text
stringlengths
3
252k
Владимир Алексеевич (Алишаевич) Гулямхайдаров (26 ақпан 1946 жыл, Сталинабад) — кеңестк футболшы, шабуылшы футбол жатттықтырушысы. ## Карьерасы ### Ойыншы "Памир" клубының түлегі. 1964 жылы карьерасын бастап, 4 маусым ойнады. 1969-70 жылдары Мәскеудің "Торпедо" клубында өнер көрсетіп, 1971 жылы "Памирге" қайта оралды. ### Бапкер 1980 жылы бапкерлік жолын "Памирде" бастады. 1994 жылы Тәжікстан Ұлттық футбол құрамасын жаттықтырды. 1996 жылы Қазақстанға келіп, біржола тұрақтап қалды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Мерейтойы Мұрағатталған 8 қыркүйектің 2019 жылы.
Владимир Алексеевич (Алишаевич) Гулямхайдаров (26 ақпан 1946 жыл, Сталинабад) — кеңестк футболшы, шабуылшы футбол жатттықтырушысы. ## Карьерасы ### Ойыншы "Памир" клубының түлегі. 1964 жылы карьерасын бастап, 4 маусым ойнады. 1969-70 жылдары Мәскеудің "Торпедо" клубында өнер көрсетіп, 1971 жылы "Памирге" қайта оралды. ### Бапкер 1980 жылы бапкерлік жолын "Памирде" бастады. 1994 жылы Тәжікстан Ұлттық футбол құрамасын жаттықтырды. 1996 жылы Қазақстанға келіп, біржола тұрақтап қалды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Мерейтойы Мұрағатталған 8 қыркүйектің 2019 жылы.
Мухсин Муслимович Мухамадиев (тәжік. Мӯҳсин Муслимович Муҳаммадиев; 21 қазан 1966, Душанбе) — КСРО-лық және тәжікстандық футболшы, шабуылшы. ## Карьерасы ### Клубтық КСРО, Тәжікстан, Түркия, Ресей, Өзбекстан клубтарында ойнады. 2006 жылы карьерасын аяқтады. ### Құрама 1992 жылы Тәжікстан Ұлттық футбол құрамасы сапында бір ойында алаңға шықты. 1995 жылы Ресей құрамасына шақытру алып, бір кездесуге қатысты. ### Бапкерлік Польша, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан клубтарында бапкерлік қызмет атқарды. ## Жетістіктері ### Ойыншы * Ресей чемпионы (1): 1994 * КСРО 1 лига жеңімпазы: 1988 * Өзбекстан кубогының финалисі: 2000. ## Дереккөздер
Мухсин Муслимович Мухамадиев (тәжік. Мӯҳсин Муслимович Муҳаммадиев; 21 қазан 1966, Душанбе) — КСРО-лық және тәжікстандық футболшы, шабуылшы. ## Карьерасы ### Клубтық КСРО, Тәжікстан, Түркия, Ресей, Өзбекстан клубтарында ойнады. 2006 жылы карьерасын аяқтады. ### Құрама 1992 жылы Тәжікстан Ұлттық футбол құрамасы сапында бір ойында алаңға шықты. 1995 жылы Ресей құрамасына шақытру алып, бір кездесуге қатысты. ### Бапкерлік Польша, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан клубтарында бапкерлік қызмет атқарды. ## Жетістіктері ### Ойыншы * Ресей чемпионы (1): 1994 * КСРО 1 лига жеңімпазы: 1988 * Өзбекстан кубогының финалисі: 2000. ## Дереккөздер
I Абдолла Хан (өз. Abdullaxon; 1490 жыл – 1540 жыл) — Бұхара (Мәуереннаһр) билеушісі (1540). Таққа Ұбайдолла хан (1534 – 40) өлген соң отырған. Шайбани әулетінен тараған. Атасы Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақта, әкесі Күшкүнжі хан (1510 – 30/31), ағасы Әбу Сайд хан (1531 – 33/34), інісі Абд әл-Латиф хан (1541 – 51) Мәуереннаһр билік құрған. Абдоллах хан 16 ғасырдың 10-жылдарында Түркістан қағанатының билеушісі болды. 1517 ж. Түркістанға жорық жасаған қырғыз Мұхаммед әскерімен ұрыста жеңіліп, қолға түсті. Мұхаммед оны босатып жіберді. Абдоллах ханнан ұрпақ қалмаған. ## Дереккөздер
Фарис Ибрахим Саид (Месо) Хассуна Эль-Бах (араб.: فارس ابراهيم سعد حسونة الباخ‎; 4 маусым 1998 жыл) — катарлық ауыр атлет, зілтемір көтеруден 2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. 2017 жылы Анахаймда өткен әлем чемпионатында 94 келісалмақта сынға түсіп, қола медаль иеленді. 2018 жылғы Азия ойындарында тағы да күміс жүлдегер атанды. Бір жылдан соң әлем біріншілігінде 96 келі салмақта күміс жүлдеге қол жеткізді.
Түркі Мемлекеттерінің Ұйымы (бұрын Түркі кеңесі) (әз. Türk Dövlətləri Təşkilatı, қыр. Түрк мамлекеттеринин уюму, өзб. Turk Davlatlari Tashkiloti түр. Türk Devletleri Teşkilatı, ағылш. Organization of Turkic States) — түркі тілдес мемлекеттерді біріктіретін халықаралық ұйым. Түркі кеңесі 2009 жылдың 3 қазанында Нахшыван қаласында құрылған. ## Мүшелер ## Түркі кеңестегі бақылаушы-мемлекет ## Түркі кеңесінің Бас хатшылары ## Мекемелер * Ыстанбұлдағы хатшылық * Президенттер кеңесі * Сыртқы істер министрлерінің кеңесі * Аға лауазымды тұлғалар комитеті * Түркітілдес мемлекеттердің ақсақалдар кеңесі * Бакуде Парламенттік Ассамблея (ТүркПА) * Астанадағы Түркі академиясы Мұрағатталған 8 тамыздың 2020 жылы. * Анкарадағы Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) * Президенттер жылына екі рет кездеседі ## Тарихы 1992 жылдан бастап Түрік тілдес мемлекеттердің Саммиті өткізіледі.. 2009 жылдың 3 қазаны - Нахчыван келісіміне қол қойылды. Ұйымдық орталық Ыстанбұлда орналасқан. ## Түсініктемелер ## Сілтемелер * Ресми сайт Мұрағатталған 10 маусымның 2015 жылы. * Нахичевань келісімі Мұрағатталған 27 желтоқсанның 2010 жылы.
Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов (12 ақпан 1965 жыл, Астрахан облысы) — қазақстандық әскери қайраткер, 2024 жылғы қаңтардан бастап Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы. ## Өмірбаяны 1965 жылғы 12 ақпанда Астрахан облысы Володар ауданы Зеленга ауылында дүниеге келген. 1982 жылғы тамыздан 1986 жылғы шілдеге дейін Ташкент жоғары танк командалық училищесінің курсанты. 1994 жылдың шілдесінен 1997 жылдың шілдесіне дейін бронетанктік әскерлер әскери академиясының тыңдаушысы. Қызметін ГСВГ танк дивизиясы гвардиялық танк полкінің танк взводының командирі болып бастады. 1986-2005 жылдар аралығында штаб бастығы — танк батальоны командирінің орынбасары, танк батальоны, танк полкі командирі, штаб бастығы — механикаландырылған дивизия командирінің орынбасары, механикаландырылған бригада командирі лауазымдарынан өтті. 2006 жылғы қарашадан 2008 жылғы қаңтарға дейін — "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы штабы бастығының орынбасары. 2008 жылғы қаңтардан 2008 жылғы тамызға дейін — "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары. 2008 жылғы тамыздан 2010 жылғы маусымға дейін — Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабы Әскери академиясының тыңдаушысы. 2010 жылғы шілдеден 2012 жылғы тамызға дейін — өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары — "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы штабының бастығы. 2012 жылғы тамыздан 2013 жылғы маусымға дейін — өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары — "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы штабының бастығы болды. 2013 жылдың маусымынан 2016 жылдың 15 қарашасына дейін — "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы. 2016 жылдан - ҚР ҚМ Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары. 2019 жылғы 18 қазанда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы болып тағайындалды. 2020 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен генерал-лейтенант әскери атағы берілді. 2021 жылғы қарашада Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. ## Марапаттары * ІІ-дәрежелі "Даңқ" ордені (2017) * Мерейтойлық медальдар * Еңбек сіңірген жылдары үшін медальдар ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Өмірбаяны zakon.kz сайтында (орыс.)
Кенесары портреті — Әбілхан Қастеевтің кенепте майлы бояумен салған алғашқы суреттерінің бірі. Бұл туындыда мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы Кенесары Қасымұлының (1802–1847) бейнесі суреттелген. Кенесары ханның үстіндегі шапаны мен қалпағының ұлттық нақыштағы ою-өрнектер портреттегі табиғат көрінісімен әсем үйлесім табады. Бірнеше планда құрылған бұл портреттің артқы планындағы кеңес беруші уәзірлер бейнесі, ақ орданың бір қырының көрінісі, салт аттылар бейнесі Кенесары ханның саясаткер, әрі қолбасшы болғандығының айқын дәлелі болмақ. Портрет Шығыс миниатюрасына сай, декоративті болып келеді. Қастеев осы суретті 1936 жылы жаңа құрылған Қазақ кескіндемелік галереяға сыйға тартты, бірақ портретті тек 1992 жылдан бастап көрмелерде көрсете бастады. ## Дереккөздер
II Абдолла Хан (өз. Abdulla II; 1534 жыл – 8 ақпан 1598 жыл) — Мәуереннаһр билеушісі (1583-98). Бұхара хандығының 11-шы ханы. Дешті Қыпшақ ханы Әбілқайырдың 12 ұлының бірі Қожа Мұхаммед, одан Жәнібек → Ескендір → Абдолла. Шайбани әулетінен екі Абдолла шыққандықтан зерттеушілер оны II Абдоллах деп атаған. II Абдоллах XVI ғасырдың 40-50 жылдарындағы Шайбани әулеті сұлтандарының билік үшін Орта Азияда жүргізген өзара күресіне араласып, Бұхарға әкесі Ескендірді хан етеді. Әкесінен кейін таққа өзі отырады. II Абдолла XVI ғасырдыңдың 2-жартысында жүргізген соғыстары «дербес ұлыстарды жинақтау» деген атқа ие. Соғыс барысында ол Балхты (1573), Хисарды (1574), Самарқаны (1578), Ташкентті (1582), Бадахшанды (1584), Гератты (1588) басып алды. 1593.ж, 1594.ж, 1596 жылдардағы жорықтарының нәтижесінде Хорезмді бағындырды. 70-жылдардағы Ташкент билеушісі Баба сұлтанмен күресте қазақ ханы Ақназар (Хақназар) Абдолла Ханды қолдады. Баба сұлтан жеңіліп, Абдолла Ханмен келісім жасаған соң, Қазақ хандығы Ташкент билеушісіне қолдау көрсетті. Тәуекел хан тұсында (1582-98) Мауераннахр билеушісімен Сыр бойындагы қалалар үшін күрес өрбіді. Абдолла Хан Сібірдегі Көшім ханмен одақтасып қазақтарға қарсы саясат жүргізді. Абдолла Ханға өзінің туған ұлы Абд әл-Мұмин қарсы шығып, жеңіске жетті. Абдолла Хан өлтіріліп, таққа баласы отырды. 6 айдан кейін Абд әл-Мұмин хан да өлтіріліп, Орта Азиядағы Шайбани әулетінің билігі толығымен жойылды. Абдолла Хан туралы Хафиз Таныштың «Шараф наме-ий шахи» немесе «Абдоллах наме» атты 16 ғ-дың соңында жазылған шығармасы бар. ## Әдебиет Әдеб .: Ахмедов Б.А., Орталық Азияның тарихи-географиялық әдебиеті, 16-18 ғғ. Жазбаша ескерткіштер. Таш., 1985;Гафуров Б.Г., Тәжіктер. Ең көне, ежелгі және ортағасырлық тарих, Кітап. И, Душанбе, 1989; Қазақстан тарихы, Бес томдық. 2-т., А., 1998 ж. ## Дереккөздер
Сүйінбай портреті — қазақ кескіндемешісі Әбілхан Қастеевтің 1972 жылы салған суреті. Солтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайында сақтаулы тұр. Суреттің қалай салынғаны туралы Қастеев «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрген «Сүйінбайдың суреті» атты мақаласында: «Сүйінбайдың фотопортреті жоқ. Сондықтан бұдан 80 жыл бұрын өмір сүрген атақты адамның қас-қабағы, маңдайы, көзі, мұрын бітісі, ерін, жақ, иек, тағы басқа анатомиялық кескіндері қандай еді деген сұрақтарға жеке-жеке анкеталық анықтамалар алдын ала берілді. Содан соң олардың барлығы біртұтас күйге келтірілді», — деп шығармашылық лабораториясы жайлы ақпарат береді. Іздену кезінде немере қызы Үкіжан Сыпатаева мен аталасы Мырзабай Сатаевпен ақылдасқанын, ақынның бет-әлпеті, пішін-келбеті немере ұлы — Тоғызбай Малыбаевқа келетінін, оның да фотосуретін жан-жақты зерттегенін, өзге де туған-туыстарының кескін-келбетін назардан тыс қалдырмағанын, отбасылық ортақ белгілерін анықтағанын тілге тиек етеді. Қылқалам иесінің бастаған ісін қашан аяқтағанша жұмыс орнынан тұрмайтын әдеті болған. Соңғы нүктесі қойылып, бояуы кеппеген портретті ақынның туған-туыстарына көрсеткенде Үкіжан Сыпатаева: «Сүйінбайдың кескін-келбетіне дәл келеді. Мен осы бейнені Сүйінбай деп танимын», деп жылап жіберсе керек. 1993 жылы суреттің негізгі бөлігі алғаш шыққан теңге банкноттардың біреуінде пайдаланылды. ## Дереккөздер
