text
stringlengths
3
252k
Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов (6 маусым, 1972 жыл, Ақтөбе облысы, Алға ауданы) - Қостанай облысының әкімі. * Самара мемлекеттік техникалық университеті мен Қазақ-орыс халықаралық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша - инженер-электрик, қаржы бакалавры. * Еңбек жолын Ақтөбе қаласының коммерциялық құрылымдарында бастаған. * Ақтөбе облысының сыртқы-экономикалық байланыс және инвестициялар басқармасының бастығы * «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік директоры * Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары * Ақтөбе қаласының әкімі қызметтерін атқарды. * 2011 жылғы 22 шілдесінен Ақтөбе облысының әкімі. * 2015 жылдың 11 қыркүйегінен Қостанай облысының әкімі. * Құрмет орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Абдуллаев Қалық Абдуллаұлы - экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік Академиясының және Халықаралық Инженерлік Академиясының академигі. ## Еңбекжолы 1942 жылы 28 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Леңгір ауданындағы (қазіргі Төле би ауданы) Қасқасу ауылында дүниеге келген. Әкесі Абдулла Сейітов Ұлы Отан соғысында қаза тапқан. Анасы – Тазагүл Сәлімбаева. 1958-1963 жж. Ташкент политехникалық институтын (инженер-электрик мамандығы бойынша), ал 1985-1987 жж. Мәскеу қаласындағы КОКП ОК Қоғамдық ғылымдар Академиясын, 1986-1987 жж. Мәскеу қаласындағы КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Халық шаруашылығы Академиясын тәмамдады. Еңбек жолын «Южказэнергоның» аудандық басқармасындағы инженер қызметінен бастады. 1969 жылы Республика энергетика министрлігінің аппаратына жаңадан ұйымдастырылған диспетчерлік бірлестік басқармасына энергетикалық тәртіп қызметінің бастығы қызметіне жіберілді. 1974 жылы «Южказэнерго» аймақтық басқармасына бас инженер, кейін басқарма бастығы қызметтерін атқарып талап қойғыш, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары басшы, білікті маман ретінде танылды. 1982 жылы Қазақ КСР Энергетика министрінің бірінші орынбасары қызметіне жоғарылатылды. ## Қызметтері 1986-1992 жылдар аралығында Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Республика Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, Республика Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы, Премьер-министрдің орынбасары – Қазақ КСР Мемлекеттік экономикалық комитетінің төрағасы қызметтерін лайықты атқарды. Осы жылдары ол ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Шетелдік инвестициялар жөніндегі ұлттық Агенттік төрағасы лауазымында Қазақстанға шетелдерден инвестициялар тартудың алғашқы тәжірибелерінің негізін қалады. 1992 жылдан 1995 жылға дейін Қазақстандық іскер ынтымақтастық орталығы «Атакент» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы болды.1995 жылы Қ. Абдуллаевтың іскерлік мол тәжірибесі ескеріліп Республика Президентінің арнайы жарлығымен құрылған ТМД елдерімен ынтымақтастық жөніндегі Мемлекеттік комитеттің төрағасы болып тағайындалды.1996-1997 жж. ҚР Президентінің кеңесшісі қызметін атқарды.1997-1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. 2000 жылдан бері өзі құрған «Атакент» акционерлік қоғамы Директорлар Кеңесінің төрағасы болып келеді. Сондай-ақ, 2005 жылдан бері «Академик Ш. Чокин атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу энергетика институты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы міндетін қоса атқарады. ## Марапаттамалары 1981 жылы «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталды. Қалық Абдуллаев Шымкент қалалық, Оңтүстік Қазақстан облыстық Халық депутаттары Кеңесінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. «Атакент» орталығы үшін ең бастысы – көрме бизнесі. «Итеса», «Атакент-Экспо» компаниялары халықаралық, ұлттық, арнайы көрмелердің, жәрмеңкелердің, бизнес байланыстар мен конференциялардың басты ұйымдастырушылары болып табылады.Өткізілген конференциялар мен көрмелердің нәтижесінде сауда, экономикалық және саяси қатынастар жетіле түседі. Мәдени және жалпы адамзатқа қажетті байланыстар дамып, жетіле түседі. ## Дереккөздер 1. Қазақстан. Қазақстан саясаты кітабы, 2011 ж. АлматыКітап.
Ерлер арасындағы индорхоккейден əлем чемпионаты (ағылш. Men's FIH Indoor Hockey World Cup) — ерлер ұлттық құрамалар үшін 2003 жылдан бастап төрт жылда бір рет Халықаралық Хоккей Федерациясымен ұйымдастырылатын индорхоккейден халықаралық жарыс. ## Жеңімпаздары және жүлдегерлері ## Жалпы медальдар саны ## Сыртқы сілтемелер * FIH website
Суыр күні (ағылш. Groundhog Day) — 2 ақпанда АҚШ пен Канадада тойланатын мереке. Ескі наным бойынша, көктемнің қаншалақты ерте келетінін суырдың әрекетінен болжауға болады. Егер осы күні қысқы ұйқыдан оянған суыр іннен шығысымен тез ішке оралса, қыс тағы алты аптаға созылады-мыс. Ал ішке кірмей, толық оянған кейпін танытса, онда қыс тез арада бітеді деуге болады. Бұл мейрам Солтүстік Америкаға неміс мигранттарымен бірге келді. Немістілді халықтарда жануарлардың әрекетіне қарай ауа райын болжау ежелден болды. Олар кірпіге немесе борсыққа қарап, болжамдарын жасаған. Ал Америкада ондай жануарлар болмағандықтан, «метеоролог» ретінде суырды қарастыра бастады. Ондай суырлардың арасындағы ең танымалдары: * Панксатони қаласының Фил суыры, * Нью-Йорктың Чак суыры, * Джорджияның Генерал Борегард Ли суыры, * Онтариодағы Виартондық Вилли. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Суыр күні (фильм) * Фенология
Синюха – Үлбі жотасының солтүстік бөлігіндегі тау. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Серебрянск қаласының солтүстік-шығысында 37 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1840 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 12 км-ге доға тəріздес созылған, енді жері 4–5 км. Ірі жоталар өзен, тауаралық аңғарлармен тілімденген. Жер бедері күрделі, шығыс беткейі тік жарқабақты келген. ## Өсімдігі Өзен аңғарлары мен аласа беткейлерде қайың, терек, самырсын, майқарағай, мойыл, қарақат, таңқурай, долана, т.б. өседі. Оңтүстік-батысында Артамановка, оңтүстік-шығысында Қызылқарағай жотасы бар. ## Дереккөздер
Қойтас – Павлодар облысы Баянауыл және Май аудандарының түйіскен жерінде орналасқан тау. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 298 м. Тау солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км-ге созылып жатыр, енді жері 5 км-ге жуық. Оқшау орналасқан таудың беткейлері көлбеу келген. Оны делювийлі-пролювийлі шөгінділер жапқан. Тауды Сұлусор, Еспетұз, Аяқмалайсор көлдері қоршап жатыр. ## Өсімдігі Қиыршықтасты қызғылт қара топырағында жусан аралас бетеге, боз, селеу шөптесіндер өскен. Етегі мал жайылымына және шабындыққа пайдаланылады. Онда бірнеше қыстау мен жайлау орналасқан. ## Дереккөздер
Бек Берді батыр Жүкейұлы – Орта жүз ішінде Керейдің Тұрғақ руы Бүркүт тармағынан тарайды. Керей ханы Тұғырыл ханның ұлы Тайбұға Ұлысының негізін қалаған Тайбұға ханның 17-ші ұрпағы. Берді батыр Абылай сұлтан, Әбілмәмбет сұлтан, Ералы сұлтандардың тұсында қолбасшы, дипломат (елші) болды. 1728 жылы Торғай даласында болған шайқаста жоңғарларға қарсы соғысқан. Жеңіске жеткен қазақ жасақтары оларды сол бетінде Іле өңіріне дейін тықсырып тастайды. Берді батыр туралы орыс деректерінде былай делінген: «1737 г. – Коменданту Орской крепости полковнику Б.Л. Останкову.Я, Абулмамбет-салтан, всемилостивой государыне челом бью, г-ну подполковнику Борису Лукичу челобитье. Какое с нами слово положено, в том и ныне стою; и какие присланы будут от е.и.в. ко мне указы, и те прислать з Бекбердеем. А е.и.в. состою в верности и по ея указам служить готов, и чтоб и к нам посланцы от вас были и посланы были без опасности.К подлинному переводу ахун Мансур Абдрахманов подписался по татарски». ## Ұрпақтары Шежіре бойынша Берді батырдан Баба, Тайшыбек, Ораз, Төртқара, Бесқара, Күбі, Жолдыбай, Жәпек тарайды.Ақмола облысы Көкшетау уезі ауыл кестесі, 1907 жылы Қотыркөл болысында Берді атасынан тараған Төртқарин Саржан Баймырзабұлақ ауылында, Бесқарин Қоймамбай Шоққызыл Баймырза ауылында, Сейтенов Жандос Жөкейкөл ауылында, Сарғазақов Жақан Бесағаш ауылында, Бабин Мұқан ІІ-ші Ұзынқарағай ауылында, Тәжібек (Тайшыбек) Жалмағамбет І-ші Ұзынқарағай ауылында тұрғандары туралы баяндалады. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер
Синюха – Үбі жотасының орта бөлігіндегі тау. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы жəне Риддер қалалық әкімдігіне қарасты аумақта орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1962 м. Батыстан оңтүстік-шығысқа шамамен 16 км-ге созылған, енді жері 7–8 км. Беткейі тіктеу бірнеше жоталардан, пішіні күрделі аңғарлардан тұрады. ## Геологиялық құрылымы Геологиялық құрылымы кристалды тақтатас, əктас, граниттен түзілген. ## Өсімдігі Етегін дала өсімдіктері, 1000 м-ге дейінгі беткейін шыршалы-самырсынды орман алып жатыр. Одан жоғарғы белдеуі жалаңаштанған. Таудан Солүстік Үлбі, Бутачиха, Тихая, Журавлиха өзендерінің көптеген салалары бастау алады. ## Дереккөздер
Қойтас – Тарбағатай жотасының батыс бөлігіндегі тау массиві. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы мен Абай облысы Үржар ауданы шекарасында орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2583 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 18 км-ге созылып жатыр, енді жері 7-8 км-ге жуық. Беткейлері шатқал, сай аңғарларымен тілімделген. Оңтүстік беткейі тік жарқабақты, кейбір бөліктерінде таудың түпкі жыныстары жалаңашталған. ## Геологиялық құрылымы Тас көмір, девон кезеңдерінің жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Таудың қызғылт қоңыр топырағында боз, бетегелі-жусанды дала өсімдіктерімен бірге, биіктік белдеулерде зерек, итмұрын, қараған, тал, көк терек, т.б. өседі. ## Дереккөздер
Қойтас – Шыңғыстау жотасының солтүстік-шығысындағы аласа тау. ## Географиялық орны Абай облысы Абай ауданы Арқат ауылының оңтүстік-батысында 27 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 700 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км-ге созылған, енді жері 2 км. Беткейі көлбеу бірнеше таулардан тұрады. Солтүстігінде Ордатас, шығысында Есенбай таулары, батысында Үлкенсор көлі орналасқан. ## Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында ши, бұта аралас ажырық, жусан, бетеге өседі. Етегінде су шығымы 400 л/сағ болатын құдықтар бар. ## Дереккөздер
Ер Қаптағай Матайұлы (1411 жыл – 1537 жыл) — Қазақ хандығын құрушы Жәнібек ханның батырларының бірі. Бұрындық ханның қызметінде болған, Қасым ханның қасынан табылған, хан батырларының бірі әрі бірегейі бола білген айтулы тұлға. Бүкіл Найман қолының қолбасшысы. Қазақ хандығын құру, нығайту және өркендету жолында атқарған елеулі ерліктерінің арқасында аты иісі Наймандардың ұранына айналған, Әз Жәнібек ханның, Бұрындық ханның және Қасым ханның жанынан табыла білген айтулы тұлға. ## Өмібаяны Найман тайпасы Матай руынан шыққан. Қазақ хандығы құрылмай тұрғанда наймандардың Әбілқайырдың қол астында болғандығы, Қаптағайдың оның бас батырларының бірі болғандығы баяндалады. Әбілқайыр хан жастай қайтыс болған ұлы-Шах Будақтың асын бергенде, Қаптағайдың немересі Қаражал батыр күрестен бас жүлдені жеңіп алған. Шах Будақтың 1451 жылы туылып 1460 жылы қайтыс болғанын есепке алсақ, бұл астың 1461 жылы өткені анықталады. 1465 жылы Жәнібек сұлтан мен Керей сұлтан Әбілқайыр ордасынан бөлініп шыққанда, олардың негізгі қолдаушыларының бірі - осы Қаптағай батыр бастаған Наймандар елі болды. Ілияс Есенберлин Қаптағайды Наймандардың аты шулы бас батыры, атан жілік балуан, айдаһарға қарсы барар жүрек жұтқан жан еді деп суреттейді. Осы еңбектің енді бір жерінде басқа батырлар сияқты ол мыңбасы емес еді деп, оның түменбасы екенін еске салады. Тағы да осы кітапта Қасым сұлтанның Қаптағай батырмен бірге Бұрындық ханның ордасына барып Орақ батырды құтқарғаны, содан бір жыл өткеннен соң Қасым сұлтанның хан тағына отырғандығы жазылады. Қасым 1511-1518 жылдары хандық құрды. Міне біз бұдан аталған оқиғаның 1510 жылдары болғанын байқаймыз. ## Қаптағай шежіресі Найманнан Төлегетай одан Қытай(Қынтай), Қытайдан Қаракерей, Матай, Садыр және Төртуыл болып төртке бөлінеді. Қытай 36 жасында қайтыс болғандықтан оның балаларын Төлегетай баба бағып өсіреді. Сол себепті ол төртеуін 4 Төлегетай немесе Төлегетайдың 4 бөрісі деп атаған. Ал Матайдан Аталық (Келдәулет), Қаптағай (Қолдас) және Кенже (Ізбасар) тарайды. Ал Қытайда шыққан наймандар шежіресінде, Матайдан Аталық (Келдәулет), Қаптағай (Қолдас) және Кенже (Жүзжігіт) тарайды деп көрсетеді. Шежірелердің басым көп бөлігі осы нұсқаны құптайды. Кейде Қаптағайдың шын аты Қолдас еді деушілерде кездеседі. Азан шақырып қойған аты мейлі Келдәулет, Жандәулет немесе Қолдас болсын, ол кісінің елге танылған есімі – Қаптағай. ## Қаптағай есімінің мағынасы «Қаптағай» деп Моңғолша жабайы түйенің бурасын айтады. Өте қаһарлы, шамкөс жануар. Көне түркілерде, әсіресе наймандарда батырларын Бұқа, Бура, Қаптағай, Қабан, Барақ, Төбет деп атайтын үрдіс болған. Қас батырларды бұлайша атау біріншіден жауға айбат көрсету үшін керек болса, екіншіден батырларды анталаған жаудан құпия ұстау үшін керек болған. Менің көне көз қариялардан естуімше, тұңғыш жауға шабуылдап шыққан жас жігіт «Қаптағайлап шап!» деп ұрандатып, жаудың шебін тас талқан етіп, жеңіске жеткен. Сол шайқастан соң ел-жұрты батырды Қаптағай атап кеткен дейді. Қалай болған күнде де Қаптағай, батыр бабамыздың жанама аты. ## Қайтыс болған жері Ұйғыр ханы Әбдірашитпен соғысында Еміл өзені жағасында қаза тапқан шайқас қай жерде болды дегенге келер болсақ, Тарбағатай тауы өңіріндегі Еміл өзені бойында болды. Бабамыз ұзақ әрі бақуатты өмір сүрген, 126 жасында дүниеден озған екен. ## Нұсқаулар * History.kz Мұрағатталған 21 желтоқсанның 2008 жылы. * Наймандар Мұрағатталған 17 қаңтардың 2010 жылы. * Найман рулары кұрамы сұрақнама бойынша ## Дереккөздер
Сүйсін шиқылдағы (латынша Juno orchioides) – құртқашаштар тұқымдасы шиқылдақ туысына жататын,Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік. Туыс атауы әйелдердің табынушысы, ежелгі Рим құдайының құрметіне берілген. Қазақстандық тоғыз түрдің көпшілігі Батыс Тянь-Шаньда кездеседі. Ұсақ топырақты және ірі қиыршық тасты беткейлерде Батыс Тянь-Шаньның барлық жоталарының тау етегінен субальпі белдеуінің төменгі шекарасы аралықта өседі (Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында). ## Сипаттамасы Жер асты бөлігі пиязшық тәрізді. Жапырағы ораққа ұқсас. Пиязшығы (жуандығы 2 см-ге дейін) кіндік тамырлы, сабағының биіктігі орташа есеппен  30 см-ге дейін, тарбиған, ашық жасыл түсті, ортақ пішінді, жапырақтарымен. Гүлсерігінің саны әдетте 3-5, сирек олар көптеу немесе бір ғана, бозғылт сары, ірі (диаметрі 5-7 см), гүлсерігінің сыртқы жапырақшаларының ортаңғы бөлігі қанат тәрізді керілген, үш жағында ашық сары дақтары бар. Іші жапырақтары ұсақ, ұзындығы 1,5 см аспайды. Тақтасы үшкір, үш қалақты. Сәуірдің ортасыннан маусымның аяғына дейін гүлдейді, маусым-шілдеде жеміс салады. Тұқымымен де вегетативті жолмен де көбеюі тиімді. Тамаша сәндік өсімдік. Мәдени түрде де, табиғатта да бірқалыпты. Батыс Еуропаның гүл өсіретін фирмаларының каталогтарында жүз жылдан астам уақыттан бері орын алып келеді. Батыс Тянь-Шаньның жергілікті түрі болып табылады. Қазақстанда тек ботаникалық бақтарда ғана өсіріледі. Тұқымы бір жылдан соң көктейді, тіршілігінің 3-4 жылдарында гүлдейді. Табиғаттағы саны аз, түр гүлшоқтары жинаудан зардап шегеді. Қазақстанның Қызыл кітабының екінші басылымына енгізілген.
