text
stringlengths 3
252k
|
---|
Сора немесе каннабис (лат. Cannabіs) – сора тұқымдасына жататын бір жылдық талшықты өсімдік. Сораның шыққан жері – Орталық Азия.
Оны б.з.б. 1-мыңжылдықта қолдан өсіре бастаған. Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Негізінен, далалық алқаптар мен оңт. облыстардың таулы аймақтарында өсетін: екпе сорасы (C.satіva) және арамшөп сора немесе қарасораң (C. ruderalіs) бар. Олардың биікт. 50 – 150 см. сабағы жұмыр, жұмсақ, түкті. Жуандығы 8 – 30 мм. Жапырағы 3 – 7-ден бөлінген, ланцет тәрізді, жиегі араның тісі сияқты иректелген. Гүлдері қос жынысты, масақ гүлшоғырына топталған. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – бір тұқымды жаңғақша. Сораның талшығы мата, кенеп тоқуға, әр түрлі арқан, жіп есуге пайдаланылады. Дәнінен тағамдық, тех. май алынады, күнжарасы – құнды мал азығы. Сораны кейде әсемдік үшін де өсіреді. Тропиктік және субтропиктік аймақтарда өсетін үнді сорасынан гашиш (марихуана) алынады; қ. Есірткі дақылдары.
## Дереккөздер: |
Ақшатау кенттік әкімдігі – Қарағанды облысы Шет ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ақшатау кенті кіреді.
## Дереккөздер |
«Құс қорабы» (ағылш. Bird Box) — 2018 жылғы америкалық постапокалиптикалық хоррор фильм, режиссері Сюзанна Бир. Сценарий Эрик Хайссерермен жазылған. Фильм 2014 жылы Джош Малерманмен жарық көрген бір аттас романға негізделген. Фильм Сандра Буллок ойнаған әйел туралы. Ол әйел өзін және екі баласын тылсым күшті құбыжықтарды көргеннен кейін естері ауысып, өз-өздерін өлтіретін адамдардан қорғауға тырысады.
Фильмнің әлемдік тұсаукесері 12 қараша 2018 жылы Америкалық Фильм Институты фестивалінде өтті, ал 14 желтоқсан 2018 жылы фильм АҚШ-та шектеулі прокатқа шықты. Ал 21 желтоқсан 2018 жылдан бастап фильм әлем бойынша Netflix арқылы көрсетілді.
## Сюжет
Бес жыл бұрын әлемде хаос басталды: адамдар бір нәрсені көрген соң өз-өздеріне қол жұмсайды. Бұл хаос ең бірінші Румынияда, одан кейін Ресейде, одан кейін Еуропа елдерінде бірінші басталған. Бес жыл бұрын Мэлоридің аяғы ауыр еді, бұл әлемдік хаос Мэлори әпкесімен бірге ауруханаға тексеріске барғанда басталды. Тексерістен шыққан соң, Мэлори бір әйелдің әйнек панельге өз басын ұрып қол жұмсап жатады. Мэлори әпкесі Джессикаға бұл хаос біздің елде де басталғанын айтады, өйткені бұның алдында ол жаңалықтардан Еуропа елдерінде және Ресейде жаппай тәртіпсіздік пен қан төгіс басталғанын естіген. Олар асығыс түрде көлікпен үйге асығады. Бірақ жолда Джессика көзге көрінбейтін құбыжықты көріп өз-өзін ұстай алмай көлік апатын ұйымдастырып өз-өзіне қол жұмсағысы келеді. Мэлори мұны болдырмау мақсатында рөлге жармасады, ақыр соңында көлік аударылады. Жараланған Мэлори өз әпкесінің жүк көлігінің алдына тұрып өз-өзін өлтіргенін көреді.
Мэлори енді жаяу қашады, бір әйел үйге кіруге шақырады, бірақ оның күйеуі оған қарсы болады. Алайда ол әйел көзге көрінбейтін құбыжықтың иелігіне өтіп, қайтыс болған анасымен сөйлесіп, өртеніп тұрған көлікке отырып, тірідей өртеніп кетеді. Мэлориді аяғына тұрғызуға Том және қашып бара жатқан адам көмектеседі. Бұл үйде бір топ адам жиналған. Олар кейін адамдар өз-өздерін көзге көрінбейтін құбыжықты көрген соң өлтіретінін және құбыжықтар экран арқылы да әсер ететінін анықтайды. Бірақ бұл анықтауға Грэгтің өмірімен төлейді.
Бұл үйде жаңа адам — Олимпия пайда болады, оның да аяғы ауыр болады. Үйде азық-түлік азайып жатқан себепті топтың бір бөлігі супермаркетке барады. Мэлори ол супермаркетте үй құстарын табады және оларды өзімен бірге алуды шешеді. Топ супермаркеттің бір есігінде қамалып қалған Чарлидің досына көмектесуге тырысады. Ол есікті ашқанда жаңағы үй құстары абыр-сабырға беріліп, бар даусымен шырылдайды. Чарлидің досы жәй адам емес, құбыжықтардың көмекшісі екені белгілі болды. Чарли басқа адамдарды құтқару үшін өзін құрбан етеді.
Кеін Олимпия танымайтын бөтен адам Гэриді үйге кіргізеді. Кейін Мэлори мен Олимпияда толғақтар басталады. Олимпия қыз туады, ал Мэлори ұл туады. Сол уақытта Гэри құбыжықтардың иелігіне өтіп, терезелерде жапсырулы тұрған бүкіл қағаздарды жұлады. Дугласқа құбыжықтарды көрсету үшін ол гараждың есігін ашады, Томды есінен тандырады, құстарды тоңазытқышқа салады және үстіге көтеріледі. Ол кішкентай сәбилерге қызығып Олимпия, Мэлори, Шэрил және екі сәби тұрған бөлмедегі қағаздарды жұлады. Мэлори көзін жұмып үлгереді, ал Шэрил өз-өзін қайшымен өлтіреді, ал Олимпия терезеден секіріп қайтыс болады. Мэлори Олимпияның қызын құтқарып үлгереді. Мэлори екі сәбимен көрпенің астына жасырынады. Гэри Дугласты қайшымен өлтіреді, ал Гэриді Том мылтықпен өлтіреді.
Бес жылдан кейін Том және Мэлори екі баламен бірге өмір сүреді, екі баланың есімдері — "Ұл" және "Қыз". Олар Риктен оның аман екені, орманда жасырынған баспана тұратыны жайлы хабар алады. Төртеуі сол жерге жетуді көздейді, бірақ жолда бір топ жақсылық тілемейтін адамдарды кезіктіреді. Мэлори балалармен бірге артқы есікпен қашып кетуі үшін Том сыртқа шығып, топты өзіне аударады. Алайда топтың бір мүшесі қашып бара жатқан Мэлори мен балаларды көреді. Том сол кезде көзін ашып, топты атып тастауды шешеді. Бірақ, Томның көзіне де құбыжық көрініп, оның иелігіне өтеді. Бірақ, Том бар күшін жинап, топтың ең соңғы мүшесін, содан кейін өз-өзін атып тастайды.
Мэлори, балалар және қораптың ішінде ұстап келе жатқан құстармен бірге құбыжықтарды кезіктірмеу үшін қайық арқылы өзенмен жүзуді шешеді. Өзеннің бұрылысында қайық аударылады, бірақ Мэлори Ұл мен Қызды табады. Одан кейін үшеуі бөлінеді, Мэлори төбешіктен құлап, есінен танады. Көзге көрінбейтін құбыжықтар Мэлоридің даусымен Ұл мен Қызға көздеріндегі байлауды шешуді сұрайды. Мэлори есін жиып, оларға шешпеуді және мықты болуды өтінеді. Ақыр соңында олар бірігеді.
Соңында олар ормандағы баспанаға жетеді. Бұл баспана бұрын соқырларға арналған мектеп болған. Олар Рикті кездестіреді. Мэлори ол жерден өзінің бес жыл бұрынғы акушері Лэпхемді кезіктіреді. Одан кейін олар құстарды қораптан жібереді, ақыры балаларға "Том" және "Олимпия" деген есімдер беріп, өзін ана деп мойындайды.
## Рөлдерде
* Сандра Буллок — Мэлори
* Треванте Роудс — Том
* Джеки Уивер — Шэрил
* Джон Малкович — Дуглас
* Сара Полсон — Джессика
* Роза Салазар — Люси
* Даниэль Макдональд — Олимпия
* Лил Релл — Чарли
* Том Холландер — Гэри
* Колсон Бейкер — Феликс
* Брэдли Уонг — Грэг
* Пруитт Тэйлор Винс — Рик
* Джулиан Эдуардс — Ұл / Том
* Вивьен Лира Блэр — Қыз / Олимпия
* Пармииндер Награ — дәрігер Лапэм
* Ребекка Пиджон — Лидия
* Эми Гаменик — Саманта
* Тейлор Хэндли — Джейсон
* Хэппи Андерсон — өзендегі адам
* Дэвид Дастмалчиан — мародер
## Өндіріс
### Дамуы
"Құс қорабы" фильмін экранға шығару құқығын 2013 жылы Universal Pictures компаниясы сатып алды, ал ол кезде кітаптың өзі шыққан жоқ еді. Скотт Стубер мен Крис Морган бұл фильмді Ол және Мама фильмдерінің режиссері Энди Мускеттимен бірге түсіруі керек еді. Сценарий авторы Эрик Хайссерер сценарий жазу үшін келіссөздер жүргізді. 2017 жылдың шілдесінде Стубер Netflix-тің көркем фильмдері бөлімінің басшысы атанғаннан кейін, Netflix-тің кітап құқығын сатып алғаны және Сандра Буллокпен бірге Джон Малкович басты рөлде ойнайтыны жарияланды. Сюзанна Бир фильмнің директоры, яғни режиссері болып жарияланды.
### Түсірілім
Негізгі түсірілім 2017 жылдың шілдесінде Калифорнияда басталды. Жабайы табиғат көріністері штаттың ең солтүстік бөлігіндегі Смит өзенінде түсірілген. Үйдің сыртқы көрінісі Монровиядан алынған. Түсірілімнің кей бөліктері Санта-Крузда да түсірілген, ал соңғы көрініс Клермонттағы Scripps College-де түсірілді.
Фильмді түсіру кезінде тірі құстарды мүмкіндігінше көбірек қолданды, ал олардың «абыр-сабыр» болу кезінде оларды сандық түрге ауыстырды.
## Қабылдау
2019 жылдың қазан айында Netflix-тің жариялаған мәліметтеріне сәйкес, "Құс қорабы", барлық фильмдер мен сериалдардың арасындағы ең көп қаралған фильм атанды. 80 миллион қаралыммен ол, "Өлім құпиясы" фильмін (73 млн қаралым) және "Оғаш дүниелер" сериалын (64 млн қаралым) озып кетті.
### Мақтаулар
## Жалғасы
2020 жылдың шілдесінде сиквелі әзірленіп жатқандығы жарияланды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Құс қорабы Netflix-те
* Құс қорабы (ағыл.) Internet Movie Database сайтында
* Құс қорабы Instagram-да |
Футболдан Қазақстан екінші лигасының 2020 жылғы маусымы COVID-19 пандемиясына байланысты тек 29 қыркүйекте ғана басталды да, 18 күн ішінді бірінші топтық турнир кезеңі аяқталды. Регламент бойынша әр топтан екі команда бірінші топқа жолдама үшін тағы да топ құрып жарысқа түсуі тиіс еді, бірақ қайта жалғаспады.
## Бірінші айналым
### 1 топ
Барлық ойындар Ақтауда өткізілді.
О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, Голдар — соғылған және жіберілген голдар, ± — голдардың айырмашылығы, Ұ — ұпайлар
### 2 топ
Барлық ойындар Таразда өткізілді.
О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, Голдар — соғылған және жіберілген голдар, ± — голдардың айырмашылығы, Ұ — ұпайлар
### 3 топ
Барлық ойындар Көкшетауда өткізілді.
О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, Голдар — соғылған және жіберілген голдар, ± — голдардың айырмашылығы, Ұ — ұпайлар
### 4 топ
Барлық ойындар Павлодарда өткізілді.
О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, Голдар — соғылған және жіберілген голдар, ± — голдардың айырмашылығы, Ұ — ұпайлар |
Футболдан Қазақстан бірінші лигасының 2020 жылғы маусымы 46 күнге созылды. Қатысушылар екі топқа бөлініп, бір-бірімен екі реттен кездесіп шықты.
## Жарыстар географиясы
### География
## Турнир
### 1 Конференция
Бірінші айналым ойындары Шымкенттегі БИІК спорткомлексінде, екінші айналым Павлодардың үш стадионында өткізілді.
О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, Голдар — соғылған және жіберілген голдар, ± — голдардың айырмашылығы, Ұ — ұпайлар
### 2 Конференция
Бірінші айналым Талғарда, екінші айналым Шымкентте өткізілді.
О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, Голдар — соғылған және жіберілген голдар, ± — голдардың айырмашылығы, Ұ — ұпайлар
## Сілтемелер
* Қазақстан футболы сайтында |
Жамбыл кенттік әкімдігі – Қарағанды облысы Шет ауданында болған әкімшілік бірлік, 2023 жылы таратылған.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Жамбыл кенті кірді.
## Дереккөздер |
Қамысты ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Қамысты ауылы кіреді. Орталығы – Қамысты ауылы. Округ құрамында болған Бірінші Май ауылы 2003 жылы таратылған.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1149 адамды (589 ер адам және 560 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қамысты ауылдық округі – Қостанай облысы Қамысты ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Қамысты, Ливановка, Мешіт, Фрунзе ауылдары кіреді. Орталығы – Қамысты ауылы.
## Тарихы
2018 жылға дейін Свердлов ауылдық округі деп аталды. 2019 жылы округ құрамына таратылған Ливанов, Фрунзе ауылдық әкімдіктерінен 2 елді мекен қосылды.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 6872 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Қособа ауылдық округі – Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамы 2019 жылы қысқарған 4 ауылдық округтердің елді мекендерінен құрылған.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Қособа, Октябрьское, Славенка ауылдары кіреді. Орталығы – Қособа ауылы. Округ құрамында болған Қарашакөл ауылы 2023 жылы таратылды.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1201 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Қособа ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Қособа, Жырақұдық ауылдары кіреді. Орталығы – Қособа ауылы. Округ құрамында болған Қырымқожа ауылы 2003 жылы таратылған.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1041 адамды (542 ер адам және 499 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ақмал Анварұлы Бақтияров (2 маусым 1998, Талғар, Алматы облысы, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, "Ордабасы" клубының жартылай қорғаушысы.
## Карьерасы
Талғар жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. 2012 жылы "Қайрат" академиясына қабылданып, "Қайрат Жастар", "Қайрат-Академия" клубтарында шеберлігін жетілдірді.
2017 жылы "Қайраттың" негізгі құрамына ілікті, бірақ ұлттық чемпионатта алаңға шыға алмады. Тек 2018 жылы сәуір айында "Оқжетпеске" қарсы Қазақстан кубогында клуб намысын қорғады. Ширек финалда "Ертіс" қақпасына бір гол соқты. Жалпы кубокте төрт кездесуде алаңға шықты.
2018 жылы қыркүйекте клуб жетекшілерімен кикілжіңге келіп, ортадағы келісім шарт жоққа шығарылды да, Арменияның "Арцах" клубына ауысты.
2019 жылдың басында Ресей бірінші лигасында ойнайтын "Сочи" футболшысы атанды.
## Жетістіктері
«Қайрат»
* Қазақстан кубогы: 2018
«Сочи»
* Ресей бірінші лигасының күміс жүлдегері; 2019/20
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Ақмал Анварұлы Бақтияров (2 маусым 1998, Талғар, Алматы облысы, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, "Ордабасы" клубының жартылай қорғаушысы.
## Карьерасы
Талғар жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. 2012 жылы "Қайрат" академиясына қабылданып, "Қайрат Жастар", "Қайрат-Академия" клубтарында шеберлігін жетілдірді.
2017 жылы "Қайраттың" негізгі құрамына ілікті, бірақ ұлттық чемпионатта алаңға шыға алмады. Тек 2018 жылы сәуір айында "Оқжетпеске" қарсы Қазақстан кубогында клуб намысын қорғады. Ширек финалда "Ертіс" қақпасына бір гол соқты. Жалпы кубокте төрт кездесуде алаңға шықты.
2018 жылы қыркүйекте клуб жетекшілерімен кикілжіңге келіп, ортадағы келісім шарт жоққа шығарылды да, Арменияның "Арцах" клубына ауысты.
2019 жылдың басында Ресей бірінші лигасында ойнайтын "Сочи" футболшысы атанды.
## Жетістіктері
«Қайрат»
* Қазақстан кубогы: 2018
«Сочи»
* Ресей бірінші лигасының күміс жүлдегері; 2019/20
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Олег Хакимбекович Ширинбеков (11 қыркүйек 1963 жыл, Шахринау, Тәжік КСР, КСРО) — КСРО және тәжікстандық футболшы, қорғаушы. Қазір Мәскеудің ЦСКА клубында селекционер қызметін атқарады. Бапкерлікпен де айналысқан.
## Карьерасы
### Ұлттық құрама
КСРО құрамасы сапында 1988 жылы үш кездесу өткізді. 1997 жылы Тәжікстан құрамасы сапында да бір кездесуде алаңға шықты.
### Клубтық
Карьерасында КСРО, Ресей, Мажарстан клубтарында ойнады. Ең ұзақ ойнаған клубы — Мәскеудің "Торпедосы".
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі Мұрағатталған 16 қарашаның 2020 жылы. |
Олег Хакимбекович Ширинбеков (11 қыркүйек 1963 жыл, Шахринау, Тәжік КСР, КСРО) — КСРО және тәжікстандық футболшы, қорғаушы. Қазір Мәскеудің ЦСКА клубында селекционер қызметін атқарады. Бапкерлікпен де айналысқан.
## Карьерасы
### Ұлттық құрама
КСРО құрамасы сапында 1988 жылы үш кездесу өткізді. 1997 жылы Тәжікстан құрамасы сапында да бір кездесуде алаңға шықты.
### Клубтық
Карьерасында КСРО, Ресей, Мажарстан клубтарында ойнады. Ең ұзақ ойнаған клубы — Мәскеудің "Торпедосы".
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі Мұрағатталған 16 қарашаның 2020 жылы. |
Еңбек Қызыл Туы ордені (орыс. Орден Трудового Красного Знамени) — еңбегі үшін берілген КСРО-ның азаматтық марапаты. 1928 жылы 7 қыркүйекте Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Жарлығымен құрылған.
## Тарихы |
«Еңбектегі ерлігі үшін» медал (орыс. Медаль «За трудовую доблесть») КСРО Қарулы Күштері Президиумының 1938 жылғы 27 желтоқсандағы «"Еңбек ерлігі үшін" медалін белгілеу туралы» Жарлығымен белгіленді.
