text
stringlengths
3
252k
Берекет атырабы (түрікм. Bereket etraby) — Түрікменстанның Балқан уәлаятындағы атырап. ## Географиясы Тұщы көлдері: Қарадөңгелек және т.б. ## Тарихы 1925 жылы қаңтарда орталығы Қазаншық станциясында болған Түрікмен АКСР Полторацк округіне қарасты Қазаншық ауданы болып құрылды. 1926 жылы тамызда Полторацк округі таратылып, Қазаншық ауданы Түрікмен КСР тікелей бағынышты болды. 1939 жылы қарашада Қазаншық ауданы жаңадан құрылған Балқан облысына берілді. 1947 жылы қаңтарда Красноводск облысы жойылып, аудан Ашхабад облысына берілді. 1952 жылы сәуірде Балқан облысы қалпына келтіріліп, Қазаншық ауданы қайтадан оның құрамына енді. 1955 жылы желтоқсанда Балқан облысы қайтадан жойылып, аудан қайтадан Ашхабад облысының құрамына енді. 1959 жылы мамырда Ашхабад облысы таратылып, облыс Түрікмен КСР тікелей бағынышты болды. 1973 жылы желтоқсанда аудан қалпына келтірілген Балқан облысына берілді. 1988 жылы Балқан облысы қайтадан жойылып, облыс Түрікмен КСР тікелей бағынышты болды. 1992 жылы Қазаншық ауданы Балқан уәлаятының құрамына еніп, алдымен Қазаншық атырабы, содан кейін Берекет атырабы болып өзгертілді. ## Дереккөздер * Дүниежүзілік тарих жобасы
Мақтұмқұлы атырабы (түрікм. Magtymguly etraby) — Түрікменстанның Балқан уәлаятындағы атырап. 1926 жылы қаңтарда орталығы Қарақала бекінісінде болған Түрікмен КСР Полторацк округіне қарасты Қарақала ауданы болып құрылды. 1926 жылы тамызда Полторацк округі жойылып, Қарақала ауданы Түрікмен КСР тікелей бағынышты болды. 1939 жылы қарашада Қарақала ауданы жаңадан құрылған Ашхабад облысына берілді. 1959 жылы мамырда Ашхабад облысы таратылып, аудан Түрікмен КСР тікелей бағынышты болды. 1963 жылдың қаңтарында Қарақала ауданы таратылды, бірақ 1965 жылдың желтоқсанында қалпына келтірілді. 1973 жылы желтоқсанда аудан Балқан облысына берілді. 1988 жылы тамызда аудан таратылды. 1990 жылдары Қарақала ауданы қалпына келтіріліп, Балқан уәлаятының құрамына еніп, алдымен Қарақала атырабы, 2005 жылы Мақтұмқұлы атырабы деп аталды. ## Дереккөздер * Дүниежүзілік тарих жобасы
Күн (таңбасы: ) — Күн жүйесінің орталық денесі, Жерге ең жақын жұлдыз. Күн – спектрлік класы G2V, абсолют жұлдыздық шамасы +4,83 болатын сары ергежейлі жұлдыз. Ол біздің Галактика центрінен 9 – 10 кпк қашықтықта орналасқан. Жақын жұлдыздармен салыстырғанда Күн 1,97х104 м/с жылдамдықпен Геркулес шоқжұлдызы бағытында қозғалады; Галактика центрін 230 млн. жылда бір рет айналып шығады. Бүкіл күн жүйесі массасының 99,866%-ы Күнде жинақталған. Жерден Күнге дейінгі орташа қашықтық 1,496x1011 м. Күн – қызған газды шар (центріндегі температура 107 К, тығыздығы 105 кг/м3). Күн ішінде өндірілетін энергияның орташа мөлшері 1,88x10–4 Вт/кг. Күннен Жер орбитасы бірде алыстап, бірде жақындауына байланысты Күннің көрінерлік радиусы жыл бойы өзгеріп отырады. Күннің активтілігімен байланысты болатын магнит өрісінің кернеулігі Күн дақтарында 100 кА/м-ге жетуі мүмкін. Күнде өте кең тараған элемент – сутегі. Оның атомдарының санынан гелий атомдарының саны 7 – 8 есе аз, ал қалған өзге элементтердің саны сутек атомдары санынан 1000 есе аз. Күн құрамында басқа элементтерге қарағанда оттек, көміртек, азот, магний, кремний, темір басымырақ. Күннің тікелей бақылауға келетін сыртқы қабаттары, оның атмосферасын қалыптастырады. Күннің сәулесі (сәуле шығаруы) түгелдей дерлік Күн атмосферасының төменгі бөлігінен шығады, оны фотосфера деп атайды. Фотосфераның қалыңдығы 100 – 300 км. Фотосферадағы температура сыртқы қабат бағытына қарай төмендейді, шектік мәні  4500 К, орташа тығыздығы 2x10–4 кг/м3. Фотосфера қойнауындағы энергия сәулемен және сондай-ақ конвекциямен де тасымалданады. Фотосфераның жарықтығы біркелкі емес, түйіршікті (құрылымы гранулалы) болып келеді. Гранулалар – дөңгелек пішінді жарық дақ түрінде болады, орташа мөлшері  700 км-дей. Гранулалардың өмір сүру мезгілі не бәрі 5 – 10 минуттай, кейбір гранулалар 3 сағатқа дейін сақталады. Фотосферада бұдан да ірірек, өлшемі  3104 км болатын түзілімдер (гранулалар жиынтығы) де кездеседі. Фотосфераның үстінде, Күннің көрінетін жиегінен 14 мың км-ге созылып жатқан хромосфера қабаты орналасқан. Оның тығыздығы фотосфера тығыздығынан әлдеқайда аз (шамамен 10–10 – 10–11 кг/м3), әрі биіктеген сайын сиреп отырады, температурасы миллион градусқа дейін өседі. Хромосферадан жоғары, Күн атмосферасының ең сиретілген бөлігі күн тәжі орналасқан. Оның биіктігі бірнеше Күн радиусына тең. Фотосферада Күн дақтары мен жалын шудаларын бақылауға болады. Күн дақтары, көбінесе, қара қоңыр түсті ядролар мен оларды қоршаған шала көлеңкелерден тұрады. Олардың диаметрі 200 мың км-ге дейін жетеді. Дақтардың температурасы 4500°С-қа жуық, яғни өздерін қоршаған фотосфераның температурасынан төмен. Дақтардың жарықтылығы фотосфераның жарықтылығынан 2 – 5 есе төмен, сондықтан олар қарапайым көрінеді. Күн дақтары гелиографиялық ендіктің 45°-ына дейінгі аймақта ғана кездеседі және олар бірнеше күннен бірнеше айға дейін өмір сүреді. Жалын шудалары – фотосфералық құбылыс. Олар әсіресе, Күн дискісінің жиегінде, ақ жарықтың фонында жақсы көрінеді. Жалын шудалары, кейде бірнеше сағат ішінде едәуір өзгеріске ұшырап отыратын күрделі талшық түрінде байқалады және олар фотосферадан жоғарырақ орналасады, температурасы да жоғары болады. Күн дискісінің жиегінде газ бұлты – протуберанц байқалады. Протуберанцтардың спектрі Н, Са, Не және металдардың әлсіз сызықтарынан тұрады. Олардың ұзындығы кейде 1 млн. км-ден асады. Протуберанцтар жарқыраған газдардан құралады. Олар әр түрлі пішінде (тамшылар, фонтандар, бұлттар, доғалар, т.б. түрінде) кездеседі; Күн бетінен орташа биіктігі 30 мың км-ден 50 мың км-ге дейін жетеді. Хромосфералық оталу кезінде Күннен шығатын корпускулалық ультракүлгін сәулелер күшейіп, оның әсерінен геомагниттік және ионосфералық ұйытқулар пайда болады. Күн бетінде бақыланатын әр түрлі құбылыстар, шамамен 11 жылдық периодпен (Күн активтілігінің цикліне сәйкес) өзгеріп отырады. Күн активтілігі көптеген геофизикалық құбылыстарға әсерін тигізеді; Жер ионосферасының күйін өзгертеді, осының әсерінен қысқа радиотолқындардың таралу ерекшеліктері, магниттік құйындар, полярлық шұғыла, т.б. пайда болады. Күннің жарығы жерге 8,3 минутта жетеді. Ал ең жақын Кентавр α жұлдызының сәулесі жерге 4 жыл 3 айда жетіп келе алады. Жұлдыздар Жерден өте қашық орналасқандықтан, телескоппен қарағанның өзінде нүктедей ғана болып көрінеді. Айсыз түнде жай көзбен қарағанда 5 мыңға жуық жұлдызды, ал күшті телескоп арқылы миллиардтаған жұлдызды көруге болады. Күн – кәдімгі жұлдыз,сондықтан оны жалпылама зерттеу жұлдыздар табиғатын түсінуге көмектеседі. Ол Күн жүйесіндегі орталық және ең орасан зор дене болып табылады. Күннің массасы Жердің массасынан 333 000 есе үлкен және басқа барлық планеталарды бірге алғандағы массадан 750 есе асап түседі. Күн өздігінен сәуле шығаратын зор энергия көзі. Ол күн жүйесіндегі барлық денелерге – сәуле шашу арқылы күшті әсер етеді: оларды қыздырады, планеталар атмосферасына әсер етеді, жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді, барлық өсімдік пен жануарлар әлемінің өмір сүруін қамтамасыз етеді. Күн энергиясының біраз бөлігі тас көмір, мұнай және басқа пайдалы қазбалар түрінде Жер астында сақталған. Шар тәріздес Күн бізге жарқыраған дөңгелек болып көрінеді. Радиусы Күннің радиусы болып саналатын Күннің көрінетін беті фотосфера деп аталады. Бұл радиус Жердің 109 радиусына тең. Күннің көлемі Жердің көлемінен 1300000 есе артық. Күн бетіндегі физикалық тұрақтының мәні Жер бетіндегіден 28 есе артық және 274 H/кг тең. Күн затының орташа тығыздығы p = 1410 кг/м3, яғни судың тығыздығынан сәл көптеу. Күннің толық сәуле шығару қуаты, яғни оның жарықтығы шамамен 4*1023 кВт. Күннің тиімді температурасы шамамен 6000 К-ге тең. Бірақ жер күннен оның шығаратын энергиясының шамамен 1/2000000000 (0.5*10-9) бөлігін алады. Барлық жұлдыздар сияқты Күн – қызған газ шары. Негізінен, ол гелий қоспасы (он пайыз) бар сутектен тұрады. Күн затты қатты иондалған, яғни атомдар өздерінен сыртқы электрондарын жоғалтқан және олармен бірге иондалған газдың плазманың еркін бөлшектеріне айналған. Күн қойнауында пайда болатын энергия ағыны сыртқы қабаттарға, беріледі және барған сайын көптеген аумақты қамтиды. Осының нәтижесінде, күн газдарының температурасы орталықтан қашықтаған сайын азаяды. Күн атмосферасын шартты түрде бірнеше қабаттарға бөледі. Атмосфераның қалыңдығы 200-300 км болатын ең терең қабаты фотосфера деп аталады (жарық сферасы). Одан Күннің барлығына жуық жарық энергиясы шығады. Сондықтан фотосфераның сыртқы қабаттарының температурасы 8000 К-нен 4000 К-ге дейін қатты салқындайды. Бірақ атмосферадағы осы температура, алдымен жайлап, соңынан тез жоғарылай бастайды. Күн атмосферасының бұл аймағы хромосфера ден аталады. Оның температурасы ондаған және жүздеген мың кельвинге жетеді. Ол күннің толық тұтылуынан сирек болатын сәттерінде, Айдың қара дөңгелегінің айналасында жарқыраған қызғылт жиек түрінде көрінеді. Хромосферада жоғары Күннің радиусындай аралықта Күн газдараның температурасы өзгермейді. Бұл сиретілген және ыстық қабық күн тәжі деп атлады. Күн тәжінің шұғыла шашқан түрін Күн тұтылуының толық фазасы кезінде көруге болады. Осы кезде ол таңғажайып әдемі көрініс береді. Әрі қарай, күн тәжінің газы планета аралық кеңістікте таралып, Күннен тұрақты таралатын күн желі деп аталатын ыстық сиретілген плазма ағынын құрайды. Күннің бақыланатын жарқырауы ұзақ уақыт бойы сақталуы үшін оның ішкі энергиясының жеткілікті қорлары және бұл энергияны сәуле шығару энергиясына айналдырып, өңдейтін процестер қажет. Күн қойнауында термоядролық реакциялар жүреді, оның нәтижесінде әлемдік кеңістікке шығатын энергия мөлшері бөлінеді. Соңғы мәліметтер бойынша Күннің жасы 4 млрд 600 млн жыл болып, ол әлі де 5 млрд жыл жарқырап жануға шыдайды. Оның жарқырауы немесе толық сәуле шығару қуаты осы уақыт аралығында айтарлықтай өзгерген жоқ. Сондықтан күн затының ішкі энергиясының қоры әлі де миллиардтаған жылдарға жетуі тиіс. Күн – Жер байланыстары. Күн Жерде болатын құбылыстарға үлкен ықпалын тигізеді. Ол Жер бетінің негізгі жылу көзі болып табылады. Күн Жерді жарықтандырып және жылытып қана қоймайды, сонымен қатар шамамен 11 жыл сайын болып тұратын күн белсенділігі – бірқатар геофизикалық құбылыстардың тууына жол ашады. Мысалы, зарядталған бөлшектер ағыны Жердің магнит өрісіне қатты әсер етеді және магниттік дауылдар зарядталған бөлшектерді атмосфераның ең төменгі қабаттарына алып келеді, осыдан полярлық шұғылалар пайда болады. Күннің қысқа толқынды сәуле шығаруы радиотолқындардың таралуына күшті әсер етеді, кей кезде родио байланыс бұзылады, Күндегі белсенді процестер жанама түрде органикалық әлемнің, яғни жануарлар мен өсімдіктердің күрделі процестеріне де әсер етеді. Бұл әсерлер мен олардың жүру механизмін қазіргі уақытта түрлі бағыттағы ғалымдар мұқият зерттеуде. Қазақстан Республикасында Күнді бақылау және зерттеу жұмыстары 1950 жылдардан басталды. 1954 ж. бірінші рет коронографтың көмегімен Күн тәжінің ішінде толқын ұзындығы 5303 және 6374 болатын эмиссиялық сәуле шығару сызықтарының барлығы тіркелді. Осы жылы Үлкен Алматы көлінің маңында теңіз деңгейінен 3000 м биіктікте Күн стансасы салынды. Бұл бекет үлкенді-кішілі екі жаңа коронографпен, горизонтальды Күн телескопы, спектрограф және еселік фотогелиографпен жабдықталып, Күн физикасын зерттеуге үлесін қосуда. Күн — G-спектрлік түрлі жұлдыз, оның диаметрі 696 000 km, 333 000 × Жер массасы, 1 300 000 × Жер көлемі, 1410 kg/m3 орташа тығыздығы бар. Экваторы эклиптика жазықтығына 7.25º бұрыш мөлшерімен еңкейіп тұр. Негізінен сутегі мен гелийден құрылған. Көзге көрінетін беті «фотосфера» (температурасы 6000 К) деп аталады. Күн – қатты қызған (беткі температурасы – 6000С), плазмалық шар (тығыздығы 1,4 г/м3). Оның лаулаған от пен протуберанецтер орналасқан тәжі бар. Күннің сәуле шығаруының – күннің белсенділігінің – 11 жылдық циклі бар. Күннің белсенділігінің ең жоғарғы шегінде оның бетінде ерекше көп дақ байқалады. Сутегінің гелийге айналуы кезінде Күннің ішкі құрылысы 1–Гелийлік ядро; 2-конвекция зонасы; 3-хромосфера; 4-фотосфера; 5–кун дақтары; 6-протуберанецтер; 7-тәжтермоядролық реакциялар күн энергиясының көзі болып табылады. Алғаш рет термоядролық реакциялардың жүріп өтуіне қажетті температураны теориялық түрде Артур Эддингтон есептеп шығарған. Неміс физигі Ганс Бете (1967 жылы Нобель сыйлығын алған) Күнде жүретін сутегімен гелийдің термоядролық синтезінің реакциясын есептеп шығарды. Күн жүйесі мен жұлдыздардың пайда болуы жайлы кез келген проблема немесе гипотезаның негізінде, Ғаламның үш фундаменталдық ерекшелігі бар: біріншіден Ғаламдағы заттардың басым көпшілігі сутегіден (75%), гелийден (25%) және басқа да химиялық элементтердің азғантай бөліктерінен құралған; екіншіден Ғаламның кезкелген нүктесінде жұлдызаралық газ және шаң бар; үшіншіден Ғаламда барлық заттар айналмалы және турбулентты қозғалыста (галактиканың формасы спираль тәріздес, жұлдыздар айналуда, планеталар күнді айналады және т.б.). Сондай ақ бізге Күн жүйесінің жасы 5 млрд жылға тең екендігін білеміз. Бұл мағлұмат бізге ғаламның өзіміз орналасқан бөлігінің тарихын елестетуге мүмкіндік береді. Күн жүйесінің пайда болуы жөнінде бірнеше гипотезалар бар. Өткен ғасырда осындай гипотезаны И. Кант ұсынды. Бұл гипотезаны П. Лаплас қолданды. Жақын арада ғана В.Фесенков пен О. Шмидтің жаңа гипотезалары пайда болды. Бұл гипотезалардың басқа гипотезалардаң айырмашылығы, оларға сәйкес планеталар бастапқы ыстық компоненттерден емес, суық күйдегі заттардан түзілген. Швед астрофизигі Х. Альвен ұсынып, кейін Ф.Хойл жетілдірген Күн жүйесінің пайда болуы гипотезасының электромагниттік варианты қазіргі таңда кең таралған. ## Күннің қозғалысы мен айналуы Күн өз өсін шамамен 27 күнде бір рет айналады. Бұл айналу күн дақтарының қозғалысын бақылау арқылы анықталған. Күннің айналу осі Жер орбитасының осінен шамамен 7,25 градусқа қисайған, сондықтан біз жыл сайын қыркүйекте Күннің солтүстік полюсін, ал наурызда оңтүстік полюсін көбірек көреміз. Күн газ(плазма) шары болғандықтан, планеталар мен айлар сияқты қатты айналуы қажет емес. Шындығында, Күннің экваторлық аймақтары (24 күн) полярлық аймақтарға (30 күннен көп) қарағанда тезірек айналады. Бұл "дифференциалды айналудың" көзі күн астрономиясының қазіргі зерттеулерінің саласы болып табылады. Күн өз өсін айналып қана қоймай құс жолы галактикасін 225 миллион жылда бір рет айналып шығады, құс жолы галактикасі галактикалар шоғырын айналады, планеталар өз өсін айналумен бірге күнді айналып қозғалыс жасайды, ай да осылармен ұқсас өз өсін айналумен бірге жершарыны айналып қозғалыс жасайды. Жершары бір секндта 460 метр жылдамдықпен өз өсін айналса, күнді бір секундта 30 километр жылдамдықпен айналады, күн болса құс жолы галактикасін бір секндта 220 километр жылдамдықпен айналып қозғалыс жасайды екен. ## Дереккөздер
Балқан облысы — Түрікмен КСР аумағында 1939-1947, 1952-1955, 1973-1988 жылдары болған әкімшілік бірлік. 1991 жылы бұрынғы облыс аумағында Балқан облысы, ал 1992 жылы Балқан уәлаяты құрылды. Ауданы — 138,5 мың км². Халқы – 352 мың адам. (1987), оның ішінде қала халқы – 82%. Әкімшілік жағынан 6 аудан, құрамына 5 қала, 17 кент кірді (1987). Әкімшілік орталығы — Красноводск қаласы (кейін Небітдақ). Аумағының көп бөлігін Қарақұм шөлі алып жатыр, батысында Каспий теңізі ұласып жатыр. ## Әкімшілік бөлінісі Облыс КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1939 жылғы 21 қарашадағы Жарлығымен құрылды. 1939 жылы облыс 5 ауданға бөлінді: Хасанқұлы, Қазаншық, Қарабұғазкөл, Красноводск және Небітдақ. 1943 жылы Ашхабад облысынан Қызылетрек ауданы Балқан облысына қосылды. 1944 жылы 21 наурызда Қарабұғазкөл ауданы таратылды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1947 жылғы 23 қаңтардағы Жарлығымен облыс таратылып, барлық аудандар Ашхабад облысына берілді. 1952 жылы 4 сәуірде облыс қайта құрылғанда оның құрамына 6 аудан кірді: Хасанқұлы, Қазаншық, Қызылетрек, Красноводск, Құмдақ және Желекен. 1955 жылы 9 желтоқсанда олардың барлығы Ашхабад облысына өтті. Үшінші рет құрылғанда (1973 ж. 27 желтоқсан) оның құрамына 6 аудан: Хасанқұлы, Қазаншық, Қарақала, Қызыларбат, Қызылетрек және Красноводск кірді. 1988 жылы облыстың үшінші таратылуына аз уақыт қалғанда Хасанқұлы және Қарақала аудандары таратылды. ## Тұрғындары 1939 жылы облыста 85,8 мың адам тұрды. Соның ішінде түрікмендер – 43,7%; орыстар – 26,4%; қазақтар – 20,9%; украиндар – 3,1%; татарлар – 1,8%; армяндар – 1,1%. 1987 жылға қарай облыс халқының саны 352 мың адамға дейін өсті. ## Табиғаты Климаты күрт құбылмалы. Негізгі өзендері – Етрек, Сумбар. Хазар қорығы мен Сүніт-Хасардақ қорығы орналасқан. ## Экономикасы * Мұнай мен табиғи газды, мирабилитті өндіру (Қарабұғазкөл шығанағында). * Мұнай өңдеу, химия, тамақ және хош иістендіргіш, жеңіл, металл өңдеу өнеркәсібі салалары, құрылыс материалдары өндірісі жақсы дамыған. * Негізгі өнеркәсіп кәсіпорындары — Красноводск, Небітдақ, Желекен, Қызыларбат, Бекташ қалаларында орналасқан. * Ауыл шаруашылығының жетекші саласы – отарлы-жайылымдық қой шаруашылығы (оның ішінде қаракөл қой шаруашылығы). Суармалы егіншілік. Дәнді және көкөністі-бақшалық дақылдар; Етрек және Сумбар аңғарларында субтропиктік дақылдар (анар, зәйтүн және т.б.) өседі. Жібек шаруашылығы. * Теңіз порты - Красноводск. Теңіз паромдық өткелдері болды:Красноводск — БакуБекташ — Баку * Красноводск — Баку * Бекташ — Баку * Батыс Түрікменстан – Бекташ – Маңғыстау газ құбыры * Дауалы жерлер: Моллақара ## Дереккөздер
Жилкашинова Альмира Михайловна (1981 жылы 26 қыркүйекте Өскемен қаласында туылған) — физик-инжинер. Төменгі температурада жұмыс жасайтын жел генераторларын ойлап тапқан ғалым. ## Биография * 1999 жылы орта мектепті бітірген соң С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-не оқуға түсті. 2004 жылы «физик-инженер» мамандығын алып, сол жылы оқуын «Физика» мамандығы бойынша магистратурада жалғастырды. * 2006 жылы физика магистрі деген академиялық дәрежеге ие болып, «Физика конденсированного состояния» мамандығы бойынша аспирантураға түсті. 2010 жылы Ядролық физика институтында (Алматы қаласы) кандидаттық диссертация қорғап, физика-математика ғылымдарының кандидаты деген ғылыми атаққа ие болды. * 2007 жылдан бері өзінің кәсіби мансап жолын С. Аманжолов атындағы ШҚМУ –нің физика кафедрасында инженер болудан бастады. * 2008 жылы осы кафедрада ұстаздық етті. * 2009 жылы университетте ұжымдық негізде пайдаланатын Ұлттық ғылыми зертхана құрылып, күні бүгінге дейін сол зертханада қызмет етуде. * 2010 жылы «Ядролық физика» базасында кандидаттық дисертация қорғап, физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды. ## Ғылым жолында жеткен жетістіктері * Ресей Федерациясында ғылыми тағылымдамадан өту үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының грантының иегері; * үздік инновациялық жобаға арналған «Қазақстанда жасалған» республикалық байқауының жеңімпазы; * Республикалық «Үздік инновациялық бизнес жоба» байқауының жеңімпазы; * Жылдың үздік ғылыми қызметкері» атағы * Ұлыбританияда ғылыми тағылымдамадан өту үшін British Council грантының иегері (Imperial College London – Renewable Energy Laboratory); * USAID бағдарламасының түлегі – АҚШ-та (Солтүстік Каролина – theResearchTrianglearea) «Инновациялар мен технологиялар арқылы шағын бизнесті дамыту, технологияларды коммерцияландыру» тақырыбында тағылымдамадан өткен; * BOKU университетінде ғылыми тағылымдамадан өту үшін TOSCA Еуропалық стипендиясының иегері, Австрия (Вена); ғылыми тағылымдамадан өту үшін ITEC бағдарламасы бойынша Үндістан үкіметінің стипендиясының иегері (жел технологиясы орталығы) (Ченай, Үндістан); * «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту үшін коалициясы» АИҚ «Таза шағын энергетика» басым бағыты бойынша Ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі. * 2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің мемлекеттік бюджеттік ғылыми жобаларының, шаруашылық мердігерлік жұмыстардың ғылыми жетекшісі, «ҰАТД» АҚ және Темпус халықаралық жобасы қаржыландыратын жобалардың жетекшісі. * 2015 жылы А.Жилкашиноваға Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі атағы берілді. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Өнертапқыш әйел-2015» республикалық «Шапағат» байқауының жеңімпазы.2017 жылы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің «Қазақстан» (Сфера) ұлттық павильонында А.Жилкашинова және оның командасының жаңартылатын энергия саласында әзірлеген ғылыми жобасы қойылған болатын.
Нығметолла Толқынұлы Юлдашев (өзб. Ниғматилла Тўлқин ўғли Йўлдошев, Nig‘matilla To’lqin o’g’li Yo’ldoshev) — өзбекстандық заңгер, саясаткер және 2019 жылдан бері Өзбекстан Бас Прокуроры. Бұрын Өзбекстан әділет министрі (2011–2015), Президент міндетін атқарушысы (2016) және Өзбекстан Сенатының төрағасы (2015–2019) қызметтерін атқарған. ## Өмірбаяны Нығметолла Толқынұлы Юлдашев Ташкентте 1962 жылы 5 қараша күні дүниеге келді. 1985 жылы Өзбекстан Ұлттық Университетінің заң факультетін бітірген Юлдашев Алмалық қалалық прокуратураға қызметке орналасады. 1991 жылы Ташкент қаласындағы Юнусабад аудандық прокуратурасының тергеушісі, кейін Өзбекстан прокуратурасының аға тергеушісі, кейін прокуроры болды. 2000 жылы Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік инспекциясының бастығы болып жұмысқа орналасқан Юлдашев 2003 жылы Президент аппаратының қызметкері болды. 2006 жылы ол Бас прокуратураның «Салық және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатумен күресетін» департаменттің бастығы болып тағайындалды, ал 2008 жылы Бас Прокурордың орынбасары болды. 2011 жылғы 21 шілдеде Президент Ислам Кәрімовтің «УП-4323» Жарлығымен Әділет министрі болып тағайындалды. Ол 2015 жылдың қаңтарында Сенатқа сайланғанға дейін министр қызметін атқарды, содан кейін ол Сенат төрағасы болып сайланды. 2016 жылы 2 қыркүйекте тұңғыш президент Ислам Әбдіғаниұлы Кәрімов қайтыс болғаннан кейін Юлдашев конституцияға сәйкес президент міндетінің атқарушысы болды. Дегенмен, оның бұл қызметке кіріскені туралы ресми растау болмаған және бірнеше күннен кейін ол өзінің орнына премьер-министр Шавкат Мирзиёевті (бақылаушылар оны Кәрімовтың ықтимал мұрагері ретінде қарастырған еді) соңғы «көп жылдар бойы алған тәжірибесі болғандықтан» қызметке алуды ұсынды, және тиісінше 2016 жылдың 8 қыркүйегінде парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Мирзиёев уақытша президент болып тағайындалды. Сенат төрағасы қызметінен кеткеннен кейін Юлдашевты президент Мирзиёев оны Бас прокурор қызметіне тағайындады. ## Дереккөздер
Орынбаева Әсия Біржанқызы — 1956 жылы 5-қыркүйекте бұрынғы Көкшетау облысы]], Қызылту ауданы, Күрлеуіт ауылында дүниеге келген. .1973 жылы онжылдық мектепті тәмамдағаннан кейін еңбек жолын мектепте ұзартылған күн тобының мұғалімі, аудандық "Қызыл ту" және "Красное знамя" газеттерінде аудармашы болудан бастаған. ҚазҰУ-дың журналистика факультетін сырттай бітірген. 1987 жылдан баспа саласында, республикалық "Мектеп", "Жеті жарғы", "Экономика", "Қазығұрт" баспаларында редактор болып келеді. Аударма саласында да тәжірибесі мол.Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі. "Назерке" (1996, "Жалын") және "Қызғаныш" (2001, "Жалын") атты екі кітабы жарық көрген.
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (1966 жылдың 13 наурызы , Бірлік ауылы, Мойынқұм ауданы, Жамбыл облысы — 1988 жылдың 21 мамыры , Семей, Семей облысы, Қазақ КСР, КСРО) — 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісінің қатысушысы. Оған қатысқаннан кейін ең жоғарғы жазаға — өлім жазасына кесілді. Одан кейін үкім 20 жыл бас бостандығынан айыруға өзгертілді. Семей түрмесінде, бостандық айыру орнына бара жатқанда белгісіз жағдайда қайтыс болды. 1992 жылы өлімінен кейін ақталды. 1996 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен оған өлімінен кейін Халық қаһарманы марапаты берілді. ## Өмірбаяны Дулат тайпасының Шымыр руының Бестерек бөлімінен шыққан. ### Институтқа дейін Қайрат Жамбыл облысының Мойынқұм ауданының «Көктерек» кеңшарында тұрып, жұмыс істейтін Ноғайбай және Дәметкен Рысқұлбековтердің отбасында алтыншы бала болып дүниеге келді. Новотроицкідегі(қазіргі Төле би, Шу ауданы, Жамбыл облысы) интернат-мектепте оқыған. Мектеп қауымдастығының өміріне белсенді түрде қатысқан, қабырға газетін шығарған, комсомол ұяшығының хатшысы болған. Оның інісінің естеліктері бойынша ол: 1983 жылы орта мектепті бітірді. Онжылдық жоспар аяқталған соң, ол Алматы архитектуралық-құрылыстық институтына (ААҚИ) құжаттарын тапсырды. Бірақ бірінші реттен институтқа түсе алмай, ауылына қайтып кішкене уақыт малшы болды. 1984—1986 жылдары № 33635 әскери бөлімінің десанттық әскерінде шұғыл қызметін өткерген.Қызметін сержант лауазымында бітірді. 1986 жылы әскерден үйге оралды. Әкесі Ноғайбайдың сөзі: ### Институт 1986 жылдың күзінде Алматы архитектура-құрылыс институтына (ААҚИ) түсті, сол институттың №1 жатақханасының 17 секциясында тұрды; әкесі Ноғайбайдың естеліктері бойынша Қайратқа оқуы қиын болатын. Институтта Қайрат студенттік кәсіби бюроның мүшесі, қоғамдық тағам бойынша бақылаушы және комсомол бірлестігінің командирі болған. Әр сенбіде бірінші курстықтар отырыстар жасайтын; үйден келген тамақпен бөлісетін, самаурында жасалған шайды ішетін, домбырада ойнайтын және Қайрат шығарған өлеңдерді тыңдайтын. ### Желтоқсан 1986 жылдың 17 желтоқсанында Қайрат радиодан білген Желтоқсан көтерілісі басталды. Факультеттің деканы жыне оның орынбасарлары институттан шығуға және демонстрацияларға қосылуға қатал түрде тыйым салды. Бірақ оған қарамастан 1986 жылдың 17 желтоқсанында жатақханадағы басқа оған қосылған студенттермен бірге митингке кетті. Кейін әкесімен кездесуде ол барлығы сияқты Л.И.Брежнев атындағы алаңға ешқандай мақсатсыз барғанын мойындады. Митингіні суатқыштар арқылы тарата бастағанда, демонстранттар жазушы Олжас Сүлейменовпен кездесу үшін Қазақстан жазушылар одағының ғимаратына қарай жылжи бастады. Бірақ есіктер жабық болғандықтан ішінде Қайрат бар студенттер тобы Ленин даңғылындағы Қазақ педагогикалық институтына қарай жүгірді. Шамамен осы уақытта Рысқұлбеков мемлекеттік қауіпсіздік комитетітің қызметкерлерімен фото және видеокамераларына түсірілді. ### Сот процесі 1987 жылдың 1 қаңтары Рысқұлбеков 18 желтоқсан таңның 9 сағат 30 минутында Фурманов көшесі мен Абай даңғылында жасалған фотосуреттің негізінде тұтқындалды. Тұтқындалу күнінде Көктерек ауылындағы нағашы ағасының үйінде болды. Онымен бірге айыпты деп Түгелбай Тәшенов, Жамбылбек Тайжұмаев, Ертай Көпесбаев, Қайрымбаев Күзембаев кінәланатын. Күзембаевтің естеліктеріне сенсек, ол Қайратпен тек Қазақ КСР-ның жоғарғы сотына бара жатқанда ғана танысты. Оның есінде Қайраттың оны алдап халық жасақшысы Савицкийдың өлтіруін мойындауға мәжбүрлегені туралы сөздері есінде қалды. Ол камерада отырғанда бірнеше рет сотталған қылмыскерлер оны жасақшыны өлтірген үшін, милиционерді өлтіргенге қарағанда азырақ түрмеде азырақ отыратынына көндірді. Одан неге өзін жасамаған басқа адамның өлтірілуін өзіне алдын деп сұрағанда ол туысқандары мен жақындары үшін қорыққаны және олардың тыныштығы туралы ойлағанын айтты, себебі оған келіспесе отбасынды жоғалтамыз деп айтыпты.Сот процессі 1987 жылдың 25 мамыры басталды. Бірінші жиналыста теледидар өкілдері болған, бірақ үзілістен кейін олар біреудің бұйрығын тыңдап шығып кетті. Рысқұлбеков кінәланған қылмыстардың ішінде милиция сержант А. А. Алмабековке жарақаттар жасауы және халық сергегі, радиотелеорталықтың инженері С. А. Савицкийды өлтіруі болатын (Сергей Савицкий 19 желтоқсан 4.30-да қайтыс болды, ода екі бала қалды — 3,5 және 8 жастылар). Сот процессінің жүрісі қоғамдық кінәлаушы болып тағайындалған Әділбек Оразовтың арқасында белгілі болды. Оған бұған қатысты бірнеше ескерту айтылғанына қарамастан жиналыстардың стенограммасын жүргізген 1987 жылдың 27 мамыры. Алмабековтың айтуынша Рысқұлбеков оны таяқпен ұрып «Лас-лас мент, немене сен форма киіп алғансын(орыс. Мент поганый чего ты оделся в форму)» деп айғайлады. Қайрат Ленин даңғылы арқылы түсіп бара жатқанында онда таяқ болмағанын айтып, кінәсын мойындамады. 1987 жылдың 1 маусымы. 1961 жылы туылған радиотехникалық оқу орнының курсанты куәгер Магомед Гардановтың сөзінше ол демонстранттарды қоршап тұрған және сол кезде ол Рысқұлбеков мен Күзембаевты көрді. Тура сол күні куәгер Иоф Исаков Сәтбаев көшесіне қарай бара жатқан тобырды көргенін айтты, оның есінде ең қатты қалған қолында таяғы бар Рысқұлбеков. Куәгер Асқар Қаюмов оны алаңға (Бейбітшілік көшесі мен Сәтпаев көшелерінің жол айрығы) әкелгенін айтты. Ол тобыр таяқтар мен және тастар мен №18 автобусты қирата бастағанын көрді. Рысқұлбеков тобырдың алдында болып, ылғида бірдене айғайлап тұрды. Рысқұлбековтен басқа оның есінде ешкім қалмады. Куәгер Алматы ауыр машина жасау зауытының жұмысшысы Игорь Гамаюнов Рысқұлбековті сурет арқылы таныды. Гамаюновтың сөздерінше, Рысқұлбеков демонстранттар арасындағы ең белсенді болып, автобустың терезесін қиратып, сергекті ұрып тастаған. 1987 жылдың 2 маусымы. Куәгер Наталья Дарюшина аппарат терезесінен Савицкийдың ұрылуын көргенін айтты. Оның айтуынша Рысқұлбеков оның көзінше Савицкийды үш-төрт рет ұрды, ал Тәшенов пен Күзембаев таяқты қолданып ешкімді жақындатпай тұрған. Бұл 10 минут бойы жалғасты. 1987 жылдың 3 маусымы. Куәгер Василий Белолипецкий Рысқұлбеков пен басқалар автобусқа шабуылдағандарында, оларды сол жерден айдатуға тырысты, сол кезде Белолипецкий жасақшылардың біреуі тұрып, кетіп қалуға тырысқанын көрді. Оны кім ұрғанын Белолипецкий көрген жоқ, бірақ қасында тұрған Рысқұлбековті көрді. Рысқұлбеков бірінші текетіресте Белолипецкий оны танымағанын айтты. Сол кезде тергеуші барлығына артқа қарауды бұйырды, Рысқұлбековтің аяқ киімінде тег болған еді, және ол қайта бұрылғанда Белолипецкий бірден оған көрсетті. 1987 жылдың 4 маусымы. Куәгер Е. Осипова зардап шеккен Алмабековты танығанын айтты. Ол оны қалай ұрып жатқанын көрмеді, бірақ Осипова мейрамханада отырғанда ол қан-жоса болып ғимаратқа кірді, сол кезде Осипова бірден жедел жәрдем шақырды. Алмабеков барлығы осылай болғанын растады. 1987 жылдың 5 маусымы. Куәгер Петр Милованов алаңда (Фурманов көшесі мен Сәтбаев көшелерінің қиылысы) кезекшілікте болғанында көтерілісшілердің бет әлпетін жаттау керек деген бұйрық түскенін хабарлады. Оның айтуынша қаңтарда және ақпанда ол суретте тек Рысқұлбековті таныды. Оның үстіне ол фотографияларда Күзембаевқа көрсететін, ал кінәланушылардың арасында Рысқұлбековке көрсететін. Тағы ол кезекшілік күнінде және басқа мәлімдерде шатасты. Куәгер радио қызметкері Надежда Валяева студия терезесінен адамды ұрып жатқанын көргенін хабарлады. Оның көзіне ең қатты бесеуі түсті, екеуі оның есінде қалды, сол екеуінің ішінде Рысқұлбеков. 11 маусым сот пікірталасты бастады, 15 мамыр Рысқұлбеков өзінің соңғы сөзін айтты: Қайрат өзінің кінәсін мойындамады. Оның соттаты соңғы сөзіне сәйкес — нағыз жігітке қыздарды ұрып жатқанда жәй қарап тұруға болмайды. Тағы ол соңғы сөзінде өлең оқыды, төреші мен прокурорларды әділетті болуға шақырды, оның жас екенін ұмытпауды сұрады, туысқандары мен жақындарынан кешірім сұрады, олармен қоштасты. 1987 жылдың 16 маусымы Е. Л. Грабарниктың төрағалығымен Қазақ КСР жоғарғы сотының қылмыстық істер бойынша соттық алқасы істі ашық жиналыста қарап шығып Қайратты ең жоғарғы жазаға — атуға үкім шығарды. Жалпы санағанда, үкімге сәйкес, Қайрат Рысқұлбековтің белсенді қатысуымен 9 көлік жағылды, тағы 153 зақымдалды, 326 милиционер және 96 әскер жараланды; ол мемлекетке 302 644 рубль сомасында зақым келтірді. Қайраттың 8 тамыздың респулика прокурорына мәлімдемесіне сәйкес, тергеудің бір күнінде, ол Республикалық МҚК-ның тергеу изоляторының №7 изоляторында болғанында, республика прокоратурасының тергеу бөлімінің бастығы Алексей Дубаев Рысқұлбеков камерасына өзінің хабарлаушысы Павел Весельевті кіргізді. Қоштасу хатында, КСРО Жоғарғы Кеңесіне кешірім өтінішінде және прокурордың атына шағымда Қайрат өзінің Савицкийдың өліміне кінәсін толықтай жоққа шығарды және тергеу жүргізудің дұрыс емес тәсілдеріне, өтірік куәлерге, обьективсіздікке шағымданған. Туысқандарына жазған соңғы хатында Қайрат былай жазған: 1983 жылдың 23 сәуірі КСРО Жоғарғы Кеңесі прездиумының үкімімен өлім жазасы бас бостандықты 20 жылға айруға ауыстырылдыы. Мұхтар Шаханов комиссиясының заңгерлерінің қорытындысы бойынша аффект кезінде туысқандарына жазылған хатта ол былай жазған: ### Өлімі Қайрат кезең-кезеңмен Қарағандыдан Свердловскқа (қазіргі Екатеринбург) бару керек еді, бірақ бастапқы жол бағыты белгісіз себептермен ауысып, ол басқа түрмеге түсті. 1988 жылдың 21 мамыры жаза өтеуге Ивдель қаласына барар жолда ол Семейде құпиялы жағдайда қайтыс болды. Тергеудің ресми нұсқасы бойынша Рысқұлбеков камераластың майкасында асылып өлді. Өлімінен бір күн бұрын оның камерасына 1953 жылы туған, алты рет сотталған қылмыскер Леонид Кимович Власенко кіргізілді, ресми нұсқа бойынша оның майкасында Рысқұлбеков асылды. Сарапшылардың қорытындысында Рысқұлбеков қашан өмірден кетті, қанша уақыт асылып тұрды, стангуляциялық бороздың характері қандай болды және ол қандай затпен жасалды деген сұрақтарға толық жауап берілмеді. Тағы да егер оның камерада тұрған сөмкесінде өзінің екі майкасы болса, Рысқұлбековке не үшін ол кейін асылған Власенко берген майка керек екені түсініксіз болып қалды. Қайрат Семейде жерленді, ата-анасына баласының денесін отанына қайтаруға рұқсат берілмеді. ## Ақталуы КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты Мұхтар Шахановтың КСРО халықтық депутаттар сьезінде және КСРО жоғарғы кеңесінің сессияларындағы сөздері мен талаптарынан кейін, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің прездиумы 1986 жылғы Алматыдағы және басқа да облыстардағы желтоқсан оқиғасын соңғы рет бағалау үшін комиссия ұйымдастырды. Комиссия жұмысына 200-ден астам әртүрлі маман-сарапшылар тартылды. Ол сарапшылардың құрамына заңгерлер, дәрігерлер, әлеуметтанушылар, саясаттанушылар, философтар, демографтар, экономисттер, практикалық прокуратураның, юстиция министрлігінің, ішкі істер министрлігінің қызметкерлері, бұрынғы МҚК қызметкерлері, шығармашылық интелегенция мен қауымдастық ұйымдардың - комсомолдың, кәсіподақтардың және халықтық депутаттар кеңесінің өкілдері кірді. Мүшелер және сарапшылар ретінде тағы да қауымдастық құқыққорғау ұйымдарының - Лативилық адам құқықтары бойынша лигасы, Қазақстанның адам құқықтар бойынша қоғамдық комитеті, Арал, Балқаш және Қазақстан экологиясының мәселесі бойынша қоғамдық комитеті, Невада-Семей ядерге қарсы қозғалысы мен басқалардың өкілдері қосылды. Комиссиядағы төрт тәуелсіз сарапшы Рысқұлбековтың қылмыстық ісің зерттеп, үкімдер заңсыз деген қорытындыға келді. Бұл оймен тағыда КСРО прокуратураның бригадасының басқарушысы В. Гаев келісті. Комиссия энергетикалық техникумның қолдарына алаңда қолдарына түскен сигналды зымырандар мен басқада арнайы құралдарды қолданған студенттеріне қарсы қылмыстық іс қозғалғанын, бірақ бұл қылмыстық іс студенттер тергеушілерге керек куә берген соң, прокуратурамен тоқтатылғанын анықтады. Тағы да Рысқұлбеков өзіне қол жұмсау факті күмәнге қойылды. 1992 жылдың 21 ақпан Қайрат Рысқұлбеков толықтай ақталды. 1996 жылы Қайрат Рысқұлбеков қайтыс болғанынан кейін Қазақстан президентінің жарлығымен Халық қаһарманы марапатымен және Отан орденімен марапатталды. ## Есімінің ұлықталуы 1992 жылы «Емен бұтақтары» атты Қайрат Рысқұлбековтің өлеңдері мен күнделікті жазбаларының жинағы басылып шығарылды. 1996 жылы режиссёр Қалдыбай Абенов 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі туралы Аллажар фильмінің түсірілімін аяқтады. Фильм Азат атты, түрмеге қамалып, тергеушілердің қорлауынан және бақылаушылардан өткен ұл туралы. Азаттың прототипі - Қайрат Рысқұлбеков. Таразда оның атына аталған саябақтың кіреберісінде 1996 жылдың 17 желтоқсаны оған ескерткіш ашылды. 2018 жылдың 27 қазаны толық бойлы жаңа ескерткіш қойылды. Оның ашылуында Қайраттың әпкесі Гүлнар Рысқұлбекова болды. 2002 жылдың желтоқсанында Семейде Қайрат Рысқұлбековтің Жанболатов Мұратбек атты мүсінші жасаған мүсін ашылды. Ода Қайрат қамаудан қашып бара жатқан болып көрсетілген. Ашылу рәсіміне Қайраттың анасы - Дәметкен Рысқұлбекова келген. Тура сол күні Рысқұлбековтің қабіріне жаңа құлпытас қойылды. Тағы да Семейде Қайрат Рысқұлбековтің атымен № 33 мектеп аталған, ол мектепте оған арнап жасалған мұражай және «Жас Қайрат» балалар ұйымы бар. Алматыда оның атымен Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (бұрынғы Алматы архитектуралық-құрылыстық институты (ААҚИ), онда Рысқұлбеков оқыған) орналасақан көшеге оның аты берілген. ## Дереккөздер ## Қолданылған әдебиет * Желтоксан — 86. Кн. 6. Статьи и публикации за 1986—1995 годы / [сост. Б. Абдыгалиев и др.] — Алматы: ОФ «Фонд Алтынбека Сарсенбайулы», 2006. — 328 б. — ISBN 9965-831-00-9. (орыс.) * Желтоксан — 86. Кн. 7. Статьи и публикации за 1986—1995 годы / [сост. Б. Абдыгалиев и др.] — Алматы: ОФ «Фонд Алтынбека Сарсенбайулы», 2006. — 300 б. — ISBN 9965-9999-9-6. (орыс.) * Желтоксан — 86. Кн. 8. Сборник документов / [сост. Б. Абдыгалиев и басқалар.] — Алматы: ОФ «Фонд Алтынбека Сарсенбайулы», 2006. — 457 б. — ISBN 9965-9999-8-8. (орыс.) * Желтоқсан-86. 2-кітап. Намыс оты алаулаған. / [Құраст. Б. Әбдіғалиев, Б. Көрпебайұлы, Н. Әубәкір] — Алматы: Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры, 2006. — 284 б. — ISBN 9965-9999-2-9. * 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы: саясат, билік, тағдырлар. Респ. ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары — Алматы: Қазақ университеті, 2008. — 166 б. — ISBN 9965-30-564-1. ## Сыртқы сілтемелер * Желтоқсанға - 25 жыл * Қайраттың хаты Мұрағатталған 31 желтоқсанның 2010 жылы.
