text
stringlengths 3
252k
|
---|
Жарсор-Орқаш – мемлекеттік табиғи зоологиялық қорықша. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 570 қаулысымен ұйымдастырылған, Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы қарамағында. Ауданы 29 344,1 га. 2009 жылы қорықша халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқабы тізіміне енді. Құрудың мақсаты сирек кездесетін, жаһандық жойылып кету қаупі төнген құс түрлерін және құрғақ дала белдемі табиғи кешендерінің биоалуантүрлілігін сақтау болып табылады.
## Географиялық орны
Қорықша аумағы Қостанай облысы Қамысты ауданының оңтүстік-шығысында, Дружба ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км-дей, Орқаш ауылынан шығысқа қарай 25 км-дей, облыс орталығынан оңтүстік-батысқа қарай 202 км-дей жерде орналасқан.
## Флорасы
Қорықшаның шығыс жағындағы далалық ойпаң жерлерде өсімдік жамылғысына сирек өсетін орыс ракитнигі бірегей ерекшелік береді. Сонымен қатар тобылғы мен итмұрын бұталары да тән. Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктердің ішінде: қауырсынды қау, Шренк қызғалдағы, қосгүлді қызғалдақ, жатаған қызғалдақ, құндызшөп, жанаргүл, Фишер құссүттігені. 22 өсімдік түрлері қорғауға алынған.
## Фаунасы
Қорықшада омыртқалылардың 190 түрі кездеседі. Сүтқоректілердің кем дегенде 30 түрі бар, олардың ішінде экожүйелердің барлық түрлерінде таралған ұсақ кеміргіштер бар. Құмды-жусанды шөпті далалар мен шалғынды ойпаттарда балпақ, дала тышқаны, Эверсман атжалманы, сортаңды аймақтарда үлкен қосаяқ, дала алақоржыны, кіші сарышұнақ кездеседі. Жарсор мен Орқаш көлдерінің солтүстігіне қарай садақбоз қаулы аймақта суыр мекендейді. Қарасу арналарында, көл алаптарында, тұщы бұлақтар мен батпақтар маңында борсық, кәдімгі атжалман, су тышқаны, аласа бұталар арасында дала шақылдағы мекен етеді. Құстардан бірнеше экологиялық топтарды құрайтын 152 түрі белгілі, оның ішінде ұя салатын 65–69 түрі бар. Далалық аймақтарда бозторғайлар мен жадрақтар көптігімен сипатталады. Сулы-батпақты алқапта құстардың 79 түрі кездеседі: сұқсырлардың - 5, ескекаяқтылардың - 1, дегелектәрізділердің - 5, қазтәрізділердің - 24, тырналар мен сутартарлардың - 6, балықшы құстардың - 29, шағалалар мен қырқылдақтардың - 9 түрі. Қазақстанның Қызыл кітабына енген түрлер: аққұйрықты субүркіт, бүркіт, қарақұс, көкқұтан, ақбас тырна, сұңқылдақ аққу, кіші аққу, сары құтан, орман сусары, сонымен қатар құрып кету қаупі бар санатқа жататын ақ құтан, тарғақ және ақбас үйрек.
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі — мұнай-газ өнеркәсібі, көмірсутек пен уран өндіруде жер қойнауын пайдалану, газбен жабдықтау, электр энергетикасы, жылумен жабдықтау, атом энергиясын пайдалану, халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаңартылатын энергия көздерін дамыту салаларында басшылық жасайтын, үкімет құрамына кіретін орталық атқарушы орган. Министрлік 2014 жылдың тамызында Мұнай және газ, Индустрия және жаңа технологиялар және Қоршаған орта және су ресурстары министрліктерінің қосылуынан құрылды.
## Тарихы
Қазіргі энергетика министрлігінің тұңғыш «аналогы» 1999 жылы құрылған Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі еді. Бұл министрлігінің жалғыз министрі — 2006 жылға лауазымды иелеген Владимир Школьник еді.
2014 жылдың сәуірінде Қазақстан энергетиктері, соның ішінде Қазақстан Электроэнергетика Ассоциациясының мүшелері, Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовке Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен бөлініп, ҚР Энергетика министрлігін құру туралы өтінішпен жүгінді. Сол жылдың 6 тамызында президент Назарбаев Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Энергетика министрлігінің құрылатынын, және оның Мұнай және газ, Индустрия және жаңа технологиялар және Қоршаған орта және су ресурстары министрліктерінің міндетін алатынын айтып кетті. Тұңғыш энергетика министрі болып Владимир Школьник тағайындалды.
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысымен:
* Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті мен Атом энергиясы комитеті біріктіріліп, Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті құрылды;
* Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті мен Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті біріктіріліп, Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті құрылды.
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 409 қаулысымен Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Экологиялық реттеу және бақылау комитеті болып қайта аталды.
ҚР Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығымен Энергетика министрлігінің қоршаған ортаны қорғаудың, тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеудің мемлекеттік саясатын қалыптастыру және іске асыру, табиғи ресурстарды қорғау, оларды ұтымды пайдалануды бақылау және қадағалау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері жаңадан құрылған Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне берілді.
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті болып қайта аталды.
## Құрылымы
Энергетика министрлігінің 2023 жылдың қыркүйегіндегі жағдайы бойынша құрылымы:
### Комитеттері
Министрліктің жалғыз комитеті — Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті. Ол атом энергиясын пайдалану және электр энергетикасы салаларындағы басшылықты жүзеге асырады.
### Департаменттері
Энергетика министрлігінің департаменті бар:
* Ішкі аудит департаменті;
* Жер қойнауын пайдалану департаменті;
* Газ және мұнай-газ-химия департаменті;
* Жұртшылықпен байланыс департаменті;
* Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті;
* Мұнай игеру және өндіру департаменті;
* Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті;
* Электр энергетикасын дамыту департаменті;
* Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті;
* Жаңартылған энергия көздері департаменті;
* Стратегиялық даму департаменті;
* Жолданымдарды және орындаушылық тәртіпті бақылау департаменті;
* Заң қызметі департаменті;
* Бюждет және қаржылық рәсімдер департаменті;
* Халықаралық ынтымақтастық департаменті;
* Цифрландыру департаменті;
* Персоналды дамыту департаменті;
* Қауіпсіздік департаменті.
## Қарамағындағы мекемелер
* Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы
* Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы
* «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ
* «Достық Энерго» АҚ
* «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ
* «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ
* «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК
* «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК
* «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС
## Министрлер тізімі
### Мұнай және газ министрлері
## Дереккөздер |
Жүсіпбеков Хамза (1900, Қарағанды облысы Нұра ауданы – 1938, Алматы) – мемлекет қайраткері, аудармашы. 1920 – 22 жылдары Омбы, Ақмола губернияларында, Көкшетау уезінде жауапты қызметтер атқарған. 1922 – 26 жылдары БК(б)П Ақмола, Бөкей губерниялық комитеттерінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, 1927 – 32 жылы БК(б)П Қазақ өлкелік комитетті бақылау комиссиясының алқа мүшесі және жауапты хатшысы, 1933 – 36 жылдары Қазақстан кәсіподақтар кеңесінің төрағасы, Қазақ АКСР әділет халық комиссары, коммуналдық шаруашылық халық комиссарының орынбасары, 1936 – 37 жылдары Марксизм-ленинизм ғылыми-зерттеу институтының қазақ бөлімшесінде аудармашы, Қазақ мемлекеттің көркем әдебиет баспасының директоры қызметтерін атқарған. 1935 – 36 жылдары Қазақ АКСР ОАК-нің мүшесі болды. 1925 – 37 жылдары мерзімдік баспасөзде әдеби сын мақалалары, әңгімелері, очерктері жарияланған. “Қарсақбай” атты кітабы жарық көрді (1928), Н.Островскийдің “Құрыш қалай шынықты” романың қазақ тіліне аударған (1935). Жүсіпбеков 1937 жылы күзде “халық жауы” деген жалған айыппен тұтқындалып, ату жазасына кесілді. Алматы қаласы маңындағы “Жаңалық” ауылындағы қорымға жерленген.
* 1920 – 22 жылы Омбы, Ақмола губернияларында, Көкшетау уезінде жауапты қызметтер атқарған.
* 1922 – 26 жылы БК(б)П Ақмола, Бөкей губерниялық комитеттерінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы,
* 1927 – 32 жылы БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті бақылау комиссиясының алқа мүшесі және жауапты хатшысы,
* 1933 – 36 жылы Қазақстан кәсіподақтар кеңесінің төрағасы, Қазақ АКСР әділет халық комиссары, коммуналдық шаруашылық халық комиссарының орынбасары,
* 1936 – 37 жылы Марксизм-ленинизм ғылыми-зертханалық институтының қазақ бөлімшесінде аудармашы, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының директоры қызметтерін атқарған.
* 1935 – 36 жылы Қазақ АКСР ОАК-нің мүшесі болды.
* 1925 – 37 жылы мерзімдік баспасөзде әдеби мақалалары, әңгімелері, очерктері жарияланған. «Қарсақбай» атты кітабы жарық көрді (1928), Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» романын қазақ тіліне аударған (1935). Жүсіпбеков 1937 жылы күзде «халық жауы» деген жалған айыппен тұтқындалып, ату жазасына кесілді.
Алматы қаласы маңындағы «Жаңалық» ауылындағы қорымға жерленген.
## Сілтемелер
* Қарағанды облысы
* Нұра ауданы
* Алматы
* Марксизм
## Дереккөздер |
Қазақстан аумағындағы жолаушылар тасымалданатын темір жол бекеттерінің облыстары мен бағыты бойынша тізімі.
## Абай облысы
Семей жүк тасымалы бөлімшесі
* Ауыл т/ж бекеті
* Белағаш т/ж бекеті
* Дүйсекен т/ж бекеті
* Семей т/ж бекеті
* Жаңасемей т/ж бекеті
* Шөптіқақ т/ж бекеті
* Делбегетей т/ж бекеті
* Суықбұлақ т/ж бекеті
* Шар т/ж бекеті
* Суырлы т/ж бекеті
* Жаңғызтөбе т/ж бекеті
* Балықтыкөл т/ж бекеті
* Қапанбұлақ т/ж бекеті
* Жарма т/ж бекеті
* Қарақойтас т/ж бекеті
* Үшбиік т/ж бекеті
* Айғыржал т/ж бекеті
* Егізқызыл т/ж бекеті
* Аягөз т/ж бекеті
* Көшкентал т/ж бекеті
* Жыланды т/ж бекеті
* Темекілі т/ж бекеті
* Ақболат т/ж бекеті
* Таңсық т/ж бекеті
* Жүзағаш т/ж бекеті
* Сарыжал т/ж бекеті
* Шалабай т/ж бекеті
* Жалпақ т/ж бекеті
* Талдынская т/ж бекеті
* Көл т/ж бекеті
* Шаған т/ж бекеті
* Дегелең т/ж бекеті (2020 ж. дейін Конечная бекеті)
Алматы жүк тасымалы бөлімшесі
* Ақтоғай т/ж бекеті
* Қарақұм т/ж бекеті
* Предузловая т/ж бекеті
## Ақмола облысы
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі
* Азат т/ж бекеті
* Чаглинка т/ж бекеті
* Көкшетау І т/ж бекеті
* №17 т/ж айрығы
* Жамантұз т/ж бекеті
* Бурабай курорты т/ж бекеті
* Жасыл т/ж бекеті
* Макинка т/ж бекеті
* Елтай т/ж бекеті
* Ақкөл т/ж бекеті
* Шортанды т/ж бекеті
* Төңкеріс т/ж бекеті
* Астана т/ж бекеті (1994 ж. дейін Целиноград; 2001 ж. дейін Ақмола; 2019 ж. дейін Астана; 2022 ж. дейін Нұр-Сұлтан бекеті)
* Астана Нұрлы жол т/ж бекеті (2020 ж. дейін Астана Нұрлы жол; 2022 ж. дейін Нұр-Сұлтан Нұрлы жол бекеті)
* Сороковая т/ж бекеті
* Қарағай т/ж бекеті
* Көкшетау ІІ т/ж бекеті
* Красивый-Казахский т/ж бекеті
* Жақсы т/ж бекеті
* Казахская т/ж бекеті
* Перекатная т/ж бекеті
* Атбасар т/ж бекеті
* Адыр т/ж бекеті
* 628 т/ж бекеті
* Ирченко т/ж бекеті
* Колутон т/ж бекеті
* 671 т/ж бекеті
* Жалтыр т/ж бекеті
* Қараадыр т/ж бекеті
* Тастақ т/ж бекеті
* Қосшоқы т/ж бекеті
* Сарыоба т/ж бекеті
* Еркіншілік т/ж бекеті
Павлодар жүк тасымалы бөлімшесі
* Айсары т/ж бекеті
* Еңбекшілдер т/ж бекеті
* Алтынтау т/ж бекеті (2002 ж. дейін Ақсу бекеті)
* Сілеті т/ж бекеті
* Торғай т/ж бекеті
* Ерейментау т/ж бекеті
* Қоржынкөл т/ж бекеті
* Өлеңті т/ж бекеті
Қарағанды жүк тасымалы бөлімшесі
* Бабатай т/ж бекеті
* Аршалы т/ж бекеті (2017 ж. дейін Вишнёвка бекеті)
* Анар т/ж бекеті
Қостанай жүк тасымалы бөлімшесі
* Ковыльная т/ж бекеті
* Сұрған т/ж бекеті
* Есіл т/ж бекеті
* Приишимская т/ж бекеті
* Кенская т/ж бекеті
* Державинская т/ж бекеті
* Тасты-Талды т/ж бекеті
## Ақтөбе облысы
Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі
* Жайсаң т/ж бекеті
* Мартук т/ж бекеті
* Қаратоғай т/ж бекеті
* Жіңішке т/ж бекеті
* Ақтөбе І т/ж бекеті
* Әлжан т/ж бекеті
* Бестамақ т/ж бекеті
* Алға т/ж бекеті
* Тамды т/ж бекеті
* Ақкемер т/ж бекеті
* Қандыағаш т/ж бекеті
* Жұрын т/ж бекеті
* Ізімбет т/ж бекеті
* Құдық т/ж бекеті
* Жем т/ж бекеті (2001 ж. дейін Ембі бекеті)
* Қырғыз т/ж бекеті
* Мұғалжар т/ж бекеті
* Бершүгір т/ж бекеті
* Қотыртас т/ж бекеті
* Қауылжыр т/ж бекеті
* Қайдауыл т/ж бекеті
* Ұлпан т/ж бекеті
* Шалқар т/ж бекеті
* Көпмола т/ж бекеті
* Жылан т/ж бекеті
* Тоғыз т/ж бекеті
* Қарашоқат т/ж бекеті
* Шоқысу т/ж бекеті
* Темір т/ж бекеті
* Қалмаққырған т/ж бекеті
* Жақсымай т/ж бекеті
* Шұбарқұдық т/ж бекеті
* Кенжалы т/ж бекеті
* Қарауылкелді т/ж бекеті
* Жарлы т/ж бекеті
* Ноғайты т/ж бекеті
* Әйтеке би т/ж бекеті
* Аққұдық т/ж бекеті
* Хромтау т/ж бекеті
* Никельтау т/ж бекеті
* Жазық т/ж бекеті (2001 ж. дейін Просторная бекеті)
* Бақай т/ж бекеті
* Тоқмансай т/ж бекеті
* Тассай т/ж бекеті
* Шұқыр т/ж бекеті
* Байқадам т/ж бекеті
* Әлімбет т/ж бекеті (2017 ж. дейін Киргильда бекеті)
* Ащылысай т/ж бекеті
* Кемпірсай т/ж бекеті
Қостанай жүк тасымалы бөлімшесі
* Әйке т/ж бекеті
Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі
* Құрсай т/ж бекеті
Оңтүстік Орал темір жолы (Ресей)
* Союзная т/ж бекеті
## Алматы облысы
Алматы жүк тасымалы бөлімшесі
* Шилібастау т/ж бекеті
* Қопа т/ж бекеті
* Жиренайғыр т/ж бекеті
* Қазыбек бек т/ж бекеті (2000 ж. дейін Ұзынағаш бекеті)
* Жыңғылды т/ж бекеті
* Шамалған т/ж бекеті
* Көкөзек т/ж бекеті
* Боралдай т/ж бекеті
* Алматы-І т/ж бекеті
* Алматы-ІІ т/ж бекеті
* Медеу т/ж бекеті
* Жетісу т/ж бекеті
* Байсерке т/ж бекеті
* Жетіген т/ж бекеті
* Илийская т/ж бекеті
* Қапшағай т/ж бекеті
* Құлантөбе т/ж бекеті
* Қосқұдық т/ж бекеті
* Шелек т/ж бекеті
* Тасқарасу т/ж бекеті
## Атырау облысы
Атырау жүк тасымалы бөлімшесі
* Сағыз т/ж бекеті
* Мұқыр т/ж бекеті
* Жантерек т/ж бекеті
* Кенбай т/ж бекеті
* Жамансор т/ж бекеті
* Мақат т/ж бекеті
* Доссор т/ж бекеті
* Ескене т/ж бекеті
* Қарабатан т/ж бекеті
* Теңдік т/ж бекеті
* Атырау т/ж бекеті (1994 ж. дейін Гурьев-2 бекеті)
* Махамбет т/ж бекеті (1994 ж. дейін Гурьев-3 бекеті)
* Бақсай т/ж бекеті
* Аққыстау т/ж бекеті
* Сазанқұрақ т/ж бекеті
* Исатай т/ж бекеті
* Ганюшкино т/ж бекеті
* Құлсары т/ж бекеті
## Батыс Қазақстан облысы
Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі
* Семиглавый Мар т/ж бекеті
* Вавилино т/ж бекеті
* Тасқала т/ж бекеті (2017 ж. дейін Шипово бекеті)
* Дерқұл т/ж бекеті
* Перемётная т/ж бекеті
* Кардон т/ж бекеті
* Орал-Товарная т/ж бекеті
* Орал т/ж бекеті
* Жилаево т/ж бекеті
* Пойма т/ж бекеті
* Жайық т/ж бекеті
* Алғабас т/ж бекеті
* Қазақстан т/ж бекеті
* Амангелді т/ж бекеті
* Тузово т/ж бекеті
* Шыңғырлау т/ж бекеті
Приволжье темір жолы (Ресей)
* Жәнібек т/ж бекеті
* Сайхын т/ж бекеті
* Шұңғай т/ж бекеті
## Жамбыл облысы
Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі
* Шақпақ т/ж бекеті
* Боранды т/ж бекеті (2017 ж. дейін Бурное бекеті)
* Сүрім т/ж бекеті
* Күркіреусу т/ж бекеті
* Шөлдала т/ж бекеті
* Тараз т/ж бекеті (2017 ж. дейін Жамбыл бекеті)
* Талас т/ж бекеті
* Үшбұлақ т/ж бекеті
* Ақшолақ т/ж бекеті
* Ақыртөбе т/ж бекеті
* Малдыбай т/ж бекеті
* Түрксіб т/ж бекеті (2020 ж. дейін Луговая бекеті)
* Қорағаты т/ж бекеті
* Шу т/ж бекеті
* Бірлік І т/ж бекеті
* Кемер т/ж бекеті
* Еспе т/ж бекеті
* Шоқпар т/ж бекеті
* Алаайғыр т/ж бекеті
* Құлақшын т/ж бекеті
* Бел т/ж бекеті
* Аңырақай т/ж бекеті
* Қордай т/ж бекеті
* Құлжабасы т/ж бекеті
* Қашқантеңіз т/ж бекеті
* Мыңарал т/ж бекеті
* Қайраткөл т/ж бекеті
* Шығанақ т/ж бекеті
* Бурылбайтал т/ж бекеті
* Қарасай т/ж бекеті
* Қияқты т/ж бекеті
* Хантау т/ж бекеті
* Жиделі т/ж бекеті
* Бірлік І т/ж бекеті
* Бурыл т/ж бекеті
* Шайқорық т/ж бекеті
* Аса т/ж бекеті
* Жұма т/ж бекеті
* Қаратау т/ж бекеті
* Ақтаутас т/ж бекеті
* Табақбұлақ т/ж бекеті
* Шабақты т/ж бекеті
* Жаңатас т/ж бекеті
Алматы жүк тасымалы бөлімшесі
* Отар т/ж бекеті
Қырғыз темір жолы (Қырғызстан)
* Мөңке т/ж бекеті
* Мерке т/ж бекеті
* Чальдовар т/ж бекеті
## Жетісу облысы
Алматы жүк тасымалы бөлімшесі
* Дала т/ж бекеті
* Жоламан т/ж бекеті
* Малайсары т/ж бекеті
* Балғалы т/ж бекеті
* Сарыөзек т/ж бекеті
* Майтөбе т/ж бекеті
* Айнабұлақ т/ж бекеті
* Мойынқұм т/ж бекеті
* Быжы т/ж бекеті
* Көксу т/ж бекеті
* Кәлпе т/ж бекеті
* Үштөбе т/ж бекеті
* Қайрақты т/ж бекеті
* Молалы т/ж бекеті
* Алажиде т/ж бекеті
* Егінсу т/ж бекеті
* Ақөзек т/ж бекеті
* Матай т/ж бекеті
* Жасқазақ т/ж бекеті
* Лепсі т/ж бекеті
* Арғанаты т/ж бекеті
* Ақбалық т/ж бекеті
* Қаратас т/ж бекеті
* Тентек т/ж бекеті
* Қарабұлақ т/ж бекеті
* Талдықорған т/ж бекеті
* Шөлқызыл т/ж бекеті
* Жақсыбұлақ т/ж бекеті
* Құндызды т/ж бекеті (2017 ж. дейін Жаркент бекеті)
* Алтынкөл т/ж бекеті (2017 ж. дейін Қорғас бекеті)
* Бескөл т/ж бекеті
* Көктұма т/ж бекеті
* Жалаңашкөл т/ж бекеті
* Достық т/ж бекеті
## Қарағанды облысы
Қарағанды жүк тасымалы бөлімшесі
* Сарыбел т/ж бекеті (2017 ж. дейін Осакаровка бекеті)
* Ақтасты т/ж бекеті
* Шоқай т/ж бекеті
* Мырза т/ж бекеті
* Нұра т/ж бекеті
* Балықты т/ж бекеті
* Көкпекті т/ж бекеті (2002 ж. дейін Солонички бекеті)
* Қарағанды-Сұрыптау т/ж бекеті
* Жаңа Қарағанды т/ж бекеті
* Майқұдық т/ж бекеті
* Қарағанды т/ж бекеті
* Қарағанөзек т/ж бекеті (2002 ж. дейін Большая Михайловка бекеті)
* Қарабас т/ж бекеті
* Құлайғыр т/ж бекеті
* Қарамұрын т/ж бекеті
* Дария т/ж бекеті
* Жарық т/ж бекеті
* Сарысу т/ж бекеті
* Нілді т/ж бекеті
* Айса т/ж бекеті
* Ақадыр т/ж бекеті
* Доңғал т/ж бекеті (2002 ж. дейін Айрин бекеті)
* Босаға т/ж бекеті
* Ақшағыл т/ж бекеті
* Киік т/ж бекеті
* Мойынты т/ж бекеті
* Сарықұм т/ж бекеті
* Көкдомбақ т/ж бекеті
* Балқаш І т/ж бекеті
* Балқаш ІІ т/ж бекеті
* Орта-Дересін т/ж бекеті
* Тоқырау т/ж бекеті
* Ақжайдақ т/ж бекеті
* Ащыөзек т/ж бекеті
* Тағынқара т/ж бекеті
* Саяқ т/ж бекеті
* Ботақара аялдау пункті
* Ащысу т/ж бекеті
* Саумалкөл т/ж бекеті (2002 ж. дейін Новый Путь бекеті)
* Бүркітті т/ж бекеті (2002 ж. дейін Талдинка бекеті)
* Қарағайлы т/ж бекеті
* Жаңаауыл т/ж бекеті
* Аққұдық т/ж бекеті
* Теміртау т/ж бекеті
* Жарық т/ж бекеті
* Көктіңкөлі т/ж бекеті
* Нұрдала т/ж бекеті
* Дорожный т/ж айрығы
* Шұбаркөл т/ж бекеті
Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі
* Шешенқара т/ж бекеті
* Қаражыңғыл т/ж бекеті
* Ақжолтай т/ж бекеті (2020 ж. дейін Весна бекеті)
* Науалы т/ж бекеті
* Сарышаған т/ж бекеті
* Көктас т/ж бекеті
## Қостанай облысы
Қостанай жүк тасымалы бөлімшесі
* Қостанай т/ж бекеті
* Темірбұлақ т/ж бекеті
* Железорудная т/ж бекеті
* Воронинская т/ж бекеті
* Тобыл т/ж бекеті
* Майлин т/ж бекеті
* Лисаковск т/ж бекеті
* Арыстансор т/ж бекеті
* Арқа т/ж бекеті
* Алтынсарин т/ж бекеті
* Притобольская т/ж бекеті
* Апановка т/ж бекеті
* Қазанбасы т/ж бекеті
* Аманқарағай т/ж бекеті
* Обаған т/ж бекеті
* Құсмұрын т/ж бекеті
* Қойбағар т/ж бекеті
* Шалғышы т/ж бекеті
* Жанысбай т/ж бекеті
* Қайрақ т/ж бекеті
* Медет т/ж бекеті
* Селекционная т/ж бекеті
* Тоғызақ т/ж бекеті
* Пешковский Тупик т/ж бекеті
* Жаркөл т/ж бекеті
* Успеновка т/ж бекеті
* Озёрная т/ж бекеті
* Қарағайлы т/ж бекеті
* Сарыкөл т/ж бекеті (2001 ж. дейін Ново-Урицк бекеті)
* Дудаковка т/ж бекеті
* Қоскөл т/ж бекеті
* Перелески т/ж бекеті
* Денисовка т/ж бекеті
* Киік (Шәкубай) т/ж бекеті
* Жітіқара т/ж бекеті
* Қараоба т/ж бекеті
* Зааятская т/ж бекеті
* Баталы т/ж бекеті
* Тарановская т/ж бекеті
* Фурмановский т/ж бекеті
* Арқалық т/ж бекеті
* Жалғызтал т/ж бекеті
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі
* Зерновая т/ж бекеті
* Пресногорьковская т/ж бекеті
## Қызылорда облысы
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесі
* Сексеуіл т/ж бекеті
* Күнту т/ж бекеті
* Арал теңізі т/ж бекеті
* Сапақ т/ж бекеті
* Аралқұм т/ж бекеті
* Шөміш т/ж бекеті
* Қамыстыбас т/ж бекеті
* Бекбауыл т/ж бекеті
* Қазалы т/ж бекеті
* Көбек т/ж бекеті
* Майлыбас т/ж бекеті
* Байқожа т/ж бекеті
* Төретам т/ж бекеті
* Диірментөбе т/ж бекеті
* Қорқыт т/ж бекеті
* Жосалы т/ж бекеті
* Қызылтам т/ж бекеті
* Қаракеткен т/ж бекеті
* Жалағаш т/ж бекеті
* Тереңөзек т/ж бекеті
* Қараөзек т/ж бекеті
* Қызылорда т/ж бекеті
* Белкөл т/ж бекеті
* Бөрібай т/ж бекеті
* Бірқазан т/ж бекеті
* Сұлутөбе т/ж бекеті
* Тартоғай т/ж бекеті
* Бәйгеқұм т/ж бекеті
* Шиелі т/ж бекеті
* Төменарық т/ж бекеті
* Жаңақорған т/ж бекеті
* Аққұм т/ж бекеті
* Талап т/ж бекеті
* Бесарық т/ж бекеті
* Абай т/ж бекеті
* Қарашеген т/ж бекеті
## Маңғыстау облысы
Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі
* Опорная т/ж бекеті
* Бейнеу т/ж бекеті
* Үстірт т/ж бекеті
* Сайөтес т/ж бекеті
* Шетпе т/ж бекеті
* Тамақ т/ж бекеті
* Маңғыстау т/ж бекеті
* Өзен т/ж бекеті
* Бопай т/ж бекеті
* Болашақ т/ж бекеті
* Ақжігіт т/ж бекеті
* Тұрыш т/ж бекеті
## Павлодар облысы
Павлодар жүк тасымалы бөлімшесі
* Бозшакөл т/ж бекеті
* Шідерті т/ж бекеті
* Екібастұз І т/ж бекеті
* Атығай т/ж бекеті
* Майқайың т/ж бекеті
* Қарасор т/ж бекеті
* Қалқаман т/ж бекеті
* Тасқұдық т/ж бекеті (2001 ж. дейін Пограничник бекеті)
* Спутник т/ж бекеті
* Жолқұдық т/ж бекеті
* Павлодар т/ж бекеті
* Ақсу І т/ж бекеті (2001 ж. дейін Ермак-Грузовой бекеті)
* Ақсу ІІ т/ж бекеті (2001 ж. дейін Ермак-Пассажирский бекеті)
* Көктөбе т/ж бекеті
Батыс Сібір темір жолы (Ресей)
* Уәлиханов т/ж бекеті
* Мыңкөл т/ж бекеті
## Солтүстік Қазақстан облысы
Оңтүстік Орал темір жолы (Ресей)
* Мамлютка т/ж бекеті
* Кондратовка-Сибирская т/ж бекеті
* Петропавл т/ж бекеті
* Токуши т/ж бекеті
* Ганькино т/ж бекеті
* Булаево І т/ж бекеті
* Зарослое т/ж бекеті
* Қарақоға т/ж бекеті
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі
* Смирново т/ж бекеті
* Қиялы т/ж бекеті
* Тайынша т/ж бекеті
* Приречная т/ж бекеті
* Жаңаесіл т/ж бекеті (2020 ж. дейін Новоишимская бекеті)
* Первая Целинная т/ж бекеті
* Янко т/ж бекеті
* Саумалкөл т/ж бекеті (2020 ж. дейін Володарское бекеті)
* Уголки т/ж бекеті
* Бауманская т/ж бекеті
* Қайраңкөл т/ж бекеті
* Сулы т/ж бекеті
* Ақсуат т/ж бекеті
* Белоградская т/ж бекеті
* Октябрь т/ж бекеті
* Чкалово т/ж бекеті
* Золоторунная т/ж бекеті
* Ащыкөл т/ж бекеті
* Дәуіт т/ж бекеті
* Талшық т/ж бекеті
* Қызылту т/ж бекеті
Қостанай жүк тасымалы бөлімшесі
* Садыркөл т/ж бекеті
## Түркістан облысы
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесі
* Сауран т/ж бекеті
* Шорнақ т/ж бекеті
Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі
* Түркістан т/ж бекеті
* Отрабад т/ж бекеті
* Темір т/ж бекеті
* Қарақоңыр т/ж бекеті
* Арыс 1 т/ж бекеті
* Шағыр т/ж бекеті
* Монтайтас т/ж бекеті
* Шанақ т/ж бекеті
* Шеңгелді т/ж бекеті
* Жылға т/ж бекеті
* Дарбаза т/ж бекеті
* Сарыағаш т/ж бекеті
* Қалаш т/ж бекеті
* Бадам т/ж бекеті
* Қорғасын т/ж бекеті
* Шымкент т/ж бекеті
* Қызылсай т/ж бекеті
* Манкент т/ж бекеті
* Ынтымақ т/ж бекеті (2017 ж. дейін Сергиевка бекеті)
* Састөбе т/ж бекеті
* Меңлібай т/ж бекеті
* Көктерек т/ж бекеті
* Түлкібас т/ж бекеті
Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі
* Абайыл т/ж бекеті
## Ұлытау облысы
Қарағанды жүк тасымалы бөлімшесі
* Жаңаарқа т/ж бекеті
* Атасу т/ж бекеті
* Мыңадыр т/ж бекеті
* Жомарт т/ж бекеті
* Жеңіс т/ж бекеті
* Қызылжар т/ж бекеті
* Түйемойнақ т/ж бекеті
* Теректі т/ж бекеті
* Жезқазған т/ж бекеті
* Қарсақпай т/ж бекеті
* Байқоңыр т/ж бекеті
* Көктал т/ж бекеті
* Қоскөл т/ж бекеті
* Мыңбала т/ж бекеті (2020 ж. дейін Промежуточная бекеті)
* Ақтай т/ж бекеті
* Қаражал т/ж бекеті
* Терісаққан т/ж бекеті
* Майбұлақ т/ж бекеті
## Шығыс Қазақстан облысы
Семей жүк тасымалы бөлімшесі
* Шемонаиха т/ж бекеті
* Усть-Таловка т/ж бекеті
* Рулиха т/ж бекеті
* Фестивальная т/ж бекеті
* Предгорная т/ж бекеті
* Ертіс зауыты т/ж бекеті
* Глубочанка т/ж бекеті
* Казиевка т/ж бекеті
* Өскемен-1 т/ж бекеті (2017 ж. дейін Защита бекеті)
* Коршуново т/ж бекеті
* Черемшанка т/ж бекеті
* Тишинская т/ж бекеті
* Риддер т/ж бекеті (2017 ж. дейін Лениногорск бекеті)
* Бұрсақ т/ж бекеті
* Екіаша т/ж бекеті
* Айыртау т/ж бекеті
* Ұлан т/ж бекеті
* Жаңа Өскемен т/ж бекеті
* Ермаковка т/ж бекеті
* Таусамалы т/ж бекеті (2020 ж. дейін Огнёвка бекеті)
* Күмістау т/ж бекеті (2020 ж. дейін Серебрянка бекеті)
* Көкжиек т/ж бекеті (2020 ж. дейін Селезнёвка бекеті)
* Бұқтырма т/ж бекеті
* Заводинка т/ж бекеті
* Тұрғысын т/ж бекеті
* Алтай т/ж бекеті (2020 ж. дейін Зырян бекеті)
## Бекет суреттері
### Абай облысы
*
*
### Ақмола облысы
*
*
*
### Ақтөбе облысы
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
### Алматы облысы
*
*
### Атырау облысы
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
### Батыс Қазақстан облысы
*
### Жамбыл облысы
*
*
*
*
### Жетісу облысы
### Қарағанды облысы
### Қостанай облысы
### Қызылорда облысы
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
### Маңғыстау облысы
*
*
*
*
### Павлодар облысы
*
### Солтүстік Қазақстан облысы
*
*
### Түркістан облысы
*
*
*
*
*
*
### Ұлытау облысы
### Шығыс Қазақстан облысы
## Бейнетаспалар
### Темір жол бекеттерінің темір жол бойындағы көрінісі
* Аққұм Қызылорда обл. Жаңақорған ауд.
* Ақшолақ Жамбыл обл. Байзақ ауд.
* Арыс Түркістан обл.
* Атырау
* Бадам Түркістан обл. Ордабасы ауд.
* Белкөл Қызылорда обл.
* Бесарық Қызылорда обл.Сырдария ауд.
* Доссор Атырау обл. Мақат ауд.
* Екпінді Қызылорда обл. Жаңақорған ауд.
* Жақсымай Ақтөбе обл. Темір ауд.
* Жалағаш Қызылорда обл. Жалағаш ауданы.
* №20 разъезд Қызылорда обл. Шиелі ауд.
* №377 разъезд Атырау обл. Қызылқоға ауд.
* №402 разъезд Атырау обл. Мақат ауд.
* №411 разъезд Атырау обл. Мақат ауд.
## Дереккөздер |
Тәтімов Мұхаметқали Қойшыбайұлы(1894-1938), Қазақстанда Кенес өкіметін орнатып, нығайту жолындағы күреске қатысушы. Еңбек жолын 1904жылында жалшылықтан бастады. 1914-1918 жылдарында Иркутск қаласына жақын мандағы шахтада шахтер, пароходта матрос, Омбы қаласыдағы темір жолы депосында балғашы болып істеді.
1918 жылында Қызыл Армия қатарына кірді.
1919-1920 жылдарында 3-армия саяси қызметкерлерінің курстарында оқыды, оны бітіргенненкейін Қостанай уездік партия комитеттінің үгітшісі, Семей губерния комсомол комитеттінің секция меңгерушісіболды.
1921-1923 жылдарында Қарқаралы уездік әскери комиссариатыңда қызмететті.
1924-1930 жылдарында ҚазКСР еңбек халкомы, денсаулық сақтау халкомы.
1930-1932 жылдарында Мәскеудегі БК(б)П ОК жанындағы марксизм-ленинизм курстарының тыңдаушысы.
1932-1937 жылдарында Қарағанды облысы бойынша партиялықбақылау комиссиясының және Жұмысшы шаруаинспекциясының төрағасы. Қазақстан бойыншаБК(б)ПОК-нің өлкелік партия коллегиясының,партиялық бақылау комиссиясының мүшесі.
1924-1930жылдарында 1936-1937жылдарында Қазақстан өлкелік ОАК-тің, БК(б) ПК Қазақ өлкелік комитетті бюросының мүшесі, Қазақстан ОАК Президиумының және ВЦСПСҚазақ республикалық комитінің мүшесі. Қазақ облыстық4-өлкелік 5,6,8-партия конференцияларыныңделегаты. 2мәрте Қызыл Ту орденімен марапатталған.Саяси қуғын-сүргінге ұшырап,1937 жылы тамызда қамалып,ату жазасына кесілген.1938 жылы 25 ақпанда дүниеден өтті.1956 жылы қарашада ақталды.
## Дереккөздер |
Кәлменов Атлаш Алпысбайұлы (1902, бұрынғы Ақтөбе губерниясында, Темір уезінде – 1938) – қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны.