Мисс Қазақстан 2018 — 21-Мисс Қазақстан сұлулық байқауы. 2018 жылы 31 наурызда Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Жеңімпаз Атырау қаласының өкілі – Әлфия Ерсайын атанды. ## Байқаудың өткізілуі Ұлттық байқау 2017 жылдың желтоқсанынан 2018 жылдың наурыз айына ауыстырылған. — «Қазақстан аруы» байқауын ұйымдастырушылар көптеген тосынсыйлар мен әдемі шоуларға уәде береді 28 наурызда қатысушылар Астана қаласындағы мамандандырылған түзету мектеп-интернатында болып, оқушыларды құттықтады. Бастапқыда «Қазақстан аруы» жеңімпазы бес миллион теңге алады деп белгіленгенімен, іс жүзінде үш миллион теңге ғана алады. Дәстүрлі қанжығасы, люкс брендтерімен жарнамалық келісім-шарттар, танымал фотограф Марета Келигованың фотосессияға сыйлығы және «Әлем аруы-2018» байқауында республиканы ұсыну құқығы. 2018 жылдың наурыз айының басында Instagram әлеуметтік желісінен 10 қатысушы таңдалды. Сабина Әзімбаева «Әлем аруы-2018» халықаралық сұлулық байқауына, ал Екатерина Дворецкая 2019 жылы қатысады. Байқаудан кейін жеңімпазға мәліметтерді бұрмалады деп айып тағылды. ## Қазылар алқасы Қазылар алқасы құрамы: * Ырза Тұрсынзада — «Алтын Орда» компаниясының негізін қалаушы * Қайрат Жаныбеков — Wyndham Garden халықаралық қонақүйінің бас директоры * Ольга Рыпакова — Олимпиаданың екі мәрте қола жүлдегері және 2010 жылғы әлем чемпионы * Қырым Алтынбеков — реставратор-суретші * Тәуекел Мүслім — актёр және тележүргізуші * Диана Кеңесова — «Қарағанды аруы – 2013», байқау тарихындағы тұңғыш «Қазақстан Ғаламтор аруы» * Ләйлә Сұлтанқызы — тележүргізуші * Сүндет Байғожин — «Астана Опера» театрының жетекші солисті * Совет Сейітов — «Қазақстан аруы» байқауының әлеуметтік бағдарламалар жөніндегі директоры * Сәкен Жақсыбаев — қазақстандық fashion-продюсер * Алена Ривлина-Қырбасова — «Қазақстан аруы» ұлттық байқауының президенті ## Байқаудың қорытындысы Финалистердің тізімі: ## Қатысушылар Қатысушылар тізімі: * Қатысу кезінде ## Қатысушыларды алмастыру * «Петропавл аруы-2017» жеңімпазы – ұлттық байқаудан бас тартты. Оның орнына Петропавлдың бірінші вице-миссі – Дайана Майлина келді. * Instagram кастингіне Қостанай қаласының атынан қатысқан Әсел Исмағамбет қатысудан бас тартты, оның орнын Семей қаласынан келген Мөлдір Сейтқазина иеленді. * Қызылордалық қатысушы Гүлнұр Нұртаза отбасылық себептермен қатысудан бас тартты. Оның орнын Айнел Күлмағанбетова иеленді. * Теміртаулық қатысушы – Дарья Кохан Ресейде оқуына байланысты қатыса алмады. Оның орнына Валерия Басова келді. * Тараздық қатысушы – Үміт Ілиясова белгісіз себептермен байқауға қатыспады. Ол бастапқыда қатысушылар тізімінде жарияланған болатын. ## Дереккөздер
Құбакөл, Құбыкөл – Ойыл алабындағы тұйық көл. ## Географиялық орны Тайсойған құмының солтүстігінде, Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Қоныстану ауылының солтүстік-батысында 10 км жерде орналасқан. ## Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 14 м биіктікте жатыр. Аумағы 2,4 км2, ұзындығы 2,1 км, енді жері 1,4 км, жағалау бойының ұзындығы 11 км. Жағалауы жазық, көл суы жаз айында тартылады. Солтүстігінде Құрқұшақ, батысында Байтақ, Қаттыкөл көлдері, онтүстігінде Сырым қыстауы жатыр. Суы тұзды. ## Дереккөздер
Харахол банкісі – Каспий теңізінің солтүстігінде, Атырау облысы Құрманғазы ауданының теңізбен шектесетін тұсындағы қайраңдық көл. ## Гидрографикасы Дөңгелек пішінді көлдің аумағы 22,5 км2, ұзындығы 5 км, енді жері 4,7 км. Таяз келген көл аумағын [қамыс, құрақ басқан, шығысында аумақты келген батпақты өңір қамтыған. Батыс бөлігін бойлай Сухая Долгая құмқайыры жатыр. Алға ауылынан оңтүстік- шығыста 9 км жерде жатқан көлдің солтүстік-шығыс жағалауында қыстаулар мен сүт фермасы орналасқан. ## Дереккөздер
2021 жылғы Қазақстан кубогының финалы 28 қарашада "Астана Арена" стадионында өтіп, "Қайрат" және "Шахтер" командалары кездесті. Матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталды. Қосымша тайдарда қарсыластар бір-бір голдан соқты. Осылай матч 3:3 есебімен мәресінен жетіп, жеңімпаз пнальтилер арқылы анықталды. Есеп 9:8 боп тұрған кезде қарағандылық Абылайхан Назымхановтың соққысын қайраттықтардың қақпашысы Стас Покатилов қақпаға дарытпады. ## Матч туралы фактілер * Екі клубтың қақпасын Қазақстан Ұлттық құрамасында 2021 жылы ойнаған қақпашылар қорғады (Стас Покатилов пен Игорь Шацких). * "Қайраттың" бапкері Құрбан Бердыев Қазақстандағы тұңғыш жүлдесін иеленді. * Михаил Габышев екінші рет финалда сүрінді. 2019 жылы "Атырау" сапында финалист атанған болатын. ## Матч ### Детальдар ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Қосқұдық - Қамыс-Самар жайылмасының оңтүстігіндегі жайлау. Атырау облысы, Индер ауданы, Өрлік ауылының батысында 88 км жерде орналасқан. Шығысында Ақсор қонысы, оңтүстігінде Арыстанғали қыстауы бар. Бозғылт қоңыр, сортаңды сұр топырақ жамылғысында еркек шөп, жүзгін, қияқ, т.б. өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Қарашағыр — Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі қоныс. Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылының оңтүстік-батысында 55 км жерде орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 35 км-ге созылып жатыр, енді жері 10 км. Қоныс маңында мұнай бұрғылары мен су (10 000 л/сағ) артезиан құдықтары, шығысында Атанок қонысы мен Қарақұм құмы жатыр. ## Дереккөздер
Қырықтөбе — Бозанай құмының солтүстік-шығыс бөлігіндегі қоныс. Атырау облысы, Исатай ауданы, Хамит Ерғалиев ауылының солтүстік-батысында 24 км жерде орналасқан. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 21 км-ге созылған, енді жері 7-8 км. Қоныс, Ақсай және Бұғылыөзек өзендерінің аралығын қамтиды. Солтүстігінде Бескөл, Нұрымбет, шығысында Сүлмекқұдық, оңтүстік-шығысында Күнгей, Бақтыбай, Отырқожа, оңтүстігінде Сарыбай, Нұрман, Сүйен, батысында Күкіртті қыстаулары бар. ## Дереккөздер
Қосқұдық — Сағыз алабындағы құдық. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылынан оңтүстікке қарай 30 км жерде орналасқан. Құдықтың терендігі 5 м, су шығымы 200 л/с. Солтүстігінен Сағыз өзенінің тармағы - Ақсай өзені ағып өтеді. Батысында Қазанғап соры жатыр. Қосқұдық маңында өзімен аттас және оңтүстігінде Қожақұдық қыстаулары орналасқан. Жаз айларында құдық суы кермек татиды, жылдың басқа мезгілінде тұщы. Мал суаруға және ауыз суға жарамды. ## Дереккөздер
Жамансор — Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кентінен солтүстік-батысқа қарай 17 км жердегі қоныс. Теңіз деңгейінен 12 м төмен жатыр. Оңтүстігінде Таңатар, солтүстігінде Төрттөбе қоныстары орналасқан. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км-ге созылып жатыр, енді жері 25 км. Солтүстік-батысында Қурайлы каналы ағады. Қоныстың барлық бөлігін сор басқан. Оңтүстік-шығысында бірнеше тілімденген жыралы ойыстар кездеседі. Жанында Байбақты, Қырыққұлақ, Мақұл құдықтары бар. ## Дереккөздер
«Ескі және жаңа тұрмыс» — Әбілхан Қастеевтің 1930—1940-шы жылдары салған суреттерінің топтамасы. Әбілхан Қастеев өз халқының өткен қасіретімен, өзгерген өмірімен біте қайнап өсті. Ескі мен жаңаны жіті аңғарып, ажыратып, оған зерделі көзбен қарады. Ол Мәскеуде кескіндеме өнерін меңгеріп, өзіне ежелден мәлім қазақ ауылының көріністерін қағазға және кенепке түсіре бастады. 1934 жылы шағын, әрі тік форматта орындалған «Пішен шабу» туындысы бір ғана жасыл түстің қолданылуы арқылы ерекшеленеді. Бұл туындыға қарай отырып, суретшінің түстер мен композицияны, тереңдікті ұтымды түрде пайдалана отырып, туындысындағы әрбір элементтерге аса ұқыптылықпен қарағандығын көре аламыз. 1935 жылы салынған «Мақта жинау» суреті де ашық түсті бояулармен, сәуленің айқын түсуімен және биік көкжиектілігімен ерекшеленеді. Ең бірінші планда мақта жинайтын комбайнмен жұмыс жасап жатқан үш әйелдің бейнесін байқаймыз. Қастеев адам еңбегін табиғат аясында, жер анамен бір арнада кескіндеген. Артқы фондағы шаңдатып жүк тасыған автомашиналар, палаткалардан құрылған қоныс, реттілікпен жиналған жүк байқалады. Елге келген ұлы өзгерістерді бейнелейтін суреттері арасынан «Радио тыңдау» , «Колхоз тойы» (1937), «Колхоздың сүт фермасы» (1936), «Сүт машинасы» туындыларын да атауға болады. Өксігі мол өткен заманның халыққа тигізген кесірін «Тасаттық кезіндегі молда» (1939), «Бай мен кедей құдық басында» (1940) секілді сюжетті суреттерінде сарказм мен мысқыл мол. Ескі заманның сұрқия сиқын кейбір адамдардың бойындағы қылықтарынан көреміз. Бір ғана «Сатылған қалыңдық» (1938) атты суретінде сол кездегі әйелдер теңсіздігі, қалың малға сатылып қор болған жас ару қыздың ауыр халі, көңіл-күйі бейнеленген. Қалыңдық өз әкесіндей шалға зорлықпен көніп, жек көрінішті сезіммен қиыс қарап, ат үстінде әзер келе жатыр. Зорлық иесі бай ат үстінде көңілі жай отыр. Тау арасы солғын бояумен күңгірттеніп, сол замандағы «қыз жолының жіңішкелігін» тау ішіндегі тастақ жол бедері аша түскен. Ал 1937 жылы салынаған «Қызды еріксіз әкету» суретінде қарақшы топтың әлсіз жандарға зәбір көрсету сәті бейнеленген. Қараңғы түн уақытында шалғай орманда тыныш ұйқыда жатқан халықты оятып, бірінің мал-мүлкін, бірінің өрімдей жас қызын күшпен, еріксіз әкету көрінісі берілген. Суреттегі драмалық көріністі сол жақ беткейден түсіп тұрған ай сәулесімен анық бейнелей отырып, халықтың мұң-зарын, ана көкірегінің қарс айырылуын табиғат құбылыстары арқылы дәл жеткізен. Артқы фондағы шыршалардың қасқая тік тізіліп тұрғандығы, аспанның тұманданып, қара түнек басқандығы осы картинадағы үрей мен қорқынышты одан әрі әсірелей түседі. Ең бірінші планда қызды еріксіз әкетіп бара жатқан ат үстіндегі үш ер адамның кекете күлуіне табиғат ана да қарсылық танытып тұрғандай. Түстік палитрадағы қою қара түстердің пайдалануы драмалық көрініс пен бейнелердің динамикалық қалыптары туындыдағы басты идеяны, яғни қорқыныш пен үрейді, күшті мен әлсіз топты анық көрсетіп тұр. Қастеев осы жылдарда әрбір суретке жан бітіріп, жанрлық портреттерді шуақты, ашық арайлы бояулармен әрлендіріп, бір-бірімен үйлестіріп, сыр тартып сөйлеткендей... «Қымыз ашытқан әйел», «Қымызшылар», «Шопан», «Бие сауу», «Мақта жинау», «Бүркітші», «Батыр» атты суреттеріндегі әсемділік әртүрлі қырымен, өз үнімен, өз сырымен жырға айналып, төгіліп тұр. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Әбілхан Қастеевтің кейбір суреттері
Тентексор — Каспий маңы ойпатындағы қоныс. Жем алабында. Атырау облысы, Мақат және Жылыой аудандары жерінде орналасқан. Теңіз деңгейінен ең төмен жері 19 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 55 км-ге созылған, енді жері 20-25 км. Қоныс аумағын түгелдей дерлік сор алқабы алып жатыр. Батысында Тентексор, шығысыңда Комсомол мұнай кен орындары бар. Сор, сортаңды топырақ жамылғысында сораң шөптер өседі. Солтістігінде Бэр төбешіктері орналасқан. Топырақтың құнарсыздануына байланысты қоныстағы сор алқабы жылдан- жылға ұлғаюда. ## Дереккөздер
