text
stringlengths 3
252k
|
---|
Қайрат — Алматы облысы Талғар ауданы, Гүлдала ауылдық округінің құрамында болған ауыл. Қазіргі уақытта Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы шағын аудан.
## Халқы
1999 жылы халық саны 674 адам болса, 2009 жылы 1721 адамды құраған.
## Дереккөздер |
Интернациональный ауылдық округі — Ақмола облысы Целиноград ауданында болған әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Интернациональное, Қызылсуат, Күйгенжар, Малотимофеевка, Мичурино, Шұбар ауылдары кірді. Орталығы – Интернациональное ауылы болды. 2000 жылы Интернациональное, Күйгенжар, Мичурино ауылдары Астана қаласына қосылғаннан кейін, сол жылы округтегі қалған ауылдардан Шұбар ауылдық округі құрылды.
## Халқы
1999 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 4073 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Көктал — Ақмола облысы, Целиноград ауданы, бұрынғы Көктал ауылдық округінің орталығы болған ауыл. 2000 жылы Астана қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Сарыарқа ауданының аумағында орналасқан тұрғын үй массиві. 1949-2007 жылдары Целиноград ауданының орталығы болған.
## Халқы
1999 жылы халық саны 3877 адамды (2013 ер адам және 1864 әйел адам) құраған.
## Дереккөздер |
Мичурино — Ақмола облысы Целиноград ауданы, бұрынғы Интернациональный ауылдық округінің құрамында болған ауыл. 2000 жылы Астана қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Алматы ауданының аумағында орналасқан тұрғын үй массиві.
## Халқы
1999 жылы халық саны 368 адамды (185 ер адам және 183 әйел адам) құраған.
## Дереккөздер |
Ударник — Қостанай облысы Қостанай ауданы, Дружба ауылдық округінің құрамында болған ауыл. 2008 жылы Қостанай қаласының құрамына енген.
## Халқы
1999 жылы халық саны 304 адамды (165 ер адам және 139 әйел адам) құраған.
## Дереккөздер |
Новопавловка — Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігіне қарасты болған ауыл. 2018 жылы Петропавл қаласының құрамына енгізілген.
## Халқы
1999 жылы халық саны 117 адам болса, 2009 жылы 141 адамды құраған.
## Дереккөздер |
Ремизовка — Алматы облысы Талғар ауданы, бұрынғы Көктөбе ауылдық округінің құрамында болған ауыл. Қазіргі уақытта Алматы қаласының Бостандық, Медеу аудандарындағы Асқартау шағын ауданы.
## Халқы
1999 жылы халық саны 373 адам болса, 2009 жылы 559 адамды құраған.
## Дереккөздер |
Дружба — Қостанай облысы Қостанай ауданы, Дружба ауылдық округінің орталығы болған ауыл. 2008 жылы Қостанай қаласының құрамына енген.
## Халқы
1999 жылы халық саны 1083 адамды (528 ер адам және 555 әйел адам) құраған.
## Дереккөздер |
Ащысай (2000 жылға дейін — Русская Таловка) — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Қайыңды ауылдық округі құрамында болған таратылған ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Казталовка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 35 км-дей жерде.
## Халқы
1989 жылы тұрғындар саны 319 адам болса, 1999 жылы 198 адамды (104 ер адам және 94 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Куйбышевское — Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігіне қарасты болған ауыл. 2018 жылы Петропавл қаласының құрамына енгізілген.
## Халқы
1999 жылы халық саны 218 адам болса, 2009 жылы 239 адамды құраған.
## Дереккөздер |
Таран — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Покатилов ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2007 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 21 км-дей жерде.
## Халқы
1989 жылы тұрғындар саны 58 адам болса, 1999 жылы 27 адамды (18 ер адам және 9 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ливанов ауылдық әкімдігі — Қостанай облысы Қамысты ауданында болған әкімшілік бірлік. 2019 жылы Қамысты ауылдық округімен біріктірілген.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ливановка ауылы кірді. Орталығы – Ливановка ауылы болды.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 529 адамды құрайды.
## Дереккөздер |
Алексеевка — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Приречный ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2007 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 44 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 24 адамды (13 ер адам және 11 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Интернациональное — Ақмола облысы Целиноград ауданы, бұрынғы Интернациональный ауылдық округінің орталығы болған ауыл. 2000 жылы Астана қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Алматы ауданының аумағында орналасқан тұрғын үй массиві.
## Халқы
1999 жылы халық саны 1739 адамды (854 ер адам және 885 әйел адам) құраған.
## Дереккөздер |
Күйгенжар — Ақмола облысы Целиноград ауданы, бұрынғы Интернациональный ауылдық округінің құрамында болған ауыл. 2000 жылы Астана қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Алматы ауданының аумағында орналасқан тұрғын үй массиві.
## Халқы
1999 жылы халық саны 318 адамды (160 ер адам және 158 әйел адам) құраған.
## Дереккөздер |
Пригородное — Ақмола облысы Целиноград ауданы, бұрынғы Қосшы ауылдық округінің құрамында болған ауыл. 2000 жылы Астана қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Есіл ауданының аумағында орналасқан тұрғын үй массиві.
## Халқы
1999 жылы халық саны 1348 адамды (669 ер адам және 679 әйел адам) құраған.
## Дереккөздер |
Аялдау стансасы 2639 км — Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігіне қарасты болған таратылған ауыл.
## Халқы
1999 жылы халық саны 146 адам болса, 2009 жылы 122 адамды құраған.
## Дереккөздер |
Фрунзе ауылдық әкімдігі — Қостанай облысы Қамысты ауданында болған әкімшілік бірлік. 2019 жылы Қамысты ауылдық округімен біріктірілген.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Фрунзе ауылы кірді. Орталығы – Фрунзе ауылы болды. Округ құрамында болған Богдановка ауылы 2017 жылы таратылған соң, Богданов ауылдық округі Фрунзе ауылдық әкімдігі болып қайта құрылды.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 672 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Жайылма ауылдық округі — Қостанай облысы Қамысты ауданында болған әкімшілік бірлік. 2019 жылы Адай ауылдық әкімдігімен біріктірілген.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Жайылма, Пушкино ауылдары кірді. Орталығы – Жайылма ауылы болды. Округ құрамында болған Туфановка ауылы 2009 жылы, Сахаровка ауылы 2019 жылы таратылған. 2012 жылы округке Пушкин ауылдық әкімдігі қосылған.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 569 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Пушкин ауылдық әкімдігі — Қостанай облысы Қамысты ауданында болған әкімшілік бірлік. 2012 жылы Жайылма ауылдық округімен біріктірілген.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Пушкино ауылы кірді. Орталығы – Пушкино ауылы болды.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 237 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Талдыкөл ауылдық әкімдігі — Қостанай облысы Қамысты ауданында болған әкімшілік бірлік. 2019 жылы Клочков ауылдық әкімдігімен біріктірілген.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Талдыкөл ауылы кірді. Орталығы – Талдыкөл ауылы болды.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 415 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Тельман — Ақмола облысы Целиноград ауданы, бұрынғы Қосшы ауылдық округінің құрамында болған ауыл. 2000 жылы Астана қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Есіл ауданының аумағында орналасқан тұрғын үй массиві.
## Халқы
1999 жылы халық саны 464 адамды (237 ер адам және 227 әйел адам) құраған.
## Дереккөздер |
Дамара (дама, тау дамаралары) — Намибиядағы халық (Угаб және Омаруру өзендерінің жоғарғы ағысы). Саны 100 мың адамды құрайды.
## Тілі
Банту тіліне жататын остигуэреро тілі готтентот тайпаларының жақын орналасуының әсерінен қатты өзгерді.
## Діні
Бір бөлігі протестанттар, бір бөлігі дәстүрлі нанымдарды сақтайды.
## Тарихы
Олар Нама көршілерімен ұзақ уақыт соғысып, көп зардап шекті, ақырында, 1863 жылы піл аңшылары Андерсон мен Гриннің көмегімен олар артқа ығыстырылды.1886 жылдың аяғынан бастап Португалия мен Германия арасында жасалған келісім бойынша бұл ел Германияның протекторатында болды.
## Кәсібі
Олар шалғайдағы жайылымдық мал шаруашылығымен айналысады, егіншілік екінші дәрежеде.
## Өмір салты
Дамаралар таяу өткен кезеңдегі әлеуметтік ұйымының көптеген ерекшеліктерін сақтап қалды, оларда аналық және әкелік рулардың формалары біріктірілді (соңғылары басым болды).
Дәстүрлі жануарлардың терісін жасалған киім, мата киімдермен ауыстырылды. 19 ғасырдың ортасында миссионерлердің әйелдерінен қабылданған дамароконы (Дамаран көйлегін) енгізді. Ер адамдар көйлек немесе пиджак киген, олардың түсі көк, ақ және жасыл, кейде кестеленген.
## Дереккөздер |
Свободный ауылдық әкімдігі — Қостанай облысы Қамысты ауданында болған әкімшілік бірлік. 2019 жылы Алтынсарин ауылдық әкімдігімен біріктірілген.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Свободное ауылы кірді. Орталығы – Свободное ауылы болды. Округ құрамында болған Попович ауылы 2014 жылы таратылған соң, Свободный ауылдық округі ауылдық әкімдік болып қайта құрылған.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 411 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Аққошқар ауылдық әкімдігі — Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігіне қарасты болған әкімшілік бірлік. 2019 жылы Ашутасты ауылдық әкімдігімен біріктірілген.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Аққошқар ауылы кірді. Орталығы – Аққошқар ауылы болды.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 629 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Матросов ауылдық әкімдігі — Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігіне қарасты болған әкімшілік бірлік. 2019 жылы Молодёжный ауылдық әкімдігімен біріктірілген.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Матросово ауылы кірді. Орталығы – Матросово ауылы болды.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 245 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Алуа ауылдық әкімдігі — Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігіне қарасты болған әкімшілік бірлік. 2012 жылы Қайыңды ауылдық округімен біріктірілген.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Алуа ауылы кірді. Орталығы – Алуа ауылы болды.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 158 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Лекер ауылдық округі — Павлодар облысы Баянауыл ауданында болған әкімшілік бірлік. 2013 жылы Қызылтау ауылдық округімен біріктірілген.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Лекер ауылы кірді. Орталығы – Лекер ауылы болды.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 331 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Орқаш ауылдық әкімдігі — Қостанай облысы Қамысты ауданында болған әкімшілік бірлік. 2019 жылы Аралкөл ауылдық әкімдігімен біріктірілген.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Орқаш ауылы кірді. Орталығы – Орқаш ауылы болды. Округ құрамында болған Тауықсор ауылы 2014 жылы таратылған соң, Орқаш ауылдық округі ауылдық әкімдік болып қайта құрылған.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 307 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Аялдау стансасы 2629 км — Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігіне қарасты болған ауыл. 2018 жылы Петропавл қаласының құрамына енгізілген.
## Халқы
1999 жылы халық саны 436 адам болса, 2009 жылы 450 адамды құраған.
## Дереккөздер |
Шөптікөл ауылдық округі — Павлодар облысы Баянауыл ауданында болған әкімшілік бірлік. 2019 жылы Майқайың кенттік әкімдігімен біріктірілген.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Майкөбе, Сұлужон, Шөптікөл ауылдары кірді. Орталығы – Майкөбе ауылы болды.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 751 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Мирный ауылдық әкімдігі — Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігіне қарасты болған әкімшілік бірлік. 2019 жылы Родина ауылдық округімен біріктірілген.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Мирное ауылы кірді. Орталығы – Мирное ауылы болды.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 217 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Әлім Дәуренұлы Байел - ( Alim Bayel; 1984 ж. 16 қаңтар, Жамбыл облысы, Тараз қ., Қазақстан) - қазақ дипломаты, Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
## Өмірбаяны
1984 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. Таяу Шығыс техникалық университетін (Анкара қ., Түркия) бизнес-әкімшілік мамандығы бойынша тәмамдаған. Джордж Вашингтон университетінің (Вашингтон қ., АҚШ) мемлекеттік басқару саласындағы магистратурасын бітірген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.
Қазақстан Республикасы Президенттік жастар кадр резервінің құрамында.
Қазақ тілінен бөлек, ағылшын, орыс, түрік және әзірбайжан тілдерін жетік меңгерген.
## Мансап
* 2012 - 2014 жж. – Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің сарапшысы;
* 2014 - 2015 жж. – Түркі академиясының халықаралық қатынастар орталығының директоры; [1];
* 2016 ж. – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінде халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы;
* 2016 - 2018 жж. – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы, стратегиялық әзірлеу басқармасының басшысы;
* 2018 - 2020 жж. – ҚР Түркиядағы Елшілігінің саяси мәселелерге жауапты бірінші хатшысы;
* 2020 ж. наурыз – 2023 ж. сәуір аралығында – Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулы.[2].
* 2023 ж. 18 сәуірден бастап – Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
## Марапаттары
* Халық алғысы медалі
* ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.
## Отбасы
Үйленген, бір қыз тәрбиелеуде.
## Сілтемелер
* Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулдығы [3]
* https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysynyn-zharlygymen-alim-daurenuly-bayel-kazakstan-respublikasynyn-azerbayzhan-respublikasyndagy-totenshe-zhane-okiletti-elshisi-lauazymyna-tagayyndaldy-1831827 |
Тепловское — Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігіне қарасты болған ауыл. 2018 жылы Петропавл қаласының құрамына енгізілген.
## Халқы
1999 жылы халық саны 57 адам болса, 2009 жылы 56 адамды құраған.
## Дереккөздер |
Шығыс қорықшасы – мемлекеттік табиғи қорықша.
## Географиялық орны
Ақмола облысының Біржан сал ауданында 100 000 га жерде орналасқан. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 351 қаулысына сәйкес қорық аумағы 528,7 гектарға қысқартылды. Қазіргі уақытта қорық аумағы 99 471 гектарды құрайды.
## Флорасы
Қорықша аумағында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдік түрлері (7 түрі) кездеседі: сарғылт құндызшөп, ашық құндызшөп, көктемдік жанаргүл, волжа жанаргүлі, буданды таушымылдық, жатаған қызғалдақ, селеу. Тек осы өңірде кездесетін сирек өсімдік түрлері (4 түрі) анықталған: казак аршасы, сепкілгүл, Сібір құртқашашы, тасқарақат.
## Фаунасы
Қорықшада Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлардың 13 түрі бар: бақалтақ қыран, дала қыраны, қарақұс, аққұйрықты субүркіт, ақ сұңқар, ителгі, лашын, сұр тырна, ақбас тырна, дуадақ, безгелдек, тарғақ. Сондай-ақ аумақта Халықаралық табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау одағының тізіміне енгізілген жануарлардың 7 түрі анықталған: секіргіш кесіртке, үлкен алақыран, қарақұс, дала құладыны, далалық күйкентай, суыр, қарсақ.
