text
stringlengths
3
252k
Байтоқ Алаша (туған - өлген жылы белгісіз) — Батыс Қазақстан өңірінде 19 ғасырда өмір сүрген жырау. Бөкей ордасында, Жәңгір ханның жанында болған. Байұлының алаша руынан шыққандықтан ел арасында “Алаша Байтоқ жырау” деп аталған. Оның Жәңгір хан дүниеден қайтқан соң айтқан толғауы, “Мұрат ақынның Ғұмар Қазыоглына айтқаны” (Қазан, 1908), “Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары” (Орынбор, 1910) жинақтарында жарық көрген. “Қары азамат сардарбек” деп басталатын толғауы ел арасына кең тараған. Толғаудың маңғыстаулық Т. Жанғабылұлынан 1939 жылы Байтоқ Жақыппайұлы, 1947 жылы И. Ұйықбаев жазып алған мәтіні Қазақстан Ғылыми Академиясының Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қорында сақтаулы (198—705 бумалар). Байтоқ жыраудың 2 толғауы да Жәңгір ханға, оның сән-салтанатына арналған мадақ жырлар. Қолжазба мәліметтерге қарағанда, Жәңгірге жырау сексен жасында барған. Ханның сұрауымен, әуелі жиналып отырған жамағатқа, биге, байға, батырға, қызға, бәйбішеге өмірде не жарасатынын жырлайды, сосын хан мәртебесіне ойысады. “Жәңгір хан дүниеден қайтқан соң айтқан толғауында” әсерлеу әдісін мол қолданады. Жоқтау сарынындағы бұл толғауда жыраудың Ресей үкіметінің қазақ даласын отарлау саясатына қарсы көзқарасы айқын сезіледі. ## Дереккөздер
Есет Қараұлы (1779, Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылы. — 1869, Атырау облысы Махамбет ауданы Малайсары алқабы) — жырау. Кіші жүз құрамындағы Байұлы тайпасының Беріш руынан шыққан. Исатай мен Махамбет бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан. Көтеріліс басылғаннан кейін Ресей әкімш. тарапынан қуғын көріп, біраз жыл Маңғыстау, Хорезм жағында болады. Одан Жайық бойына оралып, тоқсанға келіп дүние салған. Махамбет, Абыл ақындармен достық байланыста болған. Е-тен Мұрат Мөңкеұлы, т.б. көптеген ақындар өнеге алған. 1908 ж. Қазанда басылған М.Бекмұхамбетұлының “Жақсы үгіт” жинағында Е-тің “Тауға біткен қайыңның” деп басталатын қартайған шағында айтқан толғауы жарық көрді. Толғаудағы өзекті мәселе — ерлікке, елдікке үндеу. Бұл толғау — игілік пен ізгілік туралы тегеурінді сөздермен әдемі бейнелеген тебіреніс, өмір туралы жастарға айтқан өнегелі сөздер. Е. толғауы 1908 жылдан кейін “Шайыр” (Орынбор, 1910 — 1912), “Мұрат ақынның сөздері” (Таш., 1924), “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (А., 1967), “Ақберен” (А., 1972), “Өсиетнама” (А., 1982), “ХҚХ ғасырдың қазақ поэзиясы” (А., 1985), “Бес ғасыр жырлайды” (Қ-том, А., 1984, 1989) жинақтарында жарық көрген. ## Қысқаша өмірбаяны Тарихта бұл атамыз Есет би, Есет ақын, Есет батыр атымен таныс.Батырлар, ақындар сияқты, билердің де түр-түрі болған, күнкөріс үшін бірде оған, бірде бұған бұратын, бұқпантай жалтақ билер, әкімдерден аса алмай, әділ төресін бере алмай қалтақтайтын, тағасы жоқ тайғанақ билер, қарсы алдында хан тұрса да қаймықпай, қара қылды қақ жарып турасын айтып қасқайып қарап тұратын ата билер болған. Сол аздардың бірі - Есет би. 18 - ғасырдың аяқ кезінен бастап хандар кеңесінің құрамына билер сайланатын болды. Осы кезден бастап билер халық таразысына түсті. Ханның қамын ойлаған жасқаншақ жалтақтар ұмытылып, қара басы кетсе де, халықтың қамын көздейтіндер әрі би, әрі батыр атанып, елдің есінде қалды, халықтың құрметінде болды. Сол әрі би, әрі батыр атанғандар екеу болса, соның біреуі осы Есет, ал біреу болса - онда өзі. Есет 1779 жылы Қарабау деген жерде (осы күнгі Қызылқоға ауданы, Атырау облысы) туды. Он екі ата Байұлының бір баласы Беріш. Осы Беріштің бір бұтағы Қаратоқай. Бұлардан тарағандар өздерін «Қаратоқай берішпіз» дейді. Қаратоқайдан - Андағұл, Сасыған, Айтқожа, Бөкен туады. Андағұлдан - Айтболат, Айтболаттан - Бекбаулы, Есболай, Жолболды, Құттыбай, Өтебай. Есболайдан Итемген, Көтен, Күшік, Қоныс, Мәймен. Итемгеннен - Қара, Табылды, Қабыл, Қалдыбай, Мәтен. Қарадан - Есет, Дәрі, Сары, Жанғұтты, Бөкенбай, Қамбар. Есеттің қайда оқығаны белгісіз, білім, билік жағынан алдына жан салмаған, төбе би атанған адам. Есет заманы астарлы, кедір-бұдыры көп, қарағай басын шортан шалған қилы кезең болатын. Е.Пугачев көтерлісінің желісі үзілмей жатып, шылбырды Сырым алып кетті. Сырымның қызуы басылмай жатып Исатай-Махамбет тұтанды. Мұның ізі суымай жатып Бекет бас көтерді. Есет Көтібаров атқа мінді. Тұрлан Асауов қол жинады. Оның бәрі елге, елім деп еңіреген ерлерге, халыққа, халқым деп қан жұтқан азаматтарға шарпуын тигізбей қойған жоқ. Соның ішінде ата-бабасы ежелден хан тұқымымен төбелесіп өткен Есетке оңай түскен жоқ. Есеттің әкесі Қара, хан тұқымымен сиыспай, қақтығысып өткен. Жасы алпыстан асқанда Исатай-Махамбетке жақтасып, одан қуғын-сүргінге ұшыраған Есет тоқсан жасаса да, күн тыныш отырып, бел шешіп тамақ ішпеген адам . Түн ұйқысын төрт бөліп, қысқа күнде қырық рет дауға түсті, шыбындай жанын шүберекке түйіп, шырылдап барып жауға да түсті. Бірақ даудан ығып саспады, жаудан бұғып қашпады. Өмірінің қандай болып өткенін өзінің: -Замандында өзімнің Еңсеріскен ер көрдім, Белсеніскен бел көрдім, Жасанысқан жау көрдім, Тізелескен дау көрдім, Үрікпедім, саспадым, Бір өтірік болмасын Табаным тайып қашпадым. Қанды көйлек жолдасты Сары алтындай сақтадым... -деген сөзінен айқын көреміз. Есет біреуді басынып талтаңдамаған, өзі біреуден қорқып жалтаңдамаған, ешкімнен қиянат көрмеген, біреуге қиянат істемеген, ешкімнен артық сөз естімеген, өзі біреуді балағаттап даттамаған, ешкімге білімсініп ақыл айтпаған, ал өзі білгеннің ақылын алуға әрдайым құштар болған. Әрине, мұндай парасатты жандар сирек кездеседі. Есет 1869 жылы 90 жасында бақи дүниеге аттанды. Бейіті осы күнгі Махамбет ауданы, Малайсары деген жерде, Дәрі деп аталатын қауымда. Дәрі мен Есет бір ата, бір анадан туған бауырлас адамдар. Есеттің сөздері мен өсиет - өлеңдері алғаш рет Мақаш Бекмұханбетовтың көзі тірісінде тапсырып, 1908 жылы Қазанда шыққан, «Жақсы үгіт» деп аталатын кітапқа енді. Одан кейін Халел Досмұханметов құрастырып, Ташкентте бастырған «Аламан» жинаққа енді. Сәкен Сейфуллиннің 1931 жылы шыққан «Қазақ әдебиеті оқулығына», Сәбит Мұқановтың қазақ әдебиетінің тарихы жайында әр жылдарда жазылған ғылыми - зерттеу еңбектеріне енді. 1972 жылы «Ақберен» жинағына, 1977 жылы С.Садырбаев құрастырған «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» кітабына, 1981жылы Х.Сүйінішәлиевтің «18 - 19-ғасырдағы қазақ әдебиеті» еңбегіне, «Бес ғасыр жырлайды» жинағының бірінші томына кірді. Әдебиет зерттеушісі ғалым Қ.Сыдиқовтың «Ақын-жыраулар» атты еңбегінде тереңірек қамтылып жазылды.
Әл-Фараби ескерткіші — Алматы қаласында, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің алдында тұр. Авторы — Ескен Аманжолұлы Сіргебаев. Бастапқыда ескерткіш тастан жасалынған еді, бірақ 2007 жылы жаңа қоладан құйылған нұсқа орнатылды. Әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр Әл-Фарабиге арналған Ескен Сіргебаевтың тағы бір туындысы Түркістан облысы Отырар мұражай қорығында орналасқан. ## Галерея * ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Әл-Фараби ескерткіші (Астана) * Әл-Фараби ескерткіші (Түркістан)
Шәді Жәңгіров(1855, Сырдария губерния Қызылкөл мекені, Созақ ауданы – 12.11.1933, қазіргі Өзбекстан, Сырдария облысы Қаратөбе мекені) – қазақ ақыны. Төре әулетінен шыққан. Әкесі – Жәңгір (Жаһангер) момын мінезді, шаруаға икемді, ал анасы – Мәуті әнші, домбырашы кісі болған. Шәді сауатын ерте ашады. Шаян (1865 – 1867), Қарнақ (1868 – 1870), Бұхарадағы Көкелташ (1871 – 1876) медреселерінде оқып білім алды. Араб, парсы, түрік, шағатай тілдерін үйреніп, Шығыс шайырларының, философтарының, тарихшыларының еңбектерін түпнұсқадан оқып сусындады. Орта Азияның көптеген шаһарларын аралайды, өзбек, тәжік, қарақалпақ, түрікмен ақын-жырауларымен, әнші-күйшілерімен танысады. 1877 жылы туған мекені Қызылкөлге оралады.Шәді – Шығыс классикалық әдебиетінің назиралық үлгісін жете меңгерген, гуманистік, ағартушылық бағытта дәстүрлі тақырыптарды жырлаған, мазмұн мен түрі жағынан, идеясы мен сюжеттік желісі тұрғысынан мүлдем жаңа, қолтума төл шығармалар жазған ақын. Ол ұлы орыс халқының ерлікке толы тарихынан реалистік поэма («Ресей патшалығында Романов нәсілінен хұқмыранлық қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырыншылық заманнан бері қарай қазақ халқының ахуалы», Орынбор, 1910) жазды. Шәді бұл шығармасында Қазақстанның өз еркімен Ресейге қосылуының прогрессивтік мәнін нақтылы тарихи деректермен, білгірлікпен көрсеткен.Шәдінің әдеби мұрасы мол. Ол 30-ға жуық дастан және көптеген өлеңдер жазып, кітап етіп бастырып шығарған. Көлемді шығармаларынан қазірше табылғаны – 18 дастан. Олардың көбі Ташкент қаласындағы Ғ.Х. Ғарифжанов баспаханасынан әр кезде басылып шыққан: «Шәр дәруіш» («Төрт дәруіш», 1913, 1914), «Хикаят Қамарзаман» (1914), «Назым Сыяр Шәриф» (1913), «Хатымтайдың хикаясы» (1914), «Хикаят Халифа һарон-ар Рашид» (1914), «Хикаят Орқа-Күлше» (1917), «Қарунның жер жұтқан оқиғасы» (1917), т.б. «Тарихнама» атты тарихи дастаны қолжазба күйінде сақталған.Шәдінің сүбелі шығармасының бірі – «Шер дәруіш» («Төрт дәруіш»). Бұл дастан бір басылымында (1913) «Назым шәр дәруіш» деп те аталған. Шығарма сюжеті «жеті ықылым жер жүзінің бәрін кезген» төрт жиһангездің басынан кешкен оқиғалары арқылы өрбиді. Ақын дастанында адамның рухани мүмкіндігіне, күш-құдіретіне шексіз сенім білдіреді, адам бойындағы ең асыл қасиеттерді, ақыл-ойды, махаббатты, әділдікті, бауырмалдықты мадақтайды. Бұл дастан сюжеті бұрын да өзге түркі халықтары арасына қисса болып кең тараған. Шәді «Хикаят Халифа һарон-ар Рашид» дастанын да Шығыс аңыз әңгімелерінің сюжетін пайдалана отырып жазған. «Атымтай Жомарт хикаясы» деген атпен қазақ арасына тараған әңгіме сюжетіне құрылған «Хатымтайдың хикаясы» атты дастанда мазмұны жағынан өзара сабақтас төрт хикая бар. Ақын бұларда жұртты адамгершілікке, мейірімді, бауырмал болуға үндейді. Сараңдық пен дүниеқұмарлықты тәрк етеді. Ал «Хикаят Орқа-Күлше» атты лиро-эпикалық дастанында сүйіске екі жас арасындағы мөлдір махаббатты жырлады, шынайы достық, ізгі адамгершілікті мадақтады. Бұл дастан оқиғасы да ертеректе Шығыс халықтары арасында кең тараған әңгіме сюжетінен алынған. Шәдінің қиял-ғажайып ертегілері мен аңыз-әңгімелер негізінде жазған «Хикаят Қамарзаман» дастанында қиял-ғажайып оқиғалар адамдардың өміріндегі әдеттегі реалдық істерімен, күнделікті тұрмыста кездесетін көріністерімен ұштасып, тығыз байланысып жатады. * Шәді Жәнгірұлы өлең жырларының араб әдебиетімен байланысы. * Шәді Жәнгірұлы өлең жырларының араб әдебиетімен байланысы. Шәді төре Жәңгірұлы (1852-1933 ж.ж.) бұрынғы Сырдария губерниясы, Түркістан уезі, Жылыбұлақ болысында (қазіргі Созақ ауданы) дүниеге келген. Бұл кісі де арабша хат танып, молдадан дәріс алған адам. Ақын тоғыз жасында ауыл молдасында, келер жылы Шаян медресесінен дәріс алған. Шаянда оқып жүріп Шәді араб әдебиеті үлгілерімен таныс болады. 1864 жылы Шымкенттік Абдулла Шариф деген кісіден дәріс алып араб, парсы тілдерін меңгерген. Жас бала 13 жасында-ақ "Мың бір түн", "Тотынама", "Шаһнама" секілді шығыс ертсгілері мен дастандарынан хабардар болған. Шымкснтте екі жылдай жүріп ұстазының қолындағы араб әдебиеті қазынасын өз бетінше толық игеріп шығады. 1865 жылы Шымкентті Черняев өскері алған соң, Абдулла Шариф Ташкентке кетеді. 1866 жылы Шәді ұстазының артынан Ташкентке барып, Орта Азия ақындары мен ғүламаларынан дәріс алады. Араб, шығыс әдебиетін зерттеп, игереді. Шәді 1870 жылы еліне қайтып, бұдан кейін оқу оқымайды. Жеті жылдан соң әкссі Жәңгір қайтыс болады. Мұнан соң Шәді үй шаруасынан ұзап шыға алмай, кітап оқу, қисса, дастан жазу жұмыстарымен айналысады. Осы уақыттан бастап өлгенге дейін Шәді үй шаруасымен қоса жыр дастан жазумен айналысып жүріп 1933 жылы қайтыс болады.Шәді төре бас аяғы 40-тан астам хикаялы дастан, жырлар жазған. Шәді де діндар қаламгер болған. Оның діни негізде жазылған шығармалары өте көп. Олардың кейбірін атап өтер болсақ: "Сияр-шәріп", "Фех-қайдан", "Ахуал-қиямет", "Назым Ахмет Жами", "Назым Ибраһим Халиолла", "Хазіреті Мұса мен Перғауын", "Мұсаның таурат алғаны" т.б.Мына аталған дастандар Шәдіден бұрын араб әдебиетінде жырланған тақырыптар. Ал Шәді араб әдебиетінде бар поэзияның озық үлгілерін өзінше жырлап, қазақ арасына таратып отырған. Шығыс тілдерінде шыққан кітаптар сюжетін қайта өңдеп, қисса-дастандар жазған.Шәді төре араб классикалық әдебиетіне басқа ақындардан да гөрі өте жақын болған десек артық емес сияқты. Сонымсн қатар бұл кісі Кеңес өкіметі келген күндері де діни мәтіндегі дастандарын жаза берген. Осы себепті болу керек 1931 жылы ауыл белсенділері Шәдіні молда деп айыптап, Марғүланға жер аудартқан. Бұл кісінің араб әдебиетіне көп жақын деу себебіміз, ақын ардақты әрі ең соңғы Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың өмірін өлең түрінде жазған. Ал араб әдебиетінің жаңа беті Ислам дінінің келуімен басталады. Ислам діні келіп араб әдебиетінің Исламға дейінгі көптеген үлгісі ескіріп қалды. Ислам дінін әкелуші ол Мұхаммед пайғамбар (с.а.с). Шәді төре Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың ақ жолы жайында "Назым сияр шәріп" атты дастан жазған. Пайғамбар жайында жазған адамдар азда емес, жетерлік. Сонау заманнан бері пайғамбардың өмірі жайында көптеген қисса, дастандар жазылған.Ақын Шәді осы дастанында араб сөздерін көп пайдаланған. Оқиға араб жерінде болған ғой. Бізге бұл дастаннан керегі ақынның араб сөзін қалай қолданып жазғандығы ғана болар. Ақын кейбір араб сөздерін өз күйінде қолданған, кейбірін қазақша аудармасы бола тұрса да қолданған. Мәселен аталмыш дастанда:Аспан, Жер, Ғарыш-Күрсілі Лаухы ғалам,Сидырған жаннат, дозақ бәрін тамам, - дегенжолдары бар. Осы жердегі «тамам» араб сөзі, қазақша біту, аяқталу деген мағына білдіреді. Мен ойлаймын осы жерде тәмәм сөзін ыңғайлы ұйқасу үшін қолданған.Ал одан бұрынғы «Ғарыш-Күрсілі», «Лаухы» сөздеріне тоқталар болсақ. Бұлар араб сөздері, дәлірек айтсақ діни сөздер. әр бірінің кең, ауқымды мағыналары бар. Алдымен «Ғарыш» сөзіне тоқталайық. «Ғарыш» сөздікте патшалардың тағы деген мағынаны білдіреді. Арш яғни ғарыш шектен тыс үлкен жаратылыс, Аллаһтан басқа ешкім оны толық қамтымайды, яғни, Аллаһтан басқа ешкім ол жайында толық білмейді. Бірнеше періштелер оны көтеріп тұрады. Кейбір философтар Аршыны әлемнің барлық жағынан қоршап тұрған аспан деп айтады. Бұл сөз дұрыс емес. Демек Арш ол – Алла тағаланың тағы.«Күрсілі» бұл да араб сөзі. Ол екі баспалдақ орны. Алла тағла Бақара сүресінің 255 аятында былай дейді: «Оның Күрсісі көктер мен жерден де кең». (Аршы және Күрсі Ислам шариғаты бойынша ғайыб іліміне кіреді. Олардлың қандай екендігін тек Алла ғана біледі). «Лаухы» бұл да араб сөзі, сөздікте тақта деген мағына береді. Лаух сөзі де діни термин. Ислам дінінде бүкіл жаратылыстардың тағдыры жазылған тақта (лаухы) Лаухул-Махфуз деп аталады . Шәді төре жоғарыда атап өткен өлең шумағында жәй ғана араб сөздерін қолданып қоймаған. Ислам дінінің негізгі діни терминдерін қолданған. Бұл жәй ғана терминдер емес. Он кез келген адамның түсіне қоюы қиынға соғады. Себебі бұл сөздер жайындағы ілім «ғайыб іліміне» жатады. Яғни, олардың ұғымын, түр-сипатын Алладан басқа ешкім білмейді. Тек кейбір сипаттары мен белгілері Мұхаммед с.а.с. пайғамбардың хадистерінде келген. Шәді төре бұлжайында сөз жүргізсе, демек ол кісі діни сауатты болғандығы. Әрі алдыңғы ақындарға қарағанда әлдеқайда сауатты деп айтсақ артық болмас.Шәді кей жерлерде: "Ілгергі нәбилермен пайғамбардай"-деп араб, қазақ сөздерін бірдей қолданған. Мүндағы «нәби» араб сөзі қазақ тілінде пайғамбар деген мағына білдіреді. Өленді жақсы ұйқассын деген бе, әйтеуір осы жерде екі сөзді бірдей қолданған.Шәді аталмыш дастанда араб сөздерімен бірге сөз тіркестерінде арабша қолданған.Мысалы:Пайғамбар болмағына, иншалла, - деген қатарда. Осы қатардағы, «Иншалла» ол араб сөз тіркесі. Қазақша «Құдай қаласа» деген мағына білдіреді немесе солай аударылады.Шәді Жәңгірұлы да кітаби ақындар қатарынан болады. Шәді Шығыс шайырларына тән салт бойынша "Назым чәһар дәруіш" жөне "Хикаят Орқа-Күлше" және баска да дастандарын нәзирәгөйлік әдісімен жазған. Төрт дәруіш және Орқа-Күлше хикаялары Шығыс халықтары арасында көп тараған. Бұл дастандар араб, парсы, тәжік, өзбек, татар тілдерінде жарыққа шыққан. Шәді кезінде Шығыс, араб классиктері жырлаған тақырыптарды, сюжеттерді өзінше ой елегінен өткізіп, қайта қорытып, қазақ топырағына лайықты, өз оқырманына жақын етіп жырлаған.Әрине араб әдебиетінің әсері қазақ әдебиетіне бірден келе салған деп айта алмаймыз. Араб әдебиеті алдымен парсы, түркі елдеріне, одан кейін біздің әдебиетімізге әсерін тигизген.Араб Халифатын білмейтін адам жоқ шығар. Сол секілді жырлағандарда кем емес. Халифаларды жырлаған ақындар көп болған. Мәселен Харун Рашид халифа. Шәді бұл кісіні өз өлендеріне қосқан.Бір патша болып еді мұсылманда,Халифа Харун Рашид еді намда. Шәді төре шығыс халықтарына тән жазбаша айтыспен де айтысқан. Оның Тұрмағамбет Ізтілеуовпен айтысқан жазбаша айтысы бар. Осы айтыстың түрі арабтарда да болған. Олар алғашқыда ауызша кейін Ислам келген соң жазбаша айтысатын болған. Дамып, өркендеп айтыстың бүл түрі біздің де жерімізге жеткен.Айта берсек ақын Шөді төренің қазақша аудармасы болса да араб сөздерін қолданған жерлері өте көп.Сонымен қорыта айтқанда, кезінде түрлі діни мектеп-медреселерде оқып, араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгерген, сол арқылы араб поэзиясынан еркін сусындаған, Ислам тарихы мен араб әдебиетін терең білетін қазақтың ғұлама шайыры Шәді төре Жәңгірүлы қазақ көркем сөз өнерін мазмұн мен норма жағынан байыта түсуге өзіндік үлес қосты. Ол шығыс классикалық поэзиясына тән нәзирә дәстүрін жан-жақты меңгеріп, қазақ оқырманының талап-тілектеріне сәйксс келетін шығармалар жазды. Мның өзі, қазақ әдебиетін мазмұн, тақырып, идея жағынан көріктеу құралдары болып табылады емес пе? ## Шығармалар "Сияр-шәріп", "Фех-қайдан", "Ахуал-қиямет", "Назым Ахмет Жами", "Назым Ибраһим Халиолла", "Хазіреті Мұса мен Перғауын", "Мұсаның таурат алғаны" * “Төрт дәруіш” (1913, 1914) * “Хикаят Қамар-заман” (1914) * “Назым чәїар дәруіш” (1913) * “Хатымтайдың хикаясы” (1914) * “Хикаят Халифа Һарон-ар Рашид” (1914) * “Хикаят Орқа-Күлше” (1917) * “Қаруынның жер жұтқан оқиғасы” (1917) ## Дереккөздер
Ақмолла, Муфтахетдин Камалетдинұлы Мұхамедияров (26.12.1831, қазіргі Башқұртстан Республикасы Белебей ауданы, — 8.10.1895, Миас ауданы, Сарласан ауылы) – айтулы башқұрт ақыны және ағартушысы. ## Өмірбаяны Шешесі — Бибігүлсім Сәлімқызы. Әкесі — қазақ, бірақ ерте қайтыс болған. Ақмолла жеті жасынан бастап тәрбиелеген өгей әкесі Камалетдиннің баласы болып кетеді. Хат таныған соң, өз бетімен оқып, өлең шығара бастайды. 1863 жылы Стерлитамак қамалындағы медресені бітіріп, Орынбор, Троицк қаларында оқуын жалғастырады. Троицк қаласы маңындағы Қарабалық ауылында бала оқытады. Халық оны “Ақмолла” атап кетеді. Ел ішінде зор беделге ие болып, әлеуметтік және ұлттық теңсіздікті әшкерелеген ол жалған жаламен 1867 — 1871 жылдары түрмеде отырған. Ақталып шыққаннан кейін Қостанай, Қызылжар, Көкшетау қалаларының маңындағы қазақтар арасында бала оқытады, өлең жазумен айналысады. ## Ақын Өзін “жәдитшілдік” ағымның бастаушысы Ш.Маржанидің шәкіртімін деп есептеп, оның ағартушылық жолын дәріптейді. Ақынның көзі тірісінде 1892 жылы “Дамулла Шиһыбеддин хазіреттің мәрсиясы” (қазақша “мәрсия” — жоқтау) деген жалғыз кітабы жарық көрген. Бұл кітап Ақмолла есімін қазақ, татар, башқұрт арасына кеңінен таратты. Ақынның бірсыпыра өлеңдері 1904 жылы “Ақмолла” деген атпен, біршама толық жинағы 1907 жылы “Мәшһүр шиғыр Ақмолланың өлеңдері” деген атпен жарық көрді. Ақын өз өлеңдерінде жаңа ағымның басшысы Маржаниді мадақтады, жаңашылдықты, өнер-білімді, қоғамдық пәндер мен орыс тілін медресе жүйесіне енгізу туралы мәселелерді жырлады. Ақмолла өлеңдерінде араб, парсы, кітаби сөздер жиі кездессе де, ойы орамды, тілі бейнелі, көркем кестелі келеді. “Көктем”, “Жаз”, “Күз”, “Табиғат құбылыстары” тағы басқа өлеңдері арқылы қазақ поэзиясындағы табиғат лирикасының дамуына айтарлықтай үлес қосты. 1911 — 1916 жылдары Троицкіде шыққан сатиралық журналдың “Ақмолла” аталуы да ақынның халық арасына кең тараған шығармашылық беделінің айғағы. С.Сейфуллин 1935 жылы Ақмолла өлеңдерін құрастырып, “Ақмолла” өлең жинағы деген атпен жеке кітап етіп шығарды. Оған өзі алғы сөз жазды. 1981 жылы Ақмолланың туғанына 150 жыл толуы салтанатпен мерекеленді. Мәскеуде оның өмірі мен шығармашылығына арналған жұртшылық өкілдерінің жиналысы өткізілді. 1986 жылы ақын өлеңдері “Күндер мен түндер” деген атпен қазақ тілінде басылды. Ақын кісі қолынан қаза тапқан. Миас қамалының зиратында жерленген. Ақмолланың туған ауылында мемлекеттік мұражайы жұмыс істейді. ## Өлеңдері Өлеңдері сыни-философиялық, ағартушылық көзқараста жазылды.Башқұрт ақыны С. Қүдаш: «Үш ақынның алған бағыттарына үңіле қарасақ, Абай мен Ыбырай, Ақмолла творчестволары өзара үндесіп жатқанын байқаймыз»деп Ақмолланың өлеңдерін («Жастық ізімен», М., 1967) жоғары бағалады. 1911-16 жылдары Троицкі қаласында «Ақмолла» атты әдеби журнал шығып тұрды, С. Сейфуллин Ақмолланың өлеңдер жинағын құрастырып, алғы сөз жазып, 1935 жылы Алматы қаласында қазақ тілінде бастырып шығарды. Әдебиет және өнер институтының фольклор бөлімінің меңгерушісі, абайтанушы ретінде Әуезов Ақмолланың шығармаларын жинауға, зерттеуге үлкен көңіл бөлді.Д.Қашқынбаев, Т. Ізтілеуов, О. Шипин тапсырған Ақмолла өлеңдерінің қолжазбалары институттың қорында сақтаулы. «Зар заман» ақындары» мен «Абайдың ақындық мектебі», «Кітаби ақындар» туралы 1949-53 жылдары саяси-идеологиялық қысым тұсында Ақмолланың мұралары да қатты сынға алынды. Алайда Әуезов өзінің ғылымдағы шәкірттеріне жазған хаттарында бұл ақынға ерекше көңіл бөліп, зерттеуге кеңес берді. «Ақмолла» журналының атына еліктеп, Ж. Аймауытов екеуі 1918 жылы «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығарды. ## Cілтемелер * Мифтахетдин Акмулла — жизнь и творчество (орыс.) * Родословная Акмуллы  (орыс.) * «На родине Акмуллы» (учебный фильм) Мұрағатталған 18 қаңтардың 2012 жылы.  (орыс.) * Личность в башкирской истории: Мифтахетдин Акмулла YouTube сайтында  (орыс.) * Башкирское просветительство и его особенности YouTube сайтында  (орыс.) ## Дереккөздер
«Қош бол, майдан!» — Эрнест Хемингуэйдың 1929 жылы жазған романы. Бұл автобиографиялық шығармада Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ-тан Италияға аттанған жауынгердің ағылшын медбикесімен танысып, қарым-қатынас құрғаны баяндалады. Романды қазақ тіліне Құрманғазы Қараманұлы аударған. ## Кейіпкерлер * Фредерик Генри — басты қаһарман, америкалық жауынгер * Кэтрин Баркли — Фредерик ғашық болып қалған медбике * Ринальди — италиялық әскери дәрігер * Медбике Фергюссон — Кэтрин Барклидің досы * Діни қызметкер. ## Экрандалуы Роман сюжеті бірнеше фильмге арқау болды.