Нұржан Әділханұлы Боқаев — қазақ математигі , Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жоғарғы математика кафедрасының профессоры. ## Білімі * 1972-1977 жж. - Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті ( математика мамандығы бойынша үздік диплом); * 1981-1984 жж. - КСРО ғылым академиясының корреспондент мүшесі профессор Д.Е. Меньшова, профессор В.А Скворцовтың жетекшілігімен М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің асперантурасы. 01.01.01-математикалық талдау мамандығы бойынша ғылым кандидатының дипломы. ( ММУ, 1985ж.). * 1996 ж.- 01.01.01.- математикалық талдау мамандығы бойынша ҚР БЖҒМ-нің математика институты - "Уолш пен Хаардың жалпыланған жүйелері бойынша қатарлар үшін Фурье коэффициенттері және бірегейлік теоремалары" докторлық диссертациясын қорғау. ## Кәсіби тәжірибесі * 1977-2005 жж. – оқытушы, аға оқытушы, доцент, Математикалық талдау кафедрасының профессоры * 1980-1984 жж. - стажер зерттеуші, М. В. Ломоносов атындағы ММУ-нің аспиранты. * 1996- 1999 жж. - математика және модельдеу әдістері кафедрасы меңгерушісі. * 1999- 2005 жж. - Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің математика факультетінің деканы. * 2005-2009 жж. - Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің қолданбалы математика кафедрасының профессоры. * 2009-2017 жж. - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің жоғары математика кафедрасының меңгерушісі. * 2017-жылдан бері Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің жоғарғы кафедра профессоры. ## Ғылыми қызметі Оның басшылығымен 8 дисертация қорғалды. Оның ішінде 4 PhD докторлық диссертация, 4 кандидаттық диссертация.Еранген-Нюрнберг университетінде ғылыми баяндамалар жасады(Германия, 1996 ж.), Кардифф университетінің семинарында (Ұлыбритания, 2006 ж)., Сакария Түркі әлемі математиктерінің екінші халықаралық симпозиумында, (Түркия 2007 ж.), Палермо университетінің семинарында (Италия, 2009 ж.), Палермо университетінің семинарында (Хайдарабад, Үндістан 2010 ж.); 01.01.02 - дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика, 01.01.01-математикалық талдау мамандықтары бойынша Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің жанындағы докторлық диссертациялық Кеңес төрағасының орынбасары болып табылады. ### Ғылымға қосқан үлесі Прайстың мультипликативті жүйесі бойынша серия барлық жерде F функциясына жақындаса, атап айтқанда жиынтық болса, онда бұл серия F функциясының Фурье–Перронының қатары болып табылатындығын дәлелдеді. Н. Я. Виленкиннің мерзімді мультипликативті ортонормальды жүйелері үшін M-көптеген нөлдік өлшемдер салынды. Бұл жағдайда түзуші жүйеге ешқандай шектеулер реттілік қойылмайды. Құрастырылған үздіксіз U-мультипликативті прайс жүйелеріне арналған жиынтықтар. Уолш жүйесін жалпылайтын мультипликативті жүйелер бойынша көптеген айнымалылардың функцияларының Фурье коэффициенттерінен тұратын қатарлардың конвергенциясының жеткілікті шартын тапты. ### Ғылыми гранттық жобалардың басшысы және орындаушысы * «Функциялар кластарын және Фурье қатарлары мен интегралдарының еселігі, жинақталуы және интегралдылығы мәселелерін зерттеу» (2012-2014). * «Көптеген айнымалылар функцияларының құрылымдық және құрылымдық қасиеттері, әр түрлі ортогональды жүйелер бойынша бірнеше қатарлар және Фурье интегралдары» ( 2015- 2017) * "ИНТАС" халықаралық гранты-ТМД ғалымдарына жәрдемдесудің халықаралық қауымдастығы ("generalizedintegralsinharmonicanalysisandinrealanalysis"жобасы № 94-1044, 1994-1996жж.( орындаушы) ## Жетістіктері * 2002 ж. ҚР БҒМ құрмет грамотасы * 2002 ж. Американдық Өмірбаяндық Институт оны Жыл адамы деп таныды * 2003 ж. Е. А. Бөкетова атындағы ҚарМУ-нің Жыл адамы атанды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Mathematics Genealogy Project * Общероссийский портал Math-Net.Ru * ЕНУ им. Л.Н. Гумилева Мұрағатталған 1 желтоқсанның 2022 жылы.
Сикка — Индонезияда Флорес аралының орталық-шығыс бөлігінде, Сикка әкімшілік аймағында тұратын халық. Маумере қаласында (облыс орталығы), олар жеке кварталды алып жатыр. Саны шамамен – 175 мың адам. ## Тілі Тілі - сикка тілі. Сикканың диалектісі Лио болуы мүмкін (кейде жеке тіл болып саналады). ## Діні Дінге сенушілердің діни қатысы: католиктер, бір бөлігі дәстүрлі нанымдарды ұстанады. ## Тарихы Сикка - Флорес аралының автохтонды халқы. Таулы аймақтардың материалдық мәдениеті жағалауға қарағанда дәстүрлі элементтерді көбірек сақтап қалды, XVII ғасырдан бастап католиктік миссия белсенді жұмыс істеп келе жатқан батыс бөлігінде, мәдениет еуропалық ерекшеліктерге ие болды. ## Кәсібі Сиккалар егін шаруашылығымен айналысады (азық-түлік дақылдары – күріш, жүгері, маниок, тары, құмай, тауарлы дақылдар – жержаңғақ және кокос пальмасы). Олар жылқы, ұсақ мал, құс ұстайды. Жағалауда балық аулау кең таралған. Тоқу пен тоқымашылық дамыған. ## Өмір салты Таулы ауылдарда шағын отбасымен қатар үлкен отбасылық қауымдастық сақталған. Неке келісімі әйелдің төлемін толық төлегеннен кейін патрилокальды болып табылады. Төлем жылқылардан, алтыннан және піл сүйегінен жасалған зергерлік бұйымдардан тұрады. Туысқандық некеге артықшылық беріледі.Христиан дінін қабылдағанға дейін қайықтарда жерлеу рәсімі болған. Таулы ауылдар шағын, дөңгелек пішінді, таудың тік беткейлерінде орналасқан. Елді мекеннің ортасында ғибадатхана мен ата-баба мегалиттері бар алаң бар. Жағалаудағы елді мекендер жолдың немесе өзеннің бойында орналасқан. Таудағы тұрғын үйі үлкен отбасылық қауымдастыққа, жағалаудағы аудандарда - шағын отбасына арналған. Таулықтардың киімі жамбасты жауып тұратын матадан немесе белдемшеден тұрады. Жағалаудағы ауылдарда каин, кофта немесе көйлек киеді. Азық-түлік – көкөністер (дәнді дақылдар мен жүгеріден ащы дәмдеуіштер, жемістер мен шырындар қосылған дәнді дақылдар). Мереке күндері балық пен ет жейді. ## Дереккөздер
Комикстердің алтын ғасыры (ағылш. Golden Age of Comic Books) – 1930, 1940 жылдардың аяғы мен 1950 жылдардың басына дейін созылған (әртүрлі бағалаулар бойынша) американдық комикс тарихындағы кезеңнің атауы. Осы кезеңде қазіргі заман комикстерінің аналогтары шығарыла бастады, онда ең танымал суперқаһармандар алғаш рет пайда болды, олардың арасында Супермен, Бэтмен, Капитан Америка, Ғажайып әйел және Капитан Марвел бар. ## Тарихы Алтын дәуірдің басы 1938 жылы жарияланған және DC Comics баспасында шыққан №1 Action комиксіндегі Суперменнің алғашқы пайда болуы болып саналады. Супермен пайда бола сала өте танымал болды, көп ұзамай суперқаһармандар комикстердің беттерінде қаптап кетті.1939 жылдың басы мен 1941 жылдың аяғында DC және оның еншілес компаниясы All-American Comics Бэтмен мен Робин, Ғажайып әйел, Флеш, Жасыл Шам, Аквамен және т.б. сияқты танымал суперқаһармандарды жасады, ал Timely Comics, бүгінгі Marvel комикс - Алау Адам, Немор және Капитан Америка сияқты жақсы сатылған кейіпкерлер бейнеленген комикстерін шығарды.DC Comics және Timely Comics кейіпкерлері дәуірдің ең танымал кейіпкерлері болғанымен, сандарды сөйлетсек, сол кезеңдегі ең көп сатылатын комикс сериясы Фосетт комикстерінің Капитан Марвел сериясы болды. Шамамен 1,4 миллион дана сатылды, бұл Америкадағы ең көп таралған комикс болды. Капитан Марвелдің сатылымы сол кезде Action Comics-ке тиесілі болған Суперменді де сенімді түрде шаң қаптырды. Ұзақ уақыт бойы танымал болған тағы бір кейіпкер Quality комикстері шығарған Пластикалық адам, сонымен қатар мультфильмші Уилл Эйснердің Детектив рухы болды, ол бастапқыда газеттің жексенбілік басылымымен жинақталған қосымша ретінде пайда болды. Екінші дүниежүзілік соғыс комикстерге, атап айтқанда, жақсылықтың зұлымдықты жеңетінін көрудің арзан әрі оңай оқылатын тәсілі ретінде соғыс кезінде үлкен танымалдылыққа ие болып, суперқаһарман комикстеріне үлкен әсер етті. Оқиға желісі соғысқа байланысты болды, мұқабаларда көбінесе нацистік қозғалыстың көшбасшысы Адольф Гитлермен шайқасатын кейіпкерлері бейнеленіп, одақтастарға қарсы соғысқан суперқаһармандар бейнеленген комикстер болды. Суперқаһармандарды жасау Алтын ғасыр комикстерінің поп мәдениетке қосқан негізгі үлесі болғанына қарамастан, басқа жанрлардағы комикстер де шығарылды: юмор, вестерндер, романтика, джунгли туралы әңгімелер. Стеранко комикстерінің тарихы 2-де Dell Comics-тің суперқаһарман емес комикстері, ең алдымен Уолт Диснейдің анимациялық кейіпкерлері сол кездегі суперқаһарман комикстерінен асып түскенін атап өту қажет. Олардың кейіпкерлері Микки Маус, Дональд Дак, Тарзан, Рой Роджерс барлығы айына екі миллионнан астам көшірме сатты. ## Соғыстан кейін Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталып, атом бомбасы тасталғаннан кейін, 1940 жылдардың ортасында сол кездегі комикстердің мазмұны өзгерді. Атомдық найзағай және атомдық адам сияқты ядролық қуаты бар суперқаһармандар пайда бола бастады. «Атом адам Суперменге қарсы» сериялында (ағылш. Atom Man vs. Superman Супермен), Супермен Атомдық Адаммен шайқасты, ал Суперменнің криптонитке әлсіздігі ядролық сәуленің қауіптілігін еске салды. Осы елеулі кейіпкерлерден басқа, осы кезеңде Атомдық Тышқан және Атом Қояны сияқты қабілеттері ұқсас жануарлар пайда болды. Сол кездегі тарихшылар бұл балаларға арналған кейіпкерлер жас оқырмандардың ядролық соғыстың болашағы туралы қорқынышын сейілтуге көмектесті дейді. Сонымен қатар, суперқаһармандар коммунистермен соғыса бастады, ал кейбіреулері Корей соғысына қатысты. ## Кезеңнің аяқталуы Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін суперқаһармандардың танымалдылығы төмендей бастады және оқырмандарды сақтап қалу үшін баспа компаниялары өздері шығарған комикстерін әркелкі етуге кірісті, нәтижесінде вестерн, ғылыми-фантастикалық және қорқынышты басылымдарды қоса бастады. Көптеген сериялардан бас тартуға тура келді: * Timely Comics-тің Marvel Mystery комикс сериясы Адам алауының кейіпкерімен бірге 1949 жылдың маусымындағы №92 санында аяқталды; Sub-Mariner комикстері, №32 нөмірде, 1949 жылғы маусымда; Капитан Америка комикстері (сол кездегі «Капитан Американың оғаш ертегілері ») 1950 жылы ақпанда №75 шығарылыммен үзіліп, 1951 жылғы қарашадағы нөмірлерде Атлас комикстеріне айналды. * DC Comics шығарған All Star комикстері №57 1951 жылдан бері All-Star Western №58 болды. * Күміс дәуірдің басы, әдетте, 1956 жылы қазанда №4 көрмедегі жаңа Flash сияқты Алтын ғасыр суперқаһармандарының қайта іске қосылған нұсқаларының сәтті дебютінен басталатын кейінгі комикстер деп саналады. ## Дереккөздер
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев (17 мамыр 1953 жыл, Алматы) — кеңестік және қазақстандық саясаткер, дипломат, Қазақстанның екінші Президенті (2019–). Тоқаев, оған қоса, — Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы (2022 жылдан бастап) және 2021 жылғы сәуірден бері Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы. Қасым-Жомарт Тоқаев Аманат партиясының көшбасшысы (2022), екі мерзім Сенат төрағасы (2013–2019, 2007–2011), БҰҰ Бас хатшысының орынбасары (2011–2013), екі мәрте Қазақстан Сыртқы істер министрі (2002–2007, 1994–1999) және бір кезде Қазақстан премьер-министрі (1999–2002) қызметін атқарды. Елде тұрақтылық сақталды да, саяси өзгеріс орын алды және жаңа реформалар жүрді, алайда оған қарамастан Тоқаевтың басшылығы шетелдік және жергілікті ақпарат көздерінен кейде адам құқықтарын бұзған және авторитарлық болып келеді деген сыни пікір көреді. 2022 жылғы Credit Suisse құпия деректерінің жариялғаны Тоқаевтар отбасының кем дегенде 1998 жылдан бері оффшорлық активтерінің күрделі желісін басқарып жатқанын белгілі қылды. ## Отбасы Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылғы 17 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Әкесі Кемел Тоқайұлы Тоқаев (1923–1986) — Ұлы Отан соғысының ардагері, қазақ жазушысы. 20 жасында Киевті босату кезінде бір рота автоматшылар командирі болатын. Соғыстан кейін тұңғыш қазақстандық детектив жанрындағы жазушы ретінде қалыптасты. Ұзақ жылдар бойы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің "Жаршысы" журналында редактор болды. Анасы Тұрар Шабарбаева (1931–2000) Алматы шет тілдері педагогикалық институтында жұмыс істеген. Отбасында бір ұл және екі қыз Қарлыға (1956) және Қарлығаш (1960). Қасым-Жомарт Тоқаевтың атын ата-анасы Қасым Болтаев (Тоқаев) есімді ағасының құрметіне қойған. Қасым Қызыл әскер құрамында соғысқа аттанып, Ржев шайқасында қаза болды. Соғыстан кейін Кемел Тоқаевқа Тың игеру бағдарламасына қосқан үлесі үшін медаль берілді. Балалық шағының бір бөлігін Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі Жетісу облысының Қаратал ауданындағы Кәлпе ауылында өткізеді. 1970 жылы Алматы қаласындағы Ілияс Есенберлин атындағы №25 мектепті аяқтайды. Мектеп француз тілін тереңдетіп оқытады. 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша аяқтады. Сыртқы істер министрлігінің жолдамасымен Кеңес Одағының Қытай Халық Республикасындағы елшілігінде диплом алдындағы тағылымдамадан өтеді, кейін Кеңес Одағының Сингапур Республикасындағы елшілігіне жұмысқа жолданады. 1979 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің аппаратына оралды. 1983–1984 жылдар аралығында Бейжің тілтану институтында тағылымдамадан өтті. 1984–1985 жылдар аралығында КСРО Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарып, кейіннен Кеңес Одағының Қытай Халық Республикасындағы елшілігіне жіберілді. Онда 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарында қызмет атқарды. 1989 жылы КСРО Бас хатшысы Михаил Горбачев Қытайға жасаған сапары кезінде Дэн Сяопинмен болған келессөздерде аудармашы болды. 1992 жылы Ресей Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдады. 1998 жылы тарих ғылымдарының кандидаты ретінде "Қазақстанның сыртқы саясатындағы Азия-Тынық мұхит елдірі" тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. Ал 2001 жылы саяси ғылымдар докторы ретінде "Жаңа жаһандық тәртіп заманында Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты" тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. ## Саяси қызметі ### Сыртқы істер министрінің орынбасары (1992–1994) 1992 жылғы наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1993 жылы ол Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары ретінде қызмет атқарды. ### Сыртқы істер министрі (1994–1999) 1994 жылғы 13 қазанда Тоқаев Қазақстанның Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 1999 жылы наурыз-қазан аралығында Нұрлан Балғымбаев басқарған Үкіметте премьер-министрдің орынбасары. ### Қазақстан премьер-министрі (1999–2002) 1999 жылғы наурызда Тоқаев Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1999 жылғы қазанда ол, Парламенттің қолдауымен және Президент жарлығымен Қазақстан премьер-министрі болып сайланды. Премьерлігі тұсында елдің ЖІӨ өсімі 2001 жылы 13.5% өссе, инфляция 11.2% азайды. 2001 жылғы 20 қарашада Хабар тікелей эфирінде, Тоқаев президент Нұрсұлтан Назарбаевты егер өзі «интригант» деп атаған бірнеше мемлекеттік шенеунікті жұмыстан босатпаса, премьер-министр қызметінен кетемін деп мәлімдеме жасады. Аталған «кәсіби емес» шенеуніктер қатарында премьер орынбасары Ораз Жандосов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Әлихан Бәйменов, Павлодар облысының әкімі Ғалымжан Жақиянов және Қорғаныс министрінің орынбасары Жаннат Ертілесова болды. Оларды Тоқаев атқарушы билікті орталықсыздандырғысы келеді және демократизацияға кедергі жасап жатыр деген айыптар тақты. Тоқаевтың сөзінен кейін Назарбаев үкіметтің 6 мүшесін, соның ішінде Жандосов, Жақиянов және Ертілесованы қызметтерінен босатты. ### Мемлекеттік хатшы (2002–2007) Сыртқы істер министрі ретінде Тоқаев жаһандық ядролық қару-жарақты таратпау үдерісіне белсенді атсалысты. 1995 және 2005 жылдары ол Нью-Йорктағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа шолу конференцияларына қатысты. 1996 жылы ол Нью-Йоркта Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа және 2005 жылы Семейде Орталық Азия ядросыз аймағы шартына қол қойды. Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Сыртқы істер министрлері Кеңесінің төрағасы болып сайланған және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 10 сессиясына қатысқан. ### Сенат төрағасы (2007–2011) 2007 жылғы қаңтарда Тоқаев Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы болып сайланды. 2008 жылы Сенат төрағасы ретінде, ол ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының вице-президенті болып сайланды. Ол бұл қызметте 15 сәуір 2011 жылға дейін болды. ### БҰҰ Бас хатшысының орынбасары 2011 жылғы наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры, сондай-ақ Қарусыздану жөніндегі конференцияда БҰҰ Бас хатшысының жеке өкілі болып тағайындалды. Сонымен қатар ол Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас хатшысы лауазымын атқарды. Тоқаевтың саясаттану ғылымдарының докторантурасы бар. Ол — тоғыз кітаптың және халықаралық қатынастар туралы біршама мақаланың авторы. Ресейлік биографиялық институт оған «2018 жылғы Жыл адамы» атағын берді. ### Сенат төрағасы (2013–2019) 2013 жылғы 16 қазанда ол Қазақстан Сенатының төрағасы болып қайта сайланды, Тоқаевтың кандидатурасына сенаторлар бір ауыздан дауыс берді. 2016 жылғы жер мәселесі жайлы наразылық шаралары кезінде Тоқаев елдегі жер мәселесін шешу сын көзімен қарау керек деді. ## Президенттігі (2019–) 2019 жылғы 19 наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өкілеттігін өз еркімен тоқтататынын мәлімдеді. Конституция бойынша бұл жағдайда Президент міндетін Сенат төрағасы атқарады. 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті міндетін атқарушысы ретінде ант қабылдады. Инаугурациясының аяқталғаннан кейін Астана қаласының атауын Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан болып өзгертуді ұсынды. Парламент сол күні қаланың жаңа атауын бекітті. 23 сәуір күні Нұр Отан партиясы Қ.Тоқаевты кезектен тыс президент сайлауына үміткер ретінде ұсынды. Президент сайлауы сол жылғы 9 маусымда өтті. Президент сайлауында жалпы дауыстың 70,96% жинады. 12 маусымда жаңа сайланған Президент ретінде ант беріп, ресми түрде қызметке кіріседі. Иннаугурация Нұр-Сұлтанның Тәуелсіздік сарайында өтті. 2021 жылғы сәуірден бастап Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы, ал 2022 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болды. Осы уақытта Нұр Отан партиясының төрағасы ретінде сайланып, сәуір айында партиядан шығатынын мәлімдеді. Алғашқы кезеңде бірнеше әлеуметтік-экономикалық реформалар жасалды, соның қатарында мұғалімдердің еңбекақысын көтеру, әлеуметтік жағынан осал отбасылырының несиелерін кешіру, өлім жазасына тиым салу, жергілікті өзін өзі басқаруды күшейту, саяси партиялар мен сайлау туралы заңдарға өзгерістер енгізілді. 2022 жылғы қаңтарда Қазақстанда жаппай қарсылық митингтері өтті. Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында жергілікті халық газдың екі есе өсуіне наразылық білдірді. Кейін минингті қолдау Қазақстанның басқа қалаларында да басталды. Асқар Мамин басқарған үкімет оставкаға жіберілді. Жаңа үкіметтің премьер-министрі ретінде Әлихан Смайылов тағайындалды. Қаңтар оқиғасынан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа өзгерістер және трансформация туралы хабарлады. Наурыз айында Қазақстан халқына жасаған жолдауында елдің саяси жүйесін модернизациялау мен демократизациялау мақсатында Конституцияға өзгерістер енгізуді ұсынды. Сәуір айында Конституцияға өзгерістер енгізу туралы жалпыхалықтық Референдум өткізуді ұсынды. Референдумға қатысқан азаматтардың 77,18% өзгерістерді қолдады. 8 маусым күніаталған өзгерістер өз күшіне енді. Бұл өзгерістер супер президенттік басқару жүйесін мықты парламенті бар президенттік жүйеге өзгеруге ықпал етуі тиіс. 2022 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауында алғашқы 5 жылдық президенттік мерзімінің 2024 жылы аяқталатынына қарамастан кезектен тыс президент сайлауын өткізу ұсынды. Сонымен қатар сайлаудан кейін президент өкілеттілік меозімін 5 жылдан 7 жылға ұзарту туралы және бір ғана мерзімге сайлану туралы ұсыныс енгізетінін хабарлады. 2 қыркүйек күні "Жаңа Қазақстан" деп аталатын депутаттық топ Конституцияда президент өкілеттігін сайлауға дейін өзгертіп, бір ғана мерзіммен шектеу туралы ұсыныс жасады. 13 қыркүйек күні Конституциялық кеңес ұсынылған өзгерістерді бекітті. 16 қыркүйек күні Қазақстан Парламенті Конституцияға өзгерістерді енгізу туралы заң қабылдады. 2022 жылғы 21 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауын 2022 жылғы 22 қараша күніөткізу туралы жарлыққа қол қойды. 6 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев халықтық коалиция (құрамында Аманат, Ақ жол және Қазақстан халық партиясы кіретін) атынан президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды. 20 қарашада өткен президент сайлауында 81,31% дауыс жинады. 26 қараша күні жаңа сайланған президент ретінде қызметке кірісті. ### 2019 2019 жылғы маусымда болған, Арыс трагедиясы деп аталып кеткен Арыс қаласындағы жарылыс сериясынан кейін Тоқаев қылмыстық іс қозғап, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктеріне ықтимал жарылыстардың алдын алуын тапсырды да, кінәлілер жауапқа тартылады деп уәде берді. 25 маусымда ол қаланың эвакуациялық пунктіне барып, жергілікті халықпен кездесті. Тоқаев өзінің президент ретіндегі халыққа арналған тұңғыш жолдауын 2019 жылғы 2 қыркүйекте берген. Жолдауында ол қоғамның және қауіпсіздіктің дамуына, жергілікті бизнестерді қолдауға және елдегі экономикалық дамудың орнауына біраз назар аударды. 2019 жылғы қазанда Қорғаныс, Ішкі істер және Сыртқы істер министрлерін қоспағанда, министрлікке әлеуетті үміткерлердің барлығы тағайындалмас бұрын Назарбаевтың мақұлдауын алуы қажет екені белгілі болды. Сол жылғы Bek Air ұшақ апатынан кейін Тоқаев 2019 жылғы 28 желтоқсанды Ұлттық аза тұту күні қылып жариялап, кінәлілердің барлығы заң бойынша жазаланады деп уәде берді. ### 2020 2020 жылғы ақпанда орын алған Масанчи ауылындағы ұлтаралық қақтығыстан кейін Тоқаев Қордай ауданы әкімін, Жамбыл облысы әкімінің орынбасарын және облыс пен аудан полиция басшыларын қызметінен босатты. Қазақтар мен дүнгендер арасында болған ұлтаралық қақтығысты ол "екі қылмыстық топ" арасында болған қақтығыс әкеп соқты деді. Informburo агенттігіне берген сұхбатында Тоқаев Мұхтар Жәкішевтің жағдайы жайлы сөйледі: "Бұл мәселе тек соттың құзыретіне жатады. Мен, әрине, Жәкішевтің денсаулығына байланысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы бірнеше рет өтініш жасағанын білемін. Сот отырысы 3 наурызда өтеді. Оның шешімін күтейік, оның әділ жасалатынына күмәнім жоқ". 2020 жылғы 3 наурызда Семей қалалық соты Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандырды. Ол 2009 жылдан бері 14 жыл түрмеде отырған еді. 2020 жылғы 2 мамырда Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева Тоқаев жарлығымен Сенаттан және Сенат төрағасы лауазымынан босатылған еді. Осы шешімнің себебі жайлы біраз теория пайда болған; біреулер оны Тоқаев саяси ықпалының көбеюімен байланыстырса, басқалар ол биліктегі элита арасындағы қақтығыстан шыққан дейді. 1 қыркүйекте берген Халыққа жолдауында Тоқаев жоспарланған жеті реформа жайлы сөйледі. Оған қоса ол Қазақстанның әлеуметтік жүйесін оңтайландыру, өнімділікті арттыру және жасыл экономиканы құру, бизнес жағдайын теңестіру, білімге көбірек инвестиция салу және басқаруды қадағалау туралы айтты. ### 2021 2020 жылғы күзде Тоқаев 2021 жылғы парламент сайлауы өтетін күнді бекітті. Президент сөзінше, «Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратура сайлаудың заңдылығын, ашықтығын және әділдігін сақтау үшін тұрақты бақылау жүргізіп отырады». Сайлау күні Тоқаев үкіметтің заңға сәйкес қызметінен босатылатынын және премьер-министр мен кабинет мүшелерін тағайындау мәселесінде жаңадан сайланған депутаттармен және партия жетекшілерімен кеңесетінін айтты. Сайлау нәтижесінде биліктегі Нұр Отан партиясы қайта көпшілік партиясы болды да, Асқар Мамин премьер-министр болып қайта сайланды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) сарапшылары «сайлау еш бәсекесіз өтті» және «саяси партияның барлығы да биліктегі партияның жобаларын қолдай береді, сайлаушылардың таңдайтын еш саяси альтернативасы жоқ» деген. 2021 жылғы 28 сәуірде Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының (ҚХА) төрағасы қызметінен кетті. Оның ізбасары президент Тоқаев болды, оның төрағалыққа үміткерлігін ҚХА мүшелерінің көпшілігі қолдады. Тоқаев Назарбаевты «тарихи еңбегі» үшін Ассамблеяның Құрметті Төрағасы қылды. 2021 жылғы 23 қарашада Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Назарбаевтың Нұр Отан жетекшісі лауазымының Тоқаевқа беретінін жариялады. ### 2022 2022 жылғы қаңтарда орын алған ірі наразылық шараларынан кейін Тоқаев Асқар Мамин мен оның үкіметін қызметінен босатты. Бастапқыда наразылық акцияларының жұртшылықты тыныштандыруға тырысып, Тоқаев жаңа реформаларын жариялауды жоспарлаған және сұйытылған табиғи газ, дизель отыны және бензин, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар өзге де тауарлар бағаларын бақылауды енгізген еді, алайда наразылық шараларының жалғаса бергенінен Тоқаев армияға наразылық білдірушілерге қарсы күш қолдануды және «ескертусіз оқ атуды» бұйырды. 11 қаңтарда Тоқаев Әлихан Смайыловты премьер-министр қылып тағайындады. 2022 жылғы 16 наурызда Тоқаев конституциялық реформалардың бекітілуін және президент өкілеттіктерінің азаюын ұсынды. Оның сөзінше, елдің «суперпрезиденттік республика» жүйесінен «күші бар парламентті президенттік республикаға» көшкені жөн. 26 сәуірде ол Аманат партиясынан шықты. 5 маусымда өткен референдум нәтижесінде президентке президенттігі кезінде партия құрамында болуына тыйым салынды. Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауында жалпы дауыстың 81,31% жинап, жеңіске жетті. 2022 жылғы 26 қарашада оның екінші ұлықтау рәсімі өтті. ### 2023 Тоқаев қызметке кіріскеннен кейін 2023 жылғы қаңтарда Сенат сайлауының өтетінін жариялап, бұл сайлауды «саяси жаңғыру үдерісін жоспарлы түрде жалғастырудың» бір бөлігі ретінде көретінін атап өтті де, сайлау қорытындысы бойынша «сенаттың депутаттық корпусының бір бөлігі бәсекелестік және ашықтық қағидаттары негізінде жаңарады» деді. Сайлау кезінде өз үміткерлігін жариялаған 130 кандидат арасынан жергілікті мәслихаттар 20-ын сенатор қылып сайлады (Конституция бойынша сенатқа әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала мен астанадан екі депутаттан сайланады). Қалған 10 кандидатты президент ұсынады, олардың жартысы халық ассамблеясының ұсынысы бойынша. 2023 жылғы 19 қаңтарда Тоқаев 7-шақырылған Мәжілісті ресми түрде тарату және кезектен тыс парламент сайлауын 2023 жылғы 19 наурызда өткізу туралы президент жарлығына қол қойды. Бұл күн әдейі Наурыз мейрамы мен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев отставкасының төрт жылдығына орай таңдалды деп есептеледі. Жарлыққа қол қойған кезінде Тоқаев Мәжіліс депутаттардың жұмыстарына жоғары баға беріп, олар «жоғары кәсібиліктің, азаматтардың алдындағы жауапкершіліктің және шынайы патриотизмнің» үлгісін көрсеткенін айтты. Ол сондай-ақ кезектен тыс сайлау «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен сәйкес келетін «мемлекеттік билік институттарын жаңғыртудың» соңғы кезеңі болатынын айтты. 27 наурызда сайлау нәтижесі ресми түрде жарияланды да, ең көп мандатқа ие болған партияның Аманат болғаны белгілі болды. Сайлаудан кейін көп ұзамай Екінші Әлихан Смайылов үкіметі де өз қызметін бастады. 15 ақпанда Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың көптеген артықшылықтарын, соның ішінде мемлекеттен өмір бойы қаржылай қолдау көру, халыққа үндеу жасау және шенеуніктерге кеңес беру құқықтарын жою туралы заңға қол қойды және оның жақын туыстарын заңды иммунитеттен айырды. Көп ұзамай Назарбаев заң бойынша Елбасы құрметті атағынан да айырылды. Тоқаев 9 мамырда Мәскеуде өткен Жеңіс күніне орай өткен парадқа қатысты. Бұл Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғаннан бергі екінші Жеңіс шеруі болды, бірақ 2022 жылғы парадтан айырмашылығы, бұл жолы Мәскеудегі парадқа бірнеше шетелдік көшбасшылар, соның ішінде Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қатысты. 2023 жылғы маусымда Абай облысында найзағай нәтижесінде ірі өрт басталды. 11 маусымда Тоқаев облысқа ұшып келді де, сол күні елде жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады. Сол күні кешке ол өрт сөндіру кезінде қаза тапқандардың барлығын "Құрмет" орденімен марапаттады. Ауқымды өрт 13 шілде күні 13:00 де толығымен сөндірілді. 2023 жылғы 3 қарашада Астанада Тоқаев төрағалық еткен Түркі Мемлекеттері Ұйымының 2023 жылғы саммиті өтті. ### 2024 2024 жылғы наурызда, Атырауда айтқан Ұлттық Құрылтай алдындағы сөзінде Тоқаев Қазақстан елтаңбасы дизайнының өзгеретінін және жаңа дизайнның байқау арқылы таңдалатынын айтты. Елтаңбаның дизайны оның «Кеңес заманындағы елтаңбаға ұқсата» бергеннен және тым «эклектрикалық», «күрделі» болғанынан өзгертілетіні де айтылды. Тоқаев оған қоса діни киімді сынады да, оны «дәстүрлі құндылыққа жасалған ашық шабуыл» деді. 2024 жылғы маусымда Тоқаев сол жылғы күзде елдегі атом электр станциясының құрылысы жайлы референдум өтетінін жариялады. Референдумның өтетін нақты күнін үкіметтің өзі жариялайтын болады. ### Саяси реформалары 2022 жылғы мамырда Тоқаев "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы", "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы", "«Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" және "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы" заңдарына қол қойды. Ол өзінің халыққа Жолдауында «заманауи мемлекет құру үшін Қазақстан көппартиялы жүйе құруы керек» деп, биліктегі Нұр Отан партиясы басқа партиялармен көбірек ынтымақтасуы керектігін айтты. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясы Тоқаев мемлекеттік саясатының маңызды элементтерінің бірі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясын (кейде Естуші мемлекет, не Тыңдаушы мемлекет) ұсыну болды, онда мемлекеттік басқару «мемлекет үшін азамат емес, азамат үшін мемлекет» деген қағиданы ұстанатын болады. Тоқаев азаматтық қоғамды тыңдайтын мемлекет концепциясын ілгерілететін саяси реформалар жүргізуді жақтады. Сондай-ақ Тоқаев 2021 жылы ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдерін тікелей сайлауды өткізуді ұсынды және ол жайлы заң жобасына 2020 жылы қол қойды. 2021 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде тіркелген 5 партияның үшеуі ғана Мәжілістегі мандатқа қол жеткізді. 7-Парламенттің ашылу рәсімінде Тоқаев пайыздық тосқауылдың 7% 5% түсірілгенін және "Бәріне қарсымын" таңдауының бюллетеньге қайта қойылғанын ұсынды. Парламент Тоқаев ұсынған бұл конституциялық реформаларды қабылдады да, ол 2021 жылғы 25 мамырда күшке енді. Ұлттық Құрылтайдың құрылуы 2022 жылғы 14 маусымда Тоқаев Ұлттық Құрылтайды құру туралы заңға қолын қойды. Бұл орган Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ізбасары болды. Өлім жазасы 2019 жылғы желтоқсанда Тоқаев Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативтік хаттамасына қол қоятынын айтты. Оның бұл сөзі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің адам құқығы туралы талқысынан кейін айтылған еді. Осы жерден Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне елдегі өлім жазасын жою шараларын белгілейтін Екінші факультативтік хаттамаға қосылу процесін бастау міндетін қойды. қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілі Қайрат Омаров хаттамаға қол қойды. 2021 жылғы 2 қаңтарда Тоқаев өлім жазасын жойған заңнамаға қолын қойды. ### Экономикалық реформалары Тоқаев президент болған алғашқы айларда халықтың әлеуметтік осал топтарына түсетін жүктемені азайту мақсатында банктерге үкіметтік көмек көрсетуді тоқтатты және несиелерді кешіру жүйесін енгізді. 2020 жылы мұғалім, дәрігер мен әлеуметтік қызметкерлердің жалақылары өсті. COVID-19 пандемиясының себебінен шыққан жаһандық рецессия барысында Тоқаев үкіметке «барлық әлеуметтік міндеттемелерді» орындайтын дағдарысқа қарсы жоспар құруды тапсырды. Жауап ретінде арзан несие, салықтық жеңілдіктер, аудитті қысқарту және жұмыспен қамтуды ынталандыру арқылы жеке сектордың ауыртпалығын жеңілдетуге бағытталған бірқатар пакеттер ашылды. Пандемия өршіген сайын тауарларға инфляция өсе бастады, бұл әсіресе Қазақстанның батысында әлеуметтік және еңбек наразылығының артуына әкелді. Тоқаев бұған жауап ретінде үкімет пен орталық банкті тым «дәрменсіз» деп айыптап, оларды инфляция деңгейін төмендетуге шақырып, мемлекеттік бюджеттегі ақша массасының артық мөлшерін атап өтті. 2021 жылғы қыркүйекте елдегі ең төмен жалақы 2018 жылдан бері тұңғыш рет өсірілді. COVID-19 пандемиясы 2020 жылғы наурызда Қазақстанда COVID-19 індетінің таралуына байланысты Тоқаев 15 наурызда елде төтенше жағдай енгізді. Тоқаев ұлттық телеарна арқылы сөйлеген сөзінде «Мемлекет жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы» арнайы жарлыққа қол қойғанын атап өтіп, құжаттар мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға, билік вертикалын нығайтуға және барлық қажетті шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Вирустың таралуын тежеу үшін Тоқаев Наурыз мейрамына арналған іс-шараларды да, Жеңіс күніне арналған әскери парадты да тоқтатуға бұйрық берді. COVID-19 вакцинациясының жақтаушысы ретінде Тоқаев Денсаулық сақтау министрлігі мен бүкіл үкіметтің вакцинаны енгізудің алғашқы айларындағы баяу қарқыны үшін сынға алды. Вакцинаға деген қоғамның сенімін арттыру мақсатында Тоқаев 2021 жылғы сәуірде Қазақстанда шығарылған Спутник V COVID-19 вакцинасының дозасын алды, баспасөз хатшысының айтуынша, Тоқаев нәтижеде ешқандай жанама әсер сезінбеген. Білім беру 2019 жылғы сәуірде өткен мұғалімдер конференциясында Тоқаев төрт жыл ішінде Қазақстандағы мектеп мұғалімдерінің орташа жалақысы екі есеге өсетінін мәлімдеді. Сондай-ақ ол Білім және ғылым министрлігіне аз қамтылған отбасылардағы және әлеуметтік жағдайы төмен аудандардағы мектептердегі балалардың академиялық алшақтығын жою үшін арнайы бағдарламалар әзірлеп, іске қосуды тапсырды да, әсіресе ауыл мен қала арасындағы білім берудегі теңсіздікті еңсеру қажеттігін атап өтті. Энергетика Тоқаев 2019 жылғы сәуірде атом электр стансасының Қазақстанда орнатылу қажеттігін білдіріп, ел 2030 жылға қарай электр энергиясының тапшылығына тап болады деп мәлімдеді. 2021 жылғы мамырда Тоқаев Төмен көміртекті даму тұжырымдамасын жариялады, бұл — 2035 жылға қарай елдің энергетикалық балансын дамыту арқылы Қазақстанның көмірге тәуелділігін азайтуды көздейтін жоба. Экология 2019 жылғы 17 маусымда Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін құрды да, тұңғыш министрі қылып Мағзұм Мырзағалиевты тағайындады. Министрлікке қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, минералдық-шикізат базасын геология мен молықтыру, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды, су және сарқынды суларды тазарту, орман шаруашылығын қадағалау өкілеттігі берілді. 2023 жылғы 4 қаңтарда министрлік ыдыратылды, орнына Индустрия және инфрақұрылымдық даму мен Экология және табиғи ресурстар министрліктеріне бөлінді. Тоқаев Алматының ластанған ауасы жайлы алаңдайтынын айтқан. Ол 2021 жылы үкіметке, қалалық әкімдікке және «Самұрық-Энерго» компаниясына стансадан шығатын зиянды шығарындыларды шектеу үшін «Алматы-2» ЖЭО-ны табиғи газға көшіру туралы түпкілікті шешімді орындауды тапсырды. Алайда 2022 жылғы сараптар Алматы ауасының тазалығы жақсармай жатқанын дәлелдеді. Денсаулық сақтау 2020 жылғы 7 шілдеде Тоқаев «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа кодекске және «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, ол медицина қызметкерлерінің заңи қорғауын күшейтті, азаматтың вакцинацияға қатысты құқықтарын қайта анықтады. Сондай-ақ, кодекс электронды темекіні тұтынуға шектеу қойып, снюс пен басқа да шегілмейтін темекі бұйымдарын әкелуге, өндіруге және таратуға тыйым салды, сондай-ақ темекі өнімдерін 21 жасқа толмаған тұлғаларға өткізгені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізді. ### Сыртқы саясаты Тоқаев өзінен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев бастаған сыртқы саясатты жалғастыратынына уәде берді. Бұл саясат шетел инвестицияларын тарту, көпвекторлы сыртқы саясат жүргізу және аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қамтиды. Биліктегі алғашқы айда ол 4 мемлекет басшысымен кездесті, оның екеуін ол шетелде көрсе, қалған екеуін Нұр-Сұлтанда қарсы алды. Ресей Тағы қараңыз: Қазақстан-Ресей қатынастары Саясаттанушы Рико Айзекстің пікірінше, Тоқаевтың Назарбаев орнын алу шешімі елдегі демократиялануға жол бермеу үшін жасалған. Айзекс ойынша елдің демократиялануы Назарбаевтың мұрасы мен елдің Ресеймен қарым-қатынасына нұқсан келтіретін еді. Тоқаев қызметіне кіріскеніне кейін екі апта өткен соң, 2019 жылғы 4 сәуірде Мәскеуге өзінің алғашқы шетелдік сапарымен барып, Владимир Путинмен кездесті. Сапар барысында Путин Тоқаевқа елде ұсынылып отырған атом электр станциясының құрылысына ресейлік көмек көрсетуді ұсынды. 2019 жылғы маусымда Тоқаев АЭС салу туралы шешімнің жергілікті халық қалауымен, «тіпті, қажет болса референдум арқылы» да, қабылданатынын мәлімдеді. 2020 жылдың соңына қарай ресейлік депутаттар Вячеслав Никонов пен Евгений Фёдоров бүкіл Қазақстан жерін Кеңес Одағының сыйлығы деді де, Ресей бұл жерді жалға берген деген тұжырым жасады. Бұл тұжырымдар Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі тарапынан реакция тудырды, министрлік «арандатушылық» тудыратын бұл шабуылдар салдарынан екі ел арасындағы қарым-қатынас бұзыла алатынын айтты. Тоқаев Егемен Қазақстанға берген сұхбатында "бірнеше шетел азаматының" екі ел арасындағы қатынастарды "нашарлағысы" келетінін айтқан және "Қазақстанға осы ірі жерді ешкім сыйлап бермеген" деген. Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін Тоқаев Ресейдің Донецк және Луганск Халық Республикалары атты қуыршақ мемлекеттерін мойындамайтынын айтқан. Оның сөзінше "біз Тайваньды да, Косовоны да, Оңтүстік Осетияны да, Абхазияны да мойындамаймыз. Бұл принципті Луганск пен Донецктің квазимемлеттік құрылымына да қолданамыз". Тоқаев сондай-ақ Қазақстанның Ресейге қарсы салынған Батыс елдер санкцияларын орындайтынын және бұл елдің «Ресей мен Беларуське қойылған шектеулерді сақтайтынын» атап өтті. 2023 жылғы 9 мамырда ол Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатысып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Қытай Тағы қараңыз: Қазақстан-Қытай қатынастары Тоқаев 2019 жылғы қыркүйекте Қытайға екі күндік мемлекеттік сапармен барды. Онда ол Бейжіңде Төраға Си Цзиньпинмен кездесті, кездесу барысында екі көшбасшы да тұрақты жан-жақты стратегиялық серіктестік құруға келісті. Бейжің университетіне сапары барысында ол өзінің бұрынғы тіл оқытушысы Лю Шициньмен, сондай-ақ бірнеше қазақстандық студентпен кездесті. Шицинь Тоқаевты қытай тілін жетік меңгерген «көпшіл, белсенді, жылдам» және «ең жақсы студенттерінің бірі» деп сипаттады. Посткеңестік кеңістік және Орталық Азия Тағы қараңыз: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Армения-Қазақстан қатынастары, Әзербайжан-Қазақстан қатынастары, Қазақстан-Қырғызстан қатынастары және Қазақстан-Өзбекстан қатынастары 2019 жылғы 14 сәуірде Тоқаев көршілес Өзбекстанға жол алып, президент Шавкат Мирзиёевпен келіссөздер жүргізді. Бұл «екінші президенттердің» тұңғыш кездесуі еді. 16–17 мамыр күндері Тоқаев 12-Астаналық экономикалық форумға бірнеше мемлекет басшыларын, соның ішінде Армен Саркисян мен Мамука Бахтадзені шақырған. Саммиттің бастауында Нұрсұлтан Назарбаев болған. Ол сондай-ақ 29 мамырда Еуразиялық Экономикалық Одақ пен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес саммитіне Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Тәжікстан, Армения және Молдова өңірлік басшыларын қабылдады. 2019 жылдың аяғында Қырғызстанға сапары кезінде ол Бішкектегі қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың мұражай-үйінде болып, марқұм жазушының жұбайымен кездесіп, 1989 жылы Бейжіңде Айтматовпен алғашқы кездесуін еске алды. Екінші Таулы Қарабақ соғысы орын алғанда Тоқаев Арменияның өз әскерилерін даулы аймақтан шығарғанын талап етті. Еуропа Тағы қараңыз: Қазақстан-Еуропа Одағы қатынастары Сыртқы істер министрі ретінде Тоқаев 2006 жылғы 3–4 қазанда Берлин, Германияға сапар жасап, Еуропалық парламент Сыртқы істер комитетінің алдында сөз сөйледі. Сөйлеген сөзінде Тоқаев 2009 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын (ЕҚЫҰ) жетектеуге Қазақстанның үміткерлігін ұсынды. Ол өз сөзінде Еуропа Одағы, Қытай және Үндістан арасындағы энергия көздерін қамтамасыз ету жолындағы бәсекені талқылап, Қазақстан «мұнай өндіруді ұлғайтуға қабілетті өте аз елдердің бірі және осылайша Қазақстан жаһандық және еуропалық нарықтар үшін маңызды баламалы энергия жеткізушісі бола алады» деді. Ол, оған қоса Әзербайжан арқылы өтетін Транскапсийлік газ құбырының құрылуына қарсы шықты; бұл жобаның орындалуын Каспий теңізімен шектесетін басқа елдердің қарсылығының ықтималдығына байланысты ЕО шенеуніктері қалаған еді. Германиялық Сыртқы істер кеңсесінің өкілі Гернот Эрлер Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ президенті болғанын қолдаса, португалиялық социалистік депутат Ана Гомес Тоқаевқа "Министр, сіз ЕҚЫҰ төрағалығына үміткерсіз. Дегенмен, ЕҚЫҰ сіздің өткен сайлауларыңыз шынайы сайлаудың халықаралық стандарттарына сай келмейтінін айтты. Біз еліңіздегі саяси оппозицияның жаншылып жатқанын естіп жатырмыз, тіпті діни топтардың жаншылып жатқанын да естиміз" деді. Тоқаев Қазақстандағы саяси оппозициялық күштер өздерінің әлсіз тұстарына байланысты «үкіметке қарсы тұра алмайтынын» айтқан да, қазақстандықтар демократия туралы «білім алуы» қажет, [олар үшін] бұл концепция шетелдік келеді. Тоқаев сөзінше үкімет діни толеранттықты приоритет қылып көреді. Ол ЕҚЫҰ жасаған сайлау туралы есепті «техникалық қиыншылықтары болған» деген және «әділ жасалмағаны» үшін сынаған да, бәрін «өзара түсіністікке» шақырды. Ол одан әрі оның үкіметі «Орталық Азияда орналасқан ел ретінде өкіл ретінде үлкен үлес қоса алады» деп сенетінін айтты. 