text
stringlengths
3
252k
Еркебұлан Шыналиев (7 қазан 1987 жыл, Шымкент, Қарабастау) — қазақстандық боксшы. 81 келі салмақта сынға түскен. 2007 жылы Чикагода өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Осы жетістігін бір жылдан соң Жазғы Олимпиада ойындарында қайталады. 2008 жылы 29 тамызда "Құрмет орденімен" марапатталды. Бәйдібек ауданының құрметті азаматы. ## Дереккөздер
Еркебұлан Шыналиев (7 қазан 1987 жыл, Шымкент, Қарабастау) — қазақстандық боксшы. 81 келі салмақта сынға түскен. 2007 жылы Чикагода өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Осы жетістігін бір жылдан соң Жазғы Олимпиада ойындарында қайталады. 2008 жылы 29 тамызда "Құрмет орденімен" марапатталды. Бәйдібек ауданының құрметті азаматы. ## Дереккөздер
1994 жылы Қазақстан тұңғыш рет дербес ел ретінде Олимпиадаға қатысты. 1994 жылы Лиллехаммерде өткен олимпиадаға спорттың 8 түрінен 29 спортшы аттанды. Сонша спортшының арасынан шаңғышы Владимир Смирнов қана жүлде ала алды. Құрама қоржынына бір алтын, екі күміс қосты. ## Жүлдегерлер ## Сілтемелер * http://www.aafla.org/5va/reports_frmst.htm Мұрағатталған 4 ақпанның 2012 жылы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті — Қазақстанның Олимпиада ойындарындағы құрама командасын реттейтін ұйым. 1990 жылы құрылды. 1993 жылы Халықаралық Олимпиада комитетіне мүше болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті (ҚР ҰОК) 1990 жылдың 3 ақпанында құрылып, 1992 жылдың наурыз айында Халықаралық Олимпиадалық комитеті тарапынан ресми түрде танылды. ҚР ҰОК дербес, тәуелсіз қоғамдық ұйым болып табылады. Өз қызметін жүзеге асыру барысында ҚР ҰОК Олимпиадалық Хартия, Қазақстан Республикасы Заңдары мен ҚР ҰОК Жарғысын негізге алады. Қазақстан Республикасы аумағында Олимпиадалық қозғалысты дамыту және оны қорғау, Олимпиадалық құндылықтарды насихаттау - ҚР ҰОК миссиясы болып табылады. ## Құрылымы ҚР ҰОК басқарушы органдары: * ҚР ҰОК сессиясы * ҚР ҰОК атқару комитеті * ҚР ҰОК президенті. ҚР ҰОК жоғары басқару органы жылына бір рет өткізілетін сессия болып табылады. Сессиялар арасындағы кезеңде ҚР ҰОК қызметін ҚР ҰОК атқарушы комитеті басқарады. Атқару комитетінің құрамына: * ҚР ҰОК президенті * Бас хатшы * Бірінші вице-президент * Вице-президенттер * ХОК мүшелері-Қазақстан Республикасының азаматтары, атқару комитетінің мүшелері. ## Президенттері ## Дереккөздер
1998 жылы Наганода өткен Қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 60 спортшы (спорттың сегіз түрінен) қатысты. Шаңғыдан Владимир Смирнов, коньки спортынан Людмила Прокашева жүлделі болды, екеуі да қола жүлдегер атанды. ## Жүлделер ## Сілтемелер * http://www.aafla.org/5va/reports_frmst.htm Мұрағатталған 4 ақпанның 2012 жылы.
2002 жылы Солт-Лейк Ситиде өткен Қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 50 спортшы (30 еркек, 20 әйел) қатысты. Бірақ ешқайсысы жүлде ала алмады. ## Пошта маркаларында * * ## Сілтемелер * http://www.olympic.org/uk/athletes/results/search_r_uk.asp
2006 жылы Туринде өткен қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 67 спортшы аттанды. Бірақ жүлде ала алмады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * http://www.dw-world.de/dw/article/0,2144,1899266,00.html
2010 жылы Ванкуверде өткен қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 37 спортшы (үш спорт түрінен) қатысты. Биатлоншы Елена Хрусталева құрама қоржынына күміс медаль салды. Бұл Олимпиададағы жалғыз жүлде болды. ## Медаль ## Сілтемелер * http://web.archive.org
2018 жылы Пхенчханда өткен Қысқы Олимпиадаға Қазақстаннан 44 спорты (4 спорт түрінен) аттанды. Нәтижеде фристайлдан Юлия Галышева жалғыз қола медальды еншіледі. ## Спортшылар Биатлон * Максим Браун * Владислав Витенко * Роман Ерёмин * Василий Подкорытов * Тимур Хамитгатин * Галина Вишневская * Дарья Климина * Ольга Полторанина * Алина Райкова Тау шаңғысы * Игорь Закурдаев * Марина Григорьева Коньки * Роман Креч * Артём Крикунов * Денис Кузин * Фёдор Мезенцев * Станислав Палкин * Екатерина Айдова Шаңғы * Евгений Величко * Денис Волотка * Алексей Полторанин * Виталий Пухкало * Елена Коломина * Валерия Тюленева * Анна Шевченко Трамплин * Сергей Ткаченко Шана * Никита Копыренко Мәнерлеп сырғанау * Денис Тен * Айза Имамбек * Элизабет Тұрсынбаева Фристайл * Ильдар Бадрутдинов * Павел Колмаков * Дмитрий Рейхерд * Маржан Акжігіт * Жанбота Алдабергенова * Аяулым Әміренова * Аяна Жолдас * Юлия Галышева * Ақмаржан Қалмырзаева Шорт-трек * Абзал Әжіғалиев * Нұрберген Жұмағазиев * Денис Никиша * Еркебұлан Шамұханов * Ким Ионг А * Анастасия Крестова ## Сілтемелер * https://web.archive.org
2014 жылы Сочиде өткен Қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 58 спортшы аттанды. Құраманың жалғыз медалін мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен алды (қола). ## Жүлделер ### Қола ## Сілтемелер * http://ortcom.kz/ru/news/view/1015(қолжетпейтін сілтеме)
Кіші Жіліншік (қараш.-малқ. Гитче Инджик, ноғ. Йилиншик, абаз. -{Йынджьыгь-ЧкӀвын}-, кабард.-шерк. Инджыч цӀыкӀу) — Қарашай-Шеркесиядағы өзен. Қобанның сол жақ саласы. Өзеннің ұзындығы - 65 км, су жинау алабы - 1850 км². Ол Басты Кавказ жотасының бөлігі болып табылатын Ерун жотасынан түсетін мұздықтардан бастау алатын Морх пен Ақсуат өзендерінің қосылуынан пайда болады. Өзен солтүстікке қарай енсіз шатқалда ағып жатыр. Екі өзен де Карданик станицадан 5 км төмен жерде қосылады. Кіші Жіліншік енсіз аңғарда, Белмешіт станицаның маңында, Қобанға қосылатын жерге түсетін биік жағалаулардың арасында Ұлыға қарама-қарсы ағып жатыр. ## Дереккөздер
Әділ Халық (ноғ. Аьдил-Халк, Шабаз авыл) — Қарашай-Шеркес Республикасының Ноғай ауданындағы ауыл. Құрамындағы жалғыз елді мекен ретінде «Әділ Халық ауылдық қонысы» муниципалды құрылымын құрайды. ## Географиясы Ауыл Ноғай ауданының орталық бөлігінде, Кіші Жіліншік өзенінің сол жағалауында орналасқан. Ол аудан орталығы Еркін Шаһардан батысқа қарай 2,5 км және Шеркес қаласынан солтүстік-батысқа қарай 26 км жерде орналасқан. A155 тас жолы ауылдың солтүстік шекарасымен өтеді. Оңтүстік-шығысында Адығ-Хабыл, оңтүстігінде Үлкен Халық және солтүстік-шығысында Еркін Халық елді мекендермен шектеседі. Елді мекен республиканың тау бөктерінде орналасқан. Жер бедері негізінен таулы жазық. Ауылдың орташа биіктігі теңіз деңгейінен 443 метрді құрайды. Гидрографиялық желі негізінен Кіші Жіліншік өзенімен ұсынылған. ## Тарихы Қазіргі кездегі елді мекенді XIX ғасырда Мансұрлар отбасынан шыққан ноғай мырзалары құрды және бастапқыда Верхне-Мансуровский (Шабаз) ауылы деп аталды. 1929 жылы Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Төралқасының қаулысымен Верхне-Мансуровский ауылы Әділ Халық деп өзгертілді. 2007 жылы ауыл республиканың жаңадан құрылған Ноғай ауданының құрамына жеке муниципалды құрылым ретінде — Әділ Халық ауылдық қонысы қосылды. ## Тұрғындары ### Ұлттық құрамы 2010 жылғы Бүкілресейлік халық санағы бойынша: ## Ішкі құрылымы Ауылда — бір орта мектеп, бір мектепке дейінгі мекеме, фельдшерлік-акушерлік орын және Мәдениет үйі бар. ## Дереккөздер
Еркін Халық (ноғ. Эркин-Халк, Алакаавыл) — Қарашай-Шеркес Республикасының Ноғай ауданындағы ауыл. Құрамындағы жалғыз елді мекен ретінде «Еркін Халық ауылдық қонысы» муниципалды құрылымын құрайды. ## Географиясы Еркін Халық ауылы Ноғай ауданының орталық бөлігінде, Кіші Жіліншік өзенінің оң жағалауында, Қобанмен қосылатын жердің дәл үстінде орналасқан. Ол аудан орталығы — Еркін Шаһарға қарама-қарсы 12 км және Шеркес қаласынан солтүстік-батысқа қарай 24 км жерде орналасқан. R-217 федералды тас жолы ауылдың оңтүстік шетімен өтеді. Шығыста Еркін Шаһар, оңтүстікте Адығ-Хабыл және Әділ Халық елді мекендерімен шектеседі. Ауылдың солтүстігінде, Қобан өзенінің арғы жағасында Белмешіт ауылы бар. Елді мекен республиканың тау бөктерінде орналасқан. Жер бедері негізінен тегіс, салыстырмалы биіктіктің шамалы ауытқуы бар. Ауылдың орташа биіктігі теңіз деңгейінен 416 метрді құрайды. ## Тарихы Қазіргі кездегі елді мекенді XIX ғасырда Мансұрлар отбасынан шыққан ноғай мырзалары құрды және бастапқыда Нижне-Мансуровский ауылы деп аталды. 1877 жылы Баталпаша бөлімінің Нижне-Мансуровский ауылында бөлімнің бірінші зайырлы мектебі ашылды. 1929 жылы Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Төралқасының қаулысымен Нижне-Мансуровский ауылы Еркін Халық деп өзгертілді.. 2007 жылы ауыл республиканың жаңадан құрылған Ноғай ауданына қосылды. ## Тұрғындары ### Ұлттық құрамы 2010 жылғы Бүкілресейлік халық санағы бойынша: ## Ішкі құрылымы Ауылда Ноғай ауданының орталық аудандық ауруханасы, сондай-ақ бір орта мектеп пен бір мектепке дейінгі мекеме бар. ## Мұражайы Ауылдың аумағында «Ноғай халқының тарихы мен мәдениеті мұражайы» жұмыс істейді. ## Дереккөздер
ONAY! картасы – электронды төлемнің бірегей құралы. 2015 жылдың 1 қазанынан бастап Алматы қаласының қоғамдық көліктерінде «Жол ақысын есептеу және төлеу жүйесін автоматтандыру» (ЖЕТЖА) жобасы бойынша картаның бірінші қызметі іске қосылды. «ЖЕТЖА» қызмет көрсетуді және бақылауды «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС операторы жүзеге асырады. 2016 жылдың 25 желтоқсанынан бастап «Оңай Рау» ЖШС «Алматы қаласы көлік холдингі» ЖШС мен «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК-мен бірлесе отырып ONAY! картасы арқылы көліктік емес төлемдерді жасау мүмкіндігін енгізу жобасы жүзеге асырылды. 2019 жылдың 16 тамызынан бастап «Оңай Рау» ЖШС «WOOPPAY» (ВУППЭЙ) ЖШС-мен бірлесе отырып ONAY! карталарының қолдану аясын кеңейтті. Қазіргі таңда төлемдер «WOOPPAY» электронды ақша жүйесі арқылы жасалуда. ## Міндеті және құндылықтары ### Міндеті Күнделікті міндеттердің оңай шешімдерін ұсынады. ### Құндылықтары Ыңғайлы және оңай ONAY! карталары қолдыныс үшін максималды түрде ыңғайлы және оңай болуға талпынады. Ол үшін біз сатып алу, толтыру, қолдану механизмдерін үнемі жаңартып, дамытып отырамыз. Қол жетімді ONAY! картасы барлығы үшін қол жетімді. Оны алу үшін өз мәліметтеріңді жіберіп, шығарылуын күтудің қажеті жоқ. Бұл дүкеннен тауар алғандай оңай түрде иеленуга болатын төлемнің бірегей мүмкіндігі. Ұтымды ONAY! картасы – бұл қолданудың көптеген мүмкіндіктері, жеңілдіктер мен бонустар. Қауіпсіз ONAY! картасы- қауіпсіз төлемдер, ақшалай қаражаттың сақтығы және транзакциялар туралы ақпараттың құпиялылығы. Айқын ақпарат Карта ақпараттарының ашық болуына ерекше мән беріледі. Әрбір қолданушы ОҢАЙ! картасы арқылы жасалған төлемдер бойынша толық әрі нақты ақпарат алуына мүмкіндік жасалған. Инновациялық ONAY! картасы бүгінгі таңдағы жаңалықтармен қатар жүруі үшін барлық инновациялық шешімдерді қолданады. Халықтық Біз қарапайым халық пен ағымдағы уақыттағы маңыздылықтарды бірінші орынға қоямыз. ## Сілтемелер * ONAY! картасының ресми сайты - onay.kz * ONAY! картасының түрлері
Даниил Ярославович Сикан (укр. Данило Ярославович Сікан; 16 сәуір 2001 жыл, Житомир) — украиналық футболшы, Украина Ұлттық футбол құрамасы мен "Шахтер" клубының шабуылшысы. ## Жетістіктері ### Клубтық * Чемпион Украины (1): 2019/20 ### Халықаралық * Жастар арасындағы әлем чемпионы: 2019 ### Жеке * Жастар арасындағы "лем чемпионатының күміс бутсы иегері: 2019 ## Дереккөздер
Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры (2018 жылға дейін "Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры" деп аталды) – балалар мен жас көрермендерге арналған мәдени-сахналық ұжым. ## Тарихы Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры 1983 жылдың жазында, сол кездегі облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Асанбай Асқаровтың қолдауымен ашылды. Театр бастауында директор Николай Мустакиди, бас режиссер Бекболат Парманов және бас суретші Маяра Дәуренбаева тұрды. Олардың шақыруы бойынша Алматы мен Ленинград қалаларынан театр, музыка және кино институттарының түлектері келді. Алғашқы театр маусымы 1984 жылы Г. Ландаудың "Ку-ка-ре-ку!" спектаклімен ашылды. Оның ізімен Н. Гернеттің "Гусенок", "Волшебная лампа Алладина", Н. Оспановтың "Мұңлық–Зарлық" спектакльдері пайда болды. Осы қойылымдарын театр ұжымы Ташкент, Чкаловск, Ленинабад қалаларына барған гастрольдік сапарларында көрермендерге ұсынды. Театр тарихында директорсыз, көркемдік жетекшіcіз қалған кездер де кездесті. Осындай нарық жағдайында Валентин Малюченко жұмысты әрі қарай жалғастырып әкетті. Бас режиссерлікке тағайындалған Тастан Өтебаевтың қойылымдары әлі күнге дейін көрермендердің қызығушылығын туғызып келеді. Режиссерлік дарынымен қатар ол орыс тілінен қазақ тіліне тікелей тәржімалайтын қырынан танылды. Осы кезеңнен бастап барлық спектакльдер екі тілде қойылды. Жамбыл, Қарағанды, Шымкент, Жетісайда бас режиссер болып қызмет еткен Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Әскер Құлданов та бұл театрға елеулі еңбек сіңірді. Қазақстанның мәдениет қайраткері, бас суретші Маяра Дәуренбекованың баға жетпес үлесі қазақ халқының аңыз, ертегі, эпостары негізінде жазылған "Мұңлық-Зарлық", "Ақ құс туралы аңыз", "Киелі алма", "Гусенок", "Волшебная лампа Алладина", "Бычок – острые рожки" және тағы да басқа қырыққа жуық спектакльдерден көрініс тапты. "Теремок", "Хозяин леса", "Добрый гусь", "Хочу быть большим", "Волшебная свирель", "Аленький цветочек" және тағы да басқа ондаған қойылымдарымен театр репертуарын ұлғайтқан театрдың суретші-қоюшысы Ольга Кравченко көптеген жылдар бойы жемісті еңбек етіп келді. Бүгінде театр репертуарындағы жетпістен астам спектакльдері Тараз, Астана, Байқоңыр қалаларына шыққан гастрольдік сапарлары барысында көрсетіліп келеді. Сонымен қатар театр аудандарға барып, балалар үйлерінің жеткіншектерін қайырымдылық спектакльдерімен қуантып жүр. ## Театр жетістіктері * 1991 жылы Болгарияның Варна қаласында өткен фестивальде Р. Москованың "Когда цветут маргаритки" спектаклі "Алтын дельфин" сыйлығымен марапатталды. * 1993 жылы Түркияда өткен қуыршақ театрларының халықаралық фестивалінде Н. Оразалиннің "Ақ құс туралы аңыз" спектакліне Гран-при табысталды. * 2002 жылы Алматыда өткен республикалық фестивальде театрдың екі труппасы да – қазақ труппасы А. Қадыровтың "Шопандар патшасы" қойылымы үшін, орыс труппасы Т. Өтебаевтың "Пушкин ертегілерінің әлемі" спектаклі үшін жүлделі орынға ие болды. * 2004 жылы Ақтөбе қаласының "Алақай" қуыршақ театрында Қазақстандағы Ресей жылына байланысты фестивальде "Мұңлық-Зарлық" қойылымымен қатысып, сыншылардың оң бағасын иеленді. * 2005 жылдың қазан айында Түркияның Измир қаласында өткен "Көлеңкелі және қуыршақ театрлары" халықаралық фестиваліне де "Мұңлық-Зарлық" атты қойылыммен қатысып, диплом және қаржылай сыйақымен марапатталды. * 2006 жылы өнер ордасы Шымкент қаласындағы "Көктем – театр – сахна – 2006" фестивалінде "Ақ құс туралы аңыз" туындысын сахналап, бас жүлдені жеңіп алды. * 2013 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласындағы ІІІ дүниежүзілік қуыршақтар карнавалына орыс труппасы "Қаңбақ шал" атты музыкалық қойылыммен қатысты. ## Басшылық 2007 жылы театрдың директоры болып Марта Ташенова тағайындалды.2010 жылдан бастап театрдың көркемдік жетекшісі осы театр қабырғасында құрылғалы бері жұмыс істеп келе жатқан – Антонина Малюченко. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген ол "Колосок", "Маша и три медведя" спектакльдері мен "Колобок", "Королевская история" , "Концерт для Цокотухи", "Лесная сказочка" мюзиклдерін қойды. Театр ұжымы облыстық және қалалық мәдени шараларға ұдайы қатысып, тұрақты түрде қайырымдылық спектакльдерін қойып тұрады. 2014 жылдың мамыр айынан бастап театрдың директорлық қызметін Бахтияр Спанов жалғастырды. Осы жылы жылдың қорытындысы бойынша ұжым облыстағы "Жылдың ең үздік мәдениет және өнер мекемесі" номинациясын иеленді. ## Галерея * * * * * * ## Дереккөздер ## Театр сайты http://www.shymteatr-kuz.kz/
Юрик Сейнпаал (нидер. Yurick Seinpaal; 12 қараша 1995 жыл, Кралендейк, Бонэйр) — бонэйрлік футболшы, шабуылшы. 2014 жылы Кариб елдері кубогына, 2019 жылы КОНКАКАФ Ұлттар лигасына қатысты. 2016/17, 2017/18 жылдары Бонэйр чемпионы атанды. ## Дереккөздер
Көгалдағы хоккейден азия чемпионаты — төрт жылда бір рет ерлер ұлттық құрамалары арасындағы көгалдағы хоккейден өткізілетін халықаралық жарыс. ## Жеңімпаздары және жүлдегерлері ## Жалпы медальдар саны ## Сыртқы сілтемелер * АХФ ресми сайты
Сайран автобекеті — Алматы қаласындағы халықаралық ірі автобекет. Төле би даңғылы мен Өтеген Батыр көшелерінің даңғылдарының қиылысында орналасқан. 1983 жылы пайдалануға берілді. ## Тарихы 1978 жылы Қазақ КСР Автомобиль көлігі министрі Әнуар Жақыпов Қазақ автомобиль транспорты, ғылыми-зерттеу және жобалау институты Алматы қаласындағы жаңа автобекет жобасын әзірлеуді тапсырды. Техникалық-экономикалық негіздеу бойынша қалаға тәулігіне 25 мың жолаушыға арналған өте үлкен автобекет қажет болды. Станция құрылысына Алматыда теміржол пойыздарының жоқтығы, қала маңындағы жолаушылар тасымалының барлығы автобустармен жүзеге асырылуы да септігін тигізді. Сол кездегі жалғыз Саяхат автобекеті енді жолаушылар ағынына төтеп бере алмады. В.В.Неровня, В.Д.Тяговский, О.Е.Бургумбаев және А.А.Бем бар дизайнерлер тобы алдын ала жобалау материалдарын (ЖСҚ) әзірледі. Министрлікке болашақ автостанцияның макеті мен сызбалары ұнады, бірақ сметалық құны 6 миллион рубль болатын құрылысты қажетті қаржыландыру мәселесі туындады. Ол кезде құны 3 миллион сомға дейінгі құрылыс жобалары республиканың құзырында болды, ал қымбат объектілердің құрылысы КСРО Мемлекеттік жоспарлау комитетінен қаржыландыруды талап етті. Көлік министрі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевқа автобекет салу ниеті туралы хабарлап, құрылысты КСРО Мемлекеттік жоспарлау комитетінің титулдық тізіміне енгізу үшін көмек сұрады. Қонаев көмектесуге уәде берді және қаланың бас сәулетшісіне қолайлы жерді таңдауды тапсырды. Қалалық архитектура Комсомольская мен Мате Залка көшелерінің қиылысында жасанды Сайран көлінің жанында орналасқан No6 және No7 жұмыс істейтін екі автобазаның аумағын ұсынды. Сондай-ақ, жаңа автобекет «Союзпечать» пен аудан әкімшілігінің жақын орналасқан ғимараттарымен бірге жаңадан пайда болып жатқан қала құрылысы орталығының орталық нысанына айналуға арналған болатын. Жаңа Алматы автобекетінің жобасы КСРО Мемлекеттік құрылыс комитетінің мемлекеттік сараптамасынан сәтті өтті. «Орталық автобекет» атауын алған жаңа автобекет құрылысы 1983 жылы аяқталды. ## Техникалары Күн сайын автовокзалға шамамен 260 автобус келеді (3 мың жолаушыға дейін). Сайран 50-ден астам маршрутқа қызмет көрсетеді, оның 4-і халықаралық, 27-і аймақаралық және 20-сы қала маңындағы. ## Маршруттар легі * Халықаралық: Үрімші (Қытай), Құлжа (Қытай), Бішкек (Қырғызстан), Токмак (Қырғызстан). * Аймақаралық: Абай, Астана, Асықата, Аягөз, Бақанас, Балқаш, Жаркент, Жезқазған, Жібек-Жолы, Жетісай, Қарағанды, Қабанбай, Қарғалы, Кентау, Қызылорда, Ленгер, Мақаншы, Мерке, Мойынқұм, Момышұлы, Сарқанд, Тараз, Үржар, Үшарал, Шардара, Шәулдір, Шолаққорған, Шымкент. * Облысішілік: Жамбыл мұражайы, Қастек, Отар, Матыбұлақ, Қонаев, Дегерес, Бесмойнақ, Шеген, Қырғауылды, Ақтерек, Үлгілі, Үңгіртас. * Қала маңы: Ұзынағаш, Мыңбаев, Қарғалы. * Маусымдық: Семей, Павлодар, Алакөл және Ыстықкөл. ## Дереккөздер
Элизабет Байтаққызы Тұрсынбаева (14 ақпан 2000 жыл, Мәскеу) — қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. ## Өмірбаяны 2000 жылы Мәскеуде кәсіпкерлікпен айналысып жүрген қазақ отбасында дүниеге келді. Есімі Элизабет Тэйлордың құрметіне қойылған. ### Мансабы 2011 жылы Германияның Дортмунд қаласында мәнерлеп сырғанаудан өткен халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды. Бұл жарыста 12 елден келген 46 спортышмен бәсекеге түсті. Сөйтіп, жасөспірімдердің 2013-2014 жылғы маусымға арналған әлемдік Гран-приінің бес кезеңінің қорытындысы бойынша алғашқы үштіктің құрамына енді. 2018 жылы Қысқы Олимпиадаға қатысты. ### Спорттан тыс өмірі Бос уақытында скрипка, фортепьяномен шұғылданады. ## Жетістіктері * Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 2019 * Қазақстанның үш дүркін чемпионы: 2014, 2015, 2016 * Жасөспірімдер Қысқы Олимпиядасының қола жүлдегері: 2016 ## Дереккөздер
Константин Борисович Локтев (16 маусым 1933 жыл, Мәскеу, КСРО — 4 қараша 1996 жыл, сонда) —КСРО-лық шайбалы хоккейші, шабуылшы. КСРО шайбалы хоккей құрамасы сапында үш рет әлем чемпионы атанды. 1964 жылғы Олимпиада чемпионы, 1960 жылғы Олимпиада қола жүлдегері. ## Ойнаған клубтары * Спартак(М) (1952-1953) * ОДО(Л) (1953-1954) * ЦДСА, ЦСК МО, ЦСКА (1954-1966)
Тойми Алатало (фин. Toimi Alatalo; 4 сәуір 1929, Савитайпале — 4 мамыр 2014, сонда) — финляндиялық шаңғышы. 1960 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы. ## Дереккөздер
Қуаныш ВК — әйелдер волейбол клубы. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласынан. 2012 жылы Қауныш Хамзиннің бастауымен құрылды. ## Тарихы 2012-2013 маусымда «В» командасының жоғарғы лигасында ойнай отырып, команда 3-орынды иеленді, 2013-2014 маусымда команда «В» жоғарғы лигасының жеңімпазы атанды және жоғарғы лигаға жолдама алды. 2014-2015 маусымда команда 5 орынды иеленді. Келесі маусымда клуб «А» жоғарғы лигасының қола жүлдесін жеңіп алды. ## Дереккөздер
Эдди Сикстен Ернберг — швециялық шаңғышы. 1956, 1960, 1964 Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы. 1958, 62 жылғы әлем чемпионы. ## Жүлделері
Көкшетау уезі — Сібір Қазақтарының аймағы, Ақмола облысы, Омбы губерниясы мен Ақмола губерниясының әкімшілік-аумақтық бірлігі. Уездік орталық — Көкшетау қаласы. 1898 жылға дейін Көкшетау округі деп аталды. ## Әкімшілік бөлінісі 1913 жылы уезде 13 болыс пен 8 ауыл: Александровская, Балқаш, Викторовская, Вознесенская, Гавриловская, Дмитриевская, Қазан, Каменская, Константиновская, Кривоозерная, Макинская, Николаевская, Павловско-Подрогодная болыстары және Ақанбұрлық, Арықбалық, Зеренді, Көкшетау, Қатаркөл, Лобаново, Сандықтау, Щучинск болды. 1926 жылы 17 болыс: Ақанбұрлық, Балқаш, Бостандық (орталығы - Көкшетау қ.), Володар, Восточная (орталығы - Көктөбе мекені), Жыланды (орталығы - Ақанбұрлық а.), Көкшетау, Красная (орталығы - Қазан а.), Красноармейская (орталығы - Сухотинское а.), Крестьянская (орталығы - Көкшетау қ.), Макинская, Октябрьская (орталығы - Қарасей а.), Ортақшылар (орталығы - Қазан а.), Рузаевская, Советская (орталығы - Николаевское а.), Щучанская, Еңбекшілдер (орталығы - Щучинское а.) болды. ## Тарихы Көкшетау округі Ақмола облысы құрамында 1854 жылы құрылды. 1898 жылы Көкшетау уезі болып өзгертілді. 1918 жылы Ақмола облысы Омбы облысы, ал 1919 жылы Омбы губерниясы деп аталды. 1921 жылы Көкшетау уезі Қырғыз АКСР Ақмола губерниясына берілді, онда 1928 жылы жойылғанға дейін болды. ## Тұрғындары 1897 жылғы халық санағы бойынша уезде 155,5 мың адам тұрды. Оның ішінде: * қазақтар — 50,8 %; * орыстар — 31,0 %; * украиндар — 12,4 %; * мордвалар — 4,3 %; * татарлар — 1,0 %. Көкшетау уездік қаласында 4962 адам тұрды. Арғындар — қазақ халқының 82% (Атығай, Қарауыл). ## Дереккөздер