Ақбақай ауылдық әкімдігі – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақбақай ауылы кіреді. Орталығы – Ақбақай ауылы. 2013 жылға дейін Ақбақай кенттік әкімдігі деп аталған. ## Дереккөздер
Ақсүйек ауылдық әкімдігі – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақсүйек ауылы кіреді. Орталығы – Ақсүйек ауылы. 2013 жылға дейін Ақсүйек кенттік әкімдігі деп аталған. ## Дереккөздер
Мирный ауылдық әкімдігі – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Мирный ауылы кіреді. Орталығы – Мирный ауылы. 2013 жылға дейін Мирный кенттік әкімдігі деп аталған. Округ құрамында болған ГРЭ 21 ауылы 2019 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Есенқұлы атырабы (түрікм. Esenguly etraby) — Түрікменстанның Балқан уәлаятындағы атырап. ## Тарихы 1927 жылы қаңтарда орталығы Хасанқұлы кенті болған Түрікмен КСР Хасанқұлы ауданы болып құрылған. 1939 жылы қарашада Хасанқұлы ауданы жаңадан құрылған Красноводск облысына берілді. 1947 жылы қаңтарда Красноводск облысы жойылып, аудан Ашхабад облысына берілді. 1952 жылы сәуірде Красноводск облысы қалпына келтіріліп, Хасанқұлы ауданы қайтадан оның құрамына енді. 1955 жылы желтоқсанда Красноводск облысы қайтадан жойылып, аудан қайтадан Ашхабад облысының құрамына енді. 1959 жылы мамырда Ашхабад облысы таратылып, облыс Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды. 1963 жылдың қаңтарында Хасанқұлы ауданы жойылды, бірақ 1965 жылдың желтоқсанында қалпына келтірілді. 1973 жылы желтоқсанда аудан қалпына келтірілген Красноводск облысына берілді. 1988 жылы аудан таратылды. 1992 жылы қалпына келтірілген Хасанқұлы ауданы Балқан уәлаятының құрамына еніп, алдымен Хасанқұлы атырабы, содан кейін Есенқұлы атырабы болып өзгертілді. ## Сілтеме * Дүниежүзілік тарихи жоба
Әлішер Бұрханұлы Османов (өзб. Alisher Burxonovich Usmonov, 9 қыркүйек 1953 жыл, Чуст, Наманған облысы) — ресейлік бизнесмен және олигарх. 2022 жылғы санақ бойынша Османовтың таза байлығы 19,5 миллиард долларға бағаланған және ол әлемдегі ең бай 100 адамның қатарында. USM Holdings, соның ішінде МегаФонның директоры, Халықаралық семсерлесу федерациясы мен Газпроминвестхолдингтың бұрынғы төрағасы, «Коммерсантъ» баспасының иесі. Ол сонымен қатар Ресейдегі екінші ірі ұялы байланыс операторы МегаФонның тең иесі және әлемдегі ең ірі мыс кен орындарының бірін игеретін Удокан мысының иесі. 28 ақпан күні Еуропа одағының кеңесі Әлішер Османовқа түрлі санкция қойған, ресми себебі — «Украинаның аумақтық тұтастығына, егемендігі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін немесе қауіп төндіретін әрекеттері үшін». Османов «Ресей президенті Владимир Путинмен әсіресе жақын байланысы бар кремльшіл олигарх» деп сипатталады. ## Дереккөздер
Матлюба (Матлубэ) Фархатовна Алимова (12 тамыз 1954, Әндіжан) — кеңес, ресей және өзбек актрисасы. ## Өмірбаяны Матлюба Алимова 12 тамызда 1954 жылы Әндіжан қаласында туған. Ол ВГИКтің актер факультетің бітірді (1978, Алексей Баталов шебері). 1978 жылдан бастап «Өзбекфильм» киностудиясының актрисасы. Соңғы кездерде фильмдерде сирек түскен. Ол бухарск пен шахрисабск тоқмалардың жаңғыртуымен айналасады. 2004 жылы Мәскеуге көшті. 2011 жылы Ташкентке қайтадан келді. ## Фильмдер тізімі 1979 — Маленькие трагедии — Лаура 1979 — Цыган — Настя 1980 — В стремнине бешеной реки — Малика 1981 — И с вами снова я… — Таня 1982 — Василий Буслаев — Ирина, византиялық патшаханым 1982 — Встреча у высоких снегов — Зебо 1983 — Сказка о Звёздном мальчике — сыған әйел 1983 — Жаркое лето в Кабуле
Етрек атырабы (түрікм. Etrek etraby) — Түрікменстанның Балқан уәлаятындағы атырап. ## Тарихы 1925 жылы мамырда орталығы Баят Қажы ауылында болған Түрікмен КСР Полторацк округінде Етрек ауданы болып құрылған. 1926 жылы тамызда Полторацкий округі жойылып, Етрек ауданы Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды. 1933 жылы наурызда аудан Қызылетрек ауданы болып өзгертілді. 1939 жылы қарашада Қызылетрек ауданы жаңадан құрылған Ашхабад облысына берілді. 1943 жылы ақпанда Қызылетрек ауданы Красноводск облысына берілді. 1947 жылы қаңтарда Красноводск облысы жойылып, аудан Ашхабад облысына берілді. 1952 жылы сәуірде Красноводск облысы қалпына келтіріліп, Қызылетрек ауданы қайтадан оның құрамына енді. 1955 жылы желтоқсанда Красноводск облысы қайтадан жойылып, аудан қайтадан Ашхабад облысының құрамына енді. 1959 жылы мамырда Ашхабад облысы таратылып, аудан Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды. 1973 жылы желтоқсанда аудан қалпына келтірілген Красноводск облысына берілді. 1988 жылы Красноводск облысы қайтадан жойылып, аудан Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды. 1992 жылы Қызылетрек ауданы Балқан уәлаятының құрамына еніп, алдымен Қызылетрек атырабы, содан кейін Етрек атырабы болып өзгертілді. ## Сілтеме * Дүниежүзілік тарихи жоба
Ақбидай атырабы (түрікм. Akbugdaý etraby) — Түрікменстанның Ахал уәлаятындағы атырап. Әкімшілік орталығы — Әнеу қаласы. ## Тарихы 1977 жылы сәуірде орталығы Әнеу кенті болған Түрікмен КСР Ашхабад облысы Гәуір ауданы болып құрылған. 1988 жылы тамызда жойылды. 1992 жылы Ахал уәлаятының бөлігі ретінде Гәуір атырабы ретінде қалпына келтірілді. Кейін Ақбидай атырабы болып өзгертілді. ## Сілтеме * Дүниежүзілік тарихи жоба
Хамза Хакизада Ниязи (өзб. Hamza Hakimzoda Niyoziy / Ҳамза Ҳакимзода Ниёзий; 6 наурыз 1889 жыл, Қоқан – 18 наурыз 1929 жыл, Шахимардан) — ұлты өзбек болған кеңестік жазушы, композитор, драматург, педагог және саяси активист. Ниязи Ғафур Ғұламмен бірге қазіргі өзбек әдебиетінің даму тарихындағы жетекші тұлғалардың бірі ретінде кеңінен танымал. КСРО заманында Хамза Хакизада Ниязи атымен көптеген объектілер аталған: көшелер, мектептер, театрлар, Ферғана облысынданы қала (2012 жылдан бастап Тинчлик деп аталады) және т.б.. Алайда Өзбекстанның тәуелсіздігінен кейін көбісінің атаулары өзгертілген. ## Өмірбаяны Хамза Хакимзада Ниязи Қоқан қаласында 1889 жылы 7 наурыз күні дүниеге келді. Медреседе білім алғасын педагогикамен айналысады. Хамзаның революцияға дейінгі негізгі шығармасы, өзбек және тәжік тілдерінде жазылған «Девон» поэмасы (1905–1914), оның қайтыс болғаннан кейін ғана жарық көрді. Ниязидің шығармаларында еркек пен әйел арасындағы және елдегі жалпы социалды теңсіздікке назар аударылатын. Хамза Ниязи 1911 жылы, 23 жасында қажылықтан оралған. Қазан төңкерісінен кейін Хамза Хакимзада Ниязи Қоқан мен Ферғанада сабақ берді, Түркістан майданында Қызыл Армияға қызмет еткен көшпелі театр труппасын ұйымдастырды, Түрік майданы саяси бөлімінің қызметкері болып істеді. 1918 жылы өзбек совет драматургиясының тұңғыш шығармасы болған «Бай мен батрақ» пьесасын жасады және тұңғыш өзбек кеңестік театрын құрды. Оның бірнеше ондаған әндері бар. Өзбекстанның әр өңірінде халық әндерін жинап, ұлттық аспаптарда орындаған. Алайда Хамза Ниязидің барлық өлеңдері сақталмаған. 1926 жылы ол «Өзбек КСР Ұлттық Жазушысы» атағымен марапатталды. 1929 жылдың 18 наурызында, Шахимардан қаласында, Хамза Хакизада Ниязи қалың жұрт таспен атып өлтірілді. ## Дереккөздер
Махмет Мұратхан (15 желтоқсан 1983 жыл) — Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Академиялық мәселелер департаментінің директоры. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің Кәсіби стандарт әзірлеу бойынша сараптама мүшесі, РАТТ мүшесі, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Ғылыми Кеңес мүшесі. Магистр, аға оқытушы. ## Білім жолы * 2003-2008 Қ.И. Сәтбаев атын. ҚазҰТУ. Академиялық дәрежесі: инженер-программист. (Үздік диплом) * 2008-2013 Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті  Академиялық дәрежесі: Дінтану бакалавры. * 2013-2015 Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті  Академиялық дәрежесі: Дінтану магистры. * 2015- Нұр-Мүбарак ЕИМУ, магистр-оқытушы * 2017ж. Нұр-Мүбарак ЕИМУ Дінтану мамандығының докторанты ## Қызметі * 2008-2012 Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, программист * 2012-2018 Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің офис-регистраторы, оқытушы * 2018-2019 Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, аға оқытушы * 2019-2020 Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқу-әдістемелік басқарма басшысы, аға оқытушы * 2022 - Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Академиялық мәселелер департаментінің директоры. ## Ғылыми жарияланымдары * XIX-XХ ғасырларда Шыңжаң қазақтарының діни оқу-ағарту жүйесінің қалыптасу тарихы. «Ізденіс» ғылми-әдістемелік журналы №1 (2) 2014.9-12 бет. * Ислам дінің Қытай қазақтарының мәдениетіне жасаған ықпалы. «Зияткер» ғылми-әдістемелік педагогикалық журналы. №04 (04) 2014 желтоқсан,10-11 бет. * Исламдағы үміт пен үмітсіздік мәселесі. http://www.e-islam.kz * Шәкәрім өзіне ұстаз тұтқан Ысмайыл Ғаспралы кім еді?. http://www.islam.kz Мұрағатталған 16 қазанның 2016 жылы. http://islam.kz * Ислами білім берудің қазақстандық моделі: исламтану ғылымының өткені мен бүгіні. ҚазҰУ хабаршысы., Мәдениеттану сериясы. 3 (57) 2016. 114-119 бет * Қытай қазақтары мәдениетіндегі ислами құндылықтар. ҚазҰУ хабаршысы. Мәдениеттану сериясы 4 (58) 2016 154-162 бет * Хафизуддин Кердери және оның еңбектеріндегі сауда-саттық мәселелері Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №2. 258-264 бет * Хафизуддин Кердери және оның өмір сүрген дәуірі. Қазақстанның ғылымы мен өмірі-№3(46) 2017. 261-268 бет * Socio-psychological characteristics of religious persons. ҚазҰПУ хабаршысы. ҚазҰПУ хабаршысы. Психология сериясы. №2 (51) 2017. 118-121 беттер * Экономиканың Исламдық үлгісі: анықтамасы, жүйесі, мақсаттары. Қазақстанның ғылымы мен өмірі. Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №5. 79-84 бет * Матуриди ақидасының Ақыт Үлімжіұлы шығармаларында көрініс табуы. ҚазҰУ хабаршысы. Мәдениеттану сериясы. №4 (62) 2017. 147-154 бет * The formation of religious educational system of kazakhs in China Materials of the XIII International scientific and practical Conference Science without borders – 2018 March 30-April 7 , 2018 Political science. History. Law. Psychology and sociology. Philosophy. * Қытай қазақтарының діни білім беру жүйесіндегі «Абақия» медресесінің орны. ҚазҰУ хабаршысы. Мәдениеттану сериясы. №1 (63) 2018. 147-154 бет * Ақыт Үлімжіұлының ақыретке байланысты көзқарастары Фараби əлемі Фараби əлеміатты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференция материалдары. Алматы, Қазақстан, 6-9 сəуір 2020 ж. 380-388 бет * Ақыт Үлімжіұлының діни дүниетанымындағы ерекшеліктер. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, мəдениеттану, саясаттану сериясы. №2 (68). 2019. 171-179 бет * Зар заман ақындарының өр Алтайдағы заңғар өкілі – Ақыт Үлімжіұлы. Islam.kz сайты * The Importance of Religious Education in Consolidating Kazakh Identity in China: An Historical Approach. Religious Education Religious Education. VOL. 116. NO. 5. p. 521-530 * Дуальность социума «гармония – дисгармония»: взгляд через призму коранического откровения. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, мəдениеттану, саясаттану сериясы. №1 (63). 2018. 78-87 б. * Яһудилік ең алғашқы монотейстік дін бе?. - Islam.kz * Relationship between religion and customs law in traditional kazakh society. ҚазҰУ хабаршысы. Дінтану сериясы. №3 (31) 2022. p 36-44. * Ақыт Үлімжіұлының «Дəлаилүл-Ғақлия» өлеңіндегі діни ой-толғамдар. https://kazislam.kz/a-yt-limzhi-lyny-d-lail-l-a-liya/ * Ақыт Үлімжіұлының «Жиырма тоғыз қаріп» өлеңіндегі иман мәселелері. Abai.kz ## Баяндама материалдары. * Діни білім беру орталықтары: кеше жəне бүгіні. Исламтану жəне араб филологиясы мəселелері. халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция. 2014. 13 том. 74-81 бет. * Шығыс Түркістан өңіріне исламның таралуы Исламтану жəне араб филологиясы мəселелері. халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция. 2015ж. 14 том. 125-130 бет. * Әл-Кердери еңбектеріндегі кылмыстық іске қатысты үкімдер мәселесі. Исламтану жəне араб филологиясы мəселелері.  халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция. 2017ж. 15 том. 122-138 бет. * Ислам этикасындағы «ар» түсінігінің этимологиясы. ьИсламтану жəне араб филологиясы мəселелері.халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция. 2017ж. 15 том. 184-195 бет. * Ислам құқықтық концепциясындағы баланың өмір сүру құқығының бейнеленуі. Исламтану жəне араб филологиясы мəселелері. халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция.  2017ж. 16 том. 172-177 беттер. * Имам ат-Табаридің өмірі және сенімдік көзқарасы. Исламтану жəне араб филологиясы мəселелері. халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция. 2017ж. 16 том. 201-208 беттер. * ХХ ғасырдағы Қытай қазақтарының діни жағдайы және қытай компартиясының діни саясаты. Исламтану жəне араб филологиясы мəселелері. халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция. 2019ж. XVII том. – 73-83 бет. ## Оқу құралдары * "Салыстырмалы дінтану". Оқу құралы. 2017ж. "Нұр-Мүбарак " баспасы -288 бет. * "Яһудилік (тарихы, сенімі, құлшылығы)". Оқу құралы. - Алматы, 2019. 159 бет ## Дереккөздер
Бабадайхан атырабы (түрікм. Babadaýhan etraby) — Түрікменстанның Ахал уәлаятындағы атырап. Әкімшілік орталығы – Бабадайхан қаласы. ## Тарихы 1935 жылы ақпанда орталығы Кировск кентінде болған Түрікмен КСР-нің Киров ауданы болып құрылды. 1939 жылы қарашада Киров ауданы жаңадан құрылған Ашхабад облысына берілді. 1959 жылы мамырда аудан Мары облысына берілді. 1963 жылы қаңтарда аудан таратылды. 1975 жылы ақпанда Киров ауданы қайта құрылған Ашхабад облысының құрамында қайта құрылды. 1988 жылы Ашхабад облысы қайтадан жойылып, аудан Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды. 1992 жылы 14 желтоқсанда Киров ауданы Бабадайхан атырабы болып өзгертіліп, Ахал уәлаятының құрамына енді. 2016 жылдың 29 сәуірінде Түрікменстан Министрлер кабинеті Бабадайхан атырабын жойып, аумағын Тежен атырабына беру туралы шешім қабылдады. Алайда, 2018 жылдың 5 қаңтарында Түрікменстан Парламентінің шешімімен Бабадайхан атырабы қалпына келтіріліп, Тежен атырабы құрамынан Бабадайхан қаласы; Ақалтын, Ақуәкіл, Алты Гарлыев атындағы, Қарауәкіл, Захмет, Тәзел, Хасыл және Жарықкөкше кеңесшіліктер; Селеңгі кеңесшілігінің Көкті, Мамыр және Шілі ауылдары ауыстырылды. Түрікменстан парламентінің сол қаулысымен Шілі ауылы Ақуәкіл кеңесшілігіне, Мамыр ауылы Захмет кеңесшілігіне, Көкті ауылы Тәзел кеңесшілігіне, ал атыраптың әкімшілік орталығы Бабадайхан кентіне қала мәртебесі берілді. ## Дереккөздер
Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды (26 наурыз 1974 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Абай ауылы) — Түркістан облысының әкімі. ## Білімі Сәкен Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. ## Қызметі * Еңбек жолын 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Келес ауданының «Келес» коммуналдық кәсіпорнында бастаған. * 2000-2006 жылдары Қаржы министрлігінде, Президенттің Іс басқармасында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған. * 2007-2010 жылдары Білім және ғылым министрлігінің Бюджет және Қаржы департаменттері директорының орынбасары, Ғылым комитеті төрағасының орынбасары болған. * 2010 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент бастығы лауазымына тағайындалған. * 2011-2013 жылдары Премьер-Министр Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымын атқарған. * 2013 жылы Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалған. * 2015-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған. Парламент Сенатының депутаты болып сайланған. * 2019 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. * 2022 жылғы 31 тамыздан Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды. ## Отбасы және балалары * Әйелі: Мекембаева Жанар Ахмеджанқызы (1981) * Қыздары: Амангелді Мадина (2004), Сатыбалды Аяулым (2006) және Амангелді Ақерке (2007) * Ұлы: Сатыбалды Асылхан (2014) * Ағайындылар: Сатыбалдиев Ғабит Амангелдіұлы - SAT-NS ЖШС және SAT Group Construction ЖШС құрылтайшысы, Сатвалдиев Сұңқар Амангелдіұлы-SAT GROUP Project ЖШС құрылтайшысы. ## Марапаттары * «Ерен еңбегі үшін» медалі, * «Құрмет» ордені
Хамза Хакизада Ниязи (өзб. Hamza Hakimzoda Niyoziy / Ҳамза Ҳакимзода Ниёзий; 6 наурыз 1889 жыл, Қоқан – 18 наурыз 1929 жыл, Шахимардан) — ұлты өзбек болған кеңестік жазушы, композитор, драматург, педагог және саяси активист. Ниязи Ғафур Ғұламмен бірге қазіргі өзбек әдебиетінің даму тарихындағы жетекші тұлғалардың бірі ретінде кеңінен танымал. КСРО заманында Хамза Хакизада Ниязи атымен көптеген объектілер аталған: көшелер, мектептер, театрлар, Ферғана облысынданы қала (2012 жылдан бастап Тинчлик деп аталады) және т.б.. Алайда Өзбекстанның тәуелсіздігінен кейін көбісінің атаулары өзгертілген. ## Өмірбаяны Хамза Хакимзада Ниязи Қоқан қаласында 1889 жылы 7 наурыз күні дүниеге келді. Медреседе білім алғасын педагогикамен айналысады. Хамзаның революцияға дейінгі негізгі шығармасы, өзбек және тәжік тілдерінде жазылған «Девон» поэмасы (1905–1914), оның қайтыс болғаннан кейін ғана жарық көрді. Ниязидің шығармаларында еркек пен әйел арасындағы және елдегі жалпы социалды теңсіздікке назар аударылатын. Хамза Ниязи 1911 жылы, 23 жасында қажылықтан оралған. Қазан төңкерісінен кейін Хамза Хакимзада Ниязи Қоқан мен Ферғанада сабақ берді, Түркістан майданында Қызыл Армияға қызмет еткен көшпелі театр труппасын ұйымдастырды, Түрік майданы саяси бөлімінің қызметкері болып істеді. 1918 жылы өзбек совет драматургиясының тұңғыш шығармасы болған «Бай мен батрақ» пьесасын жасады және тұңғыш өзбек кеңестік театрын құрды. Оның бірнеше ондаған әндері бар. Өзбекстанның әр өңірінде халық әндерін жинап, ұлттық аспаптарда орындаған. Алайда Хамза Ниязидің барлық өлеңдері сақталмаған. 1926 жылы ол «Өзбек КСР Ұлттық Жазушысы» атағымен марапатталды. 1929 жылдың 18 наурызында, Шахимардан қаласында, Хамза Хакизада Ниязи қалың жұрт таспен атып өлтірілді. ## Дереккөздер
Самал Абайқызы Төлеубаева (1974 жылы 23 шілдеде туған, Целиноград) – қазақстандық аудармашы-синхронист, арабтанушы, фарабитанушы. Филология ғылымдарының докторы. ## Өмірбаяны 1974 жылы 23 шілдеде Целиноградта дүниеге келген. 1998 жылы Марокконың Фес қаласындағы Сиди Мұхаммед бен Абдиллах университетін бітірді. Мамандығы – араб тілі мен әдебиеті. * 1998 жылдан 1999 жылға дейін – Еуразия университетінің Қазақ тілі кафедрасының оқытушысы; * 1999 жылдан 2000 жылға дейін – ЕҰУ халықаралық қатынастар факультетінің Шығыстану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті; * 2009 жылдан 2010 жылға дейін – ЕҰУ аймақтану кафедрасының доценті; * 2010 жылдан 2015 жылға дейін – ЕҰУ Шығыстану кафедрасының меңгерушісі, * 2015 жылдан бастап – ЕҰУ Шығыстану кафедрасының профессоры. Аудармашы-синхронист ретінде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевпен жұмыс істеді. ## Ғылым Фарабитанушы. 150-ден астам еңбек жазды, оның ішінде 1 монография, 3 оқу құралы, 3 аударма, 30-ға жуық мақала жарияланды. ## Дереккөздер
Иманмәлік Нұғыманұлы Нұғыманов (15 қаңтар 1928 жылы туған ,Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы )- педагогика ғылымдарының докторы, профессор, КСРО халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан оқу ағарту ісінің үздігі, Жоғары мектеп қызметінің үздігі, атақты ғалым, Қазақстандағы химияны оқыту әдістемесінің тұңғыш авторы, өнегелі ұстаз. ## Өмірбаяны 1928 жылы Шығыс Қазақстан. облысы, Тарбағатай ауданында дүниеге келген. Әке-шешеден ерте айырылып,  балалар үйінде тәрбиеленген. 1943 жылы 8-сыныпты үздік бітіріп,  15 жасында бастауыш, орталау мектептерде ауыл мұғалімі (1943-1948) болған. 1948ж. КазПИ-дің жаратылыстану факультетіне оқуға түсіп, Сталиндік стипендияны иеленген. 1952 ж институтты үздік дипломмен бітірген. 1957 ж. Қазақстанда химияны оқыту әдістемесі мамандығынан тұңғыш рет ашылған аспирантураға түсіп, «Қазақ орта мектептерінде химияны оқытудың терминологиялық проблемалары» тақырыбы бойынша диссертация қорғап (1966), педагогика ғылымының кандидаты дәрежесін алды, доцент болды. Ұзақ жылдар химия ғылымының тілін семиотикалық және педагогикалық жағынан зерттеп, 1993 ж. «Оқыту процесіндегі химия тілінің дидактикалық функциялары» тақырыбында диссертация қорғап, екі мамандық бойынша педагогика ғылымының докторы дәрежесін алған, профессор қызметін атқарды. Ол химия таңбаларын қазақша сөлетіп ғылыми тілге айналдырған, есептердің инновациялық әдіс-тәсілдерін дамытушы әрі бейорганикалық химия бойынша оқыту-әдістемесінің теориялық және ғылыми-әдістемелік негізін қалаушы әдіскер ретінде ТМД елдерін мойындатқан педагог болды. И.Нұғыманов-әдіскер педагог ретінде химияны оқыту әдістемесі саласы ғана емес, жалпы жаратылыстану пәндері бойынша оқытудың теориялық негіздерін, педагогикалық шарттарын ғылыми-педагогикалық тұрғыдан зерделеген білікті ғалым. Ол әдіскер мамандарды топтастыра білді. Республика деңгейінде ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыра отырып, химия пәндерін оқытудың негізін қалап, оның мектебін қалыптастырды. Әсіресе жаңа буын оқулықтарын жазуда химия пәні бойынша білім стандартын жазуға қатысты. Өз зерттеулерін қолданып студенттер мен мұғалімдерге арнап жазған 20-дан аса монографиялар мен оқу құралдарын, оқулықтарын жазды. Орыс тіліндегі оқу құралдары мен оқулықтарды қазақ тіліне аударған. Барлық ғылыми-педагогикалық 300-ден астам еңбектер жазған. Ғалым ғылым жолындағы ізденістерін, университеттегі тәжірибелерін баспасөз беттерінде, әсіресе «Қазақстан мектебі» журналында, соңғы жылдары «Биология, география және химия» журналының әрбір нөмірінде жариялап, мектеп мұғалімдеріне орасан зор көмек көрсетіп отырды. И.Н.Нұғыманов химиядан барлық деңгейдегі әдістемелік кеңестің тұрақты жетекшісі, энциклопедия мен ғылыми-әдістемелік басылымдар редакциясының мүшесі және авторы, диссертациялық кеңестер мен ЖАК-тың эксперт комиссиясының мүшесі болды. Оннан аса ғылым кандидаттарына жетекшілік жасап қорғатты. 1997-2000 ж. ҚазҰПУ университетіндегі жұмысымен қатар Ы.Алтынсарин атындағы Білім Академиясында ғылыми лабораторияның меңгерушісі болып, химия пәнінің негізгі орта мектептке арналған стандартын (2000) жасауды басқарды және жаңа буын оқулықтарын жазды. Абай атындағы ҚазҰПУ-де «Профессор И.Нұғыманов атындағы химияны оқытудың теориясы мен әдістемесі аудиториясы» бар және 2013 жылы «Ұлағат» баспасы баспаханасында «Рухани өмір мәңгілік» атты ғалым ұстаз туралы кітап басылып шықты. И.Н.Нұғыманов мінсіз адал еңбектері үшін бес рет «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен және «ардагер» медалімен марапатталып, 2000 ж. Соғыс ардагеріне теңескен. «Қазақстанның оқу-ағарту ісінің» және «КСРО оқу-ағарту ісінің» үздігі, «КСРО жоғары оқу орны қызметінің озығы» белгілерімен, ондаған Құрмет грамоталарымен марапатталған. И.Н.Нұғыманов 2000 жылдың 19 желтоқсанында Алматы қаласында дүниеден өтті. ## Қоғамдық қызметі * 1952 ж. Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы мектептерінде (завуч) оқу ісінің меңгерушісі, директор қызметтерін атқарған * 1955 ж. КазПИ-дің жаратылыстану факультетіне оқытушы болып орналасты. * 1975-1986 ж. бейорганикалық химия және химияны оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі болды. * 1997-2000 ж. ҚазҰПУ университетіндегі жұмысымен қатар Ы.Алтынсарин атындағы Білім Академиясында ғылыми лабораторияның меңгерушісі болды. ## Марапаттары |||| || || || | * "Еңбек ерлігі үшін" Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл мерекелік медалі * 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30 жыл медалі * 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл медалі * 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл медалі * Еңбек ардагері медалі (КСРО) ## Дереккөздер