Кейіннен медаль сипаттамасына КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумның 1943 жылғы 19 маусымдағы Жарлығымен, ал медаль туралы ережеге - КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумның 1947 жылғы 16 желтоқсандағы Жарлығымен өзгерістер енгізілді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумның 1980 жылғы 28 наурыздағы жарлығымен медал туралы ереже жаңа редакцияда бекітілді.
## Медал тарихы |
«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» медалі (орыс. Медаль «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941—1945 гг.») КСРО Қарулы Күштері Президиумының 1945 жылғы 6 маусымдағы Жарлығымен белгіленген. Медаль сызбасының авторлары - суретшілер И. К. Андрианов пен Е. М. Романов.
## Медал жайлы ереже |
Обаған ауылдық округі – Қостанай облысы Алтынсарин ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Бирюков, Зуевка, Кіші Чураковка, Обаған, Силантьевка ауылдары кіреді. Орталығы – Силантьевка ауылы.
## Тарихы
2013 жылы таратылған Силантьев ауылдық округі қосылды.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 3205 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Құрмет Белгісі ордені (орыс. Орден «Знак Почёта») — КСРО мемлекеттік марапаты.
Орден КСРО Орталық Атқару Комитетінің 1935 жылғы 25 қарашадағы қаулысымен құрылды. 1988 жылы 22 тамызда Құрмет ордені деп өзгертілді. 1991 жылға дейін 1 миллион 581 мыңға жуық адам марапатталды.
## Орден тарихы
Орден КСРО Орталық Атқару Комитетінің 1935 жылғы 25 қарашадағы қаулысымен бекітілді. Орденді тағу ережелері, лента түсі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының «КСРО ордендері мен медальдарына арналған ленталардың үлгілері мен сипаттамасын және Ордендерді тағу ережесін бекіту туралы» Жарлығымен жүзеге асты (19.06.1943 ж.)
1988 жылы 22 тамызда "Құрмет" орденіне өзгертілді.
1991 жылға дейін 1 миллион 581 мыңға жуық марапаттау рәсімі өткізілді.
## Орденнің жарғысы
1. «Құрмет Белгісі» ордені өндірістегі, ғылыми-зерттеу, мемлекеттік, әлеуметтік-мәдени, спорттық және басқа да қоғамдық пайдалы қызметтегі жоғары жетістіктерді, сондай-ақ азаматтық ерлік танытқандарды марапаттау үшін тағайындалды.
2. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталады:
* КСРО азаматтары;
* кәсіпорындар, бірлестіктер, мекемелер, ұйымдар, аудандар, қалалар және басқа да елді мекендер.
«Құрмет белгісі» орденімен КСРО азаматы болып табылмайтын адамдар, сондай-ақ шет мемлекеттердің кәсіпорындары, мекемелері, ұйымдары, елді мекендері де марапатталады.
3. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталады:
* өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, құрылыста, көлікте, байланыста, саудада, қоғамдық тамақтануда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта, тұрмыстық қызмет көрсетуде және халық шаруашылығының басқа да салаларында жоғары өндірістік көрсеткіштер үшін;
* жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізгені, өнім сапасын арттырғаны, оны өндіруге материалдық және еңбек шығындарын азайтқаны, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудағы табыстары үшін;
* жоспарлы тапсырмаларды орындау және асыра орындаудағы социалистік жарыстағы жоғары нәтижелер үшін;
* өндіріске жаңа технологияны, озық тәжірибені, ерекше құнды өнертабыстар мен рационализаторлық ұсыныстарды енгізгені үшін;
* ғылыми-зерттеу қызметінде табысқа жеткені үшін;
* кеңес мәдениеті, әдебиеті, өнері саласындағы шығармашылық жетістіктері, жас ұрпақты оқыту мен коммунистік тәрбиелеудегі, жоғары білікті кадрлар даярлаудағы, халықты медициналық қамтамасыз етудегі, дене шынықтыру мен спортты дамытудағы және басқа да қоғамдық пайдалы қызметтегі табыстары үшін;
* елдің қорғаныс қабілетін нығайтудағы қызметі үшін;
* жемісті мемлекеттік және қоғамдық қызметі үшін;
* КСРО мен басқа мемлекеттер арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және басқа да байланыстарды дамытудағы қызметтері үшін;
* адамдардың өмірін құтқару, қоғамдық тәртіпті қорғау, табиғи апаттармен және азаматтық ерліктің басқа да көріністерімен күресудегі батыл әрі тапқыр әрекеттері үшін.
4. «Құрмет белгісі» ордені кеуденің сол жағына тағылып, КСРО-ның басқа ордендері болған жағдайда «Халықтар Достығы» орденінен кейін орналасатын.
1988 жылы 28 желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының Жарлығымен «Құрмет» орденінің жаңа ережесі мен сипаттамасы бекітілді.
## Орденнің сипаттамасы
## Дереккөздер |
Сарышаған кенттік әкімдігі – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Сарышаған кенті кіреді.
## Дереккөздер |
Мәмлүк қыпшақ тілі — түркі тілдерінің қыпшақ тобына жататын тіл. XIII—XV ғасырларда Мысыр және Шам аумағында мәмлүктер және араб шенеуніктері мен көпестері арасында койне ретінде қолданыста болып, әдеби тіл қызметін атқарған.
## Атауы
Мәмлүк қыпшақ тілі ортағасырлық араб тіліндегі әдебиетте жәй ғана «түркі (түрік) тілі» деп аталды (араб.: اللغة التركية — әл-лұғат әт-түркия). Кейінгі замандағы зерттеушілер оған өзге атауларды қолданған, мысалға: қыпшақ-оғыз тілі, алтынорда-мысыр тілі (Ә. Н. Нәжіп), қыпшақ жазба тілі, мәмлүк-мысыр Й-тілі, мысыр қыпшақшасы, мысыр-сирия қыпшақшасы.
## Сипаттамасы
Мәмлүк қыпшақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. XIII—XV ғасырларда Мысыр және Шам аумағында мәмлүктер және араб шенеуніктері мен көпестері арасында койне ретінде қолданыста болып, әдеби тіл қызметін атқарған. Әліпбиі араб жазуының негізінде құрылған.
Мәмлүк қыпшақ әдеби тілі Орта ғасырларда Шығыс Еуропа мен Солтүстік Африкада (Мысыр) түркі тілдерінің қыпшақ және оғыз диалектілерінің негізінде қалыптасты. Бұл тілдің сөздік қоры мен грамматикасында түрікмен элементтері басым болды, оның көптеген сипаты сол уақыттағы Алтын Орданың аралас түркі тіліне сәйкес. Мәмлүк қыпшақтарының тілі қазіргі замандағы солтүстік қыпшақ тобына жататын тілдерге ұқсас.
### Әліпбиі
## Мысырдағы мәмлүктердің тарихы
«Мәмлүк» (араб.: مملوك) сөзі араб тілінен аударғанда біреудің иелігіндегі адамды немесе жалдамалы адамды білдіреді. Кейде бұл сөзді «құл» деп те аударып жатады, бірақ, сол замандағы деректерге сәйкес, мәмлүктердің құлдардан айырмашылығы көп. Қожайындары оларды өз балаларындай тәрбиелеп, білім берген. Қарапайым құлдар ауыр жұмысқа жегілсе, мәмлүктер әміршілердің бұйрықтарын орындап, ел билігіне араласқан, әскери қызмет атқарған.
Тарихи деректерге сәйкес, мәмлүктер Мысырда өз сұлтандығын құрмай тұрып біраз уақыт бұрын пайда болған. Бұл өңірдің ең алғашқы тегі түркі билеушісі Ахмед ибн Тулунның әкесі Бағдат халифасының мәмлүгі болған, кезінде Мәуереннаһрда құлдыққа түсіп, артынан халифаттың астанасында бас уәзір мансабына дейін жеткен. Тулунның қолдауымен оның ұлы Ахмед Мысырдың уәлиі (наменгері) болып тағайындалады. Кейінірек ол тәуелсіз билеушіге айналып, Бағдаттағы халифаға тек дін істерінде ғана бағынатынын ескертеді.
Тулун әулеті (868—905) тақтан тайғаннан кейін Мысырда билік құрған Ихшидилер (935—969) мен Фатимилердің (Мысырды 969—1171 жылдары биледі) кезінде бұл елге жөнелтілетін мәмлүктердің саны азайды, бірақ әйгілі Салах әд-Дин (1138—1193) бастаған Айюб әулеті билікке келген сәттен бастап мәмлүктерді сатып алу үрдісі қайта жанданды. Мысыр мен Сирия аумағында кресшілерге қарсы күресуге мәжбүр болған Салах әд-Дин жалдамалы әскерге мұқтаж болды. Әскер санын толтыру үшін ол Қыпшақ даласы мен Кавказдан 12 мыңға жуық мәмлүк сатып алған.
1249 жылы билікке келген сұлтан Тұран-шаһ (Салах әд-Диннің інісі Әл-Әділдің ұрпағы) бахрилер деп аталған мәмлүктердің тобына ұнамаған саясат жүргізді. Олардың арасында пайда болған қарама-қайшылықтардың нәтижесінде 1250 жылы Тұран-шаһ бір топ бахрилердің қолынан қаза табады. Сұлтанның өлімінен кейін басталған тұрақсыздық кезеңінде Құтыз басқарған мәмлүктер күшейіп, бахрилер Сирияда бас сауғалауға мәжбүр болды. Шыңғыс ханның немересі Хулагу хан басқарған моңғолдар Таяу Шығысқа жорыққа аттанғаннан кейін Құтыз бен бахрилер тіл табысып, 1260 жылы Айн Жалұт шайқасында Кетбұға-ноян бастаған моңғолдардың қолын жеңеді. Жаудан төнген қауіп сейілгеннен кейін мәмлүктер арасында қайтадан таққа талас басталып, бахрилерді басқарған Бейбарыс Құтызды өлтіріп, сұлтан атанады.
Мысырды мәмлүктер билеген заманды зерттеген ғалымдар 1250—1381 жылдарды «бахрилер кезеңі», 1381—1517 жылдарды «буржилер кезеңі» деп екіге бөліп қарастырады. Бахрилер деп Ніл өзенінің ортасында орналасқан Рауда аралында өмір сүріп, сол жерде дайындық жүргізген мәмлүктерді атайды (бахр деп арабша теңізді немесе үлкен өзенді атайды). Буржилердің атауы олардың қамалдар мен қорғандарда әскери дайындықтан өтуіне байланысты пайда болған (бурж — мұнара). Осман империясы 1517 жылы Мысырды жаулап алғаннан кезеңнен бастап 1811 жылы орын алған «Қорған құрбандығы» (Мұхаммед Әли мәмлүктерді қырған күн) оқиғасына дейінгі дәуірді бектік (бекзада) мәмлүктер заманы деп атайды. Мәмлүктердің көп бөлігін Қыпшақ даласын мекен еткен түркі қыпшақтар құрады. Олардың арасында күрдтер, парсылар, армяндар, гректер және т. б. халықтардың өкілдері де бар еді.
## Мәмлүк қыпшақ тіліндегі әдебиет
Негізгі дереккөз: Cumhuriyet'in 80. yılında Türkiye'de Memlûk-Kıpçak Türkçesi çalışmaları Мұрағатталған 15 сәуірдің 2010 жылы.
Грамматика
* «Китаб әл-идрак» — араб тіл ғалымы Әбу Хайян әл-Ғарнати (1256—1344) жазған оқу құралы.
* «Китаб-и маджму-и тарджуман турки ва араби ва мугали» — Халил әл-Көнеуи 1343 жылы жазған оқу құралы.
* «Әт-Тухфа әз-зәкия» — сөздік пен грамматикаға арналған бөлімі бар қолжазба (XIV ғасыр).
* «Әл-Қауанин әл-күллия» — белгісіз автордың қаламынан шыққан грамматика кітабы (XIV—XV ғасырлар).
* «Китаб әд-Дурра аль-Мудийа» — мәмлүк қыпшақтарының тілін үйретуге арналған сөздік (XIV ғасыр).
* «Әш-Шузур әз-Заһабия» — Молда ибн Мұхаммед Салихтың грамматикалық анықтамасы (XVII ғасыр).
Мұсылман құқығы
* «Иршад әл-мүлүк уә-с-салатин» — Ескендірия қаласында жазылған құқық (фиқһ) туралы еңбек..
* «Китаб Муқаддима» — Әбу Ләйіс Самарқандидың фиқһ бойынша «Муқаддима әс-салат» еңбегінің аудармасы.
* «Китаб фи-л-фиқһ»
* «Китаб фи-л-фиқһ би-лисан әт-түрки»
* «Муқаддима әл-Ғазнеуи фи-л-ғибадат»
* «Шарх әл-Манар» — Әбул-Баракат ән-Насафи еңбегінің аудармасы.
Атқа салт мініп жүру және садақтан оқ ату
* «Байтарат әл-уазих» — XIV ғасырда арабшадан аударылған жылқылар мен мал дәрігерлігі туралы еңбек.
* «Мүнйат әл-ғұзат» — XIV ғасырда арабшадан аударылған атқа салт мініп жүру туралы еңбек.
* «Китаб әл-хайл» — XIV ғасыр аяғы — XV ғасырдың басында парсы тілінен аударылған жылқылар мен мал дәрігерлігі туралы еңбек.
* «Китаб фи ғылым ән-нушшаб» — XIV ғасырдың соңында арабшадан аударылған садақтан оқ ату туралы еңбек.
Поэмалар
* «Гүлстан» — Сағди Ширазидің «Гүлстан» поэмасының аудармасы. Алтынордалық ақын Сайфи Сараи тәржімалаған.
## Мәмлүк қыпшақ тілінің сөздігі
«Китаб әл-идрак» бойынша мәмлүк қыпшақ тіліндегі кейбір сөздердің мағынасы:
* اَبَّقْ (аббақ) — әппақ
* آتْ (әт) — ет
* اِتْ (ит) — ит
* اتا/اطا (ата) — ата
* اُتْرُكْلَدى (утруклади) — өтірік айтты
* آج (ач) — аш!
* آجقْدى (ачықды) — ашықты (қарны ашты)
* اِج (ич) — іш!
* اُوج (уч) — үш
* اُوجنجى (учунчи) — үшінші
* اُجُنْ (учун) — үшін
* آجى (ачи) — ащы
* آد (ад) — ат (есім)
* آرْ (әр) — ер адам
* اُرْتا (урта) — орта
* اُرْمَنْ (урман) — орман
* آرْقا (арқа) — арқа
* اَرْكَكْ (әркәк) — еркек
* اِرْن (ирн) — ерін
* آزْ (аз) — аз
* اُزُنْ (узун) — ұзын
* اُوزْ (уз) — өз (өзі)
## Дереккөздер
## Әдебиет
* Әлібекұлы А. Мәмлүктер билігі кезіндегі түркі-қыпшақ әдебиеті (дамуы, әдеби өкілдері, өлең өлшемі). Монография — Алматы: Арда, 2008. — 176 б. — ISBN 978-601-230-007-9.
* Нәжіп Ә. Н. Исследования по истории тюркских языков, XI-XIV вв — Наука, 1989. — Б. 80. — 281 б.
* Мамлюкско-кыпчакский язык // Языки мира: Тюркские языки — М.: Институт языкознания РАН, 1996. — Б. 75—116. — (Языки Евразии). — ISBN 5-655-01214-6.
* Dilâc̣ar A. Türk diline genel bir bakiṣ — Анкара: Türk Tarih Kurumu Basimevi, 1964. — 270 б. |
Хамит Ерғалиевтің аудармалары — ақынның шығармашылығында елеулі орын алады.
Ерғалиев келесі әдеби шығармаларды қазақ тіліне аударды:
* Софокл — Эдип патша (трагедия)
* Шекспир — сонеттер, Гамлет трагедиясы, Ричард III хроникасы, Дуалы түнгі думан комедиясы
* Байрон — Кеш кінәмді
* Лермонтов — Палестина бұтағы
* Пушкин — Патша селосындағы ой
* Некрасов — Ақын мен Азамат
* Маяковский — Жазғы дачада Владимир Маяковскийге тап болған айрықша оқиға, Атлант мұхиты
* Демьян Бедный, Алексей Сурков, Расул Ғамзатов, Әлішер Науаи, Назым Хикмет, Пабло Неруда, Сэмюэл Кольридж өлеңдері.
* Қырғыздың «Манас», қарақалпақтың «Қырыққыз» эпостарын қазақ тіліне аударушылардың бірі болды.
Ерғалиев Шекспирдің 154 сонетін аударған және ол туралы өз естелігінде былай деген: «[Бұл] кітабымды бүкіл 60 жылдық шығармашылық өмірімнің маңдай алдына апарып қояр едім. Шекспир сонеттерінің кітабын қазақ тілінде шығару үшін аттай 6 жылымды жұмсадым».
1996 жылы сонеттерді аударғаны үшін ақын Ұлыбританияның Ұлы Мәртебелі Елизавета королеваның алғыс хатын алды.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Peculiarities of indirect translation from English into Kazakh via Russian language (Гамлетті орысшаға және қазақшаға аударудағы ерекшеліктер жайлы) |
Рей Манай (албан. Rey Manaj; 24 ақпан 1997, Люшня) — албаниялық футболшы, Албания Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы.
## Карьерасы
### Клубтық
Италия футболының түлегі деуге толық негіз бар, есейгенше Италияның "Пьяченца", "Кремонезе", "Сампдория" клубтарының мектебінен өтті. Кәсіби карьерасын 2014 жылы "Кремонезе" сапында бастады.2015/16 жылғы маусымда "Интернационале" сапында арендада өткізіп, 2016 жылы клубқа түпкілікті ауысты. Бірақ 2019 жылға дейін түрлі клубтарда арендада ойнады.
2020 жылы "Альбасетеге" ауысты.
