text
stringlengths
3
252k
Қашлық, кейде Ескер (сіб.-тат. Сибир, Ескер, тат. Искәр) — ортағасырлық қала, Ескер жұртының, кейіннен Түмен (Сібір) хандығының астанасы. Қазіргі Ресей Федерациясындағы Тобольск қаласынан 17 шақырым қашықтықта, Ертістің оң жақ жағалауында Сибирка өзеніне құятын жерінде орналасқан. Бүгінде «Көшім қалашығы» (орыс. «Кучумово городище») деп аталатын археологиялық ескерткіш орны. ## Тарихы Ескер қаласы моңғол шапқыншылығына дейін пайда болды. XIII ғасырдың басына қарай қала ірі қоныс орнына айналды. Кей деректердің мәлімдеуінше, Шыңғыс хан Қашлықты 1224 жылы өзге иеліктермен қоса Жошы ұлысының құрамына қосты. Ш. Марджанидің тұжырымына сәйкес XIII ғасырда Қашлықта Жошының бесінші ұлы Шибанның ордасы орналасқан. Қала алғаш рет Sebur атауымен ағайынды Франциско және Доменико Пиццаганилердің 1367 жылғы картасында аталып өтті. 1375 жылы тура сол атаумен Каталон атласында кездеседі.1582 жылдың 26 қазанында қаланы Көшім ханның әскерін талқандаған атаман Ермак басып алды. Ермактың өлімінен кейін Қазақ хандығынан қолдау тапқан тайбұғалық Сейіт-Ахмет (Сейтек, Сейдақ) Қашлықта өз билігін орнатуды көздеді. Алайда, Сейіт-Ахмет пен «Қазақ Ордасының ханзадасы» Ораз-Мұхаммедтің 1588 жылы тұтқынға түсуі қаланың дағдарысы мен құлдырауына алып келді. ## Қала атауының пайда болуы Сібір хандығында қоныстанған халықтардың алуан түрлілігі қала атауына әсер етті: * Кашлык (түркі) - бекініс, нығайтылған елді-мекен. Сібір татарларының тілінде «Кышлык» сөзі «қысқы» немесе «қыстау» мағынасында қолданылады. * Искер (об-угор) - ийс - «ескі» және кер (кар) - «қала» мағынасында. Мысалы, Сыктывкар, Кудымкар және т.б. * Сибир - моңғолдың сибэр - «таза», «әдемі» немесе шибир - «батпақ» сөздерінен. ## Дереккөздер
Шибалы ауданы немесе аймақ (алт. -Шебалин аймак-) — Ресей Федерациясының Алтай Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік және муниципалдық құрылым. Әкімшілік орталығы - Шибалы ауылы. ## Географиясы Алтай республикасының солтүстік-батыс бөлігіндегі таулы-дала аймағында орналасқан, ол Семін, Шергін және Аңүй жоталарын қамтиды. Егер Шу даңғыл жолымен жүрсе, онда бұл аудан Қатын өзені үстіндегі көпірдің ар жағында, Себі ауылында басталады. Бұл 1950 жылдардың соңында салынған Шу даңғыл жолындағы өзен арқылы өтетін алғашқы темірбетонды көпір. Кезінде Бийск қаласынан Алтай ауылы мен Комарский өткелі арқылы өткен ескі Шу даңғыл жолы жаңасымен Шерга ауылында кездеседі. ## Тарихы Қазан төңкерісі мен Азамат соғысына дейінгі кезеңде аудан аумағы Томбы губерниясы Бийск уезінің Шибалы болысына қарады. 1922 жылы орталығы Ұлал Ойрат автономды облысы құрылды. Бастапқыда бұл облысқа 24 болыс кірді, олардың саны көп ұзамай азайды және олардың өзі аймақ деп өзгертілді, оның бірі Шибалы болды. 1962-1963 жылдары аймақтар аудан болып өзгертілді, Шибалы аймағы жойылды, бірақ бір жылдан кейін ол Шибалы ауданы болып қалпына келтірілді. ## Тұрғындары
Алимджон Кяшафович Рафиков (30 сәуір 1962 жыл, Душанбе) — КСРО-лық және тәжікстандық футболшы, қоғраушы, футбол жаттықтырушысы. ## Карьерасы Карьерасын 1983 жылы әскерден оралған соң Қорғантөбенің "Пахтакор" клубында (кейін атауы "Вахш", "Хатлон" боп өзгерді) бастады. 1984 жылы КСРО бірінші лигасындағы "Памир" клубына ауысты. 1986 жылдың басында "Қайраттың" бірнеше белді ойыншылары басқа клубтарға ауысып кетті де, солардың бірінің орнын осы Алимджон басты. "Қайрат" сапындағы тұңғыш ойынын 1986 жылы 16 наурызда "Динамо" (Тбилиси) клубына қарсы өтті. Алматыда көктемгі қалың қар үстінде ойналған ойында есеп ашылмады. 29 наурызда Мәскеудің "Спартагымен" ойында алаңнан қуылды. Жалпы 1986 жылы "Қайрат" сапында 14 кездесуде алаңғаа шықты. 1988 жылы КСРО футбол федерациялары кубогында бірнеше кездесуде алаңға шықты. 1988 жылы 22 қарашада осы турнирдің финалында қайраттықтар сапындағы соңғы ойынын "Нефтчиге" қарсы өткізді. 1989 жылы "Қайрат" бірінші лигада ойнады да, Алимжон бұрынғы клубы, жоғары лигаға қайта оралған "Памирге" ауысты. ## Жетістіктері * КСРО футбол федерациялары кубогы: 1988 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Самал ауданы немесе аймақ (алт. -Чамал аймак-) — Ресей Федерациясының Алтай Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік және муниципалдық құрылым. Әкімшілік орталығы - Самал ауылы. ## Географиясы Аудан Алтай Республикасының солтүстік бөлігінде Солтүстік Алтайдың таулы-дала аймағында, кіші таулы өзендер жүйесінде орналасқан, Қатынның тармақтары, Жолға мен Семін жоталарының бөліктерін қамтиды. ## Тарихы Самал ауданы - Алтай Республикасындағы ең жас аудан. Ол 1992 жылы әкімшілік-аумақтық реформа кезінде Шибалы ауданының бөлінуі нәтижесінде құрылды.Осы уақытқа дейін аудан бірнеше рет қайта құрылған: * 1922 жылы орталығы Ұлал болатын Ойрат автономды облысы құрылды. Бастапқыда бұл облыс 24 болыстан тұрды, олардың саны көп ұзамай қысқарды, ал олардың өзі аймақ болып өзгертілді, олардың бірі Самал болды; * 1933 жылы Самал ауданы Елікманар болып өзгертілді; * 1962-1963 жылдары аймақтар аудан болып өзгертілді, Елікманар аймағы таратылды; * 1992 жылы Самал ауданы қалпына келтірілді. ## Тұрғындары
Майма ауданы немесе аймақ (алт. -Майма аймак-) — Ресей Федерациясының Алтай Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік және муниципалдық құрылым. Әкімшілік орталығы - Майма ауылы. ## Географиясы Аудан Алтай Республикасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Аумағы: 1 285 км². ## Тарихы 1924 жылы 16 қыркүйекте қолданыстағы болыстардың негізінде орталығы Ұлала ауылы Ойрат автономды облысының құрамында Майма аймағы құрылды. 1932 жылы Майма ауданы Ұлалаға, ал 1933 жылы орталығы Ойрат-Тұр қаласында орналасқан Ойрат-Тұр аймағына айналды. 1939 жылы аймақ орталығы Майма-Шерғажақ ауылына көшірілді. 1948 жылы Ойрат-Тұр аймағы Алтай өлкесінің Таулы Алтай автономды облысының құрамында қайтадан Майма болып өзгертілді. 1956 жылы 28 қыркүйекте жойылған Шоя аймағының территориясы Майма аймағының құрамына кірді. 1962 жылы таратылған Елікманар облысының территориясы аймақтың құрамына кірді. 1963 жылы Майма аймағы Майма ауданы болып өзгертілді. 1965 жылы Майма ауданының ауылдық кеңестерінің бір бөлігі жаңадан құрылған Шибалы ауданына берілді. 1980 жылы Майма ауданының ауылдық кеңестерінің бір бөлігі жаңадан құрылған Шоя ауданына берілді. ## Тұрғындары
Expo 2023 — 2023 жылғы 15 қаңтардан 15 сәуірге дейін Буэнос-Айресте (Аргентина) алғаш рет Латын Америкасында өтетін алдағы мамандандырылған көрме. Бұл қала Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясында 2017 жылдың 15 қарашасында таңдалды. Технополис қаласында өтеді, ауданы - 124 580 м2. Көрменің тақырыбы: «Ғылым, инновация, өнер және адам дамуы үшін шығармашылық». Сандық эволюциядағы шығармашылық индустрия. « (Ғылым, инновация, адам дамуы үшін өнер шығармашылығы, сандық конвергенциядағы шығармашылық салалары). Ықтимал үміткерлердің қатарына Лодз (Польша) және Миннеаполис (АҚШ) кірді.<ref>http://www.expobids.com/2022-2023.htm Мұрағатталған 22 қазанның 2014 жылы.<ref> ## Дереккөздер
Темірбаев Серікбай Біләлұлы (1961 жылы туған, Көкшетау қаласы) – шахматшы, гроссмейстер (1994), КСРО спорт шебері (1986). Бапкері – В.Смоквин. Қазақстанның 6 дүркін чемпионы, Азия чемпионы (1993) және күміс жүлдегері (1995), 1992 – 2004 ж. олимпиадаға қатысқан. Әлемдік шахмат олимпиадасында (1992, Манила, филиппиндер) 3-орынды иеленді, көптеген халықар. турнирлердің жүлдегері. Көкшетау қаласында Т. атындағы шахмат мектебі ашылған. ҚР шахмат федерациясының вице-президенті, бапкерлер төралқасының төрағасы. ## Дереккөздер
Анатолий Валентинович Богданов (7 маусым 1981, Ленинград, КСРО) — ресейлік және қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы сапында 14 кездесуде алаңға шықты. ## Карьерасы Ресей футболының түлегі болғанымен, Ресей чемпионаттарында бір рет те кәсіпқой футбол ретінде алаңға шықпаған, тек әуесқой клубтарда ғана доп тепті. Тек 2003 жылы Қазақстанға келгесін ғана өзін кәсіпқой футболшы ретінде сезінді, тіпті 2006 жылы "Ақтөбе" сапында Қазақстан чемпионы да атанды. Қазақстан клубтарында 2016 жылдың соңында дейін ойнап, Ресейге оралды, бірақ тағы да бірнеше жыл әуесқой клубтарда ойнады. 2020 жылы бапкерлікке кірісті. Өзінің туған клубы Санкт-Петербургтің "Динамо" командасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. 2012 жылы 7 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақстан құрамасы сапында алаңға шықты, тұсаукесер ойыны ЕУРО-2012 іріктеу турнирі аясында Ирландия құрамасына қарсы өтті. Сол жылы Швеция, Аустрия (екі рет) құрамаларына қарсы ойнады. 2013 жылы да Грузия, Швеция, Фарер аралдарына (Фарерлермен екі рет) қарсы ойында алаңға шықты. 2014 жылы бес кездесуде құрама намысын қорғады. 2015 жылы 18 ақпанда Молдоваға қарсы жолдастық кездесуде құрама сапындағы соңғы ойынын өткізді. ## Жетістіктері ### Командалық * Қазақстан чемпионы: 2005 * Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2009 * Қазақстан кубогының финалисі: 2011 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі ## Сілтемелер
Анатолий Валентинович Богданов (7 маусым 1981, Ленинград, КСРО) — ресейлік және қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы сапында 14 кездесуде алаңға шықты. ## Карьерасы Ресей футболының түлегі болғанымен, Ресей чемпионаттарында бір рет те кәсіпқой футбол ретінде алаңға шықпаған, тек әуесқой клубтарда ғана доп тепті. Тек 2003 жылы Қазақстанға келгесін ғана өзін кәсіпқой футболшы ретінде сезінді, тіпті 2006 жылы "Ақтөбе" сапында Қазақстан чемпионы да атанды. Қазақстан клубтарында 2016 жылдың соңында дейін ойнап, Ресейге оралды, бірақ тағы да бірнеше жыл әуесқой клубтарда ойнады. 2020 жылы бапкерлікке кірісті. Өзінің туған клубы Санкт-Петербургтің "Динамо" командасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. 2012 жылы 7 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақстан құрамасы сапында алаңға шықты, тұсаукесер ойыны ЕУРО-2012 іріктеу турнирі аясында Ирландия құрамасына қарсы өтті. Сол жылы Швеция, Аустрия (екі рет) құрамаларына қарсы ойнады. 2013 жылы да Грузия, Швеция, Фарер аралдарына (Фарерлермен екі рет) қарсы ойында алаңға шықты. 2014 жылы бес кездесуде құрама намысын қорғады. 2015 жылы 18 ақпанда Молдоваға қарсы жолдастық кездесуде құрама сапындағы соңғы ойынын өткізді. ## Жетістіктері ### Командалық * Қазақстан чемпионы: 2005 * Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2009 * Қазақстан кубогының финалисі: 2011 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі ## Сілтемелер
Еркін Шәмішұлы Сүлейменов (7 желтоқсан 1929, Байдин ауылдық кеңесі, Денгиз ауданы Гурьев облысы – 24 наурыз 1970, Гурьев) — заң қызметкері. ## Өмірбаян Еркін Шәмішұлы Сүлейменов 7 желтоқсан 1929 жылы Байдин ауылдық кеңесінде Денгиз ауданы Гурьев облысы дүниеге келді. Руы Алаша Кіші жүзден тараған. Н. Крупская атындағы орта мектепте үздік бітірді. Жақсы оқуы және үлгілі мінез-құлқы үшін бірнеше рет халыққа білім беру бөлімінің грамоталарымен марапатталған. 1951 жылы Алматы мемлекеттік заң институтының құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Жолдама бойынша Гурьев облысы прокуратурасының қарамағына жіберілді. Форт-Шевченкода тергеуші болып жұмыс істеді, содан кейін облыстық прокуратураға тергеу бөліміне ауыстырылды. Аудандық прокуратураның тергеушісі. Гурьев облысы прокуратурасының тергеу бөлімінің бастығы. ## Отбасы Әкесі - Шәміш, анасы - Рысты. Зайыбы – Казекен Файзуллақызы Успанова (1929-2009). Отбасында төрт ұл дүниеге келген: Мэлс, Марат, Ғинаят, Ғибрат. ## Марапаттары ВЦСПС, Гурьев облыстық партия комитеті, Гурьев облыстық кәсіподақ Кеңесінің грамоталарымен марапатталған.
Ғалымжан Салихович Хусаинов (тат. Галимҗан Салих улы Хөсәенев; 27 маусым 1937 жыл, Новое Иглайкино, Татар АССР — 5 ақпан 2010 жыл, Мәскеу) — КСРО-лық футболшы, шабуылшы. 1964 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, 1966 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалисі. 1962 жылғы әлем чемпионатына қатысқан. 1964 жылғы Еуропа чемпионатының финалында бір гол соқты, бірақ КСРО 1:2 есебімен Испаниядан ұтылып қалды. Футбол ойнауды доғарған соң бірнеше клубта бапкер көмекшісі қызметін атқарды. ## Жетістіктері ### Командалық * КСРО чемпионы: 1962, 1969 * КСРО кубогы: 1963, 1965, 1971 ### Жеке * КСРО чемпионатындағы үздік 33 (8 рет): № 1 (1963), № 2 (1961, 1964, 1965), № 3 (1960, 1962, 1968, 1969) * Григорий Федотов мергендер клубының мүшесі: 145 гол ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі Мұрағатталған 7 қаңтардың 2021 жылы.
Ғалымжан Салихович Хусаинов (тат. Галимҗан Салих улы Хөсәенев; 27 маусым 1937 жыл, Новое Иглайкино, Татар АССР — 5 ақпан 2010 жыл, Мәскеу) — КСРО-лық футболшы, шабуылшы. 1964 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, 1966 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалисі. 1962 жылғы әлем чемпионатына қатысқан. 1964 жылғы Еуропа чемпионатының финалында бір гол соқты, бірақ КСРО 1:2 есебімен Испаниядан ұтылып қалды. Футбол ойнауды доғарған соң бірнеше клубта бапкер көмекшісі қызметін атқарды. ## Жетістіктері ### Командалық * КСРО чемпионы: 1962, 1969 * КСРО кубогы: 1963, 1965, 1971 ### Жеке * КСРО чемпионатындағы үздік 33 (8 рет): № 1 (1963), № 2 (1961, 1964, 1965), № 3 (1960, 1962, 1968, 1969) * Григорий Федотов мергендер клубының мүшесі: 145 гол ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі Мұрағатталған 7 қаңтардың 2021 жылы.
