өтті, ал бір жылдан кейін алғаш рет Кеңес Одағының чемпионы атағын жеңіп алды. Мемлекет 1984 жылы Лос-Анджелестегі Жазғы Олимпиадаға бойкот жариялағандықтан, Кәрімжан Олимпиаданың орнына Достық-84 ірі халықаралық турниріне қатысып, финалға дейін жетіп, күміс медал алды. 1985 жылы КСРО мен АҚШ арасындағы кездесуге қатысты, сонымен қатар Будапештте өткен Еуропа чемпионатында жартылай финалда неміс Рене Брейтбарттан жеңіліп, әлем чемпионатында қола жүлдегер атанып, Сеулдегі Әлем кубогында қола жүлдеге ие болды. 1986 жылы Мәскеуде өткен Жақсы ниет ойындарының вице-чемпионы атанып, шешуші кездесуде отандасы Ншан Мунчянды жеңе алмады. 1990 жылы Кәрімжан екінші рет ел біріншілігінің алтынын жеңіп алды, бірақ көп ұзамай командадан кетуге шешім қабылдады. Сол жылы кәсіпқой деңгейде бір жекпе-жек өткізіп, алты раундтық кездесуде ресейлік Александр Махмұтовтан ұпай саны бойынша жеңіліп, ақыры спорттық мансабын аяқтады. Алматы дарынды спортшыларға арналған мектеп-интернатында бокстан жаттықтырушы болып жұмыс істеді, қазір Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетінің Алматы қаласының Шаңырақ шағын ауданындағы «Республикалық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінде жаттықтырады; халықаралық дәрежедегі төреші болып келеді. ## Әуесқойлық мансабы Әбдірахманов жас кезінде 1980 жылы жасөспірімдер арасындағы КСРО чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алса, 1982 жылы алғаш рет халықаралық аренада жеңісін тойлау арқылы жарқын болашағы күтіп тұрғанын дәлелдеді. Чехословакияның Устинад Лабем қаласында өткен «Достық» турнирі аясында 48 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, Кәрімжан жартылай финалда мажар Роберт Ишасегиді (бірінші раундта айқын басымдықпен), финалда румын боксшысы Мариан Ротаруды (ұпаймен, 5:0) жеңді. 1983 жылы он тоғыз жасар Әбдірахманов ересектер арасындағы КСРО чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында дебют жасады. Турнир барысында ол өзбек Расуловты және украиналық Михаил Сурженконы ұпай саны бойынша ұтты, бірақ жартылай финалда Артур Димаксянға (Армения) ұпай санымен есе жіберіп, біріншіліктің қола жүлдегері атанды. Келесі маусымда Кәрімжан КСРО чемпионы атанды. 1984 жылдың ақпан айының соңы – наурыз айының басында ел біріншілігінің алтын жүлдесіне барар жолда Анатолий Филипповтан өтіп, Артур Димаксяннан есесін қайтарып, финалда Ншан Мунчянды ұпай санымен ұтты. Сәуір айында Әбдірахманов Бангкокта өткен Патша кубогына қатысты, бірақ бірінші жекпе-жегінде жергілікті боксшы Майдорор Вансурадейден ұпай саны бойынша ұтылып қалды. Тамыз айында Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына бойкот жариялаған социалистік елдердің спортшылары өнер көрсеткен Кубада өткен «Достық-84» турнирінде Кәрімжан екінші орын алды. Ширек финалда болгарлық Христо Боневті (ұпай санымен, 5:0), жартылай финалда поляк Януш Старжикті (ұпай санымен, 5:0) жеңіп, финалда турнир қожайыны Хуан Торрес Оделиннен (ұпай санымен, 2:3) ұтылды. 