text
stringlengths 3
252k
|
---|
Герейлер (қырымтат. Geraylar, كرايلر; жек. т. — Geray, كراى) — XV ғасырдың басынан бастап 1783 жылы Ресей империясына қосылғанға дейін Қырым мемлекетін басқарған хандар әулеті.
Әулеттің негізін қалаушы - ұзақ күрес нәтижесінде Қырымның Алтын Ордадан тәуелсіздігіне қол жеткізген Қырымның алғашқы ханы I Қажы Герей болды. Герейлер - Шыңғыс хан әулеті (Шыңғыс ханның ұрпақтары), Тоқатемірлердің бір тармағы. Олар Тоқтамыстың әкесі Түй Қожа оғланның інісі Жанақ оғланнан тарайды. Жанақ оғланның үлкен ұлы, Қазан хандар әулетінің негізін қалаушы Ұлық Мұхаммедтің әкесі Ішкіле Хасан оғлан.
Кейбір әулет өкілдері Қазан, Астрахан және Қасым хандықтарының тағын да иемденді.
I Дәулет Герей Иван Грозныйға қарсы соғыстарымен танымал. Қырым тағындағы соңғы Герей Шаһин Герей болды, ол тақтан бас тартып, Ресейге көшті, содан кейін Түркияға аттанды, онда жазаға тартылды. Герейлердің Шобан жанама тармағы болды, оның бірі - Әділ Герей - Қырым тағын иеленді.
Бүгінгі таңда өзін тақ мұрагері деп санайтын үміткерлердің бірі - Лондонда тұратын Жазар Памир Герей және Ресейде тұратын Ермек Дәулет Герей.
## Қырым жұртының билеушілері
* Тастемір, Жанақ оғланның ұлы, 1395—1396 Қырым билеушісі
* Дәулетберді, Тастемірдің ұлы, 1420—1428 Жошы Ұлысының ханы
## Қырым хандарының тізімі
1624 жылы Жәнібек Герей мен 1771-1772 жылдары Мақсұт Герейдің билік еткен кезеңдері есепке алынбайды. Бұл хандарды Осман сұлтандары ресми түрде мақұлдағанымен, олар таққа отыра алмай, шын мәнінде Қырымды басқарған жоқ. Осы жылдары Қырым хандығын іс жүзінде, сәйкесінше, III Мехмет Герей және II Сахиб Герей басқарды.
Кейбір еңбектерде аталған Шаһбаз Герей (1787-1789) мен Бақыт Герей (1789-1792) хандар тізімге кірмейді, өйткені олар 1783 жылы Ресей империясына қосылған Қырымды шынымен басқармаған. Осы екі билеушінің қол астында Қырым мемлекетінің бөлігі деп саналған Бұжақ қана болды.
## Герей руынан шыққан Қасым хандары
* Нұрдәулет, Қажы Герейдің ұлы, 1466 жылы, 1474—1475, 1476—1478 Қырым ханы, 1486—1490 Қасым билеушісі
* Сатылған, Нұрдәулеттің ұлы, 1491—1506 Қасым билеушісі
* Жанай, Нұрдәулеттің ұлы, 1506—1512 Қасым билеушісі
## Герей руынан шыққан Қазан хандары
* Сахиб Герей (1501—1551) — 1521—1524 Қазан ханы, 1524—1532 қалғай, сосын 1532—1551 Қырым ханы, I Сағадат Герейдің ұлы.
* Сафа Герей хан (1510—1549) — 1524—1549 Қазан ханы, Фатих Герейдің ұлы, Сахиб Герейдің інісі.
* Өтеміс Герей (1546—1566) — 1549—1551 Қазан ханы, Сафа Герей хандің ұлы.
## Герей руынан шыққан Астрахан хандары
* Баһадүр Герей, Мехмет I Герейдің ұлы, 1522—1523 Астрахан ханы
* Ислам Герей, Мехмет I Герейдің ұлы, 1531—1532 Астрахан ханы
## Герей руынан шыққан Сібір хандары мен ханзадалары
* Абылай Герей, Сібір ханы (1628 бастап 1631 дейін).
* Дәулет Герей, Сібір ханзадасы, 1662-1665 жылдары жергілікті тұрғындардың орыстарға қарсы көтерілісін басқарды.
## Құрлықтық Қырым (Бұжақ) хандары
* Шаһбаз Герей, Арслан Герейдің ұлы, 1787—1789
* Бақыт Герей, Қырым Герейдің ұлы, 1789—1792
## Герей руынан шыққан Қырым қалғайлары
* Жамқұршы, I Қажы Герейдің ұлы, 1486—1507
* Мехмет Герей, I Меңлі Герейдің ұлы, 1507—1515
* Ахмет Герей, I Меңлі Герейдің ұлы, 1515—1519
* Баһадүр Герей, I Мехмет Герейдің ұлы, 1519—1522
* Алып Герей, I Мехмет Герейдің ұлы, 1522—1523
* Баба Герей, I Мехмет Герейдің ұлы, 1523
* Ғазы Герей, I Мехмет Герейдің ұлы, 1523—1524
* Өзбек Герей, Өз Темірдің ұлы, I Қажы Герейдің немересі, 1524—1525
* Сахиб Герей, I Меңлі Герейдің ұлы, 1525—1526
* Ислам Герей, I Мехмет Герейдің ұлы, 1526-1528
* Сахиб Герей, I Меңлі Герейдің ұлы, 1528—1530
* Дәулет Герей, Мүбарак Герейдің ұлы, I Меңлі Герейдің немересі, 1530—1532
* Өзбек Герей, I Мехмет Герейдің ұлы, 1532
* Ислам Герей, I Мехмет Герейдің ұлы, 1532—1536
* Ахмет Герей, I Сағадат Герейдің ұлы, 1536-1537
* Әмин Герей, I Сахиб Герейдің ұлы, 1537—1551
* Бөлүк Герей, Сафа Герей хандің ұлы, Фатих Герейдің немересі, I Меңлі Герейдің шөбересі, 1551
* Ахмет Герей, I Дәулет Герейдің ұлы, 1551—1555
* Мехмет Герей, I Дәулет Герейдің ұлы, 1555—1577
* Әділ Герей, I Дәулет Герейдің ұлы, 1577—1578
* Сағадат Герей, Мехмет Герейдің ұлы, 1578
* Алып Герей, I Дәулет Герейдің ұлы, 1578—1584
* Сафа Герей, Мехмет Герейдің ұлы, 1584
* Алып Герей, I Дәулет Герейдің ұлы, 1584—1588
* Селәмет Герей, I Дәулет Герейдің ұлы, 1588
* Фатих Герей, I Дәулет Герейдің ұлы, 1588—1596
* Бақыт Герей, Әділ Герейдің ұлы, I Дәулет Герейдің немересі, 1596
* Селәмет Герей, I Дәулет Герейдің ұлы, 1596—1601
* Тоқтамыс Герей, II Ғазы Герейдің ұлы, 1601—1608
* Сефер Герей, II Ғазы Герейдің ұлы, 1608
* Мехмет Герей, Сағадат Герейдің ұлы, 1608
* Жәнібек Герей, Мүбарак Герейдің ұлы, I Дәулет Герейдің немересі, 1608—1610
* Шаһин Герей, Сағадат Герейдің ұлы, 1610
* Дәулет Герей, Мүбарак Герейдің ұлы, I Дәулет Герейдің немересі, 1610—1623
* Шаһин Герей, Сағадат Герейдің ұлы, 1623—1628
* Дәулет Герей, Мүбарак Герейдің ұлы, I Дәулет Герейдің немересі, 1624
* Дәулет Герей, Мүбарак Герейдің ұлы, I Дәулет Герейдің немересі, 1628—1631
* Азамат Герей, Селәмет Герейдің ұлы, 1631—1632
* Мехмет Герей, Селәмет Герейдің ұлы, 1632—1635
* Хұсам Герей, II Ғазы Герейдің ұлы, 1635—1637
* Ислам Герей, Селәмет Герейдің ұлы, 1637—1641
* Фатих Герей, Дәулет Чобан Герейдің ұлы, I Фатих Герейдің немересі, 1641—1644
* Қырым Герей, Селәмет Герейдің ұлы, 1644—1651
* Ғазы Герей, Мүбарак Герейдің ұлы, Селәмет Герейдің немересі, 1651—1654
* Ғазы Герей, Мүбарак Герейдің ұлы, Селәмет Герейдің немересі, 1654—1666
* Қырым Герей, Дәулет Чобан Герейдің ұлы, I Фатих Герейдің немересі, 1666—1670
* Дәулет Герей, Фатих Герейдің ұлы, Дәулет Чобан Герейдің немересі, I Фатих Герейдің шөбересі, 1670—1671
* Селәмет Герей, I Баһадүр Герейдің ұлы, 1671—1678
* Тоқтамыс Герей, Сафа Герей хандің ұлы, Селәмет Герейдің немересі, 1678—1682
* Сафа Герей хан, Сафа Герей хандің ұлы, Селәмет Герейдің немересі, 1682—1683
* Дәулет Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1683—1684
* Дәулет Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1684—1691
* Дәулет Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1691
* Жиһан Герей, Қырым Герейдің ұлы, Селәмет Герейдің немересі, 1691
* Дәулет Герей, Әділ Герейдің ұлы, Мүбарак Герейдің немересі, Селәмет Герейдің шөбересі, 1691—1692
* Дәулет Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1692—1699
* Шаһин Герей, Ислам Герейдің ұлы, 1699
* Шаһбаз Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1699
* Сағадат Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1699—1702
* Ғазы Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1702—1704
* Қабылан Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1704—1707
* Меңлі Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1707—1709
* Сағадат Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1709
* Бақыт Герей, Дәулет Герейдің ұлы, 1709—1713
* Меңлі Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1713—1716
* Баһадүр Герей, I Сафа Герей хандің ұлы, 1716—1717
* Инает Герей, Тоқтамыс Герейдің ұлы, Сафа Герей хандің немересі, I Селәмет Герейдің шөбересі, 1717—1718
* Сафа Герей хан, I Сәлім Герейдің ұлы, 1718—1724
* Сафа Герей хан, I Сәлім Герейдің ұлы, 1724—1725
* Әділ Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1725—1727
* Селәмет Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1727—1730
* Әділ Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1730—1734
* Фатих Герей, Дәулет Герейдің ұлы, 1734—1736
* Арслан Герей, Дәулет Герейдің ұлы, 1736—1737
* Селәмет Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1737—1740
* Азамат Герей, III Ғазы Герейдің ұлы, 1740—1741
* Сәлім Герей, I Қабылан Герейдің ұлы, 1741—1743
* Шаһин Герей, Әділ Герейдің ұлы, I Сәлім Герейдің немересі, 1743—1748
* Сәлім Герей, II Фатих Герейдің ұлы, 1748—1756
* Дәулет Герей, IV Сағадат Герейдің ұлы, 1756—1758
* Қажы Герей, Махмұт Герейдің ұлы, II Дәулет Герейдің немересі, 1758
* Сәлім Герей, Арслан Герейдің ұлы, 1758
* Сағадат Герей, Бақыт Герейдің ұлы, II Дәулет Герейдің немересі, 1758—1762
* Мақсұт Герей, II Селәмет Герейдің ұлы, 1762—1764
* Мехмет Герей, II Фатих Герейдің ұлы, 1764—1767
* Дәулет Герей, Арслан Герейдің ұлы, 1767
* Бақыт Герей, Қырым Герейдің ұлы, 1767—1768
* Месүт Герей, Арслан Герейдің ұлы, 1768—1769
* Шаһбаз Герей, Арслан Герейдің ұлы, 1769—1770
* Ислам Герей, Арслан Герейдің ұлы, 1770
* Мехмет Герей, II Фатих Герейдің ұлы, 1770—1771
* Бақыт Герей, Қырым Герейдің ұлы, 1771—1772
* Шаһин Герей, Ахмет Герейдің ұлы, II Дәулет Герейдің немересі, 1771—1774
* Баһадүр Герей, Мақсұт Герейдің ұлы, 1774—1775
* Шаһбаз Герей, Арслан Герейдің ұлы, 1775—1777
* Мехмет Герей, II Фатих Герейдің ұлы, 1777—1778
* Арслан Герей, Ахмет Герейдің ұлы, II Дәулет Герейдің немересі, 1782
* Мүбарак Герей, Арслан Герейдің ұлы, 1787—1789
* Мехмет Герей, Қырым Герейдің ұлы, 1789—1792
## Герей руынан шыққан Қырым нұреддиндер
* Сағадат Герей, II Мехмет Герейдің ұлы 1578—1584
* Мұрат Герей, II Мехмет Герейдің ұлы, 1584
* Мүбарак Герей, I Дәулет Герейдің ұлы, 1584—1588
* Сафа Герей, II Мехмет Герейдің ұлы, 1588—1591
* Бақыт Герей, Әділ Герейдің ұлы, I Дәулет Герейдің немересі, 1591—1596
* Селәмет Герей, I Дәулет Герейдің ұлы, 1596
* Дәулет Герей, II Сағадат Герейдің ұлы, 1596—1601
* Тоқтамыс Герей, II Ғазы Герейдің ұлы, 1601
* Сефер Герей, II Ғазы Герейдің ұлы, 1601—1608
* Шаһин Герей, II Сағадат Герейдің ұлы, 1608
* Дәулет Герей, Мүбарак Герейдің ұлы, I Дәулет Герейдің немересі, 1608—1610
* Азамат Герей, Селәмет Герейдің ұлы, 1610—1623
* Дәулет Шобан Герей, Фатих Герейдің ұлы, 1623—1624
* Азамат Герей, Селәмет Герейдің ұлы, 1624—1627
* Азамат Герей, Селәмет Герейдің ұлы, 1628—1631
* Мүбарак Герей, Селәмет Герейдің ұлы, 1631—1632
* Мүбарак Герей, I Жәнібек Герейдің ұлы, 1632—1634
* Сағадат Герей, II Ғазы Герейдің ұлы, 1635—1637
* Сафа Герей хан, Селәмет Герейдің ұлы, 1637
* Қырым Герей, Селәмет Герейдің ұлы, 1637—1641
* Ғазы Герей, Мүбарак Герейдің ұлы, I Селәмет Герейдің немересі, 1641—1644
* Ғазы Герей, Мүбарак Герейдің ұлы, I Селәмет Герейдің немересі, 1644—1651
* Әділ Герей, Мүбарак Герейдің ұлы, I Селәмет Герейдің немересі, 1651—1654
* Әділ Герей, Мүбарак Герейдің ұлы, I Селәмет Герейдің немересі, 1654—1659
* Мұрат Герей, Мүбарак Герейдің ұлы, I Селәмет Герейдің немересі, 1659—1563
* Мехмет Герей, Дәулет Герейдің ұлы, Мүбарак Герейдің немересі, I Дәулет Герейдің шөбересі, 1663—1665
* Ахмет Герей, IV Мехмет Герейдің ұлы, 1665—1666
* Дәулет Герей, Фатих Герейдің ұлы, Дәулет Шобан Герейдің немересі, I Фатих Герейдің шөбересі 1666—1670
* Ғазы Герей, Фатих Герейдің ұлы, Дәулет Шобан Герейдің немересі, I Фатих Герейдің шөбересі 1670—1671
* Сафа Герей хан, Сафа Герей хандің ұлы, I Селәмет Герейдің немересі, 1671—1678
* Сағадат Герей, Қырым Герейдің ұлы, I Селәмет Герейдің немересі, 1678—1683
* Азамат Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1683—1684
* Азамат Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1684—1691
* Жиһан Герей, Қырым Герейдің ұлы, I Селәмет Герейдің немересі, 1691
* Фатих Герей, III Сағадат Герейдің ұлы, 1691
* Шаһин Герей, III Ислам Герейдің ұлы, 1691—1692
* Шаһин Герей, III Ислам Герейдің ұлы, 1692—1699
* Ғазы Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1699—1700
* Инает Герей, Тоқтамыс Герейдің ұлы, Сафа Герей хандің немересі, I Селәмет Герейдің шөбересі, 1700—1702
* Қабылан Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1702—1704
* Меңлі Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1704—1707
* Мақсұт Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1707—1708
* Сахиб Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1708
* Бақыт Герей, II Дәулет Герейдің ұлы, 1709
* Баһадүр Герей, II Дәулет Герейдің ұлы, 1709—1713
* Сахиб Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1713—1716
* Мақсұт Герей, III Дәулет Герейдің ұлы, 1716—1717
* Сафа Герей хан, I Сәлім Герейдің ұлы, 1717—1718
* Әділ Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1718
* Ислам Герей, Азамат Герейдің ұлы, I Сәлім Герейдің немересі, 1718—1724
* Селәмет Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1724—1727
* Хәлім Герей, IV Селәмет Герейдің ұлы, 1727—1730
* Қажы Герей, II Дәулет Герейдің ұлы, 1730—1731
* Фатих Герей, II Дәулет Герейдің ұлы, 1731—1734
* Арслан Герей, II Дәулет Герейдің ұлы, 1734—1736
* Махмұт Герей, II Дәулет Герейдің ұлы, 1736—1737
* Салих Герей, IV Селәмет Герейдің ұлы, 1737—1738
* Хәлім Герей, IV Селәмет Герейдің ұлы, 1738—1740
* Тоқтамыс Герей, II Меңлі Герейдің ұлы, 1740—1741
* Шаһин Герей, Әділ Герейдің ұлы, I Сәлім Герейдің немересі, 1741—1743
* Сәлім Герей, Бақыт Герейдің ұлы, II Дәулет Герейдің немересі, 1743—1746
* Ахмет Герей, Мехмет Герейдің ұлы, II Дәулет Герейдің немересі, 1746—1748
* Кырым Герей, II Дәулет Герейдің ұлы, 1748—1750
* Мақсұт Герей, II Селәмет Герейдің ұлы, 1750—1756
* Мехмет Герей, IV Селәмет Герейдің ұлы, 1756—1758
* Сәлім Герей, I Арслан Герейдің ұлы, 1758
* Ахмет Герей, Махмұт Герейдің ұлы, II Дәулет Герейдің немересі, 1758—1762
* Месүт Герей, I Арслан Герейдің ұлы, 1762—1764
* Қырым Герей, II Фатих Герейдің ұлы, 1764—1767
* Қабылан Герей, II Сәлім Герейдің ұлы, 1767
* Мехмет Герей, I Қырым Герейдің ұлы, 1767—1768
* Қабылан Герей, II Сәлім Герейдің ұлы, 1768—1769
* Мүбарак Герей, I Арслан Герейдің ұлы, 1769—1770
* Бақыт Герей, I Қырым Герейдің ұлы, 1770
* Қырым Герей, II Фатих Герейдің ұлы, 1770—1771
* Мехмет Герей, I Қырым Герейдің ұлы, 1771—1772
* Баһадүр Герей, I Мақсұт Герейдің ұлы, 1771—1774
* Мұрат Герей, I Мақсұт Герейдің ұлы, 1774—1775
* Мүбарак Герей, I Арслан Герейдің ұлы, 1775—1777
* Арслан Герей, Нұман Герейдің ?ұлы, IV Сағадат Герейдің немересі, 1777—1789
## Герей руынан шыққан Орқапы орбейі
* Ахмет Герей, IV Мехмет Герейдің ұлы, 1665—1666
* Селәмет Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1713—1716
* Азамат Герей, II Дәулет Герейдің ұлы, 1730—1734
* Рақым Герей, Мехмет Герейдің ұлы, II Дәулет Герейдің немересі, 1746—1748
* Мехмет Герей, II Фатих Герейдің ұлы, 1748—1750
* Сәлім Герей, Арслан Герейдің ұлы, 1750—1756
* Шаһбаз Герей, Арслан Герейдің ұлы, 1758—1764
* Сахиб Герей, Ахмет Герейдің ұлы, II Дәулет Герейдің немересі, 1770—1771
## Герей руынан шыққан Қобан серәскерлері
* Шаһбаз Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1692—1699
* Бақыт Герей, II Дәулет Герейдің ұлы, 1699—1710
* Бақыт Герей, II Дәулет Герейдің ұлы, 1713—1726
* Салих Герей, IV Сағадат Герейдің ұлы, 1726—1728
* Мұрат Герей, II Дәулет Герейдің ұлы, 1728—1729
* Сәлім Герей, Бақыт Герейдің ұлы, II Дәулет Герейдің немересі, 1736/1737
* Ғазы Герей, Бақыт Герейдің ұлы, II Дәулет Герейдің немересі, 1742/1743
* Сағадат Герей, Бақыт Герейдің ұлы, II Дәулет Герейдің немересі, 1746
* Ахмет Герей, Махмұт Герейдің ұлы, II Дәулет Герейдің немересі, 1748
* Мақсұт Герей, II Сәлім Герейдің ұлы, 1755
* Сағадат Герей, Бақыт Герейдің ұлы, II Дәулет Герейдің немересі, 1755—1756
* Қырым Герей, Хәлім Герейдің ұлы, 1756—1758
* Баһадүр Герей, Қырым Герейдің ұлы, 1758/1759
* Ғазы Герей, Арслан Герейдің ұлы, 1773—1774
* Шаһин Герей, Ахмет Герейдің ұлы, II Дәулет Герейдің немересі, 1774—1776
* Ғазы Герей, Арслан Герейдің ұлы, 1780
## Герей руынан шыққан Бұжақ серәскерлері
* Ғазы Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1692—1699
* Меңлі Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1699—1704
* Мехмет Герей, II Дәулет Герейдің ұлы, 1711
* Әділ Герей, I Сәлім Герейдің ұлы, 1727—1728
* Салих Герей, IV Сағадат Герейдің ұлы, 1737—1738
* Қажы Герей, IV Сағадат Герейдің ұлы, 1748
* Қырым Герей, II Дәулет Герейдің ұлы, 1748—1750
* IV Дәулет Герей, Арслан Герейдің ұлы, 1750—1756
* Қажы Герей, IV Сағадат Герейдің ұлы, 1756—1757
* Сағадат Герей, Хәлім Герейдің ұлы, 1757—1758
* Шаһбаз Герей, Арслан Герейдің ұлы, 1758—1764
* Қырым Герей, II Фатих Герейдің ұлы, 1764—1767
* Шаһин Герей, Ахмет Герейдің ұлы, II Дәулет Герейдің немересі, 1768—1769
## Герей руынан шыққан Едисан серәскерлері
* Шаһбаз Герей, Арслан Герейдің ұлы, 1750—1756
* Сейіт Герей, Хәлім Герейдің ұлы, 1756—1758
* Бақыт Герей, Қырым Герейдің ұлы, 1758—1764
* Шаһин Герей, Ахмет Герейдің ұлы, II Дәулет Герейдің немересі, 1770—1771
* Қажы Герей, III Сәлім Герейдің ұлы, 1777—1778
* Ғазы Герей, Арслан Герейдің ұлы, 1778
* Мұрат Герей, Мақсұт Герейдің ?ұлы, 1780—1781
* Арслан Герей, Ахмет Герейдің ұлы, II Дәулет Герейдің немересі, 1781—1782
## Герей руынан шыққан Жедішкөл серәскерлері
* Баһадүр Герей, Қырым Герейдің ұлы, 1759—1763
* Әділ Герей, III Сәлім Герейдің ұлы, 1766—1767
* Тоқтамыс Герей, Хәлім Герейдің ұлы, 1774—1777
* Арслан Герей, Ахмет Герейдің ұлы, II Дәулет Герейдің немересі, 1777
* Қажы Герей, III Сәлім Герейдің ұлы, 1777—1778
* Ғазы Герей, Арслан Герейдің ұлы, 1778
* Баһадүр Герей, Ахмет Герейдің ұлы, II Дәулет Герейдің немересі, 1781—1782
## Герей руынан шыққан Жембойлық серәскерлері
* Ахмет Герей,II Дәулет Герейдің немересі, Мехмет Герейдің ұлы, 1735
* Қажы Герей, III Сәлім Герейдің ұлы, 1777—1778
* Мұрат Герей, Мақсұт Герейдің ?ұлы, 1780—1781
## Герей руынан шыққан Қобан башбұғылар
* Арслан Герей, Нұман Герейдің ?ұлы, IV Сағадат Герейдің немересі, 1787—1789
* Мехмет Герей, Қырым Герейдің ұлы, 1789—1792
## Герей руынан шыққан тарихшылар
* Мұхаммед Герей
* Хәлім Герей
## XX-XXI ғасырлардағы Герей әулеті
* Сұлтан Қадыр Герей (1891—1953), патша әскерінің полковнигі. Азамат соғысы кезінде жараланып, Түркияға көшіп, сол жерден АҚШ-та «Шеркес-грузин қоғамын» құрды.Шыңғыс Герей (1921 туғ.), алдыңғының үлкен ұлы. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде американдық барлау қызметінде болды. Жазушы және ақын, «Биліктің көлеңкесі» («The Shadow of Power») кітабының авторы.Жұматай Герей (1916-1976) Түркістандағы басмашы жасағының жетекшісі. Ол коммунизмге қарсы күресті.Азамат Герей (1924—2001), алдыңғының інісі.Қадыр Дәулет Герей (1961 туғ.), алдыңғының бірінші некесінен туған үлкен ұлы.Абазбек Герей (1965 туғ.) Жұматай Герейдің ұлыШыңғыс Кәрім Сұлтан Герей (1992 туғ.), алдыңғының ұлы.Әділ Сағат Герей (1964 туғ.), алдыңғының інісі.Темужин Сердж Герей (2002 туғ.), алдыңғының ұлы.Каспиан Герей (1972 туғ.), Азамат Герейдің екінші некесінен туған жалғыз ұлыЕрмек Дәулет Герей (1998 туғ.), Абазбек Герейдің ұлы (Ресейде тұрады)
* Шыңғыс Герей (1921 туғ.), алдыңғының үлкен ұлы. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде американдық барлау қызметінде болды. Жазушы және ақын, «Биліктің көлеңкесі» («The Shadow of Power») кітабының авторы.
* Жұматай Герей (1916-1976) Түркістандағы басмашы жасағының жетекшісі. Ол коммунизмге қарсы күресті.
* Азамат Герей (1924—2001), алдыңғының інісі.Қадыр Дәулет Герей (1961 туғ.), алдыңғының бірінші некесінен туған үлкен ұлы.Абазбек Герей (1965 туғ.) Жұматай Герейдің ұлыШыңғыс Кәрім Сұлтан Герей (1992 туғ.), алдыңғының ұлы.Әділ Сағат Герей (1964 туғ.), алдыңғының інісі.Темужин Сердж Герей (2002 туғ.), алдыңғының ұлы.Каспиан Герей (1972 туғ.), Азамат Герейдің екінші некесінен туған жалғыз ұлыЕрмек Дәулет Герей (1998 туғ.), Абазбек Герейдің ұлы (Ресейде тұрады)
* Қадыр Дәулет Герей (1961 туғ.), алдыңғының бірінші некесінен туған үлкен ұлы.
* Абазбек Герей (1965 туғ.) Жұматай Герейдің ұлыШыңғыс Кәрім Сұлтан Герей (1992 туғ.), алдыңғының ұлы.
* Шыңғыс Кәрім Сұлтан Герей (1992 туғ.), алдыңғының ұлы.
* Әділ Сағат Герей (1964 туғ.), алдыңғының інісі.Темужин Сердж Герей (2002 туғ.), алдыңғының ұлы.
* Темужин Сердж Герей (2002 туғ.), алдыңғының ұлы.
* Каспиан Герей (1972 туғ.), Азамат Герейдің екінші некесінен туған жалғыз ұлы
* Ермек Дәулет Герей (1998 туғ.), Абазбек Герейдің ұлы (Ресейде тұрады)
## Сілтеме
* Қырым хандарының хронологиясы
## Дереккөздер |
Дәулет Герей (қырымтат. I Devlet Geray; Taht Alğan Devlet Geray; 1512−1577) - Герейлер әулетінен шыққан 1551-1577 жылдардағы Қырым ханы, Османлы сұлтаны Сүлейменнің бөлесі.
## Өмірбаяны
Мүбарак Герей ханзаданың ұлы (1516–1517 жылдары) және Қырым ханы I Меңлі Герейдің немересі. Мүбарак Герей Османлы сұлтаны Сәлім Явуздың жаулап алуларына қатысып, Мысыр жорығында қайтыс болды. Тарихшы Хәлім Герейдің айтуынша, Мүбарак Герейдің жесірі Қырым хандары I Мехмет Герей (1515–1523) мен I Саадет Герейге (1524–1532) тұрмысқа шықты. 1530–1532 жылдары ағасы Қырым ханы I Саадет Герейдің тұсында ханзада Дәулет Герей қалғай, яғни хан тағының мұрагері қызметін атқарды. 1532 жылы Саадет Герей тақтан бас тартып, жаңа хан I Сахиб Герей таққа отырғаннан кейін Дәулет Герей бірнеше жылға түрмеге қамалды. Бостандыққа шыққаннан кейін Дәулет Герей Қырымнан Ыстанбұлға кетіп, бірте-бірте Османлы сұлтаны Сүлейменнің ықыласына ие болды.
### Билік етуі
1551 жылы Османлы сұлтаны туған ағасы I Сахиб Герейдің орнына I Дәулет Герейді жаңа Қырым ханы етіп тағайындады. Алдыңғы I Сахиб Герей ханды биліктен алшақтатылып, жаңа хан Дәулет Герейдің бұйрығымен әрекет еткен інісі Бөлүк Герей өлтірілді. І Сахибтің үлкен ұлы әрі мұрагері қалғай сұлтан Әмин Герей (1537–1551) де басқа ұлдарымен бірге өлтірілді. Сол 1551 жылы I Дәулет сый ретінде ханзада Бөлүк Герейді қалғай етіп тағайындады, бірақ кейін оны өзі өлтірді. Хан өзінің үлкен ұлы Ахмет Герейді жаңа қалғай етіп тағайындады. 1555 жылы Ахмет Герей қайтыс болғаннан кейін ханның тағы бір ұлы Мехмет Герей қалғай болды.
I Дәулет Герей хан болғанда, Қырымның барлық бей руларын тыйып, біріктірді, сондықтан оның билігі кезінде елді ішкі толқулар шайқалтпады.
### Ресей мемлекетіне жорықтары мен шапқыншылықтары
I Дәулет Герей (1551–1577) өзінің көптеген әскери жорықтарымен, негізінен Ресей мемлекетімен соғыстарымен танымал. Ол 1552 және 1556 жылдары орыс патшасы IV Иван Грозный жаулап алған Қазан және Астрахан хандықтарының тәуелсіздігін қалпына келтіруге ұмтылды.
1552 жылдың жазында Иван Грозныйдың Қазан хандығын жаулап алуына жол бермеуге тырысқан Дәулет Герей Ресей мемлекетіне қарсы алғашқы жорығын жасады. Ханның Ресейге қарсы жорығына зеңбіректері бар түрік жаңа шеріктері де қатысты. Алдымен хан Мейіз соқпағы бойымен Рязан жерлеріне беттеп, сол жерден Коломнаға жақындауды жоспарлады. Алайда хан көп ұзамай патшаның өзі көп әскерімен Коломна маңында татарларды күтіп тұрғанын естіп, жоспарын өзгертіп, Тулаға қарай ат басын бұрды. Қаланы қорғауды Тула дуан басы кінәз Григорий Иванович Темкин-Ростовский басқарды. Иван Грозный П.М.Щенятев пен А.М.Курбский кінәздар басқаруындағы орыс полктарын (15 мың адам) Тула гарнизонына көмекке жіберді. Қырымдықтар қаланы қоршауға алып, артиллериямен атқылай бастады. 23 маусымда патша көмекке жіберген полктердің жақындап келе жатқанын естіген Тула гарнизоны бекіністен шығып, жауды шегінуге мәжбүрледі. Шайқаста Дәулет Герейдің балдызы Қамберді мырза қаза тапты. Орыстар түрік артиллериясының барлығын басып алды.