### Құрамада
2015 жылы 13 қарашада Косовоға қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет Албания құрамасы сапында алаңға шықты. Тұңғыш голын да осы кездесуде соқты. Ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Төменде құрлықтар бойынша әлемдегі елдердің ғылым паркінің, технология парктерінің және биомедицина парктерінің тізімі берілді:
## Азия
ASEAN экономикалық қауымдастығыАСЕАН экономикалық қауымдастының барлық экономикалық зоналары туралы доклад тізімі, UNIDO Viet Nam Мұрағатталған 30 қыркүйектің 2020 жылы.-да көрсетілген
### Қазақстан
* ӘЛ-ФАРАБИ УНИВЕРСИТЕТІ: ғылыми-технология паркі
### Жапония
* Kansai ғылым қаласы //
* Киото зерттеу парк (KRP) // Kyoto Research Park
* Токио Бэй Биотех кластері // Tokyo Bay Biotech cluster
* Цукуба ғылым қаласы // Tsukuba Science City
* Йокосука зерттеу паркі // Yokosuka Research Park
### Израиль
* Силикон Вади // Silicon Wadi
* Startup Village, Yokneam
* Матам, Хайфа // Matam, Haifa
* Иерусалим технология паркі // Jerusalem Technology Park
* Хар Хотзвим, Иерусалим // Har Hotzvim, Jerusalem
* Вейцман ғылым институты (Реховот)
* Тамар ғылым паркі (Реховот)
### Гонконг
* Киберпорт // Cyberport
* Гонконг ғылым паркі // Hong Kong Science Park
### Түркия
* Хаджеттепе технокенті (Хаджеттепе ТЕХНОПОЛИСІ), (Анкара) // Hacettepe Teknokent (Hacettepe TECHNOPOLIS), (Ankara)
* Йылдыз Текнопаркі, (Стамбул) // Yildiz Teknopark
* Технополис METU (METUTECH), (Анкара) // METU Technopolis (METUTECH)
* İYTE Teknopark, (Измир) // İYTE Teknopark
* İ.T.Ü. ARI Teknokent технология дамыту зонасы, (Стамбул) // İ.T.Ü. ARI Teknokent Technology Development Zone
* Teknopark İstanbul, (Стамбул) // Teknopark İstanbul
### Тайвань
* Синьчжу ғылым паркі (Синьчжу қаласы) // Hsinchu Science Park
* Орталық Тайвань ғылым паркі (Тайчжун қаласы) // Central Taiwan Science Park
* Оңтүстік Тайвань ғылым паркі (Тайнань қаласы) // Southern Taiwan Science Park
* Тайнань ғылым паркі (Тайнань қаласы) // Tainan Science Park
### Оңтүстік Корея
* Тэдок ғылым қаласы // Daedeok Science Town
* Цифрлы медия қаласы // Digital Media City
### Малайзия
* Киберджая (Куала-Лумпур маңында) // Cyberjaya
* Малайзия технология паркі (Куала-Лумпур) // Technology Park Malaysia
* Ғылым мен өнер инновация кеңістігі - SAINS@USM, Universiti Sains Malaysia, Пенанг // Sciences & Arts Innovation Space
### Сингапур
* Биополис // Biopolis
* Сингапур ғылыми паркі (Сингапур) // Singapore Science Park
### Үндістан
* Геном алқабы // Genome Valley
* * Александрия білім паркі // Alexandria Knowledge Park
* * Адександрия ғылым және инновация центрі // Alexandria Center for Science and Innovation
* * IKP білім паркі // IKP Knowledge Park
* Раджив Ганди инфотех паркі // Rajiv Gandhi Infotech Park
* ИнфоПарк, Кочи // InfoPark
* Техноқала (Тривандрум) // Technocity
* Технопарк (Trivandrum) // Technopark
### Қытай
* Шанхай Пудун бағдарлама паркі, (Шанхай) // Shanghai Pudong Software Park
* Шанхай Чжанцзян жоғары технологиялық паркі (кейде, Чжанцзян дәрі-дәрмек алқабы) (Шанхай) // Shanghai Zhangjiang Hi-tech Park
* Шэньчжэнь жоғары технологиялық өнеркәсіп паркі (Шэньчжэнь) // Shenzhen Hi-tech Industrial Park
* Сучжоу Биобэй (Сучжоу) // Suzhou BioBay
* Сучжоу индустрия паркі (Сучжоу) // Suzhou Industrial Park
* Чжунгуансун (кейде, Пекин Чжун-гуань-цун тіршілік ғылымы паркі) (Пекин)// Zhongguancun
### Иран
* Исфахан ғылым - техника қалашығы Мұрағатталған 25 қарашаның 2020 жылы. // Isfahan Science and Technology Town
* Qazvin Science & Technology Park Мұрағатталған 28 ақпанның 2020 жылы. // Qazvin Science & Technology Park
* Пардис технологиялық паркі // Pardis Technology Park
* Күрдістанның ғылыми және технологиялық қаласы // Kurdistan Science and Technology Town
* Pardis Technology Park // Pardis Technology Park
* Ғылым және технологиялар паркі-IASBS // Science & Technology Park-IASBS
* Хорасан ғылыми-технология паркі // Khorasan Science and Technology Park
* Шейх Бахай технологиялық паркі // Sheikh Bahai Technology Park
* Гуйлан ғылыми-технология паркі // Guilan Science and Technology Park
* Семнан ғылыми-технология паркі - SSTP // Semnan Science and Technology Park - SSTP
* Шығыс Әзірбайжан облысы технология паркі // East Azerbaijan Province Technology Park
* Йазд облысы технология паркі // Yazd Province Technology Park
* Маркази облысы технология паркі // Markazi Province Technology Park
* Фарс провинциясы технология паркі // Fars Province Technology Park
### Пәкістан
* Ұлттық ғылыми-технология парк (NSTP) (Исламабад) // National Science and Technology Park
* Кахута ғылыми зертханалары, (әскери зерттеу кешені, Кахута) // Kahuta Research Laboratories
* Ұлттық биотехнология және генетика инженериясы институты, (Фейсалабад) // National Institute for Biotechnology and Genetic Engineering
* Арфа Кәрім технология паркі (бұрынғы бағдарламалық жасақтама технологиялар паркі) (Лахор) // Arfa Karim Technology Park (former Software Technology Park)
* IT Media City (Карачи)
### Филиппин
* Филиппин жеңіл өнеркәсіп және ғылым паркі II (Лагуна) // Light Industry and Science Park of the Philippines II
* Муньос ғылым қаласы, (Нуева Эчия) // Science City of Muñoz
* Calamba Premiere Халықаралық саябағы // Calamba Premiere International Park
### Катар
* Катар ғылым және технология паркі (Доһа) // Qatar Science & Technology Park
### Сауд Арабиясы
* KAUST зерттеу паркі // KAUST Research Park
* Абдолла патша ғылым паркі, KFUPM-де // King Abdullah Science Park at KFUPM
* Уади Мекке // Wadi Makkah
* Эр-Рияд Техно алқабы // Riyadh Techno Valley
### Таиланд
* Таиланд ғылым паркі (Бангоктің солтүстігі) // Thailand Science Park
* Ханзада Сонгкла университеті ғылым паркі // Prince of Songkla University Science Park
* Чиангмай университеті ғылым паркі // Chiangmai University Science Park
* Хонкеан университеті ғылым паркі// Khonkean University Science Park
## Дереккөздер |
Шашубай кенттік әкімдігі – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Шашубай кенті кіреді.
## Дереккөздер |
Нарт дастаны (кабард.-шерк. Нарт ӀуэрыӀуа́тэ; осет. Нарты кадджытæ; қараш.-малқ. Нарт таурухла; абх. Нарҭаа ражәабжьқәа; шеш. Нарт Аьрштхой; адыг. Нартхэр) — батыр-баһадүрлердің («нарттар») шығу тегі мен шытырман оқиғалары туралы аңыздарға негізделген Солтүстік Кавказдағы бірқатар халықтар арасында бар эпос. Ол абхаз-адыгей, осетин, вайнахтар арасында таралған. Бөлек циклдар свандарда және басқаларында да белгілі.
Прозалық және өлең күйлерінде кездеседі. Шығарма Кавказдың автохтонды халықтары және солтүстік-иран (скиф-сарматтар) халықтарының ежелгі эпикалық циклі мен мәдениетіне негізделген.
## Дастанның пайда болуы
Зерттеушілердің пікірінше, дастан б. з. б. VІІ-VІІ ғасырларда құрыла бастады, ал ХІІІ-ХІV ғасырларда әртүрлі аңыздар циклге біріктіріліп, батырдың немесе оқиғаның айналасында топтаса бастады.
Зерттеушілер «нарт» сөзінің шығу тегі жайлы ортақ пікірге келмеді. Сондықтан олардың кейбіреулері ирандық «нар» (еркек) сөзімен ұқсастықтарса, ал басқалары оны осетиндік «нæ арт» (біздің от) немесе көне үнділік «нрт» түбірімен (билеу) байланыстырады. В. И. Абаев «нарт» сөзі моңғолдың нара «күн» түбірінен шығады деп есептеді (дастанның көптеген кейіпкерлері күн аңызымен байланысты).
Нарт дастанының шығу тегі туралы мәселе күрделі. В. И. Абаев дастанды ойлап тапқан адамдар осетиндер деп тұжырымдады:
— Abaev Vasily Ivanovich, The Ossetian Epic // Tales of the Narts Ancient Myths and Legends of the Ossetians Translated by Walter May. Edited by John Colarusso and Tamirlan Salbiev. Princeton and Oxford: Princeton University Press, 2016
Американдық нарт дастанын зерттеуші Джон Коларуссоның «Кавказдан шыққан нарт сагалары: черкестер, абазиндер, абхаздар мен убыхтардың аңыздары мен әпсаналары» атты көлемді еңбегінде батыс кавказ сагаларының ежелгі иран өзегін сақтайтындығы және «нарт» сөзінің өзі «еркек, батыр» мағынасын беретін үндіеуропалық түбірден шыққан иран тектес екендігі баса айтылған. Сонымен қатар, нарт дастанының «әңгіме мазмұнын тегістеу үшін қайта жасалған» осетиндік нұсқаға қарағанда, батыс кавказ нұсқалары (черкес, абазин, абхаз) өте құнды, өйткені оларда «алғашқы дәстүрлер мен нанымдардың үзінділерін құрайтын барлық ерекше бөлшектерді» сақтайтын ең архаикалық автохтонды қабаттар бар.
Тағы бір көрнекті ғалым-кавказтанушы Е. И. Крупнов Кавказ тілдері деп аталатын халықтарды (шешендер, ингуштар, адыгейлер, абазиндер, абхаздар және т.б.) дастанның жасаушылары деп санайды, ал осетиндер арасында нарт дастанының дамыған циклдары болуы олардың шығу тегі шеттен (скиф-сармат) келіп орныққандығын емес, жергілікті екендеген дәлелдейді.
## Әр түрлі халықтардың аңыздары
Нарттар жөніндегі көптеген аңыздар дастандағы басты кейіпкерлердің аттарына топтастырылған, осылайша өзіндік циклдар қалыптасқан. Дастанның әр ұлттық нұсқасында белгілі бір циклдар салыстырмалы түрде үлкен не кіші орын алады.
Дастан кейіпкерлерінің есімдерінде де айырмашылықтар бар.
Сондай-ақ, аңыздардың әр нұсқасында өзіндік, қайталанбас кейіпкерлері болады. Мысалы, адыгейлер арасында - Адиюх (Iэдийху/Iэдыиф), Ахомида (Ахуэмыдэ/Ахомыдэ), Бадиноко (Бэдынокъуэ/Шъэбатынокъо); осетиндер арасында - Ақсар, Ақсартақ, Уархақ. Абхаз аңыздарында Цвицв, Нарджхеу бар. Малқарлар мен қарашайлардың арасында - Алауған, Дебет, Жәңгір (Джёнгер/Нёгер), Таусо. Шешендерде - Пхармат, ал ингуштарда Курюко бар.
Нарттардың бейнелері арасында да айырмашылықтар бар.
### Осетиндерде
Осетиндік нұсқада нарттар үш текке бөлінеді: Ақсартақата, Бората және Алағата. Біріншісі - жауынгерлер. Олардың руы бай емес, бірақ олар күш пен батылдық қасиеттерін иеленген. Екінші ру, Бората ылғи Ақсартақатамен қырқысады. Олар бай, бірақ олар нарттардың жойылуына себеп болды. Алағата руы дастанда сирек айтылады; Алағата - рәсімдерге қажетті барлық салт-жоралар құралдардың сақтаушылары. Аруақтар мен құдайларға арналған бірде-бір мереке оларсыз өтпейді.
Жорж Дюмезилдің үш функциясы теориясына сәйкес, үш рулық-касталыққа бөліну ежелгі үндіеуропалық қоғамның әлеуметтік құрылымын көрсетеді, сондықтан ол тек осетиндер - аймақтағы жалғыз үндіеуропалық халық арасында ұсынылған.
### Абхаз-адыгей халықтарында
Адыгей-абхаз нұсқасындағы нарт дастаны мазмұнының барлық алуан түрлілігі мен оның орталық орындарының бірін Отанға деген риясыз сүйіспеншілік, қорғаныста батырлардың жанқиярлығы мен батылдығы алады. Бірақ сонымен бірге Отанды қорғаушы жауынгерлерді ғана емес, сонымен қатар Нарттар елінде бірдей құрметке ие диқандар, бақташылар және еңбекшілерді де дәріптейді. Сондықтан, нарт аңыздарында өмірдің материалдық негізі толық бейнеленген. Сонымен қатар, әйелдерге құрмет, үлкендер мен кішілерге қамқорлық және оларды тәрбиелеу сияқты тақырыптар дастанда толығымен көрсетілген. Аңыздарда нарттар жұмыс және Отанды қорғаудан бос уақыттарын олар тек атқа міну, садақ ату, тас лақтыру, күрес және т.б. жарыстарды ғана емес, сонымен қатар би, ән айту, шешендік пен тапқырлық сияқты жарыстарды ұйымдастыратын жиындарда өткізеді.
Сондай-ақ, көптеген нарт аңыздарында темір ғұрпы кездеседі және темірден жасалған құралдар өте ауқымды бейнеленген. Осыған байланысты Тілепіш туралы аңыздар оның темірмен және ондағы құралдар, қару-жарақтармен түгелдей және толықтай айналысатыны жақсы мысалы болып табылады. Нарт аңыздарында - жылқы да ерекше орын алады. Ол кез келген нарт қаһарманының ажырамас досы және керемет күштер мен мүмкіндіктерге ие батыр сияқты құдіретті. Дастандағы жылқы барлық жануарлар арасында ақсүйек ретінде көрсетіледі және адам тілін түсініп, адамдармен сөйлеседі. Ол достықта батылдық пен адалдыққа қожайынын сынамайынша оған сенбейді.
Адыгей-абхаз халықтарының аңыздарында нарттардан бұрын «иныждер» (алыптар) және «исптар» (ергежейлілер) болған, ал кейбір аңыздарда олар әлі де олармен қиылысады. Нарттар дәуірі - аңызды-эпикалық уақытты көрсетеді. Нарт эпикалық мәдениетін жеткізушілердің түсінігінде, бұл уақыт нарттардың өздері сияқты, шынымен болған секілді көрсетілген. Мысалы, адыгейлерде нарттар туралы аңыз «нартхэм я лъэхъэнэ» (нарттардың заманы) туралы ескертумен бірге жүрді.
Нарт дастанының адыгей нұсқасын алғашқы және ірі жинаушылардың бірі Кабардин кінәзі - Қазы Атажукин, ол нарттар туралы біраз аңыздары бар алғашқы кітапты 1864 жылы шығарды.
### Қарашайлар мен малқарларда
Нарттар, қарашай және малқар аңыздары бойынша, ержүрек жауынгерлер халқы, темір ұста құдайы Алтын Дебеттің ұрпағы. Оларды Ұлы Тейір құдайы белгілі бір мақсатпен - жердегі тәртіпті орнату, эмегендер мен айдаһарларды жою, әлемді адамдарға кедергі келтіретін барлық нәрселерден тазарту мақсатында жасады. Сондықтан нарттардың негізгі кәсібі - соғыс. Әрине, олар тек құбыжықтармен ғана емес, басқа халықтармен де соғысады, кейде бір-бірімен де соқтығысып жатады. Туа біткен жауынгерлер үйде ұзақ отыра алмайды, олар жалыға бастайды, ал егер біреу ұран салса барлығы жорыққа немесе шапқынға дайындалады.
Нарттар ата-бабаларының аттары бойынша 4 руға бөледі: Әліктер (Аликлары), Ұсқортықтар (Усхуртуклары), Боралар (Боралары) және Индилер (Индилары). Әр отбасының өз батыр-баһадүрі болады. Әліктер руына, мысалы, Алтын Дебеттің үлкен ұлы - Алауған және оның ұлы Қарашауай, Ұсқортықтарға - нарттардың жетекшісі Ұрысбек және оның ұлдары: Сосурук, Сібілші, Бөрші, Бораларға - Бора-батыр және, мүмкін, Созар, Индилерге - есімдері аталмаған жеті ағайындар кіреді.
Барлық нарттар сыртқы жауларға - басқа тайпа адамдары және құбыжықтарға қарсы күресте біріккен. Бірақ оларда сонымен бірге руаралық араздық та бар. Нарттар елінде билік пен ықпал үшін екі ру - Әліктер мен Ұсқортықтар күреседі және олардың араздығы Қарашауайдың Ұрысбектің қызы Агундаға үйленгеннен кейін ғана тоқтайды.
### Кавказдың басқа халықтарында
Нарттар туралы Дағыстан халықтары мен грузиндік субэтникалық топтардың арасында, мысалы, рачиндер, свандар, хевсурлар, т.б. айтылады. Оларда нарттар тек ертегілерде ғана кездеседі. Бұл аттары жоқ үлкен күшке ие алып батырлар. Дағыстан халықтары ертегілерінде әдетте бір емес, жеті нарттар болады. Олар ормандарда, төбелері аспанға тіреліп тұратын мұнараларда өмір сүреді. Олардың үйлері темір қоршаумен қоршалған.
### Дастанның кейіпкерлері
Нарт аңыздарының басты кейіпкерлерінің бірі - Сослан/Сосруко/Сеска Сосла/Сасрыква. Барлық халықтарда бұл тастан туған нарт. Осетин аңыздарында Сослан грек аңыздарындағы Ахиллеске ұқсасатады. Соңғысының осал жері тек өкшесі ғана болды, денесінің қалған бөлігінде осал жерлер болмады. Осетиндік Сосланның осал жері тізелері болды. Екеуі де әлсіз жерге соққы беру нәтижесінде қайтыс болды. Осыған ұқсас сюжет көптеген үндіеуропалық халықтардың арасында кездеседі.
Бұл кейіпкер бала кезінен бастап батылдық, күш және дербестікті көрсететін. Абхаз нұсқасында ол жүз ағасының ішінде кішісі болған, бірақ күшімен де, тапқырлығымен де ағалардан асып түскен.
Сондай-ақ Сатана/Сатаней-Гуаше/Сели Сата туралы цикл да маңызды. Абхаз бен адыгейлік нұсқаларында бұл романтикалық әйел, сұлулықтың, ақылдылық пен өшпейтін жастықтың символы. Осетиндік нұсқада ол асыра сілтенбеген. Осетиндерде ол нарттардың атасы - Ұрысбектің әйелі, қожайын, айлакерлігі сарқылмайтын әйел.
Сырдонның бейнесі, қулық-сұмдық (күлкілі және әзәзілді), ерекшеліктері бар мәдени қаһарман, Жорж Дюмезил скандинавиялық Локимен ұқсастырды.