Хамза Хакизада Ниязи (өзб. Hamza Hakimzoda Niyoziy / Ҳамза Ҳакимзода Ниёзий; 6 наурыз 1889 жыл, Қоқан – 18 наурыз 1929 жыл, Шахимардан) — ұлты өзбек болған кеңестік жазушы, композитор, драматург, педагог және саяси активист. Ниязи Ғафур Ғұламмен бірге қазіргі өзбек әдебиетінің даму тарихындағы жетекші тұлғалардың бірі ретінде кеңінен танымал. КСРО заманында Хамза Хакизада Ниязи атымен көптеген объектілер аталған: көшелер, мектептер, театрлар, Ферғана облысынданы қала (2012 жылдан бастап Тинчлик деп аталады) және т.б.. Алайда Өзбекстанның тәуелсіздігінен кейін көбісінің атаулары өзгертілген. ## Өмірбаяны Хамза Хакимзада Ниязи Қоқан қаласында 1889 жылы 7 наурыз күні дүниеге келді. Медреседе білім алғасын педагогикамен айналысады. Хамзаның революцияға дейінгі негізгі шығармасы, өзбек және тәжік тілдерінде жазылған «Девон» поэмасы (1905–1914), оның қайтыс болғаннан кейін ғана жарық көрді. Ниязидің шығармаларында еркек пен әйел арасындағы және елдегі жалпы социалды теңсіздікке назар аударылатын. Хамза Ниязи 1911 жылы, 23 жасында қажылықтан оралған. Қазан төңкерісінен кейін Хамза Хакимзада Ниязи Қоқан мен Ферғанада сабақ берді, Түркістан майданында Қызыл Армияға қызмет еткен көшпелі театр труппасын ұйымдастырды, Түрік майданы саяси бөлімінің қызметкері болып істеді. 1918 жылы өзбек совет драматургиясының тұңғыш шығармасы болған «Бай мен батрақ» пьесасын жасады және тұңғыш өзбек кеңестік театрын құрды. Оның бірнеше ондаған әндері бар. Өзбекстанның әр өңірінде халық әндерін жинап, ұлттық аспаптарда орындаған. Алайда Хамза Ниязидің барлық өлеңдері сақталмаған. 1926 жылы ол «Өзбек КСР Ұлттық Жазушысы» атағымен марапатталды. 1929 жылдың 18 наурызында, Шахимардан қаласында, Хамза Хакизада Ниязи қалың жұрт таспен атып өлтірілді. ## Дереккөздер
Симен Агдестейн (норв. Simen Agdestein, Аскер, Аскерхус, Норвегия) — норвегиялық шахматшы (гроссмейстер) және футболшы. ## Өмірбаяны Симон бала кезінен шахматпен айналысқан және 1982 жылы он бес жасында Норвегия чемпионы атанды (одан кейін ол тағы жеті рет ел чемпионы атанған, соңғысы — 2022 жылы). Тура сол 1982 жылы ол шахмат олимпиадасына қатысып, төртінші тақтада ең жақсы жеке нәтиже көрсетті. 1983 жылы Йёвик қаласында өткен турнирда экс әлем чемпионы Борис Васильевич Спасскийды жеңді. 1996 жылы ол аймақаралық турнирда алтыншы орын алды және де Норвегия тарихындағы алғашқы Гроссмейстер атанды. 1986 жылы жасөспірімдер арасындағы шахматтан әлем чемпионатында екінші орын алды. ## Дереккөздер
Қоқан-Ресей соғысы — бір жағынан Ресей және екінші жағынан Қоқан хандығының Орта Азияға ықпал ету мақсатындағы қақтығыстар тізбегі. Қақтығыс Ресейдің жеңісімен, Жетісудағы және Сырдария жағасындағы ұлан-ғайыр аймақтарды өзіне қосып алумен аяқталды. Қоқан хандығы және онымен одақтас Бұхара әмірлігі әлсіреп, Ресейдің протектораттарына айналды. ## Алғышарт Орыс мемлекетінің Орта Азия мемлекеттерімен алғашқы байланыстары XVI ғасырдан басталады: 1589 жылы Бұхара ханы Мәскеумен достыққа ұмтылып, онымен сауда қатынасын орнатқысы келді. XVII-XVIII ғасырларда Ресей Сібір кеңістігін игерумен айналысып, оның азиялық шекараларына енді ғана көз жүгіртіп, далада қаза тапқан екі жасақтың жорықтарын: 1602 жылы Хиуаға беттеген Нешай ханның және 1605 жылы атаман Шамайдың Жайық казактары қоспағанда қазақ даласы бағытында тек қана қорғаныс іс-әрекеттерін жүргізді. Оралда көшпелілердің шабуылынан қорғану үшін Оралдан Гурьевке дейін орталығы Орынборда орналасқан Жайық өзенінің бойындағы алдыңғы шеп бекіністерімен шекара шебі құрылды, Орынбор бекінісі ұзақ уақыт бойы бүкіл аймақта орыс әскерлерінің негізгі операциялық базасы болды. Өз азаматтарын және жаңа «адал бағыныштыларды» қорғау үшін, сондай-ақ Ресей билігіне опасыздық жасағандарды және кейіннен Ресейге опасыздықпен қарсы шыққандарға қосылғандарды жазалау үшін далаға тұрақты түрде жасақтар жіберілді, жаңа қоныстар, шекаралық бекіністер, редандар, қорғандар және т.б. салынды. Осындай жылжымалы бекініс желілерінің көмегімен өз шекараларында тыныштық пен бейбітшілікті көздеуде Ресей далаға тереңдей жылжыды. Соған қарамастан қазақтар мен түрікмендердің бір ғасыр бойына шапқыншылықтары мен тонаулары тоқтаған жоқ. Жылына шекаралас аймақтардан екі жүзге жуық орыс тұрғындары тұтқынға алынып, Хиуа, Бұхара, Қоқан базарларында сатылды, тіпті әскерилер де бейбіт тұрғындармен бірге құлдыққа сатылды, бұған мысал ретінде сержант Филипп Ефремовтың 1774 жылы ұрланып, одан кейінгі құтқару және 1782 жылы отанына оралу оқиғасы келтіріледі. ## Алғашқы қақтығыс XIX ғасырда Орталық Азия тарихқа «Ұлы ойын» деген атпен енген Британ мен Ресей империяларының геосаяси бәсекелестік аренасына айналды. Оңтүстік шекараларын қорғау және Таяу Шығыс пен Орта Азияда саяси ықпал ету плацдармын жасау үшін Түркістанға орыстың желілік (шекаралық) батальондары жіберілді. 1850 жылы осындай екі орыс жасағы Қоқан хандығының аумағына кірді. Капитан Карл Гутковский басқарған бір жасақ (50 жаяу әскер және 2 зеңбірегі бар 175 Сібір казактары) 4 сәуірде Қоқан бекінісінің Таушыбек (қазіргі Қаскелең қаласы маңы, Жетісу) бағытында Қапал станциясынан Іле өзеніне қарай жылжи бастады, 19 сәуірде белгіленген жерге жетті. Алайда, далалықтардың арасынан шыққан жолсеріктердің сатқындығынан бұл жасақ Аққұлла басқарған қоқандықтардың басым әскерлерінің шабуылына ұшырап, шегінуге мәжбүр болды. Берілген тапсырманы орындай алмаған бұл экспедицияда бір адам қаза тауып, тоғыз адам жарақанды. Майор Энгманның тағы бір жасағы (бір рота, бір казак жүздік және бір зеңбірек) Райым бекінісінен (Сырдарияның сағасы) шығып, Қоқан жұртын таратып, Қашқорған бекінісін шайқаспен алды. 1851 жылы полковник Иван Карбашевтың жасағы (бес рота, бес жүздік, алты атты зеңбірек және бір зымыран білдік) одақтас қазақтардың қолдауымен тағы да Іле өзенінен өтіп, Таушыбек бекінісіне жақындады. Қоқан гарнизоны ұрысқа қатыспай Бішкекке шегінді. Қаңырап қалған Таушыбек бекінісі толығымен қирап қалды. Таушыбек бекінісінің алынуы Қоқанның Жетісудағы ықпалын әлсіретіп, қазақтар мен қырғыздарға үлкен әсер қалдырып, 25 шілдеде Қытаймен тиімді Құлжа келісіміне қол қоюға ықпал етті. ## Ақмешіт шайқасы Ресей әдеттегі шекаралық соғысын жалғастырып, Орынбордан және Сібірден далаға жасақтан жасақ жіберіп, жабайы қарақшылардың топтарын қуып, олардың артынан бірте-бірте Орта Азияға қарай жылжи берді. 1852 жылы жаңа Орынбор губернаторы Перовскийдің бастамасымен полковник Бларамберг 500 адамдық жасақпен нығайтылған Қоқан шекара бекеттері Қамысқорған, Шымқорған және Қосқорғанды талқандады; Ақмешітке шабуыл жасады, бірақ оларды кері айдап салды. 1853 жылы Перовский жеке экспедициялық жасақпен Ақмешітке қарай беттеді, онда 3 зеңбірегі бар 300 қоқандық болды. Жорыққа барлығы 2350-ге жуық солдаттар мен офицерлер және барлаушы болып, сонымен қатар, атпен жүк тасыған 500-дей қазақ шықты. Ақмешітке жасақ төрт эшалонға бөлініп жүрді: біріншісі — полковник М.Е.Марктың басшылығымен (2 жүз казак, 3 зеңбірек, ракеталық және гальваникалық топтар); екіншісі — генерал-майор И. В. Подуров (жаяу әскер ротасы, 1,5 жүз казак); үшінші — подполковник Ионея (құрамы екіншіге ұқсас); төртіншісі — әскери старшина Филатов (2 жүз казак, 2 зеңбірек және арбалы керуен). Қатты аптап ыстықта 24 күнде жасақпен 900 шақырымдай жол жүріп, хиуалықтардың бірнеше шабуылына тойтарыс берген жетекші эшелондар 1853 жылы 3 шілдеде берік деп саналатын Ақмешіттің дуалдарына келді. Соңғы эшелондар екі күннен кейін жетті. Сол кезде, 5 шілдеде Сырдария бойымен лейтенант А.И.Бутаков бастаған зеңбірекпен қаруланған «Перовский» пароходы келді. Қоршау жұмыстарына жетекшілік ету император Петербургтен арнайы жіберген генерал-майор С.А.Хрулевке тапсырылып, жалпы қолбасшылықты В.Л. Перовскийдің өзі атқарды. Ол комендантқа бекіністі тапсыру туралы ұсыныс жіберді, бірақ қоқандықтар бітімшілерді оқпен қарсы алды, сондықтан олар келіссөздерден бас тартып, оны шайқаспен алуға мәжбүр болды. Ақмешіттің биік дуалдары мен гарнизоны әсерлі күш болғаны соншалықты, тіпті, жасақ артиллериясының калибрі де, қолда бар снарядтар да қалыңдығы 8 метрлік қабырғаны тесуге мүмкіндік бермеді, сондықтан алдымен қабырғалардың бір бөлігін жару туралы шешім қабылданды. Қоршау жұмыстары жүргізілді, содан кейін 27 шілдеде жарылыстан қабырғалар қирағаннан кейін таңғы сағат 3-те шабуыл жасалып, таңғы сағат 4.30-да бекініс алынды. Шабуыл кезінде Ақмешіт коменданты Мұхамед Уәлибек қаза тауып, қоқандықтар қирандыларды, содан кейін қабырғалар мен мұнараларды үмітсіз қорғағаннан соң, берілуге ​​мәжбүр болды. Ақмешіт Форт-Перовский болып өзгертілді. Сол 1853 жылы қоқандықтар екі рет Ақмешітті қайтарып алуға әрекеттенді, бірақ 24 тамызда әскери старшина Бородин 275 адам және 3 зеңбіректен тұратын жасақпен 7 мыңдық қоқандықты Құмсуатта шашыратып жіберді. 14 желтоқсанда майор Шкуп 4 зеңбірегі бар 550 адамдық жасақпен мыңбасы Қасым бек басқарған 13 мыңдық қоқандық әскерді қарсы алуға шығып, тосыннан лагерге шабуыл жасайды. Көп ұзамай қоқандықтар ұрыс тәртібін қалпына келтіріп, орыс жасағын қоршауға кірісті. Содан кейін оны қоршаудан шығару үшін Форт-Перовскийден штаб-капитан Погурский мен прапорщик Алексеевтің басшылығымен тағы екі жасақ шықты. Қоқандықтар бұл шайқаста 2000-ға дейін сарбаздан айырылып, бытырай шегінді. Ресейлік шығын 18 адам қаза тауып, 44 адам жараланды. Олжа ретінде төрт мойшақ, жеті жалау, 17 зеңбірек және 130 пұт оқдәрі болды. 1854 жылы Жетісуда орыс алдыңғы бекініс Верный құрылды. ## Тыныштық Ресейдің Орталық Азиядағы одан әрі шабуылы Қырым соғысының басталуымен бәсеңдетті. Қақтығыс аймақтық шеңберден тыс болды. Перовский Санкт-Петербургке түрік шабармандары Әлидің қылышына байланысты байрақтар туралы қауесет таратқаны жайлы хабарлады. Түріктерді сол кезде Орталық Азияда Ұлы ойынын жүргізген Ұлыбритания қолдады. Сонымен бірге ішкі толқулар Қоқан хандығының күштерін бұғаулады. ## Соғыстың жалғасуы 1854 жылы Іле Алатауының етегінде Сібір шебінде Верный бекінісінің негізі қаланды. 1860 жылы полковник Г.А.Колпаковскийдің жасағы (3 рота, 4 жүздік және 4 зеңбірек) 1 мың қазақ жасағы жауынгерлерімен бірге Ұзынағаш шайқасында жаңа орыс бекінісін талқандамақ болған наразы қоқандықтардың 22 мыңдық ордасын талқандады. Батыс Сібір өкіметі Қоқанға қарсы көтеріліске шыққан, орыстардан көмек сұраған қырғыздарға көмектесу үшін Пішпек пен Тоқмақ қоқандық бекіністерін түп-тұқылын қоймай қиратқан полковник Циммерман басқарған шағын жасақты жабдықтады. Осы шаралар арқылы Сібір шебі жаудың шапқыншылықтарынан қорғанды. Сібір шебінің Іле өзенінен кейінгі оңтүстік бөлігінде жаңа Жетісу казак әскері құрылды, оның өзегі Сібір казак әскерінің екі полк округі болды. ## Ташкент үшін шайқас 1864 жылдың жазында полковник Н.А.Веревкин Форт-Перовский жағынан 2 мың адамдық жасақпен (5 рота жаяу әскер және 2 жүз казак) Түркістанға шабуыл жасап, оны басып алды. Комендант Дәулет мырза Ташкентке қашты. Черняев басқарған тағы бір орыс жасағы сол жылдың қыркүйек айында Шымкентті басып алды. Черняев үшін тосын жағдай Шымкентті қоршау кезінде қоқандықтар арасында атыс қашықтығы бойынша орыстардан асып түсетін ойық ұңғылы артиллериясының болуы. 1550 адамдық жасақтың Ташкентті бірден алуға әрекеті сәтсіз аяқталды. Орыс артиллериясы қала қақпасын қиратты, бірақ қала қорғаушылары қала ішінде табанды қарсылық көрсетті. Ұрыста 18 орыс сарбазы мен офицері қаза тапты. Одан әрі шабуыл жасаудың бекер екенін түсінген орыс жасағы Шымкентке шегінді. Желтоқсанда Иқан шайқасы болды: Қоқан хандығының аталығы Әлімқұл кері соққы беруді ұйғарып, әскер жинап, Шымкентті айналып өтіп, Черняевтың тылына, Түркістан бекінісіне қарай жылжиды. Жолда Иқан ауылының маңында оның мыңдық әскері есауыл Серовтың жүз сарбазымен тоқтатылды. Шайқастан кейін Әлімқұл Ташкентке шегінді. Черняев бастықтардың мақұлдауын және резервтердің келуін күтпестен екінші Ташкент жорығын ұйымдастырды. 29 сәуірде Ташкент су құбырларының гидравликалық құрылыстарын қорғайтын Ниязбек қорғанына шабуыл жасап, жаулап алды. 9 мамырда Ташкенттен жеті шақырым жерде Қарасу шатқалында Әлімқұлдың әскерін талқандады, шайқас біткен соң көп ұзамай алған жарақатынан Әлімқұл қаза тапты. 1865 жылы Черняев үш күндік шабуылдан кейін (15-17 маусым) Ташкентті басып алып, жасағында 25 адам қаза тауып, 117 адам жараланды; қоқандықтардың шығыны анағұрлым көп болды. Ташкентті жаулап алу Ресейдің Азиядағы мүддесін нығайтып, заңды түрде Бұхарамен мүдделер қақтығысы болды, оның әмірі Мұзаффар Қоқанға басып кіріп, Әлімқұл тақтан тайдырған Құдаярды тағына қайта отырғызып, Ресейге қарсы соғысқа дайындала бастады. Бұхара әмірінің Қоқан хандығына көмек көрсету әрекеті 1866 жылғы Ыржар шайқасында сәтсіздікке ұшырады. 1866 жылы 24 мамырда Хожантты орыстар басып алды. Хожантты қорғау кезінде қоқандықтар 3500-ге жуық адамынан айырылды, олардың мәйіттерін бір апта бойы жерледі, ал орыс әскерінде 137 сарбаз қаза тауып, жараланды. Хожанттан орыс әскері Ұлытөбеге жылжыды, оны шілдеде генерал Крыжановский басып алды. Қазан айында Темірлан қақпасын жауып тұрған Түркістандағы ең мықты бекініс – Ташкенттен Зарафшан аңғарына апаратын жалғыз ыңғайлы жол – Жызақ құлады. Осы кезде Ташкенттің бұрынғы билеушісі Жақыпбек Қытайдан уақытша тәуелсіздік алған Қашқарға қашып барып, сонда Жетішар мемлекетін құрды. Бұхаралықтар Самарқанға қашты. 1867 жылы Түркістан облысы: Жетісу (Верный қ.) және Сырдария (Ташкент) деген екі облысы бар Түркістан генерал-губернаторлығына айналды. ## Нәтижесі 1867 жылдың жазына қарай Орта Азияның орасан зор аумағы Ресей үкіметінің қолына шоғырланды, оған екі облыс орталықтары Ташкентте (Сырдария облысы) және Верныйда (Жетісу облысы) болған Түркістан генерал-губернаторлығы (бірінші губернаторы К. П. Кауфман) құрылды. Жаңа аумақтың ауданы 850 000 км²-ден астам болды. Соғыс 1868 жылы қаңтарда Кауфман мен Құдаяр хан арасындағы сауда келісімімен аяқталып, Қоқанды Ресейге тәуелді мемлекетке айналдырды. ## Дереккөздер
Науалы – Сарышаған шығанағынан солтүстікке қарай орналасқан аңғар. Солтүстігінде Қоңырадыр, Мыстөбе таулары жатыр. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде. ## Жер бедері Ұзындығы 40–45 км, енді жері 5 км-ден 15 км-ге дейін. Мойынты өзенінің көне аңғарында қалыптасқан. Жер бедері негізінен жазық келеді. Жер асты суының тереңдігі 3–10 м. Оңтүстік бөлігіндегі тұщы сулы Бесқұдық құдығының тереңдігі 2 м, суының өнімділігі 360 л/сағ. ## Геологиялық құрылымы Аңғар девон жүйесінің төменгі және ортаңғы бөлім жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Нашар дамыған сортаңдау сұр қоңыр топырақ жамылғысында жусан, баялыш, күйреуік, бұталар өседі. Аңғар арқылы Мойынты–Шу темір жолының бір бөлігі өтеді. ## Дереккөздер
Бәһерден атырабы (түрікм. Bäherden etraby) — Түрікменстанның Ахал уәлаятындағы атырап. Әкімшілік орталығы – Бәһерден қаласы. ## Тарихы 1926 жылы қаңтарда орталығы Бәһерден стансасында болған Түрікмен КСР Полторацк округіне қарасты Бәһерден ауданы болып құрылды. 1926 жылы тамызда Полторацк округі жойылып, Бәһерден ауданы Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды. 1939 жылы қарашада Бәһерден ауданы жаңадан құрылған Ашхабад облысына берілді. 1959 жылы мамырда Ашхабад облысы таратылып, облыс қайтадан Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды. 1963 жылы Бәһерден ауданы жойылды, бірақ 1965 жылы қайтадан қалпына келтірілді. 1973 жылы желтоқсанда Ашхабад облысы қайта құрылып, оның құрамына Бәһерден ауданы кірді. 1988 жылы Ашхабад облысы қайтадан жойылып, аудан Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды. 1992 жылы Бәһерден ауданы Бәһерден атырабы деп аталып, 1992 жылы 14 желтоқсанда құрылған Ахал уәлаятының құрамына енді. 2003 жылы 23 қазанда Бәһерден атырабы Баһарлы деп өзгертілді. 2018 жылдың 5 қаңтарында Баһарлы атырабы қайтадан Бәһерден деп аталды. ## Табиғи ресурстары Атырап аумағында, Ербент қыстағынан шығысқа қарай 30 км жерде Геазлы сұйық газ кен орны орналасқан. ## Сілтеме * Дүниежүзілік тарихи жоба ## Дереккөздер
Көктепе атырабы (түрікм. Gökdepe etraby) — Түрікменстанның Ахал уәлаятындағы атырап. Әкімшілік орталығы – Көктепе қаласы. ## Тарихы 1927 жылы қаңтарда орталығы Көктепе кентінде болған Түрікмен КСР-нің Көктепе ауданы құрылды. 1939 жылы қарашада Көктепе ауданы жаңадан құрылған Ашхабад облысына берілді. 1959 жылы мамырда Ашхабад облысы таратылып, аудан қайтадан Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды. 1973 жылы желтоқсанда Ашхабад облысы қайтадан құрылып, оның құрамына Көктепе ауданы кірді. 1988 жылы Ашхабад облысы қайтадан жойылып, аудан Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды. 1990 жылдары Көктепе ауданы Көктепе атырабы деп аталып, Ахал уәлаятының құрамына кірді. ## Әйгілі тумалары * Мұхаммед Атаев — Кеңес Одағының Батыры. * Құрбанқұлы Мәлікқұлыұлы Бердімұхамедов — Түрікменстан президенті. * Бақыт Сақытмұратұлы Оразсахедов — футболшы. ## Сілтеме * Дүниежүзілік тарихи жоба
Сарқан жотасы – Жетісу Алатауының солтүстігінде, Сарқан жəне Басқан өзендері аралығында, батыс, оңтүстік-батыстан шығыс, солтүстік-шығысқа қарай 60 км-ге жуық созылып жатыр. ## Географиялық орны Жетісу облысының Ақсу, Сарқан аудандарының Қытаймен шекаралас бойында орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 4622 м (Жетісу Алатауының ең биік жері – Бесбақан тауы). Жотаның қар сызығы солтүстік беткейде 3200 м, оңтүстігінде 3800 м биіктіктен өтеді. Мұнда 200-ге жуық мұздықтар бар. Ірілері: Абай, Авсюк, Берг, Сапожников, т.б. Жотаның солтүстік беткейінен Сарқан, Басқан өзендерінің салалары (Ақшығанақ, Талдыбұлақ, Ақсу, т.б.) бастау алады. Оңтүстік беткейінен Қытай еліне ағатын Боротала өзенінің салалары ағып өтеді. ## Геологиялық құрылымы Жота төменгі палеозой дəуірінің герцин тау жасалу кезінде пайда болған. Одан кейін ол бірнеше рет (неоген жəне төменгі төрттік кезеңдерде) көтеріліп, денудацияға ұшыраған. Жота Жетісу Алатауының солтүстік бөлігінің торабы саналады жəне бұл аймақ сейсмикалық қауіпті (белсенді аймақ) ауданға жатады. Тектоникалық тұрғыдан тау жыныстары метаморфтанған кристалды тақтатастан, сондай-ақ интрузивті гранит, гранодиорит, құмтас, саздақ, əктастардан тұрады. Тауаралық аңғарларын палеоген, неоген жəне төрттік кезеңнің шөгінділері жауып жатыр. ## Климаты Жотаның жоғарғы белдеміндегі климат тым континенттік. Қаңтар айындағы жылдық орташа температурасы -14 –21°С, төменгі белдеуде -11–14°С, шілде айында биік белдеуде 14 –18°С, төменгі белдеуде 18 –21°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 750 мм-ден (тау етегінде) 1000 мм-ге дейін (тау басында). ## Топырағы, өсімдігі мен жануарлары Негізінен таудың қызғылт қоңыр, орманының қара жəне күлгін топырағы қалыптасқан. Мұндағы 2000 м-ден астам биіктікте Сібірдің самырсыны мен балқарағайы аралас Тянь-Шаньның кəдімгі қарағайы мен шыршасы өседі. 1400–1800 м биіктік аралығында ақтерек, қайың, қарағай орманы мен тобылғы, арша, итмұрын, т.б. бұта аралас тоғай алқабы кездеседі. Таудың далалық ландшафтысын бұта, тал, шілік аралас астық тұқымдас əртүрлі өсімдіктер құрайды. Жануарлардан арқар, таутеке, барыс; құстардан тау бастарында мекен ететін ұлар, тазқара, альпі сауысқаны, т.б. кездеседі. Тауаралық аңғар мен беткей етектері шабындық жəне мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
* Дінмұхамед Қонаев — Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл. * Дінмұхамед Қонаев — Жамбыл облысы Шу ауданындағы ауыл.
