text
stringlengths
3
252k
Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитеті — Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық партия ұйымының басқарма органы (1932-1991). Шығыс Қазақстан облысы 1932 жылы 10 наурызда Қазақ АКСР құрамында құрылып, 1936 жылы 5 желтоқсанда КСР болып қайта құрылды. 1939 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысының құрамынан Семей облысы бөлініп шықты. Орталығы: 1932-1939 жылдары — Семей қаласы, 1939 жылдан бастап — Өскемен қаласы болды. ## Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшылары * Михаил Стакун (1932 год — қыркүйек 1934 жылы) * Саул Свердлов (қыркүйек 1934 жылы — ақпан 1938 жылы) * Василий Железов (ақпан — 22 мамыр 1938 жылы) * Нұртас Оңдасынов (1938 жыл) * Федор Рванцев (1940 жылы 6 наурызда орталығы Өскемен қаласы болған облыс аумағындағы обкомның 1-хатшысы болып сайланды; 1938 — 5 қыркүйек 1944 жылы) * Николай Боголюбов (5 қыркүйек 1944 — тамыз 1945 жылы) * Ілияс Омарұлы (тамыз 1945 — 16 қаңтар 1948 жылы) * Хабир Пазиков (16 қаңтар 1948 — 2 қараша 1952 жылы) * Ғабдолла Қаржаубаев (1 қыркүйек 1952 — 15 қараша 1955 жылы) * Андрей Устенко (15 қараша 1955 — 9 шілде 1958 жылы) * Георгий Козлов (9 шілде 1958 — 6 мамыр 1959 жылы) * Алексей Неклюдов (6 мамыр 1959 — қаңтар 1963 жылы) * қалалық — Алексей Колебаев (19 қаңтар 1963 — 28 желтоқсан 1964 жылы) * ауылдық — Алексей Неклюдов (қаңтар 1963 — желтоқсан 1964 жылы) * Алексей Колебаев (28 желтоқсан 1964 — 13 сәуір 1965 жылы) * Алексей Неклюдов (сәуір 1965 — 10 қыркүйек 1969 жылы) * Александр Протазанов (10 қыркүйек 1969 — 19 желтоқсан 1983 жылы) * Анатолий Милкин (19 желтоқсан 1983 — 17 қараша 1989 жылы) * Игорь Тутеволь (17 қараша 1989 — 7 қыркүйек 1991 жылы) Бұл тізімнен көрініп тұрғандай, Кеңестік кезеңде Сталиннің тұсында ғана соңғы рет қазақ (Қаржаубаев) 1952 жылы сайланып, облыстық комитетті басқарды. ## Тағы қараңыз * Облыс әкімі ## Әдебиет * РСДЖ(б)П, РК(б)П, БК(б)П, КОКП орталық комитеті: Тарихи-өмірбаяндық нұсқаулық / Құрас. Ю. В. Горячев. М., 2005.
Шақпақ Артықбаев (15.9. 1905 жылы, бұрынғы Сырдария облысы Қазалы уезі Шыбынды болысы, 2-ауданы – 1986 жылы, Алматы) – қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны. 1923 – 24 жылдары Ташкенттегі Орта Азия коммунистік университетінде, 1930 – 33 жылы Мәскеу тұтынушылар кооперациясы институтында оқыған. 1924 – 25 жылдары Алматы, Талдықорған уездік комсомол комитеттерінде жауапты жұмыста болды. 1926 – 28 жылы БЛКЖО Алматы губерниясы комитетінің хатшысы, 1928 – 29 жылдары Қазақ өлкелік пионерлер комитеті бюросының төрағасы, 1933 – 38 жылдары БЛКЖО Ақтөбе облысы комитетінің хатшысы, Ақтөбе облысы партия комитетінің және Қазақстан К(б)П ОК-нің бөлім меңгерушісі, Алматы облысы комитетінің 1-хатшысы, 1938 жылы сәуір – маусым айларында Қазақ КСР-і жеңіл өнеркәсіп халық комиссары қызметтерін атқарды. Саяси қуғын-сүргінге ұшырап, 8 жылға сотталды. 1947 жылы босатылды, 1954 жылы қарашада толық ақталды. 1948 – 58 жылдары Түркістан облысында, Алматы қаласында әр түрлі жауапты қызметтер атқарды. 1958 жылдан республикалық, ал 1962 жылдан одақтық дәрежедегі дербес зейнеткер. ## Дереккөздер
Амантай Айтмырзаұлы Доғалақов (9 қаңтар 1946, Жаңасемей ауданы, Семей облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық мал дәрігері, партия және мемлекет қайраткері; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылым депутаты (1990-1993). ## Өмірбаяны 1946 жылы 9 қаңтарда Семей облысы Жаңасемей ауданы Сарыбұлақ ауылында дүниеге келді. 1963 жылдан Знамен мектеп-интернатын бітіргеннен кейін Жаңасемей ауданы, Шыңжы ауылында бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек жолын бастады. 1973 жылы Семей зооветеринарлық институтын «мал дәрігері» мамандығы бойынша тәмәмдады. Жаңасемей ауданында: аудандық ветеринариялық стансасының дезжасақ басшысы (1973-1975), К.Маркс атындағы ұжымшардың бас мал дәрігері (1976 бастап), К.Маркс атындағы ұжымшар төрағасының орынбасары (1978 бастап), «Жаңасемей» кеңшары директоры (1981-1991) болып жұмыс істеді. 1991 жылы КОКП Жаңасемей аудандық комитетінің бірінші хатшысы болды. 1990-1993 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылым депутаты; сонымен қатар 1992-1994 жылдары Жаңасемей аудандық әкімдігін басқарды. 1994 жылдың сәуір айынан бастап Семей облысы әкімшілігінде: мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық комитет төрағасының орынбасары, жер қатынастары және жерге орналастыру комитетінің төрағасы, жер инспекциясының бастығы (1997-2002) қызметтерін атқарды. 2002-2009 жылдары Семей қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болды. 2009 жылы зейнеткерлікке шықты. 2009-2012 жылдары — қалалық мәдениет үйі (Семей) директорының шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары, 2012 жылдан бастап - қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы болды. ## Таңдамалы шығармалары * Доғалақов А.А. Халыққа, туған жерге қызмет // Вести Семей. - 2013. - 30 сәуір. - 6 б. ## Дереккөздер
Қазақстан КП Ақмола облыстық комитеті (1961-1992 жылдары — Целиноград) — Қазақстан Компартиясы Ақмола облыстық партия ұйымының басқарма органы (1940-1991). Ақмола облысы 1939 жылы 14 қазанда Қазақ КСР Қарағанды облысы аумағының бір бөлігінен құрылды. 1960 жылы 26 желтоқсанда жойылып, облыс аумағы Тың өлкесінің құрамына енді. Орталығы – Ақмола қаласы. 1961 жылы 24 сәуірде орталығы Целиноград (1961 жылдың 20 наурызынан бастап Ақмола атана бастады) қаласында болатын 14 ауданнан Целиноград облысы құрылды. 1965 жылдың 16 қазанына дейін Тың өлкесінің, кейін тікелей Қазақ КСР-інің құрамында болды. 1992 жылдың 9 шілдесінен бастап — қайтадан Ақмола облысы атанды. ## Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшылары (1940-1960) * 03.1940—1941: Григорий Алексинцев (10.1939-03.1940 — БК(б)П ОК Ақмола облысы бойынша ұйымбюросының бірінші хатшысы) * 1941—1944: Алексей Купаев * 1944—1945: Сағалбай Жанбаев * 1945—1950: Михаил Луценко * 1950—11.1951: Елубай Тайбеков * 11.1951—03.1956: Николай Журин * 03.1956—1957: Андрей Бородин * 1957—1958: Григорий Мельник * 1958—1960: Семен Новиков ## Целиноград облыстық комитетінің бірінші хатшылары (1961—1991) * 1961-1963 Сабыр Ниязбеков * 1963-12.1964 (ауылдық) Василий Демиденко * 12.1964-11.1965 Василий Демиденко * 11.1965-4.04.1978 Николай Кручина * 4.04.1978-1.09.1986 Николай Морозов * 1.09.1986-7.09.1991 Андрей Браун ## Тағы қараңыз * Облыс әкімі ## Әдебиет * РСДЖ(б)П, РК(б)П, БК(б)П, КОКП орталық комитеті: Тарихи-өмірбаяндық нұсқаулық / Құрас. Ю. В. Горячев. М., 2005.
Қазақстан коммунистік партиясының Алматы облыстық комитеті — Қазақ АКСР (1932-1936) және Қазақ КСР (1936-1991) партия басқармасының аймақтық органы. Алматы облысы 1932 жылы 10 наурызда Қазақ АКСР-нің алғашқы 6 облысының ішінде құрылды. 1936 жылдың 5 желтоқсанынан бастап — Қазақ КСР құрамында. Орталығы — Алматы қаласы. ## Алматы облыстық партия комитетінің бірінші хатшылары * 1932 – 1933 Ізмұқан Құрамысов * 1933 – 1934 Константин Тоболов * 1934 – 1937 Андрей Киселев * 1937 жылы – Жанайдар Садуақасұлы * 1937 – 1938 Шақпақ Артықбаев * 1938 жылы – Вульф Мининберг * 1938 – 1940 Николай Садовников * 1940 – 1943 Джек Кулитов * 1943 – 1944 Николай Боголюбов * 1944 жылы – Нұрмұхамед Бозжанов * 1945 – 1951 Жақыпбек Жанғозин * 1951 – 1954 Әмір Қанапияұлы * 1954 жылы – Сейітғали Жақыпов * 1954 – 1956 Онуфрий Шпаков * 1956 – 1957 Рымбек Ілиясұлы * 1957 – 1958 Григорий Галайдин * 1958 – 1962 Мәсімхан Бейсебайұлы * 1962 жылы – Рақым Байғалиұлы * 01.1963 – 12.1964 (ауылдық) Петр Канцеляристов * 01.1963 – 12.1964 (өнеркәсіптік) Николай Дыхнов * 12.1964 – 04.1965 Сабыр Ниязбеков * 04.1965 – 27.04.1978 Асанбай Асқарұлы * 27.04.1978 – 24.09.1985 Кеңес Аухадиев * 24.09.1985 – 1988 Марат Меңдібаев * 1988 – 7.09.1991 Қасым Төлебеков ## Тағы қараңыз * Облыс әкімі ## Дереккөздер ## Әдебиет * РСДЖ(б)П, РК(б)П, БК(б)П, КОКП орталық комитеті: Тарихи-өмірбаяндық нұсқаулық / Құрас. Ю. В. Горячев. М., 2005.
Қазақстан КП Гурьев облыстық комитеті — Қазақстан Компартиясы Гурьев облыстық партия ұйымының басқарма органы (1938-1991). Гурьев облысы Қазақ КСР құрамында 1938 жылы 15 қаңтарда Ақтөбе облысының бір бөлігінен құрылды. Орталығы — Гурьев қаласы. 1962 жылдың 3 мамырынан 1964 жылдың 1 желтоқсанына дейін Ақтөбе және Орал облыстарымен бірге Қазақ КСР Батыс Қазақстан өлкесінің құрамында болды. 1992 жылдың 21 ақпанынан бастап — Атырау облысы атанады. ## Қазақстан КП Гурьев облыстық комитетінің бірінші хатшылары * ақпан 1937 — қаңтар 1938 Құлжан Өтеғалиұлы (Қазақстан КП(б) ОК Гурьев облысы бойынша ұйымбюросының бірінші хатшысы) * мамыр 1938 — 1940 Қалдыбай Байманов * 1940—1943 Мырзахмет Бекжанов * 1943—1947 Сергей Круглов * 1947 — 1 маусым 1950 Сәлімжан Ғалиев * 1 маусым 1950 — ақпан 1957 Сейітжан Полымбетов * ақпан 1957 — сәуір 1962 Нұртас Оңдасынов * сәуір 1962 — қараша 1963 Қосай Егізбаев * 19 қараша 1963 — 28 желтоқсан 1964 Сағидолла Құбашұлы * 28 желтоқсан 1964 — 27 сәуір 1970 Мұхамбет Исенов * 27 сәуір 1970 — 24 ақпан 1977 Саламат Мұқашұлы * 24 ақпан 1977 — 24 желтоқсан 1985 Оңайбай Көшекұлы * 24 желтоқсан 1985 — 11 мамыр 1990 Асқар Құлыбаев * 11 мамыр 1990 — 7 қыркүйек 1991 Ғазиз Алдамжаров ## Тағы қараңыз * Облыс әкімі ## Әдебиет * РСДЖ(б)П, РК(б)П, БК(б)П, КОКП орталық комитеті: Тарихи-өмірбаяндық нұсқаулық / Құрас. Ю. В. Горячев. М., 2005.
Курчатов қалалық әкімдігі – Абай облысындағы әкімшілік бірлік. ## Географиялық орны Солтүстігінде Бесқарағай ауданымен, оңтүстігінде Павлодар облысының Май ауданымен шектеседі. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Курчатов қаласы кіреді. Орталығы - Курчатов қаласы. ## Дереккөздер
Аршалы кенттік әкімдігі – Ақмола облысы Аршалы ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы - Аршалы кенті. Округ құрамында болған Ақбұлақ ауылы 2000 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Мырзакент кенттік әкімдігі – Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Мырзакент кенті кіреді. Орталығы - Мырзакент кенті. ## Дереккөздер
Қазақстан КП Семей облыстық комитеті — Қазақстан Компартиясы Семей облыстық партия ұйымының басқарма органы (1940-1991). Семей облысы 1939 жылы 14 қазанда Қазақ КСР құрамында Шығыс Қазақстан облысының бір бөлігінен құрылды. Орталығы – Семей қаласы. ## Қазақстан КП Семей облыстық комитетінің бірінші хатшылары Сталиннің заманында (1925—1953 ж.) * 03.1940 — 1942: Николай Боголюбов * 1942—1943 Харитон Анастасьев * 1943—1951 Александр Гарагаш * 1951—1953 Григорий Мельник Хрущевтың заманында (1953—1964 ж.) * 05.1953 — 04.1955: Танаш Қойшыбайұлы * 1955—1957: Семен Новиков * 1958 — 09.1960: Мұхамедғали Сужиков * 09.1960 — 01.1961: Сәлкен Дәуленұлы * 1961 — 04.1970: Михаил Карпенко Брежневтың заманында (1964—1982 ж.) * 04.1970 — 04.1978: Николай Морозов * 1978—1982: Аманолла Рамазанов * 1982 — 6.02.1987: Сағидолла Құбашұлы Горбачевтың заманында (1985—1991 ж.) * 6.02.1987 — 7.09.1991: Кешірім Бозтайұлы ## Тағы қараңыз * Облыс әкімі ## Әдебиет * РСДЖ(б)П, РК(б)П, БК(б)П, КОКП орталық комитеті: Тарихи-өмірбаяндық нұсқаулық / Құрас. Ю. В. Горячев. М., 2005.
Құрғақ Маймақ (қыр. Куру-Маймак) — Қырғызстанның Талас облысы Айтматов ауданы, Аманбаев айыл аймағы құрамындағы айыл. ## Халқы 2009 жылы айылда 477 адам тұрған. ## Дереккөздер
Қарағанды қалалық әкімдігі – Қарағанды облысындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Жаңаауыл ауылы және Қарағанды қаласы кіреді. Орталығы – Қарағанды қаласы. ## Дереккөздер
Сулы Маймақ (қыр. Суулу-Маймак) — Қырғызстанның Талас облысы Айтматов ауданы, Аманбаев айыл аймағы құрамындағы айыл. ## Халқы 2009 жылы айылда 1716 адам тұрған. ## Дереккөздер
Аманбаев (қыр. Аманбаев) — Қырғызстанның Талас облысы Айтматов ауданындағы айыл, Аманбаев айыл аймағы орталығы. ## Халқы 2009 жылы айылда 6203 адам тұрған. ## Дереккөздер
* Ақбасат – Жалалабат облысы Алабұқа ауданындағы айыл. * Ақбасат – Талас облысы Айтматов ауданындағы айыл. * Ақбасат – Шу облысы Жайыл ауданындағы айыл. * Ақбасат – Шу облысы Мәскеу ауданындағы айыл.