Оке Сейфарт (швед. Karl Åke Seyffarth; 15 желтоқсан 1919 жыл, Стокгольм — 1 қаңтар 1998 жыл, Мура) — швециялық конькиші, 1948 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының алтын және күміс жүлдегері. ## Дереккөздер
Ақтөбе уезі — Торғай облысы, Орынбор-Торғай губерниясы және Ақтөбе губерниясының құрамына кіретін әкімшілік бірлік. Орталығы — Ақтөбе қаласы. 1891 жылға дейін Елек уезі деп аталды. ## Әкімшілік бөлінісі 1914 жылы уез мына болыстарға бөлінді: * Борисов болысы, * Бестамақ болысы, * 1-Бөрте болысы, * 2-Бөрте болысы, * Беляев болысы, * Жоғарғы Қиынбай болысы * Вознесен болысы * Всесвят болысы * Георгиев болысы * Дамбар болысы || * Екатеринослав болысы * Золотонош болысы * Естеміс болысы * Қамысақты болысы * Қарабұтақ болысы * Лохвицк болысы * Можаров болысы * Михайлов болысы * Нагорный болысы * Николаев болысы || * Полтав болысы * Петров болысы * Павлов болысы * Родников болысы * Сухинов болысы * Степной болысы * Теректі болысы * Тоқан болысы * Херсон болысы 1926 жылы уез 35 болысқа бөлінді: ## Тарихы 1868 жылы Елек уезі Торғай облысы құрамында құрылды. Уезд орталығы Илецкая Защита қаласы болды. 1891 жылы уезд орталығы Ақтөбе қаласына көшірілді, уездің өзі Ақтөбе деп өзгертілді. 1920 жылы уезд Орынбор-Торғай губерниясының құрамына кірді, ол 1921 жылы жойылды. 1922 жылы Ақтөбе губерниясы құрамында қалпына келтірілді. 1924 жылы 16 қаңтарда Ақбұлақ уезінің аумағы Ақтөбе уезіне қосылды. 1928 жылы Ақтөбе уезі таратылды. ## Тұрғындары 1897 жылғы санақ бойынша уезде 115,2 мың адам тұрды. Соның ішінде қазақтар - 95,1%; орыстар - 2,8%. Ақтөбе қаласында 2817 адам тұрды. ## Дереккөздер
Гурьев уезі — Орал облысы мен Орал губерниясының құрамындағы әкімшілік бірлік. Орталығы - Гурьев қаласы. ## Тарихы 1868 жылы Орал облысы құрамында Гурьев уезі құрылды. 1920 жылы 12 қазанда уез Қырғыз АКСР Орал губерниясының құрамына кірді. 1928 жылы Гурьев уезі таратылып, оның аумағы Қазақ АКСР Гурьев округінің құрамына қосылды. ## Әкімшілік бөлінісі XX ғасырдың басында уезге 5 станица мен 1 орыс және 17 қазақ болысы кірді. * 1914 жылдағы станицалар * Кулагин - 3 ауыл (Харькин, Горы, Гребенщик) * Орлов - 2 ауыл (Зелёный, Топайлы) * Жаманқала - 2 ауыл (Карманов, Бақсай) * Сарайшық - 4 ауыл (Богатин, Сорочин, Редут, Кандауров) * Гурьев 1920 жылға қарай уез келесі болыстарға бөлінді: * Ақбас көшпелі * Ақжал көшпелі * Бұлан көшпелі * Гурьев * Жаршық көшпелі * Жылқосы көшпелі * Зеленов * Есбол көшпелі * Қарабайлы көшпелі * Қарабау көшпелі * Қаратөбе көшпелі * Қарашағыр көшпелі * Кермеқас көшпелі * Қызылқоға көшпелі * Редут * Самар * Сімбірті көшпелі * Жем көшпелі * Жем-Атырау * Жаманқала 1921 жылы Берік пен Қаракөл болыстары да болды. 1922 жылы Ақжал және Бестөбе болыстары Ақжал-Бестөбе көшпелі болысына біріктірілді. Зон болысы Есбол болысынан біраз уақытқа бөлінді. 18 қыркүйекте Тайсоңған болысы Ақтөбе губерниясының Темір уезінен көшірілді. 1923 жылдың жазында Ракуша, Сарыкөл, Сокол және Топайлы болыстары құрылды. Бұл кезде Ембі болысына Ақбас, Жаршық, Жылқосы және Қарабайлы болыстары; Былан - Ракушаға; Гурьев - Соколға; Зеленов мен Жаманқала - Қызылқоғаға; Қарабау - Сарыкөлге; Қарашағыр - Ақжалға; Кермеқас - Есбол мен Сарыкөлге; Самар - Редутқа; Қаратөбе мен Сімбірті - Соколға қосылды. Ақжал-Бестөбе болысы Ақжал болып өзгертілді. 1923 жылы 23 тамызда жойылған Калмыков уезінен Горы мен Индер болыстары Гурьев уезіне берілді. Сол жылдың 2 қазанында Қарасамар болысы Жымпиты уезінен Гурьевке ауыстырылды. Содан кейін Топайлы болысы Кулагин болып өзгертілді. 1924 жылдың аяғында Индер және Қарасамар болыстары Жымпиты уезіне, одан Қатыншағыл болысы Гурьев уезіне берілді. Горы болысы Кулагинге қосылды. 1925 жылы қыркүйекте Сарытөбе болысы Бөкей уезінен Гурьев уезіне ауыстырылды. 1926 жылы Қатыншағыл болысы Қарасамар деп өзгертілді. 1927 жылы қыркүйекте Редут және Сарытөбе болыстарының бөліктерінен Новобогат болысы құрылды. ## Тұрғындары 1897 жылғы халық санағы бойынша уезде 86,8 мың адам тұрды. Оның ішінде қазақтар - 81,7%, орыстар - 16,9%, татарлар - 1,1%. Уездік Гурьев қаласында 9322 адам тұрды. 1926 жылы уезде 124,9 мың адам тұрды. ## Дереккөздер
І Теңіз маңы уезі (І Теңіз маңы округі) — 1919-1922 жылдары өмір сүрген Бөкей губерниясының (1920 бастап - Қырғыз АКСР құрамында) әкімшілік-аумақтық бірлік. Әкімшілік орталығы болмаған І Теңіз маңы уезі 1919 жылы құрылды. 1920 жылы оның құрамына атаулардың орнына сандар (1-ден 16-ға дейін) болған 16 көшпелі болыстар кірді. 1921 жылдың қаңтарында 16 болыстың орнына 4 құрылды (барлығы көшпелі): * Бастау * Манаш * Мыңтөбе * Шолан 1922 жылы 6 мамырда І Теңіз маңы уезі жойылды. Оның аумағы Теңіз уезіне өтті. ## Сілтеме * Қазақстан ӘАБ анықтамалығы (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан). Алматы, 1959
Теңіз уезі — 1922-1925 жылдары болған Қырғыз АКСР Бөкей губерниясының әкімшілік-аумақтық бірлігі. Орталығы Ганюшкино ауылы болған Теңіз уезі 1922 жылы 6 мамырда жойылған І және ІІ Теңіз маңы уездерінің (округтерінің) аумағында құрылды. Бастапқыда уезде 15 көшпелі болыстар болды: * Ақтөбе * Бастау * Ганюшкин * Жиделі * Көкарна * Құрқұба * Майлы * Манас * Мыңтөбе * Николаев * Сасықтау * Сафонов * Синеморск * Үшеркетау * Шолан 1923 жылы 6 сәуірде болыстардың саны қысқартылып, олардың 7-уі ғана қалды: * Ақтөбе. Орталығы — Ақтөбе мекені * Бастау. Орталығы — Бастау мекені * Құрқұба. Орталығы — Жиделі мекені * Манас. Орталығы — Манас мекені * Мыңтөбе. Орталығы — Мыңтөбе мекені * Синеморская көшпелі * Үшеркетау. Орталығы — Жанбай мекені 1925 жылы 18 мамырда Теңіз уезі таратылды. Оның аумағы Орал губерниясының Бөкей уезіне өтті. ## Сілтеме * Қазақстан ӘАБ анықтамалығы (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан). Алматы, 1959
ІI Теңіз маңы уезі (ІI Теңіз маңы округі) — 1919-1922 жылдары өмір сүрген Бөкей губерниясының (1920 бастап - Қырғыз АКСР құрамында) әкімшілік-аумақтық бірлік. Әкімшілік орталығы болмаған І Теңіз маңы уезі 1919 жылы құрылды. 1920 жылы оның құрамына атаулардың орнына сандар (1-ден 13-ға дейін) болған 13 көшпелі болыстар кірді. 1921 жылдың қаңтарында 13 болыстың орнына 7 құрылды (барлығы көшпелі): * Ақтөбе * Жиделі * Когарнинск * Құрқұба * Майлы * Сасықтау * Үшеркетау 1921 жылы шілдеде жойылған Еділ-Теңіз қазақтар жерінің аумағы II Теңіз маңы уезіне қосылды. Бұл аумақта 4 көшпелі болыс: Ганюшкино, Николаевск, Сафоновск және Синеморск құрылды. 1922 жылы 6 мамырда І Теңіз маңы уезі жойылды. Оның аумағы Теңіз уезіне өтті. ## Сілтеме * Қазақстан ӘАБ анықтамалығы (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан). Алматы, 1959
Бөкей уезі — 1925–1928 жылдары болған Қазақ АКСР Орал губерниясының әкімшілік-аумақтық бірлігі. Орталығы Орда қаласы болған Бөкей уезі 1925 жылы 18 мамырда Бөкей губерниясының таратылуына байланысты құрылды. Уездің құрамына келесі болыстар кірді: Біраз уақыт Бөкей уезі Нариман уезі деп аталды. 1925 жылы 6 маусымда Орал уезінен Шыжын болысы Бөкей уезіне көшірілді. 1925 жылы 3 қыркүйекте Ақтөбе, Мыңтөбе, Синеморск және Үшеркетау болыстары көп ұзамай Теңіз деп ауыстырылған Котяев болысына; Ахмет, Қамыс-Самар, Меңдіхан мен Тұрдықұл — Жанғалиға; Бастау, Манас және Шолан — Сарытөбеге (ол сонымен қатар Гурьев уезіне берілді); Батырбек, Бесқұм, Жиекқұм, Қалмақ және Тарғын — Ордаға; Бекетай, Құрқұба және Нарын — Азғырға (Шапшан) біріктірілді. Бостандық, Жақсыбай және Жігер болыстары Таловқа қосылды; Жұма мен Тау — Жәнібекке қосылды. 1928 жылы 17 қаңтарда Бөкей уезі жойылып, оның аумағы Орал округіне берілді. ## Дереккөздер
2022 жылғы Жазғы жасөспірімдердің 4-ші Олимпиадалық Ойындары сол жылы 22 қазан мен 9 қараша күндері Сенегал астанасы Дакарда өтеді. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * https://web.archive.org/web/20141007112612/http://www.gamesbids.com/eng/index.1.html
Эрнст Байер, (нем. Ernst Baier, 27 қыркүйек 1905 жыл — 8 шілде 2001 жыл) — германиялық мәнерлеп сырғанаушы, 1936 жылғы Қысқы Олимпиаданың алтын және күміс жүлдегері. Жұптасып өнер көрсетуден төрт дүркін әлем чемпионы.
BilimLand — көптілді білім беру онлайн-платформасы. Платформаны 2011 жылы Bilim Media Group компаниясы құрды. Қызмет Қазақстан (bilimland.kz), Ресей (bilimland.ru), Өзбекстан (bilimland.uz) және АҚШ (bilimland.com) елдерінде жұмыс істейді. Bilimland мектеп пәндерін оқытуға арналған бірнеше онлайн-платформаларды қамтиды. Бұл басқа онлайн платформалар үшін туыстас жобасы, мысалы: www.twig-bilim.kz, www.itest.kz, www.imektep.kz, www.onlinemektep.kz. Бас директоры - Рауан Кенжеханұлы, атқарушы директоры - Санжар Кенжеханұлы. ## Тарихы Жоба 2011 жылы "Болашақ" білім беру бағдарламасының түлектерімен құрылған. Бірінші жоба қазақ тілінде оқытатын бастауыш мектеп үшін imektep.kz онлайн-платформасы болды. Жоба американдық BrainPop жобасына ұқсас жасалған. 2013 жылы жоба технологияларды сатып алу және онлайн-платформаны коммерцияландыру үшін Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттіктің (ТДҰА) грантынан қолдау тапты. 2014 жылы сервис білім беру қызметтері нарығына алғашқы сатылыммен шықты. Сервис Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының мектептерінде тексерістен өтті. Сервисті Қазақстанның 700-ден астам мектебі белсенді түрде пайдаланды. 2016 жылы жоба Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевқа ұсынылды. 2020 жылдың наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты Bilim Media Group пен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі bilimland.kz платформасына тегін кіру мүмкіндігін жариялады. ### Сараптама 2013-2016 жылдар аралығында Оқу материалдары ҚР БҒМ "Оқулық" орталығының, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының, ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының, Өрлеу БАҰО, сондай-ақ Ресей Федерациясы Ғылым Академиясының сараптамасынан өтті. ### Монетизация Платформа білім беру ұйымдарымен және жеке пайдаланушылармен жазылу бойынша жұмыс істейді. Оқыту контенті қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді. Онлайн-платформа Қазақстанның 7000-нан астам мектебінде қолданылады. ### Пандемия Короновирус пандемиясының басталуымен және Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілуімен барлық білім беру ұйымдары қашықтықтан оқыту нысанына көшуге мәжбүр болды. 23 наурыздан бастап жоба негізінде Bilimland.kz "Балапан" (қазақ тілінде) және "Ел арна" (орыс тілінде) телеарналарында трансляциялауға арналған бейнесабақтарды жазумен OnlineMektep жобасы басталды. Бейнесабақтар 6 сәуір мен 22 мамыр аралығында көрсетілді. Жоба аясында 42 мектеп пәні бойынша 3 мыңнан астам бейнесабақтар, 20 мыңға жуық жаттығулар мен тапсырмалар жасалды. Жоба Bilim Media Group бастамасымен жүзеге асырылды. Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырушылық және әдістемелік қолдау көрсетті. Жобаға барлығы 160 мұғалім, 40 әдіскер және компанияның 100-ден астам қызметкері қатысты. Төртінші тоқсан кезінде қашықтықтан оқытуға еліміздің 77% оқушысы көшті - бұл 3 млн 400 мың. Bilim Media Group компаниясы жобаны өз есебінен жүзеге асырды. Қыркүйек айында қызмет белсенді DDoS шабуылдарына ұшырады. ## Дереккөздер
Шымкент қалалық өзбек драма театры (өзб. Шымкент шахар ўзбек драма театри) – Қазақстанда өмір сүріп жатқан өзбек ұлты өкілдерінің мәдениет ошағы. ## Тарихы Театр Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы Сайрам ауылында 2003 жылдың 14 наурызында Оңтүстік Қазақстан облыс әкімдігінің № 127 Қаулысымен құрылды. Алғашқы директоры Зәкіржан Момынжанов, бас режиссері Хамидолла Құлабдоллаев болды. Театр өз сахнасының шымылдығын Ш. Башбековтің "Темір қатын" спектаклімен ашты. Театр сахнасында Орта Азия республикаларының барлығынан келетін өнер шеберлерінің қатысуымен "Әшкия" деп аталатын әзіл-қалжың фестивалі өткізіледі. Сондай-ақ театр сахнасында жас ақындарға арналған "Жұлдыздар" деп аталатын жыл сайынғы республикалық байқауы өтеді. ## Қойылымдары Өзбек театрының репертуары жыл сайын классиктер мен қазіргі заманғы драматургтердің жаңа комедия, драма, трагедияларымен толығуда. Юморлық көріністер негізінен өмір шындығынан алынып, жергілікті әзіл-қалжыңдар пайдаланылатындықтан жұртшылықтың ерекше қызығушылығын туғызады. Театрға әр жылдары Өзбекстаннан А. Ходжакулиев, М. Абдуллаева, К. Саадуллаев, А. Сәлімов, М. Мансуров секілді режиссерлер келіп тәжірибе бөлісті. Бүгінгі күні театр репертуарында: Ш. Башбековтың "Темір қатын", А. Жамалдың "Опасыз ақшалар", И. Ладаның "Сиқырлы алмалар", Д. Исабековтың "Ескерткіш", Ю.О. Нилдың "Талдар көлеңкесінде»", С. Әнуардың "Қызметтеміз – қызметте!", М. Мырзаның "Қашан таң атады", Ж. Құдайбердиевтің "Жұлдызшы", Б.сБрехттің "Кураж ана", С. Ахмадтың "Келіндер көтерілісі", Т. Ахтановтың "Күшік күйеу", Э. Хушвақтовтың "Қырмызы алма", "Инабатты келіншек", А. Жумаевтің "Сусамбил", Б. Пазиловтың "Улы тамшылар", Д. Махмудова, Т. Махмудовтардың "Өмір соңындағы бақыт", Е. Жуасбектің "Үйлену", Р.Н. Гунтекинның "Халала", Б. Сабыттың "Құдалар", Ш. Башбековтың "Зордан зор шықса", Е. Шварцтың "Қызыл қалпақша", И. Зайырдың "Қарыз", У. Хашимовтың "Тойлар құтты болсын!", Ә. Файзуллаевтің "Нан батыр", М. Әуезовтың "Абай", Ш. Атабектің "Кетпеңіз, әке!", Ж. Құдайбердиевтің "Аспандағы періштелер", И. Туркидің "Өмір қуаныштары", Е. Қойбағарұлының "Бала мен қайыршы", А. Салимовтың "Зумрет және Қымбат", Ғ. Шермухаммадтың "Жаназадағы той", И. Зайырдың "Ұры да адам", В. Сигаревтьң "Қарапайымдылық зардаптары", З. Солиеваның "Айлакер", Ж. Махмудтың "Үш жалқау", Ш. Айтматовтың "Шыңғысханның ақ бұлты" аңыз, Н. Махмудованың "Ғажайып құдалар" комедиясы, Б. Есенәлиевтің "Мұхаммед Хайдар Дулати" тарихи трагедиясы, С. Жұмағұловтың "Күйеуіңді бере тұр", Э. Хушвақтовтың "Көңіл гүлдей нәзік" драмасы, С. Раевтың "Меккеге қарай алыс жол" психологиялық драмасы, Э. Хушвақтовтың "Қалыңдық ойын", Ж. Сайитовтың "Дәрумендер", М. Мырзаның "Жарыл тас", М. Хасанованың "Қайсар көжек", Ж. Махмудтың "Сәнқұмар патша", Р. Отарбаевтың "Аяулым Анфиса", Л. Соловьевтың "Қожанасыр Сайрамда", Рей Брэдберидің "Ғажайып костюм". Софоклдің "Эдип патша", Ж. Сайитовтың "Көңілді достар", Н. Аббасханның "Өзбекше би", Мухаммад Алидің "Науаи мен Байқара", Сәбит Досановтың "Қасқыр ұлыған түн" және т.б. спектакльдер бар. ## Театр жетістіктері * Театр әртісі Ә. Тоғанбаев 2005 жылы облыс әкімі стипендиясының иегері атанды. * 2006 жылы С. Махмудов "Мәдениет қайраткері" атағын, "Театр. Көктем. Сахна" фестивалінде театр ұжымы Ж. Құдайбердиевтің "О, ұлы сұлтан!" спектаклін қойып, "Дебют" номинациясына актер Р. Саидходжаев ие болды. * 2010 жылдың мамыр айында "Зордан зор шықса" спектаклін қою үшін Ташкент қаласындағы жасөспірімдер театрының танымал режиссері А. Салимов пен Ш. Башбеков арнайы шақыртылды. * 2011 жылы "Театр көктемі – 2011" республикалық фестивалінде қойылған Ш. Башбековтің "Күштіден де күшті" спектаклінде тағы Р. Саидходжаевқа "Үздік ер адам рөлі" номинациясы табыс етілді. Сол жылы "Ең үздік әйел рөлі" номинациясын И. Заировтың "Міндет" спектаклі бойынша актриса Д. Ибрагимжанова иеленді. Спектакльдің өзі Гран-при сыйлығымен марапатталды. * 2011 жылы 17-18 мамыр күндері Көкшетау қаласында өткен Орта Азия, Грузия мен Балтық елдерінің жас режиссерлері арасындағы байқауға "Тойлар құтты болсын!" спектаклімен қатысты. * 2012 жылы театр әртісі А. Тоғанбаев "Жылдың үздік әртісі" номинациясын жеңіп алды. * 2013 жылы – 25-26 наурызында театр ұжымы Мақтаарал ауданы Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында өткен "Театр көктемі" облыстық театр фестиваліне қатысты. Аталған фестиваль кезінде көрермен қауымға "Жаназадағы той" спектаклін ұсынып, осы спектакль үшін облыстық мәдениет басқармасының арнайы номинациясы дипломымен марапатталды; 15-19 сәуір күндері Тараз қаласында өткен "Оңтүстік Қазақстан облысының Жамбыл облысындағы күндері" атты іс-шараға театр ұжымы "Қарыз" спектаклімен қатысты; 20-25 мамыры күндері Қарағанды қаласында өткен Қазақстан ұлттық театрларының ІІ республикалық фестиваліне театр "Жаназадағы той" қойылымымен қатысып, Қарағанды облысының әкімінің алғыс хатымен марапатталды. * 2014 жылдың қаңтар айында театрға Өзбекстан Республикасының танымал режиссері Тожи Мухаммад Исраилов шақыртылды. Осы жылы 2-4 сәуірі аралығында Жұмат Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында өткен "Театр көктемі" облыстық театр фестивалінде "Кейіпкер бейнесін шынайы кескіндеу" номинациясы бойынша марапатталып, жүлдегер болды. Сондай-ақ 9 мамыр күні театр ұжымы Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық орыс драма театрына "Күйеуіңді бере тұр" спектаклімен гастрольдік іссапарға барды. * 2015 жылдың қаңтар айында репертуар сапасын арттыру үшін танымал режиссер Әскер Құлданов театрға шақыртылды. Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған "Мұхаммед Хайдар Дулати" тарихи трагедиясын сахналады. Осы жылдың 27-28 ақпан күндері театр актері С. Махмудов Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған "Менің Қазақстаным" атты республикалық фестивальге қатысып, ІІІ орын иегері атанды. * 2018 жылдың 27-30 қараша күндері Атырау қаласында өткен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері, жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың ІІ халықаралық театр фестиваліне қатысып, өзбек драма театры 500 000 теңге, диплом жəне Рақымжан Отарбаевтың 60 жылдық мерей тойына арналған төсбелгімен марапатталды. ## Актерлер Театр директорлары - Зәкіржан Момынжанов, Икрам Хашимжанов (2018-2020), Комилжан Сайитов (2020-жылдан). Ә. Тоғанбаев, С. Махмудов, Р. Саидходжаев, С. Розыметова, В. Нишанбаева, З. Тоғанбаева, З. Қадирметова, Ш. Хадиметов, Ұ. Насыров, А. Ерханов, Д. Халметова, Ф. Мансуров, А. Эргешов, Ж. Сайитов, М. Заббарханов, Б. Искандаров, К. Шадибекова, Э. Толаметов, З. Шайлавов, Д. Рахманшикова, Ш. Салахтидин сынды әртістері өз өнерлерімен халықты тәнті етіп жүр. ## Галерея * * * * * * * ## Дереккөздер ## Театр сайты https://www.uzteatrkz.com/
Əйелдер арасындағы көгалдағы хоккейден азия чемпионаты — төрт жылда бір рет əйелдер ұлттық құрамалары арасындағы көгалдағы хоккейден өткізілетін халықаралық жарыс. ## Жеңімпаздары және жүлдегерлері ## Жалпы медальдар саны ## Сыртқы сілтемелер * АХФ ресми сайты
Шымкент қалалық опера және балет театры (2021-жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театры) – 2007 жылы 3 сәуірде құрылған театр, шымылдығы 2008 жылы 7 қарашада "Інжу-Маржан" қойылымымен ашылды. ## Тарихы "Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театрының" ресми түрде ашылу салтанатында "Ұлы музыка әлемі", итальяндық дирижер И. Кайаццоның "Браво, Бельканто!", Омбретта Маккидің жеке концерттері өтіп, Оңтүстік Қазақстан облысындағы жаңа рухани өнер ошағы пайда болғанын паш етті. 2008–2009 жылдары шымкенттіктердің классикалық музыканы келешек опера театрының сахнасында қабылдауына жасалған әзірлік іспетті "Әлем операсының жұлдыздары Шымкентте" деп аталатын халықаралық фестиваль өткізілді. Белгілі қазақстандық композиторлардың операларынан алынған алғашқы "Інжу-маржан" қойылымы (2008) мен алғашқы опера Дж. Веридің "Травитасы" театрдың тұңғыш директоры Асқар Әлихан жетекшілігімен жүзеге асты. 2021 жылы "Шымкент қалалық опера және балет театры" деп аталды. Әр жылдардағы театр директорлары: Асқар Әлихан, Б. Рахманов, Ә. Нұрмағанбетов (2017-2020), М. Мұхамедқызы (2021 жылдан). ## Репертуары Дж. Верди "Травиата", "Риголетто", Р. Леонкавалло "Паяцы", А. Жұбанов, Л. Хамиди "Абай", Е. Брусиловский "Қыз Жібек", С. Мұхамеджанов "Айсұлу", Е. Рахмадиев "Қамар Сұлу". Қазақ операларынан үзінділер жиынтығы "Інжу-Маржан", П. Чайковский "Евгений Онегин", С. Рахманинов "Алеко", У. Гаджибеков "Аршын мал алан", Г. Доницетти "Махаббат шырыны", М. Төлебаев "Біржан–Сара»", П. Масканьи "Сельская честь", С. Ахметова, Р. Шынықұлов "Махаббат мұнарасы", Дж. Россини "Севильдік шаштараз", И. Морозов "Доктор Айболит", Р. Салаватов "Қарлы ханым", П.И. Чайковский "Щелкунчик". ## Жетістіктері Театр солистері өз елімізде ғана емес, шетелдерде де түрлі табыстарға қол жеткізуде. * Театр солисі Ж. Белгібаева 2009 жылы Ташкентте өткен Н. Ахмедиев атындағы вокалистердің халықаралық конкурсында екінші орын алды, 2011 жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының "Үміт" номинациясы бойынша "Еңлікгүл" сыйлығына ие болды. * "Қазақ Романсиадасы" халықаралық конкурсында театр солистері Е. Жандарбай, А. Мазкенова, А. Скибин бірінші және екінші орындарға ие болса, М. Кин "Романсиада маэстросы" номинациясын жеңіп алды. * Театр солисі Н. Жүсіпбеков Ш. Қалдаяқов атындағы халықаралық конкурстың Гран-приімен марапатталды. * Е. Жандарбай мен М Кин Польшада өткен "Музыкальный сад Рюбецаля" халықаралық фестиваліне қатысып, бірінші және екінші орындарды жеңіп алды. * 2011 жылы театр ұжымы алғаш рет республикалық "Театр көктемі – 2011" фестиваліне қатысып, "Алеко" операсының қойылымы үшін "Театр дебюті" номинациясына лайықты саналды. Осы жылы Астанада өткен Оңтүстік Қазақстан облысының күндеріне қатысты. Симфониялық оркестр, хор мен солистер Бейбітшілік сарайында өткен үкімет концертінің біріккен бағдарламасы бойынша сахнаға шықты. Театр ғимараты 1984 жылы салынған, 2007 жылы театрға бейімделіп қайта қалпына келтірілді. Мекеме ішінде 300 көрерменге арналған үлкен зал мен 86 орындық кіші зал бар. ## Дереккөздер
Ақан сері — 2011 жылы Алматы қаласы «Жазушы» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы — Сәкен Жүнісов, суретшісі — Б. Серікбай. Беттер саны — 480. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасынан тіркелу кезінде берілген ISBN нөмірі — 978-601-200-306-2. ## Қысқаша мазмұны Жазушының бұл романының 1-ші томы «Сырымбет саласында»; «Қаратал қойнауында»; «Ереймен баурайында» атты үш бөлімнен тұрады. Мұнда Ақанның аңшылық құрып жүрген кезінен бастап, Құлагердің мерт болуына дейінгі ұзақ кезеңді қамтыған қоғамның қилы өмір-тағдыры көркемдік шеберлікпен өрілген. Жазушының бұл романының екінші кітабында халқымыздың ардагер ұлы Ақан сері заманының қат-қабат қайшылығы шебер суреттелген. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Рымғали Нұрғалиұлының рецензиясы * Бірінші кітабы Мұрағатталған 5 қыркүйектің 2021 жылы.
