text
stringlengths
3
252k
Кенже — Атырау облысы Махамбет ауданындағы қыстау. Құрылыс ауылынан шығысқа қарай 37 шақырым жерде орналасқан. ## Дереккөздер
Айғыршығанақ — Атырау облысы Махамбет ауданындағы қыстау. Есмахан ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 шақырым жерде орналасқан. ## Дереккөздер
Қара өзек — Атырау облысы Махамбет ауданындағы қыстау. Атырау қаласынан батысқа қарай 4 шақырым жерде орналасқан. ## Дереккөздер
Сарыкезең – Қызылқарағай (Листвяга) жотасының оңтүстік бөлігіндегі тау. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Бекалқа ауылының солтүстік-шығысында 12 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1773 м. Оңтүстік-батыстан шығысқа қарай 10 км-ге созылған, енді жері 4 км. Белая жəне Лукин өзендерінің суайрығы. Беткейі тіктеу, бірнеше жоталардан тұрады. ## Геологиялық құрылымы Эффузивтік жыныстардан, құмтастардан түзілген. ## Өсімдігі Таудың оңтүстік беткейінен басқасын түгелдей дерлік қарағай, қайың орманы көмкерген. Тау етегінде Тоқабай жəне т.б. қыстаулар бар. ## Дереккөздер
Атар — Атырау облысы Махамбет ауданындағы қыстау. Құрылыс ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан. ## Дереккөздер
Қонақой — Атырау облысы Махамбет ауданындағы қыстау. Көздіқара ауылынан солтүстікке қарай 6 шақырым жерде орналасқан. ## Дереккөздер
Ізмұхамед Еділбайұлы Еділбаев (14.12. 1906 жылы туған, қазіргі Батыс Қазақстан облысы бұрынғы Жың-ылды ауданы 9-а.) – мемлекет қайраткері. Мәскеу қаласындағы ауыл шаруашылығы академиясын бітірген (1938). 1933 – 1934 ж. Жамбыл облысы Шу ауданы партия комитетінің 1-хатшысы, кейіннен Ақтөбе облысы оқу бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. 1938 – 1940 ж. Қызылорда облысы жер басқармасының бастығы, 1940 – 1941 ж. Сырдария ауданы партия комитетінің 1-хатшысы, 1941 – 1943 ж. Қызылорда облысы атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1943 – 1945 ж. Қостанай облысы партия комитетінің 2-хатшысы, 1945 – 1952 ж. Жамбыл облысы партия комитетінің 1-хатшысы болды. 1952 – 1953 ж. Қарағанды облысы атқару комитетінің төрағасы, 1953 – 1954 ж. Қазақстан Мәдениет министрінің орынбасары, 1954 – 1959 ж. Қызылорда облысы атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. Ал 1959 – 1961 ж. Қазақстан Министрлер кеңесі жанындағы машина сауда бас басқармасының бастығы, 1961 – 1969 ж. Қазақстан Автомобиль көлігі министрінің орынбасары қызметтерінде болды. Еділбаев облыс ауыл шаруашылығын механикаландыруда, технологияны пайдалануда, мал шаруашылығын өркендетуде көп еңбек етті. «Ленинң, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Қулытас — Атырау облысы Махамбет ауданындағы қыстау. Есмахан ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 7 шақырым жерде орналасқан. ## Дереккөздер
Мұхтар Мейірманов (1901, Жаңақала ауданы, Қоңырқұдық ауылы - 1976 ж.) - шаруашылық басшысы, Социалистік Еңбек Ері (28.7.1948). 1920-33 ж. Жаңақала ауданы кеңес атқару комитетінің төрағасы, ауданы кәсіподақ к-тінің төрағасы. 1933-39 ж. «Правда» ұжымшарының төрағасы қызметін атқарды. 1941 ж. Орал ауыл шаруашылығы техникумында оқыған. 1948 жылдан Жалпақтал ауданы атқару комитетінің төрағасы, ал 1951-52 ж. ауданындағы «Бірлік» ұжымшары- ның төрағасы болды. ## Дереккөздер
Көсеген — Атырау облысы Махамбет ауданындағы қыстау. Құрылыс ауылынан шығысқа қарай 43 шақырым жерде орналасқан. ## Дереккөздер
1-сайланым Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының өкiлеттiгi 1996 жылы 30 қаңтарда оның бiрiншi сессиясының ашылуынан басталып, 2-сайланым Парламент Сенатының 1999 жылы 30 қарашада бiрiншi сессиясы жұмысының басталуымен аяқталды. 1995 жылғы 5 желтоқсандағы сайлауда Сенаттың 40 депутаты – 19 облыс пен Қазақстанның астанасы Алматы қаласынан екі адамнан сайланды. Сенаттың жеті мүшесін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тағайындады. 1997 жылы 8 қазанда 1995 жылы 2 жылға сайланған Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 4 жылға Сенат депутаттарының сайлауы өтті. Өткен әкімшілік реформа мен облыстарды оңтайландырудан кейін Сенатқа 15 депутат сайланды – сайлау 14 облыс пен Алматыда өтті. Ақмола (қазіргі Астана) қаласы Қазақстанның астанасы болып жариялануына байланысты 1998 жылы 11 ақпанда Ақмола қаласында Сенат депутаттарының сайлауы өтті. ## 1-сайланым Сенат депутаттарының тізімі 1-сайланымдағы Сенаттың өкілеттігі кезінде барлығы 64 депутат болды. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі — Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 27 тамыздағы №675 Жарлығы негізінде құрылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты. ## Медаль туралы ереже Медальмен Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюына және әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары марапатталады. ## Сипаттамасы "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі томпақ қорытпасынан дайындалған және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады. Медальдің аверсінің ортасында, 10 айшықты цифрының аясында, бірліктен және сәуле шашқан күннен тұратын, Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі ескерткішінің бас фрагменті (барыста тұрған сақ жауынгері) бейнеленген. Медальдің жоғарғы бөлігінде "Қазақстан" деген жазу орналасқан. Медальдің сыртқы жағында жоғарғы бөлігінде "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл", төменгі бөлігінде "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" деген жазу орналасқан. Жазулар ұлттық ою-өрнекпен белгіленген. Медаль құлақша мен шығыршық арқылы биіктігі 50 мм және ені 34 мм жезден жасалған, кезектесетін үш сары және екі қызыл жолағы бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес қатқыл лентамен тысталған алты бұрышты нысандағы тағанға жалғанады. Тағанның жоғарғы бөлігінде бес бұрышты металл жапсырма, төменгі бөлігінде-бұйра қапсырма бар. Медаль Өскемендегі Қазақстан Ақша сарайында жасалған. ## Тағы қараңыз * Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі * Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі * Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл медалі ## Сыртқы сілтемелер * В. Григорьев Государственные награды Республики Казахстан : газет. — СПб.: Петербургский коллекционер, 2005. — Т. 35. — № 5. — б. 29. * Награды мира Мұрағатталған 7 ақпанның 2020 жылы. * Republic of Kazakhstan: Medal for 10 Years of Independence of the Republic of Kazakhstan
Қуанышбек Көлбайұлы Бөлтаев (16.11.1947 ж. туған) – ҚР Парламенті сенатының депутаты, инженер-технолог, заңгер. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. Қазақ химия-технология институтын, Алматы жоғары партия мектебін, Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. Облыстық мәслихат хатшысы, сенат депутаты болды. Сенатта заң шығару және құқық реформасының тұрақты комитетінің, Қазақстан халықтары ассамблеясының, ТМД елдерінің парламентаралық ассамблеясының мәдениет, ақпарат және туризм тұрақты комиссиясының, Франция Сенаты және АҚШ Конгресімен ынтымақтас топтарының мүшесі. Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен, бірнеше медальдармен марапатталған. . ## Дереккөздер
Сайлаукүл Жаппарқызы Барақова (16.2.1947 жылы туған, Сарыағаш ауданы) – ұстаз, Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты (1997 – 2002). * Түркістан педагогикалық училищесін (1964) бітірген. * Шымкент педагогика институтын (1972) бітірген. * Алматы партия мектебін (1987) бітірген. * 1964 – 2004 жылдары Сарыағаш ауданы «Сырдария» орта мектебінде мұғалім, аудандық мектеп бөлімінің меңгерушісі, аудандық, облыстық Жастар одағы комитетінің 2-хатшысы, Қазақстан КП Келес ауданы комитетінің, Шымкент қалалық комитетінің хатшысы, 2-хатшысы, Шымкент облыстық халық депутаттары кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары, облыстық әкімшілігінде халыққа білім беру басқармасының бастығы (1992 – 97) * әкімнің орынбасары – білім беру департаментінің бастығы қызметтерін атқарды. * 2001 жылдан облыс білім беру департаментінің бастығы. «Құрмет» орденімен, бірнеше медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған. ## Дереккөздер
Мұхамед — Атырау облысы Махамбет ауданындағы қыстау. Қосдәулет құмының солтүстік-шығысында орналасқан. ## Дереккөздер
2-сайланым Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының өкiлеттiгi 1999 жылғы 1 желтоқсанда бiрiншi сессиясының ашылуынан басталып, 3-сайланым Парламент Сенатының бiрiншi сессиясы жұмысы басталған күні 2004 жылы 3 қарашада аяқталды. 1995 жылы 4 жылға сайланған Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты 1999 жылғы 17 қыркүйекте Сенат депутаттарын 6 жылға сайлау болып өтті. 1997 жылы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттіктері конституциялық нормаларға сәйкес екінші шақырылымда 2002 жылғы желтоқсанға дейін жалғасты. ## 2-сайланым Сенат депутаттарының тізімі 2-сайланымдағы Сенаттың өкілеттігі кезінде барлығы 59 депутат болды. ## Дереккөздер
Сарытоғай — Атырау облысы Махамбет ауданындағы қыстау. Сарытоғай ауылынан солтүстікке қарай 1 шақырым жерде орналасқан. ## Дереккөздер
Төлеп қарасу — Атырау облысы Махамбет ауданындағы қыстау. Алға ауылынан оңтүстікке қарай 3 шақырым жерде орналасқан. ## Дереккөздер
Гүлжан Жанпейісқызы Қарақұсова (9 қыркүйек 1950, Алматы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2001-2007), экономика ғылымдарының докторы және профессор. ## Қысқаша өмірбаяны С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің саяси экономия факультетін бітірген (1972), экономист, саяси экономика оқытушысы. Экономика ғылымдарының кандидаты (1980), докторы (1990). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Социализм кезіндегі жарыс қатынастарын іске асырудың экономикалық механизмі». С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің саяси экономия кафедрасының профессоры (1992). «Бұқараның жанды шығармашылығы» (1985), «Жарыс және қайта құру» (1988), «Салықтар: пайдалану мәні және іс жүзінде» (1994), «Бағалы қағаздар туралы не білу керек» (1996), «Көлеңкелі экономика: даму тенденциясы» (2001) кітаптарының авторы; «Қоғамдық тұтыну қорлары» (1983), «Шаруашылық механизмі жүйесіндегі бәсекелестіктің жаңа формалары» (1984), «Қазақстандағы экономикалық қылмыспен күресу мәселелері» (1996) кітаптарының тең авторы. «Нұр Отан» ХДП (2007 жылдан). 1972 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аға оқытушысы, доценті, профессоры. 1994 жылдан - ҚР Президентінің экономикалық реформа жөніндегі кеңесшісі, Экономикалық кеңесшілер кеңесінің жетекшісі. 1995 жылдан - ҚР Құнды қағаздар бойынша ұлттық комиссиясының төрайымы. 1997 жылдың қаңтар айынан - «Қаржы нарықтары институттары» ҚҚ президенті. 1997 жылдың мамыр айынан - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитеттің төрайымы. 2001 жылдан - ҚР тұрғындарды әлеуметтік қорғау және еңбек министрі. 2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, Қаржыжәне бюджет комитетінің төрайымы. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiнде дәрiс берген, Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi, Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Экономикалық консультанттар кеңесiнiң жетекшiсi, Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссияның төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Экономика, қаржы және бюджет жөнiндегi комитетiнiң төрайымы болып тағайындалған. 2001 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi. 2007 жылы «Нұр Отан» партиясы тізімі бойынша Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырым депутаты боп сайланған. қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрайымы. ## Марапаттар * «Парасат» (2005) орденімен; * «Астана» (1998), * «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), * «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалі. ## Отбасы Ұлдары - Қарақұсов Фархад Сергеевич (1971), Романов Роман Сергеевич (1976 ); қызы - Қарақұсова Дана Сергеевна (1984 ). ## Дереккөздер
Күшкөл — Атырау облысы Махамбет ауданындағы қыстау. Көздіқора ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7 шақырым жерде орналасқан. ## Дереккөздер
Шолақтума — Атырау облысы Махамбет ауданындағы қыстау. Томан ауылынан солтүстікке қарай 3 шақырым жерде орналасқан. ## Дереккөздер
Нина Әмірқызы Қаюпова (1 мамыр 1936 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы) — медицина ғылымдарының докторы (1988), профессор (1989). Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері (1996). Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі. ## Өмірбаяны * Алматы мемлекеттік медицина институтын (1959, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) және аспирантурасын (1965) бітірген. * Алматыдағы №1-перзентханада акушер-гинеколог (1959–62) болып жұмыс істеді. * Ана мен баланы қорғау ғылымы-зерттеу институтының кіші, аға ғылыми қызметкері (1965–71) * Алматы мемлекеттік медицина институтының доценті (1971–76) * Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің бас акушер-гинекологы (1976–81) * Қазақ акушерлік және гинекология ғылыми-зерттеу институты (қазіргі Республика ана мен баланың денсаулығын қорғау ғылыми-зерттеу орталығы) директорының орынбасары (1981–83) қызметтерін атқарған. * 1983 жылдан осы орталықтың директоры. * 1991–2001 жылдары Республикалық әйелдер ұйымы кеңесінің төрайымы болды. Оның басшылығымен Қазақстанда республикадағы әйелдердің әлеуметтік жағдайын жақсартудың тұжырымдамасы (1997) дайындалды. * 1995 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы, әйел және демографиялық саясат мәселелері жөніндегі комиссия төрайымы. * 1999 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды. ## Ғылыми еңбектері Каюпованың ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыты – перинатальды медицинаның проблемаларын шешуге, жүкті аналар денсаулығын экология жағдайларды ескере отырып жақсартуға арналған. Оның акушерлік-гинекология саласындағы ғылыми-зерттеулерінде жүкті әйелдердің денсаулығына байланысты «өте қауіпті топты» ажыратудың әдістері анықталып, соның нәтижесінде аналардың өмірін сақтап қалу жолдары ғылыми тұрғыдан дәлелденді. Каюпованың басшылығымен гинекологиялық аурулармен ауыратын әйелдерді жас ерекшелігіне байланысты емдеуге және эндоскопиялық операциялар жасаудың техникасын жетілдіруге мүмкіндік беретін жаңа технология енгізілді; баласыз ерлі-зайыптыларды халықаралық стандарттарға сай келетін көмекші репродуктивті технологияның жаңа әдістерімен емдеудің тиімділігі анықталды; іштен туа біткен кемістіктер мен тұқым қуалайтын аурулардың ұлттық генетикалық тізімі (регистрі) мен аурулардың алдын алу шараларын аймақтық анкета арқылы анықтау (скрининг әдісі) бағдарламасы енгізілді. ## Марапаттары * 1994 жылы Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік марапаты Парасат ордені берілді. * 1996 жылы Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасы президентінің мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты атанды. * 2004 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағының иегері. * 2016 жылғы ҚР Президенті жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат ІІ дәрежелі "Достық ордені" мен марапатталды. * 2016 жылы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі * 2016 жылы Қазақстанның "Еңбек ардагері" мемлекеттік медалі. * ҚР Денсаулық сақтау министрінің құрмет грамотасымен марапатталған. * ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі * "Қазақстан денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" медалінің иегері.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі — Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 17 мамырдағы №575 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы. ## Медальмен марапаттау Мерекелік медальді Қазақстан президенті тапсырады. Наградталған адамға медальмен қоса белгіленген үлгідегі куәлік табыс етіледі. Медаль салтанатты түрде марапатталатын адамның жеке өзіне тапсырылады. Мерекелік медаль сол жақ омырауға тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болған жағдайда олардан кейін орналасады. ## Сипаттамасы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік медалі диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады. Мерекелік медальдің бет жағында (аверсінде) "ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ" деген жазу орналасқан. Мерекелік медальдің төменгі бөлігінде ұлттық ою-өрнек бейнеленген. Мерекелік медальдің сыртқы бетінің (реверсінде) ортаңғы бөлігінде төрт жол етіп "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ" деген жазу жазылған. Жазудың төменгі және жоғарғы жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан. Медальдағы бейнелер мен жазулардың бәрi де бедерлi, алтын түстес. Аверс пен реверс беті күңгірт. Мерекелік медаль сары түсті металдан (жезден) жасалады. Мерекелік медаль құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес қатқыл лентамен қапталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм тағанға жалғанады. Лентаның ортасында ені 5 мм тік сары жолақ өтеді, оның шеттері ені 2 мм қызыл түсті жолақтармен жиектелген. Мерекелік медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы
3-сайланым Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілеттіктері 2004 жылғы 3 қарашада бірінші сессиясы ашылуымен басталып, 4-сайланым Парламенттің бірінші сессиясының жұмысы басталған күні 2007 жылғы 1 қыркүйекте аяқталды. 2005 жылғы желтоқсанда 1999 жылғы 17 қыркүйекте сайланған Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2005 жылғы 19 тамызда Сенат депутаттарын сайлау болып өтті. 2002 жылы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттіктері конституциялық нормаларға сәйкес 3-шақырылымда жалғасты. ## 3-сайланым Сенат депутаттарының тізімі 3-сайланымдағы Сенаттың өкілеттігі кезінде барлығы 48 депутат болды. ## Дереккөздер
Сор – Баянауыл тауының оңтүстік-батысындағы тұзды көл. Ертіс алабында. ## Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданы Мұса Шорманов ауылының батысында 4 км жерде орналасқан. ## Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 405 м биіктікте жатыр. Аумағы 4,3 км2, ұзындығы 2,8 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 8,8 км. Жауын-шашын, жер асты жəне көктемгі қар суларымен толысады. Қарашаның аяғында суы қатып, сəуірдің басында ериді. Жағалауы тегіс, аздап тілімденген. Түбі тұнық, жазда мал суарылады. Оңтүстік-батысында Жыланды тауы орналасқан. Алабы – шабындық, мал жайылымы. ## Дереккөздер
Солтүстік Ақтау жотасы – Маңғыстау тауларының солтүсік бөлігіндегі жота. ## Географиялық орны Маңғыстау облысы Маңғыстау жəне Түпқараған аудандарының жерінде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 322 м (Күш тауы). Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 100 км-ге созылған, енді жері 13-15 км. Көлденең тізбектеле жатқан жоталардан, ойпаңдардан тұрады. Жотада мегаантиклиналының қанаттарына сəйкес келетін куэсталар кездеседі. Жота басқа тауларға қарағанда қатты тілімденген жəне биіктеу. Терең жыралармен, тік жарқабақтармен ерекшеленген. Терең жыралардың бойында Басшорым, Сарынияз, Ақтам, Бөлісу, Қақпақты құдықтары мен бұлақтары бар. ## Геологиялық құрылымы Аласа таулы қырқаларды юра мен бордың құмды-сазды жыныстары жапқан ойысты жерлер қоршап жатыр. Геологиялық құрылымы пермь мен триастың қатпарланған құмтас, тақтатас, əктас жəне конгломерат жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Тау жоталарында тасбұйырғын, жусан басым өседі. Жыл бойы мал жайылымы. ## Дереккөздер
Болат Әбжапарұлы Жылқышиев (18 қыркүйек 1957 жылы, Сарыағаш ауданы) – қоғам және мемлекет қайраткері. ## Өмірбаяны Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. * Қазақ химия-технологиялық институтын (1979), Оңтүстік Қазақстан техникалық университетін (1996) бітірген. Мамандығы – инженер-механик, инженер-экономист. * Еңбек жолын 1979 жылы «Өндірістік құрылыс материалдары» тресінің Бадам кірпіш з-тында шебер болып бастаған. * 1980 – 84 жылы Осы тресте инженер, аға инженер, бас механиктің міндетін атқарушы; * 1984 – 87 жылдары Қазақстан КП Шымкент қаласы Дзержинск (әл-Фараби) ауданы комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы; * 1987 – 91 жылдары Майтоң май комбинатында партбюро хатшысы; * 1991 – 92 жылдары Шымкент қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары; 1992 – 95 жылдары Шымкент қаласы Дзержинск (әл-Фараби) ауданы әкімшілігінің бастығы; * 1995 – 98 жылдары Тараз қаласының әкімі; * 1998 – 99 жылдары Түркістан облысы әкімінің орынбасары; облыс әкімшілігінің құрылыс және коммуналдық шаруашылық департаментінің бастығы; * 1999 – 2001 жылдары Кентау қаласының әкімі; * 2001 – 2002 жылдары Шымкент қаласының әкімі болып қызмет атқарды. * 2002 жылдан облыс әкімі. Жылқышиев облысты баскарғалы халық тұрмысын, мәдениетін көркейту, мал басын көбейту, суармалы егістік көлемін ұлғайту секілді шаруалар жүргізіп келеді. ## Дереккөздер
4-сайланым Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілеттігі 2007 жылғы 2 қыркүйекте оның бірінші сессиясы ашылуымен басталып, 5-сайланым Парламенттің бірінші сессиясының жұмысы басталған күні 2012 жылғы 19 қаңтарда аяқталды. 2007 жылғы мамырда Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2007 жылғы 29 тамызда ел Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының тағы 8 депутаты тағайындалды. 2002 жылы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттіктері төртінші сайланымда 2008 жылғы желтоқсанға дейін жалғасты. 2005 жылы сайланған және тағайындалған Сенат депутаттарының өкілеттіктері 2011 жылғы қыркүйекке дейін жалғасты. 2011 жылғы 19 тамызда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайланатын жартысы бойынша кезекті сайлау өтті. 2011 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 7 депутаты тағайындалды, олардың өкілеттігі 2017 жылы аяқталады. ## 4-сайланым Сенат депутаттарының тізімі 4-сайланымдағы Сенаттың өкілеттігі кезінде барлығы 73 депутат болды. ## Дереккөздер
2-сайланым Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының өкiлеттiгi 1999 жылғы 1 желтоқсанда бiрiншi сессиясының ашылуынан басталып, 3-сайланым Парламент Сенатының бiрiншi сессиясы жұмысы басталған күні 2004 жылы 3 қарашада аяқталды. 1995 жылы 4 жылға сайланған Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты 1999 жылғы 17 қыркүйекте Сенат депутаттарын 6 жылға сайлау болып өтті. 1997 жылы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттіктері конституциялық нормаларға сәйкес екінші шақырылымда 2002 жылғы желтоқсанға дейін жалғасты. ## 2-сайланым Сенат депутаттарының тізімі 2-сайланымдағы Сенаттың өкілеттігі кезінде барлығы 59 депутат болды. ## Дереккөздер
3-сайланым Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілеттіктері 2004 жылғы 3 қарашада бірінші сессиясы ашылуымен басталып, 4-сайланым Парламенттің бірінші сессиясының жұмысы басталған күні 2007 жылғы 1 қыркүйекте аяқталды. 2005 жылғы желтоқсанда 1999 жылғы 17 қыркүйекте сайланған Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2005 жылғы 19 тамызда Сенат депутаттарын сайлау болып өтті. 2002 жылы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттіктері конституциялық нормаларға сәйкес 3-шақырылымда жалғасты. ## 3-сайланым Сенат депутаттарының тізімі 3-сайланымдағы Сенаттың өкілеттігі кезінде барлығы 48 депутат болды. ## Дереккөздер
5-сайланым Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілеттігі 2012 жылғы 20 қаңтарда оның бірінші сессиясы ашылуымен басталып, 6-сайланым Парламенттің бірінші сессиясының жұмысы басталуымен аяқталды. Қазақстан Республикасы Парламентінің 5-сайланымда 2008 жылы және 2011 жылы сайланған, 2007 жылы және 2011 жылы тағайындалған Сенат депутаттарының өкілеттігі, конституциялық нормаларға сәйкес, жалғаса берді. 2013 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2007 жылғы тамызда тағайындалған Сенат депутатының өкілеттігі аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 8 депутаты тағайындалды. 2014 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Сенат депутаттарының сайлауы өтті. 2014 жылы сайланған депутаттарын тіркеуге байланысты 2008 жылы сайланған депутаттардың өкілеттігі тоқтатылды. ## 5-сайланым Сенат депутаттарының тізімі 5-сайланымдағы Сенаттың өкілеттігі кезінде барлығы 72 депутат болды. ## Дереккөздер
6-сайланым Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілеттігі 2016 жылғы 25 наурызда оның бірінші сессиясы ашылуымен басталып, 7-сайланым Парламенттің бірінші сессиясының жұмысы басталуымен аяқталды. Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші сайланымында 2011, 2014 жылдары сайланған, 2011, 2013 жылдары тағайындалған Сенат депутаттарының өкілеттігі, конституциялық нормаларға сәйкес, жалғаса береді. 2017 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес Сенат депутаттарының сайлауы өтті. 2017 жылы сайланған депутаттарын тіркеуге байланысты 2011 жылы сайланған депутаттардың өкілеттігі 30 маусымда тоқтатылды. 2018 жылғы қазанда Шымкент қаласынан, республикалық маңызы бар қала ретінде, екі Сенат депутатының сайлауы өтті. 2019 жылдың 12 тамызында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 6 жаңа сенаторды тағайындап, тағы екі депутаттың өкілеттіктерін ұзартты. 2020 жылғы 12 тамызда Сенат депутаттарының сайлауы өтті. 2020 жылғы сайланған депутаттарын тіркеуге байланысты 2014 жылғы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттігі 28 тамызда тоқтатылды. ## 6-сайланым Сенат депутаттарының тізімі 6-сайланымдағы Сенаттың өкілеттігі кезінде барлығы 92 депутат болды. ## Дереккөздер
Сарыкөл – Шүрексор алабындағы көл. ## Географиялық орны Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігі аумағында, оңтүстік-батысында 13 км жерде орналасқан. ## Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 102 м биіктікте жатыр. Аумағы 3,6 км2, ұзындығы 4,1 км, енді жері 1,1 км, жағалау бойының ұзындығы 20 км. Жазық келген жағалауында қамыс, құрақ өскен. Көктем айларында су деңгейі көтеріліп, жағалау бойын 30-40 м-ге дейін су басады. Шарасында жыл бойы су болады. Суында балық бар. Қараша айының ортасында суы қатып, сəуірде ериді. Алабы мал жайылымы. ## Дереккөздер
Зәуре Жүсіпқызы Қадырова (1940 жылы туған)- саясаттанушы. Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық институтын бітірген (1963), КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебін (1973) жылы бітірген. Целиноград облысы Ковыльная стансасындағы мектеп директоры, 1965 жылы Целиноград облысы Терісаққан мектебіің директоры, 1967 жылы Жақсын партия комитетінің үгіт-насихаттық бөлімінің насихаттаушысы, 1969 жылы Целиногад облысы Қазақстан компартиясы Шортанды ауданының комитетінің хатшысы. Әлеуметтік –мәдени даму жөніндегі комитетінің төрайымы. ҚР Ордені, КСРО ордендірімен және медальдарымен мараппаталған. ## Дереккөздер А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет. Үлгі:Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлеріҮлгі:Сергей Терещенконың министрлер кабинеті
5-сайланым Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілеттігі 2012 жылғы 20 қаңтарда оның бірінші сессиясы ашылуымен басталып, 6-сайланым Парламенттің бірінші сессиясының жұмысы басталуымен аяқталды. Қазақстан Республикасы Парламентінің 5-сайланымда 2008 жылы және 2011 жылы сайланған, 2007 жылы және 2011 жылы тағайындалған Сенат депутаттарының өкілеттігі, конституциялық нормаларға сәйкес, жалғаса берді. 2013 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2007 жылғы тамызда тағайындалған Сенат депутатының өкілеттігі аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 8 депутаты тағайындалды. 2014 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Сенат депутаттарының сайлауы өтті. 2014 жылы сайланған депутаттарын тіркеуге байланысты 2008 жылы сайланған депутаттардың өкілеттігі тоқтатылды. ## 5-сайланым Сенат депутаттарының тізімі 5-сайланымдағы Сенаттың өкілеттігі кезінде барлығы 72 депутат болды. ## Дереккөздер
4-сайланым Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілеттігі 2007 жылғы 2 қыркүйекте оның бірінші сессиясы ашылуымен басталып, 5-сайланым Парламенттің бірінші сессиясының жұмысы басталған күні 2012 жылғы 19 қаңтарда аяқталды. 2007 жылғы мамырда Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2007 жылғы 29 тамызда ел Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының тағы 8 депутаты тағайындалды. 2002 жылы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттіктері төртінші сайланымда 2008 жылғы желтоқсанға дейін жалғасты. 2005 жылы сайланған және тағайындалған Сенат депутаттарының өкілеттіктері 2011 жылғы қыркүйекке дейін жалғасты. 2011 жылғы 19 тамызда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайланатын жартысы бойынша кезекті сайлау өтті. 2011 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 7 депутаты тағайындалды, олардың өкілеттігі 2017 жылы аяқталады. ## 4-сайланым Сенат депутаттарының тізімі 4-сайланымдағы Сенаттың өкілеттігі кезінде барлығы 73 депутат болды. ## Дереккөздер
1995 жылғы парламент сайлауында сайланды. * Артығалиев Мәди Әдиұлы * Артюшенко Леонид Аркадьевич * Ахметов Әшімжан Сүлейменұлы * Ахметов Мырзабек Смағұлұлы * Ашляев Серік Сопыжанұлы * Әмірғожин Хамит Айдарұлы * Әміржанова Айтжан Мұхамедияқызы * Балапанов Зейнелқабден Таукенұлы * Баталов Әнуар Қасымұлы * Бәкір Әбдіжәлел Қошқарұлы * Бекбосын Арғынбай * Белгібаев Есенбай Есенжолұлы * Богатырев Игорь Анатольевич * Бредихин Сергей Николаевич * Бөлегенов Ерғали Бөлегенұлы * Веснин Виктор Николаевич * Выскубов Владимир Матвеевич * Головков Михаил Николаевич * Громов Валерий Леонидович * Жолдасбеков Өмірбек Арысланұлы * Егоров Виктор Николаевич * Елекеев Ирак Қасымұлы * Ережепов Қайролла Жеткізгенұлы * Жүйріктаева Мәрия Беспайқызы * Жұмабекова Рысты Мағауияқызы * Жұмағалиев Атлаш Әділмұқанұлы * Землянов Валерьян Янович * Ильченко Таисия Александровна * Каптиль Николай Степанович * Кекілбайұлы Әбіш * Келемсейіт Ермек Әбілмәжінұлы * Кемел Мырзагелді * Көпберген Әбдіманап Бапанұлы * Көпеев Мұхамбет Жұманазарұлы * Котелин Владимир Иванович * Қадырова Зәуре Жүсіпқызы * Қалиев Нәубат Қалиұлы * Қуаныш Төлеген Шаңғытбайұлы * Қуанышбаева Роза Сақтағанқызы * Құрмашев Қуаныш Құрмашұлы * Лаврентьев Александр Иосифович * Лекер Қуандық Ахметұлы * Меренков Владимир Петрович * Молдахметов Марат Тұрысбайұлы * Мұқанов Серікқали Құбашұлы * Наурызбай Жұмағали Жөкейұлы * Нұрқаділов Заманбек Қалабайұлы * Омаров Шәріп Омарұлы * Оңғарсынова Фариза Оңғарсынқызы * Осипов Василий Иванович * Оспанов Марат Тұрдыбекұлы * Пригодин Виктор Иванович * Рамазанов Аманбек Мырзахметұлы * Сәбден Оразалы Сәбденұлы * Силкина Татьяна Егоровна * Сұлтанбаев Құдайберген Тәуекелұлы * Сытов Юрий Николаевич * Третьяков Валентин Александрович * Трошихин Михаил Васильевич * Төребаев Шахизат Хамитұлы * Тұрлыханов Дәулет Болатұлы * Тұрысов Қаратай Тұрысұлы * Шварцкопф Альберт Васильевич * Шер Раиса Петровна * Шлычков Валерий Иванович * Шокарев Владимир Ильич * Щербинин Николай Иванович * Ысқақ Әкім Әбдіқайымұлы ## ? * Қалыбаев Әбдіржан Қалыбайұлы ## Дереккөздер
6-сайланым Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілеттігі 2016 жылғы 25 наурызда оның бірінші сессиясы ашылуымен басталып, 7-сайланым Парламенттің бірінші сессиясының жұмысы басталуымен аяқталды. Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші сайланымында 2011, 2014 жылдары сайланған, 2011, 2013 жылдары тағайындалған Сенат депутаттарының өкілеттігі, конституциялық нормаларға сәйкес, жалғаса береді. 2017 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес Сенат депутаттарының сайлауы өтті. 2017 жылы сайланған депутаттарын тіркеуге байланысты 2011 жылы сайланған депутаттардың өкілеттігі 30 маусымда тоқтатылды. 2018 жылғы қазанда Шымкент қаласынан, республикалық маңызы бар қала ретінде, екі Сенат депутатының сайлауы өтті. 2019 жылдың 12 тамызында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 6 жаңа сенаторды тағайындап, тағы екі депутаттың өкілеттіктерін ұзартты. 2020 жылғы 12 тамызда Сенат депутаттарының сайлауы өтті. 2020 жылғы сайланған депутаттарын тіркеуге байланысты 2014 жылғы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттігі 28 тамызда тоқтатылды. ## 6-сайланым Сенат депутаттарының тізімі 6-сайланымдағы Сенаттың өкілеттігі кезінде барлығы 92 депутат болды. ## Дереккөздер
1995 жылы 9 желтоқсанда Қазақстанда парламенттік сайлау өтіп, екінші тур 23 желтоқсанда өтті. Нәтижесінде 67 орынның 25-іне ие болған Қазақстан халық бірлігі партиясы жеңіске жетті. Дауыс берушілердің 79,8% қатысты. ## Нәтижесі ## Депутаттар тізімі ## Тағы қараңыз * Қазақстандағы саяси дағдарыс (1995) ## Сілтеме * Inter-Parliamentary Union Report on 1995 Kazakhstani Elections * Parliament of Republic of Kazakhstan * Central Election Commission * Отандық сайлаудың шағын ерекшеліктері * Қазақстандағы парламентаризмнің даму тарихы * Сайлау тарихы ## Дереккөздер
Қазақстан Коммунистік партиясы — 1991 жылы қыркүйекте Социалистік партияға айналған КОКП құрамында өзін Республикалық компартия – Қазақстан Коммунистік партиясының құқықтық мұрагері санайтын Қазақстан Республикасындағы тіркелмеген коммунистік партия. 2015 жылы «Қазақстан коммунистік партиясы» заңды тұлғасы сот шешімімен таратылды. Дегенмен, КПО-КОКП ресми тіркелмегеніне қарамастан, партияны белсенді және оның бір бөлігі деп санауды жалғастыруда. Партия өзінің негізгі мақсаттарын мыналар деп санайды: республикада ғылыми социализм қағидаларына негізделген бостандық пен әлеуметтік әділеттілік қоғамын құру үшін жағдай жасау; коммунистік қоғамдық құрылым құру. Интернационализмді қолдайды. Партияның бірінші хатшысы — Төлеубек Мақыжанов (2019 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша). ## Тарихы ## Дереккөздер
Қазақстан Парламент сайлауы 1999 жылы 10 қазанда, ал екінші туры 24 қазанда өтті. Жеңіске 77 орынның 23-іне ие болған «Отан» партиясы қол жеткізді. Сайлауға келушілердің 62,5% қатысты. Парламентке коммунистік партия, аграрлық және азаматтық партиялар келді. Кәсіподақтардан сайланған депутаттар «Еңбек» тобын құрды. ## Нәтижесі ## Депутаттар тізімі ## Сілтеме * Отандық сайлаудың шағын ерекшеліктері * Қазақстандағы парламентаризмнің даму тарихы * Сайлау тарихы * Media bias mars Kazakhstan's election campaign * CNN.com Election Watch * Inter-Parliamentary Union Report on 1999 Kazakhstani Elections * Parliament of Republic of Kazakhstan * Central Election Commission ## Дереккөздер
* Соналыкөл – Ырғыз өзенінің аңғарындағы тұзды тұйық көл. * Соналыкөл – Қалдығайты өзені алабындағы көл.