Ахтам Мустафаевич Назаров (тәж. Аҳтам Назаров; 29 қыркүйек 1992 жыл) — тәжікстандық футболшы, Бангладештің "Башундхара" клубы мен Тәжікстан Ұлттық футбол құрамасының қорғаушысы әрі капитаны. ## Карьерасы ### Клубтық 2019 жылға дейін Тәжікстанның "Энергетик", "Истиклол" клубтарында ойнады. 2019 жылы "Башундхара" клубына ауысты. ### Құрама 2012 жылдан бері Ұлттық құрамада ойнап келеді. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Қарақұдық — Ментеке құмының орта бөлігіндегі құдық. Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай ауылының солтүстік-батысында 46 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 8 м төменде жатыр. Тереңдігі 2 м, су шығымы 100 л/сағ. Құдық төбешікті құм шағылдардың ортасында. Мал суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Күләпара, башлық, далбай — су өтпес үшін тымақтың сыртынан киетін бас киім. ## Этимологиясы "Күлә" сөзі парсы тілінен аударғанда бас киім деген мағына береді. ## Қолданылуы Жаз, күз, көктем айларында киетін күләпараға тек мата астар салынады. Ол әрі жеңіл, әрі қолайлы болады. Қыста киетін күләпараға түйе жүнін немесе мақта салып сырып, бір түсті матамен астарлайды. Күләпараның құлақ тұстарына кесте салынады немесе әртүрлі жіптермен әшекей жүргізіледі. Күләпараны екі қабат матадан жасайды. ## Дереккөздер
Тереңқұдық — Индер көлінің оңтүстік- шығысындағы құдық. Жайық аңғарында. Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақжайық ауылының солтүстік-шығысында 50 км жерде орналасқан. Тереңдігі 7 м, су шығымы 250 л/сағ. Теңіз деңгейінен 12 м төмен жатыр. Батысыңда Көсеген, оңтүстік-батысында Байғазы қыстаулары бар. Солтүстігінен Мақат - Индер темір жолы өтеді. ## Дереккөздер
Тақырқұдық — Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Кенбай ауылының солтістүгіңде 7 км жерде орналасқан құдық. Тереңдігі 5 м. су шығымы 400 л/сағ. Құдықтың төңірегі жазық тақыр келген. Оңда шөлге, сорға тән сирек өсімдіктер өседі. Батысында 1,5 км жерден жаға беткейлері жаркабақты келген өзек жатыр. Көктем, күз айларыңда өзекте уақытша су ағады. Құдықтың солтүстігіңде 5 км жерден Атырау - Қандыағаш темір жолы өтеді. ## Дереккөздер
Шығыс легиондары (нем. Ostlegionen, сондай-ақ нем. Ostgruppen) — Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германия жағында соғысқан КСРО-ның оккупацияланған аумақтарынан шыққан әскери тұтқындар, мерзімді әскери қызметшілер мен еріктілер қатарынан құрылған ерікті әскери құрама. Шығыс легиондары дегенде вермахт пен СС әскерлерінің мүлдем басқа ерікті бөлімшелері ретінде түсініледі. * Қысаң мағынада — Шығыс легиондары қолбасшылығының (нем. Kommando der Ostlegionen) Штабына бағынатын вермахт құрылымдары. * Бұдан басқа вермахта басқа ұлттық бөлімдер болды, олардың кейбіреулері легиондар деп те аталды (мысалы, 162-жаяу әскер дивизиясының құрамында). * Бірқатар зерттеушілер легиондарға СС әскерлерінің қалыптасуын да жатқызады. * Көбінесе көмекші бөлімдерді де легиондарға жатқызады. Дала батальондарынан басқа, соғыс кезіндегі барлық кеңестік әскери тұтқындардан неміс әскеріне қызмет ететін, бірақ ұрыс қимылдарына тікелей қатыспаған құрылыс, темір жол, көлік және басқа да көмекші бөлімшелер көптеп жасақталды. Олардың ішінде 202 жеке роталар (111 Түркістан, 30 грузин, 22 армян, 21 әзірбайжан, 15 Еділ-татар және 3 Солтүстік Кавказ) болды, олардан басқа жүйелі тіркеу жүргізілмеген бөлімшелер, сондай-ақ ерікті көмекшілер — хиуи (нем. Hilfswillige) деп аталатын неміс бөлімшелерінің құрамындағы жеке әскери топтар болды. Батыс тарихшылары Шығыс легиондарының көлемін 130-150 мың адам деп есептейді. ## Құрылуының негіздері 17 миллион кеңес мұсылманын КСРО-ға қарсы пайдалану ойы нацистік басшылықта соғысқа дейін пайда болған. Ұлы Отан соғысының басталуына қарай Германияда КСРО-ның аз ұлттарға қатысты нақты саясаты болмады. Әртүрлі мекемелер әртүрлі, кейде қарама-қарсы шешімдерді ұсынды. Осылай СІМ мен Шығыс министрлігі (Розенберг) КСРО-ның аз ұлттарының соғыс қимылдарына қатысуға тартуға байланысты әртүрлі жоспарларын ұсынды. Соғыс кезінде Шығыс легиондарының әскери қызметшілері тек ұрыс қимылдарына ғана емес, сонымен қатар қосалқы әскер жұмысына, кеденде, іс жүзінде неміс құрамасын алмастыруға қатысты. ## Құрамы Ағылшын-американдық және германдық санаттарға сәйкес Шығыс легиондары терминіне мыналар кіреді: * Армян легионы — 11 батальон (30 000 адам) * Әзірбайжан легионы — 14 батальон (40 000 адам) * Солтүстік Кавказ легионы — 5 батальон (Sonderverband Bergmann қоса) (шамамен 5 000 адам) * Грузин легионы — 14 батальон (5000 адам) * Эстон легионы — 11 000 адам * Латыш легионы — 110 000 адам * Түркістан легионы — 34 батальон (450, 452, 781, 782, 783, 784, 785, 786, 787, 788, 789, 790, 791, 792, ?, ?) (11 000 адам) * Еділ Орал легионы — 8 батальон (825—834) (13 000 адам) Барлығы шамамен 213 000 адам. ## Вермахттың шығыс легиондары ## Дереккөздер
Құртбай – Тектұрмас тауларының солтүстік-шығысындағы аласа тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы, Ақбастау ауылының шығысында 23 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8 км-ге созылған, енді жері 6 км. Абсолюттік биіктігі 718 м, салыстырмалы биіктігі 68 м. Беткейі көлбеу, қатты тілімделген. Етегіндегі бұлақтардан Әділсу өзенінің салалары бастау алады. Солтүстігінде Қарамай бұлағы, батысында Сарыбас қонысы, оңтүстігінде Сарыкөл мен Мырзатай қыстаулары бар. ## Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында қызғылт селеу, қылқан селеу, бетеге, сұлыбас, қараған, тобылғы, т.б. бұталар өседі. Мал жайылымына қолайлы. ## Дереккөздер
Төбеқұдық — Құмсағыз құмының оңтүстік-батысындағы құдық. Сағыз өзенінің аңғарында. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылының оңтүстік-батысында 21 км жерде орналасқан. Тереңдігі 7 м, су шығымы 300 л/сағ. Теңіз деңгейінен 150 м биіктікте жатыр. Солтігінде Бұлақбай, Ақайна қыстаулары, солтүстік-шығысыңда Тоғызбай, оңтүстік-батысында Найзабекқұдық құдықтары бар. Солтүстігінен Мақат- Сағыз темір жолы өтеді. ## Дереккөздер
Даниэль Жу (29 мамыр 1990 жыл) — папуалық футболшы, "Марист Файр" клубы мен Папуа - Жаңа Гвинея Ұлттық футбол құрамасының қорғаушысы. 2016 жылғы ОФК Ұлттары кубогының күміс жүлдегері. ## Дереккөздер
Тасастау — Доңызтау тауының оңтүстігіндегі құдық. Атырау облысы, Жылыой ауданы, Майкөмген ауылының оңтүстік-шығысында 167 км жерде орналасқан. Тереңдігі 7 м. су шығымы 1200 л/сағ. Теңіз деңгейінен 160 м биіктікте жатыр. Құдық бойында Ащыағар құрғақ арнасы өтеді. Солтүстік-шығысында Үйік төбесі, оңтүстік-батысында Қайнар құдығы мен Ащы бұлағы бар. ## Дереккөздер
Стиви Шон Ю (фр. Steevy Chong Hue; қыт. 斯蒂维张; 26 қаңтар 1990 жыл, Раиатеа) — таитилік футболшы, шабуылшы, 2012 жылғы ОФК Ұлттары кубогының жеңімпазы. Тегі — қытайлық. ## Карьерасы Ол кәсіпқой мансабын 2009 жылы «Самен» клубында бастады және 2009/10 жылғы маусымда сонда ойнады. Бір жылдан кейін ол әйгілі Таитилік «Драгон» клубына ауысты. 2011 жылы Еуропаға қоныс аударып, «Блэйд» клубымен келісім-шартқа отырып, Бельгияның үшінші дивизионында ойнайды. 2012 жылы ол "Драгонға оралды.
Дәстен Баймұқанов Абылайұлы – айтыскер ақын, жазушы, композитор және өлкетанушы. Петропавл қалалық "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы қызметін атқарған. 1997 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысып, 2000 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысында ақындар айтысын, жыршылар мен термешілер байқауларын ұйымдастырып, конкурстарға өзі демеушілік еткен. Дәстен Баймұқановтың шығармашылығында көбінесе отаншылдық тақырыбындағы әндер кездеседі. Олардың бірі - 1991 жылы еліміздің Тәуелсіздігіне арнап шығарған және сөзін жазған «Қазағым» әні. Әннің алғашқы орындаушысы - Дәмеш Құрманкина. Кейін әнші Біржан Есжанов та осы әнмен сахнаға шығып жүр. Сондай-ақ оның музыкаға қосқан үлесіне "Гүлдерай", "Мерей" фольклорлық ұжымдарын, Жаңажол ауылында ұлттық театрды, Майбалық ауылында ақындар мектебін ашқанын жатқызуға болады. Дәстен Баймұқановтың бірінші кітабы - "Өмірмен кеңескенде" жинағы 2018 жылы жарық көрген. Кітапқа автордың әндері, прозасы және тарихи зерттеулері кірген. ## Дереккөздер
Лақалы – Шалқар алабындағы көл. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Аққайтым ауылынан батысқа қарай 12 км жерде. Теңіз деңгейінен 159,5 м биіктікте жатыр. ## Гидрографикасы Аумағы 3,1 км2, ұзындығы 5 км, ені 1,4 км, жағалау бойының ұзындығы 14,8 км. Сопақ пішінді көл солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Жағалауы жайпақ, қалың қамыс, құрақ өскен. Батыс жағалауына Майлысай өзені құяды. Суы кермек татиды әрі ашқылтым. Көктем, күз айларында мал ішуге жарамды. Шарасында жыл бойы су болады. Негізінен жер асты және жауын-шашын суларымен толысады. Желтоқсан айының 2-онкүндігінде суы қатып, наурыз айының соңында ериді. Ойпаңды жерде орналасқан көл шарасын Қорғантұз, Тентексор, Соркөл көлдері қоршап жатыр. ## Дереккөздер
Төменшошақ құмы – Нарын құмды алқабының оңтүстігіндегі құм. ## Географиялық орны Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Ақкөл ауылының солтүстігінде 25-30 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Ұяшықты енсіз құм төбелердің биіктігі 10-12 м-ге жетеді. Олар теріскен, жүзгін, бұйырғын, құм жусан, т.б. шөптесіндермен бекіген. Құм төбелердің батысын ала шағын Нарын қарағайлы орман (Қарағайлы кыстауы) және тұзды көлдер (Құрман көлі, т.б.) кездеседі. Төменшошақ құмының шығыс шетіңде Жаңа Сазды қыстауы орналасқан. Құмды алқап аумағын даланың қара жолдары кесіп өтеді. ## Дереккөздер
«Асауға құрық салу» (басқаша атаулары: «Бұғалық тастау», «Қашағанды қуу») — Молдахмет Кенбаевтің 1957 жылы салған суреті. Бұл пейзаждың нақ ортасында көкжиек тау тізбегімен астасқан дала бойымен желдей есіп шапқан ақ боз ат бейнеленген. Оны ұстамақ болып біреуі ұзын құрықты, екіншісі арқанын ұстаған екі салт атты артынан қуып келеді. Осы шығарманың өн бойынан қазақтың далалық рухы, ат тұяғының дүбірі ерекше сезіледі. Түстердің үйлесімділігі, композицияның біртұтастығы, даланың сұлулығы шебер қиюласқан. Жазушы Мұхтар Әуезов бұл суретті көргенде: «Мінез деп мынаны айт. Молдахмет, сенің аттарың асау ғой өзі. Осындай кеңістік керек бізге. Көкірегіміз ашылып сала берді ғой», деп айтқан екен. Суретті Мәскеудің Третьяков галереясы сатып алғаны белгілі. ## Дереккөздер
«Асауға құрық салу» (басқаша атаулары: «Бұғалық тастау», «Қашағанды қуу») — Молдахмет Кенбаевтің 1957 жылы салған суреті. Бұл пейзаждың нақ ортасында көкжиек тау тізбегімен астасқан дала бойымен желдей есіп шапқан ақ боз ат бейнеленген. Оны ұстамақ болып біреуі ұзын құрықты, екіншісі арқанын ұстаған екі салт атты артынан қуып келеді. Осы шығарманың өн бойынан қазақтың далалық рухы, ат тұяғының дүбірі ерекше сезіледі. Түстердің үйлесімділігі, композицияның біртұтастығы, даланың сұлулығы шебер қиюласқан. Жазушы Мұхтар Әуезов бұл суретті көргенде: «Мінез деп мынаны айт. Молдахмет, сенің аттарың асау ғой өзі. Осындай кеңістік керек бізге. Көкірегіміз ашылып сала берді ғой», деп айтқан екен. Суретті Мәскеудің Третьяков галереясы сатып алғаны белгілі. ## Дереккөздер
Жак Аэко (фр. Jacques Haeko; 23 сәуір 1984) — жаңа Каледониялық футболшы, шабуылшы. Бүкіл картерасында тек "Лосси" клубында ойнады. 2012 жылғы ОФК кубогының финалисі.