1555 жылы көктемде 60 мыңдық әскер басқарған хан Ресей патшалығына қарсы жаңа жорыққа шықты. Ол алдамшы айла ретінде, алдымен орыс патшасының қамқорлығын қабылдаған пятигорсктік шеркестерге беттеді. Осыны естіген Иван Грозный жазда Қырым хандығына қарсы әскери жорық ұйымдастырды. И.В.Шереметев пен Л.А.Салтыков дуан басылары басқарған 13 мыңдық орыс әскері Белевтен Қырым ұлыстарына, Орқапыға қарсы жорыққа аттанды. Жолда Мәскеу дуан басылары Қырым ханы мен оның әскерінің Рязан және Тула жерлеріне шабуыл жасауды көздеп, Северский Донец өзенінен өтті деген хабар жетті. Кінәз А.М.Курбскийдің айтуы бойынша түрік жаңа шеріктері мен зеңбіректерінің жасақтары Қырым ханы басқарған жасақтың құрамында түрік жаңа шеріктері мен зеңбіректер болды. Мәскеуден Тулаға дейін әскерді қарсы Иван Грозный патшаның өзі де шықты. Иван Грозный жасақтарының Коломнадан Тулаға шыққанын естіп, екі оттың ортасында қалудан қауіптенген Қырым ханы ордасын кері бұрып, күтпеген жерден Судбище ауылының маңында Шереметевтің жасағына тап болды. Ол шайқасқа араласпай, арбалы керуенін тастап, оңтүстікке қарай тез жылжыды. Шереметев арбалы керуенді алып, алты мың жауынгермен бірге Мценск, Рязан қалаларына жөнелтті. Бірақ келесі күні таңертең хан шағын орыс әскеріне шабуыл жасады. 1555 жылы 3 шілдеде Судбищи ауылы маңындағы шайқаста (Туладан 150 шақырым жерде) Қырым ханы орыс әскерін талқандай алмады. «Судбищедегі» шайқаста татарлар мен түріктер ауыр шығынға ұшырады, қаза тапқандардың арасында ханның ұлдары Ахмет Герей қалғай мен Қажы Герей де болды. Орыс әскерінің негізгі күштерінің жақындауынан қауіптенген I Дәулет Герей шайқасты тоқтатып, дала ұлыстарына жол тартты.
1556 жылы орыс әскери адамдары мен дон казактары түрік және қырым иеліктеріне бірнеше рет жорық жасады. Ислам Кермен, Очаков, Керіш төңірегіндегілер қирап, бірнеше қырым жасақтары талқандалып, «тілдер» тұтқынға алынды.
1557 жылдың көктемінде Дәулет Герей көп әскерімен днепрлік Хортиса аралындағы Запорожие казактарының бекінісін 24 күн бойы қоршауға алып, басып алды. Кінәз Дмитрий Вишневецкий басқарған Запорожие казактары жаудың барлық шабуылдарына тойтарыс беріп, оны шегінуге мәжбүр еткізді.
1558 жылы қаңтарда Қырым ханы орыс әскерлерінің Ливонияға жорығы туралы хабар алып, Оңтүстік Ресей жеріне қарсы үлкен жорық ұйымдастырды. Ханның үлкен ұлы Мехмет Герей қалғай бастаған 100 мыңдық әскер Рязан, Тула және Кашираға шабуыл жасауды көздеп, Донец өзенінен өтті. Мехмет Герей қалғай Мечи өзеніне жетіп, орыс әскерлерінің Ока өзеніне жиналғаны туралы мәлімет алып, далаға қарай кері шегінді. Орыс дуан басылары татарларды Оскола өзеніне дейін қуды, бірақ оларға жете алмады. Сол жылдың жазында кінәз Дмитрий Вишневецкий бастаған орыс әскерилері мен Запорожие казактары өзен қайықтарымен Днепрден төмен түсіп, Қырым татарларының жасақтары мен елді мекендерін де қиратып, Орқапыға жетті.
1559 жылдың жазында кінәз Дмитрий Иванович Вишневецкий казактар және орыс жауынгерлерімен бірге кемелерге мініп, Донның төменгі ағысында түсіп, Қырым иеліктеріне жаңа шабуыл жасады және Айдар өзеніндегі 250 адамнан тұратын қырым татарларының жасағын талқандады. Дәл осы кезде Даниил Адашев басқарған екінші орыс жасағы Днепр бойымен төмен түсіп, Қырымның батыс жағалауын ойрандады. Орыстар өздеріне қарсы жіберілген Қырым жасақтарын талқандап, көптеген орыс және литвалық тұтқындарды босатып алды.
1562 жылы мамыр-шілдеде хан оңтүстік орыс жерлеріне жаңа жорық жасады. 15 мың адамдық Қырым татар әскері Мценск, Одоев, Новосил, Болхов, Черни, Белев төңірегін ойсыратты.
1563 жылдың көктемінде Қырым ханзадалары, I Дәулет Герейдің ұлдары Мехмет Герей мен Әділ Герей Мәскеудің шекаралық иеліктеріне кезекті жорық жасады. 10 мың адамдық Қырым татар әскері Дедиловск, Пронск, Рязан жерлерін күйретті.
1564 жылы қазанда Дәулет Герей оңтүстік орыс иеліктеріне тағы бір шабуыл жасады. Хан мен оның екі ұлы бастаған 60 мыңдық Қырым әскері Рязан жеріне шабуыл жасады. Ханның өзі Рязанға жақындап, қаланы қоршауға алды, бірақ орыс гарнизоны татарлардың барлық шабуылына тойтарыс берді. Қырымдықтар Рязан төңірегін қатты қиратып, ойрандап кетті. Рязан ішінде алты күн болған соң, олар далаға қарай қайтып кетті.
1565 жылдың күзінде Дәулет Герей шағын әскермен Оңтүстік орыс иеліктеріне тағы да шабуыл жасады. 9 қазанда хан Болховты қоршауға алды, бірақ сол күні орыс полктары жақындағанда түнде далаға қарай шегінді.
1569 жылдың жазында Османлы сұлтаны II Сәлім Астраханға қарсы үлкен түрік-қырым жорығын ұйымдастырды. Қасым паша басқарған 17 мыңдық түрік әскері Кефеден жолға шықты. Кешуде Дәулет Герей өзінің 50 мыңдық әскерімен түріктерге қосылды. Түрік қолбасшылығы Дон мен Еділ арасында арна салып, зеңбірегі бар кемелерді Еділге апарып, одан кейін Астраханға түсіп, қаланы басып алуды жоспарлады. Алайда түріктер арна қазып, кемелерін Еділге сүйреп апара алмады. Қасым паша артиллериясы бар кемелерді Азаққа қайтарып, ханмен бірге Еділге жорық тәртібінде аттанды. 16 қыркүйекте түріктер мен қырым татарлары Астраханға жақындады, бірақ артиллерияның жоқтығынан бекініске шабуыл жасауға тәуекел етпеді. Астрахандағы орыс гарнизоны адамдармен күшейтіліп, зеңбіректері болды. Иван Грозный кінәз П.С.Серебряный басқарған өзен әскерін Астраханға көмекке жіберді. Алдымен Дәулет Герей әскерімен Қырымға шегінді, ал 26 қыркүйекте Қасым паша түрік әскеріне Донға шегінуді бастауға бұйрық берді. Шегіну кезінде түріктер үлкен шығынға ұшырады.
1570 жылдың көктемінде I Дәулет Герей орыс иеліктеріне қарсы жаңа жорық ұйымдастырды. Мехмет Герей қалғай мен Әділ Герей ханзадалар басқарған әскер (50-60 мың адам) Рязан мен Кашира жерлерін ойрандады.
1571 жылдың көктемінде Дәулет Герей Осман империясының қолдауымен және Речпосполитамен келісе отырып, Мәскеуге қарсы әйгілі жорығын бастады, бұл жорық Мәскеудің өртенуімен және көптеген оңтүстік Ресей аймақтарының ойрандалуымен аяқталды. Алғашында хан Козел жерлеріне жорық жасаумен шектелмек болып, әскерін Ока өзенінің жоғарғы ағысына апарды. Окадан өтіп, қырымдықтар Болхов пен Козелскке қарай беттеді. Бірақ хан жолда орыс жағынан бір қашқынның Мәскеуге бару туралы ұсынысын қабыл алды. Сатқын Құдаяр Тишенков ханға өз әскерін Ресей дуан басылары шабуыл күтпеген Жиздра өзенінің жоғарғы ағысындағы қорғансыз «өрмелерден» өткізуге уәде береді. Мамыр айының ортасында 40 мыңдық әскер орыс полктарын айналып өтіп, Перемыш маңындағы Жиздра өзенінен өтіп, Мәскеуге қарай жылжыды. Иван Грозный өз өміріне алаңдап, Мәскеудің жанынан «жағадан» Ростовқа қашады. Орыс дуан басылары, кінәздар И.Д.Бельский, И.Ф.Мстиславский және М.И.Воротынский Қырым әскерлерінің басып кіруінен хабардар болып, ханнан озып шығуға тырысып, Коломнадан Мәскеуге аттанады. 23 мамырда орыс полктары Мәскеуге жақындап, астананың төңірегіне орналасып, қорғанысқа дайындалды. Көп ұзамай дуан басылар Қырым татарларының алдыңғы қатарлы жасақтарымен шайқасқа түсіп, оларды шегінуге мәжбүр етті. 24 мамырда хан I Дәулет Герейдің өзі негізгі күштерімен Мәскеудің шетіне жақындап, Коломенское ауылына тоқтады. Хан Мәскеуге 20 мың әскер жіберіп, қала маңындағы елді мекендерді өртеп жіберуді бұйырды. Үш сағаттың ішінде Ресей астанасы толығымен дерлік өртеніп кетті. 25 мамырда Дәулет Герей әскерімен астанадан оңтүстікке Кашира мен Рязан бағытында шегініп, тұтқындарды ұстау жолында өз жасақтарының бір бөлігін таратып жіберді. Мәскеу жорығы нәтижесінде I Дәулет «Тақты Алған» (қырымтат. Taht Alğan) деген лақап атқа ие болды. Жорықтың нәтижесі: ондаған мың орыс қаза тапты, 150 мыңнан астамы құлдыққа алынды. Осыдан кейін Дәулет Герей Иван Грозный патшаға елшілік жіберіп, Қазан мен Астраханды оған беруді талап етеді. Жағдайдың қиын екенін көрген Иван Грозный Астрахан хандығын Дәулет Герейге беруді ұсынады. Алайда хан енді бүкіл Ресей мемлекетін бағындыруға болады деп есептеп, одан бас тартты.
Келесі 1572 жылы Осман империясының қолдауына ие болған I Дәулет Герей Ресей жеріне қарсы жаңа жорық үшін 120 000 әскер: 80 000 қырымдық пен ноғай, 33 000 түрік, 7 000 түрік жаңа шеріктерін жинады. Шілденің аяғында Қырым ордасы Серпуховқа жақындап, орыстың шағын сақшылар тұратын жерлерді талқандап, Ока өзенінен өтті. Серпухов жолында Дәулет Герей Мәскеуге қарай жылжыды. Серпухов, Таруса, Калуга, Кашира және Лопасна қалаларында полктары бар орыс дуан басылары шегінуге жолдарын кесіп, Қырым әскерінің артынан Мәскеуге қарай аттанды. 1572 жылы 30 шілде - 2 тамызда Мәскеуден 50 шақырым жерде орналасқан Пахра өзенінде Молоди шайқасында кінәз Михаил Иванович Воротынский мен Дмитрий Иванович Хворостинин басқарған 25 мың адамдық орыс әскері қырым-осман әскерін жойды. Шайқастарда қырымдықтар мен түріктер қыруар шығынға ұшырап, қырымның атақты қолбасшысы Дивей мырзатұтқынға түсіп, ноғай мырза Тереберді қаза тапты. Қайтыс болғандардың арасында ханның ұлдары Шардан Герей мен Хасболат Герей ханзадалар да бар. 3 тамызға қараған түні орыс әскерлерінің қууна байланысты Қырым ханы асығыс оңтүстікке қарай шегінді. Дәулет Герей қуудан құтылу үшін бірнеше тосқауыл қойды, ал орыстар оларды талқандап, қиратты. 1572 жылы шілдеде Ресей шекарасын кесіп өткен үлкен әскердің 5–10 мыңы Қырымға оралды. Бұл жорық Қырым хандығының Ресей мемлекетіне қарсы жасаған соңғы ірі әскери жорығы болды.
Одан кейінгі жылдары I Дәулет Герей орыс иеліктеріне қарсы шапқыншылықтарды жеке өзі бастап барған жоқ. Мәскеу маңайына тек оның ұлдары, қырым мен ноғай мырзаларын аз ғана күшпен шабуыл жасады.
Дәулет Герей өмірінің соңында оның үлкен ұлдары Мехмет Герей қалғай мен Әділ Герей арасындағы қарым-қатынас күрт нашарлады.
I Дәулет Герей 1577 жылы 29 маусымда обадан қайтыс болды. Бақшасарайда жерленді. Оның орнына үлкен ұлы II Мехмет Герей қалғай (1577–1584) келді.
## Дереккөздер |
«Түйетөбе» ескерткіші — 1930-1950 жж. саяси қуғын-сүргін құрбандарына орнатылған ескерткіші.
## Географиялық орны
Ескерткіш Ақтөбе қаласы Пригородный ауылынан солтүстік-шығысқа қарай орналасқан.
## Сипаты
Тас белгіде
«Жазықсыз жазаланғандар рухына тағзым», «Жертвам репрессии 30-50-х годов от благодарных потомков.Смерть Ваша безвинна, память о Вас вечна» деген сөздер жазылған.
*
## Тарихы
Тарихшылардың есептері бойынша, 30-жылдардағы репрессия кезінде Ақтөбе облысында сегіз мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшыраса, оның ішінде екі мыңнан астам адам ату жазасына кесілген. Олардың атылып, көмілгені, кейбіреуінің тіпті Түйетөбенің айналасындағы сайларға лақтырыла салынғаны туралы1987 жылы ғана белгілі болды. Оны Сергей Гуцаловтың басшылығымен жүргізілген экспедиция кезінде, археологиялық отряд Жаман Қарғалы өзені бойындағы мазарларда қазба жұмыстарын жүргізіп жүрген кезде анықтаған. Көктемгі су тасқыны кезінде адам сүйектері шұңқырдың бетіне шығып қалған еді. Мүрделердің барлығында бас сүйектің желке тұсынан атылған оқ ізі табылған. Жыл сайын 31 мамырда осы ескерткіш-белгі Түйетөбенің басында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға жиналып, олардың рухына құран бағышталып тұрады.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* https://aktobetv.kz/kz/news/society/tuietobedegi-tagzym Мұрағатталған 2 қыркүйектің 2021 жылы.
* https://www.youtube.com/watch?v=-9ZQKr5m5hw&ab_channel=AQTOBETV%2F%D0%90%D2%9B%D1%82%D3%A9%D0%B1%D0%B5%D1%82%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0%B0%D1%80%D0%BD%D0%B0%D1%81%D1%8B
* https://yandex.kz/maps/org/218267079358/?lang=kk&ll=57.463555%2C50.441391&z=17 |
Шәуілдір ауылдық округі – Түркістан облысы Отырар ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Шәуілдір ауылы кіреді.
## Дереккөздер |
І Қажы Герей(қырымтат. I Hacı Geray, ١ حاجى كراى; қырымтат. Melek Hacı Geray, ملک حاجى كراى; шам. 1397 — 1466) — Қырым хандығының әрі Герейлер әулетінің негізін қалаушысы.
## Шығу тегі
Ол Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханның 13-ұлы, көптеген жорықтарға қатысқан Бату ханның інісі Тоқа Темірдің ұрпағы. Кейбір деректерде Қажы Герей бастаған Қырым хандарының арғы атасы Шыңғыс хан заманындағы Керей ханы Тұғырыл ханның (Оң хан) ұрпағы делінеді. Қажы Герейдің билік құрған кеңістігі қазіргі Қырым түбегін негіз етіп, Қара теңіздің солтүстік жағалауын алып жатыр. 1238 жылы Бату ханның моңғолдары Қырымдағы көне билікті талқандады. Содан былай Қырым Моңғол империясының маңызды орталықтарының бірі болған еді. Заман өте келе татарлардың дербестікке талпынысы күшейді.
## Өмірбаяны
Қажы Герей Литва кінәздігіне қарасты Лида шаһарында туған. Ол жастайынан Литва кінәздігінің Алтын Ордаға қарсылығын қолдады және 1428 жылы Қырымды басып алып, өз хандығын орнатты және ұзақ уақыт бойы Алтын ордаға қарсы күресіп, тәуелсіз, егеменді ел құруға талпынды. Бұл күрестің өте шиеленісті болғаны сондай, аралықта бір мезгілі хандық тақтан түсіп (1434), тек 1441 жылдан бастап қайтыс болғанға дейін (1466 ж.) билікте болды және дербес Керей ақшасы алғаш рет 1441 жылдан бастап шығарылды. Сөйтіп Қырым Алтын ордадан бөлек дербес хандық болып өмір сүрді.
I Қажы Герей өз патшалығын қалыптастыру үшін елордасын Бақшасарайда жайғастырады. Сол уақыттан бастап Қырым хандары осы орталықта қоныстанды.
Қажы Герейдің 8 ұлы болды, олардың арасында әйгілі Меңлі Керей, Хайдар хан, Нұрдәулет болды. Бастапөы кезде Қажы Герей хандықты Хайдарға қалтырмақ болған, бірақ ол ордамен ерегесіп, бүлік ұйымдастырмақшы болды деген әңгімемен ханзадалықтан шеттетілген. Хандықты алғашында Меңлі Керей, кейін Нұрдәулетке қалтырды. Кейін Хайдар билікті тартып алып қысқа мерзім хан болғанымен, Нұрдәулет оны қудалап, билікті иеленеді. Қажы Герей қайтыс болған соң Бақшасарайға жерленген. Ол өз заманында өте сұңғыла, жігерлі, ізгі ниетті хан болғандықтан, өз халқының тәуелсіздігі үшін ақылды күрес жасай білгендіктен татарлар арасында үлкен беделге ие болды. Жұрт оны Мелек — аспан елшісі, періште деп атады.
## Билік етуі
1428 жылы Литва ұлы кінәзі Витовттың қолдауына ие болған Қажы Герей Қырым ұлысын басып алды. 16 мың әскердің басында Қажы Герей Ескі Қырымды басып алды. Қажы Герейдің жағына Шырын руынан шыққан ірі Қырым мырзалары өтіп кетті. Жаңа ханның билігіне Қырық Ор және Солхат қалалары өтті. Сол жылы Алтын Орда ханы Ұлық Мұхаммед Қырымды өзінің жоғарғы билігіне бағындыру туралы шешім қабылдап, Қажы Герейге қарсы жорық ұйымдастырды. Шырын руының басшысы Тегене бей Ұлық Мұхаммедтің жағына өтіп, татар әскерінің басында Қырымға басып кірді. Ақсүйектердің қолдауынан айрылған Қажы Герей, Қырымнан Дешті Қыпшақ даласына қашып, сол жерден Литва иеліктеріне жетті. Литваның ұлы кінәзі Витовт Қажы Герейді мұрагерлік Қырым ұлысы үшін күресте қолдауға уәде берді.
Литва иеліктерінде Алтын Ордадағы аласапыран кезінде сол жаққа қашып кеткен көптеген татарлар өмір сүрді. 1431 жылы Литвада жиналған жаңа әскердің басында Қажы Герей Қырымға қарсы жорық жүргізіп, берілуге мәжбүр болған Солхат қаласын қоршауға алды. Осы кезде Шырын мырза Тегене бей Алтын Орда ханы Ұлық Мұхаммедпен жанжалдасып, Қырымға оралды. Перекопта Қажы Герей оны өзінің қожайыны деп таныған Тегене беймен кездесті. Алтын Орданың хан тағына таласқан Ұлық Мұхаммед пен Кіші Мұхаммед хандар Қырым ұлыстарын өз билігіне бағындыруға тырысты. Алайда, Қырым ханы Қажы Герей олардың әскерлерін жеңіп, ата-баба ұлыстарын сақтап қала алды.
Витовтпен ынтымақтастық Қажы Герейдің 1429 жылы Лутскідегі христиандық Еуропаның түріктерге қарсы бірлескен жорықтың жоспарлары талқыланған Халықаралық Еуропалық конгреске қатысуына әкелді. 1460 жылдардың аяғынан бастап оңтүстіктегі орыс жерінің бейбітшілігін қорғаушы болған Қырым хандығы Осман империясының билігіне өтті, содан бері Литва кінәздігі мен Қырым арасындағы қатынастар түпкілікті өзгерді.
1433 жылы Қырым ханы Қажы Герей Феодоро кінәздігімен одақтық келісім жасады. Сол жылдың күзінде готтық кінәз Алексей өзінің одақтасы Қажы Герейдің қолдауына сеніп, Қырымдағы генуялық иеліктерге қарсы жорық жасады. 1433 жылдың күзінде Алексей генуэздік Чембало (Балықлава) бекінісін қоршауға алып, басып алды. Бұған жауап ретінде Генуя бүлікшіл Қырым Феодоро кінәздігіне жазалау экспедициясын ұйымдастырды. Генуялықтар Корсика билеушісінің ұлы Карло Ломеллиноның бастаған алты мың сарбазы бар жиырма галлериядан тұратын эскадрилияны Қырымға жіберді. 1434 жылы 4 маусымда генуялықтар Чембалоны (Балықлава) басып алып, тонап, Феодоро кінәзі Алексейді тұтқындады. Содан кейін генуялықтар осы кінәздіктің жалғыз теңіз портын күзеткен феодоралық Каламита бекінісін қоршап, басып алып, жойды. Содан соң генуялықтар әрі қарай жылжыды, бірақ 22 маусымда Солхат қаласы түбінде, Қаракөз маңында оларды Қырым ханы Қажы Герейдің бес мыңдың жасақ талқандады. Оның әскері Кефеге жақындап, қаланы қоршап алды. 1434 жылы 13 шілдеде бейбітшілік келісімшартына қол қойылды, оған сәйкес генуялықтар Қажы Герейді Қырым ханы деп танып, тұтқындаған солдаттары мен азаматтарының оралуы үшін оған үлкен төлем төледі.
1434 жылы Алтын Орданың ханы Ұлық Мұхаммед Қырым ұлысында қайтадан өзінің жоғарғы билігіне бағындыру үшін үлкен әскерін бастап жорыққа шықты. Шырын мырзалары Қажы Герейге опасыздық жасап, Ұлы-Мұхаммед жағына өтіп, Қырым ханына тыл жағынан соққы берді. Қажы Герей дұшпаннан жеңіліп қалды. Қалған әскерімен Қажы Герей Қырымнан Днепрдің арғы жағына шегінді. Қажы Герей Литва шекарасындағы иеліктерге келіп, көп ұзамай жаңа әскер жинап, Қырымға қарсы жорыққа дайындалды. Сол кезде, Ұлы Литва кінәздігінің өзінде бөлелер Свидригайло Олгердович (1430-1432) пен Сигизмунд Кейстутович (1432-1440) арасында Ұлы кінәздіктің тағы үшін қиян-кескі және қанды феодалдық соғыс болды. Алтын Орда ханы Ұлық Мұхаммед Қажы Герейдан сескеніп, Свидригайломен одағын бұзып, Сигизмундты қолдай бастады. Литваның Ұлы Герцогы Сигизмунд Кейстутович (1432-1440) алдымен Қажы Герейді жақсы қабылдады және оған қолдау көрсетуге уәде берді, бірақ содан кейін Қырымға қайтармас үшін оны кідіртуге шешім қабылдады. Қажы Герей Вилноға шақырылып, онда құрметті кепіл ретінде өмір сүре бастады. Литваның Ұлы кінәзі Сигизмунд Лида қамалы мен оның айналасын Қажы Герейге берді.
Алтын Орда ханы Ұлық Мұхаммед Қырымды басып алып, өз өкілін Солхатқа орналастырды. 1437 жылы тағы бір хан, Ұлық Мұхаммедтің қарсыласы, Кіші Мұхаммед Қырымды өз билігіне бағындырып, өкілді қуып жіберді. Көп ұзамай, Тоқтамыстың немересі, Сейітахмет хан Қара теңіз даласында орнығып, Ұлық Мұхаммедті Алтын Орданың солтүстік шекараларына қуып, Қырымды басып алды. Қырымда бүліншілік орнады. Көшпелі татарлар түбекті бірнеше рет қиратты. Сейітахмет тағайындаған шенеуніктер мен қазылар халықтың наразылығын тудыратындай салықты күрт арттырды.
1430 жылдардың соңында сол кездегі Литва кінәздігінің аумағындағы Лида (қазіргі Беларус) қаласында, Ұлы Литва кінәзі Сигизмунд Кейстутовичтің вассалы ретінде өмір сүрді.
1440 жылдар шамасында Шырын мен Барын бастаған қырым татар ақсүйектері Литваның жаңа ұлы кінәзі Касимир Ягеллончикке (1440-1492) Қажы Герейді хан тағына көтеру үшін Қырымға босату туралы өтінішпен жүгінді. Казимир Қажы Герейді Лидадан Киевке шақырды, сонда ол бейлердің өкілдерімен кездесіп, содан соң олармен еріп Киевтен Қырымға кетті. Қажы Гереймен бірге татар шонжарларынан басқа Литва қолбасшысы Радзивилл де ілесті. Тегене Шырын бастаған қырымдық бейлер мен мырзалар Қажы Герейге өздерінің билеушісі ретінде ант берді, ал Литва маршалы Радзивилл оны Литва Ұлы кінәзі Касимир Ягеллонның атынан хан тағына бекітті. Қажы Герей Қырымға келді, ал 1441 жылы наурызда генуялық деректерде Қажы Герей Қырымның жаңа билеушісі ретінде аталған. Қажы Герей Қырық Ор қаласында шығарған алғашқы тиындары да 1441 жылдан басталады.
1441 жылы Қажы Герей Қырымға әскерімен кіріп, оны өз билігіне бағындырып, Сейітахметтің өкілін қуып жіберді. Келесі 1442 жылы Қажы Герей мен генуялық Кефе колониясы арасында әскери қақтығыс болды. Кефе консулы Ұлы Орда ханы Сейітахметпен келіссөздер жүргізіп, оған Қырымға басып кіру кезінде қолдау көрсететінін уәде етті. Генуялықтар Қажы Герейге тиімсіз жағдайлармен жаңа бейбітшілік келісімін жасауды Қырым ханына ұсынды. Генуя республикасы Кефеге үлкен әскери жасақ жіберді. Шешуші шайқаста Қырым ханы Қажы Герей айлакерлікті пайдаланып, жауды талқандады. Кефе тұтқындарды алмастырып, жеңілдіктер жасады. Сол уақытта Сейітахмет хан көп әскермен Қырымға басып кіріп, Қажы Герейді Солхаттан ұрыссыз қуып шықты. Шырын мырзалары Сейітахметтің жағына өтіп, оны Қырым ханы деп таныды. Қажы Герей Қырымнан Днепрге қашып кетіп, сол жерде күресті жалғастыру үшін әскер жинай бастады. Ұлы Орданың ханы Сейітахмет алым-салық жинап, Солхатты өртеді, сол арқылы өзін Қырым ақсүйектерінің қолдауынан айырды.
Сейітахмет Қырымнан шегінгеннен кейін Қажы Герей Орқапыда өзінің жағдайын нығайтып, Ұлы Ордаға қарсы күресті жалғастырды. Сейітахмет Дондағы соғыспен айналысып жатқанда, Қажы Герей Дешті Қыпшақтағы оған бағынушыларының көшпелі қонысын жаулап алуға тырысты. Қажы Герейге тойтарыс беріліп, Орқапыға шегінді. Хан өкілі Қажы Герейдің жеңіліске ұшырағанын естіп, Орқапыны басып алып, Сейітахметке өтпек болды. Қажы Герей оны жеңді, бірақ артынан қуған жоқ. Ол Орқапыны күшейтіп, Сейітахметтің шабуылына дайындала бастады.
1445 жылы Ұлы Орданың ханы Сейітахмет қарсыластарын жеңіп, үлкен әскерімен Қажы Герейге қарсы бағытталды. Сейітахмет Орқапыны қоршауға алды, бірақ ала алмады. Жаудың шегінуі кезінде Қажы Герей Сейітахметке ауыр соққы жасады. Ұлы Орданың ханы көптеген адамдар мен жылқыларынан айырылып, Доннан әрі шегінді. Шырын және Барын мырзаларының жасақтарымен бірге Қажы Герей Қырымға келіп, сол жерде хан болып жарияланды.
Хан тағына оралған соң Қажы Герей Кефеге қарсы бағытталған Феодоро кінәздігімен одақтастықты жаңартып, кінәз I Алексеймен (1410-1447) хат жазысады. Хан ұлдары бастаған татар жасағы готтық кінәзға Каламита порт қаласын генуялықтардан қайтарып алуға көмектесті. Қырым ханы Феодоро кінәздігіне қаржылық және саяси қолдау көрсетті. Кінәздіктің жас мұрагері Қажы Герейдің балаларымен бірге Солхатта тәрбиеленді, ал ханның кенже ұлы Меңлі Герей феодоралық кінәз Алексейдің сарайында тұрды.
Алтын Ордаға тәуелділіктен бас тартқан Қажы Герей Қырым Ұлысының алғашқы тәуелсіз билеушісі атанды. Орданың соңғы билеушілері бұл тәуелсіздікті мойындамады, сондықтан Қажы Герей олармен күрес жүргізуге мәжбүр болды. Қажы Герейдің Ордамен күресі Ұлы Литва кінәздігінің (Литва Украинасы) далалық шетіндегі шабуылды тежеді, сондықтан XV-XVI ғасырлардағы поляк тарихнамасында Қажы Герей Украина шекараларының қорғаушысы және Литваның адал одақтасы ретінде бейнеленген.
Қажы Герей Алтын (Ұлы) Орда хандарын екі ірі шайқаста жеңді. Днестрден Донға дейінгі далаларды басқарған Сейітахмет хан Литва мен Польша шекараларына көптеген шапқыншылықтар жасады.Сейітахметтің шабуылы кезінде Польша королі және Литва ұлы кінәзі Касимир Ягеллон көмек сұрап Қырым ханы Қажы Герейге жүгінді. 1452 жылы Сейітахмет Литваның оңтүстігіндегі иеліктерге тағы бір шабуыл жасап, Подольск жерін Львовқа дейін қиратты. Тұтқындардың көптігімен және бай олжасымен Сейітахмет хан өзінің ұлыстарына қайта кетті. Қырым ханы Қажы Герей әскер жинап, Сейітахметке жетіп, Днепрден өткеннен кейін оған шабуыл жасады. Қырым ханы кенеттен шабуылдап, қоршап алып, Ұлы Орданың әскерін талқандады. Сейітахмет хан аз ғана әскерімен қоршаудан шыға алды, ал оның көпшілігі Қырым ханы жағына өтті. Жеңілген Сейітахмет көмек сұрап Литваның ұлы кінәзі Касимир Ягеллончикке жүгініп, Киевке қашты. Киевте Сейітахмет қамауға алынып, Ұлы Литва кінәздігінің астанасы Вильноға жіберілді. Литваның ұлы кінәзі Казимир текті тұтқынды өмірінің соңына дейін өмір сүрген Ковноға жіберді. Сейітахметтің тоғыз ұлы Литва татарларының арасында қоныстанды.
1465 жылы Ресейге қарсы жорыққа шыққан Ұлы Орда ханы Махмұтты Қырым ханы Қажы Герей Дондағы шайқаста (1459-1465) жеңді. Донды кесіп өту кезінде Қырым ханы ордалықтарға шабуыл жасап, оларға ауыр соққы жасады. Тақта отырған Махмұт хан жеңілістен кейін інісі және қарсыласы Ахмет билікті тартып алған соң, Астраханға (Қажы Тархан) қашып кетеді. Ордалықтардың көп бөлігі Қырым ханы Қажы Герейдің қызметіне кірді, ал Қажы Герей оларды өз иелігіне қоныстандырып, өзінің әскери күшін одан әрі көбейтті. Алтын Орданың түпкілікті ыдырауын Қажы Герейдің жеңістері және оның кейінгі билеушілерін 1502 жылы Қажы Герейдің ұлы I Меңлі Герейдің талқандауы жақындатты.
1454 жылдың жазында Демир-кяхя бастаған Османлы эскадрильясы (56 кеме) генуялық сауда қоныстарын тонау үшін Қырым жағалауында пайда болды. Шілденің басында түрік кемелері Кефеге жақындап, әскерлерді жағаға қондырды. Түрік жасағы бекіністі басып алмақ болды, бірақ бұл шабуыл тойтарылды. Үшінші күні Қырым ханы Қажы Герей алты мыңдық татар әскерімен Кефеге жақындады. Қажы Герей түрік қолбасшысы Демир-кяхямен келіссөздер жүргізді. Олардың әңгімесінің мазмұны белгісіз болып қалды. Келесі күні түріктер Кефеден шегінді, содан кейін генуялықтандан азық-түлік талап етіп, алып, теңізге шықты.
Хан тағында бекінген, Қырым ханы Қажы Герей Қырым астанасын оның ата-әмірлерінің ескі резиденциясы - Қырым қаласынан Қырық Орға көшірді, бұл жерден І Меңлі Герей кезінде Салашыққа, содан кейін I Сахиб Герей кезінде Бақшасарайға көшірілді. I Қажы Герей халық арасында өте танымал болды, сондықтан періште (қырымтат. Melek) деген лақап ат алды.