## Дереккөздер |
Еспанов Ұзақ – ақын, Социалистік Еңбек Ері (1973). 1928 жылы 15 желтоқсан Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Мақпалкөл (қазіргі Темірбек Жүргенов) ауылында туған.
Әлімұлы тайпасы Шөмекей руы Тойқожа бөлімінен.
## Еңбек жолы мен жетістігі
* Еңбек жолын 1944 жылы бастаған.
* 1951 жылы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.
* 1951 – 1963 жылдары Қызыл октябрь, Бірінші май, Мақпалкөл мектептерінде мұғалім, Жалағаш ауданы оқу бөлімін басқарды. Жалағаш пен Қармақшы ауданының партия комитетінде, «Қазақстанның 20 жылдығы», «Мәдениет және еңбек» ұжымшарларында директор болды.
* ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1985 – 1990)
* 6 рет Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысқан.
## Наградалары
* Октябрь революциясы
* Ленин ордені
* 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1973)
* Жалағаш ауданының құрметті азаматы
## Еңбектері
* «Сыр күріші – ел ырысы»
* «Өрелі өзгерістер»
* "Көңілім-көктем"
* "Шуақты күн"
## Тағы қараңыз
* Социалистік еңбек ерлері
## Дереккөздер
* Ұзақ Еспанов Мұрағатталған 3 желтоқсанның 2016 жылы. |
Тораңғы қорықшасы – мемлекеттік табиғи ботаникалық қорықша. Ауданы 48,0 га.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы жерінде орналасқан. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің құзырында.
## Флорасы
Қорықшада сирек кездесетін негізгі өсімдік – тораңғы түрлі жапырақты терек. Басқа қорғалатын өсімдік түрлері: жусан, жоңғар талы, вильгельм талы, үшкір жемісті жиде, қызыл жыңғыл, борық жыңғыл, тікенекті жыңғыл, ұзын жыңғыл, ақ шеңгел, құрғақ айрауық, сортаңдық айбатмия, қызылмия, талжапырақ тергүл, гүлшырмауық.
## Фаунасы
Қорықша аумағында Қазақстанның Қызыл кітабына енген құс түрлері мекен етеді: қызғылт бірқазан, бұйра бірқазан, кіші аққұтан, жалбағай, қарабай, қызылжемсаулы қарашақаз, сұңқылдақ аққу, алакөз сүңгуір, ақбас үйрек, балықшы тұйғын, жыланшы бүркіт, дала қыраны, үлкен алақыран, қарақұс, кезқұйрықты субүркіт, аққұйрықты субүркіт, ителгі, бидайық, лашын, сұр тырна, ақбас тырна, қарабауыр бұлдырық, ақбауыр бұлдырық, қылқұйрық бұлдырық, үкі. Қорғауғы алынған жануарлар мен құстар: далалық күйкентай, жабайы шошқа, борсық, қырғауыл, қасқыр, түлкі, қарсақ, құмқоян, қоңыр үйрек, барылдауық үйрек, сұр қаз, қасқалдақ, ақмаңдайлы қаз.
## Дереккөздер |
Ақдала – мемлекеттік табиғи ботаникалық қорықша. Аумағы 2000 гектарды құрайды. Мақсаты – жусанның табиғи қопаларын қорғау. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің құзырында.
## Географиялық орны
Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігі аумағына қарасты жерде, Сырдария мен Арыс өзендерінің аралығында, жоталы лессті жазықта орналасқан.
## Флорасы
Қорықша аумағында қорғалатын өсімдік түрлері: ақ топырақты жусан, қаратау жусаны, жантақ, кеурексасыр, кәдімгі адыраспан, қияқөлең, жуашықты қоңырбас, арпаған, мортық, теріскен, қызыл жыңғыл, тікенекті жыңғыл, гүлкекіре, көбенқұйрық, татар катраны, тауарпа. Дәрмене, Шренк қызғалдағы, Борщов қызғалдағы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
## Фаунасы
Қорықша аумағындағы құстардың, жануарлардың, бауырымен жорғаушылардың, жыландар мен балықтардың 33 түрі қорғалады, солардың ішінде құстардан дала қыраны, қарақұс, ителгі, қылқұйрық бұлдырық, бүркіт, қарабауыр бұлдырық, дуадақ, үкі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Халықаралық табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау одағының тізіміне енген түрлер: қарақұс, дала қыраны, дуадақ, ителгі, дала тасбақасы.
## Дереккөздер |
Джукун (вапа, авапан, джиба) — Нигерия мен Камерун мемлекеттерінің аумағында тұратын халық.Жалпы саны 270 мың адам. Негізгі елдері: Нигерия – 200 мың адам, Камерун – 70 мың адам.
## Тілі
Негізгі тілі - нигер-кордофан отбасының бенуэ-конго тобына жататын джукун тілі, (екі диалектісі бар, жибу және корорфа). Жазуы латын әліпбиіне негізделген.
## Діні
Сенушілердің діни байланысы - дәстүрлі нанымдар, бір бөлігі сүнниттік мұсылмандар.
## Тарихы
Этногенетикалық аңыздар джукундардың Камерунның солтүстік-шығысынан қоныс аударғанын көрсетеді. XIV-XIX ғасырларда олар Коророфтың ерте саяси қалыптасуына ие болды.
## Кәсібі
Негізгі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік. Негізгі азық-түлік дақылдарына ямс, тары, құмай, маниок, жержаңғақ, көкөністер жатады. Мал шаруашылығы қосалқы рөл атқарады. Терушілік көмекші кәсіп болып табылады. Керамикалық қыш өнері дамыған.
## Өмір салты
Дәстүрлі қоғамдық ұйымның негізін көпбалалы қауымдар, тайпалық ұйым және ерлер одақтары құрайды. Неке – патрилокальды, туыстық есеп патрилинейлік. Ата-бабалар культі мен табиғат күштері, бақсылық, магияға сенеді. Фольклордың барлық негізгі жанрлары кең тараған.
Елді мекендері шашыраңқы орналасқан. Үй шаруашылықтары – тұрғын үй, қонақтарға арналған үй, шаруашылық нысандары, қойманы құрайды. Тұрғын үйлер дөңгелек, қабырғалары саман, төбелері бұтақтардан тоқылған және шөппен жабылған конустық формада болып келеді. Төртбұрышты үйлер де кең таралған.
Дәстүрлі киімдері – белге оранған шағын мата қазір еуропалық киімдерге жол беріп барады.
Азық-түліктің негізін өсімдік тектес өнімдер (жарма, бұқтырылған тағамдар, ащы дәмдеуіштермен пісірілген және қуырылған түйнектер) құрайды.
## Дереккөздер |
Құмшығанақ — Атырау облысы Махамбет ауданы, Ақжайық ауылдық округі құрамында болған ауыл. 2007 жылы Ақжайық ауылының құрамына енгізілген.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Махамбет ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 34 км-дей жерде.
## Халқы
1989 жылы тұрғындар саны 77 адам болса, 1999 жылы 31 адамды (14 ер адам және 17 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Кәміл Уәлиханұлы Муллашев (27.10. 1944 жылы туған, ҚХР, Үрімші қаласы) — қазақ суретшісі (тегі - татар).
Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1981). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1996). 1964 ж. Алматы көркемсурет училищесін, 1972 ж. В.Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтын бітірген. Муллашевтің туындыдары Мәскеу қаласындағы Третьяков галереясында, Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында және шетелдердегі жеке өнер туындыларын жинаушылардың қорларында сақтаулы.
## Өмірбаяны
* 1944 жылы 27 қазанда Қытай Халық Республикасының Үрімжі қаласында дүниеге келген.
* 1967 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжі, 1978 жылы В.И.Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтының станоктық кескіндеме факультетін бітірген.
* 1980 жылдан - КСРО Суретшілер одағының мүшесі
* 1984 жылдан - Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі
* 2002 жылдан - Қазақ ұлттық өнер академиясының және «Ханьшань» педагогикалық институтының (ҚХР) профессоры.
## Шығармашылығы
Жұсыстары Париждегі Гран-Пале салонында, Мәскеудің Третьяков галереясында, Астанадағы Президенттік мәдениет орталығында, Қазан галереясында, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында қойылды.
Жұмыстар Лихтенштейн, Франция, Англия, Америка, Канада, Ресей, Түркия, Қытай, Жапония елдеріндегі жеке коллекцияларда, отандық коллекцияларда орналасқан.
1974 жылдан - республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелердің қатысушысы (Қытай, 2002; Татарстан, 2003 ж.)
### Таңдаулы шығармалары
* «Жер. Уақыт. Қазақстан»
* «Таң»
* «Тың көкжиектер»
* «Жыл мезгілдері»
* «Суретшілер әлемі»
* «Бұғы патшаның балықпен әңгімесі»
* «Күз. Бұғылардың нәзіктігі мен құмарлығының уақыты келді »
* «Жолақты сүйіспеншілік»
* «Қызғаныш»
* «Қыпшақ-қыз»
* «Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті»
* «Мәңгілік күннің сәулелі сәті»
* «Данышпанның дүниеге келуі»
* «Алтын ғасыр»
* «Жақсы бақташы»
* «Таңертең мың уайым»
* «Түрту»
* «Қызғалдақтың өмір беретін шырындары»
* «Бақыт құсы»
* «Сүйімбике»
## Марапаттары мен атақтары
* 1981 ж. – Лениндік комсомол премиясы. «Жер және уақыт. Қазақстан»
* 1984 ж. – Француз өнер академиясының күміс медалі
* 1985 ж. – Құрмет Белгісі ордені
* 1981 ж. – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы
* 1996 жылы бейнелеу өнеріне сіңірген еңбегі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.
* 2001 ж. - Қазақстан Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі (академик).
* 2002 ж. - Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының (Қазақстан) және «Ханьшань» педагогикалық институтының (ҚХР) профессоры.
* 2003 ж. - «Татарстан Республикасының халық суретшісі» құрметті атағы берілді.
* 2009 ж. – «Сүйүмбике-ханбике», «Еуразия, немесе Қыпшақ қызы», «Сабантой», «Отан туралы ойлар», «Итіл бастауында» көркем шығармаларын жасағаны үшін Татарстан Республикасының Ғабдолла Тұқай атындағы Мемлекеттік сыйлығы.
* 2016 жыл – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке тарту» шығармалар сериясы үшін әдебиет және өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы.
* 2019 (29 қараша) - «Парасат ордені» (Қазақстан)
* 2019 жыл (20 желтоқсан) - Достық ордені (Татарстан)
## Дереккөздер |
Көкашық – мемлекеттік табиғи ботаникалық қорықша. Ауданы 15000 га. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарауында.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы жерінде.
## Флорасы
Жер бедері Бетпақдала даласының солтүстік бөлігінің жоталы-дөңес жазықтарына тән ландшафттар. Қорықша - тобылғытүс (Шренк тобылғытүсі) эндемиялық шалғынды бұтаның реликті табиғи плантациялары кең таралған жердегі жалғыз орын. Шөлді аймақта орналасқан елді мекендерді жасылдандыру үшін пайдалану жоспарланып отырған бұл өсімдіктің ғылыми маңызы зор. Қорық аумағында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдік түрлері: қауырсын қау, сарғылт құндызшөп, ашық құндызшөп. Қорғауға алынған өсімдіктер: үлпек қайың, қотыр қайың, кәдімгі қарағай, тікенекті итмұрын, тасқарақат, жасылтұқымды долана, тал, және т.б.
## Фаунасы
Қорықша аумағындағы Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстар түрлері: қара дегелек, сұр тыран, бақалтақ қыран, дала қыраны, қарақұс, бүркіт, қылқұйрық бұлдырық, үкі. Сондай-ақ Халықаралық табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау одағының тізіміне енгізілген құстар: дала қыраны, қарқұс, ителгі. Қорық аумағында қорғалатын түрлер: жабайы шошқа, елік, түлкі, қасқыр, борсық, ақкіс, қарсақ, сасық күзен, ақ қоян, ор қоян, аққұр, далалық күйкентай, кәдімгі күйкентай, үлкен түркептер, жағалтай, көк кептер, құлақты жапалақ, құралай.
## Дереккөздер |
(1012) Зарема — Негізгі белдеу тобының астероиды.
Оны 1924 жылы 12 қаңтарда Карл Вильгельм Рейнмут Гейдельберг обсерваториясында ашты.
А. С. Пушкиннің поэмасындағы мен А. фон Цемлинскийдің операсындағы кейіпкердің атымен аталды.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Астероидтар тізімі (1001—1100) |
Оқил Ғайбуллаұлы Оқилов (тәж. Оқил Ғайбуллоевич Оқилов, 2 ақпан 1944 жыл, Ленинабад) — Тәжікстан саяси және қоғам қайраткері, 1999 мен 2013 жылдар аралығында Тәжікстан премьер-министрі, ТХДП мүшесі.
## Өмірбаяны
### Саясатқа дейінгі өмірі
Оқил Оқилов 2 ақпан күні, 1944 жылы, Ленинабад қаласында дүниеге келген. 1967 жылы Мәскеу инженер-құрылыс институтында инженер-құрылысшы мамандығына оқуын бітірген. 1980 жылы КОКП Орталық Комитеті жанындағы Әлеуметтік ғылымдар академиясында білім алды.
1969–1976 жылдары аралығында құрылыс сферасында жұмыс істеген.
### КОКП-дағы жұмысы
1976 жылы КОКП-ның тәжікстандық бөлімшесінде жұмысын бастады.
1976 жылдан елдің тәуелсіздігіне дейін Орталық Комитетте қызмет атқарды.
### Тәуелсіздік жылдары
1993–1999 жылдары құрылыс министрі, Премьер-министр орынбасары және Ленинабад облысы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
1999 жылы Эмомали Рахмон бұйрығымен Тәжікстан премьер-министрі лауазымын алды.
Премьерлігі жылдары ол басқа шенеуніктермен салыстырғанда қарапайым өмір сүрген, Душанбедегі үш бөлмелі пәтерде тұрады.
Оқил Оқилов бұл қызметін 2013 жылға дейін атқарған, оның орнына Қоһир Расулзода келді.
### Саясаттан кейін
Оқил Оқилов премьер-министр ретіндегі жұмысынан бері еш мемлекеттік лауазымда болмаған, дәл қазір ол зейнетте.
## Сын
2010 жылы Оқилов БҰҰ жиналысында Орталық Азиядағы су мәселесінің «авторын» деп Өзбекстан мемлекетін атаған. Осындай тұжырымдары үшін оны саясаттанушы Саймиддин Дӯстов сынға алды.