2019 жылғы 4 желтоқсанда Германияға жасайын деген мемлекеттік сапарының алдында Тоқаев Неміс толқынына сұхбат берген еді. Ол жерде ол Германияны "Қазақстанның аса маңызды Еуропалық әріптесі" деп атады. Сол сұхбатында ол Ресей Федерациясының Қырымды аннексиялауын басып алу деп есептемейтінін айтып, сонымен бірге «Ресей басшылығының даналығына сенетінін» айтты, осы үшін сынға алынды да, Украина Сыртқы істер министрлігі осы сөзі үшін Қазақстанға қарсы демарш жариялаған еді. АҚШ Тағы қараңыз: АҚШ-Қазақстан қатынастары Тоқаев 2006 жылғы 25 қыркүйекте Уолдорф-Астория қонақүйінде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райспен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының адам құқықтары жөніндегі көмекшісі Барри Лоуэнкронмен кездесті. Associated Press агенттігінің журналисі Энн Гиранның айтуынша, кейбір сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы саяси жағдайдың нашарлауына қарамастан, АҚШ Қазақстанмен қарым-қатынасын жақсартқысы келеді. Қазақстандық мұнай өндірісі айтарлықтай өседі деген болжамдар болған және Қазақстанды басқа Орталық Азия елдерімен салыстырғанда «тым авторитарлық, тым тұрақсыз, тым кедей емес» деп сипаттаған. Тоқаевпен кездесудің алдында Райс келіссөз барысында адам құқығы, не энергетиканың «қайсы бірінші орынға келеді» деген сұраққа ол жауап беруден бас тартты. Президент болғанынан кейін Тоқаев Қазақстанның стратегиялық одақтастарымен, соның ішінде Америка Құрама Штаттарымен, бар дипломатиялық қатынастарды жалғастыра берді. 2020 жылғы 2 ақпанда ол Нұр-Сұлтанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен кездесті, келіссөздер барысында екі ел арасындағы қатынастарды жақсартудың және сауда, инвестиция, IT-технология, демократиялық құндылықтарды күшейтудің және терроризмге қарсы күрестің маңызы айтылды. Кейбір аналитиктердің ойынша, Помпеоның Қазақстанға сапары Қытайдың елдегі ықпалына қарсы жасалған еді, өйткені Помпео бұдан бұрын Шыңжаңдағы лагерьлердің құрбаны болған этникалық қазақ отбасыларымен кездесіп, Тоқаевты этникалық ұйғырлар мен қазақтарды қудалауы үшін Қытайға қысым көрсетуге шақырды. ## Саяси көзқарасы Тоқаевты жергілікті және халықаралық биліктегі тәжірибесі бар «ұстамды консерватор» деп сипаттайды. Сонда да The Wall Street Journalға берген сұхбатында Тоқаев өзін «реформашы» қылып сипаттады да, саяси реформасыз экономикалық реформалар болмайды деген. The Diplomat басылымының жазуынша, Тоқаевтың саяси капиталы Назарбаевтың қолдауынан асып түспеді, бұл оған бизнес-элитадан, мемлекеттік қызметшілерден және саяси институттардан қолдау мен сенім алуға мүмкіндік берді. Осы себепті Тоқаев «Назарбаевтың саяси тумасы» деп сипатталды және оның қарсыластары мен сыншылары оны «жиһаз» (орыс. мебель) деп атады, бұл келемеждік терминді алғаш рет 2019 жылы қуғындағы қазақстандық кәсіпкер Мұхтар Әблязов ойлап тапқан еді. ### Сыбайлас жемқорлық Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қатысты өзінің көзқарасын сипаттап, оны «ұлттық қауіпсіздікке тікелей залал» деп атады да, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі әкімдердің ірі жауапкершілігін айтып кетті. 2019 жылғы 28 қарашада мекемедегі жоғары лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа кінәлі деп танылса, мүше болған министр мен әкімдерді отставкаға кетуге міндеттейтін заң жобасы бекітілді. ### Орыс тілі Президент ретінде Тоқаев қазақстандық жұртшылықты қазақ тілін үйренуге шақырып, оны «әрбір қазақстандықтың міндеті» деп атады. Сонымен қатар, ол қазақ тілінің рөлін күшейту орыс тіліне нұқсан келтірмеу керек деп есептей отырып, бұл мәселені дұрыс қарастырмаған жағдайда «түзетілмейтін зардаптар» бола алатынын айтты да, Украинадағы ұлтаралық қақтығыстарды атап кетті. 2023 жылғы 13 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері арасындағы қатынаста орыс тілінің "ерекше рөлі" туралы айтқан. Ресей президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше Тоқаев «орыс тілін дамыту үшін халықаралық ұйым құрылуын ұсынды». Қазақстан президентінің ресми сайты бұл жайлы хабарлаған жоқ. 2023 жылғы 18 қазанда Тоқаев бұл халықаралық ұйым жобасын мақұлдады да, бұл шешімді «тарихи шешім» деді. ## Өз өмірі Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұбайы (некеде 1980–2020,[дереккөзі?] ажырасқан) Надежда Давыдовна Тоқаева (27 қыркүйек 1957 жылы туған) болған. Ол — Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымы кеңсесі Әйелдер Гильдиясының бұрынғы құрметті президенті (2011–2012), Қазақстанның бірінші ханымы (2018–2020). Мәскеу тарих және мұрағат институтының түлегі, Ресей азаматы. Тоқаевтардың ұлы Тимур Кемел (1984 жылы туған) — БЭСК Холдинг компаниясының, Қараоба-2005 және Kazakhstan Tungsten & Molybdenum Company ЖШС құрылтайшыларының бірі, Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорын басқарады. Леман колледжінің (Женева, Швейцария), Вебстер университетінің (Беллевю, Швейцария) және Ресей Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының түлегі. Саясаттану ғылымдарының кандидаты (2009 жылдан бастап). Әйелі — Елдана Сейітқәліқызы Шалабаева (Бәтима Зәуірбекова мен Сейітқәлі Шалабаевтың қызы). Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарындасы Қарлыға Кемелқызы Ізбастина (Тоқаева; 19 қыркүйек 1956 жылы туған) — Аби Петролеум Кэпитал ЖШС директоры. Күйеуі Теміртай Ізбастин (10 қыркүйек 1957 жылы туған) — Қазақстанның Болгариядағы елшісі (2019–2022) және Дипломатиялық миссиясының басшысы (2009-2019). * Қызы Дана Теміртайқызы Медеуова (1978 жылы туған) Болгариядағы Dami Investment, Dami International, SD Property Investments компанияларына иелік етеді. * Үлкен ұлы (1981 жылы туған) Қаныш Теміртайұлы Ізбастин — БРК-Лизинг (2008–2012), KazExportGarant экспорттық несиені сақтандыру корпорациясының (мамыр–қараша 2012), ҚазАгроҚаржы (2015–2021) төрағасы. Әйелі Ботагөз Қозыкөрпешқызы Қарбузова (1982 жылы туған; Қозы-Көрпеш Жапарханұлы Қарбузовтың қызы) — КЕҢСЕ 99 ЖШС директоры. Балалары: Сара Айлэн (2009), София (2011), Салма (2013). * Ортаншы ұлы Мұхамед Теміртайұлы Ізбастин (1983 жылы туған) — TSM Group құрылтайшысы, Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорын еншілес басқарады. Қазақстандық Forbes журналы бойынша 2022 жылғы ең ықпалды 50 кәсіпкердің қатарына кіреді. * Кіші ұлы Бекет Теміртайұлы Ізбастин (1984 жылы туған) - PSA бас директоры. Қасым-Жомарт Тоқаевтың басқа қарындасы Қарлығаш Кемелқызы Тоқаева (1960 жылы туған) — саясаттану ғылымдарының кандидаты. Екеуінің тағы екі ағайындысы бар; Қанат пен Бақыт. Тоқаев — полиглот, қазақша, орысша, ағылшынша, қытайша және французша сөйлейді және Қазақстанның үстел теннисі федерациясының 13 жыл бойғы президенті болған. Тоқаев өз туған күнін тойламайтынын айтқан. Бұл президент отбасында туған күн тойлау дәстүрінің болмауына байланысты қалыптасқан. Швейцариялық Public Eye ұйымының мәліметі бойынша, 2010 жылдары Тоқаевтың ұлы Тимур мұнай және металл өндіру саласында бизнеске ие болған. 2021 жылғы желтоқсанда Алексей Навальныйдың командасы Ресейдің жылжымайтын мүлік тізіліміне зерттеу жүргізгенде Тоқаев туыстарының ресейлік мүлкі туралы деректердің Росреестрден жойылғанын анықтады. ## Кітаптары * «Организация Объединенных Наций: полвека служения миру» (1995), * «Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации» (2000), * «Дипломатия Республики Казахстан» (2001) * «Слово об отце» (2005), * «Свет и тень» (2007), * «Он делает историю» (2010). ## Марапаттары ## Құрметті атақтары * Дүниежүзілік гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, Мюнхен қауіпсіздік конференциясының «Даналар кеңесінің» мүшесі * Шэньчжэнь университетінің құрметті профессоры (Қытай) * Ресей СІМ Дипломатиялық академиясының құрметті профессоры және құрметті докторы, сенімді кеңесінің мүшесі * Қазақстан Халықаралық қатынастар кеңесінің құрметті президенті * Женева Дипломатия және халықаралық қатынастар мектебінің құрметті деканы * Женева университеті «Академикус» грамотасының иегері * С.Н. Рерих атындағы естелік медалінің иегері. ## Тағы қараңыз * Қазақстан Республикасының Үкіметі; * Қазақстанның мемлекеттік құрылымы; * Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметі — 1999–2002 жылдары қызметте болған, Тоқаев басқарған Министрлер Кабинеті. ## Дереккөздер
Қаһһор Маһкамұлы Маһкамов (16 сәуір 1932, Ленинабад – 8 маусым 2016, Душанбе) — кеңестік және тәжікстандық мемлекеттік және саяси қайраткер, 1985 жылдан 1990 жылға дейін Тәжікстан Коммунистік партиясының Бірінші Хатшысы және 1990 жылдан 1991 жылғы отставкасына дейін Тәжікстанның тұңғыш президенті. Қаһһор Маһкамов экс-президент ретінде 1999 жылы Тәжікстан Ұлттық Кеңесінің өмірбақи депутаты болып та тағайындалды. Маһкамовтың басшылығы республика тарихындағы ең аласапыран кезеңдердің бірі болды. Маһкамов президенттігі жылдары Тәжікстанда ұлтшылдық өсті және 1990 жылы Душанбеде елді дүр сілкіндірген тәртіпсіздіктер орын алды. ## Өмірбаяны ### Ерте жылдары және еңбек жолы Қаһһор Маһкамов 1932 жылғы 16 сәуір күні Ленинабад қаласында тұрған диқандар отбасында дүниеге келді. 1949 жылы Душанбе өндірістік техникомын бітіргеннен кейін 1952 жылы ол Ленинградқа көшіп, Ленинград тау-кен университетінде білім алды. Мамандығы — тау-кен инженері. Бес жылдан кейін ол Кеңес Одағы Коммунистік Партиясының мүшесі болды. Көп ұзамай Қаһһор Маһкамов Тәжікстан Коммунистік партиясының жоғары лауазымдарына орналасып, Ленинабад еңбекшілері өкілдер комитетінің басшысы болды. 1963 жылы Маһкамов Тәжікстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің мүшесі болып тағайындалды. 1963 жылдан 1982 жылға дейін ол Тәжікстан Министрлер Кабинетінің Орталық жоспарлау басқармасының бастығы және директордың орынбасары болды. Бұл республикадағы ең қуатты лауазымдардың бірі болған еді. ### Тәжікстан басшысы 1985 жылы Тәжік Компартиясының бірінші хатшысы Рахмон Нәбиев сыбайлас жемқорлықпен айналысты деп айыпталды және қызметін тоқтатуға мәжбүр болды.[дереккөзі?] Маһкамов оның ізбасары болып таңдалды. Маһкамовтың басшылығы республика тарихындағы ең аласапыран кезеңдердің бірі болды. Оның билікке келуі Михаил Горбачёвтің Қайта құру мен Жариялықтың пайда болуымен тұспа-тұс келді. Маһкамов билігі кезінде Тәжікстанда ұлтшылдық күшейіп, 1989 жылы «Тіл туралы заң» қабылданып, нәтижесінде тәжік тілі республиканың мемлекеттік тілі деп белгіленді. Бұл заң халық арасында үлкен үрей тудырды және Орталық Азиядан этникалық орыстардың, еврейлердің, немістердің және т.б. ұлт өкілдерінің көшуі басталды. Маһкамовтың билігіне ең үлкен қауіп елді дүр сілкіндірген 1990 жылғы ақпандағы Душанбедегі толқулар кезінде түсті. Тәжік жастары тәжік емес ұлт өкілдерімен қақтығысып, Душанбе көшелерінде тәртіпсіздіктер мен полиция-сарбаздар арасында шайқас болып, ондаған адам қаза тапты. Маһкамов исламдық фундаменталистерді қудалауды қадағалап, ұзаққа созылған коменданттық сағат енгізді. Горбачёв өзінің саяси реформалар аясында 1990 жылы 30 қарашада Қаһһор Маһкамовты Тәжікстанның тұңғыш президенті етіп тағайындады. 1991 жылғы Тамыз бүлігінде сәтсіз ТЖМК-ны қолдағандықтан Маһкамовтың биліктен құлауы келді. Наразылық білдірушілер көшеге шығып, Маһкамовтың биліктен кетуін талап етті және 1991 жылы 31 тамызда ол президент және бірінші хатшы қызметтерінен кетті. Бұдан кейін Маһкамов саясаттан кетіп, Тәжікстандағы саяси тұрақсыздық пен азамат соғысы кезінде шетте отырды. ### Отставкасынан кейінгі өмірі Қайтыс болғанынан екі жыл бұрын ол көп жылдардан кейін алғаш рет көпшілік алдында сөз сөйледі. Қаһһор Маһкамов «Гуфтугуи тамаддунхо» («Өркениеттер диалогы») қоғамдық қорының отырысында профессор Ибраһим Усмоновпен сөз сөйлеп, оның өмір жолы, әсіресе ел басшысы қызметінен кеткеннен кейінгі өмірі туралы айтып берді. Отставкаға кеткеннен кейін ол автоматты түрде Жоғарғы Кеңестің тұрақты мүшесі болғанына қарамастан, ол оның отырыстарына қатыспай-ақ қойып, кез келген саяси қызметтен мүлдем бас тартты. Маһкамовтың өзі «Бұл дүниеде саясаттан лас және жауыз нәрсе жоқ» деп айтып кеткен. Жұмыстан кеткеннен кейін ол зейнеткерлікке шықты, оған 1000 кеңестік рубль көлемінде зейнетақы берілген. Айтуынша, ол 1993–1994 жылдары зейнетақысынан айырылған. Сол жылдары ол аз ғана жалақыға кәсіпкердің көмекшісі және кеңесшісі болып жұмыс істеді. ### Өмірден озуы Қайтыс болуынан бұрын ол өте ауыр науқасқа шалдыққан, отбасымен жиі сөйлесіп отыратын. Бауыры Әбдурашид Маһкамовтың айтуынша, «ол атап айтқанда, «Сари Осиё» зиратында, әйелі бейітінің жанына жерленгісі келгенін» айтты. Қаһһор Маһкамов 2016 жылғы 8 маусым күні кешке Душанбеде ісік салдарынан ауыр науқастан кейін 84 жасында қайтыс болды. Жерлеу рәсімі 9 маусым күні өтіп, жаназасы Душанбе жұма мешітінде өтті. Жерлеуді Тәжікстанның жоғарғы мүфтиі мен Тәжікстан ғұламалар кеңесінің төрағасы Саидмукаррам Абдулкодирзода өзі жүргізді. Жерлеуге бірнеше мың адам, соның ішінде көптеген қазіргі және бұрынғы шенеуніктер, республика президенті Эмомали Рахмон, премьер-министр Қоһир Расулзода, көрші елдерден келген қонақтар қатысты. ## Қосымша ақпарат ## Дереккөздер
Тағалдар (өз атауы — тагалог) — Филиппиндегі халық, Лусон аралының орталық және оңтүстік бөліктерінің негізгі халқы.Саны – 15,4 млн адам.(1992). ## Тілі Тілі аустронезия тілдерінің Филиппин аймағының орталық филиппиндік тармағы - тағал тілі. Жазуы латын әліпбиіне негізделген. Оның 10-нан астам нұсқалары мен диалектілері бар. Ең танымалдары - филиппино, манил. ## Діні Діні бойынша католиктер.Тұрмыстық және ғұрыптық формалардағы дәстүрлі анимистік нанымдардың қалдықтары католицизмге белгілі бір ерекшелік береді. Протестанттар, Аглипай, Христостың тәуелсіз синкретикалық шіркеулерінің жақтастары бар. ## Тарихы Тағалдар Висайя аралында пайда болды. Ерте испандық деректеріне сәйкес, олар Тага-Илог (өзен тұрғындары) және Тага-Бундок (тау тұрғындары) болып бөлінді.Олар Майнила (Манила) және Тондо мемлекеттерін құрды, олардың билеушілері (дату, ладья, раджа) Малаккада сауда флоттары мен плантацияларына ие болды, Бруней билеушілерімен әулеттік байланыста болды.1525 жылы Лусон тұрғындары, Малакка сұлтанының жағында Малакка бұғазына иелік ету құқығы үшін португалдықтармен шайқастарға қатысты. Тағалдар Филиппиннің отаршылдыққа қарсы қозғалысының қалыптасуында жетекші рөл атқарды. ## Кәсібі Кәсіптері – суармалы егіншілік (күріш, жүгері, банан, кокос пальмасы, манго, кофе, абака, резина өсімдіктері, қант қамысы, темекі), мал шаруашылығы (буйвол, сиыр, шошқа, ешкі, тауық). Жағалауларда балық аулау маңызды рөл атқарады.Қолөнерден – ротан, бамбуктан себет тоқу, абакадан, ананас жапырағының талшықтарынан мата жасау, ағаштан ою, кесте тігу дамыған. ## Өмір салты Неке неолокальды немесе билокальды. Отбасы моногамды, ерлі-зайыптылардың туыстарының мүшелері болып табылатын туыстарымен белсенді экономикалық және салттық байланыстарды сақтайды. Тағалдардың шағын қалалары (пуэбло) мен ауылдық елді мекендері (баррио) өздерінің дәстүрлі орналасуын сақтайды: орталықта шіркеуі бар алаң, әкімшілік ғимараттар, дүкендер бар. Тұрғын үйлері төртбұрышты, бір немесе екі бөлмелі (екінші қосалқы бөлме) қадалы, биіктігі 1,5–2 м, биік тік төбесі пальма жапырақтары немесе когон шөптерімен жабылған, қабырғалары бамбук пен ағаштан салынған. Жарылған бамбуктар еденді төсеу үшін қолданылады, терезелерде жақтаулар мен шынылар жоқ, олар тоқылған жапқыштармен жабылады. Ошақ саздан жасалған алаңқайға қойылған. Қадалар арасындағы кеңістіктің бір бөлігін қосалқы бөлме ретінде пайдалануға болады. Қазіргі заманғы тұрғын үй құрылысында дәстүрлі материалдармен қатар өнеркәсіптік өндіріс материалдары қолданылады. Қалалық ғимараттар әртүрлі еуропалық архитектуралық стильдермен жергілікті архитектуралық формалардың (жоспар, шатыр пішіні) үйлесімімен сипатталады. Тұрғын үй негізінен түнгі демалыс үшін қызмет етеді. Олар еденде төсеніштерді жайып, москит торының астында ұйықтайды. Жиһаз аз. Қалаларда және ауқатты ауыл тұрғындарының арасында заманауи жиһаз интерьерде басым. Дәстүрлі ерлер киімі – тар шалбар, шағын жағасы кестеленген (баронг-тагалог) ұзын тік тігілген жейде, жапырақтардан тоқылған конус тәрізді немесе жалпақ қалпақ, әйелдер - тігілмеген белдемше, блузка, қысқа күрте, жеңінің басы көтерілген көйлек, орамалдар. Қазіргі заманғы еуропалық киімдер кең таралуда. Дәстүрлі тағамдары — өсімдік, балық өнімдері, мереке күндері ет тағамдары. ## Дереккөздер
Ащысу – Нұра өзенінің оң саласы. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Семізбұғы ауылының оңтүстік-шығысында 11 км жерде теңіз деңгейінен 700 м биіктіктегі бұлақтан басталып, Шешенқара ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 12 км жерде Нұра өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 85 км, алабындағы өзен жүйесінің жалпы ұзындығы 405 км, алабының аумағы 2080 км2. Қарашада қатады, сәуірдің ортасында мұзы еріп, жыл сайын суы тасиды. Негізінен қар және жер асты суларымен толығады. Өзен бастауында суы тұщы, төменгі ағысында тұзды әрі ащы. Мөңке, оңғақ, шортан, алабұға, аққайран тіршілік етеді. Суы жерді суландыру үшін және ауыз суына пайдаланылады. Өзен бастауының алабы геоморфологиялық тұрғыдан солтүстік Семізбұғы және оңтүстік Айыр таулары беткейлерінің аралығындағы жазық болып табылады. Шығыстан батысқа қарай ағып жатқан өзен гидрологиялық жағынан қос беткейдің жыл бойғы ағын суын жинайды, өзен суын шағын бөгет арқылы бекіту нәтижесінде Ащысу бөгені қалыптасты. Бөген көктемгі өзеннің мол ағынын Бұқар жырау ауданы жерінде жинап, ылғалға тапшы жаз айларында шаруашылықтар жерін тұрақты суландырып отырады. ## Дереккөздер
Ащысу – Мойынты өзені алабындағы өзен. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Қапал (963 м), Өзенжал, Үшқызыл (955 м) таулары беткейлерінен басталатын бұлақтар суының қосылуынан құралып, Киікті ауылының оңтүстігінде Мойынты өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 28 км. Жағасы жоғарғы ағысында тік жарлы, төменгі ағысында жайпақ келеді. Қар және жер асты суларымен толығады. Сәуірде тасиды, жаздың ыстық айларында қарасуларға бөлініп қалады. Мал суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Рахмон Нәбиұлы Нәбиев (тәж. Раҳмон Набиевич Набиев) — кеңестік және тәжікстандық саясаткер, дипломат, инженер, 1982 жылдан 1985 жылға дейін Тәжікстан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы және 1991 жылдың 23 қыркүйегінен 1991 жылдың 6 қазанына дейін және 1991 жылдың 2 желтоқсанынан 1992 жылдың 7 қыркүйегіне дейін Тәжікстанның 2-президенті. Нәбиев билікке 1982 жылы Тәжікстан Компартиясының бірінші хатшысы болып келді. 1985 жылы ол сыбайлас жемқорлық айыптарымен биліктен қуылды. Тәжікстан 1991 жылы 9 қыркүйекте тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Нәбиев 23 қыркүйекте билікке қайта оралды, бірақ президенттік науқан кезінде қызметінен кетуіне қысым күшейгендіктен 6 қазанда отставкаға кетті. Нәбиев сайлауда жеңіске жетіп, 1991 жылы 2 желтоқсанда Тәжікстанның тұңғыш сайланған президенті болды. Сайлаудың демократиялықтығына сенімсіз болған оппозиция 1992 жылы мамырда азаматтық соғысқа ұласып кеткен көше шерулерін ұйымдастырды. 1992 жылдың 7 қыркүйегінде Нәбиев пен оның қасындағылар Душанбе әуежайына бара жатқанда оппозициялық күштердің шабуылына ұшырады. Қару астында болған Нәбиев терминалда отставкаға кетуі туралы құжатқа қол қоюға мәжбүр болды. 1992 жылдың желтоқсанында Куляб облысының бұрынғы аппаратшысы және жартылай әскерилендірілген көшбасшы Эмомали Рахмон билікке келді. Жарты жылдан кейін, 1993 жылы 11 сәуірде Нәбиев қайтыс болды. Рахмон Нәбиев өлімінің себебі әлі де белгісіз. Ресми түрде ол жүрек талмасынан қайтыс болды, бірақ оқиғаның басқа нұсқаларында ол өзін атып өлтірді немесе өлтірілді. Оның жанұясы, соның ішінде қызы Мунаввара Нәбиева оның өлімінің ресми нұсқасына күмән келтірді. ## Жеке өмірі Нәбиевтің әйелі Майрам Нәбиева 2017 жылы үйдегі өрттен қайтыс болды. Рахмон мен Майрамның үш баласы: екі ұлдары Рашид пен Рустам және бір қызы Мунаввара. Үлкен ұлы Рашид 1997 жылы белгісіз себептен қайтыс болды және басқа ұлы Рустам 2022 жылы аурудан қайтыс болды. Қызы Мунаввара Душанбеде тұрады. Рахмон Набиев футболды жақсы көретін және ЦСКА-Памир клубының жанкүйері болған. Тәжік тілінен басқа ол орыс, өзбек тілдерін жетік меңгерген, парсы, дари тілдерін аздап түсініп, сөйлейтін. ## Дереккөздер
Жеті Өгіз (қыр. Жети-Өгүз) — Қырғызстандағы Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауында, Қарақол қаласынан батысқа қарай 28 км жерде орналасқан көркем тау шатқалы. ## Сипаттамасы Жеті Өгіз шатқалы Қарақол қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 25 км жерде оңтүстіктен Ыстықкөлді қоршап жатқан Теріскей Алатау жотасының солтүстік беткейіндегі аттас өзеннің алқабында орналасқан. Шатқалдың ұзындығы - 37 шақырымды құрайды. Ол қалың өсімдіктермен жабылған және «Жеті өгіз» қызыл жартастардың монументалды жотасынан осындай ерекше атау алды. Бұл жартастардың кереметтігі соншалықты, тіпті, олар 1968 жылы шығарылған кеңестік пошта маркаларында бейнеленген болатын. 2200 м биіктікте, жотаға жақын жерде емдік геотермалдық бұлақтарымен әйгілі Жеті Өгіз шипажайы бар. Тағы бір көрнекті жартас - әйгілі Жараланған жүрек жартасы, ғашықтардың нағыз зиярат орны. ## Тағы қараңыз * Ыстықкөл ## Сілтеме * Жеті Өгіз шатқалы. * Жеті Өгіз // Ыстықкөл және Теріскей Алатауы жотасы — Жолбасшы. * Жеті Өгіз жартастары туралы аңыздар.
Бұхара округі (өзб. Buxoro okrugi) — 1926-1930 жылдары болған Өзбек КСР әкімшілік-аумақтың бірлігі. Бұхара округі 1926 жылы құрылған. Округ орталығы болып Бұхара қаласы бекітілді. 1929 жылғы жағдай бойынша округ 8 ауданға бөлінді: Бұхара, Уәбкент, Ғиждуан, Қаракөл, Жаңа Бұхара, Раметан-Хайрабат, Сұлтанабат және Шафрикент. 1930 жылы 30 шілдеде КСРО-ның көптеген басқа округтары сияқты Бұхара округі де таратылды. Оның аудандары Өзбек КСР тікелей бағыныстылығына берілді. Округ халқының саны 1926 жылы 389,8 мың адам болды. Оның ішінде өзбектер – 82,5%; тәжіктер – 6,8%; орыстар – 3,3%; парсылар – 1,4%. ## Дереккөздер * КСР Одағының әкімшілік бөлінуі. М., 1929.
Рахмон Нәбиұлы Нәбиев (тәж. Раҳмон Набиевич Набиев) — кеңестік және тәжікстандық саясаткер, дипломат, инженер, 1982 жылдан 1985 жылға дейін Тәжікстан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы және 1991 жылдың 23 қыркүйегінен 1991 жылдың 6 қазанына дейін және 1991 жылдың 2 желтоқсанынан 1992 жылдың 7 қыркүйегіне дейін Тәжікстанның 2-президенті. Нәбиев билікке 1982 жылы Тәжікстан Компартиясының бірінші хатшысы болып келді. 1985 жылы ол сыбайлас жемқорлық айыптарымен биліктен қуылды. Тәжікстан 1991 жылы 9 қыркүйекте тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Нәбиев 23 қыркүйекте билікке қайта оралды, бірақ президенттік науқан кезінде қызметінен кетуіне қысым күшейгендіктен 6 қазанда отставкаға кетті. Нәбиев сайлауда жеңіске жетіп, 1991 жылы 2 желтоқсанда Тәжікстанның тұңғыш сайланған президенті болды. Сайлаудың демократиялықтығына сенімсіз болған оппозиция 1992 жылы мамырда азаматтық соғысқа ұласып кеткен көше шерулерін ұйымдастырды. 1992 жылдың 7 қыркүйегінде Нәбиев пен оның қасындағылар Душанбе әуежайына бара жатқанда оппозициялық күштердің шабуылына ұшырады. Қару астында болған Нәбиев терминалда отставкаға кетуі туралы құжатқа қол қоюға мәжбүр болды. 1992 жылдың желтоқсанында Куляб облысының бұрынғы аппаратшысы және жартылай әскерилендірілген көшбасшы Эмомали Рахмон билікке келді. Жарты жылдан кейін, 1993 жылы 11 сәуірде Нәбиев қайтыс болды. Рахмон Нәбиев өлімінің себебі әлі де белгісіз. Ресми түрде ол жүрек талмасынан қайтыс болды, бірақ оқиғаның басқа нұсқаларында ол өзін атып өлтірді немесе өлтірілді. Оның жанұясы, соның ішінде қызы Мунаввара Нәбиева оның өлімінің ресми нұсқасына күмән келтірді. ## Жеке өмірі Нәбиевтің әйелі Майрам Нәбиева 2017 жылы үйдегі өрттен қайтыс болды. Рахмон мен Майрамның үш баласы: екі ұлдары Рашид пен Рустам және бір қызы Мунаввара. Үлкен ұлы Рашид 1997 жылы белгісіз себептен қайтыс болды және басқа ұлы Рустам 2022 жылы аурудан қайтыс болды. Қызы Мунаввара Душанбеде тұрады. Рахмон Набиев футболды жақсы көретін және ЦСКА-Памир клубының жанкүйері болған. Тәжік тілінен басқа ол орыс, өзбек тілдерін жетік меңгерген, парсы, дари тілдерін аздап түсініп, сөйлейтін. ## Дереккөздер
Сумбандар — Индонезия аумағында тұратын ұлт.Кіші Зонд архипелагындағы Сумба аралында тұрады. Олар осы аралдың байырғы халқы болып есептеледіЖалпы саны 500 000 адам. ## Тілі Тілі - сумба тілі.Көрші аймақтарда өзара түсінікті бірнеше диалектілері бар (ең күшті айырмашылықтар шығыс және батыс диалектілері арасында). ## Діні Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: реформаторлық христиандар, бір бөлігі – сүнниттік мұсылмандар, дәстүрлі нанымдар. ## Кәсібі Негізінен егіншілікпен айналысады. Азық-түлік дақылдары – күріш, жүгері, тары, түйнектер, кофе, жемістер, көкөністер және бұрыш. Мал шаруашылығы, әсіресе жылқы шаруашылығы дамыған, буйволдар өсіреді. Сумбандар жергілікті маталарды бояумен танымал. ## Өмір салты Қоғам бірнеше әлеуметтік қабаттарға бөлінеді: ақсүйектер (қоныстардың негізін салушылар, тайпа көсемдері мен діни қызметкерлер), қауым мүшелері және қауымға келген адамдар.Неке патрилокальды. Көп әйелділік қоғамның ауқатты топтарында кездеседі. Отбасы шағын, сонымен қатар, жалғыз баспана – ұзын үйі бар көпбалалы қауымдартықтар да бар.Дәстүрлі наным-сенімдерден ата-бабалар культі мен аграрлық культтер кең таралған. Көптеген күнтізбелік рәсімдер бар: Жаңа жыл - ауылшаруашылық маусымының басталуы, алғашқы жемістер мерекесі және т.б. Дәстүрлі елді мекендері шашыраңқы орналасқан, ата-бабалар культінің мегалиттік ғибадатханасы бар алаң бар. Тұрғын үйлері қаңқалы, қадаларда орналасқан. Ұзын үйлер сақталған. Ерлердің киімі – каин мен көйлек. Тамақтары – көкөніс өнімдері. Етті мереке күндері пісіріп немесе қуырып жейді. ## Дереккөздер
Тамангтар (өз атауы - тхаманг, мурма, ламатаманг) — Орталық және Шығыс Непалда тұратын халық. Жалпы саны 1,5 миллион адам (2011, халық санағы). Сонымен қатар Үндістанда 17,5 мың, (2000, халық санағы). ## Тілі Тілі- мурми тілі (таманг, исханг). ## Діні Дінге сенушілердің діни байланысы: буддистер. ## Тарихы Этникалық тарихы нашар зерттелген. Бір көзқарас бойынша, олар Тибеттің оңтүстігінен сол жерде мемлекет құрылғанға дейін қоныс аударды (VII ғасыр), екіншісіне сәйкес, тамангтар — кейінгі орта ғасырларда Непалға енген тибеттіктердің әскери атты әскерлерінен қалғандар. Кейде тамангтар Махабхаратада айтылған тамар халқымен байланысады. ## Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсіптері – егіншілік (жүгері, тары, арпа, күріш, картоп) және мал шаруашылығы (ірі және ұсақ мал). Қалаларда тамангтар қолөнермен және саудамен, жалдамалы жұмыспен, жүк тасумен, т.б. айналысады. ## Өмір салты Патрилинейлік экзогамдық руларға (ри) және 2 үлкен топқа – бара таманги мен атхара тамангиге бөлінуі сақталған. Қабырғалары өрілген және шатыры бар бір қабатты үйлер, бірінші қабатта галереясы бар Батыс Непал типті екі қабатты тұрғын үйлермен ауыстырылуда. XIX ғасырда Катманду айналасында саман төбесі бар қадаларда орналасқан үйлер кең таралған. Ерлер киімі – ақ белбеумен байланған даура-көйлек, киізден жасалған күрте (баху), басына ұзын шарф оралған, оның ұшы мойынды жауып, ұшы иықтан шығып тұрады. Әйелдер ұзын жеңді жемпір, тігілмеген белдемше, суық мезгілде шапан (барка) киеді. Мұрын сақинасы мен гүл түріндегі сырға тән. ## Дереккөздер
Орынбор шекара комиссиясы (орыс. Оренбургская пограничная комиссия) — 1799-1859 жылдары Ресей империясында болған қырғыз-қайсақтарды (қазақтарды) басқаратын арнайы орган. 1782 жылы Орынбор шекара экспедициясы құрылып, оның құрамына Орынбор бас коменданты, сарай кеңесшісі, хатшы, аудармашылар және кеңсе қызметкерлері (барлығы 6 адам) кірді. Бұл қазақтар туралы мәліметтер жинап, сауда керуендерінің Орта Азияға жөнелту уақытын белгіледі, жүз хандарын сайлауды ұйымдастырды, старшиналарды тағайындауды қадағалады, рулардың хандары мен сұлтандарына төлем жүргізді. Егер олар Ресей билігінің мүдделеріне қайшы әрекет ете бастаса, олардың жалақылары қысқартылды немесе оларды қамауға алу талап етілді. 1799 жылы 27 мамырда Орынбор шекара экспедициясы Орынбор шекара комиссиясы болып өзгертілді. Комиссия екі жақты – Сыртқы істер министрлігінің Азия департаментіне және Орынбор әскери губернаторына бағынды. Орынбор шекара комиссиясы Кіші жүзді басқарудың негізгі органы болды. 1824 жылы Кіші жүздегі хан билігі жойылып, Орынбор шекара комиссиясына бірінші қатысушы болуға хан Шерғазы Айшуақұлы шақырылды. 1799 жылғы жағдай бойынша комиссия құрамына үш жыл сайын ауысып отырған Кіші жүздің үш тайпа бірлестіктерінен (Әлімұлы, Байұлы және Жетіру) бір сұлтан мен екі старшиналар кірді. Олар «мінез-құлқы жақсы, әділдігі дәлелденген, руында құрметті» болуы керек еді. Комиссияның құрылымы ақыры 1830-1840 жылдары қалыптасты. Оның құрамына Атқару бөлімшесі (1-орын – саяси мәселелер, 2-орын– шаруашылық және діни мәселелер), Сот бөлімшесі (қазақтардың өзара және бекініс шекарасының тұрғындарымен азаматтық-құқықтық дауларын қарады), Қылмыстық бөлімше (1-орын – қарапайым қылмыстық істер, 2-орын– билікке бағынбау істері, жалған ақша жасаушылар және осыған ұқсас саяси сипаттағы істер) және Есеп бөлімшесі (қаржы) кірді. Комиссия штатында төраға, кеңесшілер, Сыртқы істер министрлігінің қызметкері, аудармашылар және іс жүргізушілерімен бірге 3 қазақ сұлтан-билеуші болды. Оларды Сыртқы істер министрлігі тағайындады. Комиссия мәжілістерінде қазақтардың істерін қарауға қатысып, қазақтардың көшпелі қоныстарына үй алымын алу, киіз үй, мал санын тексеру, көшіп-қону орнын және руларды бағытын анықтау үшін жіберілген қазақ есепшілері де болды. Комиссия Неплюев әскери училищесін басқарды, онда кейін комиссияның лауазымды адамдары болу үшін билеуші ​​сұлтандардың балалары оқыды. Сондай-ақ, Ресейдің шетелдік өкілдіктері сияқты Орынбордағы және шекаралық бекіністердегі 23 православие шіркеуі комиссияға бағынды. 1825-1844 жылдары шығыстанушы Г.Ф.Генс Орынбор шекара комиссиясының төрағасы болды, ол арнайы құпия тыңшылардың көмегімен қазақтар, сондай-ақ Хиуа хандығы, Бұхара әмірлігі және Қоқан хандығы туралы мәліметтер жинауды ұйымдастырды. 1844 жылы қазақ балалары үшін мектептер ашқан М.В.Ладыженский Орынбор шекара комиссиясының төрағасы болды. 1859 жылы қазақтардағы билік Орынбор қырғыздарының өлкелік басқармасына беріліп, Орынбор шекара комиссиясы таратылды. ## Төрағалары * Н. П. Лебедев (1799-1802) * Борщев (1802-1804) * А. Тарарыкин (1805-1817) * Веселицкий (1817-1820) * В. Ф. Тимковский (1820-1822) * Траскин (1822-1825) * Г. Генс (1825-1844) * М. Ладыженский (1844-1854) * В. Григорьев (1854-1859) ## Тағы қараңыз * Орынбор экспедициясы ## Дереккөздер
Ғалымжан Алмасбекұлы Елеуов (10 қазан 1978 жыл, Ақтөбе) — қазақстандық дәрігер-хирург және мемлекеттік қайраткер, Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VII және VIII-шақырылымдарының депутаты (2021–2023), медицина ғылымдарының кандидаты (2010). ## Өмірбаяны Ғалымжан Елеуов 1978 жылдың 10 қазанында, Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ұлты — қазақ. ### Жоғарғы білімі * 2001 жыл – Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы – Ақтөбе қаласы; * 2007 жыл – Қазақ гуманитарлық заң университеті, Астана қаласы; * 2010 жыл – Ұлттық ғылыми медициналық орталық, Астана қаласы; * 2011 жыл – Назарбаев Университетінің (Жоғары бизнес мектебі MBA іскерлік әкімшілендіру саласындағы Дьюк университетінің Фукуа бизнес мектебінің бағдарламасы бойынша) * Сеченов атындағы бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университеті, докторантура (2016) ### Медицинадағы мансабы (1992–2021) 1992 жылдан бастап Облыстық клиникалық аурухана, Ақтөбе қаласы, жақ-бет хирургиясы бөлімшесінде санитар болып мансабын бастады. Қызметін 1 қыркүйекке, 1995 жылға дейін жалғастырды. 2002–2007 жылдары аралығында Ақтөбедегі №2 қалалық емханада дәрігер-хирург болды. 2004 жылы Ақтөбенің Медициналық жедел жәрдем ауруханасында дәрігер-хирург қызметінде болды. Жұмысын 2007 жылға дейін жалғастырды. 2007 жылдың 11 наурызынан 2010 жылдың 1 мамырына дейін Ақтөбедегі Медициналық жедел жәрдем ауруханасында дәрігер-хирург және 2010–2012 жылдары №2 қалалық емханада Бас дәрігердің орынбасары болды. 2010 жылының қазанынан бастап «Дару клиникасы» медициналық оңалту орталығының директоры, Ақтөбе қаласы. 2016 жылы Ақтөбе қаласы «DARU Жарығы» клиникасы» офтальмологиялық орталығының директоры және 2018 жылы DARU «MEDICAL GROUP» бас директоры қызметтерінде жұмысын бастады. 2018 жылдан бастап Астанадағы «DARU» Ұлттық ғылыми оңалту орталығының директоры және 2020 жылдан «DARU NEFROS» нефрологиялық орталығының директоры болып жұмыс істеді. 2016 жылдан бастап 2021 жылдың 14 қаңтарына дейін Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты. ### Депутаттығы (2021–2023) 2021 жылы 14 қаңтар күні Ғалымжан Елеуов Мәжіліс VII-шақырылымының депутаты болып сайланды. Депутаттығын бастаған күні Ақтөбе облысындағы депутаттығынан және DARU компаниясындағы барлық лауазымдарынан бас тартты. Депутаттығы 2023 жылдың 19 қаңтарында аяқталды. 2023 жылдың наурызында Аманаттан Мәжіліс VIII-шақырылымының депутаты болып сайланды. Сол жылдың 27 маусымында Елеуов денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа арнаған сөзінде Қазақстандағы оңалту орталықтарын сынға алды. 2023 жылдың 31 тамызында, Мәжіліс VIII-шақырылымының екінші сессиясына бір-ақ күн қалғанда Елеуов Орталық сайлау комиссиясына өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш жасады. Отставкаға кетуіне себептің не болғаны белгісіз. Елеуовтың депутаттығы ресми түрде 1 қыркүйек күні аяқталды. Оның отставкаға кету өтінішін орындауға дауыс берген депутаттың жалпы саны 94 болды. ### Өзге мемлекеттік қызметі 2016 жылдан 2019 жылдың 5 наурызына дейін Елеуов ДСМ «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» ШЖҚ РМК Байқау кеңесінің мүшесі болды. 17 мамыр 2016 жылдан 14 қаңтар 2021 жылға дейін Волейбол федерациясының Ақтөбе облысы бойынша вице-президенті. 2018 жылдан бастап 2021 жылдың 14 қаңтарына дейін «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Өңірлік Кеңесінің Мүшесі, 2019 жылдың 12 қарашасынан 2022 жылдың 16 мамырына дейін ҚР ДСМ «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болды. Сол жылдың 5 қарашасында тәуелсіз директор, кеңес мүшесі лауазымына қайта тағайындалды. 2022 жылдан бері «AMANAT» партиясы жанындағы Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес жанындағы Денсаулық сақтау комитетінің төрағасы лауазымында. ## Марапаттары және атақтары * 2013 — Құрмет ордені; * 2019 — Қазақстан халқы ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісі; * 2020 — «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (Денсаулық сақтау үздігі); * 2020 — Қазақстан Конституциясына 25 жыл медалі; * 2020 — «Ерен еңбегі үшін» медалі; * 2010 — медицина ғылымдарының кандидаты. ## Жеке өмірі Ғалымжан Елеуов үйленген, үш баласы бар. Елеуов қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген. ## Сыртқы сілтемелер * ЕЛЕУОВ ҒАЛЫМЖАН АЛМАСБЕКҰЛЫ ## Дереккөздер
Бауыржан Момышұлы ескерткіші Алматы қаласында 2010 жылы ашылды. Ұлы Отан соғысына қатысушы, даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 100-жылдығын тойлау аясында қойылған ескерткіш 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында бой көтерді. Ескерткіштің ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов, батырдың ұлы Бақытжан Момышұлы, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері және батырдың туғандары мен туыстары қатысты. Монумент авторлары — Нұрлан Далбай және Расул Сатыбалдиев. Жиында сөз алғандардың ішінде батыр келіні Зейнеп Ахметова да болды: Атамыздың өмірінің көп бөлігі Алматыда өтті. Алматыда бақилық болды. Қабірі де осында. Ұрпағы да осында өсіп жатыр. Алматыда ашылған атамыздың ескерткіші бізді көп жылдар бойы көксеген арманымызға жеткізді. Жоқтың орны толды. Ризамыз! Жалпы, Бауыржан Момышұлына Алматыда ескерткіш қою туралы үкіметтің тұңғыш қаулысы сонау 1989 жылы шығыпты. Содан кейін араға бірнеше жыл салып қалалық мәслихаттың қаулысына қол қойылады. Сөйтіп батырдың 100-жылдығына дейін созылды. * * * ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Бауыржан Момышұлы ескерткіші (Астана) * Бауыржан Момышұлы ескерткіші (Шымкент) * Бауыржан Момышұлы ескерткіші (Тараз)
Таймендер (өз атауы-Таймандар) — Солтүстік-Батыс Ауғанстандағы Чараймақ тобының халқы (Фарахруд өзенінің жоғарғы ағысы және Герируд өзені аңғарының іргелес бөлігі). Саны 130 мың адам.Олар солтүстік және оңтүстік болып бөлінеді. Субэтникалық топтары: қыпшақ, дурзай, хазар-таймен, какар. Қыпшақтар түрік текті, дурзай мен какар ауған текті деген болжам бар. ## Тілі Таймендер дари және фарс (парсы) диалектілерінде сөйлейді. ## Діні Таймендер – сүнниттік мұсылмандар. ## Кәсібі Негізгі кәсібі жайылымдық мал шаруашылығы (қой, т.б.) және егіншілік (дәнді дақылдар). Қыста олар ауылдарда тұрады, көшу кезінде олар оңтүстік бағытта болады, олардан алыс кетпейді. Қосалқы шаруашылық басым. Ою-өрнекпен безендірілген түрлі-түсті киіз жасайды. ## Өмір салты Отбасылық рәсімдер (үйлену тойы, баланың, әсіресе, ұлдың дүниеге келуі) ән-күймен, музыкалық аспаптарда ойнаумен өтеді. Тас пен саздан жасалған үйлер, шатыры сабан, сазбен қапталған. Жазда тікбұрышты пішінді шатырлар немесе киіз үйлер құрылады. Ерлер шалбар мен көйлектен басқа, жеңсіз, ақ киізден жасалған халат немесе бурка, қалпақ, чалма, жүннен жасалған шұлықтар киеді. Әйелдер көйлек, жеңсіз, қысқа паранджа киеді. ## Дереккөздер
«Әділет» социал-демократиялық партиясы (өзб. O’zbekiston «Adolat» sotsial-demokratik partiyasi) — Өзбекстандағы саяси партия. Елдегі ресми тіркелген бес партияның бірі. ӘСДП — солшыл-центристік саяси партия және идеологиясы Өзбекстан Халық Демократиялық партиясына ұқсас. Ол әлеуметтік нарықтық экономика мен әмбебап әл-ауқат мемлекетін қолдай отырып, теңдік пен әлеуметтік әділеттілікті алға тартады. Оның негізгі қолдаушыларына инженерлік-техникалық сала қызметкерлері, мұғалімдер, дәрігерлер, бюджеттік ұйымдар мен қызмет көрсету саласының қызметкерлері кіреді. ## Сайлаудағы нәтижелері ### Парламент сайлаулары ## Дереккөздер
«Иман Нұры» Әділеттілік және Даму саяси партиясы (қыр. «Ыйман Нуру» Адилетүүлүк жана өнүгүү саясий партиясы, орыс. Политическая партия справедливости и развития «Ыйман Нуру»), қысқаша Иман Нұры (қыр. Ыйман Нуру) — Қырғызстандағы саяси партия. Партия 2020 жылғы парламенттік сайлауға қатысты, онда олар 66,747 дауыс (3,1%) жинады, бұл 7% сайлау шегінен төмен болды. 2021 жылғы сайлауда шек 5%-ға дейін төмендетілді, партия 5,98% үлес пен бес мандатқа ие болып, жақсы нәтиже көрсетті. ## Дереккөздер
Придорожный ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында болған әкімшілік бірлік. 2013 жылы таратылып, Богданов ауылдық округіне қосылды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Придорожное, Алғабас, Сәрсен ауылдары кірген. Орталығы – Придорожное ауылы болған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 527 адамды құрады. ## Дереккөздер
Сумбавтар (өз атауы; сумбавандар, тау семава) — Индонезия аумағында тұратын ұлт.Сумбава аралының батыс бөлігін мекендейді.Жалпы саны 300 мың адам. ## Тілі Тілі - сумбава тілі. ## Діні Дінге сенушілердің діни байланысы: сүнниттік мұсылмандар. ## Кәсібі Негізгі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік. Негізгі дақыл – күріш. Басқа азық-түлік дақылдары - жүгері, бұрыш, бұршақ, көкөністер, пияз, сарымсақ, кофе, жеміс ағаштары, кокос пальмасы. Мал шаруашылығы дамыған, олар буйвол, ұсақ мал мен құс өсіреді. Терушілік тауарлық сипатта: сатып алушыларға қымбат ағаш түрлері, ротан және балауыз сатылады. ## Өмір салты Әлеуметтік ұйым көп қырлы: қазіргі өндірістік қатынастармен қатар дәстүрлі қатынастар да бар. Отбасы шағын, моногамды. Көп әйел алуға рұқсат етілген, бірақ әйелдің қалың малы қымбаттығына байланысты сирек кездеседі. Дәстүрлі үйлену тойының элементтері сақталған - қалыңдық пен күйеу жігіттің бірге шомылуы, тамақтануы. Тұрғын үйлері қадаларда орналасқан тікбұрышты, төбесі шатырлы. Әдетте, үйде шағын отбасы тұрады. Ішкі бөлме 3-4 бөлікке бөлінген. Қадалар мен еденнің арасында қора мен екі-үш қабырғалы бөлме бар, онда әйелдер үй жұмысымен айналысады. Дәстүрлі киімі - каин, оның үстіне ерлер еуропалық көйлек киеді, ал әйелдер тар кофта киеді. Азық-түлік негізінен көкөністер (күріш және ащы дәмдеуіштері бар жүгері) болып табылады. Үлкен мерекелерде, буйвол етін, тауық етін жиі жейді. ## Дереккөздер
Тұңғыш ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында болған әкімшілік бірлік. Тұңғыш ауылы тұрғындарының Қарашығанақ мұнай-газ кен орынның санитарлық-қорғаныс аймағынан тыс жерге көшулеріне байланысты 2004 жылы таратылып, жері Қызылтал ауылдық округіне берілді. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Тұңғыш ауылы кірген. Орталығы – Тұңғыш ауылы болған. ## Халқы 1999 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 780 адамды құрады. ## Дереккөздер
Тенггерлер (өз атауы - тенггерлер, уонг тенггер) — Индонезияда Ява аралының шығысындағы Теңгер тауларында тұратын ұлт. Саны 100 мың адам. (2016 ж.). ## Тілі Тілінде ескі яван лексикасы сақталған. ## Діні Тенггерлер діні бойынша – буддизм элементтері мен анимистік наным-сенімдері бар индуистар.Теңгерлер XV—XVI ғасырларда явандықтардың ислам дінін қабылдауына байланысты явандардан бөлініп шыққан индуизмді сақтап қалған топтың ұрпақтары. ## Кәсібі Тенггерлер – қолмен атқарылатын егіншілікпен айналысады. Негізгі дақылдар көкөністер, азық-түлік дақылдары жүгері, таро және мал шаруашылығы.Дәстүрлі қолөнер - металл және ағаш өңдеу, керамика, тоқу, тоқымашылық. ## Өмір салты Тенггерлер ауылдық қауымдастықтарда тұрады. Шаруашылықтары ортақ үлкен отбасылар сақталған. Жыл сайын «Тенггерлер елінің» символдық орталығы – Бромо кратерінде от құдайы Баторо Бромға құрбандық шалады. Ауылдары сызықты тау беткейлерінде орналасқан. Тұрғын үйлері қаңқа-бағаналы, төртбұрышты жер үйлер. Дәстүрлі киім-кешек пен тұрмыстары Явандықтарға жақын, еуропалық костюмдер таралуда. ## Дереккөздер
* Қарабидайық – Ертіс алабындағы тұзды көл. * Қарабидайық – Солтүстік Балқаш алабындағы өзен.