Еділ-Теңіз қазақтар жері — 1919-1921 жылдары болған Бөкей губерниясының құрамындағы әкімшілік бірлік (аймақ).Еділ-Теңіз қазақтар жері халқының барлығы дерлік көшпелі болғандықтан, бұл аймақта әкімшілік орталық болған жоқ. Еділ-Теңіз қазақтар жері 1919 жылы 21 қарашада Астрахан уезінің Әбубәкір мен Семибугровск болыстарынан және негізінен қазақтар тұратын Астрахан губерниясы Краснояр уезінің Арқар, Жарық, Синеморская, Тіленді болыстарынан құрылды. Оны басқару үшін бес адамнан тұратын Қырревкомнан арнайы комиссия (ревком) тағайындалды. 1920 жылы Астрахань губерниясының тағы 4 болыс: Ганюшкин, Сафоновск, Самхинск және Николаевск Еділ-Теңіз қазақтар жеріне берілді. Астрахан губерниясы мен Қырревкомның (Халық Комиссарлары Кеңесі мен Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті) атқару комитетіне қатысты бұл шешімді жоғары органдар бекітпегендіктен, Қырревкомның ықпалы саяси және мәдени жұмыстармен, сондай-ақ халыққа білім беруді орнатумен ғана шектелді. Еділ-Теңіз қазақтар жері 1921 жылдың шілдесінің соңына дейін, Қырғыз АКСР құрылғанға дейін өмір сүрді. Оның жерлері (аумағы шамамен кейінгі Астрахан облысы Володар ауданына сәйкес келетін Арқар болысынсыз) көп бөлігі осы республиканың Бөкей губерниясы II Теңіз маңы уезіне өтті. ## Әдебиет * Сапожников В. В., Шишкин Б. К. Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (тамыз 1920 ж. - желтоқсан 1936 ж.) / Базанова Ф. Н. — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — 1500 таралым. * Аманжолова Д. А. Қазақ автономиясы: ұлт ұғымынан бастап кеңестік жолмен өзін-өзі анықтауға дейін (p. 125 Acta Slavica Iaponica, tomus 21, 2004 Hokkaido University) Мұрағатталған 9 наурыздың 2017 жылы.
Владимир Павлович Муравьев ( 30 қыркүйек 1959 жыл, Қарағанды, Қазақ КСР, КСРО ) - кеңестік жеңіл атлет-спринтер. 4 × 100 метр эстафетада екі дүркін Олимпиада чемпионы (1980, 1988). КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1980). 1959 жылы 30 қыркүйекте Қарағанды қаласында туған. Әкесі Павел Михайлович шахтада дрифт болып жұмыс істеді, анасы Аделина Иосифовна - сол шахтада есепші. * 4х100 м эстафеталық жүгіруден екі дүркін Олимпиада чемпионы: * 4 × 100 м эстафетадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері * 4 × 100 м эстафетадан әлем чемпионатының қола жүлдегері . * Әлем чемпионатының қола жүлдегері (1985). * 4 × 100 м эстафетадан Еуропа чемпионы . * 4 × 100 м эстафетада Еуропа кубогының жеңімпазы және 100 м жүгіруде күміс жүлдегері (1985). * «Достық-84» екі дүркін чемпионы Мәскеуде 200 м қашықтықта және эстафетада 4 × 100 м. * Еңбек сіңірген спорт шебері (1980). * Ол 200 метрге жүгіруде (20,34 с) және 4х100 метрлік эстафетада (39,30 с) Қазақстан чемпионы. * 100 метрге жүгіруде КСРО чемпионы (1985 және 1987); 200 метрге жүгіруде чемпион (1983); чемпион (1988) ## Дереккөздер
Мақсат Есенгелдіұлы Тәйкенов (14 тамыз 1997 жыл, Ақтау, Маңғыстау облысы, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Каспий" клубының жартылай қорғаушысы. ## Карьерасы "Каспий" клубының түлегі. 2012 жылы қазақстандық бірнеше баламен бірге "Оле Бразил" академиясына аттанды. 2015 жылы "Бәйтерек" сапында кәсіпқой карьерасын бастады. 2017 жылы туған клубы "Каспийге" оралды. 2020 жылы 18 тамызда "Қайратқа" қарсы ойында Премьер-лигадағы тұңғыш ойынын өткізді. 2021 жылы 4 қыркүйекте Финляндияға қарсы ӘЧ-2022 іріктеу матчында Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында тұңғыш рет алаңға шықты. Матчта 72 минут ойнап, Исламбек Қуатқа орнын босатты. ## Жетістіктері ### Командалық Қазақстан бірінші лигасының жеңімпазы: 2019 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі мен статистикасы
Мақсат Есенгелдіұлы Тәйкенов (14 тамыз 1997 жыл, Ақтау, Маңғыстау облысы, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Каспий" клубының жартылай қорғаушысы. ## Карьерасы "Каспий" клубының түлегі. 2012 жылы қазақстандық бірнеше баламен бірге "Оле Бразил" академиясына аттанды. 2015 жылы "Бәйтерек" сапында кәсіпқой карьерасын бастады. 2017 жылы туған клубы "Каспийге" оралды. 2020 жылы 18 тамызда "Қайратқа" қарсы ойында Премьер-лигадағы тұңғыш ойынын өткізді. 2021 жылы 4 қыркүйекте Финляндияға қарсы ӘЧ-2022 іріктеу матчында Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында тұңғыш рет алаңға шықты. Матчта 72 минут ойнап, Исламбек Қуатқа орнын босатты. ## Жетістіктері ### Командалық Қазақстан бірінші лигасының жеңімпазы: 2019 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі мен статистикасы
Ханнелоре «Ханни» Венцель (нем. Hannelore "Hanni" Wenzel, 14 желтоқсан 1956 жыл, Штраубинг, ГФР) — лихтенштейдік тау шаңғышысы. Германияда дүниеге келген, кейін отбасы Лихтенштейнге көшіп өтті. 1976, 1980 жылғы Олимпиадаға қатысқан. ## Жетістіктері ### Олимпиада * Олимпиада чемпионы: 1980 (екі рет) * Олимпиада күміс жүлдегері: 1980 * Олимпиада қола жүлдегері: 1976 ### Әлем чемпионаты * Әлем чемпионы: 1974, 1980 * Күміс жүлдегер: 1974, 1980 * Қола жүлдегер: 1976 ## Дереккөздер
Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры (2018 жылға дейін "Оңтүстік Қазақстан облыстық сатира және юмор театры") – 2008 жылы 4 сәуірде құрылған жас театр. ## Тарихы Театр шымылдығын С. Жүнісовтің "Қысылғаннан қыз болдық" пьесасының желісімен жазылған У. Әбдірайымовтың "Ауылым – әнім" музыкалық қойылымымен ашты. Ашылу салтанатына Асанәлі Әшімов, Әшірбек Сығай, Есмұқан Обаев және тағы да басқа өзге театрлардан келген әріптестер қатысты. Театр ұжымына "Шаншар" әзіл-қалжың театрымен танылған У. Әбдірайымов жетекшілік етті. Театр өз жұмысын "Әзілің жарасса" деген концерттік бағдарламасы бойынша бастады. Бүгінде оның репертуарында У. Әбдрайымов, Е. Қалдарбеков, К. Мәмбетакұлов, Н. Қадіров, С. Ахмад, А. Боранбаев, Д. Исабеков, Т. Ахтанов, А. Табылды, Ж. Ақшора, С. Алтаев сынды тағы да басқа авторлардың жиырмадан астам қойылымы бар. Біраз уақытқа дейін театрдың өзінің жеке ғимараты болмағандықтан қуыршақ театрымен сахна бөлісуіне тура келді. Қазіргі уақытта оған бұрынғы "Шымкент" кинотеатрының ғимараты берілді. Театр әртістері басқа да облыстар мен аудандық елді мекендерде, сондай-ақ Алматы, Ақтау, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Талдықорған тәрізді қалаларда гастрольдік сапарлармен болып қайтты. ## Театр жетістіктері Театр түрлі фестивальдерге қатысып, жоғары жүлделі орындарды иеленіп келеді. * 2011 жылы өткен "Театр көктемі – 2011" фестивалінде "Бонапарттың тойы" спектаклін қойып "көрермендер көзайымы" сыйлығына ие болды. * 2012-2013 жылдары Шымкенттегі "Әлем әзілі" атты халықаралық І, ІІ-ші фестивалінде театр үздік нәтиже көрсетті. Бұл байқауда Ресей, Қытай, Жапония, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан сынды елдердің белді сатириктері бас қосты. * Қазақ хандығының 550, Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған "Театр көктемі - 2015" облыстық фестивалінде "Ең үздік қойылым" номинациясы бойынш жүлделі орынды иеленді. * ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Театр көктемі – 2016" облыстық театр фестивалінде Р. Отарбаевтың "Қараша қаздар қайтқанда" тарихи драмасымен қатысып "Актерлік ансамбльдік тұтастық" номинациясын жеңіп алды. * ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында өткен "Айтқыштар Ақтөбеде" атты республикалық VІІ әзіл-сықақ байқауында театр артистері І орынды иеленді. * 2017 жылы Түркістан қаласында өткен Түркі әлемінің "Күлкі жәрмеңкесі" халықаралық фестивалінде театр "Жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін" грамотасымен және қаржылай сертификатпен марапатталды. * Қазақтың тұңғыш режиссері Ж. Шаниннің 125 жылдығына арналған Түркі әлемі театрларының "Театр көктемі-2017" халықаралық фестивалінде К. Гольдонидің "Екі мырзаға бір қызметші" комедиясымен қатысып, ІІІ-орынды иеленіп, қаржылай сертификатпен марапатталды. * 2017 жылы Астана қаласында өткен "ЭКСПО-2017" дүниежүзілік көрмесі аясында "Оңтүстік әзілдері" атты концерт ұйымдастырды. * 2018 жылы Х. Шаженовтың 110 жылдығына және ҚР Халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Р. Сейтметовтың 80 жылдығына арналған "Театр көктемі-2018" облыстық театр фестиваліне М. Әуезовтің "Айман-Шолпан" комедиясын ұсынып І орынды иеленді. ## Шығармашылық ұжым У. Әбдрайымов ("Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері), Ж. Ақшора (ҚР Мәдениет қайраткері), О. Қалыбекова, С. Алтаев, Ғ. Қалыбаев, Ұ. Базарбаева, Н. Байысбек, Н. Зеренбаев, С. Биғабылов сынды тәжірибелі әртістермен қатар, көптеген жас таланттар да жұмыс істейді. Бүгінгі таңда театр директоры - Бақдәулет Әмірқұлов, театрдың көркемдік жетекшісі – Мақсат Айтжанов. ## Дереккөздер
Ақмола облысы (1918-1920 жылдары Омбы облысы) — 1868-1920 жылдары болған Ресей империясының құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. Әкімшілік орталығы — Омбы қаласы. ## Географиясы Ақмола облысы үлкен аумақты алып жатты және Ресейдің Орта Азия иеліктеріндегі ең ауқымды аймағы болды. Облыс Ұлытау мен Есілден (батыста) солтүстік-шығысындағы Ертіске дейін (солтүстік ендікте шамамен 45° бастап 54° дейін және шығыс бойлықта 95° бастап 105° дейін) және солтүстікте Омбыдан оңтүстікте Сарысу мен Шу өзендерінің қайнар көздеріне дейін созылды, оның ауданы 594 672,6 км² (оның ішінде көлдердің астында 1 1747,5 км²) болды. Геологиялық тұрғыдан алғанда облыс физикалық қасиеттерімен бір-бірінен күрт ерекшеленетін үш бөлікке бөлінді. Солтүстік бөлігін Ертіс маңындағы сортаңды жерлер мен тұзды көлдерге (Теңіз) бай, сазды және құмды жазық құрады. Аласа жоталармен кесілген ортаңғы бөлігі Есіл, Нұра және Сарысу өзендерімен суарылды. Кейбір жерлерде тасты және ормансыз болса да, бірақ ХХ ғасырдың басындағы географтардың бағалауы бойынша кейбір жерлерде қоныстануға қолайлы. Мұнда облыстың минералды байлығы шоғырланған, негізінен алтын, мыс және көмірден тұрады. Оңтүстік бөлігі — Сарысу қайнар көздерінен Шу өзеніне дейінгі созылған шөлді, сусыз дала — Бетпақдала деп аталады. Қазіргі уақытта бұрынғы облыстың аумағында бүкіл Омбы облысы, Алтай өлкесінің бір бөлігі, Жаңасібір облысы мен Ресейдің Түмен облысының елеусіз бөлігі, сонымен қатар Қазақстанның Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының бір бөлігі орналасқан. ## Тарихы 1868 жылы 21 қазанда Басқарушы Сенатқа берілген №46380 Атаулы Императорлық Мәртебелінің «Орынбор мен Сібір бөлімдерінің қырғыз далалары мен Орал мен Сібір казак әскерлерінің басшылығын өзгерту туралы» жарлығына сәйкес Ақмола облысы құрылды. Жаңа облыс құрылғанға дейін Омбы қаласы уақытша Тобыл губерниясының құрамына кірді. Ақмола облысы Батыс Сібір генерал-губернаторлығының құрамында құрылды. 1869 жылы 1 қаңтарда құрамында 4 округ: Омбы, Петропавл, Көкшетау, Ақмола кірген облыс ашылды. 1869 жылы 3 қазанда Тақсыр Император министрлер азаматтары комитетінің ұстанымына сәйкес келесідей бұйрық берді: 1878 жылы 5 шілдеде облыстың елтаңбасы бекітілді. 1878 жылы 13 қыркүйекте Министрлік Комитетінің империялық бекітілген ережесіне сәйкес Сарысу округі Атбасар болып өзгертілді. 1882 жылы құрылған Дала генерал-губернаторлығының құрамына енді. 1898 жылы облыстық округтер уездерге айналды. 1906 жылы Ақмола облысында әскери губернатор лауазымы «Ақмола мен Семей облыстарының әскери губернаторларын Ақмола мен Семей губернаторлары лауазымына өзгерту туралы» Императорлық қоныс негізінде азаматтық губернатор болып өзгертілді. 1917 жылы 17 маусымда Ақмола облысында земство мекемелері енгізілді. 1917 жылы 18 желтоқсанда облысқа Тобыл губерниясының Тар және Тоқал уездері қосылды. 1917 жылы 18 (31) желтоқсанда Татар уезі құрылды. 1918 жылдың 1-10 ақпанында Тобыл губерниялық земство ассамблеясының кезектен тыс бірінші сессиясы өтті, онда басқалармен қатар «Тар және Тоқал уездерін Тобыл губерниясынан Ақмола облысына бөлу» мәселесі шешілді, бірақ соңғы шешім губерниялық земство кеңестерінің осы мәселе бойынша егжей-тегжейлі есеп беру міндеттемесімен келесі сессияға қалдырылды. Жаңадан құрылған бірнеше болыстардың Қалашық уезінен Ақмола облысына бөлінуі туралы баяндамада көтерілген мәселені талқылап, Жиын болыстарды бір губерниядан екіншісіне ауыстыру мәселесі оның құзыретіне кірмейтінін ескере отырып, Тобыл губерниялық земствосынан Ақмола облысына жоғарыда аталған болыстарды кіргізуге еш кедергі жоқ екенін мойындау керек деп шешім қабылдады. 1918 жылы Тоқал уезінен бөлініп Қалашық уезі құрылды. Алтай губерниясының құрамынан Славгород уезі қосылды. 1918 жылы 18 сәуірде Ақмола облысы Тара уезінен Викуловск, Қарғалы, Озёринск болыстары Тобыл губерниясының Есіл уезіне көшірілді. 1918 жылы тамызда Тобыл губерниясының Қалашық уезінің кейбір болыстары Омбы уезіне берілді. 1918 жылы 19 қаңтарда Ақмола облысы Омбы болып өзгертілді. 1918 жылы 26 қаңтарда Тара және Тоқал уездері қосылды. Алайда Уақытша үкімет билікке келгеннен кейін кво-статусы қалпына келтірілді. Тара, Тоқал, Қалашық уездері қайтадан Тобыл (Түмен) губерниясына берілді. 1919 жылы ақпанда Тобыл губерниясы Тоқал уезінің 6 болысы Ақмола облысының Омбы уезіне берілді. 1919 жылы шілдеде Томбы губерниясының Тобыл, Татар, Тара, Тоқал, Қалашық уездері қосылып, Ақмола облысы қайтадан Омбы болып өзгертілді. 1919 жылы тамызда облыс аумағында ЖШҚӘ Петропавл операциясы басталды, нәтижесінде ақ әскер Омбыға шегінді. 1919 жылы 27 тамызда БОАК Сібірде уақытша орталығы Челябі қаласында болған азаматтық басқаруды қалыптастырды, ол арқылы бүкіл Сібір аумағы большевиктердің бақылауына өтті. Алайда, бұл аумақтың негізгі бөлігі 1920 жылға дейін ақтардың бақылауында болды. 1919 жылдың қараша айының басында Омбы шабуыл операциясы кезінде ЖШҚӘ облыстың солтүстік-батыс бөлігін басып алды, ал 1919 жылы 14 қарашада Ақ қозғалыстың бұрынғы «астанасы» Омбыны қызылдар басып алды. 1919 жылы желтоқсанда ЖШҚӘ Ақмола қаласын басып алды. 1920 жылы 3 қаңтарда облыстың бүкіл аумағында жаңа үкіметтің түпкілікті құрылуымен Омбы облысы Омбы губерниясына айналды. ## Әкімшілік бөлінісі Ақмола әскери губернаторы мен Ақмола облысы әкімшілігінің резиденциясынан басқа, Омбы қаласында Батыс-Сібір, содан кейін Дала генерал-губернаторының, Сібір казак әскерінің әскери жазалау атаманы мен Омбы әскери округінің қолбасшысының резиденциялары болды. Бастапқыда облыстың құрамы келесідей болды: ### 1916 жылға қарай уездер мен болыстар ### 1919 жылдың қарсаңындағы әкімшілік бөліністер ### Әкімшілік бөліністер 1919 жылдың жазының ортасына қарай * Ақмола уезі; * Атбасар уезі; * Қалашық уезі; * Көкшетау уезі; * Омбы уезі; * Петропавл уезі; * Татар уезі. ## Облыс жетекшілері ### Әскери губернаторлар ### Азамат губернаторлар ### Уақытша үкіметтің Ақмола облысы мен Дала өлкесі жөніндегі комиссары ### Уақытша Сібір үкіметінің Ақмола облыстық комиссары ### Облыс басқарушысы Көмекші Көмекшінің орынбасары ## Бейнелемесі 1878 жылы 5 шілдеде Патша 1 қарашада жарияланған Әділет министрі 8 шілдеде Сенатқа жариялаған облыстың елтаңбасын бекітті. * * * * ## Тұрғындары 1897 жылдағы ұлттық құрамы: 1915 жылдың 1 қаңтарында халықтың жалпы саны 1 578 658 адамды құрады. Оның ішінде шаруалар — 729 266 адам, казактар — 111 299 адам, қазақ халқы - 574 498 адам (531 507 көшпелі, 42 991 отырықшы). Халықтың тығыздығы 1 шақырымға 3,5 адамнан келді. Ұлты бойынша халық келесідей болды: орыстар 874 296 (оның ішінде: великоросстар 425 474, малоросстар 443 113, белорустар 5709), қазақтар 592 332, немістер 30 513, мордвалар 27 232, татарлар 25 649, поляктар 17 203, яһудилер 5458, сарттар 2626, басқалары 3344. ## Әйгілі тумалары * Әшімов Бәйкен Әшімұлы * Березовский Феоктист Алексеевич * Булавский Виктор Константинович * Вяткин Георгий Андреевич * Ғабдуллин Мәлік * Ганус Феодосий Григорьевич * Дубов Николай Иванович * Жанғозин Жақыпбек * Казанцев Александр Петрович * Карбышев Дмитрий Михайлович * Кәрібжанов Фазыл Кәрімұлы * Куйбышев Валериан Владимирович * Куйбышев Николай Владимирович * Люгарин Михаил Михайлович * Мариупольский Вячеслав Минеевич * Мартынов Леонид Николаевич * Пантофель-Нечецкая Дебора Яковлевна * Шаяхметов Жұмабай Шаяхметұлы * Шебалин Виссарион Яковлевич * Щекотов Константин Никитич ## Сілтеме * Царское село кітапханасы, ХІХ-ХХ ғасырлардағы Ақмола облысының тарихы бойынша кітаптар (Естелік кітаптар), PDF(қолжетпейтін сілтеме) * Ақмола облысы * Ақмола облысының картасы. 1914 ## Дереккөздер
Рухия Байдүкенова (27 тамыз, 1998 жыл, Талдықорған, Алматы облысы) — қазақстандық әнші, 2021 жылғы "Славян базарының" гран-при иегері. «Дарын» жастар сыйлығының иегері (2021 ж). «Шапағат» медалінің иегері (2021 ж). Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің студенті (2015-2022 жж). ## Өмірбаяны 1998 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Тоғыз жасынан бастап өнер мектебінде вокалмен айналыса бастаған. Тұңғыш халықаралық жүлдесіне 2010 жылы "Ақ көгершін" байқауында қол жеткізіп, екінші орын алды. Кейін "Бозторғай" (2011), "Ғұмырдария" (2012), "Жас қанат" (2014), "Еуразия жұлдыздары" (2015), "Астана даусы" секілді байқауларда да жарқырады. Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ Ұлттық Университетіне оқуға түсті.. Сондай-ақ "Егіз-лебіз" шоуында музыкалық әрлеуші боп та жұмыс істейді. Даусының диапазоны бес октаваға еркін жетеді. Рухия — "Славян базарында" аталмыш додада топ жарған төртінші қазақстандық. 2014 жылы Димаш Құдайберген, 2019 жылы Әділхан Макин жеңіске жеткен болатын. Сондай-ақ 2015 жылы балалар арасындағы байқауда Луиза Нұрқуатова жеңіп шыққан. 2021 жылы қыркүйекте "Қазақконцерт" солисі атанды ## Отбасы Рухияның отбасында өзінен бөлек әкесі Еділ, анасы Наташа, әпкесі Улымжан бар.. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Айсұлу Болотқызы Тыныбекова (4 мамыр 1993 жыл) — қырғыз спортшысы, еркін күресші, Азияның төрт дүркін чемпионы, әлем чемпионы, әлем кубогының жеңімпазы, түрлі халықаралық жарыстардың жүлдегері, Токиодағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2021). ## Карьерасы 1993 жылы Нарын облысы, Кочкор қаласында дүниеге келген. 2012 жылы ол Лондонда өткен Олимпиада ойындарына қатысты, бірақ ол жерде тек 13-ші болды. 2013 жылы Универсиаданың қола жүлдегері атанды. 2014 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдегері және Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. 2015 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 2016 жылы ол Азия чемпионы атанды, бірақ Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында тек 5-ші болды. 2017 жылы ол тағы да Азия чемпион атанды, Ислам Ынтымақтық ойындарының алтын медалін, жекпе-жектен және жабық жарыстан Азия ойындарының күміс медалін, Әлем чемпионатының қола медалін жеңіп алды. 2018 жылы Азия ойындарының чемпионы атанды. 2019 жылы Азия чемпионы атанды. 2020 жылы әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. ## Дереккөздер
"Келінжан" — 2018-2023 жылдары аралығында "Хабар" телеарнасының тапсырысымен "GG Cinema Production" түсірген Қазақстандық танымал отбасылық сериал әрі аттас фильмі. Сериал Күлімхан апаның үш ұлы мен олардың келіндері туралы. Сериалда қазақ ауылының қарапайым бір отбасындағы Күлімхан апаның әулетіндегі қарым-қатынас оқиғалары көрсетіледі. 2023 жылы 5-маусымы жарыққа шықты. Режиссёрі – Ернар Нұрғалиев. Телехикаяның 1-маусымы - Алматы облысы Бақбақты ауылында, 2-5-маусымдары және "Келінжан -1", "Келінжан -2" фильмдері Алматы облысы "Аққайнар" ауылында түсірілген. ## Актёрлер Продюсерлері – Гүлнұр Мамасарипова, Гүлбаршын Заирова Оператор – Шерхан Таңсықбаев Сценаристері – Гүлнұр Мамасарипова, Бегзат Жұмажан Композиторы – Ренат Гайсин ## Басты кейіпкерлері Күлімхан апа - 3 ұлдың, 1 қыздың анасы. Жұбайы - Темірбек, қайтыс болған, анда-санда ауылдың шетіндегі бейітінің басына барып сырласып тұрады. Үйдің көп мәселелерін шешеді. Қылышбек - Күлімханның үлкен ұлы, интелектуал, мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мұғалімі , әйелі Айсараның ықпалымен мектепте директор болған, уақытша әкім болып та көрген. Айсара - Қылышбектың әйелі, Күлімхан апаның үлкен келіні, Қылышбекпен кітапханада танысқан, адуындылау мінезді. Мәдібек - Күлімханның ортаңғы ұлы, басқа ұлдарына қарағанда пысығырақ, шаруаға бейімді, 3 маусымда ауылда өз дүкені болады. Балқия - Мәдібектің әйелі, ашық мінезді, жайсаң. Мәдібек оны досына алып қашпақшы болғанда Мәдібек үйіне аяқ асты келін қылып әкеледі. Асқар - Күлімханның кіші ұлы, спортшы, жекпе-жекпен айналысады, кейінгі маусымдарда ауылда балаларды жекпе-жекке дайындайды. Асылым - Асқардың әйелі, Күлімханның кіші келіні. ## Маусымдары ### 1-маусымының сюжеті ### 2-маусымының сюжеті ## Қызықты деректер * "Келінжан" телехикаясы Youtube-та және арна эфирінде жоғары рейтингке ие болған телехикая. «YouTube» видеохостингі арқылы телехикаяның алғашқы бөлімін он күннің ішінде 2 миллионнан астам көрермен тамашаласа, бүгінге дейін алғашқы маусымының барлық 25 бөлімі 50 миллионға жуық қаралым жинаған. * Телехикаяның 2-маусымы қиын кезеңде, коронавирус пандемиясы өршіп тұрған уақытта түсірілген. Әрі сериал түсірген локацияның ауысуы пандемияға байланысты болды. ## Фильмдері "Келінжан" телехикаясының бірнеше маусымдар бойы танымал болғанына байланысты фильмді жасаушылар оның кинотеатрларда көрсететін толық метражды фильмін жасауды шешті. Фильм премьерасы 2022 жылдың желтоқсан айында кинотеатрлардан көрсетілді. 2022 жылы «Келінжан» туындысының толықметражды нұсқасы шетелдік прокатта да шықты. ### Келінжан фильмінің сюжеті «Фильмді сәтті шықты деп айта аламыз. Қырғызстанның төрт қаласында Бішкек, Ош, Тоқмақ және Жалалабат қалаларының 15 кинотеатрында көрсетілді. Бұл – «Хабар» агенттігінің өз өнімін алғаш рет басқа тілде дубляж жасап, шетелге шығаруы», – деп мәлім етті «Хабар» телеарнасының директоры Ж. Жақсылықова. 2023 жылы 19-қазаннан бастап кинотеатрларда "Келінжан-2" фильмі прокатқа шықты. ### Келінжан 2 фильмінің сюжеті ## Саундтректері Композиторы - Ренат Гайсин. Телехикаяның басым бөлігінде қазақ эстадасының алтын қорындағы әндер пайдаланылған. Мысалы, "Дос-Мұқасан" тобы, Мақпал Жүнісова, Нағима Есқалиеваның ұмытылып кеткен әндері қолданылған, сол арқылы жас буын ретро әндермен танысты, әрі бұл әуендер телехикаяға жақсы атмосфера берді деп айтса да болады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * https://khabar.kz/kk/barly-seriyalar-kelinzhan * https://khabar.kz/kk/barlyk-seriyalar-kelinzhan-ii-mausym * https://khabar.kz/kk/film-turaly-kelinzhan-iii-mausym * Қазаққа «Келінжан» керек! Мұрағатталған 8 қыркүйектің 2021 жылы. * https://khabar.kz/kk/film-turaly-kelinzhan-iii-mausym
Юсуп Рашидович Абдусаламов (Абдусаломов) (8 қараша 1977, Ансалта, ДАССР, РСФСР, КСРО) — ресейлік, әзірбайжандық, тәжікстандық балуан, еркін күрестен Тәжікстан атынан 2008 жылғы Олимпиада күміс жүлдегері атанды, 2003 жылы Азия чемпионы атанды. Ұлты авар. 2000 жылы Әзірбайжан атынан Олимпиадаға қатысты. 2002 жылы Тәжікстан азаматтығын алды. 2012 жылғы Олимпиадаға да қатысты. бірақ 15-орында қалды. 2013 жылы бапкерлікке ауысты. ## Дереккөздер
Лалиев Геннадий Казбекович (30 қазан 1979, Оңтүстік Осетия, Цхинвали қаласы) – қазақстандық палуан, еркін күрес шебері. 1999 жылға дейін Ресейдің атынан сынға түсіп, сол жылы Қазақстан азаматтығын алды. Бапкері Т.С. Сайханов. ## Жетістіктері * Азия чемпионатының қола жүлдегері (1998, Ташкент, Өзбекстан). * Олимпиялық іріктеу турнирінде алтын (1999, Минск, Белорусь Республикасы), күміс жүлдегер (1999, Лейпциг, Германия). * Жазғы Олимпиада ойындарында 4-орын (2000, Сидней, Австралия), * Әлем чемпионатының қола (2003, Нью-Йорк, АҚШ), * Жазғы Олимпиада ойындарының күміс (2004, Афины, Грекия) жүлдегері. ## Марапаттары «Құрмет» орденімен марапатталған (2004). Еркін күрестен халықар. дәрежедегі спорт шебері (2000), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (2004). ## Дереккөздер ## Сілтемелер * http://ossetians.com/rus/news.php?newsid=493
Дильшод Чамолиддинович (Джамолиддинович) Назаров (тәж. Дилшод Ҷамолиддинович Назаров; 6 мамыр 1982 жыл, Душанбе, Тәжік КСР, КСРО) — тәжікстандық жеңіл атлет, балға лақтырушы. 2016 жылғы Олимпиада чемпионы. 2006. 2010. 2014 жылдары Азия ойындарының чемпионы атанды. Азия чемпионаттарында бес рет топ жарған. ## Жетістіктері ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Дилшат Назаров Мұрағатталған 27 тамыздың 2015 жылы.