1917 ж. Ақтөбе қаласындағы гимназияны, 1921 ж. Ташкенттегі жұмысшы факультетін, 1935 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық жоспарлау академиясын бітірген. 1922–26 ж. Орынбордағы мемлекеттік сауда мекемесінде уәкіл, Темір уездік халық ағарту бөлімінің меңгерушісі, Адай уездік комитетінің хатшысы, уездік революция комитеттің төрағасы, қаржы бөлімінің меңгерушісі болды. 1927–35 ж. Қазақ АКСР-і Қаржы халық комиссариаты бюджет басқармасының бастығы, мемлекеттік сақтандыру басқармасының уәкілі, Қарақалпақ облысы қаржы бөлімінің меңгерушісі, РКФСР Қаржы халық комиссариатында аға нұсқаушы, БОАК жанындағы Қарақалпақ АКСР-інің өкілі, 1935 жылдың сәуірінен 1936 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақ АКСР-і жергілікті өнеркәсіп халық комиссарының орынбасары, 1936 жылдың қыркүйегінен 1938 жылдың қаңтарына дейін халық комиссары қызметтерін атқарды. 1938 ж. қаңтарда тұтқындалып, атылды. 1957 ж. маусымда ақталған.
## Дереккөздер |
Атырауов Сәуір (1901 жылы, бұрынғы Гурьев уезі. Сарачинка кенті – 1938 жылы) – қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны. 1927 жылы Мәскеу қаласындағы Кәсіподақ қозғалысы мектебін бітірген. 1919 – 21 жылдары Сарачинка кентінде революция комитеттің төрағасы, 1921 – 24 жылы балық кәсіпшілігінде өндіріс комитетінің төрағасы, 1924 – 25 жылдары Гурьев уездік тамақ өнеркәсібі қызметкерлері кәсіподағы төрағасы, 1925 – 26 жылдары Қызылорда қаласындағы Қазақ тамақ өнеркәсібі қызметкерлері кәсіподағы орталық басқармасы төрағасы, 1926 – 27 жылдары Қазақ кәсіпшілер одақтарының кеңесі төралқасының мүшесі және мәдениет бөлімінің меңгерушісі болды. 1928 – 29 жылдары ауыл шауашылығы және орман жұмысшылары кәсіподағы Қазақ орталық басқармасының төрағасы, 1929 – 31 жылдары Орал округінің атқару комитетінің төрағасы, Қызылорда ауданың атқару комитетінің жауапты хатшысы, 1931 жылдың қыркүйек айынан 1932 жылдың қаңтарына дейін Қазақ АКСР жабдықтау халық комиссарының орынбасары, 1932 – 33 жылдары Оңтүстік Қазақстан облылысының атқару комитетінің төрағасы, 1933 жылдың мамыр – шілдесінде Қазақ АКСР еңбек халық комиссары, 1933 – 34 жылдары Гурьев қаласындағы Орал-Каспий балық тресті директорының орынбасары, 1934 – 36 жылдары Қатон-Қарағай ауданының атқару комитетінің төрағасы, 1936 – 37 жылдары Шығыс Қазақстан облысының Цурюпа аудандағы атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 1937 жылы қазанда тұтқындалып, ату жазасына кесілді. 1959 жылы желтоқсанда ақталды.
## Сілтемелер
* Гурьев
* Сарачинка
* Орал
## Дереккөздер |
Қазақстан агенттіктері — Қазақстандағы орталық мемлекеттік органның түрі. Агенттіктер Қазақстан Президентіне бағынады және төрағасын Президент тағайындайды. Қазақстанда 1997 жылы бірнеше мемлекеттік комитеттің орнына агенттіктер пайда болды. Алғашында Үкімет құрамында болған, қазір оған кірмейді. Үкімет құрамында болған барлық агенттік 2014 жылы министрлік комитеттеріне айналды.
## Ағымдағылары
2024 жылға сәйкес 6 агенттік бар:
* ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (1997-1999, 2020 жылдан бастап)
* ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (1998-2014, 2019 жылдан бастап)
* ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (2019 жылдан бастап)
* ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (2019 жылдан бастап)
* ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (2020 жылдан бастап)
* ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі (2021 жылдан бастап)
## Бұрынғылары
* ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (2014-2015, 2016-2019) → ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі (2015-2016)
* ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі (2014) → ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
* ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) (2007-2014) → ҚР Ұлттық экономика министрлігі
* ҚР Дін істері агенттігі (2011-2014) → ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
* ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (2012-2014) → ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
* ҚР Статистика агенттігі (1999-2014) → ҚР Ұлттық экономика министрлігі
* ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (2004-2014) → ҚР Ұлттық экономика министрлігі
* ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі (2013-2014) → ҚР Ұлттық экономика министрлігі
* ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі (2007-2014) → ҚР Инвестициялар және даму министрлігі
* ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттiгі (Қаржы полициясы) (2003-2014)
* ҚР Атом энергиясы агенттігі (2012-2013) → ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
* ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі (1999-2013) → ҚР Өңірлік даму министрлігі
* ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі (2009-2013) → ҚР Өңірлік даму министрлігі
* ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (2003-2011) → ҚР Ұлттық банкі
* ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі (2003-2010) → ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі
* ҚР Кедендік бақылау агенттігі (2002-2004) → ҚР Қаржы министрлігі
* ҚР Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі (1997-2004) → ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
* ҚР Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі (2000-2004) → ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
* ҚР Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі (1998-2000, 2002-2004) → ҚР Қаржы министрлігі
* ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі (1999, 2002-2004)
* ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі (1998-2004) → ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
* ҚР Туризм және спорт жөніндегі агенттігі (1999-2004) → ҚР Индустрия және сауда министрлігі, ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі
* ҚР Қаржы полициясы агенттігі (2001-2003)
* ҚР Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі (1999-2002) → ҚР Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
* ҚР Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі (1997, 1999-2002) → ҚР Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
* ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі (1999-2002)
* ҚР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі (1999-2001) → ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
* ҚР Инвестициялар жөніндегі агенттігі (1999-2000) → ҚР Сыртқы істер министрлігі
* ҚР Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігі (2000)
* ҚР Ұлттық статистика агенттігі (1996-1997, 1998-1999)
* ҚР Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі (1999)
* ҚР Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі (1999) → ҚР Экономика министрлігі
* ҚР Авторлық және сабақтас құқықтар жөнiндегi мемлекеттiк агенттiгi (1992-1997)
* ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгi (1995-1997) → ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі
* ҚР Стратегиялық ресурстарды бақылау жөніндегі агенттігі (1997)
## Тағы қараңыз
* Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
* Қазақстан Республикасының Үкіметі
* Қазақ КСР халық комиссарлары кеңесі |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі — мұнай-газ өнеркәсібі, көмірсутек пен уран өндіруде жер қойнауын пайдалану, газбен жабдықтау, электр энергетикасы, жылумен жабдықтау, атом энергиясын пайдалану, халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаңартылатын энергия көздерін дамыту салаларында басшылық жасайтын, үкімет құрамына кіретін орталық атқарушы орган. Министрлік 2014 жылдың тамызында Мұнай және газ, Индустрия және жаңа технологиялар және Қоршаған орта және су ресурстары министрліктерінің қосылуынан құрылды.
## Тарихы
Қазіргі энергетика министрлігінің тұңғыш «аналогы» 1999 жылы құрылған Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі еді. Бұл министрлігінің жалғыз министрі — 2006 жылға лауазымды иелеген Владимир Школьник еді.
2014 жылдың сәуірінде Қазақстан энергетиктері, соның ішінде Қазақстан Электроэнергетика Ассоциациясының мүшелері, Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовке Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен бөлініп, ҚР Энергетика министрлігін құру туралы өтінішпен жүгінді. Сол жылдың 6 тамызында президент Назарбаев Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Энергетика министрлігінің құрылатынын, және оның Мұнай және газ, Индустрия және жаңа технологиялар және Қоршаған орта және су ресурстары министрліктерінің міндетін алатынын айтып кетті. Тұңғыш энергетика министрі болып Владимир Школьник тағайындалды.
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысымен:
* Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті мен Атом энергиясы комитеті біріктіріліп, Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті құрылды;
* Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті мен Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті біріктіріліп, Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті құрылды.
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 409 қаулысымен Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Экологиялық реттеу және бақылау комитеті болып қайта аталды.
ҚР Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығымен Энергетика министрлігінің қоршаған ортаны қорғаудың, тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеудің мемлекеттік саясатын қалыптастыру және іске асыру, табиғи ресурстарды қорғау, оларды ұтымды пайдалануды бақылау және қадағалау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері жаңадан құрылған Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне берілді.
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті болып қайта аталды.
## Құрылымы
Энергетика министрлігінің 2023 жылдың қыркүйегіндегі жағдайы бойынша құрылымы:
### Комитеттері
Министрліктің жалғыз комитеті — Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті. Ол атом энергиясын пайдалану және электр энергетикасы салаларындағы басшылықты жүзеге асырады.
### Департаменттері
Энергетика министрлігінің департаменті бар:
* Ішкі аудит департаменті;
* Жер қойнауын пайдалану департаменті;
* Газ және мұнай-газ-химия департаменті;
* Жұртшылықпен байланыс департаменті;
* Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті;
* Мұнай игеру және өндіру департаменті;
* Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті;
* Электр энергетикасын дамыту департаменті;
* Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті;
* Жаңартылған энергия көздері департаменті;
* Стратегиялық даму департаменті;
* Жолданымдарды және орындаушылық тәртіпті бақылау департаменті;
* Заң қызметі департаменті;
* Бюждет және қаржылық рәсімдер департаменті;
* Халықаралық ынтымақтастық департаменті;
* Цифрландыру департаменті;
* Персоналды дамыту департаменті;
* Қауіпсіздік департаменті.
## Қарамағындағы мекемелер
* Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы
* Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы
* «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ
* «Достық Энерго» АҚ
* «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ
* «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ
* «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК
* «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК
* «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС
## Министрлер тізімі
### Мұнай және газ министрлері
## Дереккөздер |
Қадырбеков Айтыкен (1909, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында – 26.12.1941) – қайраткер. 1927 ж. Солтүстік Қазақстан орман техникумын, 1929 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық кәсіподақтар мектебінің қайта дайындау курсын бітірген. 1929 – 33 ж. Павлодар ауыл шаруашылық жұмысшылары одағы округ комитетінің нұсқаушысы, Екібастұз ет-сүт кеңшары жұмысшылар комитетінің төрағасы, Украинадағы Тульчин қаласында 19-атты әскер полкінде қызыл әскер болды. 1933 – 39 ж. Қазақстан ет-сүт кеңшарлары одағы ОК-нің мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Қазақ КСР-і кеңшарлар халық комиссарының 1-орынбасары, 1939 жылдың қазанынан 1941 жылдың желтоқсанына дейін халық комиссары қызметтерін атқарды. Ұшақ апатынан қаза тапқан.
## Дереккөздер |
Су өлшеу посты- яғни гидрологиялық пост өзендерде, көлдерде, теңіздерде, каналдарда гидрологиялық өлшеулер мен бақылауларға арналған әртүрлі жабдықтар мен аспаптардың жиынтығы және осы құрылғылар орналасқан жер.
Тар мағынада гидрологиялық пост-гидрологиялық бақылаулар жүргізетін мекеме. Әлемнің негізгі ресми гидрологиялық бекеттеріне гидрологиялық кодтар берілген. Ресейде гидрологиялық бекеттердің көпшілігін Росгидромет басқарады және "гидрологиялық пост — гидрологиялық станция — гидрологиялық обсерватория" тізбегіндегі гидрометеорологиялық желінің төменгі буыны болып табылады[1]. Сонымен қатар су тораптары, су электр станциялары және т.б. жанындағы кедендік (ведомстволық) бекеттер бар.
Кейбір жағдайларда гидрологиялық пост елді мекен мәртебесіне ие.
## Сілтемелер
1) https://ru.wikipedia.org/wiki/Большая_советская_энциклопедия#Третье_издание
2) https://old.bigenc.ru/geography/text/2358862 |
Оңтүстік Алтай қорықшасы – мемлекеттік табиғи кешенді қорықша.
## Құрылу тарихы
2005 жылға дейінгі Қазақ КСР табиғи-қорық қоры объектілерін дамыту мен орналастырудың бас сызбасы Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында Күршім орман шаруашылығының Шердіаяқ орманшылығының аумағында - 1,8 мың га аумақта Нарым зоологиялық резерватын құруды көздеді. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ғылыми-техникалық кеңесінің 2009 жылғы 18 қарашадағы отырысында республикалық маңызы бар 4 кластер бөлімшеден тұратын (Теректі, Қаба, Бастерек, Қызылтас) Оңтүстік Алтай біртұтас мемлекеттік табиғи резерватты құру мақсатқа сай деп шешілді. 2012 жылы "Оңтүстік Алтай республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи резерватын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 1083 Қаулысы шықты. Ауданы 197176,1 га.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы жерінде орналасқан.
## Флорасы
Жобалық аумақтың өсімдік жамылғысы әр түрлі өсімдіктер түріне жататын фитоценоздардан тұрады: орман, дала, шалғынды, бұталы өсімдіктер. Әрбір түрге белгілі бір белдеулерге тән, бірақ ерекше эдафикалық жағдайлармен байланысты түпкілікті және квазитүпкілікті фитоценоздар кіреді. Мұнда өсімдіктердің таралуының маңызды заңдылықтары тік аймақтық заңға сәйкес анықталады, яғни жер бедері сипатына, беткейлердің экспозициясына, теңіз деңгейінен биіктігіне тікелей байланысты. Мұның бәрі өсімдік әлемінің ерекше байлығын анықтайды, сондықтан қорық аумағында тек Алтай-Саян аймағында өсетін өсімдік түрлері бар: сібір әжімжапырағы, қалыңгүлді бөденешөп, алтай қасқыржидегі, алтай торсылдағы, Фишер көкгүлі, қазжуа, тікенекті ұшқат, көкемарал, жусан-қау түрлері, т.б. Қазақстанның Қызыл кітабына енген флора түрлері: алтай рауғашы, алакүлтелі қызғалдақ, жатаған қызғалдақ, дала таушымылдығы, алтай торсылдағы, Келлер кестежусаны, алтай қасқыржидегі, маралшөп тамыры, сібір қандығы, алтын тамыр, зайсан лақсасы, ашық құндызшөп, бұйра лалагүл, қауырсынды қау, оңтүстік алтайлық қау, көктемдік жанаргүл.
## Фаунасы
Қорықшадағы жер үсті сулары Теректі, Қарақаба, Арасанқаба, Аққаба, Қалжыр және көптеген шағын өзендердің әрқайсысында өзіне тән типтік түрлер кездеседі: майқап мен сібір қарауызы, сонымен қатар Қаба мен Қалжыр өзендерінде - таймен. Қорық аумағы үшін сирек кездесетін түрлер: майқап, сібір қарауызы. Қорықтың герпетофаунасы құрғақ герпетокешенді өкілдеріне жататын 8 түрмен сипатталады: сұр құрбақа, данатин құрбақасы, сүйіртұмсық бақа, шиқылдауық жармасқы, секіргіш кесіртке, тірі туатын кесіртке, өрнекті жылан, жолақ қарашұбар жылан, кәдімгі сарыбас жылан, кәдімгі қалқантұмсық жылан, шығыс далалық сұр жылан, кәдімгі сұр жылан, тақыр кесірткесі, түрлі түсті кесіртке. Сүтқоректілерден: елік, марал, америкалық күзен, алтай суыры, қызғылт жирен сарышұнақ, борсық, сұр атжалман, соқыр тышқан, тас сусары мекендейді, қоңыр аю қыстайды. Көптеген жануарлардың ішінен 22 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген: таймен, қызғылт бірқазан, бұйра бірқазан, қара дегелек, сұңқылдақ аққу, тұйғын, бақалтақ қыран, қарақұс, бүркіт, кезқұйрықты субүркіт, аққұйрықты субүркіт, жұртшы, ителгі, лашын, сұр тырна, ақбас тырна, безгелдек, қарабас өгізшағала, үкі, барыс, тас сусары, алтай арқары. Халықаралық табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау одағының тізіміне енгізілген жануарлар түрлері: тазқара, қарақұс, далалық күйкентай, ителгі, шәукілдек, еменшіл сұлукеш, кезқұйрықты субүркіт, безгелдек, дуадақ, көкқарға, барс, алтай арқары.
## Дереккөздер |
Итсекири (джекри, джакри) — Нигерияның оңтүстігіндегі этникалық топ, Варри қаласының маңында қоныстанған.Саны 40 мыңға жуық адамды құрайды, кейбір деректер бойынша 2,7 млн. адам.
## Тілі
Олар нигеро-кордофан отбасының ква тобының йоруба тілінің диалектісінде сөйлейді. Сөздік қорының шамамен 10%-ы туыстас эдо тілінен, сондай-ақ еуропалық тілдерден. Жазуы латын әліпбиіне негізделген.
## Діні
Дәстүрлі діндер: Орице - әлемнің жоғарғы құдайы және жаратушысы болып саналады. Басқа құдайларға теңіз құдайы Умале окун және темір мен соғыс құдайы Огун кіреді.
## Шығу тарихы
Итсекирилер өздерінің шығу тегін биниялық Бениннен алады, бірақ олар негізінен йорубалармен генетикалық туысқан халық болуы мүмкін. Ұзақ және тығыз тарихи байланыстардың нәтижесінде бини, сондай-ақ урхобо мен иджолар айтарлықтай әлеуметтік-мәдени әсерге ұшыраған.15-16 ғасырларда Итсекири құрған Варридің "патшалығы" Бенинге вассалды тәуелді болды, алайда оның билеушілері 16-ғасырдада, содан кейін 17-ғасырда Бениннің Варриге билігі әлсірей бастаған кезде еуропалықтармен сауда және саяси байланыстарды өз бетінше жалғастырды.
## Кәсібі
Нигер атырауында тұратын итсекирилер балықшылар. Олар ауыл шаруашылығын «құлдық жұмыс» деп атайды, өйткені 19 ғасырда онымен тек құлдар айналысты (Урхобо соғыс тұтқындары). Итсекири ұсақ мал, шошқа, құс өсіреді. Мал аз ұсталады. Аңшылық көмекші рөл атқарады. Терушілік аса маңызды емес.Қолөнердің ішінде қайық жасау ерекше дамыған. Ұсталық, құмыра жасау, тоқымашылық бар.
## Өмір салты
Әлеуметтік негізі – үлкен отбасылық патрилиндік қауымдастық. Неке полигиниялық, вирилокальды. Күйеу жігіт қалыңдықты төлем төлеп алады.
Елді мекендері – әдетте шағын – түзу немесе орталықта «жалпы үй» және ғибадатханасы бар. Әр көп балалы отбасының үйі қоршалған. Үйлері төртбұрышты, үш бөлмелі, шағын верандасы бар, саз балшықпен сыланған. Шатырлары пальма жапырақтарымен жабылған. Орта ғасырларда ең алдымен сауданың арқасында пайда болған бірнеше шағын қалалардың дәстүрлі орналасуы мен сәулетінің ауылдан айырмашылығы шамалы.
Дәстүр бойынша итсекири ерлері кемедже деп аталатын ұзын жеңді көйлек, беліне байланған шарф және қауырсын қадалған сабан қалпақ киеді. Әйелдер ашық жібек орамалмен біріктірілген иықпен тігілген жейде, маржан моншақтар деп аталатын түрлі-түсті бас киімдер киеді. Қазір дәстүрлі киім еуропалық костюмнің элементтерімен (футболкалар, шорттар) толықтырылуда.
## Дереккөздер |
Шашан Оразбайұлы Оразбаев (25 қазан 1908, Бақсай ауданы, Гурьев облысы — 1994) — кеңестік мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Әділет министрі (1939-1943).
## Өмірбаяны
1908 жылы 25 қазанда Гурьев облысы Бақсай ауданының №18 ауылында дүниеге келген, жоғары білім алған.
1930-1931 жж. — БКООК аудандық кәсіподақ кеңесі төрағасы (Гурьев облысы).
1931-1932 жж. — облыстық жұмысшылар кооперациясының басқарма төрағасы.
1934-1935 жж. — аймақтық комсомол комитетінің нұсқаушысы (Гурьев).
1935-1937 жж. — Теңіз аудандық комсомол комитетінің хатшысы.
1937-1939 жж. — партияның облыстық комитетідегі кеңестік сауда бөлімінің меңгерушісі.
1939-1943 жж. — Қазақ КСР Әділет халық комиссары (Алматы).
1943-1952 жж. — Ақтөбе облыстық атқару комитетінің төрағасы.
1952-1955 жж. — КОКП ОК қарамағындағы ЖПМ тыңдаушысы (Мәскеу).
1955-1959 жж. — Павлодар облыстық атқару комитетінің төрағасы.
1960-1962 жж. — Гурьев облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
1962-1967 жж. — Гурьев облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары.
## Марапаттары
* Еңбек Қызыл Ту орденінің үш мәрте иегері (1945, 1947, 1957)
* «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» медалі (1945) |
Генерал Панфилов ескерткіші — Астана қаласындағы Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Васильевич Панфиловқа арналған ескерткіш. 2015 жылы «Жерұйық» саябағында ашылды.
Авторы — мүсінші Ренат Әбенов. Ескерткіш ортасында гүл шоқтарын қоюға арналған тақта бар. Шығыс бетінде Мәскеуді қорғауда ерлікпен қаза тапқан 28 жауынгер-панфиловшылардың естелік тақтасы орнатылған. Сондай-ақ Кеңестер Одағы Батырының Алтын Жұлдыз медалі бекітілген 28 стелла жасалды.
Ескерткіштің ашылу рәсіміне Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты:
Генерал Панфиловқа қойылған ескерткіш бүкіл еліміздің соғысқа қатысқан батырларына ескерткіш деп санау керек. Қазақстаннан шыққан жауынгерлердің көпшілігі Совет Одағының батыры атағын алғанын білесіздір. Қанша халықтың барғанын да білесіздер. 1 миллион 200 мың қазақстандықтар соғысқа аттанып, жартысы қайтпай қалды. Жартысы жанпида етті. Ол еліміздің сол кездегі санағанда 20 пайызы еді. Сондықтан фашизмге қарсы соғысып, бүгінгі еліміздің берекесіне, бірлігіне көп үлес қосты.
## Дереккөздер |
Ишан (иса, исан, эса, эсан, эшан) — Нигерияның оңтүстігіндегі Эдо штатында тұратын халық. 35-ке жуық этноәлеуметтік құрылымдарды қамтиды. Саны 700 мыңға жуық адамды құрайды.
## Тілі
Бенуэ-конго тілдер отбасының эдоид тармағының эсан тілінде сөйлейді.
## Діні
Діні бойынша христиандар (католиктер мен протестанттар) және дәстүрлі наным-сенімдерді ұстанушылар.
## Кәсібі
Негізгі кәсібі – егіншілік. Негізгі дақылдары ямс, май және кокос пальмасы, жүгері, банан, көкөніс және т.б. Ешкі, қой, құс, кейбір ірі қара мал өсіріледі. Аңшылық пен балық аулау белгілі бір рөл атқарады. Қолөнердің ішінде тоқымашылық, ұсталық өнері ерекше көзге түседі.
## Өмір салты
Негізгі әлеуметтік бірлік - жерді иеленетін, учаскелерді өңдеу шарттарын пайдалануға алатын көп балалы отбасылардан тұратын қауымдастық. Басшылық түріне қарай бірнеше қауымды біріктіру де кездеседі. Патрилиндік және вирилокальды отбасылар жиі кездеседі. Неке әдет-ғұрыптары, ырым-жораларымен де ерекшеленеді.Фольклорлық шығармалар (ертегілер), халық аспаптарында орындалатын музыка – соқпалы және ысқылы аспаптарымен танымал.
«Ортақ үйі» және орталығында ғибадатханасы бар сақина тәрізді дәстүрлі елді мекендері бұрын орманнан тазартылған, судан алыс жерлерде құрылған.Қазіргі уақытта, бір қабатты үйлер жолдың бойында немесе екі жағында орналасқан. Тіктөртбұрышты үйлері балшықпен сыланған, есіктер мен терезе жақтаулары (салыстырмалы түрде жақында жасалған жаңалық) ағаш, төбелері пальма жапырақтарымен жабылған. Ғимараттар көп бөлмелі.
Дәстүрлі киімдері - бел немесе иыққа қапсырмалы киімдер.
## Дереккөздер |
Әлия Молдағұлованың мемориалды кешені — Ақтөбе қаласындағы Кеңес Одағының Батыры, әйгілі мерген Әлия Молдағұловаға арналған ескерткіш. 2005 жылы ашылды.
Әлияның мүсіні қоладан жасалған және гранит тұғырға қойылған, биіктігі — 3,8 метр. Екі жағынан барельеф орнатылған (30,66 х 2,4 метр): сол жақ жартысында ұлы дала бейнесі, көшпенділер рухы бейнеленген, Құрманғазы мен Абылай хан көрсетілген; оң жағында 1916 жылғы отаршылдыққа қарсы көтерілістен бастап көптеген қайғы-қасірет әкелген Ұлы Отан соғысын, халқымызды жан-жаққа шашыратқан көріністер ашық бейнеленген.
2008 жылы Астана қаласының 10-жылдық мерейтойына орай мемориалды кешеннің дәлме-дәл көшірмесі Аграрлық университет жанында, Әлия Молдағұлова көшесі мен Жеңіс даңғылы қиылысында орнатылды. Бұл Ақтөбе облысының Астанаға жасаған тартуы болды.
Әлия мүсінінің авторы — Бақытжан Әлімбайұлы Әбішев. Барельеф авторы — Ескен Аманжолұлы Сіргебаев.
## Дереккөздер |
Мәншүк Мәметова ескерткіші — Астана қаласындағы Кеңес Одағының Батыры, әйгілі жауынгер қыз Мәншүк Мәметоваға арналған ескерткіш.
2018 жылы Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына орай Батыс Қазақстан облысының жасаған тартуы еді. Авторы — мүсінші Мұрат Мансұров.
Ескерткіш Жеңіс даңғылы бойындағы «Ақжайық» саябағында орналасқан.
## Дереккөздер |
Кораб-Коритник табиғи саябағы (алб. Parku Natyror i Korab-Koritnikut) — Албанияның шығысындағы табиғи саябақ және жойылып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлері үшін қорғау орны ретінде қызмет ететін Еуропалық жасыл белдеудің бір бөлігін құрайды. Ол 55550 га (555,5 км) альпі таулы рельефін қамтиды, аңғарлары, өзендері, мұзды көлдері, үңгірлері, каньондары, тығыз қылқан жапырақты және жапырақты ормандары бар. Халықаралық табиғатты қорғау одағы (ХТҚО) саябақты IV санатқа жатқызды. Коритник пен Кораб екеуіде Планлайф (ағылш. Planlife) халықаралық маңызы бар маңызды өсімдіктер аймағы ретінде танылды.
Кораб-Коритник табиғи саябағы солтүстікте Косовомен шекарада Солтүстік Македониямен шекарадан оңтүстікте Деша тауларына дейін басталады. Табиғат паркі Кораб таулары мен Коритник тауының құрметіне аталған. Кораб - 2764 метр (9068 фут) биіктікте орналасқан Албания мен Солтүстік Македонияның ең биік шыңы. Бұл сонымен қатар Еуропадағы екі саммиттің бірі, бұл бірнеше ел үшін ең биік нүкте және Еуропадағы ең көрнекті 18-ші тау шыңы. Саммит өте ойлы тау массиві болып табылады және негізінен блокты құрылымдары бар палеозой кезеңінің тақтатастары мен әктастарынан, сондай-ақ пермо триастың қатты зақымдалған гипс жыныстарынан тұрады. Батыс жағында тау жартас қабырғаларының үстінен тік құласа, солтүстік жағы жартастардан тұрады.
Табиғат саябағында ылғалды суық қысы және құрғақ ыстық жазы бар қалыпты ылғалды континенталды климат бар. Биіктіктің үлкен өзгермелілігіне байланысты аумақта климаттың, флора мен фаунаның алуан түрлілігін табуға болады. Ол Динар тауларының аралас ормандары мен Балқан аралас ормандарының палеарктикалық қоңыржай кең жапырақты және аралас ормандар биомасының құрлықтық экорегиондарына жатады. Ормандар жапырақты және қылқан жапырақты ағаштардың алуан түрлерінен және көптеген жабайы гүлдерден тұрады. Өсімдік жамылғысының деңгейлері әртүрлі биіктіктерге, 400-ден 900 метрге (1300–3000 фут) дейінгі емен ормандарына, теңіз деңгейінен 1000-нан 2000 метрге (3300–6,60 фут) дейінгі аралас жалпақ жапырақты ормандары бар қылқан жапырақты ормандарға байланысты ажыратылады. Тау шалғындарының беткейлерін көбінесе жапырақты ормандар алып жатыр. Саябақта ең көп таралған ағаш түрлері - күміс шырша, Австриялық қарағай, босниялық қарағай, македон қарағайы және қара қарағай. Төменгі биіктіктерде емен ормандарын кездестіруге болады, соның ішінде шығыс мүйізі, мамық емен, македон емені және далалық үйеңкі.
Фауна сүтқоректілердің 37 түрімен ұсынылған. Аймақта қоңыр аю, сұр қасқыр, балқан сілеусіні, елік, жабайы шошқа, күзендер, орман сусары, қызыл тиін сияқты ірі сүтқоректілер кездеседі. Ол сондай-ақ құстардың тығыз популяциясын қолдайтын әртүрлі қолайлы мекендеу орындарын қамтиды, мысалы, бүркіт, меңіреу құр, лашын, жамансары, қаршығалар, үкі, ақбас құмай, шұбарқұр және басқалар.
## Тағыда қараңыз
* Кораб және Кораб тауы
* Коритник
* Албанияның қорғалатын аймақтары
* Албанияның географиясы
* Орталық таулы провинция
* Луре-Дежес тауы ұлттық саябағы
## Дереккөздер |
Қазақ КСР халық комиссарлары кеңесі — Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының жоғарғы мемлекеттік басқару органы.
1920 жылы 12 қазанда ҚырОАК атқарушы және әкімшілік органы ретінде құрылды, 1925 жылы 15 маусымда Қазақ АКСР халық комиссарлар кеңесі болып, 1936 жылы 5 желтоқсанда — Қазақ КСР халық комиссарлар кеңесі болып өзгертілді. 1946 жылы 15 наурызда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің құрылуына байланысты жойылды.
## Жетекшілігі
### Халық комиссарлары кеңесінің төрағалары
Қырғыз АКСР халық комиссарлар кеңесінің төрағалары:
* Виктор Алексеевич Радус-Зенькович (12.10.1920 — қазан 1921)
* Мұхамед-Хафиз Мырзағалиев (қазан 1921 — қазан 1922)
* Сәкен Сейфуллин (желтоқсан 1922 — қазан 1924)
* Нығмет Нұрмақұлы (қазан 1924 — 15.07.1925)
Қазақ АКСР халық комиссарлар кеңесінің төрағалары:
* Нығмет Нұрмақұлы (15.07.1925 — сәуір 1929)
* Ораз Жанұзақұлы Исаев (сәуір 1929 — 05.12.1936)
Қазақ КСР халық комиссарлар кеңесінің төрағалары:
* Ораз Жанұзақұлы Исаев (5.12.1936 — 31.05.1938)
* Ыбрайым Таусиқұлы Тәжиев — м. а. (25.05.1938 — 17.07.1938)
* Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов (17.07.1938 — 1946).
### Кіші халық комиссарлары кеңесінің төрағалары
* Петр Михайлович Стеклов қазан 1921 г. — қаңтар 1922 ж.
* Исаак Михайлович Заромский 14 қаңтар 1922 г. — қыркүйек 1922 ж.
* Әлиасқар Меңдиярұлы Әлібеков қыркүйек 1922 г. — ?
Кіші халық комиссарлары кеңесі деп Халық комиссарлары кеңесі қарамағындағы Комиссияны атады (ағымдағы мәселелер бойынша).
### Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасарлары
* Мұхамед-Хафиз Мырзағалиев қазан 1920 ж. — қазан 1921 ж.
* Әбдірахман Әйтиев, міндетті уақытша атқарушы қазан 1921 ж. — [наурыз 1922 ж.]
* Арон Исакович Вайнштейн наурыз 1922 ж. — қыркүйек 1923 ж.
* Владимир Иванович Вельман қыркүйек 1923 ж. — тамыз 1924 ж.
* Нығмет Нұрмақұлы қыркүйек 1924 ж. — қараша 1924 ж.
* Абылай Серғазиұлы ақпан 1925 ж. — қыркүйек 1926 ж.
* Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетов қыркүйек 1926 ж. — қаңтар 1935 ж.
* Теймур Махмұтоғлы Әлиев маусым 1935 ж. — тамыз 1936 ж.
* Жанайдар Садуақасұлы тамыз 1936 ж. — сәуір 1937 ж.
* Сүлеймен Есқараев мамыр 1937 ж. — тамыз 1937 ж.
* Василий Никифорович Лазарев қыркүйек 1937 ж. — маусым 1938 ж.
* Иван Семенович Климентьев шілде 1938 ж. — желтоқсан 1941 ж.
* Александр Петрович Заговельев сәуір 1942 ж. — наурыз 1946 ж.
### Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасарлары — Еңбек және Қорғаныс кеңесінің төрағалары
ҚАКСР халық комиссарлары кеңесі қарамағындағы Еңбек және Қорғаныс кеңесі 1921 жылы 14 қаңтарда ҚАКСР халық комиссарлар кеңесінің комиссиясы ретінде құрылды. 1923 жылы қыркүйекте ҚАКСР халық комиссарлар кеңесі қарамағындағы Өлкелік шаруашылық мәжілісі болып өзгертілді.
* Мұхамед-Хафиз Мырзағалиев қазан 1920 ж. — қазан 1921 ж.
* Арон Исакович Вайнштейн наурыз 1922 ж. — шілде 1923 ж.
* Наум Михайлович Винокуров-Наумов шілде 1923 ж. — қыркүйек 1923 ж.
### Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасарлары — Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының төрағалары
Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы 1921 жылы 19 қарашада ҚАКСР Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің жиыны ретінде құрылды. 1965 жылы қазанда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Мемлекеттік жоспарлау комитеті болып қайта құрылып, 1991 жылдың желтоқсанына дейін жұмыс істеді.
* Петр Бертулевич Журевский наурыз 1922 ж. — маусым 1922 ж.
* Захар Львович Миндлин маусым 1922 ж. — тамыз 1922 ж.
* Георгий Михайлович Дунаев қыркүйек 1922 ж. — [қараша] 1922 ж.
* Захар Львович Миндлин желтоқсан 1922 ж. — қаңтар 1924 ж.
* Семен Митрофанович Щербаков, міндетті уақытша атқарушы маусым 1924 ж. — тамыз 1924 ж.
* Смағұл Сәдуақасов қыркүйек 1924 ж. — ақпан 1925 ж.
* Абылай Серғазиұлы ақпан 1925 ж. — қыркүйек 1926 ж.
* Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетов қыркүйек 1926 ж. — қаңтар 1928 ж.
* Александр Моисеевич Поволоцкий наурыз 1928 ж. — қазан 1929 ж.
* Август Иванович Поднек қараша 1929 ж. — қыркүйек 1931 ж.
* Исидор Борисович Маймин қазан 1931 ж. — сәуір 1933 ж.
* Владимир Николаевич Андронников сәуір 1933 ж. — қаңтар 1937 ж.
* Константин Яковлевич Рафальский қаңтар 1937 ж. — наурыз 1938 ж.
* Павел Леонтьевич Смирнов наурыз 1938 ж. — маусым 1938 ж.
* Михаил Сергеевич Королев маусым 1938 ж. — тамыз 1939 ж.
* Виктор Георгиевич Мельников қыркүйек 1939 ж. — қараша 1940 ж.
* Ғабдолла Шоланов қараша 1940 ж. — сәуір 1942 ж.
* Павел Михайлович Дунаев сәуір 1942 ж. — маусым 1943 ж.
* Ыбрайым Таусиқұлы Тәжиев маусым 1943 ж. — наурыз 1946 ж.
## Халық шаруашылығы орталық кеңесі (ХШОК)
1923 жылы 31 желтоқсанда РКФСР халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ҚАКСР өнеркәсіптік бюросы негізінде құрылды. 1932 жылы 27 қаңтарда ҚАКСР ОАК мен ХКК қаулысының негізінде қызметтері мен бағынысты мекемелері ҚАКСР жеңіл өнеркәсіп халық комиссариатына беріліп, таратылды.
* Наум Михайлович Винокуров-Наумов желтоқсан 1923 ж. — ақпан 1924 ж.
* Мұхтар Саматұлы наурыз 1924 ж. — ақпан 1925 ж.
* Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетов ақпан 1925 ж. — қыркүйек 1926 ж.
* Әзімбай Лекеров қыркүйек 1926 ж. — мамыр 1927 ж.
* Қабылбек Сарымолдаев мамыр 1927 ж. — сәуір 1928 ж.
* Федор Данилович Корнюшин сәуір 1928 ж. — ?
* Аспандияр Кенжин ақпан 1929 ж. — қазан 1929 ж.
* Михаил Васильевич Батраков мамыр 1930 ж. — ақпан 1931 ж.
* Яков Петрович Беликов наурыз 1931 ж. — қаңтар 1932 ж.
## Жұмысшы-шаруа инспекциясы халық комиссариаты
1920 жылы қазанда Қырғыз өлкесінің жұмысшы-шаруа инспекциясы комиссариаты негізінде құрылды. 1924 жылы ақпанда РК(б)П Қырғыз өлкелік бақылау комиссиясымен біріктірілді. 1934 жылы ақпанда таратылды.
* Николай Иванович Баландин қазан 1920 ж. — маусым 1921 ж.
* Сергей Дмитриевич Сергеев маусым 1921 ж. — қазан 1921 ж.
* Әлиасқар Меңдиярұлы Әлібеков қазан 1921 ж. — қаңтар 1924 ж.
* Александр Дмитриевич Авдеев ақпан 1924 ж. — [қараша] 1925 ж.
* Иван Титович Морозов қараша 1925 ж. — [ақпан 1928 ж.]
* Иван Анфильевич Богданов ақпан 1928 ж. — қаңтар 1931 ж.
* Андрей Яковлевич Фектер ақпан 1931 ж. — қазан 1932 ж.