«Шымкент шина зауыты» – Шымкент қаласында орналасқан шина шығаратын Қазақстандағы жалғыз ірі кәсіпорын. «Ордабасы» корпорациясының құрамына кіреді. ## Тарихы Зауыт №1 Ленинград жобалау институтымен жобаланған . 1976 жылы құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін ол өзінің алғашқы өнімдерін шығарды . Өндірістік ғимараттар 160 гектар жерде орналасқан. Шина және мұнай өңдеу зауыттарын жылумен және электрмен қамтамасыз ету үшін жақын жерде ЖЭО-3 салынды . КСРО ыдырағаннан кейін жекешелендіріліп, «Петроказ ЛТД» ЖШС жеке меншігіне өтіп, бірнеше жыл жұмыс істемеді. 2004 жылдың қыркүйегінен бастап Алматының «Ордабасы» корпорациясы зауыттың жаңа иесі болды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаржылық қолдауымен өндірісті жаңартуға 40 миллион доллардан астам инвестиция салынды . Германия, Италия, Франция және АҚШ-тың үздік фирмаларының технологиялық желілері орнатылды. Халықаралық стандарттар мен интеграцияланған ақпараттық технологияларды енгізу арқылы шығарылатын өнімнің сапасын бақылау күшейтілді. Зауыттың жобалық қуаты жылына үш миллион шина мен бес миллион ішкі түтік шығарады. 2005 жылы зауыт 2,5 млрд теңгенің өнімін шығарды. Компанияда 2893 адам жұмыс істейді. 2007 жылы зауыт жұмысын тоқтатты және Қазақстан Республикасының автомобиль нарығының үнемі өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне қарамастан жабылды. Оны бұзып, жаңа жолаушылар дөңгелегі зауытын тек Астанада салу туралы шешім қабылданды. Өндірістік цехтар мен зауыт ғимараттары жалға беріле бастады . Мемлекет қаржысына жабдықталған заманауи қондырғылардың қайда орналасқаны белгісіз. ## Дереккөздер
Тогутил — Индонезияда тұратын жалпы саны 1 мың адам болатын ұлт.Халмахера аралында тұрады.Олар Солтүстік Халмахер халықтарының қатарына жатады, 3-10 отбасынан тұратын шашыраңқы көшпелі аумақтық топтарға бөлінеді, ең үлкені (кусури) Солтүстік Халмахера түбегінің орталығында. ## Тілі Тілі - тобело тілі. ## Діні Дінге сенушілердің діни байланысы: дәстүрлі нанымдар, христиандар (реформаттар). ## Кәсібі Дәстүрлі өмір салты көшіп жүреді. Негізгі кәсібі ірі аңдарды (бұғы, жабайы қабандар) жеке, итпен аулау. Негізгі қару – садақ, найза. 1920 жылдардан бастап бірте-бірте отырықшы өмір салтына көшті және тропикалық қолмен атқарылатын егіншілікпен, саго өндірумен айналысады. ## Өмір салты Елді мекендері өзендердің төменгі ағысында, ормандардың маңында және көлдердің жағасында шашыраңқы орналасқан. Көшпелі халық болғандықтан олар бір мекеннен екінші мекенге көшуді жеңілдету үшін үйлерін негізінен жапырақтар мен бұтақтардан салады. Ерлер де, әйелдер де денені орайтын мата киеді, кейде матаны беліне байланған әйелдерді кездестіруге болады. Балалар жалаңаш жүреді. ## Дереккөздер
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті — Қазақстанның Қызылорда қаласындағы жоғары оқу орны. 1937 жылы құрылған. Университеттегі 6 институт, 24 кафедрада педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік, жаратылыстану ғылымдары, өнер, бизнес және басқару, құқық,техника және технология, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету бағыттары аясында бакалавриаттың 66, магистратураның 34, докторантураның 13 білім беру бағдарламасы (БББ) бойынша мамандар даярланады.Университетте 550-ге жуық профессор-оқытушы 10 мыңнан астам білім алушыға дәріс жүргізеді. Сондай-ақ, 5 ғылыми орталық пен әскери кафедра, өндіріс орындарында кафедралардың 95 филиалы бар..Университетте білім алушылардың ғылыми-зерттеу іс-шараларына жүйелі қатысуына, рухани, мәдени, спорттық белсенділігін арттыруға ықпал ететін жастар ұйымдары жұмыс істейді.Ғылыми кітапхананың OPEN SPASE кеңістігі, 24/7 форматындағы "МегаПро" бағдарламасы қызмет етеді, сыртқы электронды ресурстарды пайдалануға мүмкіндігі мол. Университеттің 9 оқу ғимараты бар. Түркия,Канада, Корея Республикасы, Ресей, Польша, Бельгия, т.б. шетелдік оқу орындары және жетекші ғылыми орталықтарымен байланыс орнатылған. Университет: Quacquarelli Symonds World University Rankings (QS WUR) – 2024 ғаламдық рейтингісінде 1201-1400 орындар аралығында;  UI GreenMetric World University Rankings – университеттердің Дүниежүзілік рейтингінде 1015 орында; QS EECA ТОП-300, QS Asia ТОП-551-600,QS Asia University Rankings – 2024 рейтингінде ТОП 601-650 қатарында. ## Тарихы 1937 жылы Қиыр Шығыстағы Корей педагогикалық институтының Қызылордаға қоныс аударуы негізінде Қызылорда педагогикалық институты ашылды. 1952 жылы наурыз айында Қызылорда педагогикалық институтына Н.В.Гогольдің есімі берілді. 1992 жылы 21 сәуірде Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты болып қайта аталды. 1996 жылы 7 мамырда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті болып қайта құрылды. 1976 жылы 13 шілдеде Қызылордада Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының филиалы ашылды. 1990 жылы 15 қарашада аталған филиал Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты болып қайта құрылды. 1992 жылы 12 ақпанда Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтына атақты күрішші, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың есімі берілді. 1996 жылы 7 мамырда Ы.Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты Ы.Жакаев атындағы Қызылорда политехникалық институты болып қайта құрылды. 1998 жылдың 24 наурызында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті мен Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты біріктіріліп, "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды. 2012 жылы 28 сәуірде «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ретінде қайта ұйымдастырылды. 2020 жылы 1 шілдеде «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғам ретінде қайта құрылды. ## Университет басшылары Боробов Андрей Афанасьевич, 1937-1938 жж. Ривкин Соломон Ильич, 1938-1948 жж. Айтжанов Айдарбек, 1948 ж. (наурыз-тамыз) Тоқмұрзин Орал,1948-1951 жж. Коргулин Әбдірахман, 1951-1952 жж. Жаманбаев Қадыр,1952-1954 жж. Ермеков Әділ,1954-1963 жж. Өсербаев Базарбек, 1963-1970 жж. Камардинов Оралхан, 1970-1987 жж. Айтмұхамбетов Абай Ахметғалиұлы, 1987-1991 жж. Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы, 1991-1995 жж. Әбдірәсілов Болатбек Серікбайұлы,1996-1998 жж. Бишімбаев Уәлихан Қозыкеұлы, 1976-1996 жж. Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы,1996-2007 жж. Момынбаев Байзақ Көпірбайұлы, 2007-2011 жж. Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы, 2011-2019 жж. Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы, 2020 жылдан қазірге дейін. ## Мұражайлар Университет жанында 4 мұражай: Университет тарихы мұражайы (мекен-жайы:Ы.Жақаев көш.,11); Археология және этнография орталығының көрме залы (Әйтеке би көш.,29-А); Спорт даңқы мұражайы (А.Иманов көш.,60); Су шаруашылығы музейі (Назарбаев даңғылы, 15) бар. 9 тақырыптық блок бар. ## Дереккөздер
Борий Батырұлы Әлиханов (өзб. Boriy Botirovich Alixanov, 8 маусым 1961, Ташкент) — Өзбекстан саясаткері, 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап Экологиялық партия басшысы, 2019 жылғы желтоқсанынан бастап Заң шығару палатасы 2, 3 және 4-ші шақырылымдарының депутаты, экономика ғылымдарының кандидаты. ## Өмірбаяны 1983 жылы Ташкент политехникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Саяси қызметін 90-шы жылдары бастап, 2005 жылдың мамырына дейін Өзбекстан Республикасы Табиғатты қорғау мемлекеттік комитеті төрағасының бірінші орынбасары, 2005 жылдың мамыр айынан бастап осы мемлекеттік құрылымның төрағасы болды. 2009 жылы тамызда Өзбекстан Экологиялық қозғалысы Орталық кеңесі атқару комитетінің төрағасы (жетекшісі) болып сайланды. Ол 2009/2010 және 2014/2015 жылдардағы парламенттік сайлаулардан кейін қозғалыстың көшбасшысы болып қалды. 2010 жылдың 22 қаңтарынан бастап Олий Мажлистің Заң шығару палатасы спикерінің бес орынбасарының бірі. 2019 жылы қаңтарда Өзбекстан Экологиялық партиясы құрылғаннан кейін оның жетекшісі болды және Өзбекстанның жаңа парламентіне сайланды . ## Дереккөздер
Кежшкемет (маж. Kecskemét) — Мажарстанның орталығындағы Оңтүстік Альфельд ауданындағы қала. Халық саны 108 844 адам (2005 жылғы халық санағы бойынша). Қала орнындағы көне қонысты XIII ғасырда монғолдар қиратады. Дегенмен сауда жолдарында орналасқандықтан қала тез дамиды. * 1348 жылы I Ұлы Людовик Кежшкеметке қала дәрежесін береді. * XVI-XVII ғасырда бүкіл Орталық Мажарстан секілді Кежшкеметте Осман империясының қол астына өтеді. * XVIII ғасырда қала маңында мал шаруашылығы жақсы дамыды, алайда XIX ғасырда қала тұрғындары оның орнына жүзім өсірумен айналысады. Осы ғасырдың аяғында қала ауданның сауда орталығы болып, жақсы дамыды. Қалада ар-нуво үлгісіндегі бірнеше сарайлар, жаңа ратуша, шіркеу және пиар орденінің гимназиясы салынған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірнеше кәсіпорындар салынады. 1975 жылы қала маңындағы жазық далалар Кишкуншаг ұлттық саябағына қосылды. ## Дереккөздер
Тернатандар (өз атауы - тернате, тернатандар, ибу, джаилоло) — Индонезиядағы ұлт.Олар Тернате аралын және батыс Халмахераның (Молукка аралдары) жағалау бөлігін мекендейді.Жалпы саны 160 мың адам.Субэтникалық топтар: ибу, джаилоло, тернато-португал. ## Тілі Олар Молуккалардың солтүстігінде делдал тіл рөлін атқаратын тернат тілінде сөйлейді. Жазуы XVII-ғасырдан араб әліпбиі, XX ғасырдан латын әліпбиі негізінде. ## Діні Дінге сенушілердің діни байланысы: сүнниттік мұсылмандар, бір бөлігі – католиктер. ## Тарихы Бастапқыда мемлекет Гапи деп аталды, бірақ кейін өз атауын астанасы атауына байланысты - Тернат деп өзгертті. Мемлекет 1570-1583 жылдары билеген Бабулла сұлтан тұсында ең үлкен гүлденуге жетті. Ол Индонезияның шығыс бөлігін және Филиппиннің оңтүстігінің бір бөлігін басқарды. Тернат әлемдегі ең ірі қалампыр өндірушісі болды. 1605 жылы Голландиялық Шығыс Үндістан компаниясы Тернатта өзінің алғашқы бекінісін құрды және 16 ғасырда Тернатқа жақын аралдарда дәмдеуіштер саудасына монополиясын кеңейтуге тырысты, 16-17 ғасырлардағы голландтар бекініс ретінде пайдаланды. ## Кәсібі Қазіргі кәсібі копра өндірісіне негізделген. Ауыл шаруашылығы (күріш, тәтті картоп, маниок), саго өндіру, балық аулау және теңіз кәсібі дамыған. ## Өмір салты Аумақтық ауылдық қауымдастықтар шағын отбасылардан тұрады. Неке патрилокалды. Көптеген тернаттар Тернат қаласында тұрады. ## Дереккөздер
Борий Батырұлы Әлиханов (өзб. Boriy Botirovich Alixanov, 8 маусым 1961, Ташкент) — Өзбекстан саясаткері, 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап Экологиялық партия басшысы, 2019 жылғы желтоқсанынан бастап Заң шығару палатасы 2, 3 және 4-ші шақырылымдарының депутаты, экономика ғылымдарының кандидаты. ## Өмірбаяны 1983 жылы Ташкент политехникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Саяси қызметін 90-шы жылдары бастап, 2005 жылдың мамырына дейін Өзбекстан Республикасы Табиғатты қорғау мемлекеттік комитеті төрағасының бірінші орынбасары, 2005 жылдың мамыр айынан бастап осы мемлекеттік құрылымның төрағасы болды. 2009 жылы тамызда Өзбекстан Экологиялық қозғалысы Орталық кеңесі атқару комитетінің төрағасы (жетекшісі) болып сайланды. Ол 2009/2010 және 2014/2015 жылдардағы парламенттік сайлаулардан кейін қозғалыстың көшбасшысы болып қалды. 2010 жылдың 22 қаңтарынан бастап Олий Мажлистің Заң шығару палатасы спикерінің бес орынбасарының бірі. 2019 жылы қаңтарда Өзбекстан Экологиялық партиясы құрылғаннан кейін оның жетекшісі болды және Өзбекстанның жаңа парламентіне сайланды . ## Дереккөздер
Торғұттар — ойрат тобына жататын моңғол халықтарының бірі. Олар Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында (Қытайдың солтүстік-батысында), Қалмақстанда (Ресей) және Моңғолияның батысындағы Ховда аймағында тұрады.Жалпы саны 40 мың адамды құрайды. Негізінен Моңғолияда 10 мың адам, Қытайда 30 мың адам. ## Тілі Ойрат тілінің торгут диалектісінде сөйлейді. ## Діні Дінге сенушілер: православиелік, бір бөлігі – дәстүрлі нанымдар, буддистер. ## Этнонимі Торғұттардың этнонимі XIII ғасырдағы моңғолдардың әскери-әкімшілік бөлімшелерінен бастау алады (хан ставкасының күндізгі күзетшісінің атауы). XIV ғасырдың аяғында торгуттар зюнгарлармен, хошуттармен және дербаттармен бірге "Дурбен ойрат"саяси одағын құрды. XVII ғасырдың басында дербеттердің, хошоуттардың, хоиттердің және басқалардың бір бөлігімен бірге торғұттардың бірнеше ұрпақтары Ресейге қоныс аударды, орыс азаматтығын қабылдап және Еділдің төменгі ағысында қоныстанды. Олардың ұрпақтары қалмақтардың құрамына кірді. ## Қалмақтардың құрамындағы торғұттар Қалмақстанда тұратын торғұттардың құрамындағы келесі этникалық топтар белгілі: меркіт, батут, урянхус, харнут, хавчин, керет, эркетен, цаатан, хаскут, маңғыт, хошут, цохур және т.б. XIX ғасырдың екінші жартысында торғұттар Багацохур-Муравьев, Эркетен, Яндыков, Икицохур, Хошеут, Харахус-Эрдени ұлыстарында тұрған. Аталған ұлыстардың құрамын В:В. Батыров сипаттаған: * Харахус ұлысы: харахус, ики-гурбут, бага-гурбут, гурбут, шабинер, замут, джамбанкин, батут, ангучин, самтанакин, цорос, бабенкин, сатхал, Дугаровтың қол астындағылар. * Хошоуыт ұлысы: эркетен, ики-теленгут, бага-теленгут, керет, шабинер, сангуд, мергечуд, чигачинер, хахачин, урянхус-доглут, ики-хошут, бага-хошут, цагалай, цатан, урянхус, хойт. * Яндыков ұлысы:барун, керет, багут (баргу-буряты), цатан, аха цатан, шебинер, ламин шебинер. * Икицохур ұлысы:зюнгар, шебинер, кетченер, ачинер, яргачин кетченер, кебюн ноет, сатхал, зекин косик, тохон косик, хошут, эркетень баргас, замут. * Эркетен ұлысы: ики-хапчин, бага-хапчин, эрекчут, тебенкин, харнут, ики-багут (баргу-буряттар), шарс-багут (баргу-буряттар), меркет, бульчин, цатан, цебгекин, дунду хапчин, му-хорин, ялькет, керет, кетченер, гуюрмут, шебинер, зюнгар, мацагакин, хончут, будубул. * Багацохур-Муравьев ұлысы: барун, запсор, зүн, хур шебинер, тукчин, бакши тюрюл, тубанкин, истенкинер, бакшин шабинер, дархачут. ## Кәсібі Негізгі кәсібі – мал шаруашылығы, қой, түйе, ірі қара мал өсіру. Маңызды орынды аңшылық алады, балық аулау кең тараған.Киізді торғұттар ерте заманнан қолданып келеді. Оны қодастың, түйенің жүнінен жасаған. Ақ киізді қойдың жүнінен алуға болады. Бұл материалды өндіру көп сатылы және ұзақ, ол ұрпақтан ұрпаққа мұра. Бұл барлық моңғол халықтарының материалдық емес мұраларының бір түрі. Торғұттар киізді сумен суламас бұрын оған бие сүтін себеді. Сонда ғана жүн төзімді, жылы, жеңіл киізге айналады. Одан сөмкелер, қолғаптар, шұлықтар, киімдер, бас киімдер жасалады. ## Өмір салты Дәстүрлі неке қию рәсімі күні бүгінге дейін сақталған. Бұрынырақта бала 5-6 жасқа келгенде ата-анасы болашақ келін іздей бастайды. Бала 7-8 жасқа толғанда ата-анасы болашақ келіннің үйіне қонаққа келіп, «зус хадак» рәсімі өткен. Қалыңдықтың ата-анасына неке келісімінің беріктігін білдіретін балық желімі берілді. Бала 10 жасқа толғанда ата-анасына қошқардың етін әкелген. Әр сапарда шағын дастархан жайылды, болашақ тойдың түрлі мәселелері талқыланды.Үйлену тойының соңғы кезеңі - бұл үйлену мерекенің өзі. Той күйеу жігіт пен қалыңдықта бөлек өткізіледі. Торғұттардың дәстүрлі баспанасы – киіз үй. Сыртынан киізбен жабады, қаңқасы дөңгелек пішінде, торға жалғанған ағаш сырықтардан жасалған. Ішінде тұрғын үй екі бөлікке: еркек пен әйелге бөлінген, дәл ортасында ошақ орнатылып, оның көмегімен олар тамақ пісіріп, киіз үйді жылытатын. Ошақтың ар жағында қонақтар отырған құрметті орын болды. Тұрғын үй ішіндегі едендерге киіз төселді. Торғұттардың дәстүрлі киімі тарихи және мәдени жағынан жақын халықтардың: моңғолдар мен қалмақтардың киімдеріне біршама ұқсас.Костюмнің негізгі элементтері - терлаг-көйлек және цегдаг-жеңсіз күрте. Әдетте көк, кейде жасыл немесе қара түстерде киетін, ал қызыл мата әлдеқайда аз қолданылды, ол 19-20 ғасырлардың тоғысында ғана торғұттар арасында танымал болды.Көйлектің тік жағасы бар, шеті геометриялық ою-өрнекпен әшекейленген, бүйірлері мен астыңғы жиегі өріммен безендірілген. ## Дереккөздер
Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы Жұмабай (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) — алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы. ## Өмірбаяны Арғын тайпасының Атығай руының Құдайберді тармағынан шыққан. Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді. Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. 1910–1913 жылдары Уфа қаласындағы Ғалия медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С. Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады. Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. Садақ журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды. Бірлік ұйымы жұмысына белсене араласып, Балапан қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, Қазақ газетіне өз өлеңдерін жариялайды. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Алаш партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. Үш Жүз партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті. 1918 – 1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919–1923 жылдары Ақмола губерниялық “Бостандық туы” газетінде, Шолпан, “Сана” журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы “Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарады. 1923 – 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады. 1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Мағжанның 1922 жылы Қазанда, 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды. Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы Еңбекші Қазақ газетінің 1925 жылы 14 ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын “Сәлем хат” деген өлең жазды. Ол “Тілші” газетінде жарияланды. “Еңбекші қазақ” газетінің 1924 жылы 19 желтоқсанындағы санында С.Мұқановтың “Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабаевқа” деген ескертпемен “Сәлемге сәлем” деген жауап өлеңі басылды. Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, “уралап айқайламадың” деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен М.Жұмабаев қатаң сынға алынды. Мағжан 1927 – 1929 жылы Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады. 1929 жылы М.Жұмабаев “Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады. Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 жылы наурызда М.Жұмабаев Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, 19 наурызда ату жазасына кесілді . ## Мағжан шығармашылығы Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны “хакім” деп атады, ұлы ақынның “мың жыл жұтса дәмі кетпес” сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты. Жұмабайұлы ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді (“Шын сорлы”), халқын өнер-білімге шақырды (“Ләззат қайда?”, “Жазғы таң”, “Өнер-білім қайтсе табылар”, “Балалық шақ”, “Қазағым”, “Қарағым”, “Осы күнгі күй”, “Мен сорлы”). Бірқатар өлеңдерін махаббат тақырыбына арнады (“Жас келін, “Зарлы сұлу”, “Сүйгеніме”, “Алданған сұлу”). Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін М.Жұмабаев ұлт-азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Бүкіл халықты тап, топқа жіктемей, Қазақ елін әлемдік мәдени жетістіктерге қол жеткізуге қандай күш кедергі деген сауал қойып, оған басты кедергі – отаршылдық деген шешімге келді. Бастапқы кезде бұл тақырып туған жердің табиғатын тамашалаудан барып қайран жердің ендігі күні не болады деген уайым-қайғыға ұласады, ақыры келіп кіндік қаны тамған нулы, сулы өлкені жаулап жатқан қара шекпенді отаршылдыққа қарсы наразылық оты болып тұтанды (“Туған жерім – Сасықкөл”). Ақын халқымен бірге күйзелді, осыдан келіп романтикалық әуенге бөленген жорық идеясы туды (“Жарыма”, “Есімде... тек таң атсын”, “Жаралы жан”, “Мен жастарға сенемін”, т.б.). Мағжан шығармаларындағы романтикалық сарын, әсіресе, оның символистік арнада жазған өлеңдерінен айқын көрінеді. Ақын символизмі болашақ пердесін ашатын жаңа мифология туғызды, келешек суретін салу саясатшылардың емес, ақындардың қолында деген сенімге айналды (“От”, “Пайғамбар”, “Күншығыс”, “Жаралы жан”, “Айға”, т.б.). Ақын дыбыс-буынның соны үндестіктерін тауып, қазақ жырын байыта түсті (“Шолпы”). Мағжан поэзиясындағы құнарлы арнаның бірі – түркі тақырыбы. Түркі халықтарының бірлігі тақырыбы М.Жұмабаев поэзиясының әуелден қалыптасқан алтын арқауы іспетті. Ақын дүниетанымына Қызылжардағы Бегішев медресесінде оқуы көп ықпал етті. Ол жас өрен жүрегіне түрікке деген бауырмалдық сезім туғызды. “Шолпан” жинағындағы “Орал тауы” өлеңінде: , – деп жазды. Ерекше атап өтетін бір жәйт – Мағжанның түрік халқының шет ел басқыншыларына қарсы азаттық қозғалысына үн қосуы. Мұнда реалистік, романтикалық сарындар бір-бірімен астасып, бірге өріліп отырады. Түрік тақырыбы қазақ халқының ұлт-азаттық тақырыбына ұласып, отаршылдыққа қарсы күреске алып келді (“Орал тауы”, “Алыстағы бауырыма”, “Жер жүзінде”, “Қазақ тілі”, “Тез барам!”, “Түркістан”, “Орал”). Сондай-ақ, Мағжанның “Пайғамбар” өлеңінде “Ғұн – түріктің арғы атасы” десе, “Түркістан” атты өлеңінде “Түркістан – ер түріктің бесігі ғой” деп асқақ рухпен жырлады. Түрікшілдік сезімі 1919 – 1923 жылы Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған түрік халқының азаттық соғысына арналған “Алыстағы бауырыма” атты өлеңінде айрықша байқалады. Оның бұл өлеңін Мұстафа Шоқай “Яш Түркістан” журналында (1930, №1) жариялай отырып, оны түрікшілдік күресі үшін ең қымбатты және ең пайдалы өлең деп бағалады. ## Мағжантану ғылымы Мағжан – философ ақын. Ақынның философиялық көзқарасы өз өлеңдерінде жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік тәрізді қарама-қайшылықты философиялық ұғымдарды шебер шендестіре білуінен байқалады. Ол дүниені біртұтас құбылыс ретінде алып, адамды сол ұлы табиғат, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде суреттейді. Табиғатсыз, жаратылыссыз адам жоқ. Ал табиғат адамсыз да күн көре береді. Бірақ сана оған бағынбайды, дене бағынса да сезім бағынбайды. Сондықтан ол бұлқынады, серпіледі, үстем болғысы келеді (“От”). Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білуде ақын, ең алдымен, ненің болса да мән-мазмұнына үңіледі, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстардың ішкі құпия астарын ұғынғысы келеді. Жұмабайұлының ойынша ақын деген болжап білмес жолға сапар шеккен пір, кейде жын, кейде бала, сол сапарда ол қиындықты қайыспай көтеретін, не дүниені тәрк етіп, бәрінен безінетін жан (“Қиял құлы мен бір ақын”). Ақын “Қорқыт” поэмасында философиядағы мәңгілік тақырып – өмір мен өлім мәселесін Қорқыт пен ажалдың аңдысуы түрінде суреттейді. Ажал – хақ, сондықтан да өмір жібінің түйінінде өлімді болмай қоймайтын өмір ақиқаты ретінде қабылдау қажет деп санайды ол. ### Мағжан поэзиясы Мағжан қазақ лирикасының сыршылдығын тереңдетті, адамның нәзік сезімдеріне тіл бітіре білді. Бұл қасиет оның, әсіресе, махаббат лирикасына тән (“Сүй, жан сәулем”, т.б.). М.Жұмабаев – әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты алғаш жырлаушылардың бірі (“Айда атыңды, Сәрсембай”, “Шойын жол”). Ол техикалық прогреске қарсы болған жоқ, оның ұлттық-мәдени, рухани дәстүрлерді бұзуына қарсы еді. Техника жетістіктерін қызыға жырлай отырып, туған жердің әсем табиғатынан айырылып қалмауға үндеді. Мағжанның әйгілі өлеңдерінің бірі "Мен Жастарға Сенемін" болып табылады:Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты. Мен жастарға сенемiн! Мағжан поэмалары Мағжан қазақ поэмасының баяндау стилін, шешендік мәнерін өзгерту қажет екендігін алғаш айтқандардың бірі болды. Қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрды. Адам жанының, психология әлемінің құпия сырларын, иірімдерін, даму диалектикасын шеберлікпен кестелеп өрнектей білді. М.Жұмабаев поэмаларына лирикалық тереңдік пен эпикалық кең құлаштылық бірдей тән. Жеке адам мен ұлт тағдырын драм. сюжетте үйлестіріп, көркемдік зор қуатпен жырлай білді (“Батыр Баян”, “Оқжетпестің қиясында”, “Қойлыбайдың қобызы”, “Өтірік ертегі”, “Шын ертегі”). Ақын шығармашылығының үлкен бір арнасы – халыққа білім беру, педагогика саласы. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап “Педагогика” (1922, 1923), “Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні” (1925) еңбектерін жариялады. Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу еңбектер жазып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға жәрдемдесті. Мағжан публицистикасы Мағжан аударма саласына үлкен мән берді. И.Гете, Г.Гейне, Әбу Фирас, А.В. Кольцов, М.Ю. Лермонтов, А.А. Фет, И.И. Дмитриев, И.П. Мятлов, А.А. Блок өлеңдерін, А.М. Горький, В.В. Иванов, Д.Н. Мамин-Сибиряк, т.б. әңгімелерін қазақ тіліне аударды. Таңдаулы прозалық шығармалар аударумен қоса М.Жұмабаев “Шолпанның күнәсі” әңгімесі арқылы қазақ әдебиетіне психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізді. ## Қайтыс болғаннан кейін Кеңестік жүйенің қуғын-сүргінінің құрбаны болған Мағжан есімін ақтау ісі 1958 жылы қолға алынды. Осы жылы ресми комиссия құрылып, ақынның таңдамалы лирикаларын жариялау жөнінде ұйғарым жасалды. Бірақ одан нәтиже шықпай, Мағжан шығармалары басылмай қала берді. 1960 жылы Түркістан әскери окр. әскери трибуналының алқасы шешімімен М.Жұмабаев толығымен, біржола ақталды. Мағжан есімі ақталса да ол жөнінде Қазақстан Жазушылар одағы мен ғылыми мекемелерге хабарланбады. Осылайша, Қазақстан халқы ұзақ уақыт бойы М.Жұмабаев шығармаларымен жете таныса алмай келді. Түркияда ақын кітаптары жарық көргенімен, олар қазақ оқырмандарының қолына тимеді. 1969 жылы Мағжанмен қызметтес, таныс болған адамдар Мағжанды ақтау, шығармаларын жариялау керектігі жөнінде Қазақстан басшыларына хат та жолдаған болатын. Бірақ Мағжанның шығармалары 1989 жылы ғана қайтадан жариялана бастады. 1995 жылдан М.Базарбаев, С.Қирабаев, Х.Абдуллин, Ш.Елеукенов, Б.Дәрімбет, Шөмішбай Сариев бастаған ғалымдар тобы Жұмабайұлының 3 томдық шығармаларын шығаруды қолға алды. Мағжан Жұмабаев шығармашылығын тереңірек зерттеу еліміздің егемендік алуынан бергі кезеңде ғана нақтылы жолға қойылды. Мағжан есімін мәңгі есте қалдыру бағытында да біршама жұмыстар атқарылды. Алматы және Петропавл қалаларында бір-бір көшеге Мағжан Жұмабаев есімі берілді. Петропавл қаласында және ақынның туған ауылында ескерткіш қойылған. Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы Булаев ауданы Мағжан Жұмабаев ауданы болып аталды (2000).Мектеп оқушылары арасында жыл сайын республикалық Мағжан оқулары өтеді. ### Мағжан Жұмабаевтың мемориалдық мұражайы Ақынның 100 жылдық мерейтойына арналып 1993 жылы ашылған. Ол Мағжан Жұмабаев аудандағы өзінің туып-өскен Сарытомар ауылында орналасқан. Мұражай бұрынғы Мағжан Жұмабаев атындағы кеңшардың мектебінде. Ондағы жиналған қорлар мен материалдар ақынның шығармашылық өміріне арналған. Құжаттардың көшірмесі Алматы, Петропавл, Омбы қалаларында және кейбір аудандарда сақталған. Мұражайдың жалпы аумағы 60м2. ### Қазақтың Ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың ескерткiшi Мағжан Жұмабаев және Интернационал көшелерiнiң қиылысында орналасқан алаңда Солтүстiк Қазақстан жерiнде туған көрнектi қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың ескерткiшi орнатылған. Оның авторы — Қазақстан Республикасының жетекшi мүсiншiсi, халықаралық конкурстардың лауреаты және дипломанты, Суретшiлер одағының мүшесi Марат Әйнеков. Ескерткiш Мағжанның граниттен жасалған отырған бейнедегi үшметрлiк мүсiнiн ұсынады. Ақынның иығында ұшқыр ойдың нышаны — қаршыға. Ақын ой үстiнде отыр, оның ойы болашаққа бағытталған. Мүсiн қоңыр түстi күртi гранитiнен орындалған. Мүсiнмен жұмыс iстегенде авторға Мағжанды көрген және жадында ұстаған ақынның жалғыз туысы — Ғадылша Қаһарманов көмек қылған. Оның кескiн-келбетi Мағжанға өте ұқсас. Ескерткiш 1993 жылы ақынның 100-жылдығына ашылған. ### Киношежіре * 1990 — «Мағжан» режиссері: Қ.Умаров Жанр: деректі фильм. Өндіріс: “Қазақтелефильм” * 1994 — «Алаш туралы сөз» Алашорда режиссері: Қ.Умаров Жанр: деректі фильм. Өндіріс: “Қазақтелефильм” * 2009 — «Алашорда» Алашорда режиссері: Қ.Умаров Жанр: деректі фильм. Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы ## Басылымдары * Қазақтың көңіл күйі, өлең, “Үзік” жинағында, Орал, 1912; * Шолпан, өлеңдер, Қазан, 1912; * Өлеңдері, Қ.-О., 1922; * Өлеңдері, Таш., 1923; * Шығармалары, А., 1989; * Таңдамалы, А., 1992; * Шығармалар, 3 т., А., 1995. * Жумабаев М. Стихи. Буклет. (К 100-летию поэта. Пер. на рус. Сост. К.Бакбергенов). Алматы: Жазушы, 1993. * Магжан Жумабаев. «Пророк» (Стихи и поэмы в пер. на рус. Сост. Б. Канапьянов). Алматы: «Жибек Жолы», 2002. - 400 стр. * Жұмабаев М. Адассам елім деп адастым. Өлеңдер. Я солнцем огненным рожден. Стихи / Мағжан Жұмабаев. – Алматы: RS, 2011. – 146 б. – каз., рус. – (Бірінші республикалық Мағжан өнер фестиваліне орай). * Жұмабаев М. Батыр Баян. – Петропавл: «Полиграфия» АҚ, 2008. – 36 б. * Жұмабаев М. Өлеңдері, прозасы және әдеби зерттеулер / Құрастырған Ж.Сүлейменов. – Петропавл, 2006. – 428 б. * Жумабаев М. Исповедь / Пер. с каз. А.Кодара. - Петропавловск, 2011. - 376 с. * Мағжан: әдеби-көркем көпшілік журнал. 2007. * Нұрқатов А. 3 т. Идея және образ: әдеби-сын мақалалар. Шығармалар жинағы. – Алматы, 2010. – 416 б. * Кәкімбек Салықов. «Мағжанға тағзым», 2008. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Мағжан Жұмабаев Әдебиет порталы сайтында * Жүсіпбек Аймауытов: Мағжанның ақындығы туралы * Мағжан Жұмабаев өлеңдері
Сағалбай Жанбаев (1904, Омбы облысы, Алабота болысы, 4 а. – 18.5.1972, Алматы) –партия, кеңес қайраткері. Петропавл педагогика техникумын (1948), БК (б)П ОК жанындағы жоғары партия мектебін бітірген. 1928 – 1938 ж.Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Көкшетау,Ақмола облыстарында комсомол, партия органдарында басшы қызметтерде болған, 1939 – 1945 ж. Ақмола облысы парткомының 3, 2 хатшы, 1948 – 1954 ж. Ақмола, Қызылорда облысы парткомдарының 1 хатшысы, 1954 – 1958 ж. Семей қалалық аткомының төрағасы, облыс атком төрағасының орынбасары, 1958 – 1963 ж. Қазақстан КП ОК парткомиссиясының мүшесі болды, республика еңбек резервтері комитетінде жауапты қызметтер атқарды. КСРО және ҚазКСР Жоғарғы кеңестеріне бірнеше дүркін депутат болып сайланды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. «Өмір өткелі», «Кенді алқап» атты кітаптары жарық көрген.