Сарқан асуы – Сарқан жотасындағы асу. ## Географиялық орны Қазақстан (Жетісу облысы Сарқан ауданы) мен Қытай шекарасы аралығында, 4200 м биіктіктегі қар сызығында, Қоңыроба тауының шекарасында орналасқан. ## Жер бедері Асудан шілде–қыркүйек айлары аралығында ғана өтуге болады. Солтүстігінен Сарқан, оңтүстігінен Демікпе өзендерінің салалары бастау алады. ## Климаты Климаты биіктаулық, континенттік. Қыстың орташа температурасы -12–14°С, жазда 12–16°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 800–1000 мм. Асу етегі жазда жайлау ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Қарақұдықөзек – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы аңғар. Қойбағар тауымен Кеңтарлау және Табақкеңтатыр аңғарлары аралығында. ## Жер бедері, геологиялық құрылымы Солтүстіктен оңтүстікке қарай 15–20 км-ге созылып жатыр. Жер бедері жазық. Теңіз деңгейінен орташа биіктігі 600 м. Тас көмір жүйесінің ортаңғы және жоғарғы бөлімі жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, бұталар өседі. Аңғарда Құлабие бұлағы мен Қарақұдық, Жамбасаққан құдықтары бар. ## Дереккөздер
Бесбақан тауы – Жетісу Алатауының оңтүстік сілеміндегі Сарқан жотасындағы тау. Кіші Басқан асуының оңтүстік-батысында орналасқан. ## Географиялық орны Жетісу облысы Ақсу ауданы жерінде. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 4622 м. Жетісу Алатауының ең биік жері. Таудың биік белдеулерін мұздықтар басып жатыр. Мұздықтардың көпшілігі дерлік таудың солтүстік беткейлерінде. Осы беткейден Кіші Басқан өзені бастау алады. ## Геологиялық құрылымы, өсімдігі Жер қыртысы төменгі палеозойдың кристалды тақтатас, кварцит, гнейс, әктас, мәрмәр жыныстарынан түзілген. Таудың жоғарғы бөлігінде палеозой граниттері кездеседі. Солтүстік белдеуінде субальпілік шалғындар және Тянь-Шань шыршасы мен самырсын ағаштары өседі. ## Дереккөздер
Сатылы асуы – Жетісу Алатауының оңтүстік бөлігінде, Тоқсанбай жотасының батысындағы асу. ## Географиялық орны Жетісу облысы Кербұлақ ауданында орналасқан. ## Жер бедері Теңіз деңгейінен 3304 м биіктікте. Ең биік жері 2863 м. Сатылы өзенінің аңғарымен Көксу өзенінің бастауына қарай соқпақ жол өтеді. Асудан салт атты адам маусым–қыркүйек айлары аралығында өте алады. ## Дереккөздер
Бозоқ II — Бозоқ қалашығы жанында орналасқан көне қыстау орны. Мұнда XVIII-XIX ғасырларға тән қазақтың шаруашылық нысандары, суару жүйесі болған көрінеді. Нысан Бұзықты көлінің оңтүстік жағалауында, Есіл арқылы өтетін дәстүрлі өткелден оңтүстік-батысқа қарай 5 шақырым жерде орналасқан. Қыстақ шаруашылық құрылыстары бар екі үйден тұрды. Үйлер күйдірілген кірпіштен салынған. Қыстақтың тұрғындары мал шаруашылығымен айналысқан. Табында ұсақ мал басым болды, содан кейін жылқылар жүрді және аз мөлшерде ірі қара болды. Қыстақтың мәдени қабатында темірден, қоладан жасалған бұйымдар, керамика фрагменттері, шыныдан жасалған бұйымдар көптеп табылды. * * ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Шағырбаев М., Ғаниева А., Сәкенов С. Нұра-Есіл аралығындағы қазақтардың ХІХ–ХХ ғ. басындағы шаруашылығы (Бозоқ ІІ қыстауының остеологиялық материалдары бойынша)
Бадам ауылдық округі – Түркістан облысы Сайрам ауданында болған әкімшілік бірлік. 2014 жылы құрамындағы барлық елді мекенімен бірге таратылып, Шымкент қаласына қосылды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Бадам, Айкөл, Ақтас, Орманшы ауылдары кірді. Орталығы – Бадам ауылы болды. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 3 496 адамды құрады. ## Дереккөздер
Қазақстан КП Қарағанды облыстық комитеті — Қазақ АКСР (1932-1936) және Қазақ КСР (1936-1991) партиялық басқарманың аймақтық органы. Орталығы Петропавл қаласында болған Қарағанды облысы 1932 жылы 10 наурызда Қазақ АКСР-нің алғашқы 6 облысының қатарында құрылды; 1936 жылы 29 шілдеде бөлшектеу барысында облыс аумағынан Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары бөлініп, орталық Петропавлдан Қарағандыға көшірілді. 1936 жылдың 5 желтоқсанынан бастап — Қазақ КСР құрамына кірді. ## Қазақстан КП Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшылары СТАЛИННЫҢ ЗАМАНЫНДА (1924-1953 ж.) * 1932-03.1934 Исаак Беккер * 02.1934-07.1936 Максим Аммосов * 1936-20.05.1937 Гдалий Пинхасик (БК(б)П ОК Қарағанды облысы бойынша ұйымбюросының бірінші хатшысы) * 05.1937-22.03.1938 Гдалий Пинхасик * 1938 Николай Садовников * 1938-10.1942 Хабир Пазиков * 10.1942-02.1944 Леонид Мельников * 02.1944-1947 Григорий Галайдин * 1947—1952 Тихон Абабков * 1952-01.1958 Сергей Яковлев ХРУЩЕВТЫҢ ЗАМАНЫНДА (1953-1954 ж.) * 01.1958-[22.10.]1959 Павел Исаев * [22.10.]1959-12.1962 Михаил Соломенцев * 01.1963-12.1964 (өнеркәсіптік) Николай Банников * 01.1963-12.1964 (ауылдық) Бәйкен Әшімұлы БРЕЖНЕВТІҢ ЗАМАНЫДА (1964-1982 ж.) * 12.1964-19.02.1968 Николай Банников * 19.02.1968-6.08.1979 Василий Акулинцев * 6.08.1979-15.11.1986 Александр Коркин ГОРБАЧЕВТЫҢ ЗАМАНЫНДА (1985-1991 ж.) * 15.11.1986-6.10.1989 Валерий Локотунин * 6.10.1989-19.05.1990 Евгений Башмаков * 19.05.1990-7.09.1991 Виталий Гаркуша ## Тағы қараңыз * Облыс әкімі ## Әдебиет * РСДЖ(б)П, РК(б)П, БК(б)П, КОКП орталық комитеті: Тарихи-өмірбаяндық нұсқаулық / Құрас. Ю. В. Горячев. М., 2005.
Қазығұрт ауылдық округі – Түркістан облысы Төле би ауданында болған әкімшілік бірлік. 2014 жылы құрамындағы ауылдарымен бірге таратылып, Шымкент қаласына қосылды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Тоғыс, Елтай, Жыланбұзған, Маятас ауылдары кірді. Орталығы – Тоғыс ауылы болды. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 12 794 адамды құрады. ## Дереккөздер
Таңат ауылдық округі – Абай облысы Жаңасемей ауданында болған әкімшілік бірлік. 2017 жылы таратылып, Ақбұлақ ауылдық округінің құрамына енгізілді. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Таңат, Социалистік Қазақстан ауылдары кірді. Орталығы – Таңат ауылы болды. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 246 адамды құрады. ## Дереккөздер
Табақкеңтатыр аңғары – Балқаш көлінің солтүстігіндегі Тоқырау өзені мен Қалмақеміл, Түлкілі шоқылы таулары аралығында жатқан жазық аңғар. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерінде орналасқан. ## Жер бедері Солтүстіктен оңтүстікке қарай 110 км-ге созылған, енді жері 80 – 85 км, теңіз деңгейінен ең биік жері 884 м (Елтайқора тауы). Ауданы 10,8 мың км2. Жер бедері негізінен жазық, кейбір жерлерінде ұсақ шоқылы таулар (Үлкен Табаққалған, Қазық, Көкбайтал, Итмұрынды, т.б.) кездеседі. Көктемгі қар, жауын-шашыннан шағын өзендер (Еспе, Ащыөзек, Тоқырау, т.б.) пайда болады. ## Өсімдігі Құнарсыз келген сортаңды қиыршықтасты сұр топырағында шөлге тән баялыш, теріскен, бұйырғын, қара жусан, көкпек, т.б. өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Уба-Форпост ауылдық округі – Абай облысы Бородулиха ауданы құрамында болған әкімшілік бірлік. 2013 жылы таратылып, Краснояр ауылдық округі құрамына енгізілді. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Уба-Форпост, Девятка ауылдары кірді. Орталығы – Уба-Форпост ауылы болды. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 319 адамды құрады. ## Дереккөздер
Қарағандыкөл ауылдық округі – Абай облысы Көкпекті ауданы аумағында болған әкімшілік бірлік. 2013 жылы таратылып, Мамай ауылы Үлгілі Малшы ауылдық округінің, Қарағандыкөл ауылы Көкжайық ауылдық округінің құрамына енгізілді. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қарағандыкөл, Мамай ауылдары кірді. Орталығы – Қарағандыкөл ауылы болды. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 787 адамды құрады. ## Дереккөздер
Талас аңғары – Қырғыз және Талас Алатаулары аралығындағы тектоникалық аңғар. ## Географиялық орны Аңғардың қазақстандық бөлігі Тараз қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 28 км жердегі Жасөркен ауылының тұсынан басталады. ## Жер бедері Ұзындығы 250 км шамасында, ені 1 – 30 км, биіктігі 600 – 1500 м. Аңғарда жусан, бетеге басым өседі. Кей жерлері жыртылған, жүгері, темекі, т.б. егіледі. Аңғармен Талас өзені ағады. Төменгі бөлігіндегі Ешкілі және Ақтас тауларының түйіскен тұсындағы тарлауыт жерінде Киров бөгені салынған. ## Дереккөздер
Білім-қазына қоғамдық қоры 2015 жылы Нұр-Мүбарак ислам университетінің жанынан ашылған. Нұр-Мүбарак университеті Қазақстан  мен Египет Араб Республикасы арасындағы ұзақ уақыт үзілген діни бауырластықтың жаңа белесі.  2001 бұрын ашылған университет аяғынан тік тұрып, елге, дінімізге қажетті мыңнан аса  білікті мамандарды даярлап үлгерді. Оқу, білімді меңгеру қаншалықты зор еңбекті талап етсе, оның ел ішінде жемісінің көрінуі де ұзақ жылдардан кейін аңғарылады. Нұр-Мүбарак университетінің тамырын  әлемге әйгілі мыңжылдық тарихы бар әл-Азһар университетімен байланыстыруы – зор болашаққа нық қадам жасаудың белгісі. Нұр-Мүбарак университеті 2001 жылы ашылса,  әл-Азһардың тарихы 988 жылдан басталады, яғни 1030 жыл бұрын ашылған университетте бүгінде әлемнің 100-ден аса елінен студенттер білім алады. Қазақ елі ғасырлар бойы Әбу Ханифа  мәзһабын ұстанатындықтан, біздің университетке әл-Азһар университетінің осы мәзһабқа тән ғалымдары іріктеледі. Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор, доктор Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид  Мухаммад ал-Жиндидің сөзі.
Жазық ауылдық округі – Абай облысы Жаңасемей ауданында болған әкімшілік бірлік. 2017 жылы таратылып, Көкентау ауылдық округі құрамына енгізілді. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Жазық ауылы кірді. Орталығы – Жазық ауылы болды. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 371 адамды құрады. ## Дереккөздер
Жайма ауылдық округі – Абай облысы Жарма ауданы құрамында болған әкімшілік бірлік. 2013 жылы таратылып, Суықбұлақ кенттік әкімдігі құрамына енгізілді. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Жайма ауылы кірді. Орталығы – Жайма ауылы болды. Округ құрамында болған Қорғанбай ауылы 2007 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 463 адамды құрады. ## Дереккөздер
Делбегетей ауылдық округі – Абай облысы Жарма ауданы құрамында болған әкімшілік бірлік. 2017 жылы таратылып, Қарасу ауылдық округі құрамына енгізілді. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қоңырбиік ауылы кірді. Орталығы – Қоңырбиік ауылы болды. Округ құрамында болған Суықбұлақ ауылы 2013 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 498 адамды құрады. ## Дереккөздер
Терістаңбалы ауылдық округі – Абай облысы Жарма ауданы құрамында болған әкімшілік бірлік. 2013 жылы таратылып, Суықбұлақ кенттік әкімдігі құрамына енгізілді. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Терістаңбалы, Ұзынжал ауылдары кірді. Орталығы – Терістаңбалы ауылы болды. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 459 адамды құрады. ## Дереккөздер
Гагарин ауылдық округі – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының құрамында болған әкімшілік бірлік. 2013 жылы таратылып, Таврия ауылдық округінің құрамына енгізілді. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Гагарино, Южное ауылдары кірді. Орталығы – Гагарин ауылы болды. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 924 адамды құрады. ## Дереккөздер
Меновный ауылдық округі – Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық әкімдігі аумағында болған әкімшілік бірлік, 2013 жылы таратылған. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Меновное, Прудхоз, Ахмер, Жаңа Ахмер, Ново-Троицкое, Ново-Явленка, Самсоновка ауылдары кірді. Орталығы – Меновное ауылы болды. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 11233 адамды құрады. ## Дереккөздер
Арийон Ибрахимович (нем. Arijon Ibrahimović; 11 желтоқсан, 2005) — неміс футболшысы, Бавария футбол клубының шабуылдайтын жартылай қорғаушы. ## Клубтық мансабы ### Бавария Нюрнбергтің тумасы Ибрахимович Нюрнберг футбол клубы және Гройтер Фюрт жастар командаларында ойнаған. 2018 жылы «Бавария» футбол академиясының ойыншысы атанды. 2022 жылдың қыркүйегінде The Guardian ағылшын газеті оны 2005 жылы туылған әлемдік футолдың ең үздік жас таланттарының қатарына енгізді. 2022 жылдың 1 қарашасы УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің Интернационалеге қарсы ойынына «Баварияның» өтінімге енгізілді. 2023 жылдың 17 қаңтары Арийон «Бавариямен» контрактты 2025 жылға дейін ұзартты және негізгі командаға өтінімге енгізілді. 2023 жылдың 11 ақпанында Бундеслигада Бохумға қарсы матчта Лерой Санемен ауысып, дебют жасады. ### Фрозиноене 2023 жылдың 1 қыркүйеігі Фрозиноене клубына маусым соңында сатып алу құқығымен, жалға берілді. ## Ұлттық құрамадағы мансабы Германияның 16, 17, 18 жасқа дейнгі құрамадаларда ойнаған. 2022 жылдың маусымында Израильде өткен Футболдан 17 жасқа дейінгі Еуропа біріншілігінің қатысып, 19 мамырда Люксембургқа қарсы өткен матчта бір гол салды. ## Ойын стильі Шабуылдайтын жартылай қорғаушы позициясында ойнайды, бірақ айып доптан айып допқа дейін (ағылш. box to box) әрекет етеді. Шабуылдада, қорғаныстада жақсы қасиеттерге ие. Стильі бойынша оны Леон Горецкамен салыстырады.
Поспелов Петр Николаевич (8(20). 6. 1898, Конаково, қазіргі Калинин облысы) — кеңес, партия және ғылым қайраткері, КСРО ҒА академигі (1953; 1946 ж. корр. мүшесі), Социалисттік Еңбек Ері (1958). Мәскеу а. ш. академиясында оқыды Қызыл профессура институтының экономика бөлімін бітірді (1930). 1917 ж. Тверьде партия, кәсіподақ жұмысында болды. 1918—20 ж. Азамат соғысы кезінде Челябіде астыртын жұмыс жүргізді. 1920—24 ж. Кәсіподақтардың Тверь губ. кеңесінің мүшесі, РК(б)П Тверь губкомының үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, Новгород губ. оқу бөлімінің меңгерушісі. 1924— 26 ж. БК(б)П ОК үгіт-насихат бөлімінің нұсқаушысы. 1931—34 ж. «Большевик» журналы редакциясында істеді, «Правда» газетінде партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі және редколлегия мүшесі. 1934—37 ж. БК(б)П ОК жаньіндағы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі және баспасөз тобының жетекшісі. 1937—40 ж. БК(б)П ОК бөлім меңгерушісінің орынбасары, насихат Және үгіт басқармасы бастығының орынбасары. 1940—49 ж. «Правда» газетінің редакторы. 1949—52 ж. БК(б)П ОК жанындағы Маркс—Энгельс—Ленин институтының директоры. 1952—53 ж. «Правда» газеті бас редакторының орынбасары. 1953—60 ж. КОКП ОК секретары, КОКП ОК-нің РКФСР жөніндегі Бюросының мүшесі. 1961—67 ж. КОКП ОК жанындағы Марксизм-ленинизм институтының директоры. 1967 жылдан КСРО ҒА төралқа мүшесі. Партияның 16- съезінде Орталық Бақылау комиссиясының мүшелігіне, 17-съезінде Партиялық Бақылау комиссиясының мүшелігіне, 18—20 және 22—23-съездерінде ОК мүшелігіне сайланды. 1957— 61 ж. КОКП ОК төралқа мүшелігіне кандидат. 2—6-сайл. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Поспелов — партия тарихы проблемалары жөніндегі бірнеше еңбектің авторы және редакторы. «КСРО-дегі Азамат соғысының тарихы» кітабының 2-томын жазуға қатысты (КСРО Мемл. сыйлығы, 1943). Көп томды «Кеңес Одағы Ұлы Отан соғысының тарихы» және «Кеңес Одағы Коммунистік партиясының тарихы» еңбектерінің ред. комиссиясының төрағасы, В.И. Лениннің ғылыми өмірбаяны авторлар ұжымының жетекшісі. 4 рет Ленин орденімен, Қазан Революциясы және басқа ордендермен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Кіші Қарашай ауданы — Ресей Федерациясының Қарашай-Шеркес Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік және муниципалдық құрылым (муниципалдық аудан). Әкімшілік орталығы — Үшкекен ауылы. ## Географиясы Ауданы 1291,89 км² (2015 жылдан бастап). ## Тарихы XX ғасырдың басына қарай қазіргі Кіші Қарашай ауданының аумағы Қобан облысының Баталпаша бөлімі (Құмлооп ауылы), Налшық округі (Хасауыт ауылы) және Терек облысының Пятигорск бөлімінің (Ескі-Әбік ауылы) құрамына кірді. Кіші Қарашай ауданы алғаш рет 1922 жылы жаңадан құрылған Қарашай-Шеркес автономиялық облысының Кіші Қарашай округі ретінде құрылды. Ол кезде округ орталығы округтың өзіне кірмейтін Кисловодск қаласы болды. 1957 жылы Қарашай-Шеркес автономиялық облысы қайта құрылып, оның құрамында Кіші Қарашай ауданы қайта құрылғаннан кейін аудан орталығы Үшкекен ауылына көшті. 1963 жылы 1 ақпанда қолданыстағы 6 ауылдық ауданның орнына Адыге-Хабыл (орталығы Адыге-Хабыл ауылы), Зеленшік (орталығы Зеленшік ауылы), Қарашай (орталығы Қарашай қаласы), Кіші Қарашай (орталығы Үшкекен ауылы), Қобан (орталығы Жегетай ауылы), Хабез (орталығы Хабез ауылы). 1965 жылы 12 қаңтарда РКФСР Жоғарғы Кеңесінің төралқасы қаулы шығарды: * Ұрып ауданы құрылсын — орталығы Преградная ауылы болсын; * Қарашай-Шеркес автономиялық облысының Ұрып өнеркәсіптік ауданы таратылсын; * Қарашай-Шеркес автономиялық облысының Адыге-Хабыл, Зеленшік, Қарашай, Кіші Қарашай, Қобан және Хабез ауылдық аудандары аудан болып қайта құрылсын. ## Тұрғыны Ұлттық құрамы 1959 жылғы халық санағы бойынша Қарашай-Шеркес АО Кіші Қарашай ауданында қарашайлар — 61%, орыстар — 16,2%, абазиндер — 16,2% құрады. ## Муниципалдық құрылымы Кіші Қарашай муниципалды ауданының құрамына ауылдық қоныс мәртебесі бар 10 муниципалдық құрылым кіреді. ## Елді мекендері Кіші Қарашай ауданында 14 ауылдық елді мекен бар. ## Көрікті жерлері Ауданда көптеген табиғи туристік орындар бар. Олардың ішінде: * Кішібалық, Хасауыт және Мушта өзендерінің аңғарларындағы минералды бұлақтар; * Балды сарқырамалар; * Рим-Гора; * Хасаут қаумалы: Подкумок, Ешкакон және Хасаут өзендерінің жоғарғы ағысы, Үлкен және Малый Бермамыт тауларының ауданы. ## Дереккөздер
