text
stringlengths
3
252k
Адасқан фильмі — 2009 жылы түсірілген продюссер Ақан Сатаевтың фильмі. ## Сюжеті Фильмнің басты кейіпкері есірті саудасымен айналысатын жігіт. Ол (Андрей Мерзликин) әйелі (Алмагүл Рулас) және ұлымен (Ілияс Садыров) бірге көлігімен қалаға барады. Көлік бір жерде бұзылады, ал таңертең әйелі мен ұлының жоқ екенін көреді. Оларды іздеп жүріп қызымен бірге тұратын үлкен кісі жүрген біртүрлі лашыққа кездеседі. Бұл таңғажайып жұптың оған жоспарлары бар сияқты көрінеді, бірақ бұл жоспарлардың нені білдіретінін таппай дал болады. Бұл жерден қашып құтылуға болмайтынын білген кезде, отбасына не болғанын және бұл бейтаныс еркек пен әйелдің кім екенін шешуге әрекет жасайды. ## Актерлер * Андрей Мерзликин — Жігіт * Тұңғышбай әл Тарази – Белгісіз еркек * Айғаным Садықова – Белгісіз қыз * Алмагүл Рулас – Әйелі * Ілияс Садыров – Ұлы ## Дереккөздер ## Сілтемелер * https://www.imdb.com/title/tt1494812/
Көтібаров Әлмұхамед (Әлмағамбет) (1876/78, Перовск уезі, «Царская» болысының 7-а. – 1938, Ташкент) – саяси қайраткер. Мұстафа Шоқай серіктерінің бірі болған. 1917 ж. Қазақ азаматтық көтерілістерінің Сырдария облысындағы комитет төрағасы болып сайланды. Ташкент уездік атқару комитетінің мүшесі болды. Орынбордағы 2-жалпы қазақтық съезіне Сырдария облысы Перовск уезінен делегат болып қатысқан. Кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарында Ташкент, Алматы қалаларында әр түрлі қызмет атқарды. К. 1937 ж. жазықсыз жала жабылып, қамауға алынған, 1938 ж. Ташкентте атылған. ## Дереккөздер
Дзюдодан әлем чемпионаты Халықаралық дзюдо федерациясы мен ұйымдастырылады.Ерлер үшін алғашқы чемпионат 1956 жылы өткізілді, ал әйелдер үшін 1980 жылы. ## Чемпионаттар тізімі ### Ерлер ### Әйелдер ### Біріккен ## Жалпы медальдар саны ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Judo Union Мұрағатталған 24 қыркүйектің 2015 жылы.
«Тұлпар» — Қазақстан чемпионаттарында ойнаған мини-футбол клубы. 2001 жылы құрылып, 2016 жылы жабылып қалды. Базасы Қарағанды қаласында. ## Жетістіктері ### Ұлттық * Қазақстан чемпионатында 2-орын (9) — 2002/03, 2003/04, 2004/05, 2009/10, 2010/11, 2011/12, 2012/13, 2013/14, 2014/15. * Қазақстан чемпионатында 3-орын (1) — 2008/09. * Қазақстан суперкубогы (2) — 2010, 2011. * Қазақстан кубогы (3) — 2003/04, 2010/11, 2011/12. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * http://megapolis.kz/art/Bolshie_problemi_minifutbola Мұрағатталған 10 тамыздың 2014 жылы.
Әлібеков Ғұбайдолла- Мемлекет қайраткері Әлібеков Ғұбайдолла (Ғабдолла) 1870 жылы (кей деректерде - 1872), Жымпиты уезінде туған. Жымпиты уезінің (қазіргі Сырым ауданы) Қарасу болысында молдадан хат танып, Орал қаласындағы училищеде, Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда білім алады. Ауылдық мұғалім, Орал уездік полиция басқармасында тілмаш, кейін Ойыл және Соналы болыстарының басқарушысы қызметін атқарған. 1917 жылы Ақпан революциясы тұсында ол Халел, Жанша Досмұхамедовтермен бірге Алаш ісін жандандыруға кіріседі. Осы жылдың наурыз-желтоқсан айларында Орал облыстык қазақ комитетінің төрағасы болады. 1917 жылы сәуір айында жергілікті алаш қайраткерлерімен бірге қазақтардың облыстык бірінші сиезін ұйымдастыруға кірісті. Бүкілресейлік мұсылмандар сиезіне делегат болып сайланды (17.4.1917). Сол жылы Орынбор қаласында 21-28 шілдеде өткен бірінші жалпықазақ сиезіне Ғ.Әлібеков Орал облысы мен Маңғыстау уезі атынан «Құрылтай жиналысы депутаттығына кандидат» ретінде бекітілді, 1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен екінші жалпықазақ сиезінде Алашорда автономиясын жедел жариялауды жақтап дауыс берген. 1919 жылы жазда большевиктер жағына шықты. 1920 жылы наурыздан бастап Қазревком мүшесі. Қазақ АКСР-ін қүру ісіне белсенді араласып, қазақ халқының тарихи-этникалық жер көлемін мейлінше толықтай сақтап қалуға мол үлес қосты. Бүкілқазақстандық құрылтай сиезінде республика үкіметінің құрамына сайланды. 1920 жылдың 24 қыркүйегінен бастап ол Қазақ АКСР-і юстиция халық комиссары, кейін бас прокурор кызметіне тағайындалды. Әлібеков сот, тергеу ісін жетілдіру, қылмықса қарсы күрес шараларының жаңа бағдарын қалыптастыру мәселелеріне жете көңіл бөлді. Сондай-ақ алғашқы құқықтық құжаттардың жобаларын әзірлеуге басшылық жасап, заң үлгілерін түзу барысында жергілікті халықтың әдет-ғұрпы, тарихи таным-түсінігі ескерілуін талап етті. 1921 жылы наурыз айында денсаулығының нашарлауына байланысты бастаған ісін аяқтай алмай, туған еліне оралды. 1922-1923 жылдары Орал облысы Жымпиты уезі атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарып жүрген шағында қайтыс болды. ## Дереккөздер
ХАДЫ-ВАҢ, Қадиша Мамырбекқызы (1893/1900, Қытай, Шыңжаң өлкесі, Толы ауд. — 1963, Үрімжі қ.) — қоғам қайраткері, Қытай қоғамдық қауіпсіздік әскерінің ген.-майоры. Төре руынан шыққан. Шыңжаңдағы Алтай аймағы қазақтарының билеушісі болған Әлен Жеңісханұлының әйелі. Жас кезінде мұсылманша білім алған. 1933 жылдан бастап әлеум. оқу-ағарту істеріне белсене араласты. Қоғамдық істерге белсенді араласқаны үшін 1942 ж. Шыңжаң өлкелік үкіметі оны отбасымен Үрімжіге жер аударып, күйеуімен бірге түрмеге қамады. Екі жылдан соң оны түрмеден босатып, Үрімжі аймағындағы қазақтардың арасына елді Үш аймақ төңкерісін қолдамауға үгіт-насихат жүргізуге жіберді. 1946 ж. Шыңжаң өлкелік коалиц. үкіметі құрылғанда Үрімжі қала-аймағының уәлиі (әкімі), ген.-м. дәрежесіндегі аймақтық қоғамдық қауіпсіздік әскерінің басшысы, Гоминьдан партиясының депутаты болды. 1949 ж. Гоминьдан шенеуніктерімен бірге Қытай Компартиясы жағына шықты. 1951 ж. барлық қызметтерінен босатылып, зейнетке жіберілді. ## Дереккөздер ## Сілтемелер: * «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Орал облысы — 1868-1920 жылдары болған Ресей империясындағы облыс. ## Тарихы Орал облысы император II Александрдың 1868 жылғы 2 қарашадағы жарлығымен құрылды. Оған Орал казак әскерінің жерлері (1917 бастап Жайық казак әскері) мен Орынбор Қазақтары аймағының бір бөлігі кірді. Гурьев, Қалмақ, Ембі, Орал уездеріне бөлінді. Орынбор (1868–1881) және Дала генерал-губернаторлықтарының (1882–1917) құрамына кірді. 1891 жылы Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы Ережемен Ембі уезін Темір уезі деп өзгертті. 1899 жылы Қалмақ уезі Ілбішін уезі болып өзгертілді. 1918 жылы 29 наурызға қараған түні Оралда Жайық казак әскерінің әскери үкіметі «Алаш» партиясының өкілдерімен одақтасып, төңкеріс ұйымдастырды. Облыс орталығы ақ әскерлердің қарамағына өтті. Орал әскери үкіметі құрылды. 1919 жылдың қаңтар-наурызында ЖШҚӘ бір бөлігі Орал облысының көп бөлігін басып алды. 1919 - 1920 жылдары оның аумағында ЖШҚӘ бөлімдері мен генерал-лейтенант В.С.Толстовтың басқаруындағы Орал ақ әскерлері арасында ауыр шайқастар өтті. 1920 жылдың басында Орал облысының аумағы толығымен ЖШҚӘ қарамағына өтті. Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі әскери-революциялық комитет пен Орынбор губерниялық атқару комитетінің 1920 жылғы 7 шілдедегі бірлескен шешімімен Темір уезі жаңадан құрылған Орынбор-Торғай губерниясына берілді. БОАК мен РКФСР ХКК 1920 жылғы 26 тамыздағы жарлығымен Қазақ АСКР құрамына енгізілді. 1920 жылдың 12 қазанында Қырғыз АКСР Кеңестерінің І Құрылтай съезінің шешімімен Орал губерниясы болып өзгертілді. ## Географиясы Орал облысы Еуропалық Ресейдің оңтүстік -шығысында, 53° пен 45,5° с.е. және 49° пен 59° ш.б. аралығында орналасып, 323 700 км² (284 412 шаршы шақырым) аумақты алып жатыр, оның 70 640 км² (62 068 шаршы шақырым) бөлінбейтін қауымдық меншік ретінде Орал казак әскеріне тиесілі, ал 253 000 км² (222 344 шаршы шақырым) мемлекеттік меншікті құрай, қырғыз-қайсақтардың жалпыға ортақ пайдалануына берілді. Кеңістік бойынша бұл облыс Ресей империясының губерниялары мен облыстары арасында 19-орынды, Еуропалық Ресейде 4-орынды иеленді. Шекарасы: солтүстікте — Орынбор және Самара губерниялары, батыста — Самара губерниясы, Астрахан губерниясының Ішкі немесе Бөкей Ордасының жерлері, оңтүстік-батысында — Каспий теңізінің бір бөлігі, оңтүстігінде — Күнгей Каспий облысы мен Каспий теңізінің жағалауы, шығыста — Торғай облысы мен Арал теңізінің бір бөлігі. 1932 жылдан бастап облыс аумағы РКФСР құрамындағы Қазақ АКСР Батыс Қазақстан облысының құрамына кіреді. ## Әкімшілік бөлінісі XX ғасырдың басында бұл облысқа 4 уез кірді: 1920 жылы Темір уезі Торғай губерниясына берілді, ал облыс Қырғыз АКСР құрамында аттас губернияға айналды. ## Тұрғындары 1897 жылғы ұлттық құрамы: ## Облыс жетекшілігі ### Губернаторлар ### Вице-губернаторлар ## Бейнелемесі * * * * * * ## Дереккөздер
Жақай Сарбасов (1918 жыл, Маңғыстау ауданы, Қызылсу ауылы – 1999 жыл, Ақтау қаласы) — соғыс ардагері, педагог. «Соғыстағы ерлігі үшін» (1946) медалімен, Қызыл жұлдыз (1946), 3-дәрежелі Даңқ (1946) ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер
Хади Саеи (парсы: هادی ساعی بونه كُهل‎, 10 маусым 1976 жыл, Рей, Тегеран останы) — ирандық тхэквондошы. ## Жетістіктері ## Дереккөздер
Рикки Субагжа (Ricky Subagja; 27 қаңтар 1971 жыл, Бандуң, Ява аралдары) — индонезиялық бадминтоншы, 1996 жылғы Олимпиада чемпионы (Рекси Майнакимен бірге жұптасып). 1993, 1995 жылы әлем чемпионы атанды. Төрт рет Азия ойындарында топ жарды.
Махмуд Моллагасеми Табризи (парсы: محمود ملاقاسمی تبریزی‎, 5 сәуір 1929(19290405)) — ирандық балуан, еркін күрестен 1952 жылғы Жазғы Олимпиаданың қола жүлдегері. ## Жетістіктері ## Дереккөздер
Түркістан музыкалық драма театры – 2021 жылы Түркістан қаласында жаңадан салынған театр. ## Театр тарихы 2018 жылдың 18 маусымында Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы болып қайта құрылып, оның орталығы болып Түркістан қаласы таңдалды. ҚР Президенті Hұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 28 қыркүйегі күні "Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасын мақұлдау туралы" №762 қаулысына қол қойып, Түркістан қаласының жаңа дәуірі басталды. Бас жоспарған енген объектілердің арасындағы Түркістан музыкалық драма театрының құрылысын Ақтөбе облысы сый ретінде салып беретін болды. Мердігер ретінде BI Group компаниянсы таңдалды. Театр құрылысы 2019 жылы басталып, 2021 жылы аяқталды. Театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі болып 2021 жылдың 16 сәуірде белгілі продюсер Айнұр Көпбасарова тағайындалды. ## Театр актерлері Айгерим Шарипбек, Фархат Садвакасов, Али Марат, Азат Мыңбаев, Ақ-Сұлтан Әнуарбек, Музафар Ғалымжанұлы, Шерхан Саматұлы, Ислам Жұматай, Рамазан Өмірзақ, Мерей Құдайбергенов, Қадіржан Төреханов, Болатбек Оспан, Нұрым Алжаппаров, Айя Дарибаева, Арайлым Сатыбалдиева, Нурсулу Бекжанова, Алуа Төрегелді, Аида Серикова, Қаныш Кенжеәлі, Джозеф Рахимбаев, Актан Асылбашов, Ильяс Джарылкасын, Рустам Шайхов, Еламан Әбдіқалық, Дастан Саттар, Елдос Оспанов, Бақытнұр Дүйсенбаева, Камила Алимжанова, Акылай Сыдыгалиева, Гулжанат Каламғазина, Алина Ормонбек, Аяжан Медетхан, Амина Смаилова, Айбек Боранбаев, Темірлан Еркінғалиев, Данияс Нұрқабденов, Досымжан Арқабеков, Нұрсұлтан Бермаханов, Ұланғасыр Елғонды, Мао Сакаи. ## Театр репертуары * "Бөрте" спектаклі - Моңғол империясының әміршісі Шыңғыс қағанның әйелі Бөрте ханым өмірін бейнелейтін спектакль. Пьеса авторы: Дулат Исабеков. Қоюшы режиссер: Итальяндық Davide Livermore * "Фариза" спектаклі - Ақынға тән мінез, ақынға тән балалық, ақынға тән ұлылық пен оның табиғатындағы жұмбақ сырды баяндайтын спектакль. Пьеса авторы: Роза Мұқанова. Қоюшы режиссер:Фархат Молдағали * "Шаңырақ" спектаклі - түбі бір түркі халықтарының бірлігі, ынтымағы, бауырластығына құралған, бабалар жолының саралығы, ұрпақ сабақтастығы, өткенін қастерлеп, өркениетке ұмтылған түркі ұрпағының өміршеңдігін бейнелейтін спектакль. Шығарма авторы: Роза Мұқанова. Қоюшы режиссер: Айнұр Көпбасарова ## Дереккөздер
Рекси Майнаки (9 наурыз 1968 жыл) — индонезиялық бадминтоншы, жұптасып өнер көрсетуде 1996 жылғы Олимпиада чемпионы, 1995 жылғы әлем чемпионы, Азия ойындарының үш дүркін чемпионы. 1990 жылдары Минаки мен оның отандасы Рикки Субагжа бадминтоннан ерлер арасындағы ең табысты жұптардың бірін құрды. Олар 30-дан астам халықаралық титулдарды жеңіп алды және кем дегенде бір рет бадминтоннан ірі чемпионаттардың чемпионы болды. ## Дереккөздер
Ахмад Абугауш (араб.: أحمد أبو غوش‎; 1 ақпан 1996(19960201); Амман, Иордания) — иорданиялық тхэквондошы, 1996 жылғы Жазғы Олимпиада чемпионы. Тегі палестиндік. Иорданиядан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы. 2017 жылғы Әлем чемпионатың қола жүлдегері. 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2018 жылғы Азиада ойындарының қола жүлдегері.
