text
stringlengths 3
252k
|
---|
Бекхан Шайзадаұлы Шайзада (28 ақпан 1998, Мақтаарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан) — қазақ футболшысы, "Ордабасы" клубының қақпашысы. Қазақстанның 18, 19 жастағы құрамаларында ойнады.
## Карьерасы
### Клубтық
"Ордабасы" клубының түлегі.
2018 жылы 6 қазанда "Қайратпен" ойына тұңғыш рет Қазақстан чемпионатында алаңға шықты. Бұл ойында шымкенттіктер 2:0 есебімен жеңіске жетті. Екі аптадан соң "Астанаға" қарсы ойында екінші матчын өткізді, бұл ойын тең аяқталды (1:1)
Ордабасы
* Қазақстан чемпионы: 2023
### Халықаралық
2020 жылы Қазақстан жастар құрамасы сапында екі ойын өткізді (Испания және Фарер аралдарына қарсы).
2020 жылы Талғат Байсуфинов ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына шақырдды, бірақ алаңға шықпады.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Әлібек Бекбайұлы Қасым (27 мамыр 1998, Іле ауданы, Алматы облысы, Қазақстан) — қазақ футболшысы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Ақтөбе" клубының қорғаушысы.
## Карьерасы
### Клубтық
"Қайрат" клубының түлегі. 2017 жылы кәсіпқой карьерасын бастады.
2019 жылдың басында "Қыран" сапында ойнады.
2019 жылы жазда "Қызылжарға" ауысты. Маусым соңында бірінші лига жеңімпазы атанды.
### Ұлттық
Қазақстанның бірнеше жастағы құрамаларында ойнады.
2021 жылы 4 маусымда сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы ойында тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында алаңға шықты.
## Жүлделері
«Қызыл-Жар»
* Бірінші лига жеңімпазы: 2019
«Ақтөбе»
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2022
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегер: 2023
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Мұхаммеджан Мұратұлы Сейсен (14 ақпан 1999, Тараз) — қазақ футболшысы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Тараз" клубының қақпашысы. "Тараз" клубының түлегі. Карьерасын 2018 жылы осы клубта бастады.
Қазақстанның жастар құрамасында ойнады.
Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш ойынын 2021 жылы 4 маусымда Солтүстік Македонияға қарсы өткізді.
## Жетістіктері
### «Тараз»
* Бірінші лиганың күміс жүлдегері: 2018
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Юрай Куцка (словак. Juraj Kucka; 26 ақпан 1987, Бойнице, Чехословакия) — Словакиялық футболшы, жартылай қорғаушы.
## Карьерасы
### Қатысқан турнирлері
* ӘЧ-2010
* ЕУРО-2016
* ЕУРО-2020
## Жетістіктері
«Спарта»
* Чехия чемпионы: 2009/10
* Чехия суперкубогы: 2010
«Милан»
* Италия суперкубогы: 2016
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* https://eu-football.info/_player.php?id=24862 |
Сақпан — ежелден келе жатқан қазақтың сілкімелі музыкалық аспабы. Бұл аспап өзге аспаптардан өзіне ғана тән үнімен ерекшеленеді. Ені 2-3 см, ал ұзындығы 10-15 см болады. Жұқа ағаштар кесіліп, бір жіпке я сымға тізіледі. Жұқа ағаштар бір-бірімен беттескен кезде араларында саңылау болуы керек. Бұл дыбыс жаңғырығының жақсы болуына ықпал етеді. Сақпан тасжарған, ырғай, сондай-ақ, жеміс ағашынан жасалады. Сақпан аспабы арқылы ән-жырды сүйемелдеген. Бертін келе сақпан аспабы музыкалық аспаптар қатарына енді.
## Тағы қараңыз
* Зырылдауық |
Қуырдақ — жаңа сойылған малдың өкпе—бауырынан, мойын, төстік етінен, жүрек, бүйрегінен, сондай-ақ ішек-қарнынан ұсақтан турап әзірленетін тағам. Ол үшін қазанға іш майды немесе құйрық майды турап салып шыжғырып алады да, алдымен үстіне туралған өкпе, жүректі, ішек-қарынды, мойын, төстік еттерін салып, қазанның отын қатты жағып 15—20 минут қуырады. Содан кейін бауырлы салып, үстіне бұрыш, пияз қосып, әбден піскенше қуырады. Тұзды татымына қарай салады.Әбден піскен қуырдақты табаққа салып, дастарханға қояды.
Қуырдаққа: 1 кг ет, 500 г өкпе, 500 г бауыр, 300 г жүрек, 200 г бүйрек, 300 г құйрық май, 2 бас пияз, 1 шай қасық бұрыш, 1 ас қасық тұз қажет.
## Бал қуырдақ
Көбінесе жас малдың жұмсақ етінен даярланады. Басқа қуырдақтан мұның ерекшелігі — етті майға емес пісірілген сүттің бетінен түскен қаймаққа ғана қуырылуында. Өте жұғымды, жүрекке көп тимейтін қуырдақтық бұл түрін көбіне қарт кісілерге, сыйлы қонақтарға беретін болған.
## Жоңқа қуырдақ
Тоңазып қатып тұрған соғым етінен дайындалатын қуырдақ. Мұның жоңқа қуырдақ деп аталуының себебі, пышақпен не балтамен қырнал жонғанда ет ағаштың жоңқасы сияқты жұп-жұқа болып туралады. Қуырдақтық бұл түрінде суға қайнатпай-ақ майға қуырыл әзірлеуге болады.
## Картоп қосқан қуырдақ
Cиыр етін ұсақтап турап, тұз, пияз салып, сырты қызарғанша қуырады. Содан кейін ұн сеуіп қыздырады да томат ботқасын, төрт бұрыштан туралған картоп салып, баяу жанған отқа 30—40 минут қайнатады. Бұрыш, лавр жапырағын, бұршақ, укроп, петрушка салып әбден піскенше бұқтырыл қояды. Дастарқанға қоярда түрлі көкөніспен сәндейді. Картоп қосқан қуырдаққа:сиыр еті 100 г. майы 60 г, пияз 150 г, томат ботқасы 100 г, көк 18 г, дәмдеуіштер қалауынша.
## Қара қуырдақ
Кілең өкпе мен бауырдан, жүрек пен бүйректен әзірленеді. Бауыр тез пісетін болғандықтан, кешірек салынады. Мұның қара қуырдақ деп аталатын себебі, бауырлық қара майға қуырылғанда қуырдақтық өңін қарайтып жібереді.
## Соғым қуырдағы
Ет піскенғе дейін соғым сойған, ішек-қарын аршыған адамдарды тамақтандыру үшін дайындалады.
Қуырдаққа көбінесе ірі қараның мойын еті. Мүшеленген кезде түсетін ойынды, қиынды еті, аздап өкпесі мен бауыры қосылады. Соғым қуырдағы соғым сойған малдың өз майына қуырылады. Қуырдақ еті ағаш тақтаның үсті өткір балтамен ұсақталып кесіледі. Оны дәмдендіре түсу үшін оған татымына қарай тұз, бұрыш, дөңгелектеп, турап пияз салады.
Соғым қуырдағын дастарқанға шаймен бірге қояды.
## Үкпе қуырдақ
Етті өте майдалан турап қуырады. Үкпе қуырдақтық еті майда болғандықтан, оны суға бүктіріп қайнатпай-ақ, майға қуырың пісіруге болады.
## Дереккөздер |
Асылбек Сақтапбергенұлы Қилымов — 1964 жылы 26 сәуірде Ресейде дүниеге келген, қазақ. Боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
## Жетістіктері
КСРО бойынша жасөспірімдер арасындағы бокста чемпион атағын жеңіп алған. Атап айтсақ:
* - 1979 жылы Бельцы қаласында (Молдавия)
* - 1980 жылы Қарағандыда
* - 1981 жылы Харьковте
* - 1981 жылы Каунаста (КСРО оқушыларының спартакиадасы)
Юниор:
* - 1982 жылы Пенза қаласында өткен КСРО жасөспірімдері арасынан чемпион болады.
* - 1982 жылы бүкіл Еуропа аралық чемпионатта қола жүлдені жеңіп алады, Шверин қаласы (Германия)
* - 1984 жылы Мәскеу қаласында өткен АҚШ-КСРО кездесулерінің чемпионы
* - 1984 жылы КСРО чемпионы, Ташкент қаласы
* - 1984 жылы Ярославльде өткен КСРО кубогының жеңімпазы
* - Екі рет күміс жүлде алған. Біріншісі Ереванда (1985ж), екіншісі Алматыда (1986 ж) өткен чемпионаттар
Асылбектің бір соққысы 724 кило салмақпен жұмсалған. Әрі біздің жігіт рингте өткізген жалпы есеппен 216 жекпе-жегінің 82 пайызын нокаутпен аяқтаған.
Асылбек Сақтапбергенұлы боксқа он жылын арнаған (1977-1987 жж). Осы жылдар аралығында 216 кездесу өткізіп оның 186-ын жеңімпаз болып аяқтаған. 1982 жылы Англия тәжірибе алмасу мақсатында өздеріне шақыртады, контрактінің құны 1.5 млн(фунт.стерл).
1984 жылдың көрсеткіші бойынша Асылбек Қилымов Еуропаның ең үздік боксшысы, 75 келі салмақ дәрежесіне дейінгі ӘЛЕМ БОЙЫНША үшінші боксшысы атағына ие болған тұлға.
## Жеке өмірі
Асылбек Сақтапбергенұлының отбасы 1977 жылы Ақтауға қоныс аударған. Ол қазір Алматы қаласында тұрады, жеке кәсіпкер.
## Сыртқы сілтемелер
* https://www.facebook.com/qazaqtyn.bari.batyr/posts/1075193609583684/
* https://alashainasy.kz/omir/asyilbek-saktapbergenulyi-kilyimov--50568/
* https://egemen.kz/article/156545-shoyyn-dgudyryq |
Максим Геннадьевич Иглинский (18 сәуір 1981; Астана) — қазақстандық велошабандоз. Иглинский 2005 жылы Domina Vacanze велоклубының намысын қорғап, кәсіби велошабандоз атағына ие болды, ал 2006 жылы Milram клубына ауысты. Иглинский 2007 жылдың Критериум ду Дофине 6 кезеңін жеңіп алды. Ол Валентин Иглинскийдің ағасы.
2012 жылдың көктемінде Льеж — Бастонь — Льеж веложарысын ұтып алды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Астана велоклубының сайтындағы жеке беті Мұрағатталған 28 қыркүйектің 2007 жылы.
* Palmares on Cycling Base (French) Мұрағатталған 4 мамырдың 2012 жылы. |
Абан ибн Абд әл-Хамид әл-Лахиқи, Әр-Ракаши деп те аталады (араб. ﺍﺑﺎﻥ ﺍﺑﻦ ﻋﺒﺪ ﺍﻟﺤﻤﻴﺪ اللاﺣﻛﻲ; парс. ابان لاحقی.) — Бағдадтағы Бармакидтер сотында парсы ақыны.
Ол араб өлеңдерінде Үнді және Парсы тектес танымал оқиғаларды жазды. Көзі тірісінде манихейлікке күдіктенген.
## Өмірбаяны
Парсы отбасында Басрада дүниеге келген, бастапқыда Фасадан шыққан. Оның ата-бабасы Лахиқ ибн Уфайр Бану Ракаш тайпасының хадис пен Маул таратушысы болған.
Ол математика, грамматика, риторика, әдебиет, мәдениет және басқа ғылымдарды оқыды. Оның жерлесі Джахиз оны байланыста болған Басрадағы зиялы қауымнан ерекшелейтін оның сараңдығын жоғары бағалады. Бұл байланыстар мен бақталастықтар бидғатшыл көзқарастар мен манихейлікке айыптаулар тудыруы мүмкін.
Шамамен 792 жылы әл-Лахиқи Басрадан Бағдатқа көшті. Бағдадта ол белгісіз провинциялық ақын әдебиетті қолдаған Бармакидтер әулетінің сот ақыны болды. Ол белгілі бір Ахмад ибн Сайяр Джурджаниді Бармакидтер сотында ақындардың ресми төрешісі ретінде алмастырды.
Ол Панегириктерді Бармакидтерге (Яхья, Фадль және Джафар) және Һарун әр-Рашидке жазды. Кейбір өлеңдерде ол Аббасидтерді Алидтердің шағымдарына қарсы қорғады. Оның кезінде әдеттегідей, ол памфлетті басқа араб ақындарымен алмастырды. Әбу Нувасқа қарсы сатиралар жазып, оны еретик деп атады.
Мысалы, оның отбасының көптеген мүшелері, ұлы Хамдан да танымал ақындар болған.
## Дереккөздер |
Қуандық/Орынбор дәлізі — Орынбор облысы Қуандық ауданың (кейде көрші Гай ауданында) белгілеу үшін пайдаланылатын геосаяси термин. Мынадай екі мағынада қолданылады:
* Ресейдің Европалық және Азиялық бөліктерін, оның орыстары көп облыстарын байланыстыратын аумақ ретінде;
* Орынбор облысының орталық және шығыс бөліктерін байланыстыратын аумақ ретінде;
Бірінші мағынасында ресейлік "патриоттық" бағыттағы алармист-саясаткерлер арасында 1990 жылдары КСРО-ның ыдырауынан соң Орынбор облысы шекаралық аймақ болған соң аса танымал болды. Бұл мағынада тәуелсіз Қазақстан мен Ресейдің бір мұсылман-түркі халқы тұратын федералды республикасы - Башқұртстан арасында тар "маңдайшаның" болуы Ресейдің тұтастығының сақталуының шарты ретінде қарастырылды. Басқа жағынан Башқұртстанның жеке шенеуніктері Қуандық коридорын мұсылман халықтарын ажырататын "империялық анклав" ретінде пікір білдірді.
Екінші мағынасы кейінірек шыққан және бейтарап болып табылады және де қазіргі кітаптарда, оқулықтарды және өңірлік маңыздағы жарияланымдарда қолданылады.
## Тарихы
Қуандық коридоры формальды түрде 1935 жылдын наурыз айында Зианчур ауданы (Кіші Башқұртстанның перифериялық аудандарының бірі) Башқұрт АКСР құрамынан Орынбор облысы құрамына өткенде пайда болды. Бұл Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы 1919 (автономияллық Башқұртстанның жариялануы)-1920 (Қазақстанға Орынбор губерниясының қосылуы) жылдардан болған ортақ шекараның жойылуына әкеп соқтырды.
1924 жылы Орынбор мен Қазақстанның бөлінуі болып, содан бері 10 жылдай Орынбор облысы өзінің жаңа келпетін қалыптастырды. Қуандық коридорының оның құрамына берілуі облыс территориясын шығыс аудандар арқасында айтарлықтай арттырды
1930 жылдардың ортасында КСРО-ның барлық территориясында коммунистердің толық бақылауы жағдайында Қуандық коридоры қазақ-башқұрт бірлігіне нақты қарсы салмақ? болып қарастырылғандығы екіталай.
Бұндай бірлік гипотетикалық түрде шынымен тоталитарлық мемлекет жақтастарын қорқытуы мүмкін болса да, 1991 жылға дейін Қуандық коридоры деген сұрақ қойылмады және саяси мазмұны болмады.
## Дереккөздер
## Әдебиет
* http://idel-ural.org/archives/%D1%81%D0%B2%D0%BE%D0%B1%D0%BE%D0%B4%D0%BD%D1%8B%D0%B9-%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D0%BB%D1%8C-%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB-%D0%BA%D1%83%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D0%BA%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B9/ |
Түрксіб ауданы (1995 жылға дейін — Октябрь ауданы) — Алматы қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлігі.Қазақ АКСР ОАК Президиумы шешімімен 1936 жылы 12 қыркүйекте Алматыда аудан шекарасы бекітіледі. 1938 жылы 8 сәуірде Қазақстан ОК КП (б) бюросының отырысында "жаңа Каганович ауданының құрылуы туралы" шешім қабылданады.1938 жылы 19 сәуірде қала кеңесінің президиумында ауданның шекаралары белгіленіп, орталығы Алматы І стансасында орналасқан Каганович ауданы ұйымдастырылады. 1957 жылдың шілдесінде Каганович ауданы Октябрь ауданы болып қайта аталады. 1995 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесін тойлаумен әрі алдағы Түркістан-Сібір темір жолының салынуының 70 жылдығымен байланысты Түрксіб ауданы болып атауы өзгереді.Аудан қаланың өнеркәсіп орталығы, әуе және теміржол қақпасы болып табылады.
## Халқы
Ауданның ұлттық құрамы (2019 жылдың басына қарай) төмендегідей:
* қазақтар — 107 422 ад. (45,64 %)
* орыстар — 89 160 ад. (37,88 %)
* ұйғырлар — 18 392 ад. (7,81 %)
* корейлер — 3 583 ад. (1,52 %)
* татарлар — 3 018 ад. (1,28 %)
* әзербайжандар — 2 454 ад. (1,04 %)
* украиндар — 1 435 ад. (0,61 %)
* немістер — 1 320 ад. (0,56 %)
* түріктер — 1 289 ад. (0,55 %)
* өзбектер — 1 223 ад. (0,52 %)
* басқалары — 6 061 ад. (2,58 %)
* Барлығы — 235 357 ад. (100,00 %)
## Дереккөздер |
Қараөткел (Көкбел) мұсылман зираты — Астана қаласындағы көне зират, жергілікті тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіш.
Жалпы ауданы — 17 125 шаршы метр. Жәнібек тархан, Асан қайғы, А. Кравцов көшелері мен «Целинный» шағын ауданы аралығында орналасқан.
Зерттеушілер Қараөткел зиратының 1609–1962 жылдар аралығын қамтитынын анықтады. Бұл қорымда Тәуке ханның ұлы Сәмеке хан, Ақмоланың негізін қалаушы аға сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендеұлы, Бөгенбай, Қабанбай, Кенесары, Амангелді батырлардың сарбаздары, көпес Баймұхамед Қосшығұлов, діні мұсылман халыққа белгілі Самарқан, Бұхар, Қазан қалаларында туған қайраткерлер жерленген деген деректер бар. Араб, парсы, төте жазумен жазылған құлпытастар белгілі. Қазіргі таңда 2169 құлпытас сақталған екен.
2011 жылы Халық ағарту комиссары Смағұл Сәдуақасовтың сүйегі Ресейден жеткізіліп, бұл зиратқа қойылды. Балуан Шолақ өзінің «Ғалия» әнінде жырлап кеткен ғашығы Ғалия Тілеуқызы да осында жерленген. Жалпы бұл қорымда 10000-ға жуық адам жерленгені анықталды.
2012 жылы Акмолинскіде туған ресейлік бизнесмен Михаил Гуцериев Қараөткелде жерленген атасының және басқа да тарихи тұлғалардың рухына арнап, зиратқа қоршау салғызды, жолаушылар жолдарын қалатқызды, бейнебақылау орнатты.
## Дереккөздер |
Қараөткел (Көкбел) мұсылман зираты — Астана қаласындағы көне зират, жергілікті тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіш.
Жалпы ауданы — 17 125 шаршы метр. Жәнібек тархан, Асан қайғы, А. Кравцов көшелері мен «Целинный» шағын ауданы аралығында орналасқан.
Зерттеушілер Қараөткел зиратының 1609–1962 жылдар аралығын қамтитынын анықтады. Бұл қорымда Тәуке ханның ұлы Сәмеке хан, Ақмоланың негізін қалаушы аға сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендеұлы, Бөгенбай, Қабанбай, Кенесары, Амангелді батырлардың сарбаздары, көпес Баймұхамед Қосшығұлов, діні мұсылман халыққа белгілі Самарқан, Бұхар, Қазан қалаларында туған қайраткерлер жерленген деген деректер бар. Араб, парсы, төте жазумен жазылған құлпытастар белгілі. Қазіргі таңда 2169 құлпытас сақталған екен.
2011 жылы Халық ағарту комиссары Смағұл Сәдуақасовтың сүйегі Ресейден жеткізіліп, бұл зиратқа қойылды. Балуан Шолақ өзінің «Ғалия» әнінде жырлап кеткен ғашығы Ғалия Тілеуқызы да осында жерленген. Жалпы бұл қорымда 10000-ға жуық адам жерленгені анықталды.
2012 жылы Акмолинскіде туған ресейлік бизнесмен Михаил Гуцериев Қараөткелде жерленген атасының және басқа да тарихи тұлғалардың рухына арнап, зиратқа қоршау салғызды, жолаушылар жолдарын қалатқызды, бейнебақылау орнатты.
## Дереккөздер |
Қазақ-Башқұрт Кеңес Республикасы (башқ. Ҡырғыҙ-Башҡорт Совет Республикаһы) — РКФСР құрамындағы башқұрттар мен қазақтардың ұлттық мемлекеттілігінің жобасы.
## Жобаның тарихы
Қазақ-Башқұрт Кеңес Республикасын құру жобасын Башқұрт ұлттық қозғалысының жетекшілері - А.К. Адигамов, А.А. Бикбавов, А.А. Валидов және Х.Ю. Юмагулов РКФСР ХКК төрағасы В.И. Ленин мен РКФСР ұлттары жөніндегі 1-халық комиссары И.В. Сталинге 1919 жылдың 4 маусымында жазған хатында, сондай-ақ А.-З. Валидов (басқа мәліметтер бойынша - А.К. Адигамов) - В.И. Ленинге 1919 жылы 13 желтоқсанда жазған мәлімдеме жазбасында ұсынған. Соңғысына «Башқұрт және Қазақ Кеңестік республикаларын біріктіру жобасы» қоса берілді.
## Дереккөздер |
1992 жылдың жазы (дат. Sommeren 92) — режиссер Каспер Барфоедтің 2015 жылы түсірілген фильмі.
## Сюжет
90-жылдары Дания құрамасының бапкері боп Рихард Меллер-Нильсен тағайындалады. Меллер-Нильсенге құраманы жаттықтыру оңайға соқпайды. Құраманың Ян Хайнце, Микаэль Лаудруп секілді белді футболшылары бұны мойындамайды да, Еуропа чемпионатына қатысудан бас тартады. Бапкер оған мойымай, өз жоспары бойынша жұмыс жасауын тоқтатпайды.
Дания чемпионаты нашар бастайды. Соңғы турдың 78-минутына дейін оларды ешкім жартылай финалға шығады деп ойламайды. Осы уақытта күтпеген жерде Франция қақпасына гол соғып, жартылай финал жолдамасын жұлып әкетеді. Жартылай финалда Нидерланд құрамасын қапы қалдырып, финалға шығады.
Финалдан алдын футболшылар радио тыңдап отырады, радиода әлдебіреу «Дания финалға шықты, бірақ бәрібір 80-жылдардағыдай күшті емес» деп жатқанын естиді де, бапкер:
— Өшіріңдер! — дейді. Радио өшеді. Сонда бапкер былай дейді.
Дания финалда Германияны 2:0 есебімен ұтып, Еуропа чемпионы атанады. Футболшылар өз бапкерінің мықтылығын амалсыз мойындайды.
## Актерлер
* Ульрих Томсен — Рихард Меллер Нильсен
* Хеннинг Енсен — Ка Иохансеен
* Миккель Боэ Фёльсгор — Ким Вильфорд
* Сирон Бьёрн Мелвиль — Бриан Лаудруп
* Эсбен Смед — Ион Йенсен
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Кино поиск сайтында |
Зормата ауылы — Атырау облысы, Құрманғазы ауданы жеріндегі ежелгі қоныс. Бөкей хан заманында ең шұрайлы, ырысы мол, құнарлы жайлауы, өрісі малға толы аймақ болған.
Мерәлі (Мұхит әншінің әкесі) хакім еліне кетіп, билік Биляшқа көшкеннен кейін ол Дархан ауылындағы орданы (ставканы) бірден Зорматаға көшіртеді. Ол жерден Шора өзенінің жағасынан еңселі биік кеңсе салдырады. Екінші Примор округының соңғы басқару орталығы осы жаңа үйге орналасады. Бұл ғимарат кеңес үкіметі орнағаннан кейін мектепке айналдырылып, Сталин атындағы орта мектебі аталады. Зормата 2008 жылдан бастап Жыланды ауылының құрамына енгізілді.
## Дереккөздер |
Шөміш — қазаннан ас құятын ыдыс, ожаудың бір түрі. Шұңғыл бөліктен және қолға ұстауға ыңғайлы саптан тұрады. Археологиялық деректерге қарағанда, шөміштің ағаштан жасалған түрлерін Орталық Азия халықтары ерте темір дәуірінде-ақ қолдана бастаған. Дәстүрлі қазақ қоғамында дастарханның шырайын келтіретін мүлік ретінде ерекше бағаланған. Оны қазақ шеберлері әр түрлі ағаштардан (тораңғы, емен, т.б.) ойып дайындаған. |
Шөміш сөзінің бірнеше мағынасы бар:
* Шөміш – қазаннан ас құятын ыдыс, ожаудың бір түрі
* Шөміш – жер қазғыш және көтеру-тасымалдау машиналарының шөміші |
Үтір намазы (араб.: وتر рәкағат саны тақ) — Исламда Ишадан кейін түнгі уақытта оқылатын намаз түрі.Үтір намазы. Үш рәкаттан тұратын үтір намазының оқылу тәртібі төмендегідей:Алдымен Үтір намазына ниет етеді. Содан кейін қолын көтеріп, тәкбір айтып, қол байлап бастайды да, екі рәкаттан кейін отырып, «әт-Тахият» оқиды. Осыдан кейін тәкбір айтып, орнынан тұрып, үшінші рәкатта«Бисмиллаһ» пен «Фатиха» оқиды да, «әмин» деген соң, осыған жалғастырып аят немесе сүре оқиды. Осыдан кейін аяқта тұрып, қолдарын құлағының тұсына дейін көтеріп, «Аллаһу әкбар» деп, тәкбір айтады да, қайта қол байлап, аяқта тұрған бойы «Құныт» дұғасын оқиды. Содан кейін тәкбір айтып, рүкүғ пен сәждеге барып, ақырғы отырыс жасайды. Әдеттегідей «әт-Тахият», «Салауат» және «Раббана әтина» дұғасын оқып, екі жаққа сәлем береді. Мұның дәлелі: Хазіреті Айша былай дейді: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) үш рәкат үтірді оқитын. Үш рәкаттан кейін сәлем беретін». Басқа бір хадистеАллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді: «Ей, Құран иелеріі Үтірді оқыңдар. Өйткені Тағалаһ жалғыз. Тақ санды жақсы көреді» (Бухари, Дәвуат, 69). Үтір намазы Рамазанда ғана жамағатпен оқылады. «Құныт» дұғасын білмейтін адам «Раббана әтинә...» дұғасын оқи алады.
## Дереккөздер
* Translation Мұрағатталған 5 желтоқсанның 2004 жылы. of Sahih Bukhari, Book 16: Witr Prayer Hadith no 111,112
* The Status of Sunnah & Witr Prayers, The Time for Fajr & Maghrib and the Allowance of Combining Prayers Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2007 жылы.
* Clarification on the timing of Witr and Taraweeh prayers Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2007 жылы.
* The Witr Prayer Мұрағатталған 4 мамырдың 2007 жылы. |
Данни Десмонд Маккели (нидер. Danny Desmond Makkelie; 28 қаңтар 1983 жыл, Оңтүстік Голландия) — нидерландтық футбол төрешісі. Қазір Нидерланд жоғары дивизионында қазылық жасайды.
2020 жылғы Еуропа чемпионатының матчтарына төрелік етті.
## Дереккөздер |
Табақ — ыдыс түрі.
Басқа мағыналары:
* Баспа табақ — баспасөзде және полиграфияда пайдаланылатын өлшем бірлігі.
* Граммофон табағы — бетінде дыбыс жазылған дөңгелек бұйым.
* Табақ металл — металлургия өнімдерінің бір түрі. |
Киров халық театры — Театрдың негізі алпысыншы жылдардың басында драма үйірмесінен басталды. Бастапқыда шағын скетч, интермедия қойып, шеберліктерін шыңдап, 1986-1994 жылдары Б.Майлиннің “Шұғаның белгісі”, С.Жүнісовтың “Ажар мен ажал”, М.Әуезовтың “Айман — Шолпан”, “Еңлік—Кебек”, Ғ.Мүсіреповтың “Қыз Жібек”, “Күтпеген кездесу” және басқа қойылымдарды сахнаға шығарды.1967 жылы ұжым “Халық театры” атағына ие болды.Театрдың қалыптасуына, шығармашылық жетістіктерге қол жеткізуге оның жетекшісі, әрі режиссері, 3.Ысмағұловтың еңбегі зор. Халық театрының белді әртістері Н.Қалиев, С.Қайыров, М.Есмұханов, С.Жұманиязов, М.Әлсымақов, “Құс жолы” көркем филімінде басты ролдердің бірін ойнаған С.Қуанышбаев, А.Хамзин, Б.Қалиев, П.Әбенова, С.Марданова, М.Құмарғалиева және басқалары облыс, Алматы сахналарында өнер көрсетіп, бірнеше рет лауреат атанды.Кейінгі толқын ішінде Ж.Әйтекешов, С.Садықов, Г.Жұманиязова, Ш.Тәжібаев, Б.Балтаев, Қ.Қалиеваларды атауға болады. Халық театрының режиссері Жексенбай Әйтекешов /2001 ж./
## Дереккөздер |
Арба соққан — қазақтың күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының күйі.
## Тарихы
Осы кезде өздерінің жоғалған бір бөлек аттарының іздері Бөкейге қарай кеткені үшін, баяғы шыққан қызылқұрттың ұрылары алған болуы керек деп, елдің қазақ әскерлерінің жіберген қарулы отряды қызылқұрттың көп жылқысын қуып кетеді. Ондай бұзақылыққа шыдай алмаған Құрманғазы інісі Байғазы және басқа жеті-сегіз кісіні алып, Гилинин мешітінің азаншысы болып тұрған бұрынғы қазақ-орыс Сейтқұловтардың тоғыз жылқысын қуып кетеді. Бұл жөнінде Сотник Черноморсков рапорт түсіріп, Құрманғазының істері шекаралық комиссия уақытша совет және Орынбор генерал-губернаторлығының араларында жүреді. Бұл 1857 жылы болатын. Бірақ архивтік деректердің бірінде, бұл іс сол кездегі Орынбор генарал-губернаторы Перовскийдің бұйрығы бойынша қысқарады.
Ауызша деректер бойынша, Құрманғазыны осы сапарда тағы ұстап, айдап Орынбор түрмесіне салады. Жолда кетіп бара жатып Құрманғазы «Арба соққан» деген тағы бір күй шығарады. Бұл күйде сырттай аты «Арба соққан» болғанымен, онда арбаның салдыры, ат тұяғының тасырлы, дауысы, талған куердің дыбысын бермейді. Мұнда күндіз-түні ағаш арбаның үстінде шаршап, езіліп, еріксіз елінен айырылып, тағы айдауға кетіп бара жатқан адамның жан дүниесінің ауыр жайы бар.
## Дереккөздер |
Перовский маршы — музыка өнерінің классигі, күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлының күйі.
## Тарихы
Құрманғазы Орынбор түрмесінде болған кезде, Перовскийдің өзі түрмеде белгілі музыканттың, аспапта ойнайтын домбырашының отырғанын білді. Ол шығармашылық кештерінің бірінде оны түрмеден өз өнерін көрсетуге шақырды. Құрманғазы өз күйлерінің бірнешеуін ойнап берді. Перовский оның күйлері оған өте ұнағанын айтады. Құрманғазы ризашылық белгісі ретінде Перовский марш күйін дәл сол жерде тартып береді. Перовский марш күйі өзінің дыбысымен ерекшеленеді, өйткені марш интонациясы қолданылады және қандай да бір түрде орыс музыкасын еске түсіреді. Сол себептенде Перовский былай деп сұрады:- Сіз қандай күй шығармасын ойнадыңыз, ол біздікінен өзгеше және сіз ойнаған күйлергеде ұқсамайды? Құрманғазы:- Мен бұл туындымды арнайы сізге арнадым, ол Перовский маршы (Перовский шеруі) деп аталады. Ризашылық белгісі ретінде Перовский Құрманғазыны түрмеден босатқан екен. |
Бұқтым-бұқтым — музыка өнерінің классигі, күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлының күйі.
## Тарихы
Жәлел ауылына жалғас отыратын бір байдың жылқысынан екі атты ұстап алып, бірін мініп, бірін жетелеп, Құрманғазы Әуесті алып кеткен солдаттарды қуады. Көрген кісілердің айтуынша Құрманғазы төтелейді. Ал солдаттар болса жолдан шықпай, бұраңдап жерден ұтылады. Үш күн өткеннен кейін Құрманғазы бір малшылардың айтуы бойынша, отрядтың қоналқыға тоқтайтын жеріне жақындайды. Сайды, жыраны қуалап отырып, солдаттардың қонып жатқан жерінің үстінен шығады. Солдаттардың әбден ұйқыға кеткен кезін аңдып, қос атты ылдиға байлап тастап, өзі жаяулап, айдың астын ала солдаттарға келеді. Олар мылтықтарын ешкінің мүйізі сияқты етіп қалқайтып, бір-біріне сүйеп қойып, шырт ұйқыда қаннен-қаперсіз жатады. Әуес шетіректе алдына баласын алып, еңкейіңкіреп отыр екен. Құрманғазы абайлап ысқырып белгі береді. Әуес Құрманғазының белгісін танып, жыламасын деп Қазидың аузына емшегін салып, қара шапанды бүркеніп, еңкейіп жүріп отырып Құрманғазыға келеді. Құрманғазы Әуесті аттарын қалдырған жаққа жіберіп, өзі «керек болады» деп мылтықтың біреуін алып, аттарына келеді. Сонымен, Құрманғазы Әуес пен Қазиды алып кетіп қалады.