Соналыкөл – Ырғыз өзенінің аңғарындағы тұзды тұйық көл. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Аралтоғай ауылының оңтүстік-шығысында 22 км жерде орналасқан. ## Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 242 м биіктікте жатыр. Аумағы 4 км2. Ұзындығы 3,5 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 14,2 км. Жағалауы тегіс, пішіні доғаша тəрізді келген. Жағалауының 100-200 м аралығын қалың қамыс, құрақ басқан. Көктемгі еріген қар, жер асты суларымен толығады. Қараша айының аяғында суы қатып, наурыздың аяғында ериді. Оңтүстік-батысында Қыналыкөл, оңтүстік-шығысында Қандысор көлдері жатыр. Алабы шабындық жəне жайылым. ## Дереккөздер
Ғалий Әділбекұлы Әділбеков (1 қантар 1908 жыл – 21 қазан 1943 жыл) — кеңестік әскери қолбасшы, Ұлы Отан соғысына қатысқан танк әскерінің офицері, танкпен ұрыс жүргізудің шебері, қазақ, гвардия подполковнигі. «Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен (1943), екі рет Қызыл Ту орденімен (1942, 1943) марапатталған. Киевті азат ету кезінде шайқаста қаза тапты. ## Өмірбаяны 1908 жылы 1 қаңтарда Семей губерниясы, Белағаш болысындағы Қызылқұм ауылында туған. Ұлты бойынша Қазақ. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан. 1917 жылдан кейін Ғалия Әділбекұлының әкесі Семейдегі пристаньда жүк тиеуші, анасы үй шаруасындағы әйел болған. Олар Семей қаласы, Болотная көшесі, 76-үйде тұрған. Анасы 1921 жылы қайтыс болады. Әкесі жарақат алғаннан кейін мүгедек болып қалады, жаңа жұмысты Ақтөбе ауылында табады. Ғалий Әділбекұлы Қызыл Армия қатарына қосылғанға дейін Семей сабын зауытында жұмысшы (1922 ж. наурыз-қараша), панасыз бала (1922 ж. қараша-желтоқсан), №3 балалар үйінің тәрбиеленушісі болды (1923 ж. қаңтар-қыркүйек). 1923-1925 жылдары Орынбордағы 3 сыныптық өлкелік қазақ жасөспірімдер мектебінде оқып шығады. ### Соғысқа дейінгі қызмет Қызмет барысында атты әскер және оқу танк взводын, оқу-жаттығу және жеке танк ротасын, танк батальонын басқарды. Ғалий Әділбекұлы 1925 жылы Қызыл Армия қатарына өз еркімен аттанды. Көп ұзамай ол әскери училищеге оқуға жіберілді (Түркістан майданы).1928 жылы ол бірінші шығарылыммен Ташкенттегі В.И.Ленин атындағы Біріккен Орта Азия әскери мектебін сәтті бітіреді де, 43 атты әскер полкінің құрамына алынады (Орта Азия әскери округі). 1928-1933 жж. осы полктегі взвод командирі болады. 1930 жылы Түрікмен КСР аумағындағы Қарақұмда шайқастарға қатысқан, басынан жарақат алады және оң қолы сынады. Емделіп шыққаннан кейін қызметке қайта оралады, 1931 жылы Ленинградтың Жоғары офицерлік броньды танк мектебінде қайта даярлаудан өтеді. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін ол Мәскеудегі И.В.Сталин атындағы Броньды танк әскерлері академиясында оқыды, танк ротасын басқарды. Ғ.Ә. Әділбеков осы академияны бітірген жалғыз қазақ еді. ### Ұлы Отан соғысы 1941 Ұлы Отан соғысының басынан бастап белсенді армияның құрамында болды, 102 танк полкіндегі танк батальонының командирі ретінде қызметін бастады. Бұл полк соғысқа дейін 51 танк дивизиясының құрамында болды (соғыстың алғашқы айларында 110 танк дивизиясы болып қайта құрылады) және Курск облысының Дмитриевский ауданында орналасқан еді. Шілденің басында полк Псков облысына кіреді, 9 шілдеде Витебск үшін шайқасқа тартылады. Шілденің аяғында бүкіл дивизиямен Смоленскіге жол ашу және қоршалған әскерлерді босату мақсатымен немістің 7 танк дивизиясына қарсы ұрыстарға қатысады. Күздің келуімен 110 танк дивизиясы 141 және 142 танк бригадалары болып екіге бөлінеді, Ғ.Ә. Әділбеков 141 танк бригадасында ауыр және орташа танктердің 1 танк батальонын басқарды. Соғыстың басында-ақ оның есімі КСРО-ң екі орталық газетінде аталған болатын – 5 қыркүйекте «Вечерняя Москва» және 13 қыркүйекте «Известия» газеттерінде мақалалар жарияланды. Витебск, Трубчевск түбіндегі шайқастарда ол асқан ерлікпен соғысады (келесі жылы осы ерлігі үшін ол алғашқы марапатын алады). 31 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Трубчевскіден батысқа қарай 18 шақырым жерде Гудерианның 47-ші корпусының басым болған күштері (300-ден астам танк) және Кеңестердің 141-ші танк бригадасы мен 108-ші танк дивизиясы (200-ге жуық танк) арасында шайқас орын алды. Нәтижесінде Гудерианның әр бес танкінің төртеуі қиратылды, 16 елді мекен босатылды. Бірақ қарсы шабуылдың нәтижесінде Ғ.Ә. Әділбековтің танк батальоны қоршауға алынды. Сонда да ол жауынгерлік тапсырманы орындауды жалғастырды. Саны айтарлықтай асып түскен жаудың танк колоннасын талқандаған батальон жаудың тылын ойрандап, қоршаудан шайқаспен шыққан. Неміс шабуылдарын тежеу ​​барысында Ғ.Ә. Әділбеков қызмет еткен 141-ші танк бригадасы әбден қансырап, оның қалдықтары 121-ші танк бригадасына қосылды. 1941 жылдың қазан айының аяғынан 1942 жылдың ақпанына дейін майор Ғ.Ә. Әділбеков Оңтүстік-Батыс майданының 121 танк бригадасындағы 121 танк полкінің командирі болды, күзде қолбасшылық тарапынан Замкомбриг лауазымына ұсынылған еді. Қазан айында бригада генерал Ермаковтың оперативті әскерлер тобының құрамында болып, жаудың 2-ші танк армиясының шабуылдарын тежеп тұрды. 1942 1942 жылдың 27 наурызынан бастап майор Ғалий Әділбекұлы Әділбеков - 121 жеке танк бригадасы командирінің орынбасары. Оның қарулас жолдасы Якубовский И.И. (болашақта Маршал, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, Варшава Шартына қатысушы мемлекеттердің Біріккен Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы) өзінің естелігінде былай деп жазды: Мұнда Иван Игнатьевич 1941 жылдың шілде-қыркүйек-қазан айларындағы Витебск түбіндегі, Брянск майданындағы Трубчевскийдегі шайқастар туралы айтты. 1942 жылдың мамыр-тамыз айларында Ғалий Әділбекұлы Мәскеуде командалық құрамның академиялық біліктілігін арттыру курстарында оқыды, содан кейін 47 танк бригадасын (II ф.) құрумен айналысты. Соғысты капитан шенінде бастап, 1942 жылдың жазында ол подполковник болды. 1942 жылдың 19 қыркүйегінен 21 қазанына дейін подполковник Әділбеков - 47 жеке танк бригадасының (II ф.) командирі. Ол Екінші дүниежүзілік соғыста Орта Азияның барлық халықтарынан жеке танк бригадасын басқарған жалғыз қазақ болды. Командалық сипаттамадан: Бұл эпизод Сталинград шайқасы кезеңіне жатады. Осы ұрыстарда Ғалий Әділбекұлы қайтадан жараланып, отқа оранған танк ішінен шығып, аман қалады. «Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталған.Бригада командирі Әділбеков ауыр жарақат алғаннан кейін бірден 47-ші бригада таратылып, 139-шы танк полкіне айналды. 1943 1942 жылдың қазан айының аяғынан 1943 жылдың 21 қазанына дейін ол 47 жеке гвардиялық бұзып өту танк полкінің командирі болды. Кеңес Одағының Батыры (1943), танк әскерінің генерал-майоры, 9-механикаландырылған корпустың қолбасшысы К.А.Малыгин былай деп еске алды: Сумы-Прилуки майдандық шабуыл операциясының дамуымен 1943 жылдың 21 қыркүйегінде Ғалий Әділбекұлының 47 жеке гвардиялық танк полкі (генерал-лейтенант П.С.Рыбалконың 3 гвардиялық танк армиясының озық бөлімшелерінің құрамында) Днепрге дейін жарып өтті. 23 қыркүйектен бастап Кеңес әскерлері Букрин плацдармын ұстап тұру және кеңейту үшін кескілескен шайқастарды жүргізді. Букрин плацдармы үшін шайқастар тарихқа осындай қанды операциялардың бірі ретінде енді. Днепрдің оң жағалауындағы басып алынған жер учаскесінде күшейе түскен ұрыстар басталды. 1943 жылы қазанда Букрин плацдармынан кеңес әскерлері Киевті азат ету үшін екі рет шабуылға шықты, бірақ нәтиже болмады. 1943 жылдың 21 қазанында Букрин плацдармында Днепрді кесіп өту және Киевті азат ету кезінде гвардия подполковнигі Ғ.Ә. Әділбеков Украинадағы Луковицы қыстағы маңында танк шайқасында қаза тапты. Ол қайтыс болған кезде Гвардиялық подполковник – жеке гвардиялық танк полкінің командирі шеніндегі Орталық Азия халықтарының жалғыз өкілі болды. ## Отбасы * Жұбайы – Әділбекова Меңжиан Ілиясқызы (туған кездегі есімі Валиева, 9 жастан жетім) 1912 жылы туған (Алтай өлкесі, Славгород ауданы, Назаровка ауылы) * Ұлы – Әлім Ғалиұлы Әділбеков 1938 жылы Түменде туған, Қырғыз ССР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басқармасының меңгерушісі, Қырғыз КСР Мемлекеттік еңбек комитетінің алқа мүшесі, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитетінің Еңбекті ғылыми ұйымдастыру республикалық салааралық орталығының директоры, Қазақстан Республикасы Еңбек министрінің бірінші орынбасарының кеңесшісі. * Қызы – Әділбекова Роза Ғалиқызы 1929 жылы туған, Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. * Асырап алған қызы – Ахмадиева Фарида Шәкірқызы 1924 жылы туған, Еңбек мұғалімі. ## Марапаттары * «Сталинградты қорғағаны үшін» медалі (1943 ж. шілде) * Қызыл Ту ордені (13.02.1942 ж.) * Қызыл Ту ордені (қайтыс болғаннан кейін 1943 ж.) * Есімі қашалған сағат (1943 ж. қыркүйек) ## Тарихи мұра ### Мұражай - Украина Гвардия подполковнигі Ғ.Ә.Әділбеков Украинаның Киев облысы, Переяславский ауданы, Луковицы селосындағы жаппай зиратқа жерленді. Мектепте Әскери даңқ мұражайы құрылды, онда командир Ғ.Ә.Әділбековке қатысты жәдігерлер сақталады. ### Мұражай - Алматы Алматыдағы округтік офицерлер үйінде аты аңызға айналған дивизия командирінің қызы Валентина Панфилова құрған мұражайда Ғ.Ә. Әділбековке арналған жеке стенд бар. Ғ.Ә. Әділбеков талай шайқастарда ерекше көзге түсіп, танктік ұрыстың нағыз шебері екенін дәлелдеді, бірақ оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілмеді. Қазақстанда, Ресейде, Беларусьте, Украинада бірде-бір көше мен мектепке оның есімі берілген жоқ. Оның есімі мектеп оқулықтарында да, қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысқаны туралы кітаптарда да жоқ. ## Қызықты деректер Ғ.Ә. Әділбеков Сталин атындағы Қарулы Күштер Әскери академиясын бітірген жалғыз қазақ болды. Г.Ә.Әділбеков – қайтыс болған кезде гвардия подполковнигі – жеке гвардиялық танк полкінің командирі шеніндегі Орталық Азия халықтарының жалғыз өкілі. ## Командирдің жауынгерлік жұмысы * * * * ## Дереккөздер ## Әдебиет ### Энциклопедиялар мен анықтамалықтар * К.А. Калашников, В.И. Феськов, В.И. Голиков «Красная Армия в победах и поражениях 1941-1945 гг.» // Әскери тарих — Томск: Издательство Томского Университета, 2003. — P. 246. — 619 p. — ISBN 5-7511-1624-0. * Денис Юрьевич Соловьев «Командиры механизированных, мотоброневых, мотострелковых, танковых бригад Красной Армии 1935-1945 гг.» // Анықтамалар, Әскери / Арнайы қызметтер — 2021 Т. 1. — ISBN 978-5-532-95528-8. * Виктор Рассохин, Сергей Рассохин «Танки в крови» //  — Орёл: «Картуш», 2020. — 272. — 608 p. — ISBN 978-5-9708-0848-1. ### Әскери естеліктер * Джетпысбаев Б. «Путь солдата». — Издательство «Казахстан». Алма-Ата, 1972.. * Малыгин К. А. «В центре боевого порядка». — М.: Воениздат, 1986.. * Якубовский И.И. «Земля в огне». — М., Воениздат, 1975.. * С.Д. Воронин, Т.Н. Горяева, Н.К. Дрезгунова «Музы в шинелях. Советская интеллигенция в годы Великой Отечественной войны. Документы, тексты, воспоминания» // Великая Отечественная война / Командир Адильбеков — Москва: РОССПЭН, 2006. — Б. 149. — P. 151-152. — 398 p. — ISBN 5-8243-0675-3. ### Соғыс жылдар шежіресі 1941 ж * «Вечерняя Москва» (№210), страница 2, от 5.09.1941 г. «ТАНКИСТЫ» / ГЕРОИ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ВОИНЫ / капитан Адильбеков. * «Известия» № 217 (7593) от 13.09.1941 г. «Танковая атака» / Действующая армия, 12 сентября. (От спец. корр. «Известий»). ### Басқа басылымдар * «Новая газета» (НА ВСТРЕЧУ ПОБЕДЕ-специальный проект "новой") № 26 (2313) 16.03.2015 * «Казахстанцы в боях за свободу Украины и Молдавии, 1941-1944 гг.» / П. С. Белан. - Алма-Ата : Наука, 1984. - с. 59—60, 168 с.. * Қазақ ССР Ғылым академиясының хабаршысы, 1'1985.. * Издательский дом «Вечерний Бишкек» «Мой дед — командир гвардейского полка — погиб под Киевом». * «Вечерний Бишкек» Моя история о войне: Внук Галия Адильбекова ищет внуков маршала Якубовского. * Светлана Лаптева: «Он не знал страха в бою» / Издательский дом “Вечерний Бишкек”. Пятница, 23 апреля 2021 года. №15 (11720) * Адильбеков Галий Адильбекович // ЖЕҢІМПАЗДАР / «Tengrinews» ақпараттық портал * Гвардиялық танк полкінің қолбасшысы Ғали Әділбеков / «Халық Батырын» іздейміз / «Алаш айнасы» жұма, 18.06.2010 ### Хат * письмо Маршала Якубовского - Первого зам. Министра обороны СССР семье Г.А.Адильбекова. ## Бейне * «Внук подполковника-танкиста Адильбекова ищет внуков маршала Якубовского и его однополчан» / «Вечерний Бишкек» // видео «YouTube» * «Неизвестный танкист-ас, казах Галий Адильбеков» / Цифровая Астана // видео «YouTube» * «Офицеры-казахи Второй Мировой» / Тарихшы, профессор Қайдар Алдажұманов // видео * «Информацию про этого Казаха танкиста-аса скрывали» // видео «YouTube» * «Он смог вывести своих танкистов из котла, сохранив все машины осенью 1941 года» / «Наша история это Гордость» // видео «YouTube»
Баскүнжақ (орыс. Баскунчак) — Еділ алабындағы тұйық, тұзды көл. Ресейдің Астрахан облысында, Еділ өзенінен шығысқа қарай 50 км жерде орналасқан. Аумағы 106 км². Көлдің қазаншұңқыры Үлкен Богдо тауының солтүстігінде, теңіз деңгейінен 21 м төмен жатыр. Басқұншақ көлі Үлкен және Кіші Богдо таулары етегінен шығатын тұзды бұлақ суларымен және атмосфералық жауын-шашынмен толығады. Жазда суының булануынан көлдің бетінде жұқа тұз қабаты (5 — 6 см) пайда болып, ол бұрынырақ түзілген ұсақ кристалды, қатпарлы тұз қабаттарын толықтырады. Ал, одан төменіректе (0,5—12 м) жоғары сапалы ірі кристалды тұз қабаттары бар. Көлден 19 ғасырдың орта тұсынан бері тұз өндіріледі. ## Этимологиясы Көлдің атауы — түркі тілден шыққан, «күн, күнгей», «жарқын» деген мағыналарға жақын. Мөлшерлеп айтқанда оған жақын орналасқан Биік Боғдо қасиетті тауымен байланысты. ## Дереккөздер
Сяпу атом электр станциясы — Чанбяо аралында, Қытайдың Фуцзянь провинциясының Сяпу округінде салынып жатқан атом электр станциясы. Бұл Қытай ұлттық ядролық корпорациясының (CNNC) IV буын реакторының демонстрациялық жобасы. Бұл атом электр станциясы натрий салқындатқышы бар бассейндік типтегі жылдам реактор CFR-600 (China Fast Reactor 600) реакторының атымен де белгілі. Реактордың құрылысы 2017 жылдың соңында басталған. Реактордың қуаты 1500 МВт жылу энергиясын және 600 МВт электр энергиясын құрайды. Жанармай 2019 жылы қол қойылған келісімге сәйкес «Росатомның» еншілес ұйымы ТВЭЛ компаниясымен қамтамасыз етіледі. Сяпу атом электр станциясының CFR-600 жобасы Қытайдың жабық ядролық отын айналымына қол жеткізу жоспарының бір бөлігі болып табылады. Жылдам реакторлар Қытайдағы болашақтың негізгі ядролық энергетикалық технологиясы болып саналады. Болашақта үлкен коммерциялық реактор CFR-1000 да жоспарлануда. Сол учаскеде 2020 жылдың желтоқсан айында 600 МВт екінші CFR-600 жылдам реакторының құрылысы басталды және төрт 1000 МВт CAP1000 реакторы ұсынылуда. ## CFR-600 жобасы CFR-600 демонстрациялық жылдам реактор (CDFR) Қытай атомдық энергия институтының (CIAE) бағдарламасының келесі қадамы болып табылады. Сяпу АЭС реакторы 2023 жылы электр желіге қосылады деп күтілуде. Реактор 1500 МВт жылу және 600 МВт электр қуатына ие болады, жылу тиімділігі 41%, жануы 100 ГВт · тәулігіне MOX отын пайдаланады және температурасы 480 ° C бу шығаратын екі натрий салқындатқыш сұлбалары бар. Болашақта отын 100-120 ГВт/тәулік жануымен металды болады. Көбею жылдамдығы шамамен 1,1, есептік қызмет мерзімі - 40 жыл. Жылдам реакторлардың конструкциясы белсенді және пассивті өшіруге және қалдық жылуды пассивті жоюға арналған жүйелерді қамтиды. ## Сын 2021 жылы Әл-Жазира хабарлауы бойынша реакторлар даулы болып табылады, өйткені олар қару-жарақ плутонийін өндіреді, сондықтан олар әскери және азаматтық мақсатта екі жақты пайдалануы мүмкін және Қытай өзінің қорлары туралы МАГАТЭ-ге жыл сайынғы ерікті хабарлау декларацияларын жіберуді тоқтатты. ## Энергоблокар туралы мәліметтер ## Дереккөздер
* Сарықұлжа – Бектауата тауларының солтүстік-батысындағы тау. * Сарықұлжа – Тайшек және Талды өзендерінің аралығындағы тау. * Сарықұлжа – Ұзынтау тауларының орта бөлігіндегі тау.