Ақбасат (қыр. Ак-Башат) — Қырғызстанның Талас облысы Айтматов ауданындағы айыл, Бақайыр айыл аймағы орталығы. ## Халқы 2009 жылы айылда 1876 адам тұрған. ## Дереккөздер
Қарасай (қыр. Кара-Сай) — Қырғызстанның Талас облысы Айтматов ауданы, Бақайыр айыл аймағы құрамындағы айыл. ## Халқы 2009 жылы айылда 3176 адам тұрған. ## Дереккөздер
Чакма — Бангладештегі халық, (Читтагонг облысының таулы ауданы) және Үндістанның шекаралас аймақтарында. Жалпы саны 540 мың адам, оның ішінде Бангладеште – 440 мың адам, Үндістанда – 100 мың. ## Тілі Олар қытай-тибет отбасының орталық тобының тілінде сөйлейді. Көптеген адамдар бенгал тілінде сөйлейді. ## Діні Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: буддистер, бір бөлігі – дәстүрлі нанымдар. ## Кәсібі Бүгінде көптеген чакмалар жер жыртуға көшті, ал кейбіреулері құс өсірумен айналысты. ## Өмір салты Чакманың дәстүрлі уақытша тұрғын үйлері мавногавр деп аталады. Мавногавр бамбук пен сабаннан жасалған және ағаш бөренелерге тірелген. Чакма әйелдері беліне пинон (пи-ноан), сондай-ақ белінен жоғары оралған хади (хади) деп аталатын тобық тәрізді матаны киіп, сондай-ақ күміс зергерлік бұйымдарды тағады. Чакмалар әдетте тамақты ашық отта дайындайды. Олар негізгі тағамы күріш болып табылатын көптеген тағамдарды (соның ішінде етті) жейді, бірақ әдетте сиыр еті пайдаланылмайды. Көкөністерге тәтті картоп, асқабақ, қауын, қияр жатады. Диетада орманда жиналған көкөністер мен жемістерді қосуға болады. Көптеген буддистердің вегетариандықтар болғанына қарамастан, олар балық, құс және ет жейді. ## Дереккөздер
Шыңғы-Тура (сіб.-тат. Цыңқыс-тора; Чингидин; Чингий; Чимги-Тура; Цымге-Тура; Жанги-Тура) — Алтын Орда құрамындағы Түмен ұлысының, кейін «көшпелі өзбектер мемлекетінің», Ұлы Орданың, Сібір (Түмен) хандығының астанасы. Бүгінде Түмен қаласындағы «Патша қалашығы» (орыс. «Царево городище») атты археологиялық ескерткіш. ## Атауы Ғылымға белгілі құжаттарға сәйкес қала алғаш рет Каталон атласында 1375 жылы Singuj атауымен Түмен уәлаятының орталығы ретінде кездеседі. XVI ғасырдың ортасында құрастырылған карталарда қала Түмен деп аталады: Антони Видтың картасында (шамамен 1537 жыл) - TYMENWILKY, Августин Хиршфогельдің картасында (1546 жыл) - Tumen. Заманауи тарих ғылымында қала атауының пайда болуына қатысты төмендегідей болжамдар кездеседі: * түркі тілдерінде кездесетін шың/чинг/шинг - «жар», яғни "жарда орналасқан, нығайтылған қала"; * түркінің чинг/чынг - «ылғал»; * парсының чин - өзен, судың көзі; * фин-угордың тим/чим - «өзеннің сағасы»; * қимақтың шим (қыпшақтың цым) - «шым», яғни «шым қала» немесе «шым бекініс». ## Қаланың тарихы ### Гүлденуі 1224 жылы болашақ Алтын Орда, Жошы ұлысы құрылғаннан кейін, оның құрамында астанасы Шыңғы-Тұра қаласы болған Түмен ұлысы пайда болды. 1396-1406 жылдары Әмір Темірден жеңілгеннен кейін осында қашып келген әйгілі Тоқтамыс хан Түмен (Шыңғы-Тұра) ханы атанды. 1428 жылы Шыңғы-Тұра Әбілхайыр хандығының алғашқы астанасына айналды. Алайда 1446 жылы ханның ордасы Сығанаққа көшті. Әбілхайырдың өлімінен кейін ноғай мырзаларының қолдауына ие болған Ибақ хан Түмен хандығындағы билікті басып алды. 1469 жылы майдан даласында жеңіске жеткен Ибақ Көшпелі өзбектер мемлекетінен тәуелсіздік алды. 1480 жылы Алтын Ордаға қарсы күресу үшін ол Мәскеу Ұлы Кінәздігімен одақ құрып, 1481 жылы Ахмет ханды өлтірген. Осыдан кейін Ибақ өзін Ұлы Орданың ханы деп жариялады, ал оның астанасы етіп Шыңғы-Тұра қаласын жариялады. Қала 1481-1495 жылдары Ұлы Орданың астанасы болды (үзілістермен). Түмен археологы Наталья Петровна Матвеева Шыңғы-Тұра жайлы былай деп жазады: «Мұнда олар соғыс жариялап, бейбітшілік орнатты, шетелдік елшілерді қабылдады, сарай қастықтарын тоқыды. Мұнда Бұхара және Самарқанд елшілерінің керуендері келді, елшілік миссиялар келді, исламның уағызшы шейхтері – Шығыс жазуы мен әдебиетінің білгірлері келді. Үш, мүмкін төрт ғасыр ол Батыс Сібірдегі мұсылман мәдениетінің форпосттарының бірі болды.» Құлдырауы Ермактың жорығы кезінде қала тоналып, өртеніп кеткен деп есептеледі. Бірақ Шыңғы-Тұраның өртенгенін нақты айту мүмкін емес, өйткені археологиялық қазба жұмыстары жүргізілмеген. 1586 жылы Шыңғы-Тұра орнында Түмен қаласы құрылды. Ал ХХ ғасырда қалашықтың орнында «Тюмень ФК» стадионы салынды, қалашықтың мәдени қабаты құрылыс кезінде келмеске кетті. Түмен археологтары ерлі-зайыпты Н. П. мен А. В. Матвеевтердің айтуынша, Шыңғы-Тұра цитаделі қазіргі Коммуна мен Энгельс көшелерінің орнында болған. ## Дереккөздер
Ғұмарбек Жүсіпбекұлы Дәукеев (1948–2014) — техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры (1997–2014), Қазақстанның саяси қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және техника жөніндегі Жоғары Кеңестің аппаратын басқарды (1994–1996). Інісі — Серікбек Дәукеев, саяси қайраткер, Қазақстан Үкіметінің үш мәрте министрі. ## Өмірбаяны 1948 жылы 31 шілдеде Семей қаласында дүниеге келген. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын 1971 жылы бітірген. Әр жылдары Алматы энергетика институтының кәсіподақ комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Іс Басқармасының ҒТБ бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және техника жөніндегі Жоғары Кеңестің аппаратын басқарды. 1997 жылдың сәуір айынан бастап Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры болып жұмыс істеді. "Ерен еңбегі үшін", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл" медальдарымен марапатталған. 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы, бес авторлық куәлігі мен патенті болған. ## Дереккөздер
Бақиян (қыр. Бакыян) — Қырғызстанның Талас облысы Айтматов ауданындағы айыл, Бақиян айыл аймағы орталығы. ## Халқы 2009 жылы айылда 2585 адам тұрған. ## Дереккөздер
Тамшыбұлақ (қыр. Тамчы-Булак) — Қырғызстанның Талас облысы Айтматов ауданы, Бақиян айыл аймағы құрамындағы айыл. ## Халқы 2009 жылы айылда 441 адам тұрған. ## Дереккөздер
Қамаш (қыр. Камаш) — Қырғызстанның Талас облысы Айтматов ауданы, Бақиян айыл аймағы құрамындағы айыл. ## Халқы 2009 жылы айылда 558 адам тұрған. ## Дереккөздер
Шора (Шарон) — Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы өзен. Қиғаштың тармағы. Ұзындығы 40 км-ге жуық. Шортанбай ауылынан кейін өзен бірнеше тармаққа (Көкарна және т.б.) бөлінеді. Тармақтармен қоса есептегенде ұзындығы шамамен 140 км. Өзен суы ендік бағытпен ағып, Құрманғазы ауылына дейін жетеді. Халқы тығыз қоныстанған аудан өңірін сумен қамтамасыз етеді. Жағалауында қамыс, құрақ өскен, суында балығы мол. Жыл құстары паналап, ұя салады. ## Дереккөздер
Ақжар (қыр. Ак-Жар) — Қырғызстанның Талас облысы Айтматов ауданы, Аманбаев айыл аймағы құрамындағы айыл. ## Халқы 2009 жылы айылда 1200 адам тұрған. ## Дереккөздер
Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Жангелді ауданы, Қостанай облысы – 8 желтоқсан 1937 жыл, Алматы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш Орда өкіметінің мүшесі. ## Өмірбаяны Арғын тайпасының Шақшақ руынан шыққан. Атасы Шошақ оның немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер, білімді тұлғаның бірі болған. Байтұрсынұлының саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұспа-тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды. Ресей ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсынұлын қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Байтұрсынұлы өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913–1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлымен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды. Байтұрсынұлының Орынбордағы өмірі мен қызметі Ресей үкіметінің қатаң жандармдық бақылауында болды. Ол «Қазаққа» жабылған негізсіз жала салдарынан абақтыға отырып шықты. Байтұрсынұлы 1917 жылы рев. өзгерістер арнасында өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақ съездері мен Қазақ комитеттері сияқты тарихи құбылыстың қалың ортасында жүрді, оларға тікелей араласып, «Қазақ газеті» арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды. Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Байтұрсынұлы мен Дулатұлы қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру – жүзаралық алауыздыққа байланысты Алаш Орда үкіметінің құрамына саналы түрде енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын замандастары жақсы біліп, мойындады. Алаш Орда құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсынұлын бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды. Байтұрсынұлы 1919 жылы наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-революциялық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Байтұрсынұлының ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. Байтұрсынұлы бұл тарихи кезеңде «патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық» деген пікірде болды (ҚР ҰҚК архиві, 78754-іс, 6-т., 44-п). 1920 жылы В.И.Ленинге үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты. Бүкілресейлік ОАК-нің 1919 ж. 27 тамызда Қостанай уезін Челябі облысына қосу туралы шешіміне қарсы Б-тың жазған саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан құрамына қайтаруға негіз болды. Ол 1920 ж. тамызда құрылған Қазақ АКСР-і үкіметінің құрамына еніп, 1920–1921 жылы Қазақ АКСР-і халық ағарту комиссары қызметінде жұмыс жасады. 1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922–1925 жылы Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Байтұрсынұлы түрлі мемлекеттік қызметке ат салыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген оқытушылық-ұстаздық жұмысынан да қол үзбеген. 1921–1925 жылы Орынбордағы, 1926–1928 жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогика институтының ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты. 1929 жылы 2 маусымда 43 Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып, осы жылдың соңына қарай тергеу үшін Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді. КСРО Халық комиссарлар кеңесі жанындағы ОГПУ «үштігінің» 1930 ж. 4 сәуірдегі шешіміне сәйкес Байтұрсынұлы ату жазасына кесілді. Бұл шешім бірнеше рет өзгерістерге ұшырады: 1931 жылы қаңтарда 10 жылға концлагерьге ауыстырылса, 1932 ж. қарашада 3 жылға Архангельскіге жер аударылсын деп ұйғарылды. 1933 жылы мамырда денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты қалған мерзімді Батыс Сібірде айдауда жүрген отбасымен (әйелі мен қызы) бірге өткізуге рұқсат беріледі. 1934 жылы М.Горькийдің жұбайы Е.П.Пешкованың көмегімен Байтұрсынұлы отбасымен мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралады. Бұл жерде тұрақты жұмысқа қабылданбай, түрлі мекемелерде қысқа мерзімдік қызметтер атқарады. 1937 жылы 8 тамызда тағы да қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 8 желтоқсанда атылды. Тұтас буынның төл басы болған Байтұрсынұлының алғашқы кітабы – «Қырық мысал» 1909 жылы жарық көрді. Ол бұл еңбегінде Ресей отаршыларының зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап, тұспалдап жеткізді. Байтұрсынұлы мысал жанрының қызықты формасы, ұғымды идеясы, уытты тілі арқылы әлеум. сананың оянуына ықпал етті. Ақынның азаматтық арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдері «Маса» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді (1911). «Масаның» негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу болатын. Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылтуға тырысты. Абайдың ағартушылық, сыншылдық дәстүрін жаңарта отырып, Байтұрсынұлы 20 ғ. басындағы қазақ әдебиетін төңкерісшіл-демократтық дәрежеге дейін көтерді. Сондай-ақ Байтұрсынұлы қазақ тіліне А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Ф.Вольтер, С.Я.Надсон өлеңдерін аударды. Бұл аудармалар Байтұрсыновтың тақырыпты, идеялық-көркемдік деңгейі жоғары туындылар. Ел тағдырының келешегіне алаңдаулы ақын көп қырлы ісімен, даналық саясатымен қазақ жастарының рухани көсемі болды. Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласы – әдебиеттану ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі. Мақалада ұлы ақын Абайдың тарихи миссиясы, рухани болмысы, өлеңдерінің ұлттық сөз өнеріндегі маңызы, көркемдік-эстетикалық сипаты баяндалған еді. Ол Абай өлеңдерінің даралығын, «сөзі аз, мағынасы көп, тереңдігін», сыншылдығын ұғындырды. Байтұрсынұлының Абай Құнанбайұлының ақындық шеберлігі, поэзияға деген көзқарасы туралы ғылыми тұжырымдары қазақ әдебиеттану ғылымында жалғасын тапты. Оның «Әдебиет танытқыш» деген зерттеуі (1926) қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғылыми-теориялық еңбек болып саналады. Байтұрсынұлы әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасауда қзінің үлкен үлесін қосты. Халық тілінің бай қоры көзінен мағынасы терең, ұғымдық аясы кең сөздерді термин етіп алып, соның негізінде қазақ әдебиетінің барлық жанрлық формаларын топтап, жіктеп берді. Мысалы, сөз өнері, шығарма, ауыз әдебиеті, толғау, т.б. ғылыми-теориялық еңбекке қазақ әдебиетінің ең бейнелі, мазмұны мен мағынасы терең шығармаларын мысал ретінде пайдаланды. Сөз өнері жайында жазылған әлемдік ғылымның ең үздік үлгілерін пайдалана отырып, әдебиеттанудағы ұғым, термин, категориялардың соны ұлттық үлгілерін жасады. Мысалы, меңзеу, теңеу, ауыстыру, кейіптеу, әсірелеу, алмастыру, шендестіру, үдету, түйдектеу, кекесіндеу, т.б. «Әдебиет танытқышта» ақындық дарын табиғаты, шығарм. психологиясы, шабыт стихиясына ғылыми тұжырым берілді. Өлеңге жан-жақты зерттеу жасап, шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас, т.б. ұғымдарға анықтама берді. Байтұрсынұлы қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін ғылыми негізде топтап берген еді. «Әдебиет танытқыш» – сан-салалы әдебиет табиғатын жан-жақты ашып, талдап-түсіндірген ғылыми зерттеді. Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқышымен» қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салды. Сондай-ақ ол – әдебиет тарихының мұрасын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым. Көркемдігі айрықша «Ер Сайын» жыры (1923) мен қазақ тарихының төрт жүз жылын қамтитын «23 жоқтау» жинағын (1926) кітап етіп шығарды. Халық мұрасына үлкен жанашырлықпен қараған Ахмет Байтұрсынұлы «әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, оның адасып кететіндігін» айтты. Байтұрсынұлы – қазақ кәсіби журналистикасын қалыптастырған ірі қайраткер. Ол қазақ халқына, зиялы қауымға газеттің қоғамдық қызметін ұғындырып, баспасөздің өркениетті, тәуелсіз елге аса қажет нәрсе екенін жанкешті іс-әрекетімен көрсетті. Байтұрсынұлы ұйымдастырып, бас редактор болған «Қазақ» газеті қоғамдық ойға ірі қозғалыс, рухани санаға сілкініс әкелді. «Қазақ» газеті халықтың рухын сергіткен ірі құбылысқа айналды. Байтұрсынұлы – әлеуметтік мәселелерге, қоғамдық ой-пікірге ықпал жасаған публицист. Оның мақалалары ғылыми байыптауымен, өткір ойларымен сол кезеңнің шындығынан хабар береді. Абайдың қоғам өмірінің демокр. құрылысы туралы ойларын дамытып, саяси-әлеум. жағдай, оқу-ағарту, халықтың тұрмыс-тіршілігі туралы мәселелерді қозғады. Қазақ зиялыларының жан-жақты білімдар әрі саяси күресте шыңдалған легін қалыптастыруда Байтұрсынұлының публицист, баспасөз ұйымдастырушы ретіндегі еңбегі ұшантеңіз. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор. Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. Ол Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде (Орынбор, 1924), құрылтайында (Баку, 1926) араб жазуындағы әліпбидің қажеттілігін, құндылығын жан-жақты тұжырыммен дәлелдеген ғылыми баяндама жасады. Бұл әліпби ұлттық жазудың қалыптасуындағы ірі мәдени жетістік болып табылады. Ол халыққа ғылым-білімнің қажеттілігін түсіндірумен ғана шектелмей, білім беру ісін жолға қоюға күш салды. Орыс, татар мектептерінен оқып шыққан ұлт мамандарының өз тілін қолданудағы кемшіліктерін көріп: «Әр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады. Біздің жасынан не орысша, не ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды не жазса да қиындықпен жазады, себебі, жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық» деп жазды. Байтұрсынұлының «Оқу құралы» (1912) – қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Бұл әліппе оқытудың жаңа әдістері тұрғысынан өңделіп, 1925 жылға дейін бірнеше рет қайта басылды. «Оқу құралы» қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады. Байтұрсынұлы қазақ тілінің тазалығын сақтау үшін қам қылды. Өзі жазған «Өмірбаянында» (1929): «...Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім; одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жат әсерінен тазартуға әрекеттендім; төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне ыңғайластыру үшін ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым» деген. Б. қазақ мектептерінің мұқтаждығын өтеу мақсатында қазақ тілін пән ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды. Оның үш бөлімнен тұратын «Тіл – құрал» атты оқулығының фонетикаға арналған бөлімі 1915 жылы, морфологияға арналған бөлімі 1914 ж., синтаксис бөлімі 1916 жылдан бастап жарық көрді. «Тіл – құрал» – қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Оқулық қазіргі қазақ тілі оқулықтарының негізі болып қаланды. «Тіл – құрал» қазақ тіл білімінің тарау-тарау салаларының құрылымын жүйелеп, ғылыми негізін салған зерттеу. Оның тілдік ұғымдарға берген анықтамаларының ғылыми тереңдігі, дәлдігі қазіргі ғылым үшін өте маңызды. Ол тұңғыш төл граммат. терминдерді қалыптастырды. Мысалы, зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық терминдерді түзді. Сондай-ақ Байтұрсынұлы практикалық құрал ретінде «Тіл жұмсар», мұғалімдерге арналған «Баяншы» деген әдістемелік кітаптар жазды. Ол – қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым-ағартушы. Байтұрсынұлы оқулығындағы тілдік категорияларды ұғындыру мақсатында енгізген «сынау», «дағдыландыру» деген арнайы бөлімдер қазіргі заманғы әдістеме ғылымы үшін де өз маңызын жойған жоқ. Байтұрсынұлының ақын, аудармашы, ғалым-тілші, әдебиеттанушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі өз дәуірінде зор бағаға ие болды. 1923 жылы Ахмет Байтұрсынұлының 50 жасқа толғаны Орынбор, Ташкент 1922 жылы қалаларында салтанатты түрде аталды. С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, М.Дулатұлы, Е.Омаров сияқты замандастары баспасөзде мақалалар жариялап, Байтұрсынұлының қазақ халқына сіңірген еңбегін өте жоғары бағалады. Өмірі мен қызметіне, шығармашылығына ғылыми пікір-тұжырымдар айтылды. Әуезов Ахмет туралы «Ақаңның елу жылдық тойы» деген мақаласында «...Кешегі күндерге дейін бәріміз жетегінде келгенбіз. Қаламынан туған өсиеті, үлгісі әлі есімізден кеткен жоқ. Патша заманындағы хүкіметтік өр зорлыққа қарсы салған ұраны, ойымызға салған пікірі ... әлі күнге дейін үйреніп қалған бесігіміздей көзімізге жылы ұшырайды, құлағымызға жайлы тиеді» деп жазды. 