Солдаттар ертемен бір-ақ оянып, Әуестің жоғын көріп, айналадан іздейді. Таба алмағасын қолдарын бір сілтеп кете береді. Орынборға келіп: «Құрманғазының әйелі кішкене емізулі баласымен далада қонып жатқанымызда қашып кетіпті. Біраз жерді шарлап іздедік, таба алмадық, қасқыр жеп қойған болуы керек», — деп ақпар береді. Мылтықты бұл оқиғаға араластырудан қорқып: «бара жатқанда суға түсіріп алдық» дейді. Құрманғазы болса аман-есен ауылына келеді. Солдаттардан Қази мен Әуесті ұрлап алып келгенін айтып, Құрманғазы бір күй бағыштайды. Ол күйдің аты «Бұқтым-бұқтым» болады. |
Ақсақ киік – музыка өнерінің классигі, күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлының күйі.
## Тарихы
Төремұрат, Нарынбай ауылында жүріп киік атуға шыққанда үшінші киікке оқталарда Құрманғазы: «Киіктің қай жерінен тигізейін?» – деп сұрапты дейді. Сонда батырдың жолдастарының біреуі осы тигізе қояр деймісің дегендей: – «Аяғынан» дей салыпты. Сонда Құрманғазы киіктің артқы аяғынан тигізіп, киік үш аяқтап ақсаңдап, қаша жөнелсе керек. Қожаңдап «қуамын» деген жігіттерге Құрманғазы ұлықсат етпейді. Өзі домбырасын алып сол арада бір күй шертеді. Құрманғазының сырына әбден қанған Төремұрат күйшінің қасына ешкімді жібермей, әбден домбырасын аяқтап болғанда ғана өзі барып: – «Жиенжан, бұл арада тағы бір нәрсе туып қалды білем, атын қойдың ба?» – деп сұрайды. Сонда Құрманғазы біраз кідіріп, қуанған емес, күйінгендей келбетпен: – Нағашыеке, жаралының бәрі жаралы, жанның бәрі бірдей, өмір үшін күресте кімге оқ дарымайды? Біздің тұсымызда жаралы жан жалғыз киік пе? Атпайын-ақ деп едім, сіздің мына бір жігіттеріңіздің қыздырма сөзімен аттым. Анау ақсап кеткен киіктей жаралыларға арнадым бұл күйімді. Аты – «Ақсақ киік» депті дейді. |
Назым сөзінің бірнеше мағынасы бар:
* Назым – Құрманғазы Сағырбайұлы күйлерінің бірі
* Назым – қазақстандық боксшы, қазақ, әйелдер арасындағы бокс чемпионы.
* Назым – түрік жазушысы, қоғам қайраткері.
* Назым – Ресейдегі өзен. Ханты-Мансий АҚ жер аумақтарынан ағып өтеді.
* Назым – педагог, ғылымының кандидаты, доцент.
* Назым – экономика ғылымдарының кандидаты.
* Назым – биші, театр артисті.
* Назым – түркі классикасында жыр, өлең деген мағынаны білдіреді. |
Мемлекеттік өзбек Тимуридтер тарихи мұражайы (немесе халық арасында Әмір Темір мұражайы деп те аталады) — Өзбекстанның астанасы — Ташкент қаласында орналасқан. Ол 1996 жылы жұмысын бастады және моңғол қолбасшысы Әмір Темірге (немесе Тамерланға) және оның билігі кезіндегі бүкіл Орта Азия аумағының, сондай-ақ оның бүкіл әулетінің даму тарихына арналған.
## Сипаттамасы
Тимуридтер тарихи мұражайы Өзбекстанның "мемлекеттік бірегей ғылыми нысандарының" құрамына кіреді. Мұражайға келушілердің орташа саны жыл сайын
2 миллионға жуық келушілерді, соның ішінде әртүрлі шетелдік мемлекеттік қызметкерлерін құрайды. Олардың көпшілігі мұражайдың арнайы "қонақтар кітабына" енгізілген. Мұражай әртүрлі халықаралық көрмелерге жиі қатысады, сондықтан ол өзінің материалдық және рухани қазынасын бүкіл әлемге танымал етті.
Қордағы сирек кездесетін кейбір жәдігерлер тіпті әртүрлі шетелдік экспозицияларға қойылды: француздардың «Тимуридтік жаңғыруы», Германдық Экспо-2000, Австралияның «Маталар мен керамиканың түстері» Power House музейінде. Тимуридтер мұражайында әр түрлі көрмелер үнемі өткізіліп тұрады: Үндістан елшілігімен бірге "Сирек кездесетін қолжазбалар", Иран елшілігімен "миниатюралық кескіндеме", Оман Сұлтанатының Ұлттық департаментімен "Алыс және жақын Оман" көрмесі ұйымдастырылды. Мұражай экспозициясының басты идеясы-Әмір Темірдің ұлылығын және Темуридтер дәуірінің рухын жеткізу.
## Тарихы
1991 жылы ел тәуелсіз деп танылды, Өзбекстан мәдениетін қалпына келтіруге, өркениетті қоғамның дамуында үлкен рөл атқарған тарихтағы әртүрлі тұлғалардың құндылықтарын тануға көп көңіл бөлінді. Әмір Темір сондай тұлғалардың бірі, саяси және әскери жетекші, жаңа мәдени, ғылыми және білім беру реформаларын, сауда қатынастарын жасаушы. Ұлы мемлекет құра отырып, ол Өзбекстан халықтарын біріктіре отырып, оның күшін нығайтты. Әмір Темірдің билігі ғылыми және мәдени, білім беру және сәулет, музыка және бейнелеу өнерінің дамуына ықпал етті.
1996 жыл "Әмір Темір жылы" деп жарияланды, оның 660 жылдығы елде кеңінен аталып өтті, нәтижесінде Өзбекстанда Тимуридтер тарихын бейнелейтін қаланың дәл орталығында мемлекеттік мұражай салу туралы шешім қабылданды. Мұражайдың мерекелік ашылуы 1996 жылдың күзінде өтті, оған жергілікті тұрғындармен бірге, шетелдік қонақтар да қатысты.
## Архитектурасы
Мұражайдың көк күмбезі Самарқандтағы Гур-Эмир кесенесін еске салады. Мұражай ғимараты ортағасырлық, дәлірек айтқанда "Тимуридтік" кезеңнің және заманауи сәулет стильдерінің синтезі болып табылады. Ол дөңгелек пішінді, үлкен қабырғалы күмбезі бар, көгілдір майоликамен безендірілген, төбесінде парапеттер, ашық айван және жіңішке бағандары бар. Бағандар, еден және негізгі баспалдақтар ақ мәрмәрмен безендірілген. Күмбездің іші шығыс сәулет өнерінің үздік дәстүрлерімен боялған, ою-өрнектермен безендірілген. Залдардың қабырғалары Әмір Темірдің өмірін көрсететін фрескалармен безендірілген. Мұражайда сонымен қатар биіктігі 8,5 метр, 106 мың алқалардан тұратын хрусталь люстрасы бар.
Ғимарат үш қабаттан тұрады, олардың біріншісі қызметтік бөлмелерге арналған, ал екінші және үшінші қабаттарда мұражай экспозициясы орналақан, олар Тимуридтер тарихы туралы баяндайды. Басты залдың ортасында мұсылмандардың әйгілі қасиетті кітабы – Құран Осман сақталған.Ғимараттың қасбеті әдемі безендірілген. Субұрқақтармен қоршалған сәнді ғимарат қаланың барлық қонақтарының назарын аударады.
## Экспозициялар
Тимуридтер тарихы мұражайында 5 мыңға жуық экспонат бар, олардың барлығы Әмір Темір мен Тимуридтер әулетінің билік еткен уақытына жатады. Олардың шамамен 2 мыңы мұражайдың көрме залдарына қойылған. Мұражайда Әмір Темірдің шежіресі, оның билікке келуі, әскери жорықтары, дипломатиялық және сауда қатынастары, қаланың дамуындағы маңызды кезеңдер, білім мен ғылым ұсынылған. Сондай-ақ, Тимуридтер әулетінің мүшелерімен байланысты экспонаттар: қару-жарақ, карталар, монеталар, миниатюралар, қолжазбалар, қыш ыдыстар мен зергерлік бұйымдар бар.
Мұражай экспозициясында Ұлы Жібек жолы арқылы Әмір Темірдің мемлекетіне түскен археологиялық, этнографиялық және нумизматикалық материалдар, орнаменттер, заттар бар. Мұнда Әмір Темір мен оның ұрпақтарының еуропалық монархтармен хат-хабарлары, сол кездегі еуропалық шеберлер жазған Әмір Темірдің суреттерінің көшірмелері сияқты құнды тарихи құжаттарды көре аласыз. Бұл картиналардың түпнұсқалары қазіргі уақытта Францияның Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан.
## Көрмелер
* Жауынгер киімі (XIV-XV ғасырлар);
* Әйелдер киімі және бас киімдер;
* Панно және хрусталь люстра;
* XII ғасырдағы қыш ыдыстар;
* Гур-Эмир кесенесінің макеті (XV ғасыр, Самарқанд);
* Өзбекстандағы жазу мәдениеті мен тарихы;
* Шахрухия бекіністі қаласы;
* Біздің шетелдегі мұрамыз;
* Әмір Темір-Клавихо-Самарқанд;
* Әмір Темірдің өмірінен эпизодтар;
* Әмір Темір мен Тимуридтер суретшілердің көзімен;
* Әмір Темір мен Тимуридтер дәуірі ғалымдар мен жазушылар көзқарасы тұрғысынан
"Сыйлықтар" атты көрмеде әр түрлі дәуірдегі Әмір Темірдің түрлі бейнелері, Лувр Француз мұражайының сыйлықтары және Әмір Темір мен Тимуридтер әулеті арасындағы Пәкістан мен Иран, Малайзия мен Қытай, Ресей мен Қазақстан, Түркия және Грузия сияқты басқа елдермен хат-хабарлар ұсынылған.
## Дереккөздер |
Бозшолақ — музыка өнерінің классигі, күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлының күйі.
## Тарихы
Құрманғазы алпысыншы жылдардың ортасы ауғанша Жиделіде жүріп қалады. Оған себеп болған күйшінің Папаспен достасуы болады. Уақытша советке қадірлі Папас үндемесе де оның төреден шыққан туысы, ақсүйектігі Әубәкір сияқтылар бата алмайтын қорған болады. Бірақ Құрманғазының соңынан қалмайтын Әубәкір күйшінің тағы бір жақсы атты болғанын естіп, адамдарын жіберіп бір түнде сары атты ұрлатып алдырады. Атын іздеп барған күйшіні Әубәкір сөгіп: «саған жақсы ат неге керек? әуелі анау құрым киіз жапқан үйіңді неге ағартып алмайсың, Құрымбай мырза!» — деп кемсітеді. Онымен қоймай қарсыласар ойы да жоқ тып-тыныш тұрған Құрманғазыны қапылыста жігіттеріне ұстатып, сілейтіп сабап, естен тандырып тастайды. Түн ортасында ғана көзін ашқан Құрманғазы үсті-басы көк ала қойдай болып үйіне келіп, қалай кегін алуды ойлайды.Әуелі бейбіт жолмен көрейін деп, Құрманғазы Әубәкірдің сыйласы дегенмен, Шыман төренің баласы Жаншаға барады. Құрманғазының ойынша, Жанша өткен оқиғаны есіне алмас, бұл жасы келіп, дәрежесі көтеріліп тұрған кезінде мейірімі түсер дейді. Бірақ Жанша сау күніндегі әдетіне басып, Құрманғазыны балағаттап қуып жібереді. «Бай байға құяды» деген осы екен ғой деп, Құрманғазы қайтып бара жатып, Шыман әулетінің жылқысынан іріктеп елу атты қуып кетеді. Бұхараның ашуынан қорқып қалған, көлеңкеде өскен ақсүйектер Құрманғазының соңынан батып қуа да алмайды. Бірақ «Жараның ауызына тұз сеуіп қайтемін», — деп Құрманғазы Шыман тобының аттарын ауылының қасына алып келіп, қуып тастап, өзі біраз желпініп өшін алғандай болады. Кейін Әубәкірдің қойған аты «Құрымбай» есіне түсіп, «қанды ауыздан шыққан сөз екен, ізсіз қалмасын» деп өлең шығарып:Сұрасаң менің атым Құрымбай-ды,Жайықтың суы маған жұрындай-ды.Шыманның елу атын бір айдадым,Құрымбай жай адамға ұрынбайды» дейді.Құрманғазының бұл өлеңі халық арасына кең таралып кетеді. Шыман әңгіме болған жерде осы өлең айтылмай қалмайды екен деседі.Әубәкір досы Жаншаны бір тізе бүктірген күйшінің бұл ісіне қатты ыза болады. Құрманғазыны қалайда тыныш жүргізбеуге уәде береді. Өзінің пікірлес бір старшынымен бірігіп: «Құрманғазы қоғамға қауіпті адам» деп сол кездің жек көретін адамына қолданатын қаруы — «бейбіт үкім» жасап, күйшіні үркітке айдататын болады. Оны естіген Құрманғазы тағы амалсыз тасаланады. Әубәкір жиырма старшынға боблік шашып, Құрманғазыны табылса, ұстау керегін білдіреді. Бірақ старшын біткеннің бәрі де «Құрманғазы біздің қарауымызда жоқ» деп хабар береді. олардың ішінде орта дыбыс станцияның депутты Бердінов, Бекболат Ұстыбаев, Жантілесов, Наурызәлин тағы басқалардың аттары аталады.Күндердің күнінде Әубәкір Құрманғазыны ұстатып айдатады. Күйшіні Саратовқа дейін жай арбаға мінгізіп алып келеді. Арбаға шеккен Бозшолақтың еріксіздік жағдайын тақырып етіп алып, Құрманғазы күй шығарады. Күйдің аты «Бозшолақ атты боқ дүние» болады. Кейін күй «Бозшолақ» атанып кетеді. Құрманғазы бұл күйде Бозшолақтың жүрісінен бастап, өзінің еріксіздік халін суреттейді. |
Кюр-Дили (әз. Kür Dili) — Каспий теңізіндегі Әзірбайжанның ең үлкен аралы. Ол Әзірбайжан астанасы Бакуден 150 шақырым қашықтықта, Нефчалы ауданынан оңтүстікке қарай 33 км қашықтықта орналасқан. Әкімшілік жағынан Аралдың шығысы Нефчалы ауданына, ал батысы Ленкоран ауданына жатады.
## Сипаттамасы
Аралдың ұзындығы 11,8 км, ені шамамен 5,2 км. шығыстан Каспий теңізімен, батыстан Қызылағаш шығанағымен шектеседі. Алып жатқан жер аумағы 43 км2 шамасында. Арал бірегей Қызылағаш қорығының бөлігі болып табылады.
Ертеректе Кура атырауындағы ұзын түбектердің бөлігі болып, 20 ғасырда Каспий теңізінің көтерілуімен түбек аралға айналды. Кюрдили (Куркоза) және Шираанлы (Жарски) ауылдарында Ресей империясының Орталық аудандарынан қоныс аударған көптеген орыстар өмір сүрді. Ескі тұрғындардың айтуынша, түбек айналасында көптеген балық пен аңдар, құнарлы жер, мөлдір су болған. 1911 жылы аралда маяк салынып, 1966 жылы жұмысын тоқтатты.
Бірақ 80-жылдардың басында бәрі өзгерді, Каспий деңгейі көтеріле бастады, біртіндеп түбектің негізгі бөлігін Үлкен жермен байланыстыратын мүйісті су басты. 1981 жылы Каспий теңізінің көтерілуімен материкпен байланыс күрделене түсті, көпшілігі аралдан кетті. 1982 жылға қарай ауылдарға жермен жету мүмкін болмай қалды, жаңа арал пайда болды. Адамдар малды, үйлерді, бау-бақтарды тастап кетті. Олар жақында теңіз деңгейі қайтадан төмендейді және олар ораламыз деген үмітпен тіпті жылқы фермасын да тастап кетті. Содан кейін қайта құру басталып, қиын кезеңдер келді, аралдың проблемалары артта қалып, адамдар жаңа орындарға қоныстанды.
## Қазіргі Кюр-Дили аралы
Бүгінгі таңда Кюр-Дили аралы жабайы үй жануарлары бар ерекше орын. Мұнда жабайы жылқылардың табындары (барлығы мыңға жуық) жүреді, және олар бір кездері үй жануарларының ұрпақтары, жартылай жабайы сиырлар, қошқарлар және тіпті тауықтар да бар. Аралдың ерекше жағдайлары жануарларға әр түрлі әсер етті. Жылқылар қисайып, кішірейіп, қояндар бұрын-соңды болмаған мөлшерге жетті. Бірақ аралда тұщы судың ашық көздері жоқ, сондықтан барлық жануарлар тұзды суды тікелей Каспий теңізінен ішуді үйренген.
Аралда сондай-ақ өз жыртқыштары - шиебөрі бар, дегенмен көптеген адамдар оларды ұсақталған және жабайы иттер деп санайды. Бұрын аралда жүзім мен анар өсіретін колхоз болған. Олар әлі де өнім беруде. Аралға сирек болса да балықшылар келеді, оларға жүзу оңай емес, өйткені қорғалатын аймақты айналып өту керек. Материктерге жылқыларды тасымалдауға бірнеше рет жеке әрекеттер жасалды, бірақ оларды айналып өту мүмкін емес болып шықты.
Бұған дейін 1976 жылы ЮНЕСКО-ның сулы-батпақты жерлер – халықаралық маңызы бар суда жүзетін құстардың мекендейтін жерлері туралы конвенциясына енгізілген әйгілі Қызылағаш қорығының бір бөлігі Қызылағаш және Кіші Қызылағаш шығанақтарының жағалауларын қамтыды. 2001 жылы Әзірбайжан бұл конвенцияға қол қойды және аталған орындар қайтадан осы тізімге енгізілді.
## Дереккөздер |
Әмір Бақыраев (1901, Атырау облысы, Новобогат ауданы – 1967, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Тандай ауылы) – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Мыңғыстау аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы.
## Өмірбаяны
Әмір Бақыраев 1901 жылы жылы Гурьев облысы Новобогат ауданында дүниеге келген. Беріш руының тумасы, тармағы Құлкеш, Байгөл. Кіші жүз.
Теніз ауданы құрылғаннан бері аудандағы бірінші басшы болып Әмір Бақыраев басқарды.
1939 жылы 16 қазандағы Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Указы бойынша Новобогат ауданы құрылды. Оның алғашқы басшысы болып аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, жергілікті азамат Әмір Бақыраев сайланды.
1942 жылы қазан айында Маңғыстау партия ұйымының басшылығына Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты Әмір Бақыраев келді. Бұл азамат Ұлы Отан соғысының отты жылдарында ауданның партия ұйымын басқарған, ауданның негізгі экономикасы - мал шаруашылығын дамытуға, көмір өндірісіне басшылық ету, майданға жастарды аттандыру, асыраушылары әскерге аттанған отбасыларына айырықша көңіл бөлу, кезінде жәрдемақы тағайындау, жаралы болып соғыстан оралғандарды мүмкіндігіне қарай жұмысқа орналастыру тағы басқа мәселелерді шешуде біраз тер төкті. 1951 жылы Ә.Бақыраев басқа жұмысқа ауысты.
I және II шақырылымдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
## Марапаттары
Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет Белгісі” ордендерімен және медальдармен марапатталды.
## Дереккөздер |
«Тәуелсіздік күні» — Роланд Эммерихтің фантастикалық апат-фильмі.
Бұл 1996 жылдың ең табысты фильмі болды, сондай-ақ сол уақыттың ең табысты фильмдер тізімінде екінші орынды иелеген (1993 жылғы Юра кезеңінің саябағы фильмінен кейін). Кинодағы визуалды эффектерді дамытуда әсері ерекше болды.
## Сюжет
1996 жылдың 2 шілдесінде жатпланеталықтардың алып ғарыш кемесі Жерге қарай ұшып келеді және кешке қарай кенеттен әлемнің басты қалаларын сәулелік қарумен жоя бастайды. Келесі күні Жердегі аман қалған адамдар бірге жиналып, 4 шілдеде келімсектерге тойтарыс беруге дайындалады.
## Басты рөлдерде
## Жүлделері |
Дилраба Дилмурат (ұйғ. دىلرەبا دىلمۇرات қыт. 迪丽热巴; 3 маусым 1992, Үрімжі, ШҰАР) — Қытай актрисасы, әнші және модель, ұлты ұйғыр.
## Жастық шағы
Дилраба Дилмурат кішкене кезінен бастап шығармашылық пен өнерге деген ерекше сүйіспеншілігімен ерекшеленді. Оның өзі сұхбатында айтқандай, бәрі әкесіне байланысты болған. Оның әкесі өзінің туған жеріндегі ән-би ансамблінің солисі болған, ал оның кішкене қызы оның жұмысына жастайынан бірге араласқан. Ол бес жасында музыкалық аспаптарда ойнауға ниет еткен. Бастапқыда бұл гитара сабақтарын үйрене бастады. Кейін Дилраба фортепианоны игеруге бел буады.Фортепиано ойнауды игергеннен кейін, скрипка ойнауды үйреніп, болашақта оның рөлдердің біріне пайдалы болды. Дилраба Дилмурат тоғыз жасында би бөліміне арналған өнер мектебіне түседі. Алты жылдық табанды және қажырлы жаттығулардан, қойылымдардан және жарыстардағы көптеген жеңістерден кейін Дилраба өнер мектебін үздік бағамен бітіреді.
Содан кейін бір жыл бойы ол Солтүстік-Шығыс педагогикалық университетінің студенті болды. Бірақ бір жыл оқығаннан кейін ол актриса болғысы келетінін түсінеді. Өйткені, сыныптастары бірнеше рет оны қытайлық қыздар үшін ерекше келбеті, керемет дене бітімімен ерекшеленетінін айтқан болатын. Нәтижесінде, ол университеттегі оқуын тоқтатып, құжаттарды басқа оқу орнына - Шанхай академиясына тапсырады. Қабылдау емтихандарында ол өзін жақсы жақтарынан көрсетіп, Шанхай академиясының театр факультетінің студенті атанады.
## Өнер жолы
Экрандағы дебюттік көрініс 2013 жылы "Анэрхан" телехикаясында орын алды, онда Дилрабаны белгілі продюсерлер байқап, жас актрисаны өз жобаларында түсіру үшін ұсыныстарын берді. Алайда, Дилраб Дилмурат нағыз танымалдылық пен даңққа екі жылдан кейін "Гауһар махаббат" телехикаясында басты рөлдердің бірін ойнаған кезде ие болды. Сериал прокатқа шыққаннан кейін Дилраба Қытай байқауында "Үздік бастаушы актриса" номинациясы бойынша марапатқа ие болды.Оған жарнамалық акцияларға немесе әйгілі сән журналдарына арналған ұсыныстар түсе бастады. Сонымен, Дилрабаның модельдік мансабы кинодағы сәттіліктен басталды. Оның Dolce & Gabbana және L'Oréal сияқты корпорациялармен келісім шарттары бар. Көптеген жылдар бойы Дилраба Дилмурат Қытайдағы ең әйгілі және сәтті актрисалар мен модельдердің ондығының тізіміне енеді. Ұсыныстар мен келісімшарттар легі әлі күнге дейін жалғасуда. Оны мемлекеттік және ойын-сауық ток-шоуларында, модельдік және жарнамалық журналдардың мұқабаларында жиі көруге болады.
2014 жылы актриса әр түрлі жобаларға қатысады, мысалы: "Шөл туралы баллада" тарихи шытырман оқиғалы сериясы, "Ежелгі қылыш туралы аңыз" фантастикалық драма, "Махаббаттың кішкентай дәуірі" романтикалық комедиялық сериясы сияқты әр түрлі жобаларда ойнады.Осыдан кейін «Бан Шу туралы аңыз» (2015) тарихи-роман-драмасына түсіп, үлкен экранда Ли И Фэн, Ян Ми және Чжан Юнь Лун мен бірге «Жұлдыз сияқты ғашық болу» фильмінде дебют жасады.Келесі жылы актриса "Ыстық қыз" шытырман оқиғалы сериясында, "Махаббат баспалдақтары" мелодрамалық сериясында (2016), "Алты бөлім" романтикалық детективтік драмасында ойнады.2017 жыл жас және талантты Дилраба үшін мансап тұрғысынан өте табысты болды. Жыл басында ол "Тамаша Ли Хуэй Чжэнь" романтикалық комедиялық драмасында ойнады, онда Шэн И Лунь мен Чжан Бинь Бинь оның серіктестері болады. Содан кейін "Цин дәуірінің жарқын сұлулығы" тарихи мелодрамалық сериясындағы жұмыс. Дилраба басты ролде ойнаған «Жугэ жалыны сияқты» романтикалық фантастикалық драмасы 2018 жылы экрандарға шықты.2019 жылы дильраба актер Шон Доумен бірге "Күн мен ай" фантастикалық комедиясындаойнады.
## Фильмография
* 2015: Жұлдыздай ғашық болу
* 2017: Мистер Прайд Мисс Предубеждениеге қарсы
* 2017: Намия
* 2018: 21 карат
* 2019: Жарық дастаны
Телешоулар
* 2013 Анэрхан
* 2014 Ежелгі қылыш туралы аңыз
* 2014 V Махаббат
* 2014 Cosmetology High
* 2014 Шөл туралы баллада
* 2015 Махаббат нұры
* 2015 Гауһар махаббат
* 2016 Бан Шу туралы аңыз
* 2016 Махаббат баспалдақтары
* 2016 Алты бөлім
* 2016 Ыстық қыз
* 2017 Әдемі Ли Хуйчжэнь
* 2017 Мәңгілік махаббат
* 2017 Корольдің әйелі
* 2018 Жалынның қызы
* 2018 Тәтті армандар
* 2019 Үш өмір, үш әлем
* 2020 Advanced Love Customization
* 2021 Ханшайым Чангге
## Дереккөздер |
Мирсаид Хайдарғалиұлы Сұлтанғалиев (тат. Мирсәет Хәйдәргали улы Солтангалиев; 13 шілде 1892 — 28 қаңтар 1940) — татар ұлтынан шыққан көрнекті мұсылман саяси қайраткер, Ресей азамат соғысының қатысушысы, РСДЖП(б) мүшесі, КСРО-да саяси қуғын-сүргіннің құрбаны.
## Өмірбаяны
Мирсаид Сұлтанғалиев 1892 жылдың 13 шілдесінде Үфі губерниясының Істерлітамақ уезіндегі Қырмысқалы ауылында дүниеге келді (басқа деректер бойынша — Елімбет ауылында). Ұлты татар. 1907—1911 жылдары Қазандағы татар мұғалімдер семинариясында оқиды. Оқудан соң Істерлітамақ уезіндегі Атжетер және Ескі Шәріп ауылдарында мұғалім болып жұмыс істейді, кітапханашы болады, татар мерзімді баспаларында мақалалар жариялайды. Студенттердің «Ислах» революцияшыл қозғалысының белсенді мүшесі. 1913—1917 жылдары Бакудағы қыздар гимназиясында мұғалім. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Петерборға жол тартады.
1917 жылдың мамыр айында Мәскеудегі Бүкілресейлік мұсылмандардың съезі мен ол сайлаған Бүкілресейлік мұсылман Кеңесінің жұмысына белсенді түрде қатысады. Шілде айында Қазанға қайтып оралады, Молланұр Уахитовпен бірге Петерборда Мұсылман социалистік комитетінің негізін қалап, атқарушы комитеттің хатшысы атанады. 1917 жылдың қарашасынан бастап РСДЖП(б) мүшесі. Ұлттар істері бойынша Халық комиссариатының (Наркомнац) мұсылман бөлімі басшылығының мүшесі, оның хатшысы — Мұстафа Субхи.
Мирсаид Сұлтанғалиев Ресей мұсылман коммунистік партиясының негізін қалаушы. 1918 жылдың мамырында жоспарланған Татар-Башқұрт Кеңес Республикасының Құрылтайына дайындық жүргізеді. 1918—1920 жылдары РКФСР Әскери-теңіз күштері халық комиссариаты жанындағы Орталық мұсылман әскери коллегиясының төрағасы. 1919—1921 жылдары РКП(б) Орталық комитетінің жанындағы Шығыс халықтары Орталық басқармасының төрағасы. 1920—1923 жылдары Ұлт істері Халық комиссариаты Коллегиясының мүшесі.
Сұлтанғалиев 1920 жылдары қалыптаса бастаған сталиндік ұлт саясатына қарсы шықты, оның ой-пікірлері Иосиф Сталинге ұнамады. 1923 жылы Ленин науқасқа шалдыққан кезде Мирсаид Сұлтанғалиев партия қатарынан шығарылып, 4 мамырда тұтқындалды. «Сұлтанғалиевшылар» (орыс. «султангалиевщина») деп жала жабылған оның көптеген ізбасарлары да осындай жағдайға тап болды.
Көп уақыт өтпей Сұлтанғалиев бостандыққа шығып, 1923 жылдың қыркүйегінен бастап 1928 жылдың қаңтарына дейін КСРО кооперация жүйесінде қызмет атқарды. 1928 жылдың 12 желтоқсанында «контрреволюциялық ұйым» құрды деген айып тағылып, Сұлтанғалиев қайтадан қамауға алынады. 1930 жылдың 28 шілдесінде «ұлтшыл ауытқушылық» (орыс. «национал-уклонизм») үшін ату жазасына кесіледі. Кейінірек жазасы «жұмсартылып», 1931 жылдың 13 қаңтарында жазасы 10 жыл лагерлерге ауыстырылды. 1934 жылы ол қайтадан босатылып, Саратов қаласында тұруға рұқсат алды. 1937 жылдың 19 наурызында соңғы рет қамауға алынып, 1939 жылдың 8 желтоқсанында КСРО Жоғары сотының әскери коллегиясы РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-1а, 58-2 және 58-11 баптарының негізінде оны «халық жауы» ретінде ату жазасына кесті. Бұл үкім 1940 жылдың 28 қаңтарында Мәскеуде іске асырылды.
Мирсаид Сұлтанғалиев тек 1989 жылы ақталды.
## Дереккөздер
## Қосымша әдебиет
* Шілдебай С. Мирсаид Сұлтан-Ғалиев: өмірі мен тұтас Түркістан жолындағы күресі. // Жас Түркістан, 2001. — №1. — 14—25 б.
* Султан-Галиев М. Избранные труды — 1998. — 719 б. — ISBN 9785930010015.
* Сагадеев А. В. Мирсаит Султан-Галиев и идеология национально-освободительного движения: научно-аналитический обзор — 1990. — 141 б.
* Султанбеков Б. Ф., Шарафутдинов Д. Р. Неизвестный Султан-Галиев: рассекреченные документы и материалы — 2002. — 458 б. — ISBN 9785298011310. |
Бекзат көркем фильмі — 2019 жылы "Хабар" агенттігінің тапсырысымен түсірілген режиссер Мұрат Бидосовтың фильмі. Боксшы Бекзат Саттархановтың есейген шақтарын, спорттық мансап жолындағы бастан кешкендерін, Сидней Олимпиадасында алтыннан алқа таққанын баяндайтын драма.
## Актерлер
### Басты рөлдерде
* Самат Әзімқұлов — Бекзат
* Дулыға Ақмолда — Тұрсынғали Еділов
* Дарын Шыныбек — Нұрлан Жұмабаев
* Отарәлі Көлжан — Бекет Махмудов
* Әнуар Көшербаев — Ермахан Ыбырайымов
* Айбек Серікжанов — Марат Мәзімбаев
* Аслан Сапарғалиев — Мұхтархан Ділдәбеков
* Мұрат Жарылқасынов — Сейілхан Саттарханов, Бекзаттың әкесі
* Майра Мақұлбекова — Сырлыгүл, Бекзаттың анасы
* Аманкелді Сейітханов — камео
### Эпизодтарда
* Аманкелді Сейітхан — камео
* Қанат Ернар — Рикардо Хуарес
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Kinopoisk сайтындағы мәліметтер |
Рано Батыровна Закирова (өзбек. Ra’no Zokirova, Раъно Зокирова; 7 тамыз 1969 жыл, Ташкент) — өзбекстандық актриса, әнші. Батыр Закировтың қызы. 1984 жылдан бері киноға түсіп келе жатыр.
Өзбекстан мен Қазақстанның еңбек сіңірген артисі.
## Өмірбаяны
1988 жылы хореографиялық ущилищені, 1998 жылы Ташкент мемлекеттік мәдениет институтының режиссерлік факультетін тәмамдады.
1988-95 жылдары "Шодлик" ансамблінің мүшесі болды.
## Фильмдері
* 1984 "Вуадильден келген қалыңдық" — Әсаль, басты рөл
* 1989 Шерали мен Ойбарчин
* 1998 Шайтанат
* 2000 Алпомыш
* 2003 Ёдгар — Мехри, басты рөл
* 2005 Фатима мен Зухра — Зухраның анасы
* 2005-2006 Бір кем дүние
* 2006 Ходжа Насреддин
* 2006 Намыс
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* https://kino-cccp.net/publ/8-1-0-19720 |
Тахталы Жәми мешіті (қырымтат. Tahtalı Cami) — Бақшасарайдағы XVIII ғасырдағы мешіт, Қырым. Гаспринский көшесінде, ескі қалада орналасқан, оны елді мекеннің кез келген жерінен көруге болады.
## Тарихы
Мешіт 1707 жылы Шіріксу өзенінің оң жағалауында салынған. Мешіт құрылысының бастамашысы - ханшайым Бек хан Сұлтанхани болды. Ханшайым әйгілі хан Селим Гирейдің қызы болған. Шамасы, «Тахталы Жәми» атауы 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында онда жүргізілген күрделі жөндеуден кейін пайда болды.