Сарыөзен – Сарысу алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа, Ұлытау аудандары жерімен ағады. ## Бастауы Бастауын Тікенекті ауылының оңтүстігіндегі (Нұра ауданында) бұлақтардан алып, Қабыршақты көліне құяды. ## Гидрографикасы Ұзындығы 100 км, су жиналатын алабы 1490 км2. Салалары – Қабыланақши (Қабанақши), Бала Сарыөзен. Арнасы негізінен даланың сайлы-жыралы жерімен өтеді. Жағалауының көп жерінде жазық, жоғарғы ағысында жарлы, түйетайлы келген. Жаз айларында арнасының суы азайып, қарасуларға бөлінеді немесе мүлдем құрғап қалады. Өзен алабы мал жайылымына қолайлы. Алабында бірнеше қыстаулар (Омароспан, Баянбай, Қаратай, Орынбай, т.б.) орналасқан. Бала Сарыөзен саласы Керегежайған тауының шығысында жерге сіңіп кетеді. ## Дереккөздер
Ахмет. Ұлт ұстазы — 2021 жылы түсірілген 6 сериялы тарихи драмалық телехикаясы. Фильмде Ахмет Байтұрсынұлының өмірі жайлы баяндалады. Сериал Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен түсірілді. 2021 жылы желтоқсан айында Қазақстан Ұлттық арнасында көрсетілді. ## Түсірілім тобы * Режиссёрі — Мұрат Есжан * Продюсері — Айсәуле Әбілдаева * Сценарист — Мұрат Есжан, Ұларбек Нұрғалымұлы * Операторы — Қанатжан Мырзағали * Композиторы — Ұшқын Жамалбек ## Актерлар ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ұлттық арнада
«Астана» концерт залы (бұрынғы атауы: Конгресс-холл; одан бұрын Тың игерушілер сарайы деп аталды) — Астанадағы ғимарат. 1963 ж. Целиноград қ-нда Литв. КСР мемл. қала құрылысын жобалау институтының жобасы бойынша салынған. Сарайдың көрермендер залын 2330 орынды партер, амфитеатр мен балкон құрайды. Көрермендерге қызмет көрсетуге арналған 150 орынды кафесі бар. Фойесі тың мен космосты игеру тақырыбына арналған мозаикалық панномен әшекейленген. Сонымен бірге оны Москваның ботаникалық бағы ұйымдастырған сәндік өсімдіктер көрінісі құлпырта түседі. Сарайдың сахнасы концерт, спектакльдер қоюға ыңғайлы, ені 32 м, биікт. 18 м, жүк көтеретін қондырғымен жабдықталған. Сахна сыртында артистерге арналған арнаулы бөлмелер орналасқан. 1982 жылы ғимарат Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енгізілді. ## Дереккөздер ↑Қазақ КСР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7
Астана Жастар театры — 2007 жылдың 5 шілдеде Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен құрылған. Жастар театры Халықаралық және республикалық театр фестивальдерінің жүлдегері. ## Театр тарихы * Астана Жастар театры 2007 жылдың 5 шілдеде Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен құрылған жастар театры. * Өнер ордасы өз шымылдығын Шыңғыс Айтматов пен Әбіш Кекілбайұлынің «Шыңғысхан» спектаклімен ашылды. Спектаклдің қоюшы - режиссері Нұрқанат Жақыпбай, инсценировка авторы – Жаныш Құлмамбетов болды. * Театрдың алғашқы директоры қызыметіне актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жастар одағы сыйлығының лауреаты Ғани Құлжанов басқарды. * Театр актерлерінің 95 пайызы - Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері. Қазақстан білім беру ісінің үздігі, профессор Нұрқанат Жақыпбайдың шеберханасында тәрбиеленген шәкірттер. Театрдың іргесін қалап, өнердің үлкен даңғылына шыққан бір топ талапкер - Ернар Жұматаев, Әділ Ахметов, Дәурен Серғазин, Жандәулет Батай, Айнұр Рахипова, Азамат Есқұлов, Бақыт Қажыбаев бастаған қыз-жігіттер жасампаз театрдың негізін қалаушылар, жас та болса ұжымның аға буыны саналады. * 2015 жылдың 1 наурызында театр жаңа ғимаратқа ие болды. ## Театр жетістіктері * 2008 жылдың қазан айында өткен Шыңғыс Айтматовтың туғанына 80 толуына орай ұйымдастырылған Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласында өткен Халықаралық «АРТ ОРДО» театр фестивалінде Ш.Айтматовтың шығармалары негізінде жасалған «Жан азабы» спектаклі үш бірдей номинация: «Ең үздік спектакль» – Гран-При, «Жоғары деңгейдегі көркемдік шешімі үшін» және «Үздік сазды безендіру» аталымдарында марапатталды. (Қырғызстан 2008). * 2008 жылы наурыз айында өткен Халықаралық театр күніне орай ұйымдастырылған Астана қалалық театрларының жыл қорытындысына сәйкес, Н.Гогольдің «Ревизоры» жоғары бағаланып, «Ең үздік спектакль» – Гран-При жүлдесіне ие болды. (Астана 2008). * 2010 жылы Алматы қаласында өткен ІІІ Халықаралық Орталық Азия елдерінің театрлар фестиваліне Шыңғыс Айтматов пен Әбіш Кекілбайұлынің «Шыңғысхан» спектаклімен «Үздік режиссер», «Үздік Шыңғыс хан рөлі» аталымдары бойынша марапатталды (Алматы 2010). * 2011 жылы Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып ұйымдастырылған XIX театрлар фестивалінде «Ең үздік спектакль» – Гран-При иегері атанды. (Алматы 2011). * 2012 жылы Театр Мәдениет және өнер саласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты атағы және «Соңғы жылдардағы спектакльдері үшін» белгісімен марапатталды. (Астана 2012). * 2016 жылы қыркүйек айында Тәуелсіз мемлекеттер достастығының 25 жылдығына орай Белорусь Республикасының Брест қаласында ұйымдастырылған «Белая Вежа» ХХІ халықаралық театрлар фестиваліне Ш.Айтматов пен Ә.Кекілбаевтің «Шыңғысхан» әфсанасымен (қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай) қатысып, «Ең әсерлі қойылым» («За зрелищное воплощение поэтических притч») аталымындағы жүлде иегері атанды. (Беларусь 2016). * Көптеген республикалық және халықаралық театр фестивалдерінде театр ұжымы белсене қатысады. ## Гастрольдік сапарлар * Астана жастар театры гастрольдік сапарларымен Беларусь, Қырғызстан, Қазақстанның барлық облыстары мен аудандарына барған. * 2009 жылы сәуір, мамыр айларында театр ұжымы 55 күн Алматы облысының 12 ауданы мен 36 елді-мекенінде қойылым қойып, соңғы 10 жылдықта Қазақстан театр тарихында болмаған гастрольдік «рекордты» жаңартты. ## Театр басшылары * 2007 жылдан театрдың көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Нұрқанат Жақыпбай. * 2007 - 2013 жылдары театр директоры - актер, жастар одағы сыйлығының лауреаты Ғани Құлжанов. * 2013 - 2016 жылдары театр директоры - Айболат Жанғалиұлы Сексенбаев. * 2016 жылдан бастап театр директоры - актер, Ернар Құрбанбекұлы Жұматаев басқарады.
Сексембайсор – Қалыбек көлінің оңтүстік-батысындағы тұзды тұйық көл. Шағалалы өзенінің алабында. ## Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылының оңтүстік-батысында 2 км жерде орналасқан. ## Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 176 м биіктікте жатыр. Аумағы 8,4 км2, ұзындығы 4,3 км, енді жері 3 км, жағалау бойының ұзындығы 15,1 км. Жағалауы тегіс, ашық келген. Оңтүстік-батысынан көктемде еріген қар суымен кішігірім жылға құяды. Негізінен еріген қар, жер асты суларымен толысады. Қараша айының аяғында суы қатып, сəуірде ериді. Суына мал суарылады. Алабы шабындық, егістік жəне мал жайылымы. ## Дереккөздер
Сарықұлжа – Ұзынтау тауларының орта бөлігіндегі тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Киікті темір жол стансасынан батысқа қарай 95 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 993 м, Ұзынтау тауларының ең биік жері саналады. Таудың ұзындығы 3 км, ені 2 км. Гранит, құмтас, порфир жəне тақтатастан түзілген беткейлері тік жартасты келген. Батыс етегімен Шажағай өзені ағып өтеді. Тау басы шоқы тəрізді сүйір келген. Пролювийлі-делювийлі етегінде қорымтас үйінділері кездеседі. ## Өсімдігі Қиыршықтасты қоңыр топырақ жамылғысында жусан, баялыш, изен, күйреуік, т.б. шөптесіндер өседі. Таудың шығыс етегінде бұлақ көздері кездеседі. Алабы мал жайылымына қолайлы. ## Дереккөздер
Сарытау – Қалба жотасының қиыр оңтүстігіндегі тау сілемі. ## Географиялық орны Абай облысы Жарма ауданы Аршалы ауылының оңтүстік-шығысында 25 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1100 м. Бірнеше жеке таулардан тұратын күрделі пішінді тау тізбектері солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 22 км-ге, енді жері 8-10 км-ге созылған. Сарытау оңтүстік-шығысқа қарай біртіндеп аласарып Көкпекті өзенінің жоғарғы аңғарында 860 м-ге дейін төмендейді. Бірнеше шоқылы таулардан тұрады. Жер бедері күмбезді-жартасты жақпартастардан тұрады. Таудың беткейлері өзен арналарымен, сай-жыралармен қатты тілімденген. Оңтүстік-шығыс баурайынан Ащысу өзенінің саласы – Арбалы өзені жəне Көкпекті өзенінің солтүстігінен Жарма өзенінің салалары бастау алады. Сондай-ақ тау баурайларында қайнар көздері, қыстаулар кездеседі. ## Геологиялық құрылымы Палеозой дəуірінің каледон тау жаралу кезіндегі Нарын синклинорийінің ультранегізді тау жыныстарынан тұрады. ## Өсімдігі Беткейі мен баурайындағы қиыршықтасты қызғылт қоңыр топырағында бұта, қайың, терек аралас далаға тəн бетеге, бидайық, қылқан боз, селеу, арпабас, т.б. астық тұқымдас шөптесіндер өскен. ## Дереккөздер
Сарықұлжа – Бектауата тауларының солтүстік-батысындағы тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қаработа ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1082 м. Күрделі пішінді тау бойлық бағытта 8 кмге созылған, енді жері 5,5 км. Беткейлері тік жартасты. Оңтүстік-шығысында 3 км жердегі Бектауата тауларында Бектауата үңгірі орналасқан. Оңтүстік-батыс етегінде Бектауата демалыс үйі жайласқан. ## Геологиялық құрылымы Жер қыртысы жоғарғы палеозойдың қызғылт гранит, гранодиориттерінен түзілген. Оның бетін делювийлі-пролювийлі шөгінділер жапқан. ## Өсімдігі Тау етегінің қиыршықтасты қоңыр, сұрғылт топырағында қара баялыш, жусан, тасбұйырғын басым қуаң шөлейт далаға тəн өсімдіктер өскен. Баурайы мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Сарытау – Қарқаралы тауларының солтүстігіндегі оқшау тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Ақжол ауылының оңтүстік-батысында 17 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 989 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 5 км-ге созылған, енді жері 3,5 км. Беткейлері тік жартасты. Шығыс беткейі тау бөктерінің ұсақ қырқалары мен шоқыларына ұласады. Беткейлері қатты тілімденген етегінде тас шашырандылары кездеседі. ## Өсімдігі Қиыршықтасты қоңыр, қызғылт қоңыр топырағында бұта аралас бетеге, селеу, жусан, арпабас, бидайық, т.б. астық тұқымдас шөптесіндер өседі. Айналасында бірнеше қыстаулар мен жайлаулар орналасқан. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің әскери-тарихи мұражайы Астанада орналасқан. Мұражай 2015 жылдың 1 желтоқсанында ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаев қатысты. Мұнда қазақ даласының ежелгі заманнан күні бүгінге дейінгі әскери тарихын айғақтайтын жәдігерлер топтастырылған. ## Галерея * * * * * * ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Мұражайдың Фейсбуктегі парақшасы
Сарытау – Ұлытау тауларының шығысындағы оқшау тау. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Бозтұмсық ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 25 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 675 м. Тау бойлық бағытта 5 км-ге созылған, енді жері 3 км. Орта бөлігінің беткейі біршама тіктеу, етек жағының беткейлері жатық келген. Ол айналасындағы жазық далаға ұласады. ## Өсімдігі Бозғылт қоңыр, сортаңды қоңыр топырағында бұта аралас қараған, жусан, ши, теріскен, селеу, еркек шөп, т.б. шөптесіндер өскен. Шығыс етегінде бұлақ көздері бар. ## Дереккөздер
Сарытау – Кішітау тауларының солтүстік-батысындағы тау. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Боздақ ауылының солтүстік-батысында 20 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 530 м. Бойлық бағытта созылып жатқан таудың жалпы ұзындығы 8 км, енді жері 4,5 км. Біршама көтеріңкі келген орта тұсының беткейлері тіктеу, төменде жайпақ дөңесті келген. Солтүстік етегінде жауын-шашыннан уақытша пайда болған шұқанақтар (жырмалар) кездеседі. Батысында бұлақ көздері бар. Оңтүстігінде Балабай бейіті орналасқан. ## Өсімдігі Атырабының қиыршықтасты сұр, сортаңды сұр топырағында жусан, баялыш, бұйырғын, ебелек, изен, т.б. шөптесіндер өседі. Сарытау мал жайылымына қолайлы. ## Дереккөздер
Сарытау – Мұғалжар тауларының орта тұсындағы оқшау тау. Дәутау тауының шығысында орналасқан. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Бұлақты ауылынан шығысқа қарай 35 км жерде. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 491 м. Тау бойлық бағытта 12 км-ге созылған, енді жері 8 км. Беткейлері көлбеу, сай-жыралармен тілімденген. Айналасында аласа бұйраттар мен қырқалар кездеседі. ## Геологиялық құрылымы Жер қыртысы палеозой дəуірінің кварцит, кристалды тақтатастарынан, гнейс, гранит, конгломераттарынан түзілген. Оның бетін неоген жəне төрттік кезеңінің құмтасты-құмдақты жəне əктас шөгінділері жапқан. ## Өсімдігі Денудациялық жазықтың нашар дамыған қиырщықтасты бозғылт қоңыр топырағында бұта аралас жусанды-бетегелі қуаң дала ландшафтысы қалыптасқан. Атырабында бірнеше қыстаулар орналасқан. ## Дереккөздер
«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі — Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 ақпандағы №261 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік марапаты. ## Медальмен марапаттау қағидалары * Осы Қағидалар «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен (бұдан әрі - мерекелік медаль) марапаттау тәртібін регламенттейді. * Мерекелік медальмен Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етуге, ел тәуелсіздігін, қазақстандық қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, конституционализмнің идеялары мен қағидаттарын қалыптастыруға және дамытуға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары марапатталады. * Мерекелік медальмен марапаттауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары, Үкіметі, Конституциялық Кеңесі, Жоғарғы Соты, министрліктері, өзге де орталық мемлекеттік органдары, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер енгізеді. * Мерекелік медальды Қазақстан Республикасының Президенті тапсырады. Мерекелік медальды Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және оның тапсырмасы бойынша: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы; Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ Мемлекет басшысы уәкілеттік берген өзге де лауазымды адамдар тапсыра алады. * Мерекелік медальды тапсыру салтанатты жағдайда жүргізіледі және марапатталушының жеке өзіне тапсырылады. Тапсыру алдында Қазақстан Республикасы Президентінің марапаттау туралы Жарлығы жария етіледі. * Марапатталушыға мерекелік медальмен бірге белгіленген үлгідегі куәлік табыс етіледі. * Мерекелік медаль кеуденің сол жағына тағылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаталары болған жағдайда олардан кейін орналасады. * Мерекелік медальдың тапсырылғаны туралы белгіленген нысандағы хаттама толтырылады, ол медаль тапсырған адамның қол қоюымен және тапсыру жүргізген органның мөрімен бекітіліп, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберіледі. * Жүргізілген марапаттаулардың есебін, сондай-ақ мерекелік медальдардың тапсырылу барысы туралы есептілікті Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүргізеді. ## Сипаттамасы «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі (бұдан әрі – мерекелік медаль) белгіден және тағаннан тұрады. Мерекелік медальдың белгісі алтын түстес жезден жасалады, диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер болады. Мерекелік медальдың беткі жағында (аверсте) бірінші көріністе Қазақстан Республикасының Конституциясын білдіретін, ортаңғы бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналасқан ашылған кітаптың бейнесі жасалған. Кітаптың астында көгілдір эмальмен құйылған «25 ЖЫЛ» деген жазу орналасқан. Аверстің барлық реңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен түстес эмальмен құйылған. Шеңбердің ішінде аверстің шетін бойлай «ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА» деген жазу бар. Аверстің төменгі бөлігінде ұлттық ою-өрнек бейнеленген. Мерекелік медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы әрі жылтырақ. Мерекелік медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғасады. Таған ені 32 мм көгілдір түсті жібек қатқыл лентамен қапталған. Лентаның ортасында ені 8 мм сары жолақ өтеді. Тағанның сыртқы жағында бұйымды киімге бекітетін визорлы бекіткіші бар түйреуіш орналасқан. ## Сыртқы сілтемелер * Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы(қолжетпейтін сілтеме)