* Яков Георгиевич Егоров қаңтар 1933 ж. — ақпан 1934 ж.
## Мемлекеттік бақылау халық комиссариаты
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1940 жылғы 5 қазандағы Жарлығы негізінде Қазақ КСР халық комиссарлар кеңесінің 1940 жылғы 27 қарашадағы қаулысымен құрылды. 1946 жылы наурызда Қазақ КСР мемлекеттік бақылау министрлігі болып қайта құрылып, 1958 жылға дейін қызмет етті.
* Ақметжан Қойшығұлов қараша 1940 ж. — ақпан 1942 ж.
* Петр Григорьевич Орехов сәуір 1942 ж. — қаңтар 1943 ж.
* Ақай Оңғарбайұлы қаңтар 1943 ж. — наурыз 1946 ж.
## Ішкі істер халық комиссариаты (ІІХК)
БОАК мен РКФСР халық комиссарлар кеңесінің 1920 жылғы 26 тамыздағы декретінің негізінде 1920 жылы қазанда құрылды. 1927 жылы тамызда КСРО халық комиссарлар кеңесінің 1927 жылғы 5 маусымдағы № 33 қаулысымен ҚАКСР Орталық әкімшілік басқармасы болып қайта құрылды. 1929 жылы тамызда екінші рет құрылды. 1930 жылы желтоқсанда таратылды. КСРО ІІХК № 003 бұйрығымен 1937 жылы қаңтарда қайта құрылды. КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1941 жылғы 20 шілдедегі Жарлығымен 1943 жылы сәуірде ІІХК-нан бөлініп шыққан Мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссариатымен біріктірілді. 1946 жылы наурызда Қазақ КСР Ішкі істер министрлігі болып қайта құрылып, 1991 жылдың желтоқсанына дейін қызмет етті.
### Бірінші құрылымы (қазан 1920 ж. — тамыз 1927 ж.)
* Мұхамед-Хафиз Мырзағалиев қазан 1920 ж. — қазан 1921 ж.
* Әбдірахман Әйтиев қазан 1921 ж. — қаңтар 1924 ж.
* Мұқаш Орынбаев қаңтар 1924 ж. — қараша 1924 ж.
* Закария Мұкеев қараша 1924 ж. — мамыр 1925 ж.
* Сүлеймен Есқараев мамыр 1925 ж. — тамыз 1927 ж.
### Екінші құрылымы (тамыз 1929 ж. — желтоқсан 1930 ж.)
* Қасым Әуезов тамыз 1929 ж. — қазан 1930 ж.
* Михаил Маркович Табакин, міндетті уақытша атқарушы қазан 1930 ж. — желтоқсан 1930 ж.
### Үшінші құрылымы (қаңтар 1937 ж. — наурыз 1946 ж.)
* Лев Борисович Залин қаңтар 1937 ж. — қаңтар 1938 ж.
* Станислав Францевич Реденс қаңтар 1938 ж. — қаңтар 1939 ж.
* Семен Николаевич Бурдаков қаңтар 1939 ж. — қазан 1940 ж.
* Алексей Никитич Бабкин тамыз 1940 ж. — ақпан 1941 ж.
* Федор Петрович Харитонов ақпан 1941 ж. — шілде 1941 ж.
* Алексей Никитич Бабкин шілде 1941 ж. — мамыр 1943 ж.
* Николай Кузьмич Богданов мамыр 1943 ж. — наурыз 1946 ж.
## Мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссариаты
1941 жылы ақпанда КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1941 жылғы 3 ақпандағы Жарлығына сәйкес ІІХК-ның екі халық комиссариаттарына бөлінуі нәтижесінде құрылды. 1941 жылы шілдеде ІІХК мен Мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссариаты біріктірілді. 1943 жылы сәуірде ІІХК екі халық комиссариаты: ІІХК және Мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссариаты болып қайта құрылды. 1946 жылы 15 наурызда Мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссариаты Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі болып қайта құрылды. 1953 жылы наурызда Ішкі істер және Мемлекеттік қауіпсіздік министрліктері қайтадан біріктірілді. 1954 жылдың ақпан-наурыз айларында Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (МҚК) құрылып, 1991 жылдың желтоқсанына дейін қызмет етті.
### Бірінші құрылымы (ақпан-шілде 1941 ж.)
* Алексей Никитич Бабкин ақпан 1941 ж. — шілде 1941 ж.
### Екінші құрылымы (сәуір 1943 ж. — наурыз 1946 ж.)
* Алексей Никитич Бабкин мамыр 1943 ж. — наурыз 1944 ж.
* Сергей Иванович Огольцов сәуір 1944 ж. — желтоқсан 1945 ж.
## Әділет халық комиссариаты
1920 жылы қазанда БОАК мен РКФСР халық комиссарлар кеңесінің 1920 жылғы 26 тамыздағы декретінің негізінде Қазақстан Кеңестерінің 1-(құрылтай) съезінің қарарына сәйкес құрылды. 1946 жылы наурызда Қазақ КСР Әділет министрлігі болып қайта құрылып, 1991 жылдың желтоқсанына дейін қызмет етті.
* Ғұбайдолла Әлібеков қазан 1920 ж. — қазан 1921 ж.
* Шафқат Мұхамеджанұлы Бекмұхамедов қазан 1921 ж. — қазан 1922 ж.
* Мырзағұл Атаниязов қазан 1922 ж. — мамыр 1923 ж.
* Нығмет Нұрмақұлы мамыр 1923 ж. — қыркүйек 1924 ж.
* Нұртаза Ералин қыркүйек 1924 ж. — қараша 1924 ж.
* Қанай Боранбаев қараша 1924 ж. — мамыр 1925 ж.
* Сәдуақас Мәмбеев мамыр 1925 ж. — қаңтар 1928 ж.
* Жанайдар Садуақасов қаңтар 1928 ж. — желтоқсан 1929 ж.
* Боран Айтмағамбетов наурыз 1930 ж. — тамыз 1933 ж.
* Абдолла Жармұхамедов қараша 1933 ж. — қаңтар 1935 ж.
* Хамза Жүсіпбеков қаңтар 1935 ж. — ақпан 1936 ж.
* Сүлеймен Есқараев ақпан 1936 ж. — тамыз 1936 ж.
* Оразғали Бурабаев тамыз 1936 ж. — қазан 1937 ж.
* Баймұхамет Шағыров қазан 1937 ж. — наурыз 1939 ж.
* Шашан Оразбайұлы мамыр 1939 ж. — қаңтар 1943 ж.
* Мырзақадыр Нұрбаев қаңтар 1943 ж. — наурыз 1946 ж.
## Сыртқы істер халық комиссариаты
1944 жылғы 13 сәуірдегі Қазақ КСР Заңымен құрылды. 1946 жылы наурызда Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігі болып қайта құрылып, 1991 жылдың желтоқсанына дейін қызмет етті.
* Төлеген Тәжібайұлы тамыз 1944 ж. — наурыз 1946 ж.
## Қаржы халық комиссариаты
1920 жылы 19 қазанда БОАК мен РКФСР халық комиссарлар кеңесінің 1920 жылғы 26 тамыздағы Декретінің негізінде Қазақстан Кеңестерінің 1-(құрылтай) съезінің қарарына сәйкес құрылды. 1946 жылы наурызда Қазақ КСР Қаржы министрлігі болып қайта құрылып, 1991 жылдың желтоқсанына дейін қызмет етті.
* Нестор Григорьевич Калашников қазан 1920 ж. — ақпан 1922 ж.
* Сергей Сергеевич Генералов наурыз 1922 ж. — маусым 1922 ж.
* Александр Федорович Кокушкин маусым 1922 ж. — маусым 1923 ж.
* Исидор Борисович Мамырмин маусым 1923 ж. — мамыр 1926 ж.
* Мұхамед-Хафиз Мырзағалиев мамыр 1926 ж. — қаңтар 1930 ж.
* Мұқаш Орынбаев қаңтар 1930 ж. — қазан 1933 ж.
* Василий Иванович Бессонов, міндетті уақытша атқарушы қазан 1933 ж. — қаңтар 1935 ж.
* Ілияс Ысмайылұлы Молдажанов қаңтар 1935 ж. — тамыз 1937 ж.
* Ахмет Дәкішұлы Дауылбаев тамыз 1937 ж. — наурыз 1940 ж.
* Иван Авксентьевич Шугайло, міндетті уақытша атқарушы наурыз 1940 ж. — маусым 1940 ж.
* Арбап Нұрымұлы Сарынов маусым 1940 ж. — желтоқсан 1941 ж.
* Иван Авксентьевич Шугайло желтоқсан 1941 ж. — наурыз 1946 ж.
## Еңбек халық комиссариаты
1920 жылы қазанда БОАК мен РКФСР халық комиссарлар кеңесінің 1920 жылғы 26 тамыздағы декретінің негізінде Қазақстан Кеңестерінің 1-(құрылтай) съезінің қарарына сәйкес құрылды. КСРО ОАК, КСРО ХКК және Бүкілодақтық кәсіподақтар орталық кеңесінің 1933 жылғы 23 маусымдағы қаулысы негізінде 1933 жылы қыркүйекте таратылды.
* Исаак Михайлович Заромский қазан 1920 ж. — қазан 1922 ж.
* Моисей Львович Фабрикант-Страховенко, міндетті уақытша атқарушы қазан 1922 ж. — сәуір 1923 ж.
* Николай Гаврилович Паниев қыркүйек 1923 ж. — желтоқсан 1923 ж.
* Александр Дмитриевич Авдеев желтоқсан 1923 ж. — ақпан 1924 ж.
* Август Мартович Киндель ақпан 1924 ж. — қараша 1924 ж.
* Мұхаметқали Қойшыбайұлы Тәтімов қараша 1924 ж. — мамыр 1928 ж.
* Тұрсынбек Боранбаев мамыр 1928 ж. — қыркүйек 1931 ж.
* Шаяхмет Шамұхамедұлы Жармұхамедов тамыз 1931 ж. — [мамыр] 1932 ж.
* Ғайнолла Сұлтанғалиев мамыр 1932 ж. — мамыр 1933 ж.
* Сәуір Атырауов мамыр 1933 ж. — шілде 1933 ж.
## Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша халық комиссариаты
1920 жылы қазанда БОАК мен РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1920 жылғы 26 тамыздағы декретінің негізінде Қазақстан Кеңестерінің 1-(құрылтай) съезінің қарарына сәйкес құрылды. 1946 жылы наурызда Қазақ КСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі болып қайта құрылып, 1991 жылдың желтоқсанына дейін қызмет етті.
* Сақыпкерей Жармаұлы Арғыншиев қазан 1920 ж. — маусым 1921 ж.
* Әліби Тоқжанұлы Жангелдин шілде 1921 ж. — мамыр 1925 ж.
* Дәрібай Ханкерейұлы мамыр 1925 ж. — қазан 1925 ж.
* Әліби Тоқжанұлы Жангелдин қазан 1925 ж. — қыркүйек 1928 ж.
* Евдокия Степановна Хлыновская қыркүйек 1928 ж. — наурыз 1931 ж.
* Анна Ивановна Ворожеева маусым 1931 ж. — шілде 1932 ж.
* Рамазан Құрманғалиев шілде 1932 ж. — шілде 1933 ж.
* Бейсенғали Әбдірахманов қараша 1933 ж. — мамыр 1937 ж.
* Абдолла Әбдірахманұлы Асылбеков мамыр 1937 ж. — маусым 1937 ж.
* Нағима Ыдырысқызы Арықова маусым 1937 ж. — шілде 1938 ж.
* Сарби Рамазанқызы Иқтисамова шілде 1938 ж. — сәуір 1943 ж.
* Оспанбай Елубаев сәуір 1943 ж. — наурыз 1946 ж.
## Жеңіл өнеркәсіп халық комиссариаты
1932 жылы 1 ақпанда ҚАКСР ОАК мен Халық Комиссарлар Кеңесінің 1932 жылғы 27 қаңтардағы қаулысымен құрылды. 1934 жылы 9 қыркүйекте жойылды. Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1936 жылғы 11 желтоқсандағы қаулысымен қайта құрылып, 1946 жылы наурызда Қазақ КСР Жеңіл өнеркәсіп министрлігі болып қайта құрылды.
### Бірінші құрылымы (ақпан 1932 ж. — қыркүйек 1934 ж.)
* Яков Петрович Беликов ақпан 1932 ж. — маусым 1932 ж.
* Дәрібай Ханкерейұлы тамыз 1932 ж. — шілде 1933 ж.
* Хасан Қошанбаев шілде 1933 ж. — қыркүйек 1934 ж.
### Екінші құрылымы (желтоқсан 1936 ж. — наурыз 1946 ж.)
* Петр Федорович Астромович желтоқсан 1936 ж. — сәуір 1938 ж.
* Шақпақ Артықбаев сәуір 1938 ж. — маусым 1938 ж.
* Арбап Нұрымұлы Сарынов маусым 1938 ж. — маусым 1940 ж.
* Нұрқан Сейітов шілде 1940 ж. — желтоқсан 1941 ж.
* Арбап Нұрымұлы Сарынов желтоқсан 1941 ж. — ақпан 1943 ж.
* Мырзахмет Жексенғалиұлы Бекжанов ақпан 1943 ж. — тамыз 1943 ж.
* Әмір Ержанұлы тамыз 1943 ж. — наурыз 1946 ж.
## Жергілікті өнеркәсіп халық комиссариаты
Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің 1934 жылғы 20 тамыздағы және 1934 жылғы 9 қыркүйектегі ҚазОАК жарлығымен Жеңіл өнеркәсіп халық комиссариаты негізінде 1934 жылы 20 қыркүйекте ҚАКСР Халық Комиссарлар Кеңесі қарамағында құрылды. 1946 жылы наурызда Қазақ КСР Жергілікті өнеркәсіп министрлігі болып қайта құрылды.
* Петр Федорович Астромович қыркүйек 1934 ж. — қыркүйек 1936 ж.
* Атлаш Алпысбайұлы Кәлменов қыркүйек 1936 ж. — қаңтар 1938 ж.
* Николай Петрович Терехов ақпан 1938 ж. — маусым 1938 ж.
* Михаил Арсентьевич Скородумов маусым 1938 ж. — шілде 1938 ж.
* Мырзахмет Жексенғалиұлы Бекжанов шілде 1938 ж. — ақпан 1940 ж.
* Иван Корнеевич Голубев, міндетті уақытша атқарушы наурыз 1940 ж. — тамыз 1940 ж.
* Сейітбай Әлменов тамыз 1940 ж. — шілде 1941 ж.
* Қамал Қадыржанұлы шілде 1941 ж. — қазан 1942 ж.
* Аббас Омарұлы Өтембаев қазан 1942 ж. — маусым 1943 ж.
* Алексей Степанович Новиков қазан 1942 ж. — маусым 1943 ж.
* Борис Данилович Нагаев ақпан 1946 ж. — наурыз 1946 ж.
## Тоқыма өнеркәсібі халық комиссариаты
1939 жылы 9 қыркүйекте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен құрылды, 1946 жылы наурызда Қазақ КСР Тоқыма өнеркәсібі министрлігі болып қайта құрылды.
* Михаил Сергеевич Королев қыркүйек 1939 ж. — қаңтар 1941 ж.
* Александр Семенович Орлов қаңтар 1941 ж. — қыркүйек 1943 ж.
* Виктор Иванович Бондаренко қазан 1943 ж. — мамыр 1945 ж.
* Виктор Михайлович Пелевин мамыр 1945 ж. — наурыз 1946 ж.
## Тамақ өнеркәсібі халық комиссариаты
КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің 1937 жылғы 3 қаңтардағы қаулысымен және БК(б)П ОК 1936 жылғы 21 қыркүйектегі шешімімен құрылды. 1946 жылы наурызда Қазақ КСР Тамақ өнеркәсібі министрлігі болып қайта құрылды.
* Александр Наумович Яхнович қыркүйек 1936 ж. — наурыз 1938 ж.
* Иван Александрович Боровых, міндетті уақытша атқарушы наурыз 1938 ж. — сәуір 1938 ж.
* Иван Васильевич Курицын сәуір 1938 ж. — мамыр 1938 ж.
* Есен Досымұлы шілде 1938 ж. — мамыр 1940 ж.
* Федор Меркурьевич Тютюков шілде 1940 ж. — наурыз 1945 ж.
* Мәжікен Есенұлы Бутин наурыз 1945 ж. — наурыз 1946 ж.
## Ет және сүт өнеркәсібі халық комиссариаты
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1939 жылғы 28 ақпандағы Жарлығымен құрылды. 1946 жылы наурызда Қазақ КСР Ет және сүт өнеркәсібі министрлігі болып қайта құрылды.
* Жармұхамбет Мірманов сәуір 1939 ж. — шілде 1940 ж.
* Ысқақ Мықтыбайұлы шілде 1940 ж. — наурыз 1943 ж.
* Қазтай Едігеұлы шілде 1943 ж. — наурыз 1946 ж.
## Балық өнеркәсібі халық комиссариаты
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1939 жылғы 28 ақпандағы Жарлығымен құрылды. 1946 жылы наурызда Қазақ КСР Балық өнеркәсібі министрлігі болып қайта құрылды.
* Шайқы Әбішев наурыз 1939 ж. — тамыз 1941 ж.
* Петр Иванович Власов, міндетті уақытша атқарушы тамыз 1941 ж. — мамыр 1942 ж.
* Қайрош Тастайбеков мамыр 1942 ж. — ақпан 1944 ж.
* Мырзахмет Жексенғалиұлы Бекжанов ақпан 1944 ж. — желтоқсан 1945 ж.
* Георгий Лазаревич Бахарев, міндетті уақытша атқарушы желтоқсан 1945 ж. — қаңтар 1946 ж.
## Орман өнеркәсібі халық комиссариаты
1937 жылы 4 қаңтарда КСРО ОАК 1937 жылғы 3 қаңтардағы қаулысы негізінде Қазақ ОАК қаулысымен құрылды.1946 жылы наурызда Қазақ КСР Орман өнеркәсібі министрлігі болып қайта құрылды.
* Андрей Валентинович Гумен қаңтар 1937 ж. — мамыр 1938 ж.
* Арал Қазыұлы шілде 1938 ж. — маусым 1940 ж.
* Өтеген Жанұзақов маусым 1940 ж. — тамыз 1942 ж.
* Хасен Байұзақұлы тамыз 1942 ж. — ақпан 1945 ж.
* Тәліпбай Байбосынов наурыз 1945 ж. — наурыз 1946 ж.
## Жергілікті отын өнеркәсібі халық комиссариаты
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығы мен Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1943 жылғы 7 шілдедегі қаулысы негізінде құрылды. 1946 жылы наурызда Қазақ КСР жергілікті отын өнеркәсібі министрлігі болып қайта құрылды.
* Аббас Омарұлы Өтембаев шілде 1943 ж. — наурыз 1946 ж.
## Егін шаруашылығы халық комиссариаты
1920 жылы 12 қазанда Қазақстан Кеңестерінің 1-(құрылтай) съезінің қарарына сәйкес БОАК мен РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1920 ж. 26 тамыздағы Декретінің негізінде құрылды. 1946 жылы наурызда Қазақ КСР егіншілік министрлігі болып қайта құрылды.
* Василий Николаевич Харлов қазан 1920 ж. — тамыз 1921 ж.
* Шәкір Ғалиұлы Дивеев тамыз 1921 ж. — қазан 1922 ж.
* Досқұл Темірәлиұлы қазан 1922 ж. — желтоқсан 1923 ж.
* Әлиасқар Меңдиярұлы Әлібеков қаңтар 1924 ж. — қыркүйек 1926 ж.
* Жақпар Сұлтанбекұлы қыркүйек 1926 ж. — қазан 1927 ж.
* Кәрім Досжанұлы Тоқтабаев желтоқсан 1927 ж. — қыркүйек 1931 ж.
* Қабылбек Сарымолдаев қыркүйек 1931 ж. — тамыз 1933 ж.
* Нығметулла Сырғабекұлы қыркүйек 1933 ж. — қазан 1937 ж.
* Тәттіғали Қожанов желтоқсан 1937 ж. — тамыз 1938 ж.
* Әшімбек Жүнісбекұлы Бектасов тамыз 1938 ж. — наурыз 1940 ж.
* Ахмет Дәкішұлы Дауылбаев наурыз 1940 ж. — наурыз 1946 ж.
## Астық және мал шаруашылығы кеңшарлары халық комиссариаты
Қазақ Орталық Атқару Комитетінің 1937 жылғы 4 қаңтардағы қаулысымен құрылды. 1946 жылы наурызда Қазақ КСР кеңшарлар министрлігі болып қайта құрылды.
* Хаким Дүйсенов қыркүйек 1936 ж.’ — қазан 1937 ж.
* Есен Есенбаев қазан 1937 ж. — шілде 1938 ж.
* Осман Ғалиұлы Жұмағұлов шілде 1938 ж. — қазан 1939 ж.
* Айтыкен Қадырбеков қазан 1939 ж. — желтоқсан 1941 ж.
* Әшімбек Жүнісбекұлы Бектасов қаңтар 1942 ж. — қазан 1942 ж.
* Николай Ефимович Бабкин қараша 1942 ж. — қаңтар 1945 ж.
* Сүлеймен Халилұлы Ғафиатуллин қыркүйек 1945 ж. — наурыз 1946 ж.
## Техникалық дақылдар халық комиссариаты
1945 жылы 12 желтоқсанда Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысымен құрылды. 1946 жылы наурызда Қазақ КСР Техникалық дақылдар министрлігі болып қайта құрылды.
* Ахметбек Мұхамедиарұлы Қыстауов желтоқсан 1945 ж. — наурыз 1946 ж.
## Су шаруашылығы халық комиссариаты
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1940 жылғы 25 ақпандағы Жарлығы негізінде құрылды. 1946 жылы наурызда Қазақ КСР Су шаруашылығы министрлігі болып қайта құрылды.
* Әшімбек Жүнісбекұлы Бектасов наурыз 1940 ж. — қаңтар 1942 ж.
* Александр Михайлович Рыбаков қаңтар 1942 ж. — қазан 1945 ж.
* Ысмайыл Әбдірасулұлы Юсупов қазан 1945 ж. — наурыз 1946 ж.
## Автомобиль көлігі халық комиссариаты
1939 жылы 19 шілдеде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен құрылды. 1946 жылы наурызда Қазақ КСР Автомобиль көлігі министрлігі болып қайта құрылды.
* Ақметжан Қойшығұлов шілде 1939 ж. — тамыз 1940 ж.
* Дмитрий Валерьянович Попов қазан 1940 ж. — желтоқсан 1941 ж.
* Иван Григорьевич Гаврилов қаңтар 1942 ж. — наурыз 1946 ж.
## Сауда халық комиссариаты
1924 жылы 31 мамырда ҚырОАК 1924 жылғы 31 мамырдағы Жарлығымен ҚАКСР Ішкі сауда халық комиссариаты құрылды. 1926 жылы наурызда ҚАКСР Ішкі және сыртқы сауда халық комиссариаты болып қайта құрылды. 1931 жылы 10 қаңтарда ҚАКСР-ның Қамсыздандыру халық комиссариаты болып өзгертілді. 1934 жылдың 14 қыркүйегінде таратылған ҚАКСР Қамсыздандыру халық комиссариаты негізінде қайта құрылды. 1938 жылы наурызда ҚАКСР Сауда халық комиссариаты болып өзгертілді. 1946 жылы наурызда Қазақ КСР Сауда министрлігі болып қайта құрылды.
### Бірінші құрылымы (мамыр 1924 ж. — наурыз 1926 ж.)
* Аспандияр Кенжин маусым 1924 ж. — наурыз 1926 ж.
### Екінші құрылымы (наурыз 1926 ж. — қаңтар 1931 ж.)
* Аспандияр Кенжин наурыз 1926 ж. — қаңтар 1928 ж.
* Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетов қаңтар 1928 ж. — сәуір 1930 ж.
* Шәкір Ғалиұлы Дивеев сәуір 1930 ж. — қараша 1930 ж.
* Абдолла Ахметұлы Розыбакиев қараша 1930 ж. — қаңтар 1931 ж.
### Үшінші құрылымы (наурыз 1926 ж. — қаңтар 1931 ж.)
* Шәкір Ғалиұлы Дивеев қыркүйек 1934 ж. — сәуір 1937 ж.
* Сергей Федорович Степанов тамыз 1937 ж.
* Сұлтан Сапиұлы Ахметжанов тамыз 1937 ж. — желтоқсан 1937 ж.
* Есен Досымұлы желтоқсан 1937 ж. — шілде 1938 ж.
* Шопан Қоныспаев шілде 1938 ж. — сәуір 1939 ж.
* Құрманғали Жанатұлы Мыржықов сәуір 1939 ж. — маусым 1941 ж.
* Василий Алексеевич Белый маусым 1941 ж. — сәуір 1942 ж.
* Ілияс Омаров сәуір 1942 ж. — қаңтар 1945 ж.
* Василий Алексеевич Белый ақпан 1945 ж. — маусым 1945 ж.
* Махмұт Сапарғалиев маусым 1945 ж. — наурыз 1946 ж.
## Азық-түлік халық комиссариаты
1920 жылы қазанда ҚырОАК 1920 жылғы 14 қазандағы қаулысы негізінде құрылды. 1924 жылғы 8 мамырдағы ҚырОАК қаулысы негізінде таратылды.
* Иван Денисович Мартынов қазан 1920 ж. — қараша 1920 ж.
* Лев Соломонович Марголин қараша 1920 ж. — [қазан 1921 ж.]
* Мұхтар Саматұлы Саматов қазан 1921 ж. — наурыз 1924 ж.
## Қамсыздандыру халық комиссариаты
РКФСР Қамсыздандыру халық комиссариатының 1930 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысымен ҚАКСР Ішкі және сыртқы сауда халық комиссариатының негізінде құрылды. 1934 жылы қыркүйекте таратылды.
* Абдолла Ахметұлы Розыбакиев қаңтар 1931 ж. — қаңтар 1932 ж.
* Нығметулла Сырғабекұлы қаңтар 1932 ж. — ақпан 1932 ж.
* Жүсіпәлі Ермұхамедұлы Нұршанов ақпан 1932 ж. — маусым 1932 ж.
* Николай Петрович Жалнин маусым 1932 ж. — қыркүйек 1933 ж.
* Александр Наумович Яхнович қазан 1933 ж. — қыркүйек 1934 ж.
## Коммуналдық шаруашылық халық комиссариаты
1931 жылы шілдеде БОАК мен РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1931 жылғы 20 шілдедегі қаулысына сәйкес ҚАКСР Халық Комиссарлары Кеңесі қарамағындағы Коммуналдық шаруашылық бас басқармасының негізінде құрылды. 1946 жылы наурызда Қазақ КСР Коммуналдық шаруашылық министрлігі болып қайта құрылды.
* Валентин Самойлович Либерман шілде 1931 ж. — ақпан 1932 ж.
* Николай Алексеевич Кадочкин ақпан 1932 ж. — шілде 1933 ж.
* Сергей Дмитриевич Джинчаридзе, міндетті уақытша атқарушы шілде 1933 ж. — қазан 1933 ж.
* Григорий Лукьянович Гаврилов, міндетті уақытша атқарушы қазан 1933 ж. — қараша 1933 ж.
* Павел Борисович Пострейтер қараша 1933 ж. — шілде 1937 ж.
* Ыбрайым Таусиқұлы Тәжиев маусым 1937 ж. — сәуір 1938 ж.
* Хасен Байұзақұлы сәуір 1938 ж. — қаңтар 1939 ж.
* Дмитрий Александрович Сырцов маусым 1939 ж. — тамыз 1944 ж.
* Махмұт Сапарғалиев тамыз 1944 ж. — маусым 1945 ж.
* Сергей Федорович Эпиктетов маусым 1945 ж. — наурыз 1946 ж.
## Ағарту ісі халық комиссариаты
1920 жылы қазанда РКФСР ОАК мен Халық Комиссарлар Кеңесінің 1920 жылғы 26 тамыздағы декретінің негізінде Қазақстан Кеңестерінің 1-(құрылтай) съезінің қарарына сәйкес құрылды. 1946 жылы наурызда Қазақ КСР Ағарту министрлігі болып қайта құрылды.
* Ахмет Байтұрсынұлы қазан 1920 ж. — қазан 1921 ж.
* Аспандияр Кенжин қазан 1921 ж. — қазан 1922 ж.
* Нұғыман Залиев қазан 1922 ж. — желтоқсан 1924 ж.
* Ілияс Құлжанұлы Темірбеков желтоқсан 1924 ж. — ақпан 1925 ж.
* Смағұл Сәдуақасов наурыз 1925 ж. — наурыз 1927 ж.
* Кәрім Досжанұлы Тоқтабаев наурыз 1927 ж. — қараша 1927 ж.
* Ораз Қыйқымұлы Жандосов қараша 1927 ж. — маусым 1929 ж.
* Нұғман Сәрсенұлы Манаев шілде 1929 ж. — маусым 1930 ж.
* Сейітқали Меңдешұлы Меңдешев маусым 1930 ж. — маусым 1933 ж.
* Темірбек Қараұлы Жүргенов маусым 1933 ж. — шілде 1937 ж.
* Біржан Манкин қазан 1937 ж. — қараша 1937 ж.
* Сұлтан Сүйінішәлин желтоқсан 1937 ж. — маусым 1938 ж.
* Мұқамеджан Әбдіқалықов маусым 1938 ж. — наурыз 1941 ж.
* Төлеген Тәжібайұлы Тәжібаев наурыз 1941 ж. — желтоқсан 1941 ж.
* Әбдіхамит Ібінияұлы Сембаев желтоқсан 1941 ж. — наурыз 1946 ж.
## Денсаулық сақтау халық комиссариаты
1920 жылы 12 қазанда Қазақстан Кеңестерінің 1-(құрылтай) съезінің қарарына сәйкес БОАК мен РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1920 жылдың 26 тамызындағы Декретінің негізінде құрылды. 1946 жылы наурызда Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігі болып қайта құрылып, 1991 жылдың желтоқсанына дейін қызмет етті.
* Михаил Сергеевич Шамов қазан 1920 ж. — мамыр 1928 ж.
* Мұхаметқали Қойшыбайұлы Тәтімов мамыр 1928 ж. — маусым 1930 ж.
* Бейсенғали Әбдірахманов маусым 1930 ж. — мамыр 1931 ж.
* Санжар Сейітжафарұлы Асфендиаров мамыр 1931 ж. — шілде 1933 ж.
* Марк Григорьевич Донской, шілде 1933 ж. — [қыркүйек] 1933 ж.
* Қалап Құлсартов қазан 1933 ж. — шілде 1936 ж.
* Хасен Нұрмұхамедов шілде 1936 ж. — қазан 1937 ж.
* Ишанбай Қарақұлов қараша 1937 ж. — маусым 1939 ж.
* Семен Алексеевич Чесноков маусым 1939 ж. — наурыз 1946 ж.
## Әдебиет
* Қазақстан наркомдары, 1920—1946 жж: өмірбаяндық анықтамалық. Алматы 2007
## Сілтеме
* Номенклатура Казахстана. 800 персон |
ОКАТО (Общероссийский классификатор объектов административно-территориального деления) - Ресей Федерациясының Әкімшілік-аумақтық бөлінісі объектілерінің жіктеуіші "Ресей Федерациясының техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпаратын жіктеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесінің" (ЕСКК) құрамына кіреді. ОКАТО статистика, экономика және басқалар сияқты салалардағы әкімшілік-аумақтық бөліністер бойынша ақпараттың дұрыстығын, салыстырымдылығын және автоматтандырылған өңделуін қамтамасыз етуге арналған.
2014 жылдың 1 қаңтарына дейін тиісті қатар болған салықтық төлем тапсырмаларында міндетті түрде көрсетілген (кез-келген басқа төлем тапсырмаларында қатар бос қалды). 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл рөлде төлем тапсырмасының сол қатарында көрсетілген ОКТМО коды ауыстырылды.
## Дереккөздер
https://ru.wikipedia.org/wiki/Общероссийский_классификатор_объектов_административно-территориального_деления
https://protect.gost.ru/document.aspx?control=20&id=134377 |
Бжни бекінісі — Арменияның Котайк ауданындағы Бжни ауылында орналасқан көне қамал. Ол ауылды екіге бөліп жатқан жартасты қыраттың төбесінде және баурайында орналасқан.
## Зерттеу жұмыстары
1673 жылы француз Шарден қамалдың әсерлі көлемін, тозығы жеткен ғимараттарды және айналадағы қатал табиғатты сипаттады. 1700 жылы Питтон де Турнефор атты тағы бір табиғат зерттеушісі өз жазбаларында қамал шіркеуі мен бекініс қабырғаларының қирандылары туралы айтты. 1929 жылы бекініс аумағында археологиялық қазба жұмыстары басталып, оның барысында соңғы темір дәуіріне жататын қабірлер табылды. Қаржыландыру жеткіліксіз болғандықтан толыққанды зерттеулер жүргізілмеді, сондықтан бұл жұмыстар әлі аяқталмаған. Табылған жәдігерлер елордалық мұражайда сақтаулы. Ғалымдар Бжни аумағынан ұзын және кең 3 жер асты дәлізін тапты. Олар жартастардың арасынан өтіп, қамалды жақын маңдағы ауылдармен байланыстырды.Дегенмен, байырғы тұрғындардың айтуынша, үңгір шіркеуден Раздан жағалауына апарады, жергілікті тұрғындар сол жерден тамақ пен көмек алып, қажет болса қашып кетті деп мәлімдейді. Жер асты өткелі XIX ғасырға дейін жұмыс істеді, бірақ бізге оның бір бөлігі ғана жетті.Бекініс салынған жердің өзі, оны табиғат осы үшін жаратқандай. Таулар тізбегі, мөлдір қабырғалары мен ғимараттың ауқымы оны жаулар үшін алынбайтын етіп жасады. Өзінің өмір сүрген ұзақ жылдарында бекініс бірнеше рет жаулап алушылардың шабуылына ұшырады, бірнеше рет қиратылды, бірақ әр жолы қайта қалпына келтірілді. Осы уақытқа дейін көне қирандылардың айналасында көптеген жұмбақтар мен аңыздар бар.Зерттеушілерді, ең алдымен, шіркеудің орналасқан жері таң қалдырады: әдетте таулардағы төбелерде салынған осы құрылымдардың көпшілігінен айырмашылығы, бұл монастырь ойпатта орналасқан, бұл ежелгі уақытта ғибадатхана мен бекіністі жерасты жолы байланыстырады деп болжайды.
## Тарихы
Ұзақ уақыт бойы Бжни бекінісін X-XI ғасырларда Пехлавуни княздары салған деп есептелді. Дегенмен, 1970 жылдардағы қазба жұмыстары кезінде ескі ғимараттар, атап айтқанда, шіркеулердің қабырғалары, сарай, тұрғын үйлер, су қоймасы және жерасты туннелі табылды.Пехлавуни княздары орта ғасырларда көне бекіністі қалпына келтіріп, оны Армениядағы ең мықты бекіністердің біріне айналдырды. Бекініс қабырғасының жанындағы Раздан өзеніне жасырын өткел бүгінгі күнге дейін сақталған, бірақ қауіпсіздік үшін ол арқылы өтуге болмайды.
## Сипаттама
Бекіністің көп бөлігі батыс беткейде орналасқан және оңтүстікке қарай қисық, ал аз бөлігі шығысқа қарай орналасқан. Бекіністің қабырғаларын ауылдың батыс жағынан ғана көруге болады және оларға тармақталған тар қара жолмен оңай жетуге болады.Бжнидегі сыртқы бекініс қабырғаларының бөліктері жақсы сақталған. Дегенмен, үстіртте салыстырмалы түрде нашар күйде қалған шайқастардың бөліктері де бар. Ұзақ уақыт бойы қираған бірнеше құрылыстардың іздері әртүрлі аймақтардағы ойыстарда байқалады. Сондай-ақ 5 ғасырдағы шіркеудің тас іргетасы, әлі күнге дейін жартылай тұрған ортағасырлық құрылым (қазір 2009 жылдан бері қайта салынуда) бар.Қазіргі уақытта армян католикосын қолдаған төрт шіркеудің бірі ретінде танымал Богородицы (Сурб Аствацацин) шіркеуін көруге болады. Бекініс аумағында да өзіндік аркаларымен ерекшеленетін су қоймасының бір бөлігі, мұнаралардың сынықтары сақталған.
Бүгінде Бжни бекінісі туристік аймақ болып саналмайды, сондықтан оның аумағы абаттандырылмаған.
## Галарея
## Дереккөздер |
Албан Корольдігінің Негізгі Жарғысы — 1928-39 жылдардағы Албан Корольдігінің конституциясы. Оны Албания королі Зог I енгізген.
1928 жылғы Негізгі Жарғы 1939 жылы Италияның Албанияға басып кіруінен кейін ауыстырылды. 1939 жылы 3 маусымда Италия королі Виктор Эммануэль III 1939-43 жылдардағы Албан Корольдігінің жаңа конституциясын жариялады.
## Тағыда қараңыз
* Албания Конституциясы
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Patrice Najbor, Histoire de l'Albanie et de sa maison royale (5 volumes), JePublie, Paris, 2008, (ISBN 978-2-9532382-0-4).
* Patrice Najbor, La dynastye des Zogu, Textes & Prétextes, Paris, 2002
## Сыртқы сілтемелер
* Албанияның Корольдік үйі, француз тіліндегі ресми сайт
* Албанияның корольдік отбасы, ағылшын тіліндегі ресми сайт |
«Құмырасы бар қыз» (басқа атаулары – «Сауыншы», «Царское село мүсіні», «Перетта») – Санкт-Петербургтегі Царское селосының Екатерина саябағындағы субұрқақ (жоба авторы – Августин Бетанкур, мүсінші – Павел Соколов) ), федералды және халықаралық маңызы бар 19 ғасырдың басындағы ландшафттық сәулет және мүсін ескерткіші «Царское село мүсіні» деген атпен белгілі болды. Мүсін Царское село бақтарының поэтикалық символына айналды. Ресей мұражайының кескіндеме бөлімінің аға ғылыми қызметкері Всеволод Петровтың айтуынша, мүсін Павел Соколов шығармашылығының шыңы болып табылады және ресейлік бақ пен саябақ мүсінінің тамаша жетістіктерінің бірі болып табылады].