Виктор Викторович Чанов (21 шілде 1959 жыл, Сталино, Украин КСР, КСРО — 8 ақпан 2017 жыл, Киев, Украина) — КСРО-лық және украиналық футболшы, қақпашы. Халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері. ## Жетістіктері ### Командалық «Шахтёр» (Донецк) * КСРО кубогы (1): 1980 «Динамо» (Киев) * КСРО чемпионы (3): 1985, 1986, 1990 * КСРО кубогы (4): 1982, 1985, 1987, 1990 * КСРО суперкубогы (2): 1986, 1987 * Кубок иелері кубогы: 1986 * УЕФА суперкубогы (1): 1986 «Маккаби» (Хайфа) * Израиль чемпионы (1): 1991 * Израиль кубогы (2): 1991, 1993 КСРО * Жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионы: 1978 * Жастар арасындағы Еуропа чемпионы: 1980 * Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 1988 ### Марапаттары * КСРО чемпионатындағы үздік 33 (6): № 2 (1986, 1988), № 3 (1980, 1981, 1982, 1989) * КСРО жыл қақпашысы: 1986 * Әлемнің үздік қақпашысы: 1986 * Халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1980) * КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1986) ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Виктор Викторович Чанов (21 шілде 1959 жыл, Сталино, Украин КСР, КСРО — 8 ақпан 2017 жыл, Киев, Украина) — КСРО-лық және украиналық футболшы, қақпашы. Халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері. ## Жетістіктері ### Командалық «Шахтёр» (Донецк) * КСРО кубогы (1): 1980 «Динамо» (Киев) * КСРО чемпионы (3): 1985, 1986, 1990 * КСРО кубогы (4): 1982, 1985, 1987, 1990 * КСРО суперкубогы (2): 1986, 1987 * Кубок иелері кубогы: 1986 * УЕФА суперкубогы (1): 1986 «Маккаби» (Хайфа) * Израиль чемпионы (1): 1991 * Израиль кубогы (2): 1991, 1993 КСРО * Жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионы: 1978 * Жастар арасындағы Еуропа чемпионы: 1980 * Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 1988 ### Марапаттары * КСРО чемпионатындағы үздік 33 (6): № 2 (1986, 1988), № 3 (1980, 1981, 1982, 1989) * КСРО жыл қақпашысы: 1986 * Әлемнің үздік қақпашысы: 1986 * Халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1980) * КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1986) ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Назим Гаджибаба оглы Сулейманов (әз. Nazim Hacıbaba oğlu Süleymanov; 17 ақпан 1965, Сумгаит) — КСРО-лық және әзірбайжандық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы. ## Жетістіктері ### Командалық Нефтчи (Баку) * КСРО футбол федерациялары кубогының финалисі: 1988 Алания (Владикавказ) * Ресей чемпионы: 1995 * Ресей чемпионатының күміс жүлдегері (2): 1992, 1996 * Достастық кубогының финалисі: 1996 ### Жеке * Ресей чемпионатындағы үздік 33 (2): № 3 — 1992, 1993 ## Марапаттары * КСРО Спорт шебері * Осетияның құрметті азаматы ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Вадим Константинович Каратаев (15 қаңтар 1964 жыл, Луганск облысы, Украин КСР, КСРО) — КСРО-лық және украиналық футболшы, жартылай қорғаушы. КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы. ## Жетістіктері ### Динамо Киев * КСРО чемпионы: 1985, 1986 * КСРО кубогы: 1982, 1985 * УЕФА кубок иелері кубогы: 1986 * КСРО суперкубогы: 1981, 1986 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Назим Гаджибаба оглы Сулейманов (әз. Nazim Hacıbaba oğlu Süleymanov; 17 ақпан 1965, Сумгаит) — КСРО-лық және әзірбайжандық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы. ## Жетістіктері ### Командалық Нефтчи (Баку) * КСРО футбол федерациялары кубогының финалисі: 1988 Алания (Владикавказ) * Ресей чемпионы: 1995 * Ресей чемпионатының күміс жүлдегері (2): 1992, 1996 * Достастық кубогының финалисі: 1996 ### Жеке * Ресей чемпионатындағы үздік 33 (2): № 3 — 1992, 1993 ## Марапаттары * КСРО Спорт шебері * Осетияның құрметті азаматы ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Қараменде Мұратұлы (шамамен 17 ғасырдың соңы – 18 ғасырдың басы) – қазақтың Суан руынан шыққан тұңғыш биі. Ол үш жүздің басын қосқан жиындарда төбе би болған, хандармен терезесі тең қоғам қайраткері болып есептелген. Өз заманындағы соғыс өнерін игерген ірі әскер қолбасшысы, әйгілі батыр.Әкесі Мұрат, Тоқарыстанның 4 баласының бірі болған. Өз кезегінде Мұраттың 6 баласы болған. Оның Байтөгей дегенінен басқа балаларын ел аузында “Бес Мұрат” деп атайтын.Әбілқайыр хан (Кіші жүз) ханның тұсында Қараменде мемлекет басқару ісіне араласқан, дипломатиялық қызмет атқарған ойшыл дана. Әбілқайыр хан (Кіші жүз) құрған "Билер кеңесінің" беделді мүшесі, атақты шешен.Қараменде бидің қоғамдық-саяси, халықаралық деңгейдегі дипломатиялық қызметі қазақ-қалмақ қатынасының күрделенген тұсында көзге түседі. Халық арасында дағдарыс кездерінде бір билікке бағындырып, басшылық қасиеттерін көрсетеді.Төбе бидің атымен Жаркент өңірінде "Қараменденің белі", "Қараменденің сайы" деп аталатын жер аттары бар. Қараменденің Нияз, Тыныбек, Бекқұлы, Жақсыбай, Сады деген балалары болған. ## Аңыздар Қараменде Суан руының биі болып жүргенде Солтанғұл-Хангелдіні үйлендірмекші болып, Найман жеріне ертіп барады. Онда бір байдың ақылды қызы бар екенін естіп, үйге барады. Байдың қызы қыз айттырушыларға ұнайды. Бірақ бай:- Қайда, кімге тұрмысқа шығатынын өз қалауы біледі, - деп келісімін бермейді. Қыздың өзімен тілдесіп, анық жауабын алып қайтпақшы болған Қараменде мен Хангелді байдың үйінен түстенбекші болады. Шайды қыз өз қолымен құяды. Қонақтардың қандай бұйымтаймен келгенінен құлақдар болған қыз шай құйып отырғанда байқатпай шашын сипайды. Қараменде астына төсеп отырған аю терісін аяғынан басына дейін сипап қояды. Екінші кесеге шай құйған қыз қолындағы кесені биге ұсынбақ болып тұрып, қайтадан кесені еселеп, қайта беріпті. Кеседегі шайын ішіп біткен Қараменде қолындағы кесесін төңкеріп, үй иесі байға:- Болды, біз келістік, енді бізді жолға сал, - дейді. Ауылдан ұзаған соң, Хангелді:- Биеке, мен ештеңе ұқпадым. Сіз ешкіммен тілдеспей-ақ, "келістік, кетемін" қалай? - дейді. Сонда Қараменде:- Сен байқамаған екенсің ғой. Біз жаңа қыз екеуміз шай үстінде келістік қой.- Мен ешкімнің жақ ашып, сөйлескенін көргенім де, естігенім де жоқ қой?- Біз ыммен сөйлестік.- Қалайша?- Шай құйып отырған қыз шашын сипады. Онысы: "Маған құда түсу үшін менің шашымдай қалың мал төлейсіңдер", - дегені еді. Мен астымдағы теріні сипап: "Аюдың жүнінде мал береміз", - дедім. Қыздың қолындағы шай құйылған кесені маған ұсынбақ болып тұрып қайта алып, еселеп, маған бергені - "келіспейін деп едім, келістім" дегені, - депті. ... Жігіт жүрмекші болған соң Жидебайдың айтқаны: "Бес ауыз бір сөзім бар, алты ауыз бір сөзім бар. Осыларды бірімен - бірін шатастырмай ұғып ал", - деп таныстырады. Жидебайдың айтқан сөзін жігіт жаттап алады. Бес ауыз бір сөзім:Төрт нәрседен үміт бар,Бір нәрседен үміт жоқ, - Осыны айт. Алты ауыз бір сөзім:Мұсылман жаудың қолында қалдым,Бес атаның малын іздеп әуре болдым. Алпыс ат үйір бермеді, Жетпіс торғай шырылдайды, Сексен балапан ұя басып жатыр. Тоқсан жұмыртқаның қашан жарылары белгісіз. Жаздың күні жайлауға қонған қалың елді аралай бірнеше күн жол жүріп, бағанағы жігіт Қарамендені іздеп табады. Біраз күн жатып тынығып, ел жайлы, ер амандығына қаныққан жігіт қайтпақшы болады. Сонда Қараменде: "Жидекем тірі болса, маған басқа сәлем айтпады ма?" - деп сұрапты. Сонда жігіт батырдың сәлемін айтыпты. Қараменде шартта жүгініп отырып, көп ойланып-толғанады. Біраздан кейін: - "Торт нәрседен үміт бар" дегені, адам баласы төрт нәрседен үмітпен жүріп өтеді екен-ау: Жас өсемін деп үмітті. Жалғыз көбейемін деп үмітті, Жарлы байимын деп үмітті, Ауру жазыламын деп үмітті. "Бір нәрседе үміт жоқ" дегені шіркін, көктемі мен жазы өтіп жапырағы қураған ағаштай, ұрты солып, жағы суалған кәріліктен ғана үміті жоқ екен, - дейді. "Мұсылман жаудың қолында қалдым" дегені бірге жасасып, өмір сүрген, бір-біріне иістері сіңіскен жастық шақтың жолдасы - жұбайы қайтып, жесір болып, келін баласының қолына қарап қалған екен ғой. Екі елі аузына торт елі қақпақ қойсын, балаға сонда ғана сыйымды болады, - депті. "Бес атаның малын іздеп әуре болдым" дегені: Қайран батыр қартайып, көзі көр болған екен ғой. Жастан серік болған бес жолдасы: "Мәсуік, тәспік, орамал, бөкі, қамшы - болар. Осылардың басын құрап жинау үшін жан-жағын сипалап іздеп тапқанша, түске дейінгі уақыты өтеді екен ғой. Жанына жан қалта, төсіне төс қалта салдырып алсын депті. Ол уақыттағы қазақтың киімдеріне қалта салынбайды екен. "Алпыс ат үйір бермейді" дегені: алпыс жас ағайынды жауға беріспейтін қайрат-күштің қайтпайтын күші екен ғой. "Жетпіс торғай шырылдайды" дегені: - жетпісте торғайдай ғана қуатым қалды дегені екен ғой. "Сексен балапан ұя басып жатыр" дегені - сексенде ұяда жатқан балапандай төсек тартып жаттым дегені екен ғой. "Тоқсан жұмыртқа қашан жарыларын білмеймін" дегені - тоқсаннан асқан жасым бар, бір аяғыммен қабірде, ажал қашан жетеді деп күтуде дегені екен ғой, - депті. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз
Ғибрат Еркінұлы Сулейменов (17 қаңтар 1956, Форт-Шевченко Гурьев облысы) — ҚР Прокуратурасының құрметті қызметкері, ҚР құрметті жерге орналастырушы. Әділет полковнигі. ## Өмірбаян Ғибрат Еркінұлы Сулейменов 17 қаңтар 1956 жылы Форт-Шевченко қаласында Гурьев облысы дүниеге келді. Руы Алаша Кіші жүзден тараған. 1981 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясың бітірген. 2008 жылы Атырау Мұнай және газ институтын " Өмір тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" мамандығы бойынша бітірген. 1977. Гурьев облысындағы балық қорлары мен су айдындарын қорғау жөніндегі Орал-Каспий бассейндік басқармасы жедел тобының кіші инспекторы. 1977-1979. Гурьев облысы Балықшы ауданы халық сотының аға сот орындаушысы. 1979-1981. Гурьев облыстық атқару комитеті әділет бөлімінің аға консультанты. 1981-1986. Гурьев облысы прокурорының көмекшісі. Қала прокуратурасының аға тергеушісі. Гурьев облысы прокуратурасының аға көмекшісі. 1986-1987. Қазақстан Компартиясы Гурьев обкомының әкімшілік органдар бөлімінің нұсқаушысы. 1987-1994. Балықшы ауданы прокурорының орынбасары. Қала прокуроры. 1994. Атырау облыстық әкімшілігі мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі. 1994-1996. Атырау облысы прокурорының ҰҚК, АТБ, ІІБ және кеденнің қызметін қадағалау жөніндегі аға көмекшісі. 1996-1999. Атырау облысы прокурорының орынбасары. 1999-2001. Жылыой ауданының прокуроры. 2001-2005. Атырау облыстық ғылыми-өндірістік сот сараптамасы зертханасының бастығы. 2005-2007. Облыс әкімі аппараты басшысының құқықтық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі орынбасары. 2007-2012. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Атырау облысы бойынша аумақтық жер инспекциясының бастығы. 2012-2015. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Атырау облыстары бойынша Өңіраралық жер инспекциясының бастығы. 2015-2017. Атырау облысы жерлерінің пайдаланылуын және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы. 2017-2019. Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысы. ## Қоғамдық қызметі 2008 жылдан бері "Атырау" футбол клубының вице-президенті. 2009 жылы "Атырау" футбол клубы Қазақстан Кубогының иегері атанып, Мишель Платини өзі мені медальмен марапаттады. ## Отбасы Әкесі – Еркін Шәмішұлы Сүлейменов (1929-1970), Гурьев облысы прокуратурасының тергеу бөлімінің бастығы, аға әділет кеңесшісі. Анасы – Казекен Файзуллақызы Успанова (1929-2009). Отбасында төрт ұл дүниеге келген: Мэлс, Марат, Ғинаят, Ғибрат. Зайыбы – Роза. Ұлы Беркин. ## Марапаттар * “Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл” медалі (2005), * “Астанаға 10 жыл” медалі (2008), * "Ресейдің құрметті қонағы" (2010), * “Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл” медалі (2011), * “Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл” (2011), * “Қазақстан Республикасы Прокуратурасының құрметті қызметкері” төс белгісі (2011), * “Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл” медалі (2015), * “Қазақстан Республикасының прокуратурасына 25 жыл” медалі (2016), * “Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл” медалі (2016), * “Қазақстанның құрметті жерге орналастырушы” төс белгісі (2016), * “Астанаға 20 жыл” (2018) медалі, * грамоталармен және көптеген алғыс хаттармен марапатталған. ## Дереккөздер
Таулы Алтай (алт. -Улалу-; 1932 жылға дейін – Ұлала, 1932-1948 жылдары Ойрат-Тура) — Ресейдің Батыс Сібірінің оңтүстігіндегі қала, Алтай республикасының жалғыз қаласы әрі астанасы. ## Этимологиясы Қала Улала өзенінің сағасында ауыл ретінде пайда болды (алт. Улула, мұндағы -улу – «үлкен», -ла иелік жұрнағы), осы гидронимнен «Улала» атауын алды. 1922 жылы Ойрат автономды облысының құрылуымен Улала ауылы оның орталығына айналды, 1928 жылы қала мәртебесін алды. Келесі екі онжылдықта Улала қаласы екі рет атауын өзгертті. 1932 жылғы 17 маусымда (4 шілдеде) КСРО Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Президиумының жарлығымен қала «Ойрат-Тура» – «ойраттардың қаласы» (ойраттар – этноним, тура – «қала») болып өзгертілді. 1948 жылы облыстың негізгі тұрғындарының (ойраттардың орнына алтайлықтар) этникалық атауын нақтылауға байланысты автономды облыс Таулы Алтай, ал Ойрат-Тура қаласы тиісінше Таулы Алтай болып өзгертілді. 1948 жылдан кейін қала атауы өзгерген жоқ. ## Тарихы Қаланың тарихы ХІХ ғасырдың басында, қазіргі Таулы Алтай қаласының орнында телеуіттердің кішігірім қонысы орналасқан кезден басталады. 1824 жылы алғашқы орыс қоныс аударушылары Бийскіден осында қоныс аударып, Улала ауылының негізін қалады. Оның әрі қарай дамуы Алтайдың рухани миссиясының жұмысымен тығыз байланысты болды. 1831 жылы басты лагерь Улалда жұмыс істей бастады, мұнда миссионерлер мен діни қызметкерлер жинала бастайды. Кейінірек ауылға бийскілік көпестер көшіп келді. Бірнеше онжылдықтар бойы ол Томбы губерниясы Бийск уезінің ірі сауда орталығына айналды. 1918 жылы ақпанда Улалда шаруалар мен солдат депутаттарының кеңесі сайланды. И.И.Некоряков кеңестің алғашқы төрағасы болды. 14 шілдеде ауылды капитан Сатуниннің ақ гвардия жасағы басып алды. 1918 жылы 30 желтоқсанда орталығы Улалда болатын Қарақорым уезі құрылды. Кеңес өкіметі 1919 жылы 18 желтоқсанда Ф.И.Усольцевтің партизан отряды ауылды басып алған кезде қалпына келтірілді. Азамат соғысынан кейін Ойрат автономды облысы құрылды. 1922 жылы 2 маусымда Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің жарлығымен Ұлала ауылы жаңа облыстың әкімшілік орталығы болып жарияланды. 6 жылдан кейін ХІІІ шақырылған Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Президиумының қаулысымен (№ 45 хаттама) 1928 жылы 27 ақпанда Ұлала елді мекені қалаға айналды. Археолог А.П.Окладников 1961 жылы 5 шілдеде Улала өзенінің сол жағалауында қаланы қоршап тұрған таулардың баурайында, Улала жотасындағы ескі зираттан бірнеше тастар (малтатастар) тапты, содан кейін ол олардың адам еңбек құралдарына жатуын талап ете бастады. 1976 және 1981 жылдардағы қазбалардан кейін ол Улалинканың жасы 1,5 миллионнан 150 мың жылға дейінгі аралықта екенін мәлімдеді. Міне, оның бұл жаңалық туралы жазғаны: «Тасты өңдеу техникасының қарабайырлығына және құрал-саймандардың бұдырлығына қарап, олар жер бетінде явалық питекантроп, «тік маймыладам» өмір сүрген кезде, сондай-ақ өзіне жақын басқа да ата-бабаларымыз сияқты алғашқы қарабайыр заманда жасалған. Әдетте, оларды «архантроп» деп атайды. Бір сөзбен айтқанда, біздің таулы алдайлық олжаларымыз кемінде 150-200 мың жыл кем емес, екі мұздақтар аралығы. Сібір тарихшыларында қобалжу сезімі бар: Сібірдегі адамдардың алғашқы, әлі күнге дейін белгілі қалдықтары 21 000 жыл болды». Алайда археологтардың ешқайсысы, оның оқушысы А. Деревьянкодан басқа, өңдеуді сөзсіз адам жасаған болатын бірде-бір затты таба алмады. Ғалымның айтуынша, «Улалинка», «Филимошки» және «Кумара I» сияқты артефактілер деп аталатын қоныстардағы заттар адам өңдеген құралдар емес, табиғи күштердің туындылары болып табылады (геофактілер). Таулы Алтай 2010 жылға дейін тарихи қоныс мәртебесіне ие болды, дегенмен Ресей Мәдениет министрлігі мен Ресейдің Өңірлік даму министрлігінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 418/339 бұйрығына сәйкес қала тиісті тізімнен шығарылды. ## Физика-географиялық сипаттамалары ### Географиялық орны Алтай тауларының солтүстік-батыс бөлігінде, теңіз деңгейінен 270-305 м биіктікте, аласа шыңдармен қоршалған тау аралық қазаншұңқырда, Мұзтау тауынан солтүстікке қарай 250 шақырым солтүстікке қарай Қатын өзеніне құятын Улала мен Майма өзендерінің құйылысында орналасқан. Алтай мен Сібірдің биік нүктелері. Таулы Алтайдан Мәскеуге дейінгі арақашықтық – 3641 км, Батыс-Сібір темір жолының Бийск теміржол станциясына дейін 100 км. ### Климаты Климаты күрт континенталды. Жазда температура + 13 ... + 20-дан + 30 ... + 35 ° C-ге дейін өзгеруі мүмкін, сонымен қатар үлкен тәуліктік температура ауытқуы болып отырады. Найзағайдың шыңы шілдеде, тамызда күрт азаяды. * Абсолютты максималды температура: +40,3 °С * Абсолютты минималды температура: −48,6 °С ## Мәртебесі және басқармасы Алтай Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы шеңберінде ол республикалық маңызы бар қала болып табылады. Муниципалдық құрылым шеңберінде Таулы Алтай қаласы өзінің құрамындағы жалғыз елді мекен ретінде қалалық аймақ мәртебесіне ие муниципалдық құрылымды құрайды. Бұл Таулы Алтай агломерациясының өзегі. ### Билік органдары Таулы Алтайда мемлекеттік биліктің республикалық және федералдық органдары жұмыс істейді: Алтай Республикасының Үкіметі, Мемлекеттік Жиналыс - Алтай Республикасының Ел Құрылтайы, Алтай Республикасының атқарушы билік органдары, Ресей Федерациясы Президентінің Сібір Федералды Округіндегі өкілетті өкілі кеңсесінің Алтай Республикасы бойынша бас федералдық инспекторы, республиканың Жоғарғы Соты Алтай, Алтай Республикасының Арбитраждық соты, Таулы Алтай қалалық соты, Алтай Республикасының прокуратурасы, Таулы Алтай қаласының прокуратурасы, жергілікті билік органдары (қалалық округ әкімшілігі мен депутаттар кеңесі). Республикалық жетекші «Листок», «Звезда Алтай» және «Алтайдын Чолмоны» газеттерінің редакциясы, БМТРК филиалы, «Горный Алтай» МТРК орналасқан. ### Жергілікті билік органдары Қаланың (қалалық округтің) жергілікті басқару органдарының құрылымы: * Таулы Алтай қалалық депутаттар кеңесі – жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы өкілді органы (муниципалды қалыптасу); * Таулы Алтай қаласының мэрі – муниципалды қалыптасудың басшысы; * Таулы Алтай қаласының әкімшілігі – жергілікті өзін-өзі басқарудың атқарушы және өкім беруші органы (муниципалды қалыптасу); * «Таулы Алтай қаласы» муниципалды қалыптасудың бақылау-есеп органы – Таулы Алтай қаласының бақылау-есеп палатасы болып табылады. ## Қала құрылысы және сәулет өнері 1935 жылдан бастап Ойрат-Турада қала құрылысында қайта құрулар мен өзгерістер басталды: Кеңестер үйі, «Спартак» стадионы, Мамандар үйінің құрылысы басталды (Ойрат-Турадағы алғашқы жайлы үй, 1936 жылы пайдалануға берілді). Қала құрылысы жоспарында обкомның алдындағы алаңда қоғамдық алаңның, Ойрат көшесінің бойындағы бульвардың, облыстық аурухананың аумағы мен Улалушки өзенінің жағалауының көгалдандыруы қарастырылған. 1936 жылы №6 мектеп пен кинотеатрдың, педагогикалық училищенің жаңа ғимараты (қазіргі мемлекеттік университеттің ескі ғимараты) және М.