Бауыржан Момышұлы ескерткіші Астана қаласында 2008 жылы ашылды. Өзінің атындағы даңғылда бой көтерген ескерткішті астанаға Жамбыл облысы тарту етті. Мүсінші — Темірхан Қолжігіт, сәулетшісі — Бақытжан Сыздықов. Кеңес Одағының Батыры, әйгілі қолбасшы Бауыржан Момышұлы 1910-1982 жылдары өмір сүрген. Ескерткіш жанында жастардың Отанға деген патриоттық сезімін арттыруға бағытталған шаралар көптеп ұйымдастырылады. * * ## Жанындағы саябақ Ескерткіштің жанында Бауыржан Момышұлы атындағы саябақ орналасқан. * * ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Бауыржан Момышұлы ескерткіші (Тараз) * Бауыржан Момышұлы ескерткіші (Алматы)
Ақтөбе ауданы (орыс. Ахтубинский район) — Ресей Астрахан облысының солтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бірлік (аудан) және муниципалды құрылым (муниципалдық аудан). Әкімшілік орталығы — Ақтөбе қаласы. ## Географиясы Ақтөбе ауданы Астрахан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Бұл аймақ жартылай шөлді және Еділ өзенінің сол жағалауын бойлай созылып жатыр. Ауданның ауданы 7810 км², аудан Астрахан облысындағы ең үлкен аудан болып табылады. Аудан шығысында Қазақстанмен, батысында Черноярск ауданымен, оңтүстік-шығыста Қарабайлы ауданымен және оңтүстігінде Жантау ауданымен, солтүстігінде Волгоград облысымен шектеседі. Ақтөбе ауданы – Астрахан облысының солтүстік бөлігі, табақша тәрізді ойпаң-оймауыттармен біркелкі жалпақ жазықпен сипатталады. Тек көне су ағындарының арналары мен жекелеген күмбезді биіктіктер – тұзды күмбездер ғана ауданның тегістігін бұзады. Ауданның ең биік нүктесі Үлкен Боғдо тауының тұзды күмбезі – 149 м. Еділ мен Ақтөбе өзендерінің аңғарларында терең, бірақ қысқа жыралар созылып жатыр. Жайылма тұтастай алғанда арна-көлдері бар ірі жоталы бедермен сипатталады. Ауданның негізгі өзендері: Ақтөбе, Владимировка, Калмынка өзендері – негізгі тармақтары бар Еділ өзені. Өзендердің су режимі сәуір-маусым айларында байқалатын айқын көктемгі-жазғы су тасқынымен және жазғы-күзгі судың сабасымен сипатталады. Су тасқынының максималды деңгейі мамырдың аяғында - маусымның басында болады. Су тасқынының ең жоғары кезеңінің ұзақтығы 3-5 күннен аспайды. ## Тарихы 1928 жылы Төменгі Еділ өлкесінің Астрахан округі құрамында орталығы Владимировка ауылында болатын Владимировск ауданы құрылды. Сонымен қоса таратылған Болхун ауданы аумағының бір бөлігі (Рождественский, Ново-Николаевский, Болхунский, Сокрутовский ауылдық кеңестері) округке берілді. 1930 жылы 30 шілдеде КСРО-ның көптеген басқа округтары сияқты Астрахан округі да таратылды. Оның аудандары Төменгі Еділ өлкесінің тікелей бағыныстылығына берілді. 1934 жылдың 10 қаңтарынан бастап Владимировск ауданы Сталинград өлкесінің, 1936 жылдың 5 желтоқсанынан бастап — Сталинград облысының құрамына кірді. 1937 жылы 16 шілдеде Астрахан ауданы Сталинград облысының құрамында қайта құрылып, оның құрамына Владимировск ауданы кірді. 1943 жылы 27 желтоқсанда Владимировск ауданы жаңадан құрылған Астрахан облысының құрамына енді. 1944 жылы 25 мамырда Владимировск ауданы аумағының бір бөлігі жаңа Капустинояр ауданына берілді. РКФСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1959 жылғы 18 желтоқсандағы Жарлығымен Астрахан облысы Владимировский ауданының Владимировка ауылы, Петропавлск жұмысшы ауылы және Ақтөбе темір жол станциясындағы ауыл бір елді мекенге - Ақтөбе қаласына біріктірілді. 1975 жылы 21 ақпанда РКФСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы негізінде Ақтөбе қаласы облыстық бағыныстағы қалалар санатына жатқызылып, Владимировск ауданы Ақтөбе ауданы болып өзгертілді. 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап Астрахан облысының 2004 жылғы 6 тамыздағы № 43/2004-ОЗ Заңына сәйкес облыс құрамына 15 муниципалды құрылым: 3 қалалық және 12 ауылдық елді мекендер кірді. Ақтөбе қаласы аудан құрамына қалалық елді мекен ретінде енді. ## Тұрғындары Қалалану Қала жағдайында (Ақтөбе қаласы, Жоғарғы Баскүнжақ және Төменгі Баскүнжақ жұмысшы ауылдары) аудан халқының 75,37% тұрады. Ұлттық құрамы 2010 жылғы Бүкілресейлік халық санағы бойынша: ## Әкімшілік бөлінісі Ақтөбе ауданына әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде 1 аудандық маңызы бар қала, 2 қала үлгісіндегі ауыл, 12 ауылдық кеңес кіреді. Ақтөбе ауданына муниципалды аудан мәртебесі бар муниципалды құрылым ретінде 15 муниципалды құрылым кіреді, оның ішінде 3 қалалық және 12 ауылдық елді мекендер: ### Елді мекендері Ақтөбе ауданында 44 елді мекен бар. ## Экономикасы ### Өнеркәсіп Ауданда 30-дан астам өнеркәсіптік кәсіпорын бар, оның 5-і орта және ірі: * «Бассол» ААҚ — Баскүнжақ кен орнын игеру және ас тұзын өндіру. * «Кнауф Гипс Баскунчак» ЖАҚ — гипс өндіру * «Ақтөбе КЖЗ» ААҚ * «Консерві зауыты» ААҚ * «Ақтөбе ет комбинаты» ЖАҚ. Ауданның өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде: * 81,1% тамақ өнеркәсібі; * 6,7% машина жасау; * 11,1% құрылыс материалдары өнеркәсібі. ### Ауыл қожалығы Аудан аумағында 16 ауыл қожалығы кәсіпорны мен 206 шаруа қожалығы бар, ауыл шаруашылығы өндірісінде 3000 адам жұмыспен қамтылған. Аудан бақша дақылдарын өндіру бойынша Астрахан облысында 2-орынды (20,8%), жұмыртқа өндіруден 4-орынды (13,7%), көкөніс өндіруден (меншікті салмағы – 8,2%) және ет (меншікті салмағы – 9,6%) 5-орынды иеленеді. ## Көрікті жерлері Аудан аумағында Үлкен Боғдо тауы мен Баскүнжақ көлі бар Боғдо-Баскүнжақ қорығы, В.П.Чкалов ат. Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығы орналасқан. ## Дереккөздер
Сарманқожа – Арал маңы Қарақұмының солтүстік-шығыс бөлігіндегі құмды алқап. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Қоскөл ауылының оңтүстік-батысында 52 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Ең биік жері 130 м шамасында. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылған, енді жері 5 км. Ұялы төбелерден, белесті құм жалдардан тұрады. Жер асты суларының жоғарғы деңгейі 2-3 м тереңдікте кездеседі. Солтүстігінде Ботабайқұм, оңтүстігінде Қосалбай, шығысында Ақсақалбелгі құмдары бар. ## Өсімдігі Сусыма құм мен сортаң аралас қоңыр топырақ жамылғысында еркек шөп, жусан, ақ селеу, жүзгін, қияқ, шағыр, т.б. өсімдіктер өседі. Алабы мал жайылымы ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Сарытау – Көкшетау қыратының оңтүстігіндегі тау. ## Географиялық орны Ақмола облысы Бұланды ауданы Алакөл ауылының батысында 2 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 457 м. Сай-жыралармен тілімденген таудың ұзындығы мен ені 2,5-3 км. Беткейлері гнейс, тақтатас, кристалды жақпартасты. ## Өсімдігі Қызғылт қоңыр, орманның күлгін жəне қара топырағында қарағай, терек, қайыңнан тұратын орман көмкеріп жатыр. Орман арасында итмұрын, арша, т.б. бұталар аралас астық тұқымдасты шөптесіндер (бетеге, қызғылт селеу, айрауық, қылқан боз, т.б.) қауымдастық қалыптасқан. Атырабының басым бөлігі егістікке жыртылған. ## Дереккөздер
Бөгенбай батыр ескерткіші Астана қаласында 2007 жылы ашылды. Бөгенбай батыр (1680-1775) — XVIII ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық жорығын ұйымдастырушылардың бірі, атақты батыр, ұлы қолбасшы. Ескерткіште батыр ат үстінде бейнеленген. Бір қолын жоғары көтеріп, ел шетіне келген жауды бөгеп тұрғандай. Ал екінші қолындағы алдаспан сол кезеңнің алмастай қылпыған қауіп-қатерін аңғартып тұрғандай көрінеді. Ескерткіш биіктігі 11,3 метр, оның ішінде ат үстіндегі батыр мүсінінің биіктігі 6,3 метр. Авторы — белгілі мүсінші Тоқтар Ермеков. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Бөгенбай батыр ескерткіші (Ерейментау)
Қызылтөбе – Тассуықтөбе қонысының солтүстік-батысындағы төбе. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Кіші Қамқалы ауылының солтүстік-шығысында 11 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 307 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 2,5 км-ге созылған, енді жері 1,5 км. Жер бедері жонды-белесті келген. Батысында Қаракөл, оңтүстік-батысында Қамқалыкөл көлдері, оңтүстігінде Бесоба төбесі, солтүстік-шығысында Сарыой қонысы бар. ## Өсімдігі Құмды, қоңыр топырақ жамылғысында сұр жусан, бұйырғын, күйреуік, қара сексеуіл, т.б. өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі — Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 24 ақпандағы №1015 Жарлығымен бекікілген мемлекеттік марапаты. ## Медалмен марапаттау қағидалары * Осы Қағидалар «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен (бұдан әрі - мерекелік медаль) марапаттау тәртібін регламенттейді. * Мерекелік медальмен Қазақстан Республикасы Конституциясының ұлықтығын қамтамасыз етуге, елдің тәуелсіздігін, Қазақстан қоғамындағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға, конституционализм идеялары мен қағидаттарының қалыптасуы мен дамуына салмақты үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары марапатталады. * Мерекелік медальмен марапаттауға ұсынуларды Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары, Үкіметі, Конституциялық Кеңесі, Жоғарғы Соты, министрліктері, өзге де орталық мемлекеттік органдары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер енгізеді. * Мерекелік медальды Қазақстан Республикасының Президенті тапсырады. * Мерекелік медальды тапсыру салтанатты жағдайда жүргізіледі және марапатталушының жеке өзіне тапсырылады. Тапсыру алдында Қазақстан Республикасы Президентінің марапаттау туралы Жарлығы жария етіледі. * Марапатталған адамға медальмен бірге, белгіленген үлгідегі куәлік тапсырылады. * Мерекелік медаль кеуденің сол жағына тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаталары болған жағдайда олардан кейін орналастырылады. * Мерекелік медальдың тапсырылғандығы туралы марапаттауға арналған тізімге тиісті жазба жасалады. Тапсырылмаған медальдар мен олардың куәліктері, қайтарылу себептері көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Ордендер қоймасына қайтарылады, бұл туралы тізімдерге тиісті белгі қойылады.Жүргізілген марапаттаулардың есебін, сондай-ақ мерекелік медальдардың тапсырылу барысы туралы есептілікті Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүргізеді. ## Сипаттамасы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі жезден жасалады. Шеңбер диаметрі 34 мм болатын дұрыс дөңгелек нысанында болады. Шеңбердегі барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдың қырлары жақтаушамен көмкерілген. Медальдың бет жағында (аверсте) жиектің үстін бойлай отырып, «ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА» деген сөздер шығыңқы жазылған. Аверстің ортасында дөңгелек орналасқан. Дөңгелектің ішінде, жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, төменгі бөлігінде Қазақстан Республикасының Конституциясын бейнелейтін, «20 жыл» деген екі жол мәтіні бар, бедерлі ашық кітап орналасқан. Аверстің түсі жылтыр, бедері шығыңқы күңгірттендірілген. Медальдың сыртқы жағының (реверстің) ортасында қазақтың ұлттық ою-өрнегі орналасқан. Реверстің төменгі бөлігінде «1995-2015» деген цифрлар жазылған. Ою-өрнек пен цифрлар астындағы бет күңгірттендірілген. Цифрлар мен ою-өрнек шығыңқы жылтыр. «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі құлақша мен шығыршық арқылы, ені 32 мм және биіктігі 50 мм алтыбұрышты нысандағы тағанмен жалғанады. Таған ақ түсті төрт жолағы бар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес қатқыл жібек лентамен қапталған. Лентаның жиектерінде әр жағынан 3 мм шегініспен ені 4 мм болатын бір-бір жолақ және олардың ортасында ені 2 мм болатын, арасы ашық екі орталық жолақ орналасады.Медаль киімге түйреуіштің көмегімен бекітіледі. ## Сыртқы сілтемелер * Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы құрметiне арналған мерекелiк медаль туралы
Амангелді Кәрентаев (18 қараша 1943 жылы туылған, Мойынқұм ауданы Амангелді ауылы) – қоғам қайраткері. Ұлты - қазақ. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. Красногор ауыл шаруашылығы техникумы ( 1960), Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технология институтын (1966), Қазақ ауыл шаруалығын институтын (1971), Бүкілодақтық Ауыл шаруашылығы экономикасы ғылым-зерттеу институтының аспирантурасын (1978) бітірген. Ғылыми дәрежесі - Экономика ғылымдарының кандидаты Москва (1978). Мамандығы - инженер-технолог, инженер-механик. 1960 жылы Луговой (қазіргі Тұрар Рысқұлов) ауданы «Қызылту» кеңшарының машина-трактор шеберханасында бақылаушы механик, меңгеруші, 1967 – 1969 жылы Жамбыл ауданы ауыл шаруашылығы басқармасының мемлекет ауыл техникасын қадағалау кәсіпорнының инженері, аға инженері, 1969 – 1977 жылы Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасында механизация бөлімінің бас инженері, 1977 – 1983 жылы Қазақстан Компартиясы Жамбыл облысы комитетінде ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы, 1983 – 1987 жылы «Облсельхозхимия» бірлестігінің төрағасы, 1987 жылы «Жамбылагроөнеркәсіпкөлік» облысы автокөлік басқармасының бастығы, 1987 – 1991 жылы Жамбылагроөнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары - «Облагропромтехника» бірлестігінің төрағасы, 1991 – 1992 жылы Шу ауданы партия комитетінің бірінші хатшысы, Шу ауданы халық депутаттары кеңесінің төрағасы, 1992 – 1995 жылы Шу ауданы әкімі, 1995 – 1998 жылы Байзақ ауданы әкімі,1998 - 2008 жылдан Жамбыл облысы әкімшілігінің ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы. Жамбыл облысы әкім апаратының агроөнеркәсіп кешені мониторингін дамыту - бөлімінің меңгерушісі (2008-2009), «Оңтүстік» қаржы компаниясы Жамбыл облысы филиалында бас маманы болды (2009-2019). «Д.А. Қонаев атындағы Халықаралық Қордың» Жамбыл облыстық бөлімшесінің төрағасы (2014-2019). ## Мемлекеттік наградалары «Парасат», «Құрмет», «Знак Почета» ордендерімен марапатталған. «Ерең еңбегі үшін», «Тыңға елу жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», 1-ші дәрежелі «Еңбек даңқы», «Тәуелсіздікке 25 жыл», «Тәуелсіздікке 30 жыл» медальдарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы және «Алтын Барыс» омырау белгісімен марапатталған. Қазақстан Республикасы «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі», Қазақстан Республикасы құрметті спорт қайраткері атақтарын алған. Шу, Байзақ, Мойынқұм аудандарының және Жамбыл облысының құрметті азаматы. ## Ғылыми еңбектер 50-ден аса ғылыми мақалаларымен 2 монографияның 5 кітаптің авторы.