Замандастары мүсіннің сюжеті ЛаФонтеннің «Сауыншы немесе сүт құмырасы» ертегісі деп есептейді. Кейбір зерттеушілер мүсіннен император I Александрдың әйелі Елизавета Алексеевнаның портреттік бейнесін көріп, субұрқақ оның сәби кезінде қайтыс болған қыздары мен аз уақыт бұрын қайтыс болған ғашығы үшін қайғысының аллегориясы деп санайды. Субұрқақ көптеген орыс мәдениет қайраткерлерін әдеби және музыкалық шығармалар жасауға шабыттандырды. Олардың ішінде: Александр Пушкин мен Анна Ахматованың «Царское селосы мүсіні» поэмасы, Цезарь күйінің «Царское село (Пушкиннен кейін) мүсіні» романсы.
## Тарихы
Бастапқыда бұл жерде Вангазы ағынының бастауы болған бұлақ болған. I Екатеринаның билігі кезінде оған пудость тасынан жасалған баспалдақ апарды. Су ағатын ағаш ағынның үстінде сол тастан жасалған бағаналар тірелген арка тұрғызылған болатын. Царское селосы мұражайының қызметкері Виктор Семёнов эскиздік реконструкцияда бұлақтың сол кездегі көрінісін қайта жасады. 1757 жылы жақын маңда сырғанау төбесі салынған соң, бұлақ арнайы камераға жасырылды, одан су жер асты құбыры арқылы тоғанға ағып жатты. Құбырдың жер бетіне шығатын орнында бөгет салынды, ал одан брусчатка төселген кең әрі ұзын арна шықты. Оны сол кездегі жалғыз ауыз су көзі ретінде еңбек адамдары мен жылқылар пайдаланған.
## Дереккөздер |
Тирана ауылшаруашылық университеті (алб. Universiteti Bujqësor i Tiranës) — Албанияның Тирана қаласында орналасқан мемлекеттік университет. Ол агрономия, ветеринария, орман шаруашылығы, экология, агробизнес және ұқсас пәндер бойынша білім береді.
## Тарихы
ТАУ 1951 жылы құрылды. Ол алғаш рет «Ауыл шаруашылығының жоғары институты» (алб. Instituti i Lartë Bujqësor) деп аталды. Ол қазіргі атауын 1991 жылы алды.
Бүгінде бұл ауыл шаруашылығы және азық-түлік (Агрономия, бау-бақша және өсімдіктерді қорғау, Агробизнес, экономика және аграрлық саясат, Қоршаған орта және табиғи ресурстар, Агроазық-түлік) саласындағы бакалавриат пен магистратура, ғылыми зерттеулер, кадрларды даярлау және кеңейту үшін Албаниядағы бірегей орталық болып табылады. Технология, Мал шаруашылығы және бизнес, Акваөсіру және балық шаруашылығын басқару, Орман шаруашылығы инженериясы, Ветеринария және т.б.
## Академиялық және өлшем
Жыл сайын 15 000-ға жуық студент Тирана ауылшаруашылық университетінде оқуын бастайды. Нақты ғылыми қызметкерлер құрамы 55 профессор, 48 доцент, 55 доктор, 13 педагог – оқытушы және 64 ассистенттен тұрады.
## Факультеттер мен кафедралар
ТАУ келесі факультеттерді қамтиды:
* Ауыл шаруашылығы және қоршаған орта факультеті
* Экономика және агробизнес факультеті
* Орман ғылымдары факультеті
* Ветеринариялық медицина факультеті
* Биотехнология және тамақ факультеті
## Атақты профессорлар
* Пирро Додбиба
* Ментор Пермети
* Нико Кафзези
* Андреа Шунди
* Мйқерем Тафаж
## Сондай-ақ қараңыз
* Албаниядағы университеттердің тізімі
* Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету агенттігі
* Колледждер мен университеттердің тізімі
* Елдер бойынша колледждер мен университеттердің тізімі
* Албания ауыл шаруашылығы
## Дереккөздер |
Құрақсу ауылдық округі — Жетісу облысы Ақсу ауданында болған әкімшілік бірлік. 2013 жылы Матай кенттік әкімдігімен біріктірілген.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Құрақсу ауылы кірді. Орталығы – Құрақсу ауылы болды.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 461 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Буррели түрмесі (алб. Burgu i Burrelit) — Албанияның солтүстік-шығысындағы Буррели қаласына жақын жерде, аудандық полиция бөлімшесі аумағында орналасқан, қауіпсіздігі жоғары түрме. Онда 198 тұтқынға дейін болуы мүмкін. 2011 жылы түрмеде 182 тұтқын болса, 120 түзеу қызметкері жұмыс істеген. Буррели түрмесі - үш аймаққа бөлінген және 21 000 м² аумақты алып жатқан бір қабатты ғимарат.
Буррели түрмесі 1992 жылы Албан Демократиялық партиясы Албан Еңбек партиясының диктатурасын құлатқаннан кейін жабылды. Ол 1997 жылы қайта ашылды және қазір Албаниядағы белсенді 21 түрменің бірі болып табылады, өмір бойына бас бостандығынан айырылған тұтқындарды ұстайтын бес түрменің бірі және ұйымдасқан қылмысқа қатысы бар адамдар жазасын өтеп жатқан екі түрменің бірі. Бірқатар азаматтық белсенділер абақты жауып, оны 1944-1992 жылдар аралығында азапталып, өлтірілгендерге арналған ескерткішке айналдыруды ұсынды.
2013 жылдың мамыр айында Буррели түрмесінің басшысы Демир Чупи Кукестегі әйеліне бару үшін өзіне берілген 5 күндік демалыстан оралмаған тұтқын Зенелиге қатысты оқиғадан кейін қызметінен босатылды. Бұл 2013 жылғы үшінші оқиға болды.
## Тарихы
Буррелиде түрме құру жоспары 1937 жылы Албан патшасы Ахмет Зогу тұсында пайда болды, бірақ қаржыландыру мәселесіне байланысты ол 1939 жылға дейін аяқталмады.
Буррели түрмесі Энвер Ходжа режиміне дейін және кезінде саяси тұтқындарды ұстады, олардың көпшілігі сол жерде заңсыз түрмеге қамалды. Онда оларды азаптап, адамгершілікке жатпайтын жағдайда ұстады. Албанияда диктатура кезінде жүзден астам түрме жұмыс істей алды, бірақ Буррели түрмесі Кафе Бар және Спач түрмелерімен бірге олардың арасында ең қатаң бұйрықтармен ерекшеленді. Ақырында Албания Халықтық Социалистік Республикасының партиялық аппаратында көрнекті қызметтер атқарған көптеген адамдар, олардың отбасы мүшелері түрмеге жабыла бастады. Сонымен қатар, түрмеде діни конфессияға айыпталғандар, сондай-ақ оппозициялық қозғалысқа кез келген нысанда қатысы барлар да болды. Оппозициялық әрекетке айыпталған адамдар кем дегенде 20 жылға сотталды, бірақ олардың көпшілігі тіпті ұзартылды. Осылайша, «Балқан Мандела» лақап аты бар Питер Арбнори Буррели түрмесінде 28 жыл отырды.
## Атақты тұтқындар
* Питер Арбнори - Буррели түрмесінде 28 жылдан астам уақыт өткізген диссидент мектеп мұғалімі.
* Сократ Додбиба - экономист, 1943-1944 жылдары Албанияның қаржы министрі [kz] түрмеде қайтыс болды.
* Мемет Хамзо - 19 жыл Буррели түрмесінде болды, Рингяльяның негізін қалаушы, Албанияда 1990 жылдардың ортасында құрылған, қуғындалған отбасыларға экономикалық және әлеуметтік қолдау көрсеткен алғашқы ұйымдардың бірі, Кантина Скендербеудің бұрынғы тең иесі.
* Саймон Юбани - Миредитада қызмет еткен кезде тұтқындалған католиктік діни қызметкер, Буррели түрмесінде 26 жыл өткізді.
* Кристо Кирка — «Ватра – Американың Пан-Албания Федерациясы» албан ұйымының Бостондағы бөлімшесінің басшысы, ол сонымен бірге оның Диелли газетінде жұмыс істеген және белсенді Бали Комбетар. Түрмеде қайтыс болды.
* Костак Кота - түрме ашылған кездегі Албанияның премьер-министрі, өлім жазасына кесілді және түрмеде азаптаудан қайтыс болды.
* Фатос Лубоня - 1960 жылы кеңес-албан бөлінуінен кейін режимге қарсылық білдіргені үшін түрмеге жабылған Албан ұлттық телеарнасының бұрынғы басшысы.
* Зеф Пелумби - Хожа режимі кезінде Буррели түрмесіне қамалған католик діни қызметкері.
* Башким Шеху – отбасы мүшелері Қожа режимінде өлім жазасына кесілген немесе түрмеге жабылған Мехмет Шехудың жазушысы және ұлы. Мехметтің әйелінің қалдықтары 2000 жылы Ндрок ауылының маңынан табылды.
## Мәдениетте
Дэвис Гуггенхаймның 2014 жылғы "мәңгі жаман балалар" сценарийінің жобасына сәйкес, оқиға Буррели түрмесінде басталды.
## Дереккөздер |
Көкжиде ауылдық округі — Жетісу облысы Сарқан ауданында болған әкімшілік бірлік. 2013 жылы Лепсі кенттік әкімдігімен біріктірілген.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Көкжиде ауылы кірді. Орталығы – Көкжиде ауылы болды.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 872 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Жорға ауылдық округі — Абай облысы Аягөз ауданында болған әкімшілік бірлік. 2013 жылы Малкелді ауылдық округімен біріктірілген.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Жорға ауылы кірді. Орталығы – Жорға ауылы болды.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 132 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Мырзахмет Жексенғалиұлы Бекжанов (1907, № 9 ауыл, Орал облысы, Ресей империясы — 24 мамыр 1965, Алматы, Қазақ КСР) — Кеңестік партия және мемлекет қайраткері, Қазақстан Компартиясы Гурьев облыстық комитетінің бірінші хатшысы (1940-1943), Қазақстан Компартиясы Ақтөбе облыстық комитетінің бірінші хатшысы (1943-1944).
## Өмірбаяны
1907 жылы Орал облысының №9 ауылында дүниеге келді.
### Білімі
1923-1926 жылдары Орал ауылшаруашылық техникумында оқыды.
### Еңбек қызметі
1926-1930 жж. Қараоба аудандық БЛКЖО комитетінің (Қазақ АКСР) жауапты хатшысы, Қаратөбе аудандық БЛКЖО комитетінің (Қазақ АКСР) жауапты хатшысы, Жәнібек аудандық БЛКЖО комитетінің (Қазақ АКСР) жауапты хатшысы.
1930 ж. Орал аймақтық БЛКЖО комитетінің жауапты хатшысы.
1930-1931 жж. «Үлгілі кеңес-ауылы» газетінің редакторы.
1931-1932 жж. БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті мал шаруашылығы секторы меңгерушісінің көмекшісі.
1932-1933 жж. БК(б)П (Оңтүстік Қазақстан облысы) Қарсақпай аудандық комитетінің ұйымдастыру-нұсқаушы бөлімінің меңгерушісі.
1933 ж. БК(б)П Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің нұсқаушысы.
1933-1934 жж. БК(б)П (Батыс Қазақстан облысы) Орда аудандық бақылау комиссиясының төрағасы.
1934-1938 жж. Ет-сүт кеңшары бастығының орынбасары, саяси бөлімінің меңгерушісі.
1938 ж. Қазақстан КП(б) Жымпиты аудандық комитетінің (Батыс Қазақстан облысы) хатшысы.
1938 ж. Қазақстан КП (б) Батыс Қазақстан облыстық комитетінің 3-хатшысы.
1938-1940 жж. Қазақ КСР Жергілікті өнеркәсіп халық комиссары.
1940-1943 жж. Қазақстан КП Гурьев облыстық комитетінің 1-хатшысы.
1942-1943 жж. Гурьев қалалық қорғаныс комитетінің төрағасы.
1943 жылы ақпанда Қазақ КСР жеңіл өнеркәсіп халық комиссары болып тағайындалды.
1943 ж. тамыз -1944 ж. Қазақстан КП Ақтөбе облыстық комитетінің 1-хатшысы.
1944-1945 жж. Қазақ КСР балық өнеркәсібі халық комиссары.
1945-1948 жж. Қазақстан КП Сырдария аудандық комитетінің (Қызылорда облысы) 1-хатшысы.
1948-1951 жж. «Шелек» шарап кеңшарының (Алматы облысы) директоры.
1951-1953 жж. Алматы хайуанаттар бағының директоры.
1953-1954 жж. Қазақ мемлекеттік саяси баспасы директорының орынбасары.
1954 ж. Қазақстан КП Астық кеңшары комитетінің хатшысы.
1965 жылы 24 мамырда қайтыс болып, Алматы қаласының Орталық зиратына жерленді.
## Дереккөздер |
1959 жылғы 27 наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен құрылған Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің тізімі.
## Жетекшілігі
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы — Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары — Григорий Андреевич Мельник.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Иван Гаврилович Слажнев.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Зәуре Сәдуақасқызы Омарова.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақ КСР Сыртқы істер министрі — Асқар Зәкәрияұлы.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының төрағасы — Леонид Георгиевич Мельников.
## Министрлер
* Қазақ КСР Ішкі істер министрі — Шырақбек Қабылбайұлы.
* Қазақ КСР Жер қойнауын қорғау жөніндегі геология министрі — Александр Степанович Богатырев.
* Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі — Сибуғатулла Рысқалыұлы Қарынбаев.
* Қазақ КСР Мәдениет министрі — Әмір Қанапин.
* Қазақ КСР Байланыс министрі — Александр Алексеевич Носков.
* Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрі — Михаил Георгиевич Рогинец.
* Қазақ КСР Қаржы министрі — Өтешқали Дүйсенғалиұлы Атамбаев.
* Қазақ КСР Нан өнімдері министрі — Михаил Пантелеевич Карпенко.
* Қазақ КСР Автомобиль көлігі министрі — Леонид Георгиевич Жуков.
* Қазақ КСР Коммуналдық шаруашылық министрі — Даниил Фадеевич Кононенко.
* Қазақ КСР Ағарту ісі министрі — Әди Шәріпов.
* Қазақ КСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрі — Балжан Бөлтірікқызы.
* Қазақ КСР Құрылыс министрі — Александр Петрович Кротов.
* Қазақ КСР Сауда министрі — Рымбек Ілиясұлы.
* Қазақ КСР Әділет министрі — Қылышбай Сұлтанов.
## Төрағалар және бастықтар
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Кеңестік бақылау комиссиясының төрағасы — Әбжан Сүйкімбайұлы Жүсіпов.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Су шаруашылығы Бас басқармасының бастығы — Дүйсенқұл Сарықұлұлы.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Тас жолдары Бас басқармасының бастығы — Виктор Кузьмич Шведенко.
## Дереккөздер |
Бесиана Кадаре (алб. Besiana Kadare; 1972 жылы, Тирана) — албан дипломаты. Төтенше және Өкілетті Елші. 2021 жылдан бастап Албанияның ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі. Бұрынғы Албанияның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі және Кубадағы резидент емес елшісі (2016-2021), Албанияның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі (2011-2016)
## Өмірбаяны
1972 жылы туылған. Жазушы Исмаил (1936—2024) мен Хелена Кадаре (1943 ж.т.) қызы. Ол Париж IV Сорбонна университетінде қазіргі заманғы және салыстырмалы әдебиет магистрі және қазіргі заманғы мамандандырылған әдебиет бакалавры дәрежесіне ие. Ол Нью-Йорктегі Албанияның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы (БҰҰ) тұрақты өкілдігінде бірінші хатшы қызметін атқарды. 2005 жылы ол Америка Құрама Штаттарының халықаралық даму агенттігінде (USAID) жұмыс істеді. 2008 жылы Франциядағы Албания елшілігінде жұмыс істеді.
2011 жылы Париждегі Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) жанындағы Албанияның тұрақты өкілі болып тағайындалды. 2016 жылы ол Нью-Йорктегі Албанияның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі және Албанияның Кубадағы резидент емес елшісі ретінде Ферит Ходжаның орнына келді. 30 маусымда ол БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунға сенім грамотасын тапсырды. 2018 жылы ол БҰҰ-ның үш агенттігінің: Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықты қоныстандыру қорының (UNFPA) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жобалық Қызметтер Бюросының (UNOPS) Бірлескен атқарушы кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясында төраға орынбасары болып сайланды (2020-2021). 2021 жылдың 1 қазанында президент Илир Метаның жарлығымен Ферит Ходжа Албанияның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі, ал Бесиана Кадаре оның орнына Париждегі Албанияның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды. 10 қарашада ол Албанияның Еуропа және сыртқы істер министрі Олта Ячканың қатысуымен ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азулейге сенім грамотасын тапсырды.
## Дереккөздер |
Қайым Мұхамеджанұлы Сымақов (тат. Каюм Мөхәммәтҗан улы Симаков; 15 қазан 1904, Тебеньково а, қазіргі Рязан обл. — 29 қыркүйек 1984, Ленинград) — Қазақ КСР саяси қайраткері. 1961-1968 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы. 1941 жылдан бастап БК(б)П мүшесі.
## Мансабы
* 1924 ж. — Ауылдық кеңестің уәкілі, ауылдық өзара көмек комитетінің төрағасы.
* 1934 ж. — Свердловск тау-кен институтын бітірді.
* 1934-1940 ж. — Шымкент қорғасын зауытының инженер-конструкторы, цех бастығы.
* 1940-1948 ж. — Лениногор қорғасын зауытының бас инженері, директоры (Шығыс Қазақстан облысы)
* 1948-1956 ж. — Шымкент қорғасын зауытының директоры.
* 1956-1957 ж. — Қазақ КСР Түсті металлургия министрінің 1-орынбасары.
* 1957-1961 ж. — Шығыс Қазақстан экономикалық әкімшілік ауданы халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы.
* 1961-03.1965 ж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары.
* 03-10.1965 ж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының 1-орынбасары.
* 10.1965-1968 ж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары.
* 10.1965-1967 ж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы, КСРО Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары (қосымша бір мезгілде)
* 1968 ж. — зейнеткерлікке шықты.
## Марапаттары
* Ленин ордені
* Еңбек Қызыл Ту орденінің 2 мәрте иегері
* Құрмет Белгісі ордені
## Сілтеме
* Әшімбаев, Д. Р. Қазақстанда кімнің кім екені. Өмірбаяндық энциклопедия. — Алматы, 2008. |
Арбап Нұрымұлы Сарынов (18 қаңтар 1899, Перовск, Ресей империясы — 18 қаңтар 1962, Алматы, Қазақ КСР) — КСРО-ның көрнекті кеңестік партия әрі мемлекет қайраткері. Түркістан мен Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату және нығайту жолындағы күреске қатысушы. 1918 жылдан бастап КОКП мүшесі.
## Өмірбаяны
1899 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда қаласы) дүниеге келді.
1918 жылдан 1922 жылға дейін Төтенше комиссия төрағасы және Түркістан майданы арнайы бөлімшесінің бастығы. 1922 жылдан 1923 жылға дейін Қызылорда қаласы уездік Кеңестің төрағасы. 1923 жылдан 1931 жылға дейін РКФСР Мемсауданың Қызылорда облыстық кеңсесінің бастығы. 1931 жылдан 1934 жылға дейін Мәскеуде Бүкілодақтық сыртқы сауда академиясында оқыды.
1934 жылдан 1938 жылға дейін Қазақстандағы КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Дайындама комитетінің төрағасы. 1938 жылдан 1940 жылға дейін Қазақ КСР Жеңіл өнеркәсіп халық комиссары. 1940 жылдан 1942 жылға дейін Қазақ КСР Қаржы халық комиссары. 1942 жылдан 1943 жылға дейін Қазақ КСР Жеңіл өнеркәсіп халық комиссары. 1943 жылдан 1962 жылға дейін Алматы облыстық тұтынушылар одағының төрағасы, Қазақ КСР жеңіл өнеркәсіп министрінің орынбасары, республиканың кеңестік және шаруашылық органдарында жауапты қызметтер атқарды.
1962 жылы 18 қаңтарда Алматыда кенеттен қайтыс болды. Ол қаланың Орталық зиратына жерленді.
## Естелік
Қызылордада бір көше мен жалпы білім беру мекемесіне А.Сарыновтың есімі берілді.
## Дереккөздер |
Змеиный (Жыланды) — Қара теңіздің солтүстік-батыс бөлігінде, жағалаудан шамамен 37,5 км жерде, Дунай атырауының жанында орналасқан арал. Змейный аралына ең жақын орналасқан Одесса қаласы, 120 км. қашықтықта.
## Географиясы
### Сипаттамасы
Аралдың географиялық координаталары солтүстік ендік - 45°15'18, шығыс бойлық - 30°12'15. Аралдың ауданы 17 гектарды құрайды, ал тік жартасты беткейлерді есепке алғанда - 20,5 гектар. Жағалау сызығының ұзындығы (аралдың периметрі) 3,34 км. Аралдың крест тәрізді пішіні бар.Аралдың атауыныі ұзақ тарихы бар және кейбір тілдерде оның аудармасы "жылан" сөзімен мүлдем байланысты емес. Украин тілінде «Острів Зміїний», румын тілінде — Insula Şerpilor, ежелгі грек тілінде - Λευκός, грек тілінде - Φίδονισι, түрік тілінде - Yilan Adası).Арал Одесса облысының және Килия ауданының құрамына кіреді. Аралда орналасқан Белое ауылы ауылдың ресми мәртебесіне ие.
Арал күшті жартастардан құралған және жартасты-тұғырлы жағалаулары бар, жағалауының биіктігі солтүстік-шығыс бөлігінде 4-5 м, оңтүстік-батыста 25 м-ге жетеді. Ең жоғары биіктігі теңіз деңгейінен 41,3 м. Аралдың жағалаулары негізінен тік. Арал Қара теңіздің жағалаудан алыс орналасқан үлкен (64 000 км²) солтүстік-батыс қайраңындағы жалғыз тектоникалық биіктік болып табылады. Аралдың ортасында жазық үстірт орналасқан, солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс ұштарында жағалау кішігірім аралдар болып табылады.Арал маңындағы теңіздің тереңдігі шағын: солтүстігінде 5–6 м, оңтүстігінде 13–23 м, шығысында 9–19 м, батысында 10–16 м.
### Климаты
Аралдың климаты қоңыржай, дала, желдер мен ауа-райының өзгеруі жиі кездеседі. Ашық теңіздегі аралға лайық болғандықтан, мұнда ауа ылғалдылығы жоғары.Қыста орташа температура 0-ден 2 °С-қа дейін, жазда-19-дан 24 °С-қа дейін. абсолютті максимум +40 °С, абсолютті минимум -30 °С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері шамамен 300 мм. Желдің басым бағыты – батыс және солтүстік-шығыстан.
### Флора и фаунасы
Арал фаунасының көптігімен де ерекше. Көші-қон құстары маусымдық қоныс аудару кезінде аралды демалыс үшін пайдаланады. Көктемде Змеиныйде құстардың 234 түріне дейін байқалады, оның 30-ы Қызыл кітапқа енген. Күзде – 156 түрі, оның 27-сі Қызыл кітапқа енген. Арал - орнитолог фотографтардың ерекше құстарды суретке түсіру үшін келетін орны.
Жағалау суларында балықтың 50 түрі (оның 14-і Қызыл кітапқа енгізілген) және шаянның 6 түрі (4-еуі Украинаның Қызыл кітабына) тіркелген. Сүтқоректілерден мысықтар, иттер, егеуқұйрықтар, жарқанаттардың екі түрі, үй және сұр тышқандармен бар.Аралда бірде-бір ағаш жоқ, барлық өсімдіктерді дала шөптері құрайды.
## Тарихы
Украинадағы Змеиный аралы аймақтың бір бөлігі ретінде ресми түрде тек 2009 жылы пайда болды. Бірақ оның тарихы мың жылдан астам уақытқа созылады.Біздің эрамызға дейінгі VII ғасырдан бастап арал грек протекторатының қарамағында болды, әкімшілік жағынан Ольбия аумағына қарады. Ескендір Зұлқарнайын тұсында мұнда әскери гарнизондар орналасқан деген болжам бар. Бірақ бұған ешқандай құжаттық дәлел жоқ.
1823 жылы аралдың алғашқы картасын жасаған картограф М.Крицкий ежелгі грек ғибадатханасының қалдықтарын тапты. Тарихшылар бұл тек Ахиллес-Понтархтың құрметіне арналған қасиетті орын болуы мүмкін деп тұжырымдады, оны теңізшілер Қара теңіздің қамқоршысы ретінде құрметтеді және ол біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырда салынған. 1830 жылдары бұл іргетастан шыққан тастар жергілікті маяктың негізін қалады. Біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырдан бастап арал ежелгі лоцияларда және басқа жазбаша дереккөздерде аталған.
Фидониси аралы (Змеиный аралы) 1828-1829 жылдардағы соғыста жеңіске жеткеннен кейін орыстардікі болды. Содан кейін Қырым соғысының (1853-1856) нәтижесінде Ресей империясы оны Түркияға қайтаруға мәжбүр болды, ал XIX ғасырдың аяғында арал Румынияға берілді, ол оған өзінің тәртіптік батальондарын орналастырды.
Бірақ Румыния ұзақ уақыт бойы аралды иемдене алмады. 1944 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ұрыс қимылдары кезінде румын армиясы аралды КСРО Қара теңіз флотының десантшыларына ұрыссыз берді. 1948 жылы елдер арасында дипломатиялық келісімге қол қойылып, арал КСРО құрамына енді.
1956 жылы мұнда әуе қорғанысының радиолокациялық ротасы, сондай-ақ КСРО Әскери-теңіз күштерінің жағалаудағы бақылау жүйесінің радиотехникалық взводы орналастырылды. Ал 1980 жылдары арал маңындағы қайраңнан мұнай мен табиғи газ табылған.
1991 жылы КСРО ыдыраған кезде бұрынғы Кеңес Одағы Украина Республикасының аумағында орналасқан Змеиный аралы жас Украина мемлекетінің құрамдас бөлігіне айналды.
## Ресей шапқыншылығы
Ресей қарулы жанжалды Змеиный аралын басып алудан бастағаны мәлім. 2022 ж. 24 ақпанда аралға тақап келген РФ әскери-теңіз күштері "Москва" крейсерінен украиналық шекарашылармен байланысқа шығып, оларға өз еркімен берілуді ұсынды. Олар қарсыласқан шекарашыларды аямады, шағын ғана аралды үстемелете бомбалап, барлық инфрақұрылымды тып-типыл етті, отан қорғаушылардың бір бөлігін жер жастандырды, аман қалғанын тұтқындады. Осылайша, Ресей Қара теңіздің украиналық жағалауларын бұғаттап, үстемдігін орнатты.
30 маусымда Украина Қарулы күштерінің "Оңтүстік" оперативті қолбасшылығы ресейлік әскерилердің аралды шұғыл тастап шыққанын хабарлады. Германияның жетекші Deutsche Welle басылымы УҚК мәліметіне сілтеме жасап, РФ әскерилері аралды украиналық әскердің қаптаған әуе шабуылынан кейін тәрк еткенін жазды. Өйткені дәл соның қарсаңында Украина жағы теңіз ортасында жападан жалғыз тұрған, оңай нысана саналатын Змеиныйды зымырандармен және алысқа ұратын артиллериямен аяусыз соққылаған. Ондағылардың алақандай аралда жан сауғалайтын панасы да болмады. Сондай-ақ қашар алдында РФ әскерилері дұшпанның қолына түспеуі үшін аман қалған әскери техника мен қару-жарақты жарып кеткен.
Әскери-саяси сарапшы Юрий Федоров The Insider-ге сұхбатында Украина тарапы аралды америкалық HIMARS дүркін атыс реактивті жүйесімен соққылаған деп тұспалдады.Жаңа HIMARS-тар келгенше, Украина аралға ұзақ уақыт бойы беспилотниктер мен авиациясы арқылы өз бетінше соққы беруге тырысты. Дегенмен, ұшқышсыз аппараттар да, ұшақтар да осал еді, әрі олар Украинада көп емес. Содан Ресей аралға қаптаған қуатты қаруларды әкеліп, 20 шақырымға дейінгі қашықтықты және 10 шақырымға дейінгі биіктікті қамтыған әуе шабуылына қарсы мықты қорғаныс құрды", – деді әскери эксперт.
Филадельфиядағы Сыртқы саясатты зерттеу институтының (FPRI) ақпараты бойынша, Ресей жағы осы аралды қорғау жолында Раптор типіндегі 4 катерінен, Серна типті десанттық катерінен, алып буксир-кемесінен, Тор зениттік-земеран кешенінен, бірнеше Панцирь зениттік зымыран-зеңбірек кешенінен, РЛС жүйесінен, Ми-8 тікұшағынан, жауынгерлерінен айырылған. 13 сәуірде Украина жағы отандық өндірістегі "Нептун" зымырандарымен соққы беріп, "Мәскеу" крейсерін теңіз тұңғиығына батырып жіберді.
## Галарея
## Дереккөздер |
1947 жылы 21 наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен құрылған Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің тізімі.
## Жетекшілігі
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы — Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Александр Петрович Заговельев.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Исағали Шәріпұлы.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының төрағасы — Ыбрайым Таусиқұлы Тәжиев.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Натан Хаимович Забежанский.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Мақфуза Сапарқызы Нұрымбаева.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Жақыпбек Жанғозин.
## Министрлер
* Қазақ КСР Сыртқы істер министрі — Төлеген Тәжібайұлы.
* Қазақ КСР Тамақ өнеркәсібі министрі — Мәжікен Есенұлы Бутин.
* Қазақ КСР балық өнеркәсібі министрі — Ғаббас Баймұхамедұлы Саубенов.
* Қазақ КСР Ет және сүт өнеркәсібі министрі — Қазтай Едігеұлы.
* Қазақ КСР Жеңіл өнеркәсіп министрі — Әмір Ержанұлы.
* Қазақ КСР Тоқыма өнеркәсібі министрі — Виктор Михайлович Пелевин.
* Қазақ КСР Орман өнеркәсібі министрі — Айып Орашұлы.
* Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрі — Ахмет Дәкішұлы Дауылбаев.
* Қазақ КСР кеңшарлар министрі — Ахметбек Мұхамедиярұлы Қыстауов.
* Қазақ КСР Қаржы министрі — Иван Авксентьевич Шугайло.
* Қазақ КСР Ішкі істер министрі — Афанасий Афанасиевич Пчелкин.
* Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік министрі — Алексей Петрович Бызов.
* Қазақ КСР Әділет министрі — Мырзақадыр Нұрбаев.
* Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі — Семен Алексеевич Чесноков.
* Қазақ КСР Ағарту ісі министрі — Әбдіхамит Ібінияұлы Сембаев.
* Қазақ КСР Жергілікті өнеркәсіп министрі — Борис Данильевич Нагаев.
* Қазақ КСР Жергілікті отын өнеркәсібі министрі — Аббас Омарұлы Өтембаев.
* Қазақ КСР Коммуналдық шаруашылық министрі — Сергей Федорович Эпиктетов.
* Қазақ КСР Автомобиль көлігі министрі — Иван Григорьевич Гаврилов.
* Қазақ КСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрі — Атымтай Қисанов.
* Қазақ КСР Су шаруашылығы министрі — Ысмайыл Әбдірасулұлы Юсупов.
* Қазақ КСР Құрылыс материалдары өнеркәсібі министрі — Яков Епифанович Морозов.
* Қазақ КСР Кинематография министрі — Уәли Жақыпұлы.
## Төрағалар және бастықтар
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы өнер басқармасы бастығы — Сағынтай Ахметұлы.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Мәдени-ағарту мекемелері комитетінің төрағасы — Ахмет Өтейұлы.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Басты жол басқармасының бастығы — Юст Андрианович Буданцев.
## Дереккөздер |
1951 жылы 31 наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен құрылған Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің тізімі.
## Жетекшілігі
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы — Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Александр Дементьевич Гарагаш.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Исағали Шәріпұлы.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Натан Хаимович Забежанский.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Мақфуза Сапарқызы Нұрымбаева.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Жақыпбек Жанғозин.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының төрағасы — Ыбрайым Таусиқұлы Тәжиев.
## Министрлер
* Қазақ КСР Ішкі істер министрі — Владимир Владимирович Губин.
* Қазақ КСР Мемлекеттік бақылау министрі — Ақай Оңғарбайұлы.
* Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік министрі — Алексей Петрович Бызов.
* Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі — Ишанбай Қарақұлұлы.
* Қазақ КСР Сыртқы істер министрі — Төлеген Тәжібайұлы.
* Қазақ КСР Кинематография министрі — Уәли Жақыпұлы.
* Қазақ КСР Жеңіл өнеркәсіп министрі — Виктор Михайлович Пелевин.
* Қазақ КСР Орман шаруашылығы министрі — Өмірзақ Орымбаев.
* Қазақ КСР Орман өнеркәсібі министрі — Сайлаубай Қайнарбаев.
* Қазақ КСР Ет және сүт өнеркәсібі министрі — Қазтай Едігеұлы.
* Қазақ КСР Тамақ өнеркәсібі министрі — Мәжікен Есенұлы Бутин.
* Қазақ КСР Құрылыс материалдары өнеркәсібі министрі — Яков Епифанович Морозов.
* Қазақ КСР Балық өнеркәсібі министрі — Ғаббас Баймұхамедұлы Саубенов.
* Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрі — Ахмет Дәкішұлы Дауылбаев.
* Қазақ КСР кеңшарлар министрі — Иван Васильевич Ивандаев.
* Қазақ КСР Сауда министрі — Жақыпбек Жанғозин.
* Қазақ КСР Қаржы министрі — Иван Авксентьевич Шугайло.
* Қазақ КСР Мақта шаруашылығы министрі — Ахметбек Мұхамедиярұлы Қыстауов.
* Қазақ КСР Әділет министрі — Мырзақадыр Нұрбаев.
* Қазақ КСР Автомобиль көлігі министрі — Иван Григорьевич Гаврилов.
* Қазақ КСР Су шаруашылығы министрі — Ысмайыл Әбдірасулұлы Юсупов.
* Қазақ КСР Коммуналдық шаруашылық министрі — Сергей Федорович Эпиктетов.
* Қазақ КСР Жергілікті өнеркәсіп министрі — Борис Данилович Нагаев.
* Қазақ КСР Жергілікті отын өнеркәсібі министрі — Петр Афанасьевич Корнеев.
* Қазақ КСР Ағарту ісі министрі — Әбдіхамит Ібінияұлы Сембаев.
* Қазақ КСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрі — Атымтай Қисанов.
## Төрағалар және бастықтар
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы өнер басқармасы бастығы — Сағынтай Ахметұлы.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Мәдени-ағарту мекемелері комитетінің төрағасы — Қайырғали Байғалиұлы.
## Дереккөздер |
1955 жылғы 31 наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен құрылған Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің тізімі.
## Жетекшілігі
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы — Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары — Семен Филиппович Николаев.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары — Мәсімхан Бейсебайұлы.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Рақым Байғалиев.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Михаил Иванович Горбунов.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Иван Гаврилович Слажнев.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақ КСР Мәдениет министрі — Төлеген Тәжібайұлы.
## Министрлер
* Қазақ КСР Автомобиль көлігі және тас жолдары министрі — Леонид Георгиевич Жуков.
* Қазақ КСР Ішкі істер министрі — Шырақбек Қабылбайұлы.
* Қазақ КСР Қала және ауыл құрылыс министрі — Евгений Иванович Конюшевский.
* Қазақ КСР Мемлекеттік бақылау министрі — Әбжан Сүйкімбайұлы Жүсіпов.
* Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі — Сибуғатулла Рысқалыұлы Қарынбаев.
* Қазақ КСР Ет және сүт өнімдері өнеркәсібі министрі — Александр Дементьевич Гарагаш.
* Қазақ КСР Азық-түлік тауарлары өнеркәсібі министрі — Григорий Спиридонович Галайдин.
* Қазақ КСР Құрылыс материалдары өнеркәсібі министрі — Филипп Прокопьевич Минаев.
* Қазақ КСР Өнеркәсіптік тауарларды тұтыну министрі — Иван Петрович Морокин.
* Қазақ КСР балық өнеркәсібі министрі — Жұмағазы Жүсіпұлы Жұмалиев.
* Қазақ КСР Байланыс министрі — Александр Алексеевич Носков.
* Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрі — Григорий Андреевич Мельник.
* Қазақ КСР кеңшарлар министрі — Михаил Дмитриевич Власенко.
* Қазақ КСР Сауда министрі — Жақыпбек Жанғозин.
* Қазақ КСР Қаржы министрі — Өтешқали Дүйсенғалиұлы Атамбаев.
* Қазақ КСР түсті металлургия министрі — Александр Иванович Самохвалов.
* Қазақ КСР Әділет министрі — Қылышбай Сұлтанов.
* Қазақ КСР Су шаруашылығы министрі — Сәлкен Дәуленұлы.
* Қазақ КСР Коммуналдық шаруашылық министрі — Николай Никитич Герасимов.
* Қазақ КСР Жергілікті және отын өнеркәсібі министрі — Ахмет Әділұлы.
* Қазақ КСР Ағарту ісі министрі — Асқар Зәкәрияұлы.