Стефания Ивановна Туркевич-Лукьянович (1898 жылғы 25 сәуір, Львов, Аустрия-Мажарстан – 1977 ж., 8 сәуір, Кембридж, Ұлыбритания) — Украинадан шыққан алғашқы әйел композитор, пианист және музыкатанушы. Оның шығармаларына Украинада Кеңес үкіметі тыйым салған. ## Балалық шағы Стефанияның атасы (Лев Туркевич) және оның әкесі (Иван Туркевич) діни қызметкерлер болған. Анасы София Кормошив (Кормошив) пианист болды, Карол Микули мен Вилем Курцпен бірге оқыды, сонымен қатар жас Соломия Крушельницкамен бірге жүрді. Бүкіл отбасы музыкалық болды және барлығы аспапта ойнады. Стефания фортепианода, арфада және гармонда ойнады. Кейінірек композитор өзінің балалық шағы мен музыкаға деген сүйіспеншілігін еске алды: ## Өмірбаяны * Стефания музыкалық оқуды Василий Барвинскийден бастады. 1914-1916 жылдар аралығында ол пианист ретінде Венада Вильем Курцпен бірге оқыды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін ол Львов университетінде Адольф Чибинскийден оқыды, сонымен қатар Львов консерваториясында оның музыка теориясы бойынша дәрістеріне қатысты. * 1919 жылы ол өзінің алғашқы музыкалық туындысы - Литургияны (Литургию) жазды, ол Львовтағы Георгий соборында бірнеше рет орындалды. * 1921 жылы Вена университетінде Гидо Адлермен, Вена музыка және орындаушылық өнер университетінде Джозеф Маркспен бірге оқыды, оны 1923 жылы мұғалім дипломымен бітірді. * 1925 жылы Роберт Лисовскийге тұрмысқа шығып, онымен бірге Берлинге барды, онда ол 1927 жылдан 1930 жылға дейін тұрып, Арнольд Шоенберг пен Франц Шрекермен бірге оқыды. 1927 жылы оның қызы Зоя дүниеге келді. * 1930 жылы ол Чехословакиядағы Прагаға барды, Чарльз университетінде Зденек Нежедлиден, Прага консерваториясында Отакар Аннан оқыды. Ол сонымен қатар музыкалық академияда Витзслав Новакпен композицияны оқыды. 1933 жылдың күзінде ол фортепианода сабақ берді және Прага консерваториясында аккомпаниант болды. 1934 жылы ол орыс операларында украин фольклоры тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 1934 жылы Прагадағы Украинаның Еркін Университетінде музыкатану ғылымының докторы дәрежесін алды. Ол Галисиядан (сол кезде Польшаның құрамында болған) кандидаттық диссертация алған бірінші әйел болды. * 1934 жылы Львовқа оралып, Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін Львов консерваториясында музыкалық теория мен фортепиано пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді, украин кәсіби музыканттар одағының мүшесі болды. ## Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылдың күзінде, Кеңестік Батыс Украинаны басып алғаннан кейін, Стефания Львов опера театрында тәрбиеші және концертмейстер болып жұмыс істеді, ал 1940-1941 жылдары Львов консерваториясында доцент болды. Неміс басқыншылығынан кейін Консерватория жабылған соң Мемлекеттік музыкалық училищеде сабақ беруді жалғастырды. 1944 жылдың көктемінде ол Львовтан Венаға кетті. 1946 жылы Кеңес өкіметінен қашып, Аустрияның оңтүстігіне, ал сол жерден Италияға көшіп, екінші күйеуі британдық Нарцуз Лукьяновичтің қол астында дәрігер болды. ## Англия 1946 жылдың күзінде Стефания Ұлыбританияға көшіп, онда бірнеше жерлерінде тұрды: Брайтон (1947-1951), Лондон (1951-1952), Барроу Гурни (Бристоль маңы) (1952-1962), Белфаст (Солтүстік Ирландия) (1962-1973) және Кембридж (1973 жылдан). 1940-жылдардың соңында ол композиторлыққа қайта оралды. 1957 жылы Англияның украин қауымдастықтарындағы бірқатар концерттерде, 1959 жылы Бристольдегі фортепиано музыкасының концертінде пианист ретінде қайтадан өз өнерін көрсетті. Ол Британдық композиторлар мен музыканттар қоғамының мүшесі болды (1972 жылға дейін болған). Оның «Оксана жүрегі» операсы 1970 жылы Виннипегте (Канада) Centennial концерт залында сіңілісі Ирена Туркевич-Мартинчтің көркемдік жетекшілігімен қойылды. ## Композициялар ### Симфониялық шығармалар 1. Симфония - № симфония. 1 - 1937 ж 2. Симфония жоқ. 2 (а) - № симфония. 2 (а) - 1952 2. Симфония жоқ. 2 (b) (2-гі вариант) - № симфония. 2 (b) (екінші нұсқа) 3. Симфонієта - Симфония - 1956 ж 4. Три Симфонічні Ескізі - Үш симфониялық эскиз - 3-го травня, 1975 ж. 5. Симфонічна поема - «La Vita» симфониялық поэмасы 6. Ғарыштық симфония - 1972 ж 7. Стута подвійного струнного оркестрі үшін - қос ішекті оркестрге арналған люкс 8. Қос ішекті оркестрге арналған қиял ### Балеттер 9. Руки - Қолдары солған қыз - Бристоль, 1957 ж 10. Перли - алқа 11. Весна (Дитячий балет) - Көктем - (Балалар балеті) 1934-5 ж 12. Мавка (а) - Мавка - ‘Орман нимфасы’ - 1964-7 - Белфаст 12. Мавка (б) - Мавка - ‘Орман нимфасы’ - 1964-7 - Белфаст 13. Страхопуд - Қорқыт - 1976 ж ### Опера 14. Мавка - Мавка - (аяқталмаған) негізделген Лесия Украинка Орман әні ### Балалар опералары 15. «Цар Ох» сериясы Оксани - Ох Патша немесе Оксана жүрегі - 1960 ж 16. «Куць» - Жас Ібіліс 17. «Яринний городчик» - Көкөніс учаскесі (1969) ### Хор шығармалары 18. 1919 ж 19. Шептицкийге арналған Забур (Псалом Шептицькому) 20. До Бою 21. Триптих 22. Колискова (А-а, котика нема) 1946 ж ### Камералық - аспаптық шығармалар 23. Соната для скрипки и фортепиано 1935 - Скрипка мен фортепианоға арналған соната24. (а) Струнний квартет 1960 - 1970 - ішекті квартет 24. (b) Струнний квартет 1960 - 1970 - ішекті квартет 25. Трио для скрипки, альта и виолончела 1960 - 1970 - Скрипка, Виола және Виолончельге арналған трио 26. Екі скрипок үшін альвин, фортепиано виолончеласы үшін 1960 - 1970 жж. - Фортепиано квинтеті 27. Тріо для флейти, кларнету, фагота 1972 ж. - Жел триосы ### Фортепианоға арналған шығармалар 28. Варіації на Українську тему 1932 - Украин тақырыбындағы вариациялар 29. Фантазия: Суизита фортепянна на Українські тақырыбы - Фантазия: Украиналық тақырыптағы фортепианоға арналған сюжет 1940 30. Імпромпту - Impromptu 1962 ж 31. Гротеск - Гротеск 1964 ж 32. Гірська сюїта - Mountain Suite 1966 - 1968 жж 33. Цикл п’єс для дітей - Балаларға арналған циклдар циклы 1936 - 1946 жж 34. Украинїнські коляди та щедрівки - украиндық каролдар және chedедривка 35. Вістку голосить - Ізгі хабар 36. Арлекинмен бірге Рождество 1971 ж ### Әр түрлі І. - Серце - Жүрек - Оркестрмен жеке дауыс II. - Лорелеї - Lorelei - Баяндауыш, Гармоний және фортепиано 1919 - сөзi Лесия Украинка III. - Май - мамыр - 1912 IV. - Тема народної піснi - Халық әндерінің тақырыптары V. - На Майдані - Тәуелсіздік алаңы - фортепиано VI. - Не піду до леса з конечкамі - Лемківська пісня - Дауысқа және ішектерге арналған Lemky әні ## Мұра Оның шығармалары заманауи, бірақ экспрессионистік емес кезде украин әндерін еске түсіреді. Ол 1970-ші жылдарға дейін композиторлық жұмысын жалғастырды. 1977 жылы 8 сәуірде Стефания Туркевич Англияның Кембридж қаласында қайтыс болды. ## Дереккөздер ## Библиография * Сокіл-Рудницька М. Пам’яті Стефанії Лукіянович // Вільне Слово. – Торонто, 1977. – 9 і 16 липня. – С. 3. * Вовк В. Парастас для Стефанії Туркевич-Лукіянович // Наше Життя. – Нью-Йорк, 1992. – Ч. 5. – С. 6–9. * Стельмащук Р. Забутий львівський композитор-неокласик (штрихи до творчого портрета Стефанії Туркевич) // Музика Галичини (Musica Galiciana) / Матеріали Другої міжнародної конференції. – Львів, 1999. – С. 276–281. * Павлишин С. Перша українська композиторка // Наше Життя. – Нью-Йорк, 2004. – Ч. 1. – С. 14–16. * Павлишин С. Перша українська композиторка: Стефанія Туркевич-Лісовська-Лукіянович. – Львів, 2004. * Карась Г. Статика і динаміка жанру дитячої опери у творчості композиторів української діаспори ХХ ст. // Вісник Державної академії керівних кадрів культури і мистецтв. – Київ, 2010. – No. 2. – С. 89–93. * Яців Р. Роберт Лісовський (1893–1982): дух лінії. – Львів, 2015. – С. 11, 13, 79–84, 91. ## Сыртқы сілтемелер * Ukrainian Art Song Project – Stefania Turkewich * Stefania Turkewich: Galicians I |The Art Songs * Музыкалық-мемориалдық мұражай * «Патша О» немесе Оксана жүрегі - The Heart of Oksana * Стефания Туркевич туралы фильм – Film about Stefania Turkewich * Стефания Туркевичтің Бірінші симфониясының әлемдік премьерасы - The world premiere of Stefania Turkewich’s First Symphony * Үш симфониялық эскиздер - Three Symphonic sketches - World Premier * Стефания Туркевичтің туғанына 120 жыл толуына арналған концерт - Concert dedicated to the 120th anniversary of the birth of Stefania Turkewich * Премьера. Стефания Туркевич-Лукиянович «Оксана жүрегі» операсы - Premiere. Stefania Turkewich-Lukiyanovich "Heart of Oksana" opera.
Атбасар уезі — Ақмола облысы, Омбы облысы, Омбы губерниясы және Ақмола губерниясы құрамында болған әкімшілік бірлік. Орталығы — Атбасар қаласы. 1878 жылға дейін Сарысу округі, кейін 1898 жылға дейін — Атбасар округі деп аталды. ## Әкімшілік бөлінісі 1913 жылы округте 5 болыс және 1 станица: Знаменская, Кииминская, Мариинская, Покровская, Сергеевская болыстары мен Атбасар станицасы болды. 1926 жылы 8 болыс: Атбасар, Қарақой (орталығы — Жалмақ ауылы), Қарсоқпай (орталығы — Жезқазған кеніші), Пролетарская (орталығы — Красовое ауылы), Свободная (орталығы — Ишамское ауылы), Советская (орталығы — Мариинское) , Социалистік (орталығы — Атбасар ауылы), Тасөткел (орталығы — Есіл ауылы) болды. ## Тарихы Сарысу уезін құру туралы шешім Ақмола облысы құрылғаннан бір жыл өткен соң 1869 жылы қабылданды. Жаңа уезіне Сарысу өзенінің аты берілді. Уездің әкімшілік орталығын Батыс Сібір генерал-губернаторына сайлау ұсынылды, оған дейін Уездік басқаруды жойылған Атбасар округінің шенеуніктерінен құралған Атбасар ауылында орналастыру ұсынылды. Уездің әкімшілік орталығын таңдауда Қараағаш мекені мен Ұлытау станицасы қаралды. Алайда, уездің жаңа әкімшілігін ұйымдастыру қазынадан шығындарды талап етті, сондықтан 1878 жылы 13 қыркүйекте Атбасарда уез орталығы бекітіліп, оған қала мәртебесі берілді, ал уез Атбасар болып қайта аталды. 1889 жылдан бастап уез ерікті қоныс аударушыларға мемлекеттік жерлерді босатуға рұқсат етілген жерлер санына қосылды. Бұған дейін уезде 9 ауыл болса, 1890-1897 жылдары 4 жаңа ауыл құрылды. 1898 жылы Атбасар округі уезге айналды. 1919 жылдың жазының соңында уез құрылған Омбы губерниясының құрамына кірді. 1921 жылы Атбасар уезі Қырғыз АКСР Ақмола губерниясына берілді, онда 1928 жылы жойылғанға дейін қалтырылды. ## Тұрғындары 1897 жылғы халық санағы бойынша уезде 86,4 мың адам тұрды. Соның ішінде қазақтар — 86,5%; орыстар — 10,6%; украиндар — 2,2%. Атбасар уездік қаласында 3038 адам тұрды. ## Дереккөздер
Тобыл наменгерлігі — 1782-1796 жж. Сібір аумағындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. ## Тарихы 1782 ж. 19 қаңтардағы №15327 «Тобыл және Томбы екі облысынан Тобыл Наменгерлігін құру туралы және оларды уездерге бөлу туралы» атаулы қаулысымен таратылған Тобыл шет аймағының аумағынан құрылды. 1785 жылы Тобыл наменгерлігі екі облыстан: Тобыл және Томбыдан тұрды. Тобыл облысына 10 уез кіреді: * Березов * Есіл * Қорған * Омбы * Сургут * Тара * Тобыл * Турин * Түмен * Яулытура * Пелым бейуезді қаласы (Турин уезі) * Есіл шебін құрайтын 11 бекініс (Қорған, Есіл және Омбы уездерінің оңтүстік шекарасы) Томбы облысына 6 уез кірді: * Ашына * Енисей * Қайың * Нарым * Томбы * Тұрухан Тобыл облысында келесі қалалар: Омбы - Омбы бекінісінен, Есіл - Коркина қала жанындағы ауылынан, Қорған - Қорған қала жанындағы ауылынан (Царево Городище қала жанындағы ауылы), Яулытура - Яулытура бекінісінен қайта құрылды. 1796 жылы Тобыл наменгерлігі таратылды. Наменгерліктің аумағы жаңадан құрылған Тобыл губерниясына берілді. ## Наменгерліктің жетекшілері ### Генерал-губернаторлар * 1781—1788 — Кашкин Евгений Петрович, генерал-поручик * 1789—1796 — Волков Алексей Андреевич, генерал-поручик ### Наменгерліктің басшылары ## Әдебиет * Губерниялық қызметкер немесе генерал-губернаторлардың, басшыларының, билеушінің поручиктерінің, қылмыстық және азаматтық палаталардың төрағалары мен 47 наменгерліктегі (губерниялардағы) ақсүйек көшбасшылардың тізімі. (1777—1796 ж.) / Құрастырған кінәз Н.Түркістанов. — Санкт-Петербург: типография В. В. Нусвальта, 1869 * Бұрынғы Тобыл наменгерлігі туралы. 1782—1797 жылдары. Н. А. Абрамов. «Катков пен Ко» университеттік баспахана. Мәскеу. 1869 * Түмен облысының әкімшілік-аумақтық бөлінуі (XVII-XX ғғ.) / В. П. Петрова — Түмен, 2003. — Б. 14. — 304 б. — 1000 таралым. — ISBN 5-87591-025-9. ## Дереккөздер
Сырдария облысы (уәлаяты, өзб. Sirdaryo viloyati / Сирдарё вилояти) — Өзбекстан құрамындағы облыс. Әкімшілік орталығы – Гүлістан қаласы. ## Тарихы ## Дереккөздер
Аныштегіндер(1097-1231)— Хорезм мемлекетінің билеген түркі тілдес әулет. Негізін Ануштегін Қарши (1077-1097) қалаған. ## Тарихы Ануштегіндер(1097-1231)- Хорезм мемлекетін билеген түркі тектес әулиет. Негізінен Ануштегін Қарши (1077-1097) қалаған.Ануштегіндер әулеті билеген мемлекет батысында Еділ бойы мен Кавказ тауына, Бағдад халифатына, оңтүстігінде Аюби ұрпақтары билеген араб мемлекеттері мен Үндістанға шығысында Жетісуға, солтүстікте Ұлытау мен Торғай далаларына дейінгі аумақты алып жатты. Құтб-әд-Дин Мұхаммед Хорезмшаһ (1097/98- 1127/28) тұсында басталған салжұқ әмірлерімен тәуелсіздік үшін күрес Ала әд-Дин Атсыз Хорезмшаһ(1127/28-1156) билік еткен кезеңде одан әрі жалғастырылды. Әбу-л-Фатх Арслан Хорезмшаһ тұсында дербестікке қол жеткізді.Ала әд-Дин Мұхаммед (1200-1220) тұсында әулет күшейе түсті. Ануштегіндер Парсы мемлекетін, Орта Азияны, Маңғыстау мен Еділдің төменгі сағасын, Жент,Баршынкент,Жаркент, Баласағұн, Отырар қалаларын бағындырды. Шыңғыс хан иелігіндегі елдермен бетпе–бет келуі Хорезм мемлекетінің біржола құлауына себеп болды. Ануштегіндер тұсында Хорезмде өнер–білім, ғылым, кітап басу ісі, сауда қатынасы, халықаралық байланыстар дамыды. ### Дереккөздер Қазақстан балалар энциклопедиясы, Тарих Ата 2 том ,1-бөлім, Алтын Орда. ### Тағы қараңыз Хорезм
Торғай үстірті – батысында Оңтүстік Орал мен Мұғалжар тауымен, шығысында Сарыарқамен шектесетін жазық аймақ. ## Жер бедері Солтүстігінде Тобыл маңы аккумуляттік жазығынан оңтүстігінде Шалқартеңізіне дейін 600 км-ге созылады. Ені батыстан шығысқа қарай 300 км. Үстірт негізінен Қостанай облысының аумағында, аздаған бөлігі Ақмола және Қарағанды облыстары жеріне кіреді. Абсолюттік биіктігі батыс және шығыс бөліктерінде 200 – 300 м, оңтүстігінде Шалқартеңіз ойысына қарай 150 – 170 м. Солтүстік бөлігі аз тілімделген, көбінесе жазыққа ұласып кетеді. Оңтүстік бөлігінде үстірт беті біртұтас тегіс, беткейі тік. Үстірттің дәл ортасын жарып меридиан бағытында Торғай қолаты өтеді. Оның оң жағасы бойында құрғақ арналар, тұзды көлдер көп. Үстірттің тегіс бетінде аласа төбелер, жондар. бұйратты қыраттар, көлшік ойыстары, жыралар кездеседі. ## Геологиялық құрылымы Геологиялық құрылымы жөнінен эпигерциндік Тұран тақтасына жатады. Қатпарлы іргетастың бетін жапқан мезо-кайнозой шөгінді жыныстары қабатының қалыңдағы ондаған м-ден оңтүстік-шығыста 200 м-ге дейін барады. ## Су жүйесі Үстірт арқылы Есіл және Тобыл өзендерінің және Торғай қолатының шағын өзендері өтеді. Ірілері: Құсмұрын, Ақсуат, Сарықопа, т.б. Гидролық торы сирек, көбінесе жазда үзіліп қалатын өзендер басым. Бастылары: Торғай, Ырғыз, Өлкейек, Ұлы Жыланшық. ## Климаты Климаты тым континенттік, құрғақ. Қысы аязды, жазы ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 300 мм, қаңтардың орташа температурасы –16 – 18оС, шілденікі 21 – 24оС. ## Топырағы мен өсімдігі Солтүстік бөлігі қара және қышқыл қызғылт қоңыр топырақты. Мұнда селеулі-бетегелі құрғақ дала қалыптасқан. Құмды алқаптарда реликті шоқ қарағай ормандары өседі (Аманқарағай, Наурызымқарағай). Орта және оңтүстік бөліктерін бозғылт қызғылт қоңыр топырақты, бетегелі-жусанды шөлейтті дала алып жатыр. Қиыр оңтүстік шеті бозғылт қоңыр топырақты жусанды-сораңды шөл. Бұл бөліміне сусыма құм массивтері шоғырланған. Ірілері: Торғай өзен бойындағы Тосын құмы, Ұлы Жыланшық өзен маңындағы Аққұм және Ырғыз маңы құмы. Құмда жусан, еркекшөп, жүзгін басым өскен. Далалық алқаптың көп жері егіншілікке пайдаланылады. Шөлейт және шөл аймақтары – мал жайылымы. Өзен аңғарының жайылма шалғындарынан қысқы мал азығы дайындалады. Жер қойнауынан боксит пен қоңыр көмірдің аса бай кен орындары ашылған. Торғай үстіртінің солтүстігінде Наурызым қорығы орналасқан. ## Тағы қараңыз * Торғай қолаты * Торғай қақпасы ## Дереккөздер
Евгений Васильевич Чернышев (22 ақпан 1947, Мәскеу облысы, РСФСР) - кеңестік гандболшы, Олимпиада чемпионы (1976), Олимпиаданың күміс жүлдегері (1980), 1979 жылғы Әлем кубогының жеңімпазы, КСРО -ның 8 дүркін чемпионы. КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1976). Ленинградтағы әскери дене шынықтыру институтын бітірген. ## Өмірбаяны Ол Германиядағы Кеңес күштері тобының, Оңтүстік күштер тобының, ЦСКА (Мәскеу) командаларында ойнады. Бірінші жаттықтырушы - GSVG командасы (ГДР) Валентин Филиппович Олейников. 1972-1981 жылдары КСРО құрамасының мүшесі болды. Ресей гандболшылар одағы ардагерлер кеңесінің және гандболдан Мәскеу ардагерлер кеңесінің төрағасы. Мәскеуде тұрады. Әйелі - волейболдан еңбек сіңірген спорт шебері Людмила Георгиевна Чернышева, Олимпиада чемпионы. Ұлы Евгений. ## Жетістіктері 1978 жылғы гандболдан әлем чемпионатының күміс жүлдегері. КСРО чемпионы 1973, 1976-1980, 1982, 1983. 1975 және 1979 жылдары КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы. КСРО құрамасының құрамында ол 133 кездесу өткізіп, 165 гол соқты. Екі рет «Құрмет белгісі» орденінің иегері.
Азия жағалау ойындары – төрт жыл сайын 2008 жылдан бері Азия елдерінің барлығында өткізілетін спорт жарысы. Ойындардың жалпы ұзақтығы – ашылу және жабылу салтанатын қоса алғанда, кем дегенде 7 және 16 күннен артық емес. Ойын Халықаралық Олимпиада комитетінің қадағалауымен Азиялық Олимпиада кеңесімен реттеледі. ## Азия жағалау ойындарының тізімі ## Спорт түрлерінің тізімі * Жағалау гандбол — 2008 бастап * Жағалау волейбол — 2008 бастап * Жағалау футбол — тек қана 2014 * Жағалау кабадди — 2008 бастап * Жағалау сепарактау — 2008 бастап * Триатлон — 2008-2010, 2014 * Бессайыс — * Жағалау күрес — * Жағалау самбо — 2014 бастап * Жағалау кураш — 2014 бастап * Жағалау су добы — * Муай-тай — 2014 бастап * Сёрфинг — тек қана 2008 * Джиу-джитсу — 2014 бастап * Сквош - тек қана 2014 ## Жалпы медальдар саны ## Сілтемелер * Азия Олимпиадалық Кеңесінің сайты Мұрағатталған 14 сәуірдің 2012 жылы.  (ағыл.)