Сәкі — дем алуға, тамақтану үшін аулада жасалатын орын. Сәкі жаз айларында ас-су кабылдап, әңгіме-дүкен құрысып, демалатын орын болып есептеледі Ол тақтайдан жасалып, едені жерден тізе көлемінде көтеріңкі болып келеді. Кей өңірлерде көлеңке болуы үшін өсіп тұрған ағашсаясына салынып, төбесі жабылмайды. Ал төбесі бар сәкі жасалар болса, төрт бұрышынан биік қадалар қағылып, төбесі тақтайлармен көлбей жабылады. Төрт жағы ашық қалдырылатын түрі бар. Кейде ауыз жағынан басқа үш қабырғасы отырған кісі бойындай биіктікте әртүрлі материалдармен жабылатын түрі де бар. Төбесі жабық сәкіде жаз күндері түнде ұйықтауға да болады. ## Дереккөздер
Һомо хабилис (мағынасы "Епті адам", ағылш. Homo habilis) — еңбекке бейімі бар, адам тақылетті ең ежелгі адам түрлерінің бірі. Оның сүйектерінің қалдықтары шығыс Африкадан табылған. Һомо хабилистер осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмір сүрген деп есептеледі. Оның миының көлемі 652 см3, яғни ертедегі маймыл миынан әжептәуір үлкен әр салмақты болған. Һомо хабилистің еңбек құралы ретінде малта тастың сындырылған түрлерінің қырларын пышақ секілді қолдану болып, көбінесе кесу үшін пайдаланған делінеді.
Қазақстанның демократиялық таңдауы — Қазақстанда 2001 жылы министр және кәсіпкер Мұхтар Әблязов пен Павлодар облысының әкімі Ғалымжан Жақиянов құрған қоғамдық-саяси қозғалыс. Қозғалыс өзінің мақсатын «Қазақстанда түбегейлі демократиялық өзгерістер жүргізу үшін қазақстандық қоғамдағы барлық салауатты күштерді топтастыру» деп мәлімдейді. ## Тарихы 2001 жылдың 18 қарашасында Мұхтар Әблязов, Ғалымжан Жақиянов бастаған бір топ билік пен бизнес өкілдері Алматыдағы Ғылым академиясында баспасөз мәслихатын өткізіп, "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қоғамдық бірлестігін құратынын жариялады. Бұлардан басқа, ұйымның құрамына Дәулет Сембаев, Төлен Тоқтасынов, Ораз Жандосов, Жаннат Ертлесова, Әлихан Байменов, Қайрат Келімбетов, Нұржан Сұбханбердин, Төлен Тоқтасынов, Серік Қонақбаев, Болат Әбілов, Асанәлі Әшімов, Берік Имашев және тағы басқа да танымал шенеуніктер мен кәсіпкерлер кірді. Қарашада премьер-министр Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұрауынан кейін, қозғалыс мүшелері мемлекеттік қызметтерінен босатылды. 2002 жылдың 29 қаңтарында Болат Әбілов, Әлихан Бәйменов, Ораз Жандосовтар "Ақ жол" партиясының құрылуын мәлімдеді. Олар өздерін радикалды емес, конструктивты оппозиция деп жариялады. Кейін, Әбілов пен Сәрсенбаевтар одан бөлініп, тіркелмеген "Нағыз Ақ жол" партиясын құрды. Наурыз айында Мұхтар Әблязов пен Ғалымжан Жақиянов қамауға алынды. 2002 жылдың 18 шілдесінде Мұхтар Әблязов 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Жақиянов 2002 жылдың 2 тамызында "билікті және лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланғаны үшін" 7 жылға бас бостандығынан айырылды ## Қозғалыстың экстремистік деп танылуы 2017 жылдың сәуір айында Мұхтар Әблязов Facebook-тегі парақшасында "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының қайта құрылуы туралы жариялады. 2018 жылдың наурызында Астана қаласының Есіл аудандық сотының шешімімен экстремистік ұйым деп танылды. 2022 жылдың 7 ақпанында прокуратура Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейін "ҚДТ/Көше" қозғалысын саяси экстремизмге айыптады. ## Дереккөздер
Жалаңқұдық (өзб. Жалақудуқ, Jalaquduq) — Өзбекстанның Әндіжан облысы, Жалаңқұдық ауданында орналасқан қаласы, аудан орталығы . ## Халқы Халық саны — 11 043 (1989 жыл). ## Қала атауы Қала атауы 1975 жылы Суфи қыстағы деп аталды. Ал 1975 жылдан кейін қыстаққа қала дәрежесі беріліп, оның атауы Ахунбабаев болып өзгертілді. Қала өзбектің саяси қоғам қайраткері Ю. А.Ахунбабаевтің құрметіне осылай аталды. ## Инфақұрылымы Қалада мақта тазартатын және құрылыс материалдарын жасап шығаратын зауыттар орналасқан.Сондай-ақ қалада Грунчмазар теміржол стансалары жұмыс жасайды. ## Дереккөздер
Қызылжал – Жақсы Иманақ тауының солтүстік-батысындағы шоқы. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Ынтымақ ауылының солтүстігінде 22 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 607 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2 км-ге созыған, енді жері 1 км. Беткейі көлбеу. Солтүстігінде Бұзылғанбекет қонысы, оңтүстік-батысында Ақтасты бөгені жатыр. ## Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында қылқан селеу, бетеге, жусан, тобылғы, бұта аралас астық тұқымдас өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Елді мекен: * Семізбұғы — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы ауыл. Таулар: * Семізбұғы – Қараүңгір тауы мен Балқаш көлінің аралығындағы тау. * Семізбұғы – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы тау.
Қызылжал – Түлкілі тауларының оңтүстік-шығысындағы тау. ## Географиялық орны Абай облысы Аягөз және Алматы облысы Алакөл аудандары жерінде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 744 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км-ге созылған, енді жері 4,5 км. Беткейі көлбеу, бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Солтүстігінде Ақшоқы, оңтүстігінде Үшөзек, шығысында Семізбұғы таулары, батысында Бурылтөбе шоқысы бар. ## Өсімдігі Таудың қоңыр топырақ жамылғысында лессинг жусаны аралас астық тұқымдас өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Семізбұғы – Қараүңгір тауы мен Балқаш көлінің аралығындағы тау. ## Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданы жерінде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 760 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа қарай доға тəріздес 5 км-ге созылған, енді жері 3 км. Тау бірнеше шоқылардан тұрады. ## Өсімдігі Қоңыр, сортаң топырақ жамылғысында жусан, күйреуік, изен, ебелек, қияқ, т.б. өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Таған — шеңбер темірге, үш немесе төрт аяқ дәнекерленген қазан асуға арналған ошақтың түрі. Таған көне атау болып табылады. Тағанды әркім өзінің қазанының көлеміне қарай шақтап, ұсталарға әдейі тапсырыс беріп жасатқан. Таған жасау үшін ұста, жұмыр темірді отқа әбден жұмсарғанша қыздырып алады. Содан соң, оны төстің үстіне қойып, жайлап балғамен соға отырып, жұқартып әрі созып "таспа" пішініне келтіреді. Осы "таспа" пішінінде келген темірден шеңбер жасап, құрсаулап иіп алып, екі ұшын сәл айқастырып "мық" шегемен шегелеп бекітеді. Оның жан-жағына әркім өз қалауынша үш немесе төрт жерінен "аяқ" шегелейді. Осылайша таған дайын болады ## Дереккөздер
Қойтас – Ақмола облысы Ерейментау ауданының оңтүстік-шығысындағы таулар тізбегі. Оның оңтүстік жалғасы Ақшоқы (670 м) тауына ұласады. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 625 м. Оңтүстіктен солтүстікке қарай 7-8 км-ге созылған, ені 4 км-ге жетеді. Төбесі доғал пішінді аласа таудың беткейлері эрозиялық-тектоника әсерінен қатты тілімделген. Батыс беткейі тіктеу келген. Бұл жерлерде түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Шығыс беткейі сай және өзектермен қатты тілімделген. Тау басында биіктіктері 531, 557 және 587 м болатын бірнеше шың айқын көрінеді. ## Геологиялық құрылымы Девон тау жыныстарынан түзілген жер қыртысын қиыршықтасты және кесектасты элювийлі-делювийлі шөгінділер жапқан. ## Өсімдігі Нашар дамыған қызғылт қоңыр топырағында бозды-сұлыбасты шөптесіндер өскен. Кейбір жерлерінде қараған шоғырлары кездеседі. ## Дереккөздер
Самбодан әлем чемпионаты — Халықаралық самбо федерациямен (ағылш. Federation Internationale de Sambo, FIAS) ұйымдастырылатын халықаралық жарыстар. ## Чемпионаттар тізімі ## Жалпы медальдар саны ## Сыртқы сілтемелер * Ukrainian Sambo Federation: History of sambo * European Sambo Federation
Салиу Сисс (фр. Saliou Ciss; 15 қыркүйек 1989 жыл, Дакар) — сенегалдық футболшы, Сенегал Ұлттық футбол құрамасы мен "Нанси" клубының қорғаушысы. 2012 жылғы Жазғы Олимпиадаға, 2017, 2019, 2021 жылдары Африка Ұлттары кубогына қатысты. ## Жетістіктері ### Халықаралық * Африка Ұлттары кубогы: 2021 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * http://www.altomfotball.
* Қарақұс – бүркіт тұқымдасына жататын сұңқар тәрізді құс. Таулар: * Қарақұс – Қағыл тауларының солтүстігіндегі шоқылы тау жұрнағы. * Қарақұс – Қызылтау тауларының солтүстігіндегі шоқылы таулар. * Қарақұс – Семейтау тауларының орта бөлігіндегі тау.
«Отағасы» (ағылш. A Family Man) — 2016 жылғы америкалық драма фильмі. Фильм режиссері Марк Уильямс, ал сценарийдің авторы Билл Дюбук. Фильм «Zero Gravity Management» компаниясымен 2015 жылы түсіріліп, «Vertical Entertainment» компаниясы арқылы 2016 жылы жарыққа шықты, ал кең көрсетілімге 2017 жылы шықты. Фильмде Джерард Батлер, Уиллем Дефо, Анупам Кхер, Альфред Молина, Элисон Бри және Гретчен Мол ойнады. Негізгі түсірілім 2015 жылдың 26 қазанында Торонтода басталды. Фильм 2016 жылғы Торонто кинофестивалінде көрсетілді. ## Сюжет Дэйн Дженсен — Чикагода тұратын табысты хедхантер, мамандық бойынша да, мамандардың кәсіби деңгейінде де негізгі және сирек кадрларды іздейтін және іріктейтін «Blackridge» компаниясының Линн Уилсонмен бірге ең кәсіби жұмысшыларының бірі. Оған жұмысында көтерілу уәде етілген, бірақ бұл үшін ол әріптесі Линн Уилсонның көрсеткіштерінен асып түсуі керек. Жұмысқа толықтай кіріскен ол өзінің отбасына аз көңіл бөледі, бұған оның әйелі Элистің көңілі толмайды. Элис отбасымен, әсіресе балалармен көбірек уақыт өткізуді сұрайды. Үлкен ұлы Райан өзінің денсаулығына шағымданады. Оған қатерлі ісік диагнозы қойылады. Дэйн өзінің мансабы мен отбасының арасында еріксіз таңдауға түседі. Дэйн ұлымен көбірек уақыт өткізеді, нәтижесінде оның көрсеткіші Линн Уилсонның көрсеткіштерінен азая бастайды. Дэйннің оқиғасымен қатар жасына байланысты жұмыс табалмай жүрген инженер Лу Уилердің оқиғасы бірге көрсетіледі. ## Рөлдерде * Джерард Батлер — Дэйн Дженсен, Элистің күйеуі және Лорен мен Райанның әкесі * Гретчен Мол — Элис Дженсен, Дэйннің әйелі және Лорен мен Райанның анасы * Элисон Бри — Линн Уилсон, Дэйннің қарсыласы * Уиллем Дефо — Эд Блэкридж, Дэйннің бастығы және «Blackridge» компаниясының директоры * Максуэлл Дженкинс — Райан Дженсен, Дэйн мен Элистің ұлы және Лореннің ағасы * Джулия Баттерз — Лорен Дженсен, Дэйн мен Элистің қызы және Райанның қарындасы * Анупам Кхер — Савраж Сингх, Райанның дәрігері * Альфред Молина — Лу Уилер, жұмыссыз инженер * Дастин Миллиган — Самнер Файрстоун * Дуэйн Мерфи — Антуан, Райанның мейіргері * Мими Кузык — Бернадин * Кэтлин Манро — Тони ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Отағасы (фильм, 2016) (ағыл.) Internet Movie Database сайтында * Отағасы (фильм, 2016) (ағыл.) AllMovie сайтында
Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы — филология саласында зерттеулер жүргізу, орфографиялық ережелерді дайындау мен оларды апробациядан өткізу, мемлекеттік тілді жеделдетіп оқытуды ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 наурыздағы №151 қаулысымен құрылған орталық. Қаулыға сәйкес «Тіл-Қазына» орталығы акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетіне берілген. Орталық qazlatyn.kz , tilqural.kz, termincom.kz, sozdikqor.kz, emle.kz, tilalemi.kz, balatili.kz, qujat.kz, tilmedia.kz, qazcorpora.kz, abai.institute, atau.kz сайттарының жұмысын қамтамасыз етеді. «Тіл-Қазына» орталығының штаттық кестесі 40 бірліктен тұрады, оның ішінде  4 ғылым кандидаты, 12 магистр, 1 докторант  қызмет атқарады. ## Тарихы «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ең алғаш Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қазандағы № 1545 қаулысына сәйкес «Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын болып құрылды. Кәсiпорынның қызметiнiң негiзгi нысаны мемлекеттiк қызметшiлерге қазақ тiлiн интенсивтi оқытуға барлық қажеттi ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жағдайлар жасауды ұйымдастыру, сондай-ақ оны оқу-әдiстемелiк және ғылыми қамтамасыз ету болып белгіленген. Алғашқы басшы – қоғам қайраткері Шайсұлтан Шаяхметұлы Шаяхметов. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14 қаңтардағы №12 Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды. Арада он жыл уақыт өткенде, Үкіметтің 2018 жылғы 31 наурыздағы №151 Қаулысына сәйкес «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Үкіметтің 2021 жылғы 9 ақпандағы Қаулысына сай, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті болып қайта аталуымен байланысты Орталық тиісті министрлік қарауына ауысты. ## Орталық қызметінің негізгі бағыттары * қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшірудің ғылыми-ұйымдастырушылық міндеттерін атқару; * латын графикасына негізделген қазақ тілін үйрету әдістемесі бойынша оқу-әдістемелік құралдар, сөздіктер, бағдарламалар әзірлеу; * оқытушыларға, әдіскерлерге латын графикасына негізделген әліпбидің емле ережелерін үйрету бойынша семинарлар, курстар, тренингтер ұйымдастыру; * ҚР Үкіметі жанындағы қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру Ұлттық комиссия Орфографиялық, Әдістемелік, Терминологиялық және Сараптама-техникалық жұмыс топтарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету; * ҚР Үкіметі жанындағы Терминологиялық комиссия жұмысын үйлестіру, қамтамасыз ету; * азаматтарға қазақ тілін оқытатын өңірлердегі тіл оқыту орталықтарына республикалық деңгейде үйлестіру-әдістемелік көмек көрсету; * қазақ тілі оқытушылары мен әдіскерлерінің біліктілігін арттыру, қайта даярлауды іске асыру; * қазақ тілін реформалауға арналған ақпараттық жүйелер мен дерекқорлар қалыптастыру, әдіснамалық-ақпараттық қамтамасыз ету. ## Орталық атқаратын жұмыстары * Латын графикасына негізделген қазақ тілінің емле ережесінің жобасы дайын болды. Бұл шараға qazlatyn.kz арнайы порталы әзірленіп, интернет желісіне қосылып, үздіксіз қызмет жасап тұр. Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге байланысты насихат жұмыстары жалғасуда. * «Тіл-Қазына» орталығында қазақ тілін екінші тіл және шет тілі ретінде оқыту әдіснамасын стандарттау мен жүйелеу жұмыстары үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, ғалымдардың кеңесі жұмыс атқарады. Қазақ тілін оқытудың ұлттық стандарттары әзірленіп, бірүлгі (типтік) бағдарламасы қолданысқа енгізілді. АТ жетістіктерін пайдалана отырып, қазақ тілін өз бетінше үйренуге арналған tilqural.kz порталы іске қосылды. Портал үздіксіз жаңартылып, қазақ тілін деңгейлеп оқытуға арналған жаңа контентпен толықтырылып отырады. Til-Qural – ойын тәсілдерін қолдана отырып, қазақ тілін үйренуге және қолдануға арналған тегін платформа. Жобаны "Тіл-Қазына" компаниясы әзірледі, 2019 жылы іске қосылды. Сервис тіркелгеннен кейін tilqural.kz веб-порталда, iOS, Android операциялық жүйелері бар мобильді қосымшаларда қолжетімді. * «Тіл-Қазына» орталығы қазақ терминдерін қалыптастыруға арналған Терминологиялық комиссия жұмысынан бөлек, ашықтық, қолжетімділік қағидаттарын ұстану арқылы қоғамның әрбір мүшесі әрбір терминге өз ойын, пікірін білдіру үшін ашық интернет ресурсын қалыптастырды. termincom.kz сайтында терминдерді талқылауға кез келген азаматтың мүмкіндігі бар. «Тіл-Қазына» орталығының бұл бағыттағы жұмыстары республикалық деңгейде қазақ терминдерін сапалы қалыптастыруға, қазақ тілінің дамуына үлкен септігін тигізеді. * «Termincom.kz» – қазақ терминологиясы жайлы толық мәлімет беретін сайт. Сайт Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы терминологиялық комиссия бекіткен терминдерді пайдалану үшін, салааралық терминологиялық қорды біріздендіру және жетілдіру үшін пайдаланылады. Сайт 2016 жылы 20 қазаннан бастап іске қосылған. «Тіл-Қазына» орталығы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясы жұмысын үйлестіреді. Тіл саясаты комитеті Комиссияның жылдық жоспарын  әзірлейді. Жылына 4 отырыста қаралатын терминдер ғалымдар, филолог мамандары тарапынан лингвистикалық сараптамадан өткізіледі. Комиссия мүшелері «Termincom.kz» сайтындағы электронды алаңда терминдерге дауыс береді, ұсыныс, пікір білдіреді. «Тіл-Қазына» орталығы дауыс беру қорытындысын шығарып, Комиссия отырысына әзірлейді. Отырыста терминдер талқыланып, шешім шығару үшін тиісті орынға жолданады. Комиссия құрамында Қазақстан Республикасы Парламентінің, Сенатының депутаттары, терминолог-лингвист ғалымдар, сала мамандары, БАҚ өкілдері жұмыс атқарады. * Қазақ сөздері мен сөз тіркестерінің, көнерген сөздердің мазмұны мен мағынасын, дұрыс жазылуын, қолданылу түрлерін анықтауға арналған sozdikqor.kz сайтының жұмысын да «Тіл-Қазына» орталығы қамтамасыз етеді. Sozdikqor.kz - әртүрлі салалық сөздіктер мен сөз тіркестері, жаңа технологиялық сөздердің мағынасын көрсететін алғашқы әмбебап платформа. Қорға 400 мыңға жуық атау тұлғасындағы сөз, 1 243 850 тілдік бірлік жүктелген. Қорға 150-ден аса түрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялар енгізілген. Атап айтқанда, 15 томдық Қазақ әдеби тілінің сөздігі, Абай сөздігі, Ахмет Байтұрсынұлы энциклопедиясы, қазақ тілінің синонимдер сөздігі, қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі және т.б. Іздеу жүйесі арқылы сөздердің анықтамасын, синонимдерін, сөздердің фразеологиялық тіркестерде кездесуін білуге болады. 2021 жылы «синонимайзер» функциясы қосылды. Порталдың мобильді қосымшасын Goolge Play және App Store-дан жүктеуге болады. @Sozdikqor.kz тelegram-бот жұмыс істейді. * «emle.kz» – тіліміздегі  сөздердің дұрыс жазу нормаларын көрсететін электронды сайт. Сайт 2016 жылдың желтоқсанында ресми түрде қолданысқа берілді. Бүгінгі күнге дейін 2 мыңға жуық материал енгізілген. Оның ішінде аббревиатура бойынша – 1228, ғылыми мақалалар саны –  130, тіл нормасына байланысты материалдар – 20, пунктуация – 11, кітапхана қоры – 36, сұрақ-жауап – 598. 2021 жылдың наурыз айында сайттың дизайны жетілдіріліп, материалдық базасы қайта толықтырылды. * tilalemi.kz – еліміздегі қазақ тілінде ғылыми ақпарат қоры мол жинақталған негізгі портал. Тіл білімі саласындағы кез келген сұрақтың жауабын осы порталдан табуға болады. Жоба 2016 жылы әзірленді. Порталда тіл саласындағы жаңалықтармен, ғылыми, публицистикалық, көркем және балаларға арналған әдебиеттер бар.  Көп кездесе бермейтін кітаптардың электронды нұсқасы енгізіліп, онлайн оқуға мүмкіндік бар. Жоба жетекшісі: Мөлдір Бақытқызы. * «balatili.kz» сайты – үш жастан асқан (3+) балаларға тілдік, жазу және көркем жазу, оқу дағдыларын қалыптастыруға арналған сайт. Сайттың нысаналы аудиториясы: Үш жастан асқан балалар, тәрбиеші, мұғалімдер, ата-аналар. Сайтта  дыбыс пен әріп, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін, тұрақты сөз тіркестеріне қатысты дидактикалық оқу материалдары, сонымен бірге балалардың тілдік, жазу және көркем жазу, оқу дағдыларын қалыптастыру мақсатындағы материалдар, ойындар берілген. Лингводидактикалық мақсаттарына сәйкес оқыту материалдары мазмұны мен нысанына, жас ерекшеліктеріне сәйкес топтастырылған. * «qujat.kz» - құжаттарды қазақ және орыс тілдерінде сауатты әзірлеу бойынша үлгілер мен нұсқаулықтар берілген электрондық база. Сайтта іс-қағаздарын жүргізу 2-ге бөлінген: «кеңсе» және «кадр» құжаттары, онда құжаттардың жеке үлгілері ұсынылған. Құжаттарды іздеудің 3 түрі қолданылады: түрі және атауы бойынша және әріп бойынша жүйелі іздеу. Құжаттардың екі жүзден астам үлгісі (қазақ және орыс тілдерінде) PDF және DOC нұсқаларында қолжетімді. Құжаттардың үлгілеріне онлайн өзгерістер енгізуге арналған сервис жұмыс істейді. * «tilmedia.kz» сайты арқылы қызықты және тиімді тәсілдер бойынша қазақ тілін үйренуге болады. Сайт 2017 жылы іске қосылды. Cайт тек сапалы контентпен ғана емес, өзінің заманауи дизайны және интерфейсімен қызықтырады. Сайтта аудиожазбаларды тыңдауға, видеожазбаларды көруге сонымен қатар кітап оқып, өз ойыңмен бөлісу мүмкіндігі бар. Сайтты үш тілде (қазақ-орыс-ағылшын) қолдану мүмкіндігі қарастырылған.  Сайтта төрт бөлім бар: ақпарат, тыңда, оқы, қара. * «Балаларға базарлық Мұрағатталған 4 ақпанның 2022 жылы.» бөлімінде 150-ге жуық ертегілер мен 100 сериядан аса мультфильм енгізілген. * Орталық әлемдегі беделді тілдердің ұлттық корпусына ұқсас «Қазақ тілі ұлттық корпусының кіші корпустарын» әзірледі. «Qazcorpora.kz» қазақ тілі ұлттық корпусының публицистикалық мәтіндерінің кіші корпусы – «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылып жатқан жобалардың бірі. Корпуста 5 304 құжат, 309 153 сөйлем, 5 141 248 сөзқолданыс бар. Корпус бойынша техникалық жетілдіру, сөзқолданыс санын ұлғайту жұмыстары жүргізіле береді. * «Тіл-Қазына» орталығы қазақ тілінің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға бағытталған қоғамда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін, өскелең ұрпақтың санасына сіңіру үшін қазақ тілінің еліміз үшін орны туралы әлеуметтік бейнебаяндар әзірлейді. Бұл жұмыстар ақпараттар ағыны заманында тиімді жолдардың бірі. Осы арқылы қазақ тіліне жасалып жатқан реформалар, қазақ тілінің өзге тілдермен қатар тұра алатын әлеуеті мен мемлекеттік тілдің еліміздегі ұлтаралық тіл мәртебесін насихаттау іске асырылады. * «Тіл-Қазына» орталығы балаларға қазақ тілінде сөйлеуді насихаттайтын, бала тілінде қызықты әрі танымдық анимациялық фильмдер әзірлеуді ұйымдастырады. Қазіргі кезде балаларға арналған бірнеше мультфильмдер дайындалды. Олар «Балапан» телеарнасынан және «Youtube» арнасынан көрсетілуде. * Орталық қазақ тілінде сөйлеудің мәдениетін арттыру, мерейін көтеруге бағытталған түрлі республикалық шараларды ұйымдастырады. «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауы, «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы, «Оқытушылар арасында А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқау», «Мемлекетттік тіл және БАҚ» және т.б. түрлі республикалық байқаулар, конкурстар, қазақ тілін әртүрлі жастағы азаматтар арасында мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталады. «аbai.institute». 2020 жылғы 18 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында қазақ тілін Қазақстанда және шетелде оқыту және ілгерілету бағдарламасы шеңберінде әзірленген «Аbai.institute» веб-порталы таныстырылды. Бұл-еліміздің азаматтарына, шетелдегі қазақ диаспорасына және шетел азаматтарына қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін насихаттауға мүмкіндік беретін бірегей жоба. Сондай-ақ, «Аbai.institute» Android және iOS қолдайтын мобильді қосымшада қолжетімді. Портал 6 тілде (қазақ, ағылшын, неміс, француз, орыс, түрік, парсы) ұсынылған. Сондай-ақ Ресей, Түркия, Франция, Германия, Бельгия, Иран, Моңғолия елдеріндегі қазақ диаспорасы үшін қазақ тілін оқыту курстары өткізілді. 2021 жылы аталған жоба аясында АҚШ, Ресей, Түркия, Франция, Германия, Бельгия, Иран, Моңғолия, Өзбекстан елдеріндегі қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру курстары өткізілді. ## Орталықпен бірлесіп жұмыс атқарған мекемелер «Тіл-Қазына» орталығы қазақ тілін дамыту мен реформалау мақсатында шетелдік тәжірибелерді зерделеп, тіл саласындағы бірнеше шетелдік және отандық беделді мекемелермен ынтымақтастық ғылыми-практикалық жұмыстар атқарады: - ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты; - Назарбаев Университеті; - Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы; - Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті; - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті; - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті; - Түркия Республикасы Гази университеті TOMER (Түрік тілін оқыту, үйрету, бағалау орталығы); - Ресей Федерациясы, Полиглот Дмитрий Петровтың Инновациялық-коммуникативтік лингвистика орталығы; - Әзербайжан Республикасы Ғылым академиясы Насими атындағы Тіл білімі институты; - «Яндекс.Қазақстан» ЖШС; - «Отандастар қоры» КеАҚ; - және т.б. «Тіл-Қазына» орталығы жоғарыда аталған ғылыми, әдістемелік және ұйымдастырушылық жұмыстарды жүзеге асыру және үйлестіру  бойынша еліміздегі басты Орталық болып табылады. ## Орталықтың баспа өнімдері Мемлекеттік тапсырманы орындау шартына сәйкес: * Ана тілдерін оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдары «Ана тілі» Қазақстандағы этнос тілдерін оқытуға арналған мәтіндер жинағы А1, А2, В1, В2 деңгейлері (10 этнос тілінде), З.Күзекованың «Қазақ тілі» Бастапқы деңгей (А1), Базалық деңгей (А2), Орта деңгей (В1), Ортадан жоғары деңгей (В2.1), Жоғары деңгей (С1) оқу құралдары мен жаттығулар жинағы, қазақ тілінің лексикалық минимумына негізделген «Қазақ сөзі» 137, 500, 900, 1200, 1500 сөз оқу әдістемелік құралы, Д.Петровтың «Ағылшын тілі» 16 сабақ,   «Казахский язык»  16 уроков базалық тренинг оқу құралдары; * Жексенбілік мектептерге арналған Ана тілі/Энетили. (қырғыз тілінде) оқу-әдістемелік құралы, «Ана тілі» (украин тілінде) оқу құралы, «ZIMANÊ KURDλ күрд тілін оқытуға арналған әдістемелік құралы; * Р.Сыздықованың 14 томдығы, Т.Шонанұлының 5 томдығы, Ә.Жүнісбек «Қазақ тіл білімінің мәселелері», Ә.Қайдар «Тіл ғұмыр», Ш.Сарыбаев «Тіл ғұмыр» ғылыми-танымдық жинағы, Е.Омарұлының тілтанымдық мұралары, аудармалары; * Шетелдегі қазақ диаспорасына арналып жазылған «Қазақ тілі» әмбебап оқулығы (А1 – қарапайым деңгей), «Шетелдегі этникалық қазақтарды қолдаудың 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының «Қазақстанның қасиетті жерлерімен таныстыру мақсатында ақпараттық-анықтамалық материалдарды әзірлеу және шығару» тармағы аясында «Қазақстанның 70 тарихи орны», «Атамекен» ақпараттық-танымдық жинағы; * «Әлихан Бөкейхан», «Ахмет Байтұрсынұлы», «Әліпби» энциклопедиялық-анықтамалықтары; * балаларға арналған С.Әкірамұлының «Ұқыпты бала» өлеңдер жинағы, С.Қамшыгердің «Тастамашы, ана!» аудармасы (башқұрт тілі), Д.Ахметовтің «Робот және алты асық», Н.Төлепбергенұлының Өлеңді әліппе: Қалалар, Өлеңді әліппе: Жануарлар, «Болаларга тухфа» хрестоматия (өзбек тілі), М.Абдилдаева «Балаларға тарту», А. Алтай  «Дегелеңдегі қызыл күн» повесть,әңгімелер, С. Карыбаева «Шаңырақ»; * Лингвистикалық үстел ойыны, Б.Момынова «Қазақ ым-ишараттары» сөздігі, А.Хамзина «Қазақша-орысша-ағылшынша» сөздік М.Қашқари «Түрік сөздігі» 1-3-томдар, Ш.Ш.Жалмаханов, Г.Ы.Байғонысова, Н.П.Жданович. «Заң терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша-ағылшынша, орысша-қазақша-ағылшынша, ағылшынша-орысша-қазақша сөздігі», И.З.Шайдаров, М.Ахметов «Латынша медициналық терминдердің түсіндірме сөздігі», Д.Мәсімханұлы,   Айнұр Әбиденқызы «Қытайша-қазақша үлкен сөздігі» әзірленіп, басып шығарылып, еліміздің 14 облысы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларына, әмбебап кітапханаларға және мемлекеттік мекемелерге таратылып, электрондық нұсқалары «Tilalemi.kz», «Abai.institute» порталына орналастырылды. ## Сыртқы сілтемелер Instagram Facebook ## Дереккөздер
Сабал, Сабыл – Арқат тауының солтүстік-шығысындағы тау. ## Географиялық орны Абай облысы Жарма ауданы Белтерек ауылының оңтүстік-батысында 17 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 649 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2,5 км-ге созылған, енді жері 1 км. Таудың түпкі жыныстары жер бетіне шыққан, сай-жыралармен тілімденген. Бұлақтарға бай. ## Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында селеу, көде, бетеге, жусан аралас бұталар өседі. Етегі мал жайылымына қолайлы. ## Дереккөздер
Жабық ғимараттағы Азия ойындары – төрт жыл сайын 2005 жылдан бері Азия елдерінің барлығында өткізілетін спорт жарысы. Ойындар Халықаралық Олимпиада комитетінің қадағалауымен Азиялық Олимпиада кеңесімен реттеледі. ## Жабық ғимараттағы Азия ойындарының тізімі ## Жалпы медальдар саны ## Сілтемелер * Азия Олимпиадалық Кеңесінің сайты Мұрағатталған 14 сәуірдің 2012 жылы.  (ағыл.)
