text
stringlengths
3
252k
Елена Андреевна Рыбакина (1999 жылы 17 маусымда туған, Мәскеу, Ресей) — қазақстандық кәсіпқой теннисші. Бес жасынан бастап тенниспен айналысқан. 2022 жылы Елена Уимблдондонда жеңіске жетіп, Үлкен дулыға турнирлерінің бірін бағындыра алған алғашқы қазақстандық теннисші болды. ## Мансабы 2013 жылы қараша айында Всеволожскіде өткен жасөспірімдер тунниріне қатысты. Квалификациядан өтті де, бірінші айналымда Вера Лапкоға есе жііберді. 2014 жылдың наурызында ол Альметьевскідегі турнирде жеңімпаз болды; мамырда ол Түркияда жасөспірімдер арасындағы екі турнирде тұсаукере кездесулерін өткізді (Enka ITF Junior Cup, Nazmi Bari Cup 2014), ал маусым айында Мәскеуде өткен Озеров кубогында ол финалда Блинковадан ғана ұтылды - 1:6, 2:6. Қараша айында Новокузнецк қаласында өткен Siberian Open турнирінде ол жекелей жеңімпаз және жұптық финалист болды. 2015 жылы Озеров кубогында Рыбакина алтын алқадан дубль жасап, жекелей де, жұптық та сында жеңіске жетті. Сол жылдың қыркүйегінде ол Grand Slam турнирінде дебют жасады; жекелей сында екі жеңіске жетті, үшінші кездесуде венгриялық Фанни Соллардан ұтылды. 2016 жылдың ақпанында ол Қазанда Ельцин кубогында, наурызда - Хорватияда өткен турнирде, қыркүйекте Канаданың жасөспірімдер арасындағы ашық чемпионатында жұптық ойындарда жеңімпаз атанды. 2018 жылдан бастап Қазақстан атынан сынға түсіп жүр. 2019 жылдың шілдесінде Рыбакина теннистен Бухарест ашық чемпионатына қатысты, онда ол WTA бойынша бірінші титулын жеңіп алды. Финалда румындық Патрисия Мария Цигпен кездесті, турнирдің қожайыны матчта тек екі ойынға қатыса алды. Қорытынды есеп 6:2, 6:0. Елена бүкіл турнирде бірде-бір ұтылған жоқ. АҚШ ашық чемпионатында бірінші айналымда чехиялық Каролина Муховадан екі сетте ұтылды. 2020 жылдың күнтізбесінің басында Елена Рыбакина Шэньчжэньдегі турнирде ресейлік Екатерина Александровадан екі сетте жеңілді. 2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, төртінші орын алды, жүлдеге іліне алмады. 2022 жылы әйелдер арасындағы Уимблдон жарысының жеңімпазы атанды. Финалда ол үш сетте әлемнің екінші ракеткасы Онс Жаберді жеңді. 2023 жылдың көктемінде WTA 1000 өткізген екі сайыста жеңіске жетіп, әлемдік рейтингте 4-орынға көтерілді. Маусым айында Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің 3-ші ракеткасы атанды. 2024 жылдың ақпанында ол WTA 500 аясында Абу-Даби турнирінің финалында ресейлік Дарья Касаткинаны жеңді. ## WTA рейтингісінде ## WTA Турында тапқан ақшасы ## Турнирлерге қатысу тарихы ### Жұптық ## Дереккөздер
Эльмира Әнуарбекқызы Сыздықова (5 ақпан 1992 жыл, Солтүстік Қазақстан облысы) — қазақстандық еркін күрес шебері, 2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. 69 келі салмақта сынға түседі. ## Өмірбаяны. 1992 жылы 5 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2008 жылы 16 жасында кадеттер арасында Азия чемпионы атанды. Бір жылдан соң осы турнирде күміс жүлдені иемденді. 2012 жылы жастар арасындағы Азия чемпионатында топ жарды. ## Жетістіктері ### Ұлттық * Қазақстан чемпионы: 2018 ### Халықаралық * Қола жүлдегер: Рио-2016 * Азия чемпионы: 2021 * Азия чемпионатының күміс жүлдегері: 2015, 2016 ## Дереккөздер
Эльмира Әнуарбекқызы Сыздықова (5 ақпан 1992 жыл, Солтүстік Қазақстан облысы) — қазақстандық еркін күрес шебері, 2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. 69 келі салмақта сынға түседі. ## Өмірбаяны. 1992 жылы 5 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2008 жылы 16 жасында кадеттер арасында Азия чемпионы атанды. Бір жылдан соң осы турнирде күміс жүлдені иемденді. 2012 жылы жастар арасындағы Азия чемпионатында топ жарды. ## Жетістіктері ### Ұлттық * Қазақстан чемпионы: 2018 ### Халықаралық * Қола жүлдегер: Рио-2016 * Азия чемпионы: 2021 * Азия чемпионатының күміс жүлдегері: 2015, 2016 ## Дереккөздер
Қаптағай батыр Түгелбайұлы (1700-1760) – ХVIII ғасырдағы ақтабан шұбырынды аласапыран кезеңде Абылай хан бастаған қазақ батырларының сапында жоңғарға қарсы шайқасқан айтулы қолбасылардың бірі. Қазақ елінің бірлігі, жерінің тұтастығы жолындағы шешуші шайқастарда ерен ерлігімен көзге түсіп, Абақ Керей ішінде Қарақас руының ұранына айналған батыр. Қаптағай батыр ШҚО Зайсан ауданына қарасты Кендірлік өзені бойына жерленген. 2019 жылы басына ескерткіш орнатылып, аудан орталығынан көше аты берілді. ## Дереккөздер
Дариға Оралқызы Шәкімова (20 қараша 1988 жыл) — қазақстандық боксшы. Қазақстанның әлемдік класстағы спорт шебері. 2015 жылы Қазақстанда «Жылдың үздік боксшысы» атанды ## Карьерасы ### Жетістіктері * 2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. * Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы: 2010, 2015. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * http://www.caravan.kz/news/kazakhstanskim-olimpijjcam-prisvoili-voinskie-zvaniya-381853/
Дариға Оралқызы Шәкімова (20 қараша 1988 жыл) — қазақстандық боксшы. Қазақстанның әлемдік класстағы спорт шебері. 2015 жылы Қазақстанда «Жылдың үздік боксшысы» атанды ## Карьерасы ### Жетістіктері * 2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. * Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы: 2010, 2015. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * http://www.caravan.kz/news/kazakhstanskim-olimpijjcam-prisvoili-voinskie-zvaniya-381853/
«Бес өркениетті тайпа» (ағылш. Five Civilized Tribes) — термині Құрама Штаттарының тарихындағы отарлық және алғашқы федеративтік кезеңнен шыққан. Оған бес байырғы америкалық халықтар — чероки, чикасо, чокта, криктер және семинолдар жатады. Бұл жалпы еуропалық американдықтар «өркениетті» деп санайтын алғашқы бес тайпа. Еуропалық американдықтарды оларды өркениетті деп атауға итермелеген осы бес тайпа қабылдаған отарлық ерекше белгілердің мысалдары ретінде христиан діні, орталықтандырылған үкімет, ағылшын сауаттылығы, нарыққа қатысу, жазбаша конституциялар, ақ нәсілді америкалықтармен аралас некелер және плантациялық құлдық тәжірибесі жатады. Өркениетті бес тайпа еуропалық американдықтармен тұрақты саяси қатынастарды сақтауға ұмтылды.
Сүтана (укр. Молочна) — Украинаның Запорож облысындағы Азов маңының солтүстік-батысындағы ең ірі өзен, Азов теңізінің Сүтана көлтабанына құяды. Ұзындығы - 197 км, су алабы ауданы - 3450 км². Ертеде (негізінен XVIII-XIX ғасырларда) өзен мен оның айналасы жиі «сүтті су» (түрк. «Сүттен») деп те аталатын. Қалалар: Тоқмақ, Молочанск, Қызжар ## Сипаттамасы Солтүстікте және батыста өзен су алабы Днепр су алабымен, шығысында - Азов теңізіне құятын шағын өзендердің (Корсак, Лозоватка, Обиточная) су алабымен шектеседі. Өзен теңіз деңгейінен 307 м биіктікте орналасқан Тоқмақ молалары (Көк тау) кристалды тау жыныстарындағы бастаулардан басталады. Сүтана жоғарғы ағысындағы жағалаулар тік және биік, шоңғалдар мен сарқырамалар бар. 1887 жылы белгілі геолог, академик Н.А.Соколов өзен жағасын зерттеді. Мұз басудың орташа ұзақтығы 80-90 күн, жылы қыста мұз бірнеше күн ғана қалады. Су деңгейінің қарқынды көтерілуі ақпанның екінші немесе үшінші онкүндігінің соңында басталады. Орташа деңгейдің өсу қарқыны тәулігіне 0,5 метрге дейін болады. ## Тарихи мәліметтері Бір нұсқа бойынша Геродот сипаттаған Скифияның жетінші өзені — Герр — қазіргі Сүтана өзен болып табылады. Ноғайлар өзенді — Тоқмақ деп атайтын. «Сүтана» атауы, бір нұсқа бойынша, өзен маңындағы шабындықтар мен жайылымдарды қоректендіретіндіктен, сүттің мол болуына ықпал еткендіктен пайда болған. Түрік саяхатшысы Евлия Челебидің айтуынша, бұл өзен қорғасын мен мыс рудаларының шөгінділері арқылы аққандықтан, суы сүтке ұқсас болып (түрк. «süt») сүт деп аталған. Ол тағы оны ішкендердің мойнындағы алқымының ісуі болатынын қосады. ## Тармақтары * Құрқұлақ * Шыңғыл * Құрошанлы * Ұйшанлы * Хараб ## Суреттері * * * * * ## Әдебиет * В. И. Медведский, «Токмак: археология и история» * А. И. Сикалиев, «Отражение общественного строя ногайцев в героическом эпосе», Вестник АГУ, Серия 2, № 1 — 2008 год. * Молочна ріка — диво природи — Мелітополь, 2002. — 100 с. ## Дереккөздер
I Ислам Герей (қырымтат. I İslâm Geray; 1517(?) — қаңтар 1537) — 1532 жылы бес ай бойы хан болған Қырым ханы. Қырым ханы I Мехмет Герейдің ұлы. Қырым қалғайы (1526-1528, 1532-1535). Сағадат Герей және Сахиб Герей ағаларымен хан тағына ұзақ күрес жүргізді. ## Өмірбаяны 1523 жылы наурызда Астраханның маңында ноғай мырзалары Мамай мен Ағыш Ислам Герейдің әкесі мен ағасы, Қырым ханы Мехмет Герей мен Баһадүр Герей қалғайды өлтірді. Тек Ғазы Герей мен Баба Герей ханзадалар елу мырзамен бірге Қырымға орала алды. Наурыз айының соңында Еділ татарлары мен ноғайлары Қырымға еніп, татар ұлыстарын бүлдіріп, тонады. Қырым мырзалары Мемеш Шырын мен Дәулет Бақыт Барын 12 мыңдық әскер жинап, ноғайларға қарсы аттанды, бірақ Орқапы шайқасында жеңіліске ұшырады. Шапқыншылық кезінде ноғайлар Ислам Герей ханзаданы қолға түсірді. 1523 жылы қарашада Қырым мырзалары өлтірілген Мехмет Герейдің тірі қалған ұлдарының үлкені Ғазы Герейді жаңа хан етіп жариялады. Қырым ханы І Ғазы Герей бауыры Баба Герейді қалғай етіп тағайындады. Алайда, Ғазы Герей хан тағын алты ай ғана иеленді. 1524 жылы Османлы сұлтаны Ұлы Сүлеймен (1520-1566) ұзақ уақыт бойы Түркияда тұрған Мехмет Герейдің інілерінің бірі Сағадат Герейді жаңа Қырым ханы етіп тағайындады. Сәуір айында I Сағадат Герей түрік жасағымен бірге Қырымға келіп, хан тағына отыра, інісі Ғазы Герейді өлтіруге бұйрық берді. Оның бауырлары Баба мен Шобан Герейлер түрмеге қамалды. 1523/1524 жылы Ислам Герей ханзада Ноғай тұтқынынан Қырымға оралды. 1524 жылдың жазында Ислам Герей үш қырым ханзадаларымен бірге татарлардың Ұлы Литва кінәздігіне шабуылын басқарды. Қазан айында жорықтан орала Днепрден өтіп бара жатқанда, Қырым ордасына Семен Полозович пен Криштоф Кмитиц бастаған казак флотилиясы шабуыл жасады. Казактар татарларға үлкен соққы жасады. Сол 1524 жылы Ислам Герей ханзада өзінің ағасы, Қырым ханы Сағадат Герейдің билігіне қарсы көтеріліс көтерді. Ислам Герей Сағадат Герей хан болғанда «біздің бауырларымызды бауыздап, сосын бізді құртуды армандаған» деп мәлімдеді. Сағадат Герей, кейбір «жауыз адамдардың» кеңесін тыңдап Қырымда ылаң тудырған Ислам деп айтты. Сағадат Герейдің түрікшіл саясатына наразы болған көптеген ықпалды қырым татар мырзалары Исламның жағына өтті. Ислам Герей сәтсіз Литва жорығынан оралғаннан кейін, хан оны өлтіруге бұйрық берді. Достары ескерткен Ислам Герей Қырымнан ноғай қоныстарына қашып кетті. Орқапыда Сағадат Герейдің анасы Махмұт Сұлтанды қызметшілерімен бірге тұтқындады. Ислам Герей көп әскерімен Қырымға кіріп, астанасы Қырық Орды басып алып, өзін жаңа хан деп жариялады. Тақтан айырылған Сағадат Герей жақтастарының шағын тобымен түрік гарнизонының қорғауындағы Орқапыға қашты. 1524 жылы қарашада Ислам Герей хан Орқапы бекінісін қоршауға алды, қоршау үш айға созылды. Қоршау кезінде Сағадат Герей мырзалардың көпшілігін Ислам Герейді тастап, оның жағына өтуіне көндіре алды. 1525 жылы қаңтарда Ислам Герей Қырымнан Ноғай ұлыстарына қашуға мәжбүр болды. 1525 жылдың көктемінде Ислам Герей жаңа әскерімен Қырымға басып кіріп, онда ол ағасы Сағадат Герейді жеңіп, астанадан қуып жіберді. Сонымен бірге, Ислам Герей түрік жасағымен (1700 адам) Кефе пашасын да жеңді. Ислам Герей екінші рет хан тағына отырды. Сол 1525 жылдың күзінде Бақтияр Шырын мен Дәулет Бақыт Барын мырзалары жаңа ханға қарсы шығып, оны Қырымнан қуып шығарды. Ислам Герей ноғай қоныстарына қашып кетті. 1526 жылдың басында Ислам Герей өзінің жақтастарымен бірге Орқапы маңында болды. Ірі мырзалардың делдалдығымен екі қарсылас, Сағадат Герей мен Ислам Герей арасында бітім жасалды. Сағадат Герей інісі Ислам Герейді қалғай сұлтан етіп тағайындай отырып, хан тағын сақтап қалды. Ислам Герей өзінің хан ағасынан Очаков (Ақшақұм) пен іргелес аумақты алды. 1527 жылдың күзінде Ислам Герей қалғай оңтүстік орыс жерлеріне жүргізілген жорықты бастап барды. Алайда, Мәскеу воеводалары үлкен күш жинап, татар ордасын Оки өзен жағасынан тойтарыс берді. Орыс атты полктері шегініп бара жатқан татарларды қуып, оларға Зарайск маңында және Осетр өзен бойында жеңіліске ұшыратты. Келесі 1528 жылы Ислам Герей қалғай хан ағасы Сағадат Герейге қарсы күресті қайта бастады. Қырым ханы түріктердің қолдауымен інісін жеңді. Шайқаста Ислам Герейдің көптеген жақтаушылары қаза тапты, олардың арасында Меміш Шырын мырза да бар. 1528 жылдың көктемінде Қырымнан қуылған Ислам Герей ұлы литва кінәзі Кәрі Сигизмундтан қорғаныс пен көмек сұрап, Шеркесіге жақын жердегі Литва иеліктеріне келді. Сол 1531 жылы Ислам Герей ноғай көшпенділерін кезіп өтіп, Астраханға келді, онда бірнеше ай бойы хан тағын иеленді. 1531 жылдың аяғында Ислам Герей өз жақтастарымен бірге Орқапы маңында болды. Оны хан жазасынан қашып құтылған Шырын мырзалары қолдады. 1532 жылы ақпанда Ислам Герей Шеркесі мен Каневке шегінуге мәжбүр болды, сол жерден қайтадан ұлы Литва кінәзі әрі Польша королі Кәрі Сигизмундтан көмек пен қолдау сұрады. 1532 жылдың көктемінде Қырым ханы Сағадат Герей татар ордасымен, түрік әскерлерімен және зеңбіректерімен оңтүстік поляк-литва иеліктеріне қарсы жауап жорығын бастады. Қырым ордасы Шеркесі бекінісін қоршауға алып, отыз күн бойы оны қарқынды шабуылмен алуға тырысты. Алайда, Литва гарнизоны Шеркесі және Канев қожайыны Евстафий Дашкевичтің басшылығымен жаудың барлық шабуылдарын тойтарды. Сағадат Герей қоршауды тоқтатып, Қырымға шегінуге мәжбүр болды. Ислам Герей сол кезде Донның арғы жағындағы далаларда жүрді. 1532 жылы мамырда Қырым ханы Сағадат Герей тақтан өз еркімен бас тартып, Ыстанбұлға кетіп қалды. Сағадат Герей кеткеннен кейін оның інісі Ислам Герей Қырымға келіп, өзін жаңа хан деп жариялады. Алайда, елордада хан тағын небары бес ай иеленді. Ислам Герей Османлы сұлтан Сүлейменге жаңа Қырым ханын тағайындауды ұсынды, бірақ Портаның таңдауы оған емес, басқа ағасы I Сахиб Герейге бұйырды, Ислам Герей қалғай болып тағайындалды. Көп ұзамай Сахиб Герей түрік әскери жасағымен бірге хандықтың шекарасына келді, оны барлық ірі Қырым мырзалары құрметпен қарсы алды. Ағасы қалғай дәрежесінде мақұлдаған Ислам Герей Очаков пен Орқапыны иелік етті. 1533 жылдың тамызында Ислам Герей мен Сафа Герей хан ханзадалар бастаған 40 мыңдық Қырым ордасы Ресейдің оңтүстік иеліктеріне басып кіріп, Рязань аймағын ойсыратып жіберді. Хагзадалар Рязанды қоршауға алды, бірақ қаланы қарқынды шабуылмен басып ала алмады. Ресей воеводалары жекелеген Қырым жасақтарын бірқатар жеңілістерге ұшыратты. 1534 жылдың жазында қалғай сұлтан Ислам Герей өзінің ағасы әрі Қырым ханы Сахиб Герейге қарсы бүлік бастады. Хан інісін жеңіп, оны Қырымнан қуып жіберді. Ірі татар бейлері Сахиб Герейге адал болып қала берді. Ислам Герей аздаған жақтастарымен бірге Орқапыны паналады. Осылайша, Қырым хандығы екі бөлікке бөлінді. Орқапыдан солтүстік даланы Ислам Герей басқарса, Қырым түбегі Сахиб Герей ханға бағынды. Сахиб Герей Османлы сұлтаны Сүлейменнен көмек сұрады. Ислам Герей Литваның ұлы кінәзі Сигизмунд Казимировичпен және Мәскеудің ұлы кінәзі III Василий Ивановичпен, кейінірек оның ұлы Иван Васильевичпен келіссөздер жүргізіп, өзі үшін «еске алу» сұрап, Қырым ханы Сахиб Герейдің жоспарлары мен әрекеттері туралы ескертті. Ислам Герей мен Сахиб Герей арасындағы күрес 1537 жылға дейін әртүрлі жетістіктермен жалғасты. Соңында көптеген бейлер мен мырзалар Ислам Герейдің қонысынан ағасының жағына өтті. Көп ұзамай ірі ноғайлық мырза Бәкі бей Исламнан Сахиб Герейге өтті. 1537 жылы Қырым ханы Сахиб Герей Ислам Герейге қарсы жорық ұйымдастырды. Оның Орқапы маңындағы қонысы басып алынды, бірақ ханзаданың өзі және отбасымен бірге Ноғай ұлыстарына қашты. Сол 1537 жылдың тамызында үміткер Ислам Герей қырым маңғыттарының бұрынғы қарашабегі, ноғайлық мырза Бәкінің кенеттен жасаған шабуылы нәтижесінде қаза тапты. ## Дереккөздер
III Ислам Герей (қырымтат. I İslâm Geray; 1604—1654) — Қырым ханы (1644—54), Селәмет-Гирейдің ұлы. Түрік сұлтанының тағайындауымен И.-Г. III інісі Мұхаммед-Гирейдің орнына 1644 ж. хан болды. Оның түсын-да Ңырымның беделі едәуір артты: гүрік портасындағы ала ауыздықтар-цы пайдаланып, И.-Г. III біршама тә-уелсіз саясат жүргізді, көршілес Украина меп Польша өзара соғыста олар Кырымнан жәрдем күтті, Украинаны да, Польшаны да әлсірету максатын коздеп. 1648 ж. Б. Хмельнпцкиймен одақ жасасты. 1649 ж. Сборово түбін-дегі шайқасқа қатынасып, И.-Г. III бұл ұрыста поляктарды жеңілістен сақтап, Б. Хмольницкийді олармен бі-тім жасауға көндірді. 1651 ж. 20 шопь-де Берестечко түбіндегі поляктарға қарсы шайқаста И.-Г. III. Б. Хмель-ницкийді ұрыс даласынан ертіп альп кетіп, И. Богунь басқарған украин әскерінің женілуіне себепші болды. 1653 ж. Жванц түбіндегі ұрыста по-ляктарды қолдап, ол Польшаны та-ғы да жеңілістен құтқарып қалды. Демек, Украина ұлт-азаттық армиясын ауыр жағдайда қалдырды. Әдеб.: Новосельский А. А, Борьба Московского государства с тата-рами в первой половине XVII в., М.—Л., 1948. ## Дереккөздер ## Дереккөздер
Ильдар Рафикович Амиров (9 қазан 1987 жыл) — қырғызстандық футболшы, "Алға" клубының шабуылшысы. ## Футболшы жайлы ақпараттар Қырғызстан Ұлттық футбол құрамасы сапында 2006, 2010, 2014 жылдары АФК Челлендж кубогына, 2006, 2010 жылдары Азия ойындарына қатысқан. Әкесі — Рафик Амиров футбол жаттықтырушысы. Інісі — Руслан (1990) да футболшы, Қырғызтан құрамасының қақпашысы. ## Жетістіктері ### Клубтық * Қырғыстан чемпионы: 2007, 2008, 2009, 2010 * Қырғызстан кубогы: 2008, 2010 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * https://www.playmakerstats.com/player.php?id=105315
Сафа Герей (қырымтат. Safa Geray, тат. Safa Gäräy, Сафа Гәрәй; 1510, Бақшасарай — 1549, Қазан) — Қазан хандығының ханы (1524—1531, 1536—1546, 1546—1549), татар халқының ұлттық қаһарманы. ## Өмірбаяны Қырым ханзадасы Фетих Герей мен ноғай мырзасы Қажыкенің немересі, Жәләл Сұлтанның ұлы, Қазан ханы Сахиб Герейдің інісі және мұрагері (1521-1524). Ағасы Сахиб Герей Қазаннан Қырымға кеткеннен кейін 1524 жылы 13 жасар Сафа Герей Болат Шырын бастаған Қазан қарашабектерінің қолдауымен хан тағына отырды. Өзін Османлы сұлтанының вассалы екендігін мойындады, Мәскеуге қарсы бірқатар жорықтар жасады (1536-1537, 1541-1542, 1548). 1531 жылы Қазан ақсүйектері оны қуып жіберді. Мәскеу итаршысы Жанғали хан ретінде таққа отырды. 1535 жылы Сафа Герей Қырым әскерлерінің көмегімен Қазандағы билікті қайтарып алды. Ноғай биі Жүсіптің (1549-1554) қызы, Жанғалидің әйелі Сүйімбикеге үйленді. 1546 жылдың басында халық толқуына байланысты ол қайын атасы Жүсіпке Ноғай Ордасына кетуге мәжбүр болды. 1546 жылы шілдеде Жүсіптің ұлы Жүніс бастаған ноғай әскерінің көмегімен Қазанды басып алды. Шаһғали Мәскеуге қашып кетеді. Билікке бекітілгеннен кейін Сафа Герей Жүніске маңғыт бектің Қазандағы уәде етілген орнын бермейді. Ұлдары: Бөлүк, Мүбарак, Өтеміс және орыс күңінен туған Қыстыр Герей есімді бір ұлы бар. Қазан ханы Сафа Герей 1549 жылы толық анықталмаған жағдайда қайтыс болды (Карамзин хан "ішіп сарайда қайтыс болды" деп жазады. Худяков бұл нұсқадан күмәнданады). ## Дереккөздер
Айдос Темірғалиұлы Тәттібаев (26 сәуір 1990 жыл, Захаровка, Нұра ауданы, Қарағанды облысы) — қазақстандық футболшы, "Шахтер" клубының шабуылшысы. ## Карьерасы Қарағандының "Шахтер" клубының түлегі. 2009 жылы карьерасын "Гефест" клубында бастады. 2010 жылы "Шахтерға" оралды. Сол жылы Қазақстан кубогының финалисі атанды. 2012 жылы "Болат-Амт" клубына ауысты. 2014 жылы "Гефестке", 2015 жылы тағы да "Болат-АМТ" клубына ауысты. 2016 жылы "Шахтерға" қайта оралып, үш маусым ойнағанымен, мергендігімен көзге түсе алмай, қосалқы құрамда отырып қалды да, 2018 жылдың бірінші жартысында тағы да "Болат-АМТ" клубына кетті. Жылдың екінші жартысын "Таразда" өткізді. 20119 жылы Қазақстан бірінші лигасында ойнайтын "Каспийге" ауысты. 2020 жылы туған клубы "Шахтерға" қайта оралды. ## Жетістіктері ### Командалық «Шахтёр» * Қазақстан кубогының финалисі: 2010 «Каспий» * Бірінші лиганың күміс жүлдегері: 2019 ### Жеке * Бірінші лиганың үздік мергені: 2019 (19) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер
Айдос Темірғалиұлы Тәттібаев (26 сәуір 1990 жыл, Захаровка, Нұра ауданы, Қарағанды облысы) — қазақстандық футболшы, "Шахтер" клубының шабуылшысы. ## Карьерасы Қарағандының "Шахтер" клубының түлегі. 2009 жылы карьерасын "Гефест" клубында бастады. 2010 жылы "Шахтерға" оралды. Сол жылы Қазақстан кубогының финалисі атанды. 2012 жылы "Болат-Амт" клубына ауысты. 2014 жылы "Гефестке", 2015 жылы тағы да "Болат-АМТ" клубына ауысты. 2016 жылы "Шахтерға" қайта оралып, үш маусым ойнағанымен, мергендігімен көзге түсе алмай, қосалқы құрамда отырып қалды да, 2018 жылдың бірінші жартысында тағы да "Болат-АМТ" клубына кетті. Жылдың екінші жартысын "Таразда" өткізді. 20119 жылы Қазақстан бірінші лигасында ойнайтын "Каспийге" ауысты. 2020 жылы туған клубы "Шахтерға" қайта оралды. ## Жетістіктері ### Командалық «Шахтёр» * Қазақстан кубогының финалисі: 2010 «Каспий» * Бірінші лиганың күміс жүлдегері: 2019 ### Жеке * Бірінші лиганың үздік мергені: 2019 (19) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер
Ильдар Рафикович Амиров (9 қазан 1987 жыл) — қырғызстандық футболшы, "Алға" клубының шабуылшысы. ## Футболшы жайлы ақпараттар Қырғызстан Ұлттық футбол құрамасы сапында 2006, 2010, 2014 жылдары АФК Челлендж кубогына, 2006, 2010 жылдары Азия ойындарына қатысқан. Әкесі — Рафик Амиров футбол жаттықтырушысы. Інісі — Руслан (1990) да футболшы, Қырғызтан құрамасының қақпашысы. ## Жетістіктері ### Клубтық * Қырғыстан чемпионы: 2007, 2008, 2009, 2010 * Қырғызстан кубогы: 2008, 2010 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * https://www.playmakerstats.com/player.php?id=105315
Карина Хаважевна Горичева (8 сәуір 1993 жыл, Талдықорған) — қазақстандық ауыр атлет, 2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. 2013, 2017 жылдары Жазғы Универсиадада күміс жүлде еншіледі. ## Дереккөздер
I Сахиб Герей (қырымтат. I Sahib Geray; 1501—1551) — Қазан (1521-1524) мен Қырымның (1532-1551) ханы. Қырым ханы І Меңлі Герейдің кіші ұлы, І Мехмет Герейдің кіші інісі, шамамен Сүлеймен сұлтанның нағашы ағасы. Бақшасарайдың негізін қалаушы. ## Өмірбаяны Сахиб Герей Қырымда туып-өскен. 1510-1511 жылдары ол өгей шешесі Нұрсұлтан ханбикені Қырымнан Мәскеуге және Қазанға сапарда еріп барды, ол жерде өзінің (Нұрсұлтан) балалары — Ұлы Мәскеу кінәзі III Василий Ивановичтің қызметінде болған Қазан ханы Мұхамметәмин және Ғабделлатиф ханзадамен кездесті. Оның үлкен ағасы, Қырым ханы Мехмет Герей патшалық құра бастаған кезде ханзада Сахиб Герей ұзақ уақыт түрмеде болды. ## Қазанда билік етуі 1519 жылы мұрагер қалдырмаған Қазан ханы Мұхамметәмин қайтыс болғаннан кейін (Ғабделлатиф одан да ертерек көз жұмды), Қырым ханы I Мехмет Герей (1515-1523 жж.) өзінің бауыры Сахиб Герейдің кандидатурасын Қазан тағына ұсынды. Алайда Мәскеудің талап етуімен 1519 жылы сәуірде Қазан хан тағына татар ақсүйектері арасында танымал болмаған Қасым ханы Шаһғали отырды. Шаһғали Қазан тағын үш жыл ғана ұстай алды. Шаһғалидің мәскеушіл саясатына наразы болған ірі Қазан мырзалары өздерінің ханына қарсы қастандық ұйымдастырды. 1521 жылы бүлікшілер Қырымға, Қырым әулетінен билеуші беруді сұрап I Мехмет Герей ханға өз делегациясын жіберді. 1521 жылдың көктемінде Қырым ханы I Мехмет Герей інісі Сахибті Қазанға жібереді. Сәуірде Сахиб Герей кішкентай татар жасағымен Қазанға жақындады. Сонымен бірге, қаланың өзінде Қазан мырзаларының ұйымдастыруымен Қырымға бағытталған көтеріліс басталды. Қазанда орналасқан орыс жасағы қырылды. Мәскеу елшісі В.Ю.Поджогин мен орыс көпестері ұсталды. Қазан ханы Шаһғали гаремі және қызметшілерімен бірге Мәскеу жеріне қашты. Сахиб Герей Қазанға кіріп, хан тағына отырды. Қазан тағында бекінгеннен соң Сахиб Герей Ресей мемлекетіне соғыс жариялады. 1521 жылдың жазында Қазан ханы Сахиб Герей Қырым ханы Мехмет Гереймен бірлескен әрекеттер туралы келісімге келіп, шығыс орыс иеліктеріне қарсы жорыққа шықты. Сахиб Герей Қазан әскерімен Төменгі Новгород пен Владимирді қиратты. Коломна тұсында Қазан ханы Сахиб Герей өзінің ағасы Қырым ханы Мехмет Гереймен бірігіп, үлкен ордамен оңтүстік орыс жеріне басып кірді. Одақтастар Мәскеуге жақындап, астананың айналасы мен маңын қатты қиратты. Тамызда көптеген тұтқындары бар Қырым мен Қазан хандары өз иеліктеріне оралды. 1522 жылдың күзінде Қазан ханы Сахиб Герей Мәскеудің шығыс жерлеріне шапқыншылықтар ұйымдастырды. 1523 жылдың көктемінде Сахиб Герей мәскеулік тұтқын елші В.И.Поджогин мен барлық орыс саудагерлерін өлтіруді бұйырды. 1523 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Ресей үкіметі Қазан хандығына қарсы жорық ұйымдастырды. Қасым ханы Шаһғали басқарған кеме әскері Еділдің екі жағасындағы Шермис ауылдарын қиратып, Қазанның өзіне жетті, содан кейін кері бұрылды. Атты әскер Свия өзенде татар әскерін талқандады. Қыркүйекте Мәскеу воеводалары Сура өзеніндегі Васильсурск бекінісінің іргетасын қалады. 1523 жылдың қазанында Қазан ханы Сахиб Герей орыс жеріне қарсы шабуыл жасап, Галичті қоршауға алды, бірақ қаланы ала алмады. Сахиб Герей айналадағы ауылдарды қиратып, көптеген тұтқындарды алды. Сахиб Герей жаңа шабуылдан қорқып, ағасы Саадет Герейге Қырымға елші жіберіп, одан Қазанға зеңбіректер, білтелі мылтықтар мен жаңа шеріктерді жіберуді өтінді. Қырым ханы Саадет Герей бауырына көмектесуден бас тартты. Содан кейін 1524 жылдың көктемінде Сахиб Герей көмек сұрап Ыстанбұлға жүгініп, түрік сұлтаны Сүлейменге өзін Осман империясының вассалы болатынын мойындады. 1524 жылдың көктемінде Мәскеудің ұлы кінәзі III Василий Иванович Қазан хандығына қарсы жаңа үлкен жорық ұйымдастырды. Бас воевода әрі боярин кінәз Иван Федорович Бельский бастаған Ресейдің 150 мыңдық әскері Қазанға жақындағанда, Қырым ханы мен Осман сұлтанынан көмек алмаған Сахиб Герей 13 жасар інісі Сафа Герей ханді астанада қалдырып, Қазаннан Қырымға қашып кетті. Осылайша, Сахиб Герей Қазан тағына небары үш жыл отырды. 1524 жылдың жазында Сахиб Герей Қырымға келіп, ағасы Саадет Герейдің бұйрығымен Балаклавада түрмеге қамалды. 1524 жылдың күзінде Сахиб Герей түрмеден босатылып, інісі Ислам Гереймен билік үшін күрес кезінде Саадет Герейге көмектесті. Сахиб Герей ағасы Қырым ханы Саадет Герейдің (1524-1532 жж.) тұсында екі рет 1525-1526 және 1528-1530 жылдары қалғай сұлтан қызметін атқарды. 1531 жылы қалғай Сахиб Герей Саадет Герейдің Шырын мырзаларға қарсы жазалау жорығына қатысты. Содан кейін Сахиб Герей Османлы астанасы Ыстанбұлға көшті. ## Қырымда билік етуі 1532 жылы мамырда Қырым ханы Саадет Герей тақтан өз еркімен бас тартып, Ыстанбұлға кетті. Оның інісі әрі қарсыласы Ислам Герей Қырымға қайтып оралды, онда ол хан болып жарияланды. Османлы сұлтаны Сүлеймен Ислам Герейді мойындаудан бас тартып, күзде ағасы Сахиб Герейді Қырымның жаңа ханы етіп тағайындады. Хәлім Герей Сұлтанның айтуынша, падишаһ ханға бұлғын қалпақ пен қылыш сыйлады. Сол жылы I Ислам Герейдің бес айлық билік етуінен кейін Сахиб Герей жаңа шеріктердің үлкен жасағымен Қырымға келді. Хандықтың шекарасында оны Қырым ақсүйектердің үлкен делегациясы қарсы алды. Сахиб Герей інісі Ислам Герейді қалғай етіп тағайындап, оған Очаков пен Орқапы бекіністерінің белгілі бір үлесті меншігін берді. Билігінің басында Қырым ханы Сахиб Герей хан тағына қайта иелік етуді көздеп, Сахибке жан-жақты қастық істеген өзінің інісі Исламмен билік үшін күресті жалғастырды. 1534 жылы жазда Ислам Герей Сахиб ханға қарсы көтеріліс жасады. Ол қалғайдың шабуылына тойтарыс беріп, Қырымнан қуды, бірақ інісін толық жеңе алмады. Ислам Герей Орқапыда бекініп, сонда өзін жаңа хан деп жариялады. Қырым мырзаларының едәуір бөлігі Ислам Герейдің жағына өтті. Бірте-бірте көптеген бейлер мен мырзалар Ислам Герейді қалдырып, Сахиб Герейге орала бастады. 1535 жылы I Сахиб өзінің інісі, бұрынғы І Саадет Герей ханның ұлы Ахмет Герейді (1535-1537) қалғай етіп тағайындады. Алайда, 1537 жылы елге опасыздық жасауға ниеттене бастаған Ахмет Герей қалғай ханның бұйрығымен өлтірілді. I Сахиб Герей жаңа қалғай етіп үлкен ұлы Әмин Герейді тағайындады. 1537 жылы Қырым ханы Сахиб Герей өзінің бүлікші інісіне қарсы Орқапы маңына сәтті жорық жасады. Ислам Герей жеңіліп, Ноғай ұлыстарына қашады. Сол жылдың тамыз айында Қырым ханы жіберген мансұрлық мырза Бәкі би Ислам Герейді өлтірді. I Сахиб Герей ірі татар ақсүйектерін тыю үшін өзінен бұрынғылардың жолын жалғастырды. Шырын текті руға қарама-қарсы Мансұр мен Сежеуіт руларын сарайға жақындатты, сонымен қатар ірі ақсүйектердің ықпалын әлсірету үшін қызметші төрелердің көптеген өкілдерін көтерді. I Сахиб Герей өзінен бұрынғылардың сарайы орналасқан Салашықтан Шіріксу өзені бойымен 2 шақырым төмен жерде жаңа ханның резиденциясын салды. Жаңа қала Бақшасарай деп аталды. I Сахиб тұсында Көзлевтегі айлақ жабдықталып, кеңейтілді, соның арқасында мемлекет өз қарамағындағы теңіз портын алды (Қырымның басқа жағалаудағы қалалары Османлылар бақылайтын аумақта орналасқан еді). Мемлекет экономикасын дамыту үшін I Сахиб елдің дала бөлігінде көшіп-қонып жүрген ноғайлардың отырықшы өмір салтына көшуін барынша қолдады. Қырым ханы Сахиб Герей Османлы сұлтаны Сүлейменнің Еуропадағы жаулап алу жорықтарында өз әскерлерімен жиі көмектесті, сонымен қатар Солтүстік Кавказға әскери жорықтар жасады. Реммал Қожа деген атпен танымал Қайсунизаде Мехмет Нидайдың шежіресінде олардың тоғызы сипатталған. Жорықтарға мушкетерлер жасағы, хан ұланы, тайпалық ақсүйектердің атты әскері, ханның далалық артиллериясы қатысты. Тоқтағанда бір-біріне бекінген арбалардан тобыр құрды. 1538 жылы Молдавияға бастаған Османлы сұлтаны Сүлейменнің үлкен жорығында, Қырым ханы I Сахиб Герей түрік сұлтанымен сол жерде кездестірді. Әскери қимылдар Молдавияның опасыз билеушісі Петр Рарешке қарсы жүргізілді. Жорықтың нәтижесі, басқаларымен қатар, оңтүстік Бессарабия — Бұжақтың Молдовадан бөлінуі болды. Сондай-ақ Очаковты Османлы түріктері басып алды. 1539 жылы шеркестердің Темрүк маңында мұсылмандарға жасаған шабуылдарына жауап ретінде оларға қарсы экспедиция жасалды. Хан Жаней шеркес тайпасының көсемі Қансауықпен кездесіп, оны шабуылдарға жол бергені үшін жазаламақ болды, бірақ ол ханға, сұлтанға және Кефе бейіне берген (Қырым жағалауындағы Осман иеліктерінің билеушісі) өтеуін беріп құтылды. Таудан қылмыскерлерді іздеу еш нәтиже бермеді, хан кетіп бара жатып, қайтар жолда шеркес ауылдарынан есірейлерді жинап алды. 1539-1540 жылдардағы қыс солтүстік елдерге, Литваға және, мүмкін, Мәскеуге қарсы жорық болды. Жорықты ханның үлкен ұлы Әмин Герей аталықтың бақылауымен басқарды. Тұтқындарды жинап алуға ұйымдастырылған жорық сәтті өтті, бірақ қайтар жолда әскер суықтан қатты зардап шекті. 1541 жылы Мәскеудің қашқын ақсүйегі кінәз Семен Федорович Бельскийдің айтақтауымен Қырым ханы Сахиб Герей Ресей мемлекетіне қарсы үлкен жорық жасады. С.Ф.Бельский Окаға жақын жерде қауіпсіз өткелді көрсетуге уәде берді, бірақ маңғыт мырза Бәкі би мен хан арасындағы өзара сенімсіздіктен қырымдықтар өткелге кешікті. Кенеттен шабуыл жасау мүмкіндігі пайданылмай кетті, ал Мәскеу әскерлері мушкет және артиллерия бөлімшелерін Окадағы өткелге тартты. Сахиб Герей өзеннен өте алмай, Қырымға қашты. Қайтар жолда татарлар Пронскіні алмақшы болды, бірақ олар сәтсіздікке ұшырап, орыс воеводаларының күшімен жан-жаққа тарап кетті. 1542 жыл. Тағы да Солтүстік Кавказға жорық, себебі: жанейлік көсем Қансауықтың өз міндеттерін, соның ішінде құл жеткізуді орындамауы. Қансауықтың уәделері бар хабары қабылданбады да, қырымдықтар тауларға кіреді. Шеркестердің шабуылына ұшыраған түнгі шайқаста татарлар жеңіп, көптеген есірейді алып кетеді. 1544 жылы кабарда кінәзі Елбозады хан ордасында өзіне қарсы шыққан өз тайпасын жазалауды өтініп келеді. Сахиб Герей егіс алқабындағы егін орағы кезінде жауды қолға түсіремін деп жорыққа шығады. Бірақ қырымдықтар тым ерте келеді; кабардалардың түнгі шабуылы сәтсіз аяқталып, татарлар көптеген тұтқындарды алып кетеді. 1545 жылы — көпестердің Қырым мен Қазан арасындағы саудаға кедергі келтіргені туралы шағымдарына байланысты хан Жамқұршыға қарсы Астрахан жорығын бастайды. Жамқұршы жеңіліп, қашып кетеді, Астраханды Сахиб Герейдың мушкетерлері мен дала артиллериясының көмегімен алады. 1546 жылы — ноғайларға қарсы қорғаныс жорығы. Әли мырза бастаған 10 мыңдық ноғай әскері Астраханды басып алғаны үшін кек алу мақсатында Қырым хандығына қарсы жорыққа шықты. Орқапы маңындағы ірі әрі кескілескен шайқаста қырымдықтар ноғайларды толығымен қоршап алып, мушкетерлер мен артиллеристтердің отын пайдаланып, шайқас қылышпен шабу арқылы шешіледі. Сахиб Гирай тұтқынға түскен көптеген ноғайларды өлтіруді бұйырады. ## Тақтан тайдырылуы және дүниеден өтуі 1551 жылы Иранмен соғысып жатқан Османлы сұлтаны Сүлеймен Қырым ханына әскерімен Сефевидтерге қарсы жорыққа шығуды бұйырды. Алайда Сахиб Герей көнбей, сұлтанға оның сарбаздары кедей, нашар киінген және ұзақ жорыққа төтеп бере алмайды деп жауап береді. Бірте-бірте сұлтан Қырым ханының адалдығына күмәндана бастады. Бұдан бұрын да Сахиб Герей сұлтаннан інісі Дәулет Герейді Қазандағы хан тағына отырғызу үшін Қырымға жіберуді сұрады. Негізінде хан сұлтанды Қырым тағына үміткерден айыру үшін өзінің інісін Ыстанбұлдан кетірмек болды. Дегенімен, Сүлеймен сұлтан өзінің серіктерінің кеңесімен Сахиб Герейді биліктен кетіруді ұйғарып, Дәулет Герейді Қырымның жаңа ханы етіп тағайындады. Сахиб Герейге Дәулет Герейдің Қазан ханы болып тағайындалғаны туралы хабар келеді. Сахиб Герейді Қырымнан шығару үшін сұлтанның шенеуніктері оған көтеріліске шығып, Меккеден келген қажыларға шабуыл жасап жүрген Жане шеркес тайпасына қарсы Солтүстік Кавказда соғысуға бұйрық береді. Қырым ханы Сахиб Герей әскерімен Қырымнан Таманға өтіп, сол жерден қылмыскерлерді іздеу үшін тауларды басып өтті. Бүлікшіл шеркес мырзасы татарлардың қоршауында болғанымен, олардан құтылып кетеді. Ашуланған хан жауды қуып жетіп, көп тұтқынды ұстап алады. Жорыққа шыққан Сахиб Герей солтүстік шекараларды ықтимал жау шабуылынан қорғау үшін үлкен ұлы қалғай Әмин Герейді үлкен жасақпен Орқапы маңына аттандырады. Осы кезде жаңа Қырым ханы Дәулет Герей құрлық арқылы Ақкерманға келеді. Онымен 60 зеңбірегі бар мыңдаған жаңа шеріктер жасағы барды. Ақкерменде кемеге отырып, теңіз арқылы Көзлевке келеді. Ол жақтан Дәулет Герей жаңа шеріктерімен бірге Бақшасарайға беттеп, хан астанасын басып алады. Татар бейлерінің көпшілігі Дәулет Герейдің жағына өтеді. Қалғай сұлтан Әмин Герей Дәулет Герейдің Бақшасарайды басып алғанын естіп, әскермен Орқапыдан астанаға аттанады. Алайда Дәулет Герейдің жақтастары қалғай Алма өзеніне келгенде тоқтатады. Бүкіл әскер жаңа ханның жағына өтеді, ал қалғай Әмин Герейдің өзі көз жұмады. Қайтар жолда Қырым ханы Сахиб Герей төңкеріс болғанын естігенде оның әскері оны тастап кетеді. Ол Таман бекінісіне қамалып, көп ұзамай жаңа ханның бұйрығымен әрекет еткен інісі Бөлүк Герейдің қолынан қаза табады. Дәулет Герейдің бұйрығымен Сахиб Герейдің қалған балалары мен немерелерінің барлығы өлтірілді. I Сахибтің денесін Бақшасарайға апарып, Дәулет Герей Салашық дүрбесіне құрметпен жерледі. ## Кинода «Керемет дәуір» түрік телехикаясында Сахиб Герей рөлін Месүт Өзкечежи сомдады. ## Дереккөздер
2021 жылы Қазақстан атынан Олимпиада ойындарына 94 атлет (63 ер мен 31 әйел) 20 спорт түрінен қатысқан. ## Медальдар ## Сайыс нәтижелері ### Бокс ### Дзюдо ### Жеңіл атлетика Ерлер, 400 метрге жүгіру: Михаил Литвин Ерлер, 20 шақырым жүру: Георгий Шейко (→ 39-орын) Әйелдер, 100 метрге жүгіру: Ольга Сафронова Әйелдер, 200 метрге жүгіру: Ольга Сафронова Әйелдер, үш қарғып секіру: Ольга Рыпакова, Мария Овчинникова, Ирина Эктова Әйелдер, биікке секіру: Надежда Дубовицкая, Кристина Овчинникова Әйелдер, 20 шақырым жүру: Айман Ратова (→ 42-орын) Әйелдер, марафон: Жанна Мамажанова (→ 46-орын) ### Карате ### Күрес Ерлер, еркін күрес Ерлер, грек-рим күресі Әйелдер, еркін күрес ### Теннис Ерлер Әйелдер Аралас
Эдин Рустемович (бос: Edin Rustemović; 6 қаңтар 1993 жыл, Висбаден, Германия) — босниялық футболшы, "Шахтер" клубының жартылай қорғаушысы. Карьерасында ОФК, "Сараево", "Адана Демирспор", "Тузла Сити", "Зриньский", "Шахтер" клубтарында ойнады. 2015/16 жылғы маусымда "Сараево" сапында Босния және Герцеговина чемпионы атанды. ## Дереккөздер
"Біз" (орысша түпнұсқа атауы «Мы») — орыс және кеңес жазушысы Евгения Замятиннің сатира элементтері бар қиял-ғажайып роман-антиутопиясы (1920). Романдағы оқиғалар шамамен отыз екінші ғасырда болады. Бұл роман идеясы тейлоризмге, сциентизмге негізделген (адамдардың есімдері мен фамилиялары әріптер мен нөмірлермен таңбаланады, мемлекет тіпті олардың интимдік өмірлерін де қадағалайтын) адамдарды қатаң тоталитарлық бақылау қоғамын сипаттайды. ## Театрлардағы қойылымдары * 2009 — «Мы», Үлкен қуыршақтар театры , , Санкт-Петербург. Режиссёрі Руслан Кудашов * 2018 — «Мы», Воронеж Камерлік театры, би спектаклі, постановка Ольга Васильеваның қоюымен * 2019 — «МЫ», Кіші қуыршақтар театры , Санкт-Петербург. Режиссёрі Александр Лялюшкин * 2020 — «МЫ», Стас Наминнің театры, Мәскеу, мәскеу хореографы Катя Горячеваның авторлық жобасы * 2021 - «МЫ», Театр-Театр, Пермь. Режиссёрлері Егор Дружинин мен Дима Масленников ## Экранға шығуы * "Біз" (немісше Wir) - чех кинорежиссері Войтех Яснының 1982 жылғы фильмі. * Шыны бекініс (ағылшын тілінде) - Алена Буренің 2016 ж. шығарған қысқа метражды фильмі. * "Біз" - Гамлета Дульянаның 2022 жылы жарыққа шығатын фильмі." ## Сілтемелер * https://web.archive.org/web/20160629224221/http://novaiskra.org.ua/%D0%BB%D0%B8%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%B0%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0-%D0%B8-%D0%BB%D0%B5%D0%B2%D1%8B%D0%B5-%D1%8D%D1%81%D0%B5%D1%80%D1%8B/ * https://orwell.ru/library/reviews/zamyatin/russian/r_zamy
Софы Сматаевтың аудармалары арасында прозалық та, поэзиялық та, драматургиялық та шығармалар бар. Олардың арасында: * Уильям Шекспирдің «Юлий Цезарь» трагедиясы (қ.), * венгр жазушысы Имре Добозидің «Сейсенбіден бейсенбіге дейін» повесі, * ұйғыр жазушысы Х. Абдуллиннің «Жолдастар» романы, * Ю. Мухлисовтың «Садыр палуан» романы, * В.Г. Короленконың «Парадокс» әңгімесі, * В.Солоухиннің, А.Лупанның, Е.Исаевтың, Вс.Иванов, П.Загребельныйдың, П.Куусбергтің, А. Хинттің әңгіме, өлеңдері.