Масуд Сабир сөзі бойынша, Оқилов жұмысының БАҚ-та сирек айтылуының себебі — Конституцияда бекітілген премьер-министрі құқығының президентке көшірілуі, оның билігінің жоқтығы. Ол жайлы сыншылар еш саяси мақсаты жоқ технократ, Рахмон үшін «тиімді» премьер деп сынаған.
## Марапаттары
Оқил Оқиловтың марапаттары:
* I деңгейлі Исмоил Сомони ордені
* Құрмет белгісі
* «Сіңірген еңбегі үшін» медалі
## Дереккөздер |
Задария – мемлекеттік табиғи ботаникалық қорықша. Қорықша Сырдария өзенінің ежелгі аңғарына жататын, жалпы ауданы 8400 га жоталы жазықта орналасқан. Мақсаты – дәрмене өсімдігін сақтау.
## Географиялық орны
Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігі аумағында орналасқан.
## Флорасы
Өсімдік жамылғысы біртекті жусанды-қарағайлы, олардың арасында айтарлықтай аумақты табиғи жусан шоқтары алып жатыр. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсмідік түрлері: дәрмене, Шренк қызғалдағы, Борщов қызғалдағы. Қорғауға алынған түрлер: тамыржусан, қаратау жуасы, жантақ, кеурексасыр, кәдімгі адыраспан, қияқ, жуашықты қоңырбас, арпаған, мортық, жапырақсыз қоға, теріскен, қызыл жыңғыл, тікенекті жыңғыл, гүлкекіре, көбенқұйрық, татар катраны, тауарпа.
## Фаунасы
Қазақстанның Қызыл кітабына құстардың 8 түрі енгізілген: дала қыраны, қарақұс, ителгі, қылқұйрық бұлдырық, бүркіт, қарабауыр бұлдырық, дуадақ, үкі. Қорықша фаунасының 16 түрі қорғауға алынған: дала тасбақасы, түрлі түсті кесіртке, тақыр кесірткесі, су жылан, өрнекті жылан, кәдімгі қалқантұмсық жылан, оқжылан, кәдімгі тентекқұс, үлкен тағанақ, боз сандуғаш, кіші міңгірлек, сарғалдақ сұлыкеш, зорман, кіші сарышұнақ, үлкен қосаяқ, кіші қосаяқ. Халықаралық табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау одағының тізіміне 5 фауна түрі енгізілген: қарақұс, дала қыраны, дуадақ, ителгі, дала тасбақасы.
## Дереккөздер |
(1023) Томана — Негізгі белдеу тобының астероиды.
Оны 1924 жылы 25 маусымда Карл Вильгельм Рейнмут Гейдельберг обсерваториясында ашты.
Лейпцигтегі әулие Фома атындағы хордыӊ (Томанерхор) құрметіне орай аталды.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Астероидтар тізімі (1001—1100) |
Қырғызстан:
* Ақши айыл аймағы – Нарын облысы Ақдала ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Ақши айыл аймағы – Талас облысы Айтматов ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Ақши айыл аймағы – Ыстықкөл облысы Ақсу ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Қуандық Рахым (1992 жылы 9 қыркүйекте Сәтбаев қаласында туған) — қазақстандық әнші. Қуандықтың анасы кезінде Жезқазған өңіріне танымал әнші болған. Жалпы тыңдарманға «МузАрт Live» жобасы арқылы танылған.
## Білімі
* Тәттімбет атындағы өнер колледжінің дәстүрлі ән бөлімі (Қарағанды)
* Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория (Алматы)
## Шығармашылығы
* «Лаула»
* «Мен Қазақпын»
* «Оп-Оңай!»
* «Сегізінші кереметім»
### 2019-2020 жылдары шыққан соңғы әндері
* «Естелик»
* «Татти махаббатым»
* «Жай ма?»
* «Далелде»
* «Серілер»
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* ZHARAR Ақпараттық - танымдық портал |
«Көкек» — Біржан салдың әні.
Өз әнін аруға арнап, әнші көктемге келген көкек құстан сүйген қалқасынан хабар алып келуді сұрайды.
Біржан сал әндеріне тән бір ерекшелік өзінің әншілік-орындаушылық, композиторлық өнерімен адам жанының нәзік сезім күйлерін лирикалық әсем мелодия сазына бөлей білуінде. «Көкек» әні де оның шығармашылығындағы шоқтығы биік, өзгеше сыршыл туынды.
## Мәтіні
Аты жоқ құс болады көкек деген,Алдымда терезенің секектеген.Ойымда үш ұйықтасам бар ма меніңАйырылып, сені, сәулем, кетед деген... Ей, аты жоқ көкек, Ей, аты жоқ көкек,Кім сүймес шешек атқан көкек айын,Бейне жаз менің сүйген сәулетайым.Ақ қалқам отыр ма екен, жатыр ма екен,Ей, көкек, ұшып барып білші жайын... Ей, аты жоқ көкек, Ей, аты жоқ көкек,Шекеңе селдіретіп айдар тағып,"Көкек" деп бос жүргенше секең қағып,Қосайын өле-өлгенше мен әніме,Қалқадан хабар әкел, ұшып барып... Ей, аты жоқ көкек, Ей, аты жоқ көкек.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Құрманбек Байқуатұлы орындауында YouTube сайтында |
Диола (джола, йола) — Сенегал, Гамбия және Гвинея-Бисаудағы халық (Атлант мұхиты жағалауында, Гамбия мен Качеу өзендерінің аралығында). Жалпы саны 675 мың адам, оның ішінде Сенегалда 600 мың адам, Гамбияда 50 мың адам, Гвинея-Бисауда 20 мың адам.Субэтникалық топтары: фелуп (хулуф, карон), дийват, байот, фони т.б.
## Тілі
Диола тілдері - бак-атлант тілдерінің бір тармағы. Кейбір тілдерде латын әліпбиіне негізделген жазуы бар, диола-фони тілі Сенегалдың ресми тілдерінің бірі болып табылады. Манжак, волоф, мандинка, фула тілдері де кең тараған.
## Діні
Көпшілігі мұсылмандар, кейбіреулері ежелгі дәстүрлі нанымдарды сақтайды, христиандардың шағын тобы бар.
## Тарихы
Бастапқыда диола халқы Атлант мұхитының жағалауын жасыл мүйістен Казаманс өзеніне дейін алып жатты. Диола халқы манде мен фулбе халықтарынан бұрын болған және Сенегамбия аумағында Атлант мұхитының жағалауында өмір сүрген, бірақ XIII ғасырға дейін Казамансқа қоныс аударған деп санайды.Алғашқы саяси құрылымдардың пайда болуы XIV-XV ғасырларға сай келеді, бұл жағдайда Мали мемлекетіне тәуелділік болды.
## Кәсібі
Олар суармалы күріш өсірумен (негізінен әйелдер) және тары, құмай, жержаңғақ, манго және т.б. өсірумен (ерлер), пальма майы мен шарап өндірумен, теңізде балық аулаумен, саудамен айналысады.
## Өмір салты
Ауылдық қауымдар әлеуметтік ұйымның негізін құрайды. Көсемдер басқаратын руларды құрайтын көп балалы отбасылар кең таралған. Неке патрилокальды.Қолданбалы өнер, музыкалық фольклор, гриот айтушылар орындауындағы тарихи эпос дамыған.
Елді мекендері шоғырланып орналасқан. Тұрғын үйлері төртбұрышты, шатырлы. Қабырғалары шыбықтар мен қамыстан тоқылған, балшықпен сыланған, жиі боялған.
Дәстүрлі киімдері – белге оралған мата қиындылары, кең жейделер.
Азық-түліктері - ботқа және жарма, көкөніс тағамдары, маниок және балық.
## Дереккөздер |
Темір – мемлекеттік табиғи ботаникалық қорықша. Ауданы 4000 га. Мақсаты – дәрмене өсімдігін қорғауға алып, сақтау.
## Географиялық орны
Түркістан облысы Отырар ауданы жерінде, Сырдария өзенінің жағасында, қырлы, еңіс жазықта орналасқан. Қорықша жусанды-тұзды эфемерлі жартылай шөлдермен сипатталады.
## Флорасы
Қорықша аумағында Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдік түрлері: дәрмене, Шренк қызғалдағы, Борщов қызғалдағы. Қорғауға алынған түрлер: ақбас жусан, жантақ, кеурексасыр, кәдімгі адыраспан, қияқ, жуашықты қоңырбас, арпаған, мортық, жапырақсыз қоға, теріскен, қызыл жыңғыл, тікенекті жыңғыл, гүлкекіре, көбенқұйрық, татар катраны, тауарпа.
## Фаунасы
Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстар түрлері: дала қыраны, қарақұс, ителгі, қылқұйрық бұлдырық, бүркіт, қарабауыр бұлдырық, дуадақ, үкі. Қорғауға алынған фауна түрлері: дала тасбақасы, түрлі түсті кесіртке, тақыр кесірткесі, су жылан, өрнекті жылан, кәдімгі қалқантұмсық жылан, оқжылан, кәдімгі тентекқұс, үлкен тағанақ, боз сандуғаш, кіші міңгірлек, сарғалдақ сұлыкеш, зорман, кіші сарышұнақ, үлкен қосаяқ, кіші қосаяқ. Халықаралық табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау одағының тізіміне енгізілген түрлер: қарақұс, дала қыраны, дуадақ, ителгі, дала тасбақасы.
## Дереккөздер |
Жамбыл – мемлекеттік табиғи ботаникалық қорықша. Ауданы 8600 га.
## Географиялық орны
Түркістан облысы Бәйдібек ауданы жерінде орналасқан.
## Флорасы
Қорықша аумағында қорғауға алынған өсімдіктер: тамыржусан, қаратау жуасы, жантақ, кеурексасыр, кәдімгі адыраспан, қияқ, жуашықты қоңырбас, арпаған, мортық, жапырақсыз қоға, теріскен, қызыл жыңғыл, тікенекті жыңғыл, гүлкекіре, көбенқұйрық, татар катраны, тауарпа. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген түрлері: дәрмене, Шренк қызғалдағы, Борщов қызғалдағы.
## Фаунасы
Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстар түрлері: дала қыраны, қарақұс, ителгі, қылқұйрық бұлдырық, бүркіт, қарабауыр бұлдырық, дуадақ, үкі. Қорғауға алынған фауна түрлері: дала тасбақасы, түрлі түсті кесіртке, тақыр кесірткесі, су жылан, өрнекті жылан, кәдімгі қалқантұмсық жылан, оқжылан, кәдімгі тентекқұс, үлкен тағанақ, боз сандуғаш, кіші міңгірлек, сарғалдақ сұлыкеш, қоңыр үйрек, даурықпа шүрегей, жалпақтұмсық үйрек, қызылтұмсық сүңгуір, көкқұтан, мамырқұс, майшабақ шағаласы, зорман, кіші сарышұнақ, үлкен қосаяқ, кіші қосаяқ, шортан, ақ қайран, ақмарқа, табан балық, дөңмаңдай, мөңке, жайын, алабұға. Халықаралық табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау одағының тізіміне енгізілген түрлер: қарақұс, дала қыраны, дуадақ, ителгі, дала тасбақасы.
## Дереккөздер |
Орлиногор – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1986 жылғы 17 ақпандағы № 69, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 877 қаулысымен ұйымдастырылған республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи ботаникалық қорықша. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 19 шілдедегі № 746 қаулысымен қолданылу мерзімі - тұрақты. Ауданы 3450 гектарды құрайды. Қорықшаның негізгі мақсаты – өсімдік жамылғысының құнды түрлерін қорғау, сирек кездесетін жануарлар түрлерінің мекендеу ортасын сақтау.
## Географиялық орны
Қорықша Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы аумағында, «Орлиногор орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аумағында, Солтүстік Қазақ жазығының Батыс Сібір ойпатымен шекарасында, Көкшетау қыратының солтүстік-батысында орналасқан. Қорықшаның солтүстік бөлігінде биіктігі 372 м болатын Бүркітті гранитті шоқы бар.
## Жер бедері
Қорықша "Орлиная гора" саяжайы жерімен ұштасып жатқандықтан, онда орманды және ормансыз аумақтар бар. Табиғи және жасанды текті қылқан жапырақты және жапырақты түрлердің плантациялары бар. Саяжай аумағында мемлекеттік орман саяжайы атауын берген 341 га жерді алып жатқан "Бүркітті тауы" бөлімшесі бар. Бұл жер ең биік массивтен (теңіз деңгейінен 372 м биіктікте) тұрады, онда граниттегі қарағайлы ормандардың қалдықтарының сақталуы ғылыми қызығушылық тудыруда. Ботаникалық қорық мақсатына толық сәйкес келеді. "Бүркітті" шоқысының етегінде орналасқан, айнала орманды бұлақ табиғат ескерткіштері санатына кіреді.
## Флорасы
Орман мекемесінің аумағына шөптесін өсімдіктер алып жатқан ашық ағашсыз алқаптар және қайың және көктерек тоғайлары, сирек талдар өсетін орман алқаптары тән. Рельефтің аласа жерлерін, көлдердің шеттерін батпақты шалғындар мен қамыс алқаптары бар батпақтар алып жатыр. 200 га аумақты жеңіл ормандар қамтиды. Ормандардың негізгі бөлігін қарағай аралас қайың тоғайлары құрайды. Мұнда гранит үстіндегі қарағайлы ормандардың қалдықтары сақталған. Өсімдіктің құрамының аздығы қатаң климаттық жағдайларға байланысты. Орман мекемесінің аумағында гидрологиялық желі өте нашар дамыған. Дөңгелек табақша тәрізді шағын көлдер мен жасанды су қоймалары бар. Олар атмосфералық жауын-шашынмен қоректенеді, олардағы су тұщы. Орман мекемесінің батыс бөлігінде құрғап қалатын Қамысақты өзені ағып жатыр. Қорықшада қорғалатын өсімдіктердің түрлері: кәдімгі қарағай, қайың, көктерек, итмұрын, бұталы шие, бетеге, кәдімгі сәбізшөп, құлпынай, тобылғы, қызылбояу, сиырсілекей, жусан, қазтабан, қау, жебір, қазтамақ.
## Фаунасы
Орманда елік, түлкі, тиін, қараторғай, боз кекілік және басқа құстар мен аңдар мекендейді. Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар түрлері: сұр тырна, ақбас тырна, бақалтақ қыран, дала қыраны, қарқұс, бүркіт, жыланшы бүркіт, ителгі, үкі, орман сусары. Қорғалатын түрлер: бөдене, аққұр, сұр құр, құр, бұлан, елік, жабайы шошқа, түлкі, қарсақ, сасық күзен, борсық, жанаттәрізді ит, кермарал, қасқыр, аққалақ, сары күзен, американдық күзен, ақкіс, ақ қоян, ор қоян, дала суыры.