Айбек Қосуақұлы Қосуақов (1975 жылғы 15 қазан; Ұштаған, Маңғышлақ облысы, Қазақ КСР ) — қазақстандық саясаткер, 2022 жылдың 5 сәуірінен бастап Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының әкімі. ## Өмірбаяны Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша және Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетің «Экономист» мамандығы бойынша бітірген. 1997-2001 жылдары - «Қаражанбасмұнай» компаниясында операторы. 2001-2004 - жеке кәсіпкер. 2004-2006 - «Жазық» АҚ атқарушы директоры. 2007 жылдан 2020 жылға дейін «Таушық ауыл шаруашылығы» серіктестігінің басқарма төрағасы. 2012-2016 – Түпқараған аудандық мәслихатының 5-шақырылымының депутаты. 2020 жылдың 21 қаңтары – 2022 жылдың 5 сәуірі – Маңғыстау облысының Түпқараған ауданының әкімі . 2022 жылғы 5 сәуірінен 2024 жылдың ақпанына дейін - Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының әкімі . ## Ескертпелер
Абдулла Ниғматұлы Әріпов (өзб. Abdulla Nigʻmatovich Oripov) — өзбек саясаткері, ӨзЛиДеП партиясының мүшесі. 2016 жыл, 14 желтоқсаннан бері Өзбекстан премьер-министрі. 2002–2012 жылдар аралығында және 2016 жылы премьер-министрдің орынбасары болған. ## Өмірбаяны 1961 жылы 24 мамыр күні Ташкент қаласында дүниеге келді. 1983 жылы Ташкент байланыс электротехникалық институтында (қазіргі Ташкент ақпараттық технологиялар университеті) білім алды. 1983-1992 жылдары Ташкент телефон-телеграф станциясында 1-разрядты инженер-электроншы болып жұмыс істеді. Одан кейін 1993 жылға дейін жаңадан құрылған Өзбекстан Республикасы Байланыс министрлігінде бас маман қызметін атқарды. 1993-1995 жылдары «Узимпэксалока» сыртқы сауда серіктестігі директорының орынбасары қызметін атқарды. Аз уақыт Өзбекстан Республикасы Байланыс министрлігі құрылыс-жабдықтау басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. 1995-1996 жылдары «ТашАфиналАЛ» БК бас директоры болып жұмыс істеді. Одан соң аз ғана уақыт Өзбекстан Республикасы Байланыс министрлігі жекешелендіру және бәсекелестікті дамыту басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. 1997 жылы Өзбекстан пошта және телекоммуникациялар агенттігінің нарықтық трансформация және бағалы қағаздар бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 1997-2000 жылдары аралығында Пошта және телекоммуникацияларды дамытуды мемлекеттік қолдау қорының директоры болып жұмыс істеді. 2000-2001 жылдары Өзбекстан пошта және телекоммуникациялар агенттігі бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарған. 2001 жылдың 15 тамызынан бастап Өзбекстан пошта және байланыс агенттігінің бас директоры болып жұмыс істеді. 2002 жылдың 30 мамырында Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Байланыс және ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар кешенінің басшысы – Өзбекстан байланыс және ақпараттандыру агенттігінің бас директоры болып тағайындалды. 2005 жылғы 4 ақпаннан бастап Премьер-Министрдің орынбасары - ӨзАЦИ бас директоры, Ақпараттық жүйелер және телекоммуникациялар кешенінің басшысы. 2009 жылдың қазан айынан бастап ол сонымен қатар әлеуметтік саланы, ғылымды, білім беруді, денсаулық сақтауды, мәдениетті қадағалайды және ТМД-дағы серіктестермен байланысқа жауапты. 2012 жылдың 22 тамызында ол масқараға түседі. Ол премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылды (БАҚ оның жұмыстан босатылуын МТС-Өзбекстан ұялы байланыс операторы – ресейлік МТС компаниясының іні компаниясының төңірегінде туындаған жанжалмен байланыстырды). 2012 жылдың тамыз айынан 2016 жылдың қыркүйек айына дейін Ташкент қаласындағы Байланыс колледжінде аға оқытушы қызметін атқарды. 2016 жылдың 14 қыркүйегінен бастап Өзбекстан президентінің жұмысын атқарушы оны Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жастар саясаты, мәдениет, ақпараттық жүйелер және телекоммуникациялар кешенінің басшысы етіп тағайындады. 2016 жылдың 12 желтоқсанында билеуші ​​​​Либералдық-демократиялық партиясының (ӨзЛиДеП) съезінде Әріповтің премьер-министр қызметіне кандидатурасы ұсынылды, Олий Мәжілістің Заң шығару палатасы мен Сенаттың бірлескен отырысында қаралып, 14 желтоқсан күні мақұлданды. Осы күннен бері Абдулла Әріпов премьер-министр қызметін атқаруда. ## Марапаттары * «Фидокорона хизматлари учун» ордені (2021) * «Меһнат шуһрати» ордені (2006) * «Дустлик» ордені * «Достық» ордені, II дәреже (Қазақстан, 2021) * Исмоили Сомони ордені, II дәреже (Тәжікстан, 2018) ## Дереккөздер
II Абдуллаһ (Әл-Сұлтан II Абдулла Риәятуддин Әл-Мұстафа Биллә Шах ибни Сұлтан Ахмад Шах әл-Мұстаин Биллә) (ағылш. Al-Sultan Abdullah Ria'yatuddin Al Mustafa Billah Shah ibni Sultan Ahmad Shah al-Musta'in Billah; 30 шілде 1959, Пекан, Паханг, Малайзия) — малайзиялық мемлекеттік және саяси қайраткер, 2019 жылдың 15 қаңтарынан бастап Паханг штатының 6-шы сұлтаны (ағылш. Sultan of Pahang), 31 қаңтарынан бастап Малайзияның Жоғарғы билеушісі. ## Өмірбаяны Абдуллаһ 1959 жылдың ортасында сол кезде Малайя Федерациясының құрамында болған Паханг сұлтандығында дүниеге келген; ол отбасындағы төртінші бала болды (ол кезде екі әпкесі мен үлкен ағасы болған). Оның әкесі сол кезде Сұлтандық тағының Раджа (мұрагері) болды. 1974 жылдың мамырында әкесі Пахангтың басшысы болған кезде оның үлкен ағасы емес, Абдулла ража болды (региондық кеңестің шешімімен). Сандхерст корольдік әскери академиясын (Ұлыбритания) бітірген. ### Сұлтанның басында 2016 жылы оның әкесі денсаулығына байланысты штаттан зейнетке шыға бастады және Абдуллаһ өз штатындағы билік тізгінін өз қолына алды. Келесі жылы сол кездегі Сұлтан мен оның әкесі Ахмад Шах Малайзия Жоғарғы билеушісінің орынбасары қызметінен кетті. Өкінішке орай, ата-ананың денсаулығы жақсармады, ал 2019 жылдың қаңтар айының ортасында Сұлтан тақтан бас тартты. Абдолла ІІ өз мемлекетін басқарды. Салтанатты шара Паханг сұлтанының ресми резиденциясы Астана Әбу Бакарда өтті. Оның билігі 2019 жылдың 11 қаңтарынан бастап, Регенттер кеңесі оның мұрагерлігі туралы шешім қабылдаған күннен бастап ретроактивті түрде жарияланды. Бір жарым аптадан кейін Малайзия мемлекеттері басшыларының жиналысында ол да Малайзияның Жоғарғы билеушісі болып сайланды. Сонымен бірге ол Жоғарғы билеушінің орынбасары қызметінен босатылды, бұл Малайзия тарихында екінші рет ғана болды. Паханг тағына отырғаннан кейін Абдулла ІІ «Әл-Сұлтан Абдуллаһ Ри'ятуддин Әл-Мустафа Биллах Шах» патшалық титулына ие болды. ### Мемлекет басында Ол 2019 жылдың қаңтар айының соңғы күні ел астанасында Жоғарғы билеушісі қызметіне кірісті. Ол Малайзия Корольдік Әскери-әуе күштерінің маршалы, сондай-ақ Малайзия армиясының фельдмаршалы және Малайзия Корольдік Әскери-теңіз күштері флотының адмиралы дәрежесіне ие, себебі ол Малайзия Корольдігі Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы болып табылады. Малайзия қарулы күштері. Жоғарғы билеуші лауазымына ұлықтау рәсімі 30 шілдеде II Абдулланың мерейтойында (60 жыл) өтті. Ол ел астанасында, Астана Негарадағы Тақтар залында өтті. Инаугурацияның құрметіне Малайзия банкі естелік монеталарды шығарды. ## Жеке өмірі Сұлтан Абдуллаһ екі рет үйленген. Оның алғашқы әйелі Сұлтан Джохордың әпкесі Ибраһим Исмаил Әзизә болды, ол 1986 жылы наурызда үйленді. Бірінші әйелінен оның төрт ұлы (үлкені 1990 жылы туған) және екі қызы бар. Екінші әйелі 1991 жылы пайда болды. Оның аты — Джик Раис, сұлтанның үш қызы бар. Сондай-ақ, бар асыранды ұлын — Янг Амат Мулиа Тенгку Әмір Нассера (т. 1986), 1987 жылы өз балалары пайда болғанға дейін асырап алынған. Малайзия, Паханг және Бруней марапаттарының бірқатары бар. ## Әлеуметтік белсенділік Абдуллаһ Азия шөпті хоккей федерациясын басқарады. Біраз уақыт (2014-2017 жылдары) Малайзия футбол федерациясын басқарды және Азия футбол конфедерациясының вице-президенті. 2015 жылдан 2019 жылға дейін ол FIFA кеңесінде болды, бірақ Жоғарғы билеуші болып сайланған соң оны тастап кетті. Ол Корольдік Малайзия поло қауымдастығын (RMPA) басқарады. Сұлтан болып сайланғаннан бері ол MARA технологиялық университетінің (UiTM) және Малайзия Ұлттық қорғаныс университетінің (UPNM) ректоры қызметін де атқарды. ## Паханг сұлтаны 2019 жылдың 15 қаңтарында 59 жасында Абдулла денсаулығына байланысты әкесінің тақтан бас тартуымен қазіргі Пахангтың алтыншы сұлтаны болып жарияланды. Салтанатты шара Паханг сұлтанының ресми резиденциясы Астана Әбу Бакарда өтті. Оның билігі ретроактивті түрде 2019 жылдың 11 қаңтарында, Регенция кеңесі оның мұрагерлігі туралы шешім қабылдаған күні басталды деп жарияланды. Паханг тағына отырған кезде Абдуллаһ «Әл-Сұлтан Абдулла Ри'аятуддин әл-Мустафа Биллах Шах» патшалық титулына ие болды. Оның корольдік жұбайы Тунку Әзиза Әминә Маймунах Искандария Бинти Альмархум Сұлтан Ескендір, Пахангтың Тенгку Пуан (тәж ханшайымы) 2019 жылдың 29 қаңтарында Пахангтың Тенгку Ампуаны (патшайымның жұбайы) болып жарияланды. ## Янг ди-Пертуан Агонг 2019 жылдың 24 қаңтарында Бейсенбіде билеушілер конференциясы бірнеше апта бұрын тақтан бас тартқан Келантан сұлтан Мұхаммед V-тің орнына Малайзияның 16-шы Янг ди-Пертуан Агонг етіп Сұлтан Абдолланы сайлады. Сұлтан Абдолла 2019 жылдың 31 қаңтарында Астана-Негара штатының резиденциясында Джалан Туанку Абдул Халимге ресми түрде кіріскен кезде қоғамдық рәсімде Малайзияның 16-королі ретінде ант қабылдады. Билеушілер конференциясы сонымен қатар Перак сұлтан Назрин Муиззуддин шахты Ян ди-Пертуан Агонгтың орынбасары етіп сайлады. Пахангтың Сұлтан Абдолланың Ян ди-Пертуан Агонг лауазымында болған кезіндегі патшалығына қатысты, мемлекетті басқару міндеті 29 қаңтарда Тенгку Махкота және Паханг регенті болып жарияланған Сұлтан Абдулланың ұлы Тенгку Хасанал Ибрахим Алам Шахқа тапсырылды. 29 қаңтар 2019. Тағайындалған күні Тенгку Хасанал Ұлыбританиядағы Сандхерст Корольдік әскери академиясында оқуын жалғастырды. Оған 15 ақпаннан бастап Тенгку Хассаналдың ағасы Тенгку Абдул Рахман Ибн Сұлтан Хаджи Ахмад Шах Сұлтан Абдулланың үлкен інісі басқаратын Мәжіліс Пангкуан Дираджа Негери Паханг («Пханг кеңесі») өз міндеттерін орындауға көмектесті. 2019 ж. 2019 жылдың 15 желтоқсанында бітіргенге дейін. Сұлтан Абдулланың король ретінде салтанатты орнату рәсімі 2019 жылы 30 шілдеде Астана-Негарадағы Тақтар залында, оның 60 жасқа толуында таққа отырғаннан кейін жеті ай өткен соң өтті. 2019 жылдың 30 шілдесіндегі инсталляцияның тағы бір тарихи маңызы бар, өйткені Сұлтан Абдулла мен Раджа Пермайсури Агонг, Тунку Әзизә Әминә Маймунах Искандария, бұрын Ян ди-Пертуан Агонг болып сайланған сұлтандардың балалары. Ол Малайзия Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы ретіндегі толық конституциялық міндеттерін орындау кезінде Малайзия Корольдік Әуе күштерінің маршалы дәрежесіне, сондай-ақ Малайзия армиясының фельдмаршалы және Малайзия Корольдік Әскери-теңіз күштері флотының адмиралы шеніне ие. , сонымен қатар, ол Малайзия Корольдік Әскери-әуе күштерінің қазіргі бас полковнигі болып табылады, ол таққа отырғаннан бері өз міндеттерін атқарды, бұрын ол регент ретінде екі рет RMAF іс-шаралары мен рәсімдерінде әкесінің өкілі ретінде әрекет етті. . ## Әскери мансап Тенгку Абдулла өзінің әскери мансабын 1978 жылы Біріккен Корольдіктің Сандхерст Корольдік әскери академиясында офицер кадет ретінде бастады. Онда ол өзінің жақын досы шейх Мұхамед Заид Әл Нахаянмен кездесті, ол кейінірек Әбу-Дабидің тақ мұрагері және Зулкипле Кассим, оның аға буыны, кейінірек армия басшысы болды. Оны 1979 жылы патшайым Елизавета II екінші лейтенант ретінде тағайындады. 1980 жылы ол капитан дәрежесіне көтерілді және Корольдік броньды корпуста кавалериялық офицер болып қызмет етті. 1987 жылы ол Корольдік броньды корпустың майоры дәрежесіне көтерілді. 1999 жылы ол аумақтық армия полкіне (малай тілінде: Режимен Аскар Ватаниах) тағайындалды және сол уақытта подполковник, ал бір жылдан кейін, 2000 жылы қайтадан полковник шеніне дейін көтерілді. Содан кейін Тенгку Абдулла 2004 жылы бригада генералы дәрежесіне көтерілді. ## Стильдер, атаулар және құрмет ### Стильдер мен тақырыптар * 1959 ж. 30 шілде - 1974 ж. 8 мамыр: Жоғары мәртебелі Тенгку Абдулла Ибн Тенгку Ахмад Шах * 8 мамыр 1974 ж. – 1975 ж. 1 шілде: Жоғары мәртебелі Тенгку Абдулла әл-Хадж Ибн Сұлтан қажы Ахмад шах әл-Муста’ин Биллах * 1975 ж. 1 шілде – 28 сәуір 1979 ж: Жоғары мәртебелі тақ мұрагер ханзада Тенгку Абдулла әл-Хадж Ибн Сұлтан Хаджи Ахмад Шах әл-Муста’ин Биллах, Паханг тақ мұрагері. * 28 сәуір 1979-25 сәуір 1984 ж: Жоғары мәртебелі тақ мұрагер ханзада Тенгку Абдулла әл-Хаж Ибн Сұлтан Хаджи Ахмад Шах әл-Муста’ин Биллах, Пахангтың тақ мұрагері және регенті. * 25 сәуір 1984-28 желтоқсан 2016 ж: Жоғары Мәртебелі тақ мұрагер ханзада Тенгку Абдулла әл-Хаж Ибн Сұлтан Хаджи Ахмад Шах әл-Муста’ин Биллах, Паханг тақ мұрагері. * 2016 жылдың 28 желтоқсаны – 2019 жылдың 11 қаңтары: Мәртебелі тақ мұрагер ханзада Тенгку Абдулла әл-Хадж Ибн Сұлтан Хаджи Ахмад Шах Әл-Муста’ин Биллах, Пахангтың тақ мұрагері және регенті. * 11 қаңтар 2019-15 қаңтар 2019 ж.: Жоғары мәртебелі Сұлтан Абдулла әл-Хаж Ибн Сұлтан қажы Ахмад Шах әл-Муста’ин Биллах * 15 қаңтар 2019 ж. – 31 қаңтар 2019 ж.: Жоғары мәртебелі әл-Сұлтан Абдулла Ри’аятуддин әл-Мустафа Биллах Шах Әл-Хадж Ибн Сұлтан Хаджи Ахмад Шах Әл-Муста’ин Биллах, Паханг сұлтаны * 31 қаңтар 2019 ж.-22 мамыр 2019 ж.: Мәртебелі әл-Сұлтан Абдулла Ри’аятуддин Әл Мұстафа Билла Шах Ибн Сұлтан Хаджи Ахмад Шах Әл-Муста’ин Биллах, 16-шы Янг Ди-Пертуан Агонг * 2019 жылғы 22 мамырдан қазіргі уақытқа дейін: Мәртебелі әл-Сұлтан Абдулла Ри'аятуддин Әл Мұстафа Биллах Шах Ибн Альмархум Сұлтан Хаджи Ахмад Шах Әл-Мустаин Биллах, 16-шы Янг Ди-Пертуан Агонг Оның қазіргі ресми патшалық аты - Мәртебелі Ян Ди-Пертуан Агонг XVI әл-Сұлтан Абдулла Ри'аятуддин әл-Мустафа Биллах Шах Ибн Альмархум Сұлтан Қажы Ахмад Шах Әл-Муста'ин Биллах, D.K.P., D.K.M, D.K., D.M.N. , S.S.A.P., S.I.M.P., D.K. (Теренггану), D.K. (Джохор)., S.P.M.J., D.K.M.B. (Бруней), D.K. (Кедах), D.K. (Перлис), D.K. (Перак)., D.K. ### Әскери атақтары Малайзия ## Марапаттар * Гранд Мастер және Паханг корольдік отбасы орденінің мүшесі Паханг Индра тәжінің отбасылық ордені - Гранд Мастер және Паханг Индра Тәжі Отбасылық орденінің 1-дәрежелі мүшесі Паханг Сұлтан Ахмад Шахтың MY-PAH ордені - Ұлы Рыцарь - Паханг Сұлтаны Ахмад Шах орденінің Ұлы Мастер және Ұлы Рыцарь (, 24 қазан 1980 ж.) Паханг тәжі ордені - Ұлы рыцарь - Паханг тәжі орденінің Ұлы Мастер және Ұлы Рыцарь * Гранд Мастер және Паханг корольдік отбасы орденінің мүшесі * Паханг Индра тәжінің отбасылық ордені - Гранд Мастер және Паханг Индра Тәжі Отбасылық орденінің 1-дәрежелі мүшесі * Паханг Сұлтан Ахмад Шахтың MY-PAH ордені - Ұлы Рыцарь - Паханг Сұлтаны Ахмад Шах орденінің Ұлы Мастер және Ұлы Рыцарь (, 24 қазан 1980 ж.) * Паханг тәжі ордені - Ұлы рыцарь - Паханг тәжі орденінің Ұлы Мастер және Ұлы Рыцарь ### Малайзия және оның басқа мемлекеттері Малайзия * Алушы (11 шілде 2019 ж.) және Малайзия Корольдік отбасы орденінің Гранд Мастері (31 қаңтар 2019 ж.) Алушы (14 ақпан 2019 ж.) және Патшалық тәжі орденінің Гранд Мастері (31 қаңтар 2019 ж.) Патшалықты қорғаушы орденінің ұлы шебері (31 қаңтар 2019 ж.) Малайзия тәжіне адалдық орденінің Гранд Мастері (31 қаңтар 2019 ж.) Малайзияға сіңірген еңбегі үшін Гранд магистрі (31 қаңтар 2019 ж.) Маңызды қызметтері үшін орденінің Гранд Мастері (31 қаңтар 2019 ж.) Малайзия Корольдік отбасына адалдық орденінің Гранд Мастері (31 қаңтар 2019 ж.) Малайзияның әскери қызметі орденінің жауынгері * Алушы (11 шілде 2019 ж.) және Малайзия Корольдік отбасы орденінің Гранд Мастері (31 қаңтар 2019 ж.) * Алушы (14 ақпан 2019 ж.) және Патшалық тәжі орденінің Гранд Мастері (31 қаңтар 2019 ж.) * Патшалықты қорғаушы орденінің ұлы шебері (31 қаңтар 2019 ж.) * Малайзия тәжіне адалдық орденінің Гранд Мастері (31 қаңтар 2019 ж.) * Малайзияға сіңірген еңбегі үшін Гранд магистрі (31 қаңтар 2019 ж.) * Маңызды қызметтері үшін орденінің Гранд Мастері (31 қаңтар 2019 ж.) * Малайзия Корольдік отбасына адалдық орденінің Гранд Мастері (31 қаңтар 2019 ж.) * Малайзияның әскери қызметі орденінің жауынгері ## Сондай-ақ * Янг ди-Пертуан Агонг ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * PAHANG
Молдасанов Жолсейіт (12.6.1930 жылы туған, Райымбек ауданы, Тоғызбұлақ ауылы) — шопан, Социалистік Еңбек Ері (1973), ҚазКСР-інің еңбек сіңірген ауылы шаруашылығы қызметкері (1965). Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан. 1947 жылдан Кеген (қазіргі Райымбек) ауданының Қарқара өңірінде шопан болды. Молдасанов әр 100 саулықтан 141 қозы алып, әр қойдан 4 кг жоғары сапалы жүн қырықты. Оның есімі 1968 ж. республика құрметті Алтын кітапқа жазылды. Кеген ауданында мал шаруашылығы саласында үздік көрсеткіштерге жеткендерге Молдасанов атындағы жүлде белгіленді. Ол 2 рет Ленин және Октябрь революциясы ордендерімен марапатталған. 1947 жылдан - Кеген ауданындағы Қарқара кеңшарының шопаны, кейін аға шопаны.  Ол рекордтық деп саналатын нәтижелерді дәйекті түрде қамтамасыз етті.  Ол 1971 жылы 100 аналық балықтан 158 қозы, 1972 жылы 160 қозы, 1973 жылы 171, 1978 жылы 176 қозы алды. Қырқылған жүн әр қойдан 4,5 келіге жетті.  Бесжылдықты 3 жылда орындады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1973 жылғы 6 қыркүйектегі Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Қазақ КСР ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері (1965).  1985 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.  Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КОКП XXIV, XXV, XXVI съездерінің делегаты, КОКП Орталық тексеру комиссиясының мүшесі. Отбасы: әйелі, 10 баласы. 2015 жылы 7 шілдеде 86 жасында дүниеден өтті. ## Дереккөздер
Алтынкөл ауданы (түмені) (өзб. Oltinkoʻl tumani/Олтинкўл тумани) — Өзбекстандағы Әндіжан облысының (уәлаят) әкімшілік бірлігі. Әкімшілік орталығы – 30,2 мыңдай тұрғыны бар Алтынкөл қаласы. ## Тарихы Алтынкөл ауданы 1939 жылы құрылды. 1963-1978 жылдары Әндіжан ауданының құрамында болды. 1978 жылдан бастап қайтадан Әндіжан облысының құрамындағы дербес әкімшілік бірлікке айналды. ## Географиясы Ауданның жер бедері ойпат, таулы және адырлармен сипатталады. Әндіжан облысының орталық бөлігінде орналасқан. Солтүстігінде Ізбасқанмен, солтүстік-батысы мен батысында — Балықшымен, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде — Шаһриханмен, оңтүстігінде — Асакамен, шығысында — Әндіжан аудандарымен шектеседі. Ауданның солтүстігінде Қарадария өзені, оңтүстігінде Үлкен Ферғана арнасы, Ұлықнұр арнасы және аудан аралық скид Коллектор-Асака ағып жатыр. ## Климаты Климаты биік субтропиктік таулы келеді. Шілденің орташа температурасы +25...+28˚С, ақпанда -5...-7˚С. Кейде жазда температура +42...+43˚С, ал қыста керісінше -15...-18˚С дейін жетеді. Өсімдік өсетін мезгіл 160-180 күн. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 225 мм-ге дейін жетеді. ## Табиғаты Адыр бөлігіндегі топырақтар байытылған, қалғандары боз топырақты болып келеді. Көктемде адырлар қысқа тіршілікті өсімдіктермен жабылады. Тың жерлерде жусан мен көкпек өседі. Жабайы жануарлар сирек кездеседі. Кеміргіштер, бауырымен жорғалаушылар, құстар кездеседі. ## Тұрғындары 2018 жылы бүкіл Алтынкөл ауданындағы халық саны 135 000 адамды құрады. Халықтың негізгі бөлігін өзбектер құрайды. Ресми және ең көп таралған тіл — өзбек тілі. ## Әкімшілік-аумақтық бөлінісі Алтынкөл ауданы 10 қалалық мекен (шаһарша; өзб. Shaharcha) мен 7 ауыл бұқаралары жиынынан (өзб. Qishloq fuqarolar yig’ini) тұрады: Қалалық мекендер: * Бостон, * Далуарсын, * Жалабек, * Ижтиһад, * Қомақай, * Қостепе, * Мәдени Мехнат, * Мәслихат, * Намуна, * Хандыбақ. Ауыл бұқаралары жиындары: * Ахунбабаев (4 қыстақ), * Жалабек (8 қыстақ), * Қостепесарай (6 қыстақ), * Қомақай (7 қыстақ), * Мәслихат (6 қыстақ), * Оразы (6 қыстақ), * Сужұлдыз (14 қыстақ). ## Сілтеме * Алтынкөл түмені Әндіжан уәлаяты хәкімдігінің ресми сайтында ## Дереккөздер
Қызылқия асуы – Қырғыз Алатауы жотасындағы асу. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Меркі ауданы Тескентоған ауылының оңтүстік-батысында 27 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Ең биік жері 3400 м шамасында. Асудан мамыр–қазан айларында салт атты адам өте алады. Асудың солтүстігінен Меркі, оңтүстік және батысынан Қарақыстақ өзендері таудың биік жоталарындағы қар, мұздықтарынан бастау алады. Солтүстігінде Боқтікен тауы, солтүстік-батысында Талдыбұлақ, оңтүстігінде Ақташ, шығысында Тұйықтөр асулары бар. ## Дереккөздер
Ұлт-құру (ағылш. nation-building, кейде: Ұлт құру) — мемлекет күшін пайдалана отырып, ұлттық идентитиді құру, немесе құрылымдау. Ұлт-құру ұзақ мерзімді перспективадағы саяси тұрақтылық және өміршеңдік үшін мемлекет халқын мемлекет ішінде біріктіруді көздейді. Харрис Майлонастың пікірінше, "Қазіргі ұлттық мемлекеттердегі заңды авторитет халықтық билікке, көпшілікке байланысты. Ұлт-құру - осы көпшіліктің құрылу процесі" Ұлт-құру ұлттық идентити қалыптастыру болып, бұл идентити мемлекетпен бәсекелесе алатын және мемлекеттің кең ауқымда ішкі-сыртқы істе сәйкесуіне кедергі болатын жергілікті идентитилерге (өзімшілдік, жершілдік, рушылдық, тб.) әсіресе адалдықтан асып түсуді көзедейді. Nation-building involves the creation of a national identity that supersedes local identities and loyalties that might compete with and preclude broader identification with the state. Ұлт-құрушы субъекті дегеніміз әскерге шақыру, ұлттық жалпыға бірдей оқыту секілді мемлекеттік бағдарламалар арқылы ұлттық қауымдастықты дамыту бастамасын көтеретін мемлекет мүшелері, немесе ұйымдары. Ұлт-құру мемлекет үгіт-насихат құралдарын пайдаланып, базалық инфрақұрылымдарды дамытып, ынталандыру саясатын пайдаланып қоғамдық келісім мен экономикалық өсімді қамтамасыздандырады. Колумбия университетінің әлеуметтанушысы Андреас Уиммердің пікірінше, ұзақ мерзімдегі ұлт-құрудың табыстылығын үш фактор белгілейді: "азаматтық қоғам ұйымдарының ертерек дамуы, қоғамдық игіліктерді тұтас мемлекеттік аумақта біркелкі қамтамасыз етуге қабілетті мемлекеттің өркендеуі, және үшіншісі ортақ коммуникация дәнекерінің пайда болуы». ## Шолу Осызаман әлемінде ұлт-құру деп жаңадан тәуелсіздік алған ұлттар өз ұлттық үкіметінің сенімді институттарын құруын айтамыз: оқыту, әскери қорғаныс, сайлау, жер кадастры, импорттық кеден, сыртқы сауда, сыртқы дипломатия, банк жүйесі, қаржы, салық, компанияны тіркеу, полиция, заң, сот, денсаулық сақтау, азаматтық, азаматтық құқықтар мен бостандықтар, неке тіркеуі, тууды тіркеу, иммиграция, көлік инфрақұрылымы және/немесе қала басқару жарғылары, тб. Ұлт-құру сондай-ақ Африка, немесе Балқан түбегіндегідей отаршыл державалар, немесе империялар құрған этникалық, діни немесе басқа шекараларға қарамастан, халықтар мен олардың территорияларын қайта анықтауды да қамтуы мүмкін. Бұл реформаланған мемлекеттер содан былайғы уақытта өміршең дамуға және үйлесімді ұлттық идентитиге ие болады. Ұлт-құру сондай-ақ мемлекеттік ту, елтаңба, әнұран, ұлттық мереке, ұлттық стадион, ұлттық авиакомпания, ұлттық тіл және ұлттық мифтер сияқты ұлттық нышандар (national paraphernalia) қалыптастыруды да қамтиды. Тереңірек қарағанда, ұлттық идентити әртүрлі этникалық топтарды азаматтық ұлтқа айналдыру арқылы мақсатты түрде жасалуы мүмкін, әсіресе көптеген жаңадан құрылған мемлекеттерде отаршылдардың бөлшектеп басқару саясаты этникалық жағынан әртекті (heterogeneous) тұрғындарды қалыптастырды. ## Дереккөздер
Тулу — Үндістандағы халық, Тамилнад штатының батысындағы Тулува ауданында, сондай-ақ Махараштра, Карнатака және Керала штаттарының іргелес аймақтарында тұрады.Жалпы саны 1,9 миллион адам (1992). ## Тілі Тілі - дравидтер отбасының тулу немесе тулува тілі.Жазуы каннада немесе малаялам әліпбиі негізінде. ## Діні Ресми діні - индуизм, бірақ ежелгі нанымдарға табыну таралған. ## Кәсібі Негізгі кәсібі – егіншілік (күріш, кокос пальмасы, көкөністер, жемістер, дәмдеуіштер). Майдагерлік кәсіпшіліктен кокос пальмасы өнімдерін өңдеу және саздан жоғары сапалы жабынқыш жасау ерекше дамыған. Көптеген тулулар плантацияларда, қалаларда зауыттарда жұмыс істейді және флотта қызмет етеді. ## Өмір салты Барлық тулу касталары тотемдік атаулары бар экзогамиялық топтарға (бали) бөлінеді. Отбасында матрилинейлік мұраның қалдықтары және матрилокальды некелер жиі кездеседі, қыздар ұлдардан жоғары бағаланады.Тулуларда жын-перілердің (бута) кең тараған культі бар, оларға жергілікті діни қызметкерлер қызмет етеді, храмдар салады, үйлерде бөлме немесе құрбандық үстелін арнайды. Ата-баба культі де дамыған, жерлеу рәсімдері күрделі. ## Дереккөздер
Маурен (нем. Mauren) — елдің солтүстігінде орналасқан Лихтенштейн ұйымдастығы. Халық саны 4401 адамды құрайды. Curta механикалық калькуляторын Маурендегі Continina AG компаниясы шығарды. ## Тарихы Ежелгі уақытта римдік жол Маурен деп аталатын жерді кесіп өтетін. Алғаш рет 1178 жылғы құжаттарда «Мурон» деп кездеседі. Мауренде лихтенштейндік ағартушы және тарихшы Петер Кайзердің (1793–1864) ескерткіші орналасқан. 1905 жылдан бері Маурен шіркеу қауымдастығы ретінде құралады. ## Дереккөздер
Урали — Үндістанның оңтүстігінде, Тамилнад және Керала штаттарында тұратын халық. 1990 жылдардың аяғында халық саны 35 мың адам болды. ## Тілі Тілі - гадаба тілі. ## Діні Дәстүрлі нанымдарды ұстанады. ## Кәсібі Дәстүрлі кәсіптері - қолмен атқарылатын егіншілік (күріш), терушілік, аңшылық. ## Өмір салты Уралилер эндогамиялық топтарға бөлінеді, неке әпке-қарындастардың міндетті түрде алмасуы арқылы қиылады (сондықтан қарындасы жоқ жігітке қалыңдық табу қиын). Ауылдарды ақсақалдар басқарады, сонымен бірге олар да емші қызметін де атқарады, ауылдар тобын көсемдер басқарады. Негізінен шағын ауылдарда, орманды тауларда тұрады. Тұрғын үйлері - шөппен немесе жапырақтармен жабылған қаңқалы бір бөлмелі үй, ағаштан тұрғызылған үйлер жиі кездеседі. ## Дереккөздер
"Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" АҚ — жоғары медициналық білім беретін оқу орны. Қазақстан Республика Министірінің Кабинетінің 1997 ж. 25 ақпандағы қаулысымен Шымкент мемлекеттік медициналық институты негізінде құрылды. Оның емдеу, педиатрия, химия-фармацевтік факультеттері, дәрігерлер мен провизорлар біліктілігін көтеру секілді медицина саласына қажетті түрлі мамандар даярлайтын факультеттері мен 38 кафедрасы бар. Академияда Қазақстан Республика Ұлттық ғылым академиясының 1 академигі, 17 ғылым докторы және 115 ғылым кандидаты қызмет етеді. ## Тарихы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1979 жылғы 03 шілдедегі №247 "Шымкент қаласында Алматы мемлекеттік медицина институтының филиалын ұйымдастыру туралы" қаулысымен АММИ филиалы ашылды.Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 29 қазандағы № 429 қаулысымен АММИ филиалы Шымкент мемлекеттік фармацевтикалық институты болып қайта құрылды.Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 14 шілдедегі №778 қаулысымен Шымкент мемлекеттік фармацевтикалық институты Шымкент мемлекеттік медицина институты болып өзгертілді.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 ақпандағы №263 қаулысымен Шымкент медициналық институты "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы"республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 08 шілдедегі № 1037 Қаулысымен "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы"шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 09 қарашадағы № 681 қаулысымен "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы" акционерлік қоғамы болып қайта құрылды (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы 2017 жылғы 13 қаңтардағы анықтама). ## Факультеттер * Медицина факультеті * Фармация факультеті * Халықаралық факультет * Интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру деканаты * Резидентура деканаты * Ғылыми-клиникалық жұмыстар, докторантура және магистратура басқармасы * Үздіксіз кәсіби даму факультеті * Медициналық колледж * Әскери кафедра ## Ректорлар * 1979-1989-Тегісбаев Есболған Тегісбайұлы, ф.ғ.к., доцент * 1990-1993-Үшбаев Кеңесбай Үшбайұлы, ф.ғ.д., профессор * 1993-1997-Төлебаев Райыс Қажыкенұлы, м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі * 1997-1999-Рысұлы Мұстафа, м.ғ.д., профессор * 1999-2008-Дайырбеков Орынбай Дайырбекұлы, м.ғ.д., профессор * 2009-2018-Сексенбаев Бақытжан Дерибсалиевич, м.ғ.д., профессор * 2018-қазіргі уақытқа дейін Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы, м.ғ.д., профессор ## Атақты түлектер * Цой Алексей Владимирович - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі (2020-2021). * Бүркітбаев-Қазақстан Республикасының Жандос Қонысұлы Денсаулық сақтау вице — министрі (2020-2021). * Асылбеков Нұрлыбек Әбибуллаұлы-Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (05.2022 бастап). * Пашимов Марат Орынбасарұлы-Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (04.2020 бастап). * Позилов Бақытжан Жолдасбекұлы-Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (2020-2022). * Қашқымбаева Ләззат Рсымбекқызы-Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің басшысы (2011-2019) ## Дереккөздер
"Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" АҚ — жоғары медициналық білім беретін оқу орны. Қазақстан Республика Министірінің Кабинетінің 1997 ж. 25 ақпандағы қаулысымен Шымкент мемлекеттік медициналық институты негізінде құрылды. Оның емдеу, педиатрия, химия-фармацевтік факультеттері, дәрігерлер мен провизорлар біліктілігін көтеру секілді медицина саласына қажетті түрлі мамандар даярлайтын факультеттері мен 38 кафедрасы бар. Академияда Қазақстан Республика Ұлттық ғылым академиясының 1 академигі, 17 ғылым докторы және 115 ғылым кандидаты қызмет етеді. ## Тарихы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1979 жылғы 03 шілдедегі №247 "Шымкент қаласында Алматы мемлекеттік медицина институтының филиалын ұйымдастыру туралы" қаулысымен АММИ филиалы ашылды.Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 29 қазандағы № 429 қаулысымен АММИ филиалы Шымкент мемлекеттік фармацевтикалық институты болып қайта құрылды.Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 14 шілдедегі №778 қаулысымен Шымкент мемлекеттік фармацевтикалық институты Шымкент мемлекеттік медицина институты болып өзгертілді.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 ақпандағы №263 қаулысымен Шымкент медициналық институты "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы"республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 08 шілдедегі № 1037 Қаулысымен "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы"шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 09 қарашадағы № 681 қаулысымен "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы" акционерлік қоғамы болып қайта құрылды (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы 2017 жылғы 13 қаңтардағы анықтама). ## Факультеттер * Медицина факультеті * Фармация факультеті * Халықаралық факультет * Интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру деканаты * Резидентура деканаты * Ғылыми-клиникалық жұмыстар, докторантура және магистратура басқармасы * Үздіксіз кәсіби даму факультеті * Медициналық колледж * Әскери кафедра ## Ректорлар * 1979-1989-Тегісбаев Есболған Тегісбайұлы, ф.ғ.к., доцент * 1990-1993-Үшбаев Кеңесбай Үшбайұлы, ф.ғ.д., профессор * 1993-1997-Төлебаев Райыс Қажыкенұлы, м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі * 1997-1999-Рысұлы Мұстафа, м.ғ.д., профессор * 1999-2008-Дайырбеков Орынбай Дайырбекұлы, м.ғ.д., профессор * 2009-2018-Сексенбаев Бақытжан Дерибсалиевич, м.ғ.д., профессор * 2018-қазіргі уақытқа дейін Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы, м.ғ.д., профессор ## Атақты түлектер * Цой Алексей Владимирович - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі (2020-2021). * Бүркітбаев-Қазақстан Республикасының Жандос Қонысұлы Денсаулық сақтау вице — министрі (2020-2021). * Асылбеков Нұрлыбек Әбибуллаұлы-Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (05.2022 бастап). * Пашимов Марат Орынбасарұлы-Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (04.2020 бастап). * Позилов Бақытжан Жолдасбекұлы-Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (2020-2022). * Қашқымбаева Ләззат Рсымбекқызы-Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің басшысы (2011-2019) ## Дереккөздер
Болат Бисенұлы Теміров (9 маусым 1969, Атырау — 20 желтоқсан 2022, Алматы) — жеңіл салмақ дәрежесіндегі кеңестік және қазақстандық боксшы. КСРО чемпионы, ТМД чемпионы, Қазақ КСР-нің бірнеше дүркін чемпионы. Халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері (1991), бокстан КСРО спорт шебері (1987). КСРО олимпиадалық құрамасының мүшесі (1991-1992). Атырау облысының Құрметті азаматы (2022). ## Өмірбаяны 1969 жылы 9 маусымда Гурьевте (қазіргі Атырау) дүниеге келген. Байұлы тайпасындағы Есентемір руының Әжімбет тармағынан шыққан. Сегізінші сыныпта "Автомобилист" залында бокстың спорт секциясына өз құрдастарымен бірге келді. Бірінші сабақтан кейін жаттықтырушы Ерболат Бисекеновтің көзіне түсті. Алғаш рет 1985 жылы тұғырға көтерілді. Сол жылы Гурьевте дәстүрлі түрде өткен ғарышкер-ұшқыш Павел Поповичтің жүлдесі үшін турнирдің күміс жүлдегері атанды. Келесі жылы ол өзінің жетістігін қайталады. Содан кейін Арқалық қаласындағы жасөспірімдер арасындағы республикалық жарыста қола медаль жеңіп алды. 1987 жыл жас боксшы үшін өте сәтті болды. Ол алдымен П. Попович сыйлығы үшін дәстүрлі жарыста бақ сынады. Болат турнир қорытындысы бойынша үздік боксшы атанды. Сондай-ақ, құрмет тұғырына болашақ шеберлер Мереке Жүсіпов пен Мерген Ғазизов көтерілді. Сол жылдың қараша айында Шымкентте Кеңес Одағының Батыры Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир өтті. Жас боксшы турнирде жеңіске жетіп, жеңіс жолын жалғастырып, келесі жылы Қ. Әбдалиевті еске алу турнирінде бас жүлдені жеңіп алды. Содан кейін Целиноград қаласының Жастар сарайында бокстан Қазақстан чемпионаты өтті. 51 келіге дейінгі санатта екінші рет Болат өзінің салмақ дәрежесінде еліміздің үздік боксшысы атанды. 1987 жылдан 1995 жылға дейін Қазақ КСР бокстан бірнеше дүркін чемпионы. 1991 жылы Қазанда бокстан КСРО чемпионатына 1992 жылғы Олимпиада алдындағы іріктеу кезеңдерінің бірі болып саналды, Қазақстаннан 22 боксшы жіберілді. Қатысушылар арасында боксшылар: Б. Жұмаділов, Н.Симанов, Т. Бердібеков. Болат үшін турнир украиналық Ю.Вилищукпен жекпе-жектен басталды. Осыдан кейін Болат тағы үш қарсыласын, ал финалда ленинградтық Дамир Еникеевті жеңді. Мәселен, Болат алғаш рет КСРО чемпионы атанды. 1991 жылы Минскіде өткен КСРО халықтарының 10 жылдық спартакиадасында Қазақстан құрамасының құрамында алтын медаль жеңіп алды. Финалда Анатолий Филипповты жеңді. Қанатбек Шағатаев, Игорь Шишкин және Николай Кульпинмен бірге құрама бокс турнирінің жеңімпазы атанды. Бокстан КСРО Кубогының иегері: XXIV КСРО Кубогы, Новороссийск 16-22 қыркүйек 1991 ж. 1992 жылы екінші жеңіл салмақта бокстан ТМД-ның бірінші және бірегей чемпионатының алтын жүлдегері атанды, финалда жерлесіміз Бектас Әбубәкіровпен кездесті. Бокстан Еуропа чемпионатында КСРО құрамасының мүшесі 1991, Гетеборг (Швеция). Турнирде болашақ жеңімпаз Иштван (Аттила) Ковачқа жеңіліп қалды. Бокстан әлем чемпионатында КСРО құрамасының мүшесі 1991, Сидней (Аустралия). 1993 жылы 54 келіге дейінгі келесі салмақ дәрежесіне көшті. 1993 және 1995 жылғы әлем чемпионатына қатысқан. 1990 жылдан 1993 жылға дейін бокстан құрама команданың капитаны. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Б. Теміровтың іскерлік және ұйымдастырушылық қабілеттерін ескере отырып, оны Қазақстан бокс федерациясының Бас хатшысы қызметіне тағайындады. Содан кейін халықаралық төрешілер алқасының (AIBA) басшысы болып сайланды. 2022 жылы 20 желтоқсанда 53 жасында қайтыс болды. ## Марапаттары мен атақтары 1987 жылы 30 шілдеде КСРО Спорт және дене шынықтыру жөніндегі мемлекеттік комитетінің бұйрығына сәйкес бокстан КСРО спорт шебері атағына ие болды. 1991 жылы 29 наурызда КСРО Спорт және дене шынықтыру жөніндегі мемлекеттік комитетінің бұйрығына сәйкес КСРО Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болды. 1995 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы Жастар ту, туризм және спорт министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атағы берілді. 2011 жылғы 10 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды. 2012 жылдың 20 сәуірінде "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл" төсбелгісіне ие болды. 2014 жылғы 10 наурызда ҚР Дене шынықтыру және спорт комитетінің бұйрығына сәйкес дене шынықтыру мен спортты дамытудағы еңбегі үшін төсбелгісімен марапатталды. 2022 жылдың 1 маусымында "Атырау облысының Құрметті азаматы" атағы берілді. ## Дереккөздер
Демікпе асуы – Жетісу Алатауының оңтүстігіндегі асу. ## Географиялық орны Жетісу облысы Кербұлақ ауданында, Қытаймен шекаралас жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 3257 м. Асудан маусым – қыркүйек айларында салт атты адам жүре алады. Беткейлік шайылумен бірге бойлық эрозия әрекеттері күшті дамыған. Асудың солтүстік-шығысынан Қараарық, оңтүстік-шығысынан Қазан өзендері таудың биік жоталарындағы мұздықтарынан бастау алады. Жатық беткейлі кең өзен аңғарлары мен жайпақ жоталар жоғары қарай біртіндеп тар аңғар, құлама беткейлі шатқалдар, қырлы жоталар мен үшкір шыңдарға ұласады. ## Дереккөздер
Болат Бисенұлы Теміров (9 маусым 1969, Атырау — 20 желтоқсан 2022, Алматы) — жеңіл салмақ дәрежесіндегі кеңестік және қазақстандық боксшы. КСРО чемпионы, ТМД чемпионы, Қазақ КСР-нің бірнеше дүркін чемпионы. Халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері (1991), бокстан КСРО спорт шебері (1987). КСРО олимпиадалық құрамасының мүшесі (1991-1992). Атырау облысының Құрметті азаматы (2022). ## Өмірбаяны 1969 жылы 9 маусымда Гурьевте (қазіргі Атырау) дүниеге келген. Байұлы тайпасындағы Есентемір руының Әжімбет тармағынан шыққан. Сегізінші сыныпта "Автомобилист" залында бокстың спорт секциясына өз құрдастарымен бірге келді. Бірінші сабақтан кейін жаттықтырушы Ерболат Бисекеновтің көзіне түсті. Алғаш рет 1985 жылы тұғырға көтерілді. Сол жылы Гурьевте дәстүрлі түрде өткен ғарышкер-ұшқыш Павел Поповичтің жүлдесі үшін турнирдің күміс жүлдегері атанды. Келесі жылы ол өзінің жетістігін қайталады. Содан кейін Арқалық қаласындағы жасөспірімдер арасындағы республикалық жарыста қола медаль жеңіп алды. 1987 жыл жас боксшы үшін өте сәтті болды. Ол алдымен П. Попович сыйлығы үшін дәстүрлі жарыста бақ сынады. Болат турнир қорытындысы бойынша үздік боксшы атанды. Сондай-ақ, құрмет тұғырына болашақ шеберлер Мереке Жүсіпов пен Мерген Ғазизов көтерілді. Сол жылдың қараша айында Шымкентте Кеңес Одағының Батыры Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир өтті. Жас боксшы турнирде жеңіске жетіп, жеңіс жолын жалғастырып, келесі жылы Қ. Әбдалиевті еске алу турнирінде бас жүлдені жеңіп алды. Содан кейін Целиноград қаласының Жастар сарайында бокстан Қазақстан чемпионаты өтті. 51 келіге дейінгі санатта екінші рет Болат өзінің салмақ дәрежесінде еліміздің үздік боксшысы атанды. 1987 жылдан 1995 жылға дейін Қазақ КСР бокстан бірнеше дүркін чемпионы. 1991 жылы Қазанда бокстан КСРО чемпионатына 1992 жылғы Олимпиада алдындағы іріктеу кезеңдерінің бірі болып саналды, Қазақстаннан 22 боксшы жіберілді. Қатысушылар арасында боксшылар: Б. Жұмаділов, Н.Симанов, Т. Бердібеков. Болат үшін турнир украиналық Ю.Вилищукпен жекпе-жектен басталды. Осыдан кейін Болат тағы үш қарсыласын, ал финалда ленинградтық Дамир Еникеевті жеңді. Мәселен, Болат алғаш рет КСРО чемпионы атанды. 1991 жылы Минскіде өткен КСРО халықтарының 10 жылдық спартакиадасында Қазақстан құрамасының құрамында алтын медаль жеңіп алды. Финалда Анатолий Филипповты жеңді. Қанатбек Шағатаев, Игорь Шишкин және Николай Кульпинмен бірге құрама бокс турнирінің жеңімпазы атанды. Бокстан КСРО Кубогының иегері: XXIV КСРО Кубогы, Новороссийск 16-22 қыркүйек 1991 ж. 1992 жылы екінші жеңіл салмақта бокстан ТМД-ның бірінші және бірегей чемпионатының алтын жүлдегері атанды, финалда жерлесіміз Бектас Әбубәкіровпен кездесті. Бокстан Еуропа чемпионатында КСРО құрамасының мүшесі 1991, Гетеборг (Швеция). Турнирде болашақ жеңімпаз Иштван (Аттила) Ковачқа жеңіліп қалды. Бокстан әлем чемпионатында КСРО құрамасының мүшесі 1991, Сидней (Аустралия). 1993 жылы 54 келіге дейінгі келесі салмақ дәрежесіне көшті. 1993 және 1995 жылғы әлем чемпионатына қатысқан. 1990 жылдан 1993 жылға дейін бокстан құрама команданың капитаны. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Б. Теміровтың іскерлік және ұйымдастырушылық қабілеттерін ескере отырып, оны Қазақстан бокс федерациясының Бас хатшысы қызметіне тағайындады. Содан кейін халықаралық төрешілер алқасының (AIBA) басшысы болып сайланды. 2022 жылы 20 желтоқсанда 53 жасында қайтыс болды. ## Марапаттары мен атақтары 1987 жылы 30 шілдеде КСРО Спорт және дене шынықтыру жөніндегі мемлекеттік комитетінің бұйрығына сәйкес бокстан КСРО спорт шебері атағына ие болды. 1991 жылы 29 наурызда КСРО Спорт және дене шынықтыру жөніндегі мемлекеттік комитетінің бұйрығына сәйкес КСРО Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болды. 1995 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы Жастар ту, туризм және спорт министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атағы берілді. 2011 жылғы 10 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды. 2012 жылдың 20 сәуірінде "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл" төсбелгісіне ие болды. 2014 жылғы 10 наурызда ҚР Дене шынықтыру және спорт комитетінің бұйрығына сәйкес дене шынықтыру мен спортты дамытудағы еңбегі үшін төсбелгісімен марапатталды. 2022 жылдың 1 маусымында "Атырау облысының Құрметті азаматы" атағы берілді. ## Дереккөздер
Сұрқандария облысы (уәлаяты, өзб. Surxondaryo viloyati, Сурхондарё вилояти, орыс. Сурхандарьинская область, парсы: سرخان‌دریا‎) — Өзбекстанның ең оңтүстігіндегі облысы. Әкімшілік орталығы және ең ірі қаласы — Термез қаласы, екінші ең ірі қаласы — Денау. 1941 жылы құрылған Сұрқандария облысы Өзбекстанның Қашқадария облысымен, Түрікменстан, Тәжікстан және Ауғанстан мемлекеттерімен шектеседі. Атауын Сұрқандария өзенінен алды. Табиғи ресурстарға мұнай, табиғи газ және көмір жатады. Жеңіл өнеркәсіп, негізінен мақта тазалау және тамақ өңдеу саласы да облыс экономикасының маңызды салалары болып табылады. ## Халқы ### Халық саны 2022 жылдың 1 тамызындағы мәлімет бойынша Сұрқандария уәлаятында 2,771,100 адам тұрады — бұл Өзбекстандағы халық саны бойынша 7-ші (14 облыстың ішінен) орында. ### Ұлттық құрамы Ресми мәліметке сүйенсек, Сұрқандария облысы халқының 84,49%-ы өзбектер, 12,46%-ы тәжіктер, 1,23%-ы түрікмендер, 0,8%-ы орыстар. ## Әкімшілік бөлінісі ## Суреттері * * * * * * ## Дереккөздер
Құтырған – Күнгей Алатау жотасының орта бөлігіндегі асу. ## Географиялық орны Қазақстан (Алматы облысы Райымбек ауданы) мен Қырғызстан шекарасы аралығында орналасқан. ## Жер бедері Ең биік жері шамамен 3800 м. Мамыр–қазан айларында салт атты адам өте алады. Асудың биік белдеуіндегі мореналық көлден өзімен аттас өзен бастау алады. Жатық беткейлі кең өзен аңғарлары мен жайпақ жоталар жоғары қарай біртіндеп тар аңғар, құлама беткейлі шатқалдарға ұласады. Солтүстігінің биік беткейінде шырша, қарағай өскен. ## Дереккөздер
Қызылауыз асуы – Қандарақ жотасының оңтүстік-батысындағы асу. ## Географиялық орны Қазақстан (Жетісу облысы Сарқан ауданы) мен Қытай шекарасы аралығында орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 3543 м. Асудың беткейіндегі мұздықтардан бастау алатын ұсақ өзен салалары солтүстігіндегі Жасылкөл көліне құяды. Асудан мамыр–қыркүйек айларында салт атты адам өте алады. Беткейлері тік жартасты келген. ## Дереккөздер
* Қызылауыз – Қандарақ жотасының оңтүстік-батысындағы асу. * Қызылауыз – Жетісу Алатауының солтүстігі беткейіндегі аңғарлық мұздық. * Қызылауыз – Лабасы тауының оңтүстік-батысындағы таулар.