Қамшыбек Қоңқабаев (1991 жылы 18 қарашада дүниеге келген, Қызылорда) — қазақстандық кәсіпқой және әуесқой боксшы. Бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Бірінші ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019), Азия чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019, 2021), Дүниежүзілік әскери ойындарының күміс жүлдегері (2015), әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионы (2014), Болгарияда халықаралық турнирдің жеңімпазы (2015), ҚР спартакиадасының чемпионы (2015), әуесқойларда ұлттық біріншіліктің чемпионы және жүлдегері. Кәсіби кәсіпқойлар арасында , WBO Asia Pacific (2021 жылдан бастап) бойынша 1-ші ауыр салмақта Азия-Тынық мұхиты аймағының қазіргі чемпионы. 2020 жылдың желтоқсанындағы жағдай бойынша BoxRec рейтингісіндегі ең жақсы позициясы 44-ші орында және бірінші ауыр салмақ дәрежесіндегі қазақстандық боксшылар арасында бірінші - бүкіл әлемнің бірінші ауыр салмағындағы үздік боксшылардың ТОП 45-ке кіреді. ## Өмірбаяны Қамшыбек 1991 жылы 18 қарашада Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1998-2009 жылдары аралығында №197 қазақ орта мектепті бітірді. 2010-2011 жылдары Алматыда ҚР Қорғаныс министрлігі әскерінің орталық спорттық клубында әскери борышын өтеді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Құқықтану» және «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша білім алды. Бала кезінен спортқа қызығушылығы ерекше Қамшыбекті боксқа ағасы Асқар Қоңқабаев жетелеп алып барған. Ол бокспен 9 сыныптан бастап айналысады (алғашқы жаттықтырушысы - Сейтжан Төкенов ). Содан бері тынбай еңбектенген спортшы бүгінде Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, көптеген республикалық турнирлердің жеңімпазы, Қарулы күштер арасында Әлем чемпионы, ҚР IV жазғы спартакиадасының жеңімпазы, Оңтүстік Кореяда өткен қарулы күштер арасындағы Бүкіләлемдік спорт ойындарында екінші сатыдан көрінген және Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатының, сол сияқты Германияда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленген.Ауыр салмақта (91 келіден жоғары) өнер көрсетеді.Ол Қазақстан ұлттық құрамасының (және оның капитаны) және ЦСКА штатының мүшесі , жарыстарда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бояуын қорғайды.Қызылорданың «Тарлан» бокс орталығында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалымжан Байгундиев (басқа жаттықтырушылар - Жамил Джусупов пен Қанат Қизатов) жетекшілігімен жаттығады. ## Мансабы ### Әуесқойлық мансап Әлем чемпионатының нәтижелері Гамбург 2017 * 16 Раунд: Макс Келлер (Германия) 5-0 жеңді * Ширек Финал: Баходир Жалолов (Өзбекстан) 3-2 жеңді * Жартылай Финал: Фоку Арсен (Камерун) 5-0 жеңді * Финал: Магомедрасул Маджидов (Әзірбайжан) 4-1 жеңілді Екатеринбург 2019 * 16 Раунд: Аюба Гадфуды (Испания) КО жеңді * Ширек финал: Нельви Тиафактың (Германия) 5-0 жеңді * Жартылай Финал: Юстис Хуни (Австралия) W/O жеңді * Финал: Баходир Джалолов (Өзбекстан) 5-0 жеңілді Жазғы Олимипада ойындары Токио 2020 Аса ауыр салмақта (91 келіден жоғары) өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада ойындарының ширек финалына жолдама алды. 1/8 финалда ол мысырлық боксшы Eсри Мостафаны 5:0 есебімен жеңді. Қазақ боксшысы үш раунд бойы қарсыласынан бір бас жоғары өнер көрсетті. Төрешілер де әр раундта ұпайды Қамшыбек Қоңқабаевқа берген. Ал ширек финалда ресей боксшысы Иван Верясовпен кездесті. Бірінші раундты Қоңқабаев сәтті өткізді. Төрешілер жеңісті бір ауыздан берді. Екінші раундты да  қазақстандық спортшы бақылауында ұстады. Үшінші раундтта ресейлік боксшы тәуекелге барып, алға ұмтылды. Алайда қазақ боксшысының қорғанысын бұза алмады. Есеп – 4:1. Отандасымыз жартылай финалда Ричард Торреспен (АҚШ) кездеседі. Бұл кездесуде жеңілген боксшы қола жүлдені алмақ. Америкалық боксшымен айқастың алғашқы раундында Қамшыбек шегіне жүріп айқасты. Жекелеген соққылары өткенімен, раунд соңына қарай өзі де соққы өткізіп алды. Бірінші раундтың қорытындысы бойынша төрт төреші жеңісті Торреске берді. Екінші раунда америкалыққа Қамшыбектен ауыр соққылары тиді. Әйтсе де раунд соңында Қамшыбек ногдаунға түсіп қалды. Екінші раундтың қорытындысы бойынша Торреске барлық төрешілер ұпай берді. Үшінші раундта Қамшыбек Қоңқабаев ауыр соққы алып, жекпе-жек уақытынан бұрын аяқталды.Осылайша, Қоңқабаев Токио Олимпиадасының қола жүлдесін иеленді. ### Кәсіби мансап 2020 жылдың 23 тамызында ол бірінші ауыр салмақта кәсіпқой дебют жасап, тәжірибелі отандасы Иса Ақбербаевты (20-1) 2-раундта техникалық нокаутпен бірден жеңді. Спортшының айтуынша, ол Токио Олимпиадасына дайындалу үшін бірнеше жекпе-жек өткізуге шешім қабылдады және МТК Қазақстанмен келісімшартқа отырды. 2021 жылы 27 ақпанда , ол өзінің кәсіпқой 3-ші жекпе-жегінде мерзімінен бұрын, 6-раундтан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартып, тәжірибелі өзбек Сервер Эмурлаевті (23-1) жеңіп, бос Азия чемпионы атағын жеңіп алды. ## Кәсіби жекпе-жек статистикасы ## Марапаттары * «Құрмет» ордені (2021 жылғы 13 тамыз) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Kamshybek Kunkabayev BoxRec ID (ағыл.) * Профилі Olympics.com сайтында Мұрағатталған 29 шілденің 2021 жылы. (ағыл.) * Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада ойындарындағы соңғы жаңалықтар * Қамшыбек Қоңқабаев Ағылшынша Уикипедияда
Біржан сал — Софы Сматаевтың он екі суреттен тұратын пьесасы, 1992 жылы жазылған. Біржан салдың құдіретті өнері мен өмірінің шырғалаңды жолдарын бейнелейтін шығармада XIX ғасырдың соңғы ширегінде болған оқиғалар қамтылған. ## Кейіпкерлер * Біржан сал — қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы * Ләйлім — іңкәрі * Әпіш — зайыбы * Теміртас — баласы * Азнабай, Жанбота — болыстар * Поштабай, Ыстыбай — жандайшаптары * Төреқұл * Қарақыз * Әскен * Әбен * Жолан * Жақия * Мұжық * Смағұл * Жандарал * Татар тілмаш * Мақсұт * Халық; салдың нөкері; қыз-жігіттер ## Сілтемелер * Софы Сматаевтың шығармалар жинағы, 13-том
Сәкен Исмадиярұлы Бибосынов (1997 жылы 3 шілдеде туған) — қазақстандық боксшы, аса жеңіл салмақта өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында алтын жүлдеге ие болды. ## Мансап Сәкен Бибосынов ең жеңіл салмақта сынға түседі. Әуесқой бокста 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Қаңлы руынан шыққан. 2019 жылы Екатеринбургте өткен әлем чемпионатында Сәкен жартылай финалға дейін жетіп, үнді боксшысы Амит Пангалға жол берді, осылайша әлем біріншілігінің қола медалін жеңіп алды. 2021 жылдың шілдесінде Сәкен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Ол Пуэрто-Рикодан, Франциядан және Испаниядан келген боксшыларды жеңді, бірақ жартылай финалда Ұлыбритания боксшысы Джалал Яфайдан жеңіліп, қола медаль жүлдегері атанды. 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында 51 келіге дейінгі салмақта Сәкен әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Финалда америкалық қарсыласы Роско Хиллді 5:0 есебімен жеңді. Бибосынов жартылай финалда таиландтық Тханарат Саенгпфетті жеңген. Ал оның алдында өзбекстандық Хасанбой Дусматовтан, үндістандық Дипактан, колумбиялық Ривас Мартинестен басым түскен. ## Марапаттары * «Құрмет» ордені (2021 жылғы 13 тамыз) ## Дереккөздер ## Сілтемелер * BoxRec ID * Профилі
Шайдолла Кәрімұлы Кәрімов (15 ақпан 1939 Бегайдар аулы Новобогат ауданы Гурьев облысы - 8 шілде 2020 Атырау) — зоотехник-ғалым, биология ғылымдарының кандидаты. Атырау облысының Құрметті азаматы. ## Өмірбаян Шайдолла Кәрімұлы Кәрімов 1939 жылдың 15 ақпанда Бегайдар аулында Новобогат ауданы Гурьев облысы дүниеге келген. Руы Есентемір бөлімі Қожамбет, Кіші жүз. 1957-1962 жылдары Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институттың оқуын бітіріп біліктілігі "Зоотехник" алды. 1962-1964 жылдары Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылының "Гурьев" асыл тұқымды қаракөл шаруашылығында зоотехник-селекционер болып жұмыс істей бастады. 1964 жылы Қызылқоға аудандық өндірістік басқармасының бас зоотехнигі болып тағайындалды. Қазақстан Ғылым Академиясының зоология және эксперименттік биология институтының аспирантурасын бітірген. 9 мамыр 1969 жылы Кеңесінің шешімімен Қазақстан Ғылым Академиясының зоология және эксперименттік биология институтының биология ғылыми кандидаты дәрежесі берілді. Ембі ауданы тұрғын ауылы "Ембі" совхозының бас зоотехнигі, Махамбет ауданы “Опытное поле” ауылының облыстық мемлекеттік тәжірибе станциясы директорының ғылым жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 1976 жылы "Гурьев" асыл тұқымды қаракөл кеңшарының директоры болып тағайындалды. Гурьев облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, Гурьев облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, Индер аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып жұмыс істеді. 1991 жылы Мақат ауданының әкімі болып тағайындалды. 1992-1994 жылдары Атырау облыстық әкімшілігі басшысының орынбасары-облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы. 1994-1995 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Батыс бөлімі төрағасының бірінші орынбасары. 1995-2003 жылдары Атырау ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры. ## Қоғамдық қызметі 1990—1993 жылдары XII шақырылымдағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесінің депутаты. ## Отбасы Әкесі – Кәрім, анасы – Қазыкен. Зайыбы Нәсіп Сақуалықызы. Отбасында ұш қыз, бір ұл дүниеге келген: Ғалия, Жұпар, Марат, Айгерим. ## Марапаттары Енбек Кызыл Ту және Құрмет Белгісі орденінің иегері. Бірнеше құрмет грамоталармен және мемлекеттік медальдармен марапатталды . 2014 жылғы 15 желтоқсанда Атырау облыстық мәслихаттың шешімімен Атырау облысының Құрметті азаматы атағы берілді. ## Жарияланымдар Оның 12 ғылыми еңбегі бар, ол көк түсті қаракөл қойларын өсіруде бірлескен автор, сондай-ақ Жакет тобының Қара қаракөл қойларының Есбол зауытының бірлескен авторы. Кәрімов Ш. Ғылыми дәрежесін алуға арналған Диссертация кандидаты / Мәскеу, 1969 ҚазКСР ҒА Зоология және эксперименттік биология институты. Кәрімов Ш. “Бегайдардан басталған жол”. ## Дереккөздер
«Тұран» (әз. Turan Peşəkar Futbol Klubu) — Әзірбайжанның Тобуз қаласындағы футбол клубы, 1992 жылы құрылған. 2013 жылдан бері бірінші дивизионда ойнайды. Оған дейін тек Премьер лигада ойнап келген. 1994 жылғы Әзірбайжан чемпионы. Өз алаңындағы ойындарын Тобуз қалалық стадионында өткізеді. ## Жетістіктері ### Ұлттық * Әзірбайжан чемпионы: 1993/94 * Әзірбайжан чемпионатының қола жүлдегері: 1992, 1993 * Әзірбайжан чемпионатының күміс жүлдегері: 1994/95 ### Еурокубоктерде ## Сілтемелер * https://facebook.com/TuranTovuzFC
Құба белдер — Кәмел Жүністегі жазған қазақ халқының үш ғасырлық тарихын қамтитын роман-трилогия. Роман үш кітаптан тұрады: * Аңыз мезгіл * Апат * Замана желі Кітаптың арнауында жазушы былай жазған: Осы кітапты шығаруға қамқорлық жасаған парасатты азамат, 18 ғасырда Арқада өмір сүрген атақты Үкібай мен Жидебай батырлардың ұрпағы Несіпбек немерелері Меруерт пен Медетке зор алғысымды білдіремін. Бабалар аруағы желеп-жебеп жүруіне шын жүректен тілектеспін. ## Мазмұны Романның алғашқы беттерi аңызға айналған Жидебай батырдан басталады. Жүз деген жасты көмкерiп тастаған батырдың көзi көрмесе де көңiлi баяу. Ол елiнiң болашағын аңсайды. Кiтаптағы ұлы даланың тылсым табиғаты нәрлi сөзбен өрнектеліп, сұлу суреттелген, уақиғалар әдемi өрiлген қамшыдай сырбаз бейнеленген. Екiншi томда ауысқан заманның қасіретті көріністері сөз етіледі. Кешегi ақ патшаның сенiмдiлерi ендi «қызыл» боп мылтық асынып, ел iшiнiң бас бұзарын соңына ертiп, қазақты ұлы аштыққа айдап әкелгенi шынайы суреттеледі. Үшiншi том ұлы соғысты да, бүгiнгi күндердi де қамтиды. Ел азаттығы үшiн қатерге басын тiккен жастар да, тәуелсiздiк қуанышы да, приватизация деген пәленiң қателiктерi де осы кiтапта. ## Пікірлер Жазушы Өмiр Кәрiпұлы: «Кәмел Жүнiстегiнiң әр шығармасы, оның iшiнде “Құба белдер” трилогиясы атамекен туралы қара сөзбен жазылған жыр десек асыра айтқандық болмас». ## Басылымдары * Жүністегі К. Құба белдер. Аңыз мезгіл: роман. - Қарағанды: Полиграфия, 1996. - 286 б. * Жүністегі К. Құба белдер. Апат: роман; 2 кіт. - Алматы: Фолиант, 2001. - 347 б. * Жүністегі К. Құба белдер. Замана желі: роман; 3 кіт. - Астана: Аударма, 2004. - 368 б. * Жүністегі К. Құба белдер: трилогия. 1 кіт. - Астана: Нұра-Астана, 2009. - 394 б. ## Дереккөздер
Мелләт Сабырқызы Сабырова (26 шілде 1927, Морской ауылы, Теңіз ауданы, Атырау облысы - 10 наурыз 2020, Атырау) - қоғам қайраткері, Құрманғазы, Жылыой аудандарының және Атырау қаласының Құрметті азаматы. ## Өмірбаяны Мелләт Сабырқызы Сабырова 1927 жылы шілденің 26-да Теңіз ауданын Морской ауыл Советінде жай шаруа семьясында тұған. Ганюшкин селосындағы Абай орта мектебін бітірген. 1950 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін үздік бітірген. 1950-53 жылдары Байда ауылының орта мектеп мұғалімі. 1953 жылы Теңіз ауданыдық Советке председательдің орынбасары болып сайланды. 1954-62 жылдары Теңіз аудандық оқу бөлімінің бастығы. Аудан мектептерін шефтік комекпенен мектеп үйін тұрғызып (12 ОШ-2) аудандағы 45 мектепті, бір сменалық оқу жүйесіне көшірілгені үшін Құрмет белгісі орденімен наградталып, республикалық оқу жүйесінің үздігі деген атақ берілді. 1962 жылдан бері Теңіз аудандық Советінің төрайымы болып сайланды. Ауданда таза балық колхоздары және 10 мал совхоздары болғандықтан шаруашылық басқаруда сырттай оқып, зоотехник деген мамандықпен жұмыс жасауға мүмкіндік туды. Бұл шаруашылық басқаруда көп көмегі тиді. 1969 жылдын ақпан айынын бастап мұнайлы Жылыой ауданына төрайым болып ауыстырылды. Осы жұмыста 1983 жылдын қараша айында зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыс жасады. Осы жерде жұмыс жасаған 15 жыл ішінде аудан алдынғы қатарлы саналып одақтық, республикалық Қызыл Тулардың 14 рет иегері атанды. Көптеген ауылшаруашылық, мұнай өндірісінің қайратекрлері еңбек ері атағына ие болды. “Коммунизм таңы” совхозы жоғарғы көрсеткіштері үшін Құрмет Белгісі орденімен марапатталды. 1983-90 жылдары Гурьев облыстық тұрмыстық басқарма бастығының орынбасары, Облыстық мұражайдың ғылыми аға қызметкері. 1999 жылдан зейнеткер. ## Қоғамдық қызмет Қазақстан Коммунистік партиясының XII-XIV съездерінің делегат болып сайланды. 24 жыл бойы облыстық советінің депутаты болды. ## Отбасы Әкесі Сисембаев Сабыр елге беделді, өмірін колхоздастыру шаруа жұмысына жұмсаған адам. 1930 жылдан өмірдің сонғы кезі 1948 жыл бойында ауданын колхоздарында бастық болды. 1948 жылы Қалиев Табылған деген руы Алаша қоңыр бөрік жігітпен тұрмыс қүрды. Отбасында ұш қыз, бір ұл дүниеге келген: Эльза, Рита, Салтанат, Бауыржан. ## Марапаттары «Құрмет Белгісімен» екі рет (1960, 1966), Еңбек Қызыл Ту екі рет (1971, 1976) ордендарымен, «Еңбек Ерлігі үшін» (1970) медалімен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған. Құрманғазы ауданының және Жылыой ауданының Құрметті азаматы. 29 желтоқсан 2010 қалалық мәслихаттың шешімімен Атырау қаласының Құрметті азаматы атаққа ие болды. ## Жарияланымдар Мелләт Сабырқызы. Атырауым - Аңсарым. Мелләт Сабырқызы. Өмір - тірліктің айнасы. Мелләт Сабырқызы. Ұрпақ-рухтың ожданы. ## Дереккөздер
Сәкен Исмадиярұлы Бибосынов (1997 жылы 3 шілдеде туған) — қазақстандық боксшы, аса жеңіл салмақта өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында алтын жүлдеге ие болды. ## Мансап Сәкен Бибосынов ең жеңіл салмақта сынға түседі. Әуесқой бокста 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Қаңлы руынан шыққан. 2019 жылы Екатеринбургте өткен әлем чемпионатында Сәкен жартылай финалға дейін жетіп, үнді боксшысы Амит Пангалға жол берді, осылайша әлем біріншілігінің қола медалін жеңіп алды. 2021 жылдың шілдесінде Сәкен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Ол Пуэрто-Рикодан, Франциядан және Испаниядан келген боксшыларды жеңді, бірақ жартылай финалда Ұлыбритания боксшысы Джалал Яфайдан жеңіліп, қола медаль жүлдегері атанды. 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында 51 келіге дейінгі салмақта Сәкен әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Финалда америкалық қарсыласы Роско Хиллді 5:0 есебімен жеңді. Бибосынов жартылай финалда таиландтық Тханарат Саенгпфетті жеңген. Ал оның алдында өзбекстандық Хасанбой Дусматовтан, үндістандық Дипактан, колумбиялық Ривас Мартинестен басым түскен. ## Марапаттары * «Құрмет» ордені (2021 жылғы 13 тамыз) ## Дереккөздер ## Сілтемелер * BoxRec ID * Профилі
Ақиар (қырымтат. Aqyar, укр. Севастополь) — Қара теңіз жағалауындағы Қырым түбегінің оңтүстік-батысындағы қала. Мұздатылмайтын теңіз саудасы мен балық аулау порты, өндірістік, ғылыми-техникалық, рекреациялық және мәдени-тарихи орталық. «Батыр қала» атағын иеленген. Ресей Федерациясының Қара теңіз флотының негізгі теңіз базасы Ақиарда орналасқан. 2014 жылға дейін қалада Украинаның Әскери-теңіз күштерінің негізгі теңіз базасы да болды. Ақиар қаласы Ресейдегі федералды маңызы бар тарихи қоныстар тізіміне және Украинаның тарихи қоныстары тізіміне енгізілген. Ақиар аумағының мемлекеттік жері даулы аумақты бақылайтын Ресей мен БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің көпшілігі мойындаған Украина арасындағы келіспеушіліктердің тақырыбы болып табылады. Ресейдің федералды құрылымы бойынша Ақиар Ресей Федерациясының субъектісі — федералды маңызы бар қала. Украинаның әкімшілік бөлінуіне сәйкес, Ақиар — бұл Украина аймағы — ерекше мәртебесі бар қала. ## Этимологиясы 1783 жылы Ақиар айлағында әскери-теңіз порты әрі қала ретінде құрылған. 1784 жылы Ресей империясындағы сол кездегі жаңа қалаларға жалған грекше атау беру дәстүріне сәйкес, қала Севастопол - «қасиетті қала» (грекше себастос - «аса құрметті, қасиетті», полис - «қала») деп аталды. 1797 жылы император I Павел қаланың атын Ақияр деп өзгертті, бірақ I Павел жарлығы кезінде қала Ақиярмен қатар Севастопол деп аталды, бұл сол басылым жылдарындағы карталар мен атластармен дәлелденді. 1826 жылы Сенат қаулысымен Севастопол атауы қалаға қайтарылды. ## Географиясы ### Орналасқан жері және ландшафты Су аймағы аумағын – 216 км² қосқанда қала аумағының ауданы 1079,6 км² болады. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша федералды Ақиар қаласы жерлерінің құрамында мыналар бөлінеді: * 50 км² — тұрғын үй құрылысына арналған жерлер; * 16 км² — қоғамдық-іскерлікті дамытуға арналған жерлер; * 20 км² — өнеркәсіптікке арналған жерлер; * 23 км² — жалпы пайдаланысқа арналған жерлер; * 17 км² — көлік, байланыс, инженерлік қатынасқа арналған жерлер; * 277 км² — ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға арналған жерлер; * 8 км² — ерекше қорғалатын аумақтар мен нысандарға арналған жерлер; * 14 км² — су қорына арналған жерлер; * 355 км² — орман шаруашылығы мен орман саябақтарына арналған жерлер; * 49 км² — әскери және басқа да тәртіптік нысандар астындағы жерлер; * 10 км² — басқа арнаулы мақсаттағы нысандардың астындағы жерлер; * 25 км² — қала құрылысына немесе басқа қызметке қатысы жоқ жерлер. Ақиар қаласы Қырым түбегінің оңтүстік-батыс бөлігінде, Хераклей түбегінде орналасқан. Қаланың тарихи орталығы Ақиар шығанағының оңтүстік жағында орналасқан. Федералдық маңызы бар қаланың (Ақиар қалалық кеңесі) аумағы (Автономиялық) Қырым Республикасының әкімшілік бірліктерімен — солтүстік-шығыста Бақшасарай ауданымен, ал оңтүстік-шығыста — Ялта қалалық аймағының (Ялта қалалық кеңесі) аумағымен шектеседі; құрлықтағы шекараларының жалпы ұзындығы 106 км болады. Батысында және оңтүстігінде Ақиар аймағының аумағы Қара теңіз жағалауымен шектелген, оның жалпы ұзындығы 152 км болады. Шеткі нүктелері: * солтүстікте — Ұлы Қол мүйісі, * оңтүстікте — Николай мүйісі, * батыста — Херсонес мүйісі, * шығыста — Ай-Петри яйласындағы Таш Байыр тауы. Қырым тауларының барлық үш негізгі тізбегі Ақиар аймағының аумағында басталады: * Оңтүстік тізбегі — Балықлава шыңдары, * Ішкі тізбек — Көк Ағаш таулары, * Сыртқы тізбек — Қаратау қыраты. Ландшафттардың негізгі түрлері: * Сасық Әлім — бетегелі дала, жазықты-сай ландшафт (қаланың солтүстік бөлігі); * Хераклей куэстадан тыс, ксерофитті-селдірбұталы (ең үлкен аумақты алып жатыр); * Балықлава аласа таулы, шеткі-тізбекті, бұталы орманды (Балықлава аймағы); * Байдар тау бөктерінде, таулы қазаншұңқыр, орманды дала (Балықлава ауданының шеткі оңтүстік-шығысында ең кішкентай аумақты алып жатыр). Ақиар аумағы арқылы Белбек, Шорғын және Қашы өзендері ағып, толық сулылығы бойынша тиісінше Қырымда бірінші, екінші және төртінші орындарды алады. Ақиар маңындағы жағалау ыңғайлы, жақсы қорғалған қатпайтын шығанақтардың көптігіне (30-дан астам) байланысты Қырым үшін бірегей келеді. Ең ұзын Ақиар шығанағының бұралмалы жағалаулары түбекке сегіз шақырымнан астам жерге енеді. Жартасты мүйістер табиғи қамалдар болып табылады. Ақиар шығанағы әлемдегі ең ыңғайлы шығанақтардың бірі болып саналады. Ақиардың қорғалатын аймақтары: * Байдар — жалпымемлекеттік маңызы бар ландшафттық қорықша. * Казаша шығанағы — жалпымемлекеттік маңызы бар жалпы зоологиялық, гидрологиялық қорықша. * Айя мүйісі — жалпымемлекеттік маңызы бар ландшафттық қорықша. * Феленк мүйісі — жалпымемлекеттік маңызы бар ландшафттық қорықша. * Феленк мүйісіне жақын жағалаудағы су кешені. * Ұлы Қол мүйісіне жақын жағалаудағы су кешені. * Херсон қорығына жақын жағалаудағы су кешені — жергілікті маңызы бар гидрологиялық ескерткіші. * Сарыш-Ласпи жағалау-су кешені — табиғаттың гидрологиялық ескерткіші. * Ласпи жартастары — қорық шатқалы. * Ушаков сайы — жергілікті маңызы бар ботаникалық табиғат ескерткіші. ### Климаты Ақиар қалалық кеңесіне бағынатын аумақтағы климат Қырымның Оңтүстік жағалауының субтропиктік климатына жақын және қаланы Феленк мүйісі шекарасының бойымен екіге бөлетін екі микроклиматтық субзонада өзіндік сипаттамалары бар: * тау етегінде – салыстырмалы түрде жұмсақ, теңіздік, қоңыржай континенттік, * оңтүстік-шығыс жағалауда – субтропиктік Жерорта теңізді (Кеппеннің белгісі бойынша: Cfa). Жыл бойы ауаның орташа айлық температурасы оңтайлы. Ең суық ай — ақпан (орташа температурасы +2,8ºС), ең жылысы — шілде (орташа температура +22,4ºС). Ақиар жағалауындағы Қара теңіздің беткі су қабатының температурасы да әрқашан нөлден жоғары, ал шілдеде орташа +22,4 ºС құрайды. Атмосфералық жауын-шашын жыл бойы біркелкі түседі: жылына 280-ден 400 мм-ге дейін. Жылдың ең құрғақ айы – мамыр болып келеді. Күн сәулесінің ұзақтығы 2350 сағаттан асады (оның ішінде сәуір-қазан айларында 1898 сағат), ал шілдеде Ақиарда бұлттармен жабылмаған күн дискісі 356 сағат бойы аспанда үстемдік етеді. Бұл шығыста – Ялта мен Алуштаға қарағанда бірнеше сағатқа және Қара теңіздің оңтүстігіндегі Батуми қаласына қарағанда 122 сағатқа көп. ## Тарихы ### Бастауы Мұнда өмір сүрген ең көне тұрғындар мен бірінші айтылған халық — тауырлардың — ізі аз ғана қалды. Қала маңында кромлехтер мен долмендер сақталған. Б. з. б. V ғасырда Хераклея Понти тұрғындары, ежелгі гректер Тауриялық Херсонестың негізін қалады. Қаланың бұрынғы іргетасы туралы нұсқа бар, оны Страбон Херсонес деп атаған. Қазір Херсонесостың қирандылары Ақиардың Гагарин ауданында, Херсонес қорық-мұражайы орналасқан қала шегінде орналасқан. Қазіргі Ақиардың едәуір бөлігін Херсонестің хорасы (ауылшаруашылық аумағы) алып жатты. Херсонес тәуелсіз қала болды, Рим, содан кейін Византия империяларының құрамында болды. Саяхат кезінде әулие апостол Андрей Херсонеске келді. Херсонесте апостолдық еркек Рим папасы әулие Климент (б.з. I ғасыр) шейіт болды. Әулие Мартин, Рим Папасы Херсонесте қуғында қайтыс болды (б.з. VII ғ.). 988 жылы Херсон қаласын (қала Византия дәуірінде осылай атала бастады; ежелгі орыс деректерінде - Корсун) Киев кінәзі Владимир Святославич басып алып, өзінің жақтастарымен бірге мұнда христиан дінін қабылдады. Осылайша, Херсонес Рустің шоқыну рәсімінен өтуі үшін ең ықтимал орын болып саналады. Бұл туралы тарихи деректерде тікелей расталмаған. Бірақ басқа жағынан, сол кездегі басқа шоқындыру рәсімдері, херсонестен басқа, Ресей аумағында болған-болмағаны белгісіз. Херсонес 1399 жылы Едіге басқарған Алтын Орда әскерлерімен ақыры жойылды. Ақиар кейіннен өскен аумақ XIII ғасырда Византиядан бөлінген Теодоро кінәздігіне, сонымен қатар жартылай (және XIV ғасырдың екінші жартысынан бастап) 1475 жылы Осман империясы Қырымдағы Теодоро мен Генуез иеліктерінің барлық жерін басып алғанға дейін Генуя Республикасына тиесілі болды. 1475-1781 жылдары – ішінара Қырым хандығы, ішінара тікелей Осман империясы тиесілі болды. 1771 жылы қазіргі Ақиар аумағын келесі орыс-түрік соғысы кезінде орыс әскерлері басып алды, 1773 жылға қарай Ақиар шығанағының жағасында алғашқы жағалау бекіністерінің құрылысы басталды, оның құрылыс қарқыны 1778 жылы А.В.Суворовтың тексерісінен кейін өсті. ### Қаланың құрылуы және өсуі Қырым Ресейге қосылғаннан кейін бірден II дәрежелі капитан Иван Берсенев басқаратын «Осторожный» фрегаты императрицаның бұйрығымен түбекке стратегиялық қажетті әскери кемежай салдыруға оңтүстік-батыс жағалаудан айлақ таңдау үшін жіберілді. 1783 жылы сәуірде ежелгі Тауриялық Херсонес қаласының қирандыларынан алыс емес Ақтиар ауылының жанындағы шығанақты зерттеп, Берсенев оны болашақ Қара теңіз флотының кемелері үшін база ретінде ұсынды. Қазіргі Ақиардың қаланған күні 1783 жылдың 3 (14) маусымы болып саналады. Бұл күні контр-адмирал Фома Фомич Мекензидің жетекшілігімен Ақиардың алғашқы төрт тас ғимараттың: Ақиар эскадрилиясының қолбасшысы Томас Мекензидің (Фома Фомич) үйі, кішкентай шіркеу, Адмиралтейдегі ұстахана және кейінірек Графская деп аталған айлақтың іргесі қаланды. Қаланың негізін қалаушы шотландық контр-адмирал Фома Фомич Мекензи болды. Бірақ бес жыл бұрын Александр Суворовтың шешімімен Ақиар шығанағының жағасында алғашқы топырақ бекіністер салынып, орыс әскерлері орналасты. 1784 жылы 10 (21) ақпанда II Екатеринаның Жарлығымен Г.А.Потемкинге үлкен бекініс салып, оны Севастополь деп атауға бұйрық бергенше, қала орнында Қырым татарларының Ақжар ауылы атауына сәйкес, елді мекеннің алғашқы атауы Ахтиар болды. Қала Потемкиннің жаңаресейлік жерлерінен алған қаражатына салынды. Әкімшілік жағынан Ақиар Екатеринослав наменгерлігінің құрамында құрылған Таурия облысының құрамына кірді. Қаланың атауы Σεβαστός (Севастос) — «мәртебелі, қасиетті» және πόλη (полис) — «қала» деген екі грек сөзінен тұрады. Севастос — латын тіліндегі «Август» атауының баламасы, сондықтан Севастополь сонымен қатар «августтық қаласы», «императорлық қала» дегенді білдіреді. Кеңес әдебиетінде империялық атаққа қатысы жоқ аудармалар берілді, мысалы, Үлкен Кеңес Энциклопедиясында бұл атау «айбарлы қала», «даңқ қаласы» деп аударылған. 1797 жылы император I Павел қаланы Ақтиар деп өзгертті. 1826 жылы Сенат жарлығымен қала бұрынғы, грек атауы – Севастопольге қайтарылды. Қала құрылысының бастапқы сұлбасын жүзеге асыруды 1788 жылы кемежайдың және Ақтиар эскадрилиясының қолбасшысы болып тағайындалған Ф.Ф.Ушаков қолға алды. Көптеген үйлер, казармалар, ауруханалар, жолдар, базарлар, құдықтар салды. 1802 жылы Ақтиар жаңадан құрылған Таурия губерниясының құрамына кірді, ал екі жылдан кейін Ресей империясының Қара теңіздегі негізгі әскери кемежай болып жарияланды. Сол 1804 жылы сауда кемежайы жабылды, шынында, 1808 жылы ашылған еді, бірақ 1809 жылдан 1820 жылға дейін қалада ресей ішкі сауда кемежайын ашқанша қайта жабылды. 1867 жылға дейін Ақтиарда халықаралық сауда порты болған жоқ. Қала флот үшін жұмыс істейтін әскери қала болды. 1822 жылы Ақтиардағы 25 мың халқының 500-ден азы бейбіт тұрғындар болды. Дегенімен де, қала тарихының бастапқы кезеңі тек әскери істермен ғана байланысты емес, мысалы, 1827 жылы Ақтиар қаласының ішіндегі ең көне елді мекен болып табылатын Тауриялық Херсонестің археологиялық қазбалары басталды. 1830 жылы Ақиарда 1828-1829 жылдардағы орыс-түрік соғысы кезінде карантиндік шаралармен туындаған ірі көтеріліс болды, бұл 1830-1831 жылдардағы тырысқақ толқулар сериясының алғашқыларының бірі болды. Ол 3 (15) маусымда басталып, тез арада матростар, сарбаздар мен қаланың төменгі топтары тартылды. 4 (16) маусымда көтерілісшілер қала губернаторы Н.А.Столыпинді және бірнеше шенеуніктерді өлтірді, ал 7 (19) маусымға дейін қала көтерілісшілердің қолында болды. Көтеріліс басылғаннан кейін 1580 қатысушы әскери сотқа тартылып, оның 7-уі ату жазасына кесілді. Ақиардың қарқынды өсуінің басталуы М.П.Лазаревтың есімімен тығыз байланысты. 1832 жылы Қара теңіз флоты штабының басшысы, кейін флот пен кемежайлардың бас қолбасшысы және қаланың әскери губернаторы болып тағайындалған ол Корабельная және Южная шығанағы жағалауында кеме жөндеу және кеме жасау кәсіпорындарымен адмиралтейлік тұрғызды. Осылайша флоттың өндірістік базасын құрып, М.П.Лазарев қаланы қайта құруға және дамытуға кірісті, сол үшін 1840 жылы 25 қазанда (6 қараша) Ақиардың бірінші негізгі жоспары әзірленіп, қабылданды. Атап айтқанда, Орталық төбенің «Заңсыздық жотасы» деп аталатын бір қабатты ғимараты бұзылып, классицизм рухындағы ғимараттарға жол ашылды. Сонымен қатар, Ақиар тұрғындарының саны Қырымның басқа қалаларына қарағанда тез өсті. 1850 жылы 45 046 адамды құрады, оның 32 692 төменгі әскери шенділері болды. Қаланың одан әрі дамуы 1851 жылғы негізгі жоспарда қарастырылған еді, бірақ оны жүзеге асыруға Қырым соғысы кедергі болды. ### Қырым соғысы, Ақиардың одан әрі дамуы ## Дереккөздер
Салғыр (қырымтат. Salğır, Салгъыр, укр. Салгир) — Қырымдағы ең ұзын өзен, бірақ ең суы мол емес (осындай өзен Белбек). Өзен арнасының ұзындығы — 232 км, су жиналатын алабы — 3750 км² (басқа мәліметтер бойынша 4010 км² дейін). Ақмешіттен төмен жақта, жыл сайын үш айдан астам уақыт құрғап тұрады. Оның шаруашылықтық (суаруды қосқанда) және рекреациялық маңызы бар: өзен жағасында көптеген саябақтар мен жағалаулар бар. Рүс Би Ғазы ауылындағы су шығыны — 1,20 м³/с, жазыққа кіргенде — 2,5 м³/с. ## Этимологиясы Салғыр атауы үнді-арийлік *sal-gir(i) «Salā тауынан құлап жатқан» дегеннен этимологияланған. Екінші компонент көне үнд.-мен байланысты. girí- «тау», ү. е. *gṷer- «жалмау/ауыз арқылы шашу», ал бірінші компонент — су ағынын белгілеуден басқа, науа қызметін атқарған еңістің өзін белгілеуге де жарамды ү. е.-ден *sal- «ағынды, ағынды су», көне үнд. sal- «қозғалу, ағын» дегеннен алынған Қырым тауларының *Sal(a) қалпына келтірілген атауы. ## Гидрографиясы Ол теңіз деңгейінен 390 метр биіктікте Аңғара мен Қызылқоба өзендері қосылатын Шатырдақ беткейлерінен басталады, Сываш шығанағына құяды. Жоғарғы ағысында ағынның 40% дейін беретін Аянның сол жақ саласын қабылдайды. Ақмешіт қаласының жанында су қоймасын құрайды. Солтүстік Қырым арнасымен қиылысады. Аңғар негізінен қорап тәрізді, төменгі ағысында айқын емес, сағалық бөлігінде жоқ. Алқаптың ені 300-600 метрден (жоғарғы ағысында) 2-3 км-ге дейін (төменгі ағысында) шамасында теңселеді. Арна ирек, ені 3-3,5 м-ден 8-15 м шегінде өзгереді; төменгі ағысы тураланған және жалданған. Қайраңдағы тереңдік 0,3-0,5 м-ге, иірімдерде — 1,6 м-ге дейін жетеді. Тау бөктері бөлігінің құлауы 6 м/км-ге, далада — 0,27 м/км жетеді. Төрттік кезеңнің басында ежелгі Салғыр молырақ болды, оның суы Ақмешіттен төмен, жылдам және басқа бағытта ағып жатты. Ежелгі төрт Салғыр артында жұмыртас пен құмның үлкен жолақтарын қалдырды. Олардың бірі Шатырлық сайының бойындағы Каркинит шығанағына, қалған үшеуі қазіргі Кезлевтың жанындағы Қара теңізге құйды. Тарханқұт түбегі біртіндеп көтеріле бастағаннан кейін Салғыр суы Сывашқа қарай ағып кетті. ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін. Салғыр ағысы Биік Қарасу өзенінің суы мол саласы болып саналды, өйткені Салғыр әрқашан өз суларын онымен қосылатын жерге жеткізбеді. Жазда, жоғарғы ағысында (Ақмешіттен жоғары) өзен мезгіл-мезгіл, төменгі ағысында жыл сайын 3 айдан астам құрғайды. Максималды су тасқыны көктемде тауларда қардың еруіне байланысты байқалады, сонымен қатар жаңбыр мен қар жиі жауатын күзгі-қысқы кезеңде қайталанады. 1933 жылдың желтоқсанында Салғырда рекордтық жоғары су шығыны тіркелді — 118 м³/с (Пионерское ауылының маңындағы орташа жылдық ағыны небары 1,29 м³/с). Өзен қыста жыл сайын қатпайды. ## Суару және сумен қамтамасыз ету Салғыр өзені Ақмешітті ауыз сумен, Ақмешіт ЖЭО керекті сумен қамтамасыз ететін, сондай-ақ Қырымның Ақмешіт және Красногвардейский аудандарының ауыл шаруашылық кәсіпорындарын сумен қамтамасыз ететін Салғыр суландыру жүйесіне кіреді. Сумен қамтамасыз ету және суару үшін қолданылады. Оның негізгі нысаны - 1951-1956 жылдары салынған Ақмешіт бөгені. Солтүстік Қырым арнасы салынғаннан кейін Қырымның жазықтағы өзендері өндіріс индекстеуін алды. Сағалық бөлігіндегі Салғыр ГК-22 (дренажды-қашыртқы жинауыш) деп аталады. Софиевка ауылының жанында көлемі 100 мың м³ болатын бірінші су жинауыш тоғанының құрылысы жүргізілуде, оның қабырғалары мен түбі полиэтиленді үлдірмен қапталады. ## Тармақтары Оң жақтағы ең ірі саласы — Биік Қарасу. Басқа салалары: Жұма, Тауел, Құршы, Бала Салғыр, Бестерек, Зуиа, Бұрылша, Кіші Қарасу, Славәнка. ## Фауна Балықтың кең тараған түрлері: бозша мөңке, майбалық, үкішабақ, сазан, калифорниялық күндік алабұға, Амур шабағы, бұзаубас, тасбас, құсбас, торта, алабұға; жоғарғы ағысында бақтақ. ## Экологиялық мәселелер 1837 жылы Қырымда саяхаттаған, Ресей ҒА мүшесі Анатолий Михайлович Демидов былай деп жазды: «Салғырдан су шелектермен алынып, бөшкелермен тасымалдайды». Салғырдың бір шелек суы сол кезде жарты тиын тұратын. Су мөлдір тазалығымен ерекшеленетін. Алайда, XIX ғасырдың аяғында өзендегі судың сапасы нашарлап, ішу мақсатда құдықтардың суын пайдаланды. ## Дереккөздер
Ғапуролла Даиров (15 сәуір 1932, Манаш ауылы, Новобогат ауданы, Гурьев облысы, Қазақ КСР) — физика-математика ғылымдарының кандидаты (1965), профессор (1992). ## Өмірбаяны Ғапуролла Даиров 1932 жылы 15 сәуірде Атырау облысы (бұрынғы Гурьев облысы), Исатай (бұрынғы Новобогат) ауданына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. Руы Беріш Есенғұл, Кейкі бөлімі. 1948/49 оқу жылында Гурьев қаласындағы Жамбыл атындағы орта мектептің 10 класын бітірген. 1949 жылы Новобогат ауданының оқытушысы болып еңбек жолын бастайды. 1951 жылы Алматыдағы Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түсіп, оны 1955 жылы бітіргеннен кейін, Қазақ ССР оқу Министрлігінің жолдамасымен Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының «математика» кафедрасында оқытушы болып, өзінің негізгі ғылыми-педагогикалық еңбек жолын бастады. Осы институтта математика кафедрасының оқытушысы, аға оқытушы жұмысын атқара отырып, 1958 жылы физика-математика факультетінің деканы болып тағайындалды. Бұл жұмысты 1961 жылға дейін ойдағыдай атқарып, өзінің білімін көтеру және ғылыми жұмыспен жете айналысу мақсатында Абай атындағы КАЗПИ-дің «Дифференциалдық теңдеулер» кафедрасына аспирантураға түсті. Аспирантураны 1964 жылы ойдағыдай аяқтап, 1965 жылы 15 қаңтарда С.М.Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесінде физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияны нәтижелі қорғады. Бұдан кейін, өзінің еңбек еткен ұжымына қайта оралып, факультетте кафедра меңгерушісі, факультет деканы жұмыстарын жалғастырды. 1966 жылы «математика» кафедрасының доценті деген ғылыми атақ алды. 1970-1972 жылдары осы институттың оқу ісі жөніндегі проректоры болып жұмыс жасады. 1972-1976 жылдары Атырау педагогикалық институтының ректоры болды. Осы жылдарда институттың материалдық базасын, оқу зертханаларын қажетті құралдармен жабдықтады және институттың жас оқытушыларының асперантурада оқу мүмкіншілігін ұйымдастырып, институттың оқытушы-кадрларының ғылыми сапасын көтеруге сапалы еңбектеніп, институттың жаңа оқу жүйесін іске қосты. 1976-1986 жылдары осы институттың «математикалық талдау» кафедрасының меңгерушісі, 1986-1993 жылдары физика-математика факультетінің деканы болып жұмыс жасады. 1992 жылы КСРО жоғарғы аттестациялау комиссиясының шешімімен «математика кафедрасының профессоры» деген ғылыми атақ берілді. Профессор Ғ.Даиров орта және жоғары мектептерде жастарға тәлім-тәрбие, білім беру саласында 62 жыл еңбектенсе, оның 56 жылын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде үздіксіз еңбектеніп келеді. ## Қоғамдық қызмет 1968-70 жылдары институттың партия ұйымының хатшысы болып, Гурьев қалалық, облыстық партия комитетінің бірнеше рет мүшесі, депутаты, қалалық, облыстық партия комитетінің конференцияларына делегат болып сайланды. Қалалық «Білім» қоғамының төрағасы, республика «Білім» қоғамы съездерінің делегаты болды. ## Ғылыми еңбектер «Математикалық анализ курсының есептері мен жаттығулар жинағы» I және II бөлімдер, 1998, 2000 ж.ж., «Математикалық талдау (талдауға кіріспе)», 2006ж., «Комплекс айнымалы функциялар теориясының есептері мен жаттығулар жинағы», 2004 ж., «Математикалық талдау (интегралдық есептеулер)» 2007ж., оқу құралдарының авторы. Осылармен қатар, Ғ.Даировтың ғылыми, ғылыми-әдістемелік және оқу-тәрбие жұмыстарына арналған 89 мақалалары республиканың және жақын-алыс шет елдердің ғылыми журналдарында, ғылыми-практикалық, әдістемелік конференциялардың материалдарында, газеттерінде жарық көрген. ## Марапаттары Ерен еңбегі үшін «Құрмет орденімен», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін медаль», «Ерен еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне», «Ветеран труда», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» медальдарымен, «Ы.Алтынсарин», «Қазақстан Республикасынын білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгілерімен, республикалық, облыстық, қалалық дәрежеде құрмет грамоталарымен марапатталған. ## Дереккөздер
Ким НамДжун (кор. 김남준; 12 қыркүйек 1994 жылы туылған, көбінесе өзінің RM (Rap Monster) сахналық атымен белгілі) – оңтүстік корей рэпері, сазгер және музыкальды продюсер. Hybe Corporation (бұрын Big Hit Entertainment) компаниясының қол астындағы корейлік бойбенд BTS тобының лидері және басты рэпері. 2015 жылы өзінің RM атты алғашқы микстейпің шығарды. RM BTS тобының дискографиясындағы көптеген әндердің авторы мен продюсері болып табылады, оның атына 60-тан астам композициялар тіркелген. Ол Wale, Younha, Warren G, Gaeko, Krizz Kaliko, MFBTY, Fall Out Boy, Primary, және Lil Nas X сияқты жұлдыздармен бірге ән жазды. Альбом Billboard 200 тізімінде үшінші орынға көтеріліп, барлық уақыттағы корей әйел солистінің ең көп табыс әкелген альбомы болды. ## Биографиясы Ким НамДжун 1994 жылы 12 қыркуйек күні Корея Республикасы, Сеул қаласы, Тонджакку әкімшілік ауданында дүниеге келді. BTS тобында дебют алудын алдында Runch Randa лақап атына ие андерграундті рэпер болған. Бейресми түрде бірнеше композиция шығарған. Сонымен қатар, Runch Randa Marvel J, l11ven, Supreme Boi, Iron, Kyum2, Kidoh, Samsoon, Illipse және DJ Snatch бірге Daenamhyup (2009-2013) атты андерграундті хип-хоп тобының мүшесі болған. Daenamhyup тобынан кейін Намджун BTS бойбендімен сахнаға шықты.RM көпшіліктің арасында өзінің интеллектуалды қабілетімен де танымал. 7 сыныпта ол ағылшын тілі бойынша жүргізілген тестта 850 ұпай жинады, ал рэпердің IQ көрсеткіші 148. Туған корей тілінен басқа ағылшын және жапон тілінде еркін сөйлейді. Он екі жасында Жаңа Зеландияда төрт ай оқыды. ## Мансабы ### 2013-қазіргі таң: BTS тобындағы дебют және сахнадағы бастамалары 2010 жылы кастингті өткеннен кейін НамДжун BTS тобының бірінші мэмберы (мүшесі) болып таңдалды. Бірнеше жыл бойы тағы да екі андерграундты рэперлермен: Шуга және Джей-Хоуппен бірге тағылымдамадан өтті. 2013 жылының 13 маусым күні топтың құрамыда ”2 Cool 4 Skool” дебюттік синглдік альбомның “No more dream” әнімен сахнаға шықты. ### 2015- қазіргі таң: RM және mono RM көптеген белгілі корей және америка әртістерімен бірге жұмыс істеді. 2015 жылдың 4 наурыз күні RM Warren. G. рэперімен бірге «P.D.D (Please Don't Die)» атты трек пен оның бейнеклипін шығарды. 20 наурыз күні оның Krizz Kaliko продюсер болған «Rush» атты жеке микстейпінің премьерасы өтті. Микстейп 2015 жылдың топ-50 хип-хоп альбомдарының ішіне кірді, оның ішінде 48 орын алды.9 сәуір күні Primary RM мен Квон Джи А қатысуымен жазылған «U» өлеңі бар 2-1 мини-альбомының шығарды. RM Мэнди Вентриспен бірге «Ғажайып төрттік» фильміне «Fantastic» атты саундтрек шығарды. 20 қыркүйек күні RM 2015 All Force One (A.F.O) Hot & Cool Concert концертіне қатысты.2016 жылдың 30 тамыз күні Пан Си Хекпен бірге продюсер болған, Homme-мен дуэтте жазған «Dilemma» синглі жарық көрді. 2017 жылдың 20 наурыз күні американдық рэпер Wale-мен бірге «Change» өлеңі мен оның видеоклипін шығарды. 15 желтоқсан күні Fall Out Boy RM қатысуымен бірге «Champion» ремиксін шығарды. 2018 жылдың 23 қазан күні RM өзінің екінші mono атты микстейпін шығарды. 24 қазан күні Намджун басқа мемберлермен бірге Корея Республикасының Президентінен «Мәдениеттегі еңбегі үшін» орденін алды. Басты мансабы BTS тобының мансабының аясында жүзеге асырылады. ## Әртістігі және ықпалы РМ дауысы баритон. 2017 жылы американдық хип-хоп XXL журналы оны "Сіз білуіңіз керек 10 корей рэпері" тізіміне енгізді, ал жазушы Питер А.Берри "Rap Monster өз атын сирек ақтамайды" деп мәлімдеді. Берри RM-ді "Аймақтағы ең епті рэперлердің бірі, ол көптеген түрлі аспаптардан өтіп бара жатқанда ағындарды оңай ауыстыра алады" деп сипаттады. South China Morning Post-тің Кристал Тай RM "Өзінің табиғи ағымы мен сөздері үшін көп мақтауға ие болды"деп атап өтті. RM жұмысы туралы айта отырып, Noisey-дің Бианка Мендес "бұл менің әдемі қара бұрмаланған қиялым [Kanye West], бірақ ол оған жақын...Эрл мен Шанс-бұл рэпер, және бұл өте қызықты". 2020 жылдың қаңтарында ол көмекшіден корей музыкасының авторлық құқығы қауымдастығының толық мүшесіне дейін көтерілді. Кореядағы Gallup институты жүргізген сауалнамада RМ 2018 жылы Жылдың ең таңдаулы айдолдарының арасында 12-ші орынға ие болды. Ол 2019 жылы 11-ші орынға ие болды. 2018 жылы РМ корей мәдениетіне қосқан үлесі үшін BTS-тің басқа мүшелерімен бірге мәдени қызметі үшін Оңтүстік Корея Президенті бесінші дәрежелі Хвагван орденімен марапатталды. 2020 жылдың желтоқсанында Корея өнер Кеңесі оны 2020 жылғы он өнер меценаттарының бірі деп атады, ауылдық және таулы аудандардағы мектептер мен кітапханаларда әр түрлі сирек кездесетін өнер кітаптарын басып шығару және тарату үшін заманауи өнер ұлттық мұражайына 100 миллион Вон көлеміндегі қайырымдылық жасады. ## Дискография Микстейптер: * RM (2015) * Mono (2018) ## Видеография Басты бет: BTS ## Дереккөздер
Софья Берульцева (2000 жылы 6 қарашада туған, Шымкент) — қазақстандық каратэші, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. ## Өмірбаяны ### Карьерасы 2016 жылдан бері халықаралық жарыстарға қатысып келеді. Жастар арасындағы әлем чемпионы (2017) және ересектер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2019) атанды. 2020 жылғы Олимпиада ойындарына жолдаманы соңғы сәтте алды. Ол каратеден рейтинг бойынша да, лицензиялық жарыста да ұтылып қалып, Олимпиада жолдамасынан тыс қалған болатын. Алайда Азия аймағында олимпиадалық циклда әйелдер арасында ең көп ұпай жинаған спортшы ретінде Халықаралық карате федерациясының D3 картасына ие болып, Токио Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алды. Олимпиада ойындарында әйелдер арасында  жүлде алған тұңғыш қазақстандық спортшы ретінде ел спортының тарихына енді. ## Марапаттары * «Құрмет» ордені (2021 жылғы 13 тамыз) ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Дархан Асаділов (27 тамыз 1987 жыл, Шымкент) қазақстандық каратэші. Ол Жапонияның Токио қаласында өткен 2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында ерлер арасында 67 кг салмақ дәрежесінде қола медальдардың бірін жеңіп алды. 2010 жылы ол Гуанчжоуда (Қытай) өткен 2010 жылғы Азия ойындарында 60 кг салмақта ерлер кумитасында алтын медаль иеленген еді. ## Мансап 2009 жылы ол Тайваньның Гаосюн қаласында өткен 2009 жылғы Дүниежүзілік ойындарда 60 кг ерлер кумитасында бірде-бір медаль жеңіп алмастан жарысты. Ол бір матчта жеңіске жетті, бір матчта тең ойнады және бір матчта жеңіліп қалды және нокаут сатысына шықпады. Азия ойындарында ол 2014 жылы 60 кг салмақ дәрежесінде ерлер арасында кумитэ бойынша жарыстарға және 2018 жылы осы жарыста бірде-бір медаль жеңіп алмастан қатысты. 2018 жылы Мадридте (Испания) өткен карате бойынша әлем чемпионатында 60 кг салмақта ерлер арасында кумитэ бойынша жарыста қола медальдардың бірін жеңіп алды. 2020 жылы ол Жапонияның Токио қаласында өткен 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында каратеден Қазақстан атынан өкілдік ету құқығына ие болды. ## Марапаттары * «Құрмет» ордені (2021 жылғы 13 тамыз) ## Дереккөздер ## Сілтемелер * ДАРХАН АСАДІЛОВ КАРАТЭДЕН ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ * "ЕЛГЕ АЛТЫН КЕРЕК ЕДІ": ДАРХАН АСАДІЛОВ ТОКИО ОЙЫНДАРДАҒЫ ЖЕТІСТІГІНЕ БАҒА БЕРДІ
Нұрислам Санаев (шын есімі Артас Валентинович Саава; 9 ақпан 1991 жыл, Тыва АКСР, КСРО) — қазақстандық және ресейлік еркін күресші, тыва ұлтынан. 2016 жылы Қазақстан азаматтығын алып, есімін де Нұрислам Санаев деп ауыстырды. ## Карьерасы 2016 жылғы Рио олимпиадасына қатысып, 1/8 финалдан аса алмады. 2020 жылғы Токио Олимпиадасында қола жүлдені иеленді. 2018 жылы Бішкекте өткен Азия чемпионатының жеңімпазы. ## Марапаттары * «Құрмет» ордені (2021 жылғы 13 тамыз) ## Дереккөздер
Баһадүр Исомиддинұлы Жалолов (өзб. Bahodir Isomiddin Ugli Jalolov; 8 шілде 1994 жыл, Сұрқандария облысы, Өзбекстан) — өзбекстандық кәсіпқой боксшы, 2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. ## Мансабы 7-сыныптан бокспен айналыса бастады. 2019 жылғы әлем чемпионы (Екатеринбург), 2017, 2019, 2021 жылдары Азия чемпионы атанған. 2018 жылы Fight Promotions компаниясымен келісім шарт жасасып, кәсіпқой бокспен айналысады. ## Дереккөздер
Акбар Хуснидилла угли Джураев (өзб. Akbar Juraev; 8 қазан 1999) — өзбекстандық ауыр атлет, 2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. 2019 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. ## Дереккөздер
Ұлықбек Исматуллаевич Рашитов (өзб. Ulugbek Ismatullaevich Rashitov; 23 наурыз 2002 жыл, Өзбекстан) — өзбекстандық тхэквондошы, 68 келі салмақта 2020, 2024 жылдарғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанды. ## Карьерасы 2018 жылы Буэнос-Айресте (Аргентина) өткен жасөспірімдер арасындағы 2018 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында жасөспірімдер арасында 48 келі салмақ дәрежесінде Ұлықбек Рашитов финалда ресейлік спортшы Дмитрий Шишкодан жеңіліп, күміс медаль жеңіп алды. 2019 жылы Ұлықбек таэквондодан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Сол жылы ол 2019 жылғы Бүкіләлемдік Әскери ойындарда да 58 келі салмақта финалда қытайлық спортшы Лян Юшуайаны жеңіп, алтынға қол жеткізді. 2021 жылы Амманда (Иордания) таэквондодан Азиялық Олимпиадалық іріктеу турнирінде Токиода (Жапония) өтетін ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алды. 2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында ол 68 келі салмақта өнер көрсетті. Іріктеу кезеңінде ол малилік Сейду Фофанадан басым түсті. 1/8 финалда Оңтүстік Кореядан келген екі дүркін Олимпиада жүлдегері Ли Дэ Хонгты жеңді. Жартылай финалда Недзад Хусичке (Босния және Герцеговина) қарсы шығып, 28:5 есебімен басым түсті. Ол финалда британдық таэквондошы Брэдли Синденді 34:29 есебімен жеңіп, Өзбекстан құрамасының тарихындағы таэквондодан Олимпиада ойындарындағы алғашқы алтынды жеңіп алды. ## Дереккөздер
Рүстем Нұрғалиұлы Миңнеханов (татар. Рөстәм Нургали улы Миңнеханов; 1 наурыз 1957 жыл, Жаңа Арыш) — татар-ресейлік саясаткері, екінші – Татарстан президенті 2010 жылғы 25 наурыздан бастап (2015 жылғы 25 наурыздан 18 қыркүйекке дейін Татарстан президентінің міндетін уақытша атқарушы). Сондай-ақ "Татнефть" Директорлар кеңесінің төрағасы. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды мемлекеттік басқару функциясына белсенді енгізудің жақтаушысы болып табылады. ## Өмірбаян 1957 жылы 1 наурызда Татар АКСР, Рыбно-Слободск ауданы, Жаңа Арыш ауылында дүниеге келген. Әкесі Нұрғали Миңнеханов (1930 – 2001), 1980 – 1990 жылдары Сабинск леспромхозының директоры болған. 1978 жылы Қазан ауылшаруашылық институтын бітірді, ауылшаруашылығын механикаландыру, «инженер-механик» біліктілігі. 1978 – 1980 жылдары – "Сельхозтехника" Саба аудандық бірлестігінің инженер-диагностигі. 1980 – 1983 жылдары – Саба орман шаруашылығында аға энергетик, бас энергетик. 1986 жылы – Мәскеу кеңес сауда институтының қазан филиалын "тауартану және азық-түлік тауарларының саудасын ұйымдастыру" мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі "жоғары тауартанушы" ((қазіргі ЖПУ). Г.В. Плеханова). 2001 жылы экономика бойынша докторлық диссертация қорғады (экономика ғылымдарының докторы). ### Мемлекеттік қызмет 1983 – 1985 жылдары – Саба ауданының басқарма төрағасының орынбасары. 1985 – 1990 жылдары – Арша ауданының басқарма төрағасы. 1990 – 1992 жылдары – Арша аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1992 – 1993 жылдары – Арша ауданы әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 1993 – 1996 жылдары – Биіктау ауданы әкімшілігінің басшысы. ### Татарстан үкіметінде 1996 – 1998 жылдары – Татарстан Республикасының Қаржы министрі. 1998 жылы Татарстан Республикасының үкіметін басқарды. 1999 жылдың маусымында премьер-министр ретінде "Татнефть"ашық акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. 2001 жылдың мамырында ол Минтимер Шәймиев Татарстан президенті лауазымына қайта сайланғаннан кейін құрылған республика үкіметін тағы да басқарды. 2005 жылғы 29 сәуірде Татарстан Республикасы Мемлекеттік кеңесінің қаулысымен Татарстан Республикасының премьер-министрі болып қайта бекітілді. ### Татарстан Республикасының Президенті 2010 жылғы 22 қаңтарда Ресей президенті Дмитрий Медведев Минтимер Шәймиевтің өзін-өзі бас тартқаннан кейін Татарстан Республикасының Мемлекеттік Кеңесіне Татарстан Республикасының Президенті Рүстем Миңнехановқа Татарстан Республикасының қазіргі премьер-министрі өкілеттігін беруді ұсынатынын мәлімдеді. 2010 жылдың 28 қаңтарында Миңнехановтың кандидатурасын Татарстан Республикасы Мемлекеттік кеңесінің қарауына енгізу туралы жарияланды. 2010 жылғы 29 қаңтарда Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің Президиумы Миңнехановқа Татарстан Республикасының Президенті өкілеттігін беру туралы мәселені 2010 жылғы 4 ақпанда қарауды тағайындады. 2010 жылғы 4 ақпанда Татарстан Республикасының Мемлекеттік Кеңесі Миңнехановтың Татарстан Президенті лауазымына кандидатурасын бірауыздан бекітті. Рүстем Миңнехановтың Республика Президенті қызметіне кірісу рәсімі 25 Наурызда – Минтимер Шәймиевтің өкілеттігі аяқталған күні өтті. 2010 жылғы 25 Наурызда Рүстем Миңнеханов ант беріп, ресми түрде Татарстан Республикасының Президенті қызметіне кірісті. 2010 жылғы 16 маусымнан 18 желтоқсанға дейін, 2017 жылғы 26 мамырдан 22 қарашаға дейін және 2020 жылғы 21 желтоқсаннан бастап – Ресей Федерациясы Мемлекеттік Кеңесі Төралқасының мүшесі. 24 жылғы 2015 наурызда Ресей президенті Владимир Путин Миңнехановқа қыркүйек айында бір дауыс беру күні күтілетін келесі сайлауда сайланғанға дейін республика басшысы міндетін атқаруды ұсынды. 2015 жылғы 13 қыркүйекте өткен Татарстан президенті сайлауында Миңнеханов 94,4% дауыс жинады. 18 қыркүйекте ол екінші мерзімге қызметке кірісті. 20 жылдың 2020 мамырында Ресей президенті Владимир Путин Рүстем Миңнехановтың аймақ басшысы лауазымына қайта сайлану ниетін қолдады. Сайлау 2020 жылдың қыркүйегіне жоспарланған. "Сіздің өкілеттіктеріңізге қатысты: иә, мен олардың мерзімі аяқталғанын білемін, бірақ сіз бірнеше минут бұрын Татарстан бізде федерацияның барлық субъектілері арасында көшбасшы болып табылатындығын және бұл іс жүзінде солай екенін айттыңыз. Бірақ мұның бәрі сіздің Республика басшылығындағы жұмысыңыздың нәтижесінде қол жеткізілді. Сондықтан мен сіздің келесі мерзімге Республика басшысы лауазымына кандидат ретінде ұсынылуыңызды қолдаймын", - деді президент (Владимир Путин). 2020 жылғы қыркүйектегі бірыңғай дауыс беру күні барысында Татарстан Республикасының басшысын сайлауда Рүстем Миңнеханов тіркелген сайлаушылардың жалпы санының 78,78% келген кезде 83,27% дауыс жинап, барлық қарсыластарынан озып, жеңіске жетіп, аймақ басшысы лауазымында жұмысын жалғастырды. ## Меншік және кірістер Рүстем Миңнехановтың 2011 жылғы ресми отбасылық табысы 11 млн рубльді құрады. Миңнехановтың отбасына жалпы ауданы 564 м² және 21,9 акр жер жылжымайтын мүлік тиесілі. 2010 жылы Президенттің отбасылық кірісі 15,5 миллион рубльді құрады. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, 2,358 млрд рубль сомасымен «Forbes» журналының "Қуат және ақша" мемлекеттік қызметшілердің кірістер рейтингісінде үшінші орынға ие болды. 2018 жылдың мамыр айында жарияланған декларацияға сәйкес, 2017 жылы Миңнехановтар жұбының жалпы табысы 145 миллион рубльді құрады. ## Отбасы Жұбайы – Гүлсина Ахатқызы Миңнеханова (туған. 1969). Ол "Luciano Beauty Studio" элиталық Қазан сұлулық салонына ие. 2010 жылы алынған 8,1 миллион рубль табысымен Гүлсина Миңнеханова губернаторлардың ең бай он әйелінің қатарына кірді. "Forbes" жариялаған 2016 жылдың қорытындысы бойынша табысы 2,351 млрд рубль болатын ресейлік шенеуніктердің ең бай әйелдерінің рейтингін басқарды. Ұлдары: Ирек (04.03.1989–17.11.2013, Қазанда ұшақ апатынан қайтыс болған) және Ескендір (туған. 2008). 2013 жылдың 17 желтоқсанында Ирек Миннихановтың жесірі Антония Гишар Рүстем Нұрғалиұлының немере дүниеге келді. Екі ағасы бар: Рифкат Нұрғалиұлы Миңнеханов (1955) Рәис Нұрғалиұлы Миңнеханов (1961) 2014 жылдың қаңтарында Рифкат Татарстан Республикасының "Жол қозғалысы қауіпсіздігі" мемлекеттік мекемесінің басшысы, Рәис – Татарстан Республикасының "Сабин муниципалды ауданы" муниципалитетінің басшысы. ## Сын 2020 жылдың ақпанында Алексей Навальныйдың Қазандағы штаб-пәтері Миңнеханов қызметтік сапарлар үшін құны 3 миллиард рубль болатын Falcon 8X бизнес -ұшағын пайдаланады деп мәлімдеген тергеуді жариялады, оған қызмет көрсету жылына 175 миллион рубльге бағаланды. Штаб Миннихановтың кеңсесіне ұшақтың иесі және оған қызмет көрсетуге ақша көзі туралы сұрау жіберді. 2020 жылдың қыркүйегінде сол штаб миллиардтаған рубль болатын сыбайлас жемқорлықтың оннан астам мысалын егжей -тегжейлі сипаттайтын кезекті тергеуді жариялады. ## Дереккөздер
Фазлиддин Хасанбайұлы Гаибназаров (өзб. Fazliddin Hasanboyevich G'oibnazarov; 16 маусым 1991, Бекабад, Ташкент облысы, Өзбекстан) — өзбекстандық кәсіпқой боксшы. 2016 жылғы Олимпиада чемпионы. Кәсіпқой боксқа 2017 жылы ауысты. ## Дереккөздер
Тімтуір – Обаған алабындағы көл, ## Географиялық орны Қостанай облысы Қарасу ауданы жерінде. Көршілес Қойбағар, Жаншора көлдерімен жалғаса Тімтуір ойысында орналасқан. ## Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 203,1 м биіктікте. Ауданы 54,3 км2, ұзындығы 9,5 км, ені 6,9 км, орташа тереңдігі 1,6, ең терең жері 3 м, су көлемі 80 млн. м3. Жағасының ұзындығы 27,4 км, су жиналатын алабы 3570 км2. Көлге Тімтуір өзені құяды. Көлдің шығыс жағасы биік (4,5 м-дей), тік жарлы, оңтүстік жайпақ, саздақты келеді. Негізінен қар суымен толысады. Судың минералдығы 0,8 мг/л. Қуаңшылық болған жылдары тартылып қалады. Солтүстік жағалауында өзімен аттас ауыл орналасқан. ## Дереккөздер
Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры – Ақтөбе қаласында 1985 жылы 29 қарашада ашылған мәдени орталық. ## Бастапқы кезеңдер мен қойылымдар Театрдың жұмысы өзге театрлар секілді сырттан келген шағын тураппалардың қойылымдарымен басталды. Біртіндеп қазақстандық және ресейлік қуыршақ театр режиссерлері шақырылып, тәжірибе алмасылды, жаңа спектакльдер қойылып, шеберлік кластары өткізілді. Қазір театр Қазақстанда ғана емес шетелде де табысты өнер көрсететін ұжым – қуыршақ өнерінің өзіндік орталығы іспетті. Алматыда өткен I республикалық театр фестивалінің (2002 жыл) лауреаты, халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінің бірнеше дүркін дипломанты атанды (Орынбор, 2001, 2006 жж., Перм, 2003 жыл, Ақтөбе, 2004 жыл, Рязань 2005 жыл, Болгария 2006 жыл, Грекия, 2008 жыл). «Кто заплетает гривы лошадям?» атты қойылыммен әлемді шарлаған театр үлкен табысқа кенелді. Ресейлік драматургтер М. Азов пен В. Тихвинскийдің пъесасы көшпенді халықтың дүниетанымымен ұштастырыла қойылды. Бұл спектакльдің көркемдік және режиссерлік шешімдері қазақ қолданбалы өнері мен қазақ фольклорына негізделді. 1993 жылдан бері театр Қазақстан театр қайраткерлері одағы мен UNIMA халықаралық қуыршақ театрлары одағының мүшесі Нәзира Табылдинова басқарып келді. Театрдың көркемдік жетекшісі Әсия Құрманәлина мен Тольяттиден келген қоюшы-режиссер Геннадий Гипиковтың арасындағы жемісті шығармашылық байланыс нәтижесінде жеті бірлескен спектакль қойылды. Олардың қатарына Х. Гюнтердің «Мүйізтұмсық пен керік», А. Веселовтың «Солнышко и снежные человечки», сондай-ақ қазақтың халық ертегісінде қойылған «Ұр, тоқпақ!» спектакльдері бүкіл Қазақстанда елеулі табыстарға жетті. Ақтөбе қуыршақ театрының қалыптасуы мен дамуына Ә. Құрманалина, Ж. Маймақова, Г. Баймағанбетова, Л. Сүлеймен, Н. Мұратов, А. Табылдиновтер елеулі үлес қосты. Г. Біржанова, Е. Ермағанбетов, А. Салитова, Е. Исмағұлов, А. Жанаділова, Г. Оралбай әр жылдары актерлік шеберліктерімен көзге түсті. ## Театр жетістіктері 2001 жылдан бері театр көптеген халықаралық фестивальдің лауреаты мен дипломанты атанды. 2007 жылы "Кәсіби мүмкіндігі жоғары театр" атағын иеленсе, 2008 жылы ТМД елдерінің ең таңдаулы "XXI ғасыр театры" деп бағаланды."Оренбург қарбызы", "Республикалық театр", "Рязанда қыз көру", "Екеу аз, үшеу көп", "Ортеке", "Жұмыс істейтін кішкене жылқы", "Чир Чайаан", "Алтын бетперде", "Дарынды ғасыр бас иеді", "Чодари хаел", "Ұлы Ақжелкен", "Наурыз", "Ассалаумағалейкум – III", "Батыс Қазақстан аймақтық форум-фестивалі", "Бүкіләлемдік қуыршақтар карнавалы", "Тақ-теке", "Маршак", "Балауса" эксперименталды қойылымдар, "Буа: Диалог кеңістігі" сынды фестивальдерге қатысып, жүлделі орынды иеленген. 2004 жылы театр базасында "Ассалаумағалейкум!" атты І халықаралық фестиваль өтті. Аталған шараға Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстанның өнер ордалары қатысты. Бұдан кейін аталған фестиваль 2010, 2013 және 2015 жылдары өтті. Жыл сайын театр қойылымдарына жаңалық енгізу үшін Станислав Железкин, Григорий Гипиков, Юрий Фридман секілді Ресейдің халық әртістері шақырылады. Олар тәжірибелерімен бөлісіп, әртүрлі тақырыпта шеберлік сабақтарын өткізеді. Краснояр режиссері Евгений Пермяков пен театрдың бас көркемдік жетекшісі Әсия Құрманалина бірігіп қойған "Аттардың жалын кім өреді?" атты қойылымы көрерменнің оң бағасына ие болды. ## Шығармашылық ұжым Бүгінгі таңда театрдың директоры – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Әсия Тәжібекқызы Құрманалина. Театр әртістері – Гүлнәр Байғамамбетова, Ләззат Сүлеймен, Ақбөбек Жанәділова, Ербол Ермағамбетов, Нұрат Мұратов (Қазақстан Республикасының бірінші президенті қорының лауреаттары), Ербол Исмағұлов ("Ең үздік актер"), Әлішер Орынбасаров, Әлия Салитова, Жанар Молдашева, Алина Сералина, Роза Балғалиқызы, Алмагүл Қаражанова, Дәулет Балапанов, Гауһар Оралбай және т.б.әртістер бар. Әлібек Ермекбаев "Үздік музыкалық көркемдеу" номинациясымен марапатталған. ## Галерея * * * * * ## Дереккөздер
«Торпедо-БелАЗ» (белар. «Тарпеда-БелАЗ») — Беларусьтің Жодино қаласындағы футбол клубы. ## Атаулары * «Ракета» (1961—1967) * «Автозаводец» (1967—1969) * «Торпедо» (1969—1988) * «БелАЗ» (1989—1992) * «Торпедо» (1993—2011) * «Торпедо-БелАЗ» (2011 жылдан бері) ## Жетістіктері ### Ұлттық БКСР және Беларусь чемпионаты * Чемпион — (4): 1970, 1971, 1980, 1981 * 2 орын — (2): 1972, 1985 * 3 орын — (3): 1975, 1982, 2020 * 1 лига жеңімпазы: 2001 БКСР және Беларусь кубогы * Жеңімпаз — (9): 1969, 1971, 1972, 1977, 1978, 1981, 1982, 1983, 2016 * Финалист — (3): 1970, 1984, 2010 Суперкубок * Финалист: 2011, 2017 ## Сілтемелер * http://torpedo-belaz.by/
Алтын булла немесе Хрисобул, Хрисобуллос (лат: bulla aurea; грек: Χρυσόβουλλον) — Ортағасырлар мен Ренессанс батыс Еуропа және Византия монархтарының дикреттерін біріктіретін алтын екі жақты қағаз және құжат. Сегіз жүз жылға жуық уақыт ішінде олар бір жақты, екінші тараптың немесе тараптардың міндеттемелерінсіз шығарылды. Алайда, бұл, сайып келгенде, тиімсіз болды, өйткені византиялықтар империяны құлатуға шетелдік мемлекеттердың күш-жігерін шектеуге тырысты. ## Белгілі алтын буллалар: * 1082 жылғы Алтын булла, I Алексей Комнин Адрия теңізін нормандықтардан қорғаудың орнына Византия империясының барлық жеріндегі венециялық көпестерге салықтан босатылған еркін сауда құқығын беру үшін шығарды. * 1136 жылғы Алтын булла, Рим Папасы II Иннокентий шығарған көбінесе Гнезнен булласы деп аталады. * Сицилияның алтын булла, 1212 жылы Қасиетті Рим императоры II Фридрих шығарған. * 1213 жылғы Алтын булла, II Фридрих шығарған. * Джон Лэкландпен (Англияның патшасы) келіскенін мойындау үшін Папа шығарған 1213 жылғы Алтын булла. * 1214 жылғы Алтын булла, II Фридрих шығарған, барлық неміс территорияларын Эльба мен Эльда өзендерінің солтүстігінде Данияның патша Вальдемар жеңімпазға беру туралы. * Алтын Берн булла, II Фридрих 1218 жылы шығарған, бірақ қазір жалған болып саналатын. * 1222 жылғы Алтын булла, Мажарстан паштасы II Андраш шығарған асылдардың құқығын растау үшін шығарылды. * 1224 жылғы Алтын булла (Diploma Andreanum), Андраш II Трансильванияда тұратын сакстерге белгілі бір құқықтар беру үшін шығарған. * Риминидің алтын булласы, II Фридрих шығарған. * 1242 жылғы Алтын булла, Мажарстан патшасы IV Бела шығарған, моңғолдардың Еуропаға басып кіруі кезінде Хорватиядағы Градец (қазіргі Загреб) және Самобор тұрғындары үшін еркін патша округін (еркін және патшалық қала) жариялады. * 1267 жылғы Алтын булла, Мажарстан патшасы IV Бела шығарған. * 1348 жылғы Алтын булла, Бохемия патшасы IV Карл (Қасиетті Рим императоры) Карлов университетіне артықшылықтар беру үшін шығарған. Прагада Рим Папасы Клемент VI негізін қалаған, әлемдегі ең көне университеттердің бірі. * 1356 жылғы Алтын булла (ең танымал Алтын буллалардың бірі), императоры IV Карл шығарған, Қасиетті Рим империясының конституциялық құрылымын анықтау (және төрт жүз жылдан астам уақытты ұзарту) үшін Нюрнберг Сеймінде жариялау үшін. * 1702 жылғы Алтын булла, Қасиетті Рим императоры I Леопольд шығарған, Силезия астанасы Бреслау (қазіргі атауы: Вроцлав), болашақ Вроцлав университеті (Universitas Vratislatensis) және Леопольдина академиясын құру үшін. ## Тағы қараңыз * Папалық булла ## Дереккөздер
Айнұр Сайлаубайқызы Көпбасарова (7 ақпан 1975, Тараз, Қазақ КСР, КСРО) — продюсер, Түркістан музыкалық драма театрының директоры (2021 жылдың 16 сәуірінен бастап). ## Өмірбаяны ### Білімі * 1990-1995 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында филолог мамандығы бойынша білім алған. * 1995-1996 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да магистратурада, ал 1996-1999 жылдары аспирантурада оқып, 1999 жылы "Абайдың лирикалық өлеңдерінің бейнелілігі және оның орыс тіліне аударудағы көркем табиғаты" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. Ғылыми жетекшілер Жанғара Дәдебаев және Зейнолла Қабдолов. ### Еңбек жолы * 1999 ж. – Азаматтық авиация академиясы, кафедра оқытушысы; * 2000 ж. – Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың көркем аударма және әдеби шығармашылық теориясы кафедрасының оқытушысы; * 2000-2010 ж. – «Хабар» телеарнасының бас редакторы, продюсері, көптеген жобаның авторы; * 2010 жылдан бері «А+А Idea fabric» ЖШС-нің бас продюсері әрі креативті директоры; * 2021 жылдың 16 сәуірінен бастап Түркістан музыкалық драма театрының директоры. * 2021 жылы желтоқсан айында “ҚР Тəуелсіздігінің 30 жылдық” мерейтойына орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлыныңжарлығымен білім жəне ғылымына, ақпарат салаларына сіңірген еңбегіне, отандық кино жəне театр өнерін дамытуға өз үлесін қосқан. ### Фильмографиясы * «Я тебя люблю» фильмі * «Армандастар» сериалы ## Продюсерлік жобалары * Мəскеу қаласында, «Современник» театрының сахнасында қойылған "Фариза" спектаклі * «Star of Аsia» халықаралық фестивалінің Бас продюсері ## Марапаттары * «Құрмет» орденінің кавалері; * Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің алғыс хаты. * “Қазақстан Тəуелсіздігіне 30 жыл” мерекелік медалі * “Түркістан облысына сіңірген еңбегі үшін” медалі ## Дереккөздер
Айнұр Сайлаубайқызы Көпбасарова (7 ақпан 1975, Тараз, Қазақ КСР, КСРО) — продюсер, Түркістан музыкалық драма театрының директоры (2021 жылдың 16 сәуірінен бастап). ## Өмірбаяны ### Білімі * 1990-1995 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында филолог мамандығы бойынша білім алған. * 1995-1996 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да магистратурада, ал 1996-1999 жылдары аспирантурада оқып, 1999 жылы "Абайдың лирикалық өлеңдерінің бейнелілігі және оның орыс тіліне аударудағы көркем табиғаты" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. Ғылыми жетекшілер Жанғара Дәдебаев және Зейнолла Қабдолов. ### Еңбек жолы * 1999 ж. – Азаматтық авиация академиясы, кафедра оқытушысы; * 2000 ж. – Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың көркем аударма және әдеби шығармашылық теориясы кафедрасының оқытушысы; * 2000-2010 ж. – «Хабар» телеарнасының бас редакторы, продюсері, көптеген жобаның авторы; * 2010 жылдан бері «А+А Idea fabric» ЖШС-нің бас продюсері әрі креативті директоры; * 2021 жылдың 16 сәуірінен бастап Түркістан музыкалық драма театрының директоры. * 2021 жылы желтоқсан айында “ҚР Тəуелсіздігінің 30 жылдық” мерейтойына орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлыныңжарлығымен білім жəне ғылымына, ақпарат салаларына сіңірген еңбегіне, отандық кино жəне театр өнерін дамытуға өз үлесін қосқан. ### Фильмографиясы * «Я тебя люблю» фильмі * «Армандастар» сериалы ## Продюсерлік жобалары * Мəскеу қаласында, «Современник» театрының сахнасында қойылған "Фариза" спектаклі * «Star of Аsia» халықаралық фестивалінің Бас продюсері ## Марапаттары * «Құрмет» орденінің кавалері; * Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің алғыс хаты. * “Қазақстан Тəуелсіздігіне 30 жыл” мерекелік медалі * “Түркістан облысына сіңірген еңбегі үшін” медалі ## Дереккөздер
Айнұр Сайлаубайқызы Көпбасарова (7 ақпан 1975, Тараз, Қазақ КСР, КСРО) — продюсер, Түркістан музыкалық драма театрының директоры (2021 жылдың 16 сәуірінен бастап). ## Өмірбаяны ### Білімі * 1990-1995 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында филолог мамандығы бойынша білім алған. * 1995-1996 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да магистратурада, ал 1996-1999 жылдары аспирантурада оқып, 1999 жылы "Абайдың лирикалық өлеңдерінің бейнелілігі және оның орыс тіліне аударудағы көркем табиғаты" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. Ғылыми жетекшілер Жанғара Дәдебаев және Зейнолла Қабдолов. ### Еңбек жолы * 1999 ж. – Азаматтық авиация академиясы, кафедра оқытушысы; * 2000 ж. – Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың көркем аударма және әдеби шығармашылық теориясы кафедрасының оқытушысы; * 2000-2010 ж. – «Хабар» телеарнасының бас редакторы, продюсері, көптеген жобаның авторы; * 2010 жылдан бері «А+А Idea fabric» ЖШС-нің бас продюсері әрі креативті директоры; * 2021 жылдың 16 сәуірінен бастап Түркістан музыкалық драма театрының директоры. * 2021 жылы желтоқсан айында “ҚР Тəуелсіздігінің 30 жылдық” мерейтойына орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлыныңжарлығымен білім жəне ғылымына, ақпарат салаларына сіңірген еңбегіне, отандық кино жəне театр өнерін дамытуға өз үлесін қосқан. ### Фильмографиясы * «Я тебя люблю» фильмі * «Армандастар» сериалы ## Продюсерлік жобалары * Мəскеу қаласында, «Современник» театрының сахнасында қойылған "Фариза" спектаклі * «Star of Аsia» халықаралық фестивалінің Бас продюсері ## Марапаттары * «Құрмет» орденінің кавалері; * Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің алғыс хаты. * “Қазақстан Тəуелсіздігіне 30 жыл” мерекелік медалі * “Түркістан облысына сіңірген еңбегі үшін” медалі ## Дереккөздер
Рауан Кенжеханұлы (1979 жылы 1 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында туған) — қазақстандық қоғам қайраткері, журналист, дипломат және білім беру саласындағы жоба жетекшісі. «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті (2023). 2011 жылы Уикипедия қауымдастығын қазақ тілінде дамытуға және ілгерілетуге қосқан үлесі үшін Халықаралық "Wikimania" конференциясында "Wikipedia" энциклопедиясының негізін қалаушы Джимми Уэйлс атынан тағайындалған "Wikipedian of the Year" (Жыл уикипедияшысы) марапатымен марапатталды. Бұл марапат алғашқы рет ұйымдастырылған болатын және сол жылдан бастап жыл сайын ең үздік уикипедияшыларға табысталады. ## Өмірбаяны 1979 жылы 1 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Рауанның әкесі — Матыжанов Кенжехан Слямжанұлы, анасы — Алметова Әсипат Сауытбекқызы, екеуі де филологтар. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген (2001). 2004 жылы "Стратегиялық менеджмент және Қаржы" мамандығы бойынша ғылым магистрі дәрежесін алды. ### Кәсіби қызметі 2001 жылдан бастап «Хабар» телеарнасында журналист болып жұмыс істейді, «Хабар» арнасының атынан Қазақстан президентінің журналистер пулына кіреді, кейін «Хабар» телеарнасында «Жеті күн» апталық қорытынды талдау бағдарламасының редакторы. 2004 жылдан «Хабар» агенттігінің Ресей Федерациясында меншікті тілшісі. 2005-2006 жылдары баспасөз қызметі басшысы, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Маңғыстау облыстық филиалының директоры. 2008-2009 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің қоғамдық-саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі. 2009-2011 жылы «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша Гарвард университетінде оқуын жалғастырады. 2010-2011 жылдар аралығында Гарвард университеті лингвистика департаментінің оқытушысы. 2011 жылдан бастап электронды білім саласында қызмет ететін Bilim Media Group компаниясының басшысы және «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының жетекшісі. 2016 жылы 1 қыркүйектен бастап Bilim Media Group директоры болып жұмыс істейді. 2017 жылы 1 маусымнан бері «Ұлттық Аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры (бұрынғы - WikiBilim). Қор үздік оқулықтарды қазақ тіліне аудару бойынша «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынды. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі. Әлеуметтік даму және білім беру мәселелері жөніндегі топқа кіреді. 2023 жылғы 21 шілдеден бастап «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті болып сайланды. ### Қоғамдық қызметі 2011-2013 жылдары WikiBilim қоры Уикипедияның қазақ тіліндегі нұсқасын ілгерілету жобасын жүзеге асырды. 2012-2014 жылдары қор қазақ тілін Google Translate сервисіне қосу жөніндегі бағдарламаны іске қосты. Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі. Қазақстандық кәсіпкерлердің YPO Kazakhstan қауымдастығының мүшесі. 2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Этноспорт федерациясының вице-президенті. 2023 жылғы 21 шілде күні Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігінің президенті болып сайланды. ## Марапаттары * "Астанаға 10 жыл" медалі (2008 жыл) * 2011 жылы Израильдің Хайфа қаласында өткен Уикимедиа конференциясы кезінде Уикипедияның негізін қалаушы Джимми Уэйлс уикипедияның дамуына қосқан үлесі үшін жеке сыйлық тағайындады. Рауан Кенжеханұлы "Жыл Уикипедияшысы" (Wikipedian of the Year) сыйлығын алған алғашқы адам болды. ## Қосымша деректер * TEDxAlmaty (2012) конференциясындағы сөзі * Сарасөз бағдарламасы, Abai TV * ER-BATYR. Тимур Балымбетовпен сұхбат * Ұлттық код дегеніміз – тіл /Есен Елеукен * Жаңа Қазақстан қалай құрылу керек? Оған адами капитал индексі қалай әсер етеді? * Абайдың жолы. Рауан Кенжеханұлының дәрісі * Абайдың жолы. Рауан Кенжеханұлының дәрісі ## Дереккөздер
Жозе Туре (фр. José Touré; 24 сәуір 1961 жыл, Нанси, Франция) — франциялық футболшы, жартылай қорғаушы. 1984 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. ## Жетістіктері ### Халықаралық Франция (олимп.) * Олимпиада чемпионы (1): 1984 ### Клубтық Нант * Франция чемпионы (2): 1979/80, 1982/83 * Франция Вице-чемпионы (3): 1980/81, 1984/85, 1985/86 * Франция кубогының финалисі (1): 1982/83 Бордо * Франция чемпионы (1): 1986/87 * Франция Вице-чемпионы (1): 1987/88 * Франция кубогы (1): 1986/87 Монако * Франция кубогының финалисі (1): 1988/89 ## Дереккөздер
Нина Николаевна Смелеева (28 наурыз 1948, Ленинград) — КСРО-лық волейболшы, 1968 және 1972 жылғы Жазғы Олимпиада чемпионы. ## Карьерасы 1961 жасында отбасымен бірге Алматыға көшті. 1964 жылы "Еңбек" клубына қабылданды. 1968 жылы КСРО құрамасы сапында Олимпиадада топ жарды. Сол жылы КСРО еңбек сіңірген спорт шебері ретінде марапатталды. 1969-79 жылдары Мәскеудің "Динамосында" ойнады. ## Жетістіктері * КСРО чемпионы: 1970—1973, 1975, 1977 * Олимпиада чемпионы: 1968, 1972 * Чемпиондар кубогы: 1969—1972, 1975, 1977 ## Дереккөздер
Сырымбет Мәмбетұлы(Алжан) (XVII—XVIIIғғ) — қазақтың батыр қолбасшысы. Алматы обылысы Райымбек ауданы Хантәңірі өңірінен, Ұлы жүз Албан руының Шоған абыз- Сегізсары тармағынан. Сырымбет батырдың негізі елі қазіргі Алматы облысында қоныстанған ғой. Батыр Сыр бойында жаугершілік заманда қаза болуы мүмкін. Бірақ Сырымбет батырдың өзі өлсе де атын өшірмейтің артында өңкей батыр болып өткен ұрпақтары шығады.Сырымбет батырдың баласы Ханкелді батыр 1733 жылы Ұлы жүздің Қодар би, Төле би, Сатай, Бөлек батырлармен бірге орыс патшасы Анна Иоановнаға елші жіберіп, Ресейдің қол астына алуын өтінген.