Адыгей эпосында кейіпкер бар - Бадыноко (Шабатнуко). Балалық шағында да оның ерлікке толы болашағы болжанған. Оған бесік жырын айтатын:
«Сен жүздеген құбыжықтардың басын шабасың,Сен нарттарға жүздеген қазына таратасың....Ұйықта менің бақытым, ержүрек арыстаным,Даңқ пен қоңырау сенің жолың болады.Боласың сен адамзат баласының жарығы,Тілек саған айтқандай.»
Бадыноко (Шабатнуко) - дастанның той-томалақ пен билерді ұнатпайтын жалғыз кейіпкері. Ол айтады:
«Ешқашанда мақсат етпеспінЕшқашанда мақсат етпеспін,Көңілді ұрандарға.... жауынгерлік сауытМен жоғары істер үшін кидім:Менің тағдырым - ақиқатты қорғау.»
## Дереккөздер
## Әдебиет
* Нартовский эпос, Известия Северо-Осетинского научно-исследовательского института, т. XI, вып. I, Дзаужикау, 1945
* Абаев В. А. Нартовский эпос. — Орджоникидзе, 1945.
* Акаба Л. A. Мифология абхазов. — Сухуми, 1976.
* Анчек С.Х. Адыгский героический эпос "Нарты": Этнолингвистические характеристики функционирования. - Краснодар, 2018.
* Гадагатль А. М. Героический эпос «Нарты» адыгских (черкесских) народов. — Майкоп, 1987
* Далгат У. Б. Героический эпос чеченцев и ингушей. — М., 1972.
* Дюмезиль Ж. Скифы и нарты. — М., 1990.
* Коларуссо Дж. Нартские саги из Кавказа: Мифы и легенды черкесов, абазин, абхазов и убыхов. — Принстонский университет. Нью-Джерси. 2002 (ағыл.)
* Мальсагов А. О. Нарт-орстхойский эпос вайнахов. — Грозный, 1970.
* Салакая Ш. Х. Абхазский нартский эпос. — Тбилиси, 1976.
* Сказания о нартах — эпос народов Кавказа. Сборник. — М., 1969.
* Шортанов А. Нартский эпос адыгов. (Адыгский героический эпос). — М., 1974.
* Хаджиева Т. М. Нартский эпос балкарцев и карачаевцев. // Нарты. Героический эпос балкарцев и карачаевцев / сост.: Р. А.-К. Ортабаева, Т. М. Хаджиева,А. З. Холаев; вступ. ст., коммент. и глоссарий Т. М. Хаджиевой. М., Наука, 1994. С.8-66.
* Халухаев Г. А., Кузнецова А. Б. Ингушский Нартский эпос: структура и место в мировом фольклоре. — М., 2013. — ISBN 978-5-901574-85-0.
## Сілтеме
* Нарттар туралы осетиндік аңыз
* Нарттар туралы адыгейлік аңыз
* Нарттар жайлы қарашай-малқарлардың кейбір аңыздары |
Көкшетау-1 (ағылш. Kokshetau-1 station) — Көкшетау қаласында орналасқан, «Қазақстан темір жолы» АҚ-на тиесілі темір жол стансасының вокзалы. Алдында вокзал алаңы орналасқан. Жолаушыларды қабылдап жөнелтеді және оларға қызмет көрсетеді. Ол Көкшетау орталығынан солтүстік-шығысқа қарай 1.3 км қашықта орналасқан. Бұл станция 1922 жылы ашылды.
## Тарихы
Көкшетау-1 стансасының тарихы 1917 жылдан өзек тартады. Кеңес заманының алғашқы темір жолы 1920—1922 жылдары салынған Петропавл—Көкшетау телімі болды. Кезінде Петропавл—Көкшетау теміржолы Қазақстанның орталық аймақтарындағы ет пен сүтті Ресейге көп мөлшерде және тез жеткізу үшін асығыс салынған болатын. Дәлірек айтқанда оның құрылысын бастау жөніндегі қаулы 1920 жылғы 5-тамызда қабылданып, 1922 жылғы 28-маусымда Көкшетауға поезд қатынасы ашылды.
## Суреттер
*
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Көкшетау станциясы арқылы жүретін поездар кестесі |
Соколь Цикалеши (алб. Sokol Cikalleshi; 27 шілде 1990 жыл, Кавая) — албаниялық футболшы, Албания Ұлттық футбол құрамасы мен "Ақхисар Беледиеспор" клубының шабуылшысы.
## Жеттістіктері
### Командалық
«Беса»
* Албания кубогы (1): 2009/10
* Албания суперкубогы (1): 2010
«Скендербеу»
* Албания кубогы (1): 2010/11
### Жеке
* Түркия кубогының үздік мергені : 2016/17 (6 гол)
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* ПРОФИЛІ |
Күй — дастан — Хамит Ерғалиевтің 1970 жылы жазған поэмасы.
Бұл дастанды ақын өз досына, күй зерттеушісіне, академик сазгер Ахмет Жұбановқа арнаған (өз кезегінде ол Ерғалиевке арнап, «Хамаң толғау» күйін шығарады). Шығарманың поэтикалық негізгі өзегіне композитор өміріндегі елеулі қоғамдық және шығармашылық кезеңдер нысан болады.
Поэма бесік жырынан басталып, кейін Ахмет Жубановтың балалық шағын, дирижерлік пен шығармашылық жолын, сондай-ақ сазгердің өнерге деген көзқарасын суреттейтін үш бөлімнен құралған.
Шығармадан үзінді:
Ақталды талай жылды ұзатқан серт:
Құрылтай құрметіне – ұзақ концерт!..Енді еркін, сан дауыстан салиқалыКүйлерді басқадан шерт, қазақтан шерт...Мінеки, түпсіз терең залда тұнып,Жайғасқан ауылдық пен алматылық...Дирижер қарлығаштай қанат жайды,Бір саты биігінде алға тұрып.Одан соң баяу қозғап тыныш түнді,Екі қол боз жорғадай жүріс құрды.Одан соң теңіздегі сұрапылдайБұйра шаш бұрқан-талқан бір іс қылды.Біресе дауылпаздай қорқынышты,Қанатын теріс жайған қалпы күшті.Біресе, ақ жағалы қара фракҚайтадан қарлығаштай қалқып ұшты.Біресе қайдағы жыл, қайдағы айданҚаһарлы қанды қылыш, найза майдан...Апыр-ау, ақ шыбығы қолындағыО баста жаралған ба найзағайдан?!Дирижер әлсін бәсең, әлсін қаттыАяусыз қатал патша, хан сымбаты...Таңылмай шыққан сонау тал бесіктен,
Екі қол оркестрді қалшылдатты!..
## Дереккөздер |
Жұбаныш Жексенұлы 1974 жылы 23 ақпанда Түркістан облысы, Созақ ауданы, Ынтымақ ауылында дүниеге келген.
8 сыныпта оқып жүргенде-ақ Мәскеу қаласында өткен халықаралық балалар байқауына қара домбырасын арқалап барып қатысып қайтқан. Әншінің анасы Бақытжамал апаның айтуынша, Жұбаныш кішкентай кезінен-ақ музыкаға аса құмар болды. Сондай-ақ ол футболды да кәсіби аяқдопшылардан кем ойнамайтын көрінеді.
## Өмірбаяны
Жұбаныш 1991 жылы аудан орталығындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін Жетісай қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы гуманитарлық, педагогикалық колледжін бітірген.
1998-2001 жылы аталмыш колледжде музыкалық жетекші, 2001-2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияның әншісі қызметін атқарды. 2006-2013 жылы Алматыға қоныс аударып, «Қазақ әуендері» АҚ қарасты «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінде жұмыс істеді. 2005 жылы продюссер Бағлан Омаровтың жетекшілігімен «Өкінбе сен» әніне клип түсіріп, көп ұзамай әнжинағы жарық көрді.
2002 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 10 жыл» мерекелік медалімен және 2011 жылы Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған. Жұбаныш Жексенұлын көпшілік әншілігенен бөлек тележүргізуші ретінде де таниды. Ол «Екі жұлдыз», «Ұлттық шоу», «Қазақтың жүз әні» секілді бағдарламаларды жүргізді.
## Марапаттары
* Қазақстанның тәуелсіздігіне 10 жыл: (2002)
* Мәдениет қайраткері: (2011)
* Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017)
* Құрмет ордені (2023) |
Камиль Мингазов (тат. Kamil Minhacev, Камил Минһаҗев, түрікм. Kamil Mingazow; 21 маусым 1968 жыл) — КСРО-лық және түрікменстандық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы.
## Карьерасы
Түрікменстан Ұлттық футбол құрамасы сапында және КСРО, Түрікменстан, Қазақстан клубтарында доп тепті. 2006 жылдан бері бапкерлікпен айналысады.
Ұлттық құрама сапында барлық позицияда ойнады, шабуылшы да болды, жартылай қорғаушы да, қорғаушы да, тіпті қақпашы да болды. 1994 жылғы Азия ойындарында Жапонияға қарсы матчта қақпа да күзетті, бұл ойында Түрікменстан 2:3 есебімен ұтылды.
2004 жылы Азия кубогына қатысты.
## Жетістіктері
### Клубтық
Ұлттық
* Түрікменстан чемпионы: 6
Копетдаг сапында: 1992, 1994, 1995, 1997-1998, 2000Ниса сапында: 2003
* Түрікменстан кубогы иегері: 4
Копетдаг сапында: 1994, 1996, 1998-1999, 2000
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Қазақстан және Түрікменстан арасындағы футбол матчы — Аталған екі құраманың да тарихындағы тұңғыш матч. 1992 жылы 1 маусымда Алматыдағы Орталық стадионда өтті.
## Матч
### Матч тарихы
1991 жылы КСРО тарады да, КСРО-ға қатысты барлық спорт турнирлері өткізілуін тоқтатты. КСРО-дан бөлінген одақтас республикалар тәуелсіздігін алып, спорт саласында да жекелей біріншіліктерін өткізуді бастады. Қазақстан да, Түрікменстан да өз ұлттық чемпионаттарын өткізуге кірісті.
1994 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінің жеребесі ол кезде тартылып қойғандықтан, посткеңестік елдердің көбі ол турнирге қатыса алмады, халықаралық ресми жарыстардағы дебютін кем дегенде 2-3 жыл күтуге тура келді де, Қазақстанмен бірге бірнеше елдің футбол ұйымдары құрлықтық федерацияларға және ФИФА-ға мүше болуға асықпады.
1992 жылдың сәуірінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан футбол басшылары "Орта Азия" кубогын ұйымдастырып, ұлттық құрамалардың шама-шарқын сынап көруге шешім қабылдады. Турнир екі айналымнан тұрады деп келісілді (көп ұзамай Тәжікстан құрамасы елдегі тынышсыздыққа байланысты екі турдан соң жарысты жалғатырудан бас тартты). Жеребе бойынша осынау бейресми турнирдің тұңғыш кездесуі 1 маусым күні Алматыда Қазақстан және Түрікменстан құрамаларының арасында өтеді деп бекітілді.
Стадионда Қазақ КСР-інің туы ілініп тұрды (мемлекеттік рәміздер әлі ол кезде бекітіле қоймаған-ды, матчтан үш күннен соң ғана Қазақстанның аспан түстес туы жарыққа шықты).
Матч тағдырын шешкен жалғыз гол 86-минутта соғылды. Оң қапталдан асырылған допты Владимир Нидергаус тоқтатпай теуіп, алыс бұрыштың тоғыздығын дәл көздеді. Қазақстан құрамасы жаңа тарихын жеңіспен бастады.
### Детальдар
### Матчтан соң
Бұл екі құрама сол жылдың 14 қыркүйегінде тағы кездесті. Бұл жолғы ойын Түрікменстанда өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталды. Күзде аяқталған осы турнирде Қазақстан чемпион атанды. Түрікменстан үшінші орында қалды.
Бұдан соң қос құрама 1994 жылы 15 сәуірде Өзбекстан тәуелсіздігі кубогында кездесті. Бұл ойында есеп ашылмады.
## Тағы қараңыз
* Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы 1992
* Футболдан Орта Азия кубогы 1992
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* teams.by сайтында |
Егінді ауылдық округі – Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Егінді ауылы кіреді. Орталығы – Егінді ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 309 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Рахим Курбанмамедов (түрікм. Rahym Kurbanmämmedow; 3 қазан 1963 жыл) — түрікменстандық футболшы, қорғаныс шебінде ойнаған. Кейін бапкерлікпен айналысты.
## Карьерасы
### Клубтық
"Колхозчи" клубының түлегі. 1985 жылы Жызақтың "Звезда" клубында бір маусым доп тепті де, "Колхозчиға" оралды (бұл кезде клуб атауы "Копетдаг" боп ауысқан-ды.
1998 жылы "Нисаға" ауысып, екі жыл ойнады.
### Халықаралық
Түрікменстан Ұлттық құрамасы сапында 28 кездесуде алаңға шықты. Тұңғыш ойынын 1992 жылы 1 маусымда Қазақстанға қарсы жолдастық кездесуде өткізді.
1994 жылы Азия ойындарына, 2004 жылы Азия кубогына қатысты.
## Жетістіктері
### Ойыншы ретінде
* Түрікменстан чемпионы: 1992, 1993, 1994, 1995, 1998, 1999
* Түрікменстан кубогы: 1993
### Бапкер ретінде
* Түрікменстан чемпионы: 2001, 2003, 2007, 2008
* Түрікменстан кубогы: 2008
* АФК президенті кубогы: 2013
## Дереккөздер |
Джумадурды Мередов (3 қазан 1966 жыл) — КСРО-лық және түрікменстандық футболшы, Түрікменстан Ұлттық футбол құрамасы сапында ойнаған қорғаушы.
## Карьерасы
## Жетістіктері
* Түрікменстан чемпионы: 1992—1995, 1998, 2000
* Түрікменстан кубогы: 1993
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Жұбаныш Жексенұлы 1974 жылы 23 ақпанда Түркістан облысы, Созақ ауданы, Ынтымақ ауылында дүниеге келген.
8 сыныпта оқып жүргенде-ақ Мәскеу қаласында өткен халықаралық балалар байқауына қара домбырасын арқалап барып қатысып қайтқан. Әншінің анасы Бақытжамал апаның айтуынша, Жұбаныш кішкентай кезінен-ақ музыкаға аса құмар болды. Сондай-ақ ол футболды да кәсіби аяқдопшылардан кем ойнамайтын көрінеді.
## Өмірбаяны
Жұбаныш 1991 жылы аудан орталығындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін Жетісай қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы гуманитарлық, педагогикалық колледжін бітірген.
1998-2001 жылы аталмыш колледжде музыкалық жетекші, 2001-2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияның әншісі қызметін атқарды. 2006-2013 жылы Алматыға қоныс аударып, «Қазақ әуендері» АҚ қарасты «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінде жұмыс істеді. 2005 жылы продюссер Бағлан Омаровтың жетекшілігімен «Өкінбе сен» әніне клип түсіріп, көп ұзамай әнжинағы жарық көрді.
2002 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 10 жыл» мерекелік медалімен және 2011 жылы Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған. Жұбаныш Жексенұлын көпшілік әншілігенен бөлек тележүргізуші ретінде де таниды. Ол «Екі жұлдыз», «Ұлттық шоу», «Қазақтың жүз әні» секілді бағдарламаларды жүргізді.
## Марапаттары
* Қазақстанның тәуелсіздігіне 10 жыл: (2002)
* Мәдениет қайраткері: (2011)
* Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017)
* Құрмет ордені (2023) |
Бердымурад Нурмурадов (28 тамыз 1968 жыл) — КСРО-лық және түрікменстандық футболшы, шабуылшы. Түрікменстан Ұлттық футбол құрамасы сапында және "Копетдаг", "Ниса" клубтарында доп тепті.
## Жетістіктері
### Командалық
* Түрікменстан чемпионы (1992—1995, 1998).
* Түрікменстан кубогы: 1993
### Жеке
* Түркіменстан чемпионатының үздік мергені — 1993 (25), 1994 (13).
* Түрікменстан чемпионатының үздік мергені: 1993.
## Дереккөздер |
«Алтын Ғасыр» (түрікм. Altyn Asyr) — Түрікменстанның Ашхабад қаласындағы футбол клубы. Өз алаңындағы ойындарын "Ашхабад" стадионында өткізеді.
## Тарихы
Клуб 2008 жылы құрылды. 2014-19 жылдары қатарынан алты рет Түрікменстан чемпионы атанды.
2018 жылы АФК кубогының финалына шығып, Ирактың Әл-Кува клубынан ұтылып қалды.
## Жетістіктері
### Ұлттық
* ЧемпионатЧемпион (8): 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019, 2020, 2021
* Чемпион (8): 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019, 2020, 2021
* КубокЖеңімпаз: 2009, 2015, 2016, 2019, 2020
* Жеңімпаз: 2009, 2015, 2016, 2019, 2020
* СуперкубокЖеңімпаз: 2014, 2015
* Жеңімпаз: 2014, 2015
### Халықаралық
* АФК кубогының финалисі
## Тұлғалары
### Жаттықтырушылары
## Сілтемелер
* http://www.soccerway.com/teams/turkmenistan/fk-altyn-asyr/15031/ |
Амандурды Аннадурдыев (11 ақпан 1967 жыл) — кеңестік және түрікменстандық футболшы, жартылай қорғаушы.
Түрікменстан Ұлттық футбол құрамасы сапында ойнаған. Тұңғыш кездесуін 1992 жылы 1 маусымда Қазақстанға қарсы өткізді (бұл құрама тарихындағы тұңғыш кездесу болатын). 1994 жылы Азия ойындарына қатысты.
## Жетістіктері
### Командалық
* Түрікменстан чемпионы (1992—1995, 1998, 2000).
* Түрікменстан кубогы 1993, 2000
### Жеке
* Түрікменстан чемпионатының үздік мергені: 2000
## Сілтемелер
* http://footballfacts.ru/person/73687
* https://www.national-football-teams.com/player/6845.html |
Курбанмамед Мередов (20 қаңтар 1973 жыл) — кеңестік және түрікменстандық футболшы, шабуылшы. Түрікменстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
Кейін бапкерлікпен айналысып, "Шагадам" клубын жаттықтырды.
## Жетістіктері
### Ойыншы ретінде
* Түрікменстан чемпионы: 1992, 1993, 1994, 2004.
* Түрікменстан кубогы: 2004
* Түрікменстан суперкубогы: 2004
### Бапкер ретінде
* Түрікменстан кубогы: 2007.
## Сілтемелер
* https://www.national-football-teams.com/player/30813.html
* http://footballfacts.ru/person/133389 |
«Генчлербірлігі» (түр. Gençlerbirliği Spor Kulübü — Түркияның Анкара қаласындағы футбол клубы, қазіргі күнде Түркия суперлигасында ойнайды.