Қазы — Ойыл өзенінің алабындағы қыстау. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылының солтүстік-шығысында 20 км жерде орналасқан. Қыстаудың солтүстігінде Үшқарасу, Обалы, оңтүстігінде Шелекқұдық, батысында Еспекөл қыстаулары бар. Маңында мал суаратын құдықтар орналасқан. ## Дереккөздер
Бубакар Барри Копа ( фр. Boubacar Barry Copa; 30 желтоқсан, 1979, Абиджан) — Кот-д'Ивуар футболшысы, қақпашы. ## Карьерасы ### Халықаралық 2006 жылы Барри Кот-д'Ивуар ұлттық құрамасында Әлем чемпионатында ойнады, онда ол бір матч өткізді - 22 маусымда Сербия мен Черногорияға қарсы ойнады, онда Кот-д'Ивуар 3:2 жеңді. 2010 жылы Барри әлем чемпионатына ұлттық құраманың негізгі қақпашысы ретінде келді. 2014 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионатында Барри ұлттық құраманың негізгі қақпашысы да болды. 2015 жылғы Африка Ұлттар Кубогында ол қосалқы қақпашы болды, бірақ негізгі қақпашының жарақатына байланысты ол финалда ойнауға мүмкіндік алды. Барри матчта аяғын жарақаттағанына қарамастан, кездесуді аяғына дейін жеткізді: пенальтилер сериясында Гана құрамасының екі соққысын қайтарды да, құрама чемпион атанды. ## Жетістіктері ### Халықаралық * Африка Ұлттар Кубогының жеңімпазы: 2015 ж * Африка Ұлттар кубогының финалисті (2): 2006, 2012 ### Клубтық * Кот-д'Ивуар чемпионы (2): 2000, 2001 ж * Кот-д'Ивуар кубогының иегері: 1999 ж * Кот-д'Ивуар суперкубогының иегері: 1999 ж * Бельгия кубогының иегері: 2011/12 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Батрам Сури (ағылш. Batram Suri, 2 қараша 1971 жыл, Лаугу) — соломондық футолшы, шабуылшы. 2004 жылғы ОФК Ұлттары кубогының күміс жүлдегері. ## Дереккөздер
Қожыр – Тарбағатай жотасының орта бөлігіндегі тау. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы және Қытаймен шекарасында орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2505 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км-ге созылған, енді жері 3 км.Беткейі тік жарқабақты, өзен арналарымен тілімденген. Солтүстігі мен шығыс тау етегінде биіктігі 9-10 м-ге жететін қорымтастардың мол үйінділері шоғырланған. Солтүстігінен Шетласты, оңтүстігінен Қараүңгір өзендері бастау алады. ## Геологиялық құрылымы Негізінен төменгі және орта палеозойдың тақтатас, әктас, құмтас жыныстарынан тұрады. ## Өсімдігі Таудың қара және қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында дала ландшафтысы тән. ## Дереккөздер
Қожантау – Шошқакөл көлінің оңтүстік-шығысындағы аласа тау. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Айнабұлақ ауылының оңтүстігінде 4 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 626 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2,5 км-ге созылған, енді жері 1 км.Солтүстігінде Аршаты, оңтүстігінде Қаратас, батысында Суықбастау, шығысында Қараоба таулары бар. ## Өсімдігі Сұр, бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында боз жусан, қара жусан, баялыш, сораң, т.б. өсімдіктер өседі. Етегі мал жайылымы ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Абай ауданы — Шымкент қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. 1973 жылдың 10 сәуірінде құрылып, 1996 жылы таратылған. 2005 жылы қайта қалпына келтірілген. Жер аумағы - 497,04 км². Халық саны - 345 761 адам (2023). ## Шекарасы Абай ауданы Шымкент қаласының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Абай ауданының шығыс бөлігі Қаратау ауданымен шектеседі. Оңтүстік-батыс бөлігі Тұран ауданымен шектеседі. Шекара Шымкент қаласының солтүстік-батыс бөлігінен басталып, қаланың солтүстік шекарасымен магистральдық жолдан бастап Түркістан қаласы бағытында, ұзақтығы 10600 метр, Бәйдібек би даңғылының қиылысына (Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шаян ауылына бағыт) дейін жетеді. Одан әрі Бәйдібек би даңғылымен оңтүстік бағытта, ұзақтығы 10600 метр, "Бозарық-3", "Бозарық", "Тұран", "Шымкент Сити", "Қайтпас-1", "Нұрсәт" шағын аудандарының бойымен бұрылып, Ұ.Арғынбеков көшесінің қиылысына дейін жетеді. Одан әрі Ұ.Арғынбеков көшесімен батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1440 метр, Қ.Қазиев көшесінің қиылысына дейін жетеді. Қ.Қазиев көшесімен оңтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 850 метр, "Самал-2" шағын ауданының бойымен О.Малқаров көшесінің қиылысына дейін жетеді. Одан әрі О.Малқаров көшесімен батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1350 метр, Қошқар ата өзенінің қиылысына дейін жетеді. Одан әрі Қошқар ата өзенінің бойымен оңтүстік-батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 2500 метр, солтүстікке қарай "Самал" базарын, "Қатынкөпір" шағын ауданын, мұсылман зиратын айналып өтіп, "Агропром" шағын ауданының бойымен Әл-Фараби көшесінің қиылысына дейін жетеді. Әл-Фараби көшесімен оңтүстік-шығыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1300 метр, Темірлан тас жолының қиылысына дейін жетеді. Темірлан тас жолы бойымен батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 240 метр, Н.Табынбаев көшесінің қиылысына дейін жетеді. Н.Табынбаев көшесімен оңтүстік-батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1120 метр, Ю.Гагарин көшесінің қиылысына дейін жетеді. Одан әрі Ю.Гагарин көшесімен батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 390 метр, "Қорғасын-1" және "Қорғасын-2" шағын аудандары бойымен К.Әсілбеков көшесінің қиылысына дейін жетеді. К.Әсілбеков көшесімен оңтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 2100 метр, мұсылман зиратын айналып, темір жол бойымен Бадам өзенінің арнасына шыға отырып, Шардара көшесіне дейін жетеді. Бадам өзені арнасының осі бойымен солтүстік-батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 18300 метр, "Қорғасын-2" шағын ауданын, "Игілік" тұрғын алабын, "Жаңаталап" тұрғын алабының солтүстігінен айналып өтіп, Бадам өзенімен Жанкелді батыр көшесіне, одан әрі Үргінбай ата көшесінің қиылысына шыға отырып, жетеді. Одан әрі қаланың солтүстік-батыс шекарасымен, ұзақтығы 30000 метр, "Алтынтөбе" тұрғын алабының солтүстігін айналып өтіп, Темірлан тас жолын Түркістан қаласына бағытпен кесіп өтеді, одан әрі қазіргі шекара бойымен Түркістан облысының Шұбарсу ауылына бағытпен трассаны қиып өтіп, Түркістан қаласына бағытпен трассаға дейін шығады. ## Әкімдері * Тұрабаев Жарылқасын Тұрабайұлы * Әжібеков Кәміл Бахтиярұлы * Байғонов Жамбыл Шырақбайұлы * Тәтібаев Ахмет Өтегенұлы * Парманов Базарбай Рысқұлұлы * Төлепов Ғалымжан Әнуарбекұлы * Бұхарбай Рысқұлұлы Парманов (02.2020 - қазіргі уақытқа дейін) ## Дереккөздер
Нельсон Сэл Килифа (ағылш. Nelson Sale Kilifa; 7 қазан 1986, Хониара, Соломон аралдары) — Соломон аралдары футбболшы, Соломон аралдары Ұлттық футбол құрамасы мен "Эй-би-эм Гэлакси" клубының қорғаушысы. 2004, 2008, 2016 жылғы ОФК Ұлттары кубогына қатысты. ## Дереккөздер
Еңбекші ауданы — Шымкент қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. 1973 жылы құрылған. ## Шекарасы Еңбекші ауданы Шымкент қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Еңбекші ауданының батыс бөлігі Әл-Фараби ауданымен шектеседі. Солтүстік бөлігі Қаратау ауданымен шектеседі. Шекара С.Жандосов көшесі мен Жібек жолы даңғылының қиылысынан басталады. Жібек жолы даңғылымен солтүстік-шығыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 5000 метр, К.Тіленшин көшесінің қиылысына дейін М.Әуезов көшесіне шығып, одан әрі темір жол бойымен (М.Қалмырзаев көшесі) Ибрагим ата және Момынов көшелерінің қиылысына дейін жетеді. Ибрагим ата және Момынов көшелерінің қиылысынан Әл-Фараби көшесімен шығыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1700 метр, Гозахан көшесінің қиылысына дейін жетеді. Одан әрі Гозахан көшесімен оңтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1700 метр, шаруа қожалығын жүргізуге арналған жерлерді айналып өтіп, Әмір Темір көшесінің қиылысына дейін жетеді. Әмір Темір көшесімен оңтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 700 метр, Мукуми көшесінің қиылысына дейін жетеді. Мукуми көшесімен оңтүстік бағытта Сайрамсу өзеніне дейін бұрылып, одан әрі өзенмен шығыс бағытта, ұзақтығы 20800 метр, шаруа қожалығын жүргізуге арналған жерлердің бойымен, "Тұрдыабад" тұрғын алабын, "Базарқақпа" тұрғын алабын айналып өтіп, Ю.Сареми көшесін қиып, одан әрі "Шапырашты" тұрғын алабын қаланың шығыс шекарасына дейін айналып өтеді. Қаланың шығыс шекарасы бойымен оңтүстік-батыс бағытта, ұзақтығы 42500 метр, "Абдулабад" тұрғын алабындағы Озған ата көшесін Көксайек ауылы (Түркістан облысы Сайрам ауданы) бағытында "Елтай" тұрғын алабын, "Маятас" тұрғын алабын, "Тоғыс" тұрғын алабын, "Тоғыс" су қоймасын Түркістан облысы Төле би ауданының Әңгірата ауылы бағытымен айналып өтіп, Бадам су қоймасына жетеді. "Бадам" су қоймасынан қаланың оңтүстік шекарасы бойымен батыс бағытта, ұзақтығы 18200 метр, "Оңтүстік" шағын ауданын айналып өтіп, одан әрі солтүстік-батыс бағытта "Жұлдыз" тұрғын алабын айналып, Қазығұрт көшесіне дейін жетеді. Одан әрі Қазығұрт көшесінің қиылысынан солтүстік-батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 6000 метр, шаруа қожалығын жүргізуге арналған жерлердің бойымен Қ.Тұрсынбаев көшесінің қиылысына дейін жетеді. Қ.Тұрсынбаев көшесімен солтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 2160 метр, "Бадам-1" және "Береке" шағын аудандарының арасынан, Б.Саттарханов көшесіне жалғасатын Нұршашу көшесінің қиылысына дейін жетеді. Б.Саттарханов көшесінің бойымен солтүстік-шығыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 3900 метр, Қамал көшесіне дейін жетеді, Баян батыр көшесімен өтіп, әрі қарай Шымкент қаласының теміржол вокзалы бойымен А.Анаров көшесіне шыға отырып, Төле би және Қапал батыр көшелерінің қиылысына дейін жетеді. Қапал батыр және Төле би көшелерінің қиылысынан шығыс бағытта бұрылып, ұзақтығы 950 метр, Ақназар хан көшесімен Елшібек батыр көшесінің қиылысына дейін жетеді. Одан әрі Елшібек батыр көшесінің бойымен солтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 3000 метр, Жібек жолы даңғылы мен С.Жандосов көшелерінің қиылысына дейін жетеді. ## Әкімдері * Уәлихан Анарбайұлы Қайназаров (01.2005 - 09.2007) * Әлімжан Құртаев (08.2012 - 07.2013 года) * Ғалымжан Ілиясов (07.2013 - 06.2021) * Досбол Күздікбайұлы Есілбек (06.2021 бастап) ## Дереккөздер
Қарақұдық — Тайсойған құмының солтүстік-батысындағы қыстау. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылының солтүстігінде 7 км жерде орналасқан. Ойыл өзенінің аңғарында. Солтүстігінде Жырақұдық, Қаракөл жайлаулары мен Бесқұдық құдығы, шығысында Айғыршағыл, Өтебай қыстаулары, Қаттыкөл, Байтақ көлдері мен Ақмырза жайлауы, батысында Қайып, Бесқотыр қыстаулары орналасқан. Қаттыкөл көлінің жағалауы мал жайылымы ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Қаштай —Қамыс-Самар жайылмасының оңтүстігіндегі қыстау. Атырау облысы, Индер ауданы, Өрлік ауылының батысында 103 км жерде орналасқан. Төбелі-қырқалы құмдарда еркек шөп, жүзгін, қияқ, құмаршық, бұталар өседі. Мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Қасықты — Қарақұм құмының орта бөлігіндегі қыстау. Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қаратон кентінің шығысында 34 км жерде орналасқан. Солтүстігінде Қосшағыл қыстауы, шығысында Толтыр соры, батысында Ақтөбе төбесі бар. Құмда теріскен аралас ақ жусан, еркек шөп, изен, т.б. сораң шөптесіндер өседі. ## Дереккөздер
«Халық шебері Б. Бәсенова» — қазақ кескіндемешісі Айша Ғалымбаеваның 1958 жылы салған суреті. Суретте дөңгелек үстелдің алдында отырған, ұлттық киімді киген егде әйел бейнеленген. Бұл — ою-өрнек құрастырудың шебері Б. Бәсенова. Оның алдында сурет салу құралдары және кеселерде ерітілген бояулар тұр. Ол оң қолымен қылқаламды ұстаса, сол қолында өрнектің нобайы салынған қағазы бар. Артқы фонда ою-өрнектермен безендірілген киіз салынған. 2017 жылы шыққан 100-теңгелік тиында Айша Ғалымбаева және оның осы туындысының бейнелері соғылған. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * 5-ші фотографиядағы сурет Мұрағатталған 24 қарашаның 2021 жылы.