Горький ат. кинотеатрдың іргетасы қаланды, ет комбинаты мен жиһаз фабрикасының ғимараттары салынуда. Жылдар өткен сайын жаңа ғимараттар пайда болуда: қала әкімшілігі (1969), Мемлекеттік жиналыс – Алтай Республикасының Ел Құрылтайы және Алтай Республикасының сайлау комиссиясы (1985 ж. сәуірі, бұрынғы КОКП облыстық комитеті). Сот төрелігі сарайы, арбитражды сот ғимараты, Алтай Республикасының кадастрлық палатасы, қалалық мәдениет үйі, «Голубой Алтай» кинотеатры. «Бәйтерек», «Панорама», «Весна», «Ткацкий», «Горный» сауда орталықтары. Тағы бір – «Динамо» стадионы салынды. Қаладағы ең ұзын көше – Коммунист даңғылы, ол Санкт-Петербургтегі Невский даңғылынан екі шақырымдай ұзын (ол 1961 жылға дейін Сталин даңғылы деп аталған). Коммунистический даңғылы мен Чорос-Гуркина көшесінің арасында Ленин алаңы (қаладағы орталық және ең үлкен алаң (5283 м2) орналасқан, одан басқа Г. И. Гуркин ескерткішінің жанында және қалалық мәдениет үйінде қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш жанында алаңдар орналасқан. Алаңда 1958 жылы 7 қарашада В. И. Ленинге қоладан ескерткіш орнатылды (Ленинградта құйылған). Авторлары: мүсіншілер Т. Мамедов пен О. Элдаров. Тұғырлы ескерткіштің биіктігі 11 метр. Дәл осы ескерткіш Ригада орнатылған, бірақ ол 1991 жылдан кейін бөлшектелген, сондықтан В. И. Ленинге арналған ескерткіштің көркем орындалуы бүгінгі Ресейде жалғыз болып табылады. ## Экономика және инвестиция 1990 жылдардың басына дейін қалада перде-тюль, жиһаз, аяқ киім, тоқыма, тігін фабрикалары, электрлік тұрмыстық техника шығаратын зауыт жұмыс істеді. Қазіргі уақытта өндірістік үй-жайлар сауда орталықтары ретінде қолданылады. 2010 жылдары қалада тек темірбетон бұйымдары зауыты қалды. 2010 жылдың басындағы жағдай бойынша қала кірістерінің 60% негізінен жеке табыс салығы есебінен құралады. Инвестициялардың басым салалардың ішінде қала әкімшілігі туризмді (қонақ үй, мейрамхана, денсаулық сақтау, ойын-сауық, тұрмыстық қызмет көрсету және сауда нысандарының құрылысы) және онымен байланысты кәсіпорындарды (кәдесыйлар өндірісі, туристік жабдықтар шығару) бөліп көрсетеді. Осы іс-шара шеңберінде Еланда шатқал орталығы бар муниципалды туристік-рекреациялық аймақты дамыту басталды, айна ауданы 2 га су қоймасы салынды, демалу және туризм инфрақұрылымы, тау шаңғысы спорты, қонақ үйлер, кемпингтер және ат спорты базасын дамыту жоспарлануда. Дамыған инфрақұрылымы бар жыл бойғы туристі-спорттық орталық құру жоспарлануда: көтергіштер желісі, ат спорты және таулы велосипед жолдарының құрылысы жоспарлануда. Қаланы қоршап тұрған таулардың шыңында демалуға арналған орындары бар бақылау алаңшаларын салу жоспарланған. Болашақта Тоғай тауынан Комсомольская тауына дейін аспалы жол салу, тау шаңғысы жолдарын жасанды қар тазартуға арналған жабдықтармен жабдықтау жоспарлануда. Туристі-рекреациялық аймақ нысандарының құрылысы аяқталғаннан кейін олардың қуаттылығы бір уақытта кем дегенде 10 мың адамды құрайды. 2011 жылы туристер мен демалушылардың саны 2010 жылмен салыстырғанда 20% өсті, туристік ағынның өсу мүмкіндігі жылына 2,4 млн адамға дейін – 2,5 есеге өсті, бұл Алтай республикасының тұрғындарынан 10 есе көп. 2011 жылдың қараша айында ұзақ қайта жаңартудан кейін Таулы Алтай әуежайы ашылды, бұл қаланы туристер мен демалушылар үшін қол жетімді етті. Көптеген жылдар бойы Бийск-Таулы Алтай теміржол желісін салу туралы мәселе талқылануда. 2012 жылы қалада 38,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (жеті көпқабатты үй және 531 жеке тұрғын үй). 2010–2011 жылдары екі он қабатты тұрғын үй бой көтерді, соңғы жылдары 500 орындық бірнеше балабақша ашылды. 2008 жылдан бастап қарқынды газдандыру жүргізілді, 70 км-ден астам жоғары, орта және төмен қысымды желілер салынды. 36 қазандық табиғи газға көшірілді. 2012 жылы жалпы қуаты 32,4 МВт болатын төрт коммуналдық қазандық пайдалануға берілді. Жұмыстың құны 138 миллионнан астам рублді құрады. Қалада 30 қонақ үй мен 14 туристік кәсіпорын жұмыс істеуде. Туризмнің дамуын қолдау мақсатында дәрілік техникалық шикізатты қайта өңдейтін, марал мүйізін қайта өңдейтін, балды қайта өңдейтін, ағашты қалдықсыз терең қайта өңдейтін, оның ішінде ағаш өңдеу қалдықтарынан алынған отын брикеттері, кәдесыйлар өндірісіне, Алтай Республикасында өндірілген шикізат негізінде құрылыс материалдарының жаңа түрлерін өндіруге арналған, оның ішінде темірбетон бұйымдары зауытында керамзит өндірісін бастауды қайта құруын қолдау жоспарлануда. 2011 жылы Таулы Алтай Бүкілресейлік «Таза қала-2011» байқауының алтын медалін, 2012 жылы - халықаралық экологтардың Global Brando Award және «Ең таза Ресей қаласы» Бүкілресейлік конкурсында орта муниципалитеттер арасында бірінші орынды иеленді. ### Көлік 1935 жылы Маймада шағын аэродром салынды, одан бірінші «AIR-6» жолаушылар ұшағы көтерілді, бортында 2 жолаушы болды. Алғашқы жолаушы әуе компаниясы Ойрат-Тура – Барнаул – Новосібір бағытында қызмет етті. Әуе қозғалысы бүгінде Таулы Алтай әуежайы арқылы жүзеге асырылады. 2011 жылы ұзақ уақыттық үзілістен кейін әуежай қайта жаңартылып, қайта ашылды. 2020 жылдан бастап әуежай тек ішкі рейстерге дерлік, атап айтқанда, Мәскеуге қызмет етеді. Таулы Алтайдағы негізгі жолаушылар көлігі - автобустар. Тұрақты жолаушылар тасымалының қолданыстағы желісіне қалалық және қала маңы байланысының 36 бағыты кіреді. Негізінен қалаға Павловск автобус зауыты шығарған автобустар қызмет көрсетеді. Ең жақын теміржол вокзалы – Бийск қаласында, Таулы Алтай қаласынан 100 км жерде. ## Білім және ғылым Қалада Таулы Алтай мемлекеттік университеті жұмыс істейді. Оның құрамына 7 факультет пен колледж кіреді. Кәсіби білім беру ұйымдарының қатарында Таулы Алтай мемлекеттік университетінің жанындағы ауылшаруашылық колледжі, политехникалық колледж, мұғалімдер даярлайтын колледж, медициналық колледж, мәдениет және өнер колледжі және т.б. Ғылым саласында Таулы Алтай мемлекеттік университеті мен В.И. С.Суразакова ат. алтайтану Институты жұмыс істейді. Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімін ұсынатын ұйымдар да бар: РҒА СБ СЭМИ Таулы Алтай филиалы, Таулы Алтай ғылыми-зерттеу ауылшаруашылық институты, Таулы Алтай ботаникалық бағы (РҒА СБ ОСББ филиалы). ## Мәдениет 1936 жылы сәуірде Ойрат облыстық атқару комитетінің ұлттық театр студиясын құру туралы қаулысына қол қойылды, ол кейіннен «П.В.Кучияк атындағы ұлттық драма театрына» айналды. Көптеген қайта құрулардан кейін П.В.Кучияк атындағы Алтай республикасының облыстық драма ұлттық театры атауын алды (1971 жылы 17 тамызда ашылды). 1977 жылы труппа жаңа ғимаратқа көшті. 2008 жылы театрға алғашқы алтайлық драматург – Павел Васильевич Кучияктың есімі берілді. 32 жыл ішінде 182-ден астам спектаклдер қойылды, олардың арасында орыс және шетелдік классиктердің шығармалары негізінде қойылымдар болды. Театрдың басты ерекшелігі – оның өзіндік ерекшелігі. Алтайды мекендеген халықтардың тілі мен әдет-ғұрпын сақтауға тырысып, спектаклдер алтайлық авторлардың шығармалары негізінде қойылған. Театр Алтай халқының салт-дәстүрі мен тілін сақтауда ерекше рөл атқарады. Қойылымдардың негізін қалайтын драмалық шығармалар алтайлықтардың ұлттық ерекшелігін ескереді. Ертегілер театр қойылымдарында маңызды рөл атқарады, олардың көпшілігі ойрат эпосы негізінде жазылған. А.В.Анохин атындағы Алтай Республикасының Ұлттық мұражайы, онда Үкек үстіртінен алып келінген Алтай ханшайымының мумиясы орналасқан. «Мемлекеттік филармония» РА автономды мекемесі 1986 жылдан бастап жұмыс істейді. Филармония жұмысының басталуы шығармашылық топтардың концерттік қызметі болып саналады. Ол 1962 жылдан бастап, Таулы Алтай облыстық атқару комитеті облыстық ұлттық концерттік топ құру туралы шешім қабылдағаннан бастап жұмыс істейді. М.В.Чевалков атындағы Алтай Республикасының Ұлттық кітапханасы. Қалалық мәдениет үйі, онда «Синегорье», «Ойойым», «Раздолье», «Декадент», «Глория», «Беловодье», «Радуница», «Наурыз» шығармашылық ұжымдар жұмыс істейді. Масленица, Наурыз, Чага-Байрам ұлттық мерекелері үнемі өткізіліп тұрады. Соңғы «Ел-Ойын» мерекесі 2013 жылдың ақпанынан бастап республикалық мереке мәртебесін алды. Қалада бес кітапхана бар: үш қалалық және екі республикалық. ## Діні Православие шіркеулері бар: Покровский, Свято-Макарьевский (қаланың басты ғибадатханасы), Серафима Саровского және Преображенский (1990 жылы 25 қазанда дәріптелген), Пресвятой Богородицы Одигитрия иконы ескі сенімдік ғибадатхана, медреселі мешіт және буддалық дацан (2003 ж. шілдеде салына басталды, 2010 ж. ашылды). ## Теле-радио хабарларын тарату Теледидар * ФГУП ВГТРК ГТРК «Горный Алтай» * 4 МВ «Первый канал»; * 7 МВ «Россия 1» / «ГТРК Горный Алтай»; * 8 МВ «НТВ»; * 11 МВ «ТНТ»; * 24 ДМВ Ресейдегі алғашқы сандық теледидарлық мультиплекс; * 26 ДМВ «Россия К»; * 28 ДМВ «Пятый канал»; * 31 ДМВ «Матч ТВ»; * 32 ДМВ Ресейдегі екінші сандық теледидарлық мультиплекс; Радиохабар * 67,22 МГц «Радио России» / «ГТРК Горный Алтай»; * 100,6 МГц «Радио Искатель»; * 102,2 МГц «Радио Дача» * 102,8 МГц «Авторадио»; * 103,4 МГц «Дорожное радио»; * 104,2 МГц «Радио Маяк» * 105,0 МГц «Радио России» / «ГТРК Горный Алтай»; * 105,5 МГц «Радио Пи FM»; * 106,0 МГц «DFM» * 106,4 МГц «Европа Плюс». ## Көрікті жерлері * Комсомольская тауындағы таушаңғы көтергіш және жол. * Тоғай тауындағы таушаңғы көтергіш және жол.. * Ежелгі адамның Ұлаладағы тұрағы. * А.С.Пушкин ескерткіші. * А.В.Анохин ат. Республикалық өлкетану мұражайы.. * Қалалық мәдениет және демалыс саябағы. * «Жеңіс саябағы» мемориалды кешені. * Таулы Алтайдағы Свято-Макариевский ғибадатханасы. * Николая Чудотворца Мирликийского есіміндегі ғибадатхана. ## Тағы қараңыз * Тоғай (тау) * Таулы Алтай мемлекеттік университеті ## Дереккөздер
"Жеңіс футбол клубы" — Астана қаласындағы футбол клубы, 1964 жылы құрылған. Өз алаңындағы ойындарын Астана қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткізіп жүрді. 2014 жылы қаржы қиындығына байланысты жабылды да, 2021 жылы қайта құрылды. ## Тарихы Клуб 1964 жылы құрылып, бірнеше жыл КСРО чемпионатының екінші лигасында ойнады. Үш дүркін Қазақстан чемпионы (2000, 2001, 2006). 2002 жылы Қазақстан клубтары арасында бірінші болып УЕФА Чемпиондар лигасына қатысып, Молдованың "Шериф" клубынан жеңіліп қалды. 2007 жылы Қазақстан клубтары арасынан бірінші болып Чемпиондар Лигасының екінші кезеңіне жолдама алды. Алғашқы іріктеу кезеңінде Грузияның "Олимпи" клубын (0:0, 3:0) екі ойын қорытындысында қапы қалдырды да, екінші кезеңде Норвегияның "Русенборг" клубынан 1:3, 1:7 есептерімен ойсырай ұтылды. 2008 жылдың соңында футболшылардың жалақысын өтей алмай, клуб жоғары лигада ойнау құқығынан шектелді. 2009 жылы "Намыс" деген атаумен қайта құрылып, "Астананың" ізбасары ретінде бірінші лигада ойнады. 2010 жылы "Намыс" пен "Астана" біріктірілді. Атауы қайта "Астана" боп өзгертілді. 2011 жылы тағы бір астаналық жаңа клуб "Локомотив" өз атауын "Астана" деп ауыстырды да, сол себепті де ҚФФ шешімі бойынша бірінші лигада ойнап жүрген клуб (сол, 1964 жылы құрылған "Астана") атауын "Астана-1964" деп ауыстырды. 2014 жылға дейін бірінші лигада ойнады да, жыл соңында команда түпкілікті таратылды. 2021 жылы "Жеңіс" деген атаумен қайта құрылып, екінші лигада ойнай бастады. ## Статистикасы ### Ірі жеңістері Қазақстан чемпионаты * 2000 — 8:0 («Жетісу», Талдықорған) ### Ірі жеңілістері Қазақстан чемпионаты * 1995 — 1:7 («Жігер», Шымкент) ## Атаулары * «Динамо» (1964-1974) * «Целинник» (1975-1993, 1996-1997) * «Цесна» (1994-1995) * «Жеңіс» (1999-2005, 2021-) * «Астана» (1997-1998, 2006-2008, 2010-01/06/2011) * "Намыс" (2009) * "Астана-1964" (01/06/2011-14) ## Жетістіктері * Қазақстан чемпионы (3): 2000, 2001, 2006 * Қазақстанның қола жүлдегері (1): 2003, * Қазақстан кубогының иегеріі (3): 2000/2001, 2002, 2005 * Қазақстан кубогының финалисті (2): 2001, 2006 ## Сыртқы сілтемелер * Ресми сайты
Қан ауданы немесе аймақ (алт. -Кан-Оозы аймак-) — Ресей Федерациясының Алтай Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік және муниципалдық құрылым. Әкімшілік орталығы - Қан ауылы. ## Географиясы Аймақ Алтай республикасының батыс бөлігінде орналасқан және таулы-далалы аймақтың бөлігі болып табылады. Аумағы: 6,244 км². ## Тұрғындары
Хассан Ровшан (24 қазан 1955, Тегеран) — ирандық футболшы, шабуылшы. 1976 жылғы Азия чемпионы. 1978 жылғы әлем чемпионатына қатысқан. ## Жетістіктері ### Клубтық * Иран кубогы: 1977 * БАӘ чемпионы: 1980 ### Халықаралық * Азия чемпионы: 1976 * Азия ойындарының жеңімпазы: 1974 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Самир Дадаш оглы Алекперов (әз. Samir Ələkbərov; 8 қараша 1968 жыл, Баку, Әзірбайжан КСР) — әзірбайжандық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы. Әзербайжан Ұлттық футбол құрамасы сапында 16 кездесу өткізген. бірнеше жыл бойы "Нефтчи" сапында ойнаған. ## Жетістіктері ### Командалық * Әзірбайжан чемпионы (3): 1992, 1995/96, 1996/97 * Әзірбайжан кубогы: 1995/96 * КСРО футбол федерациялары кубогының финалисі: 1988 ### Жеке * Әзірбайжанның үз дүркін үздік футболшысы — 1991, 1992 ,1993 * Әзірбайжан чемпионатының үздік мергені: 1993 (19 гол). * Әзірбайжан чемпионатында 115 гол соққан ## Сілтемелер * Профилі
Асрор Чориевич Аликулов (өзб. Асрор Чориевич Алиқулов; 12 қыркүйек 1978 жыл, Мубарек, Өзбек КСР) — өзбек футболшысы, қорғаушы. Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы сапында 2004, 2007 жылдары Азия кубогына қатысқан. Өзбекстанның бес дүркін чемпионы. ## Жетістіктері * Өзбекстан чемпионы: 2003, 2004, 2005, 2006, 2007 * Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері: 2000, 2001 * Өзбекстан кубогы: 2003, 2004, 2005, 2006, 2007 * Азия чемпиондар лигасының жартылай финалисі: 2002/2003, 2004 * Достастық кубогы: 2007 * Достастық кубогының финалисі: 2008 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Статистикасы (rsssf.com)
Ильхом Анварович Суюнов (17 мамыр 1983) — өзбек футболшысы, қорғаушы. Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Янгиер", "Мащьал", "Пахтакор", "Локомотив" (Ташкент) клубтарында ойнаған. Өзбекстанның төрт дүркін чемпионы (төртеуіне де "Пахтакор" сапында қол жеткізді). 2014 жылы карьерасын аяқтады. ## Жетістіктері ### Командалық * Өзбекстан чемпионы: 2004, 2005, 2006, 2007 * Өзбекстан кубогы: 2004, 2005, 2006, 2007 * Азия чемпионддар Лигасының жартылай финалисі: 2004 * Достастық кубогының жеңімпазы: 2007 * Достастық кубогының финалисі: 2008 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Статистикасы
Сервер Решатович Жепаров (өзб. Server Reshatovich Jeparov; 3 қазан 1982, Шыршық, Ташкент облысы) — өзбек футболшысы, Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасының экс-жартылай қорғаушысы. ## Карьерасы Құрама сапында ең көп ойын (124) өткізген ардагер футболшы. 2015 жылдың күзіне дейін құрама капитаны міндетін атқарған. Өзбекстан мен Азияның ең титулды футболшысы. 2008, 2011 жылдары Азияның үздік футбошысы атанды, 2008, 2010 жылдары Өзбекстандағы "Жыл футболшысы" номинациясын иеленді, 2008 жылғы Өзбекстан чемпионатының мергені (19 гол). ## Жетістіктері ### Командалық «Пахтакор» * Өзбекстан чемпионы (6): 2002, 2003, 2004, 2005, 2006, 2007 * Өзбекстан кубогы (6): 2002, 2003, 2004, 2005, 2006, 2007 * Достастық елдері кубогы (1): 2007 «Бунёдкор» * Өзбекстан чемпионы(2): 2008, 2009 * Өзбекстан кубогы (1): 2008 «Сеул» * Корея Республикасы чемпионы (1): 2010 * Лига кубогы (1): 2010 «Аль-Шабаб» * Сауд Арабия чемпионы (1): 2012 «Соннам» * КФА кубогы (1): 2014 «Локомотив Ташкент» * Өзбекстан чемпионы (1): 2016 * Өзбекстан кубогы (1): 2016 ### Жекелей * Азияның үздік футболшысы (2): 2008, 2011 * Өзбекстанның үздік футболшысы (2): 2008, 2010 * Өзбекстан чемпионатының мергені: 2008 ## Жеке өмірі Үйленген, Рауль атты үлы, Вероника атты қызы бар. ## Сілтемелер * Профилі * National Football Teams сайтындағы профилі
Бозжыра шатқалы – Ақтау қаласынан 300 км жерде орналасқан табиғи нысан. ## Географиялық орны Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласынан 300 километр жерде, Қарақия ауданы аумағында орналасқан. ## Сипаты Үстірттің бұл бөлігі әктастардан құралған шөлді ландшафтардан, биіктігі 250 метрге жететін таңбалы тастардан тұрады. Бұл аумақтан тасқа айналған ұлу қабыршақтарын, теңіз кірпісін, белемнит деп аталатын былқылдақ денелілерді, тіпті мезозой дәуіріндегі Тетис мұхитында өмір сүрген акуланың тісін де табуға болады. Ежелгі мұхит орнында түзілген әктастар мен құздар Маңғыстаудың, жалпы алғанда Қазақстанның мақтан тұтар "жауһарына" айналған. Шатқалда палеолиттен бастап ерте орта ғасырға дейінгі кезеңге жататын археологиялық ескерткіштер шоғырланған.Бозжыра шатқалы Маңғыстау облысындағы ерекше қорғалатын аймақтар тізіміне кіреді және аумағы 316 141 гектарды құрайтын Жабайұшқан мемлекеттік табиғи қаумалының бір бөлігі саналады. ## Дереккөздер
Бектемір сопы кесенесі — XVII-XIX ғғ. діни сәулет ескерткіш кешені. ## Орналасуы Кесене Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылының солтүстік-шығысқа қарай, Егіндікөл ауылының биіктігіндегі Қоскөл шатқалында орналасқан. ## Құрылысы Камераға жарық қырлардағы ойықтардан және күмбездегі төбе саңылауынан түседі. Кесене жылқының, түйенің, ешкінің қылы және өсімдіктамырлары қосылып иленген кірпіштен қаланған. Кесененің күмбезі сегіз қырлы тікбұрышты пирамида тәрізді жабылған. Күмбездің қолшатыр тәрізді жайылған бөліктері сегізқырлы негіздің төбе бөлігіндегі биіктетілген сфералық-конустық күмбезшелермен жалғасады. ## Дереккөздер
Эдуард Васильевич Сон (18 тамыз 1964(19640818), Қарағанды) — КСРО-лық және қазақстандық футболшы, шабуылшы. ## Өмірбаяны 1981-85 жылдары "Қайрат" сапында ойнап, 31 кездесуде алаңға шықты. 1988-91 жылдары "Днипро" сапында ойнап табысты болды, КСРО чемпионы атанды, КСРО кубогы, Суперкубогы, Футбол федерациялары кубогында топ жарды. 1990 жылғы КСРО чемпионатында 10 гол соғып, клубтың үздік мергені болды. Кейін Францияның екінші лигасындағы клубтарда ойнап, Францияда орнығып қалды. Қазір Францияның Роан қаласында мата өңеркәсібі фирмасының қожайыны. ## Жетістіктері * КСРО чемпионы: 1988 * КСРО чемпионатының күміс жүлдегері: 1989 * КСРО кубогы: 1989 * КСРО Суперкубогы: 1989 * КСРО Футбол федерациялары кубогы: 1989 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Футболшының профилі
Антон Рохусович Шох (7 қаңтар 1960 жыл, Жамбыл — 7 наурыз 2009 жыл, Өскемен) — КСРО-лық және қазақстандық футболшы, футбол жаттықтырушысы. ## Карьерасы ### Футболшы Тегі Еділ маңындағы неміс. Әкесі Шох Рохус 50-жылдары репрессияға ұшырап, 2000 жылы ақталды. 1978 жылы "Химик" сапында карьерасын бастады. Тұңғыш ойынын 1979 жылы 24 мамырда "Мелиораторға" қарсы өткізіп, тоқсан минут толық ойнады да, бір гол соқты. 1979-85 жылдары "Қайратта" ойнап, 170-тен аса кездесуде алаңға шықты. "Қайрат" сапындағы тұңғыш ойынын 1979 жылы 1 қыркүйекте "Шахтер" (Донецк) клубына қарсы өткізді. Тұңғыш голын сол жылы 17 қазанда "Заря" қақпасына енгізді, бұл ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Екінші голын сол жылы 16 қарашада "Локомотив" қақпасына соқты. 1985 жылғы КСРО чемпионатында сегіз голдың авторы атанды. "Қайрат" сапындағы ең соңғы кездесуін 1985 жылы 19 қарашада болашақ клубы "Днипроға" қарсы өткізді, бұл ойында Шох бір гол соқты да, 80-минутта алмастырылды. Бұл кездесуде "Қайрат" 3:4 есебімен ұтылып қалды. 1986 жылы "Днипроға" ауысты. "Днипро" сапындағы тұңғыш ойынын 16 наурызда "Зенитке" қарсы өткізді. Тағдыр тәлкегімен, днипролықтар сапындағы тұңғыш голын сол жылы 2 мамырда "Қайраттың" қақпасына соқты, Алматыда өткен ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. 17 қыркүйекте еуротурнирлердегі дебютін "Легияға" қарсы өткізді, бұл УЕФА кубогының бірінші кезеңі болатын. 1988 жылы 8 наурызда "Динамо Киевке" қарсы ойында команда капитаны ретінде алаңға шықты. КСРО чемпионы атанды. 1990 жылы Аустрияның ЛАСК клубымен келісім шарт жасасты. Кейін тағы да КСРО, Украина, Финляндия клубтарында ойнап, 1995 жылы карьерасын аяқтады. Сол жылы жаттықтырушы карьерасын Украинаның "Эвис" клубында бастады. ### Бапкерлік 2004 жылы 19 жылдық үзілістен соң Қазақстан футболына қайта оралып, "Атыраудың" бас жаттықтырушысы боп тағайындалды. 2004-05 жылдары Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының бас бапкері Сергей Тимофеевтің көмекшісі болды. Сонымен бірге Қазақстан жастар құрамасының да бас бапкері қызметін қатар атқарды. 2009 жылы тағы да "Атырауға", сосын Қазақстан жастар құрамасына бапкер болды. Сол жылы наурыз айында "Восток"-"Атырау" матчынан соң кенеттен қайтыс болды. Волгорадқа, ата-бабаларының жанына жерленді. ## Жетістіктері Днипро * КСРО чемпионы: 1988 * КСРО чемпионатының күміс жүлдегері: 1987, 1989 * КСРО кубогы: 1989 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі (Transfermarkt сайтында)