Қарақұс – Қағыл тауларының солтүстігіндегі шоқылы тау жұрнағы. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Жанбөбек ауылының батысында 55 км жерде орналасқан. Бірсуат жыне Қыпшақ өзендерінің суайрығында. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 489 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 1 км-ге созылып жатыр, енді жері 0,5 км шамасында. Беткейі кертпештеліп, жазыққа ұласады. ## Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, селеу, жусан, аңғарларында бұта өседі. ## Дереккөздер
Қарақұс – Қызылтау тауларының солтүстігіндегі шоқылы таулар. ## Географиялық орны Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігіне қарасты аумақта орналасқан. Терісаққан өзенінің аңғарында. ## Жер бедері Ең биік жері Шарықты тауы (397 м). Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта тізбектеле созылған шоқылы таулардың ұзындығы 22 км, енді жері 14 км шамасында. Тау жұрнақтары жалаңаштанып, беткейлері сай-жыралармен тілімденген. ## Геологиялық құрылымы Төменгі тас көмір кезеңінің жыныстарынан түзілген. Солтүстігінде Қойкөмген, Қосшоқы, шығысында Миялы, оңтүстік-шығысында Лек төбелері, батысында Жаркөл, Шойындыкөл көлдері орналасқан. Тау баурайындағы бұлақтардан Шабдар өзенінің салалары бастау алады. ## Өсімдігі Карбонатты қоңыр топырақ жамылғысында ксерофитті әр түрлі бетеге, селеу аралас өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Махмуд Хамди (араб.: محمود حمدي‎; 1 маусым 1995) — мысырлық футболшы, қорғаушы. 2018 жылы әлем чемпионатына, 2019, 2021 жылдары Африка Ұлттары кубогына, 2020 жылы Жазғы Олимпиадаға қатысты. ## Жетістіктері ### Клубтық * Мысыр кубогы: 2017/18 * Мысыр суперкубогы: 2016 ### Халықаралық * Африка Ұлттары кубогының финалисі: 2021 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Қосшоқы – Шабдар және Сымтас өзендерінің аралығындағы төбе. ## Географиялық орны Ақмола облысы Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылынан шығысқа қарай 35 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 348 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2 км-ге созылған, енді жері 0,5 км. Солтүстігінде 3 км жерде Сымтас өзені бойында шағын бөген салынған. Төбенің оңтүстігімен Терісаққан өзенінің оң саласы Шабдар өзені ағып өтеді. Солтүстік-батысында Сымтас, батысында Қойкөмген, оңтүстігінде Миялы, шығысында Сарыоба төбелері бар. ## Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, астық тұқымдас өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Омар Мармуш (араб.: عمر خالد محمد مرموش‎; 7 ақпан 1999 жыл) — мысырлық футболшы, Мысыр Ұлттық футбол құрамасы мен "Вольфсбург" клубының шабуылшысы. ## Жетістіктері ### Халықаралық * Африка Ұлттар кубогының финалисі: 2021 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * https://www.kicker.de/omar-marmoush/spieler
Мостафа Мохамед Ахмед Абдаллах (араб.: مصطفى محمد أحمد عبد الله‎; 28 қараша 1997 жыл, Эль-Гиза) — мысырлық футболшы, Мысыр Ұлттық футбол құрамасы мен "Галатасарай" клубының шабуылшысы. ## Жетістіктері «Замалек» * Мысыр кубогы: 2018/19 * Мысыр суперкубогы: 2019/20 * Африка суперкубогы: 2020 Египет-23 * Африка чемпионы: 2019 ### Жеке * Жастар арасындағы Африка чемпионатының үздік мергені: 2019 * Чемпиондар лигасының үздік мергені: 2019/20 ## Дереккөздер
Елді мекен: * Қосшоқы — Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл, темір жол бекеті. Таулар: * Қосшоқы – Абай облысы Семей қалалық әкімдігі аумағындағы тау. * Қосшоқы – Қарағанды облысы Абай ауданындағы тау. * Қосшоқы – Қарағанды облысы Абай ауданындағы тау. * Қосшоқы – Қарағанды облысы Жарқайың ауданындағы төбе. * Қосшоқы – Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданындағы тау. * Қосшоқы – Қарағанды облысы Шет ауданындағы тау. * Қосшоқы – Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы тау.
Қосшы – Бұғылы тауларының оңтүстік-батыс бөлігіндегі тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы С.Сейфуллин кентінің солтүстік-шығысында 6 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1099 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 11 км-ге созылған, енді жері 6 км. Беткейі жарқабақты, қатты тілімденген. Батысынан Байқара, оңтүстік-шығысынан Өңірек өзендері бастау алады. ## Геологиялық құрылымы Орта және жоғарғы тас көмір дәуірінің гранитоидты жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Тауалдының сұр, бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында тобылғы, қараған, жусан, селеу, т.б. өсімдіктер өседі. Оңтүстік етегінде бұталы тоғай кездеседі. ## Дереккөздер
Ахмед Сайед (ағылш. Ahmed Sayed; 10 қаңтар 1996 жыл), немесе Зизо (ағылш. Zizo), — мысырлық футболшы, Мысыр Ұлттық футбол құрамасы мен "Замалек" клубының жартылай қорғаушысы. ## Жетістіктері ### Халықаралық * Африка Ұлттары кубогының финалисі ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Қосшы – Ақтау тауларының оңтүстік-батысындағы таулар. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Ақтау ауылының солтүстік-шығысында 20 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 983 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 10 км-ге созылған, енді жері 3,5 км. Беткейлері тіктеу, тізбектелген екі шоқыдан тұрады. Таудан Балта, Боранбай өзендерінің салалары бастау алады. Батысында Қызылтас, оңтүстігінде Қотыржал таулары бар. ## Өсімдігі Қиыршықтасты, қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, т.б. өсімдіктер өседі. Мал жайылымына қолайлы. ## Дереккөздер
Академиялық есуден Азия чемпионаты — академиялық есуден халықаралық жарыс. Чемпионат Азия академиялық есудің басқарушы ұйыммен (ARF) ұйымдастырылады. ## Чемпионаттар тізімі ## Жалпы медальдар саны 2015-2022 ## Сыртқы сілтемелер * Official ARF site
Қойкөмген – Ақмола облысы Жарқайың ауданының қиыр оңтүстігіндегі тау. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 363 м. Беткейлері көлбеу келген. Тау батыстан шығысқа қарай 4 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1,5 км-ге созылған. Сай-жыралармен тілімденген етегімен Субасы, Сымтас өзендері ағып өтеді. Батысында шағын тоған салынған. ## Дереккөздер
Бақытгүл Дәуітбекқызы Ысқақ (1 қаңтар 1963 ж. т. Шығыс Қазақстан (Семей) облысы, Тарбағатай (Ақсуат) ауданы, Ақжайлау ауылы) – тіл білімі маманы, филология ғылымдарының кандидаты. Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша (1985)  бітірген. «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері. ## Еңбек жолы * Орта мектепте аға пионер вожатый (1980-1981), * орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі (1985-1989), * жоғары оқу орындарында оқытушы, аға оқытушы, доцент (1989-2017) болып жұмыс істеді, * Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі (2007-2009), * Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты оқу ісі және дүниетанымды қалыптастыру жұмыстары жөніндегі проректор  (2009-2017) лауазымдық қызметін атқарды, * Еңбек жолын Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО»КеАҚ-да жетекші ғылыми қызметкер (2009-2017), * Терминология басқармасының басшысы (2019 ж.) қызметінде жалғастыруда. ## Негізгі ғылыми еңбектері * Филология ғылымдарының докторы, профессор Ғ.Қалиевтің жетекшілігімен «М.Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» еңбегіндегі және қазіргі қазақ тіліндегі етістік категориясы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. * 30-ға жуық ғылыми, ғылыми-әдістемелік мақалалары, монографиялық еңбегі жарық көрген. Қазақ тілінің морфологиясы, терминологиясы мәселелерімен шұғылданады.
Қосшы – Кішітау тауларының солтүстік-батысындағы аласа тау. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Сарлық ауылының оңтүстік-батысында 28 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 485 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 4,5 км-ге созылған, енді жері 1,5 км. Беткейі көлбеу, қос шоқыдан тұрады. Таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Солтүстігінде Тұзкөл көлі, оңтүстігінде Сарытау тауы, шығысында Қойтас қыстауы жатыр. ## Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, селеу, бетеге, тобылғы, т.б. өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Sulpak — Алматыда орналасқан Қазақстандағы ең ірі электроника сауда желісі. Компанияны 1992 жылы Алмас Султангазин мен Андрей Пак құрған. Сулпак есімі серіктестіктің негізін салушылар Султангазин мен Пак есімдерінің алғашқы екі буынынан құралған. Компанияның мәліметінше, Sulpak-та 6000-ға жуық адам жұмыс істейді. Қазақстан мен Қырғызстанның 55-тен астам қалалары мен елді мекендеріне желіге барлығы 177 сауда нүктесі кіреді. ## Тарихы Sulpak негізін салғаннан кейін бизнес Қазақстанның ірі қалаларында электроника мен тұрмыстық техниканың саудасына ден қойды. 2001 жылы ғана филиалдар желісін бүкіл Қазақстанға кеңейту басталды. 2005 жылдан бастап бөлшек сауда компаниясы Ресейдегі және Шығыс Еуропадағы «Eldorado» ресейлік электроника бөлшек сауда желісімен ынтымақтасады. 2006 жылы Sulpak неміс электроника сатушысы Media Markt-пен бірдей қызыл ливераны қабылдады. Бұл ресейлік «Эльдорадо» нарығымен ынтымақтастыққа байланысты болды, өйткені олар түс схемасын қызылға өзгертті. Сондай-ақ Sulpak 2009 жылдан бері өз өнімдерін онлайн сатумен айналысады. ## Дереккөздер
Қосшы – Ертіс-Қарағанды каналының сол жағалаулық аңғарындағы төбе. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Абай ауданы Изумрудный кентінің оңтүстігінде 12 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 580 м. Пішіні күрделі келген таудың ұзындығы мен ені 6-8 км шамасында. Таудың шығыс беткейінде қорымтастар шоғыры кездеседі. Батыс беткейі тіктеу, жартасты келген. Түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. ## Өсімдігі Қиыршықтасты бозғылт қоңыр және қоңыр топырағында қараған, тобылғы аралас қылқан боз, бетеге, боз, селеу, қоңырбас, т.б. астық тұқымдас шөптесіндер өседі. ## Дереккөздер
Әлім Садуахасұлы Сергібаев (7 наурыз 1959 ж. т. Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шоқпар станциясы) – баспа өнімдерін шығарудың маманы, полиграфиялық машиналардың инженер-механигі. ## Еңбек жолы * 1976 ж. ­­­­­– «Кітап» өндірістік бірлестігі «Кітап Фабрикасы» қағаз кесу станогының машинисі * 1991 ж. – Бөлім шебері, бастығы * 1993 ж. – Мектеп дәптерлері баспасының бас инженері * 1993-1995 жж. – Алматы қаласы, полиграфкомбинатының компаниясы, бас инженер * 1998-2006 жж. – АҚ «Астана полиграфия» өндіріс басқармасының бастығы, бас инженер, директор * 2008 ж. – ЖШС «Бизнес-Пресс» баспа полиграфиялық компаниясы, бас директорының өндіріс бойынша орынбасары * 2009 ж. – ЖШС «Сарыарқа» баспаүйі бас директордың өндіріс бойынша орынбасары * 2009 ж. – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және архив комитеті баспалар бағдарламасы басқармасы бастығының міндетін атқарушы * 2009 ж. – АҚ «Баспалар үйі» президентінің көмекшісі * 2010 ж. – ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитеті Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының Сараптама және баспа қызметі бөлімінің бастығы * 2011-2013 жж. – ҚР  Мәдениет министрлігі Тіл комитеті Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы директорының міндетін атқарушы * 2015 ж. - ҚР  Мәдениет министрлігі Тіл комитеті Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы, Баспа бөлімінің басшысы * 2018 ж. - ҚР  Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ Редакциялық-баспа басқармасының басшысы ## Марапаттары * 1985 ж. – Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты * 2001 ж. – Мемлекеттік «Алғысхат» алғысы * 2003 ж. – ҚР баспа және полиграфия істері қайраткері» атты Құрмет белгісі * 2016 ж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірінің Құрмет грамотасымен марапатталды * 2017 ж. –  Қазақстан Республикасыны  Мәдениет  және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеттінің Құрмет грамотасы * 2017 ж. –  Қазақстан Республикасыны  Мәдениет  және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеттінің Алғысхаты.
Сарыоба – Желдіадыр тауларының солтүстік-шығысындағы тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Талдысай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 484 м. Ендік бағытта созылып жатқан таудың ұзындығы 3 км, енді жері 1,5 км. Тау басы доғал, беткейлері көлбеу келген. Солтүстігінде Тараншы өзенінің негізінде шағын бөгендер салынған. Солтүстік-шығысында Қарасай, оңтүстігінде, Тараншы өзенінің бойында Талдысай қыстауы орналасқан. ## Өсімдігі Қиыршықтасты қоңыр, қызғылт қоңыр топырағында қараған, тобылғы бұталары аралас жусанды-бетегелі қуаң дала ландшафтысы қалыптасқан. Етегі мал жайылымына қолайлы. ## Дереккөздер
Сатай – Шуылдақ өзенінің аңғарындағы төбе. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қайыңды ауылының оңтүстік-шығысында 47 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 246 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 6 кмге созылған, енді жері 4 км. Жер бедері жонды-белесті келген. Солтүстігінде Алпысбай қыстауы, солтүстік-батысында Сарыоба төбесі бар. ## Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында тобылғы аралас ши, бетеге, сұлыбас, бұйырғын, т.б. өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Эмам Ашур (20 ақпан 1998) — мысырлық футболшы, Мысыр Ұлттық футбол құрамасы мен "Замалек" клубының жартылай қорғаушысы. ## Жетістіктері ### Клуб Замалек SC * Мысыр чемпионы 2020-21 * Мысыр кубогы: 2018–19 * Мысыр суперкубогы: 2019–20 * Африка суперкубогы: 2020 ### Халықаралық * Африка чемпионы (23 жас): 2019 * Африка Ұлттары кубогының финалисі: 2021
Шаржау облысы – Түрікменстан құрамындағы әкімшілік бөлік. 1970 жылы 14 желтоқсанда құрылған. Жері 93,8 мың квадрат км. Халқы 565 мың (1977). 11 ауданға бөлінеді. 2 қаласы, 22 қала типтес поселкесі бар. Орталығы – Чаржау қаласы. ## Табиғаты Чарджоу облысы Амудария өзенінің орта ағысы бойында орналасқан. Облыстың көпшілігін бөлігін Қарақұм шөлі, Гиссар жотасының сілемдері алып жатыр. Пайдалы қазындылары – табиғи газ, полиметалл рудалары, күкірт, калий тұздары. Қаңтардың орташа температурасы – 4 градустан – 2 градусқа дейін, шілдеде 28 – 32 градус. жылдық жауын-шашынның мөлшері 200 мм, тау етегінде 100 мм. Ірі өзені Амудария. Жері сұр, өзен аңғарлары шөгінді топырақты келеді. Негізінен қуаңшылыққа бейімделген өсімдік жамылғысы қалыптасқан, Амудария бойында тоғай өседі. ## Халқы Тұрғындарының басым көпшілігі (68,8%, 1970) – түрікмендер. Олардан басқа орыстар, өзбектер тұрады. Орташа тығыздығы 1 шаршы км-ге 5,4 адамнан. Қала халқы 45%. Ірі қалалары – тоғай өседі. ## Шаруашылығы. Чарджоу облысында тау-кен, химия, машина жасау, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу өнеркәсіп салалары дамыған. Табиғи газ, күкірт (Гаурдак), қорғасын өндіріледі. Машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындарынан автомобиль, кеме жөндеу (Чарджоу), жөндеу-механикалық (Керки) заводтары, химиялық саласынан ірі суперфосфат заводы (Чарджоу), ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуге негізделген мақта тазалау, қаракөл елтірісін өңдеу заводтары, ет комбинаты, сүт, шарап заводтары (Чарджоу) бар. Жібек комбинаты, трикотаж, мақта, аяқ киім фабрикалары (Чарджоу) шоғырланған. Ауыл шаруашылығының негізгі салалары мақта егу, қаракөл қойын өсіру, жібек және бақша (қауын) шаруашылықтары. Облыста 79 колхоз және 7 совхоз бар (1973). Суармалы егіншіліктің үлесі басым. Егісі (мың га, 1972) 139,2 бұның ішінде технологиялық дақылдары 87,4, дәнді дақылдары 13,6, көкөніс-бақшасы 6,9. Басым егілетін технологиялық дақылы – мақта (86,2 мың га). Дәнді дақылдардан бидай, күріш, арпа егіледі. 1973 жылғы мал саны (мың): мүйізді ірі қара 154,4 (бұның ішінде сиыр 62,0), қой мен ешкі 925,3, шошқа 28,1, жылқы 4,3. Темір жолының ұзындығы 487 км (1973). Негізгі темір жол магистралы Үргеніш – Чарджоу. Автомобиль жолы 2406км, бұның ішіндегі асфальтталғаны 1039,4 км. Чарджоу – Красноводск мұнай құбыры салынуда (1974). Амудария өзенінде кеме жүзеді. Педогогикалық институт, 6 арнаулы орта оқу орны бар. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Туркменистан, М., 1969 (серия «Советский Союз»).