Қияқ — Жем өзенінің сағасында орналасқан қыстау. Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қосшағыл кентінің оңтүстік-батысында 45 км жерде, теңіз деңгейінен 25 м биіктікте. Солтігінде Тақтыарал қыстауы, оңтүстігінде Таза қонысы бар. Сор және сортаңды құмдарда сораң өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Ямел Кабью (7 қыркүйек 1982 жыл) — жаңа Каледониялық футболшы, шабуылшы. Жаңа Каледония Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. 2012 жылғы ОФК Ұлттары кубогының финалисі. ## Дереккөздер
Әл-Фараби ауданы (бұрынғы Дзержинский ауданы) — Шымкент қаласының құрамындағы әкімшілік-территориялық бірлік, бес ауданның бірі. Жер аумағы - 143,8 км². Халық саны - 201 573 адам (2023). ## Шекарасы Әл-Фараби ауданы Шымкент қаласының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Әл-Фараби ауданының батыс бөлігі Тұран ауданымен шектеседі. Солтүстік бөлігі Абай ауданымен шектеседі. Солтүстік-шығыс бөлігі Қаратау ауданымен шектеседі. Шығыс бөлігі Еңбекші ауданымен шектеседі. Шекара Қ.Рысқұлбеков және Мәделі қожа көшелерінің қиылысынан басталады. Мәделі қожа көшесімен шығыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 2000 метр, Ж.Адырбеков көшесінің қиылысына дейін жетеді. Ж.Адырбеков көшесінің бойымен солтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 2470 метр, Ө.Жәнібеков көшесінің қиылысына дейін жетеді. Одан әрі Ө.Жәнібеков көшесімен шығыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1600 метр, Х.Пазиков көшесінің қиылысына дейін жетеді. Одан әрі Х.Пазиков көшесімен оңтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1500 метр, Жібек жолы даңғылының қиылысына дейін жетеді. Жібек жолы даңғылымен батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1500 метр, С.Жандосов және Елшібек батыр көшелерінің қиылысына жетеді. Одан әрі Елшібек батыр көшесімен оңтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 3000 метр, Ақназар хан көшесінің қиылысына дейін жетеді. Ақназар хан көшесімен батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 950 метр, Қапал батыр және Төле би көшелерінің қиылысына жетеді. Қапал батыр және Төле би көшелерінің қиылысынан А.Анаров көшесімен Шымкент қаласының теміржол вокзалы бойымен батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 3900 метр, одан әрі Баян батыр көшесімен, Қамал көшесімен жалғасып Б.Саттарханов көшесінің қиылысына дейін жетеді. Б.Саттарханов көшесімен әрі қарай Нұршашу көшесіне өтіп, оңтүстік бағытта, ұзақтығы 2160 метр, "Береке" және "Бадам-1" шағын аудандары арасынан өтіп, Қ.Тұрсынбаев көшесінің қиылысына дейін жетеді. Одан әрі Қ.Тұрсынбаев көшесімен шығыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 600 метр, шаруа қожалығын жүргізуге арналған жерлердің бойымен "Жұлдыз" тұрғын алабының Қазығұрт көшесінің қиылысына дейін жетеді. "Текесу" тұрғын алабынан осы ауданның шекарасына сәйкес келетін, қаланың оңтүстік шекарасы бойымен, ұзақтығы 15300 метр, оңтүстік-батыс бағытқа бұрылып, Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Рабат ауылы бағытындағы трассаның қиылысына дейін жетеді. Қаланың оңтүстік шекарасына сәйкес келетін оңтүстік айналма жолдың қиылысынан, ұзақтығы 12250 метр, солтүстік бағытқа бұрылып, "Ақтас" шағын ауданын айналып өтіп, Ташкент - Шымкент трассасының жалғасы Республика даңғылымен Б.Момышұлы даңғылының қиылысына дейін жетеді. Б.Момышұлы даңғылымен солтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 200 метр, Ғ.Иляев көшесінің қиылысына дейін жетеді. Одан әрі Ғ.Иляев көшесімен солтүстік-шығыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 250 метр, Қ.Рысқұлбеков көшесінің қиылысына дейін жетеді. Қ.Рысқұлбеков көшесімен солтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1100 метр, Мәделі қожа көшесінің қиылысына дейін жетеді. ## Сипаттамасы Әл-Фараби ауданы Шымкенттің халқы ең тығыз орналасқан тарихи орталық ауданы саналады. Мұнда қаланың маңызды білім, әкімшілік, тарихи, мәдени және ойын-сауық орталықтары орналасқан. Аудан территориясында 2 мемлекеттік жоғары оқу орындары, қалалық және аудандық әкімдіктер, Шымкент көне қалажұрты, “Ескі қала”, филармония, А.С.Пушкин атындағы кітапхана, “Қиял әлемі” саябағы, “Тәуелсіздік” саябағы, “Кең баба” этносаябағы, Әл-Фараби және Ордабасы алаңдары, ОӘД, «MEGA Shymkent» ОСО, 5 жұлдызды «Rixos» қонақүйі, Қошқар ата өзені жағалауы орналасқан. Сондай-ақ, ауданда қаладағы алғыз темір жол вокзалы, 20 ұлттық мәдени орталықтары және 15 діни бірлестіктер, 18 өндіріс ошақтары, 30 мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар орналасқан. Әл-Фараби ауданында Шымкенттің ірі магистралдары қиылысады. Шығыстан батысқа қарай Тәуке хан даңғылы, Түркістан көшесі, Ғ.Ильяев, Т.Рысқұлов көшелері, оңтүстіктен солтүстікке қарай Д.Қонаев даңғылы, А.Байтұрсынов, Қазыбек би, көшелері көсіліп жатыр. Аудан аумағынан Еңбекші мен Әл-Фараби аудандарының шекарасынан бастау алатын Қошқар ата өзені ағып өтеді. ## Әкімдері * Уәлихан Қайназаров * Нұрбақыт Иманқұлов * Бауыржан Қалжанов (2013-2018) * Ғабит Мәуленқұлов (2018-2021) * Рашид Мыңбаев (04.2021- қазіргі уақытқа дейін) ## Құрамы Қалаға жер қосылғанға дейін аудан толығымен тығыз урбандалған аумақта орналасты. Алайда аудан іріленгеннен кейін, оған жалпы халық саны 20 мың тұрғыннан асатын Тассай, Таскен, Мәртөбе, Достық, Қызылсай, Текесу және Тәжірибе елді мекендері келіп қосылды. Аудан аумағында 372 көше, 776 көпқабатты үй, 21886 жеке үй орналасқан. ## Білім беру мекемелері Аудан аумағында М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы орналасқан. Қоғамдық-мәдени және тұрмыстық бағыттағы объектілердің арасында 60 балабақша (олардың 24-і мемлекеттік), 34 орта білім беретін мектеп жұмыс жасайды. ## Денсаулық сақтау Әл-Фараби ауданында Облыстық клиникалық аурухана орналасқан. Аудан халқына 11 аурухана, 8 емхана және 7 ауылдық дәрігерлік амбулатория қызмет етеді. ## Дереккөздер
Ақжалтөбе — Атырау облысы, Исатай ауданы, Манаш елді мекенінің теңіз жақ беті жағалауындағы биік төбе. Кезінде төбеде Құрманғазының ұлы Меңдіғали молда мешіті болған. ## Дереккөздер
Қуандық — Қосдәулет құмының шығысындағы қыстау. Атырау облысы, Исатай ауданы, Қызылүй ауылының солтүстік-батысында 46 км жерде орналасқан. Солтүстігінде Мұхамбетәли, батысында Қазы, шығысында Есенбай қыстаулары, оңтүстігінде Қайыржаңғызтау құдығы бар. Қыстауда шағыр, жусан, жүзгін, т.б. эфемерлі өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Эмиль Беаруне (фр. Emile Béaruné, 7 ақпан 1990 жыл, Нумеа) — Жаңа Каледониялық футболшы, қорғаушы. 2012 жылғы ОФК Кубогының финалисі, 2016 жылғы ОФК Ұлттары кубогының жартылай финалисі.
Қуат — Индер көлінің оңтүстік-шығысындағы қыстау. Атырау облысы, Индер ауданы, Кетебай ауылының оңтүстік-шығысында 21 км жерде орналасқан. Солтүстігінде Мықтыбай, оңтүстігінде Жарық, батысында Малайсары қыстаулары бар. Сортаң қоңыр топырақ жамылғысында қара жусан, көкпек, изен, еркек шөп, қияқ, т.б. өсімдіктер өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Дәстен Баймұқанов Абылайұлы – айтыскер ақын, жазушы, композитор және өлкетанушы. Петропавл қалалық "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы қызметін атқарған. 1997 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысып, 2000 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысында ақындар айтысын, жыршылар мен термешілер байқауларын ұйымдастырып, конкурстарға өзі демеушілік еткен. Дәстен Баймұқановтың шығармашылығында көбінесе отаншылдық тақырыбындағы әндер кездеседі. Олардың бірі - 1991 жылы еліміздің Тәуелсіздігіне арнап шығарған және сөзін жазған «Қазағым» әні. Әннің алғашқы орындаушысы - Дәмеш Құрманкина. Кейін әнші Біржан Есжанов та осы әнмен сахнаға шығып жүр. Сондай-ақ оның музыкаға қосқан үлесіне "Гүлдерай", "Мерей" фольклорлық ұжымдарын, Жаңажол ауылында ұлттық театрды, Майбалық ауылында ақындар мектебін ашқанын жатқызуға болады. Дәстен Баймұқановтың бірінші кітабы - "Өмірмен кеңескенде" жинағы 2018 жылы жарық көрген. Кітапқа автордың әндері, прозасы және тарихи зерттеулері кірген. ## Дереккөздер
Құдықсай — Жем алабындағы қыстау. Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 км жерде орналасқан. Тегіс құм арасында жатқан Құдықсайдың батыс бөлігін сор басқан. Шығысында мұнай құбыры мен темір жол өтеді. ## Дереккөздер
Құрманғазы — Тайсойған құмының солтүстік-шығысындағы қыстау. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылының оңтүстігінде 10 км жерде, Ойыл өзенінің аңғарында орналасқан. Батысынан Жарыпшыққан өзені ағады. Солтүстік-шығысында Тереңқұдық жайлауы, оңтүстік-шығысында Жырақұдық қыстауы жатыр. Құмды, сортаң топырақ жамылғысында жусан, еркек шөп, ақ селеу, шағыр, бұйырғын, жүзгін, теріскен, т.б. өседі. Көктем-жаз айларындағы мал жайылымы. ## Дереккөздер
Құттыбай — Алғабас және Қурайлысай каналдарының аралығындағы қыстау. Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылының шығысында 30 км жерде орналасқан. Солтүстігінде Индер көлі, батысында Жаңақұдық, шығысында Жарық, оңтүстігінде Құрман қыстаулары жатыр. Сортаң қоңыр топырақ жамылғысында бұйырғын, жусан, еркек шөп, қияқ, т.б. сор өсімдіктері өседі. Алабы -жайылым. ## Дереккөздер
Қызыбек - Жайық аңғарындағы қыстау. Атырау облысы, Исатай ауданы, Хамит Ерғалиев ауылының солтүстігінде 15 км жерде орналасқан. Солтүстігінде Отырқожа, шығысында Сарықатын, оңтүстігінде Теген, батысында Бақтыбай, Текеқұлақорпа қыстаулары бар. Сортаңды топырақ жамылғысында қара жусан, көкпек, бұйырғын, т.б. өсімдіктер өседі. Қыстау жазғы мал жайылымы ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Қызылсай — Сағыз және Топырақшашты өзендерінің аралығындағы қыстау. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Былқылдақты ауылының оңтүстігінде 5 км жерде орналасқан. Солтүстігінде Ақсуат, солтүстік-батысында Жаңақора, Қияқты, шығысында Қоңырсай, оңтүстігінде Көлдіқұдық, Ақжар, Көпбұлақ, оңтүстік-батысында Көндігу, Кемірші қыстаулары жатыр. Қызылсай бойындағы Топырақшашты бөгенінен мал суарылады. Құмды, сортаң топырақ жамылғысында жусан, еркек шөп, шағыр, бұйырғын, жүзгін, теріскен, т.б. өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Тасмағанбет — Тайсойған құмының шығыс бөлігіндегі қыстау. Жарыпшыққан өзені аңғарында. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған ауылының солтүстік-шығысында 17 км жерде орналасқан. Жер бедері адырлы-қырқалы төбешіктерден түрады. Оңтүстігінде Аққайлан, Шүлдірбай қыстаулары бар. Құмды сұр топырақ жамылғысында жусан, еркек шөп, ақселеу, бұйырғын, т.б. өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Ален Муазен (фр. Alain Moizan; 18 қараша 1953, Сен-Луи, Сенегал) — франциялық футолшы, жартылай қорғаушы, "Маджента" клубының бас жаттықтырушысы. ## Жетістіктері ### Футболшы * Франция чемпионы (1): 1977/78. * Франция кубогы (1): 1979/80. ### Бапкер * ОФК Ұлттары кубогының финалисі (1): 2012. * Жаңа Каледония чемпионаты (7): 2008/09, 2009, 2012, 2014, 2015, 2016, 2018. * Жаңа Каледония кубогы (4): 2010, 2014, 2016, 2018. ## Бапкерлік жолы ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер
Қарасай – Шығыс Каспий алабындағы өзен. ## Географиялық орны Атырау облысының Жылыой, Маңғыстау облысының Бейнеу аудандары жерімен ағады. ## Бастауы Бастауын Желтау, Көлеңкелі тауларының баурайынан алып, Маңсуалмас жонының солтүстігіндегі сорға құяды. ## Гидрографикасы Ұзындығы 73 км, су жиналатын алабы 6290 км. Жаман Қарасай және Жақсы Қарасай болып екі саладан тұрады. Арнасы дефляцияға ұшыраған, аңғары айқын қалыптаспаған, сағасы борпылдақ шөгінділерден тұрады. Қар суымен толығады. Ағындысы көктемгі қар еру кезінде 10-15 күндей ағып, жазда түбіне дейін құрғап кетеді. Алабы мал шаруашылығына пайдаланылады. ## Дереккөздер