Руслан Дамирұлы Уәлиуллин (тат. Руслан Дамир улы Уәлиуллин; 9 қыркүйек 1994) — қазақстандық футболшы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Тобыл" клубының қорғаушысы. ## Карьерасы Ұлттық құрамадағы тұңғыш ойынын 2021 жылы 28 наурызда Францияға қарсы өткізді. Үшінші кездесуді 2021 жылы 1 қыркүйекте Украинаға қарсы өткізіп, екі гол соқты да, құраманы жеңілістен құтқарды. 2021 жылы 9 қыркүйекте Русланның бойынан допинг табылғаны жайлы ақпараттар пайда болды. ## Жетістіктері ### Командалық * Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2020 * Қазақстан суперкубогы: 2021 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі (soccerway.com)
Дзюдодан Азия чемпионаты Азияның дзюдо кеңесімен ұйымдастырылады. Ерлер үшін алғашқы чемпионат 1966 жылы өткізілді, ал әйелдер үшін 1981 жылы. ## Чемпионаттар тізімі ## Жалпы медальдар саны ## Сыртқы сілтемелер * Judo Union of Asia
Аққоюнлылар, кейде Ақ қойлы, (әз. Āq Quyūnlū, آق‌ قویونلو), немесе Баяндурлар - Баяндур тайпасының басшылығымен 15 ғасырларда Тигр өзенінің жоғарғы сағасын, Тебриз, Бақы маңайын мекендеген көшпелі түрік-оғыз тайпаларының басын қосып, Шығыс Анатолияны, Әзірбайжанды, Иранды, Арменияны және Иракты 1378-1508 жылдары басқарған түркі оғыз тайпаларынан тұратын тарихи мемлекет. Ақ-Қоюнлу Әзірбайжан ұлтының қалыптасуында маңызды рөл ойнады, және Әзірбайжан мемлекетінің құрылуында да ықпал етті. ## Тарихы Византия империясының шежіре деректері бойынша, Ақ-Қоюнлу Понтик (Pontic) тауларының оңтүстігіндегі Байбурт (Bayburt) өңірінде 1340 жылдардан бастап белгілі бола бастайды. Әулет негізін қалаушысы Қара Оспан қатарлы бірқатар әміршілері Византия ханшайымына үйленеді. Ақ-Қоюнлу түркілері алғаш 1402 жылы территориясын кеңейте бастайды. Әмір Темір оларға қазіргі Түркиядағы Дияр Бәкірдің барлығын сыйға береді. Ұзын Хасан 1463 жылы Венециямен, Рум елімен, Венгриямен одақтасып, Осман империясына қарсы күресті. Ұзақ уақыт бойы Ақ Қоянлы өз аумақтарын кеңейте алмады, өйткені қарсылас Қара-Қоюнлу (Қара қойлы түркілер) оларды шектеумен болды. 1467 жылы Ұзын Хасан Қара-Қоюнлу түріктерінің әміршісі Жаһан шахты жеңген соң жағдай өзгереді. Темір әулетінің лидері Әбу Саид Мырза (Abu Sa'id Mirza) жеңілген соң, Ұзын Хасан Бағдатты Парсы шығанағы маңындағы жерлермен бірге қолына алды. Ол Иранға кіріп, Хорасанға дейін ірге кеңейтті. Дегенмен, сол уақыттарда Осман империясы шығысқа кеңеюге ұмтылды, ал бұл Ақ-Қоюнлуларды орталық Анатолияда Қарамандармен (Karamanids) одақтасуға мәжбүр етті. 1464 жылы Ұзын Хасан Осман империясының күшті жауларының бірі Венециядан әскери көмек сұрайды. Венеция уәде бергеніне қарамастан бұл көмек жетіп келмеді. Нәтижеде Ұзын Хасан 1473 жылы Отлукбели шайқасында (the Battle of Otlukbeli) Османддардан жеңілді, тек бұл жеңіліс Ақ-Қоюнлуларды күйрете алмады. Ұзын Хасан 1478 жылы қайтыс болғанда, оның орнына Халил Мырза (Khalil Mirza) келеді, бірақ ол шілде айындағы Қой шайқасында (the Battle of Khoy) кіші інісі Жақып қарамағындағы конфедерациядан жеңіледі. 1478 жылдан 1490 жылға дейін билік еткен Жақып Ақ-Қоюнлу әулетін біршама уақыт сақтай алды. Алайда, билігінің алғашқы төрт жылында таққа таласқан жеті үміткерді Жақып өлім жазасына кесті. Жақып қайтыс болған соң азаматтық соғыс қайта бұрық етіп, Ақ-Коюнлулар өз ішінен іріп, көршілеріне қауіп төндіруден қалды. Сефевид ағымын ұстанатын ертедегі Сефевид әулеті Ақ-Қоюнлу билігіне қарсы бүлік шығарады. Сафавидтер мен Ақ-Қоюнлулар 1501 жылы Нахчиван (Nakhchivan) қаласында шайқасып, Сефевидтердің көсемі Исмайыл шах I Ақ-Қоюнлуларды шегінуге мәжбүр етеді. Ақ-Қоюнлу көсемі Алуанд (Alwand) Сефевидтерден шегіну кезінде Мардиндегі (Mardin) Ақ-Қойұнлулардың автономиялы мемлекетін қиратады. Алуандтың бауыры, соңғы Ақ-Қоюнлу көсемі Мурад та Сефевидтерден жеңіледі. Мурад 1501 жылы Бағдадта аз уақыт елді ұстап тұрса да, көп ұзамай Дияр Бәкірге қайта оралады, бұл Ақ-Қоюнлу билігінің аяқтағанын көрсетті. ## Билігі Ақ Қойұнлу әміршілері оғыз түріктерінің Бегундур немесе Баяндур руынан шыққан болып, олар оғыздардың негізін қалаушы мифтік атасы Оғыз қағанның ұрпақтары болып саналды. Баяндурлар әскери батырдан гөрі мемлекет басқарушы ретінде көбірек танылды, әрі Транскавказдағы (қазіргі Армения, Әзірбайжан және Грузия) саудагерлер мен феодал таптардың қолдауына ие болды. Иран жаулап алынған соң Ақ-Қоюнлу билігінің шығысқа кеңеюінде Иран центр болып қоймай, Ақ-Қоюнлулардың басқару әдісі мен мәдениетінде Иранның ықпалы көрнекі болды. Иран провинцияларында Ұзын Хасан бұрыннан қалыптасқан әкімшілік жүйені және оның басшыларын өзгертпей сақтап қалды, сөйтіп Иранның кейбір әулеттері Ақ-Қоюнлу билігі үшін бірнеше ұрпақ бойы қызмет еткен. Ұзын Хасанның заманында төрт жоғарғы азаматтық лауазымды түгелдей ирандықтар ұстады: ұлы кеңесті (диван, divan) басқаратын уәзірлік (vizier); қаржыны басқаратын мостауфи әл-мамалек (the mostawfi al-mamalek); мемлекеттік мөр басылған моһрдар (the mohrdar); және патшалық сотты басқаратын маракур (marakur). Османлы хаттарында Ақ-Қоюнлу патшаларының атағы араб.: ملك الملوك الأيرانية‎ "Иран патшаларының патшасы", араб.: سلطان السلاطين الإيرانية‎ "Иран сұлтандарының сұлтаны", парсы: شاهنشاه ایران خدیو عجم‎ Шаханшаһ-е Иран Хадив-е Аджам, яғни "Иранның Шаханшахы және Персияның әміршісі", Джамшид шавкат ва Ферейдун раят ва Дара дераят "Жамшидтей шапағатты, әрі Ферейдун байрағындай, әрі I Дарийдай дана" деген секілді сипатталады. Ұзын Хасан сонымен бірге "Иран падишахы" (Padishah-i Irān) атағын иеленді, бұл атақты кейін Сефевид дәуірінде Сефевид империясының негізін салушы немересі Исмаил I өзіне қайта қабылдайды. ## Сыртқы сілтемелер * Ақ-Қоюнлу әміршілері * Қара-Қоюнлу * Жалайыр сұлтандығы ## Дереккөздер
Күрестен Азия чемпионаты Ассосациялық күрестен Азия комитетімен ұйымдастырылады. Ерлер үшін алғашқы чемпионат 1979 жылы өткізілді, ал әйелдер үшін 1996 жылы. 2008 жылдан бастап Азия чемпионаты жазғы олимпиадалар үшін квалификациялық жарыс болып табылады. ## Чемпионаттар тізімі ## Жалпы медальдар саны ## Сыртқы сілтемелер * UWW Database
Ярослава Вячеславовна Шведова (12 қыркүйек 1987, Мәскеу) — карьерасында Ресей мен Қазақстанның атынан жарыстарға қатысқан теннисші. «Үлкен дулыға» турнирінің екі жұптық турнирінің жеңімпазы (Уимблдон, 2010 US Open); «Үлкен дулыға» турнирінің бес турнирінің финалисі (төртеуі жұпта, біреуі аралас жұпта); жұптық жарыста әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы; WTA бойынша 14 турнирдің жеңімпазы (олардың бірі жекелей сында). 2008 жылдан бері Қазақстанның атынан сынға түседі. 2012, 2016, 2020 жылдары Олимпиадаға қатысты. 2014 жылы Азия ойындарында қола жүлде иеленді. ## WTA рейтингінде ## Үлкен дулыға турнирінде ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі Мұрағатталған 28 қыркүйектің 2013 жылы.
Үш ұлттың кубогы — 2021 жылы Қырғызстанда Қырғыз Футбол одағының қолдауымен ұйымдастырылған футбол турнирі, оған Азияның үш құрамасы (Қырғызстан, Пәкістан, Бангладеш) қатысты. Ойындардың барлығы Дөлөн Өмірзақов стадионында өтті. ## Қорытынды кесте ## Матчтар ## Дереккөздер ## Сілтемелер * https://kfu.kg/ru Мұрағатталған 28 тамыз 2024.
Қарақоюнлылар, кейде "Қара Қойлы", (әз. Kara Koyunlu, Qaraqoyunlu dövləti, قره قویونلو) — қазіргі Әзірбайжан, Грузия, Армения, Шығыс Солтүстік Иран, Шығыс Түркия және Шығыс Солтүстік Ирак жерінде 1380-1469 жж аралығында Оғыз түріктері құрған тайпалық одақ түріндегі монархиялық мемлекет. ## Қысқаша тарихы Қара қоюнлу тайпасы 13 ғасырдан бастап Диярбекирде, Әзірбайжанда, кейбір топтары Иракта көшіп-қонып жүреді, олардың басшысы Байрам Қожа болатын. Ол Жалайыр әулетінен шыққан Уәйіс сұлтанмен одақтасып, Тебризде тұрады. Алғашында қазіргі Ауғанстандағы Герат қаласы Қара-Қоюнлу түріктерінің астанасы болған еді. Олардың жетекші тайпасының көсемі Мосул (Mosul) билеген тұста, шамамен 1375 жылдары олар Бағдат пен Тебриздегі Жалайыр сұлтандығының вассалына айналады. Кейін олар Қара Жүсіптің басшылығында Жалайырларға қарсы көтеріліс жасап, Тебризді жаулап алады да, хандық тәуелсіздікке ие болады. 1400 жылы Әмір Темір Қара-Қоюнлуларды жеңеді. Қара Жүсіп Мамлюк Сұлтанатынан пана іздеп, Египетке қашып барады да, әскер жинап келіп, 1406 жылы Табризді қайтарып алады. Қара Жүсіп 1410 жылы тамызда Тебриз маңында Жалайыр әулеті әскерлерін күйрете жеңіп, Әзірбайжанды, Иракты, Арменияны, басып алды. Құрамына Кура өзенінің оңтүстік жағындағы Азербайжан жерлері, Армения, Курдстан және Ирак кіретін Қара-Қоюнлу мемлекеті құрылады. Қара Жүсіп пен Қара Ескендір Темір әулетіне және Ширваншаһқа қарсы соғыс жүргізеді. Ескендір әкесі өлгеннен кейін қайта бас көтере бастаған Ширванға қарсы үш рет жорыққа шығады, бірақ үшеуі де сәтсіз аяқталады. 1435 жылы темір әулетінен шыққан Шахрух сұлтан Ширваншаһпен бірігіп, Ескендір әскерлерін жеңеді. 1437 жылы таққа отырған Жахан шаһ Ширванмен достық қатынаста болуға ұмтылады. Бірақ 1447 жылы Шахрух дүниеден озғаннан кейін, Ширбан өз тәуелсіздігін жариялады. Қара Жүсіп қайтыс болған соң ұрпақтарының билікке таласқан ішкі қырқысы мен армян сепаратистері мемлекетті әлсіретеді. Кейін армян көтерілістерінің соққысында ыдырап кетеді. ## Діні Ираника энциклопедиясындағы R. Quiring-Zoche бойынша: "Жаңа Ислам әулеттерінде" Е. Босворт жазады: ## Жаһан шах Жаһан шах алғашында Шахрух Мырзамен (Тимурид) татуласқанымен, көп ұзамай олар бөлініп кетеді. 1447 жылы Шахрух Мырза қайтыс болған кезде, Қара-Қоюнлу түркілер Ирактың бір бөлігін және Араб түбегінің шығыс жағалауын, сондай-ақ Тимуридтер басқаратын батыс Иранды жаулап алады. Жаһан шах билеген тұста Қара-Қоюнлулар территориясы кеңейгенімен, билікке бүлікшіл ұлдары және Бағдаттың автономиялы дерлік билеушісі қатер төндіреді. Жаһан шаһ 1464 жылы Бағдат билеушісін елден қуады. 1466 жылы Жаһан шах Ақ-Қоюнлулардан Диярбәкірді (Diyarbakır) тартып алуға тырысады, бірақ Жаһан Шах қайтыс болып, Қара-Қоюнлу түркілерінің Таяушығыстағы билігі әлсірейді. Ұзын Хасан (Uzun Hasan, 1452–1478) билеген 1468 жылдары Ақ-Қоюнлулар Қара-Қоюнлуларды жеңеді, әрі Иракты, Әзірбайжанды және Батыс Иранды жаулап алады. ## Қара-Қоюнлу билігі ### Арменияда Армения 1410 жылы Қара-Коюнлу қарамағына өтті. Осы кезеңді сипаттайтын армян дереккөздері ретінде тарихшы Товма Мецопецидің (Tovma Metsopetsi) жазбаларын және бертінгі бірнеше колофондарды айтуға болады. Товманың айтуынша, Қара-Коюнлу армяндарға ауыр салық салғанымен, басқаруының алғашқы мезгілдерінде салыстырмалы түрде бейбіт болыпты және қалаларды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіпті. Алайда бұл бейбіт кезең Қара Ескендірдің таққа шығуымен шайқалады. Ол армяндарды "талан-таражға салып, қырып-жойып, тұтқынға айналдырыпты". Қара Ескендірдің Теміридтермен соғысуы және соңында жеңіліске ұшырауы Армениядарға ауыр тиеді, өйткені армяндардың жері тартып алынады, кейбіреуі тұтқынға алынып, құлдыққа сатылады, сөйтіп көпшілігі мекенін тастап қаңғырып кетуге мәжбүр болады. Ескендір армяндармен татуласуға тырысып, армян текті отбасыдан шыққан Рустумды (Rustum) өз кеңесшілерінің бірі етіп тағайындайды. Теміридтер аймаққа соңғы шабуылын бастаған кезде, олар Ескендірдің інісі Жиханшахты (Jihanshah) ағасына сатқындық жасауға көндіраді. Жиханшах Сюниктегі (Syunik) армяндарға қарсы қудалау саясатын жүргізді және армян қолжазбаларында оның Татев монастырын (Tatev monastery) қиратқаны жазылған. Бірақ ол да армяндармен жақындасуды, феодалдарға жер бөлуді, шіркеулерді қалпына келтіруді және 1441 жылы католиктердің армян апостолдық шіркеуінің орнын Этчмиадзин соборына (Etchmiadzin Cathedral) ауыстыруды мақұлдады. Бірақ Жиханшах армян қалаларына шабуыл жасауын тоқтатпайды, армяндарды ұстап апарып Ақ-Қоюнлулармен сәтсіз соғысына пайдаланады. ## Қара-Қоюнлу әміршілерінің кесенесі Қара-қоюнлу әулеті салған көрнекті ескерткіштердің бірі - Армения астанасы маңындағы Қара-Қоюнлу әміршілерінің кесенесі бүгінге дейін сақталды. Түрікменстан мен Армения екеуі де ортағасырлық бұл сәулет өнерін қалпына келтіруге және сақтауға өз үлестерін қосты. ## Галерея * * * * * * ## Тағы қараңыз * Қара-Қоюнлу әміршілері * Ақ-Қоюнлу * Жалайыр сұлтандығы ## Дереккөздер
Азим Азаров (20 қыркүйек 1996) — қырғызтандық футболшы, "Дордой" клубы мен Қырғызстан Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушысы. ## Карьерасы ### Клубтық "Алға", "Сейтек", "Дордой" клубтарының түлегі. 2013 жылы "Ала-Тоо" клубына ауысып, екі маусым ойнады. 2016 жылдың басында "Дордойға" қайта оралды. ### Халықаралық Қырғызстан жастар құрамасы сапында 2018 жылғы Жазғы Азия ойындарына қатысты. 2021 жылы Ұлттық құрама сапында ойнай бастады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Азим Азаров (20 қыркүйек 1996) — қырғызтандық футболшы, "Дордой" клубы мен Қырғызстан Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушысы. ## Карьерасы ### Клубтық "Алға", "Сейтек", "Дордой" клубтарының түлегі. 2013 жылы "Ала-Тоо" клубына ауысып, екі маусым ойнады. 2016 жылдың басында "Дордойға" қайта оралды. ### Халықаралық Қырғызстан жастар құрамасы сапында 2018 жылғы Жазғы Азия ойындарына қатысты. 2021 жылы Ұлттық құрама сапында ойнай бастады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Алимардон Абиталипович Шукуров (28 қыркүйек 1999 жыл, Кеңеш, Шу облысы) — қырғызстандық футболшы, Қырғызстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Неман" клубының жартылай қорғаушысы. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі Мұрағатталған 13 тамыздың 2018 жылы.
Стефания Ивановна Туркевич-Лукьянович (1898 жылғы 25 сәуір, Львов, Аустрия-Мажарстан – 1977 ж., 8 сәуір, Кембридж, Ұлыбритания) — Украинадан шыққан алғашқы әйел композитор, пианист және музыкатанушы. Оның шығармаларына Украинада Кеңес үкіметі тыйым салған. ## Балалық шағы Стефанияның атасы (Лев Туркевич) және оның әкесі (Иван Туркевич) діни қызметкерлер болған. Анасы София Кормошив (Кормошив) пианист болды, Карол Микули мен Вилем Курцпен бірге оқыды, сонымен қатар жас Соломия Крушельницкамен бірге жүрді. Бүкіл отбасы музыкалық болды және барлығы аспапта ойнады. Стефания фортепианода, арфада және гармонда ойнады. Кейінірек композитор өзінің балалық шағы мен музыкаға деген сүйіспеншілігін еске алды: ## Өмірбаяны * Стефания музыкалық оқуды Василий Барвинскийден бастады. 1914-1916 жылдар аралығында ол пианист ретінде Венада Вильем Курцпен бірге оқыды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін ол Львов университетінде Адольф Чибинскийден оқыды, сонымен қатар Львов консерваториясында оның музыка теориясы бойынша дәрістеріне қатысты. * 1919 жылы ол өзінің алғашқы музыкалық туындысы - Литургияны (Литургию) жазды, ол Львовтағы Георгий соборында бірнеше рет орындалды. * 1921 жылы Вена университетінде Гидо Адлермен, Вена музыка және орындаушылық өнер университетінде Джозеф Маркспен бірге оқыды, оны 1923 жылы мұғалім дипломымен бітірді. * 1925 жылы Роберт Лисовскийге тұрмысқа шығып, онымен бірге Берлинге барды, онда ол 1927 жылдан 1930 жылға дейін тұрып, Арнольд Шоенберг пен Франц Шрекермен бірге оқыды. 1927 жылы оның қызы Зоя дүниеге келді. * 1930 жылы ол Чехословакиядағы Прагаға барды, Чарльз университетінде Зденек Нежедлиден, Прага консерваториясында Отакар Аннан оқыды. Ол сонымен қатар музыкалық академияда Витзслав Новакпен композицияны оқыды. 1933 жылдың күзінде ол фортепианода сабақ берді және Прага консерваториясында аккомпаниант болды. 1934 жылы ол орыс операларында украин фольклоры тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 1934 жылы Прагадағы Украинаның Еркін Университетінде музыкатану ғылымының докторы дәрежесін алды. Ол Галисиядан (сол кезде Польшаның құрамында болған) кандидаттық диссертация алған бірінші әйел болды. * 1934 жылы Львовқа оралып, Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін Львов консерваториясында музыкалық теория мен фортепиано пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді, украин кәсіби музыканттар одағының мүшесі болды. ## Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылдың күзінде, Кеңестік Батыс Украинаны басып алғаннан кейін, Стефания Львов опера театрында тәрбиеші және концертмейстер болып жұмыс істеді, ал 1940-1941 жылдары Львов консерваториясында доцент болды. Неміс басқыншылығынан кейін Консерватория жабылған соң Мемлекеттік музыкалық училищеде сабақ беруді жалғастырды. 1944 жылдың көктемінде ол Львовтан Венаға кетті. 1946 жылы Кеңес өкіметінен қашып, Аустрияның оңтүстігіне, ал сол жерден Италияға көшіп, екінші күйеуі британдық Нарцуз Лукьяновичтің қол астында дәрігер болды. ## Англия 1946 жылдың күзінде Стефания Ұлыбританияға көшіп, онда бірнеше жерлерінде тұрды: Брайтон (1947-1951), Лондон (1951-1952), Барроу Гурни (Бристоль маңы) (1952-1962), Белфаст (Солтүстік Ирландия) (1962-1973) және Кембридж (1973 жылдан). 1940-жылдардың соңында ол композиторлыққа қайта оралды. 1957 жылы Англияның украин қауымдастықтарындағы бірқатар концерттерде, 1959 жылы Бристольдегі фортепиано музыкасының концертінде пианист ретінде қайтадан өз өнерін көрсетті. Ол Британдық композиторлар мен музыканттар қоғамының мүшесі болды (1972 жылға дейін болған). Оның «Оксана жүрегі» операсы 1970 жылы Виннипегте (Канада) Centennial концерт залында сіңілісі Ирена Туркевич-Мартинчтің көркемдік жетекшілігімен қойылды. ## Композициялар ### Симфониялық шығармалар 1. Симфония - № симфония. 1 - 1937 ж 2. Симфония жоқ. 2 (а) - № симфония. 2 (а) - 1952 2. Симфония жоқ. 2 (b) (2-гі вариант) - № симфония. 2 (b) (екінші нұсқа) 3. Симфонієта - Симфония - 1956 ж 4. Три Симфонічні Ескізі - Үш симфониялық эскиз - 3-го травня, 1975 ж. 5. Симфонічна поема - «La Vita» симфониялық поэмасы 6. Ғарыштық симфония - 1972 ж 7. Стута подвійного струнного оркестрі үшін - қос ішекті оркестрге арналған люкс 8. Қос ішекті оркестрге арналған қиял ### Балеттер 9. Руки - Қолдары солған қыз - Бристоль, 1957 ж 10. Перли - алқа 11. Весна (Дитячий балет) - Көктем - (Балалар балеті) 1934-5 ж 12. Мавка (а) - Мавка - ‘Орман нимфасы’ - 1964-7 - Белфаст 12. Мавка (б) - Мавка - ‘Орман нимфасы’ - 1964-7 - Белфаст 13. Страхопуд - Қорқыт - 1976 ж ### Опера 14. Мавка - Мавка - (аяқталмаған) негізделген Лесия Украинка Орман әні ### Балалар опералары 15. «Цар Ох» сериясы Оксани - Ох Патша немесе Оксана жүрегі - 1960 ж 16. «Куць» - Жас Ібіліс 17. «Яринний городчик» - Көкөніс учаскесі (1969) ### Хор шығармалары 18. 1919 ж 19. Шептицкийге арналған Забур (Псалом Шептицькому) 20. До Бою 21. Триптих 22. Колискова (А-а, котика нема) 1946 ж ### Камералық - аспаптық шығармалар 23. Соната для скрипки и фортепиано 1935 - Скрипка мен фортепианоға арналған соната24. (а) Струнний квартет 1960 - 1970 - ішекті квартет 24. (b) Струнний квартет 1960 - 1970 - ішекті квартет 25. Трио для скрипки, альта и виолончела 1960 - 1970 - Скрипка, Виола және Виолончельге арналған трио 26. Екі скрипок үшін альвин, фортепиано виолончеласы үшін 1960 - 1970 жж. - Фортепиано квинтеті 27. Тріо для флейти, кларнету, фагота 1972 ж. - Жел триосы ### Фортепианоға арналған шығармалар 28. Варіації на Українську тему 1932 - Украин тақырыбындағы вариациялар 29. Фантазия: Суизита фортепянна на Українські тақырыбы - Фантазия: Украиналық тақырыптағы фортепианоға арналған сюжет 1940 30. Імпромпту - Impromptu 1962 ж 31. Гротеск - Гротеск 1964 ж 32. Гірська сюїта - Mountain Suite 1966 - 1968 жж 33. Цикл п’єс для дітей - Балаларға арналған циклдар циклы 1936 - 1946 жж 34. Украинїнські коляди та щедрівки - украиндық каролдар және chedедривка 35. Вістку голосить - Ізгі хабар 36. Арлекинмен бірге Рождество 1971 ж ### Әр түрлі І. - Серце - Жүрек - Оркестрмен жеке дауыс II. - Лорелеї - Lorelei - Баяндауыш, Гармоний және фортепиано 1919 - сөзi Лесия Украинка III. - Май - мамыр - 1912 IV. - Тема народної піснi - Халық әндерінің тақырыптары V. - На Майдані - Тәуелсіздік алаңы - фортепиано VI. - Не піду до леса з конечкамі - Лемківська пісня - Дауысқа және ішектерге арналған Lemky әні ## Мұра Оның шығармалары заманауи, бірақ экспрессионистік емес кезде украин әндерін еске түсіреді. Ол 1970-ші жылдарға дейін композиторлық жұмысын жалғастырды. 1977 жылы 8 сәуірде Стефания Туркевич Англияның Кембридж қаласында қайтыс болды. ## Дереккөздер ## Библиография * Сокіл-Рудницька М. Пам’яті Стефанії Лукіянович // Вільне Слово. – Торонто, 1977. – 9 і 16 липня. – С. 3. * Вовк В. Парастас для Стефанії Туркевич-Лукіянович // Наше Життя. – Нью-Йорк, 1992. – Ч. 5. – С. 6–9. * Стельмащук Р. Забутий львівський композитор-неокласик (штрихи до творчого портрета Стефанії Туркевич) // Музика Галичини (Musica Galiciana) / Матеріали Другої міжнародної конференції. – Львів, 1999. – С. 276–281. * Павлишин С. Перша українська композиторка // Наше Життя. – Нью-Йорк, 2004. – Ч. 1. – С. 14–16. * Павлишин С. Перша українська композиторка: Стефанія Туркевич-Лісовська-Лукіянович. – Львів, 2004. * Карась Г. Статика і динаміка жанру дитячої опери у творчості композиторів української діаспори ХХ ст. // Вісник Державної академії керівних кадрів культури і мистецтв. – Київ, 2010. – No. 2. – С. 89–93. * Яців Р. Роберт Лісовський (1893–1982): дух лінії. – Львів, 2015. – С. 11, 13, 79–84, 91. ## Сыртқы сілтемелер * Ukrainian Art Song Project – Stefania Turkewich * Stefania Turkewich: Galicians I |The Art Songs * Музыкалық-мемориалдық мұражай * «Патша О» немесе Оксана жүрегі - The Heart of Oksana * Стефания Туркевич туралы фильм – Film about Stefania Turkewich * Стефания Туркевичтің Бірінші симфониясының әлемдік премьерасы - The world premiere of Stefania Turkewich’s First Symphony * Үш симфониялық эскиздер - Three Symphonic sketches - World Premier * Стефания Туркевичтің туғанына 120 жыл толуына арналған концерт - Concert dedicated to the 120th anniversary of the birth of Stefania Turkewich * Премьера. Стефания Туркевич-Лукиянович «Оксана жүрегі» операсы - Premiere. Stefania Turkewich-Lukiyanovich "Heart of Oksana" opera.