Қазақ мемлекеттігі — әр жылдарда қазіргі Қазақстан аумағында мекендеген мемлекеттер, тұтастай алғанда мемлекеттің қалыптасу кезеңдері. ## Қазақстанның көне тарихы ### Сақтар (б.з.д. VIII-III ғғ.) Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі - сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Геродот (б.з.б. V ғ.) сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. Сақтар жылқы өсірген. Екі тұқымы болғаны анықталды, оның біреуі басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған. Қой бағумен де айналысқан, олар қазақтың кәзіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған. Түйе шаруашылығы да кең дамыды. Ал сиырдың көшпелі тіршілікке бейімделген мұндай тұқымының өзгеден айырмасы — өнімділігі төмен, тірілей салмағы аз, жемшөпті көп талғамайтын. Суықта сыр бермейтін, жүні қалың, тебін малы болды. Қыстау маңындағы егіншілік сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдария алқабында сақтардың Шірік-Рабат, Бәбіш Молда, Баланды секілді қоңыстарында табылған. Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны өңдеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері дамыған. Б.э.д. 1 мыңжылдықта Қазақстан және Орта Азияны мекендеген сақ тайпалары темірден заттар жасауды меңгерді. Темір мен мыс, қалайы мен қорғасын, алтын мен күміс өндіру жоғары дәрежеде дамыған. Мәселен, Имантау кен орнында 3 млн. пұт мыс рудасы, ал Жезқазған мен Успенскіден 10 мың және 26 мың пұт руда өндірілген, сонда сол руданың көбісі сақтар заманында өндірілгені анықталды. Сақ зергерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың қайыс әбзелдерін, әшекейлер мен айна, қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған. Сақтардың археологиялық ескерткіштерінің бірі – Бәбіш Молда қаласы. Шірік-Рабат – апасиактардың («су жағасын мекендеген сақтар») астанасы. Бұл қала қазіргі Қызылқұм шөлінде, жерді алып жатқан төбеде орналасқан. Қаланың орнынан көптеген дуал, мұнара құрылыстар табылған. Алматы облысындағы Есік қорғаны – б. з. б. VIII-III ғғ. сақ моласы. Бұл молада әрі жауынгер, әрі малшы, әрі абыз адам жерленген. Ол алтын адам деп аталған. Онымен бірге қару-жарақ, басқа да шаруашылық құралдар көмілген. ### Массагеттер (б.з.д. VIII-III ғғ.) Массагеттерді қазіргі тарихшылар Орталық Азияның көшпелі тайпаларының одағы ретінде қабылдайды. Массагеттер сақтардың тайпалық одағымен тығыз байланысты болды. Археология ғылымында осы тайпалардың мәдениетін жалпы «сако-массагет шеңберінің мәдениеті» деген атпен біріктіру дәстүрге айналған. Тілдік және мәдени жағынан массагеттер скифтермен туыстас болды. Бұл тайпалық бірлестіктің сақтарға жақын орналасуын ескере отырып, оның қоныс аудару аумағын дәл анықтау мүмкін емес, бірақ сако-массагет шеңбері мәдениеттерінің негізгі таралу орталықтары Орталық және Шығыс аймақтары, Қазақстан, Жетісу, Арал аймағы және Памир болды. Ежелгі деректерге сүйенсек, массагеттер Каспийден Әмудария өзеніне дейін өмір сүрген. Геродот оларды батыл жауынгерлердің үлкен тайпасы ретінде сипаттайды. Оның айтуынша, массагеттер садақтармен, найзалармен және айбалталармен қаруланған, олар мыс пен алтыннан бұйымдар жасаған. Олардың негізгі кәсібі - мал шаруашылығы және балық аулау болған. Геродот көбінесе массагеттерді скифтермен салыстырады, олар ұқсас киім киіп, ұқсас өмір салтын ұстанған. Олардың жалғыз құдайы - күн. Олар жылқыларды күн үшін құрбандыққа шалған. Ежелгі дәуірде Орта Азия мен Қазақстан жерінде тайпа бірлестіктерінің ең күштісі массагеттер болды. Олар әрдайым көрші патшалықтармен қарым-қатынаста болып, жауласқанмен жағаласып, тойласқанымен табысып отырды. Көшпенді де еркін, ержүрек халықты табанына таптау үшін талай рет парсы, грек, қытай патшалары жорық жасаған. Жаулардың ешқайсысына да берілмей қайта өздеріне айықпас соққы беріп отырған. Скифтердің әйелдері де батыр, қайсарлықтарымен тарихта өз аттарын қалдырып отырды. Соның бірі, әйгілі әйел патшайым –Томирис. Массагеттер патшасы Томирис өз кезегінде ешкім тоқтата алмаған парсы патшасы Кирге қатты соққы беріп, әскерін талқандап, өзін қолға түсіріп басын алады. Әлемнің жартысын жаулап алып, төрткүл дүниеге қаталдығымен, жойқын жаугершілігімен танымал болған Кир және одан кейінгі “жеңілмес” патшалар: Дари, Ескендір Зұлқайнар массагеттер даласына келгенде таулары шағылып, кері қайтып отырған. Қайсар-батырлықтың арқасында сақ-скиф, массагеттер кең байтақ Евразия даласын ешкімге бермей жайлап жатты. ### Қаңлылар (б.з.д. III ғ. - б.з. IV ғ.) Б. з. б. II ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталып кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесінде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Үйсін, Янцай, Қаңлы мемлекеттері қалыптасады. Қазіргі Қазақстан Республикасы аумағындағы жерлерде бірінші болып, б.з.б. IV ғасырдан бұрын біріккен Қаңлы мемлекеті болған. Тарихнаманың ауқымды болғанына қарамастан, қаңлылардың зерттелуі әлі де қанағаттандырмайды. Бұған жазбаша деректемелердің мейлінше шектеулілігі себеп болды, оның үстіне деректер үздік-создық және қарама-қайшы, мұның езі мәселенің әркелкі түсіндірілуін туғызады. Мемлекеттің аумағы ұланбайтақ жерді: Ташкент жазирасы мен Сырдария, Жаңадария, Қуаңдария алабының ежелгі арналарын және Жетісудың онтүстік-батыс бөлігін қоса Оңтүстік Қазақстанды алып жатты. Ең құдіретті кезінде оған Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь сияқты бес «шағын иелік», сондай-ақ Янцай бағынды. Алайда олардың орналасуы даулы болып қалып отыр. Айтылған аймақта археологтар сол уақыттағы негізгі үш мәдениетті - қаңлы мәдениетіне баланатын Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениетін атап көрсетеді. Осы мәдениеттерді 70—80-жылдары белсенді түрде өрістетілген зерттеу қаңлы тұрғындарының материалдық мәдениетінің сипаты, шаруашылығы, қоленері туралы деректерді едәуір толықтыра түседі. Қытайдың тарихи хроникалық деректерінің ерекшеліктері мынадай: тек соларға ғана қарап бұл мемлекеттің пайда болған уақытын, оның нақты шекарасын, астанасы Битянь қаласының қайда екенін, тәуелді бес иеліктің қалай орналасқанын және басқа да көптеген нәрселерді айқын анықтау мүмкін емес. Қаңлы мемлекеті мен оның иеліктерінің орналасу мәселелерінің тарихы И. Бичуриннен басталады, ол оның орналасқан жерін Сырдария өзенінің солтүстік жағындағы далалар деп белгілеген. «Шицзи» мәтініне «Давань туралы хикаяда» берген түсініктемесінде ол «Кангюй иелігі қазір қазақтың Ұлы жүзі мен Орта жүзі кешіп жүрген Сырдарияның солтүстік жағындағы далаларды алып жатыр» деп атап өткен. «Шицзиде» қаңлының орналасуы туралы былай делінген: «Қаңлы Даванның солтүстік-батысында шамамен алғанда 2000 ли жерде жатыр. Бұл — әдетте 20 000 әскері бар юечжиліктерге ұқсайтын көшпелі иелік. Кангюй Даваньмен шектес және күшінің аз болуына қарай оңтүстікте юечжилердің билігін, шығысында ғұндардың билігін таниды». Қаңлы мемлекеті б.з. IІІ ғасырынан бастап құлдырады. Соған байланысты Қаңлы мемлекетінің вассалы болған, қаңлы князьдары билеген оңтүстік өңірдегі қала-қыстақтық аймақтар дербес елге айнала бастады. Сондай-ақ, олардың тіршілік және тұрмыстық формасының ерекшеленуіне байланысты олардың рухани мәдениеті өзіндік даму үрдісіне түсті. Сонымен, қаңлының оңтүстігі мен солтүстігіндегі тұрғындардың этникалық ерекшеліктері айшықтала түсті. Ал қаңлының солтүстігінде көшпенді немесе жартылай көшпенді өмір сүрген тұрғындардың дамуы үйсіндерге жақындасу бағытында болды. Демек, әлеуметтік өндіріс тіршілік формасындағы айырмашылықтардың алшақтауы ел ішіндегі біртұтастықты әлсіретті. Соның салдарынан Қаңлы мемлекеті б.з. V ғасырында ыдырай бастады, VI ғасырда Түрік қағанатының құрамына қосылды. ### Үйсіндер (б.з.д. III ғ.-б.з. III ғ.) Үйсін мемлекеті - (б.з.д. VIIIғ - б.з. V ғасырда) Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі үйсіндер мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады. Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарына деген жеке меншік үйсіндерде де кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты топтарға бөлінуі мейлінше айқын байқалды. Қоғам — ру ақсүйектері мен тәуелді ұсақ өндірушілер, жартылай тәуелді құлдарға бөлінді. Жерді жеке иеленумен қатар иерархиялық иелену түрі де дамыды (рулық, тайпалық, қауымдық). Ежелгі үйсіндерде әлеуметтік-экономикалық қатынастар өтпелі кезеңге тән сипатта болды. Дамудың мұндай ерекше түрінің болу себебі экономикалық кұрылысқа байланысты. Жартылай көшпелі және жартылай отырықшы үйсін коғамында өндірістің екі негізгі түрі болды: мал және жер. Мал түріндегі байлықтың жиналуы, мал-мүлік, жиһазға жеке меншіктің, тауар алмасудың дамуына әкелді. Әйтсе де көшпелі қоғам ерекшелігіне сай — әлеуметтік қатынастар аса ірі және шағын дәулетті мал иелерінің жеке меншік қатынастары түрінде дамыды. Рулық құрылыстың ыдырауы барысында туындаған таптық қатынастар құлиеленушілік сипатқа ие болды. Дегенмен ежелгі үйсін қоғамында құлдың еңбегін пайдалану өзіндік ерекше түрде дамыды; яғни, құл еңбегі өндірістің негізгі тірегіне айналған жоқ, ал құл иелену классикалық түрге жете алмады. Жазбаша және археологиялық деректерден ежелгі үйсін қоғамында б.з.д. II—I ғасырлардың өзінде-ақ жекелеген адамдардың қолында байлықтың шоғырланғандығы байқалды. Қытай деректерінде: "Үйсіндерде жылқы көп. Олардың ең бай адамдарында төрт-бес мың жылқы болады", — деп көрсетілген. Үйсін мемлекеті толассыз соғыстардан, ушыға түскен тақ таласы әсерінен әлсірей түсті. Нәтижесінде, үйсін жұрты VI ғасырдың орта шенінде құрылған Түрік қағандығының құрамына енді. ### Сарматтар (б.з.д. VII ғ.-б.з. IV ғ.) Сармат тайпалары Батыс Қазақстан аймағында өмір сүрген. Көне деректерде б.з.б. III ғасырдан бастап «Сармат» атауы кездеседі. Б.з.б. II ғасырда олар қазіргі Батыс Қазақстан жеріне еніп, Қара теңіздің солтүстік аймақтарына дейін жеткен. Сарматтар Жайық, Тобыл өзендерінің солтүстік сағаларынан Жем өзені мен Солтүстік Каспий маңы құмдарына дейін, Мұғалжар тауынан Дон өзеніне дейінгі орасан зор аумақты мекендеді. Сармат тайпалар одағына - роксоландар, аорсылар, сирактар және аландар жатады. Сармат тайпалары жөнінде деректер грек, рим тарихшылары Диодордың, Геродоттың, Үлкен Плиний мен Полибийдің еңбектерінде кездеседі. Мәселен, грек тарихшысы Диодордың айтуы бойынша «Сарматтар скифтердің жеріне басып кіреді де, жер-суын иемденіп, халқын қырғынға ұшыратады» делінген. Дегенмен, жазба деректерде сармат тайпалары жөнінде мәліметтер өте аз. Геродот «сарматтарды әйелдер басқарған» деп жазса, қазба ескерткіштер де сармат қоғамында әйелдердің үстемдік құрғанын нақтылай түседі. Барлық көшпелі тайпаларға тән тұрғындар санының өсуі тіршілік ету аясын кеңейтуді қажет етті. Осындай жағдайда олар өз көршілері скифтерге қарағанда Алдыңғы Азия, Солтүстік Кавказ бен Парфияға сәтті басқыншылық жорықтар жасаған. Б.з.б. I ғасырда Сармат тайпалар одағының бірі роксоландар сонау Мидия шекараларына дейін жетсе, кейіннен олардың ізін Арал теңізінің солтүстігін мекендеген аландар басып өткен. Сарматтар жаулап алған елдердің саяси өміріне өз ықпалын жүргізіп отырды. Мәселен, роксоландар Понтия патшасы Митридатпен соғыста скифтерді жақтап, кейін Митридатпен одақтасып Римге қарсы соғысады. Жаулап алу барысында сармат тайпаларының бірі аорсылар римдіктерге көмектесіп, сирактарды талқандауға қатысқан. Ал сирактар ол кезде Боспор патшалығының одақтасы болатын. Алан тайпалары халықтардың ұлы қоныс аударуы кезінде ғұндарға қосылып, Испанияға дейін барды. Ғұндар Батыс Қазақстанды мекендей бастаған кезде сармат тайпалары олармен араласып, біріге бастады. Сарматтар иран тілді ел болған, алайда ғұндардың келуімен олар түркі тілінің ықпалына көшеді. Сарматтар жайлы жазба деректерге қарағанда жан-жақты, көлемді мәліметтерді негізінен археологиялық ескерткіштер береді. Археологиялық ескерткіштері. Сарматтардың археологиялық ескерткіштеріне Сынтас, Целинный, Бесоба, Ақжар, Лебедевка, Володарка, Аралтөбе т.б. қорымдар жатады. Сармат ескерткіштері негізінен – қорымдар мен жекелеген обалардан тұрған. Оларда диаметрі - 60 метр, биіктігі – 4 метрден астам обалар жиі кездеседі. Б.з.б VII ғасырға жататын Орал өңіріндегі Целинный ескерткішіне қазба жұмысын жүргізу барысында 100-ден астам оба табылды. Бұл обаларда мәйіттің басын батысқа қарата, дөңгелек қабір шұңқырға бірінің үстіне бірін шалқасынан жатқызып, екі деңгейде жерлеу тәсілімен қойған. Сармат ескерткіштерінің тағы бір жақсы зерттелгені Елек өзені бойындағы – Сынтас қорымы. Қорымдағы бөренелерден салынған шатыр тәрізді құрылыстың ішінен 3 сармат жауынгерінің денесі және аң бейнесімен безендірілген сүйек қасықтар табылды. Мұндағы айырмашылықтар, ерте сармат кезеңінде мәйіттің басын оңтүстікке қаратып жерлесе, орта кезеңде мәйітті қабірде қиғаштап жерледі, ал соңғы кезеңде мәйіттің басы солтүстікке қаратылып, шалқасынан жерленген. Сармат ескерткіштері арасындағы биіктігі 2 метрге жуық Бесоба бастарын оңтүстік-батысқа қаратып, жатқызған абыз әйелдер жерленген. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Лебедевка қорымынан басы солтүстікке қаратылып, шалқасынан жерленген бай сармат әйелінің қабірі табылды. Әйелдің жанына ыдыс-аяқ, қару-жарақ пен еңбек құралдары және табиғат құдайы Дионистің басы бейнеленген мыс құмыра қойылған. 1999 жылы Атырау облысындағы Жем өзенінің сол жағалауына орналасқан б.з.б. II ғасырға жататын Аралтөбе қорымындағы қабірлер зерттелді. Қабірден өте бай салтанатты киімдер кигізіліп, айрықша құрметпен жерленген сармат көсемі мен әйелінің қаңқасы табылды. Олармен бірге қабірдің ішіне 2 жылқы, қару-жарақ пен ыдыс-аяқ, темірден жасалып, алтын оқамен оралған және ежелгі ұзын құлақ екі иттің басымен безендірілген аса таяқтың сынығы қойылған. Табылған заттардың ішінде ең маңыздысы – гректер жасаған қола құмыра және қыш амфора. Сонымен қатар түрлі пішіндегі алтын жалтырауықтар табылды. Алтын жалтырауықпен негізінен көшпелі ақсүйектер мен патшаның салтанатты және жерлеу киімдері әшекейленген. Аралтөбе қорғанындағы сармат көсемі қазақ жерінен табылған екінші алтын адам болып саналады. ### Ғұндар (370-469) Біздің заманымызға дейінгі 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азия жерін мекендеген тайпалық бірлестік ғұндар деп аталды. Олар көшпелі, жауынгер халық болған. Ғұндардың кезінде патриархалды-рулық қарым-қатынастық белгілері өте күшті болды. Ғұндар ішінара 24 руға бөлінген және әр рудың басында ағамандар тұрған. Сол уақытта ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Ғұндар ер азаматтардың барлығын қатардағы жауынгер деп саналған. Жазба деректерде ғұндар билеушісінің шаньюй деп аталғаны көрсетілген. Елді шаньюй билесе, олардан кейін түменбасылар тұрған. Ғұн мемлекеті б.з.д. III ғасырда көшпенді ғұн тайпаларын біріктірген Мөде хан кезінде Еуразиядағы ең мықты мемлекет болды. Тарихи деректерде, б.з.д 209 жылы Мөде хан әкесін өлтіріп, таққа өзі отырған делінеді. Мөде хан билікке келгелі ғұндар қатты күшейіп, аумағын кеңейте бастайды. Жазба деректерге сүйенсек, ғұндар біздің заманымызға дейін 188 жылы қытай императоры Гао-Диды бағындырып, содан хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұруға мәжбүр болған. Тарихта жауынгер халық ретінде аты қалған ғұндар бұдан басқа юечжа, ловфань, байянь, үйсін тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алып, үстемдік еткен. Қытаймен ғұндар арасындағы соғыс 300 жылға созылды. Б.з.д III ғасырда Қытай мемлекеті ғұндардан қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын сала бастады. Сол замандарда ғұндардың әскер басы 300-400 мыңға жететін. Олар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерді иелік етіп, мемлекет құрған. Алайда, ғұндардың билеушісі Мөде қайтыс болғаннан кейін елде өзара қақтығыс орын ала бастайды. Содан біздің заманымызға дейін 47 жылы Хулагу билігі кезінде ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлініп кетеді. Оңтүстік ғұндар Қытайға бодан болуға көнсе, солтүстік ғұндар орталық азия тайпаларымен одақтасып батысқа қоныс аударып, өз тәуелсіздіктерін сақтап қалады. Дегенмен, Қытай үнемі қысым көрсете бергендіктен, ғұндар Тянь-Шань тауынан асып өтіп, қаңлы жеріне қоныстанады. Осылайша, кезінде ұзан-ғайыр жерді мекендеген ғұндар Орта Азия мен Қазақстанға алғаш рет қоныс аударып келеді. Ал, біздің заманымыздың 1 ғасырында ғұндардың екінші рет қоныс аударуы болды. 93 жылы қытайлардан қысым көрген солтүстік ғұндар өз жерінен ығыстырылып, тағы да батысқа қарай көшуге мәжбүр болады. Осылайша, ғұндар қазақ жері арқылы батысқа жылжиды. Ал олардың Қазақстан аумағына келуіне байланысты қаңлы тайпалары түркі тілін үйрене бастайды. Ғұндар жалпы көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан тайпа. Олар әсіресе жылқы өсіріп, қой ұстаған. Оның ішінде асыл тұқымды жылқыларды қолда өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген. Сонымен бірге,ғұндар аң аулап, отрықшылықпен айналысып, егін еккен. Ғұндар дәнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген. Ғұндар жауынгер ғана емес, сондай-ақ керемет қолөнер шебері болған. Оларда қолөнер мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде дамыған. Соның арқасында көшпелі халық зергерлік өнердегі полихром стилін дүниеге әкеледі. Ғұндар өмір сүрген заманда сауда қатынасы мен қолөнер жақсы дамыды. Олар металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан бұйымдар жасап, қолөнермен айналысқан. Сондай-ақ, ғұндар ат үсті ойындарының негізін салған тайпа ретінде тарихта қалды. Жауынгер тайпаның халқы көктәңіріне табынып, ата-бабасының рухына сиынған. Тіпті, өздерінің дәстүрлі құқық жүйесін де қалыптастырған. Ғұндар қоғамында мал мен жерді жеке меншік ретінде пайдалану, алым-салық, жазу-сызудың пайда болауы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды. Б.з. 1 мыңжылдығының басында ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына көшіп барады. Ал біздің заманымыздың 4 ғасырында Шығыс және Орталық Еуропа жеріне келеді. Сөйтіп, олар үш ғасыр уақыт ішінде Еуропа жеріне енеді. ### Жужандар (402-552) Жүржан елі III ғасырдың соңында Үйсүн империясының Орта Азия аймағын басып алып өз билігін орнатты. Яғни, «аталарына тиесілі болған билікті қайтарып алды». Осылайша IV ғасырдың басында қазіргі Қазақстан мен Орта Азияда Жүржан мемлекеті (қытайша «жужан») пайда болды. Үйсүн империясы билеушілері қазіргі Шыңжан аймағында ғана өз биліктерін сақтап қалды және Солтүстік Қытай билігін де қолдарына алды. Олардың басты әскери күші табын тайпасы болған (қытайша «табгачи» немесе «тоба»). Жүржандар (жужан) IV ғасырдың екінші жартысында (367 жылы) сол шығыс аймақты да жаулай бастады. Осы тұста «тоба мен жужандар соғысы» деген атауға ие тарихи оқиғалар орын алды. Ресейліктер тобгачтар мен жужандар сяньби халқынан, яғни маңғол тілділер деп бұрмалады. Қытайлық «Ляншу» дерегі мен «Наньши» дерегі жужандар хуньдарға туыс тайпа дейді, ал «Вэйшу» дерегі «жужандар суншу тайпасы» деп көрсетеді. Қытай жазбалары хуньдарды «сюнну» деп те атаған. Жужан-гунн заманында хұңзақ халқының абар тайпасы Кавказға орнықты (қазіргі авар ұлты солардан қалыптасты). Маңғыстаулық маңғы тайпасының бір тобы Закавказеге сол заманда барды, олардың екінші үлкен бөлігі қазіргі Моңғолия аймағын мекендеді. Шыңғысхан заманындағы маңғы тайпасы сол жужандар заманында Маңғыстаудан барған маңғы тайпасы болатын (Шыңғысхан заманында маңғыл тайпасында тайджут руы болды, ал ол адайжұрт атауының қытайша жазбаға түскен нұсқасы болатын). Жужан-гунндердің Кавказдағы әскері абар мен маңғы тайпалары, қазіргі Маңғолия аймағындағы әскері маңғы мен жергілікті теле (деле) тайпасы болғанын тарихи жазбалар растайды. Қол астындағы қидан-халхалар ықпалымен манжурлар «жужандық» түркілік тілін жоғалтты. Алайда, оларда қазақы белгілер әлі де бар деседі. Кейінгі IX-XI ғасырларда Қидан мемлекетін билеген сол манжур-жужандық династия. Оларды қытай дерегі «сяо» деп көрсетеді, дұрысы – «асұя» (Асылұя атауының қысқарған нұсқасы). Ал XVI ғасырда Қытайды басып алып, Манжур-Цинь империясын орнатқан ру «журжен» деп аталған. Олардың әскері қидан-халхалар болды, қазір маңғол санатындағы сол халхалар Маңғолияға XVI ғасырда ғана келіп орнықты. Оған дейін бұл аймақты тек қазақ тайпалары иеленді. Осы деректер жужандардың дұрыс атауы «жүржан» екенін, Шыңғысхан заманындағы «маңғыл» тайпасы Каспийден барған «маңғы» тайпасы екенін дәлелдейді (тайджут руы – адайжұрт, яғни адай руы). Шыңғысхан заманындағы маңғыл тайпасы мен қазіргі халха-маңғолдардың еш туыстық байланысы жоқ. Десе де, оларды билеген топтар өзара туыс және журжандық Асылұяның ұрпақтары болып табылады. Қытай дерегі қидандардың солтүстігінде татаб (татар) тайпасы отырғанын айтады. Олардың солтүстік шығысқа барғандары саха (якут-жахұт) халқын қалыптастырды, қалғаны – Шыңғысхан заманындағы татар тайпасы. ### Эфталиттар (Ақ ғұндар) (?-565) Эфталиттер – V-VI ғасырларда барлық Орталық Азия аймағын біріктіріп тұрған қуатты мемлекет. Қазіргі кездегі барлық заманауи ғылым мен баспа беттері эфталиттердің Орталық Азиядағы өте үлкен империяны құрған батыл көшпенді тайпа болғандығын растайды. Оның шекарасы Каспий теңізінен Қашқарға дейін және Арал теңізінен Үндістанға дейін созылып жатты. Жазбаша дереккөздердегі эфталиттер туралы мәліметтер өте көп; олар туралы латын, грек, сирия, армян, қытай, араб, орта және жаңа парсы дереккөздері, бұл жаңалықтардың көпшілігі Орта Азиядағы эфталиттердің үстемдік ету уақытына, V-VI ғасырларға жатады. Эфталиттердің пайда болу мәселесі өте күрделі. Дереккөздерде қарастырылып отырған кезеңдегі Орта Азияның көшпелі тайпаларына жататын бірнеше атаулар бар.Олардың ішіндегі ең маңыздылары -эфталиттер, хиониттер, кидариттер және ақ ғұндар. Бұл тайпалардың немесе халықтардың өзара, сондай-ақ кушандармен қарым-қатынасы әлі де айқын емес. Эфталиттер шығу тегі бойынша Орталық Азияның жергілікті көшпелі халқымен байланысты. Қытай дереккөздерінің мәліметінше, ол юэчжи тайпасынан шыққан. Эфталиттердің алғашқы қоныстанған жерлері, қытай дереккөздері бойынша Алтайдың оңтүстігінде және Хотанның шығысында, яғни Юэчжи қонысының шығысында орналасқан. Рас, Қытай дереккөздері эфталиттердің пайда болуының басқа нұсқасына да сілтеме жасайды, оған сәйкес олар гаогу тайпасының, яғни ұйғырлардың саласы болған, бірақ олардың тілі гаогу немесе түркі тілдеріне (яғни моңғол және түркі тілдеріне) ұқсамайтындығы айтылған. Сондықтан эфталиттер Шығыс Иран диалектілерінде сөйлейтін Шығыс массагет тайпаларының тобы болды деп болжауға болады. Эфталиттердің әлеуметтік-экономикалық құрылымы туралы салыстырмалы түрде мәлімет аз. Қытай дереккөздері бойынша олар көшпенділер ретінде болған, эфталиттердің қалалары болмаған, олар шөпке бай жерлерде, киіз үйлерде өмір сүрді. Орталық Азияға кіру қарсаңында оларда алғашқы қауымдық жүйе болды. Олардың неке салты өте көне болды, халықтың қалың бұқарасы арасында полиандрия (көп күйеулілік) басым болды, бірнеше ағайындылардың бір әйелі болған. Әйелдің қанша күйеуі болғанын оның бас киіміндегі бұрыштар санынан білуге болады. Таптық жіктелу жерлеу рәсімдерінде де байқалады: байлар тас жертөлеге жерленген, ал кедейлер жерге көмілген. Алғашқы қауымдық жүйенің ыдырау кезеңінде танымал эфталиттер 20 және одан да көп адамнан тұратын отрядтарға ие болды, отрядтар көшбасшымен бірге тамақтанды, онымен шайқастарға қатысты, онымен бірдей олжа алу құқығына ие болды, ол қайтыс болған жағдайда олар онымен бірге жерленді.Көшпелі эфталиттер жүйесінде таптық қоғамның қалыптасу процесі олардың Орта Азияны жаулап алғаннан кейін едәуір жеделдеді. Эфталиттердің ішінде таптық қоғамның дамуы феодализация жолымен жүрді. Эфталит мемлекеті - Орта Азияның алғашқы ерте феодалдық бірлестігі болды. ### Юебан (Иобан мемлекеті) (160-490) Юебан - қазіргі Қазақстанның оңтүстігінің орталық бөлігіндегі хунну халқының ежелгі мемлекеті. Біздің заманымыздың 160-шы жылдары құрылған. Қытайдағы қазақ тарихына қатысты ежелгі жылнамаларда Қытай зерттеушілері синолог Го Шиляңның сөздігіне сүйеніп, бұл атауды Йұрпан (Юебан) деп алып отыр. Йұрпан елі туралы Қытай деректерінде: «Йұрпан елі Үйсіннің солтүстік батысында... Олардың арғы аталары ғұндардың Теріскей Ғұн тәңірқұтына қарасты ұлыстан еді. Хән әулетінің арбалы-аттылары Доу Шян қуа соққылап Теріскей ғұн тәңірқұтын Жин-уей (Алтай) тауынан батысқа Қангуға (қаңғаларға) қарай асырғанда олардың еліне ілесе алмаған аш-арық адамдары Күсәннің солтүстік аймақтарын мекендеп қалды. Бұлар 200 мыңдай адам еді. Игілігіндегі жері мыңдаған ли келетін. Бұлардың тұрмыс салты және тілі қаңғылардікімен бірдей болды. Ал олардың адамдары өздерін хулардың қай-қайсысынан таза ұстайтын еді. Олар шаштарының ұзындығын қас сызығына дейін теңестіріп қиып, оның үстіне тортасы айырылған сарымай жағу арқылы жылтыратады. Әр күні үш мәрте жуынып ауыз шайқайды...». Қазақстандық зерттеуші Ю.А.Зуев Қытай жылнамаларын зерттеген синологтардың еңбектеріне сүйене отырып, Йұрпан (ол бұл елді Юебань деп атайды) еліне қытайлық қолбасылардың тұтқиылдан және әртүрлі жолдармен шабуыл жасап, олардың шаньюйін үш мың лиден астам жерге дейін қуғындап, киіз үйлерін өртеп, он адамды, яғни басшыларын жерге тірідей көміп, ханшасының қолына кісен салып, думанды айғай шумен кейін оралғандарын» жазады. Мұнан аңғаратынымыз, ежелгі Йұрпан (Юебан) елі қытайлықтардың ата жауы болған. Қытай сияқты үлкен елмен көрші болу оларға оңай тие қойған жоқ, олар Солтүстік Қытай мемлекеттерімен жауласып қана қоймай, елшілік қатынастар да орнатты. Тіптен олармен жужандарға қарсы әскери одақ құрып, келісімшарттар да жасады. Нығмет Мыңжан Иобан (Юебан) мемлекеті деп атайды. Оның түсіндіруінше «батысқа қарай босқан ғұндер алдымен үйсін жеріне келген, одан соң қаңлы еліне ауып барған. Осы барыста ғұндардың талай тайпасы үйсін елінде қалып қойған. Осы үйсін жерінде қалған ғұн тайпалары оңтүстік, солтүстік патшалықтары дәуірінде (V-VI ғасырларда) дамып, 200 мыңдай жан саны бар Иобан мемлекетін құрған. Бұл тарихи фактілер 200 мыңнан астам халқы бар, ұланбайтақ өңірге орналасқан Иобан мемлекетінің іргесін үйсін жерінде қалған ғұн тайпалары қалағандығын анықтайды. Иобан мемлекетінің географиялық орны жөнінде «Солтүстік патшалықтар тарихы, батыс өңір шежіресі, Иобан мемлекеті тарауында» былай дейді: «Иобан мемлекеті үйсіндердің батыс солтүстігінде 10 мың 930 шақырым жерде Күшардың солтүстігінде орналасқан». Осы екі елдің арасын асқар тау бөліп тұрған, бұл таудың оңтүстігінде Күшар елі, солтүстігінде Иобан елі. Күшар мен Иобанның арасындағы асқар тау Тянь-Шань тауы екендігі анық. ### Гаогюй (Телеуіттер) (480-540) Гаогюй — Қытай тілінен аударғанда бұл «биік арбалар» деген мағынаны білдіреді. Бұл одаққа Сиейанто тайпасы кіреді. Сейанто тайпасы туралы мәліметтер аз, олар шаньюй Халатоу бастаған 350-ші жылдары Раная Ян мемлекетінің аумағына қоныс аударған 35 мың хунну отбасы туралы айтылады. Бұл тайпа екі тайпаның - сие мен янтоның бірігуі арқылы пайда болғандығы да белгілі. Ғасырдың соңында Ертісте Гаогюдің күшейгені соншалық, олардың билеушісі Афучжило мен оның ағасы Цюнки өз мемлекетінің құрылғанындығын жариялады. Шайқастар Гаогюй атты әскерінің мықтылығын көрсетеді, Моңғолияның солтүстік-батысы түгелдей дерлік оларға бағынады және олар шығыс Түркістандағы Тарим бассейні үстінен билік үшін жужандармен сәтті бәсекелеседі. Гаогюй бұрынғы сюзерендермен ғана емес, сонымен бірге Қытайдың Тоба-Вэй мемлекетімен және орта азиялық эфталиттермен де соғысады. Мұның бәрі VI ғасырдың басында Гаогюй одағы әлсіреп, қайтадан жужандарға бағыныштылығына әкеледі. Осы уақыттан бастап қытай шежірелерінің беттерінен "гаогюй" атауы жоғалып, "арба" сөзінің түркі баламасы - теле пайда болды. Бұл атаудың шығу тегі туралы мәселені Л.П.Потапов көтеріп, ол терминді "динлин" этнонимінен алады. XIX ғасырда Қытайдағы орыс рухани миссиясының басшысы Иакинф Бичурин де осындай көзқараста болды. Осыған байланысты С.Г.Кляшторныйдың «теле» терминінің «тегрег» сөзімен байланысы туралы тұжырымы әділірек: түрік тілінен - «арба», арбаның қарақалпақша атауы «телеген» сияқты естіледі, сондықтан орыс тіліндегі нұсқасы да -арба. Әдет-ғұрыптары: Олар көшпелі, далада жүреді, былғары киім киеді. Жужанжардан айырмашылығы көп спицалы биік дөңгелекті арбалармен ерекшеленеді. Қытайлықтардың пікірі бойынша гаогюйлер дөрекі, қатал болды, оларға патша өкіметі ұнамаған. Тума-туыстарымен тату-тәтті өмір сүреді, бір-біріне барлық жағынан көмектеседі. Шайқасқа түсер алдында сына түрінде кіріп, содан кейін шегініп, күрт бұрылып, қайтадан шабуылдайды. Күн күркіреген кезде олар қуанышты түрде айқайлап, белгілі бір жерден аспанға оқ жаудырады. Күзде олар құрбандыққа қошқар шалады және дұға оқиды, ер адамдар айнала атқа мінеді, содан кейін талдың бұтақтарын алып, үстіне қымыз құйып, сол жерге қояды. Жерлеу кезінде ер адамдар қабір қазып, оған қолында садақ, белбеуде семсер және қолтық астына найзасы бар мәйітті қояды, бірақ қабірді көмбейді. Апаттар кезінде олар рухтарға жаппай дұға етіп, құрбандыққа қошқар шалады. ## Қазақстанның ерте және орта ғасырлардағы мемлекеттері ### Түрік қағанаты (552-603) Қытай деректері бойынша түркілер алғашында Қытай шекарасының батысында, Алтай тауларының етегінде өмір сүрді. Кейін түрік тайпаларының көсемі Бумынның басшылығымен иеліктерін Хуанхэ жағалауларына дейін кеңейтті. Қытай деректерінде түркілерге қатысты алғашқы мәліметтер 542 жылдан бастап кездеседі. Түркілер жужан қағанына салықты темір түрінде төлеген. Түркілер Алтайдан Хуанхэ жағалауларына дейін жеткен кезде Бумын ордасына 545 жылы Қытай елшілігі келеді. Осы сәттен бастап түркілер сол замандағы ірі мемлекеттердің бірі ретінде танылып, тарих сахнасына шығады. Қытай елімен бейбіт қарым-қатынас орнатқаннан кейін жужандардың тепкісін көрген түркілер оларға қарсы бас көтере бастайды. Бумын қалың қолмен жужандарға шабуыл жасайды. 552 жылы жужандар әскері талқандалады. Бумын түркі елінің қағаны болып жарияланады. Орталық Азиядағы жаңа мемлекет — Түрік қағанаты осылай пайда болды. Түрік қағанаты Маньчжуриядан Босфорға және Сібірден Парсыға (Иран) дейінгі жерді алып жатты. Осындай орасан зор аумақты бағындырып қана қоймай, оған иелік ету қажет еді. Қағандар тек қолбасшы ғана емес, аса көрнекті билеушілер болды. Түрік қағанатында егіншілік пен қолөнер дамыды, түрлі діндер бір-бірімен үйлесім тапты. Қаған мемлекетті басқарды, жоғарғы сот міндетін атқарды, әскерге басшылық етті. Мемлекетті басқаруда тайпаның ақсүйек қауымына сүйенді. Әскери және азаматтық қызметтерді басқаратын шенеуніктер аппараты — ябғу, шад т.б. құрылды. Билеуші әулеттің жасы жағынан ең үлкені қаған сайланды. Мұның өзі кәмелетке жетпеген ханзаданы таққа отырғызудан сақтап, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Билік үнемі тәжірибелі адамдардың қолында болды. Ұлы қаған ордасы түркілердің байырғы қонысы — Алтайда орналасты. Түрік мемлекетінде қарапайым халық бодун (мемлекеттің қатардағы құрамы) аталды. Үстем тап, яғни «бектер» ақсүйектер билік тобын құрады. Қаған ашина руынан шыққан түркі еліндегі ақсүйек қауымының ең таңдаулы өкілі саналды. Түркілердің шыққан тегі бір болғандықтан, олардың жерге және соғыстан түскен олжаға құқықтары бірдей еді. Қауым ішіндегі бірлік таптық қарама-қайшылықтарды болдырмады. Ғалымдар түркілер тарихын зерттей келе, қатардағы бодундардың қаған билігіне қарсы көтерілген бірде-бір оқиғасын кездестіре алмаған. Түркі қоғамының бірлігі берік еді. Соғыста ерлік көрсеткендерге қатардағы жауынгер немесе ақсүйек тобынан болсын «ер» (жауынгер) атағы берілді. Бектің ерлерден тұратын тұрақты жасағы құрылды. Тіпті ең кедей ердің өзі бектің алдында еркіндігін сақтап қалды. Түркі тайпалары өз мемлекетінің шегарасында бірігіп, жаңа түркі халықтарының қалыптасу ошағына айналды. Жаулап алғанға дейін бөлек жүрген тайпалар бейбіт өмірге көшіп, шаруашылығын дамытуға мүмкіндік алды. Түрік қағанатында дала тайпалары мен қала тұрғындары, будда, христиан дінін ұстанғандар және тәңірге табынушылар бейбіт өмір сүрді. VI ғасырдың соңы — VII ғасырдың басында Қытайдың күшеюі билік басындағы түркі әулетінің өз ішінде қырқыстың басталуымен және даладағы сұрапыл жұтпен тұспа-тұс келді. Мұның бәрі қағанатты дағдарысқа ұрындырды. Түркілердің қарсылығын әскери күшпен жеңе алмаған Қытай 603 жылы дипломатиялық жолмен қағанаттың ыдырауына қол жеткізді. Біртұтас мемлекет Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарына бөлінді. Қағанат ыдырағанмен қуатты мемлекет болып қала берді. ### Батыс Түрік қағанаты (603-704) Ұлы Түрік қағандығы (552-603) ыдырап, оның екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекетінің бірі – Батыс Түрік қағандығы (603-704). Ұлы Түрік қағандығында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшалану үрдісінің күшеюі Шығыс және Батыс қағандықтардың құрылуына алып келді (603). Жылнамашылардың жазбаларында Батыс Түрік қағандығы негізінен бұрынғы үйсін жерлерінде құрылған, демек, оның аумағы ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанаттың негізгі этникалық-саяси ұйытқысы – «он тайпа» он оқ бодунның мекендеген жері де осы еді. Сонымен қатар, ол Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқан, Маймург, Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Андхой) отырықшы-егіншілік жұрттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс түріктеріне тәуелді деген аты ғана болған Соғды мен Бұхарада да қағанның өкілдері болды. Батыс Түрік қағандығының іргесін қалаған жоғарғы қаған – Бумынның інісі Истеми (Естеми, Естемі) жабғу қаған болды. Истеми 552-553 жылдардан бастап батысқа жорық жасаған түрік әскерлерінің қолбасшысы еді. Ол осы жорығында Жоңғария мен Жетісу өңіріндегі және Сырдария алқабындағы түркі тілдес тайпалар мен ұлыстарды өзіне бағындырды. 558 жылы түріктер аварларды жеңіп, Еділ алабы мен Орал маңындағы бұлғар (болгар) мен өзге де түрік тайпаларын құрамына енгізді. Батыс Түрік қағандығының территориясы: Алтай тауынан Тянь-Шань тауына дейін, шығыста Баркөлден бастап Батыста Арал теңізі мен Каспий теңізіне дейін созылған кең алқапты алып жатты. Осы ұлан-байтақ территорияны мекендеген түркі тілдес тайпалар: үйсін, қаңлы, дулат, түркеш, теле, басмыл, қыпшақ, оғыз, баһа (жайма) тағы басқа тайпалар Батыс Түрік қағандығының құрамына қосылды. Қағандық құрамына әр кезеңде қарлұқтар, Енисей қырғыздары, жікілдер (шығылдар), чомулдар, тухсилер тағы басқа тайпалар енді. Оның бас ордасы Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласында (кәзіргі Тоқмақ қаласының маңы), жазғы ордасы Мыңбұлақта (кәзіргі Түркістанның маңы) болды. Жегу–жабғу қаған (610-618), Тон-жабғу қаған (618-630) билік құрған кездерде қағандық қуатты елге айналды. Тохарыстан мен Кансуға (қәзіргі Ауғаныстан) жасалған жорықтарда қағандық шекарасы Үндістанға дейін созылды. Тон-жабғу қағанының баласы Тырду–Шадтың ордасы Құндыздыда болды. Көшпелі түрік халқы 10 әскери – әкімшілік бөлікке («оққа») біріктірілді. Әрбір бөлік қолбасшысымен (шат), бір түмен (10 мың) атты әскер шығарды. 10 бөлік бес-бестен территориялық бірлестікке топтастырылды. Суябтан шығысқа қарай Дулудың (Дулаттың) бес бөлігінің жері, батысқа қарай Нушибидің бес бөлігінің жері алып жатты.Жетісу аймағында әскери-тайпалық ұйымдарды ондық санмен атау ежелгі үйсіндер кезінен немесе б.з.б III ғасырдан бастап әдетке айналған. Қарапайым халық «қара бодун», ал, әлеуметтік құрылымның ең төменгі сатысының тәуелді тобы «тат» деп аталған . Батыс Түрік қағандығында үй жұмыстарына жұмсалатын құлдар да болған. Бұлар көбінесе соғыс тұтқындары еді. Батыс Түрік қағандығындағы шаруашылықтың басым саласы көшпелі мал шаруашылығы еді, сонымен бірге, Іле, Шу, Талас өзендерінің алқаптарында, Алатаудың баурайында егіншілік алқаптары да болды. Олар көбіне тары мен бидай екті, халықтың бір бөлігі бақшашылықпен шұғылданып, жеміс-жидек, жүзім өсірді. Көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған тайпалар арасында патриархалдық қатынас үстем орында болды. Ал, отырықшы-егінші аудандарда феодалдық қатынас қалыптасты. Түркілердің басты қатынас көлігі жылқы болды. Сондықтан олар ат әбзелдерінің жақсы жасалуына ерекше көңіл бөлген. Мал ұстауға арқан, көген, желі, бұйда, шылбыр, құрық сияқты құралдарды пайдаланған. Оның халқы Көк Тәңірге, Ұмай анаға, Жер Анаға, Су Анаға табынды.Халқының құрамы алуан түрлі тайпалардан тұрған қағандықта 630 жылдардан бастап, билік үшін талас-тартыстар басталып, Батыс Түрік қағандығының екі тайпалар одағы -дулу мен нушиби арасындағы тайпалық соғысқа әкеліп соқты. Олар 634 жылы Сырдариядан батысқа қарай созылған – иеліктерінен айырылды. Батыс Түрік қағанатының әлсіреген жағдайын біржола пайдаланып қалуды ойлаған Қытай мемлекеті 659 жылы Жетісуға басып кіреді. Қағандық өзінің тәуелсіздігінен айырылды. Батыс Түрік қағандығын құраған тайпалар кейіннен қазақ халқының, өзге де түркі халықтарының құрамына енді, негізін қалады. ### Түргеш қағанаты (704-756) Түрік тектес түргеш тайпалары VI-ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарын мекендеген, ал VII-ғасырда Жетісудың орталық аймақтарын қоныс еткен. Олар өзінен бүрынғы өмір сүрген Батыс түрік қағанаты құрамындағы халқы көп тайпалардың бірі болған. Түргеш тайпалары жөніндегі алғашқы мәліметтер Күлтегін ескерткішінде және Қытай жазба деректерінде кездеседі. Ал түргештердің жеке қағандық болып құрылуы туралы дерек «Тоныкөк» жазуында айтылған. Түргеш қағанаты халқының этникалық қүрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрған. Жазба деректердің керсетуі бойынша олар Шу, Талас, Іле бойларын жайлаған. Шу бойындағы түргештер сары, ал Талас аймағындағы түргештер қара түргештер деп аталған. Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрді. Бұл кезде Жетісу аймағында араб басқыншыларына қарсы күрес жүріп жатқан болатын. Жетісуда Түргеш қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік-қаған. Оның билік жүргізген кезі - 699-706 жылдар. Ол Жетісудан Батыс түрік билеушісі Бөрішадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бесбалыққа дейін өзінің өкіметін орнатты. Оның басты саяси орталығы - Шу өзені бойындағы Суяб қаласы. Екінші орталығы - Іле өзені бойымдағы Күнгүт қаласы. Үшелік елді 20 ұлысқа /бөлікке/ бөліп, олардың әр қайсысында 7 мыңнан әскер ұстады. 705 жылы арабтар шабуыл жасап, Әмударияның шығысындағы Мәуеренахрды жаулап алуға кірісті. Хорасанды билеуші Күтеиб-ибн-Мүсілім Балхы жерін басып алып, Бұхараға аттанады. Осындай қиын кезенде түргештер Соғды /Согдиана/ еліне көмекке келеді, онымен бірігіп Күтеибке тойтарыс береді. 709 жылы Күтеиб Мәуеренахрға қайтадан жорық ұйымдастырады. Ол Согдиана патшасы Тархунды алдап, оны түріктердің көмегінен бастартуға мәжбүр етеді, сөйтіп Бұхараны басып алады Түргеш қағанатында Үшелік өлгеннен кейін билік оның баласы Сақал қағанға көшті. Оның ел билеген кезі 706-711 жылдар. Бұл кезде елдің ішкі және сыртқы жағдайы өте күрделі болды, бірлік болмады. Қаған билігі үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды, Батыста түргештер соғдылармен бірігіп арабтарға қарсы күрес жүргізді. Оңтүстіктен оған Қытайдың Тан империясы, шығыстан Орталық Азия түріктері қауіп төнгізді. 711 жылы Шығыс түрік қағаны Қалаған Жоңғария жерінде /Бөлісу жанында/ түргештерге соққы беріп, Сырдариядан өтті. Бұл кезде арабтарға қарсы самарқандықтар мен Орталық Азия түріктері көтерілді. 712-713 жылдары арабтарға қарсы түріктер, соғдылар Шаш /Ташкент/ қаласы тұрғындары және ферғаналықтар бірігіп күш керсетті. Мәуеренахрдағы араб иелігіие төніп отырған қауіпті түсінген Күтеиб Шаш қаласын өртеді, 714 жылы ол Исфиджабқа шабуыл ұйымдастырды. Көптеген қиындықтардан кейін, яғни екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетеді, олар қолдаған Сұлу қаған болады. Түргеш қағанаты Сұлу қағанның /715-738 жж./ тұсында қайта күшейе бастады. Бұл кезде өкімет қара түргеш тайпаларының қолына көшіп, мемлекет орталығы Талас (Тараз) қаласына ауысты. Айлалы саясаткер және күшті әскери қолбасшы Сұлу екі майданда: батыста арабтарға қарсы, шығыста Батыс түрік қағандары мирасқорларын (Шығыс Түркістанда орныққан) қолдаған Тан империясымен күрес жүргізді. 723 жылы түргештер Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен бірігіп, арабтарға күйрете соққы берді. Дегенмен арабтар 732 жылы өз әскерлерін біріктіріп, түргештерді қирата жеңіп, Бұхара қаласын басып алды. 737 жылы Сұлу арабтарға қарсы жорық ұйымдастырып, Тохарстанға дейін жетті, бірақ кейін жеңіліп қалды. Қайтып келе жатқанда, оны өзінің әскери басшысы Баға тархан өлтірді. Сұлу қаған қаза болғаннан кейін билік үшін "сары" және "қара" түргештердің арасында ұзаққа созылған күрес жүрді. Түргеш мемлекеті өз ішіндегі күрестің нәтижесінде едәуір әлсіреді, мұны Тан /Қытай/ империясы ұтымды пайдаланды. Оның Шығыс Түркістан жеріндегі билеушісі 748 жылы түргештердің басты қаласы Суябқа әскер жіберіп, оны басып алды, Шаш қаласының билеушісі өлтірілді. Оның баласы арабтардан көмек сұрады. 751 жылы Тараздың касындағы Атлах қаласы жанында Зияд-ибн-Салых бастаған араб әскерлері мен Гао-Сяньчжи басқарған Қытай әскерлерінің арасында 5 күнге созылған қырғын соғыс жүрді. Қытайлықтарға қарсы оның тылындағы қарлұқтар көтерілді. Нәтижесінде Қытай әскерлері жеңіліске ұшырады. Олар Жетісуды ғана емес, ұйғырлар мен тибеттердің қысымымен Шығыс Түркістан жерін тастап кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ, арабтар да Талас жерін қалдырып, Шаш қаласына шегінді. Бірақ, өз ішінен әбден әлсіреген Түргеш мемлекеті де 756 жылы құлады. Түргеш қағанаты Батыс түрік қағанатының мемлекеттік-әкімшілік, әскери және әлеуметтік-мәдени дәстүрлерін жалғастыра берді. Археологиялық зерттеу жұмытарының кезінде Тараз, Баласағұн қалаларынан Түргеш қағанатының Қытай жазуымен жазылған төрт бұрышты ортасында тесігі бар, теңгенің табылуы Қытаймен сауда қатынасының дамығандығын көрсетеді. Олай болса, сондай ауыр талас – тартысқа, соғыстарға қарамастан, Қазақстан жерінде түркі дәуірінде өмір сүрген бұл қағандықтардан тарихи із қалған. ### Қарлұқ қағанаты (756-940) Қарлұқ мемлекеті(756-940 жж.) — Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет. Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бұрынғы Қарлұқ тайпаларының мекені күш-құдіретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Қайшылықтың шиеленіскен түйіні 751 жылы екі империялық күш арасындағы шешуші шайқас барысында шешілді, оның нәтижесінде тань әскерлері зор шығынға ұшырады. Араб тарихшысы Ибн әл-Асирдің мәліметтеріне қарағанда, Атлах қаласынын түбінде 50 мың қытай өлтіріліп, 20 мындайы тұтқынға алынған. Қытай әскерлері Жетісу шегінен ғана емес, ұйғырлар мен тибеттіктердің қысымымен Шығыс Түркістаннан да кетті. Талас аңғарында арабтар да тұрақтап қала алмай, Шашқа шегінді. Соның нәтижесінде қарлұқтар өз жағдайын нығайтып алды. 766 жылы Түргештердің екі қағанының ордалары —Тараз және Суябпен қоса бүкіл Жетісу қарлұқтар жабғуының қолына көшті. Сол арқылы саяси және әлеуметтік биліктердің қарлұқ көсемдерінің қолына көшуі Жетісуда Қарлұк мемлекетінің біржола қалыптасуына жеткізді. Қарлұктар өздеріне бағынышты жерлердіц шекарасын одан әрі кеңейте берді. 766—775 жылдары қарлұқтардың бір тармағы Қашғарияны басып алды, ал VIII ғасырдың аяғында олардың басқа бір тобы Ферғанаға өз ықпалын таратты. Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол «бұлақ» деген атпен белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде «үш қарлұқ» атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап қаған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты. 940 (942) ж. Қарлұқ мемлекетінің астанасын – Баласағұнды – Шығыс Түркістандағы түріктер – Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары – жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. ### Қаңғар одағы (659-750) Қаңғарлар — қазіргі кезде қазақтар, башқұрттар, ноғайлар, өзбектер мен қарақалпақтар құрамына кіретін ерте ортағасырлық қаңлылар. Қаңғарлардың батыс тармағы қыпшақтардан жеңілгеннен кейін Венгр (мажарлар) халқына қосылды. Одақтың орталығы Ұлытауда орналасты. Қаңғарлар Қытайға қарсы саясатты ұстанды. Сонымен, олар Ферғана алқабындағы Даван княздігіне және Қытаймен соғыстарында Кіші гунмо үйсіндерге көмектесті. Барлық ғалымдар қаңғарларды Сырдария мен Батыс Жетісудың аралығына орналастырады. Бұл локализация тарихи әдебиетте кең таралған қаңғар тайпаларының негізгі территориясының шығыста Талас пен Шу арасындағы ауылшаруашылық аудандарына сәйкес келуі туралы гипотезаның негізі болды. Соңғы жылдардағы археологиялық бақылаулар бұл көзқарасты одан әрі нығайтты. Алайда жазбаша дереккөздер қаңғарлардың тіршілік ету ортасын едәуір кеңейтеді, Қытай шежіресі "Динлиннің иеліктері Кангюйдің солтүстігінде" дейді. Динлиндердің Оңтүстік Сібірде өмір сүргені белгілі. Сондықтан Қаңғар көшпенділері оңтүстікке, дәлірек айтқанда, оңтүстік -батысқа қарай - Орталық және Шығыс Қазақстан далаларында орналасуы керек. Қытай тарихнамашысы Жакинф Бичурин де "Қаңлы иелігі қазір үлкен және орта казак ордалары көшіп жүрген Сырдариядан солтүстікке қарай даланы басып алған" дейді. Егер Сырдария алқабында тұрақты тұрғын үйлері, егістіктері, бекіністі қалашықтары бар қанғарлардың қысқы көшпелілері, ал солтүстікте, Орталық Қазақстанның далаларында жазғы қоныстары болған деп болжасақ, жазбаша дереккөздердің археологиялық дереккөздермен қайшылығы оңай шешілетін болады. Мұның бәрі қаңғарлардың негізгі кәсібі жартылай көшпелі мал шаруашылығы болғанын көрсетеді. Қытайлықтар Кангюйді «көшпелі иелік» деп атаған. Сырдария алқабында қаңғарлар егіншілікпен айналысты, астық, бақша-бақша дақылдарын өсірді, қой, түйе, жылқы өсірді, отырықшы қаңғарлар — ешкі, сиыр өсірді. Қаңғарлардың этникалық құрамына қатысты екі көзқарас бар. Кейбір зерттеушілер оларды иран тілділер деп есептесе, басқалары түркі тілдес этностарға жатқызады. Біздің эраның басындағы қаңғарлар мемлекетінде өзінің ақша жүйесі қалыптасады, әміршінің таңбасы бар меншікті монетасы соғыла бастаған, бұл әлеуметтік-экономикалық қатынастарды жеткілікті түрде дамыған мемлекеттік-құқықтық реттеуді көрсетеді. ### Хазар қағанаты (650-969) Хазар қағанаты (VII-X ғғ.) Батыс Түрік қағанатының ыдырауы нәтижесінде Каспий маңы даласында VII ғ. ортасына қарай пайда болған Еуропаның шығысындағы алғашқы ерте феодалдық мемлекет болды. Сирия тарихшысы Захари Митиленскийдің айтуынша, V-VI ғасырлар тоғысында Каспий теңізінің солтүстік-батысында 13 түркі тілді тайпалар мекендеді, олардың арасында савирлер, аварлар, болгарлар, хазарлар болды. Хазарлар савирлермен бірге Кавказдағы Византия мен Иран иеліктеріне жорықтар жасап, өздерін көрнекті әскери күш ретінде көрсетті. Батыс Түрік қағанаты әлсіреп, ыдырағаннан кейін хазарлар жаңа тайпалар одағы - Хазар қағанатын құрып, Солтүстік Кавказдың ірі және ықпалды тайпаларының бірі болып шықты. Қағанаттағы билікті Ашина түрік (түркі) әулеті өз қолына алды. Хазарлар хандығы VII-IX ғасырлар арасында үздіксіз өсіп ұлғая берді, хандықтың шығыс шекарасы Жайық өзенінен бастап, батысқа Дон өзеніне дейін, ал солтүстікте Мәскеу маңынан, оңтүстіктегі Аралға дейін созылып жатты. Бұл аумақтың ішінде бұлғарлар, мажарлар, толып жатқан фин қауымдары, славяндар, кавказдық құрама халықтар т.