## Дереккөздер |
(1041) Аста — Негізгі белдеу тобының астероиды.
Оны 1925 жылы 22 наурызда Карл Вильгельм Рейнмут Гейдельберг обсерваториясында ашты.
Дания әртісі Аста Нильсен құрметіне орай аталды.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Астероидтар тізімі (1001—1100) |
«Қарлығаш» — 1941 жылы шығарылған қазақ әні. Оның музыкасын Ахмет Жұбанов, сөзін Ибадолла Матақов жазған.
Сахнада, радиодан жиі орындалған әуен көп ұзамай ел арасына кеңінен тарап кетеді. Ол 1940—1950 жылдары халықтың сүйікті туындысына айналады.
Әнге негізделген би де танымал болып кетті.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Күләш Байсейітованың орындауында YouTube сайтында
* Дос-Мұқасанның сүйемелдеу нұсқасы YouTube сайтында
* Қарақат Әбілдинаның орындауында YouTube сайтында
* Айдар Тұрғамбектің орындауында YouTube сайтында
* Дина Азатқызы орындауында YouTube сайтында |
2022 жылғы Дзюдодан əлем чемпионаты Ташкент қаласында, Өзбекстан, қазанның 6-13, аралығында 2022 жылы өтті.
## Медальдық есеп
## Сыртқы сілтемелер
* https://www.ijf.org/competition/2298
* https://www.judoinside.com/event/15000
* https://www.eju.net/event/-/224054 |
Дударай — қазақша ән.
## Авторы
Үлебай Анетов (1886 жыл — 1966 жыл) — Қорғалжын өңірінде ақындық, әншілік, серілік өнерімен аты шыққан адам.Арғын Қуандық Тінәлі руынан шыққан.
Қазақ жігіті Дүйсеннің орыс қызы Марияға ғашық болуының куәсі болып, атақты «Дударай» әнін шығарғандығы жөніндегі тарихи шындықтың беті кейінгі жылдары ашыла бастады.
## Сипаттамасы
Екі дос сол аймақтағы ойын-сауықтың ажарын ашып, көркін қыздырған. Бір күні екеуін Садырбай деген жерге алтыбақанға шақырып, Ұялы ауылынан төтелей өтіп бара жатқанда, алдарынан шыққан 15-16 жастағы орыс қызына кез болады. Бұл Мәриям еді. Қызға екі замандастың да көңілі ауады. Екеуі ақылдаса келе қыз қайсысын таңдаса, соған келіспекші болады. Сөйтіп, қызға сөз салғанда ол Дүйсенді таңдайды. Дүйсен үйленейін десе, ағайындары қарсы болады. Бірақ, табандылық танытқан Дүйсен Мәриямға үйленеді. Көп ұзамай, Дүйсенді ағайындары ұрып-соғып алып кетеді. Осы арада екеуінің арасында хат тасушы Үлебай болған көрінеді. Ол екеуінің хатын да өлеңмен өріп жеткізеді. Міне, «Дудар-ай» әні осы кезде туады. Үлебай ол әнді ағайындары Дүйсенді екінші қайтара алып кеткенде Мәриямның атынан шығарған.
## Тарихы
Кеңестік кезеңде бұл әнді кейіпкерінің өзі шығарды деп жүрді. Сезімге толы эпос пен лиризм астасып жатқан «Дудар-айды» шынымен Мәриям шығарған ба? Жарайды, ғашық болды, сезімін өлеңмен өрбітіп әнмен жеткізді дегеннің өзінде қазақтың халық әніне тән иірімдерді бойға сіңірген мынадай туындыны 16-17-ге енді келген орыс қызы шығарды дегенге біздің көңіл сенбейді. Тіпті, әннің шығу тарихына ғылыми баға берген, «Дудар-ай» операсын жазған атақты композитор Евгений Брусиловскийдің өзі осы пікірде болған. Ол «Дүйім дүлдүлдер» деген хикаясында «Бұл ән талассыз Арқа композиторларының біреуінің әні екеніне сенемін, өйткені, ән табиғаты кең тынысқа, шалқар диапазонға құрылғаны өз-өзінен көрініп тұр. Ендеше, бұл әнді басқа ұлттың өкілінің шығаруы мүмкін емес» деп жазған. Бірақ, кеңес заманында сол кездегі идеологияның ықпалымен мұны халықтар достығы деп дәріптеп, Мәриямды композитор етіп шығарды. Ол жайында поэма да, опера да жазылды.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
Қазақ Энциклопедиясы |
Арал (қыр. Арал) — Қырғызстанның Талас облысы Манас ауданындағы айыл, Қайыңды айыл аймағы орталығы.
## Халқы
2009 жылы айылда 1665 адам тұрған.
## Дереккөздер |
Сарыбұлақ (қыр. Сары-Булак) — Қырғызстанның Талас облысы Манас ауданы, Қайыңды айыл аймағы құрамындағы айыл.
## Халқы
2009 жылы айылда 194 адам тұрған.
## Дереккөздер |
Қайыңды (қыр. Кайыңды) — Қырғызстанның Талас облысы Манас ауданы, Қайыңды айыл аймағы құрамындағы айыл.
## Халқы
2009 жылы айылда 512 адам тұрған.
## Дереккөздер |
Мәлік Сабыр ұлы Фазылов (15 тамыз 1927 ж, Қостанай облысы) - партия совет қызметкері, дипломат, тарих ғылымдар кандидаты. 1949 жылдан КПСС мүшесі. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қаынастар институтын бітірген. 1951-1956 жылдары Қаз. ССР. СЫртқы істер министрлігінің бірінші секретары, министрлердің көмекшісі болып істеді 1956-1961 жылдары Қазақстан КП ОК лекторы. 1961 жылдан Көкшетау облыстық партия комитетінің секретары, ал 1966 жылдан екінші секретары болды. 1968-1973 жылдары Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі. 1974-1976 жылдары Қаз. ССР. Сыртқы істер министрі. 1976 жылдан КСРО-ның Мали республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі. 7,8,9 рет сайланған Қаз ССР Жоғарғы Советінің депутаты. 2 рет Еңбек Қызыл ТУ орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Шөштөбе (қыр. Чөч-Дөбө) — Қырғызстанның Талас облысы Манас ауданы, Қайыңды айыл аймағы құрамындағы айыл.
## Халқы
2009 жылы айылда 1061 адам тұрған.
## Дереккөздер |
Төменгі Тұрғысын – мемлекеттік ботаникалық қорықша. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1986 жылғы 17 ақпандағы № 69-қаулысы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 877-қаулысы негізінде құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 746 қаулысы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 қаулысы бойынша қолданылу мерзімі - мерзімсіз. Аумағы 2200 гектарды құрайды.
## Мақсаты
Бағалы дәрілік өсімдік түрлерін – алтай доланасын, итмұрын түрлерін қорғау. Алтай доланасы өсінділерде, жайылмаларда және бұталардың арасында кездеседі. 140 гектарға жуық аумаққа таралған. Өнімділік 40-70 кг/га жетеді. Жеміс қоры – 4-8 т, оның ішінде тауарлық – 2-4 т. Жабайы раушанның әртүрлі түрлері өсетін жерлерде де, бұталы қауымдастықтарда да өседі. Жеміс қоры – 30-45 тонна, тауарлық – 15-25 тонна, өнімділігі – 200-400 кг/га. Жемістер аскорбин қышқылының жоғары мөлшерімен ерекшеленеді - 2-5%, бұл басқа жердегі өсімдіктерден 3-4 есе жоғары.
## Географиялық орны
Қорықша Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында Тұрғысын, Бұқтырма және Бобровка өзендерінің сағасында орналасқан.
## Флорасы
Негізгі өсімдік жамылғысы – лавржапырақты терек, татар ұшқаты, тобылғы, шәңкіш, кәдімгі таңқурай, кәдімгі мойыл және басқа да ағаш, бұта аралас шөпті шалғындар. Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдік түрлері: сібір қандығы, ірі гүлді шолпанкебіс, алтай рауағашы, мияжапырақ таспа, таңдамалы шоқпарбас. Бағалы емдік түрлер: алтай доланасы, жасылтұқымды долана, итмұрынның бірнеше түрлері, шәңкіш, қаражидек, таңқурай, мойыл.
## Фаунасы
Жануарлардың ішінде ең көп таралғандары қасқыр, кәдімгі түлкі, қоян, дала тышқаны. Қазақстанның Қызыл кітабына енгендер: балықшы тұйғын, бүркіт, аққұйрықты қыран, ителгі, сұр тырна, ақбас тыран, үкі, тас сусары.
## Дереккөздер |
Қайыңды айыл аймағы (қыр. Кайыңды айыл аймагы) ― Қырғызстанның Талас облысы Манас ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Арал, Қайыңды, Нілді, Сарыбұлақ, Шөштөбе айылдары кіреді. Орталығы ― Арал айылы.
## Халқы
2009 жылы айыл аймағында 4119 адам тұрған.
## Дереккөздер
Үлгі:Манас ауданы айыл аймақтары |
* Шөштөбе — Жалалабат облысы Тоқтағұл ауданындағы айыл.
* Шөштөбе — Ош облысы Науқат ауданындағы айыл.
* Шөштөбе — Талас облысы Манас ауданындағы айыл. |
Балжан Бөлтірікова 1921 жылы 15 қарашадан бастап 1998 жылғы 11 мамырға дейінгі өмірі, Қазақ КСР-інде дипломатиялық корпус құруға көмектескен қазақ-кеңестік оқытушы және мемлекет қайраткері. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының отырысына қатысқан алғашқы қазақстандық дипломат және сыртқы істер министрі болды. Ол көптеген медальдар мен наградалармен марапатталған, оның ішінде «Құрмет белгісі» ордені және Еңбек Қызыл Ту ордені.
## Ерте өмірі
Бөлтірікова Балжан Бөлтірікқызы 1921 жылы 15 қарашада Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының құрамына кіретін Қырғыз Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының Жамбыл облысындағы Қасық ауылында дүниеге келді.Дулат тайпасының Жаныс руынан. Ол екі үлкен ағасы бар отбасындағы кенже бала болды. Ол кішкентай кезінен бастап қызылша жинау бойынша жұмыс істемеуі үшін мұғалім болуды және мектепке баруды армандады. Ол жергілікті мектепте оқып, алтыншы сыныптан кейін ересектерге сауаттылық сабақтарын бере бастады. Мектептің үздік оқушысы ретінде оқуды аяқтағаннан кейін, Бөлтірікова алтын медаль мен Мәскеуге сапарға шықты. 1937 жылы Бултрикова Любовь Александровна Федулованың жетекшілігімен кәдімгі мектепке бару үшін Алматыға көшті. Оқуға түсу емтихандарын оңай тапсырып, Федуловамен бірге оқыды және оған орыс тілін үйренуге көмектескені үшін ризашылық білдірді. Мектепте оқып жүргенде докторлық диссертация қорғаған алғашқы қазақтардың бірі Ескендір Қожабаевпен танысып, үйленді. 1941 жылы үздік бітіріп, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне оқуды жалғастыру, тіл мен әдебиетті оқып үйрену үшін түсті. Соғыстың кесірінен ол 1943 жылы оқуын үздік бітіріп, сырттай оқу бөліміне ауыстырылды
## Мансап
Студент кезінде 1942 жылы Бөлтірікова еңбек жолын Талдықорған облысы Лепсин орта мектебінде аға оқытушы болып бастады. Бірнеше айдан кейін оны № 12 Алматы орта мектебіне ауыстырды, сол жерде ол мектеп директоры болды. 1949 жылы Бөлтірікова Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бастауыш және орта мектептеріндегі жұмысшылар одағының төрағасы болып сайланды. Бұл қызметте 1955 жылға дейін қызмет еткен соң, бір жылдан кейін Қазақ КСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрі болды. Осы лауазымында ол қоғамның осал топтарына, оның ішінде мүгедектер, қарттар, жетімдер мен ардагерлерге гуманитарлық көмек көрсетуге баса назар аударды. Зейнетақымен қамтамасыз етумен қатар, ол балабақшалар мен питомниктер ұйымдастырды; зағип, саңырау және мылқау қазақтарға көмектесетін мектептер мен семинарларға демеушілік жасады; протездеу зауытын құрды. 1957 жылы оның еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.
Ол Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары және Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалғанға дейін, он жыл бойы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жұмыс істеді, сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалған алғашқы қазақ әйел. Сол жылы ол КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесінде қызмет етуге сайланды. Ол БҰҰ Бас ассамблеясында Қазақстанның бірінші өкілі болды және осы қызметті бес жарым жыл атқарды. 1970 жылы Бас Ассамблеяның сессиясында (25 сессия) ол Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссардың құрылуына қарсы болды, өйткені КСРО делегаттарға бұл мәселені күн тәртібінен алып тастауды бұйырды, өйткені олар бұған ұлт үшін ешқандай пайда көрмеді. Жоғарғы Комиссардың тағайындалуына кедергі жасау үшін ол өзінің дипломатиялық қабілеттерін Азия және Африка делегаттарымен екі рет пайдаланды. Ерен еңбегі үшін ол Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.1971 жылы өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін, Бөлтірікова Қазақ КСР-нің білім және ғылым министрі болып тағайындалды және сол жерде 1974 жылға дейін жұмыс істеді. Сол жылы ол Кәсіптік білім жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары болды. Ол қызмет еткен жылдары және 1980 жылы зейнетке шыққанға дейін ол Қазақстандағы орта білім беруді жақсартуға, бастауыш мектептерді күндізгі оқу орындарына айналдыруға және кәсіптік мектептерді дамытуға күш салды.
## Өлім және мұра
Бөлтірікова 1998 жылы 11 мамырда Қазақстан, Алматы қаласында қайтыс болды. Ол және оның алты баласы бар отбасы, оның ішінде екі қызы мен екі ұлы қайтыс болғанға дейін өмір сүрген пәтер қайтыс болғаннан кейін оның жадында ескерткіш тақта орнатылды. Қызы Кожабаева Бағлан Искандерқызы кейіннен Чехия мен Монғолиядағы Қазақстанның елшісі болып жұмыс істеді.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
https://www.kt.kz/kaz |
Май айыл аймағы (қыр. Май айыл аймагы) ― Қырғызстанның Талас облысы Манас ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Майское, Новодонецкое айылдары кіреді. Орталығы ― Майское айылы.