Жаңақала уезі — 1922-1925 жылдары болған Қырғыз АСКР (1925 жылдан бастап — Қазақ) Бөкей губерниясының әкімшілік-аумақтық бірлігі. Орталығы Новая Казанка ауылында болған Жаңақала уезі 1922 жылы 6 мамырда жойылған Қамыс-Самар және Нарын уездерінің аумағында құрылды. Бастапқыда уезде 13 көшпелі болыстар болды: * Баржаптер * Бекетай * Бөрілі * Жарқын * Қоға * Көкшоқы * Қошқар * Самар * Сарыкөл * Сарыөзен * Толыбай * Ұялы * Шенді 1923 жылы 6 сәуірде болыстар саны 7-ге дейін қысқартылды: * Ахмет. Орталығы — Бораншағыл мекені * Бекетай. Орталығы — Қамысдала мекені * Қамыс-Самар. Орталығы — Боланай мекені * Меңдіхан. Орталығы — Ащысай мекені * Нарын. Орталығы — Толыбай аяғы мекені * Тұрдыкөл. Орталығы — Қожабексары * Шолан. Орталығы — Мәмбет мекені. Теңіз уезінен алынған. 1924 жылы 13 наурызда Глиненск (орталығы — Глиненский ауылы) мен Кармановск (орталығы — Кармановский ауылы) болыстары Орал губерниясының Жымпиты уезінен Жаңақала уезіне ауыстырылды. Көп ұзамай Кармановск болысы Глиненскіге қосылып, орталығы Красный ауылына көшірілді. 1925 жылы 18 мамырда Жаңақала уезі таратылды. Оның аумағы Орал губерниясының Бөкей уезіне өтті. ## Сілтеме * Қазақстан ӘАБ анықтамалығы (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) — Алматы, 1959
Дәулет Ырысбайұлы Сәтибеков (1964 жылы 14 қараша, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы — 2006 жылы 13 наурыз, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы) — қазақ ақыны, сазгері, журналисты. ## Өмірбаяны 1964 жылы 14 қарашада Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген. 1966 жылы сол ауданның Кеншоқы руднигіне көшеді. 1971 жылы Кеншоқы ауылдық округі Нұра ауылына көшеді. 1985 жылдан бастап Қарағанды қаласында тұрды. Арғын тайпасының Қаракесек руының Керней бөлімінен шыққан. Әскери міндетін Украинада Запорожьеде 1983-1985 жылдары өтеді. 1988 жылы отбасы құрған. 2006 жылы 13 наурызда өмірден қайтты. Қарағанды облысы Шет ауданы Кеншоқы ауылдық округі Нұра ауылындағы зиратта жерленді. ## Білім жолы * Қарағанды облысы Шет ауданы Кеншоқы ауылдық округі Нұра ауылының орта мектебін 1982 жылы аяқтаған. * Қарағанды мемлекеттік университетінің филологиясы факультетінде қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бойынша 1985-1990 жылдары жоғары білім алған. ## Еңбек жолы * ҚарМУ-дың Жастар мәдениет үйінің "Балауса" әдеби шығармашылық бірлестігі басшысы (шілде 1990 — қаңтар 1991); * Қарағанды қаласының №7 мектеп-интернатында қазақ тілі және әдебиеті ұстазы (қаңтар 1991 — қаңтар 1992); * Қарағанды облыстық телерадиокомпания (қаңтар 1992 — желтоқсан 1992); * «Орталық Қазақстан» облыстық газеті (желтоқсан 1992 — тамыз 1993); * Қарағанды облыстық телерадиокомпания (тамыз 1993 — қазан 1993); * «Шипагер» газеті (желтоқсан 1993 — қаңтар 1995); * «Замандас-Современник» облыстық жастар газетінің бас редакторының орынбасары (наурыз 1995 — қазан 1999); * «Сана» газеті (қараша 1999 — сәуір 2001); ## Шығармашылығы ### Кітаптары * Ғұмырымның тамшысы, (Өлеңдер жинағы), Қарағанды қаласы, Болашақ-Баспа 2000. ISBN 9965-528-03-9, 100 бет. * Нұр (Өлеңдер, драмалық поэма), Қарағанды қаласы, Болашақ-Баспа 2005. ISBN 9965-674-71-X, 200 бет. ### Әндері Бала күнінен домбыра шерткен. Кең таңымал "Қарағанды вальсі" әнінің музыкасы мен сөзінің авторы. * Қарағанды жастары * Достарым * Нұраның нұры * Сен деп соққан жүрегім * Өзің * Жалын жаным * Туған жер ### Кештері * 2005 жылы 7 шілдеде Ақсу-Аюлы ауылында шығармашылық кеші өтті. * 2019 жылы 19 сәуірде Ақсу-Аюлы ауылында еске алу кеші өтті. * 2024 жылы 11 сәуірде Қарағанда қаласы М. Әуезов орталықтандырылған қалалық кітапханада "Сұңғыла ойдың шырағы жаққа ақын" еске алу кеші өтті. * 2024 жылы 20 қыркүйекте Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында аудандық Мәдениет үйінде "Сырымды жеткіз жырларым" аудандық мүшайрасы және "Ғұмырымның тамшысы" еске алу кеші өтті. ### Әдебиеттер Өлеңдері аудандық, облыстық, мерзімді баспасөз құралдарында, республикалық "Жалын", "Жұлдыз" журналдарында жарияланған. Өлеңдері жарияланған кітаптар * Шет өңірі ақындарының антология, Болашақ-Баспа, 1998, 500 дана, 168 бет, ISBN 5-7667-2721-6 * 2014 жылы «Сарыарқа кітапханасы» сериясымен шыққан 100 томдық кітаптар. * Қасым Аманжоловтың 90 жылдығына орай шыққан 4 томдық жинақ. * "Бұғылы мен тағылы бүркіт салған..." жыр мүшайрасы жинағы Өмірбаяны * Шет ауданы. Энциклопедия. Алматы. ҚАЗақпарат. 2013 жыл. 382 бет. ISBN 9965-654-98-0 * Ел ірісі — нұрлы Нұра. Жұмкин Б. И. Алматы. Мерей баспасы. 2022.496 бет. ISBN 978-601-7998-65-3 * Өлкетану оқулығы. Қарағанды облысы. 2018, 200 бет. Шежіресі * Керней шежіресі, Төрехан Майбас, Қарағанды, Болашақ-Баспа 2005, 360 б., Тираж 1000, ISBN 9965-528-85-3 * Қаракесек шежіресі, 1, 2 томдар. Жанат Қоңыров, Павлодар, ЭКО. 2010, 2017. 646 бет. 500 дана. * Құлық шежіресі. Қуандық Сәденов, Қарағанды, 2015, "АРКО" ЖШС, ISBN 978-601-204-264-1 ## Отбасы * Әкесі: Рысбай Сәтибеков (1929 — 1994) * Анасы: Кләпуза Сәтибекова (Бектұрғанова) (1935 — 2007) * Жұбайы: Мереке Егінбайқызы Сәтибекова (Қужақова) — қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі. * Балалары: Келбет, Мәдина, Ахмет — асаба, кәсіби домбырашы-музыкант. * Ағайындары: Қайыргелді, Көкеш, Есен, Арна, Марқабай * Апа-қарындастары: Марал, Мейрам, Гүлшаһар, Рахат 2023 жылдың шілде айында Нұра ауылында фотосы және өлеңі бар баннер қойылды. ## Сілтемелер * Дәулет Рысбайұлы Сатибеков | Әдебиет порталы  (қаз.). * Шет өңірінің ақындары  (орыс.). * Көксерек-ғұмыр  (қаз.). * Қара Дәулеттің қара өлеңі – «Ortalyq Qazaqstan» газеті  (қаз.) (15 қаңтар 2021). * qazaqytoi.kz «Мен боздасам, боздар едім ботадай…» | Qazaqy toi (ru-RU) (6 қыркүйек 2019). * Дәулет Рысбайұлы Сатибеков | өмірбаяны (ru-RU) (26 ақпан 2019). * «ШЕТ ӨҢІРІ АҚЫНДАРЫНЫҢ АНТОЛОГИЯСЫ» айдары - «Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейі» КМҚК.. * Ерхан ерледі  (қаз.). * Қара Дәулеттің қара өлеңі – «Ortalyq Qazaqstan» газеті  (қаз.) (15 қаңтар 2021). ## Дереккөздер
Берёзов ауылдық округі – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы құрамында болған әкімшілік бірлік. 2013 жылы таратылып, Маяк, Подорлёнок ауылдары Соловьёв ауылдық округінің, Ландман ауылы Малеевск ауылдық округінің, Шығыс ауылы Чапаев ауылдық округінің, Берёзовское ауылы Алтай қалалық әкімдігінің құрамына енгізілді. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Берёзовское, Ландман, Маяк, Подорлёнок, Шығыс ауылдары кірді. Орталығы – Берёзовское ауылы болды. Округ құрамында болған Алтынсай ауылы 2007 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1655 адамды құрады. ## Дереккөздер
Үшбұлақ (қыр. Үч-Булак) — Қырғызстанның Талас облысы Айтматов ауданы, Қарабура айыл аймағы құрамындағы айыл. ## Халқы 2009 жылы айылда 1479 адам тұрған. ## Дереккөздер
Арийон Ибрахимович (нем. Arijon Ibrahimović; 11 желтоқсан, 2005) — неміс футболшысы, Бавария футбол клубының шабуылдайтын жартылай қорғаушы. ## Клубтық мансабы ### Бавария Нюрнбергтің тумасы Ибрахимович Нюрнберг футбол клубы және Гройтер Фюрт жастар командаларында ойнаған. 2018 жылы «Бавария» футбол академиясының ойыншысы атанды. 2022 жылдың қыркүйегінде The Guardian ағылшын газеті оны 2005 жылы туылған әлемдік футолдың ең үздік жас таланттарының қатарына енгізді. 2022 жылдың 1 қарашасы УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің Интернационалеге қарсы ойынына «Баварияның» өтінімге енгізілді. 2023 жылдың 17 қаңтары Арийон «Бавариямен» контрактты 2025 жылға дейін ұзартты және негізгі командаға өтінімге енгізілді. 2023 жылдың 11 ақпанында Бундеслигада Бохумға қарсы матчта Лерой Санемен ауысып, дебют жасады. ### Фрозиноене 2023 жылдың 1 қыркүйеігі Фрозиноене клубына маусым соңында сатып алу құқығымен, жалға берілді. ## Ұлттық құрамадағы мансабы Германияның 16, 17, 18 жасқа дейнгі құрамадаларда ойнаған. 2022 жылдың маусымында Израильде өткен Футболдан 17 жасқа дейінгі Еуропа біріншілігінің қатысып, 19 мамырда Люксембургқа қарсы өткен матчта бір гол салды. ## Ойын стильі Шабуылдайтын жартылай қорғаушы позициясында ойнайды, бірақ айып доптан айып допқа дейін (ағылш. box to box) әрекет етеді. Шабуылдада, қорғаныстада жақсы қасиеттерге ие. Стильі бойынша оны Леон Горецкамен салыстырады.
* Бейсеке — Талас облысы Айтматов ауданындағы айыл. * Бейсеке — Шу облысы Кемин ауданындағы айыл.
Үлкен Қарабура (қыр. Чоң-Кара-Буура) — Қырғызстанның Талас облысы Айтматов ауданы, Қарабура айыл аймағы құрамындағы айыл. ## Халқы 2009 жылы айылда 2822 адам тұрған. ## Дереккөздер
Қарадария (қыр. Кара-Дарыя, өзб. Qoradaryo, Қорадарё) — Қырғызстанның Ош облысындағы, Өзбекстанның Әндіжан және Наманған облыстарындағы Сырдария өзенінің сол жақ саласы. Сырдарияға ағып құятын ең ірі өзендердің бірі. ## Гидрологиялық сипаттамасы Қарадарияның ұзындығы 180 км, сол жақ саласы Тармен бірге 318 км құрайды. Су алабынның ауданы 30 100 км². Қарадария қар мен мұздықтардың суымен қоректенеді. Орташа жылдық су шығыны — 136 м³/с, осы нүктеде байқалған ең жоғары шығын — 265 м³/с (1969 ж.), осы нүктедегі ең аз шығын — 68,4 м³/с (1975 ж.). Жылдық ағынның 55% наурыздан шілдеге дейінгі кезеңге келеді. Өзен суының мол болатын кезеңі маусым, суы аз болатын кезеңі қыс. Судың лайлылығы 1 кг/м³. Кейде қыста Қарадария жағалау жақтан аз уақытқа қатып, сең жүруі байқалады. ## Өзен ағысы Қарадария Ферғана жотасының оңтүстік-шығыс беткейі мен Алай жотасының солтүстік беткейінен бастау алатын Тар және Қарақұлжа өзендерінің қосылуынан қалыптасады. Қарадарияның бастауы шамамен 1150 м биіктікте, Қырғызстанның Ош облысындағы Кеңес ауылына жақын жерде орналасқан. Қарадария жалпы батыс бағытта ағып жатыр. Әндіжан суқоймасына дейін Қарадария ені 0,5-тен 4-5 км-ге дейінгі алқап арқылы өтеді. Содан кейін аңғар күрт тарылып, қазір су басқан Кемпірабат шатқалын құрайды. Мұнда өзенді бөгет бөгеп, Әндіжан суқоймасын құрайды. Төменірек Қарадария Өзбекстанның Әндіжан облысы жеріне өтіп, Ферғана аңғарына кіреді. Әндіжан мен Наманған облыстарының шекарасы Қарадарияның сағаға дейінгі аумақта жүргізілді. Балықшы қаласынан тысқары жерде 396 м биіктікте Нарын өзенімен қосылады. Сол жағында Қарадария, оң жағында Нарын бірігіп, Сырдария өзенін құрайды. ## Шаруашылықта пайдалануы Ферғана аңғарының жерлеріне енген соң Қарадария сулары суаруға қарқынды түрде пайдаланылады. Оның суы Шаһрихансай, Әндіжансай және Пахтаабат ірі арналарына құйылады. Өзеннен Үлкен Ферғана арнасының Қарадария жолы басталады. ## Салалары Қарадарияның бірнеше ірі салалары бар: (оң жақта) Жазы, Көкарт, Қараүңгір және Майлысу, (сол жақта) Құршап, Ақбура, Арабансай. ## Дереккөздер
Қарабура (қыр. Кара-Буура) — Қырғызстанның Талас облысы Айтматов ауданы, Бейсеке айыл аймағы құрамындағы айыл. ## Халқы 2009 жылы айылда 1323 адам тұрған. ## Дереккөздер
Бейсеке (қыр. Бейшеке) — Қырғызстанның Талас облысы Айтматов ауданындағы айыл, Бейсеке айыл аймағы орталығы. ## Халқы 2009 жылы айылда 1600 адам тұрған. ## Дереккөздер
Қарасу (қыр. Кара-Суу) — Қырғызстанның Талас облысы Айтматов ауданы, Бейсеке айыл аймағы құрамындағы айыл. ## Халқы 2009 жылы айылда 2133 адам тұрған. ## Дереккөздер
Әндіжан ауданы (түмені) (өзб. Андижон тумани/Andijon tumani) — Өзбекстандағы Әндіжан облысының (уәлаят) орталық бөлігіндегі әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталығы — Құйғанжар кенті. ## Тарихы Аудан 1926 жылы 29 қыркүйекте құрылған. 1939 жылы 10 ақпанда Әндіжан ауданының 7 ауылдық кеңесі жаңа Алтынкөл ауданына берілді. ## Географиясы Жер бедері ойпаттар, қыраттар және адырлармен бейнеленеді. Оңтүстік-шығысында Әндіжан-Атшабар, Тесіктас адырлары мен Қарабек, Бұтақара, Жарбасы таулары орналасқан. Ауданның солтүстік-шығысында Қарадария және Әндіжансай өзендері, Суықбұлақ бұлағы, Үлкен Ферғана және Нижнелугнор арналары ағады, Құйғанжар және Құтарма сорғы станциялары, Шыңабат және Асака скидтері бар. ### Климаты Климаты биік субтропиктік таулы. Шілдеде орташа температура +27,3˚С, ақпанда -3˚С. Өсімдік өсетін мезгіл 160-180 күн. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 225 мм-ге дейін жетеді. ### Табиғаты Адыр бөлігіндегі топырақтар байытылған, қалғандары — боз топырақтар. Көктемде адырлар эфемерлі өсімдіктермен жабылады. Тың жерлерде жусан мен көкпек өседі. Жабайы жануарлар сирек кездеседі. Кеміргіштер, бауырымен жорғалаушылар, құстар кездеседі. ## Әкімшілік-аумақтық бөлінісі Аудан 18 қалалық мекеннен (шаһарша; өзб. shaharcha) және 9 ауыл бұқаралары жиыны (өзб. qishloq fuqarolar yigʻini) (оның ішінде 54 ауыл) тұрады: 18 қалалық мекен * Құйғанжар (орталығы), * Айырылыс, * Бұтақара, * Гүлістан, * Күмбез, * Запрақ, * Қарақалпақ, * Күнжі, * Құсарық, * Намуна, * Оғылық, * Ақер, * Раббат, * Хартум, * Жылан, * Күнбағыс, * Егінтіккен, * Жаңабат. 9 ауыл бұқаралары жиыны * Ақжар, * Арал, * Бұтақара, * Күнжі, * Найман, * Хақан, * Хартум, * Хирабек, * Жарбасы. ## Сілтеме * Әндіжан түмені Әндіжан уәлаяты хәкімдігінің ресми сайтында ## Дереккөздер
Қайнар (қыр. Кайнар) — Қырғызстанның Талас облысы Айтматов ауданы, Көксай айыл аймағы құрамындағы айыл. ## Халқы 2009 жылы айылда 1394 адам тұрған. ## Дереккөздер
Көксай (қыр. Көк-Сай) — Қырғызстанның Талас облысы Айтматов ауданындағы айыл, Көксай айыл аймағы орталығы. ## Халқы 2009 жылы айылда 3913 адам тұрған. ## Дереккөздер
Шаһрихансай (өзб. Shahrixonsoy) — Әндіжан (Өзбекстан) және Ош (Қырғызстан) облыстарындағы басты арна. ## Сипаттамасы Шығыстан батысқа қарай Ферғана аңғарын кесіп өтеді. 1887 жылы салынған. Кемпірабат су торабынан басталып, шамамен 20 км Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекара болып табылады. Шаһрихан қаласындағы Үлкен Ферғана арнасына қосылуымен аяқталады. Арнадан Сабай, Ақбурасай, Оңтүстік Ферғана арналары шығады. Арна бойында Қарасу, Қарасу, Қорғантепе, Қожабат, Асака қалалары орналасқан. Арнаның ұзындығы 120 шақырымды құрайды. Арна су алабының ең биік нүктесі 400-680 метр, Әндіжан облысының шығыс бөлігінде орналасқан. Арна сағасында максималды су шығыны (жоба бойынша) 240,0 м3/с, өзекті өткізу қабілеті 190,0 м3/с. Шаһрихансай су алабының барлық суару жүйесінің жалпы ұзындығы 563,2 км-ге жетеді және 850 су нысаны мен 365 су есепке алу қондырғысынан тұрады. ## Шаруашылық маңызы Шаһрихансай арнасы Әндіжан облысының Қорғантепе, Жалаңқудық, Қожабат, Бұлақбасы, Асака, Шаһрихан және Мархамат аудандарындағы 59,487 мың гектар суармалы алқапты сумен қамтамасыз етуге арналған. Арнадан Ферғана облысының Қуа, Қостөбе, Ташлақ, Алтыарық аудандары мен Қуасай қаласының 55,5 мың гектар егістік алқабын суаратын Оңтүстік Ферғана арнасы да шығады. 2018 жылғы мәлімет бойынша Шаһрихансай су алабының халқы 1 393,2 мың адамды құрайды (Әндіжан облысының жалпы халқының 49%-ы, тығыздығы бір шаршы шақырымға 639,7 адам бола тұрып, арна Ферғана алқабының халық ең тығыз орналасқан аумағы арқылы өтеді). Арнада Шаһрихансай СЭС каскады бар, оның құрамына ГЭС-6 (5А) (1949 жылы пайдалануға берілген), СЭС-7 (6А) (1953 жылы), Оңтүстік Ферғана каналының ОФК-1 СЭС (1957 жылы) кіреді. ## Дереккөздер
Маймақ (қыр. Маймак) — Қырғызстанның Талас облысы Айтматов ауданындағы айыл, Маймақ айыл аймағы орталығы. ## Халқы 2009 жылы айылда 887 адам тұрған. ## Дереккөздер
Арыс атасы Ақпан - айтулы батыр, құралайды көзге атқан мерген, қыран топшылы аңшы, көңілі шалқар, жүрегі қобалжып тайсалмас, өзгелерден секем алу, сезіктену білмес, ешкімнен тепкі көрмей өскен жан. Ақпан батыр Келімбердіұлы тарихи таңбасы, нақты дәлелі бар тұлға. Бұл туралы есімі елге мәшһүр әйгілі ақын Қашаған Күржіманұлы өзінің «Атамекен» атты жыр-дастанында: Ақпан деген қарт батыр, Ел басына қос атты, Жетелетіп жүргізді, Жауға мінер бос атты... Бес жүз әскер-ауыр қол, Бастығы Ақпан батыр сол, Көпті көрген көнеге, Қараңғы тұман ол жүрсе, Табылады екен сара жол. – деп, Ақпан батырдың ел қорғаудағы ересен ерлігі мен еңбегін, мадақтап жырға қосқан. Ыбырай-ахун Құлбайұлы да өз жырында былайша таңбалаған: Сөз айтайын Ақпаннан, Сырдағы құба ақ талдан, Ақпан деген ауылым Аумайтын басқа бақ қонған. Қарсыласы Ақпанның Табанға түсіп тапталған, Неше түрлі халыққа Ерлігі артық мақталған, Ғұмыры тамам болғанша Жері жоқ жаудан тоқталған . Бірі даңқты жырау, екіншісі ғұлама ахун осындай деп Ақпан батыр туралы дерек қалдырған. ## Өмірбаян Ақпан батыр Келімбердіұлы - 1531 жылы Түркістан аймағындағы қасиетті Қазығұрт тауы маңында дүниеге келген. Ақпан жастайынан далалық өмірдің қыр-сырына қанығып өсіп, жан-тәнін шымырландыра, шынықтырар ұлттық сын түрлерінен, бес сайыс, жеті сайыстарды жетік меңгеруімен, ептілік, ерлік қасиетімен көзге түсті. Әкесінен, аталас туыс ағаларынан сарбаздықты үйреніп, садақпен мылтық ата жүріп, мергендікті меңгере, қайтпас қайсарлығы қалыптасты. Ақпан батыр, Қазақ хандары – Хақназар, Шығай, Тәуекел, еңсегей бойлы ер Есім хандар билеген дәуірде, 1531–1605 жылдары өмір сүріп, жорықпен, жортуымен аттан түспеген, жерін-елін ерлікпен қорғаған батыр. Келінбердіұлы Ақпан батыр Амандәулетқызы Айшамен тіл табысып, шаңырақ құрады. Айшадан Қаракүшік атты бір ұлды болады. Бұл қуаныштары ұзаққа созылмай, 1592-ші жылы, Ақпанның жары Айша сырқаттанып, бірнеше күн ауырып, жалғызы Қаракүшігін Ақпанға аманаттап бақиға өтіп кетеді. Осыдан кейін Ақпан Жаппас ауылының аруы Алтынға бас қосады. Ақпан батыр, Алтын арудан Қармыс, Сармыс атты екі ұлды болады. XVII ғасырдың басында соғыста, Ақпан батыр басшылығымен Еділ, Жайық, Сағыз, Қобда, Елек, Ор, Жем, Ырғыз, Тобыл арасында қалмақты талқандап жеңіске жеткенімен, Ақпан батыр 74 жасында улы қарудан ажал құшып, 1605 жылы кәзіргі Ақтөбе облысы Хромтау ауданы, Ор өзенінің бойынында жерленеді. ## Ел алғысына бөленген ерлік жорығы Ақпанның ерекше ел алғысына бөленген ерлік жорығы - Хақназарұлы Бозғыл Баһадүрдің басшылығымен, Қазақ Елін шауып кеткен Баба сұлтанға қарсы соғыста көрінді. Сол соғыста, Адай немересі Ақпан батыр таңдаулы жүздікті басқарды. Келесі бір жорықта, Баба сұлтанның Арыслан есімді мыңбасы сардарын жекпе-жекке шақырған Ақпан батыр Келімбердіұлы жеңіске жетіп, жауының басын наркескен қылышымен кесіп алып, ақ найзасының ұшына шаншып, жауларға сес көрсетеді. Тарихи деректерде қалмақтардың, Ноғай әмірлігі мен Қазақ хандығына қарсы соғысы 1525 жылы басталса, 1571 жылы күшейе келе, «200 жылдық қалмақ пен қазақ соғысы» аталып, 1771 жылы аяқталған. Қалмақтар 1598-ші жылы Ресейге ант беріп, бодан болғандықтан, білтелі мылтықпен зеңбіректер алып, орыс патшалығына арқа сүйеп, ноғайлар мен Кіші Жүз қазақтарын тосын тонағандарымен, қазақтар соғыс амал-айласын шебер пайдалана, жауын жасқап, үнемі жеңіске жетіп отырған. ## Беклербегі атағы 1599-шы жылы желтоқсан айында, Ер Қосай Құдайбердіұлы (Құдайке) Бестөбедегі қыстауында, билігіндегі аз Алшын мен Кеншін ұрпақтарынан бекітілген алты алқабилерінің келісімімен Адай немересі Ақпан батырды өз орнына, беклербегілікке, Қазақ ханы «Еңсегей бойлы ер Есім–Есмұхаммедпен ақылдаса бекіттірді. Осы соғыстарда Ақпан батыр Кіші Жүз сарбаздарын басқарды. XVII ғасырдың басында соғыста, Ақпан батыр басшылығымен Кіші Жүз сарбаздары Еділ, Жайық, Сағыз, Қобда, Елек, Ор, Жем, Ырғыз, Тобыл арасында қалмақ әскерлері талқандалып, жеңіске жетті. ## Жерді жаудан азат ету жолындағы шайқас Қосай Құдайкеұлы Тәуекел ханның өтінішімен қоныс аударып, Сауранды бір айналып, Сырдан өтіп, билігіндегі аз Алшын мен Кеншін ұрпақтарын бастап, Әмударияның шығысы, Қаратау-Бестөбе арасын қыстау еткен. Қосай ата сол кездері, Қазақ ханы Есмұхаммед («Есім») ханмен және Харазым ойын, билігіндегі аз Алшын – Кеншін ұрпақтарымен қыстайтын болғандықтан, Хиуа ханы Хажымұхаммед(«Хажым») пен достық қарым-қатынаста болған. 