1466 жылы тамызда Қырым ханы Қажы Герей қайтыс болды, ол қазіргі Бақшасарайдың шетіндегі астаналық Салашық ауылында жерленген.
## Сурет
* Керей І кескіні(қолжетпейтін сілтеме)
## Тағы қараңыз
* Қырым хандарының тізімі
* Қырым хандығы
## Дереккөздер |
Шада Насер (Arabic: شدا ناصر) (1 мамыр 1964, Йемен, Аден) — Йеменнен шыққан және Йемен соттарында жүзін ашқан алғашқы заңгер әйел. Ол Прагадағы Карлов университетінде құқық оқып, заңгер болып шыққан (1989). Йеменнің Солтүстігі мен Оңтүстігін біріктіру кезінде, адам құқығын қорғаушы ретінде жұмыс істеуге Йеменге оралды. 1996 жылы ол басқа үш әйел заңгермен бірге Йемен астанасы, Сана қаласында, тек әйелдер жұмыс істейтін заң фирмасын құрды. Ол өз жұмысын Йемендегі әйелдер құқығын қорғауға арнайды.
## Жүргізген істері
Насердің клиенттерінің арасында, Сана қаласының орталық түрмесінде отырған әйелдер де болды. 2005 жылы Насер, жеткіліксіз дәлелдерге қарамастан, күйеуін өлтірді деп айыпталған және кәмелетке толмағанына қарамастан (16 жасында, бұл Йемен заңы бойынша тыйым салған), ату жазасына кесілген жас әйел тұтқынды қорғады. Күзетші оны зорлағаннан кейін, қыз түрмеде жүкті болып қалды. Президенттің бұйрығы қызды өлім жазасына кесуге бірнеше минут қалғанда оның өмірін сақтап қалды.
Йемендегі балалар некесінің қарсыласы, ол бір жыл бұрын, отбасысы мәжбүрлеп үйлендірген, орта жастағы ер адаммен ажырасуға арыз берген 10 жасар Нуджуд Алиді 2008 жылдың сәуірінде қорғады. Али, күйеуі онымен жыныстық қатынасқа түспеуге уәде бергеніне қарамастан, оны үнемі ұрып-соғып, зорлағанын мәлімдеді. Сот Нуджуд Алиге бірнеше аптаның ішінде ажырасуға рұқсат берді. Бұл оны сол кездегі әлемдегі ең жас ажырасқан қылды. Әлидің тарихи ісі Йемендегі басқа жас келіншектерді ажырасуға шақырды.
## Марапаттар
2008 жылы Шаде Насер және ол ажырасу турласы іс бойынша қорғаған Нужуд Али екеуін Гламур журналыны «Жыл Әйелдері»(ағылш. Women of the Year) номинациясын тарту етті және бұған қоса «Балалардың дауысың қолдаушы» Гламур марапатын алды (ағылш. Glamour Award for the Voice of the Children).
## Дереккөздер |
Хадижа Ариб (арабша: خديجة عريب, голландиялық дыбысталуы: [xaːˈdiʒaː aːˈrip]; 1960 жыл 10 қазан) — Марокко-голланд саясаткері, 2015 жылдың 12-желтоқсанынан бастап Нидерланд Өкілдер Палатасының спикері болған. Ол 2016 жылдың 13 қаңтарында ресми түрде сайланды, бірақ 2015 жылдың 12 желтоқсанында Анушка ван Милтенбург қызметтен кеткеннен кейін, ол спикердің міндетін атқарушы болды. Ариб 1998 жылы Нидерландыдағы жалпы сайлаудан кейін өкілдер палатасының мүшесі болды және содан бері 2006-2007 жылдар аралығында аз ғана үзіліспен қайта сайланды.
## Жастық шағы
Хадижа Ариб 1960 жылы 10 қазанда Мароккодағы Касабланка маңындағы Хедами қаласында дүниеге келді. Ол 15 жасында Нидерландыға келді. Оның ата-анасы Шидамдағы кір жуатын жерде жұмыс істеді.
Ариб Амстердам университетінде әлеуметтануды оқыды. Саяси мансабына дейін ол мемлекеттік қызметкер, мұғалім және әлеуметтік қызметкер болған.
## Саясат
Ариб Еңбек партиясының мүшесі (Partij van de Arbeid, PvdA) және 1998 жылдың 19 мамырынан 2006 жылдың 29 қарашасына дейін және 2007 жылдың 1 наурызынан Парламент депутаты.
Палатада ол нәсілшілдік, кемсітушілік, зорлық-зомбылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық және жастарға күтім жасау мәселелеріне назар аударды. Ол (негізінен Бостандық партиясының мүшелері тарапынан) қос азаматтығы және Марокко королі жанындағы консультативтік Комитетке қатысқаны үшін қатты сынға ұшырады. 2012 жылы ол спикер болуға әрекет сәтсіз аяқталды және оның орнына бірінші вице-спикер болды. 2016 жылдың 13 қаңтарында аралық сайлауда спикер болып сайланды, қалған үш кандидатты жеңіп алды. 2017 жылдың 29 наурызында Ариб спикер болып қайта сайланды, ол осы лауазымға жалғыз үміткер болды.
2017 жылғы сайлаудан кейін Ариб Эдит Шипперсті ақпараттандырушы ретінде таңдады, оның рөлі басқарушы одақтарды зерттеу болып табылады.Rutte in pole position as Dutch consider coalitions Шипперс қызметтен кеткеннен кейін Ариб бұл лауазымға Тьенк Виллинк мен Геррит Залмды тағайындады.
## Саяси ұстанымдары
Жумыс барысында Ариб Нидерландыда мигрант болып шыққан әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін күресті. Ол Нидерландыдағы Марокко әйелдер қорының негізін қалаушылардың бірі және президенті. 1989 жылы ол Марокко қоғамындағы әйелдердің жағдайына қатысты мәселелерді көпшілікпен талқылағаннан кейін үш баласымен бірге Мароккода түрмеге жабылды. Голландияның Сыртқы істер министрлігінің араласуынан кейін оған Нидерландыға оралуға рұқсат етілді.
## Библиография
* 1992: Marokkaanse vrouwen in Nederland
* 2009: Couscous op zondag
* 2011: Allah heeft ons zo gemaakt
## Дереккөздер |
Көктерек ауылдық округі – Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Тарихы
2023 жылы Көктерек кенті мен Құркелес ауылдық округінің Дархан ауылынан Көктерек ауылдық округі құрылды.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Көктерек кенті мен Дархан ауылы кіреді. Орталығы — Көктерек кенті.
## Дереккөздер |
Сарыағаш қалалық әкімдігі – Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Сарыағаш қаласы кіреді.
## Дереккөздер |
Жанай (тат. Canay, Җанай, جانای) — татар ханзадасы, Қасым билеушісі (1506-1512), Нұрдәулет ханның екінші ұлы, Сатылғанның бауыры, одан кейін таққа отырды.
1505–07 жылдары Қазанмен болған соғысқа қатысты. 1506 жылдың сәуірінде Қасым татарларын ағасынсыз басқарды. Ал 1506 жылы 16 қазанда, мүмкін Сатылған қайтыс болғаннан кейін, оған Муромға «Қазан жаңалықтарын қадағалауды» бұйырды.
1508 жылғы құжаттарда Мещерский мен Андреев қалаларының иесі ретінде белгілі. Сол жылы Литва әскерлеріне қарсы жорық кезінде Торопецте кінәз Стригин-Оболенскиймен бірге «Городец» татарларының полкіне басшылық жасады.
Жанай қайтыс болғаннан кейін Қасымда «Ұлы Орда әулеті» билік ете бастады.
## Әдебиет
* Вельяминов-Зернов В. В. V. Жанай // Қасым патшалары мен ханзадалары туралы зерттеу — 2. — СПб.: В тип. Имп. Академии наук, 1863. — Т. I. — Б. 205—216. — XIII, 558 б.
* Рахимзянов Б. Р. Қасым патшалығындағы Қырым әулеті // Көзқарас: Ғылыми-зерттеу мақалаларының жинағы. — Қазан: Мастер Лайн, 2000. — 69—88 б. |
Түркістан Арена — Түркістан қаласындағы спорт аренасы, сыйымдылығы 7000 адам. "Тұран" және "Қыран" клубтары клубы өз алаңындағы ойындарын өткізеді.
## Сипаттамасы
Аренадағы алғашқы ойын 2020 жылы 27 қазанда 2007-2008 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында өтті.
Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Түркістан-арена» орталық стадионы 7000 орынға арналған. Алып кешенде спорттың әр бағыты бойынша жеке-жеке залы бар. «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ АҚ Түркістанға тарту еткен стадионның негізі футбол алаңынан, жеңіл атлетикаға арналған жабық аренадан тұрады.
Акробатика, бокс, ауыр атлетика, спорттық гимнастика және йога залдары толық талаптарға сай жасақталған.
«Түркістан Аренада» жүргізілген инспекция қорытындысы бойынша УЕФА стадионға халықаралық II дәреже беру туралы шешімін шығарды.
## Турнирлер
2021 жылғы Қазақстан Суперкубогы осында өткізілді.
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Футболдан Қазақстан суперкубогының 2021 жылғы маусымына төрт клуб қатысты (2020 жылғы Қазақстан кубогы ойнатылмағандықтан, ұлттық чемпионатта алғашқы төрттіктен орын алған клубтар). Турнир Түркістандағы жаңа аренада өткізілді.
## Қатысушылар
## Турнир
### Жартылай финал
### Үшінші орын үшін
### Финал
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Өзгеше формат және жүлделер қоры |
Шейхәулияр хан (Шәехәүлияр, тат. Şəyexawliər xan, شيخ اوليار) — татар ханзадасы, 1512-1516 жылдардағы Қасым билеушісі, Бақтияр сұлтанның ұлы және Ұлы Ордалық Кіші Мұхаммед ханның немересі, Қасымдағы «Астрахан әулетінің» негізін қалаушы. Ноғай биі Ысмайылдың қызы Шаһ Сұлтанға (شاهسلطان) үйленген.
1502 жылы Қырым ханы I Меңлі Герей Сарайды бағындырды. Ахмет ханның кейбір ұлдары мен жиендері Ресейге қашып кетті. Олардың арасында Шейхәулияр да болды.
1502 жылдан бастап Сурожикке иелік етті. Литваға қарсы жорыққа қатысты.
1512 жылы Жанай қайтыс болғаннан кейін Қасымды мұрагерлікке алды.
## Әдебиет
* Вельяминов-Зернов В. В. VI. Шейхәулияр // Қасым патшалары мен ханзадалары туралы зерттеу — 2. — СПб.: В тип. Имп. Академии наук, 1863. — Т. I. — Б. 217-246. — XIII, 558 б. |
Жанғали (тат. Canğali xan, Җангали, جان علی) — Қасым билеушісі, ханзада (1519-1532), Қазан ханы (1532-1535). Шейхәулияр сұлтанның ұлы, Қазан ханы Шаһғалидың бауыры. Қазан тағына отырғанға дейін (1532) оны ханзада деп атаған.
1519 жылы Мәскеудің ұлы кінәзі III Василийден Қасым тағын ағасы Шаһғали Қазанға кеткеннен кейін алды. Шаһғали оралғаннан кейін де (1521) ханзада атағын сақтап қалды. 1532 жылы қазандықтардың өтінішімен Қазан тағына отырды, дегенімен шынайы билік қарашыбек Болат Шырын мен ханбике Гауһаршадтың қолында болды.
1533 жылы маусымда Ноғай биі Жүсіптің қызы Сүйімбикеге үйленді. Жанғали ханның қызын Ғабдулла Ақкүбекоғлы әйелдікке алды.
1535 жылы оны Қазан шонжарлары тақтан тайдырып, Ескі Қазанға жер аударды. Қазан кремлінде жерленген. |
Данияр (тат. Daniəl xan, Даниял, دانیال) — ханзада, Қасым билеушісі (1469-1486). Қасым ханзаданың ұлы және Ұлық Мұхаммед ханның немересі. Әкесі қайтыс болғаннан кейін билікті өз қолына алды.
Бізге жеткен дерек көздерінде бұл туралы алғашқы рет 1471 жылы ұлы кінәздің Новгородқа қарсы жорығына байланысты айтылған. Данияр «ханзадалары, шонжарлары және казактарымен» 14 шілдеде Шелон шайқасында ерекшеленді. 40 адам қаза тапқан татарлар үйлеріне босатылды. Айта кететін жайт, бұл жорық кезінде оларға адамдарды тұтқындауға тыйым салынды.
Коломнада өз әскерімен бірге 1472 жылы Ұлы Орда ханы Ахметтің шабуылын тойтаруға қатысты.
Ол Мәскеудегі Новгородқа қарсы жорықта қасым татарларының полктерін басқарды (1477).
Шарттық жарғыларда бірнеше рет кездеседі. Орыс кінәздарынан «алым» алған.
Даниярдың белгілі жалғыз ұлы Қарақұша 1486 жылы дәрігер Антонның сәтсіз емінен кейін әкесі тірі кезінде қайтыс болды. Осы Қарақұшаның ұлы туралы айтылғанымен, оның халқы III Иванның бұйрығымен Мәскеу өзенінің мұзында Антонды пышақтап тастады, бірақ Данияр қайтыс болғаннан кейін Қасымдағы Қазан әулеті Қырыммен алмасты.
## Әдебиет
* Вельяминов-Зернов В. В. II. Данияр // Қасым патшалары мен ханзадалары туралы зерттеу — 2. — СПб.: В тип. Имп. Академии наук, 1863. — Т. I. — Б. 73-90. — XIII, 558 б. |
Шаһғали хан (тат. Şahğəli xan, شاه علی) — Қасым билеушісі (1516-1519, 1537-1546, 1546-1551, 1552-1566), Қазан ханы (1519 сәуір - 1521 мамыр, маусым - 1546 шілде, 1551 тамыз - 1552 наурыз). Шейхәулияр мен Шаһ Сұлтанның ұлы, Қазан ханы Жанғалидің ағасы. Алдымен 1519 жылғы Қазан тағын («билік ету») иеленуге дейін оны ханзада (сұлтан), кейіннен хан деп атаған.
## Өмірбаяны
Шаһғалидің әкесі - Сарай ханы Темірқұтылық руынан шыққан - Бақтияр сұлтанның немересі - Шейхәулияр сұлтанның ұлы, Ұлы Ордалық Жошы ұрпағы және Ұлы Орда ханы Ахметтің жиені.
1516 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін Қасым тағына ие болды. 1519 жылы оны Мәскеудің талап етуімен Болат Шырын бастаған хандық ақсүйектері Қазан тағына шақырды. 1519 жылы сәуірде таққа отыру рәсімінде Қазанға әскери жасақпен келген Ресей елшісі Федор Карпов пен воевода Василий Юрьевич Поджогин болды. Елші Карпов хандықтың ішкі істеріне белсенді араласып, үкіметті алмастырып жүрді, бұл жаңа ханға наразылық тудырып, 1521 жылдың көктемінде оны тақтан тайдыруға әкелді.
1523 жылы Қазан-Ресей соғысы кезінде ол орыс әскерлерін басқарды, оның басшылығымен армия белсенділік танытпады, тек черемистер мен чуваштар жерлерінің тонауымен шектелді.
1526 жылы Мәскеуге келген Герберштейн Шаһғалиді кінәздік аң аулауда көрді. Шаһғали хан барлық жерде ұлы кінәз Василийдің оң жағында болды.
1532 жылы қыркүйекте Кашира мен Серпуховты алды да, сонда кетіп қалды. Алайда, Қазанмен байланысы үшін сотталып, 1535 жылдың аяғына дейін тұтқында болған 1533 жылы қаңтарда Белоозерскке айдалды. Бірақ оның адамдары ханның өзіне қарағанда көп зардап шекті: 1535 жылы маусымда 80-ге жуық адам - Шаһғалидің татарлары түрмеге жабылды. Оларды аштан қатырып өлтірді, ал табиғи өліммен өлмегендерді өлім жазасына кесті. Олардың әйелдері мен балаларын 1536 жылдың қысында шоқындырды. Осы уақытта кәмелетке толмаған Иван Васильевичтің кезінде анасы Елена Глинская регент болды. 1536 жылы қаңтарда оны Мәскеудегі әйелі Фатимамен бірге ұлы кінәз Иван Васильевич пен ұлы кінәгинә Елена Глинская кешіріп, салтанатты түрде қабылдады. Сірә, содан кейін Қасымға билік етуге жіберді.
Ресей патшалығының Қазан хандығына қарсы жорықтарына қатысты (1537, 1540, 1541, 1548, 1552). 1546 жылы елші, ұлы кінәз Евстатий Андреевтің көмегімен Қазан тағына қысқа уақыт отырды, бірақ Сафа Герей хан оны қуып шығарды.
1552 жылы Иван Грозныйдың өтінішімен Қазан тағын тастап кетті.
1557 жылдың соңында Ливонияға қарсы жорыққа аттанды. Ливонияны қатты қиратқан Шаһғали 1558 жылдың 1 қыркүйегінде Мәскеуге барып, оны патша Иван Васильевич қабылдады. 1562 жылы Полоцкке қарсы жорыққа қатысты, бірақ қаланың өзін алуға қатыспады. 1564-1565 жылдары Великие Луки аймағындағы шекараны күзетті.
Кейбір мәліметтер бойынша, Қасымда Хан мешітін салдырды.
## Отбасы
Оның соңғы әйелі 1553 жылы Сүйімбике болған.
Шаһғали перзентсіз қайтыс болды. Кезінде оның үйіне кіргізіп, қызы ретінде өсірген қарындасы - Жанғалидің қызы - Қазан ханшайымы болған. 1550-1552 жылдары ноғай Ысмайыл мырза ұлына айттырып берді, бірақ бұл үйлену тойы болмады, өйткені Ресей үкіметі Қазан ханшайымын шетелге жіберуге рұқсат бермеді. 1552 жылы мамырда ханшайым Ресейге қызмет етуге барып, Юрьев қаласын бақылауға алған Астрахан ханзадасы Ғабдуллаға тұрмысқа шықты. Жанғалидің қызынан басқа, Шаһғали тағы екі жақын туыстарын өсірді (бірақ қыздары емес) - Хан Сұлтан мен Мағи Сұлтан: «Біріншісі 1558 жылы қыз кезінде, 27 жаста көз жұмды, екіншісі Шаһғалиден ұзақ өмір сүрді және қайтыс болған кезде ол әлі тұрмысқа шықпаған еді». Шаһғали қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай Ресей үкіметі Қырым ханы Дәулетке ұлын немесе немересін Мағи Сұлтанға үйлендіріп, Қасымды қалыңмал ретінде алуды ұсынды.
Қасымда 1556 жылы салған кесенесінде жерленген. Шаһғали қабіріне ескерткішті оның асырап алған қызы Мағи Сұлтан орнатқан.
## Әдебиет
* Вельяминов-Зернов В. В. Қасым патшалары мен ханзадалары туралы зерттеу — 2. — СПб.: В тип. Имп. Академии наук, 1863. — Т. I. — XIII, 558 б.
* Худяков М. Г. Қазан хандығы тарихының очерктері / М. Г. Худяков — 3. — Мәскеу: НПО «ИНСАН», 1991. — 318 б. — ISBN 5-85840-253-4. |
Нұрдәулет Герей (қырымтат. Nur Devlet, ?—1503, Қасым) — 1466-1467, 1467-1469, 1475-1476 жылдары Қырым ханы, 1486-1490 жылдары Қасым билеушісі болған. Қырым ханы I Қажы Герейдің екінші ұлы әрі мұрагері.
## Өмірбаяны
1466 жылы әкесі I Қажы Герей қайтыс болғаннан кейін Нұрдәулет інісі I Меңлі Гереймен билік үшін күресті. Күрес әртүрлі табыстармен жалғасты (1467 және 1469 жылдары Нұрдәулет билігінен айырылды) және 1478 жылы Меңлі Герейдің жеңісімен аяқталды. Нұрдәулет Алтын Орда билеушілерінің қолдауына сүйенді, өйткені Қырым шонжарлары I Меңлі Герейді қолдады.
Тақтан біржола айрылғаннан кейін Нұрдәулет Польшаға қашып кетті. 1479 жылы ол Мәскеудің ұлы кінәзі III Иван Васильевичтің қызметіне қосылды. 1480 жылы Нұрдәулет воевода кінәзі Василий Иванович Ноздреватыймен бірге Еділ бойымен Ұлы Орданың астанасы Сарайға дейін шапқыншылық жасап, тонап кетті. 1486 жылы Нұрдәулет Қасым тағын Мәскеудің ұлы кінәзі III Иван Васильевичтен алды.
Сол жылы Алтын Орда билеушілерінің бірі Мұртаза Нұрдәулеттің көмегімен Қырым ханы I Меңлі Герейді тақтан тайдыруға әрекет жасады. Мұртаза Нұрдәулет пен Иван III Васильевичке елші Шах Бағлұлмен бірге хат жіберді, бірақ Иван екі хатты да қолға түсіріп, өзінің адал одақтасы Меңлі Гереймен қарым-қатынасын үзгісі келмей, оған хат жіберді. Осыдан кейін оңтүстік шекаралардағы дұшпандық әрекеттердің алдын алу үшін Мәскеудің Ұлы кінәзі Иван III Васильевич сол Нұрдәулет басқарған әскерді жіберді.
1487-1490 жылдары «Ахметтің балаларына» қарсы жорықтарға қатысты. 1490 жылы сәуірде соңғы рет Ұлы Ордаға қарсы бұл жолы ұлы Сатылғанмен бірге жорыққа шықты. Рахимзяновтың айтуынша, Нұрдәулет Қасыммен бірге біраз уақыт Кашираға да билік етті. Сірә, 1490 жылдың аяғында Қасымның тағы өзінің ұлы Сатылғанға өтті.
Ол Қасымда тұрды. 1498 жылы тамызда оған Меңлі Герейдің елшісі Шавал келді. Өмірінің соңғы жылдарында ауырды. 1502 жылы қарашада ауру күшейіп, 1503 жылы Нұрдәулет көз жұмды. Оның қайтыс болғаны жайлы 1503 жылы 22 қыркүйекте Қырым елшілігінде хабарлайды.
Ханзада Сатылғанның адамдары 1504 жылы 16 мамырда Меңлі Герейдің сұрағаны бойынша Нұрдәулеттің сүйегін Қырымға жіберу жайлы Ұлы кінәздан рұқсат сұрады. Бұл 1504-1505 жылдары қыста орындалды. Сондықтан, Нұрдәулет басқа Қасым билеушілері сияқты Қасымда емес, Қырымда жерленген.
## Әдебиет
* Вельяминов-Зернов В. В. III. Нұрдәулет // Қасым патшалары мен ханзадалары туралы зерттеу — 2. — СПб.: В тип. Имп. Академии наук, 1863. — Т. I. — Б. 91-148. — XIII, 558 б.
* Гайворонский О. Герейлердің шоқжұлдызы. — Симферополь, 2003.
* Рахимзянов Б. Р. Қасым патшалығындағы Қырым әулеті // Көзқарас: Ғылыми-зерттеу мақалаларының жинағы. — Қазан: Мастер Лайн, 2000. — 69—88 б.
## Дереккөздер |
Қасым (тат. Qasıym xan, Касыйм, قاسم) — ханзада, 1452-1469 жылдары Қасым хандығының алғашқы билеушісі, Ұлық Мұхаммед ханның ұлы. Городец Мещерскиймен (қазіргі Қасым) марапатталмас бұрын Звенигородқа (1446-1452) иелік етті.
Белев түбінде (1437) және Суздал маңындағы (1445) шайқас қатысушысы. Суздал шайқасында қазандықтар жеңіске жеткеннен кейін, бауыры Жақыппен бірге келісімшарттың сақталуын бақылау үшін Ұлы Ресей (Мәскеу) кінәздігіне аттанды. Орыс қызметінде қалды. 1446 жылы Звенигородты өзінің енші жері ретінде, ал 1452 жылы - татар хандығының астанасы болған Городец Мещерский жер үлесін алды.
Ұлы кінәз Василийге қосылып, олар оған адал қызмет етті: 1449 жылы олар онымен бірге Дмитрий Шемякаға барды; сол жылы олар Пахра өзені маңындағы орыс аймақтарын тонап, олардан барлық олжаларын тартып алған Сейітахмет татарларын жеңді. 1450 жылы олар Галич түбіндегі шайқасына қатысып, Битюг өзенінің маңында Ресейге келе жатқан Мәулімберді оғланды (Малберді) жеңді.
1467 жылы Қазан шонжарлары Қасымды жасырын түрде Ибраһим ханның орнына шақырды. Оған ол өзінің және Мәскеудің әскерлерімен Еділге жақындады, бірақ ештеңе істей алмады, өйткені Ибраһим онымен кездесуге алдын-ала дайындалды. Осы жорықтан кейін көп ұзамай Қасым қайтыс болды.
Ол, Қасым қайтыс болғаннан кейін ұлы Ибраһим ханға Қазанға оралған, ағасы Махмұттың жесіріне үйленді (1465 жылдан кейін).
## Әдебиет
* Вельяминов-Зернов В. В. I. Қасым // Қасым патшалары мен ханзадалары туралы зерттеу — 2. — СПб.: В тип. Имп. Академии наук, 1863. — Т. I. — Б. 3-72. — XIII, 558 б. |
Қасым хандығын (1452—1681) билеген хандар, сұлтандар (ханзадалар), бегімдер тізімі.
## Қазан әулеті
* Қасым, Ұлық Мұхаммед ханның ұлы, Қасым ханзадасы (1445—1468).
* Данияр, Қасым ханның ұлы, Қасым ханзадасы (1468—1486).
## Қырым әулеті
* Нұрдәулет хан, I Қажы Герейдің ұлы, Қасым ханы (1486—1491).
* Сатылған, Нұрдәулет ханның ұлы, Қасым ханзадасы (1491—1506).
* Жанай, Нұрдәулет ханның екінші ұлы, Қасым ханзадасы (1506—1512).
## Астрахан әулеті
* Шейхәулияр хан, Бақтияр сұлтанның ұлы, Қасым ханзадасы (1512—1516).
* Шаһғали хан, Шейхәулиярдың ұлы, Қасым ханзадасы (1516—1519), (1535—1546).
* Жанғали хан, Шейхәулиярдың ұлы, Қасым ханзадасы (1519—1531).
* Сайынболат (шоқыннан кейін Симеон) хан, Бекболат сұлтанның ұлы, Қасым ханы (1567—1573).
* Мұстафағали хан, Ғабдулла Ақкүбектің ұлы, Қасым ханы (1584—1590).
## Қазақ әулеті
* Ораз Мұхаммед хан, Ондан сұлтанның ұлы, Қасым ханы (1600—1610).
## Сібір әулеті
* Арслан хан, Әлидің ұлы, Қасым ханы (1614—1627).
* Сейітбұрхан (шоқыннан кейін Василий Арсланович), Арслан ханның ұлы, Қасым ханзадасы (1627—1679).
* Фатима Сұлтан бегім, Арслан ханның әйелі, Сейітбұрханның анасы, Қасым ханбикесі (1679—1681).
## Әдебиет
* Вельяминов-Зернов В. В. Қасым патшалары мен ханзадалары туралы зерттеу — 2. — СПб.: В тип. Имп. Академии наук, 1863. — Т. I. — XIII, 558 б. |
Әсет Арманұлы Ерғалиев (18 маусым 1986 жыл, Қостанай облысы, Қостанай) — қазақстандық саясаткер, 2023 жылдан бері Қазақстан президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, бұрынғы Ұлттық экономика министрі (2019–2021).
## Өмірбаяны
1986 жылғы 18 маусымда Қостанай қаласында дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар.
## Білімі
Негізгі мамандығы — экономист. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін меңгерген. 2008 жылы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтын (ҚМЭБИ) мемлекеттік саясат экономикасы саласында бакалавр дәрежесімен, сондай-ақ халықаралық алмасу бағдарламасы аясында Швециядағы Халықаралық Йонкопинг бизнес мектебін халықаралық экономика саласында ғылым бакалавры дәрежесімен бітірген. 2009 жылы Ұлыбританиядағы Йорк университетін экономикадағы ғылым магистрі дәрежесімен тәмамдаған. 2010 жылы Ұлыбританиядағы Ноттингем университетін бітіріп, экономикадағы философия магистрі дәрежесі берілді. «Ерен еңбегі үшін» медальмен марапатталған.
## Қызмет жолы
* 2010 жылғы қыркүйектен 2013 жылғы қаңтарға дейін — Ұлыбританияның Лондон қаласындағы Еуропа қайта құру және даму банкі Экономикалық департаментінің Шығыс Еуропа және Кавказ бойынша өңірлік талдаушысы.
* 2013 жылғы қаңтардан 2016 жылғы маусымға дейін — Ұлттық экономика министрлігі жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Вице-президенті, Басқарма Төрағасының Орынбасары, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма Төрағасы.
* 2016 жылғы қазан–желтоқсан аралығында — «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі.
* 2016 жылғы желтоқсаннан 2017 жылғы тамызға дейін — Премьер-Министрдің кеңесшісі.
* 2017 жылғы тамыздан 2018 жылғы қыркүйекке дейін — Премьер-Министр Кеңсесінің жобалық басқару орталығының меңгерушісі.
* 2018 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы наурызға дейін — ҚР Ұлттық экономика вице-министрі.
* 2019 жылғы наурыз–тамыз аралығында — Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары.
* 2019 жылғы тамыздан 2021 жылғы қаңтарға дейін — Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.
* 2021 жылғы қаңтардан 2022 қаңтарға дейін Ұлттық экономика министрі.
* 2022 жылғы 6 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.
* 2023 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
## Дереккөздер
Үлгі:Асқар Маминның министрлер кабинеті |
Дина Нурланқызы Исламбекова (10 тамыз 2000 жылы, Шымкент, Қазақстан) — қазақстандық боксшы. 2019 жылғы Әлем Чемпионатының жүлдегері.
## Мансап
Дина Исламбекова ересектер арасындағы турнирлерде 2019 жылы дебют жасаған.
Қазан айында Ұлан-Удэ қаласында өткен Олимпиада алдындағы Әлем Чемпионаты қазақстандық спортшы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша қытайлық спортшы Ян Сяолиден жеңіліп, жартылай финалдық жекпе-жекті аяқтады. Нәтижесінде бокстан әйелдер арасындағы XI Әлем чемпионатында, мансабындағы бірінші болып ол қола медальға ие болды.
## Ескертпелер
Үлгі:Ескертпелер
## Сыртқы сілтемелер
* Статистика боёв |
Александр Голбан (рум. Alexandru Golban; 28 ақпан 1979, Кишинев, КСРО) — молдавиялық футболшы, шабуылшы. Молдова Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
Карьерасында Молдова, Румыния, Украина, Әзірбайжан, Қазақстан чемпионаттарында доп тепті.
## Жетістіктері
### Командалық
* Қазақстан вице-чемпионы: 2008
* Қазақстан кубогының жартылай финалисі: 2008
* Молдова қола жүлдегері: 2010/11
### Жеке
* Қазақстан чемпионатының үздік шабуылшысы: 2008
* Молдовадағы жыл шабуылшысы: 2003
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
«Бақытсыз Жамал» — Міржақып Дулатұлының 1910 жылы жарық көрген, қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман.
Міржақып осы шығармасы арқылы бұдан кейін жазылған Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелік», С.Көбеевтің «Қалың мал», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу», т.б. романдарына жол ашты. Бұлардың бәрі де сол кезектегі аса маңызды әлеуметтік мәселеге арналды. Қазақ ауылының тұрмысы жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндады.
«Бақытсыз Жамал» романының оқиғасына арқак болған мәселе де осы, ескі әдет-ғұрыптың тұтқыны болған қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы.
Шығарма сол кезеңдегі қазақ даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін эпизодтан басталады.
... Жайлауға жаңа көшіп қонған ауыл. Саумалкөл маңына жағалай тігілген киіз үйлер. Бие байлап, қымыз сапырған жайма-шуақ ауыл адамдары. Қыстай араласа алмай, сағынысқан жұрт енді бірін-бірі қонаққа шақырып мәз. Үй жағалап қымыз ішкен жастар...
Осылайша жайбарақат жатқан ауылға патша ұлықтары келе жатқаны туралы хабар тарайды. Абыр-сабыр басталады. Ауыл сыртына үй тігіледі. Арнайы үйге келіп түскен екі ұлықты "ләббай, тақсыр" деп күткен ауылнайдың сөзінде де ерекше бір мақтаныш сезіледі.