Қараүңгір – Байқара тауының солтүстік-батысындағы төбе. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 40 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 3 км. Абсолюттік биіктігі 444 м. Батысында Үшқұдық, шығысында Үлкенқамыс құдықтары, солтүстігінде Қаратас, оңтүстігінде Жаманжол төбелері бар. ## Өсімдігі Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында сексеуіл, теріскен, еркек шөп, жусан, т.б. өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
«АЗИЯ АВТО» АҚ (KASE: ASAV) — Қазақстан Республикасындағы бірінші және ең ірі автоқұрастыру зауыты. Өскемен қаласында орналасқан. Соңғы жылдары жыл сайын 10 мыңнан астам (бұрын 30 мыңнан астам) жеңіл автокөліктер мен жол талғамайтын көліктер шығарады. ## Тарихы 2000 жылы 9 қарашада – Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында автоқұрастыру зауытын құру туралы» № 1684 қаулысы қабылданды. АО «АЗИЯ АВТО» образовано 9 декабря 2002 года.. «АЗИЯ АВТО» АҚ 2002 жылы 9 желтоқсанда құрылды. Жобаны әзірлеудің бірінші кезеңінде (2000-2002 ж.ж.) кәсіпорынға шамамен 15 миллион АҚШ доллары қаржы бөлінді. Жаппай өндіріске енгізілген алғашқы автокөлік ВАЗ «Нива» көлігі болды. 2004 жылы – 5000-шы Нива автокөлігі республикадағы бірінші «АЗИЯ АВТО» автомобиль құрастыру зауытының конвейерінен шықты. 2005 жылы — зауыт Skoda Auto автокөліктерін шығаруды бастады, бұл жобаны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев конвейерді іске қосу түймесін басу арқылы жеке өзі бастады. 2006 жылы - зауыт 10 000-шы автокөлікті шығарды. Бірінші облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялардың бірінші шығарылымы жалпы сомасы 1 млрд теңге болды. 2007 жылы — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Chevrolet автомобилдерін құрастыруды іске қосу рәсіміне қатысты. 2010 жылы — «Азия Авто» АҚ KASE өз облигациялары бойынша дефолтқа ұшырады. 2011 жылы – «АЗИЯ АВТО» АҚ жаңа Chevrolet Captiva және Chevrolet Cruze хэтчбек үлгілерін өндіріске енгізді. Барлығы төрт брендтің Skoda Auto (Fabia, Octavia, Superb, Yeti), Chevrolet (Aveo, Captiva, Cruze, Cruze HB, Lacetti), Lada 4x4, KIA Motors (Sorento, Mohave, Cerato, Sportage, Soul, Cadenza, Optima) 18 моделі шығарылады. 2012 жылы — KIA Picanto өндірісінің бастады. «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесінің қорытындысы бойынша «Халыққа арналған үздік тауар» номинациясы бойынша Қазақстандық «АЗИЯ АВТО» автокөлік құрастыру зауыты №1 өндіруші болып танылды. 2013 жылы – Kia Cerato седанының жаңа буынын, Kia Quoris премиум седанының, Skoda Rapid және Kia Ceed автомобилдерінің сериялық өндірісінің бастады. Chevrolet Tracker ықшам кроссоверін және Chevrolet Malibu бизнес седанын шығаруды бастады. KIA Cadenza және Chevrolet Captiva автомобильдерінің жаңартылған нұсқаларын, Skoda Octavia автомобилдерінің жаңа буынын шығаруды бастады. Kia Carrens шағын фургондары, Skoda Octavia Combi автомобилдері шығарыла бастады. ЕВРО-4 және ЕВРО-5 стандартындағы автомобилдер шығаруға көшті. Қазақстан Республикасының қозғалтқыштардың улылығына қойылатын талаптарының артуына байланысты зауыт ЕУРО-4 және ЕУРО-5 стандарттарына сәйкес келетін автомобилдер шығаруға толығымен көшті. Жаңартылған Skoda Yeti кроссоверінің және автоматты беріліс қорабы бар Skoda Rapid лифтінің өндірісі басталды. 2014 жылы — 100 000-шы көлік құрастырылды. 2016 жылы — Компания LADA Granta, LADA Kalina автомобильдерін және LADA 4x4 жол талғамайтын көлігінің бес есікті нұсқасын құрастыра бастады. 2017 жылы — жаңартылған KIA Cerato седанының шығарылымы, KIA Sportage кроссоверінің төртінші буынын, KIA Optima жаңа буынын, KIA Quoris атқарушы седанының жаңартылған нұсқасының шығарылымы. Астанада өткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында қазақстандық «АЗИЯ АВТО» автокөлік құрастыру зауыты танымал LADA Vesta седанының электрлі нұсқасын ұсынды. Танымал ықшам кроссовер KIA Soul жаңартылған нұсқасын шығару. 2018 жылғы Chevrolet Aveo седанының шығарылымы. 2018 жылы — KIA Rio жаңа буынын, жаңартылған KIA Sorento кроссоверінің шығарылымы. Skoda Kodiaq кроссоверінің — ең жаңа үлгісінің шығарылымы. Жеке дизайндағы жеңіл автокөліктерге арналған AZIA TRAIL жүк тіркемесінің сериялық өндірісін іске қосу. «BIPEK CONTACT» жүйесімен LADA автомобильдерін сериялық шығаруды бастады. UAZ:374195, 396295, 220695, 390995, Hunter, Patriot автокөліктерін шығаруды бастау. KIA Stinger автокөліктерін шығаруды бастау. 2019 жылы – «АЗИЯ АВТО» АҚ индустриялық сертификат алған Қазақстандағы алғашқы машина жасау кәсіпорны болды. Индустриалды сертификат – өндірушіні отандық тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндірушілердің тізіліміне енгізу туралы куәлік. Жаңа KIA K900 жетекші седанының, жаңа 2019 KIA Soul кроссоверінің өндірісі. ### Соттық қарау Зауыт жұмыс істеп тұрған кезде Қазақстан үкіметі субсидиялау және кедендік баждарды алып тастау түріндегі жеңілдіктер берді, оған жауап ретінде зауыт жерсіндендіру деңгейін арттыруды, яғни ірітүйінді (бұрағыш) құрастыруды шағынтүйіндіге бояу менен пісіру цехтарын салу арқылы ауыстыруды міндеттенді. Зауыт басшылығы атынан Анатолий Балушкин (2021 жылға сәйкес қазақстандық Forbes рейтингінде 35-орын) келісімнің өз бөлігін орындамады, содан кейін ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өнеркәсіптік құрастыру келісімшартын бұзып, мемлекетке 174 млрд теңге (шамамен 500 млн. АҚШ доллары) қайтаруын талап етті. 2021 жылдан бастап зауыт тоқтап тұр, ал кейбір автомобиль үлгілерін құрастыру «СарыАрқаАвтопром» зауытына қайта бағытталды. 2021 жылы Анатолий Балушкинге құқық қорғау органдарынан жасырынғаны үшін іздеу жарияланған болатын. ## Дилерлік желісі Қазақстан (Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Қостанай, Көкшетау, Петропавл, Астана, Қарағанды, Қызылорда, Қаскелең, Шымкент, Алматы, Семей, Өскемен, Павлодар, Риддер), Ресей (Барнаул, Кемерово, Қорған, Жаңасібір, Новокузнецк, Омбы, Тобыл, Түмен, Шадринск, Челябі, Тольятти, Екатеринбург, Санкт-Петербург) қалаларында дилерлік желісі бар. ## Галереясы * * * * * ## Дереккөздер
Қотанақ – Желтау тауларының солтүстік-батысындағы аласа тау. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 70 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км-ге созылған, енді жері 2 км. Абсолюттік биіктігі 537 м. Беткейлері эрозиялық процестерге ұшыраған. Солтүстігінде Көкеспе қонысы, батысында Қарақұдық, оңтүстігінде Жамбасши құдықтары, шығысында Шығыс Қотанақ тауы бар. ## Өсімдігі Тау баурайындағы қиыршықтасты, сұрғылт құнарсыз топырағында шөлге тән өсімдіктер өскен. ## Дереккөздер
Қаратас – Шағырлы тауларының солтүстік-батысындағы оқшауланған шоқылы тау. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылының солтүстік-батысында 40 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 522 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км шамасында. Беткейі тіктеу, пішіні сопақ, негізінен түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Солтүстігінде Жақынжол, шығысында Суықадыр, оңтүстігінде Байқара таулары мен оңтүстік-батысында Қараүңгір төбесі орналасқан. ## Өсімдігі Тауалдының сұр, сұрғылт топырақ жамылғысында жусан, бұйырғын, күйреуік, баялыш, т.б. өседі. ## Дереккөздер
Өзен-көлдер: * Қараүңгір – Зайсан алабындағы өзен. * Қараүңгір – Есіл алабындағы көл. Төбе-таулар: * Қараүңгір – Байқара тауының солтүстік-батысындағы төбе. * Қараүңгір – Балқаш көлінің солтүстік бөлігіндегі тау. Басқа мағыналар: * Қараүңгір – неолиттік тұрақ.
Маңғыстау – Маңғыстау облысындағы ауыл (1966-2005 жж. кент), Мұнайлы ауданы мен Маңғыстау ауылдық округінің орталығы, теміржол бекеті. ## Тарихы Іргесі 1966 жылы Ақтау – Бейнеу темір жолын салуға байланысты қаланған. ## Географиялық орны Облыс орталығы Ақтау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан. ## Халқы ## Инфраструктурасы Мұнда Маңғыстау мұнай-газ АҚ-ның 4 мекемесі, Атырау тасымалдау бөлімшесіне қарасты мекемелер бар. Агроөнеркәсіптік су шаруашылығы, жол құрылысы материалдарының комбинаты, мұнай өнімдерінің базалары орналасқан.Ауылда 4 мектеп, орталық аудандық емхана, емхана, жедел жәрдем және дәрігерлік амбулатория бар. ## Галерея * * * * * * ## Дереккөздер
Таулар: * Сандықтас – Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігіндегі тау сілемі. * Сандықтас – Тарбағатай жотасының батыс бөлігіндегі тау. * Сандықтас – Шұбарайғыр тауларының солтүстік-шығысындағы тау. Басқа мағыналар: * Сандықтас – ескерткіш тақтатас-белгі.
* Шұбарайғыр – Қазақ халқының құрамындағы ру. * Шұбарайғыр – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жеріндегі тау.
Торлы қабық (көздің ішкі торлы қабығы, ағылш. Retina, лат. rete мағынасы "тор") – көзге көрінетін түсті ажыратушы, жұқа жүйкелік жарғақ. Торқабықтағы жүйке жасушалары көздің көріп тұрғандығы туралы сигналды көру жүйкесі арқылы миға жеткізеді. Торқабық көздің артқы үштен екі бөлігін алып жатады және 2 қабаттан тұрады: сезімталды торқабық және пигментті эпителиаді торқабық. Көз алмасының артқы жағындағы торлы қабықтың ортасындағы дақ орталық көру қабілетін айқындайды және нақтылайды, көздің көру аймағындағы обьектіге көздің назарып аудартады. Торқабықтың қалған бөлігі – анық емес, тек пішіндерді көруге мүмкіндік беретін жанама көру қабілетін қамтамасыз етеді. Жанама заттарды көруге қатысады, бірақ анық емес, тек заттардың пішіндерін көреді. ## Дереккөздер
Ақ кеме (қырғыз. Ак кеме (тасма 1976) — 1975 жылы "Қырғызфильм" студиясында түсірілген режиссер Болот Шамшиевтің фильмі. Шыңғыс Айтматовтың "Ақ кеме" шығармасының желісімен түсірілді. ## Ролдерде ### Басты * Нұрғазы Сыдығалиев — бала * Сабира Кумушалиева — Карыз * Орозбек Құтманалиев — Орозкул * Асанқұл Құттыбаев — Момун * Айтұрган Темірова — Гулжамал * Назира Мамбетова — Бекей * Чоробек Думанаев — Кулубек * Даркүл Куюкова — бақсы * Марат Рысқұлбеков - Сейдахмат ## Түсірілім тобы * Сценарий — Шыңғыс Айтматов, Болотбек Шамшиев * Режиссёр — Болотбек Шамшиев * Оператор — Манасбек Мусаев * Суретші — Владимир Донсков * Композитор — Альфред Шнитке ## Дереккөздер
Қойгелді батыр: * Қойгелді Мыңтайұлы (1720-1795ж.ж) - қазақ батыры, Албан, Қызылбөрік руы ішінде Хантотас тармағынан. * Қойгелді Сартұлы (1702–1795) - қазақ батыры, Шыққан тегі Ұлы жүздің дулат тайпасы шымыр руынан.
Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов (1962, Жамбыл облысы) ҚазМҰ-ді бітірген. (1985) Заң ғылымдарының докторы. * 1985 жылы-М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінде тәжірибе жинақтау, зерттеуші, * 1986 жылы мемлекетттік институттың және ҚазКСР ҒА заң ғылымдарының аспиранты. * 1990 жылы ҚазКСР заң Ғылымдар Академиясы мен Мемлекеттік институттың кіші ғылыми қызметкері. * 1992 жылы Мәскеу Жоғарғы экономикалық кеңесінің жанындағы «Қазақстан сервис» сыртқы сауда-саттық компаниясының бас директорының орынбасары. * 1994жылы Қазақстанның ФРГ, Австрия республикаларындағы тауар өкілінің орынбасары. * 1996 жылы «Қазақстанәуежолы» мұнай компаниясының сыртқы байланыстар вице - президенті. * 1997 жылы ҚР мемлекеттік комитетінің инвестициялар бойынша келіссөздер жүргізу және жобаларды бағалау дирекциясының менеджері. «ҚазақОйл» мұнай компаниясы заң департаментінің директоры, құқықтық-сараптама бөлім меңгерушісі, * 1999 жылы -құқықтық тәртіп, қорғаныс, заң шығару бөлімдерінің меңгерушісі * 2000 жылы-ҚР премьер министр канцелчриясының заң бөлімі меңгерушісі. * 2002 жылы-«ҚазТранс Ойл» ЖАҚ бас директорының орынбасары, «ҚазМұнайГаз» мұнай компаниясы АҚ басқару директоры. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы — Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздердiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1992 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдарға қол қойды. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 24 қаңтар күнгі “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен белгiленген. ## Сипаттамасы Мемлекеттік ту ортасында 32 сәуле тараған күн бейнеленген, күннің астында қалықтаған дала қыраны бар көгілдір түсті тікбұрышты кездеме. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең: 1:2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi . Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. Қазақстанда тұратын халықтар мен этникалық топтардың елтаңбалары мен туларындағы оның бейнесінің ежелгі дәстүрі бар. Символика тілінде қыран бейнесі мемлекеттік билікті, кеңдікті және қырағылықты білдіреді. Дала адамдары үшін бұл бостандықтың, тәуелсіздіктің, мақсатқа, биікке, болашаққа ұмтылушылықтың белгісі. Бұған қоса, қыранның күш-қуаты көп, ол оның болашаққа жетуіне кедергі келтірген кез келген дұшпанына қарсы тұра алады. Қыран бейнесі жас зайырлы Қазақстанның әлемдік өркениеттің шыңына шығуға талпынысы идеясынан туындаған. Біздің туымызға жаңаша және қайталанбас әр беретін тағы бір элемент оның сап ағашына параллель орналасқан ұлттық оюдан тұратын жолақтар болып табылады. Мұнда қазақтың «қошқар мүйіз» оюы бейнеленген. ## Мемлекеттік туды пайдалану тәртібі ### Мемлекетті туды пайдалану Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы келесі жағдайларда міндетті түрде пайдаланылуы тиіс: * Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мынадай орындарда міндетті түрде көтеріледі (тігіледі, орналастырылады): * Қазақстан Республикасының Президенті Резиденциясының, Парламентінің, Сенат пен Мәжілістің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Конституциялық Кеңестің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік ұйымдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшіліктерінің, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдіктерінің, сауда өкілдіктерінің, шетелдегі басқа да ресми мекемелерінің, шетелдегі мекемелерінің басшылары резиденцияларының ғимараттарында және сол мемлекеттің протоколдық практикасына сәйкес көлік құралдарында - ұдайы;Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары төрағаларының, Премьер-Министрдің, Мемлекеттік хатшының, Конституциялық Кеңес Төрағасының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының және жергілікті соттары төрағаларының, Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің басшыларының, жергілікті өкілді және атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері басшыларының кабинеттерінде - ұдайы;Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен және бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының, Үкіметтің үйлестіру және жұмыс органдарының отырыстары өтетін залдарда, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің отырыс залдарында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының сот мәжілісі залдарында, орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың алқа отырысы залдарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік наградалары тапсырылатын залдарда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің қабылдау залдарында, сондай-ақ бала тууды және некені тіркейтін үй-жайларда - ұдайы;мемлекеттік органдардың ғимараттарында алғаш ашылған кезде, салтанатты жағдайда;егер халықаралық құқық нормалары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген болса, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және олардың өкілетті өкілдерінің қатысуымен халықаралық форумдар өтетін ғимараттарда немесе үй-жайларда;ресми адамдар ретінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мінген теңіз кемелерінде, ішкі жүзу кемелерінде және басқа да қатынас құралдарында;Қазақстан Республикасында тiркелген кемелердiң бұлқынындағы ту ретiнде - белгiленген тәртiппен;Қазақстан Республикасының әскери корабльдерi мен кемелерiнде - әскери жарғыларға сәйкес;Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери құрамаларында, бөлімдерінде, бөлімшелерінде және мекемелерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелері күндерінде, ант қабылдау кезiнде;мемлекеттік органдар, мемлекеттік ұйымдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар өткізетін рәсімдер, салтанатты және спорттық іс-шаралар кезінде;жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында - жаңа оқу жылының ашылу және оқу жылының аяқталу рәсімдері кезінде;Қазақстан Республикасына мемлекеттік және ресми сапарлармен келген шет мемлекеттердің мемлекет басшыларымен, парламенттері мен үкіметтерінің басшыларымен кездесу кезінде.Қарулы Күштердің әскери құрамаларында, бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Туды пайдалану (тігу, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.Ғимараттарға тұрақты тігілген Мемлекеттік Туға тәуліктің қараңғы мезгілінде жарық түсіп тұруға тиіс.Мемлекеттік Ту басқа да ғимараттарда (үй-жайларда) олардың иелерінің еркі бойынша көтерілуі (тігілуі) мүмкін.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын шет мемлекеттердің, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың туларымен бір мезгілде көтергенде (тіккенде, орналастырғанда) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының көлемі басқа тулардың көлемінен кіші болмауға тиіс.Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы басқа тулардан төмен орналастырылмайды.Қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туымен бірдей болмауға тиіс. * Қазақстан Республикасының Президенті Резиденциясының, Парламентінің, Сенат пен Мәжілістің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Конституциялық Кеңестің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік ұйымдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшіліктерінің, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдіктерінің, сауда өкілдіктерінің, шетелдегі басқа да ресми мекемелерінің, шетелдегі мекемелерінің басшылары резиденцияларының ғимараттарында және сол мемлекеттің протоколдық практикасына сәйкес көлік құралдарында - ұдайы; * Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары төрағаларының, Премьер-Министрдің, Мемлекеттік хатшының, Конституциялық Кеңес Төрағасының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының және жергілікті соттары төрағаларының, Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің басшыларының, жергілікті өкілді және атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері басшыларының кабинеттерінде - ұдайы; * Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен және бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының, Үкіметтің үйлестіру және жұмыс органдарының отырыстары өтетін залдарда, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің отырыс залдарында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының сот мәжілісі залдарында, орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың алқа отырысы залдарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік наградалары тапсырылатын залдарда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің қабылдау залдарында, сондай-ақ бала тууды және некені тіркейтін үй-жайларда - ұдайы; * мемлекеттік органдардың ғимараттарында алғаш ашылған кезде, салтанатты жағдайда; * егер халықаралық құқық нормалары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген болса, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және олардың өкілетті өкілдерінің қатысуымен халықаралық форумдар өтетін ғимараттарда немесе үй-жайларда; * ресми адамдар ретінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мінген теңіз кемелерінде, ішкі жүзу кемелерінде және басқа да қатынас құралдарында; * Қазақстан Республикасында тiркелген кемелердiң бұлқынындағы ту ретiнде - белгiленген тәртiппен; * Қазақстан Республикасының әскери корабльдерi мен кемелерiнде - әскери жарғыларға сәйкес; * Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери құрамаларында, бөлімдерінде, бөлімшелерінде және мекемелерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелері күндерінде, ант қабылдау кезiнде; * мемлекеттік органдар, мемлекеттік ұйымдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар өткізетін рәсімдер, салтанатты және спорттық іс-шаралар кезінде; * жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында - жаңа оқу жылының ашылу және оқу жылының аяқталу рәсімдері кезінде; * Қазақстан Республикасына мемлекеттік және ресми сапарлармен келген шет мемлекеттердің мемлекет басшыларымен, парламенттері мен үкіметтерінің басшыларымен кездесу кезінде. * Қарулы Күштердің әскери құрамаларында, бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Туды пайдалану (тігу, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады. * Ғимараттарға тұрақты тігілген Мемлекеттік Туға тәуліктің қараңғы мезгілінде жарық түсіп тұруға тиіс. * Мемлекеттік Ту басқа да ғимараттарда (үй-жайларда) олардың иелерінің еркі бойынша көтерілуі (тігілуі) мүмкін. * Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын шет мемлекеттердің, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың туларымен бір мезгілде көтергенде (тіккенде, орналастырғанда) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының көлемі басқа тулардың көлемінен кіші болмауға тиіс. * Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы басқа тулардан төмен орналастырылмайды. * Қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туымен бірдей болмауға тиіс. ### Мемлекетті тудың бейнесін пайдалану Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Туының бейнесi міндетті түрде: * Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенттің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың және олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің веб-сайттарында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен;Қазақстан Республикасының әуе кемелерінде, сондай-ақ ғарыш аппараттарында орналастырылады.Мемлекеттiк Тудың бейнесi өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін. * Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенттің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың және олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің веб-сайттарында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен; * Қазақстан Республикасының әуе кемелерінде, сондай-ақ ғарыш аппараттарында орналастырылады. * Мемлекеттiк Тудың бейнесi өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін. Мемлекеттiк Тудың бейнесiн қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдар туларының геральдикалық негізі ретінде пайдалануға болмайды. * Мемлекеттiк Тудың бейнесi Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградаларының, Ұлттық Банк банкноттары мен монеталарының элементі немесе геральдикалық негізі ретінде пайдаланылуы мүмкін.Ұлттық аза тұтуға байланысты Мемлекеттiк Ту ұлттық аза тұту мерзiмi ішінде тутұғыр биiктiгiнiң жартысына дейiн төмен түсiрiледi. * Мемлекеттiк Тудың бейнесi Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградаларының, Ұлттық Банк банкноттары мен монеталарының элементі немесе геральдикалық негізі ретінде пайдаланылуы мүмкін. * Ұлттық аза тұтуға байланысты Мемлекеттiк Ту ұлттық аза тұту мерзiмi ішінде тутұғыр биiктiгiнiң жартысына дейiн төмен түсiрiледi. ### Мемлекетті туды дайындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын дайындау ҚР СТ 988-2007 мемлекеттік стандарты бойынша орындалады. Мемлекеттік туды жасап шығару арнайы қызмет болғандықтан, лицензияның болуын талап етеді. ## Тарихи байрақтар * * * * * * * * * ## Тағы қараңыз * Қазақстан Республикасының әнұраны * Қазақстан Республикасының елтаңбасы ## Сыртқы сілтемелер * Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің байрақтары * Қазақстан Республикасының әскери-теңіз күштерінің байрақтары * "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы N 258 Конституциялық заңы(қолжетпейтін сілтеме) * "Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесін бекіту туралы", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 862 Қаулысы(қолжетпейтін сілтеме) * "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы N 873 Қаулысы(қолжетпейтін сілтеме) * "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі лицензияланатын қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 1529 Қаулысы(қолжетпейтін сілтеме) * ҚР СТ 988-2007. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы. Жалпы техникалық шарттар ## Дереккөздер
Қарашоқы – Қоңыртемірші тауларының оңтүстік-шығысындағы шоқылы тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Татан ауылының оңтүстік-шығысында 9 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 899 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 3 км. Таудың көлбеу беткейінде түпкі тау жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Солтүстігінде Бесалаң, Бестамақ қоныстары, оңтүстігінде Әтембеттоған бұлағы мен Итбас тауы, батысында Ақбиік (868 м) тауы бар. ## Өсімдігі Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, боз, селеу, бұталар өседі. ## Дереккөздер
Динар Жүсіпәліқызы Нөкетаева (4 қараша, 1964 жыл, Талдықорған облысы, Алакөл ауданы, Арқарлы ауылында туған) - қоғам қайраткері. С.М. Киров атындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия]факультетін (1985) химия пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша; Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков атындағы заң институтын бітірген, юриспруденция бакалавры. ## Қызмет жолы * 1986 жылдан - Алматы облысының Түймебаев атындағы кеңшар бала бақшасында тәрбиеші. * 1988 жылдан - Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылындағы орта мектепте химия пәнінің мұғалімі. * 1990 жылдан - Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында химия пәнінің мұғалімі. * 1991 жылдан - Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылындағы орта мектепте ұзартылған күн тобында тәрбиеші. * 1992 жылдан - аудандық атқару комитеті жанындағы Жамбыл аудандық жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы, Алматы облысы Жамбыл аудандық Халық депутаттары кеңесінің аға референті. * 1994 жылдан -Жамбыл аудандық әкімшілігінің референті. * 1994 жылдан - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының аға маманы. * 1999 жылдан - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының хатшысы. * 2004 жылдың қазан айынан - ҚР Парламенті Мәжілісі 3-ші шақырылымының депутаты, №1 бір мандатты сайлау округы бойынша ұсынылған. * 2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, * 2009 жылдың қаңтар айынан бері Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы. «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының, «Аймақ» депутаттық тобының мүшесі. * 2011 жылдан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры * 2017 жылдан тамыз айынан Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты болып, Алматы қаласынан сайланған. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі ## Марапаттары * «Құрмет» (2007) орденімен; * «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) * «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған. * Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.) мерекелік медалдармен марапатталды ## Отбасы Ұлдары -Түймебаев Дінмүхамед Бақытжанұлы (1986 жылы туған), Түймебаев Нұржан Бақытжанұлы (1989 жылы туған). ## Дереккөздер
7-сайланым Қазақстан Сенатының өкілеттігі 2021 жылғы 15 қаңтарда оның бірінші сессиясы ашылуымен басталып, 2023 жылғы наурыздағы 8-сайланым Парламентінің бірінші сессиясына дейін жалғасты. ## 7-сайланым Сенат депутаттарының тізімі ## Дереккөздер
Нұртөре Байтелесұлы Жүсіп — 1961 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысы Шиелі ауданы Керделі ауылдық кеңшарында туған. Арғын тайпасының Тарақты руынан шыққан. Әкесі - Жүсіпов Байтелес (1918-1985). Анасы - Байділдәқызы Рабиға (1925 жылы туған), зейнеткер, батыр ана, күріш өсіруші болған. Нұртөре Байтелесұлы (1984) жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолының алғашқы баспалдағы Павлодар облыстық қазіргі Сары арқа самалы бұрынғы Қызыл ту газетінің агроөндірістік бөлімінің тілшілігімен басталды. Осы газетте Көлік және коммуникация бөлімінің меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары қызметін атқарды. (1990-1996) жылдар аралығында Республикалық Егемен Қазақстан газетінің Экономика бөлімінің меңгерушісі, Бас редактордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары болды.(1996) жылдың мамыр айынан бастап (2002) жылдың сәуір айына дейін республикалық Жас Алаш газетінің бас редакторы қызметін атқарды. Нұртөре Жүсіп басшылық еткен осы кезең ішінде газет Алтын жұлдыз-2000 сыйлығына ие болды. Нұртөре Жүсіп Ақ жол Қазақстан, Астана хабары газеттерінің бас редакторы, Егемен Қазақстан республикалық газетінің бас директоры болды. (2008) жылдан бері республикалық Айқын газетінің директоры-бас редактор. Нұртөре Жүсіп Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің, ҚР жазушылар одағының, Журналистер одағының мүшесі, Президент сыйлығының және Қазақстан журналистер одағының, Б. Бұлқышев, С. Садуақасов атындағы сыйлықтардың иегері. ҚР Журналистер академиясының және Гуманитарлық Академияның мүшесі. Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақ журналистикасының қайраткері атақтары бар. (Халықаралық ПЕН-клубтың вице-президенті), (Қазақстан МЕДИА-АЛЬЯНС ұйымы) төрағасының бірінші орынбасары.Қазақстан Президенті жанындағы Рухани жаңғыру жөніндегі Ұлттық комиссияның және Мемлекеттік рәміздер жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Қазақстан Үкіметі жанындағы Онамастика жөніндегі республикалық комиссияның, "Нұр Отан"партиясы Алматы қалалық филиалы Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Құрмет орденімен (2009); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2000) медальдарымен, "Тіл жанашыры" төсбелгісімен марапатталған.(2014) жылы "Халықтың сүйіктісі" атты республикалық конкурстың "Ең өткір публицист" номинациясының жеңімпазы. Қызылорда облысы, Шиелі ауданының Құрметті азаматы. «Біз кімнен кембіз?» (2001), «Қазақтың қызы» (2004),«Елес пен белес» (2006), "Тәуелсіздік лебі: ел мен жер", "Мың құмырсқа және біз" атты публицистикалық жинақтың;авторы. Үйленген. Жұбайы - Сейітова Назым, оқытушы. Ұлы - Жүсіпов Ерлан (1985 жылы туған); қыздары - Нұртөреқызы Ақзия (1999 жылы туған), Нұртереқызы Нұрзия (1999 жылы туған). ## Дереккөздер
Tengrinews.kz — қазақстандық интернет-басылым және ақпараттық портал. Негізін Батыр Қазыбаев 2010 жылы 15 қарашада Алматы қаласында қалаған. Қазақстандағы ең ірі ақпараттық портал. Ол Alash Media Group медиахолдингінің құрамына кіреді. Ол 2011, 2012 және 2013 жылдардағы Гран-при иегері және Award.kz ұлттық интернет сыйлығының «10 жылдықтың үздік сайты» номинациясының жеңімпазы. Forbes.kz нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең табысты интернет-компаниялар арасында 49-орында тұр. Сайттың «Жеңімпаздар» бөлімін Қазақстан Қорғаныс министрлігі «Интернет-басылымдағы үздік жарияланым» номинациясы бойынша марапаттады. 2020 жылдың ақпан айында Tengrinews.kz дизайнын жаңартты. 2021 жылғы сайттың күнделікті аудиториясы 500 000 адамды құрайды. Brand Analytics мәліметтері бойынша 2021 жылы Tengrinews.kz әлеуметтік желілердегі дәйексөздер бойынша Қазақстанда бесінші орынды иеленді. 2024 жылы YouTube-тегі Tengrinews.kz арнасы Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысынан тікелей трансляция жасап келеді. Бұл процесс Қазақстанда және көршілес елдерде үлкен резонанс тудырды. LiveInternet деректері бойынша 2024 жылдың көктеміндегі жағдай бойынша Tengrinews.kz қазақстандық сайттар рейтингінде бірінші орында, сонымен қатар барлық елдер арасында үздік 60 сайттың қатарына кіреді. ## Дереккөздер ## Сілтеме * Ресми сайты
Ідіріс Үсенов (1896, Тума ауылы Есбол ауданы Гурьев облысы - 1977, Орлик ауылы, Есбол ауданы Гурьев облысы) — Гурьев облысы Есбол ауданы “Передовик” атындағы колхозының аға табыншысы. Социалистік Еңбек Ері (1948). ## Өмірбаяны Ідіріс Үсенов 1896 жылы Атырау (бұрынғы Гурьев) облысы Индер (бұрынғы Есбол) ауданы Тума ауылында туған.1929 жылы «Передовик» колхозында бақташы, 1932 жылы аға жылқышы болып еңбек еткен. Қарауында 84 бас мал болған. Еңбек жылдары 1208 жылқы өсіріп, мал шаруашылығына өз үлесін қосқан. Жыл сайын орта есеппен әр жүз биеден 91-ден құлын алған. Отан соғысы майданына 160 бас мал аттандырған. Қажырлы әрі адал еңбегі үшін 1943 жылы Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің грамотасымен, «Социалистік ауыл шаруашылығы озаты» белгісімен және 1945 жылы «1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Ерен еңбегі арқасында 1947 жылы 56 биеден 56 құлын алып, өсірген және осындай көрсеткіш кейінгі жылдары да қайталанған. Еліміздің ауыл шаруашылығының дамып, өркендеуіне саласында айрықша із қалдырған, 1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдарында Есбол (Индер) ауданы, Өрлік ауылы, «Передовик» колхозында жылқы малын бағып, фашистік Германияны жеңуде, Кеңес Одағы әскерін жабдықтау үшін жалқы малын дайындауда ерен еңбегімен танылып, 1948 жылы 23 шілдеде жылқы өсірудегі үздік еңбегі үшін Ідіріс Үсеновке Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, оның омырауына "Алтын Жұлдыз" медалі мен Ленин ордені тағылды. 1955-1957 жылдары 276 биеден 272 құлын алған. 1957 жылы ұзақ еңбегі және мал өнімін арттырып, мал өнімінің сапасын көтергені үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі алқасының Құрмет Грамотасымен марапатталса, Бүкілодақтық халық шаруашылығының жетістіктері көрмесіне қатынасып, «Көрмеге қатынасушы» медалімен, 1958 жылы «Кіші күміс» медалімен марапатталған. Осылай жасы ұлғайып, құрметті демалысқа шыққанға дейін, отыз жылға жуық үздіксіз жылқы бақты. 1959 жылы жасы келуіне байланысты зейнеткерлік демалысқа шықты. 1977 жылы дүниеден озды. ## Ол туралы жарияланымдар «Осы Өрлік ауылының шаруалары бірлесіп, коллективтік шаруашылықты ұйымдастырғанда Ідіріс те колхозға мүше болып кіріп, екі мыңға тарта жылқы фермасының негізін салған осы Ідекең десек, асыра айтқандық болмайды» дейді колхоз төрағасы Сағидолла Құбашев өзінің "Ленин орденді "Передовик" колхозы" атты 1967 жылы шыққан кітабында. Ол – колхоздың тұңғыш жылқышысы атанды. Талай дүлей борандарда, нөсерлі жауын-шашынмен алай түлей дауылдарда малмен қоса ығып кеткен кездері аз болған жоқ. Шілденің тас қайнатқан ыстығында малдың қамын ойлап, өрісте болды, малды баға білді, бабын таба білді. Ерінбей еткен еселі еңбек босқа кеткен жоқ. ## Отбасы Зайыбы - Қыздан (Батима). Балалар - 2 ұл: Нұрмұханбет, Ниғым, 4 қыз: Ағиба, Қадиша, Сұлу және Болған. Үлкен ұлы Нұрмұханбет “Передовик” совхозында көп жылдар бойы механизатор болып, зейнеткерлікке дейін жұмысын мінсіз атқарып, бірнеше мақтау грамоталары, төс белгілердің иегері атанды. Өмірлік жары Нұрсұлу екеуі 6 қыз, 4 ұл тәрбиелеп өсірсе, Қайрат, Симат, Саламат, Әскербектер өмірден өз жолдарын жаңылмай тапса, олардың ішінде білім қуған Саламаты Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Ал даңқты жылқышының құтты құрығы кіші ұлы Ниғымға тиіп, сол шаруаны одан әрі өрістетті. Жастайынан жылқы малының бағым-күтімін, қыры мен сырын терең түйсініп өскен жас жігіт көп қиындықты адал жары Алтын екеуі көтере біліп, әке абыройын одан әрі асқақтатты. Оныншы бесжылдықта Еңбек Қызыл Ту орденімен, сондай-ақ екі рет Қазақ ССР Жоғары Советінің Құрмет грамотасымен наградталады. ## Марапаттары мен атақтары КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығымен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы және мал шаруашылығын дамытудағы ерен еңбегі үшін Социалистік еңбек ері атағына ие болып, Ленин орденімен және "Орақ пен Балға" алтын медалімен марапатталды. Атырау облысы Индер ауданы Өрлік ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 14 шешімімен Өрлік ауылындағы көшеге "Ідіріс Үсенов" есімі берілді". ## Жарияланымдар Сағидолла Құбашев. «Ленин орденді «Передовик» колхозы», 1967 ## Дереккөздер
Қызылтаң – Бетпақдаланың шығысында, Желтау тауларының солтүстік бөлігінде орналасқан оқшау төбе. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қашқантеңіз темір жол стансанынан батысқа қарай 53 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км. Абсолюттік биіктігі 558 м. Солтүстік және солтүстік-батысында Керментас, Тасбұлақ, шығысында Шақшағайлы құдықтары орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Палеозойдың эффузивтік шөгінді жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Қиыршықтасты сұр қоңыр топырақ жамылғысында боз жусан, бұйырғын, баялыш, күйреуік басым өседі. ## Дереккөздер
Сарыжал – Желдіадыр тауларының шығыс бөлігіндегі ұсақ шоқылы таулар. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Шұбаркөл ауылының солтүстігінде 28 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Ең биік жері теңіз деңгейінен 543 м-ден астам. Солтүстік-батыстан шығысқа қарай 31 км-ге созылған, енді жері 4 км. Беткейлері көлбеу, олар бірнеше шоқылардан тұрады. Етегін делювийлі-пролювийлі шөгінділер басқан. Сарыжал Талдысай, Сарыбұлақ, Жақсыкөң, Жаманкөң, т.б. өзендердің суайрығы. ## Өсімдігі Топырағы қиыршықтасты, бозғылт қоңыр. Беткейлерінде жусан, селеу, бетеге, аңғарында тал, көктерек, қараған аралас бұталар өседі. ## Дереккөздер
Елді мекен: * Сарыжал – Абай облысы Абай ауданындағы ауыл. Таулар: * Сарыжал – Желдіадыр тауларының шығыс бөлігіндегі ұсақ шоқылы таулар. * Сарыжал – Арғанаты мен Қағыл тауларының аралығындағы аласа тау. * Сарыжал – Қалба жотасының оңтүстігіндегі таулы жота. * Сарыжал – Қалба жотасының солтүстік-батыс бөлігіндегі тау.