* Қазақ КСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрі — Балжан Бөлтірікқызы.
## Төрағалар және бастықтар
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы — Владимир Владимирович Губин.
* Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының төрағасы — Владимир Антонович Гогосов
## Дереккөздер |
Кемал Қылышдарұлы (түр. Kemal Kılıçdaroğlu, айтылуы — Кемаль Кылычдаролу, [ceˈmal kɯˌɫɯtʃ.daˈɾoːɫu] тыңдау; 17 желтоқсан 1948(19481217), Баллыджа, Тунджели, Түркия) — түрік саяси және мемлекеттік қайраткері, экономист. Ол 2010-2023 жылдар аралығында Республика Халық партиясының (CHP) басшысы қызметін атқарған. Түркиядағы 14 мамыр күні өткен президент сайлауында біріккен оппозиция (түр. Ana Muhalefet) атынан өзінің кандидатурасын ұсынды.
Саясаттағы мансабына дейін Қылышдарұлы мемлекеттік қызметші болған және 1992–1996 және 1997–1999 жылдары Әлеуметтік сақтандыру мекемесінің бас директоры қызметін атқарған. Ол 2002 жылғы жалпы сайлауда Парламентке сайланды және РХП-ның парламенттік тобының жетекшісі болды. Қылышдарұлының саяси ұстанымы социал-демократия деп сипатталады.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* [www.kemalkilicdaroglu.com Ресми сайты]
* Кемал Қылышдарұлының ТҰҰМ-дегі парақшасы
* Кемал Қылышдароғлы Twitter сайтында
* Кемал Қылышдароғлы Instagram парақшасында
* Facebook-тағы Кемал Қылышдарұлы |
Кемал Қылышдарұлы (түр. Kemal Kılıçdaroğlu, айтылуы — Кемаль Кылычдаролу, [ceˈmal kɯˌɫɯtʃ.daˈɾoːɫu] тыңдау; 17 желтоқсан 1948(19481217), Баллыджа, Тунджели, Түркия) — түрік саяси және мемлекеттік қайраткері, экономист. Ол 2010-2023 жылдар аралығында Республика Халық партиясының (CHP) басшысы қызметін атқарған. Түркиядағы 14 мамыр күні өткен президент сайлауында біріккен оппозиция (түр. Ana Muhalefet) атынан өзінің кандидатурасын ұсынды.
Саясаттағы мансабына дейін Қылышдарұлы мемлекеттік қызметші болған және 1992–1996 және 1997–1999 жылдары Әлеуметтік сақтандыру мекемесінің бас директоры қызметін атқарған. Ол 2002 жылғы жалпы сайлауда Парламентке сайланды және РХП-ның парламенттік тобының жетекшісі болды. Қылышдарұлының саяси ұстанымы социал-демократия деп сипатталады.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* [www.kemalkilicdaroglu.com Ресми сайты]
* Кемал Қылышдарұлының ТҰҰМ-дегі парақшасы
* Кемал Қылышдароғлы Twitter сайтында
* Кемал Қылышдароғлы Instagram парақшасында
* Facebook-тағы Кемал Қылышдарұлы |
1963 жылғы 21 наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен құрылған Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің тізімі.
## Жетекшілігі
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы — Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары — Мәсімхан Бейсебайұлы.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Қайым Мұхамеджанұлы Сымақов.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Стюарт Артемович Хачатуров.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақ КСР Сыртқы істер министрі — Әди Шәріпов.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақстан КП ОК мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің партиялы-мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы — Георгий Алексеевич Козлов.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы — Борис Федорович Братченко.
* Қазақ халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы — Юрий Петрович Вороненков.
## Министрлер
* Қазақ КСР Жоғары және орта арнаулы білім министрі — Қали Біләлов.
* Қазақ КСР Геология және жер қойнауын қорғау министрі — Шаһмардан Есенұлы.
* Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі — Николай Осипович Сеньков.
* Қазақ КСР Мәдениет министрі — Ләйла Ғалиқызы Ғалымжанова.
* Қазақ КСР Байланыс министрі — Әбдіразақ Алпысбайұлы Елібаев.
* Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрі — Әбдірахым Еламанов.
* Қазақ КСР Қаржы министрі — Илья Лукич Ким.
* Қазақ КСР Энергетика және электрлендіру министрі — Тимофей Иванович Батуров.
* Қазақ КСР Автомобиль көлігі министрі — Николай Фомич Рудницкий.
* Қазақ КСР Халықтың тұрмыстық қажетін өтеу министрі — Талап Уәшұлы.
* Қазақ КСР Коммуналдық шаруашылық министрі — Даниил Фаддеевич Кононенко.
* Қазақ КСР Қоғамдық тәртіпті қорғау министрі — Дмитрий Александрович Панков.
* Қазақ КСР Ағарту ісі министрі — Кенжәлі Айманов.
* Қазақ КСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрі — Балжан Бөлтірікқызы.
* Қазақ КСР Құрылыс министрі — Александр Васильевич Курганов.
* Қазақ КСР Сауда министрі — Сұлтан Сүлейменұлы Жиенбаев.
* Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Қазақ КСР министрі — Михаил Георгиевич Рогинец.
## Төрағалар
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Борис Михайлович Веселовский.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы — Әубәкір Әбдірайымұлы Арыстанбеков.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Абдулла Менгазович Сиразутдинов.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Жер үсті және жер асты су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Лашқар Есенқұлұлы Тәжібаев.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Радиохабар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Кенжеболат Нұртазаұлы Шалабаев.
## Бастықтар
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы кәсіптік-техникалық білім беру бас басқармасының бастығы — Иван Ильич Афонов.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Орман шаруашылығы және орман қорғау бас басқармасының бастығы — Сейітқали Жақыпов.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы тас жолдары Бас басқармасының бастығы — Леонид Борисович Гончаров.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Орталық статистика басқармасының бастығы — Ариадна Леонидовна Часовникова.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі «Қазауылшартехника» республикалық бірлестігінің төрағасы — Натан Хаимович Забежанский.
## Дереккөздер |
1967 жылғы 12 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен құрылған Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің тізімі.
## Жетекшілігі
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы — Мәсімхан Бейсебайұлы.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары — Артем Мисакович Вартанян.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары — Иван Гаврилович Слажнев.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақ КСР Сыртқы істер министрі — Балжан Бөлтірікқызы.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Иван Иванович Зорин.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Мұстақым Біләлұлы Ықсанов.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы — Қамалбай Кетебайұлы.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Қайым Мұхамеджанұлы Сымақов.
## Министрлер
* Қазақ КСР Жоғары және орта арнаулы білім министрі — Қали Біләлов.
* Қазақ КСР Геология министрі — Ахметжан Сәлімбаев.
* Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі — Николай Осипович Сеньков.
* Қазақ КСР Мәдениет министрі — Ілияс Омаров.
* Қазақ КСР Жеңіл өнеркәсіп министрі — Уағыз Ғалымұлы Ибраһимов.
* Қазақ КСР Орман, целлюлоза-қағаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі министрі — Михаил Валентинович Никифоров.
* Қазақ КСР Мелиорация және су шаруашылығы министрі — Сұлтан Момынұлы Сәрсембаев.
* Қазақ КСР Монтаж және арнайы құрылыс жұмыстары министрі — Иван Николаевич Хохлов.
* Қазақ КСР Ет және сүт өнеркәсібі министрі — Юрий Андреевич Кроха.
* Қазақ КСР Қоғамдық тәртіпті қорғау министрі — Шырақбек Қабылбайұлы.
* Қазақ КСР Тамақ өнеркәсібі министрі — Анатолий Павлович Шеффер.
* Қазақ КСР Құрылыс материалдары өнеркәсібі министрі — Беркімбай Пәрімбетов.
* Қазақ КСР Ағарту ісі министрі — Кенжәлі Айманов.
* Қазақ КСР Балық шаруашылығы министрі — Ысқақ Махмұдұлы Өтеғалиев.
* Қазақ КСР Байланыс министрі — Әбдіразақ Алпысбайұлы Елібаев.
* Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы құрылысы министрі — Михаил Иванович Ильин.
* Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрі — Михаил Георгиевич Рогинец.
* Қазақ КСР ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарының құрылысы министрі — Эдуард Иосифович Оржеховский.
* Қазақ КСР Сауда министрі — Сұлтан Сүлейменұлы Жиенбаев.
* Қазақ КСР Қаржы министрі — Илья Лукич Ким.
* Қазақ КСР түсті металлургия министрі — Вениамин Григорьевич Береза.
* Қазақ КСР Энергетика және электрлендіру министрі — Тимофей Иванович Батуров.
* Қазақ КСР Автомобиль көлігі министрі — Николай Яковлевич Фомичев.
* Қазақ КСР Халықтың тұрмыстық қажетін өтеу министрі — Қасқатай Досұлы Қонақбаев.
* Қазақ КСР Коммуналдық шаруашылық министрі — Даниил Фаддеевич Кононенко.
* Қазақ КСР Жергілікті өнеркәсіп министрі — Петр Семенович Наумецкий.
* Қазақ КСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрі — Зәуре Сәдуақасқызы Омарова.
* Қазақ КСР Нан өнімдері және құрама жем өнеркәсібі министрі — Еркін Нұржанұлы Әуелбеков.
## Төрағалар
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Стюарт Артемович Хачатурян.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Мемлекеттік Орман шаруашылығы комитетінің төрағасы — Сейітқали Жақыпов.
* Қазақ КСР Халықтық бақылау комитетінің төрағасы — Георгий Алексеевич Козлов.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі кәсіптік-техникалық білім беру жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Сейітәлі Еренов.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы — Георгий Степанович Евдокименко.
## Бастықтар
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Материалдық-техникалық қамсыздандыру жөніндегі бас басқармасының бастығы — Виктор Евгеньевич Рогозов.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Орталық статистика басқармасының бастығы — Зинаида Павловна Троценко.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі «Қазауылшартехника» республикалық бірлестігінің төрағасы — Натан Хаимович Забежанский.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Тас жолдары бас басқармасының бастығы — Леонид Борисович Гончаров.
* Қазақ КСР Көмір өнеркәсібі басқармасының бастығы — Петр Михайлович Трухин.
* Қазақ КСР Химия өнеркәсібі басқармасының бастығы — Андрей Макарович Алешин.
* Қазақ КСР мұнай өндіруші кәсіпорындар қауымдастығының басшысы — Сафи Өтебайұлы Өтебаев.
* Қазақ КСР қара металлургия кәсіпорындары бірлестігінің басшысы — Григорий Иванович Ермолаев.
## Дереккөздер |
Жезді сөзі төмендегідей мағыналар білдіреді:
* Жезді (кент) - елді мекен.
* Жезді марганец кен орны
* Жезді тау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайы
* Жезді (өзен)
* Жезді бөгені
* Жезді кенттік әкімдігі
* Жезді ауданы
* Жезді көшесі (Астана) |
Сарыбиік – Қалба жотасының солтүстік-шығыс бөлігіндегі тау.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бұрсақ ауылының солтүстік-батысында 7 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 601 м. Маймекен жəне Бұрсақ өзендерінің суайрығында жатыр. Беткейі тіктеу. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 2 км-ге созылған, енді жері 1 км. Тау етегінде қорымтастардың мол үйінділері шоғырланған.
## Өсімдігі
Таудың қиыршықтасты қоңыр топырақ жамылғысында далалық түрлі шөптесіндер, бұталар өседі. Атырабы шабындық, жайылым ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Лори бекінісі (арм. Լոռի Բերդ, Lori-Berd) — Дзорагет өзенінің сол жағалауындағы ортағасырлық армян бекінісі, жерсіз патша Давид I негізін қалаған. 1065-1113 жылдар аралығында Лори Ташир-Дзорагет) патшалығының орталығы болды. Қазір Арменияның Лори аймағында, Степанаван қаласынан шығысқа қарай 4 км жерде.
## Бекіністің тарихы
Бекініс 10 ғасырда қаланған және Урут (Мишана) және Дзорагет өзендерінің терең шатқалдарымен қоршалған аумақта орналасқан. Бекініс цитаделі 9 гектар аумақты алып жатыр және ұзындығы шамамен 200 метр болатын күшті қорғаныс қабырғасымен қорғалған. Қабырғаның бойында су толтырылған шұңқыр болды.
Бекіністің солтүстік-шығыс бөлігінде цитадель қақпалары орнатылды. Бекіністің кейбір құрылыстарының ғана қирандылары сақталған.Цитадельді қоршап тұрған қала шамамен 25 га аумақты алып жатыр, сонымен қатар қабырғалармен қоршалған, оның ішінде тек іргетастардың қалдықтары ғана сақталған.
Бұл қала сыртқы әлеммен шатқалдардың үстіне лақтырылған екі көпір арқылы байланысқан. Олардың бірінен іргетастың бір бөлігі ғана қалды, ал екіншісі толығымен сақталғаны қалпына келтірілді. Бұл екі негізгі қисықты тегіс байланыстыратын, үстіңгі жағында шағын доғамен жұмсартылған, ланцет доғасы бар жеңіл тасты бір аралықты құрылым.
Лори-Бердтің тағдыры да, Арменияның көптеген ортағасырлық қалаларының тағдыры да аянышты. Татар-моңғол ордалары 1238 жылы Лори-Бердті қоршауға алып, басып алып, оны аяусыз қиратты. Содан кейін бірнеше ғасырлар бойы бекініс бірнеше рет шетелдіктердің олжасына айналды. Қала тұрғындары оны бірте-бірте тастап кетті, ал 18 ғасырдың аяғында 20 ғасырда ежелгі қаланың батысына көшірілген ерте күшті бекініс орнында тек шағын ауыл қалды.
1602 жылы Лори меликтері Назар мен Дай парсы шахы Аббастан Лори аймағына ежелгі құқықтарын растайтын фирман алды. Олардан Лорис-Меликовтардың асыл армян әулеті шығады.
## Археология
Қала аумағындағы қазба жұмыстары кезінде табылған тұрмыстық заттар мен құралдар ортағасырлық Лори-Бердтің тарихы мен мәдениеті туралы түсінік береді.
## Дереккөздер |
Әлкей Хақанұлы Марғұлан (11 мамыр 1904, Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 12 қаңтар 1985, Алматы қаласы) – әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, Ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы. Бүкiлодақтық география қоғамының толық мүшесi (1933), филология ғылымының докторы (1945), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1958), Қазақ КСР-iнiң еңбек сiңірген ғылым қайраткерi (1961). Оның редакциясымен Шоқан Уәлихановтың шығармаларының 5-томдық толық академиялық жинағы жарық көрді. Педагогика саласында Әлкей Марғұлан фольклор бойынша зерттеулерінің маңызы зор. Тұңғыш рет халық педагогикасының біртумалары шоғырланған Қазақ халқының аңыздарын, ертегілерін, жырларын іргелі зерттеді.
## Өмірбаяны
Арғын тайпасы Сүйіндік руы Айдабол бөлімінен шыққан. Әлкей Хақанұлы Марғұлан бастапқы бiлiмдi ауыл мектебiнен алды. Павлодар қаласындағы мұғалiмдер курсын бiтiрiп‚ туған аулында мұғалiм болып iстедi. Семей педагогикалық техникумының студентi бола жүрiп‚ «Таң» журналы мен «Қазақ тiлi» газетiнiң редакцияларында (1921–25) қызмет атқарған. Осы жылдары ол М.О.Әуезовпен‚ М.Жұмабаевпен танысты. Ленинград (қазiргi Санкт-Петербург) қаласындағы Шығыстану институтының түркiтану және тарих-филология факультеттерiнде (1925–29) қатар оқыды.
Марғұлан КСРО ғылым академиясының академигі А.Е.Ферсман мен профессор С.И.Руденконың басшылығымен ұйымдастырылған Қазақстан және Алтай археология және этнография экспедицияларының (1926–27) жұмысына қатысты. Экспедиция кезiнде Ә.Н.Бөкейхановпен тығыз қарым-қатынас орнатып, бiрлесiп қызмет жасады. Әлкей 1928 жылдан қазақ халқына қатысты әдеби, мұрағаттық материалдар жинақтаумен шұғылданды. 1929 ж. Абай шығармалары туралы дипломдық жұмыс қорғап‚ орыс география қоғамы архивiндегi Абай қолжазбалары туралы нақты тарихи деректер негiзiнде ғылыми дәйектi тұжырымдар жасады.
Терминология комиссияның ғалым-хатшысы (1930–31), Ленинград қасындағы Мемлекеттік материалдық мәдениет тарихы академиясының аспиранты (1931–34)‚ Шығыстану институтының оқытушысы (1931–35), Мәскеу қаласындағы материалдық Мәдениет тарихы институтының iзденушiсi және ғылыми қызметкерi (1936–38) болды. Осы жылдары ол Шығыс Түркiстан археологиясы мен өнерi бойынша маманданып, бiрнеше археологиялық экспедицияларға қатысты. КСРО ғылым академиясының қазақ бөлiмшесi Тарих институтының аға ғылыми қызметкерi (1939–41) болды. Оның «Мәшһүр Жүсiп мұрасындағы түркi эпосы», «Декабристер және Қазақстан», «Әлiшер Науаи және қазақ мәдениетi», «Мұхаммед Хайдар Дулати – тарихшы», «Шоқан Уәлиханов және Орта Азия тарихы», «Суворов», «Жамбыл Жабаев» (1940–41), т.б. еңбектерi жарық көрдi.
1941 ж. КСРО ғылым академиясы Қазақ бөлiмшесiнiң тарих бөлiмiн басқарды. Осы қызметте жүрiп «Хандар жарлығының тарихи маңызы» деген тақырыпта қорғаған канд. диссертациясында (1943) көне қыпшақ тарихына байланысты құнды зерттеулер жасады. «Қазақ халқының эпикалық жыр дастандары» тақырыбында қорғаған докт. диссертациясы қазақ әдебиетi мен тарихы саласындағы iргелi зерттеулердiң нәтижесi саналды. Археология, палеолит бөлiмiнiң меңгерушiсi, аға ғылыми қызметкерi (1946–53), Қазақстан ғылым академиясының Архитектура құрылыс және құрылыс материалдары институтының аға ғылыми қызметкерi (1953–55) болды; кейін этнография бөлiмiн (1958–76) басқарды.
Осы жылдары Марғұлан Сырдария, Шу, Талас өзендерi бойында және Отырар, Сауран, Сығанақ қалалары орнында қазба жұмыстарын жүргiзiп, соның негiзiнде «Көне қазақ жерiнiң қалалары мен құрылыс өнерiнiң тарихы» аталатын монографиясын (1950) жариялады. Кемел Ақышев, М.Қадырбаев, М.Оразбаевтармен бiрге Орталық Қазақстанда жүргiзген археология қазба жұмыстарының қорытындысы саналатын «Орталық Қазақстанның ежелгi мәдениетi» (Древняя литература Центрального Казахстана, 1966) атты ғылыми-зертханалық еңбегiн жазып‚ кiтаптың редакциясын басқарды.
Марғұлан – қорқыттанушы. Ол оғыз-қыпшақ тайпасынан шыққан данагөй абыз, жырау, күй атасы, қазақ бақсыларының жебеушiсi, батагөй-сәуегейi Қор-қыт мұрасын зерттедi. М-ның жазуынша, қазақ музыкасы мен философиясында «Қорқыт күйi», «Қорқыт сарыны», «Қорқыт тол-ғауы», «Тәңiр биi» дейтiн рухани iзгi дәстүрлер, мақамдар қалыптасып дамыған. Демек, Қорқыт – «керемет иесi», «Ұлыстың ұлы кеңесшiсi», «тарихи оқиғаларды жырлаушы жырау». Марғұлан Қорқыт мұрасын, дәстүрiн ұстанған халық мәдениетiнiң көрнектi өкiлдерiн былайша топтастырады:
* бақсы-жыраулар (Қойлыбай, Қарамырза, Нысан абыз, т.б.);
* қобызбен күй орындаушылар (әл-Фараби, Кетбұға);
* сәуегей жыраулар, шешендер (Сыпыра жырау, Асан қайғы, Шалкиіз жырау, Қазтуған, Әнет баба, Бұқар жырау, Тәттiқара, Майлықожа, т.б.);
* Қорқыт дәстүрiн жалғастырған, қобызбен жыр туындатқан ақындар (Балқы Базар, Ерiмбет жырау, Кете Жүсiп, Қаңлы Жүсiп, Абыл, Оңғар жырау, Шораяқтың Омары, т.б.).
Марғұлан «Қазақ халқының көне замандағы ақындық өнерiнiң шеберлерi» атты еңбегiнде (1959) қазақ халқының эпикалық жыр дәстүрiн дамытқан ақындарға, шебер орындаушыларға, сал-серiлерге тоқталып, олардың сөз өнерiндегi орнын айқындады. Еңбектегi ғылыми тұжырымдар танымдық тереңдiгiмен ерекшеленедi, онда көне ойшылдардан бастап Жанақ, Шөже, Арыстанбай, Марабай, Сүйiнбай, Жамбыл, Нұрпейiс, Иса секiлдi ақындар шығармашылығы талданады. Марғұланның «Тамғалы тас жазуы» атты зерттеуiнде әдеби-тарихи һәм мәдени деректер молынан кездеседi. Ол сонымен қатар қырғыз халқының «Манас» эпосы туралы ғылыми-зерттеулер iсiнiң дамуына үлес қосты. Қырғыз эпосын дүние жүзiне алғаш таныстырған Ш.Ш.Уәлиханов, кеңес заманында бастапқы зерттеулердi жүргiзген Әуезов болса, кейiннен осы дәстүр Мағұланның «Шоқан және Манас» атты монографиясында жалғасты. Ол эпостағы өмiр шындығы, жырдың шығу тегi, дәуiрi, кейiпкерлерi мен көркемдiк кестесi және манасшылардың жырды жетiлдiрудегi қызметi‚ т.б. жөнiнде ғылыми маңызы жоғары пiкiрлер айтты.
1957–1967 ж. Уәлихановтың ғылыми мұраларын жинайтын топқа (Мұхтар Әуезов, С.Бәйiшев, С.Мұқанов, Қ.И.Сәтбаев, А.Нүсiпбеков-пен бiрге) басшылық етiп, оның таңдамалы (1958) және 5 томдық шығармалар жинағын жарыққа шығарды.
1976–1984 ж. Қазақстан ҒА этнография бөлiмiнiң аға ғылыми қызметкерi болды. Оның ынта-жiгерi мен ұсынысы бойынша қазақ даласының ең шалғай аудандарына бiрнеше археологиялық және этнографиялық экспедициялар ұйымдастырылды. Ол өзiне дейiнгi Қазақстанды зерттеушi орыс ғалымдарының қазақ даласы тек көшпелiлер мекенi болды деген тұжырымдарының шындыққа сай келмейтiндiгiн дәлелдедi. Ғалым 1940 жылдардың аяғында бiрнеше рет саяси қудалауға түсті, кейiн де ұдайы саяси бақылауда болды, ғылыми ортаның кейбiр қисынсыз сындарына ұшырады.
## Еңбектері
Марғұлан тарих, археология, этнография, әдебиет, өнер (қолданбалы және сәулет өнерi) және металлургия саласына қатысты 300-ден астам ғыл.-зерт. жұмыстар, 100-ден астам энциклопед. мақалалар жазды‚ сонымен қатар қазақстандық этнографтардың, археологтардың, тарихшылардың бiрнеше буынын даярлады. М-ның ғыл. еңбектерiнiң бiрқатары шетел тiлдерiне ау-дарылды. 1991 жылы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Тарих, археология және этнология институтындағы археология орталығының негiзiнде Марғұлан атындағы Археология институты құрылды. Астана, Павлодар, Екібастұз, Жезқазған қ-лары мен Оңтүстік Қазақстан облысында, Баянауыл, Екiбастұз аудандарында бiрнеше көшелер, мектептер М. есiмiмен аталады. Павлодар қаласында мүсiнi орнатылған‚ сондай-ақ Павлодар мемлекеттік университетiнде Марғұлан атында стипендия тағайындалып‚ музей ашылған. 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның шешiмiмен дүниежүзілік деңгейде аталып өттi (2004). Қазақстан ғылым академиясының Уәлиханов атынд. (1967), Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерiмен және медальдармен марапатталған.
## Шығармалары
* Из истории городов и строительного искусства древнего Казахстана, А.-А., 1950;
* Открытие новых памятников культуры эпохи бронзы Центрального Казахстана, А.-А., 1966;
* До исламская архитектура Казахстана, М., 1968;
* Бегазы – Дандыбаевская культура Центрального Казахстана, А.-А., 1979;
* Ежелгi жыр аңыздар, А., 1985;
* Казахское народное прикладное искусство, 1–3 т.,1986–90;
* Собрание соч., 1–4 т., А., 1998 – 2003; Шығармалары, А., 2007.
## Дереккөздер |
Оптимистикалық үңгір (укр. Оптимістична печера) — карст гипстен жасалған үш қабатты үңгір, Еуразиядағы ең үлкен және әлемдегі екінші үлкен үңгір. Украинаның Тернополь облысындағы Подольск қырқасының батысында, Днестр мен Збруч өзендерінің түйіскен жерінде, Борщев ауданының Королевка ауылының маңында орналасқан.
## Сипаттама
Картада түсірілген барлық үңгір жолдардың жалпы ұзындығы 2001 жылғы мәліметтер бойынша 212 км. Үңгір Украинаның ең көркем бұрышында орналасқан, биіктігі 471 м.Барлық жер асты лабиринттері 20 миллионнан астам жыл бұрын тартылған ежелгі таяз теңіздің аумағында пайда болған. Кейінірек тектоникалық плиталардың ығысуы түбіндегі гипс жыныстарында жарықтар пайда болып, олар суды айналдырып, салыстырмалы түрде еритін гипсті шайып жіберді.Осы күрделі және ұзақ процестің нәтижесінде жарықтар бірте-бірте жер асты арналарына, галереяларға айналып, үлкен лабиринттік үңгірлерді құрады.
Қазір үңгірлер бір-бірінен қозғалыс морфологиясы, гипстің түсі мен құрылымы, кристалдар саны, олардың мөлшері, пішіні бойынша ерекшеленетін 10 аймақтан тұрады. Аудандар салыстырмалы түрде оқшауланған, бір немесе екі кіреберіспен байланысқан.
Үңгір көріксіз аймақтан басталады. Мұндағы дәліздер кішкентай, әр түрлі. Қабырғалары сұр, көбінесе гипспен жағылады. Аудан ескі немесе кіреберіс деп аталады.Оптимистикалық үңгір, оның ұзындығы 9,9 км. Шығыста, екі жүз метрлік төмен және тар саңылау арқылы ол "Жел" үңгірімен байланысады. Батыста кіреберіс ауданы "Глобус" ауданына іргелес. Мұнда кең, жақсы дамыған галереялар пайда болады — циклоптар, спелеологтар, мәңгі жас, София; залдар — Достық, Юбилейный. Үлкен гипс блоктарының құлауынан пайда болған гроталар жиі кездеседі.
Солтүстікте "Глобус" аймағы "Тұщы су" аймағымен байланысады. Бұл аймақ ашылған кезде көптеген қозғалыстарда су болды, бұл ауданға өз атын берді. Оңтүстік-батыста «Глобус» аймағы «Жаңа» аймаққа бір өткел арқылы қосылған. Оны «Орталық» деп те атайды. Бұл ең үлкен аумақ. Оның лабиринтінің ұзындығы 48,3 км.
Ауданның орталық және оңтүстік бөліктерінде бүкіл үңгірдегі ең тығыз өткелдер желісі дерлік бар. Дальный ауданы «Жаңа» ауданынан батысқа қарай солтүстік-батыс бағытта созылып жатыр. Оның жалпы ұзындығы 22,151 км. «Дальный» ауданында Аспирантская - ұзындығы 180 м, ені 15 м, Шипучая - 190 м, Львовская - 80 м сияқты үлкен галереялар бар.
«Озерный» ауданы ерекше сұлулығымен ерекшеленеді: - он екі апостолдың галереялары, Гонолулу, Памир-Алтай, Григорий Сковорода залы. Ең әдемі аудан - Заозерный ауданы, оған Аква-Вита залындағы үйінді арқылы кіруге болады.
## Тарихы
Оптимистикалық үңгірін 1966 жылы Мирон Савчин бастаған львовтық спелеологтар тобы ашқан. 1965 жылы сәуірде олар үлкен белгісіз қуыстың іздерін кездестірді. Королевка ауылының жанындағы ормандағы карст шұңқырының түбінде жер астында жоғалып кеткен шағын ағын үлкен гипс массивіне терең еніп кетті. Ағынның үстіндегі жарықшақтан ауаның күшті тартылуы тау жыныстарында көлемді қуыстар бар екенін дәлелдеді.Ағынның үстіндегі саңылаудан ауаның қатты тартылуы тау жыныстарында көлемді қуыстардың болуын көрсетті.Бірақ үңгірге кіруге бір жылдан кейін ғана мүмкіндік болды. Екі күндік қазба жұмыстарынан кейін М.Савчин бастаған топ алғаш рет белгісіз үңгірге еніп, оның өткелдері арқылы алғашқы жүздеген метрлерді жүріп өтті.
Содан бері львовтық «Циклоптар» үңгір клубының экспедициялары үңгірді жүйелі түрде барлау, алғашқа зерттеу және картаға түсіру жұмыстары басталды. 1966 жылдан қазіргі уақытқа дейін спелеологтар бұл үңгірдің 216 шақырымнан астам өткелдерін, галереялары мен гротоларын зерттеді.
## Үңгір туралы ТОП-10 фактілер
* Үңгір - Еуропадағы ең ұзын гипс үңгірі. Оның өту жолдарының ұзындығы 255 км, бірақ үңгірдің өзі одан да ұзын.
* Үңгір жиырма метр тереңдікте гипс қабатында жатыр. Үңгір - лабиринт рөлін атқаратын көп деңгейлі тығыз өткелдер желісі.
* Көптеген зерттеушілер үңгірді қазу идеясына сенбеді және оны перспективасыз деп атады. Алайда спелеологтар қазба жұмыстарын жалғастырып оптимист болып, ең ұзын гипс үңгірін аша алды.
* 50 жылдан астам уақыт бойы 170-ке жуық зерттеу жүргізілді, бірақ үңгір әлі толық зерттелмеген.
* Оптимистикалық үңгір көршілес Көл үңгірімен байланысады деген нұсқа бар. Егер үміт ақталса, онда біріктірілген үңгірлер кешенінің ұзындығы 123 шақырымға артады.
* Мамандар үңгір бұдан 14 миллион жыл бұрын, жер бетінде адам болмаған кезде пайда болғанын айтады.
* Экстрасенстер үңгірде тылсым күштің орны мен белгілі бір қуат тірегі бар дейді. Үңгірдің ішінде адамдар тыныштық пен қуанышты сезінеді.
* 50 жыл бойы үңгірде бірде-бір апат болған емес. Ал үңгірде танысқан жұптардың барлығы дерлік махаббатпен өмір сүреді.
* Спелеологтар үңгірдің ерекше сұлулығын атап өтеді. Жылтырап, жарқырап тұратын кристалдары бар залдар бар.
* Оптимистикалық үңгір Гиннестің рекордтар кітабына енген, Еуразиядағы ең ұзын және әлемдегі екінші үлкен үңгір.
## Дереккөздер |
Сарықопа – Торғай қолатында орналасқан мемлекеттік маңызы бар зоологиялық қорықша.
## Географиялық орны, жер бедері
Қостанай облысының Жангелді ауданы жерінде. Жалпы аумағы 52,2 мың га. Қорықша аумағында шалғынды жəне далалық ландшафт қалыптасқан. Мұнда Сарықопа көлдер жүйесі орналасқан. Сондай-ақ жабайы шошқа, қоқиқаз, бірқазан, аққу, қалбағай қорғалады.
## Дереккөздер |
Сарысай – Ырғыз алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Шалқар, Ырғыз аудандары жерімен ағады.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 52 км, су жиналатын алабы 741 км2. Бастауын Қарашолақ тауының солтүстік беткейіндегі бұлақтардан алып, Ырғыз өзеніне 1 км жетпей Шабаған қыстауы тұсында тартылып қалады. Аңғары кең. Жауын-шашын, жерасты суларымен толығады. Су тапшыжылдары арнасы құрғап қалады.
## Дереккөздер |
Сарықұл – Қалба жотасының оңтүстік-шығысында, Үлкенлаба тауының шығысында 20 км жердегі тау.
## Географиялық орны
Абай облысы Ақсуат ауданы жерінде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 702 м. Негізгі тау сілемдерінен оқшау жатыр. Ұзындығы мен ені шамамен 3 км-дей. Беткейі көлбеу. Сай-жыралармен тілімденген солтүстік-шығыс етегінде қорымтас шоғырлары кездеседі.
## Өсімдігі
Беткейі мен етегіндегі сұрғылт қоңыр, сұр топырағында құрғақ далаға тəн астық тұқымдас шөптесіндер өскен.
## Дереккөздер |
Сарынохой, Сарыноғай – Кетпен жотасының шығысындағы Темірліктау тауларында орналасқан тау. Темірліктауының ең биік жері (3555 м).
## Географиялық орны
Қазақстан мен Қытай шекарасында, Алматы облысы Райымбек ауданы Бөдеті қыстауынан (орман шаруашылығынан) шығысқа қарай 8 км жерде.
## Жер бедері
Бойлық бағытта созылып жатқан тау беткейлері тік құлама болып келген. Тау басы сүйір, пирамида тəрізді. Негізінен эффузивтік тау жыныстары аралас граниттен түзілген. Беткейлерінде қорымтастар кездеседі. Тау шатқалдары өзен аңғарларымен қатты тілімденген.
## Өсімдігі
Тау беткейінде қарағайлы орман, одан төменде арша, итмұрын аралас, қайың, көктерек, талдан тұратын орман қалыптасқан. Баурайы жайлау, қыстауға қолайлы.
## Дереккөздер |
Сасықкөл – Есіл алабындағы көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Шортанды ауданы Бозайғыр ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 11 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Көл теңіз деңгейінен 352 м биіктікте жатыр. Аумағы 3,8 км2, ұзындығы 3,2 км, енді жері 1,8 км, жағалау бойының ұзындығы 8,4 км. Шарасында жыл бойы су болады. Көктем айларында шарасының аумағы ұлғайып 4,7 км2-ге жетеді жəне жағалауы 1,2 км-ге ұзарады. Көлдің ең терең жері 7,5 м, суының көлемі 3,6 млн. м3, су жиналатын алабы 60 км2. Қазаншұңқырда орналасқан көл жағалауы жарлауытты. Қар жəне жер асты суларымен толысады. Қараша айының ортасында суы қатып, сəуір айының соңында ериді. Суында шортан, сазан, таутан, мөңке, т.б. балықтар бар. Алабының 30–40%-ы егістікке игерілген.
## Дереккөздер |
Сасықкөл – Шүрексор көлі алабындағы көл.
## Географиялық орны
Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігі аумағында, Сарықамыс ауылының оңтүстік-батысында 5 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Көл теңіз деңгейінен 119 м биіктікте жатыр. Аумағы 5 км2, ұзындығы 3,2 км, енді жері 2,1 км, жағалау бойының ұзындығы 12,2 км. Шарасында жыл бойы су болады. Түбі тегіс, оған 25–30 см тұнба шөккен. Солтүстік жағалауы біршама көтеріңкі, жарлауытты, күрделі пішінді, оңтүстік жағалауында батпақты жерлер кездеседі. Мұнда қамыс, құрақ шоғырлары өскен. Оңтүстігінен (2–3 км жерден) Сарықамыс каналы ағып өтеді. Алабының бетеге, селеу, арпабас, қылқан боз, т.б. шөптесіндері мал жайылымына қолайлы.
## Дереккөздер |
Антонов автомобиль көпірі — Днепрдің батыс жағында орналасқан Херсонды екінші жағалаудағы Херсон аймағының бір бөлігімен байланыстыратын жалғыз автомобиль көпірі. Қала мен Олешки, Гола Пристань және сол жағалаудағы басқа елді мекендер арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз етеді.2022 жылы 11 қарашада Ресейдің Украинаға басып кіруі кезінде жартылай жойылды.
## Көпірге сипаттама
1977 жылы мамырда көпір құрылысы басталды. 1985 жылы көпір салынып, 24 желтоқсанда пайдалануға берілді. Көпірдің жалпы ұзындығы 1366 метр, жалпы ені 25 метр, жүріс бөлігінің ені 20,5 метр, жаяу жүргіншілер жолы екі жағынан 1,5 метрді құрайды. Көпір 31 тірекке тұрғызылған және 30 арқалықтан тұрады. Ол арқылы күндіз он жарым мың көлік өтеді. Қала мен сол жағалаудың оңтүстік аймақтарының арасы 80-100 шақырымға қысқарды. Бір тонна жүкті тасымалдау құны бес есеге төмендеді.
## Тарихы
Көпір өз атын Антоновка ауылынан алады (Херсон маңы), оның жанында құрылыс үшін қажетті барлау жұмыстары жүргізілген. Құрылысқа қажетті барлау жұмыстары 1970 жылдары басталды. Жұмысшылар аумақпен танысып, жоспар құрып, құрылысты қолға алды. Ол сегіз жылға созылды. Құрылыс жұмыстары кезінде олардың қатысушылары көптеген қиындықтарға тап болды, бірақ табандылықтың, кейбір техникалық жаңалықтарды пайдаланудың және шығармашылықтың арқасында жоспарды орындай алды.
Бұл маңызды нысанның ашылуы 1985 жылдың желтоқсан айында болды. Одан кейін қызыл лента қиылып, халық ұзақ уақыт бойы есте қалған нағыз мерекеге ие болды. Көпір жеңіл және ыңғайлы болып шықты, көптеген үміттерді ақтады. Көпірді салуда Херсон кәсіпорындары, компаниялары, сондай-ақ жұмыс семестрін сол құрылыс алаңында өткізген студенттер өз үлестерін қосты.