1985 жылы Әбдірахманов ел біріншілігін жіберіп алды, бірақ сонымен бірге ол халықаралық аренада белсенді өнер көрсетті. Қаңтар айында ол АҚШ құрамасымен Ренода өткен кездесуге қатысып, Джеймс Харриске ұпай саны бойынша жекпе-жегінде жеңіліп қалды. Мамыр айында Кәрімжан Мажарстанда өткен Еуропа чемпионатында қола жүлдегер атанды. Турнирді Финляндия өкілі Вели-Матти Вялимякиді (екінші айналымда айқын басымдылық үшін) және румындық Думитру Сиопуды (ұпай бойынша, 5:0) ұтып, екі жеңісімен бастаған Кәрімжан жартылай финалда неміс спортшысынан жеңіліп қалды. Рене Брейтбарт (ұпай санымен, 0:5 ). Тамыз айында кеңестік боксшы кеңестік блок елдері әскери қызметкерлерінің спартакиадасында сәтсіз өнер көрсетті, бірінші раундта пәкістандық Канг Гил Рёнгтен жеңіліп қалды (ұпай санымен, 0:5). Кәрімжан маусымды Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өткен әлем чемпионатына қатысып, ширек финалда Чан Хси Хинді (Тайван) жеңіп (ұпай санымен, 5:0), бірақ жартылай финалда тайлық Супап Бунродтан (ұпай санымен, 0:5) жеңіліп қалды, осылайша, турнирде қола медаль иегері атанды. 1986 жыл Әбдірахмановтың халықаралық жарыстардағы соңғы ірі жетістіктерінің жылы болды. Қаңтар айында Ленинградта АҚШ құрамасымен кездесу аясында Хосе Арреоладан ұтылып қалған жекпе-жегін сәтсіз өткізген Кәрімжан Алматыда өткен КСРО чемпионатының қола жүлдегері атанды. Турнирдің ширек финалында Әбдірахманов кәсіпқой бокстан болашақ әлем чемпионы Юрий Арбачаковты ұпай санымен жеңді, бірақ жартылай финалда Ншан Мунчяннан осылайша ұпай санымен ұтылды. Шілде айында Мәскеуде өткен Жақсы ниет ойындарында Кәрімжан ширек финалдан бастады. Венесуэлдік Одилио Ариасты (ұпай санымен, 5:0) және моңғолдық Дидовжийн Серенианды (ұпай санымен, 4:1) қатарынан ұтқан ол финалға шығып, КСРО құрамасы қатарындағы орын үшін қарсыласы әрі отандасы Мунчянмен қайта кездесті. Әбдірахманов қарсыласынан жеңіліп қалды (ұпай бойынша, 0:5), одан кейінгі жылдардағы ішкі аренадағы жеке табыстарына қарамастан, ол ұлттық құрамадағы орнын Ншан мен Александр Махмұтовқа берді. 1988 жылы Әбдірахманов Ташкентте өткен ел чемпионатында қола жүлдегер атанса, екі жылдан кейін Луцкіде финалда Анатолий Филипповты ұпай саны бойынша жеңіп, КСРО-ның екі дүркін чемпионы атанды. 1990 жылы Кәрімжан бірнеше кәсіпқой жекпе-жек өткізіп, 1991 жылы Қазан қаласында өткен КСРО чемпионатында өнер көрсетіп, ел біріншіліктеріндегі төртінші «қоласын» жеңіп алды. ## Кәсіби мансабы Кәсіпқой бокста Кәрімжан 1990 жылы 25 ақпанда 26 жасында екінші аса жеңіл салмақ дәрежесінде алғашқы кездесуін өткізді. Ол үш жекпе-жек өткізді, оның екеуі КСРО аумағында, тағы біреуі Оңтүстік Кореяда өтті. Соңғы рет кәсіпқой рингке 1991 жылы 21 сәуірде шықты. Қазақстан агенттіктері ## Айқастарының тізімі ## Дереккөздер
Снигириха – Үбі жотасының солтүстік-батыс бөлігіндегітау. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха жəне Глубокое аудандары аумағында орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1293 м. Солтүстік-батыстан шығысқа қарай 6 км-ге созылған, енді жері 3–4 км. Беткейі тіктеу, өзен, тау аңғарларымен тілімденген. Биік белдеуі жалаңаштанған. 1000 м-ден төмен бөлігін түгелдей аралас жапырақты орман көмкерген. Таудың солтүстік-батыс, батыс беткейлерінен Үбі өзенінің салалары бастау алады. ## Дереккөздер
Хасанбай Маруфжанұлы Досматов (өзб. Дўсматов Хасанбой Маруфжон ўғли, Hasanboy Doʻsmatov; 24 маусым 1993, Әндіжан, Әндіжан облысы, Өзбекстан) — Бірінші аса жеңіл салмақта өнер көрсететін өзбек кәсіпқой боксшысы (49 келі). 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2017), Азия ойындарының күміс жүлдегері (2018), Азияның екі дүркін чемпионы (2015, 2017), Универсиаданың жеңімпазы (2013). 