1600-ші жылдары жүз он жасында, Қосай Құдайберді («Құдайке»)ұлы өз ажалынан бақиға аттанғаннан кейін, Хиуа ханы Хажымұхаммед («Хажым»), «Мал салыққа қосымша жан салық - қыз салық» салады. Харазым шахтың мұрагері Хиуа хандығымен соғысып, берекет таппайтынын, жүйелі сөзбен түсінген, Алшын Кеншін ұрпақтары, ақыл, сабырмен шешу жолын ойласады. 69 жасар қарт Ақпан батыр Харазымды қыстаған билігіндегі аз Алшын - Кеншін ұрпақтарын бастап, «Жібек жолы» арқылы көшіп, Қырға, Үстіртке шығады. Төрт түлігін Үстіртте төлдетіп, «қозыкөш» жылжи қонып, Сам құмынан Шағырлы жолында үйкті айнала қонып, ерулейді. Жағалай қонған көштің ортасындағы, есте жоқ ескі дәуірден қалған Сақ обасы үйік төбені, ерулегенде қарауыл төбе етіп пайдалануы үшін, 500 үйден, 500 батыр сарбаздар қоржындап құмды тас тасып, үйікті биіктетті. Көпшілік ұйғарымымен, 1600-жылдан бері «Адайнемересі Ақпан үйігі» аталуда. Сол кездері, Хиуа ханының билігі жүріп тұрған Маңғыстаудың үш түбегіне көп бөгелмей, Каспий теңізін жағалай, Жемге бағыт ала көшеді. 1600 жылдары өз елінен орын таппаған қалмақтардың алғашқы көші шығыстан батысқа Ертіс, Есіл, Торғай, Ырғыз, Мұңалжар, Ор, Елек, Қобда, Сағыз, Жем, Маңғыстау, Еділ, Жайық арасына келіп, елден тасалау жерге жайғасып, қазақтардан ата мекенін тартып алуға кіріскен болатын. Хажым ханның «Қыз салық» қысымына шыдай алмаған аз Алшынды бастап келген Келінбердіұлы Ақпан батыр Жемді жағалай келіп, жігіттерін барлауға жібереді. 1605-жылы, күз басында, Ақпан батыр Қазақ елі мен жер тұтастығы үшін, «Үш Жүздің» әскери көмегімен, ізіндегі аз Алшын-Кеншін баһадүр сарбаздары бірлігінде, аянбай, арыстанша алысып, Атамекен-Қазақ Жерінен жауларын ығыстырып жеңіске жеткен. 1605-жылы, қыркүйек айының соңында Ақпан батыр шаһид болып, Құнанырыс батыр, қазан айының басында бақилық мекені шамамен, Қобда - Ырғыз арасындағы қос мазарға жерленген. ## Ақпан батыр және оның ұрпақтарымен байланысты жер-су атаулары Ғалым Серікбол Қондыбай өзінің еңбектерінде Маңғыстауда Ақпан есімімен аталатын бірнеше жер, құдық аттарын атап көрсеткен. «Сеңгір құмының (Қарақия ауданы) оңтүстік-шығысында Ақпан сор, Жабайұшқан тауының оңтүстік ернеуінде Ақпан тауы бар. Тау ішінде көрік ұстап, кеуекті ұстахана қылып пайдаланған Ақпан үңгірі, одан 3 шақырым жерде Ақпансордың жағасында Ақпан құдығы бар. Ақпан - тау Сеңгірқұмның (Қарақия ауданы) оңтүстік-шығысында, биіктігі — 224 м. Ақпан сорынан оңтүстік-шығыста 4 км жерде, Сенектен солтүстік-шығыста 47 км, Қызылсу аулынан шығыс-солтүстік-шығыста 37 км жерде. Жабайұшқан қырының оңтүстiк ернегiнде. "Ақпан үйігі" - Бейнеу ауданының Сам құмы, Шағырлы бетінде, Тұрыш ауылының солтүстік жағында 45 км. жерде «Ақпанның үйігі» деп аталатын тарихи қорым бар. Бейнеуден Шағырлы жолымен 60 км, күншығысқа 14 км, барлығы 74 км. Бұл жөнінде Маңғыстауға белгілі шежіреші қария Естерек Жаманбаев 1993 жылы «Жаңа өмір» газетінде: «...Доңызтау жағында Ақпанның үйігі деген қорым бар. Ол-Келінбердінің Ақпаны үйген үйік» - делінген. (Е.Жаманбаев, «Жаңа өмір», 10.03.1997 ж.) Бірінші Адай болысының құрамындағы Ақпан ауылы жазда Жем өзенінің екі жағын жағалап, Оймауыт, Сам құмын, қыста Бостан құмы мен Сахар тауы етегінде, Шерқала тауына дейін келеді. Қазіргі Ақтөбе облысы Хромтау ауданының оңтүстік шығысындағы Қопа елді мекенен 45-50 шақырым жерде Ақпансай, Ақпантөбе деген жер-су атаулары күні бүгінге дейін ешкандай өзгеріссіз, байырғы атаулары сақталып қалған жерлер. ## Ақпан батырдың ұрпақтарынан шыққан тарихи тұлғалар * Жұмағали Қалдықараев екінші дүниежүзілік соғыста өшпес ерлік көрсетіп, Кеңес Одағының Батыры атағын алған. Ол Беларусь елінің Мозырь қаласыда каза болып, сол жерде жерленген. Мозырь қаласында және Бейнеу кентінде Жұмағали батырдың есімін иеленген мектептер, Жаңаөзен қаласында көше, Бейнеу және Ақтау қаласында кеудемүсіндері бар. * Алдияр Ниязұлы (ишан) - көріпкелдігі мен тәуіпшілдігі бар, діни сауатты, 40 жасында "Ишан" атанған. Ақтөбе обылысы Байғанин жерінде мешіт ұстап, бала оқытқан. Қасиетті, зайырлы кісі болған. * Берман Құлманбетұлы - Орта Азияға белгілі қасиетті сынықшы. Ерекшелігі өзінің білімін мойындатып, медицинамен бірге емшілік жасаған. * Тәжібай емші - Емшілігімен қазақ, өзбек, түркмен, қарақалпақ елідеріне сыйлы емші. * Діни сауатты молдалар: Сапақұлы Жақып, Айғұл, Жұбандық, Яхудаұлы Өмірзақ, Атаберді, Бөпеш, Жұбанияз, Ізмағанбет, Сәрсенбай, Смағұл, Қыдырмағанбет, Ыбырайым, Есназар, Тойғұлы, Жарылқасын, Шоңбай, Анапия, Өмірзақ, Садық, Аблен * Қазақ өнерін дамытуға өз үлестерін қосқан жыршылар мен күйшілер: Бисенғали, Сағын, Есенғали, Ідірейіс, Қарақұл, Қауханұлы Айтмағанбет * Жауырыны жерге тимеген, алып күш иелері: Атанбекұлы Қайырқожа - Су ішсе он түйе қанатын тас астауды арқалап жүретін балуан. Нәдірқожа, Өтеген, Өтенбет, Тілеумағанбет балуандар. * Атақты ұсталар: Өтебайұлы Жылыс, Айтбайұлы Үмбет, Сүйіндікұлы Байторы, Кенжеқара Байділдаұлы, Ияғұл Тәңірбергенұлы, Шабай Тәңірбергенұлы, Төлеміс Шабайұлы, Құттымұрат Ияғұлұлы, Мұқан Қалдығұлұлы, Құдайберген Тәкібасұлы, Көнебай Сарыұлы, Шалабайұлы Сапар, Аймағамбет Тәкібасұлы, Сабыр Сарыұлы, Құдайберген Қожабергенұлы, Қауқан Байманұлы, Нұрғали Мақсымұлы, Жұмағанбет Қарағұлұлы, Ермекбей Бекпенбетұлы, Ержан Кенжеқараұлы, Айдарұлы Сапар ұста. * Билeр: Отыншы би Шахмардан(Түймеші) ұлы- Отыншы би Жeм , Сағыз бойында  өмір сүргeн,жастайынан ұшқыр ойлы ақыл-парасатымен көзге түскен. Шешімсіз дау қалдырмай, қиын түйінніңжігін тауып, бойындағы сөз маржанын жерінежеткізе, қызыл тілдің шебері, айтыс-тартыста озыпшыққан жүйелі сөздің жүйрігі, тайынбай, тайсалмай, шындықты, әділетті жақтаған абзаладам болған.    Eл бірлігі, мемлекет басқару, Отан қорғау, сыртқы жаулардың шабуылдарына тойтарыс берумәсeлeлері туралы, кіші жүздің басшылары мен беделді адамдары бас қосқан жиындарға тұрақты қатысып тұрған.  Ол әділ би, аузы дуалы шешен, ағайын-туыс, ру арасындағы дау-дамайлар, жер-су дауы, ішкі және ру аралық көптеген күрделі мәселелерді шешуде төрелік еткен. Отыншы Шахмардан(Түймеші) ұлы1851 жылы 12 тамыз  Жем өзені бойында Бакашы қауымында өткен Сакал сыпар бітімге катыскан Адайдың игі жаксыларының бірі. * Тарихшы, шежірешілер: Отарұлы Қонысбай ## Ақпаннан ұл туса, темірге күн туады Ақпанда екі адамның бірі ұста-шебер болған. «Ақпаннан ұл туса, темірге күн туады» - деген сөздер ел аузында содан қалса керек. Ұсташылық өнері Ақпанның баласы Қаракүшіктен қалған дейді көне көз қариялар. Қаракүшік 13-14 жасында ұста дүкенінің иесі болған. Қаракүшіктен кейінгі аты аңызға айналған ұстаның бірі - Жылысұлы Мыңбай ұста. Мыңбай ата Қыдыр көрген қасиетті, шаңырағына Хазіреті Дәуіт орнап темір мен алтын-күмістің ұстасы және зергер болған. Кенжеқара және Қаражан ұсталар бес атар винтовканы қолдан жасаған шеберлер. ## Дереккөздер * Қазақ ССР ғылым академиясы М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. "Бес ғасыр жырлайды" Жазушы баспасы 1989ж. * Ж.Жылқышыұлы, «Адай шежіресі», Алматы, 2011 жыл. * Өмірзак Озғанбаев. Ақпан батыр //Ақтөбе газеті, 22.09.2022 жыл. * Қазақстан тарихы Жалпы білім беретін мектеп оқулығы. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т. Алматы: Атамүра, 2008ж. * Қаржаубай Медиханұлы «Жеті баулы Беріш ұрпақтары шежіресі» * Қаржаубай Рейімбайұлы. Арқалы Ақпан батырым. Алматы: 2011 ж. * Өмірзак Озғанбаев. Ғылыми-тәжірибелік тарихи-танымдық конференция материалдары. Ақтөбе қаласы, Баишев университеті 2022 жыл. * Қашаған Күржіманұлы. «Атамекен» жыр-дастаны «Бес ғасыр жырлайды» Алматы, 1989ж. * Ыбырай акұн Құлбайұлы «Алтынды Орда қонған жер», «Арыс» баспасы. Актобе:1994 ж. * Серікбол Қондыбай. «Маңғыстаудың жер-су атаулары», «Арыс» баспасы. 2010ж. * Естерек Жаманбаев. «Жаңа өмір» газеті, 10.03.1997ж. * Қ.Сүлейменов. Жаңа өмір газеті, 21.12.1991ж. * Сайын Назарбекұлы «Алашқа айбын болған Ақпан батыр» Ғылыми-тәжірибелік тарихи-танымдық конференция материалдары. Ақтөбе қаласы, Баишев университеті 2022 жыл. * «Особенности сельского хозяйства Адайского уезда», под руководством М.В.Ларина, Б.К.Щелокова, «Лениздат», 1928 г. * Аманғалиева Нургул Жолмуратовна . Ғылыми-тәжірибелік тарихи-танымдық конференция материалдары. Ақтөбе қаласы, Баишев университеті 2022ж. * Есберген Іңірбайұлы "Маңғыстау батырлары" Сардар баспасы. 2010ж. * Есберген Іңірбайұлы "Есімдері елдің есінде" Үш қиян. Алматы қаласы. 2020ж. * Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза генералам, офицерскому, сержантскому и рядовому составу Красной Армии» от 15 января 1944 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1944. — 23 января (№ 4 (264)). — С. 1 * Герои Советского Союза: Краткий биографический словарь / Пред. ред. коллегии И. Н. Шкадов. — М.: Воениздат, 1987. — Т. 1 /Абаев — Любичев/. — 911 с Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997ж.; «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978 ж.;
Шолпанбай (қыр. Чолпонбай, 2023 жылға дейін — Шымкент) — Қырғызстанның Талас облысы Айтматов ауданындағы айыл, Шолпанбай айыл аймағы орталығы. ## Халқы 2009 жылы айылда 4990 адам тұрған. ## Дереккөздер
Әріпбай Әлібайұлы Әлібаев (12.1. 1926 жылы туған, Райымбек ауданы, Жалаңаш ауылы) — қоғам және мемле­кет қайраткері, ауыл шаруашылығы ғылыми кандидаты (1968). Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан. 1951 жылы Алматы зоотехнологиялық-малдәрігерлік институтын бітірген соң, Алматы, Талдықорған облысының шаруашылықтарында, пар­тия және кеңес ұйымдарында әр түрлі жауапты қызметгер атқарған. 1962-64 жылдары Шығыс Қазақстан облысы партия комитетінің, 1964- 67 жылдары Павлодар облысы партия комитетінің 2-хатшысы, 1967-72 жылдары Павлодар облысы атқарушы комитетінің төра- ғасы, 1972-78 жылдары Талдықорған облысы партия комитетінің 1-хатшысы. 1978-85 жылдары Қазақ КСР Ет және сүт өнеркөсібі министрі болды. 1986 жылы дербес зейнеткерлік демалысқа шығып, Қазақтың шабындық-жайылым институтын басқарды. Алыбаевтың Қазақстанда ауыл шаруашылығы салаларын дамыту мәселелеріне арналған бірнеше моноғрафиясы, сондай-ақ "Замана толқындары" (1999) атты естелігі мен жыр жинағы жарық көрген. Ленин, Халықтар достығы, 4 мәрте Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер
Жазы (қыр. Жазы суусу) — Орта Азиядағы өзен. Қырғызстандағы Өзген ауданының аумағы арқылы ағып өтеді, Қарадарияның оң жақ ірі саласы болып келеді. Өзеннің ұзындығы 122 км, су алабының ауданы 2620 км², орташа көпжылдық шығыны (Өзгенде) 33,5 м³/с, су шығыны көбіне мамырда болады 418 м³/с, қыста ең аз шығыны болады 6,4 м³/с. Су жиналатын орынның орташа биіктігі теңіз деңгейінен 2150 метрді құрайды. Ферғана жотасының оңтүстік-батыс беткейінен басталып, Шілбелеу асуының батысында Шабай деген атпен жалпы батыс бағытта ағып жатыр. Орта ағысында өзен жағасында үйеңкі-жаңғақ орманы бар. Теңіз деңгейінен 889 метр биіктіктегі Кемпірабат суқоймасына құяды. Өзен аймағының шегінде Жазы өзеніне көптеген, негізінен оң жақ салалары құяды. Оның ішінде ең ірілері Зергер, Доңызтау, Зындансу өзендері. Ұзындығы 50 шақырымнан асатын Зергер өзені Өзген қаласының маңында Жазы өзеніне құяды. Өзен бойында Саламалық, Еркінтау, Қызылшарба, Қызылтау, Мырза Әке, Ильичевка, Өзген елді мекендері орналасқан. Өзен жағасында шамамен б.з.б. 4-1 ғасырларда салынған Шоробашат қалашығы орналасқан. ## Дереккөздер
Көктөбе (қыр. Көк-Дөбө) — Қырғызстанның Талас облысы Айтматов ауданы, Шолпанбай айыл аймағы құрамындағы айыл. ## Халқы 2009 жылы айылда 647 адам тұрған. ## Дереккөздер
Жапай Мүтәлләпұлы Әбутәліпов (4 желтоқсан 1939, Зеренді ауданы Қызылсая а. — 6 қаңтар 2016, Көкшетау, Қазақстан) — қоғам қайраткері. Қазақ мемл. а.ш. ин-тын (1963), Алматы жоғары партия мектебін (1979) бітірген. 1963 ж. еңбек жолын «Целинауылтехника» бірлестігінде аға инженер болып бастады. Көкшетау ауданындағы Молодежный ұжымшарында механик, бас инженер болып жұмыс істеді. Қазіргі Сейфуллин атынд. ұжымшарда директор (1970 — 75). Көкшетау ауданы а. ш. басқармасының бастығы, Көкшетау облысы а.ш. басқармасы бастығының 1-орынбасары (1975 — 85). (1985 — 97), Көкшетау және Целиноград облыстарында басшылық қызметтерінде (1990 — 94 ж.) Көкшетау облысы к-тінің бірінші хатшысы, 1997 ж. облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы болды. Еңбек Қызыл Ту ордені, медальдармен марапатталған. ## Сыртқы сілтеме * ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫНЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ Мұрағатталған 10 қарашаның 2011 жылы. ## Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы"
Қазақстан КП Талдықорған облыстық комитеті — Қазақстан Компартиясы Талдықорған облыстық партия ұйымының басқарма органы (1944-1959, 1967-1991). Талдықорған облысы 1944 жылы 16 наурызда Қазақ КСР құрамында Алматы облысының бір бөлігінен құрылды. 1959 жылы 6 маусымда жойылып, аумағы Алматы облысының құрамына енді. 1967 жылы 23 желтоқсанда Алматы облысының бір бөлігінен қайта құрылды. Орталығы — Талдықорған қаласы. ## Қазақстан КП Талдықорған облыстық комитетінің бірінші хатшылары СТАЛИННІҢ ЗАМАНЫНДА (1925-1953 ж.) * 1944 Александр Дубровский * 1944-01.1950 Андрей Кондратенко * 1950-01.1951 Шолақ Артығалиұлы * 1951-1956 Шәкір Қарсыбайұлы ХРУЩЕВТЫҢ ЗАМАНЫНДА (1953-1964 ж.) * 1956-06.1959 Ғұбайдолла Ілиясов 06.1959-12.1967 Қазақстан КП Алматы облыстық комитеті (аумақ Алматы облысының құрамына кірді). БРЕЖНЕВТЫҢ ЗАМАНЫНДА (1964-1982 ж.) * 1968-04.1970 Бәйкен Әшімұлы * 04.1970-1972 Бименде Садуақасұлы * 1972-1978 Әріпбай Әлібайұлы * 1978-1981 Сәкен Құсайынұлы * 1981-1986 Әбубәкір Тыныбаев ГОРБАЧЕВТЫҢ ЗАМАНЫНДА (1985-1991 ж.) * 1986-25.11.1988 Владислав Ануфриев * 25.11.1988-19.05.1990 Анатолий Жигулин * 19.05.1990-7.09.1991 Сағынбек Тұрсынов ## Тағы қараңыз * Облыс әкімі ## Әдебиет * РСДЖ(б)П, РК(б)П, БК(б)П, КОКП орталық комитеті: Тарихи-өмірбаяндық нұсқаулық / Құрас. Ю. В. Горячев. М., 2005.
Қазақстан КП Көкшетау облыстық комитеті — Қазақстан КП Көкшетау облыстық партия ұйымының басқарма органы (1945-1991). Көкшетау облысы 1944 жылы 16 наурызда Қазақ КСР құрамында Қарағанды облысының бір бөлігінен құрылды. Орталығы — Көкшетау қаласы. 1960 жылдың 26 желтоқсанынан 1965 жылдың 16 қазанына дейін Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Целиноград облыстарымен бірге Тың өлкесінің құрамында болды. ## Қазақстан КП Көкшетау облыстық комитетінің бірінші хатшылары СТАЛИННІҢ ЗАМАНЫНДА (1925-1953 ж.) * 03.1945-1948 — Алексей Купаев * 1949-1952 — Айып Орашұлы * 1952-1954 — Мәсімхан Бейсебайұлы ХРУЩЕВТЫҢ ЗАМАНЫНДА (1953-1964 ж.) * 1954-1955 — Михаил Рогинец * 1955-1960 — Алексей Клещев * 1960-1962 — Семен Новиков * 1963-12.1964 (ауылдық) — Александр Брыжин БРЕЖНЕВТЫҢ ЗАМАНЫНДА (1964-1982 ж.) * 12.1964-03.1968 — Александр Брыжин * 03.1968-01.1978 — Еркін Әуелбеков * 01.1978-29.01.1985 — Оразбек Қуанышев * 29.01.1985-7.06.1989 — Мақтай Сағдиев ГОРБАЧЕВТЫҢ ЗАМАНЫНДА (4.1985-1991 ж.) * 7.06.1989-11.05.1990 — Қасым Тәукенов * 11.05.1990-7.09.1991 — Жапай Әбутәліпов ## Тағы қараңыз * Облыс әкімі ## Әдебиет * РСДЖ(б)П, РК(б)П, БК(б)П, КОКП орталық комитеті: Тарихи-өмірбаяндық нұсқаулық / Құрас. Ю. В. Горячев. М., 2005.
Баян Мақсатқызы Алагөзова (тумасында Мұхитденова , бірінші некесінде Есентаева; 9 қаңтар 1974, Орал, Қазақ КСР, КСРО) — белгілі продюсер, тележүргізуші, актриса, әнші, редактор және «Ғашықтар әлемі» жылтыр журналының бірге иемденушісі. Кіші жүздің Байұлы тайпасы Масқар руынан шыққан. ## Кино және теледидар ### Фильмография * 1993 — «Махаббат бекеті» — Гүлнәз, басты рөл * 2010 — «Жан жүрегім – Астана» — Лаура * 2010 — «Ғашық жүрек» — Баян, продюсер * 2011 — «Ғашық жүрек 2» — Баян, продюсер * 2014 — «Осторожно корова!!!» — Айгуль, басты рөл * 2014 — «Махаббатым жүрегімде» — Жанна * 2015 — «Махаббатым жүрегімде-2» — Жанна ### Телебағдарламалар * 2008 — «Желтый салон» Таң арнасы, бағдарлама жүргізушісі. * 2008 — «На шпильке» НТК, бағдарлама жүргізушісі. * 2010 — «Екі жұлдыз», Қазақстан арнасы, бағдарлама жүргізушісі. * 2011 — «Саз әлемі», ЕлАрна арнасы, бағдарлама жүргізушісі. * 2012 — «Мама мия», КТК арнасы, продюсер, тұрақты баға беруші. * 2012 — «Саз әлемі-2», ЕлАрна арнасы, бағдарлама жүргізушісі. * 2014 - "Жұлдызды дода" , Хабар телеарнасы, бағдарлама жүргізушісі ## Продюсерлік жобалар * КешYou * Ерке Есмахан * Іңкәр 2011 ж. дейін * Айгүл Иманбаева * Shine * Jamilya * Жанар Дұғалова * Лашын (топ) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Баян Есентаева. Интервью Мұрағатталған 7 мамырдың 2012 жылы. (орыс.)