Арлин Надин Боксолл (тұрмысқа шыққаннан соң — Джекман) (ағылш. Arlene Nadine Boxall (Jackman), 9 қазан 1961, Муфулира, Оңтүстік Родезия) — зимбабвелік көгалдағы хоккейші. 1980 жылғы Жазғы Олимпиадада бір матчта да алаңға шықпаса да Олимпиада чемпионы атанды. ## Сілтемелер * http://www.olympedia.org/athletes/701775 * https://olympics.com/ru/athletes/arlene-nadine-boxhall
Саид Ауита (араб.: سعيد عويطة‎, 2 қараша 1959(19591102), Кенитра) — марокколық жеңіл атлет, 5000 метрге жүгіруден 1984 жылғы Олимпиада чемпионы. 1988 жылғы Олимпиадада 800 метрге жүгіруден қола жүлде иеленді. 1987 жылы 5000 метрге жүрһгіруден Римде өткен әлем чемпионатында топ жарды. 1989 жылы 3000 метрге кедергілерге жүгіруден әлем чемпионы атанды. Жерорта теңізі ойындарының 4 дүркін чемпионы.
Майлинда Кельменди (алб. Majlinda Kelmendi; 9 мамыр 1991, Печь, Косово) — косоволық дзюдошы, Косоводан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы. 2016 жылдың 8 тамызында Келменди Олимпиада ойындарынның финалында итальяндық Одетта Джуффридамен кездесті. Кельменди минималды есеп айырмасымен (юко) жеңді, оны төрешілер учи-мата әдісімен лақтыруын жоғары бағалады. Майлинда 2013, 2014 жылдары әлем чемпионы атанды. 2014, 2016, 2017 жылдары үш рет Еуропа чемпионатында топ жарды. Сондай-ақ, 2012, 2020 жылдары да Олимпиадаға қатысты. ## Дереккөздер
Бегайым Қырғызбаева (16 маусым 1987 жыл, Қордай ауданы, Жамбыл облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық футболшы, "Оқжетпес" қыздар футбол клубының жартылай қорғаушысы. ## Карьерасы Ұлттық құрамада 2003 жылдан бері ойнайды. 24 тамыз күні Эстонияға қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты. Келесі жылы "Алма-ҚТЖ" сапында карьерасын бастады. Кейін "Қайрат", "БИІК Қазығұрт", "Барыс", "Оқжетпес" клубтарында ойнады. ## Жетістіктері Қазақстан чемпионы: 2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009, 2010 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ұлттық арнада қонақта Бегайым Қырғызбаева
Бегайым Қырғызбаева (16 маусым 1987 жыл, Қордай ауданы, Жамбыл облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық футболшы, "Оқжетпес" қыздар футбол клубының жартылай қорғаушысы. ## Карьерасы Ұлттық құрамада 2003 жылдан бері ойнайды. 24 тамыз күні Эстонияға қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты. Келесі жылы "Алма-ҚТЖ" сапында карьерасын бастады. Кейін "Қайрат", "БИІК Қазығұрт", "Барыс", "Оқжетпес" клубтарында ойнады. ## Жетістіктері Қазақстан чемпионы: 2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009, 2010 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ұлттық арнада қонақта Бегайым Қырғызбаева
«Алма-ҚТЖ» — 1997-2009 жылдары Қазақстан чемпионаттарында ойнаған алматылық қыздар футбол клубы. Қазақстанның тоғыз дүркін чемпионы ( 2000, 2001, 2002, 2003, 2004, 2005, 2006, 2007, 2008). 2004 жылы Ресей бірінші лигасында ойнап, жеңімпаз атанды. 2008 жылы клубтың жетекшілері ауысып, базасы Шымкентке сатылды. Клуб футболшылары "БИІК-Қазығұрт" және "СШВСМ-Қайрат" клубтарына ауысты. ## УЕФА кубогында ## Атақты футболшылары * Бегайым Қырғызбаева * Сәуле Кәрібаева * Мария Ялова * Айгерім Бейсембаева * Ұлбосын Жолшиева ## Дереккөздер
«Оқжетпес» — Қазақстанның Көкшетау қаласындағы футбол клубы. 2002 жылы құрылған. 2016 жылға дейін "Көкше" деп аталды. 2016 жылы қаржы тапшылығынан чемпионатқа қатыса алмады. 2017 жылы қазіргі атауымен қайта құрылды. ## Жетістіктері ### Ұлттық Қазақстан чемпионаты * Қыздар лигасының финалисі (7 рекорд): 2008, 2009, 2017, 2018, 2019, 2020, 2022. * Қыздар лигасында қола жүлде (6 рекорд): 2010, 2011, 2012, 2014, 2015, 2021. Қазақстан кубогы * Финалист (7 рекорд): 2008, 2009, 2010, 2013, 2014, 2015, 2018. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * https://web.archive.org/web/20160304220130/http://scsg.kz/kokshe/
Виктор Носа Икпеба (ағылш. Victor Nosa Ikpeba; 12 маусым 1973 жыл) — Нигерияның бұрынғы кәсіби футболшысы,1996 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, ол клубта да, елде де шабуылшы ретінде ойнады. Икпеба 31 халықаралық матч өткізіп, Нигерия үшін жеті гол соқты. Ол 1994 жылы футболдан әлем чемпионатында Super Eagles командасының мүшесі болды, бірақ 1998 жылғы әлем чемпионатында команданың екінші ойынында Болгария қақпасына жалғыз гол соқты. Икпеба 1994 жылғы Африка Ұлттар Кубогын және 1996 жылы футболдан олимпиада ойындарының алтын медалін жеңіп алуға көмектесті. 1997 жылы Африкада үздік футболшы атанды. ## Карьерасы Икпебаны Бельгияның RFC Liège клубы 1989 жылғы 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты кезінде тауып, командаласы Санди Олисемен бірге Бельгияға ойнауға көшті. 20 жасында 1992-93 Маусымда 17 гол соғып, Икпебаны монегаскалықтар КАК «Монако» сатып алды, содан кейін жаттықтырушы оған Арсен Венгер болды. Монакода ол қиын басталса да, біртіндеп жетістікке жетті. Ол 1996 жылғы Олимпиададан кейін ерекше формасын көрсетті, чемпионатта 13 гол соғып, Монакоға чемпиондық атағын жеңіп алуға көмектесті, сонымен қатар 1996-97 жылдардағы УЕФА Кубогында екінші орынға ие болды. Ол футболдағы қойылымдарының арқасында 1997 жылы «Жылдың африкалық футболшысы» сыйлығына ие болды. Екі сәтті маусым жалғасты. Монакода болған кезде Икпеба итальяндық Регина клубымен келісімшартқа отыра жаздады. Бірақ оның әйелі Монакодағы өмірімен бөліскісі келмей, оны келісімшартқа қол қою керек болған күні, үйге қамап қойды. Икпеба «Манчестер Юнайтедті» 1998 жылы Олд Траффордқа 1-1 есебімен тең түскеннен кейін голдар бойынша Чемпиондар Лигасынан шығарғаны белгілі болған Жан Тигананың талантты «Монакосында» ойнады. Икпеба 1999 жылы Боруссия Дортмундта Санди Олисемен 4,8 миллион фунт стерлингке қайта қосылды. Икпеба Бундеслигадағы бірінші маусымында тек екі гол соқты, ал жаттықтырушы Маттиас Заммермен жанжалдасқаннан кейін екіншісінде әрең ойнады. Шетелге көшу үшін Икпеба Саутгемптоннан бас тартып, реал Бетиске маусымдық жалдау құқығымен қосылды. Испанияда ойыншының жағдайы нашарлады, өйткені жаттықтырушы оны клуб үшін бір матчтан кейін артық салмақ үшін сынға алды. Ол енді маусымның соңғы екі ойынына дейін Бетисте өнер көрсетпеді. Содан кейін Икпеба Ливияның әл-Иттихад командасымен маусымдық келісімшартқа қол қойды, бірақ қаржылық келіспеушіліктерге байланысты командадан кеткендіктен клубпен келісімшарттың жартысын ғана ойнады. Ливиядан кетіп, бір жылға жуық клубсыз болғаннан кейін, Икпеба Бельгияға оралды, ол өзінің бұрынғы "Льеж" жаттықтырушысы Шарлеройға қосылды. Икпеба клубқа ұшып кетпеуге көмектескеннен кейін, ол Германияның Фрайбургімен келісімшартқа отыруға өте жақын болды, бірақ ойыншының ЕО төлқұжаты жоқ екендігі анықталған кезде мәміле бұзылды. Содан кейін Икпеба кәсіби футболдан кетер алдында Катардағы Аль-Саддада қысқа уақыт жұмыс істеді. ## Ойын стилі Қысқа дене бітіміне қарамастан, Икпеба жылдам, жан-жақты және шытырман оқиғалы шабуылшы болды, ол шабуылшы, екінші шабуылшы немесе екі қапталда да ойнай алды және алаңдағы кез-келген позициядан гол соғу қабілетімен танымал болды. ## Жеке өмірі Икпеба қазір Лагоста тұрады және ол Supersport арнасында «Дүйсенбі Түнгі футболының» қосалқы жүргізушісі. Оның әйелі Атинуке 2000 жылы Мамырда 26 жасында сүт безі қатерлі ісігімен күресте жеңіліп қайтыс болды. ## Жетістіктері ### Клубтық Льеж * Бельгия кубогы (1): 1990 Монако * Франция чемпионы: 1997 * Франция суперкубогы (1): 1997 Әл-Иттихад * Ливия чемпионы(1): 2003 Нигерия * Олимпиада чемпионы (1): 1996 * Африка чемпионы (1): 1994 ### Жеке * Африкадағы жыл футболшысы (1): 1997 ## Дереккөздер
БИІК-Қазығұрт — Шымкент қаласындағы қыздар футбол клубы. Қазақстан чемпионаттарында ойнайды. ## Тарихы 2009 жылы "Алма-ҚТЖ" базасында құрылды. 2009 жылы "Алма-ҚТЖ" клубы таратылып, біраз футболшылары "БИІК-Қазығұртқа" ауысты. Соның себебімен клуб күшейтіліп, екінші онжылдықта Қазақстандағы үздік клуб атанды. Бірнеше рет Чемпиондар лигасының 1/16 финалына дейін жетті, ал 2017/18 және 2019/20 жылғы маусымдарда 1/8 финалға шықты. ## Жетістіктері Қазақстан чемпионаты * Қыздар лигасының чемпионы (12 рекорд): 2011, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019, 2020, 2021, 2022, 2023 * Қыздар лигасының финалисі (2): 2010, 2012 * Қыздар лигасында 3 орын (1): 2009 Қазақстан кубогы * Жеңімпаз (10 рекорд): 2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * УЕФА сайтындағы профилі
ЖСШММ Барыс (Жоғары спорттық шеберліктерге мамандандыратын мектеп) — қазақстандық қыздар футбол клубы, базасы Алматы қаласында орналасқан. Клуб 2007 жылы құрылды. 2011/12, 2013/14 жылдары Қыздар арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасына қатысты. Екеуінде де 1/8 финалға дейін жетті. ## Жетістіктері Қазақстан чемпионаты * Чемпион (3): 2009, 2010, 2012. * 2 орын (4 рекорд): 2011, 2013, 2014, 2015. * 3 орын (2): 2016, 2017. Қазақстан кубогы * Жеңімпаз (2): 2006, 2009. * Финалист (3): 2011, 2012, 2017. ## Сілтемелер * https://web.archive.org/web/20120803234222/http://www.wfc-kairat.kz/index.html
Ақтөбе ауылдық кеңесі (орыс. Актюбинский сельсовет) — Ресей Федерациясы, Астрахан облысы, Володар ауданы құрамындағы муниципалды құрылым. Әкімшілік орталығы — Трубный ауылы. ## Географиялық орны ## Дереккөздер
Хусниддин Бахрамұлы Нишонов (өзбек. Нишонов Хусниддин Бахром Угли; 19 мамыр 1998 жыл) — өзбекстандық мини-футболшы, "Алмалық" клубы мен Өзбекстан мини-футбол құрамасының шабуылшысы. 2021, 2024 жылдары әлем чемпионатына қатысты. ## Дереккөздер
Мутаз Эсса Баршим (араб.: معتز عيسى برشم‎) — катарлық жеңіл атлет, биіктікке секіруден 2020 жылғы Жазғы Олимпиада чемпионы. ## Карьерасы 2020 жылғы Олимпиадада биіктікке секіруде италиялық Джанмарко Тамберимен бірдей (2.37) нәтиже көрсетіп, екуі де алтын жүлдеге лайық деп танылды. Мұндай жағдай Олимпиада тарихында бірінші рет кездессті. Мутаз бұған дейін де 2012, 2016 жылғы Олимпиадаға қатысқан. Алдыңғысында (2012) қола жүлде иеленсе, 2016 жылғы Ойындарда күміс жүлдені қанағат тұтты. 2017, 2019 жылдары әлем чемпионы атанды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Нур Алам (урду: نور عالم‎, ағылш. Noor Alam, 5 желтоқсан 1929, Талаганг, Британ Үндістаны — 30 маусым 2003) — пәкістандық көгалдағы хоккейші, 1960 жылғы Олимпиада чемпионы. 1956 жылғы Олимпиада күміс жүлдегері. 1958, 1962 жылдары Жазғы Азия ойындарында да чемпион атанды. 1956 жылғы Олимпиадада бес ездесуде алаңға шықты, бірақ гол соға алмады. 1960 жылы Римде өткен Олимпиадада 6 ойынға қатысып, екі гол соқты. Жалпы құрама сапында 42 ойынға қатысып, 8 голдың авторы атанды. ## Дереккөздер
Барақ хан (1717-1750) — қазақ ханы, қолбасы. Шыңғыс ханның тұқымы, Жәдік әулетінен, әкесі — Тұрсын хан, ағасы — Күшік хан. Орта жүздің ханы болған. Барақ хан Орта жүздің Найман, тайпасын ұзақ жылдар билеген, бірақ Найман ішіндегі Көкжарлы руының Үш жүзге аты мәлім батыры Көкжал Барақ бағынбаған. 1720 жылы Жоңғар және Еділ қалмақтарына қарсы шайқастарда қолбасы болған. ## Өмірбаян Оңтүстік Қазақстан мен Сыр өңіріндегі Иқан, Сауран, Отырар, Түркістан, Өгізтау, Созақ қалаларына билік жүргізді.Барақ хан Тұрсын ханның баласы, Қодай Менде сұлтанның немересі. Қазақ хандарының Жәдіктен тарайтын әулетіне жатады. Барақтың туылған жылы белгісіз. Қайтыс болған уақыты шамамен 1750 жылдың ақпан-наурыз айлары. Ол Қырықсан Барақ-сұлтан, Барақ хан, Кіші Барақ, Барақ-сұлтан, сұлтан Барақ-батыр деген есімдермен белгілі болған. 1749 жылы тамыз-қыркүйек айлары мен 1750 жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында хан болды (Артыкбаев, 2001: 139). Барақ ханның бізге белгілі жеті ұлы бар: Сығай, Бөкей, Қанқожа, Дайыр, Ханбаба, Маман, Нұралы (Ерофеева, 2001: 121). Барақ хан XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяғы – 30 жылдарының басында қазақтардың танымал әскербасыларының бірі болған. Жоңғарларға, қарақалпақтар мен қалмақтарға қарсы соғыстарда көзге түскен. Хан болғанға дейін өз руына билік жүргізген және Орта жүздің атақты, беделді биі Қазыбек Келдібекұлының қолдауына ие болды. 1742 жылдың қарашасында ресми түрде Ресейдің қарамағына өтеді. Алайда қоластындағы тайпалардың шығыста орналасуына байланысты жоңғарларға қарай бет бұрып, жоңғар қонтайшысы Қалдан Серенге (1727–1745) бірнеше рет сыйлықтар жіберіп, 1744 жылдың басында ұлы Сығайды аманат ретінде Жоңғарияға жіберген. Ол аманат ретінде жүрген Әбілмәмбет сұлтанның ұлы Әбілфеиіздің орнына барады. 30-жылдардың ортасына қарай Әбілқайырдың саяси тұрғыдағы ең басты жауы мен қарсыласы болған. Орынбор генерал – губернаторы И.И.Неплюевтің (1742–1759) қолдауына ие болған (Ерофеева, 1997: 116–118). 1748 жылдың шілдесінде орыс елшісі М.Тевкелев Әбілқайыр ханға жолығып, барлық талас мәселелері жөнінде келісімге келді. Ханға жақтас билер мен сұлтандар «Әбілқайырдың еркіне көшу» туралы қаулы алды. Бірақ ханға қарсы топтың күресі онан сайын күшейе түсті. Хиуа ханы Қайыптан Бараққа сыйлық алып келе жатқан елшілерді Әбілқайыр адамдарының жолай тонап алуы Барақ сұлтан мен хан арасындағы қарулы жанжалға әкеп соқты. Осы жанжал үстінде Барақ Әбілқайырды өлтірді. Барақ хан туралы тарихи деректер жеткілікті. Ол туралы Ш.Уәлиханов, В.В. ВельяминовЗернов еңбектерінде де кездеседі. 1749 жылы Орта жүз бен Ұлы жүздің игі жақсылары Төле бидің ықпалымен Барақты хан етіп сайлады. Бірақ, жоңғар ханы Цеван-ДоржиАджи-Намжил өз адамдарына оны қалайда тұтқындауды тапсырады. 1750 жылы Қарнақ қалашығында Барақ ханды жоңғар тыңшылары уландырып өлтіреді де, оның денесі Түркістанға қойылады. 1750 жылдың көктемінде, кейбір деректерге қарағанда, Әбілқайырдың кегін қайтарушылар Қарнақ қаласында Барақты және екі ұлы мен қызметшісін у беріп өлтірген. ## Дереккөздер
Асқат Расулұлы Жіткеев (13 сәуір 1981 жыл, Ақсу ауданы, Жансүгіров қаласы, Алматы облысы) – қазақстандық балуан, дзюдошы. Самбомен де, қазақша күреспен де айналысқан. ## Өмірбаяны Бейжің Олимпиадасының 100 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегері, Азияның үш дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасының дзюдодан ұлттық ерлер құрама командасының бас жаттықтырушысы (2010 жылдың Желтоқсан айынан бері). 2008 жылы Тамыздың 28-і Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде Асқат Жіткеев атындағы зал ашылады. Бұл залда жас спортшыларға арналған шеберлік сыныптары өткізіледі. Бірінші бапкері — Саяхат Құдайбергенов. ## Жетістіктері * Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (Пекин, 2008); * Сидней, 2000; Афины, 2004 Олимпиадаларына қатысқан * Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Мюнхен, 2001); * Азия чемпионы (2003; Алматы, 2004); * Азия күміс жүлдегері (Ташкент, 2005); * Әлем суперкубогының күміс жүлдегері (2001, Германия); * Азия ойындарының қола жүлдегері (2002, 2006); * Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. ## Марапаттары Қазақша күрестен спорт шебері, дзюдодан, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сiңiрген спорт шеберi ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Асхат Житкеев — Sports-Reference.com сайтындағы олимпиадалық статистика (ағыл.) * Асхат Жіткеев * Асхат Жіткеев * ҚДФ Мұрағатталған 8 тамыздың 2016 жылы.