1929 ж. шыққан «Әдебиет энциклопедиясында» (Мәскеу) Байтұрсынұлы тұлғасына «аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі және педагогы. Ол қазақ тілі емлесінің реформаторы және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы» деген ғылыми әділ баға берілді. 1933 жылы шыққан М.Баталов пен М.С.Сильченконың «Қазақ фольклоры мен қазақ әдебиетінің очерктері» деген кітапшасында: «оның негізгі бағыты қазақ халқының қоғамдық-мәдени оянуына ықпал ету болды» деп Б-ның қоғамдық қызметін қорытындылады. Кейінгі коммунистік идеология Б. есімін ауызға алуға көп жылдар бойы тыйым салып, ол туралы сыңаржақ пікірлер айтылды. Саяси қысымның қаупіне қарамастан белгілі түркітанушы, академик А.Н.Кононов «Отандық түркітанушылардың биобиблиографиялық сөздігі» деген еңбегінде (1974) Байтұрсынұлының толық өмірбаянын беріп, әлеуметтік-қоғамдық қызметін, басты еңбектерін нақты айтты. Оның қазақ әліппесінің авторы екендігі, қазақ тілінің фонетикасы, синтаксисі, этимологиясы, әдебиет теориясы мен мәдениет тарихы оқулықтарын жазғандығы көрсетілді. 1988 жылдан кейін Қазақстандағы көптеген көше, мектептерге Байтұрсынұлы есімі берілді. Тіл білімі институты, Қостанай мемлекеттік университеті Байтұрсынұлының есімімен аталды. 1998 жылы оның туғанына 125 жыл толған мерейтойы салтанатпен атап өтіліп Алматы қаласынданда республика ғылыми конференция өткізілді, Байтұрсынұлының мұражай-үйі мен ескерткіші ашылды. ## Хронология Туған жері — бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелді ауданындағы Ақкөл ауылы). * 1882—1884 жж. ауыл мектебінде оқыды. * 1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. * 1895—1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады. * 1909 ж. патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 ж. жер аударылды. * 1912 ж. Оқу құралы. Қазақша алифбасы Орынборда жарық көреді. * 1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс күшейеді. * 1918-19 жж. Алаш Орда қатарында болады. * 1919 ж. маусымның 24 Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады. * 1922-25 жж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер. * 1925-29 ж. Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды. * 1929 ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жұбайы Бадрисафамен бірге Алматыға қайта оралған. 1937 ж. тамыз айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, алты айдан соң, желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде атылған. Сәкен Сейфуллин баға беріп, Ахмет Байтұрсынұлы туралы былай депті: …Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды… халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті. Мұхтар Әуезов былай депті: Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса» ; «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген жалалы жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта табысты. ## Шығармалары Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады. Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған. Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді. ## Лингвистика ### Араб жазуының қолданылуы Ахмет Байтұрсынұлы қазақ фонологиясы мен графикасын 1910 жылдардан бастап зерттей бастады. Ол қазақ зиялыларының латындандыруға қарсы пікір білдірген бейресми көшбасшысы болды: оның пікірінше, қазақ тілінің латын графикасына өтуіне «еш қажеттілігі жоқ» деп жазған. Латын әліпбиінің басты минусы ретінде, Ахмет Байтұрсынұлы қазақ фонемаларына «қолайлы таңбалардың жоқ болуы» деп түсіндірді. Сонымен қатар, ол араб жазуын латын жазуына қарағанда тезірек және оңай оқуға болады деп сенді. Сонымен қатар, Байтұрсынұлы бұрын қазақ тілі үшін қолданылған араб жазуы күрделі болуына байланысты бұқаралық сауаттылық деңгейінің артуына кедергі болды деп есептеді. Араб жазуының кемшіліктеріне ол бір фонема үшін бірнеше әріптерді қолдануды, жазудың консонантты сипатын — дауысты дыбыстар үшін белгілердің болмауын жатқызды. Араб жазуын реформалау идеясын Молдағали Жолдыбаев, Халел Досмұхамедов және Міржақып Дулатұлы сияқты қоғам және саяси қайраткерлер қолдады. ### Байтұрсынұлы реформалары Байтұрсынұлы араб жазуын реформалау жобасын әзірлеп, оны қазақ фонологиясының ерекшеліктеріне бейімдеді. Оның пікірінше, бұрыннан бар жазуды өзгерту жаңасына (латынға) көшкеннен артық, сол себепті «араб жазуын қазақ дыбыстарына бейімдеу қажет». Өзінің жобасын 1912 жылы Орынборда басылып шыққан «Оқу құралы» атты еңбегінде жариялаған. Жаңа емлені қазақ жұртшылығы қабылдап, қазақ-орыс мектептерде және медреселерде сабақ беруде қолданды. 1915 жылға қарай Қазақстанда реформаланған араб әліпбиімен он бес кітап басылып шықты. Кейін Байтұрсынұлы қазақ тілінің жазуына қатысты тағы бірнеше еңбек жазып, жариялады: «Тіл құралы» (1914), «Әліпби» (1914), «Ахмет Байтұрсынұлының қазақша алфабесі» (1914), «Жаңа әліппе» (1926—1928), «Баяншы» (1926) — мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. «Оқу құралы» 1912—1925 жылдары жеті рет қайта басылды. Әліпбиді лингвист Евгений Поливанов және бірқатар орыс тіл мамандары құптаған. Қазақстан аумағында кеңес билігі орнатылып, Қазақ АКСР-і құрылғаннан кейін де Байтұрсынұлы қалаған араб жазуы қолданыла берген. Байтұрсынұлы әліпбиімен «сауатсыздықты жою» бойынша оқулықтар, оқу құралдары шығарылды. 1926 жылғы халық санағы бойынша, қазақтар арасындағы сауаттылық деңгейі жеті жылда 2-ден 22%-ға дейін өскенін көрсетті. Араб жазуымен он газет, соның ішінде «Еңбекші қазақ» газеті, және екі журнал шыққан. ## Әдебиеттану Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда Байтұрсынұлы зор еңбек сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі деп оның Қазақ газетінің 1913 жылғы үш санында шыққан «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласын атауға болады. Онда қазақ халқының рухани өмірінде Абайдың аса ірі тұлға екені, өмірбаяны, шығармаларының мазмұн тереңдігі, ақындық шеберлігі, поэтикасы, орыс әдебиеттерімен байланысы туралы ойлы пікірлер айтылған, ақын мұрасының эстетикалық қадір-қасиеттері ашылған. Қазақтың эпостық жыры «Ер Сайында» алғы сөз бен түсініктемелер жазып, оны 1923 ж. Мәскеуде шығарды. Қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап, 1926 ж. «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялады. Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі — «Әдебиет танытқыш» (1926). Мұнда көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жан-жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде Байтұрсынұлы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөлген. Сондай-ақ мұнда жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер туралы ой-түйіндер айтылған. Кітаптың бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады да, онда көркем сөздің толып жатқан қыры мен сыры, тараулар мен тармақтар, тіл әуезділігінің қыруар шарттары, «сөздің өлең болатын мәнісі», өлең айшықтары, «шумақ түрлері», «тармақ тұлғалары», «бунақ буындары», «ұйқастығы» т.б. сөз етіледі. Екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады да, көркем қара сөз табиғаты, оның тараулары — шежіре, заман хат, өмірбаян, «мінездеме», тарихи әңгіме, «әліптеме, әліптеу тәртібі — мәнді әліптеме, сәнді әліптеме, жол әліптемесі, байымдама, байымдау әдістері, түрлері — пән, сын, шешен сөз, оның түрлері, саясат шешен сөзі, білімді шешен сөзі, уағыз көркем сөз» деп жүйелеп келіп, әңгіме, романға сипаттама береді. Еңбектің «сындар дәуірі, онда шығарма түрлері» атты тарауы өте маныз-ды. Онда сыншыл реализм туралы алғашқы пікірлер нышанын кездестіруге болады. Байтұрсынұлы Еуропа жұртындағы сындар әдебиетінің бай тәжірибесін меңгеруге бет алушылық, қазақ көркем сөз ізденістерінде сәйкестік, үйлесімділік тапқанын айтады. Байтұрсынұлы әдебиет зерттеушісі ретінде қазақ әдебиетінің даму процесін жеке дара бөліп қарамай, барлық халықтар әдебиетіне ортақ сипаттармен ұштастыра талдауға тырысады. Байтұрсынұлының жыраулардың мұрасын жетік білетінін осы еңбегінен айқын көреміз. Сөз өнерінің көне дәуірдегі үлгілері, 15-17 ғ-лардағы жыраулар поэзиясының біразы ақын назарына іліккен. Асан Қайғы, Нысанбай жырау, Бұдабай ақын, Наурызбай би, Құбыла ақын, Жарылғап ақын, Алтыбас, Ақмолда, Әбубәкір, Шортанбай, Байтоқ, Сүгір ақын, Мұрат, Досжан, Орынбай, Шернияз т, б. ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділер бар. ## Ахмет Байтұрсынұлы туралы айшықты ойлар — Сәкен Сейфуллин — Міржақып Дулатұлы — Мұхтар Әуезов — Серік Қирабаев — Рымғали Нұрғалиев — Сырбай Мәуленов — Зейнолла Қабдолов — Сәбит Мұқанов — Қайым Мұхамедханов — Ғаббас Тоқжанов — Рабиға Сыздықова — Қайым Мұхамедханов ## Аудармалары Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің «Атпен есек», А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды. ## Түркітану Байтұрсынұлы тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазды. 1926 ж, Бакуде болған түркітанушылардың Бүкілодақтық 1-съезіне қатысып, «Түркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген тақырыпта баяндама жасады. Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды. Қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап, морфологиялық тұлға-тәсілдерді жаңаша талдау, жаңаша анықтамалар берді. Қазақ фонетикасы мен грамматикасын талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін ұстады. Байтұрсынұлы қазақ тілі білімін 20 ғасырдың бас кезінде қалыптастырып, оның ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды. ## Фильмдер * 1994 — «Алаш туралы сөз» Алашорда режиссері: Қ.Умаров Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм” * 2009 — «Алашорда» Алашорда режиссері: Қ.Умаров Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы ## Әдебиет * Ахмет Байтұрсынұлы Тiл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері) / ред. Рәбиға Сыздықова, Шора Сарыбаев — Алматы: Ана тiлi, 1992. — Б. 448. — ISBN 5-630-00007-1. * Olcott, Martha Brill. The Politics of Language Reform in Kazakhstan (en) / I. T. Kreindler (ed.) // Sociolinguistic Perspectives on Soviet National Languages: Their Past, Present and Future : жинақтама. — The Hague: Walter de Gruyter, 1985. — Vol. 40. — P. 183—204. * Исхан Б., Құлманова М. Қазақ жазуын латыншаға ауыстырудың ұлттық негізі / Құнанбаева С. // Профессор Байынқол Қалиұлы Қалиевтің 80 жылдығына арналған«Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері» аттыхалықаралық ғылыми-практикалық конференцияcының материалдары : жинақ. — Алматы: Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ баспасы, 2019. — б. 205—211. — ISBN 978-601-270-346-7. * Күдеринова Құралай Қазақ жазуының тарихы мен теориясы — Алматы: Елтаным баспасы, 2013. — Б. 242. * Сайбекова Н. Грамматологиялық парадигма: А.Байтұрсынұлы және қазақжазу үлгісінің қалыптасуы — Алматы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2020. * Алпатов, В. М. 150 языков и политика: 1917—2000. Социолингвистические проблемы СССР и постсоветского пространства  (орыс.) — 2. — Мәскеу: КРАФТ+, ИВ РАН, 2000. — Б. 224. — ISBN 5-89282-158-7. * Аманжолова Дина Языковая политика и культура управленцев казахской АССР. 1920-1936 гг.  (орыс.). — Российские регионы: взгляд в будущее, 2016. — Т. 2. — № 7. ## Сыртқы сілтемелер * Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлына қатысты жаңа деректер * Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақ өкпесі Мұрағатталған 19 желтоқсанның 2011 жылы. * Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақтың бас ақыны * Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақ һәм түрлі мәселелер * Алашорда әскерінің ұраны: «Жасасын, Отанның адал ұлдары!» * Қазақ әдебиеті * Ахмет Байтұрсынұлы жайлы мақала * Ахмет Байтұрсынұлы. Туындылары(қолжетпейтін сілтеме) * Malimetter.kz Ахмет Байтұрсынұлы реферат (қазақша) * Қаратаева, Гүлнар Из истории казахского алфавита: арабская графика – латиница – кириллица (18 қазан 2017). ## Дереккөздер
Комсомол ауылдық округі — Атырау облысы, Мақат ауданы құрамында болған әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Комсомол ауылы кірді. Орталығы – Комсомол ауылы болды. ## Таратылуы 2009 жылы округ орталығы әрі жалғыз елді мекен – Комсомол ауылы таратылғанына байланысты округ те таратылды. ## Халқы 2009 жылғы санақ бойынша округте 750 адам тұрды. ## Дереккөздер
Қоһир Расулзада (тәж. Қоҳир Расулзода, туған аты-жөні — Әбдуқоһир Әбдурасулұлы Назиров, тәж. Абдуқоҳир Абдурасулович Назиров, 8 наурыз 1961, Ғафур ауданы, Ленинабад облысы) — тәжікстандық мемлекеттік қайраткер, саясаткер, әрі ТХДП мүшесі және 2013 жылдан бері Тәжікстан премьер-министрі. ## Өмірбаяны ### Жастығы және білімі Абдуқоһир Абдурасулұлы Назиров 1961 жылғы 8 наурызда, Ленинабад облысы, Ғафур ауданы, Кистакуз қыстауында (қазіргі Соғды облысы, Хистеварз джамоаты) дүниеге келді. 1982 жылы ол Тәжікстан ауыл шаруашылығы институты (қазіргі Тәжік аграрлық университеті) инженер-гидротехник мамандығы бойынша білім алды. Кейінірек ол Ғафур ауданы, Хожант қаласында орналасқан «Тәжікирсовхозстрой» бірлестігінің құрылыс зертханасының техник-бақылаушысы болып еңбек жолын бастады. Бұдан кейін Назиров өндірістік бөлімшеде инженер, бас инженер, ПМК-4 бастығы, «Тәжікирсовхозстрой» кәсіпорнының бастығы қызметтерін атқарды. Абдуқоһир Назиров 2000 жылғы қаңтардан 2006 жылғы желтоқсанға дейін Тәжікстан Республикасының Мелиорация және су шаруашылығы министрі қызметін атқарған. 2008 жылы Мәскеудегі Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген, техника ғылымдарының кандидаты лауазымына ие болды. Тәжікстан президентінің 2006 жылғы 2 желтоқсандағы бұйрығымен Соғды облысы төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды. 27 ақпан күні лауазымды ресми түрде алады да, төрағалығын 2013 жылғы 23 қарашаға дейін жалғастырды. 2007 жылғы наурызда Абдуқоһир Абдурасулұлы Назиров құжаттағы есімін Қоһир Расулзода деп ауыстырды. ### Саяси мансабы 2007 жылғы желтоқсанда және 2010 жылғы сәуірде екінші рет Тәжікстан Жоғарғы Жиналысының (Маджлиси милли) Ұлттық кеңесі (Маджлиси Оли) төрағасының бірінші орынбасары болып сайланды. 2013 жылғы 23 қарашада Қоһир Расулзада Тәжікстан премьер-министрі болып тағайындалды. ## Жеке өмірі Қоһир Расулзода үйленген, үш баласы бар. Тәжік, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. ## Марапаттары Қоһир Расулзоданың марапаттары тізімі: * Тәжікстанның Еңбек сіңірген қайраткері * ТМД Қорғанысқа жәрдемдесу қоғамы (ҚҚҚ) ұйымының «Үздік қызметі үшін» ордені, 2009 * «Фидокорона қизматлари учун» ордені, Өзбекстан, 2018 * Құрмет ордені (Ресей, 30 желтоқсан 2022) — Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы арасындағы әріптестік пен достықтың дамуына қалдырған зор үлесі үшін ## Дереккөздер
Қошқар ауылдық округі — Атырау облысы, Мақат ауданы құрамында болған әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қошқар ауылы кірді. Орталығы – Қошқар ауылы болды. ## Таратылуы 2009 жылы округ орталығы әрі жалғыз елді мекен – Қошқар ауылы таратылғанына байланысты округ те таратылды. ## Халқы 2009 жылғы санақ бойынша округте 428 адам тұрды. ## Дереккөздер
Шан (тхай ньо) — Мьянма, Тайланд және Лаостың солтүстік-шығысындағы тай тобының халқы.Жалпы саны 4,6 миллион адам.(2017).Басқа қоныстанған елдер: Таиланд – 65 мың адам, Лаос – 15 мың адам. ## Тілі Тілі - шань тілі, тай-кадай тілдеріне жатады. ## Діні Шандар буддизмді ұстанады. ## Тарихы Шандардың ата-бабалары Үндіқытайда біздің эрамызға дейінгі 1-мыңжылдықтың соңы – біздің заманымыздың 1-мың жылдығының басында пайда болды. VII ғасырда олар Орталық Мьянма, Солтүстік Сиам және Аракан жағалауында үстемдік еткен XIII ғасырда өркендеген Мьянмаудың алғашқы мемлекеттік құрылымын құрды. XVI-ғасырда Мьянмау бірнеше соғысушы князьдіктерге ыдырап кетті. 1947 жылы Шань автономиясын (ұлттық Шань мемлекеті) алды. Ел 1962 жылдан бері әскерилердің бақылауында. 2008 жылдың сәуірінде Мьянманың жаңа конституциясын Мемлекеттік кеңес жариялады. Бұл конституцияға сәйкес, Мьянма парламентіндегі орынның төрттен бірі әскерилерге берілген. Бұл өлкенің көтерілісшілері әлі күнге дейін ұлттық автономия мен өздерінің мойындалмаған Шан мемлекеті үшін ұзақ мерзімді күрес жүргізіп келеді. ## Кәсібі Дәстүрлі кәсібі – егіншілік, (негізгі дақыл – күріш, сонымен қатар жүгері, картоп, бидай, жержаңғақ, шай, қант қамысы, бау-бақша және көкөніс дақылдары), мал шаруашылығы (құс шаруашылығы, ірі қара мал, шошқа, піл, жылқы), балық аулау, аңшылық. Қолөнерден ерлер арасында – ұсталық, зергерлік және лак жасау, қару-жарақ жасау, ағаш және бамбук өңдеу, әйелдер арасында – тоқу, кесте тігу, өру дамыған. ## Өмір салты Шан ауылдары үлкен, бірнеше жүздеген үйлер бар. Тұрғын үйлері қадаларға орналасқан, еденнің астында қора немесе шеберхана бар. Үйдің ішінде ошақ бар. Үйлер әдетте екі қабатты, кітапханаға арналған арнайы бөлмелер, діни рәсімдерде қолданылатын музыкалық аспаптар бар. Әйелдер киімі - саронг тәрізді белдемше, жұқа күрте және корсет-бодис, ерлер – белдігі тігілген кең шалбар, күртеше, сәлде. Ерлер білезік киеді, әйелдер білезік, сырғалар, кеудеге арналған әшекейлер тағады. Татуировка жиі кездеседі (айдаһарлар және басқа жануарлар). Ұлттық тағам – күріш, картоп, маринадталған ет. ## Дереккөздер
Сағындық – Маңғыстау түбегіндегі мүйіс. ## Географиялық орны Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында орналасқан. ## Жер бедері Теңізге доғаша иіліп сұғына жатыр. Жағалауға жақын жер бедері тік жарқабақты кейбір жерлері жартасты келген. Олардың биіктігі 20 м-ге дейін жетеді. Теңіз деңгейінен биік жері 68 м. Жағалауында рифті жартастар су бетіне шығып жатыр. Кеме тұрағына қолайсыз. ## Дереккөздер
Самиғолла Хамзаұлы Уразов (17 қараша 1957, Воротаевка, Сарытау облысы, КСРО) — қазақстандық мемлекет қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (2012-2016). ## Өмірбаяны Сарытау облысы Подлесновск (қазіргі — Марксовский) ауданы Воротаевкада дүниеге келді. Сарытау политехникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын Сарытау облысы Балаково ауданындағы «Зоркинский» кеңшарында шопан болып бастаған. Институтты бітіргеннен кейін «Зоркинский» кеңшарында экономист болып жұмыс істеді. 1981-1992 жылдары Орал облысы Орда ауданындағы «Жәнібек» автотранспорт экспедиторлық кәсіпорнының бас инженері, директоры, «Орда» кеңшарының бас инженері қызметтерін атқарды. 1992-1996 жылдары Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған. 1996-2002 жылдары Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры, Астана қаласындағы «Қазақавтожол» РМҚК бас директоры қызметтерін атқарды. 2002-2007 жылдары Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің Батыс Қазақстан облыстық басқармасының басшысы, Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментінің директоры. 2007-2008 жылдары Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының әкімі болды. 2008 жылдың 18 сәуірінен 2012 жылдың 14 қаңтарына дейін Орал қаласының әкімі болды. 2012 жылдың қаңтарында партиялық тізім бойынша Қазақстан Парламенті Мәжілісінің бесінші сайланым депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болып сайланды. ## Марапаттары * «Ерен еңбегі үшін» медалі * Қазақстан Республикасының құрметті жол қызметкері ## Дереккөздер ## Сілтеме * Самиғолла Хамзаұлы Уразов. ИС Параграф. Тексерілді, 13 ақпан 2016.  (орыс.)