б. тайпалар аралас-құралас тіршілік етті. Сонысына қарамай, сол бір заманда аталмыш ұлан-байтақ өңірде біршама тыныштық, жайлы өмір сүру мүмкіндігі жасалған болатын. Хазар халқы мен хазар мемлекеті 7 ғасырдан 10 ғасырға дейін Еділдің төменгі сағасында өмір сүрді. Бұл батыл әрі жауынгер тайпа болды. Хазарлар елі Қара теңізден Каспий теңізіне дейінгі аумақты алып жатты. Хазарлар түріктер болды және алғашқы уақытта олар Батыс түрік қағанатының құрамына енді. Кейін олардың қарауынан шығып, олар өз елдерін құрды. Хазарлар Еуразияда араб экспансиясымен түйісіп қалған бірінші мемелекет болды. Кавказда 642 жылы арабтармен бірінші шайқас өтті. Бірінші соғыс кезінде арабтардың әскербасы мерт болып, хазарлар жеңіп кетеді. Шайқас Баланжир деген жерде өтеді, бұл хазар ханының ордасы тұрған жер еді. Кейінірек хазарлар ордасы орын ауыстырып Самандарға көшеді, содан кейін Еділ (Итиль) бойына қоныстанады. Арабтар мен хазарлардың екінші соғысы 772-773 жылдары болады, бұл жерде хазарлардың жолы болмай, олар жеңіліс табады. IX ғасырдағы орыс жылнамаларында Днепр бойындағы тайпалар хазарларға сансыз ақ терілермен немесе қарулармен, қылыштармен алым-салық төледі делінген, ал X ғасырда сол алым-салық олардан ақшалай алынған. Исламдық (арабтық) жазбаларда хазарлар тамаша егіншілер және шебер балықшылар деп айтылады. Соларда хазарлар жері кең және су қоймаларына бай, әсіресе қыста судың молдығы соншалықты, балық пен жануарларға бай сансыз көлдер пайда болады. Су тартылған көктем мен жазда хазарлар астық себеді. Сөйтіп, бір жерден хазарлар екі өнім: қыста — балық, жазда — бидай жинады. Бүгінде тарихшылар Хазар қағанатының құлауының себептерін әртүрлі түсіндіреді. Кейбіреулер бұл мемлекет айналасындағы жаулармен үнемі соғыстардың нәтижесінде әлсіреді деп санайды. Басқалары хазарлардың иудаизмді — бейбіт дінді қабылдауы көшпелі соғыс тайпаларының жауынгерлік рухын төмендетуге ықпал етті деп сендіреді. Бүгінде мұны еврейлер өз діндерімен Хазарды "жауынгер ұлтынан" "саудагер ұлтына" айналдырған деп түсіндіретін тарихшылар бар. Хазарлар көп ұзамай қираған астанасы Итильге оралды, оны қалпына келтірді, бірақ араб тарихшылары атап өткендей, яһудилер емес, мұсылмандар өмір сүрді. X ғасырдың аяғында Святославтың ұлы Владимир қайтадан хазарларға барып, елді иемденіп, оларға салық салды. Тағы да Хазар қалалары қирады, астанасы қирандыға айналды тек қан Қырымда және Азов теңізінің жағасында ғана Хазар иеліктері аман қалды. 1016 жылы гректер мен славяндар Қырымдағы соңғы Хазар бекіністерін қиратып, қаған Джордж Цулуды тұтқындады. Кейбір зерттеушілер қазір Хазар қағанаты оныншы ғасырдың соңында ыдырамады, бірақ моңғол шапқыншылығына дейін тәуелсіз, шағын мемлекет ретінде өмір сүруді жалғастырды деп санайды. Кейінгі ғасырлардағы еврей саяхатшыларының сипаттамаларында ғана Қырым түбегі Хазария деп аталды. ### Қимақ қағанаты (750-1035) Қимақ тайпалары туралы алғашқы деректер VIII ғасырдан бастап кездеседі. Бұл кезде имақ деп аталған тайпалар қазіргі Шығыс Қазақстан аумағын мекендеген. VIII ғасырда имақтар түргештерге бағынышты болды, бірақ көп ұзамай олардан тәуелсіздігін алады. Бұл деректердің көпшілігі орта ғасырлық парсы-араб жазбалары, сонымен қатар «Худуд әл-алам» мен Махмут Қашқаридың еңбектері болып келеді. Гардизу, Рашид әд-Дин еңбектерінде қимақтар бірлестігіндегі жеті тайпа — эймур, имақ, татар, баяндүр, қыпшақ, ланиказ, ажлад туралы айтылады. Алғашқы бес тайпа туралы мәліметтер басқа жазба деректерінде кездескенімен ланиказ және ажлад тайпалары туралы мәліметтер кейінгі деректерде кездеспейді. Махмут Қашқари қимақтар мен қыпшақтардың бір тілде сөйлейтінін айтса, «Худу әл-аламда» қимақтардың астанасы Имақия болғандығы туралы деректер келтіріледі. Енисей қырғыздарының 840 жылы Ұйғыр қағанатын талқандауы қимақтар тарихындағы бетбұрыс кезеңдердің бірі болды. Осы кезде эймур, байандур және татарлар қимақтар бірлестігіне қосылады. Бұған дейін тоғызтатарлар Ұйғыр қағанатына кірсе, байандурлардың көп бөлігі оғыздардың құрамында болатын. 840 жылы Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін оның құрамына кірген көптеген тайпалар қимақтарға қосылады. Қимақтар X ғасырда бүкіл Шығыс және Орталық Қазақстанды және Батыс Қазақстанды қамтыған күшті мемлекетке айналды. Қимақтар бұл кезде Батыс Алтайдан Оңтүстік Орал тауының оңтүстік шығысына дейін, батыста Арал теңізі маңына дейін және Солтүстік-Шығыс Жетісу мен Сырдарияның Иқан, Сауран қалаларына дейінгі кеңістікті алып жатты. Қимақтардың жоғары билеушісі қақан деп аталды. Олардың көптеген қалалары болған, солардың бірі Имақия қимақтардың астанасына айналды. Әл-Идриси қимақтардың 16 қаласы болғандығы және қала тұрғындарының тұрмысы туралы айтады. Автордың айтуынша бұл қалалардың көпшілігі Ертіс жағалауында орналасқан. Елді қақан мен оның аймақтағы басқарушылары биледі. Әл-Идрисидің айтуынша қақан билігіне сол әулеттен шыққан адам ғана мұрагер бола алды. Аймақ басқарушыларының билігі де мұрагерлік бойынша берілді, олардың иелігіндегі жерлер де басқарушылардың ұрпақтарына мұра болып қалдырылды. Аймақ басшылары әскери көсемдер қызметін де қоса атқарады. Олар қақанға әскер жасақтап беріп отырды. Бұл қызметтері үшін қақаннан тиісінше үлес алды. Кейбірі ірі тайпа көсемдері күшейіп қақанға жартылай ғана тәуелді болды, олар өздерін «патшалар» деп те атай бастады. Бұл туралы Әл-Идриси «патшалар» басқарған жартылай дербес аймақтардың болғандығын айтады. Қимақтар мен қыпшақтар өзара туыстас түрік тілінде сөйледі. Қазақстанның кең байтақ аумағын мекендеген қимақтардың негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Көшпелі тұрмысқа негізделген қимақтардың қолөнер кәсібі де жақсы дамыды. Көшпелі мал шаруашылығымен қатар егіншілік те дамыды. Өзендер мен көлдерде және ормандарда балық пен аң аулады. Қала мәдениеті мен сауда дамыды. Темірден, қоладан, алтыннан, күмістен қару-жарақ, тұрмыс заттары және зергерлік бұйымдар жасалды. Қазіргі уақытта табылып отырған археологиялық материалдар бұл мәліметтерді дәлелдей түседі. Қимақтар жазуды білген. Олар ежелгі көне түрік жазуын пайдаланып, қамыс қаламмен жазған. Қимақтар табиғаттың әр түрлі күштері мен құбылыстарын пір тұтқан, көк тәңірісі ата-бабаларына сиынған. Олар күнге, жұлдыздарға, аруақтарға да табынған. Ертіс өзенін қасиет тұтып, "өзен – адамның тәңірі” деген. Өлгендерді өртеп жіберген. Оларға тас мүсін қойып, оған табыну салты кеңінен тараған. XI ғасырдың бас кезінде Орталық Азиядан шыққан тайпалардың бірінен соң бірінің шабуыл жасауы Қимақ мемлекетін әлсіретті. Бұдан басқа қағанаттың өз ішінде де билік үшін талас-тартыс күшейді. Сондықтан оның құрамына кірген қыпшақтар өзінің қоныстанған жерлерін тастап, Сырдария бойындағы, Аралдың батысы мен Каспийдің солтүстік өңіріндегі оғыздарды орындарынан қозғап, оларды оңтүстікке және Қара теңіз далаларына көшуге мәжбүр етті. Осы оқиғалардың барысында қимақтар саяси үстемдігінен айырылып қана қойған жоқ, сонымен қатар қыпшақтарға тәуелді болып шықты. Қимақтардың бір бөлігі Ертісте қалып, екінші бөлігі Түркістан және Орта Азия аймағына қоныс аударды, енді біразы қыпшақ тайпаларымен батысқа, оңтүстік орыс далаларына қарай қозғалды. Сөйтіп, қыпшақтар қимақ мемлекетінің орнын басты. ### Оғыз мемлекеті (756-1055) Араб деректерінің мәліметтеріне қарағанда, IX ғасырдың соңы – X ғасырдың басында оғыздарда мемлекет қалыптасты. Оғыз конфедерациясына қаңғар, печенегтер, Арал, Каспийдің солтүстік төңірегінің тайпалары енді. Оғыздармен бірге Сырдарияға көшкен халаж, қарлұқ тайпалары, Шу мен Талас аңғарын мекендеуші жағыр, шарұқ тайпалары да кірді. Шығыс Түрік тайпаларының кейбір топтары да болды. Олардың ішінде имек тайпалары, байандұрлар, имурлер, кай тайпалары бар. Махмұд Қашғари «Диуани лұғат – ат түрікте» XI ғасырда оғыздарда 22 тайпа болды деп, олардың тізімін береді. Әл-Марвази 12 тайпадан тұрды деген пікірді ұстанады. Келесі бір дерек «Джами ат– Тауарих» оғыздар екі үлкен тайпалық топтан-бұзұқтар мен ұшұқтардан тұрғандығын мәлімдейді. Оғыз мемлекеті кең байтақ аумақты алып жатты. Батыста Ырғыз, Жайық, Жем, Ойыл, Арал маңын, Шығыста Балқаш көлінің оңтүстігіне дейінгі жерлерді, Сырдария аңғарын, Қаратау баурайын, Шу өңірін мекендеді. Оңтүстікте Хорезм, Мәуереннахр, Хорасанмен шектесті. Оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент немесе Жаңа Гузия қаласы болды. Янгикент өте қолайлы жерде орналасқан қала еді. Қала Хорезм, Мәуереннахрмен шектесіп, Кимектер даласы арқылы Сарысу, Кеңгір, Есіл, Нұра бойларына баратын маңызды керуен жолының үстінде орналасты. Оғыз мемлекетінің билеушісі «жабғу» лауазымына ие болды. Мүліктік теңсіздік малға жеке меншікке негізделді. Ибн Фадлан «бай оғыз он мың бас жылқысы бар оғыз»,- деп көрсетеді. Деректерде мұндай бай топтар бай, бек, әмірлер деп аталады. Кедей топ М.Қашғаридің «Диуани лұғат –ат түрікінде» ерлер деп аталған. Олар малға қарау, киім тігу, тамақ даярлау сияқты үй жұмыстарымен айналысқан. Кедей ауырып қалған жағдайда, оларды құлдар сияқты қараусыз далада қалдырған. Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси әскери тарихында елеулі роль атқарды. 965 жылы оғыз жабғуы мен Киев князі Святослав арасында Хазарларға қарсы әскери одақ құрылып, Хазар қағанатын талқандайды. Бұл одақ екі жақтың да көздеген мақсаттарынан, сауда-экономикалық мүдделерінен туындады. Егер Хазар мемлекетін талқандау орыс көпестері үшін Шығыс елдерінің бай базарларына жол ашса, оғыздар үшін Дон, Қара теңіз маңындағы далалар мен мал жайылымдары қажет болды. 985 жылы князь Владимирмен одақтасып, Еділ бұлғарларын талқандауға қатысады. X ғасырдың соңы - XI ғасырдың басында оғыз мемлекеті құлдырай бастады. Бұл, бір жағынан, Әлихан тұсындағы алым-салықтың өсуіне халық наразылығының күшеюімен, екінші жағынан, Шығыстан төнген селжұқ тайпаларының толассыз шабуылдарымен түсіндіріледі. Әлиханның мұрагері Шах Мәлік тұсында Оғыз мемлекеті қайта күшейді. Тіпті 1041 жылы Хорезмді басып алды. Ішкі талас-тартыс, селжұқтарға қарсы сыртқы шабуылдар оғыз мемлекетін әлсіретті. Осы тұста солтүстік-шығыста қыпшақ тайпаларының шабуылдары күшейді. Бұл оғыз мемлекетінің өмір сүруін тоқтатуына алып келді. Араб деректерінде «Мафазат әл –Ғұз» деп аталған Оғыздар даласы Дешті Қыпшақ құрамына енді. ### Қараханидтер мемлекеті (942-1212) Қарахан мемлекеті жайлы деректер араб және парсы авторларының еңбектерінде көптеп кездеседі. Онда қарлұқтар арасынан түркі тайпаларына билік еткен «қағандардың қағаны» шыққанын айтады. Қарахан әулетінің шығу тегі Қашғарияда өмір сүрген қарлұқтармен байланысты. 940 жылы Қашғарияның қарлұқ тайпалары Баласағұнды басып алып, Сатұқ Боғра хан басқарған жаңа әулеттің негізін қалады. Осылайша, ғылымда Қарахан мемлекеті аталған жаңа Түркі империясы құрылды. Болжам бойынша Қарахан әулеті атауы осы билеуші ұрпақтың арғы атасы Қараханнан шыққан. 999 жылы қарахандықтар Орта Азиядағы Самани мемлекетін талқандады. Өз билігін Әмударияға дейін жүргізді. Бұл өзен Қарахан мемлекеті мен Газнауилер арасындағы шекара болды. X ғасырдың соңына қарай қағанаттың жер аумағы қалыптасты. Қарахан мемлекеті мен Қыпшақ хандығы арасындағы солтүстік шекара Балқаш және Алакөл көлдерінің бойымен өтті. Қарахандықтар иеліктері батысында Мауараннахрды (Әмудария мен Сырдария аралығы), Жетісу жерін және шығысында Қашқарды қамтыды. Қарахан мемлекетіндегі билік екі тайпалық топ — жігіл және яғма ақсүйектері арасында бөлінді. Елді шығыс және батыс бөліктерге бөлінген өз қағандары басқарды. Шығыс бөлігінің қағаны жоғары билеуші саналды. Оның ордасы Баласағұн қаласында орналасты. Батыс кіші қағанның ордасы Бұхарада, кейін Самарқанда болды. Осылайша, Қарахан мемлекетінде биліктің қосарлы немесе тең құқықты қосарлы жүйесі қалыптасты. Қарахан мемлекетінде жер иеленудің иқталық жүйесі орнықты. Қағандар өз маңайындағыларға қызметтері үшін жер үлестерін бөліп берді. Олар аймақ немесе қала тұрғындарынан салық алу құқығына ие болды. Мұндай жер үлестері иқта, ал иқтаны ұстаушылар иқтадар деп аталды. Иқта және иқталық жүйе Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан өмірінде маңызды рөл атқарды. Феодалдық қатынастардың дамуына ықпал етті. Иқталық жүйе жаңа ақсүйек қауымын қалыптастырды. Олар байып алып, қағандарға бағынбады. Кейбір жеке жер иелері өз теңгесін шығарып, көрші елдермен дипломатиялық қатынас жүргізді. Мұның бәрі келіспеушілікке, өзара қырқысқа алып келді. XI ғасырдың 30-жылдарының соңында мемлекет екіге бөлінді: Мауараннахрдағы батыс бөлігі және құрамына Жетісу мен Қашғар енген шығыс бөлігі. Екі қағанаттың арасындағы шекара Сырдария өзені бойымен өтті. Исламды қабылдау қарахандықтар дәуіріндегі ірі оқиға болды. Шығыстанушы В.В. Бартольд: «X ғасырдағы араб географтары түркілерді исламға мүлдем жат халық ретінде сипаттайды» — деп жазды. Алайда X ғасырда түбегейлі өзгерістер болды. Исламның таралуы Қарахан қағаны Сатұқ Боғра хан есімімен байланыстырылады. Ол түркілердің исламға өтуіне дейін-ақ жаңа дінді қабылдаған болатын. Оның ұлы тақ мұрагері Мұса 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Қарахандықтардың екі бөлігі арасындағы өзара қырқыстар мен орталық биліктің әлсіреуін көшпелі қарақытай (қидан) тайпалары пайдаланды. XII ғасырдың бас кезінен бастап Жетісу үнемі қидандардың шапқыншылығына ұшырай бастады. 1141 жылы Жетісудың негізгі аумағындағы саяси билік қарақытайлар қолына өтіп, олар қарахандық билеушілерді өздеріне тәуелді етті. Алайда қарақытайлар тек салық алумен ғана шектелді. Олар өз бодандарының мемлекеттік құрылымына, дініне, мәдениетіне тиіспей, мұрагерлік қаған билігін де сақтады. Соған қарамастан қарақытай үстемдігі қарахандардың саяси құлдырауының бастамасы болды. 1210 жылы наймандармен күресте Шығыс Қарахан әулеті талқандалды. 1212 жылы Самарқанда Хорезм шахы Мұхаммед Батыс Қарахан әулетінің соңғы өкілін тағынан тайдырды. Бір кездегі аса қуатты Қарахан мемлекетінің тарихы осылайша аяқталды. ### Қарлұқ хандығы (960-1224) 1130 жылға дейін Қарахан, кейін Қарақытай, Моңғол империясының вассалы (боданы) болған мемлекет. 1200 жылы тәуелсіз хандық болды. 1211 жылы Арыслан хан мен Бұзар хандар Шыңғыс ханмен одақтасып Күшілік ханға қарсы күрес жүргізді. Шыңғыс хан ұлдары арасында ұлысқа бөлісу кезінде, Қойлық иелігі Жошы ұлысына, Алмалық иелігі Шағатай ұлысының құрамына кіреді.Хандары: Арыслан хан (ордасы Қойлық қаласы), Бұзар хан (ордасы Алмалық қаласы), Сукнак хан (1218—1222, Бұзар хан баласы.) Жалпы, қарлұқтар туралы шежіреде біздің заманымыздың V ғасырынан бері белгілі, олар қазіргі Қазақстан мен ішінара Ресей аумағын - Балқаш көлі мен Алтай тауларының арасын алып жатты. Қарлұқтар өздерінің туыс халықтары - түріктермен - ұйғырлармен, басмылдармен, түргештермен, Енисей қырғыздарымен өте қиын қарым -қатынаста болды. Олар басқа түріктерге қарсы одақ құрды, немесе бір -бірімен шайқасты. Қарлұқтар тіпті Мавераннахр үшін (арабтар мен қытайлар арасындағы) шайқасқа қатысты. Арабтардың жағына шығып, олар ұрыстың нәтижесін шешіп, жеңіске жетті. Бұл үшін оларға лайықты территория түрінде үлес алды. Қарлұқтар аңшы, көшпенді малшылар және диқандар болған. Олар керуен жолдарының бойындағы сауда бекеттеріне шоғырланған ауылда және қалаларда қоныстанды. Әр түрлі халық әртүрлі діни нанымдарды ұстанды. Қарлұқтар мен көптеген түркі халықтары христиандар мен мұсылмандар шаманизм мен пұтқа табынушылық деп санаған тәңіршілдікті ұстанды. Сауда қарым -қатынасы арқылы мұсылман мәдениетінің бейбіт түрде енуі маңызды рөл атқарды. Саудагерлердің соңынан әр түрлі конфессиялардың миссионерлері, оның ішінде христиандар келді. Түркістанның көптеген қалаларында христиандық шіркеулер болды. Түріктер Қастек тауларын құдайдың мекені деп санап, киелі санаған. Әр дін өзінің ұстамымен жүрді, нәтижесінде түркі рунасы, соғды, сирия, кейінірек ұйғыр сияқты түрлі жазулар қолданылды. Қарлұқтар Бұхара мен Самарқандта пайдаланған Хорезмнің түркі әдеби тілін қабылдады және дамытты. ### Батыс Қараханидтер хандығы (1042-1212) Батыс Қарахан хандығы (сондай-ақ қағанат) — Орта Азиядағы ортағасырлық түрік мұсылман мемлекеті, Қарахан мемлекетінің екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болды. Қарахан мемлекетінің екіге бөлінуі: Шығыс және Батыс хандықтары 1040 жылы Қараханидтер мемлекетінде ханның ұлдары арасындағы билік үшін күрестің нәтижесінде болды. Әли Арслан («Алидтердің» аға буыны) және Хасан Богра («Хасанидтердің» кіші тобының мүшелері). Батыс Қарахан қағанатының негізін қалаушы "Алид" — Ибрахим Буритакин немесе Ибрахим б.Наср Табгач хан (1040-1068) болды. Басшы Хакан атағын алды. Батыс Қарахан қағанатының құрамына Ферғана батыс бөлігінің Мавераннахра аумағы кірді. Шығыс Қарахан хандығы "Хасанидтерге" қалды. Екі қағанаттың шекарасы Сырдария ауданында өтті және бұл жерлер олардың тұрақты күресінің алаңы болды. Оларды иелену толығымен қағанаттардың әскери-саяси күшіне байланысты болды. Алдымен мемлекеттің астанасы Өзген болды, содан кейін Ибрахим Буритакин Самарқан қаласын астана етіп сайлады. Дереккөздер көрсеткендей, оның билік ету кезеңі елдің экономикалық және мәдени өміріндегі өрлеумен сипатталады. Ибрагим тамгач-хан мемлекеттегі сыбайлас жемқорлық пен қылмыспен аяусыз күрескен. Ол ел нарықтарындағы өнімдердің бағасына қатаң бақылау орнатты. 1089 жылы Селжук сұлтан Мәлік-Шахво үлкен әскерімен қағанатқа басып кіріп, Самарқанды басып алды. Ахмед Хан б.Хызр өзін Мәлік шахтың вассалы (боданы) ретінде тануға мәжбүр болды. Сөйтіп мемлекет Селжүктердің билігіне өтті, олар өздерінің қолбасшыларын Қараханидтер арасынан хакан тағына тағайындады. 1102 жылы Тараз билеушісі Жибрайыл Қадыр хан Мавераннахрдағы Селжүктердің саяси үстемдігіне қарсы шықты. Алайда селжұқтардан жеңіліп, Қадыр ханның өзі қаза тапты. Махмуд ибн Мұхаммед (1132-1141) билігі кезінде қағанат аумағына қарақытайлар басып кірді. 1141 жылы Катван жазығындағы шайқаста Батыс қағанатының Селжүк сұлтанның біріккен әскері Қарақытайдан жеңіліске ұшырап қағанат олардың вассалына айналды. Батыс қағанаттағы билік тікелей әкеден ұлға өтті. Сол кезде де, 1040 ж. және әулет құлағанға дейін 1212 ж. Самарқан хандары Ибраһим Табгач-ханның ұрпағынан шыққан. Сәулет өнері. 1078-1079 жылдары Шамс әл-мулк Рабат Мәлік үлкен керуен сарай салды (қазіргі Навои қаласының маңында). Қараханидтер Самарқанда бірқатар үлкен сәулет құрылыстарын салды. Қараханидтердің Самарқандағы ең әйгілі ғимараты 1040 жылғы Ибраһим ибн Наср Табгач-хан медресесі, сондай-ақ Ибрагим Хусейннің (1178-1202) үлкен сарайы болды. Қарахан дәуірінен Бұхарада сақталған көне ескерткіштер : Калаян мұнарасы, Магоки-Атарии Намазгох және Түркі-джанди мешіттері. Күйдірілген кірпішті белсенді қолданудың арқасында қараханидтік сәулет өзінің сәулеттік формаларына байлығымен ерекшеленді. Қараханидтік сәулет өнерінде доғалы құрылымдар мен күмбездер кеңінен қолданылды. Сыртқы қабырғалар мен күмбездерді безендіру үшін өрнекті және жылтыр кірпіш қолданылған. Қабырғаны әрлеуге ою және шойын әшекейлері, сондай-ақ, парис (ганч) гипсі кеңінен таралды. Сегіз қырлы пішіндер мен кілем тәрізді өрнектер жиі қолданыды. ### Шығыс Қараханидтер хандығы (1042-1212) Шығыс Қарахан хандығы — Қараханидтер мемлекетінің екі бөлікке бөлінуі нәтижесінде пайда болған феодалдық мемлекет. Алдымен, 1130 жылға дейін Шығыс хандығының астанасы Баласағұн болды, Баласағұнды қарақытайлар басып алғаннан кейін ол Қашқар қаласы болды. 1141 жылы Хусейн хан өзін хан деп жариялады және сол кезден бастап хандық екіге бөлінді. Шығыс хандығы – Жетісу мен Шығыс Түркістан аумағын қамтыды, қалалары -Тараз, Испиджаб, Шаша, Ферғана. Билеушісі -Арслан Сүлеймен хан болды. XI ғ. екі хандықтың арасындағы шекара Сырдария өзені арқылы өтті. Басқа мемлекеттерден айырмашылығы-әскери басқару әкімшіліктен бөлінді. Әскери-әкімшілік құрылым иерархиялық принцип бойынша құрылды.Икта -салық жинау құқығы, ал оның иесі – иктадар деп аталды. Хандар өздерінің туыстары мен жақын адамдарына аудан немесе қала тұрғындарынан мемлекет пайдасына өндіріп алынғанға дейін салық алу құқығын берді. Сатук Бограханның баласы Мұса ханның тұсында Қараханидтер исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Мұсылман діні көне түрік руникалық жазуын ығыстырып, араб жазуына негізделген жаңа түрік жазуын қалыптастыруға ықпал етті. «Басқа мемлекеттерден айырмашылығы, Қараханидтер хандығында рухани мәдениеттің тез өсуі байқалды. Түркі тілінде мұсылман әдебиеті пайда болды, оның өкілдері Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари болды. Қараханидтер сәулет өнерінің кейбір үлгілері Сырдария маңындағы Таразда, Айша бибі, Аяққамыр, Бабажы-қатын кесенесі және т.б.орналасқан. Арслан ханның мемлекеттік өкімет билігін орталықтандыруға ұмтылуы діни, әскери, зайырлы ақсүйектердің қарсылығына ұшырады. Арслан хан Санжар сұлтанды көмекке шақырды, ол өз әскерлерімен Мауераннахрға шабуыл жасап, 1130 ж. Самарқандты алды. Ауыр науқасқа шалдыққан Арслан хан көп ұзамай қайтыс болды. Қарақытайлардың Жетісу мен Мауераннахрға баса-көктеп кіруі Шығыс Қарахан қағандығының құлауын жеделдете түсті. Өзара тақ таласынан әрі қарақытайлардың шабуылынан әбден әлсірген Шығыс Қарахан хандығына 13 ғасырдың бас кезінде Хорезм мемлекеті қауіп төндірді. 1212 ж. Хорезм шахы Мұхаммедпен болған шайқаста соңғы билеушісінен айрылған Шығыс Қарахан қағандығы мемлекет ретінде біржолата жойылды. ### Қарақытайлар мемлекеті (1128-1213) 1125 жылы Қытайдың біріккен күштері мен оның одақтастары Қидан мемлекетін талқандады. Қидандардың бір бөлігі жаулап алушыларға бағынды, ал қалған бөлігі Елюй Дашидың басшылығымен батысқа жылжып, Жетісудың солтүстік-шығысына енді. Осында қидандар жергілікті түркі халқымен араласып, қарақытайлар деген атпен белгілі болды. Бастапқы кезеңде Жетісуға қоныстанған қидандар жергілікті билеушілерге бағынатындықтарын білдірді. 1128 жылы Баласағұн билеушісі қидандарды бағынбаған тайпаларға қарсы шығуға одақтас ретінде шақырды. Олар одақтас болудың орнына өздері Баласағұн қаласын басып алды. Сол жылы қидандар Жетісуда Қарақытай деген атпен, ордасы Ғұзорда болған өз мемлекетінің негізін қалады. Мемлекеттің негізін қалаушы Елюй Даши 1141 жылы Самарқанға жақын маңда біріккен салжұқ-қарахан әскерін талқандады. Қарақытайлар Бұхараны және бүкіл орталық Мауараннахрды басып алды. Хорезмшах мемлекетінің билеушісі жеңіліске ұшырап, қарақытайларға жыл сайын алым-салық төлеуге мәжбүр болды. Жетісу, Мауараннахр және Шығые Түркістан Қарақытай мемлекетінің құрамына енді. Алайда қарақытайлық гурхан қарахандықтар әулетін жойған жоқ. Өзінің вассалдары (бодан) етіп, алым-салық алумен шектелді. Қарақытайлар қарахандықтардың басқару жүйесіне өзгеріс енгізбеді және өлке экономикасына, қоғамдық өмірі мен мәдениетіне ықпал еткен жоқ. Қидандар билеушісі гурхан лауазымын иеленді. Бұл «хандардың ханы» мағынасын білдірді. Бас ордасы Баласағұнға жақын жерде, Шу өзенінің бойында орналасты. Гурхан қатаң салық енгізді. Өз маңайындағыларға енші жер бермеді себебі өзара маңайындағыларға енші жер бермеді себебі өзара қырқыстан және олардың күшейіп кетуінен қауіптенді. Қарақытайлар әскерінде тәртіп күшейтілді. Гурханның өкілетті басқарушылары өздерінің бағыныштыларына бақылау жасап қана қоймай, салық жинаумен де айналысты. Әр отбасынан бір динардан салық алды. XII ғасырдың ортасынан бастап қарақытайлар өздерінің салық саясатын өзгертіп, ашық тонауға көшті. Қарақытайлар исламға түсіністікпен қарады, алайда XII ғасыр соңында мұсылмандарды қудалау басталды. Жетісуда қарақытайларға қарсы мұсылман қозғалысы күшейе түсті. Бейбіт тұрғындарды тонаушылық, шапқыншылық және мұсылмандарды ығыстыру қарақытайлардың Жетісудағы билігінің одан әрі әлсіреуіне әкелді. Қарақытайлар Хорезмшахтар мемлекетінің билеушісі Мұхаммедпен соғысты бастап, жеңіліске ұшырады. Самарқан билеушісімен одақтаса отырып, Хорезмшах мемлекетінің әскері Таласқа жақын маңда қарақытайлықтарды талқандады. 1208 жылы Монғолиядан Шыңғысхан ығыстырған Күшлік басқарған наймандар Жетісуға келеді. Олардың келуімен Жетісудағы жағдай күрт өзгерді. Қарақытайлар Жетісудағы саяси ықпалынан айырылды. Күшлік Хан және оның одақтастары қарақытай билеушісін тұтқындады. 1212 жылы Қарақытай мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. ### Қыпшақ хандығы (1030-1219) Сыртқы жауларының соққысынан құлаған Қимақ қағанатының жері XI ғ. жаңа құрылған Қыпшақ хандығының қолына толығымен көшеді. Ол жерлер шығыста Алтай мен Ертістен басталып, батысында Еділ мен Оңтүстік Оралға дейінгі, солтүстігінде Құланды даласынан, оңтүстігінде Балқаш көлі мен Жоңғар Алатауына дейінгі кең-байтақ аймақты алып жатты. Қыпшақ хандығы күшейе бастаған кезінде оңтүстік жағындағы шекарасын кеңейтіп, Сырдарияның орта және төменгі бөлігін, Арал мен Каспий өңірі далаларын өздеріне қаратқан. Қыпшақтар Есіл мен Тобыл, Нұра, Елек пен Сарысу өңірінде көшіп-қонып жүрген. Олар Маңғыстау мен Үстіртте қыстап, жаз айларында Жем, Сағыз, Ойыл, Қобда, Жайық өзендерінің аңғарларын жайлаған. Араб деректеріне қарағанда, қыпшақтардың тарихи қалыптасқан көшу бағыттары болған. Қыпшақтардың этникалық құрамына кірген тайпалардан қыпшақ халқы қалыптаса бастады. Бұл тайпалардан тіл, наным-сенім, қоғамдық құрылыстары, шаруашылықты жүргізу жағы бір-біріне ұқсас болды. Әрине тіл жағынан кейбір жергілікті диалектілер сақталған. Бірақ ол бірыңғай қыпшақ халқы болып қалыптасуға кедергі болмаған. Оны Плано Карпинидің «қаңлылар қыпшақша сөйлейді екен» дегені толық дәлелдейді. Тайпалар бірлестігінің ішінде мұндай жақындасу жағдайлары тығыз жүріп жатты. Сондықтан да Дешті Қыпшақта (Қыпшақтар даласында) қыпшақ халқының қалыптасуы заңды құбылыс еді. Қыпшақ хандығының қоғамдық құрылысы тікелей Қимақ қағанатының қоғамдық құрылысының жалғасы болды. Бұл хандық та да билік әкеден – балаға мұрагерлікпен беріліп отырды. Мұндағы бір ерекшелік, хан тағына елбөрілі тайпасының белгілі өкілдері ғана сайланып отырған. Сондықтан да тарихшы Жүзжани бұл хандар әулетінің тайпасы деп атаған. Хандық биліктің орталығы «орда» деп аталды. Ордада хандық өкіметті билеушілер тұрды. Әскери басқару жүйесі бұрыннан қалыптасып келе жатқан дәстүр бойынша оң және сол қанат болып бөлінді. Күші және беделі басым оң қанаттың ордасы Жайық өзені бойындағы Сарайшық қаласының орнында болса, ал сол қанаттың орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласында орналасты. Әскери басқару жүйесінің екі қанатқа бөлінуі оң қанаттың батыстағы, сол қанаттың шығыстағы билікті мызғытпай ұстап отыруы үшін жасалған еді. Қыпшақ хандығының әлеуметтік-экономикалық тегі таптық құрылыс болды. Ақсүйек-шонжарларға хандар, оның туған-туыстары, тархандар, басқақтар, бектер, байлар және ру-тайпа көсемдері жатты. Ал қарапайым бұқара халық малы жоқ кедейлерден тұрды. Кедейлердің ішінде жер өңдеумен айналысатын жатақтары да болды. Қыпшақ қоғамында құлдар да еңбек етті. Мұндай басыбайлы құлдыққа малы жоқ кедейлер, қолға түскен тұтқындар түсіп отырған. XI ғ. бастап Қазақстанның Жетісудан басқа жерлерінің барлығына қыпшақтар ие болды. Хандықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының нығаюы жерін кеңейтуді талап етті. Әсіресе қыпшақтарға Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларға, Орта Азияның базарына, Орыс елінің оңтүстік далалы аудандарына шығу қажет болды. Алайда бұл жерлерге шығу оңай емес еді. Өйткені арада оғыздар мемлекетінің билігі жүріп тұрған. X ғ. аяғы – XI ғ. басында Оғыз хандығының жағдайы нашарлай бастайды. Бұл жағдайды Қыпшақ хандығы дер кезінде пайдаланып, оғыздарға солтүстік және солттүстік-шығыстан басып кіреді. Сөйтіп қыпшақтар өздерінің шекарасын Сырдарияның орта ағысынан Арал теңізіне дейін кеңейтеді. Қыпшақтар Хорезм елімен де қатынасты жақсартуға әрекет жасайды. Алайда Хорезм шахы қыпшақтардың күшеюінен және олардың өз шекараларына жақындауынан қауіптене бастаған болатын. Сондықтан да шах әр түрлі саяси қулықтар жасауға тырысады. Ондай әрекеттерге кезінде Хорезм шахының мұрагері Атсыз да барған болатын. Бұлардың арасындағы саяси жағдай да өте тұрақсыз болды. Хорезм шахы кез-келген мүмкіндікті өз пайдасына шешуге тырысып отырды. Кейбір жазба деректерге қарағанда, Атсыз қыпшақтардың қол астындағы оғыздардың жеріне бірнеше рет шабуыл да жасаған. 1133 ж. қыпшақтар жеңіліп те қалған. Бірақ Хорезм мемлекеті ешбір нәтижелі жеңіске жете алмаған. Дегенмен осы жеңілістен кейін қыпшақтар екіге бөлініп, әлсірей бастаған. Ашық майданда жеңіске жете алмайтындықтарын білген хорезмдіктер енді қыпшақтардың ішкі қайшылықтарын пайдалануды көздеді. Мәселен, қыпшақтардың ақсүйек-шонжарларын өз жақтарына қызметке тартып, сый-сияпат жасап, олардың арасынан әскери топтар құрып, өздеріне қарсы қоюға тырысқан. Қыпшақтардың арасына ислам дінін таратумен де айналысады. Сөйтіп, олардың ішіне іріткі салып, қыпшақтарды өздеріне тәуелді етуге әрекет жасайды. Ал XIII ғ. басында Сыр бойындағы қалалар үшін Хорезм шахы Мұхаммед пен Қыпшақ хандығының арасында бірнеше шайқастар болып өтеді. Бұл шайқастарда қыпшақтар өз ішіндегі алауыздықтың кесірінен жеңіліп, солтүстікке қарай шегінеді. Бірақ олардың арасындағы жауласушылық мұнымен бітпейді. Отырар, Сығанақ, Арал теңізінің аумағы бұл екі ел үшін ұзақ жылдар бойына қақтығыс көзіне айналады. Билік үшін бәсеке тек монғолдар екі елді де жаулап алғаннан кейін ғана біржола тынады. Қыпшақ хандығы құлағанымен, оның халқы мүлде жойылып кеткен жоқ. Олар өздерінің тарихи дамуын жалғастырумен болды. Ақыр соңында олар қазақ халқының басты этникалық құрамының біріне айналды. ### Хорезмшах империясы (1097-1231) Сұлтан Мәлік Шах тұсында Ануштегін Қарши Хорезмнің билеушісі болды. Ол жергілікті ануштегіндер билеушілерінің әулетін құрды. Олар бірте -бірте ықпалын күшейтіп, Селжұқ сұлтандарынан тәуелсіз саясат жүргізе бастады. 1097 жылы Хорезмді басып алған селжұқтар Ануштегіннің ұлы Құтуббиддин Мұхаммед I таққа отырды. Құтуббиддин Мұхаммед таққа отырған 1097 жылы Қорасан әміршісі Хабаши бин Алтунтак Селжұқ мемлекетіне көтеріліс жасап, жеңіліске ұшырады. Қорасанның жаңа әміршісі болып тағайындалған Санжар сұлтан да Хорезм билігін Құтуббиддин Мұхаммедке сеніп тапсырды. Осы кезде теріскейдегі түркі (қыпшақтар) хандары Хорезм өлкесіне жорықтар жасап, Үргенішті өздеріне бағынышты еткісі келді. Бірақ, Санжар сұлтан мен Құтуббиддин Мұхаммедтің екеуара ауызбіршілігінің арқасында Хорезм өлкесі ешкімнің талауына түскен жоқ. Құтуббиддин Мұхаммед қыпшақтардың шабуылын дер кезінде тойтарып отырды. Құтуббиддин Мұхаммед 1128 жылы қайтыс болып, орнына ұлы Қызыл Арслан Атсыз Хорезм билігін қолына алды. Жастайынан ел басқару ісіне араласып, жан-жақты пісіп жетілген Қызыл Арслан Атсыз алғашқыда Санжар сұлтанға адал қызмет етті. Ол Хорезмге ұдайы қауіп төндірген қыпшақтар мекендеген Маңғысау мен Жент өңіріне жеңісті әскери жорықтар жасап, Хорезм әмірлігінің аясын кеңейте түсті. Қызыл Арслан Атсыздың алғырлығы сарай уәзірлерінде шошытып, олар Санжар сұлтан мен Қызыл Арслан Атсыздың арасына от тастап, екеуін шағыстырды. Бұл тайталастың ақыры Қызыл Арслан Атсыздың Хорезмді Селжұқ мемлекетінен бөліп әкетуіне мәжбүрледі. Ол 1138 жылы Қорасанмен байланысатын есіктердің бәрін жауып, Хорезімдегі Селжұқ өкілдерін зынданға салып, өзінің дербес билеуші екенін жариялады. Хорезім әміршісінің қылығына қатты ашуланған Санжар сұлтан Балх қаласынан қалың қолмен Хорезмге аттанды. Қызыл Арслан Атсыз Хазарасип қаласының маңына әскерін жинап, Селжұқ әскерімен бетпе-бет келмей, оларды шөлмен жүргізіп, біраз әуре-сарсаңға салғанымен, соңында жеңіліске ұшырады. Санжар сұлтан қолға түскен Атсыздың ұлы Атлықты өлім құштырып, қолға түскен қыпшақ жасақтарын Мервке айдады. Хорезм халқына селжұқтардың жаңа әскери кеңестен тұратын билік жүйесі ұнай қойған жоқ. Халыққа керісінше өктем болса да, Қызыл Арслан Атсыздың ержүректілігі мен алғырлығы ұнайтын еді. Көп ұзамай 1140 жылы халық селжұқ бектеріне қарсы көтеріліске шықты. Сүлеймен бин Мұхаммед пен оның қызметкерлері Хорезмді тастап қашты. Қызыл Арслан Атсыз қайтадан Хорезм билігін қолына алды. Бірақ, 1141 жылы қайтадан Санжар сұлтанның билігін мойындауға мәжбүр болды. Дегенмен, 1141 жылы шығыстан келген қарақытайлар (Батыс Лиау патшалығы) «Катауан» соғысында Санжар сұлтанды тас-талқан етіп жеңгеннен кейін Қызыл Арслан Атсыз селжұқ мемлекетінен тәуелсіз екенін тағыда жария етті. Ол Хорезмді тәуелсіз деп ғана қоймай, әскерін бастап Қорасанға шабуыл жасады Қызыл Арслан Атсыз келер жылы Селжұқтарға қарайтын Нишабур қаласын келіп қоршауға алды. Қаланы ала алмағанмен, халық Қызыл Арслан Атсызға салық төлеуге мәжбүр болды. Әрі Нишабур мінберінде Санжар сұлтанның атына емес, Хорезм шахының атына құтпа оқылды. Қызыл Арслан Нишабурге өзінің бауыры Йынал Тегінді әмірші етіп тағайындады. Алайда, Нишабур халқы оның билігін мойындай қоймады. Осы кезде Термезді орталық ете отырып қайта күшейген Санжар сұлтан 1143 жылы Хорезмді өзінің уысынан шығармас үшін Қызыл Арслан Атсызға екінші рет соғыс ашты. Хорезм әскері жеңіліске ұшырап, Сарахс мен Мерв қалаларынан тонап алған қазыналарды қайтарып беріп, Селжұқ мемлекетіне жылына 30 мың динар салық төлеп, қайтадан бағынды. Қызыл Арслан Атсызға жыл сайын 30 мың динар салық төлеу оңайға соққан жоқ. Отар ел болудан құтылу үшін селжұқтарға қарсы астыртын әзірлік жүргізуге көшті. Бірақ, Санжар сұлтан Үргенішке жіберген тыңшылары арқылы Қызыр Арслан Атсыздың астыртын дайындығынан хабардар болды. Күшеймей тұрғанда басып қалу үшін Санжар сұлтан 1147 жылы үшінші рет Хорезмге жорыққа шықты. Екі тараптың әскерлері екі ай бойы соғысып, ақырында селжұқ жасағы Хазариресп қаласын басып алды. Артынша Үргеніште қоршауға алды. Бірақ, Захид Ахупуш атты дәруіш-сопы араға түсіп, Үргенішті аман сақтап қалды. Осы жолы Қызыл Арслан Атсыз тізесін иіп тұрып Санжарға сұлтанға қарсы шықпаймын деп ант берді. Санжар сұлтан оған Хорезм билігін қайта табыстады. Бұдан кейін Қызыл Арслан Атсыз күшейіп, Сыр бойындағы Қыпшақтарға 1152 жылы қасиетті жорық (ғазауат) жасап, Сығанақ пен Жент қалаларын басып алды. Аталған өңірге ұлы Ел-Тегінді әмірші етіп тағайындады. Бұл кезде Санжар сұлтанға қарсы оғыздар көтеріліске шығып, Селжұқ мемлекеті құлдырау кезеңін басынан кешірді. Оғыздар Санжар сұлтанды қолға түсіріп үш жыл қапаста (1153-1156) ұстады. Қызыл Арслан Атсыз оғыздарға қарсы 1156 жылы Қорасанға әскер кіргізіп, Санжар сұлтанды босатуын сұрағанмен, одан еш нәтиже шықпады. Өзі осы жорықта қайтыс болды. Бірақ, Селжұқ мемлекетінің күйреуімен, Хорезмшах мемлекеті толық тәуелсіздікке қол жеткізді. 1215 жылы Ирандағы Керман Хорезмшахтардың иеліктеріне қосылды, ал 1217 жылға қарай Иран, Мазандаран, Арран, Әзірбайжан, Ширван, Фарс, Мекран, Маңғышлақ, Кеш, Сиджистан, Гур, Газна – толлық бағынышты болды. Хорезмшах Мұхаммед өзін әлемнің ұлы билеушісі ретінде көрді, өйткені Әзірбайжан, Ширван және Арранды бағындырып, Грузияға жорыққа 50 мың әскер дайындап, Анадолы мен Сирияға әскер жіберуді ұйғарды. ### Найман хандығы (1210-1218) Наймандардың арғы бабалары IV-V ғасырларда байырғы хұндардың ұрпақтары болып табылатын Теле тайпалық одақтары құрамында көшіп-қонып жүрді. Ал VII ғасырда олар Қыпшақтардың байырғы бабалары үстемдік жасаған Сеянто хандығына бағынды. Тарихи деректер олардың VIII-IX ғасырларда-ақ айтарлықтай сауатты болғандарынан хабардар етеді. Олар алғаш барлық түркітілдестер тәрізді Орхон жазуын пайдаланса, ал кейіннен Оғыз бірлестіктеріне Ұйғырлар үстемдігі орнаған тұста көне ұйғыр жазуын қолданатын болды. 1125 жылы Қидандар мемлекетін Чжурчжендердің (Шүршіттердің бабаларының) талқандауы Наймандардың тәуелсіздік алуларына жол ашты. Зерттеушілер тәуелсіз Найман мемлекетінің құрылуын 1143 жылдан, яғни Инанш Білге ханның билік жасаған жылдарынан бастайды. Әсіресе, күшті Қидан мемлекетін құрған тарихи тұлға Елюй Дашидің өлімі Наймандардың тәуелсіз хандық құруларына жол ашты. Қидан империясының қиранды орнында жаңа хандықтар, солардың қатарында Найман және Керейт хандықтары еңсе көтерді. Бұл екі туыстас хандықтарды географиялық бекет Ханғай (Өтікен) таулары бөліп жатты. Жаңа қалыптаса бастаған Найман хандығының шығыстағы көршілері Керейттер болса, ал оңтүстік-батыста олар Қарақытайлармен шектесті. Солтүстіктегі Найман мемлекетінің шекарасы Балқаш көліне дейін созылып, Шу өзенін бойлай жалғасты. Найман мемлекеті 12 ғасырдың аяғында билік еткен Инанш Білге Бұқа хан тұсында нығайды. Ұлы Жібек жолында орналасқан Найман мемлекетінің көрші елдермен саяси, сауда байланыстары жақсарды. Рашид әд-Дин “Наймандардың хандары қадірлі, қуатты, олардың халқының саны көп, әскері де қуатты болды” деп жазды. Найман мемлекетінің хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Белгілі тайпа билеушілері, батыр, қолбасшылары хан кеңесінің құрамына кірді. Хан ұлыс жасағының бас қолбасшысы болды. Ұлыста іс қағаздары жүргізіліп, хан жарлықтары хатқа түсіріліп, оған ханның төрт бұрышты алтын мөрі (таңба) басылған. 12 ғасырдың аяғынан бастап Найман мемлекетінің хандары “Бұйрық”, “Күшлік” деп аталды. Инанш Білге өлген соң, оның екі ұлы Таян хан мен Бұйрық хан таққа таласып, Найман мемлекетін екіге бөлді. Екі иелікке бөлінген ұлыстың әрқайсысы өз алдына дербес әрекет етіп, өзара қырқысты. Бұл ішкі саяси дағдарыс Шыңғыс хан әскери күшінің артуымен тұстас келді. Шыңғыс хан және керейлер ханы Тоғрыл (Уаң хан) бастаған қол 1199 жылы Бұйрық ханның, 1204 жылы Таян ханның ұлысын басып алды. Олардың Жамұқа бастаған тайпалар одағының күшімен бірігіп, моңғолдарға қарсы тұрмақ болған әрекеттері нәтижесіз аяқталды. Найман мемлекетінің күйреуі атамекендерінде қалың отырған бұл елдің құрамына кірген рулардың жан-жаққа кең ыдырап кетуіне, басқа тайпалар арасына сіңуіне әсер етті. Олардың біраз бөлігі байырғы қоныстарына жақын Ертіс, Алтай алқабында орнығып қалып, Шыңғыс ханның баласы Үгедей ханның қол астына қарады. Шапқыншылықтан ығысқандары Балқаш төңірегіне, Алакөл маңына, Сыр, Ырғыз алқабына орналасты, оңтүстікте Орта Азия хандықтары жеріне дейін жетті. ## Қазақстанның орта ғасырдағы мемлекеттері ### Моңғол империясы (1205-1291) Қараңыз: Моңғол империясы Біртұтас монғол мемлекетінің құрылуы Темужіннің (Темучин) (1162-1227) атымен байланысты. Темужін атақты бай рудан шыққан. Жастайынан Темужін өте қайратты және өжет болып өседі. Әкесі Есугей батыр қайтыс болғаннан кейін, Темужін анасы және бауырларымен бірге көп қиындық көрді. Әкесінің нөкерлері мен руластары бұлардан бөлініп кетті. Темужін бала күнінен әуелі отбасын асырау үшін, кейін нөкерлер мен туыстарын қайтару үшін көп күш жұмсады. 1206 жылы Онон өзенінің бойында өткен Құрылтайда монғол нояндары Темужінді «Шыңғысхан» деген атпен ұлы хан етіп көтерді. Шыңғысхан бүкіл монғол тайпаларының басшысы болады. XIII ғасырдың басында Шыңғысхан Сібір халықтарының жері мен Қытай елін жаулап алып, Ұлы Моңғол империясын құрды. Шыңғысхан бүкіл Моңғол жерін сол қанат және оң қанат деп бөлді. Бұлай бөлу ғұндар дәуірінен қалған дәстүр еді. Әрбір қанат түмендіктерге, ал олар мыңдықтарға, жүздіктерге, ондықтарға бөлінді. Осылайша, әскери-әкімшілік жүйенің төменгісі он жауынгер жасақтай алатын отбасылар болды, ең жоғарғысы -қағанның он мың әскер жасақтай алуына мүмкіндік беретін иеліктер еді. Өте қатал тәртібі, берік құрылымы бар әскерді монғолдардың феодалдық жоғарғы тобының өкілдері — нояндар, баһадүрлер, мергендер басқарды. Шыңғысханның жаулап алушылық жорықтары. Моңғол тайпаларын біріктіргеннен кейін, Шыңғысхан танғұттардың Батыс Ся мемлекетіне шабуыл жасайды. 1207 жылы Енисей жағалауындағы ойраттар т.б. тайпалар бағындырылды. 1211 жылы моңғолдар Солтүстік Қытайдағы Цзинь мемлекетіне шабуыл жасады. 1215 жылы ұзақ соғыстан кейін Шыңғысхан әскерлері Пекинді алды. Солтүстік Қытайда әскербасы Мұқалиды (Мұқылай) 23 мың әскермен қалдырды. Шыңғысхан Моңғолияға қайтып келіп, 1218 жылы Жетісуда бекіген наймандарды бағындырды. 1219 жылы монғолдар Қазақстан мен Орта Азияны жаулауды бастайды. 1219 жылдың күзінде моңғол әскері Отырар қаласына келеді. Отырар әмірі Қайыр хан 20 мың әскерімен қаланы қорғауға дайындалды. Отырарды қоршап алған моңғол әскерлері бірнеше ай қаланы ала алмайды. Алты айға созылған соғыстан кейін Отырар қаласы құлайды. Моңғолдар халықты қырып, қаланы жермен-жексен етеді. 1220 жылы Хорезм мемлекетінің астанасы Бұхараны, одан кейін Самарқанды қоршап, оны да басып алды. 1221 жылы Орта Азияның соңғы қаласы Мерв монғолдарға қатты қарсылық көрсеткенмен, ол да жеңіліс тапты. Сөйтіп, Орта Азияны жаулау аяқталады. Жебе мен Сүбедей қолбасшылар басқарған моңғолдар Әзірбайжан мен Грузияны талқандап, Қырымға жетті. 1223 жылы Қалқа өзенінде қыпшақтар мен орыстар да жеңіліс тапты. 1226 жылы Шыңғысхан Батыс Ся мемлекетіне тағы да жорық жасап, 1227 жылы бұл елді де біржолата бағындырды. Шыңғысхан сол жылы 72 жасында қайтыс болды. Жаңа жерлерді бағындыру. 1229 жылы құрылтай өткізіліп, Шыңғысханның үшінші ұлы Үгедей ұлы хан болып сайланды. 1236 жылдың соңында моңғолдардың батысқа жорығы басталды. Ол жорықты Жошының баласы Бату басқарды. Бату әскерлері Еділ өзенінің жағасындағы Бұлғар елін жаулап алды. 1237 жылы Еділ мен Дон өзендерінің аралығындағы қыпшақтарды тізе бүктіріп, 120-140 мың әскермен орыс жеріне шабуылға дайындалады. Моңғол-татар шапқыншылығы қарсаңында орыс жері бытыраңқы болатын. Бытыраңқы князьдіктер Бату әскерлеріне қарсы тұра алмады. Әскери күші жағынан да моңғол-татарлар орыстарға қарағанда анағұрлым алға кеткен болатын. Әсіресе монғол-татарлардың атты әскері өте қуатты күш еді. Бату әскерлері соғыс жүргізудің сол заманғы неше түрлі айла-тәсілдерін меңгерді. Батудың соғыс жүргізу өнерінде бұрыннан қолданып келе жатқан, қала бекіністерін бұзатын жеңіл құралдары болды. Орыс қалалары ағаштан салынғандықтан бұзу қиынға түспеген еді. 1237 жылдың қысында Бату көп әскерімен Еділ өзенінен өтіп, Рязань қаласына келіп жетті. Рязань және Мәскеу қалаларын алды. 1238 жылы ақпанда Бату Владимир қаласын қоршап, үш күннен кейін қаланы алды. Осы қарқынмен монғол-татар әскерлері орыстардың 14 қаласын — Ростов, Суздаль, Ярославль, Кострома, Углич, Тверь т.б. қалаларды бағындырып, Владимир князьдігінен Новгородқа қарай беттейді. Көктемнің ерте шығуы, орманды және батпақты Новгород жері алға қарай жүруге қиындық тудырады. Сондықтан Бату әскерін оңтүстікке қарай бұрады. Бату жолында кездескен қалалар мен елді мекендерді жаулап алып, 1240 жылы Киев қаласына келіп жетеді. Даниил және Дмитрий князьдер Киев қаласын қорғауды өз қолдарына алады. Қала халқы қаласын сегіз күн ерлікпен қорғайды. Дегенмен моңғол-татар әскері күшінің басымдылығы, орыс князьдіктерінің дер кезінде күш біріктіре алмауы Киев князьдігінің жеңілуіне әкеп соқтырады. Батудың Еуропаға жорығы. Киев қаласын алғаннан кейін Бату әскерлері Галич-Волынь князьдігіне аттанады. Батыс орыс жерін жаулап алған соң Польшаға, Чехия мен Венгрия жеріне баса-көктеп кіреді. 1241 жылы Бату мен Сүбедей бастаған моңғол әскері Венгрияға, екінші тобы Польшаға келеді. Моңғолдар Польша мен Силезияны бағындырып, Лигнецы маңында поляк және неміс князьдерінің жасақтарын талқандады. Польшаның біраз бөлігі бұл шапқыншылықтан зардап шекті. 1241-1242 жылдары Венгрия да моңғол-татарлардың шапқыншылығына тап болды. Венгр королі IV Белла Бату ханның берілу туралы талабын орындамағаннан кейін, монғолдар үш топпен Венгрияға басып кірді. Венгр королінің Батыстан, яғни Пападан көмек сұрауынан еш нәтиже шықпаған соң, барлық ауыртпалықты өздері көрді. Венгр әскерлері Сайо өзенінде талқандалды. Король өз сарайымен Далмацияға қашты. Моңғолдар корольдіктің астанасы Пешт және басқа қалаларды жаулап алып талқандады. Елдің солтүстігінен оңтүстігіне қарай заулап өтіп, монғолдар кейін шығысқа қайтады. ### Жошы ұлысы (1224-1242) Шыңғыс хан 1218-1222 жылдары қазіргі бүкіл Орта Азия мен Қазақ жерін толық жаулап біткен еді. Әлем әміршісі өзінің тұяғы тиген жерлерінің бәрін көзі тірісінде төрт баласына бөліп жіберді. Үлкені Жошыға Дешті Қыпшақ даласы, Хорезм жері, Русь, Кавказ және Еуропаның ат тұяғы жеткен жерлерінің барлығын құзыретіне берді. Жошыны Дешті Қыпшақ даласына тағайындап, тек соның ғана құзыретінде болатынын Шыңғыс хан көзі тірісінде табыстап берген болатын. Тіптен, бұл дегеніңіз ешқандай мемлекетте болмаған кең-байтақ территория болатын. Жошы ханға да осы арқалы сары дала қатты ұнағаны соншалық, ол бұл даладай өмірінде тамаша жер көрмегенін айтқан екен дейтін деректер де бар. Шыңғысханның ұлдарының арасында Жошының әскери қабілеті жоғары екені бірден байқалады. Әрі төрт ұлына жүктеген әскери тапсырмалардың арасында Жошы бастаған жасақ қашанда жеңіске жетіп, олжалы оралып жүрді. Бұған, бір жағы, Жошының үнемі Жебе мен Сүбедей секілді даңқты қолбасшылармен бірге жүруінің де себебі тигені анық. Кейде тәжірибелі қолбасшылардың кеңестері мен жоспары билік тарапынан мақұлданбай, дәрменсіз қалатын кездер тарихта жетерлік. Дегенмен мұндай жағдай Жошы тарапынан кездеспейді. Соған қарағанда Жошы «менмендікке» бармай, барлығын ақылға салып, қолбасшыларымен кеңесіп шешетін сабыр иесі болғанға ұқсайды. Монғолдар 1219-1224 жылдардағы Хорезм жорығының нәтижесінде Ертістен Жетісудың батысы Сыр бойы, Үстірт, Әзербайжан, Грузин, бүкіл Қапқазды, қазақтың Сарыарқасы, Еділ, Дон, Дунай, Азов бойы кейін, 1238-1240 жылдары бүкіл Русь жері Киевпен қоса, Болғарияға дейінгі алып аймақ Жошы ханның иелігіне өтіп, сөйтіп әлемде «Жошы-Қыпшақ ұлысы» дейтін үлкен империя пайда болды. Кейін Жошы-Қыпшақ ұлысының батыс қанаты бұрынғы Еділдің төменгі сағасы Ахтуба бойындағы Сарай, одан соң Берке хан заманында Еділ дариясының жоғарғы сағасына қоныс аударып, Сарай-Берке атанды. Жошы-Қыпшақ мемлекеті елін әскери-әкімшілік 10 аймаққа бөліп басқарғаны туралы Египеттегі Мамлюк мемлекетінің ең соңғы энциклопедиясын жасаған ғалым Абул-Аббас Ахмед Шихабад дин әл-Мисри әл-Калкашанди жазып қалдырған. I. Хорезм аймағы. Қият, Үргенш, Кіші Үргенш (Хиуа), Замахшар, Хазарасп, Дарған, Фараб (Отырар), Мыңқышлақ. Солтүстік шекарасы Ақтау, шығыс солтүстігі Қаратаумен шектелген. Негізгі халқы түркілер. II. Дешт-Қыпшақ. Бұл аймақтың жер көлемі Хорезм аймағының территориясының 3/1 тең. Негізгі халқы қыпшақтар. Хан ордасы орналасқан Сарай қаласы. Мұнда қыпшақ, моңғол, русь, алан, черкес, грек, бұлғар өмір сүріп, Мысыр, Иран, Сирия, Римнің саудагерлері мен саяхатшылары қаптаған қала болған. III. Хазар. Мұнда Дағыстан жеріндегі хазарлардың ежелгі астанасы Баланжар болған дегеннен басқа мәлімет жоқ. Негізгі халқы қыпшақтар. IV. Қырым. Бұл аймаққа Қырым, Солхат (байырғы Қырым), Судақ, Қафа (Феодосия), Үкек қалаларымен қатар Азов бойының батыс жағының біраз жері қамтылған. Негізгі халқы қыпшақтар, аздаған орыстар. Жошы-Қыпшақ мемлекетінің сыртқы қатынас, сауда-саттықтың күре жолы болғандықтан хан ордасын жағалайтын аристократтар, қыпшақтар және әр түрлі ұлттың өкілдері осында өмір сүрген. V. Азов аймағы. Жер көлемі Қырым аймағының жер көлемінің 4/1 тең. Бұл аймақтың қарамағына Азов, Керчь қалалары болған. VI. Черкес аймағы. Жер көлемі Дешт-Қыпшақ пен Азов аймағының территориясын қосқанмен тең. Халқы қыпшақтар. VII. Бұлғар аймағы. Жер көлемі Дешт-Қыпшақ пен Қырым аймағының территориясын қосқанмен тең. Хан Ордасы бұл қаланы Ақча-Керман (бүгінгі Днестровскийдегі Белгород қаласы). Екінші үлкен қаласы Сары Керман, Қырым түбегінің батыс оңтүстігіндегі ежелгі гректердің қала-ұлыс жұртына орналасқан. VIII. Улак немесе Валакия. Румынияның Волахин княздігі. 