Қамшыбек Қоңқабаев (1991 жылы 18 қарашада дүниеге келген, Қызылорда) — қазақстандық кәсіпқой және әуесқой боксшы. Бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Бірінші ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019), Азия чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019, 2021), Дүниежүзілік әскери ойындарының күміс жүлдегері (2015), әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионы (2014), Болгарияда халықаралық турнирдің жеңімпазы (2015), ҚР спартакиадасының чемпионы (2015), әуесқойларда ұлттық біріншіліктің чемпионы және жүлдегері. Кәсіби кәсіпқойлар арасында , WBO Asia Pacific (2021 жылдан бастап) бойынша 1-ші ауыр салмақта Азия-Тынық мұхиты аймағының қазіргі чемпионы. 2020 жылдың желтоқсанындағы жағдай бойынша BoxRec рейтингісіндегі ең жақсы позициясы 44-ші орында және бірінші ауыр салмақ дәрежесіндегі қазақстандық боксшылар арасында бірінші - бүкіл әлемнің бірінші ауыр салмағындағы үздік боксшылардың ТОП 45-ке кіреді. ## Өмірбаяны Қамшыбек 1991 жылы 18 қарашада Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1998-2009 жылдары аралығында №197 қазақ орта мектепті бітірді. 2010-2011 жылдары Алматыда ҚР Қорғаныс министрлігі әскерінің орталық спорттық клубында әскери борышын өтеді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Құқықтану» және «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша білім алды. Бала кезінен спортқа қызығушылығы ерекше Қамшыбекті боксқа ағасы Асқар Қоңқабаев жетелеп алып барған. Ол бокспен 9 сыныптан бастап айналысады (алғашқы жаттықтырушысы - Сейтжан Төкенов ). Содан бері тынбай еңбектенген спортшы бүгінде Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, көптеген республикалық турнирлердің жеңімпазы, Қарулы күштер арасында Әлем чемпионы, ҚР IV жазғы спартакиадасының жеңімпазы, Оңтүстік Кореяда өткен қарулы күштер арасындағы Бүкіләлемдік спорт ойындарында екінші сатыдан көрінген және Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатының, сол сияқты Германияда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленген.Ауыр салмақта (91 келіден жоғары) өнер көрсетеді.Ол Қазақстан ұлттық құрамасының (және оның капитаны) және ЦСКА штатының мүшесі , жарыстарда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бояуын қорғайды.Қызылорданың «Тарлан» бокс орталығында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалымжан Байгундиев (басқа жаттықтырушылар - Жамил Джусупов пен Қанат Қизатов) жетекшілігімен жаттығады. ## Мансабы ### Әуесқойлық мансап Әлем чемпионатының нәтижелері Гамбург 2017 * 16 Раунд: Макс Келлер (Германия) 5-0 жеңді * Ширек Финал: Баходир Жалолов (Өзбекстан) 3-2 жеңді * Жартылай Финал: Фоку Арсен (Камерун) 5-0 жеңді * Финал: Магомедрасул Маджидов (Әзірбайжан) 4-1 жеңілді Екатеринбург 2019 * 16 Раунд: Аюба Гадфуды (Испания) КО жеңді * Ширек финал: Нельви Тиафактың (Германия) 5-0 жеңді * Жартылай Финал: Юстис Хуни (Австралия) W/O жеңді * Финал: Баходир Джалолов (Өзбекстан) 5-0 жеңілді Жазғы Олимипада ойындары Токио 2020 Аса ауыр салмақта (91 келіден жоғары) өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада ойындарының ширек финалына жолдама алды. 1/8 финалда ол мысырлық боксшы Eсри Мостафаны 5:0 есебімен жеңді. Қазақ боксшысы үш раунд бойы қарсыласынан бір бас жоғары өнер көрсетті. Төрешілер де әр раундта ұпайды Қамшыбек Қоңқабаевқа берген. Ал ширек финалда ресей боксшысы Иван Верясовпен кездесті. Бірінші раундты Қоңқабаев сәтті өткізді. Төрешілер жеңісті бір ауыздан берді. Екінші раундты да  қазақстандық спортшы бақылауында ұстады. Үшінші раундтта ресейлік боксшы тәуекелге барып, алға ұмтылды. Алайда қазақ боксшысының қорғанысын бұза алмады. Есеп – 4:1. Отандасымыз жартылай финалда Ричард Торреспен (АҚШ) кездеседі. Бұл кездесуде жеңілген боксшы қола жүлдені алмақ. Америкалық боксшымен айқастың алғашқы раундында Қамшыбек шегіне жүріп айқасты. Жекелеген соққылары өткенімен, раунд соңына қарай өзі де соққы өткізіп алды. Бірінші раундтың қорытындысы бойынша төрт төреші жеңісті Торреске берді. Екінші раунда америкалыққа Қамшыбектен ауыр соққылары тиді. Әйтсе де раунд соңында Қамшыбек ногдаунға түсіп қалды. Екінші раундтың қорытындысы бойынша Торреске барлық төрешілер ұпай берді. Үшінші раундта Қамшыбек Қоңқабаев ауыр соққы алып, жекпе-жек уақытынан бұрын аяқталды.Осылайша, Қоңқабаев Токио Олимпиадасының қола жүлдесін иеленді. ### Кәсіби мансап 2020 жылдың 23 тамызында ол бірінші ауыр салмақта кәсіпқой дебют жасап, тәжірибелі отандасы Иса Ақбербаевты (20-1) 2-раундта техникалық нокаутпен бірден жеңді. Спортшының айтуынша, ол Токио Олимпиадасына дайындалу үшін бірнеше жекпе-жек өткізуге шешім қабылдады және МТК Қазақстанмен келісімшартқа отырды. 2021 жылы 27 ақпанда , ол өзінің кәсіпқой 3-ші жекпе-жегінде мерзімінен бұрын, 6-раундтан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартып, тәжірибелі өзбек Сервер Эмурлаевті (23-1) жеңіп, бос Азия чемпионы атағын жеңіп алды. ## Кәсіби жекпе-жек статистикасы ## Марапаттары * «Құрмет» ордені (2021 жылғы 13 тамыз) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Kamshybek Kunkabayev BoxRec ID (ағыл.) * Профилі Olympics.com сайтында Мұрағатталған 29 шілденің 2021 жылы. (ағыл.) * Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада ойындарындағы соңғы жаңалықтар * Қамшыбек Қоңқабаев Ағылшынша Уикипедияда
Гада Шуаа (араб.: غادة شعاع‎; 10 қыркүйек 1973 жыл, Мухрада, Сирия) — сингапурлік жеңіл атлет, жетісайыстан 1996 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, 1995 жылғы әлем чемпионы. Сириядан шыққан жалғыз Олимпиада чемпионы. Қазіргі күнде Германияда тұрады.
Хабиба Гриби (араб. Ḥabība al-Ġarībī, фр. Habiba Ghribi, 9 сәуір 1984 жыл, Кайруан) — тунистік жеңіл атлет, 3000 метрге жүгіруде 2012 жылғы Олимпиада чемпионы атанды. Екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 2006, 2011 ## Дереккөздер
Карлуш Алберту де Соуза Лопеш (порт. Carlos Alberto de Sousa Lopes; 18 ақпан 1947(19470218), Визеу) — португалиялық жеңіл атлет, марафоншы. ## Карьерасы 1984 жылғы Жазғы Олимпиадада марафонннан чемпион атанды да, Португалия тарихында тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды. Карьерасында үш Олимпиадаға қатысты, 1972, 1976, 1984. 1976 жылғы Ойындарда 10 мың метр қашықтыққа жүгіруде күміс жүлде еншіледі. 1976, 1984, 1985 жылдары әлем чемпионы атанды. 1985 жылы карьерасын аяқтады. ## Дереккөздер
Мұстафа Дағыстанлы (түр. Mustafa Dağıstanlı, 11 сәуір, 1931 — 18 қыркүйек 2022) — түркиялық балуан, еркін күрестен екі дүркін Олимпиада чемпионы (1956, 1960), әлем чемпионы (1954, 1957, 1959). Карьерасында 393 рет күреске түсіп, 389-ында жеңген.
Митхат Байрақ (түр. Mithat Bayrak, 3 наурыз 1929 жыл, Адапазары, Сакарья, Түркия — 20 сәуір 2014 жыл) — түркиялық балуан, грек-рим күресінен 1956 және 1960 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, 1956 жылғы Әлем кубогының күміс жүлдегері, 1959 жылғы Жерорта теңізі ойындарының күміс жүлдегері. ## Дереккөздер
Перут Чемутай (ағылш. Peruth Chemutai; 10 шілде 1999, Капчорва, Уганда) — угандалық жеңіл атлет. ## Өмірбаяны 14 жасында жеңіл атлетикамен айналысты. Перут тез арада жақсы нәтижелерге қол жеткізді және 2015 жылы Достастық елдерінің жасөспірімдер ойындарында 1500 және 3000 метрге жүгіруде екі күміс медаль жеңіп алды. 2016 жылы спортшы Риодағы Олимпиада ойындарына қатысты. Рио-де-Жанейрода 3000 метр қашықтықта кедергілермен жүгіруде жүлдеге іліне алмады. 2021 жылы 4 тамызда Токио-2020 Олимпиадасында Чемутай 3000 метрді кедергілермен 9 минут 1,45 секундта жүгіріп өтіп, чемпион атанды.
Масивеси Дакувака (фид. -{Masivesi Dakuwaqa}-, 14 ақпан 1994 жыл, Нанди) — фиджилік регбиші, Фиджи регби құрамасы мен Аустралияның "Канберра Райдэрс" клубының ойыншысы. 2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Фиджи тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпиондарының бірі (2016 жылға дейін Фиджиден Олимпиада чемпионы шықпаған). «Токатока Вестфилд Дрэгонс» клубында ойнап, 2016 жылы қазіргі клубына ауысқан. ## Дереккөздер
Рату Осеа Рамоди Колинисау (фид. -{Ratu Osea Ramodi Kolinisau}-; 17 қараша 1985 жыл, Сува, Фиджи) — фиджилік регбиші, 2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. 2006 жылдан бері Фиджидің "Ковенант Бразерс Рагби Министри" клубында, 2008 жылдан бері Фиджи регби құрамасында ойнайды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Осеа Колинисау Twitter сайтында
Гүлбаршын Сәуірбекқызы Ақпанова (5 ақпан 1941, Шет ауданы - 2 қаңтар 2001) - әнші. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Керней бұтағынан шыққан. Қарағанды педагогикалық институтын бітіріп, ұзақ жылдар бойы мектепте ұстаздық етті. Мектеп директоры қызметін атқарды. Кейінгі жылдары Ақшатау поселкелік кеңесінің төрайымы, Жәйрем қаласының әкімі қызметтерін атқарды. Ақпанованың әншілік, орындаушылық өнері Қазақстан жұртшылығына кеңінен таныс. Оның репертуарынан халық әндері менҚазақстан композиторларының шығармалары орын алған. Ақпанова облыстық, республикалық байқаулардың бірнеше дүркін жүлдегері болды. Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшатау кентінде жерленген. ## Дереккөздер
Семи Кунабули Кунатани (ағылш. Semi Kunabuli Kunatani, 27 қазан 1990 жыл) — фиджилік регбиші, Францияның "Острес Олимпик" клубы мен Фиджи регби құрамасының ойыншысы. ## Өмірбаяны 2016 жылғы Олимпиада чемпионы. 2015 жылға дейін Фиджидің "Ямасия" клубында ойнаған. 2015 жылы "Тулузаға" ауысты. 2018 жылы "Харлекуинс" (Англия) ойыншысы атанды. 2020 жылы Францияның "Острес Олимпик" клубына ауысты. 2013 жылдан бері құрамада ойнайды. ## Жетістіктері * Олимпиада чемпионы: 2016 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Semi-kunatani Мұрағатталған 21 тамыздың 2018 жылы.