Міржақып Дулатұлы осы шағын көріністі суреттеу арқылы өз заманының тұрмыс-жағдайын, адамдардың психологиясын дәлме-дел береді. Ауыл адамдарының өзара әңгімелерінен, ауылнай бастаған белсенділердің іс-әрекет, мінез-құлықтарынан жазушы мол сыр ұқтырады.
...Дәл осындай абыр-сабыр сәтте ауыл қазағы Сәрсенбайдын әйелі босанып, дүниеге қыз бала келгені туралы қуанышты хабар жетеді.
Дүниеге келген бұл сәби романның бас кейіпкері Жамал болатын. Табиғатынан зерек жаратылған Жамал молдадан ескіше, жаңаша оқып, хат таниды. Түрлі хисса-дастандарды көп оқиды. Бірқатарын жатқа да айтатын болады. Сөйтіп елдің көзіне түсіп, қыз айттырам деушілердің назарына ілігеді.
Жамал он бес жасқа келді. Сұлулық, ақыл, салтанат үшеуі бір-біріне муафиқ келіп, Жамал сол елдің қызының алды болды. Бұл айтылмыш артықшылығының үстіне сөзге бек ұста болып, өз ойынан шығарып өлең де жазатын болды. Олай-бұлай қалжыңмен сөйлескен бозбаланы сөйлетпейтін еді. Ел ішінде тілді бозбалалардың көзі түсе бастап, шет елдерге де "Сәрсенбайда бек көркем бір ақын қыз бар" деген лақап жайыла бастады.
Көркіне ақылы сай болып бойжеткен Жамалды Байжан деген бай баласы Жұманға айттырады. Қыз шешесінің қарсылығына қарамастан, Сәрсенбай болашақ құдасының байлығына қызығып, құдалыққа келіседі. Бірақ бай баласы топас, нашар болады. Жамал оны менсінбейді. Сөйтіп жүргенде бір тойда оқыған, мәдениетті, жаңаша киінген, сыпайы, әдепті Ғали деген жігітпен танысын, көңілдері жарасады. Арада біраз уақыт өтіп, қыздың Жұманға ұзатылар шағы туғанда, Жамал Ғалимен қол ұстасып қашып кетеді. Жастарды қудалау басталады. Сөйтіп жүргенде аяқ астынан Ғали ауырып қайтыс болады. Қайғыға батқан Жамал көп ұзамай Жұманға ұзатылады. Көрмеген қорлықты көреді. Ақыр аяғында бір боранды күні Ғалидың қабірінің басына барып, жылап жатып қайтыс болады.
Романда оқиға желісі—суреттелетін ауыл өмірі, әр түрлі әлеуметтік топтар өкілдері арасындағы қарым-қатынастар мен жекелеген адамдар түсінігіндегі қайшылықтар шырмауына түскен Жамал мен Ғалидың мөлдір махаббаты, өз еркіндіктеріне жету жолындағы үмтылысы осы арнада өрбиді. Ақыр аяғында трагедиямен аяқталады.
М. Дулатұлы бұл оқиғаны кездейсоқ болған бірді-екілі жай ретінде қарамайды. Ғашықтар трагедиясын ол қазақ даласындағы әлеуметтік мәселе дәрежесіне көтереді. Сол арқылы қазақ қыздарының бас еркі, жастардың өз қалауымен өмір сүру қажеттігі туралы ой ұсынады.
Жазушы үшін әйелдің бас бостандығы, өзінің сүйгеніне қосылып, өмір сүруге мүмкіндік алуы ең бір түйінді мәселе болды. Ол әйелдің арын аяққа басатын ескі әдет-ғұрыпқа үзілді-кесілді қарсы шығады.
Міржақып Дулатұлының романдағы Жамал бейнесін сомдаудағы жаңалығы да өзінің осы идеясына негізделеді.
Романдағы Ғали — сол замандағы оқыған, мәдениетті жастарының жиынтық бейнесі. Сырт келбетіне ақылы сай жігіт Ғалидың әрбір іс-әрекетінен, сөйлеген, жазған хаттарынан бұл қасиет айқын аңғарылады.
Ал шығармадағы Байжан бай, оның баласы Жұман, сондай-ақ Жамалдың әкесі Сәрсенбай, үлкен шешесі Қалампыр — ескі психологияның адамдары. Оларға адамгершіліктен гөрі байлық, шен мақтанышы қымбатырақ.
Тұтастай алғанда, "Бақытсыз Жамал" романы сол кездегі тарихи-әлеуметтік шындықты шынайы да көркем бейнелеуімен, авторлық идеяның айқындығымен өзінен кейінгі қазақ прозасының өркендеуіне дәстүрлі жол көрсетті, үлгі болды. |
Артур Гаврилович Шушеначев (7 сәуір 1998, Тараз, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Хапоэль Беар-Шева" клубының шабуылшысы.
## Карьерасы
### Клубтық
Тараз футболының түлегі. 2015 жылы "Тараздың" негізгі клубына қабылданғанымен алаңға шықпай, қосалқы құрамда қалды. Есесіне команданың фарм клубы сапында екінші лигада ойнады.
2017 жылы "Қайратқа" ауысты. 26 тамызда "Жетісуға" қарсы ойында тұңғыш рет чемпионатта алаңға шықты. Сол маусымда "Қайрат Жастар" клубында да ойнады. 2019 жылы 19 қарашада "Тобыл" қақпасына премьер лигадағы тұңғыш голын енгізді.
2020 жылы клубтың негізгі ойыншысына айналды.
2021 жылы 12 тамызда еурокубоктердегі тұңғыш голын сырт алаңда "Алашкерт" қақпасына енгізді, бұл УЕФА Еуропа лигасы болатын. 19, 26 тамыз күндері "Фола" қақпасына үш гол соқты (УЕФА Конференциялар лигасы).
### Ұлттық құрама
Қазақстанның 19, 21 жастағы құрамаларында ойнады. Негізгі құрамдағы алғашқы ойындарын 2021 жылы қыркүйекте ӘЧ-2022 іріктеуінде Украина, Финляндия, Босния және Герцеговина құрамаларына қарсы өткізді.
## Жетістіктері
* Қазақстан чемпионы: 2020
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2017, 2018, 2019
* Қазақстан кубогы: 2017, 2018, 2021
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Балқия — Міржақып Дулатұлы жазған 4 перделі драма. 1922 жылы Орынборда басылып шыққан.
Пьесада «Бақытсыз Жамалдағы» сияқты қалыңмалға қарсы, өзінің бас бостандығы жолында белсенiп әрекетке шыққан қыздың тағдыры көрсетіледі. Балқияның басындағы хал дәл баяғы Жамалдың басында болған жағдаймен бірдей. Мұны да әкесі жасында болыстың баласына, қыздың өзі сүймейтін, теңдесі емес бір нашар жігітке айттырып, қалыңмалын алып қойған. Бірақ пьесадағы Балқия бейнесі Жамалдан өзгеше, өзінің тағдырына өз көзқарасы әбден қалыптасқан, шешімі берік. Сол жолда істен де, сөзден де тайынбайтын бекем, бірбеткей. Сахнада алғаш көрсетілген қыз монологынан біз осыны байқаймыз:
Дүниеде қыздай сорлы бар ма екен?! Кім мал берсе, соған кете бергені. Қалыңмалды шығарған қандай көріңде өкіргір екен... Батасыз кеткірлер, баталарың бұзылмақ түгіл тас-талқан болсын... Өмірімше күңдікте жүрерім жоқ.
## Кейіпкерлер
* Жарасбай — дәулетті адам, жасы 68-де.
* Өлмес — оның тоқалы, жасы 33-те.
* Балқия — Жарасбайдың қызы. Ақылды, ашық ойлы, жасы 19-да.
* Мұрат — Жарасбайдың ұлы. Мұғалімнен оқып жүрген, жасы 11 -де.
* Қасым — осы ауылдағы жадит мұғалімі. Пікірлі, халықшыл жігіт, жасы 25-те.
* Нұрмақ — кедей, есті адам, жасы 44-те.
* Сағила — Жарасбайдың інісінің қызы, жасы 17-де.
* Молда — ескі пікірлі, өзімшіл, қиянатты надан, жасы 47-де.
* Бектұрсын — болыс пен молдаға жарамсақтанып жүретін ақсақал, жасы 57-де.
* Көпжасар — даукес, пасық адам, жасы 40-та.
* Болыс — бай, жебір, зорлықшыл адам, жасы 53-те.
* Тілмаш — болыспен жемтіктес, сұм жігіт, жасы 31-де.
* Бұзаубақ — болыстың шабары, алаңғасар, жасы 25-те.
* Қамбар — молданың атшысы, жасы 26-да.
* Ахметжан — Учитель. Қасымның досы, жасы 24-те.
* Құлтас — Қасым, Ахметжанмен пікірлес, жасы 22-де.
* Пристав — болыстан пара алып жүрген тамыры, жасы 32-де.
* Полицейский — жасы 29-да.
## Дереккөздер |
Шейхәулияр хан (Шәехәүлияр, тат. Şəyexawliər xan, شيخ اوليار) — татар ханзадасы, 1512-1516 жылдардағы Қасым билеушісі, Бақтияр сұлтанның ұлы және Ұлы Ордалық Кіші Мұхаммед ханның немересі, Қасымдағы «Астрахан әулетінің» негізін қалаушы. Ноғай биі Ысмайылдың қызы Шаһ Сұлтанға (شاهسلطان) үйленген.
1502 жылы Қырым ханы I Меңлі Герей Сарайды бағындырды. Ахмет ханның кейбір ұлдары мен жиендері Ресейге қашып кетті. Олардың арасында Шейхәулияр да болды.
1502 жылдан бастап Сурожикке иелік етті. Литваға қарсы жорыққа қатысты.
1512 жылы Жанай қайтыс болғаннан кейін Қасымды мұрагерлікке алды.
## Әдебиет
* Вельяминов-Зернов В. В. VI. Шейхәулияр // Қасым патшалары мен ханзадалары туралы зерттеу — 2. — СПб.: В тип. Имп. Академии наук, 1863. — Т. I. — Б. 217-246. — XIII, 558 б. |
Артур Гаврилович Шушеначев (7 сәуір 1998, Тараз, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Хапоэль Беар-Шева" клубының шабуылшысы.
## Карьерасы
### Клубтық
Тараз футболының түлегі. 2015 жылы "Тараздың" негізгі клубына қабылданғанымен алаңға шықпай, қосалқы құрамда қалды. Есесіне команданың фарм клубы сапында екінші лигада ойнады.
2017 жылы "Қайратқа" ауысты. 26 тамызда "Жетісуға" қарсы ойында тұңғыш рет чемпионатта алаңға шықты. Сол маусымда "Қайрат Жастар" клубында да ойнады. 2019 жылы 19 қарашада "Тобыл" қақпасына премьер лигадағы тұңғыш голын енгізді.
2020 жылы клубтың негізгі ойыншысына айналды.
2021 жылы 12 тамызда еурокубоктердегі тұңғыш голын сырт алаңда "Алашкерт" қақпасына енгізді, бұл УЕФА Еуропа лигасы болатын. 19, 26 тамыз күндері "Фола" қақпасына үш гол соқты (УЕФА Конференциялар лигасы).
### Ұлттық құрама
Қазақстанның 19, 21 жастағы құрамаларында ойнады. Негізгі құрамдағы алғашқы ойындарын 2021 жылы қыркүйекте ӘЧ-2022 іріктеуінде Украина, Финляндия, Босния және Герцеговина құрамаларына қарсы өткізді.
## Жетістіктері
* Қазақстан чемпионы: 2020
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2017, 2018, 2019
* Қазақстан кубогы: 2017, 2018, 2021
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Мұстафағали (тат. Mostafağali, Мостафагали, مصطفى علی) — Қасым ханы (1584 сәуір - 1590 бұрын емес). Ғабдулла Ақкүбек сұлтанның ұлы, Ахмет ханның шөпшегі.
Ағайынды Будали мен Мұстафағалидің жасақ саны 100 адамға жететін.
Әйелі романовтық мырза Әли бин Құтымның қызы - Салтан бике. Қызы Тақбілді (1591-1608). |
Ғабдулла Ақкүбекоғлы (тат. Ğabdulla Aqkübek uğlı, Габдулла Аккүбек улы; 1533—1570) — Астрахан ханзадасы.
Астрахан ханы Ақкүбектің ұлы. 1533 жылы туған. Ғабдулла Ақкүбекұлы өзінің жасағымен бірге Қасымда орналасты. 1552 жылы мамырда Ресейге жол тартты. Иван Грозный патша сол уақытта оны Шаһғали ханның жиеніне (Жанғалидің қызы) үйлендіріп, оған Юриев қаласын сыйлады.
Ол 1570 жылы қайтыс болды. Қасымда, Шаһғали ханның кесенесінде жерленген
## Балалары («Ғабдуллаоғлылар»)
* Будали ханзада (Будалуй, بودا علی; шам. 1558 — 1583 қаңтар) Қасымда, Шаһғали ханның кесенесінде жерленген.
* Мұстафағали (Мустафалей, مصطفى علی) — Қасым ханы.
* Арсланғали ханзада (ارسلان علی) — Рузамен иелік етті.
* Сайынболат ханзада (ساین بولاط) — Ғабдуллаұлы.
* Мұртазағали (مرتضى علی, шоқыннан соң Михаил) — Звенигородпен иелік етті. |
Жанғали (тат. Canğali xan, Җангали, جان علی) — Қасым билеушісі, ханзада (1519-1532), Қазан ханы (1532-1535). Шейхәулияр сұлтанның ұлы, Қазан ханы Шаһғалидың бауыры. Қазан тағына отырғанға дейін (1532) оны ханзада деп атаған.
1519 жылы Мәскеудің ұлы кінәзі III Василийден Қасым тағын ағасы Шаһғали Қазанға кеткеннен кейін алды. Шаһғали оралғаннан кейін де (1521) ханзада атағын сақтап қалды. 1532 жылы қазандықтардың өтінішімен Қазан тағына отырды, дегенімен шынайы билік қарашыбек Болат Шырын мен ханбике Гауһаршадтың қолында болды.
1533 жылы маусымда Ноғай биі Жүсіптің қызы Сүйімбикеге үйленді. Жанғали ханның қызын Ғабдулла Ақкүбекоғлы әйелдікке алды.
1535 жылы оны Қазан шонжарлары тақтан тайдырып, Ескі Қазанға жер аударды. Қазан кремлінде жерленген. |
Шаһғали хан (тат. Şahğəli xan, شاه علی) — Қасым билеушісі (1516-1519, 1537-1546, 1546-1551, 1552-1566), Қазан ханы (1519 сәуір - 1521 мамыр, маусым - 1546 шілде, 1551 тамыз - 1552 наурыз). Шейхәулияр мен Шаһ Сұлтанның ұлы, Қазан ханы Жанғалидің ағасы. Алдымен 1519 жылғы Қазан тағын («билік ету») иеленуге дейін оны ханзада (сұлтан), кейіннен хан деп атаған.
## Өмірбаяны
Шаһғалидің әкесі - Сарай ханы Темірқұтылық руынан шыққан - Бақтияр сұлтанның немересі - Шейхәулияр сұлтанның ұлы, Ұлы Ордалық Жошы ұрпағы және Ұлы Орда ханы Ахметтің жиені.
1516 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін Қасым тағына ие болды. 1519 жылы оны Мәскеудің талап етуімен Болат Шырын бастаған хандық ақсүйектері Қазан тағына шақырды. 1519 жылы сәуірде таққа отыру рәсімінде Қазанға әскери жасақпен келген Ресей елшісі Федор Карпов пен воевода Василий Юрьевич Поджогин болды. Елші Карпов хандықтың ішкі істеріне белсенді араласып, үкіметті алмастырып жүрді, бұл жаңа ханға наразылық тудырып, 1521 жылдың көктемінде оны тақтан тайдыруға әкелді.
1523 жылы Қазан-Ресей соғысы кезінде ол орыс әскерлерін басқарды, оның басшылығымен армия белсенділік танытпады, тек черемистер мен чуваштар жерлерінің тонауымен шектелді.
1526 жылы Мәскеуге келген Герберштейн Шаһғалиді кінәздік аң аулауда көрді. Шаһғали хан барлық жерде ұлы кінәз Василийдің оң жағында болды.
1532 жылы қыркүйекте Кашира мен Серпуховты алды да, сонда кетіп қалды. Алайда, Қазанмен байланысы үшін сотталып, 1535 жылдың аяғына дейін тұтқында болған 1533 жылы қаңтарда Белоозерскке айдалды. Бірақ оның адамдары ханның өзіне қарағанда көп зардап шекті: 1535 жылы маусымда 80-ге жуық адам - Шаһғалидің татарлары түрмеге жабылды. Оларды аштан қатырып өлтірді, ал табиғи өліммен өлмегендерді өлім жазасына кесті. Олардың әйелдері мен балаларын 1536 жылдың қысында шоқындырды. Осы уақытта кәмелетке толмаған Иван Васильевичтің кезінде анасы Елена Глинская регент болды. 1536 жылы қаңтарда оны Мәскеудегі әйелі Фатимамен бірге ұлы кінәз Иван Васильевич пен ұлы кінәгинә Елена Глинская кешіріп, салтанатты түрде қабылдады. Сірә, содан кейін Қасымға билік етуге жіберді.
Ресей патшалығының Қазан хандығына қарсы жорықтарына қатысты (1537, 1540, 1541, 1548, 1552). 1546 жылы елші, ұлы кінәз Евстатий Андреевтің көмегімен Қазан тағына қысқа уақыт отырды, бірақ Сафа Герей хан оны қуып шығарды.
1552 жылы Иван Грозныйдың өтінішімен Қазан тағын тастап кетті.
1557 жылдың соңында Ливонияға қарсы жорыққа аттанды. Ливонияны қатты қиратқан Шаһғали 1558 жылдың 1 қыркүйегінде Мәскеуге барып, оны патша Иван Васильевич қабылдады. 1562 жылы Полоцкке қарсы жорыққа қатысты, бірақ қаланың өзін алуға қатыспады. 1564-1565 жылдары Великие Луки аймағындағы шекараны күзетті.
Кейбір мәліметтер бойынша, Қасымда Хан мешітін салдырды.
## Отбасы
Оның соңғы әйелі 1553 жылы Сүйімбике болған.
Шаһғали перзентсіз қайтыс болды. Кезінде оның үйіне кіргізіп, қызы ретінде өсірген қарындасы - Жанғалидің қызы - Қазан ханшайымы болған. 1550-1552 жылдары ноғай Ысмайыл мырза ұлына айттырып берді, бірақ бұл үйлену тойы болмады, өйткені Ресей үкіметі Қазан ханшайымын шетелге жіберуге рұқсат бермеді. 1552 жылы мамырда ханшайым Ресейге қызмет етуге барып, Юрьев қаласын бақылауға алған Астрахан ханзадасы Ғабдуллаға тұрмысқа шықты. Жанғалидің қызынан басқа, Шаһғали тағы екі жақын туыстарын өсірді (бірақ қыздары емес) - Хан Сұлтан мен Мағи Сұлтан: «Біріншісі 1558 жылы қыз кезінде, 27 жаста көз жұмды, екіншісі Шаһғалиден ұзақ өмір сүрді және қайтыс болған кезде ол әлі тұрмысқа шықпаған еді». Шаһғали қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай Ресей үкіметі Қырым ханы Дәулетке ұлын немесе немересін Мағи Сұлтанға үйлендіріп, Қасымды қалыңмал ретінде алуды ұсынды.
Қасымда 1556 жылы салған кесенесінде жерленген. Шаһғали қабіріне ескерткішті оның асырап алған қызы Мағи Сұлтан орнатқан.
## Әдебиет
* Вельяминов-Зернов В. В. Қасым патшалары мен ханзадалары туралы зерттеу — 2. — СПб.: В тип. Имп. Академии наук, 1863. — Т. I. — XIII, 558 б.
* Худяков М. Г. Қазан хандығы тарихының очерктері / М. Г. Худяков — 3. — Мәскеу: НПО «ИНСАН», 1991. — 318 б. — ISBN 5-85840-253-4. |
Ақкүбек (тат. Aqkübek, Аккүбәк) — Астрахан ханы (1532–1533, 1545–1546, 1547–1550), Сібір ханы Мұртазаның үлкен ұлы және Ахмет ханның немересі.
Ноғай Ордасының әлсіреуін пайдаланып, 1532 жылы шеркестердің көмегімен Қасымнан тақты тартып алды. Ол хандықты нығайту саясатын жүргізді. 1533 жылы оны Әбдірахман тақтан тайдырды. 1545 жылы билікке қайтып келді. 1546 жылы оны өзінің жиені Жамқұршы тақтан құлатып, қуып жіберді, бірақ 1547 жылы Қырым ханы I Сахиб Герейдің көмегімен билікке қайта оралды. Ақырында Жамқұршы Ресей үкіметінің қолдауымен оны биліктен кетірді.
Ұлы Ғабдулла мен ноғай биі Жүсіптің ұлы Ақмырзаға тұрмысқа шыққан қызын қалдырып кетті.
## Сілтеме
* Астрахан хандығы |
Жан Әли Қазыбекұлы Пайруз (12 тамыз 1999, Тараз) — қазақстандық футболшы, "Шахтер" клубының шабуылшысы.
## Карьерасы
### Клубтық
"Астана", "Шахтер" клубтарының түлегі. 2017 жылы "Шахтер" сапында кәсіпқой карьерасын бастады. 2018 жылғы маусымды "Шахтер-Болат" клубында арендада өткізіп, бірінші лигада 10 кездесуде алаңға шықты.
2019 жылы "Шахтерге" қайта оралды.
### Құрама
Қазақстанның бірнеше жастағы құрамаларында ойнады.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Жан Әли Қазыбекұлы Пайруз (12 тамыз 1999, Тараз) — қазақстандық футболшы, "Шахтер" клубының шабуылшысы.
## Карьерасы
### Клубтық
"Астана", "Шахтер" клубтарының түлегі. 2017 жылы "Шахтер" сапында кәсіпқой карьерасын бастады. 2018 жылғы маусымды "Шахтер-Болат" клубында арендада өткізіп, бірінші лигада 10 кездесуде алаңға шықты.
2019 жылы "Шахтерге" қайта оралды.
### Құрама
Қазақстанның бірнеше жастағы құрамаларында ойнады.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Денис Александрович Поляков (белар. Дзяніс Аляксандравіч Палякоў; 17 сәуір 1991 жыл, Минск) — беларусьтік футболшы, Беларусь Ұлттық футбол құрамасы мен "Хапоэль Хайфа" клубының қорғаушысы. 2010 жылдан бері ұлттық құрамада ойнайды.
## Жетістіктері
### Командалық
БАТЭ
* Беларусь чемпионы (7): 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018
* Беларусь суперкубогы (5): 2013, 2014, 2015, 2016, 2017
* Беларусь кубогы: 2014/15
«Шахтёр» (Солигорск)
* Беларусь чемпионытының күміс жүлдегері: (2): 2010, 2011
* Достастық кубогының финалисі: 2011
«Апоел»
* Кипр чемпионы: 2017/18
«Қайрат»
* Қазақстан чемпионы: 2020
* Қазақстан кубогы: 2021
"Астана"
* Қазақстан чемпионы: 2022
Беларусь
* Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 2011
### Жеке
* Беларусь чемпионатындағы үздік 22 (6): 2010, 2011, 2012, 2015, 2016, 2017
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі (www.worldfootball.neт)(қолжетпейтін сілтеме) |
Леңгір қалалық әкімдігі – Түркістан облысы Төле би ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамында – Леңгір қаласы.
## Дереккөздер |
Төлеген Қағазов (1913 Атырау облысы, Жылыой ауданы, Жаршық ауылы – 1988, Маңғыстау облысы, Шетпе ауылы) – комсомол, партия, кеңес қайраткері.
## Еңбек жолы
* Еңбек жолын 1930 жылы Мақат мұнай өнеркәсібінде бұрғышының көмекшісі болып бастады.
* Атырау зоотехникалық малдәрігерлік техникумын бітірді.
* 1932-35 жылдары Мақат, Қосшағыл мұнай өндірісі комсомол комитетінің хатшысы, Атырау округтік комсомол комитетінің нұсқаушысы.
* 1935-38 жылдары Батыс Қазақстан (Орал), Атырау облыстық комсомол комитеттері шаруа-жастар бөлімінің меңгерушісі.
* 1938-42 жылдары Атырау облыстық комсомол комитетінің 1 хатшысы.
* 1942-43 жылдары Мақат ауданының партия комитетінің 2 хатшысы.
* 1943-44 жылдары Атырау облыстық партия комитеті ауыл шаруашылығын бөлімінің меңгерушісі.
* 1944-46 жылдары Жоғары партия курсының тыңдаушысы.
* 1947-65 жылдары Бақсай ауданың партия комитетінің 2 хатшысы, Шевченко және Манғыстау ауданының партия комитеттерінің 1 хатшысы.
* 1965-88 жылдары Манғыстау ауданының және Шетпе кентінде кеңес аткомының төрағасы қызметтерін атқарды.
## Марапаттары
Қағазов бойындағы бар қабілет-жігерін Отан, партия, ел алдындағы борышын адал атқаруға қаяусыз арнай білді. Респ. Партия ұйымының тексеру комиссиясының мүшесі, бірнеше мәрте Атырау, Маңғыстау обл. комитеттерінің мүшесі, Маңғыстау ауд., Шетпе пос. кеңестерінің депутаты болып сайланды. 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет Белгісі” ордендерімен және медальдармен марапатталды. |
Шардара қалалық әкімдігі – Түркістан облысы Шардара ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамында – Шардара қаласы.
## Дереккөздер |
Сағи Сенімұлы Совет (15 наурыз 2000 жыл, Далақайнар, Шу ауданы, Жамбыл облысы) — қазақстандық футболшы, "Астана" клубының қорғаушысы.
## Карьерасы
### Клубтық
"Астана" клубының түлегі. "Астана" жастар клубы сапында төменгі лигаларда ойнады. 2018 жылы 18 сәуірде "Мақтааралға" қарсы Қазақстан кубогын матчында тұңғыш рет кәсіби футболшы ретінде алаңға шықты.
2020 жылы тамызда "Арыс" клубына жалға берілді (75 мың еуроға). 31 желтоқсанда "Астанаға" қайта оралды.
2021 жылы наурыз айында Қазақстан суперкубогына қатысты. 13 наурызда Түркістанның "Тұран" клубына қарсы ойында Қазақстан чемпионатындағы тұңғыш ойынын өткізді.
### Құрама
Қазақстанның 17 жасқа дейінгі құрамасы сапында 2017 жылғы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеуіне қатысты.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы (23 наурыз 1966 жыл, Таушық ауылы, Гурьев облысы) — қазақстандық ғалым, педагог және мемлекеттік қайраткер, техника ғылымдарының кандидаты, 2023 жылдан бастап Қазақстан Мәжiлiсі VIII-сайланымының депутаты.
Байұлы тайпасының Адай руының Бөкен бөлімінен шыққан. Бұрын Жаңбыршин Ақтау қаласының әкімі (2012–2015) болған.
## Білім алған орындары және мамандығы
1990 - Алматы энергетикалық институты, «Жылу электр станциялары» мамандығы».
1993 ж. - техника ғылымдарының кандидаты (Диссертация тақырыбы: «Уытты шығарындылардың деңгейі төмендеген ілеспе мұнай газдары үшін микрофлам оттықты жасау»).
1998 - «Энергетика» мамандығы бойынша доцент, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі.
2005 - техника ғылымдарының докторы (Диссертация тақырыбы: "Мұнай-газ кешені ластаушы заттарының табиғи ортаға әсерін экологиялық бағалау" (Маңғыстау облысы мысалында)).2013 - Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академиялық кеңесшісі.
2019 - Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясы, мемлекеттік және муниципалды басқару магистрі (бағдарлама - қоғаммен байланыс және медиа саясат).
## Атқарған қызметтері
1990-1992 жж - Алматы энергетика институтының жылу электр станциялары кафедрасының ассистенті.
1992-1993 жж - Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Жоғары білім Бас басқармасының жетекші маманы.
1993-1995 жж - аға оқытушы, доцент, Ақтау политехникалық институтының ғылыми хатшысы.
1995-1999 жж - атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің мұнай-химия факультетінің деканы Ш.Есенова.
1999-2000 - Орталық Азия университеті Ақтау филиалы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
1999-2003 - Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты.2000-2007 - атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Ақтау филиалының директоры Букетова Е., Маңғыстау облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы.
2002 ж. - Қазақстан Парламенті Сенатының кандидаты.
2007-2008 жж. - «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2008—2011 - «Азия Техно Сервис» ЖШС директоры.
2011-2012 - Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының бастығы.
2012 жылғы 12 қыркүйектен бастап 2015 жылғы 10 шілдеге дейін - Ақтау қаласының әкімі.Қазіргі уақытта «Азия Техно Сервис» ЖШС директорының инновация жөніндегі орынбасары.
Осы қызметке Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов тағайындалды.
2021 жылдың 12 қаңтарынан - VІІ шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
## Қоғамдық және саяси қызметі
Ол «Егер Қазақстанда екі әкім сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресіп жатса, мен солардың бірімін» деген сияқты сөздерімен танымал.
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2 (1999-2003) және 4 (2007-2012) шақырылымдарының депутаты
2007 жылы «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық сайлауалды штабының төрағасы.
Маңғыстау облысы бойынша Тәртіптік кеңестің мүшесі, 2007-2008 жж.
М.Х. атындағы Тараз мемлекеттік университетіндегі 25.00.36 - «Геоэкология» және 03.00.16 - «Экология» мамандықтары бойынша докторлық диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңестің мүшесі. Дулати, 2008-2010 жжМаңғыстау облысы әкімі жанындағы экологиялық кеңес төрағасының орынбасары, 2012-2015 жж.
«Біріккен қалалар және жергілікті өзін-өзі басқару» Дүниежүзілік ұйымының Атқарушы бюросының мүшесі, 2013-2015 жж.
2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Халықаралық астаналар мен ірі қалалар ассамблеясының сарапшылық кеңесінің мүшесі (Мәскеу).
Ақтауда «Біртұтас қалалар және жергілікті билік» Дүниежүзілік ұйымымен, Дүниежүзілік мұра қалалар ұйымымен, Түркі әлемі муниципалитеттер одағымен, сондай-ақ: Карамай (ҚХР), Махачкала (РФ) қалаларымен халықаралық қатынастар орнатудың бастамашысы. ), Самсун (Түркия), Элиста (РФ), Клайпеда (Литва).Ұйымдастыру комитетінің төрағасы: ЮНЕСКО, OWHC, UCLG қамқорлығымен өткен VIIІ Еуразиялық әлемдік мұра қалаларының халықаралық конференциясы (Ақтау қ., 2014 ж.) Және ХХІІІ шеңберіндегі «Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа жаңа технологияларды енгізу» Халықаралық конференциясы. Халықаралық астаналар мен ірі қалалар ассамблеясының сессиясы (Ақтау, 2015).
2014 жылы Қазақстан Республикасы облыс орталықтары әкімдіктерінің рейтингіне сәйкес Е.Т. Ақтау қаласының Жаңбыршин әкімшілігі 1 орынға ие болды.
## Ғылыми қызметі
Қазақстан Республикасының өнертабыстарына арналған 3 патент пен 3 патенттің және 90-нан астам ғылыми, ғылыми-әдістемелік және публицистикалық жұмыстардың авторы.
Ғылыми еңбектер шетелдік журналдарда және келесі елдерде өткізілген Халықаралық ғылыми конгресстердің, симпозиумдар мен конференциялардың материалдарында жарияланған: Иран Ислам Республикасы (Горган-1997, Рашт-2001); Англия (Лондон 2002); Германия (Берлин 2002, Юйч 2004); АҚШ (Хьюстон 2003, 2005, Альбукерке 2004, Портленд, Канзас, Сан-Антонио 2006); Жапония (Киото-2008), Канада (Оттава-2011), Венгрия (Будапешт-2013), Ресей (Мәскеу-2013, 2015, 2018).
9 ҒЗТКЖ-ға және басқа ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысты, оның 8-і ғылыми жетекші ретінде.Ғылыми зерттеулердің нәтижелері: «Доссорнефть» НГДУ (1991 ж.), «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ (1999 ж.), «Maersk Oil Kazakhstan GmbH (2003 ж.),« Өзенмұнайгаз »ААҚ,« Маңғыстаумұнайгаз »ААҚ (2001-2004 жж.), АҚ өндірістік объектілерінде». CNPC-Ақтөбемұнайгаз »(2006), сондай-ақ аймақтық департаменттердің әдістемелік ұсынымдары мен бағдарламаларында қолданылады: табиғатты пайдалану бойынша; қоршаған ортаны қорғау; экономика, өнеркәсіп және сауда (Ақтау, 2000-2004).