Бахтияр (Бактыяр) Дуйшобеков (қыр. Бахтияр Дуйшобеков; 3 маусым 1995, Курмонту, Түп ауданы, Ыстықкөл облысы) — қырғызстандық футболшы, "Шейх Руссел" клубы мен Қырғызстан Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушысы. Карьерасында Қырғызстан, Түркия, Беларусь, Малайзия, Бангладеш чемпионаттарында ойнады. 2019 жылы Азия кубогына қатысып, екі ойында алаңға шықты. ## Дереккөздер
РКФСР ІІХК қарамағындағы Мемлекеттік саяси басқарма (МСБ) (орыс. Государственное политическое управление (ГПУ) при НКВД РСФСР) — РКФСР мемлекеттік қауіпсіздік органы. Арнайы қызмет 1922 жылы 6 ақпанда В.И. Лениннің Кеңестердің IX съезіне ұсынысы бойынша Бүкілресейлік орталық атқару комитетінің БТК жою туралы қаулысымен РКФСР Ішкі істер халық комиссариаты қарамағындағы МСБ өкілеттіктер берумен құрылды. Бұрын БТК жүргізетін «социалистік заңдылықты» бақылау міндеттері РКФСР әділет халық комиссариатына жүктелді, оның қарсаңында БОАК «Прокурорлық қадағалау туралы ереже» қаулысымен 1922 жылы 28 мамырда Прокуратура құрылды. 1923 жылы 15 қарашада МСБ КСРО ХКК қарамағындағы БМСБ болып одақтық дәрежеде қайта құрылды. ## МСБ құрылымы МСБ ең жоғары әкімшілік органы МСБ төрағасының қарамағындағы Алқа болды, оның бұйрықтары барлық бөлімшелер үшін, соның ішінде аумақтық бөлімшелер үшін міндетті болды. РКФСР негізгі арнайы қызметі МСБ деп аталған барлық кезеңді бұған дейін БТК, кейін БМСБ басқарған Ф.Э. Дзержинский басқарды. 1922 жылдың соңында МСБ алқасының құрамы: * Ішкі істер халық комиссары, МСБ төрағасы Ф. Э. Дзержинский * МСБ төрағасының орынбасары И. С. Уншлихт * МСБ Мәскеу губбөлімінің басшысы Ф. Д. Медвед. * МСБ Петроград губбөлімінің басшысы С. А. Мессинг * Құпиялы-жедел басқармасының басшысы В. Р. Менжинский * Айрықша бөлімінің басшысы Г. Г. Ягода * Арнайы бөлімінің басшысы Г. И. Бокий * Шығыс бөлімінің басшысы Я. X. Петерс КСРО ІІХК туралы ережеге және орталық МСБ қарамағындағы ОАК шешімдеріне сәйкес мәселелерді шешу үшін келесілер құрылды: * Губерндік атқару комитеттері қарамағындағы МСБ аумақтық губерндік бөлімдері * Автономиялық республикалар мен облыстардың ОАК қарамағындағы МСБ аймақтық бөлімдері * Майдан, әскери округтер мен әскерлердің айрықша бөлімдері * Дивизиялар мен шекараны қорғау айрықша бөлімдері * Теміржол және су жолдарындағы МСБ көлік бөлімдері * Шеткі және автономды республикалар мен облыстардағы МСБ жергілікті органдарының жұмысын біріктіру, көшбасшылық ету және үйлестіру жөніндегі МСБ өкілетті өкілдігі. * МСБ заңдылықты бақылаудағы МСБ заң бөлімі (1922 жылдың 22 наурызынан бастап) 1922 жылдың 1 желтоқсанынан бастап орталық аппарат келесі құрылымға ие болды: * Әкімшілік-ұйымдастырушылық басқарма — (басшысы И. А. Воронцов), оның міндеті МСБ құрылымын қалыптастыруды, кадрлық жұмысты, МСБ аумақтық және жергілікті органдарының қызметін бақылауды қамтыған. * 10 бөлімнен тұратын Құпиялы-жедел басқарма ҚЖБ (В.Р. Менжинскийдің жетекшілігімен):Жеке тұлғалардың, партиялардың, ұйымдардың, құрылымдардың антикеңестік әрекеттеріне қарсы күрес жөніндегі Құпия бөлімі ҚБ (басшысы - Т. П. Самсонов). Сегіз бөлімнен тұрды:біріншісі — анархистермен күресекіншісі — меньшевиктер мен бундошыларға қарсы күресүшіншісі — эсерлер мен антикеңестік-шаруаларға қарсы күрестөртіншісі — бұрынғы ақ гвардияшылармен, жандармдармен, жазалаушылармен, түрме қызметкерлерімен, кеңеске қарсы яһуди топтары және партияларымен күресбесіншісі — оңшыл партиялар және кеңеске қарсы зиялылар мен жастарға қарсы күресалтыншысы — православие шіркеуіне, конфессиялар мен секталарға қарсы күресжетіншісі — Күнгей Кавказ ұлттық партиялары мен меньшевиктерге қарсы күрессегізінші — БКП (б) бұрынғы мүшелеріне, заңсыз партияларға және жұмысшылар мен жұмыссыздардың наразылық әрекеттеріне қарсы күресАйрықша бөлімі — АБ (басшысы — Г. Г. Ягода), оның міндеті Қызыл Әскерде мәлімдейтін-ақпараттық жұмыс болды.Қарсы барлау басқармасы — ҚББ (басшысы — А. Х. Артузов), оның міндеті шетелдік, кеңеске қарсы саяси партиялардың, ақ гвардияшылардың, диверсанттар мен тыңшылардың мемлекет ішінде және шетелдегі барлау жұмыстарымен күресу болды.Бірқатар елдерде барлау қызметін ұйымдастырған — Шетел бөлімі ШЕБ (басшысы — М. А. Трилиссер).Шығыс бөлімі — (басшысы — Я. Х. Петерс) мемлекет аймақтарындағы контрреволюцияға қарсы күрес.Көліктегі қарсы барлауды ұйымдастыруға (негізінен теміржол және су көлігі) арналған — Көлік бөлімі (басшысы — Г. И. Благонравов)Тікелей барлау, жою, тұтқындау және тінту, бандитизммен күресті жасаудағы — Жедел бөлімі ЖЕДБӨЛ (басшысы - К. В. Паукер, бұрын - И. З. Сурта).Тұрғындарды саяси және экономикалық ақпараттандырудегі — Ақпарат бөлімі (басшысы — В. Ф. Ашмарин).Цензураны бақылау және БАҚ пен тұрғындар арасында мемлекеттік құпияларды күзетудегі Саяси бақылау бөлімі (цензура), басшысы — И.З. Сурта, оған дейін — Б. Е. Этингоф болды.Сенімсіз халықты есепке алу және статистиканы жүргізудегі — Орталық тіркеу бөлімі (басшысы — А. М. Шанин, оған дейін — Я. П. Розен болды). * Жеке тұлғалардың, партиялардың, ұйымдардың, құрылымдардың антикеңестік әрекеттеріне қарсы күрес жөніндегі Құпия бөлімі ҚБ (басшысы - Т. П. Самсонов). Сегіз бөлімнен тұрды:біріншісі — анархистермен күресекіншісі — меньшевиктер мен бундошыларға қарсы күресүшіншісі — эсерлер мен антикеңестік-шаруаларға қарсы күрестөртіншісі — бұрынғы ақ гвардияшылармен, жандармдармен, жазалаушылармен, түрме қызметкерлерімен, кеңеске қарсы яһуди топтары және партияларымен күресбесіншісі — оңшыл партиялар және кеңеске қарсы зиялылар мен жастарға қарсы күресалтыншысы — православие шіркеуіне, конфессиялар мен секталарға қарсы күресжетіншісі — Күнгей Кавказ ұлттық партиялары мен меньшевиктерге қарсы күрессегізінші — БКП (б) бұрынғы мүшелеріне, заңсыз партияларға және жұмысшылар мен жұмыссыздардың наразылық әрекеттеріне қарсы күрес * біріншісі — анархистермен күрес * екіншісі — меньшевиктер мен бундошыларға қарсы күрес * үшіншісі — эсерлер мен антикеңестік-шаруаларға қарсы күрес * төртіншісі — бұрынғы ақ гвардияшылармен, жандармдармен, жазалаушылармен, түрме қызметкерлерімен, кеңеске қарсы яһуди топтары және партияларымен күрес * бесіншісі — оңшыл партиялар және кеңеске қарсы зиялылар мен жастарға қарсы күрес * алтыншысы — православие шіркеуіне, конфессиялар мен секталарға қарсы күрес * жетіншісі — Күнгей Кавказ ұлттық партиялары мен меньшевиктерге қарсы күрес * сегізінші — БКП (б) бұрынғы мүшелеріне, заңсыз партияларға және жұмысшылар мен жұмыссыздардың наразылық әрекеттеріне қарсы күрес * Айрықша бөлімі — АБ (басшысы — Г. Г. Ягода), оның міндеті Қызыл Әскерде мәлімдейтін-ақпараттық жұмыс болды. * Қарсы барлау басқармасы — ҚББ (басшысы — А. Х. Артузов), оның міндеті шетелдік, кеңеске қарсы саяси партиялардың, ақ гвардияшылардың, диверсанттар мен тыңшылардың мемлекет ішінде және шетелдегі барлау жұмыстарымен күресу болды. * Бірқатар елдерде барлау қызметін ұйымдастырған — Шетел бөлімі ШЕБ (басшысы — М. А. Трилиссер). * Шығыс бөлімі — (басшысы — Я. Х. Петерс) мемлекет аймақтарындағы контрреволюцияға қарсы күрес. * Көліктегі қарсы барлауды ұйымдастыруға (негізінен теміржол және су көлігі) арналған — Көлік бөлімі (басшысы — Г. И. Благонравов) * Тікелей барлау, жою, тұтқындау және тінту, бандитизммен күресті жасаудағы — Жедел бөлімі ЖЕДБӨЛ (басшысы - К. В. Паукер, бұрын - И. З. Сурта). * Тұрғындарды саяси және экономикалық ақпараттандырудегі — Ақпарат бөлімі (басшысы — В. Ф. Ашмарин). * Цензураны бақылау және БАҚ пен тұрғындар арасында мемлекеттік құпияларды күзетудегі Саяси бақылау бөлімі (цензура), басшысы — И.З. Сурта, оған дейін — Б. Е. Этингоф болды. * Сенімсіз халықты есепке алу және статистиканы жүргізудегі — Орталық тіркеу бөлімі (басшысы — А. М. Шанин, оған дейін — Я. П. Розен болды). * Тыңшылық, контрреволюция мен экономика аясындағы диверсияны жоюдағы — Экономикалық басқарма ЭКБ (басшысы — З. Б. Кацнелсон, 1925 бастап — Л. Г. Миронов (Каган)). * Әскери бөлімдерді бақылау және Қызыл Әскер бөлімшелерін басқару жөніндегі әскерлердің Негізгі инспекциясы. * Байланыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі — Шифрлау бөлімі. * Мемлекеттегі радио барлау, шифрлау жүйесін бақылайтын — Арнайы бөлім. * МСБ бөлімшелері мен қызметкерлерінің әрекеттерінің заңдылығын бақылау, ұсыныстар мен заң жобаларын дайындау, сот істерін жүргізудегі — Заң бөлімі (басшысы — В. Д. Фелдман). * Мемлекеттің шекарасын қорғаудағы — Шекара қызметі бөлімі. Орталық аппаратта 2200-ден астам адам болды. РКФСР әділет халық комиссариатына МСБ қызметін қадағалады. ## МСБ өкілеттіктері 1923 жылдың наурызынан 1928 жылдың 20 сәуіріне дейін МСБ, содан кейін БМСБ пайда табу мақсатын көздемеген қоғамдар мен кәсіподақтардың (қауымдастықтардың) жарғыларын қарау және бекіту жөніндегі комиссияларға қатысты (КСРО ҚТОММ мәліметтеріне сәйкес, ф. 393, оп. 39, д. 25б, лл. 39-43 об.). 1923-1924 жылдары МСБ, содан кейін БМСБ іс жүзінде милиция қызметкерлерін бір реттік аттестаттау жөніндегі Орталық аттестациялық комиссиясын басқарды (КСРО ҚТОММ мәліметтеріне сәйкес, ф. 393, оп. 39, д. 27, л. 247.). МСБ бүкіл республика аумағында қызмет атқаратын орталық әкімшілік болды, елді мекендерде бағынышты қауіпсіздік органдары құрылды. МСБ автономиялық республикалар мен облыстардың ОАК қарамағындағы саяси бөлімдеріне бақылауды жүзеге асырды. МСБ бағыныштылығында контрреволюциялық көтерілістер мен бандитизмді басуға қажет әскерлердің айрықша бөлімдері болды. ## МСБ міндеттері «РКФСР ІІХК туралы ережеге» сәйкес МСБ келесі міндеттер жүктелді: Өз кезегінде, БОАК бекіткен «Мемлекеттік саяси басқару туралы ереже» МСБ келесі міндеттерді қояды: ## Қойылған тапсырмаларды шешу механизмі КСРО БОАК қабылдаған «Мемлекеттік саяси басқармасы туралы ережеге» сәйкес міндеттерді орындаудың құралдары: 1923 жылдан бастап 1934 жылға дейін мекеме МСБ емес БМСБ (КСРО ХКК қарамағындағы) деп аталғанына қарамастан, МСБ термині жергілікті МСБ органдарының атауында қалды. «МСБ» атауы («БМСБ» емес) кейінірек те, 1920 жылдары және 1930 жылдардың бірінші жартысында, ауызекі сөйлеуде де, көркем әдебиетте де қолданылды. ## Дереккөздер
Ромас Ионович Убартас (лит. Romas Ubartas, 26 мамыр 1960 жыл, Паневежис, Литва КСР, КСРО) — литвалық жеңіл атлет. Диск лақтырушы. ## Жетістіктері * Олимпиада чемпионы (1992). * 1988 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері. * 1986, 1990 жылдары Ізгі ниет ойындарының жеңімпазы * 1986 жылғы Еуропа чемпионы.
Ромас Ионович Убартас (лит. Romas Ubartas, 26 мамыр 1960 жыл, Паневежис, Литва КСР, КСРО) — литвалық жеңіл атлет. Диск лақтырушы. ## Жетістіктері * Олимпиада чемпионы (1992). * 1988 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері. * 1986, 1990 жылдары Ізгі ниет ойындарының жеңімпазы * 1986 жылғы Еуропа чемпионы.
Эльдор Молдожунусов (15 қыркүйек 1995(19950915)) — қырғызстандық футболшы, "Алай" клубы мен Қырғызстан Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы. ## Карьерасы ### Клубтық 2014 жылы "Манас" клубында карьерасын бастады.2015 жылы "КГ Юнайтед" клубына ауысты. 2016-17 жылғы маусымдарда "Абдыш Ата" сапында ойнады. 2018 жылы "Нефтчиге" ауысып, екі маусым өнер көрсетті. 2019 жылы Қырғызстан кубогы иегері атанды. 2021 жылы "Алай" футболшысы атанды. ### Ұлттық құрама 2021 жылдан бері Қырғызстан құрамасында ойнайды. ## Дереккөздер
Жастар арасындағы су добынан əлем чемпионаты – Халықаралық жүзу федерациясымен ұйымдастырылатын су добынан халықаралық жарыс. Алғашқы жарыс 1981 жылы өткізілді. ## Ерлер ## Әйелдер ## Барлық медальдар саны ### Ерлер ### Әйелдер ## Сыртқы сілтемелер * Fina archives Мұрағатталған 8 тамыздың 2014 жылы. * https://www.the-sports.org/water-polo-2021-men-s-world-junior-championships-epr113991.html
Талғат Назарұлы Сабалақов (9 шілде 1986 жыл, Шевченко, Маңғышлақ облысы, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы, шабуыл шебінде де ойнаған. 2008 жылы Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында бір ойын өткізді. 11 қазанда сырт алаңдағы Англияға қарсы ойынның 85-минутында алаңға шықты. ## Жетістіктері ### Командалық Тобыл * Интертото кубогы: 2007 * Қазақстан кубогы: 2007 ## Дереккөздер ## Сілтемелер "Каспий" ФК құрамы - 2012 Мұрағатталған 17 тамыздың 2013 жылы.
Намик Ядулла оглы Абдуллаев (әз. Namiq Yadulla oğlu Abdullayev; 4 қаңтар 1971 жыл, Баку, Әзірбайжан КСР) — әзірбайжандық еркін күресші, полиция подполковнигі, еңбек сіңірген спорт шебері, жаттықтырушы. 54 келіге дейінгі салмақта 2000 жылғы Сиднейде өткен жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Ол 2000 жылы Сиднейде өтетін жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Әзірбайжан құрамасының ту ұстаушысы болды. 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиадада екінші орынды иеленді, әуелсіз Әзірбайжанның Олимпиада медалін жеңіп алған бірінші спортшысы болды. Үш дүркін Еуропа чемпионы. Ағасы — Ариф Абдуллаев, күрестен әлем чемпионы.
Талғат Назарұлы Сабалақов (9 шілде 1986 жыл, Шевченко, Маңғышлақ облысы, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы, шабуыл шебінде де ойнаған. 2008 жылы Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында бір ойын өткізді. 11 қазанда сырт алаңдағы Англияға қарсы ойынның 85-минутында алаңға шықты. ## Жетістіктері ### Командалық Тобыл * Интертото кубогы: 2007 * Қазақстан кубогы: 2007 ## Дереккөздер ## Сілтемелер "Каспий" ФК құрамы - 2012 Мұрағатталған 17 тамыздың 2013 жылы.
Земфира Али Кызы Мефтахетдинова (әз. Zemfira Əli qızı Meftahətdinova; 28 мамыр 1963(19630528), Баку) — КСРО және Әзірбайжан спортшысы, стенд көздеуші. ## Жетістіктері 2000 жылғы Олимпиада чемпионы, 2004 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, 1995 және 2001 жылдары әлем чемпионы, 1986, 1987 және 1988 жылдары Еуропа чемпионы. командалық есепте 1986 және 1988 жылдары күміс жүлдегері, қола жүлдегері - 1987 және 1990 ж. жеке командалық есепте 1986 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 1986 жылғы КСРО чемпионатының қола жүлдегері. Ол Бакудің "Динамо" клубында ойнады. Тәуелсіз Әзербайжандағы Олимпиада алтынын алған бірінші спортшы және тәуелсіз Әзербайжандағы Олимпиада медалін алған бірінші әйел. Әзірбайжан мемлекеттік дене шынықтыру институтын бітірген. Полиция полковнигі - Әзірбайжан Ішкі істер министрлігі Спорт қоғамының төрағасы. ## Дереккөздер
Радик (Абдурахим) Велединович Исаев (лезг. Исаев Велединан хва Абдурагьим, әз. Radik Vələddinoviç İsayev;26 қыркүйек 1989(19890926), Ухул, Дағыстан АКСР) — ресейлік және әзірбайжандық тхэквондошы, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы. Ресей спорт шебері. 2012 жылы Әзірбайжан азаматтығын алды да, осы елдің атынан сынға түсе бастады. 2014 жылы Еуропа, 2015 жылы әлем чемпионы атанды. ## Дереккөздер
Хассиба Булмерка (араб.: حسيبة بولمرقة‎, 10 шілде 1968(19680710), Константина, Алжир) — алжирлік жеңіл атлет, қысқа қашықтықтарға жүгіруші. 1991, 1995 жылғы әлем чемпионы, 1992 жылғы Олимпиада чемпионы. Алжирден шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Африкадан шыққан тұңғыш қыздар арасындағы әлем чемпионы атанған қысқа қашықтыққа жүгіруші. 1991 жылы Римдегі турнирде жеңіске жетіп, ашық-шақық киіммен жүгіргені Ислам елдерінің наразылығын тудырды.