## Тарихы
1923 жылы 14 наурызда құрылды. "Генчлербірлігі" тікелей аударғанда "жастар одағы" деген мағына береді.
## Жетістіктері
* Түркия кубогы (2): 1986/87, 2000/01
## Атақты ойыншылары
* Йосип Скоко
* Дебатик Цурри
* Жереми Нжитап
* Деян Лекич
* Радосав Петрович
* Фредрик Рисп
* Александр Глеб
* Стефан Сессеньон
* Флорентин Погба
## Сілтемелер
* http://www.genclerbirligi.org.tr/ |
«Едиген» (түрікм. Ýedigen) — Түрікменстан футбол клубы, 2003 жылы құрылып, 2016 жылы жабылып қалды. Халықаралық Түрікмен-Түрік университінің намысын қорғаған клуб. Төрт рет Түрікменстан чемпионы атанды (2005, 2006, 2009, 2013).
2016 жылға дейін ХТТУ деп аталды. 2016 жылы Университет жабылған соң, клуб та таратылды.
## Жетістіктері
Түрікменстан чемпионаты
* Чемпион (3): 2005, 2006, 2009, 2013
* 2 орын (3): 2007, 2008, 2011
* 3 орын (1): 2012
Түрікменстан кубогы
* Жеңімпаз (2): 2006, 2011
* Финалист (2): 2008, 2012
Түрікменстан Суперкубогы
* Жеңімпаз (3): 2005, 2009, 2013
* Финалист (2): 2006, 2011
ТМД кубогы
* 1/2 финал: 2010
АФК президенті кубогы
* Жеңімпаз (1): 2014
## Сілтемелер
* http://www.fifa.com/world-match-centre/clubs/club=turkmenistan-yedigen-ashgabat-2147481556/index.html Мұрағатталған 3 сәуірдің 2016 жылы. |
Ровшан Абдурахманович Мухадов (түрікм. Röwşen Abdurahmanowiç Muhadow; 23 қыркүйек 1961 жыл) — кеңестік және түрікменстандық футболшы, шабуылшы. Кейін бапкерлікпен айналысты.
1994 жылғы Азия ойындарына қатысқан.
## Жетістіктері
### Командалық
* Түрікменстан чемпионы 1992, 1998, 1999.
* Қазақстан чемпионы: 1994
### Жеке
* Түрікменстанның еңбек сіңірген спорт шебері
* Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері
## Сілтемелер
* http://www.tff.org/Default.aspx?pageId=526&kisiId=24759
* https://www.national-football-teams.com/player/30816.html |
Чары Сейдиев (11 тамыз 1962 жыл) — кеңестік және түрікменстандық футболшы, қорғаушы. Түрікменстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. Бірнеше ойында құрама капитаны ретінде де алаңға шықты.
Кейін "Ниса" клубының президенті қызметін атқарды.
## Жетістіктері
* Түрікменстан чемпионы: 1992, 1993, 1994, 1995
* Түрікменстан кубогы: 1993
## Сілтемелер
* http://footballfacts.ru/person/73684 |
Игорь Саидович Серкеров (23 қыркүйек 1967 жыл, Ашхабад, Түрікмен КСР, КСРО) — КСРО-лық және түрікменстандық футболшы, қорғаушы, жартылай қорғаныста да ойнаған.
## Карьерасы
1992 жылы Түрікменстан Ұлттық футбол құрамасы сапында екі кездесу өткізді. Тұңғыш кездесуін 1 маусымда Қазақстан құрамасына қарсы жолдастық кездесуде өткізді.
Бүкіл карьерасында "Копетдаг" сапында ойнады.
## Жетістіктері
### Клубтық
* Түрікменстан чемпионы: 1992
## Сілтемелер
* http://footballfacts.ru/person/395620 |
Байрам Овезович Дурдыев (түрікм. Baýram Öwezowiç Durdyýew; 24 мамыр 1955 жыл) — кеңестік футболшы, түрікменстандық футбол жаттықтырушысы, Түрікменстан Ұлттық футбол құрамасының тұңғыш бас бапкері (құраманы 1992-96 жылдары жаттықтырды).
Карьерасында бірнеше Түрікменстан клубтарымен бірге Қазақстанның "Елімай" клубын жаттықтырды.
## Сілтемелер
* https://footballfacts.ru/person/21239 |
Байрам Овезович Дурдыев (түрікм. Baýram Öwezowiç Durdyýew; 24 мамыр 1955 жыл) — кеңестік футболшы, түрікменстандық футбол жаттықтырушысы, Түрікменстан Ұлттық футбол құрамасының тұңғыш бас бапкері (құраманы 1992-96 жылдары жаттықтырды).
Карьерасында бірнеше Түрікменстан клубтарымен бірге Қазақстанның "Елімай" клубын жаттықтырды.
## Сілтемелер
* https://footballfacts.ru/person/21239 |
Рафис Сагитович Гильманов (4 тамыз 1963 жыл) — КСРО-лық және түрікменстандық футболшы, шабуылшы.
## Карьерасы
### Клубтық
Карьерасының басым бөлігін "Копетдаг" клубында өткізді. Арасында Өзбек КСР-інің "Навбахор", "Звезда" клубтарында доп тепті.
### Халықаралық
1992 жылы Түрікменстан Ұлттық футбол құрамасы сапында ойнады. Тұңғыш кездесуін 1 маусымда Қазақстанға қарсы өткізіп, екінші таймда алаңға шықты.
## Жетістіктері
* Түрікменстан чемпионы: 1992, 1993, 1994, 1995
* Түрікменстан кубогы: 1993
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Рафис Сагитович Гильманов (4 тамыз 1963 жыл) — КСРО-лық және түрікменстандық футболшы, шабуылшы.
## Карьерасы
### Клубтық
Карьерасының басым бөлігін "Копетдаг" клубында өткізді. Арасында Өзбек КСР-інің "Навбахор", "Звезда" клубтарында доп тепті.
### Халықаралық
1992 жылы Түрікменстан Ұлттық футбол құрамасы сапында ойнады. Тұңғыш кездесуін 1 маусымда Қазақстанға қарсы өткізіп, екінші таймда алаңға шықты.
## Жетістіктері
* Түрікменстан чемпионы: 1992, 1993, 1994, 1995
* Түрікменстан кубогы: 1993
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Чарыяр Абдурахманович Мухадов (29 қараша 1969 жыл, Ашхабад, Түрікмен КСР, КСРО) — КСРО-лық және түрікменстандық футболшы, шабуыл шебінде ойнаған. КСРО, Түркия, Түрікменстан, Қазақстан чемпионаттарында доп тепті.
Түрікменстан Ұлттық футбол құрамасы сапындағы тұңғыш ойынын 1992 жылы 1 маусымда Қазақстанға қарсы өткізді. 1994 жылы Азия ойындарына қатысты.
## Жетістіктері
### Командалық
* Түрікменстан чемпионы: 1992, 1995, 1998, 1999.
### Жеке
* Түрікменстан чемпионатының үздік мергені: 1992
## Сілтемелер
* http://www.tff.org/Default.aspx?pageId=526&kisiID=25177
* http://footballfacts.ru/person/23379 |
Гочгули Ханглыджович Гочгулиев (түрікм. Goçguly Hangylyjewiç Goçgulyýew; 26 мамыр 1977 жыл, Небит-Даг, Түрікмен КСР, КСРО) — түрікменстандық футболшы, қорғаушы.
## Жетістіктері
### Командалық
* Өзбекстан чемпионы: 2002, 2003, 2004, 2005, 2008, 2009, 2010
* Түрікменстан чемпионы: 1998, 2000
* Өзбекстан чемпионатының күміс үлдегері: 2007
* Түрікменстан кубогы 2000
* Өзбекстан кубогы: 2008, 2010
* АФК чемпиондар лигасының жартылай финалисі: 2002/03, 2004, 2008
* Өзбекстан кубогының финалисі: 2007, 2009
### Жеке
* Өзбекстандағы жыл футболшысы (№ 2): 2002
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* https://www.national-football-teams.com/player/6840.html |
Алексей Викторович Козлов (23 ақпан 1970 жыл, Ашхабад) — кеңестік, түрікменстандық және ресейлік футболшы, жартылай қорғаушы. Карьерасында КСРО, Түркия, Түрікменстан, Ресей чемпионаттарында және Түрікменстан Ұлттық футбол құрамасында доп тепті.
## Карьерасы
### Клубтық
"Копетдаг" клубының түлегі. 1990 жылы карьерасын осы клубта бастады да, 1990, 1991 жылғы маусымда КСРО екінші лигасында ойнады.
1992 жылы Түрікменстанның тұңғыш чемпионатында да "Копетдаг" сапыда ойнады, бірақ маусым барысында "Генчлербірлігі" клубына ауысып кетті. 1993 жылы жазда туған клубына қайта оралды.
1995 жылы біраз үзілістен соң карьерасын қайта жаңғыртып, "Анжи" сапында ойнады. Содан "Сатурнға" ауысып, Түрікменстан чемпионатына тек 2000 жылы ғана оралып, "Ниса" сапында доп тепті.
Кейін ресейлік әуесқой клубтарда ойнады.
### Халықаралық
Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш ойынын 1992 жылы 1 маусымда Қазақстан құрамасына қарсы өткізді.
## Сілтемелер
* http://footballfacts.ru/person/8174
* https://www.national-football-teams.com/player/30827.html
* http://www.tff.org/Default.aspx?pageId=526&kisiId=24531 |
Юрий Павлович Бордолимов (24 қаңтар 1970, Красноводск, Түрікмен КСР, КСРО) — кеңестік және түрікменстандық футболшы, қорғаушы.
## Карьерасы
### Клубтық
Карьерасында КСРО, Түрікменстан, Қазақстан чемпионаттарында доп тепті. 2008 жылы "Шагадам" клубында ойнап жүріп карьерасын аяқтады. Кейін кәсіпкерлікпен айналысты.
### Ұлттық құрама
Түрікменстан Ұлттық футбол құрамасы сапында 9 кездесу өткізді. 1994, 1998 жылдары Азия ойындарына қатысты.
## Жетістіктері
* Түрікменстан чемпионы: 1996, 1999
* Түрікменстан кубогы: 1998
* Қазақстан кубогы: 2000, 2004
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Юрий Павлович Бордолимов (24 қаңтар 1970, Красноводск, Түрікмен КСР, КСРО) — кеңестік және түрікменстандық футболшы, қорғаушы.
## Карьерасы
### Клубтық
Карьерасында КСРО, Түрікменстан, Қазақстан чемпионаттарында доп тепті. 2008 жылы "Шагадам" клубында ойнап жүріп карьерасын аяқтады. Кейін кәсіпкерлікпен айналысты.
### Ұлттық құрама
Түрікменстан Ұлттық футбол құрамасы сапында 9 кездесу өткізді. 1994, 1998 жылдары Азия ойындарына қатысты.
## Жетістіктері
* Түрікменстан чемпионы: 1996, 1999
* Түрікменстан кубогы: 1998
* Қазақстан кубогы: 2000, 2004
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Миран Павлин (словен. Miran Pavlin; 8 қазан 1971 жыл, Крань, Югославия) — словениялық футболшы, жартылай қорғаушы.
## Карьерасы
### Клубтық
Словения, Германия, Португалия, Кипр чемпионаттарында доп тепті. Словенияның үш дүркін чемпионы ("Олимпия" сапында).
### Құрама
1994 жылы 23 наурызда Македонияға қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет Словения сапында алаңға шықты.2000 жылғы Еуропа чемпионатына қатысып, бірінші турда Югославия қақпасына бір гол соқты.
2002 жылғы Әлем чемпионатына да қатысты.
## Жетістіктері
«Олимпия» (Любляна)
* Словения (3): 1992/93, 1993/94, 1994/95
* Словения кубогы (2): 1993, 1996
«Порту»
* Португалия кубогы: 2001
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Бекетай кесенесі – Арал ауданы, Аққұлақ елді мекенінің оңтүстік-батыс беткейінде шамамен 4 шақырым жерде орналасқан архитектуралық ескерткіші. ХІХ ғасыр ескерткіші болып саналады.
Бекетай қайтыс болғаннан кейін ауыл-аймаққа беделді, үлкен қызы Ақжарқын кесененің құрылыс заттарын Қазалыдан тасып жергілікті ұстаға салдырған. Төбесі үлкен күмбезді. Іші өрнекті. Көлемі шамамен 8х8 метр. Биіктігі күмбезді қосқанда 7 метр. 30-40 жыл бұрын көк тастан құлпытасы болған деген ақпарат бар. Кесене порталды-күмбезді, екі камералы, камераның белағаштары Т-бейнелі орналасқан. Кесене күйдірілген кірпіштерден соғылған және бұрыштары әлемнің төрт бұрышына қарай бағытталған. Кіру ойығы бүйір жағында орналасқан және оңтүстік-шығысқа қарай бағытталған. Жерлеу камерасына кіреберіс солтүстік-шығыс қабырғаның ортасына қойылған. Осы дәліздің солтүстік-батыс бүйір жағындағы қабырғада тар терезе жасалған. Кіреберіс бөлменің оңтүстік-батыс қабырғасы биік емес, бірақ ұзынша келген портал түрінде орындалған. Бұл бөлменің ұзындығынан анағұрлым кең және қабырға түрінде оның сыртына шығып тұр.
Камера қабырғаларының төменгі бөлігінің ортасына осы аркалардың табан жағында бірінен соң бірі дәйекті салбырап тұратын кірпіштер қатары түріндегі арка ойықшасы және ерекше таяқша орнатылған. Арка ойықшасының үстіне бұл қатарлар өз көріністерімен осы аркалардың архивольттарын қайталайтын, сүйір фигуралар құрастырады. Осы арқылы нақты бір ерекшелік жасайды. Күмбездің табаны камерадан, шығып тұрған қалаулар қатарынан жасалған. Кептірілген кірпіш сарынымен күрделендірілген ернеумен бөлініп тұр. Күмбездің жоғары бөлігінде сәндік белбеу орнатылған.
Ескерткіш бастапқы бейнесін аздап жоғалтуына байланысты қайта жөндеуден өткізілген. Дегенмен, бүгінгі күні кесене қарқынды түрде қирап барады. Салмақ түсетін қабырғаларында айтарлықтай жарықтар пайда болған, кірпіштердің көп бөлігі құлап қалған. Күмбезді төрт мұнараның үшеуі қирап қалған. Шығыс бөлігі ғана сақталып қалынған.
Бекетай кесенесі Қазақстанның республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерінің мемлекет тізіміне енгізілген.
## Дереккөздер |
Тарас Николаевич Степаненко (укр. Тарас Миколайович Степаненко; 8 тамыз 1989, Великая Новосёлка, Донецк облысы, КСРО) — украиналық футбошы, Украина Ұлттық футбол құрамасы мен "Шахтер" (Донецк) клубының жартылай қорғаушысы.
## Карьерасы
Запорожье клубының түлегі. Запорожьенің "Торпедо" клубының академиясында тәрбиеленді. 2006 жылы кәселетке толған соң "Металлургке" ауысты.
2007 жылы 4 наурызда тұңғыш рет кәсіби футболшы ретінде "Динамоға" қарсы ойында алаңға шықты.
2010 жылы мамыр айында "Шахтерге" ауысты. Сол жылы Украина суперкубогында "Таврияға" қарсы ойында тұңғыш рет "Шахтер" сапында алаңға шықты. Осы ойында клуб сапындағы тұңғыш голын да соқты.
### Халықаралық
2010 жылы тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында алаңға шықты. 2016 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты.
## Жетістіктері
«Шахтёр» (Донецк)
* Украина чемпионы (8): 2010/11, 2011/12, 2012/13, 2013/14, 2016/17, 2017/18, 2018/19, 2019/20
* Украина кубогы (7): 2010/11, 2011/12, 2012/13, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2018/19
* Украина кубогының финалисі (2): 2013/14, 2014/15
* Украина суперкубогы (4): 2010, 2012, 2013, 2014
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Мырзабек Байжанұлы (1870–1945) — қазіргі Отырар ауданында дүниеге келген ақын, жырау. Ташкент, Шымкент, Бұхара, Ақтөбе, Қызылорда қалаларында болып, Мәделі, Молда Мұса, Майлықожа, Нұралы, Нартай, т.б. ақын, жыраулармен кездескен, біразымен өнер жарысына түскен. Шығыстың аңыз-хикаяларын жатқа білген. Ауылдағы бай-манаптардың әділетсіздігін бетіне басып, уытты жырымен әжуалаған («Батан байға», «Әкімгереймен айтыс», т.б.). Қызыл жыраудың «Насихат жыр», «Әмзе қисса», «Аудан басшыларына хат», «Құмырсқа мен шегіртке», «Ешкі сауда», т.б. шығармалары ҚР ҰҒА Орталық ғылыми кітапханасы мен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында сақтаулы.
## Дереккөздер |
Сергей Андреевич Кривцов (укр. Сергій Андрійович Кривцов; 15 наурыз 1991 жыл, Запорожье) — украиналық футболшы, Украина Ұлттық футбол құрамасы мен "Шахтер" (Донецк) клубының қорғаушысы.
Запорожье футболының түлегі. Карьерасын 2007 жылы "Металлург" сапында бастады. Үш маусымнан соң "Шахтерға" ауысты.
Украинаның бірнеше жастағы құрамаларында ойнады. 2011 жылы тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында алаңға шықты.
## Жетістіктері
### Клубтық
Шахтёр (Донецк)
* Украина чемпионы (8): 2010/11, 2011/12, 2012/13, 2013/14, 2016/17, 2017/18, 2018/19, 2019/20
* Украина кубогы (7): 2010/11, 2011/12, 2012/13, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2018/19
* Финалист Кубка Украины (2): 2013/14, 2014/15
* Украина суперкубогы: 2012
### Халықаралық
Украина-19
* Жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионы (U-19): 2009
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Окан Бурук (түр. Okan Buruk; 19 сәуір 1973 жыл, Ыстанбұл) — түркиялық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы.
Түркия Ұ лттық футбол қрамасы сапында 2000 жылы Еуропа чемпионатына, 2002 жылы әлем чемпионатына қатысты.
## Жетістіктері
### Ойыншы ретінде
* Түркия чемпионы (7): 1992/93, 1993/94, 1996/97, 1997/98, 1998/99, 1999/00, 2007/08
* Түркия кубогы (4): 1992/93, 1995/96, 1998/99, 1999/2000
* Түркия президенті кубогы (3): 1993, 1996, 1997
* УЕФА кубогы (1): 1999/00
* УЕФА Суперкубогы (1): 2000
* Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 2002
### Бапкер ретінде
* Түркия кубогы: 2017/18
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Ильхан Мансыз (түр. İlhan Mansız; 10 тамыз 1975, Кемптен, ГФР) — түркиялық футболшы, шабуылшы. Мәнерлеп сырғанаудан Түркия чемпионы.