Qazlatyn — Қазақстандағы латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін негізгі ұлттық портал және конвертер. Жобаны «Тіл-Қазына» орталығы 2018 жылы әзірледі. Порталдың көпфункционалды конвертері мәтіндерді кирилден латынға және төте жазуға онлайн сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Конвертердің ішкі ядросы (кодтары) «Яндекс переводчик» веб-сервисіне орналастырылып, қазіргі таңда «казахский (латиница)» деген жазумен халықаралық деңгейдегі тілдер қатарына қосылды. ## Порталдың қызмет түрлері: І. Сайттың бөлімдері: * Жаңалықтар және кітапхана; * Емле бөлімі; * Жобалар; * Әліпби (әліпби дыбысталуымен әзірленді. Әрбір әріпке сипаттама беріледі және контексте қолданылуы бар); * Администратор бөлімі; * Админ панелін телефонмен басқару; * Мобильді нұсқасы; * Графика (Кирил, латын, төте жазуында әзірленген. Кирилден – латынға, латыннан  - төтеге, төтеден – латынға, латыннан – кирилге қатесіз сәйкестендіреді. Сондай-ақ графика ауысқанда,  сол беттің құрылымы да ауысады. Мәселен, төте жазу оңнан солға қарай жүрсе, ауыстыруға қажетті беттің толық құрылымы сол бағытта ауысады); * Vue.js фреймворк (Әрбір қолданушыға жеке интерфейс ашады. Яғни порталға бір сәтте бірнеше адам кірсе де, портал ұзақ ойланып қалмайды). ІІ. Көпфункционалды конвертер; ІІІ. Конвертердің онлайн нұсқасы; IV. Онлайн файлдық конвертер; V. Офлайн файлдық конвертер; VІ. Негізгі  плагиндер әзірленді. VІІ. Windows-қа арналған офлайн-нұсқасы; VІІІ. Бағдарламалардың 1000 данасын дискпен тарату жүзеге асырылды. ІХ. Мобильді қосымшалар бар (iOS және Android жүйелеріне арналған қосымшалар әзірленді. Қосымша мәтінді ғана емес файлдық конвертациялауды жүзеге асыра алады). X. GitHub веб-сервистік порталына арналған қосымша плагиндер жиыны; ХІ. Chrome браузеріне арналған конвертердің плагині; ХІІ. Деректер базасы әзірленді. ## Соңғы өнімді нәтиже: * Qazlatyn.kz көпфункционалды конвертердің  ішкі ядросы (кодтары) әлемдік веб-сервис Яндекс переводчикке орналастырылып, қазіргі таңда «казахский (латиница)» деген жазумен халықаралық деңгейдегі тілдер қатарына қосылды. Яндекс переводчик веб-сервисіне орналастыру жұмысы «Тіл-Қазына» орталығы мен Яндекс компаниясы арасында жасалынған Меморандум негізінде, яғни тегін жүзеге асырылды. * Онлайн конвертерде бүгінге дейін 1 552 340 рет мәтін сәйкестендірілген.  Ал үлкен көлемдегі  сәйкестендірілген құжаттар саны –   5310 файл. ## Конвертер мүмкіндігі Абай жолы (Word, 433 бет) – 7 сек. сәйкестендіреді Абай жолы (PDF, 433 бет) – 13 мин. 52 сек. сәйкестендіреді 20 кітап «Абай жолы» (Word, 433 бет) – 1 мин. 10 сек. сәйкестендіреді 100 кітап «Абай жолы» (Word, 433 бет) – 6 мин. 8 сек. сәйкестендіреді 1000 кітап «Абай жолы» (Word, 433 бет) – 60 мин. сәйкестендіреді 100 000 кітап «Абай жолы» (Word, 433 бет) – 100 сағат (4 тәулік 4 сағат) сәйкестендіреді 1 кітап «Абай жолы» (pdf, 300 бет) – 3 мин. 20 сек. сәйкестендіреді (200 сек).
Қосшы – Мыржық жотасының шығысындағы шоқылы тау. ## Географиялық орны Абай облысы Жаңасемей ауданында орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 548 м. Қос шоқының шығыс беткейі тіктеу келген. Солтүстігінде Алтыбай аңғары, шығысында Жыңғылды көлі, оңтүстігінде Арқалық таулары бар. ## Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында боз, селеу, сұлыбас, қозықұлақ, бұталар өседі. Жайымдылық ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Сарыоба – Желдіадыр тауларының шығысындағы Жаманкөң мен Жақсыкөң өзендері аралығындағы тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Баршын ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 432 м. ұзындығы 8 км, ені 4 км. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылған оқшау таудың беткейі жатық, төбесі доғалданып келген. ## Өсімдігі Беткейі мен етегінің қызғылт қоңыр, қоңыр топырақ жамылғысында қараған, жыңғыл, ши аралас бетегелі-бозды, жусанды-еркек шөпті дала ландшафтысы қалыптасқан. Шығысындағы Жаманкөң өзені бойында астық тұқымдас шалғынды өсімдіктер өседі. Алабы - мал жайылымы. ## Дереккөздер
Сарыоба – Қараоба шоқысының (606 м) солтүстік-батысында, Шошқакөл көлінің шығысында 18 км жерде орналасқан шоқы. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы жерінде. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 549 м, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 10 кмге созылған, енді жері 8 км. Күрделі пішінді шоқының төбесі тіктеу келген. Беткейлері көлбеу келген. Олар сай-жыралармен тілімденген. Сыртқы өзеніне қарасты шығыс беткейі біршама тіктеу. Одан шағын бұлақ көздері бастау алады. ## Өсімдігі Бұта аралас қоңыр топырақ жамылғысында бетегелі-жусанды боз дала ландшафтысы қалыптасқан. Шоқы етегінде бірнеше қыстау (Жұмабай, Жұмабай-Қарасу, т.б.) орналасқан. Алабы мал жайылымына қолайлы. ## Дереккөздер
Қосқызылшоқы – Үлкен Бақтыбай тауының солтүстік-шығысындағы аласа тау. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Алтынды ауылының оңтүстік-шығысында 48 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 284 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 5 км-ге созылған, енді жері 1 км. Беткейі жайпақ, сай-жыралармен тілімделген. Таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Солтүстігінде Ашық, оңтүстігінде Қараешкі қыстаулары, шығысында Сатай, Сарыоба таулары бар. ## Өсімдігі Қоңыр, сортаң сұр топырақ жамылғысында итмұрын, тобылғы аралас ши, бетеге, жусан, қау, сұлыбас, т.б. өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Сарыоба – Қарақуыс тауларының (Қостанай облысы) шығысында, Терісаққан өзенінің аңғарындағы төбе. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданының қиыр солтүстік-батысында орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 355 м (салыстырмалы биіктігі 50 м шамасында). Төбе батыстан шығысқа қарай 2,5 км-ге созылған, енді жері 1,5 км. Төбе басы доғал, дөңбек келген. Беткейлері көлбеу, етегінде кішігірім жыралар кездеседі. Оңтүстігінде 3 км жердегі өзен бойында қыстау орналасқан. ## Өсімдігі Нашар дамыған қиыршықтасты қоңыр, қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында бұта аралас жусанды-бетегелі бірлестігі жəне əр түрлі астық тұқымдас шөптесіндер өскен. ## Дереккөздер
Сарыоба – Жаманкөң өзенінің жоғарғы ағысында, Шұбаркөл тас көмір кен орнының шығысында 26 км жердегі оқшау аласа тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Тікенекті ауылының батысында 22 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 518 м. Ендік бағытта 5 км-ге созылған, енді жері батысында (3,5 км). Жатық келген беткейлері айналасындағы сайлыжыралы далаға ұласады. ## Өсімдігі Топырағы негізінен қоңыр, құмайтты қоңыр. Онда бетеге, көде, қылқан селеу, күйреуік, т.б. шөптесіндер өседі. Солтүстік-шығысында бұта шоғырлары кездеседі. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі — ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен ҚР Мәдениет министрлігі, ҚР Ақпарат министрлігі және ҚР Туризм және спорт жөніндегі агенттігі оларды ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне біріктіру, туризмді дамыту функциялары ҚР Индустрия және сауда министрлігіне, ал жастар саясаты саласындағы ҚР Білім және ғылым министрлігіне берілу жолымен қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды, ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы қаулысымен министрлік туралы ереже бекітілді, министрліктің Спорт істері комитеті құрылды, ҚР Мәдениет министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағаттар комитеті болып қайта ұйымдастырылды. Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамамен көзделген шектерде оның құзіретіне жатқызылған қызмет салаларындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқарушы органы болып табылады. Министрліктің негізгі міндеті мәдениет, ақпарат, ішкі саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім, тілдерді дамыту, мұрағат ісі мен құжаттама, кітап шығару, полиграфия, дене шынықтыру және спорт салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру болып табылады. Министрліктің ведомстволары бар: Ақпарат және мүрағаттар комитеті, Спорт істері комитеті. Министрлік, оның ведомстволары және ведомстволық қарасты ұйымдары министрліктің біртұтас жүйесін құрады. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 4 ақпандағы қаулысымен министрліктің Тіл комитеті құрылды және оның ведомстволарының құрамына кірді. ## Тағы қараңыз * Қазақстан Республикасының спорт шебері ## Дереккөздер
Қараоба – Амантау тауларының оңтүстік-шығысындағы шоқы. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Айнабұлақ ауылының шығысында 15 км жерде орналасқан. Құланөтпес және Сыртқы өзендерінің аралығында жатыр. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 606 м, салыстырмалы биіктігі 106 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған шоқылар тізбегінен тұрады. Ұзындығы шамамен 10-11 км, енді жері 6 км. Беткейі көлбеу, маңында Тәнеке, Бақа, т.б. шоқылары мен Жантай, Шортанбай қыстаулары орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Тас көмір және девон гранитоидтарынан түзілген. ## Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында тал, шілік аралас дала өсімдіктері өседі. ## Дереккөздер
Сарыоба – Мұғалжар тауларының шығысында, Қосқызылшоқы тауының шығысындағы тау. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар ауданының солтүстігінде, Біршоғыр темір жол стансасынан солтүстік-шығысқа қарай 60 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 244 м. Аласа келген енсіз таудың беткейі жатық. ## Өсімдігі Құнарлығы шамалы сұр, бозғылт сұр топырағында жусан, күйреуік, баялыш, бұйырғын, т.б. қуаң далаға тəн шөптесіндер өскен. ## Дереккөздер
Сағадат Тұрсынбай (26 наурыз 1999 жыл) — қазақ футболшысы, Қазақстан Ұлттық құрамасы мен "Мақтаарал" клубының қорғаушысы. ## Карьерасы ### Клубтық Шымкент футболының түлегі. "Ордабасы" командасының фарм-клубында біраз ойнап, 2017 жылы бас командаға ауысты. Алайда алаңға тұрақты шыға алмай, тек қосалқы құрамда отырды. 2018 жылы "Тараз" клубына өткен соң ғана негізгі құрамда ойнай бастады. ### Ұлттық құрамада Ұлттық құрамадағы алғашқы ойыны 2019 жылы 21 ақпанда Антальяда Молдова құрамасына қарсы бейресми жолдастық кездесусе өтті. Сағадат 66 минуттай ойнады да, орнына Бекзат Шадманов шықты. Бұл ойында Қазақстан 1:0 есебімен жеңіске жетті. ## Жетістіктері Ордабасы * Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2017 ## Сілтемелер * Профилі
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» — 1994 жылы белгіленген жоғары спорттық атақ (2014 жылға дейін – құрметті спорттық атақ). Атақ беру және одан айыру туралы мәселені Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы жоғарғы басқару органы шешеді. Бұл құрметті спорт атағын бірінші болып — Вячеслав Чиванин алған. ## Иелену тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтарына «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағын республикалық және аймақтық спорт федерациялары аккредиттелген облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астаналардың) жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган береді. ## Атақты иелену санаты «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағы Олимпиада ойындарында, әлем чемпионаттарында жоғарғы спорттық нәтижелерге қол жеткізген және келесі талаптарды орындаған спортшыларға беріледі: * Ересектер арасындағы Олимпиада ойындарында 1-3 орын; * Ересектер арасындағы әлем чемпионатында 1-2 орын немесе ересектер арасындағы әлем чемпионатында екі рет 3 орынды иеленген. Ойындық спорт түрлері бойынша «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағы келесі талаптарды орындаған спортшыларға беріледі: * Олимпиада ойындарының немесе әлем чемпионатының, УЕФА Чемпиондар лигасының (UEFA) топтық кезеңіне немесе ересектер арасындағы УЕФА (UEFA) Еуропа лигасының финалына шыққаны үшін. Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағы келесі талаптарды орындаған спортшыларға беріледі: * үш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатында 1-орынды иеленгендер. Спорт түрлері бойынша мүгедек спортшылар арасында «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағы келесі талаптарды орындаған спортшыларға беріледі: * Паралимпиада немесе Сурдлимпиада ойындарында 1-3 орын. * Спорттық атақ қайта берілмейді. ## Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шеберлерінің тізімі ## Дереккөздер
Гүзәл Таһирқызы Манюрова (тат. Гүзәл Таһир кызы Манюрова; 24 қаңтар 1978) — 2010 жылға дейін Ресей үшін өнер көрсеткен Қазақстандық спортшы (еркін күрес). Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Афинадағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2004), Лондондағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2012), Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2016). 2012 жылғы постолимпиадалық әлем чемпионатында өнер көрсеткен Гюзель бір мезгілде жарысқа қатысушы-спортшы және Қазақстан әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы болды. Спортшы ретінде Манюрова күміс медаль жеңіп алды, ал Қазақстан құрамасы жалпы есепте 27 қатысушы ел арасында бесінші орынды иеленді. ## Өмірбаяны Мордовияда 1978 жылы 24 қаңтарда Саранскіде Татарский Умыс ауылынан шыққан отбасында дүниеге келген. * 2002 жылға дейін айкидомен айналысты, айкидодан 3-ші Айкикай дан алған. * 2002 жылы жаттықтырушы А. Колывановтың басшылығымен еркін күреспен айналыса бастады. 2004 жылы еркін күрестен Еуропа чемпионатының жеңімпазы және Афинадағы олимпиадаада күміс жүлде иеленді. 2005 және 2007 жылдары Ресей чемпионатында жеңіске жетті. * 2008 жылғы Олимпиадаға спортшы қатыса алмады: олимпиада командасында Елена орын алды. * 2008 жылғы 4 шілдеде Чеховта өткен бақылау тартысындағы жеңіс нәтижесінде Елена Перепелкина (2008 жылғы Ресей чемпионы) Олимпиада командасындағы орынға ие болды. Перепелкина Пекинде 1/8 есебімен жапондық Хамагутиден жеңілді 1:3. * 2010 жылы Манюрова азаматтығын өзгертті және Қазақстан үшін өнер көрсете бастады. Осыдан кейін қатарынан үш рет Азия чемпионатын (2010-2012) жеңді. 2011 жылғы Стамбулда өткен Әлем чемпионатында бесінші орын алып, 2012 жылғы Лондондағы Олимпиада ойындарында қатысу құқығына ие болды. Лондон Олимпиадасында қола медаль жеңіп алды. * 2016 жылы Рио-де-Жанейро өткен Олимпиадада күміс медаль жеңіп алды. Саранскіде еркін күрес бойынша Гюзель Манюрованың жүлдесіне турнир өткізіледі. ## Дереккөздер ## Сілтемелер