Хидилин Ф. Диас (ис. Hidilyn F. Diaz; 20 ақпан 1991) — филиппиндік ауыр атлет, зілтемірші, 53 келі салмақта сынға түседі. Олимпиада чемпионы (2020), Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2016), 2022 жылғы әлем чемпионы, 2015 жылғы Азия чемпионы, Әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері. 2021 жылы 26 шілдеде қоссайыста 224 келі салмақты (97+127) бағындырып, Филиппиндер тарихында бірінші болып Олимпиада чемпионы атанды. ## Өмірбаяны Хидилин Диас 1991 жылы 20 ақпанда Эмилита мен Эдуардо Диастың отбасында дүниеге келді. Отбасында ол алтыдан бесінші бала болды. 11 жасында ол немере ағасы Аллен Джейфрус Диастың әсерінен ауыр атлетикамен айналыса бастады. Мари Лор Диастың немере ағасы, 2019 жылғы ауыр атлетикадан Азия чемпионатының жүлдегері. Замбоанга университетінде оқып, информатика саласында бакалавр дәрежесін алды. 2016 жылғы Олимпиададан кейін Диас Манилада оқуын жалғастыруға ниет білдіріп, жоғары білім алуға шешім қабылдады. 2017 жылдың қаңтарында Диас Сент-Бенильда колледжінде бизнес менеджментін оқи бастады. ## Мансабы 2006 жылы 15 жасар Хидилин Диас Азия ойындарында халықаралық аренада дебют жасады, онда 53 келіге дейінгі санатта 162 келі нәтижемен 10-шы болды. 2007 жылы Оңтүстік-Шығыс Азия ойындарында 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды. 2008 жылы ол Wild Card алды 2008 жылғы Олимпиада және осылайша Филиппин тарихындағы Олимпиада ойындарының алғашқы ауыр атлеті болды. 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Диас 192 келі қоссайыс бойынша ұлттық рекордпен 10-шы орынды иеленді. 2012 жылғы Олимпиада ойындарына Хидилин Диас өзінің халықаралық ойындарының нәтижелері бойынша таңдалды. Ойындардың ашылу салтанатында ол ту ұстаушы ретінде таңдалды. 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Диас 12-ші орынға ие болды (97 келі), бірақ аяқтай алмады. Жарақатына байланысты ол бірнеше маусымды өткізіп алды. 2015 жылы Азия чемпионатында өнер көрсетуді қайта бастады, онда 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды, қоссайыс сомасы бойынша 214 келі нәтиже көрсетті. Хидилин Диас 2016 жылғы Олимпиада ойындарына 2015 және 2016 жылғы Азия Чемпионаттарының қоласынан кейін фавориттердің бірі ретінде барды. 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Диас Тайваньдан келген Олимпиада чемпионы Сюй Шуцзиннен 12 келі жеңіліп, ойындардың күміс жүлдегері атанды. Хидилин Диас күміс медалі-ХХІ ғасырдағы Филиппиндер үшін алғашқы олимпиадалық сыйлық және Олимпиада ойындарында әйелдер штангасындағы Филиппин тарихындағы алғашқы олимпиадалық сыйлық. Филиппиннің 2016 жылғы үздік спортшысы. Таиландта өткен 2019 жылғы Олимпиада алдындағы әлем чемпионатында филиппинка 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды. 2021 жылдың 26 шілдесінде Токио Олимпиадасында Диас қоссайыста 224 кг алтын алды(серпілісте 97 кг + серпілісте 127 кг). 2022 жылы Боготада өткен әлем чемпионатында, Колумбияда 55 келіге дейінгі санатта 207 келі нәтижемен екі жаттығудың қосындысы бойынша Алтын медаль жеңіп алды, сонымен қатар оның қоржынында жеке жаттығулардағы шағын алтын медальдар бар. ## Спорттық нәтижелері ## Спорттан тыс 2013 жылы Филиппин әуе күштеріне қосылды. 1-сыныпты ұшқыш (2016). 2018 жылы Азия ойындарында жеңіске жеткеннен кейін сержант дәрежесіне көтерілді. 2021 жылдың 28 шілдесінде Токиодағы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткеннен кейін аға сержант дәрежесіне кезектен тыс көтерілді. «Әскери еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 2016 жылғы Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсеткені үшін Филиппин Президентінің алғысына ие болды (2016). ## Жетістіктері ### Олимпиада ойындары * Чемпион: 2020 * Күміс жүлдегер: 2016 ### Әлем чемпионаты * Қола жүлдегер: 2015, 2017, 2019 ### Азия ойындары * Чемпион: 2018 ### Азия чемпионаты * Чемпион: 2015 * Күміс жүлдегер: 2019 * Қола жүлдегер: 2017 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Биогграфиясы
Лепсі уезі (1867) — Жетісу облысына қарасты әкімшілік бөлік. Патша үкіметінің 1867 — 68 ж. Қазақстанда жүргізген әкімшілік-саяси реформаларына сәйкес құрылған. Оның құрамына 13 болыс енді. Сергиополь уезінің жері 78 мың 356 км², халқы 120 мың адам болды. Уезд халқы негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. 1893 жылғы деректерге қарағанда Сергиополь уезіндегі егіс көлемі 90 мың 973 десятинаға жеткен. Уезд экономикасында сауданың үлес салмағы едәуір болды. 1893 ж. жүргізілген санақ бойынша уезде ішкі сауда 197 млн. 294 мың сомға жеткен екі жәрмеңке (Нарын — Сергиополь және Бақты) жұмыс істеген. 1869 ж. Сергиополь уезінде үш мұғалімі бар бір мектеп болды. Онда 40 шәкірт білім алды. ## Дереккөздер
Уршка Жолнир (словен. Urška Žolnir; 9 қазан 1981(19811009), Целе) — словениялық дзюдошы, 2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, 2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. 2009 жылғы Еуропа чемпионы. 2012 жылы Словенияның үздік спортшысы атанды. ## Дереккөздер
Джасурбек Джумабой оглы Яхшибоев (өзб. Jasurbek Jumaboy oʻgʻli Yaxshiboyev/қаз. Жасурбек Жұмабайұлы Жақсыбаев; 24 шілде 1997, Шыназ, Ташкент облысы, Өзбекстан) — өзбек футболшысы, Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Ордабасы" клубының жартылай қорғаушысы. ## Карьерасы ### Клубтық Ташкент футболының түлегі, карьерасын 2016 жылы "Пахтакор" сапында бастады. 2019 жылы АТМК клубына жалға берілді. 2020 жылы клубқа қайта оралғанымен, әуелі Беларусьтің "Знергетик БМУ", сосын "Шахтер Солигорск" клубтарында арендада ойнады. Ташкенттік клубтың негізгі құрамына тұрақтай алмаған соң, 2021 жылдың басында "Легияға" түпкілікті ауысты. Бірақ ол жақта да негізгі құрамға ілінген жоқ, 2021 жылы жазда "Шериф" клубына арендаға кетті. 12 қыркүйек күні "Петрокубқа" қарсы ойында Молдова чемпионатындағы тұңғыш ойыны өтті. 16 күннен соң Чемпиондар лигасындағы тұңғыш голын сырт алаңға "Реал" қақпасына соқты. ### Ұлттық құрама Өзбекстан жастар құрамасы сапында 2018 жылы Азия чемпионы атанды. 2018 жылдан бері Ұлттық құрамада ойнайды. ## Жетістіктері * Жастар арасындағы Азия чемпионы: 2018 * Өзбекстан чемпионатында 3-орын: 2017 * Беларусь чемпионы: 2020 ## Дереккөздер
«Президенттің бүкіл жасағы» — Алан Пакуланың 1976 жылғы фильмі, Уотергейт жанжалын зерттеуімен айналысқан журналистер Боб Вудворд пен Карл Бернстейннің кітабы негізінде түсірілген. Фильм төрт «Оскарды» және басқа да сыйлықтарды жеңіп алған, Америкалық кино институтының «100 ең мықты шытырман оқиғалы америкалық фильмдер» тізіміне кірген. 2010 жылы ол АҚШ Конгресс кітапханасының Ұлттық фильмдер регистріне енгізілді. ## Сюжет The Washington Post газетінің журналистері Вудворд пен Бернстейн Вашингтондағы Уотергейт қонақүйінде ұсталған бес қарақшының сотынан хабарды таратады. Бастапқыда қарапайым болып көрінген бұл іс бірте-бірте арнайы қызметтерге және Ақ Үйдің өзіне қатысты болып шығады. Демократтардың тек Уотергейттегі кеңсесі ғана емес, басқа да әрекеттері құпиялы бақылауда болғаны анықталады. Президент Ричард Никсонның администрациясы бұл бақылауды ұйымдастырмағанын айтады. Бірақ екінші мерзімге сайланса да, ақыры Никсон президент орнын босатады. ## Басты рөлдерде * Дастин Хоффман — Карл Бернстейн * Роберт Редфорд — Боб Вудворд * Джек Уорден — редактор Гарри Розенфельд * Хэл Холбрук — «Терең жұтқыншақ» деп танылған аноним куәгер * Мартин Болсам — басқарушы редактор Говард Симонс * Джейсон Робардс — атқарушы редактор Бен Брэдли * Джейн Александер — Джуди Хобэк * Мередит Бакстер — Дебби Слоун * Стивен Коллинз — Хью Слоун * Нед Битти — Мартин Дардис * Пенни Фуллер — Салли Эйкен * Ф. Мюррей Абрахам — сержант Пол Липер * Линдсей Краус — Кэй Эдди * Полли Холлидей — хатшы қыз Дардиса * Доминик Кьянезе — Эухенио Мартинес ## Жүлделері Фильм «Оскар» сыйлығының 8 номинациясына түсіп, төртеуінде жеңіп алған: * үздік көмекші актёр (Джейсон Робардс) * үздік қоюшы суретші жұмысы (Джордж Дженкинс, Джордж Джейнс) * үздік бейімделген сценарий (Уильям Голдмен) * үздік дыбыс. Сондай-ақ фильм BAFTA сыйлығының 10 номинациясына және Алтын глобустың 4 номинациясына ілікті, Нью-Йорк пен Канзас киножүлделерін жеңіп алған. ## Сілтемелер * Ann Hornaday. The 34 best political movies ever made
Джасурбек Джумабой оглы Яхшибоев (өзб. Jasurbek Jumaboy oʻgʻli Yaxshiboyev/қаз. Жасурбек Жұмабайұлы Жақсыбаев; 24 шілде 1997, Шыназ, Ташкент облысы, Өзбекстан) — өзбек футболшысы, Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Ордабасы" клубының жартылай қорғаушысы. ## Карьерасы ### Клубтық Ташкент футболының түлегі, карьерасын 2016 жылы "Пахтакор" сапында бастады. 2019 жылы АТМК клубына жалға берілді. 2020 жылы клубқа қайта оралғанымен, әуелі Беларусьтің "Знергетик БМУ", сосын "Шахтер Солигорск" клубтарында арендада ойнады. Ташкенттік клубтың негізгі құрамына тұрақтай алмаған соң, 2021 жылдың басында "Легияға" түпкілікті ауысты. Бірақ ол жақта да негізгі құрамға ілінген жоқ, 2021 жылы жазда "Шериф" клубына арендаға кетті. 12 қыркүйек күні "Петрокубқа" қарсы ойында Молдова чемпионатындағы тұңғыш ойыны өтті. 16 күннен соң Чемпиондар лигасындағы тұңғыш голын сырт алаңға "Реал" қақпасына соқты. ### Ұлттық құрама Өзбекстан жастар құрамасы сапында 2018 жылы Азия чемпионы атанды. 2018 жылдан бері Ұлттық құрамада ойнайды. ## Жетістіктері * Жастар арасындағы Азия чемпионы: 2018 * Өзбекстан чемпионатында 3-орын: 2017 * Беларусь чемпионы: 2020 ## Дереккөздер
Шаһобиддин Шәкірұлы Зоиров (өзб. Shahobiddin Shokirovich Zoirov; 3 наурыз 1993 жыл) — өзбекстандық кәсіпқой боксшы, 2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Кәсіпқой боксқа 2019 жылы ауысты. ## Жетістіктері * Олимпиада чемпионы: 2016 * Әлем чемпионы: 2019 * Азия чемпионы: 2021 ## Жекпе-жектері ## Дереккөздер
Порт (француз тілінде port, латын тілінде portus — гавань, айлақ) — 1) су толқындарынан табиғи не жасанды тосқауылдармен қорғалған, кемелердің аялдауына, оларға әр түрлі қызмет көрсетуге, жолаушылар мен жүк тасымалын қамтамасыз етуге арналып салынған теңіз, өзен, көл не су бөгені жағалауының сумен шектескен бөлігі. Порт (французша: port — кемежай) — әдетте, толқын соғуынан қорғалған және кемелердің тоқтауы үшін арнайы жабдықталып, жүк тиеу-түсіру жұмыстары жүргізілетін теңіз, көл, өзен жағалауының бір телімі. Порт теңіз порты және өзен порты деп бөлінеді. Теңіз порты азаматтық порт және әскери порт болып бөлінеді. Әскери порт — әскери-теңіз базасының құрамдас бөлігі. Азаматтық портқа кемелердің жүк тасымалдауын қамтамасыз ететін сауда порты, балық аулау флотының базасы болатын балық порты, т.б. мысал бола алады. Порт акваториядан (су айдыны) және аумақтан (жағалаулық бөлік) тұрады. Акваторияға портқа кіретін су жолы, рейд, ішкі су алабы, ал аумаққа портқа келетін темір жол, автомобиль жолдары, көлік қызметін атқарушы құбырлар, жүк қоймалары, алаңдар, вокзал, қызмет және әкімшілік үйлері, т.б. кіреді. Порттың гидротехникалық құрылыстарына толқын бәсеңдеткіш, пирс, док, шамшырақ (маяк), т.б.; негізгі техникалық сипаттамаға айлақтың тереңдігі мен ұзындығы жатады. Порттың жүк айналымы, жүк қабылдап, өткізу қабілеттілігі, кеме айналымы оның көліктік-экономикалық сипаттамалары деп аталады. 2) кеме бортындағы жолаушыларды отырғызуға, түсіруге, жүк тиеп, түсіруге арналған саңылау. Ескі әскери кемелерде бортқа орналасқан зеңбіректерден оқ атуға арналған саңылау. ## Дереккөздер
Дін-Мұхамед Ханқожаұлы Сұлтанғазин (10 наурыз 1867 жыл, Қарқаралы уезі — 1917 жыл, Баку) — қазақ журналист, тілмаш, қазақ ұлттық журналистикасының негізін қалаушылардың бірі. ## Өмірбаян 1867 жылы 10 наурызда Қарқаралы уезінде, Тоқырауын болысында туған. Төре руынан шыққан. Бөкейхан Барақ ұлының шөбересі. Әлихан Бөкейхановтың інісі. Дін-мұхамед Сұлтанғазин (ол тегі атасы Сұлтанғазы Бөкейхановтың атынан алды) 1890 жылы Томск университетінің медицина факультетіне оқуға түсіп, бір жылдан кейін Императорлық Санкт-Петербург университетінің шығыстану факультетіне ауысты. 1895 жылы 1–ші дәрежелі дипломмен бітірген соң, сол университеттің заң факультетіне оқуға түсіп, 1897 жылы заңгер дәрежесін алды. Екі жоғары білім алған тұңғыш қазақ болды. Араб, парсы, түрік, татар, орыс және француз тілдерін меңгерген 3 мамандықты меңгерген білікті қазақ 30 жасында көрнекті қазақстандық публицист және қоғам қайраткері болды. Оның журналистік қызметі 1888-1902 жылдары «Дала уалаяты» газетінде редактор және аудармашы болып жұмыс істеген кезде айқын көрінді. 1910 жылдан өмірінің соңына дейін Бакуде діни орталықта шығыс тілінен сабақ берді, мұсылмандарға сабақ берді. Көп жылдар "Дала уәлаяты" газетінде аудармашылық қызмет атқарған. Оның газетке басылған мақалаларының қай-қайсысынан да прогрестік, ағартушылық идеяны байқауға болады. Ыбырай Алтынсариннің ағарту саласындағы істерін қолдап, оны қай жағынан да өзіне ұстаз тұтқан. Қазақ тілі туралы көлемді мақалалар жариялап, оның сол кездегі жағдайына, болашағына дұрыс талдау жасаған. Оның шет ел сөздерін орынсыз алудың дұрыс еместігі, алған кезде оны қалай транскрипциялау керектігі, қазақ тілінің өзге түркі тілдерінен ерекшелігі, араб әліпбиінің қазақ сөздерін жазуға келе бермейтіндігі сияқты пікірлері әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. * * * * ## Дереккөздер
Орынбор-Торғай губерниясы — 1920-1921 жылдары болған РКФСР құрамындағы Қазақ АСКР әкімшілік-аумақтық бірлігі. Орталығы — Орынбор қаласы. ## Тарихы Губерния 1920 жылы 7 шілдеде Қазәскеревком мен Орынбор губатқарком бірлескен қаулысымен Орынбор мен Торғай губернияларын, сондай-ақ Орал облысының Темір уезін біріктіру арқылы құрылды. Губерния «... уақытша, Қазақ Республикасының ішкі әкімшілік бөлінісі туралы мәселе түпкілікті шешілгенше ...» деп құрылды. 1920 жылы қарашада Қостанай уезі Челябі губерниясы құрамынан шығарылып, Орынбор-Торғай губерниясына берілді. 1921 жылдың сәуіріне қарай Орынбор-Торғай губерниясы іс жүзінде Ақтөбе, Қостанай және Орынбор губернияларына бөлінді, бірақ ресми түрде өмір сүруін жалғастырды. 1921 жылы 8 желтоқсанда Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Орынбор-Торғай губерниясының бөлінуін бекітті. ## Сілтеме * Орынбор-Торғай губерниясы. bigenc.ru. Тексерілді, 15 мамыр 2018.
Тохтахунов Асан (25 қыркүйек 1986, Алматы) Халықаралық Дәрежедегі спорт шебері. 70 метрден Тұғырдан секіруде респ-ның ч-ны (2003). Командалық есепте Азия ойындарының (2003 - Амори, Жап.) қола жүлдегері. 2005, 2007 жылдары Универсиадаға қатысты. ## Әлем чемпионаттарында * Бишофсхофен (Аустрия; 2004) – 8 орын * Броттероде (Германия; 2004) – 9 орын ## Дереккөздер ## Сілтемелер * http://famous-birthdays.ru/data/25_sentyabrya/tahtahunov_asan_kutulukovich.html Мұрағатталған 5 қазанның 2021 жылы.
Қостанай губерниясы — 1921-1925 жылдары болған РКФСР, Қазақ Автономиялық Социалистік Кеңес Республикасы әкімшілік-аумақтық бірлігі. Орталығы — Қостанай қаласы. Губерния 1921 жылы жойылған Орынбор-Торғай губерниясының бір бөлігінен құрылды. 6 ауданға және 1 уезге бөлінді: Адамовск ауданы, Боровск ауданы, Денисовск ауданы, Қостанай ауданы, Семиозерный ауданы, Федоровск ауданы және Торғай уезі. Көп ұзамай Ақмола губерниясынан Всесвятск ауданы көшірілді. 1922 жылы губернияның барлық ескі әкімшілік бірліктері жойылып, олардың орнына 5 уез құрылды: Боровск, Всесвятск, Денисовск, Қостанай және Федоровск. Бір жылдан кейін Торғай уезі Ақтөбе губерниясына ауыстырылды, ал Всесвятск уезі Урицк болып өзгертілді. Тағы бір жыл өткен соң Боровск уезі таратылды. 1925 жылы Қостанай губерниясының уездері жойылды, ал губернияның өзі губерния құқығымен Қостанай уезіне айналды.