## Карьерасы
### Футбол
2001 жылы қазан айында Молдова құрамасымен ӘЧ-2002 іріктеу ойынында тұңғыш рет ұлттық құрама сапында алаңға шықты. 2002 жылғы әлем чемпионатына қосалқы құрам ойыншысы ретінде барғанымен, турнирдің шешуші сәттерінде осы Ильхан аренаға шықты, ширек финалда Сенегалмен ойынның 103-минутында "алтын гол" соғып, құраманы жартылай финалға шығарды. Бұл әлем чемпионаттары тарихындағы соңғы алтын гол болатын.
Үшінші орын үшін кездесуде өзіндік хет-трик жасады, Кореямен ойынның 11 секундында Хакан Шүкірге нәтижелі пас берді, бұл турнир тарихындағы ең жылдам гол болатын. Бұдан соң Ильхан екі гол соғып, Түркия 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Сондай-ақ жартылай финалда Бразилиямен ойынның 88-минутында Роберто Карлоспен доп таласта керемет финтімен де есте қалды.
### Мәнерлеп сырғанау
33 жасынан бастап мәнерлеп сырғанаумен айналысты. Ол салада да табысқа жете алды, 2015 жылы жұптасып сырғанаудан Түркия чемпионы атанды.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Сілтемелер |
Зайсан уезі — Ресей империясының Семей облысы құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік.
## Тарихы
Уезд 1857 жылы құрылды.
## Әкімшілік-аумақтық бөлініс
1926 жыл 1 қаңтар қарсаңындағы болыстар:
* Дасов (орталығы — Үлкен Нарым)
* Көкпекті
* Комаровская (орталығы — Боран ауылы)
* Құлжа (орталығы — Баспан базары)
* Қызылтас
* Максимовская (орталығы — Успенка ауылы)
* Нұр Зайсан (орталығы — Тополев мыс)
* Сталинская (орталығы — Кендірлік ауылы)
* Тарбағатай (орталығы — Покровка ауылы)
## Әйгілі адамдар
### Уезде туғандар
* Отыншы Әлжанов – қоғам қайраткер, Алашорда үкіметінің мүшесі, фольклорист, ағартушы
## Археология
* Зайсан аймағында, Шілікті алқабында, тау жоталарының бойында жоғары палеолиттің басына (40 мың жыл бұрын) жататын тастан жасалған қарулар табылды.
## Дереккөздер
## Әдебиет
* Сапожников В. В., Шишкин Б. К. Зайсан уезінің өсімдіктері – 1914 жылғы зерттеу жұмысы — Томск, 1918.
## Сілтеме
* http://nblib.library.kz/elib/Sait/Редкие%20книги/01-10-2014/Том%208/1.html#undefined Мұрағатталған 29 қаңтардың 2020 жылы.
* Кумарова Б. М.. Зайсан аймағындағы татарлардың динамикасы мен саны (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы халық санағы негізінде және Зайсан аймағына 2006 жылы іссапарға бару есебі бойынша). Тексерілді 8 наурыздың 2017. |
Семей губерниясы - 1920-1928 жылдары болған Қырғыз (1925 жылдан - Қазақ) АКСР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі. Орталығы – Семей қаласы.
Ресми түрде Семей губерниясы 1920 жылы Семей облысының бір бөлігінен құрылды. Іс жүзінде Семей облысы 1918 жылы губерния болып өзгертілді. Алғашында ол мына уездерге бөлінді:
* Өскемен уезі. Орталығы – Өскемен қаласы.
* Семей уезі. Орталығы – Семей қаласы.
* Зайсан уезі. Орталығы – Зайсан қаласы.
* Қарқаралы уезі. Орталығы – Қарқаралы қаласы.
1921 жылы орталығы Үлкен Нарым ауылында болған Бұқтырма уезі (Алтай губерниясынан) және орталығы Павлодар қаласында болған Павлодар уезі (Омбы губерниясынан) губернияға берілді.
1928 жылы 17 қаңтарда губерния таратылды. Оның аумағы Ақмола, Қарқаралы, Павлодар, Семей және Сырдария округтары арасында бөлінді.
1926 жылғы санақ бойынша губернияда 1309,9 мың адам тұрған. Соның ішінде қазақтар - 54,6%; орыстар - 30,4%; украиндар - 10,7%; татарлар - 1,4%. |
Өскемен уезі — Ресей империясының Семей облысы құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік.
## Тарихы
Уезд 1868 жылы 21 қазанда құрылды.
## Әкімшілік-аумақтық бөлініс
1926 жыл 1 қаңтар қарсаңындағы болыстар:
* Букон болысы (орталығы — Преображенское ауылы)
* Колбин (орталығы — Мариинское ауылы)
* Краснооктябрьская (орталығы — Верхубинское ауылы)
* Ленинская (орталығы — Михайло-Архангельское ауылы)
* Мендешевская (орталығы — № 1 ауылы)
* Предгорненская (орталығы — Красноярское ауылы)
* Пролетарская (орталығы — Велико-Дмитриевское ауылы)
* Ридерская
* Свердловская (орталығы — Георгиевское ауылы)
* Советская (орталығы — Усть-Бухтарминское ауылы)
* Тараханская
* Ұлан (орталығы — Шайғары ауылы)
* Шар (орталығы — Қарақантас ауылы)
## Сілтеме
* Қазақтардың рулық құрамы және қоныстануы
* Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві |
Бұқтырма уезі – 1920-1928 жылдардағы Алтай мен Семей губерниясының құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік.
## Тарихы
Бұқтырма уезі 1920 жылы Змейногор уезінің бір бөлігінен құрылды. Бастапқыда онда 15 болыс болды: Богатыревская (орталығы — Богатыревское ауылы — қазіргі Алтай ауданы, Богатырево а.), Бұқтырма (орталығы — Снегирево ауылы — қазіргі Алтай ауданы, Снегирево а.), Жоғарғы Бұқтырма (орталығы — Сенное ауылы - қазіргі Катонқарағай ауданы, Сенное а.), Защитная (Защита станциясы — қазіргі Защита станциясы (Өскемен қаласының ауданы)), Зырян (орталығы — Зырян ауылы — қазіргі Алтай қаласы), Красивая (орталығы — Красовое а.), Кутузовская (орталығы — Кутузовское а.), Никольская (орталығы — Никольское ауылы — қазіргі Алтай ауданы, Никольское а.), Петровская (орталығы — Петровское а.), Пограничная (орталығы — Пограничное а.), Полтавская (орталығы — Полтавское а.), Самар (орталығы — Самар ауылы — қазіргі Көкпекті ауданы Самар а.), Солоновская (орталығы — Солоновское ауылы — қазіргі Қатонқарағай ауданы, Солоновка а.), көшпелі Уркорская, Черновская (орталығы — Черновское ауылы — қазіргі Катонқарағай ауданы, Аққайнар а.).
1921 жылы маусымда уез Семей губерниясына берілді.
1923 жылы әкімшілік-аумақтық бөлініс реформасы жүргізіліп, болыстар саны 11-ге дейін қысқарды: Алтай (орталығы — №8 ауыл), Буденновская (орталығы — Полтавское ауылы), Зырян (орталығы — Зырян ауылы), Катонқарағай, Күршім (орталығы — №7 ауыл), Нарым (орталығы — Ноғман, Нұғман ауылы, қазір Бұқтырма су қоймасының түбінде), Поздняковская, Пролетарская (орталығы — Череменское ауылы), Темір-Тұрғысын (орталығы — Парыгино ауылы - қазіргі Алтай ауданы, Парыгино ауылы), Тимофеевская (орталығы — Бақты ауылы, Бұқтырма су қоймасының түбінде), Шыңғыстай (орталығы — Қатонқарағай ауылы).
1924-25 жылдары Алтай мен Күршім болыстары Алтай-Күршімге біріктірілді (орталығы - № 8 ауыл), Будённовск және Поздняковск болыстары Тимофеевскаяға, Пролетарская және Темір-Тұрғысын — Зырянға қосылды.
1928 жылы 17 қаңтарда Бұқтырма уезі таратылды. Оның аумағы Қазақ АКСР Семей округіне өтті.
## Сілтеме
* Қазақ КСР әкімшілік-аумақтық бөлініс анықтамалығы (1920 ж. тамыз — 1936 ж. желтоқсан). — Алматы, 1959. |
Өскемен ауданы — 1928-1963 жылдары болған Шығыс Қазақстан облысының құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік.
## Тарихы
Орталығы Өскемен қаласында орналасқан Семей округінің Өскемен ауданы 1928 жылы 17 қаңтарда Семей губерниясының Өскемен уезі құрамындағы Колбин, Ленин, Жаңаөскемен, Предгорный, Пролетар, Кеңес, Тархан болыстарының бөліктерінен құрылды (3 қыркүйекте 1928 жылы БОАК қабылданды) . Ауылдық кеңестер - Аблакетка, Ленин, Никитин, Новобратский, Новотроицкий, Скалистый.
1930 жылы 17 желтоқсанда БОАК 1930 жылғы 23 шілдедегі шешімі негізінде Қазақ АКСР-індегі аймақтық бөлініс таратылды, Өскемен ауданы тікелей республикалық бағынысқа өтті.
1931 жылғы 11 қыркүйектегі Қазақ АКСР ОАК Төралқасының жарлығымен Риддер ауданынан - Глубоков және Черногор ауылдық кеңестері, Шемонаиха ауданынан - Беремов, Краснояр, Ленин және Таврия ауылдық кеңестері ауданға ауыстырылды. Новобратск және Скалистый ауылдық кеңестері ауданнан Ұлан ауданына бөлініп, Кондратьев, Миронов, Мякотин, Поперечен және Усть-Бұқтырма ауылдық кеңестері Зырян ауданына кірді .
1931 жылғы 11 қарашадағы Қазақ АКСР ОАК Төралқасының жарлығымен жергілікті аймақтарға бөлу жобасы бекітілді. Өскемен ауданында ауылдық кеңестер: Аблакетка, Белоусовка, Березовка, Бобров, Верх-Ульба, Глубоков, Горнульба, Горный, Донской, Заульба, Камен, Красноиртыш, Краснояр, Ново-Усть-Каменогорск, Прапорщиков, Украин, Чистопольск бекітілді .
1932 жылы 20 ақпанда аудан жаңадан құрылған Шығыс Қазақстан облысының құрамына енді.
Қазақ АКСР ОАК Төралқасының 1932 жылғы 11 сәуірдегі жарлығымен аудан құрамына келесі ауыл кеңестері қосылды: Александров, Бутаков, Быструхин, Малоубин, Орлов, Секисов және Черемшан. Аудан құрамына Донской және Камен ауылдық кеңестеріне кірмейді .
1934 жылғы 13 тамыздағы Қазақ АКСР ОАК жарлығымен Бутаков және Черемшан ауылдық кеңестері ауданнан Риддер қалалық кеңесіне берілді .
1934 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақ АКСР ОАК жарлығымен Өскемен ауданы Киров болып өзгертілді .
Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің 1935 жылғы 24 ақпандағы қаулысымен Северный және Чистопол ауылдық кеңестері – Бұқтырма ауданына, Березов, Глубоковск, Красноярск, Пролетар және Таврия ауылдық кеңестері – Предгорный ауданына берілді. Аудан құрамына 13 ауылдық кеңестер кірді: Белоусовск, Бобровск, Быструхинск, Жоғарғы Үбі, Таулы Үбі, Заульбинск, Малоубинск, Жаңаөскемен, Прапорщиковск, Секисовский, Тарханский, Украин және Үшбұлақ .
1939 жылғы 16 қазандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен аудан шағындалды: Украин және Үшбұлақ ауылдық кеңестері жаңадан құрылған Таврия ауданына, Куйбышев, Малоуба және Секисов ауылдық кеңестері жаңадан құрылған Жоғарғы Үбі ауданына берілді .
1940 жылы 9 мамырда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен аудан орталығы Заульбинка ауылынан Защита ауылына көшірілді .
1954 жылғы 13 тамызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Бутаков және Заульба ауылдық кеңестері таратылды .
1959 жылы 11 маусымда жойылған Жоғарғы Үбі ауданының Малоуба, Куйбышев және Секисов ауылдық кеңестері Киров ауданына қосылды .
1959 жылғы 12 қазандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Өскемен қаласы қайтадан аудан орталығы болып бекітілді .
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1962 жылғы 29 мамырдағы жарлығымен таратылған Бұқтырма ауданының Северный ауылдық кеңесі аудан құрамына берілді .
1962 жылы 19 қарашадағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Басова зәйімкесі, Степной және Ушаново елді мекендері Өскемен қаласынан шығарылып, Киров ауданының жаңадан құрылған Ушанов ауылдық кеңесіне берілді.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1963 жылғы 2 қаңтардағы жарлығымен Киров ауданы таратылды. Оның аумағы келесідей бөлінді: Шемонаиха ауданына - Белокамен, Бобров, Горноульба, Киров, Куйбышев, Малоуба, Северный, Секисов, Тархан, Ушанов және Черемшан ауылдық кеңестері, Таврия ауданына - Жаңаөскемен ауылдық кеңесі, Глубокий өнеркәсіптік ауданына - Белоусовка және Пахотный ауылдары кірді .
## Сілтеме
* Өскемен ауданы. Әкімшілік-аумақтық өзгерістер
## Дереккөздер |
Умит Дауала (түр. Ümit Davala; 30 шілде 1973, Мангейм, Германия) — түркиялық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. 2002 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.
## Жетістіктері
### Клубтық
«Галатасарай»
* Түркия чемпионы: 1996/97, 1997/98, 1998/99, 1999/00
* Түркия кубогы: 1996, 1999, 2000
* УЕФА кубогы: 2000
* УЕФА суперкубогы: 2000
«Вердер»
* Германия чемпионы: 2003/04
* Германия кубогы: 2003/04
### Халықаралық
* Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 2002
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Риддер ауданы — 1928-1931 жылдары болған Қазақ АКСР құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік.
## Тарихы
Орталығы Риддер жұмысшылар ауылында орналасқан Семей округінің Риддер ауданы 1928 жылы 17 қаңтарда Семей губерниясы Өскемен уезінің Риддер, Красно-Октябрь және Тархан болыстарының бөліктерінен құрылды (1928 жылы 3 қыркүйекте БОАК бекітілген) . Оның құрамына 10 ауылдық кеңес кірді: Александровский, Бутаковский, Запорожско-Убовский, Зимовский, Орловский, Пихтовский, Попереченский, Риддерский, Стреженский, Черемшанский .
1930 жылы 17 желтоқсанда Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің 1930 жылғы 23 шілдедегі қаулысы негізінде Қазақ АКСР-індегі аймақтық бөлініс таратылды, Риддер облысы тікелей республикалық бағынысқа өтті.
1931 жылғы 11 қыркүйектегі Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті Төралқасының жарлығымен Глубоковский және Черногор ауылдық кеңестері Өскемен ауданына берілді .
1931 жылы 27 желтоқсанда Риддер ауданы таратылды (1932 жылы 1 қаңтарда Қазақ АКСР ОАК бекітті), Риддер тәуелсіз әкімшілік-аумақтық бірлікке бөлінді, қалған жер Өскемен мен Шемонаиха аудандары арасында бөлінді .
## Дереккөздер
## Сілтеме
* Риддер ауданы. Әкімшілік-аумақтық өзгерістер |
Семей округі — 1928-1930 жылдары болған Қазақ АКСР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі.
Семей округі 1928 жылы 17 қаңтарда Жетісу және Семей губернияларының бөліктерінен құрылды. Округ орталығы Семей қаласы болды. Округ 23 ауданға бөлінді:
* Аягөз ауданы. Орталығы – Сергиополь ауылы.
* Белағаш ауданы. Орталығы – Белағаш ауылы.
* Бесқарағай ауданы. Орталығы – Беген ауылы.
* Жарма ауданы. Орталығы – Жарма ауылы.
* Жаңасемей ауданы. Орталығы – Жаңасемей ауылы.
* Зайсан ауданы. Орталығы – Зайсан ауылы.
* Зырян ауданы. Орталығы – Зырян ауылы.
* Катонқарағай ауданы. Орталығы – Катонқарағай ауылы.
* Қызылтаң ауданы. Орталығы – Малдар ауылы.
* Қызылтас ауданы. Орталығы – Қызылкесек мекені.
* Күршім ауданы. Орталығы – Усть-Күршім (уақытша Кумашкино ауылы).
* Мақаншы ауданы. Орталығы – Көктұма мекені.
* Марқакөл ауданы. Орталығы – Боран ауылы.
* Риддер ауданы. Орталығы – Риддер ауылы.
* Самар ауданы. Орталығы – Самар ауылы.
* Тарбағатай ауданы. Орталығы – Ақжар ауылы.
* Ұлан ауданы. Орталығы – Сібе ауылы.
* Үбі ауданы. Орталығы – Красноярское ауылы.
* Үржар ауданы. Орталығы – Үржар ауылы.
* Өскемен ауданы. Орталығы – Өскемен қаласы.
* Шыңғыстау ауданы. Орталығы – Доғалақ мекені.
* Шыңғыстай ауданы. Орталығы – Шыңғыстай ауылы.
* Шемонаиха ауданы. Орталығы – Шемонаиха ауылы.
1928 жылы 4 сәуірде 2 жаңа аудан құрылды:
* Бурас ауданы. Орталығы – Семёновское ауылы.
* Ленин ауданы. Орталығы – Жаңасемей ауылы.
1928 жылы 23 маусымда Ленин ауданы Разин ауданы болып өзгертілді.1930 жылдың 20 қарашасы мен 17 желтоқсаны аралығында Шыңғыстау ауданы Голощекин деп аталды.1930 жылы 17 желтоқсанда Қазақ АСКР-інің барлық басқа округтар сияқты округ таратылып, оның аудандары ірілендіріліп, республикалық билікке тікелей бағынуға берілді.
## Әдебиет
* Сапожников В. В., Шишкин Б. К. Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (тамыз 1920 ж. - желтоқсан 1936 ж.) / Базанова Ф. Н. — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — 1500 таралым. |
Марқакөл ауданы — Шығыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы – Марқакөл ауылы.
## Тарихы
Марқакөл ауданы Семей округінің құрамында 1928 жылы 17 қаңтарда Семей облысы Зайсан уезінің Дарственный және Пограничный болыстарының бөліктерінен құрылды (1928 жылы 3 қыркүйекте БОАК бекітілген). Оның құрамына жеті селолық кеңес (Боран, Черняев, Горный, Өспен, Шүмек, Алексеев, Архипов) және үш ауылдық кеңес (Шығыр, Қалжыр, Терісай) кірді.