Қар қызы терминінің бірнеше мағынасы бар. ## Әдеби туындылар * Қар қызы — қазақ жазушысы Оралхан Бөкейдің повесі. * Қар қызы — америкалық жазушы Джек Лондонның романы.
Саржа – Каспий теңізінің шығысында, Бекович-Черкасский шығанағы жағалауындағы мүйіс. ## Географиялық орны Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылынан батысқа қарай 15 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Мүйістің жер бедері тегіс, жағалау бойы жатық келген. Солтүстігінде Саржақұдық құдығы, шығысында демалыс аймағы орналасқан. Мүйісте балық кəсіпшілігі бар. ## Дереккөздер
Қаһһор Маһкамұлы Маһкамов (16 сәуір 1932, Ленинабад – 8 маусым 2016, Душанбе) — кеңестік және тәжікстандық мемлекеттік және саяси қайраткер, 1985 жылдан 1990 жылға дейін Тәжікстан Коммунистік партиясының Бірінші Хатшысы және 1990 жылдан 1991 жылғы отставкасына дейін Тәжікстанның тұңғыш президенті. Қаһһор Маһкамов экс-президент ретінде 1999 жылы Тәжікстан Ұлттық Кеңесінің өмірбақи депутаты болып та тағайындалды. Маһкамовтың басшылығы республика тарихындағы ең аласапыран кезеңдердің бірі болды. Маһкамов президенттігі жылдары Тәжікстанда ұлтшылдық өсті және 1990 жылы Душанбеде елді дүр сілкіндірген тәртіпсіздіктер орын алды. ## Өмірбаяны ### Ерте жылдары және еңбек жолы Қаһһор Маһкамов 1932 жылғы 16 сәуір күні Ленинабад қаласында тұрған диқандар отбасында дүниеге келді. 1949 жылы Душанбе өндірістік техникомын бітіргеннен кейін 1952 жылы ол Ленинградқа көшіп, Ленинград тау-кен университетінде білім алды. Мамандығы — тау-кен инженері. Бес жылдан кейін ол Кеңес Одағы Коммунистік Партиясының мүшесі болды. Көп ұзамай Қаһһор Маһкамов Тәжікстан Коммунистік партиясының жоғары лауазымдарына орналасып, Ленинабад еңбекшілері өкілдер комитетінің басшысы болды. 1963 жылы Маһкамов Тәжікстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің мүшесі болып тағайындалды. 1963 жылдан 1982 жылға дейін ол Тәжікстан Министрлер Кабинетінің Орталық жоспарлау басқармасының бастығы және директордың орынбасары болды. Бұл республикадағы ең қуатты лауазымдардың бірі болған еді. ### Тәжікстан басшысы 1985 жылы Тәжік Компартиясының бірінші хатшысы Рахмон Нәбиев сыбайлас жемқорлықпен айналысты деп айыпталды және қызметін тоқтатуға мәжбүр болды.[дереккөзі?] Маһкамов оның ізбасары болып таңдалды. Маһкамовтың басшылығы республика тарихындағы ең аласапыран кезеңдердің бірі болды. Оның билікке келуі Михаил Горбачёвтің Қайта құру мен Жариялықтың пайда болуымен тұспа-тұс келді. Маһкамов билігі кезінде Тәжікстанда ұлтшылдық күшейіп, 1989 жылы «Тіл туралы заң» қабылданып, нәтижесінде тәжік тілі республиканың мемлекеттік тілі деп белгіленді. Бұл заң халық арасында үлкен үрей тудырды және Орталық Азиядан этникалық орыстардың, еврейлердің, немістердің және т.б. ұлт өкілдерінің көшуі басталды. Маһкамовтың билігіне ең үлкен қауіп елді дүр сілкіндірген 1990 жылғы ақпандағы Душанбедегі толқулар кезінде түсті. Тәжік жастары тәжік емес ұлт өкілдерімен қақтығысып, Душанбе көшелерінде тәртіпсіздіктер мен полиция-сарбаздар арасында шайқас болып, ондаған адам қаза тапты. Маһкамов исламдық фундаменталистерді қудалауды қадағалап, ұзаққа созылған коменданттық сағат енгізді. Горбачёв өзінің саяси реформалар аясында 1990 жылы 30 қарашада Қаһһор Маһкамовты Тәжікстанның тұңғыш президенті етіп тағайындады. 1991 жылғы Тамыз бүлігінде сәтсіз ТЖМК-ны қолдағандықтан Маһкамовтың биліктен құлауы келді. Наразылық білдірушілер көшеге шығып, Маһкамовтың биліктен кетуін талап етті және 1991 жылы 31 тамызда ол президент және бірінші хатшы қызметтерінен кетті. Бұдан кейін Маһкамов саясаттан кетіп, Тәжікстандағы саяси тұрақсыздық пен азамат соғысы кезінде шетте отырды. ### Отставкасынан кейінгі өмірі Қайтыс болғанынан екі жыл бұрын ол көп жылдардан кейін алғаш рет көпшілік алдында сөз сөйледі. Қаһһор Маһкамов «Гуфтугуи тамаддунхо» («Өркениеттер диалогы») қоғамдық қорының отырысында профессор Ибраһим Усмоновпен сөз сөйлеп, оның өмір жолы, әсіресе ел басшысы қызметінен кеткеннен кейінгі өмірі туралы айтып берді. Отставкаға кеткеннен кейін ол автоматты түрде Жоғарғы Кеңестің тұрақты мүшесі болғанына қарамастан, ол оның отырыстарына қатыспай-ақ қойып, кез келген саяси қызметтен мүлдем бас тартты. Маһкамовтың өзі «Бұл дүниеде саясаттан лас және жауыз нәрсе жоқ» деп айтып кеткен. Жұмыстан кеткеннен кейін ол зейнеткерлікке шықты, оған 1000 кеңестік рубль көлемінде зейнетақы берілген. Айтуынша, ол 1993–1994 жылдары зейнетақысынан айырылған. Сол жылдары ол аз ғана жалақыға кәсіпкердің көмекшісі және кеңесшісі болып жұмыс істеді. ### Өмірден озуы Қайтыс болуынан бұрын ол өте ауыр науқасқа шалдыққан, отбасымен жиі сөйлесіп отыратын. Бауыры Әбдурашид Маһкамовтың айтуынша, «ол атап айтқанда, «Сари Осиё» зиратында, әйелі бейітінің жанына жерленгісі келгенін» айтты. Қаһһор Маһкамов 2016 жылғы 8 маусым күні кешке Душанбеде ісік салдарынан ауыр науқастан кейін 84 жасында қайтыс болды. Жерлеу рәсімі 9 маусым күні өтіп, жаназасы Душанбе жұма мешітінде өтті. Жерлеуді Тәжікстанның жоғарғы мүфтиі мен Тәжікстан ғұламалар кеңесінің төрағасы Саидмукаррам Абдулкодирзода өзі жүргізді. Жерлеуге бірнеше мың адам, соның ішінде көптеген қазіргі және бұрынғы шенеуніктер, республика президенті Эмомали Рахмон, премьер-министр Қоһир Расулзода, көрші елдерден келген қонақтар қатысты. ## Қосымша ақпарат ## Дереккөздер
Садырбек, Сəдірбек – Балқаш көлінің оңтүстік бөлігіндегі мүйіс. ## Географиялық орны Алматы облысы Балқаш ауданы Қараой ауылының солтүстігінде 64 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Жағалауының теңіз деңгейінен биіктігі 341 м. Көлге сұғына енген мүйістің ұзындығы 2 км-ге созылған, енді жері 1,5 км шамасында. Балқаш көліне мүйістің батысынан Қарабақанас өзені құяды. Сазды-батпақты жазық жағалау бойында қамыс, құрақ шоғырлары өскен. ## Дереккөздер
Сарымсақты – Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы шығанақ. ## Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданы жерінде орналасқан. Шығанақ құрлыққа шамамен 5 км-дей сұғына еніп жатыр. Көлге қараған енді жері 5 км-дей. Жағалау бойы жазық, шығысында қамыс өскен батпақты жер кездеседі. Шығанақтың батысында Майқамыс шығанағы жатыр. Жағалау бойында изен, қияқ, бұйырғын жусан, ши, т.б. шөптесіндер өскен. ## Дереккөздер
Сарыбұлақ – Күнгей Алатауының орта бөлігіндегі асу. ## Географиялық орны Алматы облысы Райымбек ауданы Жалаңаш ауылының оңтүстік-батысында 32 км жерде, Қырғызстанмен шекаралас жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 3278 м. Мамыр–қыркүйек айлары аралығында салт атты адам өте алады. Беткейі тік жарқабақты, құлама шатқалды келген. Солтүстігінен Көлсай өзені бастау алады. Тау беткейлерін альпілік жəне субальпілік шалғындар көмкеріп жатыр, одан төменде қарағай, шырша, қайың ормандары өскен. ## Дереккөздер
Сарлыбайбұлақ – Тарбағатай жотасының орта бөлігіндегі асу. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы, Сарышоқы тауының оңтүстік-батысында 16 км-дей жерде Қытаймен шекаралас орналасқан. ## Жер бедері Ең биік жері 2800 м шамасында. Маусым–қазан айлары аралығында салт атты адам өте алады. Асудың солтүстігінен Терісайрық, оңтүстігінен Себете өзендерінің салалары таудың биік жотасынан бастау алады. ## Дереккөздер
Сарышаған – Балқаш көлінің батыс бөлігіндегі шығанақ. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы аумағында орналасқан. ## Сипаты Көлге шыға берісіндегі ені 20 км-ге жетеді. Ауданы 380 км2. Суының ең терең жері 6–7 м. Жағасы көбіне жарлауытты (4 – 6 м), суы таяз, қамыс өседі. Шығанақтың жағалауында өзімен аттас кент орналасқан. ## Дереккөздер
Сарытас – Каспий теңізінің шығысындағы шығанақ. Маңғыстау шығанағының оңтүстік жалғасы. ## Географиялық орны Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында, Түпқараған түбегінің солтүстік жағалауында. ## Сипаты Доғаша иілген шығанақ құрлыққа шамамен 6–7 км еніп жатыр. Теңізге қараған ені 15–18 км. Жарқабақты батыс жағалауының биіктігі 8 м, орта бөлігінде 3–5 м, шығыс жағалауының биіктігі шамамен 1–1,5 м. Кеме тоқтауға қолайсыз. Суының тереңдігі 4 м. Шығанақтың қиыр батысында Сұлтанапа мүйісі, шығысының түйетайлы жағалауында суы тұзды Төбе құдығы орналасқан. Сондай-ақ жағалау бойында шағын балық артельдері, қыстаулар бар. ## Дереккөздер
Семізкөл – Іле атырауындағы шығанақ. ## Географиялық орны Алматы облысы Балқаш ауданы Құйған ауылының оңтүстігінде 1 км жерде орналасқан. ## Сипаты Жағалауы теңіз деңгейінен 350 м биіктікте жатыр. Шығанақ құрлыққа 4 км сұғына енген, енді жері 1,5 км, ең терең жері 5 м. Жағалауында қалың қамыс өскен. ## Дереккөздер
Шұғыла — Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы ықшам аудан. Бұрын Алматы облысы Қарасай ауданы, Таусамалы ауылдық округінің құрамына кірген. КАТО коды — 195239900. ## Халқы 1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 82 адамды құрады (40 ер адам және 42 әйел адам). 2009 жылғы халық санағы бойынша ауылда 2489 адам (1221 ер адам және 1268 әйел адам) болған. ## Дереккөздер
Қуанғали Қуатбаев (14.10. 1931, Атырау облысы Жылыой ауданы Қарағай мешіт а. – 11.4.2002, Алматы қала) – құрылыс инженері, технология ғылымдарының докторы (1983), профессоры (1984). Қазақ КСР-інің еңбек сің. құрылысшысы (1981). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) технологиялық университетін бітірген (1954). Қазақстан ғылым академиясының Құрылыс және құрылыс материалдары ғылыми зерттеу институтында (1954–62), Алматы құрылыс материалдары ғылыми зерттеу және жобалау институтында кіші, аға ғыл. қызметкер, лаборатория меңгерушісі, т.б. (1962–2002) қызметтер атқарды. Негізгі ғылым еңбектері силикат пен құрылыс материалдарының хим. технологиясына арналған. 500-ден астам ғылым жарияланым мен 10 монографияның авторы. 100-ге жуық авторлық куәліктің иегері. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. Қуатбаевтың ғылыми ұсыныстары Ақтөбе, Астана, Қостанай, Орал, Семей, Павлодар, Теміртау, Иваново (Қырғызстан), Жызақ (Өзбекстан) және Қиыр Шығыс (Ресей) зауыттарындағы силикат материалдарына енгізілді. Оның еңбектері ағылшын, неміс, венгр, румын тілдерінде жарияланды. Қуатбаевтың тікелей араласуымен құрылысқа қатысты 35 нормативтік құжат әзірленді. ## Шығармалары * Тайны искусственных камней, А.-А., 1982 (соавт.); * Әрлеу, жылу мен су оқшаулайтын материалдар технологиясының негізі, А.-А., 1997 (телавт.); * Современное состояние и перспективы производства ячеистого бетона в Казахстане, А., 1998 (соавт.). ## Дереккөздер
Шугнандар (өз атауы – хугни, хунуни) — Памир халықтарының бірі. Түпкі мекені Тәжікстанның Таулы-Бадахшан автономиясы мен Ауғанстанның теріскейінде.Памир халықтарының саны жағынан ең үлкені (Баджу аңғарындағы жергілікті бажувтар тобымен бірге). Қазіргі саны 90 - 115 мың адамға жетеді. ## Тілі Шугнан тілі үндіеуропалық тілдер отбасының иран (памир) тармағындағы шығыс тобының шугнан-рушан ішкі тобына жатады.1931 жылы латын әліпбиі негізінде жазу пайда болды. Бірнеше жылдан кейін әліпби өзгерді. 1938 жылға дейін оқулықтар, кітаптар, газеттер шығарды. Одан кейін 1980 жылдардың соңына дейін бұл тілде жазба тіл болған жоқ. Бүгінде кириллица негізіндегі әліпби шектеулі қолданыста. Шугнан жазуы Ауғанстанда 2000 жылдары дами бастады. Мұнда араб әліпбиі негізінде жазу жасалды. Балаларға және оқуға арналған әдебиеттер шығарыла бастады. Бірақ 20-ғасырдың басындағы шугнан мәтіндерінің араб қарпімен жазылғаны туралы деректер бар. ## Діні Дінге сенушілер – мұсылман-шииттер (исмаилит). ## Кәсібі Шаруашылықтың негізі суармалы егіншілік болды (дәнді дақылдар, бұршақ дақылдары), тары суару үшін роликті әдіс қолданылды. Жоғары биіктікте мал шаруашылығы дамыды. Ұсақ және ірі қара мал, қодастар өсіріледі. Әйелдер қолөнерінен қолмен қыш жасау, жүн иіру, түрлі - түсті жүннен шұлық тоқу, өрнекті киіз басу дамыды. ## Өмір салты Патронимия сақталған, шағын және бөлінбеген отбасыларды біріктіреді, олар әдетте ауылдың жеке кварталын мекендейді, ортақ жайылымдары, салт-дәстүрлері бар және өзара көмек арқылы байланысады. Неке қию рәсімінің ерекшелігі: қалыңдыққа тостаған беріп, оған өкіл адамы (вакиль) су құйып, үйленуге келісімін білдіріп, су ішіп, басын изейді. Күйеу жігіт қалыңдықты үйге кіргізіп, ол қайын енесінен сыйлық алғанша отырмайды. Жерлеу рәсімі: марқұмды жерленген жерге апарған киіз үш күн бойы басқа қажеттіліктерге пайдаланылмайды. Адам қайтыс болғаннан кейін үшінші күні халифа арнайы тазарту дұғаларын оқиды, содан кейін ғана үй шаруашылығында қолдануға рұқсат етілді. Жерлеу рәсімінен кейін және зираттан қайтқаннан кейін барлық ер адамдар марқұмның өздеріне тигізетін зиянынан тазарту үшін дәрет алады. Шугнанда марқұмды қайтыс болғаннан кейін үшінші күні еске алу дәстүрі бар. Үйінде адам қайтыс болған соң ошақтың шетіне үш түн қатарынан жанып тұрған шырақтар қойылады. Өлгеннен кейінгі үшінші күні, күн батқанда, марқұмның үйінде еске алу шарасы өтеді, оған оның барлық көршілері мен таныстары келеді. Өлгендерге дұға оқиды, ал халифа мақтадан ұзын фитиль жасап, құран сүрелерін оқиды. Жалпы памирлік типтегі тұрғын үйлері шатыры бар бір бөлмелі үйлер. Тұрғын үйдің ішінде қабырғалардың бойымен тас іргетаста бірнеші бөліктерге бөлінген саманнан жасалған нарлар бар. Нарлар кілеммен жабылған. Екі қабатты кереуеттердің бірінің ортасында ашық пеш бар. Шахдара алқабының әйелдері арасында жалпы памирлік үлгідегі киімдер, Ауған Бадахшанында барқыт пальтолар мен жеңсіз күртелер кең таралған. Дәстүрлі аяқ киім – өкшесі жоқ биік шұлықпен киетін, жұмсақ табаны бар етік, тасты жолдармен жүруге ыңғайлы болу үшін табанында үш шығыңқы ағаштан жасалған аяқ киім, ағаш табаны мен кішкентай өкшесі бар сандалдар. Бас киім – түрлі-түсті бас киімдер, тақиялар. Әйелдер үлкен орамал тағады. ## Қазақстандағы шугнандар Қазақстан Республикасындағы 1999 жылғы халық санағы бойынша бұл этностың 21 өкілі тіркелген, бұдан бұрынғы халық санақтарында бұл этностан өкіл белгіленбеген (бұл этностық сананың жаңғырып, өз ұлты туралы еркін мəлімдеу мүмкіндігі тууымен байланысты). ## Дереккөздер
Солтүстік Ақшығанақ асуы – Жетісу Алатауының солтүстігінде, Сарқан жəне Кіші Басқан өзендерінің суайрығындағы асу. ## Географиялық орны Жетісу облысы Ақсу ауданында орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 3132 м. Мамыр–қазан айларында салт атты адам өте алады. Батысынан Сарқан, шығысынан Кіші Басқан өзендері таудың биік жоталарындағы мұздықтардан бастау алады. Солтүстік Ақшығанақты оңтүстігіндегі Оңтүстік Ақшығанақ асуымен байланыстырады. ## Дереккөздер
Саты асуы – Күнгей Алатау жотасының шығыс бөлігіндегі асу. ## Географиялық орны Қазақстан (Алматы облысы Райымбек ауданы) мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. ## Жер бедері Биіктігі 3258 м. Асу арқылы Шілік өзені бойындағы Саты елді мекенінен Ыстықкөл қазаншұңқырының шығысындағы Түпелді мекеніне дейін соқпақ жол өтеді. Асумен мамыр–қыркүйек айлары аралығында салт атты адам өте алады. ## Дереккөздер
Сеперлі – Матай жотасының орта бөлігінен өтетін асу. ## Географиялық орны Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Қоянкөз ауылының шығысында 20 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2257 м. Асудан сəуір–қазан айларында салт атты адам өте алады. Солтүстік беткейіндегі шатқалдан Байғазы өзені бастау алады. ## Өсімдігі Биік белдеуінде мойыл, қараған, тобылғы, арша жəне астық тұқымдас шалғын шөптесіндер өседі. ## Дереккөздер
Сәтбаев шыңы – Жетісу Алатауының солтүстік жотасының Қора сілеміндегі шың. ## Географиялық орны Жетісу облысы Ескелді ауданында орналасқан. ## Жер бедрі Абсолюттік биіктігі 4291 м. Шыңбасы – Сеңгір тас, беткейлерін Сəтбаев мұздығы қоршап жатыр. Шыңға 1947 жылы академик Қ.И.Сəтбаев есімі берілген. ## Дереккөздер
Жетінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының тізімі . * Елдос Нұрболұлы Абақанов * Қайнар Бегалыұлы Абасов * АБДРАХМАНОВ Сауытбек Абдрахманұлы * АВЕРШИН Константин Викторович * АДАМБАЕВ Сырым Жұматайұлы * АДАМБЕКОВ Тілектес Серікбайұлы * АҚЫШЕВ Самат Сағынбайұлы * АМИРХАНЯН Аветик Рубенович * АХМЕТБЕКОВ Жамбыл Әужанұлы * АХМЕТОВ Мәди Абылайұлы * ӘБДІҒАЛИҰЛЫ Берік * ӘБСЕМЕТОВА Әлия Маратқызы * ӘБІЛДАЕВ Азамат Рахатұлы * ӘЛТАЙ Аманжол Дүйсенбайұлы * ӘЛІМБАЕВ Данияр Кенғазыұлы * ӘМІРЕЕВ Ғалым Махмұтбайұлы * ӘШІМЖАНОВ Жанарбек Садықанұлы * БАРЛЫБАЕВ Ерлан Хайланұлы * БЕЙСЕНБАЕВ Елнұр Сабыржанұлы * БЕКЖАНОВ Берік Айдарбекұлы * БЕРДАЛИН Аманғали Бисенбайұлы * БИЖАНОВА Гүлнар Қадіржанқызы * БОЙЧИН Анатолий Васильевич * БҰЛАРОВ ІлиясЖүсіпұлы * ДЕМЕНТЬЕВА Наталья Григорьевна * ДҮЙСЕНБИНОВ Берік Сәлімжанұлы * ЕЛЕУОВ Ғалымжан Алмасбекұлы * ЕЛЮБАЕВ Мәди Сағынтайұлы * ЕРЖАН Құдайберген Төлепұлы * ЕРМАН Мұхтар Тілдәбекұлы * ЕРТАЕВ Сырым Махамбетұлы * ЕРУБАЕВ Серік Сәрсенұлы * ЕСПАЕВА Дания Мәдиқызы * ЖАМАЛОВ Аманжан Мәкәрімұлы * Еділ Терекбайұлы Жаңбыршин * ЖУЛИН Юрий Викторович * ЖҰМАБАЕВА Айгүл Қызырқызы * ЗӘКИЕВА Динара Болатқызы * ИМАШЕВА Снежанна Валерьевна * ИСА Қазыбек Жарылқасынұлы * КАЗАНЦЕВ Павел Олегович * КАМАСОВА Зарина Айдарханқызы * КЕСЕБАЕВА Балаим Туғанбайқызы * КИМ Вера Александровна * КОЛОДА Дмитрий Владимирович * КУЧИНСКАЯ Юлия Владимировна * ҚАМЕНОВ Файзолла Қаменұлы * ҚАРАТАЕВ Фахриддин Әбдінабиұлы * ҚОЖАХМЕТОВ Арман Төлешұлы * ҚОҢЫРОВ Айқын Ойратұлы * ҚОШАНОВ Ерлан Жақанұлы * ҚҰЛАХМЕТОВ Ғазиз Зейнел-Ғабиденұлы * ҚҰЛШАР Мәлік Иманқұлұлы * ҚҰСАЙЫНОВ Марат Әпсеметұлы * ҚҰСПАН Айгүл Сайфоллақызы * ЛЕГКИЙ Дмитрий Максимович * ЛИ Юрий Виссарионович * ЛИННИК Андрей Григорьевич * МАГЕРРАМОВ Магеррам Мамедович * МИЛЮТИН Александр Александрович * МУСАБАЕВ Самат Базарбайұлы * МУСИН Қанат Сергейұлы * МЫҢБАЙ Дархан Қамзабекұлы * НАБИЕВ Вакиль Гусейнович * НАЗАРБАЕВА Дариға Нұрсұлтанқызы * НАҚПАЕВ Сәлімжан Жұмашұлы * НҰР Қанат Ілияұлы * Саясат Нұрбек * НҰРКИНА Айгүл Қабдешқызы * НҰРМАНБЕТОВА Жәмилә Нүсіпжанқызы * НҰРЫМОВА Гүлдара Алданышқызы * НЫҒМАТУЛИН Нұрлан Зайроллаұлы * ОЖАЕВ Нұрлыбек Жұмахметұлы * ОМАРБЕКОВА Жанат Әнуарбекқызы * ОСИН Шамиль Абзалетдинович * ОСПАНОВ Берік Серікұлы * ӨМІРҒАЛИ Ерлік Қайдарұлы * ПАВЛОВЕЦ Лариса Павловна * ПАНЧЕНКО Игорь Иванович * ПЕРУАШЕВ Азат Тұрлыбекұлы * ПЛАТОНОВ Артур Станиславович * РАЗЗАҚ Нәзилә Раззақбайқызы * РАМАЗАНОВА Ләззат Керімқұлқызы * РАМАНҚҰЛОВ Мақсат Базаралыұлы * РАУ Альберт Павлович * РАХЫМЖАНОВ Әмірхан Мұратбекұлы * РЕШЕТНИКОВ Сергей Николаевич * САИРОВ Ерлан Бияхметұлы * САПАРОВА Әлия Сүйіндікқызы * САРТБАЕВ Бауыржан Мейрамбекұлы * САРЫМ Айдос Әміроллаұлы * СЕМБИНОВ Азат Талғатұлы * СИМОНОВ Сергей Анатольевич * СҚАҚОВА Айжан Амангелдіқызы * СМАҒҰЛ Бақытбек * СМАЙЛОВ Ерлан Валерийұлы * СМИРНОВА Ирина Владимировна * СМЫШЛЯЕВА Екатерина Васильевна * СҮЛЕЙМЕНОВА Жұлдыз Досбергенқызы * СҮЛЕЙМЕНОВА Зүлфия Болатқызы * ТАЙЖАНОВ Ерлік Серікбайұлы * ТАШҚАРАЕВ Ғани Әбдіғаниұлы * ТӘЖМАҒАМБЕТОВА Мақпал Мазаққызы * ТЕЛПЕКБАЕВА Жанна Тілеубекқызы * ТОРҒАЕВ Бекқали Нұрғалиұлы * ТОХТАСУНОВ Владимир Имтахунович * ТӨЛЕПБЕРГЕН Мейрамбек Мылтықбайұлы * ТҰРҒАНОВ Дүйсенбай Нұрбайұлы * ТІЛЕУХАН Бекболат Қанайұлы * УНЖАКОВА Ирина Сергеевна * ҮЙСІМБАЕВ Асқарбек Съезбекұлы * ХАМЕДОВ Абилфас Муслимович * ХАМЗИН Ғани Булатұлы * ШИПОВСКИХ Геннадий Геннадиевич