Эдуард Васильевич Сон (18 тамыз 1964(19640818), Қарағанды) — КСРО-лық және қазақстандық футболшы, шабуылшы. ## Өмірбаяны 1981-85 жылдары "Қайрат" сапында ойнап, 31 кездесуде алаңға шықты. 1988-91 жылдары "Днипро" сапында ойнап табысты болды, КСРО чемпионы атанды, КСРО кубогы, Суперкубогы, Футбол федерациялары кубогында топ жарды. 1990 жылғы КСРО чемпионатында 10 гол соғып, клубтың үздік мергені болды. Кейін Францияның екінші лигасындағы клубтарда ойнап, Францияда орнығып қалды. Қазір Францияның Роан қаласында мата өңеркәсібі фирмасының қожайыны. ## Жетістіктері * КСРО чемпионы: 1988 * КСРО чемпионатының күміс жүлдегері: 1989 * КСРО кубогы: 1989 * КСРО Суперкубогы: 1989 * КСРО Футбол федерациялары кубогы: 1989 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Футболшының профилі
Антон Рохусович Шох (7 қаңтар 1960 жыл, Жамбыл — 7 наурыз 2009 жыл, Өскемен) — КСРО-лық және қазақстандық футболшы, футбол жаттықтырушысы. ## Карьерасы ### Футболшы Тегі Еділ маңындағы неміс. Әкесі Шох Рохус 50-жылдары репрессияға ұшырап, 2000 жылы ақталды. 1978 жылы "Химик" сапында карьерасын бастады. Тұңғыш ойынын 1979 жылы 24 мамырда "Мелиораторға" қарсы өткізіп, тоқсан минут толық ойнады да, бір гол соқты. 1979-85 жылдары "Қайратта" ойнап, 170-тен аса кездесуде алаңға шықты. "Қайрат" сапындағы тұңғыш ойынын 1979 жылы 1 қыркүйекте "Шахтер" (Донецк) клубына қарсы өткізді. Тұңғыш голын сол жылы 17 қазанда "Заря" қақпасына енгізді, бұл ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Екінші голын сол жылы 16 қарашада "Локомотив" қақпасына соқты. 1985 жылғы КСРО чемпионатында сегіз голдың авторы атанды. "Қайрат" сапындағы ең соңғы кездесуін 1985 жылы 19 қарашада болашақ клубы "Днипроға" қарсы өткізді, бұл ойында Шох бір гол соқты да, 80-минутта алмастырылды. Бұл кездесуде "Қайрат" 3:4 есебімен ұтылып қалды. 1986 жылы "Днипроға" ауысты. "Днипро" сапындағы тұңғыш ойынын 16 наурызда "Зенитке" қарсы өткізді. Тағдыр тәлкегімен, днипролықтар сапындағы тұңғыш голын сол жылы 2 мамырда "Қайраттың" қақпасына соқты, Алматыда өткен ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. 17 қыркүйекте еуротурнирлердегі дебютін "Легияға" қарсы өткізді, бұл УЕФА кубогының бірінші кезеңі болатын. 1988 жылы 8 наурызда "Динамо Киевке" қарсы ойында команда капитаны ретінде алаңға шықты. КСРО чемпионы атанды. 1990 жылы Аустрияның ЛАСК клубымен келісім шарт жасасты. Кейін тағы да КСРО, Украина, Финляндия клубтарында ойнап, 1995 жылы карьерасын аяқтады. Сол жылы жаттықтырушы карьерасын Украинаның "Эвис" клубында бастады. ### Бапкерлік 2004 жылы 19 жылдық үзілістен соң Қазақстан футболына қайта оралып, "Атыраудың" бас жаттықтырушысы боп тағайындалды. 2004-05 жылдары Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының бас бапкері Сергей Тимофеевтің көмекшісі болды. Сонымен бірге Қазақстан жастар құрамасының да бас бапкері қызметін қатар атқарды. 2009 жылы тағы да "Атырауға", сосын Қазақстан жастар құрамасына бапкер болды. Сол жылы наурыз айында "Восток"-"Атырау" матчынан соң кенеттен қайтыс болды. Волгорадқа, ата-бабаларының жанына жерленді. ## Жетістіктері Днипро * КСРО чемпионы: 1988 * КСРО чемпионатының күміс жүлдегері: 1987, 1989 * КСРО кубогы: 1989 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі (Transfermarkt сайтында)
Тұрлыбек Батырбаев (17 ақпан 1963 жыл, Көкшетау) — қазақ футболшысы, қорғаушы. ## Карьерасы Көкшетау футболының түлегі. 1980 жылы карьерасын "Торпедо" сапында бастады. 25 мамырда тұңғыш ойынын "Спартак" (Семей) клубына қарсы өткізді. Төрт күннен соң "Востокпен" ойында тұңғыш голын енгізді. 1984 жылы қайтадан карьерасын осы "Торпедода" жалғастырды. 1985 жылы КСРО екінші лигасында 38 кездесуде алаңға шықты, және соның 37-сінде 90 минутты толық ойнады. 1986 жылы "Қайратқа" ауысты. 2 наурызда "Нефтчиге" қарсы ойында тұңғыш рет КСРО Жоғары лигасында алаңға шықты. Жалпы маусым біткенше 14 ойында "Қайрат" намысын қорғады (екеуі КСРО футбол федерациялары кубогы матчы). Олардың арасында "Динамо" (Мәскеу), "Спартак" (Мәскеу), "Днипро" секілді клубтарға қарсы маңызды матчтар да бар еді. Бұл 14 ойын футболшы үшін аздық қылды, ойын практикасын жоғалтып алған ол 1987 жылы "Торпедоға" қайта оралды. 1989 жылы уақытша жабылып қалған "Торпедоның" орнына Қазақ КСР чемпионатында ойнап жүрген Көкшетаудың "Стройтель" әуесқой клубында ойнады. 1991 жылғы маусымның бірінші жартысын Хромтаудың "Горняк" сапында өткізді. Екінші жартысында Саран қаласындағы "Светотехника" клубында ойнады. 1992 жылы Қазақстанның тұңғыш чемпионатында "Зенит" (Көкшетау) сапында бір ғана кездесуде алаңға шықты. Ол ойын 3 қазанда "Ақтау" клубына қарсы өтті. 1993 жылы ресейлік "Кировец" (Тула) әуесқой клубы сапында ойнады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі (footballfacts.ru сайтында)
Нұржан Болатұлы Доскеев (4 сәуір 1972 жыл) — қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы. Кейін төрешілікпен айналысты. 2004 жылы төрешілікті бастады. Төрешілік ғұмырында 9 матчта бас қазы қызметін атқарды, 68 ойында лайнсмен болды. Соның екеуі УЕФА Кубогының іріктеуінде (Игорь Кистердің көмекшісі), біреуі жолдастық кездесу (2009 жылы 11 ақпанда Македония - Молдова). ## Сілтемелер * Профилі
Рой Кайара (фр. Roy Kayara; 2 мамыр 1990, Жаңа Каледония) — жаңа каледониялық футболшы, жартылай қорғаушы. 2012 жылғы ОФК кубогының күміс жүлдегері. 2016 жылғы ОФК кубогының жартылай финалисі. ## Жетістіктері ### Клубтық * Жаңа Зеландия чемпионатының плей-офф финалисі (2): 2013/2014, 2017/2018 * АСБ Чарити кубогы (1): 2018 * ОФК Чемпиондар лигасы (1): 2018 ### Халықаралық * ОФК Ұлттар кубогының финалисі (1): 2012 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Аскер Мамед-оглы Абдуллаев (әз. Əsgər Məmməd oğlu Abdullayev; 27 наурыз 1960, Баку) — КСРО-лық және әзірбайжандық футболшы, қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. Бүкіл карьерасында тек "Нефтчи Баку" клубында ойнаған. 2000-05 жылдары Әзірайжан Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер алқасында жұмыс істеді, 2000, 2002-04 жылдары бас бапкері қызметін атқарды. 2006-19 жылдары "Олимпик Шувелян" клубын жаттықтырды, 2008 жылы Әзірбайжанның үздік бапкері атанды. ## Жетістіктері ### Командалық * Әзірбайжан чемпионы: 1992 * Әзірбайжан кубогы: 2005 ### Жеке * Әзірбайжандағы жыл бапкері: 2008 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Футболшының профилі
2591 км аялдамасы – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы, Пригородный ауылдық округі құрамындағы елді мекен. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Мамлют қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 34 адам (19 ер адам және 15 әйел адам) болса, 2009 жылы 19 адамды (11 ер адам және 8 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Аскер Мамед-оглы Абдуллаев (әз. Əsgər Məmməd oğlu Abdullayev; 27 наурыз 1960, Баку) — КСРО-лық және әзірбайжандық футболшы, қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. Бүкіл карьерасында тек "Нефтчи Баку" клубында ойнаған. 2000-05 жылдары Әзірайжан Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер алқасында жұмыс істеді, 2000, 2002-04 жылдары бас бапкері қызметін атқарды. 2006-19 жылдары "Олимпик Шувелян" клубын жаттықтырды, 2008 жылы Әзірбайжанның үздік бапкері атанды. ## Жетістіктері ### Командалық * Әзірбайжан чемпионы: 1992 * Әзірбайжан кубогы: 2005 ### Жеке * Әзірбайжандағы жыл бапкері: 2008 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Футболшының профилі
Қатира Ермекқызы Дүтбаева (1927 жыл, Гурьев облысы - 2012 жыл, Атырау) — ардагер ұстаз, Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі. Атырау облысының Құрметті Азаматы. ## Өмірбаян Қатира Ермекқызы Дүтбаева 1927 жылы Гурьев облысында дүниеге келді. Руы Есентемір Әжімбет бөлімі Кіші жүзден тараған. 1944 жылы Доссор орта мектебін аяқтап Гурьевке келіп екі айлық мұғалімдер курсында оқып, Доссордағы мектепте 1945 жылға дейін мұғалім болып қызмет етті. 1945-1949. Қазақ Қыздар педагогикалық институтын (ЖенПИ) бітірді. 1949-1956. Республика оқу министрлігі жолдамасымен Гурьев педучилищесіне директор болып тағайындалады. 1959 жылы Гурьев №1 орта мектеп-интернатының директоры. 1957-1968. Гурьев облыстық халыққа білім беру ұйымында бөлім меңгерушісі. 1978-1979. Гурьев №1 жетім балаларға арналған мектеп-интернат директоры. 1979-1981. Гурьев облыстық кәсіподақ комитетінің басшы. 1981 жылы Гурьев облыстық білім қызыметкерлерының және жоғарға мектеппен ғылым мекемелрінің кәсіподақ комитетінің басшы. ## Қоғамдық қызметі 1947 жылдан кәсіподақ ұйымы мүшесі. Гурьев облыстық Кеңестік ІІІ,ІV,V,VI шақырылымдарына депутат. Гурьев облыстық VII,VIII,IX,X,XI,шақырылымдарына депутат. 1951-1958. Гурьев қалалық партия комитетінің мүшесі. 1958 жылы Гурьев облыстық партия комитетінің мүшесі. 1950 жылы Гурьев облыстық ғылым мұғалімдер одағы пленумы мен президиумының мүшесі болған. Қазақтан компартиясына V-IX, Қазақстан комсомолының IV-съездерін делегат болған. 1960-1967. Қазақстан мұғалімдерінің съезіне делегат болған. ## Отбасы Әкесі Ермек Дүтбаев – шопан, анасы – үй шаруасындағы адам. Жұбайы Берік Ыбрашұлы Қорқытов - жазушы-драматург. Отбасында ұл өсіріп, қыз тәрбиелеген. ## Марапаттары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Үкіметі сіңірген еңбегі лайықты бағаланды. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды, "Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі" атағына ие болды. Атырау облысының Құрметті азаматы. 1992 жылы Атырау гуманитарлық колледжге Қатира Дүтбаеваның есімі берілді. ## Дереккөздер
Мамлют қалалық әкімдігі – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Мамлют қаласы кіреді. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 7478 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Әлем Чемпионаттарына Қазақстан құрамасы 1995 жылдан бастап қатыса бастады. 21 рет Әлем Чемпионатында бақ сынап, алты рет (2003, 2005, 2012, 2013,2014 және 2015 жылдары) қола жүлдеге ие болды. Он үш рет төртінші орынды иемденіп (1995, 1997, 2001, 2004, 2006-2011, 2016, 2018, 2019), 1999 және 2017 жылы бесінші орынды қанағат тұтты. ## Қазақстандағы бендидің дамуы Негізі, допты хоккей біздің елде қарқынды түрде дамымаған. Тек Оралда «Ақжайық» деген командамыз бар. Бұл команда Ресей чемпионатының бірінші лигасында спорттық шеберліктен шыңдап жүр. Ал бір қаланың клубымен жүлделі орындарға сына қағу әсте мүмкін емес. Бірақ бүгінде ҚР құрамасының тізгінін ұстаған азаматтар жүлделі орынға ие болу үшін Ресей ойыншыларына иек артып келеді. Бұл тұрғыда Александр Ионкин мен Александр Осокин Ресей құрамасының сапына ілікпей қалған тәжірибелі ойыншыларды Қазақстан құрамасының сапына тартуда. Сол ойыншылардың арасында әлем чемпионаты кезінде Қазақстан құрамасының жейдесін киіп, ел намысын қорғағандары болмаса, Қазақстанғa үш қайнаса да сорпасы қосылмайтындары жетерлік. Араларында қазақ топырағында тәрбиеленген ойыншылар да баршылық. Тек ондайлар көп емес. Мұның басты себебі - бендидің олимпиадалық ойындар бағдарламасына ене алмай отырғандығынан. Кеңес Үкіметі тұсында Алматының «Динамосы» дүрілдеп тұрған кездің өзінде, осы тәжірибе қолданылған. Сол кездің өзінде әйгілі «Динамоның» сапында Ресейдегі Орал өңірі мен Еділ жағалауының түлектері көп болған. ҚР спортының тарихындағы даңқты бапкер, ұлағатты ұстаз Эдуард Айрихтің дәнін қазақ жеріне әкеп еккен спорты осылай дүрілдеген. 2006 жылғы әлем чемпионаты алдында Норвегия тарапы «Қазақстан қулыққа салып, Ресей ұлттық құрамасының сапына ілікпей қалған орыс хоккейшілерін жинап алып жүр. 1999 жылға дейін өз хоккейшілерімен ойнады да, одан бері құрама сапын Ресей жігіттерімен жасақтап келеді. Олармен кездескен сайын, ылғи 30-дың ішіндегі жаңа хоккейшілерді кездестіреміз», – деп реніш білдірген. Алайда Халықаралық допты хоккей қауымдастығы «Қазақстан жаңа ойыншыларының бәрін да заң жүзінде орайластырып, өз құрамдарына алуда. Осы тұрғыдағы талаптардың бәрін орындап отырғандықтан, ешқандай кінә таға алмаймыз» деген болатын. Осымен сөз біткен. Содан бері қола медаль норвег бендишілерінің түсіне ғана кіреді... ## Азия ойындары 2010 жылдан бері бенди Қазақстанда ауызға жиі алына бастады. Себебі 2011 жылғы Алматы мен Астанада VІІ қысқы Азия ойындары өтеді. Осыған орай, жоғарыда айтылған әйгілі «Динамо» командасының сұр мергені, гол соғудан КСРО рекордшысы Евгений Агуреев «өз жерімізде өтетін Ақ Азиаданың бағдарламасына дүбірлі дода қожайындары ретінде бендиді қосқанымыз дұрыс. Өйткені бұл спорттың түрінен Азияда бізге қайрат көрсете алатын ешкім жоқ. Яғни жалпыкомандалық есепте бір алтын қоржынымызға оңайшылықпен түседі» деп ұсыныс тастаған-ды. Орынды пікір әзірше қолдау тауып отырған сыңайлы. Содан бері бендиді аз да болса, ескере бастадық. Мәскеуде өтетін әлем чемпионатында Азиядан екі команда қатысады. Қазақстан құрамасы «А» тобында бақ сынаса, Моңғолия төменгі топта сынға түседі. Естуімізше, допты хоккейді 2011 жылғы Қысқы Азия ойындары бағдарламасына енгізсек, құрлықтың шығыс бөлігіндегі кейбір елдер бұл спортты дамытуды қолға алып, команда жасақтамақ. ## Әлем чемпионаты ## Бас бапкерлері ## Қазіргі құрам Қазақстан ұлтық құрамасы 2019 Әлем Чемпионатында Ванерсборгта, Швеция. ## Сілтемелер
Үлгі:Көгалдағы хоккейшіМұрат Жетпекұлы Жексенбеков (1951 — 1996, Алматы) — қазақстандық хоккейші, шабуылшы. КСРО-ның 18 дүркін чемпионы. Уақ тайпасынан шыққан. ## Карьерасы Бүкіл карьерасын "Динамо" клубында өткізген. Клуб сапында 540 кездесуде алаңға шықты. Допты хоккейде де ойнап, "Динамо" допты хоккей клубы сапында 1977 жылы КСРО чемпионы атанды. КСРО Ұлттық құрамасы сапында екі кездесу өткізді. ## Жетістіктері * КСРО чемпионы (1972, 1973, 1975, 1976, 1977, 1978, 1979, 1981, 1982, 1983, 1984, 1985, 1986, 1987, 1988, 1989, 1990, 1991) * Еуропа чемпиондар кубогы: 1982, 1983 * КСРО-ның үздік 10 хоккейшілерінің тізімінде: 1977-86 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Мұрат Жексенбеков - Одақтың 19 дүркін чемпионы
Елмұрат Есенғазыұлы Рысбаев (1 қаңтар 1972 жыл) — қазақ футболшысы, жартылай қорғаушы. ## Карьерасы Карьерасын 1992 жылы "Қайратта" бастады. Бірақ ол маусымда қосалқы құрамда қап кетті де, Қазақстан чемпионатында мүлде алаңға шықпады. 1993 жылы алматылық жаңа құрылған клуб — "Достыққа" ауысты. Сол жылы 8 сәуірде "Уралец-Арма" клубына қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты. Маусым соңында Қазақстан кубогы иегері атанды. 1993 жылдың соңында "Достық" тарап кетті де, иесіз қалған футболшылар клуб іздеді. Елмұрат "Қайратқа" оралды. 1994, 1995 жылдары "Қайрат" сапында 39 кездесуде алаңға шықты. Кейін "Қайнар", "Ұлытау", ЦСКА, "Тараз" клубтарында ойнады. 2001 жылы бір жылдық үзілістен соң карьерасын қайта жаңғыртып, "Тобыл" футболшысы атанды. Бірақ Қазақстан кубогында бір ғана кездесуде алаңға шықты. ## Жетістіктері * Қазақстан кубогы: 1992, 1993 * Қазақстан чемпионы: 1992
Үлгі:Допты хоккейші Берікқазы Төлеубекұлы Сексенбаев (25 шілде 1967 жыл) — қазақстандық хоккейші, КСРО-ның үш дүркін чемпионы. 1988-92 жылдары Алматының "Динамо" көгалдағы хоккей клубында ойнады. Көгалдағы хоккейден Совет Одағының 3 (1988, 1990, 1991), Малайзияның 2 дүркін чемпионы, малайзия чемпионаттарының 5, одақ чемпионатының 2 мәрте үздік мергені, спорттың осы түрінен Олимпиада ойындарына (1992) қатысқан тұңғыш қазақ спортшысы, «Азия жұлдыздары» құрамасының мүшесі, Азия көгалдағы хоккей федерациясының вице-президенті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, еңбек сіңірген қайраткері. КСРО және ТМД құрамаларының намыс қорғаған. ## Жетістіктері * КСРО чемпионы: 1988, 1990, 1991 ## Қатысқан турнирлері * 1992 жылғы Жазғы олимпиада * Әлем чемпионаты 1990 * Еуропа чемпионаты 1991 ## Сілтемелер
Динамо Допты хоккей клубы — 1932-1995 жылдары допты хоккейден Алматы қаласының намысын қорғаған клуб. ## Тарихы 1932 жылы "Динамо" еріктілер қоғамында құрылды. 1937 жылы бүкілодақтық аренада тұңғыш рет бақ сынады. 1954 жылы КСРО екінші тобында үшінші орын алды да, КСРО чемпионаттарында ойнауға мүмкіндік алды. 1964 жылы "Буревестниктің" орнына жоғары лиғада ойнайтын болды. Командағы Эдуард Айрих бапкерлік еткен соң тіпті күшейді, 1966-81 жылдары КСРО чемпионатында 4-орыннан төмен түспеді. Ал 1977 жылы тұңғыш рет КСРО чемпионы атанды. Айрих кеткен соң клубтың нәтижелігігі төмендеді. Бірақ тізгінді Свердловск хоккейінің түлегі Борис Александрович Чехлыстов ұстаған соң қайта күйшейді. 1990 жылғы маусым клуб үшін сәтті болды. Бірақ соңғы турдың алдында басты қарсыластары "Енисейден" сырт алаңда 1:3 есебімен ұтылды да, "Енисейдің" бұларға жетуіне бір ғана ұпай қалды. Соңғы турда Архангельскінің "Воднигін" қабылдаған алматылықтар 76-минутқа дейін гол соға алмады. Тек осы минутта ғана есеп ашылып, иықтарынан жүк түскендей болды. Бұдан кейін тағы екі гол соғып, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша 1990 жылы екінші рет КСРО чемпионы атанды. "Енисейдің" 10 жылдық (1979-89) чемпиондық гегемониясын тоқтатты. КСРО тараған соң Ресей чемпионатына қатысты. Бірақ нарық дәуірі клуб тағдырына әсер етпей тұрмады, 1994/95 жылғы маусым барысында қаржы қиындығынан жабылып қалды. ## Жетістіктері * КСРО чемпионы: 1977, 1990 * Еуропа чемпиондары кубогы (1) — 1978 ## Атақты бапкерлері * Эдуард Айрих * Борис Чехлыстов ## Атақты ойыншылары * Евгений Агуреев 1974—1984 * Миннеула Азизов 1974—1984 * Яков Апельганец 1965—1980 * Валерий Бочков 1965—1978 * Казбек Байбулов 1963—1968 * Юрий Варзин 1965—1974 * Алексей Загарских 1991—1993 * Фарид Зигангиров 1973—1976 * Александр Ионкин 1967—1985 * Борис Казанцев 1963—1966 * Валентин Семёнов 1964-1966 * Александр Лапотко 1982—1985 * Леонид Лобачёв 1971—1978 * Геннадий Любченко 1967—1978 * Валерий Мозгов 1965—1969 * Алексей Никишов 1983—1993 * Сергей Смольников 1983—1993 * Владислав Новожилов 1988—1994 * Сергей Обухов 1991—1992 * Вячеслав Панёв 1966—1977 * Юрий Парыгин 1964—1969 * Владимир Пахомов 1976—1982 * Сергей Семёнов 1979—1982 * Юрий Фокин 1963—1965 * Игорь Хандаев 1966—1969 * Борис Чехлыстов 1964—1983 * Ринат Шамсутов 1990—1993 * Николай Шмик 1970—1995 * Александр Шулепов 1964—1975 ## Сілтемелер
Үлгі:Допты хоккейшілер Фарид Нұрғалиұлы Зигангиров (тат. Фәрит Нургали улы Җиһангиров, 15 тамыз 1954, Киров, РСФСР, КСРО) — КСРО-лық көгалдағы және допты хоккейші. 1980 жылғы Қысқы Олимпиаданың қола жүлдегері. ## Карьерасы Әуелі допты хоккеймен шұғылданды. 1970 жылдардың басында Эдуард Айрихтың шақыртуымен Алматыға келді. Ақырындап көгалдағы хоккейді де меңгерген Фарид 1973-87 жылдары алматылық "Динамо" сапында ойнады. 1973-76 жылдары "Динамо" допты хоккей клубында ойнады. 1976 жылдан соң көгалдағы хоккейге түпкілікті ауысты. 1977-87 жылдары КСРО құрамасы сапында 172 ойын өткізді. 1991-92 жылдары "Динамоның" бас жаттықтырушысы қызметін атқарды. ## Жетістіктері ### Ұлттық * КСРО чемпионы: (1973, 1975—1979, 1982—1983, 1985—1987) * КСРО кубогы: (1982—1984, 1986—1987) ### Халықаралық * Еуропа чемпиондары кубогы: 1982, 1983 * Құрлықаралық кубок 1981 ## Сілтемелер
Қазақстан көгалдағы хоккей құрамасы — Халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын қорғайтын допты хоккей құрамасы. 1992 жылы құрылған. Азия көгалдағы хоккей федерациясына қарайды. ## Көрсеткіштері ### Азия ойындары * 1994 — 6-орын * 1998—2014 — қатыспады * 2018 — 11 орын ### Азия кубогы * 1993 — 5-орын ### Орталық Азия кубогы * 2019 — 1-орын ### АХФ кубогы * 2012 — 9-орын * 2022 — 4-орын ## Құрамы Бас бапкер: Ұрманова Ольга ## Дереккөздер ## Сілтемелер * http://www.fih.ch/inside-fih/our-members/kazakhstanhf/ * http://www.asiahockey.org/news/the-asian-hockey-federation-announces-mens-ahf-cup-2022/
Допты хоккейден әлем чемпионаты (ағылш. FIB Bandy World Championships) — 1957 жылдан бері өткізіліп келе жатқан турнир. 2003 жылдан бері жыл сайын өткізіледі. Қазақстан құрамасы әлем чемпионатарында 21 рет қатысып, 6 (2003, 2005, 2012, 2013, 2014, 2015) рет қола жүлдегер атанды. ## Жеңімпаздары және жүлдегерлері ## Жалпы медальдар саны ## Сілтемелер * http://www.worldbandy.com/ * Results from the championships 1957-1999 by Per G. Olsson.