2013-2014 жылдары «Украина атамандары» бокстан Украинаның жартылай кәсіпқой командасының мүшесі болды. Әуесқойлар арасындағы 2016 жылғы Уел Баркер кубогының иегері. Кәсіпқойлар арасында 1-аса жеңіл салмақтағы қазіргі WBA International чемпионы. ## Өмірбаяны Хасанбай Досматов 1993 жылы 24 маусымда Әндіжан облысында дүниеге келген. Тұрақты түрде Әндіжан қаласында тұрады. Жаттықтырушысы — Зиятдинбек Тойгонбаев. ## Әуесқойлық мансабы Ол 2009 жылы Қазақстанда өткен Қазақстан Республикасының чемпионы Ф.Шоназаровты еске алуға арналған халықаралық турнирде бірінші орын алып, алғашқы үлкен жетістікке жетті. 2011 жылы 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жастар арасындағы ел біріншілігінде жеңімпаз атанды. 2013 жылы Алматыда (Қазақстан) өткен AIBA әлем чемпионатында тоғызыншы болды. 2014 жылы «Украина атамандары» құрамында ресейлік Давид Айрапетянға қарсы ширек финалдық жекпе-жекте жеңіске жетті. Сол жылы Өзбекстан ел чемпионатында екінші, Инчхондағы Азия ойындарында жетінші орын алды. 2015 жылы Бүкіләлемдік бокс сериясында 7 жекпе-жек өткізіп, жеті жекпе-жектің барлығында жеңіске жетті. 2016 жылдың 17 ақпанында AIBA рейтингінде 11-орында болды. ### Әуесқойдағы нәтижелері * 2009 — Қазақстан Республикасының чемпионы Ф.Шоназаровты еске алуға арналған халықаралық турнир (Орал, Қазақстан) — 1-орын. * 2011 — Жастар арасындағы Өзбекстан чемпионаты – 1-орын * 2012 — Макар Мазаиды еске алуға арналған «А» сыныбының 46-халықаралық турнирі (Мариуполь, Украина) – 1-орын * 2012 — Шешенстан Республикасының Президенті А.Х.Қадыровты еске алуға арналған IV халықаралық турнир (Ресей) – 1-орын * 2012 — Өзбекстан чемпионаты – 1-орын * 2013 — Өзбекстан ұлттық кубогы – 1-орын * 2013 — Жазғы Универсиада (Қазан, Ресей) – 1-орын * 2013 — Өзбекстан чемпионаты – 1-орын * 2013 — Төрт ұлт турнирі (Астана, Қазақстан) – 1-орын * 2013 — Николай Мангерді еске алуға арналған халықаралық турнир (Херсон, Украина) – 1-орын * 2014 — Шешенстан Республикасының Президенті А.Х.Қадыровты еске алуға арналған VI халықаралық турнир (Ресей) — 1-орын * 2014 — Сидней Джексонды еске алуға арналған халықаралық турнир (Ташкент, Өзбекстан) – 1-орын * 2015 — Chemistry Cup (Һалле, Германия) — 1-орын * 2015 — Бокстан Азия чемпионаты (Бангкок, Тайланд) — 1-орын * 2016 — Жазғы Олимпиада ойындары (Рио-де-Жанейро, Бразилия) — 1-орын * 2017 — бокстан Азия чемпионаты (Ташкент, Өзбекстан) — 1-орын ## Кәсіби мансабы 2019 жылдың 16 қарашасында кәсіби мансабын бастады. ## Кәсіпқой жекпе-жектерінің статистикасы ## Дереккөздер
«Боз ат мінген адам» — Клинт Иствудтың басты рөлді өзі ойнап, өзі түсірген көркем фильмісі. 41 миллион доллардан астам түсім жинап, 1980-жылдардың вестерн фильмдері арасында ең табыстысы болып келеді. Фильмнің атауы Библияның бір үзіндісіне сілтейді: «ал боз аттың үстінде отырған шабандоздың есімі Өлім». ## Сюжет Калифорнияда алтын іздеушілердің шағын тобы Лахуд бандысының жортуылдарынан зардап шегіп жүреді. Ірі бай Кой Лахуд олардың жерін тартып алғысы және сондағы қорларды өзі игергісі келеді. Соңғы шапқыннан кейін 14 жасар Меган дұға оқып, құтқарылу жолын көрсетуді тілейді. Осы кезде өңірге Уағызшы деп аталып кеткен салт атты келеді. ## Рөлдерде * Клинт Иствуд — Уағызшы * Майкл Мориарти — Халл Баррет * Кэрри Снодгресс — Сара Уилер * Крис Пенн — Джош Лахуд * Ричард Дисарт — Кой Лахуд * Даг Макграт — Спайдер * Сидни Пенни — Меган Уилер * Джон Расселл — маршал Стокбёрн * Ричард Кил — Клаб ## Дереккөздер