Көпірден автобуспен бірінші болып құрылысшылар, сонымен қатар Голая Пристаньға және басқа бағыттар бойынша жүретін көліктер өтті. Мұндай көпірдің пайда болуы азаматтардың басқа елді мекендермен байланысын айтарлықтай жеңілдетті. Бұрын олар арғы бетке өту үшін баржаларды немесе қайықтарды пайдаланған. Бұл өте ұзақ және әрқашан ыңғайсыз еді. Бірақ айта кету керек, көпір өзен жолаушылар көлігінің тасымалының төмендеуіне ықпал етті.
Антоновка маңында барлау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде көпір өз атауын алды. Іске қосу алдында мұқият тексерілді. Көпір үстінен Олешки бағытынан жылжыған құм тиелген КамАЗ көліктері өтіп, тексеру сәтті өтті.
## Көпір жобасының авторлары
Антонов көпірі жобасының авторлары:
* Афанасий Дерменжи – бас инженер;
* Борис Мариков – көпір жобасының бас инженері;
* Игорь Воронцов пен Наталья Виноградова — инженерлер;
* Гарри Копанс – жобаның бас сәулетшісі;
* Андрей Тасалов — сәулетші.
## Антонов көпірі үшін шайқас
Антонов көпірі украин әскерінің бірқатар шабуылдары нәтижесінде қатты зақымданды.Украина тарапы Антонов көпірін M30 GMLRS және M31 GMLRS зымырандарымен атқылап жатыр деп мәлімдейді, олардың қысқа ұшу қашықтығы 15-92 км. Дегенмен, бұл реактивті оқ-дәрілер қуатты жарылғыш күшке ие, олар 200 фунттық жоғары жарылғыш фрагменті ПБХ-109 оқтұмсығымен қаруланған. Басқаша айтқанда, олар темірбетон конструкцияларын бұзуға қабілетті.«Антонов көпірі үшін шайқас» деген сөз тіпті желіде пайда болды, сондықтан Киевте оған үлкен мән берілді. Көпір тірегіне зымыран тимеген, негізгі құрылымдар бүтін және бұзылмаған. Көпір көлік қозғалысы үшін жабылған.Батыс Херсондағы 5 мыңға жуық Ресей әскері көпір қираса қоршауда қалмақ. Антонов көпіріне бір мәрте соққы жасалып, Ресейдің ауыр әскери техника тасымалдау мүмкіндігі жойылды.
## Дереккөздер |
Сасықкөл – Есіл алабындағы көл.
## Географиялық орны
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Летовочное ауылының солтүстік-батысында 15 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Көл теңіз деңгейінен 156,7 м биіктікте жатыр. Аумағы 12,5 км2, ұзындығы 5,6 км, енді жері 2,8 км, жағалау бойының ұзындыңы 16,1 км. Көл шарасының аумағы көктемгі қар жəне жауын-шашын есебінен 13,6 км2-ге дейін жетеді. Жағалауы жазық, қамыс, құрақ шоғырлары кездеседі. Көл түбіне қалыңдығы 30–50 см лай шөккен. Ең терең жері 1 м-ге жетеді. Суының көлемі 8,8 млн. м3, су жиналатын алабы 0,5 мың км2. Жазда көл шарасы кеуіп қалады немесе шалшықты батпаққа айналады. Негізінен қар, жауын-шашын суларымен толысады. Қараша айының 1-онкүндігінде суы қатып, сəуір айының 2-онкүндігінде ериді. Жағалауы мен алабы шабындық пен егістікке пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Бейбіт Назаров (Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қақпақты ауылы, 1987 ж.) - джиу-джитсудан жастар арасында Қазақстан чемпионы, ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионы. Көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы, WAFC тұжырымы бойынша панкратионнан 75 келі салмақта Еуразия чемпионы.
Осы күнге дейін 12 рет жекпе-жекке шығып, соның барлығында қарсыластарын қоғадай жапырды.
Тағы бір айта кетерлік жайт, Бейбіт – Алаштың мақтан тұтар азаматы, ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы Ардақ Назаровтың туған інісі.
26 көкекте Алматы Республика сарайында өткен WAFC тұжырымы бойынша 75 келі салмақта Еуразия чемпионы атағы үшін Бейбіт Назаров пен шешен Аслан Алгереев рингке көтерілді. Ресейдің туы астында күш сынасып жүрген қонақ жауынгерлік самбо мен еркін күрестен спорт шебері, Ресей чемпионы. Грозный қаласында өткен "мықтылар турнирінің" жеңімпазы. Талай халықаралық жарыстарда топ жарған тарланбоз. 40 рет жекпе-жекке шығып, 36 мәрте жеңіс тойын тойлады.
## Дереккөздер |
Лабанорас саябағы (лит. Labanoro regioninis parkas) — Литва аймақтық саябағы. Литва астанасы Вильнюстен солтүстік-шығысқа қарай 80 шақырым жерде орналасқан. 1992 жылы құрылған елдегі ең үлкен аймақтық саябақ. Оның әкімшілігі шағын Лабанорас қаласында орналасқан.
## Тарихы
Саябақты құру идеясы Кеңес Одағы аумағында аймақтық қорықтарды қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның нәтижесі ретінде ХХ ғасырдың 70-ші жылдарының басында пайда болды. Саябақты жоспарлау схемасын дайындау жергілікті ғалымдар – Гуделис, Қудаба және Эрингиске тапсырылды. Бастапқыда лабанорас орманы Аукштайт қорығының бөлігі ретінде қарастырылды, бірақ одан әрі талқылаудан кейін одан бас тартуға тура келді. Орман шаруашылығы министрлігінің өтініші бойынша және қорық аумақтарын жедел басқару мақсатында 1992 жылы лабанорас аймақтық саябағын құру туралы шешім қабылданды.
## Сипаттама
Лабанорас аймақтық саябағы Литваның шығыс бөлігінде, Швенчен, Молет және Утен аудандарымен шектескен. Бұл аймақтық саябақ Литвадағы ең үлкен саябақтардың бірі болып табылады және 528 шаршы км. аумақты алып жатыр. Лабанорас орманы Лабанорас аймақтық саябағы аумағының көп бөлігін алып жатыр. Орманының шамамен 91% - ы қарағай.
Саябақта әртүрлі мөлшердегі және тереңдіктегі 285 көл кездеседі, барлық көлдердің ішіндегі ең үлкені және ең әдемісі-ұзындығы 15,8 км болатын Айзетас көлі. Бұдан басқа Джуоджи (қара) және Балтиеджи (ақ) және Лакаджай. Лакая өзенімен бірге бұл екі көл су туризмі үшін, әсіресе каноэ мен байдарка әуесқойлары үшін өте танымал. Сонымен қатар 30 өзен бар.
2015 жылы аймақтық саябақта Миндунай ауылының маңында 36 метрлік бақылау мұнарасы ашылды.
Лабанорас аймақтық саябағының ерекшелігі және осы аймақтың сұлулығын бақылайтын ең жақсы орын - бақылау мұнарасы. Металл конструкциялы, биіктігі 36 метр болатын бақылау мұнарасы Литвадағы екінші ең биік мұнара болып табылады. Спиральды баспалдақпен көтерілгеннен кейін, көптеген аралдар мен түбектерді, ормандарды биіктіктен тамашалауға болады.
## Флора, фаунасы
Саябақта сүтқоректілердің 54 түрі, құстардың 172 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 5 түрі және қосмекенділердің 11 түрі бар. Қыста жылы су көздеріне байланысты, тіпті отыз градус аязда да толық қатып қалмайтын шағын өзендерде лосось уылдырық шашу саябақтың табиғи қазынасы болып табылады.
Сүтқоректілер құндыз, кәмшат және бұлан кездеседі. Құндыздар экологиялық тұрғыдан өте маңызды, олар жаңа сулы-батпақты жерлер жасайды. Ұя салатын құстардың ішінде (жұбымен): 5 полярлық гагар, 10 данлин, 15 балықшы тұйғын, 50 тырна, 1-2 қара дегелек, 20 зымыран, 10 крак және 100 бозторғай.
Лабанорас аймақтық саябағында өсімдіктердің түр алуандығы өте жоғары. Ботаниктердің есебі бойынша 120 түрлі батпақты талдың бұталары, 300 көкгүл гүлінің сабағы, 80 000 кәдімгі ала орхидеялар, 2300 су лобелиі және 200 лалагүл бар.
## Дереккөздер |
Сасықсор – Шідерті алабындағы көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Ерейментау ауданы жəне Павлодар облысы Екібастұз қалалық əкімдігі аумағында, Бозшакөл темір жол айрығынан батыста 20 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Көл теңіз деңгейінен 289 м биіктікте жатыр. Аумағы 4,3 км2, ұзындығы 2,6 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 8 км. Дөңгелек пішінді көл ойлауытты жерде орналасқан. Шарасында жыл бойы су болады. Жағалауының басым бөлігі жазық əрі ашық. Негізінен жер асты жəне жауын-шашын суларымен толысады. Қараша айының ортасында суы қатып, сəуірдің ортасында ериді. Алабының басым бөлігінде астық тұқымдас табиғи шөптесіндер өскен. Солтүстігінен Қарағанды – Ерейментау – Павлодар темір жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Бекнар Аманбаев (Алматы облысы, Райымбек ауданының Қақпақ ауылы, 1982 жыл) - ережесіз жекпе-жектен Еуразия және ТМД чемпионы. Джиу-джитсудан Қазақстанның екі дүркін чемпионы.
Бекнар Аманбаевтың ережесіз жекпе-жекті серік еткеніне бар-жоғы бес жыл ғана болды. Соған қарамастан ол өзінің мықтылығын мойындатып, көпшіліктің көзайымына айналып үлгерді. Соңғы екі бәсекесін Алматыда өткізген қандасымыз екеуінде де айқын жеңіске жетті.
2009 жылы ресейлік Ваха Әлиевті ұтып, ТМД чемпионы атанса, 2010 жылы қаңтарда үндістандық Кумар Анаптан айласын асырып, әлемдік тәж үшін айқасу мүмкіндігіне ие болды.
## Өмірі
Бекнар көпбалалы қарапайым отбасынан шықты. Әкесі – Бөрібай мен анасы – Рысхан тоғыз бала тәрбиелеп өсірген жандар. Ол кісілер өмір бойы мал бақты. Ауылда еркін күреспен айналысты. Орта мектепті аяқтағаннан кейін Алматыға келіп, Қазақтың спорт және туризм академиясына оқуға түсті. Сол жерде де жаттығудан қол үзген жоқ. Алайда біраз уақыт өткеннен соң джиу-джитсуға бейімделіп, Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды. Кейін ережесіз жекпе-жекке аңсары ауып, осы спортқа мықтап ден қойды.Осы жолды таңдауына әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Ардақ Назаровтың ықпалы зор болды. Екеуі бір ауылдан, туысқандығы тағы бар.
Еркін күрестің қыр-сырын ауылда Мұрат Бекбаев үйретті. Ережесіз жекпе-жекте әуелде Ардақ Назаровтың қол астында жаттықты. Кейіннен Ардақ оны өзінің ұстазы Сағатбек Мұсахановқа табыстады.
2007-2009 жылдар аралығында панкратионнан Бішкек пен Қарағанды, ережесіз жекпе-жектен Алматы мен Тараз қалаларында өткен халықаралық турнирлерде топ жарды. Қырғызстанның астанасында жалауы желбіреген вале тудо жарысында жеңімпаз деп танылды.
2008 жылы Еуразия және 2009 жылы ТМД чемпионы атақтарына қол жеткізді. Осы күнге дейін 24 жекпе-жек өткізіп, соның 23-ін жеңіспен аяқтадым. |
Сасықсор – Жалаулы көлі алабындағы көл.
## Географиялық орны
Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жолболды ауылының батысында 22 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Көл теңіз деңгейінен 88 м биіктікте жатыр. Аумағы 7,1 км2, ұзындығы 4 км, енді жері 3 км, жағалау бойының ұзындығы 14 км. Көл жағалауы жазық, қамыс, құрақ шоғырлары кездеседі. Оңтүстігінен шағын өзен құяды. Көл түбі тегіс, оған тұзды тұнба шөккен. Қар, жауын-шашын жəне жер асты суларымен толысады. Алабында бірнеше шағын, шалшықты-батпақты көлдер жатыр. Шарасында жыл бойы су болады. Қараша айының 2-онкүндігінде суы қатып, сəуір айының 1-онкүндігінде ери бастайды. Алабы шабындыққа жəне мал жайылымына қолданылады.
## Дереккөздер |
Сасықсор – Жоғарғы Тобыл бөгенінің солтүстігіндегі тұзды көл.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Денисов ауданы Перелески ауылының шығысында 6 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Теңіз деңгейінен 208 м биіктікте жатыр. Аумағы 9,4 км2, ұзындығы 4,7 км, енді жері 2,9 км, жағалау бойының ұзындығы 13,8 км. Жағалауы тегіс, батпағында қамыс өскен. Көктемгі еріген қар, жер асты суларымен, солтүстігінен құятын жылға суымен толысады. Суы қараша айының аяғында қатып, сəуірде ериді. Жағалауы егістік, шабындық, малжайылымы.
## Дереккөздер |
Лидувенай көпірі (лит. Lyduvėnų tiltas) — Литваның Каунас уезінің Лидувенай ауылында орналасқан Дубиса өзенінің аңғарындағы металл темір жол көпірі. Радвилишкис-Пегегяй теміржол желісінің бір бөлігі. Литвадағы ең ұзын және ең биік көпір. Көпір мемлекетпен қорғалатын Литва Республикасының мәдени құндылықтарының тізіліміне енгізілген (код 2288).
## Тарихы
Лидувенай көпірінің құрылысы 1915 жылы 23 қарашада басталып, 1916 жылы 25 мамырда аяқталғаннан кейін, неміс қарулы күштерінің қолбасшысы фельдмаршал Пол фон Гинденбургтің есімімен аталды. Көпір биіктігі 42 метр болып 670 метрге созылды.
Бастапқыда Лидувенай көпірі 1916 жылы неміс әскерилерімен салынған және ағаш темір жол өткелі болған. Ол кезде Еуропадағы ең үлкен ағаш теміржол көпірлерінің бірі болатын. Көпірдің негізгі материалы - ағашпен байланысты құрылымының әлсіздігінен көпір үлкен пойыздар мен әскери пойыздардың ол арқылы өтуіне онша қолайлы болмады. Осыған байланысты 1918 жылы ағаш көпір қайта жасалып, одан да төзімді материалдардан - темірбетон тіректердегі болат конструкциялардан салынды.
1916 жылы 18 қазанда биік жағалаудан 20 метр қашықтықта жаңа көпір салу жұмыстары басталды. Ұзындығы 570 метр және биіктігі 45,5 метр көпір 1918 жылы 17 мамырда салынды.
Жаңа көпір фельдмаршал Отто фон Бисмарктың құрметіне аталған, көпірдің жанында 1932 жылға дейін оның мүсіні тұрды. Жаңа көпір салынған кезде ескі ағаш көпір сол жылы бөлшектелді.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде немістердің алға жылжуын қиындату үшін Қызыл Армия көпірді жаруды жоспарлады, бірақ тез алға жылжып келе жатқан неміс армиясы кеңес әскеріне көпірді жаруға мүмкіндік бермеді. Кейінірек, 1944 жылы, шегіну кезінде немістер көпірді бомбалау арқылы өздері жойды.
Кеңес Армиясының инженерлік бөлімі әскери тұтқындар мен жергілікті тұрғындардың көмегімен жаңа тіректерге уақытша ағаш көпір салды. Араға жеті жыл салып, 1951 жылы көпір қайта салынды. Құрылыс кезінде бомбалаудан аман қалған үш ескі көпір тірегі пайдаланылды, алты жаңа тірек салынды.
2005 жылы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, ал 2008 жылы Лидувенай теміржол көпірі ресми түрде Литваның мәдени ескерткіші ретінде танылды. Қазіргі уақытта Лидувенай көпірі арқылы тек жүк пойыздары өтеді.
## Сипаттама
Көпірдің биіктігі – 42 метр, ұзындығы – 600 м., ені 4,5 м. Литвадағы ең үлкен Лидувен көпірі мәдени ескерткіш ретінде танылды. Бұл көпірден жүк пойыздары жүргендіктен жаяу жүргіншілер үшін жол қарастырылмаған. Сонымен қатар, бұл қорғалатын стратегиялық нысан, сондықтан бұрын адамдарға бұл көпірге баруға тыйым салынған.
Бірақ қазір Lietuvos geležinkeliai компаниясы көпірдің бүкіл бірегейлігін жұртшылыққа ұсынуға шешім қабылдады. Лидувенский көпіріндегі экскурсиялар пойыздар арасында ғана болуы мүмкін, сондықтан әзірге көпір екі күн ғана ашық. Литва тұрғындары мен қонақтары, алдын ала тіркеліп, Дубиса өзенінің алқабын тамашалай алады - олар үшін бір сағаттық тегін гид-экскурсия ұйымдастырылады.
Алға қарай көпірдің металл құрылымындағы қызметтік жаяу жүргіншілер жолын, оның ішінде жаяу жүргіншілер жолының жаңа бетін, жарықтандыру жұмыстары, баспалдақтарды, автотұрақты, автотұрақтан көпірге дейінгі жаяу жүргіншілер жолын, ақпараттық тақталар мен белгілерді қайта салу жоспарлануда. Келушілер үшін көпірді бейімдеу бойынша келісімшарт жұмыстары тек 2023 жылдың жазында аяқталады деп жоспарлануда.
## Дереккөздер |
Тейчи қорығы (латышша Teiču dabas rezervāts) — Латвияның шығысында орналасқан ерекше қорғалатын табиғи қорық (резерват).
## Тарихы
Қорық 1982 жылы 26 мамырда Тейчи батпағын қорғау үшін құрылған. Ол 19 779 га аумақты алып жатыр, оның ішінде батпақты жерлер 13 681 га. Сулы-батпақты аймақта 18 таза су қоймалары (көлдер) бар, сондай-ақ қатты топырақты көтеріңкі биіктіктер бар.
Қорықтың шамамен 3729 гектарын орман алқаптары алып жатыр. Тейчи Балтық аймағындағы осы типтегі ең ірі экожүйелердің бірі, ал батпақтың өзі Латвия мен Балтық жағалауындағы ең ірі экожүйелердің бірі болып табылады.
Қорықтың аумағы іс жүзінде қол сұғылмаған аймақ ретінде қалып отыр. Оны құрғату әрекеттері 20 ғасырдың басында жасалды. Қазір аумақтың суаруын сақтау үшін адам мен малдың күшімен дренаждық арықтар жабылып жатыр. Қазіргі уақытта дренаждық арықтар арқылы аумақтың сулануын сақтау әрекеттері жүріп жатыр.
Қорықта бірнеше орманды аралдар бар. Олардың арасында Латвиядағы ерекше орын – Сиксала (Siksala) аралдарының бірінде ескі дәстүрге сенушілердің шағын тобы тұрады. Олар этникалық орыстарға жатады және діни қуғын-сүргіннен қашып, XVII ғасырда осында келген. Аралда белсенді өмір сүретін төрт хутор бар.
## Сипаттама
Қорық Мадона, Вараклена және Крустпилс аймақтарында, ең үлкен балыққа бай Лубанас көлінен бірнеше ондаған шақырым жерде орналасқан және 1982 жылы құрылған Латвиядағы ең үлкен табиғи қорық болып табылады. 1994 жылдан бастап оның аумағы Еуропалық Одақ ауқымында құстар мекені ретінде танылды. 1995 жылы халықаралық маңызы бар сулы-батпақты жер мәртебесін алды (Рамсар конвенциясы).
Тейчи қорығы аумағының көп бөлігін мореналық және сулы-мұздық жазықтар құрайды, олардың арасында Арон таулы жазығы – Даугава аңғары мен Ерсик жазығы бар. Қорықтың солтүстігінде көптеген жақсы өңделген егістіктері бар Акнист баурайы бар. Қорық аумағының едәуір бөлігін қылқан жапырақты, жалпақ жапырақты және шыршалы ормандар құрайды. Ылғалдың көптігіне байланысты Тейчи қорығының климаты жұмсақ - бұл жерде континенттік, ең ыстық шілде айының орташа температурасы - +17°C және жылдың ең суық айы - қаңтар - 6,5°C.
Тейчу батпағы - Балтық жағалауындағы ең үлкен шымтезекті батпақтардың бірі (ауданы шамамен 16 000 га), сондықтан Тейчи қорығы батпақты және сирек кездесетін құстарды сақтау үшін маңызды. Қоныс аударатын суда жүзетін құстардың қоректенуімен демалатын орны ретінде, сулы-батпақты жерлерге тән өсімдіктер мен биотоптарды сақтауға және омыртқасыздардың көптеген түрлерінің болуын қамтамасыз етеді.
Қорықта ауданы 2 гектардан асатын 18 көл бар, ең ірілері – Куртавас, Пиелайста және Миндаукас. Тейчу батпағы халықаралық маңызы бар қоныс аударатын және ұя салатын құстардың орны. Бұл көші-қонға дейінгі кезеңдегі тырналардың ең үлкен шоғырлануы (200–1500 бас) және Латвиядағы қоныс аударатын қаздар үшін ең үлкен демалыс орындарының бірі (2000–8000 бас).
Қорық аумағында екі функционалдық аймақ бар: қатаң режим және реттелетін режим. Қатаң режим аймағында кез келген қызметке тыйым салынады (тек зерттеу және қорғау мақсатында баруға болады). Реттелетін режим аймағында әкімшілік рұқсатсыз болуға, орман шаруашылығының кез келген қызметін жүргізуге тыйым салынады және басқа да шектеулер қолданылады.
## Флора, фаунасы
Қорықта барлығы 688 гүлді және папоротник тәрізді өсімдіктер (оның 38-і қорғалған), сондай-ақ мүктің 217 түрі (оның 24-і қорғалған) кездеседі.Қорықта саңырауқұлақтардың, жабайы жидектердің көптігі сонша, кейде жер жидек пен мүкжидектен қып-қызыл болып көрінеді.
Сүтқоректілерден - бұлан, қабан, елік, құндызды көруге болады. Орман құстары өте көп – қараторғай, қыран, қара ләйлек, бүркіт, боз тырна, үкі және т.б. Мұнда мыңдаған қаздар мен үйректер ұя салады.
## Дереккөздер |
* Сасықсор – Шідерті алабындағы көл.
* Сасықсор – Жоғарғы Тобыл бөгенінің солтүстігіндегі тұзды көл.
* Сасықсор – Жалаулы көлі алабындағы көл. |
Сауқайың – Қобда алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Қобда ауданы жерімен ағады.
## Бастауы
Бастауын Әбді тауының солтүстігіндегі бұлақтардан алып, Қобда ауылынан жоғарыда 5 км жерде Қобда өзеніне сол жағалауынан құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 46 км, су жиналатын алабы 1420 км2. Ірі салалары: Ащысай, Шолаққайың, Құдықсай, Қуағаш, т.б. Жоғарғы жəне орта ағысы жазық өңірмен ағады, Білтабанов ауылы маңынан бастау аңғары кеңейеді (3–5 км), арнасының жағалауы түйетайлы келген. Арнасында жыл бойы су болады. Негізінен жер асты суымен толығады. Жайылмасы шабындыққа, алабы егістікке пайдаланылады. Сондай-ақ өзен бойында шағын тоғандар салынған.
## Дереккөздер |
Сасықкөл – Сарысу алабындағы көл.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Талдыбұлақ ауылынан солтүстікке қарай 16 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Көл теңіз деңгейінен 550 м биіктікте жатыр. Аумағы 4 км2, ұзындығы 2,7 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 8,3 км, су жиналатын алабы 75 км2. Жағалауы жарлауытты, түйетайлы, батпақты жерлер кездеседі. Негізінен жер асты жəне жауын-шашын суларымен толысады. Көл түбі тегіс, құмдақты. Алабы мал жайылымына қолайлы.
## Дереккөздер |
Сібе, Сибинка – Ертіс алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы жерімен ағады.
## Бастауы
Бастауын Шұбаршоқы тауларындағы қайнар бұлақтардан алып, Абылайкит өзеніне Мамай батыр ауылы тұсында сол жағалауынан құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 58 км, су жиналатын алабы 1010 км2. Өзеннің 100-ден астам саласы бар. Ірілері: Шекубай (Шікубай), Талды, Байша, Сарыбұлақ, Əлібек, Шортай, т.б. Баяш Өтепов ауылына дейінгі арнасының жағалауы жартасты шатқал түзеген. Мамай батыр ауылына дейінгі аңғары кеңейіп (8–10 км), жағалау бойы жазық, арна беткейі жарлауытты келеді. Арнасында жыл бойы су болады. Жағалау бойында қайың, терек, қарағайдан тұратын сирек орман қалыптасқан. Негізінен жер асты суымен толығады. Қараша айының ортасында суы қатып, сəуір айында ериді. Өзенмен ағаш ағызылады.
## Дереккөздер |
Роза Уэлт-Страус — (1856-1938) суфрагист және феминист болды. Аустрияда дүниеге келген ол сол елдегі орта мектепті бітірген алғашқы қыз және медициналық дәрежесін алған алғашқы австриялық әйел, сонымен қатар Еуропадағы алғашқы әйел көз дәрігері болды. Ол 1878 жылы Берн университетінде медициналық дәрежесін алды. Оның Айда, Леонора және Сара атты үш әпкесі болды. Ол бір әпкесімен Америкаға келгеннен кейін Нью-Йорктегі көз ауруханасы мен әйелдер ауруханасында көз хирургы болып жұмыс істеді. Ол кәсіпкер Луи Страусқа үйленіп, Нелли Страус-Моченсон атты қызы болды. 1904 жылы ол американдық делегацияның мүшесі ретінде Халықаралық әйелдер сайлау құқығы альянсының бірінші конгрессіне қатысты. Ол біраз уақыт қатысуын жалғастырды және кейінірек осы жиналыстарда Эрец Израильде тең құқықтар үшін еврей әйелдерінің одағының атынан шықты.
1919 жылы Жаңа Йишувта бірінші жалпыұлттық әйелдер партиясы (Иврит әйелдерінің тең құқықтар үшін Эрец-Израиль одағы) құрылды және сол жылы сонда көшіп келген Вельт-Строс оның жетекшісі болып тағайындалды, ол оны бұрынғыдай жалғастырды. өлім. 1920 жылдың шілдесінде ол әйелдердің халықаралық сионистік ұйымы (WIZO) құрылған ассамблеяға қатысу үшін Лондонға барды және сол жылы ол Эрец Израильдегі Тең құқықтар үшін еврей әйелдері одағының атынан Халықаралық әйелдер сайлау құқығы альянсының конгресінде болды. Женева. Ол халықаралық комитеттерде әйелдердің сайлау құқығы бойынша халықаралық альянстың өкілі болды, оның барлық конгрестеріне қатысты және жиі конгресстерді өткізген елдердің премьер-министрлерінің делегацияларының құрамына кірді.
1926 жылы плебисцит мүмкіндігіне тап болмауды жөн көрген харедим йишувтың Өкілдер жиналысынан шығып кетті және сол жылы ресми мәлімдеме жасалды (1927 жылы мандаттық үкімет ратификациялады) «әйелдердің барлық аспектілері бойынша тең құқықтарын растады. Иишувтағы өмір – азаматтық, саяси және экономикалық». Вельт-Строс 1938 жылы Женевада қайтыс болды.
## Дереккөздер |
Кемери ұлттық саябағы (латышша Ķemeru nacionālais parks) — Латвия ұлттық саябағы, Юрмала қаласының жанындағы қорық. Ол өз аумағында орналасқан үлкен Кемери батпақтарымен, Слокас және Каниерис көлдерімен, Валгум көлінің (Valguma ezers) жанындағы соқпақ жолымен, қараусыз қалған Каниерис (Kaņieris) қаласымен әйгілі.
## Тарихы
Кемери саябағының өз аңызы бар. XVI ғасырда жергілікті орманшы Кемер (бұл жердің атауы осыдан шыққан) сол кезде өте танымал болған күкіртті сутегі көздерінің арқасында туристер үшін күкірт ванналарын қабылдай алатын алғашқы қонақ үйді ұйымдастырды. Кейіннен Кемери ауылы құрылды (қазір осы ауылдың орнында Латвияның қазіргі Юрмала қаласының бір бөлігі орналасқан). Ұлттық саябақтың аумағында бүгінде шамамен үш жарым мың адам тұрады. Жергілікті тұрғындардың көпшілігінің негізгі күнкөрісі – балық аулау.Алайда, содан бері көп нәрсе өзгерген жоқ: күкірт ванналары мен балық аулау, және қоршаған табиғаттың әртүрлілігі осы уақытқа дейін адамдарды қызықтырады.
Ұлттық саябақтың аумағында Бірінші дүниежүзілік соғыс пен майдан шебіндегі шайқастардың көптеген айғақтары сақталған - Заля және Кемеру батпақтарындағы төбелердегі ескі окоптар, Смардедегі Латвия армиясы жауынгерлерінің бейіттері және Калнциемса жанындағы неміс зираты сақталған.
## Сипаттама
Кемери ұлттық саябағы 1997 жылы құрылған. Ауданы барлығы 38 165 гектарды құрайды, оның 57% ормандар, 24% батпақтар және 10% жер үсті сулары.
Аяқ сүрлеу жолы ерекше назар аударуға лайық. Оның үстімен жүруге аяқ киімсіз рұқсат етіледі. Бұл жолда туристер үлкен және кішігірім тастардан, жерден, құмнан, судан, сабаннан, бөренелермен, сұйық балшықтан, саздан өтеді. Маршрут бойындағы кейбір жерлерде суретке түсіру үшін айналар қойылып, жалаң аяқ серуендеудің пайдасы мен қоршаған ортаны тұрмыстық қалдықтармен ластау қаупі туралы ақпарат беретін стендтер орнатылған. Жолдың соңында жерге төселген тастан жасалған лабиринт бар. Көлде жүзбелі бақылау мұнарасы бар, оның төбесінен суда жүзетін құстарды тамашалауға болады.
Тағы бір назар аударарлық орын - қараусыз қалған Каниерис қаласы. Батпақтардың аумағында патша заманынан бастап КСРО ыдырағанға дейін жергілікті емен ванналарында минералды суларға шомылатын емдік суы мен лайы бар шипажай болған. Осы уақытқа дейін қала аумағында қонақтарды емдеуге және орналастыруға арналған ғимараттардың тұтас кешені болды, ал шипажай бүкілодақтық мәнге ие болған.
## Табиғаты, флорасы, фаунасы
Қазіргі уақытта Кемеридің көп бөлігін батпақтар мен ормандар алып жатыр. Ормандар Кемери ұлттық паркі аумағының жартысына жуығын алып жатыр, төбелердегі көне қарағайлы ормандар, шырша мен қарағай басым болатын ылғалды солтүстік қылқан жапырақты ормандар, емен және күл басым жапырақты ормандар. Саябақта көптеген салалары бар екі өзен және көлдер аймақтың ылғалды жазықтардың қалыптасуына қолайлы режимді қамтамасыз етеді. Кемеридің батысында құмды жағажайлар бар. Кемери ұлттық паркінің аумағында орналасқан аласа құмды төбелер бүкіл жағалау сызығында дерлік кездеседі. Шағылдар үнемі жел мен толқындардың әсерімен пішіндерін өзгеріп отырады. Дегенмен, жағалаудан алыс орналасқан шағылдардың көпшілігі айтарлықтай тұрақты және қарағайлы ормандармен жабылған. Ұлттық саябақтың аумағында жеті батпақ бар. Үлкен Кемер батпағы деп аталатын ауданы бойынша ең үлкен батпақ 5600 га аумақты алып жатыр және батпақты көлдердің тығыз лабиринтімен танымал. Ұлы Кемери батпағы бірегейлігімен ерекшеленеді, оның бүкіл аумағында негізгі доломит тау жыныстары мен батпақты массивтің өзара әрекеттесу нәтижесінде күкіртті бұлақтар пайда болды.
Ұлттық парктің фаунасы Еуропада және Латвияның қалған бөлігінде сирек кездесетін жануарлардың көптеген түрлеріне толы. Құстардың 237-ге жуық түрінің, 188-і осы аумақта өсіріледі.Дымқыл ормандар – Кемери ұлттық саябағының символы – ақ арқалы тоқылдақтардың панасы. Мұнда орманды мекендейтіндердің арасында қара ләйлектерді, тоқылдақтардың үш түрін (ақ арқалы, үш саусақты және қара), бұландарды, жабайы шошқаларды, еліктерді, қасқырлар мен сілеусіндерді көруге болады. Шалғынды емін-еркін кезіп жүрген малдар мен жануарлардың көптеген өкілдері кездеседі. Батпақтарды тырна, теңіз қырандары т.б.мекендейді. Ағыстар мен көлдер құндыздардың мекені болып табылады.
Кемери флорасы өте алуан түрлі және Латвияның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктердің төрттен бір бөлігін осы саябақтан табуға болады. Ұлттық саябақтың орман флорасының ең әдемі өкілдерінің арасында орхидеяның еуропалық түрін көруге болады. Орхидеялардың әртүрлі түрлері шалғындар мен батпақтарда өседі.
## Дереккөздер |
Разна ұлттық саябағы (латышша Rāznas nacionālais parks) — Латвияның шығыс бөлігінде, Латгал тауында орналасқан ұлттық саябақ. Саябақ негізінен Резекне аймағында, ішінара Дагда және Лудзен аймақтарында орналасқан.
## Сипаттама
Разна ұлттық саябағы 2007 жылы 1 қаңтарда құрылған Латвиядағы ең жаңа саябақ. Ауданы 59 615 га құрайды, Латвияның оңтүстік-шығысында орналасқан.Ұлттық парк Разна көлін, онымен байланысты табиғатты және биотоптың алуан түрлілігін, аймақтың мәдени, тарихи және ландшафтық құндылықтарын сақтау, сондай-ақ тұрақты экономикалық белсенділікті, табиғат туризмін және экологиялық білім беруді дамыту үшін құрылған. Разна ұлттық паркі Еуропалық Одақтың (ЕО) NATURA 2000 қорғалатын табиғи аумақтар желісіне кіреді.
## Табиғаты
Разна ұлттық саябағы суға бай, бұл аумақтың 14% көлдер алып жатыр. Латвиядағы ауданы бойынша екінші және су көлемі бойынша ең үлкен көл Разна көлі. Одан басқа Ежезерс, Салайс, Бижас, Зоснас, Исмеру-Жоготу және Вираудас көлдері бар. Осы көлдерді қорғау мақсатында іштен жанатын қозғалтқышты пайдаланатын жүзу құралдарын пайдалануға тыйым салынған.Разна көлін құмды жағажайға байланысты оны «Латгал теңізі» деп те атайды. Ол балыққа бай және демалуға арналған жақсы күтімді орындар, тіпті көлде аумен балық аулау да кездеседі. Разна көлінде балықтың 27 түрі бар, бұл Латвия көлдеріндегі балық түрлерінің 90% дерлік. Ежезерс көлінде, 70-ке жуық арал типті құрылымдар бар, бірақ олардың жартысына жуығы құрақпен, қамыспен жабылған.
Көлдермен бірге ландшафт төбелермен сипатталады. Аумақтың ең биік нүктелері мен жақсы көрінетін жерлер Үлкен Лиепукална, Маконкалн, Қаратаву төбелерінде орналасқан. Қамал төбелері, шіркеулер, жерлеу орындары, ғибадат ету орындары маңызды тарихи мұраның бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар ғылыми зерттеулер, білім беру және рекреациялық ресурстар үшін құнды материал болып табылады.
Қорық аумағында Латвиядағы үшінші ең биік төбе – Лиелайс Лиепукалнс (теңіз деңгейінен 289 метр биіктікте) бар, ол Латвия үшін әсерлі салыстырмалы биіктігімен ерекшеленеді – 86 метр. Разнас Маконькалнс көлінің жоғарғы жағында (теңіз деңгейінен 248 м биіктікте) 13 ғасырда Ливон орденімен салынған Волкенберг тас сарайының сынықтары әлі күнге дейін сақталған.
## Туристік қызмет
Көлдің айналасында көптеген туристік кәсіпорындар бар, олар көлдің жағасында демалуды, сондай-ақ белсенді демалысты, ұлттық саябақтың аумағына экскурсияларды ұсынады. Негізгілері:
* Көлдерде: (негізінен Разна және Ежезерс көлдерінде) қайықпен жүзу, балық аулау, су спорты, жағажайларда демалу, пикниктер, дәстүрлі ванналар;
* Өзендерде: каноэ, балық аулау, дәстүрлі сауна;
* Орманда: жаяу серуендеу (кейбір белгіленген жолдармен);
* Прериялар: ат-арбамен серуендеу;
* Велосипедшілерге арналған 5 бағыт бар.
Саябақта сүт фермалары бар, дегенмен 2000 жылға дейінгі 10 жыл ішінде ауылшаруашылық қызметі айтарлықтай төмендеді. Қазіргі уақытта санаулы шаруа қожалықтарында өнеркәсіптік ауылшаруашылық өндірісі бар, фермерлердің көпшілігі тек өз тұтынуы үшін өнім шығарады.
## Галарея
## Дереккөздер |
Ащыбұлақ — Іле алабындағы өзен. Алматы облысы, Жамбыл ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 18 шақырым.
## Сипаттамасы
Аққайнар ауылының солтүстігіндегі бұлақтардан бастау алады. Кейде Самсы өзенінің жоғарғы арналары тасыған кезде суы Ащыбұлақтың бастауындағы арналарына қосылады. Бастауының биіктігі —977 метр. Солтүстікке қарай ағып, Алматы-Тараз тас жолынан өте бере Самсы өзеніне құяды.