Ардақ Жамансарыұлы Әмірқұлов (10 желтоқсан, 1955 жыл, Ақкөл ауылы, Талас ауданы, Жамбыл облысы) — қазақстандық кинорежиссер және сценарийші. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (С.Соловьевтің шеберханасы бойынша) бітірген (1988).. Оның "Отырардың күйреуі" екі сериялы фильмі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығына (1992), Монреаль қаласында (Канада) өткен халықаралық кинофестивальда (1991) киносыншылар халықаралық ассоциациясының "Фипресси" жүлдесіне, Фигуэйра Де Фош қаласындағы (Португалия) халықаралық кинофестивальдың (1992) "Күміс табақша" жүлдесіне және Ашхабадта (Түрікменстан) 1 халықаралық кинофестивальдың (1992) "Күміс жарты ай" Бас жүлдесіне ие болған. Ал «Абай» екі сериялы фильмі (1995, "Ард-фильм" және "Қазақфильм" студиялары), Ташкент (Өзбекстан) кинофестивалінің "Күміс Семург" жүлдесін (1997); Гатчина қаласында (Ресей) өткен "Әдебиет және кино" 5-кинофестивалінде "Жастар қоғамдық қазылар алқасының жүлдесін" және Бүкілодақтық Мемлекеттік Кинематография институтының медалін алған (1998). 1997 жылы "Ард-фильм" және Қазақстан Ұлттық продюсерлік орталығы көркем фильмдерінің режиссері болған. Ол "Мутанттар" (1987) көркем фильмінің сценарийін жазған. Қазақ ұлттық Өнер академиясында курс жүргізеген (1996). ## Фильмография * 1992 — «Отырардың күйреуі» * 1995 — «Абай» * 1999 — «1997 — Записи Рустема с картинками» * 2008 — «Қош бол, Гүлсары!» * 2018 — «В безмолвии» * 2022 — «Хирург» * 2023 — «Жел тоқтаған жер» ## Дереккөздер
2023 жылдың 19 наурызында Қазақстанда кезектен тыс Мәжіліс депутаттарының сайлауы өтті, оның нәтижесінде Мәжілістің 8-сайланым депутаттары сайланды. Бұл сайлаумен қатар барлық деңгейдегі (аудандық, қалалық, облыстық) мәслихаттар депутаттарының сайлануы өткен еді. Сайлау нәтижесінде ресми тіркелген жеті партияның алтауы мандат алды: Байтақ Жасылдар партиясы Мәжілісте өкілеттік ала алмады. Бұл сайлау — тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тоғызыншы парламент сайлауы. ## Жүргізілуі 2022 жылғы референдум қорытындысы бойынша Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістерден кейін Мәжіліс депутаттарының 70% партиялық тізім бойынша, 30% бір мандатты округтерден сайланатын болады. 2023 жылдың 20 қаңтарында елдің Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) сайлауды тағайындауға, күнтізбелік жоспарды бекітуге, сайлау құжаттарының нысандарын белгілеуге қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың сөзінше 2023 жылғы 1 қаңтар санағы бойынша Қазақстанда белсенді сайлау құқығы бар 11,976,406 азамат бар. ### Бағдарламасы 2023 жылдың 20 қаңтарында Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) отырысында төрағаның орынбасары Константин Петров 2023 жылғы сайлаудың күнтізбелік жоспарын жариялады. ## Партиялары ### Қатысушы партиялар және олардың төрағалары 2023 жылы 21 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) жалпы тіркелген саяси партиялардың жетеуі сайлауға қатысатыны туралы хабарлады. ### Партиялар және үміткерлер саны ## Партия науқандары ### Қазақстан Халық партиясы 21 қаңтарда жүргізілген отырысының нәтижесінде Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) өзінің бұл сайлауда «белсенді қатысатынын» жариялаған. Қантардың 31-і күні партияның ХХІІІ-съезі өтті, оның барысында ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаев «қазақстандықтарды алаңда емес, сайлау учаскелеріне келіп, барлық талаптарды өркениетті, демократиялық жолмен орындау үшін шақырамыз» деді. Съезде энергетика және өнеркәсіп, сондай-ақ жерді беру, көші-қон жұмыспен қамту және әйелдер зейнеткерлік жасын төмендету сияқты мәселелер көтерілді. Съезден бұрын ҚХП құрамынан оның бірнеше мүшелері шыққан еді, солардың ішінен бұрынғы Мәжіліс депутаттарының үшеуі (Жамбыл Ахметбеков, Ерлан Смайлов және Ғазиз Құлахметов) де болған еді. Партиядан шығу себебін олар "нашарланған партия басшылығын" атап кетті. Ермұхамет Ертісбаев айтуынша партияның бекітілген тізімінде 52 адам бар. ### Ақ жол демократиялық партиясы 20 қаңтар күні Ақ жол демократиялық партиясы өзінің осы сайлауға қатысатынын жариялады. 1 ақпан күні партияның ХХІ-съезі өтті, оның барысында партияның сайлауда қатысуы ресми түрде шешілді. «Ақ жол» партиясынан жалпы 77 кандидат ұсынылды, оның ішінде 54-і партиялық тізімге енгізілген, осы тізімде төраға Азат Перуашев, бұрынғы президенттікке үміткер Дания Еспаева, ақын Қазыбек Иса және Сенат аппаратының басшысы болған Әлия Рақышева. Съезде Азат Перуашев пен партияның басқа мүшелері жемқорлыққа қарсы шықты және елдегі демократия, де-офшоризация, әлеуметтік әділеттілік, нарықтық экономика және сыртқы саясат мәселелерін көтерді. ### Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 21 қаңтар күні бұрынғы сайлауларға бойкот жасаған, өзін «елдегі жалғыз оппозициялық күш» деп атайтын Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өзінің 2023 жылғы Мәжіліс және мәслихаттар сайлауына қатысатынын жариялады. 2 ақпан күні болған партияның XX-съезінің барысында партиялық тізім бойынша 19 адам, мажоритар жүйе бойынша партия 6 адам түсетіні белгілі болды. 13 ақпан күні ЖСДП Орталық сайлау коммисиясының қатысушы партиялар тізіміне қабылданды. ### "Байтақ" Жасылдар партиясы 2022 жылы ғана тіркелген "Байтақ" Жасылдар партиясы 2023 жылғы 20 қаңтарда Қазақстанның экологиялық саясатын өзгертуін мақсат қылып, сайлауға алғаш рет қатысатынын мәлімдеді. 21 қаңтарда партия төрағасы Азаматхан Әміртай партияның осы сайлауда экологиялық проблемаларды көтеруге ұмтылатынын айтты. Партиядан тізім бойынша 20 кандидат ұсынылды, оның ішінде әйелдер квотасы бойынша 4 кандидат, жастар квотасы бойынша – 1 кандидат және мүгедектер квотасы бойынша – 1 кандидат бар. ### Ауыл ХДПП 24 қаңтар күні Ауыл Халықтық Демократиялық партиясының төрағасы Әли Бектаев «партияның жаңа сайлау циклінде адал және ашық күреске дайын екендігін» және «партиялық өрістің кеңейгені мен саяси күштер арасындағы бәсекелестіктің дамып келе жатқандығын» айтып кеткен. 4 ақпан күні өткен партияның съезі нәтижесінде партия атынан сайлауда 34 үміткер қатысатыны белгілі болды, сайлауалды бағдарлама қабылданды. Партия үміткерлерінің тізіміне 2022 жылғы президент сайлауына қатысқан үміткердің екеуі: Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден бар. ## Нәтижелері Сайлау нәтижесінде сайлауға қатысқан жеті партияның алтауы Мәжіліске кірді (тек Байтақ партиясы беспайыздық нәтижеге жете алмады) және өзін-өзі ұсынған үміткерлердің жетеуі Мәжілістегі мандаттарын алды. ## Дереккөздер
Кемпірабат бөгені немесе Әндіжан бөгені (қыр. Кемпир-Абад суу сактагычы, өзб. Andijon suv ombori) — Қырғызстан мен Өзбекстандағы суқойма. Бұл екі мемлекет арасындағы аумақтық даудың нысаны. Суқоймада Әндіжан су электр станциясының екі су электр станциясы орналасқан. ## Тарихы Ферғана аңғарында суқоймасын салу идеясын алғаш рет 1917 жылы гидротехник Иван Александров ұсынды. Соның нәтижесінде 1963 жылы 15 наурызда КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен құрылыс туралы шешім қабылданды. Жобаның негізгі мақсаты — Үлкен Ферғана және Үлкен Әндіжан арналары маңындағы, сондай-ақ Ферғана аңғарының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі ауыл шаруашылығы жерлерін сумен қамтамасыз ету болды. Жаңа суқоймасының жобасын бас инженерлер Н.С.Жуйков пен Л.С.Литвактың жетекшілігімен «Средазгипроводхлопок» институтының ғылыми тобы әзірледі. Оның құрылысына КСРО мемлекеттік бюджетінен 297 миллион рубл бөлініп, оны 1970 жылға дейін аяқтау жоспарланған. Алайда, суқоймасының құрылысы 1969 жылы ғана басталып, ақыры 1983 жылы ғана аяқталды. Суқоймасы құрылысы аймағында 1967 жылға дейін жалғасқан Кемпірабат археологиялық экспедициясының археологиялық қазбалары жүргізілді. Суқоймасының құрылысы Қырғыз КСР аумағында бірнеше мың гектар жердің су астында қалуына әкелді. Су басқан жерлер Өзбек КСР-не шекаралас аудандардағы 4127 гектар жерді беру арқылы өтелді, кейін бұл аймақта бірнеше ауылдар мен әуежай (Ақсы ауданында) салынды. Республикалар арасында 1965 жылы 23 қыркүйекте «Әндіжан (Кемпірабат) суқоймасын есепке ала отырып, Қарадария өзенінің су ресурстарын пайдалану бойынша Өзбек КСР су шаруашылығы министрлігі, Қырғыз КСР су шаруашылығы министрлігі, Қырғыз КСР мемқұрылысы, Средазгипроводхлопок және «Кыргызгипроводхоз» жобалау институттары жиналысының хаттамасы» жасалды. Суқоймасының құрылысы Әндіжан су электр станциясының құрылысымен байланысты болды. 2010 жылы Әндіжан СЭС-2 салынды. Су торабы Қарадария өзенінің Ферғана аңғарына шығатын және Ханабат қаласына жақын жерде орналасқан. Оның негізгі мақсаты – суармалы сумен қамтамасыз ету. Суқоймасының іске қосылуы 44 мың га жаңа жерлерді суаруға және Өзбекстанда 257 мың га, Қырғызстанда 159 000 га бұрынғы жерлерді суландыруды арттыруға мүмкіндік берді. ## Сипаттамалары Әндіжан суқоймасы сыртқы түрі бойынша арна болып табылады. Негізгі мақсаты – жерді суару және энергетика. Суқоймасының максималды тереңдігі — 98 метр. Суқоймасының ені — 6 шақырым, ұзындығы — 20 шақырым. Судың көп жылдық көлемі — 1,9 км³, пайдалы көлемі 1,75 км³, жоба бойынша су бетінің ауданы 56 км². Суқоймасына Қарадария өзенінің салалары Тар және Қарақұлжа өзендері құяды. ## Шекаралық қақтығыс КСРО ыдырағаннан кейін суқойма тәуелсіз Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы аумақтық даудың орталығында болып шықты. Суқойманың екі ел үшін маңызы өте зор, өйткені халық тығыздығы жоғары Ферғана аңғарының климаты құрғақ. Өзбекстанда суқойма Әндіжан, ал Қырғызстанда Кемпірабат деп аталады. Қырғыз географы Темірқұл Ешенқұловтың айтуынша, суқойма пайдалы қазбалар кен орнының құрметіне «Кемпірабат» деп аталған деген еді. Сондай-ақ қазіргі суқойманың жанында Кемпірабат қыстағы болған. 2021 жылдың көктемінде суқоймасын Өзбекстанға беру туралы мемлекеттер арасындағы келісім туралы белгілі болды. Алайда Қырғызстанда беру жайлы келісімге қарсы наразылықтардың нәтижесінде кешіктірілді. 2022 жылғы 26 қыркүйекте Қырғызстан мен Өзбекстан арасында мемлекеттік шекараны анықтау және белгілеу туралы хаттамаға қол қойылды. Келісімге наразылық ретінде қырғызстандықтар қазанның 6-сы күні суқоймасының маңына киіз үйлер тікті, кейін оларды құқық қорғау органдары бұзды. 10 қазанда Қырғызстан парламентінің халықаралық істер, қорғаныс, қауіпсіздік және көші-қон комитеті Өзбекстанмен келісімді бекіту туралы шешім қабылдады. Бұған наразылық білдірген белсенділер «суқоймасын қорғау комитетін» құру туралы хабарлады. Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың айтуынша, Өзбекстанмен жасалған келісім суқоймасын 50/50 қағидаты бойынша басқаруға мүмкіндік береді. ## Дереккөздер
Отырардың күйреуі — 1991 жылы «Қазақфильм» киностудиясында режиссер Ардақ Әмірқұлов түсірген драмалық фильм. Фильм кейіпкерлерінің тағдыры әсерлі шайқас көріністерімен шебер тоғысқан. ## Сюжеті Ежелгі Отырар қазақ өркениетінің бесігі болған. XIII ғасырдың басында қаланы сол кезде 64 жаста болған Шыңғыс ханның әскері жаулап алады. Шыңғыс хан жасақтарына жасырын барлаушы болып енген ержүрек Інжу батыр жеті жыл ішінде құлдықтан мыңбасына дейін көтеріліп, соғыстың қыр-сырын меңгеріп алады. Шыңғыс ханның Орталық Азияға өз әскерін жіберу туралы шешім қабылдағанын білген Інжу Хорезм хандығына келе жатқан қауіп туралы хабарлауға асығады. ## Рөлдерде * Дохдурбек Қыдыралиев - Інжу, қыпшақ (титрда Доха Қыдыралиев деп көрсетілген) * Тұңғышбай Жаманқұлов – Қайыр хан, қыпшақтардың билеушісі * Болот Бейшеналиев - Шыңғыс хан * Абдурашид Махсудов - Мұхаммед шах, Хорезм билеушісі * Зәуірбий Зехов - көпес Ялвач * Сәбира Атаева - Құлан * Қасым Жәкібаев – діннен безген адам ## Түсіру тобы * Сценарий авторлары: Алексей Герман, Светлана Кармалита * Режиссер: Ардақ Әмірқұлов * Операторлар: Сапар Қойчуманов, Әубәкір Сүлеев * Суретшілер: Александр Ророкин, Өмірзақ Шманов, Людмила Трахтенберг * Визажист: Светлана Маслова * Композитор: Қуат Шілдебаев * Монтаж: Г. Қыстауова * Директоры: Алексей Герман ## Марапаттары 1991 жылы «Отырардың күйреуі» фильмі шет тіліндегі ең үздік фильм ретінде "Оскар" сыйлығына Қазақстан атынан ұсынылды, алайда іріктеуден өтпеді. Сол жылы фильм Монреаль халықаралық кинофестивалінде FIPRESCI сыйлығымен және Фигейра да Фос кинофестивалінде "Күміс пластинамен" марапатталды. 1992 жылы Дохдурбек Қыдыралиев «Үздік ер адам рөлі» номинациясында «Кинотавр» сыйлығын жеңіп алды. ## Ескертпелер
Айбек Арқабайұлы Дәдебаев (1 сәуір 1980 жыл, Алматы) — мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы. ІІ класты кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар. ## Өмірбаяны 1980 жылғы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «халықаралық құжаттанушы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2003 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің магистратурасын аяқтаған, магистр-аймақтанушы. Еңбек жолын 2001 жылы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті халықаралық туризм менеджменті кафедрасының оқытушысы болып бастады. 2008-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасы көмекшісінің міндетін атқарушы. 2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы Тұрақты Өкілдігінің үшінші хатшысы, атташе, Женева. 2013-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі. 2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары. 2021 жылғы 28 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары болды. 2022 жылдың 11 қаңтарынан – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы. ҚР Президентінің сайлауынан кейін 2022 жылғы 22 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің Іс Басқарушысы болып қайта тағайындалды. 2024 жылғы 6 ақпанда Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды. ## Марапаттары «Ерен еңбегі үшін» медалі. ## Отбасы жағдайы Үйленген,  4 баласы бар ## Дереккөздер
Отырардың күйреуі — 1991 жылы Қазақфильм шығарған фильм. ## Тағы да қараңыз * Отырар апаты
Ботагөз ауылдық округі – Маңғыстау облысы Қарақия ауданында болған әкімшілік бірлік, 2001 жылы таратылған. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ботагөз ауылы кірді. Орталығы – Ботагөз ауылы болды. ## Халқы 1999 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 165 адамды құрады. ## Дереккөздер
Аршағұл (қыр. Арчагул) — Қырғызстанның Талас облысы Айтматов ауданы, Шекер айыл аймағы құрамындағы айыл. ## Халқы 2009 жылы айылда 1472 адам тұрған. ## Дереккөздер
Ботагөз — Маңғыстау облысының Қарақия ауданы құрамында болған таратылған ауыл. Ботагөз ауылдық округінің орталығы болған. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 165 адам болған. ## Дереккөздер
Футзалдан Қазақстан чемпионаты (бұрын Мини-футбол деп аталатын) - қазақстандық футзал кулубтары арасында өткізілетін негізгі футзал біріншілігі. Чемпионат ресми түрде 1998 жылдан бері өткізіліп келеді. 2022-2023 жылғы маусымда чемпионатқа 10 клуб қатысса, 2023 жылы 11 команда болды. 2022 жылы Шымкент «Ордабасы» футзал клубы қосылды, ал 2023-2024 жылғы маусымда жаңадан құрылған Семей футзал командасы қосылды. Алғашқы маусымнан бастап қатысып келете жатқан бірнеше клуб бар. Олар алматылық «Қайрат» футзал клубы мен Рудный қаласынан «Аят» футзал клубы. Ежелгі клубтардың бірі қарағандылық «Тұлпар» футзал клубы қаржы мәселесіне байланысты 2016 жылы таратылды. 2023 жылы Қарағанды атынан команда қосылады деген ақпарат болды. Олардың арасында Тұлпар, Шахтер және Биосфера аталды. Алайда, 2023 жылдың қыркүйегінде Чемпионат 11 командамен өтетіндігі хабарланды. ## Тарихы ### Клубтар бойынша ### Маусымдар ## Чемпионаттың үздік ойыншылары * 2002 — Александр Бондарев («Жігіттер») * 2003 — Александр Бондарев («Жігіттер») * 2005/06 — Какау («Қайрат») * 2006/07 — Какау («Қайрат») * 2007/08 — Рафаэл («Қайрат») * 2008/09 — Динмухамбет Сулейменов («Актөбрентген») * 2009/10 — Келсон («Қайрат») * 2010/11 — Дінмұхамбет Сұлейменов («Қайрат») * 2011/12 — Шыңғыз Есенаманов («Тұлпар») * 2012/13 — Дінмұхамбет Сүлейменов («Қайрат») * 2013/14 — Нунес Жоан Дос Сантос («Қайрат») * 2014/15 — Шыңғыс Есенаманов («Тұлпар») * 2015/16 — Алешандре Диваней Менино («Қайрат») * 2016/17 — Серік Жаманқұлов («Қайрат») * 2017/18 — Дуглас Жуниор («Қайрат») * 2018/19 — Қайрат Иманалин («Ақтөбе») * 2020/21 — Дәурен Тұрсагұлов («Қайрат») * 2021/22 — * 2022/23 — * 2023/24 — * 2024/25 — ## Дереккөздер
Футзалдан Қазақстан Чемпионаты 2022-23 - 2022 жылдың 25 қыркүйегінен бастап 2023 жылдың 25 наурыз аралығында өтті. Чемпионатқа Қазақстанның 9 қаласынан 10 команда қатысты. Ақтөбе қаласынан Ақтөбе және Рахмет клубтары. Осы маусымнан бастап біріншілікке шымкенттік Ордабасы футзал клубы қосылды. Ал қызылжарлық Оқжетпес футзал клубы таратылғандықтан Чемпионатқа қатыспады. ## Қатысушылар ### Формат ### Трансферлер ### Қорытынды кесте ### Үздік ойыншылар Маусымның үздік қақпашысын анықтау клубтардың бапкерлері мен капитандары арасындағы сауалнама негізінде анықталды. Барлығы 55 маман қатысқан сауалнама қорытындысында 16 ұпаймен Ақтөбе клубының қақпашысы Дмитрий Бондарев үздік болып танылды. ### Турлар кестесі ## U-19 ## U-17 ## U-15 ## U-13 Футзалдан U13 Қазақстан біріншілігі екі айналымда өтті. Бірінші айналым 2023 жылғы 3-6 қаңтар күндері Рудный қаласында «Аят Арена» негізінде өтті. Ал екінші айналым 19-26 наурыз аралығында Алматы қаласында Қайрат клубының негізгі базасында өтті. Бұл жас категориясына 2010 жылдың 1 қаңтарынан кейін дүниеге келген 13 жасар балалар қатысты. Жарысқа жалпы саны 15 команда қатысты. Турнир жеңімпазы Қайрат U-13, 2 орын Ақтөбе, ал 3-орынды қарағандылық Тұлпар командасы жеңіп алды. ## Қосымша сілтемелер ## Дереккөздер
Шекер (қыр. Шекер) — Қырғызстанның Талас облысы Айтматов ауданындағы айыл, Шекер айыл аймағы орталығы. ## Халқы 2009 жылы айылда 3573 адам тұрған. ## Дереккөздер
Төле би — Алматы облысы Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Өтеген батыр ауылынан шығысқа қарай 12 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы 2010 жылы Ащыбұлақ ауылдық округіндегі ТСФ (тауарлы сүт фермасы) елді мекені негізінде құрылған. ## Дереккөздер
Шыңғыс Сембайұлы Есенаманов (10 наурыз 1989 жыл, Қарағанды) — қазақстандық футзалшы, Қазақстан мини-футбол құрамасы мен "Қайрат" клубының шабуылшысы. 2012, 2015 жылдары Қазақстанның үздік футзалшысы атанды. 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * http://afrk.kz/rus/novosti/650 Мұрағатталған 12 қаңтардың 2018 жылы.
Төле би — қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек пен Әйтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған.Тағы мағыналары: * Төле би — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы елді мекен * Төле би — Алматы облысы Іле ауданындағы елді мекен * Төле би — Жамбыл облысы Шу ауданындағы елді мекен * Төле би — Алматыдағы көше
Дәурен Тұрсағұлов (16 қаңтар 1996 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген) — қазақ спортшысы, Футзалдан Қазақстан ұлттық құрама командасы мен алматылық «Қайрат» футзал клубының ойыншысы. Футзалдағы амплуасы - шабуылшы. Аягөздегі спорт мектебі футбол бөлімінің түлегі. ҚР спорт шебері, Қазақстан чемпионы, ҚР Суперкубогының иегері. 2018 жылы студенттер арасында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Аталған чемпионаттың үздік шабуылшысы. ## Өмірбаяны ## Футзал Еуропаның мықты чемпионаттарына ауысқым келеді. Мысалы Испания, Италия біріншіліктерінің деңгейі аса жоғары. Сондай-ақ Ресей чемпионатына да доп тебуге барар едім ## Дереккөздер
Айбек Арқабайұлы Дәдебаев (1 сәуір 1980 жыл, Алматы) — мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы. ІІ класты кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар. ## Өмірбаяны 1980 жылғы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «халықаралық құжаттанушы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2003 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің магистратурасын аяқтаған, магистр-аймақтанушы. Еңбек жолын 2001 жылы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті халықаралық туризм менеджменті кафедрасының оқытушысы болып бастады. 2008-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасы көмекшісінің міндетін атқарушы. 2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы Тұрақты Өкілдігінің үшінші хатшысы, атташе, Женева. 2013-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі. 2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары. 2021 жылғы 28 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары болды. 2022 жылдың 11 қаңтарынан – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы. ҚР Президентінің сайлауынан кейін 2022 жылғы 22 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің Іс Басқарушысы болып қайта тағайындалды. 2024 жылғы 6 ақпанда Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды. ## Марапаттары «Ерен еңбегі үшін» медалі. ## Отбасы жағдайы Үйленген,  4 баласы бар ## Дереккөздер
Қарақұл батыр немесе Қарақұл Татанұлы — Ұлы жүз Албан руының Шыбыл тармағынан тарайтын Татан батырдың ұлы. Қарақұлдың атасы Қалқаман Өтейұлы да, әкесі Татан Қалқаманұлы да жоңғарлармен соғыс кезінде ерекше ерлік көрсетіп, осы жолда шейіт болған ірі батырлар еді. ## Өмірбаяны Қарақұл батыр, шамамен 1682 жылдары Жетісу өңірінде дүниеге келген. Жау қастандығының салдарынан әкесінен жас қалған Татан батырдың Өмірқұл, Қарақұл, Майлыбас атты үш ұлына алдындағы жалғыз әпкелері Қарашаш қамқор болып өсіреді. Себебі, Қарашаш қыз он бес жасқа толмай жатып Татан батырдың жұбайы, шешеміз де қайтыс болған еді. Әкесінен жас қалған Қарақұлды үй сыртындағы, ел арасындағы жұмыстарға, сол заманда Қоңырбөріктің басшысы болған, сөзін ұстаған, сабасында үйрек жүзген Тама байдың баласы Сейітқазы би тәрбиелеген. Жастайынан өжет, батыл болып өскен Қарақұл он төрт жасқа толар толмастан өз ағайындарына болсын немесе жауларына болсын кеткен есесін, кегін жоқтай бастайды. Қарақұлдың атасының, әкесінің батырлығын, қайсарлығын білетін және Қарақұлдың өз басының көкжал болып өсіп келе жатқандығын көріп, сарапқа салып отырған ағайын да, жау да болашақ батырға ештеңе дей алмай талап еткенін орындайды. Атап айтар болсақ, Қарақұл қазақ-қалмақ жаугершіліктерінің негізінде өмірден ерте өткен ағасы Өмірқұлдан қалған нәмеңгері Таңсұлу шешемізді және әкесі Татанның құнын алу барысында Қалбике, Баранкүл шешелерімізді алады. Осындай жағдайлардан бастау алған, Қарақұл бабамыздың қалған ұзақ өмірі елдік пен ерлікке, Отан қорғауға деген батырлыққа, ата баба әруағының алдындағы адалдыққа, ірілік пен кісілікке, парасаттылық пен адамгершілікке, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікке негізделген. ## Батырлық жолында Қоңырбөрік Қарақұл батыр бүкіл саналы өмірін тағы да арыдан айтсақ Тәуке, Болат, Абылай хандардың, Төле бидің, Наурызбай батырдың, беріден айсақ Әлмерек бидің, Ханкелді, Райымбек батырлардың бастауымен жаугершілікте өткізді немесе ел үшін, Отан үшін, жеткіншек ұрпақ үшін «Түнде бел шешіп ұйқтамады, күндіз күлмеді». Жоғарыда айтқан, ел ағаларының бастауымен замандастары Малай, Қасқары, Өтеген, Жанай, Елтінді, Сатай, Аралбай, Есімбек, Шағаман, Қараш, Найманбай, Әжібай, Ердос, Шотан, Атығай және тағы басқа батырлармен бірге қазақ жерінің оңтүстігі мен оңтүстік - шығысын, шығысын жау қолынан азат етуге белсене араласты. Қарақұл батыр, қасиетті Түркістан өңіріндегі Бөген өзені бойындағы шайқастарға, Аңыраңқай шайқасына, Әулиета мен Алматы өңірлерінде, Тарбағатай өңірінде болған небір қанқасап соғыстарды бастан кешірген. ## Ер есімі ел есінде «Қырық жыл қырғын болса да, ажалы жеткен ғана өледі» деп айтпақшы осы соғыстардан аман шыққан Қарақұл батыр ұзақ жасап, жүз үш жасында, 1785 – інші жылдарда, Албанның аты әйгілі батыры Райымбекпен қарайлас, жалғаннан ақыретке жол тартқан.Биыл, туғанына 340 жыл, өмірден өткеніне 237 жыл толып отырған Қарақұл батырдың өмірден өткенінен кейін 9-10 ұрпақ ауысып кетсе де, әлі күнге ел есінде, ұрпақ жадында. Қарақұл батырдың атымен аталатын жер – су атаулары, Түркістан өңірі мен Жетісуда, Семей өңірінде, Қытай жеріндегі Текес тауларында сайрап жатыр. ## Артында қалған ұрпақтары «Алаштан аз болсам да, ағайыннан аз болмайын» деп тоғыз әйел алған. Бұл күндері ұрпақтары Жетісудағы Қулықтаудың солтүстігі мен оңтүстігінде, Шелек, Есік, Талғар, Үлкен және Кіші Алматы, Қаскелең, Шу өзендерінің бойларындағы елді мекендерде, Түркістан, Жезқазған, Қордай өңірі мен сол кісі армандаған мемелекет астанасында бір жерде толығымен, бір жерде шашырай орналасып өмір сүріп жатыр. Олардың арасынан, ертеректен бастасақ, Қарақұл батырдың баласы Досан, немерелері Әлібек Досанұлы, Сәлмен Бөгенбайұлы, Бедел Тоғарыстанұлы, Көкімет сияқты батырлар, Қоқымбай, Аппас, Қасаңбай, Қасен, Қайыңбай, Садығожа, Сарбас, Төлеңгіт, Тыныбай, Қырғызбай, Көпжан, Әден .... сияқты би - болыстар, ел ағалары Әбдібай, Есен, Сәкен, Рақыш, Адыбай ..... сияқты ақындар, молда Сыламжан Исаұлы, молда Нұрғожа, .... сияқты молдалар, Кенжебай мен Әуп, .... сияқты балуандар, Зәкір, ... сияқты домбырашылар, Белеу, ... сияқты емшілер, кеше ғана осы жолдардың авторы көзімен көрген, колхоз басқарған Намазбай, Арын Қуанбеков, Кемал Әденов, Әсет Ақылбеков, Қожақан, Әлдибай, ..... , еліне, жеріне жанашыр болған Құдайберген Жылқыбаев, еңбек ардагерлері Зәкір,... сияқты әкелеріміз бен ағаларымыз шықты. Мақаланы дайындаған: Жанболат Тұрсынқожаұлы Қайыңбаев - Сүлеймен Демирел университетінің профессоры. Педагогика ғылымдарының кандидаты. ## Дереккөздер
Қасым Шәріпұлы Шәріпов (1912 — 13 желтоқсан 1984) — кеңестік шаруашылық, мемлекеттік және саяси қайраткер. ## Өмірбаяны 1912 жылы Қараөзек стансасында дүниеге келді. КОКП мүшесі. 1927 жылдан бастап - шаруашылық, қоғамдық және саяси жұмысқа кірісе бастады. 1927-1974 жж. – «Лениншіл жас» комсомол газеті редакциясының хатшысы, «Партиздат» редакторы, ғылыми аудармашы-қызметкер, Қазақстан КП ОК партия тарихы институтының сектор меңгерушісі, Ұлы Отан соғысына қатысушы, 316-атқыштар дивизиясы 23-атқыштар полкі 8-ротасының саяси нұсқаушысы, 100-жеке қазақ атқыштар бригадасының «Алға» қазақ газетінің редакторы, 8-гвардия атқыштар дивизиясының «Отан үшін!» дивизиялық газеті редакторының орынбасары, Партия тарихы институты директорының орынбасары, «Социалистік Қазақстан» республикалық партия газетінің редакторы, Партия тарихы институтының аға ғылыми қызметкері, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ғылым және мәдениет бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Ақпарат агенттігінің директоры. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-5 шақырылым депутаты болып сайланды. 1984 жылы Алматыда қайтыс болды. ## Сілтеме * Ашимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане: Биографическая энциклопедия. — 11-е изд., доп.. — Алматы: Credo, 2010. — С. 1091. — 1192 с.