1324 жылдары тәуелсіз өмір сүрген. IX. Ас немесе Алан аймағы. Қырым түбегіндегі Жошының батыс Ордасының қарашалары (крепостной) көптеп орналасқан. Негізгі халқы парсы тілді, христиан дінді. Олардың басшысы түмен нояндарының дәрежесінде хан аталады. Олар бүгінгі осетиндердің бабалары. Өзбек хан билігі аяқталғанға дейін аландар тау шатқалдарында шеткері өмір сүрген. X. Орос аймағы. Жошы-Қыпшақ ұлысының мұсылман аймақтарының батыс, батыс солтүстік жағына орналасқан. Бұл аймақтың шекарасы батыста франклер немесе Батыс Еуропамен, шығысы Бұлғар аймағымен, шығыс солтүстігі Холман жерімен шектеседі. Орыс тілді, христиан дінді. «Жошы-қыпшақ ұлысы» - бұл атау жайлы араб саяхатшылары мен тарихшылары жазып қалдырған 26 түпнұсқада, парсы саяхатшылары мен тарихшыларының 13 тарихи түпнұсқаларында, түріктердің 3 түпнұсқасында барлығы 19-мәрте «Жошы-қыпшақ ұлысы» деп белгілеген болса, 69 мәрте «Қыпшақ мамлакаты (мемлекеті)», «Қыпшақ елі» деп жазып қалдырыпты. Орысша әдебиеттерде «Қыпшақ хандығы» атаса, Плано Карпин «Қыпшақ елі» (Страна Команов), моңғолдың көне шежіресі «Алтын товчида (Алтын шежіре)» «Қыпшақ елі», қытай тарихшысы Б.Сайшаал «Қыпшақ хандығы» деп ресми түрде жазып, дәлелдеп келген. ### Шағатай ұлысы (1224-1346) Шағатай ұлысы - Шығыс Түркістан, Жетісу, Мәуереннахр аумағында салтанат құрған көшпелілер мемлекеті. Бұл ұлыс Шыңғыс ханның екінші ұлы - Шағатай иелігі негізінде пайда болған. Ол 1183 жылы қаралтым қоян жылы Тэмужиннің бәйбішесі Бөртеден туған. Шыңғыс хан ұлдарына енші бөліп, әрқайсысының басына орда тігіп беріп, аттандырғанда әрқайысына 4 мыңнан жасақ бөліп, иелігіндегі жергілікті жұрттың есебінде әскерінің санын толықтырып, ұлыстың іргесін әрдайым кеңейтіп отыруды тапсырған. Оған қоса Шағатайға 8 мың отбасы, тиесілі жайылым жер бөлініп, "Ұлыс билеушісі" деген жарлық таңба мөрін қолына ұстатқан. Шағатайға тиген иелік жер Шығыс Түркістаннан Самарқан, Бұқара, Оңтүстік Алтайдан Амударияға дейінгі алқапты қамтиды. Шағатай ұлысының орталығы Құлжа өлкесі, Іле өзенінің оңтүстігіне қарай орналақан Құяш қаласы болды. Осыған байланысты В.В.Бартольд Құяш қаласы "Барыс ханның сыртында" орналасқан екен, бұл Қаяс немесе Құяс тухсилермен шігілдердің барлық жерін қамтиды, онда Сабылық – Құяс, Урунг - Құяс (Өрөнгө өзені бойындағы), Қара-Құяс (Қара Ертіс бойындағы қала) атты үш қамал бар деген М.Қашқаридың анықтамасын келтіреді. XIII ғасыр соңынан, Хайду ханның тұсында қырғыздар қазіргі мекеніне жер ауып келгенге дейін осы өңірді (Жетісу) ежелден мекендеп келе жатқан үйсін, қаңлы, дулат, албан тайпалары да Шағатай ұлысының билігінде болды. Аталған тайпалар негізінде қазақтың Ұлы жүз тобын құрады. Гуюг қағандық құрған тұста (1246-1251 жж.) Орталық Азиядағы Шағатай әулетінің билігі артып, Шағатай ұлысының жер көлемі Ақ Орда жері есебінен кеңейе түсті. Баты ханға бет бұрып кеткен Масуд Бек қайтып оралып, 1246 жылғы құрылтай шешімімен бұрынғысынша "Мауереннахр, Түркістан және сол маңдағы отырықшы өлкелердің өкілетті билеушісі" болып қайта тағайындалды. Империя көлеміндегі алым-салық жүйесі әсіресе Шағатай ұлысы билігіндегі отырықшы жұрт үшін аса ауыр тиді. Алым-салық империялық және жергілікті екі сатыдан құралды. Империялық орталық үшін алынатын алм-салыққа хан-оғландар немесе ұлыс хандары араласпайды, олар тек тиісті салықты жинап, орталыққа жөнелтуге міндетті. Бұл істі жергілікті жерлерде қағанның әдейі тағайындаған жергілікті өкілдері - Даругачылар жауаптанды. Мысалы Шағатай ұлысы құрамындағы Мауеренахрды Махмұд Ялавач Ходженттен басқарып жиналған алым-салықты тура Қарақорымға жөнелтіп тұрды. Тек Өгөдей билігінің соңғы жылдарында Мауеренахр өлкесі Шағатайдың меншігіне (Өмчу-інжу) берілді. Салық жүйесі 1218 жылғы ұлы құрылтайдың шешіміне орай Өгөдейдің 1231 жылғы ұлы жарлығы бойынша реттелді. Жарлық бойынша отырықшылардан өнімнің 10 пайызы, көшпенділерден әрбір 100 мал басынан 1 мал гувчуур алынды. Оның үстіне әскер жасақтау және басқадай міндеттерді атқару үшін жергілікті салық жиналды. Саудадан Кеден салығы алынды. Қол өнер кәсібімен айналысатындар әскерлерге ер-тұрман жабдықтап, қару-жарақ жасап беруге міндетті болды. Онымен қоймай отырықшылар жер айдап, егін еккені үшін "Қалан" деп аталатын жер салығын төледі. Өйткені Ұлы жасақ заңы бойынша жер қағанның жеке меншігі саналады. Сондықтан Шағатай ұлысы билігіндегі отырықшы егінжай жерлер дихандарға жалға беріліп, ол үшін төлем ақы алынып отырады. Осыған байланысты тек отар халықтары ғана емес, моңғолдың өз халқының аянышты ахуалы туралы кезінде Рашид әд-Дин, Плано Карпини және басқалар жазды. Шағатай ұлысының саяси тарихы аса күрделі жағдайда қалыптасты. Олай болуының бір себебі Шыңғыс хан ұлдарының арасында орын алған мүдде қайшылықтары салдарынан Шағатай ұлысы мен Жошы-Қыпшақ ұлысы арасындағы бақталастық тоқтамады. Бұл қарама-қайшылық екі ұлысты соғыс жағдайына әкелген тұстары да болды. Екінші бір себебі, бір ұлыс шеңберінде көшпенді қауымды хан-оғландар, ал отырықшы жұртты тікелей империя өкілдері басқаратын биліктің екі ұшты жүйесі қалыптасуында еді. Екі жүйе кейде бір-бірімен қайшылықтарға ұрынып отырды. 1248 жылы Гуюг қаған өліп, Жошы ұлдарының қолдауымен империяның ұлы қаған тағына Тулуйдың ұлы Мөңке (1251-1259) келуіне байланысты Шағатай ұлысы билігінде дағдарыс басталды. 1251 жылы Мөңкені қаған сайлаған ұлы Құрылтай кезінде Қарақорымда болып, Мөңке билігін жақтаған Қара-Хүлэг Мөңке қаған жарлығымен Шағатай ұлысының ханы деп танылып, Есун-Мөңкенің көзін жою туралы тапсырма алып, еліне қайтып келе жатқан жолында Алтайда көз жұмады. Сөйтіп ел билігін әлі де ат жалын тартып міне қоймаған Мүбәрәк-шахтың атынан Қара-Хүлэгтің бәйбішесі (Мүбәрәк-шахтың анасы) Эргэнэ хатун қолына алады да, Есун-Мөңкені өлтіреді. Мөңке қаған тұсында Өгөдей, Шағатай әулеті хандары Мөңкеге қарсы шыққандықтан көпшілігінің басы алынып, Шағатай ұлысының саяси ықпалы құлдырап кетті. Бұрын Шағатай ұлысының қарамағында болған бірер өлке Баты хан бастаған Жошы-Қыпшақ ұлысының билігіне өтті. Осы жайларды ескерген тарихшылар 1250-1260 жылдарды Шағатай ұлысының саяси дағдарысқа ұшыраған кезеңі деп таниды. 1294 жылы Құбылай хан өлген соң таққа отырған Темір батыс әскери тобының қолбасшысы етіп Тутуктің ұлы Жуанурды тағайындайды. 1299-1301 жыл арасындағы Жуанур мен Хайду қолы арасында болған үш ірі шайқаста жеңіс пен жеңіліс алма-кезек болады. Ақыры Жуанур қолы оңтүстік Алтайда Хайду және Дуваның біріккен қолына ауыр соққы береді. 1303 жылы Хайду хан өлген соң Хайду ұлысы хан ордасында тақ таласы басталады. Дува ханның тікелей көмегімен Хайдудың тұңғыш ұлы Жапар Емильде хандық билікке көтеріледі. Бірақ түрлі қарсылық әрекеттердің салдарынан билікті ұстап тұра алмаған Хайду әулеті хандары Дуваның бас билігін мойындауға мәжбүр болады. 1307 жылы Дува өлген соң Алмалыққа жақын Себкун қалада Дуваның ұлы Қонжық әке тағын жалғастырады. Бірақ бір жылдан соң өліп билік Өгөдей ұрпағынан тарайтын Тәліктің билігіне өтеді. Мұсылман дініне шын берілгендігі үшін Қызыр-ата атанған Тәлік Дува ұлдарына қысымшылық көрсете бастайды. Ақыры Кебек бастаған Дува ұлдары Тәлікті өлтіріп, Есенбұқаны хан сайлайды. 1318 жылы Есенбұқа өлген соң Дува ұлы Кебек хан тағына отырады да ел астанасын Іледен Мауереннахрдағы Нахшеб қаласына аударып, Қарши деп аталатын хан ордасын тұрғызады. Ол осы ордасында ақша реформасын жүргізді. Күміс ақша - динар, хар - хем теңгелер шығарды. Кебек хан тұсында Хайду-Шағатай ұлысы Самарқанда "Түмен" (он мыңдық) деп аталатын аймақтар, ал Қашғарда "Орчин" деп аталатын кіші өлкелер құрылып, оларды Түрік-моңғол тегінен шыққан жергілікті өкілдер басқаратын болды. Кебек хан пұтқа табынды, бірақ мұсылман дінінің таралуына қарсы болмады. Сондықтан оның ұрпақтары мұсылмандыққа бой ұсына бастады. Шағатай ұлысы, жалпы Моңғол империясы көлемінде отырықшы мәдениетті жақтайтын және әскери-бюрократиялық күштің қолдауымен көшпенді мемлекет құруды жақтайтын екі бағыт әуелден-ақ текетіресіп келген еді. Дува хан, Кебек хан Тармаширин бастаған күш бірінші бағытты қолдады, қала тұрғызды, әкімшілік және ақша реформасын жүргізуге тырысты. Олардың бұл бағыты әрдайым көшпенділікті қолдайтын екінші бағыттағылардың қарсылығына ұшырап отырды. Ирандағы Хүлэг жүйесі және Жошы - Қыпшақ ұлысында (Алтын Орда) негізінен отырықшылық салты басым болса Шағатай ұлысы екінші бағытты қатаң ұстанды. Қара-Хүлэг, Есен-Бұқа, Хайду қатарлы тұлғалар әскери-бюрократиялық жүйеге сүйенген көшпенділік бағытты қолдады. Бұл қайшылықтың ақыры Шағатай ұлысы, Хайду мемлекетін екіге бөліп тынды. Оқиға 1346 жылы болды. Шағатай ұлысы, Хайду мемлекеті шығыс және батыс болып екіге бөлінді. Олардың шекарасы Балқаш көлі жүйесі арқылы өтетін болды. Мауереннахрға сүйенген батыс бөлімі біраз уақыт "Шағатай ұлысы" атын сақтап келді. Шағатай жазуы, тіл мәдениеті осы өңірде өмірге келді. Ал шығыс бөлімінде бұрынғы Моңғол ат-атауы сақталып "Моғолстан" атанды. Орталығы Жетісуда болды. Моғолстан тарихын жеке зерттеген тарихшы К.А.Пищулина Моғолстан мемлекеті ежелгі Батыс түрік қағанаты, Қарахан, Қыпшақ мемлекеттері сияқты Қазақстан мемлекетінің қалыптасуына елеулі ықпал еткен эталон деп таниды. Шынымен де қазақ халқы, Қазақ мемлекетінің қалыптасуына Шағатай ұлысы, Моғолстанның қосқан үлесі бар. Біріншіден аталған мемлекеттер Қазақстан территориясының оңтүстік-шығыс аймақтары территориясында құрылды. Екіншіден қазақ ұлты, Қазақ мемлекетін құраған басты-басты тайпалар: үйсін, дулат, қаңлы, албан, суан, қоңырат, найман, жалайырлар аталған мемлекеттердің халқының негізгі тобын құрады. Шағатай ұлысы, Хайду мемлекеті, Моғолстан аталған территорияда, тұрғын халықтың басын күшпен біріктіру арқылы құрылған, төменде тірегі жоқ саяси қондырғылар болатын. Сондықтан да Шағатай ұлысы бар-жоғы 120 жыл (1226 -1346), ал, Моғолстан мемлекеті 160 жылдай (1346 -1514 ж.) салтанат құрып тарихтан өшіп кетті де, олардың билігінде болған жергілікті жұрт атамекендерінде қала берді. ### Үгедей (Угэдей) ұлысы (1224-1242) Үгедей — Шыңғысханның үшінші баласы. Оған Батыс Моңғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғары ағысы бойындағы жерлер қараған. Ол ұлы хан атағын алғаннан кейін Орхонда, Қарақорымда тұрған. Шыңғыс хан көзінің тірісінде-ақ оны өзінің мұрагері етіп тағайындаған. Үлкен ұлы Жошы дүниеден ерте өтіп, екінші ұлы Шағатайдың мінезі қатал болғандықтан хан ұлы таққа мейірімді, мінезі жұмсақ Үгедейді таңдайды. Үгедей әділ, дана билеуші болды. Оның билігі тұсында империяның бүкіл жерінде байланыс желісі ұйымдастырылып, халық санағы жүргізілді. Ол Шыңғыс хан бастаған империя астанасы Карақорым қаласының құрылысын аяқтады. Үгедей хандығы – моңғолдың төрт ірі хандығының бірі. Басқа үш хандықпен салыстырғанда, оның құрылуы мен дамуында үлкен айырмашылықтар бар. Қыпшақ хандығы мен Шағатай хандығы Шыңғыс ханның екі ұлы Жошы мен Шағатайға еншіге берілген жерлердің негізінде құрылып, дербестігін алудан бұрын әлдеқашан мұрагерлік билікті негіз еткен әулеттік саяси жүйені қалыптастырып болған еді. Шыңғыс хан Үгедейге наймандардың ата мекенін тұтастай емес, тек шағын жайылымдық жер ғана бөліп берген. Былай қарағанда, бұл батысқа жорық жасаудан бұрын-ақ Ұлы Қағанның мұрагері атанған Үгедейдің атағына сәйкес емес еді. Анығында бұл Үгедейдің мұрагер ханзадалығына байланысты болатын. Бұл жолғы енші үлесін бөлісу батысқа жорықтан кейін 1225 жылы өтті. Шыңғыс ханның Үгедейге берген еншісі Үгедейдің Ұлы қаған тағына отырудан бұрынғы өз жайылысы ғана еді. Бұл әр ұл еншіге ие болатын рулық дәстүрдің бір көрінісі болса да, басқа үш ұлынан өзгешелеу еді. Өйткені, Ұлы қаған болғандықтан Үгедей моңғол елінің жер-суының иегері және билеушісі, Қарақорымды орталық етіп, барлық жаңадан бағындырылған жерлерді бөліске сала алатын мұрагер. Сондықтан да кейінгі ұрпақтарының иелігі үшін қам жемеуге тиісті. Үгедей таққа отырған соң, тұңғыш ұлы Күйікке өз иелігіндегі Еміл өңірін берді, ал екінші ұлы Құтанға Лияңжу өлкесін, сондай-ақ Шыңғыс хан көзі тірісінде Төлеге бөліп берген сунит руы мен сұлдұс руының 3000 түтінін де бөліп береді. Үгедей он жеті жасына келгенде Шыңғысхан қарсыласы Жамұқаға қарсы соғысқа аттанған еді. Алайда алғашқы шайқаста Шыңғысхан Жамұқадан ойсырай жеңілді. Осы шайқасқа ағаларымен бірге қатысқан Үгедей жарақаттанып, шайқас алаңында жоғалып кетті. Бірақ Шыңғысханның өкіл інісі және жақын досы Борохула оны іздеп тауып құтқарады. 1206 жылы Шыңғысхан Ұлы хан болып сайланғанда Үгедейдің қарамағына Жалайыр, Тайчеуіт рулары берілді. 1211-1213 жылдар аралығында Үгедей әкесінің Жиң әулетінің қарамағындағы Қытайға қарсы шабуылына қолбасшы ретінде қатысты. Үгедейдің әскерлері оңтүстікке қарай жылжып отырып Хыбей, Шанси жерлерін бағындырып, ақырында шүршіттерді Ордостан қуып шықты. 1219-1221 жылдар аралығында Хорезмшах мемлекетіне қарсы болған жорықта Үгедей негізгі қолбасшылардың бірі ретінде қатысты. Тіптен ағалары Жошы мен Шағатайдың арасындағы бақталастығына байланысты Үгедей бас қолбасшы болып тағайындалды. Нәтижесінде Хорезмшах мемлекетінің астанасы Үргенішті Үгедей алды. Шыңғысханнан кейінгі Ұлы хан кім болады деген сұрақ күнтәртібіне келгенде, Шыңғысхан Жошы мен Шағатайдың арасындағы бақталастықты ескере отырып, Үгедейді өзінің мұрагері деп жариялады. Сонымен Үгедей 1229 жылы Құрылтайда Ұлы хан болып сайланды. Үгедей Ұлы хан ретінде таққа отырғаннан кейін Моңғол Империясы өз шекарасын кеңейтуді жалғастыра берді. Ең алдымен қайта есін жиып, моңғол әскерлерін екі шайқаста жеңген Хорезмшах мемлекетінің соңғы мұрагері Жәлеледдин Мәңгібердіні жеңу керек еді. Үгедей хан оған қарсы Шормақан ноянның басшылығында елу мыңдық қол жіберді. Ақырында, 1231 жылы Хорезмшах әскерлері талқанданды. Одан әрі қарай Шормақан Грузия мен Арменияны бағындырды. Үгедейдің билігі кезінде Шыңғысханның ұрпақтары Қытайды жаулауын да жалғастырды. Осы кезде Жин әулеті толығымен жеңілді. Оған қоса оңтүстік Қытайдағы Суң әулеті де Үгедей ханның ұрпақтарына бағынды. Ал шығыста моңғол әскерлері Кореяны толықтай жаулады. Батысқа қарай моңғол әскерлері Үгедейдің мақұлдауымен Батуханның қолбасшылығында орыс княздіктерін, Польша, Мажарыстан, Сербия, Бұлғарыстанды жаулады. Бұл жорыққа Жошының балаларымен бірге Үгедейдің балалары Күйік пен Қадан да атсалысты. Үгедейдің кезінде Шыңғысханның ұрпақтары ауызбіршілікпен шығыс, оңтүстік және батыс бағыттарында әлемді жаулауын жалғастыра берді. Империяның аумағын кеңейтумен қатар Үгедей мемлекеттік басқару саласында да көп жаңалықтар енгізді. Құпия тарихында жазылған деректерге қарағанда Үгедей хан өз сөзімен былай депті: «Мен ата-анамның Ұлы тағына отырғаннан кейін елім үшін мынадай еңбектер атқардым. Ең алдымен мен Жин әулетін толығымен бағындырдым. Екіншіден, мен елшілеріміздің оңай қозғалулары үшін және керекті заттардың оңай тасымалдануы үшін пошта қызметін орнаттым. Үшіншіден, мен сусыз жерлерде құдық қаздырып, елдің жағдайын жасадым. Төртіншіден, ел басқару ісімен айналысатын бюрократтарды тағайындадым. Осылайша мен ата-анамның ісіне осы өзімнің төрт ісімді қостым.» Үгедей хан бюрократтарының құрамын шығыста түріктер мен христиан керейлер, Ислам өңірлерінде бұрынғы хорезмдік бюрократтар, ал Қытайда Конфуций қытайлар мен бұрынғы Ляу әулетінен қалған буддист қидандар яғни қара қытайлар қалыптастырды. Бұдан басқа Үгедей хан халықтық санақ жүргізу, салық жинау жүйесін жақсарту сияқты реформаларды жүргізді. Десе де Үгедей ханның ең үлкен жетістігі Ұлы даладағы жаңа қала, Моңғол империясының астанасы Қарақорым қаласының құрылысы болды. Бұл қала Шыңғыс ханның қыстағының айналасына құрыла бастады. Уақыт өте келе айналасы биік дуалмен қоршалған шартараптан керуендер ағылып жататын үлкен қалаға айналды. Шахардың сәулетіне Қытайдан, Шығыс Еуропадан, Үндістан мен Батыс Азиядан әкелінген ұсталар өз үлестерін қосты. Қаланың ортасында 1235 жылы Үгедей салғызған 2500 шаршы метрді алып жатқан сарай орналасқан еді. Оған қоса қалаға келген саудагерлер мен жолаушылардың жағдайы үшін керуенсарайлар, қонақжайлар мен базарлар салынды. Аты аңызға айналған Қарақорым қаласының белгісі болған бітік тастың астыңғы жағындағы тасбақа мүсіні әлі күнге дейін сол жерде сонау ескі замандарды еске түсіріп тұр. Үгедей хан билік құрған он екі жылда Моңғол империясында Мәңгі Ел орнады, яғни бейбітшілік орнықты. Тіпті Индиана Университетінің профессоры Кристофер Этвудтың пікірінше, Моңғол империясының негізін қалаушы Шыңғысхан емес, Үгедейхан еді. ### Алтын Орда (1242-1481) Алтын Орда орта ғасырларда Шыңғыс хан империясының құрамында Дешті-Қыпшақта құрылған түрік мемлекеті. Мемлекет жерінің аумағы 10 млн. км² -ден асты. Бату хан тұсында мемлекет астанасы Еділ бойындағы Сарай қаласы болып (1243), кейін Берке сарайына (Сарай әл-Жадид) көшірілді. Құрамына Ресейдің еуропалық өңірі, Балтық теңізінің шығысындағы өлкелер, Польша, Мажарстан, Балқан елдері, Солтүстік Кавказ, Хорезм, Шығыс және Батыс Дешті Қыпшақ. Қазақстан аумағы моңғолдың үш ұлысының құрамына кіргені белгілі: үлкен (далалық) бөлігі – Жошы ұлысының құрамына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі – Үгедейге қарады. Шыңғыс қағанның үлкен ұлы Жошы өз ұлысын тәуелсіз мемлекет етуге күш салды. Жошының ұлы Бату қолы Ресей жеріне, Еділдің батысындағы жерлерге жорық жасап, Жошы ұлысын Алтайдан Дунайға дейін кеңейтіп, орталығы төменгі Еділде орналасқан іргелі мемлекетке айналдырды. Тарихи әдебиетте бұл мемлекеттің аты «Алтын Орда» деп орнықты. Алтын Орданың саяси-мемлекеттік құрылысында ұлыстың мемлекеттік құрылысының түп негізі сақталды. Алтын Орданың ішкі басқару жүйесінде қызмет адамдарынан, сондай-ақ көшпелі, әскери шонжарлардан құралған әкімшілік-шенеуніктік аппарат маңызды орын алды. Олардың ішінде түрік халықтарынан шыққан – қыпшақтар, ортағасырлық ұйғырлар, Еділ бұлғарлары елеулі рөл атқарған. Армияны және мемлекеттің ішкі істерін тікелей басқару үшін ерекше лауазымдар белгіленді. Хан атынан бүкіл әскери істі беклер-бек басқарды, ал азаматтық биліктің басы уәзір болды. Беклер-бек әскери өкіметтің өкілі ретінде «патшалар мен сұлтандардың кеңесшілері» - уәзірден дәреже жағынан жоғары тұрды; ол сондай-ақ басқа мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды басқарды және негізгі әмір ретінде азаматтық істерді шешкен кезде жоғары сот билігін өз қолында ұстаған. Уәзір орталық үкіметтің атқарушы өкіметінің басшысы, мемлекетті азаматтық тұрғыдан басқару ісінде ханның кеңесшісі болды. Алтын Орда мемлекетін басқару ісінде даруғалар мен басқақтар да маңызды орын алды. Даруғалар негізінен салық жинау, басқақтар басқару міндетін де атқара отырып, жергілікті халыққа әскери бақылауды жүзеге асырды. Кейбір жергілікті жерлерде олар салық жинаумен де айналысты. Атқарушы өкіметтің орталық органы диуандар қаржы, салық және басқа ведомствоға ие болды, ал диуанның бітікші деп аталған хатшылық қызметкерлері де болды. Бұдан көріп отырғанымыздай, Алтын Ордада шенеуніктік-әкімшілік аппарат жұмыс істеп тұрды. Осындай қатаң иерархия мен тәртіп Алтын Орданың феодалдық-әскери құрылысын нығайтты. Алтын Ордада әкімшілік және әскери істер ғана емес, Орталық Азияда Қыпшақ дәуірінен гүлденген білім мен ілім, медицина, сауаттылық та қалыс қалған жоқ. Орданың іргесінде сауат ашу мен қала мәдениетін таратуға хорезмдіктер, ирандықтар, түркі-бұлғарлар, қыпшақ, қарлұқ, қаңлылар және ұйғырлар, шығыстан қытайлар мен тибет буддистері ықпал етті. Сырттан келіп-кетушілер көп болғандықтан, Ұлыс халқының этникалық құрамы да әрқилы болды. Олар негізінен түркі халықтары, Еділдің бойы, Қара теңіздің қыпшақтары, Хорезм мен Еділ Бұлғариясының халықтары, сондай-ақ шығыс славяндары мен угро-финдер де болды. Билеуші моңғол әулеті осы халықтардың мәдени ықпалына түсіп, XIII ғасырдың соңына қарай түркі тілі мен ислам дініне көшті. Алтын Орда дәуірінде Еуразия даласындағы Жібек жолы тоқтап қалғанымен, халықтың келіп-кетуі толастаған жоқ. Ал, Жібек жолының бір бағытын теңіздің бойымен саяхатшы Чжэн Хэ жалғастырғаны тарихтан белгілі. Ол ары қарай батыс саяхатшыларының географиялық ашылуларымен жалғасын тапты. Түрік тілі және ислам дінінің келуімен Алтын Орда жаңаша кейіпке еніп, қолөнер, сәулет, монша, ыдыс-аяқ пен әшекей, геометрия, медицина дамып, Шығыс елдері және олардың астаналарымен байланысы нығая түсті. Мәселен, Алтын Орда астанасы Сарай-Батуға түрлі миссионерлер, қолөнершілер, құлдар да өзімен бірге мәдениет ала келді. Алтын Орда, Ақ Орданың тарихы тек шапқыншылық пен қанды соғыстар, хандардың ауыс-түйісі ғана емес, сол уақыт пен кеңістікте өмір сүрген халықтардың біртұтас шежіресі деуге болады. Алтын Орданың мұрасы XVI-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығынан да, сол кезеңдегі Орта Азияның, Сібірдің, Еділ бойының, Солтүстік Кавказ бен Қырымның түрік мемлекеттерінен көрінді. Түркі тілдес тайпалар және моңғол тайпасы көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Олар көбіне жылқы малы мен қойды өсірді. Өзен-көл алқаптарында отырықшылық мал шаруашылығы мен егіншілікпен, қолөнермен айналысты. Егіншілікпен шұғылданған тайпалар көбінесе ірі қараны өсірді. XIV ғасырдың II жартысында Алтын Орда ішінде алауыздық күшейеді. 1357 – 1380 жылдар арасында 20 хан ауысты. XIV ғасырдың 60 жылдардың өзінде мемлекеттін астанасы Сарайда бір жылдың ішінде төрт хан ауысады. Ішкі саяси жағдай әлсіреді. Бұны тарихта «Ұлы дүрбелең» кезеңі деп атайды. Осындай ішкі талас – тартыстан әлсіреген Алтын Орда 1380 жылы Куликово даласында Мамай қолбасшылық еткен әскер Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен жеңіледі. Осы шайқастан кейін Алтын Орда мүлде әлсірейді. 1419 жылғы шайқаста Едіге мен Қадырберд (Тоқтамыс ханның кіші ұлы) мерт болғаннан кейін Жошы Ұлысында жаңа азаматтық соғыс басталды. Тоқтамыстың жақтастары Тоқтамыстың алыс туысы Ұлық Мұхаммедті таққа отырғызды. Ал Едіге жақтастары Жошының ұлы Шибанидің ұрпағы Қажы-Мұхаммедті хан деп сайлады. Жошы ұлысының кейбір бөлігінде өздерінің хандары пайда болып жатты. Тимуридтерге қашқан Ұрыс ханның немересі Барақ сұлтан жақтастарының көмегімен Ұлық Мұхаммед пен Қажы-Мұхаммедті жеңіп, Жошы Ұлысының ханы болады. Осыдан кейін оған Барақтың жиені болып келетін Мансур бастаған Едіге балалары бағынды. Барақ Мансур мен Едігенің балаларын өлтіріп, оларға қарсы соғыс ашты. 1428 жылы Күшік Мухамедтің (Жошының ұлы Тұқа-Тимурдың ұрпағы) басшылығымен Едігенің ұлдары Сұлтан-Махмуд, Қазы, Науруз Моғолстан шекарасында болған шайқаста Барақ пен оның немере туысы Пуланың әскерін тас-талқан етеді. Барақ пен Пулад қайтыс болады. Олардың балалары Жәнібек пен Керей хандар біршама уақыт Моголстан аумағында қалып, сонда өседі. Олар бірнеше он жыл өткеннен кейін Қазақ хандығының негізін қалайды. Жеңіске жеткен Едігенің ұлдары өзара жанжалдасып, келісімге келе алмайды. Басында Сұлтан-Махмуд қайтыс болады, біраз уақыт өткеннен кейін билікке таласушылар Қазыны өлтіреді. Осындай алауыздықтың салдарынан 1430 жылы Жошы Ұлысының шығыс бөлігі Әбілқайыр ханның билігіне өтеді. Ол елді 40 жылға жуық 1468 жылға дейін басқарады. Әбілқайыр хан өз тұсында иелігін кеңейтіп және билігін нығайтып отырған. Ол 1430 жылдары негізінен Батыс Сібір территориясына билік жүргізіп келсе, уақыт өте келе өзінің билік ету аумағын кеңейтті. 1440 жылы оның иелігіне Оңтүстік Қазақстандағы қалалар кірді. Бас кезінде Әбілқайыр ханды Едігенің немересі Ваккасом қолдап отырды және Ваккасомның көмегімен ол өзінің билігін нығайтты, алайда 1440 жылдың екінші жартысында Әбілқайыр Ваккасоммен келіспей қалып, оны биліктен айырды. Әбілқайыр хан Ваккасоммен әскермен соғысуға дейін барды. 1450-1460 жылдары Әбілқайыр Хорезм, Батыс Қазақстан, Төменгі Еділ бойы территориясын жаулап алды. Осы кезде Жошы Ұлысының батысында өзара оқтын-оқтын шайқасатын Сейд-Ахмед, Ұлық Мұхаммед және Күшік Мұхаммед билік етті. Сейд-Ахмед Тоқтамыштың алыс туыстары болып саналатын Бек-Суфидің ұлы. Оның иелігіне Украина мен Оңтүстік Ресей территориясы кірді. 1440-1450 жылдары Сейд-Ахмедтің ордасына шабуылдар жасалып, ол билігінен айырылды. Ұлық Мухаммед өзіне көршілес жатқан жиі-жиі Қырымға шабуылдар жасап тұрды. Сәл кейінірек соғыста қатарынан жеңілгеннен солтүстікке, орыс князьдігінің солтүстік-шығыс және Бұлғар аумағына қарай шегінуіне мәжбүр болды. Кейін оның балалары бұл жерге билік жүргізді. Барақты жеңген Күйік Мухаммед Еділдің төменгі жағындағы байырғы мекеніне оралды. Осы жерде ол Науруздан қолдау алып, өзінің билігін нығайтып жер аумағын солтүстік және батыс бағыттарында кеңейтті. ### Ежен-Орда ұлысы (1227-1309) Мемлекеттің негізін қалаушы – Орда Ежен. Ол – Жошының үлкен ұлы, тұңғышы. Тарихи еңбектерде Орда Эджен, Орда-Ичжен, Орда хан деген есімдермен белгілі. Орда Ежен қағанның туған жылы белгісіз, 1253 жылы дүниеден озған. Ақ Орда мемлекетінің негізін қалаған хан – қазақ хандарының арғы атасы. Орда-Ежен 1236-1242 жылы моңғолдардың батысқа жасаған барлық жорықтарына белсене қатысты. Жошы ұлысы екі қанатқа бөлінгенде сол қанатын Орда-Ежен, оң қанатын Бату басқарған. Осының негізінде XIII ғасырдың ортасында әскери-саяси иеліктер қалыптасып, соңынан олар дербес мемлекеттерге айналды. Жошы ұлысының сол қанатын билеген Орда-Ежен інілерімен қосылып Алтын Орда құрамына енетін, ішкі-сыртқы саясаты тәуелсіз Ақ Орда мемлекетін құрды. Өз заманының білгірі Рашид ад-Дин Алтын Орда мен Ақ Орда жөнінде «олар бір-бірінен өте алыста жатты және өзара тәуелсіз ұлыстар болды» деп нақты жазды. Алғашында Орда-Ежен өзінің ордасын әкесі Жошының орталығына жақын жердегі Ертіс өзенінің жағалауына жайғастырды. Дегенмен, 1246 жылы Италиян саяхатшысы Джованни Плано Карпини Моңғолияға бара жатқан сапарында оның ордасы Алакөл маңында болды деп көрсетеді. Орда-Ежен өз беделінің күштілігіне қарамастан, әкесінің орнына інісі Батудың Алтын Орда тағына отыруын қолдады. Қарақорымда Күйікті ұлы хан көтерген құрылтайға Жошы әулетінің атынан қатысты. Ұлыс шекарасы батысында Мұғалжар тауымен, солтүстігінде Сібір ормандарымен, шығысында Ертіс өзенімен және оңтүстігінде Сырдария өзенімен және Балқаш көлімен шектесіп жатты. Шибан ұлысымен қосылғаннан кейін батысында Жайық өзенімен тоғысты. Ұлыс бірнеше ауданға бөлінген: Сығанақ ауданы, ұлыстың оңтүстігінде. Орталық — Сығанақ. Ұлытау ауданы, ұлыстың орталығында. Орталық — Орда-Базар. Шығыс ауданы (Ертіс ауданы) ұлыстың шығысында орналасқан. Сарайшық ауданы ұлыстың батысында орналасқан. Орталық — Сарайшық. Негізгі этникалық құрамы осы жерді VIII-IX ғасырлардан бері мекендеп келе жатқан қыпшақ бірлестігімен қатар Шыңғыс ханның шапқыншылығы кезінде шығыс пен оңтүстік-шығыстан, Алтайдан қоныс аударған тайпалар да болған. Олардың қатарында наймандар, үйсіндер, қарлұқтар, керейлер, қоңыраттар, маңғыттар және т.б. ру-тайпалар. Ұлыстың саяси рөлі тек Жошы ұлысында ғана емес, бүкіл моңғол империясында да жоғары болды. Тарихшы Рашид ад-Диннің айтуы бойынша, Алтын Орда билеушісі ресми түрде Бату болғанымен, Мөңке хан Шыңғыс хан империясының атынан өзі шығарған үкімдері мен жарлықтарында Орда-Еженнің атын Батудан бұрын қойған. Орда-Ежен өлген соң, оның орнына төртінші ұлы Күнқыран келді. 1361 жылдан бастап, Ұрыс ханның (Орыс хан) тұсында тәуелсіз мемлекет болды. Ақ Орданың әскери күшіне ие болған Тоқтамыс 1380 жылы Алтын Орданы өзіне қаратты. Ол бір мезгілде, 1380-1395 жылдар бойы Ақ Орда мен Алтын Ордаға хан болып, билік жүргізді. XIV ғасырдың 80-нші жылдары Тоқтамыс Ақ Орда мен Алтын Орда жерін түгел бағындырып қоймай, Мәуереннахр басшысы Әмір Темірге қарсы шықты. Осы кезде Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы ұзаққа созылған қанды соғыс басталды. 1395 жылы Кавказдағы Терек өзенінің аңғарындағы шешуші шайқаста Әмір Темір Тоқтамысты жеңіп, Алтын Орданы талқандады. Әмір Темірдің бұл жеңісін көптеген тарихшылар саяси стратегиялық қателікке де жатқызып жүр. XV ғасырдың басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Орда Ежен құрған Ақ Орда ұлысы әлсіреп кетті. Онсыз да ішкі тартыстардан қажыған ұлысты жеңімпаз Әмір Темірдің әскерінің тонаушылық жорықтары ес жиғызбай тұралатты. Орыс ханның немересі Барақ 1423-1428 жылдары Ақ Ордадағы әулет билігін қалпына келтірді ұмтылды. Ол Самарқанның билеушісі Темірдің немересі Ұлықбекті жеңіп, Сырдарияның бойындағы көптеген қалаларды өзіне қаратады. Алайда кесккілескен шайқастардың бірінде қаза тапқан ол Ақ Орданың ең соңғы ханы болып есептелді. Бұдан кейін Ақ Орда жеріндегі билік Шайбан ұрпағы Әбілқайырдың қолына өтті. ### Шибан ұлысы (1227-1280) Шибан ұлысы Жошы ұрпақтарының ең үлкен және берік иеліктерінің бірі болды. Шибан Жошы ұлысының солтүстік -шығыс бөлігінде билік құрған әулеттің негізін қалады. Батыс тарихнамасында Шибан ұлысы тарихының мәселелері аз және үстірт қарастырылды. Посткеңестік кезеңде Шибан ұлысына деген қоғамдық және ғылыми қызығушылықты ояту үшін қолайлы жағдайлар Қазақстан мен Өзбекстанда пайда бола бастады. Шибанның алғашқы кездегі алған Ұлысының қай жерде екендігін деректер нақты көрсетпесе де, Батудың жеті жылдық жорығынан кейін, оған бөлінген территорияны Әбілғазы нақтылай көрсетіп береді. Онда «Бату ханның жорықта жеңіске жетуге көп күш салған ағасы Орда Ежен мен інісі Шибанға жер бөліп бергендігі айтыла келе, Шибанға Корел өңірі мен Құсшы, Найман, Қарлық және Бұйрық атты төрт халықты бөліп бергендігін және Батыйдың Шибанға: «Сенің жұртың менің жұртым мен үлкен ағам Иченнің жұрты арасында болсын. Жазда сен Жайықтың шығыс жағында Ырғыз, Ор, Елек өзендері мен Орал тауы аралығында бол, қыста Аралқұм, Қарақұм мен Сырдың, Шу, Сарысу өзендерінің бойы аралығында бол», - деп айтқандығын баяндайды». Бұл аймақтың аумағын басқаша айтсақ, Шибан ұлысына батыста Жайықтан, шығыста Сарысуға дейінгі, оңтүстікте Арал теңізі мен Сырдария өзенінің төменгі ағысы бойынан, солтүстікте башқұрттардың жеріне дейінгі территорияның енгендігін білеміз. Шибан ұлысының орналасуы жөніндегі Әбілғазының дерегін Плано Карпини мәліметі қуаттайды. 1246 жылы осы өңір арқылы өткен ол: «...Бұл жерде бір үлкен өзен бар, оның аты бізге белгісіз; онда Янкинт деген бір қала бар, тағы бірі Бархин, үшіншісі Орнас деп аталады және аттары белгісіз тағы көп қалалар бар. Бұл жерде Алтисолданус (Ала ад-дин Мұхаммед Хорезмшах.) деген билеуші болған, оны татарлар бүкіл үрім-бұтағымен жойып жіберді. ...Оңтүстікте ол жерде Иерусалиммен, Балдахпен (Бағдад) және Саррацин жерлерімен (бұл жерде Плано Карпини Саррацин деп Иранды айтып отыр.) шектеседі; солтүстікте бұл жерге қарақытайлар жері мен Мұхит түйіседі. Онда Батудың інісі Сыбан өмір сүреді» -деп жазады. Бұл жерде итальяндық монах Сырдың төменгі ағысы бойынан солтүстікке дейінгі жерлердің бәрі Сыбанға немесе Шибанға қарайтындығын айтып отыр. Орта ғасырлық тарихшы Махмұд Ибн Уәли де Батый ханның Шибанға төрт омақ бергендігін, ал, оның ұлы Бахадүр жазғы, қысқы жайылымға Ақ Орданы алғандығын хабарлайды. Махмұд бен Уәли Шибан ұлысында биліктің Шибан ханнан бастап Әбілхайыр ханның әкесі Дәулет-шайх оғланға дейін үзілмей келгендігін және Шибан әулетіне бағынышты территорияны «ел», «ұлыс» деп аталатындығын баяндап береді. Жошының 1227 жылы қайтыс болып, сол жылы Шибан осы өңірді иеленсе, ал, Әбілхайыр ханның осы аймаққа 1428 жылы күреспен билікке келгенін есептесек, онда Шибан ұрпақтары Әбілхайырға дейін 200 жыл бойы осы ұлыста тыныш билік құрады. Осыншама ұзақ уақыт бойы Шибан ұлысында өмір сүріп, бір-біріне жақын болған ру-тайпаларды Шибан ұлысының тайпалары немесе қысқаша атаумен шибанилар деп атап кеткен. Шибан ұлысының аумағы Шығыс Дешті Қыпшақтың құрамдас бір бөлігі болғандықтан, ал, Шығыс Дешті Қыпшақтың тұрғындары XIV ғасырдың екінші жартысынан бастап жалпылама атаумен өзбектер деп аталғандығын, шибанилар, яғни, Шибан ұлысының тайпалары өзбек этноқауымдастығының заңды түрдегі құрамдас бір бөлігі болып есептеледі. Жазба деректерге сүйеніп, шибанилықтардың ру-тайпалық құрамын анықтасақ, алғаш рет жазба дерек мәліметтеріне сүйеніп, өзбектер құрамындағы шибанилардың ру-тайпалық құрамын анықтауға А.А.Семенов күш салады. Бұл мәселеге Б.А.Ахмедов, Т.И.Сұлтанов өз зерттеулерінде арнайы тоқталған. Бұл үш зерттеуші Масуд бин Осман Кухистанидың дерегіндегі мәліметтерге сүйеніп, 1428 жылы жап-жас шибанилық сұлтан Әбілхайырды хан тағына отырғызған және де оны кейінгі жылдары қолдаған тайпаларды шибанилық тайпалар деп атайды да, оған: «қият, маңғыт, қаанбайлы (байлы), чинбай, қоңырат, тангут, иджан, дурман, кушчи, утарчи, найман, украш-найман, тубай, таймас, джат, китай, барак, уйгур, карлук, кенегес, уйшун, курлаут, имчи (ички), туман, минг, буркут, нукуз, шадбаклы, шункарлы, ойрат, мажар және кипчак» тайпаларын жатқызады. Бұл тайпалардың жалпы саны – 32. Махмұд Ибн Уәли мен Әбу-л-Газидің айтуынша, Шибани әулетіндегі билік бірнеше ұрпақ бойы үнемі атадан балаға, яғни түзу жолмен беріліп отырған. Соңғысы қайтыс болғаннан кейін, оның мұрасы екі ұлының арасында бөлінді - үлкен ұлы Ибраһим, ол Аба -оглан ретінде де белгілі және екінші ұлы Арабшах және олардың әрқайсысының өзіндік ордасы (ставкасы) болды. Ибраһим мен Арабшах ұрпақтары біртіндеп бөлініп, Шибан руының арнайы тармақтарын құрады, ал XVI ғасырдың басында Шибанидтердің басшылығымен Мавераннахр мен Хорезмде екі тәуелсіз хандық пайда болған кезде Бұхар хандығы деп аталатындар басқарды. Ибраһим ұрпақтарынан Шибанидтер, ал Хиуа хандығының басында Арабшах ұрпақтарынан Шибанидтер. Сібір хандығының құрылуы Шибанид Ибак (Абак, Ивак) - хан есімімен байланысты. ### Ақ Орда (1309-1446) Ақ Орда – Қазақстан аумағында моңғолдардан кейін құрылған алғашқы мемлекет. Ақ Орданың аумағы Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейін, Сырдарияның орта және төменгі ағысы аралығын алып жатты. Орталығы – Сығанақ қаласы. Ақ Орда 14 ғасырдың екінші ширегінен бастап Алтын Ордадан біржолата бөліне бастады. «Ақ» ұғымы ежелгі түрік және моңғол ұғымында «еркін», «азат», «дербес» мағынасында. Ақ Орданың негізін қалаған Шыңғыстың немересі Жошы ханның үлкен ұлы Орда Ежен. Ақ Орда алғашқы құрылған кезде Алтын Ордаға тәуелді иелік болып есептелді, ал іс жүзінде өз алдына тәуелсіз саясат жүргізіп отырды. Этникалық құрамы жағынан жергілікті түрік тілдес ру тайпалардан құрылған патриархалдық – феодалдық мемлекет. Тайпалары: Қыпшақтар, Қоңырат, Арғын, Алшын, Қаңлы, Керей, Үйсін, Найман. Ақ Орданың дербес мемлекет ретінде қалыптасу үрдісі төрт кезеңнен өтті: * Ақ Орда алғаш шаңырақ көтеріп, Алтын Ордамен саяси ара-қатынасы Ақ Орданың қалыптасқан жылдар (1224— 1243, 1245); төрт дербес мемлекет ретінде қалыптасу үрдісі кезеңнен өтті: * Ақ Ордадағы Орда Ежен ұрпақтарының ел дербестігі үшін жүргізген күрес кезеңі (1250— 1370); * Ұрыс хан билігі, Темір шапқыншылығы қарсаңындағы Ақ Орда (1370 -1405, 1410); * ұрыс хан ұрпақтарының Әбілқайыр билігіне қарсы жүргізген күресі нәтижесінде Ақ Орда атауының «Қазақ хандығы» атауымен қайта жаңғыруы (1428–1465, 1466). Орда Ежен, Шымтай Сасы Бұға, Ұрыс хан, Ерзен хан, Тоқтамыс хан, Мүбәрак хан, Барақ хан Ақ орда хандары болды.XIV ғасырдың екінші ширегінен бастап Ақ Орда Алтын Ордадан біржола бөліне бастайды. Ерзен мен Мүбәрак хандар тұсында, әсіресе Ұрыс хан кезінде Алтын Ордадан мүлде оқшауланады. Мүбәрак хан 1327–1328 жылдары өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырған. XIV ғасырдың екінші жартысынан бастап Өзбек ханның баласы Жәнібек ханнан кейін Алтын Ордада аласапыран төңкеріс басталады. Осы талас – тартысты дер кезінде пайдаланған Орда Еженнің ұрпағы Ұрыс хан Ақ Орда билігін өз қолына алып, мемлекеттің күш – қуатын нығайтады. Хан 1368–1369 жылдары өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырады. 1361-1376 жылдар – Ұрұс хан билік еткен жылдар. 1368-1369 жылдар – Сығанақта теңге шығарды 1375 ж. – Еділ бойына жорық жасады. 1374-1375 жылдар Сарай-Беркені, Қажы-Тарханды (Астрахан) алып, Кама бұлғарларын жеңді. 1376 ж. Әмір Темірмен шайқаста қаза тапты. XIV ғ. аяғы – XV ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда әлсіреп кетті. Ақ Орданың әлсіреу себептері: Әмір Темірдің тонаушылық жорықтары және ішкі тартыстар болды. 1423–1424 жылдары Ұрыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Ордада хандықты өз қолына алады. Ол Ақ Орданың ең соңғы ханы болды. 1425–1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сырдария бойындағы басқа да қалаларды босатты. Осы жеңістің нәтижесінде Ақ Орда Темір әулетінің үстемдігінен тәуелсіз болып алды. 1428 жылы Барақ хан жауларының қолынан қаза тапты. Ол Ақ Орданың ең соңғы ханы болды. Барақ хан өлгеннен кейін Ақ Орда ыдырады да, билік Жошының кіші ұлы Шайбан тұқымынан шыққан Әбілхайыр сұлтанның қолына көшті. Алтай, Ұлытау, Орал тауларында көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Диқаншылық, жер шаруашылығынан – Сығанақ маңайы, Сырдария аңғары Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Көшпелі аудандарда мал шаруашылығы кеңінен дамыды. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына құшыр, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп, әртүрлі парыз-қарыздарды да өтеп отырған. Ақ Орданың мәдениеті Ерзен ханның тұсында дами түсті. Хан Отырар, Сауран, Жент, Баршынкент сияқты қалаларда мешіт, медреселер салдырады. Сығанақ қаласын Орта Азия мен Шығыс Дешті Қыпшақтың арасындағы басты сауда және қолөнер орталығына айналдырады. Ақ Орда қазақ ұлты, қазақ халқының қалыптасуының саяси ұйытқысы болды. Қазақ ұлты Қазақ даласын мекендеген бірыңғай түрік тайпаларынан құралды. Ұлттық негізін Үйсін, Дулат, Қаңлы, Арғын, Алшын, Жетіру (Чете) тайпалары құрады. XII-XIII ғасырларда оларға Моңғол үстіртінен ауып келген Керей, Найман, Қоңырат, Меркіт, Жалайыр, Уақ қатарлы түрік тайпалары және моңғол шапқыншылығы кезінде мұнда келіп, қазаққа айналып кеткен моңғол тектес басқадай тайпалар құрады. Ақ Орданың шаңырағы астында олардың басы қосылды. Темір шапқыншылығы салдарынан Алтын Орда ыдырағаннан кейін өлкеде Ақ Орданың жетекшілік рөлі арта түсті. Ақ Орда Едігенің тұсында Мәскеуге дейін билік жүргізді. “Қайта жинап ел қылып қалың қазақ қонысын” деген Едіге жырындағы қазақтың бірлік ұраны осы кезеңнің туындысы. Ақ Орда (Сығанақ, Сауран) Дешті-Қыпшақтың рухани орталығына айналды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды. Қыпшақ диалектісіне негізделген шығыс қыпшақ тілі қазақ тілі деп саналады. ### Көк Орда (1227-1280) Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын оқыған кезде Көк Орда деген ұлыс атауы кездеседі. Көк Орда тарихи деректер мен кейінгі зерттеулерде жиі айтылғанымен, әлі нақты бекітілмеген атау болып табылады. Көк Орда жөнінде ғалымдар арасында көптеген пікірлер бар. Бірқатар тарихшылар Көк Орда дегеніміз Бату жері, ал Ақ Орда дегеніміз Орда Еженнің иелігі деп санайды. Сонымен катар Бату иелігін Алтын Орда деп, ал Орда Еженнің ұлысын Көк Орда деп қарастырған зерттеулер де ұшырасады. Келесі бір тарихшылардың пікірінше, ортағасырлық шығармалардағы Ақ Орда, Көк Орда атаулары тек Шығыс Дешті Қыпшақ аумағына қатысты айтылған, мұның Бату мен оның ұрпақтары билік еткен аймаққа мүлде қатысы жоқ деп есептейді. Сонымен қатар Ақ Орда аталған Орда Еженнің ордасы шығыста Ертіс өзенінің орталық бойы мен оңтүстікте Сырдария өзенінің орталық бойын қамтыған қазіргі Шығыс, Орталық және Оңтүстік Қазақстан аумағында орналасты. Ал Көк Орда аталған Шибанның иелігіне қазіргі Батыс Қазақстан мен Батыс Сібір аумағы енді деген пікір де кең таралған. Көк Орда — 13 – 14 ғасырларда Батыс Сібір және Қазақстан территориясында құрылған мемлекет. Жошы қайтыс болған соң (1227) Шыңғыс хан Жошы ұлысының мұрагері етіп оның екінші ұлы Батуды тағайындады. Шығыс Дешті Қыпшақтан Орда Ежен мен Шибан (Шайбани), яғни Жошының бірінші және бесінші балалары да өз үлестерін иемденеді. Орда Еженнің ордасы шығыста Ертіс өзенінің орталық бойы мен оңтүстікте Сырдария өзенінің орталық бойын қамтыған қазіргі Шығыс, Орталық және Оңтүстік Қазақстан территориясында орналасты. Шайбанидың иелігіне қазіргі Батыс Қазақстан мен Батыс Сібір территориясы енді. Бұған қоса оған Батыс жорығындағы ерліктері үшін Мажарстандағы батыс қыпшақ даласынан жайылым сыйланды, бірақ Шайбани кезінде әкесіне ұнаған Жайық бойына оралады. Ортағасырлық тарихи деректер Жошы ұлысының осы үш бөлігіне әр түрлі атау қолданады. Көбінесе, бұл саяси құрылымдар билеушілерінің атымен Бату ұлысы, Шайбани ұлысы, Орда Ежен ұлысы, кейін олардың мирасқорларының атымен, Берке ұлысы, Бахадгур ұлысы, Қойшы (Коничи) ұлысы және т.б. аталады. Көк Орданы біреулер Орда Еженнің ұлысы десе, енді басқалары Шайбани ұлысы дейді. Тарихи деректердегі мәліметтерді салыстырып қарастырғанда, Көк Орда термині Жошының бесінші баласы Шайбани жерлерін білдіреді деген ұйғарымға әкеледі. Бұған, ең алдымен Көк Орда шығыста, Жайық сыртында орналасқан деп көрсетіп, Ақ Орда туралы ештеңе айта алмаған орыс жылнамаларын дәлел ретінде келтіруге болады. Осылайша, біз Көк Орда деп айтқанда Шайбани мен оның ұрпақтарының иелігіндегі ұлысты білдіреміз. Шайбанидің жазғы қонысы Орал мен Батыс Сібір территориясында да, Үстіртте және Маңғыстау, Арал-Каспий өңірінде де болды. Көк орданың құрылуы ұзақ уақытқа созылды. Бұл саяси бірліктің қалыптасуы 13 ғасырдың екінші ширегінде, яғни Дешті Қыпшақ Жошы ұлдарының арасында бөліне бастаған уақытқа сәйкес келеді. Орда Ежен мен Бату иеліктерінің арасындағы территория батыс жорығынан кейін Шайбани мемлекетінің құрылымына кірді. Көк орданың негізін салған және бірінші билеуші Шайбанидың өзі болды. Кейде бұл ұлыс оның атымен де аталады. Әкімшілік-территориялық жағынан Шайбани ұлысы Жошы ұлысына кірді, ал оны билеуші (Бату ұрпақтары) шартты түрде Қарақорымда отырған Шыңғыс империясының ұлы ханына бағынды. Жошы ұлысы Менгу-Темір билігі тұсында (1260 ж.) жеке егемендігін алған соң, Көк орда Сарай қаласында билік жүргізіп отырған Алтын Орда ханына бағынды. Алтын Орда мемлекеттік әскери құрылымы жағынан екі қанатқа бөлінді. Бірінші қанат батыс бөлікте Бату әулеті ұлысы, екінші сол қанат шығыс бөлік Орда Ежен әулеті территориясы болды. Шайбани әулетінің Көк ордасы Алтын Орданың бірінші қанатына, яғни Бату әулетіне бағынды. 13 ғасырдың ортасында Жошының екі ұлы Орда Ежен ұрпақтары мен Бату ұрпақтары үлес жерлерінің негізінде жекелеген әскери-саяси иеліктер қалыптасып, соңынан олар дербес мемлекеттерге айналды. Алайда Шайбани әулетінің Көк ордасы өз бетінше жеке ұлыс бола алмады және жалпы саяси процестерде Бату ұлысына енді. Тек 15 ғасырдың 20-жылдарының аяғында Шайбани әулетінен шыққан Әбілқайыр Шығыс Дешті Қыпшақтан билікті тартып алып, соның негізінде Шайбани әулеті мемлекетін құрды. 13 – 15 ғасырлардағы Шайбани ұлысындағы оқиғалардың көпшілігі белгісіз. Белгілісі: Көк ордада Шайбанидан кейін Бахадүр, Сасы-Бұқа, Бодақұл, Меңгі Темір, Фулау (Пулау) билік жүргізген. Фулаудтың ұлдары Ибрагим мен Арабшах әкелерінің иелігін өз араларында бөліседі. Ибрагимнің ұлы Дәулетшах Әбілхайырдың әкесі Арабшах және одан кейінгілер Алтын Ордадағы билік үшін болған күреске белсене қатысты, сөйтіп басқалардың көмегімен (Тоқта Темір) Бату ұрпақтары әулетінің билігін құлатады. ### Әбілқайыр хандығы (1428-1598) Ақ Орданың ыдырауы нәтижесінде XV ғ. 20-шы жылдары Орталық және Солтүстік Қазақстан жерінде жергілікті ру-тайпа билеушілерінің қолдауымен Жошы ұлы Шибанның (Сабан, Шайбан) ұрпағы Әбілқайыр жаңа мемлекеттік құрылымның негізін қалайды. 1428 ж. Батыс Сібірде Тура (Түмен) қаласында хан болып жарияланды. Ханды сайлау салтанатына сұлтан, оғлан, батыр, ру-тайпа басыларымен қатар ислам дін басылары да қатынасады. Ал Әбілқайырды қолдаушылардың арасында қыят, маңғыт, чинбай, жан, табғұт, дүрмән, құщы, утарчи, найман, өкреш-найман, тубай, таймас, чат, хытай, барақ, ұйғыр, қарлық, кенегес, үйсін, қоңырат, құрлауыт, ичкі, ичкі-маңғыт, түмен және басқа ру-тайпалардың өкілдері болады. Басқаша айтқанда, Әбілқайыр хандығының этникалық құрамы Ақ Орданың, белгілі дәрежеде Ноғай ордасының құрамына да жақын болды. Міне осы тілі, шаруашылық түрі, тұрмыс-салты жағынан туыс тайпалар одағын дерек көздері XIV ғ. 60-шы жылдарынан жинақы атпен “өзбек” деп атады. Бұл кезде ол халық аты (этноним) емес, тек саяси мағынадағы сөз еді. Әбілқайыр ұлысы батысында Жайықтан, шығысында Балқашқа, оңтүстігінде Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысынан, солтүстігінде Тобыл мен Ертістің орта сағасына дейінгі аралықты қамтыды. XV ғ. 30-40-шы жылдары Әбілқайыр хан Мауреннахр және Сырдың орта сағасындағы қалаларға бірнеше жорықтар жасайды. Хан деп жариялағаннан көп кешікпей ол Тобыл өзені бойында Шайбани әулеті Махмұд Қожаны талқандады. 1430 ж. оның әскері қысқа мерзімге Хорезмді алады. 30 жж. басында ол дұшпандары Махмұт хан және Ахмет хандарға қарсы жорыққа аттанып, жеңіп шықты. 1431 ж. Әбілқайыр Екіретүп деген жерде Тоқай-Темір ұрпақтарына қарсы шайқасып, жеңіске жетеді. Хан көптеген дүние-мүлік олжалап, одан кейін Орда-базарды бағындырып, оны өзінің астанасы етеді. 1446 ж. Әбілқайыр Атбасар маңында Мұстафа ханды тас-талқан етеді. Бұл жеңістен кейін Әбілқайыр хан қолдары Сыр бойындағы және Қаратау етегіндегі Созақ, Сығанақ, Ақ Қорған және Өзген қалаларын өзіне қаратып, Сығанақты хандығының астанасына айналдырады. Дегенмен, Әбілқайыр ұлысының ішінде саяси тұтастық терең тамыр жая алған жоқ. Жошы ұрпағынан тарайтын сұлтандардың біразы, арасында Ұрыс ханнан тарайтын Жәнібек хан мен Керей сұлтан бар топ Әбілқайыр ханмен жараса алмай, өзара араздық отын жағады. Ішкі алауыздыққа сырттан қалмақтар тарапынан төнген шабуыл қаупі қосылады. Маңғұл халқының батыс қанатын құрайтын қалмақтар (ойраттар) XV ғ. 20-шы жылдарына қарай Орталық Азиядағы елеулі саяси және әскери күшке айнала бастайды. Қалмақтардың әсіресе көз тіккен жері Жетісудың шұрайлы жайылымдары мен егіншілік оазистері болды. XV ғ. 50-ші жылдары ойраттар қолы Сыр бойына да жетеді. 