Оның ғылыми жетекшілігімен «Геоэкология» мамандығы бойынша 1 техника ғылымдарының докторы және 2 техника ғылымдарының кандидаты дайындалды.
## Марапаттары
* 2020 (3 желтоқсан) - «Құрмет» ордені.
* 2005 - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Алғыс хаты.
Үкіметтік медальдар, оның ішінде:
* «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001)
«Астанаға 10 жыл» медалі (2008)
* «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011 ж.)
* «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 20 жыл» медалі (2014 ж.)
* «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» медалі (2015 ж.)
* «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016 ж.)
Белгілер, оның ішінде:
* «Ақтауға 50 жыл» (2013), «Маңғыстау облысына 35 жыл», «Маңғыстау облысына 40 жыл», «Маңғыстау мұнайына 50 жыл» медальдары.
* «ТМД қалаларының тұрақты дамуына қосқан үлесі үшін» Халықаралық астаналар мен ірі қалалар қауымдастығының төсбелгісі және т.б.
## Сыртқы сілтемелер
Еділ Терекбайұлы
## Дереккөздер
* http://tumba.kz/zhizn-regiona/16-kultura/4986-fort-shevchenko.html
* http://www.kgr.kz/ru/veteran/view?id=67
* https://web.archive.org/web/20150722015150/http://www.kgr.kz/ru/veteran/view?id=67
* http://library.psu.kz/index.php?option=com_catalog&cat=transactions&n=812&lang=rus Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
* http://www.aktau.gov.kz/ru/blog_akima/biografia/ Мұрағатталған 22 шілденің 2015 жылы.
* http://tengrinews.kz/kazakhstan_news/v-aktau-naznachen-novyiy-akim-220213/
* https://liter.kz/utverzhden-spisok-deputatov-mazhilisa-ot-nur-otan/http://newtimes.kz/vlast/item/9228-edil-zhanbyrshin-esli-v-kazakhstane-najdutsya-dva-akima-boryushchikhsya-s-korruptsiej-ya-odin-iz-nikh
* https://web.archive.org/web/20150722091844/http://newtimes.kz/vlast/item/9228-edil-zhanbyrshin-esli-v-kazakhstane-najdutsya-dva-akima-boryushchikhsya-s-korruptsiej-ya-odin-iz-nikh
* https://www.zakon.kz/4681175-rejjting-kachestva-raboty-akimatov.html
* https://web.archive.org/web/20180308042700/https://www.zakon.kz/4681175-rejjting-kachestva-raboty-akimatov.html
* https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/136736?lang=ru |
Валерий Николаевич Чуперка (мол. Valeriu Ciupercă; 12 маусым 1992 жыл, Тирасполь, Молдова) — молдовалық футболшы, "Кубань" клубының жартылай қорғаушысы.
## Карьерасы
2021 жылдың басында "Тамбов" клубынан "Астана" клубына еркін агент ауысты. Наурыз айында Түркістанда өткен Қазақстан суперкубогында жаңа клубы сапында тұңғыш рет алаңға шықты.
Молдованың бірнеше жастағы құрамаларында ойнаған. Молдова Ұлттық құрамасында бір ғана кездесу өткізді.
## Жетістіктері
### Командалық
«Анжи»
* Ресей бірінші лигасының күміс жүлдегері: 2014/15
«Томь»
* Ресей бірінші лигасының қола жүлдегері: 2015/16
«Тамбов»
* Ресей бірінші лигасының чемпионы: 2018/19
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Валерий Николаевич Чуперка (мол. Valeriu Ciupercă; 12 маусым 1992 жыл, Тирасполь, Молдова) — молдовалық футболшы, "Кубань" клубының жартылай қорғаушысы.
## Карьерасы
2021 жылдың басында "Тамбов" клубынан "Астана" клубына еркін агент ауысты. Наурыз айында Түркістанда өткен Қазақстан суперкубогында жаңа клубы сапында тұңғыш рет алаңға шықты.
Молдованың бірнеше жастағы құрамаларында ойнаған. Молдова Ұлттық құрамасында бір ғана кездесу өткізді.
## Жетістіктері
### Командалық
«Анжи»
* Ресей бірінші лигасының күміс жүлдегері: 2014/15
«Томь»
* Ресей бірінші лигасының қола жүлдегері: 2015/16
«Тамбов»
* Ресей бірінші лигасының чемпионы: 2018/19
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы (23 наурыз 1966 жыл, Таушық ауылы, Гурьев облысы) — қазақстандық ғалым, педагог және мемлекеттік қайраткер, техника ғылымдарының кандидаты, 2023 жылдан бастап Қазақстан Мәжiлiсі VIII-сайланымының депутаты.
Байұлы тайпасының Адай руының Бөкен бөлімінен шыққан. Бұрын Жаңбыршин Ақтау қаласының әкімі (2012–2015) болған.
## Білім алған орындары және мамандығы
1990 - Алматы энергетикалық институты, «Жылу электр станциялары» мамандығы».
1993 ж. - техника ғылымдарының кандидаты (Диссертация тақырыбы: «Уытты шығарындылардың деңгейі төмендеген ілеспе мұнай газдары үшін микрофлам оттықты жасау»).
1998 - «Энергетика» мамандығы бойынша доцент, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі.
2005 - техника ғылымдарының докторы (Диссертация тақырыбы: "Мұнай-газ кешені ластаушы заттарының табиғи ортаға әсерін экологиялық бағалау" (Маңғыстау облысы мысалында)).2013 - Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академиялық кеңесшісі.
2019 - Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясы, мемлекеттік және муниципалды басқару магистрі (бағдарлама - қоғаммен байланыс және медиа саясат).
## Атқарған қызметтері
1990-1992 жж - Алматы энергетика институтының жылу электр станциялары кафедрасының ассистенті.
1992-1993 жж - Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Жоғары білім Бас басқармасының жетекші маманы.
1993-1995 жж - аға оқытушы, доцент, Ақтау политехникалық институтының ғылыми хатшысы.
1995-1999 жж - атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің мұнай-химия факультетінің деканы Ш.Есенова.
1999-2000 - Орталық Азия университеті Ақтау филиалы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
1999-2003 - Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты.2000-2007 - атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Ақтау филиалының директоры Букетова Е., Маңғыстау облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы.
2002 ж. - Қазақстан Парламенті Сенатының кандидаты.
2007-2008 жж. - «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2008—2011 - «Азия Техно Сервис» ЖШС директоры.
2011-2012 - Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының бастығы.
2012 жылғы 12 қыркүйектен бастап 2015 жылғы 10 шілдеге дейін - Ақтау қаласының әкімі.Қазіргі уақытта «Азия Техно Сервис» ЖШС директорының инновация жөніндегі орынбасары.
Осы қызметке Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов тағайындалды.
2021 жылдың 12 қаңтарынан - VІІ шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
## Қоғамдық және саяси қызметі
Ол «Егер Қазақстанда екі әкім сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресіп жатса, мен солардың бірімін» деген сияқты сөздерімен танымал.
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2 (1999-2003) және 4 (2007-2012) шақырылымдарының депутаты
2007 жылы «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық сайлауалды штабының төрағасы.
Маңғыстау облысы бойынша Тәртіптік кеңестің мүшесі, 2007-2008 жж.
М.Х. атындағы Тараз мемлекеттік университетіндегі 25.00.36 - «Геоэкология» және 03.00.16 - «Экология» мамандықтары бойынша докторлық диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңестің мүшесі. Дулати, 2008-2010 жжМаңғыстау облысы әкімі жанындағы экологиялық кеңес төрағасының орынбасары, 2012-2015 жж.
«Біріккен қалалар және жергілікті өзін-өзі басқару» Дүниежүзілік ұйымының Атқарушы бюросының мүшесі, 2013-2015 жж.
2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Халықаралық астаналар мен ірі қалалар ассамблеясының сарапшылық кеңесінің мүшесі (Мәскеу).
Ақтауда «Біртұтас қалалар және жергілікті билік» Дүниежүзілік ұйымымен, Дүниежүзілік мұра қалалар ұйымымен, Түркі әлемі муниципалитеттер одағымен, сондай-ақ: Карамай (ҚХР), Махачкала (РФ) қалаларымен халықаралық қатынастар орнатудың бастамашысы. ), Самсун (Түркия), Элиста (РФ), Клайпеда (Литва).Ұйымдастыру комитетінің төрағасы: ЮНЕСКО, OWHC, UCLG қамқорлығымен өткен VIIІ Еуразиялық әлемдік мұра қалаларының халықаралық конференциясы (Ақтау қ., 2014 ж.) Және ХХІІІ шеңберіндегі «Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа жаңа технологияларды енгізу» Халықаралық конференциясы. Халықаралық астаналар мен ірі қалалар ассамблеясының сессиясы (Ақтау, 2015).
2014 жылы Қазақстан Республикасы облыс орталықтары әкімдіктерінің рейтингіне сәйкес Е.Т. Ақтау қаласының Жаңбыршин әкімшілігі 1 орынға ие болды.
## Ғылыми қызметі
Қазақстан Республикасының өнертабыстарына арналған 3 патент пен 3 патенттің және 90-нан астам ғылыми, ғылыми-әдістемелік және публицистикалық жұмыстардың авторы.
Ғылыми еңбектер шетелдік журналдарда және келесі елдерде өткізілген Халықаралық ғылыми конгресстердің, симпозиумдар мен конференциялардың материалдарында жарияланған: Иран Ислам Республикасы (Горган-1997, Рашт-2001); Англия (Лондон 2002); Германия (Берлин 2002, Юйч 2004); АҚШ (Хьюстон 2003, 2005, Альбукерке 2004, Портленд, Канзас, Сан-Антонио 2006); Жапония (Киото-2008), Канада (Оттава-2011), Венгрия (Будапешт-2013), Ресей (Мәскеу-2013, 2015, 2018).
9 ҒЗТКЖ-ға және басқа ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысты, оның 8-і ғылыми жетекші ретінде.Ғылыми зерттеулердің нәтижелері: «Доссорнефть» НГДУ (1991 ж.), «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ (1999 ж.), «Maersk Oil Kazakhstan GmbH (2003 ж.),« Өзенмұнайгаз »ААҚ,« Маңғыстаумұнайгаз »ААҚ (2001-2004 жж.), АҚ өндірістік объектілерінде». CNPC-Ақтөбемұнайгаз »(2006), сондай-ақ аймақтық департаменттердің әдістемелік ұсынымдары мен бағдарламаларында қолданылады: табиғатты пайдалану бойынша; қоршаған ортаны қорғау; экономика, өнеркәсіп және сауда (Ақтау, 2000-2004).
Оның ғылыми жетекшілігімен «Геоэкология» мамандығы бойынша 1 техника ғылымдарының докторы және 2 техника ғылымдарының кандидаты дайындалды.
## Марапаттары
* 2020 (3 желтоқсан) - «Құрмет» ордені.
* 2005 - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Алғыс хаты.
Үкіметтік медальдар, оның ішінде:
* «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001)
«Астанаға 10 жыл» медалі (2008)
* «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011 ж.)
* «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 20 жыл» медалі (2014 ж.)
* «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» медалі (2015 ж.)
* «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016 ж.)
Белгілер, оның ішінде:
* «Ақтауға 50 жыл» (2013), «Маңғыстау облысына 35 жыл», «Маңғыстау облысына 40 жыл», «Маңғыстау мұнайына 50 жыл» медальдары.
* «ТМД қалаларының тұрақты дамуына қосқан үлесі үшін» Халықаралық астаналар мен ірі қалалар қауымдастығының төсбелгісі және т.б.
## Сыртқы сілтемелер
Еділ Терекбайұлы
## Дереккөздер
* http://tumba.kz/zhizn-regiona/16-kultura/4986-fort-shevchenko.html
* http://www.kgr.kz/ru/veteran/view?id=67
* https://web.archive.org/web/20150722015150/http://www.kgr.kz/ru/veteran/view?id=67
* http://library.psu.kz/index.php?option=com_catalog&cat=transactions&n=812&lang=rus Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
* http://www.aktau.gov.kz/ru/blog_akima/biografia/ Мұрағатталған 22 шілденің 2015 жылы.
* http://tengrinews.kz/kazakhstan_news/v-aktau-naznachen-novyiy-akim-220213/
* https://liter.kz/utverzhden-spisok-deputatov-mazhilisa-ot-nur-otan/http://newtimes.kz/vlast/item/9228-edil-zhanbyrshin-esli-v-kazakhstane-najdutsya-dva-akima-boryushchikhsya-s-korruptsiej-ya-odin-iz-nikh
* https://web.archive.org/web/20150722091844/http://newtimes.kz/vlast/item/9228-edil-zhanbyrshin-esli-v-kazakhstane-najdutsya-dva-akima-boryushchikhsya-s-korruptsiej-ya-odin-iz-nikh
* https://www.zakon.kz/4681175-rejjting-kachestva-raboty-akimatov.html
* https://web.archive.org/web/20180308042700/https://www.zakon.kz/4681175-rejjting-kachestva-raboty-akimatov.html
* https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/136736?lang=ru |
Самат Жанатұлқы Жарынбетов (4 қаңтар 1994 жыл, Екібастұз, Павлодар облысы) — қазақстандық футболшы, "Тобыл" клубы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы. Қазақстан жастар құрамасында ойнаған.
## Мансабы
2021 жылы 4 қыркүйекте Финляндияға қарсы ӘЧ-2022 іріктеу матчында Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында тұңғыш рет 81-минутта Георгий Жуковтың орнына алаңға шықты. 90-минутта ескерту алды.
## Жетістіктері
### Командалық
* Қазақстан суперкубогы: 2021
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2020
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2018
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі (soccerway.com) |
Самат Жанатұлқы Жарынбетов (4 қаңтар 1994 жыл, Екібастұз, Павлодар облысы) — қазақстандық футболшы, "Тобыл" клубы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы. Қазақстан жастар құрамасында ойнаған.
## Мансабы
2021 жылы 4 қыркүйекте Финляндияға қарсы ӘЧ-2022 іріктеу матчында Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында тұңғыш рет 81-минутта Георгий Жуковтың орнына алаңға шықты. 90-минутта ескерту алды.
## Жетістіктері
### Командалық
* Қазақстан суперкубогы: 2021
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2020
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2018
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі (soccerway.com) |
Руслан Дамирұлы Уәлиуллин (тат. Руслан Дамир улы Уәлиуллин; 9 қыркүйек 1994) — қазақстандық футболшы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Тобыл" клубының қорғаушысы.
## Карьерасы
Ұлттық құрамадағы тұңғыш ойынын 2021 жылы 28 наурызда Францияға қарсы өткізді.
Үшінші кездесуді 2021 жылы 1 қыркүйекте Украинаға қарсы өткізіп, екі гол соқты да, құраманы жеңілістен құтқарды.
2021 жылы 9 қыркүйекте Русланның бойынан допинг табылғаны жайлы ақпараттар пайда болды.
## Жетістіктері
### Командалық
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2020
* Қазақстан суперкубогы: 2021
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі (soccerway.com) |
Алекса Аманович (мак. Алекса Амановиќ; 24 қазан 1996, Белград, Югославия) — македониялық футболшы, "Астана" клубының қорғаушысы.
## Жетістіктері
### Командалық
«Явор» Иваница
* Сербия кубогының финалисі: 2015/16
«Тобыл»
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2020
* Қазақстан суперкубогы: 2021
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Сұлтан Сүйіндікұлы Әбілгазы (қаз. Сұлтан Сүйіндікұлы Әбілғазы; 22 ақпан 1997, Көкшетау) — қазақстандық футболшы, "Елім-ай" клубының қорғаушысы.
## Жетістіктері
### Командалық
* Қазақстан суперкубогы: 2021
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2020
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2018
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі (soccerway.com) |
Сұлтан Сүйіндікұлы Әбілгазы (қаз. Сұлтан Сүйіндікұлы Әбілғазы; 22 ақпан 1997, Көкшетау) — қазақстандық футболшы, "Елім-ай" клубының қорғаушысы.
## Жетістіктері
### Командалық
* Қазақстан суперкубогы: 2021
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2020
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2018
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі (soccerway.com) |
Семир Смайлагич (босн. Semir Smajlagic; 18 қыркүйек 1998 жыл, Зеница) — босниялық футболшы, "Астана" клубының шабуылшысы.
## Жетістіктері
### Командалық
* Қазақстан суперкубогының финалисі: 2021
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Руслан Дамирұлы Уәлиуллин (тат. Руслан Дамир улы Уәлиуллин; 9 қыркүйек 1994) — қазақстандық футболшы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Тобыл" клубының қорғаушысы.
## Карьерасы
Ұлттық құрамадағы тұңғыш ойынын 2021 жылы 28 наурызда Францияға қарсы өткізді.
Үшінші кездесуді 2021 жылы 1 қыркүйекте Украинаға қарсы өткізіп, екі гол соқты да, құраманы жеңілістен құтқарды.
2021 жылы 9 қыркүйекте Русланның бойынан допинг табылғаны жайлы ақпараттар пайда болды.
## Жетістіктері
### Командалық
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2020
* Қазақстан суперкубогы: 2021
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі (soccerway.com) |
Жеті әулие қорымы (немесе Оқшы ата мазараты) — Сырдария бойындағы киелі орын.
Ғалым Әуелбек Қоңыратбаевтың жазуынша, бұл жерде ежелгі Тұранның, оғыздар мен түркі қыпшақтарының игі көсемдерін, әулие көрегендерін, батырлары мен шешендерін жерлеген қорымы болған.
Мұнда келесі тарихи тұлғалардың зираттары орналасқан:
* Оқшы ата мазары — республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш, XI ғасыр сәулет өнерінің үлгісі. Мазарға жерленген кісінің аты Ибраһим шайхы, Оқшы ата — кейін ел қойған есімі.
* Асан ата кесенесі — екі иықты күмбезді құрылыс, 9,5 х 10,5 м көлемде тұрғызылған, биіктігі 7,6 м. Кейбір өлкетанушылар Оқшы ата қорымындағы Асан ата оғыздардың ханы Қазан болуы әбден мүмкін дейді. Халық арасында Асан атаны жерұйықты іздеген Қазақ хандығы дәуіріндегі Асан қайғы деп болжам жасаушылар да бар.
* Қыш ата кесенесі. Оның өмір сүрген уақыты белгісіз. Асқан ісмерлігіне байланысты өз аты ұмытылып, Қыш ата атанған деседі халық аузындағы деректер. Халық жадында сақталған деректер бойынша Қыш атаның қолынан шыққан күйдірілген кірпіштар Яссы, Сайрам, Сауран, Фараб, Испиджаб, Құмкент, Сүткент, Сығанақ Өзгент, Баршынкент, Жент, Бестам сынды шаһарларға таратылған деседі. Осы деректерге қарағанда Қыпшақ дәуірінде не монғол шапқыншылығы қарсаңында өмір сүрген деп болжам жасауға болады. Кесененің күмбезі сақталмаған. Тек бірнеше қатар кірпішпен өрілген қабырға қалдықтары сақталған.
* Ғайып ата кесенесі. Зерттеушілердің пікірінше ІХ ғасырда өмір сүріп, кесенесі де сол кезде салынған сияқты. Кесененің жоспары төртбұрышты, көлемі 9х8 м, сақталған биіктігі 1,5 м, қалыңдығы 70-80 см. Күйдірілген кірпіштен қаланған. Ауызы оңтүстікке қаратылған, порталының ізі сақталған.
* Есабыз әулие мазары. Мазаратта Асан ата, Оқшы ата кесенелерінен кейінгі елеулі ескерткіш Есабыздың басында. Есабыз қабірі кіреберіс, қабірстан болып екі бөлмеден тұрады. Қабірстан ұзындығы 4,90 м, ені 4,90 м, биіктігі 2,80 м, күмбез биіктігі 2 м.
* Досбол датқа мазары — Досбол Қорлыбайұлының ұрпақтары 1994 жылы тұрғызған кесене. 2017 жылы кесене жаңартылып шықты.
* Бала би мазары — ХІХ ғасырда өмір сүрген Бименбет Есенәліұлы есімді бидің кесенесі. Әуелгіде Оқшы ата мазаратында бес әулиеге ғана күмбез көтерілді, кейін Бала би мен Досбол бидің қасына ұрпақтары кесене салғызды.
## Дереккөздер |
Александр Александрович Заруцкий (26 тамыз 1993 жыл, Нальчик, Қабарда-Балқар) — ресейлік және қазақстандық футболшы, "Астана" клубының қақпашысы. Ресейлік экс-футболшы Александр Станиславович Заруцкийдің ұлы.
## Жетістіктері
### Шахтер
* Қазақстан чемпионы (1): 2012
* Қазақстан кубогы (1): 2013
* Қазақстан суперкубогы (1): 2013
### Қызылжар
* Бірінші лиганың күміс жүлдегері: 2017
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* https://int.soccerway.com/players/aleksandr-zarutskiy/319751/ |
Александр Александрович Заруцкий (26 тамыз 1993 жыл, Нальчик, Қабарда-Балқар) — ресейлік және қазақстандық футболшы, "Астана" клубының қақпашысы. Ресейлік экс-футболшы Александр Станиславович Заруцкийдің ұлы.
## Жетістіктері
### Шахтер
* Қазақстан чемпионы (1): 2012
* Қазақстан кубогы (1): 2013
* Қазақстан суперкубогы (1): 2013
### Қызылжар
* Бірінші лиганың күміс жүлдегері: 2017
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* https://int.soccerway.com/players/aleksandr-zarutskiy/319751/ |
Зубовка кенттік әкімдігі – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамында – Зубовка кенті.
## Дереккөздер |
Дәмеш Шахабаев (1905, Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылы – 1995, Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылы) – Социалистік Еңбек Ері (1958).
Еңбек жолын шопан болып бастаған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1955, 1959).
## Дереккөздер |
Дариға Біләлқызы Тінәлина (1921, Аршалы ауданы Ақжар ауылы) – кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1957).
Алматы училищесін бітірген (1939), 1939–БМКИ-дің (ВГИК) актерлік факультетінде оқыды (1939 – 41), режиссерлік (профессор Л.В.Кулешов, А.П.Довженко) факультетін бітірген (1953).
## Шығармашылық қызметі
«Член правительства» (1939), «Романтики» (1941), «Ақ раушан» және «Алып туралы ән» (1942), «Абай әндері» (1945), «Жамбыл» (1952) фильмдерінде эпизодтық рөлдерді сомдауданы бастаған. 1953 жылы «На просторах Казахстана» ғылыми-көпшілік фильмін түсірді.1954 – 1958 жылы «Мосфильм» киностудиясында режиссер. «Салтанат» (1953), «Илья Муромец» (1956), «Далеко в горах» (1958) фильмдерін түсіруге қатысқан. 1964 жылдан «Қазақфильм» студиясында режиссер. Көркем және шежірелі-деректі «Сплав» және «Песня зовет» (1961), тағы да басқа фильмдерін түсіруге қатысты. 1942 жылдан фильмдердің дубляжын жасауға қатысады.
## Дереккөздер |
Омар Колли (ағылш. Omar Colley; 24 қазан 1992) — гамбиялық футболшы, Гамбия Ұлттық футбол құрамасы мен "Бешикташ" клубының қорғаушысы.
## Карьерасы
### Клубтық
2010 жылы "Уоллидан" клубы саыпда карьерасын бастады. Екі мусымнан соң "Реал Банжул" клубына ауысты.
2013 жылы карьерасын Еуропада жалғастырып, Финляндияның "КуПС" клубымен келісім шарт жасасты. 2015 жыл Швецияның "Юргорден" клубына ауысты.
2016 жылы "Генк" футболшысы атанды.
2018 жылы жазда "Сампдорияға" ауысты.
### Құрама
Гамбияның 17 және 20 жастағы құрамаларында ойнады.
2013 жылы басты құрамада тұңғыш рет алаңға шықты.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* "Юргорден" клубы сайтындағы профилі |
Балым Серәліқызы Қожамқұлова (5 қазан 1937 жылы туған, Алматы - 26 наурыз 2021 жылы қайтыс болған, Алматы) — скрипкашы, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері(1998).
## Өмірбаяны
* 1952 ж арнаулы жеті жылдық музыкалық мектебін бітірген.
* 1957 ж Алматы музыкалық училищесін бітірген.
* 1957-1958 жылдарында Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) оқыды.
* 1958-1963 ж Мәскеудің Гнесиндер атындағы музыка-педагогикалық институтында оқыды.
* 1975-1976 жылдарында Мәскеу консерваториясында тәжірибе жинақтаудан өтті.
* 1963 жылдан Алматы респ. муз. мектебінде (1963 - 74) скрипка бойынша педагог.
* Алматы өнер институтында скрипка бойынша педагог.
* 1973 жылдан Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында аға оқытушы, скрипка кафедрасының меңгерушісі (1982 -1984), 1984 жылдан доцент, 1996 жылдан профессор қызметін атқарады.
Балым Серәліқызы Қожамқұлова Қазақстанның танымал халық артисі Серәлі Қожамқұловың отбасында дүниеге келді. Анасы - Хадиша да қазақ театр өнерінің жарық жұлдыздарының бірі. Туған әпкесі Балдырған Серәліқызы Қожамқұлова қазақтан шыққан тұңғыш палеонтолог ғалым, ал екінші әпкесі Рената Серәліқызы Қожамқұлова танымал тіл маманы.
## Еңбектері
* «Типовые учебные программы на материале казахской музыки» (1965ж.)
* «Хрестоматия казахской скрипичной музыки» I және II бөлімдер (2000ж.)
* «Яков Иосифович Фудиман – основатель альтовой школы Казахстана» (2009ж.)
* «Работа над сонатами и партитурами Баха И.С. в классе народного артиста России, профессора Фихтенгольца М.И.» (2012ж.)
* «Хрестоматия казахской скрипичной музыки в 3 х частях» (2020ж.)
## Шәкірттері
Оқытушылық қызметі жылдарында Б.С. Қожамқұлова жоғары білімді 85 студентті, 10 аспирант және магистрантты, орта-арнаулы білімді 15 түлекті дайындады. Қазақстанның музыкалық мәдениетінің мақтанышы болып табылатын көптеген скрипкашыларды тәрбиелеп шығарды, олардың ішінде концертмейстер Абай атындағы МАОБТ концертмейстері – Ш. Төлепқалиева, «Астана Опера» концертмейстері – А. Байкенова, ҚазҰӨУ профессорлары А.К. Қармысова, Д.Ж.Жұмабекова, Құрманғазы атындағы ҚҰК профессоры С.С. Жүсіпова, профессор, солист және дирижер А.Г. Пьянковский, И.Рахимова-Фрадкина, В.Тен, М.Фрадкин және басқалар бар.
## Дереккөздер |
Балдырған Серәліқызы Қожамқұлова — палеонтолог, биология ғылымдарының кандидаты (1964).
## Өмірбаяны
Балдырған Серәліқызы Қожамқұлова 1930 жылы 30 наурызда Алматы қаласында, КСРО мен Қазақстанның танымал халық артисі Серәлі Қожамқұловтың отбасында дүниеге келді. Анасы - Хадиша да қазақ театр өнерінің жарық жұлдыздарының бірі. Балдырған Серәліқызы отбасындағы жеті баланың үлкені. Балаларының маман музыкант болуын қалаған әке барлығын қосымша музыка мектебіне бергендіктен, Балдырған Серәліқызы пианино сабағына қатысқан екен. Балдырғанның музыкалық дарынына ата-ана үміт артқанымен, табиғатқа деген сүйіспеншілік бала кезден ерекше баураған Б.Серәліқызы өнер жолын емес, биологияны таңдап, қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Биология факультетінде білім алды.
## Еңбек жолы
* 1954-1957 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы Зоология институтының аспиранты. Жетекшісі: В.С.Бажанов.
* 1957 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының Зоология институтында палеобиология зертханасының техник-геологі.
* 1958 жылы Осы институтта кіші ғылыми қызметкер.
* 1964 жылы «Қазақстанның антропогендік қазба териофаунасына шолу» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
* 1964-1986 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының Зоология институтында палеобиология зертханасын басқарды.
* 966-1986 жылдары Б.Қожамқұлова зертхананың бесжылдық іргелі ғылыми жобаларының ғылыми жетекшісі болды.
* 1990-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейінің палеонтология секторының ғылыми кеңесшісі.
## Ғылыми бағыты
Балдырған Серәліқызы республикалық және одақтық деңгейде, сондай-ақ халықаралық деңгейде ғылыми ынтымақтастық туралы келісімдер бойынша кең көлемді ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындауға қомақты үлесін қосты. Балдырған Сералықызы Қазақстанның соңғы кайнозой дәуіріндегі омыртқалылардың таксономиялық биоалуантүрлілігін, палеофауна, палеозогеография салаларындағы зерттеулерімен қазіргі омыртқалы жануарлар дүниесінің қалыптасу тарихына және Қазақстанның плейстоцендік шөгінділерінің биостратиграфиясына анықтауда ғылыми жұмыстарын жүргізді, Қазақстандағы ғылымның осы саласының дамуына орасан зор ықпал етті.
## Еңбектері
Балдырған Серәліқызының 170-тен аса ғылыми еңбегі жарық көрді, олардың ішінде:
* 1969 жылы «Қазақстанның антропогендік қазба териофаунасы»
* 1981 жылы «Қазақстанның соңғы кайнозой тұяқтылары»
* 1984 жылы «Қазақстанның қазып алынған жануарлары»
* 1999 жылы «Қазақстан динозаврлары: құрлық, ұшатын және теңіз»
* 2009 жылы «Ақмола облысының мамонт фаунасы» және т.б. еңбектердің, «Қазақстанның кайнозой сүтқоректілері каталогының» бірлескен авторы. Оның редакциясымен «Қазақстанның фаунасы мен флорасы тарихы» сериясынан V-X томдық зертханалық жұмыстары, «Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы неогендік фауна» монографиясы және «Қазақстан палеоботаникасының жаңалықтары» жинағы жарық көрді.
## Естеліктер
Балдырған Серәліқызы ежелгі жануарлардың сүйектерін зерттеуге маманданған кезде, әкесі Серәлі академик Қаныш Сәтбаевтан бұл қандай мамандық екенін сұрап, қазақтар мұндай жұмысты ешқашан таңдамағанын айтып, кеңеседі. Қаныш Имантайұлы «Балдырған – ерекше тұлға, бұл өте қажет мамандық және оны мақтан тұту керек» деп, Серәлі Қожамқұловты қызының дұрыс таңдау жасағанына сендіреді.
## Мамонт қаңқасын табуы
1957 жылы мамырда Мәскеуден Қазақстанның Зоология институтына Новосібір облысы Қасқыр жалы аулына палеонтолог-ғалымдарды жіберуді өтінген жеделхат келеді. Қасқыр жалы аулында жергілікті құрылысшылар шұңқыр қазып, бір жарым метр тереңдіктен ежелгі жануардың сүйектерін тапқан. Олар қазбаларды геолог-мамандарға көрсеткен. Мамандар өз кезегінде ежелгі құстардың сүйектері деген шешімге келіп, Мәскеуге хабар жіберген. Бірақ палеонтологтардың бәрі экспедицияға кеткендіктен Қазақстанға жүгінуге шешім қабылданған. Бұл кезде Қазақстанның барлық палеонтологтары да қазба орнында жұмыс істеп жүрген . Сондықтан үшінші курс аспиранты Балдырған Серәліқызын іссапарға жібереді. Қасқыр жалы аулына келіп, ол жер қыртысын зерттеп, бұл құстың сүйектері емес, мамонт тістерінің тамыры екенін түсінеді. Қазба жұмысын жалғыз өзі жүргізу қиындық тудыратын болғандықтан жақын ауылдық кеңестен көмекшілер беруін өтінеді. Көмекшілер ретінде тоғызыншы сыныптың екі баласын қасына алып, олар бір айда үш тонна сүйек материалдарын жер бетіне шығарады. Жұмыс барысында бұл қазбалар мамонттардың аталығы, аналығы және екі мамонт төлінің сүйек қалдықтары екені анықталған. Олардың ішінде ересек мамонттың қаңқасы толық болып шықан. Ересек мамонттың толық қаңқасы Алматы музейіне қойылды.
## Дереккөздер |
Сара Мыңжасарова (1924-2002) - 29 қазанда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қара Шоқат деген жерде туған. Ақтөбедегі мұғалімдер институтында оқыған. 1952 жылы республикалық екі жылдық партия мектебінің аудармашылар бөлімін бітірген.
## Еңбек жолы
Еңбек жолын Шалқар аудандық комсомол комитетінің мектеп жұмысы жөніндегі хатшысы болып бастайды.