Маржан Ақжігіт (29 маусым 2000 жыл) — қазақстандық фристайлшы, 2018 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан. ## Өмірбаяны ### Пхенчхан 2018 2018 жылғы Олимпиадада бірінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 14-орын (79.17 ұпай) алды. Екінші іріктеуде 70,20 ұпаймен 12-орынға табан тіреді де, финалдық сынға өтпей қалды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Қосыбек Салтанатұлы Ирзағалиев (2 қараша 1946 жылы Қызылқоға ауданы, Атырау) - ауылшаруашылық ғылымдарының докторы (2010). Атырау облысы Қызылқоға және Құрманғазы аудандарының Құрметті азаматы. Атырау облысының Құрметті азаматы. ## Толығырақ Қосыбек Салтанатұлы Ирзағалиев 1946 жылы 2 қарашада Гурьев облысы Қызылқоға ауданында дүниеге келді. 1964 жылы совхозда шопандықтан еңбек жолын бастады. 1970 жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтін, 1982 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Зоотехникалық-малдәрігерлік институтты бітіргеннен кейін Қызылқоға ауданының Абай атындағы совхозда ферма зоотехнигі болып жасады. 1972-1977 жылдары совхоз комсомол комитетінің хатшысы, облыстық комсомол комитетінде нұсқаушы, бөлім бастығы. 1977-1990 жылдары облыстық партия комитетінде нұсқаушы, аудандық партия комитетінің хатшысы, облыстық партия комитетінің бөлім бастығының орынбасары, инспекторы. 1990-2002 жылдары облыстық агроөнеркәсіптік төреағасының бірінші орынбасары, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары. 2002-2007 жылдары Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Атырау облыстық аумақтық басқармасының (кейіннен инспекция) мемлекеттік мекемесінің бастығы болып қызмет атқарды. 2008-2017 жылдары Атырау мұнай және газ институтында аға оқытушы. 2017 жылдан бүгінге дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде аға оқытушысы болып қызмет жасайды. ## Ғылыми қызметі Оқытушылық қызметте де студенттерді білімділікке, біліктілікке, адамгершілікке тәрбиелеп, сапалы маман дайындауда абыройлы еңбек етуде. Дәріс оқитын пәндерінен студенттерге арнап 36 оқу-әдістемелік жиынтықтарын және көрнекті құралдар шығарды. Оның қатынасуымен облыста қарақөл және еділбай қойларының үш зауыттық сүлелері, алты зауыттық желілері және бір түйе типі шығарылды. Сегіз патент иегері. Оның ғылыми жетекшілігімен 2 кандидаттық диссертация қорғалды, 70-ден астам ғылыми мақалалары жарық көрді. 2000 жылы Алматы қаласындағы Казак кой шаруашылыгы гылыми-зерттеу институтында "Едiлбай койынын Сүйіндік зауыттык сулесiнiн онiмдiлiк касиеттерi" тақырыбына ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаттығына диссертациясын қорғады. 2010 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтында “Атырау өңіріндегі еділбай қойларын жетілдіру және олардың жаңа түрлерін шығарудың теориялық негіздері” тақырыбына докторлық диссертациясын қорғады. ## Ғылыми еңбектері Атырау облыстағы «Қүрманғазы» атындағы, “Мақаш” атындағы және “Сүйіндік” еділбай қойын өсіретін асыл тұқымды қой зауыттарында ғылыми жұмыстар жүргізіп келеді. «Еділбай қойы Сүйіндік зауыттық сүлесінің өнімділік қасиеттері», «Атырау өңірінің еділбай қойы», «Атырау құйрықты қойлары» және 2019 жылы шет елден «Едилбайская овца Нарынкумов» атты кітаптарын шығарды. «Атырау арғымақтары» атты кең форматты кітаптың авторларының бірі. ## Қоғам қызметі Облыс ардагерлер ұйымының пленум мүшесі, облыс ауылшаруашылығы ардагерлері бастауыш ұйымының төрағасы, Атырау облысы «Нұр Отан» партиясының «Ауылды қолдау және дамыту» бағыты бойынша комиссияның мүшесі, Қазақстан Республикасының ұлттық ат спорты федерациясының мүшесі және Ұлттық ат спорт ойындарының жоғары дәрежелі төрешісі. ## Отбасы Жолдасы Құспанова Қадиша 1970 жылы Алматы шет тілдер институтының француз тілі мамандығы факультетін бітірген, облыс мектептерінде оқытушы болып қызмет жасады, қазірде құрметті демалыста. Жоғары санаттағы мұғалім, Республика білім беру үздігі. Жанұяда екі бала тәрбиелеп өсірген, екеуіде жоғары білімді мұнай саласында қызмет атқарады. ## Марапаттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері», мерекелік «Тыңға 50 жыл», Авиация генерал-майоры Талғат Бигелдінов атындағы, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жылдығы, «Қой сүлесі авторы» медалдарымен, Республикалық кәсіподақтар одағының «1-ші дәрежелі Еңбек даңқы» белгісімен, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, бірнеше рет облыстық маслихаттың Құрмет Граммоталарымен және облыс әкімдерінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Атырау облысы Қызылқоға және Құрманғазы аудандарының Құрметті азаматы. 2021 жылдың 29 қыркүйекте өткен Атырау облыстық мәслихатының VII сессиясы шешімімен «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. ## Дереккөздер
Орал губерниясы — 1920-1928 жылдары болған Қырғыз (1925 жылдан бастап — Қазақ) АСКР әкімшілік-аумақтық бірлігі. Орталығы — Орал қаласы. Губерния 1920 жылы 12 қазанда Орал облысынан құрылды. Бастапқыда уездерге бөлінді: * Гурьев уезі. Орталығы — Гурьев қаласы * Жымпиты уезі. Орталығы — Жымпиты қаласы * Елек уезі. Орталығы — Елек қаласы * Қалмақ уезі. Орталығы — Қалмақ қаласы * Ойыл уезі. Орталығы — Ойыл қаласы * Орал уезі. Орталығы — Орал қаласы. 1921 жылы 19 қарашада Ойыл уезі Ақтөбе губерниясына берілді. 1923 жылы 23 шілдеде Қалмақ уезі жойылды. 1925 жылы 6 маусымда Орал губерниясы Бөкей губерниясына қосылды. Оның аумағында орталығы Орда қаласы болатын Бөкей уезі құрылды (қысқа уақыт ішінде уез Нариман, ал Орда қаласы Нариман деп аталды). 1926 жылы Елек уезінің бір бөлігі Орынбор губерниясына өтті, ал 1927 жылы 5 наурызда Елек уезі таратылды. 1927 жылы 17 қаңтарда Жымпиты уезі таратылды. 1928 жылы 17 қаңтарда губерния таратылды. Оның аумағы Гурьев және Орал округтары арасында бөлінді. 1926 жылғы санақ бойынша губернияда 638,0 мың адам тұрды. Соның ішінде қазақтар — 73,3%; орыстар — 20,0%; украиндар — 4,0%; татарлар — 1,9% болды. ## Дереккөздер
Ойыл уезі — 1920-1921 жылдары болған Қырғыз АСКР Орал губерниясының әкімшілік-аумақтық бірлігі. Орталығы Ойыл болған Ойыл уезі 1920 жылы 2 мамырда Орал губерниясының құрамында Торғай облысы Темір уезінен бөлінген аумақта құрылды. Бастапқыда оған келесі болыстар кірді: 1921 жылы 19 қарашада Ойыл уезі Ақтөбе губерниясына берілді. Сонымен бірге Ойыл ауданына айналды. ## Дереккөздер
Сәуле Тарихқызы Омарова (1966 жыл, Батыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — америкалық ғалым, адвокат, мемлекеттік саясат жөніндегі кеңесші. 2021 жылғы қыркүйекте президент Джо Байден Сәуле Омарованы АҚШ қаржылық бақылау басқармасының басшысы лауазымына тағайындады. ## Өмірбаяны Сәуле Омарова 1966 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік университетін 1989 жылы Лениндік жеке академиялық стипендия бойынша бітірді. АҚШ-қа 1991 жылы көшіп келді, онда ол философия докторы дәрежесін алды. 1993 жылы Джорджтаун университетіне оқуға түсіп, бес жылдан кейін АҚШ президентінің протокол жөніндегі департаментіне қызметке орналасты. 2014 жылы департамент басшының орынбасары болып тағайындалды. Сонымен қатар ол – 2014 жылдан бері Корнелл университетінің заң факультетінің профессоры. 2006 жылдан 2007 жылға дейін ол АҚШ-тың Қаржы министрлігінің реттеу саясаты жөніндегі арнайы кеңесшісі болып жұмыс істеген еді. Омарова Нью-Йорктегі Davis Polk & Wardwell заң фирмасының қаржы институттары тобында алты жыл бойы заң тәжірибесімен айналысқан. Джордж Уокер Буштың басшылығы кезінде Сәуле Омарова Қаржы министрлігінде ішкі Қаржы министрінің орынбасарын реттеу саясаты жөніндегі арнайы кеңесші ретінде жұмыс істеді. 2021 жылғы тамызда Сәуле Омарованың есімі президент Джо Байденнің жанындағы валюталық бақылау басқармасының (OCC) басшысы лауазымына әлеуетті үміткер ретінде жарияланды. Ол Сенаттың мақұлдауын күтіп, 2021 жылғы қыркүйекте валюта бақылаушысы болып сайланды. ## Дереккөздер
Елек уезі — 1920-1927 жылдары болған Қырғыз АСКР (1925 жылдан бастап — Қазақ) Орал губерниясының әкімшілік-аумақтық бірлігі. Орталығы Елек қаласы болған Елек уезі 1920 жылы құрылды. Бастапқыда оған келесі болыстар кірді: 1921 жылы 23 наурызда Жиренқопа, Калининская, Ново-Алексеевская және Петропавл болыстары Ақтөбе губерниясының Ақбұлақ ауданына берілді. Красноярск және Покровск болыстары Орынбор губерниясының Илецк ауданына берілді. 1922 жылы 6 қыркүйекте Александровск мен Святодуховская болыстары Орал уезіне берілді, бірақ көп ұзамай қайтарылды (бұған қоса Александровск болысы жойылған болатын). 1923 жылы 28 маусымда: Алмас, Березовск, Благодарненская, Ешқарған, Қараағаш, Кенделі, Кіндікті, Мұзтай, Николаевск, Отрадная, Полтавск, Приуральская, Сухареченская, Таратбас, Успен, Шыңғырлау және Жаман болыстар жойылды. Григорьевск мен Святодуховская болыстары Орал уезіне беріліп, сол уақытта жойылды. Қарашығанақ болысының орталығы Қарашығанақ ауылында, Шіліктің орталығы — Шілік ауылында, Бөрілінің орталығы — Бөрілі ауылында орналасты. Ертек болысы Ташла (орталығы — Ташла ауылы) болып өзгертілді. Орталығы Елек қаласы болған Елек болысы құрылды. 1924 жылдың соңына қарай уезде 6 болыс қалды: Бөрілі, Елек, Қарашығанақ, Лубенск, Ташла және Шілік. 1926 жылы 5 қазанда Елек пен Ташла болыстары Орынбор губерниясының Орынбор уезіне берілді. 1927 жылы 5 наурызда Елек уезі таратылды. Бұл кезде Бөрілі болысы Орал уезіне, ал Қарашығанақ, Лубенск және Шілік болыстары — Ақтөбе губерниясының Ақтөбе уезіне берілді. ## Дереккөздер
Жымпиты уезі — 1920-1928 жылдары болған Қырғыз (1925 жылдан бастап — Қазақ) АСКР Орал губерниясының әкімшілік-аумақтық бірлігі. Орталығы — Жымпиты. Орталығы Жымпиты болған Жымпиты уезі 1920 жылы құрылды. Бастапқыда оған келесі болыстар кірді (олардың барлығы көшпелі болды): 1920-1923 жылдары апталық уездік «Ерік тілі» газеті шыға бастады. 1923 жылы 1 наурызда Қарабас, Көкбақты, Көпірліаңқаты, Тасоба және Шідерті болыстары жойылды. 1923 жылы 28 маусымда: 1- және 2-Жымпиты, Қарасу, Көкөзек, Құрайлы, Мәтеш, Соналы, Тамды, Тұздыкөл, Өзек және Шалқар болыстары жойылды. Орталығы Жымпиты қаласы болған Жымпиты болысы құрылды. Дуана болысының орталығы Дуанкөл мекенінде, Қалдығайты — Қанкөл мекенінде, Тайпақ — Қызылқұдық мекенінде, Сабынкөл — Қаратөбе ауылында, Бұлдырты — Қоңыркөл мекенінде, Жақсыбай — Азанқазы мекенінде, Ащысай — Қожакелді мекенінде, Өлеңті — Тоқашкөл мекенінде орналасты. 1923 жылы 23 тамызда жойылған Калмыков уезінен Жымпиты уезіне келесі болыстар берілді: Байбарақ көшпелі, Байғұтты, Балықты, Бүйрек көшпенді, Глиненск (орталығы — Глиненский ауылы), Каленый (орталығы — Каленый ауылы), Қаракөл (орталығы — Қызылүй мекені), Қарасамар (орталығы — Қызылқоға ауылы), Карманов (орталығы — Карманов ауылы), Қатыншағыл (орталығы — Қатыншағыл ауылы), Круглый (орталығы — Круглый ауылы) және Сламихин (орталығы — Сламихин ауылы). Көп ұзамай Байбарақ, Балықты және Бүйрек болыстары жойылды. Байғұтты болысының орталығы Базаркөл мекеніне орналастырылды. Каленый мен Круглый болыстары Орал уезіне берілді. 1923 жылы 2 қазанда Қарасамар болысы Гурьев уезіне берілді. 1924 жылы 13 наурызда Глиненск пен Кармановск болыстары Бөкей губерниясының Жаңақала уезіне, ал Сламихин болысы сол губернияның Талов уезіне берілді. 1924 жылдың соңында Гурьев уезінен Индер (орталығы — Құмантөбе мекені) мен Қарасамар болыстары Жымпиты уезіне ауыстырылды. Көп ұзамай Қарасамар болысы Гурьев уезіне берілген Қатыншағыл болысына қосылды. 1928 жылы 17 қаңтарда Жымпиты уезі таратылды. Оның үстіне оның аумағы Орал мен Гурьев округтары арасында бөлінді. ## Дереккөздер
Ілбішін уезі — Орал облысы мен Орал губерниясының құрамындағы әкімшілік бірлік. Орталығы - Ілбішін қаласы. ## Тарихы 1868 жылы Орал облысының Қалмақ уезі ретінде құрылды. Уез орталығы 1887 жылы Қалмақ қаласына айналған Қалмақ ауылы болды. 1899 жылы аудан орталығы Ілбішін қаласына ауыстырылды, ал уез Ілбішін уезі болып өзгертілді. 1920 жылы Ілбішін уезі таратылып, оның аумағы Орал уезі мен жаңадан құрылған Қалмақ уезінің арасында бөлінді. Жаңадан құрылған Қалмақ уезі 1923 жылға дейін өмір сүріп, Орал губерниясының Жымпиты және Гурьев уездері арасында бөлінді. ## Қазіргі жағдайы Қазіргі кезде Ақжайық ауданы. ## Әкімшілік бөлінісі XX ғасырдың басында уезге 10 станица мен 15 қазақ болыстары кірді. Станицалар 1904 жылға қарай: * Шаған станицасы * Скворкин станицасы * Бударин станицасы * Ілбішін станицасы * Калмыков станицасы * Мерген станицасы * Сахарный станицасы * Карманов станицасы * Глиненская станицасы * Сламихин станицасы Болыстар 1904 жылға қарай: * Жуанышкөл болысы * Өріктікөл болысы * Шалқар болысы * Қурайлы болысы * Қарасу болысы * Мәтеш болысы * Өлеңті болысы * Бұлдырты болысы * Қалдығайты болысы * Жақсыбай болысы * Соналы болысы * Қызылжар болысы * Индер болысы * Қаракөл болысы * Сабынкөл болысы 1920 жылы Калмыков уезіне келесі болыстар кірді: * Байбарақ * Байғұтты * Балықты * Бүйрек * Глиненский * Горы * Индер * Каленый * Қаракөл * Қарасамар * Карманов * Қатыншағыл * Круглый * Мерген * Сламихин ## Дереккөздер
Сәулелік тасымал аймағы немесе радиация аймағы — жұлдыздың ядросынан кейінгі қабаты. Мұнда конвекция аймағындағыдай плазма араластырылмайды, себебі аса қатты қысым материяның қозғалысына бөгет жасайды. Ядрода түзілген энергия сәулелік тасымал аймағында сіңіріледі және кездейсоқ бағытпен қайтадан шығарылады, бұл сансыз көп рет қайталанады. Сөйтіп, есептеулер бойынша, әр фотонның ядродан конвекция аймағына жетуі 10 мың жылдан 170 мың жылға дейін уақытты алады. Сәулелік тасымал аймағынан кейін конвекция аймағы басталады, мұнда энергия материяның қозғалысы арқылы тасымалданады. Кейбір жұлдыздарда сәулелік тасымал аймағы болмайды. Бұл әсіресе алып қызыл жұлдыздарға және жас жұлдыздарға тән. ## Дереккөздер
Жаңақала уезі — 1922-1925 жылдары болған Қырғыз АСКР (1925 жылдан бастап — Қазақ) Бөкей губерниясының әкімшілік-аумақтық бірлігі. Орталығы Новая Казанка ауылында болған Жаңақала уезі 1922 жылы 6 мамырда жойылған Қамыс-Самар және Нарын уездерінің аумағында құрылды. Бастапқыда уезде 13 көшпелі болыстар болды: * Баржаптер * Бекетай * Бөрілі * Жарқын * Қоға * Көкшоқы * Қошқар * Самар * Сарыкөл * Сарыөзен * Толыбай * Ұялы * Шенді 1923 жылы 6 сәуірде болыстар саны 7-ге дейін қысқартылды: * Ахмет. Орталығы — Бораншағыл мекені * Бекетай. Орталығы — Қамысдала мекені * Қамыс-Самар. Орталығы — Боланай мекені * Меңдіхан. Орталығы — Ащысай мекені * Нарын. Орталығы — Толыбай аяғы мекені * Тұрдыкөл. Орталығы — Қожабексары * Шолан. Орталығы — Мәмбет мекені. Теңіз уезінен алынған. 1924 жылы 13 наурызда Глиненск (орталығы — Глиненский ауылы) мен Кармановск (орталығы — Кармановский ауылы) болыстары Орал губерниясының Жымпиты уезінен Жаңақала уезіне ауыстырылды. Көп ұзамай Кармановск болысы Глиненскіге қосылып, орталығы Красный ауылына көшірілді. 1925 жылы 18 мамырда Жаңақала уезі таратылды. Оның аумағы Орал губерниясының Бөкей уезіне өтті. ## Сілтеме * Қазақстан ӘАБ анықтамалығы (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) — Алматы, 1959
Футболдан Әйелдер Арасында Қазақстан Чемпионаты — Қазақстан футболының әйел дивизионы. Лига 2000 жылы құралды. ## Қатысушы клубтар - 2021 * «БИІК-Қазығұрт» (Шымкент) * «№8 БЖМОСРМ» (Астана) * «Оқжетпес» (Көкшетау) * «Қызылжар» (Петропавл) * «Қызылорда» (Қызылорда) * «Томирис-Тұран» (Түркістан) ## Барлық жүлдегерлер тізімі ## Жеңімпаздар ## Сілтемелер * Kazakhstan - List of Women Champions. RSSSF  (ағыл.)