«Әл-Шорта» (араб.: نادي الشرطة الرياضي‎) — Ирактың Бағдад қаласындағы футбол клубы. ## Жетістіктері ### Ұлттық * Ирак чемпионы (8): 1979-80, 1997-98, 2012-13, 2013-14, 2018-19, 2021/22, 2022/23, 2023/24 * Ирак кубогы (3): 2000, 2001, 2002 * Ирак суперкубогы (1): 2019 ### Халықаралық * АФК Чемпиондар лигасы (1): 1971 * Араб чемпиондар лигасы (1): 1981-82 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * https://www.alshortasc.com/
Үлкен Аша – Ойыл алабындағы өзен, Жарыпшыққан өзенінің тармағы. ## Географиялық орны Атырау облысы Қызылқоға ауданы жерімен ағады. ## Гидрологиясы Ұзындығы 51 км. Тайсойған және Қарабау ауылдары аралығында Жарыпшыққан өзенінен бөлініп шығып. Баян қыстауынан төменде құмға сіңіп кетеді. Арнасында көктем айларында ғана су болады. Су режимі Жарыпшыққан өзеніне тікелей байланысты. ## Дереккөздер
«Бір кесе қымыз» — қазақ кескіндемешісі Айша Ғалымбаеваның 1967 жылы салған суреті. Айша Ғалымбаеваның шығармашылығында қазақ халқының өнері мен мәдениеті, тұрмысы жырланды, сонымен бірге, қазақ әйелдерінің тағдыры ерекше қырынан бейнеленді. Суретші шығармашылығының өзекті арқауы — қазақ әйелдерінің бейнесі. Осы әйел адамның болмысы мен табиғатына тән, ішкі жан-дүниесін көрсететін әртүрлі сюжетке құрылған тақырыптық композициялары айрықша. Оның бір-біріне ұқсамайтын портреттерінде қазақ әйелінің табиғаты, оның өз заманындағы сәнді өмірі, бақытты тағдыры салтанатты бейнеленеді. Осы суреті үшін суретшіге Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілген болатын. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Қымыз
Шығыс легиондары (нем. Ostlegionen, сондай-ақ нем. Ostgruppen) — Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германия жағында соғысқан КСРО-ның оккупацияланған аумақтарынан шыққан әскери тұтқындар, мерзімді әскери қызметшілер мен еріктілер қатарынан құрылған ерікті әскери құрама. Шығыс легиондары дегенде вермахт пен СС әскерлерінің мүлдем басқа ерікті бөлімшелері ретінде түсініледі. * Қысаң мағынада — Шығыс легиондары қолбасшылығының (нем. Kommando der Ostlegionen) Штабына бағынатын вермахт құрылымдары. * Бұдан басқа вермахта басқа ұлттық бөлімдер болды, олардың кейбіреулері легиондар деп те аталды (мысалы, 162-жаяу әскер дивизиясының құрамында). * Бірқатар зерттеушілер легиондарға СС әскерлерінің қалыптасуын да жатқызады. * Көбінесе көмекші бөлімдерді де легиондарға жатқызады. Дала батальондарынан басқа, соғыс кезіндегі барлық кеңестік әскери тұтқындардан неміс әскеріне қызмет ететін, бірақ ұрыс қимылдарына тікелей қатыспаған құрылыс, темір жол, көлік және басқа да көмекші бөлімшелер көптеп жасақталды. Олардың ішінде 202 жеке роталар (111 Түркістан, 30 грузин, 22 армян, 21 әзірбайжан, 15 Еділ-татар және 3 Солтүстік Кавказ) болды, олардан басқа жүйелі тіркеу жүргізілмеген бөлімшелер, сондай-ақ ерікті көмекшілер — хиуи (нем. Hilfswillige) деп аталатын неміс бөлімшелерінің құрамындағы жеке әскери топтар болды. Батыс тарихшылары Шығыс легиондарының көлемін 130-150 мың адам деп есептейді. ## Құрылуының негіздері 17 миллион кеңес мұсылманын КСРО-ға қарсы пайдалану ойы нацистік басшылықта соғысқа дейін пайда болған. Ұлы Отан соғысының басталуына қарай Германияда КСРО-ның аз ұлттарға қатысты нақты саясаты болмады. Әртүрлі мекемелер әртүрлі, кейде қарама-қарсы шешімдерді ұсынды. Осылай СІМ мен Шығыс министрлігі (Розенберг) КСРО-ның аз ұлттарының соғыс қимылдарына қатысуға тартуға байланысты әртүрлі жоспарларын ұсынды. Соғыс кезінде Шығыс легиондарының әскери қызметшілері тек ұрыс қимылдарына ғана емес, сонымен қатар қосалқы әскер жұмысына, кеденде, іс жүзінде неміс құрамасын алмастыруға қатысты. ## Құрамы Ағылшын-американдық және германдық санаттарға сәйкес Шығыс легиондары терминіне мыналар кіреді: * Армян легионы — 11 батальон (30 000 адам) * Әзірбайжан легионы — 14 батальон (40 000 адам) * Солтүстік Кавказ легионы — 5 батальон (Sonderverband Bergmann қоса) (шамамен 5 000 адам) * Грузин легионы — 14 батальон (5000 адам) * Эстон легионы — 11 000 адам * Латыш легионы — 110 000 адам * Түркістан легионы — 34 батальон (450, 452, 781, 782, 783, 784, 785, 786, 787, 788, 789, 790, 791, 792, ?, ?) (11 000 адам) * Еділ Орал легионы — 8 батальон (825—834) (13 000 адам) Барлығы шамамен 213 000 адам. ## Вермахттың шығыс легиондары ## Дереккөздер
Қойқара — Иманғара тауының солтүстік-батысындағы төбе. Атырау облысы, Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылының солтүстігінде 37 км жерде орналасқан. Абсоллюттік биіктігі 103 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 1,5 км-ге созылған, енді жері 0,5 км. Солтүстігінде Қылышқұдық, оңтүстігінде Қойқарақұдық, батысында Көлдейқұдық құдықтары бар. Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бұйырғын, сораң, т.б. эфемерлі өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Арон Атабек Нұтушев (31.05.1953, Нарын-Худук, Лиман ауданы, Астрахань облысы, Қалмық КСР, РСФСР - 24.11.2021) — қазақстандық оппозиция жетекшісі, ақын, публицист, саяси белсенді, тәңіршілдіктің қайта жандануының идеологы. Шаңырақ ықшам ауданындағы жаппай тәртіпсіздікті (2006 жыл) ұйымдастырғаны үшін және полицияны өлтіруге, сондай-ақ тұтқында кепілгер ұстағаны үшін деген баптармен айыпталған. ## Өмірбаяны Арон Нұтушев 1953 жылы 31 қаңтарда Қалмақ АКСР совхоз төрағасының отбасында дүниеге келген. Байұлы тайпасының Беріш руының Есенқұл бөлімінен шыққан. Атабектің атасы қуғынға ұшырап, атылып кеткен. Әкесі Қазақстанды (Гурьев облысы) ерте жастан ашаршылық кезінде тастап, ГУЛАГ-тан аман қалды. Босатылғаннан кейін бұрынғы аман алып қалған досын еске алып, үлкен ұлын Арон деп атады. Атабек Қазақстанға алғаш рет (1971 ж.) 18 жасқа толғанда келді. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1974). Оқуды бітіргеннен кейін Ленинград мемлекеттік университетінің моңғолистика және түркология кафедрасында аспирантурада оқыды, содан кейін Госкино және "Мектеп" баспасында редактор болып жұмыс істеді, бірқатар Алматы университеттерінде сабақ берді. Ақын, публицист, аудармашы ретінде қызмет етті, кино мәселелері туралы сыни мақалалар, сондай-ақ түркология мәселелері бойынша жұмыстар жазды. Сол жылдардың өзінде "Атабек" лақап атын қолданған. ## Саяси өмірбаяны 1986 жылы Алматыда қазақ жастарының Желтоқсан көтерілісіне қатысқан (Желтоқсан-86). Кейін 2 жыл бойы Қазақстанның түкпірінде жасырынуға мәжбүр болды. 1989 жылдың сәуірінде "Саяси талаптар. КСРО халық депутаттарының 1 съезіне хат" тарихи құжатын ұйымдастырушы. Хатта мынадай талаптар қойылды: a) 1986 жылғы желтоқсанда болған толқуларға байланысты КОКП ОК Саяси Бюросының саяси бағалауын қайта қарау және наразылықтың барлық қатысушыларын босату; b) Қазақстанға мемлекеттік егемендік беру. 1989 жылдың тамызында Атабек Қазақстандағы алғашқы "Жерұйық" Қазақ ұлттық-патриоттық қоғамын ұйымдастырды. 1989 жылдың қарашасында "Жерұйық" қоғамының атынан Алматы қаласының қалалық атқару комитетіне 1986 жылы Алматыда болған желтоқсан оқиғаларының құрбандарын еске алу үшін тризнаны өткізуге рұқсат беру өтінішімен жеке өзі өтініш берді. Ол қуғындалып, "Жерұйық" қоғамы таратылды. 1989 жылы 13 желтоқсанда А.Атабек пен "Жерұйық" пен "Желтоқсан" серіктестерінің бастамасымен мединститут ғимаратында желтоқсан оқиғаларының құрбандарын еске алу мақсатында алғашқы митинг өткізілді. 1989 жылғы желтоқсаннан 1990 жылғы қаңтарға дейін Алматыда желтоқсанның 3 жылдығына арналған митингілер өтті. 1989 жылдың желтоқсанында 12 бейресми ұйым көшбасшыларының құрамында ҚКП бірінші хатшысы Н. Назарбаевтың қабылдауында болды, онда ол "Съезге хатта" айтылған саяси талаптарды жалғыз қойды. 1990 жылдың қаңтарында Н. Назарбаевтың жастармен кездесуі кезінде, АХБК Мәдениет сарайында тарихта алғаш рет желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алуды талап етті; бұл ретте залдың жартысы көтерілді, екінші жартысы — шенеуніктер мен белсенділер отыруды жалғастырды; Н.Назарбаевтың өзі көтерілгеннен кейін ғана қалғандары да орнынан тұрды. Шет елдерге қоныс аударуы 1990 жылдың сәуірінде "Алаш" ұлттық тәуелсіздік партиясының құрылғаны туралы жариялап, оның төрағасы болады. Аттас атауы бар заңсыз газет шығарып, Алматыдағы бірқатар ірі саяси манифесттердің ұйымдастырушысы болады. 1991 жылы қуғын-сүргіннің салдарынан Атабек Мәскеуге кетуге мәжбүр болады, онда "ХАҚ" саяси газетін шығаруды жолға қояды және "Алаш және қазақ ұлты" кітапшасын шығарады. Атабек өзінің газетінде диссидент Кәрішал Асановтың "халық тағдыры туралы ойлар немесе егемендіктің елесі туралы сөз", Самиздат кітабынан "Президенттің күлкісіне сенбеңдер"деген атпен үзінділер жариялады. 1991 жылы "Алаш" партиясы Ислам фракциясының мүшелері бірінші басшы болмаған кезде Қазақстанның мүфтиі Рәтбек Нысанбаевты қызметінен ығыстыруға әрекет жасайды, соның нәтижесінде бірнеше алаштықтар тұтқындалады. Атабек Ислам фракциясының күрес әдісімен бөліспей және "төңкерісті" саяси қателік ретінде белгілей отырып, тұтқындалған исламистерді, "Алаш"партиясының мүшелерін босатуға бірқатар әрекет жасауда. Оның бастамасымен және оның қаражатына Мәскеуден үш адвокат келді, тағы екеуін Әзірбайжан Халық майданы жіберді; отандық, мәскеулік және шетелдік БАҚ пен құқық қорғау ұйымдары жұмылдырылды; РКФСР Жоғарғы Кеңесі төрағасының орынбасары Рамазан Абдулатиповтан Президент Назарбаевқа алаштықтарды кешіру туралы өтініш хат алынды. 1992 жылы наурызда Атабек Мәскеудегі жеке пәтерінде мәскеулік ОМОН-ның және қазақстандық екі өкіл: Бас прокуратураның аға тергеушісі Қошанов пен ІІМ полковнигі Семеновтың күшімен тұтқындалады. Атабекке екі баппен айып тағылды: а) мүфти Р.Нысанбаевтың өмірі мен денсаулығына қастандық жасауды ұйымдастыру; б) белгілі диссидент Кәрішал Асановтың Президент Назарбаевқа нұқсан келтіретін фактілермен мақаласын "ХАҚ" газетінде жариялау. Атабекті қол кісендерімен Мәскеуден Алматыға апаруға әрекет жасалды. Алайда Ресей мен шет елдердің демократиялық және Ислам қоғамы танымал диссидент ақынды қорғауға келді. Нәтижесінде Атабек уақытша Мәскеуде қалып, Ресейден бір айға кетуге бұйрық берді. Сауд Арабиясы, АҚШ және Германия саяси баспана ұсынды. Кейінірек Атабек былай деп жазады: (дәйексөзден үзінді) 1992 жылы сәуірде Атабек Әзірбайжан президенті Абульфаз Ельчибейден ресми шақыру алып, отбасымен және бірнеше адал серіктерімен Бакуге кетті. Қазақстан мен Әзірбайжан тараптары бірқатар келіссөздер жүргізеді, нәтижесінде Әзірбайжан саяси баспана беру бойынша өз міндеттемелерін орындамайды. Саяси эмиграцияға мәжбүр болған Атабек "Түркістан" комитетін құруға бастамашы болады (оның құрамына Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан және Түркіменстаннан келген оппозиционер-эмигранттар кірді), Қарабақ пен Шешенстан бойынша инспекторлық сапарларға қатысады. Түркияның Анталья қаласында өткен Түркі халықтарының Бірінші Дүниежүзілік құрылтайына қатысады. 1993 жылы Әзірбайжанда билікке келген г. Алиева Атабек Әзірбайжаннан кетіп, бірнеше ай бойы әйелі мен кішкентай балаларымен Солтүстік Кавказ аумағында болды. Сол жылы Мәскеуге келеді. Отбасы Алматыға туыстарына көшіп келеді, Атабектің өзі бірнеше жылын Ресейде өткізеді. Тек 1996 жылы ғана Атабек Қазақстанға оралады. Елге оралуы 1996 жылдан 2002 жылға дейін Атабек саяси қызметпен айналыспайды, алайда одан әрі қудалау мен тұтқындау мүмкіндігін жоққа шығармайды. Тұрақты табысы мен құжаттары жоқ ол жалдамалы пәтерлер мен саяжайларға тұрақтап жүруге мәжбүр болды. 1998 жылы Атабек өзінің өлеңдер жинағын шығарады. 1998-2000 жылдары "Құл-тегин ескерткіші" (Б.з. д. 732 жылы) — ежелгі түркі поэзиясының стеласын орыс тіліне аударумен айналысады. Ғылыми түсініктемесі бар бірегей Поэтикалық аударма (бұған дейін в.Томсен, в. Радлов және т. б. ғылыми проза жанрындағы аудармалар белгілі) "Йоллығ-тегин. Құл-тегин ескерткіші" 2000 жылы достарының қаражатына жарық көрген. 