«Қазақстан Республикасының спорт шебері» — 1994 жылы Қазақстан Республикасы жастар, туризм және спорт жөніндегі істер министрлігі қарамағындағы Дене шынықтыру Жоғарғы Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы спорттық атақ. Қазақстанда спорттық атақтары анықталған Бірыңғай спорттық жіктемесі (БСЖ) бар: «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» (ХДСШ), «Қазақстан Республикасының спорт шебері» (СШ), «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» (ҚРЕСЖ), сондай-ақ спорттық разрядтар: «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат» (СШК), 1-ші, 2-ші, 3-ші спорттық (ересектер) разрядтары және 1-ші, 2-ші, 3-ші жасөспірім разрядтары. ## Иемдену қағидасы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің тиісті бұйрығында көрсетілгендей әрбір спорт түріне атақ берудің өзіндік қағидалары мен талаптары бар. ## Иемдену тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтарына «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атағын республикалық және аймақтық спорт федерациялары аккредиттелген облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астаналардың) жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган береді. Спорттық атақтың орындалуын «Жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі» санатындағы кемінде үш төрешіден тұратын спорт түрі бойынша төрешілер алқасы растайды. ## Ұқсас дәрежелер Мұндай атаулар Болгарияда, Польшада (әлі де бар), ГДР, Румыния және Чехословакияда болды. 1992 жылдан бастап «спорт шебері» атағын бұрын КСРО құрамында болған бірқатар мемлекеттер – Ресей, Украина, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстан бекітті. ## Тағы қараңыз * Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі * Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері * КСРО спорт шебері ## Сілтеме * "Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 қарашада № 9902 тіркелді — Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі * "Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 тамызда № 9675 тіркелді — Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі ## Дереккөздер
Сарыоба – Тасқараала тауларының шығыс, оңтүстік-шығысындағы оқшау аласа тау. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Тоғысқан темір жол стансасынан солтүстікке қарай 40 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 492 м. Тау оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 7 км-ге созылған, енді жері 4 км. Беткейлері көлбеу, төбесі доғал пішінді. Батысында Қыналыкөл көлі жатыр. Оған көктемде суы кермек татитын Өткелсаз өзені құяды. ## Өсімдігі Тау беткейі мен етегінің құнарлығы шамалы сұрғылт қоңыр топырағында жусан, теріскен, қылқан боз, кермек, еркек шөп, т.б. шөптесіндер өскен. ## Дереккөздер
Сарыоба – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылының оңтүстігінде 50 км жерде орналасқан тау. ## Жер бедері Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 18 км-ге созылып жатыр, енді жері 7 км. Абсолюттік биіктігі 997 м. Сай, шатқал, аңғарлармен тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. ## Геологиялық құрылымы Девон жүйесінің орта жəне жоғарғы бөлім жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында сұлыбас, боз жəне т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Бұлақтарға бай. Тау аңғарында Талдыбұлақ, Қасқа, Майтас, т.б. қыстаулар бар. ## Дереккөздер
Сарыоба – Алтыншоқысу тауларының орта тұсындағы тау, осы таулардың ең биік жері (249 м). ## Географиялық орны Қызылорда облысы Арал ауданы Шоқысу темір жол айырмасынан (Ақтөбе облысы Шалқар ауданында) солтүстік-шығысқа қарай 13 км жерде орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Негізі палеозойда, кейіннен мезо-кайнозойда түзілген түпкі тау жыныстары жер бетіне жақын орналасқан. Олардың үстін неоген мен төрттік кезеңнің шөгінділері жауып жатыр. Таудың солтүстік-батыс беткейі тіктеу, қалғандары көлбеу жəне жатық келген. ## Өсімдігі Шөл даланың құмдақты сұр, бозғылт сұр, құба топырағында жусан, изен, баялыш, бұйырғын, теріскен, т.б. шөптесіндер өскен. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс етегінде Байталының бұлағы жылғасы (жазда құрғап қалады) мен қонысы созылып жатыр. ## Дереккөздер
Рүстем Жүрсінбекұлы Мәліков (9 қыркүйек 1992 жылы, Өскемен) — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері (армрестлинг), төрт дүркін әлем чемпионы. ## Өмірбаяны Өскеменде тұрады және жаттығады. Жаттықтырушы – ҚР ЕСЖ Қыдырхан Сатыбалды. 2009 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында алтын медаль жеңіп алып, Венецияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. 2010 жылы Лас-Вегаста өткен әлем чемпионатында жасөспірімдер арасындағы чемпионатта 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесі біріншілігінде өнер көрсетіп, сол қолымен — «күміс», оң қолымен — «қола» жүлдегер атанды. 2011 жылдың тамыз айында Гауохад қаласында (Үндістан) өткен Азия чемпионатында 60 келі салмақта чемпион атанды. 2011 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында сол қолмен 60 келі салмақ дәрежесінде басым түсті. 2012 жылы Швецияда, Словакияда, Италияда өткен бірнеше халықаралық турнирлерде жеңімпаз атанып, Тараз қаласында өткен турнирде тағы да Қазақстан чемпионы атанса, кейін Иранда өткен жарыста Азия чемпионы атағын сенімді түрде жеңіп алды. 2012 жылы Сан-Висентеде (Бразилия) өткен әлем чемпионатында ол қайтадан сол қолымен 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесін жеңіп алды, оң қолымен ол тек бесінші болды. Осы жеңісі үшін Рүстемге «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» құрметті атағы берілді. 2012 жылы қарашада Варшавада армрестлингтен әлем кубогында Рүстем оң қолмен армрестлингтен 63 келіге дейінгі салмақта алтын, сол қолымен күміс алды. ШҚУ дене шынықтыру және спорт факультетінің 2 курс студенті, Өскемен титан-магний комбинатында спорт нұсқаушысы болып жұмыс істейді. ## Сілтеме * Рүстем Мәліков армрестлингтен әлем чемпионы атанды Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.  (орыс.) * Рүстем Мәліков Өскеменге армрестлингтен әлем кубогының алтын және күміс жүлделерінің иегері болып оралды  (орыс.)
Антон Андреевич Смольский (16 желтоқсан 1996 жыл) — беларусьтік биатлоншы, 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. ## Карьерасы 2015 жылы жасөспірімдер арасындағы халықаралық жарыстарға қатыса бастады. Екі жылдан соң әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.2017 жылы қараша айында тұңғыш рет әлем кубогына қатысып, 11-орын алды. 2018 жылғы Қысқы Олимпиадада алғашқы отыздыққа іліне алмады. 2020 жылғы әлем чемпионатында 15 орын алды. ## Дереккөздер
Сарыоба – Күршім жотасының оңтүстік-батысындағы тау. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Ақбұлақ ауылының батысында 10 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1030 м. Енсіз шағын келген тау беткейлері жатық келген. Олар айналадағы құрғақ даламен ұласып кетеді. Шығыс және батыс етегінен Қалғұтты өзенінің салалары бастау алады. ## Өсімдігі Қиыршықтасты қоңыр, қызғылт қоңыр топырағында тобылғы, қараған бұталары аралас бетеге, жусан, қылқан боз, айрауық, т.б. шөптесіндер өскен. Етегі мал жайылымына қолайлы. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері — Қазақстан Республикасында белгіленген спорттық атақ. ## Иелену қағидасы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің тиісті бұйрығында көрсетілгендей әрбір спорт түріне атақ берудің өзіндік қағидалары мен талаптары бар. ## Иемдену тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтарына «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атағын республикалық және аймақтық спорт федерациялары аккредиттелген облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астаналардың) жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган береді. Спорттық атақтың орындалуын «Жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі» санатындағы кемінде үш төрешіден тұратын спорт түрі бойынша төрешілер алқасы растайды. ## Тағы қараңыз * Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері * Қазақстан Республикасының спорт шебері ## Сілтеме * "Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 қарашада № 9902 тіркелді — Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі * "Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 тамызда № 9675 тіркелді — Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі ## Дереккөздер
Карлуш Мануэл Бриту Леал Кейрош (порт. Carlos Manuel Brito Leal Queiroz; 1 наурыз 1953, Нампула, Португалиялық Батыс Африка) — португалиялық футболшы, футбол жаттықтырушысы. ## Жетістіктері ### Бапкер ретінде Португалия-21 * Әлем чемпионы (2): 1989, 1991 «Спортинг» * Португалия кубогы: 1994/95 * Португалия суперкубогы: 1995 * «Реал Мадрид» * Испания суперкубогы: 2003 Мысыр * Африка Ұлттар кубогының финалисі: 2021 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * https://www.footballdatabase.eu/en/player/details/2520
Сарыоба – Арқарлы тауларының шығысындағы төбелер. ## Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданының оңтүстік-батысында орналасқан. ## Жер бедері Оңтүстік-батыстан шығысқа қарай доғаша созылып жатқан төбелер тізбегінің теңіз деңгейінен ең биік жері орта тұсында (800 м шамасында). Енсіз төбелер 20-22 км-ге созылған. ## Өсімдігі Жатық беткейлерінің қиыршықтасты сұр топырағында ебелек, жусан, ши, баялыш, еркек шөп, қоянсүйек, т.б. шөптесіндер өскен. Таудың оңтүстігі мен батысында қыстаулар (Сарыоба, Нұрлан, Ақшора, т.б.) орналасқан. ## Дереккөздер
Гүлнұр Манатқызы Оразымбетова (8 мамырда 1977 жылы, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қаратерең ауылында туған) — қазақстанның эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері. ## Өмірбаяны 1977 жылы 8 мамырда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қаратерең ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген. ## Толығырақ 1997-2000 жылдары Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығының әдіскері. 2000-2001 жылдары Қызылорда облысы мемлекеттік филармониясының әншісі болды. 2001-2010 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Қазақконцерт» өнер бірлестігінің солисті болды. 2010 жылдары Алматы облыстық филармониясының солисті. 2015 жылдан бастап «Qazaqstan» телеарнасы «Tańsholpan» ақпараттық ойын-сауық бағдарламасының жүргізушісі. 2020 жылдан бастап Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының әншісі. ## Жетістіктері Гүлнұр Оразымбетованың шығармашылық жолындағы жетістіктері: * 2000 жылы "Жас қанат" әншілер байқауының «Жыл адамы» сыйлығының иегері; * 2000 жылы Х-шы Халықаралық «Азия Дауысы» фестивалінің лауреаты; * 2004 жылы Болгарияда өткен VIII Халықаралық «Дискавери» байқауының лауреаты. ## Шығармашылығы Оның репертуарында Р.Таймановтың "Қоркыт-қобыз", Б.Оралұлының "Толғау", С.Жолбарыстың "Сағынышы" мен "Ойлаймын сені", С.Сыздыковтың "Қоштасу", т.б. қазақ халық және қазіргі композиторлардың әндері бар. ## Дереккөздер
Нұрлан Нұғманұлы Қоянбаев (19 шілде 1979, Шиелі, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан) — қазақстандық продюсер, тележүргізуші және актер. «Қазақтар» КВН командасының және «Astana.kz» капитаны, «Respublica» саяси партиясы тең төрағаларының бірі. Qazaqstan телеарнасындағы «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» телешоуының жүргізушісі. «Қазақша бизнес Америкада», «Таиландтағы демалыс», «Қазақша бизнес Африкада», «Қазақша бизнес Кореяда» фильмдерінің және «Үзілмес Үміт» телесериалының бас продюсері және жетекші актері, «Kazteleproduct» кинокомпаниясының негізін қалаушы. ## Өмірбаяны Қыпшақ руының Қарақойлы бөлімінен шыққан. ### Білім алуы Нұрлан Қоянбаев 1979 жылы 19 шілдеде Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. 1996 жылы жергілікті орта мектепті үздік бітіріп, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультетіне оқуға түсті. Университетті 2000 жылы бітірген. 2009-2011 жылдары экономика және құқық академиясында (қаржы және несие факультеті) оқыды. 2012-2015 жылдары қайтадан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім алып (халықаралық қатынастар факультеті), магистратураны бітірді. ### Мансабы Ол КВН ойындарына сәтті қатысып жүрді. Ол «Астана.kz» (кейінірек - «Қазақтар») КВН Жоғары Лигасы командасының капитаны болды. 2003 жылы ол Қазақстанның ең үздік КВН ойыншысы деп танылды және 2006 жылы Ресейдің ең үздік КВН ойыншысы ретінде танылды. 2000 жылдардың басында Нұрлан Қоянбаев қазақ теледидарында штаттан тыс сценарист ретінде жұмыс істей бастады. Ол бірқатар ойын-сауық теледидарлық жобаларына қатысты: «Алматы - менің алғашқы махаббатым», «Намыс Дода», «Тойбастар», «Қызықстан», «Қызық радиосы», «Шатакхана». Ол «Қыздар-ай», «Қазақша концерт», «Әнгіме болсын», «Әзіл студия» эскиздік шоу, «Ризамын» - жасырын камерасы бар шоу-бағдарламалардың авторы және продюсері болды. 2013 жылы 14 қазанда ол «Qazaqstan» телеарнасында «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» ток-шоуының тележүргізушісі болды. 2017 жылдың ақпанында ол Қазақстан РТРК бас продюсері болды. 2016 жылы ол «Қазақша бизнес» фильмінің бас продюсері болды, онда ол да басты рөлдердің бірін ойнады. 2017 жылы фильмнің жалғасы «Қазақша бизнес Америкада» жарыққа шықты. Оның түсірілімдері Алматы мен Лос Анжелесте өтті. 2017 жылдың соңында ол Forbes Kazakhstan журналы құрған шоу-бизнес және спорт жұлдыздарының тізімінде төртінші орынға ие болды. Газеттің бағалауы бойынша оның жылдық кірісі 500 миллионнан астам теңгені ($1,5 млн) құрады. Нұрлан Қоянбаев - «Kazteleproduct» ЖШС құрылтайшысы және «Большая 8осьмерка» ЖШС-нің тең иесі болды. ## Жеке өмірі Әйелі - Әйгерім, екі баласы - қызы Нұрай және ұлы Нұрсейіт. Ол футбол ойнауды және саяхаттауды жақсы көреді. ## Фильмография ## Марапаттары * «Нұр Отан» партиясының марапаты ## Дереккөздер