Табылғаты, Табылғыты – Күнгей Алатауының шығыс сілеміндегі асу. ## Географиялық орны Қазақстан (Алматы облысы Райымбек ауданы) мен Қырғызстанның шекарасында. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2914 м. Солтүстік етегінен Үлкен Талдыбұлақ, Кеңсу өзендері бастау алады. Батысында Кеңсу, шығысында Тұқымбұлақ асулары орналасқан. КүнгейАлатаудың солтүстігіндегі Жалаңаш, Тоғызбұлақ ауылдары арқылы Қырғызстандағы Ыстықкөл қазаншұңқырына қарай соқпақ жол өтеді. ## Дереккөздер
Нағым Меңдіғалиұлы Меңдіғалиев (1921 жыл – 2006 жыл) — қазақ сазгер, ҚазССР-нің еңбегі сіңірген өнер қайраткері, профессор. ## Өмірбаян 1921 жылы Орал облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын фортепиано (доцент Е. Ф. Гировскийдің класы) және композиция (профессор Е. Г. Брусиловскийдің) екі мамандығы бойынша бітірген.Меңдіғалиев атымен қазақ музыкасында фортепианолық музыка жанрының қалыптасуындағы жетістіктер тығыз байланысты. Бірінші кәсіби пианист – қазақ, ол көптеген миниатюралардың, фортепианоға арналған алғашқы концерттердің авторы, оның шығармалары музыкалық мектептер, училищелер мен консерваториялардың оқу-әдістемелік репертуарына еніп, тыңдаушы аудиториясының ықыласына ие болды. Оның “Домбыра туралы аңыз” атты концерттік пьесасы қазақтың фортепианолық музыкасының көрнекті бетіне айналды. Оның “Дала”, “Толқын”, “Елім-ай” шығармаларына жылы және шыншыл лирика тән. ## Абай өлендері Меңдіғалиев Абайдың «Ғашықтық, құмарлықпен - ол екі жол...», «Ғашықтың тілі - тілсіз тіл...», «Жазғытұры», «Кейде есер көңіл құрғырың...», «Мен сәлем жазамын...» деген өлеңдеріне ән жазды. «Домбыра туралы аңыз»- Әні Н. Меңдіғалиевтікі, орындаған Г. Қадырбекова. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы
Қазақстанның аймақтық полиция департаменттері басшыларының 1991 жылдан басталатын тізімі. ## Абай облысы * полиция генерал-майоры Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлы 2022 жылдың 21 шілдесінен — қазіргі уақытқа дейін. ## Ақмола облысы * милиция генерал-майоры Болсамбеков Умурзак Коспанович 1991 желтоқсаннан — 1998 қыркүйекке дейін; * полиция генерал-майоры Хайдар Халмурат Саламатович 1998 қыркүйектен — 2000 қарашаға дейін; * полиция генерал-майоры Досумов Серимжан Толеуович 2000 жылдың 24 қарашасынан — 2002 жылдың 27 ақпанына дейін; * полиция генерал-майоры Байжасаров Болат Зейнуллатович 2002 жылдың 27 ақпанынан — 2003 жылдың 8 сәуіріне дейін; * полиция полковнигі Тусупбеков Даул Толеутаевич 2003 жылдың 8 сәуірінен — 2008 жылдың 7 қарашасына дейін; * полиция полковнигі Маткенов Тлеген Советович 2009 жылдың 2 ақпанынан — 2012 жылдың 23 ақпанына дейін; * полиция полковнигі Кажкенов Ахан Саттыбаевич 2012 жылдың 23 ақпанынан — 2013 жылдың 29 қазанына дейін; * полиция генерал-майоры Халықұлы Жайлаубек 2013 жылдың 29 қазанына — 2016 жылдың 30 мамырына дейін; * полиция полковнигі Саденов Ержан Сапарбекович 2016 жылдың 3 маусымынан — 2019 жылдың 24 сәуіріне дейін; * полиция генерал-майоры Билялов Берик Султангазинович 2019 жылдың 24 сәуірінен — 2019 жылдың 5 қазанына дейін * полиция генерал-майоры Баймурзин Арманбек Хакимбекович 2019 жылдың 4 қарашасынан — қазіргі уақытқа дейін. ## Ақтөбе облысы * милиция генерал-майоры Дихтярь Анатолий Григорьевич 1985 жылдың маусымынан — 1992 жылдың мамырына дейін; * милиция генерал-майоры Бижігітов Осман-Рустамбек Байгенжеұлы 1992 жылдың 3 наурызынан — 1994 жылдың 18 шілдесіне дейін; * полиция генерал-майоры Жұмабаев Кеңшілік Саттыбайұлы 1994 жылдың тамызынан — 1997 жылдың мамырына дейін; * полиция генерал-майоры Исимов Серік Аяшұлы 1997 жылдың мамырынан — 2002 жылдың шілдесіне дейін; * полиция генерал-майоры Үскімбаев Қожамұрат Беисұлы 2002 жылдың 01 шілдесінен — 2003 жылдың 01 маусымына дейін; * полиция генерал-майоры Нукенов Маратқали Ордабайұлы 2003 жылдың 01 маусымынан — 2007 жылдың 19 наурызына дейін; * полиция генерал-майоры Нокин Патрис Кенесұлы 2007 жылдың 18 мамырынан — 2011 жылдың 4 қыркүйегіне дейін; * полиция генерал-майоры Әміров Мухаран Серікұлы 2011 жылдың 4 қыркүйегінен — 2014 жылдың 12 қыркүйегіне дейін; * полиция генерал-майоры Аблазимов Махсудхан Нұғыманұлы 2014 жылдың 12 қыркүйегінен — 2016 жылдың 26 тамызына дейін; * полиция генерал-майоры Абисатов Махамбет Хайржанұлы 2016 жылдың 26 тамызынан — 2019 жылдың 6 сәуіріне дейін; * полиция полковнигі Арыстанов Атығай Ғазымбекұлы 2019 жылдың 17 сәуірінен — 2021 жылдың 16 қарашасына дейін; * полиция полковнигі Жүсіпов Абай Қуатбайұлы 2022 жылдың 28 қаңтарынан — қазіргі уақытқа дейін. ## Алматы облысы * милиция полковнигі Баранчук Николай Михайлович 1991 жылдан — 1991 жылдың тамызына дейін; * милиция генерал-майоры Серікбаев Құралбек Нагимұлы 1992 жылдың тамызынан — 1997 жылдың наурызына дейін; * милиция генерал-майоры Асыл-Кеней Сағынжан Байболұлы 1997 жылдың мамырынан — 1999 жылға дейін; * милиция генерал-майоры Кулибаев Талғат Асқарұлы 1999 жылдың 28 қаңтарынан — 2000 жылдың 26 сәуіріне дейін; * милиция генерал-майоры Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы 2000 жылдың 16 мамырынан — 2003 жылдың 6 қарашасына дейін; * полиция генерал-майоры Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы 2003 жылдың 29 желтоқсанынан — 2005 жылдың 9 маусымына дейін; * полиция полковнигі Қожахметов Қанат Оспанұлы 2005 жылдың 9 маусымынан — 2006 жылдың 29 тамызына дейін; * полиция генерал-майоры Майкеев Бағдат Әбдіқадырұлы 2006 жылдың 29 тамызынан — 2009 жылдың 6 наурызына дейін; * полиция генерал-майоры Халықұлы Жайлаубек 2009 жылдың 8 мамырынан — 2012 жылдың 26 маусымына дейін; * полиция генерал-майоры Кудебаев Серік Мырзақұлұлы 2012 жылдың 04 қыркүйегінен — 2013 жылдың 29 қазанына дейін; * полиция генерал-майоры Урумханов Мұрат Жалелұлы 2013 жылдың 29 қазанынан — 2020 жылдың 29 қаңтарына дейін; * полиция генерал-майоры Кудебаев Серік Мырзақұлұлы 2020 жылдың 29 қаңтарынан — 2022 жылдың 21 қаңтарына дейін; * полиция генерал-майоры Заппаров Арыстанғани Расылханұлы 2022 жылдың 21 қаңтарынан — қазіргі уақытқа дейін. ## Атырау облысы * милиция полковнигі Тыцкий Виктор Васильевич 1988 жылдың маусымынан – 1993 жылдың қаңтарына дейін; * полиция генерал-майоры Жаманбаев Асылбек Есмырзаұлы 1993 жылдың қаңтарынан – 1995 жылдың ақпанына дейін; * полиция генерал-майоры Бельгужанов Еркін Рысқанұлы 1995 жылдың ақпанынан – 1997 жылдың қарашасына дейін; * полиция генерал-майоры Мырзабаев Қайырғали Жұмабайұлы 1997 жылдың қарашасынан – 2001 жылдың мамырына дейін; * полиция генерал-майоры Рахымжанов Төлеген Шаймерденұлы 2001 жылдың 14 мамырынан – 2002 жылдың 15 ақпанына дейін; * полиция генерал-майоры Хайдар Қалмұрат Саламатұлы 2002 жылдың ақпанынан – 2003 жылдың сәуіріне дейін; * полиция генерал-майоры Әміров Мухаран Серікұлы 2003 жылдың 9 сәуірінен – 2008 жылдың 13 тамызына дейін; * полиция полковнигі Сунтаев Қайрат Имятұлы 2008 жылдың 13 тамызынан – 2009 жылдың 19 маусымына дейін; * полиция полковнигі Досанов Рахмаджан Кузыбайұлы 2009 жылдың 19 маусымынан – 2012 жылдың 17 тамызына дейін; * полиция полковнигі Джалмуханбетов Арман Кенесұлы 2012 жылдың 17 тамызынан – 2016 жылдың 26 тамызына дейін; * полиция полковнигі Дүйсембаев Аян Сәбитұлы 2016 жылдың 26 тамызынан – 2019 жылдың 20 мамырына дейін; * полиция полковнигі Умбетқалиев Қамза Бақтығалиұлы 2019 жылдың 30 мамырынан – 2022 жылдың 4 ақпанына дейін; * полиция полковнигі Уразбаев Нұрхат Кенжебайұлы 2022 жылдың 4 ақпанынан — қазіргі уақытқа дейін. ## Батыс Қазақстан облысы * милиция генерал-полковнигі Шумов Владимир Георгиевич 1988 жылдың 22 ақпанынан — 1992 жылдың 17 сәуіріне дейін; * милиция генерал-майоры Мукушев Бекболат Бапанұлы 1992 жылдың 21 сәуірінен — 1997 жылдың 21 мамырына дейін; * милиция генерал-майоры Рахымжанов Төлеген Шаймерденұлы 1997 жылдың 21 мамырынан — 2001 жылдың 14 мамырына дейін; * полиция полковнигі Тыныбеков Қайрат Сағатханұлы 2001 жылдың 14 мамырынан — 2005 жылдың 1 наурызына дейін; * полиция генерал-майоры Өзбекғалиев Райымхан Халелұлы 2005 жылдың 1 наурызынан — 2007 жылдың 5 наурызына дейін; * полиция полковнигі Қабденов Мұрат Талапұлы 2007 жылдың 2 шілдесінен — 2009 жылдың 21 қарашасына дейін; * полиция генерал-майоры Жалмұханбетов Арман Кеңесұлы 2009 жылдың 21 қарашасынан — 2012 жылдың 17 тамызына дейін; * полиция генерал-майоры Абисатов Махамбет Хайржанұлы 2013 жылдың 08 қаңтарынан — 2016 жылдың 26 тамызына дейін; * полиция генерал-майоры Аблазимов Махсудхан Нұғманұлы 2016 жылдың 26 тамызынан — қазіргі уақытқа дейін. ## Жамбыл облысы * милиция полковнигі Сайтхужинов Ибрагим Гузаирович 1990 жылдың наурызынан — 1992 жылдың мамырына дейін; * милиция полковнигі Щелочков Владимир Александрович 1992 жылдың мамырынан — 1995 жылдың маусымына дейін; * милиция полковнигі Фесенко Анатолий Васильевич 1995 жылдың маусымынан — 1997 жылдың сәуіріне дейін; * милиция полковнигі Темирбаев Мырзалы Ргаевич 1997 жылдың сәуірінен — 1997 жылдың сәуіріне дейін; * милиция полковнигі Арыстанов Кенес Жұмаханұлы 1997 жылдың қазанынан — 1999 жылдың қаңтарына дейін; * полиция генерал-майоры Асыл-Кеней Сағынжан Байболұлы 1999 жылдың қаңтарынан — 2000 жылдың сәуіріне дейін; * милиция генерал-майоры Кулибаев Талғат Асқарұлы 2000 жылдың 26 сәуірінен — 2005 жылдың 3 наурызына дейін; * полиция генерал-майоры Кунгожинов Сәулебек Турсынғалиұлы 2005 жылдың 3 наурызынан — 2006 жылдың 29 тамызына дейін; * полиция генерал-майоры Жаманбаев Мейрхан Сағынбекұлы 2006 жылдың 8 қыркүйегінен — 2010 жылдың 3 сәуіріне дейін; * полиция полковнигі Аймагамбетов Бекет Иманұлы 2010 жылдың 3 сәуірінен — 2016 жылдың 11 сәуіріне дейін; * полиция генерал-майоры Маткенов Тлеген Советұлы 2016 жылдың 11 сәуірінен — 2018 жылдың 5 шілдесіне дейін; * полиция полковнигі Оразалиев Арман Молдиярұлы 2018 жылдың 5 шілдесінен — 2020 жылдың 10 ақпанына дейін; * полиция генерал-майоры Сүлейменов Жанат Қуанышұлы 2020 жылдың 10 ақпанынан — 2022 жылдың 10 қаңтарына дейін; ## Жетісу облысы * полиция генерал-майоры Арыстанов Атығай Ғазымбекұлы 2022 жылдың 21 шілдесінен — қазіргі уақытқа дейін. ## Қарағанды облысы * милиция генерал-майоры Шумиленко Владимир Петрович 1983 жылдың 7 желтоқсанынан — 1995 жылдың 7 шілдесіне дейін; * милиция генерал-майоры Дейхин Николай Михайлович 1995 жылдың 7 шілдесінен — 2001 жылдың 17 қаңтарына дейін; * милиции полковнигі Симачев Василий Васильевич 2001 жылдың 17 қаңтарынан — 2001 жылдың 14 мамырына дейін; * полиция полковнигі Курбатов Владимир Николаевич 2001 жылдың 14 мамырынан — 2003 жылдың 8 сәуіріне дейін; * полиция генерал-майоры Кулинич Александр Васильевич 2003 жылдың 8 сәуірінен — 2006 жылдың 29 тамызына дейін; * полиция генерал-майоры Қожахметов Қанат Оспанұлы 2006 жылдың 29 тамызынан — 2008 жылдың 10 желтоқсанына дейін; * полиция генерал-майоры Рахимберлин Нұрлан Армиұлы 2009 жылдың 28 қаңтарынан — 2013 жылдың 12 қаңтарына дейін; * полиция генерал-майоры Жаппаров Мергенбай Баймендіұлы 2013 жылдың 22 қаңтарынан — 2019 жылдың 22 ақпанына дейін; * полиция полковнигі Файзуллин Ерлан Жұмасеитұлы 2019 жылдың 22 ақпанынан — 2019 жылдың 6 мамырына дейін міндетін атқарушы; 2019 жылдың 6 мамырынан — қазіргі уақытқа дейін. ## Қостанай облысы * милиция генерал-майоры Дюсенбин Кайрат Гапуович 1990 жылдың тамызынан — 1994 жылдың шілдесіне дейін; * ішкі қызмет полковнигі Кильмашкин Николай Федорович 1994 жылдың шілдесінен — 1997 жылдың қарашасына дейін; * полиция генерал-майоры Узбекгалиев Раимхан Халелович 1997 жылдың 1 қарашасынан — 1999 жылдың 1 сәуіріне дейін; * әділет генерал-майоры Оразалиев Молдияр Молыбаевич 1999 жылдың 10 желтоқсанынан — 2001 жылдың 17 қаңтарына дейін; * милиция генерал-майоры Дейхин Николай Михайлович 2001 жылдың қаңтарынан — 2004 жылдың маусымына дейін; * полиция генерал-майоры Жаманбаев Мейрхан Сагинбекович 2004 жылдың 29 сәуірінен — 2006 жылдың 8 қыркүйегіне дейін; * әділет генерал-майоры Оразалиев Молдияр Молыбаевич 2006 жылдың 14 қарашасынан — 2007 жылдың 5 қазанына дейін; * полиция генерал-майоры Байжасаров Булат Зейнуллатович 2007 жылдың 5 қазанынан — 2012 жылдың 23 ақпанына дейін; * полиция генерал-майоры Маткенов Тлеген Советович 2012 жылдың 23 ақпанынан — 2016 жылдың 11 сәуіріне дейін; * полиция генерал-майоры Аймагамбетов Бекет Иманович 2016 жылдың 11 сәуірінен — 2022 жылдың 28 қаңтарына дейін; * полиция полковнигі Омарбеков Ерлан Болатович 2022 жылдың 29 қаңтарынан — қазіргі уақытқа дейін. ## Маңғыстау облысы * милиция генерал-майоры Аманжолов Майдан Молдакашевич 1990 жылдың қыркүйегінен — 1995 жылдың ақпанына дейін; * милиция генерал-майоры Досқалиев Хибратулла Ермекұлы 1995 жылдың ақпанынан — 1995 жылдың қарашасына дейін; * милиция полковнигі Маматов Хамит Абдулович 1995 жылдың қарашасынан — 1997 жылдың қарашасына дейін; * милиция генерал-майоры Досқалиев Хибратулла Ермекұлы 1997 жылдың 12 қарашасынан — 1999 жылдың 16 маусымына дейін; * полиция полковнигі Приходько Николай Иванович 1999 жылдың 7 сәуірінен — 2001 жылдың 18 қаңтарына дейін; * милиция генерал-майоры Байжасаров Болат Зейнуллатұлы 2001 жылдың 18 қаңтарынан — 2002 жылдың 27 ақпанына дейін; * полиция генерал-майоры Мурзабаев Қаирғали Жумабайұлы 2002 жылдың ақпанынан — 2003 жылдың шілдесіне дейін; * полиция полковнигі Шахманов Серік Ғабдуллаұлы 2003 жылдың шілдесінен — 2006 жылдың қаңтарына дейін; * полиция полковнигі Сабуров Далелхан Қамалбекұлы 2006 жылдың 23 мамырынан — 2007 жылдың 19 желтоқсанына дейін; * полиция генерал-майоры Аблазимов Максудхан Нұғыманұлы 2007 жылдың 19 желтоқсанынан — 2009 жылдың 30 қаңтарына дейін; * полиция полковнигі Қабылов Аманжол Жайғалиұлы 2009 жылдың 19 маусымынан — 2012 жылдың 23 ақпанына дейін; * полиция генерал-майоры Жаманбаев Мейрхан Сағынбекұлы 2012 жылдың 23 ақпанынан — 2013 жылдың 18 маусымына дейін; * полиция генерал-майоры Дәлбеков Қайрат Сұлтанбайұлы 2013 жылдың 12 қыркүйегінен — 2017 жылдың 11 желтоқсанына дейін; * полиция генерал-майоры Таймерденов Қанат Даниярұлы 2017 жылдың 12 желтоқсанынан — 2020 жылдың 29 қаңтарына дейін; * полиция генерал-майоры Бақтыбаев Жанарбек Телікбайұлы 2020 жылдың 31 қаңтарынан — қазіргі уақытқа дейін. ## Павлодар облысы * милиция генерал-майоры Жалтыров Линар Абдулович 1985 жылдың 24 қарашасынан — 1992 жылдың 30 сәуіріне дейін; * милиция генерал-майоры Дюсенбаев Ойрат Рахметұлы 1992 жылдың 30 сәуірінен — 1997 жылдың 15 қарашасына дейін; * милиция генерал-майоры Бельгужанов Еркін Рысқанұлы 1997 жылдың 15 қарашасынан — 2001 жылдың 14 мамырына дейін; * полиция полковнигі Мырзабаев Қаирғали Жұмабайұлы 2001 жылдың 14 мамырынан — 2002 жылдың 27 ақпанына дейін; * полиция генерал-майоры Тұмарбеков Мұрат Ахметұлы 2002 жылдың 27 ақпанынан — 2007 жылдың 5 наурызына дейін; * полиция генерал-майоры Туксаитов Қанат Таупекұлы 2007 жылдың 18 мамырынан — 2008 жылдың 10 желтоқсанына дейін; * полиция полковнигі Қыдырғожаев Наурызбай Ражанович 2009 жылдың 28 қаңтарынан — 2010 жылдың 9 қыркүйегіне дейін; * полиция полковнигі Оразалиев Арман Молдиярұлы 2010 жылдың 9 қыркүйегінен — 2011 жылдың 4 қыркүйегіне дейін; * әділет генерал-майоры Кусетов Сұлтан Турлинович 2011 жылдың 4 қыркүйегінен — 2014 жылдың 12 қыркүйегіне дейін; * полиция генерал-майоры Қожаев Марат Шадетханұлы 2014 жылдың 12 қыркүйегінен — 2017 жылдың 11 желтоқсанына дейін; * полиция генерал-майоры Әубакіров Амантай Акрамұлы 2017 жылдың 11 желтоқсанынан — 2019 жылдың 4 қарашасына дейін; * полиция генерал-майоры Масимов Нұрлан Мырзаханұлы 2019 жылдың 4 қарашасынан — 2022 жылдың 15 қаңтарына дейін; * полиция полковнигі Скляр Василий Васильевич 2022 жылдың 28 қаңтарынан — қазіргі уақытқа дейін. ## Солтүстік Қазақстан облысы * милиция генерал-майоры Баранов Михаил Иванович 1984 жылдың маусымынан — 1993 жылдың наурызына дейін; * милиция полковнигі Околелов Владимир Григорьевич 1993 жылдың желтоқсанынан — 1995 жылдың тамызына дейін; * милиция полковнигі Даиров Амангелді Мұқатайұлы 1995 жылдың тамызынан — 1997 жылдың мамырына дейін; * милиция полковнигі Нукенов Маратқали Ордабайұлы 1997 жылдың 1 мамырынан — 1997 жылдың 1 қарашасына дейін; * милиция генерал-майоры Кильмашкин Николай Федорович 1997 жылдың қарашасынан — 2000 жылдың мамырына дейін; * милиция полковнигі Садуов Ғазиз Сыздықұлы 2000 жылдың мамырынан — 2001 жылдың наурызына дейін; * полиция генерал-майоры Жаманбаев Мейрхан Сағынбекұлы 2001 жылдың 16 наурызынан — 2002 жылдың 15 ақпанына дейін; * полиция генерал-майоры Рахымжанов Төлеген Шаймерденұлы 2002 жылдың 15 ақпанынан — 2003 жылдың 8 сәуіріне дейін; * полиция полковнигі Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы 2003 жылдың 8 сәуірінен — 2006 жылдың 6 мамырына дейін; * полиция полковнигі Саванков Александр Михайлович 2006 жылдың 23 мамырынан — 2008 жылдың 22 тамызына дейін; * полиция полковнигі Тленчин Арман Кайбарұлы 2008 жылдың 20 қыркүйегінен — 2008 жылдың 7 қарашасына дейін; * полиция полковнигі Түсіпбеков Даул Төлеутайұлы 2008 жылдың 23 желтоқсанынан — 2010 жылдың 9 қыркүйегіне дейін; * полиция генерал-майоры Урумханов Мұрат Жалелұлы 2010 жылдың 9 қыркүйегінен — 2013 жылдың 29 қазанына дейін; * полиция полковнигі Қажкенов Ахан Саттыбайұлы 2013 жылдың 29 қазанынан — 2014 жылдың 12 қыркүйегіне дейін; * полиция генерал-майоры Билялов Берік Сұлтангазыұлы 2014 жылдың 12 қыркүйегінен — 2019 жылдың 24 сәуіріне дейін; * полиция генерал-майоры Тулебаев Марат Сағынтайұлы 2019 жылдың 6 мамырынан — 2022 жылдың 27 қаңтарына дейін; * полиция полковнигі Кабдулдинов Айдын Тоқтарұлы 2022 жылдың 28 қаңтарынан — қазіргі уақытқа дейін. ## Түркістан облысы * милиция генерал-майоры Дуабеков Темирхан Дуабекұлы 1987 жылдан — 1993 жылдың ақпанына дейін; * милиция генерал-майоры Сұлтанов Жеңісбай Әбдікерімұлы 1993 жылдың ақпанынан — 1997 жылдың мамырына дейін; * әділет генерал-майоры Оразәлиев Молдияр Молыбайұлы 1997 жылдың 22 мамырынан — 1999 жылдың 1 сәуіріне дейін; * полиция генерал-майоры Өзбекғалиев Райымхан Халелұлы 1999 жылдың 1 сәуірінен — 2005 жылдың 1 наурызына дейін; * полиция полковнигі Артықбаев Құрманбек Жуасұлы 2005 жылдың 3 наурызынан — 2006 жылдың 23 мамырына дейін; * полиция генерал-майоры Досқалиев Хибратулла Ермекұлы 2006 жылдың 23 мамырынан — 2008 жылдың 7 қарашасына дейін; * полиция генерал-майоры Досымов Серімжан Төлеуұлы 2008 жылдың 10 желтоқсанынан — 2011 жылдың 4 қыркүйегіне дейін; * полиция генерал-майоры Оспанов Аскар Шуашұлы 2011 жылдың 4 қыркүйегінен — 2016 жылдың 26 тамызына дейін; * полиция генерал-майоры Сүлейменов Жанат Қуанышұлы 2016 жылдың 26 тамызынан — 2017 жылдың 11 желтоқсанына дейін; * полиция генерал-майоры Дәлбеков Қайрат Сұлтанбайұлы 2017 жылдың 11 желтоқсанынан — 2022 жылдың 4 ақпанына дейін; * полиция генерал-майоры Қабденов Мұрат Талапұлы 2022 жылдың 4 ақпанынан — қазіргі уақытқа дейін. ## Ұлытау облысы * полиция полковнигі Әлиев Қайыркен Жетпісбайұлы 2022 жылдың тамызынан — қазіргі уақытқа дейін. ## Шығыс Қазақстан облысы * милиция полковнигі Хловпик Борис Анатольевич 1990 жылдан — 1992 жылға дейін; * милиция полковнигі Смағұлов Нұрлан Рахманбергенұлы 1992 жылдың маусымынан — 1995 жылдың ақпанына дейін; * милиция генерал-майоры Аманжолов Майдан Молдакашұлы 1995 жылдың ақпанынан — 1997 жылдың қазанына дейін; * милиция полковнигі Лұқпанов Таумұрат Майкенұлы 1997 жылдың қазанынан — 1999 жылдың ақпанына дейін; * полиция генерал-майоры Кунгожинов Сәулебек Тұрсынғалиұлы 1999 жылдың 15 ақпанынан — 2005 жылдың 3 наурызына дейін; * милиция генерал-майоры Байжасаров Болат Зейнуллатұлы 2005 жылдың 3 наурызынан — 2007 жылдың 5 қазанына дейін; * полиция генерал-майоры Джалмұханбетов Арман Кеңесұлы 2007 жылдың 5 қазанынан — 2009 жылдың 4 қыркүйегіне дейін; * полиция генерал-полковнигі Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы 2009 жылдың 4 қыркүйегінен — 2011 жылдың 12 сәуіріне дейін; * полиция генерал-майоры Жакупов Рашид Тауфикович 2011 жылдың 9 шілдесінен — 2014 жылдың 26 қыркүйегіне дейін; * полиция генерал-майоры Бақтыбаев Жанарбек Төлебекұлы 2014 жылдың 30 қазанынан — 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін; * полиция полковнигі Мадиев Сағат Кентайұлы 2020 жылдың 31 қаңтарынан — 2022 жылдың 8 қаңтарына дейін; * полиция полковнигі Джүнісбеков Серік Тұрсынәліұлы 2022 жылдың 27 қаңтарынан — қазіргі уақытқа дейін. ## Астана * милиция генерал-майоры Кан Виктор Петрович 1997 жылдың 24 желтоқсанынан — 2000 жылдың желтоқсанына дейін; * полиция генерал-майоры Джалмұханбетов Арман Кенесұлы 2001 жылдың 17 қаңтарынан — 2002 жылдың 26 ақпанына дейін; * полиция генерал-майоры Досумов Серімжан Төлеуұлы 2002 жылдың 27 ақпанынан — 2008 жылдың 30 мамырына дейін; * полиция генерал-лейтенанты Демеуов Марат Ганұлы 2008 жылдың 30 мамырынан — 2011 жылдың 8 шілдесіне дейін; * полиция генерал-майоры Әубәкіров Амантай Акрамұлы 2011 жылдың 8 шілдесінен — 2017 жылдың 11 желтоқсанына дейін; * полиция генерал-майоры Қожаев Марат Шадетқанұлы 2017 жылдың 11 желтоқсанынан — 2019 жылдың 6 сәуіріне дейін; * полиция генерал-майоры Сәденов Ержан Сапарбекұлы 2019 жылдың 24 сәуірінен — 2021 жылдың 26 қаңтарына дейін; * полиция генерал-майоры Төлебаев Марат Сағынтайұлы 2021 жылдың 27 қаңтарынан — қазіргі уақытқа дейін. ## Алматы * милиция генерал-майоры Исабаев Слям Мұхаметжанұлы 1990 жылдан — 1994 жылдың шілдесіне дейін; * милиция генерал-майоры Бижігітов Осман-Рустамбек Байгенжеұлы 1994 жылдың 18 шілдесінен — 1997 жылдың 27 шілдесіне дейін; * милиция генерал-майоры Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы 1997 жылдың 27 шілдесінен — 2003 жылдың 29 желтоқсанына дейін; * әділет генерал-майоры Оразалиев Молдияр Молыбайұлы 2003 жылдың 29 желтоқсанынан — 2006 жылдың 31 шілдесіне дейін; * полиция генерал-майоры Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы 2006 жылдың 31 шілдесінен — 2012 жылдың 28 желтоқсанына дейін; * полиция генерал-майоры Тыныбеков Кайрат Сагатханұлы 2012 жылдың 28 желтоқсанынан — 2013 жылдың 29 қазанына дейін; * полиция генерал-майоры Кудебаев Серік Мырзақұлұлы 2013 жылдың 29 қазанынан — 2020 жылдың 29 қаңтарына дейін; * полиция генерал-майоры Таймерденов Канат Даниярұлы 2020 жылдың 29 қаңтарынан — қазіргі уақытқа дейін. ## Шымкент * полиция генерал-майоры Джұмаханбетов Ералы Мұсалыұлы 2018 жылдың 5 шілдесінен — 2022 жылдың 4 ақпанына дейін; * полиция генерал-майоры Дәлбеков Қайрат Сұлтанбайұлы 2022 жылдың 4 ақпанынан — қазіргі уақытқа дейін. ## Көліктегі полиция департаменті 2010 жылдың қазан айында үш департамент бір бөлімге біріктірілді. ### Біріктірілгенге дейін Көліктегі батыстық ІІБ * милиция полковнигі Менделеев Владимир Николаевич 1987 жылдың мамырынан — 1993 жылдың желтоқсанына дейін; * милиция полковнигі Никешин Вячеслав Михайлович 1993 жылдың 28 желтоқсанынан — 1995 жылдың 8 қарашасына дейін; * милиция генерал-майоры Исимов Серік Аяшұлы 1996 жылдың қазанынан — 1997 жылдың тамызына дейін; * полиция генерал-майоры Жұмабаев Кеңшілік Сәттібайұлы 1997 жылдың тамызынан — 2001 жылдың маусымына дейін; * полиция генерал-майоры Жаманбаев Мейіржан Сағынбекұлы 2002 жылдың 15 ақпанынан — 2004 жылдың 29 сәуіріне дейін; * полиция полковнигі Тыныбеков Қайрат Сағатханұлы 2005 жылдың 6 шілдесінен — 2009 жылдың 30 сәуіріне дейін; * полиция полковнигі Дүйсебаев Нұржан Тәттібайұлы 2009 жылдың 29 шілдесінен — 2010 жылдың 19 қазанына дейін. Көліктегі орталық ІІД * милиция полковнигі Михайлов Юрий Александрович 1991 жылдың 27 наурызынан — 1996 жылдың 6 ақпанына дейін; * милиция полковнигі Арыстанов Кеңес Жұмаханұлы 1996 жылдан — 1997 жылға дейін; * полиция полковнигі Елемісов Еркебұлан Ғалымұлы 1997 жылдан — 2001 жылға дейін; * полиция генерал-майоры Жұмабаев Кеңшілік Сәттібайұлы 2001 жылдан — 2002 жылға дейін; * полиция полковнигі Түсіпбеков Дауыл Төлеутайұлы 2002 жылдың 15 ақпанынан — 2003 жылдың 8 сәуіріне дейін; * полиция полковнигі Курбатов Владимир Николаевич 2003 жылдың 8 сәуірінен — 2004 жылдың 12 ақпанына дейін; * полиция полковнигі Туксаитов Канат Таупекович 2004 жылдың 12 ақпанынан — 2006 жылдың 6 мамырына дейін; * полиция генерал-майоры Джалмуханбетов Арман Кенесович 2006 жылдың 26 мамырынан — 2007 жылдың 5 қазанына дейін; * полиция полковнигі Ахметов Темірбай Біләлұлы 2007 жылдың 30 қазанынан — 2008 жылдың 24 қазанына дейін; * полиция генерал-майоры Туксаитов Канат Таупекович 2008 жылдың 10 желтоқсанынан — 2010 жылдың 19 қазанына дейін. Көліктегі оңтүстік-шығыс ІІД * милиция генерал-майоры Куликов Николай Тимофеевич 1990 жылдың 14 тамызынан — 1993 жылдың 25 қарашасына дейін; * Базаров Аскар Айдарханович 1993 жылдан — 1994 жылға дейін; * милиция генерал-майоры Дейхин Николай Михайлович 1994 жылдың 30 желтоқсанынан — 1995 жылдың 28 маусымына дейін; * милиция полковнигі Сүлейменов Сейфолла Әлмағанбетұлы 1995 жылдан — 1997 жылға дейін; * милиция генерал-майоры Бижігітов Осман-Рустамбек Байгенжеұлы 1997 жылдың 27 шілдесінен — 2001 жылдың 19 қаңтарына дейін; * милиция генерал-майоры Бейсенов Аманжол Мұсайынұлы 2002 жылдан — 2003 жылға дейін; * милиция генерал-майоры Байжасаров Булат Зейнуллатұлы 2003 жылдың 8 сәуірінен — 2005 жылдың 3 наурызына дейін; * полиция генерал-майоры Кулибаев Талғат Асқарұлы 2005 жылдың 3 наурызынан — 2010 жылдың 19 қазанына дейін; ### Үш департаментті біріктірген соң * полиция генерал-майоры Туксаитов Канат Таупекович 2010 жылдың 19 қазанынан — 2012 жылдың 18 қаңтарына дейін; * полиция генерал-майоры Сүлейменов Жанат Қуанышұлы 2012 жылдың 23 ақпанынан — 2013 жылдың 17 шілдесіне дейін; * полиция генерал-майоры Бисенқұлов Берік Бойболұлы 2013 жылдың 17 шілдесінен — 2014 жылдың 12 тамызына дейін; * полиция полковнигі Қажкенов Ахан Саттыбайұлы 2014 жылдың 12 қыркүйегінен — 2015 жылдың 10 наурызына дейін; * полиция генерал-майоры Саденов Ержан Сапарбекұлы 2015 жылдың 10 наурызынан — 2016 жылдың 3 маусымына дейін; * полиция полковнигі Кабылов Аманжол Жайғалиұлы 2016 жылдың 3 маусымынан — 2019 жылдың 1 қазанына дейін; * полиция генерал-майоры Бекеев Оңал Ботайұлы 2019 жылдың 28 қазанынан — қазіргі уақытқа дейін. ## Тағы қараңыз * Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ## Дереккөздер
Шахсевендер — Иранның солтүстік-батысындағы және Әзірбайжанның оңтүстік шығысындаығ түркі халықтары. Жалпы санв 85 мың адам.(2017).Олар Ардебил және Мешкин шахсевендері болып бөлінеді. Әзірбайжандарға жақын, кейде олардың субэтникалық тобы болып саналады. ## Тілі Әзербайжан тілінің шығыс (мұған) диалектілерінде сөйлейді. ## Діні Дінге сенушілері - сүнниттік мұсылмандар. ## Тарихы Бұл топтың құрылуы 16 ғасырда, шах Аббас I Қызылбастар көсемдері тайпасының ықпалын әлсірету мақсатында Қызылбас тайпалық бірлестігінің мүшелерінен арнайы жасақ құра бастады, жасақ Шахсевендер деп аталды. Аббас I тұсында Шахсевендерге Ардебил мен Мұған, Сава, Казвин аймақтарында үлкен жер иеліктері берілді. 19 ғасырдың аяғында Шахсевеннің көпшілігі отырықшы өмірге көшті. 1905-11 жылдардағы Иран революциясы жылдарында шахсевендердің басшылары монархия жағында болды. 20-30 жылдары Реза шах Пехлевидің елді орталықтандыру саясаты кезінде шахсевендер қарусыздандырылды. 1945-46 жылдардағы ұлттық-демократиялық қозғалыс кезеңінде Иранның солтүстік-батысында шахсевендердің жетекшілері реакцияны қолдады. ## Кәсібі Дәстүрлі кәсібі – көшпелі мал шаруашылығы (қой, ірі қара, түйе және жылқы). 19 ғасырдың аяғынан бастап отырықшы егіншілікке көшті. ## Өмір салты Олар тайпалық жіктелуді, исламға дейінгі кейбір әдет-ғұрыптарды (соның ішінде жерлеу рәсімдерін) сақтаған. Дәстүрлі тұрғын үйлері – шатырлар, лашықтар. Ерлер киімі – ақ немесе көк көйлек, қоңыр мата шалбар, ұзын қынама бел шапан, қозы терісінен бас киім. Қыста жеңі ұзын қой терісін киеді. Әйелдер киімі – көк көйлек, шаровар, жамылғы, жүннен тоқылған шұлықтар, алтын-күміс әшекейлер. Тағамдары – палау, бұқтырылған ет, қой еті, сүт өнімдері. ## Дереккөздер
Данияр Тоқтағұлұлы Үсенов (қыр. Данияр Токтогул уулу Үсөнов; 9 наурыз 1960 жыл, Фрунзе, Қырғыз КСР, КСРО) — қырғыз саясаткері, 2009 жылы 21 қазаннан 2010 жылы 7 сәуірге дейін Қырғыз Республикасы премьер-министрі қызметінің міндеттерін атқарған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Өмірбаян Мұрағатталған 22 қазанның 2009 жылы. (орыс.)
Талды асуы – Жетісу Алатауының орта бөлігіндегі асу. ## Географиялық орны Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 3504 м. Батысында Басқан (3941 м), шығысында Қызылауыз (3543 м) асулары орналасқан. Асудың солтүстік баурайынан Ағынықатты өзені бастау алып, Лепсі өзеніне құяды. Оңтүстік баурайынан (Қытай жерінде) Мағат өзені бастау алып, Боротала өзеніне құяды. Асудан мамыр–қараша айларында салт атты адам өте алады. ## Дереккөздер
Қияқбай Бәкіров (1906 жылы, Жишки ауылы — қайтыс болған жылы белгісіз) — Қазақ КСР, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, КСРО кеңшарлар министрлігінің «Арықты» ет кеңшарының директоры. Социалистік Еңбек Ері (1948). ## Өмірбаяны Ұжымдастыру кезінде Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы тұңғыш «Майғақ» ұжымшарын ұйымдастырушылардың бірі болды. Осы ұжымшарда жеті жылдай еңбек етті. 1932 жылы Петропавлда оқып, кейін Ақмола облысындағы «Кеңбидайық» кеңшарында техник-малшы болып жұмыс істеді. 1942 жылдан бастап — Ақмола облысының Шалқар, кейінірек Берсуат кеңшарларының директоры болды. 1944 жылы Ақмола облысындағы «Арықты» кеңшарының директоры болып тағайындалды. Кеңшарды Ақмола облысының озық ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қатарына шығарды. Төртінші бесжылдықтың алғашқы екі жылының (1946-1950) қорытындысы бойынша екі Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1947 жылы кеңшар Қияқбай Бәкіровтың жетекшілігімен 64 биеден 64 құлынды табынмен өсірді. КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1948 жылғы 23 шілдедегі «1947 жылы мал шаруашылығының жоғары өнімділігін алғаны үшін» Жарлығымен Ленин орденімен және «Орақ пен балға» алтын медалмен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Сол жарлықпен Социалистік Еңбек Ері атағы кеңшар малшысы Жақан Төлеубаевқа да берілді. ## Әдебиет * Герои Социалистического Труда — казахстанцы. — Т. 3. — Алма-Ата: Казахстан, 1970. * Музалевский М. В. Герои Социалистического Труда. Биобиблиографический словарь. — М.: РИЦ «Кавалер», 2009. — Т. 3. — 181 с. ## Сілтеме * Қияқбай Бәкіров «Герои страны» сайтында  (орыс.)
Елдос Нұрболұлы Абақанов - Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің VII сайланымындағы депутаты. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі. ## Өмірбаяны 1988 жылы 7 тамызда Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында дүниеге келген. 2010 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін құрылыс бакалавры, 2011 жылы аталған оқу орнының «Құрылыс материалдары, конструкциялары мен бұйымдарын өндіру» мамандығының магистрі бойынша бітірді. 2007 жылдың желтоқсанынан 2008 жылдың маусымына дейін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Жастар саясаты орталығы жанындағы мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен жұмыс бөлімінің маманы. 2009 жылдың шілде айынан бастап құрылыс компанияларында сметашының көмекшісі. 2011 жылдың ақпан айынан бастап «Қазгидромет» РМК өндірістік - техникалық басқармасының жетекші инженері. 2012 жылдың ақпан айынан бастап «ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-нің бас менеджері. 2015 жылдың сәуір айынан бастап «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ жобаларінің менеджері. 2016 жылдан бастап «ҚР энерготиімділік және ресурс үнемдеу қоғамдық палатасы» ЗТБ Басқарма Төрағасы. 2017 жылғы желтоқсаннан 2021 жылғы қаңтарға дейін «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрағасының орынбасары. 2021 жылғы қаңтардан бастап VІI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланды, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Энергия үнемдеу, Жасыл экономика және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша Еуропа, Азия, ТМД және АҚШ елдерінде тағылымдамадан және біліктілігін арттырудан өтті. ## Марапаттары * «Ерен еңбегі үшін», «Экология саласының үздігі», * «Қазақстан Республикасының экология саласының 30 жыл» медальдарымен марапатталған. Үйленген, үш баласы бар. ## Дереккөздер
Қоғам қайраткері — қоғамдық қызметпен, яғни қоғамның саяси, мәдени, кәсіби қажеттіліктерін өз еркімен қамтамасыз ету жөніндегі қызметпен айналысатын адам. ## Сондақ-ақ, қараңыз * Саясаткер
Қазақстан КП Ақтөбе облыстық комитеті — Қазақ АКСР (1932-1936) және Қазақ КСР (1936-1991) партиялық басқарманың аймақтық органы. Ақтөбе облысы 1932 жылы 10 наурызда Қазақ АКСР-нің алғашқы 6 облысының бірі болып құрылды. 1936 жылдың 5 желтоқсанынан бастап — Қазақ КСР құрамына кірді. Орталығы — Ақтөбе қаласы. 1962 жылдың 3 мамырынан 1964 жылдың 1 желтоқсанына дейін Орал және Гурьев облыстарымен бірге Қазақ КСР Батыс Қазақстан өлкесінің құрамында болды. ## Облыстық комитеттің бірінші хатшылары * 06.1932—1934: Шаяхмет Жармұхамедов * 1934—1936: Әбілқайыр Досов * 1936—1937: Айтмұхамед Мусин * 1937—1938: Мақай Жүнісов * 1938: Төкен Оразұлы * 1938—1943: Яков Иночкин * 1943—1944: Мырзахмет Бекжанов * 1944—1948: Елубай Тайбеков * 1948—1950: Рымбек Ілиясұлы * 1950—01.1952/1951: Мұхамедғали Сужиков * 01.1952 — 04.1955: Жұмабек Тәшенов * 04.1955—1958: Павел Дельвин * 1958—1959: Шәкір Қарсыбайұлы * 1959—1962: Хасан Бектұрғанов * 1962 — 12.1964 (ауылдық): Хасан Бектұрғанов * 12.1964—01.1972: Николай Журин * 01.1972—22.01.1985: Василий Ливенцов * 22.01.1985—28.03.1989: Юрий Трофимов * 7.06.1989—7.09.1991: Евгений Золотарев ## Тағы қараңыз * Облыс әкімі ## Әдебиет * РСДЖ(б)П, РК(б)П, БК(б)П, КОКП орталық комитеті: Тарихи-өмірбаяндық нұсқаулық / Құрас. Ю. В. Горячев. М., 2005.
Нұра ауданы — Астана қаласындағы әкімшілік аудан. * Аудан 2022 жылдың желтоқсанында құрылған * Көлемі – 19 336 га ## Атауы Нұра ауданы деген Қарағанды облысында да болуы, Нұра өзені Астананың бұл жаңа ауданында ақпауы себепті бұл атауға халық қарсы болды. Жаңа аудан территориясында Талдыкөл көлдері болғандықтан халық Талдыкөл ауданы деп атауды ұсынды. ## Әкімдері * Жүсіп Жұмағұлов (04.2023 — 08.2024) * Ришат Тұрдыбеков (08.2024 бастап) ## Дереккөздер
Ұзынарал – Балқаш көлінің орта бөлігіндегі бұғаз. ## Географиялық орны мен сипаты Сарыесік түбегі (Алматы облысы) мен Балқаш көлінің солтүстік жағалауы (Қарағанды облысы) аралығында орналасқан. Ұзындығы 14 км, ені 4 км. ## Дереккөздер
Қызыларбат атырабы (түрікм. Gyzylarbat etraby) — Түрікменстанның Балқан уәлаятындағы атырап. Әкімшілік орталығы – Қызыларбат қаласы. ## Тарихы 1939 жылы қаңтарда орталығы Қызыларбат қаласы болатын Түрікмен КСР-нің Қызыларбат ауданы болып құрылды. 1939 жылы қарашада Қызыларбат ауданы жаңадан құрылған Ашхабад облысына берілді. 1959 жылы мамырда Ашхабад облысы таратылып, аудан Түркімен КСР-не тікелей бағынышты болды. 1973 жылы желтоқсанда аудан Балқан облысына берілді. 1988 жылы Красноводск облысы жойылып, аудан Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды. 1992 жылы Қызыларбат ауданы Балқан уәлаятының құрамына еніп, алдымен Қызыларбат атырабы, содан кейін Сердар атырабы болып өзгертілді. 2022 жылдың қазан айында Қызыларбат атырабы болып қайта аталды. ## Дереккөздер
Боралдай (Қаскелең алабы) — Алматы қаласымен ағатын өзен. ## Сипаттамасы Ақсай ықшамауданындағы Боралдай жазығы аумағынан басталып, солтүстікке қарай ағады. Қазір бастауының айналасына үйлер салынып кеткен. Қар және жаңбыр суларымен толығады. Байкент ауылы тұсында Үлкен Алматы өзеніне құяды. Ұзындығы 29 шақырым. Ені 2-3 метр. Аңғарының ені 200-300 м. Су шығыны 0,4 м³/с, ең арысы 5 м³/с. 2011 жылы өзеннің біраз бөлігі (әсіресе тұрғын үйлер арасы) бетондалды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Алматы. Энциклопедия / Бас. ред. М.К.Қозыбаев. — Алматы 1983.
Аюсай — Қаскелең алабындағы өзен. Үлкен Алматы өзенінің сол жақ саласы. ## Сипаттамасы Алматы қаласы аумағымен ағады. Аңғары Іле-Алатауы ұлттық паркі аймағында. Ұзындығы 7 км. Тау арасымен аққандықтан, өзен бойында бірнеше шағын сарқырамалар бар. Ең үлкені алты метр биіктіктен құлайды. Бұл сарқырамаларға жаз мезгілінде ғана баруға болады. ## Атауы Өзен жағалауынан Тянь-Шань ақ аюы байқалғандықтан, осылай аталады. 1970 жылдары бұл жерден Қар барысы да байқалған. ## Дереккөздер
Шығырлы ауылдық округі – Ақтөбе облысы Темір ауданындағы таратылған әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Шығырлы, Бірлік, Ащысай ауылдары кірді. Орталығы – Шығырлы ауылы болды. ## Тарихы 1997 жылы Ақсай ауылдық округі (орталығы Ақсай а.) таратылып, Бородинов ауылдық округіне (орталығы Бородиновка а.) қосылды. Кейін Бородинов ауылдық округі Шығырлы ауылдық округі болып өзгертіліп, Ақсай ауылдық округі қайта бөлініп шықты. 2019 жылы таратылып, Ақсай ауылдық округіне қосылды. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 938 адамды құрады. ## Дереккөздер
Шұбарши ауылдық округі – Ақтөбе облысы Темір ауданында болған әкімшілік бірлік. 2019 жылы таратылып, Сарыкөл ауылдық округіне қосылды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Шұбарши кенті кірді. Орталығы – Шұбарши кенті болды. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 3736 адамды құрады. ## Дереккөздер
* Жусандала – көне қамал орны. * Жусандала – Шу-Іле таулары мен Тауқұм құмды алқабы аралығындағы жазық дала.