Майфок (Мафигатубек) Хамитов (10 наурыз 1929, Қарақамыс ауылында Нұржау ауылдық округінің Құрманғазы ауданы Гурьев облысы – 26 желтоқсан 1998, Атырау) – заңгер, әділет кеңесшісі. ## Өмірбаян Майфок (Мафигатубек) Хамитов 10 наурыз 1929 жылы Қарақамыс ауылында Нұржау ауылдық округінің Денгиз ауданы (қазіргі Құрманғазы ауданы) Гурьев облысы дүниеге келген. Руы Адай, Қосай бөлімі, Кіші жүз. 1949 жылы Абай атындағы №1 орта мектепті бітіріп, Алматы мемлекеттік заң институтына түсті. 1953 жылы Алматы мемлекеттік заң институттың толық курсын бітіріп, заңгер мамандығын алды. Еңбек жолын 22.08.1953 Гурьев облысы Новобогаты ауданы прокуратурасының халық тергеушісі болып бастаған. 1954-1956. Гурьев облысы Испуль ауданының прокуратурасына ауыстырылды. 1956-1958. Еңбекшілер депутаттарының Денгиз аудандық (қазіргі Құрманғазы ауданы) Кеңесі атқару комитетінің нұсқаушысы. 1958-1960. Гурьев облысы Жилокосин ауданында нотариус. 1960-1964. Гурьев облысы Шевченко ауданы прокуратурасының тергеушісі. 1964-1971. Ақтау қаласы прокуратурасының аға тергеушісі. 1971-1975. Гурьев облысы Денгиз ауданы (қазіргі Құрманғазы ауданы) прокуратурасының тергеушісі. 12 наурыз 1975 жылы Гурьев облыстық адвокаттар алқасының мүшесі болып қабылданды. 10.09.1975. Гурьев облыстық адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары болып сайланды. 29.09.1978. "Гурьевнефтехимстрой" тресінің заңгері. 01.08.1988. "Гурьевнефтехимстрой" тресінің 1-санатты заң кеңесшісі. 1989 жылы жасына байланысты зейнетке шықты, бірақ "Жеміс-көкөніс базасы" бірлестігінде заң кеңесшісі болып жұмысын жалғастырды. 1992-1993. "Алмаз Трейдинг Компани" ЖШҚ заң кеңесшісі. ## Отбасы Әкесі - Хамит Сабытұлы, Мыңтөбе кентінің имамы, Уфа жоғары рухани семинариясын бітірген. Анасы - Улман. Жұбайы Хамитова Шұға (1936) - орта мектепте мұғалім. Отбасында екі қыз, үш ұл дүниеге келген: Ануарбек, Кулян, Гүлжан, Нұрлыбек, Ақылбек. ## Марапаттары Медальдармен және көптеген грамоталармен марапатталған. Еңбек ардагері медалі (4 тамыз 1987). ## Дереккөздер
Сафие сұлтан (түр. Safiye Sultan) — III Мұраттың әйелі (хасеки сұлтан), III Мехметтің анасы (уәлиде сұлтан). ## Өмірбаяны I Сүлеймен мен Хүррем сұлтанның қызы Михримах сұлтан қызды 1563 жылы болашақ сұлтан III Мұратқа сыйға тартты. Он үш жасында сұлтан гареміне түсіп, "Сафие" деген есім алады. 1566 жылы Сафие бірінші ұлын - болашақ сұлтан III Мехметті туады. 1595 жылы III Мұраттың өлімінен кейін, Сафие сұлтан ұлы III Мехмет тұсында уәлиде сұлтан атанды, үлкен билік пен табысқа ие болды. 1603 жылдың желтоқсанында III Мехмет қайтыс болып, таққа оның ұлы I Ахмет отырды. Ол Сафиені билігінен айыру үшін 1604 жылдың қаңтарында Ескі сарайға жібереді. Сафие сұлтан Айя София мешітінде жерленді. ## Сыртқы саясат Сафие Венеция және Англия елдерімен жақсы қарым-қатынаста болды. Ол I Елизаветамен хат алмасып тұрғаны белгілі. ## Өнерде * «Сүлеймен сұлтан» телехикаясы (2011 жылы, Сафие сұлтан рөлінде — Гёзде Туркер) * «Ғаламат ғасыр: Көсем дәуірі» телехикаясы (2015 жылы, Сафие сұлтан рөлінде — Хүлия Аушар)
Қаныкей мазары — XVII ғасырдың ескерткіші. ## Тарихы Сол бір жорыққа толы замандарда қазақ пен қалмақ арасында соғыс жиі орын алып, жеңіс екі жаққа алма-кезек ауысып отырса керек. Осындай бір жорыққа қазақ ханының Қаныкей атты бойжетіп қалған 15 жасар қызы аттанған екен. Хан қызының қасында құралайды көзге атқан қырық нөкері болыпты. Бұл мерген қыздар соғысқа тікелей араласпай, жебе жетер жерден жаудың қолбасшыларын көзден атып, қалмақтарды көп шығынға ұшыратып отырса керек. Қол бастайтын батырлары бірінен соң бірі ат жалын құшып жатқан соң, қалмақ ханы арнайы жасақ құрып, қырық қыздан тұратын мергендер тобын біржола құртпақты көздейді. Сайдың тасындай іріктелген жүз жігіттен тұратын жау жасағы соғыстың бір қызған кезінде қазақ қолын айналып өтіп, мерген қыздарға тұтқиылдан ұрыс салады. Күтпеген жерден тап берген жауға қыздар оңайшылықпен алдыра қоймайды. Саны көп жау жасағымен қоян-қолтық ұрыс барысында Қаныкей қыздың аты жау найзасынан ауыр жараланып, иесін жаяу қалдырады. Қазақ қызына тән қайсарлықпен жауға ұмтылған Қаныкейдің өліспей беріспейтініне көзі жеткен қалмақтар өжет қызды садақпен атып, мерт қылады ## Орналасуы Қаныкей қыздың зираты жатқан сол мекен Өркендеу деп аталады екен. Батыр қыз жерленген мекен жазық далада менмұндалап сонау бір жаугерлік заманның белгісіндей болып әлі тұр. ## Құрылысы Қазақ елінің намысы жолында жанын берген Қаныкей қызды арулап, батырға лайық құрметпен жер қойнына тапсырып, басына қызыл кірпіштен биік қылып зират көтереді. Уақыт өте келе жауын-шашын мен қар суы, жазық даланың желі зират кірпішін мүжіп, тегістеп жіберген. ## Дереккөздер
Адмир Мехмеди (алб. Admir Mehmedi; 16 наурыз 1991 жыл, Гостивар, Югославия) — швейцариялық футболшы, Швейцария Ұлттық футбол құрамасы мен "Вольфсбург" клубының жартылай қорғаушысы. ## Карьерасы Адмир Югославиядағы албандар отбасында дүниеге келген. 90-жылдардың басындағы тынышсыздық кезеңінде отбасы Швейцарияға көшіп өтті. "Цюрих" клубының түлегі. 2008 жылы осы клубта карьерасын бастады да, үш маусым ойнады. 2012 жылы қаңтарда "Динамо" (Киев) клубына ауысты. 2013 жылы жазда "Фрайбургке" жалға берілді. 2014 жылы мамыр айында "Фрайбург" футболшыны түпкілікті сатып алды. 2012 жылы жазғы Олимпиада ойындарына, 2014 жылы әлем чемпионатына, 2016 жылы Еуропа чемпионатына қатысты. 2016 жылғы Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде Румыния қақпасына бір гол соқты, бұл ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. ## Жетістіктері «Цюрих» * Швейцария чемпионы: 2008/09 * Швейцария чемпионатының күміс жүлдегері: 2010/11 «Динамо» (Киев) * Украина чемпионатының күміс жүлдегері: 2011/12 * Украина чемпионатының қола жүлдегері: 2012/13 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Ескі Жаңа Жыл—Джулиан күнтізбесіндегі Жаңа жыл (ескі стиль) . Бұл мейрам 13 -14 қаңтарда тойланады. Бұл мереке ресми болып саналмайды және Рождество тойлайтын елдерде тойланады. ## Тарихы Бұл мереке хронологияның өзгеруі нәтижесінде пайда болды. Еуропалық мемлекеттердің барлығы 18-ші ғасырда күнтізбеден бірнеше күнді алып тастап, Григориан хронологиясына көшті. 20-ншы ғасырға қарай орыс күнтізбесі григориан күнтізбесіне ауысқан Еуропадан 13 күн артта қалды.Осы алшақтықты жою үшін 1918 жылы Халық Комиссарлары Кеңесінің жарлығымен Григориан күнтізбесіне - жаңа стильге көшу жасалды. Шындығында, 31 қаңтардан кейін бұл 14 ақпан болды. Нәтижесінде 14 қаңтар - Әулие Василий күні ескі Жаңа жыл болып шықты. ## Салт-дәстүрлер Көптеген дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар Ресейдегі ескі Жаңа жылмен байланысты. Васильев күнінде олар болашақ егінмен байланысты болатын ауылшаруашылық мерекесін атап өтті және себу рәсімін жасады - демек, мереке «овсень» немесе «авсень» деп аталды. Ескі Жаңа жыл түнінде қыздар өздерінің болашақ махаббатына сәуегейлік жасаған. Өйткені, христмастид кезеңі жалғасты, кез-келген сәуегейлік пен болжам жасау үшін жылдың ең жақсы уақыты. Халықта 13 қаңтардан 14 қаңтарға қараған түні болашақ жарыңды түсіңде көре аласың деп сенген. ### Наным-сенім мен ырымдар * Ақшаға мұқтаж болмау үшін адамдар бір-біріне ақша бермеген. Ал бұл күні ақша алу өте сәтті деп саналды - бұл жаңа жылда алдын ала болжанған пайда. * Жыл бойына жақсы киіну үшін Васильевтің кешінде Жаңа жылды қарсы алу үшін жақсы жаңа киім кию керек. * Ескі Жаңа Жылда ашық, жұлдызды аспан жидектердің мол түсімін алдын ала көрсетті. 13-қаңтарда кешкісін болған қатты боран жаңғақтың мол өнімін көрсетті. ## Сыртқы сілтемелер Старый Новый год: история и традиции праздника
Нұрлыбек Майфокұлы Хамитов (8 наурыз 1963, Форт-Шевченко) – мұнайшы. Құрманғазы ауданның Құрметті азаматы. ## Өмірбаян Нұрлыбек Майфокұлы Хамитов 8 наурыз 1963 жылы Форт-Шевченкода Манғыстау облысы дүниеге келген. Руы Адай, Қосай бөлімі, Кіші жүз. Құрманғазы аудан орталығындағы Абай орта мектебін түгескен. 1982 жылы Гурьев политехникалық техникумын бітірген. Прикаспий бұрғылау басқармасында бұрғылаушының көмекшісі болып еңбек жолын бастайды. 1982-1984. Кеңес армиясы қатарында. 1985-1988. "Ембімұнайгаз" өндірістік бірлестігінің инженері, лаборатория меңгерушісі. 1988-1992. "Гурьевнефтегазгеология" тәжірибе-әдістемелік экспедициясының бұрғылау технологиясы партиясының аға инженері, партия бастығы, бас инженері. 1991 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының "Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау" факультетін бітіріп, кен инженері мамандығын иеленді. 1993 жылы Ұлыбританияда, 1995 жылы Түркияда білімін жетілдіріп, тәжірибе алмасу курстарынан өтті. 1995 жылы "Қазақтүрікмұнай" бірлескен кәсіпорнының инженер-бұрғылаушысы. 1999-2001. "Казнефтехим" ЖШС-нің Атыраудағы өкілі, филиал директоры, департамент директоры, бас директордың орынбасары. 2001 жылы "Oil le Roy" ЖШС-ін құрып, оның директоры болды. Сол жылдан бері "Oil le Roy" директорлар кеңесінің төрағасы. 2002 жылдан "ТөбеаралОйл" ЖШС-нің директоры. ## Отбасы Әкесі Майфок Хамитов - әділет кеңесшісі. Анасы Шұға Хамитова - мектепте мұғалім. Зайыбы – Фарида. Отбасында үш ұрпақ дүниеге келген. ## Марапаттары 2014 жылы "Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды. 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі. 2018 жылы "Жер қойнауын барлаудың үздігі" атанды. 2018 жылы "Құрманғазы ауданның Құрметті азаматы" атағын лайықтады. ## Дереккөздер
«Алтай» — Өскемен қаласының хоккей командасы. Жастар хоккей лигасының чемпионатында өнер көрсетеді. Ол «Торпедо» хоккей клубының жастар командасы ## Тарихы ### ҰЖХЛ 2015/2016 жылғы маусымда Өскемен қаласының командасы Ұлттық жастар хоккей лигасында ойнай бастады. ### 2015/2016 маусым 2015/2016 маусымда «Алтай» Шығыс конференциясында 9-орынға ие болып, плей-оффқа өте алмады. ### ЖХЛ 2016 жылдың 25 шілдесінде Жастар хоккей лигасы кеңесінің отырысында 2016/2017 маусымынан бастап қазақстандық команда Жастар хоккей лигасында ойнайтындығы белгілі болды. ### 2016/2017 маусым 2016/2017 маусымда қазақстандық команда Шығыс конференциясында соңғы 16-орынға ие болып, плей-офф кезеңіне өте алмады. ### 2017/2018 маусым 2017/2018 жылғы маусымда өскеменендік команда Шығыс конференциясында соңғыдан бұрынғы 15-орынға ие болып, плей-оффтан тыс қалды. ### 2018/2019 маусым 2018/2019 жылғы маусымда Өскеменнің командасы жаттықтырушысын ауыстырды, бұл жергілікті хоккей мектебінің тәрбиеленушісі, көптеген жылдар бойы балалар жаттықтырушысы болып жұмыс істеген Александр Артёменко болды. Чемпионатта «Алтай» Шығыс конференциясында соңғы 16-орынға ие болып, плей-оффтан едәуір артта қалды. ### 2019/2020 маусым Команда тағы да бапкерін ауыстырды, осы жолы Болякин, Олег Владимирович болды. Маусым барысында команда турнир кестесінде 3-орынға ие болды, бірақ бірқатар жеңілістерден кейін 13-орынды иелене бастады. Дегеніменде, плей-оффқа Алтай командасы шыға алмады ## Стадионы Команда ересектер «Торпедо» командасы өнер көрсететін аренада - Борис Александров атындағы спорт сарайында ойнайды.
Алматы хоккей клубы — Алматы қаласының Қазақстан мұзды хоккей чемпионатында өнер көрсететін кәсіпқой клуб. Алматыдағы ойындарын көбінесе Талғардағы Ақ бұлақ орталығында, кейде Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткізеді. Клуб Алматы қаласы бюджетінен және әкімшіліктен қаржыландырылады. ## 2011-2012 жыл құрамы ## Сыртқы сілтемелер Алматы хоккей клубы(қолжетпейтін сілтеме)
«Айсулу» хоккей клубы — Алматы қаласының әйелдер шайбалы хоккейден кәсіби клубы. Бапкері әрі директоры — Александр Иванович Мальцев. Команда ойындарын көбіне Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткізеді. «Айсулу» клубы өзінің хоккей мектебі мен екінші клубтық жастар командасын жасамақшы. ## Тарихы 2004 жылдан «Айсұлу» әйелдер арасындағы еуропалық чемпиондар кубогында өнер көрсетеді.2008 жылы «Айсұлу» еуропалық чемпиондар кубогында 3-ші орын алды. 2011 ақпанның 23 нен 27 арасында «Айсұлу» еуропалық чемпиондар кубогында финалда ойнап 4-ші орын алды. ## Команда нәтижесі ## Қазіргі құрамы ## Марапаттар Татьяна Штельмайстер «2007/2008 жыл Еуропа чемпиондары кубогының үздік қорғаушысы». Дарья Обыденнова «2010/2011 Еуропа чемпионадары кубогының үздік қақпашысы». ## Сыртқы сілтемелер * «Айсулу» — надежда Азиады * Казахстанская федерация хоккея с шайбой — Результаты казахстанской женской лиги Мұрағатталған 1 қаңтардың 2011 жылы. * Казахстанская федерация хоккея с шайбой — История Казахстанского хоккея * Интервью с тренером женской сборной Республики Казахстан по хоккею Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. * Хоккеистки ХК «Айсулу» вышли в финал Кубка европейских чемпионов(қолжетпейтін сілтеме) * Женский Кубок европейских чемпионов-2011 Мұрағатталған 3 қаңтардың 2012 жылы.
«Алтай» — Өскемен қаласының хоккей командасы. Жастар хоккей лигасының чемпионатында өнер көрсетеді. Ол «Торпедо» хоккей клубының жастар командасы ## Тарихы ### ҰЖХЛ 2015/2016 жылғы маусымда Өскемен қаласының командасы Ұлттық жастар хоккей лигасында ойнай бастады. ### 2015/2016 маусым 2015/2016 маусымда «Алтай» Шығыс конференциясында 9-орынға ие болып, плей-оффқа өте алмады. ### ЖХЛ 2016 жылдың 25 шілдесінде Жастар хоккей лигасы кеңесінің отырысында 2016/2017 маусымынан бастап қазақстандық команда Жастар хоккей лигасында ойнайтындығы белгілі болды. ### 2016/2017 маусым 2016/2017 маусымда қазақстандық команда Шығыс конференциясында соңғы 16-орынға ие болып, плей-офф кезеңіне өте алмады. ### 2017/2018 маусым 2017/2018 жылғы маусымда өскеменендік команда Шығыс конференциясында соңғыдан бұрынғы 15-орынға ие болып, плей-оффтан тыс қалды. ### 2018/2019 маусым 2018/2019 жылғы маусымда Өскеменнің командасы жаттықтырушысын ауыстырды, бұл жергілікті хоккей мектебінің тәрбиеленушісі, көптеген жылдар бойы балалар жаттықтырушысы болып жұмыс істеген Александр Артёменко болды. Чемпионатта «Алтай» Шығыс конференциясында соңғы 16-орынға ие болып, плей-оффтан едәуір артта қалды. ### 2019/2020 маусым Команда тағы да бапкерін ауыстырды, осы жолы Болякин, Олег Владимирович болды. Маусым барысында команда турнир кестесінде 3-орынға ие болды, бірақ бірқатар жеңілістерден кейін 13-орынды иелене бастады. Дегеніменде, плей-оффқа Алтай командасы шыға алмады ## Стадионы Команда ересектер «Торпедо» командасы өнер көрсететін аренада - Борис Александров атындағы спорт сарайында ойнайды.
«Торпедо» — Өскемен (Қазақстан) хоккей командасы. Клуб 1955 жылы құрылды, 2000 жылдың 19 қаңтарынан 2015 жылдың 5 мамырына дейін «Қазмырыш-Торпедо» деп аталды. 2020 жылдан бастап ол Pro Hokei Ligasy өнер көрсетіп келеді. Pro Hokei Ligasy өнер көрсететін үлестес клубы бар – «Алтай-Торпедо». ## Тарихы «Торпедо» хоккей командасының құрылуы 1955 жылы Электросталдан Өскеменге келген Николай Коняхиннің есімімен байланысты. Ол шайбалы хоккейден бірінші спорттық категорияға ие болды және Мәскеу облысының жасөспірімдер құрамасында тәжірибесі бар еді. Коняхин әкесі мен баласы Үлбі металлургия зауытында хоккей командасын құрудағы бастамашы болды (1990 жылдардың басына дейін команда оның қамқорлығында болды). 1957 жылдың басында команда Алматыда өткен Қазақстан чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. 1964/65 маусымынан бастап «Торпедо» КСРО чемпионатында дебют жасады («А» сыныбы, екінші топ, бірінші топша). Олимпиада жүлдегері, КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы Юрий Баулин Өскеменге ойын жаттықтырушысы ретінде келді. Оның басшылығымен команда бірінші лиганың (кеңес хоккейінің екінші эшелоны) көшбасшыларының қатарына шықты. Ал 1966/67 жылғы маусымда «Торпедо» ойыншылары жоғарғы лигадан бір адым қалып, тек свердловсктік «Автомобилисттен» ұтылды. Сонымен бірге, КСРО-да ең мықты мектептердің біріне айналған балалар мен жасөспірімдер хоккей мектебі ұйымдастырылды. 1968 жылы 31 желтоқсанда екі мұз алаңы бар Спорт сарайы (кейінірек Борис Александров атындағы) ашылды. 1977 жылы «Торпедо» екінші лигаға түсіп қалды, бірақ үш жылдан кейін жаттықтырушы Валентин Григорьевтің басшылығымен олар қайтадан бірінші лигаға шықты. Сол жылдары команда тек өз тәрбиеленушілерімен толыға бастады, бұл дәстүр 2000 жылдарға дейін жалғасты. 1980 жылдардың басында команданы жергілікті жас жаттықтырушы Виктор Семыкин басқарды. Олимпиада чемпионы Борис Александров туған қаласында ойнауға оралды. Одан басқа қақпашы В. Набоков, қорғаушылар С.Горев, А.Энгель, А.Грищенко, С.Кислицын, В.Локотко, В.Тунников, В.Федорченко, шабуылшылар И. Кузнецов, А.Соловьев, С.Могильников, В.Стрельчук, И.Дорохин, В.Чечел, С.Девятков, В.Ефремов, С.Старыгин. «Торпедо» тағы да жоғарғы лига үшін күресті бастады. 1986 жылы Семыкин жаттықтырушыны Владимир Гольц алмастырды (бұрын жасөспірімдер спорт мектебінде жұмыс жасаған жас маман). Соңында, 1987 жылы «Торпедо» келесі классқа өте алды. Бір қызығы, жоғарғы лига бірінші кезеңінен кейін өскемендік шабуылшы Борис Александров бомбардирлер тізімінің көш басында тұрды. «Торпедо» командасы екінші кезеңге өте алмады және өтпелі турнирге қатысып, содан кейін олар бірінші лигаға түсіп қалды. Алайда, бірінші әрекеттен бастап, торпедалықтар жоғарғы эшелонға оралды және бұл жолы олар ұзақ уақыт бойы осында қалды. Команда құрамында ұрпақ алмасу орын алды: ардагерлерді 1998 жылы Жапонияның Нагано қаласында өткен Олимпиада ойындарының ширек финалына өткен Қазақстан құрамасының тірегін құрайтын «Устинканың»жас тәрбиеленушілері алмастырды - қақпашылар Евгений Набоков пен Виталий Еремеев, қорғаушылар Игорь Никитин мен Алексей Трощинский, Андрей Соколов, Игорь Земляной, Владимир Антипин мен Андрей Савенков, шабуылшылар Константин Шафранов - Евгений Корешков - Александр Корешков, Михаил Бородулин, Андрей Пчеляков, Ерлан Сағымбаев, Дмитрий Дударев, Владимир Завьялов, Павел Каменцев, Олег Кряжев. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін ұлттық құрама халықаралық жарыстарға қатысу құқығын алды. Ұлттық құраманың базалық клубы «Торпедо» болды. Осы күнге дейін Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы дәстүрлі түрде Өскемен хоккейінің тәрбиеленушілерімен толықтырылды. Бұл уақытта Өскемендегі хоккейде қиын кезеңдер басталды. ҮМЗ бұдан былай хоккей командасына лайықты қаржы бөле алмады. 1994-1995 жж. барлық жетекші хоккейшілер Ресей клубтарына кетті (негізінен магнитогорсктік «Металлург», «Авангард» және мәскеулік «Динамо»). БЖСМ-нің көптеген жаттықтырушылары көбінесе тәрбиеленушілерінің командаларымен бірге қолайлы клубтарға кетіп жатты. Сонымен, «Торпедо» жастар құрамасы: 1976 ж.т. - Новокузнецк, 1981 және 1983 ж. т. - Омбыға, 1984 ж.т. - Жаңасібір, 1986 ж.т. - Магнитогорскке кетті. Хоккей клубы жеке меншік қолына өтіп, «Алтай-Торпедо» атанды. Жаттықтырушы Владимир Гольц жұмыстан шығарылып, командада жастар ғана қалды. Сондықтан басшылық командаға бірнеше тәжірибелі егде жастағы хоккейшілерді, соның ішінде хоккей ойынын жаттықтырушы ретінде бітірген Борис Александровты шақырды. Александровтың басшылығымен клуб 1994 жылы Руди Хити кубогын жеңіп алды. 1995 жылы Александров «Торпедо» мен Қазақстан құрамасының бас бапкері атанды. 1996 жылы ҰХЛ таратылды. Ресейлік хоккей билігі «Торпедоға» тек Жоғарғы лигада ойнауға рұқсат берді (дәрежесі бойынша екінші), ал 1999 жылдан бастап - тек бірінші лигада. Ұлттық құраманың Олимпиада ойындарындағы жетістіктерінен кейін «Қазмырыш» «Торпедоның» титулдық демеушісі атанды. Клубқа Ресей Жоғарғы лигасында ойнауға тағы да рұқсат берілді. 2000 жылы 19 қаңтарда оның атауы «Қазмырыш-Торпедо» болып өзгертілді. 2010 жылы «Қазмырыш-Торпедо» клубы жаңа лига - ЖХЛ негізін қалаушылардың бірі болды. 2015 жылы 5 мамырда ол қайтадан атауын «Торпедо» деп өзгертті. ## Өнер көрсету нәтижелері ### КСРО чемпионаты ### КСРО кубогы ### Ұлтаралық хоккей лигасы ### Ресей чемпионаты ### Қазақстан чемпионаты ### Қазақстан кубогы ## Жетістіктері Қазақстан чемпионаты * ҚРАЧ чемпионы (13 рекорд): 1992/1993, 1993/1994, 1994/1995, 1995/1996, 1996/1997, 1997/1998, 1999/2000, 2000/2001, 2001/2002, 2002/2003, 2003/2004, 2004/2005, 2006/2007 * ҚРАЧ финалисті (2): 2005/2006, 2008/2009 * ҚРАЧ қола (1): 2007/2008Қазақстан кубогы * Иегері (4 рекорд): 2002, 2003, 2004, 2007 * финалисті (2): 2005, 2006 * Қола (1): 2010Сурет:ВХЛ лого.JPG Ресей чемпионаты (ЖХЛ) * ЖХЛ финалисті (1): 2016/2017 * * ЖХЛ регуляркасы (1): 2016/2017 * финалисті Ашылу кубогы (1): 2017/2018 Құрлық кубогы * Қола Құрлық кубогы (1): 2007/2008 (тек шайбалар арасындағы айырмашылық бойынша) ## Ағымдағы құрама ## Клуб басқармасы * Президент — Николай Абрамович Проскурин * Команда бастығы — Иван Сергеевич Тратонин * Бас бапкер — Олег Владимирович Болякин * Жаттықтырушы — Владислав Александрович Бульин * Жаттықтырушы — Евгений Александрович Фадеев * Жаттықтырушы — Евгений Викторович Черепанов
Барыс хоккей клубы — Астана қаласының кәсіпқой хоккей клубы. Барыс Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) Чернышев дивизионның мүшесі. Барыс клубы 1999 жылы құрылып, 2001-2002 жылғы маусымнан ойнай бастады. Бұл ұжым 2007 жылға дейін Қазақстан Чемпионатында ойнап, одан әрі Ресей Суперлигасында өнер көрсетеді. Суперлигадағы 2007-2008 жылғы маусымынан кейін Барыс ҚХЛ-ға мүшелікке арыз жазып қабылданады. Барыстың ҚХЛ-дағы алғашқы жеңісі Нижнекамскте (Ресей) жергілікті Нефтехимикпен болған ойынында орын алады (3 қыркүйек, 2008), ал өз алаңындағы алғашқы жеңісі 14 қыркүйекте (2008 жыл) Ресейдің былтырғы чемпионы Салауат Юлаевқа қарсы ойынында орын алады. Ақпанның 26-да Барыс ҚХЛ 1-ші кезеңінің соңғы шешуші ойынында Астана алаңында Чехов қаласының Витязь клубын жеңіп Плэй-офф кезеңіне 15-ші орыннан жолдама алады. Гагарин кубогынің 1/8 финалында Қазанның Ақ Барсымен кездесіп, серияда 3-0 есебімен есе жіберіп осы маусымды аяқтады. ## Аренасы ҚХЛ-да ойнағалы 2015 жылға дейін «Қазақстан» спорт сарайында ойнаған. 9-шы тамызда салтанатты ашылған Барыс аренасында 2015 жылғы маусымнан өнер көрсетпек. ## Құрамы ## Барлық жаттықтырушылар * Николай Мышагин 2000-2002 * Сергей Могильников 2002-2003 * Анатолий Мелихов 2003-2004 * Николай Мышагин 2005-2007 * Михаил Панин 2007 * Сергей Могильников 2007 * Александр Высоцкий 2007-2009 * Андрей Хомутов 2010-2011 * Андрей Шаянов 2009-2010 * Андрей Хомутов 2010–2011 * Андрей Шаянов 2011-2012 * Владимир Крикунов 2012–2013 * Ари-Пекка Селин 2013–2014 * Андрей Назаров 2014–2015 * Ерлан Сағымбаев 2015 * Андрей Назаров 2015–2016 * Эдуард Занковец 2016–2017 * Евгений Корешков 2017 * Ғалым Мəмбеталиев 2017–2018 * Андрей Скабелка 2018–2020 * Юрий Михаилис 2020–2022 * Андрей Скабелка 2022–2023 * Ғалым Мəмбеталиев 2023 * Олег Болякин 2023– ## Нәтижелері ## Сыртқы сілтемелер * Official site * Жанкүйерлер сайты
Сарыарқа - Қарағанды қаласының хоккей клубы. 2013 жылғы Ресей жоғарғы лигасының күиіс жүлдегері. 2010 жылғы Қазақстан чемпионы. Клуб аты географиялық орнынна байланысты Сарыарқа даласы атымен аталған.Клубты шілденің 25 2006 жылы Қарағанды облысы әкімшілігі мен денешынықтыру және спорт департаменті бірлесе құрған. 2012 жылға дейін Сарыарқа командасы Қазақстан чемпионатымен қатар Ресей чемпионатының Бірінші лигасының «Сібір - Қиыр Шығыс» дивизионында өнер көрсетті. 2008-2009 маусымында Ресей Жоғары лигасының Шығыс дивизионында өнер көрсеткен.Қазақстан чемпионатының 2010 жылғы маусымында плэй-офф бөлігінде финалда Атыраулық Бейбарыс клубымен теке-тіреске толы жекпе жекте 3-2 серия нәтижесімен Қазақстан чемпионы атанды.2012-13 жылығ маусымда Ресей жоғарғы лигасында дебют жасап, топтық кезеңде жеңімпаз атанып, Братино кубогы таласында финалдық серияда 7 матч өткізіп Торос клубына ұтылып қалды. ## 2009-2010 маусымдық клуб құрамы ## Сыртқы сілтемелер * Ресми торбеті Мұрағатталған 26 қаңтардың 2010 жылы.