Қар жаңбыр суларымен толығады. Онға жуық саласы бар. Жаз, күз айларында тартылып қалады.
## Сілтемелер
* Топографиялық карта: k-43-033 |
Карула ұлттық саябағы — Эстониядағы ұлттық саябақ, Вирумаа және Валгамаа уездерінде орналасқан. Ұлттық саябақ Оңтүстік Эстонияға тән ормандар мен көлдерге бай таулы ландшафттарды қорғау, сонымен қатар жергілікті мәдениетті қорғау үшін құрылған.
## Сипаттама
Карула Эстонияның оңтүстігіндегі ұлттық парк, ол 1979 жылы қорғалатын аумақ ретінде құрылып, 1993 жылы ұлттық паркке айналды. Саябақ аумағында халық аз қоныстанған, өйткені оның 70% көлдер мен ормандар. Мұнда көптеген төбелер бар. Каруланың ең биік нүктесі - Торнимяги тауы. Карула ұлттық саябағы Еуропалық Natura 2000 желісіне кіреді.
Карула тауының ерекше және әдемі жер бедері 10 000 жылдан астам уақыт бұрын континенттік мұздың әрекеті нәтижесінде қалыптасқан. Материктік мұздық ерігеннен кейін Карулдың солтүстік бөлігінде негізінен дөңгелек кесінді – өрістермен, шабындықтармен немесе орманмен жабылған күмбездер қалған.
Карула сөзі ескі атау, ол, «каруне», яғни «карм» (ауыр) сөзінен шыққан. Бұл сөз жергілікті өңдеуге және жетуге қиын орманды төбелерді сипаттайды. Ұлттық саябақтың мақсаты - Оңтүстік Эстонияға тән ормандар мен көлдерге бай күмбезді ландшафттардағы табиғатты, қорғалатын түрлерді және мәдени мұраны сақтауды қамтамасыз ету.
## Табиғаты
Орман саябақ аумағының 70%-дан астамын алып жатыр. Шашыраңқы егістік, шабындық, тоғай, көлдермен алмасып отырады.Қорық аумағында 38 көл бар. Олар материк мұзы тартылған кезде Карула төбелерінің жанында пайда болды. Каруланың ландшафты лайлы түбі бар көлдер көптеген өсімдіктердің өсуіне қолайлы орын болып табылады.
Қорықтағы ең терең көл Савиярв көлі болып саналады, оның тереңдігі 18 метрге жетеді. Ал ең үлкен көл - Эхиярв көлі.
Қорықтың фаунасында сүтқоректілерге қарағанда құстар көбірек кездеседі. Мұнда құстардың 157-ден астам түрі бар. Жануарлардан жабайы аю, бұлан, елік, сілеусін, сонымен қатар түлкі, тиін, құндыз, күзендер кездеседі.
## Туристік қызмет
Эстонияның Карула ұлттық саябағында белсенді туризм, демалыс үшін қажет нәрсенің бәрі бар. Мұнда әртүрлі ұзындықтағы велосипед жолдары, жаяу серуендеу жолдары жабдықталған. Аяқ жол ұзындығы 36 км. Бұл жол ақпараттық қалқандармен жабдықталған айналма жол. Сондай-ақ, 7 км ландшафты зерттеу соқпақ жолдары бар. Соқпақ 16 ақпараттық тақтамен жабдықталған. Жолдың басында автотұрақ бар.
Қорықта биіктігі 30 м болатын Ребаземиза деп аталатын шолу алаңы, бақылау мұнарасы бар. Сонымен қатар, Карула қорығында балалар соқпағы бар. Оның ұзындығы 500 м. Балалар жолында 7 аттракцион, 10 ақпараттық тақта, ойындар мен іс-шараларға арналған 9 тақырыптық нысан бар.
## Дереккөздер |
Тақыр — шөл және шөлейт аймақтардағы сазды тау жыныстарынан тұратын, беті тегіс, қатты алқаптар. Ауданы бірнеше мг-ден 10—12 кмг-ге дейін болады. Көбінесе өсімдік өспейді. Көктемде қар еріген кезде немесе нөсер жаңбыр жауғанда тақырға қақ тұрады. Су буланып кеткеннен кейін түбі қатады да, тобарсып, көпбұрышты жарықшақтарға бөлініп-бөлініп кетеді. Тақыр Орта Азия мен Қазақстанда, әсіресе Үстірт пен Маңғыстауда кең аумақты қамтиды. Құлаққа бұл сөз шалынғанда есімізге ешқандай өсімдік өспейтін қуқыл жер түседі. «Құм болғанда құстың қанатын қиып, тұлпардыд тұяғын тілетін тақыр жер» (Н. Әбуталиев, Сахара сыйы.).
## Дереккөздер |
Сауыт, Сауыж – Тоғызақ өзені алабындағы көл.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Фёдоров ауданы Пешковка ауылының оңтүстігінде 1 км жерде, теңіз деңгейінен 202 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 4,4 км2, ұзындығы 3,1 км, енді жері 1,8 км, жағалау бойының ұзындығы 8,3 км. Бойлық бағытта созылып жатқан көл жағалауы жазық. Жаз айларында шарасы кеуіп қалады немесе шалшық батпаққа айналады. Негізінен жауын-шашын, қар суларымен толысады. Атырабы шабындыққа, егістікке пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Елубай Бәзімұлы Тайбеков (15 мамыр 1901, Сабынды ауылы, Ақмола уезі, Ақмола облысы — 19 қаңтар 1991) — Кеңестік партия әрі мемлекет қайраткері, 1951-1955 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болды. Арғын тайпасының Қуандық руының Темеш тармағынан шыққан.
## Өмірбаяны
11 жасынан бастап байдың қол астында шопан болып істеді. 1922-1924 жылдары Орынбор малдәрігерлік техникумында, 1924-1926 жылдары Орынбор орта қолбасшылық құрамы жұмысшы-шаруа милиция училищесінде оқыды. 1926 жылы БК(б)П қатарына қабылданды.
1926-1930 жылдары Қостанай округінде: аймақтық әкімшілік бөлімі бастығының орынбасары (1926-1927), округ прокурорының орынбасары (1927-1928), БК(б)П Обаған аудандық комитетінің жауапты хатшысы (1928-1929), Қарабалық қоныстандыру партиясының бастығы (1929), аймақтық әкімшілік бөлімінің бастығы (1929-1930) болып жұмыс атқарды.
1930-1935 жылдары К.А.Тимирязев атындағы Ауыл шаруашылығы академиясында оқыды, одан кейін 1935-1942 жылдары Қазақ ауыл шаруашылығы институтында сабақ берді (ассистент, аға оқытушы, декан, директордың орынбасары). Экономика ғылымдарының кандидаты (1940).
1942-1958 жылдары — партиялық және мемлекеттік қызметте:
* 1942 жылы — Қазақ КСР Жер шаруашылығы халық комиссариаты саяси бөлімі бастығының орынбасары;
* 1942 жылдан бастап — екінші, 1944-1948 жылдары — Қазақстан КП Ақтөбе облыстық комитетінің бірінші хатшысы;1950 жылы БК(б)П ОК қарамағындағы қайта даярлау курстарын бітірді;
* 1950 жылы БК(б)П ОК қарамағындағы қайта даярлау курстарын бітірді;
* 1950-1951 жылдары — Қазақстан КП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы;
* 1951-1955 жылдары — Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы;
* 1955 жылдың сәуірі – 1958 жылдың қаңтары — Шығыс Қазақстан облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы.
1957-1977 жылдары – ғылыми және оқытушылық қызметте:
* 1957 жылы — Қазақ мал азығы және жайылымдар ғылыми-зерттеу институтының директоры,
* 1957-1961 жылдары — Қазақ КСР Ғылым академиясының экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру бөлімінің академик-хатшысы,
* 1961-1963 жылдары — Қазақ ауыл шаруашылығы институтының ректоры, кейін кафедра меңгерушісі, доцент.
КОКП ХІХ съезінің делегаты (1952); КОКП ОК мүшесі (1952-1956). КСРО Жоғарғы Кеңесі Одақ Кеңесінің (Қазақ КСР атынан) үшінші (1950-1954) және төртінші (1954-1958) шақырылым депутаты болып сайланды.
1977 жылы зейнеткерлікке шықты; одақтық маңызы бар жеке зейнеткер.
## Таңдамалы шығармалары
* Салюков П. А., Самохвалов А. М., Сабиров М. С. и др. Пути расширения кормовой базы в Казахстане / Под общ. ред. акад. Е. Б. Тайбекова. — Алма-Ата : Казгосиздат, 1959. — 389 с.
## Әдебиет
* Ашимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008
## Дереккөздер |
Семенов – Көкшетау қыратының орта бөлігіндегі тау.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қаласының шығысында 9 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 554 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлы бағытта 3 км-ге созылған, енді жері 1 км, салыстырмалы биіктігі 40–55 м аралығында. Гранитті интрузивтік жыныстардан түзілген. Беткейі көлбеу келген. Солтүстік-батысында Шортанды, солтүстік-шығысында Қотыркөл көлдері жатыр. Беткейінде қарағай, қайың орманы, етегінде əр түрлі шалғынды шөптер өседі.
## Дереккөздер |
Слитере ұлттық саябағы (латышша Slīteres nacionālais parks) — Латвияның батыс жағалауындағы Курземе аймағындағы Талси ауданындағы ұлттық саябақ.
## Тарихы
1910 жылы Рига табиғат зерттеушілер қоғамы Ресей империясының Жерге орналастыру бас басқармасына Морица (немесе Морицсала) аралында қорық құру туралы өтінішпен жүгінді. Рұқсат алынып, осылайша Курлянд губерниясының Виндава уезіне қарасты Усма көліндегі Мориц аралы (80 га) Ресей империясының алғашқы мемлекеттік қорығы болды. Бұл Латвия Республикасындағы және КСРО-дағы ең көне қорық болды.
Кейінірек Латвия КСР-нің Талси ауданындағы «Залие Кални» базасында ауданы 15 060 га «Слитере» қорығы құрылды. Оған Вентспилс ауданындағы «Морицала» кіші қорықшалары (ол кезде оның ауданы 818 га болды) және Лиепая ауданындағы «Грини» (ауданы 1076 га) әкімшілік бағынышты болды.
2000 жылы бұрынғы қорық негізінде Слитере ұлттық саябағы құрылды.
## Сипаттама
Саябақ 16360 га құрлықты және 10130 га теңіз алаңын алып жатыр. Саябақ - 2000 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың негізінде құрылды. Қазіргі заманғы ұлттық саябаққа Морицсала табиғи саябағы мен Гринск табиғи саябағының аумағы кіреді.
Слитере саябағының аумағында ортаңғы аймақтың жапырақты ормандарынан тайга мен тундраға дейін латвиялық орман өсімдіктерінің барлық элементтері бар. Мұнда жас теңіз төбелері де, 4000 жыл бұрын пайда болған ежелгі құм төбелері де бар. Слитере көгілдір төбелер жотасы 11000-9000 жыл бұрын Латвия аумағындағы мұздықтардың еруі кезінде пайда болған.
Мұнда құмдардағы қарағайлы ормандарды, Баж батпақты жазықтарын, өзендері мен сарқырамасы бар төбелер мен орларды көруге болады.
Қорық аумағының климаты қоңыржай континенттік, теңіздік. Жазы салқын, қысы жұмсақ.
Балтық теңізінің жағасында – Либиеш жағалауында Колькадан Сикраг пен Овишаға дейін Ливтердің (әлемдегі ең аз ұлттардың бірі) балықшылар ауылдары және олардың мәдениетінің басқа да айғақтары сақталған.
## Флора, фаунасы
Солтүстік Курземенің жұмсақ климаты әртүрлі өсімдік түрлерінің (шамамен 860 түрі) және Латвия үшін сирек кездесетін өсімдіктердің көптігінің (кәдімгі тисс және балтық шырмауықтары) болуына себебін тигізіп отыр.Саябақтың 30%-ын қылқан жапырақты орман алып жатыр. Саябақта өсімдіктер мен мүк тәрізділердің жүздеген түрлері өседі, олардың 29 түрі Латвияның ешбір жерінде кездеспейді.Негізгі қатты ағаштардан емен, үйеңкі, шаған, қарағаш, қайың, ал қылқан жапырақтылардан – қарағай мен шырша өседі. Ең шұрайлы ормандар Слитере етегіндегі құнарлы топырақта және оған жақын аудандарда өседі.
Латвияны мекендейтін құстардың барлық дерлік түрлері Слитереде байқалды. Колька мүйісі арқылы көктемгі көші-қон кезінде бір сағат ішінде ондаған мың құс ұшып өтеді. Слитере ұлттық саябағы құстардың Балтық көші-қон жолдарының бойында орналасқан, бұл Латвиядағы құстарды бақылайтын ең жақсы орындардың біріне айналдырады. Мысалы, оның теңіз жағалауы солтүстік тундрадан оңтүстікке қарай бет алған шырғалақтар туысының күзгі аялдамасы. Ірі жапалақтар бұл жерге қыста Ресейден қоныс аударады.
Жануарлар әлеміне орман және батпақты мекендейтіндер жатады. Олардың ішінде Латвияда қорғауға алынған сирек құстар – сұр тырна, қара лейлек, ала бүркіт, сондай-ақ жануарлар – еуропалық күзен, жаңғақ тышқан кездеседі.Слитерде сұр қасқырды, еуразиялық сілеусін мен бұланды кездестіруге болады. Ұлттық саябақта өсімдіктер мен биомалардың алуан түрлілігіне байланысты сирек кездесетін жәндіктер мен ұлулардың көптеген түрлері бар. Жағалауда Балтық сұр итбалықтары қыста теңіздің мұз қабатының астында питомниктерін құрады.
## Туристік қызмет
Келушілерге ыңғайлы болу үшін саябақта бірнеше табиғи жолдар, велосипедшілерге, автокөліктерге арналған маршруттар, қайықпен саяхаттау және жаяу серуендеу, туристер саябақтың табиғи, мәдени және тарихи байлығымен жақсырақ танысуы үшін мұнда бақылау мұнаралары да салынған.
Белсенді демалыс:
* Колька мүйісі мен Еважу табиғат соқпағы барлығына қолайлы, ал Петерезер мен Шлитер соқпақтарында тік көтерілу керек, бірақ табиғаттың сұлулығы қиындықтарды ұмыттырады;
* Балтық теңізінің құмды жағалауы серуендеуге ыңғайлы;
* Мазирбеден Сикрагқа дейінгі аяқ жол бойымен, Кіші және Ұлы теңіздер бойымен (Слитера шеңбері) немесе Ливтердің балықшылар ауылдары арқылы Колькадан Сикрагқа дейін велосипедпен;
* Ескекті қайықпенг Колька маягына жету;
* Селитередегі құстардың қоныс аудару кезеңін бақылау, жыл сайынғы құс күндеріне қатысу;
* Курземе жағалауының дәстүрлі тағамдарынан дәм тату (скландраузис пен ысталған балық).
Слитере саябағында не көруге болады?
* Колька мүйісі, екі теңіздің толқындары түйісетін жерде – Кіші (Рига шығанағы) және Ұлы (Балтық теңізі);
* Көгілдір таулардың баурайындағы Слитенр маягы;
* Мазирбе (ауыл) – Ливтердің дәстүрлі үйіне баруға, «Стуришидегі» көне заттар топтамасын, қайық қирандыларын көру немесе теңіз жағасында демалу;
* 550-ге жуық мүйізден тұратын «Пурвзиедидегі» мүйіздер коллекциясын көру.
## Дереккөздер |
Середка құмқайыры – Каспий теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі құмқайыр.
## Географиялық орны
Атырау облысы Исатай ауданы Амангелді ауылының оңтүстік-батысында 14 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Теңіз деңгейінен 27 м төмен жатыр. Теңізге сұғына еніп жатқан құмқайырдың ұзындығы 6 км, енді жері 2,5 км. Жағалауында қалың қамыс өскен. Құмқайыр ұяшықты төбелерден тұрады. Батысында Забұрын шығанағы орналасқан. Жағалауының ең терең жері 2 м-ге дейін жетеді.
## Дереккөздер |
Бестоғай, Шерт, Серт – Сырдария алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Түркістан облысы Сауран ауданы аумағымен ағады.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 59 км, су жиналатын алабы 270 км2. Ірі саласы – Өгізтау. Бастауын Қаратау жотасының оңтүстік беткейінен алып, Құмайлықас ауылынан төменде Ақсары бөгеніне, одан кейін өзен суы Қарсақтысай, Қожабай, т.б. тармақтарға бөлініп қалады. Аңғары тар, жоғарғы бөлігінде тар шатқалмен ағады. Жауын-шашын жəне жер асты суларымен толығады. Суымен егін суғарылады.
## Дереккөздер |
1971 жылғы 22 шілдеде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен құрылған Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің тізімі.
## Жетекшілігі
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы — Бәйкен Әшімұлы.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары — Артем Мисакович Вартанян.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары — Иван Гаврилович Слажнев.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Қали Біләлов.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Сұлтан Сүлейменұлы Жиенбаев.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Михаил Иванович Ильин.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Михаил Георгиевич Моторико.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы — Қамалбай Кетебайұлы.
## Министрлер
* Қазақ КСР Ішкі істер министрі — Шырақбек Қабылбайұлы.
* Қазақ КСР Жоғары және орта арнаулы білім министрі — Кенжәлі Айманов.
* Қазақ КСР Геология министрі — Александр Тимофеевич Ситько.
* Қазақ КСР Дайындық министрі — Мұзаппар Дайыров.
* Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі — Төрегелді Шарманұлы.
* Қазақ КСР Мәдениет министрі — Мүсілім Базарбаев.
* Қазақ КСР Жеңіл өнеркәсіп министрі — Уағыз Ғалымұлы Ибраһимов.
* Қазақ КСР Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі министрі — Михаил Валентинович Никифоров.
* Қазақ КСР Мелиорация және су шаруашылығы министрі — Сұлтан Момынұлы Сәрсембаев.
* Қазақ КСР Монтаж және арнайы құрылыс жұмыстары министрі — Иван Николаевич Хохлов.
* Қазақ КСР Ет және сүт өнеркәсібі министрі — Айтан Зияев.
* Қазақ КСР Тамақ өнеркәсібі министрі — Анатолий Павлович Шеффер.
* Қазақ КСР Құрылыс материалдары өнеркәсібі министрі — Беркімбай Пәрімбетов.
* Қазақ КСР Ағарту ісі министрі — Балжан Бөлтірікқызы.
* Қазақ КСР Балық шаруашылығы министрі — Ысқақ Махмұдұлы Өтеғалиев.
* Қазақ КСР Байланыс министрі — Әбдіразақ Алпысбайұлы Елібаев.
* Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы құрылысы министрі — Қорған Нұрханұлы Мусин.
* Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрі — Михаил Георгиевич Рогинец.
* Қазақ КСР ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарының құрылысы министрі — Эдуард Иосифович Оржеховский. Александр Гаврилович Коркин (1972—1975)
* Қазақ КСР Сауда министрі — Михаил Степанович Иванов.
* Қазақ КСР Қаржы министрі — Илья Лукич Ким.
* Қазақ КСР түсті металлургия министрі — Вениамин Григорьевич Береза.
* Қазақ КСР Энергетика және электрлендіру министрі — Тимофей Иванович Батуров.
* Қазақ КСР Әділет министрі — Бекайдар Жүсіпов.
* Қазақ КСР Автомобиль жолдары министрі — Леонид Борисович Гончаров.
* Қазақ КСР Автомобиль көлігі министрі — Әнуар Хамзаұлы Жақыпов.
* Қазақ КСР Халықтың тұрмыстық қажетін өтеу министрі — Қасқатай Досұлы Қонақбаев.
* Қазақ КСР Коммуналдық шаруашылық министрі — Александр Иванович Чернышов.
* Қазақ КСР Жергілікті өнеркәсіп министрі — Петр Семенович Наумецкий.
* Қазақ КСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрі — Зәуре Сәдуақасқызы Омарова.
## Комитеттер төрағалары
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Иван Александрович Быстров.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Мемлекеттік Орман шаруашылығы комитетінің төрағасы — Григорий Андреевич Мельник.
* Қазақ КСР Халықтық бақылау комитетінің төрағасы — Петр Семенович Канцеляристов.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Өнеркәсіптегі жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін және тау-кен ісін қадағалау жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Рақым Байғалиев.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі кәсіптік-техникалық білім беру жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Александр Алексеевич Брыжин.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Теледидар және радио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Кеңесбай Үсебайұлы.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Мемлекеттік баға комитетінің төрағасы — Ғабан Смағұлұлы.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы — Георгий Степанович Евдокименко.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Материалдық-техникалық қамсыздандыру жөніндегі бас басқармасының бастығы — Жанша Әбілғалиұлы Таңқыбаев.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Орталық статистика басқармасының бастығы — Зинаида Павловна Троценко.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі «Қазауылшартехника» республикалық бірлестігінің төрағасы — Алексей Семенович Батраков.
* Республика Министрлер Кеңесi Полиграфия жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң (Мемкомбасп) төрағасы - Шериаздан Рүстемұлы Елеукенов.
## Дереккөздер |
Северная – Үлбі жотасының оңтүстік-батыс бөлігіндегі таулар.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Серебрянск қаласының солтүстік-батысында орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 1221 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 12 км-ге созылған, енді жері 5 км. Беткейлері тіктеу таулардан тұрады. Олар өзен, сай-жыралармен тілімденген. Таудан Бұқтырма өзеніне бірнеше шағын көлдер құяды.
## Өсімдігі
Төменгі беткейіндегі күңгірт қоңыр жəне қара топырағында далаға тəн өсімдіктер тараған, одан жоғары қарағай, қайың, көктерек аралас орман өседі. Атырабы шабындық жəне жайылым.
## Дереккөздер |
Алутагузе ұлттық саябағы (эст. Alutaguse rahvuspark) — Эстониядағы ұлттық саябақ. Ол Эстонияның шығысында, Ида-Вирумаа уезінде орналасқан.
## Тарихы
Алутагузе ұлттық парк құру идеясын алғаш рет 1920 жылдары эстон ботанигі Густав Вилбасте ұсынған. Алайда оның жоспары 100 жылдан кейін ғана жүзеге асты.Алутагузе ұлттық паркі 2018 жылы 24 қарашада 11 қорғалатын табиғи аумақтардың – Пухату, Агузалу, Мурака және Селисоо қорықтарынан, Куртна, Смольница, Йыуга, Ийзаку, Струуга және Маетагузе ландшафттық қорықшаларының негізінде құрылды.
Алутагузе ұлттық паркінің мақсаты - Чуд көлінің батпақты, орманды, шалғындық, көлдік, өзен және жағалаудағы табиғи қауымдастықтарын, аймаққа тән ландшафттар мен рельефтерді, биологиялық әртүрлілікті, қорғалатын жануарлар мен өсімдіктерді, маңызды көші-қонды қорғау, сақтау және қалпына келтіру. Құстардың ұя салатын жерлері, сондай-ақ өңірлік мәдени мұра мен тарихи-мәдени нысандарды сақтау және насихаттау.
## Сипаттама
Эстонияның ең жаңа Алутагузе ұлттық саябағы Эстонияның солтүстік-шығысында 44135,3 жерді алып жатыр. 23855 га (54%) батпақ, (18759 га) 42% орман. Ішкі су объектілерінің ауданы 884,1 га. Алутагузе – таза табиғаты бар Эстониядағы ең орманды аймақтардың бірі. Бұл аймақ әрқашан халықтың аздығымен сипатталды: мұндағы халықтың тығыздығы 3 адам/км².
Алутагузе аймағы тарихи жағынан Эстониядағы қылқан жапырақты ормандар мен батпақтардың ең үлкен аймағы болып табылады. Ұлттық саябаққа Эстониядағы ең ұзын құмды жағажай және Чуд көлінің солтүстік жағасындағы бірегей Смольница құмдары, Эстониядағы ең күшті ағысы бар Нарва өзені, Струуга табиғи саябағындағы өзендер мен шалғындар, Куртнадағы орман ландшафттары, Агусалудағы континенттік төбелер кіреді.
Жазықтарда алқаптары, жоталар, құм төбелері бар. Мұнда Эстониядағы ең биік құм жоталары (42 метр) және Ида Вирумааның ең биік табиғи нүктесі (теңіз деңгейінен 94 метр) Тариве төбесі орналасқан.Куртна және Йыуга көлдері құм мен қиыршық тастардың астына көмілген мұз дәуірінің үлкен мұз қабаттарының орнында пайда болған. Мұздар ерігеннен кейін олардың орнында терең ойпаңдар пайда болды.
Жергілікті батпақтарда бүркіттер, ақ кекілік, бөрте балшықшы және жергілікті ормандарда – ұшатын тиін, қара ләйлек және басқа да көптеген қорғалатын түрлер кездеседі.
Мурака және Агусалу сулы-батпақты жерлері халықаралық маңызы бар сулы-батпақты жерлер тізіміне, яғни Рамсар тізіміне енгізілген.Алутагуз ұлттық паркі Natura 2000 қорғалатын табиғи аумақтар желісінің бөлігі болып табылады.
## Туристік қызметі
Алутагузе ұлттық саябағында көптеген демалыс орындары мен туристік турлар бар.
Котка жаяу жүру соқпағы - ойпатты және өтпелі батпақтарды таныстырады. Бұл жол арқылы батпақты жерлерді және батпақты көлдерді көруге болады. Соқпақ ортасында орман лашығын, ал батпақтың шетінде шалаш бар. Соқпақ Ийсаку ауылынан басталып, Аллику ауылындағы Рюйтли батпағында аяқталады. Соқпақтың жалпы ұзындығы 8 км.
Поруни жаяу жүру соқпағы - орманды алқап пен Нарва өзеніне құятын Поруни өзенінің жағасынан өтеді. Соқпақ, ішінара орман жолымен, бірақ негізінен тақтайша бойында, табиғаттың әртүрлілігімен, жол бойындағы өсімдіктермен, құстар мен жануарлардың түрлерімен таныстырады. Ол жерде және кері жаяу жүру жолының жалпы ұзындығы 10 км.
Куртна жаяу жүру соқпағы - соқпақ Куртна ландшафты қорығы арқылы өтеді және әртүрлі өсімдіктер қауымдастығын, ландшафт нысандарын және көлдердің түрлерін таныстырады. Жаяу жүру жолының жалпы ұзындығы 4,5–5,5 км.
Луйте жаяу жүру соқпағы - каукси табиғат орталығында басталып, Каукси өзенінің көне арнасының бойымен жылжып, оны бойлай серуендеп, әртүрлі табиғатты таныстырады. Ұзындығы 4,4 км.
Агусалу велосипед жолы - Ида-Вирумаадағы Алутагузе ұлттық саябағының бойымен өтетін соқпақ. Жолдың жалпы ұзындығы 38 шақырымды құрайды. Велосипед жолы Иисаку табиғат орталығында басталып, аяқталады.
Яруска ағаш көпірі - 2013 жылы салынған Эстониядағы бірінші жабық көпір. Көпір құрылысына АҚШ, Англия, Франция және Эстониядан ағаш ұсталық тәжірибесі бар еріктілер атсалысқан.
Ийсаку бақылау мұнарасы - биіктігі 28 м бар. Теңіз деңгейінен 122 м биіктікте орналасқандықтан.
Ийсаку мұражайы - мұражай экспозициясында XIII ғасырдың аяғында XIV-ші ғасырдың басында Йыугада жерленген вод әйелінің қабірінен табылған тоқылған қолғаптың бір бөлігін көруге болады, бұл Еуропада табылған ең көне тоқыма бұйымдары болып табылады.
## Дереккөздер |
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің 8-сайланым депутаттары 2023 жылғы парламент сайлауында сайланған еді, Мәжіліске 98 депутат енді. Бұл сайлауда ресми тіркелген жеті саяси партияның алтауы Мәжілісте өкілдік алды: Аманат, Ауыл ХДПП, Respublica, Ақ жол ДП, ҚХП және ЖСДП.
## Депутаттар тізімі
## Дереккөздер |
Вильсанди ұлттық саябағы (эст. Vilsandi rahvuspark) — Эстониядағы ұлттық парк, Сааремаа округінде орналасқан. Оған Вилсанди аралының бір бөлігі, Сааремаа аралының батысындағы бірқатар шағын аралдар, сондай-ақ Сааремаа аралының Харилайд түбегі кіреді.
## Тарихы
Қазіргі қорықтың бөлігі болып табылатын Вайка аралдарында табиғатты қорғау 75 жылдан бұрын ұйымдастырылған. 1908 жылы Вилсанди маягының жұмысшысы Артур Тоом сол жерде ұя салатын теңіз құстарын күзету үшін 6 аралды жалға алады. 1909 жылдың күзінде Рига натуралистер қоғамы профессор К.Р.Купфер мен мұражай сақтаушысы Ф.Э.Штоллдың бастамасымен Сааремаа аралының батыс бөлігінде биологиялық станция құрды. Рига натуралистер қоғамы қабылдаған алғашқы маңызды істердің бірі - Вайка аралдарын жалға алуы және оларды 1910 жылы 14 тамызда құстар қорығы деп жариялауы болды. Бұл күн Эстонияда ұйымдастырылған табиғатты қорғау іс-шараларының басталуы болып саналады.
1910 жылы Вайка аралдарында және Кихелкона маңында 124 құс сақиналанған. Бұл Ресейде құстарды сақиналаудың алғашқы тәжірибесі болды. 1912 жылдың жазында Вайка аралдарын жалға алу мерзімі тағы он жылға ұзартылды, бірақ Рига табиғат зерттеушілер қоғамы құрған биологиялық станция бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ғана жұмыс істеді. 1917 жылдың күзінде неміс оккупациясы басталып, ол бір жылға созылды. 1918 жылдың көктемінде Вайка аралдары қатты қирады.
Аралдардағы құстар әлемін қорғаудың жаңа кезеңі 1921 жылы Куусныммеде (Кихельконна ауылының маңында) Тарту университетінің биологиялық станциясы құрылған кезде басталады. 1923 жылы 26 қазанда университет кеңесінің шешімімен Вайка қорығы қалпына келтірілді, ал 1924 жылы 1 мамырда қорық биологиялық станцияның қарауына берілді. 1935 жылға дейін Вайка аралдарында құстарды негізінен Тарту университетінің оқытушылары мен студенттері зерттеді. 1935 жылы желтоқсанда Эстонияның табиғатты қорғау туралы бірінші заңы жарияланғаннан кейін Мемлекеттік табиғатты қорғау кеңесі Вайка аралдарында құстарды қорғаумен белсенді түрде айналыса бастады. Эстония үкіметінің 1937 жылғы 20 қазандағы шешімімен Сааремаа аралының жағалауында орналасқан Жоғарғы, Орта және Төменгі Вайка, Куллипанк, Мустапанк және Карираху теңіз аралдары, сондай-ақ оңтүстік-батыс бөлігі Вильсанди аралының жалпы ауданы 14,56 га жер қорғалатын табиғи аумақтар тізіміне енгізілген.
Соғыс кезінде Вайка аралдарының орнитофаунасы толығымен дерлік жойылды. 1957 жылы 11 шілдеде теңіз құстары мен теңіз аралдарының өсімдіктерін қорғау үшін жалпы ауданы 35 гектарды құрайтын Вайка қорығы құрылды.
1971 жылы 21 қыркүйекте Эстония КСР Министрлер кеңесінің № 457 қаулысымен Вайка табиғи қорығы 10 689 гектарға дейін ұлғайтылып, Вилсанд ұлттық табиғи қорығы деп аталды.
1993 жылы 8 желтоқсанда Эстония Республикасы Үкіметінің қаулысымен Вильсанди ұлттық табиғи қорығы мен Харилаид ботаникалық-зоологиялық қорығының негізінде Вилсанди ұлттық паркі құрылды.
1996 жылы 22 мамырда Эстония Республикасы Үкіметінің қаулысымен Вилсанди ұлттық саябағын қорғау және шекаралас ережелері бекітілді. Ұлттық парк (ауданы 23 757 га) Харилайдодан Соегининанға, Вилсанди аралына, Лооналайға дейінгі жартасқа бай жағалау аймағын және 160 шағын аралдарды қамтиды.
1997 жылы Вилсанди ұлттық саябағы халықаралық маңызы бар сулы-батпақты жерлер немесе Рамсар тізіміне енді. 1990 жылдан бастап ұлттық саябақ ЮНЕСКО қамқорлығымен құрылған Батыс Эстония аралдарының биосфералық резерватының құрамына кіреді.
## Сипаттама
Табиғатты қорғау аймағының аумағы 23882,1 гектарды құрайды, жақын арада ол ұлғайтылады. Қазіргі уақытта саябаққа келесі аумақтар кіреді: Вилсанди аралы, тағы 160 басқа аралдар, шамамен батыс бөлігі. Сааремаа және Хариланд түбегі. Вилсанди ұлттық паркінің орналасқан жері - Саар уезіндегі Кихеконна ауданы. Қорық жағалық ландшафттың табиғатын қорғау, оны зерттеу мақсатында және Батыс Эстония архипелагының мәдени мұрасын сақтау мақсаты көзделеді.
Вильсанди аралы шағын - ұзындығы 6 км және ені 3 км, аралдың жағалау сызығы толығымен шығанақтармен, қайнаулармен және мүйістермен тілімденген.
Вилсанди ұлттық саябағы құстар қорығы ретінде танымал. Қорық аумағында құстардың 247 түрі бар, оның 114-і көктемде ұя салады. Қорықтың суларында, негізінен Иннараху аралында, сұр итбалықтардың көп саны өмір сүреді.
Вильсанди ұлттық саябағында өсімдіктердің 600-ге жуық түрі өседі, соның ішінде сирек кездесетін түрлері бар.
Қорықтың халықаралық маңызы бар және ең алдымен мұнда тоқтайтын, ұя салатын және қоректенетін құстардың алуан түрінің құндылығын білдіреді. 250 түрдің ішінде ерекше құнды, мысалы, қарапайым гаганың колониялары бар. Аққу, кайра, үйректер, айдарлы қырқылдақ, сарыалқым аражегіш, үлкен және ұзын құйрықты бейнарықтар мен құмдауықтар кең таралған. Вилсанди ұлттық саябағында ұя салатын құстардың 99 түрі бар. Сонымен қатар, көптеген құстардың көші-қон жолдары Вилсанди арқылы өтетіні туралы ақпарат бар (ақ және қара қаздар, аққулар және басқалар).
## Көрнекті орындары
Вилсанди аралының басты көрікті жері - 1809 жылы салынған шамшырақ. Ол әлі күнге дейін кемелерді өткізуге арналған нұсқаулық ретінде қызмет етеді. Сондай-ақ, Толли туристік фермасы мен маяк арасындағы аймақта айналадағы аралдардың көрінісін ұсынатын бақылау мұнарасы бар.
Вилсандиге жақын жерде үш шағын «құс» аралдары бар: Төменгі, Орта және Жоғарғы Вайка. Сәл ары қарай - Мустпанк, Карираху және Куллипанк аралдары. Бұл жерде Весилоо аралы да бар, оған теңіз суы қайтуы кезінде жаяу жетуге болады.
## Дереккөздер |
Қарақат Жақсылыққызы Әбден (кейде Абден, 7 мамыр 1974 жыл, Қорғалжын ауданы, Ақмола облысы) — қазақстандық саясаткер, экономист және жазушы, 2023 жылдан бері Қазақстан Мәжілісі VIII шақырылымының депутаты, 2016 жылдан 2021 жылға дейін Астана қалалық мәслихатының мүшесі болған. Әбден көпшілікке «Сен қазақтың қызысың. Мақтан ет!» деген даулы кітаптың авторы ретінде белгілі.
2022 жылғы президенттік сайлауда «Ұлттық кәсіби әлеуметтік қызметкерлер альянсы» атынан кандидат ретінде ұсынылды, тек 2,6% дауыс жинап, 3-орын алды. Келесі жылғы парламент сайлауында Мәжіліске Ауыл ХДПП өтіп, 8 мандатқа ие болды. Сол 8 мандаттың бірі Қарақат Абденге берілді.
## Өмірбаяны
1974 жылғы 7 мамырда Целиноград облысының Қорғалжын ауданындағы XXII партсъез атындағы ауылда дүниеге келген. Әкесі — Жақсылық Ыбырайұлы Әбден, Қарғалы ауылының тумасы, құрылысшы болған, қазір зейнетте. Анасы — Рысбала Молдашқызы Әбден, Жамбыл облысының тумасы, мұғалім болған, қазір зейнетке шыққан.
1991 жылы Жезқазған облысының Жәйрем ауылының №10 орта мектебін алтын белгімен бітірген. Мектеп бітірген соң Алматы халық шаруашылығы институтының «маркетинг және коммерция» мамандығына оқуға түскен. Экономика ғылымдарының кандидаты. Кандидаттықты «Жергілікті бюджеттерді өндірістік емес төлемдермен толтыруды қалыптастыру» тақырыбында қорғаған.
Негізгі еңбек жолы Қаржы министрлігімен байланысты. 10 жылдан астам Қазақстан Салық Комитетінің Орталық аппаратында қызметте болған. 2006 жылы Президент жанындағы мемлекеттік қызмет Академиясына — Мемлекеттік саясаттың Ұлттық мектебіне жұмысқа шақырылды. Әрі қарай «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында жұмыс істеген. «Құрмет» орденімен марапатталған.
2016 жылы Астана мәслихаты VI шақырылымының депутаты болып сайланды. Астана қаласы мәслихатының депутаттығы кезінде қаланың әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі болған. Депутаттығын Әбден 2020 жылғы 24 желтоқсанда аяқтады.
### 2022 президенттік сайлау
2022 жылғы 1 қыркүйекте берген Халыққа Жолдауында президент Тоқаев сол жылғы күзде кезектен тыс президент сайлауының жүретінін жариялады. 21 қыркүйекте сайлаудың 20 қарашада өтетіні бекітілді.