Home Credit Bank Kazakhstan — екінші деңгейдегі қазақстандық банк. Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Қаржы институтының Қазақстан Республикасында 18 филиалы және 31 бөлімшесі бар. ## Меншік иелері және басшылық 2022 жыл 4 сәуірден бастап "Банк Хоум Кредит" АҚ ЕБ Директорлар кеңесінің шешімімен Басқарма төрағасы қызметіне Кирил Бачваров тағайындалды. Бұл қызметте Кирил Бачваровтың орынында 2018 жылдан бастап банкті басқарған Карел Горак. Қазақстандық Home Credit Bank – тұтынушылық кредиттеудегі көшбасшылардың бірі болып табылады және кредиттерді тек теңгемен және жеке тұлғаларға ғана береді. Банк Қазақстанда 2005 жылдан бері жұмыс істейді, 17 жыл ішінде Банк клиенттерінің саны 3,7 миллионнан астам адамға жетті. Клиенттердің 30%-дан астамы Банкке 2 реттен артық жүгінген. ## Банк тарихы 2005 жыл — «Хоум Кредит Казахстан» АҚ микрокредиттік ұйымының негізі қаланды. 2006 жыл — «Хоум Кредит Казахстан» АҚ-да «Қазпочта» АҚ ұлттық байланыс операторының желісі арқылы ақшалай кредиттеу бағдарламасы іске қосылды. 2008 жыл — голландиялық Home Credit B.V. компаниясы «Алма-Ата Халықаралық Банкі» АҚ банкінің үлесін сатып алды да, осыған сәйкес банкті «Хоум Кредит Банк» АҚ деп атауын өзгерту, сондай-ақ Хоум Кредит тобының бизнес-моделін дамыту мен енгізудің жаңа стратегиясын қабылдау туралы шешім қабылданды. 2009 жыл — жыл қорытындысы бойынша Банктің алғашқы пайдасы айқындалды. 2010 жыл — банктің кірістілік көрсеткіштерінің айтарлықтай өсуі ROAE - 23.13% дейін, ROAА - 10.46% дейін. 2011 жыл — кредиттік портфельді едәуір ұлғайту (+140 %) және Алматы қаласында Банктің екі жаңа бөлімшесінің ашылуы. 2012 жыл — Қазақстан аумағында несиеге сатып алуды қаржыландыру бойынша алғашқы "Техноденьги" кобрендингтік жобасы іске қосылды. Сол жылы елдің әртүрлі аймақтарында Банктің 26 бөлімшесі мен 30 микроофисі ашылды. 2013 жыл — банктің жалғыз акционері «Хоум Кредит энд Финанс Банк» ЖШҚ (Ресей) болып табылады, осыған байланысты банкті «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ атауына қайта тіркеу жүзеге асырылды. Fitch халықаралық рейтингтік агенттігінің Банкке «Тұрақты» болжамымен «ВВ-» деңгейінде ұзақ мерзімді рейтингтің берілуі. Банктің алғашқы купондық облигацияларын 7 миллиард теңге көлемінде сәтті орналастыру жүзеге асырылды. Қазақстанның барлық ірі қалаларында филиалдар ашылып, Банк бөлімшелерінің саны төрт есеге өсті. 2014 жыл — банктің 6,8 миллиард теңге мөлшерінде өзінің тағы бір табысты купондық облигацияларын орналастыруды жүзеге асыруы. Қашықтықтан банктік қызмет көрсету сервисін жаңғыртуды жалғастыру, сондай-ақ дебет карталарын шығару жөніндегі бағдарламаның іске қосылуы. Ересектер мен балаларға арналған қаржылық сауаттылықты арттыру бағдарламасының кең ауқымды іске қосылуын жариялау. «Балалар мен Ақша» кітабының шығарылуы — мектеп жасындағы балаларға арналған отбасылық қаржы туралы үйрететін кітап. 2015 жыл — жеке тұлғалар үшін «Бақыт» тұжырымдамалық жаңа депозитінің, сондай-ақ жеңілдікті шарттармен қайта қаржыландыру бағдарламасының пайда болуы. Еліміздің көптеген өңірлерінде «Бақыт» депозиті бойынша ашық ұтыс ойындарын өткізу. џ 5-6 сынып оқушыларына қаржылық сауаттылық бойынша факультативтік сабақтарды әзірлеу және мектеп бағдарламасының енгізілуі. Оқушылар үшін Қаржылық сауаттылық бойынша Қазақстандағы алғашқы олимпиаданың өткізілуі. Банк жобасы «Ақ Мерген» байқауында Қазақстанның 2015 жылғы ең үздік әлеуметтік жобаларының бірі болып танылды. 2016 жыл — Алматы қаласында тәулік бойы 800-ге дейін адам жұмыс істейтін «бақытты жұмыскер – бақытты клиент» жаңа тұжырымдамасымен Банктің Байланыс орталығының ашылуы. Жаңа байланыс орталығы жұмыс істеген 6 айдың ішінде сатылымдарды көтеріп, операторлар жұмысының тиімділігі және клиенттерге қызмет көрсету жылдамдығы артты. Бірінші қоңыраудан қабылданған қоңыраулар саны 86%-ға дейін өсті. «HR-бренд Орталық Азия 2016» сыйлығын алды. Банк Инновациялық депозиттік өнімдерді ұсынудың арқасында жеке тұлғалардың депозиттер санын ұлғайту (3,5 есе ұлғайту) бойынша Қазақстанның Екінші деңгейдегі банктері арасында көшбасшылық позицияға қол жеткізді. Банктің «Кредиттер 22+» жобасына (жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған жауапты кредиттеуге және қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған экономикалық емес семинарлар сериясы) Бірінші кредиттік бюромен, «Қаржы орталығы» АҚ және Халықаралық экономикалық сауаттылық орталығымен (ХЭСО) бірлесіп қатысты. Aviata.kz, Trust Insurance сақтандыру компаниясы және MEGA Insurance сақтандыру агенттігімен бірлесіп билеттерді кредитке онлайн түрде сатып алу жөніндегі қызметтің енгізді. 2017 жыл — банктің «KazMediaIndustry» қоғамдық қорымен және өңірлік БАҚ арасында «ҚР халқының қаржылық сауаттылығын арттыру және Клиент-Банк өзара қарым-қатынастарында жауапты кредиттеу мәселелерін түсіндіру\Халықтың қаржылық сауаттылығы – елдің қаржылық тұрақтылығы» тақырыбына байқаудың өткізілуі. Банк «Қазақстан қор биржасы» АҚ қолдауымен «Эксперт РА Қазақстан» рейтингтік агенттігі ұйымдастырған «Жылдық есептің үздік дизайны» номинациясы бойынша VII Жылдық есептер конкурсының лауреаты атанды. Банктің жалпы сомасы 15 миллиард теңгеге облигациялардың екі шығарылымын орналастыруы 2018 жыл — Global Money Week шеңберінде ҚР Ұлттық Банкімен бірлесіп қаржылық сауаттылық жөніндегі іс-шаралардың өткізілуі. џ Банктік өнімдер мен сервистеріне қызмет көрсету бөлігінде жаңа мүмкіндіктері бар «Home Credit Bank Kazakhstan» жаңа мобильді банкингінің іске қосылуы. «Аялау» қаржылық қорғау бойынша бірегей өнімнің енгізілуі. џ Бірлескен акцияларды өткізу үшін Samsung Electronics Central Eurasia компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою. «Балапан» арнасында «Амиян» жеке қаржы бойынша балалар телебағдарламасының іске қосылуы. Банктің 25 миллиард теңгеден асатын облигацияларды орналастыруы. 2019 жыл — «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ өзін күнделікті пайдалануға арналған отбасылық банк ретінде көрсетті. Банктің жаңа ұраны - «Отбасынан - Отбасына!», сондай-ақ жаңа байланыс платформасы құрылды. 2020 жыл — Euromoney беделді британдық басылымының азиялық бөлімшесінен «The Best Bank For CSR 2019» (корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктегі үздіктер) халықаралық сыйлығын алды.«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ коронавирустық инфекциямен күресті жеңілдету үшін мемлекетке 130 000 медициналық маска тапсырды. Банк Қытайдан Қазақстанға жеке қорғаныс құралдарын сатып алып, жеткізуді жүзеге асырды. Келген жүк медициналық қызметкерлерге тапсыру мақсатында мемлекетке гуманитарлық көмек түрінде берілді. Жеткізу көлемі 130 мың қорғаныс маскасын құрады. 2021 жыл — Тұрғын үй мүлкін және көршілер алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру опциялары бар «Шаңырак» бірегей жаңа қосымша өнімін («Аманат» сақтандыру компаниясымен бірлесіп) іске қосу. 2022 жылдың 28 сәуір күні Қазақстанда Жедел Медициналық Жәрдем Қызметкері Күні ретінде аталып өтіледі. Бұл мереке үшін Home Credit Bank жедел медициналық жәрдем станциясының медициналық қызметкерлеріне 2060 медициналық біріңғай форманы қайырымдылық ретінде сыйлыққа тартты. 2022 жылдың шілдесінде "Банк Хоум Кредит" АҚ ЕБ атауын "Home Credit Bank"АҚ деп өзгертті. ## Қызметі Қазақстандық Home Credit Bank – тұтынушылық кредиттеудегі көшбасшылардың бірі болып табылады және кредиттерді тек теңгемен және жеке тұлғаларға ғана береді. Банк Қазақстанда 2005 жылдан бері жұмыс істейді, 17 жыл ішінде Банк клиенттерінің саны 3,7 миллионнан астам адамға жетті. Клиенттердің 30%-дан астамы Банкке 2 реттен артық жүгінген. Қаржы институты ҚР банк жүйесіндегі бизнес тиімділігінің ең жоғары көрсеткіштерінің біріне ие: 2022 жылғы шілдеге Home Credit Bank активтердің рентабельділігі (ROA) бойынша 7,1% секторда екінші болып қалады және меншікті капиталдың рентабельділігі (ROE) бойынша 29,7% бесінші орында тұр. Бір жыл ішінде таза пайда 30,9 млрд теңгені құрады. Intervale Kazakhstan компаниясының және қазақстандық интернет-бизнес және мобильді коммерция қауымдастығының (АКИБ) мобильді қосымшаларының тоғызыншы жыл сайынғы рейтингінің қорытындысы бойынша Home Credit Bank Kazakhstan мобильді қосымшасы топ-10-ға түсіп, 3-орынға ие болды. ## Дереккөздер
Керегетас – Сауыр жотасының оңтүстік-батыс сілемдері Жүрек және Шағаноба тауларының аралығындағы асу. ## Географиялық орны Қазақстан (Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы) мен Қытай шекарасы аралығында орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2011 м. Асу орта палеозойлық құмтастардан, алевролиттерден, конгломераттардан, базальт құрамды жыныстардан түзілген. Орталық белдеуі орманды, ал ең жоғары шегінде альпілік шалғынды жазықпен ұласады. мамыр – қараша айларында салт атты адам өте алады. ## Дереккөздер
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (5 наурыз 1866(18660305), Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі — 27 қыркүйек 1937, Мәскеу)— қазақтың мемлекет қайраткері. Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. ## Өмірбаяны Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы – атақты Барақ сұлтан. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Барақ сұлтанның баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед. Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны "техник" мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды. Дала генерал-губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, 1894 жылы Ресей империясының елордасы Петерборға барып, Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. ### Саяси қызметі Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә.Бөкейхан Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады. «Народная свобода» (Халық бостандығы) партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп-жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді. 1905 жылдан бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған. 1905 жылы Әлихан Бөкейхан Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Ә.Н. Бөкейхан өз жұмысын бастаған кезде Дала өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен 3 ай Павлодар абақтысында отырды. Абақтыдан шығып Санкт-Петербургке жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кездегі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә.Н. Бөкейхан да солардың артынан аттанып, Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербург сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды. 1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омичъ» және «Иртышъ» газеттерінде; 1908 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген меньшевиктік «Товарищъ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды. 1909-1917 жылдары «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді. 1911-1914 «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді. 20 ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім-тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді. Бар күш-қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылып, онда тек ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды. 1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады. ### Алаш Орда Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады. Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 ж. желтоқсанында Екінші жалпықазақ съезі Алаш автономиясы жарияланып, Ә. Бөкейхан сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады. 1919 жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейхан қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады. Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан Бөкейхан Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылғы тамызда қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 71 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі. 1989 жылғы мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды. Сөз соңында, ғалым, Ә.Бөкейхан XX ғасырдың алғашқы жартысында қазақ эпосы мен фольклорын ғылыми тұрғыдан зерттеген ғалымдарымыздың бірі болды. Ол қарастырған негізгі аспектілер: эпостың тарихилығы, қазақ фольклорының түрлері, шығу мезгілі, жыршы мен оның шеберлігі, қоғамдық ой-сананың жырда көрініс табуы, бейнелер, олардың атқарған идеялық қызметі, үлгінің көркемдік ерекшеліктері т.с.с.- әлі де қазақ фольклортану ғылымында өз маңызын жойған жоқ, және сол дәуірдің жетістігі болып саналатыны сөзсіз. ## Ғылыми еңбектері XIX ғасырдың соңында Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқытушылық қызмет атқарып, ғылыми жұмыстармен айналысады. Ол 1896 жылы көрнекті ғалымдардың ықпалымен Орыс географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесінің толық мүшесі болып сайланды. Әлихан Нұрмұхамедұлы «Ресей. Жалпы географиялық сипаттама» атты көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томына автор ретінде қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік саяси қызметтерге де белсене араласа бастайды.1904 жылы қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын даярлап берген Ф.А. Шербина экспедициясының құрамында болды.1911-14 жж. Әлихан Бөкейхан «Жаңа энциклопедиялық сөздіктің» 4-21 томдарына автор ретінде қатысты. ## Әлихан туралы ### Зерттеулер 2009–2013 жылдары Ә. Бөкейханның 9 томдық толық шығармалар жинағы шықты. 2011 жылы Әлихан Бөкейханның 145-жылдық мерейтойына байланысты 15 томдық шығармаларының толық жинағы жарық көрді. Оған мақалалары, очерктері, хаттары, жеке іс қағаздары, саяси сатиралары, ғылыми және көркем аудармалары, т.б. кірді. Басылым 2011-2018 жылға дейін жалғасты. ### Атаулар 1992 жылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы Ақтоғай аудандық кеңестің шешімімен ол туған ауылға Ә.Н. Бөкейханов есімі берілді. ### Фильмдер 1994 — «Алаш туралы сөз»режиссері: Қалила УмаровЖанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм” 2009 — «Алашорда» режиссері: Қалила УмаровЖанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм”. ### Әдебиеттер * Мұхамедханов, Қ. Әлихан Бөкейханов [Телехабар] / Қ. Мұхамедханов. -  Семипалатинск телевидениесі, 1989. - 20 июнь. - Машинкамен терілген 14 парақ. - Телехабар авторы және жүргізушісі Қ.Мұхамедханов. * Мұхамедханов, Қ. Әлихан Бөкейханов [Мәтін] /  Қ. Мұхамедханов // Семей таңы. - 1990. - 17 қаңтар. - Б. 3-4; Қазақ әдебиеті. - 1990. - 8 маусым - Б. 10-11; 15 маусым - Б. 10-11. * Мұхамедханов, Қ. Әлихан Бөкейханов [Телехабар] / Қ. Мұхамедханов. - Семипалатинск телевидениесі, 1991. - 28 октябрь. - 40 п. мәтін, фотосуреттер, құжаттар т.б. - Телехабар авторы және жүргізушісі Қ.Мұхамедханов. * Мұхамедханов, Қ. Әлихан Бөкейхановтың Абай туралы мақалалары (1903, 1905, 1907 ж.ж) [Мәтін] / Қ. Мұхамедханов // Абай. - 1992. - №2. - Б. 23-27. * Мұқаметханов, Қ. Әлихан Бөкейханов [Мәтін] / Қ. Мұхамедханұлы [Мұхамедханов]  // Абай : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы : Атамұра, 1995. - Б. 166 -167. * Мұхамедханов, Қ. Абай мұрагерлері [Мәтін] Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер енген] / шығармаларын жинап, зерттеп, өмірбаяндары жазып, баспаға әзірлеген Қ. Мұхамедханов. - Алматы : Атамұра, 1995. - 208 б. * Мұхамедханұлы, Қ. Абайды тұңғыш рет баспасөзде танытқан Әлихан Бөкейханов [Мәтін] / Қ. Мұхамедханұлы [Мұхамедханов] // Түркістан. - 1995. - 9 тамыз. - Б. 1. ## Сыртқы сілтемелер ## Дереккөздер
«Арыс 1» — Қазақстан Республикасы Түркістан облысы Арыс қаласы әкімдігінің Арыс ауылында орналасқан темір жол вокзалы. ## Маршрут * Орынбор-Ташкент темір жолы * Түрксіб Екі сызық станцияның солтүстігіне қарай бөлінеді. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Арыс 1 темір жол бекеті - Яндекс
«Тағзым» мемориалы — Алматыдағы көп сатылы сәулет кешені. Республика алаңында Сәтпаев көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында орналасқан. Мемориал Қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған. Ескерткіш әртүрлі түстен тұратын төрт эмоционалды-архитектуралық бөлікке бөлінеді. Ақшыл сұр бөлігі еңсеруді, қара түс қаңтар оқиғасы кезіндегі дүрбелең мен үрейді бейнелейді, ал сұр бөлігі – құрбан болғандар мен адам шығынының символы, ақ түс тұрақтылық пен дамуға ұмтылуды, қоғамның әл-ауқатын, ұлттың өзін-өзі тануын, күш пен әділетті мемлекетке деген сенімді білдіреді. Әр бөлікте қазақ халқының ұлы тұлғаларының қанатты сөздері жазылған тастар мен стеллалар орнатылған. ## Дереккөздер
2011 жылғы Күрестен әлем чемпионаты Ыстамбұлдың Синан Ердем күмбезі сарайында қыркүйектің 12 мен 18 аралығында, 2011 жылы өткен. ## Жарыс бағдарламасы * Қыркүйектің 12: Ерлер грек-рим күресі – 55–66–96 кг * Қыркүйектің 13: Ерлер грек-рим күресі – 60–84–120 кг * Қыркүйектің 14: Ерлер грек-рим күресі – 74 кг+ Әйелдер еркін күресі – 48–51 кг * Қыркүйектің 15: Әйелдер еркін күресі – 55–59–63 кг * Қыркүйектің 16: Әйелдер еркін күресі – 67–72 кг+ Әйелдер еркін күресі – 55 кг * Қыркүйектің 17: Ерлер еркін күресі – 60–84–96 кг * Қыркүйектің 18: Ерлер еркін күресі – 66–74–120 кг ## Медаль кестесі ## Елдер нәтижесі ## Медаль қорытындысы ### Ерлер еркін күресі ### Ерлер грек-рим күресі ### Әйелдер еркін күресі ## Сілтемелер * Greco-Roman – Results Book Мұрағатталған 5 қаңтардың 2012 жылы. * Women – Results Book Мұрағатталған 29 қыркүйектің 2011 жылы. ## Сыртқы сілтемелер * Ресми торбеті Мұрағатталған 23 қыркүйектің 2011 жылы.
Біртектілік (ағылш. Homogeneity, кейде Гомогенділік) ретінде құрылымдық құрамның ұқсастығы сипатталады. Біртектілік (Homogeneity), біртекті (homogeneous), біртектілендіру (Homogenization) секілді ұғымдар төмендегілерге қатысты қолданылады: ## Математикада * Лейбництің Біртектіліктің трансценденталды заңы * Біртекті кеңістік G Ли тобы үшін, немесе тіпті де жалпы түрлендіру тобы үшін * Біртекті функция * Біртекті көпмүше * Біртекті теңдеу (сызықтық алгебра): тұрақты мүшесі 0 -ге тең сызықтық теңдеулер жүйесі * Біртекті дифференциалдық теңдеу * Біртекті бөлу * Біртекті сызықтық түрлендіру * Біртекті қатынас: жиындағы екілік қатынас * Асимптотикалық біртектілендіру, жоғары тербелмелі коэффициенттері бар жеке дифференциалдық теңдеулерді зерттеу әдісі * Көпмүшені біртектілендіру, математикалық операция * Біртекті (үлкен кардиналды қасиет) * Біртекті координаттар, проекциялық кеңістіктерде қолданылады * Біртекті элемент және деңгейленген сақинадағы (Graded ring) біртекті идеал * Біртекті модель модельдер теориясында ### Статистикада * Біртектілік (статистика), логикалық сәйкес деректер матрицалары * Дисперсияның біртектілігі ## Химияда * Біртекті жүйе * Гомогенді катализ, әрекеттесуші заттармен бір фазада катализатор қатысатын химиялық реакциялар тізбегі * Біртектілік (химия), қасиеттері өзгермейтін қоспаның қасиеті * Біртектілендіру (химия), еритін суспензия немесе тұрақтылыққа қол жеткізу үшін өзара ерімейтін затарды немесе заттар тобын қарқынды араластыру ## Басқа қолданыстар * Біртектілік (физика), трансляциялық инварианттылық немесе теңдеудегі бірліктердің үйлесімділігі * Біртектілендіру (климат), климаттық деректерден климаттық емес өзгеріс деректерін жою процесі * Біртектілендіру (биология), жасушалардың бөлінуін қамтитын процесс — органеллалар мен цитоплазманы босату * Біртектілік (экология), барлығы бірдей немесе ұқсас түрлер, немесе табиғат * Сүт#Кремдеу және біртектілендіру, кремнің бөлінуін болдырмау үшін * Әртектілік (айрық), құрылымдық өзгерістер саны көп бірнеше элементтерден тұратын объектілерге немесе жүйелерге қатысты сілтемелер * Монокультурализм, этникалық біртектілік, немесе сондайды жақтау * Зиготалық (Zygosity) - хромосоманың немесе геннің екі көшірмесінің бірдей генетикалық тізбекке ие болу дәрежесі
Хамнигандар — моңғолдардан (Моңғолияның Хэнтей және Шығыс аймақтары, Ішкі Моңғолия автономиялық аймағының (Қытай) және буряттардан (Бурятия және Забайкалье өлкесі) тұратын субэтникалық ұлт.Хамнигандар – аралас тектес этнографиялық топ. Әлемдегі жалпы саны 2000 адам. ## Тілі Хамниган тілінде сөйлейді, кейбіреулері эвенк тілінің диалектісінде сөйлейді. ## Діні Хамнигандар рухтарға сенеді. Олардың қоғамында шаманизм, табиғат күштерін руханиландыру, сауда культі және кейбір тотемизм басым. Онон хамнигандары буддизмді буряттар Агин даласына қоныс аударғанға дейін ұстанған. ## Этноним Хамнигандар этнонимі тунгус тілдерінен шыққан («тау тұрғындары»). Хамнигандар — XVII ғасырдан бастап немесе одан да ертерек Солтүстік Забайкальеден Селенга және Онон өзендерінің аңғарларына көшіп келген эвенктердің ұрпақтары, оларға Закаменский, Хори буряттары және олардың көршілері – моңғол тайпалары қатты әсер етті. XVII—XVIII-ғасырларда хамнигандар көршілерімен бірге Моңғолияның ішіне, немесе шығысқа қарай - Шилка мен Аргунға дейін, 1727 жылы орыс-қытай шекарасы орнатылғаннан кейін олар өздерінің қазіргі қоныстанған жерлерінде болды, бір тобы Солтүстік Моңғолия аумағында, екіншісі оңтүстік Забайкальеде. ## Кәсібі Хамнигандар көшпелі мал шаруашылығын, негізінен жылқы шаруашылығын (осыдан оларға қатысты жиі қолданылатын «жылқы тунгус» термині пайда болды), кейінірек қосалқы кәсіп ретінде дәстүрлі аңшылықты сақтай отырып, егіншілікті игерді. ## Өмір салты 19 ғасырда халықта шағын отбасы басым болды. Барлық мүлікке ер адамдар отбасы мүшелері мұрагер болды. Кенже ұлы ата-анасымен бірге тұрды. Күйеу жігіт қалыңдыққа төлем төеу керек, егер қолында ештеңе болмаса, қалыңдықтың ата-анасының үйінде белгілі бір уақыт тұрып, үй шаруасына көмектесіп, оны өңдеп беруі керек еді. Жесір әйел күйеуінің ағасына немесе жақын туысқанына тұрмысқа шығуға міндетті болды. Ауқатты хамнигандарда көп әйел алушылық болды, бір адамға 5-ке дейін әйел алуға рұқсат етілді. Халықтың дәстүрлі баспанасы - қайың қабығымен жабылған сырықтардан құрастырылған конустық шатыр. Моңғолия территорияларында тұратын хамнигандар киіз үйлерде өмір сүрді, олар қайың қабығымен және киізбен жабылған. Тұрғын үйдің ортасында ошақ, қабырғалардың бойына төсек-орын, түрлі ыдыс-аяқ, заттар қойылған. Мұндай тұрғын үйлер оңай бөлшектелді, оларды тасымалдау ыңғайлы болды. Әйелдердің дәстүрлі киімі буряттарға өте ұқсас. Тұрмысқа шыққан әйелдер ені 6 см-ге дейін тігілген ұзын көйлек көйлек киген - дээл. Ол қоянның терісінен тігілген. Бір көйлек үшін 50-ден 60-қа дейін тері пайдалынылған. Оған қоянның, қарақұйрықтың, бұлғынның немесе қозының терілері пайдаланылған. Көйлек белбеумен байланған.Ер адамдар балық аулауға және аңшылыққа бейімделген киімді киген. Ол қысқа, қолтығы бос, жағасы аласа бөкен терісінен жасалған. Бас киім ретінде олар аң аулау кезінде алынған жануарлардың терісінен тігілген бас киімдерді киді. ## Дереккөздер
Хани — Қытайдың оңтүстігінде, Лаостың солтүстігінде және Вьетнамда тұратын этникалық топ.Жалпы саны 1,5 миллионға жуық адам. Қытайда (1 439 673 адам, 2000 халық санағы), Вьетнамда (17 535 адам, 1999 ж. халық санағы) және Лаоста (1 122 адам, 1995) тұрады. ## Тілі Қытай-тибет тілдер отбасының тибет-бирман тобына жататын хани тілінде сөйлейді. Алғашында ханилердің өз жазуы болмағанымен, 1957 жылы латын әліпбиі негізінде хани жазба тілі құрылды. ## Діні Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі сенімдер. ## Кәсібі Дәстүрлі кәсібі (Юаньцзян және Юаньянь өзендері аймағында) күріш өсіру, қант қамысы, кофе, банан, ананас, қара бұрыш, кокос пальмасы, манго, мақта, резеңке өсімдіктер (әсіресе гевеа), камфора өсіру де кең таралған. Егіс алқаптарын өңдегенде темір құралдарды (темір соқа, т.б.) пайдаланады. Орман шаруашылығы маңызды. Мал шаруашылығы, аңшылық, балық аулау көмекші рөл атқарады. Қолөнерден ауыл шаруашылығы құрал-саймандары, кірпіш пен тақтайша жасау, ұсталық (темір бұйымдарды жөндеу), сондай-ақ маталарды тоқу және бояу дамыған. Бамбук тоқу негізінен ерлердің кәсібі болды. ## Өмір салты Шағын отбасы, неке патрилокальды. Әйел бұрын негізінен жұмыс күші ретінде қарастырылды. Сондықтан, егер әйел белгілі бір себептермен жақсы жұмыс істеуді тоқтатса немесе бала туа алмаса, онда әдет-ғұрып бойынша үйге тағы бір немесе екі әйел алуға болатын. Үлкен ағасы қайтыс болғаннан кейін әйелі кішіге өткен жағдайлар бар. Некеге дейінгі кезеңде қыздар мен ұлдардың қарым-қатынасы айтарлықтай еркін. Ажырасу ер адамның артықшылығы деп саналды. Егер ер адам әйеліне көңілі толмаса, оны тастап, ата-анасына жіберіп, жаңасын алуы мүмкін. Ажырасқан немесе жесір қалған әйелдің қайта тұрмысқа шығуына ешқандай тыйым жоқ. Хани халқы қонақжай, ақ көңіл адамдар. Кәдімгі Хани әулетіне қонаққа келген кезде сізге қолдан жасалған темекі түтікті сыйға тартылады. Егер сіз темекі шекпесеңіз, мұндай ұсыныстан сыпайы түрде бас тартуыңыз керек. Қытайда бейтаныс әйелдерді мақтау әдепсіздік болып саналады. Дәстүрлі тұрғын үйлері екі қабатты, төртбұрышты, қабырғалары ағаш қаңқада, төбесі сабанмен жабылған, жоғарғы қабатта қосалқы бөлмелер, төменгі қабатта тұрғын үй-жайлар, ата-бабалар құрбандық орны бар орталық бөлме және жатын бөлмелері бар. Жазық жерлерде орналасқан үйлерде жоғарғы қабат тұрғын үй қызметін атқарады, ал төменгі қабатта мал орналастырылады. Қадалы үйлер өзендердің жағасына салынған. Ерлер киімі чжуан киімдеріне ұқсас, әйелдердікі – күртеше, белдемше, шалбар, көкірекше және алжапқыш, көбіне матаға (нисо) тігілген көптеген күміс пен мыстан жасалған әшекейлер. Киім әдетте қара, әйелдерде кестелі. Бас киімі сәлде. Азық-түліктері - пісірілген күріш, жүгері, көкөністер, салыстырмалы түрде жиі - балық және ет, күніне екі рет бал жейді. ## Дереккөздер
KAZ Minerals (KASE: GB_KZMS) — Қазақстанда қазіргі заманғы аз шығынды тау-кен өндірістерін дамытуға бағдарланған мыс өндіруші компания. Топтың акциялары Лондон және Қазақстан қор биржаларында бағаланады. Компания Шығыс Қазақстан облысында жұмыс істеп тұрған үш кеніш пен екі байыту фабрикасына, Қырғызстандағы Бозымшақ мыс кен орнына және үш өсу жобасына ие: Бозшакөл, Ақтоғай және Көксай. ## Тарихы Топ өз қызметін 1930 жылдары Қазақстанда мыс өндіруші кәсіпорын ретінде бастаған болатын. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Топ жекешелендіріліп, ал 2005 жылы Лондон қор биржасында тіркелген болатын. 2014 жылы қайта ұйымдастырылғаннан кейін Топ атауы KAZ Minerals деп ауыстырылып, қазіргі кезде Қазақстанның ең ірі мыс өндіруші кәсіпорындарының біріне айналды. KAZ Minerals акциялары биржада бағаланған кезде ең жоғары өсу қарқынына қол жеткізіп, әлем бойынша шығыны ең аз мыс өндіруші кәсіпорындардың біріне айналды. 2021 жылдың сәуір айында Топты Nova Resources BV компаниясы сатып алды, ал 2021 жылғы 11 мамырда Топ Лондон және Қазақстан қор биржаларының тізілімінен шығарылды. ## Дереккөздер
Қазақстан Парламентінің Сенаты — Республиканың заң шығару органының жоғарғы палатасы. 50 депутаттан тұратын Сенаттағы 40 депутатты жергілікті мәслихаттар жанама сайлайды және қалған 10 депутатты Президент тағайындайды. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi — 6 жыл. Сенаттың спикері оның Төрағасы деп аталады, бұл лауазымның қазіргі иесі — Мәулен Әшімбаев. ## Сайлау жүйесі Қазақстан Сенаты 50 мүшесінің 40 депутатын 17 облыс пен үш республикалық маңызы бар қаланың мәслихаттары алты жылға жанама түрде сайлайды. Олар бірден сайланбайды: үш жыл сайын әр облыс пен қаладан бір-бірден жиырмасы сайланады. Қалған 10 депутатты президент тағайындайды, олардың жартысын Қазақстан халқы ассамблеясы ұсынады. ## Тарихы ### Бірінші шақырылым (1996–1999) Бірінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілеттігі 1996 жылғы 30 қаңтарда бірінші сессияның ашылуымен басталып, екінші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясының жұмысы басталған күні 1999 жылғы 30 қарашада аяқталды. 1995 жылғы желтоқсанда болған сайлауда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 40 депутаты Қазақстанның 19 облысынан және астанасынан 2 адамнан сайланды. Сенаттың жеті депутатын Президент тағайындады. 1995 жылы 2 жылға сайланған Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты, 1997 жылғы 8 қазанда Сенат депутаттарын 4 жылға сайлау болып өтті. Облыстардың оңтайландырылуы нәтижесінде республиканың 14 облысы мен Алматы қаласы бойынша сайлау тағайындалды. 1997 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына 15 депутат сайланды. Ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялануына байланысты 1998 жылғы 11 ақпанда Ақмола қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы болып өтті. ### Екінші шақырылым (1999–2004) Екінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілеттігі оның 1999 жылғы 1 желтоқсанда бірінші сессиясының ашылуымен басталып, үшінші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясының жұмысы басталған күні 2004 жылғы 2 қарашада аяқталды. 1995 жылы 4 жылға сайланған Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты 1999 жылғы 17 қыркүйекте Сенат депутаттарын 6 жылға сайлау болып өтті. 1997 жылы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттіктері конституциялық нормаларға сәйкес екінші сайланымда 2002 жылғы желтоқсанға дейін жалғасты. ### Үшінші шақырылым (2004–2007) Үшінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілеттіктері 2004 жылғы 3 қарашада оның бірінші сессиясы ашылуымен басталып, төртінші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясының жұмысы басталған күні 2007 жылғы 1 қыркүйекте аяқталды. 2005 жылғы желтоқсанда 1999 жылғы 17 қыркүйекте сайланған Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2005 жылғы 19 тамызда Сенат депутаттарын сайлау болып өтті. 2002 жылы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттіктері конституциялық нормаларға сәйкес үшінші сайланымда жалғасты. ### Төртінші шақырылым (2007–2012) Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілеттігі 2007 жылғы 2 қыркүйекте оның бірінші сессиясы ашылуымен басталып, бесінші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясының жұмысы басталған күні 2012 жылғы 19 қаңтарда аяқталды. 2007 жылғы мамырда Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2007 жылғы 29 тамызда ел Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының тағы 8 депутаты тағайындалды. 2002 жылы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттіктері төртінші сайланымда 2008 жылғы желтоқсанға дейін жалғасты. 2005 жылы сайланған және тағайындалған Сенат депутаттарының өкілеттіктері 2011 жылғы қыркүйекке дейін жалғасты. 2011 жылғы 19 тамызда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайланатын жартысы бойынша кезекті сайлау өтті. 2011 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 7 депутаты тағайындалды, олардың өкілеттігі 2017 жылы аяқталады. ### Бесінші шақырылым (2012–2016) Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілеттігі 2012 жылғы 20 қаңтарда оның бірінші сессиясы ашылуымен басталып, алтыншы шақырылған Парламенттің бірінші сессиясының жұмысы басталуымен аяқталды. Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші сайланымында 2008 жылы және 2011 жылы сайланған, 2007 жылы және 2011 жылы тағайындалған Сенат депутаттарының өкілеттігі, конституциялық нормаларға сәйкес, жалғаса береді. 2013 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2007 жылғы тамызда тағайындалған Сенат депутатының өкілеттігі аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 8 депутаты тағайындалды. 2014 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Сенат депутаттарының сайлауы өтті. 2014 жылы сайланған депутаттарын тіркеуге байланысты 2008 жылы сайланған депутаттардың өкілеттігі тоқтатылды. ### Алтыншы шақырылым (2016–2021) Алтыншы шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілеттігі 2016 жылғы 25 наурызда оның бірінші сессиясы ашылуымен басталып, жетінші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясының жұмысы басталуымен аяқталды. Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші сайланымында 2011, 2014 жылдары сайланған, 2011, 2013 жылдары тағайындалған Сенат депутаттарының өкілеттігі, конституциялық нормаларға сәйкес, жалғаса береді. 2017 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Сенат депутаттарының сайлауы өтті. 2017 жылы сайланған депутаттарын тіркеуге байланысты 2011 жылы сайланған депутаттардың өкілеттігі 30 маусымда тоқтатылды. 2018 жылғы қазанда Шымкент қаласынан, республикалық маңызы бар қала ретінде, екі Сенат депутатының сайлауы өтті. 2020 жылғы 12 тамызда Сенат депутаттарының сайлауы өтті. 2020 жылғы сайланған депутаттарын тіркеуге байланысты 2014 жылғы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттігі 28 тамызда тоқтатылды. ### Жетінші шақырылым (2021–2023) Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілеттігі 2021 жылғы 15 қаңтарда оның бірінші сессиясы ашылуымен басталып, сегізінші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясының жұмысы басталғанға дейін жалғасады. Қазақстан Республикасы Парламентінің алтыншы шақырылымдағы 2017 және 2020 жылдары сайланған, 2017 және 2019 жылдары тағайындалған Сенат депутаттарының өкілеттігі, конституциялық нормаларға сәйкес жалғаса береді. Республикада үш жаңа облыстың құрылуына байланысты осы облыстардан Сенат депутаттарының сайлауы белгіленді. 2022 жылғы 24 тамызда жаңа алты Сенат депутатының сайлауы өтті. ### Сегізінші шақырылым (2023–) Жетінші шақырылым ерте таратылып, 2023 жылы жаңа парламент сайлауы жарияланды. Сегізінші сайланым Сенаты өз қызметін 2023 жылдың 29 наурызында бастады. ## Басшылығы ### Төраға Сенат төрағасы — Сенаттың спикері, депутаттар арасында жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Сенат кандидатурасын Президент ұсынады. ### Төраға орынбасары Сенат төрағасының екі орынбасары бар, олар Сенат жасаған бұйрықтардың орындалуын қадағалайды. Төраға орынбасарларын Сенат депутаттары сайлайды, кандидатурасын Төрағаның өзі ұсынады. ## Комитеттер * Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті * Қаржы және бюджет комитеті * Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті * Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті * Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті * Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті ## Талдау мектебі 2022 жылдан бастап Сенат жанында Талдау мектебі жұмыс атқарады. ## Дереккөздер
Құбыла Үстірт (қарақ. Qubla Ústirt/Қубла Үстирт; өзб. Qubla Usturt/Қубла Устурт) — Өзбекстан, Қарақалпақстанның Қоңырат ауданындағы кент. Елді мекен Жаслық теміржол стансасынан шығысқа қарай 60 км жерде (Найманкөл-Бейнеу желісінде) орналасқан. Кент күреқұбырлы газжолын салу кезінде пайда болды. 1964 жылдан бастап кент мәртебесіне ие. 1990-жылдарға дейін Комсомольск-на-Устюрте деп аталды. ## Тұрғындары ## Дереккөздер
Әл-Фараби ескерткіші Астана қаласында 2021 жылдың қарашасында ашылған. Ол Б. Момышұлы және Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысында, Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының алдында орнатылды. Ескерткіштің авторлары — Ә.Бүркітбаев, Д.Сарбасов, К.Бегулиев, А.Тоқбаев, Д.Үсенбаев. Әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр Әл-Фарабиге ескерткіш қою жоспары 2019 жылы қабылданды. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Әл-Фараби ескерткіші (Алматы)
Қазақстан Үкіметінің аппараты (орыс. Аппарат Правительства Казахстана, 2023 жылдың 2 қаңтарына дейін Қазақстан Премьер-Министрінің Кеңсесі) — орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруші мемлекеттік орган. ## Қызметі * Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ақпараттық талдамалық,ұйымдық-құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету; * мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру және мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру; * мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқықтық, әкімшілік, техникалық және өзге де шараларды әзірлеу, олардың іске асырылуын және сақталуын бақылау; * мемлекеттік органдарды ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін, оның ішінде ақпараттық дерекқор құру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; Үкімет пен Премьер-Министрдің кесімдерін дайындау және атқару процесінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; Мемлекет басшысының кесімдері мен Үкіметке берілген тапсырмаларының, Үкімет пен Премьер-Министр шешімдерінің, Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалу мерзімін бақылау; * Премьер-Министр,оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы үшін олар тиісті құжаттарға қол қою не оларды келісу туралы шешім қабылдауы кезінде оның нәтижелері бойынша қорытындының ақпараттық-ұстанымдық сипаты болатын Үкімет пен Премьер-Министрдің шешімдері жобаларының қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектілеріне сараптама жасау. ## Қарамағындағы ұйымдар * "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі ## Тарихы Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 ж. 4-наурыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 17 қаңтардағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымы бекітілді: басшылық; Премьер-Министрдің хатшылығы; үкіметтік ақпарат бөлімі; құжаттамалық қамтамасыз ету және қызмет көрсету бөлімі; Үкіметтің Парламент|Парламенттегі өкілдігі]]; заң бөлімі; аймақтық дамыту бөлімі; экономикалық бөлім; өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімі; қосымша талдау бөлімі; әлеуметтік-мәдени дамыту бөлімі; сыртқы байланыстар бөлімі; қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлім; кадрлық жұмыс бөлімі; бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі; қаржы-шаруашылық бөлімі; Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес хатшылығы; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның Төрағасы— Министр хатшылығы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 31-қаңтардағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымындағы "Үкіметтік ақпарат бөлімі" жолы мынадай редакцияда мазмұндалды: "ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі". Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 28-тамыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі оны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне қосу жолымен қайта ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 11-қыркүйектегі қаулысымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ереже бекітілді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді, бақылау функцияларын және заңнамада әрі осы Ережеде көзделген өзге де қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік орган, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады. ## Басшылар ## Дереккөздер
Мират Сарсембаев (1986 жылы 13 шілдеде туған) — қазақстандық боксшы, 2005 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері (48 келіге дейін), 2008 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы (51 келіге дейін), Қазақстанның халықаралық спорт шебері.