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы — Бүкіл әлем бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы қазіргі кезде 13-ші орында тұр. Алғашқы қатысқан Қысқы Олимпиада Ойындарында (1998) Қазақстан бастапқы іріктеу ойындарынан өтіп, көпшілікті таңырқатып 8-ші орынға кеп тірелді. Қазақстандағы тіркелген хоккейшілер саны - 1,800 (елдің 0.01% құрайды). 2021 жылғы Латвияда әлем чемпионатында оңыншы орын алды. ## 2006 Олимпиада құрамасы ## 2006 Əлем чемпионаты құрамасы ## 2012 Әлем чемпионаты құрамасы Қақпашылар: Виталий Еремеев (Барыс), Виталий Колесник (Салават Юлаев), Алексей Иванов (Астана) Қорғаушылар: Виталий Новопашин (Барыс), Алексей Литвиненко (Барыс), Евгений Фадеев (Барыс), Роман Савченко (Барыс), Алексей Трощинский (Витязь), Денис Шемелин (Қазцинк-Торпедо), Андрей Корабейников (Қазцинк-Торпедо), Владислав Колесников (Қазцинк-Торпедо), Сергей Яковенко (Сарыарқа) Шабуылшылар: Андрей Гаврилин (Барыс), Вадим Краснослободцев (Барыс), Талғат Жайлауов (Барыс), Константин Пушкарев (Барыс), Роман Старченко (Барыс), Федор Полищук (Барыс), Константин Романов (Барыс), Евгений Бумагин (Барыс), Дмитрий Уппер (Атлант), Максим Беляев (Югра), Дмитрий Дударев (Қазцинк-Торпедо), Константин Савенков (Қазцинк-Торпедо), Алексей Воронцов (Астана), Андрей Спиридонов (Астана), Евгений Рымарев (Барыс-2) ## 2013 Əлем чемпионаты құрамасы ## 2021 Əлем чемпионаты құрамасы ## 2023 Əлем чемпионаты құрамасы ## 2024 Əлем чемпионаты құрамасы ## Ұлттық құрама бапкерлері * 1993-1994 Владимир Гольц * 1994-1995 Владимир Копцов * 1996-2002 Борис Александров * 2003-2006 Николай Мышагин * 2006-2007 Анатолий Картаев * 2007-2009 Ерлан Сағымбаев * 2009-2010, 2011-2012 - Андрей Шаянов * 2010-2011 Андрей Хомутов * 2012-2013 Владимир Крикунов * 2013-2014 Ари Пекка Селин * 2014-2016 Андрей Назаров * 2016-2018 Эдуард Занковец * 2018-2020 Андрей Скабелка * 2020-2021 Юрий Михайлис * 2021-2022 Андрей Скабелка * 2022-2024 Ғалым Мәмбеталиев * 2024- Олег Болякин ## Көрсеткіштер ### Олимпиада ойындары * 1998 – 8-орын * 2006 – 9-орын ### Әлем чемпионаты * 1953-1991 – КСРО ішінде * 1993 – 23-орын ("C тобында" – 3-орын) * 1994 – 24-орын ("C тобында" – 4-орын) * 1995 - 22-орын ("C тобында" – 2-орын) * 1996 - 21-орын ("C тобының" – 1-орын) * 1997 - 14-орын ("В тобында" – 2-орын) * 1998 - 16-орын * 1999 - 19-орын ("В тобында" – 3-орын) * 2000 - 18-орын ("В тобында" – 2-орын) * 2001 - 21-орын ("I Дивизион — 3-орын) * 2002 - 21-орын ("I Дивизион — 3-орын) * 2003 - 17-орын ("I Дивизион — 1-орын) * 2004 - 13-орын * 2005 - 12-орын * 2006 - 15-орын * 2007 - 21-орын ("I Дивизион — 3-орын) * 2008 - 20-орын ("I Дивизион — 2-орын) * 2009 - 17-орын ("I Дивизион — 1-орын) * 2010 — 16-орын * 2011 — 17-орын ("I Дивизион — 1-орын) * 2012 — 16-орын * 2013 — 17-орын ("I Дивизион — 1-орын) * 2014 — 16-орын * 2015 — 17-орын ("I Дивизион — 1-орын) * 2016 — 16-орын * 2017 — 19-орын ("I Дивизион — 3-орын) * 2018 — 19-орын ("I Дивизион — 3-орын) * 2019 — 17-орын ("I Дивизион — 1-орын) * 2021 — 10-орын * 2022 — 13-орын * 2023 — 11-орын * 2024 — 12-орын ### Қысқы Азия ойындары * 1996 — 1-орын * 1999 — 1-орын * 2003 — 2-орын * 2007 — 2-орын * 2011 — 1-орын * 2017 — 1-орын ### Универсиада * 1993 — 2-орын * 1995 — 1-орын * 2007 — 3-орын * 2009 — 4-орын * 2011 — 4-орын * 2013 — 2-орын * 2015 — 2-орын * 2017 — 2-орын * 2019 — 4-орын * 2023 — 3-орын ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * IIHF profile
Тамара Хаважовна Яндиева (23 шілде 1955 жыл, Қарағанды, Қазақ КСР, КСРО) — кеңестік және ресейлік эстрада әншісі, актриса. Ингушетияның халық әртісі (2002). Шешен-Ингушетияның, Авхазияның, Ресейдің еңбек сіңірген актрисасы. ## Өмірбаяны 1955 жылы Қарағандыда ингуштер отбасында дүниеге келді. Жұмысын Солтүстік Осетия киностудияясында бастаған. Ленинградтағы мемлекеттік театр-музыка, кинематография институтын тәмамдаған. Оқуын бітірген соң Грозныйға қоныс аудардды. Бірақ 90-жылдардағы тнышсыздықтан соң отбасымен бірге Мәскеуге көшті. Карьерасында 18 киноға түсті, соның он алтысында басты рөлді сомдады. ## Фильмография * 1977—1984 — Огтты жолдар — Рабия * 1978 — Тау новелласы — Зара * 1979 — Бабек — Парвин * 1980 — Мен әлі ораламын — Шахназ * 1981 — Жылан жылы — Маимхан * 1982 — Егер сүйсең… — Лола * 1982 — Қасиетті ұстаның қоңырауы — Камачич * 1983 — Махаббат сергелдеңі — Мадина * 1984 — Шахерезаданың тағы бір түні — Анора * 1985 — Тау жаңғырығы — Карима * 1986 — Сәлеметсіз бе, Гульнора Рахимовна! — Гульнора Рахимовна * 1986 — Шахерезаданың жаңа ертегілері — Әсемгүл * 1987 — Шахерезаданың соңғы түні — Әсемгүл * 1989 — Аджубтың қара ханзадасы — Шахназ * 1989 — Валтасардағы думан немесе Сталинмен өткен түн — Сария Лакоба * 1989 — Қожанасырдың оралуы — Ханифа * 1990 — Бағдар қарақшысының оралуы * 1991 — Аджубтың қара ханзадасы ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ресми сайты
Сәкен Сыбанбай (16 ақпан 1972 жыл, Мақтарал ауданы, Шымкент облысы, Қазақ КСР, КСРО) — қазақ журналисі, жазушысы, аудармашысы. Футбол тақырыбында кітап жазған Сейдахмет Бердіқұлов пен Несіп Жүнісбаевтан кейінгі қазақ прозасы тарихындағы үшінші қаламгер. ## Өмірбаяны 1989-1994 жылдары қазіргі Әбу Нәсір әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетінде білім алды. Еңбек жолын 1992 жылы республикалық «Ғажайып Үндістан» газетінен бастады. 1993-1995 жылдары «Ақ желкен» журналында, 1995-1997 жылдар аралығында «Ана тілі» газетінде жұмыс істеді. 1997 жылдан 2004 жылдың соңына дейін «Жас Алаш» газетінде тілші, спорт бөлімінің меңгерушісі, руханият бөлімінің меңгерушісі, сосын редакция меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2005-2009 жылдар аралығында «Жас қазақ» газеті бас редакторының бірінші орынбасары болып еңбек етті. 2009-2011 жылдар аралығында «Жұлдыздар отбасы» журналы бас редакторының орынбасары қызметін атқарды. 2011 жылдан 2017 жылға дейін «Алматы ақшамы» газетінде жұмыс істеді. 2017-2020 жылдар аралығында «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорында әдеби редактор болып, «Қазақ тіліндегі гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» жобасына қатысты. 2020 жылдың маусым айынан республикалық «Парасат» (бұрынғы «Мәдениет және тұрмыс») журналының бас редакторы. ## Шығармашылығы «Ділдің дерті» (2012 жылы шықты), «Ғаламтордағы махаббат» (2021) кітаптарының авторы. «Мұңлық», «Бақытты адам», «Үміт үйі», «Ғаламтордағы махаббат», «Бір шәугім шай» секілді танымал шығармалары оқырман қауымға жақсы таныс. Әңгімелері түрік, өзбек, қырғыз тілдеріне аударылған. Бірнеше ән мәтіндерінің авторы. Сондай-ақ футболдан әлем чемпионаттарының тарихын баяндайтын «Ала доптың аламаны» (2015) атты кітабы жарық көрген. ## Марапаттары * «Алтын қалам» тәуелсіз әдеби байқауының «Жылдың үздік прозасы» аталымының жеңімпазы (2014 жыл). * «Рахымжан Отарбаевтың мәдени қоры» ұйымдастырған еркін тақырыптағы әңгімелер байқауының жүлдегері (2017). * «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби байқауының жүлдегері (2017). * ҚР «Ақпарат саласының үздігі». * «Жалын» журналы тағайындайтын Ғ.Мүсірепов атындағы сыйлықтың лауреаты. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Фейсбуктегі профилі * Шығармаларын оқу
Балаж Джуджак (маж. Dzsudzsák Balázs; 23 желтоқсан 1986, Дебрецен, Мажарстан) — мажарстандық футболшы, "Дебрецен" клубының жартылай қорғаушысы. 2016 жылы Еуропа чемпионатына қатысқан. 2010 жылғы Мажарстанның үздік футболшысы. Мажарстан Ұлттық футбол құрамасы сапында 108 ойын өткізген, бұл рекордтық көрсеткіш. ## Жетістіктері ### Дебрецен * Мажарстан чемпионы: 2004/05, 2005/06, 2006/07 * Мажарстан кубогы: 2005, 2006, 2007 ### ПСВ * Нидерланд чемпионы: 2007/08 * Нидерланд суперкубогы: 2008 ### Динамо (Мәскеу) * Ресей кубогының финалисі: 2012 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі (soccerway.com)
Сәкен Сыбанбай (16 ақпан 1972 жыл, Мақтарал ауданы, Шымкент облысы, Қазақ КСР, КСРО) — қазақ журналисі, жазушысы, аудармашысы. Футбол тақырыбында кітап жазған Сейдахмет Бердіқұлов пен Несіп Жүнісбаевтан кейінгі қазақ прозасы тарихындағы үшінші қаламгер. ## Өмірбаяны 1989-1994 жылдары қазіргі Әбу Нәсір әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетінде білім алды. Еңбек жолын 1992 жылы республикалық «Ғажайып Үндістан» газетінен бастады. 1993-1995 жылдары «Ақ желкен» журналында, 1995-1997 жылдар аралығында «Ана тілі» газетінде жұмыс істеді. 1997 жылдан 2004 жылдың соңына дейін «Жас Алаш» газетінде тілші, спорт бөлімінің меңгерушісі, руханият бөлімінің меңгерушісі, сосын редакция меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2005-2009 жылдар аралығында «Жас қазақ» газеті бас редакторының бірінші орынбасары болып еңбек етті. 2009-2011 жылдар аралығында «Жұлдыздар отбасы» журналы бас редакторының орынбасары қызметін атқарды. 2011 жылдан 2017 жылға дейін «Алматы ақшамы» газетінде жұмыс істеді. 2017-2020 жылдар аралығында «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорында әдеби редактор болып, «Қазақ тіліндегі гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» жобасына қатысты. 2020 жылдың маусым айынан республикалық «Парасат» (бұрынғы «Мәдениет және тұрмыс») журналының бас редакторы. ## Шығармашылығы «Ділдің дерті» (2012 жылы шықты), «Ғаламтордағы махаббат» (2021) кітаптарының авторы. «Мұңлық», «Бақытты адам», «Үміт үйі», «Ғаламтордағы махаббат», «Бір шәугім шай» секілді танымал шығармалары оқырман қауымға жақсы таныс. Әңгімелері түрік, өзбек, қырғыз тілдеріне аударылған. Бірнеше ән мәтіндерінің авторы. Сондай-ақ футболдан әлем чемпионаттарының тарихын баяндайтын «Ала доптың аламаны» (2015) атты кітабы жарық көрген. ## Марапаттары * «Алтын қалам» тәуелсіз әдеби байқауының «Жылдың үздік прозасы» аталымының жеңімпазы (2014 жыл). * «Рахымжан Отарбаевтың мәдени қоры» ұйымдастырған еркін тақырыптағы әңгімелер байқауының жүлдегері (2017). * «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби байқауының жүлдегері (2017). * ҚР «Ақпарат саласының үздігі». * «Жалын» журналы тағайындайтын Ғ.Мүсірепов атындағы сыйлықтың лауреаты. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Фейсбуктегі профилі * Шығармаларын оқу
Ала доптың аламаны — қазақ журналисі, жазушысы Сәкен Сыбанбайдың футбол жайлы кітабы. 2015 жылы «Арна» баспа­сынан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді. ## Сипаттамасы Футбол саласында талай жылдан бері еңбектеніп, футбол тарихын зерттеп жүрген Сәкен Сыбанбайдың айтуынша, кітапта оның 30 жыл бойы жинаған еңбектері түгел қамтылған. Кітапта 1930-2014 жылдар аралығында өткен Футболдан әлем чемпионаттарының статистикаларын, матч нәтижелерін, іріктеу турнирлері жайлы есеп-қисаптарын, қала берді әр чемпионаттың қызықты оқиғаларын, тарихын, футбол жұлдыздары жайлы анықтамаларды түгел таба аласыз. Финалдық турнирлердің бүкіл ойындары ресми хаттамаларымен ұсынылған. Сондай-ақ  әр чемпионаттың үздік футболшылары, жеңімпаздар, бапкерлер мен құрама командалар туралы да салмақты әңгіме өрбиді. Қазақ тіліндегі тұңғыш футбол энциклопедиясы деуге тұрарлық еңбек спортсүйер қауымға, футбол жанкүйерлеріне арналған. ## Cілтемелер * Әлемдік мундиаль тарихы(қолжетпейтін сілтеме) * Журналист Сәкен Сыбанбайдың "Ала доптың аламаны" кітабы жарыққа шықты
Қайрат Құдайбергенұлы Абдрахманов (21 сәуір 1964 жыл, Жаркент, Алматы облысы, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері және бұрынғы Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі. ## Биография 1964 жылы 21 сәуірде Алматы облысы Жаркент қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (ол кезде М.С Киров атындағы Қазақ ұлттық университеті) тарих мамандығы бойынша бітіріп шыққан. * 1987 жыл мен 1991 жылдар аралығында Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде саяси тарих кафедрасында оқытушы қызметінде жұмыс атқарды. * 1991 жыл мен 1993 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аспирантура дәрежесін оқып шыққан. * 1993-1997 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігінің екінші, үшінші дәрежедегі хатшы, бөлім басшысы қызметін атқарды. * 1997 жылы Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігінің Азия мемлекеттерімен байланыс бөлімінің басшысының орынбасары лауазымына тағайындалған. * 1998—1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігінің 3-ші департаментінің директоры лауазымын атқарды. * 1999 және 2001 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігінің вице-министрі қызметін атқарды. * 2001—2003 жылдар аралығында Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігінде елшінің көмекшісі лауазымын атқарды. * 2003 жылы Қазақстан Республикасының Израильдегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. * 2006—2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымын атқарды. * 2007—2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды. * 2008—2011 жылдар аралығында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі лауазымында жұмыс жасады. * 2013 жылы 26 қарашада Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы тұрақты өкілі лауазымын алған. * 2016 жылы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі қызметін атқарған. * 2019—2020 жылдар аралығында Швециядағы Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі лауазымын атқарды. * 2020 жылы 4 желтоқсаннан бастап ЕҚЫҰ-ның кіші ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары қызметін атқаруда. ## Марапаттамалары ## Сыртқы сілтемелер * Мемлекет басшысының жарлығы (20 тамыз, 2007 жыл) Мұрағатталған 16 қаңтардың 2021 жылы. * Мемлекет басшысының жарлығы (24 наурыз, 2011 жыл) Мұрағатталған 16 қаңтардың 2021 жылы. * Мемлекет басшысының жарлығы (26 қараша, 2013 жыл) Мұрағатталған 15 қаңтардың 2021 жылы. * Мемлекет басшысының жарлығы (28 желтоқсан, 2016 жыл) * Астананың дамуына қосқан үлесі үшін мерейтойлық медальі(қолжетпейтін сілтеме)
Жақия қажы мешіті (тат. Жакия хаҗи мәчете) — Көкшетау қаласындағы орналасқан мешіт. ## Мешіттің ашылуы Жақия қажы мешiтiнің құрылысы Көкшетауда шамамен 1903 жылы басталып, 1904 жылы аяқталған. Мешітті Шаяхмет, Баязит деген қала байлары жұртшылық қолдауымен салдырған.Мешіт 1886 жылдың өзінде өз үйінде мектеп ашқан молда Науанбай Таласов атымен аталған. Қазіргі уақытта Жақия қажы есімімен аталады. ## Тарихы Мешіт 1920 жылға дейін қызмет атқарып келді. 1920 жылы мұнарасы құлатылды. Кеңес үкіметі тұсында қойма, мұражай, көрме залы сияқты қызметтерге пайдаланылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 ж.ж.) онда әскери бөлім орналастырылды. Ал 1947 жылдан 1974 жылға дейін Көкшетау облыстық тарихи өлкетану мұражайы, 1975 жылдан республикалық көркем сурет дирекциясының Көкшетаудағы көрме залы қызметін атқарды. 1985 жылы қайта қалпына келтіру жобасы жасалған («Қазқайтажаңарту» институты). 1989 жылы ғимаратқа бастапқы атқарымдық мақсатының қайтарылуымен мұнарасы қалпына келтірілген, мешіт телімі тазаланған., солтүстік-шығыс қасбетінен қызметтік жайлар үшін бірқабатты жапсаржай жасалған. 1989 жылы мұсылман қауымының өтініші бойынша мешіт намазхандарға қайтарылды. 1991 жыл күрделі жөндеуден өтті. ## Сипаттамасы Бір көлеммен біріккен ғибадатханалы және мұнаралы татар мешіттері типінсипаттайды. Қабырғалары қалдықты бөренелерден құралған, жұқа тақтаймен қапталған. Вальма шатыр астындағы батыс қасбетте михраб төртбұрыштарымен және шығыста вальма шатыр астында ауызүйдің төмендетілген көлемімен бойлық діңгек бойымен созылған жоспардағы тіктөртбұрышты көлем. Шатыр үстінде шығыс шетте- шатыр күмбезі астында төртбұрыш үстінде сегізбұрыш екіқабатты мұнара, батыс шетте- алтықырлы жайпақ күбезше. Қасбеттер классика пішіндері және ағаш сәулетшілігі элементтері аралас эклектика кезеңіне тән. Жақ тәрізді терезелердің жақтауларының жоғарғы және төменгі жақтары жапсырма арамен кесілген ою-өрнекпен безендірілген. Баспалдақты карниздер жгут және толқынды тартқышпен безендірілген. Ішінде кіріс бөліктен қалқамен бөлінген залдың батыс қабырғасының ортасында михраб нишасы бар бойлық-діңгектік композиция. ## Сілтеме * http://e-islam.kz/qazaqstan-musylmandary-dini-basqarmasy/item/779-eislam(қолжетпейтін сілтеме)
Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш — Павлодар қаласының кіреберісіндегі ескі мұсылман зиратының алдына орнатылды. ## Тарихы Қазақстанның басқа да аймақтары секілді, Павлодар өлкесі – ХХ ғасырдағы тоталитарлық жүйенің езгісінің кесірін бастан кешірген аймақ. Тоталитарлық жүйеніңқазақ халқына, оның ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылық қалпы мен кәсіптік дәстүрлеріне қарсы бағытталған жаппай отырықшыландыру, ұжымдастыру және өнім қабылдау жоспарлары бойынша саясаты мен іс-шаралары қазақ тарихында бұрын-соңды болмаған аштыққа алып келді. Осы аштықтың кесірінен көп адам қырылып, соңы ұлттық трагедияға ұласты. ХХ ғасырдың 20-30-жылдары Павлодар облысында аштықтан 300 мыңнан аса адам көз жұмған. Павлодар қаласында өткен ғасырдың 30 жылдарында ашаршылықта құрбан болған жандарға арналған ескерткіш 2012 жылғы 31 мамырда ашылды. Бұл зиратта 1932-1933 жылдары ашаршылықтан қаза болғандар жерленген. ## Сипаттамасы Ескерткіште жүдеу әйел мен жылап жатқан бала бейнеленген. Бетон қабырғасы ортасында жартылай қиратылған шаңырақ орналасқан. Бұл қазақ халқының ауыр халың көрсетуде.Ескерткіштің ауданы 22 м, мүсіннің биіктігі шамамен 3 м. ## Дереккөздер
Евгений Александрович Чеберячко (укр. Євген Олександрович Чеберячко; 19 маусым 1983, Киев) — украиналық футболшы, қорғаушы. Украина Ұлттық футбол құрамасы сапында екі кездесу өткізді. ## Жетістіктері ### Командалық * Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының финалисі (1): 2006 * Украина вице-чемпионы (1): 2013/14 * Еуропа Лигасының финалисі: 2014/2015 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі (uaf.ua/player)
Евгений Александрович Чеберячко (укр. Євген Олександрович Чеберячко; 19 маусым 1983, Киев) — украиналық футболшы, қорғаушы. Украина Ұлттық футбол құрамасы сапында екі кездесу өткізді. ## Жетістіктері ### Командалық * Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының финалисі (1): 2006 * Украина вице-чемпионы (1): 2013/14 * Еуропа Лигасының финалисі: 2014/2015 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі (uaf.ua/player)
«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалі (орыс. Медаль «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941—1945 гг.») — 1945 жылы 9 мамырда КСРО Қарулы Күштері Президиумының Жарлығымен құрылған. Медалдың авторлары - суретшілер И. Я. Романов пен И.К. Андрианов. ## Медал ережелері
«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20 жыл» мерейтойлық медал (орыс. Юбилейная медаль «Двадцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941—1945 гг.») — КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1965 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында фашистік Германияны жеңгенінің 20 жылдығына орай құрылған. Медал сызбасының авторлары - суретшілер В. А. Ермаков (аверс) және Ю. А. Лукьянов (реверс) болды. ## Медал ережелері
«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30 жыл» мерейтойлық медал (орыс. Юбилейная медаль «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941—1945 гг.») — КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1975 жылғы 25 сәуірдегі Жарлығымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы фашистік Германияны жеңудің 30 жылдығын еске алу мақсатында құрылған. Медал сызбасының авторлары - суретшілер В. А. Армаков пен В. П. Зайцев болды (екеуі де - аверс), сондай-ақ А. Г. Мирошниченко (реверс). ## Медал ережелері
Қызыл жұлдыз ордені (орыс. Орден Красной Звезды) — КСРО Орталық Атқару Комитеті Президиумының 1930 жылғы 6 сәуірдегі Жарлығымен белгіленді. Орденнің мәртебесі КСРО Орталық Атқару Комитеті Президиумының 1930 жылғы 5 мамырдағы Жарлығымен белгіленді. Кейіннен Қызыл Жұлдыз орденімен марапаттауға байланысты мәселелер КСРО ордендері туралы жалпы ережемен (Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің 1936 жылғы 7 мамырдағы қаулысы), КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 19 маусымдағы, 1946 жылғы 26 ақпандағы қаулыларымен өзгертіліп, нақтыланды. 1947 жылғы 15 қазан және 1947 жылғы 16 желтоқсан. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1980 жылғы 28 наурыздағы жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденінің мәртебесі жаңа редакцияда бекітілді. ## Орден мәртебесі Қызыл Жұлдыз ордені соғыс уақытында да, бейбіт уақытта да КСРО-ны қорғаудағы, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі зор еңбегін марапаттау үшін тағайындалды. Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталғандар: * Кеңес Армиясы, Әскери-теңіз флоты, шекара және ішкі әскерлердің әскери қызметшілері, КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органдарының қызметкерлері, сондай-ақ ішкі істер органдарының қатардағы және командирлері; * әскери бөлімдер, әскери корабльдер, құрамалар мен бірлестіктер, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар. «Қызыл Жұлдыз» орденімен шет мемлекеттердің әскери қызметшілері де марапатталады. Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды: * Ұрыстардағы жеке батылдығы мен батылдығы, кеңес әскерлерінің табысты болуына ықпал еткен әскери қимылдарды тамаша ұйымдастыру және шебер басқарғаны үшін; * Әскери бөлімдер мен құрамалардың, нәтижесінде жауға айтарлықтай зиян келтірген сәтті әскери қимылдары үшін; * КСРО-ның мемлекеттік қауіпсіздігі мен мемлекеттік шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі сіңірген еңбегі үшін; * Өмірге қауіп төндіретін жағдайларда әскери немесе қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен батылдық пен батылдық үшін; * Арнайы командалық тапсырмаларды үлгілі орындағаны және бейбіт уақытта басқа да ерліктері үшін; * Әскерлердің жоғары жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етудегі зор қызметтері, жауынгерлік және саяси дайындықтағы тамаша көрсеткіштері, жаңа әскери техниканы меңгергені және КСРО қорғаныс күшін нығайтудағы басқа да сіңірген еңбегі үшін; * Әскери ғылым мен техниканы дамытудағы, КСРО Қарулы Күштерін даярлаудағы қызметі үшін; * Социалистік қоғамдастық мемлекеттерінің қорғаныс қабілетін нығайтудағы қызметі үшін. 1944 жылдың 4 маусымынан 1957 жылдың 14 қыркүйегіне дейінгі кезеңде Қызыл Армия, Әскери-теңіз флоты, ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарындағы 15 жыл қызметі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды. Ұлы Отан соғысы жылдарында қызмет бабында қаза тапқан барлық әскери қызметшілерді, әскерилендірілген өрт сөндірушілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін Қызыл Жұлдыз орденімен марапаттау дәстүрге айналды. Оған орден мен орден кітапшасы марқұмның туыстарына табыс етілді.
«Жер қойнауын барлаудың үздігі» төсбелгісі – 2011 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы № 1539 қаулысыменбекітілген ## Толығырақ «Жер қойнауын барлаудың үздігі» төсбелгісімен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің және экономиканың басқа да салаларының кемінде 10 жыл жұмыс істеген, жер қойнауын геологиялық зерделеу, Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларының кен орындарын іздестіру және барлау ісіне жеке зор үлес қосқан қызметкерлері және осы ретте қол жеткізілген жоғары өндірістік, ғылыми, экологиялық және техникалық-экономикалық көрсеткіштер үшін марапатталады. ## Құрметті белгінің сипаттамасы «Жер қойнауын барлаудың үздігі» төсбелгісі шағын шығыңқылығы бар металл дискі нысанындағы сары түсті металдан (латуньнан) дайындалады, шеңбердің диаметрі 30 мм, қалыңдығы 2 мм. Дискінің шығыңқы жағында жазулар мен бейне-нышандар салынған: * дискінің тұйық айналасында ені 3 мм болатын алтын жалатылған лента жолағы өтеді, оның үстінде қазақ тілінде көк түсті әріптермен – жоғарғы жартысында – «Қазақстан Республикасы», төменгі жарытысында «Жер қойнауын барлаудың үздігі» деген жазу жазылады. Жазулар ұлттық ою-өрнек элементтерімен бөлінген; * дискінің шеңберінде Қазақстан Республикасы картасының сұмасы (карта жасыл эмальмен қапталған); * карта сұлбасының ортасында екі айқасқан алтын түсті геологиялық балға; * карта сұлбасының жоғарғы бөлігінде алтын түсті айшықты бұрғылау мұнарасы бейнеленген; * шеңбердің жоғарғы бөлігін (бұрғылау мұнарасының жартысы деңгейінде) айшықты сейсмотолқын қиып өтеді. Белгі шеңберінің бос алаңы көгілдір эмальмен құйылған.Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл» мерейтойлық медал (орыс. Юбилейная медаль «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941—1945 гг.») — КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1985 жылы 12 сәуірде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы фашистік Германияны жеңудің 40 жылдығын еске алу мақсатында құрылған. Медал сызбасының авторлары - суретшілер А. Г. Мирошниченко мен В. А. Ермаков. ## Медал ережелері
Қызыл Ту ордені (орыс. Орден Крaсного Знамени) алғашқы кеңестік әскери орден. 1918 жылы 16 қыркүйекте Ресейдегі Азаматтық соғыс кезінде Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті бұйрығымен құрылды. 1930 жылы Ленин ордені құрылғанға дейін Кеңес одағы, Кеңестік Ресейдің ең жоғары наградасы болды. Ұрыс алаңында көрсеткен ерен ерлігі үшін, батылдығы үшін жеке тұлғалар, сондай-ақ әскери бөлiмдер, қалалар, кемелер, саяси және қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік кәсіпорындар марапатталды. Кейінгі жылдары, Ұлы Жеңістің жиырмасыншы және отызыншы жылдығына орай, соғысқа қатыспаған адамдар да марапатталынды. * * * * ## Марапаттау тарихы Қызыл Ту ордені 1918 16 қыркүйекте Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің Жарлығымен Азаматтық соғыс кезінде құрылды. ## Дереккөздер
Мирон Богданович Маркевич (укр. Миро́н Богданович Марке́вич; 1 ақпан 1951, Винники, Львов облысы, Украин КСР, КСРО) — украиналық футболшы, футбол жаттықтырушысы. Украина клубтарын УЕФА Еуропа лигасының финалына алып шыққан жалғыз жаттықтырушы. 2014/15 жылғы маусымда "Днипро" клубының бапкері ретінде аталмыш турирдің финалына шықты. ## Жетістіктері ### Командалық «Карпаты» (Львов): * Украина кубогының финалисі (2): 1992/93, 1998/99 * Украина қола жүлдегері: 1997/98 «Металлист» (Харьков): * Украина чемпионатының күміс жүлдегері: 2012/13 * Украина чемпионатының қола жүлдегері (6): 2006/07, 2007/08, 2008/09, 2009/10, 2010/11, 2011/12 «Днепр» (Днепропетровск): * Еуропа лигасының финалисі: 2015 * Украина чемпионатының қола жүлдегері (2): 2014/15, 2015/16 ### Жеке * УКСР еңбек сіңірге жаттықтырушысы (1977) * Харьков қаласының құрметті азаматы (2012) ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Мирон Маркевич: "Харьковте менің жолым болды"
«Ержүректер креші» әскери үздіктік белгісі (пол. Krzyż Walecznych) — Поляк Республикасының мемлекеттік марапаты. ## Тарихы ### 1920—1939
«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл» мерейтойлық медалі (орыс. Юбилейная медаль «50 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941—1945 гг.») — Ресей Федерациясы, Украина, Қазақстан және Беларустің мемлекеттік марапаты, Ресей Федерациясының 1993 жылғы 7 шілдедегі Заңымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 50 жылдығын еске алуға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 26 қазандағы № 2485-XII қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының мерейтойлық медалі және Беларусь Республикасы Президентінің 1995 жылғы 14 наурыздағы № 102 Жарлығы негізінде Беларусь Республикасының мерейтойлық медалі деп танылды. Медаль 2010 жылдың 7 қыркүйегінен бастап - Ресей Федерациясы Президентінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 1099 «Ресей Федерациясының мемлекеттік марапаттау жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының заңды күшіне енгеннен кейін Ресей Федерациясының қазіргі марапаттау жүйесінде жоқ. ## Медал туралы ереже Медалмен марапатталады: * Ұлы Отан соғысы майдандарындағы ұрыс қимылдарына КСРО Қарулы Күштері қатарында қатысқан әскери қызметшілер мен өз еркімен жалданғандар құрамы тұлғалары, Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО-ның уақытша басып алынған аумақтарында әрекет еткен партизандар мен астыртын ұйымдардың мүшелері, әскери Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО Қарулы Күштерінде қызмет еткен әскери қызметшілер мен өз еркімен жалданғандар құрамы тұлғалары, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медалдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалінің куәлігі немесе соғысқа қатысушы куәлігі бар адамдар; * Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жанқиярлық еңбегі үшін КСРО ордендерімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбектегі ерекшелігі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Одессаны қорғағаны үшін», «Севастопольді қорғағаны үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін», «Киевті қорғағаны үшін», «Кавказды қорғағаны үшін», «Кеңес Арктикасын қорғағаны үшін» медалдарымен марапатталған тыл еңбеккерлері, сондай-ақ «Блокадалық Ленинград тұрғыны» белгісі бар немесе «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» медалінің куәлігі тұлғалар; * жау уақытша басып алған аумақтардағы жұмыс уақытын қоспағанда, 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңде кемінде алты ай жұмыс істеген адамдар; * Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары. ## Медалдің сипаттамасы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл» мерекелік медалі дөңгелек, диаметрі 32 мм, томбактан жасалған. Медальдың алдыңғы жағында Спасск мұнарасынан қарағандағы Кремль қабырғасы, Покрова на Рву соборы және мерекелік отшашу бейнелері бар. Медальдың төменгі жағында Отан соғысы орденінің суреті және «1945-1995» сандары, айналасы лавр бұтақтары бар. Медалдың арт жағында ортасында «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл» деген жазу бар. Төменде айналасын бойлай лавр жартылай гүлшоғы бар. Медалдың шеттері жиекпен көмкерілген. Медалдағы барлық жазулар мен бейнелер дөңес келеді. Медал ені 24 мм болатын қызыл жібек қатқыл таспасымен қапталған бесбұрышты тағанға құлақша және шығыңқы жалғанған. Таспаның сол жақ шетінде бес жолақ бар: үшеуі қара және екеуі тоқсары. Жолақ ені 2 мм. Шеткі қара жолақтар ені 1 мм болатын тоқсары жолақтармен көмкерілген. ## Галерея * * ## Сыртқы сілтемелер * Закон Российской Федерации от 7 июля 1993 г. № 5336-I «Об учреждении юбилейной медали „50 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941—1945 гг.“» // Российская газета. — 10 августа 1993. * Юбилейная медаль «50 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941—1945 гг.». Государственные награды Республики Беларусь. Басты дереккөзінен мұрағатталған 3 қаңтар 2011.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 12 желтоқсан 2009. * Указ президента України № 339/95. Про нагородження ювілейною медаллю «50 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941—1945 гг.» (укр.) * Указ президента України № 266/95. Про порядок вручення ювілейної медалі «50 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941—1945 гг.» (укр.) * Решение о Положении о юбилейной медали «50 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941–1945 гг.», её описании и порядке финансирования расходов на её изготовление (принято на заседании Совета глав государств СНГ 24 декабря 1993 года в Ашхабаде). ## Дереккөздер
Ақмал Анварұлы Бақтияров (2 маусым 1998, Талғар, Алматы облысы, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, "Ордабасы" клубының жартылай қорғаушысы. ## Карьерасы Талғар жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. 2012 жылы "Қайрат" академиясына қабылданып, "Қайрат Жастар", "Қайрат-Академия" клубтарында шеберлігін жетілдірді. 2017 жылы "Қайраттың" негізгі құрамына ілікті, бірақ ұлттық чемпионатта алаңға шыға алмады. Тек 2018 жылы сәуір айында "Оқжетпеске" қарсы Қазақстан кубогында клуб намысын қорғады. Ширек финалда "Ертіс" қақпасына бір гол соқты. Жалпы кубокте төрт кездесуде алаңға шықты. 2018 жылы қыркүйекте клуб жетекшілерімен кикілжіңге келіп, ортадағы келісім шарт жоққа шығарылды да, Арменияның "Арцах" клубына ауысты. 2019 жылдың басында Ресей бірінші лигасында ойнайтын "Сочи" футболшысы атанды. ## Жетістіктері «Қайрат» * Қазақстан кубогы: 2018 «Сочи» * Ресей бірінші лигасының күміс жүлдегері; 2019/20 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Ғаяз Ысқақи (22 ақпан 1878; Яуширма ауылы — 22 шілде 1954, Анкара) — қоғам қайраткері, татар публицисті. XX ғасырдың I-жартысы аяғында татар, жалпы алғанда, түркі халықтарының болашағы үшін дәйекті күрес жүргізген, оны өмірінің ең үлкен мақсатына айналдырған ұлт ұлдарының ең көрнектісі. ## Өмірбаяны 1897 жылы Қазанда медресе бітірді. 1903 жылы Ресей империясындағы мұсылман халықтарының ауыр тағдырына арналған “200 жылдан соңғы апат” деген еңбегін жариялады. 1905 жылы Қазан қаласындағы қазақ, татар, башқұрт жастарын біріктірген “Хуррият” (“Бостандық”) ұйымын құруға жетекшілік етті. “Тан иолдызы” (“Таң жұлдызы”) газетін шығарды. 1-орыс революциясы жылдары өткен Бүкілресейлік мұсылман съездеріне қатысты. 1906 жылы Архангельскіге жер аударылды. 1908 жылы айдаудан қашып құтылып, Түркияға өтіп кетті. 1913 жылы Ресейге оралып “Ил” (“Ел”), “Сюз” (“Сөз”) газеттерін шығарды. 1916 жылы Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясының бюросы құрамына сайланып, онда Ә. Бөкейхановпен және М. Шоқаймен тығыз қарым-қатынаста қызмет етті. 1917 жылы мамырда Мәскеуде өткен Ресей мұсылмандары съезінде Бүкілресейлік мұсылман кеңесіне мүше болып сайланды. Ж.Досмұхамедов, У.Танашев, Ж.Ақпаевтармен бірге бұл ұйымның атқару комитеті құрамына кірді. 1917 жылы қарашада Қазан, Үфі, Орынбор губ-ларының террриториясын қамтыған Еділ — Орал автономиясын құруға қатысып, оның сыртқы істер жөніндегі департаментін басқарды. ### Эмиграцияда Эмиграцияда Ғаяз Ысқақи негізінен саяси жұмыстармен айналысқан, бірақ өзінің әдеби қызметін де тоқтатқан жоқ. Қуғын-сүргін кезінде жазылған ең танымал туындылары - «Екі оттың арасы» мен «Толқындарда» драмалары, «Үйге барар жолда», «Күз», «Ұлы мереке» романдары мен әңгімелері және «Жан Байвич» комедиясы. Бұл жұмыстарда басты арқауы - патша үкіметінің татар халқына жасаған езгісі, татарлардың езілген мемлекеті және олардың Ресейдегі қайғылы тағдыры. Большевиктер Ғаяз Исхакидің қоғамдық-саяси және әдеби қызметін жасырды, ал Кеңес заманында оның аты татарлардың басым көпшілігіне белгісіз болды. 1928 жылы Берлинде «Милли юл» (Ұлттық жол) журналын шығара бастады. Бұл журнал өте бай материалдарға сүйене отырып, Татар және Башқұрт республикаларында большевиктердің саясатын талдады. 1934-1938 жылдары Ғаяз Ысқақи Манчжурия, Корея, Жапония, Арабия түбегі және Финляндияны аралады. Бұл елдерде ол татар эмигранттарын ұйымдастырумен айналысқан. Татар эмигранттарының едәуір бөлігі өмір сүрген Қиыр Шығыста болған кезінде Ысқақи «Милли байрак» (Ұлт байрағы) газетінің шығуын ұйымдастырды. Сол кезде Қиыр Шығыста шақырылған Ұлттық Құрылтай Ғаяз Ысқақты Ұлттық Кеңестің төрағасы етіп сайлады. Мүкден қаласында 1935 жылы ақпанда оның бастамасымен Мүкден конгресі шақырылды. Польшаға сапары кезінде Ғаяз Ысқақи «Прометей» Варшава ұйымының қызметіне белсене қатысты, оның «Сіздердің және біздің бостандығымыз үшін!» деген ұраны әйгілі болды. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін Прометей бірқатар халықтардың большевиктерге қарсы азаттық қозғалысының негізгі орталығы болды. Өзара шабуыл жасамау туралы кеңес-герман пактісі, сонымен қатар Польшаны кейін бөлшектеу Ысқақидың саяси қызметін уақытша тоқтатты. «Прометей» ұйымының мүшелері Варшавадан кетуге мәжбүр болды. Берлиндегі «Милли Юл» журналы 1939 жылы қыркүйекте Германия үкіметінің бұйрығымен жабылды. ### Түркияда Кейінірек Ғаяз Ысқақи Түркияға қоныс аударып, өзінің саяси және әдеби қызметін жалғастырды. Елу жылдық саяси, публицистикалық және әдеби қызмет барысында Ғаяз оннан астам татар газет-журналдарын шығаруға бастама көтерді және елуге жуық әдеби-публицистикалық шығармалар жазды, олар әлі күнге дейін өз маңызын жоғалтпаған. Ғаяз Ысқақи 1954 жылы Анкара қаласында дүниеден өтті. Оның денесін Ыстанбұлда жерледі. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том