1913 жылы Осман аға махалласының тұрғындары Тахталы Жәми мешітін жөндеу жобасын губерниялық әкімшіліктің құрылыс бөліміне жібереді. Жоба мақұлданып 1913 жылы 29 шілдеде имам Сейіт-Асан Мұстафа әпендіге жіберілді. Мешіттің тас едені ағаш еденмен алмастырылды, терезелері мен кіре беріс есіктері жартылай шеңберлі доғалы етіп үлкейтіліп көгілдір бояумен боялды.Мешіт 1923 жылға дейін жұмыс істеді, ал жабылғаннан кейін ол шаруашылық бөлме ретінде пайдаланылды. 1981 жылы "Тахталы Жәми" мешітін қалпына келтіру жобасы жасалды, қабырғалардың астыңғы және ішкі беті сылақтан тазартылды. Бақшасарай облыстық атқару комитетінің 1990 жылғы 27 сәуірдегі №106 шешімімен қалпына келтірілген мешіт ғимараты жергілікті «Мұстафа Жәми» мұсылман қауымына беру қарастырылған.
## Архитектурасы
Мешіт-ескі қаланың сәулеттік жетістігі болып табылады. Ол ағаш тақталардан салынған, содан кейін қабырғаларды төсеу кезінде тас блоктармен жабылған. Тахталы-Джами - Қырым хандығы дәуірінен бүгінгі күнге дейін сақталған санаулы мешіттердің бірі. Мешіттің пішіні жай төртбұрышты. Шығысқа жаққа қарайтын терезелері тікбұрышты, қалғандары жартылай шеңберлі. Кіреберіс кең террасамен безендірілген, оның үстіне ою-өрнек пен құрылыс күні белгіленген тас плита орнатылған. Шатыры черепицамен жабылған, солтүстік-батысында орналасқан он алты қырлы мұнарасы бар. Мұнара сұрғылт жылтыр тастан тұрғызылған, балкон дәстүрлі ою-өрнектермен безендірілген.Қабырғалары жергілікті әктастан жасалған. Мешіттің қаңқасы ағаштан жасалған, сондықтан Тахталы-Джами мешіті «тақтадан тұрғызылған» деп аударылады.
## Дереккөздер |
Садыр Нұрғожаұлы Жапаров (қыр. Садыр Нургожо уулу Жапаров; 6 желтоқсан 1968 жыл, Кең-Су ауылы, Түп ауданы, Ыстықкөл облысы) — қырғызстандық мемлекеттік және саяси қайраткер, 2021 жылдың 28 қаңтарынан бастап Қырғыз Республикасының 6-Президенті.
## Өмірбаяны
1968 жылы 6 желтоқсанда Ыстықкөл облысы, Түп ауданы, Кең-Суу шағын ауылында дүниеге келген. Оң қанаттың бугу руынан шыққан. Орта мектепте 1987 жылға дейін, мектепте оқумен қатар, «Санташ» колхозында жұмысшы болып жұмыс істеді. Орта мектепті бітірген соң, Фрунзе қаласындағы Қырғыз мемлекеттік дене шынықтыру институтына оқуға түседі. 1987 жылы Кеңес әскері қатарында қызмет етуге шақырылды. Әскердегі қызметі кезінде ол кіші сержант атағын алды, «Кеңес армиясының үздігі» белгісімен марапатталды. 1989 жылы армиядан оралғаннан кейін ол институтта оқуды жалғастырды, оны 1991 жылы «жаттықтырушы» мамандығы бойынша үздік бітірді. 1995 жылға дейін ол «Санташ» шаруа қожалығында қарапайым жұмысшы болды.
1996 жылы Ыстықкөл облысы Ішкі істер министрлігі арнайы полиция ротасының инспекторы болып жұмыс істеді. 1996-2000 жж. Солтонқұл шаруа қожалығы төрағасының орынбасары. 2000–2002 жылдары - «Гузель-МХААД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, 2002-2005 жылдары - Балықшыдағы «Нұрнефтегаз» шағын мұнай өңдеу зауытының бас директоры. 2006 жылы Садыр Жапаров екінші жоғары білім алып, Борис Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университетінің заң факультетін бітірді.
## Саяси мансабы
2005 жылғы сәуірде Садыр Жапаров 2005 жылғы парламенттік сайлау кезінде «Келечек» (Болашақ) оппозициялық фракциясынан Жоғарғы Кеңестің депутаты болып сайланды, оның жетекшісі болды. Парламенттік сайлаудан кейін көп ұзамай елде наразылықтар басталып, олар «қызғалдақ төңкерісіне» айналды. Үкіметке қарсы наразылық пен төңкеріс кезінде Садыр Жапаров сәтті төңкерістен кейін ел президенті болып сайланған Құрманбек Бәкиев бастаған оппозициялық Қырғызстан халықтық қозғалысының жақтаушысы болды. Оппозицияшыл Құрманбек Бакиев билікке келгеннен кейін ол өзінің режиміне жанашырлық танытты.
2006 жылы Садыр Жапаров мемлекеттік наградалар жөніндегі депутаттық комиссияның мүшесі, 2007 жылы рақымшылық жөніндегі депутаттық комиссия төрағасының орынбасары болды. 2005 жылдың ақпан-наурызында 2007 жылы қазанда Президент Құрманбек Бакиев сайлаған Жогорку Кеңеш (республиканың бір палаталы парламенті) таратылғаннан кейін, 2007 жылдың 22 қазанында оның депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. 2007 жылғы кезектен тыс парламенттік сайлауда ол президентті жақтайтын «Ақ жол» («Жарық жол») партиясының тізімдеріне қатысты. Осы сайлауларда оңшыл-центршыл және бакиевшіл партия «Ақ жол» парламенттегі ең көп парламенттік орынға ие болды (90-нан 71-і), басқарушы партияға айналды. Депутат болып сайланғанына қарамастан, ол мандатты қабылдамады, Президент Құрманбек Бәкиевтің кеңесшісі болып жұмыс істеуге көшті.
2008—2009 жылдары қатар, ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі ұлттық агенттіктің комиссары болды. Ол 2009 жылға дейін Құрманбек Бакиевтің кеңесшісі болған. 2009—2010 жылдары — Мемлекеттік кадр қызметі жанындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу агенттігінің директоры. Садыр Жапаров сыбайлас жемқорлықтың алдын алу агенттігін басқарған уақытта «Қырғызжылкоммунсоюзды» көмір сатып алудағы сыбайлас жемқорлық схемаларында айыптады, ал оның ағасы Сабыр Жапаров Жырғалаң кенішіндегі көмір шахтасының иесі болды. Садыр Жапаровқа отбасылық бизнесті лоббизм жасады деген айып тағылды.
2010—2013 — Қырғыз Республикасы Жогорку Кеңешінің депутаты.
2010 жылы президент Бакиев төңкеріс нәтижесінде қуып жіберді. Көп ұзамай Ош мен Жалалабатта болған ұлтаралық қақтығыстарға Жапаров пен оның серіктестері белсенді қатысты, өз мәлімдемелері бойынша — қақтығыстардың алдын алуға тырысты, қарсыластарының пікірінше — қырғыз ұлтшылдарын қолдады.
2010 жылғы қазандағы сайлауда ол көп орынға ие болған Камчыбек Ташиев басқарған «Ата-Журт» демократиялық партиясының тізімінен Қырғыз Республикасы Жогорку Кеңешінің депутаты болып қайта сайланды. Сот-құқықтық мәселелер жөніндегі комитеттің төрағасы болды.
2012 жылдан бастап ол өзінің туған жері Ыстықкөлдегі «Құмтөр» алтын кенішін мемлекет меншігіне алуды жақтап, оны басқаратын компанияны экологиялық заң бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлыққа айыптады. Осыған байланысты ол жерлестерінің арасында танымал болды.
### Премьер-министр болып сайлануы
Толық мақаласы: Қырғыз төңкерісі (2020)
### Босатылуы
2020 жылдың 5 қазанында Қырғызстанда парламенттік сайлау нәтижелеріне қарсы жаппай наразылықтар басталды. 6 қазан күні таңертең Қамшыбек Ташиев бастаған наразылық білдірушілер Садыр Жапаровты босатып, Бішкектің орталық алаңына алып барды, онда ол сөз сөйледі. 2020 жылдың 6 қазанында кешкісін «Достық» қонақ үйінде парламент депутаттары Жапаровты елдің премьер-министрі қызметіне тағайындауды мақұлдады. Алайда, Қырғызстан премьер-министріне "Ата-Мекен" партиясынан тағы бір кандидат Тилек Токтогазиев Үкімет үйінің жанында өтіп жатқан митингте дәл осы үкіметтің заңды басшысы екенін мәлімдеді, өйткені ол оппозициялық партиялардың басшылары құрған Үйлестіру кеңесінің отырысында осы лауазымға сайланды. Токтогазиев Жапаровтың тағайындалуын заңсыз деп санайды, өйткені депутаттар оны парламентарийлердің отырысы кезінде "Достук" қонақ үйінің жанында жиналған Жапаровтың бірнеше жүздеген жақтастарының қысымымен мақұлдады. Жапаровтың қарсыластары парламенттік кворумның жоқтығын және оны сайлау кезінде рәсімнің бұзылғанын атап өтті.
2020 жылғы 15 қазаннан бастап Қырғызстан президенті Сауранбай Жиенбеков отставкаға кеткеннен кейін Қырғыз Республикасы Конституциясының 68-бабына сәйкес Қырғызстан президенті міндетін атқара бастады. 2020 жылдың 14 қарашасында ол 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген Қырғызстандағы президенттік сайлауға қатысуға шешім қабылдады, соған байланысты ол ел президенті қызметінен кетті және Қырғызстан премьер-министрінің ресми өкілеттіктерін тоқтатты.
### 2021 жылғы президенттік сайлау
2021 жылғы қаңтарда Жапаров Қырғызстан президентінің сайлауына қатысып, онда жеңіске жетіп, сайлауға қатысқан сайлаушылардың 79,2% дауысын алды.
### Операция
2021 жылдың жазында Садыр Жапаровқа хирургиялық араласуды қажет ететін төменгі қабақтың энтропионы диагнозы қойылды. Жақында президент күн көзілдірігін киді, содан кейін ол әдеттегі көзілдірікті киюді жалғастырды. 2021 жылы 23 шілдеде Садыр Жапаров Бішкектегі сауда орталығында коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алды.
### Ыстықкөлдегі митингтер
2013 жылдың жазында «Құмтөрге» қарсы бірқатар маңызды митингілер өтті. Сөйтіп, Сарудағы митингтердің бірінде тұрғындар шахтадағы жарықты сөндірді. Садыр Жапаровты митинг ұйымдастырушылардың бірі деп атады. 27 маусымда Қаракөлде митинг өтті, онда жағдай бақылаудан шықты. Наразылық білдірушілер үкіметтің өкілетті өкілі Эмильбек Қаптағаевты кепілге алмақшы болып, бір көлікті өртеді. Содан кейін үкімет бұл шаралардың ұйымдастырушылары Садыр Жапаров пен Құбанычбек Кадыров екенін жариялады. Негізгі тұлғалар ұсталды, бірақ оның қатысы бар екенін жоққа шығаратын Садыр Жапаров елден кетіп қалды.
### Естеліктері
Саясатта жүрген 10 жылға жуық кітабын туған елінен жырақта жүрген Садыр Жапаров шығарды. Онда ол Эмильбек Каптагаев Ыстықкөл облыстық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары және сонымен бірге Өңірлерді дамыту қорының бақылау кеңесінің төрағасы қызметін атқарғанын, 2008 жылы «қылмыстық келісімге келгенін» жазды. өзіне және басқаларға пайда алу үшін ». Оған қарсы қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ол сол кезде сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі бас комиссары болған Жапаровтан көмек сұрады. Каптагаевтың өзі бұл айыптаулардың барлығын үзілді -кесілді жоққа шығарды.
2015 жылдың қаңтарында парламент тергеуді талап етті. Бұл арада Бас прокуратура кітаптың мазмұнын зерттеуге кірісті.
### Қырғызстанға оралуы
2017 жылдың наурыз айының басында Садыр Жапаров видео хабарлама шығарды, онда ол «Құмтөр» мен Мегаком ұялы байланыс операторы туралы айтты. Ол компания мемлекет меншігінде қалуы керек екеніне сенімді. Ол сондай-ақ Қырғызстанға 25 наурызда қырғыз-қазақ шекарасы арқылы келетінін хабарлады. Жапаров келген күні онымен жүзден астам адам кездескісі келді. Сонымен қатар, бірнеше жүз адам оларға саябаққа жиналды. М.Горький Бішкекте. Алайда билік Жапаровтың келуіне тез әрекет етті - ҚРҰҚК қызметкерлері оны бірден бақылау бекетінен уақытша ұстау изоляторына жеткізді.
## Марапаттар
* 2009 жылы «Ыстықкөл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі үшін» Ыстықкөл облыстық мемлекеттік әкімшілігінің медалімен марапатталды.
* 2010 жылы Ресей Ауғанстан ардагерлері одағының «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды (Ауғанстан ардагерлері одағы орталық басқармасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы No485 шешімімен).
* 2021 жылы оған TOBB экономика және технология университетінің құрметті профессоры мәртебесі берілді.
## Дереккөздер |
Жаздың аптап ыстығының беті қайтып, кеші қоңырсалқын бола бастайтын, шөптің бетіне алғашқы шық түскен өліара уақытты, қыркүйек айының соңғы күндері мен қазан айының ортасына дейін болатын шуақты күндерді, қазақтар «Мизам шуақ» (Бабье лето) деп атайды. Далада өрмекшінің өрмегі ұзын болып (мизам болып) шұбатылып жататын кез. Ауылда ақсақалдардың аузынан талай естіп өскен сөзіміз ғой. Ата-бабаларымыз ертеректе, айналадағы болып жатқан табиғаттың құбылысына қарап ауа райын болжап отырған. Соның бірі, күн ауып, кеш батқан сәттен бастап күн қатты суытып, жаңбыр жауып немесе түнде шөп басына шық түскен сәтті мизам шуақ уақыты келді деп түсінген екен. Халық сенімі бойынша, бұл табиғаттың барша адамзатқа қытымыр қысқа дайындалыңдар деп ескертуі деп есептеген. Онымен қоса, түнгі уақытта болған суықтың ызғары, күн шыға салысымен бірден басылып, айнала күннің сәулесіне оранып, далада өрмекшінің торы секілді мамық ауада ұшып жүретін нәрселер қаптап кетеді екен. Сол мамық ұшпалы нәрсені қазақта мизам деп атайды. Мизам шуақ деп аталуының себебі де осыда. Мизам шуақ уақыты кіргеннен бастап әйел адамдар тездете қыстық азықтарын дайындауға кіріссе, ер адамдар жинаусыз қалған егістіктерін жинап, отын-жалпылдақтарын теріп, қысқа қамдану осы уақыттан басталады екен. Ақсақалдардың айтуы бойынша, мизам шуақта ауа райы жақсы болса, күз суық болады, ал егер керісінше суық болса, қазанның соңғы күндері және қараша айлары құрғақ болады деп болжам жасап, ырымдайды екен.
Мизам сөзінің төркіні араб-парсы тілдерінде «таразы» мағынасын білдіретін мизан сөзінен келген. Араб-парсы тілдерінде мизан сөзі «өлшеуіш, таразы» мағыналарын білдіріп, таразы затының негізгі атауы, Иран күнтізбесіндегі жетінші айдың және Таразы шоқжұлдызының атауы болып табылады. Сонымен қатар араб тілінде «қиямет күні пенделердің осы дүниеде істеген жақсы, жаман әрекеттері үшін тартылатын таразыны» мизан деп те атайды екен (Махшар мизаны). Ал тілімізде мизам сөзі «қыркүйек айының ескі атауы», «Таразы шоқжұлдызы (зодиак)», «күз айларының ішінде өсімдіктің ұлпаларынан пайда болатын, өрмекшінің торы сияқты, ұшпалы ақ сілбі», «заң, ереже, үкім» деген мағыналарды білдіреді. Соңғы мағына араб тілінде «заң, үкім» мағынасын беретін низан сөзінен ауысқан. Сонымен тілімізде мизамдай/мизандай (мизам, тор, сілбі сияқты), мизамдату (жайма-шуақтандыру, мамыра-жайландыру), мизамды (мизамы, ұшпалы сілбісі көп), мизамкөк (қар астынан көк шығып тұрған кезең, амал), мизамшуақ (күздің мамыра-жай кезеңі, амал) және т.б. туынды сөздер қалыптасқан. Ал қазақтың ақыны Махамбет Өтемісұлы мизам айы туралы:
, – деп жырлаған.
## Тағы қараңыз
* Мизан
* Таразы (шоқжұлдыз)
* Мизам (аспап) |
Рано Батыровна Закирова (өзбек. Ra’no Zokirova, Раъно Зокирова; 7 тамыз 1969 жыл, Ташкент) — өзбекстандық актриса, әнші. Батыр Закировтың қызы. 1984 жылдан бері киноға түсіп келе жатыр.
Өзбекстан мен Қазақстанның еңбек сіңірген артисі.
## Өмірбаяны
1988 жылы хореографиялық ущилищені, 1998 жылы Ташкент мемлекеттік мәдениет институтының режиссерлік факультетін тәмамдады.
1988-95 жылдары "Шодлик" ансамблінің мүшесі болды.
## Фильмдері
* 1984 "Вуадильден келген қалыңдық" — Әсаль, басты рөл
* 1989 Шерали мен Ойбарчин
* 1998 Шайтанат
* 2000 Алпомыш
* 2003 Ёдгар — Мехри, басты рөл
* 2005 Фатима мен Зухра — Зухраның анасы
* 2005-2006 Бір кем дүние
* 2006 Ходжа Насреддин
* 2006 Намыс
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* https://kino-cccp.net/publ/8-1-0-19720 |
Қарабаш су қоймасы (тат. Карабаш сусаклагычы) — Зөя өзенінің жоғарғы ағысында (Кама өзенінің сол саласы), Татарстан Республикасының Бүгілме ауданында орналасқан.
## Сипаттама
Қарабаш су қоймасы Зөя өзенінің жоғарғы ағысында, Қарабаш елді мекенінен сәл жоғары, Татарстан Республикасының Бүгілме қаласынан солтүстікке қарай 20 шақырым жерде орналасқан.Су бетінің ауданы 7,59 км2, ұзындығы 8,7 шақырым, бөгеттің жанындағы ені бір шақырымнан асады. Орташа тереңдігі - 7,2 метр, жалпы су көлемі - 52,3 миллион текше метр. Гидротехникалық құрылыстардың өткізу мүмкіндігі 250 м3/с құрайды. Жағалау сызығының ұзындығы 24 шақырым, құятын өзендер - Зөя, Елховка, Кузембейка, Қызылчишма, су толтыру жылы -1957, қалыпты сақтау деңгейі 140 м.
## Шаруашылық маңызы
Гидроторапты КСРО Мұнай және газ министрлігінің "Центроспецстрой" тресі салған және 1957 жылы пайдалануға берген. Гидротораптың құрамында ұзындығы 1200 м темірбетон бөгет, суағар, сорғы станциялары кіреді. Су қоймасының негізгі мақсаты - жақын маңдағы мұнай кәсіпшіліктері мен өнеркәсіптік кәсіпорындарды сумен қамтамасыз ету болды. Осы мақсатта Бигашев ауылының маңында су қабылдағышы салынды. Мұнда демалуға арналған орындар да бар және балық аулау дамып келеді.1992 - 1996 жылдары Қарабаш су торабы мен сорғы станцияларын қайта жаңарту жүргізілді, 1997-1999 жылдары белгіленген қуаты 500 кВт бір турбинасы бар шағын су электр станциясы салынды.
## Туристік маңызы
Бүгінде су қоймасы тек өзінің тікелей қызметін атқарып қана қоймай, сонымен қатар Татарстанның көптеген тұрғындары мен қонақтары үшін сүйікті демалыс орны болып табылады. Қарабаш су қоймасында моторлы қайықпен және қайықпен серуендеу жиі жүзеге асырылады. Зөя өзенінің сол жағы төбелі, дәл осы жерден өзеннің өзі мен оның айналасының таңғажайып көрінісі ашылады. Табиғаттың сұлулығын тамашалаумен қатар демалушылар пикник ұйымдастыра алады, ол жерде үстелдер мен орындықтар орналастырылған. Бұл жер қаладан салыстырмалы түрде қысқа қашықтықта орналасқан, сондықтан күн сайын бұл су қоймасына келушілер көп келеді.Мұнда балықтардың 15 түрі бар: торта балық, табан балық, алабұға, балпан балық, таутандар, көксерке, ақмарқа т.б.кездеседі.
## Дереккөздер |
155-мотоатқыш дивизиясы, қысқаша 155-мад — КСРО Қарулы Күштері Құрлық әскерлері мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері құрамындағы құрама. 4-жеке механикаландырылған бригадасы — 4-жмехбр болып жаңадан жасақталды.
## Құраманың тарихы
### Кеңес уақыты
Дивизия 1969-1971 жылдар аралығында құрылды.
1969 жылы Кеңес-Қытай бөлінісінің шиеленісуіне байланысты Орта Азия әскери округі жаңадан құрылды. Онымен бірге 32-жалпыәскери армиясы құрылды және оның құрамы басқа әскери округтерден келетін құрамалар есебінен толықтырылды.
ОАӘО құрлықтағы күштерін тартуға барлығы жеті дивизия: бір танк (78-ші) және алты мотоатқыш дивизиялары (8-ші және 80-гвардиялық, 68-ші, 201-ші, 203-ші және 155-мад) қатысады.
155-мотоатқыштар дивизиясы Шығыс Қазақстанға Түрікмен КСР-нің Тежен қаласынан келген 78-танк дивизиясынан бөлініп шыққан Богдан Хмельницкий атындағы 374-Стрыевский ордені мотоатқыштар полкінің негізінде құрылды. Осы кезде 5-гвардиялық мотоатқыштар дивизиясынан шыққан 369-гвардиялық мотоатқыштар полкі 78-дивизиядан шыққан 374-полктің орнына келді.
155-мад әскери бөлімдері Шығыс Қазақстанның екі облысына қайта орналастырылды.
Дивизия штабы, бір мотоатқыштар полкі және танк полкі Шығыс Қазақстан облысының Жаңа Ахмер ауылына (Өскемен қаласының маңы) орналастырылды.
Семей облысы, Жарма ауданы, Георгиевка ауылында дивизияның мотоатқыштар мен артиллериялық полктері, сондай-ақ 3-Георгиевка белгісімен әскери қалашықта орналасқан жекелеген жауынгерлік және тыл жағынан қамтамасыз ету батальондары орналастырылды.
Семейде бір мотоатқыштар полкі мен зениттік-зымыран полкі орналасты.
Сонымен қатар, дивизия өзінің толық штатқа айналдырылмады және кадрленген құрама болды.
1980 жылы қаңтарда 155-мад Ауғанстанға енгізілген құрамаларды толықтыруға қатысты.
— «Қара майор жасағы». Жантасов Амангелді. 155-мад 374-мап офицерінің естелігі
1989 жылға қарай 155-ші мад құрамы:
* 155-мад басқармасы (95876 ә/б) — Жаңа Ахмер
* 96-танк полкі (47165 ә/б) — Жаңа Ахмер
* 374-Богдан Хмельницкийдің Стрыевский ордені мотоатқыштар полкі (10944 ә/б) — Георгиевка
* 515-мотоатқыш полкі (5203 ә/б) — Жаңа Ахмер
* 511-мотоатқыш полкі (13281 ә/б) — Семей
* 931-артиллерия (06004 ә/б) — Георгиевка
* 481-зениттік зымыран полкі (14410 ә/б) — Семей (1989 жылы ГКӘТ ауыстырылды , 15508 әб/пп)
* 236-жеке шолғыншы батальон (07002 ә/б) — Георгиевка
* 395-жеке зымыран дивизионы (06401 ә/б) — Жаңа Ахмер
* 1030-жеке инженерлік-саперлік батальон (08390 ә/б) — Георгиевка
* 1069-жеке байланыс батальоны (64554 ә/б) — Георгиевка
* жеке жөндеу-қалпына келтіру батальоны (28664 ә/б) — Жаңа Ахмер
* жеке материалдық қамтамасыз ету батальоны (02256 ә/б) — Жаңа Ахмер
* жеке танкіге қарсы дивизион — Георгиевка
* 148-жеке медициналық батальон — Жаңа Ахмер
* жеке химқорғау ротасы (32147 ә/б) — Георгиевка
* коменданттық рота — Жаңа Ахмер
1989 жылы 155-мотоатқыш дивизиясы Жаңа Ахмерде орналастырумен 5203-Қару-жарақ пен Техниканы Сақтау Базасы (5203-ҚТСБ немесе 95876 ә/б) болып қайта құрылды.
### 71-ші мотоатқыш дивизиясы
155-ші мотоатқыш дивизиясы құрылғаннан кейін, құрамадан штаттардың бөлінуі есебінен Семейде кадрланған 71-ші мотоатқыш дивизиясы құрылды, оған 71-ші Торун Қызыл ту дивизиясының құрметті регалиялары мен марапаттары берілді. Бұл атқыштар дивизиясы Жоғарғы Бас қолбасшылық ордасының 1945 жылғы 29 мамырдағы №11095 нұсқауымен таратылды.
1989 жылдың күзіне дейін бұл құрама әскери бөлім болып саналып, қару-жарақ пен техниканың резервтерін дайындау және сақтау бойынша Аумақтық оқу орталығы деп аталды (30217 әскери бөлімі). 1989 жылы 1 қарашада КСРО Қорғаныс министрінің бұйрығымен Аумақтық оқу орталығы 5202-ші Қару-жарақ пен Техниканы Сақтау Базасы болып қайта құрылды (5202 ҚТСБ немесе 30217 ә/б).
## Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі құрама
1992 жылы 7 мамырда 5203-ші Қару-жарақ пен Техниканы Сақтау Базасы Қазақстан Республикасының қарамағына өтті. Мемлекеттік шекараның қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1993 жылғы 26 сәуірдегі №6/1/085 нұсқауы негізінде 5203-ші ҚТСБ бөлімі, 511-ші мотоатқыштар полкі (511-ші мап немесе 27943 ә/б) болып жаңадан құрылды.
511-ші мап орналасқан жер Семей облысы, Георгиевка ауылы болды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1996 жылғы 2 маусымдағы № Б 3/0294 нұсқауы негізінде 1998 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 511-ші мотоатқыштар полкі 4-ші жеке мотоатқыштар бригадасы болып қайта құрылды.
ҚР Қорғаныс министрлігінің 2004 жылғы 28 қарашадағы № 1/14/1/0569 нұсқауы негізінде 4-ші жеке мотоатқыштар бригадасы 4-жеке механикаландырылған бригада (4-жмехбр) болып қайта құрылды және Өскеменнің маңайына — Шығыс Қазақстан облысының Жаңа Ахмер ауылына орналастырылды.
4-ші жмехбр «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының құрамына кіреді («Шығыс» ӨңҚ).4-ші жмехбрдің құрамы (27943 ә/б):
* Бригада басқармасышолғыншы ротабайланыс ротасыинженерлік-саперлік ротаматериалдық қамсыздандыру ротасыхимиялық қорғаныс ротасыжөндеу ротасымедициналық ротаоркестр
* шолғыншы рота
* байланыс ротасы
* инженерлік-саперлік рота
* материалдық қамсыздандыру ротасы
* химиялық қорғаныс ротасы
* жөндеу ротасы
* медициналық рота
* оркестр
* 1-ші мотоатқыштар батальоны (БМП-2)
* 2-ші мотоатқыштар батальоны (БМП-2)
* 3-ші мотоатқыштар батальоны (БМП-2)
* танк батальоны (Т-72Б)
* артиллерия дивизионы (122-мм гаубица Д-30, БМ-21)
* зениттік зымыран-артиллерия дивизионы (Стрела-10 мен ЗСУ-23-4)
Шығыс Қазақстанға тән көктемгі су тасқыны кезеңінде жергілікті тұрғындарға көмек ретінде 4-ші жмехбр бөлімшелері тұрақты түрде қатысады.
2008 жылдың 25 тамызынан 4 қыркүйегіне дейінгі аралықта 4-ші жмехбр Ресейдің Челябі облысындағы Шабаркөл полигонында өткен «Орталық-2008» бірлескен орыс-қазақстандық әскери жаттығуларына қатысты. 4-ші жмехбрдан оқ-дәрілер мен жанар-жағармай қорларын қоса алған штаттық әскери техникамен келген 700-ге жуық әскери қызметшілер қатысты. 4-ші жмехбр бөлімшелері ЕОӘО-нің 34-ші мотоатқыштар дивизиясының 239-шы танк полкінің бөлімшелерімен және 31-ші жеке гвардия әуе-шабуыл бригадасымен бірлесіп әрекет етті.
## Әдебиет
* В.И., Голиков В.И., Калашников К.А., Слугин С.А. Орта Азия Қызыл Ту әскери округі // «Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі КСРО Қарулы Күштері: Қызыл Әскерден Кеңеске дейін. 1 бөлім: Құрлық күштері» — Томбы: Издательство Томского университета, 2013. — Б. 551—554. — 640 б. — 500 таралым. — ISBN 978-5-89503-530-6.
* «Менің өмірім, Майор Козлов». Екінші кітап. Козлов Виктор Алексеевич. 155-ші мад 374-ші мап офицерінің естеліктері.
## Дереккөздер |
Еркін Әнуәрұлы Оңғарбаев (1961 жылы 3 қыркүйекте Шымкент облысы (Түркістан облысы), Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында туған) — Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының судьясы, қазақстандық ғалым-құқықтанушы, қазақстандық жоғары білім мен ғылымының көрнекті қайраткері. Ресейдің заң ғылымдарының докторы (1999 жыл), Қазақстанның заң ғылымдарының докторы (2000 жыл), профессор (2002 жыл), Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі (2007 жыл), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2011 жыл), Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі (2019 жыл), Қазақстанның құрметті заңгері (2020).
## Өмірбаяны
1961 жылғы 3 қыркүйекте Шымкент облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келген. Шымкент облысының Шымкент қаласының С.М. Киров атындағы №9 орта мектепті бітірген. Оны бітіргеннен кейін 1980 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің тыңдаушысы болып, 1984 жылы «құқықтану» мамандығы бойынша диплом алып шықты. 1987 жылдан бастап КСРО ІІМ Мәскеу жоғары мектебінің (МЖМ) қылмыстық құқық кафедрасының адъюнкті болды (Мәскеу қ.). ІІМ МЖМ 1990 жылы бітірді. 1990 жылы (Мәскеу қ.) заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Қылмыстардың жіктелуі және оның қылмыстық-құқықтық маңызы» тақырыбында диссертация қорғады. Заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін 1999 жылы Ресей Ғылым Академиясының мемлекет және құқық институтында (Мәскеу қ.) «Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы бойынша қылмыстарды жіктеудің теориялық мәселелері» атты тақырыпта диссертациясын қорғады. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары аттестациялық комиссиясының шешімімен профессор ғылыми атағы берілді.
### Еңбек қызметінің тізілімі
* 1984-1996 жылдары комсомол комитетінің хатшысы, оқытушы, аға оқытушы, доцент, Қарағанды жоғары мектебінің бөлім бастығы.
* 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы.
* 1997-1999 - Қарағанды жоғары мектебі бастығының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары.
* 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті оқу орындары басқармасының бастығы.
* 2000-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының кеңесшісі.
* 2007-2010 - Қазақ гуманитарлық заң университетінің проректоры, бірінші проректоры, вице-президенті.
* 2007-2010 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы.
* 2010-2011 - «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі.
* 2011-2012 - «Астана» университетінің ректоры.
* 2013-2014 жылдары - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің деканы.
* 2014-2015 - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры.
* 2015-2016 - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының бірінші проректоры.
* 2017 -2018 ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы.
* 2019-2020 – «Отандастар қоры» КеАҚ басқарушы директоры.
* 2020-2022 - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор.
* 01.01.2023 ж. бастап - Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы
### Академиялық және құрметті атақтары
* 2007 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының құрметті мүшесі болып сайланды.
* 2019 жылы Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі болып сайланды.
* 2021 жылдан «Bolashak» Академиясының құрметті профессоры.
* 2021 жылдан ҚР ІІМ Қарағанды Академиясының құрметті профессоры.
* 2022 жылдан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрметті профессоры.
* 2023 жылдан Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің құрметті профессоры.
* 2023 жылдан бастап Орталық Қазақстан академиясының құрметті профессоры.
* 2023 жылдан бастап М.Әуезов атындағы ОҚУ - дың құрметті профессоры.
### Отбасы
Үйленген, үш баласы, екі немересі бар.