Мария Мудряк (1994 жылы 6 сәуірде туған) — қазақ опера әншісі. ## Өмірбаяны 1994 жылы 6 сәуірде Павлодарда дүниеге келген. 3 жасынан бастап Оқушылар сарайында вокалды үйрене бастады, осы жерде сахнада алғашқы рет өнер көрсетті. 5 жасында Павлодар қаласының №1 музыкалық мектебінің фортепияна бөліміне түсті. 2004 жылы 10 жасында Италияның Милан қаласында опералық вокалға үйрене бастады, қазіргі уақытта да Миланда тұрады. "Болашақ" бағдарламасы бойынша Миландағы Жоғары музыкалық академияда білім алған, сондай-ақ Джузеппе Верди атындағы Милан консерваториясын бітірген. Көптеген халықаралық музыкалық конкурстардың лауреаты. Италия, Бельгия, Аустрия, Қытай, Үндістан елдеріндегі ең танымал сахналарда өнер көрсетеді. Әнші Италияда тұрса да, Қазақстан азаматтығынан бас тартқан емес. ## Дереккөздер
Хотогойттар — Моңғолияның солтүстік-батысындағы моңғол халқы. Негізінен Хөвсгөл және Завхан аймақтарында тұрады.Жалпы саны 15 мыңдай адам. Хотогойдтар солтүстік-батыс халхаға жатады және халханы құрайтын негізгі топтардың бірі болды. ## Тілі Тілі - халха тілінің диалектісі. ## Діні Дінге сенушілердің діни байланысы: буддистер. ## Тарихы XVII-XVIII ғасырларда олардың жерлері Сыртқы Моңғолияның Завхан аймағының құрамында болды, ал 18 ғасырдың аяғынан бастап Хотогойттар қазіргі қоныстанған жерлерінде тұрып жатыр. ## Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсібі – мал шаруашылығы. ## Дереккөздер
Қошеуіт (хошоутар, хошеуттар, хошуд, хошоттар, хошууд) — Қытайда (Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы) және Моңғолияда тұратын ойраттардың этникалық тобы. Жалпы саны 15 мыңдай. ## Тілі Моңғол тілінің батыс диалектісінде сөйлейді. ## Діні Сенушілер - ламаистер, діннің ықпалы, әсіресе Моңғол Халық Республикасында айтарлықтай төмендеді. ## Тарихы Олар ойраттармен одақта болды. XVII ғасырдың басында хошуттардың бір бөлігі Ресейге кетті, екінші бөлігі Кукунор көлінің маңында (Қытайдағы Цинхай провинциясы) қоныстанды. Моңғолиядағы хошуттардың ұрпақтары дербеттер мен торғұттардан іс жүзінде бөлінбейді. ## Кәсібі Негізгі кәсібі мал шаруашылығы, Моңғол Халық Республикасында егіншілікпен ұштасып, өнеркәсіптік құрылысқа қатысады. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі — Қазақстан үкімет басшысы. Премьер-министр өкілеттіктерінің қатарына атқарушы органдардың жүйесін басқару және олардың қызметіне басшылық жасау кіреді. Премьер-министр өзінің бүкіл қызметінде президенттің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламенттің алдында жауапты. ## Тарихы Премьер-министр лауазымы 1990 жылы 20 қарашада қабылданған Заңға сәйкес Министрлер Кеңесі Төрағасы лауазымының орнына енгізілді. Қазақ КСР-нің премьер-министрі қызметін алғаш Ұзақбай Қараманов атқарған болса, Қазақ КСР-нің соңғы премьер-министрі және тәуелсіз Қазақстанның алғашқы премьер-министрі Сергей Терещенко болды. ## Өкілеттіктері Премьер-Министр үкімет қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді, үкімет қаулыларына қол қояды, үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның аса маңызды барлық шешімдері жөнінде президентке баяндап отырады және үкімет қызметін ұйымдастыруға және басшылық жасауға байланысты басқа да қызметтерді атқарады. Үкімет мүшелері өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербестікке ие, әрі өздеріне бағынысты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін Қазақстан премьер-министрінің алдында жеке-дара жауап береді. Премьер-министр Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар өкімдер шығара алады. Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарады. Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы мәселе қояды. Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Республика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді. Парламент Мәжілісі немесе Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда Үкімет орнынан түсетіні туралы Республика Президентіне мәлімдейді. Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені Республиканың Президенті он күн мерзімде қарайды. Республиканың Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Премьер-Министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. ## Қазақстан үкімет басшыларының тізімі Төменде Қазақстанның 1917 жылдан бергі үкімет басшыларының тізімі берілген. ### Алаш автономиясы (1917–1920) ### Кеңестік Қазақстан (1919–1991) ### Қазақстан Республикасы (1991–) Премьер-министрлер Премьер-министр міндетін атқарушы ## Тағы қараңыз * Қазақстан Республикасының Үкіметі ## Дереккөздер
Жастар рухы — «Аманат» партиясының жастар қанаты. 2008 жылғы 14 мамырда Астана қаласында «Jas Otan» жастар қанатының I Съезінде қоғамдық бірлестік тұлғасында құрылған. 2022 жылы 12 шілдеде жастар қанатының кезектен тыс VI Съезінде қазіргі атауын алған. Ұйымның облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық филиалдары, сондай-ақ, қалалық және аудандық деңгейде бөлімдері бар. «Жастар рухы» Жастар қанатының Орталық кеңесіне Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың жастар көшбасшылары, жас спортсмендер мен мәдени қайраткерлер кіреді. Жастар қанатының 2024 жылғы есеп бойынша 105 мың мүшесі бар. «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының Төрағасы — Искандерова Ақерке Нұрғалиқызы (2024 жылғы 20 наурыздан бастап). ## «Жас Отанның» тарихы ### 1999-2008 * * * «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты 2008 жылға дейін өзіндік заңды тұлғаны иеленбеді. 2006 жылғы 26 қарашадағы «Отан» Республикалық саяси партиясының саяси кеңесінің отырысында партия төрағасының міндетін атқарушы Б. Т. Жұмағұлов өз баяндамасында өткен 1,5 жыл ішінде «Жас Отан» Жастар қанатының бірде-бір Республикалық кеңесінің отырысы өтпеді, ал оның басшысы өз араларында байланыстары жоқ, әртүрлі іс-шаралар өткізді, — деп атап өтті. Партияның саяси кеңесінің, орталық аппаратына, барлық филиалдар мен өкілдіктері алдына тез арада жастармен жұмысты күшейту мәселесі мен аталған бағыт бойынша іс-әрекеттер бағдарламасын ұсынуды міндеттеді. ### 1 съезі * «Жас Отан» Жастар қанатының I съезі * * * * 2008 жылдың 17 қаңтарында Президент Н. Назарбаев «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің отырысында көктемде «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жас Отан» Жастар қанатының съезін өткізу туралы ұсыныс берді. 2008 жылдың 14 мамырында Мемлекет басшысы, партия төрағасы Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты» I Съезі өтті. «Жас Отан» ЖҚ I Съезіне дейін «Нұр Отан» ХДП бастамасы бойынша «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңды талқылау бойынша парламенттік тыңдау өткізілді. Съезге қатысатын делегаттардың тізімі бекітілген, еліміздің барлық облыстарында жастар конференциясы өткізілді. Сондай-ақ, съезге Қазақстанның жастар ұйымдарының көшбасшылары мен партия және Саяси кеңестің бюро мүшелері мен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің басшылары және Парламент депутаттары мен Үкімет пен Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері және БАҚ, ҮЕҰ мен шетелдерден жас қонақтар келді. I съезд делегаттарымен қоғамдық бірлестіктің жарғысы мен 2008-2011 жылдарға арналған Іс қимыл стратегиясы қабылданып, ұйымның Атқарушы хатшысы болып, Нұрлан Өтешев сайланды. Өзінің құрылтайдағы сөзінде президент ұйымның алдынан Қазақстанның әр жас азаматы өз әлеуетін жүзеге асырып алуға, бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптасуға барлық қажетті жағдайларды құруды көздейтін бірінші кезекті мақсаттарды қойды, сондай-ақ құрылған ұйымның мемлекеттік жасөспірімдер саясатындағы рөлін белгіледі: «Құрметті жас қыздар мен жігіттер! Жалғыз мемлекеттің күшімен ғана жастарға қатысты барлық мәселелерді шешу қиын болады. Бұл салада көп нәрсе жастар бірлестіктерінің азаматтық ұстанымына және жігеріне тәуелді болып тұр. Ол жайында өздерің де айтқан болатынсыңдар. Менің ойымша, «Жас Отан» жалпы ұлттық маңызы бар мақсаттарды орындауға дайын болып тұруына, жастарды әлеуметтендіретін және оларда ілгерішіл түсініктерді мен заманауи құндылықтарды қалыптастыратын құрылымға айнала алатынына мен қатты сенім артамын.» ### 2008-2012 2009 жылдың қаңтар айында «Жас Отан» «Қара таңба» атты жобасының тұсауын кесті. Жоба «Нұр Отан» ХДП Қоғамдық қабылдауына 2008 жыл мен 2009 жылдың бірінші жартыжылдығында келіп түскен барлық азаматтардың шағымдары мен үндеулеріне талдау жасайды. Мониторинг жасап болғаннан кейін партияға сыбайлас жемқорлыққа қатысты шағым ең көп түскен мемлекеттік органның көше жақтағы қақпасына «Қара таңба» белгісін орнатады. Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы 12 ақпанда «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Саяси кеңесі Бюросының кеңейтілген мәжілісінде партия жастар қанатының қиын-қыстау кезеңде студенттерді қолдау үшін жалпықазақстандық марафон өткізу бастамасын қолдау қажет екендігі туралы нақты тапсырмасы бойынша «Жастар жалыны – Отанға, жомарт жүрегі – жастарға!» атты ұранмен жалпықазақстандық марафонын өткізіп, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-мен меморандумға қол қойды. 2010 жылдың сәуірінде «Жас Отан» «Тарбағатай мұңы — бүкіл Қазақстанның мұңы» атты Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданынан су тасқынынан зардап шеккендерге киім мен азық-түлік өнімдерін жинауға арналған акциясын өткізді. Көмек ретінде «Жас Отан» Жастар қанатының аймақтық филиалдары КАМАЗ бен ГАЗельмен қажетті заттарды жөнелтті. 2010 жылдың сәуір айында «Жас Отан» ЖҚ «Біз қазақстандықпыз! Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты Республикалық акциясын ұйымдастырып, акция шеңберінде «БІЗ» деген сөзде – «140 МЕН!» тақырыбындағы бір шаңырақ астында 140 этностың бейбіт өмір сүріп жатқандығын көрсету мақсатында фотокөрме ұйымдастырды. 2010 жылдың 16 маусымында «Есірткісіз өмір сүр» республикалық акциясы бойынша Қазақстанның барлық облыстарында және Астана мен Алматы қалаларында нашақорлыққа қарсы әртүрлі шаралар өткізілді: спорттық жарыстар, пикеттер, митингілер, түсіндіру жұмыстары және басқа. 2010 жылдың шілдесінде Санкт-Петербургте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының Жастар кеңесінің III мәжілісінде «Жас Отанға» бір жыл мезгілге осы кеңестегі төрағалық орны берілді. * 2010 жылы Ақтөбеде өткен «Ауылдың өркендеуі — Қазақстанның өркендеуі» атты жастар марафон-эстафетасының ашылуы * * * * 2010 жылдың 28 мамырында Ақтөбе облыстық әкімшілігінің алдындағы алаңда «Ауылдың өркендеуі — Қазақстанның өркендеуі» марафон-эстафетасының басталуына байланысты митинг өтті, оған «Нұр Отан» ҰДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин, Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындыков қатысты. Акция мақсаттарына ауылдарды қоқымнан тазарту, елді мекендерді көгалдандыру, өзен мен орман алқаптарын жинастыру, ауылдық жерлердің спорттық нысандарын қалыпқа келтіру, жол бойымен ағаштарды отырғызу кірген. Жұмыстарды ұйымдастыру үшін 146 басқару пункті және 300 отряд құрылды, акцияға қатысқандарға 25 мың теңгеден кем емес жалақы берілді. 2010 жылдың 13 қыркүйегінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысына сапар шеккен кезде, «Ауылдың өркендеуі — Қазақстанның өркендеуі» акциясы мемлекеттің 20-жылдық тәуелсіздігіне жақсы сыйлық болып табылатындығын ескертіп, ақтөбеліктердің тәжірибесін бүкіл Қазақстан бойынша қолдануға шақырды. 2011 жылы акция мемлекеттің барлық аймақтарында өткізіледі, әр облыстың бюджетінде марафон-эстафетаны өткізуге жылына шамамен бір миллиард теңге қаражат бөлінді. ## Идеология «Жас Отан» Жастар қанаты «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының идеясын қолдайды. Ұйымның мәлімделген міндеті - мемлекеттің дамуды жаңашылдыққа ұмытылуды қамтамасыз ету мақсатымен елбасының саяси платформасының негізінде Қазақстан жастарын біріктіру. Мақсаты - өзінің cоңынан жастарды тартып, қабілетті, мықты және абыройлы саяси жастар ұйымын құру. Негізгі мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін «Жас Отан» ЖҚ негізгі жұмыс бағытын айқындайтын кезек күттірмес міндеттерді жүзеге асырады: * Мемлекет басшысының саясатын қолдап, жастарды біріктіру. Аталған міндет жастар арасында еліміздің Президентінің беделін нығайту мен «Нұр Отан» ХДП-на жастардың сенімін көтеру бойынша кешенді шаралар әзірлеп, мемлекеттік-патриоттық негізде еліміздегі жастарды біріктіру. * Жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау – жастар үшін мемлекеттік кепіл мен құқықтарының қорғалуы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарастырылған. * «Жас Отан» ЖҚ қызметінде жастардың көп бөлігін тарту арқылы «Нұр Отан» ХДП әлеуметтік базасын кеңейту. Жастар қанатында партияның мүшелерін көбейту бойынша механизмдер әзірленуде, сондай-ақ, «Жас Отан» Жастар қанатына басқа да жастар ұйымдары мен қауымдастықтар тартылуда. * Міндет партия мен мемлекеттік органдарға кадрлар резервін қалыптастыру. «Нұр Отан» ХДП мен биліктің мемлекеттік органдарында кадрды толықтыратын жас көшбасшыларды дайындайтын және айқындайтын жүйені құруды көздейді. ## Арнайы жобалар ### Жастар – Отанға! «Жастар – Отанға!» жобасы аясында «Жас Отан» Жастар қанатының аймақтық филиалдары мен еліміздегі ірі жастар ұйымдары қырыққа жуық тұжырымдама жүзеге асырды. Тұжырымдаманың бағыттары әртүрлі: патриоттық құндылықтарды насихаттаудан бастап, әлеуметтік жобалар мен жастар бастамаларын дамыту және жас кәсіпорындарға қолдау көрсетуге дейін. Одан басқа, жоба аясында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жастарға инновациялық білім беру лагері жүзеге асырылуда. Лагерь әрбір белсенді де, талантты жасқа мемлекеттік құрылым, бизнес және жастар өкілдерімен пікірталас алаңын ұйымдастыру арқылы жақсы мүмкіндіктер береді. ### Жастар кадрлық резерві «Жастар кадрлық резерві» жобасының басты мақсаты - мемлекеттік басқару, бизнес жүйесі және қоғамдық қызмет саласы үшін жастар кадрлық резервін қалыптастыру және аймақтық және республикалық кадр әлеуетін күшейту. «Жастар кадрлық резерві» ашық байқауына аймақтар бойынша 29 жасқа дейінге көптеген жастар қатысты. Іріктеу деңгейінің қорытындысы бойынша қатысушылар арасынан республикалық деңгейге 107 қатысушы іріктелді. Қорытындысы бойынша «Жастар кадрлық резерві» жобасына 32 қатысушы анықталды. 7- 31 шілде аралығында Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығында менеджменттің кіріспе курсын оқып, осы уақытта «Жас Отан» Жастар қанатының «Қазақша сөйлесейік!» акциясына қатысып, Есіл ауданының Ильинка поселкесіндегі мектеп құрылысын салуға жәрдемдесті. 6-11 тамыз аралығында Зеренді ауданының Зеренді поселкесінде Д. А. Қалетаев, Қ. С. Сұлтанов, Б. Қ. Байбек, А. П. Рау, Е. Т. Қарин, Б. К. Байқадамов, Н. К. Ерімбетов және тағы басқа сынды белгілі тұлғалар мен еліміздегі мемлекеттік және қоғам қайраткерлерімен кездесті. 12 тамыз-13 қыркүйек аралығында «Нұр Отан» ХДП мен мемлекеттік органдарда және «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат» қорында тағылымдамадан өтті. Одан кейін 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алып, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі – Н. С. Әшімов пен Президенттік Мәдениет орталығының директоры – М. Ж. Жолдасбековпен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты – Б. Қ. Тілеуханмен және тағы басқа саяси және қоғам қайраткерлерімен кездесті. 2009 жылдың 29-30 қазан аралығында «Жастар кадрлық резерві – Еуразиялық интеграция септестігінің негізі» атты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы мемлекеттердің жастар ұйымдарының және саяси партиялары жастар қанаттары көшбасшыларының кездесуіне қатысты. ### Еркін пікір 2009 жылдың басында «Нұр Отан» ХДП Хатшысы Е. Қариннің тапсырмасына сәйкес, «Жас Отан» ЖҚ базасында жастар арасындағы көкейтесті мәселелерді талқылып, тәжірибе алмасу мақсатында «Еркін пікір» мобильді пікірталас алаңы өткізіледі. ### Дипломмен ауылға! Мемлекет басшысы 2008 жылғы 24 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк сала қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау және ынталандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының № 111-IV Заңына сәйкес, 2009 жылдың шілде айынан бастап, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігі мен Білім және ғылым министрліктерінің және Қазақстанның ауыл жастары одағы мен Қазақстан студенттер альянсы «Дипломмен ауылға!» жобасын жүзеге асыруда. «Дипломмен ауылға!» жобасының мақсаты – ауыл аймақтардың кадрлық әлеуетін қалыптастырып, қажетті еңбек ресурстары - әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік өндіріс мамандарымен қамтамасыз ету мәселелерін шешуде қолдау көрсету. Жоба аясында елдімекендерді мақалалар мен сұхбаттар, интернет-ресурстар арқылы ақпараттандырып, Республикалық телеарналарға трансляциялар жүргізілді. «Жас Отан» ЖҚ аймақтық филиалдарының базасында жастарды ауылға барып тұруға және жұмыс істеуге шақыру үшін іс-шаралар мен консультациялар өткізілуде. ### Қазақша сөйлесейік! «Нұр Отан» ХДП мен «Жас Отан» ЖҚ бастамасымен облыстар мен Астана және Алматы қалаларында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мен туған тілімізге қоғамның назарын аудару және жастар арасында сәнге айналдыру мақсатында «Қазақша сөйлесейік!» республикалық қоғамдық акциясы өткізілуде. Акция барысында түрлі іс шаралар ұйымдастырылды. Мәселен, Қостанай қаласында «Аялдама және талап», «Қазақ тілі курстарын ұйымдастыру» және «Жұмыспен саяхат» атты халыққа қызмет көрсету орындарында тұсаукесерін жасаса, Жамбыл облысында жалпы білім беретін мекемелермен бірігіп, іс шаралар ұйымдастырса, Қарағанды қаласында «Мемлекеттік тіл: келешегі мен проблемалары» атты қазақ тілінде оқытатын орталықтармен кездесу өткізді. ## «Жас Отанның» құрамы «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелігіне 16 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы өз еркімен жазбаша түрде өтініш жазу арқылы кіреді. Жастар қанатының мүшесі «Жас Отанның» мақсаттары мен міндеттерін қолдап, жүзеге асыруға ат салысуы керек. «Жас Отан» Жастар қанатының мүшесіне куәлік пен есеп карточкасы жазылады. «Жас Отан» Жастар қанатының жоғары басшылық органы «Жас Отан» ЖҚ Орталық кеңесінің шешімі бойынша төрт жылда бір рет немесе қажеттілігіне қарай шақырылатын Съезд болып табылады. Съезд делегаттары облыстық, Астана және Алматы қалалық конференцияларда сайланады, бөлек жағдайда – «Жас Отан» ЖҚ филиалы кеңесінің отырысында барлық қалалық және аудандық филиал өкілдерінің қатысуымен сайланады. Съезд қатысып отырған делегаттардың дауыс беруімен шешім шығарады. «Жас Отанның» басшылық органы съезд аралығында жастар саясатын жүзеге асыратын және жастар қанатының филиалдарына басшылық ететін Орталық кеңес болып табылады. Орталық кеңестің мүшелеріне облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдың өкілдері мен басқа да жастар ұйымдарының белсенділері мен көшбасшылары кіреді. Съездің өкілетті мерзімі – төрт жыл. Облыстық, Астана және Алматы қалалық (аудандық) филиалдың жоғары басқарушы органы облыстық кеңестің шешімі бойынша екі жылда бір рет шақырылатын конференция болып табылады. Облыстық филиал конференциясының делегаттары, сондай-ақ, Астана және Алматы облысы «Жас Отанның» қалалық (аудандық) конференцияларында, бөлек жағдайда аймақтық атқарушы хатшының шешімі бойынша сайланады. Облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдарының басқарушы органы облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдарының конференциясында «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысының келісімі бойынша сайланған Кеңес болып табылады. Қалалық филиалдың кеңес құрамы «Жас Отан» ЖҚ облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдарының атқарушы хатшыларының келісімі бойынша конференцияда сайланады. ## «Жас Отанның» атрибуттары «Жас Отан» Жастар қанатының съезде бекітілген өзінің эмблемасы, әнұраны, туы, «Жас Отан» ЖҚ мүшелігін білдіретін төс белгісі, бланкісі мен басқа да атрибуттары бар. ## Дереккөздер
Көкшетау: * Көкшетау — Қазақстанның солтүстігінде орналасқан қала. Облыс орталығы. * Көкшетау қалалық әкімдігі — Ақмола облысының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. * Көкшетау облысы — Қазақ КСР-нің (1944—1991) және Қазақстан Республикасының (1991—1997) әкімшілік бірлігі. * Көкшетау қыраты – Сарыарқаның солтүстігіндегі аласа таулы белесті жүйе. * Көкшетау тауы – Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының солтүстік-шығыс бөлігінде оқшау орналасқан, жақпартасты, орманды көлді тау. * Көкшетау ұлттық паркі — ұлттық табиғи паркі, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарымен Айыртау мен Зеренді аудандарының ерекше экологиялық, тарихи, ғылыми, эстетикалық және демалыстық бағалы аймағында құрылды. * Көкшетау — Көкшетау қаласындағы әуежай. * Көкшетау-1 стансасы — Көкшетау қаласында орналасқан, «Қазақстан темір жолы» АҚ-на тиесілі темір жол стансасының вокзалы. * Көкшетау-2 стансасы * Көкшетау — Ақмола облысы көлемінде шығатын газет. * Көкшетау — Қазақстанның солтүстігінде орналасқан тарихи-географиялық аймақ.
Шаржау Әбдірұлы Әбдіров (20 желтоқсан 1933 — 3 шілде 1997) — кеңестік, қарақалпақ микробиолог-ғалым, алапеске қарсы күрес, сондай-ақ Арал аймағының экология мәселелері саласындағы маманы, Нүкіс мемлекеттік университетінің бірінші ректоры, академик, Өзбекстан Ғылым академиясының вице-президенті. ## Өмірбаяны Шаржау Әбдірұлы Әбдіров Қараөзек ауылында қызметкердің отбасында дүниеге келген. 1955-ші жылы Ташкент мемлекеттік медицина институтының санитарлы-гигиеналық факультетін бітірген. Қарақалпақстанда микробиология ғылымының негізін салушы бола отырып, 1961 жылы осы мамандық бойынша кандидаттық, 1972 жылы докторлық диссертация қорғады. 1961-ші жылдан бастап ғылыми мекемелерде түрлі жауапты қызметтерде болды. 1969–1976-шы жылдары Қарақалпақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі болып, денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын жақсартуға, олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, жаңа ауруханалар салуға көп күш салып, еңбек етті. 1976-шы жылдан бастап Шаржау Әбдіров тоғыз жыл Нүкіс мемлекеттік университетінің ректоры болып, кейін республикаға танымал болған талантты кадрларды тәрбиелеуге зор үлес қосты. 1985–1996-шы жылдары Өзбекстан Ғылым Академиясының Жаратылыстану ғылымдары институтында, Алапес ауруының ғылыми-зерттеу институтында басшылық қызметтерде болды, осы Академияның эксперименталдық және клиникалық медицина институты Қарақалпақстан бөлімінің директоры болып жұмыс істеді. 1995-ші жылы Өзбекстан Республикасы Ұлы Мәжілісінде қоршаған ортаны және табиғатты қорғау комитетінің төрағасы болып сайланды. 1996-шы жылдан бастап Өзбекстан Ғылым академиясының вице-президенті, осы Академияның Қарақалпақстан бөлімі төралқасының төрағасы болды. Ол 1997-ші жылы 3-ші шілдеде 64 жасында шығармашылық күш-қуаты қайнаған шағында дүниеден өтті. ## Ісі Әбдіров Қарақалпақстан микробиология ғылымының негізін салушы. Оның ғылыми қызметі Өзбекстан Ғылым академиясы Қарақалпақстан бөлімінің қабырғасында басталып, 1962 жылы микробиологиялық лаборатория ұйымдастырды. Білімі бойынша дәрігер Ш.А. Әбдіров Қарақалпақстан Республикасында микробиология, иммунология және генетика саласындағы көпсалалы жалпы теориялық зерттеулердің негізін салушы болды. Су қоймаларының санитарлық-биологиялық жағдайына байланысты академиялық мәселелер шеңберінде залалсыз микробтардың рөлін зерттеуден бастап, Ш.А. Әбдіров генетикалық деңгейде адам ағзасының залалды микробактериялармен қарым-қатынасының мәселелері бойынша ауқымды зерттеулер ұйымдастырады. Заманауи биологиялық әдістерді қолдана отырып, ол басқа қызметкерлермен бірге су қоймаларының жалпы сипаттамаларын зерттеу, антропогендік әсердегі су қоймаларының биологиялық өзін-өзі тазарту механизмдерін ұғыну бойынша көптеген жұмыстарды атқарды. Өзбекстан тері-венерология ғылыми-зерттеу институты филиалының директоры бола тұрып, Ш.Ә. Әбдіров паразиттік аурулардың, әсіресе алапес, туберкулез, тырысқақ сияқты өзіндік аурулардың иммуногенетика мәселелерін зерттеудің кешенді бағдарламасын жасады. Ш.Ә. Әбдіров 1987 жылы Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Қарақалпақ клиникалық-эксперименталдық медицина ғылыми-зерттеу институтын ұйымдастыруға белсене атсалысты, қазіргі кезде Арал өңірінің экологиялық және медициналы-биологиялық мәселелері бойынша ең ірі үйлестіруші аймақтық орталығы болып табылады. Оның ғалым ретіндегі таланты педагогикалық және ұйымдастырушылық қызметімен тамаша үйлесті. Әсіресе 1976-1985 жылдары аймақта бірінші Нүкіс мемлекеттік университетін басқарғанда, оның басшылығымен нағыз кадрлардың ұстаханасына айналған кезде айқын көрінді. Оның ұдайы назарында білікті мамандар даярлау мәселесі тұрды. «Микробиология» мамандығы бойынша 30-дан астам дипломант дайындады. Оның жетекшілігімен 7 адам кандидаттық диссертация қорғады, 4 докторлық диссертацияға ғылыми кеңесші болды. Ш. Әбдіровтың ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметі шамамен 35 жылды құрайды. Осы уақыт ішінде 130-дан астам ғылыми еңбектер, оның ішінде 14 монография, 6 әдістемелік нұсқау шығарды. Ол соңғы 5 жыл бойы Ұлы Мәжілістің Экология жөніндегі мемлекеттік комитетін басқарды, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Қарақалпақстан бөлімшесінің төрағасы болды. Ш.Әбдіров Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 8, 9, 10, 12-шақырылымдары депутаты ретінде қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене араласып, Қоршаған ортаны және табиғатты қорғау комитетін басқарып, Арал теңізі жағалауы тұрғындарының экология мәселелері мен әлеуметтік-экологиялық мәселелерін шешу жөніндегі заңнамалық актілері Қарақалпақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуына зор үлес қосты. Өзбекстан Республикасы және Қарақалпақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. 1994 жылдан бастап медициналық зерттеулер мен медициналық іс-шараларды ұйымдастырудан басқа, Өзбекстан Республикасы Ұлы Мәжілістің депутаты ретінде қоршаған орта және табиғатты қорғау комитетін басқарды, экология және Қарақалпақстан тұрғындарының мәселелерін шешу бойынша заңнамалық актілерді дайындауға белсенді қатысты. Нүкісте Қарақалпақ мемлекеттік университетінің ғимаратынан басталатын көше, сондай-ақ «Меруерт» қайырымдылық ғылыми-мәдени қоры оның есімімен аталды. ## Ғылыми еңбектері 1959 жылы * Характеристика сапрофитных нейсерий человека. - Нукус, Каракалпакгосиздат., 1959. - 23. * Neisseria mucosus и процессы слизеобразования в группе нейсерий // Изв. АН УзССР. Сер. мед. - 1959. №2. с. 50-56 * Пигментообразование у нейсерий // Медиц.журн. Узбекистана. - 1959. №5. с. 44-48 * Серологическая характеристика сапрофитных нейсерий // Мед.журн. Узбекистана. - 1959. №7. с. 44-49 1960 жылы * Характеристика сапрофитных нейсерий человека. Автореферат кандидатской диссертации. - Ташкент, 1960. 17 с. 1961 жылы * Дифференциация сапрофитных нейсерий // сб. научных трудов Ташкентского мед.ин-та. - Ташкент, 1961. Т.1. с. 253-258 1962 жылы * Микрофлора внутричерепных абсцессов // Мед.журн.Узбекистана. - 1962. №8 с. 57-62. Совместно с К.Д. Миразизовым, В.И. Рахимовой, П.Ф. Самсоновым, Ш.Н. Халтаевым. * Некоторые особенности эпидемиологии острых желудочно-кишечных инфекций в Каракалпакской АССР (1950-1961 гг.) // Вестник Каракалпакского филиала АН УзССР. - 1962. №4. с. 33-38. Совместно с З.В. Скребеньковой 1963 жылы * К вопросу организации борьбы с лепрой в Каракалпакской АССР // Межреспубликанской конференции по вопросам профилактики, лечения, диспансерного обслуживания больных лепрой. Тезис докл. - Астрахань, 1963. с. 3-5. Совместно с Н.Д. Каданцевым. 1965 жылы * Макау кеселин емлеуге болады. - Нукус: Каракалпакстан, 1965. с. 25 * Микробиологическая и гидрохимическая характеристика некоторых водоисточников правобережья дельты Амударьи (Сообщение №1) // Вестник Каракалпакского филиала АН УзССР - 1965. №4. с. 33-41. Совместно с Л.Г. Константиновой, Н.С. Сагидуллаевым 1966 жылы * Микробиологическая и гидрохимическая характеристика некоторых водоисточников правобережья Низовьев дельты Амударьи (Сообщение №21) // Вестник Каракалпакского филиала АН УзССР - 1966. с. 40-46. Совместно с Н.С. Сагидуллаевым, Л.Г. Константиновой * Санитарно-бактериологическая характеристика некоторых водоисточников дельты Аму-Дарьи // Вестник Каракалпакского филиала АН УзССР. - 1966. №3. с. 38-42 * Микробиологическая характеристика водоисточников левобережья дельты Амударьи // Вестник Каракалпакского филиала АН УзССР - 1966. №2. с. 36-40 1967 жылы * Значение активной модификации реакции связывания комплемента для диагностики лепры // Материалы юбилейной конференции. - Ташкент, 1967. с. 57-58 * Состояние и перспективы борьбы с лепрой в Каракалпакской АССР // Тезисы докл. лепрологов и дермато-венерологов ККАССР. - Нукус, 1967. с. 3-4. Совместно с Р.А. Бабаназаровым, Н.Д. Каданцевым. * Состояние и перспективы научных работ по лепре // Там же. - с. 2-3 * Амбулаторное лечение больных лепрой в УзССР // Там же. - с. 3-4. Совместно с Н.Н. Ивановой, Г.Н. Чучелиным, В.С. Сайфутдиновой. * К вопросу амбулаторного лечения больных лепрой в Каракалпакской АССР // Там же. - с. 4-5. Совместно с Н.И. Ивановой, В.С. Сайфутдиновой, Г.Н. Чучелиным. * Применение культуры клеток с целью выращивания микробактерий лепры // Там же. - с. 14-15 1968 жылы * Вопросы культивирования возбудителя лепры человека и крыс. - Нукус: Каракалпакия, 1968. 84 с. * К вопросу изучения эффективности амбулаторного лечения больных лепрой в УзССР // Матер. науч.-практ. конф. лепрологов КК АССР. - Нукус. 1968. с. 20-24. Совместно с Н.Н. Ивановой, Г.Н. Чучелиным, С.С. Сайфутдиновой ## Дереккөздер * Газета «Вести Каракалпакстана» № 54 (16188) 5 июля 1997 г. * Абдиров Чаржау // Академия наук Узбекской ССР. - 1983. - с. 505 * Ким А. Жас илимпаз // "Жас Ленинши". 1960 / 14 окт. № 83 с. 4 * Молодой медик // Редакция газеты "Медик". 1960. 21 окт. №16. с. 1 * Шарманов Т.Ш. О почетных членах общества микробиологов и эпидемиологов Казахстана (о Абдирове Ч.). Докл. Научн. Конф., посвящ. 150-летию со дня рождения Пастера. Алма-Ата, 1973. с. 6 * Бекбасов А. Талант, отданный науке // Советская Каракалпакия. 1979. с. 6 * Бекбасов Б., Константинова Л.Г. Признание заслуг ученых автономной республики // Вестн. КК ФАН АН УзССР. 1979. №4. с. 106-107 * Дни науки в НГУ // Редакция газеты "Советская Каракалпакия". 1979. 18 мая. с. 4 * Мусабаев И.К. Тяжелый недуг побежден // Правда Востока. 1981. 25 окт. * О работе чл.кор. АН УзССР Ч. Абдирова по лепре. * Константинова Л.Г. 50 лет Ч.А. Абдирову // Вестн. КК ФАН АН УзССР. 1983. №4. с. 92-94 * Ещанов Т.Б. , Константинова Л.Г. Илим шынларына паруаз / Нукус университети, 1983, 23 дек. №39. с. 2 * Дербенева Ф. Из плеяды энтузиастов // Советская Каракалпакия. 1983. 21 дек. с. 4 * Бржеский Б. Ауыл академиги // "Знамя труда". 1984. 6 сент. с. 4 * Абдиров Чаржау Абдирович (К 50-летию со дня рождения) // Редкол. журн. "Вестн. дерматологии и венерологии". М.: Медицина. 1984. №9. с. 39 * Чаржау Абдирович Абдиров (К 50-летию со дня рождения) // Редкол. Мед.журн. Узбекистана. Ташкент. 1984. №5. с. 76-77 * Назаров Е. Признание труда ученых // Советская Каракалпакия. 1989. 14 окт. с. 3 * Учреждена общественная организация // Каракалпакское отделение УзТАГ. "Советская Каракалпакия", 1989. 22 февр. с. 5 * Дербенева Ф. Новые горизонты ученых // Советская Каракалпакия. 1990. 1 янв. №1. с. 6 * Ещанов Т.Б. Илимнин кыйын жолында // Еркин Каракалпакстан, 1990, 1991. 13 нояб. №218 * Кутлыклаймыз // Редакция газеты "Совет Каракалпакстаны". 1990. 1 янв. №1. с. 4 * Тамыры терен, козге тускен шынар // "Еркин Каракалпакстан" газетасы, 2003. 25 ноябрь, 2 бет * Тамыры терен шынар еди. (Еске алыу топламы) // КМУ баспаханасы, Нукус, 2003
Мұстақым Біләлұлы Ықсанов – Қазақстанның партия, совет қайраткері. 1951 жылдан КОКП мүшесі. ## Қызмет жолы Алматы темір жолы техникумын (1945 жылы), Қазақ ауыл шаруашылық институның су – техникалық факультетін бітірген. 1952 – 58 жылы Алматы қаласы Фрунзе ауданы комсомол комитетінің 1 – секретары және Жетісай құрылысы басқармасының прорабы, өндірістік – техникалық бөлімінің бастығы. 1958 – 61 жылы Қазақтың Бетпақдала ирригация құрылысы тресінің бастығы. Иксанов су – техникалық және ирригациялық құрылыстар саласының маманы рнетінде Қазақстанның күріш және мақта өсіретін аудандарының дамуына зор үлес қосты. 1961 – 62 жылы Түркістан облысы Ильичев ауданы партия комитетінің 1 – секретары. 1962 – 63 жылы Оңтүстік Қазақстан өлкелік су шаруашылығы басқармасының бастығы. 1963 – 66 жылы Қазақстан КП Қызылорда облысы комитетінің 1 – секретары. 1966 – 70 жылы Қазақстан ССР Министрлер Советі председателінің орынбасары. 1970 – 71 жылы Қазақстан КП Жамбыл облысы комитетінің 1 – секретары. 1971 жылдан Қазақстан КП ОК – нің секретары. 1966 жылдан Қазақстан КП ОК – нің мүшесі, 1971 жылдан Қазақстан КП ОК бюро мүшесі. КПСС 23, 24 – съездерінің делегаты. 1971 жылдан КПСС Орталық Тексеру комиссиясының мүшесі. 7 – 8 сайланған Қазақстан ССР Жоғары Советінің депутаты. Қазақстан ССР – нің еңбек сіңірген құрылысшысы (1961 жылы). ## Дереккөздер
Сәлімгерей Тоқтамысұлы Тоқтамысов (6 шілде 1914, Құдықсай (№7 ауыл) а., Арақарағай болысы, Қостанай уезі, Ресей империясы — 29 маусым 1997, Алматы, Қазақстан) — кеңестік мемлекет және партия қайраткері, Қазақ КСР КП Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстық комитеттерінің бірінші хатшысы, Қазақ КСР кәсіподақтар кеңесінің төрағасы. ## Өмірбаяны 1914 жылы дүниеге келді. Әкеден ерте айырылып, көкесі Дәуренбектің тәрбиесінде болады. Алдымен шағын ауылдық мектепте, кейін Меңдіқара ауданы, Бурабай ауылында Ыбырай Алтынсарин салдырған сол кездегі таңдаулы мектептердің бірі Қазкоммунда оқиды. Сәлімгерей атақты ағартушы-ұстаз Спандияр Көбеевте оқыды. * 1945-1949 жж. — Қазақстан КП(б) Қостанай облыстық комитетінің екінші хатшысы болды. * 1949-1950 жж. — Семей облысы облыстық атқару комитетінің төрағасы * 1950—1953 жж. — Мәскеу қаласындағы жоғары партия мектебінде оқыды. * 1954-1956 жж. — Қазақстан КП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы. * 1956-1961 жж. — Қазақ КСР кәсіподақтар кеңесінің төрағасы. * 1961-1963 жж. — Қазақстан КП Қызылорда облыстық комитетінің бірінші хатшысы * 1963-1967 жж. — кеңшар директоры * 1967-1974 жж. — Жамбыл облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары * Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің екінші және үшінші шақырылымдарының депутаты * КСРО Жоғарғы Кеңесінің төртінші және бесінші шақырылымдарының депутаты * Қазақстан КП Орталық Комитетінің мүшесі, Бүкілодақтық кәсіподақтар орталық кеңесі төралқасының мүшесі. 1975 жылдан бастап зейнеткер. 1997 жылы Сәлімгерей Тоқтамысұлы өмірден өтті. ## Марапаттары мен атақтары * I дәрежелі, II дәрежелі Отан соғысы ордені * Ленин ордені * Еңбек Қызыл Ту ордені * Құрмет Белгісі ордені * 1974 ж. бастап — Жамбыл қ. құрметті азаматы