«Том ағайдың лашығы» — Гарриет Бичер-Стоудың қаламынан 1852 жылы шыққан романы. Қара нәсілді құлдардың тағдыры, өмірі романда анық және шынайы да шыншыл бейнеленген. Бірақ Бичер-Стоу құлдықтың эксплуаторлық бейнесін ашуға ұмтылған жоқ, оны ең алдымен құлиеленушілер мен құлдармен маральдық деградация мәселесі қобалжытты. Шығарманың идеялық ерекшелігі жазушының сол кездегі Америка өмірін көрсете білуі. Яғни қара нәсілділерді құлдықтан босату үшін жүргізілген күрес мәселесінің ұлттық мәселеге айналуы. * * ## Дереккөздер
«Жамал» — Қанапия Телжановтың алғашқы суреттерінің бірі, 1955 жылы салынған. Құшағын кең жайған сары даланың ортасында отқа қарап, қиялға бөленіп отырған қазақ қызының сабырлы келбеті ерекше гармониямен берілген, адам мен табиғат әлемінің астасқан болмысы бейнеленген. Қарапайым бір тіршілік көрінісінен ғажайып сұлулықты да, даналықты да таба білген қазақ кескіндемешісі суреттің атын өз анасының құрметіне арнап қойған. «Менің анамның аты Жамал еді, онымен шығармамды атадым», деп айтқан суретші. Кешқұрым сәтте далада от жағып, соның қасында ойға шомып отырған қыз тұлғасының табиғи сұлулығы мен шығыс әйелдеріне тән сыпайылығы нәзіктікпен үйлеседі. Жарқын да биік гуманистік мақсаттағы суретшінің өте бір сәтті шығармасы көптеген елдерде көрсетілді. 1967 жылы Монреальда Қазақстанға арналған күндерде осы картина көрменің төрінде тұрды. Сол жылы шығарманы Третьяков галереясы сатып алды. ## Дереккөздер
Қостанай жазығы – Батыс Сібір жазығының оңтүстік-батыс бөлігіндегі геоморфологиялық аймақ. ## Географиялық орны Қостанай облысының солтүстік бөлігіндегі Қостанай, Меңдіқара, Федоров және Сарыкөл аудандары аумағын қамтиды. Батысында Орал Сырты үстіртімен, шығысында Сарыарқа ұсақ шоқылығымен, оңтүстігінде Торғай үстіртімен шектелген. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 200 м-ге дейінгі сәл белесті тегіс жер бедері тән. Көптеген көл қазаншұңқырларымен және Тобыл өзенінің аңғарлық жүйесімен күрделенген. ## Өсімдігі Жазық негізінен дала және шоқ орманды дала белдемінде жатыр. Қара, қызғылт және қоңыр топырақ жамылғысында астық тұқымдас шөптесіндер басым өскен. ## Дереккөздер
Құланды кемері – Оңтүстік Үстірттегі кертпешті кемер. ## Географиялық орны Маңғыстау облысы Қарақия ауданында, Түйесу және Қарынжарық құмды алқаптары аралығында жатыр. ## Жер бедері Ендік бағытта созылған кемердің биіктігі 55–80 м. Батысы мен (абсолюттік биіктігі 281 м) шығысы (267 м, Құнанбай тауы) көтеріңкі келген. Кертпештің жазықпен ұласатын оңтүстігінде (Маңғыстау үстіртінде) бірнеше құдықтар (Жұқырай, т.б.) мен қыстаулар, бейіттер бар. ## Дереккөздер
Сырымбет даласы – Көкшетау қыратының солтүстік-батыс жағындағы үстіртті жазық өңір. Теңіз деңгейінен 330 – 380 м биіктікте орналасқан. ## Географиялық орны Әкімшілік жағынан Солтүстік Қазақстан облысындағы Айыртау ауданының құрамына кіреді. Сырымбет даласында кішігірім көлдер (Құмдыкөл, Ақбас, Саумалкөл) көп. ## Климаты Климаты тым континенттік; шілденің орташа температурасы 19°С, қаңтарда –18°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 300 мм. ## Геологиялық құрылымы Геологриялық жағынан неогендік шөгінділер басым тараған. ## Өсімдігі Аумағы далалық белдемге жататындықтан, оның күлгіндеу қара топырағында дала табиғатына бейім өсімдіктер өседі, кей жерлерінде қайың мен қарағай аралас шоқ орман кездеседі. Жері түгелдей дерлік игерілген. ## Тарихи дерек Сырымбет даласы – ұлы ғалым Ш. Уәлихановтың өмірімен байланысты тарихи жерлердің бірі. Ақан сері бұл өңірге арнап өзінің «Сырымбет» әнін шығарды, Біржан сал мен Жаяу Мұса табиғаты әсем Сырымбет даласы жайлы ән шырқаған. ## Дереккөздер
Степняк ауылдық әкімдігі – Қостанай облысы Амангелді ауданында болған әкімшілік бірлік. 2012 жылы таратылып, Үштоғай ауылдық округіне қосылды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Степняк ауылы кірді. Орталығы – Степняк ауылы болды. Округ құрамында болған Нарөлген ауылы 2009 жылы таратылған соң, Степняк ауылдық округі Степняк ауылдық әкімдігі болып қайта құрылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 272 адамды құрады. ## Дереккөздер
Есір ауылдық округі – Қостанай облысы Амангелді ауданында болған әкімшілік бірлік. 2013 жылы таратылып, Амангелді ауылдық округіне қосылды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Есір, Ақкісі, Кемер, Қоғалыкөл, Мұқыр ауылдары кірді. Орталығы – Есір ауылы болды. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1183 адамды құрады. ## Дереккөздер
Қарынсалды ауылдық округі – Қостанай облысы Амангелді ауданында болған әкімшілік бірлік. 2019 жылы таратылып, Тасты ауылдық округіне қосылды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қарынсалды, Горняк ауылдары кірді. Орталығы – Қарынсалды ауылы болды. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 289 адамды құрады. ## Дереккөздер
Энец (өз атауы - энчо, могади, пебай, ескі атауы Енисей самодийлері (самоед)) —Ресейдің солтүстігіндегі ең шағын этникалық топтардың бірі.Қазіргі уақытта энецтер географиялық жағынан екі топты біріктіреді: Тундра энеці және Орман энеці. ## Халқы 1614 жылғы құжаттарда олардың саны 1428 адам, 1640 ж.-940 адам, 1681 ж.-892 адам деп есептеді.ХVII ғасырда энецтердің азаюы 1630-1631 жылдардағы шешек эпидемиясымен байланысты, содан кейін кейбір энец ұрпақтары толығымен жойылды, сонымен қатар Енисейдің солтүстігінде болған XVII ғасырдың аяғы — XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы этникалық тарихи оқиғаларға байланысты болды. Энецтер саны 1897 жылы – 488 адам, 1926 жылы – 482 адам болды. 1959, 1971, 1979 жылдардағы санақтарда энецтер мүлдем ескерілмеді, өйткені олардың тұрғылықты жерінде олар ненецтермен немесе нганасанмимен теңдестірілді. 1989 жылы 209 энец болды, ал 2002 жылғы санақ бойынша - 237, оның ішінде 213 адам Краснояр өлкесінде, негізінен Таймыр (Долган-Ненец) автономды округы, 2010 жылғы санақ бойынша - 221 адам тұрды. Қазіргі уақытта энецтер негізінен Енисей сағасындағы елді мекендерде, Дудинка қаласының ауданында, Усть-Авам ауылында, Краснояр өлкесінің Таймыр (Долган-Ненец) автономды округінде тұрады. ## Тілі Энец тілі Орал тілдері отбасының самодий тобына жатады. Диалектілері: тундра және орман. Өз жазуы жоқ. Мектептерде энец тілі оқытылмайды. Оны факультативтік түрде зерттеуге талпыныс жасалуда. Энец тілінде радиохабар таратылады. ## Діні Ресми түрде халық православие болып саналады, бірақ олардың тұрғылықты жерлері мен қашықтығына қол жеткізу қиын болғандықтан, миссионерлер энецтерді православие дініне айналдыра алмады. Христиандар тек орман энецтері болды, қалған бөлігі бүгінгі күнге дейін табиғат құбылыстарына, рухтарға табынады, анимистік пантеизмді, шаманизмді ұстанады. Рухтардың бейнелері орманда және төбелерде ерекше жерлерде орналасқан. Рухтарға ақша, бұғы еті, мата бөліктері құрбандыққа шалынады. Энецтер арасында жануарларды, құстарды, балықты қастерлеу кең таралған, бірақ ең маңызды орынды бұғы алады. Ақ түс киелі болып саналады, адамдар бұл жануарларды негізгі құдай Нумға жатады деп санайды. Бұндай киікті өлтіруге, жеуге, шанаға байлауға болмайды. ## Тарихы 17 ғасырдың 2-жартысынан бастап оларды батыстан ненецтер, оңтүстіктен солтүстік-шығысқа қарай Енисейдің оң жағалауынан селькуптар, кеттер және эвенктер ығыстырды. Орман энецтері көршілес Енисей ненецтеріне (юрактарға) мәдениеті жағынан және неке байланыстарымен тығыз байланысты, тундрасы энецтері нганасандарға жақын. 19 ғасырда Енисей губерниясының құрамында Хантай және Қарасин "рулық басқармалары" құрылды.Хантай басқармасын тундра тобы құрады. Оның саны 1827 жылы 239 адамды құрады. Жазда тундра Енисей шығанағының оң жағалауындағы Гольчиха ойпатында және Пур ойпатында жүрді, ал қыстың басталуымен олар Енисейді мұзбен кесіп өтіп, оңтүстікке орман-тундраға көшті. Орман Энец 258 адамды құрады. XIX-ғасырдың 30-40-жылдарынан бастап Карасин самоедтерінің көп балалы отбасылары Хантай самоедтерінің аумағында жазда көшіп келді. Карасин самоедтері жыл бойы орман-тундрада жүрді. 1849-50 жылдың қысында энецтер мен ненецтер арасындағы соңғы қақтығыс Туручедо аралында болып, ол энецтердің жеңісімен аяқталды. Нәтижесінде осы халықтар арасында Енисей шекарасы түпкілікті жүргізілді. Содан бері Енисейдің оң жағы "самоед", яғни энец, ал сол жағы "юрац", яғни ненец деп саналды. Энцтер мекендейтін аймақ негізінен тундра болып табылады. Ормандар (негізінен балқарағай) Енисейдің оң жағалауында Дудинкадан оңтүстікке қарай бірнеше ондаған шақырым жерде. ## Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсібі – бұғыларды аулау. Олар өзен өткелдеріндегі торлары бар тұзақтарға бұғыларды айдап түсірді, қазір мылтықпен ауланады. Тері аңшылықтары кең таралған (арктикалық түлкі, түлкі, ақкіс). Енисейде балық аулау аулар мен тор арқылы дамыды, майшабақ, омуль, ақ лосось, ақ балық және бекіре балықтары ауланды. Бұғы өсіру, бұғы бағу және шана ненецтерден алынған.1930 жылдары бұғы өсіру және аңшылық шаруашылықтары ұйымдастырылды. ## Өмір салты XVIII ғасырға дейін энецтер арасында рулар болған. XVII ғасырдың аяғынан бастап шығысқа қоныс аударуға байланысты олар кішігірім экзогамиялық топтарға ыдырайды. XIX ғасырға дейін көп балалы отбасылар, көп әйел алу, қалыңдық құнын төлейтін неке сақталды. Дәстүрлі тұрғын үйі - конустық шатыр, нганасанға жақын және құрылысы мен жабынының элементтері бойынша ненецтерден ерекшеленеді. XX-шы ғасырда чумның ненецтік түрі, долгандардан - шананы қабылданды. Қазіргі энецтер негізінен стационарлық елді мекендерде тұрады. Қысқы ерлер киімі – капюшоны бар күрте, аң терісінен тігілген шалбар, бұғы терісінен тігілген биік аяқ киім, түкті шұлық. Әйелдер күртесі, ерлерге қарағанда, алды ашық болып келеді. Оның астына жеңсіз ішінен аң терісі тігілген комбинезон киген. Әйелдердің аяқ киімі ерлерге қарағанда қысқа болды. Әйелдердің қысқы бас киімі де екі қабат болып тігілді: астыңғы жағы ішке қарай, үстіңгі жағы сыртқа қарай. Дәстүрлі тағамдары - жаңа піскен және мұздатылған ет, жазда жаңа піскен балық. Балықтан юкола мен балық ұнын – порса дайындайды. ## Дереккөздер
Елхан Астанов (21 мамыр 2000, Шымкент, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Астана" клубының жартылай қорғаушысы. ## Карьерасы "Ордабасы" клубының түлегі. 2019 жылға дейін фарм-клубта ойнап, сосын негізгі құрамға қабылданды. 2019 жылы 14 сәуірде "Ақтөбеге" қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты. "Ордабасы" ойыншысы ретінде 2022 жылғы Қазақстан Кубогын жеңді. 13 наурыз 2023 жылы "Астана" клубына ауысып, жаңа клубтағы бірінші ойынды 14 наурызда "Ақтөбеге" қарсы өткізді. ### Халықаралық 2021 жылы 28 наурызда Францияға қарсы ӘЧ-2022 іріктеу ойынында ұлттық құрамада тұңғыш рет алаңға шықты. 2022 жылы 13 маусымда УЕФА Ұлттар лигасында Словакия қақпасына тұңғыш голды соқты. ## Жетістіктері ### Клубтық * Қазақстан Чемпионатының қола жүлдегері: 2019 * Қазақстан Кубогының жеңімпазы: 2022 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Милысай ауылдық әкімдігі – Қостанай облысы Жангелді ауданында болған әкімшілік бірлік. 2019 жылы таратылып, Шилі ауылдық округіне қосылды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Милысай ауылы кірді. Орталығы – Милысай ауылы болды. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 388 адамды құрады. ## Дереккөздер
Бидайық ауылдық әкімдігі – Қостанай облысы Жангелді ауданында болған әкімшілік бірлік. 2013 жылы таратылып, Қызбел ауылдық округіне қосылды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Бидайық ауылы кірді. Орталығы – Бидайық ауылы болды. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 161 адамды құрады. ## Дереккөздер
Қоржынтүбек – Балқаш көлінің батыс бөлігіндегі мүйіс. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қашқантеңіз темір жол стансасының солтүстік-шығысында 32 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Жағалауы жазық, көлге сұғына енген мүйістің ұзындығы 5,5 км-ге созылған, енді жері 3,5 км шамасында. Солтүстік-батысында Сарышаған шығанағы орналасқан. ## Дереккөздер
Энггандар — Индонезиядағы этникалық топ. Суматра жағалауындағы Энгано аралында тұрады.Жалпы саны – 1000 адам (1999 ж.), жыл сайын азаюда. ## Тілі Аустронезия тілдерінің Батыс Зонд аймағының суматран тармағының энггано тілінде сөйлейді. ## Діні Дінге сенушілердің діни көзқарастары: сүнниттік мұсылмандар, кейбірі христиандар, дәстүрлі сенімдер. ## Шығу тегі Энгано - ең көне суматран тайпаларының бірі. Этникалық жағынан олар Ява мен Суматраның байырғы тұрғындарына жақын, олардан Энганоға көші-қон ағындары болды. Энганоларға ең антропологиялық туысқан халықтар – батактар ​​мен ниастар, ал одан да алыстары – абунгтар мен пубиандықтар. ## Кәсібі Олар қолмен атқарылатын егіншілікпен (жүгері, маниок, банан, кокос және саго пальмалары), жағалаудағы балық аулаумен айналысады. Тасбақа аулап, тауық өсіреді. Қолөнерден – тоқу, керамика, ағаш ою, бетперде мен алқа жасау, кілемше тоқу және моншақтан жасалған зергерлік бұйымдар жасау, ағаш өңдеу дамыған. ## Өмір салты Ауылдық қауымдастық сақталған. Қоғамдастықтарды сайланған ауылдық кеңестер басқарады. Отбасы матрилокальды. Энгано елді мекендері шашыраңқы орналасқан. Тұрғын үйлер қаңқалы, қадалы, төртбұрышты (бұрын олар дөңгелек болған), қабырғалары мен шатыры қатты жапырақтармен жабылған. Энгано ерлері әртүрлі ұзындықтағы орама маталар каин киеді, ал каиннің ұзындығы оның иесінің экономикалық жағдайын көрсетеді. Әйелдер әрқашан ұзын каин киеді. Ерлерге арналған сырт киім – жеңі ұзын және бос жағалы жейде, әйелдерге – жағасыз көйлек. Энгано тағамының негізін көкөністер құрайды, күріш сатып алынады. ## Дереккөздер
* Құлан ауылдық округі — Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы әкімшілік бірлік. * Құлан ауылдық округі — Қарағанды облысы Нұра ауданындағы әкімшілік бірлік.
Бәйтерек ауылдық әкімдігі – Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Тарихы Бәйтерек ауылдық округі 2013 жылы құрылып, Сарыкемер ауылдық округінің құрамынан Сарыкемер ауылының солтүстік бөлігіндегі Мәмбет батыр көшесінің тақ сан нөмірлі үйлер жағы және Қосақ, Базарбай ауылдары берілді. 2021 жылы Сарыкемер ауылының солтүстік бөлігіндегі Мәмбет батыр көшесінің тақ сан нөмірлі үйлер жағы Сарыкемер ауылдық округінің құрамына кері қайтарылды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Базарбай, Құсақ ауылдары кіреді. Орталығы – Сарыкемер ауылы. ## Дереккөздер
Майқамыс – Балқаш көлінің солтүстік-шығыс жағалауындағы шығанақ. ## Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданы аумағында орналасқан. Ең жақын елді мекен – Саяқ темір жол стансасы (Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының қиыр оңтүстік-шығысында) 30 км жерде. ## Сипаты Құрлыққа сұғына еніп жатқан шығанақтың ұзындығы 10 км, енді жері 2,5 км шамасында. Шығысында Сарымсақты шығанағы жатыр. Батыс жағалауында өзімен аттас қыстау орналасқан. Солтүстік және шығыс жағалауының біраз бөлігі көтеріңкі жарқабақты келген. Қарағанды облысымен шектесетін батыс бөлігінде (7 км жерде) демалыс аймағы орналасқан. ## Дереккөздер
«Көкпар» — қазақ кескіндемешісі Қанапия Телжановтың 1960 жылы салған суреті. Мұнда қоңыр және жасылмен берілген жер беті, көк пен сарғылтқа боялған аспан, қып-қызыл көйлектегі топ бастаған адам және гүлденген көкнәрлер суреттің белсенді түстік гаммасын аңғартады. Қозғалысқа толы сюжет көшпенділердің рухани бостандыққа ұмтылысын айғақтайтындай болады. Ептілік пен батылдық талап ететін халық ойыны жігіттерге күш көрсетудің мерекесіне айналған. Қылқалам шебері қазақ халқының еркіндікті сүйетінін өз шығармасында көрсете білген. Тура көрерменге қарай гүрілдеген селдей атқа мінген топ жөңкіліп келеді. Алдыңғы жақта төрт салт атты олжаға таласып жатыр, олардан сәл артта шапқан басқа ойыншыларды да көреміз. Сол жақта, гүлденіп жатқан кең даланың бір шетінде жерге батыңқырап қалған балбал байқалады; ең шетінде, көкжиектен сәл бері құрылыс алаңы көрініп тұр. Өнертанушы Е. Вандровскаяның айтуынша, «сюжетке қарағанда біз бұл суретті тұрмыстық жанрға жатқыза алатын сияқтымыз, алайда тереңіне бойлап, мағыналық мазмұнды алсақ, бұл сөзсіз тарихи сурет екенін түсінеміз». Екі жыл бұрын салынған «Атамекен» суретімен өлшемдес болған бұл туынды Телжанов қылқаламынан шыққан көкпар тақырыбындағы көп нобайдың қорытындысы болып келеді. ## Дереккөздер
Қарасай үңгірі – Қаратау жотасының оңтүстік беткейіндегі карсты үңгірлердің бірі. ## Географиялық орны Түркістан облысының Бәйдібек ауданы жерінде, Кентау қаласының оңтүстік-шығысында 6 км жерде орналасқан. ## Сипаты Үңгірдің ұзындығы 200 м, ені 15 м, биіктігі 20 м. Ортаңғы палеозой дәуірінің әктасты қабатты судың шаюынан пайда болған. Мұнда бірнеше бүйірлік үңгір, тармақталған қуыстар және әр түрлі бейнедегі сүңгілер (сталактиттер) бар. Туристік экскурсия жасауға, сондай-ақ спелеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге қолайлы орын. ## Дереккөздер