7 қазанда «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» атты ұйым Қарақат Абденді үміткер ретінде ұсынды.
Қарақат Әбден «мемлекеттің басты байлығы» адамның өзі деген ұстаныммен қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін көтеру және отбасыларға лайықты өмір жасау үшін үгіт жүргізді. Оның жарияланған сайлауалды манифесі өзін «әлеуметтік бағытта», әсіресе отбасыларға, балаларға, жастарға және қарттарға қатысты сипаттады: отбасы институтын нығайтуға, бос уақытты тегін өткізуді кеңейтуге және білім беру нысандарын салуға шақырды. Әбден манифестінде мәдениет пен тәрбие, білім мен ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау «кез келген қоғамның табысты дамуының негізі және кепілі» деп тұжырымдады.
Әбден өзінің алғашқы үгіт сапарында 22 қазанда Астана маңындағы Қосшы және Қоянды жерлерін аралап, сайлаушылармен мәселелерді талқылап, манифестін ұсынды. 1 қарашада Әбден Қазақстанда Хэллоуинді өткізуге тыйым салуды ұсынды, оған ол 2022 жылы Сеулдегі Хэллоуин мерекесінің аталуы кезінде орын алған қыспақты еске алды.
### 2023 парламент сайлауы
2023 жылғы парламент сайлауынан бұрын Абден мен алдыңғы сайлаудың басқа үміткері Жигули Дайрабаев екеуі Ауыл ХДПП мүшелері болып тіркелді. 2023 жылғы парламент сайлауында Ауыл ХДПП 8 мандатқа ие болды, сол мандаттың бірі Қарақат Абденге берілді.
### Мәжілістегі депутаттығы
Мәжілістегі депутаттығын Әбден 2023 жылғы 29 наурызда бастады. Оның Ауыл ХДПП партиялық тізімі бойынша сайланғаны белгілі.
## Сын
### "Сен қазақтың қызысың. Мақтан ет!"
2019 жылғы 5 желтоқсанда Әбден «Сен қазақтың қызысың. Мақтан ет!» атты кітабының тұсаукесерін өткізді, онда ол қазіргі қазақ әйелінің қазақстандық қоғамдағы рөлі туралы баяндайды да, феминизмді сынай отырып, «салт-дәстүрді сақтау қажеттілігін» талқылайды. Шектеулі түрде шығарылғаннан кейін олардың көпшілігі ауылдық мектептер мен балалар үйлерінің кітапханаларына сыйға тартылған басылым қоғамда дау тудырды және кейбір ұлтшылдық пен сексистік құндылықтарды насихаттайды деп сынға алды. Басқалары Әбденнің Қазақ қызы қоғамдық бірлестігіне мемлекет тарапынан бөлінген қаржыны пайдалануына күмән келтіріп, оны 17.5 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген кітабын шығаруды қаржыландыру үшін салық төлеушілердің ақшасын пайдаланды деп айыптады. Кең сынға жауап ретінде Әбден көптеген нәрселер контекстен тыс алынып тасталды деп мәлімдеді және ол шын мәнінде феминизмді қолдайтынын айтты.
### Салық салу ұсынысы
2022 жылғы президент сайлауындағы үміткер ретінде Абден 11 қарашада шетелдіктерге үйленген қазақстандық әйелдерге ірі салық салуды ұсынды. 5 сәуір күні өзінің осы даулы ұсынысын ол депутат ретінде Мәжілісте айтып кетті. Нәтижесінде құқыққорғаушы Дина Таңсәрі осы сөзді этникалық кемсітушілік деп атады да, Абден депутаттығының тоқатылуын қалап, петиция бастады. Ауыл ХДПП фракциясының басшысы Анас Баққожаев сол петиция және Абденнің көзқарасы жайлы айтқаны:
Баққожаев тағы Абден ұсынысының қалған депутаттары қолдамайтынын айтып кетті.
## Дереккөздер |
Солтүстік Сарыбұлақ – Шұнақ тауларының оңтүстік-батысындағы тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Шет ауданы Жамбыл кентінің оңтүстік-шығысында 73 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 651 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 10 км-ге созылған, енді жері 5 км. Беткейі көлбеу тізбектелген шоқылардан тұрады. Таудың түпкі жыныстары түгелдей дерлік жалаңаштанған. Оңтүстігінде Оңтүстік Сарыбұлақ тауы бар.
## Өсімдігі
Таудың қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында селеу, жусан, кермек, көкпек, бетеге, т.б. өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Ілесу қорығы (әз. İlisu dövlət təbiət qoruğu) — Әзірбайжанның Гах облысындағы қорық, Үлкен Кавказдың оңтүстік беткейінде Закатала мен Исмайыллы қорықтарының арасында орналасқан.
## Тарихы
Ілесу қорығы Әзірбайжан КСР Гах облысы аумағында 1987 жылы 20 ақпанда табиғатта болып жатқан процестер мен құбылыстардың динамикасын бақылау мақсатында құрылған. Қорықтың бастапқы ауданы 9345 гектар жерді құрады. 2003 жылы 31 наурызда Ілесу мемлекеттік табиғи қорығының аумағы 17381-ге дейін ұлғайтылды.
Қорық Үлкен Кавказдың оңтүстік беткейлерінің табиғи кешенін қорғау, флора мен фаунаның сирек және жойылып бара жатқан түрлерін сақтау және көбейту, ормандардың бұрынғы түрлерін қалпына келтіру және сел ағындарының қаупін азайту үшін эрозия ошақтарын анықтау мақсатында құрылған.
## Флора мен фауна
Қорықта 500-ге жуық өсімдік түрі бар, оның 60-қа жуығы эндемикалық. Мұнда бұғы, елік, тау текелері, қабан, тиін және басқа жануарлар кездеседі.
## Тағыда қараңыз
* Әзірбайжан флорасы
* Әзірбайжан фаунасы
* Әзірбайжандағы қорықтар тізімі
## Дереккөздер |
Кери шамшырағы (Кокшерс шамшырағы. эст. Keri tuletorn) — Эстониядағы ең ерекше және танымал маяктардың бірі. Фин шығанағында Кери аралында орналасқан.
## Сипаттама
Ғимарат екі бөліктен тұрады. Жоғарғы жартысы болат мұнара, төменгі жартысы тастан жасалған қуатты цилиндрлік ғимарат. Маяктың толық биіктігі - 28 метр, жарық теңіз деңгейінен 31 м биіктікте орналасқан. Екі секундтық жарықтан кейін 15 секундтық үзіліс болады. Маяк 11 мильден көрінеді.
Жоғарыдан аздап тарылған конустық магистральдық пирамида, оның үстіне диаметрі кішірек металл мұнара орнатылған. Онда қызмет көрсету бөлмесі және оның үстінде күмбезбен жабылған бөлме бар. Төменгі тас бөлігі жоғарғы жағынан кірпіш аркамен жалғанған екі цилиндрден тұрады. Цилиндрлер арасындағы бұрандалы баспалдақ орнатылған, баспалдақ қызмет көрсету бөлмесіне апарады.
Аралдағы электр қуаты қуатты генераторлар мен батарея арқылы қамтамасыз етіледі. 2007 жылы маяк мұнарасына веб-камера, 2009 жылы маякта метеостанция орнатылды.Кери маягы жыл бойы жұмыс істейді. Бұл күндері маякта күн батареялары орнатылған, олардың жұмысы компьютер арқылы бағдарламаланған.
2014 жылы Кери маягы апаттық жағдайда деп танылды.
## Тарихы
Уақытша маяк салу 1723 жылы 12 шілдеде басталып, 22 тамызда аяқталды. Биіктігі 106 фут (шамамен 30 метр) маяк мұнарасын инженер майор Колонг ағаштан салған. Бір жылға жуық мұнара қараусыз және пайдаланылмай тұрды. Маякта алғаш рет 1724 жылы 12 тамызда от жағылды.
Орыс-швед соғысы кезінде (1741-1743) маяктан жабдықтар бөлшектеліп, қызмет көрсетушілермен бірге материкке жеткізіліп, мұнараның өзі бөлшектелді. 1743 жылы Кери маяк жұмысын қайта бастады, бірақ 1799 жылға дейін теңіз дауылдарымен жойылды. Осыдан кейін ғана тас маяктың құрылысы басталды. Бірақ, аралға тас жеткізу қиын болды. Мұнараның биіктігі 16 метр болатын төменгі бөлігі ғана салынып, содан кейін құрылыс тоқтады. Аралдағы маяк әлі де қажет болғандықтан құрылысты ағашпен аяқтау керек деп шешілді. Осылайша, 1802-1803 жылдары сәулетші Чарльз Камерон жобалаған 80 футтық (шамамен 24 м) сегіз қырлы ағаш пирамида тас негізге тұрғызылды. Маяк 1803 жылы 1 қарашада пайдалануға берілді.
1854 жылы Қырым соғысы кезінде маяктың жабдықтары мен қызметкерлері қайтадан материкке эвакуацияланып, ағаш қондырмасы бөлшектелді. XX ғасырдың басында маяктың тас бөлігінде қиындықтар туындап, 1922 жылы кірпіште пайда болған жарықшақ цементпен жабылды. 1922 жылы мұнараға бекітілген ғимарат күрделі жөндеуден өтті. Келесі жөндеу жұмыстарын 1937 жылы Армас Луйге бригадасы жүргізді. Мұнарада биіктігі бір метр және қалыңдығы 15 см болатын 4 бетон сақина жасалды, сондай-ақ, тас бөліктің жоғарғы жағында қоршаулары бар балкон салынды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде маяктың шырағы мен маяк қалашығының көп бөлігі зақымдалды. Бұл 1949 жылы жүргізілген маяктың өз тарихындағы ең ауқымды күрделі жөндеуіне әкелді. Шамның қуаты американдық Kohler компаниясының электр генераторларымен алсастырылды. Содан кейін, 1980 жылдары фонарь IEU-1 изотопты батареяларынан жұмыс істей бастады. 1991-1992 жылдары олар бөлшектелді.1995 жылдан бастап шамшырақ жел генераторы мен күн батареяларынан жұмысын жалғастырды. 2007 жылы Кери маяк Сабик шығарған 4 ватт қуаты бар LED-350 жарық диодты жарықтандыруды алды.
1986 жылы мұнараны нығайту бойынша жүйелі жұмыстар басталды. Бес жылда үш жоғарғы арматуралық сақиналар бөлшектелді. 1991 жылы КСРО-ның ыдырауымен, жұмыс аяқталмағандықтан, мұнара қабырғасының қатты зақымдануына әкелді.
2020 жылы қалпына келтіру жұмыстары басталды.
## Галарея
## Дереккөздер |
Сотк алтын кен орны (арм. Սոթքի ոսկու հանքավայր Սոթքի ոսկու հանքավայր, рим. Sot'k'i vosku hank'avayr), Әзірбайжанда Зод алтын кен орны ретінде белгілі (әз. Zod qızıl yatağı) және таза алтын қоры. Ол Арменияның Гегаркуник провинциясының Варденис ауданындағы Сотк ауылына жақын жерде және Әзірбайжанның Калбажар ауданының іргелес бөлігінде орналасқан. Армения шенеуніктерінің айтуынша, алтын кеніші екі ел арасында шамамен екіге бөлінген, ал Әзірбайжан шенеуніктерінің айтуынша, кеніштің 74 пайызы Әзірбайжан аумағында орналасқан.
## Тарихы
### Құрылуы және жұмыс істеуі
Кеніш 1951 жылы ашылған және 1976 жылдан бері жұмыс істейді[5] 1993 жылы Бірінші Таулы Қарабақ соғысы кезінде Әзірбайжанның Калбаджар ауданы (шахтаның Әзірбайжандық бөлігін қоса алғанда) Арменияның толық бақылауына өтіп, сол күйінде қалды. 2020 жылдың қарашасына дейін (де-юре Әзірбайжанның бір бөлігі болуды жалғастыруда). 2007 жылы Армения біржақты тәртіппен ресейлік GeoProMining компаниясына кен орнын пайдалану құқығын берді. 2009 жылы 320 500 тонна, 2010 жылы 490 000 тонна, 2011 жылы 880 000 тонна алтын кені өндірілді. Кеніште 350-ден 400-ге дейін жұмысшы еңбек етті. Кен Арарат алтын өндіру зауытында өңделіп, теміржол арқылы тасымалданады. Кеніштегі таза алтын қоры 120 тоннадан астам деп бағаланады. Кендегі асыл металдың минималды пайдалылығы тоннасына 0,8 г құрайды.
## Дереккөздер |
Кыпу шамшырағы (Дагерорт маягы. эст. Kõpu tuletorn) — Эстониядағы Хийумаа аралындағы маяк. Балтық жағалауындағы ең көне және әлемдегі ең ескі маяктардың бірі.
## Сипаттама
Кыпу маягы тіректері бар төрт қырлы тас мұнара, жерден биіктігі - 36 м, теңіз деңгейінен биіктігі - 102 м, көріну қашықтығы - 26 теңіз милі.
Маяктың төменгі массивті бөлігі толығымен жергілікті тастан тұрғызылған, сыртынан әктас ерітіндісімен жабылған. Оның төменгі бөлігіндегі қабырғаларының қалыңдығы 3 метрдей. Мұнараның салмағы 12 мың тоннадан асады.Бұрын құрылым қатты болғандықтан жұмысшылар сыртқы баспалдақтармен көтерілген. Қазір, ең кіреберістің бастап XIX ғасырдың басында кесілген, күрт көтерілетін тас баспалдақпен көтеріледі. Оның бойында көтерілуді қауіпсіз етуге көмектесетін тұтқасы бар. Содан кейін баспалдақ бұрандалы пішінді, сирек орналасқан кішкентай терезелерден ішке көше жарығы түседі.
Баспалдақтар бақылау алаңына апарады, ал жоғарғы бөлмелердің бірінде маяктың тарихы мен қазіргі әлемдегі рөлі туралы әңгімелейтін шағын көрме бар.Бақылау алаңынан айналадағы ормандар мен Балтық теңізінің көрінісін тамашалауға болады.
Бүгінде Кыпу маягының жарығын 48 шақырым қашықтықтан көруге болады. Қазір ол өз мақсаты бойынша өте сирек пайдаланылады және мұражай сияқты Эстонияның қорғалатын мәдени ескерткіші ретінде қызмет етеді.
## Тарихы
Маяктың құрылысы 1504 жылдың көктемінде басталып, күзде оба індетінің кесірінен тоқтап қалды. 1513-1514 жылдары қайта басталып, 44 жыл үзіліспен жалғасты.Ливон соғысының басында (1558 ж.) құрылыс және әрлеу жұмыстары дерлік аяқталды.
Губернатор 1649 жылы 13 маусымда көпес Эберхард (Эверт) Деллингхаузенмен Кыпуда тиісті жұмыстарды жүргізу және маякты күтіп ұстау туралы келісімге қол қойды.Шын мәнінде, Деллингхаузен Кыпу маягының бірінші бақылаушысы болды. Ол маяктың биіктігін бір жарым есеге дерлік арттырды - 35,63 метрге дейін. Мұнараның тіректері және екі жаңа қабаты болды. Жұмыс 1649 жылы 3 қазанда аяқталды.
1651 жылы Деллингхаузен қайтыс болғаннан кейін маяк жаңа бақылаушысы Тимен Корнелису Турлау болды. 1659 жылы 30 маусымда бүкіл арал граф Аксель Юлий Делагардиеге сатылды. Бес жыл бойы (1659-1664) маякты Кордт Ланг басқарды. 1741 жылы 24 шілдеде Швеция Ресейге соғыс жариялап, маяктың жұмысын тоқтатуға бұйрық берді. Ол екі жылдан кейін, 1743 жылы қайта жалғасты.
1805 жылы маяк мемлекетке өтіп, қайта қалпына келтірілді. Жұмыс 1806 жылы басталып, 1810 жылы жаңа жарықтандыру жабдықтарын орнатумен аяқталды. Маяк жылына 10 ай жұмыс істеді - 1 шілдеден 1 мамырға дейін. 1845 жылы маяк жөндеуден өтіп жарық-оптикалық аппараттың үстіне әйнекпен шам тұрғызылды, ал 1860 жылы 1 мамырда маяк өзінің бірінші ретті айналмалы Френель линзасын алды. Маякқа жеті адамнан тұратын бригада қызмет көрсетті.
1900 жылы Парижде өткен дүниежүзілік көрмеде француздық жарық-оптикалық жүйесі сатып алынып, ол екі жылдан кейін Кыпу маягына орнатылды. 1920 жылы маякқа шведтік AGA компаниясының ацетилен шамы орнатылды, ал 1933 жылы қабырғалар қалпына келтірілді. 1940 жылы маяк электрлендірілді.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде маяк қатты зақымданды, бірақ аман қалды. 1941 жылдың күзінде ұзақ уақыт неміс әскерінің қол астында болды. Маяк ол кезде жұмыс күніне бірнеше сағат қана жұмыс істеді.
1946 жылы жарықтандырудың зақымданған жабдықтарын жаңа жарқырағышқа ауыстыру арқылы маяк күрделі жөндеуден өтті. 1963 жылы маяк ЭМВ-3 айналмалы шамын алды, ал 1982 жылы ЭМВ-930М жарықтандыру жүйесі орнатылды, бұл жүйе маякта күні бүгінге дейін жұмыс істейді.
2020 жылдың қаңтар айының соңында маякта жарық жабдықтары жаңартылды. Айналмалы фонарь ішіне жарықтығы 2 100 000 кандела болатын жарық диодты шам қойылды.Бұл Кыпу маягын әлемдегі ең жарқын жарық диодты шамшыраққа айналдырды. Резервтік шам да жарық диодты болды.Шамшырақты соңғы үлкен қалпына келтіру жұмыстары 1988-1990 жылдары жүргізілді.
## Галарея
## Дереккөздер |
Тарту өнер мұражайы (эст. Tartu Kunstimuuseum) — Эстонияның Тарту қаласындағы мемлекеттік өнер мұражайы. Мекеме Оңтүстік Эстониядағы ең үлкен өнер мұражайы болып табылады. Негізгі жинақта Эстония өнері мен Эстониямен байланысты шетелдік авторлардың XVIII ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі коллекциялары ұсынылған.
## Тарихы
1918 жылы «Паллас» өнер қауымдастығы «Паллас» жоғары өнер мектебін құрды, ол кейінірек жергілікті көркемдік білім беруде маңызды рөл атқарды. «Паллас» қауымдастығының құрылғанына 20 жыл өткен соң, олар мұражай құру туралы шешім қабылдады және 1940 жылы 17 қарашада Тарту муниципалитеті Сууртург 3 мекен-жайында орналасқан өнер мұражайын құру туралы қаулыға қол қойды (қазір – Раекоя алаңы. 3). 1941 жылдың жазында Мемлекеттік этнографиялық мұражай (қазіргі Эстония ұлттық мұражайы) мұражайға 20 ғасыр өнерінің коллекциясын сыйға тартты.
Соғыс кезінде мұражай бірнеше рет көшті. Ең қиын жағдай 1943 жылы, сол кездегі коллекция орналасқан Лай көшесі, 17 мекенжайындағы кірпіш ғимарат бомбалау кезінде құлаған кезде пайда болды. Дегенмен, коллекцияның көпшілігі сақталды. 1946 жылы бірқатар қоныс аударудан кейін мұражай Валликраави 14 мекенжайындағы ғимараттың екі қабатында орналасты. Ғимаратта бастапқыда сақтау және көрме орындары болды, бірақ 1999 жылы өсіп келе жатқан өнер топтамасын жақсырақ сақтау үшін ғимаратты келушілер үшін жабу туралы шешім қабылданды. Бүгінде ғимаратта қоймалар, әкімшілік, қызметкерлер кеңселері, қалпына келтіру шеберханалары, кітапхана және мұрағат бар.
1988 жылдан бастап Тарту өнер мұражайының көрмелері Қисайған деп аталатын ғимаратта өтуде. 1793 жылы салынған ғимарат бірнеше жылдар бойы оның іргетасында қолданылатын әртүрлі материалдардың арқасында бір жаққа еңкейе бастауына байланысты өз атауын алған. Алайда, поляк мамандары қалпына келтіргеннен кейін ғимарат "құлауды" тоқтатты. Ғимарат үш қабаттан тұрады, онда уақытша көрмелер, оқу бөлмелері және мамандырылған кітап дүкені бар.
## Мұражай экспозициясы
Мұражайда кескіндеме, графика, мүсін және фотосуретті қоса алғанда, эстон және шетелдік өнер топтамалары ұсынылған. Қазіргі уақытта қорларда шамамен 23000 экспонат бар.
Мұражайдың ең қызықты экспозицияларының бірі - XX ғасырдағы ең танымал эстон суретшілерінің бірі болған суретші Константин Петерсонның шығармалар жинағы. Оның шығармалары ашық түстермен және әдеттен тыс композициялармен ерекшеленеді.
Сондай-ақ мұражайда Эдуард Вийман, Адо Ваббе және Карл Эдуард Зайдель сияқты басқа да танымал суретшілердің жұмысын көруге болады. Сонымен қатар, мұражайда өнердің әртүрлі тақырыптары мен бағыттарына арналған уақытша көрмелер тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
## Галарея
## Дереккөздер |
Казари (эст. Kasari jõgi) — Эстонияның батысындағы Вяйнамери бөлігі болып табылатын Балтық теңізінің Мацалу шығанағына құятын өзен.
## Сипаттама
Өзеннің ұзындығы 113 км (Эстониядағы ұзындығы жөнінен алтыншы өзен), алабының ауданы 3210 км². Казари өзенінің сағасында атақты Мацалу қорығы орналасқан, онда суда жүзетін құстар мен басқа да теңіз құстарының едәуір саны шоғырланған.Су шығыны 23–28 м³/с.Ең ірі салалары – Элламаа және Уравере өзендері, оң жағында Луисте, Киисаоя, Ливон және Раннамыйза өзендері, сол жағында Варди өзені, Коннавески өзені, Пюхайыги, Вигала, Аллика, Ванамыйза, Пенийыги және Тууди өзендері. Үлкен солтүстік сағасы Руд өзені деп те аталады. Касари өзені тұқы балықтарының тіршілік ету ортасы ретінде қорғалатын су айдыны болып табылады.
Өз жолында өзен Харьюмаа, Рапламаа и Ляэнемаа уездері арқылы өтеді. Ландшафт тұрғысынан өзен Харжу Лаваланде және Батыс Эстония ойпатында орналасқан. Казари өзені Батыс Эстония өзенінің бассейніне жатады (Матсалу шығанағының кіші бассейні) және ұзындығы бойынша да, су шығыны бойынша да бассейндегі ең үлкен өзен. Мұз дәуіріне байланысты жердің тегістелуі де өзеннің аздап тереңдеуіне әкелді, ол өзеннің бүкіл ұзындығы бойынша шамамен 65 метрді немесе километріне 0,58 метрді құрайды.
Өзеннің төменгі ағысында 1924 жылы салынған, 2006 жылы автоматтандырылған және өзен сағасынан 17,5 км қашықтықта орналасқан гидрометриялық станция орналасқан.
## Ескі көпір
Бұл Лихула маңындағы Ляэнес уезіндегі Казари өзенінің үстіндегі ескі темірбетон көпір. Оның ұзындығы 307 метр және ол 1904 жылы француз-швейцариялық Monicourt & Egger фирмасының жобасы бойынша салынған. Құрылыс кезінде бұл Еуропа мен Ресей империясындағы ең ұзын темірбетон көпірі болды деп айтылады. Ескі көпірге қазір туристер ғана барады. Кейінірек жақын жерде Таллиннен Сааремаа аралына дейінгі автомобиль жолы өтетін жаңа көпір салынды.
## Галарея
## Дереккөздер |
Сладкое – Есіл алабындағы көл.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылының шығысында 7 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Көл теңіз деңгейінен 157 м биіктікте жатыр. Аумағы 10,7 км2, ұзындығы 5,9 км, енді жері 3,0 км, жағалау бойының ұзындығы 18,4 км. Батыс жағалауы түйетайлы, жарлауытты келген. Айдынының басым бөлігін қамыс басқан. Оңтүстігінде шағын шығанақтар мен мүйістер кездеседі. Шығыс жағалауы жазық, онда шағын көлдер мен батпақты жерлер кездеседі. Шарасында жыл бойы су болады. Көктемгі еріген қар, жауын-шашын суларымен толысады. Суы қараша айының ортасында қатып, сəуір айының 2-онкүндігінде ериді. Түбі тегіс, оған тұнба шөккен. Суында балық бар. Алабының басым бөлігі егістікке жыртылған.
## Дереккөздер |
Досжан Қожбанұлы (1832, Атырау облысы Исатай ауданы, Кетешағыл ауылы - 1909, Исатай ауданы, Хамит Ерғалиев ауылы) -төкпе ақын.
Кіші жүз Жетіру тайпасының Тама руынан шыққандықтан "Тама Досжан" атанған. Xамит Ерғалиевтің атасы. Арабша сауаты болғанымен өлең, толғауларын көне жыраулар дәстүрімен ауызша шығарып, кейін хатқа түсіріп отырған. Досжанның "Ей, жақсылар, жақсылар", "Даңғалға", "Мұқашқаұлы Жәмілжанның қазасын естіртуі" дейтін өлең, толғаулары бар. "Ал, ием, ақ сұңкар құс қолыңда" деп басталатын толғауы Қазан қаласындағы ун-ті кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақталған. Бірқатар өлең, толғаулары "ХІХ ғасырдың қазақ поэзиясы" (Алматы, 1985), жинағында, Ө.Әлімгереевтің "Мақаш әкім" (Ганюшкин, 1992) кітабында жарық көрген. Досжан өлең, толғауларында заман халі, өмір мәні, тіршілік сәні, өтпелі дәурен, кісілік қасиет туралы келелі ойлар айтады. Бейнелі де, әсерлі сөздерден, ақындық арынмен тебіріне толғайды.
## Дереккөздер |
Синяя – Қалба жотасының шығыс бөлігіндегі тау.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Палатцы ауылының солтүстік-батысында 3 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 1041 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 4 км-ге созылған, енді жері 2 км. Шығыс беткейі тіктеу, оңтүстік-батыс бөлігіне қарай еңістенеді. Өзен аңғарларымен тілімденген.
## Өсімдігі
Таудың альпілік шалғынды топырағында далаға тəн түрлі шөптесіндер, бұталар өседі. Атырабы шабындық жəне жайылым. Солтүстік-батысында Холодная Сопка тауы бар.
## Дереккөздер |
Кейла сарқырамасы (эст. Keila juga) — Эстониядағы сарқырама Харьюмаа уезінің, Кейла Йоа ауылындағы Кейла өзенінде орналасқан.
## Сипаттама
Кейла - Эстониядағы ең үлкен сарқырамалардың бірі, оның биіктігі 6,1 метрге дейін, ені 70 метрге дейін жетеді. Кейла сарқырамасы Кейла-Йоа деп аталады, Эстониядағы Нарва және Ягала сарқырамаларынан кейінгі үшінші үлкен сарқырама. Ол жасыл орманмен қоршалған. Қыста су қатып, бұлақтар әдеттен тыс мұз мүсініне айналады. Мұндағы ең күшті су ағыны көктемде, мұз тез еріген кезде еру кезеңінде байқалады. Кейла өзеніндегі су деңгейі жауын-шашын деңгейіне тікелей байланысты. Жазда, іс жүзінде жаңбыр болмаған кезде, оны жаяу оңай кесіп өтуге болады.
Сарқырамадан кейін саябақ аймағында 3 шақырымдық табиғи соқпақ басталады. Бірнеше аспалы көпірлер бар. Жол бойында сарқыраманың таңғажайып көрінісін қарайтын бақылау алаңдары бар.
## Тарихы
Бұл жердің тарихы 1828 жылы генерал-адъютант Александр Бенкендорфтың Кейла өзенінің сағасынан орман басқан сарқырама мен төбелерді кездейсоқ тауып алуынан басталды. Бұл жер ерекше көркем болды және Бенкендорф өзінің барлық 65 гектар жерін бұрынғы иесі барон Карл фон Уекскулдан сатып алды. Бенкендорфтың өзінің эскиздері бойынша бірінші сарай өзеннің оң жағалауында 1833 жылы 27 мамырда салынған.
Дәстүр бойынша, жас жұбайлар Кейла сарқырамасына келеді және неке байланыстарының сенімділігі мен беріктігінің символы ретінде аспалы көпірдің қоршауына құлыптар ілінеді.
## Төңірегі
Сарқырамадан алыс емес жерде Падизе монастырының қирандыларын көруге болады, аңыздар бойынша айтылған цистерциан-монахтарының өмір салтымен танысуға болады.Кейла сарқырамасына өте жақын жерде Кейла-Йоа саябағы бар. Жергілікті саябақ серуендеуге өте ыңғайлы орын. Мұнда жылдың және тәуліктің кез келген уақытында келуге болады.
Бұл жерде 1555 жылдан бері су диірмені болған. 1928 жылы ескі диірмен орнына су электр станциясы салынды. Ал 1999 жылы ол өз қызметін тоқтатты. Станцияның жұмысы тек 2006 жылдың мамыр айында толық қалпына келтірілгеннен кейін қайта жанданды.
## Галарея
## Дереккөздер |
Ақсуат – Талас Алатауының солтүстігіндегі тау.
## Географиялық орны
Түркістан облысы Төле би ауданында орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 4027 м. Таудан Ақсу өзені бастау алады. Оңтүстік-батысында Ақсу-Жабағылы қорығы бар. Тау беткейі күрделі тілімденген, тік жарқабақты.
## Өсімдігі
Топырағы таулы шалғынды-далалы, субальпілік және альпілік. Ең жоғарғы беткейінде мұздықтар қалыптасқан.
## Дереккөздер |
Тратау (башқ. Торатау — «бекініс тауы») — төрт шиханның бірі, Есілбай ауданында, Стерлитамақ қаласымен шекаралас жерде орналасқан. Рифтің қалған бөлігі, төменгі пермьдік (соңғы палеозой) риф массиві тропикалық теңізде 230 миллион жылдан астам бұрын пайда болған.
Тратау тауы - парапланшылар баратын жер. 1999 жылы 3 шілдеде Виктор Федоров Шиханнан бастап, 143 шақырымдық ашық қашықтықта парапланнан ресейлік бейресми рекорд орнатты.
## Этимологиясы
Жалпы нұсқа бойынша Тратау атауы башқұрттардың Торатауынан – «тора» – «бекініс, қалашық» деген сөзден шыққан.
Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Р.Г.Кузеевтің айтуынша, тау атауы бұлғар тілінен Құдай-тау немесе Тау-киелі жер ретінде мөлдір этимологиядан шыққан.
Балама нұсқа бойынша Тратау «Жоғарғы заң тауы» дегенді білдіреді.
## Физикалық-географиялық сипаттамалар
Биіктігі Ақелді өзенінің деңгейінен шамамен 275 метр, топырақ деңгейінен 280 метр, мұхит деңгейінен абсолютті биіктігі 406 метр.
Тратаудың батыс және оңтүстік-батыс беткейлерінің жоғарғы бөлігінде бірнеше шағын үңгірлер бар. Көлдің етегінде Тұғар-Салған жатыр. Тратау тауының етегінде Тратау массивінің галоген-сульфатты карстымен байланысты тұзды бұлақ белгілі.
Басқа шихандар сияқты, Палео-Орал мұхиты рифтерінің бір бөлігі Торатау (285–299 млн. жыл бұрын) көптеген бриозандар, маржандар, брахиоподтар, наутилоидтар, палеоаплезиндер, фораминиферлер және тубифиттері бар биогермальды әктастардан тұрады.
## Дереккөздер |
Афақ Башірқызы (әз. Afaq Başirqızı), туған кезіндегі есімі Афақ Башірқызы Сафаров (1955 жылы 15 тамыз туған, Баку, Әзірбайжан КСР) — кеңес және әзірбайжан театр және кино актрисасы. Әзірбайжанның халық әртісі (1993), «Шохрат» орденінің иегері (2013).
## Өмірбаяны
Ол 1955 жылы 15 тамызда Бакуде актер Башир Сафарұлының отбасында дүниеге келген. 1972 жылы қала мектептерінің бірін бітіріп, 2 жылдан кейін Мирзағи Әлиев атындағы театр институтына оқуға түсті.
### Шығармашылығы
Шығармашылық қызметін Лэнкаран атындағы театрда бастады. Везирова Н.Б., 1973 жылы 24 желтоқсанда өзінің алғашқы қойылымы Мирза Ибрагимовтың «Жақсы адам» спектаклін қойды.
1975-1989 жылдары Хусейн Араблин атындағы Сумқайыт мемлекеттік театрда қызмет етті.
1989 жылдан Әзірбайжан мемлекеттік академиялық музыкалық театрының актрисасы.
2014 жылы Афаг Баширгизи Башир Сафароглу атындағы сыйлықты тағайындады.
## Марапаттары
1989 жылы Әзірбайжан КСР еңбек сіңірген әртісі, 1993 жылы Әзірбайжанның халық әртісі атағын алды.
1994 және 2002 жылдары «Қызыл дервиш» театр сыйлығының лауреаты атанды.
2013 жылы «Шохрат» орденімен марапатталған.
2015 жылы «Әзербайжан Президентінің Құрмет грамотасымен» марапатталды.
## Дереккөздер |
1975 жылғы 18 шілдеде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен құрылған Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің тізімі.
## Жетекшілігі
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы — Бәйкен Әшімұлы.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары — Сергей Артемович Смирнов.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Иван Гаврилович Слажнев.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Евгений Федорович Башмаков.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Қали Біләлов.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Сұлтан Сүлейменұлы Жиенбаев.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Сағидолла Құбашұлы.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы — Сауық Темірбайұлы Тәкежанов.
## Министрлер
* Қазақ КСР Ішкі істер министрі — Мақан Есболатов.
* Қазақ КСР Жоғары және орта арнаулы білім министрі — Тұрғанбек Қатайұлы.
* Қазақ КСР Геология министрі — Шаһмардан Есенұлы.
* Қазақ КСР Дайындық министрі — Мұзаппар Дайыров.
* Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі — Төрегелді Шарманұлы.
* Қазақ КСР Сыртқы істер министрі — Мәлік Сабырұлы Фазылов.
* Қазақ КСР Жеңіл өнеркәсіп министрі — Уағыз Ғалымұлы Ибраһимов.
* Қазақ КСР Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі министрі — Молдан Әлдербайұлы.
* Қазақ КСР Мелиорация және су шаруашылығы министрі — Әбубәкір Әлиұлы Тыныбаев.
* Қазақ КСР Монтаж және арнайы құрылыс жұмыстары министрі — Борис Михайлович Ержанов.
* Қазақ КСР Ет және сүт өнеркәсібі министрі — Владимир Борисович Плахов.
* Қазақ КСР Тамақ өнеркәсібі министрі — Евгений Ерофеевич Зарицкий.
* Қазақ КСР Құрылыс материалдары өнеркәсібі министрі — Федор Васильевич Требухин.
* Қазақ КСР Ағарту ісі министрі — Қажахмет Балахметов.
* Қазақ КСР Балық шаруашылығы министрі — Ысқақ Махмұдұлы Өтеғалиев.
* Қазақ КСР Байланыс министрі — Әбдіразақ Алпысбайұлы Елібаев.
* Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы құрылысы министрі — Қорған Нұрханұлы Мусин.
* Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрі — Михаил Георгиевич Моторико.
* Қазақ КСР ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарының құрылысы министрі — Николай Павлович Ольков.
* Қазақ КСР Сауда министрі — Михаил Степанович Иванов.
* Қазақ КСР Қаржы министрі — Рымбек Ысмақұлы Байсейітов.
* Қазақ КСР түсті металлургия министрі — Василий Андреевич Гребенюк.
* Қазақ КСР Энергетика және электрлендіру министрі — Тимофей Иванович Батуров.
* Қазақ КСР Әділет министрі — Бекайдар Жүсіпов.
* Қазақ КСР Автомобиль жолдары министрі — Леонид Борисович Гончаров.
* Қазақ КСР Автомобиль көлігі министрі — Әнуар Хамзаұлы Жақыпов.
* Қазақ КСР Халықтың тұрмыстық қажетін өтеу министрі — Қасқатай Досұлы Қонақбаев.
* Қазақ КСР Коммуналдық шаруашылық министрі — Александр Иванович Чернышов.
* Қазақ КСР Жергілікті өнеркәсіп министрі — Қамалбай Кетебайұлы.
* Қазақ КСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрі — Зәуре Сәдуақасқызы Омарова.
## Комитеттер төрағалары
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Төрехан Қалиұлы Бұхарбаев.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Мемлекеттік Орман шаруашылығы комитетінің төрағасы — Анатолий Михайлович Зайцев.
* Қазақ КСР Халықтық бақылау комитетінің төрағасы — Петр Семенович Канцеляристов.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Шериаздан Рүстемұлы Елеукенов.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Еңбек ресурстарын пайдалану жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Әубәкір Қасымқанұлы.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Камал Сейітжанұлы Смайылов.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Өнеркәсіптегі жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін және тау-кен ісін қадағалау жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Кемел Ғалиуллаұлы Ғалымжанов.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі кәсіптік-техникалық білім беру жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Қаркен Ахметуллаұлы Ахметов.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Теледидар және радио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Хамит Хасенов.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Мемлекеттік баға комитетінің төрағасы — Шәймерден Қаппазұлы Нақыпов.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы — Георгий Степанович Евдокименко.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Материалдық-техникалық қамсыздандыру жөніндегі бас басқармасының бастығы — Жанша Әбілғалиұлы Таңқыбаев.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Орталық статистика басқармасының бастығы — Зинаида Павловна Троценко.
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесі «Қазауылшартехника» республикалық бірлестігінің төрағасы — Александр Михайлович Егоров.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.