Зұлқаш Баймырзаев (1898-1938) - қазақтан шыққан тұңғыш ихтиолог – ғалым. Мәскеу, Қырымда Керчь мемлекеттік балық тресінде жоғарғы лауазымды қызмет атқарған. ## Өмірбаяны Зұлқаш Баймырзаев революциядан бұрын орыс, казак байларының аяусыз езгісін көрген жұмысшы отбасынан шыққан. Зұлқаштың әкесі Оспан әуелі диқан, одан кейін қазақ байлары мен орыс кәсіпшілерінің балықшысы болған. Зұлқаш өзге жұмысшы, жалшы балаларымен бірге Форттағы орыс-қазақ училищелерінде оқыды, зеректігімен көзге түсті. Баймырзаев ақпан төңкерісінен кейін Маңғыстауда уездік соттың тілмашы әрі қағаз көшірушісі, кейіннен кеңес қызметкері, Адай, Табын ревкомының төрағасы болды. 1921 жылы Қазақстан өлкелік партия комитеті З.Баймырзаевты Москвадағы Я.Свердлов атындағы Коммунистік Университетке оқуға жібереді. Бірақ кадр тапшылығы көп оқуға мүмкіндік бермейді. 1921 – 25 ж. Мәскеу коммунистік университетінің тыңдаушысы, Адай уездік ОГПУ бастығының орынбасары. 1925-1926 жылдары Түркістан мен Шалқар укомының секретарі, кейін Ақтөбе губкомы председателінің орынбасары және үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болады. Осы кезде Қазақстан Орталық Атқару комитетінің мүшелігіне сайланады. Баймырзаев 1927-1928 жылдары Қарқаралы округтық атқару комитетінің председателі одан кейін укомның бірінші секретары болып қызмет жасаған кезінде Қазақстан Орталық Атқару комитетінің мүшелігіне екінші рет сайланады. Ол кезде 219 мың халқының 91 проценті көшпелі, темір жол мен су жолынан қашық, 18 процент егістік, бау-бақшалығы бар, мал өнімінен басқа өндірісі жоқ уезд экономикасын көтеру мәселесін З.Баймырзаев мықтап қолға алады. 1925 – 29 ж. Түркістан мен Шалқар уездік комитетінің хатшысы, Ақтөбе губкомы төрағасының орынбасары, Қарқаралы окруктік аткомының төрағасы, Гурьев округ партия комитетінің хатшысы болды. 1932 ж.Мәскеудегі Тимирязев атындағы ауылы шаруашылық академиясының балық шаруашылық институтын бітіреді. Академияда тамаша іскерлік қабілетімен, принципшілдігімен көзге түскен З.Баймырзаев 1932 жылы институтты бітіргенге дейін сондағы партия ұйымының секретары болады. Жоспарлаушы - инженер мамандығын алған ол Сыртқы елдермен сауда жасау саласындағы аспирантурада оқып, «Арал, Каспий және Қара теңіз балық шаруашылығының қазіргісі мен болашағы» деген тақырыпта еңбек қорғайды. Осы ғылыми еңбегі үшін оған ихтиолог - инженер деген екінші мамандық беріледі. 1933 жылы ВКП(б) Орталық Комитетінің жолдамасымен З.Баймырзаев Орта Азия Саяси секторының нұсқаушысы және Мары мақта МТС - ының саяси бөлім бастығы қызметіне Түрікмен ССР - ына жіберіледі. З.Баймырзаев жетекшілігімен Мары МТС - ның большевиктері, комсомолецтері мен колхозшылары жоспардан тыс 69 805 центнер Египет мақтасын беріп, Отан алдында үлкен абыройға ие болады. 1934 – 35 ж . Бүкілодақтық «Рыбоплодэкспорт» бірлестігінің Ленинград бөлімінде және Сыртқы істер халық комиссарының шет елдер бөлімінде жауапты қызметкер. 1936 ж. Керчь мемлекеттік балық тресі бастығының орынбасары және бас инженері Балық шаруашылығымен айналысқан маман трест жұмысын жолға қоюға жігер сала кіріседі. Ол «Керченский рабочий» газетіндегі (1936,2 февраль) «Теңіз байлығын кең пайдаланайық» деген мақаласында балық шаруашылығында қол еңбегін жеңілдетіп, жүзбелі завод-рефрижераторларды көбейту мәселесін көтереді. З.Баймырзаев ғылыми-зерттеу институтының қызметкері бола жүріп, 1934 жылы Қара теңізден Каспийге жіберілген кефаль уылдырығының Еділ өзенінде қырылу себептерін анықтап, кефаль шабақтарын Каспийге өсіру проблемасын шешуге қатысты. 1936 жылы кефаль шабақтарын Кура өзенінің жылы суына жіберуге кеңес беріп, оның өсіп, жетілуі жөнінде ғылыми жетекшілік етеді. 1937 ж. Қырым АКСР-інің Балық өнеркәсібі бас басқармасының орынбасары қызметтерін атқарған.Зұлқаш сонау алмағайып кезеңнің, 20 ғасырдың 30 шы жылдары орыс-украин арасында Қырым өңірінде қызмет еткен қазақтан шыққан жалғыз азамат. ## Сіңірген еңбектері Ол қоғам қайраткері бола тұра өзінің ихтиология саласындағы жұмысын да қоса атқарған.Сол Қаратеңіз жағалауынан Каспий теңізіне кефаль балығын алып келіп жерсіндерген. Қазіргі таңда осы кефаль балығы Маңғыстау өңірінен экспортқа шығатын қызыл балықтан кем түспейтін өнім болып саналады. Кефаль өсіру мейлінше жемісті болды. Қазіргі кезде Каспий теңізінің фаунасында 854 түрлі балықтар мен басқа да су жануарлары болса соның екеуі сүйекті балықтар класы-кефаль туысына жататын – «сингиль», «остронос» Каспий теңізінің акваториясына тұтастай таралған кефаль түрлеріне айналды.Атамыз өз басы қатерде жүрсе де өмірінің соңғы күндеріне шейін халқы үшін аянбай қызмет етіп,ғылымнан да қол үзбеген. Мемлекеттік қайраткер Әбіш Кекілбаев ол туралы: «Ол қиян түкпірде туып, қилы заманда күрескер жігерімен, зеректігімен биік адамгершілігімен ерекше көзге түскен арыс. Тағдыр мен тарих оны ең қиын шайқастар мен сайысқа салды. Соның бәрінен абыроймен өте алды. Сауатсыздықпен енді күрес бастап жатқан қыр қауымынан әлемдік державаға айналған іргелі елдің танымал қайраткеріне дейін шарықтап өскен жарық жұлдыздардың бірі. Өз халқына қылаудай қиянат жасамаған адал перзент. «Тұлпар тұяғымен текті» дегендей оның баласы Жан-медицина ғылымының докторы, қызы София да Медициналық инситутын бітіріп , ұзақ жылдар республикалық емдеу мекемелерінде қызмет еткен . Олардың балалары (Талап,Ескендір және басқалар ) мен немерелері де ел игілігіне қызмет етуде. Кетікте туып, Қырымда қырағылығымен танылған Зұлқаш Баймырзаев шын мәнінде қазақ халқының тұңғыш ихтиолог-ғалымы және қазіргі Каспий теңізіне кефаль балығының таралуына ықпал еткен тұғыры биік тұлға. ## Дереккөздер Е.Өмірбаев, Қ. Сыдиықов «Октябрь арайында» атты еңбек
Зәкіров Фаррух Кәрімұлы (өзбек. Farrux Zokirov; 16 қаңтар 1946(19460116), Өзбекстан, Ташкент) – өзбекстандық әнші композитор. «Ялла» ансамблінің жетекшісі ретінде әлемге танылған өнерпаз. ## Өмірбаяны ### Әнші туралы фактілер Өзбекстанның (1987), Қазақстанның (1995), Қырғызстанның (1996) халық артісі Ташкент консерваториясын бітірген (1969). 1969–71 жылы Өзбекстан эстрада оркестрінің әншісі болды. 1971 жылдан «Ялла» ансамблінің әншісі, 1976 жылдан көркемдік жетекшісі. «Ялла» ансамблінің дүние жүзіне танылуы Зәкіровтің шығарм-мен тығыз байланысты. «Түнгі жұлдыз», «Сен болмасаң жанымда», «Бәйшешек», «Көңілді шайхана», «Ләйлі – Мәжнүн», «Лола», «Үшқұдық», «Шахрисабз», «Өзбекстан Отаным», т. б. әндердің авторы, әрі орындаушысы. Өзбекстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1989), бірнеше медальдермен марапатталған. 2002-2004 жылдары Өзбекстан мәдениет министрі қызметін атқарды. Ағасы Батыр Закиров та әйгілі әнші. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * http://www.kultura.uz/view_8_r_742.html
Мега той — 2015 жылы Қырғызстанда түсірілген комедия жанрындағы фильм. ## Сюжеті Қалыңдығын әкелуге барып, адасып басқа тойға кіріп кеткен жастар жайлы баяндалады. Кездейсоқ қалыңдықты сүйіп қалған жігіт бәрібір соған үйленеді. Фильмнен қырғыз халқының тойда салт-дәстүрлерінің қалай жасалатынын біле аласыз. ## Ролдерде * Бақыт — Нұржасын Жұмағұлов * Бақтияр — Нұрәділ Канкулиев * Бақыттың жеңгесі — Альбина Имашева * Музыкант — Мурадил Данияров * Мейірім — Нуриза Бурканова ## Сілтемелер * https://www.super.kg/tasma/show/3533
Арпаөзен – Түркістан облысы Созақ ауданындағы өзен. ## Бастауы Қаратау жоталарындағы Келіншектау тауынан бастау алып, Абай ауылының маңында сіңіп кетеді. Ұзындығы 15 км. ## Гидрологиясы Келіншектау жоталарындағы бұлақтардан басталып, жол-жөнекей жер астынан шығып жатқан қайнарлармен толығады. Тау арасымен құлай ағып, жазыққа шыққасын ені 3-4 метрге дейін жетеді. Жазғы, күзгі уақыттарда Абай ауылынан өте бере жазыққа сіңіп кетеді. Көктемде қардың суымен толығып, ұзындығы 25-30 шақырымға дейін жетеді. Ондай кезде Шолаққорған - Созақ тас жолынан асып өтіп, жазық далаға жайылып кетеді. Суын тұрғындар мал шаруашылығына пайдаланады. Өзен бойынан Арпаөзен таңбалы тастарын кезіктіруге болады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Арпаөзен петроглифтері
Мәжіліс Мұхамеджанұлы Өтежанов (6 қыркүйек 1935, Алтынжар — 30 қаңтар 1998, Астрахан) — кеңестік және ресейлік қазақ ақыны әрі журналисті, 1991 жылы құрылған «Ақ арна» газетінің алғашқы редакторы. Ресей журналистер одағының және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. ## Өмірбаяны Астрахан облысы Володар ауданындағы Алтынжар ауылында қазақ отбасында дүниеге келіп, балалық пен жастық шақты өткізді. Ол өзінің туған жерінің сұлулығы мен қарапайым жұмысшылардың өмірі туралы өлеңдерді мектеп жасында жаза бастады. Мектептен кейін жұмысшы, ауылдық кеңесте есепші, кейін ауылдық мәдениет үйінде жұмыс істеді, жергілікті комсомол ұйымының хатшысы болды. Содан кейін ауылдық кеңестің төрағасы болып сайланды. Қазақтың белгілі жазушысы Сәбит Мұқанов Алтынжарға келгенде ауылда салтанатты қабылдау ұйымдастырылды, оған Өтежанов Мәжіліс те қатысты. Құрметті қонақтың рұқсатымен ол өзінің өлеңдерін оқыды, оны Сәбит жоғары бағалап, оны өзіне жазуды сұрады. Ол Мәжіліске С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне түсуге көмектесуге уәде беріп, сөзінде тұрды. Көп ұзамай университеттік білім алу үшін Өтежанов Алматыға қоныс аударып, журналистика факультетіне түседі. Оқуды бітіргеннен кейін кіші отанына оралып, әлі күнге дейін Володарда шығатын аудандық «Заря Каспия» газетіне жазды, кейінірек оның бас редакторы болып тағайындалды. Мәжіліс сонымен қатар қазақ тілінде облыстық радиохабар таратуды ұйымдастырушылардың және редакторлардың бірі болды. 1990 жылы тамызда Астрахан облыстық Халық депутаттары кеңесі президиумының шешімімен апталық «Астрахан хабарлары» басылымы құрылды. Сол жылдың қазан айында облыстық «Жолдастық» қазақ мәдениеті қоғамының басшылығы Кеңес төрағасы И.Н.Дьяковқа осы басылымға қосымша ретінде қазақ тілінде газет шығару туралы өтінішпен жүгінді. 1991 жылдың маусымында бұл өтініш қанағаттандырылды. Бірнеше айдан кейін бастапқыда «Жолдастық» деген атпен шыққан «Астрахан хабарлары» қазақ тіліндегі қосымшасы «Ақ арна» деп аталатын тәуелсіз газет болып қайта құрылды. Дәл осындай шешім Астрахан қалалық атқару комитетінің теледидар мен газет редакторларына екі пәтер бөлу туралы ақпаратын ескерді. Мәжіліс Өтежанов басылымның құрылған күнінен бастап 1998 жылдың қысында қайтыс болғанға дейін бас редактор болды. Өтежанов дәрігерлер мен мұғалімдерді ең маңызды мамандық деп санады және оның көптеген ұрпақтары дәл осы жолдарды таңдады. Оның екі баласы Еркін мен Айжан Қазақстанның ең ірі қаласы — Алматыда, қалғандары туған ауылында Алтынжарда тұрып, жұмыс істейді. ## Естелік * 1999 жылдың қазанында облыстық әкімшіліктің басшысының бұйрығымен Өтежанов Мәжілісінің жұмысына арналған Астрахан облысында қазақ мәдениетінің күндері өтті. * Г.Д.Урастаева редакциялаған «„Жолдастық“ Астрахан облыстық қазақ мәдениеті мен тілі қоғамының 10 жылдығына. Мәжіліс Өтежановтың өмірі мен қызметі туралы 2000 жылы Астрахан қазақтары: тарих және қазіргі заман» кітабы шықты. * 2010 жылы ақынды еске алуға байланысты Володар аудандық әкімшілігі мен Ресей жазушылар одағының Астрахан аймақтық филиалы Мәжіліс Өтежановтың әдеби сыйлығын құрды. Сыйлықтың бірінші лауреаты астрахандық ақын, жазушы және аудармашы Ю. Н. Щербаков болды. * Сол жылы Өтежановтың туғанына 75 жыл толуына орай Алтынжарда ақынды еске алу күні өтіп, оның әріптестері мен туыстары, аудандық әкімдік пен ауылдық кеңестің қызметкерлері сөз сөйледі. Бұл күні ақынның үйіне мемориалдық тақта орнатылды. Өтежановты еске алу кештері Алтынжардағы Құрманғазы мұражайында және одан кейінгі жылдары да өткізілді. * 2015 жылы Мәжіліс Өтежановтың есімі Володар ауданы, Сизый Бугор ауылының орта мектебіне берілді. * Ол туған Алтынжар ауылының бір көшесі Өтежанов есімімен аталады. ## Дереккөздер
Мейіржан Қақпасынұлы Айманов (13 шілде 1976 жыл, Тараз, Жамбыл облысы — 26 тамыз 2021 жыл, Байзақ ауданы, Жамбыл облысы) — қазақстандық өрт сөндіруші, азаматтық қорғау полковнигі, Қазақстанның Халық қаһарманы (2021 жыл, қайтыс болғаннан кейін). ## Өмірбаяны 1995 жылдың қыркүйегінен бастап азаматтық қорғау органдарында жұмыс істеді. 1997 жылы Павлодар техникалық колледжін, 2003 жылы Орталық Азия университетін, 2015 жылы Ресей ТЖМ МӨҚ Санкт-Петербург университетін өрт қауіпсіздігі инженері мамандығы бойынша бітірген. 2021 жылы 19 наурызда Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылғы 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Мейіржан Айманов оқиға орнында өрт сөндіру және эвакуациялық жұмыстарды басқарды. Өрт салдарынан бірнеше жарылыс болды. Бірінші жарылыстан кейін Айманов қалпына келіп, өрттен бірнеше әріптесін шығарып алды. Содан кейін тағы бір жарылыс болды, нәтижесінде полковник қайтыс болды. Қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Қазақстан Президентінің 2021 жылғы 29 тамыздағы Жарлығымен Мейіржан Аймановқа қайтыс болғаннан кейін айрықша ерекшелік белгісі — "Алтын жұлдыз" және "Отан" ордені тапсырыла отырып, "Халық қаһарманы" атағы берілді. ## Марапаттары * "Халық Қаһарманы" құрметті атағы (29 тамыз 2021 жыл, қайтыс болғаннан кейін) * "Отан" ордені (29 тамыз 2021 жыл, қайтыс болғаннан кейін) * "Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін" төсбелгісі * "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл" мерекелік медалі * ІІ, ІІІ дәрежелі "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медальдары * "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдағы ерекшелігі үшін" медалі ## Дереккөздер
Наргиз Байханова (өзбек. Nargiz Baykhanova; 16 қараша 1949(19491116) — 13 сәуір 2017, Ташкент) — КСРО-лық және өзбекстандық әнші, актриса. ## Өмірбаяны 1974-83 жылдары "Ялла" тобының солисткасы болды. Сол жылдары "Ялла" тобының тағы бір мүшесі Фаррух Зәкіровпен отандасты. 1978 жылы "Тойлар мүбарак" деген фильмде ойнады. Бұл оның карьерасындағы жалғыз фильм болатын. 2017 жылы 23 сәуірде ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Кino-teatr.ru сайтында
Алтынжар — Ресейдің Астрахан облысы Володар ауданындағы қазақ ауылы. Алтынжар ауылдық кеңесінің әкімшілік орталығы. ## Тарихы Қазіргі Алтынжар аумағындағы қоныс XIX ғасырдың ортасынан белгілі, 1930 жылдарға дейін Курли деп аталып, қалмақ халқы басым болған. Алтынжар деп аталатын тағы бір елді мекен сол кезде қазіргі ауылдың солтүстігінде болған, бүгінде дербес ауыл мәртебесіне ие және Ескі Алтынжар деп аталады. Алтынжар 1963 жылға дейін «Қызыл қазақ» ұжымшарының орталық мекені болды. Ұжымшарлардың бірігуінің нәтижесінде ауыл жаңа ұжымшардың орталығына айналып, ауылдың оңтүстік-шығыс шетіндегі Албасты төбесінде жерленген қазақ композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының есімімен - «Құрманғазы» аталды. 1960 жылдардың ортасынан бастап ауыл кіші және алыс ауылдардан қоныс аударушылардың есебінен тез дамып, өсе бастады. 1965 жылы бұрын Могойск, Зеленгинск және Красноярск аудандарының құрамында болған Алтынжар ауылдық кеңесі Володарға берілді. 2005 жылдың қазан айында ауылда композитордың мұражайы, 20 адамға арналған қонақүй, зияпат залы, музыкалық мектеп, киіз үйлер көрмесі мен қазақ өмірінің басқа да дәстүрлі элементтері бар ашық ауада Құрманғазы атындағы аймақтық мәдениет орталығы ашылды. Кешен Астрахан облысы мен Қазақстанның үш батыс облыстарының қаражатына салынған және осы республикадан келген туристер арасында танымал. Кешен аумағында көптеген белгілер мен мұражай экспонаттарының сипаттамасы орыс және қазақ тілдерінде жасалған. ### Әйгілі тумалары * Өтежанов Мәжіліс Мұхамеджанұлы (1935‒1998) — ақын, журналист, «Ақ арна» газетінің бірінші редакторы. ## Географиясы Алтынжар Астрахан облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Еділ атырауында және Бушма мен Камардан өзендерінен құралған аралда, Қаражар жайылматармақтың оң жағалауында орналасқан. Абсолюттік биіктік теңіз деңгейінен 25 метр төмен. Көше желісі 18 географиялық нысаналардан тұрады: Құрманғазы қиыл., КСРО 60 жылдығы к-сі, Абай к-сі, Уәлитхан Жұмамұхамбетов к-сі, Гагарин к-сі, Дорожная к-сі, Клубная к-сі, Құрманғазы к-сі, Мәжіліс Өтежанов к-сі, Жаңа к-сі, Новостройная к-сі, Жеңіс к-сі, Серік Ажғалиев к-сі, Советская к-сі, Степная к-сі, Центральная к-сі, Школьная к-сі, Юбилейная к-сі. Климаты Қоңыржай, күрт континенталды, жазда температура жоғары және қыста төмен, жауын-шашынның аздығымен, сондай-ақ жылдық және жаздық ауа температурасының үлкен амплитудасымен сипатталады. ## Тұрғындары ### Ұлттық және гендерлік құрамы 2010 жылғы Бүкілресейлік халық санағы бойынша халық саны 998 адамды құрады (492 ерлер мен 506 әйелдер, тиісінше 49,3 және 50,7 %%). 2002 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша халықтың ұлттық құрылымында 912 тұрғыны бар халықтың 99%-ын қазақтар құрады. ## Ішкі құрылымы Ауылдық кеңес әкімшілігі ғимараты, орта мектеп, фельдшерлік -акушерлік орын, ауылдық кітапхана, балабақша, пошта, бірнеше дүкендер, Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы аймақтық мәдениет орталығы мен оның кесенесі. ## Көлік Ауыл арқылы аймақтық Володарский - Кошеванка тас жолы (сәйкестендіру нөмірі 12 ОП РЗ 12Н 026) өтеді. Астрахан мен Володар ауданының орталығынан оңтүстікке қарай Зеленга ауылына қарай шағын автобустар өтетін «Алтынжар» қоғамдық көлік аялдамасы. Алтынжар аумағында 2 шақырымға жуық жол төселді. ## Сурет * * * * ## Дереккөздер
Егін Ауыл — Ресейдің Астрахан облысы Володар ауданындағы ауыл. Алтынжар ауылдық кеңесінің құрамына кіреді. Халқы 185 адам (2010), олардың 99% қазақтар. ## Географиясы Егин-Ауыл Астрахан облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Еділ өзенінің атырауында және Бушма мен Камардан өзендерінің құрған аралында, Камардан өзеннің сол жағалауында орналасқан. Оң жағалауда — Новинка ауылы орналасқан. Көше желісі екі географиялық нысанадан тұрады: Молодёжная к-сі және Рыбацкая к-сі. Абсолюттік биіктік теңіз деңгейінен 26 метр төмен. Климаты Қоңыржай, күрт континенталды, жазда температура жоғары және қыста төмен, жауын-шашынның аздығымен, сондай-ақ жылдық және жаздық ауа температурасының үлкен амплитудасымен сипатталады. ## Тарихы 2000 жылы 26 мамырда Астрахан облысының Заңымен Ягин Ауыл ауылы Егін Ауыл ауылы болып өзгертілді. 2000 жылдың күзінде Ресей Федерациясының Үкіметі Астрахан облыстық Өкілдік Ассамблеясының Астрахан облысы Володар ауданында орналасқан Ягин Ауыл ауылын Егін Ауыл ауылы деп атау туралы ұсынысын қабылдады (№662 «Географиялық нысаналарға ат қою және Астрахан, Новгород, Орынбор және Псков облыстарындағы географиялық нысаналардың атын өзгерту туралы» 2000 жылдың 6 қыркүйек қаулысы). ## Тұрғындары ### Ұлттық және гендерлік құрамы 2010 жылғы Бүкілресейлік халық санағы бойынша тұрғындардың саны 185 адамды құрады (86 ер адам және 99 әйел, тиісінше 46,5 және 53,5 %%). 2002 жылғы санақтың қорытындысы бойынша Ягин Ауыл ауылының тұрғындарының ұлттық құрылымында 176 тұрғыны бар халықтың 99% қазақтар құрады. ## Ішкі құрылымы Балық аулаушылық, мал шаруашылығы, үй мен ұсақ тауарлы ауыл шаруашылығы. ## Көлік Володар — Кошеванка аймақтық жолынан Камардан ауылына барар жолындағы «Егін Ауыл» қоғамдық көлік аялдамасы (сәйкестендіру нөмірі 12 ОП РЗ 12Н 027). ## Дереккөздер
Юлдуз Урайимохуновна Усманова (өзб. Yulduz Usmonova; 12 желтоқсан 1963(19631212), Марғұлан) — өзбекстандық әнші. "Өзбек эстрадасының Мадоннасы" деген лақап аты бар, композитор, ақын, продюсер. Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан мемлекеттерінің халық әртісі. Репертуарныңда 600-ге жуық ән бар, Өзбек, Орыс, Түрік, Ұйғыр, Татар тілдерінде де ән салған. Күйеуі, бес перзенті бар. 2005 жылы Әндіжандағы қырғыннан соң көтерілісшілерді жазалаған үкіметке сын айтып, соның салдарынан бірнеше жылға Өзбекстаннан шеттетілді. Тек президент ауысқаннан соң ғана елге оралды. ## Дискография * 1992 — Iz kichiklarini kuylaydi * 1993 — Alma-alma (CD-альбом, США, Miramar Records) * 1994 — Alma-alma (CD-альбом, Германия, Blue Flame Records) * 1993 — Jeli-jeli (CD-альбом, Еуропа, Blue Flame Records) * 1995 — Jannona (CD-альбом, Еуропа, Blue Flame Records) * 1995 — I Wish You Were Here (англ.) (CD-сингл, Германия, Jupiter Records) * 1996 — Binafscha (CD-альбом, Германия, Blue Flame Records) * 1997 — Tanlangan albomlar * 1998 — Dard kelganda sabr qil * 1998 — Elimda alyorim qolur * 1999 — Dünya (тур.) (СD-альбом, Еуропа, Double T Music) * 1999 — Yulduz (CD-Promo, Германия, Double T Music, 1999) * 1999 — Karavan * 1999 — Tak-boom (грампластинка, СD-сингл Promo, СD-сингл Cardsleeve, CD Maxi-Single) * 1999 — Oqqan daryo oqaveradi (CD-альбом, Өзбекстан, Uzbeknavo) * 1999 — Hasrat * 1999 — Ey siz odamlar * 1999 — Saralangan qo’shiqlari * 2000 — Sog’intirib yashagim kelar (СD-альбом, Өзбекстан, Tarona Records) * 2000 — The Best Of Yulduz (CD-сборник, Еуропа) * 2001 — Oshiqlik * 2001 — Buncha go’zal bu hayot * 2001 — Tegaman * 2001 — Uchmoqdaman * 2001 — To’plam 1 (CD — сборник) * 2002 — To’plam 2 (CD — сборник) * 2002 — Yoshligim — beboshligim * 2002 — Mega MIX (CD — сборник) * 2003 — О любви (рус.) * 2003 — Mendan meni so’rama * 2004 — Men o’zimni topmasam * 2004 — Hayotim * 2004 — Shodligim ## Фильмография ### Көркем фильмдер * Bolajon — (Балақай) * 1991 — Temir erkak (Темір еркек) — Юлдуз * 1993 — Olovdagi farishta (Алау ішіндегі періште) — песня за кадром * 2000 — Tohir va Zuhra yangi talqinda (Тахир мен Зухра) — камео * 2003 — Muhabbat sinovlari 2 (Махаббат сынақтары) ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Әншінің ресми сайты
Шыңғыс Сембайұлы Есенаманов (10 наурыз 1989 жыл, Қарағанды) — қазақстандық футзалшы, Қазақстан мини-футбол құрамасы мен "Қайрат" клубының шабуылшысы. 2012, 2015 жылдары Қазақстанның үздік футзалшысы атанды. 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * http://afrk.kz/rus/novosti/650 Мұрағатталған 12 қаңтардың 2018 жылы.