1456-1457 жж. Көк-Кесене атты жерде (Сығанақ маңы) Әбілқайыр қолдары Ұз-Темір тайшы бастаған қалмақтар қолынан жеңіліс табады. Бұл шайқас Әбілқайыр ұлысының әлсіреуіне себепші болған оқиға еді. Қалыптасқан саяси ұтымды пайдаланған Жәнібек хан мен Керей сұлтан бастаған ұлыс халқының біраз бөлігі Моғолстанға қарайтын Шу өзені бойындағы Қозы-Басы атты мекенге келіп, қазақ хандығының құрылғандығын жария етеді. 1468 ж. Әбілқайыр хан Мағолстанға жорыққа аттанып, жол үстінде Алматы маңындағы Аққыстау деген жерде қазаға ұшырайды. Сонымен, Әбілқайыр опат болған соң көп ұзамай оның құрған ұлысы да ыдырауға ұшырады. Оған себепші болған билеуші сұлтандар тобының өз арасында билік үшін жүрген таластың толастамауы, қала және отырықшы егіншілік мәдениетінің ұлыс халқы арасында кең етек жая алмауы болды. Бұл Ақ Орда, Ноғай ұлысы, Әбілқайыр хандығы сияқты мемлекеттік құрылымдардың ыдырауына негіз болған ортақ себептер еді. Қазақ хандығының құрылуымен Әбілқайыр ұрпақтары Шығыс Дешті-Қыпшақ жерінде билік жүргізу құқығынан айрылады. ### Ноғай Ордасы (1440-1634) Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі — Ноғай ордасы (XIV-XVI ғғ.). Ноғай ордасы алғашқы кезде «Маңғыт жұрты» деп аталды. Өйткені ол, негізінен, маңғыт тайпасынан құралды. Тегінде ноғай атауын XIII ғасырдағы Алтын Орда әскерінің қолбасшысы болған Жошы ханның ұлы Батудың мағыт жігітіне тиген бір қызынан туған (жиен), кейіннен Доннан Дунайға дейінгі ұшы-қиырсыз кең өлкеге қырық жылдай иелік еткен Ноғай батыр ұлысының құрамына енген тайпалар ұрпағына қатысты қолданады. Ноғай Ордасының жер аумағы Еділ мен Жайық аралығында болды. Орталығы Жайықтың төменгі ағысы бойындағы қазіргі Атырау жанындағы Сарайшық қаласында орналасты. Қаланың негізін XIII ғасырдың екінші жартысында Жошы ұрпақтары қалады. Ноғай Ордасының орталығына айналған Сарайшық әкімшілік пен сауда орталығы ретінде өзінің гүлдену деңгейіне жетті. XVI ғасырдың соңында Дон және Еділ қазақтары қаланы басып алып, тонауға ұшыратты. Ноғай Ордасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы Едіге тұсында басталды. Едіге Алтын Ордада бірнеше жыл бойы беклербек болды. Едіге билік еткен тұста Ноғай Ордасы Алтын Ордадан бөліне бастады. Ноғай Ордасы XV ғасырдың ортасына қарай Едігенің ұлы Нұраддиннің тұсында түпкілікті түрде оқшауланды. Ноғай Ордасының шекаралары сыртқы саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырды. XV ғасырдың екінші жартысына қарай ноғайлар «өзбектер» жеріне жылжыды. Сырдария қалалары үшін күрес жүргізіп жатқан Әбілқайыр ноғайларға қарсылық көрсетпеді. Ноғайлар оның бодандары санын толтырады деп үміттенді. Ноғай Ордасы бірнеше ұлыстан құралды. Ұлыстар басында мырзалар (түрік тайпаларының басшылары) тұрды. Мырзалар өз иеліктерінде шексіз билікке ие болды. Қатардағы көшпелілер — малшылар өздерінің мырзаларына салық төлеуге, әскери жорық кезінде өз қаруымен келуге міндетті еді. Үлкен кеңес жоғарғы билік болып табылды, оған ақсүйектер мен Едіге ұрпақтары енді. Кеңес соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешті. Едіге ұрпақтарынан төбе биді сайлады. Би бүкіл атқарушы және сот билігіне ие болды. Бұдан басқа ісқағазын жүргізіп, тұрғындардан салық жинауды реттейтін арнайы басқару жүйесі жұмыс істеді. Ноғай ақсүйек қауымының малы қисапсыз көп еді. Олар жайылымдар мен аң аулау аймақтарын өз ықпалында ұстады. Мұның бәрі рулық қауымның меншігі саналатын. XVI ғасырдың басында Ноғай Ордасында құлдырау кезеңі басталды. XVI ғасырдың 50-жылдары (Қазан және Астрахан хандықтары Ресейге қосылғаннан кейін) Ноғай Ордасы бірнеше дербес иеліктерге бөлінді. Маңғыттардың билігінде тек Жайық бойы аймақтары ғана қалды. Ноғай Ордасындағы көшпелі рулардың бір бөлігі Кіші жүз құрамына енді. Енді бір бөлігі ноғай халқының негізін қалады. Орданы мекендеген тайпалар қазақ халқының этникалық қалыптасуында маңызды рөл атқарды. Шоқан Уәлиханов ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан Орда» деп атады. Едіге, Қамбар батыр, Ер Тарғын және басқа батырларға арналған көптеген эпостар Ноғай Ордасы өркендеу дәуірінің белгісі болып табылады. Едіге опат болғаннан кейін Алтын Орда қайта қалпына келместей боп құлдырап, ұлыстық сипаты бойынша бөлшектеніп кетті. Алдымен ол екі үлкен бөлікке: Батыс және Шығыс болып бөлінді. Араларында Еділ өзені тұрды. Шығыс бөлегіндегі кескілескен ақсүйектер арасындағы өзара қырқыс 1428 жылы токталып, ол көшпелі өзбектердін басында Шайбан әулетінен шыққан Әбул-Хайр хан билік құрған мемлекет құрумен аяқталды. Кейін бұл арадан тәуелсіз үш мемлекет: Сібір және Қазақ хандықтары, сондай-ак Ноғай Ордасы шықты. Орда хандықтарға қарағанда кейінірек, яғни XIV гасырдың аяғына таман құрылады. Батыс бөлегінде XV ғасырда Қырым, Қазан, Қажы Тархан (Астрахань) хандықтары мен Үлкен Орда ірге көтерді. Алтын Орда кезеңіндегі саяси-дипломатиялық, тұрмыс-тіршілік кеңістігі, әлеуметтік жағдайлар Дешті Қыпшақтағы тайпалардың әлсіреуіне, екінші жағынан XIII ғасыр соңында Арал-Каспий өңіріндегі халықтардың күшеюіне әсерін тигізді. Мәселен, Маңғыт тайпасы әуелгіде әскербасы Ноғайдың атымен жеке үстемдік етті. Едіге әмірдің кезінде дербес Ноғай Ордасы бедерленді. Оның негізгі халықтарын маңғыттар құрады. Сонымен бірге Орданың құрамына Қоңырат, Қыпшақ, Алшын, Тама, Арғын, Қаңлы, Алаша, Кенгерес, Қарлұқ және басқа тайпалар енді. Кейін Орда ыдыраған тұста бұлардың көбі қазақ, қарақалпақ, өзбек халықтарының құрамына сіңіп кетті. Ноғай Ордасының тарихи ерекшелігі — оның XV-XVI ғасырлар тоғысында күшті саяси бірлестік болуында дер едік. Ноғай Ордасы өз кезінде дәуірлеген, дамыған көшпелі мемлекеттердің бірі болып табылады. Ноғай Ордасы да мемлекеттік басқару жүйесінің дамыған қоғам талабына сәйкес құрылымдарын өмірге әкелді. Ноғай ордасындағы сондай ерекше жоғарғы басқару органдарының қатарына Ноғай Ордасының кеңестері жатады. Ноғай Ордасындағы кеңестер мемлекеттік биліктің тұтастығын қалыптастырған және оның аумақтық бірлігін сақтауға ықпал еткен, стратегиялық органдардың жүйесінен тұрды. Ноғайлардың мал шаруашылығы ортағасырлық көшпелілердің шаруашылығынан ерекшелене қойған жоқ. Әйтсе де сол кездегі деректерге сүйенсек: “Олардың малдары үлкен және күшті және өте шыдамды. Оларда түйелер де бар, әдетте айыр өркешті болып келеді, бір өркешті нар түйелер аз кездеседі” деп жазса, олардың өсірген сиырлары қазіргі заманғы әйгілі Ставрополь тұқымды сиырлардың негізін қалады. Олар әдетте жылқыны үйірімен ұстады, бір үйірде он бие бір асыл тұқымды айғыр болатын, ал үйірлер 100–150 басты құрайтын табындарға бірікті. Әдетте түйелер күш көлігі ретінде пайдаланылды, арбаға, соқаға жегілді. Олардың тасымал көлігі бірыңғай түйеге байланысты қалыптасты. Терең өзендерден өткенде салды пайдаланып, ол арқылы уақ мал мен жүкті тасымалдаса, ірі қара малды жүзгізіп өткізетін болған. Мал шаруашылығы емес салалар арасында аңшылық пен балық аулау кең өріс алды. Дешті-Қыпшақта ежелден аңшылықтың үш түрі айқын болды: қаумалап аулау (киік, ақбөкенді), ит жүгірту және құс салу. Ноғайларда осы аталған үш түр де қолданылды. Киік аулаудың көшпелілер үшін бірнеше тиімділігі болды. Біріншіден, қысқы мерзімде уақыт өткізетін кәсіп, екіншіден, жасақшылардың жауынгерлік шеберлігін шыңдау, үшіншіден – азық қорын молайту. Құс салу ақсүйектердің ғана үлесіне тиді. Өйткені алғыр қырандардың қолға түсуі қиын және оларды күтіп баптау тым қымбат болатын. Тарихи деректерде ноғайларда қолөнердің мүлдем дамымағандығы жөнінде пікір орныққан. Ол тұжырымға ноғайлардың қаласы болмағандығы сияқты дәйектер негізге алынады. Әйтсе де, тұтастай алғанда Ноғай Ордасында қолөнер баяу да болса дамыды, ол “қалыптасу деңгейінде, үй жағдайындағы деңгейде” ғана болды деген пікірдің негізі бар. Жалпы, егіншілік Ноғай Ордасында халық айналысатын шаруашылық түрі болып орнықты. Бірақ оның хандық аймағында қолданылуы, таралуы жөнінде ортақ пікір жоқ. Өйткені егіншілік Ноғай Ордасында тұрақты кәсіпке айнала алмады, халық жұтқа немесе күйзеліске ұшыраған кезде егіншілікпен көп адам айналысып, егіс көлемі артса, көшпелі шаруашылық табысты дами бастаған кезде оның көлемі күрт кеміп кететін. Осы сияқты егіншілікпен айналысатын аймақтар да біркелкі болмады. Ноғайлар арасындағы кең тараған бірден-бір кәсіпшілік – тұз өндіру болды. Тұз тек Еділ бойындағы көлдерден ғана емес Жайық, Елек бойынан да өндірілді. Сондай кеніштердің ең бастысы Тұз төбе Ноғай иелігінің ортасына орналасты. Сауда ісі көшпелі мал шаруашылығы экономикасы үстемдік еткен. Ноғай Ордасы үшін көрші отырықшы халықтың егіншілік және қолөнер бұйымдарын алып, пайдалану үшін өмірлік қажеттілікке айналды. Ноғайлардың сауда керуендері елшілікке барған би және мырзаларымен бірге төңіректегі елдердің бәріне де баратын. Коммерцияның дамуына ноғайлардың Шығыс Дешті-Қыпшақ жақтағы ескі керуен жолдарына орналасуы да қолайлы ықпал жасады. Сауда операцияларын ұйымдастырудың өзіндік инфрақұрылымы орнықты. XVI ғ. ортасына дейін Алтын Орда кезіндегі келген және кеткен саудагерлерден “тоғыз” түрінде алым жинау дәстүрі сақталып келді. Ол алымның үштен бірі бидің пайдасына, үштен бірі қазынаға, үштен бірі қызметші қарашыларға тиесілі болды. XVII ғ. басында Ноғай мыразалары Бұхараға мал айдаған отандастарынан 500 қой, ал бұқаралық саудагерлерден мың кез мата алатын болды. Ноғай Ордасындағы бірден-бір үлкен сауда орталығы Жайық бойындағы Сарайшық қаласы болды. ### Сығанақ хандығы (1340-1446) Сығанақ хандығы — Сырдарияның орта ағысын алып жатқан ертедегі қазақ мемлекеті. Алтын Орданың ханы Өзбек хан Тыныбекті Сығанақ ханы етіп тағайындады. Тыныбек қайтыс болғаннан кейін Алтын Орданың ханы қият руынан шыққан Жәнібек Теңіз-Бұғаны Сығанақ әмірі етіп тағайындады. Көптеген Төрелер Теңіз-Бұғасына іс жүзінде құл болған, ал өзі Арал даласында шексіз билеуші бола алды. 1359 жылы Бердібек хан қайтыс болып, династиялық дағдарыс пайда болды. Бердібек хан өзінің туыстары Бату ұрпақтарының басым бөлігінің көзін жойды. Оның өлімінен кейін Бату ұрпақтарының билікке келу процесі тоқтады. Нәтижесінде жошылықтардың басқа ұрпақтарының билікке таласу мүмкіндіктері ашылды. Осы ретте тайпалық ақсүйектер айырықша билікке қолжеткізе бастады. Қият, қыпшақ, қоңырат сияқты тайпалар Жошы Ұлысындағы алғашқы азаматтық соғыстың негізгі қатысушылары болды. Бердібек қайтыс болғаннан кейін Теңіз-Бұғасы өзіне бағынышты жерлерді Алтын Ордадан бөлуге тырысты, бірақ 1361 жылы оны Қара ноғай басқарған қастандық жасаушылар өлтірді.Азаматтық соғыстың нәтижесінде Ұлыстың тұтас территориясы бірнеше билеушінің бөлінісіне түсті. Жошы Ұлысының батысында Мамайдың қият партиясы мен Тұқа-Тимур ұрпақтарының жақтастары, ал орталығында Хорезм коңыраттарының қолдауымен Шибанид династисынан Қызыр хан билік құрды. Солтүстік-шығыстағы билікті Сібір Шибанидтері (Меңгу Темір хан ұрпақтары) жаулап алды. Оңтүстік Қазақстанды Қара-ноғай мен оның Тұқа-Тимурдан тараған туыстары басып алды. Ал оңтүстік-шығыстағы билік Ұрысқа өтті. Көшпелі ақсүйектер съезі сарай ханды мойындаудан бас тартып, орталығы Сығанақ болатын тәуелсіз мемлекет құруды жариялады. Бұл мемлекеттің алғашқы билеушісі Қара-Ноғай (1361-1364 жж.) болды, одан кейін оның жиені Тоғылық Темір хан (1364-1368 жж.) болды. Сығанақ хандығын Әбілқайыр хан жойды. ### Моғолстан (1346-1706) XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басында Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аумағы Моғолстан мемлекетіне кірді. Бұл мемлекет XIV ғ. ортасында Орта Азияның солтүстік-шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін құрылды. Моғолстан мемлекетінің негізін салушы – дулат тайпасының көсемі Әмір Болатшы. Алғашқы ханы – Тоғылық Темір (1348-1362 жж.), ол Моғолстан билеушілері әулетінің негізін салды. Астанасы – Іле алқабындағы Алмалық қаласы болды. Территориясы: Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан. Орталық аймағы – Жетісу. Моғол хандығының тағына негізінен Шығыс тұқымдары мен моңғол ақсүйектері отырған. Моңғол шапқыншылығы кезінде келген арлат, чорас, калучи сияқты тайпалар алғашқы кезінде өздерінің басымдылығын көрсеткенмен, уақыт өткен сайын жергілікті түрік тілдес тайпалар басымдылық алып, моңғолдарды өздеріне сіңіре бастаған. Ал қалғандары Шығыс Түркістанға, ұйғырларға қоныс аударып, соларға араласып, өздерінің моңғол атынан мүлде айырылған. Сондықтан да орта ғасырдан дамыған кезінде құрылған Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар: дулат, қаңлы, үйсін, арғын, баарын, барлас, бұлғашы, т.б. ертеден осы өңірді өмір сүрген тайпалар еді. Бұлардың қатарында осы жергілікті халықтармен араласып, түркіленіп кеткен моңғол тайпалары да болды. Мемлекеттің ұлттық құрамы онда қазіргі қазақ халқының негізін құрап отырған ру-тайпалардың басым болғанын, сөйтіп бұл мемлекеттің қазақ халқының мемлекеттілігінің бастауында тұрған елдердің бірі екендігін көрсетеді. Саяси тұрақсыздық орын алған күрделі кезенде билік басына келген Тоғылық Темір хан елдің ішкі-сыртқы жағдайын жақсартып, XVI ғасырдың басына дейін билік еткен әулеттің негізін қалады. Хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырады. Хан өзінің билігін бұрынғы қалыптасқан жүйемен жүргізеді. Оны ұлыстық басқару жүйесін сақтауынан көруге болады. Дулат тайпасының мұралық лауазымы жоғары ұлысбегі деген атағын сол қалпында қалдырады. Салық жинауда кейбір жаңа шаралар қолданылады. Мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдайды. Тоғылық-Темірге дейін моғол билеушілерінің ислам дініне енуі баяу жүріп келсе, енді хан бұл мәселеге ерекше көңіл бөлген. Мырза-Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, бір күнде 160 мың адам ислам дінін қабылдайды. Ханның бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған әмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен. Сөйтіп хан ел ішінде қатал тәртіп орнатады. Тоғылық-Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысының кезінде орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге әрекет жасайды. 1360-1361 жылдары Мәуереннаһрға екі рет сәтті жорық жасап, баласы Ілияс-Қожаны Мауараннахрдың хан тағына отырғызып қайтады. Моғолстанға оралған Тоғылық-Темір хан қаза болады. Өзінің мұрагерлік хұқын реттеп қайту үшін Ілияс-Қожа Моғолстанға кеткен кезде Орта Азиядағы жағдай күрт өзгереді. Тоғылық-Темірдің тірі кезінде оған тәуелдікті амалсыздан мойындап жүрген әмір Темір енді Мауараннахрдағы билікті өз қолына алу үшін, Ілияс-Қожаға қарсы шығады. Әмір Темір мен Ілияс – Қожа ханның арасында бірнеше рет қақтығысулар болады. Моғол ханы жеңіліске ұшырайды. Соңғы жеңілістен кейін Ілияс-Қожа Моғолстаннан жаңа әскери күш жинап келіп, қайта соғысады. Ташкент қаласының маңында 1365 жылы 22 маусымда екі жақтың арасында шешуші “Батпақ шайқасы” болады. Жазба деректердің хабарына қарағанда, кесіліскен шайқас болғаны соншалықты, екі жақтан 10 мыңға жуық адам құрылған. Шайқаста Ілияс-Қожа хан жеңіске жетіп, Әмір Темір қашып құтылады. Батпақты жеңісінен кейін Моғол ханы Самарқанға қарай аттанып, оны қоршауға алады. Бірақ халық қаланы жан аямай қорғайды. Қаланы ұзақ уақыт қоршаудан қалжыраған моғол әскерлерінің мініс аттары жамандат індетінен қырыла бастайды. Қаланы алудың мүмкін еместігіне көзі жеткен хан Моғолстанға қайтуға мәжбүр болған. Сөйтіп, Шағатай ұлысты кезіндегі билікті қайта қалпына келтіру ісінің алғашқы қадамы сәтсіздікпен аяқталады. Бұл сәтсіздіктің басты себебі, билеушілер арасындағы алауыздық, саяси феодалдық батыраңқылық еді. Ақыр аяғында Ілияс-Қожа хан да осы феодалдық талас-тартыстың құрбаны болады. Бұдан кейін де Моғол хандығындағы билікті дулат тайпасының атақты әмірлері Қамар Ад-Дин мен оның інісі Шамс Ад-Диндер жүргізген. Қамар Ад-дин де өзін тыңдайтын, жас Тоғылық-Темірдің соңғы ұрпағы Қызыр-Қожа оғланды хан тағына отырғызып, дулат тайпасының әмірлері мен шонжарларының жағдайын жақсартуға күш салады. ### Ташкент хандығы (1501-1627) Ташкент хандығы — Орта Азиядағы ортағасырлық қазақ мемлекеті. Ташкент тарихында қиын кезеңдер болды, ол кезде қала Қалмақ хандығы, Қазақ хандығы, Қоқан хандығы мен аз дәрежеде Бұхара әмірлігі мүдделерінің тоғысында болды. Қала бірнеше рет бір билеушіден екіншісіне өтті. Ташкенттің бірінші ханы Абілқайырдың ұлы Сүйіндік Қожа хан болды, оны Мұхаммед Шейбани-хан Шыңғысид тағайындады. Ташкент билеушілері: * Сүйіндік Қожа хан, Абілқайырдың ұлы -Ташкенттің бірінші ханы 1501-1520 жж. * Келді-Мұхаммед -Ташкент ханы 1520-1539 жж. * Наурыз Ахмет хан, Сүйіндік Қожа ханның ұлы -Ташкент ханы 1539-1556 жж. * Дервиш хан, Наурыз Ахмет ханның ұлы -Ташкент ханы 1556-1576 жж. * Баба сұлтан, Наурыз Ахмет ханның ұлы-Ташкент ханы 1576-1582 жж. * Абдолла Хан II, Іскіндердің ұлы -Ташкент ханы 1582-1588, 1589-1598 жж. * Тәуекел хан, Шығай ханның ұлы -Ташкент ханы 1588 ж. * Есім хан, Шығай ханның ұлы -Ташкент ханы 1598-1611 жж. * Тұрсын Мұхаммед-хан, Жалым сұлтанның ұлы -Ташкент ханы 1611-1627 жж. ## Хандықтардан жүздерге дейін, Бөкей Ордасы ### Қазақ хандығы (1465-1847) Толық мақала: Қазақ хандығы, Қазақ хандығының тарихы, Қазақ хандығының жылнамасы Сословиялық-өкілеттік монархия ретінде 1465-1729 ж.ж. аралығында (1847 ж. дейін) өмір сүрді. Тілі - түркі (әдеби) және қазақ. Жер көлемі - 3 млн км2; * Астанасы - Созақ (1465-1469), * Сығанақ (1469-1511), * Сарайшық (1511-1521), * Сығанақ (1521-1599), * Түркістан (1599-1729). Қазақ хандығының құрылу қарсаңында (XIV-XV ғасырларда) Қазақ тайпалары Сібірден Сыр бойына, Ертістен Жайық жағасына дейінгі жалпақ өңірге жайылып қоныстанған болатын. Осы дәуірді баяндайтын орта ғасырлық тарихшылардың шығармаларында қазақ даласының негізгі тұрғындары ретінде қыпшақ, қаңлы, қарлұқ, үйсін, найман, керей, қоңырат, маңғыт тағы басқа тайпалар аталады. Бұлар қазақ даласының ежелгі тұрғындары, сондай ақ бұдан бұрын осы өңірлерде құрылған Ақ Орда, Моғолстан, тағы басқа хандықтардың халқын құраған этникалық топтар еді. Батыс Сібір тайпаларымен көрші болып, оларға елеулі ықпал еткен қазақ тайпаларының негізгі ұйытқысы қыпшақтар еді. Ертіс өңірінің Торғай, Есіл далаларының қыпшақтары: құлан қыпшақ, қытай қыпшақ, сағал қыпшақ, торайғыр қыпшақ және мажар (мадияр) қыпшақ бірлестіктеріне бөлінді. Тобылдың төменгі бойынан Ұлытау мен Сырдарияға дейінгі территорияда басқа тайпалардың едәуір бөлігі олардың ішінде наймандар, керейлер, меркіттер мен оңғыттар қоныс тепті. XV ғасырда Ақ Орда орнына құрылған Әбілхайыр хандығының (1428‒1468) халқы арасында қарлұқ, қоңырат, үйсін, найман, өкіреш найман, қият, маңғыт, шынбай, итжан, тапғұт, дұрман, тұбай, таймас, күшті, отаршы, шап, қытай, барақ, ұйғыр, күрлеуіт, ишкі, ишкі-маңғыт, тұман т.б. тайпалардың болғандығы мәлім. Ноғай ордасының құрамында маңғыт, найман, арғын, қоңырат, қаңлы, алшын, қыпшақ, кенгрес, қарлық, алаш, тама т.б. тайпалар болды. Моғолстанға қарсты Жетісу тайпалары: дулат, қаңлы, (бекчик) қарлық, керей, арғынот, күрлеуіт, күшші, барлас, шорас, көңші, қалушы, бұлғаш т.б. еді. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында, әрбір қазақ тайпасының өріс-қоныстары ұлан-байтақ территорияны алып жатты: * Наймандар XV-XIV ғасырларда Ұлытаудан Есілге дейінгі аудандардың көпшілігін қоныстанды. * Қоңырат XV-XIV ғасырларда Түркістан мен Қаратау аудандарын мекен етті. * Арғындар XV-XIV-ғасырларда Ертістен батысқа қарай орталық Қазақстанды, ішінара Сырдарияны және батыс Жетісуды мекендеді. * Керейлер XV-XIV-ғасырларда Жетісуда және Тарбағатайда, сондай-ақ Ертіс бойында, Зайсан көлінен Ом және Тобыл өзендеріне дейінгі өңірде өмір сүрді. * Дулаттар XV-XIV ғасырларда Іле, Шу, Талас өзендерінің алқаптарында, Ыстықкөлден оңтүстікке қарай, сондай-ақ оңтүстік Қазақстанда «Отырар жасыл алқабын» мекендеді. * Қаңлылар Қаратау баурайы, орта Сырдария және батыс Жетісудағы өзендерінің ежелгі мекенінде болды. * Үйсіндер өздерінің байырғы заманнан бергі мекені Жетісу өңірін қоныстанды. Тарихи деректердің айтуынша, Әбілхайыр хандығында да үйсіндер болған. Алғашқы қазақ хандары құрған мемлекеттің басқару жүйесі сол заманға сай болды. Соның арқасында осынша үлкен аумақты биледі. Керей мен Жәнібек құрған хандық Кенесары заманына дейін төрт ғасыр бойы өмір сүрді. Хандық үкімет көшпелі өркениет елдеріндегі алғашқы мемлекеттік басқару жүйесі. Хан өзінен кейінгі сұлтан, билердің көмегімен билік жүргізген хандық билік мұрагерлікпен беріліп, тек сұлтан атағы бар адам ғана хан тағына отырған. Ол Шыңғыс тұқымдарына ғана берілген. Хандық үкімет көшпелі өркениет елдеріндегі алғашқы мемлекеттік басқару жүйесі. Хан өзінен кейінгі сұлтан, билердің көмегімен билік жүргізген хандық билік мұрагерлікпен беріліп, тек сұлтан атағы бар адам ғана хан тағына отырған. Ол Шыңғыс тұқымдарына ғана берілген. Қазақ қоғамында хан сайлауына ерекше мән берілген. Сайлауға сұлтандар, ұлысбектер, билер, ақсүйектер, беделді халық өкілдері қатысқан. Ұлыс сұлтандары ұлыстың әскерін құрып, оған қолбасшы болған. Оның аумағының жері де билеуші сұлтанның меншігі болды. Ұлыс тұрғындарын «ел» немесе «халық» деп атаған. Жерін «жұрт» деп атаған. Ұлыстың белгілі аты болмаған, ұлыс иесінің атымен атаған. Қазақ халқы әлеуметтік құрамы жағынан екі топқа бөлінген: * Феодалдар — бұларға Шыңғыс тұқымынан шыққан ақсүйектер-сұлтандар, қожалар жатты. Бұлардың екінші сатысында — билер, бай-шонжарлар, батырлар, ақсақалдар тұрды. Ақсүйектерді «төре», немесе «оғлан», деп атаған. Ақсүйектерге қарама-қарсы халықтың өзге тобын қарасүйек деп атаған. Бұларға жергілікті ру - тайпа адамдары жатты. Қарапайым халық сұлтандардың атын атамай, «төре», немесе «тақсыр», деп атаған. * Қарапайым халыққа — қараша, қара кісі, шаруа, бұқара, құл-құтан деген сөздер қолданылған. Қараша — мал-мүлкі, өзіндік құқығы бар еркін адам. Хандық қоғамның төменгі сатысында қатардағы малшылар тұрды. Бас бостандығы жоқ ер адамдарды құлдар, ал әйелдерді күңдер деп атаған. Қазақ хандығының тұңғыш ханы - Керей, соңғы ханы - Кенесары Қасымұлы. Хандықты басқару ісінде Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім, Тәуке, Абылай сынды білікті хандар болған. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі аумақты, Сырдария мен Амудария өзендері аралығын және Хорасан жерін қамтыған. Хандықтың пайда болуы қазақ жерінде XIV-XV ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіруші күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы негізінде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі XV ғасырдың екінші жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды. ### Ұлы жүз (1715-1848) Ұлы жүз ұғымы да қазақтың басқа тайпалары тәріздес, қазіргі Қазақстанның оңтүстік – шығысында XV – XVI ғасырлар аралығында пайда болды. Оған кіретін көптеген рулар мен тайпалар, зерттеушілер атап көрсеткеніндей, бұл кезеңге дейін де, яғни қазақ хандығы мен қазақ жүздері пайда болғанға дейін ғұмыр кешіп, тарихта өзіндік күрделі із қалдырып келді. Бұл рулар «қазақ халқы» деген жалпы атау пайда болғанша Жетісу өңіріндегі байырғы үйсіндер құрамына енген еді. Бұған шаруашылық мақсаттан бұрып әскери – қорғаныстан туған жайлар мықты әсер етті. Уақыт өте келе Моғолстанның құрамында терең тамыры бар жер – су, көші – қон жағынан топтасқан мәдени қауымдастық дүниеге келді. Халық оларды «ұлы жүз үйсін» деп атап кетті. Ұлы жүз құрамына: Жалайыр, Шапырашты, Қаңлы, Шанышқылы, Сіргелі, Ысты, Ошақты, Албан, Суан, Сарыүйсін мен Дулат енді. Бұл рулар әуелі, негізінен Жетісу өңірін мекендеп, бара – бара Қазақстанның оңтүстік – батыс, оңтүстік – шығыс бағытына қарай ойысты. Көшпелілердің қыс қыстауы – Балқаш құмының күнгейі, Мойынқұм, Іле, Шу мен Талас өзендерінің бойы, ал жаз жайлауы – Жоңғар мен Іле Алатауы, Тянь – Шань мен Қаратау қыраттарының теріскейіне дейін созылып жатты. Тәуке хан тұсында Ұлы жүзге Төле би түбегейлі билік етті. Ол өлгеннен кейін, XVIII ғасырдың қырқыншы жылдарында Ұлы жүздің шағын бөлігі мен руларын Ресей қарамағына қосқан Жолбарыс хан болды. Бірақ, бұл жүздің қонысы тым қашық болғандықтан, тіпті XIX ғасырдың аяғына дейін, орыс патшалығы үкіметінің құрығы онша жетпеді. Ұлы жүз халқы талай мәрте сырт тараптап басқыншылар шапқыншылығына ұшырап отырды. XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында олардың ата жұрты жоңғарлардың шабуылына тап болды. XIX ғасырдың басында Ұлы жүздің басым бөлігі Қоқан хандығының құрамына кірді. Сол ғасырдың аяғына таман Ұлы жүз түгел дерлік отарлау саясатының салдарынан патшалық Ресейге бағынды. XIX ғасырдың екінші жартысында кездесетін архивте Ұлы жүздің рулық құрамы мен саны туралы толық та мол деректер ұшырасады. Онда Үлкен үйсін ордасы Абақ және Тарақтан тұратыны көрсетіледі. Абақ жеті руға бөлініп, Сарыүйсіндер – 1700 шаңырақ, Албан – 8477, Дулат – 37672, Суан – 1025, Шапырашты – 1910, Ысты – 7514, Ошақты – 800 шаңырақ құрайды. Тарақтан Жалайыр делініп, бұның қатарында Ұлы жүздің құрамына енетін ежелгі Қаңлы, Шанышқылы мен Қатаған рулары қалып кетеді. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Қазақстан аумағында Ресейден қоныс аударғандар үшін бос және ыңғайлы жер алқаптарын айқындау мақсатымен Көші – қон басқармасының бірнеше экспедициясы жұмыс істеді. XX ғасырдың басында осындай экспедициясының бірі Жетісу уалаятында П. Румянцевтың басшылығымен жүргізіліп, оның бес уезін (Лепсі, Қапал, Жаркент, Верный, Пішпек) зерттеді. Бұл уездер бойынша қазақтар мен орыстардың жер пайдалануы туралы көп – көп томдар жарияланды. Ұлы жүз қазақтары негізінен Қапал, Жаркент пен Верный уездерінде тұрып келді. Сондықтан олар туралы мәліметтер әр томға іріктеліп, жіктелді. Қапал уезінде Ұлы жүздің Жалайыр мен Қаңлы; Жаркентте – Албан мен Суан; ал Верный уезінде – Сарыүйсін, Шапырашты, Дулат, Қаңлы, Албан, Жалайыр мен Ысты рулары қоныс тепкені хатқа түсірілді. Қазақ халқын құраған негізгі үш бірлестіктің бірі болған Ұлы Жүз қазақтары егін шаруашылығымен және мал өсірумен айналысты, көрші елдермен сауда қатынасын орнатты. 1643 ж. Жоңғар қонтайшысы Ұлы жүздің шығыс аймағының біраз жерін өзіне қаратты. 1681 — 88 ж. Жоңғар билеушілері Ұлы жүздің Оңтүстік Қазақстандағы жерлеріне бірнеше рет шабуыл жасады. 18 ғ-дың 1-жартысында Үш жүз бірлестігінің арасында саяси және экономикалық байланыс нашарлап кетті. Қазақ шонжарларының әр түрлі топтары арасындағы өзара бәсекелестікті шебер пайдаланған Жоңғар билеушілері қазақ жеріне, әсіресе, Ұлы жүз тайпалары мекен еткен Іле, Сыр, Талас, Шу бойына шапқыншылығын күшейте түсті. Ақыры 1723 ж. жоңғарлар жойқын жорыққа аттанып, Ұлы Жүзді басып алды. Ұлы Жүз қазақтары зор шығынға ұшырап, ұлыс билеушісі Жолбарыс хан өзі билеген қазақ қауымдары мен Ташкент тұрғындарының атынан Жоңғар хандығына тәуелділігін мойындады. 1733 ж. Ұлы Жүз елшілері Аралбай мен Оразкелді Ресейге барып, сыртқы жауға қарсы күресте орыс патшасынан көмек алуға тырысты. 1734 ж. 20 сәуірде Ресей патшайымы Анна Иоанновна Жолбарыстың атына арнайы грамота жолдады, бірақ Ұлы Жүз бен Ресей арасы шалғай болғандықтан саяси байланыстар тоқтап қалды. 19 ғасырдың 1-жартысында Ұлы Жүзге қараған оңтүстік аудандарды Қоқан хандығы басып алды. Әулие Ата (Тараз), Сайрам, Шымкент, Түркістанды мекендеген Ұлы Жүз рулары 1821 ж. Қоқан үстемдігіне қарсы бас көтерді. Олар Шымкент пен Сайрамды бағындырғанымен күші басым Қоқан әскерлеріне төтеп бере алмады. Қоқан хандығынан қысым көрген Ұлы Жүз қазақтары біртіндеп Ресейдің қол астына өте бастады. 1837 — 47 ж. Ұлы Жүз қазақтарының бір бөлігі Кенесеры Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісті қолдаса, келесі тобы оның жасақтарының озбырлығына қарсы шығып, қырғыздармен болған шайқастан кетіп қалды. Осыдан кейін-ақ патшалық Ресей Ұлы Жүз қазақтары аумағындағы экспанциясын күшейтті. 1849 ж. Іле мен Қаратал аралығын, Балқаш көлінің жағалауын қоныстанған 59 мың Ұлы Жүз қазақтары Ресейдің қол астына өтті. ### Орта жүз (1715-1822) Орта жүз — қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың саяси, экономикалық және мәдени бірлестігі. Бұл қазіргі Қазақстан аумағында тұратын тайпалардың тарихи қалыптасқан одағының атауы. Шекараны, сондай-ақ қалыптасу уақытын көрсету өте қиын. Бұл жерлерде шежірелер өздерінің жазбаларының мүлдем болмауына байланысты сақталмады - ол Ресейге қосылғаннан кейін, кейінірек пайда болды. Ал көшпенділер өмір сүрген жерлердің шекараларын көрсету мүмкін емес. Бірнеше ондаған тайпалар - саны көп және салыстырмалы түрде қуатты, сонымен қатар аймақта ешқандай ықпал етпейтін кішігірім тайпалар белгілі бір бағыттар бойынша бір жерден екінші жерге кезіп жүрді. Ауызша деректер бойынша кезінде Ұлы жүз бен Орта жүз табиғи шекараларының бірі болып Шу өзені белгіленген. Орта жүз солтүстікте Ресей иеліктеріндегі жерлермен шектесті. Орта жүзді бұрын қыпшақтар, арғындар, наймандар, керейлер, қоңыраттар, уақтар, төлеңгіттер мен төрелер сияқты тайпалар мекендеген.Бірінші халық санағы XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында жүргізілді. Ең көп тайпа арғындар болды - шамамен 500 мың адам. Найман тайпасы екінші орында аз ғана айырмашылықпен тұрды. Оның саны 395 мың адамға жетті. Одан кейін 169 мыңға жуық қыпшақтар келді. Соңында, ең ірі бес тайпа - Қоңырат пен Керей сәйкесінше 128 және 90 мың адамнан жасалды. 1917 жылға дейін Орта жүз рулары қыста Сырдария, Қызылқұм, Қаратау, Мойынқұм өңірлерінде, Балқаш көлінің солтүстігінде, жазда Тобыл, Есіл, Нұра, Торғай, Ертіс, Сарысу өзендері салаларының алқабында, Орталық Қазақстанның кең байтақ далаларында көшіп-қонып жүрген. Арғын — қазақ халқының ішіндегі саны жағынан ең көп рулардың бірі. Мал жаны көп ел орталық қазақстанға шашырай қоныстанды. Қазіргі кезде олар негізінен Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарын мекендейді. Қазақ хандығын құруға ат салысқан. Кейінгі кезде кейбір ғалымдар арғындар ертеде Иран аумағынан келді деген болжам айтуда. Найман — кейбір деректер бойынша саны жағынан қазақтың ең ірі руы. Найман атауы туралы да әр түрлі сөз бар. Кейбір деректер «найман» сөзінің сегіз ру деген мағына беретінін айтады. 1917 жылғы Ресей үкіметі жүргізген санақ бойынша Ресей және Қытай империяларының құрамында 830 мыңдай Найман тайпасының өкілдері өмір сүрген. Қазіргі кезде Наймандар еліміздің Шығыс Қазақстан, Алматы облысы, Қарағанды, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көптеп тұрып жатыр. Керей — қазақ құрамындағы көне тайпалардың бірі. Бүгінде Шығыс Қазақстанның Мақаншы, Зайсан аудандары және көршілес Қытай, Моңғолия елдерінде көптеп қоныстанған. Ал шыққан ата жұрты – ерте замандарда көптеген түркі халықтарының қонысы атанып кеткен қазіргі моңғол даласы, Алтай аймағы. Уақ- көне тайпалардың бірі. Олардың орналасқан жерлері Семей қаласынан оңтүстікке қарай Семейтау, Белтерек, Арқалық тауларының жазығы және СҚО мен Павлодар өңірлері. Қоңырат - орта жүздегі ежелден келе жатқан аса ірі рулардың бірі. Бүгінде олар Оңтүстік Қазақстан облысында, Сырдария бойында және Ташкент маңында көптеп орналасқан. «Шыңғысханның құпия шежіресі» кітабында Шыңғысханның бәйбішесі Бөрте Қоңырат руынан екені айтылады. Қыпшақ — қазақтар мен қатар өзге де бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа. Аристов, Гумилев сынды бірқатар ғалымдар Қыпшақтардың сырт пішіні әуелде еуропалықтарға ұқсас болды дегенді айтады. Ежелгі заманда қыпшақтар Қазақстан аумағындағы Сырдария, Есіл мен Тобыл, Нұра, Елек пен Сарысу бойында көшіп-қонып жүрді. Бүгінде әр аймаққа шашырай қоныстанған. Орта жүз құрамына кірген тайпалар ежелгі заманда-ақ көшпелі жағдайда мал шаруашылығымен шұғылданған. Сырдария бойында, Сарысу, Нұра, Торғай өзендері, Алтайдың тау бөктерлерінде суармалы егіншілікпен де айналысқан. Балық аулау Балқаш, Зайсан көлдерінде жақсы дамыды. Аңшылық кәсіп, қолөнер түрлері де (ағаш ұсталығы, зергерлік, кілем тоқу, т.б.) айтарлықтай дәрежеде болды. Бұған қосымша Орта жүз жұртшылығы өзіне көршілес аймақтардан астық, өнеркәсіп және қолөнері бұйымдарын негізінен малға және мал шаруашылығы өнімдеріне айырбас жасады. Орта жүз де, оның билеушісі болған Сәмеке хан да 1732 жылы Ресей патшайымы Анна Иоанновнаға ант берді. Сонымен Кіші және Орта жүздер Ресейдің құрамына кірді. Алайда, бұл жағдай халыққа сәйкес келді деп айтуға болмайды. XVII-XIX ғасырларда Орта жүз аумағында әртүрлі дәрежедегі бірнеше көтерілістер болды - кейбіреулері бірнеше апта ішінде басылды, ал басқалары, мысалы, Кенесары Қасымов көтерілісі бірнеше жыл бойы мезгіл-мезгіл өршіп тұрды. Негізінен, олар орыс көпестері мен әлсіз бекіністерді басып алудан тұрды. Ресей тарапы көшпелілерді отырықшы халыққа айналдыру үшін жұмыстанды. Толығымен негізделген шешім - көшпенділік іс жүзінде халықтың дамуы үшін уақыт пен ресурстар қалдырмады. Сондықтан жергілікті тұрғындарға кең көлемді жер учаскелері бөлінді - әрқайсысына 15 десятина. Бұл қарапайым адамдарға қатысты - рулардың ақсақалдарына 30 десятина, ал билерге (жалпы құрметтеу мен мойындауға ие болған халық судьялары) 40 акр, сонымен қатар адамдарға себуге тұқымдар мен қажетті ауылшаруашылық құралдары берілді. Бірінші мектеп 1864 жылы ашылды. Уақыт өте келе қалалар құрылды - заманауи ірі қалалардың барлығын орыс қоныс аударушылары немесе әскери күштер жерлерді әртүрлі бағыттағы шабуылдардан қорғау үшін салған - олардың көпшілігі елдің периметрі бойында орналасқандығы кездейсоқ емес. ### Кіші жүз (1715-1824) Кіші жүз – Қазақстанның Батыс аймағын мекендеген рулар мен тайпалар одағы. Қазақ халқының этникалық құрамына енеді. Кіші жүз құрамына: * 12 ата Байұлы (Адай, Алаша, Алтын, Байбақты, Беріш, Есентемір, Жаппас, Қызылқұрт, Масқар, Таз, Тана, Шеркеш, Ысық) * 6 ата Әлімұлы (Кете, Қаракесек, Қарасақал, Төртқара, Шекті, Шөмекей) * 7 ата Жетіру (Жағалбайлы, Кердері, Керейіт, Рамадан, Табын, Тама, Телеу) Кіші жүз құрамына енген тайпалар мен рулар 15-ғасырдың екінші жартысы мен 20-ғасырдың басында, негізінен, Қазақстанның батыс өңірін мекендеп, қазақ халқының этногенезіне ұйытқы болды. Әр кезеңдегі дүрбелеңді оқиғалар, қоғамдық сілкіністер салдарынан жекелеген рулар мен аталар Орта жүз бен Ұлы жүздің тарихи аймақтарына, яғни Қазақстанның түкпір-түкпіріне, сондай-ақ, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей және алыс шет елге (Иран, Ауғанстан, т.б.) көшіп барып қоныстанды. Кіші жүздің аумағы батыста Маңғыстау, Еділ мен Жайық аралығынан қазіргі Ақтөбе мен Орынборға дейінгі, солтүстігінде Тобыл өзеніне, оңтүстігінде Сырдың төменгі ағысына дейінгі аймақтарды қамтиды. Кіші жүздің жеке ұраны, таңбасы бар, нақты қыстаулары мен жазғы жайылымдары болған. Онда 25 ру-тайпа жүйелі түрде көшіп-қонып жүрген. Олардың әрқайсысының өз билері, батырлары болғанымен, жалпы саяси билік Әбілқайыр хан қолында болды. Әбілқайыр Кіші жүздің ханы болуымен қатар, жоңғарларға қарсы күрестерде ұйымдастырушылығымен, басшылығымен бүкіл қазаққа танымал, әрі ықпалды тұлғаға айналады. Аңырақай шайқасында Әбілқайыр ханның бүкіл қазақ әскеріне қолбасшылық жасағаны белгілі. Әбілқайыр ханның 1748 жылы тамыз айында Барақ сұлтанның қолынан қаза тапты. Әбілқайыр хан Ресейге үш рет ант бергенімен, ол тәуелділікті толық мойындамады. Өзін дербес ұстады. Әбілқайыр хан қайтыс болған соң оның орнына үлкен ұлы Нұралы хан болады. Оның билігі өте ұзаққа созылып 40 жылдан астам уақыт билік құрды. Кіші жүзде Нұралыдан бастап хандарын патша әкімшілігі тағайындап отырды. Олардың қызметін патша шенеуініктері бақылады, халық сайлауы толығымен жойылды. Патша үкіметі сайлаған хандардың жеткілікті беделі болмады, халық көтерілістері жиі болып тұрды. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс 14 жылға созылды. 1785 жылы Орынбор әкімшілігі Кіші жүздің ру тайпа көсемдерінің өтінішіне орай, Нұралыны биліктен алып тастап, Уфаға жер аударып жібереді.Ол сонда жүріп, 1790 жылы қайтыс болды. Сөйтіп, 1791 жылы таққа Нұралының інісі Ералы патша үкіметі әскерінің қолдауымен хан болып жарияланды. Ералы хан тағына отырғанымен де жағдай түзелмеді. Халықтың наразылығы одан сайын күшейе түседі. Ол жасы келген, әлсіз, жігерсіз Ресейге нағыз қажетті адам болатын. Осыны пайдаланып, Жайық, Елек бойындағы казак орыстар қазақтардың жерлерін емін-еркін тартып ала бастады. Осылайша, орыстың саясатындағы мысықтабан тәсіл өз нәтижесін бере бастайды. 1794 жылы Ералы қайтыс болады да, Нұралының үлкен ұлы Есім хан сайланады. Ол да Ералы хан секілді адам еді. Есімді 1795-1796 жылдары Сырымның көтерілісшілері өлтіріп кетеді. 1797 жылы хан сайлау дәстүрінде үлкендік, ағалық қағидасы бойынша Нұралының 78 жастағы інісі Айшуақ таққа отырады. Ол кезінде батыр болғанымен, бұл уақытта күш-қуаты тайып, әбден қартайған жағдайда еді. Айшуақтың хандық дәуірі 1805 жылға дейін созылды. Ақыры 88-ге келген ол хандық міндетті атқаруға шамасы келмейтінін айтып, орыс патшасына хат жаза бастайды. Сөйтіп, Айшуақтың өз ұсынысымен ұлы Жантөре хан болып сайланады. Бұл Нұралы ұлдарының наразылығын тудырады. 1809 жылы Нұралының ұлдары Қаратай, Бөкей, Орман сұлтандар Жантөрені өлтіреді. Жантөре хан (1805-1809) өлімінен кейін, оның мұрагері етіп, Айшуақтың ұлы Шерғазы тағайындалды, ол Әбілқайыр тегінен ең дарынсыз басшы еді. Ал халық жиналысы Кіші жүз ханы етіп белсенді қайраткер Арынғазы сұлтанды сайлады. Ол бірнеше жыл билік атқарған уақытында, билікті орталықтандыруға тырысты. Бірақ патша үкіметі хандық билікті жойды. 1821 жылы Арынғазы сұлтан Петерборға келіссөзге келген кезде тұтқындалып, Калугаға жер аударылды. Бұл беделді ханнан құтылу кейін Кіші жүзде хандық билікті толық жоюға бағытталған шара еді. 1822 жылы Орынбор генерал-губернаторы П.К.Эссен Жарғы жобасын жасап, оны 1824 жылы Азиялық комитет бекітті. 1824 жылғы «Орынбор қазақтары туралы» П.К.Эссен жарғысында Кіші жүзде хандық билікті жою туралы шешім қабылданды, Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға шақыртылып, ай сайын 150 рубль жалақы төленетін қарапайым қызметке қалдырылды. Кіші жүз сұлтан-билеушілер басқарған үш бөлікке бөлінді, дистанциялык басқару жүйесі енгізілді. Билік басындағы сұлтан-правительдер Орынбор шекаралык комиссиясының құрамына еніп, 4 кеңесші және қазақтардан 4 заседатель сайланды. Комиссия өз қызметі бойынша губернатор алдында есеп беріп отырды. Әр сұлтан-правительде офицер басқаруымен казак әскері болды, оның орталығы казак станицалары мен бекіністерінде орналасты. 1831 жылдан бастап дистанция, болыстықтар ұйымдастырыла бастады, дистанция ішіндегі ауылдарды старшындар басқарды.Кіші жүзде XIX ғасырдың ортасында 54 дистанция ашылды: батыс бөлігінде - 8, орталығында - 20, шығысында - 28. Дистанциялық жүйе Кіші жүздің оңтүстігіне таралмады, яғни Арал маңы, Қарақұм, Сырдария, Маңғыстау, жалпылама айтқанда, жаңа Александровка бекінісінің аумағы ескі тәртіппен қалды. Кіші жүздің әкімшілік қызметкерлерін шекаралық комиссия ұсынысымен Орынбор генерал-губернаторы тағайындады, онда сайлау жүйесі болған жоқ. «Жарғының» енгізілуі халықтық сот, яғни әдет-ғұрып бойынша істі жүргізуді және Ресейлік мемлекеттік баскару жүйесіне қазақтардың толық бағыныштылыққа өтуін бекітті. Қазақстанның солтүстік шекарасында «Жарғының» кабылдануына байланысты жаңа бекіністер шебі салына бастады. Жеке қамалдар даланың ішкі жақтарында да тұрғызылды. Олар казак әскери гарнизондарымен толықты, ол үшін кейде үкімет орыс шаруаларын күштеп казактарға айналдырды. Сонымен XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап Қазақстанның солтүстік және орталық аймақтары Ресей бодандығын мойындауға мәжбүр болды. XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бірінші жартысында патша үкіметінің отаршылдық саясаты жүзеге асып, Кіші жүздегі ғасырларбойғы дәстүрлі хандық басқару тарих сахнасынан еріксіз ығыстырылды. Алда патшалы Ресейдің сұрқия саясатына қарсы талай күрестер жатты. Қазақ халқы сырттан таңылған жаңа билік жүйесіне қарсылық көрсетіп баққанымен еш нәтиже болмады. Сонымен, Кіші жүзде мемлекеттілік дәстүр осылай аяқталды. ### Бөкей Ордасы (1801-1872) Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең сөңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым. Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды. Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — Орал облысы, оңтүстікте Каспий теңізі батыс жағында — Астарахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі — 92 144 5 км2 19 ғ. аяғында Астрахан меже бөлімі бойынша — 77 624 км2. Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп-қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 ж. наурызда жарлық шығарады.Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылымен Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланады. Елді хан басқарды. 1828 ж. сәуірде хан жанында 12 билер кеңесі ұйымдастырылды. Бірінші шақырысындағы болған билер (депутаттар): шеркештен — Мүпәт Айдаболұлы, ноғай-қазақтан — Шомбал Ниязұлы, байбақтыдан — Қонаш Сопақұлы, масқардан — Шора Кедейұлы, беріштен — Бәтке Құдайбергенұлы, алашадан — Алтай Досмұхамедұлы, жаппастан — Көшетұр Мапақұлы, ысықтан — Жантөре Абдалұлы, адайдан — Байту Төменбайұлы, қызылқұрттан — Дуантай Айтуғанұлы, есентемірден — Татан Сәкенбайұлы, таздан — Құдайшүкір Базайұлы, жетірудан (табын, тама, кердері рулаларынан) — Кендірбай Ырысбайұлы және кетеден — Бос Боздайұлы. Бөкей хандығында хан билігі институты, екі ханның Бөкей хан мен оның баласы Жәңгір ханның басқару кезеңін қосып есептегенде 45 жылға созылды.Ішкі Орданы қадағалауды Орынбор әскери губернаторы және Россия империясының Сыртқы істер министрлігі іске асырды. Бөкей хандығы Ресей үшін мал, ет, жүнмен жабдықтаушы болды. Хандықта ақша-тауар қатынасының дамуы қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының өзгеруіне, рулық-қауымдық шаруашылықтың қалдықтарын жоюға ықпал етті.Хан Жәңгір Бөкей ордасындағы мал басының санын көбейтіп қана қоймай, оның тұқымын асылдандыруға, әсіресе, жылқы малына үлкен мән береді. Хан ставкасында, Ресейдің Орск, Элиста қалаларында ат көрмелері өткізіліп, ат жарыстары ұйымдастырылып тұрады.1841 ж. желтоқсанда Нарынқұмда Қазақстан тарихында ең түңғыш қазақша-орысша білім беретін мектеп ашылды. Бұл мектептен есімі елге танылған талай тұлғалар білім алды. Солардың бірі — қазақтан шыққан ғалым-этнограф Мұхамед-Салық Бабажанов. 1844 ж. Қазақ жастарының Ресейдің жоғары оқу орындарында оқуы үшін вакансиялық орындар алынды. Осы уақытта көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқына қызмет ететін дәріхана және емдеу орны, өте сирек кездесетін экспонаттары бар қару-жарақ музейі ашылды. Жәңгір өз қоластындағы халқының денсаулығына да үлкен көңіл бөліп отырған. 1825 ж. С.Жәнібеков деген қазақты шешекке қарсы екпе жұмысын жүргізуді үйрену үшін оқуға жібереді. 1826 ж. бастап Ордада шешек ауруына қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі. 1832 ж. Жәңгір ханның шақыртуымен Хан ставкасына дәрігер А.А.Сергачев келеді. Кейін 1839 ж. тұңғыш дәріхана ашылады. 1852 ж. Ордада 16 кереуеттік қоғамдық аурухана ашылады. Бұл аурухана күні бүгінге дейін сақталып, халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатыр.1832 ж. хан Жәңгір халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, сауда-саттық саласын дамытып, жолға қою мақсатында жәрмеңке ұйымдастырады. Жәрмеңке көктем және күз айларында өткізіліп, оған Ресейдің Сарытау, Мәскеу, Нижний Новгород, т.б. губернияларынан саудагерлер келген. Жәңгір бөкейлік қазақтардың өз дінін жоғалтпай, сақтап қалуы үшін 1835 ж. өз үйінің ауласына ерекше архитектуралық үлгімен мешіт салдырады. Ел ішінде оны «Хан мешіті» деп атаған.Сол кездегі хандықтың құрамына қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек, Қазтал (Казталовка), Жаңғала, Бөкей ордасы (Орда) аудандары, Атырау облысының Махамбет, Құрманғазы аудандары, көршілес Ресейдің Волгоград облысы Палласовка ауданының, Астрахан облысы Құмөзек, Володарский, Қарабайлы аудандарының бір бөлігі енген. Қазақстан тарихында Жәңгір ханның сіңірген еңбегі зор. Бөкей мен Жәңгір хандардың негізгі мақсаты – артта қалған халықты жаңа жолға итермелеу болатын. Осы мақсатта мемлекеттік аппарат пен қоғамдық реформалар Қазақ даласындағы қатынастарды жаңа сапалық деңгейге көтеру миссиясын атқарды. Жердің жеке меншікке берілуінен туындаған қатынастар қазақ баласына оңай соққан жоқ, көшпелі мал шаруашылығынан отырықшы шаруашылық жүргізудің тиімділігі айқындала бастады. Салық реформасының нәтижесінде тұрақты қазына пайда болды. Бұл да қарапайым халық тарапынан дұрыс бағаланбады. Жәңгір ханның мақсаты жәй абсолютті монархияны құра салу емес, оның мақсаты өркениетті, білімдар монархия құру болатын. Бұл мәселені жүзеге асыру үшін мешіт, т.б. діни-ағартушылық мекемелерді кеңінен ашу тәжірибесі қалыптасады. Мәдени-экономикалық қатынастардың дамуы қазақ даласындағы отырықшылық дәстүрді туғызды. Шын мәнінде Жәңгір өзінің билік құрған тұсында Ресейді қуатты етіп көрсеткен саяси жүйені Қазақ даласына енгізу арқылы Қазақ даласын әлеуетті күшке айналдыруға тырысқандығы байқалады. Осы тұрғыдан Жәңгірді еуропашыл деп те қарастыруға болады. Себебі хан өзінің ішкі реформаларының негізгі мақсаты деп Ресей империясы мен Батыс мемлекеттерінің саяси жүйесін қабылдады. Хандық биліктің орталықтануы бұл реформаларды жүзеге асыру үшін маңызды тетік деп білді. Қазақ даласында орын алған бұл реформалар хандық билікті нығайтып қана қойған жоқ, феодалдық қатынастардың дамып, қазақ мемлекеттігінде бұрын орын алмаған мемлекеттік билікті жаңа биік сатыға көтеруге ықпал етті. ## Ресей империясы құрамында (1731-1917) ### Алашорда (1917-1920) Алашорда — Алаш автономиясының үкіметі. Алашорда Ұлт Кеңесі деп те аталды. Үкімет 1917 жылы желтоқсан айының 5-13 күндері Орынборда өткен II Жалпықазақ съезінде сайланды. Алашорда мүшесі болып Қазақстанның барлық аймақтарынан 15 адам (Уәлитхан Танашев, Халел Досмұхамедов, Айдархан Тұрлыбаев, Халел Ғаббасов, Мұстафа Шоқай, Садық Аманжолов, Әлихан Бөкейханов, Жаһанша Досмұхамедов, Әлімхан Ермеков, Мұхамеджан Тынышбаев, Бақыткерей Құлманов, Жақып Ақбаев, Базарбай Мамытов, Отыншы Әлжанов) сайланды. Үкіметтің төрағасы болып Ә.Бөкейханов бекітілді. Ә.Бөкейханов бастаған алашордашылар Большевиктер партиясы ұсынған бағдарламаны қазақ қоғамын үлкен апатқа ұрындыруы мүмкін деп бағалап, оларға қарсы күрес жүргізді. Большевиктер жеңіске жете бастағандықтан, 1918 жылғы қаңтарда алашордашылдар Орынбордан кетуге мәжбүр болды. Ә.