## Халқы
2009 жылы айыл аймағында 4360 адам тұрған.
## Дереккөздер
Үлгі:Манас ауданы айыл аймақтары |
Майское (қыр. Май) — Қырғызстанның Талас облысы Манас ауданындағы айыл, Май айыл аймағы орталығы.
## Халқы
2009 жылы айылда 3984 адам тұрған.
## Дереккөздер |
(1088) Митака — Негізгі белдеу тобының астероиды.
Оны 1927 жылы 17 қарашада Окуро Оикава Токио обсерваториясында ашты.
Жапониядағы елді мекеннің атымен аталды.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Астероидтар тізімі (1001—1100) |
(1089) Тама — Негізгі белдеу тобының астероиды.
Оны 1927 жылы 17 қарашада Окуро Оикава Токио обсерваториясында ашты.
Жапониядағы өзеннің атымен аталды.
2004 жылы Тама қосарлы астероид екені анықталды. Серіктес астероидтардың ара қашықтығы 20 шақырымға жуық.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Астероидтар тізімі (1001—1100) |
Қос бейіт кесенесі — Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Терісаққан ауылының маңында орналасқан.
## Аңыз
Қос бейіттің маңайын өззаманында көпшілікке әмірі жүріп тұрған, бай адамжайлайтын болған екен. Байдың ай десе аузы, күндесе көзі бар бойжеткен қызы болған деседі. Байдыңмыңғырған жылқысын барымташыларға бермей, итқұсқа жем қылмай, қалған жылқышыға бас-көз болыпжүретін бір мықты жігіт болыпты. Сол жігіт байдыңжан дегенде жалғыз қызына ғашық болады, қыз дажігітті ұнатып қалады. Жігіт араға жеңгелерін салып,қызбен кездесіп сөз байласады. «Ел құлағы елу» дегендей, бұл хабар қыз әкесіне де жетеді. Өз есігіндежалданып жүрген кедей жігітке қыз беруді өзіне арсанаған бай қолшоқпарларына бұйырып, жылқышыжігітті өлесі қылдырып соққыға жығады. Жігіт жақынбір жамағайының үйінде төсек тартып жатып, қыздыалып қашуды мақсат қылады. Ақыры соққыдан жазылып, есін жиған жігіт ат баптап, уәделескен уақыттабай қызын алып қашады. Сөйтсе, бай жігітті аңдытыпқойған екен. Сақ отырған бір топ адам екі жасты қуғындап береді. Астындағы аттары қанша жүйрік болса дакөп адам жабыла қуып, ұстауға айналады. Бұл көктемгіқар суы еріп, Терісаққан өзенінің тасып жатқан уақыты екен. Қуғыншылар ұстауға таяп қалған соң, екі жасамалсыздан ат-матымен өзенге қойып кеп кетсе керек.Былайғы кезде беті ғана жыбырлап, шым-шымдап ағатын Терісаққан көктем сала буырқана тулап, арындапағатын болса керек, қос ғашықты ағызып ала жөнеледі.Қатты ызаға бой алдырып, қуып келе жатса да қызының ажал тырнағына ілінерін білген бай екі жастықұтқаруға қанша тырысқанымен долы өзен шыр айналдырып, тереңіне тартып кетеді. Жалғыз қызынан айырылған бай өзінің тым қатты кеткеніне өкініп, тірісіндеқосылмаған екі жасты жер қойнына қатар жерлейді.
## Дереккөздер |
Баласары (қыр. Бала-Сары) — Қырғызстанның Талас облысы Манас ауданы, Покровка айыл аймағы құрамындағы айыл.
## Халқы
2009 жылы айылда 1865 адам тұрған.
## Дереккөздер |
* Сөгет — Жалалабат облысы Ақсы ауданындағы айыл.
* Сөгет — Талас облысы Манас ауданындағы айыл. |
Сөгет (қыр. Сөгөт) — Қырғызстанның Талас облысы Манас ауданы, Покровка айыл аймағы құрамындағы айыл.
## Халқы
2009 жылы айылда 263 адам тұрған.
## Дереккөздер |
Покровка айыл аймағы (қыр. Покровка айыл аймагы) ― Қырғызстанның Талас облысы Манас ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Покровка, Баласары, Жайылған, Қараарша, Сөгет айылдары кіреді. Орталығы ― Покровка айылы.
## Халқы
2009 жылы айыл аймағында 11595 адам тұрған.
## Дереккөздер
Үлгі:Манас ауданы айыл аймақтары |
* Дударай (ән)
* Дударай (опера)
* Дударай стеласы |
(1087) Арабида — Негізгі белдеу тобының астероиды.
Оны 1927 жылы 2 қыркүйекте Карл Вильгельм Рейнмут Гейдельберг обсерваториясында ашты.
Ақшешек гүлді өсімдігінің латынша атымен аталды.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Астероидтар тізімі (1001—1100) |
Мамлют – 1974 жылы құрылған мемлекеттік табиғи зоологиялық қорықша. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1986 жылғы 17 ақпандағы № 69 қаулысымен қорықша республикалық маңызы бар қорық санатына ауыстырылған. Ауданы 52 400 гектарды құрайды. Құрылу мақсаты – сүтқоректілердің, суда жүзетін құстардың сирек түрлерін сақтау.
## Географиялық орны
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы жерінде орналасқан. Қорықшаның солтүстік шекарасы Щучье ауылынан басталып Студёное ауылы арқылы Лебёдки ауылына дейін жетеді. Шығысы – Лебедки ауылынан Беловка, Калугино, Краснознамённое ауылдары арқылы Петропавл – Мамлют тас жолына дейін жетеді. Оңтүстік шекарасы Петропавл – Мамлют жолымен Мамлютке дейін өтеді. Батыс шекарасы Мамлюттен Белое және Щучье ауылдарына дейінгі жолдың бойымен өтеді.
## Фаунасы
Қорықша аумағында мекендейтін жануарлар мен құстар түрлері аз, олар: жабайы шошқа, бұлан, елік, түлкі, қоян, орман сусары, жанаттәрізді ит, күзен, сары күзен, борсық. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген түрлер: сұңқылдақ аққу, ақбас үйрек, шиқылдақ қаз, қызылжемсаулы қарашақаз, сұр тырна, ақбас тырна, бақалтақ қыран, дала қыраны, қарақұс, бүркіт, ителгі, үкі, орман сусары. Ормандар мен көлдерінде ұя салатын құстар: қаз, үйрек, сұр тырна, үкі, жапалақ, аққұйрықты субүркіт, құтан, кекілік, құрлар, балықшы құстар, бірқазан. Қорғауға алынған жануарлар түрлері: кәдімгі құрбақа, жасыл құрбақа, сібір бақасы, секіргіш кесіртке, тірі туатын кесіртке, кәдімгі сарыбас жылан, дала сұр жыланы, ақмаңдайлы қаз, сұр қаз, қоңыр үйрек, барылдауық үйрек, ысылдақ шүрегей, даурықпа шүрегей, көк сүңгуір, айдарлы сүңгуір, қасқалдақ, мамырқұс, бөдене, аққұр, сұр құр, шұбарқұр, шетен сайрағы, бұлан, елік, жабайы шошқа, құндыз, түлкі, қарсақ, дала күзені, борсық, ондатр, жанаттәрізді ит, кермарал, қасқыр, аққалақ, сары күзен, американдық қара күзен, ақкіс, ақ қоян, ор қоян, тиін, орман тышқаны, дала суыры, балпақ, қызылұрт сарышұнақ, сутышқан.
## Дереккөздер |
Смирнов – мемлекеттік табиғи зоологиялық қорықша. Қорықша 1968 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің облыстық маңызы бар № 808 қаулысына сәйкес 10 жыл мерзімге құрылған. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1986 жылғы 17 ақпандағы № 69 қаулысымен Смирнов қорықшасы республикалық маңызы бар қорықтар санатына мерзімсіз ауыстырылды. Ауданы – 240 000 га. Құрылу мақсаты - аңшылық жануарлар түрлерін сақтау және көбейту.
## Географиялық орны
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар, Аққайың, Есіл аудандары жерінде орналасқан. Жер бедері Есіл – Ертіс су алабының тегіс жазығымен және көлдер, батпақтар мен сортаңдар алып жатқан шағын ойпаңдармен сипатталады.
## Флорасы
Қорықша аумағындағы шағын ормандарда қайың, ішінара көктерек, талдар, жабайы итмұрын, далалық шие, сынғыш итшомырт өседі. Шөптесін өсімдіктер тобылғы түрлерінен, қазтабан, бүлдірген және т.б. бұталы түрлерден тұрады. Оңтүстік аймақтарын шөлді дала өсімдіктері – қау, бетеге, жусандар алып жатыр. Көлдер көп емес, бірақ Балықты, Жыланды сияқты т.б. үлкен көлдер бар. Көлдер маңындағы батпақтардың жалпы ауданы 2 мың гектарға жуық. Қорықша аумағындағы қорғауға алынған өсімдік түрлері: қарағай, қайың, көктерек, жабайы раушан, далалық шие, сынғыш итшомырт, бүлдірген, тобылғы, қызылбояу, сиырсілекей, жусан, қазтабан, қау, жебір, қазтамақ.
## Фаунасы
Қайың, көктерек алқаптарында жануарлардан бұлан, сібір елігі, жабайы шошқа, түлкі, қарсақ, жанаттәрізді ит, ақ қоян, ор қоян, дала күзені, сары күзен, қара күзен, ақкіс, борсық, ондатр, құстардан бөдене, ақ кекілік, сұр кекілік, үйректер, қаздар, қасқалдақ, мамырқұс. Көрнекі түрлер: марал, ақмаңдайлы қаз, қызылжемсаулы қарашақаз, шиқылдақ қаз, құр. Қызыл кітапқа енетін түрлер: орман сусары, сұр тырна, сұңқылдақ аққу, ақбас тырна. Көлдерде Қазақстанның Қызыл кітабына құстар: сұңқылдақ аққу, ақбас үйрек, шиқылдақ қаз, қызылжемсаулы қарашақаз, сұр тырна, ақбас тырна, бақалтақ қыран, дала қыраны, қарақұс, бүркіт, ителгі, үкі, орман сусары. Қорғауға алынған түрлер: ақмаңдайлы қаз, сұр қаз, қоңыр үйрек, барылдауық үйрек, ысылдақ шүрегей, даурықпа шүрегей, көк сүңгуір, айдарлы сүңгуір, қасқалдақ, мамырқұс, бөдене, аққұр, сұр құр, шұбарқұр, шетен сайрағы, бұлан, елік, жабайы шошқа, құндыз, түлкі, қарсақ, дала күзені, борсық, ондатр, жанаттәрізді ит, кермарал, қасқыр, аққалақ, сары күзен, американдық қара күзен, ақкіс, ақ қоян, ор қоян.
## Дереккөздер |
Михайловка – мемлекеттік табиғи зоологиялық қорықша. Қорықша 1967 жылы – облыстық маңызы бар қорық ретінде 76,8 мың га аумақта 10 жыл мерзімге құрылған, 1977 жылы оның әрекет ету мерзімі 10 жылға ұзартылды. 1986 жылы мемлекеттік облыстық дәрежеден қолданылу мерзімі шектеусіз республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи зоологиялық резерват болып өзгертілді. 2001 жылы қорықшаға республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи зоологиялық резерват мәртебесі берілді. Құрылу мақсаты – аймақтағы аңшылық және кәсіптік жануарлар түрлерін, ең алдымен, таулы аңдарды сақтау.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Қарабалық ауданында Михайлов ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің аумағында алты мемлекеттік орман саяжайының аумақтарында орналасқан (Кидралин – 12,4 мың га, Михайлов – 0,5 мың га, Карадум – 8,9 мың га, Байқадамов – 31,9 мың га, Николаев – 19,3 мың га, Кукан – 3,8 мың га.) Қорықша шекаралары жоғарыда аталған саяжайлардың шекараларымен өтеді. Қорық солтүстігінде Новотроицкий, Михайлов, Бөрлі, Қособа ауылдық округтерінің және Ресей Федерациясының жерлерімен, оңтүстігінде - Лесной ауылдық округтерінің жерлерімен және Ресей Федерациясымен, шығысында – Михайлов, Бөрлі, Қарабалық ауылдық округтерінің жерлерімен, батысында – Боскөл, Өрнек, Қособа ауылдық округтерінің жерлерімен өтеді.
## Флорасы
Қорықша аумағында үлпілдек қайың, қотыр қайың, көктерек, бес аталық тал, бальзамды терек, сібір баққарағайы, кәдімгі қарағай, татар үйеңкісі, күлжапырақты үйеңкі, шаған; бұталардан – тобылғы, татар ұшқаты, далалық шие, сары қараған, шырғанақ; шөптесін өсімдіктерден – қау, қылқан селеу, шисабақ қоңырбас, құрғақ айрауық, шалғындық атқонақ, қияқ, ащы жусан, торсылдақ сылдыршөп, сарғылт құндызшөп, қызылбояу, кәдімгі мыңжапырақ және т.б.
## Фаунасы
Қорықша фаунасы алуан түрлі, сүтқоректілер: бұлан, сібір елігі, жабайы шошқа, қасқыр, қарсақ, сасық күзен, түлкі, орман сусары, борсық, ондатр, жанаттәрізді ит, ақ қоян, ор қоян, кірпі, тышқан текті кемірушілер; құстардан: құр, ақ шіл, сұр шіл, қаз, аққу, үйрек түрлері, тырна, дегелек, көптеген торғай түрлері; бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, ұлу және жәндіктердің сан алуан түрлері мекендейді. Қазақстанның Қызыл кітабына енген түрлер: орман сусары, бүркіт, қарақұс, сұр тырна, ақбас тырна, сұңқылдақ аққу, кіші аққу, сары құтан, аққұйрықты субүркіт.
## Дереккөздер |
Албан ұлттық киімі бүкіл Албанияда, албан тілінде сөйлейтін аумақтарда және албан субэтникалық топтарында (мысалы, Италиядағы Арбереш, Грециядағы Арваниттер, Хорватиядағы Абанаси) дәстүрлі түрде киілетін 200-ден астам түрлі киімдерді қамтиды. Дәстүрлі киімдер тұратын аймаққа, әлеуметтік шығу тегіне, жасына және дініне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Халық киімі 1950 жылдарға дейін Албанияда күнделікті өмірде кеңінен таралған. Кейін, әсіресе, жастар арасында батыстық үлгідегі киімдер ауыстырылды. Ал бүгінде кейбір қарттар күнделікті тұрмыста дәстүрлі киім киюді жалғастыруда. Бұл киімдерді әртүрлі фольклорлық топтар да киеді, қарапайым албандар арнайы мерекелерде дәстүрлі киім киюі мүмкін.