## Ғалымның көзқарастары
Жоғары білім және ғылым саласында классикалық қағида мен қашықтықтан оқытудың инновациялық әдістерін үйлестіре отырып, белсенді түрде ілгерілетуде. Бұл фактор ұзаққа созылған дағдарыс кезеңінде (2020) білім беру мекемесін жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік берді.Қазақстан Республикасының Конституциясы заңдылықтың, құқықтық тәртіп пен тұрақтылықтың кепілі ретінде барлық халықаралық құқықтық стандарттарға сай келеді, әрбір адамға өз мәселелерін заңнамаға сәйкес шешуге мүмкіндік береді, деп Е.Ә. Оңғарбаев есептейді. Сонымен қатар ғалым Заңның конституциялық нормаларында әрбір қазақстандық азаматтың өмір сүру құқығы бар екенін баса айта отырып, сол арқылы елдегі өлім жазасының жойылуын қолдайды.Ғылым комитетінің төрағасы кезінде Еркін Әнуарұлы елде ғылымды ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін, оның ішінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды реттейтін мәселелер қамтылған ҚР «Ғылым туралы» заңын әзірлеуге белсенді қатысты.ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы ретінде (2017-2018) діни насихатты бақылау және осы саладағы заңнаманы сақтау мәселелерінде мемлекеттің рөлін күшейтуді қолдады, соның негізінде діни саланы қоғамның қажеттіліктерін сақтай отырып реттейтін заңнамаға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашы болды.«Отандастар қоры» КеАҚ жұмысы кезеңінде шетелдік отандастарды қолдау, олардың мәртебесін арттыру және қазақ диаспорасымен байланыс орнату сияқты мәселелер бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіруде елеулі ұсыныстар мен ұсынымдар енгізді.[1]Сондай-ақ Е.Ә. Оңғарбаевтың қоғамға қосқан өзге де үлестері мол:- жоғары кәсіби заң білімі мен заң ғылымының дамуы, соның ішінде еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары болып саналатын Қазақ гуманитарлық заң университеті мен ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының қалыптасуының басында болды;- заңдылықты нығайту және заңнаманы жетілдіру бойынша бірқатар заң тұжырымдамалары мен заң жобалары авторларының бірі: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; «Шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау туралы» Заң тұжырымдамалары жобаларының; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау туралы» және 2020-2030 жылдарға арналған шетелдегі қазақ диаспорасын қолдау және репатриациялау жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының жобасы;- Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды әзірлеуге жұмыс тобы мүшесі ретінде ат салысты (2022), және олардың мазмұнын қоғамға түсіндіруге белсенді қатысты (Хабар 24, КТК,Алматы ТВ, ЯНВАРСКИЙ ШЛЕЙФ. «БОЛЬШАЯ НЕДЕЛЯ», ПРОГОЛОСОВАЛИ. ЧТО ДАЛЬШЕ? «БОЛЬШАЯ НЕДЕЛЯ», ПРИЗРАЧНЫЙ ИЛИ ПРОЗРАЧНЫЙ РЕФЕРЕНДУМ? «БОЛЬШАЯ НЕДЕЛЯ», СЛЫШАЩЕЕ ГОСУДАРСТВО. «БОЛЬШАЯ НЕДЕЛЯ», ТРАГИЧЕСКИЙ ЯНВАРЬ. ПРОШЛО ПОЛГОДА. «БОЛЬШАЯ НЕДЕЛЯ», СЦК, ортком.кз, Закон.кз, Байгеньюс(қолжетпейтін сілтеме),Информбюро, Айньюс Мұрағатталған 14 шілденің 2022 жылы., Нур.кз, Тенгриньюс).
## Наградалары мен атақтары
### Мемлекеттік наградалар
* «Құрмет» ордені (2006);
* «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» (2011);
* Мерейтойлық медальдар – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001),
* «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005),
* «Астанаға 10 жыл» (2007),
* «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015),
* «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» (2015),
* «Астанаға 20 жыл» (2018),
* «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020)
* «Астана» естелік медалі (2006)
* "Парасат" ордені (2021)
### Төсбелгілер
* «ҚР білім саласының құрметті қызметкері» (2004)
* «Қазақстан Республикасы ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2006)
* «Ы. Алтынсарин» (2008)
* «Мемлекеттік қызмет үздігі» (2018)
* «Қазақстанның құрметті заңгері» (2020)
* Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік" жоғары марапаты (2021);
* "Nur Otan" партиясының "Белсенді қызметі үшін" медалі (2021);
* Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының Әл-Фараби атындағы алтын медалі (2021);
* ҚР Судьялар одағының "Жеті жарғы"құрмет белгісі (2021);
* «Алтын Барыс» (2022)
* және т.б.
### Министрлік, ведомства, қоғамдық ұйым наградалары
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
* «Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті заң факультетіне 15 жыл» медалі (2014)
* Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті білім және ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін «Лев Гумилев» медалі (2015)
* «Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетіне 20 жыл» (2016)
* «Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті заң факультетіне 20 жыл» (2019)
* Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті білім және ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін «Күлтегін» медалі (2020)
* «Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетіне 25 жыл» (2021)
Тағы басқа
* «Академик А.И. Бараевтың туғанына 100 жыл» естелік медалі (2008)
* «КАЗГЮУ-ге 15 жыл» медалі (2009)
* «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі (2009)
* «Қазақстан Республикасы Қаржы полициясына 15 жыл» төсбелгісі (2009)
* «Семей-Невада» антиядролық қозғалысына 20 жыл» медалі (2009)
* «Қазақстан полициясына 20 жыл» медалі (2012)
* ҚР Конституциялық Кеңесінің «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» медалі (2013)
* КазГЮУ-дің 20 жылдығына «Ерен еңбегі үшін» медалі (2014)
* «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» медалі (2015)
* "Айрықша еңбегі үшін" Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау Университетінің медалі (2021).
* Естелік Медаль " Б. С. Бейсенов. Туғанына 100 жыл" (2023).
* «Maqsut Narikbayev University 30 жыл» медалі (2024).
Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары
* Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хаты.
* Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж.К. Тоқаевтың Алғыс хаттары.
* Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Қ.Сұлтановтың алғысы.
* Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Ж.Әбділдиннің алғысы.
* Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановтың Алғыс хаты.
* Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбектің Алғыс хаты.
* Татарстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – ТР Білім және ғылым министрі Э.Н. Фаттаховтың Алғыс хаты.
* «Нұр Отан» партиясы Астана филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Ахметовтің Алғыс хаты.
* «Отандастар қоры» КеАҚ Президенті Н.Әбіқаевтың Алғыс хаты.
* Колледждер қауымдастығы президиумының Алғыс хаты.
* Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасы Қ.Мәмидің Құрмет грамотасы.
* Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаевтың Құрмет грамотасы.
* Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ж.Құлекеевтің Құрмет грамотасы.
## Ұйымдарға мүшелік
* Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Сараптамалық кеңес мүшесі
* Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі
* «Ғылым қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2007-2010)
* «Парасат» ҰҒТХ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2007-2010)
* Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі
* Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 6D030100 – «Құқықтану», 6D030200 – «Халықаралық құқық» мамандықтары бойынша докторлық диссертация қорғау, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңесінің төрағасы (2015)
* Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының философия докторы (PhD), «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламаларының бейіні бойынша доктор дәрежесін беру үшін докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің төрағасы (2015-2016)
* Әр жылдары КАЗГЮУ (ҚАЗГЗУ), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қарағанды «Болашақ» университеті, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясында докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестердің мүшесі болды.
* Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі (2016-2017).
* Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі.
* Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды тұжырымдау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі (2022)
## Библиография
160-тан астам ғылыми еңбектің авторы: қылмыстық құқық, криминология, құқықтың теориялық мәселелері, білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі мәселелері бойынша монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары. Қылмыстарды жіктеудің жалпы теориялық мәселелерін, олардың қылмыстық құқықтағы әлеуметтік-құқықтық мәнін зерттейді; көптеген шетелдік дереккөздерді Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығының ғылыми айналымына енгізген, қылмыстарды жіктеу мәселелері бойынша отандық және қылмыстық заңнамаға тарихи-құқықтық талдау жүргізеді.Қылмыстардың санаттары олардың ауырлығы мен қылмыстық жауапкершілігіне байланысты зерделенді, талданды, сондай-ақ қылмыстарды жіктеудің рөлі мен қылмыстық-құқықтық маңызы анықталып, зерттелді.Автор көптеген ғылыми еңбектердің нәтижесінде Қазақстан Республикасының заң ғылымының дамуына үлкен үлес қосты.Қылмыстық құқық саласында ғылыми мектеп құрылды.Ғалымның жетекшілігімен үш докторлық және он жеті кандидаттық диссертация, сондай-ақ PhD докторының үш диссертациясы қорғалды.
### Монографиялар / Өзге басылымдар
* Классификация преступлений и ее правовое значение // КВШ ГСК РК. Караганда, 1996 г.
* Категория преступлений небольшой тяжести по уголовному праву Республики Казахстан // КВШ КНБ РК. Караганда, 1998 г.
* Тяжкие преступления по уголовному праву Республики Казахстан // Фолиант. Астана, 2001 г.
* Экономические и правовые аспекты утилизации асбестосодержащих отходов в Казахстане: применение опыта Польши // Издательство «Экономика и Экология», ISBN 978-83-963269-2-8. 2022 (бірлескен авторлықта)
* Economic and legal aspects of the disposal of asbestos-containig waste in Kazakhstan: Polish experience in application // Economics and Environment Publishing House, ISBN 978-83-963269-2-8. 2022 (бірлескен авторлықта)
* Конституция Республики Казахстан. Комментарий к изменениям и дополнениям, принятым на республиканском референдуме 5 июня 2022 года // Комментарий. Нур-Султан, 2022. 412 с. (бірлескен авторлықта)
### Оқулықтар, оқу құралдары
* Теоретические основы классификации преступлений в уголовном законе // Учебное пособие. ВШ МВД РК. Караганда, 1992 г.
* Уголовно-правовое значение классификации преступлений в Общей части уголовного права // Учебное пособие. ВШ МВД РК, Караганда, 1994 г.
* Понятие преступления по уголовному праву Республики Казахстан // Лекция. - Караганда: ВШ МВД РК. 1995 г.
* Комментарий к Указу Президента Республики Казахстан, имеющему силу закона, от 17 марта 1995 года // Учебно - практическое пособие. КВШ МВД РК. Караганда, 1995 г.
* Словарь основных понятий и терминов Общей части уголовного права // ВШ ГСК РК. Караганда, 1996 г.
* Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімі бойынша негізгі ұғымдар мен терминдердің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. КР МТК Қарағанды жоғары мектебі. Қарағанды, 1996 ж.
* Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы // Оқулық. Болашақ – Баспа. Қарағанды, 2005 ж. - 248 бет.
### 2020-2023 жылдары жарияланған негізгі ғылыми мақалалар
* Халықаралық үлгілерге сай // Ana Tili, 11-17 маусым 2020 ж., №23(1543)
* Legal analysis of state support for compatriots abroad enshrined in Kazakhstan // ARTÍCULOS UTOPÍA Y PRAXIS LATINOAMERICANA. AÑO: 25, n° EXTRA 6, 2020, pp. 29-39 REVISTA INTERNACIONAL DE FILOSOFÍA Y TEORÍA SOCIAL CESA-FCES-UNIVERSIDAD DEL ZULIA. MARACAIBO-VENEZUELA ISSN 1316-5216 / ISSN-e: 2477-9555//https://produccioncientificaluz.org/index.php/utopia/article/view/33506 (Scopus, бірлескен авторлықта).
* Flexible Model for Organizing Blended and Distance Learning // Computational Science and Its Applications – ICCSA 2020. 20th International Conference, Cagliari, Italy, July 1–4, 2020, Proceedings, Part II (Scopus, бірлескен авторлықта).
* Образование. Реалии. Или: сделай шаг первым // Дистанционное образование в период пандемии: сборник статей / главный редактор Сыдыков Е. – Нур-Султан: ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2020. – 435. С. 59-70
* Экзамен, выдержанный всей страной // Дистанционное образование в период пандемии: сборник статей / главный редактор Сыдыков Е. – Нур-Султан: ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2020. – 435. С. 48-59
* Интеграция в учебную деятельность открытых онлайн-курсов // Дистанционное образование: новые вызовы глобального масштаба: сборник статей, часть 2 / главный редактор Сыдыков Е.Б. – Нур-Султан, ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2020. – 447. С. 29-31 (бірлескен авторлықта)
* Kazakhstan Legislation In The Religious Sphere: History And Prospects For Development // REPORTS OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN. ISSN 2224-5227. Volume 2, Number 330 (2020), 81-92 Р. (бірлескен авторлықта)
* Actual Issues Of Supporting Compatriots Abroad: International Experience And Prospects For Improving National Legislation // N E W S OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN. SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES. ISSN 2224-5294. Volume 2, Number 330 (2020), 123-132 Р. (бірлескен авторлықта)
* Personalized training model for organizing blended and lifelong distance learning courses and its effectiveness in Higher Education // Journal of Computing in Higher Education // https://doi.org/10.1007/s12528-021-09282-2 (бірлескен авторлықта)
* Intelligent learning systems for LLL courses: Intelligent learning systems for LLL courses // ACM International Conference Proceeding Series, 2021, Р. 26-27 (бірлескен авторлықта)
* Евразийский национальный университет: успехи в реалиях вызовов // Ректор ВУЗА. №10. 2020. С. 6-7
* The Education System is a Driver of Societal Transformation in Digital Format // Higher Education in Russia and Beyond / №2(27) / Spring 2021. pp. 24-26 (в соавторстве)
* Қашықтан оқыту цифрлық дағдыны үздіксіз дамытуды талап етеді // inbusiness.kz. 20 желтоқсан 2020 // https://inbusiness.kz/kz/news/kashyktan-okytu-cifrlyk-dagdyny-uzdiksiz-damytudy-talap-etedi
* От созидания к инновационному развитию // Казахстанская правда от 22 июня 2021 г. №116 (29493) - С.7
* Евразийский национальный. Современный университет современного государства // Білімді ел. Образованная страна // Республикалық білімділік қоғамдық-саяси газеті. 18 мамыр 2021. №19 (273). С.3
* Уголовная политика в системе обеспечения правовой безопасности // ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия Право. № 3(136)/2021. С.105-112 (бірлескен авторлықта)
* Криминалистические методы решения задач уголовного судопроизводства в свете реализации правовой политики // СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ Международной научно-практической конференции «ПРОБЛЕМЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЯ УГОЛОВНОГО ПРАВА В СВЕТЕ РЕАЛИЗАЦИИ ПРАВОВОЙ ПОЛИТИКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН». Нур-Султан: ИП «Булатов А.Ж.», 2021. 330 с. С. 247-250 (бірлескен авторлықта)
* Совершенствование российского уголовного законодательства о противодействии преступлениям в сфере спорта // Вестник Санкт-Петербургского университета. Право. 2021. Т.12. Вып.3. С. 604-620 (бірлескен авторлықта)
* Некоторые вопросы уголовного проступка в уголовном законодательстве Республики Казахстан // Вестник Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия Право. № 2(139)/2022. С.100-108 (бірлескен авторлықта)
* State Support for Compatriots: Improving Kazakhstan Legislation Электр Brazilian Journal of International Law Volume 6, No 6, 2022, Р.406-430 // https://www.scopus.com/record/display.uri?eid=2-s2.0-85153628492&origin=resultslist&sort=plf-f (бірлескен авторлықта)
* Отмена смертной казни в Казахстане // Вестник права Республики Казахстан. «Zanger». №2(247). 2022. С.62-66
* Жаңа Қазақстан құрудың жарқын үлгісі Элект. Egemen Qazaqstan // https://egemen.kz/article/310544-zhanha-qazaqstan-qurudynh-dgarqyn-ulgisi
* Тұрақты даму кепілі Элект. Egemen Qazaqstan //https://egemen.kz/article/348062-turaqty-damu-kepili
* Институт конституционного контроля в Казахстане // Сборник международной конференции «Тенденции развития моделей института конституционного обжалования в странах центральной Азии» Ташкент, 2023. 195 с. С 103-110.
* Б.Бейсенов– основоположник высшего ведомственного образования правоохранительной системы // Материалы Международной научно-практической конференции «Подготовка сотрудников ОВД: Наследие, опыт и перспективы», посвященной 100-летию Баримбека Бейсенова Караганда, 2023. 234 с. С 42-43
* Верховенство Конституции – залог успешного развития страны // Журнал «Хабаршы – Вестник» Карагандинской академии МВД РК им. Баримбека Бейсенова № 4 (82)/2023. С 194-199
## Е.А. Оңғарбаев туралы мақалалар
* Сарсембаев М.А. Видный юрист и опытный организатор / «Казахстанская правда» от 3 сентября 2016 // https://kazpravda.kz/n/vidnyy-yurist-i-opytnyy-organizator/
* Тлепина Ш.В. Көрнекті ғалым-заңгер, заң білімі мен ғылымын ұйымдастырушысы // Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Гуманитарлық ғылымдарсериясы. 2017.- № 3 (118). – 425-431 б.
* Тлепина Ш.В. Видный ученый-юрист, организатор юридического образования и науки // Право и государство. 2016. - № 4 (73). – С.115-120 [2]
* Даурембекова А. ВЫПУСКНИКИ КАРАГАНДИНСКОЙ АКАДЕМИИ МВД РК ИМ. БЕЙСЕНОВА – ГОРДОСТЬ КАЗАХСТАНСКОЙ ЮРИСПРУДЕНЦИИ // Человек и Закон. 18 октября 2019 г. // [3]
* Ахпанов А.Н., Сембекова Б.Р. УЧЕНЫЙ, ОРГАНИЗАТОР ОБРАЗОВАНИЯ, ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ДЕЯТЕЛЬ // Вестник Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия: Право. № 3(136)/2021. С.8-10
* Абдрасулов Е.Б. ЧЕЛОВЕКУ ВЫСОКИХ ПРОФЕССИОНАЛЬНЫХ И НРАВСТВЕННЫХ КАЧЕСТВ ОНГАРБАЕВУ ЕРКИНУ АНУАРОВИЧУ - 60 ЛЕТ // НАУЧНЫЙ ЖУРНАЛ «ВЕСТНИК АКАДЕМИИ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫХ ОРГАНОВ»№ №3 (21) 2021. С.10-12 [4](қолжетпейтін сілтеме)
* Галиакбарова Г.Г. Заңгер-ғалым Еркін Оңғарбаев 60-жылдық мерейтойын атап өтуде [5], Көрнекті заңгер-ғалым Еркін Оңғарбаев 60 жасқа толды [6], Выдающийся ученый-юрист Еркин Онгарбаев отмечает 60-летний юбилей [7] , [8], Өз ісінің шебері, еліміздің көрнекті заңгер-ғалымы туралы [9]
* Қамзабекұлы Д. Аманатқа адалдық. / «Астана Ақшамы». 3 Қыркүйек, 2021 [10](қолжетпейтін сілтеме)
* Мукашева А.А. Юбилей учителя, ученого, человека. / «Вечерняя Астана». 03 сентября 2021 [11](қолжетпейтін сілтеме)
* Бейбитов М. О талантливом ученом и педагоге / Юридическая газета. 3 сентября 2021 г. №69-70
* Сомжүрек Б. Жақсы адам мен жақсы іс – жалпыға ортақ / Заң газеті. 3 Қыркүйек, 2021
* Сақ Қ. Зиялылық заңғары / Turkystan. Халықаралық саяси апталық. 2 Қыркүйек, 2021 [12](қолжетпейтін сілтеме)
* Тлепина Ш.В. Видный ученый-юрист, организатор юридического образования и науки / Білімді ел. Образованная страна. 31 августа 2021 г. [13]
* Нургали К. Профессионализм, выверенный пандемией / Білімді ел. Образованная страна. 24 августа 2021 г. [14]
* Жалмаханов Ш.Ш. «Созақ» өлкетану және тұлғатану ғылыми танымдық кітабы. 2018. Б 104-106
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* http://alashainasy.kz/omir/erkn-anuarulyi-ongarbaev-53545/ Мұрағатталған 13 наурыздың 2018 жылы.
* https://egemen.kz/article/161432-erkin-onhgharbaev-barlyq-taraptardynh-usynysyn-toghystyrghan-zhoba-boldy |
Амал атауларының бірі – отамалы. Бірақ «отамалы» орталық, Арқа қазақтары ай аты ретінде қолданғанымен, бұл амал екендігі белгілі. Отамалының қазіргі күнтізбе бойынша нақты қай айда болатындығы жайлы тұжырым әртүрлі. Кейбір зерттеушілер мұны наурыздың соңы десе, бірі сәуірдің ортасы, кейбірі мамырдың басы дегенді айтады. Арғын елі сәуірді отамалы деп атайды. Ал Ш.Уәлихановтың деректерінде наурыз отамалы айы деп көрсетілген. В.Радловтың ұсынған ай жүйесінде отамалы мамыр айына сәйкес келеді. Дегенмен, отамалының көктем шыққанда болатындығы белгілі. Отамалы біткен соң, халық күн жылынып, көктем шықты дескен, жайлауға көшуге дайындалған. Мәшһүр Жүсіп Көпеев «отамалы, сәуірде қой қоздайды» дейді. Соған қарағанда этнограф бұл екі атауды амал ретінде қолданып отырғанға ұқсайды. Зерттеуші Орынғазы Әбутәліптің жазуынша, отамалыдан кейін шөп өсіп, жер отаяды, малдың аузы көкке толады. Мұндай амал басқа халықтарда да кездеседі. Мәселен, славянша «мурава» айы («мурава» - қазіргі орыс тіліндегі «трава» сөзінің ескілікті түрі, мағынасы – «шөп»), қазіргі украин тіліндегі «травень» айы (мағынасы – «шөп») отамалыға ұқсас. Екеуі де ескіше майға сәйкес. Француз календарында «прериаль» деген ай болған, мағынасы – «жер отаятын ай».
## Дереккөздер |
Ешилырмақ (түр. Yeşilırmak) — Түркияның солтүстігіндегі өзен. Ұзындығы 450 км-ге жуық, алабының ауданы 36,1 мың км. Қара теңізге құяды. Бірқатар ірі салалары бар, Суы аз, деңгейі күрт ауытқулы. Кеме қатынасы жоқ.
## Географиясы
Бұл атау түрік тілінен аударғанда "Жасыл өзен" дегенді білдіреді (йешил — жасыл, ырмақ — өзен). Ешилырмақ Сивас қаласынан солтүстік-шығыста орналасқан ішкі Анадолының үстіртінен бастау алады. Бірқатар ірі салалары бар. Самсун қаласының жанындағы Қара теңізге құяды. Бұл Түркияның солтүстігіндегі ең ірі өзендердің бірі. Ежелгі географияда өзен Ирис деп аталады (ежелгі грекше Ίρις).
## Сипаттамасы
Жоғарғы және орта ағысында өзен солтүстік-батыста, тау аралық алқапта, Понтий тауларының тізбектеріне параллель, содан кейін солтүстікке бұрылып, Джаник жотасын кесіп өтіп, Самсун қаласының шығысында атырау құрап Қара теңізге құяды. Негізгі салалары: Чекерек (сол жақта) және Келкит (оң жақта). Негізгінен - еріген қар мен жаңбыр суымен қоректенеді, көктем мен жаздың басында арнасы толығады. Сағадағы судың орташа шығыны шамамен 150 м3/сек, максимум 2000 м3 / сек. дейін. Суару жүйесінде қолданылады.
## Өзен бойындағы құрылыстар
Ешилырмақ бойында Альмус, Атакөй, Хасан Угурлу, Суат Угурлу, Кылычкая және Сюрейябей бөгеттері салынған. Сонымен қатар Турхал, Амасья, Чаршамба қалалары орналасқан.
Самсун, Токат, Амасья, Чорум, Йозгат, Сивас, Гюмюшхане, Гиресун, Орду, Эрзинджан және Байбурт әкімшілік аймақтары Ешилырмақ бассейні бойында орналасқан.
## Дереккөздер |
Шора (Шарон) — Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы өзен. Қиғаштың тармағы. Ұзындығы 40 км-ге жуық.
Шортанбай ауылынан кейін өзен бірнеше тармаққа (Көкарна және т.б.) бөлінеді. Тармақтармен қоса есептегенде ұзындығы шамамен 140 км. Өзен суы ендік бағытпен ағып, Құрманғазы ауылына дейін жетеді. Халқы тығыз қоныстанған аудан өңірін сумен қамтамасыз етеді. Жағалауында қамыс, құрақ өскен, суында балығы мол. Жыл құстары паналап, ұя салады.
## Дереккөздер |
Үлкен Токо — Ресейдің Саха Республикасының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Алдан таулы аймағындағы көл. Нерюнгри ауданында Нерюнгриден 450 км қашықтықта, Хабаровск өлкесімен әкімшілік шекарадан батысқа қарай 90 км жерде орналасқан, көл Алгама өзенінің бассейніне жатады.
## Сипаттама
Теңіз деңгейінен 903 м биіктікте орналасқан. Су қабатының ауданы 82,6 км2. Көлдің ұзындығы 15 км, ені 7,7 км құрайды. Орташа тереңдігі 42 м, ең терең жері 80 м., су жинау алаңы 919 км2. Көл жағалауында тұрақты елді мекендер жоқ, географиялық жағынан ол «Үлкен Токо» қорығының бөлігі болып табылады. Көлдің батысында - Эльгинское көмір кен орны орналасқан. Көл Становой жотасының аумағындағы ең үлкені болып саналады. Пішіні дөңгелектеніп, солтүстікке қарай созылған және мұздықтардан бастау алған бірнеше шағын шығанақтар бар.
Көлге жалғыз Утук өзені құяды және Үлкен Токоның тар арнасы 2,5 км аумақтағы Кіші Токо көлімен байланысқан. Көлден Мулам өзені ағып шығады (Алдан бассейні). Қыс 7-7,5 айға созылады, қар аз жауады, ауаның орташа температурасы -30-32оС құрайды. Көл мәңгілік мұзды аймақта орналасқан. Ландшафттың қатуы 0,3-тен 4 м-ге дейінгі аралықта. Жазы қысқа, жиі жаңбыр жауады, орташа температура 17-19оС құрайды.
Үлкен Токо теңіз деңгейінен 903 м биіктікте орман-тундра ормандарының шекарасында орналасқан. Көл жағалаулары ежелгі мұздық ағысы - морена жағалауы жүйесімен орманмен жабылған, ұзындығы 25-30 км. - морена биіктігінің ауытқуы-60-100 м, ені-2-3 км. Көлдің суы таза және өте мөлдір.
## Табиғаты
Көлдің айналасындағы ландшафт әдемі көрінеді. Көл жағалаулары көптеген жануарлар мекен еткен әдемі жапырақты орманға толы. Мұнда аюларды, жабайы бұғыларды, бұландарды кездестіруге болады. Бұл жерлерде үлкен құс базары бар және алуан түрлі. Көлден Утук тау өзені бастау алады, бұл орын, әсіресе, байдарка есушілерге танымал.
Үлкен Токо көлі, оның ландшафттары мен ихтиофаунасы өзінің ерекше балық аулау, туристік, аң аулау маршруттарымен, көркем жерлермен тартады. Үлкен Токо көлінде балық аулау керемет, су соншалықты мөлдір. Көлде балықтар өте көп. Майқап, алабұға, таймен, шортан, ақ сақа, қарауыз, нәлім кездеседі.
## Дереккөздер |
2021/22 жылғы Еурокубоктер басқаша өрбіді. УЕФА Конференциялары лигасы пайда болуына байланысты, Қазақстан клубтары Еуропа лигасына тікелей қатыса алмады ("Қайрат" чемпиондар лигасынан сүрінген соң Еуропа лигасына түсіп қалды).
"Қайрат" чемпион ретінде УЕФА Чемпиондар лигасына қатысса, "Астана", "Тобыл", "Шахтер" конференциялар лигасында бақ сынайды.
## УЕФА Чемпиондары лигасы
### Екінші іріктеу кезеңі
### Екінші іріктеу кезеңі
## УЕФА Конференциялары лигасы
### Екінші іріктеу кезеңі
### Үшінші іріктеу кезеңі
### Плей офф
### Топтық кезең
О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, Голдар — соғылған және жіберілген голдар, ± — голдардың айырмашылығы, Ұ — ұпайлар
## УЕФА Еуропа Лигасы
### Іріктеу кезеңі
## Дереккөздер |
Джамил Поладхан оглы Гасанли (әз. Cəmil Poladxan oğlu Həsənli) — әзірбайжандық тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, саяси қайраткер. Демократиялық күштер ұлттық кеңесінің төрағасы, Әзірбайжан парламентінің бұрынғы депутаты.
## Білім
Джамил Гасанлы 1952 жылы 15 қаңтарда Әзірбайжанның Биласувар ауданындағы Агаликенд ауылында дүниеге келген. 1970 жылы Жалилабад ауданының Алар ауылындағы орта мектепті бітіргеннен кейін Баку мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түсіп, 1975 жылы бітіріп шығады. БМУ -і бітіргеннен кейін Жалилабад ауданының Тазакенд ауылында орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.1976-1977 жылдары Джамил Гасанлы Ленин Орталық мұражайының Баку филиалында оқытушы болып жұмыс істеді. 1977 жылы Баку мемлекеттік университетінің тарих факультетінің Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заманғы тарихы кафедрасының аспирантурасына оқуға түсті.
## Оқытушылық және ғылыми қызметі
1980 жылдан бастап Баку мемлекеттік университетінің тарих факультетінің Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заманғы тарихы кафедрасында оқытушы, аға оқытушы болып жұмыс істейді. 1984 жылы Кеңес-Америка қатынастары бойынша кандидаттық диссертациясын қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты атағына ие болды. 1990 жылдан бастап ол университеттің тарих факультетінде кафедрасының доценті болып қызмет атқарды. 1992 жылы «Әзірбайжан Республикасы халықаралық қатынастар жүйесінде (1918-1920)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 1992-1994 жж. Еуропа мен Американың қазіргі және заманауи тарихы кафедрасын басқарды. 1993 жылы оған профессор атағы берілді. Ұзақ уақыт бойы Еуропа және Америка елдерінің жаңа тарихы, халықаралық қатынастар тарихы курстары, арнайы курстар бойынша сабақтар өткізіліп, оның жетекшілігімен 5 кандидаттық диссертация қорғалды.
1993 жылдың сәуірі мен қыркүйегі аралығында Әзірбайжан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып жұмыс істеді. 1994-2004 жж. ол Президент жанындағы Әзербайжан Республикасы Жоғары аттестациялық комиссиясының сараптама кеңесінің мүшесі болды. 1998 жылдан - Таяу Шығысты зерттеу жөніндегі Солтүстік Америка қоғамының мүшесі. Ұлттық ғылым академиясының тарих институтының диссертацияларды қорғау жөніндегі мамандандырылған кеңесінің мүшесі, республика Президенті жанындағы білім беру жөніндегі комиссиясының мүшесі. Әзірбайжанда, АҚШ-та, Түркияда және басқа елдерде жарияланған 15 монография мен кітаптың, 100-ден астам мақаланың авторы.
## Саяси қызметі
Джамил Гасанлы өткен ғасырдың 80-ші жылдары пайда болған халықтық қозғалысқа белсенді қатысты. Сонау 70-жылдары, студент кезінде ол Абулфаз Элчибей құрған үйірмелердің белсенді мүшесі болды. 1970 жылдары ұлт-азаттық идеялар негізінде басталған бұл қатынастар кейін олардың арасындағы достыққа айналды. 1994-2000 жылдары Джамил Гасанлы Халықтық майдан партиясы (ҚХП) басшысының орынбасары, ал 2000-2005 жылдары - Али Каримли партиясы төрағасының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары болды. 2000 жылы ол Халық майданы атынан Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісінің депутаты болып сайланды, ал 2005 жылы "Азадлыг" блогының депутаты және Милли Мәжілістің халықаралық қатынастар және ғылым мен білім жөніндегі комиссиясының бейтарап мүшесі болды. Милли Мәжілістің екінші және үшінші шақырылымдары кезінде Джамил Гасанлы сайлаушылардың мүдделерін қорғау туралы жыл сайынғы журналистік сауалнамада жеңіске жетті. Профессор Гасанлы 2009 жылы құрылған әзірбайжан зиялылары форумының негізін қалаушылардың бірі болып табылады және бұл форум қоғамды жандандыруда, қоғамдық пікірді қалыптастыруда, әзірбайжан халқының өзін-өзі бағалауда маңызды рөл атқарды.
## Негізгі кітаптары
* Әзірбайжан Демократиялық Республикасы 2012 ж. Бұл басылым Әзірбайжан Демократиялық Республикасы, 1918-1920-Күнгей Кавказ мұсылмандарының Уақытша Ұлттық Кеңесі 1918 жылы 15 (28) мамырда Тифлисте Күнгей Кавказ өкілдігі тоқтатылған кезде жарияланған тәуелсіз мемлекет жайында.
* КСРО - Түркия. Бейтараптылықтан қырғи қабақ соғысқа дейінгі 1939-1953 жж. 2008 ж. Таяу Шығыста қырғи қабақ соғысты қоздыруда маңызды рөл атқарған кеңестік саясатты жан-жақты зерттеу, соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы кеңестік-түрік қатынастарының бұралаңдары, осы тарихи жолдың шешуші кезеңдері мен бетбұрыс кезеңдері қарастырылды.
* КСРО-Иран. Әзірбайжан дағдарысы және суық соғыстың басталуы. 1941-1946 жж. 2006 ж. Ресей, АҚШ, Әзірбайжан және Грузия архивтеріндегі құжаттарға, сондай-ақ шетелдік басылымдарға жасалған талдау негізінде 1940-жылдардағы кеңестік-ирандық қатынастар тақырыбын зерттейді.
* Шыңжаң кеңестік саясат кеңістігінде. Сталин және Шығыс Түркістандағы мұсылман қозғалысы (1931-1949) 2015 ж. Екінші дүниежүзілік соғыс пен қырғи қабақ соғыстың алғашқы жылдарында оңтүстік шекаралар бойындағы кеңестік саясаттың бейнесі баяндалған. Онда Батыс Қытайдың Шығыс Түркістан (Шыңжаң) провинциясында 20 жылға жуық жүргізілген кеңестік саясаттың айқын және құпия сәттері қарастырылған.
* Әзірбайжан Республикасының дипломатия тарихы. Әзірбайжанның Кеңес өкіметі жылдарындағы сыртқы саясаты (1920-1939) 2013 ж. Кітапта Кеңестік Әзірбайжанның алғашқы сыртқы саяси қадамдары, республиканың оның территориялық тұтастығы үшін жүргізген дипломатиялық күресі, көршілес елдермен - Ресеймен, Иранмен, Түркиямен, Грузиямен және Армениямен қатынастары, әзірбайжан эмигранттарының қызметі туралы егжей-тегжейлі баяндалады.