Қаратөбе – Ұлытау тауларының оңтүстік-шығысындағы шоқылы тау. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Жезқазған қаласының оңтүстік-батысында 46 км жерде орналасқан. Қумола өзенінің аңғарында. ## Жер бедері, геологиялық құрылымы Абсолюттік биіктігі 395 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км шамасында. Беткейі тіктеу, таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Солтүстік-шығысында Сарыоба таулары мен Бекембетсай қонысы бар. ## Өсімдігі Қиыршықтасты, сұр және сортаң топырақ жамылғысында қара жусан, бұйырғын, баялыш, жүзгін, теріскен, т.б. өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Қаратөбе – Амантау тауларының солтүстік-шығысындағы шоқы. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Изенді ауылының оңтүстік-батысында 12 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 7 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км. Абсолюттік биіктігі 416 м. Беткейлері жонды-қырқалы ұсақ шоқылардан тұрады. Солтүстік-батысында Өстемір, батысында Топаркөл, солтүстік-шығысында Изенді көлдері жатыр. Шығысынан Құланөтпес өзені ағып өтеді. Етегінде Шұбартөбе қыстауы орналасқан. ## Өсімдігі Қиыршықтасты сортаңды бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында қара жусан, көкпек, бетеге, сұлыбас, т.б. өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
«Бикеш пен Қаңғыбас» (ағылш. Lady and the Tramp) — Уолт Дисней компаниясының шығарған он бесінші жартыметражды анимациялық фильм. Режиссері Клайд Героними, Уилфред Джексон және Гамильтон Луске басты рөлдерді орындаған Барбара Лэдди, Ларри Робертс, Билл Томпсон, Билл Бауком, Верна Фельтон және Пегги Ли. ## Рөлдерде * Барбара Лэдди — Бикеш * Ларри Робертс — Қаңғыбас * Билл Томпсон — Джок * Билл Бауком — Трусты * Верна Фельтон — Сара апай * Джордж Гивот — Тони ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Бикеш пен Қаңғыбас (ағыл.) Internet Movie Database сайтында * Бикеш пен Қаңғыбас (ағыл.) AllMovie сайтында * Бикеш пен Қаңғыбас (ағыл.) Rotten Tomatoes сайтында * «Бикеш пен Қаңғыбас» (ағыл.) Box Office Mojo сайтында
Аза намазы, кейде Жаназа намазы - жуылып тазаланған мәйіт үшін ислам дінін ұстанушылардың дәрет алып, құбыла жаққа қарап, аяқта тұрып оқыған намазы мен мәйіт үшін жасайтын дұғасы. Аза намазы - кифая парыз. Яғни, бір айтақта бірнеше мұсылман жаназа намазын оқыса жетіп жатыр. Егер оқымаса, барлығы бірге жауапкер және күнәлі. Ислам бойынша,аза намазының шарты - ниет. Бұл ниетте мәйіттің ер немесе әйел, ер бала немесе қыз бала екені білдіріледі. Имам Аллаһ ризалығы үшін жаназа намазын оқуға және сол мәйітке дұға етуге ниет етіп, «Аллаһу әкбар» деп тәкбір алып, намазды бастайды. Жамағат та ниет етіп, имамға ұйиды. Мәйіт еркек болса - «Мына ер үшін», әйел болса - «Мына әйел үшін» деп ниет етеді. Балалар үшін де осы түрде ниет етеді. Жамағаттан бір адам мұны біле алмаса, имаммен бірге намаз оқуға ниет қылады. ## Аза намазының шарттары Аза намазының парызы - тәкбірлер мен қиям. Бұл намазда рукуғ, сәжде, Құран оқу, тәшәһһүд жоқ. Шарттары алты: * Мәйіттің мұсылман болуы. * Намаз оқитын және мәйіт қойылған жердің таза болуы. * Жамағаттың алдында болуы. * Дене мүшелерінің басым көпшілігінің немесе басы, денесінің жартысының бар болуы. * Жерге қойылуы. * Намаз оқитын адамның себепсіз бір нәрсеге мінбеуі немесе отырмауы. Жаназа намазында жамағат шарт емес. Бір ер мұсылман немесе бір әйел мұсылманның оқуымен парыз орындалады. ## Аза намазының сүннеті * Имам азасы шығарылатын адамның көкірек тұсында тұруы. * Бірінші тәкбірден кейін «субханака Аллаһумма» дұғасын «уа жэллэ сәнәәука» бөлімімен бірге оқу керек. * Екінші тәкбірден кейін Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат айту. * Үшінші тәкбірден кейін мәйітке, өзіне және күллі мұсылман қауымына дұға ету. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мына дұғасын оқу абзал (Әбу Дәуд, Жанаиз, 38):Окылуы: Мағынасы: ## Оқылатын дұғалар Осы дұғадан кейін төмендегі дұғалардың бірі окылады: * Егер ер кісі болса, жаназада мына дұға оқылады: Оқылуы: Мағынасы: * Егер әйел болса азада мына дұға оқылады: Оқылуы: Бұл дұғаның мағынасы да, ер кісі үшін оқылатын дұғаның мағынасымен бірдей. * Егер ер бала болса жаназада мына дұға оқылады: Оқылуы: Мағынасы: * Егер қыз бала болса, жаназада мына дұға оқылады: Окылуы: Мұның да мағынасы ер балаға оқыған дұғаның мағынасымен бірдей.Дұғаны білмеген тек қана: Бұл: - дегенді білдіреді. Осы дұғалардан кейін имам төртінші тәкбірді алып, оң мен солға сәлем береді. Жамағат та құпия сәлем береді. Жаназа намазына кешігіп жеткен адам имамға ниет етіп, имаммен бірге тәкбір алады. Имам сәлем бергеннен кейін дұға оқымай, тек тәкбірлердің қазасын қатар-қатар өтейді. Өлік бірнеше болса, жаназа намазын жеке-жеке оқыған абзал. Алдымен әкелінген өліктің жаназа намазы бұрын оқылады. Егер, өлік бірге келсе, тірлігінде ең жақсы немесе тақуа болғанының - бірінші оқылады. Бәріне бірге намаз окыса да болады. Намаз оқуға мәкрүһ үш уақытта: яғни, күн шыққан кезде, күн тас төбеде тұрғанда, күн батуға айналған кезде жаназа намазы оқылмайды. Бірақ бұл уақытта оқылса қазасы керек емес. Мазарда және мешіт ішінде жаназа намазы оқылмайды. Бірақ имам мен жамағаттың кейбірі - мешіт ішінде, кейбірі - сыртта тұрып оқыса болады. Намазды бұзатын нәрселер жаназа намазын да бұзады. Тірі туылып, сосын өлген сәбиге ат қойылып, жуылып, кебінделіп, намазы оқылады. Өлі туған балаға да ат қойылып, жуылып, бір матаға орап, жаназа намазын оқымай көмеді. Өлген аяғы ауыр әйелдің құрсағындағы бала әрекет етсе, іші жарылып, бала алынады. Әдейі немесе зұлыммен ата-анасын өлтірген баланың немесе өлтірілген қарақшының жаназасы шығарылмайды, оқылмайды.Пайғамбарымыз (с.а.у.) мәйіт хақында: деп жауап қатты (Бухари, Жанаиз, 59). Ханафилар бойынша, аза намазын алыстан, сырттай оқу жақсы емес. ## Дереккөздер
Қаратөбе – Алтынемел жотасының батысындағы тау. ## Географиялық орны Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылының оңтүстік-шығысында 12 км жерде, Быжы өзенінің аңғарында орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1108 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 2 км-ге созылған, енді жері 1 км шамасында. Сол беткейі тіктеу, оңтүстігіне қарай еңістеніп, жазыққа ұласады. ## Өсімдігі Сұр қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, көкпек, т.б. астық тұқымдас шөптесіндер мен бұталар өседі. ## Дереккөздер
Қаратөбе – Арал құмының солтүстік-шығысындағы төбе. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Қоскөл ауылының оңтүстік-батысында 66 км жерде орналасқан. ## Жер бедері, геологиялық құрылымы Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 0,5 км. Абсолюттік биіктігі 122 м. Солтүстігінде Үлкенқұм, шығысында Ботабайқұм, Сарманқожа құмдары, батысында Көктөбе төбесі орналасқан. Беткейінің етегінде сор, тақыр жерлер кездеседі. ## Өсімдігі Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында еркекшөп, жусан, ақ селеу, жүзгін, көкпек, бұйырғын, т.б. өседі. ## Дереккөздер
Қаратөбе – Ұзынтау тауларының солтүстік-батысындағы тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Қызылтау ауылының оңтүстігінде 25 км жерде орналасқан. ## Жер бедері, геологиялық құрылымы Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 12-13 км-ге созылып жатыр, енді жері 8 км шамасында. Абсолюттік биіктігі 978 м. Беткейлері тіктеу келген. ## Өсімдігі Сай-жыраларындағы бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында селеу, бетеге, көкпек, жусан, бұталар өседі. ## Дереккөздер
Ақмаржан Қалмұрзаева (25 желтоқсан 1995 жыл, Алматы) — қазақстандық акробат-фристайлшы, 2018 және 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. 2022 жылғы Қысқы Олимпиадада финалдық кезеңге жолдама алды. Бірақ финалда сәтсіз өнер көрсетіп, 11-орында қалды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ақмаржан Қалмұрзаева
Ақмаржан Қалмұрзаева (25 желтоқсан 1995 жыл, Алматы) — қазақстандық акробат-фристайлшы, 2018 және 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. 2022 жылғы Қысқы Олимпиадада финалдық кезеңге жолдама алды. Бірақ финалда сәтсіз өнер көрсетіп, 11-орында қалды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ақмаржан Қалмұрзаева
Сарыоба – Сарысу алабындағы Жезді бөгенінің батысындағы таулар. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданының орта тұсында, Жезқазған қалысынан оңтүстік-батысқа қарай 30–32 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биікігі 427 м. Бірнеше аласа таулардан тұратын тау солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км-ге созылған, енді жері шамамен 3 км-ге жуық. Тау басы доғал, беткейлері енсіз жатық, сай-жыралармен тілімденген. ## Өсімдігі Бекембетсай қонысында (таудың оңтүстік-шығыс, шығыс бөлігінде) бұта шоғырлары кездеседі. Шөл даланың сұр, ақшыл сұр, сортаң топырақ жамылғысында жусан, ши, баялыш, еркек шөп, теріскен, т.б. шөптесіндер өскен. ## Дереккөздер
«Ал-ЗаУраа» (араб.: نادي الزوراء الرياضي‎) — Ирактың Бағдад қаласындағы футбол клубы, 1969 жылы құрылған. ## Жетістіктері * Ирак чемпионы (14): 1976, 1977, 1979, 1991, 1994, 1995, 1996, 1999, 2000, 2001, 2006, 2011, 2016, 2018 * Ирак кубогы (14): 1975/76, 1978/79, 1980/81, 1981/82, 1988/89, 1989/90, 1990/91, 1992/93, 1993/94, 1994/95, 1995/96, 1997/98, 1998/99, 1999/00 * АФК Куок иелері кубогы: 1999/00 ## Сілтемелер * https://web.archive.org/web/20130629040345/http://www.alzawraaclub.com/en/
«Ал-ЗаУраа» (араб.: نادي الزوراء الرياضي‎) — Ирактың Бағдад қаласындағы футбол клубы, 1969 жылы құрылған. ## Жетістіктері * Ирак чемпионы (14): 1976, 1977, 1979, 1991, 1994, 1995, 1996, 1999, 2000, 2001, 2006, 2011, 2016, 2018 * Ирак кубогы (14): 1975/76, 1978/79, 1980/81, 1981/82, 1988/89, 1989/90, 1990/91, 1992/93, 1993/94, 1994/95, 1995/96, 1997/98, 1998/99, 1999/00 * АФК Куок иелері кубогы: 1999/00 ## Сілтемелер * https://web.archive.org/web/20130629040345/http://www.alzawraaclub.com/en/
«Нади Әл-Кува Әл-Джавия» (араб.: نادي القوة الجوية الرياضي‎) — Ирактың Бағдат қаласындағы футбол клубы, 1931 жылы құрылған. ## Жетістіктері * Ирак чемпионы (6): 1974/75, 1989/90, 1991/92, 1996/97, 2004/05 2016/17 * Ирак кубогы (7): 1963, 1973, 1974, 1975, 1978, 1992, 1997 * Ирак суперкубогы (2): 1997, 2001 * АФК кубогы (3): 2016, 2017, 2018 ## Сілтемелер * http://www.transfermarkt.co.uk/al-quwa-al-jawiya/startseite/verein/23805
Шаян Мосле (ағылш. Shayan Mosleh; 25 маусым 1993 жыл, Рудбар, Иран) — ирандық футболшы, жартылай қорғаушы. ## Жетістіктері ### Клубтық Персеполис * Иран чемпионы: 2017–18, 2018–19 * Иран суперкубогы: 2017, 2018, 2019 * Хазфи кубогы: 2018–19 * Чемпиондар лигасының финалисі: 2018 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Shayan Mosleh Мұрағатталған 1 мамырдың 2018 жылы. on Worldfootball.net * Ali Mosleh on IranLeague.ir * علی (شایان) مصلح تکلیمی Instagram парақшасында
Қаратөбе – Желтау тауларының солтүстік-шығыс бөлігіндегі тау. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мыңарал стансасынан солтүстік-батысқа қарай 30 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 443 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км. Солтүстігінде Ортажартас, Үлкентақыр, оңтүстігінде Үлкенжол төбелерімен, шығысында Балқаш көлімен шектеседі. ## Өсімдігі Қиыршықтасты сұр қоңыр топырақ жамылғысында ақ жусан, бұйырғын, қара баялыш, күйреуік басым өседі. Мал жайылымына қолайлы. ## Дереккөздер
Футболдан Қазақстан Суперкубогы 2022 — 2 наурыз күні "Астана Арена" стадионында өтті. 2021 жылғы ел чемпионы "Тобыл" мен 2021 жылы Қазақстан кубогы иегері "Қайрат" өзара кездесіп, "Тобыл" 2:1 есебімен жеңісе жетті. "Тобыл" қатарынан екінші рет ел чемпионы атанды. ## Матч ### Детальдар ## Дереккөздер ## Сілтемелер * https://football.kulichki.net/trans/2022/18158.htm
Қаратөбе – Мойынқұм құмының орта бөлігіндегі төбе. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайлаукөл ауылының оңтүстік-шығысында 28 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 375 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км шамасында. Беткейі жайпақ, жонды-қырқалы келген. Солтүстік-батысында Суықтөбе, шығысында Ақтөбе төбелері, оңтүстігінде Тереңсай қонысы орналасқан. ## Өсімдігі Сұр қоңыр топырақ жамылғысында сексеуіл, жусан, жүзгін, еркек шөп, теріскен, т.б. өседі. ## Дереккөздер
Қаратөбе – Шыңғырлау өзенінің оң аңғарындағы тау. ## Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылының оңтүстік-шығысында 42 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 211 м. Батыстан оңтүстік-шығысқа қарай доға тәріздес 7 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км. Түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Солтүстігінде Жоғарғы Қарасай, Шолақбұлақ, оңтүстігінде Кеңқоныс қыстаулары бар. ## Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында боз, бетеге, жусан, еркек шөп, бұталар өседі. ## Дереккөздер
Аяған Шәжімбаев - актёр, режиссёр, сценарист. ## Өмір жолы * 1952 жылы 25 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Қаратал ауылында дүниеге келген. * 1959 жылы Бірлік ауылында бастауыш сыныбын, кейін орта мектебін және 1970 жылы Петропавлдағы дарынды балаларға арналған №2 облыстық қазақ мектеп-интернатын (қазіргі Әбу Досмұханбетов) бітірген. * 1970 жылы "Ленинское знамя" (қазіргі Солтүстік Қазақстан) редакциясында жұмыс істеп, жаңа фильмдерге рецензия жаза бастады. * 1972 жылдан 1974 жылға дейін Алматыда жұмыс істеді. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының екі жылдық актерлік студиясында Актер және режиссер. * 1974-1976 жылдары Қазақстан Республикасының Халық суретшісі, еңбек сіңірген өнер қайраткері Р.Сейтметовтың шеберханасында оқыды. С.Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрында актер болып, сахналық өнерін жетілдірген. * Қазақ киносының дамуына ықпал еткен "Алжир" (1989) "Жансебіл" (1991) деректі фильмдерін түсірген. * "Қазақфильм" студиясында "Транссиберт Экспресс" (1977), А. Мәмбетовтың "көлеңке" (1981), с. Пуинчиннің "Мадам Вонг" (1986), А. Қарсақбаевтың "Біздің Ғани" (1971), Серік Нарымбетовтың "Арман Атамен" (1967), Серік Ахметовтің (1982), Серік Аметовтың "күш дәмі" (1982) жұмыс жасаған. * Қазіргі таңда, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы химия-биология бығындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Аяған Шәжімбаев» атындағы шаңырақ атауы бар. ## Дереккөздер https://www.kino-teatr.ru/kino/acter/m/sov/33276/works/