Қосөзен — Алматы облысы Іле ауданы, Қараой ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Өтеген батыр ауылынан солтүстік-батысқа қарай 24 км, округ орталығы – Қараой ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 6 км жерде. Ауылдың батыс жағынан Қаскелең өзені ағып өтеді. ## Халқы ## Тарихы Іргесі шошқа өсіретін кеңшардың (1954 – 97) бөлімшесі ретінде қаланған. Оның негізінде Қосөзенде 1997 жылы бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Мүкден конгресі (Түркі татарларының I Қиыр Шығыс съезі) — белгілі татар қоғам қайраткері Г. Ысқақтың бастамасымен 1935 жылы 14 ақпанда Мүкден (Қытай) Қиыр Шығыста (Қытай, Корея, Жапония, Маньчжу-Го) тұратын татар эмигранттары өкілдерінің кездесуі. Съезге аймақтың татар көршілерінен 41 делегат, 100-ден астам Еділ-Орал комитеттерінің мүшелері, Маньчжурия мен Жапонияның ресми өкілдері қатысады. Конгрестің басты мақсаты жергілікті татарлардың саяси, діни және мәдени ұйымдарын біріктіру болды.Конгресс Ресейдегі коммунистік өзгерістерге, сонымен қатар, ақ гвардияшылдардың эмиграция өкілдері өткізген Ресейдің қалпына келтіруін теріс бағалайды. Ресей аумағында татарлардың территориялық және мемлекеттік тәуелсіздігін (Орал-Еділ штаты) алуы сілтеме ретінде алынады. Жұртшылық өкілдері конгресстің қарарларына әр түрлі көзқараспен қарайды. Кеңес азаматтары мен ақ гвардия эмиграциясының өкілдері оппозиция мен дұшпандықты қарастырса, татарлардың көпшілігі бейтараптықты сақтайды. «Украинский вестник» газетінің беттерінде Г. Ысқақтың идеяларын насихаттайтын тек украиналық қоғамдастық конгрестің шешімдерін қолдайды. Г. Ысқақ татар эмигранттарының арасында КСРО-ға дұшпандық тудыра алмайды, ал Жапония мен Манчжоу-Го ресми өкілдері бұл идеяны қолдаудан бас тартады. Конгресте Қиыр Шығыстағы түркі-татар мұсылмандарының Еділ-Орал ұлттық-діни комитеті ұйымдастырылды 30-жылдары Еуропаға, АҚШ-қа және Австралияға татар эмиграциясының күшейгеніне қарамастан, 1935-1945 жылдар аралығында Қиыр Шығыста комитет татарлардың мәдени және діни қажеттіліктерін қанағаттандырды, әрі татар қандастарының кітапханаларын, баспаларын және мектептерін басқарды. «Милли Байрак» (Ұлт байрағы) газеті мен «Шакирдләр таңы» (Шәкірттер таңы) журналы аймақтағы татар диаспорасының дамуына зор үлес қосады. 1937 жылы Харбинде мешіт, 1938 жылы қарттар мен мүгедектерге арналған зейнет үйі, 1940 жылы жетім балалар мен жағдайы төмен ата-аналардың балаларына арналған мектеп-интернаттың ашылуы комитеттің маңызды жетістіктері болды. Еділ-Орал комитетінің қызметі 1945 жылы квантон армиясы талқандалған кезде және Жапония капитуляциясынан соң тоқтатылды, оның басшыларының көпшілігі кеңестік қарсы барлауы тарапынан тұтқындалды. Қазақ-Башқұрт Кеңес Республикасы ## Әдебиет * Татарский энциклопедический словарь. — Казань: Институт Татарской энциклопедии АН РТ, 1998. * Гайнетдинов Р. Б. Тюрко-татарская политическая эмиграция: начало XX века — 30-е годы. — Наб. Челны, Камский издательский дом, 1997. * «… Политический акт представителей многомиллионного мусульманского мира…» «Гасырлар авазы — Эхо веков» № 1/2 1999 ## Сілтеме * "Қазіргі мемлекет - Қиыр Шығыстағы түркі-татар ұлттық қозғалысы" (1935) т.ғ.к. Рүстем Ғайнетдинов ## Дереккөздер
Орталық зират — көрнекті қоғам қайраткерлері мен танымал тұлғалар жерленген жер. ## Сипаттамасы Орталық зираттағы алғашқы жерлеу Алматы 20 ғасырдың аяғында пайда болды.Орталық зират бұрынғы Иверско-Серафим қыздар монастырінің орнында пайда болды. Қазіргі уақытта Орталық зират Алматы қаласының орталығындағы Райымбек (бұрынғы Ташкент) көшесінің бойында орналасқан. ## Жерленген тұлғалар Орталық зиратта Ұлы Отан соғысы майдангерлері, соғыстың түрлі зардаптарынан және госпитальда қайтыс болған жауынгерлер мен тыл ардагерлері, сондай-ақ әйгілі әнші Күләш Жасынқызы Бәйсейітова, қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері Мұқан Төлебаев, қазақтың ұлы жазушысы, ғұлама ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезов, минералогия ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, ақын, әнші-композитор, домбырашы Иса Байзақов, қазақтың әйгілі актері, режиссер, КСРО Халық әртісі Шәкен Кенжетайұлы Айманов, актер, қазақ ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, КСРО Халық әртісі Қалыбек Қуанышбаев, мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабай Шаяхметов, қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер Ахмет Қуанұлы Жұбанов, революционер Әліби Жанкелдин, әйгілі әнші Әміре Қашаубаев, атақты күйші Дина Нұрпейісова және басқа да Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет және қоғам қайраткерлері жерленген. ## Дереккөздер
Ислам Саидкамалович Тухтаходжаев (өзб. Islom Saidkamolovich To'xtaxo'jayev; 30 қазан 1989 жыл; Кува, Фергана облысы, Өзбек КСР) — өзбекстандық футболшы, Қытайдың "Шэньян Урбан" клубының қорғаушысы. 2015, 2019 жылдары Азия кубогына қатысты. ## Жетістіктері ### «Локомотив» * Өзбекстан чемпионы: 2013, 2014 * Өзбекстан кубогы: 2014 * Өзбекстан суперкубогы: 2013 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ғootballdatabase.eu сайтындағы профилі
Ислам Саидкамалович Тухтаходжаев (өзб. Islom Saidkamolovich To'xtaxo'jayev; 30 қазан 1989 жыл; Кува, Фергана облысы, Өзбек КСР) — өзбекстандық футболшы, Қытайдың "Шэньян Урбан" клубының қорғаушысы. 2015, 2019 жылдары Азия кубогына қатысты. ## Жетістіктері ### «Локомотив» * Өзбекстан чемпионы: 2013, 2014 * Өзбекстан кубогы: 2014 * Өзбекстан суперкубогы: 2013 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ғootballdatabase.eu сайтындағы профилі
Әбу Әбдірахман Мұса ибн Нұсайыр әл-Лахми немесе Мұса ибн Нұсайыр (араб.: موسى بن نصير‎;640—716) — Араб халифаты мемлекеттік қайраткері, қолбасшы, Мағриб пен Андалусияның жаулаушысы. ## Өмірбаяны ### Шығу тегі және мансабының басы Оның толық аты: Әбу Әбдірахман Мұса ибн Нұсайыр ибн Әбдірахман ибн Зайд әл-Лахми әл-Бакри. Мысыр губернаторына жақын бостандықта болған адамның баласы, Әбд әл-Азиз ибн Маруан (халифа Маруан І-нің ұлы), ол да Мұса ибн Нұсайырды өз қамқорлығына алған. Әбд әл-Азиздің қамқорлығымен халифа Әбд әл-Мәлік Мұса ибн Нұсайырды Басрадағы харадж жинағының басқарушысы етіп тағайындады. Басрадан салық түсімдердің жетіспеушілігін анықтау нәтижесінде Мұса жымқырды деп айыпталып, үлкен айыппұл төлеуге үкім шығарылды. Әбд әл-Азиз айыппұл төлеу арқылы Мұсаға көмектесті, содан кейін Мұса ибн Нұсайырды Ифрикия шет аймағының наменгері етіп тағайындауға ықпал етті. ### Ифрикия наменгері Мұса ибн Нұсайыр 705 (немесе 703) жыл шамасында Хасан ибн әл-Нұманның орнына наменгер болып тағайындалды. Мұса Мысыр билеушілерінен тәуелсіз Ифрикияның алғашқы тәуелсіз наменгері атанды. Оның басты мақсаты - Ифрикия мен Мағрибтің бербер тайпаларын түпкілікті жаулап алу және жаулап алынған жерлерде халиф билігін нығайту. Мұса ибн Нұсайыр 706-709 жылдары Мағрибтің бербер тайпаларына қарсы жорықтар жасап, олардың көпшілігін араб билігіне бағындырды. Оның әскері батыста Атлант мұхитына, Тафилалет пен Сижилмаса шұраттарына жетті, Танжер мен Сусты басып алды. Бірақ Сеута түбінде арабтар сәтсіздікке ұшырады, қала вестгот патшасына немесе Византия императорына бағынышты болған наменгер Юлианның қол астында қалды. Арабтар үстемдік еткен территория қазіргі Тунис, Алжирдің солтүстігі мен Марокконың көп бөлігін қамти бастады. Мұса өзінен бұрынғыдан айырмашылығы бербер тайпаларына қатысты дипломатиялық саясат жүргізіп, олардың көсемдерімен келіссөздер жүргізді. Бірақ діни тұрғыдан алғанда Мұса қаттылық танытып, берберлер арасында ислам дінінің таралуына ұмтылды. Көптеген берберлер исламды қабылдап, мұсылман әскеріне қосылды. Батыс Жерорта теңізінде үстемдік құрған Византия флотына қарсы тұру маңызды мәселе болып қала берді. Бұл үшін Мұса өзінің араб флотын құра бастады. ### Испанияны жаулап алу 710 жылы Мұса ибн Нұсайыр Пиреней түбегіне басып кіруге әрекет жасай бастады. Онда орналасқан уестготтар патшалығы ішкі қайшылықтардан әлсіреп, ақсүйектердің бір бөлігі Родерихке қарсы болды. 710 жылдың жазында Тариф ибн Маллүктің шағын араб жасағы уестготтар жеріне шабуыл жасады. Мұса ибн Нұсайыр Родерихтің қарсыласы болған Сеутаның билеушісі Юлианмен келісім жасасып, олар уестготтарға қарсы бірлескен іс-қимылдар туралы уағдаласты. 711 жылдың көктемінде Мұса берберлік қолбасшы Тарық ибн Зиядтың басшылығымен Испанияға шағын жасағын жіберді. Ол Гуадалете түбіндегі шайқаста уестготтарды жеңіп, елге тереңдей ене жылжып, Кордоба, Малага, Толедо және басқа қалаларды басып алды. 712 жылы маусымда Мұсаның өзі үлкен жетістікке жеткен Тарық ибн Зиядтың шамадан тыс күшеюі мен еркіндігінен қорқып, Испанияға қарсы жорыққа шықты. Ол өзінің ұлы Абдаллах ибн Мұсаны Ифрикияда наменгер ретінде қалдырды. Мұсаның әскері (18 мың адам) 3 ай бойы мұсылмандардың шабуылын тойтарып отырған Севильяны қоршауға алды. Содан кейін Мұсаның әскері Лузитанияны басып алу үшін солтүстік-батысқа қарай жылжыды және оның астанасы Мериданы қоршауға алды. Мұнда мұсылмандар қатал қарсылыққа тап болып, 5 айлық қоршаудан кейін айлакерліктің көмегімен қаланы басып алды. Содан кейін Мұса Лузитания қалаларын жаулап алу үшін қалды, оның ұлы Абд әл-Азиз бастаған әскердің бір бөлігін Севильядағы көтерілістерді басуға және Испанияның оңтүстігіндегі Мурсия герцогы Теодемир басқарған мұсылмандарға қарсы қарсылыты тыныштандыруға жіберді. Мұса бірқатар қалаларды басып алғаннан кейін Толедоға барып, Тарық ибн Зиядпен кездесті. Олар бірге елдің солтүстік бөлігін жаулап алуды жалғастырды. Солтүстік-шығыста мұсылмандарға вестготтар жариялаған Агила II қарсы тұрды. Мұса сонда барып, Сарагосаны ұрыссыз басып алды. Вестготтар Септиманияда тұрақтап қалуға тырысты. Әрі қарай, араб әскері баскілер мен галисиялықтардың жерлеріне барып, Наварраны жаулап алды, бірақ солтүстік-шығыста айтарлықтай жетістіктерге жете алмады. ### Қуғын мен дүниеден өтуі Осы кезде халифа I әл-Уәлид бірнеше рет Мұса ибн Нұсайырдан Дамаскке жеке өзі Испанияның жаулап алу барысы туралы есеп беру үшін келуін талап етті. Бірақ Мұса халифаның бұйрықтарын орындамады, бұл оның наразылығын тудырды. 714 жылы қыркүйекте Мұса ибн Нұсайыр мен Тарық ибн Зияд вестгот патшаларының қазынасын иемденіп, Ифрикияға, одан Дамаскке бет алды. Мұса ұлын Әбд әл-Азизді Испанияда наменгер етіп қалдырды. Осы уақытта халифа әл-Уәлид ауырып, 715 жылдың басында қайтыс болды, ал билік оның бауыры Сүлейменге өтті, ол Мұса ибн Нұсайырды жақтырмады. Жаңа халифа Мұсаның Дамаскке испан трофейлер керуенімен кіруіне тыйым салды, бірақ Мұса оған бағынбады. Содан кейін халифа әкелінген мүліктің барлығын тәркілеп, Мұсаның шенін төмендетіп, қудалады. Мұса халиф сарайында қалып, көп ұзамай қажылық кезінде қайтыс болды. Родерихтың жесірі Эгилонға үйленген Мұсаның ұлы Әбд әл-Азиз Андалусияда ұзақ уақыт билік жүргізбеді, оны 716 жылы айналасындағылар өлтірді. Мұсаның тағы бір ұлы, Ифрикияның наменгері Абдалла халифтың бұйрығымен шамамен 715 жылы өлім жазасына кесілді. ## Әдебиет * Мюллер А. Ислам тарихы: Мұсылмандық Парсыдан мұсылмандық Испанияның құлауына дейін — Мәскеу: ООО «Издательство Астрель»: ООО «Издательство АСТ», 2004. — 894 б. — ISBN 5-17-022031-6. * Альтамира-и-Кревеа Р. Ортағасырлық Испания тарихы — СПб.: Евразия, 2003. — 608 б. — ISBN 58071-1028-6.
Сардор Ихтиёрович Рашидов (өзб. Sardor Ixtiyorovich Rashidov; 14 маусым 1991(19910614), Жызақ, Өзбек КСР, КСРО) — өзбекстандық футболшы, Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Пахтакор" клубының шабуылшысы. ## Карьерасы ### Клубтық Жызақ футболының түлегі. 2007 жылы "Курувчи" (қазіргі "Бунедкор") клубына қабылданды. "Бунедкор" сапында жеті маусым ойнап, Өзбекстан чемпионатында 22 голдың авторы атанды. 2015 жылы шілдеде Катардың "Әл-Жайш" клубына ауысты. Жаңа клубы сапында негізгі құрамға тез орнықты. 2017 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің "Әл-Жазира" клубымен келісім шарт жасасты. 2018 жылы Өзбекстанға оралып, "Локомотив" футболшысы атанды. 2019 жылдың басында Португалияның "Насьонал Фуншал" клубына ауысты. Сол жылы жазда катарлық тағы бір клуб "Катар СК" клубымен келісім шарт жасасты. ### Құрама 2013 жылы 31 қазанда Өзбекстан құрамасы сапындағы тұңғыш ойынын өткізді. 2015 жылғы Азия кубогына қатысып, Сауд Арабиясы қақпасына екі гол соқты. 2019 жылғы Азия кубогына да қатысты. ## Жетістіктері ### Командалық Бунёдкор * Өзбекстан чемпионы (3): 2010, 2011, 2013 * Өзбекстан чемпионатының күміс жүлдегері (2): 2007, 2012 * Өзбекстан кубогы (3): 2010, 2012, 2013 * Өзбекстан кубогының финалисі: 2014 * Өзбекстан суперкубогы: 2014 * АФК чемпиондар лигасының жартылай финалисі: 2012 Локомотив * Өзбекстан чемпионы (1): 2018 ### Жеке * Өзбекстандағы жыл футболшысы (№ 2): 2015 ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Бегенчмухаммед Нурягдыевич Кулиев (түрікм. Begençmuhammet Nurýagdyýewiç Kuliýew; 4 сәуір 1977 жыл) — түрікменстандық футболшы, жартылай қорғаушы. Қазақстан, Түрікменстан, Ресей, Иран чемпионаттарында ойнаған. Түрікменстан Ұлттық футбол құрамасы сапында 2004 жылы Азия кубогына қаттысқан. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ғootballfacts.ru сайтындағы профилі
Владимир Караджаевич Байрамов (түрікм. Wladimir Karajaýýewiç Baýramow; 2 тамыз 1980, Ашхабад, Түрікмен КСР, КСРО) — түрікменстандық футболшы, шабуылшы. 2004 жылы Азия кубогына қатысты. ## Карьерасы Карьерасын 1997 жылы "Копетдаг" сапында бастады. Бір жылдан соң Түрікменстан чемпионы атанды. 1999 жылы Астананың "Жеңіс" клубына ауысты. 2000 жылы қазақстандық тағы ббір клуб — "Аксес-Голден Грейнде" ойнады. Одан кейінгі маусымдарды Ресейдің түрлі клубтарында өткіздіп, Қазақстанға 2009 жылы ғана оралды. 2009 жылы "Химкиден" "Тобылға" жалға берілді. 2009 жылғы маусымда 20 гол соғып, Қазақстан чемпионатының үздік мергені атанды. 2011 жылы "Химкиден" "Қайратқа" ауысты. 2012 жылы "Ахал" футболшысы атанды. 2013 жылы"Балкан" клубында ойнап карьерасын аяқтады. ## Жетістіктері * Түрікменстан чемпионы: 1998 * Түрікменстан кубогы: 1997, 1999 * Қазақстан кубогының финалисі: 1999/00 * Қазақстан вице-чемпионы: 2000 * Ресей кубогы: 2003/04 * АФК перзиденті кубогы: 2013 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі (National-football-teams.com)
Уәли — бұл ислам елдерін басқарудағы аймақтың немесе ел бөлінген басқа әкімшілік бірліктің наменгері лауазымына сәйкес келетін қызмет. Бұл ұстаным VII ғасырдан бастап, исламдық мемлекеттік аппараттың қалыптасуының басынан бастап белгілі болды. Уәлилер жаңадан жаулап алынған жерлердегі халифалардың әкімдері болған және оларды тікелей тағайындаған. Кейіннен орталық үкіметтің әлсіреуіне байланысты уәли айтарлықтай автономия алды және олардың кейбіреулері тәуелсіз мұсылман әулеттерінің негізін қалаушылар болды. Соңғы орта ғасырларда және жаңа дәуірде уәлилер Осман империясы аймақтарының наменгерлері (губернаторлары), ал өңірлердің өзі уәлаят деп аталды. Мысырда Мұхаммед Әли және оның мұрагерлері хедив атағын қабылдамас бұрын 1805-1866 жылдары уәли атағын қолданды. Қазіргі уақытта аймақ әкімі атағы ретінде уәли термині бірқатар исламдық елдерде қолданылады, соның ішінде Ауғанстан, Алжир, Марокко, Оман, Тунис, Түркия және Түрікменстан. ## Әдебиет * Альтамира-и-Кревеа Р. Ортағасырлық Испания тарихы — СПб.: Евразия, 2003. — Б. 128—129. — ISBN 58071-0128-6.
Назар Караджаевич Байрамов (түрікм. Nazar Baýramow; 4 қыркүйек 1982 жыл) — түрікменстандық футболшы, жартылай қорғаушы. ## Карьерасы Түрікменстан Ұлттық футбол құрамасы сапында 2004 жылы Азия кубогына қатысты. Түрікменстан, Қазақстан, Ресей, Украина, Әзірбайжан клубтарында доп тепті. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * National-football-teams.com сайтындағы профилі
Тастан Башпанов (1884 - 1972) — Гурьев облысы Новобогат ауданы Карл Маркс атындағы колхозының жылқы шаруашылығының меңгерушісі. Социалистік Еңбек Ері (1948). Еңбек жолын Айбас аудандағы “Карл Маркс” атындағы ұжымшарда жылқышы болып бастап, ұйымдастыру шеберлігімен танылған. Кейіннен бөлім меңгерушісі болып, Отанына адал қызмет етті. ## Марапаттары мен атақтары 1945 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығымен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы және мал шаруашылығын дамытудағы ерен еңбегі үшін Социалистік еңбек ері атағына ие болып, Ленин орденімен және "Орақ пен Балға" алтын медалімен марапатталды. Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 7 желтоқсандағы шешімімен Тұщықұдық ауылындағы көшеге "Айтан Исмағұлов" есімі берілді". ## Дереккөздер
Тастан Башпанов (1884 - 1972) — Гурьев облысы Новобогат ауданы Молотов атындағы колхозының жылқы шаруашылығының меңгерушісі. Социалистік Еңбек Ері (1948). Еңбек жолын балық аулау кәсіпшілігінде бастап, Қазан революциясы кезінде қара жұмысшы, кейіннен мал шаруашылығы саласындағы серіктестіктердің мүшесі, Чапаев атындағы кеңшардың жылқышысы. 1930-1957. Гурьев облысы Новобогат ауданы Молотов атындағы колхозының жылқы шаруашылығы фермасының меңгерушісі. Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 7 желтоқсандағы шешімімен Тұщықұдық ауылындағы көшеге "Тастан Башпанов" есімі берілді". ## Марапаттары мен атақтары * КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығымен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы және мал шаруашылығын дамытудағы ерен еңбегі үшін Социалистік еңбек ері атағы, * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі ## Дереккөздер
Мұқиден Ғалиев (1884 - 1972) — Гурьев облысы Новобогат ауданы Карл Маркс атындағы колхоздың төрағасы. Социалистік Еңбек Ері (1948). 1929-1931. “Қызыл балық” ұжымшарының мүшесі. 1932-1942. “Жана таң” серіктестігінің бригадирі, төрағасы. 1942-1957. Тұщықұдық ауылдық кеңесі “Карл Маркс”, Забурын ауылдық кеңесі “Қара Батыр” және Орпа ауылдық кеңесі “Ворошилов” ұжымшарларының басшысы. 1957-1964. “Новобогат” кеңшарының ферма басқарушысы. ## Марапаттары мен атақтары КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығымен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы және мал шаруашылығын дамытудағы ерен еңбегі үшін Социалистік еңбек ері атағына ие болып, Ленин орденімен және "Орақ пен Балға" алтын медалімен марапатталды. Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 7 желтоқсандағы шешімімен Тұщықұдық ауылындағы көшеге "Мұқиден Ғалиев" есімі берілді". ## Дереккөздер
Қапизолла Кәрімов (1928 - 1985) — Гурьев облысы Новобогат ауданы Чкалов атындағы колхозының аға табыншысы. Социалистік Еңбек Ері (1948). Гурьев ауыл шаруашылығы техникумын сырттай бітірген. Еңбек жолын Чкалов атындағы ұжымшарда жылқышы болып бастап, құлын алудың шебері атанды. Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға сәйгүліктер дайындаған үшін мемлекеттің ең жоғарғы марапатына ие болды. Кейіннен Чапаев атындағы кеңшардың ферма басқарушысы, қойма меңгерушісі қызметтерің атқарды. ## Марапаттары мен атақтары КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығымен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы және мал шаруашылығын дамытудағы ерен еңбегі үшін Социалистік еңбек ері атағына ие болып, Ленин орденімен және "Орақ пен Балға" алтын медалімен марапатталды. Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 7 желтоқсандағы шешімімен Тұщықұдық ауылындағы көшеге "Қапизолла Кәрімов" есімі берілді". ## Дереккөздер