Албандық киім уақыт өте өзгерді. Бірнеше аймақтық түрлері дамыды. Сыртқы мәдени факторлар әсер етті, атап айтқанда, исламдану мен Османлы дәуірі киімге үлкен әсер етті. Албания тәуелсіздік алғаннан кейін батыс сәнінің әсері дәстүрлі киімдерге де әсер ете бастады.
## Әйелдер киімі
Албанияның таулы бөлігінде әйелдер жиегі кестеленген ұзын зығыр көйлек киген. Бұл жейдеге екі алжапқыш (фартук) кигізілген немесе кестемен безендірілген бір кішкентай. Албан тау әйелдерінің қысқа күртешелері алтын баулармен, аппликациялармен және шашақтармен безендірілген. Олардың гардеробында қоңырау тәрізді юбкалар да болды. Шкодер аймағында әйелдер мөлдір көйлектерін иықтарына қызыл ленталармен байлаған, ал көкірекше күміс тиындармен безендірілген. Албанияның солтүстігіндегі Мирдита аймағында белбеу жасына байланысты қылшықтармен безендірілген: қызыл киімді жас қыздар, қара киімді егде жастағы әйелдер. Зерчани аймағында әйелдер баумен кесілген жеңсіз көйлек киген. Қала тұрғындары мақтадан немесе жібектен жасалған гүл шоқтарын киді. Әйелдердің, сондай-ақ ерлердің сыртқы киімдері ұзын тербелетін джубба кафтан болды. Ол тығыз жүн матадан тігілген және гауһар тәрізді ою-өрнектермен кестеленген. Бас киімдердің ішінде орамалдар мен төсек жамылғылары кең тараған, олар аймаққа байланысты ерекшеленетін.
## Ерлер киімі
Ерлердің дәстүрлі киімі Албанияның оңтүстігінде кең таралған фустанелла юбкасы болды. Солтүстікте олар қара өрілген кестеленген ақ тар ұзын шалбар киген. Бұл шалбармен бірге ерлер жейде, жилет және жеңсіз күрте киді. Сондай-ақ түкті күртеше киетін сөмке тәрізді потур шалбарлар да болды. Бас киімдердің ішінен ерлер түрік фездерімен қатар жолақ тақия киген. Албандықтардың ұлттық бас киімі - кече.
## Дереккөздер |
Ұлытау – мемлекеттік табиғи зоологиялық қорықша. Қорықша 1971 жылы облыстық маңызы бар мәртебеде ұйымдастырылды, 1986 жылы республикалық маңызы бар санатқа ауыстырылды, 1990 жылы «Ұлттық тарихи-мәдени қорық» - Ұлытау мұражайының құрамына кірді. Ауданы 19300 га. Құрылу мақсаты – Ұлытау тауларының бүкіл табиғи кешенін қорғау, негізгі бағыты – тау жануарларын қорғау және көбейту.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерінде, Ұлытау тауларының гранитті баурайында, "Ұлытау орман және жануарлар дүниесін қорғау" шаруа қожалығының күштерімен қорғалатын мемлекеттік орман қоры жерлерінде орналасқан.
## Флорасы
Ұлытаудың жоғарғы белдеуі ұсақ топырақ пен жоғары сатыдағы өсімдіктерден айырылған, сарғайған, қара, жасыл түсті қыналармен боялған. Жоғары сатыдағы өсімдіктер тек ұсақ топырақ жиналған жарықтарда, тас тақталардың ойыстарында және көбінесе ойықтарда шоғырланған. Тау беткейлерінің төменгі бөліктеріндегі тау шатқалдарында қызыл қаулы дала шөптесіндері кездеседі. Терең шатқалдардың кей беткейлері қайың, қайыңды-көктерек ормандарымен, кей жерлерде мойыл мен долана және қалың бұталармен жабылған. Таудың шеткі аласа бөліктерін шөлейтті жусанды-бетегелі және тобылғы мен садақбоз қау өскен далалар алып жатыр. Бұл бөлікте тек Ұлытау облысында кездесетін ерекше қорғауға алынған өсімдіктер өседі: қылшықты мыңжапырақ, ұсақ гүлді күреңот, ұлытаулық түймешетен, олармен қатар сирек кездесетін шегіргүл Селькирка, қазақ күреңі, жалтыршөп, қала шыршайы, қияқөлең, жоңғар талы. Қазақстанның Қызыл кітабына енгендер: қызыл қайың, сартүтік, Шренк қызғалдағы, ұлытаулық түймешетен.
## Фаунасы
Қорықшада тұяқтылардың кейбір түрлері, соның ішінде арқарлар мен еліктер мекен етеді, құстардан – құр мен шіл түрлері, жыртқыштардан – түлкі, қасқыр, ақкіс, аққалақ, қарсақ, күзен және т.б. жануарлар түрлі кездеседі. Қазақстанның Қызыл кітабына енген фауна түрлері: қара дегелек, бүркіт, ителгі, Қазақстан арқары, қарақұйрық, қылқұйрық бұлдырық, үкі, сабаншы.
## Дереккөздер |
СарыАрқаАвтопром — Қостанай қаласындағы автомобиль құрастыру зауыты. «Asia Auto» компаниясымен қатар 2021 жылы елдегі нарық үлесі 61% құраған Қазақстандағы екі ірі жеңіл автокөлік құрастыру зауытының бірі болып табылады.
## Сипаттамасы
Кәсіпорын КСРО кезінде 1980 жылдардың соңында салынған және 2000 жылдары банкротқа ұшыраған бұрынғы Қостанай мотор зауытының ғимараттарында орналасқан, оның негізінде «AllurAuto» тобына кірген «СарыарқаАвтоПром» жеңіл автокөліктері мен «АгромашХолдингтің» ауылшаруашылық техникаларын құрастыру зауыттары құрылды.
2012 жылдан бері жұмыс істейді, 2021 жылға қарай өндірістік алаңы 86 мың м², 1,6 мыңнан астам жұмысшысы болды.
Негізгі қызмет түрі — үшінші тұлғалардың мүддесі үшін келісім-шартты құрастыру. Бұл қызмет мүдделері үшін құрастыру жүргізілетін компанияларға ҚҚС және қайта өңдеу үшін алымдарды төлеуден жалтаруға, саланы дамыту және оқшаулау бойынша міндеттемелерсіз жеңілдетілген автонесие бағдарламасын пайдалануға мүмкіндік береді.
## Дереккөздер |
Зенага — Мавритания аумағында тұратын жалпы саны 25 мың адамнан тұратын ұлт.
## Тілі
Олар зенага тілінде, көбісі араб тілінде сөйлейді.
## Діні
Дінге сенушілердің діни байланысы: сүнниттік мұсылмандар.
## Кәсібі
Дәстүрлі кәсібі – көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы (зебу, қой, ешкі), оазистерде – егіншілік ( құмай, күріш, жүгері, құрма), керуен саудасы. Былғары бедерлеу, кілем тоқу өнері дамыған (геометриялық қызыл-қара-жасыл оюлары бар жеңіл кілемдер басым).
## Өмір салты
Дәстүрлі қоғамдық құрылым XX ғасырдың ортасына дейін сақталды. Ақсақалдар кеңесі бар.
Қоныстары ықшам орналасқан. Тұрғын үйлері төртбұрышты, шикі тастан қаланған, шатыры тегіс, ауласы бар. Көшпелілер лашықтарда немесе құрғақ бұтақтардан жасалған күмбезді шалаштарда тұрады.
Дәстүрлі киімдері – жеңі қысқа ақ түсті кең және ұзын көйлек, басына сәлде, аяғына сандалдар киеді. Мереке күндері – қара кестелі шалбар, иілген ұштары бар аяқ киім, тұмар, әйелдер - қара кең көйлек киіп, аяқ пен қолдарына зергерлік бұйымдар тағады.
Тағам – ащы соус қосылған бәліштер, пісірілген ет, томат соусында пісірілген қамыр (кус-кус), көкөністер, құрма.
## Дереккөздер |
Комсомол — Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Талов ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2011 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жәнібек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 109 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 170 адам (86 ер адам және 84 әйел адам) болса, 2009 жылы 24 адамды (15 ер адам және 9 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қазақстанның автомобиль жолдары — Қазақстан аумағындағы елді мекендерді бір-бірімен және басқа нысандармен байланыстыратын көлік құралдарының қозғалуына, жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған жолдар желісі.
Жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары желісі 96 мыңнан астам шақырымды қамтиды, оның көпшілігі қайта жаңғырту мен жөндеуге мұқтаж.
Қазақстан арқылы жалпы ұзындығы 23 мың шақырым болатын бес халықаралық автомобиль маршруты өтеді:
* Челябіге шығатын Астана — Алматы (М-36) тас жолы
* Омбыға шығатын Алматы — Петропавл (М-51) тас жолы
* Омбыға шығатын Семей — Майқапшағай (M-38) тас жолы
* Ташкентке шығатын Алматы — Шымкент (А-2) тас жолы
* Самараға шығатын Шымкент — Ақтөбе — Орал (М-32) тас жолы
## Жіктелуі
Республикалық және жергілікті маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолының индексі латын латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады. Автомобиль жолдарының индексiндегi сандар индекс әрiптерiнен кейiн дефис арқылы берiледi.
Республикалық және жергілікті маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолы индексiнiң әрпi автомобиль жолының класына сәйкес келедi және мыналармен айқындалады:
«M» — шақырым есебi, шектес мемлекеттiң аумағынан басталатын аса маңызды мемлекетаралық көлiк байланысын қамтамасыз ететiн автомобиль жолдары үшiн;
«А» — Қазақстан Республикасының iрi әкiмшiлiк, мәдени және экономикалық орталықтарының, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар жолдарды қоса алғанда, көршiлес мемлекеттердiң арасындағы көлiктiк қатынасты қамтамасыз ететiн автомобиль жолдары үшiн;
«Р» — қалғандары үшiн;
«К» — жергiлiктi маңызы бар жолдар үшін;
Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының индексiндегi келесi әрiптерi жолдың әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiне тиесiлiгі бойынша кестеге сәйкес белгiленедi.
Автомобиль жолы екi және одан да көп әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арқылы өткен жағдайда жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге тиесiлiгi бойынша индекстiң бiрiншi әрпiнен кейiн әрiптер әлiпби тәртiбімен меншiктеледi.
## Халықаралық маңыздағы жолдар
## Республикалық маңыздағы жолдар
## Басқа республикалық маңыздағы жолдар
## Ақылы жолдар
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында жалпы ұзындығы 3288 шақырым болатын 18 ақылы учаске бар.
Бірінші ақылы учаске «Астана—Щучинск» жолы 2013 жылдан бастап ақылы болды.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы (Күшін жойған)
* Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы |
* Аманат
* Аманат — 2011 жылы Алматы қаласы «Мерекенің баспа үйі» баспасында басылып шыққан кітап.
* Аманат — Қазақстанның билік етуші партия.
* Аманат — Сатыбалды Нарымбетовтың фильмі.
* Аманат — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауыл.
* Аманат — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы ауыл.
* Аманат — Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданындағы таратылған ауыл. |
Дулат Тұрсынұлы Тастекей (22 маусым, 1982 жыл, Екпін ауылы, Тарбағатай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) — қазақстандық кәсіпкер, меценат, «TAS GROUP» компаниялар тобының негізін қалаушы және басқарушысы .
«Assyltas» қоғамдық қорының құрылтайшысы, Халықаралық Қазақ тілі қоғамы қоғамдық бірлестігінің вице-президенті (2023 – қазіргі уақытқа дейін).
## Өмірбаяны
1999 жылы Алматыдағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатын тәмамдаған.
2003 жылы Алматыдағы Қазақ экономика және құқық институтын бітірген.
2007 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін аяқтаған.
2009 жылы Францияның НЕС бизнес мектебінің түлегі.
2015 жылы Мәскеудің «Сколково» басқару мектебінің (Директорларға арналған практикум, компанияны басқару) курсын тәмамдаған.
2019 ж. Нархоз университетінің «Іс басқару» мамандығы бойынша философия докторы ғылым дәрежесін алды.
2019 жылы Сандық трансформацияны басқару курсынан өткен.
2019 жылдың желтоқсан айынан бастап Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының вице-президенті болып сайланды.
Қазіргі таңда Гарвард бизнес-мектебінің (Harvard Business School) тәлімгері.
## Кәсіпкерлік қызметі
2003 жылдан бастап республикамыздың банк және қаржы мекемелерінде түрлі қызметтерді атқарған.
2010 жылдан бастап «TAS GROUP» компаниялар тобының директоры.
2018 жылдан бері «Assyltas» қоғамдық қорының құрылтайшысы.
## Қоғамдық қызметі
Дулат Тастекеев медицина, спорт, мәдениет саласындағы қайырымдылық жобаларының белсене қатысушысы. Қазақстанның 100 жаңа есімі жобасының жеңімпазы .
2016-2019 жылдары ШҚО Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында кәсіпкердің қаржылық демеуімен «Туған жерге туыңды тік» атты Халықаралық ақындар айтысы өткізілді, «Тарихқа толы Тарбағатай» атты альманах-кітаптың алты томы және Ақсуаттағы ақындар айтысы топтастырылған «Туған жерге туыңды тік» жинағы жарық көрді. 2021 жылдан бері «Асыл домбыра» ақындар айтысын ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына қаржылай қолдау көрсетеді.
Дулат Тастекей Абай атындағы Республикалық дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатқа үнемі қолдауын көрсетеді. Меценаттың демеушілігімен мектепте шетелден келген ағылшын тілінің маманы курс өткізіп жүр және мектеп оқушыларының арасында ақындар айтысы ұйымдастырылып жүр .
2018 жылдан бастап Тарбағатай өңірінен шыққан, сол өңірге еңбегі сіңген азаматтарға «Тарбағатай тарланы» медалін тағайындады. 2019 жылы «Assyltas» медалін тағайындады.
2021 жылдың тамызында 2500 адамға арналған Орталық Азиядағы ең ірі мешіттердің бірі пайдалануға берілді. Мешіт құрылысына меценат 500 млн теңге қаржы бөлген .
2021 жылы Дулат Тастекейдің «Өте маңызды» атты авторлық кітабы жарық көрді.
2023 жылы Алматы қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.
2023 жылы шілде айында өткен Халықаралық Қазақ тілі қоғамы қоғамдық бірлестігінің вице-президенті болып тағайындалды. Қазақ тілін қолдау мақсатында ашылған эндаумент қорына 100 миллион теңге аударғанын хабарлады.