Қаратөбе – Кіші Борсық құмының батысындағы оқшау төбе. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қарашоқат ауылының оңтүстік-батысында 55 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 222 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Солтүстігінде Жалпақтөбе, оңтүстігінде Жартау төбелері бар. ## Өсімдігі Құмайтты сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында астық тұқымдас шөптесіндер аралас жусан, бұйырғын, күйреуік, жантақ, сексеуіл, т.б. өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Қаратөбе – Үлкен Борсық құмының оңтүстік-шығысындағы төбе. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Байқадам ауылының оңтүстік-шығысында 58 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 245 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км. Солтүстік-батысында Үлкен Борсық құмы, Жаманшиелі төбесі, оңтүстік-батысында Жақсыбұталы тауы орналасқан. ## Өсімдігі Төбенің жонды белестерінде сексеуіл, т.б. бұталы өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Тамара Макаровна Носова ( 21 қараша 1927 , Мәскеу , КСРО - 25 наурыз 2007 , Мәскеу , Ресей ) - кеңестік және ресейлік кино актрисасы, Ресей Федерациясының халық әртісі (1992). ## Биографиясы Ол 1927 жылы 21 қарашада Мәскеуде дүниеге келген және отбасындағы үшінші бала болды. Ол бір жарым жаста болғанда, анасы қайтыс болды, содан кейін әкесі отбасын асырай алмай, үш баласын да балалар үйіне берді, бірақ көп ұзамай Тамараны авиациялық қозғалтқыш маманының отбасы асырап алды. Тамара биологиялық әкесімен 30 жастан асқан кезде ғана кездесті: ол олардың қарым-қатынасын мойындады, бірақ одан әрі қарым-қатынасты сақтаудан бас тартты. 1945 жылы Мәскеу облысына эвакуацияланған мектепті бітірді. 1950 жылы ВГИК-ті (Б. В. Бибиков пен О. И. Пыжованың шеберханасы) бітірді. 1950-1953 және 1990 жылдан келісім-шарт бойынша жұмыс істеді, 1953-1990 жылдары киноактер театр-студиясының актрисасы (труппа мүшесі болды).Ол 1950-1960 жылдардағы орыс киносының ең танымал комикс актрисаларының бірі болды.1970 жылдардан бастап актриса жиі кинода түсуге қойды. Сәлем, "мен сенің апаңмын!" комедиясындағы Донна Роза рөлін сомдағаны әсерлі және күтпеген стиль болды! Және «Бульвар романындағы» жезөкшелер үйінің қожайыны. 1984 жылы ол М.А.Швайцердің «Өлі жандар» телефильмінде бокс рөлін сомдады.1982 жылы асырап алған анасы қайтыс болғаннан кейін Тамара Носова оңаша өмір сүрді.Носова өмірбаянының көптеген фактілерін құпия ұстады. Мысалы, ол өзінің шыққан тегін жасырды. ## Соңғы жылдар мен өлімі Соңғы жылдары Ресей Федерациясының халық әртісі лай басқан пәтерде қорқынышты кедейлік пен оңаша өмір сүрді. Үйсіз-күйсіз, кедей-кепшіктерге арналған асханада тамақтанды, ал зейнетақысы пәтер ақысын төлеуге де жетпейді. 2007 жылдың көктемінде Тамара Носова инсульт алды. 2007 жылдың 6 наурызында полиция пәтерді ашып, актрисаны еденде жатқанын тапты; оның бүкіл денесін тарақандар мен егеуқұйрықтар жүгірді. Жалғыз жиені Анатолий Васин (бірақ генетикалық қатынасы дәлелденбеген) Носованы 15-ші қалалық ауруханаға жіберді. Ол 2007 жылы 25 наурызда 80 жасында Мәскеуде созылмалы церебральды ишемиядан қайтыс болды. Актрисаның күлі бар урна Ваганковский зиратының колумбарийінде жерленген. ## Жеке өмірі Бірінші күйеуі (1950-1956), Сыртқы істер министрлігінің қызметкері Олег Малинин (1919 ж.т.) оны Австрияға апарып, әйелінің фильмдерге түсуін қаламайды [дерек көзі 2067 күн көрсетілмеген].Содан кейін суретші Юрий Николаевич Боголюбовпен (1928-1975) ұзақ қарым-қатынас болды [қайнар көзі 2067 күн көрсетілмеген].Содан кейін нақты неке (1961-1967) жазушы Виталий Губаревпен (1912-1981) (Тамара Носоваға арнаған «Қисық айна патшалығы» ертегісінің авторы) [қайнар көзі көрсетілмеген 2067 күн].Тағы бір нақты күйеуі (1970-1975) - режиссер, Украинаның халық әртісі (2017) Николай Засеев. Олар ажырасқаннан кейін де, Засеев бұрынғы сүйіктісін барлық фильмдеріне шақырды, бірақ Носова әрекет етуден бас тартты.Оның балалары болмады. Ол екі рет жүкті болды, бірақ екеуінде де баланы жоғалтып алды. ## Жетістектері * «Құрмет Белгісі» орденімен (1974 ж. 12 сәуір) – кеңестік кинематографияны дамытуға сіңірген еңбегі және еңбекшілерді коммунистік тәрбиелеуге белсене қатысқаны үшін. * Ресей Федерациясының халық әртісі (23.06.1992) - кинематография саласындағы үлкен қызметтері үшін. * РКФСР еңбек сіңірген әртісі (10.04.1968) - кеңестік кино саласындағы қызметі үшін. ## Дереккөздер https://www.imdb.com/name/nm0636481/http://www.kremlin.ru/acts/bank/1533http://art.niv.ru/doc/encyclopedia/kino/articles/691/nosova-tamara-makarovna.htmhttps://www.1tv.ru/owa/win/ort5_kino?p_genre_id=16&p_kino_razdel_id=1&p_kino_title_id=4964&p_page_num=2
Генерал Сейни Кунтче атындағы стадион (фр. Stade Général Seyni Kountché) — Нигердің Ниамей қаласындағы футбол аренасы. 1989 жылы іргесі қаланған. Нигер Ұлттық футбол құрамасы мен "Сахель" клубы өз алаңындағы ойындарын өткізеді. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Фотолар * https://web.archive.org/web
Қаратөбе – Ойыл мен Шиелі өзендерінің суайрығындағы төбе. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық кентінің оңтүстік-шығысында 3 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 286 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 12 км-ге созылып жатыр, енді жері 6 км. Оңтүстігінде Қотыртас, шығысында Қарабас қыстаулары орналасқан. ## Өсімдігі Сортаңды сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, жусан, сұлыбас, изен, т.б. өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Кәдеге жарату алымы (утильсбор) — тауарларды кәдеге жарату төлемі. Ол сату кезінде немесе жойылғанға дейін бөлек алынатын тауардың өзіндік құнына қосылуы мүмкін. Қазақстанда 2016 жылдың қаңтарынан бастап жергілікті автоөндірушілер мен ресми импорттаушылар утилизациялық алым төлеуге міндеттелді. Ол техниканы бастапқы есепке қойған сәтте төленеді. ## Шет елдердегі кәдеге жарату алымының мөлшері ### Ресей Ресейде кәдеге жарату алымының базалық ставкасы 20 000 рубльді құрайды. Ол қозғалтқыштың литріне және автомобильдің жылына байланысты жоғарылату коэффициенттерін қолданады. Мысалы, 2021 жылы шығарылған, моторы 2.5 Toyota Camry үшін кәдеге жарату алымының мөлшері 281 600 рубльді (шамамен 1,6 млн теңге) құрайды. Егер сіз үш жылдан асқан автомобильдерге арналған қалдықтарды бірдей көлемде есептесеңіз, онда сома 480 200 рубльге дейін артады (2,6 млн теңге). Ресейде 2010-2011 жылдардағы автомобильдерді қайта өңдеу бағдарламасы кезінде баға 3 000 рубльді құрады. Сондай-ақ ол сома қайта өңдеу туралы келісім жасасқан кезде иесінен алынады. 2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап кедендік рәсімдеу кезінде кәдеге жарату алымы өндіріле бастады. Сонымен қатар автомобильдер үшін базалық мөлшерлеме 20 мың рубльді құрады, жүк машиналары мен автобустар үшін – 150 мың. Төлемнің жалпы мөлшері машинаның техникалық сипаттамаларына және жылына байланысты болды. 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресейлік автоөндірушілерден кәдеге жарату алымы өндіріле бастады. Ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап автомобильдердің кейбір түрлері үшін жинау коэффициенті екі еседен астам өсті. ### Жапония Жапонияда автомобильдерді кәдеге жарату саласындағы заңнамалық актілер 2002 жылы пайда болып, құжаттар 2005 жылғы қарай күшіне енді. Сомасы 7 мыңнан 18 мың теңгеге дейін немесе 26 мыңнан 69 мың теңгеге дейін түрленеді. Бұл ретте оларды әрбір модель үшін автоөндірушілердің өздері бөлек есептейді. Ескі Toyota Avalon (MCX10) седанды кәдеге жарату, жинақтауға байланысты 12 мыңнан 12,7 мың иенге дейін (45,7 мыңнан 48,6 мың теңгеге дейін) тұрады. ### Еуропа Еуроодақ елдерінде жеңіл автомобильдерге арналған кәдеге жарату алымы шамамен 100 еуроны құрайды. ЕО-да сатылған АвтоВАЗ автомобильдерінің қайта өңдеу коэффициенті 97%-дан асады. ### Украина Украинада кәдеге жарату алымы 2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап енгізіледі. Сонымен қатар оның мәні машинаның жылына және қозғалтқыштың көлеміне байланысты есептеледі. Елде 2014 жылдан бастап бірыңғай ставкалар енгізілді. Автомобильдер үшін 5,5 мың гривен және жүк көліктері мен автобустар үшін 11 мың гривен. ### Беларуссия Беларуссияда кәдеге жарату алымы 2014 жылдың 1 наурызынан бастап енгізілді. Оның мәні автомобильдің санатына, жылына, қозғалтқыш көлеміне және мақсатына байланысты анықталды. Барлық жағдайларда кәдеге жарату алымы ресейлік ставкаларға сәйкес келеді. Бірақ Беларусь валютасына қайта есептеледі. ## Халықаралық тәжірибе Халықаралық тәжірибе АҚШ сияқты кейбір елдерде автомобильдендірудің жоғары деңгейіне байланысты 1960 жылдарға қарай машиналарды кәдеге жарату бойынша дамыған инфрақұрылым қалыптасып үлгерді. Ескі автомобильдер массасының 70-90% қайта өңдеуге жатады. Америка Құрама Штаттарында машиналарды кәдеге жарату кәсіпорындары шамамен 14 миллион тонна болат, сынап, мұнай өнімдері және басқа материалдардың үлкен көлемін айналымға қайтарады. АҚШ-тағы артықшылық автокөлік иелері мен автомобиль өндірушілері машиналарды қайта өңдеу шығындарын көтермейді. Алайда автомобильдендіру АҚШ-қа қарағанда аз және ескі машиналарды өңдеудің жақсы жүйесі болмаған еуропалық және кейбір басқа елдерде мұндай қызметті дамыту үшін қосымша инвестициялар қажет еді. Сонымен қатар экологтардың қысымымен Еуропа елдерінің билігі қайта өңдеу деңгейін 95%-ға дейін көтеруге шешім қабылдады. 1978 жылы Норвегияда машиналарды өңдеуге арнайы кепіл енгізілді. Бұл шамамен €300, оны көліктің бірінші иесі төлейді. Ал қайта өңдеуге тапсырған кезде ол соңғы иесіне қайтарылады. ## Қазақстандағы кәдеге жарату алымының мөлшері Утилизациялық алымның базалық мөлшерлемесі АЕК-пен белгіленеді, бұл оның көлемі жыл сайын өседі деген сөз. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш 2 651 теңгеге дейін көтерілді.Алымның базалық мөлшерлемесі 50 АЕК. 2020 жылы ол 132 550 теңгеге тең. Қозғалтқыш көлеміне байланысты үштен (электромобильдер мен қозғалтқыш көлемі бір литрден асқан көліктер үшін) 23-ке дейінгі (көлемі үш литрден асатын көліктер үшін) коэффициент қолданылады.Мысалы, 2,5 литрлік Toyota Camry-ді елге кіргізгенде төленетін утилизациялық алым мөлшері 1 325 000 теңгені құрайды. Ал қозғалтқыш көлемі 3,5 литрге тең Toyota Sienna үшін 3 048 650 теңге төлеуге тура келеді. Автомобиль көлік құралдарына және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты кәдеге жарату төлемақысының негізгі мөлшерлемесі және коэффициенттері 1. М1 санатының көлік құралдары, соның ішінде G санатының жүріп өту мүмкіндігі жоғары: жеңіл автомобильдер 2. N1, N2, N3 N1, N2, N3 санатының көлік құралдары, соның ішінде G санатының жүріп өту мүмкіндігі жоғары: жүк автомобильдері 3. М2, М3 санатының көлік құралдары, соның ішінде G санатының жүріп өту мүмкіндігі жоғары: автобустар 4. Тракторлар 5. Астық жинайтын комбайндар, жем жинайтын комбайндар Қазақстанда көліктерге төленетін утилизациялық алым мөлшерлемесі мен төлем коэффициенті Қазақстанда көліктерге төленетін утилизациялық алым мөлшерлемесі мен төлем коэффициенті Қазақстанда көліктерге төленетін утилизациялық алым мөлшерлемесі мен төлем коэффициенті Қазақстанда көліктерге төленетін утилизациялық алым мөлшерлемесі мен төлем коэффициенті Қазақстанда көліктерге төленетін утилизациялық алым мөлшерлемесі мен төлем коэффициенті Қазақстанда көліктерге төленетін утилизациялық алым мөлшерлемесі мен төлем коэффициенті Қазақстанда көліктерге төленетін утилизациялық алым мөлшерлемесі мен төлем коэффициенті ## "ӨКМ Операторы" ЖШС ("Оператор РОП") 2015 жылы сол кездегі инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев Қазақстанға келетін көліктерге утилизациялық алым (болашақта көлікті утилизациядан өткізуге арналған төлем) енгізуді ұсынды. Ол кезде Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кірді. Сарапшылар утилизациялық алымды ДСҰ шарты бойынша кеден салығының төмендеуінен туатын "шығынды" жабу үшін жасалған амал деп қабылдады.2015 жылдың желтоқсан айында «ӨКМ операторы» ЖШС құрылып, утилизациялық алыммен айналыса бастады. Утилизациялық алым елдегі автокөліктерді жаңарту үшін керек деп енгізілген. Іс жүзінде қазір Қазақстандағы автокөліктердің 63 пайызының шыққанына он жылдан асқан. Алматыда жүрген көліктің 40 пайызының жасы 20 жылдан асқан. Утилизациялық алым теріс нәтижеге әкеліп, елде ескі-құсқы көлік көбейді. Утилизациялық алымды "Оператор РОП" деген жеке меншік ұйым алады. Қазақшасы – ӨКМ операторы (өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері). Ол 2015 жылы тіркеліп, алғашқы құрылтайшысы Әлия Назарбаева болған. 2016 жылдың қаңтарында бұл ЖШС қайта тіркеліп, содан бері оның құрылтайшылары – "Eco Waste Solutions" ЖШС-і мен Шынар Мұқтарова. Утилизациялық алым деген – салықтың бір түрі. Бірақ салықты мемлекет жинаса, бұл алымды Экологиялық кодекске еніп үлгерген жекеменшік компания жинайды. Деректерге қарағанда, «Оператор РОП» компаниясы құрылған бес жылда 600 миллиардтан астам теңге ақша жинаған. Түскен қаржының 10 пайызы ғана утилизацияға жұмсалған. Ашық көздерден алған мәліметтер бойынша, 300 млрдтай автокөлік өнеркәсібін және ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерді ынталандыруға берілген. 30 млрдтай ескі көліктерді тапсырған халыққа төленген. 29 млрдтай ақша ескі техникаларды жинақтауға және утилизациялауға жіберілген. Автокөлік иелері алты жыл бойы утилизациялық алымға қарсылық білдіріп келді. 2021 жылы "НетУтильсбору" қозғалысы басталды. Олардың утилизациялық алымды алып тастауға шақыратын петициясына ондаған мың адам қол қойған. Қауымдастық мүшелері елдің әртүрлі қаласында утилизациялық алымға қарсы митинг өткізу үшін жергілікті органдарға жиі өтініш беріп тұрады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында 2022 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады. Құжатқа сәйкес «Жасыл даму» АҚ мемлекеттік ұйымы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып айқындалды. «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражаттарды басқару шеңберіндегі қызметі тоқтатылды. Утилизациялық алым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру функцияларын мемлекеттік ұйым – «Жасыл даму» АҚ орындайтын болды. ## Дереккөздер