2003 жылдан 2005 жылға дейін "Абай поэзиясын сүйетіндер халықаралық клубы" жанындағы "Amanat"әдеби журналында редактор болып жұмыс істейді. 2004 жылы Қазақстанның саяси өміріне белсене араласып, "қазақ ұлты"қоғамының ұйымдастырушысы және төрағасы болды. ҚДТ және басқа да оппозициялық партиялардың бірқатар акцияларына қатысады. 2005 жылдың наурыз айында Атабек Қазақстанның Халық майданы "Қазақ мемлекетін" ұйымдастырды. Сол жылдың маусым айында үйсіз қазақтардың құқықтары үшін қозғалыстың бастамашысы болып, Әйгерім, Шаңырақ, Бақай, Ұлжан және т.б. шағын аудандарындағы өзқұрылыс алаптары үшін, сондай-ақ күштеп көшіруге ұшыраған (Нархоз, АХБК және т. б.) жатақханалар тұрғындары үшін "ұжымдық өзін-өзі қорғау" жүйесін құрады. Арон Атабек Едігеев тегімен жаңа құжаттар алады (Бұрынғы  тегі Нұтушев болатын). ## Шаңырақ ықшам ауданындағы үйлерді қорғау оқиғасы 2006 жылдың 2 мамырында Атабек Бақай ауданында заңсыз салынған үйлерді қорғауға қатысып, ОПОН қызметкерінің таяқпен ұруынан тізе жарақатын алған. Ғимараттарды қорғау әрекеті сәтсіз аяқталады - сол жылдың 7 шілдесінде билік 500-ге жуық үйді бұза алды. Журналистер алдында сөйлеген сөзінде Атабек жұртшылықты өз бетімен салынған ғимараттар мен жатақханалар мәселесіне құлақ асып, билікті тұрғын үйлерді бұзуға мораторий жариялауға шақырды. ҚР Парламентінің депутаттарына 20 минуттық деректі фильм көрсетілді. Үйлерді бұзу талпынысы аудан тұрғындарының полицейлермен және арнайы жасақ әскерлерімен қақтығысына ұласты, нәтижесінде тұрғындардың кепілдікке алған учаскелік полицей үстіне бензин құйылып өртенді. Полицей 12 тәуліктен соң күйіктен ауруханада көз жұмды. Билік пен шаңырақ тұрғындары арасында медиатор рөлінде болған және ОПОН жасағының кезекті шабуылының нәтижесінде бас сүйек-ми жарақатын алған Арон Атабек өзінің серіктерімен Алматы қаласының Қалқаман ауруханасына жеткізілді. Алайда, Атабекті ауруханаға жатқызудан бас тартылды, 2006 жылғы 14 шілдеде шаңырақта азаматтық зардап шеккендерді ауруханаға жатқызуға жасырын тыйым салынғандықтан, Атабекті ұстау ауруханада жүргізілді, бірақ ауыр жағдайды ескере отырып және достарының сендіруімен Атабек әлі де қаладан шықпау шартымен уақытша босатылды. Медициналық көмек болмаған кезде жараланған Атабекке күтім жасауды туыстары үйде жүзеге асырды. 2006 жылдың 17 шілдесінде Арон Атабек куәгер ретінде жауап алуға шақырылды, бірақ ешқашан ІІББ ғимаратынан шығарылған жоқ. Арон Атабектің полицейдің өліміне кінәлілігі дәлелденбеді. Алайда бұған қарамастан 2008 жылдың 5 қазанында Алматы қалалық соты Аронды 18 жылдық қатаң режимге соттады, тек 15 жылын ғана өтеді, бостандығынан айыру уақыты 2006 жылдың 17 шілдесінде басталды, 1 қазан 2021 жылы мерзімінен бұрын түрмеден босатылды. Құқық қорғаушылар Аронды саяси тұтқын деп мойындайды, ал сот процесі мен үкімді саяси тапсырыс деп бағалайды. Аронның өзі кінәсін мойындамады және кешірім сұраудан бас тартты. Атабек өтеген мерзімінің жартысынан көбін карцер жағдайында және колониялар мен түрмелерде жалғыз қамауда өткізді. Оқшауланғанына қарамастан, Арон Атабек адам құқықтары, саяси режим және ҚР пенитенциарлық жүйесі тақырыптарында өлеңдер мен мақалалар жазуды жалғастырды. Әдетте, жарияланымдар кейінгі сотпен және күшейтілген ұстау түрмесіне ауыстырумен сәйкес келді. Осылайша, Атабекті Қаражал қаласының көшпелі соты "Әкімшілікке бағынбағаны үшін" Қазақстанда Президент режімін сынаған мақалалар мен өлеңдер интернетте жарияланғаннан кейін 2009 жылғы қарашада жалпы мерзімін өзгертпей, аса қауіпті қылмыскерлер қатарына саналып 2 жылға бас бостандығынан айырды. Қолжазба интернетте жарияланғаннан кейін 2012 жылдың қараша айында "мүлікке қасақана зиян келтіргені" үшін қайта сотталды. 2013 жылдың қазан айында Қарағанды облысының кассациялық сотының шешімімен екінші 2 жылдық жаза мерзімі жойылды. 2014 жылдың сәуір айында АП-162/1 мекемесіне әкетілді, онда айып изоляторында ұсталды. ҚР билігіне Арон Атабекті қорғау мақсатында Халықаралық ПЕН-клубы және оның Еуропадағы бөлімшелері жүгінді. Халықаралық Амнистия ақынның түрмедегі жағдайына алаңдаулы болды. Бас бостандығынан айыру орындарының тізімі және онда болған жылдары * 2006-2008 жылдар кезеңінде Алматы қаласындағы уақытша ұстау изоляторы; * АК-159/22 мекемесінде Қаражал қ., айыппұл изоляторы (АОО), камералық үлгідегі үй-жай (ККТ), карцер, 2008-2010 жж., 2012 ж., 2013 ж. кезеңінде күшейтілген ұстау стационары (СОС) ; * УК-161/12 мекемесі Арқалық қ. "ПЛС" корпусы (өмір бойы бас бостандығынан айыру ), бір адамдық камера, тәулік бойы бейне-бақылау, 2010-2012 жж., 2013 ж. кезеңінде мерзімін өтеген.; * Астана қ. тергеу изоляторы (2010 ж., 2012 ж.), Қарағанды қ. (2008 ж., 2013 ж.) — қайта жіберілген түрмелер — айып изоляторы, карцер; * 2014 жылдың сәуір айынан бастап Павлодар қ. АП-162/1 мекемесі, айып изоляторы, жеке камера. ## Түзету мекемесінен шығуы 2021 жылы 18 тамызда Павлодар облысындағы АП-162/1 түзету мекемесінде өтеп жатқан Арон Атабекке ҰААТ (ұлттық алдын алу тетіктері) қатысушылары 18 тамыз күні барып азаматтық белсендінің халін білді. Оның адам аярлық күйге түскен суреті әлеуметтік желілерге тарап кетті. 2021 жылдың қазан айының 1-і күні, қайтыс болардан 54 күн бұрын денсаулығына байланысты түрмеден босатылып, Алматыға ұшып, өз үйіне оралды. ## Қайтыс болуы Арон Атабек Нұтушев 2021 жылы 24 қарашада жүрек тоқтауыдан қайтыс болды. Алматы қаласындағы Бағанасыл зиратында жерленген. ### Қайтыс болғаннан кейінгі сауықтыруы Арон Атабек қайтыс болғаннан кейін оның қызы Алма Нұтушева Қазақстан Президентінің атына Шаңырақ оқиғасы бойынша істі қарауды және әкесін қайтыс болғаннан кейін сауықтыруды талап етіп петиция мен үндеу жариялады. ## Таңдаулы шығармалары * Йоллыг-Тегин. Памятник Куль-Тегина. — Алматы: Кенже-пресс, 2000. * Тәңіршілдік - қазақтардың ұлттық өз-өзін тану негізі (орыс тілінде) “Безнен юл. газеті N1 февраль. 2006 г. Набережные Челны ## Сілтемелер ## Дереккөздер * "Былтыр ширақ еді, қазір өлім туралы айтады". Құқық қорғаушылар Арон Атабекпен кездесті * "Диссиденттен саяси тұтқынға айналды". Арон Атабек және Шаңырақ оқиғасы". * Арон Атабекті босатуды сұраған үндеуге ресейлік құқық қорғаушылар да қосылды. Нұр-Сұлтан үнсіз * Ақын-жазушылар Тоқаевтан Атабекті босатуды сұрайды. Ал диссидент "екі қолын көтере алмайды"
Құдайберген — Бесшоқы қыратының солтүстік-батысындағы төбе. Атырау облысы, Құрманғазы ауданы жерінде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 14 м шамасында. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай ұзындығы 8 км, енді жері 5 км-ге жуық. Шығысында Бессаз соры, солтүстік-батысында Сәрсентерек құдығы, батысында Бияштерек құдығы, оңтүстігінде бірнеше жайлау мен қыстау орналасқан. ## Дереккөздер
Қосшағыл — Жем өзенінің аңғарында, Қарақұм құмының солтүстігіндегі сор алқап. Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қосшағыл кентінің оңтүстігінде 4 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 16 м төменде жатыр. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км-ге созылған, енді жері 3-4 км шамасында. Сор алқабы өсімдік жамылғысына кедей. Солтүстік бөлігінде мұнай кен орындары бар. ## Дереккөздер
Қырықмылтық - Иманғара тауының солтүстік-шығысындағы тақыр. Атырау облысы, Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылының солтүстік-шығысында 43 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 54 м биіктікте жатыр. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 7 км-ге созылған, енді жері 2,5 км. Солтүстігінде Ошан, батысында Қойқара төбелері, шығысында Ақтоғай қырқасы, оңтүстігінде Дәулет тақыры жатыр. Саздақты, сортаң топырақ жамылғысында сирек сораң өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Мәтен — Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған құмының оңтүстік шығысындағы төбе. Абсолюттік биіктігі теңіз деңгейімен бірдей. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 1,5 км созылған, енді жері 0,5 км. Ойыстағы төбенің жер бедері төбешікті келген. Топырақ жамылғысы сор, сортаңды болып келеді. ## Дереккөздер
Тасшеңгелді — Қарақұм құмының солтүстік бөлігіндегі төбе. Атырау облысы, Жылыой ауданы, Майкөмген ауылының солтүстік-шығысында 6 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 8 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Қырқалы төбешіктердегі минералдылығы әр түрлі, грунт суларының тереңдігі 2-6 м-де жатыр. Солтігінде Мибұлақ соры, солтүстік- шығысында Толтыртұз қонысы. шығысында Айнымас құдығы бар. Батысынан Бейнеу-Құлсары темір жолы өтеді. Құмды төбешіктерде шөлге тән өсімдіктер бекіген. ## Дереккөздер
Тамды — Атырау облысы, Жылыой ауданында Доңызтау тауы маңындағы төбе. Абсолюттік биіктігі 175 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 4,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 3 км. Жер қыртысы жоғары миоценнің оолитті әктастарынан түзілген. Жер бедері сай-жыралармен тілімденген кемерлі, етегінде бұлақтар кездеседі. Көлбеу келген солтүстік-батыс беткейі біртіндеп жазыққа ұласады. Солтүстік-шығыс белігіндегі кемерлі жартастардың биіктігі 8-10 м-ге жетеді. Сұр топырақ жамылғысында сұр жусан, бұйырғын, тасбұйырғын, күйреуік басым өскен. ## Дереккөздер
Мәткен — Қарақұм құмының оңтүстік батысындағы төбе. Жылыой ауданы, бұрынғы Кеңарал ауылының солтүстік шығысында 21 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 15 м төмен жатыр. Солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай 2,5 км-ге созылған, енді жері 2 км. Топырақ жамылғысы құмды, сортаңды келеді, өсімдіктерден астрахан жусаны, еркек шөп т.б. шөл өсімдіктері өседі. ## Дереккөздер
Нур Сабри Аббас Хасан Әл-Байрави (араб.: نور صبري عباس حسن البيراوي‎, 18 маусым 1984 жыл, Бағдад) — ирактық футболшы, қақпашы. 2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. 2004, 2007 жылдары Азия кубогына, 2009 жылы Конфедерациялар кубогына қатысты. ## Жетістіктері ### Халықаралық * 2009 жылғы Азия чемпионы * Олимпиада күміс жүлдегері: 2004 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі Мұрағатталған 6 шілденің 2017 жылы. Мұрағатталған 6 шілденің 2017 жылы. * Профилі
Юнис Махмуд Халеф (араб.: يونس محمود خلف‎; 2 наурыз 1983, Dibis District, Киркук) — ирактық футболшы, шабуылшы. ## Жетістіктері ### Командалық * Олимпиада ойындары4 орын: 2004 * 4 орын: 2004 * Футболдан Азия кубогыЖеңімпаз 2007 * Жеңімпаз 2007 * Катар чемпионатыЧемпион: 2007/08, 2008/09, 2009/10 * Чемпион: 2007/08, 2008/09, 2009/10 ## Қатысқан турнирлері * Футболдан Азия кубогы 2004 * Жазғы Олимпиада ойындары 2004 * Футболдан Азия кубогы 2007 * Конфедерациялар кубогы 2009 * Футболдан Азия кубогы 2011 * Футболдан Азия кубогы 2015 ## Дереккөздер ## Дереккөздер
Бассим Аббас Гатеа Әл-Огайли (араб.: باسم عباس كاطع العجيلي‎; 1 шілде 1982 жыл, Бағдат) — ирактық футболшы, қорғаушы. ## Жетістіктері ### Командалық * Олимпиада ойындары4 орын 2004 * 4 орын 2004 * Азия кубогыЖаңімпаз: 2007 * Жаңімпаз: 2007 * Ирак чемпионатыЧемпион 2001/02 * Чемпион 2001/02 * Ирак кубогы2001/02, 2002/03 * 2001/02, 2002/03 * Суперубок (Ирак)2002 * 2002 * Катар әмірі кубогы2007/08 * 2007/08 ## Қатысқан турнирлері * Олимпиада ойындары 2004 * Азия кубогы 2004 * Азия кубогы 2007 * Конфедерациялар кубогы 2009 * Азия кубогы 2011 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * https://www.olympedia.org/athletes/102927
«Әл-Талаба» (араб.: نادي الطلبة‎) — Ирактың Бағдат қаласындағы футбол клубы, 1969 жылы құрылған. Өз алаңындағы ойындарын "Әл-Талаба" стадионында өткізеді, сыйымдылығы 10 мың адам. Қазіргі күнде Ирак Премьер лигасында ойнайды. ## Жетістіктері * Ирак чемпионы: 1980/81, 1981/82, 1985/86, 1992/93, 2001/02 * Ирак кубогы: 2002, 2003 ## Сілтемелер * http://altalaba.sportboard.net/ Мұрағатталған 27 сәуірдің 2009 жылы.