БОАК 1930 жылғы 23 шілдедегі жарлығымен Қазақ АКСР-інде округтік бөлініс жойылып, іріленділген аудандарға негізделген аудандық бөлініс енгізілді. Осыған байланысты Марқакөл ауданы таратылып, оның аумағы 1930 жылы 17 желтоқсаннан бастап тікелей республикалық бағыныста болған Зайсан және Катонқарағай аудандарының құрамына енді.
1939 жылы 16 қазандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Зайсан және Катонқарағай аудандарының шағындалуына байланысты Марқакөл ауданы 1932 жылдың 20 ақпанынан бастап болған Шығыс Қазақстан облысының құрамында қайта құрылып, құрамында он ауылдық кеңестерді біріктірді: Алексеев, Архипов, Горный, Қалжыр, Өспен, Шығыр, Бобров, Бұғымүйіз, Орлов, Пролетар.
1954 жылғы 13 тамыздағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен ауылдық кеңестердің бір бөлігі: Өспен және Алексеев - Алексеев, Бұғымүйіз бен Орлов — Орлов, Қалжыр мен Шығыр — Шығыр ауылдық кеңестеріне біріктірілді.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1957 жылғы 26 қыркүйектегі жарлығымен ауылдық кеңестер: Бобров, Орлов және Пролетар - Бобров, Боран және Шығыр - Боран, Горнов және Архипов - Горнов ауылдық кеңестеріне біріктірілді.
1963 жылы 2 қаңтарда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Марқакөл ауданы екінші рет таратылды, аумағы Күршім ауылдық ауданы құрамына кірді.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1964 жылғы 31 желтоқсандағы жарлығымен ауылдық және өнеркәсіптік аудандарға бөліну тоқтатылды. Күршім ауданынан жаңадан құрылған Марқакөл ауданына: Алексеев, Бобров, Боран, Горнов ауылдық кеңестері берілді.
Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің 1967 жылғы 12 шілдедегі № 353 шешімімен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1967 жылғы 29 мамырдағы қаулысына сәйкес Черняев ауылдық кеңесі құрылды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1972 жылғы 28 маусымдағы жарлығымен Қарой ауылдық кеңесі құрылды.
1986 жылы аудан құрамына 6 ауылдық кеңес кірген: Алексеев, Бобров, Боран, Горный, Қараой, Черняев.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы жарлығымен Марқакөл ауданы үшінші рет таратылып, аумағы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының құрамына енді.
2023 жылғы 28 желтоқсандағы ҚР Президентінің №424 Жарлығымен 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Марқакөл ауданы төртінші рет құрылып, Күршім ауданының құрамынан бөлініп шықты.
## Географиялық орны
Аудан батысында Күршім, солтүстігінде Катонқарағай, оңтүстігінде Зайсан аудандарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі.
## Халқы
## Әкімшілік бөлінісі
23 елді мекен 5 ауылдық округке біріктірілген:
## Дереккөздер |
Тынымбай Төлепбайұлы Қарин (1941 жылы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылында дүниеге келген) — қаламгер, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
## Өмірбаяны
1965 жылы Жамбыл Технологиялық институтын бітірген, мамандығы инженер-технолог. Еңбек жолын 1966 жылы Ақтөбедегі Одақтық астық қабылдау мекемесінен бастап, мамандығы бойынша жұмыс жолын үзбей Ақтөбе, Жамбыл, Шымкент облыстарында астық өндіру саласында қызмет етіп келді. 1980 жылдан зейнетке шыққанша Ақтөбе ауыл шаруашылық машина жасау заводында инженер болып істеді.
Өндірісте жұмыс істеп жүріп шығармашылықпен де әуестеніп жүрді. 1978 жылы «Арман қанатында» атты жас жазушылар жинағында «Ымырт» деген әңгімесі басылды. Одан басқа аудандық, облыстық, республикалық әдеби газеттерде шығармалары басылып жүрді.
Әңгімелер жинағы «Өмір сыры», «Қанағат».
Романдар «Шырғалаң», «Ғасыр үні», «Ұлы сезім». |
Заттыбек Көпбосынұлы Буленов (1974 жыл, Бәйдібек ауданы, Түркістан облысы, Қазақстан) — қазақстандық әнші және музыкант.
## Өмірбаяны
1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы Кеңес ауылындa қарапайым отбасында дүниеге келген. Есімін Хатша әжесі қойған. Шығармашылық жолын 1995 жылы Бәйдібек ауданы «Шалдар» балалар саз мектебінде мұғалім болған. 1997–1998 жылдары Шалдар мәдениет уйінде көркемдік жетекші. 1999–2000 жылдары Шаншар таетрында өнерін көрсетті. 2000–2003 жылы Шымкент қаласы №71 орта мектеп музыка пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарған. 2004–2007 жылы Шымкент қаласы №2 балалар музыка мектебінде домбыра пәні мұғалімі қызметін атқарады. 2001, 2005 жылдары Республикалық «Шалқар термесі» термешілер байқауының лауреаты. 2008 жылдан бері жеке шағырмашылықпен айналысуда. Халық арасында тараған бірнеше «Ақмаржан», «Немерем» тағы басқа әндердің авторы.
## Жанұясы
* Үйленген. Әйелі — Әлия. 2 баласы бар: Айзере, Бихан.
## Марапаттары
* „Сұлтан Бейбарыс“ төсбелгісі (2024)
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Ресми сайт Мұрағатталған 15 мамырдың 2021 жылы. |
Мақаншы ауданы — Абай облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы - Мақаншы ауылы.
## Тарихы
Мақаншы ауданы 1928 жылы Семей округінің құрамында құрылды. Ал 1930 жылы таратылды.
Екінші рет Мақаншы ауданы 1935 жылы 9 қаңтарда Алматы облысының құрамында құрылды.
1939 жылы 14 қазанда Мақаншы ауданы Семей облысы құрамына кірді. 1940 жылдың 15 наурызына қарай оның құрамына Ақшоқы, Бақты, Благодарный, Жарбұлақ, Қаратал, Қарғалы, Киров, Көктал, Мақаншы, Петровский және Подгорный ауылдық кеңестері кірді.
1954 жылы Көктал ауылдық кеңесі Петровскіге, Подгорный Ақшоқы ауылдық кеңесіне қосылды. Қарғалы, Қаратал және Жарбұлақ ауылдық кеңестері таратылды.
1957 жылы Қарабұта кенттік кеңесі құрылды.
1959 жылы Ақшоқы ауылдық кеңесі Бақтымен біріктірілді. Жарбұлақ ауылдық кеңесі құрылды.
1963 жылы 2 қаңтарда Мақаншы ауданы таратылып, оның аумағы Үржар ауданына берілді.
1969 жылы 14 мамырда Мақаншы ауданы қалпына келтірілді. Оның құрамына Үржар ауданының Бақты, Благодарный, Жарбұлақ, Киров, Мақаншы және Петровский ауылдық кеңесі кірді.
1974 жылы Қарабұлақ, 1975 жылы - Ақшоқы, 1983 жылы - Қаратал, 1986 жылы - Көктал ауылдық кеңестері құрылды.
1986 жылы ауданда 11 ауылдық кеңес болған: Ақшоқы, Бақты, Благодарный, Жарбұлақ, Қарабұлақ, Қарабұта, Қаратал, Киров, Көктал, Мақаншы, Петровский.
1991 жылы Петровский ауылдық кеңесі Көктерек болып өзгертілді.
1993 жылы Жарбұлақ ауылдық кеңесі Қабанбай, Киров — Қаратұма болып өзгертілді.
1997 жылы 3 мамырда Семей облысының таратылуына байланысты Мақаншы ауданы Шығыс Қазақстан облысына берілді.
1997 жылы 23 мамырда Мақаншы ауданы таратылып, аумағы Үржар ауданына берілді.
2023 жылғы 28 желтоқсандағы ҚР Президентінің №424 Жарлығымен 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мақаншы ауданы Үржар ауданынан бөлініп, төртінші рет қайта құрылды.
## Географиялық орны
Батысында Үржар, солтүстігінде Ақсуат аудандарымен, оңтүстігінде Жетісу облысының Алакөл ауданымен, ал шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі.
## Халқы
## Әкімшілік бөлінісі
18 елді мекен 11 ауылдық округке біріктірілген:
## Ірі елді мекендері
## Әкімдері
* Дәурен Бақытжанұлы Қойгелдин (02.2024 жылдан бастап)
## Экономикасы
Аудан арқылы жалпы ұзындығы 187 км республикалық маңызы бар «Бақты-Таскескен» автожолы өтеді. Бұдан бөлек, болашақта маңызы зор «Бақты-Аягөз» теміржол желісі өтетін болады.
Ауданда экономиканың негізгі бағыттары: тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өндірісі және туризм саласын дамыту үшін әлеуеті жоғары.
Бүгінде аудандағы Жалаңашкөл ауылында «Фирма Мадина» ЖШС (көмір өндіру) кәсіпорны жұмыс істейді. Ол 2022 жылы 758,8 млн теңге сомасына немесе жалпы өндіріс көлемінің 31,8% өнім өндірді.
## Тағы қараңыз
* Мақаншы ауданының веб-сайты
## Дереккөздер |
Жезді кенттік әкімдігі – Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Жезді кенті, Өрнек ауылы кіреді. Орталығы – Жезді кенті.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2645 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Иманбұрлық – Есіл алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау және Шал ақын аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 177 км.
## Бастауы
Бастауын Имантау көлінен алып, Коноваловка ауылы (Шал ақын ауданы) тұсында Есілге оң жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Өзен аңғары жоғарғы бөлігінде тар, төменгі ағысында Иманбұрлыққа ұзындығы шағын 13 сала құяды. Жылдық орташа су ағыны құяр тұсында 1,13 м3/с. Өзенде таутан, сазан, шабақ, аққайран бар.
## Дереккөздер |
Исмаил Сулейман Әл-Алаби (араб.: اسماعيل بن سليمان العجمي; 9 маусым 1984 жыл) — омандық футболшы, шабуылшы. Оман Ұлттық футбол құрамасы сапында 2007 жылғы Азия кубогына қатысқан.
2009 жылы "Әл-Кувейт" сапында АФК кубогы жеңімпазы атанды.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Ismail Al Ajmi at Goal.com |
Қарсақпай кенттік әкімдігі – Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Қарсақпай кенті кіреді.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1668 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Ақсу қалалық әкімдігі – Павлодар облысындағы әкімшілік бірлік. Орталығы – Ақсу қаласы
## Географиялық орны
Солтүстігінде Ақтоғай, оңтүстігінде Май, шығысында Павлодар, батысында Баянауыл аудандарымен және Екібастұз қалалық әкімдігімен шектеседі.
## Әкімшілік құрамы
Құрамындағы 31 елді мекен 6 ауылдық округке біріктілген:
## Ірі елді мекендері
## Дереккөздер |
Махир Агатеюб оглы Шукиров (әз. Mahir Ağateyyub oğlu Şükürov; 12 желтоқсан 1982, Баку, Әзірбайжан КСР, КСРО) — әзірбайжандық футболшы, қорғаушы. Әзербайжан Ұлттық футбол құрамасы сапында ойнаған.
## Жетістіктері
### Ұлттық
* 2005 — Әзірбайжан чемпионатының қола жүлдегері
* 2006 —Әзірбайжан чемпионатының күміс жүлдегері
* 2007 — Әзірбайжан чемпионатының күміс жүлдегері
* 2008 — Әзірбайжан чемпионатының күміс жүлдегері
* 2013 — Әзірбайжан чемпионатының алтын жүлдегері
* 2013 — Әзірбайжан кубогы
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Махир Агатеюб оглы Шукиров (әз. Mahir Ağateyyub oğlu Şükürov; 12 желтоқсан 1982, Баку, Әзірбайжан КСР, КСРО) — әзірбайжандық футболшы, қорғаушы. Әзербайжан Ұлттық футбол құрамасы сапында ойнаған.
## Жетістіктері
### Ұлттық
* 2005 — Әзірбайжан чемпионатының қола жүлдегері
* 2006 —Әзірбайжан чемпионатының күміс жүлдегері
* 2007 — Әзірбайжан чемпионатының күміс жүлдегері
* 2008 — Әзірбайжан чемпионатының күміс жүлдегері
* 2013 — Әзірбайжан чемпионатының алтын жүлдегері
* 2013 — Әзірбайжан кубогы
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Рауф Сехраман оглы Алиев (әз. Rauf Sehraman oğlu Əliyev; 12 ақпан 1989, Юхары Абдурахманлы, Физулин ауданы) — әзірбайжандық футболшы, "Сабаил" клубының шабуылшысы. Әзербайжан Ұлттық футбол құрамасы сапында 45 кездесуде алаңға шыққан.
## Биографиясы
Әзірбайжан КСР-і, Физулин ауданы, Юхары Абдурахманлы ауылында дүниеге келген. 10 жасынан бастап футбол ойнаумен айналысты да, Бакудегі "Нефтчи" футбол мектебіне қабылданды. Алғашқы бапкері — Рамиз Саадатов.
2016-13 жылдары Әзірбайжан премьер лигасында ойнап, "Қарабақ" клубының намысын қорғады.
Әзірбайжан астар құрамасында ойнады.
2010 жылы тұңғыш рет ұлттық құрамаға шақырту алды.
## Жетістіктері
### Клубтық
* Әзірбайжан кубогы: 2009
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Рауф Сехраман оглы Алиев (әз. Rauf Sehraman oğlu Əliyev; 12 ақпан 1989, Юхары Абдурахманлы, Физулин ауданы) — әзірбайжандық футболшы, "Сабаил" клубының шабуылшысы. Әзербайжан Ұлттық футбол құрамасы сапында 45 кездесуде алаңға шыққан.
## Биографиясы
Әзірбайжан КСР-і, Физулин ауданы, Юхары Абдурахманлы ауылында дүниеге келген. 10 жасынан бастап футбол ойнаумен айналысты да, Бакудегі "Нефтчи" футбол мектебіне қабылданды. Алғашқы бапкері — Рамиз Саадатов.
2016-13 жылдары Әзірбайжан премьер лигасында ойнап, "Қарабақ" клубының намысын қорғады.
Әзірбайжан астар құрамасында ойнады.
2010 жылы тұңғыш рет ұлттық құрамаға шақырту алды.
## Жетістіктері
### Клубтық
* Әзірбайжан кубогы: 2009
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Каюмжан Ибрахимович Шарипов (17 маусым 1991) — қырғызстандық футболшы, жартылай қорғаушы.
## Карьерасы
"Абдыш-Ата" клубының түлегі. 2007 жылы осы команданың фарм-клубында карьерасын бастады. 2010 жылы бір маусым Қошқар Атаның "Нефтчи" клубында ойнады. 2010 жылы "Дордой" клубында ойнап, бірнеше жетістіктерге жетті (төменде жазылған).
2014 жылдан бері Түркияның бірнеше клубында ойнады.
2010 жылы Қырғызстан Ұлттық футбол құрамасына шақыртылды. Құрама сапындағы жалғыз голын 2014 жылы 2 маусымда Қазақстан қақпасына соқты.
## Жетістіктері
### Командалық
* Қырғызстан чемпионы: 2011, 2012
* Қырғызстан кубогы: 2012
### Жеке
* Қырғызстан чемпионатының үздік мергені: 2012 (17 гол)
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* ТФФ сайтындағы профилі |
Рифат Аркенович Нұрмұхамет (22 мамыр 1996 жыл) — қазақстандық футболшы, "Тұран" клубының жартылай қорғаушысы.
## Карьерасы
### Клубтық
"Қайрат" клубының түлегі. 2014 жылы карьерасын осы клубта бастады. Бірақ ол маусымда Қазақстан чемпионатында бір рет қана алаңға шықты (28 мамырда "Қайсарға" қарсы ойында 90-минутта алаңға шықты). Ал Қазақстан кубогында екі рет алаңға шықты. Қалған уақытта фарм клубта ойнады.
2017 жылдың басында екінші лигадағы "Жетісуға" жалға берілді. Жыл қорытындысында клубпен бірге премьер дигаға жолдама алды.
2019 жылдың басында "Қайратқа" қайта оралды. Жыл ортасында "Жетісу" футболшыны түпкілікті сатып алды.
2020 жылы "Ақтөбеге" ауысты.
### Халықаралық
2015 жылы Қазақстан жастар құрамасында екі ойын өткізді.
## Жетістіктері
* Қазақстан кубогы: 2015
* Күміс жүлдегер: 2014, 2015, 2016
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Рифат Аркенович Нұрмұхамет (22 мамыр 1996 жыл) — қазақстандық футболшы, "Тұран" клубының жартылай қорғаушысы.
## Карьерасы
### Клубтық
"Қайрат" клубының түлегі. 2014 жылы карьерасын осы клубта бастады. Бірақ ол маусымда Қазақстан чемпионатында бір рет қана алаңға шықты (28 мамырда "Қайсарға" қарсы ойында 90-минутта алаңға шықты). Ал Қазақстан кубогында екі рет алаңға шықты. Қалған уақытта фарм клубта ойнады.
2017 жылдың басында екінші лигадағы "Жетісуға" жалға берілді. Жыл қорытындысында клубпен бірге премьер дигаға жолдама алды.
2019 жылдың басында "Қайратқа" қайта оралды. Жыл ортасында "Жетісу" футболшыны түпкілікті сатып алды.
2020 жылы "Ақтөбеге" ауысты.
### Халықаралық
2015 жылы Қазақстан жастар құрамасында екі ойын өткізді.
## Жетістіктері
* Қазақстан кубогы: 2015
* Күміс жүлдегер: 2014, 2015, 2016
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Заурбек Игоревич Плиев (27 қыркүйек 1991 жыл, Владикавказ) — ресейлік және қазақстандық футболшы, "Динамо" (Мәскеу) клубының қорғаушысы.
## Карьерасы
"Динамо" (Мәскеу) клубы сапында 2009 жылы карьерасын бастады.
Кейін Ресейдің "Спартак-Нальчик", Қазақстанның "Астана", "Қайрат" клубтарында ойнады. "Қайрат" сапында екі рет Қазақстан чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Клуб сапында Еуропа Лигасы матчтарына қатысты.
"Алания", "Ахмат" клубтарында доп теуіп, 2019 жылы "Динамоға" оралды.
Ресейдің жастар клубтарында ойнады.
## Жетістіктері
* Қазақстан кубогы: 2015
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Заурбек Игоревич Плиев (27 қыркүйек 1991 жыл, Владикавказ) — ресейлік және қазақстандық футболшы, "Динамо" (Мәскеу) клубының қорғаушысы.
## Карьерасы
"Динамо" (Мәскеу) клубы сапында 2009 жылы карьерасын бастады.
Кейін Ресейдің "Спартак-Нальчик", Қазақстанның "Астана", "Қайрат" клубтарында ойнады. "Қайрат" сапында екі рет Қазақстан чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Клуб сапында Еуропа Лигасы матчтарына қатысты.