Бура (кводжеффа, хуве, хувийа; өз атауы — bura «адамдар») — Нигерия-Камерун шекарасының екі жағындағы Эдсерам өзендерінің жоғарғы бөлігінде тұратын халық. Марги, тера (өз аты – нямаши) және бата (муби, капсика, хиги, холм және т.б.) этникалық топтарымен бірге – 1 миллионға жуық халық тұрады. (1967).Олар жазықтық және таулық буралар болып бөлінеді. ## Тілі Бура тілі афроазиялық макроотбасының чад тілдеріне жатады. Диалектілері бура, буракокра. Хауса және канури тілдерінде сөйлейді. ## Діні Буралар негізінен сүнниттік мұсылмандар, дәстүрлі нанымдар да сақталған. ## Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсіптері егіншілік (тары, жержаңғақ), мал шаруашылығы, ұсталық, қыш жасау. ## Өмір салты Неке патрилокальды. Патрилинейлік рулар, көп балалы отбасылар, жастар бірлестіктері (ерлер мен әйелдер одақтары) сақталған.Ата-баба, ай, қолтырауын культтері кең тараған. Дәстүрлі музыкалық аспаптардың ішінде ең танымалы - ксилофон. Елді мекендер шашыраңқы орналасқан. Үйлері дөңгелек, төбесі конустық формада шөптен жасалған, қабырғалары шөптен немесе сабаннан тоқылған және сазбен сыланған. Дәстүрлі киімдері - жамбасқа оралған мата бөлігі (белдемше тәрізді), Хаусан киімі де жиі кездеседі. Бет терісін тыртықтау қолданылады. Негізгі тағамдары - көкөністер және сүт өнімдері. ## Дереккөздер
Сакмариха, Сақмар – Жоғарғы Ертіс алабындағы өзен. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы мен Риддер қалалық әкімдігіне қарасты аумақпен ағады. ## Гидрологиясы Ұзындығы 47 км, су жиналатын алабы 278 км2. Жалпы ұзындығы 177 км-ден асатын 90-ға жуық саласы бар. Үбі жотасының сілемдеріндегі бұлақтардан бастау алып, Үбі өзеніне құяды. Жоғарғы ағысы тар шатқалды, бастауына жақын Татарка темір жол стансасы орналасқан. Өзен арнасы толықтай дерлік тар шатқалды, жағалау бойымен беткейінде жəне онда орман өскен. Қар, жаңбыр, жер асты суларымен толығады. Сакмариха елді мекендер мен өндіріс орындарын сумен қамтамасыз етеді. ## Дереккөздер
Сазды – Жайық алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Алға ауданы мен Ақтөбе қалалық әкімдігіне қарасты аумақ арқылы ағады. ## Гидрологиясы Ұзындығы 40 км, су жиналатын алабы 352 км2. Бастауын Ақсазды (Петровка) ауылының маңындағы бұлақтардан алып, Ақтөбе қалсы тұсында Елек өзеніне құяды. Аңғары жоғарғы ағысында 0,5–1 км, қалған бөлігінде 5 км жəне одан да үлкен аралықта. Өзен бойында су бөгені салынған. Арнасында бұталы шалғын, орта ағысында орман шаруашылығы жүргізіледі. Өзімен аттас елді мекен бау-бақша, мал суаруға пайдаланады. ## Дереккөздер
Сандықсу – Есіл алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақмола облысы Жарқайың ауданы жерімен ағады. ## Гидрологиясы Ұзындығы 45 км, су жиналатын алабы 305 км2. Бастауын аласа келген Сандық (375 м) тауының баурайындағы бұлақтардан алып, Тасөткел ауылынан төменде Есіл өзеніне құяды. Аңғары орта ағысында 3–5 км-ге жетеді. Арнасының жағалау бойы түйетайлы, жарлы, жарқабақты келген. Жаз айларында ағысы қарасуларға бөлініп қалады. Өзен бойында бірнеше шағын бөгендер, қыстаулар орналасқан. Алабының 20–25%-ы егістікке жыртылған. ## Дереккөздер
Бурун — Суданның солтүстік Луо тобының нилот халқы (Курмук қаласынан оңтүстікке қарай Эфиопиямен шекаралас аймақтар және Томбак және Ябус өзендерінің бассейні). Жалпы саны 68 ​​мың адамды құрайды. ## Тілі Негізгі тілі - Ніл-Сахара отбасының Шари-Ніл тобының бурун тілі. Араб тілі де кең тараған. ## Діні Дінге сенушілер: сүнниттік мұсылмандар, бір бөлігі – дәстүрлі сенімдерді ұстанады. ## Тарихы XVI ғасырда бурунның ата-бабалары қазіргі қоныстану аймағына батыстан, Ніл алқабынан келді. XVI-XVIII ғасырларда Сеннар