2023 жылы Семей қаласының "Құрметті азаматы" атағы берілді.
## Марапаттары
* Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін "Еңбек үздігі" медалімен марапатталды (2017 жыл)
* Еліміздің білімі мен ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін "Күлтегін" медалімен марапатталды (2019 жыл)
* Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша Жыл кәсіпкері (2018 жыл)
* "Жомарт жүрек" облыстық байқауының (ШҚО) лауреаты атанды (2018 жыл)
* Ұлттық спорт түрін дамытуға қосқан үлесі үшін "Қазақ күресі" медалімен марапатталды (2018 жыл)
* "Азаматтық-патриоттық белсенділігі үшін" медалімен марапатталған (2019 жыл)
* "Абай" естелік медалімен марапатталған (2020 жыл)
* "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы (2021 жыл)
* "Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы" атағы берілді (2021 жыл)
* Семей қаласының "Қалаға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталған (2021 жыл)
* "Дара тұлға" медалімен марапатталған (2022 жыл)
* Б. Момышұлы атындағы "Намыс" Құрмет медалімен марапатталған (2022 жыл)
* "Қазақстан патриоттары" естелік медалімен марапатталған (2022 жыл)
## Отбасы
Үйленген. Жұбайы – Тастекеева Айжан Серікқызы (1983 ж.т.), «TAS GROUP» қаржы компаниясының басқарушы серіктесі. Бүгінде Дулат пен Айжан төрт бала тәрбиелеп отыр.
## Дереккөздер |
Согров – мемлекеттік табиғи зоологиялық қорықша. 1968 жылы құрылып, 1986 жылы мерзімсіз дәрежеге ауыстырылды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1986 жылғы 17 ақпандағы № 69 қаулысымен республикалық маңызы бар қорықша санатына ауыстырылды. Ауданы 134100 га. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысын іске асыру туралы Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің бұйрығымен қорықша Көкшетау ұлттық паркі құрамына бекітіліп, заңды мәртебеге ие болды. Құрылу мақсаты - аңшылық жануарлар түрлерін сақтау және көбейту.
## Географиялық орны
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы жерінде орналасқан, батыс шекарасы - Есіл өзенінің бойымен 45 км созылады, солтүстік шекарасы – Ресейдің Түмен облысы шекарасымен өтеді.
## Флорасы
Қорықша табиғатта сирек кездесетін түрлерді қамтитын бірегей табиғи экожүйе. Есіл алабының бойында тропиктік ормандарға тән су басқан ормандар созылып жатыр. Мұнда тропикалық ормандардың өсімдіктері лиана – құлмақ, сүйсіндер, тікенді жартылай лиана - қарабүлдірген, сонымен қатар биіктігі екі метрге жететін бұталар, ағаштар мен шөптер өседі. Суық климаттың реликтісі ретінде ескі қарағайлы ормандар сақталған. Қорықшада ландшафтың тағы бір түрі – қайың-емен ормандары тән. Сонымен қатар тайгалық ландшафттың жалпақ жапырақты ормандары өсімдіктерінің, далалық ландшафттың, көлдер маңында өсетін су өсімдіктерінің, тропикалық флора элементтері бар Есіл бойындағы су басқан ормандардың қолайлы ареалы. Қорықша Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстанның Қызыл кітабына енген орхидеялардың "шолпанкебістер" деп аталатын 3 түрі өсетін жалғыз жер: ірі гүлді шолпанкебіс, кәдімгі шолпанкебіс, сепкіл шолпанкебіс және бұйра лалагүл. Қорғауға алынған түрлер: кәдімгі қарағай, қайың, көктерек, ақ терек, қара терек, мойыл, тал, кәдімгі құлмақ, көкшілсұр бүлдірген, қосүйлі мысықтабан, кәдімгі еркекқырыққұлақ, қоңырауша, дөңгелек жапырақты алмұртшөп, балшытыр, орман аюбалдырғаны.
## Фаунасы
Жануарлар мен құстардан: жабайы шошқа, түлкі, жанаттәрізді ит, ақ қоян, ор қоян, сасық күзен, аққалақ, сары күзен, ақкіс, борсық, ондатр, құр, сұр шіл, үйрек, қаз, қасқалдақ, шалшықшы құс. Көрнекі түрлері: құндыз, американдық күзен, аққұр. Қазақстанның Қызыл кітабына енген түрлер: бұйра бірқазан, қызғылт бірқазан, сұңқылдақ аққу, ақбас үйрек, шиқылдақ қаз, қызылжемсаулы қарашақаз, сұр тырна, ақбас тырна, бақалтақ қыран, дала қыраны, қарақұс, бүркіт, жыланшы бүркіт, ителгі, үкі, орман сусары. Қорғауға алынған түрлер: ақмаңдайлы қаз, сұр қаз, қоңыр үйрек, барылдауық үйрек, бізқұйрық үйрек, қасқалдақ, мамырқұс, бөдене, аққұр, сұрқұр, құр, шұбарқұр, бұлан, елік, жабайы шошқа, құндыз, түлкі, қарсақ, сасық күзен, борсық, ондатр, жанаттәрізді ит, кермарал, қасқыр, аққалақ, сары күзен, американдық күзен, ақкіс, ақ қоян, ор қоян.
## Дереккөздер |
Албан комикстері — халықаралық деңгейде танымал болмаса да, негізінен Косоводан келген комикс авторларымен шығарылды. Соңғы уақытқа дейін Албанияда комикстерді фумити (сөзбе-сөз, түтіннің бұлттары) деп аталатын керексіз әдебиет ретінде қарастыратын күлкілі дәстүр болған жоқ, себебі поп-артқа диктаторлық коммунистік режим тыйым салған. Бүгінгі таңда Косовода Леон деп аталатын бір комикс журналы және Гарфилд пен Кальвин және Гоббспен бірге (албан тіліне аударылған) Тафе Кусури комиксті Koha Ditore газетіде (Агим Кена негізін қалаған және оның ұлы Ррон Цена жалғастырған ең көне сериал кейіпкері) жарық көрді.
## Қысқаша тарихы
Косовода күлкілі мәдениетке Югославиядағы субмәдениет әсер етті, дегенмен басқа елдер ықпал етті. Косовода жарық көрген алғашқы комикс Агим Кенаның (Рилинджа газеті) Тафе Кусури болды. Тоқсаныншы жылдардағы параллельді басқару кезінде Косовоның Приштина қаласында басылып шыққан албан күлкілі журналы болды және ол Стрип Арты деп аталды. Онда жергілікті және халықаралық авторлардың комикстері ұсынылды. Журнал негізін қаламағаны үшін тоқтатылды. «Стрип Арты» болмаса, күлкілі мәдениет негізінен балалар мен жасөспірімдер журналдары арқылы жалғасты. Баламалы өнерге арналған Хапи Алтернатив журналы комикстердің жанкүйері Петрит Селими өңдеген, сонымен қатар Хеллбой сияқты роман кейіпкерлерін албан тілінің нарығына таныстыратын жергілікті және шетелдік комикстерді басып шығарды. Басқа аралас мазмұнды журнал Харежа (тоқсаныншы жылдары Ибрагим Кадриу ай сайын шығаратын) және Визатори деп аталатын Коха Диторедегі апта сайынғы балаларға арналған қосымшасы (Илл Ругова 2000–2005 жылдары шығарған) болды. «Ррота» баспасы 2003 жылы Өрмекші адам, Алан Форд және Икс адамдарын басып шығарды және аударды. Кейінірек олар Пишпирику деп аталатын ай сайынғы балалар журналын шығарды, онда бес беттік комикс (Трембелат жазған және суреттеген) үнемі көрсетіліп тұратын. 1999 жылы Дайли Зериде түпнұсқалық шығармаларды шығарды, ал апта сайынғы Жава 2003 жылы Рротелат (Эдон Мухакхери) шығарды, бірақ екеуі де тәжірибені тоқтатты.
Албан комикстері ауызекі тілде Югославия комикс мәдениетінің әсерін көрсететін «стрипа» деп аталады.
Комикстерді Косовода табу қиын. Олардың кейбіреулері Рилинджа газеттерінің тарату нүктелерінен табылған, ал жанкүйерлер Приштина қаласының орталығындағы Стрипдепот деп аталатын комикстерден шабыттанған кофеханада, сондай-ақ Дите Нат кітап дүкені-кафесінде шектеулі көшірмелерді таба алады.
## Авторлар
Косоводағы негізгі комикс авторлары: Агим Кена, Шпенд Када, Бинжамен Хакша, Валдет Гаши, Гжон Марку, Гани Сундури, Гани Якупи Рамадан ЗаплужаФахри Акханела.
Албаниядағы негізгі комикс авторлары: Шпенд Бенгу. Косоводағы негізгі комикс баспалары; Рилинджа, Ррота, Хареджа, Хапи балама, Коха.
## Фактілер
* Приштинада адамдар оқып, сатып ала алатын комикстер жинағы бар Strip Depot деп аталатын кафе-бар бар. Комикстерден шабыттанған барды комикс әуесқойы және Hapi Alternativ күлкілі журналының бұрынғы шығарушысы Петрит Селими құрған.
* 1997-1998 жылдар аралығында Сорос қоры ұйымдастырған және негізін қалаған бір жылдық комикс мектебі болды. Косоводағы соғысқа байланысты тоқтатылды.
## Тағыда қараңыз
* Албания өнері
* Албания музыкасы
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* «Ррота» баспасы
* trembelat.com
* Коха Диторе онлайн
* Косово Македония комикс орталығында
* Strip Depot кафесі
* Комикстер қауымдастығы
* Шпенд Бенгу Мұрағатталған 24 қаңтардың 2019 жылы. |
Аманат (2007 ж. дейін — Зерновая) — Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Талов ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2011 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жәнібек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 117 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 188 адам (99 ер адам және 89 әйел адам) болса, 2009 жылы 45 адамды (22 ер адам және 23 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Албан халық поэзиясы албан әндерімен бірге дәстүрлі албан поэзиясын құрайды, ол өз кезегінде албан әдебиетінің бір бөлігі болып табылады.
## Тарихы
1830 жылы Вук Караджич Джураковац (қазіргі Печ қаласының маңында) Довика Обадовичтің сөзінен албан халық поэзиясының алғашқы шығармаларын жазды: 12 албан әні және бір жұмбақ. Албан ұлттық қозғалысы кезінде албандар мен албандардың ұлттық болмысының қалыптасуына атсалысқан ауызша әдеби шығармашылықтың таңы басталды. Албан әдебиеті шығармаларының алғашқы жинағы Джон Ханның «ағылш. Albanische Studien» кітабында жинақталған, ал ең танымал эпикалық поэмалардың бірі католик монахы Джерг Фиштаның авторы «ағылш. The Mountain Lute (English) Russian» поэмасы болды. 1905-1908 жылдары Николла Иванай «Шпнеса е Шқыпнисе» атты батырлық халық жырларының жинағын басып шығарды және осы жинақтарды басып шығаруды бастаған алғашқы авторлардың бірі болды.
## Әндері
Албан тілінің гег диалектісі басым Солтүстік Албания әндерінде серб сөздері көптеп кездеседі; Албанияның оңтүстігінде әндер тоск диалектінде айтылады, ал славян сөздері албанизацияланған түрге енеді. Ең танымал халық әндерінің мысалдары:
* Озық жауынгерлердің албан әндері, оның ішінде Мужо мен Халили циклі, сонымен қатар Гиерге Элез Алия
* Евфросин Иоанина
* Константин мен Дорунтина (Константин мен Йокин туралы баллада)
* Бунаның үстін қалың тұман басып тұр
* О, менің сұлу Мора
* Машкуллора ағашының жанында
* Чам халық әндері (мысалы, Чело Мезани әні)
* Косово шайқасы туралы әндер
## Дереккөздер |
Құралай теңдеулері — сызықтық емес дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер болып табылады. Бұл теңдеулер физиканың әртүрлі салаларында сызықтық емес құбылыстарды сипаттайтын математикалық моделдері болып табылады. Құралай теңдеуінің бірнеше түрі бар.
## Құралай-IIA теңдеуі
Бұл интегралданатын, яғни солитондық теңдеу. Осы Құралай-IIA теңдеуінің кейбір қасиеттері, мысалы, мына мақалада зерттелген:
* Integrable Kuralay Equations: Geometry, Solutions and Generalizations. Symmetry 2022, 14(7), 1374. https://doi.org/10.3390/sym14071374
## Құралай-IIB теңдеуі =
Құралай-IIB теңдеуі (Kuralay-IIB equation) төмендегі түрде жазылады:
Бұл интегралданатын, яғни солитондық теңдеу. Осы Құралай-IIA теңдеуінің кейбір қасиеттері, мысалы, мына мақалада зерттелген:
* Integrable Kuralay Equations: Geometry, Solutions and Generalizations. Symmetry 2022, 14(7), 1374. https://doi.org/10.3390/sym14071374 |
Ертіс өзенінің жайылымы қорықшасы, Ертіс жағалауы қорықшасы – мемлекеттік табиғи кешенді қорық. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 877 қаулысымен бекітілген. Қорықтың ауданы 377 055,23 га. Мәртебесі – республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қорық.
## Географиялық орны
Ертіс өзенінің сол жағалауында 1-ден 10-12 км-ге дейін және оң жағалауында 4-6 км-ге дейін созылып, Павлодар облысының Ақтоғай, Железин, Ертіс, Тереңкөл, Аққулы, Май және Павлодар аудандары мен Ақсу және Павлодар қалаларының аумақтарын қамтиды.
## Флорасы
Ойпаңды жерлер мен өзен арнасының жайылмасындағы орманды-қатпарлы топырақ жамылғысында шағын орманды алқаптар, шоқ тоғайлар және бұталар өседі. Жайылма ормандарының негізін қара терек, ақ терек, ақ тал, қотыр қайың және т.б. құрайды. Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер түрлері: сарғыш сарана, ашық құндызшөп, секпіл шолпанкебіс, су жаңғағы, Павлов итмұрыны. Шұбаршөп, орман қырықбуыны, ұсақтұқымды сүттіген, ұзын тегеурінгүл қорық аумағында сирек кездесетін өсімдік түрлеріне жатады.
## Фаунасы
Жайылмада сүтқоректілердің 55 түрі (бұлан, еліктер, түлкі, сарышұнақтар, атжалмандар, т.б.) кездеседі. Құстардың 200 түрі, оның 105-і Павлодар қаласының аумағына іргелес жатқан жайылмаға ұя салады. Жайылма суларында балықтардың 20-ға жуық түрі бар, олардың ішінде құндылары: бекіре, сүйрік, сылан, табан балық, көксерке, сазан, т.б. Қазақстанның Қызыл кітабына енген түрлер: қара дегелек, қара тұрпан, жалбағай, қызылжемсаулы қарашақаз, алакөз сүңгуір, ақбас үйрек, аққұйрықты субүркіт, балықшы тұйғын, лашын, сұр тырна, ақбас тырна, үкі. Қызылжемсаулы қарашақаз, алакөз сүңгуір және ақбас үйрек Халықаралық табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау одағының тізіміне енгізілген.