* Ресей революциясы және Әзірбайжан. Тәуелсіздікке апарар қиын жол, 1917-1920 жж. 2011 ж. 1917 жылғы орыс төңкерісінен кейін Оңтүстік Кавказда болған оқиғаларды, 1918 жылдың көктемінде және жазында Бакуде болған қайғылы оқиғаларды, Әзірбайжан Демократиялық Республикасының құрылуын және оның басқа мемлекеттердің мойындауы үшін күресін, Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңғы кезеңіндегі Баку үшін еуропалық державалар, Париж бейбітшілік конференциясындағы Әзербайжан делегацияларының қызметі, оның тәуелсіздігін мойындау жолындағы күресі, Әзірбайжанды кеңестендірудің маңызды сәттерін баяндайды.
* Али Мардан-Бек Топчибашев. Идея үшін өмір. 2014 ж. Кітап Әзірбайжанның ірі мемлекет қайраткері Әли Мардан-Бек Топчибашевтің өмірі мен қызметіне арналған, оның 50 жыл бойғы қоғамдық-саяси қызметін талдап, сонымен қатар Топчибашевтар әулетінің екі жүз жылдық тарихына шолу жасайды.
## Дереккөздер |
Нағайбек - татардың аз санды этникалық тобы (шоқынған татарлар).
Негізінен Ресей Федерациясының Челябинск облысы мен Башқұртстан Республикасы аумағында өмір сүреді. Нағайбектер Ноғай ордасының негізгі бөлігінен қалып қойған ноғайлардың ұрпақтары. Башқұрт тілінің элементтері араласқан татар тілінде сөйлейді. Діни сенімі жағынан христиан дінінің православие дінін ұстанады (16 - 18 ғасырларда мәжбүрлеп шоқындырылған). IV Иван патшаның кезінде Қазақ хандығы мен Сібір хандығы жаулап алынған кезде Ик өз. жағасын мекендеген ноғайлар Ресейдің отарына айналды. 17-18 ғасырларда орталық езгінің күшеюі бірнеше халық көтерілістеріне (қ. Башқұрт көтерілістері) әкеп соқты. Көтерілістерді болдырмау үшін 1735 ж. Санкт-Петербургте Сенат жанынан Еділ бойы халықтарын шоқындыру кеңесі құрылды. Түркі тектес халықтардың бір-бірімен қатынасын қиындату мақсатында қамалар тұрғызылды, ондай қамалдардың бірі Нагайбакта (қазіргі Башқорстандағы кент) салынды. Нағайбектерден арнайы қазақ әскері жасақталды. 19 ғасырдығдың 40-жылдары нағайбектердің бір бөлігі қазіргі Челябинск облысының аумағына қарай көшірілді. 20 ғасырда нағайбектердің саны үнемі азайып отырды. 1897 жылғы санақта олар 47 мың адам болса, 1926 жылғы санақта 10 мың-ақ қалған. 1939 жылғы санақтан бастап жеке этнос ретінде аталмады. Қазіргі уақытта нағайбектер өздерін татарлардың өкіліміз деп есептейді. Дәстүрлі тұрмыстарында татар, башқұрт халықтарына тән элементтер кездеседі.
## Дереккөздер |
Вагиз Назирович Хидиятуллин (тат. Вагыйзь Назир улы Һидиятуллин; 3 наурыз 1959 жыл, Губаха, Пермь облысы, РСФСР, КСРО) — КСРО-лық және ресейлік футболшы, қорғаушы. 1980 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына, 1982, 1990 жылдары әлем чемпионатына, 1988 жылы Еуропа чемпионатына қатысты.
## Жетістіктері
### Командалық
* КСРО чемпионы (2): 1979, 1987Күміс жүлдегер: 1980Қола жүлдегер: 1986
Күміс жүлдегер: 1980Қола жүлдегер: 1986
* КСРО 1 лигасының жеңімпазы: 1977
* Ресей чемпионатының күміс жүлдегері: 1994
* Ресей кубогы: 1994/1995
* Олимпиада ойындарының қола жүлдегері: 1980
* Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 1988
### Жеке
* КСРО чемпионатындағы үздік 33 № 1 (1979, 1980 1987, 1988), № 2 (1986), № 3 (1981).
## Деректер
* Ол хоккейші және сенатор В.Фетисовтың қазіргі әйелі Ладлена Сергиевскаяға үйленді.
* Эльмира апа Ярославль қаласының бұрынғы жаттықтырушысы Шинник Иван Ляхқа тұрмысқа шыққан.
* 1991 жылғы тамыз төңкерісі кезінде ол Ақ үйді қорғаушылардың арасында баррикадаларда болды.
## Дереккөздер |
Мойзе Биоти Кин (итал. Moise Bioty Kean;, 28 ақпан 2000 ж., Верчелли, Италия) — италиялық футболшы, Эвертон клубы мен Италия ұлттық құрамасының шабуылшысы. Тегі ивуарлық.
## Балалық жағы
Мойзе Италияның Верчелли қаласында 2000 жылының 28 ақпанында туған. Нағыз отаны Ивуария болып келеді, бірақ та ата-анасы сол жақтан көшіп кеткен. Отбасыда ең кіші бала болған. Мойзенің ата-анасы ажырасады, сол үшін бала анасымен бірге өседі. Терінің қаралығы үшін Кинді бала кезінен расизмдік тұрғыдан сынайды. Бала үлкен психологиялық қиындықтардан өтіп, футболшы болу арманын ешқашан тастамай, Марио Баллотеллиді өзіне үлгі ретінде қояды.
## Карьерасы
### Клубтық мансабы
Мойзе "Ювентус" академиясының түлегі. 2016/17 жылғы маусымда негізгі құрамға ілінді. Ол 2000 жылдары дүниеге келген футболшылар арасында бірінші боп үздік бестік чемпионатта ойнады.
2017/18 жылғы маусымды "Веронада" арендада өткізді. 2018 жылы жазда "Ювентуске" қайта оралды. Бұл жазда клубқа Криштиану Роналду келді де, Гонсало Игуаин кетті. Енді Мойзе португалиялық шабуылшының ізбасары ретінде алаңға алаңға көп шыға алмады.
2019 жылы "Эвертонға" ауысты.
2020 жылы 4 қазанда "Пари Сен-Жерменге" жалға берілді.
2021 жылы жазда "Ювентуске" жалға берілді.
### Құрамада
2018 жылының қарашасында Италияның бас бапкері Роберто Манчини ойыншыны құрамға тартады.Оның дебюті АҚШ-мен ойнында болады, ал наурызда Финляндия мен Лихтенштейн құрамаларына гол соғады.
2021 жылы УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде ойнады.
## Жетістіктері
### Командалық
«Ювентус»
* Италия чемпионы (2): 2016/17, 2018/19
* Италия кубогы (1): 2016/17
* Италия суперкубогы (1): 2018
«Пари Сен-Жермен»
* Франция суперкубогы (1): 2020
Италия-19
* Еуропа чемпионатының финалисі (1): 2018
## Сілтемелер
* https://www.youtube.com/watch?v=91UMcMza3IA&list=PLu34vGIOm1Cfg7eWmwLNTa3Pm-mV0vPHw
* https://football.ua/italy/388003-mojjze-kin-novaja-zvezda-juventusa-i-sbornojj-italii.html
* https://www.transfermarkt.com/moise-kean/profil/spieler/364135
* https://ru.uefa.com/uefachampionsleague/news/newsid=2414077.html |
Өзбек хан мешіті (қырымтат. Özbek Han camisi, Озьбек Хан джамиси) — Қырымдағы сақталған ең көне мешіт, Ескі Қрым қаласындағы архитектуралық ескерткіш.
## Тарихы
Өзбек хан мешіті -Қырымдағы мұсылман мәдениетінің ең танымал ескерткіштерінің бірі. Оған жалғас Еуропадағы ең көне медреселердің ескі орны жатыр. Өзбек хан медресе-мешіт кешені аумағындағы археологиялық жұмыстар 20-шы жылдардың екінші жартысында басталды. 1925-1926 жылдары тарихи-этнологиялық бөлімнің меңгерушісі, шығыстанушылар ғылыми қауымдастығы президиумының мүшесі, профессор И.Н.Бороздиннің басшылығымен экспедиция жұмыстары жүзеге асырылды. Зерттеулер құрылымның сипаттамалық ерекшеліктерін нақтылауға, кешен жоспарын құруға мүмкіндік берді.
Мешіт ғимаратының құрылысы 1314 жылдан басталған. Мешіттен кейін оған жалғас діни қызметкерлер мектебі - медресе салынды. Кіре берістегі тас тақтадағы жазу медресенің 1332 жылы салынғанын көрсетеді. Ол Қырымдағы хан губернаторының әйелі Инджи-Бек-Хатум есімді ханымның қайырымдылық қаражатымен салынған.
Өзбек хан мешіті мен медресе туралы алғашқы алғашқы деректердің бірі бұрынғы католик префектісі Эмилио Доротелли Д'Асколидің "Кафалар мен Татарлар" еңбегінде аталған. Ол" Қара теңіз бен Татарлардың сипаттамасы " деп аталып, ал оның құрылған күні XVII ғасырдың бірінші жартысында деп көрсетілді. Татар мәдениетіне деген қызығушылықтың келесі толқыны ХХ ғасырдың 20-жылдарында, профессор И.Н.Бороздиннің басшылығымен мешіт аумағында қазба жұмыстары басталған кезде пайда болды. Нәтижесінде Алтын Орда дәуіріне қатысты заттардың 800-ден астам түрі табылды. Барлық тұжырымдарды талдай келе, сол кезеңдегі татар мәдениеті көп жағдайда Селжүктердің түрік мәдениетіне ұқсас деген қорытындыға келді. Қазіргі уақытта Өзбек хан мешіті толық жұмыс істейді. 1992 жылы оны қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, ол Ескі Қырымның мұсылман қауымдастығына берілді.
Кеңес заманындағы ғимараттың тағдыры оңай болған жоқ. 1921 жылы мешіт сенушілер үшін жабық болды және ол біртіндеп құлап, қирап тек 1980 жылы қалпына келтіру басталды. Бұл кейінірек мешітті бастапқы мақсатына қайтаруға мүмкіндік берді.Мешіт тек діни орталық қана емес, сонымен бірге зияткерлік даму орталығы болды. Ғибадатханада медреселер (мамандандырылған мектеп) болды, кешенге сонымен қатар: намаз залы, оқу сыныптары, акведуктар, су бұрқақтар мен кітапханалар кірді. Өкінішке орай, ғимараттың көп бөлігі қирап өзгерістерге ұшырады, бірақ қазіргі кезде ештеңеге қарамастан ғибадатхананы сақтап, оған жаңа түс бере алатын сенушілер тобын көруге болады.
## Архитектурасы
Сегіз қырлы үш баған ғибадатхананың ішкі бөлігін бөледі. Дұға еткен кезде адамдар Меккеге қарай бағытталу үшін ғимарат
«солтүстік-оңтүстік» бағытта орналасқан. Сәулетшілер ғимаратты салғанда осы жерлерде басым болатын шығыс желдерінен қорғауды да ескерген. Бүйір қабырғалары сазбен пен балшықпен қапталған, басқалары әк ерітіндісімен жағылған. Тас қалауда ағаш жақтау кеңінен қолданылды. Терезелер бөлмені бағандар арасынан күн сәулесімен толтырады, олар еденнен үш метр биіктікте орналасқан.Мешіт михрабы - қабырғадағы дұға орны -өрнектелген жақтауымен әшекейленген. Михрабта 255 аят және құранның 2 сүресі жазылған араб жазуы сақталған. Бастапқыда еденге тас тақтайшалар төселген, олар бүгінгі күнге дейін сақталмаған. Ағаш төбесі бір кездері лакпен боялған деп есептеледі. Ғибадатхана толығымен сақталған.
Медресеге кіре берістегі 12 метрлік биік портал, ескірген, бірақ әлі толық құлаған жоқ. Оның баспалдақтары портал арқылы үлкен ғимараттың ауласына апарылды. Медресе ғимаратының сырты тар терезелері бос қабырғалармен қоршалған. Медресе бір ғасырға жуық жұмыс істеді, археологтар анықтағандай, 1423 жылы ол жер сілкінісінен қатты зақымданған және сол уақыттан бері қалпына келтірілмеген.
## Дереккөздер |
Кебір Жәми мешіті (қырымтат. Kebir Cami, Кебир Джами) — Ақмешіт қаласында орналасқан Қырымның басты жұма мешіті. Мүфти мен Қырым мұсылмандары діни басқармасының резиденциясы.
## Тарихы
Кебир Джами мешіті - Симферопольдің ең көне ғимараты. Бұл сәулет ескерткішінің қасбеті қабырғаларының түсімен өзінің алғашқы атауын Ақ мешіт деп алған. Осы күнге дейін сақталған ғимараттың кіреберісіндегі жазба бойынша, мешітті Хаджи Абдурахим-Бек 1508 жылы салған.
Кебир-Джами мешіті Қырым түбегінің астанасы Акмесджитте пайда болды. 16-шы ғасырдың алғашқы жылдарында, қажы Абдурахим Бек өзін ғасырлар бойы мәңгі қалдыру үшін ақ мешіт салуға шешім қабылдады (қала содан бері Ақмесжит - «Ақ мешіт» деп аталды).
Тарихи дереккөздерден 18 ғасырдың басында мешіт өртеніп кеткені белгілі, бірақ 1772 жылы ол қалпына келтіріліп, кеңейтілді. 1907 жылы ғибадатхана толығымен жөнделді.1920 жылдары мешітті большевиктер жауып тастап басқа мақсатта пайдаланды (кітап түптеу шеберханасы). Қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде 1993-1994 жж. Ақ мешіттің тарихи орнында қазіргі Кебир Джами мешіті пайда болды. Ол жаңа құрылыс элементтерін (күмбез, қалпына келтірілген мұнара) және ескі ғимараттың фрагменттерін біріктірді – атап айтқанда, қалпына келтірушілер михраб қабырғасының алғашқы ежелгі кірпішін сақтап қалды. Қырым татарлары ұзақ уақытқа жер аударылып отанына қайта оралғаннан кейін, мешіт мұсылман қауымына берілді.
## Архитектурасы
Кешен сонымен қатар Қырым татарларының кітапханасы мен медреседен тұрады. Негізгі ғимарат - төбесі тақтайшалармен жабылған шатырлы биік емес құрылыс. Оның силуэтінің сызықтары ежелгі кездегідей өте қарапайым. Өлшемдері де бұрынғыша өзгеріссіз қалған -7-ден 7 метрге дейін. Жоғарғы жағында әктастан жасалған мұнарасы көтеріледі. Ол дәстүрлі конус тәрізді жарты аймен жабылған. Интерьерді безендіру әсерлі, көптеген жасыл реңдермен безендірілген.Қалпына келтірілгеннен кейін мешіттің сыртқы түрі іс жүзінде өзгерген жоқ - қарапайым сәулет, тақтайшасы бар ағаш шатыр, саз балшыққа ерітіндісіне араластырылғын кірпіш қабырға қалпында қалды.
## Дереккөздер |
Кирилл Сергеевич Кекер (22 маусым 1979 жыл, Фрунзе) — қырғызстандық және қазақстандық футболшы, қорғаушы, футбол жаттықтырушысы.
## Карьерасы
Қазақстан, Қырғызстан, Үндістан чемпионаттарында доп тепкен.
2014 жылдан бері бапкерлікпен айналысады.
2021 жылы маусым айында "Қайрат" клубының бас бапкері боп тағайындалды.
## Дереккөздер |
Кирилл Сергеевич Кекер (22 маусым 1979 жыл, Фрунзе) — қырғызстандық және қазақстандық футболшы, қорғаушы, футбол жаттықтырушысы.
## Карьерасы
Қазақстан, Қырғызстан, Үндістан чемпионаттарында доп тепкен.
2014 жылдан бері бапкерлікпен айналысады.
2021 жылы маусым айында "Қайрат" клубының бас бапкері боп тағайындалды.
## Дереккөздер |
Семих Шентүрк (түр. Semih Şentürk; 29 сәуір 1983 жыл, Измир) — түркиялық футболшы, шабуылшы. 2008 жылғы Еуропа чемпионатына қатысқан.
## Жетістіктері
### Командалық
* Түркия чемпионы (5): 2000/01, 2003/04, 2004/05, 2006/07, 2010/11
* Түркия суперкубогы (2): 2007, 2009
* Түркия кубогы (2): 2011/12, 2012/13
* Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 2008
### Жеке
* Түркия кубгының үздік мергені: 2006/07 (7 гол)
* Түркия чемпионатының үздік мергені: 2007/08 (17 гол)
* Түркия құрамасы сапында Еуропа чемпионаттарында ең көп гол соққан футболшы: 3 гол
## Дереккөздер |
Нұрулла мешіті — ежелгі Сенный базарының орнында салынған діни ғимарат. Мешіт бірнеше есіммен белгілі — оны "Юнусовская", "Сенная" және "Седьмая соборная"деп атайды.
## Тарихы
ХІХ ғасырдың басында Ескі Татар мекенінде сол уақытқа сай инфрақұрылым дамыған болатын. Мұнда орталық базар, түрлі өнеркәсіптік кәсіпорындар, оқу орындары, қонақ үйлер, дүкендер және басқалар болды. Бірақ Сенный базарында жұмыс істейтін саудагерлер базардың жалпы кварталында орналасқан мешітке баруға мәжбүр болды, бұл көп уақытты қажет етті. Көптеген мұсылмандар сауда орындарын ұзақ уақытқа қалдырудан қорықты, оларға бес уақыт намаз оқу қиындықтар келтірді. Бұл жағдай ақсақалдар мен имамдарды мазалап, олар кварталдың орталық бөлігінің жанында ғибадатхана ашу үшін көп уақыт бойы қызмет ұйымдастырды.
1815 жылы 15 қаңтарда губерния Китаевтар саудагерлер отбасының өтініші бойынша базарға жақын маңдағы тұрғын үйлер арасында бос жерге мешіт салу туралы келіседі.
Бірақ діни қызметкерлер бұл жобаны мешіттің Евангелист шіркеуіне жақын орналасуына байланысты қабылдамады. Нәтижесінде губернатор мешіт құрылысының жобасын қабылдамады және оған басқа да дін өкілдеріне қайшы келмейтін жаңа орын табуды ұсынды.
Татар қауымы бұл мәселені терең талқылады және түсініктеме берді, шындықтың түбіне жетуге тырысты. 1830 жылдары Мұхаметрахим Исхакович Юнусовтың ұлдары татар қауымдастығында жетекші орынға ие бола бастады, інісі мұсылмандарға арналған қасиетті орын салу керектігі туралы айтты. Намаз кезінде ол базар аралап, татарлардың тек сауда-саттықпен айналысып, дінге немқұрайлы қарай бастағанын анықтады. Саудагер бұл жағдайға алаңдап, дәстүрге қайта оралғысы келді. Сонымен, базар мешітінің қажеттілігі туралы алғашқы идея пайда болды. Ол көпшілікке құлшылық ету үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға шешім қабылдады және бұл үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтындығына уәде берді.Көп ұзамай әкімдік жобаны мақұлдады және бұл процесс қарқынды дамыды. Сенная мен Московская көшелерінің қиылысында 1845-1849 жж. әдемі, әсем ғимарат тұрғызылды.
1929-1992 жылдары мешіт үшін ауыр болды. 1929 жылы ғибадатхана жабылды және ұзақ уақыт бойы тұрғын үй және әкімшілік кеңселері ретінде пайдаланылды. Ғимарат қазіргі «Нурулла» (араб тілінен аударғанда «Алланың нұры») деген атауды 1992 жылы діндарларға тапсырылғаннан кейін алды. Қалпына келтіру жұмыстары 1990 жылдан 1995 жылға дейін созылды.
## Архитектурасы
Мешіт үйі қиғаш етіп салынған. Оның айналасында көп қабатты ғимараттар шоғырланған, олар бүгінде ғибадатхананың қызметтік ғимараттары ретінде қолданылады. Құрылыс түрі - солтүстіктен жер үсті мұнарасымен жабдықталған екі залды күмбезді мешіт. Негізгі стилистикалық бағыт - эклектика.
Мешіт екі қабатты ақ тастан жасалған, ұзартылған сегіз қырлы пішінді. Ғимараттың орталық бөлігін үлкен жасыл күмбезбен жабылған көпбұрышты намаз залы алып жатыр. Ғибадатхананың соңында үш қабатты мұнара көтерілген. Кіреберісте сүйір доғасы арқылы, ол ортағасырлық мұнараға ұқсайды. Цилиндр тәрізді мұнарада алтын жалатылған шар және жарты ай бар жасыл күмбез орналасқан. Мешіттің өнектері Еділ бұлғарлары мен Таяу Шығыстың ең жақсы дәстүрлерінде жасалған.
Исламда көктемгі гүлдер жаңару мен қайта тірілудің символы болып табылады, сондықтан мешіт қасбеттерінен әртүрлі жабыстырылған маңдайшалар және әдемі өрнек түрінде бейнеленген қызғалдақтарды көруге болады. Мұнарадағы азаншыға арналған алаң ашық темір қоршаумен қоршалған. Мешіттің терезелері күрделі түсті витраждармен безендірілген.
Мұсылман ер адамдар намаз залына тік баспалдақпен көтеріледі. Іші өте әдемі, интерьер жағымды жасыл және көгілдір түстермен жасалған. Күмбездің астында сәнді металл люстралар ілулі, ал қабырғалары алтын жалатылған Құранның дәйексөздерімен безендірілген.Әйелдерге арналған ғибадат залы бірінші, қызметтік қабатта орналасқан. Дәрет бөлмесі мәрмәрмен безендірілген, ал ортасында оюланған сәндік субұрқақ бар.
## Дереккөздер |
Сағи Сенімұлы Совет (15 наурыз 2000 жыл, Далақайнар, Шу ауданы, Жамбыл облысы) — қазақстандық футболшы, "Астана" клубының қорғаушысы.
## Карьерасы
### Клубтық
"Астана" клубының түлегі. "Астана" жастар клубы сапында төменгі лигаларда ойнады. 2018 жылы 18 сәуірде "Мақтааралға" қарсы Қазақстан кубогын матчында тұңғыш рет кәсіби футболшы ретінде алаңға шықты.
2020 жылы тамызда "Арыс" клубына жалға берілді (75 мың еуроға). 31 желтоқсанда "Астанаға" қайта оралды.
2021 жылы наурыз айында Қазақстан суперкубогына қатысты. 13 наурызда Түркістанның "Тұран" клубына қарсы ойында Қазақстан чемпионатындағы тұңғыш ойынын өткізді.
### Құрама
Қазақстанның 17 жасқа дейінгі құрамасы сапында 2017 жылғы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеуіне қатысты.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Көктепе ұрысы (1879 және 1880–1881 жылдар) — орыс әскерлерінің Ахал алқабын (Түрікменстан) иемдену мақсатымен Орта Азияға жасаған жорықтары. Ресейдің түрікмен тайпаларымен байланысы 18 ғасырдың ортасында, әсіресе 19 ғасырда қарқынды дамыды (сауда-саттық керуендері келді, 1869 жылы Красноводск қаласының негізін салды, Каспий жағалауындағы түрікмендерді бодандыққа қабылдады, т.б.). Патшалық Ресейдің Орта Азиядағы басқыншылық саясатының күшейе түсуі Ахалтеке экспедицияларының басталуына түрткі болды. Орыс отарлаушыларының дөрекі де бейбастақ қылықтарына төзе алмаған түрікмендердің ең іргелі тайпасы — теке руы қолдарына қару алып, басқыншыларға қарсы шықты. Ген. Н.П. Ломакиннің теке жұрты жайлаған Геок-Тепе (Деңгил-тепе) қорғанына жасаған шабуылы сәтсіз аяқталды (1979 жыл, 28 тамыз), орыс әскерлері кері шегінуге мәжбүр болды. 1880–1881 жылы Ахалтеке экспедицияларының ген. М.Д. Скобелев басқарды. Ол 1880 жылы Красноводскіден Геок-Тепеге дейінгі аралыққа алдын-ала бекіністер орнатып, қоймалар салды; оқ-дәрі мен азық-түліктің тұрақты жеткізіліп тұруын қамтамасыз етті. 1881 жылы 12 қаңтарда орыс әскерлері (7 мыңға жуық адам, 100-ден аса зеңбірек) айқын әскери-техникалық басымдықпен Геок-Тепені алды. Қорғандағы 20–25 мың (кейбір деректерде 45 мың) көтерілісші бала-шағасымен қолға түсті. Оларда 5 мың ғана мылтық болды. Үш апта бойы жанқиярлықпен соғысқан теке руының қарсылығын қан-жоса етіп басқан орыс әскерлері 1881 жылы 18 қаңтарда Асхабад кентін (қазіргі Ашғабад қаласының) бағындырды. 1982 жылы Түрікменстан жерінде Кавказ уәлаятының құрамына кіретін Каспий жағалауы облысы құрылып, орталығы Асхабад болды. 1885 жылы Ахал алқабынан соң Атрек, Теджен, Мерв және Пендин өлкелері Ресей өкіметінің қол астына өтіп, түрікмен елі тәуелсіздігінен айырылды.
## Дереккөздер |
Нүкіс өнер мұражайы — И.В.Савицкий атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы (өзб. Savitskiy nomidagi Qoraqalpog’iston Respublikasi Davlat San'at Muzeyi; қарақ. I. V. Savickiy atındaǵı Qaraqalpaqstan mámleketlik kórkem-óner muzeyi) — Қарақалпақстанның Нүкіс қаласында орналасқан. Өзбекстандағы ең ірі мұражайлардың бірі.
## Тарихы
Қарақалпақстан Мемлекеттік өнер мұражайы 1966 жылы Мәскеу суретшісі Игорь Витальевич Савицкийдің (1915-1984) бастамасымен құрылған.Қазіргі уақытта бұл төрт мың жылдан астам уақыт бойы хронологиялық қамтылған 100 мыңға жуық сақтау бірлігі бар, Орталық Азия аймағының ең үлкен көркем коллекциясы. Мұражайдың пайда болуы Қарақалпақстан, Хорезм облысы және Түркіменстан аумағында орналасқан ежелгі Хорезм өркениетін қазу және зерттеу арқылы жасаған Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының қызметімен байланысты. Савицкий де осы топтың құрамында жұмыс істеді, ол кейіннен Нүкіс мұражайының директоры болды, өзі басқарған мұражайдың коллекцияларын толықтыра отырып, ол тәуелсіз қазба жұмыстарын жүргізіп халықтық қолданбалы өнерді жинады. Бірнеше таңдаулы жұмыстармен шектелмей, ол көбінесе басқа автордың да мұрасын Қарақалпақстанға алып келді.
1984 жылы Савицкий қайтыс болғаннан кейін директордың орынын оның шәкірті Мариника Бабаназарова (Өзбек КСР Ғылым Академиясының Қарақалпақ филиалының төрағасы Марат Нұрмұхамедовтың қызы) алды. Әкесінің кеңесі бойынша ол коллекцияларды заңдастырумен және есепке алумен айналысты (Савицкий көбінесе мұрагерлерден ақшаны кейінірек төлеуге қолхат беріп, "қарызға" алған болатын). Содан кейін ол мұражай кешенінің ауқымды құрылысын бастады.
Мұражай үшін арнайы жобаланған және салынған алғашқы ғимарат 2003 жылы ашылды, бірақ Өзбекстанның мәдениет Министрлігінің анықтамасына сәйкес оның экспозициялық аудандары аз болды және Савицкий жинаған коллекциялардың 3%-дан аспайтын бөлігін экспонаттауға мүмкіндік береді. Сәл кейінірек 2016 жылы әкімшілік ғимараттың (заманауи қоймасы бар) және екінші көрме ғимаратының құрылысы басталды. Жаңа ғимараттар мұражайдың көрме алаңын едәуір кеңейтеді, сонымен қатар коллекция сақтау орындарын, кітапхана мен асхананы қамтиды. Архитектурасы қоршаған ортаға, Нүкіс орталығындағы үлкен қалалық саябаққа үйлесімді түрде сәйкес келеді.
## Мұражай коллекциялары
Савицкий кілемдер, ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдарды, археологиялық қазындылар мен классикалық мүсіндердің гипстен жасалған көшірмелерін, суреттері мен Орта Азия суретшілерінің суреттерін жинақтады. Сонымен қатар, "жергілікті суретшілерді басқа стильдерден шабыттандыру үшін" деген сылтаумен Авангард стилін де жинады.
1932 жылы КСРО билігі «Әдеби және көркемдік ұйымдарды қайта құру туралы» қаулы қабылдады. Жазушылар, суретшілер мен музыканттардың бірлестіктері тарады және жаңа партия саясатына адал болатын суретшілердің жаңа одақтарын құрды. Осы сәттен бастап КСРО үкіметі бейнелеу өнерінің жалғыз жанрын - социалистік реализмді қолдады. Авангард стилінде жұмыс жасаған суретшілер - кубизм, конструктивизм, футуризм және нео-примитивизм -құлдырауға ұшырады. Оларға өз жұмыстарын сатуға немесе көрмеге қоюға тыйым салынды. Суреттер жойылып, суретшілер қайта даярланып, еңбекпен түзеу лагерлеріне жіберілді, тіпті атылды. Бірақ, Игорь Савицкий тыйым салынған 80 мыңнан астам өнер туындыларын сақтай білді және сонымен бірге репрессияға ұшыраған жоқ. Оған Нүкістің астаналардан - Ташкент пен Мәскеуден алшақтығы және оқшаулануы мүмкіндік берді.
1966 жылы ресми түрде ашылған музейде Савицкий жинаған Қарақалпақ этнографиясының: киім-кешек, кілемдер, таңғажайып әдемі әшекейлер, нағыз киіз үй, Хорезм қалашықтарынан көптеген ежелгі заттар бар. Бірақ суретші ретінде Савицкий бәрінен бұрын картиналар жинауға көп көңіл бөлді.Савицкий құтқарған суреттердің ішіндегі ең танымалы және оның ең құнды ашылуларының бірі - суретші Лысенко және оның Бұқа суреті. Бұл суретті Савицкий суретшінің тастап кеткен үйінің шатырынан тапқан. Өкінішке орай, Лысенконың алты туындысы ғана аман қалды.Мұражайда көптеген суретшілердің жұмыстары жинақталған, тіпті олар туралы ешкім естімеген сурет авторлары да бар.
Музейдің әйгілі картиналар коллекциясы үш бөлімнен тұрады:
* 1920-1930 жылдардағы өзбек авангарды;
* 20 ғасырдағы орыс авангарды;
* Қарақалпақстанның заманауи өнері.
Мұражай коллекциясында Иван Кудряшов (1896-1972), Василий Лысенко (1903-1970 жж.), Александр Волков (1886-1957), Михаил Курзин (1888-1957), Александр Николаев (1887-1957), Надежда Боровая (Терентьева) (1909-1987), Амшей Нюренберг (1887-1979), Александр Куприн (1880-1960), Александр Иванов (1892-1989), Константинов Федор (1882-1964) сияқты суретшілердің суреттері бар:
Савицкийдің өз туындылары қазір мұражайдың бір залында қойылған. Өзбекстан КСР-не қоныс аударған көптеген басқа суретшілер сияқты, оның да стилі мен түстері уақыт өткен сайын өзгеріп, жаңғыра түсуде.
## Дереккөздер |
Ференц Пушкаш Академиясы (маж. Puskás Ferenc Labdarugó Akadémia) — 2005 жылы құрылған "Фехервар" футбол клубының академиясы. Мажарстанның әйгілі футболшысы Ференц Пушкаштың атымен аталады. Кейін кәсіби клуб статусын алып, Мажарстан лигаларында ойнай бастады. 2013/14 жылғы маусымда тұңғыш рет жоғары лигада ойнады.
## Жетістіктері
* 2 лига жеңімпазы: 2012/13, 2016/17
* Мажарстан кубогы: 2018
* Мажарстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2020/21
* Мажарстан чемпионатының қола жүлдегері: 2019/20
## Сілтемелер
* http://pfla.hu/ |
Іле сұлтандығы, Тараншы сұлтандығы немесе Құлжа сұлтандығы — Дүңгендер көтерілісі кезінде Қытайдың Цин империясының Шыңжаң шет аймағы, Іле өлкесі маңайындағы Шығыс Түркістан жерінде болған мемлекеттік құрылым. Он жыл ішінде, 1871 жылдан 1881 жылға дейін сұлтандықтың аумағын Ресей империясы басып алды, содан кейін Цин мен Ресей империялары арасында 80/20 пропорцияда бөлінді.
## Құрылу тарихы
1755 жылы Цин империясы Іле өлкесін және Жетісудың бір бөлігін өз мемлекетінің құрамына қосты. Алайда, хандық қоныс аударушылар санының аздығын және аймақтағы буддизм құлдырауының жалғасуын ескере отырып, 1864 жылы Шығыс Түркістанда ұйғыр-дүнген көтерілісі басталды. Көтеріліс 6 маусымнан 7 маусымға қараған түні Құшар қаласында басталды. Көп ұзамай көтеріліс басқа аймақтарға тарады. 1864 жылы қыркүйекте Іле өлкесі ұйғырлары мен дүнгендері көтеріліс көтерді, көтерілісті ұйымдастырушылар ұйғырлар жағынан Іле хәкімі Әбдірасул бек, Садыр Палуан және Алахан, дүнгендер жағынан Аджы ахун болды. Бастапқыда екі қауым бөлек әрекет етті, сәтсіз әрекеттерге байланысты дүнгендер мен ұйғырлар бірігіп, әр қауымдастықтың тәуелсіздігін сақтай отыра, ұйғырлардың басында бұрынғы хәкім Мазамзат бек, мемлекеттің алғашқы сұлтаны атанды, дүнгендердің басшысы Аджы ахун болды. 9 қазанда көтерілісшілер Жаңа Құлжа бекінісіне сәтсіз шабуыл жасады, қоршау созылып кетті. Содан кейін олар Баяндай бекінісіне шабуыл жасап, 1865 жылы ақпанда басып алды. 1866 жылдың наурызға қарай көтерілісшілер Іле өлкесінің көп бөлігін, атап айтқанда Баяндай, Суйдін, Құра елді мекендерін басқарды және Жаңа Құлжа бекінісін иеленді.