Махди Карим (араб: مهدي كريم عجيل‎, 10 желтоқсан 1983 жыл, Ирак) — ирактық футболшы, шабуылшы. 2007 жылғы Азия чемпионы. "Әл-Хор", "Әл-Шорта", "Әл-Талаба", "Аполлон Лимасол", "Эрбиль" секілді клубтарда доп тепті. Ирак Ұлттық футбол құрамасы сапында 110 кездесуде алаңға шығып, 11 гол соқты. 2007 жылы Азия чемпионы атанды. 2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында 4-орын алды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * http://www.iraqsport.com/imgdb/displayimage.php?album=4&pos=5
Нашат Акрам (12 қыркүйек 1984 жыл) — ирактық футболшы, жартылай қорғаушы. Карьерасында "Әл-Шорта", "Әл-Шабаб" (Эр-Рияд), "Әл-Наср" (Эр-Рияд), "Әл-Айн", "Әл-Гарафа", "Твенте", "Әл-Наср" (Дубай), "Дальян Ифан", "Эрбиль" клубтарында және Ирак Ұлттық футбол құрамасында доп тепті. 2007 жылғы Азия чемпионы, 2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында 4-орын алған. Және де 2004, 2011 жылдары Азия кубогына, 2009 жылы Конфедерациялар кубогына қатысты. ## Жетістіктері ### Азия кубогы * Чемпион 2007 ### Катар чемпионаты * Чемпион 2008/09 ### Нидерланд чемпионаты * Чемпион 2009/10 ## Дереккөздер
Керімқұлов Жандос - Назарбаев Университетінің көмегімен NASA және Еуропалық ғарыш агенттігінің деректері арқылы фермерлерге өз егістіктерін қадағалауға көмектесетін стартап әзірлеп, іске қосты. ## Оқуы Жандос Керімқұлов Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін IT мамандығы бойынша бітірді. ## Egistic жобасы Оның Egistic жобасы егістік алқаптарын картаға түсіруге, топырақтың ылғалдылығын, азот деңгейін, қар жамылғысының биіктігін анықтауға және NDVI вегетациялық индексін құру арқылы өнімділікті болжауға көмектеседі.Egistic.kz ол автоматтандырумен айналысуға мүмкіндігі жоқ шағын және орта шаруа қожалықтары үшін жасалған: Егер сіз ғарыштан қарасаңыз, сіз барлық өрістерді көре аласыз және қауіптерді азайта аласыз - егер кептірілген жерлер болса сіз осы бағдарлама арқылы суаруды құрғақ аймақтарға бағыттай аласыз. ## Дереккөздер * https://egistic.kz/ * https://eldala.kz/dannye/dosye/4349-kerimkulov-zhandos
Мырзақожа Дияс Асылбекұлы - химия кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, профессор, молекулалық спектроскопия, екі өлшемді спектроскопия саласының маманы. ## Ғылымға қосқан үлесі ### Ғылыми жұмыстары Ғылыми зерттеулер тақырыбы жақын инфрақызыл спектроскопия көмегімен мұнай-химия кешендерінің жұмысын оңтайландырған. Американдық химиялық қоғамның журналдарында жарияланған 55-тен астам ғылыми еңбектердің авторы Физикалық химия журналы, Langmuir, колледж және интерактивті ғылым журналы, нанотехнология бойынша 40 ірі халықаралық конференциялардың қатысушысы. Оның зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша өндіріске енгізілген ғылыми әзірлемелер бар, олар еңбек өнімділігін арттыруға және бәсекеге қабілетті өнім өндіруге бағытталған. ### Онкологиямен күрес әдісі Профессор Д. Мырзақожа онкологиялық аурудың ең ерте сатысында қан анализінсіз диагностикалаудың жаңа, қарапайым әдістемесін бүкіл ағзаның жағдайын айнадай көрсететін альбумин – ақуыз қасиеттерін пайдалану арқылы жасаған. Қазіргі уақытта әдіс бір ғана клинакада қолданылады. ## Дереккөздер * https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31423256&pos=2;-57#pos=2;-57 * https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/662240
Хавар Мулла Мохаммед Тахер Зеебари (араб.: هوار ملا محمد طاهر زيباري‎, күрд هەوار مەلا محەمەد تاهر زێبارى; 1 маусым 1981 жыл, Мосул) — ирактық футболшы, қорғаушы. ## Жетістіктері ### Клубтық * Ирак чемпионы: 2004/05 * Ирак чемпионатында 2 орын: 2000/01, 2001/02 * Ливан чемпионы: 2005/06 * Ливан кубогы: 2005/06 * Кипр чемпионатында 3 орын: 2008/09 * Иран чемпионатында 2 орын: 2010-11 * Hazfi Cup (Иран): 2009-10 ### Құрама * Бартыс Азия ойындары: 2005 * Азия кубогы ### Жеке * Ирак жыл футболшысы: 2005
Темірғалиева Толғанай — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты, Жану проблемалары институтының ғылыми қызметкері. ## Ғылыми қызметі ### Суперконденсаторлар туралы ғылыми жобасы 2015 жылы қазақстандық ғалым Толғанай Темірғалиева мен жапон профессоры Сугуру Нода суперконденсаторлар жасау жобасымен айналысты. Егер кәдімгі конденсаторлар (немесе аккумуляторлар) зарядтау-разрядтың шектеулі ресурсына ие болса, онда супераккамуляторлар өте тез (бірнеше минут ішінде) зарядталып, қуат бере алады. Сонымен қатар," суперкумуляторлар "шексіз заряд-разряд " цикліне ие — қарапайым конденсатор үшін бұл көрсеткіш тек 1 мың, ал супераккамуляторлар үшін — 10 мыңнан 500 мың циклге дейін, яғни олар 10-500 есе берік әрі тиімді. Суперконденсаторлар өз көлемінің әр текше сантиметріне көп энергия сақтайды. Күріш қауызы мен өрік тұқымынан алынған кеуек белсендірілген көміртектерді қолдану арқылы көп энергияның сақталуына әсер етеді. Органикалық материалдан жасалған көміртектер конденсатор ретінде қолданыла отырып, бір граммға 180-200 фарадтық электр сыйымдылығына ие. Отандық дамудың артықшылығы үлкен сыйымдылық пен арзан бағаға байланысты. Негізінен, көміртектер күріш қауызы мен өрік дәндерінің қалдықтарынан жасалады, олар қоршаған ортаны ластамайды және дәстүрлі аккумуляторлар ретінде арнайы қайта өңдеуді қажет етпейді. Суперконденсаторларды телефондарда, электр энергиясының электрондық есептеуіштерінде, күзет сигнализациясы жүйелерінде, өлшеу аспаптарында және медициналық мақсаттағы аспаптарда қолдануға болады. ## Дереккөздер * https://forbes.kz/leader/30_moloje_30_1525341811/
Кусай Мунаи (араб.: قصي منير عبودي الحسين‎, 12 сәуір 1981, Ирак) — ирактық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. 2007 жылғы Азия чемпионы. ## Жетістіктері ### Командалық * Ирак чемпионы: 2007, 2014 * Азия кубогы 2007 ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Халид Азиз ат-Такир (араб.: عزيزي خالد آل الآخذ‎, ағылш. Khaled Aziz ath-Thaker; 14 шілде 1981, Эр-Рияд) — саудиялық футболшы, жартылай қорғаушы. 2006 жылы әлем чемпионатына, 2007 жылы Азия кубогына қатысты. ## Жетістіктері ### Халықаралық * Аяия кубогының финалисі (1): 2007 ### Клубтық * Сауд Арабия чемпионы (3): 2001/02, 2004/05, 2007/08 * Азия кубок иелері кубогы (1): 2002 * Араб кубок иелері кубогы (1): 2000/01 * Араб суперкубогы (1): 2001 * Араб-Мысыр суперкубогы (1): 2001 ## Дереккөздер
Али Рехема (араб.: علي حسين رحيمة المطيري‎, 8 тамыз 1985) — ирактық футболшы, қорғаушы, 2007 жылғы Азия чемпионы. ## Жетістіктері ### Клубты. * Ирак чемпионы: 2005, 2007, 2018 * Ирак кубогы: 2003 * Ирак Суперкубогы: 2002, 2017 ### Халықаралық * Азия чемпионы 2007 * Шығыс Азия ойындары: 2005 ## Сыртқы сілтемелер
Камиль аль-Муса (араб.: كامل الموسى‎, 29 тамыз 1982, Мекке) — сауд Арабиялық футболшы, қорғаушы. 2007, 2011 жылдары Азия кубогына қатысты. ## Жетістіктері ### Командалық «Әл-Уахда» * Сауд Арабиясы 1 дивизионы (1): 2002/03 «Әл-Ахли» * Сауд Арабиясы чемпионы (1): 2015/16 * Сауд Арабиясы чемпиондары кубогы (3): 2011, 2012, 2016 Сауд Арабиясы * Азия кубогы (1): 2007 ## Статистикасы ## Сілтемелер * Профилі * Профилі
Ахмед (Ахмад) аль-Бахри (араб.: أحمد البحري‎, ағылш. Ahmed (Ahmad) al-Bahri; 18 қыркүйек 1980 жыл, Сауд Арабиясы) — сауд Арабиялық футболшы, қорғаушы. 2006 жылы әлем чемпионатына, 2007 жылы Азия кубогына қатысты. ## Жетістіктері ### Командалық * Азия кубогының финалисі: 2007 * Сауд Арабиясы чемпионы: 2005/06 ## Статистикасы ### Клубтық ## Сілтемелер
Аралтөбе — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы қыстау. Ақкиізтоғай ауылынан шығысқа қарай 25 шақырым жерде орналасқан. ## Дереккөздер
Дауда Диаките (фр. Daouda Diakité, 30 наурыз 1983 жыл, Уагадугу) — буркиналық футболшы, қақпашы. ## Қатысқан турнирлері * Африка Ұлттары кубогы 2010 * Африка Ұлттары кубогы 2012 * Африка Ұлттары кубогы 2013 ## Жетістіктері ### Халықаралық * Африка Ұлттары кубогының финалисі: 2013 ## Дереккөздер
Берішшапқан — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы қыстау. Жантерек темір жол бекетінен оңтүстік-батысқа қарай 13 шақырым қашықтықта орналасқан. ## Дереккөздер
Байділда — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы қыстау. Ақкиізтоғай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 35 шақырым қашықтықта орналасқан. ## Дереккөздер
Нұрқас — Атырау қаласының әкімшілік ауданына қарасты қыстау.Үлкен Пешной аралында орналасқан. ## Дереккөздер