* 1949 жылы «Сталиншіл» газетінде бөлім меңгерушісі болады.
* 1952-1960 жылдары Талдықорған облыстық «Сталиншіл» газетінің жауапты хатшысы, «Семиреченская правда» газетінің әдеби қызметкері, Алматы облыстық «Коммунизм таңы» газетінің тілшісі болды.
* 1960-1971 жылдары «Казахстанская правда» газетінің тілшісі.
* 1971-1973 жж. Байланыс министрлігінің мерзімді баспасөзді тарату басқармасының баспасөзге жазылу бөлімінің басшысы.
## Аудармашылық қызметі
1959-1970 жылдар арасында аудармаға ерекше ден қойып, Вьетнам көркем әдебиетінің алғашқы прозалық шығармасы, Нгумен Ванның «Буйвол» повесін, Абхазия кеңес әдебиетінің классигі Иван Папаскиридің «Женская честь» романын, «Алтын Прага ертегілерін», «Солдат хаттары» суреттемелер жинағын, балаларға арналған шағын кітапшаларды қазақшалайды. Бұларға қоса «Қаһарман қыздар», «Ленин бізбен бірге» деректі әңгімелер жинағын, «Тәжік әңгімелері» сияқты кітаптарды өзге аудармашылармен бөлісіп аударады .
## Шығармалары
Бірнеше очерктер кітабы,көптеген роман, повестері мен әңгімелері бар.Шығармалары: Қыр қыздары. Роман. А., «Жазушы», 1970; Әйел бақыты. Роман. А., «Жазушы», 1981; Женское счастье. Роман. А., «Жазушы», 1984; Төзім шеңбері. Роман. А., «Жазушы», 1989; Өмір көріністері. Әңгімелер мен повестер. А., «Өлке», 2001.
## Дереккөздер |
Айзек Чанса (ағылш. Isaac Chansa; 23 наурыз 1984, Китве-Нкана, Замбия) — замбиялық футболшы, жартылай қорғаушы. Замбия Ұлттық футбол құрамасы сапында бес бірдей Африка Ұлттары кубогында ойнаған (2006-2013).
## Жетістіктері
### Клубтық
* ОАР чемпионы (2): 2010/11, 2011/12
### Халықаралық
* Африка чемпионы (1): 2012
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі (national-football-teams) |
Хұсни-Жамал Зұлқарнайынқызы Нұралыханова (1872 жылы, Бөкей Ордасы - 1945 жылы, Алматы) — қазақ әйелдерінен шыққан тұңғыш мұғалім, Бөкей Ордасында қазақ қыздарына арнап мектеп ашқан.
## Өмірбаяны
Хұсни-Жамал Зұлқарнайқызы Нұралыханова 1872 жылы Бөкей Ордасындағы сұлтандар әулетінде дүниеге келген. Әбілқайыр хан әулетінен шыққан, Нұралы ханның шөбересі, Жәңгір ханның немересі, әкесі - Зұлқарнай Шөкіұлы Нұралыханов. Әкесі 1851 жылы белгілі қайраткерлер шоғыры болған Ш.С. Бабажанов, М. Бекмұқамедов (Мақаш әкім), М. Жантөрин секілді қазақ жастарымен бір жылда Орынбордың Нюплеев корпусын бітіріп шыққан.
Хұсни-Жамал Нұралыханова 40 жасында Арон Қаратаевқа, яғни атақты Бақытжан Қаратаевтың інісіне тұрмысқа шығады. Олардың қызы Шахзада Аронқызы Шонанова ату жазасына ұшыраған.
## Қызметі
Ол 1894 жылы Бөкей ордасында қазақ қыздарына арнап алғаш мектеп ашқан. Онда қазақтың қайраткер қыздары Алма Оразбаева, Рәзия Меңдешова, Әмина Мәметова (Мәншүк Мәметованың анасы) білім алған.
Оралға келіп жұбайы Аронмен орналасқан соң да, Хұсни-Жамал мектебінен қарым қатынасын үзбеген. Әрқашан жағдайларын біліп, жиі хабарласып тұрса керек. Қазақтың зиялы адамдарының басына қара түнек орнаған күндер Қаратаевтардың төңірегін де әбден торлаған еді. Соның салқыны жас семьяны да аяған жоқ. Патша үкіметіне сенімсіздердің қатарына ілігіп, басқан іздері есепке алынып, аңдулы болатын. Солай болғанына қарамастан Хұсни-Жамал Орал қаласында өтетін қазақ интеллигенттерінің басқосуларына уақтылы қатысып тұрған. Әсіресе, Оралда екі тілде шығып тұрған «Қазақстан» газетінің уақтылы жарық көруіне қажетті көмегін аямайды. Газетті шығарушылар амалсыз Астраханьға көшкенде, онда тұратын ағасы, Сейткерейге тапсырып қойған да - Хұсни-Жамал. Сонымен 1910 – 1912 жылдары Хұсни-Жамал нағыз сенімсіз де өте қауіпті адамдардың қатарында қатаң бақылауға алынды.
Хұсни-Жамал өмірінің соңында Шахзаданың қолында Алматы қаласы Краснина 51 үйде тұрған, оған дәлел Шахзада Аронқызы Шонанованың тергеу протоколында көрсетілген.
## Ол туралы пікірлер
Оқу министрлігінің Бөкей губерниясындағы инспекторы А.Вознесенскийдің 1897-1898 жылдардағы есебінде: «Хұсни-Жамал – қазақ сұлтанының қызы, Қазанның Земская мектебін бітірген. Білімді өз үйінде ағаларынан алған Хұсни-Жамалдың жасы 25 шамасында, көркем де сүйкімді. Осы жастағы Ордадағы жалғыз қыз... Орысша тым таза сөйлейді. Оның ерекшелігі – өте ұстамдылығында. Қазір ол өзін орыс мектебінің ісіне арнауға ұйғарып отыр делінген.
«Ол ақылына көркі сай ерекше жаратылған сұлу жан еді. Тал бойында бір міні жоқ, киім-киісі, жүріс-тұрысының өзі үлкен мектеп болатын. Оның көркем жазуға үйреткені, сүйріктей саусақтары, мәнерлеп оқудағы мақпал даусы әлі есімде. Ол бізге жазу мен оқуды ғана үйретіп қойған жоқ, жұрттың алдында өзімізді қалай ұстауды, жүріп-тұруды, бой күтуді ерінбей-жалықпай үйрететін. Ән салуға, еуропаша би билеуге баулитын» деп жазған Әмина Мәметова.
## Дереккөздер |
Ражап Хамза (16 қазан 1986 жыл) — занзибарлық және катарлық футболшы, Катар Ұлттық футбол құрамасы мен "Әл-Хор" клубының қақпашысы. 2007 жылы Азия кубогына қатысқан.
Катардың "Әл-Ахли", "Катар СК", "Әл-Араби" клубтарында ойнаған.
## Жетістіктері
### Клубтық
Әл-Араби
* Яссим Шейх кубогы (2): 2008, 2010, 2011
## Дереккөздер
## Профильдері
* https://www.thefinalball.com/jogador.php?edicao_id=42021&id=119189&op=zoomstats&tpstats=club |
Интеграция (лат. іntegratіo – қалпына келтіру, толықтыру, іnteger – тұтас, бүтін) – экон. субъектілерді бөлу, олардың арасындағы байланыстарды бұзып, өзара ынтымақты іс-қимылын жою. Өзінің жеке мүдделерін және халық пен бизнестің талап-тілектерін қамтамасыз ету үшін дүниежүзі елдері бірлесе жақындасуға, яғни интеграцияға бағытталған саясат жүргізеді. Оған үдеріс ретінде де, жақындасудың нәтижесі ретінде де қарауға болады. Бірінші мағынасында, бұл - бірлесе қызмет атқаруға, ал кейбір жағдайларда түрлі елдердің бірігуіне әкелетін үдерістер. Екінші мағынасында интеграция ретінде ортақ мақсатқа бірлесе қол жеткізу үшін құрылған мемлекетаралық бірлестіктер алынады.
## Дереккөздер |
Эрнст Оцвирк (нем. Ernst Ocwirk; 7 наурыз 1926(19260307), Вена — 23 қаңтар 1980, Клайн-Пёхларн) — аустриялық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. 1948 жылғы Жазғы Олимпиадаға, 1954 жылы әлем чемпионатына қатысты.
## Жетістіктері
### Ойыншы ретінде
Командалық
* Аустрия чемпионы: 1949, 1950, 1953, 1962, 1963
* Аустрия кубогы: 1948, 1949, 1962
Жеке
* Аустриядағы жыл футболшысы: 1951
### Бапкер ретінде
* Аустрия чемпионы: 1969, 1970
* Аустрия кубогы: 1967
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Санжар Сейітжафарұлы Асфендиаров (20 қазан 1889 жыл, Ташкент — 25 ақпан 1938 жыл, Алматы) – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дарынды тарихшы-ғалым, профессор, педагог. Түркістан АКСР Денсаулық сақтау халық комиссары, егіншілік халық комиссары және Қазақ АКСР денсаулық сақтау халық комиссары болған. Қазақстандағы бірқатар алғашқы жоғары оқу орнының негізін салған қайраткер.
## Отбасы
Әкесі Сейітжафар Асфендиарұлы (Жағыпар, Сейітжағыпар) – сұлтан, Әбілқайыр ханның ұрпағы. Анасының есімі – Гүландам Қасымова, кейбір гипотезалар бойынша Кенесары Қасымұлының ұрпақтарынан тараған.
## Өмірбаяны
Ташкенттегі реалдық училищені (1907), Санкт-Петербургтағы әскери-дәрігерлік академияны 1912 жылы бітіріп шығады. Санжар онда әскери министрліктін теңіз ведомствосының стипендиясына оқып, 4 жыл қатардағы әскерде қызмет етуге міндеттелінді.
Санжар өз әскери-медициналық қызметін Түркістан генерал-губернаторлығы мен Бұқара әмірлігінің шекарасындағы Термез мекенінде жергілікті лазаретте кіші дәрігер ретінде бастап, 10-шы Түркістан атқыштар полкына бекітілді. Артынан 9-шы атқыштар полкының аға дәрігер қызметкерінің міндеттерін уақытша атқарушы қызметіне ауысып, Самарқандта және Асхабадта шоғырланған атқыштар поктарында дәрігерлік қызметпен айналысады. 1914 жылы тамызда Санжар 5-ші Түркістан атқыштар полкының аға дәрігері қызметінде І дүние жүзілік соғыстың Шығыс майданына аттандырылады. Осы майданда 1914 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында орын алған ұрыстарда Санжар жараланған және науқас болған сарбаздарға медициналық көмек көрсетумен айналысты. 1914 жылы желтоқсанда жоғары әскери басшылықтың өрескел қателіктерді жіберу салдарынан 5-ші Түркістан атқыштар полкы Лодзь (қазіргі Польшаның ірі қалаларының бірі, ол уақытта Шығыс Пруссия территориясында орналасқан) неміс қоршауына түсіп, басына ауыр жарақат алған Санжар жау тұтқынына түседі. Неміс тұтқынында Санжар патша үкіметі тағдырдың тәлкегіне тастаған мыңдаған жауынгерлердің қатаң тағдырына ортақтасып, күрделі санитарлық жағдайларда иммитацияланған лазареттерде медициналық қызметпен шұғылданып, Торн, Кутно, Александровка концентрационды лагерьлерінде бір жылға жуық уақыт өткізеді. 1915 жылдың аяғында Қызыл Кресттің тұтқындармен алмасу бағытында жүргізген қажырлы еңбегінің көмегімен, Балтық теңізі арқылы алдымен Щвеция, сосын темір жол арқылы Санкт-Санкт-Петербургқа қайтып оралады.
Астанада неміс тұтқынына амалсыздан түскен жауынгерлерді қатаң бақылауға алға, патшаның күзет орындары оларды сенімсіз элементтер ретінде қара тізімге қосты. Арнайы медициналық қараудан өтіп, денсаулығы нашар деп танылған Санжар Түркістан әскери-медициналық басқарманың резервіне жіберіліп, 1919 жылы қаңтардың басында Ташкентке қайта оралады.
Ақпан революциясынан кейін Санжар Сейітжафарұлы Термездегі жөне Бұхарадағы Кеңестердің жұмысына қатысады. Ташкент облыстық, ал онан кейін жұмысшылар мен жауынгерлердің округтік Кеңесіне сайланады. Ташкентте ол мұсылман жұмысшы депутаттарының алғашқы Кеңесінің ұйымына мүше болады. Каспий жағалауы майданындағы соғысқа қатысқан.1917 жылы Бұхардағы мұсылман қозғалысына белсене араласты. Сол жылғы қараша айында Түркістан автономиясын жариялаған Мұсылман депутаттарының төтенше съезіне қатысты.1918-19 жылы Асфендиаров аштықпен күрес жөніндегі төтенше комиссиясының Сырдария облысы бөлімшесін басқарды.1919 жылы Асфендияров — денсаулық сақтау халық комиссары, 1920 жылы Түркістан АКСР көгеріс су шаруашылығының халық комиссары болып тағайындалады. Сол жылы қыркүйекте Т.Рысқұловтың шақыруымен Ташкентке келіп, Түркістан АКСР-інің Денсаулық сақтау халкомы, жер халкомы, Денсаулық сақтау халкомы, Түркістан Компартиясы ОК-нің хатшысы қызметтерін атқарды. Ұлттық-аумақтық межелу тұсында (1924–25 жылы ) Ортаазиялық Федерация құру идеясын ұстанды. 1924–25 жылы Қазақ АКСР-інің Өзбек АКСР-і үкіметі жанындағы өкілеті, 1925–28 жылы Мәскеуде – БОАК-нің Төралқа мүшесі, хатшысының (А. Енукидзенің) орынбасары, МГУ-дің профессор Н Нариманов атындағы Шығыстану институтының директоры болды. 1928 жылдан бастап ол Қазақстанда еңбек етті:Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті болып қайта құрылған Қазақ мемлекеттік университеттінің алғашқы ректоры (1928 – 31), Қазақ АКСР-і Денсаулық сақтау халкомы, Алматы медецина институтының ұйымдастырушысы және тұңғыш ректоры (1931 – 33) қызметтерін атқарды. С.Асфендиаров осы институтта жалпы химия, биология, физика пәндерімен бірге анатомия, қалыпты физиология, ішкі аурулар, гистология, микробиология, фармакология, биологиялық-химия, гигиена бөлімдерін және хирург кафедралар ашты. Асфендиаров жұқпалы аурулармен күреске, аурулар мен індеттердің алдын алу шараларына, халыққа ақысыз дәрігерлік көмек көрсету жұмыстарын жолға қоюға көп еңбек сіңірді. Халық арасында жиі кездесетін туберкулез, шешек, оба, сүзек, тері ауруларына қарсы медицина көмек ісін ұйымдастырды. Орта дәрежелі оқу орындарында, қысқа мерзімді арнаулы курстарда әртүрлі буындағы медицина мамандарын көптеп даярлауға күш салды.
Асфендияровтың қызметі әрқашанда Қазақстандағы және Орта Азиядағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзгерістермен байланысты болды. Басқарушы қызметкер бола жүріп, ол тұрмыс ерекшеліктерін, Шығыс халықтарының тарихы мен мәдениеті мөселесі жөнінде жақсы білетін еді. Осы қабілет-біліміне сай 1921 жылдан 1922 жылға дейін Асфендиярұлы Түркістан республикасының Мәскеудегі өкілі, сонымен қатар РКФСР Кеңхалкомы үлттық мәселе жөніндегі коллегиясының мүшесі болды. Тәжірибелі аграршы ретінде оны БОАК-тің жер бөлінісі жөніндегі Айрықша комиссиясының құрамына қосады.1922 ж. Кеңестердің Бүкілресейлік X съезінің делегаты Асфендияров КСРО құру жөніндегі шешімді қолдады. 1923 жылы Асфендиярұлы Ташкентке қайта оралады, онда ол Халкомденсаулық пен Халкомжердегі қызметтерімен қатар, Түркістан Компартиясы ОК хатшысы болады. 1924 жылы — РКП(б) Ортаазиялық бюросы құрамына сайланады. 1925 жылы хатшының орынбасары және БОАК Президиумының мүшесі.Санжар Сейітжафарұлы Қазақстан тарихының күрделі мәселелерін зерттеген белгілі ғылым болды. Қазақ ұлттық мәдениет ғылыми-зертуғанинститутының тарих секторының меңгерушісі, КСРО ғылым академиясының Қазақстандық базасы, кейін оның бөлімшесі орынбасары (1933 – 37) қызметтерін атқарды. Асфендиаровтың Ресейдің Қазақстанды жаулап алуы жөнінде ашық айтылған, отаршылдықты әшкерелеген тарихи шығармаларын оқуға тыйым салынды. Санжар Асфендиаров – жалған жаламен ату жазасына кесілді. Жұбайы Рабиға да ҚарЛАГ-та 5 жыл айдауда болды. Санжар Асфендиаров 1958 жылы 26 мамырда ақталды. 1990 жылы Алматы медицина институтына Санжар Асфендиаров есімі берілді.
## Ұстаздық өмірі
Мәскеуде жұмыс жасаған мерзімде Асфендиярұлының талантының жаңа қыры ашылды — оның тарих саласындағы белсенді ғылыми-ізденімпаздық қызметі ғалымның келешектегі шығармашылығын айқындап берді. Мәскеуде болған алғашқы күндердің өзінде-ақ КСРО ОАК жанындағы Шығыстану институтымен қызмет жасасады, МГУ-де сабақ береді. Бұл жылдарда Санжар шетел Шығысының өкілдерімен жиі кездеседі. Оның ғылыми еңбек сіңіргенінің айғағы 1927 жылы Шығыстану институтының директоры қызметіне жоғарылатып, МГУ профессоры деген атақ берілгені болып табылады.Ғұламаның өмірі мен қызметіндегі неғұрлым жемісті кезең — 1928-1937 жылдарға дейінгі Қазақстанда өткен мерзім. Бұл мерзімде ол республикадағы алғашқы оқу орындары мен ғылымын ұйымдастыруға көп күш салады. 1928 жылдан 1931 жылға дейінгі аралықта ол — Қазақтың педагогикалық институтының алғашқы ректоры. 1931 — 1933 жылдары Денсаулық сақтау ісінің халық комиссары, Қаз КСР оқу ісі халкомының орынбасары болып қызмет жасайды және бүгінде оның есімімен аталынатын Алматы дәрігерлік институтын басқарады.Санжар Қазақстанның академиялық ғылымының дамуына маңызды үлес қосты. 1931-1933 жылдары ол КСРО ғылым академиясының Қазақстандық базасы төрағасының орынбасары болады, ғылыми консультация мен насихат комиссиясын, тарих-археология комиссиясын, қазақ сөздігі комиссиясын басқарады, ұлттық мәдениет жөніндегі Қазақ ғылыми-зерттеу институты тарих секторының меңгерушісі болады.Ол — Қазақстан тарихы жөніндегі көптеген жұмыстың авторы, сондай-ақ қабілетті зерттеуші-филолог және жазушы. Шығыс халықтарының өмірі туралы "Әлем шатыры" деген повесть, қазақ ұлтының мәдениеті жөнінде мақалалар жазды.Алматыда Асфендиаровтың есімін мәңгілік есте қалдыру үшін көше мен мемлекеттік медицина университетіне аты берілген.
## Дереккөздер |
Ғалымжан Кенжебек (12 ақпан 2003) — қазақстандық футболшы, "Қайрат" клубының шабуылшысы.
## Карьерасы
Тараз қаласында футболмен айналысып бастады.. 2016 жылы 13 жасында ФК Қайрат Академиясынан шақыру алды. 4 мәрте қатарынан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы атанды. 2016-2019 жылдар аралығында турнирдың "Үздік сұрмергені" атанды. 2018 жылы турнирдың "Үздік ойыншысы" атанды.2020 жылы 30 қарашада "Таразға" қарсы ойында тұңғыш рет чемпионатта алаңға шықты.
## Жетістіктері
* Қазақстан чемпионы: 2020
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Кассим Абдалла Мфойхая (фр. Kassim Abdallah Mfoihaia; 9 сәуір 1987 жыл, Марсель) — коморлық футболшы, қорғаушы.
## Карьерасы
### Клубтық
Абдалла Марсель қаласында дүниеге келген. 2007 жылы "Мариньян" әуесқой клубында карьерасын бастады. 2009 жылы "Седан" клубына ауысты.
2012 жылы 31 тамызда "Олимпик Марсель" клубымен келісім шарт жасасты. Екі күннен соң "Ренн" клубына қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты.
2014 жылы қаңтарда алаңға жиі шыға алмағанына көңілі толмаған Абдалла клубтан кетіп, "Эвиан" командасына ауысты. Маусым соңында "Эвиан" екінші дивизионға түсіп қалды да, Абдалла еркін агент ретінде "Аяччоға" кетті.
### Құрама
2007 жылдан бері Коморлар құрамасының ойыншысы.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* http://www.allezsedan.com/modules.php?name=Joueurs&id=744 |
Қазыналы Сарыарқа — Әмен Әзиевтің Балқаш-Қоңырат металлургиялық кешенінің тарихы жайындағы 1978 жылы шыққан монографиясы.
Жазушы Балқашқа жиі барып, оның халқымен, еңбеккерлерімен көп әңгімелесті. Мыс қорыту зауыты цехтарын аралады. Қоңырат карьерінің түбіне дейін түсіп, хал-жағдайға қанықты. Сонымен қатар, өткенді шынайы суреттеу үшін мұрағаттар мен мұражайлардың материалдарын қопарды, тарихтың өз шығармасына қажетті қатпарларын көтерді. Бұл тұста ол өзін әрі қаламгер, әрі ғалым тұрғысында көрсете білді.
Өз жұмысының маңыздылығын ол алғысөзінде былай деп көрсеткен:
Осыдан жарты ғасыр бұрын, 1928 жылы Балқаш көлінің солтүстік-батыс жағындағы жартылай шөлейтті алқаптан Қоңырат кен қоймасы ашылып, Сарыарқа айдынының жағасынан Қазақстанның түсті металлургия алыбы салына бастаған еді. Еліміздің көп ұлтты бауырлас халықтарының қазақ халқына көрсеткен қалтқысыз достық көмегі арқасында қаз тұрып, дүниеге келген бұл өнеркәсіп өркені күні бүгінге дейін Отанымыз бен халқымыздың игілігіне қызмет етуде.
Қазіргі кезде ол жалпы құрамында Қоңырат, Саяқ карьерлері, руда түйіршіктейтін, ұқсататын цехтары мен байыту фабрикасы, мыс балқытатын, прокат жасайтын заводтары, басқа да осы заманғы өндіріс салалары бар тұтастай толық циклды ірі кен-металлургия комбинаты болып отыр. Оның өнімін СССР-дің 1000 шақты кәсіпорны мен көптеген шетелдер пайдаланады. 1967 жылы Лондондағы көрмеде Балқаш мысы дүние жүзіндегі сапасы ең жақсы мыс деп танылды.
Кітап үш бөлімнен тұрады:
* Мыс аңызы,
* Дала қоймасы,
* Балқаш күмбезі.
## Дереккөздер |
Мыс ошағы — Әмен Әзиевтің Солтүстік Балқаш өңірінің тарихы жайындағы романы.
Жазушы өзінің 1977 жылы шыққан «Жез таулар» романын өңдеп, толықтырып, 1980 жылы «Мыс ошағы» деген атпен қайта шығарды. 1991 жылы шығарма орыс тілінде «Медный пояс» деген атпен жарияланды.
Роман үш бөлімнен тұрады:
* Сағымды дала,
* Көмілген алтын,
* Қазына төрінде.
Кітапта 1920-жылдардағы қыр елінің тұрмыс-тіршілігі, тап тартысы, жаңа өмір тынысы, мал бағуды кәсіп еткен қазақ шаруаларының өндіріске, кен барлау ісіне араласуы жан-жақты бейнеленген.
Сондай-ақ, Әмен Әзиев қазақ халқының еңсегей тұлғалы ұлдарының бірегейі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың образын әдемі мүсіндеген. Автор ұлы ғалыммен Қарағандыда да, Алматыда да әлденеше рет жолығып, армансыз сұхбаттасқан көрінеді. Сәтбаевтың жасы үлкен досы, әйгілі геолог Михаил Петрович Русаковтың да бейнесін де шынайы етіп көрсете алған.
Русаков геологиялық барлау партиясының жаңалық сағынған адамдарына қонақтардың жай-жапсарын қысқаша баяндады. Алдымен Қарсақбай мыс заводының іске қосылуына байланысты биыл февраль айында Москвадан Қарсақбайға көшірілген «Атбасцветмет» тресіне бастық және бас геолог боп тағайындалған Қаныш Сәтбаевты мұндағы мамандарға жеткізе таныстырды.
## Дереккөздер |
Қазақстан немістері (нем. Kasachstandeutsche) — Қазақстан аумағында тұратын этникалық қауымдастықтардың бірі. 2014 жылдың басында қазақстандық немістердің саны 181 928 адамды құрады (ел халқының 1,06%).
## Тарихы
### Депортацияға дейін
Алғашқы немістер қазіргі республиканың территориясында XVIII ғасырдың аяғында империяның көп жерлерді шығыс және оңтүстік шетіне ішкі орыс көші-қон қозғалысына белсенді қатыса бастағанда пайда болды.
Қазақстандағы алғашқы неміс ауылы 1885 жылы құрылған Рождественское (Фриденсфельд) болып саналады. Алғашқы колонияларға Мариенбург пен Фриденстал жатады. 1905-1911 жылдардағы Столыпин реформасы кезеңінде Қазақстанның солтүстігінде оншақты неміс елді мекендері: Александртал, Алтенау, Кенигсгоф, Пруггергоф болды.
1930 жылдары немістер Қазақстанға Украина, Қырым, Еділ бойы, Ленинград облысы және Әзірбайжан ауылдарынан келе бастады. Негізінен бұлар кулактардың мүлкін тәркілеу және қуғын-сүргін нәтижесінде айдалған шаруалар еді.
Іргелі тұру және ішкі өзін-өзі басқару жағдайында ресей немістері өзіндік мәдениеті, әдет-ғұрпы мен дәстүрі бар халық ретінде дамыды.
Соған қарамастан, Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін КСРО-ның Еуропалық бөлігінде көптеген неміс ауылдары (колониялары) болды; бір деңгейде немесе басқа деңгейде бастапқы колонизаторлық неміс мәдениеті мен күнделікті қарым-қатынаста қолданылатын диалектілер сақталды.
1918 жылы қазанда Еділде неміс жұмысшы коммунасы құрылды, ал 1924 жылы оның негізінде Еділ Немістерінің Автономиялық Республикасы жарияланды. Сонымен қатар, Украинада неміс аудандары мен немістердің ауылдық кеңестері құрылды. Бірақ 1920 жылдардың соңында 1936-1939 жж кең етек жайған ресей немістеріне қарсы қуғын-сүргін басталады. Кулактардың мүлкін тәркілеу неміс ауылдарына орасан зор зиян келтірді, бұл қожалықтың талқылануына, жер аударылуына, кейде адамдардың физикалық тұрғыдан жойылуына әкеп соқтырды. Сонымен қатар, көптеген немістер Германия үшін тыңшылық жасады деп айыпталып, қамауға алынды, жер аударылды немесе атылды.
### Депортация
Еділ Немістерінің Автономиялық Республикасын жою, Еділ бойындағы, Украинадағы, Әзірбайжандағы, Ленинград облысында және басқа жерлерде неміс ауылдарын қирату, мыңдаған жазықсыз адамдарды жер аудару және физикалық тұрғыдан жою сталиндік репрессияның бүкіл халықтардың құрбанына айналған әрекеттері үшін заңды да, моральдық негіздемесі де жоқтардың бірі. Ресей немістерін Кеңес Одағы мен Кавказдың еуропалық бөлігінен жер аудару 1941 жылдың шілдесінде басталып, бірнеше кезеңдерден өтті. 1941 жылы тамызда немістер Қырым түбегінен қуылды, ал жер аудару ұрыс қимылдары салдарынан қауіпті аймақтан көшіру деген желеумен жүзеге асырылды. Содан кейін неміс халқы Украина мен Еділден жер аударылды. 1941 жылы 28 тамызда «Еділ бойында тұратын немістерді қоныстандыру туралы» Жарлық жарияланды. Калинин мен Горкиннің қолдары қойылған бұл құжатта: «Әскери билік органдары алған сенімді мәліметтерге сәйкес, Еділ бойында тұратын неміс тұрғындарының арасында мыңдаған және он мыңдаған диверсанттар мен тыңшылар бар, олар Германияның белгісі бойынша Еділ немістері қоныстанған жерлерде жарылыс жасауы керек». Осылайша, кейбір заңды негіздердің көріністерін келтіре «Еділ бойындағы бүкіл неміс тұрғындарына қатысты жазалау шаралары қолданылды».
Еділ немістерін «қоныстандыру» орындары «Новосібір мен Омбы облыстарының, Алтай өлкесінің, Қазақстан мен басқа да көрші аудандардың егістік жерлерге толы аудандары» болуы керек еді. Орыс немістерінің тағы бір бөлігі Вермахт басып алған территорияға түсіп, Германия мен Польшаға жеткізілді. Соғыстан кейін олардың көпшілігі Кеңес Одағына оралды, сонымен бірге Сібірде, Қазақстанда және басқа да жер аударылғандарда, ІІХК бақылауымен «арнайы қоныстарда» болды. И.Флейшауэр мен Б.Пинкус келтірген мәліметтер бойынша 1945-1946 жылдары Қазақстанда 530 мыңға жуық немістер өмір сүрсе, РКФСР-да, негізінен Сібір мен Алтайда 650 мың, ал Қырғызстан мен Тәжікстанда 70-ке жуық болған. Немістердің Қазақстандағы тұрғылықты жері негізінен Қарағанды, Қостанай, Целиноград, Павлодар, Семей, Көкшетау, Жамбыл облыстары болды. Ресейлік немістерді бұрынғы тұрғылықты жерлеріне қайтару туралы мәселе ұзақ уақыт бойы көтерілген жоқ. 1948 жылғы 26 қарашада шыққан Жоғарғы Кеңес Презиумының жарлығына сәйкес шешендер, қалмақтар, финндер, латыштар сияқты немістер де «оларға мәңгілікке берілген аудандарға қоныс аудару», олардың «тұрғылықты жерлерінен ІІМ арнайы рұқсатынсыз кетуі» үшін «20 жылға дейінгі ауыр жұмыспен» жазаланатын.
### Жартылай ақтау
1949 жылы ГДР пайда болды, бірақ кеңестік немістер арнайы қоныстар тізімінен 1955 жылы 30 желтоқсанда ғана шығарылды. Олар соғысқа дейін өмір сүрген жерлерін қоспағанда, елдің басқа аймақтарына қоныс аудару құқығын алды. 1955 жылғы жарлықта бұл жерде қоныс аудару кезінде тәркіленген мүлікті немістерге қайтару немесе оларды шығарылған жерлеріне қайтару туралы әңгіме болмайтындығы баса айтылды.
1958 жылы Алматыда неміс тілінде радио хабарлары ұйымдастырылды, 1964 жылы Қарағанды телехабар студиясы ай сайын неміс бағдарламаларын шығара бастады. Целиноградта немістің «Фройндшафт» газеті (нем. Freundschaft, 1966 жылдан бастап) шықты.
Ресейлік немістерді одан әрі ақтау 1964 жылы 29 тамыздағы Жарлық пайда болғанда басталды, онда Еділ немістерінің Үшінші рейхке қосылғаны туралы «жаппай айыптаулар» негізсіз және Сталиннің жағдайындағы озбырлықтың көрінісі жеке адамға табыну болды. 1941 жылғы «Еділ бойында тұратын немістерді қоныстандыру туралы» жарлықтың күшін жоюмен қатар, «неміс халқы жаңа жерде тамыр жайды», яғни қоныс аударғандардың оралуы немесе кез келген мемлекеттік-әкімшілік құрылымдарды құру туралы болмады. Жариялауға жатпайтын 1972 жылғы қарашадағы жарлық қана немістердің тұрғылықты жеріне қойылған шектеулерді алып тастады.
Алайда Еділ республикасы да, басқа жерлердегі неміс аудандары да қалпына келтірілмеді. КСРО-дағы, атап айтқанда, Қазақстанда немістерге қатысты саясат көбіне ФРГ үкіметі мен қоғамы тарапынан оларға назар аударумен анықталды. Германияға кету құқығына бағытталған немістерге, әсіресе герман рейхінің территориясында болған және Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германия азаматтығын алған адамдарға өздері, Германия үкіметі және Қызыл Крест күштері қол жеткізді.