## Ұйғыр-дүнген текетіресі
1866 жылдың жазына қарай Іле өлкесі көтерілісшілердің бақылауында болды. Осы кезде көтерілісшілер, ұйғырлар мен дүнгендер арасында текетірес туындайды. 1867 жылы сәуірде Ескі Құлжа маңында ұйғырлар мен дүнгендер арасында үлкен қақтығыс болды. Дүнгендерді Алахан бастаған ұйғырлар жеңеді, дүнгендер көсемі Аджы ахун шайқас кезінде қаза табады. Маусым айында дүнгендердің басшысына айналған Хиуаса Үрімжіден қосымша күш әкеледі, бірақ оларды Баяндай түбінде Алахан мен Садыр Палуан ұйғырлары жеңеді. Ақыры дүнгендерді жеңіп, Алахан тобы бірнеше төңкерістер мен қастандықтар арқылы билікке келген Молда Шафқат ахунды биліктен тайдырады. Іле ұйғырларының ақсақалдар кеңесінде Алаханды басшылар - Іле сұлтаны сайлайды және мемлекеттің егемен билеушісі атанады.
## Ресей империясымен соғыс
Шығыс Түркістан жерінде сұлтандық және басқа мемлекеттік құрылымдар құрылғаннан бастап Ресей империясының отаршылдық билігімен шекаралас жерде қақтығыстар пайда болды. Іле сұлтандығымен қарым-қатынастың одан әрі ушығуының нәтижесінде Ресей империясы сұлтандықтың жеріне басып кіруге шешім қабылдады. Ресми себеп — сұлтандықтың жеріне қоныс аударған албан қазақ руының болыстық билеушісі Тазабек сұлтан мен оның серіктерін ұстап беруден бас тарту болды.
«Біздің әрекетсіздігіміз, - деді ол Кауфманға, - қазіргі жағдайда тек күш пен шешімділікті құрметтейтін біздің қырғыздың санасына кері әсерін тигізуі мүмкін және күмәнді көршіміз Жақыпбекке Құлжаға көмек қолын созуға уақыт бере алады: Жеке экспедициялар: мысалы, Кетмен мен Дубунның қирауы пайдалы болғанымен, орыс әскерлеріне жасалған шабуылға және өзін Іленің сұлтаны деп атайтын көтерілісшінің Ресейге соғыс жариялауына өте кішкентай кек қайтару ретінде қызмет етеді». Кауфман Жетісудың әскери губернаторына «тараншыларды жазалауды», бірақ үкіметтің бұйрығын орындай отырып, Құлжа қаласына жорықты күзге дейін қалдыруды бұйырды.»
1871 жылы маусымда генерал-майор Колпаковскийдің басшылығымен орыс әскерлері сұлтандықтың жеріне басып кірді, қақтығыс нәтижесінде әлсіз қаруланған және ұйымдастырылмаған сұлтандықтың әскерлері талқандалды. Нәтижесінде, жалпы ауданы шамамен 1300 шаршы шақырым және шамамен 200 мың адамнан тұратын Іле сұлтандығы Ресей империясының құзырына өтті.
## Петербург шарты
Іле өлкесіне басып кірер алдында 1871 жылы сәуірде император II Александр Қытайдағы Ресей елшісіне нұсқау жіберді. Елшіге берілген нұсқаулықта:
«Біздің Батыс Қытай ісіне араласуымыздың мақсаты тек қана қытайлардың империяның құрамынан шыққан батыс провинцияларында билігін қалпына келтіруге көмектесу болып табылады».
Ресей Қытайға Іле сұлтандығын басып алу уақытша болатынын, ал тапсырма аяқталғаннан кейін орыс әскерлері шығарылатынын анық көрсетті. Осыған қарамастан, Түркістан өлкесінің болашақ генерал-губернаторы А.Н. Куропаткин жергілікті халыққа Іле өлкесін Қытайға бермеуге уәде берген деп жазды:
Құлжа тұрғындары Іле өлкесін басып алу кезінде бағындырылған аймақ ешқашан қытайларға берілмейді деген уәде алып, орыс әскерлеріне әлсіз қарсылық көрсетіп, бағынды.
1879 жылы 20 қазанда Қытай мен Ресей арасында Ливадия келісімі қол қойылды. Келісім Ресей мен Қытайдың шекараларын нақтылап, Іле өлкесінен орыс әскерлерін шығару тәртібін анықтады. Ұйғыр мемлекетін жою туралы келісімде мыналар қарастырылған:
Орыс әскерлері келісім бойынша Іле өлкесінен шығарылды (1-бап), оның тұрғындарына Цин үкіметі рақымшылық жасайды деп уәде етті (2-бап). Ресейге Іле өзені аңғарының батыс бөлігі және «Ресей азаматтығын қабылдағысы келетін Іле өлкесінің тұрғындарын қоныстандыру үшін» Текес өзені аңғары, сондай-ақ Тәңір тауы арқылы өтетін Мұзарт асуы аймағы қалды (7-бап). Әйтсе де бұл келісімді Қытай императоры бекітпеді.
Сондықтан 1881 жылы 12 ақпанда Петербург келісімі деп аталатын жаңа келісімшартқа қол қойылды. Келісімнің ережелері бір жағынан Ливадия келісімінің баптарына ұқсас болды: Іле өлкесінің батыс бөлігі Ресейге бекітілді (I және VII баптар). Өлкенің қалған аумағында Қытай императорының билігі қалпына келтірілді: Қытай үкіметі орыс дипломатиясының табандылығымен бұл жерде көтеріліске қатысқан тұрғындарды «жеке және мүліктік жауапкершілігінен» «қорғау шараларын» қабылдауға міндеттенді (II-бап). Халыққа «қазіргі тұрғылықты жерінде Қытай азаматтығында қалу» немесе «Ресейге кетіп, Ресей азаматтығын алу» құқығы берілді. Халыққа сауалнама жүргізу «Іле өлкесінде Қытай билігі қалпына келгенге дейін» өтуі керек еді (III-бап). Қытай билігі Ресейге өзенді алып қою шығындарын жабу немесе Батыс Қытайдағы көтеріліс кезеңінде мүлкі мен басқа да мүдделері зардап шеккен орыс азаматтарының талаптарын қанағаттандыру үшін 9 миллион рубль төлеуге мәжбүр болды (VI-бап).
## Дереккөздер |
Сарысу көлі (әз. азерб. Sarısu) — Әзірбайжандағы ең үлкен көл Имишлин және Сабирабад аудандарында орналасқан.
## Сипаттама
Сарысу көлі Әзірбайжандағы көлемі бойынша екінші ірі су алабы болып табылады. Ол далалық беткейдің 66 шаршы шақырымын алып жатыр, ұзындығы 12 шақырымға созылған, ені 2 шақырымнан асады.Сарысу көлі Кура-Аракс ойпатында, Кура өзенінің оң жағалауында орналасқандықтан Кура мен Аракс өзендерінің шөгінділері Сарысу көлімен шектесетін жағалау көтерілістерін құрған. Сарысу көлінің шығыстан Кура өзеніне ағысы Мурадбейлі ауылының маңында салынған гидрологиялық құрылыммен реттеледі. 2010 жылы Кура өзенінің тасуымен бірге Кура суы көлге еніп, судың тұщылануына және көл аумағының кеңеюіне себеп болды.Сарысу көлі тұщы су болып табылады, жауын-шашыннан қоректенеді және Аггол көлінен ағатын өзеннен де қоректенеді. Көл тас жолдың солтүстігіндегі тұрғын аудандардан бөлінген. Көл Аггол ұлттық паркінің аумағында орналасқан. Мұнда орналасқан суда жүзетін құстардың сулы-батпақты жерлері Рамсар конвенциясының тізіміне енгізілген және әлемдік маңызы бар табиғи қорық болып саналады.Сарысу көлі жағалауы негізінен сулы-батпақты жерлер мен батпақтардан тұрады. Көлдегі судың шамамен көлемі 60 млн м3 құрайды. Су көлемінің ұлғаюы негізінен көктем мен күзде байқалады. Қыс мезгілінде ол орташа есеппен 11 күн бойы қатып қалады. Көлде минералдану жоғары.
## Фаунасы
Сарысу көлі республиканың негізгі балық шаруашылығы су қоймаларының бірі болып табылады. Сарысу көлі жағалауында қыста 350 мыңға дейін қоныс аударатын құстар мекендейді. Сонымен қатар, көл балықтарға бай және балық аулауға пайдаланылады. Балықтардан каспий тілтісі, шортан, қаракөз, құсбас, ақ амур, оңғақ, табан балық, қылыш балық, сазан, жайын, көксерке т.б.кездеседі.
## Дереккөздер |
Халилу Фадига (фр. Khalilou Fadiga; 30 желтоқсан 1974, Дакар) — сенегалдық футболшы, жартылай қорғаушы.
## Карьерасы
### Клубтық
Халилу Сенегалда дүниеге келді, кейін балалық шағында отбасы Францияға қоныс аударды. Карьерасын 90-жылдардың басында Франция клубтарында бастады. 1994 жылға дейін Францияның "Лез Онфа", "Ред Стар" секілді клубтарында ойнап, Бельгияның "Льеж" клубына ауысты.
Кейін Англия, Италия клубтарында ойнады.
### Ұлттық құрама
Қатысқан турнирлері
* Африка Ұлттары кубогы 2000
* Футболдан әлем чемпионаты 2002
* Африка Ұлттары кубогы 2002
## Жетістіктері
### Халықаралық
* Африка Ұлттар кубогының финалисі: 2000
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
I Мехмет Герей (қырымтат. I Mehmed Geray, ١ محمد كراى; 1465—1523) — 1515-1523 жылдары Герей әулетінен шыққан Қырым ханы. I Меңлі Герейдің сегіз ұлының үлкені.
Әдебиетте кездесетін емле нұсқалары: I Мехмед Гирей, I Мехмед Гирай, Мұхаммед Гирей I, Мағмет Гирей I, Мохаммед Гирей I, Мұхаммед Гирай I.
## Қалғай
Мехмет Герей жас кезінде әкесі, Қырым ханы Меңлі Герейдің (1478-1515) Польша мен Ұлы Литва кінәздігіне қарсы көптеген әскери жорықтарына қатысқан. Меңлі Герей үлкен ұлы Мехмет Герейді қалғай-сұлтан етіп тағайындады, яғни оның тең билеушісі және мұрагері. Мехмет Герей әкесінен Ақмешіт және Қарасубазар қалаларын иемденді.
Әкесінің билігінің соңында Мехмет Герей қалғай жеке өзі Польша-Литва және Мәскеу жерлеріндегі әскери шабуылдарды басқарды. 1505 жылы Мехмед Гирай Литва иеліктеріне қарсы үлкен жорық жүргізді. Минск, Новогрудок, Полоцк және Витебск маңын қиратқан үлкен қырым татарлары ордасы Беларуссияға өтіп кетті. Мехмет Герейдің өзі негізгі күштермен Минскіні қоршауға алды, ал оның інілері Біті Герей мен Бұрнаш Герей Слуцк пен Новогрудок маңында болды.
1507 жылы Мехмет Герей (қалғай-мұрагер ретінде) әкесі I Меңлі Герейдің Литвамен келісім бойынша оңтүстік Ресей иеліктеріне жорығына қатысты. Жақып Ивашинцович бастаған литвалықтар қырымдықтардың жол көрсетушілері болды. Қырым әскерлері Ресейдің шетіне жақындағанда, ноғайлардың Қырымға жорығы туралы хабар келді. Мұны естіген I Меңлі Герей басшылықты Мехметке тапсырып, ноғайларға әскерлерін бұрды. Мехмед аттан құлап, сырқаттанып қалды, сондықтан ұрыс тек бірнеше қақтығыстармен шектелді, содан кейін Қырым әскері кері қайтты.
1509 жылы ноғайлар Ағыш бидің басшылығымен Қырымға үлкен жорық жоспарлады. I Меңлі Герей хан барлық күштерін жинап, 250 000 адамнан тұратын әскер құрды. Басшылық Мехметке тапсырылды, онымен бірге негізгі қырым руларының қарашабектері де аттанды. Ноғайларға Еділден тек жартысы өтіп, жорыққа дайындалып жатқан кезде әскер күтпеген жерден шабуыл жасай алды. Ноғайлар ойсырай жеңілді. Адамдар, мал, мүлік қолға түсті. 1510 жылы Мехмет Герей ноғайларға қарсы тағы да сәтті жорық жүргізді.
1512 жылы шілдеде Мехмет Герей қалғай Ресейдің оңтүстік жерлеріне шабуыл жасады, бірақ Мәскеу воеводалары оны Рязан аймағынан қуып шығарды. 1514 жылдың күзінде татар әскерінің басында тұрған қалғай Северск жеріне шабуыл жасады, бірақ қайтадан оған тойтарыс берді. 1515 жылы наурызда Мехмет Герей Литва воеводаларымен бірге Северск жеріне қарсы жаңа жорық жүргізді. Татар-литва әскерлерінің Новгород-Северский, Стародуб және Чернигов қалаларын қоршауы сәтсіз өтіп, көптеген тұтқындарды тұтқындады.
## Хан
1515 жылы сәуірде кәрі Қырым ханы Меңлі Герей Салашықта қайтыс болды. Хан қайтыс болған кезде, Мехмет Герей қалғай әскерімен Орқапы (Ор) бекінісінде болды. Қырық күн бойы Мехмет астанаға оралғанға дейін Меңлі Герейдің өлімі тұрғындардан жасырын болды. Меңлі Герей оның үлкен ұлы Мехмет Герей қалғай астанаға келіп, хан тағына отырған соң жерленді.
Хан тағына отырған Мехмет Герей хан інісі Ақсақ Ахмет Герейді қалғай етіп тағайындады, ол көп ұзамай бүлік шығарды. Алдымен, Ахмет Герей Қырымнан өзінің ұлысына - үлестік меншікке берілген Очаковқа (Ақшақұм) кетті. Сол жерден Ахмет Герей Литваның шекаралас жерлеріне шабуыл жасай бастады. Бүлікші қалғай Мәскеудің Ұлы кінәзі III Василий Ивановичпен хат алмасып, онымен Киев пен Вильноны жаулап алу жоспарын талқылады. Сонымен қатар, Ахмет Герей үлкен ұлы Геммет Герейді Ыстанбұлға жіберіп, Османлы сұлтанынан ағасына қарсы күресте әскери көмек сұрады.
1519 жылдың көктемінде Қырым ханы I Мехмет Герей Ахмет Герейді талқандау үшін ұлдары Баһадүр мен Алып Герейлерді әскермен Орқапыдан ары жіберді. Ахмет Герей Орқапыдан тыс далада ұсталып, өлтірілді. Хан қалғайдың бос орнын үлкен ұлы әрі көмекшісі Баһадүр Герейге тапсырды. 1523 жылдың көктемінде Баһадүр Герей қалғай Астраханның ханы болғаннан кейін, бос қалған қалғай ханның тағы бір ұлы Алып Герейге берілді.
Хан билік еткен кезең бойы басты уайымы сыртқы саясат болды. Әкесі Ұлы Орданы жеңгеннен кейін, сол уақытқа дейін ыдырап кеткен Алтын Орданың бөліктерін біріктіру міндеті шынайы болып көрінді.
1519 жылы қазақ шапқыншылығы нәтижесінде Ноғай Ордасы талқандалып, оның ақсүйектері мен көптеген ұлыстары батысқа қарай Қырым ханының иелігіне қашты. Ноғай биі Шейх Мұхаммед Қырым ханы I Мехмет Герейге елшілік жіберіп, Қырым иелігінен баспана сұрады. Ноғай ақсүйектері олардың Қырымға тәуелді екенін мойындады. Ноғайлар Еділдің батыс жағалауына өтіп, Қырым ханының иелігіне қоныстанды. 1521 жылы Қазақ ханы Қасым қайтыс болды, ал өз билеушісінен айырылған қазақтарды Еділ мен Ембі арасындағы жерлеріне қайтып келген ноғайлар ығыстырды, бірақ анттары әлі ұмытылмады және Қырым ханы иеліктерін Еділден шығысқа қарай созылды деп есептей алды. Мехмет Герей бір кездері қуатты әрі кең Алтын Орданың барлық ұлыстарын өз билігі астында біріктіруге тырысты.
Жаңа Қырым ханы Мехмет Герей Ресей мемлекеті мен Ұлы Литва кінәздігіне қиратушы шабуылдар жасауды және ұйымдастыруды жалғастырды. Тула түбіндегі осы жорықтардың бірі 1517 жылы сәтсіз аяқталды.
1518 жылы желтоқсанда Мәскеудің қолшоқпары болған баласыз Қазан ханы Мұхамметәмин (1502-1518) қайтыс болды. 1519 жылдың көктемінде Мәскеудің Ұлы кінәзі III Василий Иванович орыс әскери жасағымен бірге жүрген өзінің қолшоқпары, Қасым ханзадасы Шаһғалиді Қазандағы хан тағына отырғызды. Қазан мырзалары Шаһғалидің ресейшіл саясатына наразы болып, оған қарсы қастандық ұйымдастырды. Сол 1519 жылы Қазан мырзалары Қырымға өз елшілігін жіберіп, Мехмет Герейден оның бір бауырын хан етіп беруін өтінді. 1521 жылдың көктемінде Мехмет Герей өзінің інісі Сахиб Герейді Қазан хан тағына отырғыза алды. Сахиб Герей шағын жасақпен бірге Қырымнан Қазанға келді, сол жерде жергілікті мырзалар оны хан тағына көтерді. Мәскеулік қолшоқпар Шаһғали тақтан тайдырылып, Қазаннан орыс иеліктеріне қашып кетті.
1521 жылдың жазында I Мехмт Герей өзінің бауыры әрі одақтасы Қазан ханы Сахиб Гереймен бірлескен іс-қимылдар туралы келісіп, Ресей мемлекетіне қарсы үлкен әскери жорық жасады. Шілдеде ноғайлар мен литва әскерлерінің қолдауымен 100 мың адамнан тұратын татар әскерлері оңтүстік орыс жерлеріне басып кіріп, Ұлы Мәскеу кінәздігінің терең ене бастады. Ока өзенінің жағасында полктермен бірге тұрған орыс қолбасшылары татар әскерлерінің жоғары күштерінен жеңіліске ұшырады. Шілденің аяғында Қырым ханы Коломна маңындағы Окадан өтіп, Ресейдің қалалары мен ауылдарын қирата Мәскеу қаласына жылжыды. Сол уақытта Қазан ханы Сахиб Герей өз әскерімен Мәскеудің шығысындағы иеліктерге шабуыл жасап, онда Төменгі Новгород пен Владимир қалаларын басып алып, қиратты. Коломнаның тұсында Қырым мен Қазан хандары бірігіп, Мәскеуге қарай бірге беттеді. Ұлы кінәз III Василий Иванович көп әскер жинау үшін астанадан асығыс Волоколамскке кетті. 1 тамызда Мехмет пен Сахиб Герей Мәскеуге жақындады. Одақтастар жақсы нығайтылған Ресей астанасын қоршауға алмады. Қырым және Қазан татарлары жақын жердегі болыстар мен ауылдарға тарап, жергілікті халықты тонап, тұтқындап, өлтірді. Екі апта бойы татарлар Ресей мемлекетінің орталық аймақтарымен «шайқасты». Елордадан пана тапқан, шоқынған Қазан ханзадасы Петр (Құдайқұл) бастаған мәскеулік шонжарлар Ұлы кінәз III Василийдің атынан ханға хат жіберуге мәжбүр болды, онда Рус Алтын Ордаға төлегендей мөлшерде алым-салық төлеуге міндетті болды. 12 тамызда Мехмет Герей орыс әскерлерінің Мәскеуге жақындағаны туралы ақпарат алып, шегінуді бастады. Жолда қырымдықтар мен ноғайлар Коломна, Боровск, Кашира және Рязан болыстарын ойрандап кетті. I Мехмет Герейдің өзі, Литва воеводасы Евстафий Дашкевичтің ұсынысымен, тіпті Рязанды қоршауға алды, бірақ орыс гарнизоны оны тойтарды. Шапқыншылық кезінде қырымдықтар, қазандық татарлар мен ноғайлар көптеген тұтқындарға ие болды.
1522 жылдың соңында I Мехмет Астрахан хандығын басып алуға шешім қабылдады және көп әскер жинап, Астраханға (Қажы Тархан) қарсы жорыққа шықты. Ағыш пен Мамай ноғай мырзалары Мехметке өзінің күштерімен қосылды. Шындығында, ешқандай соғыс болған жоқ, Астрахан (Қажы Тархан) ұрыссыз берілді. Астрахан ханы Хұсейін астанасынан қашып кетті. 1523 жылдың көктемінде Мехмет Герей Астраханды басып алып, көп ұзамай үлкен ұлы әрі қалғайы Баһадүр Герейді жаңа хан етіп жариялады. Мехмет Герейдің қуатының күшеюінен қорыққан одақтас Ноғай мырзалары Мамай мен Ағыш алдын ала сөз байласып, оны өлтіруге шешім қабылдады. Осы кезде өркөкірек Қырым ханы өз әскерін таратып, Астраханда шағын жасақпен қалды. Қырым ханы мен оның мұрагері қалғай Баһадүр Герейді ноғай мырзалары қаладан алдап шығарып, нөкерлері және күзетшілерімен қоса өлтірді. Лақап аты Дели («Жынды») болған Мамайдың немере інісі Орақ мырза өзі хан және оның баласын өлтірді. Ноғайлар кенеттен шабуылдап, Қырым әскерін тас-талқан етті, қалдықтары далаға шашырап кетті. Қырымға елу мырзамен келген екі ханның баласы — Ғазы мен Баба Герей ғана аман қалды. Осыдан кейін ноғайлардың Қырымға жойқын шапқыншылығы басталды. Ноғай әскерлері түбекті түгел тонап, қиратты, бірақ қалаларды ала алмады. Қырым хан тағындағы I Мехмет Герейдің мұрагері оның ұлы I Ғазы Герей болды.
## Дереккөздер |
Құймакесек — сауытқорамда кристалдану кезінде қатайған металл; көбіне қиық пирамида, призма (шаршы, тікбұрышты не көпқырлы), цилиндр не конус тұрқылас болады.
Құймакесек одан әрі өңдеу үшін, негізінен соғу не илемдеу арқылы өңдеу үшін жартылай фабрикат есебінде пайдаланылады. Сыйымдылығы мол, өнімділігі жоғары агрегаттары бар цехтарда болатты жаппай өндіру кезінде блюмингтерде не слябингтерде одан әрі жаншымалау үшін ірі құймакесектер (массасы ондаған тонна) құйылады.
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Аджикабул көлі (әз. Hacıqabul) — Әзірбайжандағы Аджикабул ауданы мен Ширван қаласының аумағында орналасқан көл.Бакуден оңтүстік-батысқа қарай 120 км жерде, Кура өзенінің төменгі ағысының сол жағалауында орналасқан.
## Сипаттамасы
Аджикабул - Әзірбайжан Республикасындағы Кура-Аракс ойпатында орналасқан үлкен көл. Көл белгілі бір геологиялық кезеңде Каспий теңізінің табиғи тартылуынан пайда болған. Көлдің ені-3 км, ал максималды ұзындығы - 6 км. және өте терең емес, тереңдігі 5 м-ге жетеді. Жалпы ауданы шамамен 1668 га құрайды. Көл арнайы канал арқылы Кура өзенінің суларымен қоректенеді. Судың орташа температурасы 5°- тан 28,5° - қа дейін, судың мөлдірлігі 0,06-2,5 м аралығында.Кура өзенінің көктемгі тасқыны көл ауданындағы суды көбейтеді. Қыста қатпайды. Бұл қоныс аударатын құстардың қыстайтын орны ретінде үлкен маңызға ие.
Аджикабул көлінің атауы туралы көптеген пікірталастар бар. Көлге Меккеге қажылық жасаған қажылардың бірінің аты берілген болуы мүмкін. Басқа нұсқа бойынша, атаудың түбірі түріктің «аджи» сөзінен шыққан, ол «ащы» дегенді білдіреді. Ауданда ұқсас атауы бар көлдер өте көп кездеседі.
Айналасында қамыстар өскен. Ашық кеңістіктерде шабындықтар бар, ол жерлерден жылыған суға түсуге немесе балық аулауға болады. Табиғи көрікті жерлердің ішінен Харам тауы тамаша көрініс алаңы болып табылады. Бұл сонымен қатар тарихи ескерткіш, өйткені одан циклопиялық тастардың үйінділері табылған. Олардың кейбіреулері ежелгі петроглифтермен безендірілген.
## Өсімдіктері мен жануарлары
Су өсімдіктерінен қоға, тростник, қамыс, сарғалдақ, мүйізжапырақ кездеседі. Көлдің кәсіпшілік балықтарынан сазан, жайын, шортан, көксерке, ақ амур тіршілік етеді.
## Дереккөздер |
Ферроқорытпалар — болатты қышқылсыздандыру және легирлеу үшін пайдаланылатын темір мен басқа элементтердің қорытпалары.
Ферроқорытпаларды кендегі кен концентраттарына қождамалар мен тотықсыздандырғыштар қоса отырып, балқыту арқылы алады. Бұл процесс электрлі кен тотықсыздандырғыш пештерде, кейде шахталы балқыту, аз мөлшерде домна пештерінде жүргізіледі.
Ферроқорытпалардың ішіндегі ең маңыздылары: ферросилиций, феррохром, ферромарганец, ферровольфрам, ферромолибден, феррованадий, ферротитан, ферросиликоцирконий, феррониобий, ферробор, феррофосфор.
*
*
*
## Дереккөздер |
Еске-Таш мешіті (тат. Иске Таш мәчет) — Татарстанның Қазан қаласындағы мұсылмандардың діни ғимараты.
## Тарихы
Қалалық аңыздарда мешіт 1552 жылы Қазанды Иван Грозныйдың әскерлерінен қорғаған солдаттардың қабіріне салынған деп айтылады. Бұрын бұл жерде үлкен тас болған (тат. «Зур иске таш» - «үлкен ескі тас»), сондықтан мешіттің аты осылай аталып кеткен (кейіннен бұл тас дұға залына қойылды). Мешітті 1882 жылы көпес Утямышев салған, сәулетшісі белгісіз. Мешіт классицизм стилінде салынған.Иске-Таш Қазанда саудагер өкілдерінің қайырымдылықтарының арқасында пайда болған тағы бір мешіт болды — оны салуға көпес Ғабдулла Утямышев қаражат бөлді. 1801 жылы мұнда алғашқы дұғалар оқылды, ал 30 жылдан кейін әйгілі сәулетші Александра Шмидт ғимаратты қайта жаңғырту жобасын жасады — дәл осы формада ол бүгінгі күнге дейін сақталды. Мешіт Ново-татар қонысының әлеуметтік орталығы болды.
Алғашқы имамдарының бірі - Фазил Сайфутдинов (1812 жылы қайтыс болған) болды, Оның орнына 1813 жылы Әмірхан бин Габдельманн (1828 жылы қайтыс болған) келді. Ол Сасна және Масқара ауылдарының медресесінде, содан кейін Бұхарада білім алды. Әмірхан қайтыс болғаннан кейін махаллидің басшысы Ф.Сайфутдиновтың ұлы Мұхаметваф болды. 1838 жылдан 1848 жылға дейін "Иске Таш" мешітінде молла қызметін Баймұрат Мұхарямов атқарды. Сонымен бірге Баймұрат молла үлкен медресені ұстап, онда көп уақыт сабақ берді. 1847 жылы мешіттің жаңа имам-хатибі болып Әмірханның бин Габдельманның ұлы – Хұсайын (1816 – 1893) сайланды. Ол Чистополь, Қазан, Маскар, Бұхара медреселерінде оқыды және көп ұзамай өзін дарынды уағыздаушы, ғалым ретінде жариялады. 1889 жылы Х.Әмірхан Еске Таш мешітінің діни қызметкері қызметінен кетіп, осы кезден бастап 1917 жылғы революцияға дейін махаланың рухани тәлімгерлері оның ұлдары Мұхаметназип және Мухаметзариф Амирханов болды. 1930 жылдардың аяғында Татар АССР-і республикалық ВКП (б) Орталық Атқару Комитетінің шешімі бойынша мешіт жабылды.
Кеңес заманында онда мектеп болды, кейіннен мешіттің жанына кеңірек жаңа мектеп ғимараты салынған кезде мешіт мектеп қоймасы ретінде пайдаланыла бастады. 1994 жылы мешіт діндарларға қайтарылды.
## Архитектурасы
Еске-Таш мешіті сол кездегі көптеген діни ғимараттар сияқты классицизм стилінде салынған. Ол екі қабаттан және ерлер мен әйелдерге арналған екі намаз залынан тұрады. Мешіттің өзі тік бұрышты, сыртқы қабырғалары кірпіштен қаланып, сыланған және ақ түске боялған.Мешіттің іші-сырты ұстамды және қарапайым (минимализм) стильде, онда ешқандай әрлеу мен декор жоқ.Еске-Таш мешіті кәдімгі тұрғын үйге ұқсайды, одан тек үш қабаттан тұратын төбесінде көтерілген мұнарамен ғана ерекшеленеді.
Иске-Таш мешітіне ғимараттың солтүстік бөлігінен кіруге болады. Кіре берісте, оң жағында, мешіттің екінші қабатына шығатын баспалдақ бар. Намаз оқу залы мешіттің екінші қабатында, ал бірінші қабатта техникалық және қызмет бөлмелері мен қоймалар орналасқан. Мешіттің ортасында ғимараттың ішкі көлемінің көп бөлігін алып жатқан қабырға бар, ол мұнараның негізі болып табылады. Қабырғаның ішіне мұнараға апаратын кішкентай баспалдақ салынған. Еске-Таш мешітінің мұнарасының сыртқы көрінісі Еділ бұлғарларының ежелгі қалалары мешіттерінің мұнараларына ұқсайды. Мешіттің ішкі залдары қос тікбұрышты терезелермен жарықтандырылған.
## Дереккөздер |
Салда (түр. Salda Gölü) — Түркияның оңтүстік-батысында орналасқан кратер көлі.
## Сипаттамасы
Салда көлі - сөнген жанартаудың кратерінде пайда болған табиғи су қоймасы. Ерекше ландшафтпен ерекшеленетін және елдің табиғи көрікті жері болып саналады. Судың құрамында гидромагнезит болуына байланысты ол теңіз толқындарының түсін еске түсіретін реңге ие. Осындай әдемі көрініс үшін ел тұрғындары бұл ауданды «Түрік Мальдивтері» деп атайды. Көл ауқымы үлкен емес, 44 км2 құрайды. Тереңдігі шамамен 184 метр, Түркиядағы ең терең тұщы көл болып саналады. Тереңдік жағадан 30-50 метр қашықтықта басталады. Судың температурасы жазда, тіпті ең ыстық күнде де 18-20 градус болады.
Салда көлінің жағалауы құрамында магнийі бар емдік балшықтың шөгінділеріне бай. Балшық күкіртсутекті болғандықтан иісі жағымсыз, бірақ тері аурулары мен тірек-қимыл жүйесі аурулары үшін өте пайдалы. Көл табиғи қорғалатын аймақ мәртебесіне ие, әлемдегі ең таза бес көлдің бірі болып санаалады.
Жыл сайын табиғаттың осы кереметін көруге ниет білдірушілер саны артып келеді, 2019 жылдың 1-ші жартысында көлге 600 мың адам барған, бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 1 миллионға дейін өседі. Көлді өзінің бастапқы түрінде сақтау үшін Түркияның табиғатты қорғау қауымдастығы оның жағалау бойымен аяқ киіммен жүруге тыйым салуды ойластыруда.
## Фаунасы
Бұл жерден шілдерді, түлкілерді, қояндарды кездестіруге болады. Көлде сонымен қатар әртүрлі тіршілік иелерінің мекен етеді. Бұл жерде су жыландары, бауырымен жорғалаушылар кездеседі. Су астында тыныс ала алмауына байланысты олар мезгіл-мезгіл жер бетіне шығады. Жыландардың ұзындығы 10-нан 40 сантиметрге дейін болады.
## Дереккөздер |
Ақбозат (ипподром) — Башқұртстан астанасы Уфа қаласындағы халықаралық ат спорты кешені, ипподромы. Оның құрамына 6500 орындық бас трибунаның төрт деңгейлі ғимараты кіреді, оның 5000-ы әйнектермен қапталған, ал 1500-і ашық аспан астында, орталық жылыту және желдеткіші бар арена. Кешеннің құрамына ветеринарлық емхана, 70 орындық үш деңгейлі ат қора, сондай-ақ спортшыларға арналған қонақ үй кіреді.
Ипподром ғимаратында мұражай орналасқан, онда башқұрт жылқыларының тұқымдары, ат спорты бөлімі, Уфа ипподромында рекорд орнатқан ең танымал 12 жылқы, сонымен қатар башқұрт командасы түрлі жарыстарда жеңіп алған кубоктар бар.
## Құрылыс объектісінің техникалық-экономикалық сипаттамалары
* Тапсырыс беруші: Башқұртстан Республикасының дене шынықтыру, спорт және туризм министрлігі
* Бас мердігер: БНЗС бас мердігерлік тресі
* Құрылыс орны: Уфа қ., Менделеев к-сі 217а
* Құрылыс кезеңі: 2005 ж. қараша-2007 ж. қазан
* Нысанның ауданы (бас трибуна, манеж, ат қоралар, ветеринарлық емхана, шаруашылық блогы): шамамен 31000 ш.м.
Бұл Ресейдегі алғаш рет салынған төрт деңгейлі трибунасы бар ипподром. Онда мінбелер, тотализатор, буфеттер, мейрамханалар, қонақтарға арналған зал, клуб бөлмелері, төрешілер бөлмесі т.б. бар. Сонымен қатар спорттық іс-шаралар мен демалысты өткізуге қажеттіліктер бар.