«Оқжетпес» — Қазақстанның Көкшетау қаласындағы футбол клубы. 2002 жылы құрылған. 2016 жылға дейін "Көкше" деп аталды. 2016 жылы қаржы тапшылығынан чемпионатқа қатыса алмады. 2017 жылы қазіргі атауымен қайта құрылды. ## Жетістіктері ### Ұлттық Қазақстан чемпионаты * Қыздар лигасының финалисі (7 рекорд): 2008, 2009, 2017, 2018, 2019, 2020, 2022. * Қыздар лигасында қола жүлде (6 рекорд): 2010, 2011, 2012, 2014, 2015, 2021. Қазақстан кубогы * Финалист (7 рекорд): 2008, 2009, 2010, 2013, 2014, 2015, 2018. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * https://web.archive.org/web/20160304220130/http://scsg.kz/kokshe/
Əйелдер арасындағы регбиден Азия чемпионаты (ағылш. Asia Rugby Women's Championship) — Азияда регбиден басты жарыс. Жарыстың ұйымдастырушы және басқарушы ұйымы Азия регби кеңесі болып табылады. Чемпионатқа регбиден əйелдер ұлттық құрамалары қатысады. Алғашқы чемпионат 2006 жылы Қытайда өткізілді. ## Жеңімпаздары және жүлдегерлері ## Жалпы медальдар саны ## Сыртқы сілтемелер * Азия Регби Қеңесінің ресми сайты * ARFU Азия 5 ұлттың кубогы * Жаңа структура жарияланды * Əлем Регби
Нарын уезі — 1919-1922 жылдары болған Қырғыз АСКР (1925 жылдан бастап — Қазақ) Бөкей губерниясының әкімшілік-аумақтық бірлігі. Орталығы Нарынтеке болған Нарын уезі 1919 жылы құрылды. 1920 жылы оған 12 көшпелі болыстар кірді, олардың атауларының орнына сандар (1-ден бастап 12-ге дейін) болды. 1921 жылы қаңтарда 9 болыстың орнына 6 құрылды (барлығы көшпелі): * Баржаптер * Бекетай * Бөрілі * Толыбай * Ұялы * Шенді Бұған қоса № 10 болыс Орда уезіне өтті. 1922 жылы 6 мамырда Нарын уезі таратылды. Оның аумағы Жаңақала уезіне өтті. ## Сілтеме * Қазақстан ӘАБ анықтамалығы (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) — Алматы, 1959
Орда уезі — 1922-1925 жылдары болған Қырғыз АСКР (1925 жылдан бастап — Қазақ) Бөкей губерниясының әкімшілік-аумақтық бірлігі. Орталығы Орда болған Орда уезі 1922 жылы 31 мамырда жойылған Қалмақ пен Торғын уездерінің аумағында құрылды. Бастапқыда уезде 11 көшпелі болыс болды: * Батырбек * Бесқұм * Жәнібек * Жиекқұм * Жұма * Сайқын * Сарыбас * Тау * Торғын * Шапшаш * Шұңғай 1923 жылы 6 сәуірде болыстар саны қысқарып, тек 8-і қалды: * Батырбек. Орталығы — Шібе мекені * Бесқұм. Орталығы — Қартақай мекені * Жәнібек. Орталығы — Жәнібек қ. * Жиекқұм. Орталығы — Қорыққұм мекені * Жұма. Орталығы — Жұма мекені * Қалмақ көшпелі * Тау. Орталығы — Тау мекені (1924 жылы Қарақайпақ а. ауыстырылды) * Торғын. Орталығы — Көшенқұм мекені 1925 жылы 18 мамырда Орда уезі жойылды. Оның аумағы Орал губерниясының Бөкей уезіне өтті. ## Сілтеме * Қазақстан ӘАБ анықтамалығы (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан). - Алматы, 1959
Қалмақ уезі — 1919-1922 жылдары болған Қырғыз АСКР (1925 жылдан бастап — Қазақ) Бөкей губерниясының әкімшілік-аумақтық бірлігі. Орталығы Орда болған Қалмақ уезі 1919 жылы құрылды. 1920 жылы оған 9 көшпелі болыс кірді, олардың атауларының орнына сандар (1-ден бастап 9-ға дейін) болды. 1921 жылы қаңтарда 9 болыстың орнына 5 құрылды: * Батырбек көшпелі * Сайқын көшпелі * Сарыбас көшпелі * Шапшаш көшпелі * Шұңғай көшпелі 1921 жылы 28 маусымда уез орталығы Орда қаласынан Қалқанды мекеніне көшірілді. 1922 жылы 31 мамырда Қалмақ уезі таратылды. Оның аумағы Орда уезіне өтті. ## Сілтеме * Қазақстан ӘАБ анықтамалығы (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) — Алматы, 1959
Алла Петровна Цупер (16 сәуір 1979 жыл, Ровно, Украин КСР) — украиналық және беларусьтік фристайшы, акробатикадан 2014 жылы Беларусь атынан Қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанды. Алты бірдей Қысқы Олимпада ойындарына қатысқан (1998 жылы Украина атынан, ал 2002, 2006, 2010, 2014, 2018 жылдары Беларусь атынан). Әлем чемпионаттарындағы ең жақсы нәтижесі — 4 орын (2007). ## Көрсеткіштері ### Әлем чемпионаттарында Украина * 1997 Иидзуна — 13 орын Беларусь * 2001 Уистлер — 10 орын * 2003 Дир-Вэлли — 12 орын * 2005 Рука — 5 орын * 2007 Мадонна-ди-Кампильо — 4 орын * 2011 Дир-Вэлли — DNS ## Дереккөздер
Шаңырақ ықшам ауданындағы жаппай тәртіпсіздік — 2006 жылдың 14 шілдесінде Алматы қаласының Шаңырақ ықшам ауданында орын алған оқиға. ## Себептері Тәртіпсіздіктердің себебі заңсыз салынған құрылыстарды бұзуға қатысты болды. ## Салдары 2006 жылғы 14 шілдеде арнайы мақсаттағы жасақпен бекітілген Алматы полициясы Алматы қаласының Шаңырақ кенті тұрғындарының заңсыз салынған үйлерін бұзу мақсатында өзін-өзі қорғауды бұзуға тырысты. Жергілікті тұрғындардың полициямен қақтығысы қайғылы жағдаймен аяқталды. Бір полицей – Әсет Бейсенов тірідей өртелді. ## Тұтқындаулар Тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін Арон Атабек 18 жылға сотталды. Сондай-ақ Ерғанат Тараншиев (15 жыл), Құрманғазы Өтегенов (16 жыл) және Рүстем Тұяқов (14 жыл) сотталды. "Шаңырақтың" тағы 20 тұрғынын сот кінәлі деп танып, оларға шартты жаза тағайындады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Шаңырақ оқиғасы: Дарынсыз билік, нанымсыз сценарий Мұрағатталған 29 қазанның 2021 жылы.. "Жас Алаш" газетінің сайты * Шаңырақ оқиғасы. Он жыл өткен соң . Tengrinews.kz сайты.
Халықаралық Чодиев Қоры — 1996 жылы орнатылған Ресей мен Өзбекстанда өкілдіктері бар халықаралық қайырымдылық ұйымы. Қор Ресейде, Өзбекстанда, Қазақстанда, Украинада және Жапонияда мәдени, білім беру және әлеуметтік салаларда жұмыс істейді. ## Шолу Қорды 1996 жылы доктор Фаттах Шодиев құрды. Қор балалар үйлері мен интернаттарды қаржыландырады, орыс-жапон қарым-қатынасын дамыту үшін мәдени шаралар ұйымдастырады. 2017 жылы Өзбекстанда өкілдік ашылды. ## Мәдени жобалар 1998 жылы Қор Токиода Шостакович музыкалық фестивалін өткізді. 2009 жылдан бастап Халықаралық Шодиев Қоры жыл сайын Ресейде өтетін заманауи жапон мәдениетіне арналған J-Fest фестиваліне демеушілік етеді. 2011 жылы Фаттах Шодиев пен Қор жапондық тоқыма суретшісі Итику Куботаның 104 кимоно коллекциясын сатып алды (Кубота топтамасы) және Кубота коллекциясын бүкіл әлем бойынша насихаттауды бастады (Қазақстан мен Ресей 2013-2014 жж., Еуропа мен Азия 2015 ж., Солтүстік Америка 2018-2019 жж.) 2015 жылдан бастап Қор Жапониядағы орыс мәдениеті күндерінің демеушісі болып табылады. 2018 жылы Қор Кабуки театрының Ресей бойынша гастрольдік сапарына қолдау көрсетті. ## Әлеуметтік жобалар 2002 жылы Қор аутизм мен церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды емдейтін және оларға қолдау көрсететін Украинаның Одесса қаласындағы «Періштесі бар үй» оңалту орталығына қамқорлық көрсете бастады. 2010 жылы Шодиев Қоры Қазақстандағы Астана қаласындағы балалар үйінің меценаты болды. 2017 жылдан бастап Қор Өзбекстандағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектептерге, балалар үйіне және медициналық мекемелерге көмек көрсетті. Қор Қарши, Джизак және Чиракчи қалаларындағы интернаттардың меценаты болды. ## Дереккөздер:
Торғын уезі — 1919-1922 жылдары болған Қырғыз АСКР (1925 жылдан бастап — Қазақ) Бөкей губерниясының әкімшілік-аумақтық бірлігі. ## Тарихы Орталығы Степной қ. болған Торғын уезі 1919 жылы құрылды. 1920 жылы оған 15 көшпелі болыс кірді, олардың атауларының орнына сандар (1-ден бастап 15-ке дейін) болды. 1920 жылы 25 қарашада 15 нөмірленген болыстардың орнына 9 жаңа болыс құрылды: * Жұмат көшпелі * Еділбай. Орталығы — Бекбеков ауылы * Қамысты көшпелі * Қарабөлтек. Орталығы — Әубәкір Бекмұхаметұлы ауылы * Күйгенкөл. Орталығы — Күйгенкөл мекені * Мешітқұм. Орталығы — Мешітқұм мекені * Мұратсай. Орталығы — Мұратсай мекені * Тани. Орталығы — Жәнібек а. * Тана. Орталығы — Ормалық мекені 1920 жылы 30 желтоқсанда Қамысты болысы жойылып, оның орнына Тау көшпелі болысы құрылды. 1921 жылы 13 наурызда Айдекен (орталығы — Айдекен мекені), Алтыата (орталығы — Сепер мекені), Бесқұм (орталығы — Қаратоқай мекені), Бисеншеген (орталығы — Орлыкөл мекені) және Шеркеш (орталығы — Арамшалғын мекені) болыстары құрылды. Бұл кезде Еділбай және Қарабөлтек болыстары Айдекен болысына, Мешітқұм болысы — Бесқұм болысына қосылды. Мұратсай болысының орталығы Қансұлу мекеніне, Тани — Тани мекеніне, Тана — Жиекқұм мекеніне көшірілді. 1921 жылы 21 қыркүйекте Бисеншеген болысы Соналы болып өзгертілді. 1922 жылы 19 наурызда Степной қ. Торғын болып өзгертілді. 1922 жылы 16 мамырда Жәнібек, Жиекқұм және Торғын көшпелі болыстары құрылды. Сонымен бірге Мұратсай болысы Жиекқұмның құрамына, Соналы мен Тани — Жәнібектің құрамына, Тана — Торғынның құрамына қосылды. Айдекен, Алтыата және Шеркеш болыстары жойылды. 1922 жылы 31 мамырда Торғын уезі таратылды, ал оның аумағы Орда уезіне берілді. ## Сілтеме * Қазақстан ӘАБ анықтамалығы (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) — Алматы, 1959
Орельен Чуамени (фр. Aurélien Tchouaméni; 2000 жылы 27 қаңтарда туған, Руан, Франция) — камерундық тегі бар франциялық футболшы, "Реал Мадрид" клубы мен Франция құрамасының жартылай қорғаушысы. ## Карьерасы ### Клубтық "Бордо" клубының түлегі. 2017 жылы осы клубта карьерасын бастады. 2020 жылы "Монакоға" ауысты. 2021 жылы 23 қаңтарда "Марсель" қақпасына өзінің алғашқы голын соқты. 2022 жылы 11 маусымда "Реал Мадридке" 80 миллион еуроға көшті. ### Халықаралық Ұлттық құрамадағы тұңғыш ойынын 2021 жылы қыркүйекте өткізді. 2021 жылғы Ұлттар Лигасының жеңімпазы атанды. ## Жетістіктері Франция құрамасы * УЕФА Ұлттар Лигасының жеңімпазы: 2020/21 ## Дереккөздер
Қамыс-Самар уезі — 1919-1922 жылдары болған Қырғыз АСКР (1925 жылдан бастап — Қазақ) Бөкей губерниясының әкімшілік-аумақтық бірлігі. Орталығы Қамыс-Самар болған Қамыс-Самар уезі 1919 жылы құрылды. 1920 жылы оған 17 көшпелі болыстар кірді, олардың атауларының орнына сандар (1-ден бастап 17-ге дейін) болды. 1921 жылдың қаңтарында 17 болыстың орнына 8 құрылды (барлығы көшпелі): * Жарқын * Қоға * Көкшоқа * Қошқар * Самар * Сарыгүл * Сарыөзек * Торлықұл 1922 жылы 6 мамырда Қамыс-Самар уезі таратылды. Оның аумағы Жаңақала уезіне өтті. ## Сілтеме * Қазақстан ӘАБ анықтамалығы (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) — Алматы, 1959
Полина Александровна Гурьева (түрікм. Polina Aleksandrowna GurýewaПолина Александрунга Гурьева; 5 қазан 1999 жыл, Ашхабад) — 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін түркімен зілтеміршісі. Ислам Ынтымақтық ойындарының чемпионы. 2021 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Түркіменстанның Олимпиададағы бірінші және әзірше жалғыз жүлдегері. ## Өмірбаяны Полина Гурьева 1999 жылы 5 қазанда Ашхабадта орыс отбасында дүниеге келді . Түркімен мемлекеттік дене шынықтыру және спорт институтында жоғары білім алды. Полина Гурьева 2013 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысып, 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 23 -ші орынды иеленді. Оның нәтижесі екі жаттығудың қосындысында 116 келі болды: жұлқа көтеруде 50 келі, серпе көтеруде 66 келі. Сол жылы ол жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысып, 113 келі нәтижесімен оныншы болды. ### Токио-2020 Полина 27 шілдеде Токиода өткен Олимпиада ойындарында 59 келіге дейінгі салмақта Түрікменстан атынан шықты. Спортшы 217 келі нәтиже көрсетті (серпе көтеруде 121, жұлқа көтеруде 96). Ауыр атлет күміс медаль жеңіп алды және өз елінің тарихында Олимпиада ойындарында медаль алған бірінші әйел болды. Алтын медаль үшін күресте Полина Гурьева 236 келі (103 + 133) есебімен тайвандық Гуо Синьцзунға есе жіберді. Үшінші орын алған жапондық Микико Андо Гурьевадан үш келіге (214 келі: 94 + 120) озды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Темірлан Әділханов (1994 жылы 28 наурызда туған) — қазақстандық футболшы, қорғаушы. ## Мансап Талдықорған футболының түлегі. 2010-12 жылдары 44 ойын ойнап, "Жетісу" клубына дубль жасады. 2013 жылы Бірінші лигада "Оқжетпес" ФК құрамында өнер көрсетті. 2014 жылы "Жетісуға" оралып, негізгі команда үшін де, дубль үшін де өнер көрсетті. Қазақстан жастар құрамасына тартылған. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Temirlan Adilkhanov // Transfermarkt.com (ағыл.)
Саят Қайратұлы Жұмағали (1995 жылы 25 сәуірде туған, Ақтөбе, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, қорғаушы. ## Өмірбаяны Ақтөбе футбол клубының түлегі. Жас кезінен "Ақтөбе" футбол орталығында ойнады. Бірнеше жыл қатарынан қосалқы құрамның көшбасшысы болды. 2015 жылдан бастап Жұмағали облыстың негізгі командасына тартыла бастады. 2016 жылдан бастап Саят "Ақтөбе" футбол клубының негізгі ойыншысы ретінде дебют жасады. 2019 жылға дейін өнер көрсетті. 2 жыл бойы клубсыз болды. 2021 жылы 25 наурызда Екібастұз футбол клубына ауысты. ## Сілтемелер * Профилі  (ағыл.) Transfermarkt сайтында * Soccerway сайтындағы профилі  (ағыл.)
Руслан Қасымханұлы Сақалбаев (1984 жылы 27 маусымда туған, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық футболшы, "Каспий" клубының жартылай қорғаушысы. ## Мансап Руслан Сақалбаев "Қайрат" футбол клубының түлегі. Дәл осы клубта ол мансабын бастады. Аз ойын тәжірибесіне байланысты бірінші лигадағы "Теміржолшы" клубына ауысты. 2005 жылы "Атырау"-ға көшті. Ол тек футболшылармен алмасып қана шықты, алаңда аз ойнады. Бірінші лигаға оралып, "Жетісу" үшін ойнай бастады. Клубпен бірге Премьер-лигаға шықты. 2008 жылы "Мегаспорт"-пен келісімшартқа қол қойып, "Жетісу" сияқты премьер-лигаға шықты. 2010 жылы "Атырау" клубына қайта оралды. Маусым қорытындысы бойынша чемпионаттың үздік ойыншыларының "топ-50" тізімінде 13 орынға ие болды. ## Жетістіктері * Қазақстан Кубогының Иегері: 2003 * Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2009 * Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2011,2013 * Қазақстан чемпионатының үздік 50 ойыншыларының тізімінде 13-ші орын: 2010 * Қазақстан Бірінші лигасының жеңімпазы (3): 2006,2016,2018 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі worldfootball.net сайтында (ағыл.)
Руслан Қасымханұлы Сақалбаев (1984 жылы 27 маусымда туған, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық футболшы, "Каспий" клубының жартылай қорғаушысы. ## Мансап Руслан Сақалбаев "Қайрат" футбол клубының түлегі. Дәл осы клубта ол мансабын бастады. Аз ойын тәжірибесіне байланысты бірінші лигадағы "Теміржолшы" клубына ауысты. 2005 жылы "Атырау"-ға көшті. Ол тек футболшылармен алмасып қана шықты, алаңда аз ойнады. Бірінші лигаға оралып, "Жетісу" үшін ойнай бастады. Клубпен бірге Премьер-лигаға шықты. 2008 жылы "Мегаспорт"-пен келісімшартқа қол қойып, "Жетісу" сияқты премьер-лигаға шықты. 2010 жылы "Атырау" клубына қайта оралды. Маусым қорытындысы бойынша чемпионаттың үздік ойыншыларының "топ-50" тізімінде 13 орынға ие болды. ## Жетістіктері * Қазақстан Кубогының Иегері: 2003 * Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2009 * Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2011,2013 * Қазақстан чемпионатының үздік 50 ойыншыларының тізімінде 13-ші орын: 2010 * Қазақстан Бірінші лигасының жеңімпазы (3): 2006,2016,2018 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі worldfootball.net сайтында (ағыл.)
Серебряная – Қалба жотасының оңтүстік-шығысындағы тау. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Қарақол ауылының оңтүстік-шығысында 9 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1104 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 5 км-ге созылған, енді жері 4 км. Тіктеу беткейі өзен арналарымен, тау аңғарларымен тілімденген. Таудан Войлочевка өзеніне құятын бірнеше салалар бастау алады. ## Өсімдігі Тауалдының шалғынды топырақ жамылғысында аласа тауға тəн далалық түрлі шөптесін өсімдіктер, жоғары бөлігінде қайың, қарағай аралас орман, терек, т.б. өседі. Алабы – шабындық, мал жайылымы. ## Дереккөздер
Симонов мұздығы – Теріскей Алатаудың шығыс сілемі – Сарыжаз жотасының солтүстігінде жəне Катша – Ашутор тауының шығыс беткейіндегі мұздық. Мұздықты 1902 жылы Г. Мерцбахер ашқан.1954 жылы Қазақстан географы П.В. Симонов есімі берілді. ## Географиялық орны Алматы облысы Райымбек ауданы жерінде орналасқан. Текес өзенінің саласы – Байынқол өзені осы мұздықтан басталады. ## Сипаты Мұздықтың жалпы ұзындығы 8,3 км, ашық жері 8,1 км, көлемі 3,98 км3. Ауданы 27,9 км2, оның мұзқар (фирн) алаңы 20,1 км2, ашық жатқан тілі 7,7 км2. Байынқол шыңындағы (5840 м) мұзқары 6 ірі камерадан тұрады. ## Дереккөздер
Бакиза Кажбанова (1907 жыл – ? жыл) — Қазақстандағы әйелдер қозғалысының мүшесі. 1907 жылы қазіргі Қаратөбе ауданы, Орал облысында дүниеге келген. ## Білімі 1927 жылы Орал губсовпарт мектебін, 1937 жылы Мәскеу қаласындағы Свердлов атындағы Бүкілодақтық коммунистік ауылшаруашылық университетін бітірген. 1946 жылы Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті жанындағы Лениндік курсты бітірді. ## Кәсіби мансабы 1930 жылдан бастап КПСС мүшесі. 1925-1940 жылдар аралығында Қаратөбе әйелдер бөлімінің, Жамбетті укомының, Сламкен (Фурманов) райком партиясының басшысы, Орал БК(б)П үйірме комитетінің әйелдер секторының меңгерушісі. Одан кейін, 1940-1946 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің нұсқаушы қызметін атқарған. Кабардин-Балқар АССР-нің Нальчик қалалық кеңесінің атқарушы комитетінің бөлім басшысы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің аппаратында қызметтер атқарған. 1946-1946 жылдары Қазақ КСР Ет-сүт өндіру өнеркәсіп министрінің орынбасары, 1949-1952 жылдары – Алматы қалалық комитет партиясының 2-ші хатшысы, Қостанай обком партиясының хатшысы, Қазақ КСР нан өнімдері Министрлігінің жауапты қызметшісі. Қазақстан КП(б) төртінші және алтыншы съездерінің делегаты, 1952 жылы Қазақстан Компартиясының алтыншы съезінде Тексеру комиссиясының мүшесі болып сайланды. КСРО медальдары және ордендерімен марапатталған. 1963 жылдан бері – одақ көлемінде маңызы бар жеке зейнеткер. ## Дереккөзі
Салқыншоқы – Күршім жотасының оңтүстік-батыс бөлігіндегі тау массиві. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Майтерек ауылының солтүстік-шығысында 8 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2084 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 4 км-ге созылған, енді жері 2 км. Беткейі тік, өзен арналарымен тілімденген. Жер қыртысы девонның туф жəне эффузивтік тау жыныстарынан түзілген. Таудан Қойшілік, Қалғұтты өзендерінің салалары бастау алады. ## Өсімдігі Солтүстік беткейіндегі тау шатқалдарында аралас жапырақты, тауаралық аңғарларында жалпақ жапырақты орман өседі. ## Дереккөздер
Маужыраған терең сай — Вашингтон Ирвингтің классикалық әңгімесі. Ол алғаш рет Нобайлар кітабында жарияланды және бұл жинақтың ең ұзақ новелласы болып келеді. ## Шығарма желісі Оқиға 1790 жылдың шамасында Слипи-Холлоу атты голландиялық қоныста орын алады. Бай фермердің қызы 18 жасар Катринаның жүрегі үшін Коннектикуттан келген ұзын бойлы ырымшыл мұғалім Икабод Крейн және жергілікті бұзақы Авраам «Бром Бонс» Ван Брант таласады. Бір күні фермердің үйінде өткізілген қонағасынан кейін Икабод үйіне қайтар жолда оны басы жоқ салт атты қуа бастайды. Жергілікті аңыздар бойынша, бұның басын Тәуелсіздік үшін соғыста зеңбіректің оғы шауып түсірген, енді ол суық түндері басын іздеуге шығып барады екен. Сөйтіп, Икабод қаладан қашады. Бұның сырын ешкім түсінбей жүреді. Катрина Бром Бонсқа үйленеді. ## Экрандалуы Бұл әңгіменің негізінде бірнеше фильм және телехикая түсірілді. Олардың арасында: * Икабод пен мистер Тоадтың басынан кешкендері — Walt Disney мультфильмі (1949) * Маужыраған терең сай — Тим Бёртон түсірген фильм (1999) * Маужыраған терең сай — телехикая (2013-2017) ## Сілтемелер * The Legend of Sleepy Hollow
Санат Сансызбайұлы Жұмаханов (1988 жылы 30 қаңтарда туған, Шымкент, Қазақ КСР) — қазақстандық футболшы, "Оқжетпес" клубының шабуылшысы. ## Мансап ### Клубтық 2012 жылы "Қыран" сапында ойнаған. 2013 жылдың басында "Ордабасы" клубының ойыншысы болды, бірақ негізгі құрамда тұрақтамай, жазда "Қыранға" қайта оралды. 2015 жылы "Тараз" сапында 27 матчта ойнап, 2 гол соқты. 2016 жылы "Оқжетпеске" ауысады. 2017 жылы "Ордабасы" клубымен келісімшарт жасасып, Қазақстан чемпионатында 7 матч өткізді. 2018 жылдың басында "Оқжетпес" сапына ауысты. ## Халықаралық 2012 жылы 12 мамырда Алматыда Буркина-Фасоға қарсы жолдастық кездесуде Ұлттық құрама сапындағы жалғыз ойынын өткізді (0:0). ## Жетістіктері ### Командалық "Оқжетпес" Бірінші лига жеңімпазы: 2018 "Ордабасы" Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2017 ## Сілтемелер * Ойыншы профилі  (ағыл.) Transfermarkt сайтында * Soccerway сайтындағы профилі  (ағыл.) * European Football/Санат Сансызбайұлы Жұмаханов/eu-football.info  (орыс.)
Санат Сансызбайұлы Жұмаханов (1988 жылы 30 қаңтарда туған, Шымкент, Қазақ КСР) — қазақстандық футболшы, "Оқжетпес" клубының шабуылшысы. ## Мансап ### Клубтық 2012 жылы "Қыран" сапында ойнаған. 2013 жылдың басында "Ордабасы" клубының ойыншысы болды, бірақ негізгі құрамда тұрақтамай, жазда "Қыранға" қайта оралды. 2015 жылы "Тараз" сапында 27 матчта ойнап, 2 гол соқты. 2016 жылы "Оқжетпеске" ауысады. 2017 жылы "Ордабасы" клубымен келісімшарт жасасып, Қазақстан чемпионатында 7 матч өткізді. 2018 жылдың басында "Оқжетпес" сапына ауысты. ## Халықаралық 2012 жылы 12 мамырда Алматыда Буркина-Фасоға қарсы жолдастық кездесуде Ұлттық құрама сапындағы жалғыз ойынын өткізді (0:0). ## Жетістіктері ### Командалық "Оқжетпес" Бірінші лига жеңімпазы: 2018 "Ордабасы" Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2017 ## Сілтемелер * Ойыншы профилі  (ағыл.) Transfermarkt сайтында * Soccerway сайтындағы профилі  (ағыл.) * European Football/Санат Сансызбайұлы Жұмаханов/eu-football.info  (орыс.)
Сабина Заирқызы Әзімбаева (14 ақпан 2000, Алматы, Қазақстан) — қазақстандық модель, Алматы аруы 2017 сұлулық байқауының жеңімпазы. Әлем аруы 2018 сұлулық байқауында ел намысын қорғады. ## Өмірбаяны Алматыда туып өскен. «Тұран» колледжін «аудармашы және гид» мамандығы бойынша бітірген. Бокс және мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театрында билермен айналысады. Ұлты бойынша — ұйғыр. Халықаралық бизнес университетінде «туризм» мамандығы бойынша оқиды. 2019 жылдың қазан айында тұрмысқа шықты, күйеуі туралы еш мәлімет жоқ. ## Сұлулық байқаулары ### Алматы аруы 2017 11 қыркүйекте Алматы аруы 2017 сұлулық байқауының жеңімпазы атанды. ### Қазақстан аруы 2018 «Қазақстан аруы-2018» ұлттық сұлулық байқауына қатысты. Ол бесінші орынға ие болып, Топ-5-ке кірді. ### Әлем аруы 2018 «Әлем аруы-2018» байқауында Қазақстан атынан қатысты. Бастапқыда «Әлем аруы-2017» байқауына қатысуы керек еді, бірақ оның орнына Камила Асилова барды. ## Дереккөздер
Әділхан Әкімжанов (1922 жылы, Топтерек ауылы, Томбы губерниясы — 1993 жылы) — Қазақ КСР, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының «Күршім» кеңшарының аға шопаны. Социалистік Еңбек Ері (1971). 1922 жылы Томбы губерниясының Топтерек ауылында шаруа отбасында дүниеге келген (қазіргі — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы). 1939 жылдан Сталин атындағы ұжымшарында (кейінірек — XX партсъезд атындағы ұжымшар) шопан болып жұмыс істейді. 1958 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін Күршім ауданындағы Күршім кеңшарында аға шопан болып жұмыс жасады. 1959 жылы КОКП қабылданды. 8-бесжылдықта жыл сайын қозы өсіру жоспарын асыра орындады. 1970 жылы әр жүз саулықтан орта есеппен 120 қозы алып, әр қойдан орта есеппен төрт келі жүн қырқып алды. Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудағы және мемлекетке мал шаруашылығы өнімдерін сатудың бесжылдық жоспарын орындаудағы жоғары жетістіктері үшін оған КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1971 жылы 8 сәуірде Ленин орденімен және «Орақ пен Балға» алтын медалімен марапатталды. 1993 жылы көз жұмды. ## Әдебиет * Музалевский М. В. Герои Социалистического Труда. Биобиблиографический словарь. — М.: РИЦ «Кавалер», 2008. — Т. 2. — 200 с. * Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. — Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. — Әкімжанов Әділхан: б. 215. * Абылкасымов, Т. Трудолюбие и опыт [Текст] : [о Герое Социалистического Труда — чабане А. Акимжанове] / Т. Абылкасымов // Рудный Алтай. — 1971. ## Сілтеме * Темір Кәрімов. Әділхан Әкімжанов «Герои страны» сайты. * Әкімжанов Ә., Шығыс Қазақстан: әйгілі есімдер ## Тағы қараңыз * Қойлыбай Аңғышбаев * Біләл Керейбаев * Досым Асанов ## Дереккөздер
Феликс Пасслак (нем. Felix Passlack; 1998 жылы 29 мамырда туған, Ботроп, Солтүстік Рейн-Вестфалия) — неміс футболшысы, "Боруссия Дортмунд" клубының қорғаушысы. ## Клубтық мансап Феликс өзінің мансабын өзінің туған қаласынан шыққан қарапайым "Фортуна" командасында бастады. 2010 жылы ол Оберхаузеннің "Рот-Вайсс" жасөспірімдер командасына қосылды. 2012 жылы жас жартылай қорғаушы Дортмундтық "Боруссияға" ауысты. 2016 жылы ол бірінші командаға ауыстырылды. "Боруссия" сапында Феликстің дебюті 2 наурызда Бундеслиганың "Дармштадт" клубына қарсы ойында өтті. ## Ұлттық құрамадағы мансабы Феликс Германияны жастар деңгейінде ұсынады. 2015 жылы ол 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатына қатысты. Фриц Вальтер медалі атап өтілді. ## Жетістіктері ### Командалық «Боруссия Дортмунд» * Германия Кубогының иегері: 2020/21 Германия құрамасы (17 жасқа дейін) * Германия чемпионы (2): 2014, 2015 Германиия құрамасы (19 жасқа дейін) * Германия чемпионы: 2016 ### Жеке * Фриц Вальтер медалі U-17: 2015 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Felix Passlack // Transfermarkt.com (ағыл.)
«Аманай мен Заманай» — Сәкен Жүнісовтің романы. Бастапқыда, 1987 жылы «Заманай мен Аманай» деп аталатын повесть ретінде жарияланды, кейін едәуір толықтырылды. Туындыға 1930-шы жылдардың дүрбелеңіне тап келген қазақ ауылдарының тағдыры оқиға етіп алынған. Оқиға ұжымдастыру кезінде жат жерге қоныс аударған қазақ аулының жүдеу тіршілігінен бастау алып, шегіністер арқылы суреттелген. 1997 жылы шығарма бойынша «Заманай» атты көркем фильм түсірілді. 2018 жылы роман ағылшын тіліне аударылды. ## Дереккөздер
Айсұлу Маратқызы Әзімбаева (9 қаңтар 1988, Алматы, Қазақ КСР) — қазақстандық кино және театр актрисасы, тележүргізуші. ## Өмірбаяны Айсұлудың әкесі Марат Әзімбаев «Отырардың қирауы», «Ине», «Құдайлардың күші», «Тоғызыншы ұлдан, сақтан, жау» сияқты киноларда ойнаған атақты қазақ дзюдошысы және актер болды. Айсұлу бала кезінен спортпен және бал билерімен, сонымен қатар балетпен айналысады. 2012 жылы «Жұлдыздармен билеу» жобасының қатысушысы болды. 2004 жылы жеке мектепті экстерн ретінде бітіріп, Дубайдағы «Америкалық университетке» «Қаржы» мамандығы бойынша оқуға түсті, басқа мәліметтер бойынша қаржылық сарапшы. 2008 жылы кәсіпкерлік басқару бакалавры дәрежесін алды. Әзімбаева актриса болуды ешқашан жоспарламаған, оны математика мен аналитика көбірек қызықтыратын. 2008 жылдың қыркүйегінде жарнама саласында жұмыс істей бастады, бірақ 2009 жылдың желтоқсанында өз бағдарын өзгерту туралы шешім қабылдады. Келесі жылы іс-шаралар, атап айтқанда балалардың туған күндері мен қызойнақ кештерін ұйымдастырумен айналысты. 2010 жылы «Әсел, достар мен қыздар» телехикаяның іріктеуіне қатысып, онда басты рөлді алды. 2015 жылдан бастап Айсұлу театрдағы мансабын Разия Хасанованың «Көңілдес әйел» қойылымынан бастады. Сондай-ақ, Айсұлу «Артишок» театрының — «Қалың дәптер» қойылымдарына қатысты. 2012 жылы Лондонда Jameson Empire марапаттарына ие болған «Қара аққу» филіміне 60 секундтық пародиясында ойнады. «Абай 45» жобасын жасаушылардың бірі, Абайдың «Қара сөздері» интерактивті аудиокітап. ## Фильмдер тізімі ## Альпинизм Актрисаның хоббиінің бірі — альпинизм. 2016 жылы ол Кавказдағы Еуропаның ең биік Эльбрус шыңына (5642 м) көтерілді, 2017 жылы Тибетте 4627 м биіктігіндегі Нам-Цо биік таулы көліне жетті, 2018 жылы теңіз деңгейінен бес километр биікке шығып Гималайда Лукла қаласынан Гокио көліне дейін трекинг жасады, және 2019 жылдың маусымында әйгілі альпинист Мақсұт Жұмаевпен бірге Грузия жағынан бес мың метрлік Қазыбекті (5034 м) бағындырды. ## Дереккөздер
Саз – Іле Алатауының шығыс бөлігіндегі тау массиві. ## Географиялық орны Алматы облысы Талғар жəне Еңбекшіқазақ аудандары жерінде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 4246 м. Батыстан шығысқа ендік бағытта шамамен 25 км-ге созылған, енді жері 12-13 км. Солтүстігінен Түрген, Шыңтүрген, Есік, оңтүстік беткейінен Шілік өзендерінің салалары таудың мұздықтарынан бастау алады. Құлама беткейлері шатқалдармен тілімденген, жоғарыда олар үшкір шыңдарға ұласады. ## Өсімдігі Таудың ең биік белдеміне альпілік-гляциалдық жер бедері тəн. Тау мұздығы батысындағы Кен институты мұздығымен жалғасқан. ## Дереккөздер
Ерасыл Берікқалиұлы Аманжол (1999 жылы 13 қаңтарда туған, Атырау, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, қорғаушы. ## Мансап Футбол мансабын 2018 жылы "Атырау" клубының құрамында бастады. 2018 жылдың жазында жалға алу құқығымен "Каспийге" ауысты. 2019 жылдың басында "Қызылжар СҚ" клубымен бір жыл мерзімге жалға алынды. ## Жетістіктері ### Командалық "Қызыл-Жар СК" * Бірінші лига жеңімпазы: 2019 "Атырау ФК" * Бірінші лига жеңімпазы: 2020 ## Сілтемелер * Ойыншы профилі  (ағыл.) Transfermarkt сайтында * Soccerway сайтындағы профилі  (ағыл.) * Профилі Vesti.kz
Досым Асанов (1892 жылы, Шеңгелді ауылы — 1992 жылы) — Қазақ КСР, Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданындағы Куйбышев атындағы ұжымшардың аға шопаны. Социалистік Еңбек Ері (1948). ## Өмірбаяны 1892 жылы Шеңгелді ауылында (қазіргі — Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы) кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын он жасында бастады. 18 жасынан бастап Алқабек кенішінде ағаш кесу жұмыстарымен айналысты. 1935 жылы Марқакөл ауданы Куйбышев атындағы ұжымшарына (1957 жылдан бастап — «Марқакөл» қой кеңшары) кірді. Шопан болып жұмыс істеді, кейін аға шопан болып тағайындалды. 1945 жылы мал басын көбейту жоспарын асыра орындады, ол үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды. 1947 жылы Досим Асановтың тобы 517 ұрғашы құйрықты қойдан 648 қозы өсірді, бұл пайыз бойынша әр жүз ұрғашыға 125 қозыдан келді. Қозының орташа салмағы 40 келіні құрады. 1947 жылы колхоз ауылшаруашылық өнімдерін міндетті түрде жеткізуді және мал шаруашылығын дамыту жоспарын орындағанда мал шаруашылығының жоғары өнімділігін алғаны үшін оған Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1948 жылы 23 шілдеде КСРО Ленин орденімен және «Орақ пен Балға» алтын медалімен марапатталды. Кейінгі жылдары жыл сайын әр жүз ұрғашыдан орта есеппен 115-130 қозы алды. 1957 жылы мал шаруашылығындағы айрықша еңбек жетістіктері үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Бірнеше рет аудандық соттың халық кеңесшісі, Марқакөл аудандық депутаты және ауылдық кеңестерінің халық депутаты болып сайланды. 1958 жылы зейнеткерлікке шықты. 1992 жылы қайтыс болды. ## Әдебиет * Жүмүкенова, Л. Ауылым менің -Шеңгелді [Мәтін] / Л. Жүмүкенова // Рауан. — 2008. — 16 тамыз. * Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. — Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. — Асанов Досым: б. 186. * Музалевский М. В. Герои Социалистического Труда. Биобиблиографический словарь. — М.: РИЦ «Кавалер», 2008. — Т. 2. — 200 с. * Герои Социалистического Труда — казахстанцы [Текст]. Т. 1. — Алма-Ата : Казахстан , 1969. ## Тағы қараңыз * Шыңғыс Әзімбаев * Тілеуқабыл Өмірбеков * Батырқайыр Қасқабасов ## Сілтеме * Темір Кәрімов. Асанов Досым «Герои страны» сайтында. * Асанов Д., Шығыс Қазақстан: әйгілі есімдер
Ракөш — Атырау облысы, Мақат ауданы құрамында болған ауыл. XIX ғасырдың I жартысында Жем өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасында бой көтерген балықшылар кенті. XX ғасырдың басында Ембі мұнайын иемденген “Эмба” және "Жайық-Каспий” қоғамдары осы маңайға мұнай айыру зауыттарын тұрғызған. Сонымен бірге мұнай сақталатын қазандар орнатып, оларды Доссордан тартылған құбырлар арқылы толтырып отырған. Пристаньға келген кемелерге құйып, мұнай мен мұнай өнімдерін Астраханға, одан әрі орталыққа жөнелткен. Өндіріс өркендеп, жұмысшылар санының көбеюі елді мекеннің ұлғаюына септігін тигізді. Бірнеше шағын аудандар пайда болды. Бастауыш мектеп, фельдшерлік пункт, шіркеу, т.б. тұрғызылды. XX ғасырдың 30-жылдарына дейін кент Ракөш болысының орталығы болып есептелген. Оған 7 ауылдық Кеңес қараған. Халқының саны - 5334 адам. Темір жол тартылып, Каспий-Орск мұнай құбыры төселгеннен кейін мұнайды теңіз арқылы тасымалдау тоқтатылды. Осыған байланысты тұрғындар жұмыс орны бар мекендерге қоныс аударып кетті. Бүгінде теңіз суы шайған орны ғана бар. ## Дереккөздер
Самарбай – Теңіз-Қорғалжын алабындағы тұйық көл. ## Географиялық орны Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылының солтүстік-шығысында 9 км жерде орналасқан. ## Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 326 м биіктікте жатыр. Аумағы 3,8 км2, ұзындығы 2,5 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 7,9 км. ## Жағалау сипаты Көл жағалауы жайпақ, қамыс, құрақ өскен. Суы тұщы. Батысында Қоскөл, Жарлыкөл, оңтүстігінде Ұзынкөл көлдері бар. Көктемгі еріген қар, жер асты суларымен толысады. Қарашаның аяғында суы қатып, сəуір айында ериді. Көл төңірегі егістікке, біраз бөлігі жайылым ретінде пайдаланылады. Суына мал суарылады. ## Дереккөздер
Рамиль Теймурович Шейдаев (әз. Ramil Teymur oğlu Şeydayev, 15 наурыз 1996, Санкт-Петербург, Ресей) — ресейлік және әзірбайжандық футболшы, Әзербайжан Ұлттық футбол құрамасы мен "Қарабақ" клубының шабуылшысы. ## Карьерасы "Зенит" клубының түлегі. 2013 жылы негізгі құрамда ойнай бастады. 2015 жылы азырақ уақыт "Рубинге" жалға берілді. "Рубин" сапында онша көп ойнай алмады, чемпионатта бір ғана кездесуде алаңға шықты. 2016 жылы "Трабзонспорға" ауысты. 2017 жылдың басында "Жилинаға" арендаға кетті. Жазда "Қарабақ" клубына жалға берілді. 2018 жылы "Крылья Советовке" ауысты. 2019 жылы жазда "Динамо" (Мәскеу) футболшысы атанды). 2020 жылы "Сабах" клубына ауысты. 2021 жылы төрт жылдық үзілістен кейін "Қарабах" клубына қайта келді. ### Халықаралық Ресейде дүниеге келгендіктен, Ресейдің бірнеше жастағы құрамаларында ойнады. 2016 жылы Әзірбайжан азаматтығын алып, тарихи отанының намысын қорғағысы келетінін мәлімдеді. ## Жетістіктері ### Клубтық «Зенит» * Ресей чемпионы: 2014/15 «Жилина» * Словакия чемпионы: 2016/17 «Қарабақ» * Әзірбайжан чемпионы: 2017/18 Ресей-17 * Еуропа чемпионы: 2013 Ресей-19 * Еуропа чемпионатының финалисі: 2015 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Рамиль Теймурович Шейдаев (әз. Ramil Teymur oğlu Şeydayev, 15 наурыз 1996, Санкт-Петербург, Ресей) — ресейлік және әзірбайжандық футболшы, Әзербайжан Ұлттық футбол құрамасы мен "Қарабақ" клубының шабуылшысы. ## Карьерасы "Зенит" клубының түлегі. 2013 жылы негізгі құрамда ойнай бастады. 2015 жылы азырақ уақыт "Рубинге" жалға берілді. "Рубин" сапында онша көп ойнай алмады, чемпионатта бір ғана кездесуде алаңға шықты. 2016 жылы "Трабзонспорға" ауысты. 2017 жылдың басында "Жилинаға" арендаға кетті. Жазда "Қарабақ" клубына жалға берілді. 2018 жылы "Крылья Советовке" ауысты. 2019 жылы жазда "Динамо" (Мәскеу) футболшысы атанды). 2020 жылы "Сабах" клубына ауысты. 2021 жылы төрт жылдық үзілістен кейін "Қарабах" клубына қайта келді. ### Халықаралық Ресейде дүниеге келгендіктен, Ресейдің бірнеше жастағы құрамаларында ойнады. 2016 жылы Әзірбайжан азаматтығын алып, тарихи отанының намысын қорғағысы келетінін мәлімдеді. ## Жетістіктері ### Клубтық «Зенит» * Ресей чемпионы: 2014/15 «Жилина» * Словакия чемпионы: 2016/17 «Қарабақ» * Әзірбайжан чемпионы: 2017/18 Ресей-17 * Еуропа чемпионы: 2013 Ресей-19 * Еуропа чемпионатының финалисі: 2015 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Біләл Керейбаев (1928 — ?) — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының «Боран» кеңшарының аға шопаны, Социалистік Еңбек Ері (22.03.1966). 1928 жылы Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының (қазіргі — Күршім ауданы) Тақыр ауылында қой өсірушінің отбасында туған. 12 жасынан бастап «Свобода» ұжымшарында (кейін — "Боран" кеңшарында) шопанның жәрдемшісі болып жұмыс істеді. 1945 жылдан бастап шопан, кейін аға шопан болды. 1962 жылы әрқайсысынан 122, 1963 жылы — 121, 1964 жылы — әрқайсысы 141, 1965 жылы — 100 ұрғашы қойға 144 қозы алып, сақтады. Жылдар бойы жүн қырқу бір қойға 4 келі болды. Қой шаруашылығын дамытуда қол жеткізген табыстары үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1966 жылғы 22 наурыздағы Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1971 жылға қарай, қожалықта жұмыс істеген кезеңде барлығы 12 мыңнан астам қозы бағып, мемлекетке 30 тоннадан астам жоғары сапалы жүн тапсырды. Қазақстан КП Шығыс Қазақстан обкомы мен Марқакөл аудкомның мүшесі, Еңбекші халық депутаттары облыстық кеңесінің депутаты болып сайланды. Оның есімі Қазақ КСР Алтын құрмет кітабына енгізілген. ## Сілтеме * Керейбаев Біләл, Шығыс Қазақстан: әйгілі есімдер / А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан кітапханасы * Сурет ## Тағы қараңыз * Төрсағат Қозыбаев * Тілеуқабыл Өмірбеков * Мұса Байсемізов ## Дереккөздер * Солнце светит всем [Текст] : очерк / Мусин М. // Рудный Алтай. — 1967. — 4 июня Аннотация: О Герое Социалистического Труда Бурановского совхоза ВКО Б. Керейбаеве. * Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. — Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. — Керейбаев Біләл: б. 392. * Герои Социалистического Труда — казахстанцы [Текст]. Т. 1. — Алма-Ата : Казахстан , 1969. * Дорогой борьбы и свершений: Из истории ках. аула. Абде Бочинович Турсунбаев. Казахстан,, 1971 — Всего страниц: 167