Бөкейханов бастаған Үкімет мүшелерінің негізгі бөлігі Семей маңындағы «Заречная слободка» елді мекеніне келіп (қазіргі Жаңа Семей), өздерін «Алашорданың Шығыс бөлімі» деп жариялады. Үкімет мүшелерінің екінші бөлігі Орал облысындағы Жымпиты қаласына келіп, өздерін «Алашорда үкіметінің Батыс бөлімі» немесе «Ойыл уәлаяты» деп атады. Төрағалығына Ж.Досмұхамедов сайланды. Алашорда кездейсоқ, әлдекімдерге еліктеуден емес, заңды түрде пайда болған. Алашорданың ұйымдық жағынан ресімделуі алдында газеттер, журналдар, кітаптар арқылы интенсивті түрде, жемісті идеологиялық жұмыс, ауызша үгіт жұмысы жүргізілді. Болашақ Алашорданың қайраткерлері идеялық жұмысты Ресейдегі жалпы азаттық қозғалысынан оқшау жүргізген жоқ. Қазақ азаттық қозғалысының қайраткерлері негізгі саяси партиялардың бағдарламаларын жақсы білетін және ұлттық езгіден азаттық алуға бағытталған идеяларының ұнағандарынан бағдар алды. Кейін бұл Алашорданың бағдарламасынан көрініс тапты. Алашорда идеологиясында әуел бастан-ақ сепаратистік сарын болған жоқ, қайта ол басқа халықтармен бірге біртұтас Ресей мемлекеті шеңберінде саяси, экономикалық басқаруға бағытталды. Бұл идея Алашорда бағдарламасында баянды етіліп кана қойған жок, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің қызметінде ұйымдык жағынан жүзеге асырылды. Алаш автономиясы туралы жазылғанмен, оның мемлекеттік белгілері мен нышандары туралы жүйелі жазылған еңбектер жоқ. 1917 ж. желтоқсандағы II жалпықазақ съезі ұлттық мемлекетітік құруға байланысты негізгі мәселелерді қозғағаны мәлім. Съездің күн тәртібіне қойылған он мәселенің арасынада мынадай аса маңызды мәселелер де бар еді: 1. Қазақ автономиясы; 2. Милиция; 3. Ұлт кеңесі; 4. Ұлт қазынасы; 5. Халық соты: 6. Ауылдық басқару. Съезд бұл мәселелер бойынша Әлихан Бекейхановтың Х.Ғаббасов, М.Шоқаев, Ж.Досмұхамедовтің баяндамалары мен жарыссөзде сөйлеген сөздерін тыңдады. Қазан-қараша айларындағы Ресейдегі саяси өзгерістер Алаш қозғалысы мен Алаш партиясының қайраткерлеріне жаңа міндет жүктеді. Алаштың мемлекеттік құрылымы - Ресей құрамындағы Алаш автономиясы мен үкіметі деген пікір Алаш партиясының бағдарламалық жобасында нақты көрініс тапқан еді. II жалпықазақ съезінде Ұлт Кеңесін құру мәселесі басқа да өзекті мәселелермен қатар қойылған. Бұл іс жүзінде Қазақстандағы саяси билікті қолға алатын дербес мемлекеттік құрылым кұру деген сөз. Жалпы автономия жариялауда 2-ші жалпықазақ съездерінің өкілдері екіге бөлінген. Бір бөлігі (33 адам) ресми түрде қазақ автономиясын дереу, съезд үстінде жариялау керек деп дауыс берсе, екінші бөлігі (42 адам) қазақ автономиясын жариялауда Алашорда үкіметі шешсін деп дауыс берген. Алашорда Алаш автономиясының Ұлт Кеңесі құрамына 15 адам сайланды. Үкіметтің 15 мүшелеріне орынбасар болып қазақ өлкесінің әртүрлі өңірінен тағы да 15 кандидатура бекітілді. Алашорданың төрағасы баламалы түрде сайланды. Оған үш кандидатура ұсынылды: Әлихан Бөкейханов, Бақыткерей Құлманов, Айдархан Тұрлыбаев жасырын дауыс беру нәтежесіңдс Ә.Бекейханов 40 дауысқа, А.Тұрлыбаев 20 дауысқа, Б.Құлманов 19 дауысқа ие болды. Әлихан Бөкейханов көп дауыс алып Алаш автономиясының үкіметі Алашорданьң төрағасы болып сайланды. Тарихқа Алаш автономиясы мен оның Уақытша Ұлттық Кеңесі "Алашорданың дүниеге келгені мәлім болды. Бүкіл қазақ қауымының басын ұлттық-территориялық автономия аясында біріктіру мақсатында автономияның өзін жариялау 1918 жылдың қаңтар айының 20-нан кейін іске асырылды. Алашорда өзінің уақытша орталығы Семей қаласына қаңтар айының соңына қарай кетіп орналасқанға дейін бұл өңірдің қоғамдық-саяси жағдайға қатысты өз көқарастарын анықтап жатты. Қалалық Думаның 5-қаңтардағы (1918 ж.) мәжілісінде Гласный Кузин Дума мүшелерінің назарына қазақ комитетінің өтінішіне аудартады. Онда Қазақ Комитетінің Қазақстанда ұлттық-территориялық автономияның толықтай жүзеге асуы мүмкін деген саяси көзқарасы келтірген болатын. Бұл факті қалалық Дума мүшелеріне саяси күштің дүниеге келгенін анық байқатты. Бұдан Семей облысында қалыптасқан саяси хал-ахуалдың аса шиеленіскенін көреміз. Саяси қарама-қарсылықта Алашорда, облыстық комиссариат, облыстық шаруалар Кеңесі, Қазақ Комитеті бір жақта болса екінші жақта облыстық жұмысшы және солдаттар депутаттары Кеңесінің большевиктік ағымы болды. Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірдің соғыс жағдайына бет алуына қарай Алашорда әскерін жасақтау ісі қазақ өлкесінің әр аймағында әр түрлі уақытта жүзеге асырылды. "Свободная речь" газетінің 1918 ж. 162, 164, 165 сандарындағы хабарламалары Алашорда атты әскерін ұйымдастыру мен жабдықтауда Ә.Бөкейханов пен Х.Тоқтамьшевтың басшылық қызметін жақсы қырынан көрсеткен. Сонымен, 1918 ж. қаңтар-маусым айлар аралығында Семейдегі Алашорда әскерінің шағын жасағынаи Алаш атты әскер полкін құру деңгейіне жету қиын-қыстау заманға қарамастан іске асырылды. Алаш атты әскер полкінің Уақытша Сібір үкіметі қолдауымен жасақталуы Алашорда әскері тарихының ерекше кезеңін бастайды. Алашорда әскері мен Уақытша Сібір үкіметі армиясының арақатынасы 1918 ж. 29-30 шілде жөне 2-3 тамыз кезінде өткен екі жақты кездесуде шешілді. Онда Алашорда үкімет өкілдері Ә.Бөкейханов, Ә.Ермеков, Х.Тоқтамышев және Уақытша Сібір үкіметі мүшелері бірлескен комиссия құрып, өзара саяси, әскери және экономикалық қарым-қатынастар ретінде қаралды. Бұл шешім 1918 ж. маусым айынан басталған Алашорда әскері мен Сібір, армиясының өзара тығыз байланыстарын заңдастырып берді. 1918 жылы маусымда Алашорда үкіметі өз арасынан Ә.Ермековты Уақытша Сібір үкіметімен байланыс жасауға жібереді. Шілде айында Алашорда өкілдерінің бір тобы Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметіне келіп, автономия мәселесін анықтауға кіріскен. Онда мәдени, жергілікті автономия мәселесін шешу керек болды. Автономияның елге түсетін салмағының ең ауыры — қазына жинау ісі болды. "Пұл жағынан істі тоқтатпастың жалғыз-ақ шарасы — ақшаны қазір қарызға алу, жұрттан ақша жиналған соң орнына салу. Олай болса Орданьң өзі де, жергілікті комитеттері де қарызға берілетін ақшасы бар жерлерді қарастыру" идеялары да көтерілді. Мұндағы мақсат ұлт қазынасы жиналғанға дейінгі уақытты бос жібермей, ұтымды пайдалану еді. Алаш жетекшілері Сібір, Самара (Комуч) үкіметтеріне, Уфа директориясына сенім артып, біртұтас мемлекет ретіндс Алаш автономиясын мойындайды деп үміттенді. Соған орай Алаш автономиясын ресми тану жөніндс өтініштер жасап, әр турлі деңгейде көмек беруді сұрайды. 1918 жылдың соңы Қызыл Армия үшін жаңа табыстармен есте қалды. Ақтар Орынбор мен Оралдан қуыла бастады. Алаш Орданың басшылары өздерінің позициясының үмітсіздігін түсініп, қызылдар жағына шыға бастайды. Ұзақ уақыт бойы батыс бөлімінің көшбасшысы Жанша Досмұхамедовпен келіссөздер жүргізілді, ол бұрын Дутовтың көмегімен әскери құрылымдарды құрды. Ол казактарға ашық түрде қарсы шықпай Колчак пен Кеңес арасында бейтараптықты сақтайды. Бірақ большевиктер Жымпитыны басып алып, рақымшылық жариялағаннан кейін алашордашылар қызылдар жағындағы казактарға қарсы шықты. "Алаштың" шығыс бөлімшесі де Совет билігін қарсылықсыз мойындады. Алаш Орданың бүкіл командалық-әкімшілік ресурсы кеңес органдарына қосылды. Мүлік, қару-жарақ және Қарулы бөлімдер де большевиктерге берілді. Алашорданың Батыс және Семейде орналасқан Шығыс (әрі Орталық) бөлімі арасында тығыз байланыс орнату мүмкін болмады. Азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес үкіметі 1920 жылы Алашорда үкіметін таратты. ## КСРО құрамында ### Қырғыз АКСР-ы (1920-1925) Қазақ (Қырғыз) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құруға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру үшін 1918 жылы 12 мамырда Ұлттар ісі халық комиссариаты жанынан алғашқы арнайы саяси орган – қырғыз (қазақ) бөлімі ашылды. Бірақ, азамат соғысы басталып кеткендіктен, тек 1919 жылдың 10 шілдесінде ғана «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқаратын революциялық комитет (Ревком) туралы уақытша ереже» атты әскери-әкімшілік орган құрылды. Тарихта Кирревком деген атпен белгілі комитеттің кұрамында әр жылдары, С.Пестковскийдің төрағалығымен, А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин, М.Тұнғаншин, С.Меңдешев, Б.Қаратаев, Ә.Әйтиев, А.Авдиев т.б. болды. Әскери-азаматтық билік берілген комитет, әртүрлі жұмыстарды атқарды, оның ішінде, сол кезде маңызды болған «әскери коммунизм» саясатын іске асырды, тек автономия мәселесімен айналысқан жоқ. 1920 жылдың тамызында Мәскеу қаласында Кирревком және Түркістан майданының әскери-төңкеріс кеңесі, РКП/б/ Түркістан өлкелік комитетінің партия және кеңестік ұйымдардың өкілдері қатысқан, Қырғыз АКСР-ын құру туралы бірнеше мәжілістер өткізілді. Соңғы мәжіліске социалистік революцияның көсемі, Кеңес мемлекетін құрушы В.Ульянов (Ленин) төрағалық етті. Нәтижесінде, 1920 жылдың 17 тамызында РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап колдады. 1920 жылдың 26 тамызында В.Ленин мен И.Калинин қол қойған «Қырғыз Кеңестік Автономиялық Республикасын құру туралы» тарихи Декрет жарияланды. Осы Заң бойынша, Автономия (Қырғыз АКСР) РСФСР атты мемлекеттін құрамында құрылатыны, және де бас қаласы Орынбор болатыны көрсетілді. 1920 жылдың 4-12 қазанында Орынбор қаласында өткен Құрылтай съезінде, Қырғыз Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілер құқықтарының Декларациясы кабылданды. Депутаттардың жергілікті Кеңестері, Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасының Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі Автономиялы Кырғыз Социалистік Кеңес Республикасының Басқару органдары болып табылды. Орталық Атқару Комитетінің (ОАК) басшысы – С.Мендешев, Халық Комиссарлары Кеңесінінің (ХКК) басшысы болып В.Радус-Зеньковичті сайлады. ҚырАКСР-ның құрамына: Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан және Қарқаралы уездері бар Семей облысы; Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері бар Ақмола облысы; Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездері бар Торғай облысы; Орал, Ілбішін, Темір мен Гурьев уездері бар Орал облысы; Күнгей Каспий облысының Маңғыстау уезі; сол облыстың Красноводск уезінің 4-ші және 5-ші Адай болыстары; Астрахан губерниясынан: Синеморск болысы, Бөкей ордасы және 1-ші, 2-ші Приморье окрутеріне жапсарлас жатқан болыстар енді. Қырғыз Социалистік Кеңес республикасы істерін басқару үшін 12 Халық комиссариаттары құрылды, оның ішінде: Почта мен Телеграф басқармасы бар Ішкі істер Комиссариаты; Әділет; Ағарту; Денсаулық сақтау; Әлеуметтік қамсыздандыру; Егіншілік; Азық-түлік; Қаржы Халық Комиссариаттары және т.б. Республиканың бүкіл территориясында РСФСР-дің қаржы және шаруашылық саясатының бірлігін сақтау мақсатымен Қырғыз Социалистік Кеңес Республикасының Азық-түлік, Қаржы, Жұмысшы-Шаруа Инспекциясы Халық Комиссариаттары, сондай-ақ Халық Шаруашылық Кеңесі және Почта мен Телеграф Басқармасы, Қырғыз Статистика Бюросы, Қырғыз Төтенше Комиссиясы, Еңбек Халық Комиссариаты мен Қатынас жолдар Халық Комиссариаты РСФСР-дің тиісті Халық Комиссариатттарына тікелей бағынатын болды. Сыртқы істер мен сыртқы сауда бүтіндей РСФСР-дің Орталық органдарының қарамағында қалды. Қырғыз (Қазақ) АКСР-на қажетті барлық қаржымен, техникалық құралдарымен РСФСР қаржысынан жіберіліп отырды. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан межелеу саясатының нәтижесінде, Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Әулиеата уездері, Самарқан облысындағы Жызақ уезінің бірнеше болысы, Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері, Жетісу облысының Бішкек уезі (бір бөлігі) Қазақстанға қарады. 1925 жылы 18 сәуірде өткен Кеңестердің бүкілқазақстандық V съезі «Қырғыз халқының тарихи дұрыс атауын қалпына келтіру үшін қырғыздар алдағы уақыттарда қазақтар деп аталсын» деген қаулы қабылдады. 1925 жылы 15 маусымда Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті Қырғыз АКСР-ның атын Қазақ АКСР-і және Ақмешіттің атын Қызылорда деп өзгерту туралы қаулы қабылдады. Сонымен, Қазақ (Қырғыз) АКСР-ы бастапқыда Қырғыз АКСР-ы деп құрылды, 1925 жылдың 15 маусымынан бастап Қазақ АКСР-ы деп аталды. ### Қазақ АКСР-ы (1925-1936) Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасы 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Басында бұл автономия «Қырғыз» деп аталып, 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің басшысы «қырғыз» сөзін «қазақ» атауымен алмастырып, бұдан былай Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасы деген атауды пайдалануға енгізді. 1920-24 жылдар аралығында Қаз АКСР орталығы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, кейін 1927 жылдан бастап Алматы қаласына ауыстырылды. Еуразия кеңістігінің біраз бөлігін алып жатқан қазақ жерін алу үшін патша үкіметі екі ғасырға жуық күресті. 1919 жылдың 10 шілдесінде Владимир Ленин Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет туралы Декретке қол қойды. Онда Қазақ революциялық комитеті өлкенің ең жоғары әскери-азаматтық басқармасы ретінде құрылатыны айтылды. Декретте оның мақсаттары мен міндеттері – контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу, өлкеде мемлекеттік, шаруашылық және мәдени құрылыс үшін жағдай жасау, Қазақстанда Кеңестердің Құрылтай съезін әзірлеу белгіленеді. Революциялық комитеттің қарауына Астрахан губерниясының қазақтар тұратын өңірлері мен Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары кірді. Қазақ Акср орталық атқару комитетінің алғашқы төрағасы - С.Меңдешев болды. Қазақ ревкомының басшысы болып, ұлты поляк, кеңестік тұңғыш комиссар С.Пестковский тағайындалды. Ревком құрамына В.Лукашев, Ә.Жангелдин, А.Байтұрсынұлы, М.Тұнғаншин, С.Меңдешев, Б.Қаратаев енді. Кейін оның құрамына А.Авдеев, Ә.Әйтиев, Ә.Әлібеков, С.Арғыншиев, Х.Ғаббасов, Т.Седельников, С.Сейфуллин, В.Радус-Зенькович тартылды. 1920 жылдың 4 қазанында Орынбор қаласында Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы Кеңестерінің съезі өтті. Съезде РКФСР құрамындағы Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланып, Қазақ халқының ұлттық мемлекетінің шаңырағы қайта көтерілді. Республиканың құрамына Қарақалпақстан да кірген болатын. ҚазАКСР-нің конституциялық жолмен құрылғандығы «Декларация» республиканың экономикасы, мәдени шаруашылығы ілгері басатындығы айтылды. Қазақтың кеңістік ұлттық мемлекетінің орасан зор маңызы болды. Қазақ халқы ғасырлар бойы арманының орындалуы, отаршылыққа қарсы күрестің нәтижесі ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам деп қабылданды. Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстары және Каспий облысы мен Астрахань губерниясының қазақтар тұратын аудандары енді. Астанасы Орынбор қаласы (1920-1924) болып белгіленді. 1920 жылы 4-12 қазанда Орынборда Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі өтті. Оған 273 делегат қатынасты. 1921 жылы соғыс коммунизм саясатының орнына жаңа экономикалық саясат енгізілді. 1921-1922 жылдары жер-су реформалары жүргізіліп, 470 мың гектардан аса жер қазақ шаруаларына қайтарылды. 1924 жылы 5-10 қаңтар аралығында өткен Қазақ АКСР Кеңестерінің 4-съезінде республика конституциясының жобасы талқыланды. Кеңестік Орта Азия республикаларының ұлттық-межелеу нәтижесінде Жетісу және Сырдария облыстарының қазақ аудандары Қазақ АКСР-ге қосылды. Патша әкімшілігі кіргізген «киргиз» деген атау 1925 жылы сәуірде жойылып, қазақтар өзінің тарихи атауын қайтарып алды. 1924 жылы ел астанасы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, Орынбор губерниясы РКФСР-ге өтті. Жаңа әкімшілік бөлік бойынша Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Семей, Орал (құрамына Бөкей облысы уезд дәрежесінде кірді) облыстарынан және республика Үкіметке тікелей бағынатын Қостанай округі мен Адай уезі, сондай-ақ, Қарақалпақ автономиясы облысқа кірді. 1928 жылы Қосшы одақтары нығайтылып, 300-ден астам ұжымшар, 5 кеңшар құрылды, губерниялар мен уездер таратылып, округтер мен аудандар құрылды. 1929 жылы 13 округ (Адай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Гурьев (қазіргі Атырау), Қарқаралы, Қызылорда, Қостанай, Кереку, Қызылжар, Семей, Сырдария, Орал) құрылды. 1929 жылы мамырда ел астанасы Алматыға көшірілді. 1929 жылы жаппай ұжымшарға бірігу қозғалысы басталды. Ол байлар мен кулактарды тап ретінде жою, кеңестік озбырлық тұтатқан көтерілістерді қарулы күшпен басу және көшпелі халықты отырықшыландыру науқандарымен қатар жүргізілді. 1928-1937 жылдары республикада 1-2 бесжылдық жоспарлары бойынша 200-ге жуық ірі өндіріс орындары салына бастады. Олардың ішіндегі ірілері Шымкент қорғасын, Балқаш мыс қорыту зауыттары болды. КСРО-дағы 3-көмір бассейні атанған Қарағанды және Алтайдағы кен орындары тез дамыды. Жедел түрде Түрксіб темір жолы іске қосылды. 1932 жылы бұрынғы округтер таратылып, орнына 6 облыс (Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан) құрылды. 1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО-ның жаңа конституциясы бойынша Қазақ АКСР-ы одақтас республикаға айналды. ### Қазақ КСР-ы (1936-1991) Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (ҚКСР) — 1936–91 ж. КСРО құрамында болған одақтас республика. 1936 ж. жаңадан қабылданған КСРО Конституциясына сәйкес РКФСР құрамынан шығып, жеке одақтас республикаға айналды. 1937 ж. наурызда республика Кеңестерінің төтенше 10-съезі өтіп, ҚКСР конституциясы қабылданды. ҚКСР-нің мемлекеттік өкіметі – Жоғарғы Кеңес пен республика үкіметі – ХКК құрылды. Республиканың әнұраны, елтаңбасы, мемлекеттік туы бекітілді. 1937 ж. маусымда өткен съезінде өлкелік партия ұйымы Қазақстан коммунистік партиясы (ҚКП) болып қайта құрылды. Бұрынғы 6 облысқа қосымша жаңадан Қостанай, Солтүстік Қазақстан (1936), Гурьев, Қызылорда, Павлодар (1938), Жамбыл, Семей, Ақмола (1939) облыстары қосылды. 1937 – 38 ж. елде жаппай қуғындау науқаны жүргізілді. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында (1941 – 45) Қазақстанда ондаған әскери құрамалар жасақталып, 1 млн-нан астам адам соғысқа қатысты. Соғыс жылдары ҚКСР өнеркәсібі КСРО-ның батыс аудандарынан көшіріліп әкелінген кәсіпорындардың есебінен едәуір ұлғайды. 142 кәсіпорын қысқа мерзім ішінде іске қосылды. Кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметкерлерінен басқа 1 млн-нан астам адам ҚКСР-на орналастырылды. Олардың ішінде депортацияға ұшыраған халықтар да болды. ҚКСР-ның ауыл шаруашылығы майдан мен тылды азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ер-азаматтардың майданға кетуіне байланысты ауыл шаруашылығында негізгі жұмысты әйелдер атқарды. 1944 ж. жаңадан Көкшетау, Талдықорған облыстары ашылды. Соғыстан кейінгі жылдары ҚКСР-да экономика мен мәдениетті көтеру шаралары іске аса бастады. ҚКСР соғыс кезінде жаудан босатылған 12 қала мен 45 ауданды өз қамқорлығына алып, оларға арнаулы мамандар аттандырып, құрал-саймандар, азық-түлік, киім-кешек тиелген эшелондар жөнелтті. 1946 ж. Қазақ КСР Ғылым академиясы ашылды. 40 – 50 ж. бас кезінде кеңестік цензура қоғамның дамуын қатаң бақылауға алды. Орталықта “Ленинград ісі”, “Дәрігерлер ісі”, ҚКСР-де қолдан жасалған “Бекмаханов ісі” бойынша бір топ жетекші ғалымдар қудаланды. И.В.Сталин өлгеннен кейін 1953 – 54 ж. жоғарғы билікте өзара айтыс өрістеді. Қазақстанда Орталықтың шешімімен ҚКП-ның 1-хатшысы Ж.Шаяхметов орнынан алынып, П.К.Понамаренко жіберілді. 1954 ж. орталықтың шешімімен тың және тыңайған жерлерді игеру басталды. РКФСР, Украина, Белоруссия, т.б. республикалардан тың игеруге 640 мың адам келді. Егістік көлемі 27 млн. га-дан асып, 1950 жылмен салыстырғанда 2,5 есе артты. Тың игерумен бірге өнеркәсіп те қауырт дамыды. 200-ден аса ірі өнеркәсіп орындары ашылды. Мойынты – Шу (438 км), Ақмола – Павлодар (428 км), Өскемен – Зырян (171 км) темір жолдары салынды. Халықтың тұрмысы мен мәдениеті көтеріліп, 1958 ж. желтоқсанда Мәскеуде қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігі өтті. Тың және тыңайған жерлерді игеруден қазақ халқы экономикалық, әлеуметтік, мәдени зардаптар да шекті. Жергілікті халықтың үлес салм. 29%-ға дейін азайды. Қазақ ауылдары шалғайда оқшауланып, мектептері жабылып қалды. Есепсіз көп жыртудың салдарынан жер эрозиясы пайда болды, мал жайылымына пайдаланылатын жерлер тарылды. 1960-жылдардан бастап экономикаға ғылыми-техникалық прогрестік жетістіктері кең көлемде енгізіле бастады. ҚКСР-дің жетекші кәсіпорындары соңғы технологиямен жарақтанып, дүние жүзіндегі таңдаулы мекемелер дәрежесіне жетті. Автоматика, телемеханика, электронды есептеу техникалары енгізілді. Автопарктер едәуір өсті әрі жаңарып отырды. Бірақ, экономика өндіріс алаңдарын кеңейту, жаңа шикізат көздерін тарту, кадрлар санын көбейту есебінен дамып, өнеркәсіптің шығарушы және өңдеуші салалары арасында сәйкессіздік ұлғая түсті. 1970 ж. республикада әкімшілік өзгерістер болып, жаңадан Торғай, Маңғышлақ, Жезқазған облыстары құрылып, облыстар саны 19-ға жетті. 70 – 80 ж. ҚКСР аграрлы-өнеркәсіпті республикаға айналды. Экономиканың жалпы көрсеткіші жағынан республика одақта 3-орынға (РКСФР мен УКСР-дан кейін) көтерілді. Түсті металлургия (мыс, никель, боксит, қорғасын, мырыш, т.б. сирек кездесетін металдар қорыту), көмір, химия, жеңіл (жүн, былғары өндіру), тамақ (ет, балық, май өндіру, тұз өндіру) өнеркәсіптері және астық пен мал шаруашылығы бойынша ҚКСР одақтағы жетекші республикаға айналды. Дегенмен, КСРО-ны құрайтын, толық тең құқылы 15 республиканың қатарында саналғанымен, ҚКСР үкіметінің билігі шектеулі болды. Көптеген аса маңызды өндіріс орындары Мәскеуге тікелей бағынды. Ел басшылары шетке тікелей өзі шыға алмады. Қарулы Күштер орталықтың қолында болды. Кеңес қоғамында кеңінен орын алған келеңсіз құбылыстар (теңгермешілік, көз бояушылық, жеке адамдарды көтермелеу, т.б.) ҚКСР-да да кеңінен орын алды. Оған орталықтың жергілікті халықпен есептеспей, республика басшылығын өзі тағайындауы қосылды. 1986 ж. 16 желтоқсанда СОКП ОК-і Қазақстан компартиясын ұзақ жылдар басқарған Д.А.Қонаевты орнынан алып, орнына республикада бұрын болмаған Г.В.Колбин жіберілді. Нәтижесінде, Алматыда студент және жұмысшы жастардың бас көтеруі болды. Экономикадағы келеңсіздіктер, одақтас республикалардың орталыққа ашық наразылығының күшеюі Кеңестер одағының тарауына алып келді. 1991 ж. КСРО тарады да, ҚКСР тәуелсіз республикаға айналды. ## Елдің жаңа тарихы ### Қазақстан Республикасы (1991 ж. бері) Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Ел астанасы – Астана қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі мәртебесіне ие. Ақша бірлігі – теңге. Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, оның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, сонымен қатар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы. Президент – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының нышаны және кепілі. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушылық билігін жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне жетекшілік жасайды. Заң шығару қызметін тұрақты негізде жұмыс жасайтын екі палатадан – Сенаттан және Мәжілістен тұратын Қазақстан Республикасының Парламенті жүзеге асырады. Сенатты конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттар құрайды. Сенатта ұлттық-мәдени және қоғамның өзге де елеулі мүдделерінің қамтамасыз етілуі қажеттігі ескеріліп, он бес депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан құралады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі – алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі – бес жыл. Әкімшілік-аумақтық құрылымы бойынша ел 14 облыстан және республикалық маңызы бар 3 қаладан тұрады. Қазақстан халқының саны 18,87 миллион адамнан асады. 2020 жылдың басында қоғамның этникалық құрамы төмендегідей болды: қазақтар - 68,51%, орыстар - 18,85%, өзбектер - 3,25%, ұйғырлар - 1,47%, украиндар - 1,42%, татарлар - 1,08%, немістер - 0,95%, өзге ұлттар - 4,47%. 2 млн.724,9 мың шаршы шақырым аумақты алып жатқан Қазақстан әлем елдері арасында жерінің көлемі бойынша тоғызыншы орында. Солтүстігі мен батысында еліміз Ресеймен – 7 591 шақырым (әлемде құрғақтағы ең ұзын үзіліссіз шекара), шығысында Қытаймен – 1 783 шақырым, оңтүстігінде Қырғызстанмен – 1 242 шақырым, Өзбекстанмен – 2 351 шақырым және Түркіменстанмен – 426 шақырым шекара арқылы шектеседі. Құрғақтағы шекарасының жалпы ұзындығы – 13 200 шақырым. Қазақстан – әлемдік мұхитпен тікелей жалғаспайтын әлемдегі ең ірі ел. Ел аумағының ауқымды бөлігін – 44%-ын шөлдер және 14%-ын шөлейтті жерлер алып жатыр. Далалық жерлер Қазақстан аумағының 26%-ын, орман-тоғайлар 5,5%-ын құрайды. Қазақстанда 8,5 мың өзен бар. Каспий акваториясының солтүстік-шығыс бөлігі республика шегіне кіреді. Арал теңізі Қазақстан мен Өзбекстан арасында бөлінген. Қазақстанда үлкен және шағын 48 мың көл бар. Оның ең ірілері – Арал теңізі, Балқаш, Зайсан және Алакөл. Мұхиттардан алыстығына байланысты елдің ауа райы күрт континентальды болып келеді. Еліміздің минералдық-шикізаттық базасы 5000-нан астам кен орнынан құралады, олардың болжамды құны ондаған триллион АҚШ долларына бағаланады. Республика әлемде мырыш, вольфрам және бариттің барланған қоры бойынша – бірінші орын, күміс, қорғасын және хромит қоры бойынша – екінші, мыс және флюорит бойынша – үшінші, молибденнен – төртінші, алтын қоры жөнінен алтыншы орын алады. Сонымен қатар, Қазақстан батыс облыстарда шоғырланған мұнай мен газдың айтарлықтай мол (анықталған мұнай қоры жөнінен әлемде 9-орында тұр) қорына ие. Сонымен қатар, республикамыз көмір қоры бойынша 8- орында және уран қоры бойынша 2-орында. Қазақстан әлемдегі ең жетекші астық экспорттаушылар ондығына кіреді және ұн экспорттаудан да көш бастаушылардың бірі саналады. Егін шаруашылығы солтүстікте дамыған – егістіктің 70 %-ы бидай, арпа, тары сияқты дәнді және техникалық дақылдарға тиесілі. Елдің оңтүстігінде күріш, мақта, темекі өсіріледі. Сонымен қатар, Қазақстан өзінің бауларымен, жүзімдіктерімен және бақша өнімдерімен де мәлім. Ауыл шаруашылығының жетекші саласы мал шаруашылығы болып саналады Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі (ІЖӨ) 20 есеге – 700 АҚШ долларынан 14 мың долларға дейін өсті. Британдық мамандардың бағалауынша, XXI ғасырдың алғашқы онжылдығындағы ең қарқынды 25 дамушы экономика арасынан Қазақстан тек Қытай мен Катарды ғана алға салып, 3-орын алады. Бүкіләлемдік банктің жіктемесіне сәйкес, республикамыз табыс деңгейі орташадан жоғары елдер тобына енді. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға 200 млрд. доллар шетел инвестициясы тартылды, бұл – Орталық Азияға салынған инвестицияның 70% мөлшері. Елдің алтын-валюта резерві 2015 жылғы маусым айының басында 98 миллиард АҚШ долларын құрады, соның 69 миллиард доллардан астамы Ұлттық қорға тиесілі. Бизнес жүргізу шарттары бойынша Бүкіләлемдік банк рейтингінде Қазақстан 2014 жылы 50-орынды иеленді. Ал Менеджментті дамытудың халықаралық институтының (IMD) жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде республикамыз 2015 жылы Испания, Түркия, Италия және өзге де көптеген елдердің алдына шығып, 34-орынға табан тіреді. Экспортталатын басты тауарлар – кен өндіру, отын-энергетика, металлургия және химия өнеркәсіптерінің, сондай-ақ астық индустриясының өнімдері. Республиканың сауда саласындағы негізгі серіктестері – Ресей, Қытай, Еуропа және ТМД мемлекеттері. Экономиканы әртараптандыру үшін елде индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Осы бағдарламаға сәйкес, бүкіл ел бойынша бұрынғы кәсіпорындар мен өндіріс орындары жаңғыртылып, жаңалары ашылуда. Қазақстан елдің құрлықтағы басты байланыстырушы буын ретіндегі тарихи рөлін жаңғыртып, оны өңірдің аса ірі іскерлік және транзиттік хабына – Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік көпірге айналдыруға тиіс «Жаңа Жібек жолы» атты ауқымды жобаны жүзеге асыруда, ол 2020 жылға қарай республика арқылы өтетін транзиттік жүк ағыны 2 есе дерлік өсуі тиіс. Мемлекет басшысы 2014 жылы «Нұрлы жол» ауқымды инфрақұрылымдық құрылыс бағдарламасын жариялады. Ол Қазақстанның өңірлерін күре жолдармен байланыстырып, логистикалық, әлеуметтік және индустриялық инфрақұрылымдарды жаңғыртуға бағытталған. Қазақстан «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды» жүзеге асыруға кірісті. Бұл жұмыстар Бес халықтық реформаны – кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру, заң үстемдігін, индустрияландыру мен экономикалық өсімді, біртектілік пен бірлікті, есеп беруші мемлекет құруды қамтамасыз ету ісін жүзеге асыру мақсатында түбегейлі өзгерістерді қарастырады. Елді ауқымды әлеуметтік жаңғырту жүзеге асырылып, жаңа мектептер, кәсіптік колледждер мен университеттер салынуда. Заманауи медициналық клиникалар мен ауруханалар ашылып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесі жетілдірілуде. ## Тағы да қараңыз: * Сақтардың бейнелеу өнері * Сақтардың қолөнері * Қаңлылардың шаруашылығы, саудасы мен қолөнері * Қаңлы руы * Үйсіндердің материалдық мәдениеті * Үйсіндердің қолөнері * Үйсіндердің көрші халықтармен қарым-қатынасы * Үйсіндердегі жерлеу салты * Ғұндар өркениеті * Хазар ескерткіштері * Қимақтар Қазақстан аумағында * Қимақтардан қазақтарға дейін * Оғыздардың саяси бірлестігі * Қарахандықтардың өкімет ұйымы * Қарахандықтардың жер иеленуі. Иқта * Қарлұқтардың, Оғыздардың, Қимақтардың шаруашылығы * Қарақытайлар Жетісуда * Найман және керей ұлыстары * Моңғол империясының билеушілерінің тізімі * Моңғол империясындағы күнделікті өмір * Моңғол шапқыншылығы * Шағатай хан * Үгедей хан * Ноғай ордасы * Моғолстан * Қазақ хандығының құрылуы * Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы * Қазақ хандығындағы 1-азаматтық соғыс * Қазақ хандығындағы биліктің жойылуы * Бөкей хандығының құрылуы * Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс (1836-1837) * Бөкей губерниясы * Бөкей ордасындағы мектеп * Бөкей әулеті ## Дереккөздер
Махмұд Бедалұлы Омаров (10 қыркүйек 1924, Алматы қаласы – 25 желтоқсан 1961, Мәскеу), КСРО-лық нысана көздеуші, ұлты ұйғыр. Қазақ топырағынан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері. ## Жетістіктері Мельбурн (1956) және Рим (1960) Олимпиадаларында пистолеттен атудан (50 м) екі мәрте күміс медальды РСФСР атынан қатысумен иеленген тұңғыш қазақстандық. Ол 3 дүркін әлем чемпионы (1954, 1958-жеке және бригада құрамында). 1961 жылы жұмбақ жағдайда қастандықпен өлтірілді. ## Сілтемелер * Статистикасы
Құдайберген Қайрат Жолдыбайұлы Қазақстан республикасының құрметті мәдениет қайраткері, актер, сазгер. {{театр және киноактер |сурет = |Туған күні = 26.02.1960 |Қайтыс болған күні = 26.02.1960 жылы Алматы облысы Райымбек (Нарынқол) ауданы Қайнар ауылында, ағаш ұста шебері, өнерлі отбасында дүниеге келді. Ұлы жүз, Албан руының абыз Шоған би ұрпағы.
Чарльз Генри Стюарт Гмелин (ағылш. Charles Henry Stuart Gmelin; 28 мамыр 1872 жыл, Кришнанагар, Үндістан — 12 қазан 1950 жыл, Оксфорд, Ұлыбритания) — ұлыбританиялық жеңіл атлет, 1896 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. ## Олимпиада-1896 Әуелі 100 метрлік қашықтыққа жүгіруде квалификациядан аса алмады. 400 метрлік қашықтықта төрт спортшының ішінде үшінші орынға табан тіреді. ## Жеке өмірі Кейін крикетпен де айналысты. Спорттық каьрерасын аяқтаған соң мектеп директоры боп қызмет атқарды.
Саятшы құрал-жабдықтардың барлығы да аса қажеттіліктен шыққандығын әркім-ақ біледі. Олардың қандай роль атқаратындығын, неден жасалатындығын және әрқайсысының атаулары бар. ## Томаға Бүркітті баптап-баулу үшін, оның бала-шаға, итке, құсқа, қызылға ұмтыла бермеуі үшін және жақындағанды шап беріп бұру қаупінен сақтану үшін томағалайды. Сондықтан, қолдағы бүркіт өз төңірегіндегі қызылды-жасылдан, өз ортасынан аз да болса бөлектенеді. Құстың Томағасы аңға жіберілген кезде сыпырылады.Томаға құстың басын қыспайтын, қажамайтын, көз жанарын баспай, саңылаусыз жабатын, құстың басынан түсіп қалмайтын етіп жасалады. Томағаны осы шарттарды толық білетін, пішуге, тігуге машықтанған томағашылар ғана тігеді. Томағаның олпы-солпы болмай, мінсіз шығуы үшін оны қалың былғары ұлтанының тегіс жерінен үлгі салып ойып алады. Пішуші шебер өз қалағанынша бір тұтас немесе екі-үш бөлек, кейде төрт бөлек етіп ойып құрастырады. Тамақ бау мен айдар кейде бірге, кейде бөлек ойылады. Томаға шарттары бойынша әрі нәзік, әрі әдемі тігілген, таза былғарының өзінен әсем ою-өрнек шығарған, тіпті ұсақ шытыралармен безелген томағаларды қазақ құсбегілері бір бестіден кем бағаламаған. ## Биялай ## Балдақ Балдақ — құсты ат үстінде алып жүруге арналған, құс салмағынан қолдың талмауы үшін оң қолдың білегін сүйеп отыратын, ашасында жұмсақ төсеніші бар тіреу. Төсеніші былғарыдан не қайыстан жасалады, ол балдақ ашасының ішіне түсіп тұрады. Балдақ таяғының екінші басы бүлдіргілі, ол ердің қамшылар жақ алдыңғы қапталындағы шеттікке бекітіледі. Атпен құйындата шапқанда балдақ көп толқымау үшін балдақ таяғының орта шенінен жіңішке қайыс бау өткізіп, бау ұшы ердің алдыңғы қасының маңдайындағы бұжыралы шығыршыққа байланады. Балдақ ағаштан не таутекенің мүйізінен жасалады. ## Тұғыр Құсты қондырып қоятын орын, жабдық. Ол көшпелі тұрмысқа лайықтап ағаштан жасалады. Тұғырдың ұзыны екі қарыс сынық сүйемдей, көлденеңі сүйемдей, жұмыр ағашқа үш не төрт талтақ сирақ бекітіледі немесе бұтақтары сирақ боларлық ағаштан шабылады, аң мүйіздерінен және де т.б. табиғи материалдардан жасалады. Биіктігі екі сүйемдей, орнықты әрі жатаған келеді. ## Жемаяқ Жем сапты аяқ — бүркітке жем беретін ыдыс. Оны кейде жем сапты аяқ, жем тостаған, құс сапты аяқ, құс аяқ деп те атайды. Ағаштан ойып жасалады. Бұл ыдыстың сыйымдылығы 2—2,5 литрден кем болмайды. Бір жағы құс тұмсықтау сопақ келеді де, бір жағында тұтамдай сабы болады. Сабына қайыс бүлдіргі өткізіледі. Көшкенде байлап қоюға, салбурында қанжығалауға лайықталған. Жемаяқтың түрі көп. Соның ішінде құс тұмсықтау, сопақтау, асты орнықты, іші шұңғыл, өзі жұқа, өзі жеңіл, әдемі жонылғандары да жоқ емес. Кейбіреулерінің тұмсығында жем суын сүзіп шығаратын бір не екі тесік те болады. Сапты аяқтың ернеуіне таяу (түрмесіне) жасалған екі тесік жем шаюға өте қолайлы.Қыранды қайырып баптағанда, аңға салып жүргенде құсбегілер бап дегенді — жем деп, жем дегенді — бап деп түсіндіреді. Ал осы екі кезеңде де құсқа көбінше — қолаба, сары бөртпе, ақ жем береді. Әдетте етті жұқалай жона жапырақтап, суға салып бөрттіреді. Сонан соң сумен қайта-қайта шайып, қан-сөлсіз, құнарсыз, кенеусіз жем дайындалады. Мұндай күрделі жұмысқа арнайы жасалған ыдысты «саптаяқ» атаған. Ал оны құсқа тәуелді ете атағанда — жем саптаяқ, құсаяқ, жемаяқ делінеді. ## Жемқалта ## Балақбау (аяқбау)(білезік бау) — құстың екі жіліншігіне (балағына) бірдей тағылатын бау. Мұны құстың «аяқ бауы» деп те атайды. Балақ баудың іші жұмсақ киіз, оның іші ұлпа тері, сырты былғары немесе жұмсақ иленген қайыс. Киіз бен қайыс қабатталып тігіледі. Ені екі елідей, ұзыны жіліншікті бір орап түйіліседі. Түйіліскен екі ұшын біріктіріп, шолақ аяқ бау тағылады. Демек, құс аяғының әр жіліншігіне балақ бау мен шолақ аяқ бау тағылады да, ол баулар құс аяғында ұдайы тұрады. ## Шолақ аяқбау ## Шыжым Жаңа үйретіліп жүрген құсты шырға тартып баулығанда шолақ аяқ баудың ұшындағы шығыршыққа ұзындығы 7—8 құлаштай жіңішке арқан жалғанады. Бұл арқанды жұмсақ иленген аң-мал терісінің таспасынан ширатады немесе ешкі, қой, түйе жүнінен еседі. Құстың қашып кетпеуі үшін жасалған осы арқанды құсбегілер «шыжым» деп атайды. ## Түтік ## Ырғақ Түзден түскен асау құстың аптығын басып, біршама ырыққа көндіруге арналған орнықсыз, ырғақты тұғыр. Ырғақтың түрі көп. Ал оның көбірек пайдаланылатын түрлерінің бірі — қажетіне қарай екі ұшын екі жағына шығара қалдырып, шумақталған арқан. Ұқыпты шумақталған арқанның екі жағындағы артық екі ұшын шумақтың екі басынан бір рет шалып тартады да, арнайы қағылған (құстың құйрығы жерге тимейтіндей) екі қазыққа немесе қолайлы деп тапқан орынға керіп байлайды. Егер арқанның орнына ағаш пайдаланылса, бүркіттің шеңгеліне толарлықтай таяқшаның (ұзындығы 1—2 құлаш) екі басынан жіп байлап, арқан ырғақ сияқты оны да керіп тастайды. Бұл тәсілмен жасалған ырғақтар (тұғырлар) өте тынышсыз, қармақ қалтқы секілді қалтылдақ келеді. Оңды-солды бұлтылдап ойнақшыған ырғақта отырған асау құс жығылып түсуден сескенеді де, тұяғымен шеңгелдеп қармап, бойын ұдайы теңеп ұстауға тырысады. Құс ұйқыдан қалжырап жығылып түскен кезінде оны күндіз-түні аңдып отырған құсбегі дереу орнына қайта қондырып қояды. Осылай басталған мазасыз ырғақ күн озған сайын құсты ұйқыдан өлердей халге жеткізеді. Құстың шаршап-шалдығуы — құсбегінің жеңісі. Мұндай жағдайда бапкер өз көздегенінің көбін істеп үлгереді. ## Қоя ## Аяққап Бүркіттің саусақтарын түлкі шайнап тастаудан сақтау үшін әр саусаққа жеке-жеке кигізілетін саусақ қапты құсбегілер «аяққап» деп атаған. Аяққап саусақтың үстін жабады да, бауыры ашық болады. Бауырын екі жерден жіңішке таспамен жалғастырып қояды. Ал әрбір саусаққап жіңішке таспалармен білезікке бекітіледі. Аяққаптың таутеке мен елік терілерінің иін қандыра жұмсартылған қалың ұлпасынан ғана жасалғаны өте жақсы болады. ## Жезтұяқ ## Иыққап Құстың екі иығын басып келген арқа тұсында жіппен қосақталып байланған топшысын суықтан қорғайтын жабдық. Құстың иығы, топшысы тоңса, нәрегей жаурауық болады, әрі қуаты қайтады. Тіптен «құрт қанат» аталатын ауруға шалдығады. Суық өңірдің кәнігі бүркітшілері иыққапты кигізер болса, бүркітке қарсылық көрсетсе саусақтарын шайнап, жарақаттаудан қорғауға да септігін тигізеді. Көбіне ұядан алынған тәжірибесі аз «қол бал аға» алғашқы жылы кигізеді. Аяққаптың сыртқы тысын суға қатпай, жылылық сақтайтын бұғының иленген жұқа, жұмсақ терісінен немесе жарғақ, қырымдардан, бүркіттің төрт саусағына шақтап пішіп, жиектерін жіппен торлап, ішін қуыстап қалыңдау матамен астарлап тігеді. Оны кейде әр саусаққа жеке-жеке киілетіндей қылып немесе төрт саусаққа біртүтас киіліп, табан бүжырына дейін жауып тұратынд ай қол ғап пішіндес етіп тігеді. Дегенмен, көбіне саусақтарының ұшынан тұяқ шығып тұратын тесік шығарып, орта түсынан білегіне дейін өте майда бау өткізеді. Аяққаптың алақаны, табан жағы ашық болады. Ыңғайлы, ықшам тігілген аяққап кигізген құсты аязды күндері жыртқыш аңға қорықпай жіберуге болады. Жыртқыш аңға, айлакер түлкіге бүркіт тұяғын шайнатыпнемесе суыртып алса оның орнына жезден, күмістен жасалған тұяққап жасап салады. Аушы құстың кемтарлығын толықтыратын оны «жезтұяқ» атайды. Оның қозғалысы табиғи болмағанымен аң ілгенде, бүргенде қысуына, қимыл-әрекетінекөп септігін тигізеді. Кейде місекер шебер, әккі бүркітшілер түсіп қалған тұяқтың орнына өлген бүркіттің тұяғын да салыпқояды деген мәлімет бар. ## Таңдай ағаш Бүркітті көп піштактаудан "сақтайтын" құрал. Көп елеусіз ұмыт қалған құрал туралы осы тақырыпты арнайы зерттеген Б.Кәмалашұлы былай жазады: аңға жортқанда құс дауысын естіп «олжа» қашып кетпес үшін бүркіттің аузына салады. Оны құстың тамағы астына, құс тұмсығымен мөлшерімен ағаштан жонып істелген, ұшына «ноқталайтын» бау тағылған қарапайым қалақ тәрізді ағаш. Таңдай ағашты құстың тамағының астына томағаның алқым бауына қыстырып, екінші ұшын ілмек баумен құс тұмсығын ноқталаған тәрізді етіп, тұмылдырықтай кигізіп қояды. Құс мыңқылдай шақырып ақырында ауырсынып қояды. Кейбір құсбегілердің таңдай ағашы ықшам, томағаның, "алқым бауының" астына бармақтай етіп бастырып қояды. Көбіне саятта томағамен бірге жүреді. ## Құндақ Құс сыятындай етіп талдан дөңгеленте иіп жасалған, астына киіз төсеп, құс орайтын тартпа бау тағып жасаған құс "бесігі". Ол құстың қанат шалғыларын зақымданудан, суық, жауын-шашыннан сақтайды. Оыың тұрі бірнешеу: жас талдан астауша пішінінде немесе торлап доғалантып; тақтай ағаштан топсалы етіп; киізден сырып бау тағып істейді. құс саяттан соң шаршап тоңса, ұйықтаса, алысқа алып жүретін жағдай туса, құсты баланы бесікке бөлегендей етіп шүберекке орап, қымтап, сыртынан баумен бос байлап, құндаққа салып қояды. ## Қауырсын, тұяқтар Бүркіт аңды ілгенде алысып, қанат, шалғы қауырсындары сынып қалса оны орнына салады да, жоқтарының орнына қауырсын жалғайды. Оған арнап құстың жазда түлегенде түскен қауырсындарын немесе басқа бүркіт, құмай, тазқара, қарақұс, құбарақтардың қауырсынын жинайды. Бүркіттің қанаты, тұяғы, «құрт ауруға» шалдықса да «құрт қанат», «құрт тұяқ» болғанда қауырсынды және тұяқты жалғап салатын болған деген аңыз тәрізді деректер бар. ## Дереккөздер
Тамара Өкіметқызы Қосыбаева — кеңестік және қазақстандық кино, театр және дубляж актрисасы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі (1998). ## Өмірбаяны * Найман тайпасының Бура руынан шыққан. * 1928 жылдың 15 нау­рызында Павлодар облысының Ақсу ауданына қарасты №4 елдімекенде дүниеге келді. * 1944 жылы Алматыға келіп, киноактерлік бөліміне оқуға түстеді. Курсты бітірген соң Ташкент қаласындағы Өнер институтының актерлік бөлімін бітіреді (1952). ## Енбек жолдары мен рөлдері 1948-1960 жылдары Қазақ Балалар мен жастар театрының, 1960-1986 жылдары Қарағанды облыстық драма театрының актрисасы. Осы театрлар сахнасында Буратино (А.Н. Толстойдың "Алтын кілтінде"), Аягөз (Қ.Сатыбалдиннің "Аягөз-аруында"), Зәуре (Д.А. Фурмановтың "Бүліншілігінде"), Күлпаш (Ш.Құсайыновтың "Біздің Ғаниында"), Әлия Молдағұлова (Ш.Байжановтың осы аттас пьесасында), Айсұлу (Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтің "Беу, қыздар-айында"), Айбала (С.Сейфуллиннің "Қызыл сұңқарларында"), Шеше (Б.Брехттің "Әйдік апай және оның балаларында"), т.б. спектакльдерде ойнаған. Қосыбаева, сондай-ақ, киноактриса ретінде де танымал. Ол 30-дан астам фильмдерге түскен. Атап айтсақ, "Балалық шаққа саяхат" (1968), "Шоқ пен Шер" (1971), "Күсен-Күсеке" (1975), "Нан мен тұз", "Сүйкімді" (екеуі де 1975), "Адамдар арасында" (1977), "Сен 12-ге толғанда" (1978), "Саған күшік керек пе?" (1994), "Жамбылдың жастық шағы" (1996), т.б. фильмдер бар. "Қазақфильмде" еңбек етіп, көптеген фильмдерге дубляж жасады. 1958 жылы Қазақ академия балалар мен жасөспірімдер театрының құрамымен Мәскеу қаласында өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде және гастрольдік сапарлармен Қазақстанның барлық дерлік қалаларында болып, өнер көрсеткен. 1986 жылдан құрметті демалыста. ## Дереккөздер
8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы — Алматыда жасақталған әскери құрама (1941). Тұңғыш командирі – И.В. Панфилов. Алғашында 316-атқыштар дивизиясы болып жасақталып, Мәскеу түбінде көрсеткен ерен ерлігі үшін Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы аталды. Құрамы Алматы, Талдықорған, Шымкент облыстары мен Кырғызстан тұрғындарынан жасақталды. 1941 жылы 17 тамызда Солтүстік-Батыс майданға жіберілді. Алғаш ұрысқа 6 қазанда Батыс майданның генералы К.К.Рокоссовский басқарған 16-армиясы құрамында Мәскеу қорғанысының шешуші учаскелерінің бірі - Волоколамск бағытында кірді. Мәскеуді қорғаудағы теңдессіз ерлігі үшін дивизия 1941 жылы 17 қарашада Қызыл Ту орденімен марапатталып, 18 қарашада Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы атақ алды. 23 қарашада дивизияға соғыста ерлікпен қаза тапқан оның тұңғыш командирі И.В. Панфилов есімі берілді. Дивизия 1941 жылы 15 желтоксанда 16-армияның құрамынан Ставканың резервіне (16-30 желтоқсан) өтті. Оның командирі болып генерал-майор И.М.Чистяков тағайындалды. 1942 жылы 16 наурызда Солтүстік-Батыс, Калинин майдандарында көрсеткен ерлігі үшін Ленин орденімен марапатталды. 1942-43 жылдары Ловать өзенінде Холм қаласы түбінде қорғаныс ұрыстарын, 1944 жылдың басында 2-Прибалтика майданында Пушкин таулары мен Новосокольники түбінде шабуыл ұрыстарын жүргізді. Режица (Резекне) қаласын азат еткені үшін «Режицалық» құрметті атағы берілді, Риганы босатуға атсалысқаны үшін 2-дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. 1945 жылдың көктемінде жаудың 350 мыңдық Курляндия тобын талқандау операциясына қатысты. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде дивизияның 36 адамы Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олардыц ішінде Б.Момышұлы (1990 жылы берілді), В.Клочков, М.Ғабдуллин, Т.Тоқтаров, И.Курганский, И.Шапшаев, А.Қосаев, М.Сеңгірбаев, А.Крючков, Я.Бондаренко, т.б. бар. Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы жауынгерлік табандылық пен ерліктің, Отанға шексіз берілгендіктің үлгісі ретінде тарихта қалды (қ. 28 гвардияшыл- панфиловшылар). Мыңдаған жауынгер мен командирлер, саяси қызметкерлер орден, медальдармен марапатталды. Соғыстан кейін дивизия моторландырылған атқыштар дивизиясы болып қайта құрылды. 1954 жылы дивизияның жауынгерлік даңқ мұражайы ашылды. ## Дереккөздер
Махмұт Өтегенұлы Телегусов (16 ақпан 1955, Дмитриевка а., Орынбор облысы, РКФСР) — Қазақстан Республикасының мемлекет және әскери қайраткері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының орынбасары, генерал-майор (2000 жылдан бастап). ## Өмірбаяны ## Дереккөздер
Хуго-Максимилиан «Март» Куузик (9 желтоқсан 1877, Нарва, Санкт-Петербург губерниясы — 24 тамыз 1965, Батл-Граунд, Индиана) — ресейлік және эстониялық ескекші. 1912 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.
Қазыбек, Мкинвари – Үлкен Кавказ тауларының Бүйір жотасындағы шың, Грузия мен Ресей шекарасында орналасқан. Абсолютті биіктігі 5033 м. Казбектің шығыс етегінен Әскери-Грузин жолы және Терек өзенінің аңғары өтеді. Шың конус пішінді сөнген жанартаудан тұрады. Оның іргетасы төм. юра кезеңінің тақтатастарынан түзілген. Басын көп жылдық қар мен мұзқар (фирн) алып жатыр, одан Деводорак, Чач, Суатиси, Мна, Гергет, т.б. аңғарлық мұздықтар басталады. Мұздықтардың жалпы аум. 135 км². Беткейлерін субальпілік шалғын көмкерген. Гергет мұздығында биік таулы метеорол. ст. орналасқан. Солтүстік бөлігінде Солтүстік Осетия қорығы бар. Казбек шыңы альпинизм және туризм аймағы саналады. ## Дереккөздер
Мүмін Қатын кесенесі (әз. Möminə Xatun türbəsi) — Әзербайжандық танымал сәулетші Әжәми Нахшыванидің туындысы және Нахшыван-Мараға сәулет мектебінің ең құнды ескерткіштерінің бірі. Нахшыван қаласының тарихи орталығында - Атабейлар сәулет кешенінің құрамында орналасқан. Мүмін кесенесі сол кешеннен дәуірімізге жеткен жалғыз ескерткіш болып табылады. Әжәми Нахшыванидің осы күнге дейінгі ең әдемі туындысы Мүмін Қатын кесенесі әлі күнге дейін ортағасырлық Нахшыван қаласының ұлылығын көрсетеді. ## Тарихы ## Дереккөздер
Эмиль Майриш (Stade Émile Mayrisch) — Люксембургтың Эш қаласындағы стадион. "Фола" клубы өз алаңындағы ойындарын өткізеді. Сыйымдылығы 7826 адам. ## Дереккөздер
Әйелдер арасындағы шайбалы хоккейден әлем чемпионаты  1990 жылдан бастап Халықаралық шайбалы хоккей федерациясымен ұйымдастырылатын, жыл сайынғы жарыс. ## Әлем чемпионаттар тізімі ## Жалпы медальдар саны ## Сыртқы сілтемелер * Шайбалы хоккейден халықаралық федерациясыеың ресми сайты  (ағыл.) * Шайбалы хоккейден әлем чемпионаттарының тарихы  (орыс.)