## Тарихы
Уфа ипподромы өзінің тарихын 1883 жылдан бастайды, Ресейдің жылқы шаруашылығы Бас басқармасы ипподроммен бірге Уфа асыл тұқымды ат қорасын салу туралы жобаны қабылдады. Бұл қаладағы алғашқы ипподром болды, оның құрылысы 1891 жылы аяқталды.«Патшалық ат қоралар» қазіргі орталық базардың орнында болды. Төңкерістен кейін аттар мен жүгіру жолдары Ново-Ивановское зиратының жанындағы Баспасөз үйі ауданындағы бос жерге көшірілді. Ат қораның тағы бір бөлігі және ат спорты мектебі Ғафури саябағында орналасты.
1924 жылы Башқұрт Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының Халық Комиссариатының бұйрығымен ат сайыстары үшін Уфа республикалық ипподромы салынды. Жарыстар тек жазда өткізілді. 1968 жылы Башқұртстан Республикасының Үкіметі жаңа ипподром салу туралы шешім қабылдады. Оның ашылуы 1982 жылы Башқұртстанның Ресейге өз еркімен қосылуының 425 жылдығын мерекелеуге орайластырылды.Қазіргі Уфа ипподромы "Ақбозат" өз атауын башқұрт эпосының кейіпкері ертегі қанатты аттың құрметіне алды. Оның құрылысы 1968 жылдан 1982 жылға дейін жүргізілді. Алғашқы жарыс 1982 жылдың 26 шілдесінде өткізілді.
Сынақ кезеңінде Республикалық «Ақбозат» ипподромында 11 шабандоз-шеберлер, 17 бірінші дәрежелі шабандоз, 5 бүкілресейлік санаттағы төрешілер дайындалды. 1982 жылдан 2005 жылға дейін 195 жоғары нәтиже (рекорд) көрсетілді. Жыл сайын ипподром рекордтары жаңартылып, ең үздік аттар мен шабандоздар аймақтық және бүкілодақтық, содан кейін Бүкілресейлік жарыстарға қатысты.
«Ақбозат» ипподромы ашылған сәттен бастап келесі ірі жарыстар өткізілді:
* 1983 жылы колхоздар, совхоздар мен ат зауыттарының XXIV Бүкілодақтық ат жарыстары;
* 1985, 1987, 1989,1992,1993 жылдардағы "Орал аймағы" жарысы;
* 1995 жылы "Достастық" қауымдастығының ұсынысымен шабандоздардың Кіші Еуропалық біріншілігі өткізілді. Оған Ресей, Ирландия, Украина, Қазақстан өкілдері қатысты.
* 2001 және 2004 жылдардағы Бүкілресейлік ат спорты жарыстары;
* 2003 жылы «Башқұртстан – Италия» шабандоздарының халықаралық кездесуі өтті.
* 2004 жылы «Башқұртстан - Финляндия» шабандоздарының жолдастық матч-чемпионаты өтті.
1982 жылдан 2006 жылға дейін, башқұрт шабандоздары бес рет Бүкілресейлік жарыстардың және 10 рет «Орал аймағы» сайыстарының жеңімпаздары атанды.
## Ипподромды қайта жаңғырту
2005 жылы ипподром жапондық «RAUM Architects» компаниясы әзірлеген жоба бойынша қайта жаңғыртылды. Қайта жаңартылған «Ақбозат» ипподромы жан-жақты және кең, енді онда асыл тұқымды жылқыларға да жарыс өткізуге болады, сонымен бірге ат спортының олимпиадалық түрлері бойынша жарыстар ұйымдастыруға болады. Әлемдік тәжірибеде бірінші рет Уфа ипподромында арена аумағында дренаждың бірыңғай жүйесі енгізілді. Жүгіру және жарыс жолдары, конкур және жылқы үйрету алаңдары француздық Fornells компаниясы шығарған инновациялық пластикалық материалдармен қоршалған. Жарыстар мен жаттығуларды ұйымдастыру үшін ипподромда 2 алаң орналасқан. Олардың бірі жоғары Ат спорты мектебінде жарыстар ұйымдастыруға, екіншісі пони аттары шығуға арналған.
## Дереккөздер |
Ош әуежайы (Osh Airport) — Қырғызстанның Ош қаласындағы Халықаралық әуежай.
## Сипаттама
Ош әуежайы - Ферғана алқабындағы ең ірі әуежайлардың бірі, «Манас» халықаралық әуежайына жатады. Ол Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласынан солтүстікке қарай тоғыз шақырым жерде орналасқан. Ош әуежайының басты мақсаты - Қырғызстанның осы
аймағының әуе тасымалына қажеттіліктерін қанағаттандыру. Әуежай «4D» (ICAO) және «B» (IAC) класына жатады. Ош әуежайы тәулік бойы жұмыс істейді, қажет болған жағдайда ұшақтарды ілесіп жүру машинасының көмегімен қонуға орналастыру жүзеге асырылады.
Әуежай 1974 жылдан жұмыс істей бастады, 1992 жылы халықаралық сектор пайдалануға берілді. Елдің көлік инфрақұрылымындағы әуежайдың маңыздылығына байланысты билік оны модернизациялауға шешім қабылдады. Әуежайды қайта жаңғырту жұмыстары 2011 жылы басталды. Жаңа жүк және жолаушылар терминалын салу, ұшу-қону жолақтарын жарықтандыру, ұшу-қону жолағының жабынын ауыстыру жұмыстары жүргізілді. 2016 жылғы мәліметтер бойынша әуежайдың жолаушылар ағыны 1 210 572 адамды құрады, төрт жыл бұрын жолаушылар 33% -ға аз болған. Ош барған сайын танымал бола бастауда, қазір ол елдегі жолаушылар ағыны жөнінен екінші орында. Әуежай барлық типтегі әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндігі бар. Ош халықаралық әуежайы жергілікті және халықаралық авиакомпаниялардың әуе кемелерімен жердегі қатынасты, тұрақты және чартерлік рейстердің кестесін құруды қамтамасыз етеді, сонымен қатар коммерциялық авиациялық емес қызметтерді ұсынады.
## Терминал
Ош әуежайында екі терминал жұмыс істейді – жүк және жолаушылар терминалы. Қайта құру барысында терминал 660 шаршы метрге кеңейтілді. Өткізу қабілеті 150 адамға, 450-ден 600-ге дейін өсті. Халықаралық терминал 1992 жылы жұмыс істей бастады.
## Әуе компаниялары, ұшу бағыттары
Қазіргі уақытта "Ош" халықаралық әуежайына 3 отандық және 4 шетелдік 7 авиакомпания тұрақты рейстерді орындайды. Әуежай арқылы «Эйр Манас», «Авиа Траффик Компани», «Тез Джет», «Аэрофлот», «Қазақ Эйр», «S7», «Уральские авиалинии» әуе компанияларының ішкі және халықаралық рейстері орындалады. Тасымалдау бағыттары ТМД, Азия және Таяу Шығыс елдерін қамтиды.Әуежай жаңа перспективалы бағыттарды ашу, сондай-ақ қолданыстағы бағыттарда ұшу жиілігін арттыру арқылы халықаралық және ішкі бағыттардағы жолаушылар тасымалы динамикасын арттыруда. Халықаралық бағыттар бойынша "Ош" әуежайының жолаушылар рейстерінің тізімі: - Алматы, Екатеринбург, Иркутск, Қазан, Красноярск, Мәскеу, Нижневартовск, Новосибирск, Самара, Санкт-Петербург, Сургут.
Ош әуежайынан ішкі бағыттар бойынша жолаушылар рейстерінің тізімі: - Бішкек, Тамшы.
## Дереккөздер |
Ақсақ Ахмет Герей (қырымтат. Topal Ahmed Geray; 1519 жылы қайтыс болды) — Қырым қалғайы (1515—1519), Қырым ханы I Меңлі Герейдің ұлы, I Мехмет Герей ханның бауыры.
## Өмірбаяны
Ахмет Герей әкесі Қырым ханы І Меңлі Герейдің көптеген әскери жорықтарына қатысты.
1512 жылы Ахмет Герей бауыры Бұрнашпен бірге әкесі Меңлі Герейдің нұсқауымен орыс жеріне жорық жасады. Олар Одоев пен Белевтің маңайын тонап, қиратты. Мырза Даниил Васильевич Щени-Патрикеевтің басқаруымен орыс әскерінің жақындауымен Қырым ханзадалары қашып кетті. Сол жылы маусымда Ахмет Герей Рязан жеріне шабуыл жасамақ болды, бірақ оған тойтарыс бергеннен кейін шегінді. Мәскеу воеводалары оны Тихая Сосна өзеніне дейін қуды.
1515 жылы сәуірде әкесі Меңлі Герей хан қайтыс болғаннан кейін және оның ағасы I Мехмет Герей билікке келген соң Ахмет Герей қалғай сұлтан - тақ мұрагері болып жарияланды. Осыдан кейін ол өзіне Русте пана дайындау үшін Мәскеудің Ұлы кінәзі III Василий Ивановичтен қолдау күтті. Ахмет Герей әкесінен Очаковты (Ақшақұм) үлесті меншікті иелік етіп алып, сол жерден оңтүстік поляк және литва жерлеріне шабуыл жасады, III Василийден Киевті өзі үшін жаулап алуға көмектесуін сұрады. 1516 жылы Мәскеудің Ұлы кінәзі III Василий оған Руске келсе, Қасымды табыстауға уәде берді.
1516 жылы І Мехмет Герей өзінің інісі Ахмет Герей қалғаймен кездесті. Хан қалғайдың Очаковтан кетуін, поляк королі Сигизмундпен татуласып, ұлы Жүсіпті кепілдікке жіберуін талап етті. Алайда Ахмет Герей бас тартып, Қырымнан Очаковқа кетіп қалды. Көп ұзамай ағайындылар тағы кездесіп, татуласты. Бірақ бірнеше айдан кейін Ахмет Герей Днепрден өтіп, Очаковқа қашты.
1519 жылдың басында Ақсақ Ахмет Герей қалғай Сәлім Явуз сұлтаннан I Мехмет Герей ханға қарсы күресте әскери көмек сұрап, үлкен ұлы Геммет Герейді Ыстанбұлға кепілдікке жіберді.
1519 жылы наурызда Мехмет Герей хан екі ұлы Баһадүр мен Алып Герейлерді әскермен жіберіп, Ахметті талқандауға бұйрық берді. Баһадүр Герей Орқапыда тұрып, Қырымға баратын жолды жапты. Алып Герей бүлікшіні даладан тапты. Ахмет Герейді немере інісі Алып Герей өлтірді. I Мехмет Герей хан өзінің үлкен ұлы Баһадүр Герейді (1519-1523) қалғай етіп тағайындады.
## Әдебиет
* Олекса Гайворонский. Екі құрлық билеушілері. — Т. 1. — Киев—Бақшасарай, 2007. — Б. 124—128. — ISBN 978-966-96917-1-2. |
I Ғазы Герей (қырымтат. I Ğazı Geray; 1504—1524) — 1523-1524 жылдары билік еткен Қырым ханы. I Мехмет Герейдің ұлы, І Меңлі Герейдің немересі.
## Өмірбаяны
1523 жылдың көктемінде Қырым ханы Мехмет Герей одақтас Ноғай мырзалардың көмегімен Астраханды басып алды. 1523 жылы наурызда Астрахан маңында Ағыш пен Мамай ноғай мырзалары I Мехмет Герей мен оның үлкен ұлы Баһадүр Герей қалғайды бір мезгілде өлтіргеннен кейін ағайынды Ғазы мен Баба Герейлер аздаған мырзалармен Қырымға қашып кетті. Олардың артынан үлкен ноғай әскері түбекке кіріп, Қырым ұлыстарын бүлдіріп, өртеп, жергілікті тұрғындарды тонап, өлтірді. Халық таулар мен бекіністі қалаларға тығылды. Шырын, Барын және Сижеуіт руынан шыққан ірі Қырым мырзалары 12 мың адамнан тұратын әскер жинап, ноғайларға қарсы аттанды, бірақ Орқапы түбіндегі шайқаста жеңіліп қалды. Жеңілген мырзалар түрік гарнизонының қорғауымен Орқапыны паналады.
1523 жылдың күзінде, Ноғай ордасы кері қайтқан соң ірі Қырым бейлері марқұм Мехмет Герейдің тірі қалған ұлдарының үлкені Ғазы Герейді жаңа ханы етіп сайлады. Ғазы Герей бауыры Баба Герейді қалғай етіп тағайындады. Алайда, қырымдық бейлер Османлы сұлтанмен таңдаулары жайлы мақұлдаспады. Көп ұзамай Ғазы Герей сұлтанға бет бұрған Меміш Шырын бей бастаған ірі татар бейлерінің қолдауынан айрылды. Шырын бейдің өзі Ыстанбұлға барып, Сүлейменнен Сағадат Герейді Қырымға хан етіп жіберуін өтінеді.
Османлы сұлтан Сүлеймен Кануни басқа үміткерді таңдағандықтан, Қырым ханы І Ғазы Герей Қырым хандығын алты ай ғана басқарды. Жаңа хан Ыстанбұлда ұзақ уақыт тұрған Ғазының ағасы I Сағадат Герей болды. 1524 жылдың көктемінде Сағадат Герай түрік жаңа шеріктерімен бірге Қырымға келіп, хан тағына отырды.
О.Гайворонскийдің айтуынша, Сағадат Герей Кефеге келіп, онда Ғазымен кездесу кезінде оны өлтіруге бұйрық берген. Ғазы Герейдің бауырлары Баба Герей мен Шобан Герей ханзадалар түрмеге қамалды.
Хәлім Герей сұлтанның айтуынша, жаңа Қырым ханы І Сағадат Герей өзінің бұрынғы ізшары әрі інісі Ғазы Герейді қалғай етіп тағайындаған, бірақ үш айдан соң Сағадат Герейдің бұйрығымен Ғазы Герей мен оның бауыры Баба Герей өлтірілген деген болжам бар.
## Дереккөздер |
Хосе Канте Мартинес (ис. José Kanté Martínez; 27 қыркүйек 1990, Сабадель, Испания) — испаниялық және гвинеялық футболшы, шабуылшы.
## Карьерасы
### Клубтық
2021 жылы "Қайратқа" ауысты. Оған дейін Испания төменгі лигаларында, Кипр, Польша чемпионаттарында доп тепті.
2021 жылы 21 шілдеде еурокубоктардағы бірінші голы "Црвена Звезда" (УЕФА Чемпиондар лигасы) қақпасына соғап, есеп ашты. Бұл ойында "Қайрат" 2:1 есебімен жеңіске жетті.
### Халықаралық
Гвинея құрамасы сапында 2018 жылғы әлем біріншілігі мен 2019 жылғы Африка Ұлттар кубогының іріктеу турниріне қатысты. 2018 жылы 16 қазанда Африка Ұлттары кубогының іріктеуінде Руанда қақпасына ұлттық құрамадағы тұңғыш голын соқты. Бұл ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.
## Жүлделері
«Легия»
* Польша чемпионы: 2019/20
«Қайрат»
* Қазақстан кубогы: 2021
## Статистикасы
### Халықаралық
17 қараша 2019
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі (90minut.pl (in Polish) |
Тён Копмейнерс (нидер. Teun Koopmeiners; 28 ақпан 1998 жыл, Кастрикюм, Нидерланд) — нидерландтық футболшы, Нидерланд Ұлттық футбол құрамасы "Ювентус" клубының жартылай қорғаушысы. 2020 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты.
## Жетістіктері
### Командалық
«Йонг АЗ»
* Нидерланд 2 дивизионы чемпионы: 2016/17
«Аталанта»
* УЕФА Еуропа лигасы: 2023/24
### Жеке
* УЕФА Еуропа лигасының символикалық құрамы: 2023/24
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* https://www.national-football-teams.com/player/79672.html |
Сваюнас Чижас (5 қаңтар 1998 жыл) — литвалық футболшы, жартылай қорғаушы.
## Карьерасы
### Клубтық
"Экранас" клубының түлегі. 2015 жылы 1 қаңтарда тұңғыш келісім шартын "Паневежис" клубымен жасады.
2017 жылы ақпанда "Тракай" (қазіргі "Ритеряй") клубына ауысты. 2019 жылы сәуірде клубтан кетті.
2019 жылы 1 шілдеде "Кьяссо" клубымен келісім шарт жасасты.
2021 жылы наурыз айында "Паневежиске" қайта оралды.
### Халықаралық
Литваның бірнеше жастағы құрамаларында ойнады.
## Дереккөздер |
Баһадүр Герей (қырымтат. Bahadır Geray; 1523 жылдың наурызында қай.) — Қырым қалғайы (1519—1523), Астрахан ханы (1523), I Мехмет Герей ханның үлкен ұлы әрі мұрагері.
## Өмірбаяны
1519 жылы ағасы I Мехмет Герейге қарсы сәтсіз бүлік жасаған бұрынғы қалғай сұлтан Ақсақ Ахмет Герей қайтыс болғаннан кейін, қалғай (Қырым хандығында ханнан кейінгі екінші адам) лауазымы бос қалды. Сол 1519 жылы I Мехмет Герей өзінің үлкен ұлы Баһадүр Герейді қалғай етіп тағайындады.
Баһадүр Герей Қалғай-сұлтан әкесінің әскери жорықтарына қатысқан, тіпті кейде өзі де Қырымның Мәскеу мен Литва иеліктеріне шабуылдарын басқарған. 1519 жылы Баһадүр Герей Қырым татарлары әскерінің басында оңтүстік поляк-литва иеліктеріне басып кірді. Қырым «айдаулары» Белз бен Люблин жерлерін қиратты, содан кейін Волынға бет бұрды. 1519 жылы тамызда Сокал түбіндегі шайқаста Баһадүр Герей ұлы литвалық гетман Константин Иванович Острожский бастаған 6 мыңдық поляк-литва әскерін жеңді.
1521 жылы Баһадүр Герей әкесі I Мехмет Герейдің Ресей мемлекетіне қарсы сәтті жорығы кезінде Қырым татарлары әскерінің авангардына басшылық етті. Қырым атты әскерлері Мәскеуге жетіп, Ресей астанасын өртеп, көптеген тұтқындарды алып кетті.
1522 жылы желтоқсанда Баһадүр Герей қалғай Астрахан ханы Құсайынға қарсы I Мехмет Герейдің әскери жорығына қатысты. Бұл жорықта Қырым ханының одақтасы ноғай мырзалары Мамай мен Ағыш болды. 1523 жылдың көктемінде қырымдықтар мен ноғайлар Астрахан ханы Хұсейінді сол жерден қуып шығарып, Астраханды (Қажы Тархан) басып алды. I Мехмет Герей барлық дала хандықтарын өз билігіне бағындыруға тырысып, үлкен ұлы Баһадүр Герейді жаңа Астрахан ханы деп жариялады, бұл ноғай мырзаларының наразылығын тудырды. Көп ұзамай I Мехмет Герей өзінің негізгі күштерін таратып, 3 мыңдық жасақпен Астрахан маңында тұрақ құрды. Бірде Мамай мен Ағыш мырзалар үлкен ноғай әскерімен кенеттен ханның тұрағына шабуыл жасады. Шайқас кезінде Қырым ханы I Мехмет Герей мен оның үлкен ұлы Баһадүр Герей көз жұмды.
## Әдебиет
* Гайворонский О. Герейлердің шоқжұлдызы.
* Гайворонский О. Екі құрлық билеушілері. — Т. 1—2.
* Хәлім Герей. Хандардың қызғылт гүлзары немесе Қырым тарихы. |
"Жеңіс футбол клубы" — Астана қаласындағы футбол клубы, 1964 жылы құрылған. Өз алаңындағы ойындарын Астана қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткізіп жүрді. 2014 жылы қаржы қиындығына байланысты жабылды да, 2021 жылы қайта құрылды.
## Тарихы
Клуб 1964 жылы құрылып, бірнеше жыл КСРО чемпионатының екінші лигасында ойнады.
Үш дүркін Қазақстан чемпионы (2000, 2001, 2006). 2002 жылы Қазақстан клубтары арасында бірінші болып УЕФА Чемпиондар лигасына қатысып, Молдованың "Шериф" клубынан жеңіліп қалды.
2007 жылы Қазақстан клубтары арасынан бірінші болып Чемпиондар Лигасының екінші кезеңіне жолдама алды. Алғашқы іріктеу кезеңінде Грузияның "Олимпи" клубын (0:0, 3:0) екі ойын қорытындысында қапы қалдырды да, екінші кезеңде Норвегияның "Русенборг" клубынан 1:3, 1:7 есептерімен ойсырай ұтылды.
2008 жылдың соңында футболшылардың жалақысын өтей алмай, клуб жоғары лигада ойнау құқығынан шектелді.
2009 жылы "Намыс" деген атаумен қайта құрылып, "Астананың" ізбасары ретінде бірінші лигада ойнады.
2010 жылы "Намыс" пен "Астана" біріктірілді. Атауы қайта "Астана" боп өзгертілді.
2011 жылы тағы бір астаналық жаңа клуб "Локомотив" өз атауын "Астана" деп ауыстырды да, сол себепті де ҚФФ шешімі бойынша бірінші лигада ойнап жүрген клуб (сол, 1964 жылы құрылған "Астана") атауын "Астана-1964" деп ауыстырды.
2014 жылға дейін бірінші лигада ойнады да, жыл соңында команда түпкілікті таратылды.
2021 жылы "Жеңіс" деген атаумен қайта құрылып, екінші лигада ойнай бастады.
## Статистикасы
### Ірі жеңістері
Қазақстан чемпионаты
* 2000 — 8:0 («Жетісу», Талдықорған)
### Ірі жеңілістері
Қазақстан чемпионаты
* 1995 — 1:7 («Жігер», Шымкент)
## Атаулары
* «Динамо» (1964-1974)
* «Целинник» (1975-1993, 1996-1997)
* «Цесна» (1994-1995)
* «Жеңіс» (1999-2005, 2021-)
* «Астана» (1997-1998, 2006-2008, 2010-01/06/2011)
* "Намыс" (2009)
* "Астана-1964" (01/06/2011-14)
## Жетістіктері
* Қазақстан чемпионы (3): 2000, 2001, 2006
* Қазақстанның қола жүлдегері (1): 2003,
* Қазақстан кубогының иегеріі (3): 2000/2001, 2002, 2005
* Қазақстан кубогының финалисті (2): 2001, 2006
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми сайты |
Қазақтан екінші лигасының 2021 жылғы маусымына 23 клуб қатысты. "Солтүстік-Шығыс" және "Оңтүстік-Батыс" боп екі аймаққа бөлініп күш сынасады да, аймақ жеңімпаздары бірінші лигаға жолдама алады.
Жеті жылдық үзілістен соң қайта құралған "Жеңіс" клубы да чемпионатқа қатысты.
## Турнир кестесі
### Солтүстік Шығыс
### Оңтүстік Батыс
## Сілтемелер
* https://vesti.kz/standing/3812/stage/17565/ |
Орқапы (қырымтат. Or Qapu (Or), Ор Къапу (Ор)) — Қырым түбегі мен материктің арасындағы құрлық байланысын құраған Ор мойнағындағы қала (1920 жылға дейін).
## Тарихы
### Ресейге дейінгі кезең
Орқапы географиялық орналасуына байланысты әрқашан үлкен стратегиялық маңызға ие болды. Одан басқа, ежелгі уақытта жақын орналасқан тұзды кен орындарының арқасында бай сауда қаласына айналды. І ғасырдағы Үлкен Плиний жазбаларында Орқапы және Ор мойнағы Тафрос (ежелгі грек тілінде — ор) деген атпен егжей-тегжейлі сипатталған, үлкен қорғаныс дуалдары бар қамал туралы айтылған. Үлкен Плиний гректердің Орқапыны ірі порт қаласына айналдыру ниеттерінің бар екенін жазды.
Қырым хандығы тұсында Орқапы Қырым түбегін материктен қорғаған басты бекініс болды.
1614 жылы ханзада Федор Борисович Годуновтың сызбасы негізінде жасалған Гессел Герицтың картасында Орқапы қазіргі орыс атауымен белгіленген. Форт (Қырым) түбекке Ор (Орқапы арқылы өтетін көпір) кіре берісі болған, тек Қырым ғана емес, сонымен бірге солтүстік Қара теңіз және Азов далалары да ханға тиесілі болған, алайда ноғай татарлары: әділ, шайдақ, өрміт көшіп-қонып жүрді. Олар мал жаю үшін алым-салық төлеп, Қырымға май, бал, ірі қара, қой, қозы және есірей (тұтқындар) жеткізді.
Орқапы оры мен бекіністің қирандылары қазіргі Орқапы ауылынан оңтүстікке қарай 1 км жерде орналасқан
### Ресей империясының Қырымды жаулап алуы
Василий Голицын бастаған орыс әскері алғаш рет 1689 жылғы Қырым жорығы кезінде Орқапының қабырғаларына жақындады, бірақ шабуыл жасалмады.
Орқапыға алғашқы шабуыл және басып алу 1736 жылғы жорық кезінде Кристоф Бурхард Минихтың бастаған әскермен жүзеге асырылды. Қырымға кірген орыстар Көзлевті, Бақшасарайды және Ақмешітті басып алды, содан кейін әскер Орқапыға оралып, Қырымнан кетті.
Орқапыны екінші рет басып алу 1771 жылы 14 маусымда (юлиан күнтізбесі бойынша) кейін Мәскеуде генерал-губернатор болған кінәз Василий Михайлович Долгоруков-Крымскийдің басшылығымен өтті.
### Ресей империясының құрамында
Қырым Ресей империясына қосылғаннан кейін Орқапы Таврия губерниясының аттас уезінің орталығына айналды.
1920 жылдың қаңтар-наурыз айларында генерал Я.А.Слащевтің Оңтүстік Ресейдің Қарулы Күштерінің 3-армиялық корпусының 4 мың жауынгері Қырымды 40 мың сарбаздан тұрған екі кеңес әскерінің шабуылдарынан ойдағыдай қорғады - осы шайқастарда большевиктер Орқапыны қайта-қайта басып алды, содан кейін слащевтар оны қайтарып, Қызыл Әскерді аязда далаға шегіндіруге мәжбүр етті.
1920 жылдың аяғында Қызыл Әскер Врангел орыс әскерінің Орқапы бекіністеріне шабуыл жасаған кезде Орқапы қаласы қатты зақымданып, жер бетінен жойылды. Бұрынғы уездік қаланы қалпына келтіру туралы шешім, бірақ ауыл мәртебесінде, 1922 жылы желтоқсанда қабылданды, нәтижесінде маңайында Орқапы ауылы пайда болды.
## Әдебиет
* Коняев Н.М., Коняева М.В. "Орыс хронографы. Ресейдің тарихы уақытымен". М.: Вече, 2008.
* Суворов ауылдық кеңесі // Украинаның қалалары мен ауылдары. Автономды Қырым Республикасы. Ақиар қаласы. Тарихи-өлкетанулық очерктер — Слава Севастополя, 2009. |
2013/14 жылғы маусымда ең жоғары нәтижені "Астана-2009" мен "Ақтөбе" клубтары көрсетті, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне дейін жетті.
## УЕФА Чемпиондар лигасы
### Екінші іріктеу кезеңі
### Үшінші іріктеу кезеңі
## УЕФА Еуропа лигасы
### 1 раунд
### 2 раунд
### 3 раунд
### Плей-офф
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Толық мақаласы: УЕФА Чемпиондар лигасы 2013/14Толық мақаласы: УЕФА Еуропа лигасы 2013/14
2013/14 жылғы Еурокубоктерде қазақстандық клубтар біршама жақсы ойнады. "Шахтер" клубы жарысты Чемпиондар лигасынан бастап, Еуропа лигасының топтық кезеңіне барған бірінші қазақстандық команда боп тарихта қалды.
"Ақтөбе" үшінші рет Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жетті, бірақ тағы да жолы болмай, топтық кезеңге өте алмады.
## УЕФА Чемпиондар лигасы
### Бірінші іріктеу кезеңі
### Екінші іріктеу кезеңі
### Плей-офф
## УЕФА Еуропа лигасы
### Бірінші іріктеу кезеңі
### Екінші іріктеу кезеңі
### Үшінші іріктеу кезеңі
### Плей-офф
### Топтық кезең
L тобы
## Дереккөздер |
Оксана Александровна Чусовитина (19 маусым 1975, Бұхара, Өзбек КСР, КСРО) — өзбекстандың гимнаст, КСРО, Германия, Өзбектаннның атынан сынға түскен, 1992 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Сегіз бірдей жазғы Олимпиада ойындарына (1992, 1996, 2000, 2004, 2008, 2012, 2016, 2020) қатысқан жалғыз гимнаст. КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1991).
## Карьерасы
Карьерасын 1991 жылы КСРО сапында бастаған. Сол жылы КСРО чемпионы атанды.
2002 жылы отбасы жағдайына байланысты Германияға қоныс аударып, 2006-12 жылдары Германияның атынан сынға түсті. 2008 жылғы Жазғы Олимпиадаға Германияның атынан сынға түсіп, күміс жүлде алды. Өзбекстанға 2013 жылы оралды.
2020 жылғы Жазғы Олимпиадаға қатысты да, 46 жасында карьерасын аяқтады.
## Жетістіктері
* Олимпиада чемпионы: 1992
* Олимпиада күміс жүлдегері: 2008
* Әлем чемпионы: 1991,, 2003
* Еуропа чемпионы: 2008
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* https://web.archive.org/web/20131016114838/http://www.gymnaflash.ru/f_chusovitina_a.htm |
Ағыш Би — маңғыт көсемі, 1502–1504 жылдары Мұса қайтыс болғаннан кейін Ноғай Ордасын басқарып, Ноғай Ордасының биі болған Жамқұршының ұлдарының бірі. Ағыш «ұлыстың билеушісі», яғни, дұрысын айтқанда, маңғыт ұлыстарын басқарды. Алайда, әкесі Жамқұршы қайтыс болғаннан кейін бұл лауазымды Ағыштың немере ағасы Мұсаның ұлы Алтақар алады. |
Мамай — Маңғыт көсемі, Ноғай ордасының биі Мұса және оның екінші әйелі, Қожаның қызынан туған ұлдарының бірі. Орыс шежірелері оны мырза деп атайды, ол ханзадалық орын алады, іс жүзінде көшбасшы, бірақ оның бұған заңды құқығы болмағанын баса айтады. «Қырымның қырық батыры» аңыздарының фольклорлық циклінің басты кейіпкерлерінің бірі. Оны ағасы Шейх Мамаймен шатастыруға болмайды.
## Тарихи тұлға
Мұса мен оның бауыры Жамқұршының қайтыс болғаннан кейінгі алғашқы жылдары Ноғай Ордасындағы өзара тартыс кезінде Мамай қандас ағасы Алтақарды қолдай отырып, жеке басымдылық үшін күрескен жоқ, Мамай туралы мәліметтер бытыраңқы болып табылады. Бәлкім, 1511 жылы Сейіт Ахметпен бірге Молдовадан Орқапыға оралған Қырым әскеріне жасалған шабуылға қатысқан. 1514 жылы Алтақар бастаған Сейіт Ахмет және Кел Мұхаммедпен бірге Алтақардың басты бәсекелесі Шейх Мұхаммедті түпкілікті жеңуді ұсынған Астрахан ханы Жәнібектің үндеуіне жауап берді. Белгілі болғандай, сонда Жәнібек ноғайларды күтпей-ақ Шейх Мұхаммедті жеңді, бұл оларды абыржытты, өйткені ол Шейх Мұхаммедтің мүлкі мен ұлыстарын иемденді. Содан соң бәрінен айырылған Шейх Мұхаммед Алтақарға айыбын мойындап келді, бірақ ол әдет-ғұрыпқа қарамастан, ағасын түрмеге қамады. Бұл көптеген ақсүйек өкілдерінің наразылығын тудырды, бірақ Мамай 50 адамнан тұратын жасақпен күшпен Шейх Мұхаммедті босатып, Алтақардың ордасынан далаға алып шықты.
Қазақ шапқыншылығы мен негізгі ноғай көсемдері Шейх Мұхаммед пен Алтақар қайтыс болғаннан кейін Мамайдың рөлі артты. Мөлшерлеп айтқанда, ол ноғай көсемдерінің арасында алғашқылардың бірі болып, қазақ ханы Қасым қайтыс болғаннан кейін қазақтарды қуу үшін күресті басқарды. |
Қазақстан алғаш рет жеке мемлекет болып Жазғы Олимпиадаға 1996 жылы қатысқан.
96 қазақстандық атлет (72 ер мен 24 әйел) 14 спорт түрінен жарысқа түскен, нәтижесінде үш алтын, төрт күміс пен төрт қола медаль жеңіп алған.
## Медальдар
## Сайыс нәтижелері
### Бокс
### Велоспорт
Тас жол, жеке жарыс, ерлер: Андрей Кивилев, Александр Винокуров, Александр Шефер, Андрей Тетерюк
Тас жол, жеке жарыс, әйелдер: Алла Василенко
Трек, ұпай үшін жарысу, ерлер: Сергей Лаврененко — 7 ұпай (→ 10-орын)
Трек, қуалап жарысу, ерлер (4000 м): Вадим Кравченко
Трек, ұпай үшін жарысу, әйелдер: Алла Василенко
### Жеңіл атлетика
Ерлер, 100 метрге жүгіру: Виталий Савин, Виталий Медведев
Ерлер, 20 шақырым жүру: Валерий Борисов
Ерлер, 50 шақырым жүру: Сергей Корепанов — 3:48:42 (→ 8-орын)
Ерлер, таяқпен секіру: Игорь Потапович
Ерлер, үш қарғып секіру: Сергей Арзамасов
Ерлер, ядро лақтыру: Сергей Рубцов
Әйелдер, 100 метрге жүгіру: Наталья Воробьёва
Әйелдер, 400 метрге жүгіру: Светлана Бодрицкая
Әйелдер, 400 метрге кедергілермен жүгіру: Наталья Торшина
Әйелдер, ұзындыққа секіру: Елена Першина, Елена Кощеева
Әйелдер, биікке секіру: Светлана Залевская — 1,93 м (→ 14-орын)
Әйелдер, ядро лақтыру: Елена Балтабаева
Әйелдер, жетісайыс: Светлана Казанина — 6002 ұпай (→ 18-орын)
Әйелдер, 10 шақырым жүру: Светлана Толстая — 45:35 (→ 21-орын), Майя Сазонова — 47:33 (→ 35-орын)
## Пошта маркаларында
*
*
*
* |
Валерий Сергеевич Кичин (12 қазан 1992 жыл, Бішкек) — қырғызстандық футболшы, Қырғызстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Енисей" клубының қорғаушысы.