### Автономия құру әрекеті
1972 жылдың қыркүйегінде Қазақстан немістерінің 3,5 мың отағасы қол қойған хаты туралы белгілі болды. Бұл күрес неміс бұқаралық ақпарат құралдарында тойтарыс пен қолдау тапты. Бұған жауап ретінде Қазақстан Коммунистік партиясы немістердің наразылығын төмендетуге, оларға мәдени автономия үшін жағдай жасауға бағытталған бірнеше шаралар қабылдады. Сонымен бірге шетелдік идеологиялық орталықтар қызметінің жемісі ретінде ұсынылған эмиграциялық көңіл-күйге қарсы үгіт-насихат жүргізілді. Қазақстан КП Орталық Комитетінің 1974 жылғы 16 сәуірдегі «Неміс ұлтының азаматтары арасында идеялық-ағарту жұмысын күшейту туралы» және 1974 жылғы 26 маусымдағы «Неміс азаматтары арасында саяси-ағарту жұмысын одан әрі күшейту туралы» шешімдері. ұлты »қабылдады. Германияға кеткісі келетін адамдардың жеке мәселелері арнайы ұйымдастырылған қоғамдық комиссиялардың отырыстарында қаралды. Сонда да, қажетті нәтижелерге қол жетпеді.
Сондықтан КОКП басшылығы неміс автономиясын құру керек деген қорытындыға келді. 1976 жылы тамызда осы мәселені өңдеумен айналысқан КОКП ОК мүшелерінің бір тобы, орталығы Ерейментау болатын Қазақстанда неміс автономиялық облысын құру туралы ұсыныс жасады. Кейінірек, 1979 жылы 31 мамырда КОКП ОК саяси бюросы қазақ халқының наразылығына байланысты орындалмаған «Неміс автономиялы облысын құру туралы» қаулы қабылдады.
Қайта құру басталғаннан бастап, ресей немістері автономияны қалпына келтіру үшін күресті күшейте, ең алдымен, мәселе Еділ бойындағы республиканы қалпына келтіру туралы болады. Бұл әрекеттер елеулі қиындықтарға ұрынып, қажетті нәтижеге әкелмейді. Сонымен бірге, бұрынғы КСРО елдерінде тұратын немістерді неміс мәдениетімен таныстыру, неміс тілін оқытуды жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. ФРГ үкіметі бұл мәселеге көмектесу үшін қомақты қаражат бөледі. 1990 жылы Германия Федеративті Республикасынан айтарлықтай көмек алған аймақтар - Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстары. 1992 жылға дейін немістердің бүкілодақтық съездері өткізілді.
1992 жылы 29 қазанда Алматыда 1-Қазақстан немістерінің жиыны өтті, барлық аймақтық қоғамдарды біріктіріп, Қазақстандағы барлық немістердің мүдделерін қорғау үшін республикалық «Жандану» қоғамдық ұйымын құру туралы шешім қабылданды. 1995 жылы 25 маусымда 2-жиын болды, онда Қазақстан немістерінің Кеңесі сайланды. 90-жылдардың басында Ресей үкіметі ресей немістерін толғандырған мәселелерді шешуге бірнеше әрекеттер жасады. Сонымен, 1992 жылы 21 ақпанда Ельцин ресей немістерін ақтау жөніндегі шұғыл шаралар туралы жарлыққа қол қойды.
### Отанына қайта оралу (репатриация)
Темір перденің құлауы және Германияның бірігуі немістердің Қазақстаннан тарихи Отанына кетуіне әкелді. 1992 жылы Қазақстаннан 80 мың неміс кетті, 1993 жылы кеткен немістер саны 100 мыңға жетті, ал 1994 жылы Германияға 120 мың неміс кетті. Тек 1997 жылы ғана көші-қон ағыны таусыла бастады.
1997 жылы мамырда ФРГ канцлері Гелмут Колдің Қазақстанға сапары кезінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы ынтымақтастық үшін Қазақстанда тұратын неміс диаспорасының маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге, ол қазақстандық немістерді «өз Отаны - Қазақстанды» тастап кетпеуге, осы елдің басқа халықтарымен бірге жақсы болашақ құруға шақырды.
## Этнографиясы
Қазақстандағы алғашқы ерікті неміс қоныстанушылары қазақтарды айтпағанда (мұсылман дінінің өкілдері ретінде) орыстармен аралас некеден аулақ болып, моноэтникалық жағдайда өмір сүруді жөн көрді. Ресей империясына қоныс аударып, Азияға қоныстанған немістердің шамамен 65% евангелиялық-лютеран шіркеуіне тиесілі, келушілердің екінші үлкен тобы католиктер болса, ал меннонизм онша кең таралмады.
Ұлы Отан соғысы басталған кездегі немістер жер аударылғанда, жаңа қоныс аударушылар келіп, басқа ұлт өкілдері жер аударылғаннан кейін, немістердің көпшілігі этникалық аралас, бірақ басым бөлігі орыс тілділердің ортасында тап болды. Сондықтан, 1960-1990 жылдары өскен неміс ұрпақтары тілдік құрамы бойынша орыстандырылған.
## Қазақстандағы неміс халқының серпіні
Республикада немістердің саны бойынша 1989 жылы жоғарғы деңгейге жетті, 1989 жылғы санақ бойынша Қазақ КСР-інде 958 мың немістер өмір сүрді (республика халқының 5,8%). Немістер, осылайша, 1989 жылы украиндықтарды 4-орынға ығыстырып, саны жағынан орыстар мен қазақтардан кейінгі үшінші халық болды. 1991 жылы Қазақстанның егемендігі жарияланғаннан және көші-қон заңнамасы ырықтандырылғаннан соң, елдегі немістердің саны ерекше тез төмендеді. 1999 жылғы халық санағы 353 мың немістерді тіркеді (халықтың 2,4% -ы). 2009 жылғы санақ бойынша 2000 жылдан кейін эмигранттардың аздаған бөлігі Қазақстанға оралғаны туралы баспасөзде ақпарат пайда болғанына қарамастан, Қазақстан Республикасында 178,2 мың неміс қана (халықтың 1,1% -ы) қалды. Жоғары эмиграцияға қарамастан, республикадағы немістер 1990-шы және 2000-жылдары орыстар мен украиндықтардан гөрі 1000 неміс тұрғынына шаққанда +1-ден +2 адамға дейінгі табиғи өсімді сақтап қалды. 90-жылдардың басына дейін көпшілігі тыңнан шыққан ауыл тұрғындары болып келген немістердің (+6 +8 адам) табиғи өсімі, орыстармен салыстырғанда едәуір жоғары болды, бірақ олар қазақтармен салыстырғанда жоғары емес еді. Сол себепті, республикадағы немістердің үлесі абсолюттік санының өсуіне қарамастан 1959 жылдан бастап (7,1%) төмендеп келді.
* 1897 — 2 613 неміс (0.06 %)
* 1926 — 51 094 неміс (0.82 %)
* 1939 — 92 571 неміс (1.51 %)
* 1959 — 659 751 неміс (7.08 %)
* 1970 — 839 649 неміс (6.53 %)
* 1979 — 900 207 неміс (6.13 %)
* 1989 — 957 518 неміс (5.82 %)
* 1999 — 353 441 неміс (2.36 %)
* 2007 — 220 000 неміс
* 2009 — 178 409 неміс (1.11 %) (2009 жылғы Қазақстан Республикасындағы халық санағының қорытындылары бойынша)
* 2012 — 180 832 неміс (1.08 %)
* 2014 — 181 928 неміс (1.06 %)
* 2015 — 181 958 неміс (1.04 %)
## Қазақстанның әйгілі немістері
* Атаназиус Шнайдер — Рим-католиктік епископ. 2006 жылдың 8 сәуірінен бастап Целеринаның атақты епископы. 2006 жылғы 8 сәуірден 2011 жылғы 5 ақпанға дейін Қарағанды қаласының көмекші епископы. 2011 жылдың 5 ақпанынан бастап Астана қаласындағы Қасиетті Мария Архиепархияның көмекші епископы.
* Герман Греф — Ресейлік неміс мемлекет қайраткері, Ресей Сбербанкінің президенті және басқарма төрағасы, Ресей Федерациясының бұрынғы экономикалық даму және сауда министрі (2000-2007)
* Константин Лайкам — Ресей мемлекет қайраткері, 2004 жылғы 16 маусымнан бастап Федералды мемлекеттік статистика қызметі (Росстат) басшысының орынбасары.
* Виталий Ааб — кәсіби хоккейші, Германияның шайбалы хоккей құрамасының ойыншысы.
* Владимир Беккер — генерал-майор, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитетінің экс-төрағасы.
* Эдуард Айрих — КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. «Динамо» (Алматы) ерлер командасының аға жаттықтырушысы. 1980 жылғы Олимпиада ойындарында КСРО ерлер құрамасының аға жаттықтырушысы - команда қола медал жеңіп алды.
* Константин Айрих — неміс боксшы.
* Дмитрий Литесов — неміс хоккейші.
* Евгений Аман — Қазақстан комсомолы Қостанай облыстық комитетінің бөлім меңгерушісі, 1983 жылдан бастап Қазақстан Компартиясы Қостанай облыстық комитетінің ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1988 жылы ол Қазақстан Компартиясы Обаған аудандық комитетінің бірінші хатшысы, еңбекшілер депутаттары аудандық кеңесінің төрағасы болып сайланды. 1992 жылдан бастап өндірістік-коммерциялық бөлімнің директоры, «Қостанайлизингинвест» АҚ вице-президенті, 1998 ж. «Қостанайлизинизинвест» АҚ президенті. 1999 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, екінші, үшінші шақырылымдарының депутаты, Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып сайланды. 2007 жылдан бастап төртінші шақырылымның депутаты, Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның хатшысы. 2008 жылы аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып сайланды. 2009 жылғы желтоқсаннан 2013 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы болды. 2013 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары.
* Геролд Белгер — жазушы, аудармашы, прозашы және сыншы. 1971 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
* Александр Фитц — жазушы, журналист, қоғам қайраткері.
* Эрнст Боос — Физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспонденті әрі академигі, Ұлттық ғылым академиясының жоғары энергия физикасы институтының директоры.
* Андрей Браун — Ақмола облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Социалистік Еңбек Ері, үш рет Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медалдармен марапатталған.
* Яков Геринг — кеңестік шаруашылық қайраткер, зоотехник, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, Қазақ КСР-інде ауылшаруашылық өндірісін ұйымдастырушы. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты (1971), Социалистік Еңбек Ері (1966), КСРО Министрлер Кеңесі сыйлығының лауреаты (1978).
* Роберт Дитрих — хоккейден Германия Жастар құрама командасында ойнаған кәсіби хоккейші.
* Игорь Дорохин — кәсіби хоккейші, КСРО хоккей құрамасында ойнады.
* Сергей Каримов — футболдан Қазақстан ұлттық құрамасында ойнаған кәсіби футболшы.
* Дмитрий Кочнев — кәсіби хоккейші, Германияның шайбалы хоккей құрамасының ойыншысы.
* Александр Дедерер — «Жандану» Қазақстан немістерінің қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының төрағасы.
* Александр Меркел — кәсіби футболшы, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы.
* Иоган Меркел — 3-классты мемлекеттік әділет кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аймақтық және салалық даму комитетінің төрағасы, Аграрлық мәселелер және Сенаттың қоршаған ортаны қорғау комитетінің хатшысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары. «Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері» атағына ие.
* Гуго Вормсбехер — кеңес және орыс жазушысы, ресей немістерінің өкілі.
* Мунтаниол Вилли — ресей немістерінің ұлттық қозғалысының ардагері, 1960 жылдардағы автономист, КСРО Журналистер одағының мүшесі, публицист, жазушы, ресей немістерінің Халықаралық конвенциясы президиумының мүшесі.
* Пётр Нейштетер — футболдан Қазақстан ұлттық құрамасында ойнаған кәсіби футболшы.
* Владимир Нидергаус — футболдан Қазақстан ұлттық құрамасында ойнаған кәсіби футболшы.
* Дмитрий Петцолд — кәсіби хоккейші, Германияның шайбалы хоккей құрамасының ойыншысы.
* Нора Пфеффер — ақын. Ол Қазақ КСР неміс радиосын, кейіннен «Қазақстан» баспасының неміс бөлімін басқарды.
* Алберт Рау — саяси қайраткер, Ақмола облысының әкімі, Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі.
* Вадим Рифел — шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасында ойнаған кәсіби хоккейші.
* Александр Фрайденберг — Бүкілодақтық социалистік жарыстарда екі рет жеңіске жеткен Қазақ КСР немістерінің жастар-комсомол отбасылық байланысының алғашқы түйіні.
* Генрих Шмидтгал — кәсіби футболшы, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы.
* Дмитрий Хинтер — рэп-орындаушы Schokk немесе YA аттарымен таныс.
* Константин Энгел — кәсіби футболшы, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы.
* Юри Юдт — Германияның жастар футбол құрамасында ойнаған кәсіби футболшы.
* Максим Браун — қазақстандық биатлоншы.
* Элеонора Хуммел — неміс жазушысы.
* Дмитрий Шаад — неміс актері.
* Олег Борн — неміс футболшысы.
* Кирилл Мейстер — қазақстандық тележүргізуші.
### Аралас некенің ұрпақтары
* Қайырболат Майданов — Кеңес Одағының Батыры, Ресей Федерациясының Батыры (қайтыс болғаннан кейін).
* Александр Винс — Солтүстік Қазақстан облысының Черкасское ауылдан шыққан танымал механизатор, 1986 жылы ауылшаруашылық өндірісі бойынша көшбасшы. Қостанай облысының тумасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әкімжан Күркеұлы Молдашев(Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданының «Колос» газеті, 23.07.2005, «Өз міндетін тек орындау» очеркі) және Қырымнан арнайы қоныс аударушы Сюзанна Андреевна Винстың ұлы.
* Дмитрий Рейхерд — могулда өнер көрсететін қазақстандық шаңғышы.
* Оскар Хартман — Ресейлік кәсіпкер, филантроп, капитализациясы 5 миллиард доллардан асатын 10-нан астам компанияның негізін қалаушы.
## Тағы қараңыз
* Мариенталдік сұлу Амми мен қырғыз Михел
## Дереккөздер |
Сауран ауданы — Түркістан облысы аумағындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Орталығы – Шорнақ ауылы.
## Географиялық орны
Аудан солтүстігінде Созақ ауданымен, оңтүстігінде Отырар ауданымен, шығысында Бәйдібек ауданымен, оңтүстік-шығысында Ордабасы ауданымен, батысында Қызылорда облысының Жаңақорған ауданымен шектеседі.
## Тарихы
Сауран ауданы Қазақстан Республикасының Президентінің 2021 жылғы 12 наурыздағы №534 Жарлығына сәйкес 15 наурыз күні құрылды. Ауданға Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтері берілді. 1997 жылға дейін қазіргі Сауран ауданының аумағында Түркістан ауданы болған.
## Әкімшілік бөлінісі, халқы
34 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген:
## Әкімдері
* Ғани Құрмашұлы Рысбеков (22.04.2021 — 25.12.2022)
* Ғалымжан Қарабайұлы Үсенбаев (26.12.2022 — 25.10.2023)
* Мақсат Асылбекұлы Таңғатаров (26.10.2023 ж. — қазіргі уақытқа дейін)
## Дереккөздер |
«Мариенталдік сұлу Амми мен қырғыз (қазақ) Михел» — XIX ғасырдың екінші жартысында алғаш рет басылған әдеби өңдеудегі Еділ немістерінің халықтық аңызы. Аңыз немістердің Еділ бойындағы отарлауының алғашқы кезеңін көрсетеді, бұл кезде қоныс аударушылар Қырғыз-Қайсақ (Қазақ) Ордасының көшпенділерімен әрдайым бейбіт байланысқа түсуге мәжбүр болды. Кейде 1776 жылы 15 тамызда Мариентал (сол кезде Пфанненштил) колониясына ерекше жойқын шабуылмен байланысты.
## Немісше атауы
Аңыздың әр түрлі басылымдарында және оның айтылулары, атауының бірнеше нұсқалары жазылған, олар стилистикалық айырмашылықтарды да, ескі мен қазіргі емле арасындағы айырмашылықты да көрсетеді:
* Schön Ammi von Mariental und der Kirgisen-Michel
* Schön-Ammi von Marienthal und der „Kirgisermichel“
* Fest und Treu, oder, der Kirgisen-Michel und die Schön Ammie aus Pfannenstiel (пьесаның атауы)
* Die schöne Ammi aus Marienthal und der Kirgisenmichel
## Желісі
Мариенталдік Михел (басқа нұсқаларда Ханна-Михел), жас жігіт «қырғыздардың» (қырғыз-қайсақ, қазақ) шабуылы кезінде тұтқындалып, бай қожайынның құлдығына түсті. Михел өзінің тыныш мінезі және еңбекқорлығымен қожайынының ықыласына ие болады. Ол оған тегін ру мүшесінің құқығын беріп, қызы Сүлейкеге үйлендірмек болады. Сүлейке Михелге ғашық, бірақ ол Мариенталдағы сұлу Аммиға (Анна-Мариядан қысқартылған) деген сүйіспеншілігіне адал. Жақын адамның бақыты оның оған деген сезімінен гөрі маңызды болып шығып, Сүлейке, өмірін құрбан ете Михелді үйге қашуына көмектеседі.
## Жариялау тарихы
Фридрих Дзирненің әдеби бейімдеуінде аңыз 1868 жылы неміс тілінде «Schön Ammi von Mariental und der Kirgisen-Michel» деген атаумен жарық көрді.
Аңыз орыс тілінде 1875 жылы Т. И. Герольдовтың өңдеуінде «Прекрасная Амми из Мариенталя и „Киргиз-Михэль“» деген атаумен жарық көрді.
Аңызға деген жаңа қызығушылық 1914 жылдың басында, Еділ немістері Еділ бойын немістердің отарлауына 150 жылдығын тойлауға дайындалып жатқан кезде болды. Оның ішінде Готлиб фон Гобель (Gottlieb von Göbel, пастор Готлиб Берацтың әдеби лақап аты) және мектеп мұғалімі Александр Хунгер (Alexander Hunger) аңызға сүйене отырып, «Қатал және шын, немесе Қырғызын-Михел және Пфанненштилден шыққан сұлу Амми» (Fest Treu, oder, der Kirgisen-Michel und die Schön Ammie aus Pfannenstiel) атты екі актілі пьеса жазды. Атауында, оның үлкен «жасандылығымен» қатар, ықтимал анахронизм де жойылды: аңызда айтылған дәуірде Мариентал бұрынғыдай өзінің атауымен болған болар еді.
Жазушы Антонина Шнайдер-Стремякова, Антон Шнайдердің шөпшегі, зерттелген мұрағаттарға сүйене отырып, аңызды алғаш XIX ғасырдың ортасында оның бабасы жазып алған деп мәлімдейді. Сондықтан, 2018 жылы Антон Шнайдер авторлық еткен және өзін орыс тіліне аудармашы ретінде көрсететін аңыз нұсқасын жариялады.
## Туындының талдауы
Тарихшы Виктор Кригер өзінің көзқарасы бойынша аңызды қазіргі зерттеушілер дұрыс түсіндірмегенін атап өтті. Бұл, ең алдымен, өздерін Германиядан алыс, мүлдем басқа этномәдени жағдайда тапқан немістер жасаған романтикалық оқиға. Кейбір зерттеушілер мұны, мысалы, жаңа жеке этностың: Еділ немістерінің қалыптасу кезеңдерінің бірі ретінде ұсынады.
Жазушы Ингмар Бранч 1914 жылғы пьесаның авторлары XVIII ғасырдың архаизмі мен классицизмін қосуға тырыспақ болған диалогтардың жалпы ойшылдығы мен статикалық сипатын атап өтті. Онымен салыстырғанда тілдің қарапайымдылығы мен мәнерлілігі сақталған 1868 жылғы нұсқа тиімді көрінеді.
Этнограф және лексиколог Г.Г.Дингес бізге жеткен нұсқалардың тілін орыс және татар тілдерінен әртүрлі лексикалық кірме сөздер, мысалы: Kaftan (шекпен), Ambar (қамба), Pferdetabun және Tabunenhirte (жылқы табыны) еніп алған Екатериненштадт диалектісінің мысалы деп санайды.
## Дереккөздер |
Бәсентиін Малайсары – қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүздегі Арғын тайпасының Жеті Момын тармағынан таратылады.
## Шежіре
Ақмайдан, Бекмайдан, Тоқмайдан, Ақтілес, Күшік (ру), Қарабұжыр, Апай, Бөрі, Сырым аталарына бөлінеді. Бәсентиін руынан Малайсары батыр, Жасыбай батыр, Сырымбет батыр сияқты тұлғалар шыққан. Бәсентиіндер XIX ғасырдың орта кезінде бес болыс ел болған. Ұраны - “Барлыбай”. Таңбасы - ойық, тілік.
## Тұлғалар
* Малайсары батыр
* Сәбит Дөнентаев
* Сырымбет батыр
* Қазанғап Сатыбалдыұлы Бөрі
* Қанаш Қамзин Бөрі
* Нұтфолла Шәкенов Бөрі
* Бастемі Айтқожаұлы Көшеншүрек
## Дереккөздер |
Раевка — Қазақстанның Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы жойылған ауыл. Соснов ауылдық округінің құрамына кірді. 2000 жылы таратылды.
## Тұрғындары
1989 жылы ауылдың тұрғындары 69 адамды құрады. 1999 жылғы санақ бойынша ауылда 47 адам (23 еркек және 24 әйел) тұрды.
## Тарихы
Алтенау колониясын 1907 жылы Таврия және Екатеринослав губернияларынан көшіп келген немістер құрды. 1914 жылы неміс атауларына қарсы күресте ауыл Павлодар шаруаларын қоныстандыру бөлімінің I шағын ауданының бастығы - И. П. Забаровтың қызының құрметіне Раевка болып өзгертілді.
## Дереккөздер |
Жұманова Зейнеп (10 ақпан 1939 жыл) - математик, математика-физика ғылымдарының кандидаты (1978), философия докторы.
Казақ мемлекеттік университетінің математика факультетін бітірген (1960 жыл). 1960-1964 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының математика институтында кіші ғылыми қызметкер, 1965-1983 жылдары Атырау пединститутында оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған, 1983 жылдан Актау техникалык университетінін доценті, жоғары математика кафедрасының меңгерушісі.
Жұмановаға 1993 жылы халықаралық аймақтық конвенция комиссиясы философия докторы дәрежесін берді. Жұманова Зейнеп-Казақстан республикасы халыққа білім беру ісінің үздігі ( 1993), "Құрмет белгісі" орденінің (1981), жиырмадан аса ғылыми әдістемелік еңбектіңавторы.
## Дереккөздер |
Дзержин ауданы — 1936-1957 жылдары болған Алматы және Талдықорған облыстарының әкімшілік бірлігі.
## Тарихы
Дзержин ауданы (орталығы Дзержинское ауылы болып өзгертілген Колпаковка ауылы) 1936 жылы 29 маусымда Андреев ауданының бір бөлігінен Қазақ АКСР-нің Алматы облысының құрамында құрылды. Оның құрамына Герасимов, Глинов, Дзержин, Елтай, Надеждинск және Успенов ауылдық кеңестері кірді.
1944 жылы 15 наурызда Дзержин ауданы Талдықорған облысына берілді.
1954 жылы Елтай және Успен ауылдық кеңестері жойылды.
1957 жылы 5 қарашада Дзержин ауданы жойылып, оның аумағы Андреев ауданына қайтарылды.
## Дереккөздер |
Қазыбек би ауданы — 1928-1963 және 1964-1997 жылдары болған Қарқаралы округі, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы - Егіндібұлақ ауылы.
## Тарихы
Аудан 1928 жылы Қазақ АКСР Қарқаралы округінің құрамында Қу ауданы деген атпен құрылды. 1930 жылы Қазақ АССР-нің тікелей қарамағына өтті. 1932 жылы Шығыс Қазақстан облысына кірді. 1934 жылы 4 шілдеде Қу ауданы Қарқаралы округіне берілді.
1936 жылы 29 шілдеде Қу ауданы Қарағанды облысына берілді. Осы уақытта оның құрамына келесі ауылдық кеңестер кірді: Арқалық, Балықтыкөл, Бастал, Бүркітті, Достар, Доғалаң, Едірей, Мыржық, Сарытау және Шарықты.
1955 жылы Семей облысында жойылған Абыралы ауданының Алғабас ауылдық кеңесі аудан құрамына енді. Сол жылы Абай ауылдық кеңесі құрылды.
1956 жылы Едірей ауылдық кеңесі Арқалыққа, Достар - Балықтыкөлге, Мыржық - Сарытауға қосылды. Бастал ауылдық кеңесі Егіндібұлақ деп өзгертілді. Комсомол және Шөптікөл ауылдық кеңесі құрылды.
1957 жылы Алғабас ауылдық кеңесі Бүркіттіге қосылды.
1961 жылы Доғалаң ауылдық кеңесі Сарытауға, Шөптікөл - Шарықтыға қосылды.
1962 жылы Бүркітті ауылдық кеңесі Алғабас болып өзгертілді.
1963 жылы 2 қаңтарда Қу ауданы жойылып, оның аумағы Қарқаралы ауданына берілді.
1964 жылы 31 желтоқсанда аудан Егіндібұлақ ауданы деген атпен бұрынғы құрамында қалпына келтірілді (Алғабас, Арқалық, Балықтыкөл, Егіндібұлақ, Комсомол, Сарытау және Шарықты ауылдық кеңестері).
1975 жылы Айрық ауылдық кеңесі құрылды.
1977 жылы Алғабас ауылдық кеңесі Талды ауданына берілді.
1986 жылы ауданда 8 ауылдық кеңес болған: Абай, Айрық, Арқалық, Балықтыкөл, Егіндібұлақ, Комсомол, Сарытау және Шарықты.
1986 жылы Қаракөл ауылдық кеңесі құрылды.
1988 жылы Алғабас ауылдық кеңесі Талды ауданынан Егіндібұлақ ауданына қайтарылды.
1990 жылы Алғабас ауылдық кеңесі Семей облысының Абыралы ауданына берілді.
1993 жылы 4 мамырда Егіндібұлақ ауданы Қазыбек би ауданы болып өзгертілді.
1997 жылы 23 мамырда Қазыбек би ауданы таратылды. Сонымен бірге бүкіл аумақ Қарқаралы ауданына берілді. Таратылған кезде ауданда 8 ауылдық округ болды: Абай, Айрық, Арқалық, Балықтыкөл, Егіндібұлақ, Қаракөл, Комсомол, Сарытау және Шарықты.
## Халқы
## Әдебиет
* Қарағанды облысының әкімшілік-аумақтық құрылымының тарихы туралы анықтамалық. — Қарағанды: Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаты, 2006.
## Дереккөздер |
Берікқара ауданы — 1928-1930 жылдары болған Қазақ АКСР-і Қарқаралы округінің әкімшілік бөлінісі. Орталығы — Милыбұлақ мекені.
## Тарихы
Берікқара ауданы 1928 жылы Қарқаралы округінің құрамында Семей губерниясындағы Қарқаралы уезінің Ақсары, Берікқара, Кент және Темірші болыстары аумағында құрылды. 1930 жылы аудан таратылып, оның аумағы Қарқаралы ауданына берілді.
## Дереккөздер |
Жаңа Покров ауданы — 1944-1963 жылдары болған Қазақ КСР Семей облысы құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы - Новопокровка ауылы.
## Тарихы
Жаңа Покров ауданы Семей облысының құрамында 1944 жылы 8 мамырда құрылды. Ауданға Белағаш ауданының келесі ауылдық кеңестері кірді: Ерназаров, Жайымов, Зұбайыров, Қызылауыл, Николаев, Октябрьск, Петропавловск, Подборный, Пролетарск, Степной, Тоқаев, Ұялы, сондай-ақ Белағаш ауылдық кеңестері.
1952 жылы 31 желтоқсанда Николаев ауылдық кеңесі таратылды.
1954 жылы 4 тамызда Октябрьск ауылдық кеңесі Тоқаевкіге қосылды. Пролетарск ауылдық кеңесі таратылды. Белағаш ауылдық кеңесі Жаңа Покров болып өзгертілді.
1957 жылы 10 қазанда Ұялы ауылдық кеңесі Қызылауыл ауылдық кеңесіне қосылды. Жайымов ауылдық кеңесі Орловск болып өзгертілді.
1957 жылы 11 қарашада таратылған Жаңасемей ауданының: Бағана, Глуховск, Знаменск, Ертіс, Қоқан, Тепқаша, сондай-ақ Байуақ және Жаңасемей ауылдық кеңестері Жаңа Покров ауданының құрамына кірді.
1958 жылғы 30 қыркүйекте Шаған елді мекені жұмысшы ауылына айналды.
1959 жылы 16 желтоқсанда Ерназаров ауылдық кеңесі таратылды, Абай ауданынан Жаңа Покровкіге Абай ауылдық кеңесі берілді.
1961 жылы 19 сәуірде Байуақ ауылдық кеңесі Бесқарағай ауданына берілді.
1961 жылы 19 мамырда орталығы Коростели ауылы болатын Бақан ауылдық кеңесі құрылды.
1961 жылы 5 қыркүйекте Қоқан ауылдық кеңесі Знаменскіге, ал Бағана - Глуховскіге қосылды, сонымен қатар таратылған Бағана ауылдық кеңесінің арқасында орталығы Семейтау ауылы болатын Семейтау ауылдық кеңесі құрылды.
1963 жылы 2 қаңтарда Жаңа Покров ауданы жойылды, оның аумағы Абай (Знаменск және Семейтау ауылдық кеңестері), Бесқарағай (Глуховск және Жиенала ауылдық кеңестері) және Бородулиха (Белағаш ауылы, Бақан, Зұбайыр, Ертіс, Қызылауыл, Жаңа Покров, Орлов, Петропавл, Подборный, Степной, Теңселі және Тоқаев ауылдық кеңестері) аудандары арасында бөлінді.
## Әдебиет
* Семей облысының әкімшілік-аумақтық құрылымының тарихы туралы анықтамалық. — Семей, 2006. |
Үйгентас ауданы — 1928-1930, 1935-1963 және 1964-1997 жылдары болған Алматы округі, Алматы және Талдықорған облыстарындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы — Қабанбай ауылы (1992 жылға дейін Андреевка).
## Тарихы
Аудан 1928 жылы 17 қаңтарда Қазақ АКСР-нің Алматы ауданының құрамында Қазақ АКСР-і Жетісу губерниясының Лепсі уезінің Герасимов болысынан құрылды. Бастапқыда Герасимов ауданы деп аталды.
1928 жылы 17 шілдеде аудан Андреев ауданы болып өзгертілді.
1930 жылы 23 шілдеде Алматы округі таратылды. Сонымен бірге, Андреев ауданы жойылып, оның аумағы Алакөл және Лепсі аудандары арасында бөлінді.
Андреев ауданы 1935 жылы Қазақ АКСР (1936 жылдан бастап — Қазақ КСР) Алматы облысының құрамында қайта құрылды.
1936 жылы 29 маусымда Дзержин ауданы Андреев ауданынан бөлінді.
1944 жылы 16 наурызда Андреев ауданы жаңадан құрылған Талдықорған облысына берілді.
1957 жылы 5 қарашада Дзержин ауданы Андреев ауданына қосылды.
1959 жылы 6 маусымда Талдықорған облысы жойылып, Андреев ауданы Алматы облысына қайтарылды.
1963 жылы Андреев ауданы жойылып, бірақ 1964 жылы қалпына келтірілді.
1967 жылы 23 желтоқсанда Андреев ауданы қалпына келтірілген Талдықорған облысына берілді.
1986 жылы ауданда 11 ауылдық кеңес болған: Андреев, Герасимов, Глинов, Дзержинский, Жыланды, Комсомол, Лепсі, Николаев, Октябрь, Осинов, Саратов.
1993 жылы 4 тамызда Андреев ауданы Үйгентас ауданы болып өзгертілді.
1997 жылы 22 сәуірде Талдықорған қайтадан жойылып, Үйгентас ауданы Алматы облысына қайтарылды.
1997 жылы 23 мамырда Үйгентас ауданы қайтадан жойылып, оның аумағы Алакөл ауданына берілді.
## Халқы
## Әдебиет
* Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) / Базанова Ф. Н. — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — 1500 таралым.