Көтеш Райымбекұлы (1745, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 1818, сонда) – халық ақыны. Алғаш рет 17 жасында Абылай ханға қарсы бас көтерген Мейрам руын мадақтаған өлеңі арқылы аты шығады. Оның өлеңдерінің көпшілігі шешендік, нақыл, жұмбақ түрінде халыққа көбірек тараған. Ақынның өлеңдерін зерттеп-жинаушылар: Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Бозтай Жақыпбаев, Ғалымжан Мұқатов. Көтештің шығармалары көркемдік құндылығы жоғары, идеясы терең, мазмұнды болып келеді. “Абылай, Ботақанды сен өлтірдің”, “Күркелінің бауыры күнде дауыл”, “Сексен ерікке қоймады-ау, қалжыратып”, “Қартайғанда қатының дұшпан болады”, “Кәрілік, жылы-жұмсақ ас жарай ма”, “Қыз бен Көтеш”, “Көтештің Кіпіне қызбен айтысы”, “Көтештің Зағипамен айтысы” деген айтыс өлеңдерінде көшпелі халық өмірінің шындығы көрінсе, екіншіден, тоғышарлықты келекелеп, астарлы сөзбен әжуалап отырғаны байқалады. Ақынның бірқатар өлеңдері мен айтыстары “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1961), “Алдаспан” (1971), “Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы” (1985) атты жинақтарда жарияланды. ## Өмірбаян Көтеш — ХVІІІ ғ. өмір сүрген ақын. Қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туып-өскен. Арғы атасы — Тұрлыбек. Арғын тайпасы Сүйіндік руының Күлік бөлімінн шыққан. Ол ақындықпен жас кезінен шұғылданған. Әуелі елдегі айтыс дәстүрі бойынша танылып, арнау өлеңдер айтып жүрген. Кейін әлеуметтік мәселелерге үн қосып, елінің тарихын, жауға қарсы жорықтарын, өз дәуірінің келелі мәселелерін көтеріп отырған. Көтеш нағыз ақпа ақындарға тән қасиеттермен танылып, сол ақындар поэзиясы үлгісін ұстаған, қара өлең, қайым өлең жанр түрлерін байытқан. Ақынның бізге мәлім шығармалары осыған дәлел. Өзінің мазмұны жағынан әлеуметтік, қоғамдық, тұрмыстық мәселелерді кеңінен көтеріп, әр түрлі лирикалық өлеңдерін шығарған. Ақындарша айтысып, арнау, ойнақы терме, сынай арнаулар да айтып жүрген. Қалмақтың қазақ жерін босату күресіне белсене араласқан әрі батыр, әрі ақын саналған ол Жасыбай, Олжабай батырлар бастаған Сүйіндіктердің қалың қолдарымен бірге жүріп, әрбір күрес нәтижелерін сөз еткен. Аталмыш батырлар туралы ұзақ жырларды толғап жүрген. Көтеш — өлеңді көп шығарған төкпе ақын. Оның әлі жиналмай, ел аузында жүрген сөздері көп. Ақын шығармалары өз кезінің талай тақырыптарын көтеріп, ішкі-сыртқы ел қайшылықтарына үн қосқан. Ол өз еліндегі кемтарлар тұрмысын, әлеуметтік теңсіздіктерді де, халықтың мұң-шерлерін де толғана жырлады. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасынан мол хабардар Көтеш сол ауыр оқиғаны тебірене толғап, халық қайғысына үн қосады. Қалмаққа қарсы соғыс аяқталып, ішкі егестер қозған кезде Көтеш Абылай ханға наразы ерлер жағында болып, сол ханға қарсы топтың сойылын соғып, Бөгенбай, Қазыбек, Олжабай бастаған топпен бірге Абылайдың өзімшіл өр мінездерін бетіне басқан. Ел арасындағы: «Көтештің «Ер Олжабай», «Ботан» атты жырлары болушы еді. Ол жырларында ақын онша мақтамапты ханды. Нәтижесінде ақын көп қуғын да көреді. Өле-өлгенше алдына мал салмай, кедейлік зардабын шегіп өтті. Ақыры елден кетіп, сол қарақшылар қолынан қаза тауып еді» деген аңыздар осыны аңғартады. Көтеш ел адамдарына қаратып арнау өлеңдерін шығарып жүрген. Еліндегі Тінәлі, Тышқанбай, Қапан деген байлар сыйлығына байланысты айтқан өлеңдерінде мейірбандықты, кең пейілділікті жақтайды. Өзін-өзі зор тұтып, басқаны менсінбеген мырзаларға да Көтеш өткір мысқылдар арнап отырған. Торайғыр биге айтқан сөздері де өткір. Ақын мінер атқа, ішер асқа зар болып өткен. Бұған оның өлеңдері де айғақ. Қартая келе ол келін-балаларына риза болмай, оларға наразылығын білдіріп өлеңдер шығарып жүріпті. Балаларын жақтап, өзін күтпеген кемпіріне айтқан өлеңдерінде де ол өзінің ақындық қабілетін танытады. Көтеш айтысқа да түсіп жүрген. Бізге оның қыпшақ қызымен, Күнікей, Зағипа, Қания қыздармен тіл қағысулары жеткен. Ол өлеңсіз сөз сөйлемеген. Кез келген сөзін тұспалдап, өлеңдете жөнелетін қас жүйріктің өзі болған. Қазақ әдебиетінде Көтеш ақын мұрасының алар орны ерекше. ## Дереккөздер
Тәтіқара (1705, қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданы – 1780, сонда) – ел бастаған көсем,аға батыр, әрі ақын, қазақ жыраулық өнерінің белді өкілі. Абылай ханның ақылшысы ретінде біршама уақыт хан сарайында тұрған. Руы — Уақ. Олжабай, Бөгенбай батырлардың қалмаққа қарсы жорықтарына қатысып, олардың ерлік істерін мадақтаған, толғауларында жауынгерлерді табандылыққа, төзімділікке үндеген. 1756 жылғы Цин империясы басқыншылары мен Абылай сарбаздары арасында өткен соғысты сипаттаған жалынды жырлары (“Қамыстың басы майда, түбі сайда”, “Кебеже қарын, кең құрсақ”, т.б.) Тәтіқара есімін халыққа кеңінен танытты. Өткір мінезді Тәтіқара ел билеген ханның осал жақтарын сынап, батыр-бектердің кемшін тұстарын беттеріне айтып отырған. “Кеше тоқыраулы судың бойында” атты толғауында ол “Ат құйрығын күзеңдер, Аллалап атқа мініңдер, Ханталау қылып алыңдар” деп халықты күреске шақырады. Бұдан кейін Абылай мен ақын арасы алшақтап, Тәтіқара сарайдан біржола қуылады. Жасы ұлғая келе жағдайы ауырлап, жоқшылық көреді. Алайда ақын қиыншылыққа мойымаған, ханға бас имеген. Бұған көңілін сұрай келген билерге айтқан “Ассалаумағалейкум, жайсаңдар мен қасқалар” дейтін жыры дәлел. ## Дереккөздер
Марғасқа Жырау (туған-өлген жылы белгісіз) — қазақ ақыны. Қазақ поэзиясында жауынгерлік рухты жырлап, көне дәстүрді жалғастырған жыраудың өмірі мен өлеңдерінің туындауы туралы нақты деректер сақталмаған. Шыққан тегі Орта жүз, Найман тайпасының Матай руынан. Ол Есім ханның жорық жырауы, қол бастаған батыры болған. Ташкент өңірін билеп тұрған Тұрсын ханның Есім ханға қарсы бүлігін басуға қатысқан (1627). Марғасқа Жыраудың бізге жеткен санаулы ғана жырлары оның от тілді, орақ ауызды жырау болғандығын көрсетеді. «Ей, Қатағанның хан Тұрсыны» атты өлеңінде Ташкент ханының қазақ ауылына опасыздықпен шабуыл жасағанын, жазықсыз жандарды қырып-жойғанын бетіне басады. Марғасқа жырау Қазанғап Байболұлының құрастырып жазып шыққан "Еңсегей бойлы ер есім" атты тарихи жырды алғаш жырлаушы болған деген болжам бар. Бірақ оның «Ей қатағанның Тұрсын ханы» деген 13 жолдан тұратын жыры ғана ауызша сақталған. Басқа жазбалары кездеспейді. Қазанғап Байболов «Еңсегей бойлы ер есім» атты дастанын Бекасыл әулиенің «Жаныс шежіресі» тарихи-шежіре кітабының желісі бойынша жазылғанын ескерте кетейік. Қазанғап жырау одан басқа Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Шойбек датқа, Астай имам, Арғынбай Баймағанбетұлы, Ботбай Тұрта, қара молда Еркебек, сияқты авторлардың жазбасын пайдаланғаны жөнінде сілтеме жасаған. 1940 жылы жазбаларының ұрлануына байланысты Қазанғап жырау 1941 жылы көктемде Ұлттық ғылыми кітапханасы тарихи қолжазбалар қорына «Еңсегей бойлы ер есім» және «Төле бидің тарихы» деген екі дастанын тапсырған. Авторлық құқығы бекітілген. Есім хан ордасы қазіргі Төле би ауданы, Кеңесарық ауылының жанындағы «Төрткүлтөбе» деген жерде болған. «Қатаған қырғыны» атты Есім хан мен Тұрсын ханның соғысы осы аудандағы Саңлақ, Дабырашылы, деген жерде өткен. Саңлақ — Майбұлақ, Қазақстан ауылының арасындағы Сайрамсу мен Балдыбірек өзендерінің оң жағасындағы тастақты жердің атауы. ## Дереккөздер
Жанақ Сағындықұлы, кіші Жанақ (1770 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Абыралы ауданы, Қайнар кеңшары, Жақсы Абыралы қонысы - 1856 жыл, қазіргі Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы “Хан сүйегі” деп аталған жер) — ақын. Арғын тайпасының Қаракесек руының Қамбар бұтағынан шыққан. ## Әкесі туралы Әкесі Сағындық сол өңірге белгілі аңшы болған. 1748 - 58 жылдары қазақ-қалмақ соғысында мергендігімен көзге түскен. ## Өзі туралы Жанақ ауыл молдасынан дәріс алып, хадимше хат танып, діни білім алған. Сағындық құсбегі кейіннен Жанақты Түркістан өңіріндегі Қарнақ медресесінде, Ташкент қаласындағы медреседе оқытқан. Жанақ жас кезінен өнер жолына түсіп, домбыра, қобыз тартып, жыр-дастандарды жатқа білген. Жанақ 1790 - 97 жылдары Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып, қозғалыс жаршыларының бірі болған. Туып-өскен жеріне ауылын бастап көшіп, шамамен 1838 - 39 жылдары Ұлытау өңіріне қоныстанады. “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” жырының халық арасына көп тараған нұсқасын сонда айтып, шығарған. 1839 жылы Жақсы Абыралыға көшіп келіп, ел-жұртымен табысады. 1846 ж. жазда ел аралаған поляк А. Янушкевич жазған Жанақ — осы кіші Ж. ақын. Жанақ шығармаларының көпшілігі сақталмаған. “Рүстем төреге” толғауы мен біраз өлеңдері ғана жеткен. ## Дереккөздер
Абыл Тілеуұлы (1777, Маңғыстау — 1864, Маңғыстау, Қаратөбе) — халық арасында кең танылған ақын. Әкесінің есімі — Тілеу, атасының есімі — Өтембет. ## Өмірбаяны Абыл Тілеуұлы - 18 ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген бұрынғы ақын-жыраулардың дәстүрін жалғастырушылардың бірі, суырыпсалма-ақын. Ол Маңғыстауда туып-өсіп, бүкіл Атырау аймағына танылған ақын. Әкесі Тілеудің тұрмысы төмен болған. Адай руының Келімберді бөлімінен шыққан. Абыл Атырау аймағын, қарақалпақ, түрікмен елдерін аралап, өзі тұтас ақындармен өнер сайыстырған. ## Шығармасы Бұрын әдебиетте Абылдың «Арғымақ атта сын болмас», «Ескерту» дейтін толғаулары ғана мәлім болатын. Ғалым Қ.Сыдиықов 1965 жылы оның өмір жолын, тағы екі-үш толғауын Сәттіғұл ақыннан жазып алған. Абылдың табылған жырлар түгел дерлік 1967 жылы «Қазақ әдебиеті хрестоматиясында», 1972 жылы «Ақберен» жинағында басылып шықты. Одан басқа Абылдың өлең, толғаулары “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1957), “Өсиет-нама” (1982), “19-ғасырдағы қазақ поэзиясы” (1985), “Бес ғасыр жырлайды”, “Жыр-дария” (1995) жинақтарында жарияланған. Абылдың көп өлеңдері ұмытылған. Бізге жеткені оның өмірінің соңғы кезеңіндегі шығарған арнау ретіндегі толғаулар мен бірлі-жарым нақыл сөз, термелері ғана. Осы бар азды-көпті шығармаларына қарағанда, Абыл өз заманындағы әдебиетке айтарлықтай үлес қосқан талант иесі екенін байқаймыз. Абылды өзінен кейінгі көп ақындар жақсы білген, өздеріне ұстаз тұтқан. Мұрат, Нұрым, Қашаған, Ақтан, Сәттіғұл сияқты бір топ ақындар легі Абылдың талантына бас иген. Ақын жырлары Қарақалпақстан, Түрікменстан, Иран, Ауғанстан, Түркия елдеріндегі қазақтар арасында да кеңінен мәлім болған. Маңғыстауда өмір сүрген түрікмен шайыры Хатаммен және Есет, Махамбет, Шернияз, Есенбақ сияқты айтулы қазақ ақын-жыраулармен достық қарым-қатынаста болып, ниеттес жүрген. Оның өлеңдері негізінен ауызша таралған. Алғаш баспа бетін көрген толғау - 1924 жылы басылып шыққан «Арғымақ атта сын болмас» атты өлеңі. Шығармаларының негізгі арқауы—адамгершілік пен елдік, ерлікті дәріптеу (“Сексеннің біз де келдік жетеуіне”, “Отырған қарсы алдымда Қанымайым”, “Қар жауар күн-түн оның қабағынан”). Абыл Хиуа ханы Аллақұл өктемдігіне қарсы бұқара ызасын бейнелеп, ел қорғаған ерлерді жыр еткен (“Сүйінқараны жоқтау”, “Құлбарақ батырға”). “Арғымақ атта сын болмас”, “Естірту”, “Кәрілік” т. б. терме, толғаулары - өмір сырын бейнелейтін көркем ақыл, нақыл, насихатқа құрылған өнегелі, өсиет сөздер. «Сексеннің бізде келдік жетеуіне», «Отырған қарсы алдымда Қанымайым», «Қар жауар күн-түн оның қабағынан» атты шығармаларында хан-сұлтандардың теріс қылығын әшкерелеу, ел қамын жеу, ізгілік, адамгершілік мәселелері сөз болады. Өмірінің соңғы кезінде Баймағамбет, Қайыпалды сұлтандармен кездесіп, бетпе-бет айтқан батыл сөздеріне қарағанда, ол шындықты айтудан тайынбаған, хан алдында қасқайып тұрып, оның мінін көрсетуге батылы жеткен ақын. Абыл Тілеуұлы - айтыстың да шебері. Бізге «Балдай қызбен айтысы», «Сушы қызбен сөз жарыстыруы», «Нұрымды сынауы», «Шерниязбен кездесуі» деген айтыстары жетіп отыр. Абыл - шешендікте алдына жан салмаған, тәжірбиесі мол, көп жасап, сан-саналы өлең шығарып өткен саңлақ ақындардың бірі. Ол - өз дәуірінің елеулі мәселелеріне үн қосып, Сыпыра жырау негізін салған “Қырымның қырық батыры” сияқты батырлық дастандарды дамыта жырлаған. ## Дереккөздер
Қобылан Бөрібайұлы (1760, Павлодар облысы Баянауыл ауданы - 1840, сонда) - ақын. Арқаға аты мәлім Бөрібай ақынның баласы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Құлболды бөлімінен шыққан. "Кедейлік жас кезімде келмеп едің", "Бұл дүние алуан-алуан заман екен", "Шоң биге", "He жаман", "Айхай, кәрілік", "Қадір-құрмет тоқтықта", "Әудем жер", "Заман", т.б. өлеңдері сақталған. ## Дереккөздер
Иманжүсіп Құтпанұлы (1863 жыл, Павлодар облысы, Ақсу ауданы – 1929 жыл, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы) — халық композиторы, әнші, ақын. Қыпшақ тайпасының Торы руынан шыққан. Атасы Тұрғанбай датқа (1804 – 1850) Түркістан қаласы маңындағы Шілік өңірінің биі болған. Әкесі Құтпан Кенесары Қасымұлы көтерілісіне қатысқан. Иманжүсіп жас кезінен-ақ жырға, шешендік сөзге құмар болып, сал, серілер дәстүрін ұстап, саятшылық құрып, палуан атанады. Иманжүсіп суырып салма ақын, әнші болған. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мәди әндерін тамылжыта шырқаған. Жаяу Мұса Иманжүсіппен талай рет жүздесіп, ақыл-кеңес берген, оған өлең де арнаған. Патшалық Ресей өкіметінің қысымына шыдамаған Иманжүсіп 19 ғасырдың аяқ шенінде Ақмолаға келеді. Мұнда да әкімдердің зорлығына, әділетсіздігіне шыдамай, оларға шығарған өткір өлеңдерін айтады. Жалған жаламен тағы да қуғынға түседі. 1905 – 12 жылдары Өскеменге, 1914 жылы Жетісуға жер аударылады. Шұбарағаш, Ойжайлау, Лепсі, Қапалда тұрып, бірнеше рет жауапқа тартылған. Иманжүсіп 1913 жылы атамекеніне оралып, Сырдария губубернясының Шиелі болысына қоныстанған. Кеңес дәуірінде тағы да қудалау көрген Иманжүсіп Сарысуға көшіп, 1930 жылы 20 желтоқсан күні тұтқындалған. 2.3.1931 ж. ОГПУ жанындағы үштіктің шешімімен атылып, 1990 жылы толық ақталған. Иманжүсіп – Жаяу Мұса, Мәди сияқты әділет, теңдікті жырлаған күрескер әнші. Оның кең ауқымды әндері Арқада, Жетісуда кең таралған. “Сарымойын”, “Бұғалы мен Тағалы”, “Ішім өлген, дүние-ай, құр сыртым сау”, “Әкем Құтпан болғанда, ағам Шонай”, “Қысырақтың үйірі жирен ала”, “Мен қалайша жалғанда тұрақтайын”, т.б. әндері өр үнді әншінің азаматтығын танытады. Оның әндерін А.В. Затаевичке Қ.Байжанов, Қ.Байсейітов, И.Байзақовтар нотаға түсірткен. Затаевич Иманжүсіптің бірнеше әндерін жазып алып, “Қазақ халқының 1000 әні” атты жинағына енгізген. Соңғы жылдары Иманжүсіптің жаңа әндері де табылып отыр. “Сейфүл-мәлік”, “Сарыарқа” (4 нұсқасы), “Сарыбел”, “Ерейментау” (2 нұсқасы), “Болған жастан” (2 нұсқасы), т.б. әндері әр жылдарғы фольклорлық экспедициялар кезінде жазылып алынған. “Сармойын” әні Е.Г.Брусиловскийдің “Қыз Жібек” операсында (Бекежан ариясы) пайдаланылды. 2001 ж. жарық көрген “Иманжүсіп” (авторы Р.Көшенова) атты кітапқа Иманжүсіп әндері толық енген. ## Дереккөздер
Серәлі Еруәліұлы (1835, қазіргі Қостанай облысы Қарабалық ауданы — 1876, сонда) — айтыс ақыны. Суырыпсалма өнерімен елге танылып, өз заманының белді ақындары Орынбаймен, Ұлбикемен айтысқан. Серәлінің “Уа, дүние, мұнша қатты еттің мені”, “Біреуге жүз салмақты қиын білдім”, “Дос емес, дос сыртынан жамандаса”, “Дүние жарға ойнаған лақтайсың”, “Сұлушаш”, т.б. өлең, толғаулары заман ағымын, достық, адамгершілік, имандылық секілді қасиеттерді жырлауға арналған. Серәлінің Орынбаймен айтысының екі нұсқасы сақталған. Алғаш бұл айтыс 1914 ж. Қазан қаласында жарық көрген “Қазақтың айтысқан өлеңдері” жинағында, екінші нұсқасы 1931 ж. Сәкен Сейфуллин құрастырған “Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары” атты жинақта жарияланды. “Айтыс” (1965, 1-т.), “Қазақ халық әдебиеті” (1988, 2-т.), “Бес ғасыр жырлайды” (1984, 2-т.) жинақтарында сөз қағысулары мен өлеңдері жарық көрген. Серәлінің ақындық талантын Сәбит Мұқанов, Мұхтар Мағауин, т.б. жоғары бағалады. Шығармалары ҚР ҰҒА ОҒҚ қорында сақтаулы. ## Дереккөздер
Мансұр Бекежанов - (1875, Қызылорда облысы Шиелі ауданы Үлгілі ауылы - 1933, Өзбекстан, Наманган қаласы) - ақын. "Гауһар-жауһар", "Талап", т.б. дастандары бар. Қарақалпақтың белгілі ақын қызы Дәме Тобақылқызымен айтысы (1910) бірнеше жинақта (1936, 1942, 1965) жарияланған.Бригадалар ұйымдастырған. "Сараң байға", "Мырзалық емес", "Жесір дауы", "Бір қойшыға", "Сүйінші", "Сыр", "Ақ алтынды аймағым", "Колхозшыларға", "Мұздыбалақтарға", т.б. өлеңдері, "Толкын", "Нартай сазы", "Ахау, жалған", "Нартайдың әні" әндері ұлттық ән өнерінің алтын қорына қосылды. Шығармалары "Домбыра сазы" (1950), "Өлеңдері мен айтыстары" (1950, 1956), "Өсиет" (1982), "Аманат" (1990) деген атпен жеке кітап болып шықты. "Қүрмет белгісі" орденімен (1945), медальдармен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қызылорда облысы қазақ драма театрына Бекежанов есімі берілген (1970). Осы облыстағы Шиелі ауданында Бекежанов ауылы бар. ## Дереккөздер
Талдысай ауылдық округі – Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Тарихы 1997 жылы Талдысай ауылдық округі (орталығы Талдысай а.) таратылып, Бұлақ ауылдық округіне (орталығы Алпайсай а.) қосылды. 2017 жылы Бұлақ ауылдық округінен қайта бөлініп, жеке ауылдық округ болып құрылды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Талдысай ауылы кіреді. Орталығы – Талдысай ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 918 адамды құрады. ## Дереккөздер
Әкірам Меңліғалымұлы Ғалимов (17.11.1892, Астана - 7.8.1913, Ресей, Челябі облысы Троицк қаласы)- ақын, жазушы, драматург, педагог. 1905 жылы Троицкідегі "Рәсулия" медресесінде оқиды. Медресенің бастауыш бөлімін бітірген соң,Қостанай маңына қоныс аударып, қазақ балаларын оқытқан. 1911 - 13 ж. тұңғыш қазақ журналы "Айқапта" қызмет істеген. Тырнақалды өлеңдері осы басылым беттерінде жарық көрген. Туындыларын татар және қазақ тілдерінде жазған. Қазақ тілінде "Жастық жемістер" (1912) өлеңдер жинағын жариялап, "Бақытсыз сұлу" повесін, татар тілінде "Май мәселесі" (1913) атты сықақ пьесасын жазған. Сонымен қатар "Ақмола", "Шора", т.б. журналдарда көптеген өлең, әңгіме, мақалалары басылып турды. Әкірамның "Замандастарға", "Қыста", татар тілінде жазылған "Бақытсыз сұлу", т.б. шығармалардың авторы. Ағылшын ақыны Джордж Байронның, татар ақыны Ғ.Тоқайдың біркатар өлеңдерін қазақ тіліне аударған. ## Шығармалары: * Жастық жемістері, Қазан. 1913; * Бейшара қыз, "Айқап", 1912, №11; * Өкініш, "Айкап", 1911, №10; * Қыс, "Айқап", 1912, №1, Троицк. ## Дереккөздер
Мұхамеджан Сералин (1872, қазіргі Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылы — 8 қараша 1929, Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылы) — ақын, жазушы, журналист, публицист, қазақ журналистикасының атасы. ## Өмірбаяны Қожа руынан шыққан. * Троицкідегі медреседе оқыған (1880) * Қостанайдағы 2 кластық орыс-татар мектебін бітірген (1891). * 1911 — 1918 жылдары Троицкіде “Айқап” журналын шығарды. * 1919 — 1920 жылдары “Ұшқын” газетінде қызметкер, * 1921 жылы Қостанайдағы Шұбар болыстық атқару комитеттінің төрағасы, * 1922 — 1923 жылдары Қостанай губаткомы төрағасының орынбасары, * 1923 — 1926 жылдары “Ауыл” газетінің редакторы қызметтерін атқарған. ## Шығармашылығы Сералиннің журналистік қызметі екі кезеңге бөлінеді: * 1-кезеңіне “Айқап” журналында төңкеріске дейін басылған 40-қа жуық мақалалары жазады. * 2-кезең 1918 – 1928 жылдары аралығын қамтиды, бұл кезеңде “Ұшқын”, “Еңбекші қазақ”, “Ауыл” газеттерінде саясат, шаруашылық, мәдениет мәселелері жайында мақалалары жарияланды. * Алғашқы “Топжарған” (1900) поэмасы қазақ әдебиетіндегі тарихи шығармалар қатарына жатады. Поэмада 19 ғасырдың 30 — 40-жылдарындағы қазақ өмірі, Кенесары, Наурызбай бастаған қозғалыс бейнеленген. * “Гүлқашима” (1909) поэмасы әйел теңсіздігі мәселесіне арналған. Сералин өз шығармаларында Ы.Алтынсариннің ағартушылық-демократия идеяларын қолдады. * Ол Фердоуси “Шаһнамасының” “Рүстем — Зораб” бөлімін В.А. Жуковский (1846 – 1847) нұсқасынан, * сондай-ақ А.Сорокиннің “Жусан” повесін қазақ тіліне аударған (1915). ## Дереккөздер
Кете Жүсіп Ешниязұлы (1871, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы – 1937) – ақын, әнші. Әкесі Ешнияз Сал Жөнелдікұлы (1834 – 1902) белгілі айтыс ақыны, әнші болған. Алшын тайпасының негізін құрайтын Әлімұлы бірлестігінен тарайтын Кете руынан шыққан. А.Затаевич “Қазақтың 1000 әні” атты жинағында (Орынбор, 1925) Ешнияздың алты әнін жариялаған. Әке өнегесін жалғастырған Кете Жүсіпон төрт жасынан жыр айтып, ән салды. Өлеңді жазып та, суырып салып та шығарады. Шәкей сал, Ырысты қыз, Қалыш келіншек, Қаңлы Жүсіп, Құлназар, т.б. сыр бойының ақындарымен айтысы, “Шаїзада” (1911), “Сұр мерген” (1915) атты дастандары бар. Кете Жүсіпкеңестік кезеңде де көптеген шығармалармен бірге “Барымта” (1923), “Өткен заман” (1925) атты поэмаларын жазды. Оның өлеңдері (“Бүркіттің сыны”, “Әлеумет келді жиналып”, “Өсиет”, “Білімді туған артық перизатым”) шымыр ұйқастарымен, тақырып ауқымдылығымен, тәрбиелік мәнімен құнды. ## Дереккөздер