Әйелдер арасындағы допты хоккейден әлем чемпионаты (ағылш. FIB Women's Bandy World Championships) — екі жылда бір рет өткізілетін халықаралық жарыс. ## Жеңімпаздары және жүлдегерлері ## Жалпы медальдар саны ## Сыртқы сілтемелер * www.worldbandy.com Халықаралық бенди федерацияның ресми сайты
Мүмін Қатын кесенесі (әз. Möminə Xatun türbəsi) — Әзербайжандық танымал сәулетші Әжәми Нахшыванидің туындысы және Нахшыван-Мараға сәулет мектебінің ең құнды ескерткіштерінің бірі. Нахшыван қаласының тарихи орталығында - Атабейлар сәулет кешенінің құрамында орналасқан. Мүмін кесенесі сол кешеннен дәуірімізге жеткен жалғыз ескерткіш болып табылады. Әжәми Нахшыванидің осы күнге дейінгі ең әдемі туындысы Мүмін Қатын кесенесі әлі күнге дейін ортағасырлық Нахшыван қаласының ұлылығын көрсетеді. ## Тарихы ## Дереккөздер
Юлия Евгеньевна Галышева (23 ақпан 1992 жыл, Өскемен) — қазақстандық фристайлшы, 2018 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. ## Жетістіктері ### Олимпиада * Олимпиада қола жүлдегері: 2018 ### Азия ойындары * Азия ойындарының жеңімпазы: 2011, 2017 ### Универсиада * Универсиада жеңімпазы: 2015, 2017 ### Әлем чемпионаты * Әлем чемпионы: 2019 ## Дереккөздер
Мирза Мустафич ( Mirza Mustafic; 20 маусым 1998) — люксембургтік және босниялық футболшы, жартылай қорғаушы. Босния және Герцеговинаның 17, 19 жастағы құрамаларында, Люксембургтің 17 жасқа дейінгі құрамаларында ойнаған. ## Дереккөздер
78-Невел Қызылтулы танк дивизиясы (78-тд) — КСРО Қарулы Күштері Құрлық әскерлері мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің (11-Қабанбай батыр атындағы танк бригадасы — 11-тбр) құрамасы. ## Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлік жолы 78-тд-ның алдыңғы нұсқасы — 1942 жылы ақпанда құрылған 78-танк Невел Қызылтулы бригадасы (78-тбр). Ол 1942 жылы 17 қаңтардан 14 ақпанға дейін Мәскеу әскери округінде құрылды. 1942 жылы 10 ақпанға қарай полк 32 танкпен қаруланған, оның ішінде 10 КВ-1, 22 Т-34. Бастапқыда, Иваново облысының Владимир қаласында, ал 1942 жылы 6 ақпанда Мәскеуге көшірілді. Бригада 1942 жылдың 28 қаңтарында дайын болды. 14-атты әскер корпусына арналған. 1942 жылы 20 ақпанда құрылғаннан кейін Калинин майданының 4-соққы беретін әскердің қарамағына өтті. 1943 жылы 6 қаңтарда 4-соққы беретін әскердің құрамынан шығарылып, Великие Луки қаласындағы Калинин майданының 3-соққы беретін әскердің қарамағына ауыстырылды. 1943 жылдың күзінде Невел шабуыл операциясына қатысты. Осы операция кезіндегі шайқастардағы үздіктілігі үшін Жоғарғы Бас қолбасшының бұйрығымен 1943 жылы 7 қыркүйекте бригадаға «Невел» құрметті атауы берілді. 1944 жылы 4 сәуірде 2-Балтық майданының 10-гвардия әскерінің қарамағына ауыстырылды.1945 жылы 10 ақпанда 10-гвардия әскерінен шығарылып, 2-Балтық майданының 42-әскерге бағындырылды. ## Дереккөздер
Ардақ Құттықожаұлы Назаров (14 қазан 1980 жыл, Қақпақ ауылы, Алматы облысы) — қазақстандық спортшы, мемлекеттік қайраткер, Қазақстан Парламенті Мәжілісі VIII-шақырылымының депутаты, ережесіз жекпе-жектен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Азия чемпионы (2003), Еуропа чемпионы (2007). ## Толығырақ Албан руынан шыққан. * Джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы (1999, Алматы). * Ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы (2004, Хабаровск, Ресей, 2005, Сеул, Корея) және әлем кубогының иегері (2004, Хабаровск, Ресей). * Еуразияның екі мәрте чемпионы (2001, Астана, 2002,Қарағанды). Азия чемпионы (2003, Бішкек,Қырғызстан). * Еуропа – Азия матчтық кездесуінің жеңімпазы (2005, Екатеринбург, Ресей). Еуропа чемпионы (2007, Таллин). * Санкт-Петербург, Бішкек, Владивосток, Сеул қалаларында өткен халықар. турнирлердің жеңімпазы. ## Сілтемелер * Чемпион * Күрес * Бейбіт Назаров * Джиу-джитсу ## Дереккөздер
Ноғай дауысы (ноғ. Ногай давысы) — Қарашай-Шеркесияда шығатын ноғай тіліндегі республикалық қоғамдық-саяси газет. Газетте республикада болып жатқан қоғамдық-саяси оқиғалар, сондай-ақ ноғайлардың тарихы мен мәдениеті туралы ақпараттар жарияланады. Құрылтайшылары - үкімет пен Қарашай-Шеркес Халық ассамблеясы болып табылады. 1929 жылы 29 наурызда черкес тілінде шығатын облыстық «Черкес плиж» («Қызыл шеркес») газетінде ноғай тіліндегі бет бірінші рет жарияланды. Ал ноғай оқырманы ана тілінде 10 жыл бойы бет түрінде газет алды. Содан кейін 1938 жылы 23 шілдеде тұңғыш рет «Қызыл Шеркес» («Кызыл Черкес») газеті ноғай тілінде дербес шыға бастады. Ол аптасына үш рет таралымы 1000-ға жуық шағын форматты екі бетте шығарылды. Осы сәттен бастап ноғай газетінің тарихы басталды. Абдола Алақаев газеттің бірінші редакторы болды. Ол газетті 1938-1939 жылдары басқарды. Әртүрлі жылдар ішінде: А.И. Таклиев (1940-1941), К.М. Матақаев (1941-1942), А.Е-Х. Жәнібеков (1943-1948, 1963-1973), А.Е. Найманов (1948-1950), А.К. Мырзабеков (1950-1955), С.И-А. Қапаев (1955-1959), Б.А.Қарасов (1959-1963, 1973- 1987), М.И-А.Биюков (1987-2002) редактор болды. 2002 жылдан бастап газетті Атуова Алтынай Жүнісқызы басқарады. БКП (б) Шеркес облыстық комитеті бюросының 1944 жылғы 26 сәуірдегі шешімімен бұрын қолданыста болған «Қызыл Шеркес» атауы «Ленин жолы» («Ленин йолы») болып ауыстырылды. Ал осы атпен газет 1991 жылдың 27 тамызына дейін шықты. Газеттің формасы мен мазмұнын жақсарту мақсатындағы тынымсыз еңбек, ізденістер жалғасты. 1985 жылдың 20 шілдесінде «Ленин жолы» газеті апта сайын 12 бетке түрлі-түсті мұқабамен шағын форматта шыға бастады. 1980-жылдардың аяғында елде жүргізілген терең демократиялық өзгерістер «Ленин жолы» газетін де айналып өтпеді. Газетті халыққа, оның көптеген оқырмандарына одан да жақын ету үшін, ноғайлардың мың жылдық тарихы туралы толық дауыспен айту мақсатында газетке өткір мәселелер туралы жаңа атау беру туралы шешім қабылданды. ҚШР Үкіметінің 20.08.91 жылғы қаулысы негізінде газет «Ноғай дауысы» («Ногай давысы») болып өзгертілді. 2001 жылдан бастап оның атауы осылай айтылады - ММ «Ноғай дауысы» газетінің редакциясы, қазіргі уақытта РМБМ «Ноғай дауысы» газетінің редакциясы. «Ноғай дауысы» газеті — Қарашай-Шеркес Республикасының Үкіметі мен Халық Ассамблеясының баспа органы. Оның қызметі республиканың қоғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени өмірін, ұлттық ноғай тілін, мәдениетін, дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтап, дамытуға бағытталған. ## Тағы қараңыз * Дала дауысы — Дағыстанда жарияланатын ноғай тілді газет. * Ноғай ауданы — жарияланатын жері. ## Сілтеме * Ресми сайты — http://nogay-davysy.ru * Инстаграм — https://www.instagram.com/nogay_d/ * E-mail — [email protected]
Арон Атабек Нұтушев (31.05.1953, Нарын-Худук, Лиман ауданы, Астрахань облысы, Қалмық КСР, РСФСР - 24.11.2021) — қазақстандық оппозиция жетекшісі, ақын, публицист, саяси белсенді, тәңіршілдіктің қайта жандануының идеологы. Шаңырақ ықшам ауданындағы жаппай тәртіпсіздікті (2006 жыл) ұйымдастырғаны үшін және полицияны өлтіруге, сондай-ақ тұтқында кепілгер ұстағаны үшін деген баптармен айыпталған. ## Өмірбаяны Арон Нұтушев 1953 жылы 31 қаңтарда Қалмақ АКСР совхоз төрағасының отбасында дүниеге келген. Байұлы тайпасының Беріш руының Есенқұл бөлімінен шыққан. Атабектің атасы қуғынға ұшырап, атылып кеткен. Әкесі Қазақстанды (Гурьев облысы) ерте жастан ашаршылық кезінде тастап, ГУЛАГ-тан аман қалды. Босатылғаннан кейін бұрынғы аман алып қалған досын еске алып, үлкен ұлын Арон деп атады. Атабек Қазақстанға алғаш рет (1971 ж.) 18 жасқа толғанда келді. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1974). Оқуды бітіргеннен кейін Ленинград мемлекеттік университетінің моңғолистика және түркология кафедрасында аспирантурада оқыды, содан кейін Госкино және "Мектеп" баспасында редактор болып жұмыс істеді, бірқатар Алматы университеттерінде сабақ берді. Ақын, публицист, аудармашы ретінде қызмет етті, кино мәселелері туралы сыни мақалалар, сондай-ақ түркология мәселелері бойынша жұмыстар жазды. Сол жылдардың өзінде "Атабек" лақап атын қолданған. ## Саяси өмірбаяны 1986 жылы Алматыда қазақ жастарының Желтоқсан көтерілісіне қатысқан (Желтоқсан-86). Кейін 2 жыл бойы Қазақстанның түкпірінде жасырынуға мәжбүр болды. 1989 жылдың сәуірінде "Саяси талаптар. КСРО халық депутаттарының 1 съезіне хат" тарихи құжатын ұйымдастырушы. Хатта мынадай талаптар қойылды: a) 1986 жылғы желтоқсанда болған толқуларға байланысты КОКП ОК Саяси Бюросының саяси бағалауын қайта қарау және наразылықтың барлық қатысушыларын босату; b) Қазақстанға мемлекеттік егемендік беру. 1989 жылдың тамызында Атабек Қазақстандағы алғашқы "Жерұйық" Қазақ ұлттық-патриоттық қоғамын ұйымдастырды. 1989 жылдың қарашасында "Жерұйық" қоғамының атынан Алматы қаласының қалалық атқару комитетіне 1986 жылы Алматыда болған желтоқсан оқиғаларының құрбандарын еске алу үшін тризнаны өткізуге рұқсат беру өтінішімен жеке өзі өтініш берді. Ол қуғындалып, "Жерұйық" қоғамы таратылды. 1989 жылы 13 желтоқсанда А.Атабек пен "Жерұйық" пен "Желтоқсан" серіктестерінің бастамасымен мединститут ғимаратында желтоқсан оқиғаларының құрбандарын еске алу мақсатында алғашқы митинг өткізілді. 1989 жылғы желтоқсаннан 1990 жылғы қаңтарға дейін Алматыда желтоқсанның 3 жылдығына арналған митингілер өтті. 1989 жылдың желтоқсанында 12 бейресми ұйым көшбасшыларының құрамында ҚКП бірінші хатшысы Н. Назарбаевтың қабылдауында болды, онда ол "Съезге хатта" айтылған саяси талаптарды жалғыз қойды. 1990 жылдың қаңтарында Н. Назарбаевтың жастармен кездесуі кезінде, АХБК Мәдениет сарайында тарихта алғаш рет желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алуды талап етті; бұл ретте залдың жартысы көтерілді, екінші жартысы — шенеуніктер мен белсенділер отыруды жалғастырды; Н.Назарбаевтың өзі көтерілгеннен кейін ғана қалғандары да орнынан тұрды. Шет елдерге қоныс аударуы 1990 жылдың сәуірінде "Алаш" ұлттық тәуелсіздік партиясының құрылғаны туралы жариялап, оның төрағасы болады. Аттас атауы бар заңсыз газет шығарып, Алматыдағы бірқатар ірі саяси манифесттердің ұйымдастырушысы болады. 1991 жылы қуғын-сүргіннің салдарынан Атабек Мәскеуге кетуге мәжбүр болады, онда "ХАҚ" саяси газетін шығаруды жолға қояды және "Алаш және қазақ ұлты" кітапшасын шығарады. Атабек өзінің газетінде диссидент Кәрішал Асановтың "халық тағдыры туралы ойлар немесе егемендіктің елесі туралы сөз", Самиздат кітабынан "Президенттің күлкісіне сенбеңдер"деген атпен үзінділер жариялады. 1991 жылы "Алаш" партиясы Ислам фракциясының мүшелері бірінші басшы болмаған кезде Қазақстанның мүфтиі Рәтбек Нысанбаевты қызметінен ығыстыруға әрекет жасайды, соның нәтижесінде бірнеше алаштықтар тұтқындалады. Атабек Ислам фракциясының күрес әдісімен бөліспей және "төңкерісті" саяси қателік ретінде белгілей отырып, тұтқындалған исламистерді, "Алаш"партиясының мүшелерін босатуға бірқатар әрекет жасауда. Оның бастамасымен және оның қаражатына Мәскеуден үш адвокат келді, тағы екеуін Әзірбайжан Халық майданы жіберді; отандық, мәскеулік және шетелдік БАҚ пен құқық қорғау ұйымдары жұмылдырылды; РКФСР Жоғарғы Кеңесі төрағасының орынбасары Рамазан Абдулатиповтан Президент Назарбаевқа алаштықтарды кешіру туралы өтініш хат алынды. 1992 жылы наурызда Атабек Мәскеудегі жеке пәтерінде мәскеулік ОМОН-ның және қазақстандық екі өкіл: Бас прокуратураның аға тергеушісі Қошанов пен ІІМ полковнигі Семеновтың күшімен тұтқындалады. Атабекке екі баппен айып тағылды: а) мүфти Р.Нысанбаевтың өмірі мен денсаулығына қастандық жасауды ұйымдастыру; б) белгілі диссидент Кәрішал Асановтың Президент Назарбаевқа нұқсан келтіретін фактілермен мақаласын "ХАҚ" газетінде жариялау. Атабекті қол кісендерімен Мәскеуден Алматыға апаруға әрекет жасалды. Алайда Ресей мен шет елдердің демократиялық және Ислам қоғамы танымал диссидент ақынды қорғауға келді. Нәтижесінде Атабек уақытша Мәскеуде қалып, Ресейден бір айға кетуге бұйрық берді. Сауд Арабиясы, АҚШ және Германия саяси баспана ұсынды. Кейінірек Атабек былай деп жазады: (дәйексөзден үзінді) 1992 жылы сәуірде Атабек Әзірбайжан президенті Абульфаз Ельчибейден ресми шақыру алып, отбасымен және бірнеше адал серіктерімен Бакуге кетті. Қазақстан мен Әзірбайжан тараптары бірқатар келіссөздер жүргізеді, нәтижесінде Әзірбайжан саяси баспана беру бойынша өз міндеттемелерін орындамайды. Саяси эмиграцияға мәжбүр болған Атабек "Түркістан" комитетін құруға бастамашы болады (оның құрамына Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан және Түркіменстаннан келген оппозиционер-эмигранттар кірді), Қарабақ пен Шешенстан бойынша инспекторлық сапарларға қатысады. Түркияның Анталья қаласында өткен Түркі халықтарының Бірінші Дүниежүзілік құрылтайына қатысады. 1993 жылы Әзірбайжанда билікке келген г. Алиева Атабек Әзірбайжаннан кетіп, бірнеше ай бойы әйелі мен кішкентай балаларымен Солтүстік Кавказ аумағында болды. Сол жылы Мәскеуге келеді. Отбасы Алматыға туыстарына көшіп келеді, Атабектің өзі бірнеше жылын Ресейде өткізеді. Тек 1996 жылы ғана Атабек Қазақстанға оралады. Елге оралуы 1996 жылдан 2002 жылға дейін Атабек саяси қызметпен айналыспайды, алайда одан әрі қудалау мен тұтқындау мүмкіндігін жоққа шығармайды. Тұрақты табысы мен құжаттары жоқ ол жалдамалы пәтерлер мен саяжайларға тұрақтап жүруге мәжбүр болды. 1998 жылы Атабек өзінің өлеңдер жинағын шығарады. 1998-2000 жылдары "Құл-тегин ескерткіші" (Б.з. д. 732 жылы) — ежелгі түркі поэзиясының стеласын орыс тіліне аударумен айналысады. Ғылыми түсініктемесі бар бірегей Поэтикалық аударма (бұған дейін в.Томсен, в. Радлов және т. б. ғылыми проза жанрындағы аудармалар белгілі) "Йоллығ-тегин. Құл-тегин ескерткіші" 2000 жылы достарының қаражатына жарық көрген. 2003 жылдан 2005 жылға дейін "Абай поэзиясын сүйетіндер халықаралық клубы" жанындағы "Amanat"әдеби журналында редактор болып жұмыс істейді. 2004 жылы Қазақстанның саяси өміріне белсене араласып, "қазақ ұлты"қоғамының ұйымдастырушысы және төрағасы болды. ҚДТ және басқа да оппозициялық партиялардың бірқатар акцияларына қатысады. 2005 жылдың наурыз айында Атабек Қазақстанның Халық майданы "Қазақ мемлекетін" ұйымдастырды. Сол жылдың маусым айында үйсіз қазақтардың құқықтары үшін қозғалыстың бастамашысы болып, Әйгерім, Шаңырақ, Бақай, Ұлжан және т.б. шағын аудандарындағы өзқұрылыс алаптары үшін, сондай-ақ күштеп көшіруге ұшыраған (Нархоз, АХБК және т. б.) жатақханалар тұрғындары үшін "ұжымдық өзін-өзі қорғау" жүйесін құрады. Арон Атабек Едігеев тегімен жаңа құжаттар алады (Бұрынғы  тегі Нұтушев болатын). ## Шаңырақ ықшам ауданындағы үйлерді қорғау оқиғасы 2006 жылдың 2 мамырында Атабек Бақай ауданында заңсыз салынған үйлерді қорғауға қатысып, ОПОН қызметкерінің таяқпен ұруынан тізе жарақатын алған. Ғимараттарды қорғау әрекеті сәтсіз аяқталады - сол жылдың 7 шілдесінде билік 500-ге жуық үйді бұза алды. Журналистер алдында сөйлеген сөзінде Атабек жұртшылықты өз бетімен салынған ғимараттар мен жатақханалар мәселесіне құлақ асып, билікті тұрғын үйлерді бұзуға мораторий жариялауға шақырды. ҚР Парламентінің депутаттарына 20 минуттық деректі фильм көрсетілді. Үйлерді бұзу талпынысы аудан тұрғындарының полицейлермен және арнайы жасақ әскерлерімен қақтығысына ұласты, нәтижесінде тұрғындардың кепілдікке алған учаскелік полицей үстіне бензин құйылып өртенді. Полицей 12 тәуліктен соң күйіктен ауруханада көз жұмды. Билік пен шаңырақ тұрғындары арасында медиатор рөлінде болған және ОПОН жасағының кезекті шабуылының нәтижесінде бас сүйек-ми жарақатын алған Арон Атабек өзінің серіктерімен Алматы қаласының Қалқаман ауруханасына жеткізілді. Алайда, Атабекті ауруханаға жатқызудан бас тартылды, 2006 жылғы 14 шілдеде шаңырақта азаматтық зардап шеккендерді ауруханаға жатқызуға жасырын тыйым салынғандықтан, Атабекті ұстау ауруханада жүргізілді, бірақ ауыр жағдайды ескере отырып және достарының сендіруімен Атабек әлі де қаладан шықпау шартымен уақытша босатылды. Медициналық көмек болмаған кезде жараланған Атабекке күтім жасауды туыстары үйде жүзеге асырды. 2006 жылдың 17 шілдесінде Арон Атабек куәгер ретінде жауап алуға шақырылды, бірақ ешқашан ІІББ ғимаратынан шығарылған жоқ. Арон Атабектің полицейдің өліміне кінәлілігі дәлелденбеді. Алайда бұған қарамастан 2008 жылдың 5 қазанында Алматы қалалық соты Аронды 18 жылдық қатаң режимге соттады, тек 15 жылын ғана өтеді, бостандығынан айыру уақыты 2006 жылдың 17 шілдесінде басталды, 1 қазан 2021 жылы мерзімінен бұрын түрмеден босатылды. Құқық қорғаушылар Аронды саяси тұтқын деп мойындайды, ал сот процесі мен үкімді саяси тапсырыс деп бағалайды. Аронның өзі кінәсін мойындамады және кешірім сұраудан бас тартты. Атабек өтеген мерзімінің жартысынан көбін карцер жағдайында және колониялар мен түрмелерде жалғыз қамауда өткізді. Оқшауланғанына қарамастан, Арон Атабек адам құқықтары, саяси режим және ҚР пенитенциарлық жүйесі тақырыптарында өлеңдер мен мақалалар жазуды жалғастырды. Әдетте, жарияланымдар кейінгі сотпен және күшейтілген ұстау түрмесіне ауыстырумен сәйкес келді. Осылайша, Атабекті Қаражал қаласының көшпелі соты "Әкімшілікке бағынбағаны үшін" Қазақстанда Президент режімін сынаған мақалалар мен өлеңдер интернетте жарияланғаннан кейін 2009 жылғы қарашада жалпы мерзімін өзгертпей, аса қауіпті қылмыскерлер қатарына саналып 2 жылға бас бостандығынан айырды. Қолжазба интернетте жарияланғаннан кейін 2012 жылдың қараша айында "мүлікке қасақана зиян келтіргені" үшін қайта сотталды. 2013 жылдың қазан айында Қарағанды облысының кассациялық сотының шешімімен екінші 2 жылдық жаза мерзімі жойылды. 2014 жылдың сәуір айында АП-162/1 мекемесіне әкетілді, онда айып изоляторында ұсталды. ҚР билігіне Арон Атабекті қорғау мақсатында Халықаралық ПЕН-клубы және оның Еуропадағы бөлімшелері жүгінді. Халықаралық Амнистия ақынның түрмедегі жағдайына алаңдаулы болды. Бас бостандығынан айыру орындарының тізімі және онда болған жылдары * 2006-2008 жылдар кезеңінде Алматы қаласындағы уақытша ұстау изоляторы; * АК-159/22 мекемесінде Қаражал қ., айыппұл изоляторы (АОО), камералық үлгідегі үй-жай (ККТ), карцер, 2008-2010 жж., 2012 ж., 2013 ж. кезеңінде күшейтілген ұстау стационары (СОС) ; * УК-161/12 мекемесі Арқалық қ. "ПЛС" корпусы (өмір бойы бас бостандығынан айыру ), бір адамдық камера, тәулік бойы бейне-бақылау, 2010-2012 жж., 2013 ж. кезеңінде мерзімін өтеген.; * Астана қ. тергеу изоляторы (2010 ж., 2012 ж.), Қарағанды қ. (2008 ж., 2013 ж.) — қайта жіберілген түрмелер — айып изоляторы, карцер; * 2014 жылдың сәуір айынан бастап Павлодар қ. АП-162/1 мекемесі, айып изоляторы, жеке камера. ## Түзету мекемесінен шығуы 2021 жылы 18 тамызда Павлодар облысындағы АП-162/1 түзету мекемесінде өтеп жатқан Арон Атабекке ҰААТ (ұлттық алдын алу тетіктері) қатысушылары 18 тамыз күні барып азаматтық белсендінің халін білді. Оның адам аярлық күйге түскен суреті әлеуметтік желілерге тарап кетті. 2021 жылдың қазан айының 1-і күні, қайтыс болардан 54 күн бұрын денсаулығына байланысты түрмеден босатылып, Алматыға ұшып, өз үйіне оралды. ## Қайтыс болуы Арон Атабек Нұтушев 2021 жылы 24 қарашада жүрек тоқтауыдан қайтыс болды. Алматы қаласындағы Бағанасыл зиратында жерленген. ### Қайтыс болғаннан кейінгі сауықтыруы Арон Атабек қайтыс болғаннан кейін оның қызы Алма Нұтушева Қазақстан Президентінің атына Шаңырақ оқиғасы бойынша істі қарауды және әкесін қайтыс болғаннан кейін сауықтыруды талап етіп петиция мен үндеу жариялады. ## Таңдаулы шығармалары * Йоллыг-Тегин. Памятник Куль-Тегина. — Алматы: Кенже-пресс, 2000. * Тәңіршілдік - қазақтардың ұлттық өз-өзін тану негізі (орыс тілінде) “Безнен юл. газеті N1 февраль. 2006 г. Набережные Челны ## Сілтемелер ## Дереккөздер * "Былтыр ширақ еді, қазір өлім туралы айтады". Құқық қорғаушылар Арон Атабекпен кездесті * "Диссиденттен саяси тұтқынға айналды". Арон Атабек және Шаңырақ оқиғасы". * Арон Атабекті босатуды сұраған үндеуге ресейлік құқық қорғаушылар да қосылды. Нұр-Сұлтан үнсіз * Ақын-жазушылар Тоқаевтан Атабекті босатуды сұрайды. Ал диссидент "екі қолын көтере алмайды"
Дала дауысы (ноғ. Шоьл тавысы) — Дағыстанда шығатын ноғай тіліндегі қоғамдық-саяси газет. Газетте Дағыстанда болып жатқан қоғамдық-саяси оқиғалар, сондай-ақ ноғайлардың тарихы мен мәдениеті туралы ақпараттар жарияланады. Газет аптасына бір рет 8 беттен шығады. 1931 жылы «Қызыл байрақ» («Кызыл байрак») деген атпен құрылған. Ол бастапқыда латын әліпбиінде, ал 1938 жылдан кириллицада басылды. 1966 жылы «Дала шамшырағы» («Шоьллик маягы») деп аталды, ал 1991 жылдан бастап газет қазіргі атауын алды. 1931 жылы 10 қарашада Қараноғай ауданының Тереклі Мектеп аудан орталығында, БКП (б) мен ДАКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының шешімімен «Қызыл байрақ» газетінің ноғай тілінде басылуы ұйымдастырылды. Алғашқы ұлттық баспасөзге жергілікті жерлерде кеңес өкіметін нығайту, бұқара арасында коммунистік идеологияны, елдегі социалистік құрылысты насихаттау, ұжымдық шаруашылықты ұйымдастыру және сауатсыздықты жою міндеттері жүктелді. Алғашқы жылдары газет шығару жауапкершілігі Қараноғай РК БКП(б) жұмысшылары Б. Заров пен Назаровқа жүктелді. 1934 жылы 15 қарашада аудандық партия комитетінің нұсқаушысы Әбдул-Мәжит Әжібаев газеттің бірінші редакторы болып тағайындалды. Әртүрлі жылдар ішінде газетті көрнекті кеңес және партия қызметкерлері, қалам қайраткерлері К.Муллаев, Д.Курмиев, Әбледий Әлимов, Б.Әжігелдиев, М.Отаров, О.Мырзалиев, К.Кокоев, К.Оразбаев, А.Юсупов, Әли Әлимов, С.Рахмедов, К.Юмартов, Д.Адисов, М.Авезов басқарды. 1966 жылы газет «Дала шамшырағы» («Шоьллик маягы») болып өзгертілді. Ал 1991 жылы «Дала дауысы» («Шол тавысы») деген жаңа атпен шыға бастады. 1996 жылдан бастап газетке ресми түрде республикалық мәртебе берілді. Оның құрылтайшылары ДР Халық Ассамблеясы мен ДР Үкіметі болды. 2015 жылдан бастап құрылтайшы — ДР Үкіметі болып келеді. 1993 жылдан бастап газетті Дағыстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Ресей Федерациясы Журналистер одағының мүшесі Магомет Жанмырзаұлы Қожаев басқарды. 2015 жылдың маусымынан бастап газеттің бас редакторы — Қожаева Елмира Жүнісқызы. ## Тағы қараңыз * Ноғай дауысы — Қарашай-Шеркес Республикасында шығарылатын ноғай тілді газет. ## Сілтеме * Ресми сайты — https://golosstepi.ru * Инстаграм — https://www.instagram.com/golosstepi_ * Фейсбук — https://www.facebook.com/groups/1502650386702132 * ВКонтакте — https://vk.com/gstepi
Динара Диканбаева (11 мамыр 1982 жыл, Алматы) — қазақстандық шайбалы хоккейші. 2003 жылғы Қысқы Азия ойындарының чемпионы. 1999 жылғы Қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері. 2002 жылы Қысқы Олимпиада ойындарына, 2000, 2001, 2003 жылдары әлем чемпионатына қатысты. ## Өмірбаяны Алматының ЦСКА клубында ойнаған. 2002 жылғы Қысқы Олимпиадаға барған жалғыз қазақ қызы. Қазақстан құрамасының құрамында үш рет әлем чемпионатына қатысты. 2000 жылы турнирде 5 кездесу өткізіп, бірінші дивизионның алтын медалін жеңіп алды. 2001 жылы 5 кездесуде жоғарғы дивизионда 3 (2 + 1) ұпай жинады. 2003 жылы бірінші дивизионның күміс жүлдегері болды, 5 кездесуде Дикамбаева 2 нәтижелі пас берді. ## Дереккөздер
Жібек Арапбаева (8 желтоқсан 1991 жыл, Шымкент) — қазақстандық фристайлшы (акробат дисциплинасы), 2010, 2014 жылдары қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан. 2011 жылғы Қысқы Азия ойындары мен 2017 жылғы Универсиаданың күміс жүлдегері. 2008 жылдан бастап халықаралық жарыстарға қатысты. 2010 жылғы Олимпиадада 23-орында қалды. 2012 жылы Украинада өткен Еуропа кубогында күміс жүлдені иеленді. 2014 жылғы Олимпиадада 14-орында қалды.
Зарина Рахимовна Тухтиева (18 маусым 1987 жыл, Алматы) — қазақстандық шайбалы хоккейші, шабуылшы, 2007 және 2011 жылғы Азиада чемпионы. Қазақстан Әйелдер құрамасында ойнаған. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. ## Өмірбаяны 12 жасында коньки спортымен, 13 жасында хоккеймен айналыса бастады. Алғашқы бапкері — Валентина Анатольевна Кулькина. Алғашқы ойнаған клубы - "Жұлдыз". Кейін "Айсұлу" клубына ауысып, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы атанды. Осы клуб сапында Еуропа чемпиондар кубогына қатысты. 2013 жылы Қазақстанның үшінші қысқы спартакиадасында топ жарды. Әйелдер хоккей лигасында "Батыс" құрамасында ойнады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Зарина - жеке бапкер
Қадрия Оразбайқызы Темірболатова (ноғ. Кадрия Оразбай кызы Темирбулатова; 14 желтоқсан 1948, Тереклі Мектеп, Қараноғай ауданы, Грозный облысы, РКФСР — 30 маусым 1978, Махачқала, Дағыстан АКСР, РКФСР) — ноғай тіліндегі «Таулар жазықтан басталады», «Жол», «Сақталған жұлдыздар» өлеңдер кітаптарының авторы. 1975 жылы шыққан «Айдың күлкісі» кітабын орыс тіліне аударғаны үшін ДАКСР Ленин комсомолының республикалық сыйлығымен марапатталды. Ноғай тіліне М. Лермонтов, В. Маяковский, Н. Хикмет, Р. Ғамзатов және т.б. өлеңдерін аударды. ## Өмірбаяны Қадрия Оразбайқызы 1948 жылы 14 желтоқсанда Ресейдің Дағыстан АКСР-нің Ноғай облысы Тереклі Мектеп ауылында шопан отбасында дүниеге келген. Қадрияны 1954 жылы бес жасқа толмаған кезінде өз ауылындағы орта мектептің бірінші сыныбына қабылдады. Сол жылдары балаларды бірінші сыныпқа 7 жастан бастап қабылдайтын. Сондықтан Қадрия сыныптастарына қарағанда әрі жас, әрі бойы биік болды. Соған қарамастан, өзінің өткір қабылдауымен және терең ақыл-парасатымен сыныптастарының арасында ерекшеленіп, мұғалімдерінің сүйіктісіне айналды. 1965 жылы Тереклі Мектеп ауылындағы орта мектепті бітірген соң, Хамзат Садаса атындағы Махачкала мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түседі. Университеттің үшінші курсын КСРО-да беделі зор авар ақыны Расул Ғамзатовтың кепілдігімен бітіргеннен кейін Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтына оқуға жіберілді. Жойылып бара жатқан халықтың бір қызының жетістігі, тіпті, орыс жастарының арасында сүйіспеншілікке бөленсе де орыс шовинистерін алаңдатты. Ол бір жағынан марапатталғанымен, екінші жағынан, партияның жетекші қызметкерлері, үкіметті жақтаушылар, сыйлық алған жазушылар мен ақындар, МҚК шенеуніктері оған «ескертулер» мен бүркемелі қоқан-лоқы көрсетті. Ал Кадрия болса, кез келген қауіптен қашпай, «ескертулерді» тыңдамайды. Ресми орталарда айтылғандардың байрақ етіп, өз ұлтының құқығын қорғауға тырысады. 1978 жылы Мәскеуде КСРО жазушыларының съезіне және Ташкентте өтетін Азия-Африка ақындарының форумына қатысуға жіберілді. Оның есімі 1978 жылы шілдеде Кубаның Гавана қаласында өтетін XI Дүниежүзілік жастар фестиваліне қатысатын делегация құрамында болды. Бірақ бұл сапар нәсібесіне жазылмаған болатын. Ол 30 жасқа толмаған кезде қайғылы жағдаймен дүниеден өтті. Сондай-ақ, 1978 жылы 30 маусымда түсте оның күйген денесі үйінен табылды. Анықталғандай, оны өлтіргеннен кейін денесін басқаларды қорқыту үшін өртеп жіберген. КСРО ыдырағаннан кейін бұл қатыгез қылмысты МҚК ұйымдастырғаны белгілі болды. Алайда Шешенстандағы ресейліктерге қарсы қозғалыстан қорыққан шенеуніктер бұл мәселені қайтадан жауып, Дағыстан Республикасында МҚК мұрағаттарының ашылуына тосқауыл болды. ## Туындылары * «Дала шамшырағы» * «Туған жерім» * «Таулар жазықтан басталады» * «Жол» * «Жастық әуендері» * «Таңғажайып» * «Айдың күлкісі» * «Сақталған жұлдыздар» * «Замандас» * «Махаббат туралы аңыз» ## Естелік * Йалова түрік қаласында, Чіфлік ауданындағы көшелердің біріне Қадрияның аты берілген. * Расул Ғамзатов Қадрияның құрметіне аттас өлең арнады. ## Сілтеме * Махачқала қаласында «Қадрия» филімінің тұсаукесері өтті Мұрағатталған 22 маусымның 2020 жылы. * «Жұлдыздар сөнбейді» * Дағыстан ақын қызының естелігі Түркиядағы ноғай диаспорасын біріктірді * «Бұл тапсырыс болды». Қадрия Темірболатованы аяусыз өлтіру. 40 жыл өткен соң * «Ноғай даласының сайраған жүрегі» ## Дереккөздер
Зарина Рахимовна Тухтиева (18 маусым 1987 жыл, Алматы) — қазақстандық шайбалы хоккейші, шабуылшы, 2007 және 2011 жылғы Азиада чемпионы. Қазақстан Әйелдер құрамасында ойнаған. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. ## Өмірбаяны 12 жасында коньки спортымен, 13 жасында хоккеймен айналыса бастады. Алғашқы бапкері — Валентина Анатольевна Кулькина. Алғашқы ойнаған клубы - "Жұлдыз". Кейін "Айсұлу" клубына ауысып, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы атанды. Осы клуб сапында Еуропа чемпиондар кубогына қатысты. 2013 жылы Қазақстанның үшінші қысқы спартакиадасында топ жарды. Әйелдер хоккей лигасында "Батыс" құрамасында ойнады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Зарина - жеке бапкер
Тура Бергер (норв. Tora Berger; 18 наурыз 1981 жыл, Рингерике, Бускеруд) — норвегиялық биатлоншы, екі дүркін Олимпиада чемпионы (2010, 2014), сегіз дүркін әлем чемпионы. 2014 жылы карьерасын аяқтады. ## Дереккөздер
Жанқұлиев Әзімбек (1962 жыл, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Шахан ауылы — 10 қыркүйек 2003 жыл) — айтыс ақыны. КазҰУ-ды бітірген. Жанқұлиев айтыскер ақын ретінде 1984 жылдан бастап танылды. Көптеген айтыстардың жүлдегері. ## Өмірбаяны Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. Әзімбек Жанқұлиев 1962 жылы 10 қыркүйекте бұрынғы Свердлов (қазіргі Байзақ) ауданындағы Чапаев атындағы кеңшардың Шахан ауылында туып-өскен. Ол жастайынан қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өлең жазумен әуестенген. 1980 жылы орта мектепті бітірген соң, әскер қатарына шақырылып, 1981 – 1983 жылдары Ауғанстандағы соғысқа қатысқан. Ондағы көрсеткен ерліктері үшін бірнеше медальдармен марапатталған. Әскерден келгеннен кейін Әзімбек Жанқұлиев аудандық мәдениет бөлімінде қызмет ете жүріп, аудандық, облыстық ақындар айтысына қатысады. Міне, осы кезден бастап ол айтыс өнеріне шындап біржола бет бұрып, айтыс өнерінің өркендеуіне өзіндік жол салады. Әзімбек Көпенұлы 1986-1987 жылдары өткізілген облыстық айтыста жүлделі бірінші орынды қанжығасына байлап, Қызылордадағы комсомол жастардың жыр айтысында лауреат атанады. Ал 1989 жылы республикалық айтыста ерекше көзге түсіп, бас бәйгені иеленді. Осыдан соң ол айтыскер ақын ретінде жұртшылыққа кеңінен таныла бастады. Сол жылы Әзімбектің тағы да жолы болып, Семейде өткен «Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков» атындағы жүлдені жеңіп алған. ## Есте сақтау 2010 жылы Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылынан арнайы көше берілді. Сонымен қатар, соңғы жылдары ауданда, облыста ақындар айтысы, жыр мүшәйрасы тұрақты түрде өтіп тұрады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Алып Арслан, сондай-ақ Мұхаммед ибн Дәуіт (араб.: ألب أرسلان‎, толық аты — Зийаддин уә Әдуд ад-Даула уә Тадж әл-Міллә Әбу Шужа Мұхаммед Алып Арслан ибн Дәуіт 20 қаңтар 1030 – 15 желтоқсан 1072) — Селжүк мемлекетінің билеушісі, сұлтан, қолбасшысы. Билік басына келгеннен бастап (1063 жылдан) астанасын Үзкенттен Самарқанға көшірген (1040–1063). Қарахан әулетіне қарсы жорықтар жасаған. Гүржістанды, Әзірбайжанды, Арменияны, Орта Азияны жаулап алу үшін жорықтар жасаған. Әмудария жағасындағы Термез бен Балх қалалары үшін шайқастар жүргізді. Хутталян, Чаганиан иеліктеріне шапқыншылық жасады (1064–1065). Алып-Арсланның әскері Сауран, Жентке (Сыр бойы) дейін жетті. 1071 жылы 26 тамызда Византия императоры Роман ІV Диогеннің әскерін Шығыс Түркиядағы Ван көлі маңында тізе бүктіріп, Византияның Кіші Азиядағы жерлерін басып алды. Мұнда кейіннен Коний сұлтандығы құрылды. Оның тұсында мелекетті уәзір Низам әл-Мүлк басқарды. 1072 жылы Бұхар ханы Шамсимүлікке қарсы жорық жасады. Нәтижесінде салжұқ жасағы ойсырай жеңіліп, Алып-Арслан қаза тапты. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Жел электр станциясы (ЖЭС) немесе Жел паркі - жел ағынының басқарылмайтын кинетикалық энергиясын электр энергиясына айналдырады. ЖЭС екіге бөлінеді: тұрақты және айнымалы кернеу жел электр станциялары. Тұрақты кернеу жел электр станциясының шығысындағы кернеу, генератор өндіретін кернеу тегіне қарамастан, тұрақты болады. Керісінше жағдайда, айнымалы кернеу жел электр станциясы деп аталады.ЖЭС-тің негізгі арналуы — ұлттық энергетикалық тораптардан алыс орналасқан тұтынушыларды және ауыл шаруашылығы нысаналарын электр энергиясы мен сумен жабдықтау. Басты артықшылығы — қоршаған ортаны ластамайды, қуат көзі (жел) ешқашан сарқылмайды. ## Тағы қараңыз * Жел энергетикасы қондырғысы
FlyArystan — 2019 жылдың мамыр айында қызметін бастаған алғашқы қазақстандық лоукостер. Әуекомпания тек Қазақстан емес, сонымен қатар Орталық Азия мен ТМД елдеріндегі алғашқы лоукостерлердің бірі саналады. Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. FlyArystan-ды құру идеясы «Air Astana» АҚ бастамасымен 2018 жыл бойы талқыда болды. 2018 жылдың 2 қарашасында идеяны бірлескен акционерлер және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мақұлдады. Акционерлер қатарында «Air Astana» АҚ, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, BAE Systems британдық компаниясы болды. 2024 жылы FlyArystan қазақстандық авиациялық заңнамаға және халықаралық пайдалану стандарттарына сәйкестігін растайтын Қазақстанның авиациялық әкімшілігінен (ҚАӘ) өзінің тасымалдаушы сертификатын (AOC) алды. Бұл FlyArystan-ға IATA кодын алуға, сол арқылы өзінің сыртқы нарықтардағы қатысуын кеңейтуге және басқа әуекомпаниялармен ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді. FlyArystan «Air Astana» АҚ-ның 100% еншілес компаниясы болып табылады. ## Лоукост моделі FlyArystan классикалық лоукостер моделін ұстанады, яғни, төмен тарифтермен қатар, тек жолаушылардың жеке қалауы мен қажеттіліктеріне сәйкес ақы алады. FlyArystan-ның басты ұстанымы  – жоғары сапалы қызметтерді төмен бағада ұсыну. Лоукостер барлық қызмет көрсету мен қауіпсіздік стандарттарын ұлттық әуетасымалдаушы деңгейінде сақтайды. ## Нарық пен әуекомпаниялардың өсуі 2018 жылдан бастап Қазақстанда ішкі әуе тасымалдар нарығы 55%-ға өсіп, сатылған билеттер саны 9,3 млн жетті. 2023 жылғы жағдай бойынша FlyArystan ішкі тасымалдау нарығының 37%-ын алады, бұл топтың нарықтағы үлесін 2018 жылғы 52%-дан 2023 жылы 67%-ға дейін ұлғайтты. 2019 жылы FlyArystan қызметін бастағаннан бері әуекомпания жолаушылар санын 5,1 есе - 3,6 миллионға, ал кірісті 2023 жылы 10 есе - 278 миллионға дейін арттырды. ## Маршруттық желі FlyArystan рейстері 2019 жылдың мамыр айында Алматыдан Астанаға, Таразға, Оралға, Қарағандыға, Павлодарға, Шымкентке және кері қарай алты бағыт бойынша екі борттан басталды. 2019 жылдың тамызында бағыттар саны көбейе бастады. Қазір әуекомпания ауқымды маршруттық желі бойынша рейстерді орындайды. Бағыттардың жалпы саны компания іске қосылған сәттен бастап 2,3 есеге өсті, ал Airbus A320 ұшақтарының қазіргі паркі Алматы, Астана, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларында орналасқан. Бюджеттік тасымалдаушының маршруттық желісі Қазақстан бойынша 14 ішкі рейсті және Грузия, Әзірбайжан, Түркия, Үндістан, БАӘ, Катар, Өзбекстан және Қытай елдеріне халықаралық бағыттарды қамтиды. Әуекомпания бағыттарының тізімі (2024 жылғы маусым): ## Әуе флоты 2024 жылдың маусым айының басында FlyArystan әуе флоты 180/188 орындық 20 Airbus A320 типті ұшақтардан тұрады. Бұл FlyArystan 2019 жылы іске қосылғаннан бері 5 есе көп. Ұшақтардың қызмет ету мерзімі шамамен жеті жылды құрайды, бұл FlyArystan-ды Қазақстандағы ең жас әуе кемелеріне ие әуе тасымалдаушы етеді. Борттар шоқжұлдыздар мен жұлдыздардың құрметіне олардың атауларын алады: Leo, Aquila, Orion, Apus, Delphinus, Hercules, Pyxis, Sagitta, Draco, Vega, Rigel. Дәстүр бойынша әуекомпаниясы жаңа борт атауын таңдау мүмкіндігін өз жолаушыларына ұсынады. ## Басқарма 2024 жылғы маусымнан бастап «FlyArystan» АҚ президентінің міндеттерін Ричард Леджер атқарады. Ол «Air Astana» АҚ қызметкерлері қатарына 2006 жылы қосылып, бұған дейін Батыс Еуропа және Америка өңірлерінде «Air Astana» АҚ өңірлік менеджері қызметін атқарған. ## Маңызды оқиғалар * 2022 жылы Алматы халықаралық әуежайында алғаш рет жолаушыларға толық қызмет көрсететін iJan терминалдары орнатылды. Оның көмегімен жолаушылар рейстерге өздері тіркелуге, жолжүкті тіркеуге және кезектердің жиналуын болдырмай, уақытты үнемдей отырып, қосымша қызметтерді сатып алуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта мұндай өзі-өзіне қызмет көрсету терминалдары әуетасымалдаушы ұшатын Қазақстанның 14 қаласында орнатылған. * 2022 жылы FlyArystan Skytrax толық авиациялық аудитінен өтті және қазіргі уақытта ең жоғары 4 жұлдызды аудит балын алды (қосымша мәлімет ретінде, әлемде 5 жұлдызды рейтингі бар бірде-бір лоукостер жоқ). * 2023 жылдың 20 маусымында Парижде жыл сайын өтетін Paris Air Show көрмесінде World Airline Awards 24-ші марапаттау рәсімі өтті. Қазақстандық FlyArystan Әуекомпаниясы оған алғаш рет қатысып, «Орталық Азия мен ТМД-ның үздік лоукостері» марапатына ие болды. * 2023 жылы әуекомпания Алматының халықаралық әуежайында жолжүкті өз бетінше тапсырудың жылдам әрі ыңғайлы процесін қамтамасыз ететін baggage drop off (BagJan) жаңа технологиясын ұсынды. ## Корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік 2023 жылы әуетасымалдаушы Абай облысындағы жойқын өрттің салдарынан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына қолдау көрсетіп, табиғи зілзаланы жоюға, сондай-ақ гуманитарлық жүкті тасымалдауға қатысқан қаза тапқандардың туыстары мен өрт сөндірушілерге тегін ұшуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, өткен жылдың жаз айларында әуекомпания осы апаттан кейін Абай облысындағы орманды қалпына келтіруге өз үлесін қосты.  Әуекомпания «Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында өсімдіктерді өсіру үшін 570 қаптама немесе 280 кг шымтезек субстратын сатып алып, жеткізіп берді. Шымтезек субстратының бұл қоры 2024 жылы жалпы ауданы 315,5 гектар болатын көктемгі отырғызуға арналған жабық тамыр жүйелі 1 325 000 көшет үшін пайдаланылды. 2023 жылы FlyArystan «Көмек» корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік жобасын ресми түрде іске қосты, оның мақсаты коммерциялық рейстерге жеңілдіктер беру арқылы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау болып табылады. 2024 жылы әуекомпания мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтумен айналысатын «Территория успеха» қоғамдық бірлестігіне арнайы жабдық - әйтрекер сатып алуда қолдау көрсетті. Бұл инновациялық құрылғы сыртқы әлеммен тиімді қарым-қатынас жасау үшін мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірінде шешуші рөл атқарады. 2024 жылы FlyArystan Air Astana әуекомпаниясымен бірлесіп Батыс Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккен жандарға гуманитарлық жүкті тасымалдауда көмек көрсетті. Сондай-ақ жергілікті жерде зардап шеккендерге  көмектесу аттанған еріктілерді екі бағытта да тегін тасымалдады. Әуетасымалдаушы қайырымдылық жобаларына қатысуды және қазақстандықтарға түрлі мәселелер бойынша қолдау көрсетуді жалғастыруда. Asar-Ume, «Человек в маске», Sebebker Bol, Astana Physics Battle, Turkistan Marathon және Abyroi Run қорларымен серіктестік жобаларын жүргізді. Сондай-ақ, Flyarystan Қазақстанда спортты дамытуды белсенді қолдайды және «Сарыарқа» хоккей клубының ресми әуетасымалдаушысы болып табылады. ## Сілтемелер * FlyArystan әуекомпаниясының байланыс орталығының нөмірі
Каталымов Борис Николаевич (13.06.1932, Лунка-Майдан, РФ), ХДСШ-і (1995), гроссмейстер (1988), ҚазКСР-інің ЕСЖ-сы. Респ-ның 7 дүркін, Бүкілодақтық "С" ерікті спорт қоғамының 2-дүркін (1969, 1971) ч-ны. 1995 ж. Германияда өткен сеньорлар арасындағы халықар. турнирдің күміс жүлдегері. ## Дереккөздер
Қазбалы отын — энергетика ресурстарының негізгі түрі. Оған каустобиолиттер тобына жататын заттарды жатқызуға болады. Каустобиолиттер (грек. kaustos– жанғыш, грек. bіos – тіршілік және lіthos – тас)— жанғыш қазындылар; органикалық жолмен пайда болған тау жыныстары. Каустобиолиттер 3 топқа бөлінеді: * Гумолиттер (шымтезек, қоңыр және тас көмірлер) * Сапропелиттер (жанғыш тақтатастар, сапропельдік көмір, кеннель, богхед) * Мұнай тектес қазындылар (мұнай, жанғыш газдар, асфальт, озокерит, тағы басқалар.) Жаралу жағдайлары бойынша Каустобиолиттер екі топқа бөлінеді: 1) көмір қатарындағы каустобиолиттер, оларға: шөгінді жаралумен сингенезисті тау жынысытар (шымтезек,қазба көмірлер, жанғыш тақтатастар) мен минералдар (мыс., янтарь) жатады. Каустобиолиттердегі органикалық заттар басқа тау жыныстардағы шашыранды органикалық заттардың түр өзгешеліктерінен әлдеқайда көп мөлшерде (көмірде — 50%-дан асады, жанғыш тақтатастарда — 50—25%, кейде оларда тиісті техникалық сапасына байланысты органикалық заттардың мөлшері төмендеу болуы мүмкін);2) мұнай (және нафтоид) қатарындағы каустобиолиттер, олардың асфальт, әзәкерит және т.о.). Келтірілген екі қатардың бір-бірінен алшақтығына байланысты Каустобиолиттердің бірегей генетикалық жіктеме аясына сыймайтындығы байқалады, олардың түпкілікті өзгешеліктері мен айрыкша сипаттамасы жіктеме принципіне қарама-қайшы келеді. Көмір қатарындағы каустобиолиттер заттық құрамы (гумолиттер, сапролиттер, липтобиолиттер мен олардың аралық өтпелі түр өзгешеліктері) және көмірлену дәрежесі (шымтезек, қоңыр көмір, тас көмір және антрацит) бойынша жіктеледі. Көмірлердің жіктемесінде органикалық заттың бастапқы материалы, түпнұсқа өсімдіктердің сабақтары, жапырақтары және баска бөліктері, бастапқы материалдың жиналуы мен түрленуінің физикалық-географиялық және биохимиялық жағдайлары, ортаның ландшафты, тектоникалық жағдай ескеріледі. Бұл жағдайлар көмірдің петрогенетикалық типтерінің қалыптасуын анықтайды. Барлық көмір типтері олардың құрылымына, бітіміне және жылтырлығына негізделіп бөлінеді. Мұнай (нафтоид) қатарындағы жаралу жағдайы бойынша генетикалық желілерге ажыратылады, олардың ауқымында физикалық және химиялық белгілері (консистенция, балқығыштық, ерігіштік, элементтік құрамы, т.б.) бойынша градациялар бөлінеді. Олардың табиғи катары: мұнай-мальт-асфальт-асфальтит (немесе керит) — антраксолит. Битумдар екі негізгі генетикалық қатарға бөлінеді: нафтоидтер және нафтиттер. * Терминді 1888 жылы ғылымға алғаш енгізген неміс ғалымы Г.Потанье. * Түзілу тегіне қарай сапропелиттер, гумолиттер және липтобиолиттер болып үш түрге ажыратылады.Сапропелиттерге төменгі сатылы планктондық су организмдерінің қалдықтарынан ағынсыз тұйық суларда оттегінің қатысуынсыз түзілген шөгінділер жатады. Олардың түсі күңгірт, майша жылтыр. Құрамында 55 – 80% ұшпалы заттар, 7 – 12% сутек болады.Гумолиттер батпақты жерлерде өскен жоғары сатылы өсімдіктердің қалдықтарынан, оттегінің мардымсыз қатысуы нәтижесінде пайда болған гумустік (қарашірінді) заттардан түзіледі (торф, қоңыр көмір, тас көмір).Липтобиолиттерге өсімдіктің биохимиялықұ ыдырауға шыдамды бөліктерінен (шайыр, спора, қабық, тағы басқа) құралған қатты Каустобиолиттер жатады. Каустобиолиттердің мұнайлы тобын: мұнай, битум, асфальт, озокерит, жанғыш газ, тағы басқа құрайды. * Сапропелиттерге төменгі сатылы планктондық су организмдерінің қалдықтарынан ағынсыз тұйық суларда оттегінің қатысуынсыз түзілген шөгінділер жатады. Олардың түсі күңгірт, майша жылтыр. Құрамында 55 – 80% ұшпалы заттар, 7 – 12% сутек болады. * Гумолиттер батпақты жерлерде өскен жоғары сатылы өсімдіктердің қалдықтарынан, оттегінің мардымсыз қатысуы нәтижесінде пайда болған гумустік (қарашірінді) заттардан түзіледі (торф, қоңыр көмір, тас көмір). * Липтобиолиттерге өсімдіктің биохимиялықұ ыдырауға шыдамды бөліктерінен (шайыр, спора, қабық, тағы басқа) құралған қатты Каустобиолиттер жатады. Каустобиолиттердің мұнайлы тобын: мұнай, битум, асфальт, озокерит, жанғыш газ, тағы басқа құрайды. ## Дереккөздер
Атом электр станциясы (АЭС), ядролық электр станция — атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы. АЭС ядроның нейтрондармен әсерлесуінен туатын энергия көмегімен жұмыс істейді. Ядролық реакторда жылу шығарғыш элемент — цилиндр немесе пластинка түріндегі ядролық отын, нейтрондарды баяулатқыш және бөлінген жылуды тасушы (су, газ, сұйық металдар) заттар орналасады. Реакторда бөлінген жылу жылуалмастыру қондырғысына беріледі. Соңғы екі қондырғы АЭС-ның ішкі тұйық контурын құрайды. Жылуалмастырғыш арқылы жылу сыртқы контурға бу түрінде беріледі. Бу турбинаны қозғап, электр генераторын жұмысқа келтіреді. Осы заманғы АЭС-ларындағы турбиналар аса қыздырылған бумен жұмыс істейді. Ядролық отын ретінде уран (233U, 235U, 238U), плутоний (239Pu ), торий (232Th) изотоптары пайдаланылады. Бұлардың жылу шығарғыштық қабілеті өзара бірдей, ал кәдімгі отыннан (көмір, мұнай, газ) бірнеше млн. есе артық. Мыс., 1 кг уран 2.1010 ккал энергия береді. Бөліну реакциясының үздіксіз жүріп отыруына қажет ядролық отынның ең аз мөлшері кризистік масса деп аталады. Реактордың типіне, конструкциясы мен отынның түріне қарай кризистік масса 1 кг-нан бірнеше тоннаға дейін жетеді. Дүние жүзіндегі ең алғашқы АЭС 1954 ж. Обнинск (КСРО) қ-нда салынды. Оның қуаты 5Мвт болды. Кейін Колдерохоллда (Англия) қуаты 60 Мвт, Шиппингпортта (Америка) АЭС-тары жұмыс істей бастады. Америкада тұтынуға қажетті барлық электр энергиясының 23е-ін, Францияда 75--ін, Жапонияда 48--ін АЭС береді. Кейбір елдерде жедел нейтронмен жұмыс істейтін тиімді реакторлар іске қосылған. Оның ең алғашқыларының бірі Қазақстанда салынған. Ол Ақтау қаласын тұщы сумен, электр энергиясымен қамтамасыз етеді (қ. Энергия комбинаты). 20 ғ-дың ақырында дүние жүзіндегі АЭС-тердің жалпы қуаты 500 000 Мвт жетті. Ядро энергиясынан электр тогын тікелей (турбинасыз, электргенераторсыз) алу жолдары да зерттелуде. Әсіресе, термоядролық энергияны игеру ісіне халықар. қауымдастықтар ат салысуда. Ондай АЭС-тер адам баласының тұтынуына қажет энергия мәселесін түпкілікті шешетін болады.
Су добынан Азия чемпионаты – Азия жүзу федерациясымен ұйымдастырылатын су добынан халықаралық жарыс. Алғашқы жарыс 2009 жылы өткізілді. 2012 жылдан бастап Олимпиадалық іріктеу турнир болып қалды. ## Жеңімпаздары және жүлдегерлері ### Ерлер ### Әйелдер ## Сыртқы сілтемелер * http://www.asiaswimmingfederation.org/results/water-polo/ Мұрағатталған 26 маусымның 2019 жылы. * http://www.asiaswimmingfederation.org/wp-content/uploads/2019/01/4cedbee900bc52dcce9d8967c09d698f.pdf * http://www.asiaswimmingfederation.org/wp-content/uploads/2019/01/d1c796d51fad92a54c87d683661a87c7.pdf
Олжас Көсемәліұлы Сәттібаев (2 мамыр 1988 жыл) — қазақстандық боксшы, 2015 жылғы Азия чемпионы. Ысты руынан шыққан. ## Өмірбаяны мен жетістіктері 2005 жылы Ливерпульде өткен кадеттер арасында әлем чемпионы атанды. Үш әлем чемпионатына қатысты (2009, 2011, 2015). 2016 жылғы Олимпиадаға қатысып, 1/8 финалда ұтылды. 2017 жылы "Астана Арландарының" капитаны боп тағайындалды. Қазақстанның үш дүркін чемпионы (2008, 2009, 2014). ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Рио-2016 ресми сайтында ## Сыртқы сілтемелер
Олжас Көсемәліұлы Сәттібаев (2 мамыр 1988 жыл) — қазақстандық боксшы, 2015 жылғы Азия чемпионы. Ысты руынан шыққан. ## Өмірбаяны мен жетістіктері 2005 жылы Ливерпульде өткен кадеттер арасында әлем чемпионы атанды. Үш әлем чемпионатына қатысты (2009, 2011, 2015). 2016 жылғы Олимпиадаға қатысып, 1/8 финалда ұтылды. 2017 жылы "Астана Арландарының" капитаны боп тағайындалды. Қазақстанның үш дүркін чемпионы (2008, 2009, 2014). ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Рио-2016 ресми сайтында ## Сыртқы сілтемелер
Ислам Ілиясұлы Байрамуков (12 маусым 1971 жыл, Каменка ауылы, Жамбыл облысы, (қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданы) Қазақ КСР) — қазақстандық балуан, еркін күрес шебері. Ұлты қарашай. ## Өмірбаяны Республикалық олимпиадалық резерв училищесін; Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын дене шынықтыру мен спорт оқытушысы мамандығы бойынша (1993) бітірген. 1993 жылдан - «Штаттық ұлттық командалар мен спорттық резервтің дирекциясы» РМКК спортшы-нұсқаушысы. 2010 жылдан бері - ҚР Күрес федерациясы президентінің еркін күрес жөніндегі кеңесшісі. ## Жетістіктері * Сиднейдегі Олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері (2000); * XII Азия ойындарының қола жүлдегері (Хиросима); * Азия чемпионы (Гьюлин, 2000); * Орталық Азия ойындарының чемпионы (1995). ### Марапаттары * Халықаралық кластағы спорт шебері (1999). * Еркін күрестен ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2000). * «Парасат» ордөнімен (2000) марапатталған. ## Дереккөздер
Аһлат – Түркиядағы Шығыс Анадолы аймағындағы Битлис иліндегі қала және аудан . 1929-1936 жылдар аралығында Аклат Ван иліндегі қала болатын. Қала маңында ескі Хелят қаласының қираған орны сақталған. Түркиядағы тарихи маңызы өте зор көне қалалардың бірі. Қала маңында антикалық дәуірден қалған ескерткіштер сақталған. ## Дереккөздер
Қайрат Советайұлы Боранбаев (1966 жылы 22 қыркүйекте туған) — қазақстандық бизнесмен және "Қайрат" футбол клубының президенті. ## Өмірбаяны Кіші Арғыннан шыққан. Қайрат Советайұлы Боранбаев 1966 жылы 22 қыркүйекте Торғай облысының Аманкелді ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Қазақ дене шынықтыру институтын, 2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заңгерлік факультетін тәмамдаған. Педагогика ғылымының кандидаты.Торғай облыстық спорт мектебінде жаттықтырушы болып қызмет атқарған. 1991-1993 жылдары - Алматы қалалық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы мұғалімі. 1993-1996 жылдары - «Дека» компаниясының бас директоры. 1996-1997 жылдары - «Алаш» Жабық үлгідегі акционерлік қоғамының вице-президенті. 1997-1999 жылдары - «Алтын алма» ЖШС-ның бас директоры. 1999-2000 жылдары - «Система» ЖШС-ның вице-президенті. 2000 жылы - «ҚазТрансГаз» ЖАҚ-ның атқарушы директоры. 2000-2002 жылдары - «Intergas Central Asia» ЖАҚ-ның коммерциялық директоры. 2002-2006 жылдары - «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының орынбасары. 2006 жылдың тамызынан бастап «ҚазРосГаз» АҚ-ның бас директоры. ## Сыртқы сілтемелер * Қайрат Советайұлы Боранбаев өмірбаяны * Кайрат Боранбаев 50 самых влиятельных бизнесменов Казахстана * Президент жиенінің қайын атасы * Бизнесмен Кайрат Боранбаев
Мәлік Шах — салжұқ сұлтаны (1072–1092). Оның тұсында Грузия мен Қарахан мемлекетін бағындырған Салжұқ сұлтандығы саяси жағынан күшейді. Шекарасы Сырдариядан Нілге дейін, Каспийден Жерорта теңізіне дейін созылды. Мемлекет астанасы Исфаһан қаласы болды. Мәлік Шах тұсында Салжұқ әулеті билеген Керман (1041–1187), Рум (Кіші Азияда 1077–1307), Сирия (1094–1117) сұлтандықтары құрылды. Бірақ 1-крест жорығынан кейін салжұқтар Палестинадан, кейін Сириядан, Грузиядан, Азияның кейбір аймақтарынан айырылды. Мәлік Шахтың өлімінен кейін исмаилшылдар қозғалысына байланысты ішкі тартыстар шиеленісті. 1118 жылы Салжұқ мемлекетін Мәлік Шахтың балалары бірнеше иеліктерге бөліп алды. ## Дереккөздер
Жансель Дениз (1991 жылы 26 тамызында туған) — таеквондошы. Таеквондодан қара белбеу иегері. ## Жетістіктері Қара белбеу, 1 дан, СШ Спорттық жетістіктер: Квалификациалық турнир (Манила) 2016- 1 орын, XT «Fujairah Open» 2016 - 2 орын, XT «Mexico Open» 2016 жылы - 3 орын, XT «Fujairah Open» 2017 жылы - 3 орын, XT «Lotto Dutch Open» 2017 жылы - 2 орын, XT «Kazakhstan Open» 2017 жылы - 2 орын, XT «Greece Open» 2017 жылы - 3 орын, Ислам ойындары Ол 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарында 67 кг салмақ дәрежесінде Қазақстанның намысын қорғады.2018 жылғы Азия ойындарында ол оңтүстік кореялық Ли Да Биннен жеңіліп, әйелдер арасында 67 келіге дейінгі салмақта күміс медальға ие болды. ## Сілтемелер * Дениз Джансель профилі
Сараш Сахиқызы Қоңырбаева (10 қаңтар 1965 жыл, Аранды ауылы, Қазалы ауданы, Қызылорда облысы, Қазақ КСР) — педагог, ұстаз. ## Өмірбаяны ### Карьерасы 1979 жылы № 97 сегізжылдық мектепті, 1981 жылы № 25 мектепті бітірген. 1983-1988 жж. Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтының музыка-педагогика факультетіне түсіп, «Музыка пәнінің мұғалімі, тәрбиеші-методист» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1992-1997 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы факультетінде оқып, «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығын алды. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының аспирантурасын бітірді. 1988-1989 оқу жылында Ү.Түктібаев ауылындағы балалар музыка мектебінде жұмыс істеді. 1989 жылдан Алматы қаласындағы № 123 мектеп-гимназиясында музыка пәнінің, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2003-2005 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясындағы Тұлғаны әлеуметтендіру институтында аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі болып педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысты. 2005-2007 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Әлеуметтік және гендерлік ғылыми зерттеулер» институтында «Отбасындағы гендерлік әлеуметтендіру» зертханасының меңгерушісі және Жалпы педагогика кафедрасында аға оқытушылық қызмет атқарды. 2008 жылы «Жоғары сынып оқушыларын отбасылық өмірге этномәдени құндылықтар негізінде даярлаудың педагогикалық шарттары» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2005-2020 жылдар аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жұмыс істеді. «Педагогика және психология» факультетінің, «Өнер және мәдениет» факультетінің деканы қызметін атқарды. Университеттің «Қазақ аруы» арнайы курсының тұжырымдамасын жасаған автор және осы пәннен студенттерге дәріс берді. ### Шығармашылығы 30-ға жуық жеке және авторлық бірлестікте монографиялары, студенттер мен магистранттарға арналған оқулықтары, мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілерге, ата-аналарға арналған әдістемелік құралдар мен бағдарламалары жарық көрген. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен халықаралық, республикалық ғылыми-педагогикалық журналдарға жариялаған мақалалары 250-ге жуық. «Асыл арна» телеарнасында «Әжемнің әңгімесі» хабарын жүргізді. «ЖОО Үздік оқытушысы – 2015» грантының жеңімпазы. Түркиядан шығатын Халықаралық «Journal of institute of economic development and social researches» (IKSAD journal) журналының редакторы. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Сараш Сахиқызы Қоңырбаева (10 қаңтар 1965 жыл, Аранды ауылы, Қазалы ауданы, Қызылорда облысы, Қазақ КСР) — педагог, ұстаз. ## Өмірбаяны ### Карьерасы 1979 жылы № 97 сегізжылдық мектепті, 1981 жылы № 25 мектепті бітірген. 1983-1988 жж. Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтының музыка-педагогика факультетіне түсіп, «Музыка пәнінің мұғалімі, тәрбиеші-методист» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1992-1997 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы факультетінде оқып, «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығын алды. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының аспирантурасын бітірді. 1988-1989 оқу жылында Ү.Түктібаев ауылындағы балалар музыка мектебінде жұмыс істеді. 1989 жылдан Алматы қаласындағы № 123 мектеп-гимназиясында музыка пәнінің, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2003-2005 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясындағы Тұлғаны әлеуметтендіру институтында аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі болып педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысты. 2005-2007 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Әлеуметтік және гендерлік ғылыми зерттеулер» институтында «Отбасындағы гендерлік әлеуметтендіру» зертханасының меңгерушісі және Жалпы педагогика кафедрасында аға оқытушылық қызмет атқарды. 2008 жылы «Жоғары сынып оқушыларын отбасылық өмірге этномәдени құндылықтар негізінде даярлаудың педагогикалық шарттары» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2005-2020 жылдар аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жұмыс істеді. «Педагогика және психология» факультетінің, «Өнер және мәдениет» факультетінің деканы қызметін атқарды. Университеттің «Қазақ аруы» арнайы курсының тұжырымдамасын жасаған автор және осы пәннен студенттерге дәріс берді. ### Шығармашылығы 30-ға жуық жеке және авторлық бірлестікте монографиялары, студенттер мен магистранттарға арналған оқулықтары, мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілерге, ата-аналарға арналған әдістемелік құралдар мен бағдарламалары жарық көрген. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен халықаралық, республикалық ғылыми-педагогикалық журналдарға жариялаған мақалалары 250-ге жуық. «Асыл арна» телеарнасында «Әжемнің әңгімесі» хабарын жүргізді. «ЖОО Үздік оқытушысы – 2015» грантының жеңімпазы. Түркиядан шығатын Халықаралық «Journal of institute of economic development and social researches» (IKSAD journal) журналының редакторы. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
I Сүлеймен шаһ немесе Сүлеймен Құталмышоғлы (түр. Kutalmışoğlu Süleyman Şah; араб.: سليمان بن قتلمش‎ — Сүлеймен ибн Құталмыш) — Рум сұлтандығының негізін қалаушы, оны 1077 жылдан 1086 жылға дейін астанасы Никеяда басқарды. Түрік көсемі Сүлеймен грек ылаңшылы Никифор Мелиссиннің жалдамалы жауынгері ретінде өзін шебер түрде көрсете отырып, өз гарнизондарын астанан алыс емес жерде орналасқан Византияның ең маңызды Никея мен Никомедия бекіністерінің қабырғаларына алып келді. Никифор түріктерге Никея қақпасын ашты. 1081 жылы қалаға кірген Сүлеймен гректердің алдындағы міндеттемелерінен өзін босатып, бүкіл византиялық Кіші Азияның билеушісі деп өзін жариялады. Тек Батыс Еуропадан крестшілерінің келуі византиялықтарға 1097 жылы Никеяны қайтаруға, Кіші Азияның жағалауындағы жерлерді азат етуге және түріктерді Конияға қарай ығыстыруға мүмкіндік берді. ## Отбасы Сүлейменнің әкесі — Құталмыш ағасы Алып Арсланмен Селжүк империясындағы билік үшін сәтсіз шайқасты. Осыған қарамастан, Арслан інісіне батыс шет аймақтарды басқаруды сеніп тапсырған. ## Византиямен соғыстары Малазгирттегі жеңістен кейін селжүктер Роман Диогенмен бейбіт келісім жасады, оған сәйкес ол салық төлеуге, сондай-ақ тұтқындарды қайтаруға міндетті болды. Бірақ өз еліне оралған император тақтан тайдырылды, ал оның мұрагері Микаил Парапинак келісім шарттарын орындаудан бас тартты, осылайша көшпелілерге шапқыншылық жасауға негіз берді. Император шекараны қорғауға тиісті көңіл бөлмей, жалдамалы әскерлерге көбірек сенді. Олардың бірінің қолбасшысы норман Руссел де Бейл империядағы тұрақсыздықты пайдаланып, өзін тәуелсіз билеуші деп жариялады. Сүлейменмен одақтаса отырып, ол романдық әскерді талқандады. Кейінірек, селжүктер византиялық басилеймен келісімге келіп, үлкен төлем үшін норманды тұтқындады.. ## Бүлікшілердің досы Дука ақсүйектер арасында танымал болмады, сосын 1078 жылы оған бірден екі үміткер қарсы шықты: Никифор Вриенниос Үлкен және Никифор Вотанеиат. Соңғысы Анадолының ірі жер иесі болды және бұрын Византияны басқарған Фок әулетінен шыққан. Ол мұсылмандардың қолдауын пайдалануды шешіп, олардың көмегімен алдымен Кизикосты, содан соң Никеяны жаулап алып, өзін император деп жариялады. Кейінірек ол өзінің жаңа мәртебесін ресми түрде мақұлдай алатын Константинополді иемденуге қол жеткізді. Бірақ ол да тұрақтылыққа қол жеткізе алмады. Кіші Азияда жаңа бүлікші — Никифор Мелиссин пайда болды. Ол да шетелден әскери қолдау алуға шешім қабылдады. Бірақ Битинияны басып алған одақтастар арасында жанжал шықты: мемлекеттің астанасын алуға әскер жеткіліксіз болды, сондықтан византиялық жаулап алынған жерлерде өз патшалығын құруға шешім қабылдады. Алайда, бұл аймақтың гарнизондарының негізін құрайтын, діндас ағайындардың есебінен әскерін толықтырған мұсылманның жоспарына кірмеді. ## Рум сұлтаны 1078 жылы Лидия мен Ионияны жаулап алған Сүлеймен сұлтан атағын алып, Никеяны өз мемлекетінің астанасы деп жариялады. Осыдан кейін оәлсіреп бара жатқан Византияны қалдырып, назарын Сирия мен Мысырға аударды. Бірақ онда елеулі өзгерістер болды: 1081 жылы Вотанеиат тақтан құлатылды, бірақ Мелиссин емес, оның туысы Алексей Комнин тақтан құлатты. 2 жыл өткен соң жаңа билеуші жоғалған Кіші Азиядағы иеліктерді елге қайтаруға шешім қабылдады. Филомелия түбіндегі шайқаста ол селжүктерді жеңіп, бейбіт келісім бойынша Никомедияны алды. ## Өлімі 1086 жылы сұлтан Антиохияны басып алып, Сирия әмірлерін алаңдатты. Олар батыс көршісіне қарсы одақ құрды, ал батыс көршісі олардың шақыруын қабыл алып, Алеппоға бет алды. Екі қаланың ортасында қарсыластар кездесті. Ұрыста Сүлейменнің әскері жеңіліске ұшырады, ал өзі тұтқын болғысы келмей, өзіне қол салды. Сұлтандықта анархия орнады, оны Сүлеймен билеушісі Мәлік шаһ қолданды. Ол сол жерде екі генералын тағайындап, марқұмның ұлдарын кепілге алды. ## Дереккөздер
Жүгері сарайы — америкалық Митчелл қаласындағы көп функциялы ғимарат, арена, туристік нысан. Әлемдегі жалғыз жүгері сарайы деген атаққа ие болған ғимаратта жыл сайынғы жүгері фестивалі өткізіледі. Бұған қоса мұнда концерттер, спорттық сайыстар, көрмелер және басқа да қоғамдық шаралар ұйымдастырылады. Әр жыл сайын сыртындағы қабырғаларда фрескалар жаңартылып отырады, олар жүгері мен басқа дақылдардың дәндерінен жасалған. Ғимарат 1905 және 1921 жылдары екі рет реновациядан өткен болатын. 1937 жылы төбесіне минареттер мен баданалы күмбездер орнатылған еді. ## Галерея * * * * * * * * ## Сілтемелер * Ресми сайты
Ольга Сергеевна Рыпакова (қарашаның 30, 1984 жылы, Өскемен) — Қазақстан жеңіл атлеті, бастапқыда жеті сайыспен айналысса, кейін ұзындыққа секіруге мән беріп жүріп 2007 жылдан бері үш қарғып секірумен айналысады. 2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. ## Карьерасы ### Жетістіктері * О. Рыпакова 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында үш қарғып секіруден финалдық кезеңде 15 метр 11 сантиметр ұзындықты бағындырып, Азия рекордын жаңартты. Осы көрсеткішімен ол Олимпиадада 4-ші орын алған болатын. * Ольга Рыпакова 2010 жылы мамырда Шанхайда өткен «Гауһар лига» деп аталатын жеңіл атлетика сериясының бірінші кезеңінде алтын медальді 14 метр 89 сантиметрді бағындырып жеңіп алды. * Бұдан бөлек О. Рыпакова 2010 жылы қысқы әлем чемпионатында 15 метр 14 сантиметрге секіріп, әлем чемпионы атанды. * 2011 жылғы жеңіл атлетикадан Тэгу қаласында өткен әлем чемпионатында Ольга Рыпакова күміс медаль жеңіп алды. * 2012 жылғы жеңіл атлетикадан Лондон қаласында өткен олимпиадада Ольга Рыпакова алтын медаль жеңіп алды. Оның көрсеткіші 14.98 м болды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * https://inbusiness.kz/ru/appointment/dose-rypakova-olga-sergeevna