* Алакөл ауданының әлеуметтік-экономикалық төлқұжаты
## Дереккөздер |
Қазақстандағы неміс автономиясы — 1979 жылы Қазақ КСР аумағында Неміс автономиялық облысын құру жөніндегі сәтсіз жоба. Ерментау қаласын автономияның астанасы ету ұсынылды; автономияның ауданы 46 мың шаршы км, ал халқы 202 мың адамды құрар еді. Автономияға Целиноград (Ерейментау), Қарағанды (Молодежный) және Көкшетау (Уәлиханов) облыстарының бірқатар аудандарын қосу ұсынылды. Автономияның басшысы Целиноград облысы Краснознаменск аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, ұлты неміс Андрей Браун/А. Коркин болуы керек еді.
## Автономия құрудың алғышарттары
Түркістанда алғашқы немістер XVIII ғасырда пайда болды. Олар Ресей империясының қызметінде болды. Ресей империясының немістердің Түркістанға жаппай шаруалар иммиграциясы XIX ғасырдың 90-жылдарына сәйкес келеді. 1897 жылдың өзінде қазіргі Қазақстан аумағында 2600 неміс өмір сүрді. 1939 жылы қазіргі Қазақстан аумағында 92 мың этникалық немістер өмір сүрді. Немістердің елді мекендері (Келлеровка, Петерфельд, Мариенбург, Пруггерово) де пайда болды.
1941 жылы 28 тамызда Еділ немістерінің АКСР таратылып, оның неміс халқы мен КСРО-ның басқа аймақтарындағы неміс тұрғындарын Қазақстан мен Сібірге күштеп қоныстандыру басталды. ХХ ғасырдың 40-60 жылдарында қабылданған нормативтік құқықтық актілерде неміс тұрғындарын бұрынғы тұрғылықты жерлеріне қайтару мүмкіндігі қарастырылмаған еді.
Сонымен, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 жылғы 26 қарашадағы «Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының алыс аудандарына жер аударылған адамдардың мәжбүрлі және тұрақты қоныстану орындарынан қашқаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы» Жарлығында былай атап өтілді
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1955 жылғы 13 желтоқсандағы «Арнайы қоныс аударуға келген немістердің және олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесіндегі шектеулерді алып тастау туралы» жарлығы арнайы қоныс аударуға қойылған шектеулерді алып тастағанымен, бірақ қоныс аударған немістердің «шығарылған жерлерге қайта оралуға құқығы жоқ». 1957 жылы көптеген күштеп қоныс аударған халықтарға бұрынғы тұрғылықты жерлеріне оралуға рұқсат етіліп, олардың бұрын таратылған автономиялары қалпына келтірілгенімен, бұл неміс тұрғындарына қатысты болған жоқ.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1964 жылғы 29 желтоқсандағы « КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1941 жылғы 28 тамыздағы "Еділ бойында тұратын немістерді қоныстандыру туралы" Жарлығына өзгерістер енгізу жайлы Жарлығы тек неміс тұрғындарын беталды айыптаулардан бас тартады, бірақ ЕНАКСР-ны немесе кез-келген басқа автономияны қалпына келтіру туралы ережелерді қамтымай, «неміс халқы бірқатар республикалардың, елдің аумақтары мен аймақтарының және оның бұрынғы тұрғылықты жерінің аудандары қоныстанған территориядағы жаңа тұрғылықты жерде тамыр жайды» деген тұжырымды айрықша баса айтады».
Мұндай шешімдер немістердің автономиясын «тарихи тұрғыдан байырғы халықтарға жатпауы» ретінде қалпына келтіру мүмкін еместігі туралы саяси ұстаныммен және биліктің тың жерлердегі ауылшаруашылық еңбек мәдениеті дамыған тәртіпті халықтың үлкен армиясын жоғалтқысы келмеуімен байланысты болды. Ішінара ақтау белсенді емес түрге ие бола бастаған тең емес жағдайға іштен тынған наразылық туды - 1965 жылы Мәскеуге ЕНАКСР-ны қалпына келтіру туралы талаппен делегация жіберілді, бірақ бұл күтілген нәтижелерге әкелген жоқ.
Тек 1972 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1972 жылғы 3 қарашадағы «Азаматтардың жекелеген санаттары үшін бұрын берілген тұрғылықты жерді таңдаудағы шектеулерді алып тастау туралы» Жарлығымен, шектеулер бойынша тұрғылықты жерді таңдау неміс тұрғындарынан алынып тасталды. Сонымен, ХХ ғасырдың 70-жылдарында Қазақ КСР аумағында Ұлы Отан соғысы кезінде басып алынған аймақтардан жер аударылып, таратылған ЕНАКСР тұрғындарынан тұратын неміс халқының орасан зор қауымдастығы және соғыс аяқталғаннан соң герман азаматтығын алған кеңес азаматтары оралды (Қазақ КСР неміс тұрғындарының шамамен 15% -ы ғана Столыпин реформалары кезінде Қазақстанға келген қоныс аударғандардың ұрпақтары болды).
## Автономия құру жобасы
КСРО неміс тұрғындарының мәселелерін түсіну 1978 жылы жаңа деңгейге көтерілді. Осы уақытқа дейін Қазақстан аумағында 940 мың немістер өмір сүрді, бұл республика халқының 6,6% құрады. Осы санның жартысы неміс тілін өздерінің ана тілі деп санады.
Тамыз айында Ю.Андропов, И.Капитонов, М.Зимянин, З.Нуриев, Н. Щелоков, Р.Руденко, М.Георгадзе, В.Чебриковтан құралған комиссия КОКП ОК неміс автономиясын құру туралы ұсыныс жасады. Комиссия мүшелері: «Біз Еділ бойында неміс автономиясын құруды мақсатсыз деп санаймыз, өйткені неміс халқы бұл жерде іс жүзінде өмір сүрмейді және бұл аймақта тарихи тамырын жаймаған...» және сол кезде кеңестік немістердің жартысынан көбі өмір сүрген Қазақ КСР жеріндегі автономиялы облысы түрінде неміс автономиясын құруды ұсынды.
Ерейментау шағын аудан орталығын автономияның астанасы ету ұсынылды. Автономия құрудың басты мақсаты - депортацияланған Қазақстандағы неміс тұрғындарын азаматтық оңалту, іргелі тұрғылықты жерлерде заңдастыру. Кеңес өкіметінің немістерді тұрғылықты жерлерінде қауіпсіздендіруге және олардың көшіп кетуін болдырмауға әсіресе, Қазақстанның аграрлық секторы мен өнеркәсібіндегі құнды және көбінесе жоғары білікті мамандарға қатысты ұмтылысы айтарлықтай маңызды болды.
Неміс автономиясының жоспары соған қарамастан жақсы ойластырылған және оны жүзеге асыру барысында, 1979 жылы 16 маусымда Целиноградта Д.А. Қонаев облыстық әкімшілігінің қолдауымен 1979 жылғы Целиноград оқиғалары деп аталған наразылықтар өтті.
## Тағы қараңыз
* Қазақстан немістері
* Еділ немістерінің Автономиялық Социалистік Кеңес Республикасы
## Дереккөздер |
Жаңасемей ауданы — Абай облысының орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы - Семей қаласы (аудан құрамына кірмейді).
## Тарихы
Алғаш рет Жаңасемей ауданы 1928 жылы Семей округінің құрамында құрылды. Ол 1930 жылы жойылды.
1938 жылы 4 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының құрамында Жаңасемей ауданы қалпына келтірілді. Оның құрамына Бағана, Балтатарақ, Глухов, Делбегетей, Знаменск, Ертіс, Карпов, Климентьев, Көкен, Қорғанбай, Мұрат, Озёрск, Ескісемей, Талица, Тепкаши, Шар, Шебінді ауылдық кеңестері кірді.
1939 жылы 14 қазанда Жаңасемей ауданы Семей облысының құрамына кірді. Сол жылы 16 қазанда Делбегетей, Карпов және Қорғанбай ауылдық кеңестері Шар ауданына берілді.
1945 жылдың 1 қаңтарына қарай облыс құрамына Бағана, Балтатарақ, Глуховск, Жиенәлі, Жаңасемей, Знаменск, Ертіс, Климентьев, Көкен, Мұрат, Озёрск, Ескісемей, Талица, Тепкаши, Шар, Шебінді және Ебетей ауылдық кеңестері кірді.
1948 жылы 10 маусымда Үшаша, Байуақ және Келменбет ауылдық кеңестері Павлодар облысының Май ауданынан Жаңасемей ауданына ауыстырылды.
1950 жылы Келменбет ауылдық кеңесі жойылды. Жыланды ауылдық кеңесі құрылды.
1954 жылы Үшаша ауылдық кеңесі Байуақ ауылдық кеңесіне, Жыланды Бағанаға, Ескісемей Глуховқа, Балтатарақ Ертіске, Талица Шарға, Ебетей Шебіндіге қосылды.
1957 жылы Климентьев, Шебінді және Шар ауылдық кеңестері Новобаженов ауылдық кеңесі болып біріктірілді.
1957 жылы 11 қарашада Жаңасемей ауданы таратылды. Оның аумағы Жаңа Покров пен Шар аудандары арасында бөлінді.
1966 жылы 31 қаңтарда Жаңасемей ауданы қалпына келтірілді. Оның құрамына Жарма ауданының Новобаженов ауылдық және Суықбұлақ кенттік кеңестері кірді; Абай ауданының Знаменск ауылдық кеңесі; Бесқарағай ауданының Глухов және Жиеналы ауылдық кеңестері; Бородулиха ауданының Зубаир, Ертіс, Жаңа Покров, Петропавл, Семейтау және Тепкаши ауылдық кеңестері кірді.
1967 жылы Тепкаши ауылдық кеңесі Озёрск ауылдық кеңесі болып өзгертілді.
1968 жылы Делбегетей және Қарасу ауылдық кеңестері Жарма ауданынан Жаңасемей ауданына берілді. Приречный ауылдық кеңесі құрылып, Семейтау ауылдық кеңесі жойылды.
1972 жылы Делбегетей мен Қарасу ауылдық кеңестері, сондай-ақ Суықбұлақ кенттік кеңесі Шар ауданына берілді.
1974 жылы Берёзов кенттік кеңесі құрылды.
1981 жылы Жазық, 1982 жылы - Бұлақ, 1985 жылы - Достық, 1992 жылы - Жарқын ауылдық кеңестері құрылды.
1986 жылы ауданда 2 кенттік (Берёзов, Шүлбі) және 13 ауылдық кеңес (Бұлақ, Глухов, Достық, Жазық, Жиеналы, Знаменка, Зубаир, Ертіс, Новобаженов, Новопокров, Озёрки, Петропавл, Приречный) болған.
1996 жылы 20 тамызда Жаңасемей ауданы жойылып, Семей қаласының қарамағына Шүлбі, Берёзовка кенттері, Бұлақ, Достық, Жазық, Жарқын, Жиеналы, Знаменка, Ертіс, Новобаженов, Озёрск, Приречный ауылдық округтері, Бесқарағай ауданына Глухов ауылдық округі және Бородулиха ауданына Зубаир, Новопокров, Петропавлов ауылдық округтері берілді.
2023 жылғы 28 желтоқсандағы ҚР Президентінің №424 Жарлығымен 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жаңасемей ауданы төртінші рет қайта құрылды. Құрамына Семей қаласына қарасты Абыралы, Айнабұлақ, Ақбұлақ, Алғабас, Ертіс, Новобаженово, Озёрки, Приречный, Жиенәлі, Достық, Қараөлең, Көкентау ауылдық округтері мен Шүлбі, Шаған кенттері енді.
## Географиялық орны
Солтүстігінде Бесқарағай, Бородулиха аудандарымен, шығысында Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданымен, оңтүстік-шығысында Жарма, оңтүстігінде Абай, Аягөз аудандарымен, батысында Павлодар облысының Май және Қарағанды облысының Қарқаралы аудандарымен шектеседі.
## Халқы
## Әкімшілік бөлінісі
Аудандағы 32 елді мекен 12 ауылдық округ пен 2 кенттік әкімдікке біріктірілген:
## Ірі елді мекендері
## Әкімдері
* Руслан Ерланұлы Базарбаев (02.2024 жылдан бастап)
## Экономикасы
Жаңасемей ауданы өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту үшін қолайлы. Ауданда өнеркәсіп салаларының 7 ірі және орта кәсіпорындары жұмыс істейді: "Қаражыра" ЖШС (көмір өндіру), "ФИК Алел" АҚ (құрамында алтын бар кенді өндіру және өңдеу), "Шүлбі ГЭС" АҚ (электр энергиясын өндіру), "ARX MINERALS" ЖШС (құрамында мыс бар кендерді өндіру және өңдеу), "Прииртышская бройлерная құс фабрикасы" ЖШС, "Агрофирма Приречное" ЖШС.
## Әйгілі адамдары
* Төлеубай Аманов (1923—1978) — қазақ ғалымы, физика-математика ғылымдарының докторы (1967), профессор (1969), Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1972) Жаңасемей ауданы, Құрманқожа ауылында дүниеге келді.
## Дереккөздер |
Лепсі ауданы — 1930-1935 жылдары болған Қазақ АКСР-інің Алматы облысындағы әкімшілік бірлік.
## Тарихы
Қазақ АССР-інің Лепсі ауданы 1930 жылы 17 желтоқсанда бұрынғы Алматы округінің Алакөл, Андреев, Бәрібаев, Бүйен-Ақсу және Сарқан аудандарының бөліктерінен құрылды.
1932 жылы 20 ақпанда Лепсі ауданы Алматы облысына бекітілді.
1932 жылдың 1 қарашасына қарай Лепсі ауданының құрамына №1, №2, №7, Андреев, Антонов, Бірлікші, Веселов, Герасимов, Жалаңаш, Жыланды, Қарғалы, Константинов, Лепсі, Надеждин, Осинов, Петропавлов, Покров, Сарқан, Соколов, Терекелді, Тополев, Төңкеріс, Ударник, Успен және Черкасск ауылдық кеңестері кірді.
1933 жылы №1 ауылдық кеңесі Шатырбаев, №2 ауылдық кеңесі Қарауылтөбе, №7 ауылдық кеңесі Есебек болып өзгертілді.
1934 жылы №334 мен №355 кеңшар кеңестері құрылды. Терекелді ауылдық кеңесі Октябрь болып өзгертілді.
1935 жылы 31 қаңтарда Лепсі ауданы таратылды. Сонымен бірге, Лепсі кеңшарының және Андреев, Герасимов, Жыланды, Константинов, Лепсі, Надеждин, Октябрь, Осинов, Төңкеріс, Ударник, Успен ауылдық кеңестері — Андреев ауданының құрамына кірді. Аманбөктер кеңшарының және Антонов, Бірлікші, Веселов, Жалаңаш, Қарғалы, Қарауылтөбе, Петропавл, Покатилов, Покров, Сарқан, Соколов, Тополев, Черкасский және Шатырбаев ауылдық кеңестері — Сарқан ауданына, Есебек ауылдық кеңесі Ақсу ауданына ауыстырылды.
## Дереккөздер |
Бүйен-Ақсу ауданы — 1928-1930 жылдары болған Қазақ АКСР-дегі Алматы округінің әкімшілік бөлінісі. Орталығы — Ақсу ауылы.
Бүйен-Ақсу ауданы 1928 жылы Талдықорған уезінің Ақешкі, Ақсу және Биен Қоянды болыстарынан және Жетісу губерниясы Лепсі уезінің Қаракез Кенже болысынан Алматы округінің құрамында құрылды.
1930 жылы Бүйен-Ақсу ауданы жойылып, оның аумағы Ақсу, Лепсі және Талдықорған аудандары арасында бөлінді.
## Дереккөздер |
Алтынемел ауданы — 1928-1930 жылдары болған Қазақ АКСР-інің Алматы округінің әкімшілік бөлінісі. Орталығы - Көлқамыс ауылы.
Алтынемел ауданы 1928 жылы Алматы округінің құрамында Жетісу губерниясы Талдықорған уезінің Балғалы, Таулы Жалайыр және Нариман болыстары негізінде құрылды. 1929 жылдың соңында аудан Малайсары ауданы болып өзгертілді. 1930 жылы аудан таратылып, оның аумағы Балқаш, Қаратал және Талдықорған аудандары арасында бөлінді.
## Дереккөздер |
Бөрілітөбе ауданы — 1933-1960 және 1972-1997 жылдары болған Алматы және Талдықорған облыстарының әкімшілік бірлігі.
## Тарихы
Бөрілітөбе ауданы 1933 жылы 16 қарашада Қазақ АКСР-нің Алматы облысының құрамында құрылды. Оның құрамына келесі аумақтар кірді:
* Ақсу ауданынан — №21 мен Матай ауылдық кеңестері;
* Қаратал ауданынан — № 8, № 9, Бөрілітөбе ауылдық кеңестері;
* Шұбартау ауданынан — № 6 мен № 9 ауылдық кеңестері;
1933 жылы 19 қарашада ауылдық кеңестердің атаулары: №6 - Майқамыс, №8 - Қызылбалық, №9 (Қаратал ауданы) - Балқаш, №9 (Шұбартау ауданы) - Қарашыған, № 21 - Көкжиде болып өзгертілді.
1934 жылы Лепсі ауылдық кеңесі құрылды.
1935 жылы Қарқаралы округінің Қоңырат ауданынан 8 наурыз атындағы ауылдық кеңес Бөрілітөбе ауданына берілді.
1936 жылы Қоңырат ауданына 8 наурыз атындағы ауылдық кеңес қайтарылды.
1937 жылы 20 желтоқсанда Бөрілітөбе ауылы жұмысшы кенті мәртебесін алды.
1938 жылы 14 қарашада Түркістан-Сібір теміржолының Лепсі, Іле, Сарыөзек, Матай станциялары жұмысшылар кенті мәртебесін алды.
1940 жылы Көктерек ауылдық кеңесі құрылды.
1941 жылы 22 сәуірде аудан орталығы Лепсі ж.к. көшірілді.
1943 жылы Қарағанды облысынан Саяқ кенті Бөрілітөбе ауданына берілді.
1944 жылы 15 наурызда Бөрілітөбе ауданы Талдықорған облысына берілді. Сол жылы Саяқ жұмысшы кенті ауылдық елді мекенге айналды.
1949 жылы Бөрілітөбе кенттік кеңесі жойылды. Молалы жұмысшы кенті қалыптасты.
1954 жылы Балқаш пен Майқамыс ауылдық кеңестері жойылды.
1959 жылы 6 маусымда Талдықорған облысының таратылуына байланысты Бөрілітөбе ауданы Алматы облысына өтті.
1959 жылы 30 желтоқсанда (1960 ж. 16 ақпандағы жарлыққа сәйкес) Бөрілітөбе ауданы жойылып, оның аумағы Ақсу, Қапал және Қаратал аудандары арасында бөлінді.
1972 жылы 10 наурызда Талдықорған облысының құрамында Бөрілітөбе ауданы қалпына келтірілді. Оған келесі аумақтар кірді:
* Ақсу ауданынан — Құрақсу ауылдық, Матай кенттік кеңестері.
* Алакөл ауданынан — Ақтоғай кенті.
* Үйгентас ауданынан — Қарашыған, Көкжиде, Көктерек ауылдық, Лепсі кенттік кеңестері.
* Қапал ауданынан — Молалы ауылдық кеңесі.
* Қаратал ауданынан — Қаңбақты, Қызылбалық ауылдық кеңестері.
Сол жылы Қаңбақты ауылдық кеңесі Қаратал ауданына қайтарылды.
1977 жылы Егінсу ауылдық кеңесі құрылды. Молалы кенттік кеңесі жойылып, Молалы жұмысшы кенті Қапал ауданына берілді.
1987 жылы Ақтоғай кенті Семей облысының Таскескен ауданына берілді.
1993 жылы 7 қазанда ауданның орыс тіліндегі транскрипциясы (орыс. Бурлютобинский район) Борлитобинский район болып өзгертілді.
1997 жылы 28 ақпанда Бөрлітөбе ауданы жойылды. Сонымен бірге Көкжиде, Көктерек, Қарашыған ауылдық округтері мен Лепсі кенті – Сарқан ауданына, Матай кенті мен Құрақсу ауылдық округі – Ақсу ауданына, Қызылбалық ауылдық округі – Қаратал ауданына,Егінсу ауылдық округі – Қапал ауданына берілді.
## Әкімшілік бөлінісі
1986 жылғы мәлімет бойынша аудан құрамында 6 ауылдық, 3 кенттік кеңес пен 19 елді мекен болған:
## Халқы
## Дереккөздер |
Қарқара ауданы — 1928-1930 жылдары болған Қазақ АКСР-інің Алматы округінің әкімшілік бөлінісі.
Қарқара ауданы 1928 жылы Алматы ауданының құрамында Жетісу губерниясы Жаркент уезінің Беркетмен, Интифақ, Тұзкөл болыстары және Ақтоғай болысының бір бөліктерінен құрылды.
1930 жылы Қарқара ауданы жойылып, оның аумағы Кеген ауданына берілді.
## Дереккөздер |
Шоқпар ауданы — 1928-1930 жылдары болған Қазақ АКСР-інің Алматы округінің әкімшілік бөлінісі. Орталығы - Көктөбе ауылы.
## Тарихы
Шоқпар ауданы 1928 жылы Алматы округінің құрамында Жетісу губерниясы Алматы уезінің Балқаш болысынан және Шу уезінің Қызылұлан және Көктөбе болыстарынан құрылды.
1930 жылы Шоқпар ауданы жойылып, оның аумағы Балқаш пен Шу аудандары арасында бөлінді.
## Дереккөздер |
Қой басты дәстүрі — қазақтың салт-дәстүріне жатады. Ауылда киіз басу – ауыр жұмыстардың бірі болған. Алдымен жүнді сабайды. Келесі кезеңде оны бояп, қайнатады, құрғатады, орайды. Ораудың астынан арқан өткізіп, жіптің ұшынан ұстап, аяқпен теуіп отырып, үй-үйдің арасынан өткізеді. Кез келген үйдің жанына келгенде "қой басты-қой басты" деп айқайлайды. Мұны естіген үйдегі әйелдер киіз басушыларға бауырсақ, қымыз, құрт береді. Бұл – әзіл-қалжың ретіндегі дәстүр болғанымен, сыйластыққа негізделген. Осыған ұқсас тулақ шашу дәстүрі бар. Жүн сабау біткен кезде үй иесі көмектескен әйелдерге сый-құрметін көрсету үшін дастарханға шақырады.
## Дереккөздер |
Бәрібаев ауданы — 1928-1930 жылдары болған Қазақ АКСР-інің Алматы округінің әкімшілік бөлінісі. Орталығы - Басқан ауылы.
Бәрібаев ауданы 1928 жылы Алматы округінің құрамында Жетісу губерниясы Лепсі уезінің Бәрібаев және Көктерек болыстарының бөліктерінен құрылды.
1930 жылы Бәрібаев ауданы жойылып, оның аумағы Ақсу және Лепсі аудандары арасында бөлінді.
## Дереккөздер |
Гвардия лейтенанты Алтыншаш Өскенбайқызы Нұрғожинова 1924 жылы Мәскеу қаласында дүниеге келген. 1941 жылдың тамызынан Қызыл армия қатарында. Әскерге Мәскеу қаласының Сталин аудандық әскери комисариаты арқылы шақырылған. Комсомол ұйымдастырушыларының алты айлық курсын тәмамдаған соң Орталық, Воронеж және Украина майдандарында жаумен шайқасқан.
## Майдандағы қызметі
Алғаш 8-гвардиялық дивизияның бiрiншi батальонының комсоргы болады. 1942 жылғы желтоқсанда жараланып, госпитальға түседi. Госпитальдан шыққаннан кейiн бiрiншi танк армиясының 24-іншi жеке механикаландырылған құрамының санитарлық бөлiмiнде медбике болып iстейдi. 1943 жылғы қарашада қайтадан жараланады. Ауыр жарақаттан жазылып шығысымен 1944 жылдың наурызында 237-атқыштар дивизиясының 835-атқыштар полкiнiң бiрiншi батальонына комсорг болып барады. Ең ақырында 1944 жылғы шiлдеде 70-атқыштар дивизиясының 207-атқыштар полкiнiң екiншi батальонына комсорг болады. 1944 жылғы 2 қазанда қаза тапты. Польшадағы Краков воеводствосының Лугмян ауданындағы «Гуто-Полянск» елдi мекенiнiң терiстiк-батыс жағына жерлендi. Өлгеннен кейiн «Қызыл Жұлдыз» орденiмен марапатталды.
## Майдандағы ерлігі
1944 ж дивизиялық «Патриот Родины» газетiнде «Фашистiң екi танкiсiнiң күлiн көкке ұшырған комсомолка Алтыншаш Нұрғожинованың рухына» атты өлең жарияланған. Оның авторы – Одесса университетінің профессоры Михаил Левченко.Өзі былай деп жазады: "Ол кезде мен «Патриот Родины» газетінің қатардағы қызметкері едім. Майданда материал жинап жүріп, бір топ солдаттармен және офицерлермен бірге неміс фашистерінің қоршауында қалып қойдым. Меніңше, бұл Катовице маңында болса керек. Жағдай тым қиын еді. Кенет жауынгерлердің арасынан қаршадай бір қазақ қызы шыға келді де, қорғаныс ұйымдастырып, алға ұмтылды. Гранатамен жаудың бір танкісін отқа орады. Орнынан тұрып, «алға» деп ілгері ұмтылғанда, тасадан екінші темір тажал шыға келгені ғой. Әлгі қыз әй-шайға қарамастан, соған қарсы ұмтылды. Өзі де мерт болды. Жолдастарына да жол ашты. Ол осы батальонның комсоргі Алтыншаш Нұрғожинова екен. Өлгеннен кейін оны Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынды".Алайда, Алтыншаш Нұрғожиноваға "Кеңес Одағының Батыры" атағы берілмеді
## Дереккөздер |
Бөрілітөбе — Жетісу облысы Сарқан ауданындағы жойылған қоныс. Қазақ КСР Талдықорған облысы Бөрілітөбе ауданының бұрынғы орталығы.
## Тарихы
Елді мекен Түрксіб құрылысының арқасында пайда болды. Балық аулау және балықты өңдеумен айналысқан ауылға Ақбалықтан темір жол қатынайтын.
1933-1941 жылдары Бөрілітөбе ауданының әкімшілік орталығы болды.
## Дереккөздер |
Абылай ханның Қызыл ағашы — Көкшетаудың маңында Абылай ханның есімімен байланыстырылған екі алаң бар: Үлкен және Кіші алаңдар. Осы орайда, «Абылай ханның Қызыл ағашы» деген жерде былай ханның басты алаңы орналасты деуге негіз бар. Бұл жерге жиырма жыл бұрын Бурабайдағы Абылай хан атындағы музейдің негізін қалаушы, Көкшетау өлкетанушысы Әмина Тұрсынбаеваның ұсынысымен мәрмәр тас орнатылған және оған ақын Мағжан Жұмабаевтың жыр шумақтары жазылған:
Ертеде жел өтпейтін Қызыл ағаш
Дариға, бұл күндерде жап-жалаңаш
Қабірінен әулиенің Алашқа артық,
Ертеде Абылайға Орда болған ағаш.
Аңызға сүйенсек, «Ханның Қызыл ағашы» деп аталатын бұл алаңда Абылай хан құрылтай, әскери жиналыстар, тағы да басқа көлемді іс-шаралар өткізіп отырған. Көкшетау тауының шығыс бөлігіндегі алаң «Абылай хан алаңы» деп аталды. Көкшетау таулары Абылай ханды дұрыс шешім қабылдауға шабыттандыратын деген аңыз сақталған. «Ханның Қызыл ағашы» деген топониммен бірге «Ханның Қызыл үйі» деген түсінік қалыптасқан, бұл жоғарыда аталған орыннан солтүстік-батыс бағытында орналасқан «Абылай ханның ордасы» деген ұғымды білдіретін.
## Дереккөздер |
Мухаммад Адил Икбал (ағылш. Muhammad Adil Iqbal; урду: محمد عادل اقبال; 9 шілде 1992, Бахавалпур, Пенджаб) — пәкістандық футболшы, Пәкістан Ұлттық футбол құрамасы мен КРЛ клубының жартылай қорғаушысы.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Ақтөбе округі — 1928-1930 жылдары болған Қазақ АКСР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі.
Ақтөбе округі 1928 жылы 17 қаңтарда Ақтөбе губерниясының бір бөлігінен құрылды. Округ орталығы - Ақтөбе қаласы болды. Округке 14 аудан кірді:
* Ақбұлақ ауданы. Орталығы — Ақбұлақ ауылы.
* Ақтөбе ауданы. Орталығы — Қуағашты мәдмекені.
* Ақкемер ауданы. Орталығы — Жұрын ауылы.
* Елек ауданы. Орталығы — Жайсаң ауылы.
* Ырғыз ауданы. Орталығы — Ырғыз ауылы.
* Қарабұтақ ауданы. Орталығы — Көрпе ауылы.
* Мағажан ауданы. Орталығы — Тамды ауылы.
* Мәртөк ауданы. Орталығы — Мәртөк ауылы.
* Новороссийск ауданы. Орталығы — Новороссийск ауылы.
* Новоалексеевка ауданы. Орталығы — Новоалексеевка ауылы.
* Темір ауданы. Орталығы — Темір ауылы.
* Қобда ауданы. Орталығы — Новоалексеевка ауылы.
* Шалқар ауданы. Орталығы — Шалқар қаласы.
* Шілік ауданы. Орталығы — Шілік ауылы.
1928 жылы 23 маусымда Шілік ауданы Шыңғырлау ауданы болып өзгертілді.
1929 жылы 10 сәуірде жойылған Адай округінен, орталығы Алтықарасу мәдмекені болған Алтықарасу ауданы, орталығы Көкмешіт мекені болған Табын ауданы және орталығы Ойыл ауылы болған Ойыл ауданы Ақтөбе округіне ауыстырылды.
1930 жылы 17 желтоқсанда Қазақ АКСР-інің барлық басқа округтері сияқты округ таратылып, оның аудандары ірілендіріліп, республикалық билікке тікелей бағынуға берілді.
## Әдебиет
* Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) / Базанова Ф. Н. — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — 1500 таралым. |
Павлодар округі — 1928-1930 жылдары болған Қазақ АКСР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі.
Павлодар округі 1928 жылы 17 қаңтарда Семей және Ақмола губернияларының құрамындағы Павлодар уезінен құрылды. Аудан орталығы Павлодар қаласы болды. Округ 9 ауданнан тұрды:
* Баянауыл ауданы. Орталығы — Баянауыл ауылы.
* Володар ауданы. Орталығы — Вознесенское ауылы.
* Ертіс ауданы. Орталығы — Ертіс ауылы.
* Қызылағаш ауданы. Орталығы — Ханкелді мекені.
* Коряков ауданы. Орталығы — Павлодар қаласы.
* Павлодар ауданы. Орталығы — Павлодар қаласы.
* Сейтен ауданы. Орталығы — Тереңкөл мекені.
* Тереңкөл ауданы. Орталығы — Ілияс мекені.
* Фёдоров ауданы. Орталығы — Фёдоровка ауылы.
1928 жылы 23 маусымда Федоров ауданы орталығы Максимо-Горьковское ауылында болған Максим Горький ауданы болып өзгертілді, ал Володар ауданы орталығы Цюрупинское ауылында болған Цюрупинский ауданы болып өзгертілді.
1930 жылы 17 желтоқсанда Қазақ АКСР-інің барлық басқа округтары сияқты округ таратылып, оның аудандары ірілендіріліп, республикалық билікке тікелей бағынуға берілді.
## Әдебиет
* Сапожников В. В., Шишкин Б. К. Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (тамыз 1920 ж. - желтоқсан 1936 ж.) / Базанова Ф. Н. — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — 1500 таралым. |
Әмудария облысы — 1920 жылдың қазанынан 1924 жылдың 27 қазанына дейін өмір сүрген Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасының Түркістан АКСР жеріндегі әкімшілік бірлік.
## Тарихы
1920 жылы қазанда өзінің әкімшілік бөлінісін сақтап, РКФСР-дің Түркістан АКСР Сырдария облысының Әмудария бөлімінен пайда болды.
Әкімшілік орталығы - Төрткөл қаласы.
1924 жылы 27 қазанда Түркістан КФР бірге Орталық Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеу кезінде таратылды, оның аумағы жаңадан құрылған Қарақалпақ автономиялы облысының құрамына кірді.
## Дереккөздер |
Сиисе Аадан Абшир (араб.: عيسى عدن ابشير; 1 маусым 1986, Могадишо, Сомали) — сомалилік футболшы, шабуылшы.
## Жетістіктері
### Командалық
* Танзания чемпионы (1): 2004
* Сомали чемпионы (4): 2000, 2001, 2002, 2003
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.