мемлекетінің құрамына кірді. ## Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсіптері: қолмен атқарылатын егіншілік (тары-элевисина, теф, дурра, бұршақ тұқымдастар), мал шаруашылығы (ірі қара және ұсақ мал), балық аулау, терушілік. Ағаш ою (культтік мүсін, ыдыс жасау), қайық жасау жақсы дамыған. ## Өмір салты Ауыл қауымдастығын ақсақал басқаратын туысқан үлкен отбасы қауымдастығы құрайды. Неке патрилокальды, көп әйел алушылық орын алады. Елді мекендері шоғырланып орналасқан, мал қорасы қызметін атқаратын дуалы бар, су жағасында орналасқан. Судандық типтегі тұрғын үйлері цилиндрлік төбесі бар дөңгелек, қабырғалары тоқылған немесе саманнан салынған. Шаруашылық құрылыстары – қоралар, қадалардағы астық қоймалары. Дәстүрлі киімдері - былғары алжапқыш, шөп немесе жапырақтар шоғырын таңады. Қазір ерлер жеңі кең ақ жейде, әйелдер ақ жамылғы, ұзын мақта көйлек киеді. Азық-түліктері - жарма, бәліш, сүт, жаңбырлы кезеңде - балық, жабайы құстар жейді. ## Дереккөздер
Қазақ даласы (сондай-ақ; «Ұлы дала»; «Қазақтың кең-байтақ даласы») — Батыста Понт-Каспий даласына дейін және шығыста бірге үлкен Еуразия даласын құрайтын Еміл аңғарының даласына дейін созылатын, Қазақстанның солтүстігіндегі далаларды және Ресейдің іргелес аумақтарын қоса алғанда, Орталық Азиядағы үлкен аймақ. ## Географиясы ### Орналасуы Дала Каспий маңы ойпаты шығысындағы және Арал теңізінің солтүстігіндегі аумақтан Алтай тауларына дейін 2200 км-ден астамға созылып жатыр. Бұл шамамен 804 450 шаршы шақырымды құрайтын жер бетіндегі ең үлкен құрғақ дала аймағы. Қазақ даласы Еуропа мен Азияны бөліп тұрған дәстүрлі сызық болып табылатын Орал тауларының оңтүстік шетінде орналасқан. Даланың көп бөлігі оңтүстікке қарай жылжыған сайын шөлге айнала бастайтын жартылай шөл болып саналады. Тұран ойпаты даланың оңтүстік-батыс бөлігінде жатыр, бірақ кейбір ерекшеліктерді қоспағанда, шығысқа немесе даланың солтүстік бөліктеріне жылжыған сайын биіктік артады. Понт даласы батыс пен солтүстік-батыста жатыр. Қазақ даласының солтүстігі мен солтүстік-шығысында қазақ даласы мен Сібір ормандары арасындағы өткелді құрайтын шабындықтармен қиылысатын қарағайлы тоғайлардың экоауданы — Қазақ орманды даласы жатыр. Оңтүстігінде Қазақ шөлейтті және Сарыарқаның экоаудандары орналасқан. Солтүстік-орталық Қазақстандағы Көкшетау тауы – аласа биіктікте қоршап тұрған Қазақ даласынан ерекшеленетін Сарыарқаның анклавы. ### Климаты ## Дереккөздер
Нұрсұлтан Арыстанғалиұлы Жаңабаев (5 қыркүйек 1992; Қызыл Жұлдыз, Байзақ ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан) — қазақстандық кәсіпқой боксшы. ## Өмірбаяны Нұрсұлтан Жаңабаев 1992 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Қызыл Жұлдыз ауылында дүниеге келген. 1999-2010 жылдары Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектепте оқыды. Мектепті бітірген соң ТарМПУ-дың шығармашылық факультетіне оқуға түседі. Нұрсұлтан бала кезінен спортпен айналыса бастаған. 11 жасынан бастап еркін күреспен айналыса бастады. Еркін күрестен Лондонда өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ақжүрек Таңтаровтың жаттықтырушысы болған Әділет Сарбаев жаттықтырды. Нұрсұлтан 15 жасынан бастап әуесқой боксқа ауысты. Бокстан алғашқы жаттықтырушы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1983 жылғы КСРО халықтарының жазғы спартакиадасы мен 1986 жылғы бокстан КСРО чемпионатының жүлдегері Рашид Кабиров болды. ## Әуесқойлық мансабы Бокспен 2007 жылы 15 жасында айналыса бастаған ол әуесқойлық мансабында спорт шебері атанып, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанды. Алғашқы ресми жекпе-жегін 15 жасында облыстық жарыстарда өткізіп, соңында жеңімпаз атанды. Нұрсұлтан 2012 жылы Шымкентте Қарақозы Әбдәлиевтің құрметіне өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанып, Қазақстан Республикасының спорт шебері атанды. 