## Дереккөздер |
Жаңа жер – мемлекеттік табиғи зоологиялық қорықша. Қорықша Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1986 жылғы 17 ақпандағы қаулысымен ұйымдастырылды. Аумағы 45 мың га. Ақжайық резерватының құрамына бекітілген.
## Құрылу мақсаты
Қиғаш өзені сағасының шығыс бөлігі мен Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде, Қазақстанның Атырау облысы Құрманғазы ауданы аумағында сирек кездесетін жануарларды қорғау мақсатында құрылған. Қорықша Солтүстік Каспийдің жетуге қиын бөлігіндегі шағын және үлкен аралдарда орналасқан. Аралдар мезгіл-мезгіл су астында қалады. Қауіпсіздік режимі - тапсырыс бойынша.
## Флорасы
Соңғы зерттеулер бойынша флора тізіміне 90 тұқымның 33 тұқымдасына жататын 130 түрі кіреді, бұл Солтүстік Каспийдің қазақстандық бөлігі флорасының шамамен 54% құрайды. Өсімдіктері суда (ірі балдырлар, жоғары сатылы су өсімдіктері) және су бетінде өсетіндер (құрақ, қоға, түңғиық, су каштаны) болып бөлінеді. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек түрлер: Андржев қалампыры, Фишер құссүттігені.
## Фаунасы
Қорықша орналасқан аралдар мезгіл-мезгіл су астында қалатындықтан, батпақты-сулы жерлерді мекен ететін құстар мен жануарлары үшін қолайлы ареал. Жануарлардан жабайы шошқа, түлкі, қарсақ, ақ қоян, ондатр, жанаттәрізді ит мекен етеді, суда жүзетін және су жағалайтын құстардың 23 түрі ұя салады. Жыртқыш құстардан аққұйрықты субүркіт, батпақты және қамысты құладындар кездеседі. Қазақстанның Қызыл кітабына құстардың 25 түрі енгізілген: қарабай, кіші аққұтан, қоқиқаз, кіші аққу, сұңқылдақ аққу, қызылжемсаулы қарашақаз, ақбас үйрек, сұр тырна, ақбас тырна, сүйір тұмсықты шалшықшы, қызғылт бірқазан, бұйра бірқазан, жалбағай, шиқылдақ қаз, қытай қазы, дөңтұмсық тұрпан, қара тұрпан, кезқұйрықты субүркіт, аққұйрықты субүркіт, қарақұс, бүркіт, дала қыраны, балықшы тұйғын. Күжіркей құсы, ондатр мен жанаттәрізді ит сирек кездесетін түрлерге жатады. Халықаралық табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау одағының тізіміне құстардың 12 түрі енгізілген: бұйра бірқазан, шиқылдақ қаз, қызылжемсаулы қарашақаз, алакөз сүңгуір, ақбас үйрек, тазқара, аққұйрықты субүркіт, кезқұйрықты субүркіт, қарақұс, үлкен ала қыран, жағалтай, далалық күйкентай.
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі — Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы органы. Қазақстан Республикасындағы индустрия және елді индустриялық-инновациялық, машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі және химия өнімінің қауіпсіздігі; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату, сондай-ақ оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру, сондай-ақ экономика мен қоғамның көліктік және коммуникациялық қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тиімді және технологиялық жағынан жаңартылған көлік-коммуникация кешенін құру болып табылады.
Инвестициялар және даму министрі — Әсет Исекешев.
## Құрылымы
* Инвестициялар комитеті
* Аэроғарыш комитеті
* Азаматтық авиация комитеті
* Көлік комитеті
* Автомобиль жолдары комитеті
* Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті
* Техникалық реттеу және метрология комитеті
* Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті
* Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті
## Сыртқы сілтемелер
* Министрліктің ресми сайты Мұрағатталған 2 сәуірдің 2015 жылы. |
Кака атырабы (түрікм. Kaka etraby) — Түрікменстанның Ахал уәлаятындағы атырап. Әкімшілік орталығы – Кака қаласы.
## Тарихы
1925 жылы қаңтарда Түрікмен КСР-нің Полторацк округінің орталығы Гинсбург кенті болатын Гинсбург ауданы ретінде құрылды. 1926 жылы тамызда Полторацк округі таратылып, Гинсбург ауданы Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды.
1927 жылы қаңтарда Гинсбург ауданы Каахка ауданы, ал оның әкімшілік орталығы Каахка болып өзгертілді. 1939 жылы қарашада Каахка ауданы жаңадан құрылған Ашхабад облысына берілді.
1959 жылы мамырда Ашхабад облысы таратылып, аудан қайтадан Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды. 1963 жылдың қаңтарында Каахка ауданы жойылды, бірақ сол жылдың желтоқсанында қалпына келтірілді.
1970 жылы желтоқсанда Мары облысы қайтадан құрылды, оның құрамына Каахка ауданы кірді. 1973 жылы желтоқсанда аудан қайта құрылған Ашхабад облысына берілді.
1988 жылы Ашхабад облысы қайтадан жойылып, аудан Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды. 1992 жылы 14 желтоқсанда Каахка ауданы Кака атырабы болып өзгертіліп, Ахал уәлаятының құрамына енді.
2018 жылдың 5 қаңтарында Түрікменстан Парламентінің Ахал уәлаятының аумағында болған Алтынасыр атырабын жоюына байланысты оның құрамына кіретін Мән және Шаш кеңесшіліктері Какаға берілді.
Сол қаулымен Кака атырабының әкімшілік орталығы — Кака қаласының статусы атырап құқығы бар қаладан атырап құрамындағы қалаға өзгертілді.
## Археология
Душақ ауылынан оңтүстікке қарай 4 км және Ашхабадтан солтүстік-шығысқа қарай 175 км жерде ауданы 26 га болатын қола дәуіріне жататын йаз мәдениетінің Ұлықтепе археологиялық ескерткіші орналасқан.
Ол Қаратепе, Намазғатепе, Алтынтепе және Йылғынлытепемен қатар Көпетдақ етегіндегі ежелгі егіншілердің ірі қоныстары жүйесіне кіреді.
Ұлықтепенің ең ерте қабаттары дамыған энеолит кезеңіне жатады. Орталық Азияның оңтүстігіндегі қола дәуірі/темір дәуірі ауысуындағы миграциялардың рөлін зерттеу үшін Ұлықтепеде қазылған 17 қаңқадан митохондриялық ДНҚ зерттелді.
Кейбір митохондриялық гаплотоптар қазіргі Батыс Еуразия популяцияларындағыларға жақын болып шықты.
## Дереккөздер |
Ила — Замбияның солтүстігі мен Конго Демократиялық Республикасының оңтүстігіндегі банту халықтарының тобы (Кафуэ өзені бассейні). Халқы 200 000 адам.Оған сонымен қатар мбала, лумбу, биши және лундве этникалық топтары кіреді.
## Тілі
Тілі - тонга банту тілдер тобы.
## Діні
Дінге сенушілер - протестанттар, сүнниттік мұсылмандар.
## Тарихы
Аңыз бойынша олар өздерін Ұлы көлдер аймағынан солтүстіктен келген иммигранттар деп санайды.
## Кәсібі
Негізгі дәстүрлі кәсіптері – жайылымдық мал шаруашылығы (ірі және ұсақ мал). Мал беделдің өлшемі, неке төлемінің негізгі нысаны болды және жерлеу рәсімінде сойылды. Қолмен атқарылатын егіншілік (19 ғ. ортасынан жүгері, құмай және маниок), аз дәрежеде аңшылық және балық аулау дамыған. Дәстүрлі қолөнерден - керамика, тоқу, темір балқыту және өңдеу, сүйек және ағаш ою дамыған.Заманауи ауыл шаруашылығы техникасы, экспорттық дақылдар, маусымдық жұмыстар өріс алып, әлеуметтік стратификация процесі жүріп жатыр.
## Өмір салты
Дәстүрлі қоғамдық ұйымның негізін көсем басқаратын руларға (чиши) біріктірген көпбалалы қауымдар құрайды. Аталық мұрагерлік, шағын отбасылар таралуда, рулық экзогамия жартылай сақталған.
Дәстүрлі қоныстары сақина тәрізді орналасқан, ортасында мал қорасы бар. Тұрғын үйлері домалақ пішінді, қабырғалары өрілген, ішінен сазбен сыланған, төбесі конус тәрізді көңмен жабылған.
Дәстүрлі киімдері - өсімдік талшықтарынан жасалған тері жамылғылары, белбеулер мен юбкалар. Қазір еуропалық үлгідегі заманауи киімдер.Әр түрлі шаш үлгілері бар, әсіресе ерлерде (әр түрлі жас және әлеуметтік мәртебелерді көрсетті).
Тағамдар негізінен – сүт, сүт өнімдері.
## Дереккөздер |
«Ханзада мен қайыршы» — Марк Твеннің қаламынан 1881 жылы шыққан тарихи романы.
Шығарманы қазақ тіліне Назира Сайбекова аударған.
## Шығарма желісі
Оқиға XVI ғасырда Лондонда өтеді. VIII Генри патшаның көптен күткен мұрагері Эдуард дүниеге келеді. Дәл сол күні Лондонның кедей ауданында тұратын бір ұрының отбасында Том дүниеге келеді. Бір ғажабы, екі бала бір-біріне қатты ұқсайды. Бір күні екеуі ойламаған жерден кездесіп, орындары ауысып кетеді. Шытырман оқиға осы жерден басталады...
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Албандық озық жауынгерлердің жырлары (алб. Këngë Kreshnikësh немесе Cikli i Kreshnikëve) — албан халық поэзиясының дәстүрлі циклінің бөлігі болып табылады. Әндердің сөздері XVII-XVIII ғасырларда қалыптасып, албан бардтары арқылы ауызша жеткізілген. Алғаш рет XX ғасырдың бірінші жартысында францискандық монахтар Стефан Гечови мен Бернардин Палай жазбаша түрде жазып алған. Палай 1937 жылы оларды Албанияда бірінші болып басып шығарды. Қазіргі Еуропада бардтардың жаттаған әндерін орындау дәстүрі әлі күнге дейін тек Албанияда сақталған.
## Тарихы
Әндер оңтүстік славяндық ортада пайда болды және албандарға берілді (кейбір зерттеушілер олар оралды деп айтады). Зерттеулер көрсеткендей, бұл әндердің барлығы 17-18 ғасырлардан шыққан және албан бардтары арқылы ауызша тараған. Сюжеттер славяндық Босниядан шыққанымен, бұл әндер серб-хорват тілінен жасалған аударма ғана емес, өйткені олар уақыт өте келе Албанияның солтүстігінде өңделген.
### Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі зерттеулер
Францисктік діни қызметкер Стефан Гедови алғаш рет албан канунын (әдет-ғұрып заңы) жинап, оны жазбаша түрде бекітті. Бұдан басқа, ол майдангер жауынгерлер Элси және Мэти-Хек, 2004, б. xi. 1919 жылдан бастап рев. Бернандин Палай Гетчовының ісін жалғастырды. Гетчови де, Палай да бардтармен кездесіп, әндерін жазып алу үшін жаяу жол жүрді. Këngë Kreshnikësh dhe Legenda (Жетекші жауынгерлер мен аңыздардың әндері) алғаш рет 1937 жылы, Гехови қайтыс болғаннан кейін жарық көрді, кейінірек Visaret e Kombit (Ұлт қазынасы) журналына енгізілді.
Сонымен қатар Албаниямен қатар югослав ғалымдары Санджак пен Боснияның сауатсыз бардтарының әндеріне қызығушылық танытты. Бұл зерттеулер Гарвард университетінің гомер ғалымы және ғалымы Милман Парри мен оның сол кездегі көмекшісі Альберт Лордтың назарын аударды. Парри мен Лорд бір жыл бойы Боснияда (1934-1935) болды және олар бірге 12 500 ән мәтінін жазды.
Әндерін жазған бес бардтың төртеуі албандар болды: Ульянин Салих, Джемал Зогич, Сүлейман Макич және Әлия Фюланин. Бұл әншілердің барлығы Нови-Пазар мен Санджактан болды және олар албан және серб-хорват тілдерінде бірдей әндерді шығара алды.
1937 жылы, Парри қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай Лорд Албанияға сапар шегіп, албан тілін үйрене бастады және албандардың қаһармандық эпостарын жинау үшін бүкіл елге саяхат жасады. Го жазбалары қазір Гарвард университетінің Милман Парри жинағында. Жаратқан Ие олардың ісі туралы былай деп жазды:
«Нови-Пазарда жүргенде Парри екі тілде ән шырқайтын әншілердің бірінен бірнеше албан әндерін жазды. Бұл әндерді сүйемелдеу үшін қолданылатын музыкалық аспап гусле (алб. lahuta). Албан тіліндегі строфа серб тіліндегі он буынды өлеңнен қысқа, сондықтан қарабайыр рифмалар жиі қолданылады. Осы екі тіл арасындағы формулалар мен дәстүрлі үзінділердің алмасуын зерттеу нәтижелі болары анық: алдымызда ауызша поэзияның бір тіл тобынан екінші тіл тобына өтетіндігінің тамаша мысалы бар. Алайда 1935 жылы көп материал жинауға, албан тілін үйренуге уақытымыз жетпей қалды. 1937 жылдың жазында Дубровник қаласында болғанымда албан тілін үйренуге мүмкіндік туып, сол жылдың қыркүйек және қазан айларында Шкодерден Солтүстік Албанияның тауларына және Кукес, Құдай, Тети, Абат және Тропое қалаларының жанынан өтіп, оңтүстік бағытпен кері қайтып келеді. Мен жүзге жуық сюжеттік композицияларды жинадым, олардың көпшілігі қысқа болғанымен, бірнешеуі бес жүзден мың жолға дейін болатын. Серб-хорват және албан дәстүрлеріне ортақ әндер бар екенін және югослав поэзиясының Музо, Холили Хрнйка және Әлия Йерзелес сияқты бірқатар мұсылман батырлары Албанияда да белгілі екенін білдік. Екі дәстүрдің нақты қандай байланысы бар екенін нақты айта алмас бұрын, бұл салада әлі көп нәрсені көру керек ».
## Тағыда қараңыз
* Албан мифологиясы
* Алия Жерзелес
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.