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрама командасы — УЕФА и ФИФА ұйымдастыруымен өтетін футзалдан жарыстарға Қазақстан атынан қатысатын ұлттық құрама команда. 2002 жылға дейін АФК-да өнер көрсетсе, одан бері қарай УЕФА сапында өнер көрсетеді. Еуропа чемпионаттарында бес рет ойнаған. ФИФА әлем рейтингісінде Қазақстан құрмасы 2021 жылдың 25 қыркүйегіне сәйкес 3-ші орынмен әлемнің үздік үштігіне кіреді. 2023 жылғы 19 сәуір күні жаңартылған рейтинг бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА рейтингісінде 50 елдің ішінде 4-орын (2344,395 ұпай). УЕФА клубтық рейтингі еурокубоктардағы барлық еуропалық клубтардың нәтижелері негізінде жасалады. Қауымдастықтың клубтық рейтингін немесе елдің рейтингін есептеу кезінде оның барлық клубтарының нәтижелері ескеріледі. Ол келесі маусымға арналған еурокубоктардағы қауымдастық өкілдерінің санын анықтау үшін қолданылады. УЕФА-ның футзалдан ерлер құрамасының коэффициенттері Эло алгоритмі бойынша барлық іріктеу матчтары мен финалдық кезеңдердегі бірінші ерлер құрамасының нәтижелері негізінде есептеледі. Коэффициенттер УЕФА турнирлерін жеребе тастау кезінде ұлттық құрамалардың топқа бөлуін анықтау үшін қолданылады. Командаларға берілетін немесе жазаланатын ұпайлар саны бір-бірімен ойнайтын екі команда арасындағы салыстырмалы күштің функциясы болып саналады. Жүйе 2020 жылғы Әлем чемпионатына еуропалық іріктеу турнирінің басынан бастап енгізілді. Ресми турнирлердегі ересектер құрамасының барлық матчтары (футзалдан еуро және футзалдан Әлем чемпионаты, іріктеу және финалдық турнирлер) есептеледі. Жолдастық матчтар есепке алынбайды. Рейтинг кестесіне кіру үшін команда коэффициенттерге әсер ететін кем дегенде екі матч ойнауы керек және алдыңғы 36 айда белсенділікті көрсетуі керек. Жаңа команда рейтинг кестесіне енген кезде, оған сол кезде кестені жабатын команданың коэффициенті беріледі. ## Тарихы ### Қазақстан футзалы 1993 жылы Алматылық «Мерей» футзалдан әйелдер арасындағы І Ұлтаралық Кубоктың жеңімпазы атанды. Сол жылы Алматылық «Мерей» футзалдан әйелдер арасындағы І Ресей ашық чемпионатында жеңіске жетті. 1994 жылы Қазақстан ФИФА мен АФК қауымдастықтарына толық құқылы мүшесі ретінде қабылданды. 1996 жылы футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Иран астанасы Тегеранда III Әлем чемпионатының іріктеу турниріне қатысып, ФИФА аясында алғашқы ресми турнирін өткізді. 1999 жылы футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Азия футбол конфедерациясының ресми турниріне алғаш рет қатысты. Олар Малайзия астанасы өткен І Азия чемпионатында сынға түсіп, қола жүлде жеңіп алды. 2000 жылы футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Таиланд астанасы Бангкокте өткен Азия чемпионатына күміс жүлдені жеңіп алды. Бұл жетістік арқылы Қазақстан құрамасы футзалдан IV Әлем Чемпионатына жолдама алды. Спорттың бұл түрінен Қазақстан тұңғыш рет финалдық кезеңге өтті. 2001 жылы футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Иранның астанасы Тегеранда өткен III Азия чемпионатына қатысты. Топтық кезеңде қарыластардан озып шыққан команда ширекфиналда Жапония құрамасынан ұтылады. 2002 жылы Алматылық «Әліби» мини-футбол клубы футзалдан УЕФА Кубогына қатысты. Қазақстандық клубтың топтық кезеңдегі қарсыластары «Зрински Карака» (Босния және Герцеговина), «Клирекс» (Польша) және «Антена 3 Бумеранг» (Испания) атанды. Топтық кезеңдегі барлық матч Босния және Герцеговинада өтті. Қазақстандық футболшылар алаң иелерінен 1:3, испаниялықтардан 1:11 есебімен жеңілді. Ал, польшалық клубпен 4:4 есебімен тең ойнады. 2006 жылы футзалдан Қазақстан чемпионы «Қайрат» (Алматы) халықаралық деңгейдегі ірі табысқа қол жеткізді. Олар 2005/2006 жылғы УЕФА Кубогының жартылай финалына шықты. 2008 жылы футзалдан Қазақстан жастар құрамасы Венгрияда өткен 2008 жылғы Еуропа Чемпионатына іріктеу турнирін ұтты. Бас бапкердің қызметін атқарушы Әміржан Мұқанов бастаған құрама Венгрия, Беларусь және Латвияны ұтып, финалдық турнирге жолдама алды. 2011 жылғы 29 сәуір—1 мамыр аралығында Қазақстанда тұңғыш рет футзалдан УЕФА Кубогының төртеудің финалы өткізілді. Жарыс Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Нәтижесінде алматылық «Қайрат» кола жүлдеге ие болды. 2013 жылы футзалдан алматылық «Қайрат» тұңғыш рет УЕФА Кубогының чемпионы атанды. 2014 жылы футзалдан алматылық «Қайрат» еліміздің тарихында тұңғыш рет Әлем Суперкубогының иегері атанды. 2015 жылы футзалдан алматылық «Қайрат» екінші рет УЕФА Кубогының жеңімпазы атанады. Финалдық ойында Какау командасы атақты «Барселонаны» ұтты. ### Футзалдан 2016 жылғы Еуропа чемпионаты 2016 жылы футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіндегі алғашқы ойынын Ресей құрамасымен өткізді. Ромуло соққан екі голдан кейін Ресей құрамасы алға шықты. Бір минут өткеннен кейін Игита пасын қақпаға бағыттаған Серік Жаманқұлов есеп айырмасын қысқартты. Бұл Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатының тарихында соғылған алғашқы голы болды. Есеп 2:1. Еуропа чемпионатында екінші ойынын Хорватия құрамасымен өтті. Қазақстан құрамасы 6-минутта есеп ашты. Павел Такудың соққысынан кейін қақпа бағанасынан қайтқан допты Дуглас гол соқты. Алайда бір минуттан соң Хорватия ойыншылары қарымта қайтарды. Дегенмен, Дінмұxамбет Сүлейменов 15 секундтан кейін есепті еселеді. Одан кейін Серік Жаманқұлов екі гол соқты, ал Хорватия ойыншылары есеп айырмасын қысқарта алды. Қорытынды есеп - 4:2. Қазақстан құрамасы тариxи жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне шықты. Қазақстан құрамасы топтан екінші орынмен шығып, ширек финалда Еуропа чемпионы Италия құрамасымен кездесті. Ойынның 16-минутында команда капитаны Дінмұхамбет Сүлейменовтің бұрыштама добынан берген пасынан кейін Лео қақпаға дәл соққы бағыттап, есеп ашты. Үш минуттан кейін Леоның пасын ұтымды пайдаланған Серік Жаманқұлов есепті 2:0-ге жеткізді. Ойынның алғашқы бөлігі осы есеппен аяқталды. Екінші таймда Фортина есеп айырмасын қысқартқанымен, Шыңғыс Есенаманов гол салып, есепті ұлғайтты. Италия құрамасы алаңда бесінші ойыншы шығарып, тағы бір гол соқты. Голдың авторы - Мауро Каналь. Алайда, әрі қарай тек қазақстандық футболшылар мергендік танытты. Алдымен Дәурен Нұрғожин Шыңғыс Есенамановтың пасын тиімді пайдаланса, соңғы секундта Лео бос тұрған қақпаны дәл көздеп, кездесу нәтижесін түйіндеді. Қорытынды есеп - 5:2. Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа Чемпионатының жартылай финалында Испания құрамасымен кездесті. Өкінішке қарай, бас бапкер негізгі құрамның екі ойыншысының көмегіне жүгіне алмады. Қақпашы Игита ескерту алуына байланысты жартылай финалға қатыса алмаса, Шыңғыс Есенаманов жарақатына байланысты алаңға шыға алмады. Дугластың пасын Александр Довгань голға айналдырды. Бірінші таймның соңына дейін Испания ойыншылары қарсыластарының қателіктерін пайдаланып, 3:1 есебімен алға шықты. Ойынның екінші жартысы Қазақстан ойыншылары сәтсіз басталды. Үлкен күшпен шабуылға ұмтылған ойыншылар бос қақпаға гол соқтырып алды. Дегенмен, қазақстандықтар есеп айырмасын бір голға дейін қысқартты. Алдымен, Михаил Першин пасын Лео ұтымды пайдаланса, кейін Дугластың соққысынан кейін Серік Жаманқұлов допты қақпаға дарытты. Алайда, соңғы голды Испания футболшылары соқты. Рауль Кампос соңғы минутта ойындағы екінші голын салды. ### Футзалдан 2016 жылғы әлем чемпионаты Колумбияда басталған футзалдан 2016 жылғы Әлем Чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын Аргентинамен өткізіп, 0:1 есебімен есе жіберді. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз голды бірінші таймның аяқталуына 38 секунд қалғанда Аламиро Вапораки соқты. Футзалдан Колумбияда өтіп жатқан Әлем Чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші ойынын Коста-Рика құрамасымен өткізіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл Қазақстан құрамасының Әлем Чемпионаты тарихындағы алғашқы жеңісі. Қазақстан құрамасы Әлем Чемпионатында өз тобындағы соңғы ойында Соломон аралдарын 10:0 есебімен ұтып, алғша рет плей-офф кезеңіне жолдама алды. ### Футзалдан 2021 жылғы Әлем чемпионаты 2020 жылы Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Румыния (1:3), Словения (4:3) және Чехия (5:2) командаларымен элиталық раундта ойнап, 2020 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне Литваға жолдама алды. 2021 жылы Литвада өткен әлем чемпионатында төртінші орын алып, тарихтағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Рикардо Кака бастаған құрама топтық кезеңде Коста-Рика (6:1), Литва (3:0) және Венесуэламен (1:1) кездесті. ⅛ финалда команда Таиланд құрамасын ойсырата жеңді (7:0), ал ширек финалда қазақстандықтар драмаға толы кездесуде Иранды (3:2) ұтты. Қазақстан құрамасы әлемнің үздік төрт командасының қатарына кіріп, мундиалдың финалына шығуға бір қадам қалғанда пенальти сериясында болашақ әлем чемпионы Португалияға жол берді. Қола медаль үшін болған ойында Қазақстан құрамасы Бразилия құрамасынан 2:4 есебімен ұтылды. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының көшбасшысы Дуглас Жуниор мундиалдың қола добын иеленді, ал ұлттық құрама шабуылшысы Тайнан 6 гол соғып, турнирдің үшінші бомбардирі атанды. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы әділ ойыны үшін ФИФА-ның «Fair Play» арнайы сыйлығымен марапатталды. ### Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты 2022 жылы Қазақстан құрамасы Нидерландыда өткен Еуропа-2022 чемпионатына қатысты. Рикардо Каканың шәкірттері топтық кезеңде Словенияға (4:4), Финляндияға (6:2) және Италияға (4:1) қарсы ойнады. Бірақ ширек финалда Қазақстан құрамасы Украина командасынан (3:5) жеңілді. Еуро-2022 қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының шабуылшысы Біржан Оразов 5 матчта 7 гол көрсеткішімен турнирдің үздік бомбардирі атанды. ### Футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионаты 2024 жылы Футзалдан әлем чемпионаты оныншы рет өтеді. Әлем чемпионатын Өзбекстан қабылдайды, ал турнир 2024 жылғы 14 қыркүйектен 6 қазан аралығында Ташкент, Бұхара және Андижан қалаларында өтеді. Чемпионаттың жеребесі 2024 жылғы 26 мамыр күні Самарқанд қаласында өтті. Жеребе қорытындысы бойынша төрт командадан тұратын алты топ жасақталды. Барлығы 24 елдің құрама командалары қатысады. Негізгі іріктеу кезеңі 2022 жылдың шілдесінде Швейцарияның Ньон қаласында 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің негізгі кезеінің жеребесі тартылды. Жеребе нәтижесінде Қазақстан құрамасы бесінші топқа түсіп, Словения және Черногория құрамаларымен ойнайтын болды. Негізгі іріктеу кезеңі 12 топтан тұрады. Әр топтың жеңімпаздары мен екінші орын алған үздік 4 команда тікелей элиталық кезеңге шығады. Ал екінші орын иеленген қалған 8 команда өтпелі ойындар арқылы тағы 4 жолдаманы сарапқа салады. Черногориямен болатын ойынның алдында жарақат алып қалған Дәурен Нұрғожиннің орнына Ринат Төреғазин шақыру алды. Сонымен қатар бас бапкер Ақтөбе футзал командасының ойыншысы Батырхан Кенжеғалиді де құрама сапына шақырды. Команда капитаны Лео Игита ойыналды жаттығуда арқа жарақатын алғандықтан оның орнына Нарун Серіков құрамаға шақырту алды. Қазақстан құрамасы негізгі іріктеу кезеңінің соңғы ойынында Словениямен тең түсті. Осы нәтижемен топтан бірінші орыннан келесі айналымға өтті. Қазақстан - 10 ұпай. Элиталық кезең Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Әлем чемпионатына іріктеуде элиталық кезеңге өтіп, А тобында Нидерланд, Әзербайжан, Румыния құрамаларымен сайысқа түседі. Элиталық іріктеу кезеңінің ойындары 2023 жылдың қыркүйек айында басталып, желтоқсанға дейін жалғасады. Бес топтың жеңімпазы 2024 жылғы Әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Екінші орын алған 4 команда плей-офф кезеңінде бақ сынасады. Олардың жеребесі 2024 жылдың 25 қаңтарында өтеді. Жеребе қорытындысында финалдық кезеңге жолдама алатын екі құрама 8-17 сәуір аранығында өтетін ойындарда анықталады. Әлем чемпионатының финалдық кезеңі 2024 жылғы 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбестанның Ташкент қаласында өтеді. 2023 жылғы 15 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Нидерланд құрамасымен сырт алаңда кездесті. 20 қыркүйек күні Румыния құрамасымен Алматыда ойнап, 4:3 есебімен жеңіске жетті. 2023 жылғы 6 қазанда Қазақстан ұлттық құрамасы Бакуде Әзербайжан құрамасымен кездесті. Кездесуде Қазақстан 2:4 есебімен жеңіске жетті. Әзербайжанмен ойынға құраманың негізгі ойыншыларынан басқа қақпашы Қанат Жеткірбаев («Ақтөбе»), Ақжол Дәрібай («Семей»), Олжас Тайбасаров («Астана»), Лео («Жоинвиль», Бразилия) шықырылды. 11 қазан коні Қазақстан құрамасы Астанада Әзербайжан құрамасымен қарымта ойын өткізді. Ойын Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтті. Әзербайжандық команда матчта Амадеу соққан голдың арқасында есеп ашты. Төрт минуттан кейін Галло есепті еселеді. 13-минутта Қазақстан құрамасы Леоның соққысымен айырманы қысқартты, ал таймның соңына қарай Біржан Оразов таразы басын теңестірді. Екінші таймның басында Дуглас Қазақстан құрамасын алға шығарды. Осы матчта Лео және Біржан Оразов ұлттық құрама сапында өздерінің 50-нші ойындарын өткізді. Ал Дуглас Жуниор ұлттық құрамадағы өзінің 60-шы олын соқты. ## Қазақстан құрамасының топтық ойын кестесі ## Құрамы ### Футзалдан Әлем чемпионатына іріктеу кезінде бекітілген құрама (2022-2024) Рикардо Кака 2022-2023 маусымын аяқтаған соң Қайрат футзал командасының бас бапкері қызметінен кету туралы және барлық уақытын Ұлттық құрамаға арнайтынын хабарлады. 2023 жылдың шілде айында бас бапкермен жаңа келісім-шарт жасалды. Келісімшарт мерзімі 2024 жылдың соңына дейін деп бекітілді. Рикардо Кака ұлттық құраманы 2018 жылдан бастап жаттықтырады. Бапкерлер штабы: * Пауло Рикардо Фигейро Силва (Кака) — Бас бапкер * Дәурен Нұрғожин — Бас бапкердің көмекшісі * Григорий Шамро — Қақпашылардың жаттырықтырушы * Тьяго Дуарте Вийера — Физиотерапевт * Вендел Луиз – физикалық дайындық бойынша бапкер * Ахматхон Искандаров – доктор * Ойбек Пулатов – массажист * Куаныш Избасаров – менеджер * Рахат Акимкул – администратор ## Нәтижелері ### Əлем чемпионаты ### Еуропа чемпионаты ### Азия кубогы ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ұлттық командалардың барлық матчтар нәтижелері Мұрағатталған 16 қарашаның 2016 жылы.
Цесна футбол клубы —Қазақстан бірінші Лигасында, ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Жас команда болғандықтан әлі бірінші Лигада 2010 жылы алғашқы маусымын өткізді. Ең жоғарғы орны - 5 орын 2010 жылы. Қазақстан Футболына үлкен қосып жүрген "Цесна" командасының негізі 2000 жылы қаланды. Содан бері жасөспірімдерді тәрбиелеумен келе жатқан команда 2008 жылға дейін Алматы ФК деген атпен Қазақстан Премьер Лигасында өнер көрсетіп, тіпті аз уақыттың ішінде Қазақстан Кубогын жеңіп үлгерді. Және Еврокуктарда бақ сынады. 2008 жылы Алматы ФК мен Мегаспорт ФК қосылып Локомотив деген атпен базасын елордасы Астанаға ауыстырғаннан кейін команданы қайта жасақтап Қазақстан бірінші Лигасының алғашқы маусымында-ақ 5-ші орыннан көрінді. ## Құрылу тарихы 2009 жылы 29 маусым күні "Цесна" корпарациясының күшімен "Цесна" балалар-жасөспірімдер клубы ашылды. Клуб құру Әділбек Жақсыбековтың жоспары десекте болады. Ол қаладағы 1986 жылғы жас өрендерді №8 балалар-жасөспірімдер мектебіне шақырды. Осы бағытпен жыл сайын жас балалардың командаға келуімен дәл осылай команда өз жұмысын тиянақты жасай берді. Бүгінгі күнге дейін "Цесна" клубы Қазақстан футболының ойыншыларын тәрбиелеуші түп тамыры болып саналып келеді. Қазіргі таңда клубта 7 жастан 18 жасқа 300-дей оқушы тәрбиеленуде. Жаттықтырушылар саны - 21. Барлық жас шамасының тәрбиеленушілері жыл сайын халақаралық және Республикалық турнирлерге қатысып жүр. Жұмыс істеп келген 10 жылдың ішінде клуб 193 футболшы тәрбиелеп шығарды. ### Клубта тәрбиеленген танымал ойыншылар Сергей ОстапенкоСергей ЛаринАбзал ЖұмабаевАқжол СерікжановТельман ЗунуновБақыт ӘбуовМарат ШахметовАндрей Шабанов ## Сілтемелер * Рсеми сайты Мұрағатталған 15 наурыздың 2012 жылы. * Қазақстан бірінші Лигасының кестесі Мұрағатталған 2 шілденің 2010 жылы.
Баде (беде, боде) — Нигерияда тұратын халық. 650 мыңға жуық өкілдері бар. ## Тілі Олардың көпшілігі баде тілінде сөйлейді. Диалектілер: Батыс (баде), шығыс (дувай), Оңтүстік (адо). Хауса тілі де кең тараған. ## Діні Ислам дінін ұстанады. Дәстүрлі наным-сенімдерді (ата-баба культі мен табиғат күштерін) ұстанушылар бар. ## Тарихы Бұл халықтар туралы алғашқы деректер XIV ғасырда кездеседі. Аңыз бойынша, бір кездері бұл адамдар Канем қаласында тұрған, бірақ олар бұл жерді тастап, Гонголаның жағасына көшіп, әлі күнге дейін сол жерде тұрады. Африканың көптеген халықтары сияқты, баделердің де өз культтері бар. ## Кәсібі Негізгі кәсібі – егіншілік (құмай, тары, жүгері, маниок, ямс, тәтті картоп, мақта, жержаңғақ), мал шаруашылығы (малшылық), ұсталық, тоқымашылық, былғары өңдеушілер, темір ұсталары мен балықшыларды да кездестіруге болады. ## Өмір салты Отарлауға дейінгі кезеңде саяси құрылым – Бедде әмірлігі құрылды. Әлеуметтік ұйымның негізін көп балалы отбасылар мен патрилинейлік рулар құрайды. Неке вирилокалдылық. Олар ықшам ауылдарда, төбесі тегіс ағаш үйлерде тұрады. Дәстүрлі киімдерді хаусандық және еуропалық костюмдер алмастыруда. Тамағы негізінен көкөністер (жарма, бұқтырылған, пісірілген түйнектер) және сүт, азырақ ет. ## Дереккөздер
Қазақстан халық партиясы (ҚХП) — Қазақстандағы солшыл социал-демократиялық саяси партия. Қазіргі төрағасы — Ермұхамет Ертісбаев. 2004 жылғы 13 сәуірде партия құрылғанда Қазақстан коммунистік халық партиясы (ҚКХП) деп аталған. Сол жылғы 21 маусымда бұл партия тіркелгенде оның құрамында 90,000 мүше бар еді. 2012 жылы партия тұңғыш рет Мәжілісте мандат жеңіп алды. 2020 жылы партияның атауы қазіргі атауына өзгертілді. Партия қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа адал. 2022 жылы ол Халықтық коалицияның құрамында болған. ## Тарихы Партия Қазақстан Коммунистік партиясынан бөлініп шыққанда құрылған еді. Жаңа партия құру идеясы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Серікболсын Әбділдинмен келіспеушілік салдарынан мүшеліктен шыққан 12 мүшеге тиесілі болған. ҚКП-нан бөліну себебі Төлен Тоқтасыновтың Мәжіліс хатшысы және депутаты болып сайлануы болған. 15,000-ға жуық мүше ҚКП-нан ҚКХП-на кетті. ҚКХП тұңғыш съезі 2004 жылғы сәуірде өтті, 2004 жылғы 21 маусымда партия Әділет министрлігінде тіркелді. 2004 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде партия жалпы дауыстың тек 1.98% жинап, еш мандатқа қол жеткізе алмады. Келесі жылғы президент сайлауында ҚКХП ұсынған Ерасыл Әбілқасымов дауыстың 0.34% жинап, жеңіліп қалды. 2007 жылғы 28 наурызда ҚКХП мен ҚКП бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді, онда олар жақында бірігетінін айтты. ҚКХП кейіннен ірі саяси қайшылықтарға байланысты ҚКП-мен байланыстан бас тартты. 2007 жылғы маусымда болған баспасөз мәслихатында ҚКХП бірінші хатшысы Владислав Косарев Қазақстан Коммунистік партиясы ҚКХП-мен қосыла алмауына басты себеп екі партияның тек жоғары деңгейде ғана біріккісі келгенін және жергілікті басқарудың оған қатыспағандығы деді. Косарев сонымен қатар ҚКП құрылымдары толығымен жойылып, партияның халық арасындағы беделі нөлдік деңгейге дейін төмендегенін айтты. 2007 жылғы парламент сайлауында партия жалпы дауыстың 1.29% жинап, Парламентке түспей қалды. 2012 жылғы парламент сайлауында партия жалпы дауыстың 7.19% және 7 мандат жеңіп алып, билік партиясын санамағандағы Парламентке түскен бірінші партиялардың бірі болды. Ресми түрде оппозицияда болғанымен, партия президентке қарсы еш сөз айтып көрмеген, үкіметті қолдайтын партия саналады. 2020 жылғы қарашада өткен партияның кезектен тыс XV съезінде партия атауы Қазақстанның халық партиясы болып өзгерді. Съезде, оған қоса, партия бағдарламасына бірнеше өзгертулер енгізді. Кезектен тыс съезге партияның 33 делегаты қатысты. Владислав Косаревты санамағандағы әр делегат партия атауының өзгеруіне дауыс берді. Партия төрағасы болып бірауыздан Айқын Қоңыров сайланды. Ол партияның 2013 жылғы маусымнан де-факто басшысы болған Косаревтың ізбасары болды; бұл жылдары партия хатшылары қызметінде Жамбыл Ахметбеков, Тұрғын Сыздықов, Виктор Смирнов және Гаухар Нұғманова еді. 2022 жылғы қазанда ҚХП Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдаймын деп, Халықтық коалиция құрамына кірді. 2024 жылғы 1 шілдеде Алматыда болған баспасөз мәслихатында партияның бірнеше мүшесі Ермұхамет Ертісбаевтың партия төрағалығынан кеткенін талап етті. Наразылар сөзінше, партиядағы келіспеушілік «құрылып жатқан Ертісбаевтың жеке басына табынуынан» шыққан. Бұрынғы төраға орынбасары Асхат Асылбеков, оған қоса, 2023 жылғы жергілікті сайлаулардан бұрын Ертісбаев бір сұхбатта өзінің Назарбаевқа мәңгі адал болатынын айтқан деген. Ертісбаевтың осы сөзі партияның бетбеделін төмендетеді делінеді. Асылбековпен қатар төрағаны сынға алғандар арасында партияның Алматылық бөлімшесінің басшысы Төлеужан Жүндібаев және Маңғыстау облысының өкілі Әбдірашит Мұқырұлы Нияз бар. Олар, оға қоса, Ертісбаевтың өз YouTube арнасына партия қаражатын бөлгеніне және Бишімбаев ісіндегі Қуандық Бишімбаевты қолдағанына қарсылығын көрсеткен. Сынға алынғандар қатарында тағы төраға орынбасары Мирас Аукенов да болды. Наразылар, оған қоса, партия кезектен тыс съезінің өткенін талап етті. ## Идеологиясы Бастапқыда марксистік-ленинистік партия болған ҚХП бұрын өзін социалистік және солшыл деп сипаттайтын. Алайда қазір олар өзі «халық капитализмі» дейтін идеяны қолдайды. ## Құрылымы ҚКХП-на мүшелік Партияның бағдарламалық және жарғылық айқындамаларын бөлісетін Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары үшін партия билетімен бекітілген ерікті, жекелей, кесімді болады. ҚКХП партиясының ұйымдық құрылымы аумақтық принцип бойынша құрылады. ҚКХП ұйымдық негізі бастауыш партия ұйымдары болып табылады. Олар партияның аудандық және қалалық комитеті бекітетін партияның үш және одан да көп мүшесінен құрылады. Филиалдар мен өкілдіктер халық арасында Партия саясатын жүргізеді, мемлекеттік атқарушы және өкілді органдармен, саяси және қоғамдық құрылымдармен өзара іс-қимыл жасайды, өз мөрі және фирмалық бланкілері болады. 2010 жылғы маусымда ҚКХП құрамында 1,868 бастауыш партия ұйым, 178 аудандық ұйым, 33 қалалық ұйым, 14 облыстық ұйым және Алматы мен Астана секілді республикалық маңызы бар қалалық ұйым жұмыс істеді. Қазақстан Коммунистік Халық партиясының жоғары органы Орталық Комитет 4 жылда кемінде 1 рет шақыратын съезд болып табылады. Съезд шақыру туралы шешім съездің отырысы күніне дейін 2 айдан кешіктірмей баспасөзде жарияланады. Партияның бақылау органдары мыналар: ҚКХП съезі сайлайтын Орталық бақылау-тексеру комиссиясы (ОБТК); Партияның филиалдары мен өкілдіктеріндегі партия конференцияларында олардың басшылық етуші органдарымен бірлесіп құрылатын облыстық, қалалық және аудандық бақылау-тексеру комиссиялары (ОБТК, ҚБТК, АБТК); жалпы жиналыс сайлайтын бастауыш партия ұйымдарының бақылау-тексеру комиссиялары. Бақылау-тексеру комиссиялары өздерін сайлаған жоғары органға, атап айтқанда: партия съезіне, филиалдар мен өкілдіктердің конференцияларына, бастауыш ұйымдардың жиналыстарына есеп береді. ## Сайлану тарихы ### Президенттікке үміткерлері ### Мәжіліске сайлануы ## Дереккөздер