## Карьерасы
Ұлттық құрамадағы тұңғыш голын 2016 жылы 30 тамызда Қазақстан қақпасына соқты (2:0).
2019 жылғы Азия кубогына қатысып, төрт кездесуде алаңға шықты.
Карьерасында "Дордой" (2009-12), "Волга" (Төменгі Новгород, 2013-14), "Химик Дзержинский" (2013), "Уфа" (2014), "Анжи" (2014-15), "Тюмень" (2015-16), "Енисей" (2016-2019, 2021), "Динамо Минск" (2019), "Торпедо Мәскеу" (2020) клубтарында доп тепті.
## Жетістіктері
### Клубтық
* Қырғызстан чемпионы (2): 2011, 2012
* Қырғызстан кубогы (2): 2010, 2011
* АФК президенті кубогының финалисі: 2010
* Ресей бірінші лигасының қола жүлдегері: 2016/17
### Жеке
* Қырғызстанның шетелдегі ең үздік футболшысы: 2014
## Дереккөздер |
Валерий Сергеевич Кичин (12 қазан 1992 жыл, Бішкек) — қырғызстандық футболшы, Қырғызстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Енисей" клубының қорғаушысы.
## Карьерасы
Ұлттық құрамадағы тұңғыш голын 2016 жылы 30 тамызда Қазақстан қақпасына соқты (2:0).
2019 жылғы Азия кубогына қатысып, төрт кездесуде алаңға шықты.
Карьерасында "Дордой" (2009-12), "Волга" (Төменгі Новгород, 2013-14), "Химик Дзержинский" (2013), "Уфа" (2014), "Анжи" (2014-15), "Тюмень" (2015-16), "Енисей" (2016-2019, 2021), "Динамо Минск" (2019), "Торпедо Мәскеу" (2020) клубтарында доп тепті.
## Жетістіктері
### Клубтық
* Қырғызстан чемпионы (2): 2011, 2012
* Қырғызстан кубогы (2): 2010, 2011
* АФК президенті кубогының финалисі: 2010
* Ресей бірінші лигасының қола жүлдегері: 2016/17
### Жеке
* Қырғызстанның шетелдегі ең үздік футболшысы: 2014
## Дереккөздер |
I Сағадат Герей (қырымтат. I Saadet Geray; 1492—1538) — 1524-1532 жылдары Герей әулетінен шыққан Қырым ханы. І Меңлі Герейдің ұлы.
## Өмірбаяны
1511/1512 жылы Қырым ханы I Меңлі Герей сұлтан тағы үшін інілерімен бірге соғысқан күйеу баласы Осман ханзадасы Сәлім Явузға көмекке өзінің ұлы Сағадат бастаған үлкен татар жасағын жіберді. Татар әскерімен ханзада Сәлім Ыстанбұлға келді, сол жерде жаңа шеріктер оның жағына өтті. Ескі сұлтан II Баязит өзінің ұлы Сәлімнің пайдасына биліктен бас тартуға мәжбүр болды. Содан кейін I Сағадат Герей татар атты әскерімен бірге түрік әскерімен бірге бүлікші Сәлім бауырларына қарсы шайқасты, Анадолыдағы халықтық тәртіпсіздіктерді басуға қатысты. Сағадат Герей жаңа сұлтанның ең сенімді адамдарының бірі болды, ол тіпті өзінің қызын тұрмысқа берді.
Кейіннен ұзақ уақыт Ыстанбұлда құрметті кепіл ретінде өмір сүрген Қырым ханзадасы Сағадат Герей Османлы сұлтаны Сәлімнің, содан кейін оның ұлы Сүлейменнің ықыласына бөленді.
1523 жылы наурызда Қырым ханы I Мехмет Герей және оның үлкен ұлы әрі мұрагері Баһадүр Герей Астраханды сәтті басып алғаннан кейін одақтастары Мамай мен Ағыш ноғай мырзалары оларды қапияда өлтірді, содан кейін Қырым әскері талқандалды. Наурыз айының соңында ноғай мырзалары Қырым хандығына басып кіріп, татар ауылдарын тонап, қиратты. Ноғайлар ауылдарды өртеп, табын-табынымен малдарды айдап, жергілікті тұрғындарды өлтіріп, тұтқынға алды. Тек қана бекіністі қалалар мен шалғайдағы таулы аймақтар аман қалды. Ірі Қырым мырзалары 12 мыңдық әскер жинап, ноғайларға қарсы жорыққа шықты, бірақ жеңіліске ұшырап, түрік гарнизонының қорғауымен Орқапыны паналады. Сол уақытта казак жасақтарымен Очаков бекінісін қоршауға алып, қиратқан Каневтің басшысы Евстафий Дашкевич Қырым ұлыстарына шабуыл жасады.
1523 жылдың күзінде Ноғай ордасы кеткеннен кейін Қырым ақсүйектері қайтыс болған Мехмет Герей ханның аман қалған ұлдарының үлкені I Ғазы Герейді хан тағына отырғызды. Алайда, Қырым бейлері үміткер жайлы Ыстанбұлмен мақұлдаспады. Османлы сұлтан Сүлеймен бұл үміткерді қабылдамай, біраз уақыттан кейін Ыстанбұлдағы сұлтан сарайында ұзақ уақыт өмір сүрген ағасы Сағадат Герейді хан етіп тағайындады. Бұдан басқа, негізгі қырым мырзасы Меміш Шырын бей жас Ғазы Герей ханның билігіне наразы болып, Ыстанбұлға барып, сол жерден сұлтаннан Сағадат Герейді жаңа хан етіп тағайындауды сұрады.
1524 жылы сәуірде І Сағадат Герей түрік жаңа шеріктер жасағымен Ыстанбұлдан Қырымға жүзіп келіп, Кефеге тоқтады. Сұлтан растаған жаңа Қырым ханы өзінің інісі Ғазы Герейден ант қабылдау үшін оның келуін талап етті. 20 жастағы Ғазы Герей өзінің бауырлары Баба мен Шобан Герейлермен бірге Кефеге келді. О. Гайворонскийдің айтуынша, Ғазы Герей ханмен алғашқы кездесуінде өлтіріліп, оның бауырлары Баба мен Шобан Герейлер түрмеге қамалды. Хәлім Герей сұлтанның айтуынша, Қырым ханы Сағадат Герей інісі Ғазы Герейге қалғай шенін берген. Алайда, үш айдан кейін хан оның адалдығына сенімсізденіп, Ғазы Герейді шақырып алып, оны өлтіруге бұйрық береді. Жаңа қалғай болып бірінші Қырым ханы I Қажы Герейдің немересі Өзбек Герей тағайындалды.
Сағадат Герай билікке келгенде Қазан I Мехмет Гереймен одақтастық келісім негізінде және оның Астраханға қарсы жорығымен қатар бастаған Қазан мен Мәскеу арасындағы соғыс жалғасты. Сағадаттың сыртқы саясаттағы алғашқы қадамдарының бірі бейбітшілікке делдал болу болды, бірақ Мәскеу одан бас тартты. Сағадат, сонымен бірге, Астрахан хандығымен бейбіт қатынастар орнатып, мүмкіндігінше сол кезде бірде-бір үкімет болмаған Ноғай Ордасының жеке мырзаларымен бейбіт қатынастар орнатуға тырысты.
I Сағадат Герей таққа отырған кезде елді шонжарлар шайқасы әлсіреп, ноғай шапқыншылығы салдарынан күйреген күйде болды. Ол мемлекеттегі тәртіпті қалпына келтіріп, бірнеше маңызды қайта құруларды жүзеге асырды. Атап айтқанда, ол саяшы штатын Османлы үлгісі бойынша ұйымдастырып, артиллериялық бөлімдерді құрай, әскерді жаңартты (оған дейін Қырым әскері тек атты әскерлерден тұрды).
Қырым ханы мен татар ақсүйектері қарым-қатынасы шиеленісті болды. Сағадат Герейдің түрікшіл саясатына қырымдық бейлер наразы болды. Хан өзін түрік шенеуніктері мен сенімді адамдарымен қоршады. Шырын руынан қолдау алу үшін хан өзінің ағасы Ахмет Герейдің жесірі Шырынбекке үйленді. 1524 жылдың көктемінің соңында Сағадат Герей татар ақсүйектерінің көпшілігімен татуласты.
Қырым ханы Сағадат Герей (1524-1532) мәскеулік, поляк және литва жерлерінің оңтүстік иеліктеріне шапқыншылық ұйымдастырып, шабуыл жасады. 1524 жылы маусымда Сағадат Герей Ұлы Литва кінәздігіне қарсы жорық жасады. Төрт ханзада: Өзбек Герей қалғай, Ислам Герей, Бүшек Герей және Жантұр Герей бастаған Қырым татарлары ордасы Литваның шекарасындағы иеліктерге басып кірді. Сапар сәтсіз аяқталды. Күзде, қайтып келе жатқанда, қырымдықтар Днепр өткелінде Семен Полозович пен Криштоф Кмитиц бастаған украин казактары тарапынан жеңіліске ұшырады.
Сол 1524 жылдың күзінде І Сағадат Герей І Мехмет Герейдің тірі қалған ұлдарының үлкені — I Ислам Гереймен хан тағына таласуды бастады. Ислам Герей хандыққа өзінің құқығын жариялап, көптеген ірі бейлік рулардың қолдауына ие болды. Сағадат Герей ханның түрікшіл саясатына наразы болған көптеген қырымдық бейлер І Ислам Герейді қолдады. Хан інісін өлтіруге бұйрық берді. Серіктестері ескерткен Ислам Герей Қырымнан ноғай қоныстарына қашып кетті. Көп ұзамай Ислам Герей Қырымға оралғанда көптеген мырзалар оның жағына өтті. Алдымен Ислам Герей Орқапы маңында ханның отарын, содан кейін Сағадат Герейдің анасы Махмұт Сұлтанды қолға түсірді. Ислам Герей өз әскерімен Қырым қаласын басып алды, онда оның жақтастары оны хан деп жариялады.
Тақтан айырылған хан Сағадат Герей солтүстікке қашып, Орқапыны паналады. 1524 жылы қарашада Ислам Герей өз әскерімен Орқапы бекінісін қоршауға алды. Қоршау үш айға созылды. Нәтижесінде Сағадат Герей татар бейлерінің көпшілігін Ислам Герейді тастап, оның жағына өтуге көндіре алды. 1525 жылы қаңтарда Ислам Герей Орқапы маңынан Ноғай ұлыстарына, Сүтана өзеніне қашып кетті. Тақты қайта иемденгенде, Сағадат Герей бұрын Қазан ханы болған бауыры Сахиб Герейді қалғай етіп тағайындады.
1525 жылдың көктемінде Ислам Герей жаңа күш жинап, Қырымға басып кіріп, онда Қырық Ор қабырғалары түбінде шайқаста Сағадат Герейді жеңді. Түрік жасағымен (1700 адам) ханға көмекке келген Кефе пашасы да жеңіліске ұшырады. Ислам Герей өзінің қарсылас ағасын қуып, астананы екінші рет басып алды. 1525 жылдың күзінде ірі қырым мырзалары Бақтияр Шырын мырза және Дәулет Бақыт Барын мырза Ислам Герей ханға қарсы шығып, оны Қырымнан кетуге мәжбүр етті. Сағадат Герей хан тағына қайта оралды. Ислам Герей аздаған жақтастарымен ноғай қоныстарына шегінді.
1526 жылдың басында Ислам Герей тағы да Орқапыға жақындады. Аға мен іні ымыраға келіп, бітім жасасты. Сағадат Герей хан тағын сақтап қалды, ал Ислам Герей қалғай атағын алды. Қырым ханы Сағадат Герай Очаковты (Ақшақұм) және оған іргелес аумақты інісі Ислам Герейге берді. Бұрынғы қалғай Сахиб Герей ханнан Төменгі Днепрдегі шекара бекіністерін алды.
1526-1527 жылдың қысында 30 мың адамнан тұратын қырым татарлары ордасы Польшаның және Ұлы Литва кінәздігінің оңтүстік жерлеріне басып кірді, олар көптеген есірейлер мен бай олжаларды қолға түсірді. 1527 жылы 27 қаңтарда қайтып келе жатқанда, қырымдықтар Киев түбінде Ольшаница өзеніндегі шайқаста Литва әскерінің ұлы Литва гетманы, кінәз Константин Иванович Острожский бастаған литвалық раттан толық жеңіліске ұшырады.
1527 жылдың күзінде 40 мыңдық татар ордасының басында тұрған Ислам Герей қалғай оңтүстік орыс жерлеріне қарсы үлкен жорық жасады, бірақ орыс воеводалары Ока өзенінің жағасынан тойтарыс берді. Мәскеу воеводалары Дон өзеніне қарай шегініп бара жатқан орданың соңына түсіп, жол бойында бірнеше ірі татар жасақтарын талқандады.
1528 жылдың басында Қырым ханы Сағадат Герей інісі Ислам Герей қалғаймен күресті қайта бастады. Наурызда хан інісін жеңді. Шайқаста көптеген дегдар татар мырзалары, Ислам Герейдің жақтастары қаза тапты. Олардың арасында Шырын бейі Мемеш мырза болды. 1528 жылдың күзінде Ислам Герей Литваның оңтүстігіндегі иеліктерге келіп, Шеркесі маңында тұрақ құрып, сол жерден поляк королі әрі Литваның ұлы кінәзі Кәрі Сигизмундтен қолдау сұрады. Сигизмунд Казимирович украин казактарына Ислам Герейге әскери көмек көрсетуді бұйырды. 1529 жылдың көктемінде Ислам Герей Орқапыға жылжыды, ал украин казактары Днепр бойымен өзен кемелері арқылы жүзіп келді. Қырым ханы Сағадат Герей татар мырзаларының көп бөлігі інісінің жағына өтіп кетеді деп қорқып, оған бітім жасасуды ұсынып, хат жіберген. Ислам Герей Сағадат Герейді хан деп танып, Очаков бекінісін іргелес ұлыстармен бірге қайтарып алды.
1531 жылдың күзінде Қырым ханы Сағадат Герай ірі татар руы Шырын арасындағы қарым-қатыныс шиелініске түсті. Шырындардың басты мырзасы Бақтияр бей ханға қарсы қастандық ұйымдастырды. Қастандық жасаушылардың арасында Шырынбек (Сағадат Герейдің әйелі) және ханның немере інілері Бұшақ пен Жүсіп Герейлер болған. Бақтияр Шырын бей Шырындардың ата қонысы Қырымда (Ескі Қырым) ханды өлтіруді жоспарлап, сонда шақырды. Қырым ханы Сағадат Герей өзімен бірге Сахиб Герей қалғайды алып, Шырындарға аттанды. Хан мылтықтармен қаруланған түрік жаңа шеріктер мен сыпайлар жасақтарын ертіп шықты. Екі шырындық мырзалар - Доқұзақ пен Жүніс - ханға қашып, оған қастандық туралы хабарлады. Хан өз әскерімен Қырымды және бүкіл Шырын ұлыстарын басып алды. Сағадат Герейдің бұйрығымен Бұшақ пен Жүсіп Герей ханзадалар, Бақтияр Шырын бей ұлдары және інілерімен бірге тұтқынға алынып, өлім жазасына кесілді. Хан өзінің адал Доқұзақ мырзаны жаңа Шырын бейі етіп тағайындады. Шырынбек ханша Қырық Ор бекінісіне қамалды. Тірі қалған Шырын мырзаларының бір бөлігі Ислам Герейге қашып кетті.
1531 жылдың соңында Ислам Герей ағасымен хан тағына таласуды жалғастырды. Ханзада Орқапының жанында Шырын мырзаларымен бірге болды. 1532 жылы ақпанда Ислам Герей Шеркесі мен Каневтің қасына келіп, сол жерден ұлы Литва кінәзі Кәрі Сигизмундтан көмек пен қорғауды сұрады.
1532 жылдың көктемінде Татар ордасының басында Қырым ханы Сағадат Герей түрік жаңа шеріктер жасақтары (1500 адам) және артиллериямен Литва шекарасындағы иеліктерге қарсы жорық жасады. Сағадат Герей Шеркесіні қоршауға алды, оны қорғауын Шеркесі мен Канев қожайыны Евстафий Дашкевич басқарды. Шеркесі қоршауы бір айға созылды. Евстафий Дашкевич бастаған Литва гарнизоны жаудың барлық шабуылдарын тойтырды. Осы уақытта ханзада Ислам Герей өзінің жақтастарымен бірге Доннан тыс далада Мәскеу үкіметімен келіссөздер жүргізді.
1532 жылы мамырда Қырым ханы Сағадат Герей хан тағынан өз еркімен бас тартып, Ыстанбұлға кетті. Кейінірек Сағадат Герей Сефевидтік Иранға қарсы жорығы кезінде Сүлеймен сұлтанмен бірге жүрді. Сағадат Герей сұлтаннан үлкен зейнетақы (жылына 300 000 ақша) алды.
1538 жылы 46 жастағы І Сағадат Герей тақтан бас тартқаннан кейін алты жылдан соң дүниеден өтіп, Ыстанбұлда жерленген.
## Дереккөздер |
2000 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан 130 атлет (86 ер мен 44 әйел) 17 спорт түрінен қатысқан, нәтижесінде үш алтын және төрт күміс медаль жеңіп алған.
## Медальдар
## Сайыс нәтижелері
### Бокс
### Велоспорт
Винокуров күміс медаль алған дисциплинада Андрей Тетерюк 46-шы, Александр Шефер 53-ші, Сергей Яковлев 57-ші, Андрей Кивилев 73-ші болып келді.
Трек, ұпай үшін жарысу, ерлер: Сергей Лаврененко (→ 20-орын)
Трек, қуалап жарысу, ерлер: Вадим Кравченко
### Жеңіл атлетика
Ерлер, 100 метрге жүгіру: Виталий Медведев
Ерлер, 200 метрге жүгіру: Геннадий Черновол
Ерлер, 20 шақырым жүру: Валерий Борисов (→ 38-орын)
Ерлер, 50 шақырым жүру: Сергей Корепанов (→ 15-орын), Валерий Борисов (→ 25-орын)
Ерлер, таяқпен секіру: Игорь Потапович
Ерлер, биікке секіру: Юрий Пахляев
Ерлер, үш қарғып секіру: Сергей Арзамасов, Олег Сакиркин
Ерлер, ядро лақтыру: Сергей Рубцов
Әйелдер, 100 метрге жүгіру: Виктория Ковырева
Әйелдер, 400 метрге жүгіру: Светлана Бодрицкая
Әйелдер, 100 метрге кедергілермен жүгіру: Ольга Шишигина — 12.65 (→ 1-орын)
Әйелдер, 400 метрге кедергілермен жүгіру: Наталья Торшина
Әйелдер, ұзындыққа секіру: Елена Першина, Елена Кощеева, Анна Тарасова
Әйелдер, үш қарғып секіру: Елена Парфенова, Анна Тарасова
Әйелдер, биікке секіру: Светлана Залевская — 1,96 м (→ 6-орын)
Әйелдер, ядро лақтыру: Иоланта Ульева
Әйелдер, жетісайыс: Светлана Казанина — 5898 ұпай (→ 16-орын), Ирина Науменко — 5634 ұпай (→ 21-орын)
Әйелдер, 20 шақырым жүру: Светлана Толстая (→ 21-орын), Елена Кузнецова (→ 40-орын), Майя Сазонова
Әйелдер, марафон: Гарифа Куку
### Триатлон |
2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан 114 атлет (71 ер мен 43 әйел) 17 спорт түрінен қатысқан, нәтижесінде бір алтын, төрт күміс пен үш қола медаль жеңіп алған.
## Медальдар
## Сайыс нәтижелері
### Ауыр атлетика
### Бокс
### Жеңіл атлетика
Ерлер, 100 метрге жүгіру: Геннадий Черновол
Ерлер, 800 метрге жүгіру: Михаил Колганов
Ерлер, 20 шақырым жүру: Валерий Борисов — 1:27:39 (→ 27-орын)
Ерлер, 50 шақырым жүру: Сергей Корепанов — 3:59:33 (→ 20-орын), Рустам Куватов — 4:13:40 (→ 37-орын)
Ерлер, 400 метрге кедергілермен жүгіру: Евгений Мелешенко
Ерлер, үш қарғып секіру: Роман Валиев
Ерлер, ядро лақтыру: Григорий Егоров
Ерлер, онсайыс: Дмитрий Карпов — 8725 ұпай (→ 3-орын)
Әйелдер, 100 метрге жүгіру: Виктория Ковырева
Әйелдер, 400 метрге жүгіру: Светлана Бодрицкая
Әйелдер, 800 метрге жүгіру: Татьяна Розланова
Әйелдер, 400 метрге кедергілермен жүгіру: Наталья Торшина-Әлімжанова
Әйелдер, 20 шақырым жүру: Светлана Толстая — 1:34:43 (→ 28-орын), Майя Сазонова — 1:49:08 (→ 50-орын)
Әйелдер, ұзындыққа секіру: Елена Кощеева (→ 11-орын)
Әйелдер, үш қарғып секіру: Татьяна Бочарова
Әйелдер, биікке секіру: Марина Аитова
Әйелдер, ядро лақтыру: Иоланта Ульева
Әйелдер, жетісайыс: Светлана Казанина, Ирина Науменко
### Күрес
Еркін күрес
Грек-рим күресі
### Нысана көздеу |
Василий Алексеевич Левит (24 ақпан 1988, Фёдоровка, Қостанай облысы) — қазақстандық боксшы, 2016, 2020 жжылдары Жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан.
## Жетістіктері
* 2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері
* 2009, 2015, 2017 жылғы Азия чемпионы
* 2017, 2019 жылдары әлем чемпионатының күміс жүлдегері
## Марапаттары
"Барыс" орденінің иегері: 2016
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Статистикасы |
Василий Алексеевич Левит (24 ақпан 1988, Фёдоровка, Қостанай облысы) — қазақстандық боксшы, 2016, 2020 жжылдары Жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан.
## Жетістіктері
* 2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері
* 2009, 2015, 2017 жылғы Азия чемпионы
* 2017, 2019 жылдары әлем чемпионатының күміс жүлдегері
## Марапаттары
"Барыс" орденінің иегері: 2016
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Статистикасы |
Фархад Ибрагимұлы Харки (20 сәуір 1991) — қазақстандық ауыр атлет. 2016 жылғы Жазғы олимпиада ойындарының қола жүлдегері.
Фархат Қытайда спортпен айналыса бастаған, ұлты дүнген. 2008 жылы Қазақстан азаматтығын алды.
2013 жылы Азияда өткен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды. |
Фархад Ибрагимұлы Харки (20 сәуір 1991) — қазақстандық ауыр атлет. 2016 жылғы Жазғы олимпиада ойындарының қола жүлдегері.
Фархат Қытайда спортпен айналыса бастаған, ұлты дүнген. 2008 жылы Қазақстан азаматтығын алды.
2013 жылы Азияда өткен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды. |
Лев Анатольевич Владимирский (27 қыркүйек 1903 жыл, Атырау - 7 қыркүйек 1973 жыл, Мәскеу) — Қазақстаннан шыққан алғашқы флот адмиралы.
## Өмірбаян
1903 жылы Гурьев қаласында мектеп мұғалімі және акушер отбасында дүниеге келген. 1921 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің әскери факультетіне оқуға түседі. 1922 жылдың шілдесінде Петроградтағы М.Фрунзе атындағы Жоғары әскери-теңіз училищесіне ауысты. Осы оқу орнын 1925 жылы аяқтағаннан соң, соғыс-теңіз флоты командалық құрамының арнайы курсында 2 жыл бойы білім жетілдірген. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін әскери-теңіз флотында тәжірибе жинақтай алған.
Соғыс басталған сәтте Қара теңіз флотын басқарып, Севастополь, Одесса қалаларын азат етуге кеңес теңізшілерін жұмылдыруда ерекше батылдық пен батырлық танытады. 1941 жылғы қыркүйекте Георгиевка мүйісіне десант түсіруге басшылық еткен. Ал 1944 жылы Выборг операциясына қатысқан. Соғыс жылдарында Қара теңіз және Балтық теңізі флоттарына қолбасшылық жасаған.
1947 жылдан КСРО Қарулы Күштерінің әскери-теңіз флоты жөніндегі басшылық лауазымдарды атқарса, 1952 жылдан ғылыми-педагогикалық жұмыстармен айналысыпты. Бірнеше рет мұхит зерттеу экспедицияларына жетекшілік еткен. Тек 67 жасында ғана отставкаға шығып, 1973 жылы өмірден өтіпті.
## Марапаттары мен атақтары
Әскери теңіз операцияларына, жалпы кеңес дәуіріндегі әскери-теңіз флотындағы 49 жылдық жұмыс өтілінде көрсеткен ерлігі, ерен еңбегі үшін екі мәрте Ленин, үш рет жауынгерлік Қызыл Ту, ІІ-дәрежелі Суворов, ІІ-дәрежелі Ушаков ордендерімен наградталғаны куә болатындай.
Қазір Атырау қаласында адмирал атымен бір көше аталады. Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы” залында флот адмиралы Лев Владимирскийдің әскери киімі мен куәлігі ғана жәдігер ретінде сақталып тұр.
## Дереккөздер |
Сұлтануәйс Үдерұлы (Арал хазірет) – (1795 – 1860жж, Нарын құмы, Тума Қазіргі Атырау облысы, Индер ауданы) – дін кайраткері. ХІХ ғасырда өмірсүрген, діни сауатты, жоғары білім алған адам.
## Жалпы мәлімет
Беріш-Себек – Тума аталығынан тарайды.Тумадан- Кемесайдан – Байшағыр, одан – Үдер, одан – Арал (Сұлтан -Уәйіс). Хива,Стерлитамақтадін оқуын бітіріп, елге 1818 жылы Арал «Хазірет» дәрежесімен оралған. Туған жері Тумада «Көкмешіт» және Теңіз жағалауында өз қаражатына екі мешіт салдырып, жанына екі бөлмеліжатақхана асханасымен медресе ашып, ауыл балаларының сауатын ашуға аянбай еңбек еткен,Атырау өңірінің дін саласында алғашқы қарлығаштарының бірі. 1840 жылы 5 қазанда ханЖәңгірдің № 4 бұйрығымен Теңіз округіне указной молда болып бекітілген. Балдары Дәулетәлижәне Ғұбайдулла Аралұлдары медреседе балаларды оқытумен жеке айналысады, Уфада дәрісалған. Қазынадан да, жамағаттан да қаражат алмаған. Медреседе 10 пәннен дәріс беріліпті(араб тілі, фихк, геометрия, медицина, география, тарих, астрономия, космография, литературат.б.) мұғалімдерді Уфадан, Петербордан алдырып, медресенің жұмысын өз қаражатыменжүргізген екен. Баласы Гисматулла Аралұлы 1891 жылы 24 тамызда №4067 бұйрықпен имам-хатиб, мұғалім болып бекітілген. 1894 жылы 12 шілдеде «ахун» атағы берілген. НемересіҒабдрахман Ғұбайдулла ұлы 1908 жылы 18 қазанда №7113 бұйрықпен (д№420/94г) имам-хатибжәне мұғалім болып бекітілген.
Тарих ғылымдарының докторы,профессор Ә.Х.Мұқтардың мәліметтері бойынша Арал хазіреттің және оның ұрпақтарының өз қаражаттарына ашқан бірнеше мешіті мен олардың жандарында жұмыс істеп, сол кездегі жұртшылықтың балаларына мұсылманша білім берген медреселері болған. 1870 жылғы Ресейлік үкіметтің ресми дерегі бойынша Беріш Себектерде екі мешіт, үш медресе болған.
Елдің басын біріктіріп, жақсы сөзімен, терең білімінің құдіретімен талайлардың жан дүниесінтазартып, санасына саңылау ашып, адасқандарды тура жолға түсіріп, Аллаға серік қосудан сақтап,оқу – білім бағытында тәрбиелеген. Исламның тура жолына өз өмірін бүтіндей арнаған мұндайжанның аңыз болып ұрпақтан-ұрпаққа таралуы тегін емес. Елінің ыстық ықыласына бөленіп, сыйқұрметін көруі, ұрпақтарына ұмытылмас ұлағат, өміршең өнеге, пайымды парасат, азбас ақыл,тозбас тағылым болғаны ақиқат. Өйткені, заманды болжап, елді сауаттандыруда ерекше күшжігерін жұмсап, құм арасындағы шашыраңқы орналасқан елдің балаларын жатақханағаорналастырып тегін тамақпен, оқу құралдарымен қамтыса керек.
2019жылы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сайпеден Сидеғалиев бастаған «Жотасы биікДендерім» атты экспедиция шығып, Тарихи - танымдық деректі фильм түсіріліп, елге жарияболды. Бұда болса Арал хазірет туралы ақтаңдақтардың бұлты сейіліп түндігі түрілгеніне бүкіл елқуанған болатын. Арал хазіреттің аты ғасырларға жеткені аян. Себебі, екі ғасырдан астам уақытөтседе елге сіңірген еңбегі халық есінен шыққан емес. Үдер ұрпақтарынан жеті бірдей қазірет,ахун атанған білімді азаматтар өрбігенін бүкіл ел біледі. Аралдан тараған ұрпақтары оқып, білімалып, ел игілігі үшін қызмет еткен, әлі күнге хазірет әулеті деп құрметтеледі. Арал қауымыТумада, Индер ауданы, Өрлік ауылының оңтүстік – батысына қарай 70 шақырым жерде, Нарынқұмында қауымдық қорымы бар. Сол қорымнан 800 м жерде Аралұлы Гисматолла- ахун хазіретсалдырған мешіт құландысы сақталыпты. Арал ұрпақтары Атырау облысының аудандарындатұрады.
## Дереккөздер |
Елена Андреевна Рыбакина (1999 жылы 17 маусымда туған, Мәскеу, Ресей) — қазақстандық кәсіпқой теннисші. Бес жасынан бастап тенниспен айналысқан.
2022 жылы Елена Уимблдондонда жеңіске жетіп, Үлкен дулыға турнирлерінің бірін бағындыра алған алғашқы қазақстандық теннисші болды.
## Мансабы
2013 жылы қараша айында Всеволожскіде өткен жасөспірімдер тунниріне қатысты. Квалификациядан өтті де, бірінші айналымда Вера Лапкоға есе жііберді.
2014 жылдың наурызында ол Альметьевскідегі турнирде жеңімпаз болды; мамырда ол Түркияда жасөспірімдер арасындағы екі турнирде тұсаукере кездесулерін өткізді (Enka ITF Junior Cup, Nazmi Bari Cup 2014), ал маусым айында Мәскеуде өткен Озеров кубогында ол финалда Блинковадан ғана ұтылды - 1:6, 2:6. Қараша айында Новокузнецк қаласында өткен Siberian Open турнирінде ол жекелей жеңімпаз және жұптық финалист болды.
2015 жылы Озеров кубогында Рыбакина алтын алқадан дубль жасап, жекелей де, жұптық та сында жеңіске жетті. Сол жылдың қыркүйегінде ол Grand Slam турнирінде дебют жасады; жекелей сында екі жеңіске жетті, үшінші кездесуде венгриялық Фанни Соллардан ұтылды.
2016 жылдың ақпанында ол Қазанда Ельцин кубогында, наурызда - Хорватияда өткен турнирде, қыркүйекте Канаданың жасөспірімдер арасындағы ашық чемпионатында жұптық ойындарда жеңімпаз атанды.
2018 жылдан бастап Қазақстан атынан сынға түсіп жүр. 2019 жылдың шілдесінде Рыбакина теннистен Бухарест ашық чемпионатына қатысты, онда ол WTA бойынша бірінші титулын жеңіп алды. Финалда румындық Патрисия Мария Цигпен кездесті, турнирдің қожайыны матчта тек екі ойынға қатыса алды. Қорытынды есеп 6:2, 6:0. Елена бүкіл турнирде бірде-бір ұтылған жоқ. АҚШ ашық чемпионатында бірінші айналымда чехиялық Каролина Муховадан екі сетте ұтылды.
2020 жылдың күнтізбесінің басында Елена Рыбакина Шэньчжэньдегі турнирде ресейлік Екатерина Александровадан екі сетте жеңілді.
2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, төртінші орын алды, жүлдеге іліне алмады.
2022 жылы әйелдер арасындағы Уимблдон жарысының жеңімпазы атанды. Финалда ол үш сетте әлемнің екінші ракеткасы Онс Жаберді жеңді.
2023 жылдың көктемінде WTA 1000 өткізген екі сайыста жеңіске жетіп, әлемдік рейтингте 4-орынға көтерілді.
Маусым айында Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің 3-ші ракеткасы атанды.
2024 жылдың ақпанында ол WTA 500 аясында Абу-Даби турнирінің финалында ресейлік Дарья Касаткинаны жеңді.
## WTA рейтингісінде
## WTA Турында тапқан ақшасы
## Турнирлерге қатысу тарихы
### Жұптық
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.