Brіtіsh Petroleum — мұнай, газ көздерін барлау және оларды өндіру, өңдеумен шұғылданатын трансұлттық компания. Компанияның негізін Британ алпауыты Уильям Нокс Де Арси қалаған. Ол 1901 жылы Иран шаһымен келіссөз жүргізіп, шаһтың қол астына қарайтын аймақтан мұнай көздерін табу үшін барлау жұмыстарын жүргізуге рұқсат алады. Табанды жүргізілген барлау жұмыстарының нәтижесінде Иранның оңт.-батысынан мұнай көзін тапқан (1908) У.Нокс 1909 жылы Бурмакс Ойл компаниясымен біріге отырып, Ағылшын — Парсы мұнай компаниясын құрды. 1927 жылы Иракта, 1938 жылы Кувейтте ірі мұнай көздерінің табылуы компанияға кең көлемде табыс кіргізді. 1935 жылы компанияның атауы Ағылшын — Иран мұнай компаниясы болып өзгертілді. Барған сайын компанияның табысты өркендей түскен жұмысынан секемденген Мұхаммед Моссадық басқарған Иран үкіметі 1951 жылы компания қарамағындағы мұнай көздерін тікелей өз бақылауына алады. Осының салдарынан компания біраз уақыт (3 жыл) Ирандағы жұмысын тоқтата тұруға мәжбүр болды. Бірақ, көп ұзамай-ақ Иранда болған мемлекеттік төңкерістің (1953) нәтижесінде компания өз жұмысын қайта жандандыруға мүмкіндік алды. 1954 жылы компания “British Petroleum Company” деп аталды. 1969 жылы Аляскада, 1970 жылы Солтүстік теңізде, 1994 жылы Колумбияда мұнай мен табиғи газдың мол қорының табылуы нәтижесінде “Бритиш Петролеум” әлемдегі ірі компаниялардың біріне айналды. British Petroleum негізінен Латын Америкасы, Солтүстік Америка, Солтүстік т., Солтүстік Африка, Оңтүстік Шығыс және Орталық Азияда мұнай мен газ көздеріне барлау жүргізеді. Сондай-ақ, компанияның иелігінде әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан көптеген мұнай өңдеу зауыттары бар. Олардың өнімдерін 100-ден астам елге шығарады. British Petroleum Солтүстік Аляскадан Оңтүстік Аляскадағы Валдез портына мұнай жеткізетін Транс-Аляска мұнай құбыры акциясының да тең жартысына ие. British Petroleum дүниежүзлік нарықтағы өз орнын сенімді ұстап тұру үшін ішкі құрылымын үнемі жетілдіріп, қайта құрып отырады. Мысалы, оған компанияның әлуетін арттыру мақсатында әлемнің басқа да компанияларымен бірлескен кәсіпорындар (1988 ж. “Амокомен”, АҚШ), альянс (“Статойл”, Норвегия), т.б. құруын айтуға болады. “Бритиш Петролеум” компаниясының мұндай стратегиялық бағыттары, әсіресе, Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан мемлекетттері мұнай-газ ресурстарын игеру барысында өрістей түсті. 1993 жылдан “Бритиш Петролеум/Статойл” альянсы “Қазақстанкаспийшельф” консорциумы құрамында Каспий теңізі қайраңында кешенді зерттеу және Қашаған кенінің қорын бағалау жұмыстарын жүргізді.“Бритиш Петролеум” өзінің болашақ басым бағыттарының бірін Каспий қайраңының мұнай-газ кенімен тығыз байланыста қарайды. ## Дереккөздер
Буяр Османи ( мак. Бујар Османи ; 1979 жылы 11 қыркүйек Скопье, Македония Республикасы, ЮСФР-да дүниеге келген) — Солтүстік Македонияның мемлекеттік қайраткері, 2008-2011 жылдары Македония Республикасының денсаулық сақтау министрі. 2020 жылдың 30 тамызынан бастап Солтүстік Македонияның сыртқы істер министрі. 2004 жылы Скопье университетінің медицина факультетін бітірген. 1998-2003 жылдары Фан С.Ноли жастар қауымдастығының хатшысы болды. 2004 жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін Панче Қарагозов атындағы балалар медициналық орталығында микробиология, фармакология және гинекологиядан сабақ берді. 2004 жылдан бастап Арнайы ауруханада хирург болып жұмыс істейді. 2008 жылғы 26 шілдеден 2011 жылғы 28 шілдеге дейін - Македония Республикасының Денсаулық сақтау министрі. 2020 жылдың 30 тамызында Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы болып тағайындалды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Македония Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің веб-сайтындағы өмірбаяныМұрағатталған 12 қыркүйектің 2009 жылы. сайтында мұрағатталған (жасалған. )
«EL ARNA» — 2000 жылдан 2014 жылдың наурыз айына дейін жұмыс жасап, 2017 жылдың наурызынан бастап қайта ашылған қазақстандық ойын-сауық жастар телеарнасы. Күн сайын тәулігіне 24 сағат хабар тарататын арна эфирінде әртүрлі жанр мен форматтағы фильмдер, телехикаялар көрсетіледі. Олардың қатарында қысқаметражды ленталар бар. Сондай-ақ, “Хабар" Агенттігінің публицистикалық, музыкалық, спорттық және өзге де бағдарламалары жақсы танымал болды. Арна ұсынған телевизиялық сериалдар, деректі және көркем фильмдер рейтинг бойынша ең жоғары орында тұрды. Агенттіктің техникалық базасы маңызды саяси және мәдени акцияларды оқиға орнынан тікелей таратуды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. ## Тарихы ### Алғашқы кезеңі Қазақстан Республикасының 75 % аумағын қамтып, 10 миллионға жуық өз көрерменіне әртүрлі жанрдағы бағдарламалары мен фильмдерін тәулігіне 18 сағат бойы ұсынып отыр. 2000 жылы 22 наурызда жаңа арнаның ашылу салтанаты өтті. 5 жыл ішінде ақпараттың алып күшіне айналған «Хабар» арнасынан айқын мақсаттарын алдыға қойып «Хабар-2» бөлініп шықты. Арнаның жұмысы бірінші кезекте қазақ халқының тарихы мен мәдени жәдігерлерін ұлықтап, еліміздегі әлеуметтік мәселелерге көңіл бөліп, жастар саясатын дамытуды көздеді. 22 наурыз күні Дана Нұржігіт пен Ақылбек Сансызбайұлы аспалы жолмен алаңға түсіп «Хабар-2» арнасының салтанатты ашылу кешін жүргізді. Сол күні ең алғаш жаңа арнаның тікелей эфирінен «Тарих пен таным» бағдарламасы көрерменімен қауышты. «Ел арнаның» ең алғашқы бағдарламалары әлі күнге дейін ел аузында. «Ошақтың отын өшірмей», «Қара өлең», «Заң мен заман» «Дін мен діл», «Мың бір мақал», «Қазақтар», «Ой көкпар», «Қарапайым қағидалар» сияқты хабарлар елді елең еткізер мәселелерді қозғады. Ал қазақ әнін, музыка өнерін насихаттаған «Саз сандық», «Кертолғау», «Ұлы дала сазы», «Ауылдың алты ауызы» сияқты бағдарламалар көрерменнің жүрегін бірден жаулап алды. Қазақтар туралы ауқымды тележобалардың бірі – «Қазақтар». Халықтың тарихын парақтап, салт-дәстүрін сабақтастырып қазақты өзгеге де, өзіне де таныта білді. Тек Қазақстандағы қазақтарды ғана емес, сонымен қатар алыс-жақын шетелдегі қазақтардың өмірінен де сыр шертті. Ал 2002 жылдың 22 наурызында «Хабар-2» «Ел Арна» деген атаумен алмастырылды. Арнаның жаңа атқа ие болуы оның «Хабардың» көлеңкесі ғана емес, өзіндік ерекшелігі бар жеке арна екенін тағы бір дәлелдей түсті. Осы жылы «Ел Арнада» «Алтыбақан», «Біздің көшенің тұрғындары», «Бірінші байлық», «Таразы», «Шекара», «Жәдігер», «Әзілің жарасса», «Теңбіл доп», «Өлең сөздің патшасы» сияқты жаңа жобалардың тұсауы кесілді. 2008 жылы «Ел Арнаға» Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ерекше назар аударып, мәдениет, спорт және жастар арнасы етіп қайта құруды тапсырады. Спорт әлеміндегі айтулы оқиғалар, Олимпиада ойындары, бокстан әлем чемпионаты, футбол жанкүйерлері үшін үздік матчтар арнамыздың тікелей эфирінен көрсетілді. Сонымен қатар апта сайын спорт әлеміндегі жаңалықтар жайлы журналдар дайындалды. Әлемге әйгілі киностудиялар мен телекомпаниялардың ең үздік фильмдері көрерменге ұсынылды. Әсіресе «Би-би-Си» телекомпаниясының «Біз таңдаған жолдар», «Ақсүйектер», «Дэвид Копперфильд», «Суық үй» фильмдері киносүйер қауымның көңілінен шықты. Сонымен қатар деректі фильмдерден «Ақиқатқа көз жеткізу», «Жоғалған әлемдер», «Әйгілі композиторлар», «Археология жұмбақтары» да өз көрерменін тапты. Ал кішкентай бүлдіршіндерге арналып «Мерлин - сиқырлы күшік», «Галактика шабандозы», «Бүргенді қамалы» мультфильмдері көрсетілді. «Жөке ағашының саясында», «Шексіз махаббат», «Жігіттің сабаздары», «Дэрикпен өткен өмір», «Шетелдік күйеубала» сияқты кешкі телехикаялар да көрсетілді. ### Кейінгі кезеңі 2009 жылы Ел арнаның жаңа форматы қарқынды дами бастады, арна осы уақыттан бастап спорт және жастар жағына қарай басымдық берді. Жалпы айтқанда, арнаның негізгі міндеті – тұрақты жастар аудиториясын қалыптастыру және де отбасы аудиториясына да негізделген. 2009 жылы Ел арнаның спорттық және жастар арнасы ретінде атқарған басты жетістіктері: * Тұрақты аудиторияның қалыптасуы. * Әйгілі бренд ретінде танылу. * Жастардың санасында патриоттық, салауатты өмірге құштарлық сезімін ұялату. * Қазақстандық телекөрерменнің эстетикалық талғамын кеңейту мақсатында - мәдениеттілік, рухани-адамгершілік құндылықтарын интерактивті жанрда қалыптастыру. * Жаңа да жеңіл жанр негізінде жастар аудиториясын кеңейту. * Экранның жаңа, танымал Қазақстан болашағына зор еңбек атқаратын образдарын және қаһармандарын жасау. * Жалпылама спортты дамыту. Арнаның жаңа стандарттарына сай бағдарламалар шыға бастады, ол – отбасылық-танымдық «Формула семьи» бағдарламасы, «Спокойствие, только спокойствие» ток-шоуы, балалар-танымдық «Хочу быть» бағдарламасы. Танымал Қазақстандық КВН командасының қатысуымен «Қызықстан» жобасы, адамгершілік тақырыбында «Самопознание», «Өзін өзі тану» бағдарламалары. Деректі топтама «Линия судьбы», жас аналарға арналған Аружан Сайынның «Мамина школа» бағдарламасы және тағы басқалары. Сонымен қатар Ел арнада көрермендер арасында танымал Корея, Түркия сериалдары көрсетіле бастады. 2010 жыл көп жаңа жобаларға толы жыл болды, олар – таңғы жастар бағдарламасы «Ашық пошта», танымал әнші Мақпал Исабекованың жүргізуімен музыкалы-сауықтық бағдарлама «Сүйінші», екі тілде жүргізілетін аспаздық бағдарлама «Берекелі дастарқан», толық циклдық бағдарлама «Что наша жизнь » - «Өмірде болған», арнайы жоба «Телевизиялық КВН Лигасы», «Бәрі есімде», «Шіркін, life!» реалити-шоуы. 2014 жылы 18 наурызда рейтингі аз болғандықтан, «Ел Арна» хабар таратуын тоқтатты. 2017 жылы 27 наурызда телеарна қайта ашылды. Арнадан отандық деректі фильмдер мен сериалдар көрсетіледі. 2022 жылдан бастап форматы өзгеріп, телеқойылымдар мен кинодан басқа, жастар аудиториясына арналған танымдық жанрдағы жобалар шыға бастады. ## Басшылық * Нұрбол Мейрханұлы Алманов — «El Arna» телеарнасының директоры. * Мөлдір Мырзакасымова — телеарнаның шеф-редакторы * Нұржан Салимов — телеарнаның продюсері * Баян Арыстанова — телеарнаның бас режиссері ## Бағдарламалар * Түрлі дәм * Солай ма? * Миллион на стартапе * Тағдыр жолы * Өлкем-Qazaqstan-Welcome * ҚаһарMen * Өмір-Өлең * Семейное рандеву * «Сен жайлы» cover * EL NEWS * Кімнің есінде? * Шоу like * Тыңдай бергім келеді * Ауыл кеші көңілді * Бір туынды тарихы ### Мұрағат * «Балаларға арналған ғылым» * «Топ-малыш» * «Өмірде болған...» * «Мүмкін емес...» * «Начистоту» * «Бәрі есімде» * «Азамат» * «Линия судьбы» * «Туған өлке» * «FreshmanЫ» * «Берекелі дастарқан» Аспаздық теледидарлық жобасы * "Побочный эффект" * «Өзін-өзі тану» * «Тапқыр достар» * «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы * «Мы – казахстанцы!» * «Мамина Школа» * «Жүз жасаңыз...» * «Сенім. Білім. KZ» * «Шіркін, life Бурабайда!» * «Жарайсың!» * «Бағдаршам» ойын-сауық бағдарламасы * «Женсовет» * «Жаңа жыл кино думаны немесе Ирония любви» * «Шоқ жұлдыздары» * «Сүйінші» ## Басшылары * Арман Нұрқалиев (2002-2003) * Айгүл Мүкей (2009-2013) * Серік Абас-Шах (2013-2014) * Арман Сейітмамыт (2018-2021) * Камила Камназарова (2021-2022) * Нұрбол Алманов (2022 жылдан бері) ## Жүргізушілер (2000-2014 жылдар) * Руслан Желдібай — «Ел арна» телеарнасының «Азамат» бағдарламасының жүргізушісі. * Асхат Садырбай — «Ел арна» телеарнасының «Сүйінші» бағдарламасының жүргізушісі және «Шіркін, life» тележобасының авторы әрі жүргізушісі. * Жан Байжанбаев — «Ел арна» телеарнасының «Что наша жизнь» бағдарламасының орыс тіліндегі жүргізушісі. * Мақпал Исабекова — «Ел арна» телеарнасының «Сүйінші» бағдарламасының жүргізушісі. * Ділмұрат Джамбакиев — «Ел арна» телеарнасының «Топ-малыш» бағдарламасының жүргізушісі. * Толқын Садыкова — «Ел арна» телеарнасының «Шіркін, лайф» және «Өмірде болған» бағдарламаларының продюсері. * Аружан Саин — «Ел арна» телеарнасының «Мамина школа» бағдарламасының жүргізушісі. * Индира Зайнудинова — «Ел арна» телеарнасының « Побочный эффект» бағдарламасының жүргізушісі. * Евгений Нүриұлы Жұманов — «Ел арна» телеарнасының «Такое вот кино» бағдарламасының жүргізушісі. * Мусина Диляра — «Ел арна» телеарнасының "FreshmanЫ" бағдарламасының жүргізушісі. * Сеилова Карина — «Ел арна» телеарнасының «FreshmenЫ» бағдарламасының рубрикасының жүргізушісі. * Шолпан Джананова — «Ел арна» телеарнасының «Бәрі есімде» және «Начистоту» бағдарламаларының продюсері. * Максим Лопатин — «Ел арна» телеарнасының «Начистоту» бағдарламасының жүргізушісі. * Павел Коктышев — «Ел арна» телеарнасының «Лидер XXI века» бағдарламасының орыс тіліндегі жүргізушісі. * Ғалия Бухал — «Ел арна» телеарнасының «Лидер ХХ1 века» және «Топ-малыш» бағдарламаларының продюсері. * Рита Жұғұнұсова — «Ел арна» телеарнасының «Самопознание» бағдарламасының орыс тіліндегі жүргізушісі және продюсер, режиссер, бағдарлама авторы. * Ринат Заитов — «Ел арна» телеарнасының «Бағдаршам» бағдарламасының жүргізушісі. * Нұргүл Түсіпбекова — «Ел арна» телеарнасының «Такое вот кино» және «Линия судьбы» бағдарламаларының продюсері. ## Үздік болған бағдарламалары (2000-2014 жж.) ### «Туған өлке» Өнегелі өлкелердің тұнып тұрған тарихы, елдің еркесіне айналған өнер жұлдыздарының туған жерге оралуы, ауылдардың бүгінгі тыныс-тіршілігі, хал-ахуалы, мемлекеттік бағдарлама бойынша атқарылып жатқан шаралар — жобаның басты кейіпкерлерінің көзімен суреттеледі. Ал, көрермен бағдарламаның бас қаһарманымен бірге өткен күндер қойнауына еніп, балғын балалық шақты еске түсіреді. Осы уақытқа дейін айтылмай келген тың деректерден хабардар бола алады. ### «Шіркін, life 3 Бурабайда!» «Шіркін, life 3 Бурабайда!» тележобасы — Ақмола облысының Щучинск қаласындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында өткізілді. Бұл маусым алдыңғы екі бөлімге қарағанда түрлі жаңалықтарымен ерекшеленеді: * Қатысушылар саны 12 адам — өнер жұлдыздары. * Тапсырмалар саны 14. Олардың барлығы дерлік түрлі спорттық ойындар мен арнайы сайыстарға негізделген. * Түсірілім Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Бурабай курорттық аймағында өтеді. Мақсаты Бағдарламаның басты мақсаты: қазақстанның спорт және туризм саласын жастар арасында кеңінен насихаттау. ### «Бағдаршам» бағдарламасы Бұл бағдарламада арнайы шақырылған өнер жұлдыздары өз автокөлігінде келіп сұхбаттасады. Айтыскер-ақын — Ринат Заитов, тележүргізуші — Жұлдызбек Жұманбай, актер — Әсет Иманғалиұлы кез-келген әншінің өмірі мен шығармашылығын түрлі-түсті бағдаршам арқылы талқыға салады. ## Логотиптері * * * * * ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * «El Arna» телеарнасының ресми сайты * «El Arna» телеарнасының онлайн көрсетілімі * «El Arna» телеарнасы (YouTube) * «El Arna» телеарнасы (TikTok) * «El Arna» телеарнасы (Instagram) * «El Arna» телеарнасы (Facebook)
Bank RBK — қазақстандық бөлшек сауда банкі. Бас кеңсесі Алматыда орналасқан. Банктің 13 аймақтық филиалы бар. ## Тарихы 1991 жылы Теміртау қаласында «Мекен» жеке банкі құрылды. 1996 жылы «Мекен» банкі «Алаш-банк» болып өзгертілді. 2005 жылы «Алаш-банк» «Қазинкомбанк» АҚ болып өзгертілді. 2011 жылдың 29 қыркүйегінде «Қазинкомбанк» АҚ «Bank RBK» АҚ болып өзгертілді. 2014 жылғы 4 қыркүйекте Банк Басқармасының төрағасы болып Игорь Мажинов тағайындалды. 2014 жылғы 10 қыркүйекте Visa төлем жүйесінің принципиалды мүшесі болады. 2015 жылдың 16 тамызында Банктің Директорлар кеңесінің мүшесі Туғанбай Даниярды ұрлау әрекеті сәтсіз аяқталды. 2016 жылғы 19 мамырда банк «Даму» қорының шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағдарламаларына қатысты. 2017 жылдың 22 мамырында Банктің баспасөз қызметі «Bank RBK» АҚ мен «Qazaq Banki» АҚ-ның алдағы бірігуін жариялады. 2017 жылдың 1 тамызында Владимир Ким Қазақстан Ұлттық Банкінің «Bank RBK» АҚ ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісімін алды. 2017 жылғы 7 қыркүйекте Банктің Директорлар кеңесінің төрағасы болып Торстен Пол тағайындалды. 2017 жылғы 14 қыркүйекте Марпу Жақұбаева Банк Басқармасының төрағасы болып тағайындалды. 2017 жылғы 12 қазанда «Bank RBK» АҚ Банк басшылығы «Qazaq Banki» АҚ-мен бірлестік бойынша мәміле жасаудан бас тарту туралы шешім қабылдады. 2018 жылғы 26 ақпанда Банк Басқармасының төрағасы болып Наталья Акентьева тағайындалды. 2020 жылғы 30 қазанда Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен Болат Жәмішев тәуелсіз директор және Банктің Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. ## Меншік иелері және басқару Акциялар пакетiнiң 99,6% iрi акционерi «КСС Финанс» ЖШС болып табылады. Түпкі акционері — Владимир Ким. Директорлар кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев болып табылады. Басқарма төрағасы — Наталья Акентьева. ## Көрсеткіштер 2016 жылы банк кіріс өсімі бойынша бірінші орынға шықты, ол 2015 жылғы 191,2 млн теңгеден 2016 жылы 5,45 млрд теңгеге дейін 28,5 есеге өсті. ## Дереккөздер
Қазақстан КП Орал облыстық комитеті — Қазақ АКСР (1932-1936) және Қазақ КСР (1936-1991) партиялық басқарудың аймақтық органы. Батыс Қазақстан облысы 1932 жылы 10 наурызда Қазақ АКСР-нің алғашқы 6 облысының бірі болып құрылды. 1936 жылдың 5 желтоқсанынан бастап — Қазақ КСР құрамында болды. Орталығы — Орал қаласы. 1962 жылы 3 мамырда Орал облысы болып өзгертілді. 1962 жылдың 3 мамырынан 1964 жылдың 1 желтоқсанына дейін Ақтөбе және Гурьев облыстарымен бірге Қазақ КСР Батыс Қазақстан өлкесінің құрамында болды. 1992 жылдың 6 шілдеден бастап — Батыс Қазақстан облысы атанды. ## Қазақстан КП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшылары (1932-1962 ж.) Сталиннің заманында (1925-1953 ж.) * 5.06.1932-02.1934 Максим Аммосов * 10.03.1934-1937 Ізмұқан Құрамысов * 1937 Садық Сафарбеков * 1937—1938 Шәріп Өтепов * 1938 Хабир Пазиков * 1938—1939 Исмағұл Елеубаев * 1939—1944 Андрей Василевский * 1944—1945 Харитон Кругликов * 1945—1952 Мінайдар Салин * 1952—1954 Мұсатай Шахшин Хрущевтың заманында (1953-1964 ж.) * 1954—1956 Сәлімгерей Тоқтамысұлы * 1956-01.1961 Сабыр Ниязбеков * 1961-3.05.1962 Шапет Қоспанұлы ## Қазақстан КП Орал облыстық комитетінің бірінші хатшылары (1962-1991) * 3.05.1962-12.1962 Шапет Қоспанұлы * 12.1962-12.1964 (ауылдық) Шапет Қоспанұлы Брежневтың заманында (1964-1982 ж.) * 12.1964-04.1975 Шапет Қоспанұлы * 04.1975-13.06.1986 Мұстақым Ықсанов Горбачевтың заманында (1985-1991 ж.) * 13.06.1986-7.09.1991 Нәжімеден Есқалиев ## Тағы қараңыз * Облыс әкімі ## Әдебиет * РСДЖ(б)П, РК(б)П, БК(б)П, КОКП орталық комитеті: Тарихи-өмірбаяндық нұсқаулық / Құрас. Ю. В. Горячев. М., 2005.
Ақсерік Сарыұлы Әйтімов (10 қазан 1950, Бәйтерек ауданы, Батыс Қазақстан облысы) — ұстаз, ғалым, профессор, қоғам қайраткері, «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Батыс Қазақстан облысы облыстық мәслихатының депутаты. Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің президенті. ## Өмірбаяны 1950 жылы Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Бокаушино ауылында дүниеге келді. 1969 жылы Ростошинск мектебін, 1969 жылы Орал ауылшаруашылық техникумын «Өсімдіктерді агроқорғау» мамандығы бойынша бітірді. 1969-1971 жылдары Кеңес Армиясы қатарында саяси бөлімде офицер шенінде қызмет етті. 1972 жылы Орал қаласындағы ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсіп, «ғалым — агроном» біліктілігін алды. 1991 жылы «Эксперимент» мамандандырылған шағын кәсіпорнының директоры болды. 1993 жылы ақпараттық-компьютерлік сауаттылық саласындағы мамандарды курстық даярлайтын қазақ-неміс бірлескен кәсіпорны «Андас» оқу орталығын құрды. 1997 жылы БҰҰ аясындағы ғылыми экспедиция құрамында «Капустин Яр» полигонында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сол жылы Алматы жоғары индустриалды-экономикалық колледжін құрып, директоры атанды. 1999 жылдан бастап Қазақстан ақпараттық технологиялар және менеджмент институтының Батыс Қазақстан филиалының директоры, кейін ол дербес жоғары оқу орны — Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті болып қайта құрылды, оның ректоры қызметін 2010 жылдың маусымына дейін Ақсерік Сарыұлы атқарды. 2010 жылдың маусымынан бастап — Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің президенті. ## Ғылыми, әдеби еңбектері 108-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 4 оқу құралының және 3 монографияның – «Қазіргі жаратылыстану тұжырымдамалары», «Жемістерді сақтау кезінде бактерицидтік материалдардың фунгицидтік белсенділігін сынау», «Жемістерді сақтау кезінде өсімдік антиоксиданттарын қолдану (2005)» және т.б. авторы. ## Марапаттары мен атақтары * Техника ғылымдарының кандидаты (2005) * Профессор * ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі * «Шапағат» медалі * «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі (2005) * «Астанаға 10 жыл» медалі (2008) * «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі * Еуропалық бизнес ассамблеясының «Еуропалық сапа» халықаралық сыйлығы, Оксфорд қ., Ұлыбритания (25.04.2008) ## Сілтеме * Әйтімов Ақсерік Сарыұлы (жеке анықтама)  (орыс.)
Вячеслав Қаменұлы Ғиззатов (9 сәуір 1942, Батыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР — 29 қыркүйек 2021) — қазақстандық мемлекет қайраткері, дипломат. ## Өмірбаяны 1964 жылы Сарытау заң институтын құқықтанушы-заңгер мамандығы бойынша бітірген. 1967-1970 жылдары — КСРО СІМ жоғарғы дипломатиялық мектебінде оқыды. 1970 жылдың тамызынан бастап — КСРО СІМ үшінші хатшысы болды. 1971 жылдан бастап — Қытайдағы КСРО елшілігінің екінші хатшысы болды. 1974 жылдың желтоқсанынан бастап — КСРО Ғылым академиясы Қиыр Шығыс институтының аға ғылыми қызметкері. 1978-1985 жылдары — Финляндия мен Лаостағы КСРО елшіліктерінде жұмыс істеді. 1985 жылдан бастап — КСРО СІМ бірінші хатшысы, кейін КСРО СІМ, РФ СІМ кеңесшісі. 1992 жылдың мамырынан бастап — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, ҚР СІМ Еуропа және Америка елдері бөлімінің бастығы. 1993 жылғы тамыздан 1996 жылға дейін — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 1996 жылдың қарашасынан 2000 жылға дейін — Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы елшісі болды. 2000 жылдың тамызынан 2003 жылдың қазанына дейін — Қазақстан Республикасының ГФР елшісі болды. 2004 жылдың қаңтарынан 2005 жылдың шілдесіне дейін — Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы елшісі болды. 2006 жылдың сәуірінен — ҚР СІМ мемлекеттік шекараны белгілеу департаментінің бастығы. 2009 жылдың қаңтарынан — Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ағымдағы төрағасының мұсылмандарға қарсы төзімсіздік пен кемсітушілікке қарсы күрес жөніндегі жеке өкілі. ## Қосымша Әскери атағы – запастағы полковник. Қазақ, орыс, қытай, ағылшын тілдерін білген. ## Марапаттары * «Ерен еңбегі үшін» медалі * «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016) ## Дереккөздер
Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің тізімі — Қазақстанның ТМД, Еуропа мен Азияның басқа елдерінде орналасқан дипломатиялық өкілдіктері тізімі. ## Еуропа ## Америка * Бразилия, Бразилиа (елшілік) * Канада, Оттава (елшілік)Торонто (консулдық) * Торонто (консулдық) * Куба, Гавана (консулдық) * Мексика, Мехико (елшілік) * АҚШ, Вашингтон (елшілік)Нью-Йорк (консулдық)Сан-Франциско (консулдық) * Нью-Йорк (консулдық) * Сан-Франциско (консулдық) ## Африка ## Таяу және Орта Шығыс ## Азия ## Халықаралық ұйымдар ## Галерея * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * ## Тағы қараңыз * Қазақстан елшілерінің тізімі
Абылайхан Қасымұлы Жолмұхамедов (6 қараша 1928, Ақсу ауыл, Орджоникидзе ауданы, Қостанай облысы, Қазақ АКСР — 22 қараша 2015, Алматы, Қазақстан) — кеңестік партия және мемлекет қайраткері, Ақмола облыстық атқару комитетінің төрағасы (1971-1983). ## Өмірбаяны Ауылшаруашылық техникумын бітіріп, асыл тұқымды мал кеңшарының бас инженері, кеңшар трестінің аға инженері қызметтерін атқарған. 1949-1958 жж. — Жетіқара кеңшарының директоры. 1960 жылы Ташкент суландыру және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтын бітірді. Қарабалық кеңшарлар тресінің директоры, Амангелді аумақтық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және дайындау басқармасы бастығының орынбасары, бастығы (1960-1965) қызметтерін атқарды. 1966-1970 жж. — КОКП Целиноград аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1970-1971 жж. — КОКП Целиноград облыстық комитетінің екінші хатшысы. 1971-1983 жж. — Целиноград облыстық Кеңесінің атқару комитетінің төрағасы, Целиноград қаласының, (қазіргі Астана қ.) құрылысына жетекшілік етті. 1983-1988 жж. — Главриссовхозстрой бастығының орынбасары. 1988 жылы зейнеткерлікке шықты. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8-10 шақырылым депутаты. КОКП 25 және 26 съездерінің делегаты (1976, 1981). ## Марапаттары Үш рет Ленин орденімен, төрт рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. ## Дереккөздер * Кто есть кто в Казахстане. Данияр Ашимбаев. 2003. * Д.Ашимбаев «Кто есть Кто в Казахстане: биографическая энциклопедия» Издание 12-е, дополненное. — Алматы, 2012. — 1272 с. * Казахская советская энциклопедия: Казахская Советская Социалистическая Республика : энциклопедический справочник. Манаш Кабашевич Козыбаев. Глав. ред. Казахской сов. энциклопедии, 1981 — Всего страниц: 702 ## Сілтеме * Целиноград облыстық Кеңесінің атқару комитеті, төрағалары * Тыңгер топтарының бірі
Әліби Тоқжанұлы Жангелдин (2 маусым 1884 — 14 тамыз 1953) — Қазақстанда Кеңес үкіметін орнату және нығайту жолындағы күрестің көрнекті басшысы, республиканың мемлекет қайраткері, кіші әлем саяхатын жасаған жиһанкез, қазақ даласындағы алғашқы туризмге жол салушы. ## Өмірбаяны Әліби Жангелдин 1884 жылы Торғай даласының Қайдауыл ауылындағы кедей шаруа отбасында дүниеге келеді. Орта жүздің қыпшақ руынан еді. Отбасында сегіз бала болыпты: үш ұл және бес қыз бала. Әліби баланың тұңғышы болғандықтан, әкесіне байдың қойын бағысуға көмектескен. Байлар малын шұрайлы Қайдауыл жеріне Әлібидің әкесіне қалдыратын. Мал бағудан бөлек әкесі жиі аңға шығатын және әрдайым ұлын бірге алып жүретін. Әлібиді бөдене, қаздарды атумен шынымен қызықтыратын. Қайдауыл өңірінде көп кездесетін ақбөкендер мен аққұйрықтарды да аулаған. Әліби жеті жасынан атқа шабатын. Ерте жасынан Әлібидің оқуға деген зор ынтасы болды, алайда жақын арада мектептердің жоқтығы бұған кедергі болды. Бір күні Торғайдың бір мұғалімі Қайдауылға келді. Жас Әліби ұстаздың оқалы бас киіміне, алтын түймелі былғары бешпентіне, жалпы ісем киінгеніне қызығып, мұғалім болу деген ойы пайда болды. Торғайлық мұғалім оның есте сақтау және тез үйрену қабілеттерінің жақсы жетілгенін байқап мектепке шақырады.Әлібидің әкесіне бұл ой мүлдем ұнаған жоқ, оқу туралы тіпті тыңдағысы келмеді. Алайда көп ұзамай Әліби үйінен қашып, керуенге ілесіп Торғайға жетеді. Торғайда мектепке түсіп оқушылармен, мұғалімдермен танысып, достық орнатады, әсіресе жер аудартылған бір еңбек мұғалімімен өте тығыз, жай ғана мұғаліммен оқушы арасындағыдан әлде қайда артық достық орнайды. Дәл осы жерде ол аты аңызға айналған батыр Амангелді Имановпен бірінші рет кездеседі. Көп ұзамай әкесі оны іздеп тауып үйіне қайтарады. * Үйінде болған кезде қазақ даласындағы орын алып жатқан әділетсіздікті көріп үйінен екінші рет қашып Қостанайға барады. Сол жерде өзінің ерекше есте сақтау қабілеті және Торғайда алған білімінің арқасында орыс-қазақ мектебіне түседі. Бұл кезде ол 12 жаста болған. Алайда, бұл жерде де әкесі тауып алып, үйіне қайтарайын деген кезде аса құрметті мектеп директорының сұрауы бойынша Әлібиді сол жерде қалдыруға келіседі. Бір ғана жыл ішінде бүкіл материалды меңгеріп, барлық емтихандарды үздік тапсырып, мектепті бітіреді. * Одан кейін мектептің бағытымен Орынбордағы рухани консисторияға түседі. Бұл жерде де емтихандарда бағдарламадан әлде қайда ертерек тапсырып, Қазан қаласындағы мұғалімдер семинариясына кетеді. Кейін оны Мәскеу қаласындағы академияның тарих факультетіне аударады, бірақ та 1905 жылы революцияға қатысқаны үшін 2-ші курста оқудан қуылды. * Дәл осы кезде Әлібиде бір дүниені, басқа халықтардын тұрмысын тануға деген құштарлық пайда болады. Сөйтіп 1910 — 1912 жылдары «Николай Степнов» деген атпен Еуропа, Таяу Шығыс, Африка, Азия елдеріне жаяу саяхат жасады. Жангелдин естелігінен: "Жер дүниені айналу саяхаты төрт жылдан артық уақытқа созылды. Мен теңіз және темір жолдармен жүргенді есептемегенде, фотоаппаратымды арқалап, жаяу он екі мың шақырым жүріп өттім. Күндіз жүріп өткен жерлерімді суретке түсіріп, түнде оларды химикаттармен айқындап, шығарып отырдым. Дәрістер оқып, баяндамалар жасап, суреттер сатып, тамағымды асырадым. Мен жаяу Польшаны, Австро-Венгрияны, Сербияны, Болгарияны, Турцияны, Сирияны, Палестинаны, Африканы, Египетті, Абиссинияны басып өттім.Кері оралған жолымда айналып отырып, Араб түбегі, Мессопатамия, Персия, Үндістан, Цейлон аралы, Малая архипелагы, Үндіқытай түбегі, Сиам корольдігі, Аннам, Қытайдың оңтүстік бөлігі, Формозу аралы арқылы жүріп өттім. 1912 жылы Жапонияға жеттім." * 1911 жылы Женевада В.И. Ленинмен кездесті. * 1913 жылы Қазақстанға оралып, революциялық жұмыс жүргізді. Өкіметтің қуғындауынан Қырымға кетті, кейін Петроградқа ауысты. * 1916 жылы Торғайға келіп, А. Имановпен бірге ұлт-азаттық көтерілісті басқарды. * 1917 жылы Уақытша үкіметке қарсы күрес ұйымдастырды, бұқара халық арасында большевиктер идеясын насихаттады. * 1917 жылы қарашада РКФСР Халық комиссарлары Кеңесі Жанкелдинді Торғай облысының төтенше соғыс комиссары етіп тағайындады. 1-ші Торғай облысы Кеңестердің съезінің төрағасы. * 1918 жылы мамырда Дала өлкесінің төтенше комиссары болды. Ол халық арасында шебер ұйымдастырушы, жалынды насихатшы, әскери басшы және саяси қайраткер ретінде танылды. * 1918 жылы В.И. Лениннің тапсырмасымен Астархан арқылы Ақтөбе майданына қаржы, қару-жарақ жеткізген отрядты басқарды. Қызыл Әскердің бөлімдерін ұйымдастыруға, Кеңес өкіметін нығайтуға іскерлік пен басшылық етті. * 1919 жылы шілде — 1920 жылы қазан — Қырғыз-Қазақ өлкесін басқару жөніндегі соғыс революциялық комитет төрағасының орынбасары. * 1920 жылы қазан айынан ҚАССР ОАК Төралқа төрағасының орынбасары және ҚАССР Қамсыздандыру хал-комы. * 1938 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі, 1951 жылы оның төрағасының орынбасары болды. * 1920 жылы РК(б)П Қырғыз (Қазақ) облыстық комитетінің және ҚАССРО мүшесі, 1938 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты. РК(б)П 13-съезінің делегаты (1924). ## Марапаттары * Ленин ордені * Қызыл Ту ордені ## Есте қалдыру * Торғай облысының бір ауданы; * бірнеше ұжымшар (біреуі Ақтөбе облысында) Жанкелдин есімімен аталған; * Ақтөбе қаласында оған ескерткіш орнатылған, бір көшенің аты берілген. Ескерткіштің авторлары скульптор Исаев А.А. және архитектор Белоцерковский Н.И. * Әліби Жангелдин көшесі (Астана); * Әліби Жангелдин көшесі (Алматы); ## Дереккөздер
Қазақстан КП Қызылорда облыстық комитеті — Қазақ КСР партиялық басқарманың облыстық органы (1938-1991). Қазақ КСР құрамындағы Қызылорда облысы 1938 жылы 15 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының бір бөлігінен құрылды. Орталығы – Қызылорда қаласы. 1962 жылдың 3 мамырынан 1964 жылдың 1 желтоқсанына дейін Шымкент және Жамбыл облыстарымен бірге Қазақ КСР Оңтүстік Қазақстан өлкесінің құрамында болды. ## Қазақстан КП Қызылорда облыстық комитетінің бірінші хатшылары * 1938 Құсайынбек Әміров * 1938-1940 Халық Әбдірахманов * 1940-1945 Рақымбай Төлебаев * 1945-1947 Сапар Бектелеев * 1947-1950 Баймақан Ибраһимов * 1950-1952 Сапар Бектелеев * 1952-1954 Арынғазы Қайсақанов * 1954 Сағалбай Жанбаев * 1954-1958 Мұхамедғали Сужиков * 1958-1959 Сейдулла Оспанов * 1959-1961 Ғұбайдолла Ілиясов * 1961-01.1963 Сәлімгерей Тоқтамысұлы * 01.1963-12.1964 (ауылдық) Мұстақым Ықсанов * 12.1964-11.1966 Мұстақым Ықсанов * 11.1966-06.1972 Хасан Бектұрғанов * 06.1972-12.1978 Исатай Әбдікәрімұлы * 12.1978-22.01.1985 Тәкей Есетұлы * 22.01.1985-25.07.1989 Еркін Әуелбеков * 25.07.1989- 7.09.1991 Сейілбек Шаухаманұлы ## Тағы қараңыз * Облыс әкімі Қазақстан КП Павлодар облыстық комитеті ## Дереккөздер ## Әдебиет * РСДЖ(б)П, РК(б)П, БК(б)П, КОКП орталық комитеті: Тарихи-өмірбаяндық нұсқаулық / Құрас. Ю. В. Горячев. М., 2005.
Николай Ефимович Морозов (1929 жылы туған, Семей қаласы) – қоғам қайраткері. Социалистiк Еңбек Ері (1966). ҚазКСР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Еңбек жолын автомобиль жолдары техникумын бітіргеннен кейін, Семей фурнитура зауытында шебер болып бастаған. 1958 жылы Алматы жоғары партия мектебіне оқуға жіберіледі. Кейіннен Үржар ауданы партия комитетінің 1-хатшысы, Целиноград облыстық партия комитетінің 1-хатшысы болып сайланды. КСРО Жоғары Кеңесінің 8 – 11 шақырылымдарының депутаты, КОКП 24 – 26-съездерінің делегаты. КСРО орден, медальдарымен марапатталған. ## Дереккөздер «Ақмола облысы» энциклопедиясы
Ермек Әбілмәжінұлы Келемсейіт (22 сәуір 1952, Панфилов ауданы, Алматы облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің І және ІІ сайланымдарының депутаты (1995-2004). ## Өмірбаяны 1952 жылы 22 сәуірде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Айдарлы ауылында дүниеге келді. 1969 жылы Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылындағы орта мектепті бітірді. 1982 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша, 1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. 2006 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде орман шаруашылығы бакалавры біліктілігі мен академиялық дәрежесін алды. Еңбек жолын 1972 жылы Талдықорған облысы, Кербұлақ ауданы, Басши ауылында Калинин атындағы орта мектепте жүргізуші болып бастаған. 1971-1988 жылдары — кеңшар жүргізушісі, кеңшар гаражының меңгерушісі, Панфилов ауданы, «Октябрь» кеңшарының бас инженері, партия комитетінің хатшысы. 1988-1995 жылдары — Ленин атындағы кеңшардың директоры. 1995-2004 жылдары — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің І және ІІ сайланымдар депутаты. 2004-2005 жылдары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы. 2005-2012 жылдары — Алматы облысы Панфилов ауданының әкімі. 2012 жылдың маусым-қазан айлары аралығында — Алматы облысы әкімінің кеңесшісі. 2012 жылдың 14 қарашасынан 2016 жылға дейін — Алматы облыстық мәслихатының V шақырылым депутаты және хатшысы. 2016 жылдан бастап Алматы облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы. ## Марапаттары * 2001 — «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі * 2003 — «Астана» медалі * 2004 — «Тыңға 50 жыл» медалі * 2006 — «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медалі * 2008 — «Астанаға 10 жыл» медалі * 2011 — «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі * 2011 — Құрмет ордені мемлекет алдындағы ерекше қызметтері үшін. * 2020 — «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалі (30 тамыз) * 2022 — III дәрежелі «Барыс» ордені ## Дереккөздер
Ғабдолла Шалқарұлы Қаржаубаев (07. 11. 1904, Целиноград обл., Атбасар ауд.) - Қазақстанның партия, совет қайраткерi. 1927 жылдан КОКП мүшеci. Свердлов гидрология-геодезиялық техникумын (1936), КОКП ОК жанындағы 1 жылдық курсты (1957) бiтiрген. 1924-1934 жылдары Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында сот, шаруашылық, өндiрiс орындарында басшы қызметте iстедi. 1936-1940 жылдары «Карагандауголь» тресiнде инженер, 1940-1952 жылдары Қазақстан КП OK-нiң нұсқаушысы, бөлiм меңгерушiсi, көмip өнеркәсiбi жөнiндегi секретары және 3-секретары болды. Советінің депутаты, 1-дәрежелi Оған соғысы, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгiсi» ордендерiмен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер