text
stringlengths
3
252k
Ескене — Атырау облысы, Мақат ауданы, Бәйгетөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Мақат кентінен оңтүстік-батысқа қарай 77 км жерде орналасқан. ## Тарихы 2017 жылы елді мекенге ауыл статусы берілді. ## Халқы Станса жанындағы елді мекенде 45 тұрғын үй бар. 1989 жылы елді мекенде 155 адам тұрған. Тұрғындар саны - 183 адам (2004 ж.). 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 261 адамды (142 ер адам және 119 әйел адам) құрады. ## Кәсібі Стансаға міндеттелген жолдың бойында 54 адам жұмыс жасайды. Олардың 21-і жол жөндеушілері, 6-ы байланысшы, 4-і электр монтерлері, 8-і қозғалыс қызметіндегілер, 2-і медицина қызметкерлері, 13-і әртүрлі мамандық иелері. Олардың негізгі міндеттері тапсырылған жол аралығында жүк және жолаушылар поездарының бос тоқталысына жол бермеу, қозғалыс қауіпсіздігін камтамасыз ету, тұрақты байланыс орнату, қызметкерлерге қалыпты жұмыс жағдайын туғызу болып табылады. ## Дереккөздер
Төрсағат Қозыбаев (1878 жылы — 1957 жылы) — Қазақ КСР, Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы «Коминтерн» ұжымшарының аға шопаны. Социалистік Еңбек Ері (1948). 1878 жылы (басқа деректер бойынша — 1885) қазіргі Күршім ауданы аумағында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. 1897 жылдан бастап шопан болып жұмыс істейді. 1920 жылдардың соңында Марқакөл ауданындағы «Коминтерн» ұжымшарына кіреді. Кейін аға шопан болып тағайындалды. 1947 жылы Төрсағат Қозыбаевтың тобы 402 ұрғашы қойлардан 499 қозы өсірді, бұл орташа әр жүз ұрғашы қойдан 124 қозы болып келеді. Қозының орташа салмағы 40 келі болды. 1947 жылы ұжымшар ауыл шаруашылық өнімдерін міндетті түрде жеткізуді және мал шаруашылығын дамыту жоспарын орындаған кезде мал шаруашылығынан жоғары өнімділік алғаны үшін оған Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1948 жылы 23 шілдеде КСРО Ленин орденімен және «Орақ пен Балға» алтын медалімен марапатталды. 1948 жылы Төрсағат Қозыбаевтың тобы 415 ұрғашы қойдан 538 қозы өсіріп, социалистік жарыста ауданда бірінші орынға ие болды, осыған орай екінші Ленин орденімен марапатталды. 1957 жылы дүниеден өтті. ## Әдебиет * Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. — Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. — Қозыбаев Төрсағат: б. 464. * Герои Социалистического Труда — казахстанцы [Текст]. Т. 1. — Алма-Ата : Казахстан , 1969. ## Сілтеме * Темір Кәрімов. Қозыбаев Төрсағат «Герои страны» сайтында. * Қозыбаев Төрсағат, Шығыс Қазақстан: әйгілі есімдер/ А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан кітапханасы ## Тағы қараңыз * Қойлыбай Аңғышбаев * Біләл Керейбаев * Досым Асанов ## Дереккөздер
Сағыз кенті — Атырау облысы, Мақат ауданы құрамында болған мұнайшылар ауылы. Доссор кентінен оңтүстік шығысқа қарай 18 шақырым, Мақат темір жол стансасынан оңтүстікке қарай 18 шақырым жерде орналасқан. Іргесі 1938 ж. мұнайшылар кенті ретінде қаланды. Халқы 0,9 мың (1975). Мұнай өндірісі, сегізжылдық мектеп, кітапхана, аурухана, клуб, қосалқы қуаттық станция, дүкендер, асхана, байланыс, су қотару стансасы болған. XX ғас.70 жылдары кен қабатындағы мұнай қорының азаюына байланысты жұмыс орындары да көптеп қысқарды. Бүгінде кен орнынан мұнай өндірілмейді. Өндіріс басшылары мұнайшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатымен Мақат кентінде арнайы тұрғын үйлер тұрғызып, олардың отбасыларын жаңа қонысқа аударды. Соның нәтижесінде Сағыз кентін қазір ешкім мекендемейді. Кенттегі ғимараттар мен жайлардың орнында төмпешіктер ғана қалған. ## Дереккөздер
Қойлыбай Аңғышбаев (1905 жылы, Қызылту ауылы, Семей облысы, Ресей империясы — 1991 жылы, Күршім ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан) — Қазақ КСР, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының «Қызылту» ұжымшарының аға жылқышы. Социалистік Еңбек Ері (1948). ## Өмірбаяны 1905 жылы Семей облысында шаруа отбасында дүниеге келген (қазіргі — Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы). Он екі жасынан бастап батырақтық жұмыстарымен айналысты. 1923 жылдан Құйған ауылындағы кірпіш зауытында жұмыс істеді. 1930 жылы Күршім ауданының Қызылту ұжымшарына кіріп, онда жылқышы болып жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысына 204 атқыштар дивизиясының құрамында қатысты. Әскерден қайтқаннан кейін туған ұжымшарына қайтып, онда аға жылқышы болып тағайындалды. 1947 жылы Қойлибай Анқышпаевтың тобы 20 биеден 20 құлын өсірді. 1947 жылы мал шаруашылығының жоғары өнімділігін алғаны үшін, ұжымшар ауылшаруашылық өнімдерін міндетті түрде жеткізуді және мал шаруашылығын дамытудың жоспарын алған кезде, оған Жоғарғы Президиумының жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1948 жылы 23 шілдедегі КСРО Кеңесі Ленин ордені және Орақ пен Балға ордені берілді. Күршім ауылдық депутаттар кеңесінің депутаты болып сайланды. 1949 жылдан Ворошилов атындағы ұжымшарда аға шопан, 1957 жылдан Күршім ауданы «Марқалы» кеңшарында аға шопан болып еңбек етті. 1991 жылы дүниеден өтті. Естелік Күршім ауылының көшелерінің біріне оның есімі берілген. ## Әдебиет * Музалевский М. В. Герои Социалистического Труда. Биобиблиографический словарь. — М.: РИЦ «Кавалер», 2008. — Т. 2. — 200 с. * Герои Социалистического Труда — казахстанцы [Текст].Т. 1. — Алма-Ата : Казахстан , 1969. * Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. — Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. — Аңғышбаев Қойлыбай: б. 181. ## Сілтеме * Темір Кәрімов.Қойлыбай Аңғышбаев «Герои страны» сайтында. * Аңғышбаев Қ., Шығыс Қазақстан: әйгілі есімдер ## Дереккөздер
№414 - темір жол айрығы — Атырау облысы, Мақат ауданы, Бәйгетөбе ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы. ## Географиялық орны Доссор кентінің шығысында 12 шақырым жерде орналасқан. ## Халқы Бекеттегі тұрғын үйлерде 16 адам тұрады.(2004ж.) ## Кәсібі 8 теміржолшы бекеттегі кезекшілік, белгі беру және байланыс, жол жөндеу жұмыстарын атқарады. ## Дереккөздер
№441 - темір жол айрығы – Атырау облысы, Мақат ауданы, Бәйгетөбе ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы. ## Географиялық орны Доссор кентінің батысында 15 шақырым жерде орналасқан. ## Халқы Бекет басындағы тұрғын үйлерде 25 адам тұрады. ## Кәсібі Бекетте 6 темір жолшы жұмыс жасайды: бекет кезекшілері, жол монтерлері, белгі беру және байланыс қызметкерлері. ## Дереккөздер
№471 (Бекбике) темір жол айрығы — Атырау облысы, Мақат ауданы құрамында болған темір жол айрығы. 2009 жылы таратылып, тұрғындары Атырау қаласына көшірілген. ## Географиялық орны Атырау-Маңғыстау темір жол бойындағы бекет. Бекбике елді мекенінің оңтүстік-шығысынан 2-3 шақырым жерде орналасқан. ## Кәсібі Бекетте 21 теміржолшы еңбек етеді. Олардың ішінде бекет кезекшілері - 3, жол жөндеушілер - 10, электр монтерлері мен механигі - 4, байланысшылар -4. ## Дереккөздер
Мұса Байсемізов (1879 жылы, Парамоновка ауылы, Семей облысы — 1969 жылы) — Қазақ КСР, Семей облысы, Абай ауданы, «Жүрекадыр» ұжымшарының аға шопаны. Социалистік Еңбек Ері (1948). 1879 жылы Парамоновка ауылында (бүгінде — Қатонқарағай ауданы Құндызды ауылы) шаруа отбасында дүниеге келген. 1929 жылы Абай ауданының «Жүрекадыр» ұжымшарын құрушылардың бірі болды. Ол осы ұжымшарда шопан болып жұмыс істеді. Кейін аға шопан болып тағайындалды. 1947 жылы Мұса Байсемізовтің тобы мал басын көбейтуде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Мал шаруашылығының жоғары өнімділігі үшін 1947 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 жылғы 23 шілдедегі жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы, Ленин ордені мен Орақ пен Балға алтын медалі берілді. 1953 жылы 519 құйрықты қойлармен айналысты. Әр жүз ұрғашы қойлардан орта есеппен 105-тен қозы алып, әр қойдан орта есеппен 3,1 келі жүн қырқылды. 1954 жылы әр жүз ұрғашы қойлардан орта есеппен 111 қозы алды. 1954 жылы Бүкілодақтық ХШЖК қатысты. 1969 жылы қайтыс болды. Шығармалары * Выставка — плоды труда, Екпiндi, 1954, 1 тамыз * Счастье чабана, Приыртышская правда, 1954, 7 шілде Естелік Абай ауданы Құндызды ауылындағы көшелердің біріне Мұса Байсемізовтің есімі берілді. ## Әдебиет * Музалевский М. В. Герои Социалистического Труда. Биобиблиографический словарь. — М.: РИЦ «Кавалер», 2008. — Т. 2. — 200 с. * Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. — Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. — Байысқақов Т.: б. 242. * Тарасов В., Старший чабан Муса Байсемизов, Приыртышская правда, 1954, 18 августа * Адильбеков К., В отаре чабана — кандидата на выставку, Екпiндi, 1954, 24 июня * Байсемізов Мұса/ Опыт передовиков сельского хозяйства Казахской ССР, стр. 106 ## Тағы қараңыз * Қойлыбай Аңғышбаев * Біләл Керейбаев * Досым Асанов * Төрсағат Қозыбаев ## Дереккөздер
№472 – темір жол айрығы — Атырау облысы, Мақат ауданы, Бәйгетөбе ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы. ## Географиялық орны Атырау-Маңғыстау темір жол бойындағы бекет. Мақат стансасынан Ақтау бағытында орналасқан. ## Халқы Бекет басында 6 адам тұрады.(2004 ж.). Темір жолшылар Мақат кентіне қатынап жұмыс жасайды. ## Дереккөздер
№402 - темір жол айрығы — Атырау облысы, Мақат ауданы, Бәйгетөбе ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы. ## Географиялық орны Доссор кентінің шығысына қарай 24 шақырымда орналасқан темір жол айрығы. ## Халқы 7 тұрғын үйде 40 адам мекендейді. (2004 ж.) ## Кәсібі Бекетте 2 кезекші, 3 жол жөндеуші, 3 байланысшы, 1 электр механигі жұмыс жасайды. ## Дереккөздер
«Түрксіб» — қазақ кескіндемешісі Әбілхан Қастеевтің 1969 жылы салған суреті. Алғашқы еңбек жолын ол осы Түрксіб темір жол құ­рылысында жер қазушы ретінде бастаған. Қазақ даласына келген жаңа­шылдық, замандастарының темір жолға деген алғашқы көзқарасы, дархан даланың тылсым үні бәр-бәрі оның жан дүниесіне өшпестей із қалдырғаны анық. Сол құрылыстың нәтижесін бейнелеу үшін Қастеев алдымен 1932 жылы акварельмен салынған нобайды дайындап шығарады. Онда адырлы жермен көрермен жаққа ұмтылған пойыз бен түйе үстінде оның жүрісін бақылап отырған бақташы бейнеленген. Бұл шағын ғана сурет және қарапайым техникада салынған. Ал 1969 жылғы сурет — Қастеевтің ең танымал туындыларының бірі. Оның өлшемдері 149 × 197 см, майлы бояумен салынған. Екеуін салыстырсақ, суретшінің шығармашылық эволюциясы айқын көрінеді, сондай-ақ мазмұнның күрделеніп, жаңа бейнелермен байтылып шыққаны байқалады. Егер акварельдік нобайда жалғыз ғана адамды көрсек, кейінгі суретте ауыл бойымен өткен пойызды талай жұрт қарсы алып жатқанын байқаймыз. Немересін жетектеген әженің бей­несі мен баланың көрінісінен де үл­кен бір ұлттық сарын сезіледі. Үлкен кісілердің киген киімі мен тұр­­ған тұрысындағы философиялық ой, халқымыздың жаратылысын еріксіз еске түсіреді. Суретшінің ком­позициялық шешімін тапқан және бір тұсы ол, қазақ ер азаматтарын ат үстінде бейнелеуі... Ер азаматтардың киімдері мен бас киімдерін ұлттық ерекшеліктерге сай етіп, картинаға аса шеберлікпен бере білген... Пойыздан шыққан түтіннің өзі аспандағы бұлттармен үйлесім тауып үндесуі, ақша бұлт­тардың суреттегі сюжетпен байланысуы, күн нұрының тау бөктері мен ондағы барлық құбылысқа түсіп, жарық пен көлеңкенің жымдасуы, кез келген әлемге әйгілі суретшілердің шығармаларынан кем түспейді. (Кәміл Шаяхметов) ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Сурет сипаттамасы Мұрағатталған 24 қазанның 2021 жылы. Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы сайтында * Сурет сыры / Түрксіб YouTube сайтында
№377 – темір жол айрығы — Атырау облысы, Мақат ауданы, Бәйгетөбе ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы. ## Географиялық орны Атырау-Ақтөбе темір жолы Мақат станциясынан Ақтөбе бағытына қарай орналасқан. ## Халқы Бекет басында 49 тұрғын бар. Темір жолшылар Мақат кентіне қатынап жұмыс жасайды. ## Дереккөздер
Сарытөбе – Жетісу Алатауындағы Тышқантау тауларының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тау. ## Географиялық орны Жетісу облысы Панфилов ауданы Сарыбел ауылының оңтүстік-шығысында 12 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1657 м. Батыстан шығысқа қарай 2,5 км-ге созылған, енді жері 1,5 км. Беткейі тіктеу, өзен арналарымен тілімденген. Белесті қырқалардан тұрады. ## Өсімдігі Тауалдының қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында астық тұқымдас шөптесіндермен бірге теріскен, тораңғы, т.б. өсімдіктер өседі. Етегі мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Сарытөбе – Ерейментау тауларының солтүстік-шығыс бөлігіндегі тау. ## Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қоржынкөл ауылының оңтүстік-шығысында 7 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 403 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 1,5 км-ге созылған, енді жері 1 км. Беткейі көлбеу, етегінде қиыршықтас үйінділері шоғырланған. Солтүстігінде Майкөл көлі, оңтүстігінде Найзатас, батысында Мейірман, шығысында Боқан қыстаулары бар. ## Өсімдігі Таудың қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, сұлыбас, селеу, жусан, боз, сирек көктерек, қайың, т.б. өседі. Мал жайылымына қолайлы. ## Дереккөздер
Сарытөбе – Жаман Қарғалы жəне Табантал өзендерінің аралығындағы тау. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Табантал ауылының батысында 14 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 382 м. Батыстан шығысқа қарай 6,5 км-ге созылған енді жері 2,5 км. Беткейі көлбеуленіп жазыққа ұласады. ## Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, боз, селеу, ши, тал, т.б. өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Сарытөбе – Шағырай үстіртінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тау. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қаңбақты ауылының солтүстік-батысында 70 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 253 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 2,5 кмге созылған, енді жері 1 км. Көлбеу беткейлері сай-жыралармен тілімденген. Палеогеннің құм, саз, құмтас, тау жыныстарынан түзілген. Етегінде сораң өсімдіктер басым өседі. ## Дереккөздер
Бақдәулет Маратұлы Сәбитов — Qazaq kuresi Ассоциациясының спортты дамыту  жөніндегі директоры. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақ күресінен ұлттық дәрежедегі төреші. 06.04.1992 жылы туған. Бойы:  1,70, салмағы: 66 келі ## Өмірбаяны Сәбитов Бақдәулет Маратұлы 1992 жылы, 6 сәуірде Түркістан облысы, Төле би ауданы, Ленгер қаласында дүниеге келген. Ленгер қаласындағы №2 Ш.Уалиханов атындағы орта мектепте білім алған. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де "Көлік, көлік техникасы және технологиялары" мамандығы бойынша білім алған (2010-2014). Шымкент университетінде "Дене шынықтыру және спорт" мамандығын оқыған (2016-2018). Мәскеу инженерлік-физикалық университетінің "менеджмент" мамандығы бойынша магистранты (2021) ## Бапкері Жабаев Жанпейіс Жәнібекұлы 1951 жылы 14 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Жаңаұйым елді мекенінде дүниеге келген. Баулыған шәкірттері Әлем, Азия біріншіліктерін бірнеше дүркін жеңіп алды. Сондай-ақ, өз әріптестері арасында еңбекқорлығы мен қарапайымдылығы арқасында құрметке бөленген іскер жаттықтырушы. ## Сұхбаттарынан үзінділер "Балалардың спорттық үйірмеге қатысуына жасалған мүмкіндікті бизнестің жеке мүддесіне пайдалануына жол бермеу керек"Республика мектептеріне қазақ күресі пән ретінде енгізіледі Бақдәулет Сәбитов, ҚР Қазақ күресі федерациясының бас хатшысы: - Мамандар дайындауға біршама уақыт бар. Қазіргі таңда 40 минуттан тұратын 100 сабақ жазылды. Енді олар тиісінше мемлекеттік органдарда бекітілу үшін жалғасын тауып жатыр. Алдағы 5-6 жылда біз вариативті сабақ ретінде өткізе тұрамыз. Qazaq kuresi Ассоциациясының Спортты дамыту директоры Сәбитов Бақдәулет «Қазақстан Барысы» жобасының он жыл көлемінде жүріп өткен жолына шолу жасады. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстарда өткен іріктеу жарыстарынан 37 балуан жолдамаға ие болғанын айтып өтті. ## Еңбек жолы, дәрежелері * Qazaq kuresi Ассоциациясының спортты дамыту  жөніндегі директоры * Халықаралық дәрежедегі спорт шебері * Қазақ күресінен ұлттық дәрежедегі төреші * Қазақ күресінен Азия чемпионы (2015 ж.) * Қазақ күресінен "Еуразия Барысы" жобасының үш дүркін жеңімпазы * Дзюдодан Еуропа Кубогының иегері (2011 ж.) * Дзюдодан халықаралық турнирлердің жеңімпазы (2011 ж.) * Дзюдодан Әлем кубогының жүлдегері * Дзюдодан Әлемдік Гран-при жүлдегері (2013 ж.) * ҚР Жазғы Универсиада чемпионы * Самбодан Азия чемпионы (2010 ж.) * Дүниежүзілік Универсиадаға қатысушы (2013 ж.) * Қазақ күресіне қосқан үлесі үшін төсбелгі иегері (2019) ## Галерея * ## Дереккөздер
Сарық – Үшқара (603 м) тауларының солтүстігіндегі тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Науалы темір жол стансасынан батыс, солтүстік-батысқа қарай 35 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 486 м. Батыстан шығысқа қарай шамамен 8 км-ге созылған, енді жері 6 км. Айналасына қарағанда біршама көтеріңкі келген тау басы тегіс, беткейлері көлбеу. Солтүстігінде 8 км жерде Қызылтау тауы (530 м) орналасқан. ## Өсімдігі Төрттік кезеңнің шөгінділері жапқан топырақ жамылғысында қуаң далаға тəн баялыш, еркек шөп, изен, жусан, ұйырғын, т.б. шөптесіндер өскен. Шығыс етегіндегі ойлауытты аймақты сор басқан. ## Дереккөздер
Сарытолағай – Сауыр жотасының солтүстік бөлігіндегі тау сілемі. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қосқора ауылының оңтүстік-батысында 5 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2594 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай 8 км-ге созылған, енді жері 5 км. Беткейлері тік. Ақкезең, Қараүңгір өзендері басқа таулардан бөліп жатыр. Солтүстігінде Сайқын жотасы, оңтүстігінде Салық тауымен шектеседі. ## Өсімдігі Солтүстік беткейін 800–1800 м биіктікте қылқан жапырақты орман көмкерген. 2000 м-ден жоғары биіктікте альпі шалғыны басым. Етегіндегі Қосаша, Мəңке қыстаулары маңында дала өсімдіктері өседі. ## Дереккөздер
Сарықар – Сауыр жотасының қиыр батыс сілеміндегі тау. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласынан оңтүстікке қарай 15 км жерде орналасқан. ## Жер бедері, геологиялық құрылымы Абсолюттік биіктігі 1481 м. Ендік бағытта 3 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1,5 км-ге созылған. Тау жоғарғы палеозойдың тау жыныстарынан түзілген. Мұнда эффузивті порфирлер мен порфириттер кең тараған. Беткейлері тік жартасты, құлама келген. Баурайында пролювийлі-делювийлі шөгінділермен қорымтастар кездеседі. ## Өсімдігі Шығысы мен солтүстік беткейінде жалпақ жапырақты орман қалыптасқан. Етегінен Жеменей өзенінің салалары бастау алады. Өзен аңғары мен тау етегінің қиыршықты қызғылт қоңыр топырағында қуаң далаға тəн бұта аралас астық тұқымдас шөптесіндер өседі. ## Дереккөздер
Баба (Бабий) – Каспий теңізі жағалауындағы арал. ## Орналасуы Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Теңіз ауылдық округі аумағында орналасқан. ## Сипаттамасы Аралдың ұзындығы 5,5 км. енді жері 4-5 км. Құрлық бөлігіндегі Бабья Коса қонысынан 200 метрлік көпір арқылы жалғасып жатыр. Жер бедері тегіс. Шығысы мен солтүстік жағалауларында қамыс өскен. Аралды шығысынан Синее Морцо, батысынан Баба шығанақтары қоршап жатыр. ## Дереккөздер
Бостандық ескерткіші (ағылш. Statue of Liberty) — Солтүстік Америкадағы ағылшын иелігіндегі жерлердің азаттық күресіндегі Франциямен болған одақтастыққа ескерткіші ретінде Францияның АҚШ-қа тартқан сыйлығы. ## Ескерткіш тарихы Алып мүсінді жасау туралы ойды француз мүсіншісі Ф.А. Бартольди ұсынған. 1871 жылы Нью-Йоркке сапарында Бартольди кеме қалаға жақындаған кезде Белдоу аралындағы жұлдыз сипатты бекіністі көріп, болашақ мүсін ескі бекініс үстінде алау көтерген әйел бейнесі болады және ол «Әлемді сәулелендірген Азаттық» деп аталуға тиіс деген ойға келген. Француздар мүсінді, ал америкалықтар оның тұғырын жасауға келісті. Мүсінді Бартольди жасады, металл қаңқасын Г. Эйфель құрастырды, бет-бейнесіне мүсіншінің анасы Шарлотта Бартольди үлгі болды. 1884—1886 жылдарда мүсін дайын болды. Ескерткіш 1886 жылы 28 қазанда Нью-Йорктегі Бедлоу аралында ашылды. Мүсіннің биіктігі 46.5 м, тұғыры 46.94 м, жалпы салмағы 225 т. Әйел мүсінінің басына 7 шабағы бар тәж кигізілген, оң қолына алау көтерген, сол қолында заңдар кітабы бар, ол кітапта АҚШ-тың тәуелсіздік күні жазылған. 1903 жылы мыс табақша жапсырылды, онда Э. Лазарустың дастанынан үзінді берілген. Тәждегі шабақтар 7 теңіз бен 7 құрлыққа жарқырап төгілген сәулені білдіреді. Мүсін әуелде боялмаған еді, кейін мыстың қышқылдануы нәтижесінде ол жасыл түске енді. Мүсін тұғырының ішінде АҚШ-қа иммигранттардың келу тарихы және осы ескерткіштің құрылысы туралы мәліметтер беретін мұражай бар. Мүсін азаттықтың белгісі ретінде ұлттық ескерткішке айналған. * * * ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Statue of Liberty National Monument The official Historical Site handbook. * StatueOfLiberty.info All about the Statue of Liberty—French—English. * PBS documentary about statue of liberty * Statue of Liberty-Ellis Island Foundation Fun facts, children's picture contest, and other information on the foundation. * Statue of Liberty Facts Мұрағатталған 12 ақпанның 2010 жылы. * The Statue of Liberty article by Alexandra Kollontay, 1916. * Historical Information and Photographs * A Palestinian version of the Statue of Liberty on the cover of "This Week in Palestine" (Ramallah), No. 95, Наурыз 2006 * Gallery Images of the Statue of Liberty Мұрағатталған 14 маусымның 2009 жылы.
Қақпақ — қандай да бір ыдыстың, жәшіктің, сыйымдылықтың үстін жабатын бөлігі. * * * * *
Тұрсын Хафизұлы Ғабитов (1947 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Биғаш ауылы) – философия ғылым докторы (1997). ҚазМУ-ды (1971, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1971–79 ж. ҚазҰУ-да ассистент, 1979–83 ж. осы университетте оқытушы, 1983–91 ж. доцент, 1991–95 ж. кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1998 жылдан профессор Ғабитов 28 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның авторы.
Баба (Бабий) – Каспий теңізіндегі шығанақ. ## Орналасқан жері Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Теңіз ауылдық округі аумағында орналасқан. ## Сипаттамасы Сомовий, Сомёнок және Средний аралдары қоршап жатыр. Шығанақ ұзына бойына 35 шақырымға созылған, енді жері 7 шақырымдай. Құрлықтағы шығыс бөлігінде Бабья коса қонысы орналасқан. Шығанақ бойымен Үтері (Утера) атты теңіз каналы өтеді. ## Дереккөздер
Сарыбастау – Быжы жəне Мұқыр өзендерінің аралығындағы тау. ## Географиялық орны Жетісу облысы Көксу ауданы Қызылтоған ауылының солтүстігінде 11 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1231 м. Батыстан солтүстік-шығысқа қарай 11 км-ге созылған, енді жері 8 км. Беткейі тіктеу, өзен арналарымен тілімденген. Солтүстік-шығысында Жуантөбе, шығысында Лабасы, оңтүстік-шығысында Қызылауыз, батысында Алтыуайттау таулары жатыр. Етегінде Мұсабек қыстауы бар. ## Өсімдігі Таудың қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында итмұрын, тобылғы, тал, терек, т.б. өсімдіктер өседі. Таудың шығысынан Алматы – Талдықорған автомобиль жолы өтеді. ## Дереккөздер
Байдаркада және каноэде есуден Азия чемпионаты Азия каноэ федерациясымен 1985 жылдан бастап өткізіледі. ## Чемпионаттар тізімі ## Жалпы медальдар саны 2000-2024 жж. ## Сыртқы сілтемелер * Азия каноэ федерациясының ресми сайты Мұрағатталған 17 мамырдың 2014 жылы.
Санғасы – Сілеті жəне Өлеңті өзендері аралығындағы тұзды тұйық көл. ## Географиялық орны Ақмола облысы Бестөбе кентінің оңтүстік-шығысында 39 км жерде орналасқан. ## Гидрогафикасы Теңіз деңгейінен 196 м биіктікте жатыр. Аумағы 3,9 км2, ұзындығы 2,5 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 7,1 км. Жаз айларында аумағы кішірейеді. Жағалауы түйетайлы, сортаң, батпақты. Көктемгі еріген қар, жер асты суларымен толысады. Суы қараша айының соңында қатып, сəуірдің аяғында ериді. Алабы – жайылым. ## Дереккөздер
Сандықтас – Шұбарайғыр тауларының солтүстік-шығысындағы тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай жəне Абай облысы Аягөз аудандары жерінде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 962 м. Оңтүстік-батыстан шығысқа қарай 7 км-ге созылған, енді жері 4 км. Беткейлері тегістеліп өңделген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Таудың солтүстік-шығысындағы бұлақтардан Қараөзек өзені бастау алады. Батысы жəне оңтүстігінде қорымтастың мол үйінділері шоғырланған. Солтүстік-батысында Үшқайың, оңтүстігінде Жауыр, батысында Қарашоқы таулары қоршап жатыр. ## Өсімдігі Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында бұта аралас жусан, сұлыбас, боз, селеу өседі. Атырабында жайылымдық жерлер мен қыстаулар бар. ## Дереккөздер
Қызылауыз – Лабасы тауының оңтүстік-батысындағы таулар. ## Географиялық орны Жетісу облысы Көксу ауданы Қызылтоған ауылының солтүстігінде 2 км жерде, Быжы мен Көксу өзендерінің аралығында орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 978 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 14 км-ге созылған, енді жері 6 км. Беткейлері сай-жыра, аңғарларымен тілімденген. Жонды-қырқалы келген. Солтүстік-батысында Сарыбастау, оңтүстігінде Арқалық, батысында Жосалы таулары орналасқан. ## Өсімдігі Тауалдының қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, селеу, итмұрын, тобылғы, тал, т.б. бұталар өседі. Баурайы егістікке және мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Құмбел – Арасан тауының шығысындағы асу. ## Географиялық орны Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Арасан өзенінің жоғарғы ағысында 2600 м биіктікте орналасқан. Асудан жыл бойы салт атты адам өте алады. ## Геологиялық құрылымы Палеозой дәуірінің герцин тау жасалу кезеңінде пайда болған. Беті төрттік шөгінділермен жабылған. ## Климаты Климаты қоңыржай белдеудің тұран континеттік облысына жатады. Қаңтардың орташа температурасы 8-12°С, ал шілдеде 18-20°С, жылдық жауын-шашын мөлшері 700-800 мм. Топырақ жамылғысы тау шалғындық. ## Дереккөздер
* Құмбел – Арасан тауының шығысындағы асу. * Құмбел – Іле Алатауының батыс бөлігіндегі асу. * Құмбел – Қырғыз Алатауындағы асу. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында.
Иманқара үңгірі – Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласынан солтүстік – шығысқа қарай 60 шақырым жерде орналасқан. ## Сипаттамасы Үңгір орналасқан таудың ұзындығы 2 шақырым, ені 300 м, биіктігі 200 м. Үстіңгі тегіс жазықта 18 қорған салынған. Олардың биіктігі 0,5-1 м, ал диаметрі 3-15 м. аралығында. Иманқара кешені Қазақстан аумағындағы өзіндік өркениеті болғандығын дәледейтін, адамзаттың тарихи дамуындағы маңызды кезеңдер туралы болжам жасауға мүмкіндік беретін көне қоныстар мен тұрақтардың қатарынан орын алады. Үңгірдің биіктігі 2 м, ені 2,5 метр. Тереңдігі 25 метр. Тік төртбұрышты болып қазылған. 3 дәлізден және қосалқы қуыстардан тұрады. Қосалқы дәліздер жасалған, қабырғаларында күрек, қайла іздері байқалады. Үңгір қабырғалары мен төбесі күйеден қарайған. Іштен шығарылған тау жынысы 10 метр қашықтықта үйіліп жатыр. ## Тарихы Тас ғасыры, ерте темір және қола дәуірлері кезеңінен қанжар, қола жебе, қола айна, шыны моншақ, қыш ыдыстар т.б.жәдігерлер табылған. Иманқара тауының қасиетіне табыну өз бастауын әріден алады. Ерте темір дәуірінен бастап адамдар табынатын әулиелі жерге айналған үңгір күні бүгінге дейін құпиясын сақтауда. Таудың үстінде тегіс жазықтықта орналасып, сарматтар жерленген тас обалар біздің эрамызға дейінгі V-ғасырдан сыр шертеді. Иманқара үңгірі туралы қай ғасырдың да өз аңызы бар. Алғаш табиғи үңгір түрінде пайда болған қуысты неолит дәуірінде алғашқы адамдар мекендеп, өсіп өнген. Оған үңгір маңындағы обалар мен қорымдар, оларға жасалған археологиялық экспедициялардың қорытындылары дәлел бола алады. Ел арасында 1944 жылы бұл үңгірге немістердің диверсиялық топтары жасырынған деген аңыз-әңгіме де бар. Ол туралы С.Шәкібаевтың «Үлкен Түркістанның күйреуі» деген шығармасында кеңінен баяндалған., ## Дереккөздер
Айша бибі: * Айша бибі — аңыз кейіпкері. * Айша бибі кесенесі * Айша бибі — Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы ауылдық округ. * Айша бибі — ауыл, Айша бибі ауылдық округінің орталығы. * Айша бибі көшесі — Астанадағы көше. * Айша бибі көшесі — Алматыдағы көше.
Құмбел – Қырғыз Алатауындағы асу. ## Географиялық орны Қазақстан мен Қырғызстан Республикалары шекарасында. Жамбыл облысы Меркі ауданында, Меркі өзенінің бастауында орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Абсолюттік биіктігі 3247 м. Асудан мамыр-қыркүйек айлары аралығында салт атты адам өте алады. ## Дереккөздер
Сандықтас – Тарбағатай жотасының батыс бөлігіндегі тау. ## Географиялық орны Абай облысы Үржар ауданы Сегізбай ауылының солтүстік-шығысында 14 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2034 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 8 км-ге созылған, енді жері 6 км. Беткейі тік, солтүстігінен Қарақол, оңтүстігінен Теректі, Жаңабек өзендерінің салалары бастау алады. Етегіндегі жартастың биіктігі 9 м-ге жетеді. ## Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында сирек бұталы қуаң дала ландшафтысына тəн өсімдіктер өседі. Етегі мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Адольф Шерер (словак. Adolf Scherer, 5 мамыр 1938 жыл, Врутки) — чехословакиялық футболшы, шабуылшы. ## Карьерасы 1962 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 1960 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері. Сондай-ақ, 1958 жылғы әлем чемпионатына да қатысты. Чехословакия чемпионаттарында 126 гол соғып, мергендер көшінде үшінші орынға мәңгі тұрақтап қалды. Ұлттық құрама сапында 22 гол соқты, оның үшеуін 1962 жылғы әлем біріншілігінде енгізді. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * ПрофиліҮлгі:Ref-cs
Футболдан Қазақстан Кубогы 2021 — Қазақстан кубогының 29-шы маусымы, 28 клуб бақ сынасты. ## 1 раунд Жақша ішінде клубтың қай дивизионда ойнайтыны көрсетілген ## 2 раунд ## 3 раунд ## Топтық кезең ### А тобы ### В тобы ### С тобы ### Д тобы ## 1/4 финал 21 тамыз - 22 қыркүйек ## 1/2 финал 6/7 қараша - 20/21 қараша ## Финал ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Қазақстан кубогы 2021. vesti.kz. Тексерілді, 24 мамыр 2021.
Футболдан Қазақстан Кубогы 2022— Қазақстан кубогының 30-шы маусымы. ## Топтық турнир ### А тобы ### Группа B ### C тобы ### D тобы ## 1/4 финала ## 1/2 финал ## Финал Үлгі:Қазақстандағы футбол-2022
«Ала-Тоо» (қаз. Алатау) — 1992-2016 жылы Қырғызстан чемпионаттарында ойнаған футбол клубы. Базасы Нарын қаласында. 2012 жылы қайта құрылып, 2016 жылы Қырғызстан жоғары лигасында 6 орында қалды да, қайта жабылып қалды. ## Жетістіктері * Премьер-Лига: 5-орын (2) — 2013, 2015. * Қырғызстан кубогы: 1/2 финал (1) — 2012. ## Сілтемелер * http://int.soccerway.com/
Семсерлесуден Азия чемпионаты — Азия семсерлесу конфедерациясымен (ағылш. Asian Fencing Confederation) ұйымдастырылатын жыл сайынғы жарыс. Алғашқы чемпионат 1989 жылы Бейжің қаласында өткізілді. ## Чемпионаттар тізімі ## Жалпы медальдар саны (2001-2024) ## Сыртқы сілтемелер * Азия семсерлесу конфедерациясы
Қырғын – Қарағанды облысы Қарқаралы және Павлодар облысы Баянауыл аудандары аумағындағы өзен. ## Бастауы Бастауын Желтау тауының оңтүстік баурайынан алып, Қарқаралы ауданы жерімен 9 км-дей ағады да, Баянауыл ауданында Ащысу өзеніне оң жағынан құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 27 км. Су жиналатын алабы 162 км2. Қырғынның сағасына дейінгі құламалылығы 137 м, орташа еңістігі 51%. Өзеннің жоғарға ағысындағы алабының жер бедері 50-ден 400 м-ге дейінгі аласа таулар мен төбелерден тұрады. Аңғары орта ағысында 0,5-3 км аралығында. Жазда өзен қурап қалады. Суын мал суаруға пайдаланады. ## Өсімдігі Алабының бозғылт қоңыр, қиыршықты қызғылт қоңыр топырағында далаға тән әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндер өседі. ## Дереккөздер
2021 жылғы футболдан Қазақстан бірінші лигасы — Қазақстан бірінші лигасының 30-шы маусымы. 12 команда қатысты. "Ақсу" мен "Мақтаарал" клубтары премьер-лигаға жолдама алды. ## Турнир кестесі ## Статистика ### Мергендер ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Первенство Казахстана по футболу 2021. 1 лига. vesti.kz. Тексерілді, 10 сәуір 2021. * 1 лига
Мұқыр – Сағыз алабындағы өзен. Ұзындығы 94 шақырым, су жиналатын алабы 1780 км2. 50-дей жылғасы бар. ## Географиялық орны Атырау облысы, Қызылқоға ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Бастауын Аққұдық қыстауының батысындағы жонды белестердегі Найзабекқұдық құдығы маңынан алып, Сағыз өзеніне сол жағалауынан құяды. ## Гидрологиясы Аңғары кең, арнасы кейбір бөліктерінде тік жарлы. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Көктем айларында ғана су болады. Жазда өзен қара суларға бөлініп тартылып қалады. ## Дереккөздер
Қожа – Түнқатар тауының оңтүстік-батыс сілемі. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында орналасқан. ## Жер бедері Ең биік жері – 1117 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 7 км-ге созылған, енді жері 1,5-4 км. Тізбекті, жоталы, күмбез тәрізді таулардан тұрады. Беткейлері сай-жыралармен тілімделген. ## Геологиялық құрылымы Соңғы тас көмір дәуірі және пермь гранитоидтарынан түзілген. Кей жерлерде түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатады. ## Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында ақ селеу, сұлы, көде, т.б. өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Шыңғыс Әзімбаев (1886 жылы, Томбы губерниясы — 1973 жылы) — Қазақ КСР Семей облысы, Абай ауданы, Абай атындағы ұжымшардың аға шопаны. Социалистік Еңбек Ері (1948). 1886 жылы Томбы губерниясында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы аумағында) шаруа отбасында дүниеге келген. Абай ауданы Абай атындағы ұжымшарда шопан, аға шопан болып жұмыс істеген. Ерекше еңбек жетістіктері үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалімен марапатталды. 1973 жылы дүниеден өтті. ## Әдебиет * Музалевский М. В. Герои Социалистического Труда. Биобиблиографический словарь. — М.: РИЦ «Кавалер», 2008. — Т. 2. — 200 с. * Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. — Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. — Әзімбаев Шыңғыс: б. 214. ## Дереккөздер
Айсұлтан Арсенұлы Сейітов (31 қаңтар 1997, Алматы) — қазақстандық режиссер, клипмейкер. Қазір Hype Production продюсерлік компаниясымен бірлесе отырып, ТМД елдерінің орындаушыларына клип түсіреді. ## Өмірбаяны Астана қаласындағы қазақ-түрік лицейінің түлегі. Нью-Йорк киноакадемиясын режиссер мамандығы бойынша бітірген. Оқу кезінде 2016 жылы Hollywood Boulevard Нью-Йорк кинофестивалінде «Үздік режиссер» номинациясын жеңіп алған «Шибөрі» қысқаметражды фильмін түсірді. Сейітовтің алғашқы бейнебаяны Джай Миядзакидің «Желді бойлай» әніне түсірілген бейнебаян болды. Ол өзінің алғашқы нақты тапсырыстарын Moldanazar тобына түсірген «Жаным сол» және жарияланбаған Ninety One тобына түсірген бейнебаяндар деп атайды. Jah Khalibтің «Медина» әніне түсірілген бейнебаян Қазақстан тарихындағы ең қымбат роликке айналды. Айсұлтан «MiyaGi & Эндшпил» дуэті жайлы «Charisma» қысқаметражды деректі фильмін түсірді. 2019 жылдың наурыз айында «вДудь» бағдарламасының қонағы болды. ## Режиссерлік жұмыстары ### Фильмдер тізімі ### Бейнебаяндары ## Дереккөздер
Тілеуқабыл Өмірбеков (1939 жылы, Таңсық) — Қазақ КСР Семей облысы, Шұбартау ауданы, Калинин атындағы кеңшарының аға шопаны. Социалистік Еңбек Ері (1973), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8-шақырылымының депутаты. ## Өмірбаяны 1939 жылы Таңсық станциясында (қазір Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданының құрамына кіреді) дүниеге келді. 1958 жылдан бастап Шұбартау ауданындағы Калинин атындағы ұжымшарда шопан, аға шопан болып жұмыс істеді. 1967 жылы КОКП қатарына қабылданды. Тілеуқабыл Өмірбеков басқарған топ жыл сайын қой шаруашылығы бойынша тапсырманы артығымен орындап, орта есеппен әр жүз ұрғашы қойдан 125 қозы алып, әр қойдан орта есеппен 3,5 келі жүн алып отырды. Тоғызыншы бесжылдықтың басында (1971-1975 жж.) топ ұжымшардық отардағы мал басын көбейту бойынша еңбек міндеттемелерін қабылдап, Бүкілодақтық социалистік жарысқа шықты. 1973 жылы әр жүз ұрғашы қойдан орта есеппен 135-тен қозы алынып, әр мал басынан орта есеппен 3,2 келі жүн алынды. Бүкілодақтық социалистік жарыста қол жеткізген зор табыстары және 1972-1973 жылдардың қысқы маусымында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мен дайындауды ұлғайту бойынша қабылданған міндеттемелерді орындауда көрсеткен еңбек ерлігі үшін оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1973 жылғы 6 қыркүйектегі Жарлығымен Ленин орденімен және «Орақ пен Балға» алтын медалімен марапатталды. 1973 жылдан бастап — Шұбартау ауданы «Бағанас» кеңшары комсомол-жастар бригадасының бригадир-тәлімгері. КОКП XXIV съезіне делегат, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі төралқасының депутаты және мүшесі (1971-1975), КОКП Семей облыстық комитетінің мүшесі болып сайланған. Марапаттары * Социалистік Еңбек Ері * Ленин ордені — екі мәрте (08.04.1971; 06.09.1973) * «Құрмет Белгісі» ордені (22.03.1966) * Қазан төңкерісі ордені (19.02.1981) * «Құрмет» ордені ## Әдебиет * Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. — Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. — Өмірбеков Тілеуғабыл: б. 606. ## Сілтеме * Темір Кәрімов. Тілеуқабыл Өмірбеков «Герои страны» сайты. * Өмірбеков Тілеуқабыл, Шығыс Қазақстан: әйгілі есімдер/ А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан кітапханасы
Сағыз – Каспий алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақтөбе, Атырау облыстары жерімен ағады. Ұзындығы 511 км. Су жиналатын алабы 19,4 мың км2. ## Бастауы Мұғалжар тауының батысынан (Байсары тауынан) басталып, Каспий теңізіне 60-70 км жетпей Тентексор тұсындағы Бер төбекшіктерінде (Атырау облысы Мақат ауданы) жерге сіңіп кетеді. ## Этимологиясы Әдетте Сағыз топонимін "шайнайтын сағыз" деп түсіну жаңсақтық болар еді. Бұл гидротопонимнің көне, ескі замандардан екендігін оның екінші құрамындағы ыз, уыз, оғыз - "өзен" сөзі дәлелдеп тұр. Ал бірінші компонентегі сағ сөзі фин-угор тілінде сөг - "саз, батпақ, шалшық", финше suo, эстонша soo - батпақ, шалшық дегенді білдіреді. Егер бұл деректер нанымды деп санасақ Сағыз атауы "айналасы батпақ, балшық, саз жағасында бұталар қалың өскен өзен" деген мағынаға жуық. ## Гидрологиясы Жоғарғы ағысында арнасы тік жарлы, тар, ортаңғы ағысында аңғары 5 -15 км-ге дейін кеңейеді. Төменгі ағысындағы аңғары енсіз. Ұзындықтары 10 км-ден аспайтын 100-ге жуық саласы бар. Ірілері: Дауылды, Ащысай, Ноғайты, Топырақшашты, Жарлы, Мұқыр, Бұрмасай. Жауын-шашын суымен толығады. Жауын-шашын көп жылдары Каспий теңізіне дейін жетеді. Наурыз — сәуір айларында тасиды. Суы көктемде тұщы, жазда кермек. Ауыз суға жарамды. Жылдық орташа су ағымы Сағыз темір жол стансасы тұсында 3,2 м³/с, орташа ең үлкен көрсеткіш - 4 5 м3/сек, орташа жылдық ағын 118 млн. м3, төменгі ағысында, Тентексор елді мекенінің тұсындағы құмға сіңіп жойылатын жерінде, ағынының көлемі 30-40 млн. м3-ге дейін азаяды. Каспий маңы өзен-көлдерінің көпшілігі сияқты, Сағыздың суы да минералданған: суы мол кезеңде оның минералдану дәрежесі 700-900 мг/л т, су деңгейінің төмендеуі кезеңдері аралығында 2000 мг/л-ге дейін жетеді.Жылына Сағыз 300 мың т тұз алып өтеді. Тұздың осыншама көп мөлшерде болуы өзен түбінің, өзен түбі суының және төңірегіндегі топырақтың тұздануына әкеліп соқтырады. Жазда Сағыз өзенінің суы ауызсу ретінде пайдалануға да, мал суаруға да жарамсыз, ашқылтым. Тек қана кектемгі су тасу кезінде және жаздың алғашқы айларында суы әжептәуір тұщыланады. ## Дереккөздер
Күрестен әлем чемпионаты — Бірыңғай күрес әлемімен (ағылш. United World Wrestling) ұйымдастырылады. Ерлер үшін алғашқы чемпионат грек-рим күресінен 1904 жылы, еркін күресінен 1951 жылы, ал әйелдер үшін 1987 жылы өткізілді. ## Чемпионаттар тізімі ### Еркін күресі ### Грек-рим күресі ### Әйелдер ### Біріккен ## Медальдық есеп ## Сыртқы сілтемелер * UWW Database
Луковая – Алтай тау жүйесіндегі Тікирек жотасының оңтүстігінде, Қазақстан мен Ресей шекарасындағы тау. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының солтүстік-шығысында, Карагужиха ауылынан солтүстік-батысқа қарай 16 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1307 м, ұзындығы мен мен ені 5-7 км. Жартасты, шатқалды беткейлерін қарағай, балқарағай, самырсыннан тұратын орман көмкерген. Оңтүстік баурайынан Бобровка өзенінің салалары бастау алады. ## Дереккөздер
Айдын Нұралин (14 шілде 1995, Қарағанды, Қазақстан), қара зиренің майы (орыс. масло черного тмина) лақап атымен танымал — қазақстандық андерграунд орындаушысы. Ол туралы алғаш рет рэпер Хаски өзінің «ВКонтакте» қоғамдастығында жариялады, бұл оның жұмысына қоғамның назарын аударды. Оның «президенттің кеңсесі 2» трекіне түсірілген бейнебаян YouTube желісінде 8 миллионнан астам қаралым жинады. ## Өмірбаяны ### 2012—2016: Балалық және жастық шағы Айдын Нұралин 1995 жылы 14 шілдеде Қарағанды қаласында дүниеге келген. Әлеуметтік желілер мен компьютерлік ойындардың белсенді қолданушысы бола, балалық және жастық шағын осы жерде өткізді. Оның айтуынша, бір сәтте олар оның өмірінде тым көп уақытты ала бастаған, сондықтан ол интернет кеңістігінен кетуге шешім қабылдады. 2013-2014 жылдар аралығында Айдын Dokka Rise лақап атымен футбол және саяси рэп шығарды. Оның «Шын жүректен» («Чистосердечное») трекіндегі бейнебаянда Айдынның әкесіз өмір сүргені белгілі болды. Одан кейінгі zulkar.9 және itch.yes екі сахналық аттарын Айдын 2014-2017 жылдар аралығында қолданған. Бұл бүркеншік аттармен жарияланған шығарма оның қазіргі музыкалық стиліне әлдеқашан ұқсас болды. Орындаушы «мың рет қайырлы түн» («тысячу раз спокойной ночи») және «maximum black» тректерінің мәтінін жазуға шабытын оның itch.yes бүркеншік атымен жазылған тректерден алған. Айдынның өзі бұрынғы жұмысы оған жағымсыз көрінетіндігін айтып, «ескі әндерін жек көретінін» мойындады. ### 2018: Жаман джаз және Agiss 2018 жылдың тамызында рэпер Хаски ВКонтакте желісіндегі блогында қара зире майының жұмысына жанашырлығын білдіретін жазба жазып, «intro» мен «Президенттің аппараты 2» синглдарына екі бейнебаянды тіркеді, бұл Айдынға көрермендерді қызықтырды. Жаман джаз деп аталатын дебюттік мини-альбом 2018 жылдың сәуір айында шығарылды. 4 джаз композициясынан тұрады. Оларда джаз музыкасының призмасына енген Айдын өзінің поэтикалық кейіптері мен ойларын тыңдармандарымен бөліседі. Бүкіл шағын альбом бір тәулік ішінде бәсекеге жазылды. Келесі Agiss мини-альбомы, 3 тректен тұрады және 2018 жылдың тамызында шықты. Ішкі әлемімен бөлісуді жалғастыра отырып, Айдын хип-хоп, джаз және діни әуенді кантри жанрларын біріктіріп, альбом жазады. Шығарылым қара зере майын көбейіп келе жатқан жұртшылық тарапынан жоғары бағаланды. 2018 жылдың соңында «Ұлы және сұмдық» («Великий и ужасный») альбомын ұсыну жоспарда болатын. ### 2019: kensshi және У 2019 жылдың жазында kensshi (кенші) дебюттік студиялық альбомы шықты. Альбомның атауы әншінің туған қаласы – көмір кенімен әйгілі Қарағандыға қатысты. Альбомда исламға, Құранға, Хичкоктың сюрреальдық киносына, сондай-ақ Қазақстанның дәстүрлері мен мәдениетіне сілтемелер бар 13 трек бар. Осы ретте альбомның промо-бейнебаяны жарыққа шықты, оның режиссері Айсұлтан Сейітов болды. 2019 жылдың шілдесінде «ұйықта, адам» («спи, человек») трекке бейнебаян шықты. Альбомды тыңдаушылар наразылықпен қабылдады — ешкім музыкаға мұндай көзқарасты күткен жоқ, бұл жұртшылық Agiss альбомында естігеннен мүлдем өзгеше болды. 2019 жылдың қараша айының соңында Хаскимен бірге жаңа У мини-альбомы таныстырылды. Шығарылымда Andy Pandaмен бірлескен композицияда болды. Үш трек меланхолик хип-хоп жанрында жазылған. «Мені өлтір» («Убей меня») трекінің бейнебаянын режиссер Ладо Кватания жасады. ### 2020 — қ.у. ### Скриптонитпен болған жанжал 2019 жылдың соңында Скриптонит «2004» альбомын шығарды, оның құрамына «Әсіресе екі» («Тем более два») интермедия трегі кірді, оны жұртшылық қара зире майындаға дисс ретінде қабылдады. Скриптонит Айдынды оның стилін ұрлады деп айыптайды және тректің атауына сілтеме жасай отырып, өзіне ұқсайтын басқа әртіс қажет емес екенін айтады. 2020 жылдың қаңтарында қара зире майы «triggerman» (сөзбе-сөз «мылтықтың тартпасындағы адам») синглын шығарды, бұл Скриптонитке жауап болып табылады, онда ол Әділді ерекше шабытпен (пафоспен) мазақ етіп, оны үгітімен (агитация) айыптайды. Айдынның кейінгі барлық шығармалары 2020 жылдың соңына дейін өзінің ВКонтакте желісіндегі блогында бейресми түрде жарияланды, ал блогтың өзі барлық жазбалардан тазартылып, «қара зире майы» атауы «Agiss» болып өзгертілді. ### Harith ## Дереккөздер
Майтөккен, Майтыққан – Ащысу алабындғы көл. ## Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданы Бірлік ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 35 км жерде, теңіз деңгейінен 185 м биіктікте жатыр. ## Гидрографикасы Аумағы 4,5 км2, ұзындығы 4,9 км, енді жері 1,5 км. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Солтүстік-батысынан жазда құрғап қалатын шағын өзен құяды. Жаз айларында кей жылдары құрғап қалады немесе шалшықты батпаққа айналады. Қараша айының 2-жартысында суы қатып, сәуір айының 2-онкүндігінде ериді. ## Жағалау сипаты Жағалау бойының ұзындығы 17,2 км, бойында қамыс өскен. Алабы шабындыққа және мал жайылымына қолайлы. ## Дереккөздер
Қызылтұз — Ертіс алабындағы тұзды көл. ## Географиялық орны Павлодар облысы Железин ауданы Красновка ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 км жерде, теңіз деңгейінен 93 м биіктікте жатыр. ## Гидрографикасы Ауданы 22,8 км2, ұзындығы 10,8 км, ең енді жері 5,8 км, жағалау бойының ұзындығы 41,6 км. Дөңгелек пішінді көлдің шығыс бөлігінде шағын 2 арал орналасқан. Көлдің батысында өзімен аттас тағы бір көл (8 км жерде) жатыр. Екі көл аралығын адам өте алмайтын сор қамтыған. Шығысында биіктігі 8 м болатын төбе орналасқан. Көл суы қараша айының 1-онкүндігінде қатып, сәуір айының 2-жартысында ериді. Эрозиялық қазан шұңқырдағы көл жағалауы жатық. Солтүстігі сортаңды келеді. Жауын-шашын аз жылдары көл бірнеше иірімдерге бөлініп, кей жылдары кеуіп те қалады. Суы тұзды. ## Қолданысы Жергілікті халық пен кәсіпшілік балық аулаумен де айналысады. Көл балшығының емдік маңызы бар. ## Дереккөздер
Қызылтұз – Ертіс алабындағы көл. ## Географиялық орны Павлодар облысы Аққулы ауданындағы Малыбай ауылынан батысқа қарай 17 км жерде орналасқан. ## Гидрографикасы Көл теңіз деңгейінен 136 м биіктікте жатыр. Аумағы 5,7 км2 (көктемгі қар суынан 6 км2-ге жетеді), ұзындығы 3,2 км, енді жері 2,4 км, жағалау бойының ұзындығы 8,8 км. Көлдің ең терең жері 0,7 м, су көлемі 2,2 млн. м3, су жиналатын алабы 186 км2. Дөңгелек пішінді көлдің солтүстік жағалауы жарқабақты (биіктігі 5 м) келген. Жағалау бойында қамыс, құрақ өскен. Батысында Қазы, оңтүстік-шығысында Жалтыр көлдері орналасқан. ## Дереккөздер
Мыңтүп — Каспий теңізінің шығысында, Қарақұм құмды алқабының солтүстігіндегі сор алқабы. ## Географиялық орны Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қосшағыл кентінен оңтүстік батысқа қарай 18 км жерде орналасқан. ## Сипаттамасы Сор оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 8-10 км-ге созылған, ені шамамен 10 км. Сордың бетінде сирек сораң шөптер өскен. Көктем, күз айларында шалшықты сорға айналады. Батысымен Қаратон-Қосшағыл-Құлсары көлік жолы және мұнай құбыры өтеді. ## Дереккөздер
Шаңырақ ықшам ауданындағы жаппай тәртіпсіздік — 2006 жылдың 14 шілдесінде Алматы қаласының Шаңырақ ықшам ауданында орын алған оқиға. ## Себептері Тәртіпсіздіктердің себебі заңсыз салынған құрылыстарды бұзуға қатысты болды. ## Салдары 2006 жылғы 14 шілдеде арнайы мақсаттағы жасақпен бекітілген Алматы полициясы Алматы қаласының Шаңырақ кенті тұрғындарының заңсыз салынған үйлерін бұзу мақсатында өзін-өзі қорғауды бұзуға тырысты. Жергілікті тұрғындардың полициямен қақтығысы қайғылы жағдаймен аяқталды. Бір полицей – Әсет Бейсенов тірідей өртелді. ## Тұтқындаулар Тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін Арон Атабек 18 жылға сотталды. Сондай-ақ Ерғанат Тараншиев (15 жыл), Құрманғазы Өтегенов (16 жыл) және Рүстем Тұяқов (14 жыл) сотталды. "Шаңырақтың" тағы 20 тұрғынын сот кінәлі деп танып, оларға шартты жаза тағайындады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Шаңырақ оқиғасы: Дарынсыз билік, нанымсыз сценарий Мұрағатталған 29 қазанның 2021 жылы.. "Жас Алаш" газетінің сайты * Шаңырақ оқиғасы. Он жыл өткен соң . Tengrinews.kz сайты.
Мибұлақ, Майбұлақ — Шығыс Каспий алабындағы сор алқабы. ## Географиялық орны Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 15-20 км жерде жатыр. ## Сипаттамасы Аумағы 440 км2. Ұзындығы 25 км, енді жері 20 км-дей. Солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай созылған сордың орта тұсы теңіз деңгейінен 10 м төменде болса, жағалау бойы 3-5 м төмендікте. Жер бедерінде қаңбақ, сарсазан, көде, жағалау бойында жусан, бұйырғын, баялыш т.б.шөлге тән өсімдіктер өседі. Батыс жағалауымен Бейнеу - Мақат темір жолы, мұнай-газ құбырлары өтеді. Көктем айларында сор айдыны шалшықты сор батпаққа айналады. Оңтүстік шығысының тұз басқан бөлігінде Толтыртұз қонысы жатыр. ## Дереккөздер
Мыңтүп — Каспий теңізінің шығыс жағалауында, Қарақұм құмды алқабының солтүстігіндегі төбе. ## Географиялық орны Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қаратон кентінен солтүстік шығысқа қарай 25 км жерде орналасқан. ## Сипаттамасы Төбе теңіз деңгейінен 13 м төменде жатыр, салыстырмалы биіктігі 9 м. Құм төбенің төңірегін сор басқан. Батысын бойлай Ақшағыл соры алып жатыр және суы тұзды бірнеше бұлақтары бар. Беткейінде сорқаңбақ, сарсазан, сораң т.б.шөптесіндер өскен. ## Дереккөздер
Құлақшынсай – Шу алабындағы өзен. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Шу ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Бастауын Дәрмен тауларының оңтүстік-шығысындағы Нарқызыл тауының бұлақтарынан алып, Далақайнар ауылынан төменде жерге сіңіп кетеді. ## Гидрологиясы Ұзындығы 51 км, су жиналатын алабы 358 км2. Ірі салалары Еспе, Үшқызыл, т.б. Өзен арнасы Талапкер ауылына дейін жағалауы жарқабақты болып келсе, орта және төменгі ағыстары негізінен жазық болады. Жаздың ортасында ортаңғы және төменгі ағысында құрғап қалады. ## Дереккөздер
Отаркөл – Ойыл алабындағы ағынды көл. ## Географиялық орны Атырау облысы Индер ауданы, Кетебай ауылының шығысында 26 км жерде орналасқан. ## Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 8,5 м төмен жатыр. Аумағы 3 км2, ұзындығы 3,4 км, енді жері 1,4 км, жағалау бойының ұзындығы 11,8 км. Көлге солтүстігінен Бұлқияқ өзені құяды. Көктемде еріген қар және жер асты суларымен толысады. Жағалауы жайпақ, түбі лайлы. Солтүстігінде Ақтөбе, оңтүстік батысында Қарасор көлдері бар. Жазда тартылып жағалауы сор батпаққа айналады. ## Дереккөздер
Бүгілөзек, Өзекбүгіл (Нарын) – Жайық алабындағы өзен. ## Географиялық орны Атырау облысы, Махамбет және Исатай аудандары жерімен ағады. ## Сипаттамасы Ұзындығы 124 км, су жиналатын алабы 892 км2. Бастауын Жайық өзенінің сол жағалауында Бақсай елді мекені тұсынан алып, Хамит Ерғалиев ауылының солтүстік-батысындағы Жалтыр көліне құяды. Арнасы кең, батыс жағалауы жарлы болып келеді. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Көктемде суы арнасынан асып, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Алабын Махамбет ауданының шаруашылықтары жайылымға пайдаланады. ## Дереккөздер
Фатхулло Дастамович Фатхуллоев (тәж. Фатҳулло Фатҳуллоев; 24 наурыз 1990 жыл) — тәжікстандық футболшы, жартылай қорғаушы. Әзірше Тәжікстан Ұлттық футбол құрамасы сапында ең көп ойын өткізген футболшы (68 ойын). 2017 жылы Тәжікстанның үздік футболшысы атанды. ## Карьерасы ### Клубтық Динамо (Душанбе) клубының түлегі. 2007 жылы кәсіпқой карьерасын осы командада бастады. Кейін Индонезия, Өзбекстан, Үндістан чемпионаттарында доп тепті. 2020 жылы Ченнайин клубына ауысты. ### Халықаралық 2007 жылдан бері ұлттық құрамада ойнайды. ## Дереккөздер
Акмал Холматов (тәж. Акмал Холматов, өзб. Akmal Xolmatov; 4 сәуір 1976) — тәжікстандық футболшы, шабуылшы, Тәжікстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. ## Карьерасы ### Клубтық Акмал Холматов 1993 жылы карьерасын "Регар-ТАДАЗ" клубында бастады. Бұл командада 1996 жылға дейін ойнап, "Нефтчи" (Ферғана) клубына ауысты. Ферғаналық клуб сапында команда жетекшілерінің біріне айналды, тіпті капитан боп та тағайындалды. 2007 жылы клубпен қоштасып, "Пахтакорға" ауысты. "Пахтакор" сапында чемпион бола алмады, ол кездегі "Бунедкор" бұларға мүмкіндік бермеді. Клуб сапында екі рет күміс жүлдеге қол жеткізді. 2010 жылы "ПАС" (Иран) клубына ауысты. 2012 жылы Өзбекстанға оралып, Ташкенттің "Локомотив" қатарын толықтырды. ### Халықаралық 2003 жылдан Тәжікстан құрамасы сапында ойнай бастады. Футболшы халықаралық ойындарда көбіне құжат мәселесінің зардабын тартты: матчтағы протоколдарға түрліше тіркелгені (Akmal Kholmatov және Akmal Holmatov) зиянын тигізді. соның кесірінен бірнеше құраманың және Азия клубтық турнирлерінің матчтарына қатыса алмады. ## Жетістіктері ### Командалық «Нефтчи» * Өзбекстан чемпионы: 2001 * Өзбекстан чемпионатының күміс жүлдегері: 1997, 1998, 1999, 2000, 2002, 2003, 2004, 2006 * Өзбекстан кубогының финалисі: 1997, 1998, 2001, 2002, 2005 «Пахтакор» * Өзбекстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2008, 2009 * Өзбекстан кубогы: 2009, * Өзбекстан кубогының финалис: 2008 «Локомотив» * Өзбекстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2013 * Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері: 2012 ### Жеке * Геннадий Красницкий мергендер клубының мүшесі: 121 гол * Олег Протасов мергендер клубының мүшесі: 118 гол ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер
Теміртас Жүсіпов (1988 жылы 15 қаңтарда туған, Тассуат, Ақмола облысы) — қазақ боксшысы, 2013 жылғы Азия чемпионы, Бүкіләлемдік бокс сериясының чемпионы (WSB)-2015, Қазақстанның 5 дүркін чемпионы (2013-2014, 2016-2018). Қазақстанның 2018 жылғы үздік боксшысы. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. ## Өмірбаяны Тассуат мектебінде оқыды, жеңіл атлетикада жақсы нәтижелер көрсетті, күреспен шұғылданды. 2005 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің туризм, спорт және дизайн факультетіне оқуға түсті. 2009 жылы бітіріп, бокстан спорт шебері атанды. ## Мансап ### Қазақстан чемпионаты 2012 жылдың қараша айында Жүсіпов Астана қаласында бокстан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды, финалда тәжірибелі Біржан Жақыповтан жеңіліп қалды. 2013 жылдың қараша айында Қазақстан біріншілігінде Ержан Жомартпен өткен финалда өзінің алғашқы чемпиондық атағын жеңіп алды. 2014 жылдың желтоқсан айында Таразда өткен жылдың табысты финалын сол Ержан Жомартпен қайталады. 2016 жылдың қараша айында Павлодардағы Қазақстан чемпионатында тағы да финалда Ержан Жомартты жеңді. 2017 жылдың қараша айында Шымкентте 4-ші рет Қазақстан чемпионы атанды. 2018 жылдың қараша айында Ақтауда өткен финалда Ермек Мәдиевті жеңіп, 5-ші рет Қазақстан чемпионы атанды. ### Азия чемпионаты 2013 жылдың шілдесінде күміс жүлдегер Жүсіпов әлем чемпионатына дайындалған ҚР чемпионы Біржан Жақыповтың орнына Қазақстан құрамасына қосылды, Теміртас Амманда (Иордания) Азия чемпионы атағын жеңіп алды, индус Лайшрам Сингхтің финалында жеңіп, 10 салмақ дәрежесінде 7 қазақстандық чемпионның ішінде бірінші болды. 2014 жылғы Жазғы Азия ойындарына Инчхонда (Оңтүстік Корея) ҚР чемпионы Жүсіповтың орнына 2013 жылғы әлем чемпионы Біржан Жақыпов келді, ол финалда корей Шин Йонг Хуннан жеңіліп қалды. Бангкокта (Таиланд) өткен 2015 жылғы Азия чемпионатында ҚР чемпионы Жүсіпов 1/8 финалда өзбек Хасанбай Дусматовтан жеңіліп, нәтижесінде Азияның жаңа чемпионы атанды. Ташкентте (Өзбекстан) бокстан 2017 жылғы Азия чемпионатына ҚР чемпионы Жүсіповтің орнына ҚР күміс жүлдегері Ержан Жомарт қайта барды, ол ширек финалда Азия чемпионы болған Хасанбай Дусматовтан жеңіліп қалды. Джакартада (Индонезия) 2018 жылғы Жазғы Азия ойындарына ҚР чемпионы Жүсіпов барды, бірақ ширек финалда филиппиндік Паалам Карлодан да ұтылды. Бангкокта (Таиланд) өткен 2019 жылғы Азия чемпионатында Қазақстанның бес дүркін чемпионы Теміртас сол жақ қасының қатты кесілуінен жартылай финалға шыға алмады және қола медальға риза болды. ### Әлем чемпионаты 2021 жылы Сербияның Белградта өткен бокстан әлем чемпионатына қатысып алтын олжаны иеленді. ### Халықаралық турнирлер 2013 жылдың ақпан айында Жүсіпов Болгариядағы "Strandja-2013 Кубогы" турнирінің жеңімпазы атанды. 2018 жылдың маусым айында Жүсіпов Астанада өткен "ҚР Президентінің Кубогы" VI дәстүрлі халықаралық турнирін жеңіп алды, финалда Ержан Жомартты жеңді. ### «Астана Арландары» Теміртас Жүсіпов 2015 жылы Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) өнер көрсететін "Astana Arlans" қазақ жартылай кәсіби командасының қатарына қабылданды. Осы маусымда ол кубалық "Cuba Domadores" (Кубалық укротители) командасының былтырғы чемпионы финалда (6-4) жеңіске жетіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Теміртас Жүсіпов Йоанис Аргилагоспен маңызды жеңіске жетті. ## Дереккөздер
Соркөл – Ойыл өзенінің сағасындағы тұзды көл. ## Географиялық орны Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қаракөл ауылының оңтүстігінде 2 км. жерде. ## Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 58 м биіктікте жатыр. Аумағы 3,5 км2. Ұзындығы 3,9 км, енді жері 1,2 км. Ойыл аңғарында жатқан көл жағалауы жазық , сирек қамыс шоғырлары кездеседі. Жаз айларында Соркөл және оның атырабы сорға құрғап сорға айналады. Негізінен көктемгі қар, жауын-шашын суларымен толысады. ## Дереккөздер
Виктор Васильевич Пасулько (укр. Віктор Васильович Пасулько; 1 қаңтар 1961, Ильница, Иршавс ауданы, Закарпатье облысы, Украин КСР) — кеңестік және украиналық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. 1988 жылғы Еуропа чемпионатына қатысып, күміс жүлдегер атанды. ## Карьерасы ### Клубтық "Говерла" клубының түлегі. 1979 жылға дейін КСРО екінші лигасында 16 кездесуде алаңға шықты. 1982 жылы КСРО жоғары лигасында ойнайтын "Черноморецке" ауысты. 1987 жылы Чернобыль апатының зардабынан қашып, Мәскеудің "Спартагына" өтті. Мәскеулік клуб сапында екі рет КСРО чемпионы атанды. 1990 жылдан бастап карьерасын аяқтағанша бірнеше неміс клубтарында доп тепті. ### Халықаралық КСРО құрамасы сапында 1988 жылы 8 кездесуде алаңға шықты. 1988 жылғы Еуропа чемпионатынан соң құрамаға шақырылған жоқ. ### Бапкерлік 1996 жылы бапкерлікке кірісті. Германия, Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Италия, Люксембург клубтарын жаттықтырды. ## Жетістіктері ### Ойыншы ретінде * УКСР Чемпионатындағы үздік 33: 1985 — № 3 * КСРО чемпионатындағы үздік 33: 1985 — № 3 * КСРО чемпионы: 1987, 1989 * Еуропа чемпионатының финалисі: 1988 ### Бапкер ретінде «Ордабасы» * Қазақстан кубогы: 2011 * Қазақстан суперкубогы: 2012 ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Шаинский Ефим. Виктор Пасулько: Сегодня я — свободный человек // Футбол от «СЭ». — № 49. — 1997. ## Сілтемелер * Профилі
Виктор Васильевич Пасулько (укр. Віктор Васильович Пасулько; 1 қаңтар 1961, Ильница, Иршавс ауданы, Закарпатье облысы, Украин КСР) — кеңестік және украиналық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. 1988 жылғы Еуропа чемпионатына қатысып, күміс жүлдегер атанды. ## Карьерасы ### Клубтық "Говерла" клубының түлегі. 1979 жылға дейін КСРО екінші лигасында 16 кездесуде алаңға шықты. 1982 жылы КСРО жоғары лигасында ойнайтын "Черноморецке" ауысты. 1987 жылы Чернобыль апатының зардабынан қашып, Мәскеудің "Спартагына" өтті. Мәскеулік клуб сапында екі рет КСРО чемпионы атанды. 1990 жылдан бастап карьерасын аяқтағанша бірнеше неміс клубтарында доп тепті. ### Халықаралық КСРО құрамасы сапында 1988 жылы 8 кездесуде алаңға шықты. 1988 жылғы Еуропа чемпионатынан соң құрамаға шақырылған жоқ. ### Бапкерлік 1996 жылы бапкерлікке кірісті. Германия, Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Италия, Люксембург клубтарын жаттықтырды. ## Жетістіктері ### Ойыншы ретінде * УКСР Чемпионатындағы үздік 33: 1985 — № 3 * КСРО чемпионатындағы үздік 33: 1985 — № 3 * КСРО чемпионы: 1987, 1989 * Еуропа чемпионатының финалисі: 1988 ### Бапкер ретінде «Ордабасы» * Қазақстан кубогы: 2011 * Қазақстан суперкубогы: 2012 ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Шаинский Ефим. Виктор Пасулько: Сегодня я — свободный человек // Футбол от «СЭ». — № 49. — 1997. ## Сілтемелер * Профилі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) — Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды. QS World University Rankings Results 2023 жылы былтырғы жылмен салыстырғанда 80 орынға құлдырап 230-шы орынға жайғасты. 2012 жылғы әлемдік үздік 390-шы университет. Сонымен қатар, 72 ірі компания жетекшілері мен кадр бөлімі мамандары арасында жүргізген сауалнама негізінде жасалған «Рейтинг.kz» зерттеу орталығы жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 41,7 пайыз жинап, 5-орында тұр . 2022 жылы QS World University Rankings Results бойынша 150-ші орын алды. 2023 жылы 80 орынға құлдырап 230-шы орынға жайғасты. ## Тарихы Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау – көзі болды.. 1937 жылы қыркүйекте төрт жылдық оқу жүйесіне негізделген тұңғыш гуманитарлық шет тілдері факультеті ашылды. Бір жылдан кейін 120 студенті және құрамында орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және француз тілі тәрізді үш кафедра бар филология факультеті (оқу мерзімі 5 жылдық) ашылды. Кейіннен шет тілдері факультеті де осы құрылымға қосылды. Университетте соғыс қарсаңы және соғыстан соңғы жылдары 23 кафедрасы бар үш жаратылыстану (биология, физика-математика, химия) және екі гуманитарлық (филология мен журналистика факультеті) факультет жұмыс істеді. Университет 1942 жылы 257 физик, химик, математик, биолог, журналист, филолог, сондай-ақ Батыс Еуропа тілдерінің мамандарын даярлап шығарды. 1954 – 1955 оқу жылы университетте 3778 студент оқыды, 386 оқытушы – профессор еңбек етті. 1970 жылы университет құрамында 16 мамандық бойынша жас кадрлар дайындайтын 10 факультет, 65 кафедра болды. 1980 жылы 89 кафедрада 869 оқытушы, оның ішінде 79 профессор мен 540 доцент, ғылым кандидаттары қызмет атқарды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға КСРО-ның Еуропалық бөлігінен: Мәскеу, Ленинград, Киев, Минск және т.б. ғылыми орталықтардан ірі ғылыми ұжымдар мен лабораториялар көшірілді. Бұл жылдары университетте КСРО Ғылым Академиясы (КСРО ҒА) академиктері И.Мещанинов, Н.Акулов, кореспондент–мүшелер В.Догель, А.Думанский, профессорлар А.Михлин, М.Розенберг, Н.Пакуль сияқты көптеген ғалымдар еңбек ете бастады. 1930-1940 жылдары университеттің қалыптасуы кезінде М.О.Әуезов, Т.Т.Тәжібаев, М. Т. Козловский, К.П.Парсы, Б.А.Домбровский, Е.Б.Бекмаханов, С.Я.Болатов, С.А.Нейстат, Е.Ысмайылов сияқты сол кездегі маңызды ғалымдардың педагогикалық қызметі ҚазМУ-мен байланысты болды. С. Хусаинова және басқа да танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлері осы оқу орнында студенттерге сабақ берді. 1941 жылы Қазақ коммунистік журналистика институтының базасында филология факультетінің журналистика бөлімі құрылды. Соғыстың қиын жылдарынан кейін жаңа факультеттер ашыла бастады. 1948 жылы тарихи, геологиялық-географиялық, содан кейін экономикалық факультеттер ашылды. 1955 жылы заң институтының базасында заң факультеті ашылды, ал физика-математика факультетінен 2 Факультет-физика және математика құрылды. 1963 жылы ҚазМУ экономика факультетінің базасында "Нархоз" университеті деп аталатын "Алматы халық шаруашылығы институты"(АИНХ) құрылды. 1968 жылы университетте журналистика және философиялық-экономикалық факультеттер ұйымдастырылды. 1971 жылы университет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1991 жылы жоғары оқу орнына Әл-Фараби есімі берілді. 1993 жылғы 9 қаңтарда ЖОО-ға мемлекеттік ұлттық жоғары оқу орны мәртебесі берілді. 1999 жылдан бастап университет "ҚАЗҰУ хабаршысы" атты журнал шығарады. 2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті "Таймс" университеттерінің беделді рейтингі бойынша әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының тізіміне енді. Қатысушылардың жалпы санынан 600 үздік жоғары оқу орындарының тізіміне кірді, олардың 16000-нан. Университетте рейтингке енген кезде жақын және алыс шет елдерден 20 мыңнан астам студент оқыды. 2014 жылы "Эксперт РА" агенттігі ЖОО-ға түлектерді даярлаудың "жоғары деңгейі" дегенді білдіретін "С" рейтингтік сыныбын берді. КазҰУ-дың қабырғасында Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Ермұхан Бекмаханұлы, Әлкей Марғұлан, Д. Сокольский тәрізді аса көрнекті ғылым мен мәдениет қайраткерлері дәріс оқыды. ### 30-жылдар 1933 жылдың 20 қазанында КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік университетін құру жөнінде арнайы қаулы қабылдады. 1934 жылдың 15 қаңтарында университеттің ресми ашылу салтанаты өтіп, 19 қаңтарда бұрынғы Верней гимназиясының ғимаратында биология және физика-математика факультетінде 54 студент оқытыла бастады. Оқудан бос уақытта студенттер қала тұрғындары арасында саяси және мәдени жұмыстар жүргізді. 1935 жылы университет студенттерді егістік жинауға қатыстыру туралы «Қазақстан» колхозымен келісімге отырды. Олар колхозда ағарту жұмыстарын жүзеге асырды: сауатсыздықты жою мақсатында газет пен әдебиеттерді бұқара арасында дауыстап оқып, қабырға газеттерін шығарды. Кейіннен студенттер колхоз жұмысына жыл сайын қатысып отыратын болды.Университет жастары қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысып отырды. Соның ішінде студенттердің Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің сайлау кампаниясына белсенділік танытып, қатысқандарын ерекше атап өтуге болады. Үгіт жұмыстарын жүргізген ұжымның құрамына 139 студент қатысты. Олар 4 аумақта қызмет етті. Көркемөнерпаздар үйірмесінің қатысушылары тұрғындарға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды.1937 жылы халықтық Бүкілодақтық санағын жүргізу үшін арнайы дайындалған 130 студент бөлінді. Кезекті санақта университет 3 аумақта қызмет етті. Сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындары арасында сауатсыздықты жою жұмыстарын кеңінен насихаттады.1939 жылы республиканың мәдени өмірінде маңызды оқиға болды. Университеттің биология, химия, физика, математика факультеттерінің ең алғаш түлектері дайындалып шығарылды. 87 жоғары білікті маман КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесіне, ғылыми және педагогикалық жұмыстары бойынша республиканың түкпір-түкпіріндегі жоғары оқу орындары мен мектептеріне жіберілді.Осылайша, ҚазМУ құрылғаннан кейін көп ұзамай қазақ жастарының арасында үздік дәстүрлер қалыптаса бастады. ### Бүгінгі жағдайы Қазіргі кезде университет 37 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университетте екі мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен елу философия докторы бар. Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің жапсырмасыз ашықтығы, білім алушылардың академиялық ілкімділігі, «бакалавр – магистр – PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Университеттің жаңа даму кезеңінде әл–Фараби атындағы ҚазҰУ–дың жаңа Академиялық саясаты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі жолға қойылды. ## Халықаралық қызмет Жыл сайын ҚазҰУ-дың 2000-нан астам студенті шетелдік ғылым және білім беру мекемелерінде тілдік тағылымдамадан, сондай-ақ ғылыми тағылымдамадан өтеді. Университет жыл сайын университеттің 600-ден астам оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлері үшін халықаралық конференцияларға, шетелдік жоғары оқу орындары мен ұйымдардың ТМД, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс елдеріне шақырулары бойынша кездесулер ұйымдастырады. ҚазҰУ Қазақстанның шетелдегі оң имиджін арттыруға белсенді ықпал етеді. Орталықтар, кафедралар университеттің белсенді қолдауымен шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында құрылады. Сондай-ақ, қазақ тілі курстары ұйымдастырылды, онда студенттер қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, өнерімен, өмірімен танысады, олардың арасында Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті (Ресей) мен Адам Мицкевич университеті (Польша) бар. ҚазҰУ. Әл-Фараби халықаралық серіктестермен бірлесе отырып, диалог алаңы бар "Ұрпақтар арқылы өтетін Жасыл көпір" сияқты бірқатар ірі халықаралық ғылыми және білім беру жобаларын жүзеге асырады. "Ұрпақтар арқылы жасыл көпір" платформасы Қазақстан Президентінің "ХХІ ғасырдағы орнықты дамудың жаһандық энергетикалық экологиялық стратегиясы" және "Жасыл" идеяларын іске асыру үшін құрылған көпір". ҚазҰУ Орталық Азия жоғары оқу орындары арасында бірінші болып RIO + 20 конференциясында платформа ұсынды: БҰҰ-ның RIO-20 орнықты даму жөніндегі декларациясына қосылды, RIO + 20 конференциясының секциясын басқарды. 2014 жылғы қаңтарда ҚазҰУ. Әл-Фарабиге БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы жаһандық Академиялық ықпал ету орталығын (БҰҰ-ның Академиялық ықпалы) басқару тапсырылды. ЮНЕСКО-ның Орнықты даму жөніндегі Орталық Азия өңірлік орталығы ЮНЕСКО ұсынған UNITWIN бағдарламасына сәйкес ҚазҰУ базасында құрылды. "Еуразиялық әртүрлілік және университеттердің орнықты дамудағы рөлі" III Азия университеттерінің форумы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде, сондай-ақ 2014 жылы Астана мен Алматыда өткен VII Астана экономикалық форумы аясында университеттің орнықты даму жөніндегі іс-шараларын ілгерілету шеңберінде өтті. ҚазҰУ "Тұрақты адам дамуының жаңа парадигмасы" тақырыбында халықаралық конференция өткізу үшін негізгі ұйым ретінде таңдалды. G — Global-дүниежүзілік өнер және ғылым академиясымен (WAAS) және Дүниежүзілік университеттер консорциумымен (WUC) бірлесіп, жетекші халықаралық ұйымдар өкілдерінің, әлемге әйгілі ғалымдардың, көрнекті қоғам қайраткерлерінің қатысуымен" Жаһандық диалог форматы". ## Ғылым және инновация ҚазҰУ құрамында университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын ҚазҰУ ғылым және инновациялық қызмет департаменті ашылды. Ғылым және инновациялық қызмет департаменті университетте жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ), сондай-ақ жоғары білікті кадрларды даярлауды жүзеге асырады және үйлестіреді. Департамент факультеттерді, ғылыми-зерттеу институттарын (ҒЗИ), ғылыми орталықтарды (ҒО), технопаркті және т.б. қоса алғанда, университеттің барлық ғылыми-зерттеу бөлімшелерін біріктіретін бірыңғай ғылыми құрылым болып табылады. Департамент ғылыми және инновациялық қызметті Университеттің даму стратегиясы, ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің шешімдері негізінде айқындайды. әл - Фараби және ғылыми-техникалық кеңес. Департамент қызметінің мақсаты ҚазҰУ-дың ғылыми және зияткерлік әлеуетін барынша толық пайдалануға жәрдемдесу болып табылады. әл-Фараби, ҒЗТКЖ нәтижелерінің тиімділігін және оқыту сапасын арттыру, инновациялық қызметті ұйымдастыру, білім беру бағдарламаларын іске асыру және ғалымдар мен мамандардың халықаралық ынтымақтастығын нығайту үшін ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік қызметті кешенді дамыту. ## Университетте жұмыс істейді * Болон процесі бойынша студенттер бюросы * "Сұңқар" студенттік кәсіподағы / "Сұңқар" * Ғылыми кітапхана * ҚазҰУ жанындағы бейіндік мектеп. әл-Фараби * ҚазҰУ колледжі. әл-Фараби * ҚазҰУ тарих мұражайы. әл-Фараби * ҚазҰУ мұрағаты. әл-Фараби * Биология мұражайы * Археология және этнология мұражайы * Палеолит мұражайы * "ҚазГУ Град" КВН командасы * "Бақыт" би ансамблі * ҚазҰУ студенттік драма театры. әл-Фараби"БІЗ" * ҚазҰУ Хабаршысы * "Қазақ университеті" газеті, халықаралық бюллетень (екі тілде) * ҚазҰУ Студенттер сенаты * "Парасат" қызметкерлер кәсіподағы * Түлектер қауымдастығы * Әскери кафедра * Біліктілікті арттыру институты * Жұмыс берушілер Кеңесі * Қалалық деңгейде тіркелген "Эйдос" театр клубы * "Қазақ университеті"баспасы * ҚазҰУ пікірсайыс клубы * ҚазҰУ зияткерлік клубы * "Саясаттанушы" студенттік пікірталас клубы * Халықаралық қатынастар факультеті жанындағы "Талейран" дипломатиялық клубы * Кіші әл-Фараби Академиясы * Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы жанындағы әлеуметтік зерттеулер және инжиниринг орталығы * Саясаттану кітапханасы. Т.Т.Мұстафин саясаттану және саяси технологиялар кафедрасында ## Институттары * Мемлекет және құқық институты * Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты (ЭТФ ҒЗИ) * Жаңа химиялық технологиялар және материалдар ғылыми-зерттеу институты (ҒҒТМ ҒЗИ) * Зерттеу және талдаудың физика-химиялық әдістері орталығы (ЦФХМА) * Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты (ПББ ҒЗИ) * Біліктілікті арттыру институты (БАИ) * Конфуций Институты * Ғылыми-технологиялық парк (Технопарк) * Ашық типтегі ұлттық нанотехнологиялық зертхана (NNLOT) ## Университет қалашығы 90 га университет кешені шығысында Есентай (Весновка) өзені, батысында Ботаникалық бақ, солтүстігінде Тимирязев көшесінен оңтүстігінде Әл-Фараби даңғылына дейін орналасқан. Кешеннің құрылысы 1971 жылы басталды. Жобаны "Гипровуз" жоғары оқу орындарын жобалау институтының авторлық ұжымы әзірледі (сәулетшілер В.П.Бондаренко-жетекші, В.М.Егоров, Ю.С.Зимин, инженер Л.П.Самарцев). Бастапқыда 2 кезектегі құрылысты жүзеге асыру жоспарланған болатын: бірінші кезек (1986 жылға дейін) гуманитарлық және жаратылыстану факультеттерінің оқу корпустарын, ректорат және ғылыми-зерттеу ғимараттарын, акт залын, жатақханаларды, спорт кешенін, емхананы, шаруашылық құрылыстарды салуды көздеді; екінші кезек (1995 жылға дейін жүзеге асырылуы жоспарланған)  нақты ғылымдардың оқу корпустары, ғылыми-зерттеу институттарының, зертханалар мен кітапханалардың 2,5 млн томдық корпустары, жатақханалар және т.б. Университет кешенінің жоспарында 4 функционалды аймақ бөлінеді — оқу-өндірістік, спорттық, тұрғын үй және шаруашылық. Бұл аймақтарды байланыстыратын негізгі өзек-эспланад. Ректораттың биік ғимараты (биіктігі 75 м) басым позицияны алады, бұл бүкіл кешеннің архитектуралық және композициялық маңыздылығын көрсетеді. 2004 жылғы жағдай бойынша университеттің Студенттер қалашығында 10 оқу ғимараты, 17 жатақхана, студенттер сарайы болды. У.Жолдасбекова, спорт кешені, "Қазақ университеті" баспасы, газет, "Сана" телерадиостудиясы. 2005 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев мақұлдаған университеттің даму жоспарына сәйкес ғылыми кітапхана ғимаратынан университет кешені құрылысының екінші кезеңі басталды. ## Университет құрылымы Қазақ ұлттық университетінің 17 факультеті бар: ## Университет басшылары * 1934—1940 — Олихов Фёдор Трофимұлы * 1940—1947 — Лукьянец Иван Куприянұлы * 1948—1953 — Төлеген Тәжібайұлы Тәжібаев * 1953—1955 — Асқар Закарұлы Закарин * 1955—1961 — Темірбай Байбосынұлы Дарқанбаев * 1961—1970 — Асқар Закарұлы Закарин * 1970—1986 — Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков * 1986—1988 — Еділ Ерғожаұлы Ерғожин * 1988—1991 — Мейірхан Мүбәрәкұлы Әбділдин * 1991—2001 — Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаев * 2001—2008 — Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұлов * 2008—2010 — Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов * 2010 – 2021  — Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов * 2021 – жылдан бастап Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев ## Атақты түлектер * Зейнолла Қабдолов * Әбіш Кекілбаев * Мұхтар Мағауин * Дулат Исабеков * Қадыр Мырза Әлі * Тұманбай Молдағалиев * Тұрсын Жұртбай * Жүрсін Ерман * Нұрлан Оразалин * Олжас Сүлейменов * Әзілхан Нұршайықов * Рахман Алшанов * Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова * Өмірзақ Айтбайұлы Айтбаев * Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов * Мырзатай Жолдасбеков * Игорь Иванович Рогов * Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов * Қайрат Мәми * Тауман Төреханов ## Серіктес университеттер * Hankuk University of Foreign Studies, Корея Республикасы * Pusan University of Foreign Studies, Корея Республикасы * Soongsil University, Корея Республикасы * Ching Yun University, Тайвань ## Тағы қараңыз * әл-Фараби * QS Әлем Университеттері Ранкингі ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * mkm.kz Мұрағатталған 20 ақпанның 2013 жылы. * ҚазҰУ электронды кітапханасы Мұрағатталған 17 желтоқсанның 2008 жылы. * ҚазҰУ-дың ресми сайты Мұрағатталған 16 маусымның 2011 жылы.
Қосбастау – Шыңғыстау жотасының оңтүстік-батыс бөлігіндегі тау. ## Географиялық орны Абай облысы Абай ауданы Көкбай ауылының оңтүстік-батысында 24 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1077 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2 км-ге созылған, енді жері 1 км. Солтүстік беткейі тіктеу келген. Батысында Ақдомбақ, шығысында Ақбиік таулары, оңтүстігінде Ақшатау жотасы орналасқан. ## Өсімдігі Беткейінде тобылғы, қараған, тал, терек, қайың, т.б. өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Бернар Женгини (фр. Bernard Genghini; 18 қаңтар 1958, Сульс-О-Рен, Франция) — франциялық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. 1984 жылғы Еуропа чемпионы. ## Жетістіктері ### Командалық Франция * Еуропа чемпионы: 1984 * Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 1986 * Әлем чемпионатының жартылай финалисі: 1982 «Сошо» * Франция чемпионатының күміс жүлдегері: 1980 * Франция чемпионатының қола жүлдегері: 1982 «Монако» * Франция чемпионатының күміс жүлдегері: 1984 * Франция чемпионатының қола жүлдегері: 1985 * Франция кубогы: 1985 * Франция кубогының финалисі: 1984 * Франция суперкубогы: 1985 * Альпі кубогы (2): 1983, 1984 «Олимпик» (Марсель) * Франция чемпионатының күміс жүлдегері: 1987 * Франция кубогының финалисі: 1987 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * https://www.worldfootball.net/player_summary/bernard-genghini/
Құйғанкөл – Билікөл көлінің солтүстік-батысындағы тұйық көл. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласының солтүстігінде 9 км жерде орналасқан. Аса өзені алабында. Теңіз деңгейінен 474 м биіктікте жатыр. ## Гидрографикасы Аумағы 2,1 км2, ұзындығы 3 км, енді жері 0,7 км, жағалау бойының ұзындығы 8 км. Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Желтоқсанда суы қатып, наурыз айында ериді. ## Жағалау сипаты Жағалауы жазық, қамыс, құрақ өседі. Суы мал суаруға пайдаланылады. Солтүстік-шығысында Қайназар көлі жатыр. Оңтүстік-батысынан Жаңатас – Қаратау теміржолы өтеді. ## Дереккөздер
Нұрлан Мұсақанұлы Қашағанов (17 наурыз 1971, Михайловка ауылы, Жамбыл облысы, Қазақ КСР) — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жоғарғы қолбасшылығының өкілі, генерал-майор (05.05.2016 бастап), «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы (2016 бастап). ## Өмірбаяны 1971 жылы 17 наурызда Жамбыл облысы Михайловка ауылында дүниеге келді. 1993 жылы Алматы жоғарғы жалпыәскерлік қолбасшылық училищесін бітірді. Офицерлік қызметін Республикалық ұлан взводының командирі болып бастады. 1993 жылдың маусымынан 1999 жылдың маусымына дейін Республикалық ұланда әртүрлі офицерлік лауазымдарда қызмет етті. 1999 жылдың маусымынан 2001 жылдың шілдесіне дейін — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясының тыңдаушысы. 2001 жылы Қазақстан Республикасы ҚК Әскери академиясын бітірді. 2001 жылдың шілдесінен 2003 жылдың қазанына дейін — Қазақстан Республикасы Республикалық ұлан полкі командирінің орынбасары. 2003 жылдың қазанынан 2004 жылдың сәуіріне дейін — ҚР ҚМ Бас штабы бастықтары комитетінің Жедел жоспарлау департаментінің аға офицері. 2004 жылдың сәуірінен 2005 жылдың қаңтарына дейін — штаб бастығы — мотоатқыштар дивизиясы мотоатқыштар полкі командирінің орынбасары. 2005 жылдың қаңтарынан 2005 жылдың шілдесіне дейін — мотоатқыштар дивизиясы мотоатқыштар полкінің командирі. 2005 жылдың шілдесінен 2009 жылдың тамызына дейін — механикаландырылған бригада командирі. 2009 жылдың тамызынан 2011 жылдың шілдесіне дейін — Беларусь Республикасы Әскери академиясының Бас штабы факультетінің тыңдаушысы. 2011 жылы Беларусь Республикасы Әскери академиясының Бас штабының факультетін бітірді. 2011 жылдың шілдесінен 2013 жылдың ақпанынан дейін — мотоатқыштар бригадасының командирі. 2013 жылдың ақпанынан 2013 жылдың шілдесіне дейін — Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары — Аэроұтқыр әскерлері штабының бастығы. 2013 жылдың шілдесінен 2016 жылдың маусымына дейін — «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары — «Астана» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысы басқармасының штаб бастығы. 2016 жылдың 2 маусымынан 2019 жылдың 21 қыркүйегіне дейін – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы. ## Марапаттары * 3 дәрежелі Айбын ордені (2001) ## Дереккөздер
* Құйғанкөл – Ақтөбе облысы Темір ауданындағы тұйық көл. * Құйғанкөл – Жамбыл облысы Талас ауданындағы тұйық көл.
Намазтақыр — Жем өзенінің оң жағалауындағы қоныс. ## Географиялық орны Атырау облысы, Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылынан шығысқа қарай 40 км жерде орналасқан. ## Сипаттамасы Жер беті тегіс тақыр келген. Жем өзеніне қарасты оңтүстігінде жарқабақтар кездеседі. Оның табанында бұта шоғырлары өскен. Кезінде (20-ғасырдың 70 жылдарына дейін) мұнда аумағы 05,8 км2, ұзындығы 5,2 км, енді жері 4,5 км тұзды көл болған. Теңіз деңгейінен шамамен 23-25 м биіктікте жатқан қоныс бетінде шөлге тән сораң шөптесіндер өскен. Солтүстігі мен шығысынан ортасына қарай құрғақ арналар созылып жатыр. ## Дереккөздер
Нарын (Бұғылыөзек) каналы – Атырау облысының Махамбет және Исатай аудандары жеріндегі суғару жүйесі. ## Гидрологиялық сипаты Ұзындығы 140 км, секундына 5 м3 су өткізе алады. Жайық өзенінен Ақтоғай ауылының тұсынан бөлініп шығып, Нарын құмды алқабындағы Әбдір қыстауы маңында құмға сіңіп кетеді. Жоғарғы және орта ағысында суы егіншілікке, шабындық суландыруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Нұрман — Нарын (Бұғылыөзек) каналының бойында орналасқан қыстау. ## Географиялық орны Атырау облысы, Исатай ауданы, Хамит Ерғалиев ауылынан солтүстік –батысқа қарай 12 км жерде орналасқан. ## Сипаттамасы Жер бедері жазық. Теңіз деңгейінен 21 м төмен жатыр. Сортаңды сұр топырақ жамылғысында жусан, бұйырғын, астық тұқымдас шөптесіндер өседі. Суы мол, мал жайылымына қолайлы. Төңірегінде Сарыбай, Қызылкөпір, Сүйін т.б.қыстаулар жатыр. ## Дереккөздер
Мыңтөбе — Нарын құмының орта тұсында, Бозанай (Бұзанай) құмды алқабындағы қоныс. ## Географиялық орны Атырау облысы, Исатай ауданы, Мыңтөбе ауылының оңтүстігінде 2 км жерде орналасқан. ## Сипаттамасы Құм төбелер қоршап жатқан Мыңтөбенің ұзындығы 10 км, енді жері 8 км шамасында. Жер бедері тегіс, жиектеріндегі құм төбелерді жағалап теріскен, ебелек, сорқаңбақ, т.б. шөптесіндер өскен. Оңтүстік бөлігін сор басқан. Қоныс жиегінде қыстаулар жатыр. Теңіз деңгейінен 3-5 м төмен жатыр. Қоныс жиегімен даланың бірнеше қара жолдары өтеді. ## Дереккөздер
Отырқожа – Бұғылөзек және Бақсай өзендерінің аралығындағы қыстау. ## Географиялық орны Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай ауылының батысында 16 км жерде орналасқан. ## Сипаттамасы Батысында Текеқұлақорпа, Бақтыбай, солтүстік-батысында Сүлмеқұдық, оңтүстігінде Теген, оңтүстік-шығысында Сарықатын қыстаулары бар. Сортаңды сұр топырақ жамылғысында жусан, сораң, шағыр, жүзгін, жыңғыл, қызылмия, құланқұйрық, т.б. өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Нұрымбет — Жайық өзенінің оң жағалаулық аңғарындағы Ақсай каналының бойындағы орналасқан қыстау. ## Географиялық орны Атырау облысы, Махамбет ауданының қиыр батысында. Көздіқара ауылынан батысқа қарай 18 км жерде. ## Сипаттамасы Жер бедері жазық келген, теңіз деңгейінен шамамен 18 м төмен жатыр. Суы мол, шөбі шүйгін, негізінен астық тұқымдас шөптесіндер өседі. ## Дереккөздер
Оспанқора — Тентексор қонысының оңтүстік шығысындағы қыстау. ## Географиялық орны Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылының солтүстік-батысында 12 км жерде орналасқан. ## Сипаттамасы Қыстау теңіз деңгейінен 10 м төмен жатыр. Солтүстігінде Бартылдақты, оңтүстік-шығысында Қоскөл көлдері, шығысында Құдықсай қыстауы бар. Сортаңды қоңыр, құмды топырақ жамылғысында жусан, бұйырғын, сораң, эфемерлі шөптер өседі. ## Дереккөздер
Соколов ауданы — 1921 жылдың қыркүйегінен қазанына дейін, 1936 жылдың шілдесінен 1963 жылдың қаңтарына дейін және 1964 жылдың желтоқсаннан 1997 жылдың сәуіріне дейін болған Ақмола губерниясы мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік бөлінісінің бірлігі. ## Тарихы Соколов ауданы 1921 жылы 15 қыркүйекте Ақмола губерниясының құрамында, Түмен губерниясының Есіл уезінен берілген аумақта құрылды. Соколовское ауылы аудан орталығы болып белгіленді. Аудан құрамына 5 болыс кірді: Бугров, Краснояр, Налобин, Соколов, Сум. 1921 жылы 28 қазанда Соколов ауданы таратылып, оның аумағы Петропавл уезіне берілді. 1936 жылы 29 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының құрамында Соколов ауданы қалпына келтірілді. 1957 жылы 14 қыркүйекте таратылған Петропавл ауданы аумағының бір бөлігі Соколов ауданына қосылды. 1963 жылы 2 қаңтарда Соколов ауданы таратылып, аумағы Мамлют ауданына қосылды. 1964 жылы 31 желтоқсанда аудан қалпына келтіріліп, Мамлют және Совет аудандарынан ауылдық кеңестер берілді. 1965 жылы 5 қазанда Прибрежный ауылдық кеңесі құрылды. 1966 жылы 21 маусымда Мамлют ауданына Петерфельд, Архангел ауылдық кеңестері берілді. 1967 жылы 2 қаңтарда жаңадан құрылған Бескөл ауданына Асанов, Бескөл, Прибрежный, Светлополь ауылдық кеңестері берілді. 1967 жылы 27 шілдеде Виноградов ауылдық кеңесі құрылды. 1969 жылы 13 қаңтарда Кустов ауылдық кеңесі Вагулин ауылдық кеңесі болып өзгертілді. 1974 жылы 28 ақпанда Лесной ауылдық кеңесі құрылды. 1976 жылы 20 шілдеде Рощин ауылдық кеңесі құрылды. 1986 жылы ауданға 11 ауылдық кеңес кірген: Берёзов, Бугров, Вагулин, Виноградов, Долматов, Краснояр, Лесной, Налобин, Рощин, Соколов, Якорь. 1994 жылы 12 қаңтарда бұрынғы ауылдық кеңестер аумағында ауылдық округтер құрылды. 1997 жылы 12 ақпанда Краснояр және Лесной ауылдық округтері таратылды. 1997 жылы 18 сәуірде Соколов ауданы Бескөл ауданының құрамына еніп, Бескөл ауданы Қызылжар ауданы болып өзгертілді. ## Халқы ## Дереккөздер
Өтеубай — Ақсай мен Бұғылыөзек өзендерінің аралығындағы қыстау. ## Географиялық орны Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақтоғай ауылының солтүстік-батысында 25 км жерде орналасқан. ## Сипаттамасы Жер бедері жазық, теңіз деңгейінен шамамен 15 м төмен жатыр. Сортаңды сұр топырақты жамылғысында жусан, сораң, шағыр, қаңбақ, құмаршық, жүзгін, қызылмия, изен, т.б.өсімдіктер өседі. Қыстаудың шығысында Әбен, оңтүстігінде Мейірман қыстаулары бар. ## Дереккөздер
Құйғанкөл – Құмжарған құмының солтүстік-батысындағы тұйық көл. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши кентінің солтүстік-шығысында 28 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 198 м биіктікте жатыр. ## Гидрографикасы Аумағы 2,9 км2, ұзындығы 2,1 км, енді жері 1,7 км. Жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Қараша айында суы қатып, сәуірде ериді. ## Жағалау сипаты Жағалауы жазық. Солтүстігінде Жәмет, оңтүстігінде Талдышоқы таулары, батысында Аққұм құмы мен Тереңқұдық қыстауы жатыр. Суы ащы, кермек, мал суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Сарықатын — Жайық өзенінің тармағы Бақсай өзенінің жайылмасындағы қыстау. ## Географиялық орны Атырау облысы, Махамбет ауданы, Есмахан ауылынан батысқа қарай 2 км жерде орналасқан. ## Сипаттамасы Қыстаудың жазық жер бедерін төрттік кезеңнің көлді-аллювийлі шөгінділері жапқан. Өзеннің сазды-шалғынды және сортаң топырағында жиде, жүзгін, аралас бұйырғын, жусан, ақмия, қамыс, батпақты шалғындар өскен. ## Дереккөздер
Саралжын — Жайық өзенінің оң жағалаулық аңғарындағы қыстау. ## Географиялық орны Атырау облысы, Индер ауданы, Көктоғай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 15 км жерде орналасқан. ## Сипаттамасы Жайық өзенінің Ақсай тармағынан бөлініп шығатын каналдар мен жылғалар арасында жатыр, жері тегіс. Шөбі шүйгін, мал жайылымына қолайлы. ## Дереккөздер
Мойнақ — Нарын (Бұғылыөзек) каналы өзенінің арнасындағы қыстау. ## Географиялық орны Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарытоғай ауылының оңтүстік -батысында 8 км жерде орналасқан. ## Сипаттамасы Батысында Ащықұдық, оңтүстігінде Қонақүй қыстаулары жатыр. Қыстау бойынан елді мекендермен байланыстыратын қара жолдар өтеді. Сортаңды қоңыр топырақ жабындысында тасбұйырғын, қара жусан, бұйырғын, бұталар т.б. өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Сарысай – Атырау облысы, Индер ауданындағы құдық. Жайық өзенінің сол жағалауында, Жарсуат ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 8 км жерде, теңіз деңгейінен 8 м төменде орналасқан. Тереңдігі 5 м. Су шығымы 200 л/сағ. Суы тұщы. Құдық маңындағы жазықтың сортаңдау шалғынды қоңыр топырағында галофитті бұталар, аралас сораң шөптесіндер өскен. ## Дереккөздер
Серік Теміржанов (1998 жылы 24 мамырда туған) - қазақстандық боксшы. Ол Жапонияның Токио қаласында өткен 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында ерлер арасында жеңіл салмақтағы жарыстарға қатысты. 2021 жылғы Белградта болған әлем чемпионатына қатысып, күміс жүлдегері атанды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Серік Теміржанов - olympic.kz
Сәйтімбет — Тайсойған құмының солтүстігінде, Жарыпшыққан өзенінің аңғарындағы қыстау. ## Географиялық орны Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылының оңтүстік-батысында 12 км жерде орналасқан. ## Сипаттамасы Жер бедері құмды, төбешікті келген. Батысында Балабейіт, оңтүстігінде Сарғыш қыстаулары бар. Құмды, сұр топырақ жамылғысында жусан, сексеуіл, бұйырғын, еркек шөп, т.б.өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Әбілхан Қастеев Аманкелді Имановтың бірнеше портретін салған еді. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс көсемдерінің бірі болған Аманкелді Имановтың шынайы бейнесін тарихта қалдыру мақсатымен республика үкіметі тарапынан арнайы сайыс ұйымдастырылады. Оған таңдаулы деген өнер иелері қатысады. Қастеев те сол тапсырма аясында 1939 жылы Торғай өңіріне аттанып, Аманкелдінің ауылын, жүрген жерін аралайды, көз көрген адамдармен, сарбаздарымен сұхбаттасады. Түр-пішін, тұлғасын сұрап біліп, кескіндеп, талай этюд-нобайды жасап шығарады. Алайда анфас және профильмен салынған алғашқы нұсқалары ойдағыдай шықпайды. Ақыры көрме үшін 1943 жылы салынған жартылай анфас нұсқа іріктеліпті. Мұнда Аманкелді тұрған кейпінде бейнеленген, артында мылтығы, алдында дүрбісі мен семсері көрінеді, оң қолында қамшысы бар. Осы көрмені үкімет басшылары келіп көрді. Әбілхан ауыл-елдегі Амангелдінің ағайын, туыстары, серіктері дән риза болған кейінгі портретті бәйгеге қосты. Амангелді Имановтың үзеңгілес серігі, революционер Әліби Жанкелдин бұл портретке ықыласы ауып, ұзақ қарап, батырмен жүздескендей сезімде болды. — Бәрекелді! Ерлік жасапсың!.. Досымды енді іздеп таптым. Басқалардың суретінен гөрі мына сенің Амангелдің көзіме оттай басылды. Бет-пішіні, түрі, тұлғасы, мінезін түгел тауыпсың. Құдды өзі! — деп қуанып, Қастеевтің қолын қысты. Осы жұмысы үшін 1944 жылы оған Қазақ КСР Халық суретшісі атағы мен Жоғарғы Кеңестің грамотасы беріледі. Алайда Аманкелді портретінің ең танымал болып кеткен нұсқасы 1950 жылы салынып бітеді. Мұнда халық батыры көтерілісшілер лагерінде отыр, қолында арабша жазылған қағазы бар. Ол алысқа көз тастап, алдағы уақытта болатын шайқастың жоспарын құрып отырған іспетті. Қастеев оны байсалды, салмақты, терең ойлы етіп көрсете білді. Бұл бейнені ірілетіп әрі байытып қойған тағы бір сурет — Қастеевтің 1970 жылы салған «Амангелді сарбаздары». Мұнда Аманкелді салт атты етіп бейнеленген, артқы фонда соңынан ерген жүздеген көтерілісшілер көрінеді. ## Дереккөздер
Сегізқырқа — Қарақұм құмының шығысындағы қоныс. ## Географиялық орны Атырау облысы, Жылыой ауданы, Мұнайлы ауылының оңтүстік-шығысында 20 км жерде орналасқан. ## Сипаттамасы Теңіз деңгейінен 3-5 м төменде жатыр. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 13 км-ге созылған, енді жері 2,5-3 км. Жер бедері сор, тақырлы келген. Сор, сортаң топырақ жамылғысында сораң өсімдіктер өседі. Батысында Толтыртұз, шығысында Диуанакөл қоныстары жатыр. ## Дереккөздер
Фозил Фахрединович Мусаев (өзб. Fozil Faxriddinovich Musayev; 2 қаңтар 1989 жыл; Ташкент, Өзбек КСР, КСРО) — өзбекстандық футболшы, жартылай қорғаушы. ## Карьерасы Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы сапында 2019 жылғы Азия кубогына қатысқан. "Насаф" клубының түлегі. Кейін "Машал", "Бунедкор" секілді Өзбекстан клубтарында ойнап, 2013 жылы Катардың "Әл-Муайдар" клубына ауысты. 2014 жылы Өзбекстанға оралып, "Локомотив" (Ташкент) футболшысы атанды. 2015 жылы "Сепахан" клубына ауысты. 2016 жылы "Насаф" клубына қайта оралды. ## Жетістіктері ### Командалық Насаф * Өзбекстан вице-чемпионы: 2011 * Өзбекстан кубогының финалисі: 2011, 2012 * АФК кубогы: 2011 «Локомотив» (Ташкент) * Өзбекстан вице-чемпионы: 2014 * Өзбекстан кубогы: 2014 * Өзбекстан кубогының финалисі: 2014 «Сепахан» * Иран чемпионы: 2014/15 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі * Профилі Мұрағатталған 24 қыркүйектің 2015 жылы.
Әмір — Қосдәулет құмының солтүстік-шығысындағы қыстау. Атырау облысы, Исатай ауданында орналасқан. Маңайында Үшкемпір, Сұлтанбек, Тілеп құдықтары орналасқан. Құмдақты қоңыр топырағында жусан, әр түрлі жұлдызшөптер өседі. ## Дереккөздер
Фозил Фахрединович Мусаев (өзб. Fozil Faxriddinovich Musayev; 2 қаңтар 1989 жыл; Ташкент, Өзбек КСР, КСРО) — өзбекстандық футболшы, жартылай қорғаушы. ## Карьерасы Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы сапында 2019 жылғы Азия кубогына қатысқан. "Насаф" клубының түлегі. Кейін "Машал", "Бунедкор" секілді Өзбекстан клубтарында ойнап, 2013 жылы Катардың "Әл-Муайдар" клубына ауысты. 2014 жылы Өзбекстанға оралып, "Локомотив" (Ташкент) футболшысы атанды. 2015 жылы "Сепахан" клубына ауысты. 2016 жылы "Насаф" клубына қайта оралды. ## Жетістіктері ### Командалық Насаф * Өзбекстан вице-чемпионы: 2011 * Өзбекстан кубогының финалисі: 2011, 2012 * АФК кубогы: 2011 «Локомотив» (Ташкент) * Өзбекстан вице-чемпионы: 2014 * Өзбекстан кубогы: 2014 * Өзбекстан кубогының финалисі: 2014 «Сепахан» * Иран чемпионы: 2014/15 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі * Профилі Мұрағатталған 24 қыркүйектің 2015 жылы.
Юсуф Рабиев (24 мамыр 1976 жыл) — тәжікстандық футболшы, шабуылшы. Тәжікстан Ұлттық футбол құрамасы сапында ойнаған. Тәжікстанның бірнеше дүркін чемпионы. ## Жетістіктері ### Командалық «Варзоб» * Тәжікстан чемпионы (3): 1998, 1999, 2000 * Тәжікстан кубогы (2): 1998, 1999 «Регар-ТадАЗ» * Тәжікстан чемпионы (1): 2001 * Тәжікстан кубогы (1): 2001 «Авиатор»/«Парвоз» * Тәжікстан кубогы (2): 2004, 2007 «Худжанд» * Тәжікстан кубогы (1): 2008 «Истиклол» * Тәжікстан чемпионы (2): 2010, 2011 * Тәжікстан кубогы (2): 2009, 2010 Тәжікстан * АФК челлендж кап (1): 2006 ### Жеке * Тәжікстанның үздік футболшысы (2): 2008, 2010 * Тәжікстан чемпионатының үздік мергені (2): 2010, 2011 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі (ағылш.)
Фулад Мобараке Сепахан (парсы: باشگاه فوتبال فولاد مبارکه سپاهان‎), немесе қысқаша Сепахан ретінде танымал — Иранның Испахан қаласындағы футбол клубы. 1953 жылы құрылған. ## Жетістіктері ### Ұлттық * Иран чемпионатыЧемпион (5): 2002/03, 2009/10, 2010/11, 2011/12, 2014/152-орын (1): 2007/083-орын (3): 1996/97, 1998/99, 2012/13 * Чемпион (5): 2002/03, 2009/10, 2010/11, 2011/12, 2014/15 * 2-орын (1): 2007/08 * 3-орын (3): 1996/97, 1998/99, 2012/13 * Иран кубогыЖеңімпаз (4): 2003/04, 2005/06, 2006/07, 2012/13 * Жеңімпаз (4): 2003/04, 2005/06, 2006/07, 2012/13 * 2 дивизионЖеңімпаз (1): 1973/742-орын (1): 1992/93 * Жеңімпаз (1): 1973/74 * 2-орын (1): 1992/93 ### Халықаралық * АФК чемпиондар лигасыФиналист (1): 2007 * Финалист (1): 2007 ## Дереккөздер
Манучехр Насруллоевич Джалилов (27 қыркүйек 1990 жыл) — тәжікстандық футболшы, "Истиклол" клубы мен Тәжікстан Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушысы. ## Карьерасы ### Клубтық Мәскеудің "Локомотив" клубының түлегі. Бірақ негізгі құрамда ойнай алмады, тек фарм-клубта өнер көрсетті. 2011 жылы "Горняк" клубына ауысты. Сол жылы жазда "Нефтехимик" футболшысы атанды. 2015 жылы тарихи отаны Тәжікстанға оралып, "Истиклол" сапына қосылды. Кейін Индонезия клубтарында ойнады. ### Халықаралық Әзірше Тәжікстан құрамасы сапында ең көп гол соққан футболшы (17 гол). ## Жетістіктері * Тәжікстан суперкубогы: 2020 ## Сілтемелер * Профилі (орысша)
Манучехр Насруллоевич Джалилов (27 қыркүйек 1990 жыл) — тәжікстандық футболшы, "Истиклол" клубы мен Тәжікстан Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушысы. ## Карьерасы ### Клубтық Мәскеудің "Локомотив" клубының түлегі. Бірақ негізгі құрамда ойнай алмады, тек фарм-клубта өнер көрсетті. 2011 жылы "Горняк" клубына ауысты. Сол жылы жазда "Нефтехимик" футболшысы атанды. 2015 жылы тарихи отаны Тәжікстанға оралып, "Истиклол" сапына қосылды. Кейін Индонезия клубтарында ойнады. ### Халықаралық Әзірше Тәжікстан құрамасы сапында ең көп гол соққан футболшы (17 гол). ## Жетістіктері * Тәжікстан суперкубогы: 2020 ## Сілтемелер * Профилі (орысша)
«Баркчи» (тәж. Клуби футболи «Барқчӣ») — Тәжікстанның Гиссар қаласындағы футбол клубы, 2006 жылы құрылған. 20017 жылдан бері үздіксіз жоғары лигада ойнап келеді. ## Тарихы 2006 жылы Душанбеде "Энергетик" деген атаумен құрылды. 2015 жылы демеушілері ауысты да, базасы Гиссар қаласына көшіріліп, "Баркчи" деп аталды. ### Атаулары ## Жетістіктері * Тәжікстан кубогы:Финалист (1): 2008 * Финалист (1): 2008 * Тәжікстан 1 лигасыЖеңімпаз (1): 2006 * Жеңімпаз (1): 2006 ## Сілтемелер * http://footballfacts.ru/clubs/119398-energetik-dushanbe