Арайлым Мұратәлиева (31 желтоқсан 1997, Шымкент) — ақын. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. ## Өмірбаяны Оқушы кезінен бастап өлең жазады. Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ-дың «Педагогика және мәдениет» факультетін тәмамдаған. 2016 жылы 18 жасында "Ай-Зер" атты өлеңдер жинағы жарыққа шықты. 2019 жылы мәдениет саласы бойынша "Жүз жаңа есім" кандидаттарының бірі болды. ## Марапаттары * 2016 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің "Жыл студенті - 2016" байқауының "Үздік ақын" номинациясының иегері. * 2017 жылы қала әкімінің “Үздік жастар” премиясының “Үздік жазушы” номинациясының иегері. * 2018 жылы республикалық "Шырайлым - Шұбайқызылым" қаламгерлер байқауының жеңімпазы * 2021 жылы "Қазақиям — азат ұям" тәуелсіздігміздің 30 жылдығына арналған жыр мүшайрасында 1 орынды иеленген. * 2021 жылы Қарағандыда өткен Қасым Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойына арналған республикалық «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты дәстүрлі Қасым оқулары байқауының «Дүниеге келер әлі талай Қасым...» жыр мүшәйрасының 3 орын иегері. * 2022 жылы республикалық "Күміс қалам - 2022" поэтикалық жобасының жеңімпазы. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ақын Арайлым Мұратәлиеваның жаңа жыр жинағы таныстырылды * СӨЗ ПАТШАСЫ. Арайлым Мұратәлиева
Ақбота Батырбекқызы Бейбітбек (8 шілде 1994 жыл, Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы) — қазақстандық поэзия ақыны, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. "Көңіл күйсандығы" жыр жинағының авторы. ## Өмірбаяны Түркістан қаласындағы Сәкен Сейфулин атындағы №4 мектеп-лицейінде білім алған. 2011 жылдан бері шығармашылықпен айналысады. 2017 жылы Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Қазақ тілі және қазақ әдебиеті» факультетін тәмамдаған. ## Марапаттары 2014 жылы "Әуезов шайыры" атты жыр мүшәйрасында бас жүлдені иеленді. 2016 жылы өткен «Шам жарығындағы кездесу» поэтикалық дуельінің бірінші орын иегері. 2015 жылы «Білесің бе өлеңнің жүрегінде, қазақ деген аяулы ел жатқанын?» атты Әбілдә Аймақты еске алуға арналған мүшәйрада бас жүлдені иеленді. 2021 жылы «Қазақиям — азат ұям тәуелсіздігміздің 30 жылдығына арналған жыр мүшайрасында 3 – орынды иеленген. 2021 жылы дәстүрлі қала әкімнің 29 жасқа дейінгі “Үздік жастар” премиясының “Үздік ақын” номинациясының иегері. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * «ҚАУЫРСЫН ҒАЛАМ» хабары. Қонақта ақын Ақбота Бейбітбек
Ақбота Батырбекқызы Бейбітбек (8 шілде 1994 жыл, Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы) — қазақстандық поэзия ақыны, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. "Көңіл күйсандығы" жыр жинағының авторы. ## Өмірбаяны Түркістан қаласындағы Сәкен Сейфулин атындағы №4 мектеп-лицейінде білім алған. 2011 жылдан бері шығармашылықпен айналысады. 2017 жылы Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Қазақ тілі және қазақ әдебиеті» факультетін тәмамдаған. ## Марапаттары 2014 жылы "Әуезов шайыры" атты жыр мүшәйрасында бас жүлдені иеленді. 2016 жылы өткен «Шам жарығындағы кездесу» поэтикалық дуельінің бірінші орын иегері. 2015 жылы «Білесің бе өлеңнің жүрегінде, қазақ деген аяулы ел жатқанын?» атты Әбілдә Аймақты еске алуға арналған мүшәйрада бас жүлдені иеленді. 2021 жылы «Қазақиям — азат ұям тәуелсіздігміздің 30 жылдығына арналған жыр мүшайрасында 3 – орынды иеленген. 2021 жылы дәстүрлі қала әкімнің 29 жасқа дейінгі “Үздік жастар” премиясының “Үздік ақын” номинациясының иегері. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * «ҚАУЫРСЫН ҒАЛАМ» хабары. Қонақта ақын Ақбота Бейбітбек
Арайлым Мұратәлиева (31 желтоқсан 1997, Шымкент) — ақын. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. ## Өмірбаяны Оқушы кезінен бастап өлең жазады. Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ-дың «Педагогика және мәдениет» факультетін тәмамдаған. 2016 жылы 18 жасында "Ай-Зер" атты өлеңдер жинағы жарыққа шықты. 2019 жылы мәдениет саласы бойынша "Жүз жаңа есім" кандидаттарының бірі болды. ## Марапаттары * 2016 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің "Жыл студенті - 2016" байқауының "Үздік ақын" номинациясының иегері. * 2017 жылы қала әкімінің “Үздік жастар” премиясының “Үздік жазушы” номинациясының иегері. * 2018 жылы республикалық "Шырайлым - Шұбайқызылым" қаламгерлер байқауының жеңімпазы * 2021 жылы "Қазақиям — азат ұям" тәуелсіздігміздің 30 жылдығына арналған жыр мүшайрасында 1 орынды иеленген. * 2021 жылы Қарағандыда өткен Қасым Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойына арналған республикалық «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты дәстүрлі Қасым оқулары байқауының «Дүниеге келер әлі талай Қасым...» жыр мүшәйрасының 3 орын иегері. * 2022 жылы республикалық "Күміс қалам - 2022" поэтикалық жобасының жеңімпазы. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ақын Арайлым Мұратәлиеваның жаңа жыр жинағы таныстырылды * СӨЗ ПАТШАСЫ. Арайлым Мұратәлиева
«Біз де қазақпыз» — Әбділда Тәжібаев жазған драматургиялық дастан. Пьеса алғашқыда үлкен дауға айналып, «жарамсыз» деп танылды. Оның екінші нұсқасы «Халқым туралы аңыз» деген атпен 1964 жылы «Жүректілер» жинағының құрамында басылып шықты. Тек жарты ғасырдан астам уақыттан кейін бұл шығарма өзекті тақырыпқа айналды. Мұнда тек билікті көздейтін Бура ханның қыспағынан жәбір көрген халықтың азаттығы, келер күнге деген үміті поэтикалық сарында кестеленген. Сондай-ақ, пьесада ұлттық биік рух, халықтың арман-тілегі, дербес ел болуды көздеген мақсаты бар. Мен «Біз де қазақпызды» жазу үстінде көп күндер бойында өте бақытты сезіндім. Айтайын дегенім көп те және татымды сияқты. Ешбір халық өз құрсағынан өзі шықпай қалған емес. Сәбилік, науандық күндерін бастан кешкен халық кем-кемдеп естиярлық дәрежесіне көтеріледі. Ол «менмін!» «мен бармын!» деген сөзді айтуға жарағанда «тағы кімің барсың!» деуге де жарайды. Өзгелерге қол созып, олармен қатар жасауға ұмтылады. Мұндай тұста бір елді бурадай билеп, өз үйірінен шығарғысы келмейтін, өзіне ғана бас иіп, өзіне ғана табынуды тілеушілерге, соған зорлықпен көндірушілерге, мифке айналған жалған иелерге халықтың саналы ері қарсы тұрады. Барлық күш-қайратын ой қараңғылығына, жан дімкәстігіне, өмірге еркіндік бермейтін, шатқалаңдарға қарсы жұмсайды. Біз ондай үздік ерлердің аузынан жаңа адамның пайғамбарлық монологтарын естиміз. Ол қараңғылыққа от лақтырады, көмескі көңілдерге, көлеңкелі түкпірлерге жарық береді, жұртқа арызын шағады. Сөйтіп, жалғыз басын өлімге байлап, барлық билеуші күшпен қан майданға түседі, сондағы оның арманы: Тауға шығам, тахтын басам тәңірінің,Қатарында бірге тұрып,Айналаға көз салам.Күнді көрем тас ұядан шығатын,Тас ұяға бататын.Егер... егер...Ар жағында кең дүние көрінсе,Қалдырмаймын бәрін айтам ойымның,— Неге өлімді тұманменен торладың?«Өзіңді сүйген әжемеКөп көрдің бе жарықты?Деймін сонау тәңіріге!» Тауға шығам, тахтын басам тәңірінің,Қатарында бірге тұрып,Айналаға көз салам.Күнді көрем тас ұядан шығатын,Тас ұяға бататын.Егер... егер...Ар жағында кең дүние көрінсе,Қалдырмаймын бәрін айтам ойымның,— Неге өлімді тұманменен торладың?«Өзіңді сүйген әжемеКөп көрдің бе жарықты?Деймін сонау тәңіріге!» Тауға шығам, тахтын басам тәңірінің,Қатарында бірге тұрып,Айналаға көз салам.Күнді көрем тас ұядан шығатын,Тас ұяға бататын.Егер... егер...Ар жағында кең дүние көрінсе,Қалдырмаймын бәрін айтам ойымның,— Неге өлімді тұманменен торладың?«Өзіңді сүйген әжемеКөп көрдің бе жарықты?Деймін сонау тәңіріге!» ## Дереккөздер
«Көтерілген күмбез» — Әбділда Тәжібаев жазған драматургиялық дастан. Бұл шығармасы өзбек аңыздарына негізделіп, олармен сарындас етіп жазылған. Ұмытпасам 1945 жыл болуы керек, Өзбек республикасының мүшелік тойына қазақ үкіметінің бастығы Нұртас Оңдасынов басқарып барған делегацияның бір мүшесі болып Мұхтар Әуезов те барды. Ол менен әдейі сұрап әкеткен «Көтерілген күмбезді» (мен оны өзбек халқына арнағанмын-ды) Қазақстан сыйлығының бірі ретінде Осман Юсуповке (Өзбекстан Орталық партия комитетінің сол кездегі бірінші хатшысы) өз қолынан тапсырып келді. Келер жылы өзбек достар мені өздеріне шақырып, белгілі өзбек ақыны Миртемірдің «Тикланган күмбез» деп аударған менің поэма-драмамды оқып талқылады. Бір ауыздан құнды шығарма деп таныды. Және музыкалы Мукими театрына қоюға ұсынды. ## Кейіпкерлер Мастура. Пәрман — шебер, ғимарат соғушы. 3ейнеп — Мастураның анасы. Қатыран — Пәрманның әкесі. Рүстем — Мастураның ағасы. Xан — Монғол ханы. Бөгде — ханның қарт кеңесшісі. Күзетші — жас ақын, бала жігіт. Шүкәйт — хан батырының бірі, шабарман. 3ылиқа — Мастураның жақын қыздарының бірі. Бірінші тыңшы. Екінші тыңшы. Бірінші өзбек. Екінші өзбек. Халық, жендеттер, қыздар. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Көтерілген күмбез Bilim-all.kz сайтында
Салтанат Мадиярқызы (8 қаңтар 1996 жыл, Сарыағаш қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы) — қазақстандық поэзия ақыны. ## Өмірбаяны Салтанат Мадиярқызы қазіргі Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында өмірге келген. Төлеби ауданында мектеп-интернатта оқыған. Кентау қаласында арнаулы кәсіптік колледжді, Шымкент қаласында Жібек жолы (SilkWay) халықаралық университетін бітірген. Мамандығы — Экономист. Еңбек жолын отандық өндіріс компанияларында мамандығы бойынша бухгалтерлік қызметтен бастаған. Баспаханаларда редактор-корректорлық қызметтер де атқарған. ## Шығармашылығы Мектепте жоғарғы сыныптарда өлең жаза бастаған. Аудандық, облыстық, республикалық мүшәйралардың жүлдегері. Өлеңдері республикалық, облыстық баспасөз беттерінде жарық көрген, "Жаңа ғасыр әуендері" атты жас ақындар антологиясына енген. 2021 жылы "Шахмат" атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрген. Әділ Ботпанов атындағы әдеби сыйлықтың иегері. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Салтанат Мадиярқызы
Сәнду Дүймағанбетқызы Дүймағамбетова (15 сәуір 1932, 18 ауылы, Махамбет ауданы, Гурьев облысы, Қазақ КСР - 13 ) — химия ғылымдарының кандидаты, доцент. Гурьев педагогикалық институтының ректоры (1969-1972). ## Өмірбаяны Сәнду Дүймағанбетқызы Дүймағамбетова 1919 жылы Атырау облысы (бұрынғы Гурьев облысы), Махамбет ауданына қарасты 18 ауылында қарапайымотбасында дүниеге келген. 1938 жылы Гурьевтегі Ораз Исаев атындағы (кейін Жамбыл) орта мектепті бітірген. Кеңес, партия органдары С.Дүймағамбетованы Гурьев қалалық комсомол комитетінің 1-ші хатшысы қызметіне тағайындады. Кейінгі жылдары облыстық партия комитетінің лекторы қызметін атқарды. Қаланың қоғамдықсаяси, әлеуметтік-экономикалық өміріне белсене араласты. 1949 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін химия пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқып, 1963 жылы химия ғылымдарының кандидаттық дәрежесін ойдағыдай қорғады. 1949-1968 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар институтының аға оқытушысы, доценті. 1969-1972 жылдары Атырау педагогикалық институтының ректоры болды.. 1972 жылдардан кейін ол Қазақ мемлекеттік медицина институтында, Қазақ КСР Ғылым Академиясында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс жасады. ## Гурьев педагогикалық институтында жұмыс істеген жылдары Сәнду Дүймағамбетқызы басқарған сол жылдары институттың бір топ мақсатты жіберген аспиранттары кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғап, институтқа оралды. Ал кейбіреулері кейін ғылым жолында еңбектеніп ғылым докторы, профессор атанды. Олар З.Алдамжаров, Қ.Сейталиев, Ғ.Нығметов, М.Абдолов, С.Құсниднов, И.Тажимұратов, Қ.Әжіғалиев, Қ.Досқалиев, Б.Жанетов, Н.Алдабергенов, Б.Сүлейменов, Т.Жұманова, Е.Иманқұлов, А.Лұқпанов, Т.Жасмамбетов. Ректордың тікелей басшылығымен ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға, олардың ғылыми өсуіне, кәсібіи біліктілігін арттыруға ерекше мән берілді. Профессороқытушылар құрамы 1970 жылы 119 адамға дейін өсті, оның ішінде 17 адамның ғылыми дәрежесі мен атағы болса, ал 30-дан астам оқытушы аспиранттық даярлықтан өтті. Ал студенттер контингенті 2693, оның ішінде 1198 күндізгі бөлімде оқыса, 1495 сырттай оқу бөлімінде оқыды. Демек институт алғаш құрылған 1950 жылмен салыстырғанда студент саны 10 еседен артыққа өскен. Сонымен бірге кітапхананың кітап қорын жабдықтауға да ерекше көңіл бөлінді. Институттың материалдық-техникалық базасын нығайтуда және қажетті оқулықтар мен құралдарын сатып алуға, пәндік кабинеттер мен зертханаларды жабдықтау үшін институт бойынша тиісті дәрежеде қаражат бөлініп, жоспарланған ісшаралар жүзеге аса бастады. ## Отбасы Жұбайы көрнекті тарихшы-ғалым, зерттеуші, халық мұраларын жинаушы Мұстафа Ысмағұлов (1914-1987) елімізге белгілі ғалым. 1990 жылдардың басындаСәнду апай қызы Салтанатпен жолдасының өмір бойы Орынбор, Саратов, Москва, Санкт-Петербург, Астрахан, Омбы архивтерінен жинақтаған мол мұраны Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне тапсырды. Бұл баға жетпес мол мұраларды халық игілігінее жарату үшін музей қорына тапсыруы ғалым Санду Дүймағамбетқызының туған халқының тарихына деген құрметі мен сүйіспеншілігі болатын. Қазіргі таңда М.Ысмағұлов жинаған құнды жәдігерлер мен деректердің арқасында 1911-1913 жылдары Ордада жарық көрген «Қазақстан» газетінен кейін 1917-1918 жылдары «Алаш» қозғалысының үні болған «Ұран» атты басылымның жекелеген сандары табылып отыр. ## Марапаттары Қызмет атқарған жылдары еңбектегі, ғылыми шығармашылық жұмыстары үшін бірнеше медальдар мен Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. ## Сілтемелер Атырау: Энциклопедия. – Атырау: Атамұра, 2001. - 200 бет. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті – жарты ғасырдан аса уақыт бойы аймақтың білімі мен ғылымына қызмет көрсету – Атырау: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің баспасы, 2010. – 444 бет. Атырау мемлекеттік университеті: өткені, бүгіні және болашағы. – Алматы, 2001. – 578 бет. ## Дереккөздер
* Қызылшоқы – Ақмола облысы Ақкөл ауданының орталық бөлігінде орналасқан тау. * Қызылшоқы – Қараоба тауларының солтүстік-шығысындағы оқшауланған тау.