Жидебай батыр мазары Қарағанды облысының Шет ауданында, Талды өзені жағасында бой көтерген. Даңқты батыр Жидебай Қожаназарұлы — туған жерін Жоңғар шапқыншылығынан қорғауда есімі алтын әріппен жазылған бабаларымыздың бірі. Әуелде көне мазардың басына қойылған көктаста өмір сүрген кезеңі XVIІ ғасыр деп көрсетілен еді. Бірақ шежірешілердің айтуынша, ол Аңырақай шайқасына 1730 жылы қатысқан, сол кезде жасы он жетіде еді. Сонда Жидебай батыр 1712-1713 жылдары туған болып шығады. Ол туралы ел аузында «Сарыарқадай жер қайда, Жидебайдай ер қайда» деген нақыл сөз қалған. Бұл халық сөзі батырдың қабіртасына қашалып жазылған. Сондай-ақ қабіртаста Қаз дауысты Қазыбек бидің келесі сөзі де келтірілген: Замана өтпес болсашы-ай,Жидекем өлмес болсашы-ай Осы деректер және туған-қайтыс болған жылдары мейлінше дұрыс көрсетілген жаңа қабіртас жаңарту жұмыстары жүргізілгенде, яғни 1993 жылы қойылады. Әлихан Жәңгірұлы жазуынша, сол жылы Ақтоғай ауданында Жидебай батырға үлкен ас берілді. Батыр бабаның басына жаңа кесене салынды. Осы жұмыстарды өткізуде Сейдіғали Сейілханұлы, Төлеуқадыр Тоқтамысұлы, Хайролла Нұрбекұлы мақтана айтарлықтай еңбек етті. Бұл жаңа кесененің қабырғасы ақ кірпіштен дөңгелене қаланып күмбезге жалғасады. Күмбездің басына темірден жарты ай белгісі орнатылған. Кесененің кіре берісінде екі шағын мұнара және қара тастан жасалған екі тақтатас бар. Тақтатастың біреуінде: «Жидебай Қожаназарұлы Әлтеке Дос батырдың немересі, әруақты батыр, әрі би, әрі шешен, айсыз қараңғы түнде де барар жерін дәл табатын жершілдік қасиеті болған»; екіншісінде: «Жидебай батыр Елінің тұтастығын ойлаған кемеңгер тарихи тұлға. Қазақтың асқақ тұлғалы ханы Абылай ханның сенімді серігі, пікірлес досы. Беделді де белді батыры болып, арнайы жасағын басқарған» деп жазылған. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Қазақстанның киелі жерлері, Жидебай батыр мазары YouTube сайтында * Жидебай батыр: жалған мен шындық Тарихи порталда
Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан 28349 әскери бөлімінің оқ-дәрі қоймасындағы өрт 2021 жылғы 26 тамызда орын алды. Өрт және одан кейінгі жарылыстар салдарынан 17 адам қаза тапты, 98 адам зардап шекті, 1 адам хабар-ошарсыз кетті. Оқиға бойынша жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. 2021 жылы 10 қазан күні Жамбыл облысында тағы да жарылыс болды. Қорғаныс министрлігінің хабары бойынша, 2021 жылдың 10 қазанында сағат 7.20 шамасында Жамбыл облысының Сарыкемер ауылындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында бұрын зақымданған жарылғыш заттар өртенді. "Жарылыс салдарынан оқ-дәрілердің қалдықтары мен бөлшектері жан-жаққа ұшпаған. Бұл жұмыстан тыс уақытта болды. Жақын жерде адамдар болмаған. Ғимараттар мен құрылыстар зақымдалмаған. Аудандағы ахуал тұрақты", - делінген хабарламада. Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы уақытта да бұндай жағдайлар болуы мүмкін. Қазіргі уақытта биыл 26 тамызда өртенген қойманың техникалық аумағын жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. ## Хронология Сағат 19:00 шамасында әскери бөлімде қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Өрт салдарынан белгіленбеген заттарды жару басталды. Барлығы кемінде 10 жарылыс болды. Дабыл белгісі бойынша облыстың ПД барлық жеке құрамы 300 адам және 5513 әскери бөлімінің жеке құрамы 520 адам болып көтерілді. 19:15-те жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарын эвакуациялау басталды. Жамбыл облысындағы әскери базада инженерлік оқ-дәрілер сақталған. Олардың бір бөлігі екі жыл бұрын Арыс қаласында болған жарылыстан кейін шығарылған. ## Қаза болғандар Сержант Марат Мешінбай (1981 ж.т.) мен ефрейтор Руслан Жанболатов (1981 ж.т.) өрттің алғашқы минуттарынан бастап әскери бөлімнің өрт сөндіру командасының құрамында болды. Жарылыстардың жанында олар ауыр жарақаттар алып, көз жұмды. Әскерилендірілген күзет қызметкері Оразбек Далибаев (1969 ж.т.) қойманы күзету бойынша қарауыл бастығының көмекшісі қызметін атқарды және өз міндеттерін атқара отырып, оқ-дәрілердің жарылуынан қаза тапты. Қаза тапқан төртінші адам — оңтүстік өңірдің әскери прокуроры Арман Қапезов. Өрт сөндіру командасының бастығы келісім-шарт қызметінің старшинасы Надирбеков еркін Ерикбаевич (1992 ж.т.) инженерлік оқ-дәрілер қоймасындағы өртті сөндіру бойынша жұмысты тікелей басқарды. Жарылыс болған соң оқиға орнында көз жұмды. Ол 27 тамыз күні таңертең орналасқан жері туралы ақпарат болмаған әскери қызметшілер арасында болды. Барлығы 98 адам зардап шекті, оның ішінде 49 ТЖ департаментінің қызметкерлері. 6 адам ауыр жарақат алды. 7 қыркүйекте зардап шеккендердің бірі қайтыс болды. 11 қыркүйекте ауруханада жарылыс салдарынан зардап шеккен өрт сөндіруші қайтыс болды. Қаза тапқандар саны он жеті адамға жетті. Оның ішінде 10 азаматтық қорғау органдарының қызметкері, Қорғаныс министрлігінің 6 әскери қызметкері және бір әскери прокурор. Жоғалған тағы бір адам іздестірілуде. ## Салдары Қорғаныс министрі отставкаға кету туралы өтініш берді. "Жарылыстардан кейінгі алғашқы минуттарда мен отставкаға кетуге шешім қабылдадым. Бірақ соңғы шешімді президент қабылдайды", - деді Ермекбаев. 2021 жылғы 29 тамызда ел Президентінің Жарлығымен Қазақстанда ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Қазақстан президенті қайтыс болғаннан кейін өртті жою кезінде қаза тапқан құтқарушыларды орденмен марапаттады. Елдегі ең жоғары атақ — "Халық Қаһарманы" Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары полковник Мейіржан Аймановқа берілді. ## Тергеу Өрт пен жарылыстың себептерін құрылған жедел-тергеу тобы анықтайды. ## Дереккөздер
Володар ауданы (орыс. Володарский район) — Ресейдің Астрахан облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бірлік (аудан) және муниципалды құрылым (муниципалды аудан). Әкімшілік орталығы — Володар ауылы. ## Географиясы Володар ауданы Астрахан облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Ауданның жалпы ауданы — 3883 км². Еділ атырауының өзендері, жайылматармақтары, арналары аумақты көптеген үлкенді-кішілі аралдар мен аралшықтарға бөледі. Географиялық тұрғыдан алғанда аудан Астрахан облысының Красноярск, Приволжск, Қамысөзек аудандарымен, Қазақстан Республикасымен шектеседі, оңтүстіктен Каспий теңізімен ұласады. Аумағы — тармақтар және арналармен кесілген, 8 паромдық өткелмен қосылған және 366 аралда орналасқан тегіс жазықты құрайды. ## Тарихы 1928 жылы Төменгі Еділ өлкесі Астрахан округінің құрамында Зеленгинск мен Марфин аудандары құрылды. 1930 жылы 30 шілдеде КСРО басқа округтары сияқты Астрахан округі жойылды. Оның аудандары Төменгі Еділ өлкесінің тікелей бағынысына берілді. 1931 жылы Марфин және Зеленгинск аудандары біріктіріліп, орталығы Володар ауылында болған бір ірілендірілген Володар ауданы айналды. 1934 жылдың 10 қаңтарынан бастап Володар ауданы Сталинград өлкесінің, 1936 жылдың 5 желтоқсанынан бастап — Сталинград облысының құрамында болды. 1937 жылы 16 шілдеде Астрахан округі Сталинград облысы құрамында қайта құрылып, оның құрамына Володар ауданы кірді. 1943 жылы 27 желтоқсанда Володар ауданы жаңадан құрылған Астрахан облысының құрамына енді. 1944 жылдың маусымында округтің аумағы қайтадан екі ауданға — Марфин және Зеленгинск болып бөлінді. 1963 жылы Марфин және Зеленгинск аудандары таратылды, ал 1965 жылы 12 қаңтарда РКФСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығына сәйкес Володар ауданы бұрынғы Марфин және Зеленгинск аудандарының шекарасында қалпына келтірілді. ## Тұрғындары Ұлттық құрамы 2010 жылғы Бүкілресейлік халық санағы бойынша: ## Әкімшілік бөлінісі Володар ауданы әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде 21 ауылдық кеңесті қамтиды. Володар ауданы муниципалды аудан мәртебесі бар муниципалды құрылым ретінде ауылдық қоныс мәртебесі бар 21 муниципалды құрылымды қамтиды: 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап Астрахан облысының 2004 жылғы 6 тамыздағы № 43/2004-ОЗ Заңына сәйкес ауданда 21 муниципалитет құрылды: 1 қалалық елді мекен (Володар ауылы) және 20 ауылдық қоныс. Астрахан облысының 2006 жылғы 26 маусымдағы № 28/2006-ОЗ Заңына сәйкес, Володар ауылы ауылдық елді мекенге жатқызылды, «Володар ауылы» муниципалды құрылымына ауылдық қоныс мәртебесі берілді. ### Елді мекендер Володар ауданында 74 елді мекен бар. ## Экономикасы 01.12.2006 ж. Володар ауданы аумағында әр түрлі меншік нысанындағы 60-тан астам ірі және орта кәсіпорындар, 607 кәсіпкерлер болды. Ауданда балық аулау мен балық өңдеу, көкөніс өсіру, тоған шаруашылығы, мал шаруашылығы дамыған, туризм сияқты қызмет көрсету саласы белсенді түрде дамып келеді. Меншікті өндірістің, орындалған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі (балық аулауды қосқанда), 2008 жылы 1010,519 млн рубль оның ішінде: өндіріс 737,254. ## Көрікті жерлері Аудан аумағында лотос алқаптары, Құрманғазы кесенесі, Астрахан мемлекеттік қорығының Обжоровский телімі, 10 табиғи ескерткіш, оның ішінде: 3 - уылдырық шашатын жер, 7 ботаникалық ескерткіштер бар. ## Әйгілі тумалары және аудан тұрғындары * Айталы Амангелді Әбдірахманұлы (1939 туғ.) — қоғам қайраткері, профессор, философия ғылымдарының докторы. * Бердіғалиева Роза Аманғалиқызы (1945—2015) — Қазақстан кітапханалар қауымдастығының президенті. * Дәкенов Заһир Мүдәрісұлы (1962—1995) — ақын әрі жазушы. * Ермұратов Хайдар Дисемәлиұлы (1893—1976) — жазушы, саясаткер, Астрахан облысында Кеңес өкіметін орнатуға қатысушы, аймақтағы бірнеше қазақ ауылындағы алғашқы мектептердің негізін қалаушы. * Кашин Николай Васильевич (1924 — 1996) — Даңқ орденінің үш дәрежесінің иегері * Күлтелеев Тайыр Молдағалиұлы (1911—1953) — қазақтан шыққан тұңғыш ғалым-заңгер. * Қамалетдинов Сұлтан Бүркітбайұлы (1965 туғ.) — Қазақстан әскери қолбасшысы, генерал-лейтенант. * Құрманғазы Сағырбайұлы (1818—1889) — халық музыканты, композитор, домбырашы, күйлердің авторы. * Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы (1937 туғ.) — кеңестік және қазақстандық химик. * Сарай Әнес Төлендіұлы (1937-2021) — қазақ жазушысы, драматург, журналист. * Сызранов Дмитрий Михайлович (1900—1974) — Кеңес әскери қолбасшысы, генерал-майор. Кудрино ауылында туған. * Өтежанов Мәжіліс Мұхамеджанұлы (1935—1998) — ақын, журналист, тіл белсендісі, «Ақ арна» газетінің бірінші редакторы. ## Дереккөздер
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрама командасы — УЕФА и ФИФА ұйымдастыруымен өтетін футзалдан жарыстарға Қазақстан атынан қатысатын ұлттық құрама команда. 2002 жылға дейін АФК-да өнер көрсетсе, одан бері қарай УЕФА сапында өнер көрсетеді. Еуропа чемпионаттарында бес рет ойнаған. ФИФА әлем рейтингісінде Қазақстан құрмасы 2021 жылдың 25 қыркүйегіне сәйкес 3-ші орынмен әлемнің үздік үштігіне кіреді. 2023 жылғы 19 сәуір күні жаңартылған рейтинг бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА рейтингісінде 50 елдің ішінде 4-орын (2344,395 ұпай). УЕФА клубтық рейтингі еурокубоктардағы барлық еуропалық клубтардың нәтижелері негізінде жасалады. Қауымдастықтың клубтық рейтингін немесе елдің рейтингін есептеу кезінде оның барлық клубтарының нәтижелері ескеріледі. Ол келесі маусымға арналған еурокубоктардағы қауымдастық өкілдерінің санын анықтау үшін қолданылады. УЕФА-ның футзалдан ерлер құрамасының коэффициенттері Эло алгоритмі бойынша барлық іріктеу матчтары мен финалдық кезеңдердегі бірінші ерлер құрамасының нәтижелері негізінде есептеледі. Коэффициенттер УЕФА турнирлерін жеребе тастау кезінде ұлттық құрамалардың топқа бөлуін анықтау үшін қолданылады. Командаларға берілетін немесе жазаланатын ұпайлар саны бір-бірімен ойнайтын екі команда арасындағы салыстырмалы күштің функциясы болып саналады. Жүйе 2020 жылғы Әлем чемпионатына еуропалық іріктеу турнирінің басынан бастап енгізілді. Ресми турнирлердегі ересектер құрамасының барлық матчтары (футзалдан еуро және футзалдан Әлем чемпионаты, іріктеу және финалдық турнирлер) есептеледі. Жолдастық матчтар есепке алынбайды. Рейтинг кестесіне кіру үшін команда коэффициенттерге әсер ететін кем дегенде екі матч ойнауы керек және алдыңғы 36 айда белсенділікті көрсетуі керек. Жаңа команда рейтинг кестесіне енген кезде, оған сол кезде кестені жабатын команданың коэффициенті беріледі. ## Тарихы ### Қазақстан футзалы 1993 жылы Алматылық «Мерей» футзалдан әйелдер арасындағы І Ұлтаралық Кубоктың жеңімпазы атанды. Сол жылы Алматылық «Мерей» футзалдан әйелдер арасындағы І Ресей ашық чемпионатында жеңіске жетті. 1994 жылы Қазақстан ФИФА мен АФК қауымдастықтарына толық құқылы мүшесі ретінде қабылданды. 1996 жылы футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Иран астанасы Тегеранда III Әлем чемпионатының іріктеу турниріне қатысып, ФИФА аясында алғашқы ресми турнирін өткізді. 1999 жылы футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Азия футбол конфедерациясының ресми турниріне алғаш рет қатысты. Олар Малайзия астанасы өткен І Азия чемпионатында сынға түсіп, қола жүлде жеңіп алды. 2000 жылы футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Таиланд астанасы Бангкокте өткен Азия чемпионатына күміс жүлдені жеңіп алды. Бұл жетістік арқылы Қазақстан құрамасы футзалдан IV Әлем Чемпионатына жолдама алды. Спорттың бұл түрінен Қазақстан тұңғыш рет финалдық кезеңге өтті. 2001 жылы футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Иранның астанасы Тегеранда өткен III Азия чемпионатына қатысты. Топтық кезеңде қарыластардан озып шыққан команда ширекфиналда Жапония құрамасынан ұтылады. 2002 жылы Алматылық «Әліби» мини-футбол клубы футзалдан УЕФА Кубогына қатысты. Қазақстандық клубтың топтық кезеңдегі қарсыластары «Зрински Карака» (Босния және Герцеговина), «Клирекс» (Польша) және «Антена 3 Бумеранг» (Испания) атанды. Топтық кезеңдегі барлық матч Босния және Герцеговинада өтті. Қазақстандық футболшылар алаң иелерінен 1:3, испаниялықтардан 1:11 есебімен жеңілді. Ал, польшалық клубпен 4:4 есебімен тең ойнады. 2006 жылы футзалдан Қазақстан чемпионы «Қайрат» (Алматы) халықаралық деңгейдегі ірі табысқа қол жеткізді. Олар 2005/2006 жылғы УЕФА Кубогының жартылай финалына шықты. 2008 жылы футзалдан Қазақстан жастар құрамасы Венгрияда өткен 2008 жылғы Еуропа Чемпионатына іріктеу турнирін ұтты. Бас бапкердің қызметін атқарушы Әміржан Мұқанов бастаған құрама Венгрия, Беларусь және Латвияны ұтып, финалдық турнирге жолдама алды. 2011 жылғы 29 сәуір—1 мамыр аралығында Қазақстанда тұңғыш рет футзалдан УЕФА Кубогының төртеудің финалы өткізілді. Жарыс Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Нәтижесінде алматылық «Қайрат» кола жүлдеге ие болды. 2013 жылы футзалдан алматылық «Қайрат» тұңғыш рет УЕФА Кубогының чемпионы атанды. 2014 жылы футзалдан алматылық «Қайрат» еліміздің тарихында тұңғыш рет Әлем Суперкубогының иегері атанды. 2015 жылы футзалдан алматылық «Қайрат» екінші рет УЕФА Кубогының жеңімпазы атанады. Финалдық ойында Какау командасы атақты «Барселонаны» ұтты. ### Футзалдан 2016 жылғы Еуропа чемпионаты 2016 жылы футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіндегі алғашқы ойынын Ресей құрамасымен өткізді. Ромуло соққан екі голдан кейін Ресей құрамасы алға шықты. Бір минут өткеннен кейін Игита пасын қақпаға бағыттаған Серік Жаманқұлов есеп айырмасын қысқартты. Бұл Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатының тарихында соғылған алғашқы голы болды. Есеп 2:1. Еуропа чемпионатында екінші ойынын Хорватия құрамасымен өтті. Қазақстан құрамасы 6-минутта есеп ашты. Павел Такудың соққысынан кейін қақпа бағанасынан қайтқан допты Дуглас гол соқты. Алайда бір минуттан соң Хорватия ойыншылары қарымта қайтарды. Дегенмен, Дінмұxамбет Сүлейменов 15 секундтан кейін есепті еселеді. Одан кейін Серік Жаманқұлов екі гол соқты, ал Хорватия ойыншылары есеп айырмасын қысқарта алды. Қорытынды есеп - 4:2. Қазақстан құрамасы тариxи жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне шықты. Қазақстан құрамасы топтан екінші орынмен шығып, ширек финалда Еуропа чемпионы Италия құрамасымен кездесті. Ойынның 16-минутында команда капитаны Дінмұхамбет Сүлейменовтің бұрыштама добынан берген пасынан кейін Лео қақпаға дәл соққы бағыттап, есеп ашты. Үш минуттан кейін Леоның пасын ұтымды пайдаланған Серік Жаманқұлов есепті 2:0-ге жеткізді. Ойынның алғашқы бөлігі осы есеппен аяқталды. Екінші таймда Фортина есеп айырмасын қысқартқанымен, Шыңғыс Есенаманов гол салып, есепті ұлғайтты. Италия құрамасы алаңда бесінші ойыншы шығарып, тағы бір гол соқты. Голдың авторы - Мауро Каналь. Алайда, әрі қарай тек қазақстандық футболшылар мергендік танытты. Алдымен Дәурен Нұрғожин Шыңғыс Есенамановтың пасын тиімді пайдаланса, соңғы секундта Лео бос тұрған қақпаны дәл көздеп, кездесу нәтижесін түйіндеді. Қорытынды есеп - 5:2. Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа Чемпионатының жартылай финалында Испания құрамасымен кездесті. Өкінішке қарай, бас бапкер негізгі құрамның екі ойыншысының көмегіне жүгіне алмады. Қақпашы Игита ескерту алуына байланысты жартылай финалға қатыса алмаса, Шыңғыс Есенаманов жарақатына байланысты алаңға шыға алмады. Дугластың пасын Александр Довгань голға айналдырды. Бірінші таймның соңына дейін Испания ойыншылары қарсыластарының қателіктерін пайдаланып, 3:1 есебімен алға шықты. Ойынның екінші жартысы Қазақстан ойыншылары сәтсіз басталды. Үлкен күшпен шабуылға ұмтылған ойыншылар бос қақпаға гол соқтырып алды. Дегенмен, қазақстандықтар есеп айырмасын бір голға дейін қысқартты. Алдымен, Михаил Першин пасын Лео ұтымды пайдаланса, кейін Дугластың соққысынан кейін Серік Жаманқұлов допты қақпаға дарытты. Алайда, соңғы голды Испания футболшылары соқты. Рауль Кампос соңғы минутта ойындағы екінші голын салды. ### Футзалдан 2016 жылғы әлем чемпионаты Колумбияда басталған футзалдан 2016 жылғы Әлем Чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын Аргентинамен өткізіп, 0:1 есебімен есе жіберді. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз голды бірінші таймның аяқталуына 38 секунд қалғанда Аламиро Вапораки соқты. Футзалдан Колумбияда өтіп жатқан Әлем Чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші ойынын Коста-Рика құрамасымен өткізіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл Қазақстан құрамасының Әлем Чемпионаты тарихындағы алғашқы жеңісі. Қазақстан құрамасы Әлем Чемпионатында өз тобындағы соңғы ойында Соломон аралдарын 10:0 есебімен ұтып, алғша рет плей-офф кезеңіне жолдама алды. ### Футзалдан 2021 жылғы Әлем чемпионаты 2020 жылы Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Румыния (1:3), Словения (4:3) және Чехия (5:2) командаларымен элиталық раундта ойнап, 2020 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне Литваға жолдама алды. 2021 жылы Литвада өткен әлем чемпионатында төртінші орын алып, тарихтағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Рикардо Кака бастаған құрама топтық кезеңде Коста-Рика (6:1), Литва (3:0) және Венесуэламен (1:1) кездесті. ⅛ финалда команда Таиланд құрамасын ойсырата жеңді (7:0), ал ширек финалда қазақстандықтар драмаға толы кездесуде Иранды (3:2) ұтты. Қазақстан құрамасы әлемнің үздік төрт командасының қатарына кіріп, мундиалдың финалына шығуға бір қадам қалғанда пенальти сериясында болашақ әлем чемпионы Португалияға жол берді. Қола медаль үшін болған ойында Қазақстан құрамасы Бразилия құрамасынан 2:4 есебімен ұтылды. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының көшбасшысы Дуглас Жуниор мундиалдың қола добын иеленді, ал ұлттық құрама шабуылшысы Тайнан 6 гол соғып, турнирдің үшінші бомбардирі атанды. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы әділ ойыны үшін ФИФА-ның «Fair Play» арнайы сыйлығымен марапатталды. ### Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты 2022 жылы Қазақстан құрамасы Нидерландыда өткен Еуропа-2022 чемпионатына қатысты. Рикардо Каканың шәкірттері топтық кезеңде Словенияға (4:4), Финляндияға (6:2) және Италияға (4:1) қарсы ойнады. Бірақ ширек финалда Қазақстан құрамасы Украина командасынан (3:5) жеңілді. Еуро-2022 қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының шабуылшысы Біржан Оразов 5 матчта 7 гол көрсеткішімен турнирдің үздік бомбардирі атанды. ### Футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионаты 2024 жылы Футзалдан әлем чемпионаты оныншы рет өтеді. Әлем чемпионатын Өзбекстан қабылдайды, ал турнир 2024 жылғы 14 қыркүйектен 6 қазан аралығында Ташкент, Бұхара және Андижан қалаларында өтеді. Чемпионаттың жеребесі 2024 жылғы 26 мамыр күні Самарқанд қаласында өтті. Жеребе қорытындысы бойынша төрт командадан тұратын алты топ жасақталды. Барлығы 24 елдің құрама командалары қатысады. Негізгі іріктеу кезеңі 2022 жылдың шілдесінде Швейцарияның Ньон қаласында 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің негізгі кезеінің жеребесі тартылды. Жеребе нәтижесінде Қазақстан құрамасы бесінші топқа түсіп, Словения және Черногория құрамаларымен ойнайтын болды. Негізгі іріктеу кезеңі 12 топтан тұрады. Әр топтың жеңімпаздары мен екінші орын алған үздік 4 команда тікелей элиталық кезеңге шығады. Ал екінші орын иеленген қалған 8 команда өтпелі ойындар арқылы тағы 4 жолдаманы сарапқа салады. Черногориямен болатын ойынның алдында жарақат алып қалған Дәурен Нұрғожиннің орнына Ринат Төреғазин шақыру алды. Сонымен қатар бас бапкер Ақтөбе футзал командасының ойыншысы Батырхан Кенжеғалиді де құрама сапына шақырды. Команда капитаны Лео Игита ойыналды жаттығуда арқа жарақатын алғандықтан оның орнына Нарун Серіков құрамаға шақырту алды. Қазақстан құрамасы негізгі іріктеу кезеңінің соңғы ойынында Словениямен тең түсті. Осы нәтижемен топтан бірінші орыннан келесі айналымға өтті. Қазақстан - 10 ұпай. Элиталық кезең Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Әлем чемпионатына іріктеуде элиталық кезеңге өтіп, А тобында Нидерланд, Әзербайжан, Румыния құрамаларымен сайысқа түседі. Элиталық іріктеу кезеңінің ойындары 2023 жылдың қыркүйек айында басталып, желтоқсанға дейін жалғасады. Бес топтың жеңімпазы 2024 жылғы Әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Екінші орын алған 4 команда плей-офф кезеңінде бақ сынасады. Олардың жеребесі 2024 жылдың 25 қаңтарында өтеді. Жеребе қорытындысында финалдық кезеңге жолдама алатын екі құрама 8-17 сәуір аранығында өтетін ойындарда анықталады. Әлем чемпионатының финалдық кезеңі 2024 жылғы 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбестанның Ташкент қаласында өтеді. 2023 жылғы 15 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Нидерланд құрамасымен сырт алаңда кездесті. 20 қыркүйек күні Румыния құрамасымен Алматыда ойнап, 4:3 есебімен жеңіске жетті. 2023 жылғы 6 қазанда Қазақстан ұлттық құрамасы Бакуде Әзербайжан құрамасымен кездесті. Кездесуде Қазақстан 2:4 есебімен жеңіске жетті. Әзербайжанмен ойынға құраманың негізгі ойыншыларынан басқа қақпашы Қанат Жеткірбаев («Ақтөбе»), Ақжол Дәрібай («Семей»), Олжас Тайбасаров («Астана»), Лео («Жоинвиль», Бразилия) шықырылды. 11 қазан коні Қазақстан құрамасы Астанада Әзербайжан құрамасымен қарымта ойын өткізді. Ойын Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтті. Әзербайжандық команда матчта Амадеу соққан голдың арқасында есеп ашты. Төрт минуттан кейін Галло есепті еселеді. 13-минутта Қазақстан құрамасы Леоның соққысымен айырманы қысқартты, ал таймның соңына қарай Біржан Оразов таразы басын теңестірді. Екінші таймның басында Дуглас Қазақстан құрамасын алға шығарды. Осы матчта Лео және Біржан Оразов ұлттық құрама сапында өздерінің 50-нші ойындарын өткізді. Ал Дуглас Жуниор ұлттық құрамадағы өзінің 60-шы олын соқты. ## Қазақстан құрамасының топтық ойын кестесі ## Құрамы ### Футзалдан Әлем чемпионатына іріктеу кезінде бекітілген құрама (2022-2024) Рикардо Кака 2022-2023 маусымын аяқтаған соң Қайрат футзал командасының бас бапкері қызметінен кету туралы және барлық уақытын Ұлттық құрамаға арнайтынын хабарлады. 2023 жылдың шілде айында бас бапкермен жаңа келісім-шарт жасалды. Келісімшарт мерзімі 2024 жылдың соңына дейін деп бекітілді. Рикардо Кака ұлттық құраманы 2018 жылдан бастап жаттықтырады. Бапкерлер штабы: * Пауло Рикардо Фигейро Силва (Кака) — Бас бапкер * Дәурен Нұрғожин — Бас бапкердің көмекшісі * Григорий Шамро — Қақпашылардың жаттырықтырушы * Тьяго Дуарте Вийера — Физиотерапевт * Вендел Луиз – физикалық дайындық бойынша бапкер * Ахматхон Искандаров – доктор * Ойбек Пулатов – массажист * Куаныш Избасаров – менеджер * Рахат Акимкул – администратор ## Нәтижелері ### Əлем чемпионаты ### Еуропа чемпионаты ### Азия кубогы ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ұлттық командалардың барлық матчтар нәтижелері Мұрағатталған 16 қарашаның 2016 жылы.
Алтынжар ауылдық кеңесі (орыс. Алтынжарский сельсовет) — Ресей Федерациясы, Астрахан облысы, Володар ауданы құрамындағы муниципалды құрылым. Әкімшілік орталығы — Алтынжар ауылы. ## Географиялық орны Ауылдық кеңестің шекарасы Новин ауылдық кеңесінің шекарасы бойындағы Прорва жайылматармақтан басталып, оңтүстік-шығыс бағытта ұзындығы 1100 м болатын құрғақ сай-саламен Астрахан-Зеленга тас жолына дейін, ұзындығы 1000 м болатын Северный телімінің солтүстік жағын бойлай, содан кейін ұзындығы 280 метр болатын Северный телімінің шығыс жағындағы су тосқауыл үймегін бойлай, одан әрі солтүстік-шығысқа қарай құрғақ сай-саламен 1630 метр және Камардан өзеніне дейін барады. ## Тарихы 1922 жылы Алтынжар ауылдық кеңесі Астрахан уезінің Әбубәкір болысының құрамында есептік деректерінде аталды. 1925 жылы шілдеде ауылдық кеңес Могой ауданының құрамына кірді, 1926 жылы Зеленгинск ауданына берілді, 1931 жылы Володар ауданының аумағына кірді, 1944 жылы Зеленгинск ауданына оралды, 1963 жылы Красноярск ауданына қосылды, ақыры 1965 жылы Алтынжар ауылдық кеңесі Володар ауданына берілді. ## Тұрғындары ## Құрамы Қонысқа келесі елді мекендер кіреді: ## Қожалық Муниципалды құрылымның жалпы ауданы 7188 га, оның ішінде ауыл шаруашылығы жерлері — 6366 га, жайылымдар — 2182 га, шабындық жерлер — 2939 га. Топырақ жамылғысының құрылымында құба жартылай шөлді топырақтар және олардың жартылай шөлді сортаңдануы бар кешендері басым. Ауылдық кеңесте өсімдік шаруашылығы, балық аулау, мал шаруашылығы дамығын (2011 жылы ірі қара саны 2250 бас болды, 2006 жылы «Володарский» сүт зауытына 163,3 тонна сүт жеткізілді — бұл облыстың муниципалды құрылымдары арасында халықтан сүт жинау бойынша облыстық байқауда екінші орын, 2009 жылы 60,033 т, 2010 жылы — 41,696 т, 2011 жылы — 16,619 т сүт). Халық ет және сүт өнімдерімен, жүнмен қамтамасыз етілген. Ірі қарадан басқа шаруашылықтарда жылқы, ешкі, қой, тауық бар. Барлық үй шаруашылықтары мен мекемелер газдандырылған. 2006 жылы Алтынжар ауылы Астрахан облысындағы ең жайлы қонысқа ұсынылды, онда ол үшінші орынға ие болды. 12 дүкен жұмыс істейді. Алтынжар ауылындағы әлеуметтік сала нысаналарынан: ауылдық кеңес әкімшілігінің ғимараты, орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, ауылдық кітапхана, балабақша, пошта бөлімшесі, Құрманғазы Сағырбаев атындағы аймақтық мәдениет орталығы мәдениетінің облыстық мемлекеттік мекемесі, Құрманғазы Сағырбаев кесенесі. Астрахан қаласы ұзындығы 60 шақырым болатын Камардан-Алтынжар-Володар-Астрахан жолымен жалғасады. Ауыл ішінде 2 шақырымға жуық асфальт төселген. ## Дереккөздер
Футзалдан Қазақстан чемпионаты (бұрын Мини-футбол деп аталатын) - қазақстандық футзал кулубтары арасында өткізілетін негізгі футзал біріншілігі. Чемпионат ресми түрде 1998 жылдан бері өткізіліп келеді. 2022-2023 жылғы маусымда чемпионатқа 10 клуб қатысса, 2023 жылы 11 команда болды. 2022 жылы Шымкент «Ордабасы» футзал клубы қосылды, ал 2023-2024 жылғы маусымда жаңадан құрылған Семей футзал командасы қосылды. Алғашқы маусымнан бастап қатысып келете жатқан бірнеше клуб бар. Олар алматылық «Қайрат» футзал клубы мен Рудный қаласынан «Аят» футзал клубы. Ежелгі клубтардың бірі қарағандылық «Тұлпар» футзал клубы қаржы мәселесіне байланысты 2016 жылы таратылды. 2023 жылы Қарағанды атынан команда қосылады деген ақпарат болды. Олардың арасында Тұлпар, Шахтер және Биосфера аталды. Алайда, 2023 жылдың қыркүйегінде Чемпионат 11 командамен өтетіндігі хабарланды. ## Тарихы ### Клубтар бойынша ### Маусымдар ## Чемпионаттың үздік ойыншылары * 2002 — Александр Бондарев («Жігіттер») * 2003 — Александр Бондарев («Жігіттер») * 2005/06 — Какау («Қайрат») * 2006/07 — Какау («Қайрат») * 2007/08 — Рафаэл («Қайрат») * 2008/09 — Динмухамбет Сулейменов («Актөбрентген») * 2009/10 — Келсон («Қайрат») * 2010/11 — Дінмұхамбет Сұлейменов («Қайрат») * 2011/12 — Шыңғыз Есенаманов («Тұлпар») * 2012/13 — Дінмұхамбет Сүлейменов («Қайрат») * 2013/14 — Нунес Жоан Дос Сантос («Қайрат») * 2014/15 — Шыңғыс Есенаманов («Тұлпар») * 2015/16 — Алешандре Диваней Менино («Қайрат») * 2016/17 — Серік Жаманқұлов («Қайрат») * 2017/18 — Дуглас Жуниор («Қайрат») * 2018/19 — Қайрат Иманалин («Ақтөбе») * 2020/21 — Дәурен Тұрсагұлов («Қайрат») * 2021/22 — * 2022/23 — * 2023/24 — * 2024/25 — ## Дереккөздер