"Алания", "Ахмат" клубтарында доп теуіп, 2019 жылы "Динамоға" оралды.
Ресейдің жастар клубтарында ойнады.
## Жетістіктері
* Қазақстан кубогы: 2015
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
«Корк Сити» (ағылш. Cork City Football Club) — Ирландияның Корк қаласындағы футбол клубы, 1984 жылы құрылған. Өз алаңындағы ойындарын "Тернерс Кросс" стадионында өткізеді, сыйымдылығы 7 400 адам.
Ирландиядағы ең табысты клубтардың бірі, үш рет чемпион атанған және 9 рет екінші боп мәреге жеткен.
## Жетістіктері
### Ұлттық
Ирландия чемпионаты
* Чемпион (3): 1992/93, 2005, 2017
* 2 орын (9): 1990/91, 1993/94, 1998/99, 1999/00, 2004, 2014, 2015, 2016, 2018
1 дивизион
* Чемпион (1): 2011
Ирландия кубогы
* Жеңімпаз (4): 1998, 2007, 2016, 2017
* Финалист (5): 1988/89, 1991/92, 2005, 2015, 2018
Ирландия суперкубогы
* Жеңімпаз (1): 2018
Ирландия лига кубогы
* Жеңімпаз (3): 1987/88, 1994/95, 1998/99
* Финалист (2): 1996/97, 2011
Президент кубогы
* Жеңімпаз (1): 2016
## Сілтемелер
* http://www.corkcityfc.ie/ |
Момоду Сисей (ағылш. Momodou Ceesay; 24 желтоқсан 1982 жыл, Банжул, Гамбия) — гамбиялық футболшы, шабуылшы
## Карьерасы
### Клубтық
Намибияның "Уоллидан" клубының түлегі. Кейін "Цюрих", "Челси" академияларында да ойнады. 2008 жылы Бельгяның "Вестерло" клубында кәсіпқой карьерасын бастады.
2013 жылы "Қайратпен" үш жылдық келісім шарт жасасты. Маусым соңына дейін 28 кездесуде 13 гол соғып, команданың маусымдағы үздік мергені атанды. Бірақ командаға Жерар Гоу келген соң ақырындап негізгі құрамнан ысырылды да, 2015 жылы жазда клубтан кетті.
Қазақстанға содан 2018 жылы жазда оралды, бірақ бұл жолы "Қызылжар" футболшысы атанды.
2019 жылы "Ертіске" ауысты.
2020 жылы "Қызылжарға" қайта ауысты.
### Халықаралық
2010 жылы 30 мамырда Мексикаға қарсы жолдастық кездесуде Гамбия Ұлттық футбол құрамасы сапында тұңғыш рет алаңға шықты. 2010 жылы 4 қыркүйекте Намибия қақпасына тұңғыш голын соқты, бұл 2012 жылғы Африка Ұлттары кубогының іріктеуі болатын.
2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіне қатысты. Бұл турнирде де бір гол соқты (2012 жылы 10 маусымда Танзаниямен ойында есеп ашты, бірақ Гамбия 1:2 есебімен ұтылып қалды. Бұл Момодудың құрама сапындағы соңғы голы еді.
2015 жылдан соң құрамаға шақырылмады.
## Жетістіктері
### Клубтық
Жилина
* Словакия чемпионы: 2011/12
* Словакия кубогы: 2011/12
Қайрат
* Қазақстан кубогы: 2014
### Халықаралық
Гамбия
* Африка Ұлттар кубогының чемпионы (17 жасқа дейінгі): 2005
## Дереккөздер |
Валерий Александрович Коробкин (2 шілде 1984, Волгоград, КСРО) — ресейлік және қазақстандық футболшы, қорғаушы.
## Карьерасы
"Ротор" клубының түлегі. 2001 жылы карьерасын осы клубта бастады да, бірнеше жыл бойы Ресейдің ортанқол клубтарында доп тепті.
2012 жылы "Енисейден" "Астанаға" ауысты. "Астана" сапындағы алғашқы ойынын 20 маусымды "Ақ бұлаққа" қарсы өткізді, бұл Қазақстан кубогы матчы болатын.
Сол жылы Мировлав Беранек Александрды Ұлттық құрамаға шақырды. 12 қазан күні Аустрияға қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты. 2013 жылы құрама сапында сегіз матчқа қатысты.
2014 жылдың басында "Ақтөбеге" ауысты. 9 наурызда "Шахтерге" қарсы Қазақстан суперкубогында жаңа клуб сапындағы тұңғыш ойынын өткізді.
2014 жылы 14 қазанда сырт алаңда Нидерланд құрамасына қарсы ЕУРО-2016 іріктеуінде алаңға шықты, бұл құрама сапындағы соңғы ойыны еді.
2016 жылдың басында "Атырауға", 2017 жылы қаңтарда "Қайсарға", 2019 жылдың басында "Ордабасыға" ауысты.
## Жетістіктері
«Астана»
* Қазақстан кубогы: 2012
«Ақтөбе»
* Қазақстан суперкубогы: 2014
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Қазақстан халқы тілдері күні — 5 қыркүйекте атап өтілетін мемлекеттік мереке. Тілдер күнін белгілеу үшін Қазақстан 20 жылдан астам уақыт бұрын ойлана бастады. Талқылаудың нәтижесі "Қазақстан халықтарының тілдері" күні деп аталатын мереке құру болды.
## Тарихы
* 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстанда "Тілдер туралы" заң қабылданған.
* 1998 жылдың 20 қаңтарында ҚР президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 22 қыркүйек – "Қазақстан халқы тілдерінің күні" болып жарияланды.
* 2017 жылы мереке күні өзгертілді. Содан бері 4 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні.
## Мақсаты
* көпұлтты елдің тұтастығын сақтау;
* қазақ тілін дамыту және тарату;
* жас ұрпақтың бойында өз халқының да, елде тұратын басқа ұлттардың да мәдениеті мен дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру.
## Сыртқы сілтемелер
* День языков народа Казахстана
* Қазақстан халқы тілдері күні |
Павел Владимирович Шабалин (23 қазан 1988, Ермак, Қазақ КСР) — қазақстандық футболшы, "Ақсу" клубының шабуылшысы. 2012-13 жылдары Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
## Карьерасы
Паводар футболының түлегі. 2007 жылы "Ертіс" сапында кәсіпқой карьерасын бастады. Алты маусым бойы ешқайда ауыспай, 163 рет Қазақстан чемпионаты матчтарында алаңға шықты.
2014 жылы "Ақтөбеге" ауысып, Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері және Қазақстан суперкубогы иегері атанды.
2015 жылы "Оқжетпес" футболшысы атанды. Бірақ алаңға көп шыға алмай, Қазақстан чемпионатына не бары 12 матчқа қатысты.
## Жетістіктері
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2012, 2014
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2008, 2010
* Қазақстан. кубогының финалисі: 2012, 2014
* Қазақстан суперкубогы: 2014
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Павел Владимирович Шабалин (23 қазан 1988, Ермак, Қазақ КСР) — қазақстандық футболшы, "Ақсу" клубының шабуылшысы. 2012-13 жылдары Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
## Карьерасы
Паводар футболының түлегі. 2007 жылы "Ертіс" сапында кәсіпқой карьерасын бастады. Алты маусым бойы ешқайда ауыспай, 163 рет Қазақстан чемпионаты матчтарында алаңға шықты.
2014 жылы "Ақтөбеге" ауысып, Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері және Қазақстан суперкубогы иегері атанды.
2015 жылы "Оқжетпес" футболшысы атанды. Бірақ алаңға көп шыға алмай, Қазақстан чемпионатына не бары 12 матчқа қатысты.
## Жетістіктері
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2012, 2014
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2008, 2010
* Қазақстан. кубогының финалисі: 2012, 2014
* Қазақстан суперкубогы: 2014
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Камолиддин Мурзоев Абдусаламович (17 ақпан 1987, Бекабад) — өзбекстандық футболшы, шабуылшы.
## Жетістіктері
### Командалық
«Бунёдкор»
* Өзбекстан чемпионы (2): 2009, 2011
* Өзбекстан чемпионатында 2 орын: 2012
* Өзбекстан кубогы: 2012 2018
## Дереккөздер
## Cілтемелер
* Профилі |
Камолиддин Мурзоев Абдусаламович (17 ақпан 1987, Бекабад) — өзбекстандық футболшы, шабуылшы.
## Жетістіктері
### Командалық
«Бунёдкор»
* Өзбекстан чемпионы (2): 2009, 2011
* Өзбекстан чемпионатында 2 орын: 2012
* Өзбекстан кубогы: 2012 2018
## Дереккөздер
## Cілтемелер
* Профилі |
Қарашат — б.з.б. II-I ғасырлардағы Қазақстанда, Абай облысындағы Ақши ауылының маңында және қазіргі уақытта Шүлбі СЭС су басу аймағында орналасқан қорым.
Қорым қорғандардың үш тобы кірді:
* Бірінші топ қалған обаларға қарағанда кейінгі кезеңде пайда болған. Оған 30 оба кірді. Жерленгендердің бастары шығысқа бағытталған. Қабірлерден ат әбзелдерінің элементтері, қола қару-жарақтар, әйнек, күміс және қоладан жасалған зергерлік бұйымдар, қыш ыдыстар табылды. Табылған заттар Қимақ қағанаты кезінен (IX-XI ғғ.) басталады.
* Екінші топ Осиха өзенінің оң жағасында орналасқан. Оның құрылымында екі оба қазылды (№3 және №5 қорғандар). Құрылыс түрі мен табылған заттар бойынша жерлеу орындары бірінші топқа ұқсас.
* Үшінші топ Шульбинка өзенінің сол жағалауында Ертіске құйылатын жерде орналасқан. Жерленгендердің денелері шығысқа бағытталған. Қабірлерден қыш ыдыстар, қола сырғалар, темір пышақ және танамоншақтар табылды.
Қарашат қорымы 1981-1982 жылдары Қазақ КСР ҒА Тарих, археология және этнография институтының (қазіргі Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты) Шүлбі экспедициялық тобымен зерттелген.
## Дереккөздер
## Әдебиет
* Қарашат // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. — Т. III. — ISBN 9965-9746-4-0. |
Тұрғысын – Қазақстанның Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы өзеншік. Тұрғысын мен Парыгино ауылдарының арасында Ертіс өзенінің оң саласы – Бұқтырма өзеніне сол жағынан құяды.
## Өзен атауының шығу тегі
Өзен атауы моңғолдан шыққан және жылдам өзен дегенді білдіреді (моңғ. Түргэн ус).
ХVІІІ ғасырдың ортасынан бастап Алтай зауытарының басыбайлы шаруалары Тұрғысынға қарай қаша бастады. Дәл осы жерде ескі сенушілер әйгілі Ақсуды іздеді.
## Тұрғысын СЭС
1902 жылы мұнда патша үкіметінің бұйрығымен әрекет еткен француз инженерлері Тұрғысын СЭС салған. Бірақ көктемгі тасқындардың бірінде су шайып, бөгетті бұзды.
1932 жылы кеңес мамандары Тұрғысындағы электр станциясының құрылысын қайтадан бастады. 1936 жылдың бірінші күнінде Тұрғысын СЭС алғашқы тогын берді. Тұрғысын СЭС жұмысы 1957 жылы 15 шілдеде Бұқтырма СЭС және Ертіс өзенінің бойында Өскемендегі СЭС каскады салынғанға дейін жүргізілді.
2013 жылы Қазақстан билігі Кутиха ауылының жанынан ескі станциядан 400 м биіктікте су электр станциясын қалпына келтіру туралы шешім қабылдады.Арнайы құрылған «Тұрғысын-1» ЖШС ресейлік және қытайлық мамандардың қатысуымен қуаты 29,4 МВт болатын шағын су электр станциясының жобалық құжаттамасын жасады. Орталық диспетчерлік пункті негізделетін және құм-қиыршықтас карьері болатын Парыгино ауылында уатып-сұрыптау кешені, ал тікелей құрылыс алаңына - бетон зауыты мен вахталық қалашық орнатылады. Парыгино теміржол тұйығы Өскемен-Алтай жолынды салынды және 10 км жоғарывольтты электр беру желісі өзен бойымен СЭС дейін созылды. Нысанның жалпы құны 12,5 миллиардтан астам теңгені ($33 млн) құрады. Үш гидроагрегатты орнату жоспарланып отыр. Олардың екеуі - қуаты 11,5 МВт, үшіншісі - 1,9 МВт, қыс айларында минималды су ағынымен басталуға арналған (секундына 10-12 текше метр). Жоба 2018 жылдың соңында аяқталады.
Алайда, шағын су электр станциясының іске қосылу мерзімдері 2018 және 2019 жылдары құрылыс шұңқырын 8 рет басып қалған су тасқыны салдарынан шамамен бір жылға шегерілді. 2018 жылғы көктемгі су тасқыны 3 айға созылды, бұл архив деректері бойынша соңғы 56 жылда бірінші рет болды .
## Дереккөздер |
Ақсу (орыс. Беловодье) — орыс халық риуаяттарындағы аңызға айналған бостандық елі. Ежелгі славян ұжмағы - иреймен жиі байланыстырады. Дәл осыдан орыс ертегілері мен аңыздарында аспаннан аққан Сүт (Сүт тектес) өзенінің бейнесі бастау алады. (Көне грек Эриданын көпшілік Сүт өзенінің аналогы деп санайды) Ақсу бейнесін, сонымен қатар, көрінбейтін Китеж қаласының бейнесімен ішінара шырмалған.
## Аңыздың шығу тегі
Ресми тарихнама аңыздың пайда болуын XVIII ғасырдың аяғына жатқызады және оның таралуын ескі сенушілер қауымының бірі - қашқындарының қызметімен байланыстырады. Ол кезде Ақсу жолын шифрланған астарлы түрде сипаттайтын көптеген «нұсқаулықтар» болған.
XVIII-XIX ғасырларда Ақсу өзінің нақтылы түрде іске асуын ескі сенушілердің арасынан тапты. Алтайдағы Бұқтырма мен Қатын өзендерінің аңғарларын Ақсу деп атай алатын, мұнда үкіметтік міндеттерден қашқан әр түрлі адамдар өз еріктерімен қоныстанып, бұқтырмалық тасшылар этнографиялық тобын құрды, Ұрынқай өлкесіне барар жолдағы Ұса алқабы. Ескі сенушілердің кейбір топтары Ақсуды іздеп, ары қарай Қытай территориясына тереңдей еніп, тіпті Солтүстік және Оңтүстік Америкаға барды .
## Дереккөздер
## Әдебиет
* Мальцев А. И. Ақсу // Православ энциклопедиясы — Мәскеу: Церковно-научный центр «Православная энциклопедия», 2002. — Т. 4. — Б. 534-535. — 752 б. — 39 000 таралым. — ISBN 5-89572-009-9.
* Селезнев Н.Н. XVIII ғасырдың ескі наным-сенушілері және Жапонияның «асирлік христиандары» // Сиқырлы Тау: Дәстүр, дін, мәдениет — XII. — Мәскеу: ВГ, 2006. — Б. 181-186.
* Краснояр аймағының энциклопедиясы: Верхнеусинск ауылдық кеңесі Мұрағатталған 22 ақпанның 2019 жылы.
* В. И. Даль Ақ // Тірі Ұлы орыс тілінің түсіндірме сөздігі = Толковый словарь живого великорусского языка / М. О. Вольфа — 2. — СПб: Типография, 1880—1882. — Т. 1. — Б. 158.
## Тағы қараңыз
* Батыс Сібірдегі ескі наным-сенім
* Шамбала
* Шангри-Ла
* Агарти
* Тасшылар
* Инглиизм
## Сілтеме
* Жұмбақ ел Ақсу. Архив
* Иванченко В. Г. Алтай дәстүрі. Алтайдың мифологиялық бейнесіндегі криптологиялық ойлар // Журнал «Алтай». — № 5, 2011. — 159—172 б. Архив
* Иванец Ю. В. Алтайдағы үнді аңызы
* Рерих Н. К. Ақсу. 1936 ж., Урусвати |
Нарын – Шығыс Қазақстан облысындағы өзен, Ертістің оң жақ саласы.
## Географиясы
Ол Нарым мен Сарымсақты жоталарының түйіскен жерінде ағын суларынан пайда болған шалшықтанған жерден бастау алады. Биік емес өр жағы мен тегіс сазды-құмдақ арнасының арқасында аңғар кейде ені бойынша 20 км-ден асады, жерлерде 25-250 м-ге дейін тарылады, өзен арнасының ені 15-25 м, тереңдігі 0,5-тен 2,5 м-ге дейін жетеді.
Көлік жолы өзен бойымен өтеді. Өзенде: Жұлдыз, Алтынбел, Майемер елді мекендері, сағасында - Үлкен Нарын ауылы орналасқан.
1960 жылға дейін Нарым өзені тікелей Ертіс өзеніне құятын, Нарым өзенінің сағасында Усть-Нарым ауылы болған. 1960 жылдан бастап Бұқтырма су қоймасының қалыптасуымен және бірнеше елді мекендердің су басуымен Нарым өзені Бұқтырма су қоймасына құяды, өзеннің сағасында Үлкен Нарын ауылы орналасқан. |
Жасақ (моңғ. засаг «билік»; тат. yasaq — заттай подат, башқ. яһаҡ «подат, салық») – Ресейде XV - XX ғасырдың басында Сібір мен Солтүстік халықтарынан заттай салық, негізінен бағалы аң терісі арқылы. Негізінен мал шауашылығымен және аңшылық кәсіппен айналысқан орыс емес халықтарға салынған. Жасақ алу XV – XVIII ғасыларда Еділ бойында, XVII – XX ғасыларда Сібірде жүзеге асырылды. Жасақ қазына есебіне бағалы аң терілерімен немесе малмен төленді. Жасақ төлеу Ресейге бодандықтың бір белгісі болды. Ол әрбір тайпа мен ру үшін жеке белгіленді. Жасақ Кунгур татарлары мен башқұрттар үшін жер салығы, Сібірдің кейбір халықтары үшін жан басылық, сахалар (якут) үшін мал басының санағына байланысты салынды. 18 ғасырдан Жасақ ақшалай салықпен алмастырыла бастады (Еділ бойында 1720 жылдан, Сібірде 1822 жылдан кейін). Жасақ жинаушылардың өз міндеттерін асыра пайдалануы Жасақтық комиссияның көмегімен реттелуге тиіс болды. Ясақ жинау мәселесімен Сібір приказы, 1763 жылдан кейін Ұлы мәртебелі императорлық кеңсе айналысты. Жасақтың көлемі шамалы өзгерген күйінде 1917 жылғы Ақпан революциясына дейін сақталып келді.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.