2014 жылы Қырғызстанда өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды. ## Кәсіби мансабы Ол кәсіпқой мансабын 2016 жылы Қытайда бастады, сол кезде WBA China белбеуіне ие болған қытайлық боксшыға қарсы он раундта жеңіске жетті. 2019 жылдың 14 тамызында Аустралияның Сидней қаласында сәтті жекпе-жек өткізіп, аустралиялық Стив Гагоны жеңді, WBA inter белбеуін қорғап, WBO oriental және IBF Australasian аймақтық белбеулерін жеңіп алды. ## Кәсіби жекпе-жек кестесі ## Дереккөздер
* Ақтөбе айыл аймағы — Талас облысы Бақайата ауданы құрамындағы ауылдық әкімшілік. * Ақтөбе айыл аймағы — Шу облысы Аламүдін ауданы құрамындағы ауылдық әкімшілік. * Ақтөбе айыл аймағы — Ыстықкөл облысы Жетіөгіз ауданы құрамындағы ауылдық әкімшілік.
2007 жылғы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауы 18 тамызда (партиялық тізімдер бойынша) және 20 тамызда (Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттарының сайлауы) өтті. Сайлауды өткізу 2007 жылғы мамырда Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулардың қабылдануымен байланысты болды, оған сәйкес Мәжіліс депутаттарының саны 77-ден 107 адамға дейін ұлғайтылды, сонымен қатар, бір мандатты сайлау округтері жойылды - олардың пікірінше, депутаттар партиялық тізім және Қазақстан халқы Ассамблеясы бойынша сайланды. 2007 жылғы 20 маусымда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің үшінші сайланымы мерзімінен бұрын таратылып, кезектен тыс сайлау тағайындау жайлы Жарлыққа қол қойды. Парламент сайлауына жеті саяси партия қатысты: «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, Қазақстанның «Ақжол» демократиялық партиясы, «Ауыл» Қазақстандық социал-демократиялық партия, Қазақстан Коммунистік халық партиясы, Қазақстан патриоттары партиясы және «Руханият» партиясы. Сайлау қорытындысы бойынша, партиялық тізімге сәйкес, Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, сайлаушылардың 64,56 % келе тұра, Мәжіліске 88,05 % дауысын жинаған президентті қолдайтын «Нұр Отан» партиясының өкілдері ғана өтті. ## Кандидаттарды ұсыну және тіркеу ## Дереккөздер
* Мыңбұлақ айыл аймағы – Қырғызстанның Нарын облысы Нарын ауданындағы әкімшілік бірлік. * Мыңбұлақ айыл аймағы – Қырғызстанның Талас облысы Бақайата ауданындағы әкімшілік бірлік.
Сливное – Обаған алабындағы ағынды көл. ## Географиялық орны Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Жаңасу ауылының оңтүстік-шығысында 7 км жерде орналасқан. ## Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 95 м биіктікте жатыр. Аумағы 5,8 км2, ұзындығы 5,7 км, енді жері 1,7 км, жағалау бойының ұзындығы 14,4 км. Көлемі əр жылдары өзеннің құюына байланысты болып отырады. Жағасы тегіс, түбі аздап лайлы, қамыс, құрақ өседі. Жерасты, жауын-шашын суларымен толысады. Қараша айының аяғында суы қатып, сəуірде ериді. Суы тұщы. Алабы шабындық. Мал суаруға пайдаланылады. Солтүстігінде Алтыбай, оңтүстігінде Ақсуат көлмен Обаған өзені арқылы байланысып жатыр. ## Дереккөздер
* Қызылшаруа – Ош облысы Өзген ауданындағы айыл. * Қызылшаруа – Талас облысы Бақайата ауданындағы айыл.